Мазмұнға өту
Home

Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (8)

ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 29 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (8)

Авторы: ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 29 Жанр:

проф., оқу ісі жөніндегі проректоры (1976–2012) қызметтерін атқарады. 2001 ж. «Эпоха бронзы степей Центрального и Северного Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 90нан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография (2-уі қосалқы авторлықпен), 2 оқу құралы (қосалқы авторлықпен) авторы. ЕГЕМБЕРДИЕВ Төлеген Жамалбекұлы (6.1.1950 ж.т., Жамбыл обл. Мерке ауд. Тескентоған а.) – мед. ғыл. докт. (2006). ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1992). Алматы мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Жамбыл обл. ауруханасында хирург-ординатор (1972–76) болып істеді. Клиник. жəне эксперименттік ин-ттың жүрек-тамыр хирургиясы клиник. ординатурасында (1976–78) оқыған. Кейін Ғыл. хирургия орт-ның жетекші ғыл. қызметкері болды. Е. ұсынған жаңа типті жасанды тамыр биопротездері 1979 жылдан бері жүрек-қан тамырларын хирургиялық емдеуде жəне бүйректі ауыстырып салуда (аллотрансплантация) кеңінен қолданылуда. «Сосудистые заменители в хирургическом лечении окклюзионных поражений брюшной аорты и артерий нужных конечностей» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 50-ден астам ғыл.-зерт. еңбектің авторы. Ресей Тамырлар хирургиялық қоғамының мүшесі (1992). ЕГЕМБЕРДИЕВА Сауле Мейірбекқызы (7.4.1972 ж.т., Қызылорда обл.Сырдария ауд.) – экон. ғыл. докт. (2011), доцент (2004). Жамбыл жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі технол. ин-тын (1994), Қызылорда мемл. ун-тінің аспирантурасын (1999) бітірген. Қызылорда агроөнеркəсіп өндірісі инженерлері ин-тында ассистент, оқытушы (1994–96), Қызылорда мемл. ун-тінде аға оқытушы (1999–2000), кафедра меңгерушісі (2000–05), 2005 жылдан бастап ЕҰУ-де доцент. Негізгі ғыл. бағыты ҚР мұнай-газ кешені мəселелеріне арналған. Зерттеу нəтижелер заманауи жаһандық экон-ның негізгі талаптарына сəйкес халықар. ынтымақтастық тұрғысында ҚР-ның мұнай-газ кешенінің стратегиялық дамуына бағытталған, олар жоғарыда аталған ун-ттердің оқу үрдісінде, «КазТрансОйл» АҚ, «Тургайпетролеум» АҚ қызметтерінде пайдаланылды. «Жаһандану жағдайындағы ҚР мұнай бизнесінің даму стратегиясы: теориясы, əдіснамасы, тəжірибесі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 1 ғыл. əдебиет, 4 оқу құралы, 4 оқу-əдістем. құралдың, 50-ден астам ғыл. мақалалардың авторы. Ун-т ректорларының грамоталары жəне алғыс хаттарымен (2001, 2008, 2009, 2010) марапатталған. ЕГЕУБАЕВ Арынғазы Əбутəліпұлы (7.5.1941 ж.т., Қостанай обл. Қостанай ауд. Тұңғыш а.) – а. ш. ғыл. докт. (1995), проф. (1997), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің еңбек сің. қызметкері, ҚР Жаратылыстану ғыл. академиясының акад. (1995). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне аспирантурасын (1974) бітірген. Еңбек жолын веттехник (1961–63) болумен бастаған. Ин-тта комсомол к-тінің хатшысы, ассистент, аға оқытушы, доцент (1975–86), кафедра меңгерушісі, декан, проректор (1986–96). 1996 жылдан оқу ісі жөніндегі проректордың міндетін атқарушы жəне тəрбие жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарады. «Микроминеральное питание жвачных животных в никеловой биогеохимической провинции Республики Казахстан» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 120-дан астам ғыл.-зерт. еңбектің авторы. ЕГЕУБАЕВ Асқар Құрмашұлы (6.3.1950, Шығыс Қазақстан обл. Күршім ауд. Қыстау Күршім а. – 8.10.2006, Алматы қ.) – ақын, аудармашы, сыншы, филол. ғыл. ЕГЕМБЕРДИЕВ В.В.Евдокимов Т.Егембердиев С.Егембердиева А.Егеубаев

докт. (1999), проф. (2004). ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. «Қазақстан коммунисі» журналында (1974–84), «Қазақ əдебиеті» газетінде (1984–87), «Жазушы» баспасында (бас редактордың орынбасары, 1987– 88), «Жұлдыз» журналында (1988–89), «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында (бас редактордың орынбасары, 1989– 90), ҚР Жоғ. Кеңесінде баспасөз хатшысы, Қазақстан Парламенті Сенаты аппаратында кеңесші (1991–97), ҚазҰУ-да оқытушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемл. басқару мектебінде бағдарлама директоры (1997– 2001) болды. 2001 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ҰҒА-ның Əдебиет жəне өнер интында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. «Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиетінің көркемдік жүйесі (Х–ХІІ ғасырлар: көркемдік-эстетикалық ізденістер мен түрленулер)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Сыр мен сымбат» (1981), «Сөз жүйесі» (1985), «Əділет» (1990), «Аламан» (1996), «Қала салған қазақтар: Поэмалар» (2002), «Тайқазан: Дастандар мен өлеңдер» (2003), «ХХ ғасырдың екі сағаты» (2005), «Жүсіп Баласағұн: Роман-эссе» (2005), т.б. кітаптардың авторы. Түркі мəдениетіне қатысты көне əдеби мұраларды қазақ тіліне аударып, зерттеу жұмысымен айналысқан. Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік» дастанын қазақ тіліне аударды (1986). Бұл кітап 1989 ж. Пекиннің Ұлттар баспасынан араб əліпбиімен екінші рет жарық көрді. М.Қашқаридың «Диуани лұғат иттүрк» еңбегін қазақ тіліне аударды (1998). «Кісілік кітабы» (1998), «Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиетінің көркемдік жүйесі» (1999), «Құлабыз: Поэтиканың тарихилығы» (2001) т.б. монографиялары жарық көрген. Қазақстан Ленин комсомолы (1984), Жамбыл атынд. халықар. (1996), Махамбет атынд. (2003) сыйлықтардың лауреаты. Шығыс Қазақстан обл. Зайсан ауд-ның (2000), Жамбыл обл. Шу ауд-ның құрметті азаматы (2010). «Құрмет» орденімен (2003) жəне бірнеше медальдармен марапатталған. ЕГЕУБАЕВА Райхан Əутəліпқызы (15.1.1944 ж.т., Қостанай обл. Қостанай ауд. Тұңғыш а.) – биол. ғыл. докт. (2003). Қостанай мемл. пед. ин-тын (1967) жəне Қазақстан ҒА-ның Ботаника ғыл.- зерт. ин-тының аспирантурасын (1978) бітірген соң осы ин-тта лаборант (1970–75), кіші ғыл. (1980–89), ғыл. (1989–91), аға ғыл. қызметкер (1991–97), лаб. меңгерушісі (1997–2005) қызметтерін атқарды. 2006 жылдан бас ғыл. қызметкер болып жұмыс істеді. «Эфирномасличные растения Юго-Востока Казахстана и пути их рационального использования» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 120-дан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның, 2 патенттің авторы. ЕГЕУБАЕВА Салтанат Асқарқызы (19.1.1974 ж.т., Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (2010). Қазақ ұлттық мед. ун-тін (1997), Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ординатурасын (2000) жəне докторантурасын (2009) бітірген. ҚР Денсаулық сақтау мин-гінде жетекші маман (1997 – 98), ҚР Денсаулық сақтау мингінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1998–2001, 2007–10), кафедра меңгерушісі (2010–11), ЗдравПлюс/Abt Associate Inc мекемесінде кеңесші-үйлестіруші (2001–04), Халықар. америкалық денсаулық сақтау одағында /ЮСАИД – Орт. Азия аймақтары кеңсесінде бағдарламаларды үйлестіруші (2004– 06), Колумбия ун-ті (АҚШ) Əлеум. қызмет мектебінің Орт. Азия бойынша Зерттеу жобаларының директоры (2008–11) қызметтерін атқарды. 2011 жылдан ҚР Денсаулық сақтау мин. Денсаулық сақтауды дамыту респ. орт-ның Стратегиялық даму жəне халықар. ынтымақтастық жөніндегі Бас директордың орынбасары қызметінде. Е. денсаулық саласына қатысты көптеген халықар. деңгейдегі ғыл.-зерт. бағдарламаларына жетекшілік етіп, АҚШ, Франция жəне т.б. дүниежүз. конференциялар мен симпозиумдарда баяндама жасады. «Медико-социальные проблемы лиц старшего возраста» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. бағыты – жасы ұлғайған адамдардың мед.-əлеум. проблемалары. 70-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның, 2 оқу-əдістем., 1 əдістем. ұсынымдардың авторы. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2011) марапатталған. ЕГОРИЧЕВ Григорий Александрович (3.4.1924, Татарстан, Куйбышев ауд. Антоновка с. – 24.2. ЕГОРИЧЕВ А.Егеубаев С.Егеубаева

1984, Алматы қ.) – а.ш. ғыл. канд. (1963). Қазан мемл. ун-тін бітірген (1952). 1952–55 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Қызылорда ғыл.- зерт. базасында кіші ғыл. қызметкер, 1955–69 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Топырақтану ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, 1969–78 ж. Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тында лаб. меңгерушісі, 1978–84 ж. Казгипроводхозда бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Е. күріш атыздарындағы фильтрациямен күресудің əдістерін жасап, өндіріске енгізді. Дəстүрлі емес мелиоранттардың индивидуалдық жəне синергетик. эффектерінің механизмдерін ашты. Күріштен өнім алатын НТОЗ жаңа технологиясының авторларының бірі болды. 55 ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 монография мен 4 авторлық куəліктің авторы. ЕГОРОВ Анатолий Кузьмич (30. 4.1936 ж.т., Алматы қ.) – физ.- матем. ғыл. докт. (1994), проф. (2011). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ т.ж. Алматы обл. Қос-Құдық ст. мектебiнде мұғалiм (1959–60), КСРО МҚК жоғ. шекаралық командалық уч-щесінде кафедра оқытушысы (1960–63), ҚазКСР ҰҒА Математика жəне механика интында, Сейсмология ин-тында, Механика жəне машинатану интында инженер, кіші, аға ғыл. қызметкер (1963 – 2001), ҚазҰУда бас ғыл. қызметкер (2001–02), кафедра проф. (2002–03), Көлік жəне коммуникация ун-тінде, ҚазҰТУ-да проф. (2003–07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан ҚР БҒМ ҒК Механика жəне машинатану ин-тының бас ғыл. қызметкері. Негізгі ғыл. бағыты – стат., квазистат. жəне динам. мəселелер бойынша сфералық жəне цилиндрлiк форма өндiру болатын орталардың, теңiз судан өткiзетін мұнай құбырлардың жəне Жердің кернеулідеформациялық күйілері жəне денелердiң орнықтылығын зерттеуге арналған. «Литосфера қабығының тұтқыр пластикалық деформациялануының орнықсыздығы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. КСРО ХШЖКнің қола медалінің (1975), Еңбек ардагерi медалінің (1986) иегері. ЕГОРОВ Виктор Владимирович (1945 ж.т.) – пед. ғыл. докт. (1996), проф. (1997), Халықар. ғыл. академиясының акад. (2000). Қарағанды политех. ин-тын (1968, қазіргі Қарағанды мемл. тех. унті) бітірген. «Қарағандытаукенмаш» өндірістік бірлестігінде инженер (1968–76). Қарағанды политех. ин-тында доцент (1976– 86), кафедра меңгерушісі, проректор (1986–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде декан қызметінде. 1995 ж. «Организационно-педагогические основы подготовки инженера-педагога для профессионально-трудового обучения учащихся» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 240-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 13 монографияның авторы. ЕГОРОВ Олег Иванович (30.7. 1936 ж.т., Ресей, қазіргі СанктПетербург қ.) – экон. ғыл. докт. (1999). Əзербайжан мұнай жəне химия ин-тын (1960, Баку қ.) бітірген. ҚазКСР ҒА Экономика ин-тында экономист, кіші ғыл. қызметкер (1960–74), Қазақ технол. жобалау бюросында (Кеңестік сауда жүйесі ҒЗИ аймақтық органы) бөлім меңгерушісі (1974–76), Қазақ КСР ҒА Төралқасы жанындағы Өндірістік күшті зерттеу бойынша кеңесте аға ғыл. қызметкер (1976–93), бөлім меңгерушісі (1981 жылдан), ҚазКСР ҒА Экономика ин-тында ғыл. қызметкер болып қызмет атқарады. Алматы халық ш. интында оқытушылық (1978–88) қызметтерді қоса атқарды. 1994– 95 ж. Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамыту мəселелері бойынша Қазақ КСР Жоғ. кеңесінің кеңесшісі, 1991–96 ж. ҚР ЭконоГ.А.Егоричев А.К.Егоров В.В.Егоров О.И.Егоров ЕГОРОВ

мика мин-гі, Экология жəне биоресурстар мин-гінде сарапшылар кеңесінің мүшесі болды. Негізгі ғыл. бағыты мұнай-газ кешені салаларының даму тиімділігін анықтау, көміртегі шикізатын кешенді жəне тиімді қолдану бағытындағы жасақтаулармен, мұнайгазөңдеу жəне мұнайхимияөндірісін тиімді дамыту жолдары, ҚР əлемдік мұнай қоғамдастығына кіру жағдайын дəйектеу мəселелерін зерттеуге арналған. «Проблемы эффективного использования нефтегазового потенциала Казахстана в условиях становления рыночных отношений (вопросы теории и практики решения)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 150-ден астам ғыл. еңбектердің авторы. ЕГІЗБАЕВА Қадиша Елеусінқызы (23.11.1927 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Жаңақала ауд. Жалпақтал а.) – биол. ғыл. докт. (1984), проф. (1996), ҚР Жаратылыстану ғыл. академиясының акад. (1996). 2 жылдық Респ. заң мектебін (1953), Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тын (1958, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Тау-кен ин-тында (қазіргі ҚазҰТУ) хатшы (1953–56), Қазақстан ҒА-ның Зоол. интында аспирант, аға лаборант, кіші, аға жəне жетекші ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1961– 94), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында (1992–98, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) оқытушы қызметтерін атқарды. 1983 ж. «Биологические основы профилактики гельминтозов водоплавающих птиц Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері суда жүзетін құстар гельминттерінің (ауру қоздыратын құрттар) тіршілігіне, таралуына, экологиясына, сондай-ақ гельминтоз ауруларының табиғи ошақтарын анықтап, күрес шараларын белгілеуге арналған. Ол – үйректердің гастротениоз (асқазан ауруы) ауруын ғылымда алғаш анықтап берген ғалым. Е. 150-ге тарта ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 6 монографияның, 5 өнертабыстық патенттің авторы. ЕГІНШІБАЕВА Нұрзада Əбдіғұлқызы (18.2.1954 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Амангелді а.) – пед. ғыл. канд. (1997), доцент. ҚазПИ-ді (1976, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Алматы обл. Қаскелең ауд. мектебінде оқытушы (1976– 87), Қазақ ұлттық агр. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1987–98), 1999 жылдан кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты қазіргі қазақ тілінің синтаксисі мəселелеріне арналған. «Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 70-тен астам ғыл.-əдістем. еңбектердің авторы. ҚР Президентінің, ҚР БҒМ-ның, Алматы қ. əкімі мен мəжілісінің жəне ун-т ректорының құрмет грамоталарымен марапатталған. «Еңбек ардагері» (2011), «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгілерінің (2012) иегері. ЕЖЕНХАНҰЛЫ Бахыт (12.1. 1962 ж.т., ҚХР, Құмыл (Хами) аймағы) – тарих ғыл. докт. (1991, Нанькин), проф. (1993, Үрімжі). Қытайдың Орт. Ұлттар ун-тін (1984, Пекин) бітірген. Шыңжан ун-тінде (Үрімші), Орта Азия мəдениетін зерттеу ин-тында лектор, проф. (1991–93), ҚР ҰҒА Тарих жəне этнология ин-тында жəне Шығыстану ин-тында ғыл. қызметкер (1993-95), Қазақ еңбек жəне əлеум. қатынастар академиясында аға оқытушы (2001–02), Қазақ халықар. қатынастар жəне əлем тілдері унтінде доцент (2002–03), 2003 жылдан Шығыстану ин-тында жетекші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. бағыты Түркі тарихы, Қазақ тарихы жəне тарихи деректану мəселелеріне арналған. «Моңғол-юань дəуірі қарсаңындағы Алтай таулары аумағындағы түркі тілдес тайпалар» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Е. 10-нан астам кітап, 40-тан астам ғыл. мақалалардың авторы. ҚР БҒМ «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2011) марапатталған. ЕКІБАЕВА Əлия Амантұрлықызы (1945 ж.т., Ақтөбе обл. Əйтеке би ауд.) – хим. ғыл. докт. (1982), проф. (1982). Мəскеу мемл. ун-тін бітірген. Қазақстан Қ.Егізбаева Н.Егіншібаева Б.Еженханұлы ЕКІБАЕВА

жəне Латвия ҒА-ларында ғыл. жұмыстармен айналысты. ЕЛАГИН Андрей Сергеевич (16.9.1920, Батыс Қазақстан обл. Орал қ. – 1993, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1970), проф. (1980). Орал пед. ин-тын бітірген (1941). Алғашқы жылдары оқытушы (1945–50), содан кейін Қазақ стан ҒА-ның Тарих ин-тында аға ғыл. қызметкер болды. «Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918–1920 гг.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. жұмысының негізгі бағыты – республика тарихындағы шетелдік əскери интервенция мен Азамат соғысы жылдарындағы кезең мəселелері. ЕЛАМАНОВ Болат Далдаұлы (29.11.1950 ж.т., Қостанай обл. Қарасу ауд. Қарасу кенті) – тех. ғыл. докт. (2003). Қазақ политех. ин-тын (1972, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. «Прорвамұнай» мұнайгаз өндіру басқармасында оператор, аға инженер, бастық, Ембі ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, Қазақ КСР-і Мұнай-газ өнеркəсібі министрінің орынбасары (1972–91), «Мұнайгаз» МХК-ның президенті (1991– 94), ҚР Энергетика, индустрия жəне сауда мин-лігіне қарасты Мұнай жəне газ департаментінің директоры (1994–98) болды. 1998 жылдан ҚР Инвестиция жөніндегі мемл. к-тте кен орындарын пайдалану дирекциясының директоры. «Проблемы разработки нефтяных месторождений, осложненных коррозией и соле-парафиновыми отложениями» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (1994). ЕЛАНЦЕВ Борис Владимирович (14.8.1905, Ресей, Томск қ. – 22.1.1977, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1944), проф. (1944), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1957). Томск мемл. ун-тін (1929) бітірген. Алматы мемл. мед. ин-тында (1940, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) доцент, кафедра меңгерушісі (1944 жылдан), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-лігінің бас оториноларингологы (1960–70) қызметтерін атқарған. 1975 жылдан өмірінің соңына дейін кафедра кеңесшісі қызметінде болған. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері оториноларингол. мəселелеріне арналған. Ол бірқатар арнайы емдеу құралдарын, ауыртпалық сезімді жоятын «Ринокоин» дəрісін жасап, дəрігерлік жұмыста пайдаланды. 1 авторлық куəліктің авторы. ЕЛБІСІНОВ Сунияцын Хұсайынұлы (1930 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – экон. ғыл. докт. (1987), проф. (1988). Мəскеудің алтын жəне түсті металдар ин-тын бітірген (1955). Балқаш мыс з-тында шебердің көмекшісі, шебер (1955–58), Орал политех. комб-тында аспирант, аға инженер-экономист (1961–64), Қазақ политех. интында (1965–75, қазіргі ҚазҰТУ) бөлім бастығы, доцент, ҚазМУда (1975–84, қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, доцент (1984–93) қызметтін атқарды. 1993 жылдан осында проф. Е. 80-нен астам ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЕЛЕМЕСОВ Жұмаш (1.12.1944 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Кеген а.) – а.ш. ғыл. канд. (1981), доцент (1984). Қазақ мемл. а.ш. ин-тын (1974, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Осы унтте 1974 жылдан осы күнге дейін аспирант, ассистент, доцент қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. бағыты суармалы топырақтарды мелиорациялау мəселелеріне арналған. Е. 5 оқулық, 2 оқу əдістем., 3 электрондық оқулық жəне көптеген əдістем. нұсқаулардың авторы. «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004). ЕЛЕМЕСОВ Раушан (25.5.1942 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Бəйдібек ауд. Боралдай а.) – экон. ғыл. докт. (1998), проф. Мəскеу мемл. ун-тін бітірген (1969). Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы, доцент, сырттай оқыту бөлімінің деканы (1972–88), Қазақстан ҒА-ның Орт. Қазақстан бөлімінде меңгеруші (1988–93), ҚР Кəсіпкерлік қоры директорының орынбасары (1993–94), ҚР Жоғары Кеңесінде кеңесші (1994–95), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі (1995–2001), декан (2001– 05), 2006 жылдан кафедра проф. Ə.Екібаева А.С.Елагин Ж.Елемесов ЕЛАГИН

қызметтерін атқарады. «Методологические и теоретические аспекты трансформации экономической системы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100-ге жуық ғыл. еңбектің авторы. ЕЛЕУКЕНОВ Шериаздан Рүстемұлы (3.9.1929 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд. Аршалы а.) – филол. ғыл. докт. (1988), проф. (1993). Қазақ КСР-інің еңбек сің. мəдениет қызметкері (1981). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының əдебиет теориясы кафедрасының аспирантурасын (1966) бітірген. Шығыс Қазақстан обл. «Коммунизм туы» газетінде əдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1951–59), ҚазМУ-да аға оқытушы (1959–63), Қазақстан Компартиясы ОК-нің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1967–71), Қазақстан Баспа, полиграфия жəне кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінің төрағасы (1971–86), Əдебиет жəне өнер ин-тының директоры (1986–88), осы ин-ттағы орыс əдебиеті бөлімінің меңгерушісі (1988–96) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған ин-тта бас ғыл. қызметкер жəне ҚазҰУ-дың журналистика ф-тінде проф. Ғыл. еңбектері қазақ қазақ əдебиетінің тарихы мен теориясы мəселелеріне арналған. «Қазақ романының идеялық-эстетикалық жəне жанрлық өзгешелігі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (1998). ЕЛЕУОВ Құсни Əменұлы (1934 ж.т., Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Арқалық а.) – мед. ғыл. докт. (1993), проф. (1995). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1958, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. Қарағанды қлық ауруханасында дəрігер-хирург (1959–62), обл. көп салалы клиник. аурухананың жарақатоперация бөлімінің меңгерушісі (1962–74), Қарағанды мемл. мед. ин-тында ассистент (1974–88), доцент (1988–93), проф. (1993), осы ин-т жанындағы ғыл. оқуөндірістік бірлестігінің жетекшісі қызметтерін атқарды. 1992 ж. «Хирургическая коррекция вирусной деформации шейки бедра и послеоперационная реабилитация больных» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 70тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЕЛЕУОВ Мадияр (3.5.1946 ж.т., Қызылорда обл. Шиелі ауд. Еңбекші а.) – тарих. ғыл. докт. (1999), проф. (2006). ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қызылорда обл. тарихи-өлкетану музейінде аға ғыл. қызметкер (1975– 76), ҚазМУ-да лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, докторант (1976–99), Еуразия ұлттық ун-тінде кафедра меңгерушісі (1999–2001), Халықар. қазақ-түрік ун-тінде кафедра меңгерушісі (2001–02), осы ун-ттің археол. ғыл.-зерт. орт-ның директоры (2002–08) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан ҚазҰУ-да проф. Е. 2000-нан аса əр түрлі тарихи кезеңдерден сақталған археол. ескерткіштерді ашып, оларды ғыл. айналымға енгізген. «ШуТалас өңірлерінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері» (VІ–ХІІІ ғ. басы) тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Е. 380-нен астам ғыл. жарияланымның, бірнеше монографияның авторы. ЕЛЕУОВ Тəжен (21.4.1909, Қызылорда обл. Сырдария ауд. – 20.11.1967, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1961), проф. (1965). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Мəскеу қ-ндағы кеңес партия мектебін (1930), ҚазПИ-ді (1947, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Алматы обл-нда комсомол жұмысында (1930–35), Қазақ өнеркəсіп кеңесінде бөлім меңгерушісі, «Хроника» журналының редакторы, Қазақстан ҒА-ның Тарих, археол. жəне этнол. ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері (1946– 67), Қазақстан ҒА-ның Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалымхатшысы (1948–50) қызметтерін атқарған. «Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның ғыл.-зерт. еңбектерінің негізгі бағыты – Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы жəне Азамат соғысының тарихы. ЕЛЕУСІЗОВ Мұқаш Қаппасұлы (26.12.1921, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Жаңажол Р.Елемесов Ш.Елеукенов М.Елеуов ЕЛЕУСІЗОВ

а.) – экон. ғыл. докт. (1972), проф. (1973), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1978), Қазақстан Гуманит. ғылымдар академиясының (1996) жəне Еуразия Халықар. экон. академиясының акад. (1998). Орта мектепті жəне мұғалімдер курсын бітірген (1940–41). Қызылту ауд. (қазіргі Шоқан Уəлиханов) Жарқын жетіжылдық мектебінде мұғалім болған. 1941 жылдың қазанында КСРО шекара əскерлері қатарына шақырылған. 1945 ж. тамызда 60-Камчатка теңіз шекара отрядының құрамында Жапониямен болған соғысқа қатысқан. 1946–50 ж. Кеңес (қазіргі Аққайың) ауд. комсомол к-тінің бірінші хатшысы, Солт. Қазақстан обл. комсомол к-тінің хатшысы қызметтерін атқарды. Респ. партия мектебін (1950–52) бітірген соң, сонда саяси экон. кафедрасында оқытушылыққа қалдырылып, 40 жылдан аса жұмыс істеген; соңғы 30 жыл бойы кафедра меңгерушісі болды. 1968 ж. «Разработка В.И.Лениным основных принципов и методов управления народным хозяйством в условиях социализма» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. жұмысының негізгі бағыты – саяси экономия, экон. ой-пікір тарихы жəне халық ш-н басқару мəселелері. Е. 10 монографияның, 250-ден аса ғыл. мақала мен рецензияның авторы. 2-дəрежелі Отан соғысы, 2 мəрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЕЛЕШЕВА Розалия Ғалиқызы (19.6.1927 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Орал қ.) – мед. ғыл. докт. (1970), проф. (1972). Қазақ КСРінің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1979). Алматы мемл. мед. интын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1954 жылдан сонда ассистент, доцент, проф. болып жұмыс істеді. Оның негізгі ғыл. еңбектері психиатрия мəселелерін зерттеуге арналған. Е. Қазақстанда психиатриялық қызметті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар жасады. ЕЛМҰРАТОВ Сембай Қайкенұлы (22.1.1948 ж.т., Павлодар обл. Ертіс ауд.) – тех. ғыл. докт. (2007), проф. (2008). Нью-Йорк ҒА толық мүшесі (1996). Қарағанды политех. ин-тын (1971, қазіргі Қарағанды мемл. тех. унті) бітірген. Осы оқу орнында ассистент, доцент, секция меңгерушісі (1971–93), «Пульс» АҚ төрағасының орынбасары (1993– 97), Павлодар мемл. ун-тінде доцент (1997–2000), кафедра меңгерушісі (2000–12), 2012 жылдан кафедра проф. қызметтерін атқарады. Ғыл. зерттеулерінің негізгі бағыты – жұқа қабырғалы конструкциялардың беріктігі мен тұрақтылығын жəне динамикасын сандық есептеу əдісі. «Динамика и устойчивость неоднородных оболочек и пластин переменной жесткости» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 200-ге жуық ғыл. жəне оқу еңбектерінің, соның ішінде 2 монография, электрондық оқулық, 6 оқу құралы, 6 орысшы-қазақша түсіндірме сөздік, 8 өнертабыстардың авторы. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2003). ЕЛМҰРЗАЕВА Раушан Сапарханқызы (10.12.1963 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Арыс қ.) – саясаттану ғыл. докт. (2009), доцент (2011). ҚазМУ-ды (1988, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1993) бітірген. 1988 жылдан қазіргі күнге дейін Еуразия ұлттық ун-тінде қызмет етеді. Негізгі ғыл. бағыты – халықар. қатынастар тарихы, Қазақстан– Германия қатынастары, Германияның сыртқы саясаты, көшіқон үдерістері мəселелеріне арналған. «Қазақстан-герман қатынастарындағы көші-қон саясатының мəселелері: саяссаттанушылық талдау» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 50-ден астам ғыл. еңбектердің авторы. Жас ғалымдардың Президенттік сыйл. лауреаты (1998). ЕЛУБАЕВ Бауыржан Ысқақұлы (1.8.1947 ж.т., Ақмола обл. Еңбекшілдер ауд. Мəдениет а.) – саяси ғыл. докт. (2007), проф. (2008), ген.-м. (1998). Қазақ а.ш. ин-тын (1971, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне Атырау мемл. ун-тін (2004) бітірген. Тайынша моторжөндеу з-тында (1971–72), Автокөлік ғыл.-зерт. жоспарлау ин-тында (1972–76), Алматы обл. бойынша Мемл. Р.Елешева С.Елмұратов Р.Елмұрзаева ЕЛЕШЕВА

қауіпсіздік к-ті басқармасында (1976–86), Қазақ КСР Мемл. қауіпсіздік к-тінде (1986–90), Торғай обл. бойынша Ұлттық қауіпсіздік к-ті басқармасында (1990–94), Қарағанды обл. бойынша Ұлттық қауіпсіздік к-ті басқармасында – Ұлттық қауіпсіздік к-ті департаментінде (1994–98), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-тінде (1998-2001), Атырау обл. бойынша Ұлттық қауіпсіздік к-ті департаментінде (2001), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-тінде (2001–03), Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінде (2003–05), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті Əскери ин-тында (2005–09), 2010 жылдан «Ұлттық атом компаниясы «Казатомөнеркəсібі» АҚ-нда қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты Қазақстан Республикасы шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық жəне колданбалы проблемаларын зерттеуге арналған. II дəрежелі «Даңқ» ордені, медальдарымен марапатталған. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері. Саяси ин-тар, этносаяси қайшылықтану, ұлттық жəне саяси үдерістер мен технологиялар мамандығы бойынша докт. дисссын жабық тақырыпта қорғады. Е. 40-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЕЛУБАЕВ Сахабиден (10.4.1924 ж.т., қазіргі Павлодар обл. Ақтоғай ауд. Қожамжар а., – 1993, Қызылорда қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1982), проф. (1985). Қазақ КСР-інің жəне КСРО Білім беру ісінің үздігі. ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Новосибирск қ-ндағы КСРО ҒА-ның Сібір бөлімшесі Матем. ин-ты мен Есептеу орт-нда аспирант (1961–62), аға ғыл. қызметкер (1971–73), Қызылорда пед. интында (қазіргі Қызылорда мемл. ун-ті) оқытушы (1951–61), мұғалімдер ин-ты директорының орынбасары (1952–53), осы интта кафедра меңгерушісі (1963– 71), проректоры (1973–86; 1986 жылдан) қызметтерін атқарған. «О некоторых обратных задачах для гиперболических и параболических уравнений» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. еңбектерінің негізгі бағыты гиперболалық жəне параболалық теңдеулер үшін кері есептер тақырыбына арналған. Е. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Отан соғысы орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЕЛІКБАЕВ Бауыржан Көшкінбайұлы (3.12.1977 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Қаратөбе а.) – филол. ғыл. докт. (2011). Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (2010). Халықар. Қазақ-Түрік ун-тін (1999) бітірген. 1999–2006 ж. оқытушы, аға оқытушы, 2006–07 ж. Алматы экономика жəне статистика академиясы Оңтүстік Қазақстан ин-тында проректор қызметтерін атқарды. 2007 жылдан Оңт. Қазақстан мемл. унтінде доцент. Негізгі ғыл. бағыты қазақ тіл біліміндегі есімдер синтаксисінің синтаксис жүйесіндегі алатын орны, есімдер арқылы туындайтын синтаксистік бірліктер: сөз тұлға, есімді сөз тіркесі мен есімді сөйлемдердің қалыптасуы мен дамуы мəселелеріне арналған. «Қазіргі қазақ тіліндегі есімдер синтаксисі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЕЛІКБАЕВ Бахытжан Көшкінбайұлы (29.04.1966 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шымкент қ.) – биол. ғыл. докт. (2011), доцент (2006). Қазақ а.ш. ин-тын (1988, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне аспирантурасын (1993) бітірген. Целиноград обл. Жақсы ауд. кеңшарында агроном (1988– 89, қазіргі Ақмола обл.), Химия ғыл.-зерт. ин-тында инженер, Қазақ а.ш. ин-тында ассистент (1993–98), аға оқытушы (1998– 2000), компьютерлік орт-нда жеБ.Елубаев С.Елубаев Б.Елікбаев Б.Елікбаев ЕЛІКБАЕВ

текші инженер, аға ғыл. қызметкер (2000–03), аға оқытушы, доцент (2004 жылдан) қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. бағыты топырақ генезисі, топырақ экологиясы мəселелеріне арналған «Экологические аспекты почвообразования на лёссовых породах» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 80 ғыл.-əдістемелік еңбектердің, оның ішінде 1 оқулық, 2 оқу құралы, 70 ғыл. мақаланың авторы. ЕЛІКБАЕВ Ғалымжан Мамырбекұлы (27.7.1972 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Кершетас а.) – мед. ғыл. докт. (2009). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (1995) бітірген. Оңт. Қазақстан обл. Сайрам ауд. орт. ауруханасында (1995–96), Шымкент қ-нда дəрігер-хирург (1996–98), Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясында аспирант, ассистент, доцент (1998–2001), «Болашақ» Халықар. бағдарламасы бойынша Санк-Петербургте (Ресей) докторант (2006–09) болды. 2009 жылдан Халықар. Қазақ-Түрік ун-тінде декан, кафедра меңгерушісі. «Туа болатын жұлынның даму ақауларын емдеуде тиімді жүйені қолдану» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 130-дан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның 9 патенттің ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйл., ғылым мен техника саласының лауреаты (2010). ЕЛІКБАЕВ Нəби (1944 ж.т.) – филос. ғыл. докт. (2001), проф. (1993). Шымкент пед. ин-тын (1965, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) бітірген. Орта мектепте мұғалім, аспирант (1965– 76), КСРО ІІМ органдарында оқытушы, цикл бастығы, доцент (1976–88), Қарағанды мемл. пед. ин-тында (1988–93, қазіргі Қарағанды мемл. ун-ті) доцент, кафедра меңгерушісі, проректор 1994 жылдан ҚР ІІМ Қарағанды заң ин-тында проф. 2000 ж. «Қазақтың ұлттық психологиясының қалыптасуы мен дамуының тарихи жəне əлеуметтікмəдени негіздері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 90нан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы. ЕРАЛИЕВ Алмабек Қамзаұлы (8.16.1940 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1994), проф. (1996). ҚазМУ-ды (1962, қазіргі ҚазҰУ) жəне Мəскеу инж.-экон. ин-тының аспирантурасын (1970) бітірген. Алматы ауыр машина жасау з-тында (1962–64), Мемл. жобалау ин-тының химия машиналары ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1964–67), Қазақ политех. ин-тында (1970– 92, қазіргі Қазақ ұлттық тех. унті) аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ҚР Энергет. мин-лігінің Алматы энергетиктер біліктілігін арттыру ин-тында кафедра меңгерушісі, проректор (1992–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Қазақ ұлттық тех. ун-тінде кафедра меңгерушісі қызметінде. 1993 ж. «Социально-экономическое развитие промышленности крупного города в условиях перехода к рынку» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 90-нан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы. ЕРАЛИН Қуандық Ералыұлы (14.4.1950 ж.т.) – пед. ғыл. докт. (1997), проф. (1999), Қазақстан Білім беру ісінің үздігі (1997), ҚР Мəдениет қайраткері (2007). Шымкент пед. ин-тын бейнелеу өнері жəне сызу мамандығы бойынша (1973) жəне Мəскеу мемл. пед. ун-тінің аспирантурасын (1985) бітірген. Халықар. қазақтүрік ун-тінде оқытушы, доцент, проф., декан, кафедра меңгерушісі (1973–96), Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде (1996–2004) ғыл. пед. қызметтер атқарды. 2004 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінде проф., декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1992 ж. «Изобразительное искусство Казахстана в системе художесвенно-профессиональной подготовки будущих учителей изобразительного искусства и художественного труда в педагогических институтах» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың теориясы мен практикасы, оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетик. тəрбие беру əдістемесі, т.б. Е. 110-нан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монография мен 24 оқу құралдарының авторы. ЕРГӨБЕК Құлбек Сəрсенұлы (26.12.1952 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Шəуілдір а.) – филол. ғыл. докт. (1996), проф. (1999). ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒАның Əдебиет жəне өнер ин-тында аға лаборант (1975–76), аға (1990–92), бас (1997 жылдан) ғыл. қызметкер, Алматы қ-ндағы Респ. шығарм. үйінде, С.Мұқанов мұражай-үйінде аға ғыл. қызметкер (1976–78), бөлім меңҒ.Елікбаев Қ.Ералин ЕЛІКБАЕВ

герушісі (1980–87), «Лениншіл жас» (1978–80, қазіргі «Жас алаш») пен «Социалистік Қазақстан» (1987–90, қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде тілші, Түркістан қ-ндағы Халықар. қазақтүрік ун-тінде доцент, проф., кафедра меңгерушісі, декан, ғыл. жұмыстар жөніндегі проректор (1992–97), Əдебиет жəне өнер интында бас ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1997–99), Түркістан қ. əкімінің орынбасары, Оңт. Қазақстан обл. əкімі аппараты бастығының орынбасары, облыс əкімі кеңесшісі (1999–2003) қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда Халықар. Қазақ-Түрік унтінің вице-президенті, ҚР БҒМ министрінің өкілі қызметін атқаруда. 1995 ж. «Сəбит Мұқановтың творчестволық лабораториясы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 700-ге тарта ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы. ЕРҒАЗИЕВА Нарима Смайылқызы (27.6.1933 ж.т., Мəскеу қ.) – Алматы технол. ун-тінің проф. (2002). ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1956–60, Алматы қ.), Қазақстан Жоғ. жəне орта білім мин-гінде аға ғыл. қызметкер (1960–73), Алматы технол. ин-тында аға оқытушы, доцент (1973–76, қазіргі Алматы технол. ун-ті), кафедра меңгерушісі жəне ғалым хатшы (1976–2001) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан «Мемлекеттік тіл жəне əлем тілдері» кафедрасында проф. Негізгі ғыл. бағыты қазақ тіл білімінің лексикасы, оқу құралдары мен оқулықтар, бағдарламалар мен ғыл.-əдістем. құралдарды дайындау, жетілдіру мəселелеріне арналған. Е. 200-ге тарта ғыл. еңбектің, оның ішінде 15 ғыл.-əдістемелік құралдың авторы. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен (1996), «Еңбек ардагері» медалімен (1988), ун-ттің мақтау грамоталарымен марапатталған. ЕРҒАЛИЕВ Əбдеш (21.12.1912, Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Терісаққан а. – 1993) – тех. ғыл. докт. (1967), проф. (1971). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Қарағанды кен-металлургия ин-тын бітірген (1942, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті). Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы (1942–47), Алтай кен-металлургия ин-тының директоры (1950–63), Қазақстан ҒА кадр басқармасының бастығы, сектор меңгерушісі (1947–50), Кен ісі ин-ты директорының орынбасары, лаб. меңгерушісі, жетекші ғыл. қызметкер (1965– 93) болып қызмет істеді. Оның ғыл. жұмыстары пайдалы қазынды кен орындарын ашудың жаңа тəсілдеріне, жүйелеріне, теориясы мен практикасына, сондай-ақ жер қойнауы байлықтарын тиімді пайдалану мəселелеріне арналған. Е. 11 авторлық куəліктің иегері. 4-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты. 1-дəрежелі Отан соғысы жəне «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. ЕРҒАЛИЕВА Райхан Əбдешқызы (26.3.1954 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қ.) – өнертану ғыл. докт. (2001). Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін жəне архит. ин-ты (1976) мен Қазақстан ҒА-ның Əдебиет жəне өнер ин-тының аспирантурасын (1983) бітірген. Осы ин-тта лаборант, кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1976–2012), Қазақ ұлттық өнер академиясында (2001–04), Тарихи жəне мəдени ескерткіштерді қорғау қоғамында (2003–12) қызметтер атқарады. «20 ғасырдағы қазақтың бейнелеу өнері жəне дəстүрлі дүниетанымы. Кескіндеме. Мүсін» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның («Этнокультурные традиции в современном искусстве Казахстана. Живопись. Скульптура», 2002) авторы. ҚұрҚ.Ергөбек Н.Ерғазиева Ə.Ерғалиев Р.Ерғалиева ЕРҒАЛИЕВА

мет грамотасымен (2006), «Қазақстанның ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен (2007), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2008) марапатталды. ЕРДƏУЛЕТОВ Станислав Рамазанұлы (20.5.1941 ж.т., Тараз қ.) – геогр. ғыл. докт. (1994), проф. (1997). ҚазМУ-ды (1964, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Мекемелерде инженер-экономист, аға инженер, аға экономист (1964–72), Қазақстан Геол. ин-тында аға ғыл. қызметкер, сектор меңгерушісі (1972–73), ҚазМУ-да доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1973– 93), Қазақ ұлттық пед. ун-тінде кафедра меңгерушісі (1993–94) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан ҚазҰУ-да проф., кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 1993 ж. «Проблемы комплексного развития и территориальной организации туризма Республики Казахстан» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 330-дан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 монографияның авторы. ЕРДЕМБЕКОВ Бауыржан Аманкелдіұлы (1974 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Асқаралы а.) – филол. ғыл. докт. (2009), проф. (2009). Семей мемл. унтін (1996), аспирантурасын (1999) бітірген. 1991–92 ж. Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Асқаралы а-нда мұғалім, 2000–01 ж. Семей мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, 2001–07 ж. декан, 2008–09 ж. проректор, 2009–11 ж. декан, 2011–12 ж. Еуразия ұлттық ун-тінде кафедра меңгерушісі, 2012 жылдан Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінде проректор қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. бағыты қазақ əдебиетінің тарихы, абайтану, мұхтартану мəселелеріне арналған. «Абайдың əдеби ортасы жəне ақындық мектебі» атты тақырыпта докт. дисс. қорғады. «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісінің (2009), ЖОО-ның үздік оқытушысы мемл. грантының (2009), ҚР Тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальдың (2011) иегері. Е. 150-ден астам ғыл.-танымдық жарияланымның авторы. ЕРДІБАЕВА Назгүл Қадырбекқызы (6.6.1972 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Күршім ауд. Күршім а) – физ.-матем. ғыл. докт. (2010). Көкшетау пед. интын (1996), Шығыс Қазақстан мемл. ун-інің аспирантурасын (2002) бітірген. 1998–2002 ж. Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінде оқытушы-машықтанушы, аға оқытушы, 2002–09 ж. Шығыс-Қазақстан мемл. тех. ун-тінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2009 жылдан кафедра доценті. «Ионды-плазмалық жəне плазмалық өңдеудің балқымалардың жəне жабындардың микро жəне нанокристалдық қабаттарына əсері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы. ЕРЕКЕШОВ Əбубəкір (10.11. 1946 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд. Көзжетпес а.) – мед. ғыл. докт. (2001). Алматы мемл. мед. интын (1970, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Алматы қндағы №1-қ-лық балалар ауруханасында хирург (1972–74), бас дəрігер (1988–91), обл. балалар ауруханасында хирург (1974–88), бөлім меңгерушісі (1977–85), бас хирург (1985–88), Қазақ ұлттық мед. ун-тінде ассистент, доцент (1991–95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан ҚР Денсаулық сақтау агенттігіне қарасты Дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тында курс меңгерушісі. 2000 ж. «Клинико-патогенетическое обоснование и разработка новых методов лечения переломов плечевой кости у детей» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. еңбектері балалар травматологиясына арналған. Е. иық сүйектері (тоқпан жілік, асық С.Ердəулетов Б.Ердембеков Н.Ердібаева Ə.Ерекешов ЕРДƏУЛЕТОВ

жілік), қол-аяқ сүйектері зақымданған балаларды, ұршығы шығып кеткен (іштен туа біткен) нəрестелерді, бауырда болатын жылауық құртты, перитонитті хирургиялық жолмен емдеу тəсілдерін жəне жедел қабыну салдарынан болатын өкпенің тесілуін алдын алатын жаңа хирургиялық емдеу жолдарын ұсынды. ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (1999). ЕРЕКЕШОВА Лаура Ғибратқызы (3.8.1966 ж.т.) – тарих ғыл. докт. (2009), доцент (2007). ҚазМУ-ды (1989, қазіргі ҚазҰУ), Үндістан Республикасы СІМ жанындағы Дипломатиялық академиясын (1992, Дели, Үндістан), Мəскеу мемл. ун-ті жанындағы Азия жəне Африка елдері интының аспирантурасын (1990– 97) бітірген. ҚазМУ-да ассистент, оқытушы, аға оқытушы (1989–2001), ҚР Президенті жанындағы Қазақ стратег. зерттеулер ин-тында жетекші ғыл. қызметкер (2000–01), ҚР СІМ жанындағы Сыртқы істер жəне талдау орт-нда сарапшы (2001– 02), Еуразия экон. қауымдастығында (ЕврАзЭС) бас маман (2004–05), 2002 жылдан ҚР БҒМ ҒК Шығыстану ин-тында аға, жетекші ғыл. қызметкер. «Религия и социо-культурные системы в истории Центральной Азии» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. ЕРЖАНОВ Ахмет (27.9.1922, Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Жаңақорған кенті – 1997, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1974), проф. (1968). Қа зМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қызылорда обл. Жаңақорған ауд-ндағы мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі (1940–43, 1946–48), Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тында (1954–68, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ассистент, аға доцент, 1968 жылдан Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті), Қазақ құқықтану жəне халықар. қатынастар ин-тында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Осуществление ленинской национальной политики КПСС в послевоенный период (на опыте деятельности Компартии Казахстана в 1946–1958 гг.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 80нен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. ЕРЖАНОВ Қазыбек Бекмағанбетұлы (5.6.1942 ж.т., Қызылорда обл. Сырдария ауд.) – хим. ғыл. докт. (1991), проф. (1992). ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Хим. ғылымдары ин-тында лаборант, инженер, кіші, аға ғыл. қызметкер (1964–73), лаб. меңгерушісі, 1973 жылдан, Алматы технол. ин-тында кафедра меңгерушісі, ин-т директорының ғыл. жұмыс жөніндегі орынбасары (1992–94) қызметтерін атқарады. Е. 600ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның, 100-ге жуық авторлық куəліктің, бірнеше патенттердің авторы. Құрмет дипломымен (1981), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2005) марапатталған. ЕРЖАНОВ Мұхтар Салтайұлы (18.4.1950 ж.т., Қостанай обл. Таран ауд. Аманқарағай а.) – экон. ғыл. докт. (1995), проф. (1997), Еуразия халықар. экон. академиясының акад. (1998). Алматы халық ш. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ экон. ун-ті) жəне оның аспирантурасын (1974) бітірген. Алматы қ-ндағы тігін ф-касында аға бухгалтер, қаржыгер, Алматы халық ш. ин-тында стажерізденуші, оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары (1973–83), Қазақ а. ш. ин-тында (1984–86, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) кафедра меңгерушісі, Жетекші есеп қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша КСРО Мемл. ин-ты Алматы бөлімшесінің директоры (1986–88), ҚРның Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемл. к-тінде басқарма бастығы (1991–93), Қазақстандағы «Артур Андерсон» («Arthur Anderson») аудиторлық компаниясы директорының орынбасары (1993–96), «Ержанов жəне К» аудиторлық компаниясының президенті (1996–99), Қазақ мемл. басқару академиясында (қазіргі Қазақ экон. ун-ті) проф. 1995 жылдан «Тұран» ун-тінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атЛ.Ерекешова Қ.Ержанов М.Ержанов ЕРЖАНОВ

қарады. «Теория и практика аудита» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 50-ден астам еңбектердің, оның ішінде 8 монографияның авторы. ЕРЖАНОВ Нұрлан Тельманұлы (26.8.1962 ж.т., Қарағанды қ.) – биол. ғыл. докт. (2000), ҚР Жоғары мектебі ғыл. академиясының акад. (2001). Қарағанды мемл. унтін бітірген (1984). Осы ун-тте инженер, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан (1994–98), проректор (1998–2000) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан 1-проректоры қызметтерін атқарады. «Редкие и исчезающие млекопитающие Казахского мелкосопочника (фауна, биология, экология, цитогенетика, охрана и рациональное использование)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 2 монография («Фауна и экология млекопитающих Центрального Казахстана: история развития и современное состояние», 1997; «Редкие и исчезающие млекопитающие Казахского мелкосопочника», 2001) мен 3 оқу құралының авторы. ЕРЖАНОВ Омарқан Нұрқанұлы (1963 ж.т., Қарағанды қ.) – мед. ғыл. докт. (2000), проф. (2004), жоғары санатты дəрігер-хирург (2005). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1985, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. Осы ин-тта кафедра қызметкері, доцент, проф. (1990–2004) қызметтерін атқарды. 1999 ж. «Острая эмпиема плевры, этиологическое и патогенетическое обоснование методов лечения» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100-ден астам ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЕРЖАНОВ Самиғолла Ибатоллаұлы (5.4.1943 ж.т., Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1982). Алматы мемл. мед. ин-тын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) жəне Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы бұрынғы КСРО Денсаулық сақтау мин-лігі Онкология ин-тының аспирантурасын (1971) бітірген. Ленинград онкология диспансерінде лаб. меңгерушісі (1975–86), Қазақ онкология жəне радиология интында стажер-ізденуші, ординатор, кіші ғыл. қызметкер (1966– 79), аға ғыл. қызметкер (1986 жылдан) болып қызмет істеген. Оның негізгі ғыл. еңбектері онкология мəселелеріне арналған. Е. қылтамақ, емшек, тік ішек, тері, ісіктерінің құрылысын зерттеп, ананың жыныс безі қатерлі ісігін емдеу, оның тиімділігін анықтау тəсілін ұсынды. ЕРЖАНОВА Мəриям Сейдалықызы (20.8.1928 ж.т., Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.) – хим. ғыл. докт. (1971), проф. (1972). Мəскеу тоқыма өнеркəсібі интын бітірген (1951). Қазақстан ҒА-ның Химия ғылымдары интында ғыл. қызметкер (1951–56), Шымкент қ-ндағы Қазақ хим.- технол. ин-тында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1956–79), 1979 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Оның ғыл. еңбектерінің негізгі бағыты төмен темп-рада селективті катализаторларда фурфуролды гидрогендеу жəне фуронды қосылыстарды гидрогендегенде сорбцияланған сутектің энергетик. сипаттамалары мен катализатордың активтілігі, селективтілігі, тұрақтылығы арасындағы өзара байланыстарды зерттеуге арналған. «Низкотемпературное гидрирование фурфурола в растворах» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 60-тан астам ғыл. жарияланымның, 25 өнертабыстың, 5 авторлық куəліктің иегері. ЕРЖАНОВА Сəуле Баймырзақызы (22.8.1972 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Бəйдібек ауд. Алғабас а.) – филол. ғыл. докт. (2010), проф. (2012). Арқалық пед. интын (1994) бітірген. Осы ин-тта оқытушы, ҚазҰУ-да ізденуші (1994–96), «Рауан» баспасында бөлім редакторы (1997–99), «ДаН.Ержанов О.Ержанов С.Ержанов С.Ержанова ЕРЖАНОВ

рын» ин-тында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1999–2001), Қазақ мемл. қыздар пед. ун-тінде аға ғыл. қызметкер (2004–06). 2010 жылдан кафедра меңгерушісі қызметінде. Негізгі ғыл. бағыты – қазіргі қазақ əдебиеті, тəуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясы, қазіргі қазақ поэзиясының жанрлық сипаты. «Тəуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ы.Алтынсарин атынд. төсбелгінің иегері. Бірнеше ғыл. еңбектердің авторы. ЕРЖАНОВА Шолпан Ақанқызы (20.10.1950 ж.т., Павлодар қ.) – мед. ғыл. докт. (1999). Қарағанды мед. ин-тын (1979), докторантурасын (1999) бітірген. №3 перзентханада акушер-генеколог (1979–83, Қарағанды қ.), №2 қалалық емханада эндокоринолог (1983–89, Қарағанды қ.), Қарағанды мемл. мед. ин-тының ғыл.-зерт. орт-нда ғыл. қызметкер (1989–2003), ҚР Травматалогия жəне Ортопедия ин-тында аға ғыл. қызметкер (2003–05, Астана қ.), ҚР БҒМ-нде бас маман (2005), Қазақстан-Ресей ун-ті директорының орынбасары болып қызмет атқарады (Астана қ.). «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен (2007), «Қазақстан-Ресей ун-тінің 10 жылдығы» медалімен (2010) марапатталған. Е. 70тен астам ғыл. еңбектің авторы. ЕРКЕБАЕВ Мұрат Жұмəділұлы (1961 ж. т., Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Майбұлақ а.) – тех. ғыл. докт. (1995), проф. (1996). Қазақ хим.-технол. ин-тын (1983, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) жəне Мəскеу технол. интының аспирантурасын (1991) бітірген. Қазақ хим.-технол. интында инженер, машина жəне өндіріс тағамдары кафедрасында ассистент, стажер-мұғалім (1984–88), 1991 жылдан осы интта аға оқытушы, доцент, проф. қызметтерін атқарады. «Совершенствование механических процессов в линиях для производства изделий из муки» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 50-ден астам ғыл. жəне оқуəдістемелік еңбектердің авторы. ЕРКІНБАЕВА Лəззат Қалымбекқызы (14.8.1967 ж.т., Жамбыл обл. Жамбыл а.) – заң ғыл. докт. (2009), проф. (2011). ҚазМУ-ды (1989, қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын (1992) бітірген. 1989 жылдан осы оқу орынында лаборант, аспирант, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Аграрные правоотношения в РК» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 76 ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 оқу құралы, 2 монографияның авторы. «ҚР Конститутциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл» медальдарының, «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің (2009, 2010), «ҚР үздік оқытушысы» (2010) стипендиясының иегері. ЕРКІНОВ Серік Есжанұлы (22. 12.1952 ж.т., Алматы обл. Талдықорған қ.) – заң ғыл. докт. (2002), проф. (2002), ҚР ІІМ-нің еңбек сің. қызметкері, полиция ген.- м. КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін (1975) жəне КСРО ІІМ-нің академиясы жанындағы адъюнктурасын (1982) бітірген. ҚР ІІМ-нің Алматы заң ин-тын (1996–99) жəне ҚР ІІМ-нің академиясын (2002–2009) басқарды. 2000 ж. «Взаимодействие правоохранительных органов стран СНГ при раскрытии и расследовании транснациональных преступлений» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЕРКІНОВА Сəулет (27.11.1983 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а.) – докт. PhD (2010). Қазақ қаржы-экон. ин-тын (2004), магистратурасын (2007) жəне Қазақ экон. ун-тінің PhD докторантурасын (2010) бітірген. Е. 2004 жылдан Қазақ қаржы-экон. академиясында аға Ш.Ержанова М.Еркебаев Л.Еркінбаева С.Еркінов ЕРКІНОВА

оқытушы болып қызмет атқарады. «Совершенствование механизма инвестирования сельского хозяйства: теория и практика» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 10-нан астам ғыл. еңбектің авторы. ЕРҚАСОВ Рахметолла Шəрепиденұлы (24.2.19ж. т., Павлодар обл. Успен ауд. Успенка а.) – хим. ғыл. докт. (1992), проф. (1993). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1976) бітірген. Осы ун-тте ассистент, аға оқытушы, доцент, проф. (1976–94), кафедра меңгерушісі (1994–97), Еуразия ұлттық ун-тінде проректор (1997– 2001) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Көкшетау мемл. ун-тінің 1-проректоры қызметінде. Е. 250-ден астам ғыл. жарияланымның, 7 авторлық куəлік пен патенттердің авторы. ЕРЛЕПЕСОВ Мұхамеджан Ноғайұлы (30.12.1911, Қызылорда обл. Қазалы ауд. – 10.9.1987, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1966), проф. (1968), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1960). Қазақ а. ш. ин-тын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақ аймақтық тəжірибе стнда ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директор (1935–41), Қазақстан КП ОК-нде а. ш. бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1942–52), Оңт. Қазақстан обкомының 1-хатшысы, Алматы селекц.-тəжірибе ст-ның директоры (1952–59), Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының директоры əрі бөлім меңгерушісі (1959–75), 1975 жылдан өмірінің соңына дейін осы ин-тта кеңесші қызметтерін атқарған. «Культура кукурузы в Казахстане» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері суғармалы егіншілік пен өсімдік өсіру мəселелеріне арналған. Ол жүгері, қоза, қант қызылшасы, т.б. дақылдар селекциясы мен олардың тұқымын өсіріп, агротехникасын жетілдіру жұмыстарымен шұғылданды жəне егіншілік саласындағы озат тəжірибені қорытып, насихаттау жұмысын жүргізген. Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2-, 3-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЕРМАҒАНБЕТ Болат Төлеуханұлы (1947 ж.т.) – хим. ғыл. докт. (1993). Қарағанды политех. интын (1969, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) бітірген. Осы ин-тта кіші ғыл. қызметкер, аға оқытушы (1974–79), Қазақстан ҒА-ның Хим. ғылымдары интында кіші, аға ғыл. қызметкер (1979–83), Қазақстан ҒА-ның Органик. синтез жəне көмір қышқылы ин-тында лаб. меңгерушісі (1983–94), Алматы қ. «Монтажинжиниринг» АҚ ғыл. бөлім бастығы (1994–97), Астана қ-ндағы Қазақстан–Ресей ун-тінің ректоры (1997–2000) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Ақмола технол. жəне бизнес ун-тінде проректор. «Каталитическая конверсия угля и тяжелых нефтяных остатков связанным водородом» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 150-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЕРМАҒАНБЕТОВ Мүбəрак (21. 5.1951 ж.т., Қостанай обл. Амангелді ауд. Қабырға а.) – хим. ғыл. докт. (2001), проф. (2002), Қазақстан Жоғары мектебі ұлттық ғыл. академиясының акад. (2006). ҚазМУ-ды (1979, қазіргі ҚазҰУ) жəне Қазақ политех. ин-тының аспирантурасын (1983, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Осы ин-тта оқытушы, аға оқытушы, доцент, проф. жəне кафедра меңгерушісі (1995–2008) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан Қазақ ұлттық пед. ун-тінде 1-проректор. «Ионогенді азотты жəне күкіртті мономерлерді полимерлеу жəне солардың негізінде жаңа полимерлер алу» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. С.Еркінова Р.Ерқасов М.Ерлепесов М.Ермағанбетов ЕРҚАСОВ

Оның ғыл. жұмысының негізгі бағыты – кейбір гетероциклді қосылыстарды полимерлеу реакциясын оқып-үйрену жəне оларды халық ш-ның əр түрлі салаларына пайдалану мəселелері. Е. 170-тен астам ғыл.-зерт. еңбектің, 25 авторлық куəліктің иегері. ЕРМАНҚҰЛОВА Рима Ибадуллақызы (13.11.1965 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Шəуілдір а.) – экон. ғыл. канд. (2006), доцент (2010). Жеңіл жəне тамақ өнеркəсібінің Жамбыл технол. ин-тын бітірген (1988). 1988– 94 ж. Түркістан қ-ндағы тігін ф-касында бас экономист болып істеді. 1994 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарады. «Нарық жағдайында өнеркəсіп өндірісін орнатуды басқару (Оңтүстік Қазақстан облысының материалдары негізінде)» тақырыбында канд. дисс. қорғаған. 50 ғыл. еңбектің, 1 монография, 4 оқулықтың авторы. ЕРМАТОВ Сəдуақас Ерматұлы (7.2.1933 ж.т., Өзбекстан Республикасы, Ташкент обл. Бостандық ауд. Үшбау а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1972), проф. (1976). Халықар. ҒА-ның акад. (1995). Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тін (1955) бітірген. Ташкент мемл. пед. ин-тында оқытушы (1955– 57), Өзбекстан ҒА-ның физ.-тех. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1960–63), Шыршық қ-ндағы Баяу балқитын жəне ыстыққа төзімді металдар комб-ты жанындағы Өзбекстан ҒА-ның физ.-тех. ин-ты бөлімшесінде жетекші (1963–66), Қазақстан ҒА-ның Ядр. физ. ин-тында лаб. меңгерушісі (1966–86), директордың орынбасары (1970–80), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1980, қазіргі ҚазҰУ), ҚазҰПУда декан (1980–84) қызметтерін атқарды. 1988 жылдан проф. болып қызмет атқарады. «Исследование поверхностных свойств и природы центров адсорбции облученных кремнеземов» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. еңбектері радиац. физ., радиац. технол. мен жаңа техника мəселелеріне арналған. Е. 410-нан астам ғыл.- əдістемелік жарияланымның, оның ішінде 3 оқулықтың авторы. ЕРМЕКБАЕВ Əлімхан (10.8. 1933 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Қастек а.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1991). ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Геолог, экспедиция бастығы, Қазақ КСР-і Геол. мин-лігінде бөлім бастығы (1956–92), «Казнедра» ғыл.-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары (1992–94), ҚР Қазба байлықтар қоры жөніндегі мемл. комиссияның төрағасы (1994–98). 1998 жылдан Баға ин-тының проректоры қызметтерін атқарады. Е. 80-нен астам ғыл.-жарияланымның авторы. ЕРМЕКБАЙ Жарас Ақышұлы (24.8.1952 ж.т., Ақмола обл. Көкшетау қ.) – тарих ғыл. докт. (2000), проф. (2005). Ресей географ. қоғамының толық мүшесi (2002), Шешен Республикасы Шешен ҒА құрметтi акад.(2009). ҚазМУды (1976, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Көкшетау мемл. ун-тінде ассистент, аға оқытушы, доцент, проф., кафедра меңгерушiсі, декан (1976– 2002), Еуразия ұлттық ун-ті Гуманит. ин-тының директоры, кафедра меңгерушiсі (2002–07), ҚР Орт. мемл. мұражайында бас ғыл. қызметкер (2007–12), 2012 жылдан ҚР БҒМ ҒК Шығыстану интында жетекшi ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. бағыты ұлттардың этникалық тарихы, шешен жəне ингуш ұлттарының депортациясы туралы мəселелерді зерттеуге арналған. «Российские казахи в составе РСФСР и СССР в 1917–1991 гг.» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЕРМЕКОВ Жомарт Мұқанұлы (26.7.1952 ж.т., Павлодар обл. Лебяжье ауд. Аққулы а.) – мед. ғыл. докт. (1996), проф. (1998). Семей Р.Ерманқұлова С.Ерматов Ə.Ермекбаев Ж.Ермекбай ЕРМЕКОВ

мед. ин-тын (1975, қазіргі Семей мемл. мед. ун-ті) бітірген. Павлодар №1-қ-лық ауруханасында дəрігер-хирург, нейрохирург (1975–80), Мəскеу қ-ндағы Бас нейрохирургия ғыл.-зерт. интында ординатор (1980–82), аспирант (1982–85), Алматы қ-ндағы дəрігерлер білімін жетілдіру интында ассистент (1986–91) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Астана мемл. мед. ун-тінде проф. «Инфекционно-воспалительные осложнения черепно-мозговой травмы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 60-тан астам ғыл.-зерт. еңбектің, 2 өнертабыстың авторы. ЕРМЕКОВ Құрамыс (7.11.1936 ж.т., Атырау обл. Исатай ауд. Забурунье а.) – филос. ғыл. докт. (1992), проф. (1994). Алматы пед. шет тілдер ин-ты (1957, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-ті) мен Атырау пед. ин-тын (1971) жəне Ресей Басқару академиясының докторантурасын (1992) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1957–67), халық ағарту жүйесі мен партия жəне кеңес ұйымдарында (1967– 92) қызмет етті. Атырау ун-тінде кафедра меңгерушісі, проректор (1994) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Атырау қоғамдық «Академия» бірлестігінің вицепрезиденті. «Социальная философия Карла Корша и современность (Методологический аспект)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 60-тан астам ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 4 монографияның («Философия Карла Корша и современность», 1992; «Философия, социология и теория истории», 1997) авторы. ҚР Жоғ. Кеңесінің депутаты (1994–95). ЕРМЕКОВА Биғатша Дүйсенбайқызы (5.12.1940 ж.т., Қызылорда обл.) – биол. ғыл. докт. (1997). Қызылорда пед. ин-тын (1963, қазіргі Қызылорда мемл. ун-ті) жəне Қазақстан ҒА-ның Ботаника ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1969) бітірген. Е. Қазақстанның топырақ микробиотасын зерттеуге бағытталған көптеген экспедицияларына қатысып, микромицетті гербарий қорын толықтыруға үлес қосты. «Қазақстанның топырақ микромицеттері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЕРМЕКОВА Раиса Кəрімқызы (2.2.1941 ж.т., Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Ғабиден Мұстафин кенті) – мед. ғыл. докт. (1981), проф. (1986), Қазақ КСРінің еңбек сің. ғыл. қайраткері, ҚР Мед. ғыл. академиясының корр. мүшесі (1995). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1965, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. Осы ин-тта стажер-ізденуші (1965–66), кіші (1966–71), аға (1971–83) ғыл. қызметкер. 1983 жылдан Қазақстан ҒА-ның Өлкелік патология ғыл.-зерт. интында лаб. меңгерушісі қызметін атқарады. 1980 ж. «Полиаллергия в эксперименте» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл.-зерт. еңбектері теор. жəне клиник. аллергология мəселелеріне арналған. Е. 250ден астам ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 4 монографияның, авторы; 11 авторлық куəліктің иегері. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1980). ЕРМЕКОВА Сəуле Əлиханқызы (1942 ж.т., Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1996). Алматы мемл. мед. ин-тын (1966, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) жəне КСРО Мед. ғыл. академиясының Эксперименттік мед. ин-ты аспирантурасын (1971) бітірген. Қостанай қ-лық ауруханасында дəрігерхирург (1965–67), Хирургия ғыл.-зерт. ин-тында дəрігер-биохимик (1967), Қазақ онкология жəне радиология ин-тында лаб. қызметкері (1972–90). 1992 жылдан топ жетекшісі қызметін атқарады. 1995 ж. «Дыхание и хроматин при радиосенсибилизации опухолей» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 60-тан астам ғыл. жарияланымның авторы. ЕРМЕКОВА Тыныштық Нұрдəулетқызы (22.11.1966 ж.т., Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Кемерши а.) – филол. ғыл. докт. (2007), проф. (2010), ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы (2008). Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын (1988, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) бітірген. 1988– 90 ж. Ақтөбе обл. Байғанин ауд. орта мектебінде мұғалім, 1990– Ж.Ермеков Қ.Ермеков Т.Ермекова ЕРМЕКОВ

91 ж. ҚазҰТУ-да оқытушы, 1991– 94 ж. Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында аспирант, оқытушы, доцент, проф. қызметтерін атқарды. 2004 жылдан кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты – есім баяндауыштардың граммат. тұлғасын анықтап, құрмалас сөйлемдерді функционалды граммат. тұрғысынан жүйелеу мəселелеріне арналған. «Компоненттер құрылысының құрмалас сөйлемнің семантика-грамматикалық сипатына қатысы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ҚР БҒМ министрінің Алғыс хатымен (2001) марапатталған, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2008) грантының иегері. 100-ге жуық ғыл. жарияланымның авторы. ЕРМОЛОВА Земфира Сергеевна (9.4.1925 ж.т., Ресей, қазіргі Тверь обл. Торжок қ.) – мед. ғыл. докт. (1977), проф. (1979). 1-Мəскеу мед. ин-тын бітірген (1951). Пермь обл. Боровск қ-ндағы обл. ауруханада дəрігер-хирург, бөлім меңгерушісі (1951–54), Рязань мед. ин-тында ассистент, доцент (1954–77), Ақмола мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі (1977–92) қызметтерін атқарады. 1992 жылдан осында проф. Оның негізгі ғыл. жұмыстары топогр. анатомия саласын зерттеу мəселелеріне арналған. Е. 90нан астам ғыл. жарияланымның авторы. ЕРМҰҚАНОВ Бейімбет Бəйектіұлы (10.6.1936 ж.т., Ресей, Астрахан обл. Володар ауд. Тюрин а.) – тарих ғыл. докт. (1980), проф. (1982), Қазақстанның еңбек сің. жоғары мектеп қызметкері (1986). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) жəне Мəскеу ун-тінің аспирантурасын (1963), СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғыл. академиясының докторантурасын (1965) бітірген. Алматы жоғары партия мектебінде аға оқытушы, доцент, проф. (1967– 87), Алматы пед. шет тілдер интының (1987–92, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-ті) ректоры, ҚазҰПУда кафедра меңгерушісі (1992– 2000) қызметтерін атқарады. 2000 жылдан осында проф. «Борьба всеобщей конфедерации труда Франции за единство действий профсоюзов» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100-ден астам ғыл.жарияланымның авторы. Оның есімі жалпы тарих саласындағы («Борьба ФКП за единство действий рабочего класса и левых сил», «Франция: профсоюзы и проблемы единства». 1958–78; «Казахстан: историкопублицистический взгляд», 1997; «Ежелгі Қазақстанның этникалық тарихы», «Хазарлар мен қазақтар: тарихи байланыс», 1998; «Қазақстанның көне тарихы», 1999; «Қазақстан: тарихи-публицистикалық көзқарас», 2000; т.б. кітаптары) тұңғыш қазақ ғалымы ретінде белгілі. Вьетнамның Хошемин қ-ның құрметті азаматы. ЕРОФЕЕВ Виктор Степанович (13.5.1931 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1984). Иркутск мемл. ун-тін (1961) жəне КСРО Геол. ғылымдары Алтай бөлімі аспирантурасын (1964) бітірген. Оңт.- батыс Алтайда пайдалы қазбаларды іздестіру жəне геол.түсірім жасау жұмысына (1951–61) қатысқан. 1964 жылдан Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар интында аға ғыл. қызметкер. Оның ғыл.-зерт. еңбектері аймақтық геология, палеогеография жəне литология салаларына арналған. ЕРОФЕЕВ Иван Евгеньевич (8.10.1934 ж.т., Ресей, Пермь қ.) – тех. ғыл. докт. (1982), проф. (1985), Қазақ КСР-інің еңбек сің. кеншісі. Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Зырян қорғасын комб-тында жəне Лениногор полиметалл комбтында тау-кен шебері, телім бастығы, бас инженердің орынбасары, бас инженер, тəжірибелікзерттеу цехының бастығы (1956– 75), Қазақ КСР-і Түсті металлургия мин-лігіндегі Ғыл. жəне жаңа тех. басқармасы бастығының орынбасары (1975–83), Қазақ политех. ин-тында (1983–88, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) проректор, проф. (1988–93) қызметтерін атқарды. 1993 жылдан Қазақ ғыл.-өндірістік орт-ның бас директоры қызметінде. 1981 ж. «Управление качеством и эффективностью отбойки руды скважининными зарядами на подземных рудниках цветной металлургии» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл.- зерт. еңбектері тау жыныстарын қопару жұмыстарының сапасын жақсартып, тиімділігін арттыруға арналған. Е. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, бірнеше монографияның, 36 өнертабыстың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. Б.Ермұқанов И.Е.Ерофеев ЕРОФЕЕВ

ЕРОХИНА Ольга Глебовна (19.3. 1958 ж.т., Алматы қ.) – биол. ғыл. канд. (2006). Ленинград мемл. ун-тін (1980, қазіргі Санкт-Петербург) бітірген.1981 жылдан Қазақстан ҒА Топырақтану интында инж., кіші, аға ғыл. қызметкер, 2006 жылдан бас ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. бағыты топырақтардың қасиеттерін білу үшін топырақ-географ. зерттеулер жүргізіп, олардың құрылымы мен таратылу заңдылығын, таудағы, тау етегіндегі, жазық жерлердегі топырақтардың жамылғыларының құрылымын зерттеу (Солт. жəне Батыс Тянь-Шань, Батыс Балқаштың маңы, Бетпақдала, Қазақ майда шоқыларының орт. жағы, Арал маңы, Батыс Қазақстан, Каспий маңының шығысы) мəселелеріне арналған. Е. 50ден астам ғыл. еңбектің авторы. ЕРТАЕВ Қарабек (14.2.1951 ж.т., Жамбыл обл. Тұрар Рысқұлов ауд.Амангелді а.) – экон. ғыл. докт. (2007), проф. (2010). Жамбыл технол. жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі ин-тын жəне аспирантурасын (1979) бітірген. Сол ин-та ассистент (1975–77), инженер-зерттеуші (1977–79), оқытушы (1983–86), аға оқытушы (1983), доцент (1986), кафедра меңгерушісі (1993) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Тараз Мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. Экономикада кəсіпкерлікті дамытуды жетілдірудің бағыттарын, басымдылықтарын, кезеңдерін көрсететін дамыту теориясын дайындады. Кəсіпкерліктің сапасын күрделендіретін типтерін анықтады. Экономиканың дамуындағы кəсіпкерліктің экон. тиімділігіндегі деңгейі (сапасы) жəне көлемінің (саны) диалектикалық бірлігінің даму заңдылықтарын (үрдістерін) анықтады. «Модернизация жағдайындағы кəсіпкерліктің экономикалық тиімділігі: əдістемелері, бағалары, ықшамдаулары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «ҚР құрметті білім қайраткері» төс белгісімен (2011) марапатталған. Е. 150-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 4 оқу құралының авторы. ЕРТАЗИН Хамза (20.4.1945 ж.т., Ақтөбе обл. Əйтеке би ауд. Құмқұдық а.) – экон. ғыл. докт. (2005). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. «Тəуіп» кеңшарында экономист (1968–71), Ырғыз ауд. а. ш. басқармасы бастығының орынбасары, жоспарлау-экон. бөлімінің бастығы (1971–74) болды. ҚР А. ш. мин-лігі жанындағы Қазақтың а. ш-н ұйымдастыру жəне экономика ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, кіші, аға ғыл. қызметкер (1974–83), ҚР Мемл. жоспарлау к-ті жанындағы экон. ғыл.-зерт. ин-тында мал ш. мəселелері бойынша аға ғыл. қызметкер, сектор меңгерушісі (1983–86) қызметтерін атқарды. 1986 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінде оқытушы. 2005 ж. «Проблемы развития агробизнеса в условиях рыночных отношений (на материалах Республики Казахстан» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ол негізінен а. ш-н реформалау, нарықтық қатынас кезіндегі кəсіпорындар түрлерінің құрылуы мен дамуы, оның экон. тиімділігін арттыру, агробизнестің қалыптасуы мен дамуы мəселелерін зерттеумен айналысады. Е. 50-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы. ЕРТІЛЕСОВА Жаннат Жұрғалиқызы (21.10.1956 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1991). ҚазМУ-ды (1978, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ КСР-і Мемл. жоспарлау к-ті жанындағы Экон. ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1978–86), Экон. жəне нарық қатынастары ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1991– 93), ҚР Экон. мин-лігінде басО.Г.Ерохина Қ.Ертаев Х.Ертазин Ж.Ертілесова ЕРОХИНА

қарма бастығы, министрдің орынбасары (1993–95, 1995–97), ҚР Қаржы мин-лігінің вице-министрі, 1-вице-министрі (1997– 99), «Қазақтелеком» ААҚ-ның вице-президенті, бас директоры, ҚР Президенті Əкімшілігі жетекшісінің (2000–01) жəне ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, т.б. жауапты қызметтер атқарады. «Моделирование региональной экономики (на материалах КазССР)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЕРТІСБАЕВ Ермұхамет Қабиденұлы (19.11.1956 ж.т., Қарағанды қ.) – саясаттану ғыл. докт. (2001), проф. Қарағанды мемл. ун-тін (1978) жəне Мəскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1986) бітірген. Жезқазған пед. ин-тында ассистент (1978), Қарағанды кооператив ин-тында комсомол к-тінің хатшысы, оқытушы, (1980– 82), Қарағанды мемл. мед. интында (1986–90, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) доцент, кафедра меңгерушісі, ҚР Президентінің кеңесшісі (1990–98, 2002–06), Қазақстанның стратегиялық зерттеулер ин-тының директоры (1998–2000), ҚР Президенті Əкімшілігінің бөлім меңгерушісі (2000–02), ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрі (2006– 07) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан ҚР Президентінің кеңесшісі. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің депутаты (1990–94). «Институциализация выборной демократии Казахстана в контексте политической модернизации (1990–2000 гг.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «Құрмет» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЕРШИНА Айнакүл Қапасқызы (30.10.1950 ж.т., Жамбыл обл. Шу ауд. Далақайнар ст.) – физ.-матем. ғыл. докт. (2002), проф. (2008). Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын (1971, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) бітірген. ҚазМУ-да (1971–83, қазіргі ҚазҰУ), Қазақстан ҒА-ның Сейсмология интында (1984–87) қызмет істеді. 1987 жылдан Қазақ мемл. қыздар пед. ун-тінде қызмет істейді. 2001 ж. «Некоторые задачи аэродинамики мониторинга экологии Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – гидромеханика, аэродинамика, жел энергетикасы жəне экол. мониторинг мəселелері. Е. бірнеше ғыл. жарияланымның авторы. ЕСДƏУЛЕТОВА Ардақ Мэлсқызы (5.2.1963 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қ.) – тарих ғыл. докт. (2011), доцент. ҚазМУды (1986, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1986–94, Алматы қ.), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті əскери ин-тында аға оқытушы (1995–2001). 2001 жылдан ЕҰУ-де қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты дипломатиялық қызмет, ҚР сыртқы саясаты, АҚШ сыртқы саясаты, Еуропалық Одақ сыртқы саясаты, Еуразия кеңістігінің энергетикалық қауіпсіздігі мəселелерін зерттеуге арналған. «Еуропалық Одақтың энергетикалық саясаты (1990 ж. аяғы ХХІ ғ. басы)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 40тан астам ғыл. жарияланымның авторы. ЕСЕМБЕКОВ Темірғали Оразғалиұлы (20.10.1953 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Мағжан Жұмабаев ауд. Сұлушоқы а.) – филол. ғыл. докт. (1998), проф. (2000). Қарағанды мемл. ун-тінде аға оқытушы, декан, Түркістан қ-ндағы Халықар. қазақ-түрік унтінде, (1991–99), Солт. Қазақстан мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі (1999–2000) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан ҚазҰУда проф. «Қазақ прозасындағы драматизмінің көркемдік-эстетикалық мəн-маңызы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. ізденістерінің негізгі бағыты əдебиет теориясы жəне əдеби ізденістердің методологиясы мəселелеріне арналған. Е. 100-ден Е.Ертісбаев А.Ершина А.Есдəулетова Т.Есембеков ЕСЕМБЕКОВ

астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЕСЕНБАЕВ Аханай (1946 ж.т., Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. Кеңес а.) – а.ш. ғыл. докт. (1993), Қазақстан а. ш. академиясының корр. мүшесі. Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне Қазақстан ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1973) бітірген. Қазақстан қой ш. ғыл.-зерт. технол. ин-тында кіші (1973–77), 1977 жылдан аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, ғалым хатшы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. «Разработка и совершенствование системы полноценного кормления казахской мясо-шерстной и казахской тонкорунной пород овец» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монографияның («Химические и биологически активные вещества в рационах жвачных животных», 1990; «Сбалансированное кормление овец», 1992) авторы. ЕСЕНБАЕВА Гүлмира Ахмадиқызы (14.6.1964 ж.т., Қарағанды қ.) – пед. ғыл. докт. (2011), проф. (2005). Қарағанды кооперативтік ин-тын (1985), Мəскеу кооператив ин-тын (1986), Мəскеу тұтыну кооперациясы ун-тінің аспирантурасын (1993) бітірген. Қарағанды кооператив ин-тында ассистент (1986–89), Қазақ тұтыну кооперациясы ин-тында аға оқытушы (1993–94), доцент (1994), 1996 жылдан Қарағанды экон. ун-тінде кафедра меңгерушісі. «Жоғары оқу орнында сапаны іштей қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 110-нан астам ғыл. жарияланымның авторы. Бірнеше грамоталармен марапатталған. ЕСЕНГЕЛДИН Бауыржан Сатыбалдыұлы (3.8.1975 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд. Сарысу а.) – экон. ғыл. докт. (2009). Қарағанды мемл. ун-тін (1996) бітірген. 1996–2000 ж. осы ун-тте оқытушы, 2000–03 ж. аға оқытушы, 2003–04 ж. доцент, 2003– 04 ж. ҚР Агенттігі Департаментінің Қарағанды обл. бойынша табиғи монополияны реттеу жəне бəсекелестікті қорғау сараптама кеңесінің мүшесі, 2004 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде декан, «Ақпараттық экономика жағдайында зияткерлік меншік нарығының дамуы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 80-нен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2009) марапатталған. ЕСЕНҒАЛИЕВА Валентина Əйтешқызы (16.4.1924 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Жəнібек ауд.) – филол. ғыл. докт. (1968), проф. (1969). Орта Азия мемл. ун-тін бітірген (1948). Қазақстан ҒА-ның Тіл жəне əдебиет ин-тында (1952– 84, қазіргі Тіл білімі ин-ты) кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1984 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі. Оның ғыл.-зерт. еңбектері негізінен орыс жəне қазақ тілдерін салыстыра зерттеу мəселелеріне арналған. ЕСЕНҒАРИН Нығметжан Қабатайұлы (29.9.1941 ж.т., Ресей, Челябинск обл. Кунашак ауд. Бурино с.) – экон. ғыл. докт. (1998), Халықар. Көлік академиясының акад. Орал т. ж. көлігі инженерлері ин-тын (1964) жəне КСРО Мин. Кеңесі жанындағы Халық ш. академиясын (1984) бітірген. Қазақ т. ж-ның Целиноград (қазіргі Ақмола) сигнализация жəне байланыс дистанциясында инженер, бас инженер (1964–72), Қазақ т. ж-нда бас инженердің орынбасары, бөлім бастығы (1972–77), Тың өлкесі т. ж-ның бас инженері (1977–82) жəне т. ж. бастығының орынбасары, бастығы (1984– 86), КСРО Жол қатынасы минисА.Есенбаев Г.Есенбаева Б.Есенгелдин Н.Есенғарин ЕСЕНБАЕВ

трінің орынбасары (1986–89), Алматы т. ж-ның бастығы (1989–91), ҚР Көлік министрі (1991), ҚР Көлік жəне коммуникация министрі. ҚР Премьер-министрінің 1орынбасары (1991–2002), «Экономтрансконсалтинг» ЖШС-нің бас директоры (2002–06), 2006 жылдан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ Директорлар кеңесінің тəуелсіз директоры. «Интеграционные процессы на постсоветском пространстве» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. бірқатар ғыл. жəне публицистикалық кітаптардың авторы. 12-сайл. ҚР Жоғ. Кеңесінің депутаты (1990–91). Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі», «Парасат» (2002), Достық (2002, РФ) ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЕСЕНЕЕВ Тоқтар Қабдөшұлы (1940 ж.т., бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Никольско-Бурлыкское а.) – а. ш. ғыл. докт. (1992), проф. (1993). ҚР-ның еңбек. сің. ғыл. қайраткері. Мəскеудің а. ш. академиясын (1968) жəне Орт. а. ш. ин-тының аспирантурасын (1971) бітірген. Қостанай а. ш. ин-тында ассистент, доцент, декан, парторг (1971–77), Көкшетау а. ш. ғыл.-зерт. ин-тында тірек пункті, сектор, лаб. (1977–86) жəне бөлім меңгерушісі (1986–92), «Көкшетау» ғыл.-өндірістік бірлестігінің бас директоры (1992–93) қызметтерін атқарды. 1994 жылдан Көкшетау мемл. ун-тінде проф. «Теоретические основы и практические приемы кроссбредного овцеводства при использовании генофонда импортных и отечественных пород» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 300-ден астам ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. ЕСЕНЖАНОВ Сұлтанбек Зиратұлы (20.1.1944 ж.т., Ресей, Орынбор обл. Соль-Илецк қ.) – тех. ғыл. докт. (1999), проф. (2001). Орынбор а.ш. ин-тын (1965), Челябинск механизация жəне электрификация а.ш. ин–тының аспирантурасын (1970) бітірген. Орынбор а.ш. ин-тында оқытушы (1965), Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тында (1971–78), Орынбор политех. ин-тында кафедра меңгерушісі (1978–85), Қазақ ұлттық агр. унтінде ғыл. бөлім бастығы, проф. (1985–2002), Атырау мұнай жəне газ ин-ты орт. директоры (2005– 07) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Ақтөбе мемл. ун-тінде проф. «Технологические приемы и технические средства механизации влагосберегающей почвообработки» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЕСЕНЖОЛОВ Əндіжан (15.2. 1910, Батыс Қазақстан обл. қазіргі Сырым ауд. – 14.2.1996, Алматы қ.) – биол. ғыл. канд. (1949), Қазақ КСР-інің еңбек сің. зоотехнигі (1951). Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде (1936–42, қазіргі Қазақстан ҒА-сы) кіші, аға ғыл. қызметкер, Эксперименттік биол. ин-тында тұқымаралық гибридтеу лаб-сының меңгерушісі (1949–55, 1962–82), Қазақ мал өсіру ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер (1957–62) болып қызмет істеген. Е. Қазақстанның оңт.-шығысындағы биік таулы аймақтың табиғи жағдайына көнбіс қойдың жаңа тұқымын шығару үшін ұзақ жылдар еңбек етті. Қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін КСРО Мемл. сыйл. (1950) берілді. Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ЕСЕНҚҰЛОВ Əскер (28.8.1941 ж.т., Жамбыл обл. Байзақ ауд. – мед. ғыл. докт. (1989), проф. (1991), Қазақстанның еңбек сің. қызметкері (1994). Алматы мемл. мед. ин-тын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Қазақ онкология жəне радиология ғыл.-зерт. ин-тында стажер, кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1964–75), 1976 жылдан Қазақ ұлттық мед. ун-тінде доцент (1976), проф., декан (1995– 2000), кафедра меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау агенттігінің бас маман-маммологы (1995), Қазақ ұлттық мед. ун-тіне қарасты Маммология клиникасының Т.Есенеев С.Есенжанов Ə.Есенқұлов ЕСЕНҚҰЛОВ

меңгерушісі (1999, Алматы қ.) қызметтерін атқарды. ҚР маммолог-дəрігерлер одағының төрағасы (1999). «Клинико-эпидемиологическое исследование рака молочной железы в Казахстане (патогенетические особенности)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. еңбектері сүт безі қатерлі ісігінің клиник., эпидемиол., иммунол., эндокринологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Е. қатерлі ісікті емдеудің бірнеше жаңа тəсілдерін: сүт безі қатерлі ісігін хирургиялық операциядан кейін вакуумдық білте қойып емдеуді; əйелдердің асқынған жатыр ісігіне хим. дəрілерді артериялық қан тамырлары арқылы енгізуді; сүт безіндегі қатерлі ісікті ең алғашқы өсу кезеңін анкета арқылы (скрининг əдісі) анықтауды ұсынған. Е-тың басшылығымен «Маммология» журналы шыға бастады (1999). ЕСЕНОВ Ермұхамед Құдабайұлы (22.2.1945 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Мақтаарал ауд.) – тех. ғыл. докт. (1995), проф. (1996). Қазақ хим.-технол. ин-тын (1969) жəне Мəскеу хим.-технол. интының аспирантурасын (1980) бітірген. «Қазмонтажавтоматика» тресінің Шымкент монтаждау басқармасында (1969–73) қызмет істеді. Қазақ хим.-технол. ин-тында ассистент (1973–76, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті), оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, тəрбие жұмысы жөніндегі проректор, декан (1980–96), Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкенттегі бөлімшесінің вице-президенті əрі ун-т жанындағы Жаратылыстану жəне гуманит. ғылымдар ин-тының ректоры (1996–98) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінің оқу істері жөніндегі вице-президенті жəне Түркістан бөлімінің директоры. 1994 ж. «Разработка принципов моделирования оптимальных систем очистки сточных вод» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары хим.-технол. процестерді автоматтандыруға арналған. Е. кибернетика жəне ағын суларды тазарту процестерін хим.-технол. модельдеу, жүйелі анализ əдістерін қолдану негізінде ағын суларды тазартудың тиімді жүйелерін жобалау методологиясын жасады. Ағын суларды тазарту процестерінің матем. модельдерін жəне есептеу алгоритмдерін құру принциптерін негіздеді. Е. 60-тан астам ғыл.-зерт. еңбектің авторы. ЕСЕНОВ Қайырболат Мұқанұлы (6.5.1931, Ресей, Омбы обл. Называев ауд. – 19.1.1996, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1983). Омбы пед. уч-щесін (1947) жəне ҚазМУ-ды (1955, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Омбы обл-ндағы №1 жетіжылдық мектебінде мұғалім (1947–50), Көкшетау обл. мұғалімдер білімін жетілдіру ин-тында қазақ тілі мен əдебиеті кабинетінің меңгерушісі (1955– 57), 1957 жылдан өмірінің соңына дейін ҚР ҰҒА-ның Тіл білімі ин-тында ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Е. қазақ тіл білімі синтаксисінде күрделенген сөйлемдер категориясының теор. негізін қалады. «Қазіргі əдеби тіліміздегі күрделенген сөйлемдердің негізгі мəселелері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Е. 200-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы. ЕСЕНОВА Қалбике Өмірбайқызы (31.1.1965 ж.т., Қызылорда қ.) – филол. ғыл. докт. (2007), доцент (2006). Қызылорда пед. интын (қазіргі Қызылорда гуманит. ун-ті) жəне Қазақстан ҰҒА Тіл білімі ин-тының аспирантурасын (1995) бітірген. Қызылорда пед. ин-тында оқытушы (1990–91), кіші, аға ғыл. қызметкер (1995– 2003) болып қызмет істеген. 2003 жылдан ҚазҰПУ-да доцент қызметін атқарады. «Қазіргі қазақ мəтінінің прагматикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл.-зерт. жұмысының бағыты – прагмалингвистика, прагмастилистика жəне бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. Е. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. ЕСЕНТЕМІРОВА Əмина Əбдіхаққызы (25.5.1935 ж. Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд.) – филол. ғыл. канд. (1987). Алматы шетел тілдері пед. ин-тын (1957, қазіргі Халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-ті) бітірген. Алматы обл. Үңгіртас мектеп-интернатында мұғалім (1957–61), Қазақ КСР ҒА Шетел тілдері кафедрасында оқытушы, аға оқытушы (1961-90), кафедра меңгерушісі (1990-2005) қызметтерін атқарды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2003). ЕСЕНТҮГЕЛОВ Арыстан (12.1. 1934 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд.) – экон. ғыл. докт. (1996). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы ун-тте ассистент Е.Есенов Ə.Есентемірова ЕСЕНОВ

(1961–62), Қазақ КСР Автомобиль мин-гінің орт. нормативтік-зерт. ст-нда бөлім бастығы (1962–65), Қазақстан Мемл. жоспарлау кті жанындағы Жоспарлау жəне нормативті экон. ғыл.-зерт. интында аға инженер, лаб. меңгерушісі, бөлім меңгерушісі (196– 73), КСРО Сауда мин-гінің жобалау-технол. ин-тының директоры (1973–84), Қазақстан Мемл. жоспарлау к-ті жанындағы Жоспарлау жəне нормативті экон. ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі (1984–89), 1989 ж. директоры (1990–95), ҚР Парламенті Мəжілісінде сектор меңгерушісі, ҚР Парламенті төрағасының кеңесшісі (1996–99), ҚР Экономика мин-гінің Экон. зерт. ин-тының директоры (1999– 2002), ҚР Экономика министрінің кеңесшісі (2002–05), жеке кəсіпкер (2005–07), 2008 жылдан «ҚР Үкіметі жанындағы ұлттық сараптамалық орталығы» АҚ тəуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі, 2008 ж. «ҚР Экономика жəне сауда мин-гінің экономикалық зерттеулер институты» АҚ құрметті президенті, 2009 жылдан Қазақ экономика, қаржы жəне халықар. сауда ун-тінде проф. қызметтерін атқарады. Е. 250 ғыл. еңбектің, оның ішінде 10 монография авторы. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2001), «Құрмет» орденінің (2010) иегері. ЕСКЕНДІРОВ Мейір Ғариполлаұлы (24.11.1972 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Тарбағатай ауд. Ақсуат а.) – тарих ғыл. докт. (2006), проф. Семей пед. ин-тын (1995), Қазақ мемл. заң академиясын (2001), Семей мемл. унтін (2003) бітірген. Семей мемл. ун-ті құрылымдарының маркетинг жəне жалпы мониторинг қызметінің жетекшісі (2001–04), Семей мемл. пед. ин-тында проректор (2004–08), бірінші проректор (2008), ректор (2008–12), 2012 жылдан Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінің ректоры. «Шығыс Қазақстанның əлеуметтік жəне экономикалық дамуы (XIX ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басы)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2006), «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен (2008), Ұлттық олимпиада к-тінің Құрмет белгісімен (2008) марапатталған, Жас ғалымдарға арналған мемл. стипендияның (2006) иегері. ЕСКЕНДІРОВ Шəріпжан (1946 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шымкент қ.) – хим. ғыл. докт. (1979). ҚР Білім беру ісінің үздігі (1997). Қазақ хим.-технол. ин-тын (1968, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) жəне Мəскеу хим.-технол. ин-тының аспирантурасын (1975) бітірген. Қазақ хим.-технол. интында оқытушы (1968–72), Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінің проректоры болды. Е. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 2 авторлық куəліктің иегері. ЕСҚАЛИЕВ Мұрат Есқалиұлы (20.6.1942 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Көкпекті ауд. Маметек а.) – тех. ғыл. докт. (1998), проф. (2000). Семей пед. ин-тын бітірген. Орта мектепте, техникумда жəне ин-тта (1965–74) оқытушы, Қазақстан ҒА-ның Сейсмология ин-тында аспирант, кіші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1975–78) қызметтерін атқарды. «Упрогопластическая сейсмостойкость горных выработок в слоистом (трансстроном) массиве» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЕСҚАЛИЕВ Олжағали (1940– 1999) – тех. ғыл. докт. (1994). Қазақ политех. ин-тын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Геол. жəне геофизика ин-тында, Қазақ геол.-барлау ғыл.-зерт. ин-тында, Ембімұнайгаз АҚ орт. ғыл.- зерт. лаб-сында 1-санатты инженер, аға ғыл. қызметкер, бөлім бастығы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. А.Есентүгелов М.Ескендіров Ш.Ескендіров М.Есқалиев ЕСҚАЛИЕВ

ЕСҚАРА Мұхамбетжан Əлібекұлы (1950 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1994), проф. (1997). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (1973, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақ қаракөл қой ш. ғыл.-зерт. ин-тында лаборант, аға ғыл. қызметкер (1975– 85), ғалым-хатшы (1986–90), «Қазақиталқаракөл» бірлескен кəсіпорны бас директорының орынбасары, «Шымкентқаракөл» АҚның вице-президенті (1990–98) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Қазақ қаракөл қой ш. ғыл.- зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі. Оның негізгі ғыл. еңбектері қаракөл терісінің сапасын арттыруға арналған. Е. 50-ден астам ғыл. еңбектің, 6 авторлық куəліктің иегері. ЕСҚОЖИН Сандыбек Мұқышұлы (15.9.1947 ж.т., Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Қызылəскер а.) – тех. ғыл. докт. (1997). Қазақ политех. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Солт. Қазақстан Геол. басқармасының Темір геол. барлау экспедициясында гидрогеолог, аға гидрогеолог (1970–76), Торғай геол. барлау экспедициясында бас гидролог, бастық, «Торғай геологиялық барлау экспедициясы» АҚ-ның президенті (1976) болып қызмет істеді. Е. 8 ғыл. жарияланымның авторы. Халықтар достығы орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЕСМАҒАМБЕТОВ Көшім Лекерұлы (28.10.1938 ж.т., Атырау обл. Индер ауд. Нарын құмы) – тарих ғыл. докт. (2001), проф. (2004). Мəскеудегі Халықтар достығы ун-тін (1965, қазіргі Ресей Халықтар достығы ун-ті) бітірген. Алматы қ-ндағы жоғары оқу орындарында оқытушы, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясында ғыл. редактор (1984–98), Əлеум. жəне гуманит. ғылымдар орт-ның бастығы (1998), ҚР Мұрағат жəне іс жүргізу жөніндегі ақпарат орт. директоры (1999– 2001), 2002 жылдан ҚР БҒМ Шығыстану ин-тында бас ғыл. қызметкер, «Қазақстан мұрағаттары» журналының бас редакторы қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. бағыты – Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасын, Мұстафа Шоқайдың (1890– 1941) жəне басқа да ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің өмірі мен қызметін зерттеуге арналған. «Зарубежная историография истории Казахстана (с древних времен до начала 90-х гг. ХХ в.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 300-ден астам ғыл. жарияланымның 16 кітаптың авторы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2007), «Баспа ісінің үздігі» (1990), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2008) белгілерімен, ҚР Ақпарат жəне қоғамдық келісім мин-гінің Құрмет грамотасымен (1998), ҚР БҒМ алғыс хатымен (2008) марапатталған. ЕСМҰРАТОВ Сəбит Борисұлы (2.10.1949 ж.т., Қостанай обл. Қостанай ауд. Жамбыл а.) – экон. ғыл. докт. (2000), проф., Халықар. жоғары мектебі (1995), ақпараттандыру (1995) жəне агр. білім (1995) академияларының акад. Қостанай а. ш. ин-тын (1971) жəне Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын бітірген соң осы ғыл.-зерт. интында ғыл. қызметкер (1971–86), Қостанай а. ш. ин-тында доцент, деканның орынбасары, проректор (1986–91), ректор (1992–2000), «Қостанай» ғыл.-өндірістік бірлестігінің бас директоры (1991– 92) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Қостанай инж.-экон. ун-тінің жəне Халықар. агр. білім академиясы Қостанай бөлімшесінің президенті. «Экономические основы специализации сельскохозяйственных производственных кооперативов Северного Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – а.ш. мəдени өсімдіктер технологиясын жетілдіру мен топырақ құнарлылығын арттыру жəне қолданбалы экон. мен экол. мəселелері. Е. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЕСМҰРАТОВА Ғалия Сүйіндікқызы (30.10.1969 ж.т., Қостанай обл. Қостанай ауд. Жамбыл а.) – экон ғыл. докт. (2005), проф. (2011). Халықар. агр. Білім академиясының акад. (2011). Қостанай а.ш. ин-тын (1990) бітірген. К.Есмағамбетов С.Есмұратов Ғ.Есмұратова ЕСҚАРА

Қостанай инж.-экон. ун-тінде қызмет атқарады. «Развитие организационно-правовых форм сельскохозяйственных предприятий Северного Казахстана (теория, методология, практика)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «Халықаралақ аграрлық жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» (2011). ЕСМҰХАН Жанұзақ Мұхитұлы (5.5.1932 ж.т., Атырау обл. Исатай ауд. Мыңтөбе а.) – тех. ғыл. докт. (1995), проф. (1981), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек сің. қайраткері (1984). Қазақ а. ш. ин-тын (1954, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне Мəскеу авиация ин-тының аспирантурасын (1969) бітірген. Қазақ а. ш. ин-тында аға лаборант (1954–55), Атырау мемл. пед. интында оқытушы, аға оқытушы (1955–62), қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-тінде ассистент, аға оқытушы (1962–66, 1969–73), доцент (1971), кафедра меңгерушісі (1973–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан проф. «Графо-геометрическое моделирование в САПР технических устройств» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ЕСПАЕВ Сəкен Сыбанбайұлы (15.8.1952 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Жалаңаш а.) – экон. ғыл. докт. (1993). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1976, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген соң ғыл.-пед. қызметтермен айналысады. ҚР Экон. мин-лігінде басқарма бастығы (1993–96), ал 1996 жылдан ҚР Парламенті Сенатында бөлім меңгерушісі болды. Е. 60-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 13 монографияның авторы. ЕСПЕНБЕТОВ Арап Сілəмұлы (4.3.1945 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а.) – филол. ғыл. докт. (1993), проф. (1994). Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі (1987). Семей пед. ин-тын (1965) жəне ҚазМУ-дың аспирантурасын (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Семей пед. интында оқытушы (1967–72), аға оқытушы (1978–79), деканның орынбасары, декан (1978–89), аға ғыл. қызметкер (1989–91), доцент (1991), кафедра меңгерушісі, проректор, Семей мемл. ун-тінің гуманит. ин-тының ректоры (1993–96) Семей мемл. унтінде декан (1996–98), Семей ун-тінің ректоры (1998–2008) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан Семей мемл. ун-тінде декан. 1992 ж. «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық биографиясы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. еңбектері қазақ əдебиеттану саласының өзекті мəселелеріне арналған. Е. 300-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның («Сұлтанмахмұт Торайғыров», 1992) авторы. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» (1987), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері»(2004), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген ең-- бегі үшін» (2011) белгілерінің, «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2010» мемл. грантының иегері, «ҚР Тəуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медалімен марапатталған. ЕСПЕНБЕТОВА Майра Жақсыиманқызы (1948 ж.т.,) – мед. ғыл. докт. (1994). Семей мемл. мед. ин-тын (1971, қазіргі Семей мемл. мед. ун-ті), аспирантурасын (1982) бітірген. Мед. учщеде оқытушы (1971–72), Респуб. консультациялық емханада учаскелiк терапевт (1972–75), 1975 жылдан Семей мемл. мед. ин-тында ассистент, оқытушы, проф. қызметтерін атқарады. «Ядролық сынақтың салдарынан Семей полигонына қарасты аймақтарда тұратын тұрғындардың эндокриндік деңгейінің өзгеруі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Халықар. жəне респуб. съездерге, конференцияларға белсене қатысып, эндоЖ.Есмұхан С.Еспаев А.Еспенбетов М.Еспенбетова ЕСПЕНБЕТОВА

кринология бойынша көптеген Хельсинки, Париж, Копенгаген, Барселона, Солоник-Греция, Мадрид жəне т.б. шетелдерде өткен ғыл. конференцияларда баяндама жасады. Е. 250-ден астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 10 ғыл. жұмысы жоғары импактфакторлы, алыс шетелдерде 172 сілтемелік индексі бар. ҚР Денсаулық сақтау мин-гінің «Жылдың үздік дəрігері» (2003) белгісімен, ҚР Президенті Кеңесшісінің алғыс хаттарымен (2008) марапатталған, «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» (2011), «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» (2012) грантының иегері. ЕСХОЖАДАН Жəдігер Зарлықұлы (14.3.1942 ж.т., Қарағанды обл. Нұра ауд.) – тех. ғыл. докт. (2006), проф. (2007). ҚР А.ш. академиясының акад. (2009). Целиноград а.ш. ин-тын (1965, қазіргі Қазақ агротех. ун-ті) бітірген. Қарағанды обл-нда механик, бас инженер, директордың (1965–68) қызметтерін атқарды. 1968 жылдан Целиноград а.ш. ин-тында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқаруда. Е. 160тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның, 28 өнертапқыш куəліктерінің (патент) авторы. ҚР Білім беру ісінің үздігі (1997), А-ш мин-гінің құрмет грамотасымен (2007) марапатталған. ЕСЫРЕВ Олег Викторович (15. 9.1939 ж.т., Ресей, қазіргі Нижний Новгород обл. Бутурлино ауд. Кетарша дер.) – биол. ғыл. докт. (1985), проф. (1988). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Физиол. ин-тында кіші (1962–68), аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1969–93), ҚР Білім министрінің 1-орынбасары (1993– 95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Ұлттық биотехнол. орт. бас директорының орынбасары, Адам жəне жануарлар физиологиясы ин-тында бас ғыл. қызметкер болып қызмет істеді. Е. 150-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЕСІМБЕКОВ Жұмағали Мүрсəліұлы (1935 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – биол. ғыл. докт. (1996) проф. (1997). Семей зоотех.-малдəрігерлік интын (1960, қазіргі Семей мемл. ун-ті) бітірген. Көкпекті ауд. даярлау кеңсесінде мал дəрігері (1960–61), Қазақстан ҒА-ның Зоол. ин-тында аспирант, лаборант (1961–64), Семей зоотех.- малдəрігерлік ин-тында ассистент, аға ғыл. қызметкер декан, доцент, проф., кафедра меңгерушісі (1994–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Семей мемл. ун-тінің проф. И. 90-нан астам ғыл. жарияланымның авторы. ЕСІМЖАНОВА Сайра Рафихқызы (22.12.1952 ж.т., Алматы обл. бұрынғы Бөрлітөбе ауд.) – экон. ғыл. докт. проф. Алматы халық ш. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ экон. ун-ті), аспирантурасын (1978) бітірген. Алматы халық ш. ин-тында оқытушы (1972–93), кафедра меңгерушісі (1993–97), докторант (1997– 2001), Орта-Азиялық ун-тте декан (2000), Қазақ мемл. экон. ун-тінде кафедра меңгерушісі (2001–11) қызметтерін атқарды. 2011 жылдан Экономика жəне құқық академиясының ректоры. Негізгі ғыл. бағыты – маркетинг, логистика, экономика, қаржы саласын зерттеуге арналған. «Қазақстандағы маркетингтің құрылуы мен дамуы: теориясы, əдістемесі жəне тəжірибесі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» (1999), ҚР БҒМ алғыс хатының (2003), «ЖОО үздік оқытушысы» мемл. гранттың (2006) иегері. ЕСІМОВ Беген Омарұлы (9.3. 1939 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1984), проф. (1987). Ж.Есхожадан О.В.Есырев Ж.Есімбеков С.Есімжанова ЕСХОЖАДАН

Ташкент қ-ндағы Орта Азия политех. ин-тын (1961) жəне Өзбекстан ҒА Геол. жəне геофиз. ин-тының аспирантурасын (1967) бітірген. Тəжікстан геол. басқармасында инженер-геолог (1961–64), Оңт. Қазақстан технол. ин-тында оқытушы, декан, докторант, доцент, 1-проректор (1969–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан кафедра меңгерушісі. Оның негізгі ғыл. еңбектері эксперименттік минералогия, тех. петрография, шыны кристалды материалдар технологиясына арналған. Е. 160-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, 20 патенттер мен авторлық куəліктің иегері. ҚР Білім беру ісінің үздігі (1993). ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (2005). ЕСІРКЕПОВ Тоқтар Əбенұлы (1953 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Мақтаарал ауд. Амангелді а.) – экон. ғыл. докт. (1997). Алматы халық ш. ин-тын (1973, қазіргі Қазақ экон. ун-ті) жəне Мəскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1978) бітірген. Алматы халық ш. ин-тында стажер-зерттеуші, оқытушы (1978–81), аға оқытушы, доцент (1981–89), Қазақ экон. жəне агроөнеркəсіптік кешен ұйымдастыру ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі, ҚР Мемл. жекешелендіру қоры төрағасының орынбасары (1989–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан «Тұран» ун-тінде кафедра меңгерушісі. «Проблемы приватизации государственной собственности в условиях перехода к рыночной экономике (на примере АПК Республики Казахстан)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 180-нен астам ғыл. жарияланымның авторы. ЕСЬКОВ Павел Андреевич (9.9. 1919 ж.т., Ресей, Курск обл. Белая ауд. Крив-Буды с.) – биол. ғыл. докт. (1968), проф. (1972). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (1943, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒАның Эксперименттік биол. ғыл.- зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер (1948–55), лаб. меңгерушісі (1964–72), Херсон а. ш. ин-тында кафедра меңгерушісі (1972– 83), 1983 жылдан Бүкілодақтық ғыл.-өндірістік бірлестігінде ғыл. кеңесші қызметтерін атқарды. 1983 жылдан Мəскеу қ-нда тұрады. «Отдаленная гибридизация и некоторые вопросы генетики и селекции свиней (на примере создания новой породной группы свиней «Казахская гибридная»)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері мал генетикасы, селекциясы жəне оны өсіру мəселелеріне арналған. ЕСЮТИН Владимир Сергеевич (15.7.1919, Алматы қ. – 20.7.1992, сонда) – тех. ғыл. канд. (1977), КСРО-ның еңбек сің. өнертапқышы (1976). Қазақ тау-кен интын (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген (1948). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Новосибирск қалайы комб-тында рафинаттау цехының технологы (1948–50), Қазақстан ҒА-ның Металлургия жəне кен байыту ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, топ жетекшісі, лаб. меңгерушісі, жетекші ғыл. қызметкер (1952–92) болып жұмыс істеді. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты металдарды вакуумда үздіксіз рафинаттау процестерінің теор. заңдылықтарын, т.б. зерттеуге арналған. Е-нің қалайы, қорғасын жəне кадмийді рафинаттаудағы жаңалықтары Қазақстан жəне Ресей кəсіпорындарында (Өскемен қорғасын-мырыш комб-ты жəне Новосибирск қалайы комб-ты) қолданыс тапты. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1985). Ұлы Отан соғысы жəне Қызыл Жұлдыз ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЕФИМОВ Виктор Иванович (3. 8.1936 ж.т., Ресей, Новгород қ.) – заң ғыл. докт. (1994), проф. (1995). Саратов заң ин-тын (1961) жəне СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1983) бітірген. Павлодар обкомында бөлім меңгерушісі (1974–80), Павлодар обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары (1983–85), Қазақстан КП ОК-нде мемл.-құқық бөлімінің меңгерушісі (1985–90), Ресей Президенті жанындағы Ресей мемл. қызмет академиясында жетекші ғыл. қызметкер (1993– 95), 1995 жылдан осы академияБ.Есімов Т.Есіркепов В.И.Ефимов ЕФИМОВ

да проф. болып еңбек етеді. «Система государственной власти теоретико-организационные основы и политическая дисциплина» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 30-дан астам ғыл. еңбектің авторы. 11-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты. ЕФИМОВ Михаил Львович (14.6.1930 ж.т., Украина, Прилуки қ.) – мед. ғыл. докт. (1969), проф. (1970). Алматы мемл мед. ин-тын (1954, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) жəне оның аспирантурасын (1957) бітірген. Семей мед. ин-тында (1957–61, қазіргі Семей мемл. мед. унті) ассистент, доцент қызметтерін атқарады. 1961 жылдан Қазақ онкология жəне радиология ғыл.-зерт. ин-тында лаб. меңгерушісі. Е. 170-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның («Радиочувствительность опухолей в эксперименте», 1971; «Биологические ритмы в норме и патологии», 1981; «Хронобиология и хрономедицина», 1996) авторы. ЕШКЕЕВ Айбат Рафхатұлы (17.5.1956 ж.т., Қарағанды қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (2010). Қарағанды мемл. ун-тін (1978), аспирантурасын (1984) бітірген. Целиноград а.ш. ин-тында оқытушы (1978–81, қазіргі Қазақ агр. ун-ті), 1984 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушылық қызмет атқаруда. «Кемел позитивті йонсондық теориялардың құрылымы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е. 100ден астам ғыл. еңбектің авторы. ЕШМҰХАМБЕТОВ Сұлтанбек (18.1.1945 ж.т., Алматы обл. Панфилов ауд. Ақжазық а.) – мед. ғыл. докт. (1998), проф. (1999), ҚР-ның балалар Бас хирургы (2000). Алматы мемл. мед. ин-тын (1970, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті), Мəскеу қ-ндағы КСРО Мед. ғыл. академиясының аспирантурасын (1978) бітірген. Алматы обл. балалар ауруханасында хирург (1972–75), Алматыдағы №1-қ-лық клиник. балалар ауруханасында уролог (1978–79) болып қызмет істеді. 1970 жылдан Қазақ ұлттық мед. ун-тінде оқытушы қызметінде. Оның негізгі ғыл. еңбектері балалардың несеп жолдарындағы туа бітті кеселдерді емдеп-жазудың клиник.-патогендік негіздерін зерттеуге арналған. Е. 270-тен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. 1995 ж. «Балалар урологиясы» атты оқулығы үшін ҚР Денсаулық сақтау мин-лігінің Əбу Əли ибн Сина атынд. сыйл. берілді. ЕШУТКИН Дмитрий Никитович (9.10.1941 ж.т., Алматы обл. Ақсу ауд. Қызылағаш а.) – тех. ғыл. докт. (1979), проф. (1980). Қарағанды политех. ин-тын (1964, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) бітірген. Осы ин-тта ассистент, аспирант, доцент (1964–76) қызметтерін атқарды. 1976 жылдан кафедра меңгерушісі. 1978 ж. «Основы теории А.Ешкеев Д.Н.Ешуткин проектирования гидропневмоударных устройств с объемным гидравлическим приводом» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. еңбектері соққы əсерлі машиналар теориясын дамытуға арналған. Е. 260-тан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның, 100-ден аса өнертабыстың иегері. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1986). Æ ЖАБАСОВ Марат Хайболлаұлы (25.2.1928 ж.т., Ақтөбе обл. Ойыл ауд. 3-а.) – геол.-минерал. ғыл. канд. (1962). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. 1951–57 ж. КСРО «Гидрожобалау» ин-тында, 1957–65 ж. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдары ин-тында жұмыс істеді. 1965– 90 ж. Қазақстан ҒА-ның Гидрогеология жəне гидрофизика интында инж., аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі болды. 1991 жылдан аға ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. еңбектері жер асты суларын зерттеуге арналған. Олардың аймақ бойынша таралу, қалыптасу заңдылықтарын негіздеп, жалпы қорын бағалады. Жер асты суларын халық ш-ның түрлі саласында пайдаланудың ұзақ мерзімдік болуын зерттеп, қазіргі масштабын анықтады. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1980). ЖАБИНА Жансая Рифилқызы (29.7.1974 ж.т., Қарағанды қ.) – саясаттану ғыл. докт. (2008). ҚазҰПУ-ды (1997) бітірген соң осы ун-тте аға оқытушы (1998–2006) болып жұмыс істеді. 2007 жыл ЕФИМОВ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙