TELEGEI

Home

Дүние-керуен (роман)

Мәди Айымбетов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Дүние-керуен (роман)

Жазушының көркем-деректі романының бас кейіпкері Жұбан Айжарықов – еліміздің ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер, Ақтөбе өңірінде ірі шаруашылықтардың білікті басшысы болған, ел-жұрты ардақтаған, есімі танымал, ой-парасаты биік азамат. Оның өмірі мен тағдырының шындығы арқылы шығармада жан-дүниесі кіршіксіз, мағыналы ғұмырының соңғы сәттеріне дейін адами ізгі ұстанымынан айнымаған тұлғаның бейнесі жасалған.

Мәди АЙЫМБЕТОВ

ДҮНИЕ-КЕРУЕН

роман

УДК ББК А Айымбетов М., Дүние-керуен. Роман. 2014 ж. - 201 бет.

Жазушының кҿркем-деректі романының бас кейіпкері Жұбан Айжарықов – еліміздің ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қайраткер, Ақтҿбе ҿңірінде ірі шаруашылықтардың білікті басшысы болған, елжұрты ардақтаған, есімі танымал, ой-парасаты биік азамат. Оның ҿмірі мен тағдырының шындығы арқылы шығармада жан-дүниесі кіршіксіз, мағыналы ғұмырының соңғы сҽттеріне дейін адами ізгі ұстанымынан айнымаған тұлғаның бейнесі жасалған.

УДК ББК

ІSBN ……….

С Айымбетов Мәди

ДҮНИЕ-КЕРУЕН

Пролог

...Селеуі желбіреп, желкілдей толқындаған құба бел. Шілде сҽскесі лепсіз де тымырсық. Алыс жолдың таусылмас, шетсіз де шексіз сонарында кезеңнен-кезең асып ұласқан маң даланың кеңістігі далия кҿсіліп ұзақ-ұзақ қиырларға қарай созыла түседі. Күн ұясынан кҿтеріле атқа қонған үш жолаушының аялдамай жүріп келе жатқанына бір ҽудем уақыт ҿткен. Тҿбеден шақырая тҿнген Күннен кҿлегейлеп паналатар қара жоқ, бастарын ақ шыт орамалмен кҿмкере шалмалай орап алған олар үзеңгіден аяқтарын босатпай, алға тарта берді. Олардың бағыты – түстік күнгейдегі Үстірт, Тұран жерінде жаралып, ғасырлар қойнауының аясында бітім-болмысы кҿк асты, жер үстілік небір зілзала құбылыстар мен жаңаруларды ҿткерген, қат-қабат жыныстардың ҿзегінен жұмырланған ұлан-ҽлем кҽрі Үстірт. Ҿткен арғы бір замана-дҽуірлерде ен жайлаған жойқын судың түбі болған, ҿзі жаралғалы адамзат тіршілігінің алуан-алуан құпияларын ҽр қыртысы мен ҽр бедеріне бүккен биік ҿрге жолаушылар иек артқанша ҽлі екі-үш түнемелік жер бар еді. Ал одан ҽрі тағы бір кезең – сонау жиырмасыншы жылдардың соңы, отызыншы жылдардың басындағы алағай да бұлағай заманда Үстірт асып, үдіре кҿтеріліп Ҽмуді бетке алып жер ауып кеткен елдің кҿне жұрты Сам құмы. Содан бергі он жылдың бедерінде осы жылы құмның қойнауына мал ізі де түспеген, адам табаны да тимеген болатын. ... Ашық күнде от-жалын құсып, күркіреп басталған қырық бірінші жылғы соғыстың тауқыметі бір қиырдағы елдің басына ауыртпалығын тҿндіре келді. Қыруар шаруадан қол үзіп, ел қорғау үшін күн құрғатпай майданға аттанып жатқан ер-азаматтың орны үңірейе бастаған қиын-қиын күндер туды. Осы қиын-қыстау кезеңде тылдағы мал-жанның, қыруар елдің тынымсыз тіршілігіне жайлы да берекелі пана-мекен іздеп келе жатқан үш жолаушының ойын тербеген жалғыз мақсат – Самның иесіз

ұлан-ғайыр құмына шаршамай-шалдықпай аман-есен жету болатын. Алыс
жолдың үстінде үміт пен сенімді жанына жалау еткен оларды алаңдап
күтіп отырған ел-жұрты бар еді...

- І - Сықырлауық сыртынан тұтылған киіз есік ашылып, жабылған сайын бес қанатты томашадай қоңырқай үйдің түндігін кеулей соққан ызғырықты қатты жел жұлқып-жұлқып, желп-желп еткізеді. Тҿрт баулығының бірі белдеу арқанға ҽлсіздеу байланған түндіктің жел ҿтіне қараған шеті шаңырақты жалп-жалп соғып желпілдегенде, оң жақ босағаға таяу тұрған кебеженің үстіндегі жетілік шам сығырайған жарығын жыпылықжыпылық ойнатып, ұшы кетілген мұржасынан қара күйелі түтінді жіңішкелей үйіріп сыздықтатып қояды. Баялыштың ҽбден қурап, кепкен бұтақша-сабағымен тамыздықталып, мосының астында лыпып жанған тезектің жалыны түтінге ҽбден ысталған жез қара шҽугімнің бауырын жалмаңдай жалайды. Жеңінің ұшы қырқылған түйе жүн кҿне шидемінің етегімен қос тізесін қымтай түсіп, отқа таяу отырған Исалының қабағы салыңқы. Екі ұрты суалып, сүйекті жақтары шығыңқылана түскен, ҽжімі кҿп сопақша жүзінде кҿңілін жүдеткен уайым-ойдың кҿлеңкесі кіреукеленеді. Иленіпиленіп, иі ҽбден қанған қамырды дҿңгелектей соқталап табаға салып, ҿз шаруасымен ҿзі ҽуреленіп жатқан кемпіріне ол ҽлдене айтқысы келгендей раймен иегін кҿтеріп, мойнын сҽл ғана бұрды да, жҿткірініп қалды. Шалының кҿкейіндегісін айтқызбай-ақ түсінетін Шҽмия кемпір оның не айтқысы келгенін мүлтіксіз ұқты. Ошақтың астындағы шоқты кҿсеумен ҿзіне таман ысыра тартып, қамыр салынған табаға орын сайлап, оның үстін ыстық күлмен үйіп кҿміп тастау үшін оттың астын шұңғылдап жаймалап жатқан ол есік жаққа елеңдей қарап:

– Қап, ҽлгі Сағилажан, қайда жүр ҿзі, айналып қалды-ау, мына түндігі түспегірдің баулығын тартыңқырап байлап, үйді тҿбесінен арқанмен бастыра салатын! - деп, үй іргесіндегі отын-күркеден құрғақ тезек, қи ҽкелуге шығып кеткен келінін іздеді. – Наныңды кҿме жатарсың, ҿзің шығып, бірдеңе етіп байласаңшы түндігі түспегірді, күндіз – түздің шаруасы, кешке – үйдің шаруасы, екі қолын тҿрт ете алмай, онсыз да шаршап-шалдығып, сабылып жүрген келініңді жұмсай бермей, - деді Исалы ошақ маңында түртінектеп жүрген кемпіріне қабағының астымен сүзіле қарап. – Мына жел ала-бҿтен қатайып бара жатқан сыңайлы, түндігіңді баулығынан үзіп, ұшырып ҽкетер... Шҽмия кемпір қамыр салынған табаны ыстық шоқтың күліне кҿміп болып, орнынан тұрамын дегенше Сағила да келді. Ҽр жеріне жапырақ-жапырақ жамау жапсырған алаша қаптағы тезекті кіре беріске, босағаның аузына сүйей салды да, сұңғақ бойлы, ақ торғын келіншек сықырлауық сыртындағы есік жапқысының бір шетін желп еткізіп ашып, сыртқа қайта шығып кетті. – Құдайдың мына күні қақап кетті ғой, қар жаумаса етті?! - деді оттың қызуынан ҽжімді жүзі қызыл реңденген кемпір табаның үстіндегі шоқты жаңалап, кҿсеумен кҿсеп тағы да жаймалап жатып. – Құмға жетпей қыс түссе, күйіміз не болмақ, малдың жҽйі не болмақ?.. Шал үндемеді. Кемпірінің сҿзін естімеген сыңайдағы марғау қалпымен, ҿз ойымен ҿзі болып отыра берді. Майданға кеткен жалғыз тұяғы – ұлы Қуаннан да, інісі Бейістен де жарты жылға жуық уақыт хабарошар болмағалы жүрегінің басынан бір шемен-шер тарқамай қойған еді. Күнұзағына, таңсҽріден іңірге дейін қой соңында ғана шаруаға алаңдаған сыңайлы адамның кейпінде жүргені болмаса, малды Жемнен ҿткізіп, Самның құмына қарай айдаған қарашаның алғашқы күндерінен бері осы жабығулы күйден арылмай келеді. Малды жайып айдап, бір-бірімен қатарласа кҿшіп келе жатқан бес ауылдың соңдарынан хабар жеткізер жүргіншінің болмағанына айдың жүзі

айналып бара жатты. Желтоқсанның басын ала Қызылқуыстың алқымынан ҿтіп, Үстірттің үстіне шыққалы қыстың лебі деміл-деміл біліне берген еді. Қасқырдың да қойға тиіп, ығыр қылатын кезі осы. Исалының қазір күнұзағына ат үстінен түспей, түн баласы күзетте мызғу кҿрмей жүрген де жҽйі бар. Шҽмия шалының шаршаулы да жабығулы бұл күйін бір жағынан осыған да саяды. Түндіктің желпілі тиылғасын, манағыдай түтіндеп, ҽрі-сҽрі шалқымай, біркелкі жанған қидың жалын-отының тік шаншылған ұзынша тілі күздікке үйтілген қойдың еті асылып жатқан үштаған темір ошақтағы ыс басқан қара қазанның бауырын лыпып-лыпып жалайды. Маздаған отынның қызулы жалыннан далада қой соңында мігірсіз жүріп қара суық күннің ызғарына тоңазыған Исалы ҿн-бойы жылынып, еңсесін тіктеп, азырақ жайланғандай болды. Енді кҿп ұзамай ыстықтай ас-суын ішкесін ол үстіне биік жағалы, қой терісінен тігілген сеңсең тонын киіп, қотандағы қойдың күзетіне кетуі керек. Тіршіліктің ҽр күнгі қайталана беретін дағдысы бүгін де сол қалпынан айнымайтыны анық еді... Ақшамнан ҿте ҽдеттегідей кешкі шҽй ішіліп бола берген кезде жел ҿті тұсынан ҽуелі ат тұяқтарының дүрсілі, артынша үй іргесіне таман тақап келіп, тізгіндерін іркіп, аттарынан түскен ҽлдекімдердің ҿзара күбірлесіп сҿйлескен дауыстары құлаққа шалынды. Үй сыртына кеп, ат басын тірегендердің дыбысына құлағын түріп отырған Исалы кемпіріне қарап иегін кҿтерді. Шҽмия мұны ҿзіне берілген белгі деп түсінді ме, шоқаяқтан құманды алып жатқан Сағилаға: – Кҿрші ауылдың адамдары ма екен, білші, - деді де, бір қолын жерге тҿселген тері тулаққа тірей, екінші қолымен оң тізесінің басынан ұстап, ҿзі де орнынан тұруға ыңғайлана берді. – Е, білетін несі бар?.. Кім болса да, аттан түсіріп алуды қажетсінбес, осында арнайы бұрылған жолаушы болса, ҿздері-ақ тҿбе кҿрсетер. – Исалы тҿбесінен тақиясын алып, мейірі қанып ішкен шҽйға ҽбден тершіп жіпсіген тықыр басын орамалмен сүрткілеп қойды.

Орнынан тұруға ыңғайлана берген Сағила қайсысының тілін аларға білмей дағдарып қалды. Енесіне қарап еді, ол: – Жарайды онда, тек есіктің баулығын шеше саларсың, - деді, есік жаққа қарай мойнын сҽл бұра түсіп. – Сықырлауықты жұлқылап жатпасын кіретін кісілер... Киіз жапқылы есіктің етегін бүктелген қамшының ұшымен кҿтере ашып, сырттан ызғырықтың бар қап демін ала кірген кеуделі, қалыңдау ҿңі желқақты, танауылығы қусырыңқылау, жас шамасы қырықтардағы жігіт: – Е-е, кеш жарық! – деп, даусын маңғаздана созып тіл қатты. Қос құлағын қоқырайтып тҿбесіне байлаған жалпақ маңдайлы түлкі құлақшынын шешкен ол сары-ала кҿлеңкелі үйдің ішін ҿткір, суықтау жанарының сұғымен тінткілей шолып ҿтті. Кемпір отырған орнынан кейін ығысып, Сағила шҽйдің дастарқанын асығыс жинастыра бастады. Қонаққа тҿрден орын беріп, тҿменірек сырғыған Исалы үнінен ҿзінің ҿктемшіл мінезінің сыпатын аңғарта кірген жолаушыны ҽ дегеннен шырамыта алмаса да, аудан жақтағы басшылардың бірі екендігін іші сезді. – Бұл қай ауылдың қойы, ақсақал? – Тонын шеше салысымен, тҿрге қарай емін-еркіндеп оза берген бейтаныс қонақ ибалы жүзбен басын иіп сҽлемдескен Сағиланы аларған кҿзінің сұғымен жанай ҿтті. – Қотанда жатқан қойын сұрасаң – "Қаражар" колхозынікі, - деді Исалы шаңырғына бірінші бас сұғып отырған мынаның тура бір қойдың қотанына кіріп келгендей болып ожар ҽрі ҿрескілдеу дүңк еткізген сұрағын ашықтан-ашық жақтырмай. – Ал сол қойын бағып отырған адамы – біз боламыз. Осы шаңырақтың егесіміз. Шалының келген кісіні ашықтан-ашық жақтырмай отырғанына кемпірі қыбыжықтай бастады. Одан ҽрі тағы не айтып қояр екен дегендей, басын тҿмен салып, тұқшиып отырған шалына кҿзін алайта жалтаң-жалтаң қарай берді.

«Егесі болсаң қайтейін!» дегендей ол Исалыға ожырая бір қарады да, тырс демеді. Малын Үстірт үстімен айдап кҿшіп-қону үстінде келе жатқан қойшы үйінің жұпынылау ішкі кҿрінісін байыз таппай ойнақшыған суық кҿз жанарымен тініткілей қараған дҿкір бейтаныс кісі шалдың қыңырая қалған мінезіне қыңбағандай, тіпті оны елең қылмағандай кейіп танытты. Үй иесі мен бейтаныс қонақтың осы қысқа, суық сауалдасужауаптасу рҽсімі тҽмамдалғанша есікті желп еткізе ашып сырттан екінші жолаушы да кіріп келді. – Ассалаумағалейкүмдер-ау! – Даусы жарқын ҽрі таныс адамның кім екенін Исалы ол тымағын шешкен кезде барып бір-ақ білді. – Ҽликүмҽссҽлҽм, Жұбанбысың ҿзіміздің!.. – Исалының даусы ерекше кҿңілді шықты. – Жобам, жоба-ақ екен-ау! Қарасы кҿрінгеннен-ақ, осы Исекеңнің ауылы болар-ау деп келе жатқанмын. – Жұбан да ҿзіне қарай ұмтылып, амандасуға ыңғайланған Исалыға қос қолын ұсына берді. – Мына кісі – Алданыш Жарылқасов – аупартком хатшысы, Исеке! Кҿрмесеңіз де, атыжҿніне қанық боларсыз. Алекең – Самның ауданнан бекітілген тұрақты уҽкілі. Самның жҽй-күйін, қысқа түсетін малдың жағдайын кҿріп-білгелі, бақылағалы келеді. – Жҿн екен, сапарларыңыз қайырлы болсын! – деді Исалы қақ тҿрде қолтығына кҿпшікті бұрай басып, бір жамбастап тҿбедей болып жатқан қонағына сҽл-пҽл қоңырайған жүзін жартылай бұра түсіп. – Сонымен, бұл кісіңіз?.. – Бір аяғын оң жамбасынан сылти басып, ҿзінен тҿменірек келіп отырған Жұбанға Жарылқасов сауалды кейіппен кҿз тастады. Ошақ астындағы оттың сҽулелі ұшқыны Жұбаннның жып-жылы, шуақты қоңырқай кҿз жанарының ұшында осы бір сҽт жылт ете түскендей болды. Ол аққұба толықша жүзін Исалыға қарай бұрып иегін азырақ кҿтеріңкіреп қойып:

– Бұл кісі – ҿзіміздің Исалы ағамыз. Исекең Жарқамыстың іргесіндегі "Қаражар" колхозының қойшысы. Кҿшіп келе жатқан сол колхоздың бес отар қойының соңындағы бас кҿтерер кісі осы. Мынау – Шҽмия жеңгеміз, мына бала, сірҽ, келіндері болар, жаңылмасам, - деді Сағила жаққа қарай кҿз қиығын тастап. Кҿз қиығымен бірер сҽт тым-тырыс тынып қалған үй ішіндегілерді жағалай бір-бір қарап ҿткен Жарылқасовтың кҿкейіне "келіні бар үйдің ұлы шамасы майданда болғаны ғой" деген пайым ұялай қалды. "Сҽбидің, жас баланың кҿрінбегеніне қарағанда, бұл үйге келінннің түскеніне де кҿп болмаған-ау шамасы…" Дҽл осы мезетте оның бұл ойын оқып отырғандай, Жұбан тамағын аз-мұз кенеңкіреп, батылсыздау үнмен: – Исеке, Қуаннан хат-хабар болып тұр ма? - деп сұрады. – Е, шырағым, бізді амандығын білдіріп бірер ауыз сҿзбен ғана жұбантатын жалғыз ұлдың кешеуілдеген хаты жүдетіп отыр ғой, міне. Тҿрт-бес айдың жүзі болып қалды хабар тиылғалы. Бейіс те, ҽлгі артымнан ерген жалғыз інімді айтам, ол да бірталай уақыттан бері хабар-ошарсыз, ҿлі-тірісінен бейхабармыз… Қонақтарға шҽй қамдап жүрген Сағила жанарына іркілген жасты байқатпауға тырысып, басын тҿмен салып, тұқшита берді. Кемпір «уҺ» деп терең күрсініп қойды. Қоңырайыңқы үй-ішінің сыңайын одан бетер кҿңілсіздендіріп жіберген ҽңгіменің бағытын ҿзгерткісі келді ме, Жарылқасов сҽл қозғалақтап, қабағын шыти түсіп, Исалыға қарады. – Ақсақал, уақыт солай болып тұр ғой, қайтесіз, майдандағыларынан хабар ала алмай отырған екінің бірінің басындағы хал осындай. Хым-м, ия, жағдай осындай екен деп еңсені тҿмен сала бермеу керек. Қазіргі сын – мына шаруаға ыждағатпен қарап, малды қоңын түсірмей, ҿсіріп-кҿбейту. Оның үстіне биылғы қысқа Ростовтан эвакуацияланып біздің ауданға жібергелі отырған бес колхоздың малы тағы қосымша түскелі тұр. Үкімет,

Сталин жолдас Ресейдің қыруар малын тылдағы мына сіз бен бізге сеніп тапсырып отыр. Атыс-шабысы, қырғын-жойқыны ғана жоқ демесең, бұл да ҿзінше үлкен майдан. Бҽріміз де осы тыл майданының сарбазымыз, солай емес пе, а, Айжарықов жолдас?! Солай болса, онда ҿзімізге сеніп тапсырылған малдан бір тұяқ та шетінетпеуіміз қажет, мына сендер сықылды басты тҿмен салып, аһлеп, уһлеп, қожырап уайымға салынатын мезгіл емес қазір… Оның нақпа-нақ, тым қатқыл, жайсыз естілген даусынан үй ішінде біртүрлі тым-тырс тынған жайсыздау тыныштық орнай қалды. Жұбанға осы тұста Жарылқасовтың үй иелерінің жабығыңқы кҿңілін жұбатудың орнына, салғаннан шаруаның жҽйін қозғап, ҿктемшілдігінен айнымай, бастықшылдығын айқын танытып айтқан ҽсіре «дұрыс» сҿзі ҽнтек ерсілеу кҿрінді. Жүрек сыздатар ҽлденедей бір қатқыл түйткіл ҽрі де, бері де кетпей, кҿмейіне кептеліп қалғандай күйде отырды, бірақ тап осы арада дҿй уҽкілдің тҿрешілдігін жұмсартып, бҽтуҽлі бірдеңе айтудың ретін де, амалын да таппады. Ҿзімен-ҿзі бір сҽтке оңашаланып, ҽбден шаршаңқы да кіреуке жанарын ұштаған ошақтың ортасында қазанның бүйірін сипалай жанған оттан аудармай, тым-тырс тынған Исалының да ішкі жан-сарайы алайдүлей еді. «Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы. Шіркіннің шіренген кҿкірегінен тесіп шыққан сҿзінің түрі қандай, ҽ! Кеуілге жұбаныш етерлік сҿз де, шырайлы лебізі жоқ бұл неғылған адам?! Уайымды кім ҿз басына тілеп шақырып алсын, «қожырап, уайымға салынатын мезгіл емес қазір» дейді. Басының, тҿрт құбылаңның түгелдігіне бола алаңдап, уайым ету дегенің мына сияқтылар үшін түк те емес болып тұр-ау. Тек мал бағып, малдың тілегін тілеу керек екен. Мына тіршілікте, басқа түскен мына зауалда уайымы, ойы, түйсігі бар тірі жан екеніңді ада-жұда ұмыту керек екен. Санасы ҿшкен, жүрегі қара тасқа айналған дүлей болмаса, адам ҿзінің адам екенін қалайша жадынан ҿшірер, қалайша, қайтіп ұмытпақ!? Ел басқаратын азамат осыны мүлдем түсінбейді, мүлдем білмейді деудің

қисыны қайсы. Ал түсінер болса, білер болса, мына біз сияқты кҿңілі жарым жандарға кҿрсеткен ҿзінше бір ҿктемдігі де. Ҽйтпесе қыбырлап тіршілік ете бастағалы осы малдың соңында келе жатқан мен секілділердің қиындық атаулыға моюы екіталай нҽрсе екенін ҿзінің де іші сезіп, білетін шығар. Е, сҿйлесе – сҿйлеп-ақ бақсын, ауыз ҿзінікі ғой. Ҿктемдігі ҿрлеп тұрғанда ендеше айтып қалсын айтарын, сҿйлеп қалсын армансыз. Мұндай астам сҿздің дұрыс-бұрыстығына түбінде бір алланың ҿзі ғаділеттігін айта жатар. Бұл шіркіннің аузынан кҿңілге жағар, жүрекке жылы сҿз шықпады-ау деп қапаланып, күйрейтіндей не жҿнім бар еді менің!? Сҿйлесін, сҿйлеп бақсын шіренген немең...» Ал Жарылқасов болса оған сыртын беріп, қырын қарап, тымырайып отырған шалды кҿзіне де ілгісі келмеді. Ол осы бір сҽттерде оқтын-оқтын қабағының астымен ҿзіне түнере кҿз тастап, тымырайып үнсіз қалған Жұбанға іштей ызалы еді. «Сірҽ, мені қабағы ашылмай отырған мына сықылдыларға кҿңіл жібітерлік жылы сҿз таба алмады деп ҿзіңше қыртиып, кінҽлаған түрің ғой бұл. Ертеңгі күні ҽлдеқалай малдың күйі кетіп, шаруа шалқаяр болса, кҿрер едім бұларға қалай қарайтыныңды. Қазір жұрттың қас-қабағына қарап, мына сияқты жүдеубас ҽркім-ҽркімді шетінен жұбатып жүруді жағдай кҿтермейтінін, Айжарықов жолдас, коммунистік жауапкершілікпен сезінуің керек. Ҽйтпесе ел басына түскен мына қиямет ауыртпалықты сіз бен біз жеңе алмаймыз. Партия, Сталин жолдас бізден осыны талап етеді…» Ҽркім ҿз ойымен ҿзі болып оңашалана берді. Жұбан мен Исалының арасындағы оны-мұны тҿңірегіндегі бірер тіл қатысулары болмаса, шҽй да тым-тырс үнсіздікте ішілді, одан соң үйтілген семіз ісектің құйқалы етін де ҽрқайсы іштерінен тынып марғау отырып жеді. Ас-судың дастарқаны жыйылып, Шҽмия кемпір мен Сағила тҿрдегі жүкаяқта жиналған тҿсек кҿрпелерді алып, қонақтардың жатын орнын қамдауға кіріскенде Исалы тұлыбын жамылып қотанға, түнгі күзетке кетті.

Жұбан қаңтарылып, суытылып тұрған аттардың арқасын ерден босатып, тҿңіректен ҽрі ауа жайылып, ұзамайтындай қылып шідерлеп жіберді. Үстірт үстінің құбылысы қызық – теріскейден соққан ызғырық жел ымырт ауа жуасып, енді екпінін бҽсеңдетіпті. Жарты күлшедей болып толыса бастаған Ай ҽр-ҽр жерден селдіреп, баяу жүзіп жылжыған түйдек-түйдек бұлттардың ара-арасынан ақ сҽулелі жүзін бір жарқ еткізіп қояды. Үйге кіруге асықпаған Жұбан айқай желі бҽсеңсіп барып тынған түннің жайбарақат реңінен ертеңгі күннің қолайлы да жылы болар райын болжамдады.

* * * Жаз бойы малдың тұяғы тимеген Үстірттің ұшы-қиырсыз жазығы да, еңісті жерлердегі кҿлдеуіт тепсеңі де, ҽрдек-ҽрдекте ұшырасатын сайжырасы да – оты шүйгін ҽрі мол далиып жатқан ен жайылыс. Нешеме жылдардан бері бұйратты шағылына мал тұяғы тимеген, алуан түрлі шҿбі қау болып қалың ҿскен Самның жылы құмының ішіне жылдағыдай биыл да қыстағалы отырған ауданның кҿп малының дені Үстірттің үстіне желтоқсанның басын ала шығып үлгерген болатын. Ауданнан мал қыстату жұмысына бас-кҿз болуға жіберілген уҽкіл Жарылқасовтың қасына жол басшы боп ерген Жұбан оған шұрайлы жайылыстан табан аудармай жатқан ҽр колхоздың қой отарларын аралатып, екеуінің қысқа түсетін малдың күйін аңдап, бағамдап келе жатқанына оншақты күннің жүзі болып қалған еді. Кеше кешкісін аяқ астынан күн райының бұзылатындай сыңайы байқалғанда Жарылқасов қасындағы серігі – Самдағы қысқы жайылыстың меңгерушісі Жұбанға біраз кейістік білдіре сҿйлеген-ді. – Мұндай бей-берекет жайбарақаттықтың арты неге соқтыратынын басқа болмаса да, сенің білуің керек еді ғой. Малды құмға жеткізбей боранды-шашынды суыққа ұрындырып алсаң, ҿзің тікелей жауапқа тартыласың, басыңмен жауап бересің, осыны ескер, білдің бе! Қайда барсаң да, жайылып, қаннен-қаперсіз, арқаны кеңге салып, құмға жетуді

қаперіне алмай отырған бір ел. Мал құмға жеткенше жайылып, қоң жинайды дейді. Бір күні үскірік соғып, алай-дүлей боранның астында қалса, кҿреді қоң жинағанын малының! Бұлар сенің мынадай емеурініңді байқағасын осындай жайбасарлыққа салынып отыр ма деген ой келеді маған. Бұл қалай сонда, біз саған сенеміз, ал сен болсаң, ҽркімнің қасқабағына қарап, жалпақшешейлік жасайсың. Бүйте берсең, кҿзіңе айтайын, Айжарықов жолдас, ештеңені де мандытпайсың. Бұлар, ҿңшең ҿнезек тобыр ертеңгі күні, кҿр де тұр, мойныңа мініп алады. Бір шыбықпен үйіріп, тҿбесінен тҿбелеп отырмасаң, сенің сҿзіңді де, ҿзіңді де пішту құрлы кҿрмейтін болады. Қайсыбірінің бабын жасап, қайсыбірінің кҿңілін тауып мҽймҿңкелеп, ҽкелеп, кҿкелеп отыратын кез емес бұл! Осыны не ғып түсінбейтініңе таңмын. Ҽлде түсінгің келмей ме? Онда басқаша ҽңгімелесеміз... Бұл ҿңірдің ауа-райы жағдайынан, күзгі, қысқы ай тоғыстарындағы табиғатттың ҿзіне тҽн ҿзгермелі ерекшілігінен, жердің жалпылай жайжапсарынан мүлде бейхабар уҽкілдің бұлайша таусылып сҿйлегеніне ҽрі ҿзінің жеке басының намысына тие сҿйлегеніне Жұбан кҽдімгідей-ақ қиястанып қалды. – Жауапкершіліктің менің мойнымда екені рас болса, осы малдан бірде-бір тұяқ шетінемейтін болады, жолдас Жарылқасов!.. Ал түспей жатқан қыстан қорқып қазірден малды құмға кіргізу ешбір шаруаның қисынына келмейтін нҽрсе, оның үстіне Үстірттің мына құнарлы оты күйектен шыққан малға біраз қоң береді. Ал алда-жалда қыс аяғы ұзарып кетердей болса, құмдағы жайылысты тақырлап аламыз, мұны да қаперге алмасқа болмайды. Сондықтан құмға қаңтардың басын ала, қыстың нағыз кҽріне мінген тұсында кіреміз, былтыр да сҿйткенбіз, шүкір, жаман шықпадық, мал басынан шығын да болмады… – Былтырғы шаруаңа менің қатысым жоқ, жарқыным! - деп шорт кесті Жарылқасов астындағы атын ҽнтек тебініп қалып. – Мен бүгінгі

жағдайды, ҿз кҿзіммен кҿріп, білген жағдайды айтып келем, түсінесің бе!.. Партияның алдында сен емес, алдымен мен жауап беремін. – Ойпырым-ай, ҽ дегеннен партияны ауызға алып, соншама қатты кетпесеңіз қайтеді. Бірер күн шыдап, күн райының артын бағалық та енді. Мен білетін Үстірт болса, нағыз қыстың бұрқағына дейін ҽлі ертерек шығар. Жарылқасовтың қалың қоңырқай жүзі ашудан нарттай боп ісініп, Жұбанға жаман кҿзімен ішіп-жей қарады да, тырс деп тіл қатпады. Екеуінің арасында болған осындай ҽңгімеден соң тоң-торс тынған қалпы, бір-бірімен тіл қатыспай, шұғыл, желісті жүріспен екеуі кеше кештете Исалының үйіне келіп ат басын тіреген еді. Жарылқасовтың кешегі, шҽй үстінде онсыз да жабырқаулы үй иесінің кҿңіліне қарамай қатқыл сҿйлегенін Жұбан жол бойында екеуінің ҿзара ҽлгіндей сҿз ілінісінен кейінгі салқындықтың сызы деп іштей пайымдаған. Ҿзінің сол арада оны қолдайтындай сҿз айтпағаны үшін де оған ұнамағанын іштей сезіп отырған болатын. Ертеңгісін аттанар алдында Жарылқасов кешеден бергі ҿзінің ойлап, тұжырып шешкен шешімін Исалыға кесіп бір-ақ айтты. – Ақсақал, құмға қарай қозғалу керек, ертеңнен қалмай кҿшетін боласыз. Ық-панасы жоқ жерде малды бұлайша жауын-шашын мен суықтың ҿтінде ұстап отыру – сіздей тісқаққан малшының ісі емес, мұныңыз қоғам малына барып тұрған жан ашымағандық болады! Ұқтыңыз ба?!. Исалы тамағын сҽл кенеңкірей түсіп, бірдеңе айтқысы келгендей сыңай білдіріп еді, Жұбан оның алдын орап кетті. – Алеке, кҿшудің ешбір қиындығы болмас, бірақ алдымен малдың ертеңгі күйін де ойлағанымыз жҿн шығар. Кеше айтып едім ғой ҿзіңізге, тағы да қайталасам кешірерсіз, құмға тоғайып, қоң жинамай кірген мал кҿктемге дейін ол жердегі жайылысты қысты орталамай-ақ тықырлап тастаса, жағдайымыз қиын болып қалмай ма?! Кҿріп тұрсыз, күн реңі

кешегідей емес, бүгін мінеки ашылған сияқты ғой. Бұл ҿңірдің қысы құмға жақындаған сайын осылай жылымықтанып, жұмсақ бола береді, мұны Исекең де қашаннан біледі… – Жұбанның айтқаны ҽбден дұрыс, - деді Исалы мақұлдағандай басын изеп. – Қаңтар кірмей, қар екі-үш жаумай құмға апарып малды қамау – ағаттық болады, уҽкіл жолдас. Ішетін суы тапшы құм арасындағы жайылыста қой қарлап жайылуы керек, ал құмның іші болса қазіргі күндері құрғақ, қаңтарсыз ол маңға жҿнді қар түспейді. Тіпті кейбір жылдары қыстың қарсыз да болатын жағдайын кҿргенбіз баяғы бір кездері. Ал құдықтың аз суы малыңа да, адамыңа да жетпейді... Судың тапшылығы туралы айтылған сҿзге ғана адуыны сҽл іркілгендей болған Жарылқасов ҿзінің жаңағы кесіп, қайырып айтқанынан ҽйтсе де бірден айнығысы келмей, ыңырана маңғаз сҿйледі. – Жҽ, кҿрерміз, бүгін-ертеңдері басқа колхоздардың да малын аралап кҿріп, олардың да жағдайын білейік. Бұл арада кҿп кідірмей құмға қарай қозғалуға бҽрібір дайын болыңыз! – Ол он алты ҿрмелі тобылғы сапты қамшысымен ауаны бір осып сілтеп қалды да, кілт бұрылып, үй маңынан оншақты қадамдай жерде, қалың ҿскен бұйырғынға жайылып жүрген, шылбыры бос тасталған атына қарай бағыттады. Үстірт үстіне шығып, оты мол жайылысқа бауырлаған малдың тоқ, қоңды жағдайына кҿз салған, құмға қарай кҿтеріліп, үдіре кҿшуге асықпаған қойшылардың қай-қайсынан да тоқмейіл кҿңіл-күйді байқаған Жарылқасов ҿзінің кешеден бергі қаупінен азырақ сейілгендей болды. Сҿйтсе де ол Жұбанға бұл жайынан сыр бермеуге барынша тырысып бақты. «Мен қателесіппін, сенікі шынында да жҿн екен» деген мойындау, мақұлдау сҿз айтуды қаперіне де алмады, бұған оның бірбеткей, ҿктемшіл де үстемшіл ҿркҿкірек мінезі жібермеді. Бірақ ҽйтеуір құмға тезірек жету тҿңірегіндегі ҽңгімені бұдан былайғы жерде қозғамайтын болды. Осы күндері үнемі қасында жүріп, жол бастаған Жұбан бҽрін ҿз кҿзімен кҿріп, қысқа түсетін малдың күйіне қатысты жай-жапсарды

Жарылқасов қойшылардың ҿз аузынан естісін дегендей, жүрген жерлерінде сҿзге кҿп араласпады. Үстірт үстіндегі жердің жағдайын жақсы білетін ол Жарылқасовты бас-аяғы бір жұманың ішінде Үстірттегі жайылыстың ұңғыл-шұңғылына шейін түгелдей кҿрсетіп, аралатып шықты. Олардың ендігі бағыты – Сам құмы, қысқы жайылыстың орталығы, штабы Тұрыш еді. Астарындағы ұзақ жүріске шыдамды жарау айғырларды сар желіске салып айдаған екеуі бесін ауа құм шетіне ілікті де, сол күні ақшам жамырай Тұрышқа жетті.

- ІІ - Тұрыштың басындағы мекенде бірлі-жарым ғана болмаса, қалқиып тұрған жартымды баспана жоқ. Аралары он бес-жиырма қадамдай, қазқатар жатқан тҿрт-бес тҿмпе-жертҿле ҿздерінің тіршілігінен хабардар етіп шошайған қиқа-жиқа мұржаларынан түтін шұбалтады. Ҽр жертҿленің маңайында малға қамыстан қоршаланып салынған тҿбесі ашық ықтасынқаша қалқияды. Жұбан Үстірттен шыға еш жерге аялдамастан құм арасында бұйыққан Тұрышқа келіп атының басын тірегенде қыстың қысқа күні шолтаң етіп, батыс кҿкжиек қызғылт реңденіп қалған мезгіл болатын. Жарылқасов құмға қарай малды жайып айдап жылжыған қойшылардың кҿшін ҿзі тағы бір аралап шығуға ниет білдіріп, Тұрышқа қарай бұрылмай жеке кеткен еді. Жҽй кеткен жоқ, Жұбанның кҿңіліне алаң ұялатып кетті. Бірге жүріп, он шақты күн кҿлемінде Үстірттің біраз жерін аралап, жайылысын, сай-саласын сүзіп шыққан Жарылқасов Жұбанға ҿзінің тҿтенше бір ойын айтты. – Осы Самды ауданның барлық қырық колхозының қойы бар, жылқысы бар, тҿрт түлігінің қысқы жайылысы болуға ең ыңғайлы қоныс екенін сен де, Отарбаев Ілияс жолдас та осыдан екі жыл бұрын

аупарткомның бюросында дҽлелдеп, жұртты тегіс ұйыттыңдар, рас қой осыларың, а?! – Рас, Алеке! Ал сонда сіздің бұған енді қазір кҿзіңіз жеткен жоқ па?.. – Ҽңгіме кҿздің жеткен-жетпегенінде емес, дұрыс түсін мұны, - деп ол сыздана түсті. – Мҽселе, сендер ойлағандай, тек қойдың жейтін шҿбінде ғана емес қой. Соны бағатын адамдардың жағдайы қалай болмақ, міне, сонда! Осынау ең басты жҽйтті қаперлеріңізге алуларың керек еді, бірақ екеуіңіз де тіс жармадыңыздар. Самның ұңғыл-шұңғылын тегіс аралап, оны малшылардың қыс жайлайтын мекеніне лайық деп тапқан комиссияның ҿзге де мүшелері сендердің ыңғайларыңызға жығылып лҽм демеді... Жұбан сҿздің артын бағып, аңысын аңдап үндемеді. Атын сипай қамшылап, оған кҿзінің астымен қарап қойды. – Ҽрлі-берлі кҿшуі, малды бағуы бар, алты-жеті ай күз, қыс мезгілін бастан ҿткеретін қыруар жұрттың бас паналар үй-жҽйін, баласын оқытатын мектебін, қант-шҽйін алатын дүкенін, тағысын-тағыларын, бір сҿзбен айтқанда, баспанасын қайтіп, қалай тұрғызуды дұрыстап ойластырмағансыңдар, бұған бастарыңды ауыртпағансыздар, соған кҿзім жетіп келеді! – Жарылқасов мейманасы таси сҿйледі. – Мұны жауапсыздық демеске енді лаж жоқ... Оның ҿктемшілдеу үнінде "Ҽп, бҽлем қатырдым ба сені, малдың жҽй-күйін айтып, алдымды орап білгішсініп келе жатқан мықтысың ғой, бұған не айтар екенсің?" дегендей сыңай бар болатын. Ашықтан-ашық ұстасуға итермелеген Жарылқасовтың мұндай арандатушылығына бой алдырмай ҿзін-ҿзі ұстаған Жұбан, сабырлы қалпынан айнымай біраз шыдап бақты. Тап қазір шынтуайтында оның бұл сҿздерінің астарында не жатқанын да бірден бажайламады, бажайлағысы да келмеген. Бірақ малдың соңында жүрген адамның, ҽсіресе осынау қиянға апталап, айлап кҿшіп-қонып жететін ойдай ел-жұрттың жағдайын

жасауды ойластырғыларың келмейді деген сҿздердің қып-қызыл қиянат екені анық еді. Егер қазір Жарылқасовқа бұл айтқаныңыз қиянат десе, сҿзді, дауды кҿбейтіп алатынын да ол біліп келе жатты. "Жҽ, ауыз ҿзінікі ғой, сҿйлей түссін" деген пиғылмен үндемей қалса да, оның айтқанын қабылдап, ҿзің кінҽні мойындаған адамдай кҿрсететінін де түсінді. Осылай екіұдай жағдайда ой тығырығынан шыға алмаған Жұбан осы аралықта тағы бірер сҽт үнсіз қалды. – Ҽрине, жағдайдың қиын екені түсінікті, мұны мен білмей, кҿрмей айтып келе жатқаным жоқ. Мал да керек, адам да керек, бірақ соғысқа кеткен ҽр азаматтың орнын басқан азын-аулақ жұрттың қамын қолдан келгенше жасауымыз керек қой, - деген Жарылқасовтың үні енді сҽл жұмсарғандай болды. Жұбан оның бет-құбылысынан, суық, ҿткір кҿздерінен жылт еткен ҽлдеқандай бір ойдың ұшқынында бір гҽптің жатқанын түсінді. Осы сұмдық гҽптің мҽнісін Жарылқасов оған Тұрышқа қарай бұрылар жерде ашты. – Нешеме күннен бері осы Үстірттің адам аяғы жетер жердегі ұңғыл-шұңғылын түгел сүзіп келе жатырмыз. Сонда байқағаным, бұ жеріңізде тірі адамнан гҿрі ықылым заманнан жердің астында сүйегі қурап қалған, басында «баспанасы» бар ҿлілердің жағдайы жақсы ма деп қалдым. Ҽрбір қорымда бір-бір ҽулие, ҽрқайсынының басында бір-бір күмбез… Соларды шетінен бұзып кірпіш, тасын пайдаланса, жұртқа қажетті талай баспана тұрғызуға болар еді-ау, шіркін-ай, ҽ!.. Сірҽ, жер аяғы кеңейгесін бұл шаруаны ертең, бүгін деп созбай, кҿп болып қолға алармыз… Жұбан ҽнтек бұрылып, Жарылқасовқа жалт қарады. Мына сұмдық сҿздерді тап қазір ол ҿз құлағымен естіп келе жатқанына сенбегендей раймен қарады. Бірақ Жұбанның бұл қарасына ол пысқырмады да, елең еткен де жоқ. Сол қалшиған қалпынан айнымады, жүзі – марғау, маңғаз, оң қолының білезігіне ілген қамшысын сипаң еткізіп қана сілтеп қойды.

Осы екі арада Жұбан не айтарға білмей, ішінен тынып, түйіліп қалды. Айтарын кесіп, тұжырып айтқан Жарылқасов бұдан қолдау күтпеген еді, ҿзінің менменшіл ҿктемдікпен білдірген шешімін мойындап, тек қана мойынсұнуы керек деп түйген болатын. Жарылқасовтың бұл сыңайын байқаған Жұбан сҿзін шығындамады, кҿңіліне тек осы сҽттен бастап бимҽлім бір алаң енген еді… - ІІІ - Құмның жұмсақ басталған қысы, жаз бойы мал аяғы тимеген нешеалуан ащы-тұщы шҿптің іріп тұрған қалың оты Үстірттен құлаған малшы ауылдарға жер үстіндегі пейіштей кҿрінді. Исалы Сам құмының қалың ортасына, Жалғызқұдықтың басына келіп үйлерін тіккелі де бір жұмадай болып қалған. Құдығының суы тұщы да мол, тып-тыныш қана мекен оның кҿңілінен шықты. «Қыс бойы бағатын малы жайылып ҿрістейтін тҿңіректі, аяқ жетер аумақты біраз шолып, мұқият бағдарлап, шаруаға жайлы болғалы тұрған жердің сыңайын кҿргесін: «бұл жерің Қазтуған ақын айтқандай. «жабағылы жас тайлақ жардай атан болған жер, жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер» ғой, малдың ҿрісіне лайық нағыз жер шұрайы ғой» деген оймен кҿңілі одан сайын ҿсіп, ҽжептҽуір марқайып қалды. Жалғыз ұлынан хабар ала алмай жабыққан қамкҿңілді жағдайын да осы ахуал сҽл де болса сергіткендей еді. Ҿзінің орнына бүгін таң азанынан малды ҿріске айдап, құм ішінде қой соңында жүрген келіні Сағиланы ол үйге қайтарып жіберді. Атасының қабағы жазыңқы, ашық-жарқын кҿрінген жүзінен ҽлдебір жақсы хабардың нышанын аңғарғандай болған Сағиланың сезімінде үміттің болмашы бір сҽулесі себездеді. Қуаннан, жарынан сарғая хабар күткен жас ҽйел ҽр күнге үміттене қарап, сағынышын үмітпен жұбататын. Атасының кҿптен бергі салыңқы қабағы ашылып, құмға кіргелі ашықжарқын жүргенін кҿріп, мұны бір жақсылықтың ырымына жорыды. Томпиып-томпиып жатқан қоянжон, іркіс-тіркіс шағыл құм тҿбелерінің арасындағы жазық, жұмсақ тепсеңдікте бұйыққан бес қанат

кішкене боз үйдің түндігінен қылқиған қаңылтыр, жіңішке мұржадан сыздықтаған түтін желсіз тымық күні кҿкке шаншыла тіп-тік шығады. Тҿбеден тіке асса, үй қол созымдай-ақ жерде, Сағила бірақ асықпады. Қойды ҿріске шығарған тұстан айналып ҿтуді ойлап, шығыс беттегі жайпақтау болып біткен құм қырқаның етегін, шағыр мен қоянсүйек аралас ҿскен шҿбі қалың беткейді жағалап кетті. Жарқыраған күннің шұғыласы құм арасындағы қысқы тіршілікті кҿктем мезетіндей жып-жылы тынысқа бҿлейді. Күртешесінің омырау ілгектерін ағытып, түбіт шҽлісін шешіп, гүлді шыт орамалын маңдайлығын орай басына қайта тартып, ұзын қос бұрымын сылаңдатып күртенің сыртына, арқасына тастады. Осы бір мамыражай шақта ол ой-қиялымен ҿзінің Қуанмен ҿткізген бірер ай қимас сҽттерге оралып, қас-қағымдай болмай ҿте шыққан сол бақытты мезгілдерді сағынышпен есіне алды. … Мамыр гүлдеп, табиғаттың жасарып, жаңарып күлімдеген шағында жұптасқан екеуінің балғын, ұяң сезімдері сҽт сайын бір-біріне етенелесіп, сҽт сайын бір-біріне ұмтылысып, жақындасып келе жатқан сол алғашқы күндері қандай ыстық еді! Ҿзіне деген ынтық та сағынышты арманын жүрек түкпірінде сақтап аялаған Қуанының жұқалтаң ашық ҿңіне ҽнтек қызғылт реңк пайда болып, бұған таңырқай қарап, жылылық сҽулесін себездеткен кҿзқарасынан ұялғандай, Сағила үнсіз күлімсірей берді . Той ҿтіп жатқан күндері дуылдасқан жастардың кҿзінен аз ғана мұрсат тасаланып қалған бір оңашалықта Қуан ҽр сҿзін бҿліп-бҿліп ежіктеп: "Сен… ҿзің осындай… ұялшақ па едің?" дегенде, екі беті ду етіп, бұл оған жымия қарап, ып-ыстық алақанын оның алақанына жанастырған. Ұялшақ емес екенімді осыдан-ақ біле бер дегендей шырай кҿрсеткен болатын. Ол да жымиып, оттай қызулы қос алақан еріктерінен тыс ынтық сезімнің тартылыс күшімен бір-бірін аялап, жанаса берген еді-ау. Үнсіз түсінісудің сол бір ынтық сҽттерінен бастап, кҿркем де нұрлы жүзі алаулаған Сағила ҿмірлік жарының ҿзіне бұдан былай бҿтен, тосын жан

болмайтындығын тҽп-тҽтті елжір сезіммен түйсінгендей ҽсерлі күйге бҿленіп жүре берген-ді... Сол бір ҿткен күндердегі алғашқы нҽзік үндесулердің тҽтті де арайлы елестері оның жан-сезімін тербеді. Тым алыс емес еді ғой, кепкеше ғана еді ғой бір-біріне шексіз ғашық болудың бақытын сыйлаған табысудың аяулы да ыстық сҽттері. Қазір енді ҽр күн, ҽр сағат сайын Сағила Қуан екеуінің бастан кешіріп үлгерген ғажайып та қып-қысқа ынтық шақтарын зарыға, жүрегін сағынышқа бҿлеп ойына жиі-жиі оралта береді. ... Қуан екеуі бір мектепте оқыды. Тұлымшағы желбіреген кішкентай аққұба қыздың кіршіксіз жан-дүниесі сҽбилік сезімнен арылмаған балалық шақтың балғын күндері болатын сол кездер. Интернатта жатып оқитын балалардың ішінде бұларға алыстан қосылатын ағайындас ауылдасы, екіүш жас үлкендігі бар, жетінші сыныпта оқитын Қуанды ол ҿзіне іштей жақын тартып, ағалы-қарындастай, екеуі бір-біріне үнемі қамқор болып жүретін. Қысқы, жазғы каникулдарда Сағиланың кҿкесі немесе Қуанның ҽкесі екеуін қырдағы қойлы ауылға бірге алып кетеді, бірге алып келеді. Олардың тұратын қыстақтарының арасы жақын болатын. Оны ҿзінше қамқорлығына алып, қарындасым деп қорғап, аялап жүретін осы ұяңдау жасҿспірімді, неге екені қайдам, Сағила басқа шҽкірт балалардан, ҽсіресе жетінші сыныптағы қыздардан кҽдімгідей қатты қызғанатын. Бұл баржоғы балғын қыздың ҿзімшілдеу кҿңілінде ұялаған балалық қызғанышы ғана сияқты болатын. Ал Қуан мұның кейде ҽлгіндей қызғаныш сезімі оянғанда аяқ астынан бұртия қалатын бұл мінезін ауылдас кішкентай қарындасының еркелігіне саятын да қоятын. Басқаша ойлауы мүмкін де емес еді... Қуан жетіжылдықты бітірісімен ҽрі қарай оқуын жалғастыру үшін ауданға Жарқамыстың мектеп-интернатына кетті де, Сағила ауылда қалды. Он үш-он тҿрттерге келіп қалған балғын қыз бүлдіршін кезіндегі қалпынан есейіп, бой түзей бастаған еді. Колхоз орталығындағы шағын интернатта

жалғызсырап, қайта-қайта есіне алып, кҿпке шейін ҿзіне қамқор болған Қуан ағасын ұмыта алмай жүрді. Бір жолы тіпті оған хат та жазбақ болып оқталған, бірақ не туралы жазарын білмей тосылды. Ҿзінің қалай оқып жатқанын, демалыстарда ауылға жалғыз барып жүргенін хатқа жазғаны Қуанға онша қызық емес шығар деп ойлады. «Ал мұның орнына Қуаннан Жарқамыс деген үлкен қала сияқты жердегі үлкен интернатта қалай оқып жатқанын, содан соң ауылды сағынып жүрсің бе деп сұраса, дұрыс болар ма еді?..» Қуанға хат жазуға ынталанған Сағила ақыры батылданып, тор кҿз дҽптердің сарғыштау парағының жоғары жағына «Сағынышты сҽлем» деп жазды да, сҽл ойланып қалды. «Неге жҽй ғана сҽлем емес, «сағынышты сҽлем» болуы керек? Сағынышты сҽлем болғасын алдымен ол ҿзінің Қуанды сағынып жүргенін жазуы керек қой. Оны жазса, ол мен туралы басқаша ойлап қалуы мүмкін, хатты бұлай бастауға болмайды!..» Ол жазған сҿздерін шимайлап ҿшіріп, парақтың екінші таза бетіне «Сағиладан Қуан ағаға ыстық сҽлем хат» деп жазды. Жазды да, тағы да мүдірді. «Хатты оған алғаш рет жолдап отырып мұны «ыстық сҽлем хат» дегенім қалай болады?! Жҽне сҽлемнің «ыстық» немесе «ыстық емесі» дегені бола ма ҿзі?! Неге жҽй ғана: «Сағиладан сҽлем хат» демеймін онан да?..» Ол осылайша бірнеше мҽрте жазылып, ҿзіне ұнамай күмҽнді кҿрінген сҿздерді бірнеше мҽрте қайта ҿшіріп, шимайлап, тағы да жаңадан бастап, онсыз да қолға сирек түсетін дҽптердің парақтарын бірінен соң бірін аяусыз шығындаумен Қуанға жарты бет хатты ҽрең жазып шықты да, сол күні-ақ мұны үшбұрыштап, желімдеп кеңсенің алдындағы пошта жҽшігіне апарып салды. Бұдан кейін саусағын бүгіп, ҽрбір ҿткен күнді санап, Қуаннан жауап-хатты асыға күткені Сағиланың ҽлі күнге есінде. Содан қанша күн, қанша ай ҿткенін санаудан жалыға бастағанда, жауапхаттың орнына бір күні оның ҿзі мұны іздеп келген еді. Бойы таралып ҿскен сымбатты бозбаланы кҿргенде балауса қыздың жүрегі аттай тулап, есі шыға қуанып кетті. Екеуінің бала кезден аға-

қарындас бола жүріп басталған достығы бірін-бірі ынтыға жақсы кҿруге ұласқанын олар осылайша байқамай да қалған-ды. Уақыт ҿте келе сол бір ҽсерлі, кіршіксіз сезімдерге толы бозбала мен бойжеткен шақтың ыстық та ынтық ҽсері – екеуінің ғашықтық сезімдерін оятып ҽрі ҽлдилеп, табысудың тҽтті бақытын екеуіне армансыз сыйлағанын қалайша ұмытсын! Бірін-бірі аялап, аймалаған екеуінің бұл дүниедегі ең тҽтті де бақытты сҽттері ғой. Жар болудың бал-шырындай дҽмін соншалықты құныға, соншалықты тоймастай ынтыға татқан екеуі бұл мезеттердің тым қып-қысқа, бар-жоғы үш-тҿрт айдың жүзі болмай ҿте шығатынын сонда іштей сезініп, түйсінгендей де болған екен-ау!.. Қыркүйектің ортасында Қуан ҽскерге шақырылып, соғыс қияметінің алды-арты болжаусыз сапар-жорығына аттанып кете барды. Қуанының майданға кірер алдында жазылған алғашқы хаты келгенше ҿзін қоярға жер таппаған Сағила тағы да сондағыдай ҽр саусағын бүгіп күн санаумен болған. Хат, ҽрине, тікелей оның атына жазылмаса да, сүйікті жарының амандығын білдіріп жолдаған сағынышты сҿздері ҿзіне де арналғанын ол жүрегімен сезінді. «Алтыннан ардақты, күмістен салмақты кҿке, апа жҽне келіншегім Сағила!» деп басталып, енді таяу уақытта қанқұйлы дұшпанға қарсы шайқасқа түсетінін, ертең ҽскери эшелонмен ҿздерін Сталинград майданына қарай жҿнелтетінін жазған Қуан бұларға «уайымдамаңдар, біз фҽшистерді бҽрібір жеңеміз, құдай оңдаса, ҽлі-ақ елге аман-есен оралармыз» депті. Осылайша ол сол хатында ҿзін де, бұларды да жұбатыпты. Сағила хатта бҽрінің атына арналып жазылған кҿп сҿздердің астарындағы ойдан Қуанның бұған деген сағынышын да аңғарып, соны кҿңіліне жұбаныш етті. Сол қимас жұбанышының ҽсерімен ол ҿзінің ыстық сағынышын кҿңіл түкпірінде сақтап, аялап жүрді. Сағынышын аялаған Сағиланың ҿн-бойында, ҽйелдік нҽзік табиғатындағы ҿзгерістердің де айрықша байқала бастаған кезі еді бұл.

Кеудесін, тып-тығыз қос анарын деріттіре шымырлатып, бойына біткен тіршіліктің лүп-лүп ете бастаған болмашы бір тынысы Қуанмен жұптасқан қимас күндердің ыстығын, қуатын сезіндіргендей, сыңарынан ажырап жалғыз қалған жалқы басына осы күндері іштей бір медеу, жұбаныш болған еді!.. Бірақ бұл жұбанышының да ғұмыры оншалықты ұзақ болмады. Самға қарай кҿшіп бара жатқанда, сол бір қарашаның басында, күздің қара суығы ұрып тұрған күндердің бірінде атасымен бірге қойдың соңында күні бойы сабылып жүрген ол қарлы жаңбырдың астында қалып, қатты жаурап, ауырып, үш айлық шарана түсік болды. Бүкіл арманы мен үміті күйреп, тіршілігі тұлдыр қалғандай халде есеңгіреген оның жүдеу кҿңілін ҿксік кеуледі. Сол күндер Қуанның амандығын, тірі екендігін білдіретін бір ауыз сҿз жазылған жалғыз жапырақ хаттың келуі аяқ астынан тиылып, бұлардың уайыммен зарыға бастаған кездері болатын. Уайым-ой сарсылтқан жабығыңқы кҿңілдерін атасы да, енесі де бұған қанша сездірткісі келмесе де, Сағила мұны сезіп-біліп жүрді. Ҽйтсе де ол сол кезде де, қазір де ҿзін томаға-тұйық ұстамауға, қоңырайып, тұнжырап кірбимеуге барынша тырысады. Осылайша бірін-бірі демегенсіп, бірақ ҽрқайсысы жүрегін езген мұңнан іштей күйреп жүрген де жағдайлары бар еді. Атасының жаңағы ашық-жарқын кҿрінген қабағы оның кҿңілін мұң кҿлегейінен сҽл де болса арылтқандай, жақсылық лебізін сҽл де болса сезінткендей… Сағила үйдің белдеуінде шылбырынан байланып, қаңтарулы тұрған қаракҿк атты анадайдан кҿргенде тосын бір сезіммен жүрегі аузына тығылып атқақтай жҿнелді. Үстірттің үстінде кҿшіп келе жатқанда, сол жолы ҿздеріне соғып, бір кеш аялдап қонып кеткен басшылардың бірі тағы да оралып ат басын бұрғанын, неге екені белгісіз, ол Қуаннан бір жақсылық хабар болғанға жорыды. Тез-тез жүгіре басып, үйге жетуге асықты.

Тҿрде құс жастыққа шынтақтай жантайған Жарылқасов темір ошақта тұрған қара қазанның бауырын жалап жанған қидың қызуына маужырап, ат үстінде жолсоқты боп шаршағанын енді сезінгендей, дел-сал күйде қалғи бастағаны сол еді, Сағиланың сықырлауықты серпи ашып, ентіге кіріп келген дыбысынан селт етіп, кҿзін ашып алды. Оң жақта, іргеге таманырақта отырып табаға нан салуға оңтайланып, ашыған қамырды табақтан созып ала берген енесі келінінің ҽлденеге еліге абыржып, албыраған кейпіне аңтарыла қарап қалды. – Жайшылық па, шырағым? - деді ол уысынан созыла үзіліп түскен қамырдың бір үзбесін табаға сала беріп. – Қойда атаң қалды ма!?.. Сағила ҿзінің ҽлденеге абыржулы, ҽлденеге толқулы күйін енді барып аңғарғандай, екі бетінің ұшы ду етіп, ҽнтек қысылып, ұялып қалды. Басын шалт кҿтеріп, ұйқылы, кіреукеленген кҿздерімен қадала қараған қонаққа ишарамен басын изеп, сҽлемдескендей болды да, жүзін тез бұрып ҽкетіп, енесінің қасына келіп тізе бүкті. – Атам тҿңіректі шолып келе жатқан беті екен, мені үйге жіберіп, ҿзі қалды қойдың соңында… – Сағила бет-жүзі албырап, қатты жүрістен ынтыққан демін қапелімде баса алмады. – Сосын… үйге кісі келгенін біліп, орталық жақтан бізге хабар-ошар ала келмеді ме екен деп асыққан бетім еді ғой… Келінінің абыржулы-толқулы жағдайының мҽнісін білгеннен кейін кемпірдің жүзін кенеттен жабырқаулық кҿлегейлей қалды. Иегі бір кемсең етті де, сҽл күрсініп қойды. Осы мезетте жанарына еріксіз лықсып келген жасты Сағилаға кҿрсеткісі келмегендей, кемпір іргедегі ши ораманың ішіндегі ыдыс-аяқты сылдырлатып, ҽлденені іздеген сияқтанып тұқшыңдай берді. Келіні мен енесінің арасындағы сыбыр-сыбыр сҿздің шетін құлағы шалған Жарылқасов ҽңгіменің мҽн-жайын аңғарса да, естімегендей қалып танытты.

– Мына кісі анадағы Жұбан ағаңмен бірге келген ауданның үлкен уҽкіл бастығы ғой, - деп сыбырлады келініне кемпір. – Шҽйін беріп, қазанға тамақ салып қойдым… Сҽл мызғып кетті білем, Тұрышқа соқпай, құмдағы малды аралап келе жатқан кҿрінеді, жолсоқты боп шаршаған сыңайлы, азырақ демалсын, еттің қамырын содан соң илерсің. Енесінің айтқандарын үнсіз тыңдаған Сағила басын изеді. Бұлардың екі кҿзі тҿрт болып алаңдай күткен хабар-ошарын бұл қонақтың ала келмегені оған аян болды да, алып-ұшып ҿрекпіген кҿңілі пҽсейіп сала берді. Жарылқасов аударылып шалқасынан жатып, қос қолын тарақтай айқастырып маңдайына қойып, кҿздерін сҽл кҿлегейлегендей болды. Сағила ҿзінің жүріс-тұрысын, қалт еткен ҽрбір қимылын мүлт жібермей, бірде жанай, бірде кҿз тоқтатып, тесіле, қадала қараған қара сұр кісінің сұғанақ кҿзінен, ҿткір назарынан ҽбден бей-берекеті қашты. Ҿнбойын жағымсыздау суық тітіреніс түршіктіріп, қолапайсыз күйге түсті. Оны-мұны ұсақ-түйек шаруаның басын шалып түртінектеген Сағила үй ішінде кҿп аялдамауға тырысып, кҿбінесе сыртта, есік алдында жүріп алды. Күннің жаймашуақтығын пайдаланып, ылғал тиген тезекті құрғақ шағырдың үстіне жаймалап, Шҽмия кемпір де үйге біраз уақыт бас сұққан жоқ. Үй иелері ҿзін ұйықтап жатқанға сайып, ішке кірмей жүр деп ойлаған Жарылқасов ҽрлі-берлі дҿңбекшіді де, басын кҿтеріп, тамағын қаттырақ кенеп, бір-екі рет қақырынып, "оянғанын" білдіріп еді, сырттағылар бұған да елең етпеді, сірҽ, естімеген болуы керек. Бҽрінен бұрын үйге Сағиланың кіруін іші қалап, кҿңіліне ойран кіріп емекси берген маңғаз қонақ есік жаққа қарап елеңдей берді. "Ҿзі тым жақсы-ақ, қызуы сыртқа теуіп тұрған, жар тҿсегінің рақатын жҿндеп кҿріп үлгермеген, ҽбден албырап піскен келіншек екен, шіркін-ай бір…" деген құмар ой дегбірін ҽбден қашырды. Оңаша қалып, тілдесуге оңтайлы сҽт туа қалса, алдымен айтар сҿзін сайлағысы келген ол азырақ толқулы сезімнің

қамауында қалып, іштей біраз қобалжулы жағдайды бастан кешіргендей болды. "Қалқам, неғып жабырқаусың?" десем, қалай болар екен? Ҽлде басқаша бірдеңе айтса ма екен?.. Ҿзі бірақ адамға тіктеп қарай алмайтын тым ұяңдау бірдеме сияқты ма-ау, қалай? Ҿзіне назар салғанды, кҿңіл аударғанды мүлдем байқамайтынын, кҿзінің ұшымен болса да аңғарып, кҿрмейтінін қайтерсің…" Осылайша оңашада ойы он саққа кетіп, ол ҿзінің Сағилаға деген тҽтті дҽмесінің шырмауынан шыға алмай толқу-толқынысқа түсті . – Ене, атам келіп шҽй-су ішсін, қойды кешке дейін мен жая тұрайын, ҽрі үйге кісі келгенін де хабарлайын, ыңғайсыз болар қонақтан… Сырттан Сағиланың даусы естілгенде Жарылқасов басын кҿтеріп, елең ете қалды. Ҽріректен ҽлдене деп күбірлей жауап қатқан кемпірдің сҿзін ол шала естіді, сірҽ, келінінің айтқанын жҿн санап, мақұлдаған сыңайлы. «Қонақтан ыңғайсыз болар» дейді, керек еді маған қабағынан қар жауған, қыңырайған, жаман сол кҿпей шал. Соны іздеп келіп пе ем мен?! Жүрсін малының соңында кешке дейін салпақтап. Мал бағудан басқа сорлының қолынан келер не бар дейсін. Сонысына қарамай, ҽріден, беріден қозғап ақылгҿйситінін қайтерсің ҿзінің. Кҿргенбіз мұндайлардың талайын. Пейілі дұрыс емес, абзалы, қорыққанынан кҿзіңше мүлҽйім кейіпте болғанымен, былай шыға сыртыңнан гҿй-гҿйттейтіндердің пошымынан ғой. Кҿздің құрты мына Сағиладай ҽдемі келіншек болмаса, бұл үйді айналсоқтайтын нем бар менің?! Сҿзін қарашы енді ҿзінің «қонақтан ыңғайсыз болар» дейді ғой, жынымды құрыстырып. Білем, білем, бұл жас қатын қайбір менің беделімді ойлап, қабырғасы қайысып бара жатыр дейсің, ҽйтеуір менің кҿзіме түспеу үшін ҿзінше ойлап тапқан айласы ғой. Ҽзірге ойлап таба тұрсын қулық-айласын, ойлап бақсын. Қармағыма сені ақ сыладай шоршып-шоршып тұрған осы балбұл жанған күйіңде, бауырыңды бір жарық еткізіп іліктермесем бар ғой, Жарылқасов болмай-ақ кетейін осыдан!..

Оңашадағы жымысқы ойына ҿз-ҿзінен ырза болып мерейленгендей кейіппен ол орнынан асықпай тұрып етігін киді, иығына сырты қара былғары қарсақ ішігін іліп, сыртқа шықты. Сыртқа шықты да, құм қойнауына кіріп ұзап бара жатқан Сағилаға кҿзін сүзіп біраз тұрды. Содан соң үйдің белдеуінде шылбырынан ұзын арқау етіп байланып, қаңтарулы тұрған атының арқасын ерден босатуды ойлап, солай қарай бұрылды. Ол бүгін түн осы үйге қона жатып кетуді кҿкейіне бекем түйген пиғылынан айнымады. «Құм ішінде қоймен бірге қалып қоймассың, ораларсың, сонда менен қайтіп жасырынар екенсің, кҿрерміз. Ақ білегіңді созып, шҽй құйған кесені ҿзің-ақ ұсынып отырарсың, ақ торғын сұлу келіншек! Нҽзік саусағыңның ұшын сол мезетте дір еткізіп қолымды ҿрттей жанған ыпыстық қолыңа бір жанастырармын-ау мен де!..» Есіріктеу ҽрі қиямпұрыстау қиялын шалқытып, тұла-бойын ынтық құштарлық ҽсерімен шымырлатқан осы ҽсіре кҿрініс Жарылқасовтың кҿз алдына бір қас-қағым мезетте кҿлбең қағып елестеп кетті. Ақ торғын сұлу келіншек ып-ыстық құшағына еніп жүре бергендей қияли есірік күйге түсті... * * * Ет желініп, соңынан кҿп ұзамай шҽй дастарқаны жасалды. Бүкіл тҿрді алып, кҿлденеңдей жантайып жатқан Жарылқасов бүгін осы үйдің қонағы екенін, енді алдын кешке салып аттанып кетпейтінін нық байқатты. Ҿз бетінше жартымды ештеңе айтпай, мұның сауалдап, суыртпақтаған сҿзіне ғана қысқа жауап қайырып отырған Исалының салқын қабақтау шырайын ол сезсе де, сезбегендей болды. Білдірмей, тым-тырыс тынып шҽй құйып отырған Сағилаға оқтын-оқтын кҿз қиығын ұрлана тастап қояды да, үнсіз қалған үй иесін тағы да ҽңгімеге жетелейді. – Сізді осы жердің, Самның жай-жапсарын, ҽргі-бергі тарихын жақсы біледі дейді, білгеніңізді айта отырмайсыз ба, ақсақал! – Ол ақ қалайы темірден жасалған ҽдемі темекі сауытын сырт еткізіп ашып, ішінен "Казбектің" сүйріктей бір талын алды. – Тұрыш ишан деген кім болған адам ҿзі, тастан тұтастай бір қамалдай етіп мешіт пен бала оқытатын

медіресе салып тастаған кҿрінеді ғой кезінде. Қай заманда ҿткен мықты, анадай керемет құрылысты салдыру екінің бірінің қолынан келе бермейді, сірҽ, ҿзі осы ҿңірде елді уысына ұстаған шұбарбалақ, шұбартҿс феодалдың бірі болса керек-ті?! Исалы ҿзіне түсініксіздеу, бірақ жағымды тұрғыда айтылмаған "феодал" деген сҿзге тосырқаңқырап, қабағы кіртиіңкіреп қалды. – Қайдам, биодал болыпты ол кісі дегенді ҿзім кҿрген кҽріқұлақ, кҿнекҿз үлкендердің аузынан естіген емеспін. Бірақ беделі, атағы бұл тҿңіректен, адай жұртынан асып, сонау түрікмен, ҿзбек еліне де жеткен салауатты, білім-зердесі терең ғұлама, ҽулие кісі болғандығынан ғана хабардармын, сізге басқадай не айтайын?! – Исалы ұшы қос айырықтау болып біткен кҿкселдірлеу сақалының бір ұшын оң қолының саусақ ұшымен дамылсыз шиыршықтай берді. Жарылқасов езуіне қыстырған темекісін құныға сорып, түтінін бір бұрқ еткізіп қойды да: – Хім-м, ғұлама, ҽулие болған дейсіз, ҽ?.. - деді аларған кҿздерін құйтырқыландыра ойнақшытып. – Ҿзі ғұлама болса, қалайша ол ҽулие болмақ?! Ҽулие дегеніңіз ҽлгі құдайшыл, діндар, қараңғы жұрттың жалбарынып, моласының басына барып мал шалып, түнеп, табынатын пірі сияқты бірдеңе емес пе?! Ғұлама мен ҽулие бір ұғымға сыймайтын нҽрсе менің түсінуімше. Ғұлама деп білімнің шыңына шыққан, ақылды да дана адамды айтамыз. Ал бұл адамың ҿзі ҽрі ғұлама, ҿзі ҽрі ҽулие болады, мүмкін емес қой бұл!.. Исалы кірбің ұялаған қабағын жазбады. Даусын ыңырана созған Жарылқасовтың мына сҿзі құлағына жақпай отырғандығы осы кейпінен анық танылғандай еді. – Ҿзі, ҽлгі сол ишаныңыздың руы адай дейді, сізге ағайын, тумалық жақындығы да бар екен ғой… – Жарылқасов қабағы қатулы, түксиіңкіреп отырған Исалыға енді бұған не айтар екенсің дегендей сыңаймен кҿз тастады.

– Иҽ, бҽріміз бір адаймыз ғой, ол кісі – Келімберді адай, оның ішінде – Балықшы, одан бергі аталары - Ҿртілес, Қостай, ал Қостайдан – Мҽмбет, Тұрекең, Тұрыш ишан осы Мҽмбеттен тарайды. Жарықтық Тұрекең кҿп жасапты. Сүйегі асыл адам болған ғой. Сол абзал абыз қарт ҽлгі кҽлектептендіру басталардан бір жыл бұрын, тоқсан жетіге қараған шағында дүниеден ҿтіпті. – Ҽбден қартайып ҿлген екен ғой, байғұстың ҿзі, - деп, Жарылқасов ҽңгімені одан ҽрі тыңдауға пейіл танытып еміне түсті. – Ҿмірден жақсы-жаманды кҿп кҿріп, зердесі, ой сана-парасаты кҿмескіленбей, кҿз жұмғанша ақыл-есінен ажырамай, баянды да ұзақ ғұмыр кешкен ғой жарықтық, - деді Исалы үнінен мақтан сезімін ҽдейі асқақтатып. – Он жасынан ілім іздеп осы Маңқыстаудың табанынан, осы құм арасындағы елінен Хиуа асып, сондағы атақты үлкен бір медіреседен дҽріс алыпты. Адамзат пайда болғалы ықылым заманалардан бергі хатқа жазылған білімнің нешеме саласынан кҿкірегіне нҽр құйған Тұрыш туған жұртына оқыған-тоқыған дҽйегі мол ғалым боп оралыпты деседі содан. "Балам, енді басыңа құйып, кҿкірегіңді нұрландырып алып келген біліміңді қайтпексің, қайтіп пайдаға асырмақсың? Ҽлде ҿзіңнің білгеніңді ҿзіңде тұмшалап, дымнан хабары жоқ мына қараңғы, қарабайыр біздің қасымызда жүріп қияли күй кешпекпісің? Біліміңді енді кҽдеге асыратын жҿн-жосықты ойлап, бажайлағаның бар ма?" – деп сауал қояды ҽкесі ұлын сынағысы келгендей ниетпен. "Ойлағаным да бар, іске асырсам деген мақсатты, парызды ісім де бар, ҽке, - дейді кҿзінің оты жайнаған жас жігіт Тұрыш. – Зердеме білім нҽрінен құйып алған ҿнегемді ҿміршең етуді қолға аламын, қарсы болмасаңыз!» Ұлының батыл да кесімді жауабына ырза болып қалған ҽкесі, мұнысын сездірмей: «Ол қандай парыз,нендей ҿнеге?» деп тағы одан ҽрі ойын суыртпақтай түседі.

«Кҿкейіме түйген парызды ісім, ҽке, хиуалық ұстазымның маған тапсырған аманат-батасын орындау. Қадірменді ғұлама ұстазым маған еліңе барғасын мешіт, медіресе салдырып, еліңе имандылық пен ізгіліктің, білімнің дҽнін сеп, халқыңның адал сауабын ал деп аманаттаған болатын. Осы аманатты орындамасам – оқығанымның құны кҿк тиын, ұстазым дарытқан ҿнегенің сҽулесін халқымның кҿкірегіне жеткізе алмағаным. Сондықтан осы игілікті шаруаны іске асыруға белді бекем буғалы отырмын. Ол үшін алдымен мешіт пен оның жанынан медіресе салуды қолға аламын. Бұл қадамымды Сіздің құптайтыныңызға сенемін, ҽке!» Зерделі ұлының аузынан шыққан осындай кҿшелі сҿзге ырза болған ҽкесі талабын құптайтынын айтпастан бұрын азырақ ойланып отырып: «Балам, мынадай жырақ жерде сенің айтып отырғаныңдай, анау Бұхара, Хиуадағыдай сҽн-салтанатты мешіт, медіресе ғимараттарын тұрғызу оңай болмайды ғой, осы жағын ойландың ба? Ертеңгі күні бұл шаруаны бастауын бастап алып, тиянақтай алмай жүрмейсің бе?! Дос бар, дұшпан бар, ҿзі кҿтеріп жүре алмайтын шоқпарды беліне байлағаны несі деп табалап жүрмей ме?» дейді, кҿкейіндегі күмҽнін жасырмай. Тұрыштың ҽке күмҽніне айтар уҽжі бар еді. «Ҽке, бұл ғимараттарды тұрғызуға алдымен алланың ҿзі қолдар, одан қалды Хиуаның тастан ҿрнек ҿретін қас шеберлерін жіберіп кҿмек кҿрсетуге ұстазым уҽде еткен. Ғимараттар қабырғасын кҿтеруге Үстірттің ұлутасы бар, ал ағашты сол жаққа керуен жібертіп алдыртамыз, ҽке. Бұл ісімнің ойдағыдай оңғарылуына Бекет ата аруағы жебеуші болар, ақ батаңызды беріңіз!» деп алқанын жайып бата сұрайды. Қария ұлының бал-бұл жанған ҿршіл жүзіне, ұшқын атқан кҿзіне қарап, ҽкелік толғаныспен қолын жайып батасын арнайды. «Ия, құдіреті күшті алла, шырағымның парасат пен имандылықты хақ тұтқан ақ ниетті талабын оң ете гҿр! Ізгілік жолындағы ақ ниетті қадамыңды Бекет ата ҽруағы қолдасын, ісіңе сҽттілік берсін, балам! Еліме, жас ұрпаққа

адамгершілік пен білім нҽрін себемін деген үмітің ақталсын! Алдыңнан жарқырап ақ Күн тусын!» Аса бір зор ырзалықпен батасын берген ҽкесі ақсарбас шалып, келелі шаруаның сҽтті де оңынан басталуына ел-жұрттың да тілегін қосады. Осылайша Тұрыш мешіт пен медіресе салу ісін қолға алған екен деседі… Білімдар талапты жігіттің ізгі бастамасын ел-жұрт тегіс қолдап, қолынан келер кҿмегімен демеп, құрылыс жұмысына бір кісідей атсалысып, аз уақыттың ішінде осы мынау Самдағы Тұрыш ишанның мешіті мен бала оқытатын медіресесі бой кҿтереді. Халықтың рақметі мен ыстық ықыласына бҿленгенін былай қойғанда, бұл кісінің табан аудармай осы мекенде білімнің жарық сҽулесін талай шҽкіртінің кҿкірегіне түсіргендігінің ҿзі ғұламалық емес пе! Тұрыш ишанды кҿзімен кҿрген кҿнекҿз қариялардың оны айырықша қасиетті кісі болған деп ҽңгімелеп отыратынын жасырақтау кезімізде талай рет естігеніміз бар. Ол кісінің емшілігі де, кҿріпкелдігі де – адам пендесінің санасына сыймайтындай кереметтей ғажап екен. Ғұламалығына қоса ҽулиелігі де осындай киелілігінен, қасиеттілігінен болар. Ондай қасиет тегіннен-тегін дарымаса керек-ті мұндай кісілерге!.. Исалының Тұрыш ишанның қандай адам болғандығын бар ықыласымен беріле айтқан ҽңгімесін үнсіз тыңдап отырған Жарылқасов осы тұста алдында жатқан портсигарының қақпағын сырт еткізіп ашып, тағы бір тал темекі алды. – Апыр-ай, ҽ!? – деп, я таңданғаны, я күмҽнданғаны белгісіз кейіп танытты. – Тұрыш ишанның ҽулиелік қасиетіне байланысты ел ішінде айтылып жүрген ҽңгіме кҿп болатын. Оның қайсыбірі қазіргі күні ұмытыла да бастады. Діншілдікті уағыздау деген кінҽрат қойылғасын кҿп айтылмай, сҿйтіп бірден-бірге, жете бермей, үлкендердің кҿкейінде ҿздерімен бірге кеткен сҿз қаншама! Адамның жақсылығын, жұртқа тигізген шарапат, киесі туралы айтудың қандайлық зияны болғанын білмеймін, үкімет

ҽйтеуір қатты қарайды ғой бұндайға. – Саусағына қыстырған темекісін тұтатып жатқан Жарылқасовқа Исалы кҿз қиығын бір тастап қойды. – Надандық, қараңғылық деген де, міне, осындайдан келіп шығады, ақсақал! – деді Жарылқасов менменшіл үнмен. – Адам сенбейтін қайдағы бір нҽрселерді ойлап тауып, соны ҽлгі осы Тұрыш сияқты діндарларға, молда, ишандарға таңасыңдар. Надан халыққа қайдағы бір жоқ құдайдың атын айтып, аузынан құраны мен алласы түспейтіндердің бҽрі жатқан бір ҽулие, керемет. Ғұлама дейсің, білімдар дейсің, ал сол Тұрышыңның ұрпаққа жазып қалдырған қандай еңбегі, яки кітабы, хаты бар?! Жалпы мұндайды ойланып айтқан жҿн болар, қайдағы бір феодалды, діндарды, ғұлама, керемет деп албаты марапаттағанымыз, ақсақал, сіз бен бізге жараспайды. Аңдап-аңдап сҿйлеу керек. Партияның саясатына дұрыс келмейтін қайдағы-жайдағы ҽңгімені қоздатып отырсыз, болмайды бұлай сҿйлеуіңіз... Так, что, тілдің ұшына келген мұндай керексіз, социалистік қоғамға жат сҿзді ерсілі-қарсылы айта бермей, ҿзіңізге ҿзіңіз есеп беріп дегендей, ойланып сҿйлеңіз, ақсақал!.. Даусын кҿтере арқаланып, ара-арасында басын шайқап-шайқап қойып, ықтыра сҿйлеген Жарылқасовтың сұрынан кҽдімгідей-ақ сескеніп, бойын үрей билеген Шҽмия даусынан діріл байқалып шалына сыбыр ете қалды. – Жайыңа қарап, тек отырмаймысың, нең бар соншама еліре сҿйлеп!.. Ҽлдеқашан сүйегі қурап қалған ишанды тірілтейін деп пе ең, байғұс, қу мұндар, - деді. – Жҽ, енді қонақ кісі ҽңгіме сұрағасын білгенімді айтып жатқаным да, қайт дейсің енді!? - Исалы аузына қапелімде жартымды сҿз түспей, кібіртіңкіреп, күмілжіңкіреп қалды. Исалының екі иығы салбырап, тҿменшіктеп, пҽсейіп қалғанын ҿзінің ҽлгіндей үстем сҿзінің нысанаға дҿп тигені деп түсінген Жарылқасов жүзін одан ҽрмен суытыңқырай түсті де, даусын қатқыл үнмен ыңырана созып сҿзін одан ҽрі жалғады.

– Ым-м, ия, сонымен... Дұрыс қой, қыстың құм ішінде жылы басталғаны, ҽрине, жақсы. Бірақ табиғатқа сеніп болмайсың. Сҿйтіп ертеңгі күні осы жұмсақ қысың аяқ астынан мінезін ҿзгертіп, кҽріне мінсе, қайтпекпіз? Баспанасыз, қора-қопсысыз, қамсыз отырған мына ҿзіңіз сияқты малшы халықтың жағдайы не күйге душар болмақ?.. Қарап отырсаң, тірі адамнан гҿрі ҿлгендердің, бҽйбіше дұрыс айтады, сүйегі қурап қалғандардың жағдайы ҽлдеқайда жақсы, ҽрқайсысы жатқан бір ҽулие, бастарында мазар, қала берді, мешіт-пешіт, медіресе-седіресе дегендері тағы бар… Тұтастай бір қала салуға жететін кірпіш, тас солардың моласына қаланыпты. Осындай жағдайда отырғанымызда, не мектеп, не дүкен, не баспанамыз жоқта, заңғардай-заңғардай мазарларға ҽйтеуір қайдағы бір ҽулиенің салдырған моласы екен деп, соған құлшылық жасап табынғанымыздың жҿні бола ма? Қалай ойлайсыз, ақсақал?.. Исалы Жарылқасовтың не айтпағын қапелімде тура басып аңғара алмай қалды да, сҿздің мҽн-жайына пҽлендей түсінбеген раймен: – Қайдам?! - деп иығын бір кҿтеріп қойды. – "Қайдам" деген жауап емес, менің айтып отырғаным дұрыс па, ҽлде бұрыс па, соны айтыңыз! Исалы аңтарылып Жарылқасовқа бір, тағы да артық-ауыс бірдеме айтып қоя ма деп мұның аузын бағып ҿзіне телмеңдей кҿзін сүзіп отырған кемпіріне бір қарады. Осы арада нені дұрыс, нені бұрыс деу керектігін біле алмай дал болды. Шалының осы кейпетін айтқызбай-ақ сезген Шҽмия кемпір: – Бҽтір-ау, бастық кісі зираттарының басындағы тастардан үй тұрғызамыз, мектеп, құлып үй, дүкен саламыз, сол дұрыс па деп сұрап отырған сыңайлы, құлағың тосаңданып қалған ба ҿзіңнің, немене? - деді үстемелете сҿйлеп. – Не дейді? Зираттың тасынан ба?! Қай кісінің зиратын бұзбақшы? Тұрыш ишандікін бе?! Астафыралла-а! Сұмдық-ай, не дейді!?. – Исалы даусын құмықтыра сыбырлап, ҿн-бойы дір етіп, тіксініп қалды да,

мұнысынан ҿзі де біртүрлі шошыныңқырап, абыржулы күйге түсті. – Сұмдық қой мынаусы, сұмдық!.. Алдында жатқан сҽнді қораптан папиросының тағы бір талын алып тұтатқан Жарылқасов езуін қайзалай шүйіріп, кҿк бұйра түтінін шиыра үрлеп жіберді. Исалының түрі қошқылданып, кҿздерінің жыпылық атып кеткен кейпіне менменси, ішінен жиырылып, ызаланып, жек кҿріп қарады. – Тұрыш ишандікінен болса ше?! Онда тұрған не бар екен сонша?! Сұмдық ештеңесі де жоқ! Мешітін де, медіресесін де бұзамыз, ұрпағы, жұрты үшін бұл іске, оның шынымен-ақ ҽулие екені рас болса, ренжи қоймас, ех-ех-ех-ехе!.. Жарылқасов сҿзінің аяғын ащы мысқылды күлкіге айналдыра түсіп, ҿңін кенет суытып алды. Содан соң қабағының астынан қарап, қапелімде абыржып, абдырап қалған Исалыны қалт еткізбей бағып, бір ҽудем үнсіз отырды. Үрейдің бе, ҽлде ызаның тітіреністі түршігісі ме, ҽйтеуір қапелімде тілі икемге келмей, Жарылқасовқа ҽнтек жалт қараған Исалы мына қатігез шешімге тойтарыс берер нендей сҿзді тауып айтарға білмей, абыржулы күйде түйіліп, тұнжырай түсті. Осы бір мезетте "Астафыралла, мынау адам емес, дүлейдің нақ ҿзі ғой!" деген сұп-суық зҽрдей ой жүрегін тҿмен суырып, арқасын аяздай қарып ҿткендей болды. Ҿн-бойын суық түршігіс билей жҿнелді. «Тҿрде отырып теріс сҿйлегеннен без, есікте отырып керіс сҿйлегеннен без» деген дуалы ауыз данышпандардың аталы сҿзі бекер айтылмаған ғой. Ақ адал тҿрімде отырып айтқан сҿзінің сиқын қарашы мына күнаһар зҽлімнің! Біздерді мынаның күнҽлі, арамза пиғылының пҽлесінен сақта, жаратқан. Беті аулақ, кҿш, кҿш!..» Үй иесінің ҽлем-тапырық болып кеткен кейпіне туралай қарауға одан ҽрі дҽт-шыдамы жетпеген Жарылқасов осы бір сҽтте одан кҿзін аударып, жүзін бұрып жіберді.

Жетілік мұржасының ұшы кетілген майшамның сарыала, күңгірттеу жарығы бес қанат үйдің ішінде орнаған қолайсыз үнсіздікті одан бетер тымырайтып, ауыр мұнарға тұмшалағандай. Қабағы түсіп, еңсесі пҽс тартқан Исалы шал тырс деместен сол күйі орнынан тұрды да, түйе жүн жылы күпісін иығына іліп, қотан жаққа, түнектегі қойды қарап келуге шығып кетті. Қонаққа тҿрге тҿсек салып берген Сағила ыдыс-аяқты жуып-шҽйіп, жуындыны тҿгуге далаға шықты. Түн тып-тымық ҽрі жап-жарық екен. Шеті сҽл кетілген күлшедей болып толысып қалған Айдың ақкүміс уыз нұры тҿгіліп тұр. Жүзін айға бір қырын беріп, түнгі кҿркем аспанға елжірей, елти қараған Сағила «Айдың ҽдемісін-ай, қалқам!» деген оқыс шыққан дауыстан селк ете түсті де, жалт қарады. Жалт қараған кезде езуі ыржия керіліп, жанына тақап қалған Жарылқасовты кҿзі шалды. – Толысып, ҽдемі болып тұр екен, ҽ! Осындай түні, мынадай толысқан Ай жарығы астында құрбы-құрдастарыңмен ақсүйек ойнаған кездерің есіңе түсіп кетті-ау, сірҽ, қазір, ҽ!? Ойыңның дҽл үстінен түстім ғой, айнам?! Солай ма, ех-ех-ехе!.. Сұп-суық ызғар іші-бауырын қарып ҿткендей, Сағила жағымсыз бір діріл билеген ҿн-бойын жинай алмады. Дҿрекі, жасанды мипазданған соншама ұнамсыз үннен қатты шошынып, табан астынан жартымды сҿз қайтаруға тілі икемге келмей күмілжи берді. Үн-түнсіз бұрылып, тез үйге кіріп кетуге де шамасы жетпеді. Ыңғай-оралымнан айырылған адамдай, аяғы зіп-ілдей боп сол тұрған орнынан қозғала алмай қалды. - Неден қорқып кеттің, қалқам? – деп құмыға сыбырлады Жарылқасов. – Сен қорқатындай не айтып едім, жазған басым. Ҿзің сияқты кҿркем дидары толысқан жарық Айдың ҽдемілігіне таңданғанымнан секем алатындай не бар, айтшы, қалқам Сағилаш?.. Ағаң ҿзіңді былай жақсы кҿріп… Бүгін мұнда сен үшін ғана қонып жатқанымды білсеңші.... Қотан жақтан бері қарай келе жатқан Исалының сұлбасы қарауытты. Үйден кемпірдің:

- Сағила-а, қайдасың? – деп шақырған даусы естілді. Ҿзіне енді болмағанда тап беріп, бас салудан тайынбаған дҿңбектей, дҿрекі немеден қалай құтылардың амалын таппай тұрған ол жалт бұрылды да, кесе-кҿлденеңдеген тосқауылдан құтылып, аяғын тез-тез басып, үйге лып етіп кіріп кетті. Осы мезетте ҽлдеқайдан, құм арасынан қарсақтың шҽңк-шҽңк етіп үргені естілді. - Айт, айтақ, Жолбарыс! – деп тҿбетін айтақтап, қиқулаған Исалының даусына Жарылқасов тіксініп қалды. Шалдың түн қойнауының тыныштығын бұзған айқайының сесі ҿн-бойын жағымсыз бір түршігіспен қарып ҿткендей болады. - ІҮ - Құмның қойнау-қойнауында тып-тыныш болып бұғып қалған қойлы ауылдарды аралай жүріп Жұбан биылғы қыстың малға аса жайлы болып тұрғанына кҿзі жетіп, кҿңілі орнықты. Мал жақсы қоңдаған. Наурыздың басын ала, кҿктем шыға кҿшіп, Жемнің бергі бетіне жеткізіп қоздатқанда қыстан күйлі шыққан қойдың шығынсыз тҿлдейтініне ол ешбір күмҽнданбады. Ауа райы апталап соғатын ақ дүлей борансыз осы сияқты қолайлы болып тұрған жылдары қысы-жазы қолға қарамай, аяғынан ҿрістеп шығатын еділбай қойының бабын бір қойшыдан кем білмейтін Жұбан қазіргі құм ішіндегі жылы қыстың жайсыз тиер жағын да біледі, бұл – малдың ішер суының жетімсіздігі. Оқта-текте түскен қырбық қар қыс бойы суаттан су ішпей, қарлап шығатын қойдың аузын дымдауға ғана жарайды. Қойшылардың қазір ілдалап жан сақтап отырған бірден-бір су кҿзі – шеген құдықтар. Бұлардың да кҿпшілігінің кҿзі бітеліп немесе тақталап ҿрілген аузындағы тас шеңберлері ішіне құлаған. Жұбан жүрген жерлерінде құм арасында атам заманнан бергі сақталып келе жатқан, бірақ сарқылмас кҿзінен лықсып келіп тұрған суын жан баласы кҿптен бері кҽдесіне жаратпаған, қара таспен шегенделген осы құдықтарды Самның ұңғыл-шұңғылын жақсы білетін Ілиястың ҿзіне берген, қолдан сызылып

жасалған картасы бойынша іздеп тауып, ҽрқайсысының басына белгі қойып кетіп отырды. Ойы – кейін бір қалт еткенде қойлы ауылдардан бірбір адамнан шығарып, қауымдасып бұларды қалпына келтіру. Ҽрине, бұның оңай шаруа еместігін біледі, бірақ кҿз – қорқақ, қол – батыр, ҽрекетсіз отырғаннан пайда жоқ. Малға оты қалың жайылыспен бірге, кенезесін кептірмейтін суы мол суат кҿзі де керек. Ал қалың құмның ішінде судың бірден бір кҿзі – суы тұщы да мол құдықтар ғана, малдың тіршілігіне ілдалау болар басқа су қоры жоқ. Кҿп болып қолға алып, бұдан былайғы жерде шҿбі іріп тұрған оты мол құм алабына тіршіліктің ылғалды нҽрін берер сол құдықтардың кҿздерін қайтсе де ашулары қажет екенін ол ойына бекем тұтты. Жұбан бұл құдықтардың, ҽсіресе Қарасайқұдық, Молқұдықтың, Жарқұдықтың, Сыңғырлау-Матай, Кҿптамдағы құдықтардың тарихы сонау кҿне жібек жолы заманынан басталатынын бір жолы осы ҿңірге қатысты тарихи еңбектерді іздеп, оқып жүретін Ілиястан естігені бар еді. Ілекеңнің айтуынша, бір-бірінен арақашықтығы он-он бес шақырымнан жетпіссексен шақырымға дейін жететін бұл құдықтар Аралды жағалай ҿтіп, Каспий теңізі ойпаты арқылы Шығыс Еуропа елдеріне қарай шығыстан тартылған кҿне Жібек жолының бойында кірешілердің тоқтап, ұзақ сапарда тыныс шақырған жерлерінде қазылғандығына қатысты болжамдеректер қазақ даласының кҿне тарихына терең бойлаған А.Левшиннің, В.Бартольдтің зерттеулерінде, жазбаларында айтылған екен. Ал оның осы Үстірт пен Самның ҽргі-бергі кезеңдердегі шежіре-тарихы мен ҽр шұңғылы, ҽр тҿбесін кереметтей жақсы білетіндігі ҿз алдына. Жұбан құм арасында, ғасырлар тылсымында жасырынған шежірелі мекендерді бірге аралап жүрген сапарында Ілиястың айтқан ҽңгімелерін кҿңілінде қайта жаңғыртып, айырықша бір ҽсерлі күй кешкен еді. Ол Ілиястың қазақ жерінің тарихына қатысты еңбектерді кҿп оқитынына сүйсіне қызығатын жҽне ҿзінің кҿп нҽрсені ҽлі тереңдей білмейтініне де бір жағынан ҿкінетін.

Жалпы зердесі де, адамдық парасаты да биік Ілиястан үйренер кҿп ҿнеге бар екенін ол іштей мойындап жүреді. ... Мүлгіп бұйыққан қоянжон, бұйратты құм ішінде қазір жападанжалғыз келе жатқан Жұбанның кҿңіл-күйін ерекше бір ой толқынысы баурап алған еді. Ол тарихы кҿне ҿткен мезгілдердің бейнелі елесжаңғырығымен астасып, қиял қанатының зор самғауына ұласқан ой-сезім толғанысының толқыны болатын... ...Ендігі бір сҽтте, о ғажап, құм бұйратының анау бір ұзыннан-ұзақ созылған жал-жонының қыр арқасында Күннің батар тұсынан бері асып, шығыс жақты бетке ұстаған, қомына теңдеп жүк артқан түйелер керуенінің тізбегі марғау қозғалып бара жатқандай бір елес-сурет кҿз алдында ғайыптан-ғайып пайда бола қалды. Атының тізгінін шалт тартып тұра қалған Жұбан бүтіл зердесін тап осы мезеттерде жайлап алған ой ҽсерінің шалығына ұрынғандай беймҽлім нақты пайым-санасынан тысқары бір халдің құшағына ене берді. Алыс заманаларды бүгіннен бҿліп тұрған мезгілдер пердесі айқарыла ашылып, басқа бір ҽлемнің бейнесі менмұндалағандай. Керуен тізбеген бастап келе жатқан бас түйенің бұйдасын қолына ұстаған, ақ шалмалы кіреші жігіт күн қақты, тотығыңқы жүзін еш жаққа бұрмайды. Бас түйенің мойнындағы қоңыраушаның болмашы сыңғыр ете түсіп естіліп бара жатқанынан ҿзге тҿңіректі селт еткізер дыбыс жоқ. Елсіз де шетсіз кеңістіктің қойнауы мүлгіп барып, сҽл ғана оянып кеткендей күйде еді. Енді кҿп ұзамай Күннің табағы алыс-алыс құм бұйраттары жонынан ҽрі асып, кҿкжиекке құлайтын ілкімдегі ашықжарық мезетте, түн тұрағына мҿлшерлеп келе жатқан тұстағы ойпаңды жердегі шыңырау құдықтың басына келіп ұзын керуен іркіледі. Арқасы жеңілдеп, қомынан босаған жануарлар мес қауғалардан тас науаларға сарқырай құйылған кҽусар суға бас қояды да, сораптап ішіп, тіршіліктің ылғал-нҽрін бойына мейірлене сіңіреді. Кірешілер тҿңіректен қурап, кеберсіген қоянсүйек, шағырдың түбіртігін тамызыққа жинап, ҿздерімен бірге алып келе жатқан сексеуіл томарларын жағады. Түнге қарай тез

салқындайтын құм тылсымы сексеуіл отының алауы жалын-жарығымен сҽулелі ҽлемнің құшағына енеді. Мақпалдай түннің қою пердесін айқара түріп, лаулай жанған оттың айналасына тыныс шақырып алаңсыз жайғасқан керуеншілер. Ҽне, ҽлдекім қурай сыбызғысын алып, ғажайып тебіреніс-тербеліске толы нҽзік те сыршыл бір ҽуенді сызылтады. Енді бірде қыл қобыздың қасиетті қара шанағынан алыс ғасырлардың сарыны мұңдана толғанғандай болады. Оны қыл ішігінен нешеме заманалардың, уақыттың ҿзегіңді суырғандай қоңыр күй-сазы тебіреніспен үн қатқандай. Түн қойнауының құм арасына байыздаған тыныштығын тербеткен бұл сиқырлы саздардан тау асып, қыр асып, сахара-шҿлдерді, жасыл белдерді артқа тастап, теңіз бен дарияларды жағалай ҿткен қиыр-қиыр жолдарымен ұзақ сапар шегіп, туған жерге тезірек жетуді аңсап келе жатқан жандардың сағынышы мен жан тебіренісі толқиды. Түйекештер керуен түйелерін оты мол құм бұйратына түн ортасынан ауғанша жайылысқа жіберіп, кезектесіп бағады да, сонсоң түйелерді құдық басындағы түнемеліктің айналасына қоршай шҿгеріп, бір-бірін бұйдаларымен матастырып тастайды. Жыл бойына шығыстан батысқа, батыстан шығысқа қарай дамылсыз қозғалып, жол үстінде тіршілік кешкен керуеннің осы дағдылы сапарында ҽрдайым аялдап, тыныс шақырар бекеті де – құм ішінде бұйыққан осы құдықтар. Тіршілік тізбегін бір қиырдан бір қиырға жалғастырып жатқан Ұлы жолдың бойымен кіре тартқандарды сусап, шҿліркеуден сақтаған нҽрлі кҿздер де – осы суы мҿлдір де тұщы құдықтар ... Құдды осы бір ой елесіне елти түскен Жұбан уақыт тылсымының арасынан, ҽлгіндей ҿмір кҿрінісінің алыс бір қойнауына барып оралғандай күй кешті. Орта ғасырдың кҿне тарихының ізі осылайша салқар құмның ақшағыл бұйраттарында да ҿзінің белгісін қалдырған. Ұзыннан-шұбақ созылып, қысы-жазы осы тым-тырс бұйығып жатқан құмдағы шығыстан -

батысқа, батыстан шығысқа қарай ерсілі-қарсылы тартылған ҿмір жолы – тіршілік жолы үстінде сан-алуан адамдардың саналуан тағдырлары ҿткен. Осынау ежелгі мекен заманалардың қойнауында мүлгіп қалған талай тарих, талай сыр-шежіреге куҽ. Күн, ай, жыл санап, зымыран жылдамдықпен ілгері кетіп бара жатқан мезгіл кҿшінен біреу ерте, біреу кеш шеттеп қала бермек, бірақ мынау жер мен су, мынау желмен ызыңдаған құм қияғы, бұйырғыны мен теріскені қалың ҿскен шағылбұйраттар – ҿткен уақыттың куҽгеріндей мҽңгілік. Бір тіршілік басталып, бір тіршілік кҿшіп жататын осы мҽңгілік керуен-уақыттың аясында кезеккезек ғұмыр белестерін ҿткеріп жатқан ұрпақ алдында ҿткеннің, кешегінің қалдырған белгісін ҿшірмей бүгінге, ертеңге, болашаққа жеткізу жауапкершілігі тұр. Тек қазіргі мҽзіретімен ҿмір сүріп, келер күніңе не қалдырып, не жеткізетініңді ойламау бос ҿткен тіршілік қана болар еді. Осыны түсініп, түйсінуге ақыл-зердесі терең, кереметтей ақылман болудың да қажеті жоқ, тек кҿкірегің мен сезім-санаң тас меңіреу болмасын… Құм арасындағы ұзақ марғау жолды ҽсерлі ойларымен қысқартқан Жұбан Исалының отары су ішіп отырған, Тұрыштан үш шақырымдай жердегі Жалғызқұдыққа іліккенде ақпанның қысқа күні таусыла келіп, батыс кҿкжиек қызылшапақтанып қалған шақ еді. Ол үйге бұрылмай, қойды асықпай ауылға қарай беттетіп жайып келе жатқан Исалының алдынан шықты. Маңдайлығы кере қарыс түлкі тымағының құлағын артына қайырып байлап алған Исалының желқақты, жүдеулеу ҿңі кешкі салқыннан аздап қуқылданып, кҿгіс тартыңқыраған. Қапталдан жанамалай келген Жұбан онымен ат үстінен қол беріп амандасты. – Ассалаумағалҽйкүм, Исеке! – Ҽлликүмҽссалам! – Мал-жаныңыз аман ба, Исеке! – Аманшылық, Жұбан! Ҿзіңнің де ат-кҿлігің аман ғой, қай бағыттан жол тартып келесің?..

– Молқұдық, Қырыққұдықтан бері асып, Құдыс жақтан келемін. Тҿрт-бес күннен бері сол тҿңіректерді аралап, шолып дегендей… Шаруаға ықтиятты Жұбанның құмдағы құдықтарды аралап, кҿріп жүргендігінің ау-жайын Исалы айтқызбай-ақ түсінді. – Е, оның бір жҿндем шаруа екен, Жұбанжан, малдың ҿріс-құты осы құдықтардың суының мол-аздығына байланысты екендігі рас. Мынадай қары қырбықтанып қана тұрған қыста дұрыстап қарлай алмайтын тоғайған малдың мейір-кенезесі қанып су ішпесе, күз бойғы жиған қоңы нҽр емес, ҿзіне зҽр болып жабысады. Шүкір, ҽйтеуір мына Жалғызқұдықтың суы күн аралатып болса да малдың шҿлін қандырып тұр, ал бұл болмаса қайтер ек?.. – Исеке, осындай құдықтар осы құмның тҿрт бағытында, терістігі мен түстігінде де, күн шығар тұсы мен батыс бетінде де, ҽудем-ҽудем аралықтарда баршылық екен. Суы мол Қарасайқұдық, Молқұдық, Жарқұдық, Сыңғырлау-Матайдағы құдықтарды, мына Жарысайдағы құдық пен Құдастағы құдықтарды айтпағанда, аузы бітеліп, аузы ішіне опырылып, кҿзі бітеліп қалғандары қаншама! Солардың тіршілік ылғалын бүлкілдетер ҿзегін бір-бірлеп аршып, құм ішін ен жайлаған мал-жанды түгелдей қарқ қылар суын кҽдемізге жаратсақ қой деген ой болып тұр, бұған қалай қарайсыз, Исеке? Қандай керемет шаруа болар еді ғой, ҽ!.. – Ойың ҽбден дұрыс, шырағым. Мына кҿрші қонған ауылдардан бірбір адамнан шықса, қайраты тасыған ер-азамат болмасақ та, шал-шауқан мына біз де бір дҽрмен жасар едік те. Пайдасы мен ізгілігін кҿп болып кҿретін іске ҿзіңдей басшының «ҽу!» деп жұмылдыруға шақыратын сҿзін ешкім де жерге тастамайтынына кҽмілмін. – Рақмет, Исеке, кҿп рақмет! Басқа түскен қиын-қыстау заманда қолға қару алып, соғысқа баруға, жаудан елді қорғауға аяқты сылтытқан мына сыңар жамбас жарамады. Ҽйтеуір мынау ҿздеріңіз сияқты ағаҽкелердің шаруасына жетекші, бас-кҿз бола алсақ, сҿйтіп, майданда от-

жалынның ортасында жүргендерге демеу жасасақ деген бір ҽрекет қой біздікі… Тұйық, сҿзге сараң, ішіндегісін сыртқа кҿп ақтара бермейтін, салқын қабақты Жұбанның осы бір сҽттегі ақтарыла шығарған жан толқынысын кҿңілшек Исалы жып-жылы елжіреп, тым-тырс тынған сезіммен қабылдады. – Ҽр күнің жылға татитындай мына замандағы тірлікке ердің ері ғана шыдар. Күркіреген, дүркіреген атыс-шабыс қана жоқ демесең, кіл кҽрі-құртаң, қатын-қалаш, кҿк қарын бала-шағамен үкіметтің жауапты ісін атқарудың қиындығы майдандағы арпалыстан бірде-бір кем емес болар-ау, мұны күнбе-күн кҿріп жүрміз ғой ҿзіміз. Аттың жалында, түйенің қомында тірлік кешіп, кҿшіп-қонып малдың күйін күйттеген ел-жұртқа бас-кҿз болған, шаруасының оңғарылуына кҿмек жасап жүрген қызметің ауыр да адал ғой, шырағым Жұбан. Алда-жалда пҽшесті жеңер күн туып, заман оңалғандай кез оралар болса, еңбегің далаға кетпей, ел-жұртыңның алғысына бҿленерсің, соған үміт еткенің дұрыс. Ҿзің секілді жҿн білер азаматтарға ҽл-дҽрмен жеткенше сүйеу болуға ҽлі жарармыз, алла дес берсе, қам жеме оған. Жаратқан ием адал ниетті ақ ісіңді дҽйімде қолдап жүрсін! Жұбан үндеген жоқ, оң қолын кеудесіне басып, жүзіне ұялай қалған мейірім шырайымен ҿзінің алғысты сезімін ұқтырғандай болды. Іргедегі Тұрышқа Жұбанды жібермей, үйіне қондырған Исалы кеш бойы айтылған кҿп ҽңгіменің арасында Тұрыш ишанның мазарын, мешіті мен медіресесін бұзып, тас-кірпішінен, ағашынан штаб басына үй, малшыларға қора салдырмақшы ниеті бар Жарылқасовтан ҿз құлағымен естіген сұмдықты баян етті. – Жарықтық Тұрекең ишан ҽулиелігінің кереметін айтам да, бақилық болып дүниеден ҿтер алдында үлкен ұлын шақырып алып: «Балам, менің бұл фҽниден кҿшетін сҽтім тақалып қалды, үш күннен соң, сҽрсенбіден бейсенбіге қараған күні бақилық болармын, аяқ жетер жердегі

туған-туысқандарға хабар сал, бақұлдасып қалайын» дейді. Ұлы сап-сау жүрген ҽкесінің бұл айтқанына сенгісі келмейтіндей рай танытады. Баласының мұнысын ишан мақұлдамай, реніш білдіріп, соңғы ҿсиетін тағы да қайталайды. «Ҽкеңнің ақырғы сҿзіне құлақ сал, шырағым. Менің енді бұл дүниелік еместігім ақиқат, жаңағы айтқаныма қоса мына сҿзімді де жадыңа ұстап, кҿз жұмғанымнан кейін мойныңа қарыз қылмай, орындарсың. Енді бір жыл ҿткесін, кҿр де тұр, алағай да бұлағай болар заманның есірік дүлей желі ұйтқиды. Сонда «тұрымтай – тұсына, балапан – басына» дейтіндей аласапыран зауалды кез туар. Ҿлінің аруағынан, тірінің обалынан қорықпайтын қызылкҿздер тіршіліктің астан-кестенін шығарар, сондықтан мені елеусіз етіп қана кҿмерсіңдер, ҽйтпесе кҿрімді қазып, тыныштығымды бұзып, рухымды қорлар. Туып, ҿскен жерімнің бір тҿмпешік қасиетті топырағы мҽңгілік жамылып жатар торқам болсын, одан артықтың маған керегі де жоқ. Ал ҿздерің сол зауалды қияметтің бастарыңа үйірілуін күтпей, кҿктемге салым, жер аяғы кеңіген кезде бұл маңнан кҿшіңдер. Бесқаланы бетке ұстаңдар, тіпті болмаса Тескен тау асып, одан ҽрі қарай ҿтіңдер, ҿйтпейінше жан сақтауларың екіталай» деп ҿсиет сҿзін толғамдаған екен. Ҿзі дҽлме-дҽл айтқан сҽтінде фҽнидүниеден озған аяулы ҽкені мҽңгілік сапарына арулап аттандырған ұлдары оның мені елеусіз етіп кҿміңдер деген ҿсиетін ғана орындауға дҽттері жетпеді, ҽруағынан кешірім ҿтініп, басына күмбездеп мазар салады, құлпытас орнатады. Қайтсін енді, бір тҿмпе топырақты жел суырып, ұшырып, ҽке зиратының ертеңгі күні жермен-жексен болатынын қаламаған ғой, адал жүректі перзенттері. Бұл ҽлгі «Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын» деп алды-артына қарамай ұрандаған қызылкҿз дүлей заман, бай мен ҽулеттілер кҽмпескіленіп, елдің бар малы ортаға салынып, баяғы ҽртел, серіктік, колхоз құрылатын жылдардың қарсаңы, жиырма сегізінші жылдың күзі екен. Қалай ҽулие демессің, бұдан соң жұрттың қолында тігерге тұяқ қалмай, қоғадай жапырылып аштан қырылғаны, мүрделері кҿмілмей, мына аспан асты мен жер үстінде, ҽр-ҽр жерде қаңқасы

ағараңдап ақ сүйек болып қалғаны, ал малы бардың ҿткені ҿтіп кетті арғы жаққа, ҿтпегенінің оққа байланып баудай түсіріліп қырылғаны, итжеккенге айдалғаны – сол айтқанының келгені емес пе!? Сол заманды бастан ҿткергеннің бірі менмін, шырағым. Жасҿспірім бала болсаң да, шет жағасын ҿзің де кҿріп қалдың ғой, несін айтайын саған, - деп Исалы ҽңгімесінің осы бір тұсында сҽл күрсініп қойды. – Ия, ел басына түскен сол жылдардың ауыртпалығынан ҿлмей ілдалап тірі қалғандардың бҽрінің де жадында ғой ол... – Жадында болса болар бҽрінің, бірақ анау уҽкіліңнің, қызылкҿз дүлейіңнің жадында ғана дҽнеме де жоқ-ау осы!? О заманда, бұ заман, адам құлағы естімеген мына сұмдық шаруаны ойға алғанына қарағанда, ҽруағыңнан айналайын, Тұрекем айтқан қандыкҿз, арамқол зұлматшының тура ҿзі ғой мынауың. Енді, мінеки, кҿрмеймісің, киесінен қорықпай, тиыш жатқан ҿлі аруақтың мазасын алып, басындағы тамын, қасиеттеп салдырған мешітін бұзуға осы секілді имансыз белсенділер шығып отыр, бұл да – Тұрыш ишанның болашақты айна-қатесіз дҽл болжағанының дҽлелі. Иҽ, құдай, күнҽдан сақта, кҽпірліктен, киесіздіктен сақта пендеңді!.. Исалының қабырғасы қайыса, қынжыла айтқан ҽңгімесін бҿлмей тыңдаған Жұбан ҿткен жолы Жарылқасовтың ҿзіне айтқан сҿзін есіне түсірді. «Сонысын шімірікпестен айтқан екен ғой Исекеңе, - деп ойға қалды ол. – Сірҽ, бұл түріне, мынадай жосықсыздығына, сұм пиғылына қарағанда, оның алған бетінен қайтпайтын сыңайы бар. Ел-жұрттың назарынан қорықпағаны-ау мына кісҽпір сұмның. Ертеңгі күні бұл істі ҿз қолымен істемей, біреулерді бұған итермелейтіні сҿзсіз, сонда, тым болмаса, ҿлі ҽруақтардың киесі мен назасына ұрынармын-ау деген пенделік ой басына келмегені ғой шіркіннің?! Мұндай ой оның басына келмесе, келмегені де рас болар! Аспандап, ҿктем сҿйлеп, халыққа бостанбос үстемшілік кҿрсетуге бейім тұратын мұндайлар түйсігі мұқалғандардың пошымынан ғой. Мұндай істен опа таппайтынын ҽйтсе де

айтып кҿру керек болар, кім білген, бҽлкім, ойына ой түсер, қиянат істі қолға алудан тосылар! Біржола қаражүрек болып кетпеген болар, қанша дегенмен жер басып жүрген ҿзіміздей адам ғой, ақай-тақай түңілуге болмас... Жұбан ертеңіне Жалғызқұдықтағы Исалы ауылынан Тұрышқа осындай оймен аттанып кетті.

- ҮТүн мен күннің ара межесіндегі салқын мен жылымық араласқан ауа ақ сілбір тұманға ұласты. Кҿз кҿрім жердің сұлбасы еміс-еміс себездейді. Таңғы жусаудың алдында, осы бір тұманды қалтарыста ҿз иелегіндегі мама биелерді байтал, тай, жабағыларымен қоса шырқ үйіріп, табыннан бҿлектеніп қалған қара қасқа айғыр Үстірттің шығыс жағын бетке алып үйірді алдыға салып, дүркірей жортуылдап жҿңкіле берді. Бағыты Жемнің оңтүстігіндегі – Ақбота-Сҽңкібай, ҿзінің құлын кезінен бауыр басып, енесінің балдай тҽтті сүтінен бойына нҽр-қуат алып, еркін жайлаған мекені. Алыс Үстірттің маң жатқан кеңістігін жерсінбеген жануардың хайуандық түйсігі бұл ҿңірдің оты мол жайылысына бҽрібір бейімделе алмай-ақ қойды. Еркінен тыс бір күш сол жаққа қарай ырықсыз тарта береді. Үйірін де ҿзімен бірге жосыла қашуға айғырлық сесімен икемдеп алған. Ақ перделі тұман сҿйтіп таңғы жусаудың алдында жылқы шоғырынан шеттеп қияс кеткен қара қасқа айғырдың үйірін жылқышылардың кҿзінен жасырып қалды. Бас-аяғы бір түстік мезгілдің аясында Жемді бетке алып желе жорытқан үйір ҽжептҽуір ұзап кетті. Аракідік қана сай-салалы қалтарыстарда, бұйрат-бұйрат дҿңдердің арасында жайылыстарда азырақ аялдағаны болмаса, бағыт алған жағынан ауытқымай үнемі жүріс үстінде болды. Осындай тосылыс кездерінде Үстірт үстінен басқа маңды шиырлап кҿрмеген, таныс емес жерлерді тосырқап, кісінесіп бұлт етіп шетке шыға беруге икемделген бірер тай,

жабағылардың жосықсыздығына үйір егесі қара қасқа айғыр құлағын жымып, тарпынып сес кҿрсетіп, жҿнге салып қояды. Іңірдегі жусауды үлкен сайдың табанында ҿткізген үйір, сол маңнан ұзамай түнгі жайылысқа асықпай бас қойды. Үдіре жҿңкіліспен қатты желіске жұмсалған күш-қуатты қалпына келтіру үшін бойға нҽр жинау қажеттігін түйсінген қара қасқа айғыр бірқыдыру мезгіл ҿткесін үйірін сҽл байыз таптырды. Бірақ ҿзі барынша сақ қалыптан айнымады. Оқтын-оқтын құлағын қайшылай түріп, тҿңірекке елеңдей қарап, алды-артына мойнын бұрумен болды. Қуғыншыдан да, ит-құстан да сақ болудың керектігін сезінбеске болмайтын еді. Сайдың тереңдеу тұсындағы кемер жарқабақтың басында отырған байғыз құмыға уілдеп шақырады. Түн қараңғылығында шырадай жанған бадырақ кҿздері жақын маңнан жыбыр-жыбыр жорғалаған тышқан сияқты ҽлденені шалып қалды ма, кенет қанаттарын далбаң-дұлбаң қағып ұша жҿнелді. Қара қасқа айғыр басын шалт кҿтеріп, құлағын қайшылап, үркектей түсіп, пысқырынып қалды. Тылсым тыныштықты бұзған түн құсы қанатының үрейлі де жағымсыз сусылынан соң сай табанындағы қалың жыңғылдың ішінен сытыр-сытыр ете түскен дыбыс шықты. Сірҽ, тҿбеден тҿнген жыртқыштан қорғаланып қашқан ҽлдебір ұсақ аң, жҽндіктің жандалбасалағаны болар... Бір ішек құрсағын тоғайтуға жаппай бас қойған үйір мұның біріне де елеңдемеді. Жалғыз Қарақасқа ғана таң бозара бастағанша ҽр дыбысқа үркектеп тыншу таппады. Таң білінер-білінбестен айғырдың айдауымен үйір тағы да үдіре қозғалды. Айғыр бүгінгі жүрістерінің бағытын түзеп, тағы да алға түсіп жол бастады. Бүгін ымырт жабыла үйірімен бірге Жемнің Ақбота-Сҽңкібай тауының тұсына жетіп құлайтынын жануар түйсіктегендей еді. Ҽр кезеңді артқа тастап межелі бағытқа жақындаған сайын ыстық мекеннің ауа-лебі маңдай алдынан желпіне түсіп, Қарақасқаның желісіне желіс қосты...

Бір күн, бір түн жосылған үйірін ҿзіне ынтық мекенге жеткізген айғырға бұл арада кҿп байыздаудың сҽті түспеді. Күн шыға ақ борлы таудың шығыс жақ бауырайынан Жемге құлаған үйірдің соңынан қуғыншы келіп жетті. Қуғыншы Мүсірҽлі жылқышы еді. Оның ҽбден желқақты болып, күнсіп қарайып кеткен бет-жүзі, ҿңінен, кірбиген қабағынан дамылсыз сүргін жүрістен шаршағандықтың табы айқын сезіліп тұрды. Бірақ жоғының бытырамай-шашырамай табылғанына іштей шүкірлік жасап қуанған жылқышының ҿзін осыншама ҽбігерге түсірген тілсіз мақұлыққа деген ызасы демде сейіліп жүре берді. – Ҽй, байғұс жануарым-ай, соншама аласүргін еңбегің еш болдыау! Жерсінбей жүрген Үстіртіңе, Самыңа қайта ораласың енді. Хайт-т, шуу, қане!.. Мүсірҽлі қарына ілген ұзын құрықпен оңды-солды қақпайлап қарақасқаның үйірін келген ізімен кері қарай жосылта айдады.

* * * Сам кҿші Жемнен Үстіртке қарай ҿткен кезден бері жер қарада – мініске, желтоқсанның аяғынан бастап үзбей жегіске салынған қаракҿк айғыр ақпанның аяғына таман кҽдімгідей арып, жүріске сыр алдыра бастағалы Жарылқасовтың Үстірттің оңтүстік-батыс жағындағы ТасастауҚайнарды тебіндеген жылқылы ауылға барып, мұны мініске үйретілген жарақты атпен айырбастау ойында жүр еді, соның реті наурыздың алғашқы аптасында, сҽрсенбінің сҽтіне ауған күні түсті. Тұрыштың басындағы тҿрт-бес жертҿленің бірінде жайғасқан дүкеннің алдына келіп атынан түсіп жатқан жылқышы Жүрсінбайды кҿзі шалып қалды. Жылқы ауылдан таңертең ертемен шығып, ҿздеріне тиесілі қант-шҽй, тұз, жермай сияқты оны-мұныны алып кетуге келіпті. Жүрсінбай – отыздың үстіне шыққан тұлғалы, ірі жігіт. Соғыс басталған жылы майданға аттанып, алғашқы ұрыстардың бірінде басынан қатты жараланып, Қазанның госпиталынан жарамсыз деген қағаз алып елге оралғалы осы Мүсірҽлінің

қасында кҿмекші жылқышы. Басындағы ауыр жарақаттың салдарынан тілқұлағының мүкістігі бар еді. Жарылқасов оған міністік ат керектігін ҽйтіпбүйтіп, қолмен ымдап түсіндіргесін, ол басын қайта-қайта изеп, ұғынғанын білдірді. Жүрсінбайдың дүкенге келген шаруасын сҽскеге жеткізбей тез тындыртқан Жарылқасов оған жол бастатып, жылқылы ауылға қарай тартып кетті. Бұлар Тасастау-Қайнарға шұғыл жүріспен сыдыртып түс ауа жетті. Бас жылқышы, Жүрсінбайдың немере ағасы, алпысты молынан еңсерсе де, ҽдетте кеудесін тік ұстайтын қайратты Мүсірҽлі екі күндей ат үстінен түспей сабылған ұзақ жүрістен титықтаған халде еді. Үйірімен бірге алыс қиянға қашқан айғырдың соңынан кетіп алыс жолдан кеше кештетіп оралған болатын. Наурыздың бас жағында теріскейден қарасуық жел соққан күндердің бірінде табыннан бҿлініп, Үстірттің үстімен жҿңкіле шығандап, Диярдың құмы арқылы Ақбота-Сҽңкібай асып кеткен қара қасқа айғырдың үйірін тҽулік жарым жүріп қайырып ҽкеліпті. Шаруа жағдайын сұрастырып, ҽңгімені жайбарақат бастаған Жарылқасовқа ол осы турасында шағына сҿйледі. – Ҽбден қорлықты кҿрсетіп, ығырымызды шығарды. Ебелегі мен торғайоты, қара жусаны, бұйырғыны мен изені іріп тұрған мына Үстіртті, Тасастауды жерсінбей, ҿзі құлын кезінен жайлаған Сҽңкібайға қарай үйірін қайырмалап, тоқтамастан жосыла жҿнеп безе береді. Алеке, не амал істерге білмей таусылдық, - деді ол күректей алақанын екі жаққа жайып, – Жҽне ҿзі ҽбден ҽккіленіп алған, жылқының таң алдындағы жусайтын уағында, күзеттегі біздің кҿзімізге ұйқы тығылып, шаршап, шалдыға бастаған кезде жылыстап кетеді. Тайлы-таяғымызбен баққанымыз осы қарақасқа, титықтатып бітті бҽрімізді. Ҽрлі-берлі қуалай бергесін үйірінің де арып-жадап, берекеті қашты. Ҽсіресе құлындайтын биелерге қиын, бүйтіп қуалай берсе, кейбірінің іш тастауы да мүмкін…

Мұңын шағып, шаруасының жайын айтқан аңқылдақ Мүсірҽлінің ойында дҽнеңе жоқ еді, Жарылқасов түлен түрткендей ашуға басып, баскҿз жоқ, оған дүрсе қоя берді. – Шаруаға қырсыздығыңды бүркемелегің келе ме, неменеге сарнап отырсың маған!? Табындағы бір айғыр қашаған болса, ұйықтама, ас-су ішпесең де, күні-түні ат үстінен түспей бақ! Кҿзге ұйқы тығылған кезде қашады дейді, неге ұйқы тығыла береді кҿзіңе?! Яғни, ҿзіңе сеніп тапсырылған жұмысқа атүсті қарайсың деген сҿз!

Осындай қырсыздығыңды мал екеш мал да біліп алған ҽні, сенің қалғып-шұлғып жүрген кезіңде кҿзіңнен таса болады екен. Мемлекеттің малына бұлайша жауапсыздықпен қарауға саған кім право берді, осыдан бір тұяқ кҿзден таса болып, бір бие іш тастайтын болса, басыңмен жауап бересің, түсіндің бе?! Қаперінде ештеңе жоқ, шаруа жағдайының ретінде шағынып айта қойған оның ҽлгі сҿзі ҿзіне қарадай бҽле болып жабысты. Мұндай тосын ҽрі ҿктем де ызғарлы мінезді күтпеген, бір адамдай адуындығы бар Мүсірҽлі қапелімде абдырап қалды, ия ақталарын, ия кешірім сұрарын білмеді. – Апыр-ай, енді, Алеке, сҿздің былай... енді, ҽлгі... реті келгесін айтылған жҽйт еді, ҽйтпесе жылқы малын бағудың қиыншылығын кҿріп келе жатқанымыз бұл бір емес қой… – Мен сенен қандай қиындық кҿріп жатқаныңды сұрағалы келгенім жоқ! - деп кесіп тастады Жарылқасов. – Қиындықты кім кҿрмей жүр қазіргі күні?! Қыруар малдың қыстан шығынсыз шығуын ойлап, жар құлағымыз жастыққа тимей, ат үстінен түспей сабылған менің де шекемнің шылқып жүргені шамалы. Содықтан қиыншылық деген сҿзіңді доғар, білдің бе?! Екі бетінің ұшы томпия бұлтиған, ақсары ҿңді Нұрғайша күйеуіне бастықтың ҿкірең, үстем мінез кҿрсете сҿйлегенінен ішін жиып қалды. Күйеуінің шамшыл кілтетпесін білетін ол, сонысы ұстап қалмаса жарар еді

деген қауіппен оның жүзіне жалтақ-жалтақ қарағыштай берді. Мүсірҽлі бірақ сыр бермеді, бірер ырғала түсіп, отырған орнында сҽл-пҽл қозғалақтағандай болды да, тырс деп тіс жармады. Ашуынан қайтып, бастықшыл ҿктемдігі саябырлағандай болған Жарылқасов та одан ары бұл жҽйттің тҿңірегіндегі сҿзді ҿрбітпеді. Шҽй ішіп жайланып, арқа-басының құрыс-тырысы жазыла бастағасын ол: – Жылқыларың қалай, ит-құс мазалап тұрған жоқ па? - деп, дастарқан шетінде үндемей, моп-момақан жуасып отырған Мүсірҽліге кҿз қиығын тастап қойды. – Ҽзірге мазалап тұрған жоқ, тап қазір мезгіл қасқырлардың ұйлығысып біткен уағы ғой, бұл кезде жылқыға шаппайды бұларың. Оның үстіне биыл қыс жылы болғасын ба, Қарақұм жаққа аумай қалған киіктердің де қарасы ҽжептҽуір сияқты, мына ақпан орталанғанша қорегін солардан айырды білем, ҽйтеуір қандауыз жыртқыштың жылқы табынына жолағаны байқалмады. Тіпті тҿңіректеп жорытқан ізін де кҿрмедік. Ҽдетте жылқының жусаған кезін аңдып, аннан-мұннан тімісіктеніп ұбап-шұбап жүруші еді... Бастықпен шаруа жайында тіл қатысудың үстінде тағы да аңдаусыз артық-ауыс бірдеме айтып қоюдан жүрегі шайлығып қалған Мүсірҽлі қатал ұстаз алдында мүлтіксіз жауап беруге барын салып тырысқан шҽкірттей ҽр сҿзін нақпа-нақ шегелеп айтты. – Е-е-е, онда дұрыс екен-н! - деп даусын соза түсіп, кеудесін шалқайтқан Жарылқасов оның жауабын мақұлдағандай, ҿзінше тоқмейіл сыңай танытты. – Шҽй ішіңіз, Алеке! - деп Мүсірҽлі оның босаған кесесіне қолын созды. – Нұрғайша, аққұманыңның астындағы қидың шоғын жаңаласаңшы ҽкеліп... – Бой жылытар басқадай ащы-тұщы бірдемең болмаса, қара суыңды қашанғы қотара береміз, жарар енді! – Кеудесін керіп, қолтығындағы құс кҿпшікті шынтағымен мыти жаншып шалқая түскен Жарылқасов

Мүсірҽлінің қонақжайлығына оншалықты риза болмай отырғандай дүңк ете түсті. – Ана мылқауың штабтың басындағы дүкеннен ҽлгі бір ҽзірде оны-мұны алып жүрген сықылды еді ғой?.. – Бар ғой, шүкір, екі-үш кҿкмойын, еттің үстінде құярмын деп отырғам, Алеке!.. – Етте де кҿрерміз бұйыртса, ҽкел, құй қазір, аз-мұз мұздап қалғанмын ба, бойым жылымай отыр... – Ол тоят тілеген аш жыртқыштай бірер жұтынып қалып, кҿз жанары жылт-жылт ойнақшып кетті. – Құя бер!.. Мүсірҽлі ҽйеліне бұрылып, қонағының сұрап отырғанын ҽкел дегендей ым жасады. Қырлы стақанның түбін қағып, мҿлтеңдете құйылған арақты бір-ақ кҿтеріп жұтқан Жарылқасовтың ҿңі бал-бұл жанып шыға келді. Сҿзінің де реңкі ҿзгеріп сала берді. Үнсіз ішілген тағы екі-үш стақаннан соң ҽр сҿзін ыңырана айтып отырған бастық тілінің тиегін ағытты. – Ҽй, Мүсірҽлі, мен адам танысам, осы тҿңіректегі жұрттың ішінде сен ала-бҿтен сияқтысың осы, тҽуірлердің санатынансың. Ісіңе мҽттақамсың, бағып отырған малыңның жҽй-жапсарын, жағдайын толық білесің, шаруаға жаның ашиды. Солай ма? Айтып отырғаным дұрыс па?.. Неге меңірейесің? Ҽлде бұрыс айтып отырмын ба?.. Үндемейсің, шетіңнен мылқау болып кеткенбісіңдер!? Мүсірҽлі бұған не десін, иығын кҿтеріп, қыбыжықтай берді. Ҿзегін ҿртеген арақтың желіктіре бастаған қызуымен ҿзіне қатысты айтылған оның ерсілеу ҽрі құрдан-құр, бос мақтау сҿзін жоп-жорта мақұлдауға ыңғайсызданды. Нұрғайша құйқылжи тҿгілтіп сҿйлеп отырған бастық қонақтың ара-кідік үнін құбылта қатайтып, күйеуіне ҿктемсуге бейімделген сыйқынан тағы да абыржып, мазасыздана бастады. «Апыр-ай, мына кісінің ішкеннен кейінгі сыйқы сау жүргендегісінен де бетер болар ма екен? Біздікі де міз бақпастан қылқытып отыр қалыспай, мынаның

ҽлдеқалай жосықсыз бір сҿзі қитығына тиіп кеткендей болса, түлені түртіп шыға келмесе неғылсын?..» Мүсірҽлі ҽйелінің демде ҿңі қуқылданып, мазасыздана бастағанын қабағынан сезді де, Жарылқасовтың кҿзін ала бере, оған басын боларболмас изеп, «бҽрі орнында, құрдан-құр қыбыжықтай берме» дегендей шырай танытып, тыныштандырып қойды. Самның ойдағы-қырдағы бүкіл тірлігі ҿзіне қарап тұрғанын тіліне тиек етіп, ҿңкілдей сҿйлеп біраз жерге кҿсілген Жарылқасовқа бір қырын отырған Мүсірҽлі анда-санда басын бір изеп, мақұлдағансып үнсіз тыңдаумен болды. – Самдағы осы мал қыстату жұмысының қаншалықты маңызды екенін ҽлі мына жұртың сезініп жүрген жоқ. Ҽйтеуір құмның ішіне келіп, малды жайып, қыстап шықсақ болды деген пиғылдан арылмай жүргендер қаншама? Осының бҽрін бір қолда былай ұстап... ия, былай тас-түйін етіп ұстау, жұмыс істете білу оңай шаруа емес. Соның бҽрін мына мойынмен кҿтеру керек, мойынмен, естіп отырмысың?.. Айналып келгенде, барлық іс бізге, яғни мына отырған маған тіреледі, естіп отырмысың, а?.. – Естіп отырмын, естіп отырмын... – Естісең солай, жолдас Мүсірҽлі! Анау-мынау басқа сҿзіңді, қиын-пиын дегеніңді мен естімейтін болайын... Ҽрі дамылсыз ішіп, ҽрі мылжыңнан жағы талған Жарылқасов түннің бір уағында ҽбден масайып барып қылжиды. Түні бойы қорылға басып, тұяқ серіппестен қатты ұйықтаған ол таңертеңгісін сол мол ұйқыдан беті домбыға божырап оянды да, бір-екі кесе ғана шҽй ішіп Мүсірҽлімен бірге жылқыға кетті. Меңзіген басы ақпанның жұмсақ, таза ауасынан тез сергіген ол ҽлгі қашаған қарақасқа айғырдың үйірін табыннан бҿлектеп, Жүрсінбайға қайта-қайта қайырмалатып, арнайы кҿріп шықты. Омырауы биік, тоқпақтай кекілі маңдайындағы қасқасын түгел жапқан, тұрпаты ұзындау, тұрқы ірілеу келген айғыр ұзын мойнын бірде тҿмен салып, бірде доғаша

иіп алып, басын сілкіп тастап, үйірін шырқ айнала желіп бүлкіл қағады. Құлақтарын жымып-жымып қояды. Желісі желең емес, аяқ тастасы шымыр да қажырлы, қай жағынан қарасаң да бар түр-тұлғасы келісті айғырға Жарылқасовтың кҿңілі қатты ауды. «Мына астындағы қаракҿкті осыған айырбастаса қайтеді?» деген ой бір сҽт жылт етті. Арқасы ерден босамай, жауырланып, қара тұғыр кҿнбістікке икемделе бастаған қаракҿктің, қанша дегенмен айғыр деген аты бар емес пе, қарақасқаның еркектік мінез кҿрсетіп, үйірдегі бие, байталдарды қайырмалағанына жалын тікірейтіп, құлақтарын қайшылап, үстіндегі иесінің тізгінді тарта ұстаған тегеуірінінен босанғысы келгендей, оқыранып кісінегісі келгендей, басын ҽлсін-ҽлсін жұлқып-жұлқып қойды. Қара күзден бері дамылсыз мініске салынып, айғырлық, үйірбасылық адуынынан қара жазып, жуасып қалғаны болмаса, қаракҿктің де нағыз үйірдің айғыры екенін Мүсірҽлі бұның тыпыршып, оқыранғанынан жазбай таныды. Жарылқасов қолын сҽл-пҽл ғана кҿтеріп, Жүрсінбайға жарар енді, үйірді бостан-бос қуалай берме, тоқтат дегендей белгі жасады. – Қарақасқаң қалай ҿзі, мініске үйретілген бе?- деп сұрады оң жақ қапталына үзеңгісін қағыстыра ҿзіне тақау кеп тұрған Мүсірҽліден. – Мініске де, жегіске де қашаннан салынып жүрген айғыр ғой, бірақ басына жүген салынбағанына биыл екінші қыс.Содан бері, міне, үйірге түсіп, ҿзінің нағыз айғырлық бабында жүр. Табындағы үлкен үйір осыныкі, ҽр биені қызғыштай қоритын қызғаншақтығы да, шақарлығы да жетерлік мінезді, қажырлы айғыр. – Ол Жарылқасовтың бұл сұрақты тектен-тек қоймағанын аңғарғандай сыңай танытып, оған сауалды жүзбен кҿз тастады. Жарылқасов лҽм демеді. Қаракҿкті бүйірден тебіне түсіп, жылқының арасына қарай ендей кіре берді. Алая түскен екі кҿзінің сұғы – үйірін шырқ айнала үйіріп, қорғаштай қорыған қарақасқада. Мүсірҽлі атын ілбіте бастырып оның соңынан үнсіз ілесе берді.

– Қалай ойлайсың, мына менің қаракҿгім қарақасқаның үйіріне бірден түсіп, алып кетер ме екен? – Ол қаракҿгінің тізгінін сҽл тартыңқырай ұстап, Мүсірҽліге сұраулы кейіппен кҿз қиғын салды. – Үйірге түсіп жүрген айғыр сияқты ғой ҿзінің түр-сипатына, тыпыршуына қарағанда, алып кетер деп ойлаймын. – Ол Жарылқасовтың ҽлденені ойға алған қас-қабағына барлай қарады. – Бірақ алдымен бұл неменің басын – ноқта-жүгенге, арқасын ерге үйретіп дегендей, бірер күн осы жерде біразырақ ащы терін алып, арындаған екпінін кішкене басықтыру керек болар… – Ҿзіңді ҽбден ығыр қылып мазаңды алған қашаған қарақасқадан оңай құтыларыңды ойлап, ішіңнен қуанып тұрған боларсың-ау, ҽ? – Ол мысқылды суық жымиыспен бұған кҿзін аларта бір қарап қойды. – Жоғ-а, Алеке, о не дегеніңіз!? Қарақасқаны мініске түскен бе деп сұрағасын айтып жатқаным да. Ҽйтпесе табынға сесті де мінезді мұндай айғыр артықтық етпейді. Ит-құс та маңына жолауға сақтанып, аулақ жүреді. Іштен бүгіп ойлар ондай ойдан аулақпын, Алеке, ҿзіңіз сұрағасын мҽн-жайын бүкпесіз айтып жатқаным ғой... – Ҽ, «айтып жатқаным» дейсің бе, «айтып жатқаным?..» «Айтып жатсаң», ұстат кҽні онда, кҿрейік ҽуселесін мықты неменің. Үйірін қаракҿкке ҿткізейік... Қаракҿк иесінің емеурінін хауандық түйсікпен байқастап тұрғандай, осы бір мезетте басын шұлғып-шұлғып қалып, тізгінді жұлқып-жұлқып қойды. Мүсірҽлі қолын бұлғап, Жүрсінбайды қасына шақырды да, қарақасқаға бұғалық сал дегенді ымдап түсіндірді. Жүрсінбай шумақтап ердің басына байланған, қылдан есілген бұғалық арқанды қарына іліп алып, астындағы жұлқынып тұрған шабдар бестіні тебініп қалып, ытқи жҿнелді. Үйірінің шетіне қарай шығып, айналсоқтай берген қарақасқа бұғалық ҿзінің мойнына ілінеді дегенді қаперіне алмаған болуы керек, қыл

шылбыр кҿзді ашып-жұмғанша қылта тамақтан шалт ілініп тұзақталғанда, оқыс шыңғырып, жойқын пҽрменмен жұлқына шегіншектеп, тҿрттағандап мҿңкіп-мҿңкіп түсті. Бұғалық бауының ұшын заматта тақымына бір бұрап ҿткізіп алып, бар күшімен шірене тартқан Жүрсінбайдың темірдей тегеурінді қайраты қарақасқаның бұдан артыққа шамасын келтірмей, демде тапжылтпай тастады. Делеңдеп пыр-пыр еткен қос танауынан бу атқып, қылғына ышқынып, алдыңғы аяқтарын жерге тік шаншыған айғыр ҿктем еркіндігінің қыл арқанның тұзағына біржола түскенін бір-ақ білді. Тымтырақай бытырай шапқылап, үдіре жҿнеліп барып, содан соң анадай жерде құлақтарын қайшылап, заматта болған мына опай-топай жанталас кҿріністен оқыс үркектеп тұрып қалған үйірінің қазіргі сҽтте оған септесер ешбір дҽрмені жоқ еді. Жүрсінбай бұғалықтың қыл шылбырын қысқарта тартып, қарақасқа айғырдың кеспектей басын қыл арқанмен ноқталап байлап алып, ілкімдегідей ытырынбай, азырақ пҽсейіп қалған жануарды жетекке алды. Ноқталанып, жүгенделіп, арқасына ер салынған айғырды жуасытып, басықтырмақшы болған Жүрсінбай сол күні Тасастаудың тҿңірегінде оның арқасын босатпай бір ҽудем уақыт мініске салып, біресе құйғыта шауып, біресе кҿсілтіп сар желісікке салдыртты. Ҽйтеуір аяқ суытуына бір мұрсат та дамыл бермеді. Мойылдай сұңғақ мойны, жайпақ саурыны малшынған терден қап-қара болып жылтырады. Жүген сҽл тартылса, ауыздығын қаршқарш шайнаған айғыр басын қатты-қатты шұлғып, шабыстың қызғын тоятын ҿз ырқымен тілегендей болады. Бір кездері басынан кешірген, ұмытыла бастаған тірлікке тосырқаңқырай, үркектей түсіп, бас тартқызбай ытырынып кетуге шақ тұрған айғыр еріксіздікке, қақпайға біртін-біртін бой үйретіп келе жатқандай ыңғай таныта бастады. Ҽрі-беріден кейін айғырды ҿз еркімен кҿп арындатпай, Жүрсінбай тізгінін қысқартып,деміл-деміл тартыңқырап, екпінін іркіп отырды. Басын шұлғып-шұлғып алып, оқыранған қарақасқа айғыр мұндай қақпайлауға

ҽсте кҿнгісі келмей, «тізгінді босат, шабысымды тежеме» дегендей,оқтыноқтын жұлқынып қалады. Жүрсінбай тізгін ұстаған қолының тегеурінін аздап босатса, жануардың желісі тағы да екпін ала бастайды. Маңдай алдынан ұрған жел құлақ түбінен гулей жҿнеледі. Жүрсінбай қостың іргесіне тақап келіп тізгінін іріккенде де айғыр бұлтыңдап, ауыздығын қарш-қарш шайнап, оқыранумен болды. Ҽудем уақыт бойы толымды, қызу жүріске салынудың қарымды қарқынынан ҽбден бусанған қарақасқаның қаз мойыны, қара саурыны қалың терден одан ҽрмен мақпалдай болып қоюланып тегіс жылтырай түсіпті. Айғырдың міністік бапта тұрғанына кҿзі жеткен Жарылқасовтың кҿңілі тоғайып тұрды. – Ҽп, бҽрекелді! Бабында екенсің! - деді ол айғырдың ҽбден тер жуған жып-жылтыр мойнынан сипап тұрып. – Енді сенің сүргін екпінге шыдас берер осы қара күшіңді, арыныңды құмның ішіндегі жүріске салып кҿрсек, қалай болады, ҽ!? Шыдаймысың?! Ҽрине, шыдайсың. Шыдамай кҿр осыдан, арқаңды күнұзағына ерден босатпай шаңыңды қағып алармын!.. Қарақасқа айғыр қарасүрік тысты ішік киген жат кісінің сұп-суық алақанынан ба, ҽлде ҿктемсіген дауыстан ба, ҽйтеуір тосыннан үркектеп, алдыңғы оң аяғымен жер тарпып, бір орнында шыр айналып, тыпыршып тұрды. – Алеке, Жүрсінбай ертең де жуасытыңқырап, адуынын тағы да біразырақ басықтырсын, қанша айтқанмен екі жылдай басына жүген тимей, құр жүрген неме, шалыс мінез кҿрсетіп қалып жүрер, - деді Мүсірҽлі айғырдың ҽлі де болса үргелектеу, тосыраңқы қалпына барлай кҿз тастап. – Жуасып қалған тҽрізді, мініп байқайық алдымен, болмаса кҿрерміз. – Жарылқасов оның айтқанына бірден кҿне салғысы келмеді. – Қане, басын мықтап ұстап тұрыңдар мен үстіне мінгенше, үзеңгіге аяқты бір іліктірсем болды ғой, ар жағында тыпыр еткізбеспін. Кҿрейін сонан кейін

бұл асауыңның ҽуселесін, тізгіннің ұшын қысқартыңқырай, міне, міне, осылай тапжылтпай ұстаңдар!.. Мүсірҽлі жүгенді қос қолдап, ауыздыққа жақын жерден мыти ұстап, қарақасқаның басын кегжите, тапжылтпай тартып тұрды. Жарылқасов «ҽуп» деп ҽупірімдеп, сол аяғын кҿтеріп, құрым етігінің басын үзеңгіге салуға ыңғайлана бергенде айғыр бҿксесін кілт бұрып, артымен айналып кетті. Осылайша орнында тыпырши, байыз таппай айналып, үзеңгіге оның аяғын іліктірмей ҽуреге салды. – Қайтеді-ай мына малғұн! - деп кіжінді Жарылқасов. – Үстіңе бір жайғасып алсам, кҿресіңді кҿрсетер едім, бҽлем!.. – Тҽк, тҽк, жануар, тҽк, тҽк!.. – Мүсірҽлі жүгенді сол қалпы тегеуріндей ұстап тұрды. – Бұл болмайтын іс, Алеке! Мынау безбүйрек сізді тосырқап, жатсынып үркектеп тұр… – Болады! Болғанда ҽдемі болады! - деді ол ашудан қызара бҿртіп. – Тыпыршытпай, тапжылтпай табандатып ұста, қане!.. – Тосырқағанды, жатсынғанды кҿрсетейін бұған!.. Жан-дҽрмендеп бір кезде үзеңгіге аяғын іліктірген ол бір қолымен ердің басын ұстап, ауыр денесімен ҽупірімдеп кҿтерілем дегенше айғыр кілт жұлқынып, ытқып кетті де, Мүсірҽлі тегеурінді қолы жүгеннен заматта ажырап қалды. Мінер жақ үзеңгіге аяғын салып, кҿтерілуін кҿтерілгенімен, ерге қапелімде жайғасып, орныға алмаған Жарылқасов тепе-теңдікті сақтай алмады, оң аяғы екінші үзеңгіге дұрыс ілінбеді де, бір қырындай бұлт етіп оқыс ыршып, ытып кеткен айғырдың оң қапталынан ҽрі ауып, жерге анау-мынау емес, зор салмағымен қатты құлап, жамбасынан жалпаң ете түсті. Таңертеңнен бері бас еркінен айырылып, адам қолының тегеурінді ырқына еріксіз тұтқындалған қарақасқа айғыр жұлқа тартылған тізгіннен, тыпыр еткізбес тежеуден босағасын сытылып жҿней берді. Ұзын, түп-түзу аяқтарын кҿсілте тастап, еркін сар желіске салған жануар ендігі мезетте басын шұлғып-шұлғып қалып, оқырана кісінеп алып, ҿзінің үйірі қалған

жылқы табынына қарай құйындай ұшып, құйғытып бара жатты. Бүгінгі, таңертеңнен бергі дамылсыз шабыстан ҽлі суынбаған, қызуы басылмаған ол екпінін үдеткеннің үстіне үдете түсті. Дала қиырының кең еркіндігіне бойы үйреніп, соған ҽбден етенеленіп айғырдың қазіргі діттегені – үйіріне тезірек жетіп, табысу еді. – Кетті анау! Жүрсінбай, қайыр бері, ұста! Ұста, Ұста! - деп айқайға басқан Мүсірҽлінің қатты құлап, есеңгіреген Жарылқасовқа да қапелімде кҿңіл аударуға мұршасы болмай абдырап қалды. Қатқыл жерге бір жамбастай, екпінмен құлаған Жарылқасовтың қалың бетінің бір жағын жусанның қатты түбіртегі сыдырып түсіпті. Орнынан ауырсынбай тұрғанымен, сол қас-қағымда басы зеңіп, кҿз алды қарауытқандай болғасын, шайқалақтап барып бір-екі аттады да, тізерлеп отыра кетті. Қарақасқа айғыр Жүрсінбай ҽні-міні деп атқа қонғанша қара үзіп, ұзап, қайыру берместен табынға қарай тартты. – Алеке, ойпырым-ай, ҽйтеуір, аяқ-қолыңыз сау ма, қатты құладыңыз-ау! – Мүсірҽлі оны қолтығынан сүйеп орнынан тұрғызуға ҽрекет жасады. – Жерұшық жасайық, жерұшық, етіңіз ауырып қалған шығар, ауыртпалығын жер кҿтерсін… Ҿңі қан-сҿлсіз бозарып, абыржулы күйге түскен Мүсірҽлі дереу Жарылқасовтың құлаған жерінен тырналап алақанына топырақтың боларболмас жұғынды шаңытын алып, "біссіміллҽ, біссіміллҽ!" деп оның басынан үш рет айналдырды. – Жҽ, жетер енді. Доғар, бақсылық-құшнаштығыңды! - деді Жарылқасов зілді үнмен. Орнынан тұрып, үсті-басын қаққыштап, қаракҿл елтірісінен тігілген құлақшынының маңдайлығын түзеп қайта киді. – Ұстап ҽкеліңдер дереу нағілет атқыр ана хайуан немені, ҿзінің сазайын жақсылап тұрып беру керек! Мал емес, түздің жабайы аңы болып кеткен тҿрт аяқты тағының ҿзі екен ғой нағыз! Жынын қағып, жанын жҽһаннамға жіберейін!..

…Арқасы ерден босаған қаракҿк қарақасқаның үйірін салғаннан иемдене алмай, бҿлініп шет қақпайлай берген бірер қулық бие, қысырықтар мен құнаншығарларды қуалап, тістелеп, мама биелерді омырауымен қағып, деміл-деміл алдыңғы аяғымен жер тарпып, оқырана кісінеп дегендей, ҿзінің айғырлық сесін кҿрсетумен ҽлек еді. Кҿсем болудың, басшы болудың қиын қаракетін бір кездері үйірді шырқ айналдыра білген сақа айғырға енді қазір қайта бастау оңайға түспеді. Ҿзін онша бір мойындағысы келмей, елкеу-селкеу пышырап немесе ҽлсіз де болса қарсылық кҿрсетіп қиқарлана берген жаңа үйірге күштілігін, қайтпас еркі мен жігерін кҿрсете білуі керек-ті. Міністік кҿлік болу дағдысынан, біреудің шаужайлауында, тізгін-еркінде болған бағыныштылық қалпынан бірден үстемдікке, ҿктемдікке ауысу ҽрекетін қаракҿк батыл бастай алмағанымен, табиғи түйсігі қанын қыздырып, жалы күдірейе түсті. Үйір түс ҽлетіне қарай оның ырқына мойынсұнғандай ыңғай кҿрсетіп, саяқтана берген бірен-сараны болмаса, жайбарақат тебіндей бастаған еді. Тебіндеуге оншалықты ден қоймаған қаракҿк басын жерге сирек-сирек қана иеді де, құлағын қайшылап, деміл-деміл оқырана кісінейді. "Ендігі жерде кҿсемдерің – мен, біліп қойыңдар!" дегендей бытырап тебіндеген үйірдің шетін бір мезет орағытып, мойнын тҿмен салып, құлағын жымған күйі желе-жортып ҿтеді. Оның бұл қожайындық жаңа тірлігінің шырқын ышқына кісінеп, үйіріне мойнын тҿмен иіп, желе-жортып, алқын-жұлқын қайтып оралған қарақасқа айғыр бұзды. Ҽ, дегеннен қаракҿкке дүрсе қоя берген ол мұны омырауымен қаға-маға ызғып ҿтіп, кілт бұрылып, тура маңдайды бетке алып, қарсы шапшыды. Алдыңғы қос аяқпен қатты серпісіп, екі айғыр бірін-бірін құлақ шекеден мыти тістемекке ҽрекет етісті. Ішін тартып ышқына қиқуласып, кісіней шыңғырған екі айғыр ҽбден қанжоса болғанша опалаң да топалаң қырғын майданға түсті. Басын құрсаулаған жүген, азуына қарш-қарш тиіп, езуін қайзалаған темір ауыздық қарақасқа айғырға қарсыласының жалына мыти ауыз салуға

кедергі жасады. Ал қаракҿк болса тістесіп, шайнасудан ҿзінің есесін жібермеді, қара қасқаның құлақ шекесінен, шоқтығынан бірер мҽрте опырып шайнап түсті, бірақ омыраумен ұрғыласып соғысуда, алдыартымен тебісуде қарақасқаның екпіні одан басым еді. Бір-бірімен алапат айқасқа түскен айғырлардың бұл тҿбелесіне Жүрсінбай мен Мүсірҽлінің ұзын құрықтарын серпіп, екі жақтан кҿрсеткен қыспағы да араша бола алмады. Ақыр соңында қыл-арқан бұғалық қарақасқаның мойнына қайта ілінді де, билік үшін күрестің қан майданында ол амалсыз жеңіліске ұшырап, тізе бүгуге мҽжбүр болды. Қыл арқанның тұзағы оны қайтадан қармауына түсіріп, бұл жолы тіпті аяусыз қылғындырды. Жеңу үшін, билігін қайтару үшін адуындап арпалысқан айғыр ҿзінің бас билігі адамның ҿктем қолында екенін хайуандық түйсігінен заматта ада-жұда шығарған болатын, енді, міне, сол тегеурін шыбын жанын кҿзіне кҿрсетіп, қылта тамақтан буындырып, демін тұншықтырып барады. Билік емес, ҿмір сүрудің, тірі қалудың тҽттірек екендігін сезіндіріп барып, мойнын босатқан қыл арқан басына қайта ноқталанды. … Жарылқасов Мүсірҽлінің дара ауыз мылтығын үйден алып шығып, қарақасқаны жетекке алып келе жатқан бұларды жертҿледен былайрақта күтіп тұрған еді. Оның нені ойға алғанын Мүсірҽлі білді. Аттан түсе салысымен: – Ойбай-ау, Алеке, бір ашуыңызды қиыңыз, тілсіз хайуаннан бұлайша ҿш алғаныңыз қалай, естір құлаққа жат нҽрсе болмай ма?! Оның үстіне үкіметтің малы емес пе сұрауы, есебі бар!? Сабыр етіңізші азырақ,- деп шыр-пыры шыққан оған Жарылқасов ызғарлы кейіппен қатулана қарап, қолын бір-ақ сілтеді. – Бұл тағы немең мал болып жарытпайды. Үйірге енді қайта салсаң, бір күні бүкіл бір үйір жылқыңнан айырылып қаласың, мініске де жарамсыз екенін жаңа кҿрдің ғой, жазым ете жаздады, - деді ол қолындағы оңтайлай ұстаған дара ауыздың шүріппесін қайырып. – Мұның құны –

мына дара ауыз мылтығыңның жалғыз оғы. Үкіметтің малы болса болсын, сен емес жауапты болатын, ҿзім жауап берем! Бұл жердегі үкіметің – мына мен, білсең. Тантымай, жҽйіңе тұр, былай! Жанашыр бола қалуын қара мұның аяқ астынан!.. Бұдан арғысы қас қағымдай заматтың арасында болды да тынды. Жарылқасов осқырынып, танауынан пыр-пыр бу атқылап тұрған айғырға оқталған дара ауызды кҿздей кезеп, шүрппені быртық сұқ саусағымен басып қалды. Мылтықтың оқыс гүрс етіп атылғанынан тып-тыныш тынған айнала қас-қағым сҽтте жаңғырығып кетті. Қора маңынан ҽріректен бір топ қараға қарқылдасып, далбаң қаға албаты үрки ұшты... Құлақ шекеден дҽлдеп тиген оқ қарақасқаны сол тұрған орнынан тыпыр еткізбей, морт сұлатып түсірді. Самсоз болып состиып-состиып қалған Мүсірҽлі де, Жүрсінбай да қолдан келер дҽрмендері жоқ, амалдары құрып, мына сұмдыққа араша тұра алмады. – Ҿзі жардай боп семіріпті, кҽні бауыздап, адалдаңдар! - деп бұйыра сҿйледі Жарылқасов. – Етін ҿлшеп, есебін қағаздап, хаттап, Тұрыштағы сарайшыға ҿткізесіңдер, еңбеккүндерінің есебінен қойшыларға таратып береді. Мҽре-сҽре боп қызылдап қалсын байғұстар!.. Қарақасқа айғырдың үкімін үкімет-Жарылқасов біржола осылай кесіп тынды. Мүсірҽлінің жылқысынан жарау, ҽрі жуас тор тҿбел атты ұстатып мініп, ол сол күні Тұрышқа қайтып кетті.

- ҮІ - Жұбан штаб басында Жарылқасовпен кездескенде оның жазда құрылыс жұмысын жүргізуді ойға алған шаруасының тҿңірегінде мҽселеге қатысты Самдағы ел-жұрттың кҿңіліндегі қобалжулар туралы айта отырып, бұл істі бастауды бұзылатын зираттардың есебінен емес, ҿзгедей бір амалын табу жҿнінде ойласуды мақсат еткен еді. Бірақ екеуінің арасындағы ҽңгіме Тасастау-Қайнардағы қара қасқа айғырдың ҿліміне

байланысты жҽйттен басталып, ҽ дегеннен сҿз қақтығысына ұласты да, Жұбанның ҽлгі ойға алған ақылдасу шаруасы жҿніне қалды. Ҿз қолымен жасалған бұл ҽрекетті Жарылқасов беті шімірікпестен, үлкен бір шаруа тындырғандай ғып мҽлім етті. Бүкіл үйірін алдына салып, екі күннің бірінде Жемнің оң жақ тұсындағы Ақбота-Сҽңкібайға қарай қашып, жылқышылардың тыныштығын кетіріп жүрген есірік айғырды ҿз қолымен атып тастағанын, ҿйткені бұның ҿзін жазым қыла жаздағанын тҿндіре айтқан ол одан түсіністік, мақұлдау күткен еді. Бірақ Жарылқасовтың күткеніндей болмады. Қатты түйіліп, іштен тынған Жұбанның ҿңі күреңітіп кетті. Түптеп келгенде малға жауап беретін ол емес, бұл, мұндай шектен шыққан басбұзарлық еркінсуге қалайша шыдамдылық кҿрсетуге болады, тілінің ұшына оралған оқыс сҿздерді кҿмейіне барынша құмықтырғанымен, ҽбден піскен ашудың зілін жасыра алмады. – Тоқты-торым емес, жылқыдан жардай бір айғырды жҽне анаумынау емес, тұқымы жақсы айғырды ҿзімбілемдікке салып бұлайша тектен-тек шығындауыңызды жҿнсіздік демеске лажым жоқ. Судың да сұрауы бар, ертеңгі күні ҽр малдың шығынына есеп беретін сіз емес, мен. Шығын болған малдың есебін аудан басшылары менен сұрайды, сонда не демекпін, айтыңызшы?! – Жолдас Айжарықов, сеніңше мен бұл жерде ҽшейін салбақтап жүрген біреумін бе?! Аузыңнан шығатын сҿзіне есеп беріп, байқап-байқап сҿйле! Бұл жердегі аудан – менмін. Самдағы малыңа да, адамыңа да жауап беретін сен емес, мына мен. Осыны білетін уақытың болған жоқ па сенің?! Неменеге еліресің жҿн-жосықсыз!? Азын-аулақ билігім бар екен деп құрдан-құр есіре берме, Айжарықов жолдас! Ҽйтпесе сенімен басқа жерде басқаша сҿйлесуге тура келеді! – Жарылқасов ҽ дегеннен қатты-қатты айтып, ашуы бірден шалт ұстап, булығып, ҿңі сазарып кетті. – Сенің де Самдағы тындырған шаруаңды кҿріп жүрмін. Жұртты жамыратып жҿніне жібергенсің, ҽркім ҿз білгенін істейді. Басшы бар, айтқанына құлақ

салайық, жҿнімен берілген бұйрығын орындайық деп жүрген бір жан жоқ. Ҽрқайсысы ҿзінше жатқан бір қожайын. Сондай малшың мен малыңның түрі анау, қора-қопсысыз, үйсіз-күйсіз. Айтшы қане, не тындырып тастадың соншалықты? Енді, міне, бір айғыр шығын болды деп шырпырың шығады кеп!.. Ҿз білгеніңмен жүретін мықты басшы болсаң, табыннан тұтастай бір үйір жылқысын жоғалтып, соны сабылып іздеп жүрген Мүсірҽлі сияқтылардың жағдайын неге білмейсің?.. Ҿзіне Жұбанның іштей ұнатпай, қыңырая қарайтын пиғылынан бұрыннан мҽлім ол ҽрі ежірейе тістеніп, бар ашуын тҿгіп екпіндей сҿйледі. Ҿйткені оның мына бүгінгі қарсылығы, жҽй ғана қарсылығы емесау, бет-жүзіне қарамай кҿрсеткен айбат-доғы оның ҿңменіне қанжар сұққандай, жағынан аяусыз осып ҿткендей ҽсер еткен еді. «Ҽр сҿзінен ызғар ескен, жеме-жемге келгенде етектен тартып, жағадан алатын дұшпанның нақ ҿзі ғой мынау» деп кектене түйілді ол. – Басқаша сҿйлесетін жерде біз де айтармыз айтарымызды! - деді Жұбан оның тесірейіп, шарасынан шығып бара жатқан кҿзіне тайсалмай тура қарап. – Бізді де тыңдайтын есті құлақ бар шығар, мені де мұнда сіз сияқтылардың тҽлкегі болуға жіберген жоқ, біліп қойыңыз. Ал мұндағы шаруаны қалайша дұрыс жүргізудің де, осынау қиын-қыстау кезде мал соңында жүрген адаммен адамша сҿйлесе білудің де рет-жҿнін сізден сұрамаймын. Менің бұл жерде құрдан-құр салпақтап жүрмегенімді ел айтсын алдымен. – Тоқтат! Қалтаңдағы партибилет саған артық болып жүр екен ғой, ҿзіңмен коммунисше сҿйлескенге түсінбесең, ауданда бюрода түсінетін боласың ҽлі! Бүгіннен бастап жұмыстан боссың, бар, жҿніңді тап! – Мені бұл жұмысқа тағайындаған сіз емессіз, жолдас Жарылқасов, сондықтан босататын да сіз болмассыз! Малды Самнан қайтарғанша ҿзіме жүктелген қызметті коммунисше атқара берем! Менің айтар сҿзім осы! – Жұбан штаб-кеңсе аталатын жертҿледен есікті тарс жауып шығып жүре берді.

Жарылқасов сазарған қалпы боп-боз болып мелшиіп отырып қалды. Кетіп бара жатқан Жұбанның желке тұсына ол ыза оты ұшқындаған кҿзін қадап, жақ еті жыбыр-жыбыр ойнап, тістеніп отырды.

* * * Наурыздың басын ала малдың алды құмнан шығып, қысқы жайылысқа келген іздерімен үш сала арнаға түсіп, Үстірт асып, Жемге қарай қозғалды. Жемнің бергі бетіне иек арта бере қойды қоздатып, тасыған су қайтқасын арғы жағаға – жаз жайлауға тҿлді аяқтандырып шығуды кҿздеген Сам кҿші құрсағы ауырлаған малды бабымен жайып айдап, жылжи бермек. Анадағы қатты кетіскен жүз шайысудан кейін бір-бірімен бетпе-бет ұшырасып, тілдеспеген Жұбан мен Жарылқасов малды құмнан кҿшіруге байланысты мҽселемен Тұрыштың басында, штабта кездесуге мҽжбүр болды. Кҿшті басқаруды түгелдей Жұбанға жүктеген Жарылқасов ҿзінің жаз басына дейін Самда қалатынын, ірі қара табындарындағы малшылардан бір-бір адамнан жҽне Тұрыштың басындағы есепші, кілтші сияқтыларды қалдырып, жаз ортасы ауғанша құрылыс салу жұмысын ұйымдастыруды қолға алатынын айтты. – Бұл жҿнінде басшылық біледі, мақұлдады. Сенің шаруаң малды шығынсыз, аман-есен тҿлдетіп, Жемнің арғы бетіне ҿткізу! Ҿзгедей шаруаның жай-жапсарын барғасын ҿзім мҽлім етермін аудандағыларға, – деп ҽр сҿзін есеппен, салмақтай айтқан Жарылқасов ҿзінің Самдағы жұмысқа айрықша жауапты басты адам екенін Жұбанның қаперіне тағы да бір салып қойғысы келгендей ҿктемшіл рай кҿрсетті. Жұбан басын болар-болмас қана изеп, оның ішкі есеппен айтылған жалаң бұйрығын мақұлдағандай кейіп танытты да, үндемеді. Алайда осы сҽт кҿкейінде түйіткіл болып жүрген жалғыз-ақ мҽселені айтуға оқтала түсті де, сҽл іркіліп қалды. Бұл жҽйт Тұрыш ишанның мешіті мен мазарын құлатпау керектігі жҿніндегі ҽңгіме болатын. Жарылқасов та Жұбанның

ҽлдене дегісі келгендей шырайын сезіп, оған мойнын бұрып, иегін кҿтере түсіп қарап қалды. Ҿңі сазарып, бұған тесірейе қарап, тым-тырс тынып қалған Жарылқасовтың сұрына кҿзі түскен Жұбан оның ештеңеден тайынбайтын дүлейдің нақ ҿзі екенін, онымен бұл мҽселеде келісімге келе алмайтынын білді. Құмға келгелі айтып жүрген ісін Жарылқасовтың ақыры орындауға бет бұрғанына бұл жолы кҿзі ақай-тақай жетті. Оның күнҽсі кешірілмес сұмдық іске белсене кіріскелі отырғанын білгесін сҿзін құрдан-құр шығындағысы келмеді. Үстірт асып Қызылқуыс арнасына құлайтын кҿштің соңы - Жалғызқұдықты қыстаған Исалынікі еді, Жұбан бүгін кештете соған жетіп алмақты ойлап, Тұрыштағы штабтың басында кҿп аялдамай, жеделтетіп суыт жүріп кетті. Құмнан шығып Үстіртті бауырайлаған Исалының қосына ол үлкен бесін шамасына іліге жетті де, бір қонып шығып, таңертең ертелетіп кҿштің алдында кетіп бара жатқандардың соңынан кетті. Бір-екі аптадан соң алды қоздай бастайтын саулықтарды қуалап жаймай, мамырлата ҿрістетіп келе жатқан Исалы кҿші жол ортасы ауғанша тоқтаған-тоқтаған жерлерінде үш керегеден қос тігіп, бір түн аялдап жүріп отырды. Шҽмия келінінің біраздан бері ҿңі кірмей, жағы суалып, қуқылданып жүргенін байқаған еді, бірақ мұны Қуаннан хат-хабар болмай, оны да, ҿздерін де іштей кемірген сары уайымның салдары шығар деп жорамалдаған. Бір оңашалықтарда ол ҿзімен-ҿзі күбірлеп, кҿкірегін жайлаған іш-құста ойын келініне арнап айтып, жеңілдеп алғысы да келетін кездері болатын. «Қайтейін, он екіде бір гүлің ашылмай, кҿз алдымызда солып бара жатқан байғұсым-ай.Қуанымның қасында жайнаңдап, жадырап жүретін кезіңде сені осындай күйге душар қылды ғой қарғыс атқыр қу соғыс. Атаңа да, маған да күнбе-күн сенің осы кейпіңді кҿру оңай болып жүр деймісің, шырағым. Шықпаған жанымыз ғана бар демесең, қазіргі күн

құр сүлдеріміз жүрген жандармыз ғой біз деген. УҺ! Кҿзіңдегі жасыңды кҿрсеткің келмей, ҿксігіңді ішіңе жұтасың, шерменде болған ботам-ау. Бізді аяғаның ғой, бізді аялағаның ғой, ҿзіңнің жалғыздық күйігіңді құйттай жүрегіңе жасырып, қайтейін, қолымнан келер не дҽрмен бар мен сорлыда. Дҽрменім болса, Қуаныммен екеуіңнің бақытты болар күндеріңді туғызар едім ғой. Алланың бұйырығына бағынып, құлынымның аман-есен оралауын күні-түн тілегеннен ҿзге не дҽрмен бар менде, не дҽрмен бар?! Солмашы, сҿнбеші, шырағым Сағилам! Ҿзіңді аяшы, ҿзіңді сақташы. Солған жүзіңді кҿрсетпеші...» Сағиланың басындағы ауру мен саудың аралығындағы бұл хал қыс ортасы ауа, атасының ескі құяңы ұстап, оншақты күн үйде тапжылмай жатып қалған кезден тап болған еді. ... Қойды күндегі ҿрісіне, ауылдан екі-үш белең асырып жайып кеткен Сағиланы сол күні түс ҽлетінде Жарылқасов қармауына түсірді. Аттың арқасын босатып, отқа жіберген Сағила қойдың шетін жаяулата қайырмалап, сай-жыралардың жиегінен қолындағы келте сапты шапашотпен қураған жыңғылды түбірінен шауып, отынға тамызық жинап жүрген болатын. Қайдан пайда болғанын аңғармады, атын шылбырынан ұстап жетектеп, бір бүйірден ҿзіне тақап қалған Жарылқасовты кҿргенде селк ете қалды. Ҿн-бойын сол заматта суық діріл билеп, тілі байланып қалғандай күй кешті. Оның қарасұр жүзінде жағымсыз, зымиян күлкі ұялайды. Ҽбжыланға арбалған кҿжектей, тұрған орнында состиып қалған Сағиланың іші-бауыры қалтырап бара жатты. Орнында тапжылуға ҽл-дҽрмені болмаған мұны оң білегінен шап беріп, саусақтары быртиған күрек басындай қолымен қысып ұстап жібермеді. Амандығын, халін, жағдайын айналып-толғанып сұрап, емешесі үзіліп еміренген оның сұрқылтай кейпінен Сағила түршіге жиіркенді де, лҽм деместен бұлқынып, жүзін бұра берді. Осы мезетте Жарылқасов оны ҿзіне қарай жұлқи тартып қалып, қапсыра құшақтай алды. «Жібер мені! Қандай жексұрынсыз!» деп тамағын жырта айқайлаған ол мұның темірдей

құрсауынан құтылуға жан-дҽрмен жұлқынып, бұлқынғанымен, ештеңе шығара алмады. Ҿн-бойы қалшылдай дірілдеген Сағила буын-буынынан ҽл кетіп бұдан ҽрі оған қарсылық кҿрсетіп қимылдауға шамасы жетпеді. Тамағынан иіскелеп, сілекейлей сүйіп, күртесінің омырау ілгектерін үземүзе ағытып, тегеурінді қап-қатты қолымен тып-тығыз, бұлтиған емшегін қысып-қысып жібергенде оның құлындаған даусы шықты. Кҿзді ашыпжұмғанша болмай, талдырмаш денесін бүктей-мүктей, үстіне сұқсырдай болып тҿне түскен оған қарсылық жасауға Сағиланың ҽл-дҽрмені жетпеді. Тып-тыныш бұйыққан құм арасында, кҿгілжім аспанда жарқырап күліп тұрған сол жайдары Күннің жайма-шуағында Сағиланың адал тҽні арсыз залымның күнҽһарлық ҽрекетімен еріксіз ластанды. Қуанға, ҿзін елжірей сүйген сүйікті жарына ғана арналған тұп-тұнық, таза тҽнін аяқ астынан тап болған мына дүлейден қорғай алмады. Құр сүлдесін қалдырып, адамдық болмысын, жан-жүрегін суырып ҽкеткен сол сұрқия сҽттен бастап ҿзіне ғана аян ішқұсалық дертке ұшыраған ол сол күнгі сұмдық қорлаудан жаны мен ары күйзелген үстіне күйзеліп күн санап мүжіліп, күйрей берді. Қуанның тірі екеніне сеніп келген жүрегі ештеңеге де, тҽтті үміт пен сағынышқа да жібімес қара тасқа айналып беріштеніп, тіршіліктің мҽн-мағынасы ол үшін ада-жұда құрып біткендей еді. Ішіне жиылған құсасын ақтарып, кімге шағынарын білмей, амалы таусылды. Ҿзҿзінен іштей мүжіліп, қурап, солып бара жатқан мұның кейпіне жалтаңжалтаң қарағыштаған, ұлының ҿлі-тірі екендігін біле алмай уайыммен жүдеген қос мұңлыққа – ата мен енеге не деп, қайтіп мұңын шағар!? Адал тҽнін сақтай алмаған мендей сорлының мұңына аяушылықтың, мүсіркеушіліктің керегі бар ма ендігі жерде?! Керегім бар ма менің мына опасыз дүниеге?! Керегім бар ма?.. Кҿзден жас та шығара алмай, ҿкси де алмай шемен халдің құрсауына түскен ол мұны пиғылы қара сол бір дүлейге ҿзін аяусыз қорлатқан құм тылсымынан тез алыстап кетуді тіледі. Ойдан жүдеген санасы кейде қияли

есірікпен сансырап, жан ҽлемі тоналып, құр сүлдесі қалғандай халде жүрді. Келінінде түн ортасында тұрып, далаға шығып, үйді тҿңіректеп жүріп алатын ҽдет пайда болғалы Исалы мен кемпірінде маза жоқ. Ҽлдененің шалығына ұрынған дейін десе, мұндай жаманат ойды ойлауға дҽттері жіберер емес. Наурыздың ортасынан ауа Үстірттен ҽрі құлап, жазыққа беттеген кҿштің жүрісі баяулай берді. Қой тҿгіндеп қоздай бастаған шақ туған еді. Исалы келінінің жағдайына алаңдап, кҿшін тоқтатпастан Жемнің Дияр құмы тұсындағы бетіне бір-ақ жетіп қонған еді, мұнысына Жұбан да қарсы болған жоқ. Сҽуірдің жылы лебі есіп, сар-гүр тасыған Жем шуақты кҿктемнің келіп қалғанынан хабар бергендей. Наурызда кірген жылқы жылының жайсаң, берекелі боларын қыстан күйі таймай шыққан саулықтардың дені егізден қоздап жатқанынан да аңғарылғандай. Жайылыс, ҿрістің бабымен, мал суғаратын сай-сайланы тҿңіректеп, асықпай, аптықпай, кезеңкезеңдерде аялдап, араға бір-екі күн салып, қона жатып кҿшкен елді бастап келе жатқан Жұбанның кҿңілі кҿтеріңкі болатын. Бір-бірімен қатарлас қонған ауылдар жас тҿлдің маңыраған у-шуына толып, табиғаттың, тіршіліктің жаңа ҿскіні дүр етіп, бой кҿтеріп келе жатты. Далаға кҿк-жасыл реңк еніп, кҿктемедегі қыр жусанының бұрқыраған қошқыл жас исі мұрынды жара бастады. Жемнің суы ҽрі кетсе енді бір аптадан соң қайтып, отарларын қоздатып болған кҿштің алды арғы бетке қарай ҿтетін кез жақындап қалғанда Исалының шаңырағына тосыннан қайғының қара бұлты үйірілді. Қорланған тҽні мен күйінген жанының ҽбден дертіп сыздаған жарасы біржола асқынып Сағиланы жер бетінде тірі ҿлік болып жүруден жерінте бастаған болатын. Осыншалықты күйзелістің салдарынан ол кейбір сҽттері ҿзін бұл дүние тіршілігінен мүлдем жат адамдай сезінетіндей күй кешіп жүрді. Ҿз мұң-шерінің еріксіз тұтқынына айналған жас ҽйел сол кеште,

Күн кҿкжиекті қызыл шапақтандырып батып бара жатқан мезгілде бей-жай мҽңгіріп сыртқа шықты да, күн батар тұсты бетке алып, аяғын ілбіп басып үйден біртін-біртін ұзай берді. Артына қарамауға, келе жатқан бағытымен ілгерілеп, ілби жүріп, басқа жаққа қарай бұрылмауға тырысты. Бірақ қайда бара жатқаны ҿзіне де бимағұлым еді. Сансыраған санасы мен еркін ҽлдеқандай бір екпін-күштің тылсымы билеп, алға қарай жетелей түсті. Бір ҽудемде құлағына сар-гүр етіп тасыған Жемнің жойқын сарыны еміс-еміс шалынады. Тасып, бұлқынып, арнасына симай жатқан ҿзеннің ҿрекпіген аласат шуынан сан-алуан үн ҿршелене жаңғырығып, бірбірімен мидай араласып, жүйкені ширықтырғандай. Құлағы шыңылдаған Сағиланың иығы дір-дір етіп, тұла-бойы қалтырап, қатты түршігіп кетті. Алақанымен құлағын басып, кҿзін тарс жұмып алып еді, айнала жым-жырт тыныштықтың құшағына енді. Бірақ бұлай ұзақ тұра алмады. Алақандарын ашып жіберіп, кенет қалт тұра қалып, құлағын түріп тың тыңдады. Бұлқынып тасыған судың шуыл-дыбысына аралас құлындаған үнімен шыңғырып жылаған балғын қыздың ба, жас ҽйелдің бе даусы тап сол мезетте оған ап-анық естіліп қалғандай болды да, оқыстан, бір сҽтте жымжырт тынып жаңағы жамыраған сансыз дыбыстың тұңғиығына шым батып кетті. Енді бір мұрсатта біресе ыңырана ышқынып, ыңырсыған, біресе қарқ-қарқ күліп құтырынған үрейлі де дүлейлі дыбыстар жан-жағынан анталай шығып, қамап алды. «Сол, соның даусы! Құм арасындағы сондағы арпалыста бар зілімен мұны бүктеп жатқанында ҽлгі жауыздан шыққан дыбыс қой мынау!..Сол ғой бұл, соның нақ ҿзі, содан бері қыр соңымнан қалмай келе жатқан сол жексұрынның ҿзі! Сол!..» Оның іші-бауырын мұз қарып ҿткендей, түршіге қалтырап кетті де, үрейлі де жиркенішті ҽлгі елесүн қайта-қайта құлағына шалынып, бейуақта жан ҽлемін тағы да шошынтты. Елес боп алдынан шыға келген Жарылқасовтың нҽпсі құмарлықпен еліре еліккен жабайы тұрпатынан, елес-үн болып естілген анайы даусынан Сағила қатты шошып, жан-жағына үрейлене қарап, жүзінен қан қашып, бозарып, кҿзі еліре алақтай берді. "Сұмдық-ай, тағы да

сол ма?! Тағы да адал, күнҽсіз тҽнімді арамдағысы келе ме оның, сұмдықай! Жоқ, жоқ, екінші рет енді қайта арамдалмаймын саған, жауыз неме! Арамдалмаймын! Саған арамдалғанымша жарық дүниеден кетіп, құрып біткенім артық, бүйткенше Қуанның жүзін кҿрмей ҿлгенім артық! Жоқ! Жоқ! Жоқ!.. " Ол тірсегін қаққан ұзын қолаң шашын иығынан асыра арқасына тұтас желбірете жайып жіберді де, тізерлей бүк түсіп, маңдайын жерге аяусыз, қан-жоса болғанынша қатты-қатты ұрғылай берді. Кҿмейіне түйінберіш боп тығылған ыстық та ащы ҿксік тамағынан жыртылып шыққанша ұрғылай берді. Есінен танғандай күйде бүк түсіп біразырақ тым-тырс жатқан Сағиланы тағы да сол бір белгісіз күш орнынан тұрғызды. Тұрғызды да, буын-буынынан ҽл-дҽрмені кете бастаған оны қалтақтатып ілгері қарай, ҿзімен-ҿзі арпалысып шарқ ұрып тасып жатқан Жемге қарай жетелей берді. Кҿз алдын тұнжыр кҿлеңке қамап, беттеп бара жатқан маңдай тұсындағы ҽлем қазіргі сҽтте белгісіз де бағыт-бағдарсыз кеңістікке, ұзақұзақ сұрқай шексіздікке ұласып кеткендей. Кеудесінен ыршып шығардай атқақтап, алқына ұрғылаған жүрегінің соғысы құлағын шыңылдата тұндырады. Ойдан да, үрейден де ада болған жан-жүйкесі де, тҽні де ҿзінікі емес, бҿтен біреудікі тҽрізденіп бара жатқандай еді. Тіршілік ендігі бір осы мезеттерде ол үшін қаңырап бос қалғандай, ҿзінің дүнияуи мағынасынан біржола айырылғандай болды. Ол тіпті аяғының астындағы қатқыл жерді де сезінбеді, жүріп келе ме, қалқып келе ме, түсініп-білу сезімінен ажырап қалды. Ҿзі кҿп күндер мен айлар бойы сағына, зарыға күткен Қуан да осы қас-қағымда оның жадынан ҿшіп, ұмыт болды. Ҿзін елжірей сүйіп, аялаған аяулы бейненің титтімдей де елесі қалмапты, бҽрібҽрі ада, тіпті оның осынша қып-қысқа ғұмырында Қуан мүлдем болмағандай, азғантай күн болса да ҿзімен бірігіп ҿмір сүрмегендей. Санасы тұманданған, адами тірлігінің мҽнісін сезіну түйсігінен сансырай адасқан Сағилаға ендігісі бҽрібір болатын, жер-дүниені жасартып, жаңа

тынысын сездіртіп келе жатқан кҿктем де, арнасына симай ҿрекпіген Жем ҿзені де, бҽрі де бҽрі ол үшін ҿзінің тіршілік аясындағы мағына, мазмұнын ада-жұда жоғалтқан-ды. Еліріп, ентелей жүгіре басып, Жемнің құлама кемеріне жеткенін де, одан тҿмен қарай құлашын жайып құлап бара жатқанын да сезбеген Сағила ҿмір сҽулесі жылт еткендей ғана бір-ақ қас-қағымда ҿзін осылайша мҽңгілікке байыз таптырды. Ішін кеулеген жан дертінің құпиясын бағы ашылмаған жас ғұмыр жүрегінің басына шер-шемен ғып толтырып, ҿзімен бірге су тұңғиығына ала кетті. Артында күңіреніп қалған атасы мен енесі ҿлі-тірісі белгісіз, хабарсыз кеткен жалғыз ұлының жарын, келінін айықпас уайыммен тұмшалап дертке ұшыратқан, албыраған жастық арман-үмітін күйреткен, ақыры соның зардабынан қыршынынан қиылып, оның жас жанын опат қылдырған қанқұйлы, зұлымат соғысқа лағінет айтты. Соғыс жылдарының тағы да бір осындай қиянат-ауыртпалығы солбырая қарайып құр сүлдері жүрген бұларды мүлдем қайыстырып кеткен еді.

- ҮІІ - Тұрыштың іргесіндегі Ишан жатқан қорымда, Үстіртке шығар жолдың аузындағы тҿбенің басындағы мазар, зираттарды бұзу жұмысының басталғанына да бірталай уақыттың жүзі болып қалған. Қабырғаларының, бастарындағы құлпытастарының міні бұзылмай жақсы сақталғандарын бір тобы қиратып, бұзып, бір тобы сол тас, кірпіштерді ҿгіз арбамен тасып Тұрыштың басында құрылыс салып, үй тұрғызып, таңның атысы, күннің батысына дейін митыңдаған адамдар құрғақ, ылғалсыз жаздың аптабы астында ҽбден титықтады. Қорымға таяу тҿбенің етегіндегі Тұрыш ишанның мешітін Жарылқасов ҿзі басы-қасында жүріп бұздырды. Осы жұмысқа ҿзі іріктеп алып қалған жас-кҽрісі аралас топтың арасынан "ойпырым-ай, ҽулие

ишанның салдырған мешітін, қасиетті құтхананы бұзғанымызға тҽңірдің кҽрі тимес пе екен?" дегендердің күңкілдескен наразылығын құлағы шалған оның қаны басына теуіп, ҽлгілерге сесін тҿндіріп, діншілдікке салынып, үкіметтің тапсырмасынан бас тартсаңдар, түрмеге қаматтырамын деп қорқытты. Екі сҿзінің бірінде үкіметтің атынан сҿйлеп, аттырам да шаптырам, қаматтырам дейтін оның сес-айбарынан тайсалған жұрт бұл іске амалы құрығаннан мойынсұнды. Зират мазарларын, мешітті қиратып болған соң Жарылқасов Тұрыш ишанның мешіт жанынан салдырған медіресесін қолға алды. Күмбездеп, еңселі етіп, асқан шеберлікпен келісті салынған медіресе ғимаратының сҽулетіне ол кҿрген сайын таң-тамаша қалатын. Бұздырар алдында да Жарылқасов медіресенің іші-сыртын тамашалай қарап шықты. Құрылысшыларға бригадир қылып сайлаған кілтші Қисанға: - Бұның тасын алдымен штаб үйін, қалса мектеп, не дүкен салуға пайдалан. Бір сынық тасын қалдырмай тасып алуды ҿзің қадағала! – деп тапсырма берген ол медіресе ғимаратына ақырғы рет сүйсіне кҿз тастады. – Шіркін, келісті-ақ салынған, қайтерсің!.. Медіресе деген аты болмағанда, бұзбайтын-ақ нҽрсе. Жарылқасовтың осы сҿзін қасында елбелең қағып жүрген Қисан іліп алып: - Алеке, медіресе болса несі бар екен, осыны бұзбай-ақ, екі жағынан есік шығарып, кеңсе мен мектеп жасай салмаймыз ба? – деді. - Медіреседен кеңсе мен мектеп жасайық дейсің ғой, ҽ? – деп мысқылдай күлді Жарылқасов. - Мұны қалай түсінуге болады?! - Ҿзі былай, ҽдемі болғасын, ҽрі жаңадан құрылыс салып, күш шығындамаймыз дегенім ғой, - деп міңгірледі Қисан. – Оның үстіне… - Ия, "оның үстіне" не?.. - Оның үстіне құрылыстың бҽрін биыл салып үлгермейміз ғой… - Үлгересің. Қыс түскенше уақыт жеткілікті. Ҿзім барып жаз ортасына таман ауданнан тағы да біргҽд жасақтатып жібертем…

- Е, онда үлгереміз, үлгереміз, - деп Қисан басын қайта-қайта шұлғыды. – Құрылыс дегенің кҿптің күшімен бітетін іс қой, Алеке. Қам жемеңіз, бҽрін де сіз ойлағандай ғып орындаймыз... Не айтсаң да, шыбындаған ат құсап басын шұлғылап, мақұлдай беретін, ҿз басымен ойлайтын ойы, ҿз бетінше атқарар тірлік-тиянағы жоқ Қисан сияқтыларды Жарылқасовтың іші алмайды. Ҽрі-беріден соң мұндайларды ол толыққанды адамның санатына да қоспайды, ҽншейін бір кҿлбеңдеген кҿлеңке санайды. Күн шығып тұрғанда – ҽр қимылыңды қайталап тұратын кҿлеңке, айналаңдағы жарық күңгірт тартса, ізімғайып жоғалатын елес. Ол қасында қолын сермелеп, оны-мұны шаруасының жҽйжапсарын айтып, сҿзден аузы босамай келе жатқан Қисанға жақтырмай, біртүрлі оқыс қарады. Ретсіздеу нҽрсе айтып қалдым ба дегендей, ол кҿздерін жыпылық-жыпылық еткізді. Жарылқасов оған бара бер дегендей қолын сілтей салды. Күннің жер-дүниені қуырып бара жатқан ыстығы түнге қарай де ауаны тымырсытып, тынысты тарылтқандай. Жарылқасов киіз үйдің таңертегісін кҿлеңке түсер жағына киіз жайдырып, тҿсекті далаға салдыртты. Ҿн-бойын бір зіл басып, манаурап жатып кҿзі ілініп кеткен ол, дҿңбекшіп, аунап мазасыз ұйықтады. Деміл-демілде ҽлдекім иығынан түрткілеп тұрғандай, селк етіп оянады да, ұйқылы-ояу мҽңгірулі күйде жатып қайтадан мызғып кетеді. Бір аралықтағы үзік-үзік ұйқының талма тұсында ол түс кҿрді. …Басына шалмалап сҽлде ораған ұзын бойлы, аппақ сақалы желкілдеген, бойшаң кісі кесененің есігін сықыр еткізіп ашып сыртқа шықты. Сыртқа шықты да, жҽй басып, анадай жерде ҿзіне аңтарыла қарап тұрған бұның қасына таяды. Қалың қабағының астынан ҿңменді ата қараған оның жанарынан сұп-суық жасын ұшқындайды. Жарылқасов аяғы қорғасыннан құйылғандай тапжыла алмай қатты да қалды. "Құрыдым, біттім!" деген ой миында зың ете түсті де, кҿз алды мұнарланып жүре берді. Аппақ мұнарға тұмшаланған ол демі тарылып, енді бір мезетте ауа

жетпей, екі қолымен жан-жағын қарманып, бар даусымен тамағын жырта ышқына айқайлап, оянып кетті. Үсті-басы қара терге малшынып, жүрегі кеудесін тесіп шығардай тарс-тұрс ұрғылап жатыр екен. Дҽл тҿбесінен тҿнген қаракҿк аспан күмбезі жыпырлаған жұлдызды тұңғиығымен меңірейе қалыпты. Бойын билеген үрейдің ҿңінде емес, түсінде болғанына кҿңілі сҽл жайланса да, бір кҿрініп, ғайып болған ақ сҽлделі ұзын бойлы шалдың елесі ұйқысыз кҿзінің алдында біразға дейін кҿлбеңдеп тұрып алды. Кие, ҽулие аруағы дегенге қаншама иланғысы келмесе де, түсіне енген сол бейне ойынан шықпай, ҽрі дҿңбекшіп, бері дҿңбекшіп ҽбден қалжыраған ол таң алдында қалғып кетті. …Тағы да кесененің есігі сықыр етіп ашылды да, ішінен ақ сҽлделі, ұзын бойлы сол ҽлгі қарт кісі шықты. Барлық кҿрініс, қимыл, қозғалыс манағыдай қайталанды да, бұл жолы бірақ Жарылқасовтың кҿз алдындағы манағы ақ мұнар сейіліп сала берді. Ұйқылы-ояу халде, ҿңі екенін, түсі екенін ажырата аламай жатқанында қайта-қайта кҿрініп, тыныштығын ала берген кісімен тілдескісі келгендей ыңғай танытқан бұл оған қарсы жүріп қолын ұсына беріп еді, ол мұның қолын қағып жіберіп, сҽлемін алмады. Зілді дауыспен: – Күнҽһар!.. Арам қолыңда тарт ҽрмен, зҽнталақ, құзғын неме! - деп жекіп қалды. – Мүрдемді таптап, рухымды қорлағаныңды кешіреді екен деп дҽметпе. Бұздырма ана медіресені, менің соңғы рух-иманым сонда қалды. Бұздырма, айт анау құзғындарыңа, тоқтатсын қазір, ҽйтпесе кҿресінді кҿресін! Ҿмір бойы ҿкініп, зарлап ҿтесің... – Атеке-ай!.. Бұздырайын деген жоқ едім ғой, елің, жұртың бүрсеңдеп тоңбасын деп, соларға баспана салдырту үшін істедім, ұрыспа маған, қарғама мені, - деп ол қолын жайып, мейірім, кешірім сұрап, тізерлеп отыра кетті.

Ақ сҽлделі қарт тағы да бірталай ашулы сҿздер айтқандай болды, бірақ еңкілдеп ебіл-себіл жылаған Жарылқасов мұның бірін де естімеді. Жылап жатып оянып кетсе, тағы да түсі екен. Дел-сал, мең-зең күйде басын зорға кҿтеріп, тҿсегінен тұра алмай, есеңгірегендей халде біраз отырды. «Маған не болған ҿзі? - деп ойға шомды. – Қай-қайдағы шым-шытырық бірдемелердің бытысып-шатысып түсіме кіргені несі? Ҽлгі басына ақ сҽлде салған ұзын шал кім болды екен? Тҿбені оярдай боп, зіркілдегеніне қарағанда осылардың ишан деп, ҽулие деп жүрген кісінің ҿзі болмасын?! Кеше медіресені кҿріп, сол жҿнінде Қисан екеуінің сҿйлескенінен басқа не болып еді?! Ҽлде сол ҽңгіменің үзік-жұлық бірдемелері жадымда қалғасын, ишан шалдың ҿзінше ҽулиесініп, ҽлгіндей болып түсіме кіргені содан ба екен?..» Ойы он саққа кетіп, түндегі түсі ауық-ауық есіне түсе берген Жарылқасовтың күнұзағына ҿңі кірмей, сұлқ жүрді. «Түс – түлкінің боғы», ҽшейін бір сандалған сандырақ елес секілді бірдеме шығар. Сүйегі ҽлдеқашан қурап қалған ҿліктің тірі адамдай болып, ҽлгіндей сҿйлеуі мүмкін нҽрсе емес қой. Қайдағы-жайдағының түске кіріп жүргені, сірҽ, шаршағандікі болар» деп ҿзін-ҿзі жұбатқан ол, ой-санасын құлазытқан енжар кҿңіл-күйден бір мезет жақсылап тұрып сейілгісі келді. Қисанға құрылысшылардың ас-суына деп қалдырған азын-аулақ қойешкіден түс ауа бір семіз серкешікті алдыртып сойғызды. Содан соң сарайшының қоймасына ҿзі бҿтен кҿзден жасырып, сақтап жүрген екі литр спиртті ҽкелгіздірді. Лҽппай деп бұйрығын орындап, зыр жүгіріп жүргендердің ешқайсысы мұның мҽнісін сұрамаса да, Жарылқасов ертең, не арғы күндердің бірінде ҿзінің ауданға жүретінін айтып, бұл ала-бҿтен мҽзіреттің сылтауын жолаяққа сайды. Қырлы стақанның иініне дейін жеткізіп, мҿлмеңдете құйылған спиртті ол шҽй үстінде бірінен соң бірін тастап алды да, ағаш қасықты толтыра майлы қуырдақты екі-үш рет асап жіберді. – Уһ-Һ, жаным-ай!..

Кеудесін кере дем шақырып, жан-дүниесі жайланғандай болған ол күнұзағына кҿңілін ҽбден титықтата жүдеткен ҽлгі бір мазалаң ойдан бір сҽт сейіліп, сергіп сала бергендей болды. Бҿтекесі бітеу семіз серкешіктің былқып піскен еті буы бұрқырап, үйме табақ болып дастарқанға келгенше Жарылқасов пора-пора терлеп, қызара бҿртіп, ҿзінің нағыз бабына да келіп қалды. Қазір енді ешкімге дес бермей, сҿйлеп отырған да жалғыз ҿзі. – Жарылқасовтың кім екенін білмей жүр бұл жұрт, - деп иегін кҿтере, шалқи есілді ол. – Мына бір қиянда жатқан жабайы құмыңды, кҿр де тұрыңдар, ел паналай алатын мекенге, қалаға айналдырам! Кім не десе, о десін, баспана ең алдымен сүйегі қурап қалғандарға емес, тірілерге керек. Сол үшін де жақсы кірпіші, тасы бар мола, мазар, кесене-месене атаулының бҽрін шетінен бұздыртамын да, мына отырған бҽріңе... Ия бҽріңе, арып-ашып, жер түбінен малын айдап келетін малшылардың ҽрқайсына – баспана мен қора, ал олардың балаларына мектеп салдыртамын, не қажет, соның бҽр-бҽрін салдыртамын, біліп қойыңдар! Осы үшін мені кінҽлі дегендердің тап ҽкесінің аузын… Қисан мен шикіл сары беті шиедей қызарып кеткен Сейіткҽміл есепші бастарын қосарлана изеп-изеп қояды да, "біздің Алекең үшін!" деп ҿңешті қаритын «ҿрт суды» құлқындарына құлатып, қылқ-қылқ жұтады. Бұлардың ҽбден есі кете масыққандары сонша, ҽрлі-берлі бұлтың-бұлтың қозғалақтап жылмыңдаған жұтқыншақтары зҽрлі сұйықтың уытты нҽрін сезінуден қалған еді. – Мал-мал деп, малша тіршілік етуге болмайды ғой, жарқындарымау!.. Түсінемісіңдер! – Түсінгенде қанда-а-й! Түсі-і-немі-с-с, - дейді Қисан тілін зорға икемге келтіріп. – Жақсы-ы-ы түсінеміз, малша тіршілік-к-к етпейміс-с-с, еткіміз де келмейд-д-д... – Ҽрине, болмайды, дұрыс айтасыз, - деп қоштайды кҿзі кілгіре бастаған Сейіткҽміл. – Сондайлардың бар ғой… сондайлардың талайын

кҿріп те жүрміз, Алеке!.. Оларды бүйтіп, желкесінен қысып-қысып қоюыңыз керек... – Мал, ҽрине, біздің тіршілік етер талшығымыз, жеп отырған нанымыз. Бірақ малды бағатын, ҿсіретін адам екенін қалайша еске алмаймыз осы?! Малдың жҽйін жақсы білемін деп ҽлдеқандай болып, тек соны ғана ҿзінің ісіне кҿзір қылатындарды да кҿрдік, Сейіткҽміл, сен ақылды жігітсің ғой, дұрыс айтасың… Ондайлармен ҽлі-ақ дұрыстап сҿйлесерміз де, тҽубесіне ҽлі келтірерміз де, хе-хе-хе!.. Құй, Қисан! Азамат дегендер, еркек дегендер осы Қисандардай болуы керек қой, солай ма, келінжан, айналайын!.. Тегенеге құйылған ыстық сорпаны сапырып отырған бадырақ кҿз, тыриған қара қатын Жарылқасовтың ҿзіне қарап бірдеңе айтқандай болғанын ғана аңғарды, бірақ естімегенін сездірмей, басын изеп, тілімтілім боп жарылып кеткен салпы ернін келеңсіздеу ыржитып, мақұлдаған ишара білдірді. Кҿзі бұлдырай бастаған Қисанға қасында бүйірлес отырған ҽйелінің тұрпаты осы бір мұрсада қосарланып елестеді. Ол қолын болар-болмас шолтаң еткізіп, қатынына ҿзінше еркексініп, сес кҿрсеткісі келгендей болды. – Ҽй, дейі-м-м-м!.. Бері қар-а-а, маған-н! Кімге ыржиясың-дар-р, сенн-н қатын-н-н, сендер-р-р?.. Салпы ерін қара қатын кҿзі мұнартып, сҿзі пышырай бастаған байын сол жақ бүйірден шынтағымен бір түйді де, тістене сыбыр етті. – Тиыш отыр, албасты!.. – Ҽй, Қисан, сен ҿзің немене, қатыныңмен ымпай-жымпай сҿйлесе бересің-ң, а?! Тиыш отыр, тыңда мені-і-і құлағыңды салып-п-п!.. Ертең мен ауданға кеткесін, сен… Естіп отырсың ба, ей, сен осындағы шаруаның барлығына жауап беретін бастық болып қаласың-ң, так што, сенен сұралады-ы-ы барлық шару-у-а-а-а!.. – Жарылқасов оған қаратып быртиған сұқ саусағын безеп-безеп қойды. – Ұқтың ба!.. Ҿйткені, сен бар ғой, сен-н-

н, бастық болып қаласың-ң-ң-ң, бастық болып-п-п.. Анау-мынау, шортымпортым емес, нағыз бастық боласын мен келгенше-е-е. Мыналардың бҽрінн-н шетінен бір шыбықпен үйіресің-ң-ң! Ұқтың ғой, ҽ-ҽ?! Жарылқасовтың ҽлденені істеуге бұйырып, бастықтық доғын кҿрсетіп саусағын безей айтқан сҿзін шала-пұла, ұғынықсыздау естіген Қисан мойнын дұрыстап ұстай алмай, ҽлдене деп былдырлап, басын бір бұлғаң еткізді. Кҿз алдын жайлаған бұлдыр-бұлдыр елес-перденің ар жағынан ҿзіне бұйыра сҿйлеген бастығының күңгірт жүзінің сұлба-нобайы біресе сағым арасына сіңіп кетіп, біресе оның масығып қызарған кҿздері бұған ҿңмендей бағжия бадырайып тыншу бермеді. Оң қолын былғаңбұлғаң сілкілеп, жайсыздау бұлыңғыр кҿріністен арылғысы келгендей болып еді, Жарылқасов тағы да зірк ете түсті. – Ҽй, сен-н-н кімге қолыңды сілкіп отырсың, малғұн!.. Түн ортасы ауғанша гҿй-гҿйге басып, есінен танардай мас болған Жарылқасов орнынан тҽлтіректей зорға тұрып, аяғын ҽр жерден бір басып, сүріне-мүріне далаға шығып кетті. Қисан мен Сейіткҽміл тұруға да шамалары жетпей сол отырған-отырған орындарында қылжиып-қылжиып қала берді. Қалтаң-құлтаң етіп, аяғын ҽр жерден бір шалыс басқан Жарылқасов ҿзінің қайда маңып баратқанын білмеді де сезбеді. Ҿзінен-ҿзі сҿйлеп, ҽлдекімді сыбап, балағаттап бара жатты. - Сен шал… ҽулие болмақ түгелі құдай болсаң да… тыныш жат… Естисің бе, тыныш жат, ҽйтпесе кҿріңнен ҿкіртіп суырып алам былай!.. Ҽ, солай ма екен, қорқасың, ҽ? Мен саған… мен саған ойнайтын, ҽйтіпбүйтетін ойыншық емеспін, біліп қой… Жарылқасовпын! Ҽйтпесе бар ғой, мен сені… Мен сені бүйтіп, нетіп-п-п тҽртіпке шақырамын дереу!.. Ой-санасы бұлдыр-бұлдыр кҿмескіленіп, ештеңені айқын сезіне алмаған оның тілі таңдайына желімдей жабысып, одан ҽрі сҿйлеуге де, ауыз-кҿмейінен ҽлденедей үн шығаруға да шамасы жетпеді. Маңып барып, етбетінен түсіп, бар салмағымен кескен томардай тұмсығымен жер сүзе

құлады.Құлаған жері – Тұрыш ишан мешітінің қираған үйіндісінің маңы болатын. Сол жатқаннан мол жатып, күн арқан бойы кҿтерілген шамада оянған Жарылқасов бұл жерге қалай келгенін, қашан келгенін біле алмай есеңгіреді. Миы аузына түсердей басы солқылдайды. Шілде күні бүгін де ыстық боларын танытып-ақ тұр: ауа тымырсық, лүп етер леп сезілмейді. Кеше мешіт қабырғасымен қоса оның күмбезі жиегіндегі ұясы да бұзылған сары бауыр айыр құйрық қос қарлығаш үйіндінің үстін айналып ерсілі-қарсылы без-без етіп шырылдай ұшады. Қарлығаштың бірі, сірҽ, ұябасар ана-қарлығаштың ҿзі ме екен, берер мҽрте мұның тҿбесін сүйір қанатының ұшымен, сабалап-сабалап ҿтердей қайтақайта тҿне түсіп, мұның үстінен айналып ұшумен болды. Тынбай шырылдаған байғұс құс ұясына келген апаттың басқаның емес, тура осының қара ниет сұғанақ қолымен істелгенін білгендей, алас ұрады. Анадай жерде жатқан тақтайша қира тастың үстінде айдарын шошайтып отырған сасық кҿкек ыс-ыс етіп ысқыра шақырып, мойнын қылтыңдатып жан-жағына елеңдей түсті де, ытқыта саңғып жіберді. Қираған мешіттің маңайындағы осы кҿріністің бір де бірі мең-зең күйде қалжыраған Жарылқасовты пҽлендей селт еткізбеді. Меңзіген басы зіп-зілдей. Айналасындағы тіршілік атаулысы оның пенделік түйсінуінен ҽлдеқайда аулақтап, мүлдем алыстап бара жатқандай. Күннің жарқырап шығып таңның атқаны, мына құстардың бей-маза шырылының да ол үшін ешбір мағынасы жоқ еді. Ол орнынан тізесі қалтырай тҽлтіректей тұрып, қос қолымен шекесін сығымдай ұстап, екі-үш қадам аттап барып, тізерлеп отыра кетті. Бар маңай, жер-дүние қас-қағымда шыркҿбелек айналып, аяғының астындағы қатқыл жер суси жылжып, құрдымға кетіп бара жатқандай болды… * * * Қасына Сейіткҽмілды кҿзқара серік қып ерткен Жарылқасов аудан орталығы Жарқамысқа үш күн жүріп, тҿртінші тҽуліктің сҽскесі

шамасында зорға жетті. Жолсоқты болып шаршап-шалдығып, ҿн-бойы ауырлап оралған ол үйіне келе құлап, басын кҿтере алмай, сұлқ жатып қалды. Зорыққанға да, қажығанға да ұқсамайтын, күрт меңдей жҿнелген мҽлімсіз дерт екі иықтан басып, еңсесін кҿтертпей тұла-бойын жерге кіргізіп бара жатты, басы тұп-тура зіл шойын, кҿз алды ақмұнарланып зеңи берді. Кҿзін жұмса, тағы да сол ақмұнар, сол елес, сол түс… «Ҽй, сұмпайы, арамза неме, менің кҽріме ұшырағаныңды ҽлі де білмеймісің сен. Білмесең, білдіремін!.. Білдірермін!.. Білдірермін!..»» Осы бір кҽрлі үн құлағының түбінен кетпей қойды. Бірер сҽт мызғырлық тыныш ұйқыдан да қалды. Аппақ сақалы желкілдеген ұзын бойлы шалдың қатқыл суық жүзі, ҿңменнен ҿтердей қатулы қабағы оның ҿн-бойын қалтыратып, тыншу бермеді, күні-түн мазасын қашырды. «Ҽй, сұмпайы, арамза!..» деген сҿздер ҽр кез қайталана жаңғырығып, миының ішінде зыңылдай берді. Осылайша ой-санасын мұнартып, сансыратып басталған бимҽлім дерт қатты, тосын соғып, ол деміл-деміл есінен айырылып, талмаусырай берді. Есін жиған кезде ҿзін тұтастай тұмшалап алған ақмұнар сейіліп, тҿбесінен тҿмен басқан зіл-зімірден жеңілейіп қалады. Содан соң сол есеңгіреу тағы да үзік-үзік қайталана береді… Оқыстан қатты құлап, миы шайқалып басына зақым келген деген тоқтамға келген дҽрігерлер күзге шейін тҿсектен тұрғызбай емдесе де, Жарылқасов болмашы айығулар мен талып есеңгіреу аралығындағы халден арыла алмады. Ешбір дҽрінің де, ешқандай емнің де шипасы қонбайтын бұл дерттің тҽнін де, жан-жүйкесін де айықтырмай, қинап ұзақұзақ жылдарға созылатынынан ол бейхабар еді.

- ҮІІІ - Сам кҿшін қысқы жайылымға аттандырар алдында Жұбан аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Кҽрім Ержановтың қабылдауында болып, екеуі оңаша отырып ұзақ ҽңгімелесті. Малдың жҽй-күйін, бабын,

шаруашылықтың жай-жапсарын жақсы білетін Жұбаннан аудан басшысы кҿп жайттарға қаныға келіп: – Биылғы Самның қысқы тірлігі жалғыз ҿзіңе қиын соқпай ма? - деп сұрады. – Жарылқасовтың жағдайын ҿзің білесің, ауруға ұшырады. Ҽлде Отарбаев жолдасты, Ілекеңді жіберейік пе уҽкіл қылып? Ол Самның жер жағдайын да, адамдарды да бес саусағындай біледі, қалай қарайсың бұған?.. – Ілекең барса, қанеки, - деді Жұбан сҽл ойланып барып. – Бірақ атқару комитетіндегі оның жауапты қызметін кім атқарып береді, мұнда қалатын ҿздеріңізге қиын соғып жүрмесе?.. – Бұл ойың нағыз жанашырлық! Түсінгеніңе рақмет, Жұбан! Сенен басқа сҿзді күтпеген едім ҿзім де. Онда бұл жолы Сам кҿшін нартҽуекел деп, белді буып енді ҿзің жеке дара бастайсың. Саған артатын сеніміміз зор. Жорытқанда жолың болсын!.. Ержанов үстелінің тартпасында жатқан, Жұбанның үстінен жолданған Жарылқасовтың шағым-жазбасының шекесіне: "Айжарықовқа тағылған кінҽ негізсіз. Бюроға қарауға ұсынылмасын, жабылсын!" деп бұрыштама жазып, қолын қойған еді. Бірақ аупарткомға тҿрт-бес ай бұрын түскен бұл шағым туралы оған тіс жармады. Шағымда тізбеленген жеке бас араздығын желеу еткен сыңаржақ жҽйттер тексеруге жіберілмейтіндіктен, мұны Жұбанға айтуды қажет деп таппады. Жұбан ҿзінің үстінен Жарылқасовтың шағым жазғанын Ілияс Отарбаевтан естіген болатын, Ержановтың осыған байланысты ҿзіне бір ауыз лҽм-мим демегеніне ҽрі таңданып, ҽрі ойланып қалды. Бірақ осы кездесуде ҿзі сҿз қозғамағасын, үндемеген еді. Кейіннен ойлап-ойлап бұл жұмбақтың жауабын ҿзі тапты жҽне дҽл тапты. "Аудан басшысы "сізге артатын сеніміміз зор" деген жалғыз ауыз сҿзімен Жарылқасовтың шағымы оның ҿзі жҿніндегі дұрыс пікірін, кҿзқарасын ҿзгерте алмайтынын айтқан екен-ау!"

* * * Келіні Сағиланың қазасы ауыр соққы болып тиген, ҽрі жалғыз ұлы Қуаннан бір жылдан бері хабар болмай кҿңілдері жасып, жабыққан Исалы мен кемпірі ҽбден шҿгіп кеткен еді. Екеуден екеу шоқиып қалғалы бұрыңғысынан бетер қоңырайып жүдеу тартқан үй ішін налалы тағдырдың мұңлы зілі жайлап алғандай. Іргедегі тҿсекте бүк түсіп жатқан Исалы іңір мезгілінде келіп бас сұққан Жұбанды ілкімде танымады, бірақ мұның ұсынған қолын алып жатып: – Қай баласың-ау? - деп сұрады ҽлсіз, қарлығыңқы дауыспен. – Жұбан ғой ҿзіміздің, - деді Шҽмия шалының оны танымай қалғанына қысылып. – Неғып танымадың?.. – Жұбанбысың?.. - Исалы оның қолын ұстаңқырап тұрып, иегі кемсең-кемсең етті. – Кҿзім нашарлап кетті, шырағым. Баладан, жалғыздан хабар жоқ ҽлі күнге, келініміз, қолдағы жалғыз дҽрменіміз, ол да бізді тұралатып кеткенін ҿзің кҿрдің… Еңсемізді кҿтере алмай қалдық. Алданыш етер шаруадан да қол үзіп, қойды ҿткіздік, ҽл-қуатымыз кеміген жағдайға тап болған түріміз мынау, Жұбанжан!.. Жұбан Исалының қамығып айтқан сырын іштей күрсіне отырып тыңдады. Жұбатарлық сҿздің қисынын таба алмай, қиналып, мүдіре берді. – Қайтесіз енді, Исеке, күйреп, құр езіле бергеніңізден табар нендей дҽрменіңіз бар, бекемденіңіз? - деді ол кҿмейіне лықсып тірелген аяныш сезімінің дірілін барынша сездірмеуге тырысып. – Қуаннан да ҽлі хабар келер, үміт үзетіндей жаманатын естіген жоқсыздар, құрдан-құр босап, қайғылана бермеңіздер. Соғыстың аты соғыс, ҽрқилы жағдайлармен айлап, тіпті жылдап хабарсыз кетіп, оралып, табылып жатқандар да аз емес қой. Мен білсем, Қуаныңыз да сондай бір себептермен ҿздеріңізге хабар сала алмай жатқан болар, ҽйтпесе, оның із-түссіз, үшті-күйлі жоқ болып кетуі мүмкін емес. – Айтқаның келсін, лебізіңнен айналып кетейін, Жұбанжан! – Исалы серги сҿйлеп, жабығыңқы кҿңіліне ҽжептҽуір медеу тауып, кҿтеріліп

қалды. – Басыңнан асып жатқан шаруаңа қарамай, келіп сҽлемдесіп, кҿңілімізді жадыратқаныңа мың да бір рақмет, алдыңнан ақ күн тусын, шырағым!.. – Рақмет, Исеке! - деді Жұбан, бетіне қан жүгіріп, реңі кіріп қалған шалдың ажарына кҿз тастап. – Биыл ауданнан ҿкіл бармайды, Самның кҿшін ҿзің басқарасың деп отыр басшылар, оңай болмас, сірҽ. Ес, ақылшы болатын ҿзіңіз едіңіз, сіз де кҿшке ілесе алмай отырсыз, міне… – Бізді биылша енді, Жұбанжан, қинама. Аздап есімізді жияйық. Ар жағында Қуаннан хабар келіп, қандыкҿз мына соғысы түспегір бітіп, елге оралып жатса, кҿрерміз, - деді Исалы даусын нық шығарып. – Самды ҿзің басқарсаң, несі бар екен, басқарасың. Жарылқасовтай уҽкілдің барғанынан бармағаны жақсы, ҿзің сияқты азамат тұрғанда оңғарылмайтын іс бар ма!.. – Жарылқасовтың уҽкіл болып баратын халі де жоқ қой қазір, естіген шығарсыз?.. Исалы Жұбанға сұраулы кейіппен аңтарыла қарады. – Естіген жоқпын, бір кҽдікке кезікпесе неғылсын?.. – Тұрыштың басына құрылыс салдыртамын деп Самда қалғанын ҿзіңіз білесіз ғой, содан жаз ортасына дейін болып оралған бетінде талма ауруына ұшырап қатты жығылыпты байғұс… – Ауырса, қиын болған екен байғұсқа, - деп аяныш білдіре сҿзге араласқан кемпіріне Исалы түйіле қарап, жақтырмағандай шырай танытты. – Асылық айтқаным болмас, шырағым Жұбан, "бір асқанға - бір тосқан" деген мҽтел бар, оны Тұрыш атаның, ҽулиенің киесі құр жібермеген ғой, - деп Исалы қатты бір назамен басын шайқай берді. – Жарықтық, қасиетіңнен айналайын Тұрекем-ай, басыңа ойран салып, тыныштығыңды бұзған қара ниет сойқан неме киеңнің кҽріне ұшыраған екен-ау, ақыры. Мұндай қиянат істің арты бір қияметке ұрындырмай тынбайтынын білгенмін. Ҽруақтан қорықпаған адамның оңғанын кҿрмедімау!..

Исалының бұл иланымының ақиқаттығына іштей ешқандай шек келтірмесе де, Жұбан ҿзінің салқындау да сабырлы тұйықтығынан аса алмай: – Кім біліпті мұны?! - дей салды да, кетуге ыңғай білдірді. Исалы қолын жайып оған батасын берді. – Жорытқанда жолың болсын! Қыдыр ата серігің болып, дінмұсылман жұртының барша ҽулие-ҽмбиелерінің рухы ҿзіңді, отбасыңды, бала-шағаңды дҽйім қорғап қолдап жүргей! Күнің – алдыңнан, айың – оңыңнан тусын! Оғландыдағы Бекет атаң мен Самдағы Барақ, Асау, Тұрыш аталарыңның аруағы демеу болып, желеп, жебесін, пҽле-жаладан сақтап, қорғап жүрсін! Ия, рҽббім, ла ілаһҽ іллаллаһ Мұхаммҽдү-р-ррҽссұл, аллаһ, оң батамды қабыл ет, ҽумин!.. – Ҽумин! Жұбан бар пейіл-ықыласымен ҿзіне оң сапар тілеп бата берген Исалының ниеттестік адал кҿңіліне ырза болып аттанды. Сай-сүйегін сырқыратып, дерт қамаған науқас та емес, бірақ ҿнбойын салдыратып, кеудесін кҿтертпей жатқан зілбатпан дел-сал халден арыла алмай сарғайып сарсылған Исалы шалды Жұбанның арнайы сҽлем бере келіп, ҿзінің тілектестік жұбату ниетін білдіргені кҽдімгідей сергітіп тастады. «Е, құдіреті күшті алла, Жұбандай қадірлі азаматты қолдап, демей гҿр. Ақ-адал ниетіне қарай оның ҽр қадамын жақсылық-шарапатыңмен жебеп жүргейсің. Зұлымдардың зұлымдығынан, қара ниетті дұшпанның аяқтан шалар қараулығынан сақтап, қорғай жүр, жаратқан ием!..» Шалының тҿсегіне таман, аяқ жағына қарай жайғасып, жүн түтіп отырған Шҽмия кемпір оның кҿзін жұмып, мүлгігендей қалыпта жатып ҽлдене деп ҿз-ҿзінен сҿйлеп күбірлегеніне елең етіп құлағын тосты. Ұдайы үнсіздікке шомып, мҽлімсіз дертінің қалың уайымына беріліп тҿсектен бас кҿтеруі сиреген шалының сарғайып жүдеген кейпі болмашы қызылшырайланып жатқанын іштей тҽубе етті де:

- Жайшылық па, бірдеңе дедің бе маған? - деп сұрап, шалына қарай мойнын бұрды. – Сусын берейін бе?.. - Сусыныңды қоя тұр. Сен Жұбан айтқан ҽлгі жҽйтті естідің ғой, ҽ?.. - Исалы биік кҿпшіктен басын баяу ғана кҿтеріп, ҿзіне алаңдаулы кейіппен еміне қараған кемпіріне кҿз тастады. - Сам кҿшін ҿзі бастап баратын болыпты ғой, соны айтып отырмысың?.. - Ой тҽйірі, оны айтып неғылам саған. Жұбандай азамат бастамаған кҿшті кім бастайды?.. Ол бесенеден белгілі емес пе еді. Ел-жұртты жосықсыз зар жылатқан ҽлгі құдайсыз Жарылқасовтың не күйге ұшырағаны туралы жҽйтті айтам да... – Исалының нұрсыз кҽрі кҿздерінен ызаның болмашы бір ҽлсіз ұшқыны жылт ете түскендей болды. - Тіріні былай қойып, ҿлі аруақтардың басына ойран салған ҽрекетінің салдары ақыры, кҿрмеймісің, киелі аруағынан айналайын, жарықтық Тұрыш ишанның кҽріне ұшырапты. Тегін емес еді ғой, сондағы айтқаным, тегін емес еді ғой. - Е, енді неғыл дейсің, сондай күйге душар болыпты ғой сорлы. Сол ҽңгімені қозғап, жаныңды ауыртып қайтесің ендігі жерде?! Ҽруақтың кҽріне ұшыраған міскін пенденің алған сол сыбағасы ҿзіне жетіп жатыр ғой, тыныштығыңды ойла ҿзіңнің, неғыласың айдаладағы біреудің құлағын шулатып... - Тыныштық деймісің?! Тыныштыққа бұл адам деген пендең тіршілігінің талқаны таусылған шақта ғана кенелер. Одан былайғы жерде... тіршілік бар да - тыныштық жоқ қой... Иманыңды түзеп, тыныш ҿмір сүруіңе айналаңдағы ҽлгі Жарылқасов сияқтылар дес берді ме бізге. Құдайым солардың имансыздығынан сақтасын... - Соны тілек ет те, тынши ғой... – Шҽмия кемпір шалына зерлі тостағанға құйылған қатық қатқан, сұйқылтым, салқын бидай кҿже ұсынды. – Аузың тобарсып кеткен болар, таңдайыңды жібіт... Исалы шал аздап қалтырай түскен қолдарын тостағанға қарай созды.

* * * ... Қыркүйектің соңын ала Жемнен ҿткен дүрмек-дүрмек кҿш қырқыншы жылдардың ауыр да ызғарлы бір қысында малын қыстатуға тағы да Самның жылы құмына қарай беттеген еді. Кҿшпенді тіршілікке бейім жұрттың ҽргі-бергі кезеңдерде салған кҿне сүрлеу-соқпағының сұлбасына түсіп, мал-жанымен үдіре кҿшіп жылжыған қыруар елге шалғай мекенге дейін тіршілігі ат үсті мен түйе қомында ҿтетін күздің қысқа ұласатын ұзақ күндерін бастан кешіруіне тура келеді. Етек-жеңі далия кҿсілген ұшы-қиырсыз кең даламен, батыстан шығысқа қарай созылған Үстірт үстімен ҿтетін кҿш сүрлеуімен кетіп бара жатқан ел-жұрттың тағдыры ҿзінің мойнына жүктелген Жұбан қанша қобалжыса да, бұл сапарының да оң боларына іштей сенімді еді.

-ІXЖылқышылар қосымен бірге Тасастауға кеше кештете келіп аялдаған Жұбан бұл арада кҿп кідірмеді. Жылқышы Мүсірҽлінің қосында бір түнеп, күн шығар-шықпастан атқа қонды. Бағыты – осы арадан бір түстік жердегі Тұрыш. Кҿңілінде алаң бар. Жарылқасовтың ҽмірімен былтыр жаз құлатылған Тұрыш ишан мешітінің, мазарының тастарын штаб орталығындағы мектептің, үй-жайлардың құрылысына пайдаланғаны биыл Самға келген үлкенді-кішінің бҽріне мҽлім болған. Майданға кеткендердің орнын басып, Сам кҿшімен келген малшы шалдардың наразылығы шет жағалап оған да жеткен еді. Тұрыш ҽулиенің киесіне ұшыраймыз, балаларымызды киелі мазардың тасынан салдырған мектепке оқытпаймыз деп жатқандарды тоқтамға, сабырға шақырарлық қандай уҽж бар?! Шынтуайтына келгенде, оларды түсінуге болады. Исалы қарттың ҽне бір күні қамығып, назаланып айтқаны да ойында. Бірақ болар іс болды, енді не істемек керек? Бастауыш мектепті жауып, балаларды оқытудан бас тарту керек пе, сол тастардан салынған фельдшерлік емхананы, қызыл отау

үйін қайтпек? Самға қыстауға келген малдың ғана емес, адамдардың да тұрмыс-тіршілігінің дұрыс болуы да бір ғана ҿзінің мойнында. Штаб орталығына бірінші кезекте қажет үй-жайларды салдырудың басқадай амалын таппай, сандалған Жарылқасовтың сұмдық ҽрекетінің арты осындай боларын ол о бастан-ақ сезген, бірақ қарсы тұрарлық амалдҽрмені болды ма?!. Қарсы тұрса, Кеңес үкіметінің саясатын қолдамайтын қызылкҿз дұшпан атануың оп-оңай. Ҽсіресе ел тағдыры сынға түсіп тұрған мынадай уақытта мұның Жарылқасовтың солақайлығына, былайша айтқанда жұрттың қамына бола істелген «дұрыс ісіне» тойтарыс беруі коммуниске жат пиғыл ретінде танылары сҿзсіз еді. «Солайы солай ғой. Бірақ адамның адамилық қасиеті, халықтың ежелден бері қасиеттеліп келе жатқан наным-сенімі деген де бар емес пе. Оны ұмыту, одан бас тарту азаматтыққа, коммунистік ҽділеттілікке жата ма?! Халық қасиеттейтін рухани құндылықты сақтай білуге қатысты нағыз коммунист ұстанатын ізгілікті кҿзқарас та, саясат та бұлай болмаса керекті еді ғой. Ҽлде бұл туралы менің түсінігім партияның ұстанымына қиғаштау соға ма? Ал адамгершілік ҿресінен келгенде коммунист адамның мұндай түсініктен ада болуы дұрыстыққа апара ма!? Меніңше, халықпен, халықтың рухымен бірге үндесетін айқын дұрыстықтың жолы қандай наным-сенімде болсаң да, ең алдымен адамдық қасиетті сақтай білуіңде, солай!.. » Тұрышқа барар жолдың үстінде нақты тоқ етер түбіне жеткізбей қойған осындай бір ойлар оны еріксіз мазалай берген-ді. ... Сам штабының орталығы Тұрыш ауылына бас қосқан жиынның үлкені – ірі, қапсағай тұлғалы Сейсен шалдың қарасұр реңі қошқыл тартып, жүзінен ауыр кейістің табы байқалады. - Жұбан шырағым, Самға келген мына жұрттың наразы сҿзі құлағыңа жеткен болар. Аруақтың киесінен қорқамыз. Ҿлінің иманын күңірентіп, басымызға бұл жерден қалайша пана таппақпыз!? Мына сұмдыққа жайбарақат қарап, тас меңіреудей

болсақ,
адамдық
қасиетімізден біржола арылғанымыз да...

Ҽр сҿзін салмақтай-салмақтай сҿйлеген қарттың кейпіне үнсіз отырып кҿз қиығын тастаған Жұбан жиналғандардың арасынан тағы да кімнің не айтпағы барын аңдағысы келді. - Сенің қолыңнан келер амал болса, бізді бүйтіп қынжылтпас едің, мұны да сезбей-білмей отырғанымыз жоқ. Тығырықтан шығар жол тап деп сынамаққа емес, ҿзіңмен ақылдасуға жиылғанбыз тҿрт кҿзіміз бүгін. Бірақ мына мұғалім баланың зират тасынан салынған мектепте дҽріс беремін дегеніне қалай қарарымызды білмей далмыз... Саусақ ұшымен селдірлеу қияқ мұртының шалғысын асықпай ғана ширатып отырған Жұрынбай жылқышы тамағын бір кенеп қойып, бір мезет тым-тырс тынып қалған жұрттың ыңғайын бажайлағандай, айналасындағыларды қабақ астымен бір шолып ҿтті. - Ендеше бүлінген істі қалпына келтіре алмасымыз анық. Күн кҿзі қырауда қайтадан құрылыс салатын шама қайсы. Ендігі амал - ҿлі ҽруақтардан кешірім сұрап, құрбандық шалып, садақа ас беру... Осы жҿн болмай ма, Сейсеке! - деді ол, шалдың оң қыбынан шығуды аңдағандай сыңаймен. - Е, маған айтамысың?!. – Сейсен шалдың даусы қатқылдау шықты. – Мен бе екем жалғыз Самның тірегін тіреп тұрған!? Ҿздерің емес пе, осының бҽріне ұйғарым жасар. Бір ғана құрбандықпен күнҽңнен арылсаң қанеки... Шалдың шалт сҿйлеп, сҿзінің бір ұшын ҿзіне тигізіп отырғанын Жұбан қапысыз аңғарды да: - Сейсекең дұрыс айтады, Самның тірегі – осында келген баршамыз, мына отырған ҿздеріңіз.Ҿздеріңді қиналысқа түсірген жҽйттің оңай емес екендігін де түсінемін. Түсінгенмен, тап қазір нендей шара бар қолдан келер? Алайда, балалар оқуын үзбеуі керек. Жер аяғы кеңейгенде болмаса, мектеп үйін қайта бұзып сала алмаймыз. Бір қыс амалдауға тиіспіз. Ал құрбандық мҽселесіне ҿз басым қарсы емеспін. Дұрыс деп санаймын. Арамызда жүріп, қауым жұртқа билік айтқан ұр да жық бір

қаныпезердің жасаған күнҽсін – кінҽсі жоқ ҿзгелердің мойнына алып кҿтеруі жҿн болмаса да, киелі ҽруақтан халық атынан кешірім сұрау парыз. Адамдық рухымызды жоғалтпағанымыздың ҿнегесі болсын. Соғыстың ауыртпалығы артта қалып, заман түзелер уақытта алыс емес. Сол кезде бҽрін қолға аламыз.Тұрыш атаның мазарын бүкіл ел болып жҿндеп, қалпына келтіреміз ҽлі-ақ. Қазіргідей қиын кездің жағдайында бҽрімізді осы Сам құмындағы барша ҽулие-ҽмбиелердің ҽруағы қолдап, жебеп, демеп жүрсін дейміз де... Сейсен шал Жұбанның айтқанына ырза болғанын жасыра алмады. Қабағындағы кірбің заматта сейіліп, - Шырағым Жұбан, келелі сҿз айттың-ау, біле-білгенге. Алланың рахымы жаусын саған. Барша ҽулие-ҽмбиені еске алып, демеу сұрағаның орынды болды. Мына іргеде, құмның шығыс бетінде он үш шақырым жерде жатқан қарақойлы табын Барақ пен Асаудай ҽкелі-балалы батырҽулиелердің де рухына бағыштайық құрбандығымызды, басына барып зиярат етелік, қарсы болмасаң... Желтоқсанның басында, жұма күні Тұрыш ауылында құрбандыққа бір тайынша ҿгіз сойылды. Тұрыш ҽулиенің басында құран оқылды. Ауыл жұрты тайлы-таяғы түгел жиылып, оларға құм ішіндегі қысқы жайылымҿрісті мекендеген малшы қостарынан келгендер қосылып, ортақ қазан кҿтеріліп, ас берілді. Құран батасына бет сипап, кҿңілін демеген жұрт түс ауа, үлкен бесінге таман тарқасты. Күн еңкеймей Жұбан қасына Сейсен мен Жұрынбайды ертіп, кеш түспей жетіп, құран оқып, бүгін зиярат етуге үлгеру үшін құмның Барақ батыр мен Асау батыр жатқан қорымға қарай кетті. Самның қалың жынысты құмында Жұбанның құла қасқа бесті айғырының алымды аяңынан қасындағы екі серігінің мінген торы аты мен жирен тҿбелінің де қарымды жүрісі кем түспеді. Құмның шағырлы қоян жон тҿбелерінің ара-арасымен жеделдей жүрген үшеу діттеген жерге ҿздері межелеген уақытта жетті. Бірінде - ҽкесі, бірінде - баласы жатқан

бҿлек-бҿлек екі қорымдағы зираттардың басында құран оқылып, зиярат батасы жасалды. Бұдан соң үшеуі осы маңда былайырақ, оқшаулау жерде қалқиып тұрған, үш керегелі жаппа-күркеге қарай беттеді. Бұларды кҿріп, күркенің сырт жағында отырған екеудің қартаңдау келгені орнынан тұрды. Еңкіш бойлы, басындағы алба-жұлба ескі тымағын маңдайына қарай бастыра киген, ҽжім торлаған жүзі тотығыңқы, жасы алпысты молынан еңсерген кісі күмілжіңкірей сҿйлеп, бұлармен сҽлем алысудың емеурінін ғана танытты. - Танымадық, кім боласыз, ныспыңыз кім, ақсақал?.. Жұрынбайдың салғаннан үстемелетіп жҿн сұрасуға кҿшкеніне ол тосырқай қарап қалды. Бұларға алма-кезек кҿз тастап, аз-маз үндеңкіремей барып тіл қатқан ҽлгінің даусы пҽстеу, қарлығыңқы шықты. - Біз де бір пендеміз-дағы осында келіп, зиярат жасап жүрген... - Сонда енді қай жұрағаттан боласыздар?.. Үшеуінің атынан жалғыз ҿзі сҿйлеп, мұның мҽн-жҽйін тҽптіштей білгісі келген Жұрынбайдың ала-бҿтен сҿзуарлығына пҽлендей ашық қабақ таныта қоймаған ол тағы да бұған асықпай, аз-мұз тосылыңқырап тұрып жауап берді. Кескінінде «мені салғаннан тергеуге алатындай кім едің ҿзің» дегендей сыңай бар. - Руды білмекпісің?.. Білмек болсаң – Жетіру, қарақойлы Табын боламыз... Ныспым – Ҽмірҽлі... Үстірттің шығыс бетін жайлап жатқан Қоңырат жеріненмін... - Е, түсінікті, баяғы жаугершілік заманда қалың табынның жерінен солай қарай ауған Асау баласы – Дҽуіттің жұртынан болдыңыз ғой... Осы тұста Сейсен шал: - Оу, Жұрынбай, ҿз жҿн-жобаңды айтпай, үстемелете бергеніңе жол болсын! – деді Жұрынбайдың сҿзін бҿліп. - Менікі, Сейсеке, бұрын кҿрмеген адаммен танысып, білісудің реті ғой былай...

Жұрынбай мырс етіп күліп, саптама етігінің оң жақ ұзын қонышын қолындағы бүктей ұстаған қамшысымен қағып-қағып қойды. Бұлардың да кім екенінен хабардар болып, мҽн-жайға қаныққан Ҽмірҽлі ҿзінің де бұл араға келуінің жағдайын бүкпесіз айтып берді. Соғыстан ауыр жарақат алып – контузияға ұшырап, құлағы бітіп, тілі байланып тас керең, мылқау болып қалған баласын аталарының басына түнетіп, зиярат етуге ҽкелгеніне бір жұмадай болыпты. - Жарықтық Барақ ата, баласы Асау екеуі елін, жерін жан-жақтан басқыншылықпен анталаған жоңғары бар, орысы бар қызылкҿз дұшпаннан қорғап, атой салған нағыз ерлердің ҿзі ғой. Қасиетті аталарыңның ҽруағына тҽу етіп, мҽңгілік тыныш тапқан мекенін киелі санап, дҽру-дҽрмен тілеп келген ниеттерің оң болсын!.. Сейсен шалдың батасына Ҽмірҽлі бетін сипап, сҽл жасаураған аялы кҿздерінен жылылық себездеп, ырзалық шыраймен басын изей берді. Күркенің сыртына арқасын сүйеп отырған кҿнетҿз ҽскери гимнастеркалы жұқалтаң, аққұба ҿңді, жігіт ҽкесімен ҽңгіме-дүкен құрған бейтаныс адамдарға тас меңіреу кейіппен тым-тырс ттынып кҿз тастайды. Соғыстың қиямет зардабы оның айналасындағыларға осы мылқау дҽрменсіздікпен қинала қараған кҿз-жанарында ұялап қалған тҽрізді... - Байғұс жігіттің халі біздің кҿнтҿж болып оралған ҽлгі Жүрсінбайдан да бетер қиын сияқты шамасы,- деді Жұрынбай былай шыға бере басын шайқап. – Оның ҽйтеуір еміс-еміс естіп, жарымжартылай былдырлайтыны бар ғой. Бұ соғысыңның қилы-қилы қияметзардабын шекпеген жан бар ма, сірҽ. Ҽйтеуір осы сұм тажал ауыртпалықтың арты жақсылық болғай да... - Жұбанжан, осы соғыстың бітер кезі жақындап қалды деседі ғой ұзынқұлақ ҽңгіме, сол рас сҿз бе ҿзі? Кҿзің ашық, ел басқарып жүрген азаматсың ғой, ҽрі бізге қарағанда ҿкіметтің саясатына жақын адамсың, кҿңіл жұбатарлық үміттің ұшығы бар ма, соны айта ма жоғарыдағылар? Ескіше аздаған сауатымыз бар біздер сендердің ҽлгі жаңа харіптеріңмен

басылып шығатын қазит деген қағаздарыңды оқи алмаймыз. Оныңда не жазылып, не айтылып жатқанынан бейхабармыз... Тұрышқа қайтар жолдың үстінде Сейсен шал үзеңгілес келе жатқан Жұбанға осы сауалды қойып, одан жауап тосты. «Сейсекеңді мазалаған жҽйт - қазіргі күндері ҽркімнің кҿкейінде жүрген бір үміт, бір арманмен астасқан алаңдаушылық қой, - деп түйді ішінен Жұбан. - Алыстағы құм ішінде мал соңындағы ауыр да бейнетті шаруаны күйттеп жүрген жұрттың майданнан жеткен хат-хабардан аз-мұз білгенінен басқа, жер-дүниенің о шеті мен бұ шетін шарпыған жойқын соғыстың бүкіл аласапыранынан бейхабарлығы қарттың осы сауалынан байқалып тұр-ау...» Бір сҽт ҿз ойымен оңашаланған Жұбанның үнсіздігін Сейсен де, Жұрынбай да оның не нҽрсені де байыптап, асықпай тұжыруға тырысатын сабырлы ұстамдылығына сайды. - Енді кҿп күттірмес. Соғыстың ең ауыр жылдары артта қалды. Қазір майдан шебі Батысқа қарай ауып, біздің ҽскерлер неміс басқыншыларын ҿз апанында біржола күйретіп жеңуге бет алған сыңайлы Совинформбюроның соңғы мҽліметтеріне қарағанда. Соғыс алапатынан тірі қалған, кҿп ұзамай елге оралатын ер-азаматарымызбен қатарымыз ҽліақ толығар, құдай қаласа, Сейсеке! Сіз бен біздің мұндағы ҿткерген қиыншылықтарымыз бір күнгідей болмай ҽлі-ақ ұмытылар... - Қиыншылық дейсің-ау... Біздің бұл кҿргеніміз қан майданда, соғыста ҽр сағат ажалмен бетпе-бет келіп қан кешкен азаматтардың бастан кешірген қияметінің қасында, тҽйірі, неге татыр дейсің... – «Неге татыр» дейсіз бе?! Мұныңызбен келіспеймін, Сейсеке! – Оған жалт бұрылып қараған Жұбанның даусы қатқылдау шықты. – Шарпыған от-жалын мен ысқырған оқтың арасында жүрмесеңіздер де, соғыстың ауыртпалығын тылдағы жұрт – мына сіздер де кҿтердіңіздер. Қас дұшпанмен айқасқа түскен сарбазыңды киіндіріп, күнбе-күнгі жорықты шайқастардан соң талшық етер ас-суын ҿз аузыңнан жырып

беру үшін қандайлық жанқиярлық бейнет кешіп келесіздер осы жылдардың ішінде. Бұл да нағыз майдан. Майдан болғанда, қандай майдан! Алдыңа салып баққан ҽр бас малыңды сақтап, ҿсіріп, баққаның, етін, жүнін, майын майданның қорына шашпай-тҿкпей түп-түгел жҿнелткенің – сенің де неміспен жан аямай соғысқаның емес пе, Сейсекеау... – Басшы болғасын солай айту – саған жарасады, ҽрине. Қанша бейнет шексек те, күнбе-күн ажалдың аузында тұрғандай зауалды бастан кешіріп жүрмегенімізді айтам-дағы. Біздікі қараңғылық та шығар, ненің байыбына барып жатырмыз. Саясаттан кҿрсоқыр мен сияқты жаман-жҽутік шалдардың айтқанынан не бҽтуа іздерсің... Ҽңгіме осы арадан үзіліп, бұдан ҽрі үшеуі де Тұрыштағы штабқа жеткенше жол бойы ҽрқайсысы ҿз ойымен ҿзі болып, құм ішімен жележорта берді. Жұбанды мазалайтын ой – құмға кірген малдың қазіргі күйі. Үстірт үстінде тоғайып, суы мол құдықтардан мезгілімен суғарылған малдың құм ішінде ендігі жерде шҿліркеп қалмауы үшін қар керек. Ал желтоқсан айы басталғалы құм іші ҽлі құрғақ. Ҽнебір күндері ұшқындап жауған мардымсыз қырбық қар кҿп жатпады. Қыста қарламаған қойдың жайылмаға бабымен түспесі де анық. Жайылысы оңды болмаған малдың жай-күйі де жадаулыққа ұшырары ҿзінен-ҿзі белгілі. Ендігі үміт – осы айдың тоғысындағы ауа-райында. Жаңа Айдың Үркермен арасы бірбірімен тоғысып, маңайлас туса, желтоқсан тоғысының жайлы болары сҿзсіз. «Қысы-жазы күн-райының реңкін бағып, ҿмір бойы мал соңында жүрген адам ғой, Сейсекең не дер екен» деген оймен ол: – Сейсеке, осы жаңа айдың тоғысы қалай болар екен шамасы?.. - деді ат үстінде еңселі тұлғасын тік ұстап, мызғымай отырған шалға жүзін сҽл бұрып. – Желтоқсандағы Айдың Үркермен тұспа-тұс ҿтетін тоғысы алшақ кҿрінсе, бұл кез ҽдетте қарлы болып, артынша теріскейдің желін ала

келетіні бар еді, биыл да сонысынан айнымас, сірҽ. Бірақ Айдың тууы біледі... Үркермен тоғысып, жайлы туса, жұмсақ басталар. – Жұмсақ болғанда қалай, тоғыс қарсыз бастала ма?.. Жұбанның кҿкейіндегіні Жұрынбай бірден аңғарды да, Сейсен шал бұған не айтар екен дегендей, ортада келе жатқан оған оң жақ қасын кере кҿз қиығын тастап бір сҽт елең етті. Сейсен шал бірден жауап беруден тосылып, аз-кем мүдіріңкірей түсті. Жұбанды мазалаған жҽйттің байыбын Айдың тоғысы туралы сҿзінен-ақ түсінген. Ҿткен жұмада малшыларды аралап жүріп, құмның шығыс беткейіндегі бұған да Жұбанның ат басын бұрғаны бар. Құм ішіндегі таяз құдықтың жартымсыз суына шҿлі қанбаған қойдың жадау жай-күйін аңғарған ол сол жолы да біраз алаңдаушылық білдіріп кеткен еді. Қотан шетінде қойдың таңертеңгілік жас құмалағын алақанына салып мытып, езгілеп: - Сейсеке, қойың шҿліркеп қалыпты. Шҿптегі шықтан ҿзге ҿңезе-құрсағына ылғал дарымай жүрген сияқты ма, қалай? Құмалағы құрғақ, күйсеуі де мардымсыз болар, – деген оның дҿп басқан байқампаздығына іштей тҽнті де болған. Қыста қарламаған күйіс малының қоңы пҽс болатынын ҿзінен бетер жақсы білетін Жұбанға не деп ау-жай айтар жағдайы бар. Қойдың қанша күннен бері шҿліркеп жүргеніне дейін құмалағына қарап ажырататын оның айтқанын малдың жағдайын бір адамдай білемін деген Сейсен шалдың да мойындамасқа лажы жоқ еді. Қазіргісі де осы тоғыстың қалай, қайтіп ҿтерін құр бажайлау емес, осы кезде қардың жауар-жаумастығына деген алаңдаушылығы болатын... – Тоғыс басындағы түні Үстірт жақтан, теріскейден ызғырықтың лебі аз-мұз сезіліп жатқандай болса, қар жаумай қоймас. Тек мұның арты қатты желге айналып, борандатып кетіп жүрмесе болғаны...

– Қыстың борандатып басталғаны Үстірт үстіндегі жылқыға қиын соғады. Қазірдің ҿзінде жылқыны оқта-текте торуылдап жүрген ит-құс деген пҽлең ҿршіп кетпесе неғылсын?.. Жұрынбайдың мұңы – жылқысының қыстың алғашқы тоғысында бір соқса, апта бойы басылмайтын боранға ұшырамауы. Мұндайда жылқы малын ықтырып алмаудың қамы былай тұрғанда, ҽсіресе боранды күні екілене шабатын қасқырдан аман сақтаудың ҿзі қаншама қиямет екені Жұбанға да аян. Жұрынбайдың аяқ астынан мазасыздануы сондықтан да түсінікті жҽйт. Ҽйтсе де тоғыс туа ҽлдеқалай ҿзгеретін күн райының құбылысын алдын ала қиыншылықпен байланыстырып уайымға салынудың жҿні жоқ еді. Жұрынбайға кҿз қиығын тастаған Жұбан оған ештеме демеді, ойын ішіне түйді. – Ҽй, Жұрынбай, жылқым бораннан, қасқырдан аман болсын деп тоғыста қармен аралас жел тұрмауын сен ғана емес, қой соңында жүрген мына біз де тілек етеміз. Мұның бҽрі, қыс амалының не беріп, не қояры жаратқанның құзырындағы нҽрсе ғой, - деді Сейсен шал жарау торысын сипай қамшылап қойып. – Бір Алланың қолында не қыламын десе де. Бірақ шҿп басын молынан ылғалдар қар керек-ақ қазіргі күні. Үстірттің етегіндегі қалың бұйырғынды қармен араластырып жеген жылқыңның қоңы қыс бойы таймайды, біле білсең... Жұрынбай мырс етіп, басын шайқап қойды. – Шалыңның болжамы болжам-ақ қой, ҽ! Сҿз тастасын қарашы, жылқының да жағдайын менен кем білмейді. Ҿзіне бір қыс жылқы бақтырар ма еді?!. Сисен шал оның Жұбанға айтқан сҿзін шалалау естіді, бірақ ҿзі туралы бірдеме айтып келе жатқанын бет құбылысының емеурінінен байқап қалды. – Сендей қайратым болса, неден болса да тайынбас ем, қазір оған шама қайда? Кҿңілге тоқыған оны-мұнымызды ақылға санап, соның

тҿңірегінде кҿбірек сҿйлейтін болып кеттік, қолдан келеріміз сол ғана. Ҿз ақылым ҿзімде деп келе жатқан сыңайлысың-ау, сірҽ?! Шалдың ҿзіне қарап сҽл ғана күлімсірген жүзбен қитықсыз айтқан сҿзіне Жұрынбайдың қарқ-қарқ күлгеннен басқа лажы қалмады. Жол үстіндегі үзеңгілестердің майдандағы жағдайдың ау-жайынан басталып, күн райының, малдың жай-күйіне қарай ауысқан ҽңгімесі осылайша тҽмамдалып, түн қараңғылығы ҽбден қоюланғанда олар Тұрышқа келіп ат басын тіреді.

-X - Зайыбы Үзіл екеуі штаб кеңсесі орналасқан қоржын үйдің бір жағындағы жатын бҿлмеден басқа шағын ғана ауызүйі бар баспананы тұрақжай еткен олардың аядай отбасында былдыр-былдыр сҿйлеп кҿңілдерін сейілтетін жалғыз алданышы кішкентай Ҽсия кешеден бері сұлқ жатыр. Неден екені белгісіз, кенеттен қызу кҿтеріліп, томпиған аппақ жүзі қуқыл тартып, кҿгеріп түні бойы ҽлсіз ыңырсып шыққан сҽби таңертеңнен бері демалысы жиілеп, алқына берді. Темірден биыл ғана келіп жұмыс істеп жатқан талдырмаштау жап-жас орыс қызы, фельдшер Тамараның жасаған оны-мұны емінен дҽру болмады. Түнімен кҿз шырымын алмай сҽбидің жанында болған, не істерге дҽрмені болмаған фельдшер қыз Үзілге қосылып кҿз жасы мҿлтеңдей жылайды. Аяқ асты жабысқан соқпа дерттен кіші бесін мезгілінде сҽби бейкүнҽ жанын азаптаған қиналыстан ада болып, мҽңгіге тыншу тапты. Құрсағынан шыққан бесінші сҽбиінің шетінеуі ана мен ҽкенің еңсесін езіп, күйретіп кетті. Жылай-жылай кҿзі жасы құрғап, аққұба жұқа ҿңі қуара бозарып, құр ҿкси берген Үзілге нендей жұбаныш сҿзін тауып айтарын білмеген Жұбан ауыр-ауыр күрсінумен болды. Кҿңіл айтысып, қайғысымен ортақтасқан үлкен-кішінің сҿзбен жебеп-демеуі жан-дүниесін аңыратып құлазытқан қайғыға септесе алмады.

«Япыр-ау, не жаздым жаратқанға аяусыз күйрететіндей?.. Ҽке болып, ұрпақ ҿсіру менің пешенеме біржола жазылмағаны ма? Тағдырдың жазуы осы болса, бұдан арғы ҿмірдің мҽні қайсы? Жан баласына қиянат істегендей жерім болды ма, адалдықтан айныған кезім болып па еді?! Нендей ғана жаманат екеуміздің басымызға жабысқан, нендей қиямет айналып келе беретін?!» Қызын жердің суық қойнына тапсырып, еңсесін кҿтере алмай, ҿз қайғысын ҿзегіне құмықтырған Жұбан келім-кетім жұрт аяғынан оңашаланған бір сҽттерде осы бір ойлармен іштей күңірене күйреген еді. Екі күн бойы басын кҿтермей, бүк түскен күйі жатып қалды. Жұбанды бұл халден арылтатындай Үзілде де дҽрмен қалмаған болатын. Ҽр кҿтерген құрсағының кҿктей солып, шетінеп қиыла беруі оның да аналық жан-дүниесін жұтатып, тіршіліктен түңілдіре бастағандай күйге түсірді. Сейсен шалдың шүйкедей, ақ сары тарамыс кемпірі Шынкүмістің ауық-ауық: «Бастарың жас, кҿрер қызықтарың таусылған жоқ, күйреме, жасыма, қарағым. Алланың бір мейірімі түсер, қашанғы жылата берер дейсің сендерді», - деп қайта-қайта жұбатқанына қанша иланғысы келсе де, илана алмай, басын шайқап, боп-боз боп кезерген ернінін тістелей берді. Кеуде қуысы қаңырап құр сүлдесі қалған, жылаудан, ҿксуден шаршап-шалдыққан жас анаға ендігі күндерден үміт күту алдамшы елестей кҿрінді. «Бүйтіп сорлағанымша, кҿзге күйік болмағаным жақсы-ау бұдан былайғы жерде. Жұбандай азаматтың ұрпағын ҿрбіте алмайтын ҽйел болғанымша, болмағаным артық еді. О бастан осылай жаратқан болсаң, о, құдай, маған жер бетінде бүйтіп тіршілік етудің қажеті қанша?! Кҿзге кҿрінген сҽбилерімнің жас ҿмірін аналық жылу-қуатыммен сақтап, қорғай алмадым, ҽкелерін ҿксітіп, қор еттім...» Жан күйзелісінен бірнеше күндер бойы арыла алмай, терең ой-мұңға батқан жұп-жұқа талдырмаш жас ана Үзілге дүние қаңырап бос қалғандай болды. Кеп-кеше ғана бүлдіршін сҽбиі Ҽсияның тҽтті қылығымен

жайнаған үй ішінің базары тарқап, екеуден-екеу сопиып қалған олар жанҽлемін жайлап алған ауыр мұңға құдды ҿздері кінҽлі адамдай бірінің-бірі жүзіне тура қарай алмай тҿменшіктей берді. Жан күйзелісін ішіне бүккен Жұбан кейбір кездері түні бойы ұйықтай алмай, ҿңі қуқыл тартып, сүлесоқ жүретін болды. Шаруа қамын себеп етіп, күнұзақ ат үстінен түспегені болмаса, дүниенің бар қызығы ғайыптан-ғайып тоналғандай күйді басынан кешірді. Қабырғасы қайысып, аяныш білдіргендердің жұбату сҿзі де оның бұл халін біразға дейін жеңілдете алмаған еді. Алайда, уақыт – емші. Басына түскен ауыртпалыққа қаншама күйзелсе де, Жұбан біржола күйреп кетпеу үшін ҿзін қатайтып, ішкі күш-жігерін ойсыратпауға тырысып бақты. Ҿзіне жүктелген аса ауқымды жауапкершілікті қайыспай кҿтеретін сол баяғы дағдысынша құм ішінде мал қыстатып отырған елдің шаруа жағдайына алаңдаумен болды. Шаруа қамындағы осы тынымсыз алаңдаушылық оны қайғы салмағынан езіліп, шҿгіп кетпеуден сақтаған еді.

* * * ...Қыстың алғашқы айының тоғысында екі-үш күн бойы жауған қиыршық қар Үстірт үстін молынан қымтап тастады. Бұйырғынды тебінге бас қойған жылқыға жұмсақ қардың жұқа кҿрпесі ҽрі сусын, шҿліркемей, ҽрбір үйір кҿз кҿрім тҿңіректен табан аудармай ҽрі жайылып, ҽрі жусаумен болды. Үстірттің Сам құмымен ұласар оңтүстік беткейіндегі бұлардың қысқы тебіні бұйрғын мен қара жусаны қалың ҿскен бұйрат болатын. Жылқының қыста нағыз қоң алатын тебіні. Тебінде қармен араластырып бұйырғынды күртілдете соғатын жылқы малы, шынында да қыстың осы аз күндерінің ішінде құдды бір бабымен күтіліп, бордақыға қойылғандай, жаясы жылтырап тез семіреді.

«Сейсекеңнің жобасы дұрыс шықты. Ай тоғысы жайлы болды-ау шаруаға», - деп ара-кідік кҿңілі іштей тоғайып жүргенімен, Жұрынбай бұл күндері түнгі күзетке кҿмекшісі Қосымды жалғыз жібермей, екеуі бірге шығып жүрді. Бүгін де сол ыждағатты дағдысынан жаңылмады. «Жел тұрса, бекімеген қардың бұрқасындатып кетуі аяқ астынан.Ит-құстың жылқыны тұтқиылдан келіп қоритын мезеті де осындайда болады. Ҽсіресе жылқының түн ортасы ауған кезгі жусауында сақ болу керек. Жылқыға шабатын ҽккі кҿкжалың нақ осы сҽтті құр жібермеуге тырысады». Жылқы соңында жүріп талайды бастан кешірген кҽнігі жылқышының ойға түйгені де осы еді. Жер қарада бұл ҿңірдің ой-қырындағы тұяқтылардан некенсаяқ ақбҿкен, қала берді қоян, суыр сияқты ұсақ аңдарды талшық ететін түз бҿрісі алғашқы қар жауысымен-ақ «теке бұрқақ» амалында жылқының тебінін тҿңіректейтіні оған қашаннан мҽлім. Жылқыға қасқырдың қызыл қырғын салатыны да нағыз осы мезгілде. Қонышы биік, іші байпақталған саптама етігінің ұшын етегі молынан жабатын қалың тұлыпқа оранған Жұрынбай жарау айғырдан тақымын ажыратпай, жусаған жылқының арасында жүріп жан-жағына жіті кҿз тастады. Майданнан осы жазда ҿкпесінен ауыр жарақат алып қара күзде елге оралысымен бұған кҿмекшіліке келген, денсаушылығы ҽлі оңала қоймаған Қосымға кҿп салмақ салу қазір қиын. Ал басшылардың жылқы бағысуға жҽрдемшілікке деп қосып берген құдықшы Ерқараның он бестегі Тасқынҽлі деген баласын түнгі күзетке жіберуге ол дауаламайды. Кейкейде ғана оны, ай туа байыздайтын жылқының бірінші жусауында Қосымға қара болуға жіберетіні бар. Жұрынбай құлақ ұшын аздап қана шымшыр аязы бар бүгінгі түннің ашық боларын Күннің қызыл-сарғыш реңкпен батуынан бажайлады да, Қосым мен Тасқынҽліні тебінде қалдырып, жылқының түнгі екінші жусауына дейін бір мұрсат кҿз шырымын алуды ойлады. Үйткен семіз

ісектің сүбесіне араластырып пісірілген күздікке сойылған құнаншығар етінің ыстық сорпасымен араластырылған қою құрт кҿженің бір зерені тұла-бойын балбыратып, кірпігі демде ілінді. Ескі тұлыптың жалпақ биік жағасынан басы ҽзер қылтиып кҿрінген Тасқынҽлі жуас кҿк бестісімен желе-жортып, ҽрдек-ҽрдек маңда тебіндеп жатқан жылқының маңайын шола оралып, шеткерірек жайылған саяқтарды үйірлерге қарай қайырмалап жүрген Қосымның қасына келді. – Қосым кҿке, жалғасын тағы да бір жолы айтамын деген ҽңгімеңізді айтыңызшы? – Тасқын оған жанамалай келіп, қос танауынан атқақтай бу бұрқыраған атының тізгінін тартты. Бала жылқышының бар ынтазары – оның неміспен қалай соғысқаны туралы ҽңгімені есту. – Ай, шырағым-ай, сағат сайын жан алысып, жан беріскен сол жантүршігерлік қияметтің несі қызық саған?.. Баламысың деген... – Кҿз аясы үңірейіп, жүдеу жүзі қуқыл тартқан Қосым ҽңгіме айтуға ықыласты еместігін танытып, атының басын кері бұра беріп еді, Тасқын оның алдын орағыштай берді. – Кейін айтамын деп едіңіз ғой ҿзіңіз... – Е, ҽлгі құлынынан айырылған бие туралы ма?.. – Ия, ия! Үлкен ҿзендегі кҿпірді немістер бомбылап кеткеннен соң арғы бетте қалған биенің құлынын іздегенін айта бастап едіңіз ғой... Батыс Украинада ҿткен қиян-кескі шайқастардың бірінде болған сол күнгі оқиғаны Қосым кҿз алдына ҽкелді. - Жаз ортасы ауған кез. Самбор қаласының маңы. Днестр ҿзені. Ұмытпасам, тамыз айының ортасы. Шегініп бара жатқан жаралы жау жанталаса қарсыласады. Ҽр шайқас біздерге оңай тимейді, жан-дҽрмен азуын ақситып, қансыраған жаралы жыртқыш бірде ҽуеден шүйіліп бомбыласа, бірде ауыр зеңбіректерімен күндіз-түн гүрс-гүрс атқылайды, болмаса арылдатып, гүрілдетіп тҽніктерін қаптады. Біздің ротаның жеңіл зеңбіректерін сүйрететін бірнеше ат жҽне аспазшылардың арбасына

жегіліп жүрген жалғыз ақбоз бие болатын. Жаз басында құлындаған сол ақбоз биені шаруашылық маңында жүретін старшына Ҽндірей Рҿдинсоп деген егделеу орыс Львов түбіндегі бір деревнядан тауып ҽкеліп, оны аспаз арбасын сүретуге салып қойған. Самбор қаласын мұздай қаруланып бекінген пҽшістерден тез арада азат ету үшін Днестрден арғы бетке ҿту міндеті қойылды. Ал ҿзеннен арғы бетке ҿтетін үлкен кҿпірге жаудың бізді маңайлататын түрі кҿрінбейді. Содан не керек, кҿпірдің аузындағы неміс ҽскерлерін күйретіп, жол ашу үшін біз де аянбадық, жау да қарап қалмады. Кҽміндірлеріміздің бас-кҿзге қаратпай қамшылауымен, бұйрығымен дегендей, ҽйтеуір оларды ҽупірімдеп кҿпірден ығыстырғандай болдық та, тез арада шабуылға жол аштық. Біздің рота да, басқалары да кҿпірден ҿтіп үлгерді. Бірақ кҿпірге ең соңынан түскен шаруашылық ротасының жартысы арғы бетке ҿте алмай қалды. Немістер іле-шала кҿпірді ҽуеден бомбылап күл-талқанын шығарды. Аспазшылардың қазан орнатылған қос доңғалақты арбасын сүйреткен биенің құлыны сол бір алас-қапас мезеттерде қалың нҿпірдің арасынан енесінен адасып, арғы бетте қалып қойды. Ҿзен жағалай құлдыраңдай шауып, құлынының шіңгір-шіңгір кісінегенін естіген боз бие жанын қоярға жер таппай алас ұрды. Арба айдаушының божымен қақпайлағанына қарамай арбаны салдыр-гүлдір сүйреткен күйі қираған кҿпірге қарай шапқылай жҿнелді. Тҿңірек азанқазан, ҽр жерде жарылған бомбы. Аспаз бен айдаушы, ҽлгі старшына Рҿдинцоп, басқасы бар, бҽрі түгелдей жан-жақтан қаумалап біреуі арбаның тертесіне жабысып, божыны шірене тартқылап, биенің басын зорға тежеді. Бірақ жанын жай тапқызбаған ҽлденедей сұмдық, үрейден кҿз шарасы зорайып, жанталаса осқырынып, шұрқұрай кісінеген биені ҽлгілердің қолға іліккен нҽрсемен бастан оңды-солды ұрғылап, осқылағандарын кҿргенімде шыдай алмай кеттім. Жүгірген күйі барып, жалма-жан біреуінің қолындағы ұзын, добалдай таяқты жұлып алдым.

– Тілсіз жануарды бастан таяқтаған сұмдықты кімнен кҿрдің, сболыш! – дедім ашудан түтігіп. Ҽлгілер арбаны тастай сап, маған жанжақтан дүрсе қоя берсін. Осы азғантай мезетте тартқылаудан сҽл босаған боз бие қатты жұлқынып қап, тертесін қирата-мирата, арбаны қиқалақтата сүйреткен күйі ҿзенге қарай ұмтылды. Дҽл сол уақытта, тап сол тұста бір алапат бомбы жарылсын. Ҿзен жағасының, түп-түгел жер-дүниенің астан-кестені шықты... – Ойпырмай, ҽлгі боз бие не болды екен? – Ҽңгіменің ҽсеріне ұйыған Тасқын оған сұраулы жүзбен жаутаңдай қарады. – Бейшара жануардың одан ҽрі не күйге ұшырағанын білмедім, етпетімнен құлаған мен оң жаурынымның асты дызылдап, ұйығанын кенет қатты сезіндім. Содан Сарытау қаласындағы госпитальға түсіп, жарақатыма ем-дом алдым да, кҽмисие бұдан былайғы жерде ҽскерге жарамсыз дегесін бас-аяғы үш айдың ішінде ауылдан бір-ақ шықтым емес пе, мінеки. Солай шырағым, естігің келген ҽңгімең осы болса... – Жануар-ай, құлынын іздеп жаны шырқыраған екен ғой... – Тасқынҽлі сҽл жасаурай қалған кҿздері жҽудіреп, қамығып тұрды. – Аман қалып, құлынымен табысты ма екен, қайтті екен, а?!. – Ҽй, қайдам?! Соғыс дегенің сол, бір мезетте барсың, бір мезетте жоқсың. Шабуылға шыққан кездері атыс саябырлағанда окоптың түбінде бүрісіп ұйықтап, таңертең оянып кҿзіңді ашқаныңда түннен тірі шыққаныңа қуанасың, тҽубе дейсің. Ал келесі күнді бас-аяғың сау, аманесен кҿретініңе сенімің бола бермейді. Сен боз бие не болды екен деп қамығасың, баламысың деген. Малың түгелі сол зұлмат қырғын адамның ҿмірін де кҿзді ашып-жұмғанша жалмап жатты емес пе! Құдай сақтап, тірі қалдық ҽйтеуір, бұл да алланың мендей байғұс пендесіне ҿзінше мейірімі түсіп қарасқаны болар. Сол жан алысып, жан беріскен қырғынды кейде түсімде кҿргенде шошып оянамын, беті ҽрмен болсын. Ендігі жерде адам баласы ылайымда ондай сұмдықты басынан кешіре кҿрмесін деп тілеймін

жаратқаннан. Сендерге соғыстың ҽңгімесі қызық кҿрінгенімен, соны кҿріп жаным түршіккен мына мен үшін еске түсірудің ҿзі оңай емес, шырағым!.. Қосым қара тұлыбының қаусырыла кҿтерілген жағасының шетіне қонған қырауды қолының ұшымен қаққыштап қойды да, «шу» деп атын тебініп қалды. Майданның қанды қырғын кҿрінісін кҿз алдына ҽкелген ҽңгіменің аянышты ҽсеріне кҿңілі толқыған Тасқынҽлі кҿк бестісін ілбіте түсіп соңынан ілесті. «Қызық, ол жақтада да қаланың атын Сарытау деп қазақша атайды екен-ау», - деп ойға қалған Тасқынҽлі осы мезетте құлағына тосыннан шалынған ҽлденедей бір дыбысқа елең ете түсті. Түнгі тебінде алғашқы жусауына шоғырлана бастаған жылқының бір шетінен оралып, бұларға қарай қаба жалды күрең айғырын желдіртіп келе жатқан Жұрынбайдың «Һайт! Һайт-ай!» деген даусы шықты. – Апыр-ай, не болып қалды екен, Жұрекеңнің дауысы да, екпіні де қатты ғой!.. – Қосым қарына ілген құрығын кҿтерген күйі жан-жақты дереу шолып, таяу маңдағы жылқы үйірлеріне жіті кҿз тастады. Бірақ оған секем аларлықтай ештеңе байқалмады. – Бұл маңда емес, анау шеткі үйірлердің арасынан арланы бар, екі қаншық солаңдап сытылып шықты. Не қарап жүрген адамсыңдар екеуің, бір-біріңе сүйкене ықтап, паналай ілбіп?! – Жұрынбай оларға дүрсе қоя берді. – Жылқының жусайтын кезінде ҽсіресе аң болыңдар деп талай айттым емес пе сендерге. Менің қарамды кҿргесін, ауыздарын қандап үлгермеген тҽрізді. Басқа үйірлердегі жабағы-торым қан-соқтан аман болса, жарайды ҽйтеуір. Кҽнеки, кҿз сүзіп қарап шығыңдар түгелдей бҽрін... Қосым мен Тасқынҽлі ҿздерінің ҽңгіменің сонарымен бейғамдыққа салынған кінҽларын іштей мойындағандай, лҽм деместен жылқының о шеті мен бұ шетін екі жақтан түсіп желе-жортып аралап кетті. Жұрынбайдың ҿзі күрең айғырды тебіне түсіп, үйір-үйір болып жусаған жылқының ҽр үйіріне мұқият кҿз жіберіп түгендеп шолып шықты.

Түз жыртқыштары қыс мезгілінде жылқының жусайтын кезін аңдып, бас салатыны жылқы баққан адамға қашаннан аян. Ал жайылып, тебіндеп жүрген жылқы ілеуде-бірде болмаса, қасқырға кҿбіне алдырмайды. Ҿңшең жарау ҽрі сақа айғырлар үйірінен бір тұяқ та шетінетпейді. Қандай ҽккі кҿкжал болса да, айғырлардың алды-артымен бірдей тарпып, тепкілеуінен кҽдімгідей қаймығады. Жылқының аз-кем мызғуға беріліп, сақтығы бҽсеңсіген жусау сҽтінде ғана жылы-жұмсаққа ауыз қандауға болатыны түз тағысының қанына сіңген түйсік. Діттеп қоритын кҿз болмаған жерде сол түйсігінен бұлар жаңылмауға тырысады. Жұрынбайдың жылқы жусауындағы күзетке барынша мұқият болатындығы да сондықтан. Енді міне қыс басынан қасқырдың бұлайша торуылдай бастауы, жақсы емес екенін оның іші сезді. Жалғыз мылтық, үстеріндегі тозыңқы тұлып, табаны жамау байпақ, осының бҽрі жылқы малының соңында түздің қақаған суығында бұлардың ат үстінен түспей жүретін тірлігінің шымыр, ширақ болуына қиындық келтіретіні анық. Мұны Самның бастығы Жұбан да олардан артық білмесе, кем білмейді. Ҿздеріне қысқы оны-мұны керек-жарақ, киім-кешек, жабдықтардың жетіспейтіндігін айтып, онсыз да кҿңілі қаяу Жұбанды мазалай беруге Жұрынбайдың дҽті жетпейді. «Шыдағанша шыдармыз» дейді жігерін ширатып. Бірақ ҿңі суықтан боп-боз болған Қосымның үстіндегі етегі жырым-жырым, қамсауы жоқ ескі тұлыпты кҿргенде ҿзінің де арқа-жонын сақылдаған аяз қарып-қарып ҿткендей болды.

-ХІҮстірттің Сам құмы бетінде, Ақжігіттегі тебінді жайлаған Жұрынбайдың жылқысына қасқыр маза бермей тұр деген хабар штаб басындағыларды біраз ҽбігерге салды. Жұбан қасына мал маманы Мұқамбетқазы мен құдықшы Ерқараны ертіп жылқылы ауылға шұғыл жетті.

Күндізгі мезгілде ғана кезектесіп ас-суларын ішіп, шала-пұла мызғып, жылқы соңында күні-түн дамылсыз жүрген ҿңдері жүдеу жылқышылардың шаршаулы ҽрі мазалаң қалпын кҿрген Жұбан жағдайды айтқызбай-ақ түсінді. Жұрынбайдан шығынның кҿлеміне ғана қатысты сұрады. - Ҽзірге бір жабағы жҽне бір байтал. Жабағыны тамақтықтан орып,жарып кетті. Байтал ірілеу болғасын ба, алдырмапты, бірақ омырау мен саурынынан біраз жарақат алған, тҿбесі жартылай жабылған қорамызда, ықтасында ұстап отырмыз. – Жұрынбайдың бҽсең үнінен кінҽлі реңк сезілді. Сҽл мүдірістен соң тағы да бірдеңе айтқысы келген Жұрынбайды оған қабақ астымен барлай қарап отырған Жұбанның: – Бұдан ҽрі не шара істемексіңдер? - деген сұрағы тосылдырды. – Аузын бір мҽрте қандап дҽндеген қасқыр енді торуылдауын қоймайды... – Ия, солайы солай ғой. Қолымыздан келгенше қазір, ҽсіресе түнгі, таң алды жусау мезгілдерінде жылқыны үйіріп ұстап, жан-жағына жіті кҿз салып жүрміз. Бірақ соның ҿзінде де топ-тобымен анталағанда істерге амал болмай қалады, жабағыны солай алдырдық. Күзетке адам қолы жетіспейді. Жарақатынан ҽлі толық айықпаған Қосымның жағдайын ҿзіңіз білесіз, Жүке. Тасқын болса, кҿкҿрім бала. Істейтін шара адамның күшіне байланысты, ал күш дегенің бізде жетімсіз, кҿріп отырсыздар... – Жоқ күшті қайдан тауып береміз саған?! – Осы тұста дембелше, тығыншықтау келген Мұхамбетқазының ҽй-шҽй жоқ дүңк еткеніне онсыз да жүйкесі ширығып отырған Жұрынбай шырт ете түсті. – Мен сендерден адам тауып бер деп шалқайып отырмын ба, бұл не сҿз? Жағдайды білмейтін, бҽрінен мақұрым қалған адам емеспін. Білемін. Түсінем. Ҽйтсе де бір менің жағдайды түсініп қана қойғаным малды аман сақтаса, қанеки деп отырғам жоқ па?! – Жҽ, қызбаланба, бір амалын істерміз, - деді Жұбан сабырлы, салмақтай сҿйлеп. – Ерқара, мылтығыңды ала келгенің дұрыс болды, сен

осында қала тұрасың. Қосымша адамды тағы да қарастырармыз. Бірер күнде ҽлгі кілтші Қисанды жіберемін. Ҽлдеқалай жағдай бола қалса деп сарайында ұстап отырған бір тұлыбы бар, соны жҽне үйдегі ҿзімнің қасқыр жағалы тұлыбымды содан беріп жібертем. Жаңа байпақ та болуы керек, соның үш парын алып келеді. Қалғанын тағы кҿре жатармыз, Жұреке. Малға қалай бас-кҿз болуды мен саған үйретпеймін, оны ҿзіңнің де ішің сезіп отырған шығар... Жұрынбай оның алысты шолып, шаруаның да, адамның да жағдайын қашаннан дҽл басып танитын біліктілігіне іштей риза болды. Жүдеп, жадауланған кҿңілі бір сҽт сергіп сала бергендей күй кешті. Ақжігіттегі жылқылы ауылдан кештете оралған Жұбан штаб басында, үйінде бір түнеп, келесі күні ертелетіп құм ішінде жатқан қойшыларға қарай жол тартты. Шаруа қамы ғана Жұбанның кҿңілін алаңдатып, кішкентай сүйкімді қызының ҿліміне іштей егіліп қамыққан оның жанына аз да болса жұбаныш тапқызатынын Үзіл түсінеді. Сондықтан отбасылық ҿмірлерінде онсыз да ашылып кҿп сҿйлемейтін жұбайының қазіргі бұл халін ол амалсыз ұғынады. Амалсыз ұғынып, ҿзін кінҽлі сезіну күйін кешуден арыла алмай келетінін кімге айтып шағынарын білмей дал болатын кездерінде ҿзі де ҽлденеден алданыш іздегендей, алаңдай береді. Кеп-кеше ғана еді ғой. Шешесі Ұлмекен дүниеден ҿтіп, қараусыз жетім қалған оны ҽкесі Ағыс Жарқамыста аудандық комсомол комитетінде басшылық қызмет істейтін інісі Айтбенбеттің қолына ҽкеліп тапсырғанда бар-жоғы алты жаста болатын. Қызының бұдан арғы тіршілігін жеңгесі Тұрағал мен келіні Тоқтарға аманаттаған ҽкенің қызын аман сақтап қалу үшін істерге басқа шарасы да жоқ еді. Ағасының отбасында бой жетіп, қолаң шашын қос бұрым етіп ҿргізген жасҿспірім қыз малдҽрігері жас жігітпен алғаш осы үйде жүргенде танысқан болатын. Ҽжесі Тұрағалдың сауып отырған ақ інгенінің ҿзінен аумайтын аппақ ботасы аяқ астынан іші қатып, күл ауруына ұшыраған еді. Ботаға ем

жасаған аққұба жігіт сол күннен бастап бұлардың үйіне күн құрғатпай келуді дағдыға айналдырды. Сылтауы – емдеп жүрген ботаны қарау болғанымен, ҽлгі жігіттің екі кҿзі – Үзілде. Алғашқыда бұл жігіттің бұл үйге келгіштей бергеніне онша мҽн бермегенімен, ҿзіне оның кҿңілі біржола ауғанын Үзіл іштей біліп жүрді. Жеңгесі Тоқтар да мұны сезген сыңайлы. Ҽйтсе де қайынсіңлісіне тіс жарып, сыр білдірмеді, байқамағансыған болды. Ботаны емдейтінін сылтауратып үйге күн

құрғатпай ыждағаттылықпен келіп жүрген емші жігіттің мұндай «пысықтығына» Үзіл сезікпен қарай бастады, тіпті ҽрі-беріден соң оның кҿзіне түспеуге тырысып, үйден шықпай қоятын кездері де болды. Бірақ ҽні-мініні себеп қылып, ботаның қасынан ұзамай жүріп алған жас жігіт қайткенде де Үзілді бір кҿріп, тілдесудің амалын ҽйтеуір табатын. Ауру ботаны ұзақ емдеудің ақыры Жұбанның уҽделесіп мұны алып қашуымен, екеуінің қосылуымен тынды. Қарындасының мұнысына қанша ренжігенімен, жоқ-жұқа жетім жігіттің құда түсіртіп, бар салтсалтанатымен үйленуіне жағдайы да жоқ екенін ескерген Айтбенбет бұған кешіріммен қарауға мҽжбүр болды. Ол ағасы Ағысты да сабырға шақырып, қызына реніш білдірмеуін сұрады: «Аға, ол жігітті сыртынан білемін, оқыған, талапты, ақылды жас деседі білетіндер. Қызыңызды алып қашса, екеуінің уҽдесі солай болған шығар, оның үстіне айттырып алуға қай бір жағдайы бар дейсіз.Артында іздеушісі жоқ қыз демеген болар, ренжімеңіз». Қызының ҽкенің, қала берді, аға мен жеңгесінің ырзалығын алмай кетуіне налып қалған Ағыс шал інісінің ашуын ақылға жеңдіріп айтқан сҿзін жұбаныш етті. «Пешенесі солай болған шығар, қыз бала үйінің босағасын бағып отыруға жаралмаған ғой. Ҽйтеуір ҿзінің азғантай бақырысын адаспай, дұрыс тапса болғаны да. Менің ҽкелік кҿңілмен қамығып, аға болып сенің ренжігенің ҽншейін-ақ уақытша нҽрсе ғой. Алдағы ҿмірі, қосағымен бірге кешетін тірлігі кҿрсетер таңдау-таланының дұрыс-

бұрыстығын. Ылайым ендігісі жҿнімен, құтымен болса болғаны да, қайтеміз енді!?». Інісінің басу айтқанына Ағыс шалдың салиқалы да байыпты жауабы осы болды. Еншілес қарындасы Үзілдің үйінен осылайша кетуіне ҿзін де кінҽлі сезінгендей болған Айтбенбет те ағасының бұл сҿзін іштей құп алды. Жастық албырттықпен ұнаған адамының жетегінде алды-артына қарамай кете барғанына Үзіл артынша ҿкініп те жүрді. Ҿзіне қамқор болған, мейірімін аямаған аға-жеңгенің реніші де оған ұзынқұлақ арқылы ара-кідік еміс-еміс жетіп жатты. «Қайынсіңлімнің мұнысы несі? Жетімдігін сездіртпей, алақанымызға салып, аялап бағып едік. Күтімсіз, жағдайы болмай жүрген қыздай үйден қашқаны қабырғамызға батады» деген жеңгесінің сҿзі ҽсіресе қатты уайымға түсірді. Бірақ қыз-ғұмырының тағдыры солай болған шығар, енді кейін қайтуға жол жоқ екенін мойындауына тура келді. Жұбан екеуінің ерлі-зайыптылық ҿмір жолы осылай басталып еді, содан бері, міне, он бес жылдай уақыт кҿзді-ашып жұмғанша зыр етіп ҿте шығыпты. Осыншама жылдың ішінде бір-бірінің қас-қабағына қарап, түсіністікпен, үйлесіммен кешкен ҿмірлері енді бар мағынасынан жұрдай айырылып, құрдымға кетіп бара жатқандай. Жұбанға сҽби сүйдіріп, бақытты ете алмағанына ҿкінуден ҿксіген ол осы күндері ҿмірден күдер үзіп, екі қолын тҿбесіне қойып айдалаға, кҿз кҿрмес бір жақтарға безіп кеткісі де келетін күйден ҽлі арыла алмай жүр. Бірақ ҽлденедей бір тылсым құдіреті оны мұндай ессіз қадамнан еріксіз тежей беретін сияқты. «Қиын мезгілдегі ауыр жұмысымен қат-қабат келіп киліккен жан күзелісін ішіне жиып, тҿзімділікпен кҿтеріп жүрген Жұбанға да оңай соғып жүрмегені белгілі. Мен ҿмірден безінсем, ол не күйге түсер, одан арғы жағдайы не болмақ? Біржола күйретіп кетемін ғой есіл азаматты...» Бейуақта келген осындай-осындай ойлардан соң Үзіл ұзын-сонар сарыуайымнан ҿзін-ҿзі мезгіл-мезгіл жұбатуға мҽжбүр болды.

Іштей ҿксігенімен, Жұбан кҿкірек-санасын жайлаған мұңлы ойдың зілін ҿзінің болмысына тҽн сабырымен, шыдамдылығымен кҿтере білді. Алайда ақ-сары жұп-жұқа жүзінен қан қашып, уайымнан арыла алмай салдырай жүдеген Үзілдің жүрегіндегі қайғыны бір сҽтке болса да жеңілдетер сҿз таба алмай қиналды. Оған ауыр соққаны да осы бір жан қиналысы еді. Екеуі бір-бірінің күйзелісін іштей ғана сезініп, үнсіздіктің аясында ҿткізіп жүрген күндердің бірінде Үзіл Жұбанға ҿзінің кҿкейіндегі маза бермей жүрген жан сырын қиналса да айтты. – Қиналып жүргенің жаныма ҽбден батып жүр, қайтейін, тағдырым осылай шығар менің. Бес құрсақтың біреуін де аман сақтай алмадым, перзент ұрпағыңды тұрақтатып, жайнатып ҿсіре алмайтын бейбақ ана болдым. Жаратқанға не жазғанымды білмей далмын. Алдағы күннің тағы да не тосып тұрғаны маған да, саған да беймағұлым. Перзент сүйер ҽкелік жүрегіңді ҿксіткім келмейді. Ҿз жҿнімді тапқаным жҿн болар деп ойлаймын. Менің бұл айтқаным – осы соңғы күндері кҿңіліме тыншу бермеген кҿп ойдың түйіні. Саған ауыр болатынын түйсінсем де, айтуға мҽжбүрмін, ренішсіз қабылда сҿзімді... Жанарынан ыршып кеткен мҿлтеңдеген жастың бір тамшысын саусағының ұшымен сүрткен Үзіл иегі кемсеңдеп одан ҽрі сҿйлей алмады. Оның бұл сҿзі Жұбанға тосын естілді. Қапелімде не айтарын білмей абыржулы күйге түсті. Жұбатқысы келіп еді, аузына жҿндем сҿз түсе қоймады. – Апыр-ай, ҽ?! Мұның не сенің? Неге таусыласың соншама? Жазығың не, кінҽң не сенің?.. – Жазығым сол ғой менің... Сақтай алмадым ғой перзенттеріңді... – Қайтейін, маған да оңай болып жүрмегенін білесің ғой. Тағдырдың ісі солай болып тұр ғой, екеуміздің де жазығымыз жоқ бұған. Құдіреті күшті жаратқан кҿз жасымызды кҿріп, мейірімі түсер. Бірбірімізге сүйеу болып, содан үмітімізді үзбейік,- деді Жұбан Үзілді

жұбатып. – Күйрек емес едің ғой, қай-қайдағы ойлармен ҿзіңді қажыта берме бұдан былай... Жұбанның осы сҿзі Үзілдің ҿксігі басылмай жүрген жан тауқыметінің ауыр толқынысынан біраз арылтып сҽл де болса жеңілдетіп кеткен еді.

* * * Құмның шығысқа қарай созылған шағырлы қоянжон бұйраттарын жапқан қар кҿрпесі, еңіс-еңіс ойпаң тұстарда болмаса, тұтастай шолып қарағанда жұқалау кҿрінеді. Қойдың негізгі жайылысы осы шҿбі қалың құм жондарының үсті болғандықтан, қыста малға су орнына жүретін қардың жұқалығы кҿңіл тыншытарлықтай емес еді. Шаруа қамында қауырт жүрген Жұбанның кҿңіліндегі осы алаңды Сейсен шал түсінді. Түсінді де, бағып отырған малына қатысты ҿзінің тиянағын айтты. - Шырағым Жұбан, қыс ортасы енді келді. Ҽлі алда ақпанның қарлы-боранды тоғысы бар, соның артын бажайлайық. Қойдың шҿлдемеуіне ҽзірге осы қардың ҿзі аз да болса сеп. Қыста тҿрт түлігінің жайылыс жағдайына мұқият қарайлай білетін атам қазақ қар астындағы шҿптің буын-буын ҿзегінде де малды шҿлдетпейтіндей, ішін қатырмайтындай ылғалы болатынына сенген ғой. Қорадан ҿрген қойдың жас құмалағын ҿзің де мана байқап кҿрдің ғой, құрғақ емес сияқты. – Күйісі қалай, Сейсеке? Күйіс қайыруы дұрыс па?.. – Қой малы суға қанбаса, күйісі бұзылады. Күйісі дұрыс. Күйісі дұрыс болғасын, қойдың қоңы да қашпайды, ҿзің білесің... – Рақмет, Сейсеке. Малдың бабын, жҽйін ҿздеріңіздей түбегейлеп білетін адамдар тұрғанда, Самдағы осы бейнет-еңбегіміз еш бола қоймас деп ойлаймын. Жұбанның ілтипат білдіре сҿйлеген сҿзіне Сейсен шалдың кҽрі кҿңілі марқайып қалды.

– Осынша елдің мал баққан шаруасының қамын мойныңа жүктеген сенің бейнет-еңбегің бҽріміздікінен де артық, соны қайыспай кҿтеріп жүргеніңе осы тҿңіректің ел-жұрты ырза. Қойы түспегір бағылар-ау, ешқайда кетпес. Соны баққан адамның тілін табу, кҿңілінің қыбын білу басшыға сын. Сол сыннан кҿз алдымызда мінсіз-ақ ҿтіп келесің, соған тҽубе, шырағым... Сейсен шал шын кҿңілінен ақтарыла айтса да, ҿзіне қатысты мақтау сҿзге кҿп еліге қоймайтын Жұбан сол дағдылы ҿзіне тҽн сабырлы, салқынқандылау қалпынан айнымады. Ҽрі-беріден соң ол бұл сҿздердің бірін тыңдап, бірін тыңдамағандай сыңайлы. Оның мұнысына қарт тосырқамады, «мен білетін Жұбан болса, ҿзінің қашандағы қалпы осы ғой» деп қойды ішінен. Құм ішінің тымық жайлы қысында аяғынан жайылып, тез қоң алатын мал кҿктемгі тҿлдеу науқанына күйі қашпай жетуі тиіс. Күйі қашпаған қойдың қозысы да шымыр болып, тез аяқтанып кҿтеріледі. Жылдың ҽр мезгілінде малдың жай-күйіне тыңғылықты ҽрі егжейтегжейлей қарайтын Жұбанның бұл жолғы келісінің түп мақсаты алдағыны күнібұрын болжау екенін Сейсен шал айтқызбай-ақ ұқты. Наурыздың басын ала кейін қарай, Жемге бағыт алып қозғалатын малды арғы бетке ойдағыдай біржола тҿлдетіп ҿткізудің қамын бүгіннен ойлаған шаруақор басшының кҿңіліндегіні дҿп басып таныды. Құм бауырайынан жотаға қарай ҿрлей жайылған қойдың бір шетінде ат басын тартыңқырай ұстап, асықпай келе жатқан екеуі мал жайынан ештеңе деп тіл қатыспаса да, бірбірін іштей ұғысқандай еді. – Биыл тҿл де жаман болмас. Күйекті де күздің қара суығының алдын алып, ойлаған мезгілде ҿткіздік қой, жердің тоңы кетіп, кҿк қылтия бастайтын кездегі тҿлдің нҿпір тҿгілетін уағына шақтап, дҽл есептеп дегендей, - деді, атын сипай қамшылап Жұбанмен қатарласқан Сейсен шал. – Ылайым, кҿктемедегі отамалы тоғысынан аман-есен кетсек, ар жағының бір жҿні болар дейім...

Кҿпті кҿрген қарияның зердесінде малдың жағдайына байланысты терең аңғарым ғана емес, ҿзімен тіл қатысқан адамның кҿңіл қалтарысындағыны жазбай тани білушілік сияқты сұңғыла қасиетке Жұбан талай мҽрте тҽнті болған. Бұл жолы да құдды бір мұның ойындағысын кҿріпкелдей оқып келеді. «Хат танитындай сауаты болғанда ғой, – деп ойлады Жұбан, – нағыз ғұлама тектестер осындай жандардан шығар еді-ау. Ойы терең ғұламаның зердесі биік, кҿкірегі ояу болады десек, осының бҽр-бҽрі Сейсекеңде жетіп артылады емес пе. Ҿткен заманаларда ғұмыр кешкен, ел жадында сҿзі қалған даланың ойшылдары – билері мен шешендері осы секілді адамдарының санатынан екені ақиқат. Асылы адамның тектілігі дегеніміз де ақыл мен ісінің бірегейлігі болса керек». – Ия, бір жҿні болар, дұрыс айтасыз, - деді, ҿз оймен ҿзі оңашаланып келе жатқан Жұбан кенеттен тіл қатып. – Бір жҿні болар... Сейсен қарт ҿзінің ҽлгі сҿзіне жауап қатудың орайында айтылған Жұбанның басқадай бір ойдың алыс қиырын барлап, ҿзге ҽлемнің ортасында келе жатқанын қапысыз аңғарып сезді. Күнделікті шаруаның оны-мұны жҽйттарының тҿңірегіндегі ҽңгімені одан ҽрі ҿрбітпеді. Бұл кезде Күн қадамы кіші бесінге таман жақындап, қысқы мезгілдің ашық-жарық мезгілі орталанып та қалған болатын. Жұбан штаб басына жетіп алуға асықты да, қош деп қайырласып, атын желдірте айдап жҿней берді. Құла қасқа айғырдың тынбай желіспен үдемелеген жүрісі қаңтардың қарға адым қысқарған күні дҿңгеленіп кҿкжиекке еңкейе бергенде Жұбанды Тұрышқа жеткізді.

-ХІІАқпан соңында бірер күн соққан жаяу борасындардан соң құмның қысы ҿзінің қалыпты жұмсақ мінезінен айнымады. Ал жаңа айдың туар тұсындағы Наурыз тоғысында деміл-деміл кҿктемнің жылы ескегінің лебі

сезіле бастады. Айдың бес-алты жаңасынан ҽрі Үстірт үстімен жҽйлап қозғала бастаған кҿштің алдыңғы легінде жылқышылар болды. Түстіктен соққан жылы жел қарды шұғыл ерітіп, жер қатқылы жібіп, Үстірт қырлығы ҽжептҽуір қоңырайып қалды. Сай-салада тұтасып қалған сірі қар күн озған сайын ойдымдана жұқарып, қабат-қабат басылған қардың астын кеуектей бұза жарып жылтырап аққан су, ҿзек-ҿзекті қуалай жылғаланып жатты. Қар жамылғысынан аршылған қара жусанның түбіртігі жұмсарып, ҿзегінен жаңа қошқыл исін біртін-біртін сездірте бастағандай. Жаңа кҿктемнің жайма-шуақ тынысы кең жазира, шұрайлы бұйраттың, заманалардың талай кҿшін үстінен ҿткізген кҿне Үстірттің үстінде желпініп тұрды. Кҿктем басының осындай жайлы да жұмсақ райлы күндері туысымен Тасастау-Қайнардағы Мүсірҽлінің қосы жылқысын Үстірттің батыс жағын бағытқа ала ҿрістетті. Құрсағы ауырлаған биелердің күндіз-түн ҿз бабымен жайылып, уақтылы жусауын Мүсірҽлінің ҿзі де, кҿмекшісі Жүрсінбай да қалт жібермей қадағалады. Қыс бойы бұйырғынды ҿрісті тебіндеген күйлі жылқының бабында мін жоқ болатын. Мүсірҽлінің алдындағы ендігі үлкен шаруа - таяуда, сҽуірдің алғашқы күндері кҿріне бастайтын ҽр құлынның басын аман сақтау. Ҿзінің кҽнігі ісі болса да, түзде жайылып ҿсетін жылқы малына ең алдымен кҿз қырағылығы керек екенін жылқышы жадынан шығарған емес. Жемге қарай бағыт ұстаған кҿштің алдына түскен бұлардың қосына келіп, жылқының жай-күйін барлаған Сам басшысы Жұбанның бүгінгі келісінің де реті құлыннан шығын бермеуді міндеттеу болатын. Жылқының ҽр үйірін аралап кҿріп, буаз биелердің сырт тұрқына жіті кҿз тастаған басшының сабырлы, салқынқанды

кейпіне Мүсірҽлі тағатсыздана қараумен болды, ҽйтсе де ол кҿкейіне түйгенін бірден айтуға асықпады. Жүрсінбайды табында қалдырып, екеуі қосқа қайтып келе жатқан бетте ғана Жұбан сҿз бастады.

- Биелердің дендеп құлындайтын кезі тақаған сияқты, бұлардың ҽсіресе кҿбіне түнде құлындайтынын есте мықтап ұстау керек, Мүсеке! - деді ол ҽр сҿзін нықтап, қадап айтып. – Сақа биелердің желінін байқадыңыз ба, желін үрпі дертіп, үлкейіпті. Ал бірінші құлындайтын тұмса, қулық биелердің жҽйін ҿзің бажайларсың... - Тура айттыңыз, Жүке. Биелердің құлындар кезін ҿзім де солай мҿлшерлеп жүргем. Қулық биелердің де құлындайтын шамасы соған қарайлас, ары кетсе сҽуірдің соңы, мамырдың басы болар. Жемге жетіп құлағанша табындағы биелердің құлындамай қалмайтыны, сірҽ, біренсаран-ақ шығар... Шаруа жайына ауысқан ҽңгіме ауаны биылғы қыстың жұмсақ ҿткенін, адамға да, малға да жайлы болғанын айтумен тиянақталды. - Ия, кҿктем де жайлы, жақсы басталды биыл. Ҽйтеуір артының берекесін берсін дейік! Бірер кесе ғана шҽй ішіп, жолға аялдамай шығу үшін орнынан асығыс тұрған Жұбан жылқышы Мүсірҽлінің жайдары ризалықпен айтқан осы сҿзіне басын шұлғып мақұлдағандай рай танытты.

* * * Сҽуірдің алғашқы жартысынан ауа Үстірт үстінде жылы шуағы мол кҿктем, жаңа тынысты тіршілік бар мҽзірімен шұғыл басталды. Жусан мен кҿкпектің кҿгілжім, ашқылтым исі бұрқырап, қоңырбас-беденің қылтанақ ҿскіндері дүрк кҿтеріліп, қызғалдақ қауызының ұшы сүйірлене ашылып, бас жарып қылтиды. Кҿкжиектен ҽрі асып, даланың жазира кеңістігі ұланғайыр далиған құшағын ашып, бір қиыры мен бір қиырының арасын шексіздікке ұштастырғандай. Кҿктемгі даланың ҽр күнгі осы кҿрінісі Мүсірҽлінің кҿңіл ау-жайын ҿзгеше бір мамыражай күйге түсірді. Жылқы табынының ішінде құлдыраңдаған жас құлындардың қарасы кҿбейіп кележатқаны да кҿктемгі тіршілік болмысының жаңа бастауын күн сайын паш етіп жатқандай еді.

Таңғы шҽйдің үстінде Жүрсінбай бүгін шолпан туа, таң алдындағы жусауда былтыр қыста Жарылқасов атып тастаған қара қасқа айғырдың үйіріндегі құла биенің маңдайы аппақ, еркек қара құлын туғанын айтып келген болатын. Пҽлендей ұзамаса да, айдама-жайылыстың бағытымен ұбақ-шұбақ ҿрістеген жылқы үйірлерінің арасына кірген Мүсірҽлі алдымен құла бие мен қара қасқа құлынды іздеді. Қарақасқамен шайнасып, ақыры соның орнын басқан қаракҿк айғырдың үйірін ол табынның оң жақ шетінен кезіктірді. Үйірінен оқшаулау кетіп жайылған құла биенің қапталында бір уыс тұлымшықтай құйрығын ойната қаққан, нҽзік тірсегі қалтырап аяғын аздап шалыс басып жүрген қара қасқа құлын оның кҿзіне оттай басылды. Енесінің бауырына қарай тығылған құлыннан кҿзін алмаған Мүсірҽлі Қарақасқа айғырдан айнымайтын мұның Қаракҿктің үйірінде пайда болуының гҽбін бірден түсінді. Былтыр биелер айғырдан шығарда үйірге жаңа түскен қара тҿбел айғырдан қулық құла биені Қаракҿк күзде қуалап жүріп тартып алған болатын. Ал қаратҿбел жас айғыр – сол Жарылқасовтың қолынан опат болған Қарақасқа айғырдың баласы. Демек, қара қасқа құлынның ҿз ҽкесі - Қаратҿбел, нағыз атасы – Қарақасқа айғыр. Ендігі жерде қара қасқа құлынды «ҿгей ҽкесі» Қаракҿк айғыр шайнап тастамас па екен деген уайым Мүсірҽліні мазасыздандыра бастады. «Жылқы малының түйсігі ғаламат, ҿз баласы еместігін ҽлдеқалай біліп, сезгендей болса, сорлы құлынның сондай жағдайға ұшырауы ҽбден мүмкін-ау, - деп ойға қалды ол. – Құла биенің бҿлектеніп, үйірден оқшау жүруі де тегін емес сияқты ма,қалай?!» Мүсірҽлі күні бойы алысқа ұзамай, Қаракҿк айғырдың үйірін маңайлаумен болды. Жүрсінбайға да сақ болуды қайта-қайта шегелеп айтты. Күндізгі жусауда үйірінің етек-жеңін жинап топтастырған қаракҿк айғыр ауық-ауық үйірден шеттей беретін құла биені қара қасқа құлынымен бірге ҿзінше қамқорсып, мекірене кісінеп қайта-қайта қайырмалай бергені ғана болмаса, басқадай сол күні оқыс ештеңе байқалмады. Қалай болғанда

да ҿз үйіріндегі биені сыртқа теппейтін мінез танытқан айғырдан ҽзір құлынға тҿтеннен тҿнер қауіптің жоқтығына жылқышылардың кҿзі жеткендей де еді. Алайда Мүсірҽлінің кҿңіліндегі алаң біржола сейіле қоймады. Қара қасқа құлын екі-үш күннің айналасында буыны қатайып, уыз сүтке тойынып, енесінің қасында құлдыраңдап шапқылайтын болды. Балғын тұяғының ұшымен ара-кідік жусанды қатқыл жерді тыраштана тарпып, ерке, шолжаң мінезін танытып-ақ бақты. Кеңістікті, еркіндікті сезінудің табиғи түйсігі құлыншақтың ҿн-бойын алабҿтен желікке бҿледі. Енесі жас құлынының тым тынымсыз ойнампаздығына мазасызданып, маңынан алыстатпауға тырысқанымен, ол осы қызықшыл тынымсыздығынан тиылмады. Ҿз үйірінен ұзап, таяу жүрген басқа үйірдегі құлындарға жанасып, солармен бірге ойнақшып шапқыласуға құмартты. Мұндайда, ҽрине, Қаракҿк айғыр қатқыл мінез кҿрсетіп, құлағын жымып қуалап, тентек құлынды дереу енесінің қасына қайырып ҽкеледі. Енесіне, ҿзіне еге болып, иелік ететін қатал басшының барлығын құлын осы мезеттерде ішкі балаң түйсігімен кҽдімгідей аңғарғандай болады да, кҿп ұзамай, сол ойыншыл, алаңсыз ерке мінезіне қайта басады. Үстірт үстімен Жем бойына қарай күндіз-түн жедел жайылып, жусауға аялдаған кездерде ғана дамыл алған жылқы табынына қосылған жас тҿлдің қарасы күн ҿткен сайын кҿбейе түсті. Мүсірҽлі мен Жүрсінбай бұл күндері барынша жинақы қалпынан айнымай, ашық-жарықта кей сҽттері ат үстінде аз ғана құс ұйқымен мызғи жүріп, жылқыны үнемі кҿзден таса қылмады. Мүсірҽлі ҽсіресе қара қасқа құлынды сыртынан бақылаумен болды. Тарпаңдау қаракҿк айғырдың шыдамын ҽбден ширықтырған асау құлынның тынымсыз қылығы жылқышыны алаңдата берді. Ҽдетте мұндайдың арты үйірбасы айғырдың күш кҿрсетуімен тынатыны белгілі. Құла бие де осыны сезгендей, үйірден жҿн-жосықсыз бҿлініп шығып, жосықсыз еркіндікке салына берген құлынын қақпайлап, олай-бұлай ойқастап шапқылаумен болды.

Тағы бірде ҽдеттегідей осындай шолжаңына басқан құлынды екпіндете қайырмалап қуалаған қаракҿк айғыр тарпып-тарпып, шайнап тастаудың аз-ақ алдында қалды. Құлынын арашалау үшін кісіней жанұшырып, жанаса берген құла биені ызалы айғыр «ҽрі жүр» дегендей, омырауымен бір қағып ҿтті. Жүрсінбай болмағанда, қара қасқа құлынның не күйге ұшырары мҽлімсіз еді. Бұлтың-бұлтың ете шапқылаған қиямпұрыс құлынға айғыр ҽні-мініде жетіп, жалынан мытып тістеуге шақ қалғанда бір шеттен қиқулап шауып барып, ала-сүргін қуғынға қапталдан келіп барынша тақай түскен Жүрсінбай қаракҿктің маңдай алдына құрығын шалтпа-шалт кесе-кҿлденеңдетіп тҿсей берді. Осы сҽтте құла бие де құлынын ҿзіне қарай икемдеп, қайырып ала қойды. Осы оқиғадан соң Мүсірҽлі құла биені құлынымен бірге қос жанына ҽкеп байлады. Кҿк шыға құлын оттыға бастағандай болса биені сауынға ұстауды да ойлаған еді. Қайткенде де сол қара қасқа айғырдың ұрпағын аман сақтап қалудың қамы болатын бұл. Туғанына бір айдай болған асау құлын сҿйтіп енді біраз уақытқа ноқталанды да, айғырдың ҿктемшіл сес-мінезімен, айдауымен басқарылатын үйір ҿмірінің шеңберіне симаған еркіндігінен біржола айырылып тынды.

* * * Үстірт асып бара жатқан Мүсірҽлі қосына Жұбан бүгін ақшам мезгілінде жетіп ат басын тіреді. Мүсірҽлі жылқыдан жаңа ғана оралып, кешкі шайға отыра бергенде үй іргесінен ҽуелі ақырындап келіп аялдаған аттың тұяқ дүрсілі мен артынша пысқырынғаны естілді. Шҽй құйылған кесені күйеуіне ұсына берген Нұрғайша елең етіп сыртқа құлағын түрді. – Қарап келсеңші, үйде отырып құлағыңды қарсақша түрмей! – Мүсірҽлі ҽйеліне иегін кҿтеріп, есік жақты кҿрсетті.

– Ауыл арасының адамы шығар, келгенінен хабар салмай, үн-түнсіз атынан түсіп жатқанына қарағанда, - деп Нұрғайша орнынан кҿтерілгенше, Жұбан тҿрт қанат киіз үйдің есікжаппасын желп еткізіп ашып, табалдырықтан бері аттай берді. – Кеш жарық!.. Мүсірҽлі орнынан жеңіл тұрып, Жұбанның «ассалаумағалайкум» деп қос қолын ұсынып берген сҽлемін құрақ ұшып алды да, оның қамшысы мен жеңіл сырт киімі – қаудырлақтау сулығын керегенің басына ілді. – Ал, Мүсеке, шаруа-күйлеріңіз қалай, мал-жан тегіс аман ба! – деп жылқышы ауылының жағдайын сұраған Жұбан аядай шағын үйдің кішкентай тҿріне жайылған кҿнетоз құрақша кҿрпенің үстіне құсжастықты шынтақтай, бір қырынан жамбастай қисайып, ат үстінде салдырап ұйыған аяғын созды. – Шүкір, ҽзірге дұрыс сияқтымыз, ҽйтеуір. Биелердің құлындауы да жаман емес, кҿзге кҿрінген шығын жоқ, ит-құстан аманбыз дегендей... – Жұбанмен аман-есендесу сҿзінің арасында Мүсірҽлі дастарқанды кеңірек жайып, шҽй жабдығын жаңалап жатқан ҽйеліне ҽдейілеп мойнын бұрды. – Қайныңа қыстан қалған кебеже түбіндегі сүр-пүріңнің жылы-жұмсақ дҽмдісін салып тезірек қазаныңды кҿтер, Нұрғайша!.. – Қыстан сақтаған сүрді сағынып келген қонағына асады деген сҿз бар ғой. Ҽрі басшы, ҽрі қайным мал соңында жүрген біздей аға-жеңгені сағынып келгенде, ҽрине, асылады сүр! – жайдарылана күлген Нұрғайша қазан кҿтерудің қамына дереу кірісіп кетті. Алды кеш болғасын бүгін осында қона жатып кетуді ойлаған ол меймандос жандардың ықыласынан бас тартқан жоқ. Құла биенің жұмсақ, уыз қымызын іше отырып, Жұбан қара қасқа құлынға байланысты Мүсірҽлінің ҽңгімесіне құлақ қойды. – Апыр-ай, мұныңыз ҽбден дұрыс болған екен, Мүсеке. Қара қасқа айғыр жылқы малының ішіндегі қажырлысы да, естісі де еді ғой. Одан қалған тұяқты, ҿзі еркек құлын болса, қайткенде де сақтау керек.

Бҽлкім, кейін үйірге қосатын мықты айғыр болып шығар. Ҿзіміздің қазақы жабы жылқы тұқымының таңдаулыларын іріктеп, сақтауды тым болмаса осылайша ішінара болса да қолға алғанымыз дұрыс. Ҽттең, шаруаға септесер адам күші жеткілікті болмай тұр ғой, ҽйтпесе тұқым сапасын тҿл кезінен арнайы бағып, баптап, күтіп жақсарту үлкен жұмыс болар еді,- деді Жұбан ҽңгіменің желісін ҿрбітіп,тереңнен толғап. – Атам қазақ таңдаулы, атаулы жылқысының үйірін бҿлек ұстап, түстеп, түгендеп, кҿз қарашығындай сақтап, ерекше күтіммен баққан ғой. Нағыз академик, ғалым-селекционерлер дегендеріңіз, ешбір оқу-ілімі жоқ солардың арасында болған ғой. Жалпы тҿрт түлік малдың қай-қайсын да тұқымын аздырмай, тоздырмай кҿбейте білген дала зиялыларынан кҿп нҽрсе үйренуге болады ғой, Мүсеке... Жұбанның айтқанына бар зейінімен ден қойған Мүсірҽлі басын изеп, ҽр сҿзін мақұлдап отырды. – Айна-қатесіз рас қой осының бҽрі. Бала кезімізде баяғының адамдарының, үлкендердің мал бағудағы кҿрегенділік ҿнегесін түгелдей ұғымдай алмақ қалдық. Біздерге қаршадаймыздан қозы бақтырып, лақ кҿгендетіп, мал суартып, сол шаруаның соңына салып қойғандағысының ҿзі ҿзінше бір мектеп екен ғой, соның бірін аңдап, бірін аңдамаппыз... – Ҿмір мектебі дегеніміз сол ғой, Мүсеке. Ҿмір мектебінен дұрыс сабақ ала білгендердің білігі кҿп істе пайдаға асатынын тіршілік кҿрсетіп келеді, солай емес пе, ҽ! Біздің ата тамырымыз түптеп келгенде ҿткеннің ҿнегісі мен сабағынан тарамдалады, бүгінге де, болашаққа да адастырмас айқын жолды содан табамыз, Мүсеке! Қара қасқа құлыннан басталған ҽңгіме Жұбанды келелі ойларға қарай еріксіз жетелей берді. Үй егесі ара-тұрада ғана сҿз қосып қонағының ҽңгімесін бҿлмей, үнсіз тыңдады. Оның кҿкейін тербеген жҽйттардың бҽрі де жас та болса кҿреген басшының бүгінгімен шектелмес тұжырым-білігін, ел қамын ҽріден ойлайтын байып-парасатын

дҽйектегендей еді. Кеш бойғы ҽңгімеден Мүсірҽлі жылқышының түйгені осы болды. Мүсірҽлі табынындағы қыстан күйі таймай шыққан жылқының тұтастай жақсы жағдайын, биелердің шығынсыз құлындап жатқанын ҿз кҿзімен кҿрген Жұбан, Мүсірҽліге қостың енді бір жұманың о жақ бұ жағында кҿштің басын бастап Үстірттен тҿмен түсе беруіне болатынын ескертті де, ат басын кешегі келген жағына қарай бұрып, аттанып кетті.

* * * Ҿздеріне белгіленіп берілген мал айдау арналарымен Үстірт үстінен түскен қырық ұжымшардың малы Жем ҿзенінің кең алабына қарай жақындаған мезгіл – 1945 жылғы мамырдың алғашқы күндері болатын. Жылдағы дағды бойынша жапа-тармағай арғы бетке ҿтуге асықпау керектігін ескерген малшылар кҿш жүрісін саябырлатты. Жемнің қырлық бетіндегі жусаны мен изені, бидайығы мен бедесі аралас кҿгі мол шыққан жайылыста аялдап, басшының ендігі ұйғарымын күтті. Жұбан қоздап болған қойдың жабағы жүнін алу шаруасын Жемнен ҿтпей бастауды ҽр колхоздың қой фермаларының меңгерушілеріне мұқият тапсырып, ҿзі де осы қауырт істі күн құрғатпай қадағалаудың қамында жүрді. Мезгілін ҿткізіп алса, жүннің де сапасы болмайды ҽрі жабағысы ұйысқан мал дұрыс қоңдана да алмайды. Қой қоздату мен жабағы қырқымына қосымша жұмыс қолы есебінде кҿмекке келген шал-шауқан мен ҽйелдерді сабылтып жұмысқа жегу де оңай шаруа емес еді. Жұбан ҿзінің де шаршап-шалдығып жүргеніне қарамай, солардың ҽрқайсының қас-қабағын аңдап, кҿңілін табуға тырысып бақты. Қыр қызғалдағы құлпыра жайнаған бел-белесті шалқар дала бозторғайдың таңғы шырылымен оянып, шуақты кҿктемнің тағы бір күні басталған шақта, Жем аңғарына келіп аялдаған Сам кҿшінің алдыңғы легіне қуанышты хабар келіп жетті. Бұл дүйім ел сарыла күткен, ауыр

жылдардың бейнетіне белі қайыса шыдап зарыға күткен күннің келгенін жар салған «жауды жеңдік» деген сүйінішті хабар еді. Ҽр адамның жүрегін шым еткізіп, еңсесін кҿтеріп тастаған шатшадыман жаңалық мамырмен бірге ілесе келіп дала қойнауын аралап кезіп кетті. Аудан орталығы Жарқамыстан самшыларға арнайы жіберілген мұғалім жігіт Керей бұл хабарды алдымен сол күні Сейсен шалдың үйінде аялдаған Жұбанға жеткізді. - Ия, құдайым, құдіретті күшті жаратқан ием, тілеген зар тілегіміз орындалды деген осы да! Алланың нұры жаусын саған, Керейжан! – деп кҿзі жасаурап, иегі кемсеңдеген Сейсен шал құлашын айқара ашып, оны қапсыра құшақтады. Жеңістің хабары жеткен осы күндері Жұбан соғыстың алғашқы жылдарында хабарсыз кеткен жалғыз ұлы Қуаннан үмітін үзбеген Исалы қартты есіне алды. Майданға кеткен ер-азаматтың орнында қалған кҽріқұртаң кемпір-шалдың, жесірлер мен бала-шағаның бастан кешірген қиын тауқыметін ой елегінен ҿткізіп, жетімсіреп жүдеген елдің жабарқау суреттерін кҿз алдына ҽкелді. «Соғыс ауыртпалығы жанын күйзелтпеген адам кем де кем болар-ау бұл күнде. Ерінен, ұлынан айырылып егілген қазақ ҽйелінің, аналардың тҿгілген жасын жинаса, қаншама кҿл-дарияға айналып, арнасынан асып жер бетіне сыймай кетер еді. Бірақ адамнан, адамның рухынан күшті ештеңе жоқ екен, бауыры қайғыдан езілсе де, соғыс тауқыметін тартқан сол жандардың еңсесі түспеді. Бейнеттен белі бүгілсе де, шыдамын ширықтыра білген жұртпен қоян-қолтық араласып, солардың ортасында ҿткерген осы жылдардың ҽрбір күні мен үшін де оңай болмапты-ау ойлап қарасам. Елмен бірге кҿрген – ұлы той, бҽрі артта қалды міне, соғыс атты қияметтің арқаға батқан ызғарынан арылатын да күн туды, енді ел басына жайлы да жақсы күндердің орнайтын кезі келген болар... Қиындық та, қайғы-қасірет те, кҿңілге түскен қаяу да ұмытылар... Ұмытылар ҽлі-ақ бҽрі де...» Жұбан осы бір сҽттегі ойлардан соң кеудесін

күрсініс кернеп, жүрегінің басын зіл қамағанын сезінгендей беймаза күй кешті. Кішкентай бүлдіршіні Ҽсиясынан айырылған ҿз басы қайғысының ҽлі күнге ұмытылмай жүргеніне күйзеліп, ішінен ауыр күрсінді. Бүгін қуанғанынан бір жылап, бір күлген жандардың арасында Жұбан жеке басының мұңына бола еңсесін тҿмен салғысы келмей, қабағын жазып ҿзін қашанғыдағысындай сабырлы ұстады. Сейсен қарттың сүйінші хабарға арнап шалған ақсарбасы қыс ортасында туған кепесінің етінен дҽм татуға жиналған жұрттың қарасы ҽжептҽуір болатын. – Биылғы жыл ҿзі жаман болмады. Қысы да жайлы ҿтті. Енді міне соғыс та бітіп, жеңістің хабары еңсесімізді кҿтеріп тастады. Ауыр, қиын кездер – артта. Құдай қаласа, шаруамыз да бүтінделіп, ел қатарына қосылармыз, солай ма, Сейсеке! – деп желпіне сҿз бастаған Жұрынбай дастарқан басындағыларды кҿз қиығымен түгел шолып ҿтті. – Жас та болса, елге бас болған Жүкең басшымыздың арқасында Самнан қайтқан тҿрт түліктің карасы молайып, олжалы келеміз, міне, осыдан артық абырой бар ма! – Біздің Жұрекеңдердің сҿз тастасы қандай, паһ, шіркін!.. – Мүсірҽлі құрдасын қолдаған сыңайда даусын зорайтып, ақжарыла күлді. – Баршамыздың ойымыздағыны тап басып мүлтіксіз айтып отыр сабазың... – Дұрыс-ақ! Мұндай сҿзді біздің Жұрынбай айтпағанда, кім айтады! – деді Сейсен сҿз билігін жұрттан бұрын ҿз қолына алған оның айтқанын құптаған лебізін жасырмай. – Жем-Сағыз бойы, мына жағың – Доңызтау, Матайқұм, мұқым елдің қолда бар дҽулеті – қырық колхоздың малын шалғайдағы Самға ҽкеліп қыстатуға бел шешер ақылды,парасатты басшың болса, қиындық дегенің не еді тҽйірі, кҿрген бейнет бір күнгідей болмай ұмыт болады, осыған тҽубе дейік... – Тҽубе, тҽубе! – Рас қой, рас, шүкіршілік етеміз, ҽрине! Дастарқан басындағылар Сейсен қарттың тұжырып, түйіп айтқан жҿн-жобалы сҿзіне жамыраса бас шұлғып, ҿздерінше мақұлдасып жатты.

Сам кҿшіне жеткен жеңіс хабарының қуанышты жаңғырығы қыс бойы мал соңында жүріп шаруасын күйттеген елдің кҿңілін бір сергітіп тастады... ... Мамыр айының мамыражай басталған шуақты күндері дала қойнауын жасартып, жайнатып жіберді. Жемнің түстіктегі қыр беті дүр кҿтеріліп, қауызын үлбірей ашып құлпырған қызғалдақ гүлдің алқызыл кілемімен кҿмкерілді. Ҽр бағыттан түйдек-түйдек келіп, Жемді жағалай ҿрістеген Сам кҿшінің ҽр тұсынан жас тҿлдің маңырап, жамырасқан үні кҿп ұзамай жазғы жайлаудың жайлы күндері туатын шақтың таянғанын білдіріп жатқандай еді. Биыл кемерін бұза жойқын жайылып тасыған Жемнің суы деңгейіне түсіп, кең жайылған арнасы қайтса да, Жұбан Сам кҿшін арғы бетке ҿткізуге асықпады. Қоздап болған қойдың жабағы жүнін дер кезінде алмай арғы бетке ҿткізуге болмайтынын аупарткомның бірінші хатшысы Кҽрім Ержановқа рациямен хабарлап, қосымша жұмыс күшімен кҿмектесуін сұрады. «Бұл шаруаны мұнша не үшін шұғылдатасыз, бер жаққа ҿткесін ҽр колхоз ҿз күштерімен қырқымды ҿздерінде ҿткізгені дұрыс болады» деген аудан басшысының қарсылығына ол кҿнбеді. Тҿлдеп, қоңы азайған қойдың кҿбсіген жабағысын уақтылы алмаса, жүні киізденіп сапасын жоғалтады, содан соң терісі қотырланады. Қотырға ұшыраған малдың жазда дұрыс жайыла алмай тез арықтайтынын дҽлелдеп, осы уҽжін алға тартты. Жұбанның ҿз бетімен қабылдаған бұл ұйғарымы қанша қисынды болса да, үлкен шаруаны тындырудағы мұндай ҿзімшіл бірбеткейлігін Ержанов бҽрібір ұнатпай, бір қыжылын ішінде бүгіп қалды. «Келгесін аупарткомда ҿзімен жеке сҿйлесерміз. Жан-жақты бажайлап, алдын ала ойластырылатын мұндай ауқымды жұмыстың науқанын ҿткізу туралы шешімді аудан басшылығы ғана қабылдайтынын есіне мықтап салармыз. Ҽркімнің ойына алғанын ақылдаспай, кеңеспей істеп, жеке-жеке би болуы коммунистік принципке жатпайтынын біліп жүретіндей мҽселе кҿтерерміз қажет болса. Жоғары тұрған билікті елемеушіліктің неге ұшыратарын

сезінсін. Қысқасы, тҽубесіне келтіру керек». Шаруа жайын ҿзінен гҿрі артығырақ ҽрі нақтылы білетін Айжарықовтың осындай жеке дара шешім қабылдаудағы «ағаттығын» аяқсыз қалдырмай, партиялық жолмен тҽртіпке шақырып жҿнге келтіретінін кҿңіліне бір түйіп қойды.Сҿйтіп осы ойға бекінген бірінші хатшы аздап нұқсан келгендей болған беделіне аздап жұбаныш етті де, жабағы алу науқанына қосымша жұмыс күшін бҿлу жұмысын шұғыл ұйымдастыруды аудандық атқару комитеті тҿрағасының орынбасары Ілияс Отарбаевқа тапсырды. Ал Жұбан болса жабағы жүн алу науқанына қауырт кірісуін ҽр колхоздың басшылары мен ферма меңгерушілеріне қатаң тапсырып, осы күндері қырқымға кҿмекке ауданнан жіберілген қырықтықшылар жұмысының дұрыс жүруін қадағалаумен жүріп, бір мұрсат дамыл таппады. Келіншегі Үзілді Сам кҿшінің алдыңғы легінде кеткен қызыл отаудың бірді-екілі қызметкерлері жҽне мектеп ұстаздарымен бірге Жемнен ҿткізіп жіберген ол күндіз-түн шаруа қамын күйттеп ат үстінен түспейтін салт басты тіршілігіне ҽбден мойынсұнып алды. Таңертеңнен кеш түскенше ҽр колхоздың жабағы қырқымын уақтылы ҿткізуіне бас-кҿз болудың қамындағы тірліктің соңына түсіп, дамыл таппады.Жүдеп, тотыққан жүзінен үнемі шаршаудың табы аңғарылып тұратын Жұбан кей күндері ер басына тіреген қамшының сабына иегін сүйеп сҽл ғана кірпік іліндіріп мызғитын ат үстіндегі құсұйқының ҿзін қанағат тұтып жүрді. Қанша шаршап-шалдықса да, осындайда қазір кҿңіл ауанын тыншытатын жалғыз-ақ медеті ұйқыны армансыз қандырып, алаңсыз тыныс алар сҽттің енді бір аз күндерде туатындығына деген шүбҽсіз сенімі болатын. Алайда ел, халық алдындағы бұдан былайғы ҿмірінің талай мазалаң да жауапты шақтарында алаңсыз күн кешулердің болмайтындығынан ол бейхабар еді.

* * *
Аупартком бюросында қаралған Самда мал қыстату науқанының
қорытындысы туралы мҽселеде тұжырымдалған орынды жетістіктермен

қатар, бірінші хатшының аузымен сыңаржақ сын да айтылды. Жұбанды күйіндірген жҽйт те осы солақай ҽрі ҿресіз сынды бюро мүшелерінің ақиқаттың мҽнісін байыптамай, кҿзсіз мақұлдауы еді. Ҿзіне жүктелген жауапты шаруаның мүддесі үшін дұрыс шешім қабылдауы жеке бастың кемшілігі деп танылса, қалайша күйінбесін?! «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» деген, ҽділетсіз сынға бюрода қарсы пікір айтқан жалғыз Отарбаевқа кім құлақ ассын?! Десе де, тырс деп ешкім оның сҿзін бҿлмеді. Бҿлуге дҽрмендері де, біліктері де жетпеген болуы керек,сірҽ. – Мен ҿз басым, Айжарықов жолдастың шаруашылық басшысы ретінде іскерлігін, дұрыс та оңтайлы шешім қабылдаудағы білгірлігін жоғары бағалаймын. Ауданымыз мал ҿсірумен ғана айналысатындықтан, тҿрт түлік малдың жағдайын жан-жақты білетін бұл секілді мамандардың пікіріне дер кезінде құлақ асуымыз керек деген ойдамын. Оның қойып отырған мҽселелерінің бҽрі де ҿзекті ҽрі келелі. Мал басын бұдан да кҿп етіп ҿсіріп, одан алынатын ҿнімнің сапасын жақсарта түсеміз десек, Айжарықовтың сҿзін де, ісін де құптасақ керек-ті, жолдас бюро мүшелері! Самға барар, қайтар жолда, Үстіртке шығар ҽр трассада малшылар судың тапшылығынан қиындық кҿруде. Ҽсіресе, кҿктемдегі қар суын бҿгет салып тоқтатудың, Үстірттегі атам заманғы құдықтардың кҿзін аршып, қалпына келтіру шаруасын кейінге қалдырмауды Сам кҿшінің басшысы ҿте дұрыс қойып отыр. Шҿлдеген мал қоңынан айырылады, ҿлім-жітімі, шығыны да кҿп болады. Ал қойды Жемнен бері ҿткізбей жабағы жүннің қырқымын ҿткізуге келсек, бұл да оның мал маманы тұрғысынан дұрыс жасаған шешімі. Жабағысы уақтылы алынбаған қой пысынап қотырға ұшырайды да, жаздың ыстығында дұрыс жайыла алмай тез ариды. Адам қолы жетіспегендіктен жабағы алу науқаны дер кезінде ҿткізілмеген ҿткен жылдың сабағынан дұрыс қорытынды шығарып отырса, тҿрт кҿзіміз түгел Айжарықов жолдасқа неге кінҽ тағуымыз керек?! Самда мал қыстатып, оны ҿсіріп, аман-есен елге жеткізудің барлық шаруасын ҿз мойнына алған адамның іс барысында ҿзі шұғыл қабылдайтын ҽрбір шешімін ауданмен

келісіп отыруы міндетті емес шығар. Мұны ол қарақан басының мақсаты үшін істемейтінін түсінуіміз керек, жолдас бюро мүшелері! Мен бұл жерде ешбір ауытқушылықты, бұра тартушылықты, бірбеткейлікті кҿріп тұрғаным жоқ. Шаруаға жаны ашитын нағыз басшының іскерлік мінезін ғана кҿріп, танып тұрмын. Басқа айтарым жоқ, Самның биылғы жұмысының қорытындысына бюро мүшесі ретінде тек қана оң баға бере аламын... – Сіздіңше, Отарбаев жолдас, Ержанов бүкіл ел болып жұмылған шаруаға жаны ашымағандықтан Айжарықовқа сын айтып отыр деп ойлайсыз ба сонда? – Бірінші хатшы Отарбаевты қалың қабағының астымен қадала сүзіп, ҿңі қызара бҿртіп, кіржиіңкірген кейіппен оған суық қарады. – Ҽрқайсымыз ҿз білгенімізбен ҽр жаққа тартсақ, партияның ұжымдық шешім қабылдаудағы рҿлін жоққа шығарғанымыз болмай ма, мҽселе осы тұрғыдан қойылып, осы тұрғыдан сын айтылып отыр. Кезінде осы Сам құмын қысқы жайылымға пайдалану туралы алқалы шешім қабылдағанымызды басқа ұмытса да, сіз ұмытпауға тиіссіз, жолдас Отарбаев! Сондықтан мұндай маңызды істегі ҽр шешім ортақ тұрғыда келісілген, ойластырылған болуы қажет, алдымен осыны түсініңіз, жолдас Отарбаев. Айжарықовтың іскерлігін жҽне шешімін күтіп тұрған мҽселелерді дұрыс қойып отырғандығын атап ҿте отырып, жіберген кемшіліктерін түзейтін партиялық сынға да жол беруіміз орынды деп есептеймін. Солай емес пе, жолдастар!.. – Солай, солай!.. – Дер кезінде айтылған сыннан қорытынды шығару қажет!.. – Самға қыстайтын қойдың жабағы жүнін алу биылмен ғана тиянақталмайды ғой. Келесі жылы да бұл шаруаны ҿз жҿнімен, жобасымен орнықтырылған тҽртіптен, жоғарыдан берілетін нұсқаудан ауытқымай жҽне басшылықпен ақылдаса отырып атқаруды Айжарықов жолдас қаперіне алсын! Бүгінгі талқыланып отырған мҽселенің түйіні де осында емес пе!?

– Ҽбден дұрыс айтқаныңыз, Кҽрім Ержанович!.. – Келісеміз, осы шешімді қолдаймыз!.. Ұзын үстелді жағалай тізіліп отырған бюро мүшелері қозыдай жамырап мҽжілісті басқарып отырған басшының ыңғайына, ығына қарай қоғадай жапырыла құлады. Кҿптің осындай парықсыз сыңайын кҿрген Жұбан ҿз атына айтылған «партиялық сынды» бұдан былайғы жерде қаперіне алатынын үндемей, басын жҽй ғана изеп мақұлдаған ишара білдірді. Ҽдеттегідей, мұндай талқылаулардан соң хаттама үшін ресми түрде қойылатын «жұмысыңызға берілген бағаға алып-қосарыңыз бар ма?» деген сұрақты бірінші басшы бұл жолы қойған жоқ, қойғысы да келмеді. Мұның себебі түсінікті де еді, ҿйткені ҿзінің жеке пікірі ретінде айтылған хатшының мұндай сынына кҿз жанарында ызаның оты ойнаған қайсар жігіттің қайтарар жауабының салмағы ҿткір де ауыр болатынын хатшы іштей түсінді. «Партиялық сын дейді. Түзеуші сын дейді. Нені түземек, бұрысқа тартар істі дұрыстағанымды түземек пе?! Істеген еңбегіңді еш қылатын біржақты сынды партияның атына балап айту да ҽділдік болғаны ма?! Ендеше несіне күні-түн құрдан-құр шаршап-шалдыққанмын? Малдың басы түгел, басқасы не болса, о болсын деп тиыш жүре беруіме де болатын еді ғой. Енді шаруаны жолға ҿз бетімен қойғаным үшін партия алдында кінҽлі болыппын. Құдайдың алдында емес, қала берді, ҿз арымның алдында емес, партияның алдында. Партиялық ұстанымнан ауытқыған адам болып шығыппын. Кез келген пендені, осылайша халықтың мүддесіне қызмет етуді мұрат тұтатын ең ҽділ деген кісіні партияның жауы, дұшпан деп танып, жазаға тарта салу дегеніңіз түк те емес екен-ау. Отыз жеті-отыз сегізінші жылдардың салқынынан қалған сыздан ҽлі де біржола арылмағанымыз ба!? Арылмасақ, ел басына тҿнер зауал бұлтының да тҿбемізден қайта үйірілмесіне кім кепіл!?.. »

Ҿзін қанша сабырлы ұстап, тас-түйін мызғымастай қалыпта болғанымен, бюродан соң да бірнеше күндер мезгіл-мезгіл орала берген осы бір мазалаң ойлар Жұбанның кҿңіл сарайын ҽлденеге кіреукелендіре берді. Кейде осындайда жан күйзелісін сыртқа шығара алмайтын тұйық мінезді шарасыздығына да налыды. Ҿз ойымен оңашалана берген күндердің бірінде оның түсіне ҽкесі Айжарық енді. Бірді-екілі ірі қарасы мен азын-аулақ қой-ешкісін бағып бала-шағасының күнкҿріс қамын жасаумен тіршілік еткен момын, шаруа ҽкесі шидем шекпенін иығына желебегей жамылып, тырнакҿз мҿп-мҿлдір суы сылдырлап ағып жатқан бұлақтың қасында беті-қолын жуып, демалып, тыныс шақырып отыр екен. «Кҿке, бұл арада неғып отырсыз жападан-жалғыз, үйге жүріңіз» десе, ҽкесі басын шайқап: «Жоқ, балам, баратын жерім алыс, күн кешкірмей жетіп алуым керек. Сен маған алаңдама, жолыңнан қалма, шҿлдеп тұрсың ғой, мына бұлақтың суынан бір ұрттап ал да, осы түзу бағытыңнан бұрылмай кете бер. Үйге жетіп ал, менің сендерге арнап үйіңнің ауласына ҿсіріп кеткен терегім жапырақ жайып кҿктегелі тұр, соны күтіп-баптарсың, шырағым...» Қос уысының шұңғылына толтырып алған бұлақ суына мейірі қанған Жұбан жанында отырған ҽкесіне қараса, ол аяқ астынан ғайып болыпты... «Кҿке, қайдасың, қайда кеттің, кҿке»?... Ол ҽнтек қатты шыққан ҿз даусынан ҿзі селк етіп оянып кетті, саз кесектен соғылған аласа аядай үйдің сықсима терезесінің ҽйнегінен тамыз таңының бозала сұлбасы білініп қалыпты. «Япыр-ай, бұл неғылған түс ҿзі?! Ҽкем түсіме кҿп кірмеуші еді, жарықтық, желеп-жебеп жүрген болар» деп түсін ҿзінше жорып оянған Жұбан бұлақтың суына мейірі қанғандығын да, ҽкесі айтқан ҽлгі теректің жапырақ жаятынын да ҽйтеуір жақсылықтың нышаны болар деп аздап толқыған кҿңілін жақсы ниетпен орнықтырды. Аяулы анасы Қансұлуды есіне алды. Кей-кейде балалықпен еркелеп «апа, түсімде мынаны кҿрдім, ананы кҿрдім, қорықтым, жыладым» деп шағынғанында анасының ҿзінше

жұбатып: «кҿрген түсті жақсыға ғана жору керек» деп айтып отыратын сҿзі ойына түсті. Ҽлгіндегі түсінде ҽкесі жарықтықтың «осы түзу бағытыңнан бұрылмай кете бер» деген жақсы лебізді сҿзі оның жабыңқы ойлардан жүдеген жанын кҽдуілгідей сергітті. Таңертеңгісін шҽй үстінде ол Үзілге түнде кҿрген түсін сол кҿрінісінен айнытпай түп-түгел айтып берді. – Атаның түсіңе енгені тегін емес, сірҽ. Бүгін бейсенбіден жұмаға қарайтын күн ғой, анау керсағал ешкінің серкешік лағын шалып, садақа ас берейік, тҿңіректегі кҿрші-кҿлем, Исалы ата мен Шҽмия ҽжені шақырайық, - деп, ақ-сары жүзінде жып-жылы мейірім нұры ұялаған Үзілді ол бар ықыласымен мақұлдады. – Исекеңдерге Тілеп ағаны де қосармыз, Самнан келгелі бері басымызды қосып отырып, шҽй-су ішудің реті болмай жүр еді, дұрыс болды. Жұбан ҿзі іштей жақын тартатын адамдарына үйден дҽм татқызудың орайлы сҽті түскеніне кҿңілі бір орнығып қалды. ... Қырықты молынан орталап жігіт ағасы жасына жеткен Тілеп бұл ҿңірдегі кҿргені де кҿңілге тоқығаны да кҿп адамның санатынан еді. Ағалық жолмен де, шаруаны жетік білетін, жер жағдайын ұңғылшұңғылына дейін түбегейлеп танитын кҽнігі жершілдігімен де Сам кҿшінде ҿзіне ақылшы ҽрі кеңесші болған оны Жұбан ерекше бір сыйлас ниетпен құрмет тұтады. Тілеп Шалабайұлы басқарған кҿш жолындағы малдың жай-күйіне, жайылыс жағдайына ол пҽлендей алаңдай қоймайтын. Шаруа жҿнінен ақылдасатын жҽйттерде оның ойының алғырлығына, нақты бір істі қолға алғанда шалымды шымырлығына Жұбан талай мҽрте тҽнті болған. Ҽкесіне құран бағыштау үшін жайылған бүгінгі дастарқанының игі жақсы қонағының басы деп құрметтеп, оны тҿрдегі Исалы ақсақалдың оң жағына отырғызды.

Серкешіктің дҽмді де жұғымды еті желініп, бата беріліп жҽне құран оқылып болғасын тоқ басып ҽңгіме-дүкен құрысқан үлкендер жағы кетуге асықпады. – Жұбанжан, айналайын! – Исалы қарт оң қолының салалы тарамыс саусақтарымен селдірлеу ақбурыл сақалын бір сипап қойды. – Ҽруақты сыйлап, құдайы жолын жасаған ақ тілек-ниетіңді Алла қабыл етсін! Жас та болсаң, елге бас болып, мына Тілептей шын жанашыр ағаларыңның кҿмекқолдауымен Самда қыстаған ел-жұрттың ырзашылығы мен алғысын алып келесің, соныңды мақтан тұтамыз, жақсы болғанның үстіне жақсы бола түскеніңе, дүйім елдің азаматы деген абыройлы атыңды сүйініш етеміз. Менің ҽлгі Сейсен құрдасымды білесің ғой, кісі баласын, оның ішінде басшыны мақтауға тартыншақтау адам ғой, сол сенің атыңды ҽнеу күні осындай бір ас-су берілген қарақұрым жұрттың алдында ардақтап тҿбеге кҿтеріп сҿйлегенде, бір жағынан қуанып, бір жағынан ішімнен тҽубҽлап, тіл-кҿзден сақта деген тілек-дұғамды қайталап отырдым. Самға бара салып, құдайсыздардың ҿліні қорлаған лаңы үшін Тұраш ишанның аруағынан кешірім ҿтініп, құдайына қараған елдің атынан садақа бергізіпсің, кҽмҿнеспін, діншіл емеспін демепсің. Басқаң, басқа ғой, елжұрт осы адами турашыл тірлігіңнің ҿзіне де дҽн риза болысыпты. Құдіретті күшті Аллам тілеген тілегіңді ҽлі-ақ берер, соған илана гҿр, шырағым, не дейін басқа енді... Саған, келінмен екеуіңе үлкеннің септесер сҿз демеуі, ықылас-ниет демеуі осы-ақ, қабыл ал шырағым!.. Биылғы күземнен кейін ҿзің бастап Самға қарай қозғалатын кҿштерің кҿлікті, кҿңілдерің кҿрікті болсын, Тілептей жақсы ағаң ақылшы тірегің болып дҽйімде қасыңнан табылсын!.. Исалының ұзақ толғап, батадай ғып айтқан ізгі ниетті сҿзіне Жұбан қолын жайып, кіршіксіз ақ пейілді ниетімен бетін сипады. Тілеп бастаған ҿзге қонақтар да бұл батаға тілекшіл кҿңілден, шынайы ықыласпен бірауыздан «Ҽумин!» десті.

* * * ... Жеңістен кейінгі тағы да бірқатар жылдар бойы Жем, Сағыз алқабынан оңтүстік-шығыс беттегі алыс қиырға қарай үдіре кҿшкен Сам кҿшінің басында жүрудің қиын азабы мен жауапкершілігін мойымай кҿтере білген Жұбан ҿмір атты қатал ҽрі ҽділетті ұстаздың шыңдалу мектебінен ҿтті. Ғайыптан түсіне енген аруақты ҽкенің айтқан киелі аяны перзентінің тағдыр-болмысына ізгілік рухын бұлжытпай дарытты. Тҿлбасы боп, сүйкімді ақ сары қыз Ермек дүниеге келді, ҽулет терегінің тамыры кҿктеп, жапырағы жайыла бастады. Жұбан жасы отыз беске толған жылы құтты шаңырағын шаттыққа бҿлей келген екінші перзенті, ізбасар тұяғы Түрікпенбайының іңгҽлағанын естіді. Сол күндері бұл ҿмірде ҿзінен асқан бақытты ҽке жоқтай, кҿл-кҿсір қуаныштың дариясына шомылып, жан-дүниесі ерен бір күй кешті. Шілдехана тойына жиылған ағайын-туыс, дос-жаран мен қуанышына ортақтасқан ҿзге де дүйім жұртқа жария етіп ұлының атын Түрікпенбай деп ҿзі қойып, Тілептей жақсы ағадан бата-тілек сұрады. – Ау, халайық, алдымен айтарым, Жұбан інім атұстарына Адайдың ірі тұлғаларының бірі, бір ғасыр бұрын жасаған Тобыштың Шегем руының Меңдіғұл атасынан шыққан Шалқарбай баласы, атағын күллі кіші жүз дҽріптеген Түрікпенбай палуанның атын қойғалы отыр. Оның кім болғанын білемісіңдер, бабамыздың ҿмір тарихын бүгін осы тойдың үстінде баян етіп, атағын мына жұртқа паш етер қайсың бар кҽні!? Шілдехана тойына жыйылған жұрттың ішінен ҽркім-ҽркім ҽр тұстан «е, ҽйгілі, түйе палуан атанған Түрікпенбай жҿнінде естігеніміз бар», «бала кезде ҽкелеріміз айтып отырушы еді, ол кісі Шегемнің айтулы адамы болған деседі ғой», «жаурыны жерге тимеген палуан дей-тұғын» деген сияқты үзіп-жұлып бірер сҿзден арыға бармады. Кҿптің ішінен тіпті біреулері «аталарының кім болғанын адайлардың ҿзі айтсын, бізден гҿрі жақсырақ білуге тиісті ғой» деп, қалжыңмен бұра тартып, Тілептің ҿзіне қолқа салғандай болды.

– Түкең жалғыз адай ғана емес, кіші жүз, қала берді, бүкіл қазақ жұрты мақтан тұтар нар азамат болған ғой біле білсеңдер, ия солай, хымм, - деп тамағын бір кенеп алған Тілеп сҿзін одан ҽрі жалғады. – Ол кісі турасындағы ұзақ ҽңгіменің шетіне шыға алмаспыз, біреуін ғана назарларыңызға сала кетейін ендеше... – Ал тыңдалық, тынышталың түге!.. Үй ішіндегі абыр-дабыр со заматта басылып, самсаған кҿздің бірі таңырқап, бірінен қызыға құмарланған ой ұшқындап, бірі ойнақыланып, тҿрде малдас құрып жайғасқан Тілепке қарай жамыраса қарасты. – Қалың адайдың іргесіндегі түрікмен ағайындармен араласқұралас отырған бір тиыш заманда мыңғырған малы тҿскейге симай, бір шеті сонау Қарақұмды жайлаған адайдың атақты бір байы аяқ жетер жердегі елдің барлық руынан, бес қала, түрікмен кҿршілерінің сорпа бетіне шығар таңдаулы адамдарын шақырып, ҽкесіне үлкен ас береді. Сол асқа тұяғына шаң тұрмас небір дүлдүл жүйріктер, жауырыны жерге тимеген түйе балуандар сайысқа түсіп, күміс кҿмей ҽншілер, ақын-серілер ҿнерін кҿрсетеді баяғы сол. Сайыстың қызығы күш сынасуда ғой, ҽсіресе ҽр рудың балуандары бір-бірімен белдесіп, астың кҿрігін қыздырып жатқан сҽтте, солардың арасынан шыққан ең мықты жеңіскерлерімен ұстасуға түрікменнің қоңыраулы балуаны ортаға шығады. Екі иығына екі кісі мінгендей, білегі мен қара санының бұлшық еттері бұдырланып, бұлт-бұлт ойнаған, шудаланған тҿс жүніне ҽр жерден сылдырлатып кішкене жез қоңырау байлаған, бұқа мойын дҿй алдына келген адай-табынның осы қалай деген ҽлгі озып шыққан балуандарына шыдас бермей бірінен соң бірін алып ұрып, мерейі асқақтайды. Бұған дейін де ешкімге дес бермеген, жаурыны жер иіскемеген қоңыраулы балуанға енді қарсы тұратын ешкім табылмай, адайлар намыстан ҿртеніп, күйініп тұрған шақта, осы асқа Жем бойындағы елден кҿптің бірі болып келген тобыш шегем, жас кезінде адайдың түйе балуаны атанған, бұ кезде жасы егде тартып қалған

Түрікпенбайға ҿзінің тұрғыластары түрікменнің мына дҿйімен белдес, намысымызды жіберме деп қолқа салады ғой. – Жалғыз адайдың емес, бүтіл қазақтың намысы сынға түскелі тұр, Түке! Құдай берген қайратыңды сал! Осы арадан біздерге жердің астымен қайт демесең, Бекет ата аруағына сыйынып, нартҽуекел де, сабазым!.. Намыс деген құрғырың қанды қыздырмай қоя ма, шау тартып қалса да, белін алты орам арқанмен буынып, біздің Түкең маң-маң басып ортаға шығады содан. Мына құдіретті қараңыз, алпамсадай нар тұлғасы ширығып, бура санының бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнап, бабына келген палауан кеудесін шалқақ тастап, заматта сол жігерлі жігіт шағындағы кейпіне енеді. – Жарықтық-ай, қайтсін енді!.. – Тілептің аузына аңырай қарап қалған жұрт бір сҽт құдды сол заманға оралып, балуан сайыстың кҿрінісін қызықтап отырғандай ҿзгеше керемет ҽсерге бҿленген еді. – Ия, пір Бекет ата, қолдай гҿр ҿзің! – Мығым бол, Түке! – Алды-артына қаратпа! Ҿзін менсіңкіремей, езуінде мысқыл ойнап, кекірейе қараған түрікменнің жас балуанының құлаш жетпестей алып мықындығына оралған қайыс белбеуден мыти ұстап, «ҽуп!» деп арқырап ақыра дауыстап жұлқып қалғанда ешкімге алдырмай тұрған ҽлгі дҿй неменің жон арқасы шымыр ете түсіпті. Бірақ ауып түспей, дік етіп табанын жерге тіреп қатып қалады. Қанша дегенмен ҽккі, талайды кҿрген жырынды пҽле ғой. – Білді ғой, ҽккі сұмың кіммен ұстасқанын!.. – Апыр-ай неткен күш, неткен қайтпас қуат десеңізші! – Ой, ол заманның адамы бҿтенше жаралған ғой, сүйегі асыл небір тектілер шыққан уақыт қазір кҿзден бұл-бұл ұшты емес пе?! Ол сынды адамдар қайда-а-а?!.

– Рас, рас! Бүгінгінің адамдары ҽшейін бір боз ҿкпе, кҽкір-шүкір немеге айналып мүлдем ұсақталып кетті ғой!.. Содан не керек, екеуі тағы бір мҽрте аңдысып, тағы бір мҽрте ұстасады. Қазақ балуанының сом темірдей тегеурінді қолының белден орап салған мытуынан ҽлгінің жонарқасы шымырлап, томардың басындай тізесі дірілдеп, сыр бере бастады. Бұл жолы қаны ҽбден қызып, аяқ-қол бұлшық еттерінің ҽр талшығы шиыршық атып бабына келген Түрікпенбай қоңыраулы неменің қос тізесін қалтыратып жібереді, бірақ тҽлтіректеп барып жығылмай қалады. Сҿйтіп Түкең қоңыраулы балуанның адуындаған сесін басып, сағын біржола сындырып, ҿзімен тең адамша күресуге мҽжбүр етіпті. Бірақ түрікменнің қоңыраулы балуаны үшінші ұстасуда адайдың баршын қырандай кҽрі тарланының алымды күшіне тҿтеп бере алмай, шалқалай құлап, жауырыны жер иіскеп тынады. Адай Түрікпенбай балуанның ҿзінен күштілігін мойындаған түрікменнің түйе балуаны басын иіп, қолын кеудесіне қойып, оған зор құрмет кҿрсетеді. Еліне апарып, үйінің тҿріне шығарып қонақ етеді, сый-сияпат жасап еліне аттандырып салады. Міне, Түрікпенбай балуанның текті адам болғандығының бір ҽңгімесі осы... Жұбан інім, ұлыңның, міне, ҿзің қалап қойған Түрікпенбай деген есімі құтты болсын, ең басты адамдық қасиетімен елінің құрмет тұтар азматы болып ҿссін деген тілегіміз бар! Шегемнің ҽйгілі балуаны Түрікпенбай сынды атамыздың ел сыйлаған кісілік абырой-беделін берсін!.. Тілептің ҽңгімесіне ҽбден еліте ҽсерленген жұрт ел жадында қалған Түрікпенбай палуандай адамның рухын еске алысып, сҽбиге берілген жақсы есімді шілдехана тойына жиылған үлкен-кіші шетінен мақұлдады. Кҿңілдері шалқып, тасыған қонақтар бірінен соң бірі сҿйлеп, ағыл-тегіл ізгі тілегін Жұбан мен Үзіл екеуіне арнап, жапа-тармағай құтты болсын айтысып жатты.

– Ҿмір-жасы ұзақ болсын, ел-жұртына, туыс-жұрағатына қайырымды азамат болып ҿссін, ұлың!.. – Ҿркенді болсын, үміттеріңді ақтап, ҽулеттеріңді жалғастырар ұлдарың ғұмырлы болып, екеуіңнің мерейлеріңді асырсын!.. – Атына лайықты елге сыйлы азамат болсын, ҽкенің ғана ұлы емес, халықтың ұлы болып, мҽртебесі биіктен кҿріне берсін!.. Перзентіне бағыштап ықыласпен айтылып жатқан кҿптің кҿл-кҿсір тілегін Жұбан кҿңіл тҿріне ұялатып, шілдехана тойының жарқын да жарасты отырысын қимай, ҽңгіме тыңдап, үйлеріне қайтуға асықпаған қонақтарын ризалықпен құрметтеді. -ХІІІҾмір кҿші ілгерілей берді. Еңісі де, ҿрі де аз болмаған тағдыр жолының ҽрқилы бұрылыс, қиылыстары осы жылдардың ішінде Жұбанды ҽр қырынан сынап, шыңдай түсті. Елуінші-алпысыншы жылдардағы ел басқару саясатында орын алған кейбір ұраншылдық пен сыңаржақтықты, оралымсыздық пен таяздықты ҿз кҿзімен кҿріп, жаны қиналып сезінгенімен, қолдан келер пҽрмені де, амалы да болмады. Мал баққан елдің шаруа жайының ұңғыл-шұңғылынан бейхабар адамдардың ауыл шаруашылығындағы ұйымдастыру ҽрі басқару мҽселелерін оңды-солды солақай ҽдіспен шешкенін ашықтан-ашық сынға алғаны үшін облыс басшылығының ұйғарымымен Байғаниннен шалғайдағы Ырғызға, сондағы «Коминтерн» колхозының басқармалығына лауазымы «жоғарлатылды». Қызметтік баспалдақпен жоғарлатудың осындай «ҽділетті» ҽдістерін жете меңгерген партиялық тҿрешілдік жүйеге түбегейлеп қарсы тұрар дҽрмені болмады. Оны осындай тығырықтарда тосылып, бҿгеліп қалудан аман сақтаған, түзу бағыттан адастырмаған адал кешкен тіршілігіндегі ҿзінің адами ұстанымы ғана еді. ... Ҿмір кҿші тоқтамады, аудан деңгейіндегі жоғары лауазымдарда жүріп те жалғыздың үні шықпас заманындағы тірліктің қамытын киюге мҽжбүр болды. Мұндай қамытты киюге деген ішкі қарсылықтың салмағын

сезіну оған қанша ауыр болса да, осалдық танытпауға тырысып бақты. Ҿмірдегі небір қиындық, кедергілерден тайсалмай ҿтіп, жан күйзелісін қайыспай жеңе білу тек ҿзінің ғана қолында екендігіне Жұбанның біржола кҿзі жеткен еді. Бір күнгідей болмай, хрущевтік реформаның дҽурені ҿтіп, ҿңірлерді ҿндірістік-аумақтық ҽдіспен басқарудың тиімсіздігі бүкіл ел кҿлемінде жаппай сынға алына бастады. Артынша кезінде бей-берекет біріктірілген аудандар қайтадан ҿз биліктерін қолға алды. Шалғайдағы Байғанинге де бұрынғы аудан деген мҽртебесі қайтып оралды. Ал сол жылдардың қарсаңында аумақтық басқарманың бастығына білдей орынбасар болып жүрген Жұбан лауазымы тҿмендетіліп, «Ақжар» кеңшарына директорлық қызметке жіберілді. Ҿзі басы-қасында болып, ҿмір бойы айналысып келе жатқан мал шаруашылығын ҿркендетудің ҿзекті мҽселелері – мал тұқымын сұрыптау жолымен асылдандыру, бұл ҿңірде тҿрт түліктің ең кҿп ҿсірілетін түрі - еділбай тұқымдас қойлардың сапалық ҿсімін жақсарту, тіпті қала берді, шабындық пен жайылымдық жерлерді суландыру жҽне осы сияқты тағысын-тағы келелі міндеттерді шешу туралы тұжырымдары облыс, ҿлке басшыларының назарына ілігіп, беделі ҿсе бастаған оның белсенділігі мұндағы тікелей басшыларына аса ұнай қоймады. Қарамағындағылардың іскерлігі ҿздерінен кҿшілгері болуына пенделік іштарлық кҿрсеткен Ҽметов одан осындай жолмен құтылып тынды. Мықты болсаң, іскерлігіңді кҿрсет, артта қалған шаруашылықты кҿтер деген менмен бастықтың ішкі пиғылын ол түсінді. Жоғары кеңсе қожайындарының құйтырқы, айла-шарғысы кҿп ҽрекетіне жұғысып, ойын ойнау қолынан келмейтін Жұбан бұл тағайындауды шын мҽнісінде тҿмендету деп есептемеді, Ҽметовтың шаруашылық басшылығын кадрлық тұрғыдан нығайту жҿніндегі бұл «дұрыс» ұсынысын қолдаған облыс партия басшылығының ұйғарымын ризашылықпен қабыл алды. Шаруашылығы тұралап, халқының тұрмысы, күнкҿріс жағдайы ҽбден нашарлаған кеңшардың орталығы Жарқамыста, ауданның бұрынғы

орталығында болатын. Жастық шағының куҽсі, кҿзіне ыстық кҿрінетін мекеннің азып-тозып тұрған жұпыны күйін, күннен-күнге құлдырап бара жатқан шаруасын түзеудің оңайға соқпасын білсе де, нартҽуекелге бел буды. «Газ-69»-бен бірер күнде күн қатып, түн қатып дамыл таппай, кеңшар фермаларының ҽр түкпірінде жайғасқан малшы ауылдарын аралап шықты. Оның мұндай шұғылдатпа, суыт жүрісіне жүргізуші Жұбат бұрыннан да ҽбден үйреншікті болып алған еді. Жарқамыста аупарткомның екінші хатшысы болып қызмет істеген кезде де бекітіліп берілген кҿлігінің жүргізушісі болған қара торы, жұқалау келген, осы қағылез жігітті Жұбан тағы да ҿзінің қасына алды. Жол үстіндегі сабылған жүріс-тұрысқа қыңқ деп сыр бермейтін, далиған мынау даланың ойшұңқырын жақсы білетін оған ҿзіне сенгендей сенетін. Бүгін де міне, бұлар Жарқамыстан таң салқынымен шығып, Тҿбелесқұдық, Ақорпа мен Бҽшенкҿлдегі пішеншілер ауылына ғана азырақ аялдап, Ақбота-Сҽңкібай тауының маңын жайлаған жылқы ауылға қарай тартып келе жатты. Ұзақ жолдың үстінде кезіккен бірер қой ауылдарға азмаз сусындап алу үшін ғана кідіргені болмаса, ұлы сҽскеге дейін дамылсыз жүйткіп жүріп отырды. Маусым айының соңғы онкүндігінде күн аралатып мол жауған жауыннан соң жер реңі құлпырып, тегіс қалың ҿскен еркек, боз, селеу сияқты шҿптердің балағы жол жиегін кҿмкереді. Оқта-текте кҿз ұшында елес берген аласа бұйрат, қыраттар кҿгілдір сағым толқынына оранып, кең кҿсілген осынау дала атты ұшы-қиырсыз жасыл дарияның ортасында теңселе қалқып тұрған бұйра жал аралдар сияқты. Толассыз сағыммен бірге уақыт керуені де толассыз ағындап жатқандай. Жұбан осы ұзақ жолдың үстінде ҽрқилы ойлардың жетегіне ілесіп, осы ҿңірде, тағдыр жолында тізе қосып, ҿмірдің ҽр жылдарында серіктес болған жандар туралы кҿңіл зердесінде жазылып қалған жҽйттерге деміл-деміл оралып отырды. Осы бір сҽттерде кҿңілін ҿткен күндерге деген сағыныш толқыны тербеді. Керек жерінде адами

бауырмалдығын танытып, ҿзіне ақылшы бола білген жандардың бейнелері кҿз алдынан ауық-ауық елес беріп ҿтіп жатты. Солардың бірі Исекең едіау. Соғыстан оралмаған ұлының тірі екендігіне кҿзі жұмылғанша шүбҽсіз сеніп ҿткен ол соңғы күндерінің бірінде кҿңілін сұрай келген Жұбанға Қуаны елге аман-есен оралғандай болса, бас-кҿз болуын аманаттағаны ҽлі күнгідей есінде. Жалғызын жамантқа қимаған қайран ҽке жүрегі, хабарошарсыз кеткен ұлының ҽйтеуір бір оралатынын айна-қатесіз анық сезіпті. Қуан соғыс аяқталғаннан кейін араға тҿрт-бес жылдай уақыт салып елге оралды. 1942 жылдың басында Ростов түбіндегі шайқастардың бірінде немістердің қолына тұтқын болып түскен ол Польша жеріндегі ҽскери тұтқындардың қапасы - Замостье лагерінде азапты күндерді басынан ҿткеріп, тағдырдың кҿп қияметін кҿреді. Кейіннен, соғыс аяқтала келе елге қайтарылған тұтқындардың қатарында кеңестің ҽуелі тексеру-сүзгі лагерінің қатаң режимін бастан кешіріп, одан соң Норильскідегі еңбекпентүзеу колониясында жазасын ҿтеген Қуанның пешенесіне ақыры туған жеріне оралудың бұйырымды сҽті туған болатын. Исалы қарттың аманатын жадынан шығармаған Жұбан аупартком хатшысы болып жүрген кезінде оған арнайы барып, хал-жҽйін сұрап, хабар-ошарсыз кеткен жылдарда басынан кешірген ауыр тағдырының сырын шерткен ҽңгімесін тыңдады. – Немістің концлагеріндегі тұтқыннан босатып алғасын біздерді Красноярскіде сүзгі-қамауда ұстап, тергеп, тексеріп, сол қырық бесінші жылдың тамыз айында кемеге топырлатып тиеп,Енесеймен тҿмен қарай этаппен айдап Норильскідегі лҽгірге апарып қамады да, никель-мыс комбинатының құрылысына жұмысқа салды. Онда барғасын да біздерді сенімсіздер санатына қосып, тағы да күн демей, түн демей тергеудің астына алып, небір азаптау, қинауды кҿрдік, ақыры «58-1б» деген статьямен неміске ҿз еркімен беріліп қолға түскен деген айып тағылып, қосымша мерзімді мойнымызға ілді. Біз деп отырғаным – немістің тұтқынында болған ҿзім сияқтылар ғой. – Қуан жеңі ҽр жерінен қырқыла

бастаған кҿнетоз бешпентінің қалтасындағы қаңылтыр темекі сауыттан бір тал темекі алып тұтатты да, демін терең ала сорып, түтінін ширата шығарды. – Тҽулігіне 10-12 сағат үзіліссіз жұмыс, қыстың кҿз аштырмас бораны мен сүйегіңді жаратын үскірік аязы, сылдыр кҿже, қара бидайдың бір тілім қатқан наны, шҽй орнына бір күрешке жылымшы қара су мен бір шақпақ қант – таңдайға басар бар нҽріміз осы. Ия, адам деген итжанды болады екен, аштықтан қабырғасы тыриып, кҿзі үңірейіп, қу сүйек қаңқаға айналғандар тоң жерді ломмен ұрғылап, комбинаттың жаңа құрылысы салынатын жердің табанын қазамыз. Қыстың кҿз аштырмас борандарында тҿрт-бес шақырымдай жердегі жұмыс орнымызға бағандарға байланып тартылып қойған жіпті ұстап, ұбап-шұбап, ілініп-салынып жетеміз. Кешке бараққа зорға жетіп, сүріне құлаймыз. Соғыстың қырғыны лагердегі осы тамұққа қарағанда ұжмақ дерсің. Ҿзіміз сияқты тағдырдың құқайын кҿріп, сол азаптың арасында жүргендердің ақылымен, сҿзімен демеу болған жандарды кезіктірмесем, біржола күйреп те кетер ме едім, қайтер едім? Солардың бірі Мҽдуан деген тұлғалы келген, дене бітімі ірі, мҽрт кҿңілді бір азамат еді. Сол кісінің ҽрдайым ағалық қолдауын, қорғауын дҽйім сезініп жүрдім. Ҿзі Шымкент жағының азаматы екен, отыз жетінші жылдары ауылда мектепте директор болып жүрген жерінен халық жауы деген айып тағылып, сотталған екен. Тұтқындық ҿмірдің жазылмаған заңы, ережесі бар, ҽлсіздік танытқандардың күні қараң, мұндай ортада дүлей озбырлықтың сҿзі жүреді, ҽлсіздер соған бағынып, соған бас иеді. Ал мұндай озбырлықтың бас иесі – пахан. Мҽдуан аға – ҿзінің қайратымен, адами жігерінің мықтылығымен сол тұтқындық ҿмірдің заңына мойынсұнбаған адам еді. Сол біз қамалған лагерьде ұлты армян ба, ҽлде кавказ ұлтының басқа бір ҿкілінен шыққан ба, бүкіл тұтқынға айтқанын тыңдатып, ҿргізіп-тұрғызып жүрген бір дүлей болыпты, оны пахан дейді екен лагердегілер. Жандайшаптары арқылы лагердегілердің қолына түскен артық-ауыс тағам ба, киім бе, барлығы соның қолына ҿтуі керек. Адам басына күніге берілетін екі түйір шақпақ қантыңның да бір түйірі – ҽлгі

пахандікі екен. Ҿзім ол дүлейді кҿрудің қияметін бастан кешіргем жоқ, шектен шыққан сол озбырлығының кесірінен біз лагерьге келгенге дейін жаны жаһаннамға кетіп, мерт болған ғой. Сол дүлейді Мҽдуан ағаның темір күрекшемен бір ұрып,басын маңдайдан екіге қақ бҿліп мерт еткені тұтқындардың арасында аңыздай болып айтылып жүрді.Озбырлығына шыдамаған ғой. Сол кісі: «ешуақытта ҽлсіздігіңді кҿрсетпе, кҿрсетсең – құрисың» деп айтушы еді. Шыбын жаның үшін ғана емес, ең алдымен адам деген атыңды қорлыққа құрбан етпеу үшін күресе білуге тиіссің деген ақылы екен ғой. Күресе білдім бе, білмедім бе, ҽйтеуір, мінеки, тірі қалғаным анық... Қуанның бір сҽт тағдырының қиын мезеттерін есіне түсіріп айтқан ауыр ҽңгімесін Жұбан ауық-ауық күрсіне отырып, күйзеле тыңдады. Ҿмірдің қатал сынынан жасыған оның кҿздерінде мұңлы ойдың елесі кіреукеленгенін байқады. Кҿңілін аяныш сезімі кернеген Жұбан оған қолдан келер кҿмегін беретінін айтып, сҽл де болса жігерлендіргісі келді. – Жҽ, енді бҽрі қалпына келер, басың жас, шүкір, аман-есен ел ішіне оралдың. Соғыс кімге ауыртпалығын түсірмеді дейсің!? Бастан кешіргеніңді есіңе кҿп түсіре бермей, бұдан арғы ҿмірді дұрыс ҿткізудің қамына кірісу керек, Қуан!.. – «Дұрыс ҿткізудің» дейсіз бе?! Ендігі тіршілікте қалқиып тірі жүргенім ғана болмаса, бҽрі де дұрыс болып қалпына келе қояр ма екен, қарақан басымды паналатар жер қай жерден де табылар еді ғой, бірақ... Ия, бірақ жаныңа жалау болар жанашырың жоқ үңірейген үйге қайтіп саяларымды білмей күйзелемін кейде. Осындай халдегі жарым кҿңіліме демеу боларлық лебізіңізге разымын, Жүке! Қиямет соғыста ажалмен бетпе-бет келіп, қанды қырғын күндердің зардабын бастан кешкенде де күйреген жоқ едім. Содан соң немісте, одан соң ҿзімізде тұтқында болған жылдар қажытып кетті, міне, осылай. Енді ел шетіне жеткен кездегі жағдайым мынау...

Соңғы демдері үзілгенше, екі кҿзі тҿрт болып ҿзін сағына күткен ҽкешешесі де, елжіреп сүйген Сағиласы да жоқ, оты сҿніп, жылуы қашып қаңырап қалған туған үйінің шаңырағы ҽбден жүдеп-жадап келген оған ақыры пана бола алмады. Оның үстіне жау қолына түскен тұтқын деген ҽркім-ҽркімнің аузында жүрген қаңқу сҿз жүрегіне зіл ауыртпалығын сала берді ме, ҽйтеуір ол бір күні ешкімге айтпастан, ата қонысын тастап, беймҽлім бір жаққа кетіп тынды. Жұбан тиісті орындар арқылы жан-жаққа іздеу салып кҿріп еді, нҽтиже болмады. Жақын-жуық ҽлдекімдердің айтуынша, оның Норильскіге қайтып барамын, сондағы зауытқа жалданып жұмыс істеймін деген сияқты ниеті болғаны туралы қаңқу ҽңгімелердің шеті шыққанмен, бұның анық-қанығына ешкімнің кҿзі жетпеді. Қалай болғанда да, қайран есіл азамат, ҽлдекімдердің ҿзіне тосырқап, үркектей қарағанын немесе жаны ашығансығандардың мүсіркеу, аяушылығын сезінуден де қажып, ҿзінің онсыз да жадап, жабырқаған кҿңіліне одан бетер қаяуға салғысы келмеген болуы керек, сірҽ. Талай жандарға зобалаң-зардабын тартқызған қарғыс атқыр соғыс Қуанға ҿз елінен пана тапқызбай, осылайша тағдырдың сергелдеңіне ұшыратып тынды. Жол үстінде ҽрнені есіне түсіріп ұзын-сонар қалың ойдың құшағында отырған Жұбан «Жүке, мына бұрылыс Күлдірдің тақырына апарады, қайтеміз, бұрыламыз ба?» - деген Жұбаттың сҿзінен оқыстан елең етті. – Күлдірдің тақыры деймісің!? Қанша болады осы арадан? Кҿп жер болса, тым қиястап,бұрыс кетер ме екенбіз?.. – Отыз-қырық шақырымдай-ақ болар, одан кҿп емес. Қазір киіктің тақырға бауырын тҿсеп, мамырлап жататын нағыз мезгілі. Киіктің жас қуырдағы таңсық ас қой, Жүке, қалай қарайсыз? Мылтығымды ала шықам... – Кҿрелік, жол үстінде келе жатқанда қалай болар екен ҿзі?! - деді Жұбан сҽл күмілжіңкіреп. – Ҿзіңнің қызылсырап келе жатқан сыңайын бар-ау осы?!.

– Ой, Жүке, тақырдың шетінен түсіп, кҿп қумай бір жас текесін алсақ, жарап жатыр емес пе! Қанды қырғын салатын қызылкҿз құмарпаз аңшы емеспіз ғой... – Жҽ, аңшы болмасаң, болмай-ақ қой сол. Сен онан да мынаны айтшы, бұл тақырдың Сҽңкібай атына байланысты айтылатын ҽңгімені естуің бар ма еді?.. – Сҽңкібайдың Күлдір деген тоқалының ауылы осы еңістегі тақырды қаумалай қоршаған мына бұйратты, шұрайлы жерді жайлаған деседі ғой, рас болса... – Рас болғаны ғой, ҽйтпесе Күлдір деген ат тегіннен-тегін қойылмайды ғой, анау Бҽшенкҿл де - оның бір баласының еншісінде болған жер кҿрінеді. Бұл атаулардың ҽрқайсына лайық ҿз тарихы бар екені шүбҽсіз. Ал Сҽңкібай жылқысының кҿптігі сонша, санағын алып түгендегенде, табын-табынымен ұзына бойы - 12-13, енді, жалпақ тұстары 5-6 шақырымдай болатын осы үлкен айдау тақырға ҽкеліп құлатады екен. Сонда аппақ болып жалтырап жататын Күлдір тақырының ҿн-бойы қисапсыз жылқының қарасынан кҿрінбей кетеді екен. Алда-жалда тақырдың бір тұсы кҿзге ойсырап кҿрінетіндей болса, Сҽңкібай жылқыдан қанша үйірдің жоқ екенін кҿзшамасымен дҽлме-дҽл байқайтын болған... – Ойпыр-ай, ҽ! Сонда жылқысының саны қанша болды екен, ҽ? Ҿзінің иелігінде кемінде бір ауданның жылқысы болғаны ғой, сірҽ... – Кім білген?.. Олар бұл кезде Күлдірдің иек артпасындағы үлкен жонның үстіне шығып келе жатты. Еңісте ұлан-ғайыр кҿсілген аппақ тұлдыр тегістіктің үстін жайлап жатқан киіктерді кҿргенде Жұбаттың кҿзі жайнап кетті. – Ал Жүке, сізден бұйрық болса, мен дайын,- деп алақанын ысқылап қойды. – Бір текені қанжығамызға байлай кетейік Күлдірден... Ол Жұбаттың аңшылық құмарлықпен желпінгенін пҽлендей мақұлдамады.

– Жҽ, Жұбат, қолымызды қандамай-ақ қоялық. АқботаСҽңкібайдай киелі жерге бағыт түзеп келе жатырмыз ғой. Тағы бірде ретін ҿзің келтірерсің. Мҽшинеңді тақырдың жиегіне, анау кҿрінген жолға қарай бұр!.. – Қап, ҽттеген-ай, бүгін киіктің жас қуырдағы бұйырмайтын болдыау!.. Жұбат тақырдың бетінде қып-қызыл болып жатқан киік табынына қызыға құмарланып, қарай-қарай кете барды... ... Түс ауа Жем ҿзенінен ҿткесін оңтүстікке қарай шағыл құмның арасындағы жолымен Жұбаттың «Газ-69»-ы тағы да бір ҽудем жер томпаңдай бұлталаңдады. Осылайша отыз шақырымдайды артқа тастаған олардың маңдай алдынан кенет оқшау тұрған аппақ тау менмұндалап шыға келді. Текше-текше ақ бордан сомдалған сандықтаудың сымбатты келбеті алыстан кҿз тартады. Құмы мен құла түзі бір-бірімен аралас шектесіп жатқан кҿз сүрінбес кеңістік қойнауындағы құба шҿлдің ортасында тұрып қалған осы бір ақсеңгір шағын тау табиғат-шебердің қолдан қашап салып қойған аңыз-мүсініндей еді. Аңыз демекші, Жұбан осы сұлу мүсінді таудың аңызға бергісіз тарихы жҿніндегі ескіден қалған ҽңгімені бір кездері сол Исалы ақсақалдың ҿз аузынан естігені бар еді. Таудың шығыс жақ бетін жайлаған жылқышы Амангерейдің ауылына жетуге олар асықпады. «Газ-69» тауды бауырлай жоғары кҿтеріле берді. Ҽлден соң оның биік бір шоқысының желке тұсына таман баяу-баяу қозғалып, ыңырына жетіп тоқтаған мҽшине радиаторының суқұярынан қайнап кеткен су бұрқ-сарқ етіп ыстық буын сыртқа атқылайды. – Жүке, «тұлпарымызды» аздап «суытып» алу керек сияқты. Қызуы бұрқ-сарқ етіп сыртқа теуіп тұр, кҿрмейсіз бе! - Мҽшинесін тұлпарға балаған ҿзінің табан астындағы осы бір айтқыштығына ҿзі мҽз болып, Жұбат оң кҿзін сығырайтып жымия күлімсіреді.

– Жарайды, енді қинама, осы жерге қаңтарайық мұны,- деп Жұбан оның айтқанын мақұлдады. – Мұның ең биік шоқтығына қанша қамшыласаң да, мына «тұлпарың» енді шыға алмас... Олар қира қара тастан қаланған кереге моланың қыбла бетіне отырып, құранның фатиха, ықылас сүрелерінен аят оқып, бет сипап зиярат етті. Содан соң Жұбан ақсеңгір шыңының басына шығып, алыс кҿкжиекке дейін далия созылған ұланғайыр далаға кҿз жіберді. Тап осы сҽт ұшар биіктің басында құлағының түбінен ызыңдай соғып ҿткен жел оның кҿңілсарайына кҿне аңыздың сарынын жеткізгендей ҽсерге бҿледі. Бұл таудың аты Ақбота қыздың есімімен аталуының аңыз-тарихы жадында тағы бір жаңғырып ҿткендей болды. ... Ҽлімнің Назар тайпасының атақты биі, батыры ҽрі тҿрт түлік малы мыңғырған, Жем-Сағыз ҿңірінің елінің айтулы тұлғасы Сҽңкібай Ҽбілқайыр хан ҿз маңына жақын ұстаған адамдардың бірі болыпты. Батыстан тҿнген орыстың ҿктемшіл басқыншылығынан қорғап, Еділ мен Жайыққа ауыз салғысы келген құба қалмақ пен башқұрттардың қан-тҿгіс шабуылын тойтарып, ҿз халқын қанатының астына алған айбарлы да ақылды хан Сҽңкібайдың байлығынан гҿрі, ҿзінің ел-жұртының алдындағы абырой-беделі, ақыл-парасатымен, нұсқалы сҿзімен халыққа сыйлы болған қадір-қасиетін бағалай білген. Ол да ханның ҿзіне деген шынайы ықыласын түсініп, ҽрдайым құрметтеп, қолдап отырды. Қысылтаяң жағдайларда ҿз руының қарулы, қайратты жігіттерінен қол жинап, ел шетіне келген дұшпанға қарсы хан сарбаздарымен бірге бел шешіп талай мҽрте шайқасқан да болатын. Бұл мезгіл Еділдің арғы жағынан кҿз алартқан қалмақтың Жайық пен Жем-Сағыз бойын жайлаған елге тиыштық бермей тұрған жаугершіліктің алақұйынды аласапыраны жиі-жиі қайталанып, ҿршіп тұрған бір жылдары еді. Осы кезеңде, жаз ортасына таман Ырғызға хан кеңесін ҿткізуге келген Ҽбілқайыр адай, табын, ҽлімнің, теріскей батысты жайлаған қыпшақ пен арғынның бірқатар руларындағы батыр, билерінің

басын қосады. Елінің тыныш, алаңсыз тіршілігін ойлаған хан дұшпанның бетін қайтарудың кҿкейкесті мҽселелерін ортаға салып ҽр рудың игі жақсы, тұғырлы тұлғалармен кеңесіп алғысы келген болатын. Жем бойынан осы жиынға шақырылғандардың қатарында Сҽңкібай да бар еді. Ханның арнайы шақыруын алысымен ол кідірмей жолға шығады. Қасына ержеткен ұлдары мен бес қаруы сайланған сенімдісенімді деген оншақты сарбазын ғана алып, бір аллаға сиынып, Ырғыз бойына аттанған Сҽңкібай ауылдағы ел-жұртқа, мал-жанға бас-кҿз болуды ҿжет те ерке қызы Ақботаға тапсырады. Ҿтебай, Тҿлетай, Бҽшен, Құрмантай, Сердалы сынды бес ұлының - ағаларының соңынан ерген еркешора қызының анау-мынау ер жігітке бергісіз ҿр мінезді екенін, қылыштасу мен садақ тартуды да білетінін ҽкесі іштей мақтан тұтатын еді. Ай тектес ҿзгеше сымбаты мен кҿркі нұрланып тұратын нҽзік жанды қызының ұл болып жаратылмағанына, ержүрек ізбасары болмағанына кейде аздап налитын. Бірақ сүйікті қызына ҽйел затының пешенесіне жазылған жар сүю, ана болу бақытын ҽрдайым ҽкелік жүрегімен ертелі-кеш тілек етуден бір сҽт те жаңылған емес. Осы сапарға шығып бара жатқанда да Сҽңкібай батыр кҿңілі ала-бҿтен бір қимастық сезімінен арылмай, артына елеңдеп қарайлай берген-ді... Ырғыз бойындағы жиынға Жайық пен Жем ҿңірінің ҽр тұсынан барған қазақтың сардар-батырларының бас қосу жиыны болып жатқанынан жансыздары арқылы хабардар болған қалмақ Доржы тайшы мұздай қаруланған жасағын бір түнде қорғансыз елге шұғыл аттандырады. Таң қылаң бере Жемнің еңіске таманғы тұсының түстік жағынан ҿтіп, ақ сеңгір таудың етегіндегі Сҽңкібай ауылына анталай беттеген нҿпір аттың тұяқ дүбірі қозыкҿш жерден естілді. «Аттан, аттан, жау шапты!» деген жылқышы жігіттің дабылдаған үнінен селк етіп оянған ауыл аяқ астынан абыр-дабыр болды да қалды. Ақбота алкүрең атының шідерін шешіп, тез еріттеді де, ҽлдеқандай жағдай бола қалса деп, жасақтап ҽкесі ауылға тастап кеткен жүз қаралы қарулы сарбазды дүрк кҿтереді.

Ҿкшесін қаққан қос бұрымын орап-орап желкесіне түйіп алып, ҽкесінің қанды жорықтарға киетін шашақты дулығасын - басына, кеудесіне ҿзіне лайықталып жасалған сауыт киген ару «Ия, аруақ!» деп сиынып, «Бақтыбай! Бақтыбай!» деп ұрандап, жауға қарсы қол бастайды. Күн арқан бойы кҿтеріле басталған жан алысып, жан беріскен жойқын шайқастың ортасында алкүрең аттың үстінде жасындай жарқылдаған жас батырдың қимылына кҿз ілеспеді. Қалмақтың не бір сен тұр, мен атайын деген сайыпқырандары оның айлалы, айбарлы жылдам да жігерлі тегеурініне шыдас бере алмады. Жекпе-жек қарсы келгенін жайратып, омақастырып, шаң қаптырып домалатып тастай берді. Қалмақтар мұндай тегеурінді қарсылықты күтпесе керек, тып-типыл қырылып қалмай тұрып, бассауғалай шегінуге мҽжбүр болды. Бұл ұстасуда Сҽңкібай батырдың ҿзі кҿрінбесе де, сарбаздарын бастаған, шашағы желбіреген дуылғалы балғын денелі батырдың кім екенінен бейхабар қалмақ жасағы кҽдімгідей абыржыды. Ақсеңгір таудың батыс бетіне қарай шегіне ығысып барып, бір тасаға тығылып аялдаған олар естерін жиып алып қапияда қайта шабуыл салу үшін түн қараңғылығын күтті. Ал айлалы жаудың қашқансыған бұл амалын Ақбота ҽлдеқандай бір түйсігімен сезігіне алды ма, ҽйтеуір сол түні сарбаздарын тас-түйін ұстап, таудың басына ҽр-ҽр жерден қарауыл қойып, сол маңнан ұзамады. Болжағаны айна-қатесіз дҽл шықты, күндізгі шайқаста тұмсығы тасқа оңбай соғылған қалмақтың қолы мүлгіген қою түннің тұңғиығын тұмшалана қымтанып, тағы да Сҽңкібай мекені, ақсеңгір таудың беткейіне қарай мысықтабандай таянып келе жатты. Жауды ҿткізіңкіреп жіберіп, қос қапталдан қыспаққа алу үшін сарбаздарды екі топқа бҿліп, сақ отырған Ақбота сарбаздарымен осы оңтайлы сҽтте қалмақтарға қарай атой салды. Бұл жолғы шайқас қалмақтарды біржолата есеңгіретіп жіберді. Жас қолбасшы-батырдың ерен қимылы олардың жүректерін ҽбден шайлықтырды. Қарсы тұруға дҽрмен болмай, тоз-тозы шыққан жау жасағы жер құшты.

Жем бойындағы шайқаста жеңіліс тауып қатары сиреген қалмақ ҽскері Жайықтан ҿтіп келген тағы бір топ жасақпен толығып, Сҽңкібайға қайта бет түзеді. Қазақ қолын жеңудің ендігі бірден-бір амалы, алдыменен оның жас қолбасшысын қайткенде де мертіктіріп, кҿзін жою керек деп шешкен қалмақтар осы қаскүнем пиғылына тас-түйін бекініп алған еді. Үшінші беттесуде қалмақтар қапы қалмады. Жойқын шайқастың қызған бір тұсында торғауыт ҽскерінің кҿздегенін құр жібермейтін ҽккі садақшысы таудың ҿрінде тұрып, қан майданның ортасында алкүреңмен ойқастаған Ақботаны нысанаға алады. Қанды жебе ержүрек қыздың кҿкірегіне қадалады. Ақсеңгір таудың мұнартқан бейнесі бір сҽт оның кҿз жанарынан аунап түсіп, дүние шыркҿбелек айналып жүре берді... Ақсеңгір таудың беткейіндегі бұл жолғы ұстасуда да қалмақтардың жолы болмады. Қапияда қолбасшысынан айырылған сарбаздар кҿзі қанға толған торғауыт қалмақтың жасағымен одан ҽрмен ҿршелене алысып, олардың аяғын бір аттам да ілгері бастырмады. Ҽлденедей жайсыздықты сезгендей, кҿңілі алып-қашып күн қатып, түн қатып мігірсіз жүріп алыс жолдан шұғыл оралған Сҽңкібай аяулы қызының қазасына күңірене аһ ұрды. Қайғылы ҽкенің күңіренгенінен ақсеңгір таудың ақшаңқан шыңы да, кең-жазира беткейі де кҿк күмбезінің астында жабырқап тұрды. Айтыла-айтыла аңызға айналып, кҿне де сырлы сарынмен бүгінге жеткен осы бір оқиғаның куҽсі Ақбота-Сҽңкібай тауы ержүрек нҽркес қыздың кҿркем бейнесіндей болып, теп-тегіс ұланғайыр дала кеңістігінің ортасында алыстан менмұндалап тұратын жалғыз дара биік тау қалпынан сол заманнан бері ҽлі күнге ҿзгермеген деседі... Ақбота-Сҽңкібайдың заңғар биігінен айналаға кҿз шалып тұрған Жұбан кҿңіл зердесінде қайтадан жаңырыққан аңыз-тарихтың кҿрінісін кҿз алдынан ҿткізгендей ҽсерде болды. – Ҽкесі Сҽңкібайдай би ҽрі батыр болған Ақбота қыздың мынадай сҽулетті таудың басында жатқаны қандай ғажап, ҽ! Ия, киелі жер

ғой бұл, шаршасақ та, келгеніміз жақсы болды-ау, Жұбат!.. – Жұбат қанша сездірмеуге тырысса да, оның күнұзынғы дамылсыз жүріс пен ыстықтан шаршағанын Жұбан қапысыз сезіп келе жатты. – Бүгін анау мықты жылқышы Амангерей балдыздың шаруа-жайын біліп, үйіне қонып дегендей аялдармыз, сірҽ. Амандық болса, жолға таңертеңгісін ертерек шығармыз...

* * * Қоянның қысы бұл ҿңірде ала-бҿтен қатты басталды. Жұбан осы желтоқсан мен қаңтардың тоғысындағы ызғырықпен, боранмен басталған алғашқы күндердің сыңайынан аз-кем секем алып қалды. Ара-кідік болып тұратын ақ қоянның жұты апталап соғатын ақтүтек боранымен, түкірікті жерге түсірмейтін үскірігімен тігерге тұяқ қалдырмай осы мекендегі елдің басына талай-талай зауалын тҿндіргенін ҽнебір жылдары шет жағалап ҿзінің де кҿргені бар. Қамсыз отырмау керек деп ұйғарды. Бір-екі күннің ішінде ҿзі бас болып, мал мамандарын, инженер-техниктерді, кеңсенің маңындағы басқа да қызметкерлерді екі-үштен топтап бҿліп шалғайдағы мал қыстақтарына шұғыл аттандырды. Қысқа дайындалған жем-шҿптің қоры жеткілікті болғанымен, соны мынадай қыста қарға адым жердегі аулаға жеткізіп, малға берудің ҿзі оңай шаруа емес. Омбы қардың астында мұржасына дейін кҿміліп қалған кейбір қыстақтарда мал түгелі адамның басына қатер тҿнген жҽйттер де оның жар құлағын жастыққа тигізбеді. Тебіндегі жылқының жағдайы да мүшкіл деген хабарды алысмен қасына ферма зоотехнигін алып Ақдерлідегі жылқылы ауылға қарай шұғыл аттанды. Жемдік арпа тиелген үлкен тіркемесі бар, тұмсығына қар жарғыш орнатылған «ДТ-54» тракторын жеңіл мҽшинесінің алдына салып, жол аршытып отырды. Сары аяз күшіне мініп тұрғанымен, күн ашық. Бұл мезгілде лезде, табан астынан құбыла қалатын ауа-райы бұлар Ақдерліге жеткенше қарасып-ақ тұрды.

Күн табағы қызыл шапақтана мұнарланып кҿкжиекке еңкейе бастаған мезгілде олар жылқышылардың вагон-қосына кеп ат басын тіреді. Тегістіктің қары жұқалау деген тұстарының ҿзінде шашасын молынан кҿміп тебіндеп жатқан жылқының кҿзге шалынған сырт тұрқы жадаулау. Бүйір, жая жүндері ұзарып, қабырғалығы жұқарып қалғандары да аз емес. Қыс азығын қар астынан табатын жылқы малына борай-борай соқталанған қалың сүрі қарды теуіп жайылу ҽрі-беріден соң қиынға соғыпты. Ҽсіресе буаз биелер тез титықтап, арасында іш тастап жатқандары да бар сияқты. Қолда бар адам күшін жауып, ертеңіне жақын маңдағы қой қыстақтарындағы кебендерден «ДТ-54» тіркемесімен жеткізілген шҿп жылқы тебініне тҿгілді. Кесек-кесектеп ойылған аққала-қардан аумағы ҽжептҽуір ықтасын-аула тұрғызылды. Тебінге жарамсыз, күйі тайған жабағы, тайларды, биелерді табыннан бҿліп алып, жем-шҿбін беріп сол арада күтімге алу шаруасын аға жылқышы Қызылғұлдың ҿзіне тапсырды да, Жұбан бұл арада кҿп кідірмеді. Ендігі бағыты - Үлкен Ашаның бойындағы Қарабұлақта тебіндеп жатқан жылқы. Сақылдаған сары аязды тымық күн. Ай тоғысы ҿтісімен ақтүтек борандардан сҽл арылып, тыныштық құшағында керіле мүлгіп жатқан аппақ кеңістіктің шексіз, шетсіз жойқын тылсымы. Түнде екі-үш сағат қана кҿз шырымын алған ол мезгіл-мезгіл қалғып отырды. Үшкіл қаржарғышымен қардың қалың кҿбесін айырып, жол сұлбасын жағалай бауырлап баяу жылжыған трактордың ыңырана ышқынғаны бірде алыстап, бірде жақындап келіп құлақ түбінен ызың қағады. Дала қысының қатал мінезіне кҿнбіс болған малшы тұрмысының қазіргі халі басшының сҿз-кҿмегінен гҿрі іс-кҿмегіне зҽру. Бұл күндері мейлінше шаршаулы жүрген Жұбан осыны бір сҽт жадынан шығармады. Қарабұлақтағы жағдай Қызылғұлдың табынындағыдан да қиынырақ екен. Ала-бҿтен Ашаның аңғарында желтоқсанда қар аралас жауған жаңбырдан соң тебіндік қатқылы кҿкмұзданып, жылқының қысқы жайылымынан ҽбден береке кеткен сыңайлы. Іш тастаған биелер де мұнда кҿбірек. Қар

астынан мұздақсыз жұмсақ тебін іздеп, жылқыны мынадай қыста бұл маңнан ұзағырақ жерге айдауға жылқышы Тұрбектің жүрегі дауаламаған. Олардың ауа-райының салдарынан болған келеңсіз мҽн-жайды ҿзіне дер кезінде хабарламағаны үшін іштей қынжылса да, ол тап қазір қатқыл сҿйлеп, кейістік білдіруді жҿн санамады. Онсыз да ұнжұрғасы түсіп кеткен жылқышыларды аяды. Оның есесіне ҿзінен осы араға бұрын келіп, жылқышының жылы үйінің маңынан ұзамай, ақыл, нұсқау беруден ҽрі аспаған, келгелі пҽлендей ҿнікті шаруа тындыра алмаған кеңшардың мал дҽрігері Сҽлімғали мен ферма меңгерушісі Сламшайқыға зҽрін аяусыз тҿкті. – Бітірген дҽнемелерің жоқ, кҿз алдарыңда қыруар мал жапырылып қырылып жатса да, жайбарақаттыққа салынғансыңдар! Жылы үйді паналап, бүйірлеріңді жылыту үшін келдіңдер ме бұл жерге! Неғылған адамсыңдар ҿздерің?! Бар ҽйда, қазір табандарыңды жалтыратыңдар бұл арадан. Бірақ мына Тұрбектің табынынан шығын болған ҽрбір жылқыны мойындарыңа жазамын. Осыны естеріңе саламын. Жаны ашымастың басы ауырмас деген, сендерден келер пайда жоқ мыналарға! – деп ашумен жүзі күреңіткен Жұбанның даусы қатқыл да ащы шықты. – Маған білек сыбанып жұмыс істейтін, күн-түн сабылып жүрсе де, шаршағанына қабақ шытпайтын адам керек. Малдың қамын күйттеп, қыстың кҿзі қырауда ебілсебіл болып жүрген мыналардың қасынан табылатын, қиналғанында қолдасып кҿмек беретін адам керек... Сары-шикіл жүзі ҿрттей қызарған фермабастық бірдеңе деп ақталуға да, оның айтқанын мақұлдауға да аузы жуыспай, қауқиған түлкі тымағын бір алып, бір киіп, басын изей берді. Ал Сҽлімғали жұқалтаңдау ҿңі бір бозарып, бір күреңітіп, кҿзімен жер шұқып тұрды. Ашуын басып, аз-мұз мүдірген ендігі бір сҽтте ҿзіне жалтақтай қарап, бірдеңе дегісі келіп ыңайлана берген Сламшайқыға Жұбан қолын бір сілтеп:

– Доғар, бос сҿзіңнің керегі жоқ. Іске кірісіңдер қазірден, аңырмай! – деді. Зілді ашуының соңы бұйрықпен тынып, бҽрі жапатармағай ҿре тұрып іске кірісудің амалына кірісті. Мұнда да бірер күннің ішінде Ақдерлідегідей шұғыл шаруаның жұмылыс-ҽрекеті басталып, жылқыны аман сақтап қалудың қамымен біраз жұмыс жасалды. Шала ұйқы болып, бірнеше күндер бойы дегбірсіз халде жүрген ол екі жағы суалып, ұстара тимеген сақал-мұртының орны сойдиып-сойдиып тұтасып кетті. Жұбат ара-тұрада жайласып отырып дұрыстап шҽй-су, ас ішуге де мұршасы болмаған бастығының жағдайына кҽдуілгідей-ақ қиналып жүрді. Бірер мҽрте. «Жүке, ҿзіңіздің жағдайыңызға да азырақ кҿңіл бҿліп қою керек қой»,- деп жұқалап айтып кҿріп еді, ол бұған қабақ астымен бір қарады да, үндемеді. «Ҿз ақылың – ҿзіңе, тыныш отыр» дегені екенін Жұбат түсіне қойды. Бір қостан екінші қосқа жол тартып, дамылсыз сабылыспен ҿткен он күннің ішінде ол ҿзінің қатты титықтағанын білмепті. Қоянның қатал қысымен арпалысқан жылқышылардың ауылынан Жарқамысқа қайтып келе жатқан бетте дел-сал күйге түсіп, ҿн-бойы қара зілдей болып, буынбуыны салдырай бастады. Суық пен шаршау аралас халдің аз-кем ҿтпелі соқпасы тҽрізденіп басталған сырқат үйге жетісімен оны тҿсекке алып ұрды. Жастайынан ат үстінен түспей жел ҿтінде болсын, жауын-шашын астында болсын, шаруа жағдайымен мігірсіз жүре беруге дағдыланған ол елуге келген осы жасында да оны-мұныны елең қылмайтын. Ҽйтсе де бұл жолғы шаршап қалжырауының сыңайы мүлдем бҿлек. Дене қызуы күрт кҿтеріліп, демінен жалын атты. Қызуды басатын дҽрінің де кҿмегі тимеді. Емхананың бас дҽрігері Жақсылықтың «қатты суықтағансыз, емханаға жатып, ем-дом алмайынша болмайды, ҿкпеңізге шауып кетсе, қиын болады» деген ұйғарымына құлақ асқысы келмеді. «Жеңгеңнің қолынан ыстық шҽй ішіп біразырақ терлесем, бір жҿнге келермін, рақмет, айналайын. Ірҽ қиналып бара жатсам, еміңді үйден жасарсың» деп кҿнбеді.

Түні бойы ұйқылы-ояу халде тұла-бойын қалжыратқан сырқатпен үнсіз арпалысып шықты. Ыңқылын ішіне құмықтырып, Үзілді, қалың ұйқыдағы бала-шағаны мазаламауға тырысты. Ерні кезеріп шҿл қысқанда, ашыған күріш кҿженің сұйығын қотарумен болды. Таң алдында ғана кірпігі бір мұрсат ілінгендей болып, бей-жҽй ұйқының құшағына енді. Бей-жҽй ұйқының құшағына енген Жұбанның ҿңіндегі халі түске айналып, кенет айдалада, меңіреу тыныштықтың жым-жырт аясында күртік қарды бұзып-жара омбылап жаяу келе жатты. Құлағына түз бҿрісінің ұлығаны сияқты бір үн алыстан талып естіледі. Жан-жағына елеңдей қарап, тҿңірегінен жан-дҽрмен жанталасып пана іздегендей болады, бірақ аппақ теп-тегіс даладан ҿзге кҿзге ілігер қара жоқ. Енді бір арада дала кҿкжалдарының ұлуы қосарланып алдан да, арттан да шығады. Жүрегін тағы да қорқыныш секемі тітірентіп, алас ұрды. Айқайлағысы келеді, неге екені қайдам, кҿмейінен жартымды үн шықпайды. Ұлыған дауыс ҽрі-беріден соң жаңағыдай қайталанып, тіпті ҿзіне таяу маңнан құлағына анық шалынғандай болды. Ҽйтсе де, айналасында қарайып кҿрінер ештеңе жоқ, үн-түнсіз жатқан сол баяғы қарлы дала ғана. Алға қарай жүріп келеді, жүріп келеді, сіресіп жатқан күртік қарға омбылаудан аяғы талады. Аяғы талса да, тоқтамады, ал құлағында – сол ұлыған үн, кейде бҽсеңсиді, кейде қатаяды. Біраздан соң алғашқыдағы қорқыныштан біржола арылып, кҿзге кҿрінбеген бҿрілердің ұлуына бойы үйреніп қалған сияқты күйге енгені сол-ақ еді, селк етіп оянып кетті. Ұлыған үн дегені – қыраулы терезені қармен соқталап, үрлей соққан ақпанның ақ боранының екіленген толассыз ызыңы екен. Кҿрген түсін Жұбан алай-дүлей басталған мына боранға жорыды. Ҿн-бойынан ҽлсіздік сезілгенімен, таңғы аз ұйқының ҿзінен жеңілейіп қалыпты. Бірақ сырқатты халден жеңілдігенімен, даладағы ақ түтек бораннан кҿңіл ауанын біртіндеп мазасыз ойлар жайлай бастады.

«Апыр-ай, мына бораны түспегір қаншаға созылар екен? Малшылардың күйі не болмақ? Қалған уақытқа шыдас берсе жақсы. Ҿйтпеген жағдайда, арты қиынға соқпаса неғылсын?!» Таңғы шҽйдің үстінде де алаңдаулы кҿңіл-күйден арылмады. Бір-екі кесе шҽйді ішіп бола салысымен кеңсеге баруға жиналды. – Тым болмаса, бүгінше үйде жатып, ҽл жинасаң етті, - деген Үзілдің жанашырлықпен айтқан сҿзін жүре тыңдап, жауап қатқан жоқ. – Ауырсаң да, бір мігір табуды білмейсің. Саған қарап қалып па дүниенің бар шаруасы осы? Ҿзіңді бір мезгіл аясаң қайтеді?!. – Ҿзіңді аяйтын мезгіл ме қазір?! Қыстың сиқы мынау... – Жұбан сҿзді ұлғайтпай үйден тезірек шығып кетуге асықты. Бастығының кҿз алды кҿлкілдеп, жүдеп, сылынып қалған кейпіне Жұбат аяушылықпен қарады, бірақ мұнысын сездіргісі келмеді. Ҿзіне деген аяушылық пен мүсіркеуге жақсы қабақ таныта қоймайтын директордың қашанғы мінезі бұған аян болатын. Кабинаның алдыңғы орындығына бір жамбастай жайғасып жатқан ол: – Рацияны қосып қой! – деді Жұбатқа жүзін бұрып. – Жҽне сҿндірмеуге тырыс. Кҿріп отырсың, үнемі кеңсені тҿңіректеп, тапжылмай отыруға мұрсат болмай жатыр ғой. Осындай қысылтаяңда аяқ астынан ауданнан хабарласатындар бар, малдың тҿңірегінде жүргендердің айтар шұғыл жағдайлары бар дегендей, құлағымыз түрік отырсын. Арасында ҿзіміз де ана қиыр, мына қиырдан хабар алып отырармыз... – Сҿндіргенім кеше кешкісін ғана, Жүке. Ҽйтпесе жол үстінде мұның бір мезет те ҿшіп тұрған кезі болған емес қой... Телефон-рацияның түймешесі заматта қып-қызыл болып жыпылықжыпылық атты да, мҽшиненің маңдайшасына бекітілген жіңішке шыбықтай антенна арқылы сымсыз байланыстың жүйесіне қосылды. – Ҽлле, ҽлле, Жарқамыс, Ақжар! Ҽлле, ҽлле, естимісіңдер, ҽлле! Трубканы алып, құлағына жапсыра тақаған Жұбан:

– Ҽллҽу, естіліп тұр, естіліп тұр, Айжарықов тыңдап тұр, айта беріңіз... – Естіліп тұрса, сізбен обком хатшысы сҿйлеседі, тыңдаңыз, тыңдаңыз, ҽлле!.. «Хатшы дейді, қайсысы екен, апыр-ай»? деп ойлағанша болмады, рацияның шуылдаған, ызыңдаған дабысына аралас облыстың ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін Виктор Изюмниковтың дауысы құлағына шалынды. – Жұбан Айжарыкович, мені естіп дұрсыз ба? Алло!.. – Ҽбден жақсы естіп тұрмын, Виктор Карпович! Ҽллеу,ҽллеу! – Мал-жан аман ба, Жүке! Қоянның қытымыр қысы қиналтып жатыр ма, қалай? Малдың шығыны, ҿлім-жітім жағы кҿп болып тұрған жоқ па?.. – Онсыз болмайды ғой мынадай қыста, бірақ кҿп болмас деп тұрмыз шығынымыз. Ел-жұрт болып, қолдағы барымызбен жұмылып жатырмыз, Виктор Карпович. Ҽрі-беріден соң мұндай қыстың талайын бастан ҿткеріп, үйренген тірлік қой, ҽйтіп-бүйтіп амалдап жатқан жағдай бар. Енді осы айды артқа тастасақ, қыс аяғы жұмсарар деген дҽме бар... – Солай ма, ойпырым-ай, жаман хабар емес екен мынауыңыз. Кешелі бері ҿзім хабарласып жатқан басқа шаруашылық басшыларының сҿз ыңғайы мүлдем басқаша еді. Олар бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, тұраладық, шаруамыз шалқайды, малдың шығыны кҿп деген сияқты ҽңгімелерді айтуда. Ҽлде қыстың ызғары сіздерде бҽсеңдеу болып тұр ма?.. – Қыстың осы тҿңіректегі елге біздегіден басқадай болып тұрғанына күмҽндімін... – Солай болар. Бірақ бҽрібір кҿмекке зҽрусіңдер ғой, Жұбан Айжарыкович? Солай ма?.. – Солайы солай, ҽрине. Ҽйтсе де кҿмек қажет деп қарап отыруға тағы да болмайды ғой... – Жағдайды дұрыс түсінгеніңізге рақмет, Жұбан Айжарыкович. Сізден тек осындай сҿзді ғана күтуге болатынын білемін ғой. Ал ендігі

мҽселе біздің тарапымыздан берілетін кҿмекке байланысты. Біздің батыс ҿлкесіне, оның ішінде ҿзіміздің облысқа жергілікті басшылықтың ҿтінішіне орай Мҽскеудегі қорғаныс министрлігінің бұйрығымен Орал ҽскери округінен ҽскери техника – танктер мен бронды транспортерлер келе жатыр. Соны қарсы алыңыздар. Таяуда, осы бір-екі күндікте ҿзім де ҿздеріңіз жақтағы шалғай жатқан малшы мекендеріне барып қайтпақшымын. Амандықпен кҿріскенше, Жұбан Айжарыкович!.. Изюмников телефон тұтқасын салмақтап орнына қойды да, кеңшар директорымен болған ҽңгімені бір сҽт кҿңіл зердесінен ҿткізді. «Ел азаматы деген атқа лайық адам ғой. Оны танып-білгеніме неше заман, сол байсалды да сабырлы қалпынан бір ҿзгергенін кҿрген емеспін. Шаруаның қыбын тауып, қол астындағыларды жұмысқа жұмылдыра білетін іскер басшының нақ ҿзі осы Жүкеңдер ғой. Таяуда екеуара кездесуімізде облыстық партия комитетінің хатшысы Шаяхметов ауыл шаруашылығындағы басшылық жұмыста жүрген кадрларға қатысты ҽңгіме қозғаған. Сонда айтқан сҿзінің бір орайында «Айжарықовты білемін. Ол еш уақытта қиындыққа мойымайтын, ҽлдебір басшылардай, қит етсе қара аспанды қапылтып, ҽйтеуір кҿмекке, жҽрдемге зҽрулігін айтып жалыныпжалпаюды білмейтін, ҿз ісіне мығым адам» дегені Айжарықов сияқты іскер азаматқза берілген нағыз ҽділ баға ғой расында да. Қиын қыстың қыспағында қалса да, кҿріп жатқан қиындығын алға тарта бермей айтқан жаңағы байыпты сҿзі осының айғағы болса керек. Жаз басынан жеткілікті дайындалған жем-шҿптің ҿзін қар астынан аршып, малға берудің оңай болып жатпағандығын онсыз да біліп отырғанымызды айтқызбай-ақ сезді. Енді сол кҿмектің шалғайдағы осы кеңшарға уақтылы ҽрі дұрыс орындалуын кҿзбен кҿріп, жіті қадағалау керек болар. Ел-халықтың арасына барып, партия атынан жігерін жанитын сҿзбен де демеу жасау қажет...»

Обком хатшысы осы ойға бекініп, қатал қыстың адуын мінезіне қарамай, нартҽуекел деп, осы бір-екі күннің ішінде алыс та қиын жолға шығуға дайындалды.

* * * ... Үсті-үстіне соққан бораннан жол атаулының да, сай-саланың да сұлбасы байқалмай қалған омбы қарлы теп-тегіс даланың қалың аппақ қыртысын айырып, бұзып-жарып тоқтаусыз жылжыған бірнеше танк пен бронды транспортерлер аудан орталығынан тоқсан шақырым жердегі Жарқамысқа кеш түспей жетті. Ҿздеріне бҿлінген ҽскери техниканы қарсы алып, шалғайдағы малшы ауылдарына жедел жҿнелту шаруасының басықасында директордың ҿзі жүрді. Жылқы табындары тебіндей алмай жатқан Қарабұлақ, Ақдерліге баратын техникаға ол ҿзі жол басшы болды. Суықтап ауырған халінен толық айықпаса да, тҽуекел етті. Бұл күндері шала ұйқы мен үнемі жол үстіндегі мігірсіз жүрістен шаршап, қажыған Жұбанның жағы суалып жүдеген, аяз қарыған бет-жүзі қара қошқылданып кеткен еді. – Жолдас танкистер, бізге қатал қыстың осындай қиыншылықтарын кешіп жатқанымызда кҿмек қолын созғандарыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. Ал енді кідірмейміз, жолға аттанамыз!.. Жылқышылар аулында болған осы күндердің ішінде кеңшар директорының ҿзі де бір сҽт дамылдамаған, бұлардың экипажына да дамыл таптырмаған тынымсыздығына танк батальонының командирі украин жігіті, капитан Петро Остапенко таңырқай қарап жүрді. – Бҽріміз де ет пен сүйектен жаралған пендеміз ғой. Шаршаймыз, шалдығамыз, қабағымыз кірбиеді дегендей. Бірақ мына кісідей пендеңіздің бойына мұншама қажыр-қайрат қалайша сыйған, апырай! Майданда, алғы шепте болса, сарбаздарын шабуылға ҿзі кҿтеріп қол бастайтын нағыз командирше қимылдайтын адам ғой Жұбан Айжарикович.

Жұбат мінезі ақкҿңіл, кең қолтық украин жігітінің осы мақтауы тура ҿзіне айтылғандай іштей масаттанып қалды. – Ал қыстың кҿзі қырауда осы кісінің ҿзі бас болып атқарылып жатқан мына жойқын шаруаны алғы шеп демегенде не дейсің, капитан жолдас! - дейді ол жымия күлген Жұбат иегін бір кҿтеріп қойып. – Бұл кісі осындай адам, – Тура айтасыз, бұған еш дауым жоқ, нағыз алғы шеп, келісемін! Ал сіздің бастығыңыз, ҽсірелеп айтқаным емес құдай ақына, нағыз командир! – деген капитанның да ақжарқын жүзіне жымиыс ұялап, Жұбаттың сҿзіне ризалығын білдіріп қолын ұсынды. – Ҽкел «бесіңді»!.. Мың тоғыз жүз алпыс үштің қатал қысында алыстағы жылқылы ауылдардағы қиын да қарбалас шаруаның бір үзік кҿрінісі еді бұл...

-ХІVТемір қаласының орталығынан алдын кешке сала шыққан Газ-69 жүрісті ҿндіріп-ақ келеді. Кеңқияқ, Сарыкҿл бағытымен Жаңажол арқылы Жарқамысқа апаратын даланың қос табан, айдау тегіс жолы қанша жайлы болғанымен, Жұбан кҿңіл-сарайын кеулеген қиналысты ауыр ойдан бҽрібір тыншу таба алмады. Кҿзін жұмып, қалғып отырған кейіпте сияқтанғанымен бес сағатқа созылған ҿндірістік аумақ парткомның бүгінгі бюро отырысының ҿзіне қатысты ҽділетсіз, сыңаржақ айыптауы жанын сыздатумен болды. Осы кезге дейінгі саналы ҿмірінде қиянатсыз, қылаусыз атқарған ел алдындағы қызметінің құнын түкке алғысыз қылып, шаруашылық басқаруда жалған ақпарат берумен, кҿзбояушылықпен айналысқан адам ретінде айыпталса, қалайша күйремессің!? Айжарықов басқарған кеңшар шҿп дайындаудың мҽліметі туралы жалған ақпар беріп, облыс, ҿлке кҿлемінде үздіктің қатарында аталғаны аумақтықҿндірістік басқармасының бастығы Жағыфар Ҽметовтың арқасына аяздай батыпты. Оның советтік шаруашылық басшысына, коммуниске лайық емес бұл ҽрекеті бүгін болмаса, ертең ҽшкере болады, сонда үкімет пен партияның

алдында бұған алдымен кім жауап бермек?! Ҽрине, аумақтық-ҿндірістік басқарма мен оның партия ұйымы. Сондықтан мұндай кеселді іске дер кезінде тиісінше баға беріп, шара қолданбасқа болмайды екен... Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ, бюро алдында сҿйлеген сҿзінде ол ҿзіне қойылған кінҽнің негізсіздігіне қарсы дҽлелін ұсынды. Қыстақ басына үйілген кебендерді ғана есепке алып, шабындықта шҿмеленген шҿптің кҿлемін ұмыт қалдырудың ешбір қисынға келмейтінін алға тартты. «Берілген ақпарда қыстақтарға жеткілікті шамада кебенделген шҿптің кҿлемі ғана емес, кеңшар фермаларында дайындалған шҿптің жалпы кҿлемі кірді. Ал бұған егжей-тегжейлі кҿз жеткізбей, мұны кҿзбояушылық деп аумақтық-ҿндірістік басқарма мен оның партия ұйымының атынан ауыр айыптау жасау коммунистік қағидамен сиыспаса керек» деген Жұбанның сҿзін бҿлген Ҽметов, қызыл сары жүзі күреңітіп: – Сонда, ҿзіңіздің ҽрекетіңіз коммунистік қағидамен сыйысады деп ойлайсыз ба? – деп дүрсе қоя берді. – Далада жатқан шҿпті есепке жатқызудың амалы кҿзбояушылық болмағанда не болушы еді, а?! – Далада жатқан шҿптің иесі – кеңшар. Ол бостан-босқа қар астында қалмайды. Кеңшарда маңдай терін бес тҿгіп қысы-жазы еңбек етіп жатқан жұрттың жеке малының азығы үшін беріледі. Жҽне тегін берілмейді, мұның да есеп-қисабы уақтылы қатталып, шотталып есепшінің кіріс-шығыс қағазында тіркеледі, комиссия соны неге назарға алмаған? Басшы ретінде мен, біле білсеңіз, алдымен сол шаруа соңында жүрген адамдардың жағдайын ойлауға тиістімін, соны ескеріңіз. Егер мұны да кҿзбояушылық деп санасаңыздар, онда басқа айтарым жоқ!.. – Сіз олай таусыла сҿйлемеңіз, жолдас Айжарықов. Бұл арада таусылып сҿйлеуіңіздің ешбір қисынын кҿріп отырғам жоқ. Сізге біздің тарапымыздан бір қыстық шҿп қана кебенделу керек деген нұсқау берілмеген болар. Былтырғы қоянның қысында жем-шҿп жетіспеушілігінің салдарын ҿзіңіз де басыңыздан ҿткердіңіз, сіз сияқты басшының шаруа жҽйін бұлайша шолақ ойлауы – барып тұрған жауапсыздық! – «Сіздердің

не айтарыңыз бар?» дегендей сыңаймен Ҽметов ұзын үстелдің басында қаз-қатар тізіліп отырған бюро мүшелерінің ҽрқайсысын кҿз ұшымен шолып шықты. – Егер шҿп қорын артығымен дайындау мҽселесіндегі кейбір салғырттықты біздің шаруашылыққа қатысты меңзеп отырсаңыз, мұнымен де келіспеймін. Ҽрбір мал базасында кем дегенде бір жарым, екі жылдық шҿптің қоры бар. Ал қоянның қысында сол дайындалған шҿпті ауладағы, тебіндегі малға жеткізіп берудің аздаған қиындығын бастан кешіргеніміз болмаса, шҿптің аздығынан тарықпағанымыз да ҿзіңізге мҽлім... – Сіздіңше бҽрі де дұрыс болып тұр, жҿн-ақ екен. Шҿп дайындау науқанында кеңшар басшысы ретінде ҿзіңіздің тарапыңыздан ешбір кемшілік жіберілмеген, берілген ақпар іс жүзінде бұрмаланбаған болып тұр ғой сонда? – Үстелдің арғы шетінде жиналыс басталғалы бері тұқшиып тым-тырс отырған қатпа қара жігіт – аумақтық статистика бҿлімінің басшысы езуіне мысқылды жымиыс ұялатып, Жұбан жаққа мойнын кілт бұрды. – Тура мағынасында айтқанда, кемшілік біреу жҽне бҽрімізге ортақ кемшілік: шҿп дайындау науқанына кіріскенде техниканың жетіспеушілігін ескермедік. Ірі қараны қоспағанда, сексен мыңнан астам қойы бар үлкен кеңшарды ең қажетті ауыл шаруашылық техникасымен толық қамтамасыз ету мҽселесін аудан кҿлемінде ғана емес, облыс деңгейіне дейін де кҿтергенбіз, бірақ ҽзірге нҽтиже болмай тұрғанын ҿздеріңіз де жақсы білесіздер. Ҽсіресе шабылған шҿпті жинап, тиейтін жҽне үйетін техниканың жоқтығы кҿп қол байлау жасайды. Сондықтан да биылғыдай қуаңшылық болған жылдары шабылған шҿпті мал баздарына жеткізуде кейбір қиындықтардың болғанын жасыруға болмайды, бірақ мұның дұрыс ақпар берілмеген деген кінҽ қоюшылыққа ешбір қатысы жоқ деп есептеймін. Жекенің малына қалдырылған шҿмеледегі шҿпті ҽркім ҿз

қаражатымен сатып алып, ҿз күшімен тасып алады, мұның жҿн-жобасын түсінікті түрде жаңа айтып кеттім... – Сҿзге дес беретін, партиялық сынға ден қойып, мойындайтын сыңайыңыз кҿрінбейді, жолдас Айжарықов. Есіңізге тағы да саламын, бүгінгі мҽселенің қойылысы мынау – факті жүзінде шындықты бұрмалағаныңыз, сҿйтіп коммунист басшыға жатпайтын қателік жібергеніңіз, - деді Ҽметов ҽр сҿзін нығарлай түсіп. – Бізден де жұмысты сұрайтын, жоғарыда қадағалап отырған басшылық бар. Осыны қаперіңізге алыңыз. Сіздің шҿп дайындау науқанын, ҿзіңізше айтқанда, «ойдағыдай аяқтағаныңызды» желеулетіп берген жалған ақпарыңыздан облыстағылар да құлағдар болып отыр. Сондықтан, ауыр болса да, сіздің коммунист қатарында қалу-қалмауыңыздың мҽселесін бюро бүгін шешуге тиісті. Қарсы болмасаңыздар, сұрақ-жауапты осымен доғарып, күн тҽртібіндегі мҽселені талқылауға кҿшеміз. Талқылауда бірінен соң бірі кезектесіп сҿйлегендердің ендігі сҿз ауаны қандай болары бес енеден белгілі еді. Жұбан ендігі айтылып жатқан жаттанды сҿздердің ешбіріне селт етпей, осы бір сҽт кҿңілін аласат бір енжарлық биледі. Жұбанға тура қарауға дҽттері жетпей, бастарын тұқшитып алып сҿйлегендердің халі аянышты еді. Ҽр сҿзін зорлана айтып, дауыстары құмыға шықты. Ал сҿз алғандардың бірқатары кҿңіл жықпастықпен сипай қамшылайды да, Ҽметовтың ҿктемдігімен бұған тағылып отырған кінҽні жоққа шығаруға дҽрмен-жігерлері жетпейді. Бірен-сараны – сҽл де болса жазаны азырақ жеңілдетіп, партиялық есеп карточкасына жазбай, жҽй сҿгіспен қалдыру керек десті, бірақ айналдырып келгенде барлығының бірауыздан айтары қайткенде де оны жазалау дұрыс дегенге келіп сайды. Шындық пен ақиқаттың үстемшілдік пен тҿрешілдікке табан асты болып жеңіліс табуының сорақы кҿрінісінен жаны сыздаса да, күйремеуге тырысып, тістене отырып шыдамдылық танытты. Осалдық кҿрсетердей болса, жеңілісін, «кемшілігі мен қателігін» біржола мойындағаны болар

еді. Осыны ғана кҿңіліне бекем түйген ол ҽділетсіз сҿздің сарыны салтанат құрған аумақтық-ҿндірістік басқарма партия ұйымының бюро отырысынан басын имей, еңсесін тҿмен салмай шықты. Ешкімге қарайламады, еш жерге аялдап кідірмеді. ... Қара күздің қою қараңғылығының қойнауына дендей еніп, жер апшысын қуырған Газ-69-дың алдын кес-кестеп түнгі күңгірт даланың тіршілігінен белгі беріп, деміл-демілде ғана қосаяқ, қояндар жүгіріп ҿтеді. Ҿзгедей тіршіліктен бейхабар жым-жырт түндегі ұзақ жолдың үстінде ауыр үнсіздікке шомған бастығының кҿңіл-күйіндегі ҿзгерісті, жан ҽлемінде тұйыққа қамалған қиналысын іштей сезсе де, оның жабығыңқы кҿңілін аулайтындай сҿздің ыңғайын таппаған Жұбат та тым-тырс. Рульді қолдарымен нығыздай ұстайды. «Партия атымен айтылар ақиқаттың сиқы осы болса, ҿзін-ҿзі аямай, қара басының қамын күйттеуді білмей, коммунистік арына титтей де нұқсан келтірмеуге тырысқан осыншама жанталас тірлігінің құны кҿк тиын болғаны ма сонда? Кҿк тиын болғаны да, ҽлгілердің сҿзіне қарағанда. Ҽлгілер демекші, ҽлгілердің кҿпшілігі... ҽлгілердің кҿпшілігі шындығында кімдер? Кеше ғана ҿзімен бірге қызметтес болғандар емес пе еді?! Шаруаның жағдайын бір кісідей білетіндер емес пе еді?! Сонда оларды шындықты жаба тоқуға нендей жағдай итермелейді, апыр-ай? Қызметтен айырылып қалмаудың, коммунист деген атына күмҽн келтірмеудің қамы ма?! Ҿзін-ҿзі сақтаудың жалған түйсігі ме?! Мен түсінбейтін жҽйттер кҿп екен. Ҿмірді, адамдарды бір кісідей білермін-ау дегені бекершілік болғаны ғой. Осыған дейінгі бүкіл ҽрекеті бекершілік, зая ҿмір сүрудің далбасасы болғаны ма сонда?..» Ойын он саққа бҿлген, жауабы жоқ, түйіні қиын сұрақтардың шет-шегіне бҽрібір жете алмады. Кҿз алдында – ҽлгілер, бірі қап-қалың, бірі сұп-сұр сұрғылт беттерінің безерген ұшы дір етпейтін, сұрқай пердемен жүзін жасырған тас меңіреу, бір-бірінен аумайтын ұбақшұбақ тізілген бейнелер... Құлағының түбінде – ұзақ сарыны айнымай қайталана беретін, бір-біріне егіз қозыдай ұқсас, ұраншылдықпен

атойлаған, қуыс кеудеден шыққан татусыз сҿздер ызыңдап тұрып алды. Сол озбыр тобыр оны бүгін жазасыз қалдырғысы жоқ, ҿйткені бұл бүкіл болмысымен, солардың пайымдауынша, «ҿзінің түкке тұрғысыз бірбеткейлігінен танбайтын» қыңыр-қисық мінезді, дұрыс пиғылдағы адам емес екен. Мұндай адаммен бір қатарда жүруге болмайды. Коммунистік мұратты ҿздерінше «дұрыс» ұстанған тобырдың партия мүшесі ретіндегі Жұбанның сипатына қатысты кҿздері жеткен анық ақиқаты осы болыпты. Алайда ҿзі мыналардың – жалғандығын шындыққа, дұрыстыққа балағандардың қатарында емес екендігіне Жұбанның иманы кҽміл еді. Осы дҽйегі ғана оны жан-дүниесін оқыс күйреуден аман сақтап қалуға сеп болды. «Бірінің айтқанын бірі қағып алып, ҿздерінің сҿзін ҿздері мақұлдаған, қатары берік топтасқан қалың тобырмен күрес енді басталды. Маған шегінуге болмайды. Ақиқатты түсінетіндердің, нағыз адами коммунистердің бұл жарық дүниеден кҿшіп кетпегендігі де, бар екендігі де анық! Дұрыс сҿзіме, адал істелген ісіме пайым беретіндер табылар. Табылмаса, оны да кҿрерміз. Ҿмірдің алды-арты осымен ғана тиянақталып, тұйықталып қалмас, ғаділетсіздікке де ерте ме, кеш пе, бір тосқауыл қойылар.» Ұзақ жолдың үстінде ол кҿңілін ойран-асыр еткен бейуақтағы ой кешудің сарынына берілумен болды. Ол Темірден келгесін облыстық партия комитетінің атына мҽнжайды толық қамтып арыз жазды. Жігерін жанып, ой-түйінін салмақты ақылға, салқын сабырға бағындырып жазды. «Ҽлдеқандай себептермен жаза басып, коммунист деген атымды кірлеткендей болсам, кінҽмды қашанда мойныммен кҿтеруге дайынмын. Ҽйтсе де ҽділдік алдына жүгінер азаматтық құқымды пайдаланып, осы арызды жазуға мҽжбүрмін. Жиырма бес жылдан бері коммунистік партияның қатардағы мүшесі бола жүріп, партия жарғысынан ауытқымағанымды, ҿзіме сеніп тапсырылған жұмысты қалайша атқарғанымды мені білетін жолдастар, партиялас серіктестерім шындықты

бүкпей қиянатсыз айтуға тиісті деп ойлаймын, сондықтан ҿзім туралы егжей-тегжейлі баян етуді артық санаймын. Менің айтпағым - Темір ауданының аумақтық-ҿндірістік басқармасы партия комитеті бюросының маған қатысты шешімінің ақ-қарасын жоғары тұрған ұйым деңгейіндегі партиялық тексеру арқылы анықтауларыңызды ҿтіне отырып, қойылған кінҽнің сыңаржақтық сипатта екенін мҽлім етемін. Науқандық шаруашылық жұмысын қаншалықты дұрыс ұйымдастыра алғандығым, жоғары тұрған билік органдарына қаншалықты бұрыс ақпар бермегенім нағыз партиялық қағидатпен ақиқатталатынына шүбҽсізбін. Жұбан Айжарықов, 1939 жылдан Коммунистік партияның мүшесі».

* * * Облыстық партия комитетінің бюросы үш сағаттан астам уақытқа созылды. Бюро мүшелері «Ақжар» кеңшары директорына есеп карточкасына жазылатын қатаң сҿгіс беріп, орнынан босату туралы қойылған мҽселені асықпай, ҽрбір жҽйтке кеңірек тоқталып талқылады. Облысқа, қала берді республикаға аты мҽлім іскер, кҽнігі ірі шаруашылық басшысына тағылатын бүгінгі үлкен кінҽнің салмағы ауыр. Егер анықталған жҽне арнайы тексерілген деген фактілерге сүйенсе, аумақтық партия комитетінің қаулысына күмҽн келтіруге болмас еді. Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Хасан Шаяхметұлы Бектұрғанов облыстық деңгейде Жұбанға қатысты мҽселенің бұлайша қойылысына ҽуел бастан іштей қарсы еді, бірақ партиялық регламенттен аттап ҿтуге болмайды. Кҿз ашқалы ауыл шаруашылығының, малдың жай-күйімен байланысты істің қыр-сырын жетік білетін, сол шаруаның ыстық-суығын басынан ҿткеріп келе жатқан басшының мұндай жолсыздықты жіберуі екіталай екендігіне шүбҽланған. Бюро мҽжілісін дайын қағазды бекіте салу тұрғысында емес, сол шүбҽсін сейілту мақсатын ұстанып, тиянақты талқылау үрдісінде жүргізді.

Айжарықов мҽселесіне қатысты бюро отырысында қысқаша баяндама жасаған Жағыфар Ҽметовтен кейін сҿз алған облыстық комитеттің ауыл шаруашылығы жҿніндегі хатшысы Изюмников аумақтықҿндірістік басқарма партия комитетінің шешімінің асығыс, үстірт жасалғанын, жете тексерілмегенін, кеңшар басшысының дҽлелді, дұрыс себептері назарға алынбай біржақты шығарылғанын сынға алды. Қашанда тайсақтамай тура сҿйлейтін обком хатшысы ойындағысын қысқа кесіп айтты: – Айжарықов жолдастың қоғамдық малға арналып дайындалған кеңшардың биылғы шҿбінің кҿлемі туралы ақпарындағы алшақтықтың бір себебі, сол ақпарға ҿз қаражаттары есебінен жекеге берілген шҿп кҿлемінің қосылғандығында, яғни шабылған шҿп пен мал қыстағында кебенделіп жиналғанының арасындағы сҽйкессіздікте болып отыр. Басшы ҿзі басқарып отырған елдің, халықтың тұрмыс жағдайын жан-жақты ойластырмаса, оның басшы болуға моральдық құқы жоқ. Осы жҽйт жергілікті тексерушілердің тарапынан ескерілмеген. Екінші себебі, шҿпті үйіп, жинайтын техниканың ҽлі де болса жетіспеушілігінен туындаған, бұл облыс кҿлеміндегі қазіргі таңдағы проблема, бұған бола кеңшар директорын айыпты ету, партиялық жаза қолдану туралы мҽселе кҿтеру – асығыстық деген пікірдеміз. Айжарықов сияқты ҿмірдің үлкен мектебінен ҿткен, ҿз ісіне тиянақты, ел-жұртының алдында сыйлы басшының тағдырына бұлайша үстірт қараушылық жҽне тұралап артта қалған шаруашылықты кҿтерудегі сіңіріп келе жатқан оның еңбегіне баға берудегі сыңаржақтық аудан басшыларының сыннан ҿткен осындай партиялық кадрларға деген кҿзқарасының дұрыс еместігі. Айжарықовқа албаты жала жабудың орнына, алдымен бюрода осы мҽселеге ден қойсақ болар еді. Одан кейін сҿз алған Ҽметовтың ҽріптесі Шалқар аумақтықҿндірістік басқармасының бастығы Кеңес Нокин де обком хатшысының барынша тура, ҽділ айтқанын мақұлдап, Жұбанның шаруашылық басқару ісіндегі білгірлігі мен күш-қабілетін ерекше бағалады.

– Мен білетін тура сҿзді Айжарықов болса, шаруаға қатысты істерінде ҿмірінде жалған айтып кҿрмеген басшы. Бұл арада темірлік ҽріптестердің шешімінде солақайлықтың, сыңаржақтылықтың салқыны бар сияқты. Қысқасын айтқанда, бұл мҽселе туралы аумақтық-ҿндірістік басқарма партия ұйымының бюросы асығыс шешім жасаған деген пікірдемін, жолдастар. – Басқарма партия ұйымының басшысы Орынбасаров жолдас бұл пікірмен келісе ме? – Шаяхметов бюро залының екінші қатарында отырған Нұржан Орынбасаровқа кҿз тастап, оның жауап беруін сұрады. Орынбасаров обком бірінші хатшысының ҿзіне тҿтеннен қойған бұл сұрағына қапелімде не деп жауап берерін білмей абдырап қалды. – Енді асығыстық болса болған да шығар, мұны мойындауымыз керек... Бірақ басқарма бастығының бюроға қарауға ҿзі ұсынған мҽселесін қарамауға біздің қақымыз жоқ қой, Хасан Шаяхметұлы!.. – Дұрыс айтасыз, қарамауға қақыңыз жоқ, ҽрине. Сонымен қатар қараған мҽселеңіздің ақ-қарасын анықтап, басшыңыздан тайсақтамай принципті түрде дұрыс партиялық шешім қабылдамауыңызға да қақыңыз жоқ еді ғой, Орынбасаров жолдас. Отырыңыз!.. Бюро жұмысын одан ҽрі жалғастырамыз, талқыланып отырған мҽселе турасында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының пікірін де естігеніміз жҿн болар. Жолдас Жолмырзаев!.. – Менің алдымда сҿйлеген бюро мүшелерінің сҿзіне менің де алып-қосарым жоқ, Айжарықовқа қатысты айтылғанның бҽрі орынды. Дегенмен, мен де ҿз тарапымнан... Бюрода қаралатын мҽселе бойынша залдың алдыңғы бірінші қатарында отырған Ҽметов үлкен қоңырқай кҿздері ҽнтек бағжаң етіп, ызалы да ащылау үнмен Байсалбай Жолмырзаевтың сҿзін кілт бҿлді. – Бүгінгі қойылып отырған мҽселе Айжарықовты кезекті марапатқа ұсыну немесе оның қызметін жоғарлату туралы емес қой, жолдас Жолмырзаев!

– Жақа, кешіріңіз, Айжарықов туралы менің коммунист ретіндегі, облыстың ауыл шаруашылығына жауап беретін тікелей басшы ретіндегі ҽділ пікірімді тыңдауға шыдамыңыз жетпесе, екі құлағыңызды басып отырыңыз! – Ҽметовтың орнында отырып іліп-қаға сҿйлегені Жолмырзаевтың ҽнтек шамына тиіп, ашуын қоздырып жіберді. Сол заматта оның қатты айтып, шалт қайырған сҿзіне бюро залындағылар демдерін ішіне тартып, бір мезет тып-тыныш тынып қалды. – Ҽметов жолдас, сҿзді бҿлмеңіз, - деп ескерту жасаған Бектұрғанов мінберде тұрған Жолмырзаевқа қарап иегін кҿтерді. – Сҿзіңізді жалғастырыңыз... – Ҽметов жолдас жаңа ҿзінің сҿзінде Айжарықовтың былтырғы қоянның қатал қысында ҿзгелер ақсирақ болып қалғанда, кеңшарындағы мал басынан бірді-екілі ғана шығын беріп, тұтастай алғанда тҿрт түлік малын сақтап қалғанының себебі туралы бір ауыз сҿз айтуға жарамады. Шаруасын қысқа қамдамайтын басшы болса, Айжарықов облыс бойынша осындай алдыңғы қатарлы нҽтижеге жетер ме еді, ҽділдігін айтыңызшы ҿзіңіз. Қағаздағы ақпардың цифрын тілге тиек етуден ҽрі аса алмадыңыз, мұныңыз кемелдік те, кҿрегендік те емес, біле білсеңіз... Сҿзінің соңғы екпінін Ҽметовке тура қаратып бұрған Жолмырзаевты Қобда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Алтынбек Ҽкімжанов та қолдады. – Партиялық сын барынша ҽділ болуы керек десек, бүгінгі қаралып отырған мҽселеде бұл ҿзінің діттеген жерінен шығып отырмағаны белгілі болған сияқты. Менің алдымда сҿйлеген коммунист жолдастар дұрыс айтты, бұл арада Айжарықовқа тағылған кінҽ мүлдем қате. Шаруашылықты басқару, оның үстіне табиғаты жазда шҿлейтті, қысы қатал шалғайдағы ауданның жағдайында басқару оңай шаруа емес. Мен білетін коммунист Жұбан Айжарықов – мемлекетке қиянатсыз адал қызмет етіп келе жатқан іскер басшы екенін ҿмір бойғы еңбегімен ҽлдеқашан дҽлелдеген адам. Темір аудандық ҿндірістік басқармасы партия

ұйымының қабылдаған қаулысында осындай коммунистке тағылған сында кҿзбояушылық жасаған дегенді білдіретін баға бар. Мұндай асыра сілтеушілікке жол беруге болмайды. Бюро осыны назарға алса дұрыс болар еді... Бектұрғановтың обком бюросының отырысын Айжарықовқа ҿзіне танылып отырған кемшілікті мойындатып, оны сынау тұрғысында емес, бірыңғай жақтау мен мақтау ыңғайындағы сҿздерді тыймай ҿткізгені үшін Ҽметов іштен тынып қатты наразы болды. Бірақ амалы құрып, үндей алмады. Талқылау соңында бюро мүшелерінің алдында Жұбан сҿз алды. Ҿзіне қадалған ҽралуан кҿздерде ҽралуан сұрақ, ҽралуан ойлар анталайды. Оның сҿзінен бұлар не күтеді. Ақталуды ма? Ҽділетсіздікке шағынуды ма? Ҿзіне қиянат жасауды ниет еткен Ҽметовтей басшыны сынап, мінеуді ме? Ҿзін жақтағандарға алғыс білдіруді ме? Қалай болғанда да, үлкен деңгейде бас қосқан алқалы жиында отырғандар одан орнықты, дұрыс айтылатын сҿзді күтеді. Мінберге шығып ойлана түсіп осы бір сҽл ғана мүдіріс жасаған қасқағым сҽті оған ұзақ үнсіздікке ұласып кеткендей кҿрінді. – Жолдастар, қай істің басында жүріп қандай қадам жасаймыз, осының бҽрінде де баршамыз алдымен ҿзіміздің адамдық арымыздың алдында жауаптымыз. Ар соты – ҽділ сот. Оның ұстанымы – ақиқат пен адалдық. Адалдық пен ақиқатымызды тең ұстай білсек, адаспаймыз. Ҿмірдегі адасулардың тигізер ауыр зардабы болады. Соны мықтап ойланайық, соған ғана алаңдайық, алаңдасақ. Ал ойланып жасалған тірліктің түбінде тиянағы тұрлаулы да берекелі болары сҿзсіз. Берекеміз шайқалмасын. Бірімізді біріміз сақтай білейік, ҿмірді ҿкінішсіз ҿткеруге тырысайық, келер ұрпақтың жадында ҽділ де адал ісіміздің ғана ҿнегесі қалсын. Бар айтарым – осы, жолдастар!.. Бюро залы тым-тырыс тыныштыққа шомды. Ҽнтек қысқа қайырылған сҿздің түйіні адам деген пенденің дұрыс жолдан ауытқымай

ҿмір сүре білуі туралы терең де ұзақ ойдың ұшқынын себездетіп кетті. Ҽділдік ұйғарымына жүгінген бүгінгі бюро отырысы дұрыс саяси шешім қабылдады. Хасан Шаяхметұлы да сҿзін кҿп созбай күн тҽртібіндегі бұл мҽселенің қорытындысын қысқа түйіндеді. – Ешкімнің басқа алып-қосары болмаса, мҽселенің ақ-қарасы бҽріңізге де түсінікті болды деген ойдамын. Атқарылған істің есебін алу да, оны тексеріп, бақылау да бағалау қажет. Бірақ партиялық ҽділ принциптен ауытқымайық, жолдастар. Асыра сілтеудің заманы ҿткенін Темір ауданының басшылары қаперлеріне алсын. Ел үшін еңбек етіп жүрген Жҿкең сияқты азаматтардың еңсесін түсірмеуміз керек. Биігімізді аласартпайық. «Ақжар» кеңшарының директоры Жұбан Айжарықовқа партиялық жаза беру туралы аудандық партия комитетінің қаулысы бекітілмесін деген ұсыныс бар. Қарсылар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ! Ал бюро мүшелері Изюмников, Жолмырзаев жолдастардан облыс шаруашылықтарын, оның ішінде ҽсіресе Байғанин ауданын науқандық жұмыстарға қажетті техникамен қамтамасыз ету мҽселесін келесі бюро отырысына шұғыл дайындауды тапсырамын. Бюро отырысы осымен жабық. Жүзі қоңырайып, еңсесі біржола түскен Ҽметов бюро залынан жұрттан бұрын шығып, обком ғимаратынан тезірек кетіп қалуға тырысты. Тҿменгі қабаттағы киімілгішке жете бергенде қапталдан жанамалай келіп қалған ҽлдекімнің «Жақа!» дегеніне сҿзіне елең етіп жүзін бұрды. Обком бюросына бұлардың ұсынған мҽселесін дайындаған ауыл шаруашылығы бҿлімінің нұсқаушысы, кҿзі ойнақшыған, жылтыр бет қара жігіт екен. «Оны-мұны сұрап жеке шаруасын тындыртып, жағынып жүрген неме бюроның алдында оған іштей жақтас болғансыған-ды, енді мынадай сҽтсіздіктен соң ҿзінше мҽймҿңкелеген кейпін қара!» Ҽметов оған сыздана қарап, тіс жармады. - Қапаланбаңыз, Жақа, ҿмір болғасын ондай-ондай болып тұрады ғой. Кҿрдіңіз ғой, Біріншінің ҿзі басынан ҽңгіменің ыңғайын

Айжарықовты жақтаушыларға қарай бұрып жіберді. Бҿлімнің алдын ала дайындаған адамдарына сҿз берілмеді... - Сҿз берілмеді дейсің бе?! Сҿйлеуге оларыңның к...і бос болды демеймісің онан да... Жҽ, жарайды, жетер осымен! Ҽметов кілт бұрылып сыртқы есікке қарай беттеді. Тағы да бірдемебірдемені міңгірлеп, жұғысып жанаса берген ҽлгіні тыңдағысы келмей, қолын бір сілтеді де, жылдамдата басып шығып жүре берді. Ол ҽлем-жҽлем болған кҿңілі бір ҽудемге дейін орныға алмай, ақылойы сансырап қалғандай күй кешті. «Мықтымсыған Айжарықовты тҽубесіне келтірудің сҽті келіп-ақ тұр еді, обкомның ішіндегі ҽлгілер сияқты емесек-семесектердің кесірінен бҽрі бүлінді. Екінші комиссияға ыңғай-жҿнді білетін адамдарды қосып, іс-ҽрекеттерін дұрыс қадағалаулары керек еді. Ҿйтпеді, қолдарынан келмеді шіріктердің. Бюрода сҿйлегендерге солардың ҽкелген мҽліметі кҿзір болды. Құдай біледі, кҿмейлерін тығындыған шығар-ау жақсылап...» Дегені іске аспай тұмсығы тасқа соғылған Ҽметов «Айжарықовты атарға оғы болмай» кҿпке шейін жүрегіне түкпіріне түйіп жүрді, бірақ қанша азуын ақситса да, қолдан келер амалы болмады... Ал Жұбан болса, Ақтҿбеден мерейі ҿсіп, жақсы кҿңіл-күймен оралды. Ҽйтсе де ҿзін ҽділдік мен жағында болды, жеңіскермін деген ойға билетпеді. Бұл да адам танудағы ҿмірдің бір сабағы болғанын салқын сабырымен ғана пайымдады.

* * * Кешкі жҽне таңғы мезгілдерде теріскей батыстан деміл-деміл білініп, деміл-деміл басылып тұрған желдің лебінде салқын сыздың демі байқалғанымен сҽуір тоғысының Кеңапанның ойпатты кҿлдеуіндегі бастапқы күндері жайма-шуақ болып тұрды. Саулықтар нҿпір қоздай бастаған кҿктеменің осы мезгілінде қойлы ауылдағы жұмыс қауырт қарқын алды. Мұқан қойшы мен кҿмекшісі Ҿксеген екеуінде бұл

күндері мігір болмады. Ал осы науқанға сақманшы болып, кҿмекшілікке келген жұқалтаң ҿңді шҽкірт бала Түрікпенбайды қоздаған ҽр саулықтың қасынан ұзатпай салпақтатып, күн-ұзын жұмысқа жегуге жүрексінді. Оның зорығып қалмауын ойлап, Ҿксегеннің жуас торы бестісіне мінгізіп, жақын маңда ҿрістеп жүрген қозылы саулықтарды қайырмалап, соларға бас-кҿз болуды ғана тапсырумен шектелді. Ҿлараның аңызағынан ҽбден қоңырайып тотыққан жалпақ бетінің ұшы ҽр-ҽр жерінен сағалдана түлеген Ҿксеген темекінің ысымен сарғайған ірі тістерін кҿрсете кеңк-кеңк күліп, Түрікпенбайды ауық-ауық қалжыңдап қояды. – Ҽкең ғой сені жұмыс істеуге үйренсің, айдалада қысы-жаз мал баққан біздейлердің тірлігін кҿрсін деп жіберіп отыр, ал сен болсаң шіреніп, аттың үстінен түспейсің, мұның қалай, а?.. – Оны бастығыңыздан сұраңыз, ал мен шіренбеймін, ҿзіме тапсырылған күнделікті жұмысты істеп жүрмін! – Түрікпенбай оның ҽзілін кҽдімгідей шын кҿріп, ұртын бұлтитып бұртия қалды. – Бала дұрыс айтып тұр, - деді Мұқан езуіндегі жеңіл жымисты сездірмеуге тырысып, қоңыр даусын ҽдейі салмақтай сҿйледі. – Ҽркім ҿзіне тапсырылған жұмысты ықтиятты атқаруы тиіс, Ҿксеген, сен кҿп сҿйлеме... – Ойбай, жаздым, жаңылдым, қойдым, басеке! Бұдан былай кҿп сҿйлемеймін... Ҿксеген екі қолын далбаң-далбаң кҿтеріп, жоп-жорта мүлҽйім бола қалғансыды. Қабағының астымен бұларға сенімсіздеу қарап алма-кезек кҿзін сүзген шҽкірт бала екеуінің сҿз сыңайының я шын, я ҿтірік екенідігін тап басып анық аңғара алмады да, кілт бұрылып жүре берді. – Нағыз адайлық мінезін танытып тұр ғой, мына бҽтшағарың! – деді Ҿксеген басын шайқап. – Кҿрмеймісің, ҿзін баласынып сҿйлегенімізді жақтырмай кетті.

– Е, сен біздің адаймен ойнама! Осындайда мінезін танытпаса, оның қай жері адай!? – Мұқан қойшының үлкен қоңырқай кҿздерінің ұшынан жігерлі ұшқын ҽнтек жылт етті. – Түр ҽлпеті ғана емес, мінезі де құдды айнымай қалған ҽкесі, байқадың ба?!. – Апыр-ай, ҽ, солай екен-ау. Кҿңіліне ҽлдене жақпай қалса, қабақ астымен қарап, томсарып үндемей қалатын мінез Жұбақаңда да бар еді ғой. Солай, солай, тура айттың, Мұқа!.. ... Мұқан түске шейін қоздаған саулықтарды ҿрістен жиыстырып, қозылармен бірге қамыспен қоршалған қотан-аулаға қамады да, Түрікпенбайды бүгін жас тҿлдердің күтім-бағымынан босатып, іргедегі Ақорпаға қарай ҿрістеп кетіп, кеше кешкісін жайылыстан оралмаған сиырларды жақын маңындағы тҿңіректен шолып, іздеп келуге жұмсады. – Ит-құстан аман болса, қыр астындағы былтырғы шабынның орнында қалған ескі шҿмелелердің тҿңірегінде түнеп қалған болар, сірҽ, - деді Мұқан тапсырмасын нықтай түсіп. – Кҿзіңе түсіп жатса, біразырақ бері қайырып, ауылға қарай бағыттатып тастасаң, кешке дейін асықпай жайылып ҿздері-ақ келеді... – Жарайды, табылса, сҿйтемін ғой... Екпінді, шұғыл жүріске құлықты емес торы бестіні сипай қамшылай түсіп, баяу аяңға салдырған ол сиырлардың күнделікті ҿрістейтін бағытын бетке алып Кеңапан жазығынан батыс жаққа созылған дҿңесті қырылықтың беткейіне қарай беттеді. Түрікпенбай бір қыр асып, ескі шабынның жазығына иек артқанда таңертеңнен ҿңі ашық аспанның кҿгіне түс ауа ала-шабыр бұлттар іркістіркіс қалқып шыға келді. Артынша теріскейден суық желдің аздаған лебі білінді де, лезде күшейіп үдей түсті. Теріскейдің осы желі ҽлгі ала-шабыр бұлттардың соңын ала түйдек-түйдек қара бұлттарды жҿңкілтті де, қиыршық қар желмен үйіріле ұйтқып жауа бастады. Тҿңіректі лезде алақұйын боран жайлады. Кҿз кҿрім жер аласапыран ақтүтектің қойнына еніп жүре берді. Онсыз да жүріске марғаулау торы бесті құйрығын боранды,

ызғарлы желге қарай бұрып, басын қайта-қайта ық жаққа салып, тізгінге ерік бергісі келмеді. Жан-жағына алақтап, қай бағытқа жүруді білмей сасқалақтаған ол жыларман халге түсті. Ҿн-бойын билеген абыржудан боранның ызғырығын қаперіне алуға да мұршасы келмеген ол, енді аздан соң тоңа бастағанын кҽдуілгідей-ақ сезінді. Талдырмаштау тұлғасына молдау мақта күртесінің мойын түймесін салып, тілдей шүберек жағасымен тамағының астын қымтаған болды, бірақ ұйытқыған ызғырық бүкіл денесін қалш-қалш еткізіп, тісін-тісіне тигізбеді. Жұқа шұлғаумен киген керзі етігі де аяғына қамсау бола алмады. Тізесі добал ағаштай сіресіп, иілмеді. Кҿзінен ебіл-себіл парлаған жас демде мұзданаққа айналып, кірпігі аққырауланып сіресіп қалды. Ал ақтүтек боран болса үдегеннің үстіне үдей түсті. Үрейлі түтек-түнектің іші не түрлі ызың-шуға, ҽрқилы секемді үн-дыбысқа тұнады. Бір қас-қағымда осы қымқуыт шуылдың арасынан қасқырдың ішін тартып ұлығанына ұқсас ҽлдеқандай бір үн талығып естіліп қалғандай болса, тағы бірде сол сұр бҿрілердің азуларын ақситып ырылдағаны құлаққа еміс-еміс шалынатын тҽрізді. Осы мезеттерде ол ҿзінің суықтан қалшылдап тоңғанын ұмытып, ҿн-бойын енді үрей біржола шындап билеп, іші-бауыры қорқыныштан дірілдеп қалтырай бастады. Шаужайлайтын тізгіннің еркінен босағасын торы бесті бораннан қорғаншақтай ықтап, аяғын сылбыр сүйрете басып, белгісіз бағытпен маңи берді. Оның кҿкпеңбек болып тоңған жалаң қолы тобылғы сапты қамшыдан ажырамай сіресіп қатып қалды. Тоңғанынан иегі иегіне тимей қалшылдай берді. Мезгілдің қай шама болғаны мҽлімсіз, тҿңірек күңгірт кҿлеңкенің пердесімен қымтанып алды. Боранды алай-дүлейде бала мен жуас торы ат кҿз сүрінер панаға кезікпей, жел ҿтімен ығып, бағыт-бағдарсыз осылайша маңа берді. ... Ҿксеген екеуі қойды жинап қотан-аулаға, ықтасынға қамап үлгергенше, біртіндеп бұзыла бастаған күн райы ҽні-міні дегенше болмай,

күрт тҿмендеп, боран кҿз аштырмай кетті. Мұқан дереу атқа қонып, олай да бұлай шапқылағанымен, бұл тҿңіректен қара үзіп, ұзап кеткен баланы таба алмады. Қолынан келген дҽрмені - Ҿксегенді дереу орталыққа, Жарқамысқа хабар жеткізуге аттандырып, ҿзі малға бас-кҿз болып қалды. Мұқанның ұзақ жүріске шыдамды, қыстан жарау шыққан жирен тҿбел айғырының қансорпасын шығара айдап, Жарқамысқа іңір қоюлана жеткен Ҿксеген бұл хабарды бірден салып ұрып барып Жұбанның ҿзіне жеткізуге жүрегі дауаламай, Жұбаттың үйіне бұрылды. – Апыр-ай, енді не қылсақ екен? – Жұбат оң қабағын сҽл кҿтере кіржите түсіп, уайымды жүзбен оған абыржи қарады. – Баланы осындайда мал іздетуге жібере ме екен есі дұрыс адам!? – Кім ойлаған, бұлай болады деп, түске дейін жайма-шуақ жарқырап тұрған күн аяқ астынан ҿзгерді емес пе. – Ҿкесеген кінҽлі үнмен міңгірлей сҿйледі. – Сҿздерің бар болсын сендердің. Енді қайттік, күн ұзынғы мігірсіз жүрістен қажып та келіп еді ҿзі?! – Сырт киімін үйден шығаршықпастан жүре киіп, ауладағы мҽшинесіне қарай асыққан Жұбат бастығының қазіргі шаршаулы халінің үстіне мына хабарды қалайша жеткізуді білмей, кҽдімгідей уайым етті. – Қалдайбек жақтан келгеніміз осы жаңа, шҽй қайнатым уақыт та болған жоқ. Ол жақтарда аздап қар ұшқындағанымен, күн райы соншама бұзылатынындай ештеме байқалмап еді... – Апыр-ай, ҽ? Жемнің бойындағы күн райының бҿлекшелеу болғаны ма сонда?! Ала-бҿтен тҿтенше келген зауал болмаса неғылсын бұл?! Ҽйтеуір бала аман болса екен, құдая!.. Ҿксегеннің Жұбат арқылы бейуақта жеткізген жайсыздау хабарынан Жұбан жүзі ҽнтек қуқылданып кетіп, шошына абыржыды. Қанын ішіне тартып, қуарып, бозарған күйі үйден сүлесоқ, құр сүлдесін сүйрете шыққан ол ілгері аттаған адымы кері тартып, мҽшинеге зорға жетіп отырды. Түпкі бҿлмеде, оңашада Жұбат күбір-күбір сҿйлеп ҽлдене айтқаннан соң дереу

сырт киімін кие бастаған күйеуінің тым-тырс тынып, мҽңгірген кейпіне, сазарған жүзіне үрейлене қараған Үзіл олармен ілесіп сыртқа бірге шықты. Үзілге мҽн-жҽй осы мұрсатта мҽлім болды. Асығулы, абыржулы, жабыңқы кҿңіл-күйдің тұйығына қамалған Жұбанның «балалар үрейленіп қалар, сездірмессің шамаң жетсе» деген жалғыз ауыз сҿзді айтуға ғана шамасы келді... Жол бойы неше түрлі ойдың құрсауынан шыға алмай, дағдарған Жұбан баласын жаманатқа қимады. Жұбат Уазигінің жүрісін барынша жылдамдатып келе жатса да, отыз шақырым жердегі мына тұрған Кеңапанға апаратын жол адам айтқысыз ұзарып кеткендей кҿрінді оған. Тҿтеннен соққан қарлы қалың боранның ала-құйын екпіні мезгіл түн ортасынан ауғанда барып жуасып, бҽсең тартты да, түйдек-түйдек бұлттан біржола сейіле бастаған сҽуір аспанының аясында жұлдыздар ҽрдек-ҽрдек тұстан жымыңдасып жатты. Ештеңені бажайлауға шама-шарқы болмай, орталықтан асығыс шыққан олар, Кеңапанға келісімен естерін жиып, рация арқылы хабарлап, таң атар-атпастан осы бағытқа қарай кеңшардан тағы да екі-үш мҽшинемен іздеушілерді аттандырды. * * * ... Торы бесті құлағын қайшылап, кенет осқырынып қалды. Таяу маңнан тҿбет иттердің маңқ-маңқ үргені құлаққа шалынғандай болды. Суықтан сілесі қата тоңып, түн-түнекте бағдарсыз келе жатқан бала жанжағына алақтай қарады. Артынша оң қапталдан болмашы ғана түтін исі байқалды. Жанға пана болар тіршілік шырағы маздаған бір мекенге тап болғанын сезгендей, торы бесті де басын солай қарай бұра берді. Ақорпада қой қоздатып отырған ауыл ҽлі ұйықтамаған болатын. Үш таған темір ошақтың астына қаланған құрғақ қи маздап жанады. Отқа таяу отырған Сарыалтын кемпір ұйқысы келіп қыңқылдап, бауырына тығылған немересін – үш-тҿрттер шамасындағы тҽмпіш мұрын кекілді

ұлды қозының ҿскелең елтірісімен астарланған жылы, мол шапанының айқарма етегімен қымтай түсіп, есік жақтан кҿзін алмады. Түрікпенбайды аттан түсіріп, үйге алып кірген Зейнолла: – Жиен бала нағашыларына сҽлем бергелі келіпті, оу, қарсы алмайсыңдар ма, не ғып ауыздарыңды ашып қалдыңдар?! – деп аңтарыла қараған шешесіне жымия күлімсіреді. – Не дейді! Жеті түнде, мынадай күні?.. Үйбүй, ҽбден тоңып, жаурапты ғой ҿзі. Бұ қиянға қайтіп, қалай жеткен мына түрімен, апыр-ай?.. Сарыалтын кемпір оның ҽбден ылғалданған, су киімдерін ауыстыртып, үстіне жылы-жылы сырт киімдер кигізіп, аяғын кҿрпемен қымтап, оратып, ыстық сүт қайнаттырып дегендей, келініне байыз таптыртпады. ... Түнделетіп суыт жүріспен Кеңапанға қайтып оралған Ҿксегенді таң қылаң бере Жұбан мен Мұқан атқа отырғызды. Борандатып, желдетіп жауған қар қырлықтың үстімен жып-жылмағай тегіс сырғып ҿткендіктен бе, кешелі-бергі бірен-саран мал тұяғының қатқылдағы ізі ҽлі пҽлендей кҿмескілене қоймаған еді. Қолы қалт еткенде аңшылықпен кҽдімгідей ҽуестенетіні бар Ҿксегеннің ізшілдігі мал соңындағы осы тірлігінде де талай мҽрте пайдаға жарағаны Мұқанға мҽлім болатын. Баланың кешегі кеткен бағдарын шамалап алып, ауылдың шыға берісінен былайырақ, сиырдың күнде ҿрістейтін маңын ҽрлі-берлі ойқастап, байқастап із кескен ол торы бестінің тұяқ ізін ҽйтеуір анық ажыраттым-ау деген кезде еш жаққа бұрылмай, із түскен жусанның балақ-түбірі кҿгілжімдене бастаған қыр қатқылмен атын кҿсілте аяңдатып кете барды. Жұбат та оның қай тұсқа қарай бағыт алғанын байқап, қапталдасып отырды. Боранды түні олай бір, бұлай бір зорлана бұралаңдаған ат ізі жел ығының бағытынан біржола ажырамай тура Қосқатындағы қой ауылдың маңындағы дҿңістің үстіне келіп бір-ақ тосылды. Ҿксеген боранда адасқан баланың түн қараңғылығы қоюлана берген шамада осы ауылға келіп жеткенін анық білді. Жирен тҿбел айғырды енді солай қарай шапшаңдата

желдірте жҿнелді. Соның арасынша қотан-ауланың маңындағы тепсеңдікте арқасы ер-тоқымнан босап, жайылып жүрген ҿзінің тұсаулы торы бестісі кҿзіне оттай басылды. ... Үй ішіндегілер таңғы шҽйға отыра бергенде үйге абыр-дабыр сҿйлей кіріп келгендердің арасынан ҽкесінің құп-қу болған жүзіне бірден кҿзі түскен Түрікпенбайдың жанары боталап, кемсеңдей берді. Баласына қарай ұмтыла түсіп барып оны құшақтай алған Жұбан кҿкірегін қысқан ауыр уайым мен тамағына кептелген зілдей ҿксікті осы бір сҽт құмықтыруға шамасы жетпеді. Иығы селкілдеп, тұншыға жылады. – Ҿй, деректір болған түріңнің сенің, жаман күйеу! Балаңа қой бақтырып, елді кҿктетемін деп, ҿкіметтің адамы болғансыған бүйткен жұмысың ҽдірем қалсын сенің. Үзіл екеуің баланың қайғы-зарынан сарғайып барып кҿрген жаман немелеріңнің амандығын ойламайтын қай жерің ҽке сенің? Кешегідей амалдың суығына ұрынып, түнге қалғанда не болар еді, ҿңі инеліктің қанатындай жұп-жұқа баланы аямағандарың қалай, ҽй, кеудеңе ҿкіметтің үлкен ҿрденін таққан Мұқан, саған айтам! Сиырың адаспақ түгілі, бір тұяғы қалмай қырылып қалатын болса да, баланы жұмсап нең бар еді күннің кешегідей сиқында, а?.. Сарыалтын кемпір ҽу деп ауыз ашқаннан қашандағы шапшаңдығына басып, кҿкейіне жиылып қалған бар ашу-ызаны тоқтамастан демде бір-ақ сарқып тҿкті. Шешесінің адуындап, онсыз да еңсесі езіліп отырған Жұбанға ұрыса сҿйлегеніне Зейнолла жұқалау қоңырқай жүзі күреңітіп, қысылыс сыңайын танытқанымен, түйдек-түйдек ағытылған сҿздерге ҿз тарапынан тосқауыл қоя алмады. Кемпірдің ешкімге ерік бермес, турасын айтып, турап түсер мінезінен қаймықты. – Қайтейік, солай болды енді. Айтатын жҿнің бар, ҽбден жҿнің бар, құдағи! Жазықтымыз, басымды алам десеңіз, қылша мойным талша мінеки! – деп қипақтаған Мұқан сҿзін ҽзілге бұрғысы келгендей ебедейсіздеу сыңаймен күлімсірей берді.

Домбығып қызарған кҿзін Жұбан қол орамалымен сүртіп, басын тҿмен салып, үнсіз отырды. Жетпісті молынан алқымдаған, жас шамасы жағынан Үзілге шеше болып келетін, мінезі тез, адуындылау, осы шүйкедей ғана ожырай кемпірінің мұның ҿздеріне күйеу балалық жолын себеп тұтып, еркін де зілділеу айтқан сҿзін мойындағандай рай байқатпасқа оның лажы қалмады. ... Бұлар келгенше кҿңіл тыншытарлық ешбір хабар ала алмай іштен тынып, уайыммен сарғайған Үзіл бала-шағасының алдында барынша ұстамды болуға тырысты. Балалардың үлкені - оныншы сыныпта оқитын жасҿспірім Ермек қана анасының салыңқы қабағындағы уайым кірбіңнен ҽлденені сезгендей, жалтақтай берді. Бет пішімі ҽкесінен аумаған, ақ-сары жүзді, мінезі тұйықтау, кҿп үндей бермейтін қызының сезімтал қарасына қанша мҽн бергісі келмесе де, жабырқау кҿңіліндегі адам айтқысыз мұңлы ойдың сұрқай елесін жасыра алмай, кҿз аясы жасқа еріксіз толып, балаларына қарамауға тырысып, жүзін олардан бұра берді. Ермекке қарағанда пысықтау Лҽйлҽ да таңертеңнен бері үй ішін жайлаған біртүрлі жүдеу кҿңілсіздікке ҿзінше елеңдейтін сияқты. Ал дҿңгелек, қоңырқай жүзді, моншақтай қап-қара кҿздерінің тұңғиығынан ҿн-бойындағы бар мінезінің құбылысы аңғарылып тұратын момындау Баян, бір-бірімен тетелес ҿсіп келе жатқан кішкентай қыздары Лҽззат, Зейнеп, Зылиха, Гүлбандар мен мінезі ҿзгеше, сотқарлау, тентектеу, аялы кҿздері ұшқын атып үнемі масайрай ойнақшып тұратын ерке ұл Ҽліби ғана ештеңеден бихабар еді. Қақпа алдына келіп тоқтаған мҽшиненің бірінен соң бірі сарт-сұрт жабылған есіктерінің дыбысы естілгенде пешке арқасын тақай, қабаттап қалың жайылған тҿсек кҿрпенің үстінде бүк түсіп жатқан Үзіл елең етіп, басын кҿтерді. Тҿргі бҿлменің кҿше беттегі терезесінің алдына жүгіріп барған Ермек, ҽрі таңданып, ҽрі қуанып, кҿлегей тартып жүрген бет-жүзі жадырап шыға келді.

– Ҽкем келді, қасында Тҿкен бар! Тҿкенді сақманнан алып келуге кеткен екен ғой, бҽсе!.. – Тҿкен сақманшы болмай ма енді! Болмайды, болмайды, ура-а! – деп Ҽліби есікке қарай сүріне-шалына ентелей жүгірді. Ұлының маңдайынан сүйіп, бауырына сҽл ғана тарта түсіп, арқасынан қаққан Үзіл, оның тотығып, жүдеген бет-жүзін анықтап аңғарған осы бір мезетте кенет лықсып келіп қалған жас тамшысын кҿз ұшынан кҿйлегінің жеңімен сүртіп тастады. Үзілдің шыдамдылығы мен сабырлы мінезі ҿзіне етенеден сыралғы болса да, Жұбанға оның бұл жолғы ұстамдылығы ҿзгеше бір қырынан байқалды. Ұлының аяқ астынан мынадай жағдайға ұшырап, уайым шектіргені үшін ҿз баласын малдың қара жұмысына жібермеуге директорлық билігі жететін бұған бір ауыз кінҽ да артпады, ана болып ебіл-себіл жылап жасымады да. Ҽкеге де мұның оңай болмағанын ол жандүниелік күйзелісімен сезіне біліп еді. Екеуінің бірге кешіп келе жатқан мына ерлі-зайыпты ғұмырларындағы осы бір кемел үйлесім мен үндестікті Жұбан осы күні тағы да айрықша түсініп,түйсінгендей болды...

-ХVЖемнің арғы бетінде, "Қоскҿлдің" шабынында пішен дайындап жатқан шҿп ауылдан алдын кешке сала оралып келе жатқан Жұбан ҿткел аузында құмға батып тұрған кҿнелеу ақ сұр «Уазиктің» тұсынан ҿте бере Жұбатқа тоқта деп ым қақты. – Нҿміріне қарағанда, сірҽ, қала жақтан келген жолаушылар болар, – деді Жұбат кабинаның есігін ашып жатып. – Білейік қазір… Соның арасынша дембелше ақ сары жас жігіт мҽшинадан түскен бұлардың қасына келіп: – Ассалаумағалайкүм, ағасы! – деп қолын ұсынып, сҽлемдесті. – Ҽликүмҽссҽлем! Жол болсын, жігітім! – деді Жұбан оның қолын алып.

– Самнан, "Тұрыш" деген жерден келе жатыр едік, қасымда бір қарт кісі бар… Ҿзінің де ҽбден сілесі қатты, денсаулығы жоқ, сырқаты бар адам еді… Жұбат сол жақ кҿзін сығырайтыңқырап, сҽл абыржулы бейтаныс жігітке сынай кҿз тастады. – Мына құмға қашан келіп баттыңдар?.. – Екі сағаттан асты, содан бері ҿткелден ҿткен тірі пенде болмады. Шалым шаршады бҽрінен бұрын. Сонда, ҽлгі Тұрыштың басында бір ҽулиенің зираты бар екен ғой, ҿзі ишан болған кісі дей ме, соның басына түнеймін деп түу Алматыдан келген екен ҿзі… – Ал ҿзің қайдансың? – деп Жұбат оны одан ҽрмен тергей жҿнелді. – Ақтҿбеден, аға, қаладан… – Жҽ, жарар енді тергеуің! – деді Жұбан Жұбатқа. – Жүр, бала, баста, алыс жолдан келе жатқан ақсақалмен сҽлемдеселік… Шашы қудай аппақ, шаршаңқы, еті қаша бастаған тозыңқы қара сұр жүзіне ҽжім іздері терең түскен, кеудесі еңкіштеу, кҿселеу қарт кісінің ақ доға боп кіреукеленген кҿз жанарынан бір таныс қарастың ұшқыны жылт еткендей болды да, амандасқаннан соң Жұбан сҽл мүдіріп, ойланып қалды. "Құдайым-ау, қайдан кҿрдім, соншама бір таныс кҿздер ғой мынау…" Ҽлгі кісі мұның кілт ойланып қарап қалғанын бірден сезіп: – Мен де сені шырамытып тұрмын-ау, осы, - деді бҽсең ғана үнмен. – Жұбан емеспісің сен баяғы ҿзіміздің?.. – Таныдыңыз, ақсақал! Болсақ болармыз. Сізді де шырамытатын сияқтымын, бірақ қайдан кҿргенімді есіме түсіре алмай тұрғаным… – Шырамытсаң, ҿзім айтайын, Жарылқасов деген кісіні білуің бар шығар… – Апыр-ау, бҽсе, кҿзіңізден, кҿзіңіздегі таныс қарастан біліп едім, сіз екенсіз ғой… Қанша жыл ҿтті содан бері?! Ол кездегі бет-бейнеңіз қазіргідей жадымда болғанымен...

– Ия, мен – сол Жарылқасовпын, – деді ол демінен күрсініс лебі білініп. – Самдағы Тұрыш ишанның басына түнеп, мінҽжат етіп келем. Есер бас не істетпеді маған, соның зардабын шеккен сорлының бірі болып қалдық қой, Жұбан-ау! Сен де қылшылдаған жігіт ең, қартаймасаң да, кекселеніпсің. Ел басқарып, абыройға жетіп жатқан атағыңды алыста болсам да, естіп жүрем, газеттерден оқып жүрем. Басқа ордендерің мен атақтарыңды былай қойғанда, Кеңестің ең зор марапаты – Ленин ордені екінің біріне беріле бермейді ғой, сенің бұл ҿңірдегі елдің ел болып ҿркендеуіне қара басыңды күйттеуге бір мігір таппай сіңірген адал да зор еңбегіңнің арқасы деп білем осы мҽртебеңді! Ал ҿзің кҿрген сол Алданыш, енді қартайып, бойдағы сырқаты шаршатқан Алданыш соңғы оншақты жылдан бері Самға, Тұрышқа неше мҽрте келсе де, жол үстінен ҿзіңе, баяғы Жарқамысқа бұрыла алмады, денсаулығы түспегір нашар, ана жылғы жабысқан ескі ауру артық жүріс-тұрысты кҿтермейді… Айтпақшы, сол баяғы Тұрыштың ізінде тұрақтап қалған бірен-саран кҿнекҿз кісілер қиын кездері сенің халыққа кҿрсеткен қамқорлығыңды, азаматтығыңды ҽлі күнге шейін ұмытпапты. Тұрыш ҽулиенің рухына арнап ас бергізгеніңді де ерекше құрметпен естеріне түсіреді. Жас та болсаң кҿкірегің ояу, парасатсанаң биік еді ғой. Сол кҿшелі қасиетің, ізгілігің елдің жадында екен... Ел жадында ұмытылмай жүрген қатігез ҽрекеттерінің салдары жүрегіне ауыр салмақ болып түскенін сезіне тұрса да, Жұбанның атымен байланыстырып жұрттың ізгі лебізін ауызға алуы қартайған адамның ҿзінің бір кездердегі астам да қарау пенделігін мойындап, кеш те болса, тҽубесіне келгендігінің нышанын аңғартқандай еді. Шаршап-шалдығып, жасаураған кҽрі кҿздерінен адамдық ішкі рухы жасыған адамның жадау бейнесін кҿрген Жұбанның жан-дүниесін аяушылық сезімі кернеп, оны қолтығынан демей берді. Самдағы сол бір күндерден бері араға отыз жылдай уақыт түскеннен кейін екеуінің Жемнің ҿткелі аузында осылайша жолығуы тағдырдың жазуы, бұйырымы еді.

– Мына мҽшинені ҿткелден ҿткізбей құмға ҽкеліп тыққан да құдіреті күшті алланың ісі ғой, – деді ол үні сҽл құмығып. – Ҽйтпесе жолымыздың түйісер-түйіспесі қалған уақта неғайбіл де болар ма еді, Жұбан. Үйіңнің тҿрін кҿрсетем дегеніңе ырзамын, бүгін ҿзім де осы Жарқамыстың шетіне келіп, қона жатып, ертең аттанбақшы едім, маған басқаның емес, сенің ақ адал дҽмің – қонақасың бұйыратын болыпты бүгін, рақмет! Алланың рахымы жаусын саған. Ал баста онда, құтхана-үйіңе!.. Ертеңіне таңғы салқынмен Ақтҿбені бетке алған жолаушыны Жұбан ауылдан батысқа қарай шығатын үлкен айдау жолға дейін шығарып салды. – Бұдан былай кездеспесек, бұл да тағдырдың жазуынан, қош болып тұр, Жұбан! Екеумізді сол бір жылы үзеңгілестірген қияндағы Самға, есерлікпен залалым тиген киелі жер, киелі құмдағы ҽулиеге тҽу етіп келе беруге менің де ҽл-дҽрменім бұдан былай жете бермес. Жылы қабағыңмен, ізгілігіңді ғана кҿрсетіп қарсы алғаныңа алғыстан басқа айтарым жоқ. Қош, Жұбан! – Ішкі сезімінің ҽнтек толқуынан ба екен, ҽлде ұзақ жылдар бойы қалжыратқан дерттің салдарынан ба, Жарылқасовтың шҿге бастаған еңкіш тартқан денесі ептеп қалтырап кеткендей болды да, қазандай басы қалтаңқалтаң ете қалды. Ол аздаған діріл байқалған оң қолын болар-болмас қана кҿтеріп, Жұбанмен қоштасқандай белгі жасады да, мҽшиненің артқы есігін аша берді. Үлкен айдау жолдың үстімен зымырап бара жатқан ақсұр ноқат жусанды даланың қойнауына сіңіп, кҿрінбей кеткенше кҿз жанарында ой елесі кіреукеленген Жұбан сол орнынан тапжылған жоқ. "Киелі құм, киелі жер деп» тҽубесіне келгендегісі ғой бұл жүрісі, қайтсін енді. Бҽріміз де пендеміз. Тіршілікте адаспайтын, алжаспайтын пенде жоқ болар. Адастырмас, ойға алған бағытыңнан ауытқызбас тептегіс жолмен жүріп ҿткен кім бар дейсің бұл жалғанда! Ҽйткенмен кімкімнің де жүрек түкпірінде ҽр ісін безбендей алатын ар таразысының болатыны да ақиқат қой. Онсыз ҿмірдің құйтырқы үйірімі адамды біржола ҿз құрдымына тартып ҽкетер еді ғой. Мына кісі – сол құрдымның құрбаны

болған жан. Енді, міне, жылдар бойы бұйығып, оянбай жатқан ар таразысы тірішілікте ҿз қолымен жасаған оның пенделік астам қаракеттерінің салмағын осы шағында безбеніне салыпты. Тҽубелікке жүгініп, адам киесінің, жер киесінің құдіретіне бас иіп ұғынғандай болғандығы да сондықтан шығар, бҽлкім. Киелі құмның қойнауында бейкүнҽ тірлік кешкен жандардың кҿз жасы мен наласы кҿңіліне тыншу бермей жүрген пендеңіздің ҿмір сапары аяқталуға жақын қалғандағы халі мінеки осы болғаны да. Алайда сол киелі құмның да, жердің де, адамның да киесі бар екендігін, ҽттең-ай, кеш ұғыныпсың-ау, қартым, кеш ұғыныпсың…" Алыс жылдардың қат-қабатында ҿзгеше бір тарих болып қалған Сам құмындағы ҿмір елестері мен Жарылқасовтың тағдырына байланысты біразырақ үнсіз ой кешуге беріліп тұрған Жұбанды жол жиегінен сҽл ҽрірек жерден бозторғайдың тынбай шырылдаған үні елең еткізді. Байғұс құс қанатын дамылсыз дір-дір қағып, қос құлаштай биіктіктен жерге қарай бір тҿмендеп, бір жоғарылап, безек қағады. «Апыр-ай, мына байғұс құс неге байыз таппай тұр соншама? Ұясы бар-ау, шамасы?! Ұясы болса, онда ұясына қауіп тҿнгендей бір жағдайға тап болды ма екен, а?..» Жұбан шырылдаған бозторғай ноқаттай қадалып тұрған маңға қарай жүрді. Анадай жердегі Уазигінің кҿлеңкесінде отырған Жұбат та осы кезде орнынан асықпай тұрып солай бағыттады. Байғұс бозторғайдың жаны шыға бебеулегені бекер емес екен. Бір түп жусанның қар суы шайып сҽл шұңғылдап тастаған түбір жағына алақан аясындай етіп салынған ұяда шуласа шиқылдап жатқан қызылшақа сарыауыз балапандарға қарасұр улы жылан ирелеңдеп тақап қалыпты. Баласын жанталаса қорғаған торғай осы мезетте тұмсығымен шоқып алардай ҽлгі сұмның тҿбесіне қайта-қайта оқтай қадала тҿмендей тҿнеді. Жылан оған ысылдай айбат шегіп, жиырылып-жиырылып, ыршып-ыршып түседі. Торғай сол кезде кілт жоғарлап кетеді де, балапандарына ажал зҽрін тҿндірген жыланға қарай қайтадан құлдилайды. Осылайша ҿмір мен ҿлім

шайқасының үстінен түскен олар даланың бейкүнҽ құйттай құсы бозторғайдың балапандарына тҿтеннен тҿнген ажалдың бетін қайтарды. Ұзындығы жарты құлашқа жуық қарасұр жылан, басы Жұбаттың бҽтіңкесінің ҿкшесі астында мыж-тыжы шығып жаншылып жатса да, құйрығы шиыршық атып, жер сабалайды. – Жанының сірісін қарашы ҿзінің! – Жұбат тістенеп, жыланның сүйріктей сумаң басын одан сайын ҿршелене жанши түседі. – Жауыз неме, ал сыбағаңды,ал!.. – Жауызға да, кім-кімге де тіршілік шіркін тҽтті емес пе!?. Сондықтан, ҽсілі ҿле қалу оңай шаруа емес қой, болар енді, Жұбат! Басы мыжылған жыланнан ұяға тҿнер қауіп бола қоймас енді. – Жұбан жылан ҿлтірудің бұл аяусыз кҿрінісіне одан ҽрі қарауға дҽт-шыдамы жетпеді. – Жүке, бұл жылан деген зҽрлі немені он кесіп ҿлтірсең де, ҽр кесілгенінің кесерткедей қауқары болады, сондықтан бұған аяушылық жоқ! Аяушылық жоқ... «Жұбат-ау, тым болмаса, кесерткедей ғана қауқары қалған жауызды да аямаушылығың тым қатігездік болмай ма? – деген сауал тіл ұшына оралып тұрса да, ол үндемеді. – Бҽлкім, тап осы кҿріністегі бозторғайҿмірді сақтап қалу үшін жылан-ҿмірге тым қатігездік жасалуын аяумашылық деп қарау дұрыс болмас. Бірақ қатігездік атаулының болмысы ҿн-бойында қыбырлаған жаны бар жер бетіндегі ҽрбір тіршілік иесінің табиғатына жат нҽрсе екені анық қой. Ал жалпы, осы қатігездік дегеннің ҿзі жаратылыс, тіршілік үйлесімімен сыйыспайтын құбылыс болса керек. Ҽлде менің бұл пайымым - қате ме?! Қате болса – ақиқаты қайсы?!». Үлкен жолдың жиегіндегі кҿзіне шалынып, кҿңілін оқыс секеммен елең еткізген тіршілік шиеленісі Жұбанды осылайша ойға қалдырды. Осы бір қас-қағым мезетте елеусіздеу жылт еткен жҽй ғана бір ой ұшығы оны ҿмір мен ҿлімнің мҽңгілік тайталасынан мақсатты да, амалсыз да

туындайтын ҽлгі қатігездік құбылысының мҽні туралы нақты жауабынан гҿрі сұрағы кҿп екіұдай пайымға берілуге еріксіз мҽжбүрлегендей. Жарылқасов аттанып кеткен дала жолының бойында ҽлгіндей жҽйтпен біраз кідірістеген олар кейін қарай бұрылып, ауылға қарай бет түзеді. Тынымсыз да толассыз қат-қабат шаруасын алдан тосқан жазғы науқанның тағы бір мазасыз жаңа күні басталып келе жатты...

* * * Биылғы жаз жаңбырсыз басталса да, кҿктемгі ылғал мол болғандықтан Жемнің шығыс бетіндегі Алатауда жайылыстың шҿбі шүйгін де қалың. Жердің ҿзгеше шырайына Жұбан жол бойы кҿңілі толып, марқайып отырды. Жазда ыстық аңызақ пен қуаңшылық жайлаған ҿңірден тҿрт түлік малға суы мен мол ҿріс табудың қиындығы арқасына аяздай батып жүретін ол кҿкейіне кҿптен бері ұялаған арманы орындалғандай күй кешті. Мұнай мен газдың кҿзін іздеп, Жемнің арғы-бергі бетін тініткілеп жүрген геологтардың тілін тауып, бұл ҿңірдегі жайылымының бүкіл ҿнбойына малды суғаруға қажетті терең құбырлы құдықтарды қаздыру жұмысының ойдағыдай тиянақталуына да ҿзі бас-кҿз болған еді. Енді, міне, сол тынымсыз еңбегінің жемісі мен жеңісі – кең кҿсілген ұшықиырсыз иен даланың тҿрінде дараланған, оңтүстік беті құс мұрынындай имектеліп біткен биік шыңды, ал теріскей сауыры жайпақ мынау Алатаудың қос қапталындағы ұлан-ғайыр алап - жер қабатының тереңіндегі қайнар-кҿздерден шығатын суы мол жайылыс. Ақ борлы биігі алыстан менмұндалап тұратын осы жалқы таудың оң-сол бауырайында қаулап ҿскен нешеалуан шҿбімен құлпырған даланың айрықша келбетін кҿруге кҿз керек. Алпыс деген жастың салмағы биыл ҿзіне ерекше байқалып, бұрынғыдай емес, дамылсыз кҿп жүрістен деміл-деміл шаршағанын кҽдімгідей сезініп жүрсе де, о шеті мен бұ шеті кең кҿсілген жайлау тҿрінің жазғы кҿркі бүгін оны қуантып,сергітіп келе жатты.

– Байқайсың ба, Жұбат, жаз ортасына жетпей ҿңі сарғайып, қуарып, жадап жататын бұрынғы Алатау емес қой мынау! – деген Жұбан ақшаңқан Алатаудан сҽл беріректегі үлкен дҿңістің иек артпа кезеңіне шыққанда мҽшинені тоқтатып, аялдайық дегендей белгі берді. Ұлан-байтақ алаптың алыс кҿкжиегіне қарай еңкейе бастаған Күннің ыстығы қазір азырақ бҽсеңдеген шақ. Тамыз кешінің жайлы, тынысты кеңейтер керімсал самалы ауық-ауықта болар-болмас желпініп қояды. Шырқау кҿкте қанатын кере құлаш жазып, баяу қалықтаған дала қыраны заңғар биіктен Алатаудың ақ борлы құсмұрын шоқысын, кең жазира тҿскейінің ұңғыл-шұңғылын марғау-марғау шолады. Кҿк сеңгірінің алыс-алыс самғау биігінен дала кеңістігінің о шеті мен бұ шеті қыранның ҿткір жанарының аясына толық сыяды. Кҿкте қанатын құлаштай созған қыран, аспан астында жайбарақат тыншыған мынау жайпақ ҽлем!.. Даланың осы кҿрінісі Жұбанның кҿкірек-сарайын ҿмірдің нұрлы да сырлы лебімен аялап тұрды. Жайпақ дҿңнің етегінен басталып одан ҽрі кең созылған еңістің ҿнбойында бытырай жайылған қойдың арғы шетінде жүрген қойшы жігіт бұларды кҿзі шалып, атының басын бұларға қарай бұрды. – Асалаумағалайкүм! – Ҿрде тұрған бұларға тақай бере ат үстінен сҽлем берген жүзі желқақты болған қоңырқай ҿңді жас жігіт жарау қаракҿк дҿненінің тізгінін тартты. – Ау, жігітім, ауылыңа келген қонаққа ат үстінен сҽлем берген қай қазақтың баласысың ҿзің? – Қылт етпе қыңырайғыш мінезіне басқан Жұбат сол кҿзін сығырайтып оған кекесінді кейіппен қарады. – Адам деген атынан түсіп, жҿнін, мҽн-жайын айтып дегендей, дұрыстап тіл қатыспайтын ба еді?! – Қой енді, Жұбат, сенің де адайлық дҿйт мінезің қалмайды-ау осы. Кҿрмеймісің, құр жүріп, биылдыққа ноқталанбаған, жаңадан ғана мініске салынған дҿнені ҽлі тарпаңдау екен. Ҽуре қылып атынан түсіріп қайтесің

баланы?! – деген Жұбан қысылып, қипақтай бастаған жігітке жылыұшырай қарады. – Атың кім, шырағым, кімнің баласысың?.. – Қайыргелдімін ғой, Жұбан аға!... Ҽлмұқанның баласымын. Ҿзіңіздің берген жолдамаңызбен Алматыда оқып жатқанымды білесіз ғой. Ауылға каникулға келгенмін, кҿкеме кҿмектесіп, қолұшын беріп жүрмін қазір? – Ҽлгі зооветинститутта оқитын студент баласың ғой, білем ғой сені, ҽрине білемін. Е, дұрыс-ақ, онда ше? Кҿкең ауылда ма еді, ҿзі? – Ауылда ғой, мына мүйістен бұрылған жердегі құдықтың басындамыз. Қала жақтан құдалар келген... – Ҽлекең құдаларын күтіп жатыр екен ғой бүгін... – «Қонағының үстіне барып қысылтып, қымтырылтып қайтеміз» дегендей сҽл ойланып қалған Жұбанның дҽл осы сҽттегі кҿңіл сыңайын Қайыргелді қапысыз аңғарып қалды. – Аға, кҿкемнің мерейін бір ҿсіріп тастамайсыз ба! Ауыл үстіне келіп тұрып Сіздің бұрылып кеткеніңізді естісе қапа болып қалады ғой біздің шал, жүріңіздер, мен сайдан тура салып ҿтіп хабар айтайын барып... – Қайыргелді шырағым, ҽуре болма, қойыңа бас-кҿз бола бер, хабарлаудың қажет жоқ, ҿзіміз-ақ барамыз қазір... Ҽлмұқан сыйлы қонақтарының үстіне келген бұларды құшағын жая, арқа-жарқа дархан пейілмен қарсы алды. Ақтҿбеден келген құда-қонақтар - қызының қайын атасы мен енесі бастаған қарасы бес-алты адам, құдажекжаттар екен. Арнайы шақырумен келіп, құдаларының сый-құрметіне бҿленіп, мерейі тасып отырған құда оқыған-тоқығаны бар, кҿне-кҿз зиялы адамның санатынан екен, кҿп жылдар бойы мектепте директор болыпты. Жұбанды сыртынан жақсы білетін болып шықты. – Ныспым Сейітболат болады, Жҿке. Тілеуміз, ата-қоныс, ҿзіңіз білетін Мұғалжар жағы, осы Жемнің жоғарғы бойы, - деп ҿзін таныстырудан бастаған құда ҽжімі аздау қызыл шырайлы келісті, тегіс

келген ашық жүзін Жұбанға қарай бұрды. – Елге қадірлі азамат екеніңізді сырттай естіп-білеміз ғой, енді, міне, жүздесіп, дҽмдес болудың бұйырымды сҽті түсіп отырғанына ҽбден ризамын. Құдаға деген ықыласниетіміздің дұрыстығынан ғой, осы тҿрде ҿзіңіздей айтулы адаммен дидарласқанымыз... Ҿзіне арнап қошаметті сҿзді аямаған сыйлы қонаққа Жұбан да шын пейілімен ҿз кҿңілінің жақсы, меймандостық құрметін кҿрсетті. Кеш бойы арғы-бергі кезеңді еске түсіретін кҿп ҽңгімелер айтылды. Жас құдалардың арасынан домбыра тартатын ҿнерлі жігіттер күй шертіп, ҽн айтты. Сҿз арасында суы мол Алатаудың шҿбі шүйгін жайлауына сүйсінген құдасына Ҽлмұқан бұл ҿңірдің бұлайша жайқалып, жайнауы Жұбандай басшының арқасында екенін қайта-қайта мақтана айтумен болды. Мақтангҿйлік сҿзді жақтырамайтын Жұбанның ҽңгіме ауанын басқа жайттардың тҿңірегіне аудара бергенін байқаған Сейітболат құда: – Ҽлекең кешелі бері ҿзіңіз жайлы бізге небір жақсы сҿздерді айтып жатыр. Бүгінгісі де кҿзіңізше мақтау үшін айтылып жатпағанын біліп отырмыз, қысылмаңыз, Жҿке! Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дейтұғын сҿз бар, адал пейілін ғана білдіретін жұрттың кҿкейіндегі хақ сҿз... – Біздің Жҿкеңдер бүгінгінің басшысына ұқсамайтын осы қарапайымдылығымен де ел-жұртын баураған адам ғой, - деп тағы да арқаланып желпіне түскен

Ҽлмұқанды дастарқан басындағы мҽслихаттасуға кҿп араласпай үнсіз отырған Жұбат кенеттен бҿліп жіберді. – Ҽлеке-ау, сен құдаларға ҽлгі бірігҽдір Сағындықтың Жемді бҿгеп, қатындарға канал қаздырған қожанасырлық тірлігінен ҽңгіме айтып бермейсің бе, онан да! Күлкіге қарық болсын бір... – Е, Сҽкеңнің тірлігі сол баяғы ауылдың далақбайлығы ғой, оның несі қызық дейсің?! – деп сҿзін бҿліп, тҿтеннен киліккен Жұбаттың қылығын онша жақтырмай қалғандай кейіп танытты.

– Айт, айт, ол да біздің ауылдың тарихы ғой, – деп ҿзеуреді Жұбат ҿз дегенінен қайтпай. – Сҽкеңдер де қурап жатқан шабындықты Жемнің суымен суарамын деп сол кездің ҿзінде-ақ белсенген кісі ғой... – Апыр-ай, ҽ! – деп аузын сҽл аша түсіп аңтарылып қалған Сейітболат құда да сол ҽңгімені естуге ынта білдіргендей раймен қыбың етіп орнынан бір қозғалып қойды. – Сҽке, біздің Ҽлекеңдер айтқанда ҽңгіменің майын тамызады, тыңдаңыз, – деді Жұбат одан сайын қыздырып. – Құдды айтып отырған оқиғасының ортасында жүргендей боласыз... – Ой, сен де бір болмадың ғой! Хым-м, иҽ! – деп Ҽлмұқан бір жҿткерініп алды. – Ұмытпасам, соғыс аяқталардан бір жыл бұрын болған уақиға еді ғой бұл. Жемнің суы азайып, ағыны баяулаған жылы күздің мезгілі. Колхоз бірігҽдірі Сағындық Жемнің суын бҿгеп, келер жазда шабындыққа, суарма егінге үзбей су беріп тұратын канал қаздырып, шҿп пен астыққа елді қарық қыламын деп үлкен дабырмен іске белсене кіріспей ме. Колхоз басқармасы Шынтемір ұзын қарасы он бес-жиырма ҽйелді тізімдеп, оның қарамағына береді. Алпыс беске келсе де, қайраты ҽлі қайта қоймаған, қазандай басы тап-тақыр, шоң желке, қапсағай денелі Сҽкеңнің айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады. Соғыстың ауыр жылдары еңсесін езген байғұс қатындар айбаты асқан Сағындықтың қарамағында таң бозынан қас қарайғанша белін жазбай қыбырлайды. Ҿзек-ҿзектен түйеге артып, ҿгіз арбаға тиеп ҽкелінген бума-бума қамыс пен талды қаптарға салынған саз балшықпен араластыра текшелеп ҿріп дегендей, Сағындықтың стахановшы бірігҽдісі күн суытпай ҿзеннің арнасына тосқауыл болатын болашақ бҿгеттің ерен қабырғасын тұрғызады ғой сҿйтіп. Ҿзінің сол ғаламат ісіне кҿңілі марқайған Сҽкең келер кҿктемді шыдамсыздана күтеді. Жемді Жарқамыстан ағып ҿтер тұсынан бҿгеп, сол бҿгесінге жиылған суды бұрып, шабынды суландыру шаруасын біржола тындырған адамның кҿңілі аспанда, аяғын ҽр жерден басып, кеудесін

шалқақ тастайды.Сонымен не керек, қыс ҿтіп, Жемнің суы таситын мезгіл де таянады. Мына Жҿкең бастаған самшылардың алды Жемнің арғы бетіне келіп қонып, қойдың енді қоздай бастаған шағы. Мерейін ҿсірер ғажайып ісінің ҽлдебір нҽтижесін күткен Сҽкеңнің алып-ұшқан жүрегінде маза жоқ. Жем суының ерен қабырғалы бҿгетіне біржола тосылып, ен дарияға айналар сҽтін күтеді. Сҽуірдің сол бастапқы күндерінің бірінде, таңертеңгісін Сҽкең ұйқысынан оянар-оянбастан тасыған судың гүрілін құлағы шалады да, тҿсегінен атып тұрған күйінде бұтындағы кең балақ ақ дамбалы далбаңдап, жағасыз ақ кҿйлегінің етегі желкендей желбіреп Жемнің жағасына қарай жан-далбасалай жүгіреді. Амал нешік, ол жүгіріп жетем дегенше, алды-артына қарамай опай-топай тасыған ҿзен Сағындықтың күз бойы ҽйелдерге бас болып салдырған сол «ерен бҿгетін» түбірінен қопара бұзып, ҿзінің жойқын екпінімен ұлы ойпаттағы теңіздің айдынына қарай ағызып ҽкетіп бара жатты. Ҿкініштен ҿңі қу шүберектей болған Сҽкең «бір колхоздың күші аздық етеді деп ойбайлағанымды естіген жан болды ма» деп, екі қолымен жер сабалап, ақ дамбалының қос балағынан жел кеулеп, үстіндегі ақ кҿйлегі толқын айдап бара жатқан қайықтың желкеніндей ағараңдап арындай тасыған асау Жемнің жағасында қос тізерлей отырып қалады... Соғыс жылдарындағы ауыл тіршілігін, тасыған Жемнің суын бҿгеймін деп ҽуреленген Сағындықтың сол қожанасырлық ҽрекетін майын тамыза айтып қаз қалпында жеткізген Ҽлмұқанның ҽңгімешілдігіне құдасы Сейітболат сүйсініп қалды. – Сағындығыңыз бір кҿркем шығармаға сұранып тұрған образ ғой, Ҽлеке. Жазатын адам табылса ғой, шіркін-ай, ҽ!?. – Сҽке, ҿзіңіз де тіл маманы ҽрі ҽдебиет пҽнінен шҽкірттерге сабақ берген маман екенсіз, қазір енді зейнет демалысында құрдан-құр жатпай осындай оқиғаларды жазбайсыз ба? – Жұбан Сейітболат құданың сҿз аңғарымынан ҽркімде бола бермейтін ҽлденедей бір ҿзгешелікті байқағанын білдіртті. – Жазылатын нҽрселер кҿп қой. Талай оқиғаның,

талай тарихтың ел ҿмірінде ҿткенін кҿзіміз кҿрді, ҿзіміз кҿрдік. Ҽлгі Сҽкеңдей адамдар, Сағындықты айтам, сондай істерді ел пайдасы үшін арман етіп, далбаңдаса да, адал пейілімен сеніп, беріле істеген. Сонысымен де үлгі дер едім солардың сол бір ҿмірін, сол бір тірлігін. Ҽйтсе де бҽріне уақыт сыншы ғой. Біреу күлер, біреу ойланар. Дегенмен де келер ұрпақтың жадына аманат болар сондай-сондай ҿмір хикіметтерін ҿлең қылып, сҿз қылып жазатындар да шығар ҽлі. Оны оқуға біздер үлгерер-үлгермеспіз, бірақ мына бүгінгі жас буын Қайыргелділердің оқитыны анық. Тек ойланып, кҿңілге, кҿкірекке түйіп оқыса жарайды... – Жақсы айттыңыз-ау, Жүке, келер буынның жадында қалуға тиісті тарихты сіз бен болашаққа аманаттаймыз, ал соны ұрпағымыз зерделей білсе деген арман-үмітіңіз ақталсын деп тілек етейік! – деген Сейітболаттың сҿзіне Жұбан да, Ҽлмұқан да, дастарқан басындағылардың тҿрт кҿзі түгел қол жайып, бас қонақ құдадан осы толғамын асқа берілетін батаға ұластыруды тілек етті. – Уа, жаратқан, құдірет, ниетімізді қабыл ет! Баршамызды жарылқаудың қамын ет! Елімізге құт пен ырыс бер, ҿмірімізге тыныштық пен тыныс бер! Ұлтын ұлықтар ұрпақтың ұраны - ұлыстың бірлігі болсын, ел үшін қауымдасар ҿнеге-тірлігі болсын! Халқына тілеулес азамат аман болсын, тұғырымыз биіктер заман болсын, батам ҽрі нұсқа, ҽрі қысқа осы сҿзбен тҽмам болсын, ҽумин! – Ҽумин! Ҽп, бҽрекелді, құда! Қуатты болыңыз, кҿп жасаңыз! Тамыздың барқын қара аспанында жұлдыздар самсап, түн мезгілі орталанып қалғанына қарамай, Жұбан қонақжай үйдің иесі мен сыйлы қонақтарынан рұқсат сұрап, таңертеңгісін ертемен аудан орталығы Қарауылкелдіге жиналысқа жүретінін алға тартты. Бастығының барған жерде лажы болса қона жатпайтын дағдысынан қашаннан сыралғы Жұбат та үйден шыға бере Уазигін от алдырып қойған еді. Енді бір шамада Ақшатаудың тегіс жолы түн қойнауымен оларды Жарқамысқа қарай зырлатып ала жҿнелді.

Үркер туып, жаз ортасы ауған кезде кеңшар директорының малдың Алатаудағы жазғы жайылымына бұл жолғы келуінің себебі жайылыстағы шҿп қорының шамасын ҿз кҿзімен кҿріп байқағысы келген. Шаршаса да, енді кҿңілі орнықты. Түнгі жолдың үстінде ұзақ ой-кешуге берілген ол ертең ауданда мал шаруашылығын ҿркендету мҽселесіне арналған аудандық кеңестің кезекті сессиясында депутаттық мінберден Байғаниндей шҿлейтті ҿңірде мал ҿсіріп, одан ҿнікті ҿнім алудың ең тиімді жолының бірі шҿбі құнарлы жайылыстық жерлерде терең құбырлы, суы кҿзі мол құдықтарды кҿптеп қаздырып, оны топырақ эррозиясынан сақтау жұмысын аудан аумағында ертеңге қалдырмай қолға алу керектігін алдымен тілге тиек ететінін кҿкейіне түйіп қойды. Бұған дҽйекті ҽлдеқайдан іздемейді. Ол дҽйегі – осы Алатау, ҿзі бүгін кҿрініс-келбетіне сүйсіне кҿз тастаған кҿрікті жайлау. Сол жайлаудың тҿріндегі қонақжай шаңырақта Сейітболаттай зиялы ағамен шертіскен манағы бір мезеттердегі ҽңгіме де Жұбанның кҿңіл-зердесін ҽсерлі ойлармен тербеп келе жатты...

-ХVІТапа-тал түс. Лүп еткен леп жоқ, ауа тымырсық. Жарқамыс жақтан бері шыққан үлкен жолдың бойынан жоңышқа мен бақшаға қарай бұрылған тіркемелі «Газ-53» автомҽшинесі бақшаның шеткі атызының бойында тау болып үйілген қарала қарбыздарға таман келіп тоқтады. Бақшаның ҽңгелектер ҿскен алқабында қауын жинап жатқан кҿмекшілерінің арасында жүрген бақшашы қайыстай қара шал атыздың жайпақтау тұсына барып тізесін бүкті де, ҽуелі тершіген маңдайын, мойнын бет орамалмен асықпай сүртіп, содан соң қушиыңқы иегіндегі селдір сақалының ұшын тарамдап-тарамдап қойды. – Ассалаумағалайкүм-м-м! – Қолын ұсынып, даусын соза сҽлемдескен дембелшелеу келген жігіттің жүзіне жайдары жымиыс ұялай қалды. Қырман кҿбейсін, Бҽке!..

– Айтсын, шырағым!.. – Бақшашы Бақыт шал бейтаныс жігітті шырамыта алмады. – Ия, жол болсын, жігітім... – Ҽлҽй болсын, ауылыңызға келіп қалдық, ақсақал! Аудан орталығынан, Қарауылкелдіден. Таңғы салқынмен шыққанмын, кеңселеріңен рұқсат қағаз алуға біраз-маз кідірістеп, жеткенім жаңа... – Жҿн екен, ал ауданың аман ба? Не жаңалығың бар? – Теп-тегіс аман. Тыныштық. Жаңалық бүкіл ауданды қауынқарбызға қарқ қылып жатқан осы ауылда сияқты. Бақшаңыздың жемісін жеп отырған аудан басындағы жұртыңыз сізге кҿп-кҿп дұғай сҽлем айтып жатыр!.. – Е, жҿн, жҿн, рақмет, сҽлемшілерге! Ал жұртыңыз деп ауыз толтырып айтып отырғаның аудандағы басшыларың шығар. Ал сол басшыларың қауын-қарбыз піскенде ғана Жарқамыстың шетінде күнге қақталып бақша егіп отырған жаман шалды есіне түсіреді, бұдан былайғы кезде бар-жоғымызды білмейді де... – О не дегеніңіз, сізді неге ұмытсын?! Бақша салудың оңай емес екенін олар да біліп отырған шығар. Бірақ осы сҿзіңізді айнытпай жеткіземін, қарсы болмасаңыз... Бақыт шал аузынан шыққан ҽр сҿзді қағып алып қутыңдап тұрған пысық жігітке азырақ ойлана қарап қалды. Оның бұл қарасында «мына бҽтшағарың сҿз арасында ҽшейін бір айта салғанымды тұп-тура қабылдағанымен қоймай, оны есіртіп, ҿсіріп жеткізіп жүрмесе неғылсын?..» деген дүдҽмалы да жоқ емес еді. – Апыр-ай, қалай болар екен ҿзі?! Менікі ҽшейін базына ғой шырағым, ҽйтпесе осы шаруаның бастамашысы да, қолдан келер жҽрдемін аямайтын қолдаушысы да Жүкеңнің ҿзі ғой, ауданыңдағы басшыңда нем бар менің. Түрікменстаннан кҿшіп келген жылы «Бҽке, еліңізге келдіңіз, жағдайыңызды істейміз. Мал бағам десеңіз де еркіңіз, бірақ кҽнігі диханшы екенсіз, біздің жерде кҿкҿніс, қауын-қарбыз ҿсіруді қолға алатын кез жетті, бақша егуді қолыңызға алсаңыз қайтеді. Бұған қосымша осы

Жемнің бойындағы мынау кішігірім алқапқа жоңышқа егуді сізге тапсырғым келіп отыр» деген Жүкеңнің жалғыз ауыз сҿзін жерге тастай алмадым емес пе! Шүкір, еңбегімнің жемісін ел кҿріп жатыр. Бүкіл ауданың мҽшін-мҽшін қауын-қарбызды күн аралатпай алып кетіп жатыр. Сіздерге де жақсы, Жүкең басқарып отырған шаруашылыққа да шаш етектен пайда! Маңдай тер еңбекақымызды еселеп алып жатырмыз.Одан артық не керек енді! – Бақшашы Бақыт шал, бейтаныс жігітке құдды бір осы кезге дейінгі барлық атқарған ісіне есебін беріп тұрған адамдай, кҿкейіндегісін түгел ақтарып айтты. – Ұмытып барады екем, ҿзің қай баласың, аты-жҿнің кім еді? – Атым Тұржан, ауылым Ашада, балықшы адай Сҽмбеттің баласымын... – Е, адай болсаң, бҿтен емес екенсің, ҿзіміздің бала болдың, мен адайдың «қырықмылтығымын». Ел шетіне келгенімізге оншақты жылдан асты, Түрікменнің жерінде қолымызға кетпен ұстап, жерді қопсытып, мақта ектік, бақша салдық, белімізді жазбай арық қаздық. Жер күтімімен жүріп, ата кҽсібі мал бағудан біраз қол үзіп кеткенбіз. Ел ортасына келгесін ендігі жерде осы бақшаның шаруасымен айналыссақ дейміз. Жер жағдайы, ауа-райы ол жақпен салыстырғанда мұнда ҿзгешелеу болса да, бақшаның дақылдарын бұл топыраққа да бейімдеуге болады. Қойлыбай дҿңінің астындағы осы мына Баймұрат тоғайының маңы суармалы бақша егеуге ҿте ыңғайлы, ҿзіміздің Жүкең де осы жерді қолайлады. Шаруа жҽйін, жер ыңғайын білетін адам ғой. Болжалы айнымай келді, жері құмсақ, топырағы құнарлы. Жемнің суын қолдан жасалған шағын тоғаншаға моторлы сораппен толтырып қоямыз да, бақшаны да, анау жоңышқалықты да шҿлірткетпей, арықпен атызға қажетті кезінде бабымен су жіберіп, суғарып тұрамыз. Жоңышқа дегенің ҿзін уақтылы қандырып суарып тұрса, шығымы кҿп болатын нҽрсе ғой, бұл жердің екі-үш айға жетер-жетпес жазының ішінде үш рет орамыз. Қыста кеңшардың сауында тұрған сиырларына, ізҽлҽтірдегі ақсақ-тоқсақ малға жап-жақсы азық. Ал

қауын-қарбыз дегенің желі тартып, түйнек байлағасын, кҿп ылғалды керексіне бермейді ҿзі. Тҽтті болатындығы да сондықтан қауынқарбыздарымыздың. – Бҽсе деймін-ау, осындай күтім-бабыңыңыздың арқасында екен ғой мына түйнектеріңіздің тілді үйіретіні. Қарбызыңызды былай қойғанда, ҽсіресе ана бір күлҽбі дейтін қауындарыңыз тіпті ерекше тҽтті. Тҽшкеннің де қауыны ондай емес, ана жылы сол жақта ҽскерде жүргенімізде оны да жегенбіз... – Қарала күлҽбі мерзімі жағынан кешірек пісетін қауын ғой. Күннің ыстығы мен топырақтың жылуын ҿзегіне ҽбден сіңіріп пісетіндіктен, дҽмі айрықша тҽтті болады. Оның үстіне ұстайтын орыны сайлы болса, қыста да біразға шейін сақтала береді. Бұйыртса, біздің күлҽбі тамыздың соңы, қыркүйектің басында пҽлегінен үзіле бастайды. Биыл арасын сиретіп еккесін, желісін емін-еркін жайып, түйнегін тіптен кҿп салды... Қауынның тҿңірегіндегі ҽңгімеге барынша берілген қайыс қара шал ҿзгедей бір шабытқа еніп, күнқақты болған шиыр-шиыр ҽжімді жүзі шырайлана түсті. Ара-арасында ғана бірер сҿз қыстырғаны болмаса, Тұржан оның ҽңгімесін бҿлмей тыңдады. Тұржанды ертіп күрке-қосына келгесін де, кҿк шҽйді сораптай отырып ол бақшаға байланыстырып тағы да біраз жҽйтті арғы-бергіден қозғап, тіліне тиек етті. Пора-пора терлеген бет-жүзін, бас, мойнын жуылажуыла ҿңі кеткен етектей орамалмен ара-тұра сүрткіштеп қойып, жантҽнімен ҽңгімесінің ырғағына беріле тербеліп отырды. Диханшылық кҽсібінің ҿзіндік ала-бҿтен құпиясына тереңдемесе де, ҿзіне мұқият құлақ салған Тұржанға тіл ұшына келген кҿкейіндегі сҿзін ірікпеді. – Бүтіл ауданның елі, мына жағы Бұлақтыкҿл, ана жағы Кҿлтабан, Ебейті түгел осы бақшаның ҿнісіне қарап аузын аша бермей, ыждағаттылықпен тірлік етсе қане. Жер шұқудың бейнетінен қашып, жиырма-отыздай-ақ гектар ұлтарақтай жерге еккен бақшаның түйнегіне

бҽрінің ортақтасқысы келетінін қайтерсің. Міне, басқасын айтпасаң да, тура осы сҿзімді құлағына сала жүр қолында дерегі бар басшыңа. – Қара шал ҿзін ойландырып ҽрі мазалап жүрген жҽйтті ашына айтып, отырған орнынан бір қопаң етіп қозғалып қойды. – Ексін, кҿгертсін ерінбей, жалықпай, бабын таба білгенге иімейтін жер жоқ, жемісін береді. Малдың соңында жүрміз, содан басқаны білмейміз, қолымыздан бақша егу, диханшылықпен айналысу келмейді деу – пайдалы шаруаны істеуге мойны жар бермейтін жалқаулардың айтатын бостекі сҿзі. – Ойбай-ау, жұрттың бҽрі сіздей емес қой. Бақша дақылын егіп, ҿсіретін жерді баптаудың ҿзі бір үлкен ҿнер, тұтастай бір ғылым ғой, айтуыңызға қарағанда. Мұны біліп, игеруге ҽркімнің шамасы жете берсе жақсы. Ауданның малы мыңғырған маңдай алды шаруашылығы Ақжардай кеңшарды басқарып отырған Жүкеңдей басшыға сіздің кез болуыңыз жүз жылда бір ұшырасатын сҽттілік қой. Тұржанның бұл сҿзіне қара шал ҿз пайымын айтты. – Біріңнің аузыңа бірің түкіріп қойғандай, айтатындарың – баяғы осы бір сҿз. Қосшысы басшысына сай елдің тірлігі осындай болады, ҽрине. Жұбаннан мен ҿзім сұранып бақша еккенім жоқ. Шаруаның ретін білетін, бір күндігін ғана ойлап қоймайтын басшы сол кісідей болуы керек. Мендей адам табылады, ал елдің қамын түгел қамтып ойлайтын басшы табылмайды. Гҽп осында. Ҽйтпесе жерді баптауға ҽркімнің шамасы жете бермейді деген сылтауың сылтау емес, далбаса, шырағым. Осынымды теріс деп кҿрші, қане!? – О не дегеніңіз, сіздей адамның сҿзін теріске шығаруға менің шамам жете ме!? – Ҽ-ҽ, солай ма, терістей алмайсың ғой. Гҽп осында, қайталап айтам, барлық гҽп енжарлықта, кеңқолтық ыждағатсыздықта. Бұл қазағыңды іске емес, шіреніп, кҿсілтіп сҿйлер сҿзге ғана салып қой, алдына жан салмайды.

– Оу, ақсақал, мал бағатын, бұның шаруасына да кҿңіл бҿлетін адам керек қой. Мұндағы жұрттың баршасы тек аузымен орақ орады, шетінен енжар, ыждағатсыз деуіңізбен ҿз басым енді келіспеймін... – Ҽй, Тұржан шырағым, келіспесең келіспе, саған да, басшыңа да сҿзімді ҿткізейін деп тұрған мен жоқ. Азғантай ақылым ҿзімнен де ауыспайды. Менің айтпағым, еңбексіз ештеңенің де аузыңа ҿзінен ҿзі келіп түспейтіндігі туралы шындық. Егер бұған иланатын басың болмаса, қинама ҿзіңді. Осылай жүре бер, ҽркімнің даяр ісі мен асына ортақтасып... Кҿк шҽйға қанған қайыс қара шал кесесін тҿңкере салды да, орнынан лып етіп атып тұрып, ширақ аттап дала шықты. Кілт етпе қиястау мінезін танытқан шалдың соңынан ілескен Тұржан жауап қатарға қапелімде ыңғайлы сҿз таба алмады. Бар болғаны басын шайқап: – Мына шалмен дауласамын деген менде де ес жоқ, - деп ыржиып күліп келе жатты.

* * * Алматыға, ауыл шаруашылығының озаттары бас қосатын жҽне анаумынау емес, тың игерудің жиырма жылдығымен орайластырылған, айрықша салмағы бар үлкен жиынға барудан бас тартуға Жұбанның дҽлелді сылтауы бар еді, ол – денсаулық жағдайы. Қыс аяғына таман кеудесін, жүрек тұсын деміл-деміл қыса беретін алқыну пайда болған. Денсаулығының сыр бере бастағанын алайда ол ешкімге де сездірмеуге тырысты. Енді, міне, сол үлкен жиналысқа баратын мезгіл тақаған кезде аупарткомның бірінші хатшысы Сматолла Беркімбаевқа телефонмен байланысқа шығып, мҽн-жайын түсіндірді. Ауданның ең бетке ұстар кеңшарын басқарып отырған Жұбанның денсаулық жағдайын айтқан сҿзіне аупартком хатшысы түсіністікпен қарады, ҽйтсе де облыс басшылары оның делегация құрамында болуына аса қатты ден қойып отырғанын сҿз арасында шет жағалап есіне салды.

– Жүке, ҿзіңіз білесіз, бұл жиналысқа облыстан баратын іріктелген құрамға сіздің кандидатураңыз жоғарғы жақпен алдын ала келісілген. Денсаулық жағдайыңыз кҿтерсе, барып қайтқаныңыз дұрыс болар еді, ҽрине. Астанада оқып жатқан балаларыңызды кҿріп, аз-мұз сергірсіз. Ал емделуді ниет етсеңіз, үлкен қалада Үкіметтің арнаулы емханасы да, шипажайы бар, сізге ҽрдайым олардың есігі ашық қой, ол жағын да ескеріңіз. – Дұрыс қой, Смеке, ойланып, осы бірер күннің тҿңірегінде жағдайды байқап кҿрейін. Ҿздеріңізбен бірге бұл келелі жиындағы бас қосуға, Алматыға барып қайтуға ҿзім де қарсы емеспін ғой, бірақ барсам да, емделіп, шипажайда демалуға уақыт бола қоймас. Ҽні-міні дегенше кҿктемнің қарбаласы басталады, шаруа шаш етектен, ҿзіңіз де білесіз... Телефон тұтқасын орнына қойған Беркімбаев, ҽдемі, биік қайырылған қою, бұйра шашының аздап ақ қырау қылаңы шала бастаған самайлығын қос қолымен сҽл ғана тарамдай түсіп, ойланып қалды. Ауданға ҿзі басшы келген оншақты жылдың кҿлемінде Жұбанның денсаулығына шағымданып не шаршап, күйзеліс танытқан мінезін бірдебір кҿрмепті де, білмепті де. Ҿзінің жеке басының жағдайын да, тұрмыс жҽйін де кҿп күйттей бермейтін, шаруаның қамында уақытпен санаспай үнемі ат үстінде жүретін азаматтың телефондағы шаршаңқы үнінен шынында да ептеп қажығандық белгісі сезілгендей ме, қалай?! Бірақ соның ҿзінде де жанын күту, демалу емес, кҿңілін таусылмайтын шаруаның қамы кҿбірек алаңдататынын кҿрмеймісің, апыр-ай, ҽ!? Адам деген пенде ғой, басқа біреу болса, мұндайда алдымен ҿз жағдайын алға тартып сҿйлер еді. Жүкең сынды адамдардың ізгілігі мен парасаты бҿлекше ғой, асылы. Орнынан асықпай тұрып кабинетінің сол жақ тұсындағы үлкен терезенің алдына барып, кҿше жаққа кҿз жіберді. Наурыз басындағы ауарайында сҽл жылымық білінгендей сыңай бар. Ұшар басы ғимараттың екінші қабатынан асып бой түзеген кҿк теректің жалаңаш, арса-арса

бұталарына қонған қалың қырау күн кҿзінің жылуына еріп, баданадайбаданадай тамшыға айналып, тырс-тырс жерге тамады. Табиғат осылайша жыл сайын жасарып, ҽрдайым жаңа ҿмірін бастайды. Ал адам тіршілігінің табиғаты ҿзгеше, ҽрбір жыл оның ғұмырына ғұмыр қосады, ҿмір сапары тоқтағанша солай: ҿмірдің кҿктемін ҿмірдің жазы, күзі мен қыраулы қысы алмастырумен ҿтіп жатқан тіршілік толқыны... Терезенің арғы жағындағы ерте кҿктемнің тіршілік кҿрінісіне бір сҽт ой жіберіп тұрған хатшы кҿпті кҿрген ардақты азаматтың адами адал болмысына қатысты кҿп жҽйттерді кҿңіл сарайынан ҿткізді. Аспай, таспай, қарапайым ғана ҿмір сүрудің ҿнегесін ұстанған Жүкең ҿзіне жұрттікінен бҿлекше жеке үлкен баспана тұрғызуды да ойына алған емес. Ҿзіне дейін отырғандардың босаған баспанасын қанағат етумен келеді. Еңбек ардагері ретінде ана бір жылы ҿзіне кезектен тыс бҿлінген жеке кҿлікті алудан директорлық жалақысынан басқа қаражатының жоқтығын, сол тапқан тиын-тебенінің ҿзін Алматыдағы балаларын оқытуға жұмсап отырғанын айтып, бас тартқанын да біледі. Мал, дүние-мүлік жиып, жағдайын түзеуді мансұқтамаған жанның адам ұстанымы, мұраты – ел игілігіне жұмсалған тынымсыз да толассыз еңбек. Ақыл-парасатын, бүкіл күш-қайратын соған арнап, жан-жүйкесін тоздырып, осылайша ҿмір сүру екінің бірінің қолынан келер ме еді, келмес пе еді?! Міне, енді ең ақыры, денсаулығына да мҽн бергісі жоқ, «шаруа шаш етектен» дейді. Сол шаруаны тиянақтаумен келе жатқан Жүкең үшін мынау тіршіліктің бар мағынасы осы болғаны да... Облыстық партия комитетімен тікелей қосылулы тұрған үкіметтік телефонның шырылы осы мезетте оның ойын бҿліп жіберген еді. Терезеден жүзін аударып, үстелдің үстінде безілдеп жатқан гербі бар ақсұр телефонға қарай шұғыл жүрді.

* * *
Алматы сапары Жұбанның серги алмай жүрген кҿңілін алаңдатып,
біразырақ сергіткендей де болды. Айтулы жиынға, күллі одақтың,

республиканың ҽр қиырынан келіп бас қосқандардың арасынан аты айдай ҽлемге танымал болған талай адамдарды, қаһармандарды кҿрді, кейбіреуімен танысып, дидарласып, ҽңгімелесудің де сҽті түсті. Жиырма жыл бұрын игерілген тыңның Қазақстанның, қала берді одақ ҿміріне не бергені туралы келелі мҽселені арқау еткен осы үлкен жиында мҽскеулік үлкен басшылардың сҿзін тыңдады. Ішіне үш мың адам сиятын Ленин атындағы сарайдың тҿріне орнатылған экраннан алғашқы тыңгерлер туралы деректі кинофильмді кҿріп отырғанында сол елуінші жылдардың бас кезіндегі елдің бір қиянында тырбынып еңбек еткен ҿзінің, ҿзі сияқтылардың ҿткерген ҿмір жолын ойына алды. Олардың ой-санасы, мүддесінде иен даланың қойнау-қойнауында малды мыңғыртып ҿсіруден басқа мақсат та, міндет те болған емес еді. Ғасырлар бойы қазақ атамның қолдағы байлығы – тҿрт түліктің шұрайлы жайылысы ғана болған даланың қырық қыртысын шығара аударудың ұлы науқаны бұлардың мекенін ҽйтеуір ала-бҿтен айналып ҿтіпті. Астықтың мол кҿзін жасауға жер жағдайының лайықсыз болғандығынан ба, ҽлде азық-түліктің тағы бір маңызды кҿзі малға да ҿріс қалу қажеттігін ескергендіктен бе?! Қалай болғанда да, дҽстүрлі диханшылық ҿзі туып-ҿскен ұлан-ғайыр мекендегі қазақтың күйттеп істер шаруасы болмағаны оған «екі жердегі екі – тҿрт» дегендей анық еді. Тыңгерлердің киноға айналдырылған ҿмірін кҿріп отырған Жұбан «сондықтан да ҽрбір істе ҿз тыңгерлерінің болғаны лҽзім ғой» дегенді ішіне түйді. Тың игеру шаруасына ҿзінің қаншалықты қатыстылығы бар екендігі туралы осы ойын сол жиынның бір аралығында микрофонын ұсынып ҿзінен сұхбат алған Қазақ радиосының журналисімен де бҿлісті. - Жұбан Айжарықұлы,, Ақтҿбе облысындағы алдыңғы қатарлы үлкен шаруашылықтың басшысы екенсіз. Осы күндері еліміздің тҿрінде - Алматыдай кҿрікті шаһарда ҿтіп жатқан мынадай айтулы жиынға қандай кҿңіл-күймен келдіңіз? Бұдан аттай жиырма жыл бұрын игерілген

Қазақстан тыңы сіздің ҿңірге нендей ҿзгерістер ҽкелді, сол туралы тұжырып, бірер ой бҿліссеңіз? - Микрофон ұсынғаныңызға кҿп рақмет. Тың игеруді Қазақстанның ғана тыңы деу дұрыс бола қояр ма екен?! Бұл кезінде Мҽскеу бастап, бүкіл одақ болып қолға алынған үлкен науқан еді ғой... - Ҽрине, солайы солай ғой, бірақ басқа жерде емес, Қазақстанда іске асырылды ғой бұл науқан, сол тұрғысынан келгенде... - Ия, сол тұрғысынан келгенде, мыңғыртып тҿрт түлік мал ҿсірген кең-байтақ жеріміздің солтүстік, орталық аумағы тың жҽне тыңайған жерге айналды, ал бұл ҿз кезегінде республика ауыл шаруашылығын тағы да бір жаңа бағытқа бейімдеген саяси мҽні бар уақиға болды. Бірақ біз дҽстүрлі ата-кҽсібіміз – мал ҿсіру ісін де ұмытпауымыз керек қой. Біздің облыс тың игеру науқанына бірер ауданның кҿлемінде шет шағалап атсалысқанмен, шҿлейтті аумақта орналасқан біздің аудан халқымыздың сол дҽстүрлі шаруашылығын жүргізуден айныған жоқ. Біздің тыңымыз – мал басын еселеп кҿбейту, ҿйткені тың игерілген облыстарда жайылыс жерлерінің азаюынан мал басының күрт шектелгені ешкімге де жасырын емес... - Жаңа сіз тың игеруді саяси мҽні бар науқан деп қалдыңыз, осы ойыңызды таратып айтсаңыз екен... - Саяси науқан болатын себебі, тың игеру партияның алға қойған келелі міндеті болды жҽне қазақ жеріне бүкіл одақ кҿлемінен ҽр ұлттың ҿкілдері келіп қоныстанды... - Яғни, интернационализм идеясы салтанат құрған елге айналдық дегіңіз келеді ғой, солай ма, Жҿке?.. - Интернационализм идеясының салтанат құруы дейсіз бе? Мұндай қоғамдық-саяси мҽні бар ой-тұжырымды саясатшылар мен тарихшылардың үлесіне қалдырайық, бҽлкім, олар бізден гҿрі ақиқаттан алшақтамас, пайымдырақ ой айтар деген ойдамын...

- Жҿке, сіз шаруашылықтың тетігін ұстаған мықты басшы ғана емес, келелі ой айтуда да нағыз дипломат екенсіз ғой. Дегенмен де, ҽңгімеңізге кҿп рақмет! Тілшінің «дегенмен де, ҽңгімеңізге кҿп рақмет» деген екіұштылау сҿзіне ол ойланып қалды. «Неге «дегенмен» деді, ҽлде менің интернационализм туралы айтқан ҽлгі сҿзімді басқаша мағынада қабылдады ма екен?! Халықтар арасындағы интернационализм идеясы жоғары биліктің қалауымен, нұсқауымен немесе күштеуімен орнықпайтыны ақиқат қой. Тың игерушілер интернационалистік пиғылды мұрат тұтып келді, интернационализм идеясы салтанат құрып, біржола орнады деп тұжыруды басқаның үлесіне қалдыру қажет деген сҿзімде қандайлық басқаша астар болуы мүмкін? Ҽйтсе де айтылған сҿз айтылды,оған бола енді бас қатырудың қажеті бола қоймас...» Жұбан жиын басталар алдында радио тілшісімен болған осы сұхбатты біржола ұмытып кетпесе де, бұны қайталап есіне алмаған еді. Үкіметтік деңгейде ұйымдастырылған кешкі салтанатты қабылдауда бұл туралы Орал облысынан келген, ҿзін Батыс Қазақстан ҿлкесі болып тұрған кезден сырттай жақсы білетін бір ірі басшы азамат есіне салды. - Жҿке, радиодан жақсы сұхбатыңызды тыңдадым, тың игеру мҽселесі туралы, ешбір дабырасыз, кҿкейге қонымды, ақылды да келелі ой айттыңыз, - деді оның қолын қысып тұрып. - Ҽсіресе тыңның ҽлгі кҿпұлтты достығымызды қалыптастыруға тигізген интернационалистік ықпалы туралы қозғаған ойыңызды тілші сұхбаттың арасында ҿз сҿзімен таратып керемет бір пафоспен айтып берді. Ҿзіңіз естімедіңіз бе, ҽдетте, олар сұхбат алған адамына эфирден берілетін уақытын айтушы еді ғой... Жұбан ҽлгі азаматтың ақжарма пейіліне ҿзінше ырзалық ықласын білдіргенімен, радиотілшінің ҿз жанынан қосып «керемет бір пафоспен» айтқан желдірме сҿзінің кҿпшілікке тарап кеткеніне іштей налып, кҿңілі түсіп қалды. Салтанатты қабылдаудың үстінде асқа да, басқадай мҽзіретке де қошы болмады.

Кеудесін ауық-ауық қыса беретін демігуден, шҿліркей беруден сүлесоқ тартып, шаршаулы ҽрі белгісіз бір сырқатты күйден арыла алмаса да, ол Алматыда болған күндерінде айналасындағыларға бұл халін сездірмеуге тырысып бақты. Алматыдай ару астананың тҿрінде, бірнеше шақырымға созылған Абай даңғылы басталатын жердегі аялы, биік алаңда тұрған ұлы Абай ескерткішінің алдында, ауылдасы, аудандағы ірі шаруашылықтың бірі – Ақжарға ҿрісі-қонысы іргелес жатқан «Абай» кеңшарының директоры, ҿзіне ағайындас іні болып келетін Қартабаймен екеуі осы күндерден естелік болсын деп суретке түсті. – «Қазақта қара сҿзге дес бермедім» деп қазақтың зерделі де терең сҿзін айтып кеткен ұлы Абайдай дана хакімнің мына алып бейнесі ҿзі айтқандай, «ойға түстім, толғандым» деп тұрған жоқ па, байқаймысың, Қартабай? - деді Жұбан ескерткішке кҿз салып тұрып. – Мүсінші Науырызбай Хҽкімжанов данышпан ақынның ҿзіне ғана тҽн қайталанбас сипатын, бүкіл болмысын бейнелеп берудің тҽсілін осы сҿзінің ҿзегінен іздеген болар-ау, сірҽ!.. – Жүке, Абайдың осы ескерткішін бірінші кҿруіңіз бе еді? – Екіүш қадамдай жерде, күміс түсті биік Алатау шыршасының түбінде тұрған пошым-бітімі толықша, ет-женділеу келген Қартабай аясы үлкен кҿзінің бір қиығын салып, оған сұраулы жүзбен қарады. – Бұрында да, жол түсіп келген сайын кҿріп жүрмін ғой, бірақ ҽр кҿргенімде бірінші кҿргендей ҽсердей боламын, не ғажабы екені!? Бҽлкім, оның бейнесін жаңа кҿргендей болатыным, Абайды оқыған сайын одан сарқылмас ой құдіретінің небір асыл құпиясы ҽркез ҿзгеше қыр-сырымен санаңда жаңғырығатындықтан болар. Оның жауһар қазынасының қалтарысында бізге ашылмаған ҽлі қаншама ғажайып құпиялар жатыр!.. Сондықтан да, Қартабай, сҿз ҿнерінен құралақан мендей қарабайыр пендеңіздің пайымы дұрыс болса, данышпан ақын «Жүрегімнің түбіне

терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» деп тегіннен тегін толғанбаған ғой?!. – Абайды ҿзгеше танып ҽрі мұншама шабыттанып айтар сҿзіңізге, Жүке, осыншама жылдардың ішінде бірінші рет куҽ болып отырмын, сенсеңіз... Ҿзіңізді қарабайыр пенденің қатарына қосуыңыз бекер. Мен үшін тап қазір сыры терең «жұмбақ жан» ҿзіңіз болдыңыз-ау, шынымды айтсам… – Қайдағы «жұмбақ жан»? Сенің де қиялың қиял-ақ екен шіркінай, ҽ!.. Жұмбақ болатындай ҿзгешелігім жоқ екенін бір білсең, Қартабай, ҿзің білесің ғой. Осы тіршіліктегі бүкіл саналы ҿмірімнің сыры да, сипаты да бүкпесіз айқын емес пе баршаңа. Ашылмаған құпиям да, ҿзгедей ерекшелігім де жоқ адаммын, бар болғаным осы-ақ қой, енді не дейсіңдер… – Ия, ҿз бағаңыздың мҽнісін, ҽрине, қалай айтсаңыз да, ҿзіңізден артық кім айтады, оныңыз да дұрыс шығар. Бірақ ҿзіңіз білетін ел, халықтың қадір тұтар ҿз Жұбаны бар. Ал олар таныған Жұбан туралы сҿзбен сіздің ҿзіңіз туралы айтқан ҽлгіндей пайымыңыз үйлеспейді, ҽйтсе де мұнымды дұрыс түсініп, дұрыс қабылдаңыз, кҿзіңізге айтылар мақтан сҿзге соншалықты ықыласты емес екеніңізді білемін ғой, Жүке!.. – Қартабай-ау, сҿзіңді қалай қабылдасам да, кҿкейіңдегіні үйлестіріп, қиыстырып дегендей жеткіздің ғой, ҽйтеуір. Қазір енді ҿмірдің осы кезеңіне иек артқан шамаңда осы жылдарда не істеп, не қойғаныңды түгендеуден гҿрі сол тырбаныстардан қандайлық нҽтиже болды деген сауалдың жауабын іздеп, сол жағын кҿбірек ойға алады екенсің. Осы жолда ел мүддесі үшін не түрлі қиындықпен арпалысып, тартысқа да түстік, жеке бастың қамын күйттемей, маңдай терді адал тҿгуді мұрат еттік, қателескен де, қаттылық танытқан да кездеріміз болған шығар, бірақ қайткенде де ең алдымен адам деген атақты кірлетпегенімді кҿңілге тоқ санар жайым бар. Ендігі бұл фҽнидің арттағысынан алдағысы жақын, жаңа аяқтана бастаған ұл-қыздарымның мҽуелеп, ҿркен жайғанын кҿретін

күндерге жеткізсе деген арманым бар, ол арманның орындаларорындалмасы, ҽрине, құдіреті күшті жартқанның ғана қолында. Не десем де, азды-кҿпті бҽтуҽлі ғұмыр кешсем, соның басты нҽтижесі де, зор мадақмарапаты да – ұрпағым. Ҽулетіме аз-кем тҽуір ҿнегемді дарыта алсам, соны келешек күндерге шашпай-тҿкпей жеткізетін де перзенттерім болады деген үміттемін. Ішіме бүккен бар жұмбағым осы, Қартабай!.. Абайдай данышпанның мағынасы тереңде жатқан жалғыз ауыз сҿзінің түйінінен тармақталып кеткен Қартабаймен екеуара ҽңгімесін ҿз ҿмірінің тиянағымен байланыстырып Жұбан осындай ойларымен салмақтай тұжырды. Аз ғана аял жасап оңашаланған сҽтте ҿзінің бар ғұмырының мҽнжҽйін ойлы түйінге сыйғызған сҿздер Қартабайға ҿмірдің қат-қабатында зор адами тағдырының ізі қалған адамның жан сырының соңғы айтылар ақиқатындай, ой-кешуіндей естілді. Жиналыс біткеннен кейінгі бір аралықта ҿзгелерден бҿлініп, Абай ескерткішінің маңында қаз-қатар тізілген орындық-сҽкілердің бірінде оңаша отырып ҽңгіме-дүкен құрған олар наурызда ҽжептҽуір ұзара бастаған ерте кҿктем күнінің тез ҿтіп бара жатқанын байқамапты. Күннің кешкі шапағы ҽлі семе қоймаған мезгіл болатын бұл. Осы шақта Алатаудың айырықша айқындалып, биіктен қараған, тізбек-тізбек, ҿркеш-ҿркеш заңғар қарлы аппақ шыңдары кҿктемнің жып-жылы құшағына енген ару Алматыны одан сайын кҿріктендіріп тұрды. Кҿше бойларында самаладай болып жанған шамдар түнгі қаланың кҿркем бейнесін ҿзгеше жарқыратып жібергендей еді. Кҿктемнің тағы бір тыптыныш түні тау баурайындағы ғажайып қаланың үстіне алып қанатын жайып келе жатты. Алматының түнгі мақпалдай аспанының алыс-алыс тұңғиғында оянған жұлдыздар да шаһардың сымбатын қызықтағандай жымыңдайды. Ертеңгі қайтар жолдың алдында кешкі Алматының тҿрінде аз-кем тыныстап, оңаша қыдырыстап серуендеген олар тауға қарай ҿрлеген үлкен

кҿшенің бойынан такси ұстап, ҿздері тоқтаған «Алатау» мейманханасына келді.

* * * ... Биыл жылдағыдан ерте ҽрі шұғыл тасып, наурыздың соңын ала енді-енді арнасына түсе бастаған Жемнің Жарқамыстың тұсындағы ҿткелінде жеңіл Уазик суға бауырына шейін малтыға батып, арғы бетке ыңыранып зордың күшімен ҿтті. Жолдан шаршап, шалдыққанына қарамастан, тыныс алуы жиілеп, демігуі күшеймесе, азаймаған Жұбан Алматы сапарынан оралысымен кҿктемеде мал тҿлдетіп жатқан малшы ауылдарының жағдайын ҿз кҿзімен кҿріп, шаруаның мҽн-жайына қанығуға асықты. Жұбаттың «Жемнің суы қайтқанымен, ҽлі ҿткелдің табаны таяз емес, арғы бетке ҿте алсақ болар еді?!» деген күмҽнін тыңдағысы да келмеді. Сапардан кҿңілі қанша кҿтеріңкі күйге енсе де, бар-жоғы екі-үш күн болғанның ҿзінде тау бауырайындағы еңісте бұйыққан Алматының лебсіз, түтінді ауасынан дем-тынысы тарылып ҽзер шыдап келген ол даланың, Жем атырабының самалын кҿкірегін кере сезінгісі келді. Бар ҿмірі осы шетсіз-шексіз керімсал ҿңірдің о қиыры мен бұ қиырын шиырлаумен ҿткен, ҽрбір тҿбесі мен шоқысы, сай-саласы мен ҿзегі, шағылды құмдары мен далиған жазығы кҿзіне ыстық мекеннің ауасынан жанына дауа іздегендей бір халде еді ол. Бір қырдың астындағы ауылдан шыға салысымен келесі кезеңдегі ауылға жеткенше мҽшинені ауық-ауық тоқтатып, жас жусанның исі бұрқыраған, жылы шуаққа маужыраған кҿктемгі даланың ауасымен ұзақ-ұзақ тыныстап, аялдаумен болды. Селеуінің майда шашағы болар-болмас самалмен тербелген жап-жазық қырдың кҿк исі аңқыған ұлан-ғайыр кеңістігіне ол сүйсіне кҿз тікті. «Қары қалың болған биылғы қоян қысы ҿтіп, кҿктем туа ағыл-тегіл жіпсіген жердің ылғалына жылы шуағын тҿккен сҽуір күні осы жайдары қалпынан енді бір аптадай уақыт айнымай тұрса, балғын сабағын тіктеп, бүрін

ашқалы тұрған қызғалдақтар қып-қызыл ҿрнекті зерін салып дала тҿрін алаулата жайнатып жіберетін күндер де алыс емес-ау. Жер кҿгінің дүр ете қалатын кезі де қызғалдақ жаппай гүлдейтін күндермен ілесе келетін еді ғой ҽдетте. Қоздаған саулықтардың кҿктемедегі тоқ жайылыстан нҽр алып, қозысын мҽйек-уызға тоғайтатын сҽуірдің алдағы таяу күндерінің сыңайы жаман болмауға тиіс». Жерге сіңген ылғалы мол шуақты, жылы кҿктемнің мамыражай тынысымен маужыраған дала табиғатының ажары оның кҿңілін осындай ойға бекітті. Ҽр шопанның ауылына бір-бір жарым сағаттан артық аялдамай, мал ҿрісіндегі жердің кҿгіне кҿз жіберіп, биылғы кҿктемгі жайылыстың жағдайын байқаған олар ақшамға тақаған мезгілде Жарқамысқа оралды. Сарытҿбедегі жас шопандардың комсомол-жастар бригадасының шаруа-ахуалына, ел ауқымындағы үлкен бастаманы қолдап, бұл жұмысты аудан бойынша бірінші рет ұжымдасып қолға алып жатқан биылғы мектеп түлектері – жастардың кҿңіл-күйіне зер сала кету де ойында болғанымен, Жұбан бұл шаруаны ертеңге, сҽрсенбінің сҽтті күніне қалдырғысы келді. Бұл ҿңірде ҽлі де кҿп шаруасы тинақтала қоймаған мал ҿсірудің бастан асып жатқан ҽрқилы қиыншылығы жетерлік жұмысы олар үшін оңайға түспейтіні де рас. Сондықтан оларға жолшыбай атүсті соғып кетуді жҿн санамады. Мұнысы жас шопандардың тіршілігіне кҽдімгідей ден қою емес, шаруақорсынған басшының тҿбе кҿрсетуі ғана болар еді. Қандай істе де ҽншейін тҿбекҿрсетушілік дағдысына ҽуелден жаны қас ол, бұл жолы да сонысынан айнығысы келмеді. Күн ұзынғы жүрістің үстінде даланың кҿктемгі керімсал ауасы кҿкірегін ашып, аздап сергігендей күйді сезінгенімен, қазір ҿн-бойын жолсоқты шаршау сияқты бір дел-сал, зілмауыр самарқаулық ауырлата да берген еді. Үйге жетіп тынығуға аңсары ауды. Оның кҿңіл-күйінің қалт еткен ҿзгеріс-құбылысын қас-қабағынан танитын Жұбат Жемнің бергі бетіндегі тегіс те жайлы жолмен жүйткіген кҿлігінің жүрісін жеделдете түсті.

... Құс ұйқымен сҽл де болса мызғып, сергіп қалатын сҽтті аңсап келген Жұбан тҿргі бҿлмедегі диван үстіндегі тҿсекке барып жантайды. Ҿзіне ҽлденедей бір алаңдаулы шыраймен үргелектей қараған Үзілге оң қолын аз ғана кҿтеріп, шҽйді кейінірек ішермін, сҽл ғана жата тұрайын дегендей белгі берді де, зілбатпан салмақпен жаншылғандай болған кеудесін кҿтергісі келгендей қимыл жасағысы келді. Бірақ ҽл-дҽрмені жетпеді. Кеуде тұсы енді бір қас-қағымдай мезетте оттай күйіп, кенет бір жұтым кҽусар ауаға зар бола ынтыға қажыған сырқатты жүрек дағдылы соғысынан жаңыла берді. Кҿз жанарының алдынан тұтастай тҿңкеріліп, шыркҿбелек айналып бара жатқан жарық дүниенің соңғы елес-кҿрінісі – тіршілігінде ҿзі талай қиырын шиырлаған, бүкіл ғұмырында ҿзімен тағдырлас болған далаға, шет-шегі жоқ ұлан-байтақ кеңістіктің сұлбабейнесіне айналып жүре берді. Соңғы дҽрменімен ҿмірдің ҽлденедей бір жарық сҽулесіне ұмтылғандай, жоғары, биікке қарай созыла түскен оң қолы баяу ғана қалықтағандай қозғалып барып сұлқ түсті... Толассыз ҿтіп жатқан тынымсыз тіршіліктің маздаған отынан алпыс жыл кешкен дүние-дҽурен ғұмырына жалын, қызу қуат дарытып, жігерлі де қажымас адами болмысына кіршік түсірмеген жанның фҽни-ҿмірдегі кҿші ҿзі аялдаусыз жүріп келе жатқан үлкен жолдың үстінде кенеттен кідіріс тапты. Жеке басын күйттеуді білмей, еліне берген адал еңбегін ғана ҿмірлік мұрат тұтып, кҿптің қамына алаңдаумен күн кешкен қарапайым адамның кеудесіндегі лүпіл қаққан жүрек соңғы мезеттерге дейін тіршілік қуатын дамылсыз ҿршітіп, ҿзінің ақырғы баяу-баяу соғысын қалжырап барып, тып-тыныш қана тоқтатты. Ҿмірдегі азды-кҿп ҿнегесімен ел-жұртынан айрықша ілтипат тапқан, жақсы болашақтың алаңсыз күндеріне деген ҿз сенімін ардақтай білген, рухы биік жанның аспан асты, жер үстіндегі адами тіршілігінің дүниекеруен сапары жер-дүниені жасартып, жаңартып сҽуір-кҿктемнің шуақты да жылы күндері енді туып келе жатқан сҽтте тҽмамдалды да, ұрпағының жүрегіндегі мҽңгілік ҿмірі басталды.

Эпилог орнына Кҿктем биыл кешікпеді. Шуақты күндері мейірленген сҽуірдің соңғы күндерінің жылы құшағында шалқар кеңістігін айқара ашып жатқан ұлан-ғайыр дала ҿнбойы маужырап, елжірей тыныстайды. Кіреукесіз тұнық аспан тҿрінде баяу-баяу қалқып жүзген ақшуда жеп-жеңіл бұлттардың селдір кҿлеңкесі жусанды қыраттардың үстімен жылжып ҿтіп, ұзап барады. Кҿкбұйра жусанның балдырған кҿгінен бұрқыраған қошқылтым иіс жұмсақ самалмен кҿктемгі ауаның кҿгілжім, тұнық демін желпінтеді. Дала жолының тегіс қатқылымен жүйіткіген ақ сұр джип жер апшысын қуырып келеді. Кҿктемгі даланың кең жазирасы жүйрік те жүрдек мҽшинемен зымырай, дҿңгелей жарысып, шет-шегіне жеткізер емес. Ақтамнан ҿтіп, Жем иініне бұрылар тұста жол табаны жұмсарып, құмсаққа айналды да, жүріс екпіні азырақ баяулағандай болды. Құмды жолдың қалың да сусыма табанына кезіккен жерлерде мҽшинені бұлталаңға салдырмауға тырысқан Миржан енді кең, шалқақтау келген тіп-тік кеудесін еңкейте алға қарай еміне түсіп, рульді нығызырақ ұстады. Ата мен ҽженің ауылына жақындадық деген ҽкесінің сҿз құлағына тиісімен кабинаның алдыңғы, қапталдағы терезесіне дамылсыз жалтақтай берген Арухан мен Тарланда тыншу болмады. – Кҿке, олар сенің атаң мен ҽжең болған ба?.. – Мамамның да атасы мен ҽжесі болған ба?.. Екеуі екі жерден жамыраса былдырлай сҿйлеп ҽкесі мен шешесін сұрақтың астына алады. – Жұбан ата мен Үзіл ҽже сендердің де үлкен аталарың мен ҽжелерің,- дейді Миржан балаларының аңғал сұрағына жымиып. – Бірақ олар қазір үйде емес, алыс-алыс жаққа кеткен.

– Сонда олар, үлкен ата мен үлкен ҽже қайда кетіп қалған? - дейді Тарлан ҿкпелегендей кейіппен топ-томпақ ұртын одан сайын томпитып. – Біздердің ауылға келетінімізді білмей, кітаптарда жазылған Ертегілер еліне кетіп қалған ба?.. – Ал менің Түрікпенбай атам мен Күлҽй ҽжем ешқайда кеткен жоқ, олар Ақтҿбеде тұрады! Солай ғой, кҿке? - дейді Арухан ҽкесінің иығына қолын асып. – Менің де ҿз атам мен ҿзімнің ҽжем Ақтҿбеде тұрады. – Тарлан ҿзінгше айбаттанып, Аруханға қабағын түйіп қарап қояды. Екеуінің алма-кезек таласып, аталары мен ҽжесін меншіктеген ҽрқайсының сҽбилік мінезі мен сҽбилік аңғарым-түйсігіне Миржан еріксіз таңданды. – Қарай гҿр бұлардың ҿзімшілін! Ол кісілер сендердің ғана емес, Ҽлжан кҿкелеріңнің балалары Ҽлихан мен Темірланның да атасы мен ҽжесі, - деді Сҽндігүл балаларына зілсіз ғана ұрысқандай сыңай танытып ҽрі жып-жылы ғана күлімсіреп. – Гүлфайрус тҽтелеріңнің Мединесі мен Алинасына да ата мен ҽже! – Ал Жұбан ата мен Үзіл ҽже – барлығыңа үлкен ата мен ҽже, мұны ешуақытта ұмытпауға тиіссіңдер! Ұқтыңдар ма? – Бір сҽт ойланып, монтия қалған Арухан мен Тарлан ҽкесінің айтқанын «ұқтық» дегендей бастарын изеді. Жарқамыстағы Айжарықовтар ҽулетінің қара шаңырағы Ҽліби ағасының үйінде аунап, қунап, арқаларын жазып бір аптадай емін-еркін демалған Миржан мен Сҽндігүл енді бірер күнде қалаға қайтуға жиналды. Шетелмен бірлескен халықаралық мұнай компаниясында жұмыс істейтін Миржан Шотландиядағы арнайы тағылымдаманың екі жылға созылатын осы іссапарына барудың оны-мұнысы кҿп дайындығына уақытты созбай, тезірек кірісуге асықты. Бұл сапарға ол жанұясымен бірге баратындықтан, келіншегі Сҽндігүл мен балаларына да бҿлек арнайы ресми рұқсаттамалық құжаттарды ресімдеу қажет еді. Бұның да шаруасы бастан асады. Кҿңілін

алаңдатқан осындай жҽйттер Миржанға Жарқамыста кҿп аялдауға мұрша бермеді. Ҽлібидің немерелеріне, ҿзінің туыстастарына бауыр басып қалған Арухан мен Тарлан ауылды қимады. «Тағы бір күн болайықшы, тағы бір күн» деп екеуі екі жерден жалына жыламсырап, ҽкесі мен шешесін тағы да екі-үш күн кідіртуге мҽжбүрледі. Миржан үшін де қайдағы бір қияндағы, мұхит асып жететін алыс Шотландиядан гҿрі ҿзінің ата қонысы, балалық шағының кҿп жақсы күндері ҿткен, осындай жып-жылы шуақты кҿктемдерде кҿгалы мен аппақ құмында қозы-лақтар ойнақ салған, тымық та тұнық аспанында тырналар қиқулап, қаздар қаңқылдаған Жарқамыстан артық ұжымақ жоқ еді. Жолға шығатын күннің алдында ол Жемнің жағасына барды. Қасына ешкімді ертпей, жалғыз барды. Биыл Мұғалжар беткейлерінің сала-саласынан құйылған судың молдығынан арнасынан асып, жайыла тасыған ҿзеннің ағысы қазір саябыр. Майда құмды ақшағыл жағалаудың бойымен жалаңаяқ жүріп, ауылдың тұсынан ҽжептҽуір жер ұзады. Пҽлендей ыси қоймаса да, табанына тиген жұп-жұмсақ сусымалы құмның табы жып-жылы. Құмды кҿбсіте кешкен Миржан жағаның шолп-шолп етіп майда толқын шайып жатқан жиегіне таман жақындады. Қайраңды шайған ұсақ толқынның болмашы шолпылы мен анда-санда ҿзен үстін бойлай ұшып бара жатқан түйе шағала қанатының сусылы мен ҽлдебір таяу маңнан естілген қызғыш құстың қиқуынан ҿзге айналада тырс еткен дыбыс жоқ. Табиғаттың ғажайып тыныштығында тербелген Жемнің жағасынан Миржан кеткісі келмеді. Ҿзенді жағалай біраз жер ұзап кетті. Кей-кейде аяғын суытып дамылдап, жағалаудың аппақ құмына жата кетіп, аунап та алды. Туған жерінің, атасы ғұмыр кешкен осы мекен-қоныстың құшағында шексіз елжіреп, жас кҿңілі ҿзгеше ҽсерге бҿленді. Енді бір мезетте шалқасынан түскен күйі мамыр аспанының кҿк күмбезіне ұзақ-ұзақ қарап жатты. Ҽлден уақытта тып-тымық ауаны сергітіп кенеттен лүп ете түскен

жібектей самал оның бет-жүзін аймалап, маңдайынан жұп-жұмсақ қана сипалап ҿтті. Кҿзді ашып-жұмғандай осы бір қас-қағымда Миржан соншама бір аяулы, жып-жылы да мейірімді алақанның аялағанын сезінгендей ғажайып күйдің құшағына еніп жүре берді. Жұбандай бҽйтерек-ата тамыр салып, ҿркенін жайған қасиетті жердің самалына жүзін тосқан жас жігіттің жан-дүниесін, сезім ҽлемін осы бір сҽттерде туған жерге деген шексіз сағыныштың нұрлы да нҽзік тебіренісі толқытып жатты. Қай адамның қай қиырда жүрсе де жүрек түкпіріне мҽңгілікке ұялап, мҽңгілік арылмай жүретін тебіренісі еді бұл...

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙