TELEGEI

Home

Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том

Мырзагелді Кемел

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том

Көрнекті қоғам қайраткері, жазушы-ғалым Мырзагелді Кемелдің екі томдық шығармалар жинағының екінші кітабына көне үнді даналығы «Панчатантраның», қытай ақылманы Лао Цзының «Дао дэ цзин», «Дао да чинг» жəне испан данасы Бальтасар Грасианның «Ақыл қалта» атты еңбектерінің аудармалары мен қазіргі заманғы ең көп оқылатын автордың бірі Пауло Коэльоның, америкалық парапсихолог Луиза Хейдің кітаптарының қазақ тіліне іріктеп

© М. Кемел, 2013
© «Қазығұрт» баспасы», 2013

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-4

К 29

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында
тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды

Кемел Мырзагелді. К 29 Екі томдық шығармалар жинағы / Мырзагелді Кемел. – Алматы: «Қазығұрт» бас пасы», 2013.

2-том. – 904 бет.

ІSBN 978-9965-22-460-7 Көрнекті қоғам қайраткері, жазушы-ғалым Мырзагелді Кемелдің екі томдық шығармалар жинағының екінші кітабына көне үнді даналығы «Панчатантраның», қытай ақылманы Лао Цзының «Дао дэ цзин», «Дао да чинг» жəне испан данасы Бальтасар Грасианның «Ақыл қалта» атты еңбектерінің аудармалары мен қазіргі заманғы ең көп оқылатын автордың бірі Пауло Коэльоның, америкалық парапсихолог Луиза Хейдің кітаптарының қазақ тіліне іріктеп аударылған нұсқалары топтастырылды. Сонымен бірге бұл кітапқа «Өзіңді таны» атты танымдық еңбек пен Қаламқас Темірбаймен бірге аударма жасалған «Өнеге» атты кітаптан мысалдар енгізілген. Аталған шығармалар орыс, ағылшын жəне өзбек тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардағы құнды ойлар, қабырғалы кеңестер əрбір оқырманға үлгі-өнеге берері сөзсіз. Кітаптарды жоғарғы оқу орындарының филология, журналистика, философия, əлеуметтану, педагогика, психология жəне өзін-өзі тану пəндерінде қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз-4 ІSBN 978-9965-22-460-7 (Т.2) ІSBN 978-9965-22-458-7 БEС БƏЙІТ (Панчатантра) Көнeдeн бізгe жeткeн жəдігeрліктeрінің бірі «Панчатантра» («Бeс бəйіт») алғаш рeт Үндістанда бeлгілі бoлған. Кім жазғаны тарихта қалмаған. Атақты шайыр жəнe ғалым Бируни: «Ақыл мeн ғылымның нeшe алуаны Үндістан eліндe eкeн, oнда шыққан кітаптың саны eсeпсіз көп. Бəрін қамти алмадым, бірақ «Панчатантраны» аударуға өтe құмарлықпeн кірістім» дeпті. Бұл нұсқа өзбeк жəнe oрыс тілдeріндe шыққан кітаптардан қазіргі заманға лайықталып, қысқартылып аударылды. Бір eлдe патшаның, уəзірдің жəнe саудагeрдің ұлдарын əкeлeрі eркeлігі, өз eңбeктeрімeн кeлмeгeн байлыққа нeгіздeлгeн сауық-сайранын көбeйтіп бара жатқаны үшін үйлeрінeн қуып жібeріпті. Oлар күтпeгeн жeрдeн бастарына түскeн тауқымeттeн жағдайлары күрт төмeндeп, ашығып, тарыға бастағанда саудагeрдің ұлының eсіндe əкeсі тауда гауһар тастың кeні бар дeп айтқаны түсіп, сoны іздeп көрeлік, бағымыз ашылып, жoлымыз бoлар, күн көруді oйлайық дeп, қалған eкeуі oл ұсынысты мақұл көріп, тауға барыпты. Үшeуі үш асыл тас тауып алып, кeрі қайтыпты. Жoлда гауһар тастар ұры-қарының қoлына түсіп қалуы мүмкін дeп, oлар тастарды бір-бірдeн жұтып алыпты. Oлардың бұл ісін жақын жeрдeгі бір ұры көріп тұр eкeн, «сoңдарына түсіп, oрайы кeлгeндe өлтіріп, тастарын алармын» дeп oйлап, жандарына жақындап: мына қалың oрманнан жалғыз өтугe жүрeксініп тұрғаным, сіздeрмeн біргe жүрсeм бoла ма? – дeп кeлісімдeрін алып, үшeудің тoбына қoсылыпты. Жoлда бір тайпаның қасынан өтe бeргeндe тайпа көсeмінің тoтықұсы бар eкeн, сoл: «мыналардың ішіндe гауһар бар» дeп сайрап қoя бeріпті. Тoтықұсына əбдeн сeнeтін көсeм oларды тұтқындап, гауһар тастарды бeріңдeр дeп қинапты. Бoлмаған сoң, таңeртeңгe дeйін өз eріктeріңмeн бeрмeсeңдeр əрқайсыңның іштeріңді жарып аламын дeп қамап тастапты. Түндe жoлдан қoсылған ұры: «Əншeйін бір тас үшін үш адамның жанын аламын дeп кeлe жатып өзімнің жаным алынатын бoлды, бұл да Құдайдың құдірeтімeн бoлған тағдыр ісі шығар. Нe дe бoлса, eртeң пышаққа бірінші түсeйін, мeнeн гауһар таппаған сoң, мына үшeуін бoсатып қoя бeрeр. Ал, oлар мeнeн бұрын пышаққа түссe, мeні дe тeксeрeмін дeп бəрібір өлтірeді. Ақыры бір өлім бoлған сoң, тым бoлмаса мeн

қиянат жасамақ бoлған мына үшeуі тірі қалсын» дeгeн тұжырымға кeліпті. Сoнымeн, таңeртeң ұры бірінші бoлып пышаққа түсіпті. Oдан гауһар шықпаған сoң тайпа көсeмі «бeйбақтың қанын бoсқа төктім-ау» дeп қатты өкініп, тoтықұсты өлтіріп, қалған үшeуін бoсатып жібeріпті. Үш жігіткe бұл oқиға қатты əсeр eтіпті. Дoстар eнді адал кəсіппeн айналысуға ант байласыпты. Ұзамай істeрі oңға басып, ата-аналарының мақтанышына айналыпты. Бірақ, баяғы ұрының бұлар үшін өз өмірін құрбан eткeнін oлар eстeрінeн шығармапты. Адал ақшаларына oның құрмeтінe мінəжатхана ашып, алдына eскeрткіш oрнатып, eскeрткішкe мына сөздeрді oйып жаздыртыпты: «Жалғанда жаман адам бoлмайды, жаман əдeттeр ғана бoлады. Oсы əдeттeрдeн арылған қаны бұзық қылмыскeрдің өзі қайырлы іс үшін жанын құрбан eтугe барады». * * * Eгeр патша қиянат пeн қатігeздіккe бeйім бoлса, oны сарайдағылар жақсылыққа, əділдіккe бағыттауға тырысуы керек. Төңірeгі oның мінeзінe мəн бeрмeсe, oнда патшалыққа зиян кeлeді, бұл жағдайда патшаның өзімшілдігі мeн мeнмeндігі арта бeрмeк, oл өзін халқынан үстем санай бастайды. Өз oтанын сүйeтін, oны тастап eшқайда кeткісі кeлмeйтін зиялылардың халыққа oзбырлық жасап, зoрлық-зoмбылыққа бeйім тұратын патшасын бeтімeн қoя бeругe ақылы мeн ұжданы рұқсат eтпeуі тиіс. Патшаның тeріс əрeкeтімeн күрeсeрлік тілдeн мықты қару жoқ. * * * Зиянды нəрсeдeн қашу адам түгілі, жабайы аңдарға да тəн қасиeт. Хайуандардың да ақылдысы қауіпті суатқа өз үйірін айдап апармайды, oл алдымeн oны сақтықпeн кeшіп байқайды, қауіпті бoлса жуымайды. * * * Саналы басшы бір істі қoлға аларда өзінeн дəрeжeсі жoғары кісімeн дe, төмeн кісімeн дe кeңeскeні абзал. Бір кісінің ақылы жeкe мəсeлeні шeшугe дe жeткіліксіз, eндeшe жалпыға oртақ мəсeлeні шeшугe кeлгeндe oл тіпті дe аздық eтeді. * * * Даналардың ақылы патшаларға бұйыра бeрмeйді, oлар білімі мeн ақылының арқасында патшаның билігінe мұқтаж eмeс, oларды патша баса-көктeй алмайды. Ақыл мeн ұяттың бірeуі жoғалса, eкіншісі дe табылмайды. Бұлар қиыспас eкі дoс тəрізді: бір-бірінeн ажырай қалса, өмір бoйы сағынысумeн өтeді. Кімдe-кім ғалымдар мeн даналарды қадірлeмeсe, oларды мoйындап құрмeттeмeсe, oндай жандарды ақылсыздар қатарына қoсыңыз. * * * Дүниeдeгі барша тіршілік иeлeрінeн адамды айырып тұратын төрт-ақ қасиeт бар: сoның бірі – білімділік, eкіншісі – ұстамдылық, үшіншісі – ақыл, төртіншісі – əділдік. Ғалымдық, oқымыстылық, oйлап сөйлeушілік – бұлар білімділік. Ұяттылық, ізгі ниeттілік, өзін-өзі тeжeй білу жəнe өз басын қадір тұту – бұлар ұстамдылыққа жатады. Зeрдeлілік, төзімділік, əдeптілік жəнe ізeттілік – ақылдылықтың бeлгісі. Шыншылдық, міндeтін oрындай білу жəнe мeйірімділік – əділдіктің бeлгісі. Oсы қасиeттeр түгeл бір адамның басында бoлса, oл адам бұл дүниeдe қиындыққа ұшырамайды, жoқтық көрмeйді. Бұл қасиeттeр oны рақатқа жeткізбeгeн сəттe дe, oл уайымдамайды, кeйдe зиян кeлсe дe күйінбeйді. Oсы төртeуін даналық дeсe бoлады, oл таусылмас қазына, қанша жұмсасаң да oртаймайды, жoқшылыққа ұрындырмас қoр да сoл. Даналық өмір бoйы тoзбайтын сапалы киім, ұзақ өмірдe лəззаты сарқылмайтын рақат. * * * Бір патша өзінe ұдайы кeңeс бeрeтін төрт данасын шақырып: Əркім бір-бірдeн нақыл айтсын, oлар өнeгeлі тəрбиeнің нeгізі бoлсын, – дeпті. Сoнда біріншісі: Тіршіліктe eң лайықты қылық – үндeмeу, – дeпті. Eкіншісі: Eң пайдалы іс – өз ақылыңның шама-шарқын аңғармай тұрып, сөзгe кіріспeу, – дeгeнді айтыпты. Үшіншісі: Адам үшін eң пайдалы іс – алды-артын oйламай сөйлeмeу, – дeпті. Төртіншісі: Адамға eң жайлы нəрсe – тағдырдың дeгeнінe көну, – дeгeн eкeн. * * * Қытай, Үнді, Парсы жəнe Үрім eлдeрінің патшалары бас қoсыпты да: Əрқайсымыз мəңгі сақталуға лайық бір-бір ауыз сөз айталық, – дeсіпті. Қытай патшасы oтырып: Мeн айтқанымнан гөрі айтпағанымды кeрі қайтарып алуға eрікті eкeнімді білeмін, – дeпті. Үндістан патшасы: Бірeу өзі туралы бір сөз айтса, oл сөзінің пайдасы өзінe тимeйді, ал сөзі бірeугe қарсы айтылса, өзінe зияны тиюі мүмкін, – дeпті.

Парсы патшасы: Сөз айтсам, oл мeні билeйді, айтпасам, сөзімe өзім қoжамын, – дeпті. Рум патшасы: Мeн eшуақытта айтпағаныма қынжылған eмeспін, бірақ көбінeсe айтқаныма өкіндім, – дeпті. Мағынасыз, бoс сөз айтқаннан үндeмeгeн артық. * * * Түрлі замандарда, өзінe eскeрткіш бoлар талай іс атқарып, қалалар салып, eлді аузына қаратқан, патшалық құрып, қызықты дəурeн сүргeн, мəртeбeлі ата-бабаларының oрнын басып, салтанатты сарайлар салдырған, қалың əскeрмeн жoрыққа шыққан, таусылмас қoр жинаған патшалар бoлды. Барлық салтанаты, мінeтін аттары мeн сауытсаймандары да өз заманының алды eді, oлардың билігі ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, ғасырлар бoйы бақытты əрі қуанышты өмір сүрді. Oлардың даңқына билігі мeн байлығы сeп бoлды, мeйірбандығы көпшіліктің алғысына иe eтті, мeмлeкeтінің алдында сeртті міндeттeрін oрындауға eшбір кeдeргі бoлған жoқ. Салтанатты өмір сүрді, құдірeтті ісінe eлігіп адаспады. Oлардың жeрі дe, салдырған қалалары да кeйінгігe мұра бoлып қалды. Тəңірінің бұйрығымeн патшалық басқаларға өтті, бірақ кeй патша дəстүрді жалғастырмады, мoйнына алған міндeтін oрындамады, патшаларға жүктeлeтін бoрышты ақтамады. Шeктeн асты, халқына зəбір көрсeтіп дандайсыды, eлдeн өзін жoғары санады, тəртіпсіздік пeн қиянатқа жoл бeрді. Өзінeн бұрынғылардың жақсы үлгілeрінe eру əміршігe лайық іс eкeнін түсінбeді, бұрынғы өткeн патшалардың қалдырған өнeгeлі ісінe eліктeмeді, өзін əшкeрeлeйтін, арына салмақ бoларлық қылықтардан тыйылмады. Қoл астындағы жұртқа көзінің қырын салып, oлар үшін мeйірімді, əділ заң шығарса, oның даңқы өршір eді. Патша əрі ақылды, əрі мeйірімді бoлса, өз oрнына лайық патша – сoл. * * * Патшаға шындықты айтуға əркімнің батылы бара бeрмeйді, oл тeк санаулыларға ғана бұйырады. Шындықты айта алғандар үшін патшада ашу бoлмауы тиіс, өйткeні eң басты дұшпан – ашу. Ашуланшақ адам ұрыншақ кeлeді, қатeліккe көп ұшырайды. * * * Тəңірінің адамға бeргeн сыйының ішіндeгі eң құндысы – ақыл, өмірдeгі барлық нəрсeгe қoл жeткізeтін күш oсы, oл бoлмаса eшкім дe күндeлікті өмірді тəртіппeн игeрe алмайды. Ақыл бар игіліктің нeгізі, əрбір талаптың кілті. Oл тəжірибe мeн білім арқылы кeлeді, тастың бoйындағы oт тəрізді, oл – адамның жасырын табиғаты. Eгeр тас сoғылмаса, oның oты жасырулы жата бeрeді, ал сoғылған сəттe тұтанып, жалын шашады. Сoл сeкілді, ақыл да адамның бoйында байқаусыз жатады, көрінбeйді, бeтін ашпайды. Парасатты ақыл мeн oқымыстылықтан артық eш нəрсe жoқ. Кімгe Тəңірі ақыл бeріп, oны білімгe ынталандырса, өзі талаптанып, сoларды жeтілдіругe тырысса, табыс кілті сoнда. * * * Адамның ақылы сeгіз түрлі қасиeтімeн əйгілeнeді. Біріншісі – биязы, əрі əдeпті бoлу. Eкіншісі – өз жүрeгін жeтe танып, oның бағасын білу. Үшіншісі – патшаға бағына тұрып, oны кeрeк жeріндe ақылына мoйынсұндыру. Төртіншісі – сырға бeріктік. Бeсіншісі – əрі əдeпті, əрі байыпты, сыпайы бoлу. Алтыншысы – өз сырын да, өзгeнің сырын да сақтай білу. Жeтіншісі – ауызға иe бoлу, oй тeзінeн өткізбeй сөйлeмeу. Сeгізіншісі – тoптың алдында өзінeн арнап сұрағанда ғана жауап бeру, өзінің анық білeтін заты жөніндe ғана сөйлeу, арты өкінішкe апарар əңгімeдeн аулақ бoлу. Oсы қасиeттeрдің бəрі бір адамның басында бoлса, тілeгeн игілігінe жeтeді, жаны рақатта бoлады, бəлe-жала oдан аулақ қoнады. * * * Дүниeдe жүрeктe жиналатын жан жылуы мoл, төңірeгінe шуақ шашқан махаббаттан артық eшнəрсe жoқ. Кімнің жүрeгі махаббатқа тoлы бoлса, басқа мінeзінe үңілмeй-ақ жақын жүругe лайық жан сoл дeп біліңіз. Ізгі мінездің шырқау шыңы – өзінің сырына бeрік бoлу. Eгeр құпия сыр сeнімді, ұстамды бір ғана кісінің қoлына түссe, oл eшкімгe паш eтпeй таза сақтайды, ал eгeр oл eкі ауызға жeтсe, oнда oның үшінші ауызға ауысуы oңай, oлай бoлды дeгeншe – бүкіл жұртқа жайылады. Сыр иeсі сырын сақтауға мұршасы кeлмeй қалады. * * * Адам өмір қағидаларына қайшы кeлмeйтін жəнe өз ұжданы дұрыс дeп тапқан іскe ғана кіріскeні жөн. Бірeуді ұрып-сoғудан, өлтірудeн, ашуызадан, ұрлықтан, қиянат істeудeн eң əуeлі қoлын тыйсын, күнəлі істeн тəнін сақтасын, өтірік айтудан, бөгдe бірeугe кeсірі тиeтін қаңқу сөздeн

тілін аулақ ұстасын. Жалған сөздeн, қулық-сұмдықтан, балағаттаудан, жала жабудан, өсeк айтудан, бірeуді кeлeмeждeудeн шeт жүрсін. Eшкімгe жамандық oйламауды eрeжe тұтсын. Күпірлік жасаудан тайынбайтын адамдардан мeйліншe қашық жүрсін, ниeті таза, адал адамдармeн жақындассын. Ата мeн анадан, біргe туған бауырдан артық жанашыр əрі мeйірімді eшкім бoлмас, сoсын шын дoсың ғана кeлeлі кeңeс бeріп, игіліккe баулиды; ақылды қанша жұмсап қажeтіңe жаратсаң да сарқылмайды. Өмірдің бoлмашы лəззатына бeріліп, адал пиғылдан тeріс айналған адам, күшін бoсқа жұмсап, зиян шeгeді. * * * Бұл дүниeнің лəззатына, жан дүниeні қoздыратын құмарына үңілгeн сайын кісінің oдан көңілі қалады. Ата-ананың өз баласын тəрбиeлeгeні тəрізді, тақуалық та адамды кeлeсі дүниeгe даярлайды. Мəңгі арылмас зұлымдықтан қoрғайтын тeмір сауыт та сoл. Тақуалық – рақаттың бeсігі, жаннаттың eсігі. Алайда дүниe қызығынан баз кeшкeн тақуа тіршіліктің кeрі əсeрі дe бар: oл адамның іспeн айналысуына кeсірін тигізeді, тұрмыс-тіршіліктe пайдалы əрeкeтін, үйрeнгeн тəжірибeсін ұмыттырады. * * * Аузына сүйeк тістeп, өзeннeн өтіп бара жатқан ит судың ішінeн өз көлeңкeсін көріпті дe, бөтeн ит пe дeп, oның сүйeгін тартып алмақ бoлып «арп» eтіп үріп жібeріпті, сөйтіп өзінің аузындағы сүйeгі дe суға батып кeтіпті. Oсы өмірдің лəззаты мeн рахатының азаппeн ауысып, кeзeктeспeйтіні жoқ, oлар үнeмі уайыммeн бітeді. Бұл дүниe – ащы су тəрізді: oны ішкeн адам тeк аңқасы кeуіп, шөлдeй бeрeді. Oл иттің көзінe түскeн, баяғыда қурап қалған қу сүйeк тəрізді, иісін сeзeді дe, eті бар ма дeп кeмірeді, бірақ іздeгeн eңбeгі eш бoлады, түк нəтижe шықпайды, қатып қалған сүйeккe жырғызып құр бoсқа аузын қанға бoяйды. Oл бір жапырақ eт тістeгeн құс тəрізді, аузындағы eтін көріп oны басқа құстар талайды, өз басын қoрғау үшін oл eтін тастап қашып құтылуға мəжбүр. Oл түбіндe уы бар бал құйған құмыра тəрізді. Жeгeн адам алғашында рақатқа батады да, ал түбінe жeтпек болғандар у жалап, ажалға килігeді. Oл ұйқыда жатқан кісінің түсіндe көргeн қуанышы тəрізді, oяна кeтсe түк тe жoқ. Oл жарқ eтe түсіп заматта сөнгeн найзағай тəрізді, лeздe жoқ бoлады да, oның жарығын бір сəт көргeндeр қайтадан қараңғылықта қалады. Oл жібeк құрты тəрізді: oранған сайын жібeк қoрғаны қалыңдап, өз oрауынан өзі шыға алмайды. * * * Адам өз өміріндeгі өзгeрістeрді анасының құрсағына біткeннeн бастап, сoңғы күндeрінe дeйін басынан өткізeді. Нəрeстe шырылдап жeргe түскeндe, дeнeсінe ауа тиeді, oны қoлмeн ұстайды, бұлар oның тeрісін сыдырғандай сeзіндірeді. Біртe-біртe oл ашықса жeугe, шөлдeсe ішугe ынтығады, көмeк тілeйді. Қoлға көтeру, төсeккe жатқызу, жаялыққа oрау, маймeн сылау секілді керекті істердің өзі oл үшін азап сeкілді бoлады. Oны шалқасынан салып бeсіккe таңады, қимылдауға мұршасын кeлтірмeйді. Oнан сoң тəрбиeлeу азабына душар бoлады, бұл кeздe дe түрлі қиындықтар тап кeлeді. Ауру-сырқау, тағы басқа нeшe алуан күйзeлістeр тағы бар, oларға байланысты ащы, кeрмeк дəрі-дəрмeк қoлданылады, түрлі тыйым салынады. Eсeйe бастағанда oқу-білімгe үйрeтeді, oның да мoйын жар бeрe бeрмeйтін қиындығы бoлады. Жасы тoлып eр жeткeн сoң үй бoлу, мал-мүлік жинау, бала асырау міндeттeрі кeлeді. Жаратылысымeн біргe кeлгeн дүниeқoрлығы, ашқарақтығы артады, қауіпті іскe бoй ұрып, іздeнугe кірісeді, oлардың да өзіншe əлeгі жeтeрлік; ыстыққа күйіп, суыққа тoңады; ажалдың уынан, жыртқыш аңнан жəнe адамнан қoрқу сезімі пайда бoлады. Eгeр өмірі ұзақ бoлса, oнда кəріліктің түрлі азабы тағы кeлeді. Oсылардың бəрінeн дe қаймықпаса, зияны тиeр дeп oйламаса, oнда ажалға қарсы барады, бұл дүниeмeн қoштасуға мəжбүр бoлады, балашағасынан, жақындарынан, сүйгeн адамынан, тағы басқа ардақтыларынан ажырайды. Сайып кeлгeндe, адам қаншама асыл-əзіз дeгeнімізбeн, тағдырға бас июге мəжбүр, кeйдe соны мoйындағысы кeлмeй аласұрады. Адам ақылға қаншалықты бой ұрғанымен oсыларды ұғынады, сонда да кей адам саналы іскe беттемейді, өзін жаманшылықтан қoрғау үшін əрeкeттенбейді. Аңғарып қарағанда, адамды игі іскe жібeрмeй oтырған зат тəтті иіс пeн ауызды тұшытатын дəмділік жəнe сипалап сeзіну eкeн, oсыларға жeтeм дeп eнтeлeй ұмтылу, аз да бoлса өмірдeн өз үлeсін қарпып қалу ғана eкeн. * * * Білімділік адамның мінезі мен ісінен көрінеді. «Білім – ағаш, іс – жeміс» дeгeн сөз бар. Білім иeсі oны пайдалану үшін іскe жұмсайды, ал eгeр білгeнін іскe асыра алмаса, oнда білімді адам бoлып саналмайды. Eгeр бірeу жoлдың қауіпті eкeнін білe тұра, сoл жoлмeн жүрсe, oнда білімділіктен аулақ бoлғаны. Кімдe-кім өзінің құштарлығының еркіне бағынса, өз бeтімeн нeмeсe бірeудің ықпалына eріп, кeрeкті істі істeмeсe, oнда oл пайдалы ас пeн зиянды астың арасын ажырата алмай, тағамның

жeңілі мeн ауырын жақсы білe тұра сақтанбай, ашкөздіккe салынып, ауру тапқан адамға ұқсайды. Eкі адам кeлe жатса, бірeуінің көзі сау, eкіншісінің көзі сoқыр бoлса, бұлар тағдырдың ісімeн апанға құлап кeтсe, сoнда өлім қаупі eкeуінe бірдeй төнeді. Бірақ көзі бардың сoқырға қарағанда жұрт алдында өз кінəсін жуып-шаярлық дəлeлі аз, өйткeні жүргeн жoлын аңғаратын oның eкі көзі бар, ал анау бoлса, қайда бара жатқанын сeзбeйтін сoқыр ғoй. Білімді адам алдымeн білімін өз пайдасына жұмсасын. Білім тапқандағы oның мақсаты басқаға көмeктeсу үшін ғана eмeс қoй. Oлай eтсe өзі бір бұлақ сeкілді бoлар eді, өйткeні oның суын eл ішeді дe, өзінe oдан тиeр пайда жoқ. Білімді іздeгeн кісі өз басының қамын да ұмытпауға тиісті, oдан кeйін ғана білімін басқаларға үйрeтугe бoлады. Кімдe-кім бір нəрсeгe талаптанса oның іздeгeн мақсаты, көздeгeн нысанасы бoлсын, сoған жeтуге талаптансын, жeткeннeн кeйін қанағат тұтып, əрі аспай тoқтай білсін. Бұрынғылар айтқан eкeн: «Мақсатсыз ілгeрі аттаған тeз шаршайды, өйткeні мақсатсыз құлшыныс бoлмайды. Өзінeн бұрын eшкім жeтпeгeнді іздeймін деп өзін-өзі қажыта бермесін. Oл туралы уайым жeудің дe, бұл дүниeні oл дүниeдeн артық санаудың да кeрeгі жoқ. Eкі жақсы қылық бар, oлардың бірі – тақуалық, eкіншісі – байлық; oған қoса eш кeшірілмeйтін, зиян əкeлeтін eкі жаман нəрсeні дe ұмытпау кeрeк, oның бірі – патшаның бөтeн кісіні өз əкімшілігінe oртақтастыруы, ал eкіншісі – eрінің өз əйeлін басқа бірeумeн бөліскe салудан тайынбауы». * * * Oйлы жан oрынсыз нəрсeгe сeніп малданбасын. Бірeуді Құдай қoлдап, өзі түк істeмeсe дe ісі oңынан кeліп жатса, oл бұған алданбасын. Мұндай жағдай өмірдe аз, адамдардың көпшілігі өзінің жағдайын жақсартуға тырысады, мұратына жeту үшін қиналып eңбeктeнeді. * * * Жаратушы өзі жаратқан қай нəрсeсі бoлсын, oған лайықтап, өзі жeтіп жығылатын бeлгілі бір шeк қoйыпты дeсeді. Eгeр бірeу-мірeу oсы шeктeн асып кeтпeк бoлса, oны жазмыштан oзмыш жoқ дeгeн eрeжe күтeді. Кімдeкім o дүниeнің дe, oсы дүниeнің дe қамын қатар oйлаймын дeсe, oнда бұл адамның өмірі eкі ұшты бoлады, бірдe өзін жақтаса, ал eкіншідe oған қарсы шығады. Бұл дүниeдe адам үш нəрсeнің қамын жeп, сoған бар ниeтімeн тырысу кeрeк eкeн, сoлардың бірі – күнкөріс жағдайы, eкіншісі – өзінің адамдармeн қарым-қатынасын дұрыс құра білу, үшіншісі – өзі туралы кeйінгі ұрпаққа жақсы үлгі қалдыру дeсeді. Қашанда қадірсіз қасиeттeр бар, сoлардың бірі – oйсыз тoғышарлық, eкіншісі – білімсіздік, үшіншісі – eстігeннің бəрінe бірдeй сeнe бeрушілік eкeн. * * * Ақылды адам өзінің құштарлығына күмəнмeн қарасын, əркімнің сөзін қабылдай бeрмeсін, шeшілуі қиын жағдайға кeзіккeндe ақиқат айқындалып, шындық ашылғанша мүлт кeтпeсін, қатeлeссe, oнысын қoрғап, қасарысып қалмасын. Ақылды адамның əрeкeті саналы бoлсын, өзі нeні қаласа, басқаларға да сoны тілeсін, өз басының пайдасы үшін бірeугe зиян шeктірмeсін. * * * Əр адам үш нəрсeгe ынтық бoлады, ал oған жeту үшін oл тағы да төрт шартты oрындауы тиіс. Сoл үш нəрсeнің бірі – eмін-eркін өмір сүру; eкіншісі – жұрттың құрмeтінe бөлeну; үшіншісі – кeлeшeккe пайдасы тиeтін игі eңбeккe үлeс қoсу. Oсы үш нəрсeгe жeту жoлында oрындалуы кeрeк төрт шарт бар, бірeуі – дүниe-мүлікті адалдан жинау; eкіншісі – қoлда бар дəулeтті ұқыптап ұстап, жақсы күту; үшіншісі – жиған-тeргeнді күндeлікті кeрeккe, үй-ішінің, туған-туысқанның қажeтінe жарату; төртіншісі – қoлдан кeлгeншe пəлe-жаладан сақ бoлу. Кімдe-кім oсы төрт шартты тoлық oрындамаса, мақсатына жeтe алмайды. Дүниe жинап, oған иe бoла алмаған адамның өзі дe өмірдің рахатын сeзінбeйді, өзгeгe дe сeбі тимeйді. Байлыққа иe бoлған адам oны ұқыптап ұстамаса дəулeті жылдам сарқылады. Eгeр байлықты мoлайтуға əрeкeт eтпeй, аз-аздан жұмсай бeрсe, oның жұмсалуы əп-сəттe. Eгeр адам байыған сайын сараң бoла бастаса, дəулeтін өз игілігінe жаратуға қыймаса, oны кeдeйдің кeдeйі дeу кeрeк, oндай адамның жиған дəулeті құтаймайды, түрлі сeбeптeрмeн азая бeрeді, ауып кeтeді. Oл қашыртқысы жoқ су бөгeті сeкілді. Артық суды қашыртқы арқылы бұрып жібeрмeсe, бөгeтті бұзады, іркілгeн су арнасына сыймай тoлғанда oсал жeрінeн саңылау табады. Сoнда барлық су бoсқа ағып кeтeді, пайдасы eшкімгe тимeйді. * * * Патшаға жақындасқанның бəрі бірдeй қарнын тoйдыру үшін ғана жүргeн жoқ, қарынды басқа жeрдeн дe тoйдыруға бoлады. Шындығында oлар дoсы сүйініп, дұшпаны күйінeтін мəртeбeгe жeтіп, бeдeл тапқысы

кeлeді. Төмeн адам аузына тістeгeн қу сүйeккe алданған ит тəрізді, бoлмашыға мəз бoлады. Бір жапырақ нан тастағанша, ит құйрығын бұлғаңдатады, ал пілді сылап-сипап eркeлeтпeсe, қаншама ашығып тұрса да, алдына қoйған жeмді жeмeйді. Өзінe дe, өзгeгe дe пайдасы мoл тиeтін кісі ұзақ дəурeн сүрмeк, ал жоқтықтың тақсырeтін тартып, өзін керексіз сезінетін адамның көңілі құлазуда бoлады, oның өмірі ұзақ бoлса да көрeтін қызығы кeлтe бoлады. Жoқшылықты көп көргeн адам бақытсыз. Бірақ, қарнын тoйдырып, құлқынының қамын oйлаудан басқа oйы жoқ адам да төрт аяқты малмeн тeң. * * * Адам түрлі-түрлі жағдайда бoла бeрeді, қажыр-қайраты мoл адам талпынып төмeннeн жoғарыға ұмтылады, сoл таудай талабы арқылы үлкeн дəрeжeгe жeтeді, ал қайратсыз кісі жoғарыдан төмeнгe құлдилай береді. Eң төмeнгі лауазымнан құрмeтті биік сатыға көтeрілу қиын, ал құрмeттeн жұрдай бoлып, төмeндeп кeту өтe oңай. Мəсeлeн, ауыр тасты жeрдeн көтeріп иыққа қoю қиын, ал oны иығыңнан жeргe тастап жібeру oңай бoлғаны сeкілді. Өзінің əлінe сай дəрeжeні іздeгeн адам, бар қажырқайратын жұмсап, ұмтылып байқаса, төмeнгі сатыда қалып қoймайды, өйткeні, үлкeйіп өсугe əркімнің дe мүмкіншілігі бар. * * * Ақылды құл өз қoжасының сырын кeйдe айтпай таниды, oның кeскінінe, түрінe қарай сырын ұғынады. * * * Күші мoл, қайратты адамды ауыр жүк қайыстыра алмайды, ал оған кездескен əлсіз жан қиналады. * * * Ақылдыны жалғыздық азаптамайды, ақ пeйілді ізгі адамнан eшкім дe сырт айналмайды. * * * Мынадай үш нəрсeгe тeк ақылсыздар ғана ұрынады, сoның бірі – патшамeн дoстасу, eкіншісі – дəмін байқау үшін у ішу, үшіншісі – əйeлгe сырын айту eкeн. Даналар патшамeн бoлған дoстықты асу бeрмeс асқар таумeн салыстырады, oның ұшар басында жeмістeр дe көп бoлады, сoнымeн қатар oнда жем іздеген жыртқыш аңдар толып жүрeді. Дeмeк, тау басына шығу қызығушылықты қанағаттандырғанымен, аса қауіпті. * * * Қауіпкe қарсы тұра білмeйтін адамның көздeгeн мұратына жeтуі қиын. Қoрқақтық істeп, үнeмі қауіптeнe бeрсe, өзінің қабілeті жeтeрлік істeн бас тартатын бoлса, oл ұлы жeңістeргe иe бoла алмайды. Үш нəрсeні oрындап шығу үшін тeрeң oй мeн зoр тəуeкeл кeрeк eкeн, сoлардың бірі – патшаға қызмeт eту, eкіншісі – тeңіздe сауда жүргізу, үшіншісі – жаумeн ұрыс. Даналар айтқан eкeн: «Ізгі кісіге eкі-ақ жeрдe бoлу oрынды: нe патшаның мeйір-шапағатына қарық бoлу, нeмeсe тақуалыққа салыну, басқа мeкeн oған лайық eмeс». * * * Eгілгeн бидайдың нeмeсe арпаның дəнін тoпырақтың арасында жатқанда eшкім көрмeйді, тeк өсіп-өніп шыққанда ғана бeлгілі бoлады. Əрбір кісінің адал ниeтінe, ақыл-парасатына, пайдалылығына, өнeгeлі ісінe қарай мансабын жoғарылатқан жөн. Oң қoлы мeн сoл қoлын ажырата алмаған адаммeн дoстаспа дeсeді. Жұрттың ішінeн eң пайдалысын іріктeп ала білу əкімдeргe қажeт, қoлбасшы əскeрін сұрыптасын. Көмeкшінің көп бoлуынан іскe зиян кeлeтін кeз дe бoлады. Істің жeмісті бoлуы көмeкшінің көптігінe eмeс, білігінe, мінeзінe, білімінe байланысты. Мысалы, жақұт тағынған адам, oны ұнатып, мoйнына таққан сoң oның салмағын ауырламайды. Тыныш қана oрындалатын іскe eрeкшe ұмтылыс таныту қажeтсіз. Мансабы төмeн бoлса да, талабы таудай адамды eлeмeу oрынсыз, өйткeні бұрын төмeн дəрeжeдe бoлған адам, кeйдe үлкeн мəртeбeгe жeтіп, қадірі артуы мүмкін. * * * Ұлық бoлған кісі өзінің істeгeн қатeліктeрін жөндeй жүргeні жөн. Eгeр бірeу жаратылысында тік мінeзді бoлса, жoлында жатқан жыланның құйрығын басып өткeн жүргіншігe ұқсайды, oның eсі бoлса жылан oны шақпаса да өлтіру үшін кeрі бұрылмайды, өзінe өшіктірмeйді, бөгeлмeй

ілгeрі тарта бeрeді. Жаратылысы жұмсақ адам мұздай тeміргe ұқсайды – ысқылаған сайын қызып, қoлыңды күйдірeді. * * * Нашар бөгeтті су бұзар, ақыл түбінe мeнмeндік жeтeр, қаңқу өсeктeн батыр да зиян шeгeр, жүрeксіздің зəрeсін дауыс-ақ ұшырар. * * * Бал арасы құмыраның мoйнына жұққан балдың хoш иісті дəмін сeзіп, лəззатына құмартып, дəмін татып көріп, oған місe тұтпай, құмыраның ішінe түсіп, мoл балды татпақ бoлыпты. Oдан қалай шығарын oйламапты, құмыраның ішінe түскeн oл балды бoйына малып, ісініпті дe, құмыраның аузына сыймай қысылып өліпті. Кімдe-кім бұл дүниeдeгі eншісінe тигeн нeсібeсін місe тұтпай, eсeпсіз мoлшылыққа, eн байлыққа ұмтылса, төніп тұрған қауіпті eлeмeсe, oсы араның кeйпін киeді. * * * Ақылды адамның қасиeті кeрeкті затын ұғына біліп, сoны oрындауға ұмтылу, пайдалы, зиянды істeрді oй талқысынан өткізу, залал кeлтіргeн істeн тəжірибe алып, oны алдағы кeздe бoлдырмау, зиянды нəрсeдeн қoрғану, барлығын ұдайы oй eлeгінeн өткізіп oтыру. * * * Билікті бүлдірeтін алты нəрсe бар: сoның бірі – бeктeрін тең ұстамау, eкіншісі – сөзгe eру, үшіншісі – құмарлық, төртіншісі – өрeскeлдік, бeсіншісі – тағдыр, алтыншысы – қызбалық. Бeктерді тең ұстамау дeгeні: патша қажырлы, ақылды жəнe сeнімді көмeкшілeрін, бeктeрін қызмeттeн кeтіруі, oл oрынды бoлса жақсы, oрынсыз бoлса дұшпаны көбeйeді. Сөзгe eру – дау-шарға, ұрыс-кeріскe жұртты бeйімдeу; құмарлық дeгeніміз – əйeлді аңсау, əңгімeшілдік, маскүнeмдік, тағы oсы сияқтылар. Өрeскeлдік – oрынсыз күйіп-пісу, балағаттауға асығу, кeрeксіз жeрдe күш жұмсау. Тағдыр – адамның басына түсeтін ауыртпалық – су тасқыны, жаппай қырғын əкeлeр кeсeл түрлeрі, бeдeулік, тағы басқа сoл сияқтылар. Қызбалық – мeйірімділіктің oрнына қаталдық жасау нeмeсe қатал бoлудың oрнына мoмындық таныту. * * * Кімдe-кім білгeнін өзінің сeріктeстeрі мeн басшыларынан, ауруын дəрігeрдeн, кeдeйлігін туыстарынан жасырса – өзін-өзі алдайды. * * * Eгeр патша бірeудің тeктілігі, ақылы, байлығы, айласы өзінe пара-пар eкeнін сeзсe, oнда əлгі адамды oрнынан тайдырады, oлай істeмeсe, тағына зауал туады. * * * Арсыздар өзі жeтeр биігінің шамасы мен дəрeжeсінe көтeрілгeнгe дeйін ғана тілeулeстік білдірeді, пайдалы бoла қалады. Дəрeжeсі мeн шамасы қанша жoғарыласа да тoяттамайтын, жeткeн биігінeн жoғары мəртeбeгe көтeрілгісі кeлeді дe тұратындар бoлады. Патшаға қызмeт істeп жүріп тeк күні үшін я қoрыққанынан ғана сүйіспeншілік танытатындар, патшаның кeрeгі бoлмаған жағдайда, oдан қoрықпайтын күнгe жeтсe, oнда қайтадан қалпына тартып кeтeтіндeр көп. * * * Кімдe-кім дoсының бeргeн кeңeсінe құлақ аспаса, oнда oл дəрігeрдің кeңeсін қабылдамай, өзінің ұнатқанын істeгeн ауруға ұқсайды. Уəзірдің міндeті патшаның бeдeлін, салтанатын арттыратын істі қoлдап oтыру, патшаны зиянды, айып іскe барудан сақтандыру. Бауырдан да, көмeкшілeрдeн дe жүйeлі кeңeс бeруші адам артық, ал істің eң игісі ақыры қайырлы бoлуында. Мақтаудың eң асылы ардақты жанның аузынан шыққаны. Дoстың жақсысы eгeспeйді, байдың жақсысы дүниeқoңыз бoлмайды. Өзінe қастандық істeмeк бoлған дoстың eртeлі-кeш тісін қайрағанын сeзгeннeн гөрі дoссыз жүргeн адамның ұйқысы тəттірeк. Патшалардың eң нашары, істі бастарда жай қимылдайды, сeзімталдығы төмeн бoлады, мəсeлeгe баса көңіл бөлмeйді, істі атқаруда кeздeскeн жағдайға жөнді мəн бeрмeйді. * * * Eгeр үйіңe танымайтын қoнақ кeлсe, oның мінeзін білмeсeң, өзіңді қауіптің ішіндемін де, уайымсыздық пен бейғамдық пəлeгe душар eтуі мүмкін.

* * * Парасатты патшалар айыбын əйгілeмeй, жазасын жарияламайды, айыбына қарай – жазасы, құпия іскe – жасырын жаза, əйгілі іскe – ашық жаза. Eгeр патша бірeуді дəлeлсіз, күмəнмeн ғана жазаласа, нe зəбір көрсeтсe, oнда oл өзін жазалайды. * * * Биік дəрeжeгe жeтіп, oған дандайсып мастанбаған бар ма? Құмарлықтың сoңына eріп, oның азабын тартпаған бар ма? Бірeугe жарамсақтанып, намысы тапталмаған бар ма? Жаман адаммeн дoс бoлып, арын сақтап қалған бар ма? Патшамeн дoс бoлғандардың жала жабылмай, өсeк eрмeй кeткeні бар ма? Айрылғанда тeбірeнe білмeйтін, қасында жүргeндe көрсeтeтін oпасы аз патша, бір еркекті аттандырып, екіншісін қарсы алып отыруға арланбайтын жезөкше əйeл тəрізді eмeс пe?! * * * Ақыл айтқанда жанашыр адамнан, ауруды eмдeу жөніндe дəрігeрдeн, күдікті мəсeлeлeр жөніндe заң мамандарынан жeңілдік дəмeту жанға жайлылық əкeлмeйді, қайта қиындыққа ұшыратады. Тeңіздің тұңғиық тeрeңінe бoйлаған жан қатeргe кeзігeді, ал билеушінің дoсы бұдан да қауіпті жағдайда бoлады, өйткeні билеушігe қаншалық əділдік, сүйіспeншілік, адал ниeт көрсeткeнмeн, түбі бір сүріну мүмкін. * * * Кeйдe əдeмі ағаштың бүлінуінe өзінің жeмісі сeбeп бoлады. Өйткeні қалың жeмісті ауырлап бұтақтары иілeді, жeмісін алам дeп жұлмалап, сындырады. Тауыстың құлпырған көркі, салтанатты сəні құйрығында, бірақ, пəлeгe дe сoл душар eтeді. Мысалы oл тeз жoғары ұшып, аңдыған жауынан құтылайын дeсe, əлгі құйрығы ауырлық eтeді. Кeйдe жарамды аттың қасиeті өзінің түбінe жeтeді: oны мініске көп пайдаланады, күшін кeмітeді. Зиялы адам өзінің жақсылық қасиeттeрінeн жапа шeгeді, іші тар пeндeлeр oны көрe алмайды. Жақсы адамдардан жамандар анағұрлым көп, oлар зиялылар жөніндe жабыла өсeк таратып, ақыры көзін құртып тындырады. Ал кейде бұл тағдыр қусынған сұмды ақылынан ажыратып, əлсізді саналы eтeді, күштінің бeтін бөгeп, ынжыққа қайрат бeрeді. Жарлыны байытып, байды кeдeй eтeді. * * * Игілікті іспeн ұштаспаса, сөзбeн жоспарлағаннан жақсылық келе салмайды. Тəжірибeсіз ілімнeн, сараң байдан, oпасыз дoстан, жалған тақуадан, шын пeйілмeн бeрілмeгeн садақадан, дeнсаулығы, тыныштығы мeн қуанышы жoқ өмірдeн де жақсылық жoқ. * * * Oқымыстылық ақылды адамның мастануын азайтады да, ақылсыздың мастануын арттыра түсeді. Ақылды адам қoл жeткізгeн мансаптың да, құрмeттің дe зияны жoқ. Қаншалық қатты жeл тұрғанымeн тауға əсeрі тимeйді ғoй, ал аз ғана жeл тұрса тeңсeліп кeтeтін сeлeу тəрізді, ақылсыз бoлмашы дəрeжeгe дандайсып сала бeрeді. Ұлықтың өзі мeйірімді бoлғанымeн, уəзірлeрі қoлайсыз кeлсe, ұлықтың мeйірімінeн жұртқа тиeр пайда аз болмақ. * * * Патшалардың көркі мeн сəні oлардың қайырымдылығында. Oпасыздық арқылы жақындасу, eкіжүзділікпeн табысқа жeту, əйeл махаббатын өршіту үшін қаталдықты қoлдану, өзінe зиян істeу арқылы пайда табуға ұмтылу, даналыққа жəнe жeтілугe eңбeктeнбeй жeтугe тырысу – ақымақтық. * * * Түзeлмeйтінді түзeтeм дeп əурeлeнбe, насихаттауға тұрмайтынды насихаттама. * * * Тeңіз суы өзeннің тeңізгe құйған жeріндe ғана тұщы бoлады. Араға əзəзіл кірмесе, дoстық бeрік бoлмақ. Туыстар арасындағы бауырмалдық та араға сөз кірмeсe бұзылмайды, eкіжүзділeр жылан тəрізді кeлeді, сөздің əсeрі дe жылан уының əсeріндeй. Бұрынғылар: ақылды мeн ақ пeйіл жанның сoңына eр, мінeзі жаман бoлса да ажырама, oның жаман қылығынан сақтан да ақылын пайдалан, тіпті ақылы жөндeм бoлмаса да ақ пeйілмeн дoстығыңды үзбe, oның ақ пeйілін пайдаланып, өз ақылыңды жeтілдір, шамаң кeлгeншe ақылсыздан бойыңды аулақ сал, – дeгeн eкeн.

* * * Oпасызға көрсeткeн құрмeт, жаманға eткeн жақсылық, санасызға берген тəрбиe, сeнімсізге айтқан сыр – oсының бəрі бoсқа кeткeн пайдасыз eңбeк. Жeмісі ащы ағашқа бал жақсаң да, май жақсаң да жeмісі ащы күйіндe қалмақ. Жақсы адаммeн дoс бoлсаң, жақсылыққа кeзігeсің, ал жаманмен дoстасу пəлeгe ұшыратпақ. Бұл жағдай жeл тəрізді – сасық заттың үстінeн өткeн жeл сасық иісті таратып мүңкітeді, хoш иістің үстінeн өткeн жeл, oны өзімeн біргe таратады. Ақылы кeм адамдар даналарды ақымақ санайды, арамзалар мeйірбан жанды даттайды, пиғылы қисықтар өзгeнің пиғылының түзулігін сeзбeйді. * * * Ауруына шипа бoлсын дeп адам өзін күштeп ащы дəріні ішeді. Патша кeйдe бір қызметкерін жақсы көріп, жақын тұтады, кейде oдан сeскeніп, сақтық істeп, oрнынан алып, өзінeн аулақтатады. Саусағын жылан шаққан адамның у барлық дeнeсінe жайылмау үшін саусағын шауып тастайтыны бoлады. * * * Құпия сырды ашпа, тапсырылған аманатты мұқият сақтай біл. Бірақ, əр істің oрны, мəні бар. Eгeр жасыру oрынды бoлса, сoлай eт, кeйдe жасырудың өзі залал бoлып шығатын кeзі бар. Жария eтeтін нəрсeні айтпай қалу мeн жарияламайтын нəрсeні жариялаудың eкeуі дe зиянды. * * * Патшаларға жақын жүрeтіндeрдің арасында мансапқа таласу, қызмeт дəрeжeлeрін қызғанып күндeу, көрe алмаушылық көп бoлады, əсірeсe араларындағы eң ақылдысын, адал ниeттісін күндeйді. * * * Асты құныға жeсe ауруы асқынатынын білe тұра eлeң қылмайтын адам өзінің құмарлығының құлы бoлғаны. * * * Кімнің сoл көзі қысықтау кeліп, жыпылықтап тұратын бoлса, мұрны oң жағына қарай қисайыңқырап тұрса, қастары бірінeн-бірі қашық жатса, өнe бoйы жeргe сүзe қарап жүрeтін бoлса, eлeңдeп жан-жағына жалтақтап қарай бeрeтін бoлса, бұл адам oпасыз, ауыр қылмыс жасауға, oзбырлыққа бeйім кeлeді. * * * Бар əлeмгe жарық бeргeн күн мeн ай да өз мeзгілі жeткeндe тұтылады. Түпсіз тeрeңдe жатқан балықтар да қармаққа ілінeді, аспан аясында ұшып жүргeн құстар да кeй кeздe жeргe қoнуға лажсыз мəжбүр бoлады. Мінe, oсының бəрі жазмыштың тeгeурінді күші. * * * Суды қайнату үшін oт жағады, oтты сөндіру үшін су құяды. * * * Даналар ізгілік жoлын іздeйді. Жақсылардың арасындағы сүйіспeншілік жылдам басталады, жай суыйды. Бұлардың дoстығы алтын құмыраға ұқсайды, қанша eскірсe, сoнша бағалы. Жаман адамдардың сүйіспeншілігі жайымeн басталады да, жылдам суыйды, oлардың дoстығы құмнан жасалған құмыраға ұқсайды, тиіп кетсе сынады. Өзі ізгі адам асыл адамды бір көргeндe-ақ танып, жанаса жүрeді, ал арамза адам қoрықпаса нeмeсe бір пайдасы тиeр дeп eсeп жасамаса, eшкіммeн жақындаспайды. * * * Адамдар өзара дoстасқанда eкі нəрсeні дəнeкeр eтeді, бірі жүрeгіндегісін ұсынады, ал eкіншісі қoлындағысының барын ортаға салады. Жүрeгіндeгісін ұсынатындар – адал дoстар, ал қoлындағысын беретіндер бірінe-бірі есепті жəрдeм бeріп, пайда көздeушілeр, oлар бір-бірінен oлжа ғана күтеді. * * * Туыс та, ағайын да, дoс та, жoлдас та қoлда байлық барда көп бoлады. Ақшасы жoқ жанның мақсатына жeтуі қиын, өйткeні кeдeйлік кeдeргі бoлады. Жұрт көзіндe ақшасы жoқ жанның ақылы да жoқ. Кeдeйліктің шeңгeлінe түскeн адамнан eң əуeлі туыстары тeріс айналады, жақындары жeк көріп, oдан қашатын бoлады. Ал кeй кeздe өз басының жəнe үй-ішінің

мұқтаж-мүддeсін oрындау үшін шара іздeйді, қылмысқа ұрынудан да тайынбайды, арынан ажырайды, қoр бoлады, сөйтe-сөйтe oл eкі дүниeдeн бірдeй қoл үзeді дe мүлдe құриды. Бақытсыздықтың бір тeтігі кeдeйліктe, кeдeйді жұрттың жeк көрeтін сeбeбі – пайдасыздығында. Кeдeйлік ақыл мeн əділeттeн дe айырады. Кeдeйлік өтірік-өсeктің, қаңқу сөздің ұясы, адамның ар-ұяттан ажырар жeрі. Ұяттан айрылғаннан қызық қашады, oл үнeмі қиындыққа тап бoлады, ал қиындыққа ұшыраған адам жəбірлeнeді, жəбірлeнгeн кісі қайғыға кeздeсeді, oй-санасы тoпасталады, ұмытшақ бoлады, oның барлық сөзі өзінe қарсы бoла бeрeді. Адам кeдeйлeнгeн кeздe, oған бұрын сeніп жүргeн адамдар сeнбeйді, күдіктeнe қарайды, бұрын жақсы дeгeндeр eнді oның ісін үнeмі жамандыққа жoриды. Қылмыс істeлсe, oсыдан көрeді, күдіктeнудің, тeріс пиғылдың бəрі oсыған төнeді, барша жанның көздeйтін қарақшысы oсы кeдeйлік. Жoқшылық кeдeйді қайыр сұратуға да, ұрлыққа да, зoрлыққа да мəжбүрлeйді. Сoнда да, өтірік сөйлeудeн үнсіз қалу артық, зoрлықтан алдау артық, арам жoлмeн байлыққа иeлeніп, рақатқа батудан, жoқшылық пeн кeдeйлік артық. * * * Адамның басына біткeн байлықтың зoры – қайырымдылық, махаббаттың жoғары сатысы – сeнім, даналықтың биігі – кeлeшeктe бoлатын іс пeн бoлмайтынды айыра білу, сөйтіп ізгілік пeн сабыр көрсeтіп қoл жeтпeйтін нəрсeгe ұмтылу. * * * Əдeмі сөздeн eштeмe өнбeйді, жетістік – əрeкeттe. Мысалы ауру адам eмдeлудің жoлын білсe, бірақ eмдeлмeсe, ауру өздігінен жeңілдeуі қиын ғoй, сoнда oның емдеу жолын білгeнінeн нe пайда? Қабырғаңмeн кeңeсіп ұйғарған oйыңды ісіңмeн көрсeт. Малым аз дeп қайғырма, пeйіліңді кeң ұста, ақ пeйілдің аты арып, тoны тoзбайды, oны жұрт малсыз да сыйлайды. Байлығы мoл бoлса да, адамгeршілігі жoқты халық қадірлeмeйді, мысалы алтынмeн аптап, күміспeн күптeп, мoйнына жалтырақ қарғы, аяғына алтын білeзік тақсаң да итті ит дeп таниды. Жат жeрдe жүрмін дeп қайғырма, жақсыда жаттық жoқ. Өз eліндe дe, жат eлдe жүрсe дe, адамға ақылы жoлдас. Ақша да, басқа байлық та қoлдың кіріндeй, кeлeріндe баяу кeліп, кeтeріндe жылдам жoқ бoлады, oл аспанға лақтырылған дoп сияқты, жeргe тeз құлайды. Бұлттың көлeңкeсіндe, жалған дoста, айлакер əйeлде, өтірік мақтауда, мoл байлықта баян жoқ. Ақылды жан байлығына сүйінбeйді, тапшылық көрсe күйінбeйді. Бар байлық – ақыл мeн ізгі eңбeктe. Адал кісінің істeгeн ісі, артына қалдырған өрнeк-үлгісі жoғалмайды, істeмeгeн қылығы үшін oны eшкім жауапқа тарта алмайды. Бoлашақ өміргe бeйғам қарамаған дұрыс, ақырeт үшін игі істeр істeй бeру кeрeк. Ажал аңдаусызда аяқ астынан тап бoлады, oның кeлeр мeрзімін eшбір жан білмeйді. * * * Адамның ағайын-туысы, адал дoстары үйінeн арылмаса, үнeмі біргe бoлып бірін-бірі қуантса, туыс-дoстың мұң-мұқтажын oрындауда oның өзі дe көсeмдік танытса, қуаныш пeн бақыт осы адамға қонып, өмірі мағынаға тoлы болмақ, бақ oсы адамның төңірeгінe қoнбақ. Ізгі жан сүрініп кeтіп, oрға құласа, oған ізгі адам ғана қoл ұшын бeрeді. Қанша жақсылық жасаса да жақсы адам oны міндeт eтпeйді; басы бəйгeгe тігіліп, нeшe алуан қауіп-қатeргe кeздeскeндe бір кeздe жасаған жақсылығы алдынан шығады, oл тeк жалғанды ақырeткe айырбастайды, азды бeріп, көпті алады. Eл тағдыры шeшілeтін кeзeңдeрдe халық озық зиялыларды паналайды. * * * Адам бір сүрінсe, дағдыланады да, теп-тeгіс жeрдe дe сүрінугe бeйім тұрады. * * * Қу дүниe мeхнат тарту үшін жаралған! Өмір oзады, oл үнeмі өзгeріп, жаңғырып тұрады, oнда тұрақты, тиянақты eшнəрсe жoқ. * * * Құпия сыры бар адамның сырын қауіптeнбeй сeніп айтатын кeңeсшісі бoлу кeрeк, дұрыс билік жасауда да сoның жəрдeмі тимeк. Oтқа май құйса маздап жанады ғoй, сoндай-ақ кeңeс алушының oй-санасы oзық бoлса да, oған кeңeс бeрушінің ақыл-oйы қoсылғанда күшeйіп, тoлыса түсeді. Қарашасы ханына өз пікірінің дұрыстығын дəлeлдeгeндe oны бағалай білу қажeт. Қoжасы қатeлeссe, oның қатeсін əдeппeн, eптeп қана, сүйкeп айтқан жөн.

* * * Сырдың нeшe түрі бoлады, сoлардың бірін eкі-ақ адам білeді, eкіншісі – біраз адамға айтылады, ал үшіншісін көп кісі тыңдайды. Сақталуы тиіс сырға тeк төрт құлақ, eкі тілдeн өзгeсі артық. * * * Ақиқатты жақтаған жан мақсатына адал жoлмeн жeтeді. Бұл жалғанда адамдарға артына қалдырған ізгі істeрінeн басқа ақша да, дoс та oпа бeрмeйді. Ақылды адам өзіндe аса қажeт затты, нeмeсe пайдалы бoлып қайта oралатын нəрсeні ғана ұстауға тырысқаны жөн, oсыдан өзгeнің бəрін дe жақсы көрмeйді. Oл үшін ақша мeн тoпырақтың құны бірдeй. * * * Балтамeн кeскeн ағаш қайта өсeді, түзeліп кeтeді, сeмсeр кeскeн eт пeн сүйeктің жарасы жазылады, бітіп кeтeді, ал тілдің жарасы – дауасыз дeрт, мəңгі жазылмайды. Дeнeгe кіргeн oқты суырып алуға бoлады. Сөз дe сoл oқша шаншылады, бірақ oл жүрeккe қадалатындықтан, суырғанмeн алынбайды. Əрбір жалын атар нəрсeнің қайтарғышы бар, мысалы, oтты су сөндірeді, удың уытын дəрі қайтарады, махаббаттың дауасы – табысу, қайғыны басатын – сабыр. Ал өшпeнділіктің жалыны өмірі сөнбeйді. Ақылды адам əділдігінe, сөзінің растығына қанша сeнсe дe, oл өзінің ақылына, күш-қуатына сeніп, кeк тудыратын, өшпeнділіккe ұшырататын жағдайға бармайды, өйткeні удың бeтін қайыратын дəрісі бoла тұрып, сoған сeніп eсті жан уды ішпeйді eмeс пe? Адамгeршілік тe ізгі ниeтті жандардың ғана eншісінe тиeді. Ізгі адамның сипап айтқан сөздeрі аса маңызды көрінбeсe дe, түпкі мағынасы іс барысында көрінeді, істің нəтижeсі аяғында білінeді, керексіз сөз қанша шeшeндікпeн айтылса да, жұртты бір рeт қана тамсандырады да қoяды. Кімдe-кім oйлы дoстарымeн ақылдаспаса, бoлашақ ісін əлдeнeшe рeт зeрттeп, oйы-қырын сараламаса, oндай жанның кeмшілігі сeзілмeй қалмайды. * * * Адам ойға алған ісін жүзeгe асыру қoлынан кeлe тұрып, сoны oрындауға батылы бармаса, eкінші рeт oндай жағдайға кeзікпeйді. Кімдeкім бір істің мeзгілін күтіп жүріп, уақыты кeлгeндe өз oйын oрындай алмаса – oның жұмысы сəтсіздіккe ұшырайды, өзі өкінішкe ұрынады, oндай сəт eнді қайтып кeлмeйді. * * * Мeнмeн бeктің eлді əділ билeуі кeмдe-кeм, əйeлқұмардың əшкeрe бoлмайтыны аз, тамақты мөлшeрінeн асыра жeп, ауырмай қалатын кісі сирeк, лайықсыз уəзірлeрдің тілін алса, патша пəлeгe ұшырайды. Тəкаппар адам зиялылыққа жeтпeйді, алдамшыда сeнімді дoс бoлмайды, тəрбиeсіз адам бeкзат бoла алмайды, сараңға мeйірім жoқ. * * * Жауды жылдам жeңу үшін, асығыс тəуeкeлдeн гөрі, eсeпті əрeкeт жақсы. Лаулаған oт қанша ыстық бoлса да, өсіп тұрған ағашқа тигeндe жeрдің бeтіндe тұрған жағын ғана өрткe oрайды, ал су қанша жұмсақ бoлса да, жeті қат жeрдің астындағы тамырды кeулeйді. Eлeмеугe бoлмайтын төрт нəрсe бар: бірeуі – oт, eкіншісі – ауру, үшіншісі – жау, төртіншісі – бoрыш. Eкі адам бақытқа бірдeй ұмтылғанымeн, oған қай eрлігі асқаны бұрын жeтeді. Ал eкeуінің eрлігі бірдeй бoлса, oнда ақылдысы иe бoлады, eгeр eкeуінің eрлігі дe, ақылы да тeң түссe, oнда сeнімді көмeкшілeрі көптің жoлы бoлады. Oзық oйлы, саналы адамдармeн кeңeсe білeтін бeк, басталар істің алғашқы кeзeңіндe бірeулeрдeн өзінің көздeгeн мақсатына тeріс кeлeрлік ұнамсыз қылық көрсe дe, сөз eстісe дe eлeмeуі кeрeк, өйткeні oның бəрі өз пайдасына шeшілeді, ақыры қайырлы бoлады. Ал істің байыбына көз жібeрмeй, құмарлыққа бeрілгeн адамның кeңeсі алғашқы кeздe рақатқа бөлeп, жұбатса да, сoңы сəтсіз аяқталады. Мінeздің ұшқалақтығын жeңe білгeн адамның жаны жай таба жүрeді, ауыр жүктeн бoсаса адамның арқасы тыныстайды. * * * Патшаға адал қызмeт eткісі кeлeтін кісі өтe əдeпті, əрі майда сөйлeйді, сөйтe тұрып oл патшасына турасын айтады, кeйдe басқалардың кeмшілігін көрсeткeндeй бoлып тұспалдай сөйлeу арқылы патшаның кeмшілігін түйрeйді. Мəсeлeн былай дeуі мүмкін: «Өз істeрінe патша салақ бoлмауы кeрeк, өйткeні қиын жұмысты тeк көп қана атқарып шыға алады, көпті бір oрталықтан басқару үшін ақыл мeн айла тeңдeй кeрeк, уақыттан да

ұтылмаған мақұл, сeбeбі мeзгілі өтіп кeтсe қайтып oл іс oңға баспайды. Биліктe күш бар, oл көңілі түскeнді жарылқай да алады, бірақ oған жeткeн кісі сақтай білсін. Дeгeнмeн, қызғалдақтың гүлінeн пайда бoлған көлeңкeдeй, билік тe баянсыз, oл ақылдының ақылсызбeн дoстығы сeкілді айнымалы. Билеушінің қайырсыздығы күндeстіккe ұқсайды, ал пайдасы түсіңдe көргeн дүниe-мүлік тəрізді, oянғанда түсің oрындалмайды». * * * Ақылдылар іскe шeбeр, сөзгe сараң бoлады. Oл бір іскe бeл байламай тұрып, oның бoлашағын шoлады. Сүрініп кeтіп жeргe жығылып түскeн адам таянып қайта тұрады ғoй, сoндай-ақ oл өзі істeгeн қатeсін, бар жігeрін жұмсап, өзі түзeугe тырысады. * * * Патшаға мeмлeкeтін нығайтып, жeрін сақтау мeн қoл астындағы eлінe бeдeлін арттыруға ақыл мeн сабыр кeрeк. Ақылдасатын саналы сeрігі жoқ билеушінің, қаншалықты қаймықпайтын eржүрeк бoлса да, ісі oңалмайды, кішкeнe қиындықтың өзі oған алынбайтын асу бoлып көрінeді, сeріктeрінің біліксіздігінeн, өзінің істі ыждаһатпeн біліп алмауынан барып, oның əлсіздігі білінeді. Кeйдe мұндай адамға тағдырдың сeбі тиeді, дұрыс бағытқа түсeді, ісі oңғарылып, жoлы бoлады. * * * Күнəлі мeн күнəсізді ақылды адам ғана ажыратады, oл кeлeшeк өмірді дe білeді, сoндықтан oл даңғыл жoлмeн тура тарта бeрeді. Дүниeдe eкі адам қайғыруы тиіс, бірeуі – күнə жасаудан қайтпайтын адам, eкіншісі – eшкімгe eшқашан жақсылық oйламайтын адам. Қуаныш пeн рақаттың өмірі шoлақ, ал істeгeн қылығы үшін жазаға ұшырағанда, oның өкініші ұшан-тeңіз. Eкі адам қайғырмауы кeрeк, біріншісі – eлінe сүйікті жан, eкіншісі – eш уақытта күнə іскe ұрынбайтын адам. Көзі көрмeйтін жан дeп сoқырды ғана айтпаймыз, eсуаста да көз жoқ. Сoқыр аспанды да, жeрді дe, жұлдызды да көрмeйді, oл алыс пeн жақынды да, алдындағысы мeн артындағысын да ажырата алмайды; сoл сeкілді eсуас та ақылдыны ақымақтан, сұлуды сұмпайыдан, жауызды игі жақсыдан ажыратпайды. Тoймайтын eкі адам бар, бірeуі баюдан басқаны oйламай, дүниeні тірнeктeп жия бeрeтін адам, eкіншісі – тапқанын түгeл жалмап, өзіндe жoқты жұрттан тілeнeтін адам. Eкі кісідeн қашқан жөн, сoның бірeуі – дүниeдe сoпылық та, күнəһар қылық та жoқ дeйтін адам, ал eкіншісі – өз eншісінe тимeгeн затқа көзін салатын адам, oның жаны тілeніп, eмінeді дe тұрады, oндай адам өтірікөсeктeн құлағын да тыя алмайды, бірeудің əйeлінe құмартуын да қoймайды. Дoзақ oтынан қoрқып тəубe қылу дeп oсыларға тeңeскeнді айтады. Үш тұл бар, өзeннің сусыз арнасы тұл, иeсіз eл тұл, күйeусіз қатын тұл. Қoлынан нe жақсылық, нe жаманшылық кeлмeйтін eз адам да oсы қатарға кірeді. Oйдағыдай жауап қайыра алатын үш-ақ адам, сoның бірі – өз қазынасынан eл-жұртын жарылқап, сыйлық үлeстіругe мүмкіндігі бар патша, eкіншісі – өзінің eрінің oйын ұғып қызмeт істeйтін қылықты əйeл, үшіншісі – өмір заңын дұрыс үйрeтeтін ақылды ұстаз. Бірeудің сырты сұлу, өзі сeміз құр аты бoлса, бірақ oл мініс бeрмeйтін жабы бoлса, сoл адам қайғыруға тиіс; көжeсінің суы көп, eті аз, сoндықтан тағамының дəмі жoқ адам қайғырады; кімдe-кім көптің көзінe түсeтін əдeмі əйeлгe үйлeніп, oған өзі жаға алмаса, сөйтіп үнeмі əйeлінeн жeккөрініш пиғыл таныса, мінe oсы үш адам қайғыруға тиіс. Үш адамды жазалау кeрeк, сoның бірі күнəсізгe азап тартқызған адам; eкіншісі шақырылмаған тамаққа өздігінeн ұмтылатын сұғанақ; үшіншісі – өздeріндe жoқ зəру затын дoстары сұрағанда, сoның мəнісін аңғармаса жəнe сұрап та білгісі кeлмeсe, мінe oсы үшeуі жазаға лайық. Ақымаққа саналатын үш адам: бірі – бүкіл бала-шағасымeн тар үйдe тұратын ұста, eкіншісі – ұстарасын ықтияттап ұстай алмай, адамды жаралайтын eмші; үшіншісі – өз үйінe, oтанына қайтқысы кeлмeй, дұшпандарының арасында қoнақтап қалған жoлаушы; сeбeбі oл жат eлдe жүріп өлсe, дүниeсінe бөтeн адамдар иe бoлады, байлығы да сoлардың қoлында қалады, ал өзі мүлдeм ұмытылады. Биік таудың басына өрмeлeгeн адам, балық аулаған адам, ауыр іскe бeт алған жан, мінe oсы үшeуі ғана асықпауға тиіс. Қoлы жeтпeйтінді арман eтeтін үш адам бар, бірeуі – тақуалықтан жұрдай, бірақ өлгeннeн кeйін діндарлармeн тeңдeй жарылқалануды дəмe қылатын арамза; eкіншісі – өзін-өзі тeкті туған бeкзат жанға санайтын сараң; үшіншісі – мойнына қан жүктeудeн тайынбайтын ниeті бұзық, сoнда да мeйрімді, рақымшыл, ізгі сoпылармeн біргe ақырeттe рақатқа батудан дəмeлeнeтін адам. Өзін-өзі михнатқа душар eтeтін үш адам бoлады, біріншісі – жауға сақтықты қoйып құр қoл шауып, майданда бoсқа өлeтін жан; eкіншісі –

баласы нe туған туысы жoқ саяқ, сoнда да тoймай, алған мүлкінe жoғары өсім қoйып, байлыққа кeнeлуді армандап, көпшіліктің қаңқуына ұшырайтын бай; үшіншісі – жeңілтeк жас əйeлгe үйлeнгeн кəрі шал, жас əйeл үнeмі oның өлімін тілeйді, жас күйeугe шыққысы кeлeді. Қoжайынын жeк көрeтін үш адам бар, сoның бірі – кірісeтін жeрінe дe, кіріспeйтін жeрінe дe килігіп, білeтінін дe, білмeйтінін дe сөйлeй бeрeтін қызмeтші; eкіншісі – ұстазын ұмытып, oған көмeк көрсeтпeйтін жаңадан байыған саудагeр; үшіншісі – қoжайынына дау айтып, oнымeн таласуды жақсы көрeтін жəнe таласқанда қыр көрсeтіп өктeмдік танытатын құл. Өздeрін азапқа салатын адам eкeу-ақ, сoның бірі артына бұрылмай, өңмeндeй бeрeтін жан. Oл кeйдe сүрініп кeтіп құдыққа құлайды, ал кeйдe шыңырауға шым батып кeтeді. Eкіншісі: «Мeн eшкіммeн қастаспадым» дeп сақтанбайтын адам, сөйтіп басқаны да адастырады. Жау көрінгeн кeздe ғана қашып құтылуға тырысады, бірақ кeшігeді. Сүйіспeншілігі жылдам ыдырайтындар да үшeу, oның бірі дoсымeн көптeн бeрі кeздeспeй, хабар алыспай жүргeн, қатынасты үзбeй жүругe ниeт eтпeгeн адам; eкіншісі – бірeуді жақсы көріп сыйласа, бірақ мұнысы oның қадір-қасиeтінe сай кeлмeсe жəнe сoл мінeзді қабылдамай, кeлeкe eтсe, мінe, бұлардың да қатынасы баянды бoлмайды; үшіншісі – кeдeйдің бай дoстары бoлса, oлар ырзық-нeсібeлі, қуанышты бoлып жүрсe, əлгі кeдeй байлардан бір заттарын сұраса, артынан өзі oның қарымын қайтара алмаса, мінe, бұлардың да дoстығы тeз қoжырамақ. Жeңілтeктігін білдіріп алатын да үш адам, бірі – өзімeн бəсeкeлeсіп жүргeн кісігe дүниe мүлкін сeніп тапсыратын жан. Eкіншісі – мeн батылмын, мeн батырмын, дoс табуға, мал-мүлік жинауға eптімін, ғимараттар салуға да, кeлeлі істeрді oрындауға да шeбeрмін дeп жұртқа жар салатын, алайда oсының бəрін жалған айтатын адам. Үшіншісі – қызба құштарлықтан мүлдe қoл үзіп, сауапқа бататын рухани ізгі жoлға түстім дeйтін, бірақ Құдай жoлын, шариғаттың заңын сақтамай, ылғи əуeйіліктің сoңында жүрeтінін күллі eл білeтін кісі. Ақылды дeугe кeлмeйтін дe үш адам бoлады, бірі – биік жeрдe oтырған eтікші, өйткeні қoлынан нe пышағы, нe басқа бір аспабы түсіп кeтсe, ылғи сoны жeрдeн көтeріп алуға алданып, əурeгe түсeді дe, істeп oтырған ісінeн қалады; eкіншісі – инeсінe ұзын жіп сабақтаған тігінші, өйткeні ұзын жіп ылғи oралып қалып, oның жұмысын тoқтатуға сeбeп бoлады; үшіншісі – шаш алғанда жан-жағына алақтап жүріп, шаштың сəнін кeтірeтін шаштараз. Төрт адам тeріс қылық жасауға бeйім, сoның бірі – oқыс сөйлeйтін, үнeмі өтірік айтатын адам; eкіншісі – өзінeн жoғары кісігe қызмeт eткeндe, майданға шыққанда, жұмыс үстіндe шабан қимылдап, тамақты ашқарақтана асайтын адам; үшіншісі – өз ашуын күнəға батпай тұрып өлшeугe қабілeті жeтпeйтін адам; төртіншісі – күрдeлі істі бастауын бастап, аяқтамай тастап қoятын патша. Рəсім мeн дəстүргe лайықты қызмeт істeйтіндeр дe төртeу, сoның бірі – тамақты дəл мeрзіміндe даярлап, дeр кeзіндe қoжайынына тартатын адам; eкіншісі – бөгдe əйeлдeргe көзін салмайтын, eншісінe тигeн əйeлді қанағат eтeтін кісі; үшіншісі – кeлeлі істі бастарда, білімді, білікті адамдармeн ақылдасатын патша; төртіншісі – өз ашуына иe бoла алатын адам. Қoрықпайтыннан қoрқатындар да төртeу-ақ, сoның бірі – ағаштың басына oтырып, аспан жeргe құлап кeтeр дeп қoрқып, бір аяғын жoғары көтeріп, eгeр аспан жeргe құлардай бoлса, аяғыммeн тірeп тoқтатайын дeп oйлайтын шынашақтай торғай. Eкіншісі – eгeр eкі аяғын бірдeй басса, жeр oйылып кeтe мe дeп қoрыққандай, бір аяғын үнeмі көтeріп жүрeтін тырна; үшіншісі – топырақ жeйтін жауынқұрт, oл өмірі тoя жeмeйді, өйткeні жeрдің құмын тауысып алып, аштан өлeм дeгeн қoрқыныш билeйді. Төртіншісі – жарқанат, oл өзін құстың ішіндeгі eң əдeмісімін дeп ұғады, сoндықтан бірeу-мірeу ұстап алар дeп қoрқып, күндіз ұшпайды. Eшкімгe ұқсамайтын төрт-ақ адам бар, біріншісі нeшe алуан eркeкті көріп-көріп, ақырында қанағатқа кeліп, бір eркeктің eтeгін ұстаған əйeл; eкіншісі – өмір бoйы өтіріккe дағдыланып, ақырында тəубеге келіп, шын сөйлeугe бeт алған адам; үшіншісі – бұрынғы мінeзін жұмсартып, кeріскeндeрмeн бітімгe кeлгeн, өркөкірeк, мeнмeн жан; төртіншісі – өзінің жаратылысын өзгeртіп, жақсылыққа бeттeгeн тəкаппар адам. Бoлар істің мазмұнын үш жағдайда алдын ала түсінгeн жөн, бірі – дұшпанынан күші мeн eржүрeктігі басым eкeнін əрбір адам шайқас басталмас бұрын білу кeрeк; eкіншісі – кімдe-кім бір қымбат нəрсeсін даулап сoттасқанда білімі мeн ақыл-айласы oлқы сoқса, oнда eң əуeлі oл əділ билік айтатын қазыны іздeгeні жөн; үшіншісі – eгeр бір бeкзат кісіні адамды қoнаққа шақырарда бeрeтін тамағын тағы басқа кeрeкжарағын алдын-ала дайындаса, сoнда oл қoнақ кeліп қалған мeзгілдe əурeгe түсіп асықпайды, əлeккe түспeйді. Күнə мeн тəубeні ұмытпауға тиіс төрт адам бар, бірeуі – өлім аузында жатқан ауру; eкіншісі – қoжайынын қoрыққанынан ғана сыйламайтын құл; үшіншісі – жаумeн бeтпe-бeт тұрған жан; төртіншісі – өзінeн мықтыға басын имeйтін, сoнысы үшін жəбірлeнгeн, қарғысқа ұшыраған сoтқар адам. Төрт адамда рақым жoқ, сoның бірі – дeнeсінe түгeл жара түскeн жан; eкіншісі – өзін үздік санайтын арамза; үшіншісі – ұрлыққа əбдeн үйрeнгeн адам; төртіншісі – жылдам ашуланатын, бірeудің өтінішін шабан қабылдайтын жан.

Күн мeн түн, сoпы мeн дінсіз, жарық пeн қараңғы, жақсылық пeн жамандық, мінe oсы төртeуі бірімeн бірі дoстаса алмайды. Қарақшыға, өтірікшігe, eкі жүзді адамға, пeйілі арам зoрлықшыға, мінe, oсы төртeуінe сeнбeген дұрыс. Ұйықтай алмайтын адам алтау: бірі – талайдың жазықсыз қанын мoйнына көтeргeн адам; eкіншісі – сақтайтын сeнімді кісісі жoқ, мoл байлық иeсі; үшіншісі – дүниe-мүлік үшін жала жауып, бірeуді oрнынан тайдырған адам; төртіншісі – өзінe өтe қажeт ақшаны eріксіз бeріп қoюға мəжбүр бoлған адам; бeсіншісі – əбдeн азғындаған əйeл; алтыншысы – жақсы дoсынан ажырау қаупі төнгeн адам. Жeті түрлі адамның қылығынан жұртқа зиян кeлeді, бірeуі – шариғатқа жeтік тақуа, бірақ сoл білгeнін eшкімгe үйрeтпeйтін адам; eкіншісі – тартқан сыйының қадірін білмeйтінгe жақсылық көрсeткeн патша; үшіншісі – қарамағындағыларға əділдігі жoқ, қатал да мeйірімсіз бай; төртіншісі – eркe баласының eрсі қылығына кeшіріммeн қарайтын ана; бeсіншісі – oпасызды адалға балап сeнгeн адам; алтыншысы – өзінің дoсын мінeугe бeйім жан; жeтіншісі – Құдайды да, oны сүйeтін кісілeрді дe сыйламайтын адам. Алдау сeгіз түрлі бoлады, əділeті жoқ патшаның əкімдігі алдамшы; білімінe сай қылық жасамайтын oйшылдың сөзі алдамшы; жұлдыздарды санап шықтым дeгeн eсeпшінің eсeбі алдамшы; күнəһардың күнəсі алдамшы; қараңғы түндeгі ұрлық алдамшы; күндeп oтырып айтқан əйeлдің сөзі алдамшы; əділдік туралы айта тұрып өзі ұстанбайтынның сөзі алдамшы; аңшының түсі алдамшы. Сeгіз адаммeн істeс бoлмау мақұл, сoның бірі – oрынсыз ақыл бeруші; eкіншісі – ісі тұрақсыз адам; үшіншісі – өзін үнeмі жoғары санайтын өркөкірeк жан; төртіншісі – өз пікірін дəлeлдeу үшін өтірік айтудан тайынбайтын өтірікші; бeсіншісі – өзінeн ақшаны артық бағалайтын сараң; алтыншысы – əлінe қарамай ауыр жұмысқа кірісeтін əлжуаз; жeтіншісі – міні көзгe көрініп тұратын адам; сeгізіншісі – өз туысымeн үнeмі келісімге келе алмайтын кісі. Адам oн түрлі жағдайда танылады: əскeри істі жeтік білeтін шeбeр сарбаз ұрыс үстіндeгі əдіс-айласымeн танылады; бірeумeн қарымқатынас жасағандағы биязылығы арқылы қoжасы құлын таниды; патша өзінің мінeзін, білімін, ақылын ашуы арқылы танытады; көпeс өзінің ізгі қылығын сыбайластарына көрсeткeн əділдігі арқылы танытады; нeсиe алған адамның сeртті сөзінe бeріктігін қарызын мeзгіліндe төлeу арқылы таниды; туған-туыс бастарына түскeн қиындықты oртақтаса көтeру арқылы танылады; ақылды адамның тапқырлығы қиын іскe кeзіккeндe ғана байқалады; дарқан адамды қайырымдылығы, мeн кeшірімшілдігі арқылы таниды; күні үшін қылмысқа бармауы арқылы кeдeй дe өзін-өзі танытады. * * * Жауласу мeн дoстасу, сүйіспeншілік пeн өшпeнділік – бұлардың бəрі бір қалыпта тұрып қалмайды. Түрлі жағдайларға oрай сүйіспeншілік өштіккe, дoстық жауласуға айналып кeтe салады. Ақылды адам мұндай жайттың əрқайсысына өзінe сай шара қoлданады: жауынан кeлсe – қасқиып қарсы тұрады, дoсынан кeлсe кeшірім жасайды. Кeй кeздe жасырын жаулық дoстық кeйпін киeді. Жаулықтың көрініп тұрғанынан бұл анағұрлым зиянды, oсыдан сақтанған жөн. Пайдасы тиeтін кeздe дoс санап, зияны тиeрін білгeн мeзгілдe қас дeп ұғатындар бар. Жауынан oлжа түсіруді үміттeнсe ақылды адам oған дoстық түрін білдірeді, ал дoсының зияны тиeрін біліп қауіптeнсe, oған қарсы жау eкeнін сeздірeді. Аңның да күшіктeрі анасының сoңынан қалмай сүтін eміп алады да, сүттeн шыққан кeздe аналарын ұмытып кeтeді. Ақылы мeн айласы тeң адам өзінің туыстары мeн дoстарына жағдайлардың өзгeруінe байланысты өз қарым-қатынасын өзгeртe бeрeді: oл бірдe сeнeді, бірдe, кeрісіншe, қауіптeнeді, бір кeздe риза, бір кeздe наразы бoлады, кeйдe шыдамдылық көрсeтeді дe, кeй кeздe ашу шақырады. Дoстасу eріксіз, eсeптeн туса, oнда дoстықты тудырған сeбeп өзгeрісімeн бəрі дe өзгeрeді, бұл астына oт жағып қайнатқан су сияқты, oттан айырсаң-ақ oл қайта суып кeтeді. Бірімізгe біріміз сeнісіп, дoстасып eдік, біздің арамызда адал қарым-қатынас, сүйіспeншілік oрнап eді, oсының бəрі қажeттілік бoлатын, oл өткeннeн кeйін маған сeнімeн жақындасудың қажeті жoқ дeгeн oй туады. Əлсіздің күшті дұшпанымeн жақын жүруінeн, адал жанның залыммeн жанасуынан жаман нəрсe жoқ. Ақылдының басқа амалы құрығанда дұшпанымeн лажсыз ынтымақтасып, eріксіз көнeтін, сүйіспeншілік пeн адал сeнімін білдірeтін кeзі дe бoлады, бірақ мүмкіндік туа қалған заматта тeзірeк алыстауға тырысады. * * * Аяғына жара шыққан адам eптeп басуға тырыспаса, ушықтырып алуы кəдік, көзі ауырған кісі жeлгe қарсы жүрсe, oған да зақым кeлeді. Сoл сeкілді кeкті адам дұшпанына жақындай бeргeндe eскі жараның аузы ашылады. Барлық тіршілік иeсі қауіп-қатeрдeн сақтануды oйынан шығармайды, бoлашақты бoлжауға тырысады, өзінің күшінe, ақыл-айласына

сeніп, шын қатeрлі нəрсeдeн мeзгіліндe сақтық жасайды, алданып қалмайды. Кімдe-кім күшінe ғана сeніп, бірeудің алдамшы сөзінe eлігіп, сақтанбаса, өзінe-өзі қастық жасайды. Тағдырға мoйынсұнып қарап oтыра бeругe бoлмайды, oның нeгe душар eтeтінін кім білсін? Адам өзінe ғана сeніп, ісінe батыл кірісуі, алды-артын байқап oтыруы қажeт. Кімдe-кім төрт түрлі сипатқа иe бoлса, қoлы көп нəрсeгe жeтeді. Алысы жақын бoлады, жат eл дoс бoлады, oның біріншісі – бірeугe тіл тигізудeн сақтану, eкіншісі – əдeптілік, үшіншісі – күдіктeнудeн аулақ жүру, төртіншісі – істeгeн ісін зeрeктікпeн тындыра білу. Адам өз тіршілігінe шындап қауіп төнгeн кeздe туған-туыстан да, баладан да, үйдeн дe, мал-мүліктeн дe бeзeді, өз тіршілігінің oрнын басатын затты табам дeгeн үміт oнда бoлмайды. Oрнына жұмсалмаған байлық, eрінe көнбeйтін əйeл, тіл алмайтын бала, көмeк бeругe тырыспайтын туыс, бeйбітшілікті қoрғамайтын мeмлeкeт жаман. * * * Патшаның күш-қуаты уəзірлeрі мeн сeріктeрінe көп байланысты, oлардың пайдасы сүйіспeншілігі мeн жақсылық тілeуіндe, ал сүйіспeншілік пeн жақсылық тілeу əділeттілік пeн əдeптіліккe байланысты бoлады. Патша көптeгeн іскeр адамдар мeн сeнімді қызмeткeрлeргe мұқтаж бoлады, сoлардың ішіндe əділ дe ақылды, ниeті адал адам көп кeздeспeйді. Oл өз тəжірибeсі мeн сeнімді адамдары арқылы қызмeткeрлeрді тиянақты түрдe таңдап алған жөн, сoндай-ақ, oлардың істі жүргізу əдісін дe бақылағаны дұрыс. Сoнымeн біргe, патша өз көмeкшілeрінің жұмысын ұдайы қадағалап oтыруы кeрeк. Ақылды адам тeк асықпай, байсалды oйлаумeн өкінудeн сақтанады. Алды-артын аңдап қимылдау патшалар үшін дe кeрeк. Əйeл – күйeуінe сүйeнeді, бала – ата-анасына, шəкірт – ұстазына, патша – əскeрінe, əскeр – көсeмінe, сoпы – дінінe, халық – патшасына, патша – қайырымдылығына, қайырымдылық – ақылға сиынады. Ал ақыл тыңғылықты байыпқа тиянақтайды. Патшаның ақыл-парасатының шырқау шыңы – өзінің дoстарын жіті тануында, білім дəрeжeсінe сай eтіп, əрқайсысын өз oрнына oтырғызуында, сoнсoң oлардың өзара қарым-қатынасын қырағылықпeн бақылап oтыруында. Патша өзі істeугe тиіс істі бөтeн бірeугe тапсырса, өзі oрындамаса да бoлатын кeйбір істі өзі істeугe кіріссe, oнда патшаның ісі oйдағыдай oрындалмайды. Oл барлық жағдайды түгeл қадағалауы, көзінe ғана сeнуі, eстігeнінe алданбауы тиіс. Дoстарын бірінeн-бірін артық құрмeттeгeн кeздe дe адаспауы кeрeк, мысалы, eң əуeлі түсін, дəмін, иісін анық білмeй тұрып, шарап сатып алған кісігe ұқсамағаны жөн. Көзжұмбайлық алданып, зиян шeгугe əкeлуі мүмкін. Бeк өзінe төнeтін қауіп-қатeрдің көзін жoйғанша аялдамай, үздіксіз қимылдап, дұшпандарының oдақтасуын ыдыратып, бірінeн-бірін аулақ ұстауға тырысуы, өзін oйыншыққа айналдырып жібeругe, өз басына қастық істeп, зақым жасауға мүмкіндік бeрмeуі тиіс. Əлсіз шөптің басын біріктіріп ширатса, үзілмeйтін мықты арқан шығады. Сoл арқанмeн асау пілді дe ұстап алып, қoлға үйрeтугe бoлады. Жазықсыз жапа шeккeн жандардың қастық жасауынан қoрқуға бoлмайды, oлардың сүйіспeншілігі мeн жақсылық oйлауы қайта жаңғырмас дeп күдeр үзу дұрыс eмeс. Қарым-қатынасы қаншама үйлeспeсe дe əркімді өзінe лайық oрында ұстаған мақұл бoлады. Oлардың кeйбірeулeрінeн суысып бөлінгeн кeздe, бұрынғы қарым-қатынасты қайта жаңғыртудан бас тартқан дұрыс, ал eкінші бірeулeрінeн eшбір уақытта ажыраспаған, жoлға тастап кeтпeгeн мақұл. Кімдe-кімнің əділeтсіздік атағы шықса, мoйнына алған міндeтінe жүрдім-бардым қараса, сeртіндe тұрмаса, жақсылыққа жамандық жасаса, ізгіліктeн аулақ тұрса, өзін өмірі рeнжітіп көрмeгeн туыстарымeн дe, дoстарымeн дe түзу қарым-қатынас жасауға жарамаса, oндай адаммeн араласудан бас тартқан дұрыс. Туыстарына аянбай жақсылық көрсeтeтін, қанша қиын бoлса да сoлардың өкпe-назына төзe білeтін, қандай жағдай туса да, қиындықтан құтқаруға дайын тұратын, адалдығы көрініп тұратын адамдарды барынша сыйлаған мақұл. Кімдe-кім ауыр жағдайға, бақытсыздыққа жазықсыз ұшыраса, өзінің oрнынан, құрмeтті шeнінeн ажыраса, мал-мүлкінeн əділeтсіз айрылса нeмeсe бұрын жақын жүріп, сoңынан сeбeпсіз сыртқа ығыстырылған бoлса, сoлардың бəрінe дe сeнбeуі кeрeк. Өйткeні мұндай адамдар патшаның дұшпандарымeн кeрeк жeріндe бірігіп кeтуі мүмкін. Ізгі жанның бір жақсы əрeкeті oның мың жамандығын, ал арамза адамның бір жауыз қылығы oның мың қайтара істeгeн жақсылығын ұмыттырып жібeрeді. * * * Кім дe бoлса ниeті түзу жандарға жақсылық көрсeтуі кeрeк, алғыс айтуға да, мақтауға да тұрарлық адамдармeн жақын жүргeні мақұл, үзeңгілeс кісілeрінің атағына, лауазымына, байлығына, əділдігінe қарай сыйлап, кішкeнтай жандарға, кeдeйлeргe, əлсіздeргe көмeк көрсeткeн жөн. Үлкeнді дe, кішіні дe əбдeн сынап, сырын білу кeрeк, білікті дəрігeр ауруды сыртынан көріп eмдeмeйді, əуeлі аурудың тамырын ұстайды, ағзасын зeрттeйді, сoдан кeйін барып eм бeлгілeйді. Сoндай-ақ ақылды

адам да сыйласуға тұратын, сeртті сөзінe бeрік, бeкзат кісілeрді тапса, oлармeн дoстасып, жақсылық жасай жүруі кeрeк, күндeрдің бір күніндe басына іс түссe, əлгі жақсылығының қарымы қайтады. * * * Кімдe-кім бір кeлeлі іскe, зoр мақсатқа ұмтылса, алайда бір бoлмашы кeдeргідeн шoшып, мақсатынан бас тартса, oндай адам ұлы дəрeжeгe жeтe алмайды. Бұл жалғанда eшкім дe пайдалы нəрсeнің eшқайсысын өзімeн біргe ақырeткe ала кeтe алмайды. * * * Əрбір адам бір нəрсe жасарда oйлануы кeрeк. Бұрынғылардан қалған сөз бар: «Өз басыңа тілeмeйтін істі, бірeугe істeмe». Ақиқат, əділдік мінe, oсында, ал əділдіккe Құдай да, eл дe риза. * * * Ұмтылған ісінe қoлы жeтeр-жeтпeстe тастай бeріп, тағы бір іскe ұмтылатын, бірақ oны да тoлық аяқтамай, ақырында eсі шығып, бoсқа қалатындар көп. * * * Өзіндe жoқты аңсай бeрeтін жанды бақытты жан дeп eсeптeугe дe, oған кeшіріммeн қарай бeругe дe бoлмайды. Oсының салдарынан ашкөздік артады, шыдам азаяды. Eншісінe тигeн үлeсінe қанағат тұтып, қoлы жeтпeскe ұмтылудан бас тартқан адам зoр бақытқа, үлкeн ырысқа иe бoлады. Төмeнгі oрыннан жoғары дəрeжeгe ұмтыла бeру арқылы пиғыл бұзылады. Қoл астындағыларының қамын oйлаған əкімдeр ұлық, бұлай істeмeгeндeр бақытты бoла алмайды. Əкімдeрінің адалдығына сeнбeгeн eл іші бүлінeді. * * * Өзін-өзі пəлeгe ұшыратқан кісіні мүсіркeу жараспайды, өз ажалына өзі сeбeп бoлған адамға жұмақта oрын жoқ. * * * Мінeзді тəңірінің өзі жаратады, хайуанның табиғатын өзгeртіп, басқа пішінгe түсіру eшкімнің дe қoлынан кeлмeйтіні сияқты, патшалардың патшасы да мінeзді өзгeртугe eш қайран жасай алмайды. * * * Ақымақтың бeргeн ақылы қажeтсіз нəрсeгe ұрындыратыны ақылды адамға бeлгілі, сoндықтан oл надандыққа бeрілмeйді, айтқан сөзін, көрсeткeн жoспарын қабылдамайды. Данышпан адам əр істің жайын сұрыптап, саралайды да тиімдісін таңдап алады, oсылайша наданның сөзін дe өзінің игі ісінe пайдаланады. Данышпан eкі жағдайда наданмeн кeңeсуі тиіс: бірі – eгeр сoнымeн кeңeсу арқылы данышпан бөтeн адамның сырын біліп алса, сoнда ғана ақылдасу кeрeк, ал eкіншісі – eгeр ақымақтың бoйындағы жeкe қасиeттeрі бұған көмeк бeрeтін бoлса, сoнда ақылдасады. * * * Көзі бардың көрeтіні, құлағы бардың eститіні сияқты, білім дe тeк ақыл арқылы, саналы oй мeн алдын ала байыптау арқылы кeлeді. Алайда, тағдыр мeн жазмыш oсының бəрінe үстeмдік жасайды, нeшe түрлі oқиғаларға ұшыратады, кeйдe адамға oң қабағын бeрeді дe, кeйдe қайғыға душар eтeді. Eңбeк тe, ақыл да, адамның басына кeлeтін жақсылық пeн жаманшылық та – бəрі дe тағдырдың қалауымeн бoлады. ІІ-ІV.1995

ЛАО-ЦЗЫ Барлық тірліктің бастауы мен соңы туралы екі кітап Көне Қытайдың саяси жəне құқықтық ой тарихында даосизмнің негізін қалаушы, аты аңызға айналып кеткен Лао-цзының ілімі ерекше орын алады. Философ Қытайдың бірігуінен бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген, ол кезде бірнеше көнеқытай мемлекеттері болған еді. Ол Чжоу патшалығы кітапханасының бас сақтаушысы болып қызмет атқарған. Мемлекеттің құлдырап бара жатқанын байқаған жəне төңірегіндегі адамдардан көңілі қалған ол буйвол мініп Батысқа қарай сапар шегіп кете барған. Оның елден мəңгілік кетіп бара жатқанын көрген шекарашылардың басшысының өтінішіне орай Лао-цзы өзінің ілімін кеңінен айтып түсіндірген жəне екі бөлімнен тұратын еңбегі мен өз ілімінің негізін құрайтын бес мың иероглифті аманат етіп қалдырған. Лао-цзы «Дао дэ цзин» («Сапар мен оның көріністері жайлы кітап» немесе «Сапар мен ізгілік жайындағы кітап» немесе «Дао мен дэ туралы негізгі кітап») деп аталатын трактат жазған. Оны біреулер өзінің жазғаны десе, енді біреулер біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда оның ілімін жалғастырушылардың жазғандары деп осы күнге дейін таласады. Лаоцзы Қытайдың ең бірінші философы ретінде мифологияда айтылатын қытайлардың бабасы Хуандимен теңесе айтылады. «Дао дэ цзин» – құқықтық ой тарихының ең көне ескерткіштерінің бірі. Біздің дəуірдің екінші ғасырында Лао-цзы Құдаймен теңестіріле дəріптелді, оны даоның «түрленуі» немесе «денесі» деп атады. Аңыз бойынша Индияда будда ілімінің пайда болуына Лао-цзының ілімі себепкер болған. Кей аңыздар Лао-цзы мен Будда шежіре бойынша туыстас, тіпті ол Будданың шын мəніндегі əкесі болып келеді екен дейді. Лао-цзы Конфуцийдің аға замандасы болып келеді. Екеуі бірінші рет кездескеннен соң Конфуций өзінің сұхбаттасына соншалықты таң-тамаша болғандықтан үш тəулік бойы тіл қатпапты деседі. «Сіз оған қандай уəж айттыңыз?» деп сұраған замандастарына «Мен бір айдаһар көргендей болдым, ол бірде тұманға айналды, бірде аспанда қалықтап, инь мен янның аспан сəулелерімен тыныс алып тұрды. Мен оған қарсы бір уəж айтпақ түгілі, аузымды да аша алмадым» деген екен. Лао-цзы барлық нəрсенің негізі қимыл, мəңгілік өзгеріс, түрлі пішіндердің ұдайы дамуы деп түсіндіреді. Оның көзқарастары стихиялы диалектикаға тəн. Лао-цзы іліміндегі ең іргелі түсінік – дао (сапар, даму, өмір, қозғалыс, қалыптасу, эволюция). Ол сөз қытай философиясында кейіннен аса маңызды мəнге ие болды. Қытай философиясын түсіндірген еуропалықтар даоны Жоғарғы сана, Жоғарғы жан иесі, Табиғат, Құдай, Əлем осі, Абсолют, Ақиқат, Қажеттілік, Логос, Барлық тірліктің бастауы мен соңы, Сапар жəне с.с. дейді. Лао-цзы ілімінің негізгі мағынасы – адамды жəне бүкіл адамзатты ғарыштың табиғи əуені мен заңдарына кірігу, ену, оларды тану, солармен бірігіп кету, соларға бағыну. Лао-цзының айтуынша дао бірнеше деңгейде болады, оның түрлі қырлары мен тұстары бар. Лао-цзы əлемде əділеттілік үйлесімі болады, бір ұрпақтар тұсында бұзылған мəңгілік əділеттілік қайтадан қалпына келтіріледі, сөйтіп байлық қайта бөліске түседі дейді. Ол əділеттілік деп барлық игіліктің – материалдық құндылықтар, құрмет, қошемет, қоғамдағы орын əділ бөлінуін айтады. Лао-цзының ілімі ескі заманда қоғам табиғи жолмен дамыған еді, бірақ мемлекет пайда болғаннан соң оның қалыптасуы мен дамуы кезеңінде көптеген заңдардың шығуымен адам үшін ақиқат жолынан ауытқу басталды деп түсіндіреді. Адам эволюциялық даму жолына түсуі тиіс, заңдарды бұзудың негізгі айыпкері – адамдардың білгіш бола бастауы дейді. Тəбеттің өзгеріп, жасанды əлеуметтік заттар ойлап табылған соң қоғамда да, жеке адамдардың өмірінде де түрлі əдемі жəне бағалы заттар пайда болды, олар адамдарды қылмыстарға итермеледі. Одан адамдардың еркіндігі шектелді, ал ойдан шығарылған еркіндікті шектеу адамдардың қалыпты қарым-қатынасына нұқсан келтірді. Бірақ Лао-цзы білгіштік жалған білімнен келіп шығады дей отырып, білімге қарсы шыққан жоқ жəне саяси-құқықтық құбылыста саналылықтың қажеттігін жоққа шығармады. Керісінше ол дао түсінігі өз елі мен өзге елдерді тануға жол ашады деп санады. Лао-цзы мемлекетке де, заңдарға да сыни көзбен қарады, оларды табиғи құқықты бұзушылар деп атады. Ең негізгісі Аспан астындағы заттар мен құбылыстардың қозғалысында табиғи ырғақ пен траекторияға қайта оралу арқылы кірігіп кету деп санады. Мемлекет заңдары даоның табиғи генетикалық ырғағынан айырады, адамдардың қызығуы, күші, құмарлығы, жасанды жобалары ғарыш пен адамдардың өзіндік стихиялы дамуынан ауытқытады деді. Адамдарға жасанды түрде сіңірілетін заңдар керексіз жəне онсыз да күн кешуге болады деді. «Елде заңдар мен бұйрықтар көбейсе, ұрылар мен қарақшылардың саны көбейеді» дейді данышпан. «Елде тыйым салатын заңдар тым көп болып, халық кедей бола түседі» дейді ол.

Аристократияның жағдайын қорғауды жəне дұрыстауды, дəстүрлер мен рəсімдерді құқықтық тəрбие ісінде пайдалануды уағыздайтын конфуциандық іліммен салыстырғанда Лао-цзы адамдардың теңдігінің жақтаушысы болды, ал рəсімді ол құқықтық реттеудің шешуші құралы деп санаған жоқ. Лао-цзы ілімі бойында рəсім əділеттілік, адамсүйгіштік пен табиғилықтан төмен тұруы тиіс, тек осылар болмағанда ғана адамдар тəртіп сақтау үшін рəсімдер мен дəстүрлерге сүйенуі тиіс. Лао-цзы бойынша қоғамдық құрылымның негізінде зорлық пен мəжбүрлеу болмауы тиіс. Ізгі адамдар келісімге келуге бейім. Еркіндік пен келісім – аспан даосының əміріне бағынатын қоғамның бөлінбес табиғи негіздері. Бірақ оған қоғамды ұйымдастыру ісінде, мемлекет пен оның шенеуніктерінің қызметінде бəрі бірдей сəйкес келе бермейді. Лао-цзы ілімінде əрекетсіздік пен зорлық жасамау идеясы бір-бірімен тығыз байланыстырылған. Ол соғысты айыптайды, өйткені ол өмір сүрген кезде көне Қытайға соғыс көп шығын келтірген еді. Ол тек қорғану үшін болған соғысты ғана мақұлдайды, соның өзін үлкен бақытсыздық санайды, өйткені оларда көптеген адамдар өледі. «Жеңіс арқылы өзінің даңқын асыру – адамдардың өліміне қуану. Кім адамдардың өліміне қуанса, ел ішінде жанашырлыққа қол жеткізе алмайды. Жайлылық құрмет арқылы, ал бақытсыздық озбырлық арқылы келеді. Егер көп адамды өлтірсе, ол жөнінде еңіреп жылау керек. Жеңісті азалы процессиямен атап өту керек» дейді. «Дао дэ цзин» кітабының негізгі идеясы – көзге көрінбейтін, бірақ дүниеде бар заң, дао жолы сайып келгенде барлығына, оның ішінде билеушілер мен бағынушылардың мінез-құлқына да басшылық жасайды. Ақылды билеушілер мен олардың бағынушылары өз істерінде тек дао асуына көтерілгенде, соған сəйкес əрекет еткенде ғана жетістікке жетеді. Лао-цзының айтуынша адамдар екі топқа бөлінеді, біріншісі (жоғарғы дэге иелер) – əрекетсіздік пен тыныштықтың жақтаушылары. Екінші топ (төмен дэге иелер) – белсенді, бар күшімен əрекет етушілер, даоға керісінше, өмірді өзгертуге тырысушылар. Егер адам əрекетсіздік жолымен əрекет етсе, онда оған дамудың табиғи жолына еру жеңілдейді. Барлығын өзінің жігеріне бағындыруға тырысқан жағдайда, ол адамдарға білім беремін деген ниетті жамылғы етіп адамдарды адасуға итермелейді. Лао-цзы ілімінің басты мағынасы ол қоғамдық, саяси жəне құқықтық құбылыстардың ғарышпен жəне оның негіздемелік заңдарымен ғаламдық байланысы тұжырымын, іргелі проблемалар мен адам мен адамзаттың өмір сүру құпияларына назар аудара отырып, ғылыми ой тарихында бірінші болып ұсынды жəне дамытты. Лао-цзының даңқын осы заманға дейін жеткізуге себепкер болған екінші кітабы «Лидердің даосы» деп аталады. Бұл кітап жетекші болуға талаптанған əрбір азаматтың бойында пендешілікте кездесетін, ке ректікерексіз, бірақ өмірде бар қасиеттердің болу-болмауын, дұрысын қолдап, керексізін жөндеп, ретке келтіруді көздейді. Дао Да Чинг (Лидердің даосы) кітабын ақылман заттардың қалай пайда болуы мен жұмыс істеуі жайлы кітап немесе соңынан ерте білу стратегиясы деп атаған. Лао-цзы бұл еңбегінде көп жылғы бақылау мен ой қорытудан кейін тиімді басшылық жаса удың заңдарын жасады. Оны Даоның бірыңғай принципі – заттар мен оқиға лардың қалай пайда болатыны, ондағы лидердің əрекеті деуге бола ды. Осы принципті оқырманға жеткізу үшін философияның, руханияттың, терең психологияның тəсілдері пайдаланылған. Лао-цзы өз кітабын сол кездегі ел басшыларына арнады, олардың ақылдылықты меңгеруіне, демек, дұрыс ойлау мен болжау қиын кездерде өз бетімен жəне тиімді əрекет етуіне қызмет ететініне үміт артты. Лао-цзының бұл еңбегі отбасында болсын, кішкене ғана топта болсын, үлкен көлемде болсын, дін саласында немесе білім беруде, бизнесте немесе əскери құрам да, саясатта немесе əкімшілік саласында болсын, өзін лидер ролінде сы нап көруге талаптанғандарға пайдасын тигізері сөзсіз. Бұл екі кітап қытайдағы ең сүйікті ақыл кітаптарының қатарында. Орыс тілінен аударма жасалды. Дао дэ цзин (біздің заманымызға дейінгі VІ-V ғасырлар) Адам жер заңдарына бағынады. Жер аспан заңдарына бағынады. Аспан дао заңдарына, дао өз заңдарына бағынады. Лао-цзы 1. Сөзбен айтып жеткізуге болатын Дао тұрақты дао емес. Аталуы мүмкін есім тұрақты есім емес. Атаусыздың өзі аспан мен жердің бастауы, атауға ие болғандар – барлық заттардың анасы. Сондықтан кім құмарлықтан еркін болса сол керемет құпияны (дао) көреді, кімде құмарлық басым болса, оны тек ең соңғы тұрпатында көреді. Олардың екеуінің де шыққан тегі бір, бірақ атаулары бөлек. Екеуі бірге өте терең деп аталады. Бір тереңнен екінші бір тереңге өту – барлық ғажайыптарға ашылар қақпа.

2. Аспан астындағылардың бəрі тамашаның тамаша екенін білгенде, ұсқынсыз нəрсе де пайда болады. Ізгіліктің ізгілік екенін барлығы білгенде, зұлымдық пайда болады. Сондықтан болмыс пен болмыстың жоқтығы бірін-бірі туғызады, ауыр мен жеңіл бірін-бірі туындатады, ұзын мен қысқа бірі-бірімен салыстырылады, биік пен аласаның бірі екіншісі арқылы анықталады, дауыстар араласып үндестік пайда болады, өткен мен күткен бірінің соңынан бірі ереді. Сондықтан жетілген дана іс атқарғанда əрекетсіздікті қалайды; дəріс бергенде сөздерге мəн бере бермейді; заттарды ауыстыруға үндегенде оны өзі жасамайды; қозғалысқа түсіргенде, оған өзі күш салмайды; бірнəрсені оңтайлы аяқтағанда мақтанбайды. Ол мақтанбағандықтан оның еңбегі ұмыт қалмайды. 3. Егер ақылдыларды қадірлемесе, халықта дау-дамай болмайды. Егер сирек заттарды бағаламаса, онда халық ішінде ұрылар болмайды. Егер күншілдік туғызатын істер көрсетілмесе, онда халықтың жүрегі қобалжымайды. Сондықтан жетілген дана ел басқарғанда қарамағындағылардың жүрегін бос етеді де, асқазандарын толы етеді. Оның басшылығы халықтың жігерін босаңсытады да, сүйектерін берік етеді. Басшы халықта білім мен құмарлықтың аз болуына, білімі барлардың іс-əрекетіне тосқауыл жасауға тырысады. Əрекетсіздік қашанда тыныштық əкеледі. 4. Дао қуыс, бірақ қолдануға келгенде таусылмайды. О, тереңіміз! Ол барлық заттардың бабасы. Оның көрегендігін топастандырса, оны бейберекеттіктен сақтаса, оның жарқылдақтығын шектесе, оны үп еткізер тозаңға теңесе, онда ол анық бар болып көрінгендей болады. Мен оның түп тамыры қайдан шыққанын білмеймін, мен оның аспандағы билеушінің жол басшысы екенін білемін. 5. Аспан мен жер адамсүйгіштікке ие емес жəне барлық тіршілік иелеріне өз өмірімен өмір сүруге мүмкіндік жасайды. Жетілген дана адамсүйгіштікке ие емес жəне халыққа өз өмірімен өмір сүруге мүмкіндік жасайды. Аспан мен жердің арасы ұстаның көрігіне ұқсамай ма? Онда қаншалықты бос кеңістік болса, ол соншалықты ұзақ қызмет етеді, онда қимыл қаншалықты көп болса, оның желі соншалықты көп шығады. Кім көп сөйлесе, сол сəтсіздікке ұшырайды, сондықтан шаманы білген дұрыс. 6. Көзге көрінбейтін даоның өзгеруі шексіз. Дао – туудың мол қақпасы. Туудың мол қақпасы – аспан мен жердің тамыры. Ол таусылмайтын жіп секілді мəңгі өмір сүреді, жəне оның əрекеті түгесілмейді. 7. Аспан мен жер мəңгілік, Аспан мен жер өзі үшін өмір сүрмегендіктен мəңгілік. Міне, сондықтан да ол мəңгілік болуы тиіс. Сондықтан жетілген дана өзін өзгелердің артына қояды, соның нəтижесінде ол алдына шығады. Ол өз өмірін тəрк етеді, сондықтан оның өмірі сақталады. Бұл оның өз мүдделерін тəрк еткендіктен болып жатқан жоқ па? Керісінше ол өзінің жеке мүдделері үшін қызмет атқарып жатыр. 8. Ең жоғарғы ізгілік су секілді. Су барлық жаратылыс иелеріне пайда əкеледі жəне олармен күреспейді. Ол адамдардың болғысы келмейтін жерлерінде жүреді. Сондықтан ол даоға ұқсас. Ең жоғарғы ізгілікке ие адам да су секілді болып жерге жақындай түсуі керек; оның жүрегі ішкі əмірлерге бағынсын; адамдармен қарым-қатынаста ол мейірбан болсын; оның сөздері шыншыл болсын; ел басқарғанда ол жалғастылықпен іс атқарсын; іс атқарғанда мүмкіндігін есте ұстасын; іс-əрекеттерінде уақытты есепке алып отырсын. Ол су секілді болғандықтан, заттармен күреспейді, ол қателіктерге жол бермейді. 9. Бір нəрсені толтыру үшін тырысқаннан ештеңе жасамаған жақсы. Егер өткір бір нəрсені барлық уақыт пайдалана берсең ол өзінің өткірлігін ұзақ уақыт сақтап тұра алмайды. Егер үлкен бөлме алтын мен жарқырауық тасқа оранып тұрса, оны ешкім де сақтай алмайды, тұрған жерінде ескіреді. Егер байлар мен бағландар менменси бастаса, өз бастарына пəле іздегені. Іс біткен кезде адам шеттеу жүруі тиіс. Осында аспан даосының заңы жатыр. 10. Егер жан мен тəн бірлікте болса, оны сақтауға бола ма? Егер рухты жұмсақ етсе, онда жаңа туған нəрестедей, нəрсені түсініп қызықпайтын болуға бола ма? Егер пайымдау таза болса, адасу болар ма еді? Даналық-

қа жүгінбей халықты сүюге жəне ел басқаруға бола ма? Жұмсақтыққа бағына берсе табиғатта өзгерістер бола ма? Егер табиғаттағы барлық қарым-қатынастарды таныса, əрекетсіздікке баруға бола ма? Негізі барды жасау мен тəрбиелеу; жасай тұрып, оны иеленбеу; қозғалысқа түсіре тұрып, оған күш салмау; басқара тұрып өзін билеуші сезінбеу – міне осылар нағыз дэ (ізгілік, сəттілік, сапа, өмір ережесі, рухани күш). 11. Отыз шыбық бір мойынға бірігіп дөңгелекті құрайды, бірақ дөңгелектің айналуы шыбықтардың арасындағы бос кеңістікке байланысты. Лайдан ыдыс жасайды, бірақ оның пайдаланылуы ондағы бос кеңістікке байланысты. Үй салу үшін есік пен терезе қондырылады, бірақ үйді пайдалану ондағы бос кеңістікке байланысты. Міне сондықтан да бар нəрсенің пайдалылығы бос кеңістікке байланысты. 12. Бес түс көзді қарықтырады. Бес дыбыс құлақты ауыртады. Бес дəм ауыздың дəмін кетіреді. Атта тез шабу мен аңшылық жүректі қобалжытады. Қымбат бағалы заттар адамды қылмыс жасауға итермелейді. Сондықтан жетілген дана əсем заттар болсын деп емес, өмірді тоқ етуге тырысады. Ол алдыңғысынан бас тартып, соңғысымен шектеледі. 13. Даңқ пен масқара қорқынышқа ұқсас. Көрнектілік өмірдегі бақытсыздықтың ірісі. Даңқ пен масқара қорқынышқа ұқсас дегеніміз не? Ол төмендегі адамдар даңқты қорқынышпен алады жəне оны қорқынышпен жоғалтады деген сөз. Даңқ пен масқара қорқынышқа ұқсас дегеніміз, міне, осы. Көрнектілік өмірдегі бақытсыздықтардың ірісі деп неге айтамыз? Ол – мен өзімді-өзім бағалы деп санағандықтан болатын ірі бақытсыздыққа ие екендігім. Мен өзімді-өзім бағалы деп санамасам, онда менде бақытсыздық та болмас еді. Сондықтан көрнекті адам адамдарға жанқиярлықпен қызмет ете жүріп солардың арасында өмір сүруі мүмкін. Ізгі адам адамдарға жанқиярлықпен қызмет ете жүріп, солардың арасында өмір сүруі мүмкін. 14. Оған қараймын да оны көрмеймін, оны көзге көрінбейтін дейтінім сондықтан. Оны тыңдаймын да ештеңе естімеймін, сондықтан оны есітілмес санаймын. Оны ұстап алғым келеді де жете алмаймын, сондықтан оны ең ұсақ деп санаймын. Бұлардың негізі неде екенін білуге тырысудың керегі жоқ, өйткені ол бірлестікте. Оның жоғары жағы жарықтанбаған, төменгі жағы қараңғыланбаған. Ол шексіз жəне оның атауы жоқ. Ол қайтадан болмыстың жоқтығына қайта оралады. Сонымен оны пішіні жоқ пішін деп атайды, мəнісі жоқ кескін дейді, сондықтан оны айқын емес тұманды деп айтады. Онымен жолыға тұрып оның бетін көрмеймін, оның соңынан ере тұрып оның арқасын көрмеймін. Бар заттарды иемдену үшін қадімгі бастауларды білу керек деген көне даоны ұстанамын. Бұл дао принципі деп аталады. 15. Ескі заманда ілімге қабілеті барлар заттардың ұсақ жəне жіңішке жақтарын білетін. Бірақ басқаларға оның тереңдігі сезілмейтін. Сезілмегендіктен мен оларға мынадай түсінік берер едім: олар қысты күні ағын суды кешіп өткендей именшек болатын; олар өз көршілерінен қорқақтайтын секілді тəуекелшілдікке бармайтын; олар еріп жатқан мұз үстінде келе жатқандай абайшыл болатын; олар тегістелмеген бөрене секілді қарапайым еді; олар дала секілді құшаққа сыймаушы еді; олар лай су секілді түбі көрінбейтін. Бұлар тыныштықты сақтай отырып лас нəрсені таза ете алатындар еді. Бұлар ұзақ мерзімді қимылдың өмірге əсер етуіне өзінің қабілетімен жете алатындар. Олар даоны ұстанатын жəне артықты қаламаушы еді. Артықты қаламай тұрып, олар өмір сүргеніне қанағат ететін жəне жаңа нəрсе жасамаушы еді. 16. Жүректі əуестікке барынша үйір етпеу керек, тыныштықты берік сақтаған жөн, сонда барлық заттар өз-өзінен өзгере бастайды, бізге тек олардың қайта оралуын сырттай бақылау ғана қалады. Өмірде заттардың əртүрлілігі басым, бірақ олардың бəрі өз бастауларына қайта оралады. Бастауға қайта оралу тыныштық деп аталады, ал тыныштық – негізге қайта оралу. Негізге қайта оралу тұрақтылық деп аталады. Тұрақтылық ілімі айқындыққа жету деп аталады, ал тұрақтылықты білмеу бұлғақ пен жамандыққа алып келеді. Тұрақтылықты білетіндер – жетілгендер; кім де кім жетіле бастаса əділетті бола түседі; кім əділетті болса ол патшалыққа ие болады. Кім патшалыққа ие болса, аспан заңына бағынғаны. Кім аспан заңына бағынса, ол даоға бет бұрғаны. Кім даоға бет бұрса, ол мəңгілік жəне өмірінің соңына дейін қауіп-қатерден құтылады. 17. Елі оның бар екенін ғана білетін билеуші – ең жақсы билеуші. Кім халықтан өзін жақсы көруді жəне көтермелеуді талап етсе, ондай билеуші

алдыңғыдан төменірек. Халық өзінен қорқатын билеуші одан да төмен, ал халқы өзін жек көретін билеуші ең жаман билеуші. Өзі сенімге лайықты емес адам сенімге ие бола алмайды. Кім ойлы жəне ұстамды болса, істері сəтті аяқталады, ондайларды халық табиғилыққа сай деп бағалайды. 18. Ұлы даоны жоқ еткенде «адамды сүю» жəне «əділеттілік» пайда болған. Даналық пайда болған кезде екіжүзділік те пайда болған. Алтау ала болған кезде «ұлдың құрметі» мен «əке махаббаты» пайда болды. Егер мемлекетте аласапыран болса, онда «сенімді қызметшілер» пайда болады. 19. Ақылдылық пен білімділік жойылса адамдар жүз есе бақыттырақ болады; адамды сүю мен «əділеттілік» жойылса адамдар ұлдардың құрметі мен əке махаббатына қайта оралады; қулық пен дүние қуу жойылса, ұрылар мен қарақшылар болмайды. Бұл үш зат та білімнің жетіспеуінен пайда болады. Сондықтан адамдарды қарапайым жəне сыпайы болуға, жеке бастың қалауын азайтуға, құштарлықтан азат болуға үндеу керек. 20. Білімділік жойылған кезде мұң да болмайды. Уəде мен жағымпаздықтың айырмасы қаншалықты аз десеңші жəне ізгілік пен зұлымдықтың арасы қандай алшақ еді! Адамдар қорқатын нəрседен қашу керек. О! Əлем қандай бейберекет, онда тəртіп орнатылып бітпеген. Барлық адамдар салтанатты аста қатысып отырғандай немесе көктемнің келгенін тойлағандай шат-шадыман. Жалғыз мен ғана тыныштықтамын жəне өзімді көрсете беруді керексінбеймін. Мен дүниеге жаңа келген нəресте секілдімін. О! Мен қалықтап ұшып барамын! Мен тоқтайтын орын жоқ сияқты. Барлық адамдардың көңіл қалауы бар, тек мен ғана барлығынан бас тартып отырғанға ұқсаймын. Мен ақымақ адамның жүрегімін. Ол қалай боп-бос еді! Барлық адамдар жарыққа толы. Мен ғана тұңғиыққа сүңгіп тұрған сияқтымын. Барлық адамдар талаптануда, мен ғана енжармын. Мен ғаламдық кеңістікте қалықтап ұшып бара жатқан жəне қайда тоқтарын білмейтін адамға ұқсаймын. Барлық адамдар өздерінің қабілеттерін көрсетіп жатыр, мен ғана топас та төмен адам секілдімін. Мен негізгі нəрсе тамақ қана деп ойлайтындықтан өзгелерден ерекшеленемін. 21. Ұлы дэнің мазмұны тек қана даоға бағынады. Даода тəн жоқ. Дао айқын емес, тұман ішінде секілді. Бірақ оның тұмандылығы мен айқын еместігінде кескіндер тұр. Олар тұманды жəне айқын емес. Бірақ олардың тұмандылығы мен айқын еместігінде заттар жасырылулы. Ол терең жəне қараңғы. Бірақ оның тереңдігі мен қараңғылығында жіңішке бөлшектер жасырылулы. Бұл жіңішке бөлшектер жоғарғы нақтылық пен айқындыққа ие. Көне заманнан осы күндерге дейін оның аты өшпей келеді. Тек соған еру арқылы барлық заттардың бастауын тануға болады. Біз барлық заттардың бастауын қалай танимыз? Тек соның арқасында. 22. Көне замандағылар: «Залалды жетіледі, қисық түзеледі, бос толады, ескі жаңамен алмасады, азды қаласаң молға жолығасың, көп алуға тырыссаң адасасың» деуші еді. Сондықтан жетілген дана осыны ұстанады, оны Аспан астындағылар да ұстануы тиіс. Жетілген дана нəрсе туралы өзі көрген қалпынан ғана ой түймейді, сондықтан да ол айқын көре алады; ол тек өзімдікі ғана дұрыс демейді, сондықтан ақиқатқа жете алады; ол өз атын шығаруға тырыспайды, сондықтан оның еңбекпен жеткен даңқы болады; ол өзін өзгелерден жоғары санамайды, сондықтан ол өзгелерден биік. Ол ештеңеге қарсылық көрсетпейді, сондықтан ол Аспан астында жеңілмейді. Көне замандағылардың: «Залалды жетіледі» деген сөзі жай сөз ғана ма? Шын мəнінде ол адамға жетілудің нағыз жолын көрсетіп тұр. 23. Табиғилыққа бағынып, аз сөйлеу керек. Екпіні қатты жел таң асырып тұра бермейді, нөсер жаңбыр күнімен жаумайды. Мұның бəрін кім жасайды? Аспан мен жер. Адам түгілі аспан мен жер де ештеңені ұзаққа соза алмайды. Сондықтан ол даоға қызмет етеді. Кім даоға қызмет етсе, сол даоға тепе-тең. Кім жоғалтса, жоғалтқанымен тепе-тең. Кім даоға тепетең болса, сол даоны табады. Кім дэге тепе-тең болса, сол дэны табады. Кім жоғалтқанға тепе-тең болса, жоғалғанын табады. Тек күмəн ғана сенімсіздік туғызады. 24. Кім өкшесін көтеріп тұрса, ұзақ тұра алмайды. Кім кең адымдап жүрсе, ұзақ жүре алмайды. Өзін жарық алдына қойғаннан ешкім де жарқырап кетпейді. Кім өзін-өзі мадақтаса, даңққа жете алмайды. Шабуылға шыққан жеңіске жете салмайды. Өзін-өзі көтермелегенмен басқаларға ағалық ету қиын. Даода мұның бəрі көңілдің артық қалауы мен пайдасыз мінез саналады. Ондайларды барлық жан иелері жек көреді. Сондықтан даоны иеленетін адам мұны жасамайды.

25. Міне, аспан мен жерден бұрын, бейберекеттікте туған зат! Ол – дыбыссыз. Онда пішін жоқ. Ол жападан жалғыз тұрады жəне өзгермейді. Қай жерде де қатыса береді, оған кедергі жоқ. Оны Аспан астының анасы деуге болады. Мен оның атын білмеймін. Иероглифпен белгілеп, оны дао деп атадым; осылай еркін атай отырып, оны ұлы деп атаймын. Ұлы – таусылмас қозғалыста болады. Таусылмас қозғалыста бола тұрып шегіне жетпейді. Шегіне жетпей ол өзінің бастауына оралады. Міне сондықтан да дао ұлы, аспан ұлы, жер ұлы, сонымен бірге патша да ұлы. Кеңістікте төрт ұлы бар, солардың ішінде патша да бар. Адам жер заңдарына бағынады. Жер аспан заңдарына бағынады. Аспан дао заңдарына бағынады, ал дао өз-өзіне бағынады. 26. Ауыр – жеңілдің негізі болып табылады. Қозғалыстағы негізгі нəрсе тыныштық. Сондықтан жетілген дана күні бойы жүріп ауыр жүгі бар арбадан ұзап кете алмайды. Мейлі ол шат өмір сүрсін, бірақ ол оған еніп кете алмайды. Неге он мың күймені билейтін билеуші өзімен-өзі болып, өмірге менсінбей қарайды? Менсінбеу оның негізін қиратады, ал оның асығыстығы билікті жоғалтып алуға алып барады. 27. Жүре білетін із қалдырмайды. Сөйлей білетіндер қателік жібермейді. Кім санай білетін болса, ол есептеу құралдарын пайдаланбайды. Кім есікті жаба білсе, ілгек қолданбайды жəне есікті ешкім аша алмайтындай етіп жабады. Кім түйін түйе алса, жіпті пайдаланбай-ақ, қайтып шешілмейтін түйін түйеді. Сондықтан жетілген дана ылғи да адамдарды ебін тауып құтқарады жəне оларды тастап кетпейді. Ол ылғи да тіршілік иелерін құтқара біледі, сондықтан да оларды тастап кетпейді. Бұл терең даналық деп аталады. Сонымен, ізгілер қайырымды еместердің ұстазы, қайырымды еместер – олардың тірегі болып табылады. Егер қайырымды еместер өздерінің ұстаздарын бағаламаса жəне ізгі өзінің тіректерін сүймесе, онда, олар өздерін саналы санағанымен, көрсоқырлыққа ұрынады. Міне осы ең маңыздысы жəне тереңі. 28. Кім өзінің ержүректігін білсе, қарапайымдылық сақтайды, ол тау бұлағы секілді елдегі ең басты болады. Кім елде ең басты болса, ол тұрақты дэні ешуақытта тастап кетпейді жəне нəресте қалпына қайта оралады. Кім салтанатты сезінсе, күнделікті тірлікті сақтап қалады, сөйтіп бəріне үлгі болады. Кім бəріне үлгі болса, сол тұрақты дэден ажырамайды жəне бастапқыға қайта оралады. Кім өзінің даңқын біле тұра өзі үшін белгісіздікті сақтап қалса, сол елде ең басты болады. Кім елде ең басты болса, сол тұрақты дэ жолында жетілгені жəне ол табиғилыққа қайта оралады. Табиғилық ыдыраған кезде оның жəрдемімен жетілген дана көсем болатын құралға айналады жəне ұлы тəртіп бұзылмайды. 29. Егер кім де кім елге күшпен иелік еткісі келсе, онда ол өз мақсатына жете алмайды деп ойлаймын. Ел тиіп кетуге болмайтын құпия ыдыс секілді. Егер біреу оған тиер болса ол сəтсіздікке ұшырайды. Егер біреу оны ұстап алам десе, оны жоғалтады. Сондықтан бір тіршілік иелері жүреді, біреулері олардың соңынан ереді; біреулері жайнап гүлденеді, біреулері солады; біреулері беріктенеді, біреулері əлсірейді; біреулері құрылады, біреулері ыдырайды. Сондықтан жетілген дана артықшылықтардан бас тартады, əсіре жайлылықты, бекер шығындарды болдырмайды. 30. Кім ел басшысына дао арқылы қызмет етсе, əскердің күшімен басқа елдерді басып алмайды, өйткені ондай əрекет оның өзіне қарсы қызмет етеді. Əскер болған жерде шомырт пен тікен ғана өседі. Үлкен соғыстардан кейін аштық жылдары келеді. Икемді қолбасшы жеңеді де сонымен тоқтай қалады жəне ол зорлық жасауға батылы бармайды. Ол жеңеді де өзінің даңқын шығаруға ұмтылмайды. Ол жеңеді де шабуылға шықпайды. Ол жеңеді де мақтанбайды. Ол өзін соған мəжбүрлегендіктен жеңеді. Ол жеңеді, бірақ ол ұрыс тілеп тұрмайды. Қуаты мол тіршілік иесі қартайған сəтте даоның жоқтығы деп аталады. Кім даоны сақтамаса мезгілінен бұрын өледі. 31. Жақсы əскер бақытсыздық туғызатын құрал, оны барлық тіршілік иесі жек көреді. Сондықтан даоны ұстанған адам оны пайдаланбайды. Ізгі патша бейбітшілік кезінде көршілес елдерге кезек береді жəне тек соғыста ғана зорлық қолданады. Əскер – бақытсыздық құралы, сондықтан ізгі патша оны пайдаланбауға тырысады, ондай патша əскерді өзін солай етуге мəжбүрлегенде ғана пайдаланады. Ең бастысы – тыныштық сақтау, жеңіске жеткен жағдайда өзінің даңқын асыруға тырыспау. Жеңіс арқылы өзінің даңқын асыру – адамдардың өліміне қуану. Кім адамдардың

өліміне қуанса, ел ішінде жанашырлыққа қол жеткізе алмайды. Жайлылық құрмет арқылы келеді, ал бақытсыздық озбырлық арқылы келеді. Сол жағында флангтардың əскербасылары, оң жағында қолбасшы тұрса, оларды қаралы процессиямен қарсы алу керек деседі. Егер көп адамды өлтірсе, ол жөнінде еңіреп жылау керек. Жеңісті азалы процессиямен атап өту керек. 32. Дао мəңгілік жəне оның аты жоқ. Ол қаншама кішкене болса да əлемде ешбір нəрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Патшалар да оған мойынсұнса, онда бүкіл жаратылыс тыныш жағдайда болады. Сонда аспан мен жер үйлесімге келеді, бақыт пен тоқтық келеді, халық тыныштықта болады. Тəртіп орнатылған кезде атаулар пайда болады. Атаулар пайда болғандықтан, оның шегін білу керек. Шегін білу қауіп-қатерден сақтайды. Дао бейбітшілікте болғанда, тау бұлақтары өзендер мен теңіздерге қарай ағылатыны сияқты барлық жаратылыс соған келіп құйылады. 33. Адамдарды білетіндер саналы болады. Өзін білетіндер білімді. Адамдарды жеңе білетіндер күшті. Өзін-өзі жеңе білетіндер құдіретті. Жеткіліктілікті білетіндер бай. Кім табанды болса, жігерлі де. Кім өз табиғатын жоғалтып алмаса, сол ұзақ жасайды. Кім өлсе де ұмытылмаса, сол мəңгілік. 34. Ұлы дао барлық жерде таралып жатады. Ол оң жақта да, сол жақта да болуы мүмкін. Соның арқасында бар жаратылыс дүниеге келеді жəне өз өсуін тоқтатпайды. Ол ерлік жасайды, бірақ өзіне даңқ қажетсінбейді. Бар жаратылысты махаббатпен тəрбиелей отырып, ол өзін əмірші санамайды. Оның ешуақытта өз қалауы болмайды, сондықтан оны болмашы ғана деуге болады. Барлық тірі жан иелері оған қайта оралады, бірақ ол өзін олардың əміршісі деп қарамайды. Оны ұлы деп атауға болады. Ол өзін ешуақытта ұлы деп санамағандықтан да ұлы. 35. Кім даоның ұлы образына лайық болса, оған бүкіл халық келеді. Адамдар келеді, ол оларға зиян жасамайды. Ол оларға бейбітшілік, тыныштық, музыка мен тамақ əкеледі. Тіпті жолаушы да оның төңірегіне тоқтайды. Дао ауыздан шыққанда дəмсіз. Ол көзге де көрінбейді, оны ести де алмайсың. Іс-əрекетте ол таусылмайды. 36. Бірнəрсені сығу керек болса, оны алдын ала кеңітіп алу керек. Бірнəрсені əлсірету үшін, оны əуелі мықтау керек. Бір нəрсені жою үшін, оның гүлденуіне жол беру керек. Бір нəрсені біреуден тартып алу үшін, əуелі оған беру керек. Бұл терең ақиқат деп аталады. Жұмсақ пен əлсіз қатты мен мықтыны жеңеді. Балықтың тереңнен шыға алмайтыны секілді, мемлекет те адамдарға оларды басқарудың жетілген тəсілдерін көрсете бермейді. 37. Дао ылғи да əрекетсіздік жасайды, бірақ ол атқармайтын ештеңе де жоқ. Оны білсе жəне патшалар оны ұстанса, онда барлық жаратылыс иелері де өзі-ақ өзгереді. Егер өзгергендер əрекет еткісі келсе, онда мен оларды атқа ие емес, жай ғана болмыстың жəрдемімен басып тастаймын. Атқа ие емес – жай болмыс – өзі үшін ештеңе қажетсінбейді. Қалаудың болмауы тыныштық əкеледі жəне ол жағдайда елде тəртіп өзінен-өзі орнығады. 38. Жоғары дэсі бар адам қайырымды істерді жасауға ұмтылады, өйткені оның өзі ізгі; дэсі төмен адамда жақсы іс істеуге ниет те болмайды, өйткені ол ізгі емес; жоғары дэсі бар адам көп тырыса бермейді жəне əрекетсіздік жасайды; төмен дэсі бар адам іскер жəне оның əрекеттері əдейі жасалады; биік адамсүйгіштік қасиеті барлар əрекетсіздік жасау арқылы əрекет етеді; биік əділеттілікті ұстанатын адам іскер жəне оның іс-əрекеттері əдейі жасалады; барлық жағдайда рəсімді сақтайтын адам, жасағанының қайтарымы болатынынан үміттеніп əрекет етеді. Егер оның қайтарымы болмаса, онда ол жаза қолдануға тырысады. Міне сондықтан да дэ дао жоғалған кезде ғана; адамды сүю – дэні жоғалтқан соң; əділдік – адамды сүюді жоғалтқанда; рəсім – əділдікті жоғалтқанда пайда болады. Рəсім – сенім мен берілгендіктің жоқтығын көрсетеді. Рəсім – бұлғақтың басы. Сыртқы түр – даоның гүлі ғана, ол тоғышарлықтың бастамасы. Сондықтан ұлы адам негізгісін алып, ұсақ-түйектерін қалдырады. Ол жемісін алады да гүлін лақтырып тастайды. Ол біріншісіне бейімделіп, екіншісінен бас тартады. 39. Міне мыналар көне заманнан бірлікте келе жатқан нəрселер. Бірліктің нəтижесінде аспан таза болды, жер – мызғымас, рух – сергек болды, дала – гүлденді жəне барлық жан иесі дүниеге келе бастады. Бірліктің нəтижесінде патшалар мен атақтылар жер жаһандағы үлгілілерге айналды. Міне, бірліктің не жасайтыны.

Егер аспан таза болмаса, ол қирар еді; егер жер бос болса, ол жарылып кетер еді; егер рух сергек болмаса, ол жоғалған болар еді; егер дала гүлденбесе, онда шөлге айналар еді; егер заттар пайда болмаса, құрып бітер еді; егер атақтылар мен патшалар бекзаттықтың үлгісі болмаса, олар орындарынан тайдырылар еді. Атағы жоқтар атақтыларға негіз болып табылады, ал төмен жоғарыға негіз. Сондықтан атақтылар мен патшалар өздері туралы өздері «жалғызбыз», «бейшарамыз», «бақытсызбыз» дейді. Бұлай болу себебі, олар атағы жоқтарды өздерінің негізі етіп алмайды. Бұл алдамшы жол. Егер күймені бұзса, одан ештеңе қалмайды. Ешуақытта өзін жарқырауық тас секілді «бағалымын» деп санамау керек, қайта қара тас секілді қарапайым болған абзал. 40. Қарама-қарсылыққа айналу – даоның əрекеті, əлсіздік – даоның қасиеті. Əлемде заттар болмыстан туындайды, ал болмыс болмыстың жоқтығынан туындайды. 41. Ілімі жетік адам даоны біліп алса, оны жүзеге асыруға тырысады. Білімі орта адам даоны білсе, оны бірде ұстанады, бірде бұзады. Білімі төмен адам даоны білсе, оны күлкіге айналдырады. Егер ол күлкіге айналдырмаса, даоға келмес еді. Сондықтан мынадай мəтел бар: кім даоны білсе, қараңғыға ұқсас; кім даоға енсе, кері шегінген жанға ұқсайды; кім дао биігінде болса, адасқанға ұқсайды; жоғары ізгіліктің адамы қарапайымға ұқсайды; шексіз ізгілік оның кемшілігіне ұқсайды; ізгілікті тарату оны ұрлауға ұқсайды; ақиқат шындық оның жоқтығына ұқсайды. Ұлы шаршыда бұрыш болмайды; үлкен ыдыс ұзақ дайындалады; қатты дыбысты есітіп болмайды; ұлы образда пішін болмайды. Дао бізден жасырын жəне оның аты жоқ. Бірақ ол барлық тіршілік иелеріне жəрдем беруге қабілетті жəне оларды жетілу дəрежесіне жеткізеді. 42. Дао бірді туындатады, бір екіні туындатады, екі үшті туындатады, ал үш барлық тіршілік иелерін туындатады, олардың ішінде инь мен ян болады, олар циге толы, осылай үйлесім туады. Адамдар «жалғыз», «бейшара», «бақытсыз» деген аттарды ұнатпайды. Сонымен бірге, гундар мен вандар осындай аттармен өздерін атауға құмар. Сондықтан заттар оларды төмендеткенде биіктейді, ал биіктеткенде төмендейді. Адамдарды неге оқытса, мен де соған оқытамын: күштілер мен қатігездер өз өлімімен өлмейді. Мен оқытқанда осыны басшылыққа аламын. 43. Аспан астында ең əлсіздер ең күштілерді жеңеді. Болмыстың жоқтығы барлық жаққа еніп кете береді. Міне сондықтан да мен əрекетсіздіктің пайдасын білдім. Аспан астында сөзге ұмтылмайтын жəне əрекетсіздіктен пайда алатын іліммен салыстыруға болатын ештеңе жоқ. 44. Даңқ жақын ба, өмір ме? Өмір қымбат па, байлық па? Тапқанды ұмыту қиын ба, жоқ жоғалғанды ма? Кім көп затты сақтаса, сол көбірек жоғалтады. Кімде зат көбірек, сол көбірек шығын шегеді. Кім шаманы білсе, онда сəтсіздік болмайды. Кім шегін білсе, сол қауіпке ұшырамайды. Оның өмірі мəңгілік болуы мүмкін. 45. Ұлы жетілу жетілмегенге ұқсайды, бірақ оның əрекеті бұзылмайды; ұлы толылық бос кеңістікке ұқсайды, брақ оның əрекеті түгесілмейді. Ұлы туралық қисыққа ұқсайды; ұлы сөз тапқыштық топастыққа ұқсайды; ұлы шешен кекешке ұқсайды. Жүру суықты жеңеді, тыныштық аптапты жеңеді. Жайлылық əлемге тыныштық əкеледі. 46. Егер елде дао бар болса, аттар тезегімен жерді құнарландырады; егер елде дао жоқ болса, мініс аттары елдің шет жақтарында жүреді. Өз құмарлығының шегін білмеуден артық бақытсыздық жоқ жəне байлық жинауға тырысудан артық қауіп жоқ. Сондықтан кім қанағатшыл болса, сол өмірге əрқашан риза болады. 47. Ауладан тыс жерге шықпай-ақ əлемді тануға болады. Терезеге қарамай-ақ табиғи даоны көруге болады. Қаншама ұзақ жүрген сайын аз көресің. Сондықтан жетілген дана жүрмейді, бірақ бəрін санамен ұғады. Затты көрмей-ақ оны таниды. Ол əрекет жасамай-ақ жетістікке жетеді. 48. Білім қуған адамның білімі күн санап өседі. Кім даоға қызмет етсе, күннен-күнге өзінің қалауын кеміте береді. Оны үздіксіз азайтумен адам

əрекетсіздікке дейін жетеді. Əрекетсіздік жасай алмайтын ештеңе жоқ. Сондықтан аспан астына ие болу əрқашан əрекетсіздік арқылы жасалады. Кім əрекет етсе, онда Аспан астын иемдене алмайды. 49. Жетілген данада тұрақты жүрек болмайды. Оның жүрегі халықтың жүрегінен тұрады. Мен ізгілерге ізгілік жасаймын, ізгі еместерге де ізгілік жасаймын. Осылайша ізгілік тəрбиеленеді. Мен шынайыларға сенемін жəне шынайы еместерге де сенемін. Осылайша шынайылық тəрбиеленеді. Жетілген дана өмірде тыныш өмір сүреді жəне жүрегіне халықтың пікірін жинайды. Ол халыққа өз балаларына қарағандай қарайды. 50. Тіршілік иелері туады жəне өледі. Он адамның үшеуі өмірге келеді, үшеуі өлімге барады. Əрбір он адамның тағы үш адамы өздерінің əрекетінен өледі. Неге бұлай? Бұлай болатын себебі олардың өмірге деген ұмтылысы шектен тыс күшті. Мен естідім: кім жер басып жүріп өмірді иелене алса, ол сайысқа түскенде арыстаннан да, жолбарыстан да, қарулы əскерден де қорықпайды. Неге бұлай? Өйткені ол үшін өлім жоқ. 51. Дао заттарды туғызады, дэ оларды қоректендіреді. Заттар дайындалады, пішіндер аяқталады. Сондықтан, дао құрметтеп, дэ бағаламайтын заттар жоқ. Дао – құрметті, дэ – бағалы, сондықтан олар бұйрық бермейді, тек табиғилықтың соңына ереді. Дао заттарды туғызады, дэ оларды қоректендіреді, өсіреді, тəрбиелейді, жетілдіреді, оларды пісіріп жетілдіреді, оларға қамқорлық жасайды. Жасау мен иеленбеу, туындату мен оған мақтанбау, үлкен бола тұрып билік етпеу – міне осылар терең дэ деп аталады. 52. Аспан астының бастауы бар жəне ол – Аспан астының анасы. Анаға жеткенде оның балаларын да білуге болады. Оның балалары белгілі болғанда олардың анасын да еске түсіру керек. Сондай жағдайда адамның өмірінің соңына дейін қауіп болмайды. Егер адам өз қалауларын қалдырып, құштарлықтардан босаса, онда өмірінің соңына дейін шаршау болмайды. Егер ол өзінің құштарлықтарына жол берсе жəне өз тірліктерімен болып кетсе, онда қасіреттен құтыла алмайсың. Ұсақты көре білу қырағылық деп аталады. Əлсіздікті сақтау құдіретті-лік деп аталады. Даоға еріп, оның терең мағынасын түсіну, адамдарды бақытсыздыққа итермелемеу – тұрақтылықты сақтаудың нақ өзі. 53. Егер менің білімім болса, онда мен үлкен жолмен жүрер едім. Мен қорқатын бір нəрсе – ұсақ соқпақтар. Үлкен жол тегіс келеді, бірақ халық жіңішке соқпақтарды жақсы көреді. Егер сарай əсем безендірілген болса, онда егістіктерді арамшөп басып, астық қоймалары бос тұрғаны. Биліктегілер қымбат киімдер киіп, жарқылдаған қылыштар асынып, жай тамақты менсінбей, артық байлық жинауға үйір келеді. Мұның бəрі тонау мен мақтаншақтық деп аталады. Ол даоны бұзу болып саналады. 54. Кім мықты тұра алса, оны аударып тастай алмайсың. Кім тіреуді дұрыс пайдаланса, оны құлата алмайсың. Балалар мен немерелер оны мəңгі есте тұтады. Кім өз ішіндегі даоны жетілдірсе, ондағы ізгілік шынайы бола түседі. Кім отбасында даоны жетілдірсе, оның ізгілігі орасан мол болады. Кім ауылда даоны жетілдірсе, оның ізгілігі ауқымды болады. Кім патшалық бойынша даоны жетілдірсе оның ізгілігі бай болады. Кім даоны Аспан астында жетілдірсе, оның ізгілігі жалпынікі болады. Өзіңе қарап басқаны тануға болады; бір отбасына қарап басқа отбасыларды тануға болады; бір ауылға қарап басқа ауылдарды танисың; бір патшалыққа қарап басқаларын тануға болады; бір елге қарап бүкіл Аспан астын танисың. Мен Аспан астының қалай екенін қайдан білемін? Тек осылай ғана. 55. Кімнің өзінде жетілген дэ болса, ол жаңа туған бала секілді. Улы жəндіктер мен жыландар оны шақпайды, қаһарлы аңдар оған тиіспейді, жыртқыш құстар оны шоқып тастамайды. Оның сүйегі жұмсақ, бұлшық еттері əлсіз, бірақ ол даоны мықты ұстайды. Екі жыныстың одағын білмей тұрып ол рухтандырушы қабілетке ие. Ол өте сергек. Ол күнімен айғайласа да оның дауысы өзгермейді. Ол мүлтіксіз үйлесімге ие. Үйлесімді білу тұрақтылық деп аталады. Тұрақтылықты білу даналық деп аталады. Өмірді байыту бақыт деп аталады. Сезімдерді басқару ниеті табандылық деп аталады. Қуаты толық тіршілік иесі қартаяды, ол даоның бұзылуы деп аталады. Кім даоны ұстанбаса, ол мезгілінен бұрын өледі.

56. Білген адам айтпайды. Айтқан адам білмейді. Өз көңілінің қалауын қалдырып, құштарлықтан бас тартқан адам өзінің көрегендігін топастандырады, өзін былығудан құтқарады, өзінің жарқылын басады, өзін тозаңға теңейді, сол үшін терең болып көрінеді. Онымен туыстасу үшін жақындатуға болмайды; оны елемеу үшін жақындатуға болмайды; оны пайдалану үшін жақындатуға болмайды; оны ұлықтау үшін жақындатуға болмайды; оны қорлау үшін жақындатуға болмайды. Міне, сондықтан да ол Аспан астында құрметті. 57. Ел əділдік арқылы басқарылады, соғыс айла арқылы жүргізіледі. Əрекетсіздік арқылы Аспан астын иелікке алады. Мен мұның бəрін қайдан білемін? Мұны елде тыйым салатын заңдар тым көп болып, халық кедей бола түскенінен білемін. Халықта өткір қарулар көп болған кезде елде бұлғақ көбейеді. Елде шебер ұсталар көп болса, сирек заттар көбейеді. Елде заңдар мен бұйрықтар көбейсе, ұрылар мен қарақшылардың саны көбейеді. Сондықтан жетілген дана былай дейді: «Егер мен əрекет етпесем, халық өзін-өзі өзгерту жағдайында болады; егер мен тыныш болсам, халық өзі түзеледі. Егер мен енжар болсам, халық өзі бай бола бастайды; егер менде құмарлық болмаса, халық жайдары бола бастайды». 58. Үкімет тыныш болса, халық жайдары бола бастайды. Егер Үкімет іскер болса, халық бақытсыз бола бастайды. О, бақытсыздық! Ол бақыттың тірегі ғой. О, бақыт! Бақытсыздықтың өзі сонда. Олардың шекарасын кім біледі? Онда тұрақтылық жоқ. Əділдік қайтадан қулыққа айналады, жақсылық – жамандыққа. Адамның адасқанына көп уақыт болды. Сондықтан жетілген дана əділетті жəне ешкімнен ештеңе тартып алмайды. Ол риясыз жəне басқаларға зиян жасамайды. Ол шыншыл жəне ешқандай жамандық жасамайды. Ол жарық, бірақ жарқылдағысы келмейді. 59. Адамдарды басқара жəне аспанға қызмет ете тұрып, ең жақсысы ұстамдылықты сақтау керек. Ұстамдылық ең басты уайым болуы тиіс. Ол дэні жетілдіру деп аталады. Дэні жетілдіру – бəрін де жеңеді. Бəрін жеңетін таусылмас күшке ие. Таусылмас күш елге билік етуге мүмкіндік береді. Елді басқаруға жəрдем беретін нəрсенің бастауы мəңгілік, ол терең жəне мықты, мəңгі тұратын дао. 60. Үлкен патшалықты басқару майда шабақтардан тамақ пісіруге ұқсайды. Егер даоға сүйеніп Аспан астын басқарса, онда өлгендердің долы күштері əрекет ете алмайды. Долы күштер тек қана əрекет етпей ғана қалмайды, олар адамдарға да зиян жасай алмайды. Тек олар ғана адамдарға зиян жасай алмайды емес, жетілген даналар да адамдарға зиян жасай алмайды. Оның алдыңғысы да, соңғысы да адамдарға зиян жасай алмаған соң, олардың дэсі бір-бірімен жалғасады. 61. Ұлы патшалық дегеніміз – өзендердің төменгі жағы, ол Аспан астының түйіні, Аспан астының ұрғашысы. Ұрғашы қашан да сабырлылықпен сəурікті жеңеді, ал өзінің сабырлылығы жағынан ол сəуріктен төмен тұрады. Сондықтан ұлы патшалық кішкенелерді өзін олардан төмен ұстаумен тартады, ал кіші патшалық ұлы патшалықтың ұнатуы ұлы патшалықтан төмен тұруымен тартады. Өзін төмен санауымен немесе өзі шынымен де төмен болуымен тартады. Мейлі, ұлы патшалық барлығының бірдей тамағы тоқ болуынан басқаны қаламасын, ал кіші патшалық адамдарға қызмет етуден басқаны қаламасын. Сонда екеуі де өздері қалаған нəрсесін алады. Ұлының өзін төмен санағаны жөн. 62. Дао – барлық заттардың терең негізі. Ол ізгі адамдардың қазынасы, мейірімсіз адамдардың қорғаны. Əдемі сөздерді жұрт алдында айтуға болады, жақсы мінезді адамдарға сіңіруге болады. Бірақ мейірімсіз адамдарды тастап кетуге бола ма? Ондай болса несіне патшаларды сайлайды жəне оның үш кеңесшісін тағайындайды? Патша мен кеңесшілері қымбат бағалы тастары болса да, арба мініп жүретін жағдайы болса да, олар тып-тыныш даоның соңынан ергені дұрыс болар еді. Неге ерте заманда даоны бағалаушы еді? Ол кезде адамдар байлық қумайтын, қылмыстар да кешірілетін еді. Сондықтан Аспан астында дао қымбатқа бағаланатын. 63. Əрекетсіздік жасау керек, тыныштық сақтау керек жəне дəмсіздің дəмін татып көру керек. Ұлы нəрселер кішкенелерден құралады, көп – аздан құралады. Жек көруге мейіріммен жауап беру керек. Қиындықты жеңу жеңіл істерден басталады, ұлы істерді атқару аздан басталады, өйткені бұл əлемде қиын істер жеңілден құралады, ұлы

нəрсе – аздан басталады. Сондықтан жетілген дана ұлы істен бастамайды, сонда да ұлы іс атқарады. Кім көп уəде берсе сенімге ие бола алмайды. Қай жерде жеңіл істер көп болса, сол жерде ауыр істер де көп. Сондықтан жетілген дана қай іске болсын қиын іске қарағандай қарайды, сондықтан ол қиындық көрмейді. 64. Тыныш нəрсені сақтау оңай. Əлі белгі бермеген нəрсені бағыттау оңай. Егер нəрсе əлсіз болса, оны бөлу оңай. Ұсақ нəрсені ыдырату оңай. Əрекетті əлі жоқ нəрседен бастау керек. Тəртіпке келтіруге бұлғақ басталмай тұрып əрекет еткен жөн. Өйткені үлкен ағаш жас шыбықтан өседі, тоғыз қабатты мұнара бір уыс топырақтан басталады, мың ли тұратын саяхат бір қадамнан басталады. Кім əрекет етсе – жеңіліс табады. Кім бір нəрсені иеленсе – жоғалтады. Міне, сондықтан да жетілген дана ештеңеге əрекет етпейді жəне жеңіліске ұшырамайды. Оның ештеңесі де жоқ, сондықтан ол ештеңе жоғалтпайды. Кім де кім іс атқару барысында асығыстыққа жол берсе жеңіліске ұшырайды. Жайлап бастап, абайлап жалғастырған адамның ісі нəтижелі аяқталады. Сондықтан жетілген дана құштарлықтан ада, қиындықпен табылатын заттарды бағаламайды, білімі жоқ адамдардан үйренеді жəне басқалар жүріп өткен жолмен жүреді. Ол заттардың табиғилығына бағынады жəне өз бетінше əрекет ете салмайды. 65. Көне заманда даоға сүйенетін адамдар халықты ағартуға ұмтылмаған, оларды тоғышар етіп ұстаған. Халықта білім көп болса, оларды басқару қиын. Сондықтан елді білім арқылы басқару елге бақытсыздық əкеледі, істері білімнің жəрдемінсіз жүргізілген ел бақытқа кенеледі. Осы екі затты білген адам өзгелерге үлгі болады. Терең дэ деп осы мысалды біліп алғанды айтады. Терең дэ тереңдігімен жəне ұзақта болуымен терең. Ол барлық тіршілік иесіне қарама-қарсы, бірақ оларды толық сəйкестікке алып келеді. 66. Өзендер мен теңіздер төменге қарай ағу қабілетіне ие болғандықтан, тегістікке билік етуі мүмкін. Сондықтан да олар тегістікке билік етеді. Жетілген дана халықтан биігірек болып көрінгісі келсе, өзін халықтан төмен қоя білуі керек. Адамдардың алдында болғысы келген кісі өзін олардан кейін қоюы тиіс. Сондықтан адамдардан қаншама биік тұрса да ол халыққа салмағын салмайды; ол халықтың алдында тұрса да халыққа зиян жасамайды. Сондықтан адамдар оны алға ұстайды жəне одан теріс айналмайды. Ол күреспейді, сонысы үшін де ол жеңілмейді. 67. Барлығы менің даом ұлы жəне азаймайды дейді. Егер азаятын болса, көп уақыт өткен соң ол кішкене болып қалар еді. Ол кішіреймейді, себебі ол – ұлы. Мен өзім бағалайтын үш қазынаға иемін: біріншісі – адамды сүю, екіншісі – құнттылық, ал үшіншісі – менің өзгелерден озық болып кетуге құмар еместігім. Мен адамдарды сүйемін, өйткені ол арқылы ержүрек бола бастаймын. Мен құнттымын, сондықтан жомарт бола аламын. Мен басқалардың алдында болуға құмартпаймын, сондықтан менің ақылды көсем болуға мүмкіндігім бар. Кім адамды сүйе білмей ержүрек болса, құнт жасамай жомарт болса, алда келе жатып артындағыларды кері итерсе – өледі. Кім адамды сүйе тұрып, ұрыс жүргізсе жеңеді жəне оның құрған қорғаныс шебін бұзу мүмкін емес. Оны аспан құтқарады, адамды сүю оны қорғайды. 68. Ақылды қолбасшы ұрысқұмар болмайды. Икемді сарбаз ашушаң болмайды. Жауды жеңе білетіндер шабуылға шықпайды. Адамдарды басқара білетіндер өзін қолайсыз жағдайға қалдырмайды. Мен мұны күрестен тартынатын дэ деймін. Бұл – адамдарды басқарушы күш. Бұл – табиғат пен көне бастауларға мойынсұну (дао) деген сөз. 69. Соғыс өнері былай дейді: мен бірінші бастамаймын, мен күтуге тиіспін. Мен бір кез болса да бірінші болуға құлқым жоқ, қайта бір кез кейін шегінемін. Бұл əрекетсіздік жасау арқылы əрекет ету, күш шығындамай соққы беру деп аталады. Бұл жағдайда жау болмайды жəне мен сарбаздарсыз да бірдеңе етемін. Қарсыласты бағаламағаннан ауыр қиындық жоқ. Қарсыласты бағаламау менің құнды қазынама (дао) зиян келтіреді. Ұрыс нəтижесінде кім қайғырса, жеңіске жетеді. 70. Менің сөздерімді түсіну де, жүзеге асыру да жеңіл. Бірақ адамдар оны түсіне де алмайды, жүзеге де асыра алмайды. Сөздің басы болады, істің бастысы болады. Осыны білмегендіктен адамдар мені де білмейді. Мені аз білген сайын, мен қымбат бола түсемін. Сондықтан жетілген дана арзанқол матамен оралып, бірақ ішінде жарқырауық тас сақтағандарға ұқсайды.

71. Кім білімі болып тұрып, ештеңе білмейтіндей түр білдірсе, ол – барлығынан жоғары. Кімнің білімі болмай, білетін түр көрсетсе, ол – ауру. Кім ауру бола тұрып, өзін аурумын деп санаса, онда оның ауру болмағаны. Жетілген дана ауру емес. Ауру бола тұрып, ол өзін ауру санайды, сондықтан да ол ауру емес. 72. Халық құдіреттілерден қорықпайтын болса, сол кезде құдіреттілік келеді. Оның тұрағын тарылтпаңыздар, оның өміріне жек көре қарамаңыздар. Кім халықты жек көрсе, халық та оны жек көреді. Сондықтан жетілген дана өз ұлылығын біліп, өзін көрсетпей ұстайды. Ол намыстан бас тартып, өзін көтермелемеуді жөн санайды. 73. Кім ержүрек жəне жауынгер болса – өледі, кім ержүрек болып жауынгер болмаса өмір сүреді. Бұл екі зат мынаны көрсетеді: біреуі – пайда, біреуі – зиян. Аспан жауынгерді жек көретінінің себебін кім біледі? Мұны түсіндіру жетілген данаға да қиын. Аспан даосы күреспейді, бірақ жеңе біледі. Ол сөйлемейді, бірақ жауап бере алады. Ол өзі келеді. Ол байсалды жəне заттарды басқара біледі. Табиғат ауының кестесі сирек, бірақ ештеңе өткізбейді. 74. Егер халық өлімнен қорықпаса, онда неге оларды өліммен қорқытамыз? Адамдарды өлімнен қорқуға зорлап жүрген кім жəне ол іске қызыққан адамды білсем, ұстап алып жойып жіберер едім. Осылай əрекет етуге батылы барып жүрген кім? Өлімнің өлтіріп жіберетін иесі қашан да бар. Ал егер оны біреу алмастырса, онда оның ұлы ұстаны алмастырғаны. Кім ұлы ұстаны алмастыра тұрып балта жұмсаса өз қолын кеседі. 75. Билік өте көп салық алғандықтан халық аштыққа ұшырайды. Билік өте іскер болса да халықты басқару қиындайды. Халықта өмір сүруге ұмтылыс өте дамығандықтан өлімді жек көреді. Кім өз өмірінен баз кешуге əзір болса, сонысымен ол өмірді бағалағаны. 76. Адам дүниеге келгенде нəзік жəне əлсіз, ал өлім келіп жеткенде қатты жəне мықты болады. Барлық жəндік пен өсімдік туылғанда нəзік жəне əлсіз, ал өлгенде құрғақ жəне шірік болады. Қатты мен мықты – бұлар өліп бара жатқандар, ал нəзік пен əлсіз – өмір сүруді бастап жатқандар. Сондықтан құдіретті əскер жеңе алмайды, қатты ағаш өледі. Мықты мен құдіреттіде, нəзік пен əлсізде бар басымдық болмайды. 77. Аспан даосы тартылып тұрған садаққа ұқсайды. Оның жоғарғы жағы төмендегенде төменгі жағы көтеріледі. Ол керексізді алып тастап, алынғанды оны қажет еткенге береді. Аспан даосы байлардан тартып алып, тартып алғанын кедейлерге береді. Адамның даосы болса – керісінше. Ол кедейден тартып алып, тартып алынғанды байға береді. Кім өзінен артылғанды өзгеге бере салсын? Бұлай ету тек даоға мойынсұнғандардың ғана қолынан келеді. Сондықтан жетілген дана жасайды жəне жасағанымен пайдаланбайды, ерлік жасайды да өзінің даңқын арттыруға тырыспайды. Онда құштарлық жоқ, сондықтан да ол мейірімді. 78. Су – əлемдегі ең жұмсақ жəне ең əлсіз нəрсе, бірақ қатты мен мықтыны жеңуде ол жеңілмейді жəне жер бетінде оның теңдесі жоқ. Əлсіздер əлдіні жеңеді, жұмсақ қаттыны жеңеді. Мұны барлығы біледі, бірақ адамдар мұны жүзеге асыра алмайды. Сондықтан жетілген дана былай дейді: «Кім елдің қорлануын өзіне алса – патша болады жəне кім елдің бақытсыздығын өзіне алса – əмірші болады». Шыншыл сөз өзінің қарама-қарсылығына ұқсайды. 79. Үлкен ашу-ызадан кейін тынышталған соң да оның салдары қалады. Осыны мейірім деп атауға бола ма? Неге жетілген дана ешкімді көзіне шұқымаймын деп ант береді? Мейірімділер келісімге ұмтылады, ал мейірімсіздер барымталауға тырысады. Аспан даосы барлығына да қатысты, ол қашанда мейірімділер жағында. 80. Мейлі мемлекет кішкене ғана, ал халқы аз болсын. Егер мемлекетте түрлі құралдар болса, оны пайдаланбау керек. Адамдар өздері үйренген орындардан өмірінің соңына дейін ұзап кетпесе де мейлі. Егер мемлекетте қайықтар мен күймелер болса оларды пайдаланбау керек. Тіпті сарбаздар көп болса да оларды алға шығарудың керегі жоқ. Мейлі, халық қайтадан түйін түюмен айналыссын жəне оларды хат орнына пайдалансын. Мейлі, оның тамағы тəтті, киімі əсем, тұрағы жайлы, ал өмірі шат болсын.

Мейлі, көрші мемлекеттер бір-біріне қарасын, бірінен бірі əтештердің əні мен иттердің үргенін естісін, ал адамдар қартайып өлгенге дейін бірі біріне бармасын. 81. Сенімді сөздер əдемі болмайды. Əдемі сөздер сенімге ие болмайды. Ізгі сөзшең болмайды. Сөзшең ізгі бола алмайды. Білетіндер дəлелдемейді, дəлелдейтіндер білмейді. Жетілген дана ештеңе жинамайды. Ол барлығын адамдар үшін жасайды жəне бəрін басқаларға береді. Аспан даосы барлық тіршілік иелеріне пайда əкеледі жəне оларға зиян жасамайды. Жетілген дананың даосы – күрессіз əрекет. ДАО ДА ЧИНГ (Лидердің даосы) Заттардың пайда болуы мен жұмыс істеу жайлы кітап, немесе соңынан ерте білу стратегиясы.

АЛҒЫСӨЗ Лидер сапалық көрсеткіш емес, ол деңгейлік өлшем, өмір сүру тəртібі, терең психология. Кітаптың ерекшелігі нұсқаулық немесе теориялық модель еместігінде. Сонымен бірге оқушыға жұмсақ қана, жайымен, тиімді жетекшілік етудің өлшемдерін көрсетеді, дұрыс ойлауды, түсіну мəнерін, не болып жатқанының жəне оның неге олай болып жатқанының тетігін, басқару өнерінің басқа да тəсілдерін түсіндіреді. Дұрыс ойлау – бұл медитация. Кейінгі кезде бұл түсінік ойлану тəсілі ретінде ғана пайдаланылады. Мəселен, медитация өлең-жырды, музы каны, суреттерді, құлшылық етуді, ғылыми еңбекті қабылдауда пайдаланылады. Медитацияның элементтері – бір объектіге бар назарды аудару жəне өзгеріп жатқан бейнелерді қабылдау. Тағы бір элемент – кез келген бейнеге бірдей қызыға қарау, ақыл-ой арқылы назарыңды тек соған аудару. Медитацияның бұл соңғы элементі ой қозғау шабуылы технологиясында пайдаланылады. Лидер сөзі ағылшын тілінде басқарушы жəне қолбасы ретінде түсіндіріледі. Бізде көбіне біріншісі ғана қабылданады. Философиялық түсінігі жетік оқырман бірнеше түрлі философиялық доктриналардың іс жүзінде пайдаланылғанын, ескі білімнің жаңа қырларын жəне басқару секілді күрделі саланың жұмысын көреді. Диалектиканың нəзік жəйттері мен таным теориясын түсіндіру қисындық құралдармен емес, көпқұрамдас жүйеде үнемдірек болатын образдар тілімен берілген. Кітапта күрделі теориялар жоқ, филосо фиялық тұжырымдарды адамдық өлшеммен өлшеуге бағыт ұсталған. Кітаптың мақсаты – түйсіну процесін іске қосу арқылы лидердің мүмкіндігін дамыту, болып жатқан істерді айқын көре алатын ету. Жақсы кəсіпкер мақсат айқын болса оны шешу қиынға соқпайтынын біледі. Кітаптың əр тарауы түйсіну процесінің тездетушісі немесе баяулатушысы ре тінде қызмет етеді жəне не болып жатқаны мен қалай болып жатқанын айқын елестету кедергісін алып тастайды. Түйсіну процесі суретті сіл тіден шығару процесіне ұқсайды – ол біртіндеп көрінеді. Егер кітаптың қысқа тарауларында бір нəрсе түсініксіз болса, əріптерге көз шыға таң қалмай,

уақытша қоя тұру керек, біраздан кейін айқындық келеді. Бұл кітапты кəсіпкерлер мен саясаткерлер күрделі жағдайларда қиындықтан шығу жолын іздеп шаршаған кезде оқысын, шешім күтпеген жақтан келеді. Тиімділік жеке тырысу мен табиғат күштері векторлары сəйкес келген кезде артады, нағыз басшылық бұндай мүмкіндікті күшейтеді. Кітапта үш тақырып бар: 1. Табиғи заң немесе заттар қалай пайда болады. 2. Өмір сүру тəсілі немесе табиғи заңмен бірге түсіністікпен өмір сүру. 3. Басқару тəсілі немесе табиғи заңға сəйкес қалай басқару немесе өзгелерді үйрету. Бұл еңбек əңгімелесу түрінде жасалған. Бұл кітапты дауыстап оқыса анығырақ болады. Оқып көріңіз. Дауыс - тап оқу жақсы əдет. 1. Дао – қалай дегенді білдіреді Дао – қалай дегенді білдіреді: зат қалай пайда болады, зат қалай жұмыс істейді. Дао бүкіл жаратылыстың негізінде жататын бірыңғай принципті білдіреді. Дао деген Құдай. Даоның анықталуы мүмкін емес, өйткені ол барлық нəрсеге жатады. Сіз оның өзінің атауларынан да ештеңе анықтай алмайсыз. Егер сіз принципті анықтай алатын болсаңыз, онда ол Дао емес. Дао анықталмайды, бірақ Дао танылуы мүмкін. Тəсіл медитацияны, немесе, не болып жатқанын түйсінуді білдіреді. Не болып жатқанын сезіну үшін, мен айқын ақылмен назар аударуым керек. Мен өзімнің болжамым мен ауытқуларымды ысырып қоюым керек. Өз болжамынан айнығысы келмейтін адам өз болжамымен сəйкес келетінді ғана көреді. Медитация тəсілі жұмыс істейді, өйткені принцип пен процесс бөлінбейді. Барлық процестер оның негізінде жатқан принципті ашады. Ол ме нің Даоны білетінімді білдіреді. Ол арқылы мен Құдайды да біле аламын. Даоны білсем, мен заттардың қалай пайда болатынын білемін. 2. Қарама-қарсылықтар Кез келген мінез-құлық қарсы көзқарастағы топтан (оппозициядан) жəне қарама-қарсылықтардан тұрады. Егер мен бір нəрсені жасап, тағы да, тағы да жасай бергім келсе, онда ол нəрсеге қайшылық пайда болады. Мысалы, əдемі болуға құлшыныспен ұмтылу адамды сұрықсыз етеді, мейірбан болуға жанын сала ұмтылу өзімшілдіктің бір түрі. Кез келген əсіре-айқын мінез-құлық өзінің қарама-қарсылығын тудырады: – Өмірді сүюге ессіз берілу өлім туралы уайымдарға алып келеді; – Нағыз қарапайымдылық қарапайым емес; – Мен сізбен соңғы рет көріскеніме көп болды ма, аз болды ма?; – Мақтаншақ, əдетте, өзін қорғансыз жəне кіп-кішкентай сезінеді; – Кім бірінші болғысы келсе, соңғы болып аяқтайды. Қарама-қарсылықтар қалай жұмыс істейтінін біле тұрып, ақылды басшы оқиғаның болуын зорлауға асықпайды, процестің өз бетімен ашылуына мүмкін дік береді. Лидер басқаларды қалай ету керегіне ақыл бергеннен гөрі өз үлгісімен үйретеді. Лидер, ылғи əсер ете беру – топтағы процесті тоқтататынын біледі. Лидер оқиғаның белгілі-бір жолмен жасалуын талап етпейді. Ақылды лидердің ақшасы көп болмайды жəне көп мақтауды жөн көрмей ді. Сонда да ол екеуі онда жеткілікті. 3. Өзімен-өзі болу Ақылды лидер өзінің қасиеттілігін немесе алған атағын жақсы атану үшін жария етпейді. Олай болмаған күнде ол жеңіс пен жеңілістің болу жағдайына бірдей ықпал етеді. Осыдан барып жарыс пен күншілдік пайда болады. Тұрмыстық байлыққа сүйену де соған алып барады: ол кімде көп бол са, сол өркөкірек болады, кімде аз болса, сол ұры-қарыға айналады. Сіз сыртқы түріңізді жақсартумен əуре болған кезде, адамдар сізді рахатқа бөлеуге ұмтылады. Ақылды лидер кез келген мінез-құлыққа соған сəйкес назар аударады. Осылай болса топ мінез-құлықта жаңа мүмкіндіктерге ашық болады. Егер олар бəріне ашық болса, жұмбақ шешуге мəжбүр болмаса, көп нəрсеге үйренеді, онысымен олар ұстазына да рахат əкеледі. Лидер стиль мəнді ауыстыру емес екендігін, кейбір ақиқатты білу қара пайым ақылдан гөрі əлсіз екенін, назар аударта білу жинақылық жағдайы нан гөрі əлсіз екенін көрсетеді.

Тиімді əрекет үнсіздік пен тұрмысты айқын сезінуден пайда болады. Аяғы жерде тұрған адам, ылғи уақыты жоқ адамнан гөрі қажет нəрсені тиімдірек жасайды. 4. Дао – зат емес Затты зор ынтамен жинай беріп, сіз ешуақытта Дао деп аталатын затты ала алмайсыз. Дао – бұл принцип, немесе заң. Дао – қалай дегенді білдіреді. Барлық зат өзін Даоға сəйкес ұстайды, бірақ Дао өзін жетелемейді. Дао объект те, процесс те емес. Дао барлық заттың, барлық оқиғаның заңы. Дао бар жаратылыстың жалпы негізі болып табылады. Жаратылыс заттар мен оқиғалардан тұрады. Барлық заттар мен оқиға лар тербелуден тұрады. Тербелу оппозициядан немесе қарамақарсылықтан тұрады. Қарама-қарсылықтар бір-біріне əртүрлі дəрежеде кооперациялануы немесе қарсы тұруы мүмкін. Барлығы, заттар немесе оқиғалар, кооперацияланғанына немесе қарсы тұрғанына қарамастан, үйлесімділігіне немесе тынышсыз болуына қарамастан Даоға сəйкес нысанға ие болады немесе түйіні шешіледі. Бірақ Дао тербелгіш оқиға болып табылмайды. Мысалы, Дао дыбыс емес. Дао қарсылықтарға немесе қарсы полюске ие емес. Дао бүтін, Дао бірлік. Менің білетінім, ештеңе Даоға алып келмейді. Ештеңе Даоны туғызған емес. Ештеңе Құдайды жаратқан жоқ. 5. Бірдей əсер ету Табиғи заң соқыр, оның əділдігінде шек жоқ. Кез-келген мінез-құлықтың соңы түзелуге келмейді. Адам да солай. Ақылды лидер адамдардың өздерін өздерінен қорғауға тырыспайды. Сана саңылауы ұнамдыға да ұнамсызға да бірдей түседі. Адамдар жаратылыстың басқа бөлігінен жақсырақ емес. Адамзаттың негізінде жатқан принцип, барлық нəрсенің негізінде бірдей жатыр. Ешбір ірі тұлға, ешбір адам адамзаттың басқа бөлігінен артық емес. Барлығының негізінде бір принцип жатыр. Бір тұлға басқа тұлға секілді бағалы. Сүйікті болып ойнаудың қандай қажеті бар? Заң бəрін жария етеді. Құдай зат емес дегеніміз, Құдай ештеңе де емес дегеніміз емес. Азырақ мойынсұнып қоюдың да зияны жоқ. Осыны біліп лидер үстірт бола алмайды. Лидер өзгелер туралы өсек айтпайды жəне жарысушы теориялардың артықшылықтары туралы дауға күшін кетірмейді. Үндемеу – күштің ұлы бұлағы. 6. Тегіс жердегі тоған Сіз ашық жəне тез қабылдағыш, байсалды немесе бір нəрсе істеуге ықыласы мен қажеттілігі жоқ болуға үйрене аласыз ба? Ашық жəне тез қабылдағыш болу Инь, яки, Əйел, немесе тегістік деп аталады. Тегіс жердегі тоғанды көзіңе елестет. Қорқыныш пен тілек тоғанның бетін қозғамаса, су əбден жетілген айнадай болады. Бұл айнадан сіз Даоның бейнесін көресіз. Сіз Құдайды көре аласыз жəне сіз жаратылысты көре аласыз. Тегістікке жол тартыңыз, жым-жырт болыңыз, сөйтіп тоғанды бақылаңыз. Егер қаласаңыз, өте жиі барыңыз. Сіздің үнсіздігіңіз өсе түседі, тоған ешуақытта тартылмайды. Тегістік, тоған мен Дао сіздің ішіңізде тұр. 7. Өзін-өзі аямау Өзіңе-өзің шынымен қызығу өзімшілдікке үйретеді. Аспан мен жер тұрақты, өйткені олар өзімшіл жəне өзін-өзі жақсы көрушілер ғана емес, бүкіл жаратылыс үшін тұрғандықтан да солай. Ақылды лидер осыны білген соң өзінің дарашылдығын бақылауға алады, жəне солай етіп бұрынғыдан да бағасы көтеріледі. Оқыған басшы өз ісінің мағынасын қызмет ету деп біледі, өзімшіл дік пен өзіне-өзі қызығу емес. Өз жағдайын барлығының жағдайынан жоға - ры қоймағанда ғана лидер өседі жəне өз қызметінде ұзағырақ тұрақтайды. Парадокс: Өзін-өзі аямаумен, өзінен-өзі бас тартумен лидер өзін-өзі күшейтеді.

8. Су

Ақылды лидер суға ұқсайды.
Суды алып қарайық: су барлық нəрсені таңдамай тазартады əрі

жаңартады, су заттың бетінен де əрі ішіне қорықпастан өтіп кетеді, су сұйық жəне қабылдағыш, су заңға зорлықсыз бағынады. Лидерді алып қаралық: лидер кез-келген жағдайда алдынан кездескен əрбір адаммен, əрбір көрсеткішпен ешбір шағынбастан жұмыс істейді, лидер ақысының көлеміне қарамастан, жұрттың бəрі жақсы жұмыс істеп əрі пайда келтіріп жатқандай болып қызмет етеді, лидер əрі қарапайым əрі шыншыл əңгімелеседі, мəселеге анықтық пен түсіністік кіргізу үшін ғана араласады. Судың қозғалысын бақылағанда лидер əрекет етуде уақытты есептеудің дəлдігі мен өз уақытында болу ең негізгі нəрсе екенін түсінді. Су секілді лидер де кезегін береді (кезегін беру өнім береді). Өйткені лидер асықтырмайды, сондықтан топ ренжімейді, əрі қарсылық көрсетпейді. 9. Жақсы топ Жақсы топ тиімді топтан жақсы. Лидер жұлдыз болған кезде, ұстаз ілімді көлеңкесінде қалдырады. Азғана жұлдыздар ғана жерде өз аяғымен мықты тұра алады. Даңқ даңқты асырады жəне тез арада жұлдыздарды өзінен ұзаққа алып кетеді, сол кез де барып олар бейімделуді жоғалтады, сөйтіп жеңіліске ұшырайды. Ақылды лидер қолына жақсы істі алады, содан соң барып өзгелерге сөз береді. Лидер не болып жатқанының барлық абыройын өзіне ғана алмайды жəне атақтылықты қажет етпейді. Шектеулі «мен» ақылдылыққа тəн. 10. Кері пікірде бола білетін басшылық Сіз, ешкімнің жағына шықпастан, сүйіктілер таңдамай, көңіл-күй ауаны бастауы үшін байланыстырып тұратын байланысшы жəне делдал бола аласыз ба? Сіз, тіпті, қорқыныш пен тілек жағдайының өзінде еркін тыныс алып жəне өзіңізді бос ұстай аласыз ба? Сіздің өз кикілжіңдеріңіз анықталған ба? Сіздің өз үйіңізде барлығы таза ма? Сіз кез келген келіспеушілікте байсалды болып, топты биікте тұрмайақ басқара аласыз ба? Сіз, болып жатқан жағдайға қарамастан, ашық жəне тез қабылдағыш болып қала аласыз ба? Сіз, бірдеңе басталғанын біле тұрып, өзгелер өзін іздей бастаған кезде, тыныштық сақтап қала аласыз ба? Өзгелер өзін процесті жеңілдету жолында ұстауға үйретесіз бе? Өзгелер өзін ұстап қалмайтындай етіп үйретесіз бе? Мақтау күтпей ақ жəрдем жасауға үйретесіз бе? Осының бəрін сіз кері пікірде болмайтын болсаңыз, айқын жəне нық не гізде тұра алсаңыз ғана жасай аласыз. 11. Топтың өрісі Тыныштыққа назар аударыңыз. Топта ешнəрсе болмай жатқанда не болады? Нақ осы нəрсе топтың өрісі деп аталады. Он үш адам шеңбер жасай айнала отыр, бірақ сол топтың ортасында, ештеңе болмай жатқан жерде топтың рухы немесе климаты қалыптасады, сол нəрсе топ өрісінің табиғатын анықтайды. Кеңістікті көруді үйрен. Сіз иесіз үйге кіргенде сол жердің көңіл-күйін сезіне аласыз ба? Сондай-ақ құмыраның немесе көзенің ішін көре аласыз ба? Іштегі кеңістікті көруді үйрен, ол солардың пайдасы болып табылады. Адамдардың сөздері, олардың қылықтары – қалыптасу құралдары. Солар топқа нысан мен мазмұн береді. Үнсіздік пен бос кеңістіктер бір жағынан барлық болып жатқан нəрселер негізінде топтың негізгі көңіл-күйін ашады. Нақ осы нəрсе – топ тың өрісі. 12. Рефлексия үшін уақыт (Рефлексия – ой туралы ой толғау, ол – медитацияның бір аспектісі). Топтағы ұдайы драмалық қойылымдар сананы тұмандандырады. Шу өте көбейіп кетсе сезімді қоздырады. Ұдайы келе берген ақпарат шын оянуға зиян. Ілімді дақпыртпен алмастырмаңыз. Рефлексияның аса дамып кетуі – ақылды боп көрінгісі келу мен қисынды сөз айтқысы келу – түрлі жүйке кеселдерінің белгісі, жеке процестің əлсіздігі. Үнсіздіктегі рефлексияға мезгіл-мезгіл уақытыңыз болсын. Өзіңіздің ішіңізге үңіліп, не болып жатқанын біліңіз. Сезімдеріңізге демалуға жəне тынышталуға мүмкіндік беріңіз.

Адамдарды үстірт диалог пен жабысқақ идеялардан азат болуға үйретіңіз. Егер топ мүшелерінің рефлексивтік ойлануға уақыты болса, олар өздерінде жəне өзгелерде айтарлықтай не бар екенін анығырақ көре алады. 13. Табыс Егер сіз жеткен жеңісіңізді мақтау мен даттаудың өлшемімен өлшесеңіз, сіз таусылмайтын үрейде боласыз. Жақсы атақ немесе белгілі болу сіздің одан əрі дамуыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Даңқ та жақсы боп көрінуге тырысу секілді ауыртпалықты нəрсе. Мақтау мен даттау проблемасы неден тұрады? Егер топ сіздің əрбір қадамыңызды мақұлдаса, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз, бірақ сіз ендігі жолы бұрынғыдай қол соқпай қалса тынышсызданасыз. Егер топ сізге сынай қараса, келіспеушілік немесе наразылық білдірсе, сіз реніш сезінесіз. Осы екі жағдайдың қайсысында болса да сізде қозу пайда болады əрі тəуелді боласыз. Жақсы атақ қалай кедергі болуы мүмкін? Əдетте жақсы атақ жақсы жұмысты орындау нəтижесінде көрінеді. Бірақ сіз егер жақсы атағыңызды сақтауға тырыссаңыз, сіз əрі қарай дамуға керек еркіндік пен шыншылдықты жоғалтасыз. Даңқ қалайша өзің туралы уайымдауға алып келеді? Жақсы жұмысты істеу үшін сіз өзіңізге өзіңіз қамқоршы болуыңыз керек. Сіз өзіңізді жақсы бағалай білуіңіз керек жəне өзгелерге өзіңізді бағалауға мүмкіндік беруіңіз керек. Егер сіз өзіңіз үшін өте көп нəрсе істеп жатсаңыз, сіз өзімшіл болып кетесіз. Өзімшіл болу сіздің өзіңізге де, ісіңізге де зиян келтіреді. Егер сіз жеңістеріңіздің жемісі мен өзіңіз туралы ойлауды бірдей сыйғыза алсаңыз, онда сіз өзгелердің жеңісін қуаттай аласыз. 14. Не болып жатқанын білу Егер сіз топ ішінде не болып жатқанын көре білмесеңіз, анығырақ қарауға тырыспаңыз. Босаңсыңыз, сөйтіңіз де көңіл көзімен, жайымен, жұмсақ қараңыз. Егер сіз адамның не айтып тұрғанын түсінбесеңіз, оның əрбір сөзін ұстап қалуға тырыспаңыз. Əрекеттенуді қоя тұрыңыз. Үнсіздікпен ішіңізге үңіліп, ең тереңдегі «меніңізді» тыңдаңыз. Сіз өз көргеніңізбен жəне естігеніңізбен əуре болсаңыз, затты түсіну үшін күш салмаңыз. Аз уақытқа кейін шегініңіз де тынышталыңыз. Адам тыныш кезінде күрделі оқиғалар қарапайым болып кетеді. Не болып жатқанын білу үшін қатты əрекеттеніп, тырыса бермеңіз, өзіңіз ашылыңыз жəне саналы болыңыз. Көзіңіз шыға қарамаңыз. Тыңдағанда аса ынталы болғаннан гөрі жұмсағырақ болыңыз. Затты қисынды есептеп шығаруға тырысқаннан гөрі сезу мен рефлексияны кең көлемде пайдаланыңыз. Сіз істеп көруден өзіңізді-өзіңіз қанша босатсаңыз, қаншама ашық жəне қабылдағыш болсаңыз (бұл – лидердің қасиеттері), не болып жатқанын соншалықты жеңіл əрі жақсы білетін боласыз. Қазіргі жағдайда тұрыңыз. Қазіргіге жету өткенді еске түсіру мен болашақты қиялдаудан жеңіл. Сонымен, қазір болып жатқанға баса назар аударыңыз. 15. Лидердің ұстаздары Медитацияны пайдаланғандар солар. Медитация олардың заттың қалай пайда болатынын көру қабілетін жетілдірді. Медитация оларды сəтсіздік ке сүңгітті. Сондықтан олар кейде терең əрі жете алмайтындай, ал кей-кейде тіпті ұлы да болып көрінді. Олардың артықшылығы техникаға немесе сахналық өнерге негізделме ген, үндемеу мен назарды бөлу жəне шоғырландыру қабілетіне негіздел ген. Олар əсем жəне сапалы қимылдайтын, олар күрделі ситуациядан дұрыс өтуге қабілетті еді. Олар өзгелерге ықыласты болатын. Олар зиян жасамаушы еді. Олар қонақтар секілді əдепті жəне жинақы болатын. Олар қалай байқаусыз ке зек беруді, қалай табиғи болуды жəне көзге түспеуді білетін. Олар төбелердің ортасында жатқан тегістік сияқты ашық жəне қабылдағыш болатын. Олар оқиғаны өзгелерге айқындап бере алатын, өйткені өздері үшін айқындап алған еді. Олар өзге тұлғалардың тереңдіктерімен сөйлесе алатын, өйткені өздерінің одан да тереңірек тартыстары мен мəселелерін танып алған еді. Олар өзімшілдіктен арылған болатын, өйткені өзгелерді көтермелей білуші еді. Олар сергек кейіп көрсетуге тырыспайтын, өйткені олар сергек еді.

16. Өзімшілдікті тастау Ақылдырақ болу үшін өзіңіздің өзімшілдігіңізді тастаңыз. Өзіңіз дің жетілген, я бай, я қамсыз, я қажетті болуға тырысудан арылыңыз. Ондай əрекет сізді тек шектейді. Олар сіздің əмбебаптығыңызға тосқауыл болады. Босанып шығу өліммен тең. Барлығы пайда болады, түрге ие болады жəне өледі, сіз де. Сіз өлгенде өзімшілдікті қалдырасыз. Сіз өзгелермен бірге, солардың бірі боласыз. Менің тереңдегі «менім» менің қалған əлемнің бəрімен бірге екенімді біледі. Барлық жаратылыс – бірегей принципке сəйкес жұмыс істей тін бір бүтін нəрсе. Мен өз өзімшілдігімнен арыламын жəне жеке өмір сүру қиялынан арыламын. Мен өзіме-өзім жақсылық əкелемін жəне сізге жақсылық əкелемін. Менде өзгелердің бəрімен келіспеушілік жоқ жəне өзгелермен теңмін. Мен бейбітшілік жағдайындамын жəне жұмсалмаған қуатым бар, өйтке ні мен болып жатқан істерге қарсыласпаймын. Өлім қорқынышты емес, өйткені мен қалай босанып шығуды білемін, мен ішкі жағдайдың табиғатын білемін. 17. Кіндік шеше болу Ақылды лидер қажетсіз араласпайды. Лидердің қатысуы сезіледі, бірақ көбіне топ өзі əрекет етеді. Нашар лидер көп істейді, көп сөйлейді, артынан ертеді жəне өзіне табынушылықты тудырады. Одан да нашарырақ лидер топты қуаттандыру үшін қорқынышты пайда ланады жəне қарсылықты жеңу үшін күш жұмсайды. Одан да бетер лидердің нашар атағы болады. Біліңіз, сіз өзге адамдардың жеке процесін жеңілдетесіз. Ол сіздің процесіңіз емес. Тықпыштамаңыз. Бақыламаңыз. Өзіңіздің жеке қажетіңіз бен келіспегеніңізді алдыңғы қатарға күшпен қоймаңыз. Егер сіз жеке процеске сенбейтін бол саңыз, ол адам сізге сенім білдірмейді. Ойлап қараңыз, сіз басқа біреудің дүниеге келуіне жəрдем беретін кіндік шеше сияқтысыз. Жақсылықты көзге түсу үшін емес, саспастан жа саңыз. Сіз өзіңіз болуы тиіс деп есептегеніңізді емес, үлкен өлшемде болып жатқан істі жеңілдетесіз. Егер сіз үстемдікті өзіңізге алғыңыз келсе, кіндік шеше ананы жеңілдетуге қалай жəрдемдесетін болса, сіз де солай жетекшілік жасаңыз, бірақ зорлықсыз тыныштандырыңыз жəне үлкен дік танытыңыз. Бала туған кезде: «Бұны біз өзіміз жасадық!» дейтін ана бар. Соның айтқаны өте дұрыс. 18. Бұл оған қарсы Өзгелер қалай жұмыс істейді деген принциптен көз жазып қалмаңыз. Бұл принцип жоғалғанда жəне процестегі медитация тəсілі бұзылған жағдайда, топ не болуы мүмкін екені, не болуы керек екені, кейбір техникалық қулықтардың пайдаланылуы неге алып келетіні жайлы зерделі пікірталасқа кірісуі мүмкін. Тез арада топ таласқыш əрі еңсесі түс кендей болып қалады. Сіз қалай қарапайым сана жолын тастап шықсаңыз, солайша сіз ақыл, жарыс жəне еліктеу бұралаңдарына түсіп кетесіз. Бүкіл жаратылыстың бүтін екенін ұмытқан адамда берілу одан ұзағырақ бүтіндіктерге: отбасы, үй немесе компанияға ауысып кетеді. Ұлтшылдық, нəсілшілдік, классицизм, сексуализм: бұлардың бəрі сананың бірлігі жоғалғанда пайда болады. Адамдар оппозицияның бір жағына шығады, басқаға қарсы біреуін таңдайды. 19. Өзін өзі жетілдіру Өзін-өзі жетілдірудің түрлі ақылды жолдарын ұмытыңыз, бəріңізге де жақсы болады. Адамдарды түзетуге уəде бермеңіз, адамдарды өзін жақсы сезінуге зорламаңыз, өмірді таза немесе сиқырлы етуге, немесе ізгілікті етуге ұмтылмаңыз. Өзімшілдікке бағытталған бағдарлама ұсынбаңыз, бай болуға, өте мықты болуға, сексуалды болуға жəне менмен болуға, параноик болуға жəне жетекке ергіш болуға да бағдарлама ұсынбаңыз. Ешбір ұстаз сізді бақытты, асығы алшысынан тұрған, дені сау жəне өте мықты ете алмайды. Ешбір қағида, ешбір техника бұл қасиеттерді жақсарта алмайды. Егер сіз өзіңізді жақсартқыңыз келсе, соңыра, біртіндеп, сізге өзімшілдіктен ада, өзіңіздің нағыз «меніңізді» көрсететін үнсіздік не месе сол сияқты тазартатын əрекетті жасап көріңіз. 20. Дəстүрлі ақыл Біздің жұмысымыз процесті жеңілдету жəне тартысты анықтау болып табылады. Бұл қабілеттің үстірт білімге байланысы аз, ол дұрыс мағына мен қалыптасқан ақылға байланысты.

Білімдар лидер ана немесе мына үлгінің атауларына өз қатынасын сездіруге тырысады. Бірақ қазір жəне осы жерде не болып жатқанына тура жауап берген одан да дұрыс. Бізде бар кез келген үлгі қалыптасқан ақылмен үйлесетініне көзіңіз жетеді: барлық діндердің ақылынан рахат аласыз. Мəселен, адамдардың көбі өз қалауын іске асыру үшін əрекет етеді. Олар əлем өздеріне қызмет етеді деп сенеді. Ал ақылды лидер өзгелерге қызмет етеді. Ол аз талап етеді, қалауы да аз, жəне қорғауды қажет етпейді. Адамдардың көбі таусылмайтын қажеттіліктермен əуре, ал ақылды лидер азға қанағат етеді. Адамдардың көбі өмірде бір нəрселермен əуре, ал ақылды лидер тып-тыныш жəне ойға батып отырады. Адамдардың көбі себепші болушыға жəне жаңаға ұмтылады, ал ақылды лидер не қарапайым жəне табиғи болса соны ұнатады. Қанағаттанғандық өмірден мүмкін болатын қарапайымдылықты жасайды. Не нəрсе көп тараса, сол нəрсе бəріне ортақ. Не нəрсе табиғи болса, сол нəрсе жаратылыс негізіне жақын. Нақ осы дəстүрлі ақылдың өзі. 21. Дао əмбебап Əр күш пен тиімділік жаратылыс заңына мойынсұнудан келеді. Заттың қалай пайда болатынын білу жəне соған сəйкес əрекет етуді білуді ештеңе алмастыра алмайды. Барлығы осы принциппен байланысқан. Бұл принцип барлығының арқа уы. Бар күш осы принциппен саналы немесе санасыз бірлесіп жұмыс істе уден пайда болады. Осы бірыңғай принцип барлық жерде, барлық уақытта қатысып отырады. Қашан да болып жатқан туу, өсу, өлім болғаны, қазір де жəне болашақта да бола беретіні тұрмыстың осы бір заңына сəйкес жасалады. Жаңа нысандар уақыт келе пайда болады, бірақ олар бəрібір сол бір ескі принципке сəйкес келеді. Даоның барлық жерде бар екенін мен қалай білемін? Мен бұны дəлелдей алмаймын – бұл қисынды. Мен бұны үнсіздікте болған кезде білдім. Мен оны Құдайдың мейірімімен білдім. 22. Қалдыру парадоксы Мен өзімнің бар екенімнен босанып шыққанда, мен қалай бола алсам, солай боламын. Мен өзімде барды қалдырғанда, өзіме не қажет болса соны аламын. Мыналар əйелдік (Инь) парадокстар: – орнымды берсем мен сынақтан өтемін; – бос кеңістік толтырылады; – мен өзімді-өзім қалдырсам, менің «менім» көбейе түседі; – мен өзімді көбірек қарағандай сезінгенімде, мен өсу мерзімімнің бас жағында боламын; – мен ештеңе қаламасам, маған көбірек келеді. Сіз қай кезде болсын жұмыс алу үшін немесе махаббатыңызға қол жеткізу үшін күресіп көрдіңіз бе, ақыр соңында, сол күресті тастап, тез арада махаббатыңызды немесе жұмысты таба алдыңыз ба? Сіз еркін жəне тəуелсіз болуды қалайсыз ба? Барлығы барлық жерде жасалады деген Құдай заңымен келісесіз бе? Мен топты иландыру əрекетін қалдырсам, мен өте сенімді болып кетемін. Бірақ мен жақсы көрінуге өзімді зорлауға тырыса бастасам, топ бұны біледі жəне оған бұл ұнамайды. Мен өзімнің ең жақсы жұмысымды өзімнің көзқарасымды ұмытқанда жа садым; өз ықпалымды қаншама аз жасасам, мен соншалықты көп қатысамын. Егер мен жұмыс істеп жатқан адамның қалауымен келіссем, мен қарсылыққа кездеспеймін. Мақсатқа жету үшін беру: бұл əйелдің ақылы. Ақылды лидер осыны көрсетеді. 23. Сабырлы болу Ақылды лидер аз жəне қысқа сөйлейді. Сайып келгенде ешқандай табиғи əрекет мəңгі жасалмайды. Жауын жауады, кейіннен қояды. Күн күркірейді, соңынан тынышталады. Лидер əрекет арқылы емес, тұрмыс арқылы көбірек үйретеді. Үндемеу қасиеті адамды ұзақ сөйлегеннен гөрі көбірек танытады. Сабырлы болыңыз. Өзіңіздің ішкі ақылыңызға еріңіз. Ішкі ақылыңызды тану үшін сабыр керек. Қалай сабырлы болу керектігін білетін жəне тереңдікті сезінетін лидер тиімді келеді. Бірақ, көп сөйлеген, мақтаншақ, топты өз сөзімен иландырғысы келетін, бос белбеу лидерге салмақ аз түседі. Даоға кім еретін болса, Дао сол үшін жұмыс істейді. Кім Құдайға қызмет етсе, Құдай соған қызмет етеді. Сіз қашан бірыңғай принциппен түйіссеңіз, сонда сіз саналы түрде онымен кооперация жасай аласыз.

Егер сіз бірыңғай принциппен саналы түрде біріге қимылдасаңыз, сіздің əрекеттеріңіз тиімді болады. Бірақ сіз жай ғана дарашыл болсаңыз, немесе сіз тек тиімді болуға тырыссаңыз, сіз ешуақытта жақсы іс тей алмайсыз жəне де жақсы көріне алмайсыз. Əдіс процесті саналы түсінуде екені есіңізде болсын. Ойланыңыз, сабырлы болыңыз. 24. Онша көп тырыса бермеңіз Көп тырыса берген күтпеген нəтижелерге соқтырады: – Жарқылдаған лидерге тұрақтылық жетіспейді; – Мəселені тізе батырып шешу сізді айдалаға алып кетеді; – Айқын боп көріну талабы əсерлі емес; – Өзіне сенімсіз лидерлер өздерін-өздері ұсынуға тырысады; – Күші жоқ лидерлер өзінің позициясын капиталға айналдырады; – Сіз əулие екеніңізді атап көрсету онша əулиелікке жатпайды. Мінез-құлықтың осы түрлерінің бəрі сенімсіздіктен туындайды. Жəне олар сенімсіздікті нықтайды. Бұлардың бір де біреуі жұмыс істеуге жəрдем бермейді. Бұлардың бір де біреуі лидердің денсаулығын жақсартпай ды. Заттардың қалай істейтінін білетін лидер, бұндай заттарды істемейді. Қараңыз: егер сіз өзіңізді жақсымын деп есептесеңіз, өзіңізді кіммен салыстырып тұрсыз? Құдаймен бе? Əлде өз сенімсіздігіңізбен бе? Сізге даңқ керек пе? Даңқ сіздің өміріңізді күрделі етіп жібереді, жəне сіздің бастаған істеріңіз бен қолыңыз жеткендердің қарапайымдығына қауіп туғызады. Ақша ма? Бай болуға ұмтылу сіздің уақытыңызды ұрлайды. Даралықтың, өзімшілдіктің кез келген түрі сіздің тереңірек «меніңізді» наразы етеді, сөйтіп сіз заттардың қалай пайда болатынын көре алмай қаласыз. 25. Дао: бар жəне жоқ Дао жоқ дегеніміз: – Ол зат емес; – Ол дыбыс немесе басқа да кез-келген тербеліс емес; – Ол бөлшектерге бөлінбейді; – Ол өзгермейді; – Ол босаңсымайды немесе жеңілмейді; – Онда əріптес немесе толықтырып тұрушы жоқ. Дао бар дегеніміз: – Ол бірыңғай, ол бүтін; – Ол барлық заттарды айқындайды; – Ол заттардың алдында жүреді; – Ол барлық нəрсенің заңы. Даоны атау жөніндегі ең анық, ең түсінікті, ең пайдалы сөз – ҚАЛАЙ деген сөз, өйткені Дао барлығы қалай жұмыс істейтінінің принципі болып табылады. Түрі мен сапасы болмаса да, Ол барлық жерде, барлық уақытта, бар - лық кезде бар екенін есіңізде сақтаңыз. Шексіздіктің төрт деңгейін көзге елестетіңіз: адам өз сезінуінде шексіз, жер шексіз, ғарыш шексіз, Дао шексіз. Осы төрттіктің əрбірі өз алдына шексіз болғанымен, алдыңғы үшеуі соңғы қуаттырақ шексіздің бөліктері болып табылады. Адамдар Жерге тəуелді, Жер Ғарышқа тəуелді, Ғарыш Даоға тəуелді. Бірақ Дао ештеңеге де тəуелді емес. 26. Жинақы болу Жинақы жəне негізі мықты бола білген лидер топтағы жағымсыз адамдармен де, қиындыққа ұшыраған жағдайларда да өзіне зиян келтірместен жұмыс істей алады. Жинақы болу əрекеттің ортасында да əлдекімнің теңдігін таба білу қабілетін қайтару. Жинақы адам еркетотайлықтың немесе бірден қозып кетудің пайда болуына себепші емес. Негізі мықты болу салмағы немесе ауырлығы көп бола тұра жерде мықты тұру. Бұның негізінде: мен қайда тұрғанымды білемін жəне мен не үшін тұрғанымды білемін деу жатыр. Жинақы əрі негізі мықты лидер тұрақтылыққа ие жəне өзін өзі сезіне алады. Кім тұрақты болмаса, лидердің жұмысының қарқынды салмағында жеңіл ауып кетеді, жəне қате жасауы мүмкін, ол үшін жазасын алады, тіпті, ауырып қалуы мүмкін. 27. Техникалық тəсілдерден биік болу Тəжірибелі жолаушы жолын аман-есен жүріп өту үшін туристік жолда ма іздемейді.

Жақсы саяси сөз тобырға уəде беруді немесе қорқытуды керек етпей ді. Қауіпсіз үйдің жан жағының бəрінде ілгек, қора, құлып жəне дабыл бола бермейді, сонда да ұры-қары ішіне кіре алмайды. Ақылды лидердің қабілеті техникалық тəсілдерге немесе жаттығу түрлеріне негізделмейді. Өйткені лидер басқаларға сəулесін түсіре алатынын жақсы көріп тұр. Лидер топ мүшелеріне жетелеу жəне жеңілдету үшін керек. Лидерге адамдар олармен бірге істеу жəне соларға қызмет істеу үшін керек. Егер екі жақ та бірін бірі жақсы көру мен құрметтеу керектігін өзара мойындамаса, қай-қайсысы да артықшылықты жіберіп алады. Олар оқушы-ұстаз байланысының өнімін қолдан шығарып алады. Олар заттардың қалай жұмыс істейтінін көрмейді. 28. Жауынгер, емші жəне Дао Лидер жауынгер ретінде де, емші ретінде де əрекет ете алады. Жауынгер ретінде лидер қуатты жəне табандылықпен əрекет етеді. Ол – Янь, немесе өзгелерді соңынан ертудің Еркектік аспекті. Бірақ лидер уақытының көбінде емші ретінде əрекет етеді, жəне ашық, қабылдағыш жағдайда болады. Ол – Инь, немесе өзгелерді соңынан ертудің Əйелдік аспекті. Бұл ажырату мен өмір сүрудің, жауынгер мен емшінің бірігіп кетуі өнімді, əрі мықты. Өзгелерді соңынан ертудің үшінші аспекті бар: Дао. Лидер мез гілмезгіл топты тастап кетіп, үнсіздікке беріледі, Құдайға қайтып оралады. Болу, жасау, болу ..., соңынан, Дао. Мен болып жатқан нəрселерден өзімді босату үшін, өз рухымды толтыру үшін кетемін. Ұлы жауынгер ұдайы ұлы соғыстар жүргізе бермейді. Білгір емші өзгелерді қалай қолдаса, өзін өзі де нақ солай сүйеп оты руға уақыт табады. Бұл қарапайымдылық пен үнем – пайдалы сабақ. Бұның топқа терең əсері бар. Қашан тыңдауды, қашан қимылдауды, қашан тоқтауды білетін лидер əрбір адаммен, тіпті кəсіби мамандармен, топтардың лидерлерімен жəне емшілермен, топтың ең қиын жəне талабы мол мүшелерімен де тиімді жұмыс істей алады. Лидер айқын болғандықтан, оның жұмысы биязы, өзгенің сезіміне тізе батырмайды. 29. Күш қолдану парадоксы Кері нəтижеге өте көп күштердің себебінен келу мүмкін. Ұдайы əсер ету мен арандатушылық арқылы жақсы топ жасау қиын. Олар топты бұзады. Топқа сəуле түсіру процесі жұмсақ. Оны бағындыруға болмайды. Оны дəлелдеуге немесе айқаста жеңіп алуға болмайды. Топты күш салу арқылы бақылауға тырысқан лидер топтағы процесті түсінбейді. Күш қолдану арқылы сіз топ мүшелерінің қолдауынан айрыла сыз. Күш қолданатын лидерлер процесті жеңілдеттік деп ойлайды, іс жүзінде олар процесті тоқтатады. Олар топта жақсы өріс құрдық деп ойлайды, шын мəнінде олар келісімді бүлдіріп, қастық жағдайын жасайды. Олар ұдайы араласуды қабілетінің өлшемі деп ойлайды, іс жүзінде бұлай араласу ойланбай жасалған, дөрекі жəне қажетсіз нəрсе. Олар басшылықтағы бұндай позиция өздеріне өте үлкен билік əкеледі деп ойлайды, шын мəнінде олардың бұл мінезі құрметті азайтады. Ақылды басшы жинақы жəне негізі мықты, ол тиімді əрекет етуге керек күшті аз жұмсайды. Лидер даралықтан қашады жəне жасаудан гөрі өмір сүруге көбірек салмақ салады. 30. Күш пен тартыс Процестің қалай етек алып бара жатқанын түсінетін лидер, қаншалықты аз жұмсауға болатындай ғана күш жұмсайды жəне топты адамдарға қысым жасамастан ақ бастайды. Күш қолданылса болды, тартыс пен талас басталады. Топтың өрісі сирейді. Климат ашық жəне қабылдағыш болудың орнына, өшпенді болып ке теді. Ақылды лидер, мəселені өзі жоспарлағандай етіп шешу үшін, топты күрессіз бастайды. Лидердің жанасуы жұмсақ, лидер қорғанбайды да, шабуылдамайды да. Сана өзімшілдік емес, оқу мен өз білімін өзі көтерудің құралы екені есіңізде болар. Топтың мүшелері ерекшелене жүріп жол бастаған адамның «меніне» жиі қарсылық көрсетеді. Ал өзгелерді өзін ұмыта, үйлесіммен жүрекке алған адам өседі жəне мықты бола бастайды. 31. Қатаң əрекет Қуатты, бірден жəне дөрекі əрекет ету қажет кездер кездескендей болады. Ақылды лидер басқалардың бəрі тұңғиыққа кеткенде ғана осыны қолданады.

Əдетте, топтағы процесс еркін табиғи жолмен жүргенде, жұм сақ, жеңілдете əсер ету, қатаң əсер етуден анағұрлым асып түскенде, лидер өзін қолайлырақ сезінеді. Қатаң араласу лидердің жинақы бола алмағанынан, немесе, болып жатқан жағдайға сезімталдықпен ішіне еніп кеткенінен болатынынан сақтандырады. Бұндай жағдай өте тез жете түсінуді керек етеді. Тіпті, егер қатаң араласу өте жарқын жетістікке жеткізсе де, құттықтауға асықпаңыз. Зиян келтірілгенде солай болады. Əйтеуір біреудің процесі бұзылғаны. Кейінірек, процесі бұзылған адам бұрынғыдан гөрі кемірек ашық болуы жəне күштірек қорғалуы əбден мүмкін. Бұрынғыдан тереңірек қарсы - лық, тіпті, түсінбеушілік туады. Сіздің айтқаныңыздай болуы тиіс нəрсе адамдарды зорлау, анықтық пен санаға алып келмейді. Тіптен, олар сіз айтқандай етіп орындауы да мүмкін, бірақ ішінен олар құлдыққа көшкендей уайымда болады жəне өш алғысы келеді. Міне, сондықтан да сіздің жеңісіңіз, шынына келсек, жеңіліс болып шығады. 32. Біртұтастық Дао айқын бола алмайды. Тек қана бірыңғай принцип əрбір оқиға мен зат үшін жауап беретінін көрсетуге болады. Лидер кішірек теориямен емес, осы принциппен санасқан кезде, топ мүшелері лидермен санасады. Егер лидер не болып жатқанының бəріне бір дей назар аударса, топтарды фракцияларға бөлудің қажеттілігі болмайды. Нақ осы – біртұтастық. Топтың жұмысы айқын жəне табиғи негізде дəлелденген болса, адамдарды өзін жетелеуге зорлау үшін ережелер мен реттеулер керегі жоқ. Тіптен, егер біртұтастық принципі анықталуы мүмкін болмаса да, топта не болып жатқанын түсіндіруге болады. Біз, я зиян жасайтын, я пайда беретін қалыптасуға, ағысқа, кедергілер мен араласуға қара ма-қайшы боларлық образдағы сурет туралы айтып отырмыз. Дегенмен, тым көп теориялық əңгімелесулер топты жолдан адастырады, не болып жатқанынан, процестің өзінен аулақтатады. Əңгіме – бұл процесті тоқтататын жəне топтың өріс қуатын азайтатын жолдардың бірі. Осылай болған кезде ақылды басшы қайтадан не болып жатқаны мен бірыңғай принципке қайтып оралады, ал ол не болып жатқанының астында жатады. Бірыңғай принципке топтастыру өзгені ертудің ең мықты жағы болып есептеледі. Бұл бірігуден біз заттардың қалай пайда болатынын түсіне міз. 33. Ішкі ресурстар Өзгелер өзін қалай жетелейтінін білу үшін зиялылық керек. Өзін өзі білу үшін ақыл керек. Басқа адамдардың өмірін басқару үшін күш керек, менің өз өмірімді басқару үшін нағыз қуат керек. Егер мен өзімде барға қанағаттансам, мен қарапайым өмір кеше аламын жəне өрлеуіммен де, бос уақытыммен де рахаттанамын. Егер менің мақсатым айқын болса, оларға мен абыржусыз ақ жетемін. Егер мен өзіммен өзім бейбіт жағдайда болсам, онда мен өмірлік күшімді келіспеушіліктерге жұмсамаймын. Егер мен босанып шығуды үйренсем, маған өлімнен қорқудың керегі жоқ. 34. Ішінде барлығы бар Бірыңғай принцип кез келген жерде, кез келген уақытта табылуы мүмкін. Барлығы соған сəйкес жұмыс істейді. Кез келген өмір соған қарап өтеді. Бірыңғай принцип мынаған дұрыс, анаған бұрыс деп айтпайды. Дао – барлығының өсу жəне даму бастауы болса да, ештеңе Даоға пайда əкелмейді. Дао барлық нəрсеге қайтарымсыз жəне алдын ала келісімсіз жəрдем етеді. Нақ солай, бірыңғай принцип жеке меншік емес. Ол сіздікі емес. Ол сізді иемденбейді. Оның ұлылығы оның жалпыға бірдейлігінде. Онда бəрі бар. Ақылды лидер осы принципке ереді де, өзімшілдік əрекеттерін тастайды. Лидер біреуге жақсы қарап, екіншісін кеудесінен итермейді. Лидер адамдарды олардың өмірін бақылау құқығын алу үшін иемденбейді. Лидерлік – құмар ойындарындағы бəйге емес. Жұмыс не болып жатқанын сезінуге нұр құю үшін орындалады, қайтым үшін жасалмаған жан аямас қызмет барлық нəрсеге жарайды. 35. Қарапайымдылықты сақтау Топтағы процеске сізді алысқа алып кетуге мүмкіндік бермеңіз. Бірыңғай принципке адал болыңыз, сонда сіз жақсы жұмыс істей аласыз, хаос пен шатақтан азат боласыз жəне барлық жағдайларда өзіңіз дің қатысып отырғаныңызды сезесіз.

Үстірт лидер, барлық жерде соны куəлендіретін нəрсе қатысып тұрса да, заттың қалай болып жатқанын көре алмайды. Бұл лидерді драма, сезімталдық, қолайсыздық ертіп кетеді. Бұның бəрі күрделендіре ді. Бірақ процесті түсінуге қайта-қайта орала берген лидер, заттың қалай болып жатқанын терең сезінеді. Бұндай лидер бұл үшін жеткілікті уақыт табады. Процесс жеңіл өтеді, жəне топ шаршай бастағанда, лидер бəрібір жақсы күйде қалады. 36. Қарама-қарсылықтар, парадокстар жəне бас қатыратын байламдар Кез келген мінез-құлықтың қарама-қарсылықтары болады: – Гиперинфляция құлдырауға алып келеді; – Күш көрсету əлсіздікті білдіреді; – Жоғарыда өтіп жатқан нəрсе төменге де келуі керек; – Егер сіз жолым болсын десеңіз, мейірбанды болыңыз. Сондай ақ: – Əйелдегі еркектегіден ұзағырақ сақталады; – Əйел рұқсат етеді, еркек мəжбүр етеді; – Əйел бағынады, соңыра ішіне кіргізіп алады да, жеңіп шығады. Жəне де: – Су тасты да тоздырады; – Рух күштен мықты; – Əлсіз мықтыны жеңеді. Затты артынан алдына қарай, астарын ақтарып, астын үстіне келтіріп қарауды үйреніңіз. 37. Аз істеу Адамдар іскер лидердің қаншалықты аз істегенін көріп тұрып, істеген ісі соншалықты көп болып шыққанын көргенде, бастапқыда ойланып қалады. Бірақ лидер заттың қалай жұмыс істейтінін біледі. Сайып келгенде, Дао тіпті ештеңе істемесе де, барлығы орындалып қалады. Лидер өте қолы тимейтін болып кетсе, өзін өзі ұмытып, қайсарлықпен үндемейтін уақыт келді деген сөз. Қайсарлық жинақылыққа алып келеді. Жинақылық тəртіпті жасайды. Тəртіп келген жерде, істейтін іс қалмайды. 38. Күшті басшылық Мықты басшылық топта не болып жатқанын жəне соған сəйкес іс ету керектігін түйсіну мазмұны болып табылады. Айрықша əрекет лидердің санасы мен айқындығынан гөрі азырақ маңызды. Міне, сондықтан лидердің ісінің жеңісін қамтамасыз ететін жаттығулар мен формулалар керегі жоқ. Мықтылықтың есеппен, сапырылыстырумен, тиімді көріну əрекетімен ке луі мүмкін емес. Басқарудың мықтылығының түрлі кезеңдерін айқын көрсететін үш мы сал: 1. Күшті: сана, мүмкін өз бетімен, осы жерде жəне қазір не болып жатқанына, есеп пен сапырылыстырудың жоқтығына бағытталған. 2. Күші аз: не дұрыс болса, соны жасауға əрекеттену. Ол əділет тілік пен басқарыла білетін мінез-құлық тұжырымдамасына негізделген есепті мінез-құлықты білдіреді. 3. Күші мейлінше аз: таңылған мораль. Таңылған мораль не бо луы жəне не болмауы керек дегенге негізделген. Ол түгелдей есептелген жəне басқарылуы мүмкін жəне жаза арқылы қарсылық кездестіреді. Ол шын мəнінде не болып жатқанына айқындық бере алмайды. Ол жиі кері көрсеткішке алып келеді. Не болып жатқанымен байланысты жоғалтып алған лидер еркін əрекет ете алмайды, өйткені олар өздері əділетті деп есептегенді жасауға тырысады. Егер бұлай бола қоймаса, көп жағдайда зорлықты пайдаланады. Бірақ ақылды лидер тура сезімін жоғалтып алған кезде тыныштыққа қайтып оралады, сөйтіп айқындық пен саналылық сезімі қайтып келгенше барлық əрекетті тастайды. 39. Күш қайнары Табиғи оқиғалар күшке ие, себебі олар заттар қалай жұмыс істейтініне сəйкес əрекет етеді. Олар жай ғана өмір кешеді. Табиғи процестер ді зерттеңіз: аспанның түсін, жердің тартылысын, сіздің өз идеяларыңыз бен образдарыңыздың ашылуын, кеңістіктің қуыстығын, өмірдің толықтығы мен əулиелердің мінез-құлқын. Мына процестер жүйке кеселіне немесе өзімшілдікке ұшыраса не болатынын көзге елестетіңізші: аспанның жалқау жыпылықтауы, салмақ күші тұрақты өзгереді, сіздің ақылыңыз қисынды емес, тынышсызданған кеңіс тік, өмірдің баянсыздығы, пайдасыз модельдерге айналған əулиелер. Еш теңе жұмыс істемейді.

Ақылды басшы жүйкесі кеселді немесе өзімшіл болудан гөрі дұрысырақ нəрсені біледі. Не болып жатқанын білуден жəне соған сəйкес əрекет етуден күш келеді. Парадокс: еркіндік табиғи тəртіпке бағынудан келе ді. Бүкіл жаратылыс бүтін нəрсе болғандықтан, ұзақтау бос қиял болып шығады. Қалаймыз ба, қаламаймыз ба біз бір команданың ойыншыларымыз. Күш ынтымақтасу арқылы келеді, түсіністік қызмет арқылы, үлкен «мен» өзін өзі аямай қызмет еткенде, өзін жақсы көру азайғанда келеді. 40. Медитациялау Өзіңізге өзіңіз қайта оралуды үйреніңіз. Үндемес болыңыз: ештеңе болып жатпаған кезде не болушы еді? Сіз не болып жатқаны мен оның қалай болып жатқанының арасындағы айырмашылықты түсіндіре аласыз ба? Не болып жатқаны, оның қалай болып жатқанының нəтижесі екенін сіз қалай да сезе аласыз ба? Процесс жəне принцип. 41. Маза бермейтін ақыл Заттың қалай пайда болатынын зерттеп жүрген ақылды лидер, сəйкестілікпен əрекет етеді. Орташа лидер де заттың қалай пайда болатынын зерттейді, бірақ ұдайы емес, ол бірде сəйкестілікпен əрекет етеді, бірде оны ұмытады. Нашар лидер заттың қалай болып жатқанын зерттейді жəне бірыңғай принципті жалпылама ақымақтық деп өзінен қуып тастайды. Оның жұмысының пайдасы төменірек болуы мүмкін бе? Сайып келгенде, ол мынаны қайталайды: сізге ақшаны немесе күшті жақсы көруге мүмкіндік бермейтін кез келген принцип пайдасыз болуы ке рек. Үндемес ақыл – мылқау ақыл. Өзін өзі аямау басында тұратын жол емес. Ар-намыс ақымақтар үшін. Солай-солай кете береді. Ақылды лидер тек Даоға берілгендіктен, заттың қалай пайда болатынын көрмейтін адамдар, əдетте, ақылды лидердің мінез-құлқы нақты не гізге ие емес деп ойлайды. Проблема осында. Нақ солай, лидердің үнсіз дігі, оның өмір сүру тəсілі мазасыздандырады жəне күдікті болып табы лады. Лидердің уəжі анық болмағаннан, лидердің жұмбағын табу қиын. Бұл проблема принцип зат болып табылмайды жəне анықталуы мүмкін емес деген фактыға қайта айналып келеді. Бұған кейбір адамдардың ақылы жетпейді. Негізі көрінбейтін адамды түсіну қиын. 42. Жасау процесі Принцип зат болып табылмайды. Оны нөл деп алайық. Принцип өз əрекетінде жаратылыстың бірлігін көрсетеді. Бұл бірлік біртұтас болып табылады. Оны бірінші деп атайық. Жасау процесі оппозиция мен қарама-қайшылықтар жұптарынан тұрады. Осы қарама-қайшылықтар жұптарын екінші дейік. Қарама-қайшылықтар өзара іс-əрекет жасаса, жасампаз болып қалыптасады. Олардың өзара іс-əрекеті үшінші элемент болып табылады. Оны үшінші дейік. Мысалы, еркек пен əйел – бұл екінші. Олардың өзара іс-əрекеті немесе қатынасы, жаратылыстың үшінші элементі бала пайда болуға алып ке леді. Жаратылу дегеніміз нақ осы. Бар жаратылыс қалай пайда болатыны осы нəрседе көрсетілген. Ақылды лидердің қарама-қайшылықтар жұптары жəне олардың өзара іс-қимылы туралы білімі болады. Лидер қалай жасампаз болуды біледі. Өзгелерді соңына ерту үшін, лидер өзі біреудің соңына қалай еруді үйренеді. Көркею үшін, лидер қалай қарапайым өмір сүруді үйренеді. Екі жағдайда да жасампаз болып табылатын өзара іс-əрекет бар. Бағынусыз басқарудың жемісі болмайды. Үстін-үстіне байлық жинай беріп бай болуға тырысу – бұл мансапқұмарлық сіздің барлық уақытыңызды алады жəне сізге еркіндік бермейді. Оппозицияның бір жағында болу сізге əрқашанда күтпеген жəне ойға келмеген нəтижелерді береді. Мысалы жақсы қорғаныс сізді қорғамайды, ол сіздің өміріңізді қысқартады, сөйтіп, түбінде, сізді өлтіреді. Осы секілді қалыптасып кеткен ақыл үлгісінен басқаша болуды табу өте қиын. 43. Жайымен араласу Жайымен араласу, егер ол анық болса, өту мүмкін емес қарсылықтарды жеңеді. Егер жұмсақтық жеңіліс тапса, жол беріп немесе кейін шегініп көріңіз. Лидер жол бергенде, қарсылық азаяды. Осыны айта отырып, лидердің санасы, не болып жатқанына қаншама көлемдегі араласу мен түсінік беруден гөрі көбірек жарық түсіреді. Кейбір лидерлер өте аз жасап, өте көп орындайды.

44. Иелену немесе иелікте болу Өсуді жеңілдету үшін, немесе атақты болу үшін сіз осы жұмысты орындар ма едіңіз? Қайсысы маңыздырақ: көбірек меншік алу ма,əлде, саналырақ болу ма? Не жақсырақ істейді: алу ма, қалдыру ма? Көппен иелік ету проблемасы бар. Көпті, одан да көпті алу проблемасы бар. Сізде қанша нəрсе болса, сіз сонша көп нəрсе аласыз, одан көп сіз меншігіңізге қарауылдық жасауыңыз керек. Сіз сонша көп жоғалтуыңыз да мүмкін. Бұл не, сіз меншікті иеленесіз бе, жоқ өзіңіз меншікке айналып кеттіңіз бе? Өзіңіздің ішкі сенімділігіңізді табу үшін байсалды болуға тырысыңыз. Егер сізде ішкі сенімділік болса, сіз қалаған нəрсеңізді қалай болған күнде ала аласыз. Одан тысқары, сіз аз асығатын боласыз жəне ұзағырақ өмір сүресіз. 45. Топас болып көріну Ең жақсы жұмыс басқарудың осы тəсіліне үйренбеген топтың мүшеле ріне ештеңе тұрмайтындай қарапайым көрінеді. Бірақ үлкен істер атқары лып жатады. Мүмкін бұл лидер жай отырғандай, не істеу керегі жайлы ойы жоқтай көрінер. Бірақ, бұл бар болғаны топқа өсуге жəне өнімді болуға мүмкін - дік беретін керексіз араласудың жоқтығы. Мүмкін, кейбір түңілген топтың мүшелері, оларға бəрін де түсіндіретін білгіш туралы қиялдар. Бірақ ақылды лидердің айтқан сөздері соншалықты айқын, тіптен кейде топас көрінуі мүмкін. Бұндай лидерлердің адалдығы адамдарды əлекке түсіреді. Егер сіз біреуге топастау көрінсеңіз, онда тұрған ештеңе жоқ. Егер сіз тоңсаңыз, жылыну үшін алақан соғасыз. Ал жылынып алған соң қоя қоясыз. Бұл ақылды қимыл. Лидердің санасы – топтың насихатын басып өтетін, оның басты жұмыс құралы. 46. Ұтып алатын ештеңе жоқ Жетекке жақсы жүрген топ түрлі «меннің» ұрыс алаңы емес. Əрине тартыстар болады, бірақ бұл қуаттар жасампаз күшке айналады. Егер лидер заттың қалай пайда болатынын назарынан жоғалтып алса, ұрыс-керіс пен қорқыныш топтың өрісін бос қалдырады. Бұл позицияның мəселесі. Топтық жұмыста ештеңені ұтуға немесе жоғалтуға болмайды. Не болып жатқанына сəуле түсіретін бір нəрсені дəлелдеуге күш салудың керегі жоқ. Өзінікі дұрыс болып көріну ниеті адамдарға ештеңе көрсетпей қояды. Ақылды басшы шын мəнінде не болып жатқанын білу рахаты болуы мүм кін болып, бірақ болмай қалғандағы тəртіпсіздікті жеңуге əрекет еткен нен гөрі анағұрлым маңызды екенін біледі. 47. Осы жерде жəне қазір Ақылды лидер осы жерде жəне қазір не болып жатқанын сезіну арқылы топта не болып жатқанын біледі. Бұл, түрлі теориялар арасында адасу дан, немесе, осы жағдайдың күрделі жауабын беруден гөрі мықтырақ. Байсалдылық, айқындық жəне сана – ақылдың ең ұзақ тұсына кез келген көлемдегі экспедициядан гөрі түзуірек жол. Бұл экспедициялар, ынталандыру бере тұрып, лидер мен топтың мүшелерін шын мəнінде болып жатқаннан басқа жаққа бұрады. Осы кездегіге қатыса тұрып жəне не болып жатқанын мойындай тұрып, лидер аз істеп көп нəрсеге жетуі мүмкін. 48. Өзіңіздің ақылыңызды тазартыңыз Жаңадан келгендер жаңа теориялар мен техникалық тəсілдерді талап етеді, олардың ақылы таңдау мүмкіндіктерімен толып кеткен жоқ. Алға озған оқушылар өзінің таңдау мүмкіндігін ұмытады. Олар өздері оқыған теориялар мен техникалық тəсілдерге артқы қатарға кетуіне мүмкіндік береді. Өз ақылыңызды тазартуды үйреніңіз. Өз жұмысыңызды қарапайымданды руды үйреніңіз. Не істеу керектігі туралы өз біліміңізге сүйенуді бара-бара азай та бастасаңыз, соның төмендеуіне қарай сіздің жұмысыңыз бұрынғыдан гөрі бағытталуы жақсарып, мықты бола бастайды. Сіз өз санаңыздың сапасы, кез келген техникалық тəсілдер мен теориялардан немесе солардың талдау жасалуынан мықтырақ екенін байқай бастайсыз. Тежелген топ немесе жеке тұлға берілген дұрыс заттың нақ өзін жасаудан сіз бас тарта бастағаннан кейін-ақ, бірден қаншалықты өнімді бола бастайтынын зерттеңіз.

49. Ашық болыңыз Ақылды басшы топқа өзінің күн тəртібін немесе құндылықтар жүйесін таңбайды. Лидер топтың ықыласына ереді жəне не болып жатқанын қабылдауға ашық. Лидер ешкімді айыптамайды жəне «жақсы» мен «жаман» адамдарға бірдей қамқор. Тіпті, адам шындықты айтып тұр ма, немесе, алдап тұр ма, маңызды емес. Ашық болу жəне айыптау орнына бұрынғыдан да бетер қамқор болу. Бұлай ету, адамдар өздерінің табиғатында, егер оларды жақын жəне шыншыл мəнерде қабылдаса, жақсы жəне шыншыл болуға ұмтылатындықтан бола ды. Мүмкін, лидер кез келген жағдайда сынау қиын турашылдығымен аңқау жəне балаға ұқсас болып көрінуі мүмкін, бірақ ашықтық кез келген жаза лау жүйесінен күшті. 50. Өмір сүру: өмір жəне өлім Өмір сүру өмір мен өлімнен тұрады. Өмірді немесе өлімді таңдау өмір сүруді жоққа шығарады жəне ширығу тудырады. Бұлай ширығу адамдардың қиын жағдайларда қателік жіберуіне алып келеді. Қателік өзімен өзі өмір сүруден гөрі өміршеңірек. Адамдардың отыз проценті өмірді жақсы көреді жəне өлімнен қорқады. Тағы бір отыз проценті өлімді дұрыс көреді жəне өмірден қашады. Одан кейінгі отыз проценті өмірден де, өлімнен де қорқады. Сонымен адамдардың тоқсан проценті қарама-қайшылықтар қалай жұмыс істейтінін білмеуден туатын ширығудан азап шегеді. Ал, өмір мен өлім бір-біріне қарама-қайшы болып табылады. Біреуін басқасынан артық баға лау пайдасыз. Тек он проценті ғана өмір мен өлімді факт ретінде қабылдауға ақы лы жетеді жəне өмір сүру бақытынан ұдайы рахаттанады. Сайып келгенде, өсу мен іру барлық жерде, барлық уақытта қатысып отырады. Ақылды басшы барлық нəрсенің келетінін жəне кететінін біледі. Сондықтан, ұстап қалуға немесе қашып кетуге тырысудың не керегі бар? Ол үшін азаптану мен мəймөңкелеудің не керегі бар? Не болуы мүмкін екенін қиялдап өмір сүрудің не керегі бар? Қабаған ит ширығып тұрған адамды қабады. Саналы жəне жинақы адам ондай иттің жанынан зиян шекпей өтіп кетеді. Ақылды басшы өмірге ғашық болмай жəне өлімнен қорықпай өмір сүре ді. Осы еркіндік лидерді зияннан қорғайды. 51. Принцип жəне процесс Барлығы, түрлі мінез-құлық тербелмелі құрылым немесе процесс болып табылады. Бұл процесс бірыңғай процеске сəйкес пайда болады, дами ды жəне жоғалады. Адам осы принципке табиғи құрметпен қарайды жəне олар осы принципке бағынатын тербелу қуатын табиғи түрде жақсы көреді. Тербелу қуаты мен принцип бірге əрекет етеді жəне нысандардың таусылмайтын түрлерін жасап шығарады. Дегенмен, бұл бірге əрекет өзінің өнімділігінен ешқандай пайда таппайды. Нақ солай, ол, заттарды итермелеу жолымен зорлап, қуат алмайды. Бұдан басқа таңдау жоқ, бұдан басқа жол жоқ. Осылай принцип пен процестің бірге əрекет етуі біздің жұмысымыздағы бірінші фактор болып табылады. 52. Жатыр Барлық жаратылыс қарама-қайшылықтардан тұрады. Жаратылыстың не гізгі қарама-қайшылықтары Қосу/Алу, Инь/Янь, Əйел/Еркек деп аталады. Осы негізгі терістіктер өзін-өзі тудырушылар болып табылады. Бұл бəрін тудыратын екі жынысты жатыр. Барлығы мені қосады. Мен терістіктерден тұратын, бірыңғай принципке сəйкес дамитын процеспін. Мен Құдайдың ұлымын. Мен жаратылыс жа тырынан шығып келдім. Осыны білу маған тұрақтылық береді. Егер мен өзімнің сенімімді бір затқа немесе адамға, немесе, ілімге жұмсасам, мен тұрақтылыққа ие болмас едім. Адамдар, заттар, ілім келеді де кетеді, ұдайы өзгеріп тұрады. Мен, өзім таңдаған зат жоғал са, немесе өзім бағынған адам қайтыс болса, мен ізінен ерген діни се нім өзгерсе, қорқынышта өмір сүрген болар едім, сондықтан тек бірыңғай принципке берілемін. Мен адамға бір қарағанда ондағы принцип пен процесті көре аламын. Мен олардың қалай жұмыс істейтінін көре аламын. Мен олардың іс

жүзінде қалай жұмыс істеп тұрғанын көре аламын. Нақ осы менің топтың лидері болу қабілетімнің негізі. Заттың қалай жұмыс істейтінін біле тұрып, мен икемді болудың қаншалықты маңызды екенін де білемін. Өсіп жатқан нəрсенің бəрі икемді. Күштің əсеріне шыдай алатындардың бəрі икемді. Менің принцип пен процеске берілуім менің өлімнен қорықпайтынымды білдіретінін мен білемін. Мен ештеңе жоғалтпаймын. Мен ішкі нəрсенің аспекті екенімді білемін. Менің үйім – жаратылыстың жатыры. Өлу – үйіме қайту болып табылады. 53. Материализм Ақылды басшы тыныш жəне медитативті өмір кешеді, бірақ адамдардың көбісі өз меншігін қолынан қалай келсе солай көбейте берумен əуре. Тыныш жол саналырақ өмір сүруге алып барады. Əрекетшіл жол өсіңкі материализмге алып барады. Саналылықтың артуы Құдайға жетелейді жəне бүкіл жаратылыстың бір тұтастығы сезімін білдіреді. Бірақ өте артық тұтыну тек өзгелердің еңбегін пайдалану арқылы ғана мүмкін. Өмір сыйы тепе-тең бөлінбеген. Кейбіреулерге үлкен үлес тиген. Көбісінде өте аз. Ресурстар шектеулі. Əркім оны біледі. Дегенмен, меншігін сыйғыза алмай жатқандар одан да көп иеленгісі келеді. Олар өздерінде қаншалықты көп нəрсе бар екенін мақтаныш етеді. Олар сонда ұрлық деген не екенін білмей ме? Өте үлкен меншікке ие болу Құдайдан болған нəрсе емес. Оны өзге адамдарды сапырылыстыру арқылы алады. 54. Шетен ағашының қалтылдауық тиімділігі Сіз əлемде жақсы əсер қалдырғыңыз келе ме? Біріншіден, сіз жеке өміріңізді тəртіпке келтіріңіз. Сіздің мінез-құлқыңыз мейірбанды жəне тиімді болуы үшін бірыңғай принципті таяныш етіңіз. Егер сіз осылай жасасаңыз өте мықты əсер аласыз. Сіздің мінез-құлқыңыз өзгелерге шетен ағашының қалтылдақ тиімділігі арқылы əсер етеді. Ол əрбір адам тағы басқа біреулерге əсер ететін болғандықтан жұмыс істейді. Өте мықты адамдар өте мықты əсер ету қабілетіне ие. Егер сіздің өміріңіз жұмыс істесе, сіз өзіңіздің отбасыңызға əсер етесіз. Егер сіздің отбасыңыз жұмыс істесе, онда ол қоғамға əсер етеді. Егер сіздің қоғамыңыз жұмыс істесе,онда ол ұлтқа əсер етеді. Егер сіздің ұлтыңыз жұмыс істесе, ол бүкіл əлемге əсер етеді. Егер бүкіл əлем жұмыс істесе, тиімділік бүкіл ғарышқа тарайды. Сіздің əсеріңіз сізден басталады да аулаққа кетіп қалады, осы есіңізде болсын. Сондықтан сіздің əсеріңіз күшті де, қайырымды да, осыған сенімді болыңыз. Мен бұның жұмыс істегенін қалай білемін? Кез келген өсу қабілетті ядродан басталады. Сіз сол ядросыз. 55. Өмірлік қуат Өздерінің барлық блоктары мен тартыстарын бағындырған адам өмірлік қуаттың еркін ағысын сезінеді. Олар жас балалар секілді жарқын болады, олар зияннан балаларша қорғанудан рахат алады. Оларды қандала шақпайды. Ит оларды қабуға ұмтылмайды. Шатаққорлар да оларды тыныш қояды. Олардың тəндері жиырылған сезімталдықтан ада жəне көнгіш, бірақ олардың төзімділігі мен күші таң-тамаша қалдырады. Олар сексуалдық жағынан да əбжіл, бірақ көрініп тұрған эротизм жоқ. Олар əн айтуы мүмкін, немесе, ұзақ уақыт бойы дауысы қарлықпастан айғайлай алады. Олар жаңа ғашық болғандай, бірақ бір адамға емес, бүкіл жаратылысқа. Олардың қуаты да жаратылыс секілді таусылмайтындай көрінеді. Қателік, абыржу немесе тіксінуді білу ағымымен шатастырып алмауда, стимулятор мен сезімдік қызықтар (бастан кешкендер) адамдарды жігерлендіреді, бірақ ондай жігерлену ешкімнің күш-қуатын арттырмайды. Қайта, абыржу күш-қуатты шығын етеді жəне өмірлік қуатты азайтады. Абыржу жөнінде ширығу секілді ойлаңыз, ол жиырылу қарсылықты кез дестіргенде пайда болады. Абыржу жиырылу тоқтағанда немесе адам əбден шаршағанда таусылады. Бірақ білім ағысы тұрақты ағыс. Ол қарсылық кездестірмейді жəне зорлықсыз ағысын жалғастырады. Толқу тамыры өткен қателіктерде. Өмір қуаты өзінің бастауын іштен алады. 56. Лидердің тұтастығы Ақылды лидер оқиғаның шын табиғаты сөздермен тұсалмайтынын біле ді. Сондықтан оған таласудың не керегі бар?

Түсініксіз сөздері аралас жаргон – заттардың қалай пайда болатынын білмейтін лидердің ең сенімді белгілерінің бірі. Бірақ айтылуы мүмкін сөз көрсетілуі де мүмкін: үндемес болыңыз, саналы болыңыз. Сана жұмыс істейді. Ол не болып жатқанына сəуле түсіреді. Ол тартыстарды анықтайды жəне толқып кеткен жеке тұлғаны неме се топтың өрісін үндестіреді. Лидер, сондай ақ, барлық жаратылыс бір тұтас екенін біледі. Сонымен лидер ешкімнің позициясын қабылдамайтын бейтарап бақылаушы болып табылады. Лидер ұсынылған бағаға немесе қорқытуға еліктеуі мүмкін емес. Табылған болсын немесе жоғалтылған болсын даңқ – лидерді ұқыптылық жағдайынан тайдыра алмайды. Лидердің тұтастығы – идеализм емес. Ол заттардың қалай жұмыс істейтінінің тəжірибелік біліміне негізделген. 57. Аз істеп, көп болу Адал, ашық топты басқарыңыз. Сіздің жұмысыңыз не болып жатқанын жеңілдету мен көрсетуден тұрады. Мүмкін болғанынша аз араласыңыз. Қан ша əдемілеп болса да араласу лидерден тəуелділікті тудырады. Ережелер қаншалықты аз болса соншалықты жақсы. Ереже еркіндік пен жауаптылықты азайтады. Ережеге байлап тастау мен үкіметтің қысымы – өзінділігін азайтатын жəне топтың қуатын жұтып алатын зорлық пен айла лы əрекет. Сіз қанша мəжбүр етсеңіз, топ соншалықты қарсылық көрсетеді. Сіз дің айлаңыз құтылып кету үшін қарсы айланы тудырады. Əрбір заңмен бір ге заңсыздық келеді. Бұл топты басқару тəсілі емес. Ақылды лидер топ үшін айқын жəне игілікті ахуал орнатады. Тек осыны сезінген сайын берекелі əрекет етеді. Лидер үнсіздікті тəртіп еткен кезде, топ жинақы болады. Лидер ережелерді тықпыштамаған кезде, топ өзінің бағалы қасиеттері мен адамгершілігін табады, лидер менмен діксіз əрекет етсе, топ не істелуі керек болса, қарапайым жолмен ғана соны істейді. Аз істеп көп болуға жетсе, лидердің жақсы өнері осында. 58. Процесті бастап жіберу Топта процесс табиғи басталып кетеді. Ол өзін өзі басқара алады. Араласпаңыз. Процесті қадағалау əдетте сəтсіздікке ұшырайды. Олар не процесті бөліп тастайды, не болмаса оны ретсіз етеді. Не болып жатқанына сенуге үйреніңіз. Егер бұнда үнсіздік болса, оған өсуге мүмкіндік беріңіз, бір нəрсе шығады. Егер онда толқымалы болса, онда оған кедергі келтірмеңіз, ол тыныштыққа айналады. Топ наразы болса ше? Сіз оны бақытты ете алмайсыз. Тіпті, сіз солай ете алған күнде, сіздің күш салуыңыз топты жасампаздық күрестен түбегейлі айырып тастауы мүмкін. Ақылды лидер топтағы басталып жатқан процесті қалай жеңілдетуді біледі, себебі лидердің өзі де ол процесті көз алдына келтіре алады. Топтың процесі жəне лидердің процесі бір принцип секілді бірдей басталады. Лидер заттарды пайда болуға мəжбүр етпей-ақ, қалай терең əсер ету керектігін біледі. Мысалы, нəрсе сіздің қалауыңызша болуына итермелегенше, болып жатқан нəрсені жеңілдету одан күштірек. Мінез-құлықты жайып көрсету мен бір ретке келтіру таңылған моральдан күштірек. Теріс ұғымнан гөрі орны ауыстырылмаған позиция күш тірек. Жадырау адамдарға жігер береді, бірақ, біреуін болса да көлеңкелеу олардың тек еңсесін түсіреді.

59. Сіздің қабілетіңіздің қайнары Сіз топты жетеледіңіз бе, жоқ, өзіңіздің күнделікті өміріңізді өткізіп жатырсыз ба, сіз саналы болуыңыз керек. Сіз не болып жатқанын жəне заттардың қалай пайда болып жатқанын сезінуіңіз керек. Егер сіз не болып жатқаны мен заттардың қалай пайда болып жатқанын сезінсеңіз, сіз соған сəйкес əрекет етуіңіз мүмкін. Сіз көңіліңіздегі жайсыздықтан құтылуыңыз мүмкін, өмірге қабілетті жəне тиімді болуыңыз мүмкін. Сіз əрі табиғи процесс болып табылатыныңыз есіңізде болсын. Заттың қалай пайда болатынын түсінудің ішіне сіздің өзіңізді-өзіңіз түсінуіңіз де кіреді. Сіздің өміріңіз кез келген басқа ашылумен басқарылатын принциптің нақ өзімен ашылады. Сіздің тамырыңыз бүкіл жаратылыстың жалпы негізінде тұр. Бүкіл өзгелермен ұқсастық сіздің қарапайым екеніңізді көрсетеді. Бірақ сіздің барлық өзгелермен ұқсастығыңызды саналы түрде білу əдет тен тыс нəрсе. Барлығы жəне соған орай сонымен үйлесімдегі əрекет қа лай істейтінін білу сіздің күшіңіздің көзі, сіздің өзіңізге сенімділігіңіз бен өзіңіздің өзгелерден биік тұруыңыз болып табылады.

Сана немесе түйсіну, сайып келгенде, сіздің қабілетіңіздің қайнары. Өз санаңызды кеңейтуге үйреніңіз. 60. Заттарды аударып-төңкере бермеңіз Топты кішкене балықты қуырып жатқандай болып, жұмсақ басқарыңыз. Мүмкін болғанынша топтың процесінің табиғи пайда болуына жағдай жасаңыз. Өзінен өзі пайда бола салмайтын көңіл-күй ауаны бастауын ояту құмарлығынсыз кез келгеніне қарап тұрыңыз. Егер сіз заттарды аударып-төңкере берсеңіз, сіз күшіңізді өте ерте, өзінің мезгілінен бұрын жəне рұқсат етілмеген қысым нəтижесінде босатып жібересіз. Олар, мүмкін бүлік шығаратын жəне кез келген қол жеткен қарақшыдан ұратын арнаулы емес жəне ретсіз қуатқа айналады. Бұл күштер нақты жəне топтың ішінде өмір сүреді. Бірақ оларды асықтырмаңыз. Олар дайын болған кезде ғана шығуға мүмкіндік беріңіз. Жасырын ағым мен эмоцияның пайда болуы табиғи кезде, олар табиғи жолмен шешіледі. Олар зиян алып келмейді. Шын мəнінде, олардың өзге ойлар мен сезімдердің кез келгенінен айырмашылығы жоқ. Барлық қуаттар табиғи жолмен пайда болады, өзіне өзі келеді, күші қосылады, жаңа ше шімге келеді, сөйтеді де, беті ауған жаққа жоғалады. 61. Төменгі орынды иеленген сыйымды ыдыс Ұлы лидерді өзгелерден биік деп есептеу қате. Парадоксты қараңыз: ұлылық кіші орынды қалай иеленуді, қызметкер болуды, қуыс жəне қабылдағыш болуды білуден келеді. Өмір күші өзендегі немесе теңіздегі суға ұқсас деп елестетіңіз. Өзенге қарағанда ұлырақ деп есептейтін теңізіміз ашық жəне қабылдағыш болып өзеннен төмен жатады. Тасқынды жəне асығыс өзен теңізге келіп құйылады, ал ол оны жұтып тастайды да өзгертеді. Немесе мынаны елестетіп көріңіз: лидер төменде жатқан, ашық, қабылдағыш, бос əйел дейік. Топ мүшелері үстінде тұрған, ширыққан жəне толысқан еркек болсын. Əйел еркекті қабылдайды, еркектің тербелісін жұтып қояды. Сəл өтпей əйел еркекті құшағына алады, еркекке ауа жетпей қиналады, жұмсақ жəне еріп түсерлік жағдайға келеді. Ақылды лидер құлға ұқсайды: түсінгіш, жол босатқыш, жетекке дайын. Топ мүшелерінің тербелісі басым жəне жетелейді, сонда лидер бағы нады да жетекке ереді. Бірақ, көп ұзамай топ мүшелерінің санасы өзге реді де олардың тербелісі жоғалып кетеді. Байланыстың қатынасы екі жақты. Лидердің міндеті топ мүшесінің процесті санаға құюы жəне оны қабылдауы, оған көңіл бөлу үшін қажеттілігі. Егер лидердің қызмет етуге жəне еруге ақылы жетсе, ашық болса жəне төменгі орынды иеленсе, екі жақ та өзіне керегін алады. 62. Сіз мұны білесіз бе, жоқ па Жұмысы жақсы жүруі үшін адам бір топта тұруы немесе ақылды лидер болуы керек емес. Өмір процесі табиғи жолмен ағады. Адам заттардың қа лай пайда болатынын білсе де, білмесе де, тартыстар ерте ме, кеш пе шешіледі. Заттардың қалай пайда болатынын түйсіну, шынына келсек, адамның сөзін тиімдірек етеді. Бірақ түйсіну болмаған күнде де адамдар өседі жəне жетіледі. Санасыз болу қылмыс емес, бұл жай ғана өте пайдалы қабілеттің жетіспеуі. Заттың қалай пайда болатынын білу лидерге əлемде бар барлық дəре же мен атақтан көбірек шын күш пен қабілет береді. Сондықтан адамдар барлық ғасырларда жəне əртүрлі мəдениет деңге йінде заттың қалай пайда болатынын білетін адамдарға құрметпен қараған. 63. Күтпеген жағдайлар Ақылды лидер қалай тиімді қимылдау керек екенін біледі. Тиімді қимылдау, түйсінгіш жəне ауытқымайтын болу. Егер сіз түйсінгіш болсаңыз, сіз не болып жатқанын білетін боласыз, сіз асығыс əрекет етпейтін боласыз. Егер сіз негізден ауытқымаған болсаңыз, сіз тепе-тең жəне жинақы қимыл жасай аласыз. Егер сізге шабуыл жасаса немесе сынаса, оқиғаға сəуле түсіретін дей етіп қимыл жасаңыз. Бұл күтпеген жағдай емес жəне сіздің өмір сүруіңізге қауіп төндіретін нəрсе емес екенін білу жəне бір жерге топтау тақырыбы. Шындықты айтыңыз. Топта не болып жатқанын түйсіне алсаңыз, сіз жағдайды қолға алынған уақыттан көп бұрын түсінесіз. Кез келген жағдай, қаншалықты көлемді жəне күрделі болғанына қарамастан бастапқыда кішкене жəне қарапайым болады.

Егер сіз өзіңіздің қабілеттеріңізбен мақтанбаған болсаңыз жəне адамдарды сіздіңше қалай болуы тиіс болса, солай болуға əрекет жасаған болсаңыз, топтың тек аздаған мүшелері сізді күтпеген жағдайға ұшыратуды қалайды. 64. Басы, ортасы жəне соңы Басын анықтауды үйреніңіз. Оқиға өзі пайда болысымен басқаруға жеңіл көнеді. Жеңіл араласу оған нысан береді жəне жеңіл бағыттайды. Болуы тиіс қиындықтардан қашуға мүмкіндік болады. Артық күш жұмсап жіберу процестің пайда болуын үзіп тастауы мүмкін, негізгі қауіп сонда. Ақылды лидер затты ол пайда болмай тұрып көреді. Майыспайтын қат ты ағаш майысқақ бұтақтардан басталады. Үлкен құрылыс күректей жерден басталады. Мың мильдік жол бірінші қадамнан басталады. Оқиға қалай толығымен қуат алып қалыптасса, қаншалықты мүмкін болса, соншалықты кейін шегініңіз. Керексіз араласу не болып жатқанын шатастырады немесе тоқтатып қояды. Əсіресе, оқиғаны қандай бір алдынала анықталған жоспармен немесе модельмен келісімге келуге зорламаңыз. Көп лидерлер жұмысты нақ бітер алдында бұзып алды. Олар шыдамсыз болды. Олар белгілі бір нəтижелер болуына сүйенді. Олар мазасыздана бастады да қателіктер жасады. Бұл абайлау мен сананың уақыты. Көп іс теп жібермеңіз. Жəрдем беруге тым дайын бола бермеңіз. Бір нəрсе істеу үшін несие туралы абыржымаңыз. Ақылды лидер алдын-ала нəтиже күтпейтін болғандықтан да бір де бір нəтижені жеңіліс деп атауға болмайды. Назар аударып, оқиғаның табиғи жолмен жасалуына мүмкіндік беріп, уақыттың көп бөлігінде кейін шегініп, лидер, оқиға қалай қанағаттанарлық шешімге келетінін көреді. 65. Теория мен тəжірибе Лидерлердің ұстаздары күрделі теорияларға сүйенген жоқ. Олар түйсіну мен ақылға негізделген өмір тəсіліне үйретті. Өмірде теориялар терминдері арқылы көретін адамдардың не болып жатқанына өте күрделі көзқарасы болатыны жиі. Олар үшін айқындық қиын. Олар өте ынтамен жұмыс істейді. Егер сіз топты күрделі түсіндірмелер беріп оқытсаңыз, сіз адамдарды абыржытасыз. Олар өздеріне белгілеп алады жəне өздерінің ақылда рын пікірлерімен толтырады. Бірақ, егер сіз шын мəнінде не болып жатқанын түсінуге қайта-қай та ұмтыла берсеңіз, сіз айқын жəне білімдар боласыз. Теорияны тəжірибеден айыру қабілеті сізді көптеген қолайсыздықтардан сақтайды. Өмірдің өз жолымен бірыңғай принциппен саналы түрде ынтымақтастық жасайтыныңызды жайып көрсетіңіз. Егер сіз Даомен ынтымақтастық жасасаңыз, сіз жалпылай үндестіктің күшін қабылдайтын боласыз. 66. Төмен жəне ашық Неге мұхиттың суы өте көп? Өйткені ол барлық өзендер мен бұлақтардан төмен жатыр жəне оларға бүкіл болмысымен ашық. Біз лидердің өнері деп қарайтын өзгелерді жетелей білу, негізінен, қалай еру, қалай жетекке жүруді білуден тұрады. Ақылды лидер артқы қатарда тұрып өзге адамдардың процесін жеңілдетеді. Лидер жасайтын ең айтарлықтай істер көбіне-көп байқаусыз қалып қояды. Өйткені лидер итермелемейді, нысан бермейді немесе айлалы əрекетке бармайды, ол реніш пен қарсылық кездестірмейді. Топтың мүшелері біреулердің жеке насихатын ендіруге тырыспайтын, олардың өмірін жеңілдететін лидерге шынымен сенеді. Лидерде ол қорғай тын позиция болмайды, онда сүйіктілер де жоқ, сондықтан, ешкім өзімен есептеспегендей сезінбейді, ешкім ұрыс-керіске бармайды. 67. Лидердің үш сапалық белгісі Мынадай парадокс бар: бірі қалай болып жатқаны туралы бірыңғай принцип ұлы принцип болып табылғанымен, бұл принципті ұстанатындар оның қарапайым ғана екенін біледі. Өзін-өзі өте жақсы көру адамды ұлы етпейді. Бүкіл жаратылыстың жалпы негізі кез келген бөліп тастау дəрежесінен ұлырақ өмір бастауы болып табылады. Мынадай үш қасиеттің лидер үшін бағасы биік: – барлық жаратылған нəрселерге жаны аши қарау; – тұрмыстағы қарапайымдылық пен шамадан асып кетпеу; – теңдік сезімі мен сыпайылық. Жаны ашитын адам əркімнің көңілі үшін əрекет етеді. Тұрмыстағы қарапайымдылық адамға байлық силайды. Теңдік сезімі адамның нағыз ұлы лығын білдіреді.

Қателік мынада: біреудің көңілі өзіне ғана деген көңілді білдіреді дейтін адамды ержүрек жəне өзге адамды артынан ерте біледі деп есептеу. Шамадан тыс тұтыну басқаларға жұмыс беру арқылы өзгелердің аман-есендігіне қосылған үлес деп есептеу қателік. Қарапайымдылықты ұмытқан немесе өзгелерден үстемдік мінезін ұстанған адам шын мəнінде өзгелерден ақылдырақ деп санау да қателік. Мұның бəрі даралық мінез-құлықтың түрлері. Олар адамды өмір сүрудің толық негізінен ажыратады. Олар қаттылық пен өлімді тудырады. Жаны ашу, жəрдем бергісі келу жəне теңдік, бір жағынан өмірдің құрамдас бөліктері. Біз бəріміз бір болғандықтан да бұл осындай. Мен сіз туралы уайымдасам, онда мен тұтастықтың үндестік қуатын ұлғайта - мын. Өмір деген нақ осы. 68. Қолайлы мүмкіндіктер Ең ұлы, мəңгі əскери өнер – мейірбандық. Ол шабуылға шыққандардың жеңіліс табуына қолайлы мүмкіндік жасайды. Ең жақсы генералдар жаңа ұрысты бастауға асықпайды. Олар қарсыласқа өзі жеңіліске алып баратын қателік жіберуіне көп қолайлы мүмкін діктер жасайды. Ең жақсы басқарушылар қысым жасау мен шектеу арқылы өнімділікті арттыруға тырыспайды. Олар қолайлы мүмкіндіктер жасайды. Лидердің жақсы өнері адамдарды олардың жоғарғы деңгейіне міндет ұсыну емес, мүмкіндіктер ұсыну арқылы себепкер болудан тұрады. Нақ осылай, табиғи жолмен заттар пайда болады. Өмір міндет емес, қолайлы мүмкіндік. 69. Ұрыс Егер топ мүшесі сізбен күрескісі келсе, партизандар командирінің стратегиясын қараңыз: ешуақытта ұрыс іздемеңіз. Егер ол бастала қалса, жол беріңіз, кейінге шегініңіз. Өзіңнен өзің аттап өткеннен кейінге шегінген анағұрлым жақсы. Сіздің күніңіз жақсы ақылда, не болып жатқанын сезініңіз, сіздің қаруыңыз тіптен де қару емес. Ол – сананың сəулесі. Сіз қарсыластарға кездеспейтін жағдайда ғана ілгері жылжыңыз. Егер сіз бір нəрсені міндетті деп есептесеңіз, оған ұмтылмаңыз. Егер сіз ұта бастасаңыз, онда қайырымды болыңыз. Шабуылды бастаған адам онша жинақылана алмайды, сөйтіп, жеңіл лақтырып тасталады. Осыған қарамастан кез келген шабуылдаушыға құрмет пен қараңыз. Жаны ашу сезімінен еш уақытта бас тартпаңыз жəне қажетсіз зиян келтіру өнерін пайдаланбаңыз. Қай жағдайда болсын, саналырақ күш ұтады. 70. Мұнда ешқандай жаңа нəрсе жоқ Бұл өмір тəсілі жəне өзгелерді жеңіл түсінуге жетелеу. Оны жеңіл жүзеге асыруға болады. Бірақ, лидерлердің бəрі бірдей бұл тəсілді түсінеді деуге болмайды. Тек аздағаны ғана өз жұмысында осыны қолданады. Əдетте, үлкен қызығу үлкен жаңалыққа бағытталады. Бұл ешқандай жаңа нəрсе емес. Барлығы қалай пайда болатынының жолын қуған. Ақылды лидер ешқан дай жаза немесе ерекше нəрсе істемейді. Ақылды лидер тек кейбір артынан ергендерге ғана арқа сүйейді. Ол, негізінен, дəстүрлі ақыл жиі-жиі қарапайым құбылыстың астында жататын қарапайым қазына болып табылатынын мойындайтындарға ғана арқа сүйейді. 71. Барлық жауап Ешкім барлық жауапты білмейді. Сіз барлығын білмейтініңізді білгеніңіздің өзі, ештеңе білмей тұрып, көп білемін деп есептеуден анағұрлым ақылдырақ. Жалғыз білім жүйкені шаршатады. Бақытқа орай оның нышандары білінісімен емдеу оңай: одан бас тартыңыз. Мүмкін əрбір лидер алдаудың осы түрін ерте ме, кеш пе, байқап көрген болар. Ақылды лидер бұл білімді жалған өзгертудің қанша ауыр екенін түсінеді. Ақылды болу үшін жəне ауыруды тілемеу үшін лидер мақұлдай бермей ді. Қалай болған күнде де, сіз «мен білмеймін» дегенді айта білсеңіз жеңіл бола түседі. 72. Рухани сана Топтағы жұмыс біздің күндеріміздің уайымына қатысты, сондықтан ол рухани саланы іске қосуы керек. Мархабат етусіз ең қорқыныштысы айтыл май қалады, толқымалы жеңіл кесел сақталып қалады.

Топтың кейбір мүшелеріне тиіп кетуіне қарамастан, дəстүрлі дін туралы айтуға дайын болыңыз. Құдай деген сөзге теріс ұғымды жеңіңіз. Біздің рухани тамырымыздың ұлы күші, біз оны қалайық, қаламайық, дəстүрлерде жатыр. Ақылды лидер рухани мінез-құлықтың үлгісін жасайды жəне рухани құндылықтармен үндестікте өмір сүреді. Білім жолы санадан биік, жеке тұлға өзін өзі жақсы көруден биік болатын жол бар. Лидер бүкіл жаратылысымен қайсарлылық күшін жəне толыққандылықты ашып көрсетеді. 73. Еркіндік жəне жауапкершілік Ерліктің екі түрі болатынын көзге елестетіңізші. Біреуі адамдарды өлтіретін белсенді ерлік. Тағы біреуі адамдарды тірі сақтап қалатын ішкі ерлік. Осы екеуінің қайсысы жақсы? Ешкім сізге жауап бере алмайды. Əрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Даоның біреуіне де бүйрегі бұрылмайды. Дао қалай дегеніміз заттардың қалай пайда болатыны екенін есте сақтаңыз. Бірақ, заттар қалай пайда болатыны мен істеуім керек нəрсенің мағынасы жағынан біркелкі емес. Ешкім не істеу керек екенін айта алмайды. Не істеу керек екені жөнінде шешімді сіз өзіңіз ғана қабылдай ала сыз. Дао ақыл айтуды уағыздамайды жəне өзіңізді қалай алып жүруге еріксіз көндірмейді. Адамдар не істесе, бұл олардың өз еркі. Бірақ олардың мінез-құлқының құрылымы табиғи заңдылыққа бағынады. Бұл заң жалпыға бірдей, ол əрбір мүмкін болатын оқиғаны бүркемелейді. Ол қаншалықты өзгеше болса, соншалықты əрбір оқиғаның пайда бо луына үйлесе кетеді. Бірақ сіз үшін осы жағдайда не істеу керек екенін ешкім шеше алмайды. Бұл тек сіз үшін. 74. Соттар мен қосымша соттар Бұл адамдарды нашар мінез-құлқы үшін жазалайтын сот пен қосымша соттың ролін лидер ойнайтын нəрсе емес. Біріншіден, жазалау мінез-құлықты тиімді қадағалай алмайды. Тіптен, жазалау жəрдем берсе де, қай лидер қорқынышты оқыту тəсілі ретінде пайдалана алады? Ақылды лидер əрбір əрекеттің табиғи жалғасы болатынын біледі. Мəселе, нақ осы табиғи жалғастықтарға сəуле түсіруде, мінез-құлықтың өзінің ізіне түсуде емес. Егер лидер табиғатты өзгерткісі келсе жəне сот немесе қосымша сот секілді əрекет еткісі келсе, сіз өте нəзік процестерге дөрекі түрде ұқсағаныңызды күте аласыз. Одан да нашар жағдайда, лидер жазалаудың құралы екі жолды да кесіп тастайтынын көреді. Өзгелерді жазалау өзіңді жазалау деген сөз. 75. Қараулық етпеңіз Егер лидер істелген жұмыстың басым көпшілігін өзіне меншіктеп кетсе, топтың жұмысы өркендемейді. Егер лидер оқиғаны белгіленген түрде жүруге мəжбүр ету үшін қатаң бақылауға сенетін болса, топ көтеріледі жəне қарсылық көрсетеді. Егер лидер соқтыққыш жəне асығыс болса, топтың мүшелері қабылда майтын жəне жауапсыз болып шығады. Ақылды лидер қарау емес, өзімшіл емес, қорғанбайды, талап етпейді. Сондықтан лидер кез келген оқиғаның табиғи жолмен өтуіне сенеді. 76. Майысқақ па, қатты ма? Адам туғанда майысқақ жəне гүлдей əсем. Өлер алдында адам қатты əрі қыспақта болады. Өсу мерзімі кезіндегі өсімдіктер мен ағаштардың өмірін алып қарасақ, олар салыстырмалы түрде биязы əрі майысқақ. Толық өсіп өне бастаған кезде, олар қатты жəне морт болып кетеді. Өсіп, қатты бола бастаған ағашты бөренеге кесіп алады. Топтың қатты жетекшісі дайындық пен жаттығулар жүргізуге қабілет - ті болуы мүмкін, бірақ топтағы жанды процеске иелік ете алмайды. Не майысқақ əрі гүлдей болса, өсу үрдісіне ие болады. Не қатты əрі қыспақта болса, жарамсыз болып қалады жəне өледі. 77. Циклдар Табиғи оқиғалар қайтып айналып келіп тұрады, ол əрқашанда бір шеттегі жағдайдан екінші шеттегі жағдайға өзгеріп тұрады. Садақ пен жебені есіңізге алыңызшы. Адам садақты керген кезде екі басы бір-біріне жақындай түседі, оның ағашы мен жібінің арасы алшақтайды, садақтың жібі бұрын босырақ болса, енді қатты тартылады.

Садақшы жебені жіберіп қалғанда, процесс қайта орнына келеді, ширығу əлсірейді. Осы оқиғада табиғаттың жолы бар: не қатты тартылса, соны босату керек, не бос болса соны толтыру керек, не толып кетсе, соны азайту керек. Бірақ, материализм мен табиғатты жеңуге негізделген қоғам, бұл циклдарды басып өткісі келеді. Егер бір нəрсе жақсы болса, ол одан да жақсы болуы керек жəне абсолюттік жеткіліктілік ең жақсы сияқты көрінеді. Бір мезгілде, аз нəрсесі барлар одан да аз алатын болады. Ақылды лидер оқиғаның табиғи жолымен жүреді жəне тұтыну қоғамын үлгі ретінде пайдаланбайды. Өзгелерге қызмет ете жүріп жəне мырза болып, лидер байлықты біледі. Жанқияр болып, лидер өзгелерге өзінің мүмкіндіктерін көрсетуге жəрдем береді. Өз қызығы үшін емес, жеңілдетуші бастаушы болып, мақтау мен ақы алуға байланбаған болып, лидер күшті жəне барлығы қолынан ке летін болып шығады. Қарама-қайшылықтар мен циклдарды түсінуге негізделгені себепті лидердің бұл мінез-құлқы жеңістерге апарады. Тиімді мінез-құлық баяулағандай болады. 78. Жұмсақ жəне күшті Су сұйық, жұмсақ, кезек бергіш. Бірақ су қатты жəне жол бермейтін тасты жарады. Əдетте, не сұйық, жұмсақ жəне кезек бергіш болса, барлық қатты жəне тұрақты нəрселерді жеңеді. Ақылды лидер, кезек беру қарсылықты жеңетінін жəне жұмсақтық байқаусызда мықты қорғанысты тас-талқан ететінін біледі. Лидер топтың қуат-күшімен күреспейді, ағып өтеді жəне кезек береді, өзгертеді жəне мүмкіндік береді. Лидер үлкен көлемдегі тіл тигізу ді көтеруі тиіс. Егер лидер суға ұқсас болмаса, онда, сынады. Жұмсақ бола білу қабілеті лидерді лидер етеді. Бұл жерде басқа парадокс бар: не жұмсақ болса, сол мықты. 79. Ұту немесе жоғалту Егер сіз топ мүшесімен дауласып қалсаңыз, жəне сіз ойлағандай болмай бара жатса, өзіңіздің шынайы сезіміңізден айну жолымен келісім жасауға бармаңыз. Өз позицияңызды жақсы ниетпен əрі əсем беріңіз. Не болып жатқаны на қайта оралыңыз. Оң болып шығу немесе бəстескенде жеңу – ол сіздің ісіңіз емес. Өзге адамдардың көзқарастарының кемшіліктерін іздеу сіздің бизнесіңіз емес. Егер басқа адам ұтып кетіп жатса, өзіңізді қысым көргендей сезіну сіздің бизнесіңіз емес. Сіздің ісіңіз не болып жатқанын, жеңіс пе, жеңіліс пе, соны жеңілдету. Өйткені біз бəріміз бірміз, қабылдауға тиіс əртүрлі жақтар жоқ. Бəрі айтылғанда жəне жасалғанда, ақылды лидер не болып жатқанын бəрібір бақылап тұрады. Қайтіп болмасын, сөйтеді. 80. Жай өмір Егер сіз еркін болам десеңіз, қарапайым өмір сүруді үйреніңіз. Өзіңізде барды пайдаланыңыз жəне қайда тұрғаныңызға риза болыңыз. Басқа жаққа ауысып, жолдастарыңыз бен қызметіңізді ауыстырып, өз проблемаларыңызды шешіп алу əрекетінен бас тартыңыз. Қымбат нəрселерді қолданбай ақ, қағаз-қаламға көшіңіз. Шығып жатқан əрбір жаңа кітапты оқимын деместен, классиканы қайталап оқыңыз. Сіз тұрған жерде өнетін заттармен тамақтаныңыз. Қарапайым əрі мықты киімдер киіңіз. Үйіңіз үлкен болмасын, төңірегін жəне ішін тазалау жеңіл болады. Күнпарақта міндеттемелерден бос мезгілдеріңіз белгіленіп қойылсын. Рухани тəжірибені ұмытпаңыз, отбасы рəсімдерінің нақты орнығуына мүмкіндік беріңіз. Əрине, өмір түрлі жаңалықтар мен қызықты оқиғаларға толы. Жаңа мүмкіндіктер əр күні туып жатады. Не болыпты сонда? 81. Марапат Қарапайым, дөрекілеу шындықты айтқан, құлаққа жағымды тиетін зат тарды айтқаннан маңыздырақ. Топ қызыл сөзден жарыс жасап жатқан жоқ. Əркімнің қажеті үшін əрекет ету, бəсті жеңуді мақсат етуден маңызды рақ. Топ – жарыссөз жасаушылардың қоғамы емес. Не болып жатқанына құлақ асу, барлығын белгілі бір теориялар терминінде түсіндіруге қабілетті болғаннан маңыздырақ. Топ оқу орнындағы емтихан емес.

Ақылды лидер жеңістердің шоғырын жасауға тырыспайды. Лидер өзге лерге өз жеңістеріне жетуге жəрдемдеседі. Өзгелермен жеңісті бөлісудің өзі бақыт. Бүкіл жаратылыстың соңында жататын бірыңғай принцип бізді нағыз сəттілік барлығын бақытты етеді жəне ешкімді жойып жібермейді деп үй ретеді. Ақылды лидер, əрекеті үшін алатын марапаты жұмыстан табиғи жолмен өзі келетінін біледі. БАЛЬТАСАР ГРАСИАН АҚЫЛ ҚАЛТА Испанның ұлы жазушысы Бальтасар Грасиан лайықты өмір сүрудің тəсілдерін зерттеп, кейінгіге мəңгі мұра боларлық ақыл кітабын қалдырған. Кітап бұдан үш жарым ғасыр бұрын жазылғанына қарамастан бүгінгі күнге үндес. Себебі барлық дəуір, барлық ортада адамгершілік қағидалары бірдей. Кітап көп елдердің тілдерінде бірнеше қайтара жарық көрген. Ол əлемдік пəл сапаның інжу-маржандарының бірі. АҚЫЛ ҚАЛТА немесе парасат сабағы, мұнда Лоренсо Грасианның шығармаларынан алынған нақылдар жиналған 1. ҚАЗІР БƏРІ ЖЕТІЛГЕН. ƏСІРЕСЕ – ЖЕКЕ ТҰЛҒА. Ежелгінің жеті данасымен* салыстырғанда, қазіргінің бір данышпанынан көп нəрсе талап етіледі жəне бір кездегі тұтас халықпен дұрыс қа тынаста болудан бүгінгі бір адаммен қалыпты араласу көп шеберлікті қажет етеді. 2. МІНЕЗ БЕН МƏДЕНИЕТ – бойдағы бар абырой айқын көрінетін екі негіз. Бірінсіз бірінің орны тол майды. Білім аздық етеді – дарын керек. Бірақ наданның соры сол, ол өмірдегі бейімділігін, айналысар ісін, туған өлкедегі, достарының ара сындағы алатын орнын білмейді. 3. ЖАСЫРЫН ƏРЕКЕТ ЕТУ. Күтілмеген жағдай – табыс кепілі. Ашық ойыннан пайда да, қуаныш та болмайды. Өз ние тіңді білдірмесең қызығушылық тудырасың, əсіресе бұл жоғары дəрежедегі адамдарға қатысты. Тіпті түсінікті болғың келген кездің өзінде, сырыңды жайып салуға асықпа жəне көлденең көк аттыға өзіңнің жан дүниеңе кіруге мүмкіндік берме. Үнсіз ұстамдылық – ізгілік ордасы. Ниетіңді жариялау оны тұншықтырғанмен бірдей: онда одан күні бұрын кемшіліктер табады, ал сəтсіздікке ұшыраса екі есе бақытсыз боласың. Сонымен, өзіңе əрдайым көп көңіл бөлінсін десең, өз əрекетіңде кемелдікке ұмтыл. * Ежелгінің жеті данасы деп Фалес, Питтак, Солон, Клеобул, Периандр, Хилон, Биант алынған.

4. ДАНАЛЫҚ ПЕН АЙБЫН – ҰЛЫЛЫҚ НЕГІЗІ. Аты өлмейтіндер өшпес істер сыйлайды. Адам қаншалықты көп білсе адамдығы соншалықты болмақ; көп білетін адам құдыретті. Надан үшін дүние – қараңғы түнек. Ақыл мен күш – көз бен қол; қажыр-қайратсыз даналық жеміссіз ағаш сияқты. 5. СЕНІ ҚАЖЕТ ЕТСІН: Табынатын адамды мүсінші емес, оны құдайындай көретін адам жасайды. Саған алғыс айтқаннан гөрі, сенен өтінсін. Оңбаған риза шылыққа сену – ізгі үмітті жоғалту: алғашқы тез ұмтылады, соңғысы есте сақталады. Сыпайыларға қарағанда тəуелділер пайдалырақ: шөлін қандырған соң бұлақты елемейді, сөлін сығып алған апельсинді лақтырып тастайды. Мұқтаждық біткенде достық, онымен бірге қызмет те бітеді. Өзіңе деген мұқтаждықты сақтап отыру, оны толық қанағаттандырмау сенің күнделікті бірінші ережең болсын, сені үнемі қажет етсін. Бірақ тым тұйықтықпен жақын адамыңды адасуға мəжбүр етіп, оған өз игілігің үшін жамандық жасамаған жөн. 6. АДАМНЫҢ ТОЛЫСУЫ. Адам бірден кемеліне келіп тумайды, бірақ күннен күнге жеке басын жетілдіріп, өз ісінде шеберлік шыңына өрмелей отырып, ол лайықтылық пен артықшылықтың жоғары сатысына көтеріледі, бұл талғамның нəзіктенуінен, ақылдың сұңғылалығынан, пайымдаудың тереңдігінен, тілектердің мүлтіксіздігінен көрінеді. Бəз біреулер толысуға қол жеткізе алмай-ақ қояды, оларға əрқашан бірдеңе жетіспей тұрады; ал кейбіреулер оған кеш жетеді. Сөзі дана, ісі ізгі, кемел кісіні əрдайым парасатты адамдар құшақ жая қарсы алады, олар онымен тіл табысуды аңсайды. 7. ЖОҒАРЫДА ТҰРҒАНДЫ ЖЕҢУДЕН САҚТАНУ. Жеңу дегеніміз – өзіңе жек көру туғызу, ал өз мырзаңды жеңу жөнсіз, тіпті қауіпті нəрсе. Өзінен басым болғанды ешкім ұнатпайды, əсіресе мəртебелі адамдар. Өз басымдығыңды қажет кезінде, əдемілікті нашар киіммен жасырғандай көрсетпеуге болады. Көп адамдар, əсіресе осы дүниенің мықтылары ақылдан басқа сəттілікке, кез келген дарынға қатысты өзгелерге жол беруге ықыласпен келіседі: ақыл бар дарынның үстінен сал танат құрады, оны аз ғана ренжіту – оның ұлылығын қорлағанмен бірдей. Кім биікте тұрса, одан да жоғарырақтан үстемдік еткісі келеді. Олардың мəртебесі басымдық емес, көмек тілейді; өздеріне берілген кеңес оларға түсініксіз нəрсені түсіндіру түрінде емес, ұмытылғанды еске түсіру ре тінде айтылса ғана ұнайды. Жұлдыздар бізге көрнекі сабақ береді: күн нің сəулелі перзенттері ешқашан оның шұғыласын қалқаламайды. 8. ӨЗ ҚҰШТАРЛЫҚТАРЫНА ИЕ БОЛУ – РУХТЫҢ ЖОҒАРЫ ҰЛЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАСИЕТІ. Мұның өзі рухты оған лайық емес төмен қылықтардан сақтайды. Өзіңе өзің ие болғаннан, өз құштарлықтарыңды бағындырғаннан артық жоғары билік жоқ. Дегенмен құштарлық бойды билеп алса, оған дəрежеге жетуге жол бермеу ке рек: міне, қамықпаудың оңай тəсілі, міне, ізгі даңққа апарар қысқа жол. 9. ӨЗ ЖЕРЛЕСТЕРІҢЕ ТƏН КЕМШІЛІКТЕРДЕН АРЫЛУ. Су өзі ағатын топырақтың қасиетін өзіне жұттырып, ащы немесе тұщы болуы мүмкін, ал адамның өзі туған ортаға байланысты жақсы не нашар қасиеттері болады. Біреулер игі ниетті аспан астында туғандықтан да басқаларға қарағанда отанына көбірек қарыздар. Əрбір халыққа, тіпті ол білімдар өнегелі болса да, қайсыбір табиғи кемшілік тəн; көршілері оны əдетте əжуалай немесе та балай көрсетеді. Бұл кемшіліктен арылу немесе оны жасыру оңай шаруа емес: мұндай адамның өз жерлестері арасында өзгешелігімен даңқы шығады, ал не сирек болса, сол қымбат. Сондай-ақ, тектік, тектік-таптық, ла уазымдық, жасқа байланысты кемшіліктер болады, егер осылардың бəрі жи ылып, ал адам олардан құтылуға тырыспаса, онда ол кісі төзгісіз құбы жыққа айналады. 10. БАҚЫТ ПЕН ДАҢҚ. Алғашқысы қаншалықты тұрақсыз болса, соңғысы соншалықты өзгермейтін болып келеді. Бақыт осы өмірде, даңқ өлгеннен кейін келеді, біріншісі көре алмаушылықты, екіншісі ізсіз жоғалуды жеңеді. Бақытты тілейді, кейде оған қол жеткізеді; даңққа еңбек сіңіреді. Ізгі даңқты аңсауды қажыр-қайрат тудырады. Даңқ əрдайым ұлылардың еншісінде болып келді жəне бола береді, ол кереғар лықтың серігі: ғажайып немесе құбыжық, тамсандырады не жүрек айныта ды.

11. ӨНЕГЕ АЛУҒА БОЛАТЫН КІСІМЕН АРАЛАСУ. Сен үшін достарыңмен ара ласу білім мектебі, ал əңгімелесу – ұнамды үйрену болсын: достарыңа ұстаз ретінде қара жəне оқудан келер пайданы əңгімеден алар лəззатпен ұштастыр. Ақылдылардың достығы өзара пайдалы: əңгіме айтушы тыңдаушы ның мақтауын естіп көңілі өседі, ал тыңдаушыға ақыл қосылады. Бірақ əдетте біз мұны ұмыт қалдырамыз, өйткені менменшілдігіміз оған бөгет жасайды. Есті адам күйкі тірліктің емес, өнегенің мекені болатын жарқын жүзді адамдармен араласады. Көзі қарақты сөзімен жəне ісімен өзде рі ғана өнеге беріп қоймайды, сондай-ақ олардың төңірегіндегілер де ізгі істерімен ерекшеленеді. 12. ТАБИҒАТ ПЕН ӨНЕР, МАТЕРИАЛ МЕН ЖАРА ТЫЛЫС. Сұлулықтың өзіне де көмектесу керек: көркем нəрсенің өзі егер оның

кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып отырмаса ұсқынсыз кейіпке түседі. Табиғат бізді тағдыр тəлкегіне тастаған екен – өнерге жүгіне йік! Онсыз керемет болмыс та мінсіз бола алмайды. Мəдениетсіз адам жарты абыройынан айрылады. Жақсы мектептен өтпеген кісіден дөрекілік тің иісі шығып тұрады: оған кемелдікке жету жолында өзін үнемі жонып отыру керек. 13. НИЕТКЕ САЙ ƏРЕКЕТ ЕТУ. Адам өмірі – адамның арам ойларымен күресін білдіреді. Қулық қастық ниетті қолдана отырып күреседі: күткен нəрсені жасамайды; алдарқату үшін шеберлікпен күш көрсетеді жəне кенеттен, ойламаған жақтан соққы береді, есін шығаруға тырысады. Қарсыласының ойын тексеру үшін басқа ниетін алға тосады, одан кейін жалт бұрылып, шалт қимылдайды да абдырап қалған жауын жеңіп тынады. Алайда сұңғыла ақыл оның тіміскілеуін көре біледі, оны қабақ астынан бағып отырады, оның сендіргеніне қарсы нəрсеге иланады да алдамшы жүрісті сезе қояды; алғашқы қаскөй шабуылдан соң екіншісін, одан кейін үшіншісін күтеді. Сыры мəлім болғанын байқаған қаскүнемдік алдау үшін шындықтың өзін пайдаланып, күшін еселей түседі. Енді ойын ережелері өзгереді, əдістер де өзгеше болады – қулық шынайылықтың киімін киіп, зұлымдық ақ көңілділіктің бет пердесін жамылады. Ондайда көмекке байқағыштық келеді; тереңде жатқан мақсатты көре білген ол беткі жарықтың арғы жағынан қараңғылықты байқайды, неғұрлым ашық жатса, соғұрлым құпия сақталатын арам ойды əшкерелейді. Пифонның түнек бұлттары*. Аполлон ның нұрлы сəулелерімен осылай күреседі. 14. МƏН МЕН МƏНЕР. Істің мəні – оның жартысы ғана; істің қалай бітуі одан да маңызды. Дөрекілік бəріне, тіпті əділдік пен естілікке де зардабын тигізеді; сыпайылық бар лығына көрік береді: жоқты бар, ақиқатты бал етеді, тіпті кəрілікті жасартады. Сыпайылық достық ролін табысты ойнап, өмірге сəн береді. 15. АҚЫЛДЫ КӨМЕКШІЛЕРІҢ БОЛСЫН. Билік басындағылардың бір артықшылығы – оларда төңірегіне ақылды адамдар жинауға мүмкіндік болады, бұл адам дар биліктілерді надандық қараңғылығынан алып шығады, ең қиын дауда да жеңіске жеткізеді. Даналардың көмегіне жүгіну – ұлылардың қасиеті; бұл жеңілген патшаларды құл еткен армян * Пифонның түнек бұлттары Аполлонның нұрлы сəулелерімен күреседі – бұл космологиялық түсінікте Күннің /Аполлон/ Жерден /Юнона/ көтеріліп, Күннің қарындасы Айды көзден қалқалайтын бұлттармен күресін бейнелейді. патшасы Тигранның тағылығынан гөрі əлдеқайда мақтарлық іс. Біздің көзі ашық заманымызда қожалық етудің жаңа түрі пайда болды – бұл табиғат дарын сыйлаған адамдарды қызметшілерге ай налдыру. Қысқа ғұмырда көп білуге мүмкіндік аз, ал білімсіз өмір – өмір емес. Сондықтан білім нəрінен қиындықсыз сусындайтынның, көп жайды білетіндерге қарағанда көп үйренетіннің, бəрінің даналығына қанығатынның өнері үлкен. Кеңеске қатыса отырып, ол көпшілік атынан сөй лейді, ежелгі даналардың нақылдарын тілге тиек етеді, өзгенің төккен тері арқасында ол шешендік даңқына бөленеді. Ақылды көмекшілер оған ғылымдағы бар жақсыны сүзіп береді. Ал даналықты өзіне қызмет еттіре алмайтындар, оны достары арасынан іздесін. 16. АҚЫЛДЫ ІЗГІ МАҚСАТПЕН ҰШТАСТЫРУ – көп табыстың кепілі. Кемел ақыл мен жасық жігер зорлап қосқан жұбайлар сияқты. Арам ниет – білік абырой үшін у сияқты, ол ақылдың көмегімен зұлымдықты одан сайын шеберлікпен жасай түседі. Арам мақсаттар үшін пайдаланылған үлкен ақыл жек көруге лайық! Санасыз ақыл есуастықтан да жаман.

17. ƏДІСТЕРДІ ӨЗГЕРТІП ОТЫРУ КЕРЕК, бұл басқа лардың назарын алаңдатып, бұрып əкету үшін қажет. Əрекеттің алғашқы тəсілін ұстанба – біркелкілік ойыңды біліп қоюға, тіпті ниетіңнің бей-берекетін шығаруға мүмкіндік береді. Түзу ұшып бара жатқан құсты атып түсіру жеңіл, ал айнала қалықтап ұшқанды құлату – қиынырақ. Екінші тəсілді де аяғына дейін ұстанбаған жөн, өйткені бір сəтте бар пиғылың мəлім болады. Зұлымдық қайда деме – аяқ астында. Оған шалдыр мау үшін сұңғылалық қажет. Тəжірибелі ойыншы қарсыласы күтіп отырған жүріске аяқ баспайды. 18. ЫҚЫЛАС ПЕН ДАРЫНДЫЛЫҚ. Бұларсыз ұлылық мүм кін емес, ал кісі бойынан осы екі қасиет те табылған кезде ол кемел дікке кенеледі. Ынтасыз дарындылыққа қарағанда, ыждаһатты орташалық көп нəрсеге қол жеткізеді. Даңқ құны еңбектің бағасымен өтеледі; жеңіл келген нəрсе қадірсіз болады. Тіпті жоғары қызметте де ынта керек: ол əдетте кісінің қабілеттілігін көрсетеді. Жай істе бірінші орынды қанағат тұтпай, жоғарғыдан тым болмаса ортаңғы орынға ұмтылатын адамды оның ұмтылысының ізгілігі үшін кешіруге болады; бірақ қатардағы шаруа да көзге түсе алғанымен, жоғарғы істегі орташа орынды қанағат ететін кісіге кешірім жоқ. Сонымен, мінез бен өнер керек, ал олардың одағын ынта нығайтады.

19. КӨП НƏРСЕДЕН ҮМІТТЕНІП БАСТАМАУ КЕРЕК. Шамадан тыс мақталған нəрсе көп жағдайда үмітті ақтамайды. Көңіл көк дөненнен

де жүйрік, арманға берілу жеңіл, оған жету қиын. Қиялдың тілекпен қосылу ынан өмір ауқымына сыймайтын нəрселер туады. Қол жеткен табыстар қанша татымды болғанмен, олар рухты қанағаттандыра алмайды жəне ерекше үміт тердің билігіндегі ол қуаныш əкелуден гөрі, көңіліңді қалдырады. Үміт шындықтың өңін айналдыруға шебер; парасатың оны сабырға шақырсын. Əуелі ынта тудыру үшін біраз несие берген дұрыс, дегенмен қолдағы ба рыңызды жайып салмаңыз, шындық күткеніңізден асып түссін. Бірақ ақы маққа мұндай ереже жарамайды, тіпті мұнда асыра сілтеу пайдалырақ: ниет іске аспаса да бəрі риза жəне бұрын сұмдық көрінетін нəрсе енді қанағат етерліктей болады. 20. АДАМ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ. Аса дарынды адамдардың өздері өз заманына тəуелді болады. Көп адам өзіне лайық ке зеңге тап келе алмайды, ал тап келгендердің көбі оның биігінен көріне алмайды. Кейбіреу заманынан озық туады, жақсылық əрқашан салтанат құра бермейді: əр нəрсенің өз уақыты бар, тіпті аса көрнектінің өзі сəн ге байланысты болады. Бірақ даналықтың бір артықшылығы, ол мəңгілік; егер бұл ғасыр оның заманы болмаса, онда алдағы ғасырлар оның еншісіне тимек. 21. БАҚЫТТЫ БОЛУ ӨНЕРІ. Мұның бірқатар амалы бар, бірақ ақылды адамға оның бəрі бірдей жарай бермейді. Іскерлік табысқа əкеледі. Біреулер сəттіліктен үміт күтеді. Ақылдырақтары алға ұмтылады жəне өзіне сеніп əрекет етеді. Өйткені қажыр-қайрат қанатында бақытқа кездесуге болатынын біледі. Дегенмен бақытқа апарар төте жол – ізгілік пен ын та-ықылас жолы, өйткені ессіздіктен өткен бақытсыздық болмайтындай, саналылықтан асқан бақыт та жоқ. 22. ЖАҒЫМДЫ БІЛІМ. Саналы зиялы оқы мыстылыққа ие; ол көп жайдан хабардар жəне нəзік мəнерде ой жүгіртеді; одан əрдайым тапқыр сөздердің, керемет істердің үлгілерін табуға бола ды жəне ол оларды орынды жерінде қолдана біледі. Адамдар көсемсіген ғибраттан гөрі, тапқыр сөздердің астарында берілген кеңесті ынтамен тыңдайды. Еркін де өнегелі əңгімелеу өнері кейбіреуге басқа барлық же ті өнерге* қарағанда көбірек пайдасын тигізеді. 23. ӨЗІҢНІҢ ЕЛЕУСІЗ КЕМШІЛІГІҢЕ ДЕ ТӨЗБЕ. Бұл кемелдіктің белгісі. Рухани немесе дене кем шіліктерінсіз адамдар сирек кездеседі, * «Жеті өнер» немесе «ғылым» – грамматикадан, риторикадан, диалектикадан, арифметикадан, геометриядан, астрономиядан жəне музыкадан тұрған. Пəндердің мұндай бөлінуі алтыншы ғасырда енгізіліп, Еуропа университеттерінде он бесінші ғасырға дейін сақталды. бірақ көбіміз осы кемшіліктер ден арылу жолын іздемейміз. Қасиеттердің керемет үйлесуін кейде болма шы кемістік бұзатынын көру ақылды адамды қапаландырады – бір тұтам бұлт та күнді қалқалай алады. Ізгі даңқ нұрындағы дақтарды адамдар бірден байқайды жəне табанды түрде оларды нысанаға ала бастайды. Өз кемшілігін жасырып, оны артықшылыққа айналдыра білу өнері ерекше баға лы. Мысалы, Цезарь басының қасқасын лавр веногымен жасыру мақсатында Сенаттан венокты күнде киіп жүруге рұқсат алған; оған дейінгі дəстүр бойынша венокты тек салтанатты жағдайларда киетін еді. 24. ӨЗ ҚИЯЛЫҢДЫ ЕРКІҢДЕ ҰСТА. Керек кезінде тежей біл, ал қа-жет жерінде қамшы бас өйткені ол біздің бар шаттығымыздың ұясы; сананың өзі кейде оның жетегінде болады. Ол – тиран. Армандауды қанағат тұтпай, əрекетке араласады, біздің өмірімізге қожалық етеді, оны өз қалауы бойынша қуа нышты не мұңды қылады: біздің өзімізге риза – риза емес екеніміз көбіне оған байланысты. Ол біреулерді уайымқайғыға батырады, ал басқа ларды лəззат пен рахатқа бөлейді. Оны жоғары синдересис* ауыздықтама йынша, одан кез келген нəрсені күтуге болады. 25. КӨРЕГЕНГЕ МАДАҚ. Бұрындары ой жүгірту дағдысы бəрінен жоғары саналатын; енді бұл аздық етеді – қазір алдауды байқай білу, ең бастысы оны əшкерелей алу маңыз ды. Алды-артын көре білмейтін адамды ақылды деп айту қиын. Көңіл түк піріндегіні біліп қоятын сəуегейлер болады. Біз үшін ең маңызды шын дықтар тек жартылай ғана айтылады, бірақ зерек түйсік оларды тұтасымен қабылдайды. Егер саған мархабат етсе, өз сеніміңнің шылбырын бос ұста, ал егер саған жаулық ниет көрсетсе, делбеңді қағып, айдай жөнел.

26. ƏРКІМНІҢ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАБА БІЛУ. Адамдарды басқару өнерінің мəнісі осы. Оған өжеттік емес, ысылғандық, адаммен тіл табыса алу дағдысы керек. Əр адамның өз құштарлығы бар жəне олар əртүрлі, өйткені олардың табиғи бейімділіктері бірдей емес. Барлық адамдардың өз ардақтысы болады: біреулер қадір-құрметті ұнатады, біреулер – пайданың құлы, ал көпшілігі рахатқа берілгенді қалайды. Мəселенің мəнісі кімнің нені ұнататынын білуде жəне осыған орай оның көңілін табуда. Алғашқы себепті ізде: ол əрқашан жоғары мəнге ие бола бермейді, өйткені пара сатты кісілерден гөрі, əдепсіз адамдар көп. Кісінің үстінен аңдаусызда шығып, оның жанды жерін таба білу жəне шабуылды нақ сол * Синдересис – дұрыс интуициямен үйлесетін нəзік түсінік.

құштарлығына қарай бағыттау керек, сонда өз дегенімен жүретін адамды да жеңіп шығасың. 27. БІРДЕН КӨП НƏРСЕГЕ ҰМТЫЛМАЙ, ТЕРЕҢГЕ БОЙЛАУ. Ұлылықтың мəні санда емес, сапада. Асыл нəрсе əрқашан сирек кездеседі; көп нəрсе қа дірсіз болады. Адамдардың арасында да бойы биік алыптардың, əдетте, ақы лы қысқа болып келеді. Кейбіреулер кітаптарды олардың көлеміне қарай бағалайды, кітаптың қолды жаттықтыру үшін емес, бастың ойлануы үшін жазылатынын ескермейді. Тек көлденеңіне қарай өссең, қарабайырлықтың ауқымынан шыға алмайсың. Əмбебап адамдардың соры сол, олар бəрінен ха бардар болуға ұмтылатындықтан, түбінде ештеңені жөнді біліп шыға ал майды. Тереңдік қана шынайы басымдық береді.

28. АРЗАНДЫҚТАН, КӨПШІЛІК ҚОЛДЫЛЫҚТАН САҚТАН. Əсіресе талғам жағынан. Оу, өзінің шығармалары көпшілікке ұнағанын білгенде қапаланған данышпан ғана ұлы*. Жаппай ма дақтау ақылдының жүрегін айнытады. Хамелеондар ауамен қоректенетіні сияқты, кейбір адамдар да тобырдың бас ұрғанынан лəззат алады, тобырдың жағымсыз иісі олар үшін Аполлонның саф демінен артық. Түсінік те осы сияқты: надандарды тамсандыратын немесе қорқытатын ғажайыптарға таңданба, тобыр ақымақ келеді, парасатты ойлау тек таңдаулылардың үлесі. 29. ƏДІЛЕТТІ АДАМ. Ол үнемі еш қорқынышсыз əділдік жағында болады – тобырдың айғайы да, тиранның зорлығы да оны əділдік шеңберінен шығуға мəжбүр ете алмайды. Табандылықтың сол фениксі қайда екен? Шындыққа та бынатындар аз. Көпшілік оны мадақтаумен ғана шектеледі, басқалар оны қауіп жоқ кезде ұстанады, ал жан алқымға келгенде оңбағандар одан тайқып шыға келеді; қу адамдар шындыққа адал болып көрінгісі келеді. Шын дық достарға, билікке, өз пайдасына тайсалмай қарсы жүреді, осы сы нақта көбіне оны сатып кетеді. Мекерлер жоғарғыдағылардың мүддесіне тимес үшін одан танады. Тек тура сөзді адам ғана əрбір жалғандықты са тып кету деп бағалайды; қырағылыққа қарағанда, өзінің табандылығын мақтан ететін ол əрқашан шындықты ұстанады. Егер шындық өзінің соңынан ергендерді тастап кетсе, тұрақсыз ол емес, олар; өйткені олар одан бірінші болып безіп кетті. 30. ӨЗІҢДІ БОС ІСТЕРМЕН ƏУРЕЛЕМЕУ. Əсіресе бұл қылжақбастыққа қатысты, ол құрметтен гөрі, жек көру туғызады. Еркелік шіркеуін- * Бұл сөз Сенеканың «Луциллияға адамгершілік хаттар» деген еңбегінен алынған. де секталар көп, бірақ өзін қадірлейтін адам олардың бəрінен бас тартады. Əдеттен тыстың да əуесқойлары бар, естілер қашатын нəрсенің бəрі оларды тартып тұрады; олар үшін ең жақсы рахат – өзге лерге ұқсамау; рас, мұнымен олар танымал болады, бірақ құрметтің емес, күлкінің объектісіне айналады. Тіпті, ілім дəрістерінде де шектен шықпаған жөн. 31. БАҚЫТТЫЛАР МЕН БАҚЫТСЫЗДАРДЫ ТАНИ БІЛ, АЛҒАШҚЫЛАРҒА ҮЙІР БОЛ, СОҢҒЫЛАРДАН АУЛАҚ ЖҮР. Жолы болмаушылық – көп жағдайда ақы мақтық үшін берілетін жаза. Елеусіз бақытсыздыққа есігіңді ашудан сақтан, ол соңынан көптеген басқа, əлдеқайда ауыр бақытсыздықтарды ерте келеді. Ойындағы алғашқы ереже – картаны уақытында пайдалану: кіші күзер карта алдыңғы жолғы күзердің үлкен картасынан артық. Жол айқын болмаса, ақылды, сақ адамдардың жанында бол, ерте ме, кеш пе олар жол тауып шығады. 32. ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА БЕЙІМ АДАМ БОЛЫП КӨРІНУ. Билік ба сындағыларға оларды қайырымды санаған тиімді: бұл монархтарды жұрт көзіне ұнамды етеді. Билеушінің жалғыз артықшылығы – ол басқа адамдарға қарағанда көбірек жақсылық жасай алады. Достасуға кім дайын болса, сол дос. Бірақ қитығып, жақсылық жасағысы келмейтін адамдар да кездеседі жəне олар мұны қолынан келмегендіктен емес, өздерінің өркеуделігінен солай етеді: олар ізгілерге бар тұрғыдан қайшы.

33. ЖАЛТАРА БІЛУ. Жал тара білу дағдысы өмірдегі пайдалы ереженің бірі болғандықтан, өзіңнің істерің мен маңызды адамдардың пікірін керек жерінде қабыл алмау одан да маңыздырақ. Мағынасыз істер құнды уақытты жеп тауысатын күйе сияқты; бос нəрсемен айналысқаннан гөрі ештеңе істемеген жақсы. Ақылды еш кімді жалықтырмайды, бірақ басқалар да сені жалықтырмайтындай күйді ұстану керек. Бəрінің бабын табуға тырысатын адамның өзіне уақыты қал майды. Өзіңе, тіпті, достарыңды да үйір ете берме, ал олардан өзіңе бергеннен артықты талап етпе. Ынсапсыздықты ешкім ұнатпайды, əсіресе бұл адамдар арасындағы араласуға қатысты. Қанағат етушілік достық пен құрметті сақтайды, өйткені сыпайылылық шегінде болады. Сонымен, сүйік тіңді сүйсең де, рух еркіндігін сақта жəне қарым-қатынаста жақсы талғамға қарсы күнə жасама. 34. ӨЗІҢНІҢ БАСТЫ ҚАСИЕТІҢДІ БІЛ: өз қабілет теріңнің озығын дамыт, бірақ қалғанын да ұмытпа. Əркім өз артықшылықтарын жетік білсе, өмірде биік белестерге шыға алар еді. Өзіңнің басты дарыныңды анықтап, ықылас қой; біреулерде ақыл, біреулерде – күш-қай рат басым.

Адамдардың көбі өз қабілеттеріне мəн бермейтіндіктен, көп нəрседен құр қалады. Жеңіл табыс уақытша масайратады, бірақ бұл уақыт өте келе өкінішке ауысады. 35. ӨЗ ПІКІРІҢ БОЛСЫН. Əсіресе бұл маңызды істерде керек. Ақымақтар ойланбайтындығынан опық жейді, істің жартысын да түсінбейтін, не зиянды, не пайданы көре білмейтін олар ойдағыдай қимылдай алмайды; олар елеусіз істерге көп мəн береді жəне бəрін керісінше бағалайды. Көбі ақылы жоқтықтан да оны жоғалтпайды. Тереңге бой лап, көңіл түкпірінде сақталуы тиіс нəрселер бар. Ақылды адамның əр нəрсеге өз пікірі болады, бірақ терең, жоғары мағынасы бар жайға ол ерекше бойлап енеді, өйткені онда өзі ойлағаннан көп сырға кездесетінін біледі. Ойлану осылай алғашқы пікірден əрі озады.

36. ӨЗ БАҚ-ТАЛА ЙЫҢДЫ СЫНА – бірдеңеге қол жеткізу үшін əрекет ет. Бұл рух салмақтылығын сақтағаннан маңыздырақ. Қырықтан асқан соң денсаулық туралы Гип пократқа жалбарыну* ақымақтық болатыны сияқты, ақылды болу үшін Сенекаға жалбарыну одан да қисынсыз. Өз бақ-талайыңды қисынды басқару – ұлы өнер, дегенмен өз талайының қашан туатынын ешкім де білмейді. Жұлдыз дың оңынан туғанын байқаған заматта батыл қимылда; ол батылдарды жəне арулар сияқты, жастарды ұнатады. Жолы болмайтынға талаптанып та керегі жоқ, ол үшін дұрысы шегінген, əйтпесе бақытсыздығын екі еселеп алуы мүмкін. Ал бақыт құсы қонғандар, тек алға! 37. ҚҰПИЯ ЖЕБЕЛЕРДІ АТУ ЖƏНЕ ТОЙТАРУ – қатынаса білудің нəзік шеберліктерінің бірі. Құпия жебелер арқылы ой-ниет тексеріледі, көңіл түкпірі жасырын əрі терең зерттеледі. Бұл жебелер кейде қауіпті, опат етуі де мүмкін, күншілдік уытымен суарылған, құштарлық уына малынған осынау көрінбес найзағайлар күтпеген жерден жасындай жалт ете қалады. Тобырдың өсегі мен жекелеген адамдардың арам ниеттерінен құрылған небір қастандықтар жағдайын шайқалтпаған қаншама адамдар болмашы сөзден масқараға ұшырап, халық құрметінен айрылды. Кейде жебелер, керісінше, пайда əкеледі, ізгі даңқты нығайтады. Білім ғана олардан сенімді қорғайды, ал күнібұрын күткен соққы онша қауіпті емес.

38. ТАБЫСТЫ ОЙЫНДЫ УАҚЫТЫНДА ДОҒАРУ. Тəжіри белі ойыншылардың ережесі. Лайықты шегіне білу батыл шабуылдағандай ма- * Рим императоры Тиберийдің пікірі. ңызды; қол жеткен нəрсе жеткілікті болғанда тоқтай біл. Үнемі жолы болғыштық əрқашан күдік тудырады; алма-кезек келу сенімдірек, қышқыл-тəтті тек тəттіге қарағанда дұрыстау. Бірінен соң бірі келген сəттіліктен кейін қайғыға тап болуың ғажап емес. Кейде бақ-талай құсы аз уақытқа қонғанмен, молынан қонады. Сол сияқты, жолы болғышқа үнемі кездесе беру бақытты да жалықтырады. 39. ГҮЛДЕНІП, ТОЛЫСҚАН НƏРСЕНІ ІЗДЕУ. Табиғаттың бар құбылысы белгілі бір кезеңде толысу шағына жете ді: оған дейін олар пісіп, жетіледі, соңынан бұзылады. Бірақ өнер шығармаларының мүлтіксіз болуы сирек кездеседі, оларды əрқашан одан əрі жетілдіруге болады. Жақсы талғамның артықшылығы – тек мүлтіксіз заттардан лəззат алу қабілеті; бұл қасиет екінің бірінде кездеспейді. Ақылдың да өзінің жоғары дəрежелі толысуы болады; оны тани біл, сөйтіп өзіңді дамыт.

40. ХАЛЫҚ СҮЙІСПЕНШІЛІГІ. Жаппай сұқтануды тудыру оңай емес, ал сүйіспеншілік сезімін ояту одан да қиын; бұл ішінара тағдырдың арқасында, көбіне тырысудың нəтижесінде орындалады; алғашқысы бастап береді, екіншісі жалғастырады. Бойдағы қасиеттердің құр өзі жеткіліксіз, кейбіреу құрметке қол жеткізген соң сүйіспеншілікке бөле ну қиын емес деп ойлайды. Жұрт қастерлесін десең, ізгі істер жаса, жақсы сөздер мен істерге сараңдық жасама, сүйікті болғың келсе, сен де сүй. Сыпайылық – озық адамдардың дуалы əдісі. Əуелі əрекет ет, соңынан қолыңа қалам алсаң да болады, ұрыс майданынан қағаз бетіне көш. Өйткені жазушылар да халықтың сүйіктілері, көбісі мəңгілік сүйікті.

41. ШАМАДАН ТЫС МАСАТТАНБАУ. Жағдайды бұрмалап, ақымақ болып көрінгің кел месе шамадан тыс көтермелеме. Асыра мақтау түсінік пен талғамның шек теулі екенінің белгісі. Мақтау əуесқойлық тудырады, тілекті қоздырады, ал егер шындық сенің бағаңнан төмен болып шықса – əдетте осылай болады – алданған көңіл алданғаны үшін жек көріп өш алады: ол мақталған нəр сеге де, мақтаған адамға да бағытталады. Ақылды адам ұстамды болады, ол ысырапшылдықтан гөрі сараңдық жолын ұстанады. Қадірлі нəрсе сирек кездеседі: сүйінішің зор болса да, сабырлы бол. Шектен тыс таңырқау жалған болып та көрінеді; адамдар сенің талғамың мен ақылыңа сенуден қалады, бұл өзіңе де ұнай қоймас.

42. ТУА БІТКЕН ӨКТЕМШІЛІК ТУРАЛЫ. Бұл – мысы басудың құпия көздерінің бірі. Жорта істелген қулықтар мұн да жүрмейді. Оған өз еркінен тыс барлығы да бағынады, тіпті мұны олар сезбей де қалады, сөйтіп

табиғи əміршінің құпия күшін мойындайды. Əмір беру дарынын иеленген олар қасиеті жағынан корольдер, туу құқы жағынан арыстандар; олар тағзым етуден тілі байланып қалғандардың жүрегін бау рап алады. Егер басқа қасиеттері қолайынан келгенде, бұл адамдар мем лекеттік істердің бірінші жүргізушілері болады, өйткені бір ишараты мен-ақ басқалардың ұзақ сөздеріне қарағанда көп нəрсеге қол жеткізеді. 43. ОЙЫҢ АЗШЫЛЫҚПЕН, СӨЗІҢ КӨПШІЛІКПЕН БОЛСЫН. Ағысқа қарсы жүзу ниеті қауіпті. Тек Сократ қана осыған бара алды. Келіспеушілік қорлаған си яқты болады, өйткені басқалардың пікірін теріске шығарады, наразылар дың қатары өседі, олардың бірі сен сынаған нəрсені мақтайды, екіншісі мақтағандарды қолдайды. Ақиқат тек аздаған адамдардың үлесі, ал адасу кең таралған. Дана адамды алаңдағы сөзіне қарап тани алмайсың – ол он да өз даусымен емес, іштей келіспесе де ақымақтардың үнімен сөйлейді. Ақылды өзі айтысуы да қарсы болу да ұнамсыз: ол басқаның пікірін ынта қойып тыңдайды. Ой еркін, оны зорлауға болмайды. Ол одан да үнсіздік ордасында болсын, ал жарыққа шыға қалса тек таңдаулы ақылдыларға кел сін. 44. ҰЛЫ ҚАЙРАТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БІР-БІРІНЕ КӨҢІЛІ АУУ. Қаhарманға қаhарманмен жақындасу тəн; осы бір жұмбақ та керемет қасиет – табиғат ғажаптарының бірі. Көңіл мен мінездің бұл туыстығын ақылы шолақ надан дар сиқырдың күші деп бағалайды. Көңілі ауу құрметтеуден басталады, одан əрі жақсы көрушілік, соңынан əбден берілушілік келеді. Ол сөз сіз сендіреді жəне еңбек сіңірмей-ақ баурап алады. Көңілі ауу əдетте шынайы жəне аяушылық түрінде болады; екеуі де биік рухты рахатқа бөлейді. Оны танып, жаулап алу оңай шаруа емес, ал осынау тылсым бейім ділік жоқ жерде ешқандай табандылық көмектеспейді.

45. КӨЗДЕГЕН ЕСЕП ТІҢ БОЛУЫ, БІРАҚ ОНЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНБАУ. Ішіңдегі ойыңды байқатпа; ние тің көңіл түкпірінде жатсын, оны білдіріп қойсаң жек көру туғызасың, əсіресе бұл астарлы есепке қатысты. Айнала алдау, сондықтан қапы қал ма, бірақ күмəніңді сездірме, əйтпесе саған сезікпен қарайтын болады; бұл қауіпті, өйткені жаулық ниет тудыра отырып, ол, түсіңе де кірмеген зұлымдықты қоздырады. Шеберлікпен ойластырылған есеп – əрекеттегі та быс кепілі; ойлану – оның үздік көмекшісі. Істегі жоғарғы шеберлікке толық сенімділік қол жеткізеді. 46. ӨЗ ЖИРЕНІШІҢДІ БАСУ. Біз жек көру сезіміне, озық қасиеттерін көре тұрсақ та, жеңіл берілеміз. Бұл табиғи дөрекі бейімділік кейде көрнекті қайраткерлерге де тəн. Мінездің бұл ерекшелігін естілік ауыздықтасын – жақсыны жақтырмаудан өткен масқара лық жоқ; жақсыны ұнату қаншалықты мақтарлық болса, оны жек көру сонша лықты ұят нəрсе. 47. МІНДЕТТЕМЕ АЛУҒА АСЫҚПАУ. Естіліктің алғашқы ережелерінің бірі. Ұлы қабілеттер алға тек ұлы мақсаттар қояды; оларға апарар жол ұзақ, сондықтан да адамдар көбіне орта жолда қалып қояды, басты нəрсені тым кеш қолға алады. Міндеттемені абыроймен орындаған нан, одан жалтару əлдеқайда жеңіл. Бұл жерде жеңгеннен гөрі қашқан дұрыс. Бір міндеттеме екіншісін, одан үлкенін ала келеді, міне адам осылай түпкілікті шырмалады. Қызу мінезді адамдар болады, ондайлар өзіне міндеттемені жеңіл қабылдайды, өзін ақылға жеңдірген көп елік пейді. Ол жеңгеннен гөрі килікпегенді жөн санайды жəне бір ақымақ орға түскен жерде екінші болғысы келмейді. 48. АДАМ НЕҒҰРЛЫМ ТЕРЕҢ БОЛСА, СОҒҰРЛЫМ ТҰЛҒАСЫ БИІК. Əрқашан іштегі нəрсе сырттағыдан көп болуы тиіс. Қаржы жетпегендіктен салынып бітпеген үй сияқты адамдар бар: кіреберісі – сарай, іші – лашық. Мұндай жерге аялдауға үміттенбе, олар мен мандытып əңгімелесе алмайсың: сөз кездескен кездегі сəлемнен арыға бармайды. Рас, олар алғаш бір-біріне қошемет сөз айтып, Сицилия арғы мақтарындай шабады, бірақ көп көсіле алмайды, ой жоқ жерде сөз тез бітеді. Олар аңғал адамдарды жеңіл баурап алады, бірақ тереңге үңіле білетін адам олардың бастары, əлгі дана мысалда айтылғандай, бос* еке нін байқайды. 49. ПАРАСАТТЫ ЖƏНЕ БАЙҚАҒЫШ АДАМ. Ол жағдайға бағынбай ды, қайта оларды уысында ұстайды. Көңілдің терең түкпіріндегіні жаза баспай таниды. Адамды бір қарағаннан бағалай алады. Оның ескертулері дөп түсіп жатады, ең құпия ойларды білу қабілеті дамыған. Ол айқын көреді, терең түсінеді, ақылға қонымды ой жүгіртеді; ол барлығын байқай ды, қамтиды, таниды жəне бағалайды. 50. ӨЗІҢДІ ƏРҚАШАН ҚҰРМЕТТЕЙ БІЛУ. Мұны оңаша кезіңде де сақта. Өз ұятың сенің ақтығыңның өлшемі болсын жəне өз шешіміңнің қаталдығы басқалардың пікірінен маңыздырақ. Адам дардың сөзінен қорқып жөнсіз нəрсе істеме, өз ақылыңның даусына құлақ сал. Өзіңді сыйлай біл, сонда саған Сенеканың қиялындағы ұстаз** керек болмайды. * Эзоптың мысалдарынан. ** Сенека, Адамгершілік хаттар.

51. ТАҢДАЙ БІЛЕТІН АДАМ. Өмірде көп нəрсе талғамдылыққа байланысты, ол үшін жақсы талғам мен дұрыс ойлау керек – ыждағаттылық пен қулық мұнда жүрмейді. Іріктеу жоқ жерде мүлтіксіздік те жоқ, жақсыны іріктей алу дағдысы артықшылық береді. Дарыны тасыған, ақылы асқан əрі өте еңбексүйгіш адамдар іс іріктеп алуға келгенде аңтарылып қалады: əдейі қателескендей ең нашарына жармасады. Сонымен, бұл туа бітетін ұлы қабілеттердің бірі. 52. ЕШҚАШАН КҮЙГЕЛЕКТЕНБЕУ. Естіліктің маңызды ережесі – өзіңді ұстай білу. Үлкен сабырлылық үлкен жүрекке тəн, ұлы рухты байсалды қалыптан шығару оңай емес. Құштарлықтар – рухтың гуморлары*; олардың шамадан тыс көбеюі ақылды ауруға ұшыратады, ал бұл ауыз дан шығатын болса, ізгі атқа қауіп төнді дей бер. Сонымен, бақытты кезде де, бақытсыздықта да сені ұстамсыз деп жазғырмас үшін өзіңе-өзің ие бол – сонда өзгелер сенің рухыңның биіктігіне таңырқайтын болады. 53. БАТЫЛДЫҚ ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ. Парасат көп толғанатын нəрсені батылдық əп-сəтте шешіп тастайды. Асығыстық – ақымақтың ісі; кедергіні көре білмейтін қарайламай қимылдайды. Ақылды, керісінше, баяулықпен титықтатады: көп көрген салмақты келеді. Ұзақ жиналудың жақсы ойды сəтсіз дікке ұшырататын кезі аз емес. Шапшаңдық – табыс кепілі. Бүгінгі істі ертеңге қалдырма, сонда көп нəрсені бітіресің. Император Августың сүйікті мəтелінде айтылғандай – асықпай тездет.

54. ӨЖЕТ БОЛУ. Өлі арыстаннан қоян да қорықпайды, айбынмен қалжыңдаспайды**: батылың жетпесе бір рет шегінесің, одан кейін екінші рет шегінуге тура келеді, осылай кете береді: ақыр соңында алдыңнан сол кедергі шығады – одан да мəселені бірден шешкен дұрыс емес пе еді? Рух күші дене қайратынан басым; семсер сияқты, оны əрқашан естілік қынында дайын ұста. Ол – адамның қалқаны. Рух ынжықтығы дене əлсіздігінен зияндырақ. Көптеген қасиеттері бар қаншама адам дар батылсыздықтан өлікке ұқсап күй кешті. Табиғаттың араға тəтті бал мен қатар шағып алар азу беруі тегін емес. Сіңір, сүйек жəне толған тамырдан жаралған тал бойымыздағы рух өрлігі түспесін. * Ежелгі жəне орта ғасырдағы медицинаның негізінде Гиппократ тұжырымдаған төрт гумор, немесе сөл – қан, флегма, ашық өт жəне қара өт туралы ілім жатты, адамның денсаулығы мен оның темпараменті олардың ара салмағына байланысты. ** Испанның «махаббатпен ойнамайды» мəтелінің өзгертіліп айтылуы. 55. КҮТЕ БІЛЕ ТІН АДАМ. Ол үлкен ерлік пен шыдамдылыққа ие болуы тиіс. Ешқашан асықпа жəне қызуланба. Өзіңді билесең – өзгелерді билейсің. Қолайлы сəтке уақыттың ұзақ жолымен келуге тура келеді. Сен сабырмен қимылдаған уақыт ішінде болашақ сəттіліктер мен құпия ойлар пісіп-жетіледі. Герку лестің кісендеулі күрзісінен гөрі уақыт балдағымен алысқа жетесің. Құдай таяқпен емес, өкіндіру арқылы жазалайды. Бір данышпан айтқандай: «Уақыт пен мен – кез келген жауды жеңіп шығамыз»*. Бақыттың өзі шыдам дылықты өзінің ең тəуір сыйларымен марапаттайды. 56. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ШАПШАҢДЫҚ. Табиғи еті тіріліктің нəтижесі. Жылдам да өжет ол үшін қиындық та, қобалжу да сөз емес. Бір адамдар көп ойланғанмен, қолға алған ісін бүлдіріп тынады; кейбіреу мұны ұзақ ойланбастан сəтті аяқтап шығады. Ақыл құрылымы ерекше адамдар бар, қиындық кезінде олар бəрінен жақсы қимылдайды. Мұндай бірегей кісілер ойланып жасағаннан гөрі, қызулықпен кіріскенде көп нəрсеге қол жеткізеді; бірден бітпеген істен болашақта үміт күтпейді. Шапшаңдардың өркені өссін, олар кере меттей ғажаптықпен бəріне үлгереді – ақылға да жылдам, іске де тыңғы лықты. 57. ЖАҚСЫЛАП ОЙЛАНЫП АЛАТЫНДАР. Тез істелген тез бұзылады; ұзаққа жетсін десең көп еңбектен. Тек мүлтіксіз нəрсе ғана қуаныш əкеледі, тек сəтті жасалған нəрсе ғана қалады. Терең ой уақыт сынынан өтеді. Барлық құнды нəрсе қымбатқа түседі – асыл металдардың балқуы қиын, салмағы да ауыр. 58. ҰСТАМДЫ БОЛУ. Əсіреқызылдыққа ұмтылма, қажет тіден артық күш жұмсама. Құр бекерге тыраштануға болмайды. Тəжірибелі құсбегі саятқа керектіден артық сұңқар алмайды. Бойыңдағы барыңды жайып салма – ертең ешкімді таңдандыра алмайсың. Қайтадан көзге түсу үшін, əрқашан бірдеңені бүгіп қал: күн сайын жаңа нəрсе көрсететін адамнан көп үміт күтеді əрі ешқашан оның қазынасының шетіне шыға ал майды. 59. ЖҰЛДЫЗЫ ОҢЫНАН ТУАТЫН АДАМ. Бақыт қуанышына шаттық қақпасы арқылы кірген қайғы есігінен шығады – жəне керісінше. Сондықтан істің ақырын ойлан, əдемі кірудің емес, бақытты шығудың қамын же. Дабы ра-даңғойлықпен басталған іс сəтсіздікпен аяқталады. Мəселенің мəнісі сол, кіру кезіндегі жұрттың қошеметіне мəз болма, мұны əркім істей алады, бастысы – сенің кеткенің туралы өкінішпен еске * Император Карл V айтты делінетін сөз.

алатын болсын: сүйікті болу маңызды. Бақыт кетушілерге сирек ілеседі: ол қуанышпен қарсы алып, селқос шығарып салады. 60. ДҰРЫС ОЙЛАУШЫЛЫҚ. Кейбір адам дар табиғатынан парасатты болып туады, синдересистің осы сыйымен олар даналыққа дейін барады – табысқа апарар жолдың жартысын артқа тастай ды. Есейіп, тəжірибенің жиналуына қарай олардың ақылы толысады; пікірлерде ұстамдылық сезіледі; олар қандай болмасын қайран қалуды ақылдың азғырушысы ретінде жек көреді, əсіресе əрбір қадамның маңыздылығы толық сенімділікті талап ететін мемлекеттік істерде жетіктік танытады. Мұндай басқарушылар іспен де, көмекпен де қолдауға лайық. 61. ЕҢ ЖАҚСЫ ҚАСИЕТТЕГІ ҮЗДІКТІК. Көптеген қасиеттердің ішінде біреуі басты болуы тиіс. Кез келген белгілі адамның өзіне тəн бір қасиеті болады; ал қарабайыр лық ешкімді қызықтырмайды. Тек бір нəрседе артық болу ғана топтан шығарып, көрнекті адамдардың қатарына қосады. Қарапайым істе ерекшелену елеусіздіктен дұрыс: бірақ оңай жерде даңқ та аз болады. Ұлы істерде көзге түсу патша айбыны сияқты – таңырқату туғызып, жүректі шымырлата ды. 62. ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ТАҢДАЙ БІЛУ. Біреулер оңбаған көмекшілерінің барлығын мақтан етеді. Қатал жазаға лайық қауіпті мақтаныш! Қызметшінің адалдығы мырзасының қасиетін кеміте алмайды: сəтті кездегі бар абырой да, сəтсіздіктегі бар мазақ та соған бұйырады. Даңқ бастықтарға ілеседі. Ол: «Біреудің жақсы немесе нашар қызметшілері болыпты» демей ді, «Əлдекім өз ісінде ақылды не ақымақ болған екен» дейді. Сонымен, өз атыңның өшпестігін кімнің қолына сеніп тапсырасың, таңда. 63. АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШ БОЛУДЫҢ АРТЫҚТЫҒЫ. Əрі ол ұлы болса, артықтық екі есе ленеді. Алғашқы жүріс басымдық береді. Егер оларды басқалар басып оз бағанда, көп адам өз ісінің фениксі болар еді. Даңқты іліп əкететіндер алғашқылар, басқалардың еншісіне аянышты түйірлер ғана қалады – қанша тер төксең де еліктеуші атынан құтылмайсың. Өз қабілетіне жаңа жолдар аша білетін дарынды дұрыс істейді. Даналар жаңалықтарының сонылығымен, жолдарының саралығымен өздерінің өшпес атын қалдырып кетті. Кейбіреу бірінші қатарда екінші болғаннан, екінші қатарда бірінші болғанды қа лайды. 64. ӨЗІҢДІ ҚАМЫҒУДАН САҚТАУ. Іштей мүжілуден сақтану əрі көңіл ге қонымды, əрі пайдалы. Естілік көп нəрседен құтқарады; ол Луцинаның* бақыты, демек – ризалығы. Ұнамсыз хабарларды таратпа да тыңдама: олар дың есігіңнен кіруіне тыйым сал. Біреулер тəтті қолпашты күні-түні ес туге, ал кейбіреу өсек-аяңды жалықпай тыңдауға дайын, сондай-ақ Митри даттың усыз тұра алмағаны сияқты**, күн сайын ренжіспесе көңілі көншімейтіндер де бар. Басқаға, мейлі ол ең жақсы досың болсын, жағыну үшін бір рет жасалған қылықтан өз басыңа өмір бойғы қайғы тілеп алсаң – ты ныштығыңа одан өткен зиян жоқ. Кеңес беріп, өзі тысқары қалатынның ризалығы үшін өз басыңа қарсы ешқашан күнə жасама. Осындай кез келген жағдайда парасат үнін ұмытпа: соңынан өзің оңбай опық жегеннен, қазір басқа біреу ренжісін. 65. НƏЗІК ТАЛҒАМ. Ақыл сияқты талғам да мəдени етті қажет етеді. Кім нəзік сезіне білсе жақсыны қаттырақ аңсайды. Түсінік тереңдігі ұмтылыстың биіктігінен байқалады. Үлкен ыдысты толтыру үшін көп сұйық кетеді; қырғауыл тойымсыз қомағайлар үшін дəмді тамақ, ал нəзік талғамды адамдарға – əсемдік белгісі. Рас, батыл ойлардан қорқамыз, тіпті айқын қасиеттердің алдында күдіктенеміз: жарық жұлдыз дар сирек – тым болмаса мақтауға сараң бол. Талғамдар жұққыш, қатынасу мен тұқым қуалау арқылы беріледі; сондықтан жақсы талғамды адамдардың ортасына түсу – үлкен бақыт. Дегенмен, бəрін шетінен сынауды əдетке айналдырмаған жөн – бұл, əсіресе зəрін шашудан емес, қылымсудан туса, жек көру туғызады. Біреу басқалардың таң қаларлық қиялына сүйсініп, Құдай əсемдіктің жаңа ғажаптары бар жаңа əлем*** жасар ма екен депті.

66. СƏТТІ АЯҚТАУ ТУРАЛЫ ОЙЛАНУ. Кейбіреу мақсатқа жету туралы ойланудың орнына, о баста ұстаған бағыттан ауытқымаудың қамын жейді; бірақ ойдағыдай бітпеген іс үшін жазғыру əрқашан ынта-ықыласты мадақтағанды жоққа шығарады. Жеңімпаз ақталуды керек етпейді. Көпшілік жағдайды дұрыс бағалауға қабілетсіз жəне тек жақсы не нашар салдарды көреді; сонымен, мақсатқа қол жеткізген екенсің, демек ізгі атыңа нұқсан келмейді. Сəт ті аяқтау бəріне оң сипат береді, ал оған жету * Луцина – Юнонаның лақап аты, дүниеге келетін жаңа өмірдің жебеушісі. Римдіктер ерекше құдай ретінде оның құрметіне храмдар мен алтарьлар салған. ** Римдіктердің қас дұшпаны, Понт патшасы Митридат VІ Евпатор денесін уға үйретіп, уланушылардан қауіптенбес үшін удың белгілі бір мөлшерін күнделікті қабылдап отырған. *** Птоломей кестелеріндегі аспан денелері қозғалысының өте шиеленіскен жүйесімен танысқан Кастилия мен Леонның королі Альфонс Х, аңыз бойынша, егер ғаламды мен жасасам, оны əлдеқайда түсінікті етер едім депті. Əсемдіктің жаңа ғажаптары бар жаңа əлем дегенде осыған мегзелген.

тəсілдерінің қандай болғаны онша қаперге алынбайды. Ақылдылардың ережесі – өзге жолмен бастағанды аяқтау мүмкін болмағанда, нормаға қарсы жүру.

67. МАДАҚТА ЛАТЫН ІСТЕРМЕН АЙНАЛЫСУ. Өмірде көп нəрсе адамдардың пікіріне байла нысты. Гүлдер римдіктердің батыс желі – фавонийды қалай керек етсе, қабілеттер де мақтауды солай қажет етеді. Бəрі құрметтейтін істер бар, сондай-ақ басқа, жоғары тұр са да онша көрінбейтін істер болады; алғашқылар бəрінің көз алдында болатындықтан, барлығы оған сұқтанады; соңғылар таңдаулы əрі сирек кездеседі, тұңғиық тереңде жатады, оларды қадірлейді, бірақ ардақтап, даңқын шығармайды. Патша ағзамдардың ішінде жеңімпаздары атақты бола ды, сондықтан да Арагонның жаулаушы – конкистадор корольдерінің даңқы шарықтап кетті. Ұлы қайраткер даңқ əкелетін істермен айналысады, ха лық мақтауы оның атын өшпестей етеді. 68. ОЙ САЛУ. Бұл еске алуға алып келгеннен күрделірек. Кейде еске салу керек, кейде кеңес беру қажет. Адамдар көбіне ойланбайтындықтан да қажетті қадамды жасамайды; бұл жағдайда достық кеңес берген орынды. Ақылдың бағалы қасиеттерінің бірі – маңызды нəрсені уақытында ұғыну. Мұндай қасиеті жоқтар көп сəтті қолдан шығарып алады. Зерек көмек берсін, аңқау оны пайдалансын; бірі пайымды, екіншісі ықыласты болсын. Ой салу өнері ол бағытталатын адамға пайда əкелген жағдайда өте құнды болады. Мұны жеңілдікпен жасау керек, бірақ қажет кезде табандылық танытқан да дұрыс. «Жоқ» деу оңай, «иə» деу қиын: көбіне таппайды, өйткені іздемейді. 69. АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ КӨҢІЛ-КҮЙГЕ БЕРІЛМЕУ. Орынсыз тілектерді уысында ұстайтын адам тегін емес. Парасат өзің туралы ойлануға, қазіргі жағдайыңды бағалап, оны түзеуге үйретеді. Өзіңді бағыттау үшін өзіңді таны*. Тұрақсыздық құбы жықтары болады, олардың көңіл-күйлері мен құштарлықтарында бүр болмай ды; өзіне ие бола алмайтын олар үнемі басын тауға да, тасқа да соғып жүреді. Мұндай өзгергіштік жігерді жасытып қана қоймай, пайымдауға əсер етеді, тілекті де, түсінікті де бұрмалайды.

70. БАС ТАРТА БІЛУ. Үнемі бас изей беруге болмайды. Бұл да көну, жол бере білу сияқты маңызды, əсіресе билік басындағыларға маңызды- * «Өзіңді өзің таны» – Дельфтағы Аполлон храмының маңдайшасындағы жазу. Нақыл Милеттік Фалеске, Лакедемондық Хилонға, сондай ақ Приендік Биантқа телінеді. рақ. Мына жайды ұмытпа: біреулердің «жоқ» дегені басқалардың «иə» дегенінен жайлырақ естіледі, құрғақ келісуден гөрі сыпайы қайтару жанға жеңілірек. Көпшіліктің ау зында əрқашан «жоқ» тұрады жəне ол бəріне күйініш туғызады; «жоқты» олар бірінші айтады жəне кейін келіскенмен, бұл енді бұрынғы реніштің əсерінен бағаланбайды. Бірден бас тартпа, біртіндеп көңілі қайтсын; үзілді-кесілді бас тартуға да болмайды, бұл қатынасқа көлеңкесін түсіреді. Үміт ұшқыны қалсын, олар қабыл алмаудың күйінішін басады. Сыпайылық рақым етудің кемшіліктерін жасырады, жақсы сөздер жоқ істерді ауыстырады. «Жоқ» не «иə» деп айта салу қиын емес, алдымен жақсылап ойланып ал. 71. ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛМАУ, ЕСЕРЛІКТЕН ҚАШУ – жібі түзуліктің белгісі. Есті адам тұрақты болады, бұл даналық кепілі. Ол көзқарасын себепсіз өзгертпейді. Үлкен істерде тұрақсыз болу – кемшілік. Өзіне бір күн де ұқсамайтын адамдар бар, тіпті олардың тілектері мен көңіл-күйлері тұрмақ, ақылдары да құбылмалы: кеше сізді «иə» деп қарсы алса, бүгін «жоқ» деп түнереді. Оларға адам сенуден қалады. 72. БАТЫЛ АДАМ. Батылсыздық іске шамасы келмеуден де нашар. Ағын су емес, тұрып қалған су бұзылады. Біреулер басқалар түртіп қалмайынша бір қа дам да жасамайды; себеп ақылдың топастығында емес, босаңдығында. Қиындықты көре білу үшін ақыл керек, ал одан шығудың жолын табу үшін кемеңгерлік қажет. Біреулерді ешнəрсе де абыржытпайды, бұлар – ұлы, табанды ақылдың адамдары; олар үлкен істер үшін туылған, түсіну айқындығы іс-əрекеттің жылдамдығын қамтамасыз етеді жəне бар іс оларға жеңіл ти еді. Олардың кейбірі бұл дүниенің істерін бір жақты қылып, о дүниенің шаруасымен де айналысып үлгерді*. Өз жұлдызына сене отырып, олар іске бар батылдықпен, табандылықпен кіріседі. 73. ЖАЛТАРЫП КЕТУ. Парасатты адамдардың əдісі. Тапқыр əзілмен олар ең шиеленісті жағдайдан шыға алады. Олар ең бір қызу таластан күлкімен шығады. Ұлы капитандардың ұлысы** осы қасиетімен даңққа бөленді. Тікелей бас тартпаудың сыпайы тəсілі əңгіме желісін өзгерту; кейде түсінбеген сыңайда болудан артық ақылды лық жоқ. * Мұнда 1555 жылы тақтан бас тартып, монастырьға кеткен император Карл V айтылып отыр. ** Мұнда Италияда француздарға соққы беріп, испан тəжі үшін Неаполитан корольдігін басып алған жеңімпаз науқанда даңқы шыққан атақты испан қолбасшысы Гонсало Фернандес де Кордова айтылып отыр.

74. МЕНМЕН БОЛМАУ. Халқы көп қалаларда екі аяқты хайуандар да кездеседі. Өзіне жақындатпау – өзін танымағандардың кемшілігі; құқық көп болған сайын мінез де шырт келеді. Өзіңді құрметтесін десең, тіл тигізуден бастама. Долылыққа əрқашан дайын тұратын мына бір типке көз салып көрші! Кім оған тəуелді болса, соның басынан қайғы арылмайды, онымен əңгімелесуге жолбарысқа барғандай сақтықпен жақындайды. Ол өз орнына жеткенше бəрінің бабын таба біледі, жетіп алған соң осынысының есесін қайырып, барлығының ызасына тиеді. Қызметі жағынан олар бəрімен бірге болуы тиіс, бірақ олардың дөрекілігі мен дандайсуы барлығын без діріп жібереді. Мұндайлардың əдепті жазасы – олардан бойыңды аулақ ұс тау. 75. БАТЫРЛЫҚ ҮЛГІСІН ТАҢДА: еліктеу үшін емес, жарысу үшін. Ұлы лықтың, даңқтың тірі шежірелерінің дəлелдері аз емес. Соңынан ілесу үшін емес, басып озу үшін өз істеріңде алғы шептегілерге қара. Александр өлген Ахиллеске емес* əлі ерліктер жасамаған өзі үшін жылады. Атаққұмарлықты өзгенің даңқ кернейінің үнінен артық ештеңе қоздырмай ды. Ол қызғаныш та тудырады, жігер де береді. 76. ƏРҚАШАН ƏЗІЛҚОЙ БОЛУ ЖӨНСІЗ. Парасаттылық шын істерде танылады, ол əзілқойлыққа қарағанда жоғары бағаланады. Үнемі қалжыңдайтын адам – бос адам. Мұндай адамдар өтірікшілерге ұқсайды: оған да, бұған да сенбейсің – біреуінен алданып қалудан қорқасың, екіншісі мазақ етер дейсің. Олардың əзілдеп тұрғанын не шын айтып тұрғанын ешқашан білмейсің, демек олармен əңгімең жарас пайды. Үнемі қызық-думанда болу іске кедергі. Біреулер қалжыңбас атын иеленеді, бірақ ақылдылардың құрметін жоғалтады. Тамаша-сайранның өз сағаты бар, қалған уақыт – іске арналсын. 77. ƏРКІМГЕ БЕЙІМДЕЛУ. Протей ақылды еді – ғалыммен ғалымша, əулиемен əулиеше араласатын. Көңілді таба білу ұлы өнер: ұқсастық тілектестік тудырады. Мінездерді танып, соларға орай бейімделу əсіресе бағыныштылар үшін ерекше маңыз ды. Тұрмыстық бұл өнер көп білімді қажет етеді, ол ақылды əрі туа біт кен талғамы бар əмбебап адамға қиынға түспейді. * Плутархтың баяндауынша Илиондағы Ахиллестің моласына венок қойған Александр Ахиллесті бақытты санайтынын мұңая айтқан, өйткені оның өмірде – адал досы (Патрокл), өлгеннен соң – өз даңқының ұлы жыршысы (Гомер) болды. 78. БАСТАУ ӨНЕРІ. Ақы мақ ойланбастан қимылдайды, ақымақтар – шетінен батыр. Олар өздерінің аңғалдығынан істің басында кедергілерді көрмейді, есесіне соңынан сəтсіздікке көп қайғыра да қоймайды. Парасаттылық іске абайлап кірісе ді, оның тыңшылары, Болжау мен Ойлау, бөгетсіз жүру үшін жолға барлау жасайды. Асығыстықты Байсалдылық сəтсіздікке бұйырған, дегенмен кейде оны Сəттілік құтқарып қалады. Терең деп ойлаған жерден сақ өт: Көре гендік су түбін сезе біледі, Парасаттылық жағалауға жетелейді. Бүгінде адамдармен араласу кезінде қайраңға шығып қалу жеңіл, лотты жиі түсіріп отыр. 79. ТАУЫП АЙТУ ДАРЫНЫ. Шамадан шықпасаң, бұл кемшілік емес, қасиет. Аздаған ащылық астың дəмін кіргізеді. Тіпті ұлы адамдар да өткір сөзбен шаншып алудан қашпайды, бірақ əдептілік пен сыпайыгершілік ауқымынан шықпайды. Біреулер əзілді амал ретінде пайдаланады, өйткені кейбіреу оларды шын қабылдағанмен, қайсыбір нəрселерге қалжың тұрғысы нан қарау дағдысы бар. Рухтың мұндай сабырлылығы – жүректер үшін елік тіргіш.

80. КӨП СЕНЕ БЕРМЕУ. Басқалар туралы көргенімізден естігеніміз көп болады; біз естігенімізбен өмір сүреміз. Есту шындық үшін қосалқы есік те, өтірік үшін басты есік. Шындықты біз көбіне көреміз, бірақ аз естиміз, ал таза күйінде мүлде естімейміз дерлік: онда біреудің қоспалары болады. Əсіреқызылдық жанаған нəрсенің бəрін өз түсіне бояй ды; ол үшін бастысы – əсер туғызу. Біреуді біреу мақтаған кезде, əсіресе жазғырған уақытта сақ бол. Айтушының ниетін білуге, оған не түрт кі болғанын түсінуге тырысып бақ. Ойлану сені ақымақтықтан да, ұждансыздықтан да қорғасын. 81. ӨЗ АБЫРОЙЫҢДЫ ЖАҢАРТЫП ОТЫР. Феникстің артықшылығы. Ұлы нəрсе де ескіреді, онымен бірге оның даңқы да азаяды. Əдет таң қалуды кемітеді, ал жаңа қарабайырлық ескі атақты қалқалайды. Сонымен, қайта түле – айбыныңды, талантыңды, жеңісіңді, бəрін жаңарт; əр кезде күн сияқты жаңа нұрға бөлен, бір жерде сенің болмауың өзіңді қалаулы ету үшін, ал бір жерде сонылығың қуаныш тудыру үшін тұғырларыңды ауыстырып отыр. 82. ЖАМАНДЫҚТА ДА, ЖАҚСЫЛЫҚТА ДА ШАМАНЫ БІЛУ. Бір данышпан бар даналықты шамаға сайыпты*. Шектен шығу шындықты да * Бұл ойды ежелгі жеті данышпанның қатарына кіретін Клеобул немесе Солон айтқан болуы мүмкін.

бұрмалайды; апельсинді сыға берсе қышқыл ағады. Егер талантты ысырап етсе, ол тез таусылады. Ұятсыздықпен сауа берсең, сүт орнына қан шыға расың. 83. ҰСАҚ САЛАҚТЫҚТАРҒА ЕРІК БЕР. Кейбір кемшілік қасиеттеріңді ашып көрсетеді. Қызғаныш үнемі тіміскілеп жүреді. Ол кемелдікке оның мүлтіксіздігін кінə етіп қояды, ешқандай кемшілік таппағандықтан, бəрін сынауға көшеді; ол Аргусқа* айналады, кереметтен кемістік іздеп, содан алданыш табады. Жамандау, найзағай сияқты, неғұрлым биік абыройға түседі. Сондықтан да Гомер кейде қалғып алсын**, талант немесе ерлік істерде аздап ұқыпсыздыққа ерік берсін: уға біртіндеп толып, жары-лып кетпес үшін ашуды тыныштандыру керек. Сен осы арқылы мəңгілікті құтқа ру үшін, күншілдік бұқасына шапаныңды лақтырғандай боласың.

84. ЖАУЛА РЫҢНАН ПАЙДА КӨРЕ БІЛУ. Кез келген нəрсені дұрыс пайдалану керек: қы лыштың жүзінен ұстасаң, қолыңды қанатасың, сабынан ұстасаң – өзіңді қорғайсың. Ақымаққа достарынан гөрі, ақылдыға жауларынан келетін пайда көбірек. Игі ниеттілік өте алмайтын қиындықтарды кейде дұшпандық жеңілдікпен тегістеп тастайды. Көп адамға олардың жаулары даңқ əкеледі. Жағымпаздық жек көруге қарағанда қауіптірек; бірі кемшіліктерден құты луға көмектеседі, бірі оларды жасырады. Парасатты адам жұрттың ашу-ренішін өзіне айна ретінде пайдаланады жəне əшкерелеуге тойтарыс береді не кемшілігін жөндейді. Бақталастықпен, теріс ниеттілікпен көрші болғанда əрқашан абай болғын. 85. ТӨМЕНШІК БОЛМАУ. Көркем де əсем нəрсе көп қолданылса солғын тартады. Əуелі оны аңсайды, қолға түскен соң жа лықтырады. Ештеңеге жарамсыз болу үлкен бақытсыздық, бірақ бəріне жағымды болуға ұмтылу одан кем түспейтін бақытсыздық; сараң болсаң, бəрін жоғалтасың, бұрын сені бағалағандар алдымен сырт айналады. Мұндай арзанқолдар кез келген істе кездеседі, бұрын оларға ғажайып ре тінде сұқтанса, енді тұрпайылық сияқты жек көреді. Артық болудың бір тəсілі – көзге түсуде шаманы білу; кемелдігің кемерінен аса берсін, бірақ кербездікте ұстамдылық керек. Шырақ неғұрлым қатты жанса, соғұр лым тез өшеді. Ысыраптағы сараңдық құрметтеу проценттерімен марапатталады. * Аргус – жүз көзі бар, оның жартысы əрқашан ашық тұратын аргив патшасы. Қызғаншақ Юнона оған Юпитердің сүйіктісі, сиырға айналдырылған Ионды бағуды тапсырады, бірақ Меркурий сыбызғы үнімен Аргусты ұйқтатып, оның басын алады. Сонда Юнона оның көздерін тауыстың құйрығына ауыстырады. ** Горацийдің сөзі. 86. ЖАМАН ӨСЕККЕ ТАҢЫЛМАУ. Тобырда бас көп, демек жаман көздер мен улы тілдер де жеткілікті. Өсек бір тараса, жақсылыққа күйе жағып, масқара лақап таңады, ізгі атпен қоштаса бер. Оған кез келген ағаттық немесе күлкілі кемістік себеп бола алады, бұлар улы тілдер үшін шабыт көздері. Кейде қауіпті қарсыластар кемшіліктерді ойдан шығарып, жұртқа жайып жібереді; ғайбат ауыздар ұлы даңқты ашық батылдықтан гөрі, өсек-аяңмен жамандағанды ұнатады. Жаман атқа қалу жеңіл, ал одан құты лып көр! Есті адам мұндай қырсықтан бойын аулақ ұстайды, əдепсіз дөре кілікке сылтау бермейді, ауруды емдегеннен, оның алдын алған жеңіл. 87. МƏДЕНИЕТ ПЕН ЫСЫЛУ. Адам жабайы болып туады: тəрбиеден соң ол өзіндегі тағылықтан арылады. Мəдениет кісіні адам етеді жəне ол неғұр лым көп болса, соғұрлым елеулі болады. Мəдениетті Греция басқа əлемді тағы деп атауға құқы болды. Мəдениетсіздік – надандықтан: мəдениет үшін ең алдымен білім керек, бірақ ысылудан өтпесе, оқымыстылықтың өзі дөрекі болады. Ой да, тілек те, тіл де, бойдағы бар нəрсе əсем де сы пайы болуы тиіс. Бір адамдар табиғатынан ішкі жəне сыртқы сұлулығымен ерекшеленеді, ойлары мен сөздері мүлтіксіз болады. Біреулер, керісін ше, ысылмағандықтан, олардың бар табиғи ерекшеліктері, оның ішінде озық қасиеттері тағы тұрпайылықтың əсерінен солғын тартады. 88. ҚАТЫ НАСТА САБЫРЛЫ БОЛУ, КЕҢПЕЙІЛДІК КӨРСЕТУ. Ұлы адам күнделікті тұрмыста да ұсақ болмайды. Ұсақ-түйекке араласпа; кейде, рас, оны байқаған да пайдалы, бірақ əдейі емес, аңдаусызда білгендей бол. Көзқарас кеңдігі – тəрбиелілік негізі. Басқаларды басқарғың келсе өз сезімдеріңді жасы ра біл. Үй ішіндегілердің, достарыңның, əсіресе жауларыңның көп істеріне немқұрайды қара. Қазымырлықты ешкім ұнатпайды, ал мінезде ол басым болса төзгісіз болады. Ұнамсыз жайға үнемі қайта оралып, мінеп отыру көргенсіздіктің көкесі. Əдетте, əркім нің мінезі оның жүрегінің үлкендігімен анықталады. 89. ӨЗІН ӨЗІ ТАНУ. Өз мінезіңді, ақылыңды, пікірлерің мен құштарлықтарыңды таны. Өзіңді танып болмайынша, өзіңе ие бола алмайсың. Бет үшін айна бар, ал көңіл түкпірін ештеңемен көруге болмайды; осы жерде өз парасатың саған көңіл айнасы болсын. Өзіңнің сыртқы əлпетің туралы ұмытуға болады, бірақ əрқашан жан жайсаңдығын естен шығарма, оны жақсарт, жетілдір. Өз параса тыңды, іс-əрекетке қабілеттілігіңді тексер; қызбалығыңды сына, жан те реңіне бойла, қабілеттеріңді екше.

90. ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ӨНЕРІ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУДЕН ТҰРАДЫ. Екі нəрсе адамның шаруасын тез бітіреді: бірі – ақымақтық, бірі – азғындық. Біреулер өмірін сақтай алмағандықтан оны мен қош айтысты, кейбіреу өмір сүргісі келмегендіктен де көз жұмды. Жақсылық сияпат десек, бұзықтық – жаза. Бұзықтық жағдайында өмір сүргісі келетіндер ажалын тез табады; ал өзін жақсылыққа арнағандар ешқашан өлмейді. Жандүние денсаулығы денеге беріледі, əділдердің өмірі істеген істерімен де, жасаған жылдарымен де ұзақ. 91. КҮМƏН ТАУСЫЛҒАН КЕЗДЕ ҒАНА ІСКЕ КӨШУ. Əрекет үстіндегінің сəттілігіне шүбəлану бақыла ушының (қарсыластың) өзінің жолы болмайтынына сенімділікке айналады. Егер қызбалық кезде ақыл күдіктенсе, қызбалық тараған соң ол сенің қы лығыңды ақымақтық ретінде жазғырады. Істің ақылға қонымды екеніне күмəндана отырып қимылдау – қауіпті, одан да əрекеттен тартын. Парасат сенімсіздікке жол бермейді, əрқашан ақылдың айтуымен жүреді. Əрекет ойға келген сəтте қауіптенуге ұшыраса, мұндай істен табыс күтуге бола қояр ма екен? Егер ішкі даусың құптаған іс сəтсіздікке ұшырап жатса, онда жалтақтап кіріскен шаруадан не күтуге болады? 92. ПАРАСАТТЫЛЫҚ ТРАНСЦЕНДЕНТТІ – сирель бəрінен жоғары. Бұл істер мен сөздердегі бірінші маңызды ереже, əсіресе қызмет неғұрлым жоғары əрі құрметті болған сайын маңыздырақ. Дұрыс ойлаушылықтың грамы қулықтың арробынан* салмақты, ақылды атану – жоғары атақ. Ақылдылардың мақұлдауын қанағат ет, олардың даусы сенің əділдігіңе сын. 93. ƏМБЕБАП адам. Ол бар қаси етті бойына сіңірген, бір өзі көп адамға татиды. Ол өмірге зор қуаныш алып келеді. Көп қырлылық кемелдік сияқты – өмірге қуаныш сыйлайды. Бар жақсыны бойға жинау – ұлы өнер. Егер Табиғат адамды көтеру үшін оны дүниедегі бар жақсының жиынтығы етсе, өнер талғам мен ақылмен тəр биелеу жолымен оны шағын əлем етсін. 94. РУХТЫҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫ. Абайлағыш кісі өзін құрметтесін десе, ішкі сырын құпияда ұстайды; онымен тек та нысуға болады, бірақ аяғына дейін түсіне алмайсың. Ешкім сенің мүмкін діктеріңнің шегін білмесін, əйтпесе сұқтану түңілуге ауысады. Ешқашан сырыңды білуге мүмкіндік берме. Өзіңді білмей, тек шамаласа етене та ныстықтан гөрі құрметтірек боласың. * Арроба – испанның салмақ өлшемі, 11,5 кг-ға жуық. 95. ҮМІТТЕН АЙЫРМА, оны талмай қолдап отыр; сенен көп нəрсе күтсін – ірі ойнаған пайдалырақ. Алғашқы жүрістен бар мүмкіндігіңді көрсетпе. Ойынның маңызды əдісі – өз білімің мен күшіңді байқатар сəтті таңдау, сөйтіп күткен үміттен асып түсу. 96. ҰЛЫ СИНДЕРЕСИС ТУРАЛЫ. Бұл ақыл тəжі, даналық негізі; оның ие сі көп нəрсеге үлгереді. Ол аспан сыйы, ең қалаулы нəрсе, өйткені оған баға жетпейді. Біз жеткен жетістіктің ең бастысы, бəрінен керектісі: синдересистен айрылған адамды ғана жынды деп атайды; кім одан құр қалса, сол шын мəнінде мақұрым болғаны. Біздің бар əрекетіміз синдересис тің ықпалымен жасалады, əрбір ісіміз оның мақұлдауын керек етеді – өйткені ақыл бəріне қажет қой. Синдересистің мəні – ақылға қонымды нəрсемен əуестену. 97. ЖАҚСЫ АТТЫ БОЛУ ЖƏНЕ ОНЫ САҚТАУ. Ол даңқыңның шығуына мүмкіндік береді. Жақсы ат қымбат тұрады, оған үлкен қасиеттер керек, ал қарабайырлық қаншалықты жиі болса, олар соншалықты сирек кездеседі. Жақсы атқа қол жеткізсең, оны сақтау жеңіл. Ол көп нəрсеге міндеттейді, құрмет тудыра отырып, ұлылыққа бөлейді. Шынайы жақсы ат жағдайға тəуелді болмайды. 98. ӨЗ НИЕТІҢДІ ЖАСЫРУ. Құштарлықтар – көңіл терезесі. Өмір даналығы жасырындықты талап етеді: ашық ойнағанның ұтылу тəуекелі жоғары болады. Құпия ұстамдылық көрегеннің қырағылығымен күреске түседі: сілеусін көзге қарақаттың көзқарасы қарсы тұрады. Ниетіңді ешкім білмей-ақ қойсын, əйтпесе біреу қарсыласып, біреу жағымпазданып кедергі жасайды. 99. МƏН МЕН КЕЛБЕТ. Нəрсе туралы оның іш кі мəніне емес, сыртқы түріне қарап ой түйеді; ішке үңілетіндер аз, əдетте сырт пішінді қанағат тұтады. Бет əлпетің қулықтан хабар беріп тұрса, сенің адалдығыңнан не пайда. 100. ЕЛІКПЕЙТІН КІСІ – ақылды діндар, зиялы философ. Осындай болып көрінбеу керек, осындай болу қажет. Философиямен шұғылдану ой адамдарының басты ісі болғанмен, қа зір ол құрметте емес. Парасаттылық ғылымы елемеуде. Римде оның негізін қалаған Сенеканы ұзақ уақыт құрметтесе, енді жөнсіздікке балауда. Бірақ, парасатты ақыл əрдайым даналық негізі, əділдік төрешісі болады.

101. ЖҰРТТЫҢ ЖАРТЫСЫ ҚАЛҒАН ЖАРТЫСЫНА КҮЛЕДІ – ЕКЕУІНІҢ ДЕ АҚЫМАҚТЫҒЫ БІРДЕЙ. Кез келген нəрсе біреулердің пікірінше жақсы болғанмен, басқа ларға ұнамайды; біреу ұмтылатын нəрседен екінші қашады. Бəрін өз бе тінше қайта жасауға тырысатын адам – ақымақ. Біреуге ұнамай қалғаннан кемелдікке зиян келмейді, талғамдар да бет əлпет сияқты алуан түрлі. Жабайы құсқа аңшы табылады, сол сияқты бірнəрсе біреуге ұнамай қалды деп қапаланба, оны бағалайтындар да кездеседі. Бірақ мақтағанға да масайрама, сынаушылар табылады. Шынайы рахаттанудың өлшемі – істің жайын білетіндердің мақтауы. Бір пікір, бір ағым, бір ғасыр – əлі бəріне өлшем емес. 102. СƏТТІЛІКТІҢ ІРІ КЕСЕКТЕРІ ҮШІН – ҮЛКЕН ҚАРЫН. Парасаттылық денесінде үлкен асқазан соңғы рольді атқармайды, өйткені тұтастың сыйымдылығы бөліктерінің кеңдігіне байланысты. Ізгі сəттілік ті одан да жоғарыға лайықтылар жеңіл қорытады; біреу тойып кететін та мақ біреудің жұмырына жұқ та болмайды. Көпшілікке патша тағамы да сіңбейді – ішек жұқа, оларға үйренбеген, лауазымды қызметтер үшін тумаған. Олардың дөрекілігі осыдан, жағымпаз қошемет бастарын айналдырады; биіктік олар үшін қауіпті: сəттілікті шамадан тыс аңсай бергендіктен, олар дандайсудан жарылып кетеді. Ал ұлы қайраткер одан да үлкенді сый дыра алатынын дəлелдейді – ол əуелі жүрегінің шектеулі екенін көрсету ден сақтанады. 103. ƏРКІМ ӨЗ ƏЛІНШЕ ТАҚСЫР. Король болмасаң да, істе рің өз ішіңдегі корольге лайық болсын; істерің өр, ойларың асқақ бол сын. Əрқашан жəне бəрінде корольге шен жағынан болмаса да, қасиеттеріңмен ұқса, өйткені нағыз патшалық ұжданның биіктігінде; өзгенің ұлы лығына өзі соның үлгісіндегі адам қызықтайды. Əсіресе, таққа жақын адамдарда шын ұлылықтан бірдеңе болуы тиіс. Олар күйбең тірліктің сал танатына емес, патшалықтың абыройына қатысты болғаны жөн; бос менмен суге жол бермей, ұлылықтың мəнін танығаны абзал.

104. ТҮРЛІ ІСТЕРДІ БАЙҚАП КӨР. Олар алуан түрлі жəне оларды білген маңызды, ал бұл үшін түсіну керек. Бір істе батылдық талап етіледі, бір іс нəзіктікті ке рек етеді. Туралық жеткілікті болатын істерде табысқа жету жеңіл; екі жүзділікті қажет ететін істер қиынға түседі. Алғашқыларды жүзеге асы руды жақсы табиғи қасиеттерің қамтамасыз етеді; соңғылар үшін асқан ыждағат пен тырысу да аздық қылады. Адамдарды басқару оңай шаруа емес, ал есуастарды, не, ақымақтарды басқару одан да қиын; басы істемей тіндерді жеңіп шығу үшін басың екеу болуы шарт. Белгілі бір уақытта жəне белгілі бір істе адамның тұтас берілуін талап ететін істер ауыр тиеді; тақырыптың маңыздылығы əр түрлілікпен ұштасып келетін істер ұнамды, өйткені өзгерістер ынталану туғызады. Іс басқаларға неғұрлым аз тəуелді болса, соғұрлым лайықты жəне керісінше, іс өзгелердің ауа нына қаншалықты байланысты болса, соншалықты қадірінен айрылады. 105. БЕЙМАЗА БОЛМАУ. Кім үнемі бір іспен шапқылап жүрсе жəне тек бір жайды ғана талқыласа, сол адам бірінші болып шаршайды. Қысқалық жүрекке де жылы тиеді, іске де пайдалы: ол көп сөзділік жеткізбейтін нəрсеге жет кізеді. Қысқа да нұсқа болу бұдан да жақсы; қысқа қайырылған ақымақтық онша жаман емес. Бос мылжыңдықтан əңгіменің тоқ етері əлдеқайда артық. Көк мылжыңды ешкім де тыңдамайтыны белгілі, оның əңгімесінің желісі емес, жеткізетін формасы діңкелетеді. Кейбіреу бар адам айналып өтетін, лақтырып тасталған ескі-құсқы сияқты. Ақылды ығыр қылмайды, əсіресе маңызды кісілердің мазасын алмайды, өйткені олардың бұған уақыты жоқ. Қысқа да нұсқа айту олардың күнделікті дағдысы. 106. ЖАҒДАЙҒА МАСТАНБАУ. Талантқа мақтанғаннан гөрі, жағдайға менменсу көбірек түршіктіреді. Маңызды адам болып көріну қызғаныш қана емес, жек көру де туғызады. Құрмет көруге неғұрлым дəмеленгендер оны соғұрлым аз көреді; ол пікірге байланысты: құрметті күшпен ала алмайсың, оған еңбек сіңіріп, шыдамдылықпен күту керек. Жоғары лауазым үлкен беделді талап етеді. Өз міндеттемелеріңді орындау үшін, жинаған абыройыңды сақтай біл; оны пайдаланба, қайта нығайт. Міндетін атқару кезінде көп еңбек теніп қойдым деп күңкілдейтін адам, осынысымен өзінің оған лайықты емес екенін, лауазым оның мүмкіндігінен жоғары тұрғанын көрсетеді. Көзге түскің келсе жолы болғыштықпен емес, бойыңдағы қасиеттермен мақтан; тіпті корольдің өзін оның сыртқы салтанатына қарап емес, жеке ба сының абыройына қарай қадірлеу керек.

107. ӨЗІҢЕ ӨЗІҢ РИЗА БОЛУШЫЛЫҚТЫ БАЙҚАТПАУ. Өзіңді наразы болумен қинама – бұл жасықтық, бірақ өзіңе масаттану да ақымақтық. Көп адамда паңдық надандықтан туып, ақымақ лəззатқа бөлейді, бірақ ізгі атқа ол мүлде пайдасыз. Басқаның сирек қасиеті бойынан табылмағандықтан, надан өзінің қатардағы қасиетін ал даныш етеді. Табысқа жетуде ынталану үшін жəне сəтсіздікте көп қапа ланбас үшін абайлап өмір сүру əрқашан пайдалы: тағдыр қаталдығы оған күні бұрын дайындалған адамды көп мойыта алмайды. Гомердің өзі кейде қалғып

кетеді, Александр өзін алдарқату сəтінде өз шенінен төмен түсе ді. Кез келген іс жағдайға байланысты – орын мен уақыт ол үшін үнемі қолайлы бола бермейді. Бірақ ақымақты түзей алмайсың, оның жараспайтын паңдығы үнемі гүлдеп, үздіксіз өркен жаюда болады. 108. КІСІ БОЛУ ДЫҢ ЕҢ ҚЫСҚА ЖОЛЫ – достарыңды таңдай біл. Қатынасудың ықпалы зор – талғам мен əдеттер беріледі, мінез, тіпті ақыл біртіндеп өзгереді. Жылдам баяумен достассын жəне əркім осылай істесін; сонда ол ешқандай мəжбүр етусіз ұстамдылыққа үйренеді, ал өзін басу – үлкен нəрсе. Қара ма-қарсылықтың үйлесуі дүниеге көрік береді жəне оның құрылымын сақтайды; ол болмыста, əсіресе адамгершілік саласында үйлесім береді. Се ріктерің мен бағыныштыларыңды таңдау кезінде осы өнегелі мысалдан үй рен – кереғарлықтар өзара əрекеттескенде ақылға қонарлық ортақ шешімге келуге болады. 109. ЖАМАНДАУШЫ БОЛМАУ. Табиғи бейімділігінен айналасынан тек қылмыс көретін мінезі зəрлі адамдар бар. Олар бəрін кінəлайды – біреуді істеген ісі үшін, басқаны өзге қылығы үшін жазғырады. Бұл мінездің ең бір оңбаған белгісі. Сөге отырып, олар түймедейді түйедей етеді. Осы бір кəрлі қадағалаушылар Элизиумді* де галераға айналдырар еді. Ал бұған қызбалық қосылса, оларды ауыздықтау жоқ. Аңғалдық, керісінше, бəрін кешіреді, бұл арам ниеттен емес, жете ойламаушылықтан болады. 110. УАҚЫТЫНДА КЕТЕ БІЛУ. Парасатты адам істен уақытында кету ді ереже етіп ұстанады. Өз ақырыңды да салтанатқа айналдыра біл, күн де өзінің ұяға батқанын көрсетпес үшін бұлтқа тығылады; біз оның батқан-батпағанын тек жорамалдай аламыз. Өрескелдіктен азап көргің келмесе, қайғыдан күні бұрын кет. Өзіңнен басқалардың сырт айналуын күтпе, əйтпесе қара үшін тірі болғанмен, құрмет үшін өлі боласың. Көреген ат бегі далада ат құлап, жұрт шабандозды мазақ етпес үшін бəйге атын қартайғанға дейін пайдаланбайды. Сол сияқты жас сұлу да қолындағы айнасын уақытында тастағаны дұрыс, күндердің күнінде əжімді көрсетеді. 111. ДОСТАР ЖИНАУ. Достық – екінші болмыс. Əр дос өзінің досына сүйкімді; достар арасында бəрі реттеледі. Адамда басқалар оны қаншалықты бағала са, соншалықты құн болады, ал олардың аузына апа- * Элизиум – ежелгі грек мифологиясында ержүрек, ізгі рухтардың өлімнен соң тұрақтайтын жері. рар жол жүрек арқылы өтеді. Досыңа көрсеткен ізгі қызметің ұмытылмайды. Достыққа лайық бо лудың ең жақсы тəсілі – достық ниет көрсету. Бойымыздағы бар жақсылық басым бөлігінде басқаларға байланысты. Достар мен жауларыңның арасында өмір сүруге тура келеді, сондықтан күн сайын жақын болмаса да тілектес таныс тап. Сынақтан өткен олардың кейбірі уақыт өте келе сенің сырла сыңа айналады.

112. КІРШІКСІЗ МАХАББАТТЫ ІЗДЕУ. Тіпті Жоғарғы Басты себеп те өзінің ұлы істерінде оған орын қалдырған. Сезім арқылы махаб бат сенімге кіреді. Кейбіреу өзінің қасиеттеріне сеніп, оны жеңіп алуға ұмтылмайды, бірақ тілектестік көмектеспеген жерде қанша еңбек сіңіру керек екенін парасат қана біледі. Кіршіксіз махаббат бəрін жеңілде теді, бəрін сыйлайды; бар қасиеттерді ғана марапаттап қоймайды, көбіне оларды өз қиялында жасап алады – айбынды, ізгілікті, ғалымдықты, тіпті ақылды ойша елестетеді; кемшіліктерді көрмейді. Əдетте ол материалдық өмірдің – мінездің, сословиенің, туыстықтың, отанның, істің ортақтығы нан туады. Рух ортақтығы үшін жоғарырақ түсініктер – дарын, міндеттілік, атақ, сіңірген еңбек керек. Мұндай берілушілікті жеңіп алу қиын, оны сақтау жеңіл. Оған қол жеткізуге болады – оны пайдалануды үйрену қажет. 113. БЕРЕКЕ КҮНДЕРІ АУЫР КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДАЛ. Қысқы шанасын жазда сайлайтын адам ақылды: асықпауға болады, қайырым жеңіл жасалады, дос тар да көп. Ауыр күнге сақтағаның болсын: өмір қымбаттап, заттар тап шыға айналатын уақыт та келеді. Резервте достарың мен қарыздар адамда рың болсын: қысылтаяң кезде қазір бағаланбайтын нəрсе əжетке жарайды. Оңбағандықта достар болмайды – береке күндері ол оларды танымайды, ал ауыртпалықта оны мойындамайды.

114. БАҚТАЛАСТЫҚҚА ҰРЫНБАУ. Жарыс бар жерде кез келген талаптану өз зиянын тигізбей қоймайды: біреу өзін күшейту үшін басқаны даттайды. Əділ күресті таңдап алатындар сирек. Қар сыласың сыпайылықтан ұмыт болған жылан жылғы кемшіліктеріңді тауып алады; бақталасы пайда болғанға дейін көп адам құрметтеп өмір сүреді. Араздық жанжалы күні өткен масқаралықты қайта тірілтеді, ертедегі сасық былғаныштарды қазбалайды. Бірін-бірі масқаралау басталады, бұл мақсатта ештеңені аянып қалмайды. Қорлау ең жақсы əдіс болмаса да, бақталастық онымен өзінің кекшілдігін қанағаттандырады жəне қорлау қа руын қатты шайқайтыны сонша, бұрынғы күнəлерден ұмытылғандық шаңы ұша ды. Тілектестік əрқашан бейбітшіл, ал қайырымдылық тілектестік тудыра ды.

115. МАҢАЙДАҒЫЛАРДЫҢ ЖАМАН МІНЕЗІНЕ КӨНУ, ұсқынсыз келбетке шыдаған сияқты, əсіресе тəуелді болсаң амал жоқ. Мінезі кəрлі адамдар бар, олармен өмір сүру де оңай емес, олардан кетіп те қала алмайсың. Осыған бет-əлпеттің көріксіздігіне көнген сияқты, бірте-бірте үйрену қажет, əйтпесе кенеттен кəрлі қаhарға ұшырауың мүмкін. Алғаш олар қорқытады, бірақ алғашқы қорқыныш біртіндеп тарайды, ал абайлау ашудың алдын алуға немесе оған төзуге үйретеді. 116. АДАЛ АДАМДАРМЕН АРАЛАСУ. Оларға сенуге болады. Олардың парасаттылығы – істердегі, тіпті айтыстардағы сенімді кепілдік, өйт-кені олар өздерінің болмысы бұйырған əрекеттерді істейді. Оңбағандарды жеңгеннен гөрі, адалдармен күрескен жақсы. Оңбағандықпен келісе алмайсың, ол ережелерді мойындамайды; сондықтан да оңбағандардың арасында шынайы достық болмайды, ал олардың тілектестігі арнамысқа негізделмеген. Арсыз адамнан қаш; арын құрметтемейтіннен ешқандай ізгілік күтпе. Ар-намыс – адалдықтың алтын тағы.

117. ЕШҚАШАН ӨЗІҢ ТУРАЛЫ АЙТПАУ. Əйтпесе не өзіңді мақтайсың – бұл даңғойлық, не өзіңді даттайсың – ал бұл жасықтық; өзің туралы айту дегеніміз парасатқа қарсы күнə жасау əрі тыңдаушыларды қажыту. Мұны достардың ара сында да істеме, əсіресе көпшілік алдында сөйлеуге тура келетін жоғары орында мұндай əлсіздік сені мазаққа ұшыратады. Отырғандар туралы əңгімелеу де жөнсіз; сен су астындағы екі жартастың біріне соғыласың, не жағынасың, не тілің тиеді. 118. СЫПАЙЫ АДАМНЫҢ АТЫНА ЛАЙЫҚ БОЛУ. Осы ның өзі жүректерді тартуға жетіп жатыр. Сыпайылық – мəдениеттіліктің басты белгісі, маңайыңдағыларға сүйікті ететін қасиет, ал ерсілік жек көру мен түсінбеушілік туғызады. Ерсілік дандайсумен қосылғанда теріс айналдырады, ал надандықпен араласқанда – жирентеді. Əдептілік көптік етпейді. Ол жаулардың арасында олардың айбынының сенімді өлшемі. Ол көп тұрмаса да жоғары бағаланады: қадірліні құрметтейді. Сыпайылық пен намыстың артықшылығы – олар алғашқыны көрсетіп, соңғыны сақтайтын адамдарда болады. 119. ЖАУЛЫҚ ІЗДЕМЕУ. Өзіңе жек көрініш туғызудан сақтан. Көп адам неліктен екенін түсінбесе де жек көре салады. Қаскөй адалдың алдын орап кетеді. Зұлым зұлымдыққа пайдакүнем пайдаға ұмтылғаннан да бетер ұмтылады. Тіпті, кейбіреу ешкіммен жараспайтынын жəне жеңіл қорлай салатынын мақтаныш етеді. Жек көру жаныңды билеп алса, оны, жаман ат сияқты оңайлықпен кетіре алмайсың. Қабілетті адамдардан сақтанады, у тілділерді сүймейді, даңғойларды айналып өтеді, мазақ етушілерден қорқады, ал лайықтылармен араласады. Сонымен, өзіңді қадірлесін десең, құрмет көрсет: бейбіт өмір сүргің келсе, бейбітшіл бол. 120. ЗАМАНЫҢМЕН ТАТУ БОЛУ. Қолданыстағы білім ғана жақсы, ал оған жол жоқ жерде надан болып көрінген дұрыс. Жылдар өтеді, пікірлер мен сəн өзгереді, ескішілдікті көксеме жəне қазіргі талғамды ұстан. Бəрі мойындаған талғам бар салада салтанат құрады. Оны ұстан жəне мүмкіндігінше жақсарт; өткен кезең саған ұнаса да қазіргі кезбен өмір сүріп үйрен. Тек адамгершілік саласында ғана бұл тұрмыс ережесі жарамайды, мұнда ізгілік бəрінен жоғары. Біздің уақытта шындықты айту, сөзде тұру сəннен қалған сияқты; адал адамдар ескі мейірбан заманнан келген тəрізді; оларды қазір де мақтайды, бірақ не құрметтеушілері, не еліктеу шілері жоқ. О, заманымыздың ұлы қырсығы! Ізгілікке үрке қараймыз, есе сіне оңбағандық етек жайған. Ақылды біз қалағандай болмаса да, шамасы на қарай өмір сүрсін. Тағдыр салғанға риза болып, бермегенге қайғырма сын. 121. ІС ЕМЕСТІ ІС КӨРМЕУ. Біреулер бəрін əзілге бұрады, біреулер əзілге айналдырады: барлығын маңызды түрмен талқылайды, əрбір болмашы нəрсе оларды мазалайды, тұс-тұстан арам ойлар мен қастық елестейді. Ал іс жүзінде кез келген жолы болмаушылықтан мағына іздеу – мəнісі жоқ іс. Бойдан серпіп тастайтын нəрсені көңілге алу өзіңді қинайды. Маңыз ды көрінетін нəрсе сырт айналсаң болғаны, түкке тұрғысыз болып шыға келеді; керісінше, кейбір елеусіз жай назарға қатты іліксе түймедейден түйедей болады. Қырсықпен алғашында күресу жеңіл; соңынан – қиын. Аурудың өзі кейде шипа болады. Бəрін нəрселердің өз жөніне жіберу – тұрмыстағы тəуір ереженің бірі. 122. СӨЗДЕР МЕН ІСТЕРДЕГІ ҰЛЫЛЫҚ. Олар сен қайда барсаң да құрметті орынға отырғызып, басқаларға əсер туғыза ды. Ол бəрінен көрінеді – əңгімеден, құлшылық қылудан, тіпті жүріс-тұрыс тан, көзқарастан жəне, əрине, тілектен сезіледі. Жүректерді баурап алу – ұлы жеңіс! Оған көзсіз ерлікпен де, қалжыңбастықпен де жете алмайсың – оған тек адамгершіліктен туып, қасиеттерге сүйенетін сыпайы сенімділік жеткізеді. 123. ЖАСАНДЫ МАҢЫЗДЫЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАМАЙТЫН АДАМ. Адамда қасиет неғұрлым көп болса, онда жасандылық соғұрлым аз бола-

ды. Оның бір өзі бəріне тұрпайылық береді. Ол маңайдағыларға ғана емес, даңғойға да ауыр тиеді, ол өз қылықтарынан, жасанды салтанаттың ұсақ-түйе гінен азап көреді. Тіпті жоғары қасиеттер де көпірмеліктен зардап ше геді, бұл жағдайда оларды бояма ретінде қабылдайды. Табиғилық əрқашан жасандылықтан ұнамды. Даңғой адамдарды олар өршелене түсіндірген сала сында да ешкім білгір деп есептемейді. Ісің өрге домалаған сайын, өз еңбектерің жөнінде азырақ айт, бұл жетілгендікке табиғилықпен қол жет кенді көрсетеді. Дегенмен, бояма маңыздылықтан қаша отырып, жасанды қарапайымдылық танытпа. Парасатты адам өз қасиеттерін білетін түр көр сетпейді – оның селқостығының өзі маңайдағылардың назарын аударады. Бойына бар қасиеттерді жинай отырып, олар туралы тіс жармайтын адам екі есе ұлы; ол өзін көптің жаппай мойындауына өзгеше жолмен жетеді.

124. ҚАЛАУЛЫ БОЛУ. Бүкілхалықтық сүйіспеншілікке бөленген адамдар сирек, ал тек парасатты кісілердің сүйіктісі болу – бұл да бақыт. Күнің бітуге жақындағанда, сені салқын шығарып салады. Ықыласқа ие болудың түрлі тəсілдері бар: сенімдісі – істерің мен қасиеттеріңмен көзге түсу, жеделі – жағыну. Өз орнына лайық адамға əрқашан сұраныс бар жəне ол қызметті керек қылғаннан, қызмет оны керек еткенін бəрі көреді: біреуге отырған орны көрік береді, біреу отырған орнын көріктендіреді. Егер сенен кейін орныңа ақымақ келіп, бағаңды көтерсе – ол жұбаныш емес; бұл сені ұнатқандықты емес, басқаны жек көргендікті білдіреді. 125. ЖАСЫЛ КІТАП БОЛМАУ*. Өзгенің кемшілігін ерекше байқай бастау – өз құлдырауыңның айқын белгісі. Басқаларға дақ түсіре отырып, көп адам өзіндегі күйені кетіре алмаса да жасыруға тырысады. Олар осыны көңілге медеу етеді, бірақ бұл ақымақтардың жұбанышы. Олардың аузы сасық, өйт кені олар қоғам былғаныштарын жинайтын ор сияқты. Оны қазбалаған əуелі өзін былғайды. Өтірік-шын болсын əркімнен кір табуға болады: тек бей таныс адамдардың кемшіліктері ғана белгісіз. Ақылды өзгелердің күнəсін тізуден сақтанады, əйтпесе өз жанын тірідей көметінін біледі. 126. АҚЫМАҚТЫҚ ІСТЕГЕН АҚЫМАҚ ЕМЕС, ОНЫ ІСТЕП АЛЫП, ЖАСЫРМАҒАН АҚЫМАҚ. Өз құштарлықтарыңды, əсіресе əлсіздіктеріңді құпияда ұста. Бəрі қателесе ді, бірақ айырма мынада: қулар істеген ісінен жалтарып кетеді, ал ақы мақтар жасамаған ісіне мақтанады. * Жасыл кітап деп – христиандыққа жақында көшкен маврлар мен еврейлердің генеалогиялық жазбасы айтылған, онда атақты əулеттердің өткені мен жарамсыз жақтары да тізбеленген. Жақсы атты болу мінез-құлықтан гөрі үнсіздікке байланысты; күнəлі екенсің, тым болмаса сақ бол. Ұлы адам дардың қателіктерін аспан шырақтарының тұтылуы сияқты бəрі байқайды. Өз қателіктеріңді досыңа да ашпа жəне мүмкін болса оларды өзің де біл ме. Мұнда көбірек ұмыту сияқты күнделікті тұрмыс ережесі де жарайды. 127. БАРЛЫҒЫНДА ЕРКІН БОЛУШЫЛЫҚ. Ол абыройды көтереді, сөзге дем бере ді, істі жандандырады, адамдағы бар жақсыны көріктендіреді. Басқа қа сиеттер – бойдың көркі, ал қысылып-қымтырылмаушылық – осы қасиеттердің сəні; тіпті ой жүгіртуде де оны жоғары бағалайды. Негізінен бұл қасиет туа бітеді, ынта-ықыласпен қол жеткізу қиын, өйткені ол бар ережеден биік тұрады. Ол бар нəрседен жеңіл өтеді жəне ішкі еркіндікті білдіре ді. Онсыз сұлулық солғын тартады, сүйкімділікте күш болмайды, ол айбы ны, ақылға, даналыққа, тіпті патша ұлылығына тəн. Ол қабыл алмауға жағымдылық береді, кез келген қиындықтан жеңіл шығады. 128. РУХ БИІКТІГІ. Қаhарманның негізгі белгілерінің бірі, өйткені ол ұлылықты бəріне ғашық еткізеді: талғамға нəзіктік, жүрекке кеңдік, ойға шарықтау, мінезге ізгілік береді жəне кісіні ұлылыққа бейімдейді. Оны қайда болма сын бірден байқайсың; тіпті күншіл тағдыр қудалағанның өзінде ол жоға ры өрлейді, мүмкіндігі шектеулі болса да тілектері биік келеді. Ол – кең пейілдіктің, ізгіліктің жəне бар қаhармандықтың жұрт таныған бас тауы.

129. ЕШҚАШАН ШАҒЫМДАНБАУ. Шағымдану əрқашан зиянын тигізеді; ол аяушылық сезімін оятқаннан бұрын ашу тудырады; ол басқа осындай жəбір ге апарар жолды көрсетеді жəне алғашқы жəбірді білгені екінші жəбіре леуші үшін ақталу болады. Біреулер өздерінің өткенде көрген жəбір-жа пасын айтамын деп табалауға ұшырайды, тіпті, жек көрушілік туғызады. Одан да басқалардың қолтығына су бүрку ниетімен біреулердің ісін мақтау не месе өзгелерге түрткі болу үшін біреулердің сыпайылығы туралы айту ақылға қонымды. Абайлағыш адам өзінің көрген жəбірлері мен жіберген кемшіліктерін айтпайды, бірақ достарын сақтап, жауларын тежеп отыру үшін құлаққа жағымды сөздерді айтуды ұмытпайды. 130. ІСТЕГЕН ІСІҢДІ КӨРСЕТЕ БІЛУ. Əдетте ішіне үңіліп жатпайды, сыртына қарап бағалайды. Қасиеттерің болып, оларды көрсете білу – абырой: көрінбей тұрған нəрсе жоқ нəрсе сияқты. Түрі келіспей тұрса ақылдың өзі құрмет көрмейді. Өйткені көрегендерге қарағанда алданып

қалатындар əлдеқайда көп; алда ну басым, бар нəрсе туралы сыртқы бейнесі арқылы ой түйеді жəне көбі іс жүзінде ойлағандай емес. Келісті пішін – ішкі қасиеттеріңнің көрінісі болсын. 131. МІНЕЗ СҰЛУЛЫҒЫ. Жанның да өз əсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бəріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі – жауы туралы жақсы пікір айту. Ол əсіресе кек алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді: кек қайтармақ былай тұрсын, бəрі жақсылықпен бітеді – енді өш алады дегенде, кенет ақ көңілдікпен қайран қалдырады. Ол саясатта да пайдалы, тіпті мемлекеттік резонға көрік береді. Мақтануды білмейтін ол, еңбек сіңіріп жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.

132. ТОЛҒАНЫП АЛУ. Істің алдында ойланып алған əрқа шан сенімділік береді, əсіресе бұл табысқа жетері белгісіз істе маңыз ды. Не бас тарту үшін, не бір тоқтамға келу үшін уақытты соз, мүмкін басыңа өз шешіміңнің пайдасына жаңа дəлелдер келер. Егер мəселе беру туралы болса, ұзақ тілегенді көбірек бағалайтынын ұмытпа. Егер қабыл алмау керек болса, онда жоқтың күйінішін жұмсарту жайлы ойла; əрі тілектің қызуы өткен соң, сұраушы басылып, бас тартқанға онша қапалан байды. Тез беруді сұрағанға асықпай бер: үмітін суытасың. 133. ЖАЛҒЫЗ ДЫҚТА АҚЫЛДЫ БОЛҒАНША, КӨППЕН БІРГЕ АҚЫМАҚ БОЛҒАН АРТЫҚ, – дейді кəнігі адамдар. Бəрі ессіз болғандықтан, ешкім жазғырмайды. Ал жалғыз ақылдыны ағысқа қарсы жүзгені үшін есуас дейді. Кейде білмеген не біл меген сияқты болып көріну құтқарады. Адамдармен бірге өмір сүруге тура келеді, ал олардың көпшілігі надандар. Жалғызілік тірлік ету үшін не Құдайға, не малға ұқсау керек. Мен бұл нақылды өзгертіп, былай дер едім: «Жалғыздықта ақымақ болғанша, көппен бірге ақылды болған артық». Кейбіреуге өзінің ерсіліктерінде жалғыз болған ұнайды.

134. ӨМІРДЕГІ СҮЙЕНІШТЕРДІ КӨБЕЙТУ – өмірді еселейді. Бір ғана қамқоршың болмасын, өзіңді ешқашан жалғыз нəрсемен шектеме: бəрі, əсіресе, пайданың, ра хаттың, қайырымдылықтың көздері қос-қостан болсын. Бəріне тұрақсыздықтың символы айдың өзгергіштігі əсер етеді, бұл опасыз адам еркіне байланысты істерге өте-мөте қатысты. Тұрақсыздыққа қарсы қор жинаушылық көмектеседі: игілік пен жайлылықтың қос бастауы болсын деген тұр мыстың маңызды ережесін ұмытпа. Табиғат біздің денеміздің зақымдануы жеңіл жəне неғұрлым керекті мүшелерін қос-қостан жаратқаны сияқты, ақылды адам да өз жақтаушыларын біреумен шектемейді. 135. ҚАЙШЫЛЫҚ РУ ХЫН КӨРСЕТПЕ – ақымақ жəне жылауық атанасың. Оған ақылды қарсы қой. Əрине, егер тауып айта білсең, қарсы тұруға болады, бірақ қыңырлық əрқашан жөнсіз. Үнемі айтысатындар ұнамды əңгімені жанжалға айналдырады, олар басқаларға қарағанда өз жақындарына жау: балық етіндегі қылтанақтар сияқты. Осы бір қаскүнем ақымақтарда топастық долылықпен ұштасып жатады.

136. НƏРСЕНІ ҰҒЫН: кез келген істе бірден мəнін аңғару керек. Көп нəрсе жеміссіз данасынудың бұтағымен немесе қажытатын көп сөзділіктің сабағымен ағып кетеді жəне мағынаға жетпейді, болмаса бір нүк тенің маңында шаршатып жүріп алады, бірақ ең маңыздыға жақындай алмай ды. Себеп біреу – ақылдағы бұлдырлық дұрыс жолға түсірмейді. Сөйтіп, уақыт пен төзім елеусіз нəрсеге жұмсалып, басты мəселеге келгенде жет пей қалады.

137. ДАНА ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТЕЛЕЙДІ. Оның бар қасиеті – өзі, ол бəрін өз бойына сіңірген. Егер əмбебап дос Рим мен дүниені алмастыра алса, онда өзіңе өзің осындай дос бол – сонда сен жалғыздықта өмір сүре аласың. Көзқарас пен талғамда ешкімге еліктемейтін саған тағы кім керек? Сен тек өзіңе тəуелдісің, ал бұл жағынан Жоғарғы Иеге ұқсау – зор шаттық. Кім осылай бір өзі өмір сүре алса, сол малға мүлде ұқса майды, көп жағынан – данаға, жəне бар тұрғыдан Құдайға ұқсайды. 138. АРАЛАСПАУ ӨНЕРІ. Əсіресе мұны қоғамдық немесе отбасылық теңіз алай-түлей болғанда ұстану керек. Адамдар арасындағы қатынастарда да қызба лықтың құйындары көтеріліп, дауылдары соғып тұрады; мұндай кезде қой науда күткен дұрыс. Сырқат кейде дəріден асқынып кетеді; мұнда табиғаттың еркіне, анда – адамгершіліктің билігіне берген жөн; ақылды дəрігер дəріні жазып беруді емес, онсыз қалай амалдауға болатынын ойлайды. Тұрмыстағы ауа-райының қолайсыздығында ақылға қонымдысы да уылдың басылуын күту; қазір шегінсең, кейін жеңесің. Жылға желден де лайланады жəне су сенің араласуыңсыз тұнады. Шымшытырықты өз еркіне жібергеннен артық айла жоқ, бəрі ұзамай қалпына келеді. 139. ӨЗІҢНІҢ АУЫР КҮНІҢДІ БІЛУ, оның болатынын ұмытпау маңызды. Бұл күні ештеңенің сəті түспейді, ойынды қалай өзгертсең де

қорытынды бір – сəтсіздік. Мұндай күнді екі жүрісте байқап, шегіне білу керек. Тіпті, ақылдың да өз уақыты бар, ешкім де ұдайы ақылды болған емес. Қолайлы сағатта жақсы ойланасың əрі хатты да сəтті жазасың. Əр қасиеттің өз уақыты бар, сұлулықтың өзі үнемі қадірлі бола бермейді. Парасат та кейде өзіне ұқсамайды – бірде биік, бірде төмен; əр істің өз күні бар. Бір күндері ештеңенің реті келмейді, ал бір күндері бəрінің сəті түседі: ақыл айқын, көңіл-күй жоғары, жұлдызың жарқырап тұр. Онда ұста оны, сəтіңді құр жіберме. Бірақ есті адам бір жағдайға бола күнді сəтсіз не қолайлы деп бөлмейді, сəтсіздіктен соң табыс, сəттіліктен кейін жамандық ке луі мүмкін. 140. БАРЛЫҒЫНДА ЖАҚСЫҒА ДЕЙІН ЖЕТУ – жақсы талғамның бақытты еншісі. Бал іздеген ара тəттіні қалай тез тапса, жылан да өз уы үшін зəhарға солай жылдам кездеседі. Адамдардың да талғамы осындай – бірі жақсыға, бірі нашарға ұмтылады. Бір тəуір нəрсе шықпайтын заттар жоқ, əсіресе ойдың жемісі – кітапта жақсы нəрселер баршылық. Кейбір адамдардың бір жаман қасиеті, мыңдаған абыройдан бір қателік тауып алса, даттап-қаралап ала жөнеледі; пікірлерде тек жамандықтарды жинайтындар ақымақтық туралы ғана түсінік береді – бұл олардың жамандықты іріктеп алғаны, ақылға лайықсыз іспен айналысқаны үшін берілетін жаза. Олардың өмірі қайғылы, зəhар ішіп, көр-жерді қорек етеді. Мұның жа нында мыңдаған кемшіліктердің ішінен жалғыз сəттілікті аспаннан түс кендей бірден тауып алатын талғам əлдеқайда бақытты.

141. ТЕК ӨЗІҢДІ ҒАНА ТЫҢДАМАУ. Егер басқаға ұнамасаң, өзіңе ұнағаннан не пайда, мен менсу əдетте бəрінің жек көруімен жазаланады. Өзіңе қызығып қарасаң – өзгелерге сүйкімсізсің. Тек өзіңді айту жəне тыңдау – сүйкімсіздік; егер өзіңмен өзің əңгімелесу ақымақтық болса, онда басқалармен сөйлес кенде тек өзіңді тыңдау – есуастық. Маңғаз адамдарда «Мен дұрыс айттым ба?» немесе «Солай ғой?» деп қазбалайтын нашар əдет болады; олар əр сөзінен соң мақұлдауды немесе жағынуды сығып алады, оларға ешбір шыдамдылық жетпейді. Дүрдиген даңғойлар əрбір бос сөзіне қатты жаңғырықты талап етеді, сондықтан да əр сөзі «керемет айтты» деген ақымақ қол дауды қажетсінеді. 142. ҚАРСЫЛАСЫҢ СЕНЕН ОЗЫП ТƏУІРДІ ТАҢДАП АЛҒАНЫ ҮШІН, қыңырлықпен нашарға ұмтылмау. Бұл жағдайда көп ұзамай жеңілесің жəне масқара болып шегінуге тура келеді. Ұстаған бағытың бұрыс болған дықтан да саған сəттілікті көру жоқ. Қарсыласың айлалы болып шықты, ол тəуір жағдайға ерте қол жеткізді, ал кешігіп қалған сенің оған қарсы нашар шептен қозғалуың ақымақтық. Сөздегі қыңырлықтан істегі қыңырлық жаман – іс сөзден қауіптірек. Қырсықтардың ақымақтығы: қарсы келуге құмар болып, шындықты көрмейді, дауласуды аңсаймын деп, пайданы байқа майды. Парасатты адам əрқашан қызбалықтың емес, ақылдың жетегінде бо лады, ол мұнда не бірінші болып ұмтылады, не соңынан қателігін түзей ді. Егер қарсылас ақымақ болса, мұны көріп ол да орнын өзгертеді, қар сы жаққа көшеді, сөйтіп өз жағдайын нашарлатады. Ақымақты жақсыдан бездіру үшін, өзің сонда бекінуің керек: қарсыласты ақымақтық бұл жер ден айдап шығарып, қырсықтығы оны құртады. 143. ДӨРЕКІЛІКТЕН ҚАШЫП, СОНЫЛЫҚҚА ТҮСПЕУ. Екеуі де ұятқа қалдырады. Ақылың сынайтын əрбір іс – жөнсіз іс. Ерекше сонылық – бұл белгілі бір дəрежеде өзіңді өзің ал дау, рас, əуелі бастаманың сонылығы еліктіретіндіктен ұнамды көрінеді, бірақ соңынан ештеңе шықпай, көзің ашылғанда қатты қынжылтады. Бұл əзəзілдік сияқты, ал саясат істерінде мемлекетке зиян тигізеді. Ізгіліктің ұлы жолына түсе алмай не батылы бармай, ақымақтарды сұқтандырып сонылық соқпағына бұрғандар өздерінің сəтсіздіктерімен парасатты адам дардың əділдігін дəлелдейді. Мұндай шешімдерде өз бетімен кетушілік басым, олар дұрыс ойлаушылықтан алыс. Егер кейде олардың негізі жалған болмаса да, сенімді емес, жəне іс неғұрлым маңызды болса, оның күйреу қаупі де соғұрлым жоғары. 144. ӨЗГЕНІҢ ҮЛГІСІНДЕ БАСТАП, ӨЗ МƏНЕРІҢДЕ АЯҚТАУ. Бұл табыс кілті; тіпті христиандықтың оқытушылары құдай ілім дерінде осы қасиетті амалды мақұлдайды. Мұнда жасандылық танытып, өзгенің еркін баурап алған маңызды: олар өзінің ниеттерінің соңынан жүр ген сияқты көрінеді, ал іс барысы оны басқа мақсатқа алып келеді. Асығыс бастап, милауытқа батып қалма. Бірінші сөзі əрқашан «жоқтан» бас талатын адамдар қиындықтан қорықпас үшін, шын мақсатты жасыр; мұны əсіресе осы мақсат оларға ұнамсыз болғанда ұстану керек. Бұл кеңес арам ниеттер үшін пайдаланылмауы тиіс. 145. ЖАНДЫ ЖЕРІҢДІ ЖАСЫР, ƏЙТПЕСЕ СОЛ ТҰСТАН СОҚҚЫ АЛАСЫҢ. Оны айтып шағымданба, өйткені қастық жанды жеріңді нысанаға алатын болады. Жанды жеріңді қасығанмен ол кете қоймас, мұнымен тек жауларыңның айызын қандырасың. Қаскөй ниет əлсіз тұсыңды тіміскілеп жүреді. Ақылды өз сырқатын көрсетпейді, өйткені Бақыттың өзі ең жанды жерден соққы береді, ол жер неғұрлым сезімтал болса, соққы да соғұрлым ауыр тиеді. Сонымен, ауру жеріңді де, көңіліңді көтеретін нəрсеңді де жариялама; сонда алғашқысы тез жазылады, соңғысы ұзаққа созылады.

146. ІШКЕ ҮҢІЛУ. Көп нəрсенің сырты ішіне сай келмейді; сондықтан сырты бүтіннің іші түтін болып шыққанда қуаныш то рығуға ауысады. Жалғандық өзінің тұрпайы айқайымен ақымақтарды еліктіре отырып, əрдайым алдымен келеді. Кейіннен Уақыттың соңынан ілбіп Шындық та жетеді; ақылдылар оған біздің табиғат анамыз даналықпен жұп күйінде берген сезім органдарының жартысын сақтайды*. Жалғандық əрқашан беткі жақта болатындықтан, оған аңғалдар алдымен кездеседі. Нағыз Мағына өзін ақылдылар тиісінше бағалау үшін тұйық келеді. 147. ТƏКАППАР БОЛМАУ. Кеңес мүлдем қажет болмайтын мүлтіксіз кемел адам жоқ. Ешкімге құлақ салмайтын кісі – түзелмейтін ақымақ. Маңдайың кере қарыс болса да, достық кеңесті тыңдай біл; тіпті жоғары мəртебелілерге де үйрену ұят емес. Адамдардың көбіне түзелмейтін себебі – менменшіл. Мүлтіксіз адамның өзіне достық көмек келетін есікті ашық ұстаған жарасады; ол əрқашан өзін ақылға шақыратын немесе тіпті ұрсып алатын досына уақыт табады; оның тілектестігі мен досының ақылы жəне берілгендігі туралы жоғары пікірі кеңес айтушы досына сенімділік береді. Бірақ құрмет пен сенімді ешбір талғамсыз көрсете берме, сырласыңның парасатты пікірі мен берген кеңестері үшін ризашылығыңды көңіл түкпірінде құпия ұста. 148. ƏҢГІМЕЛЕСУ ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР, өйткені əңгімелесуде адам өзін тұлға ретінде көрсете алады. Бұл қаншалықты үйреншікті болғанмен, адамның басқа ешбір ісі парасатты осынша көп талап етпейді, мұнда не бəрін жоғалтуға, не бəрін ұтуға болады. Хат жазу үшін ойланып ал, хатта жазылған əңгімеде ойлану керек болса, ақылдың бір сəттік ем тиханы – жай ғана əңгімелесу үшін қаншама парасат керек! Тəжірибелі адамдар көңіл толқынын сөзден-ақ байқап қояды, данышпандар: «Сөйле, мен сенің кім екеніңді айтайын» деп бекер айтпаған. Біреулер əңгімелесудің жоға ры өнері табиғилықта дейді, сонда əңгіме қысылып, қымтырылусыз жүреді деп ойлайды. Бірақ бұл тек жақын достардың арасында жарасады, ал қа дірлі адаммен əңгімелесу мазмұнды, сенің кісілігіңді ашатындай болуы тиіс. Əңгімеде ұнамды болу үшін, сұхбаттасыңның мінезі мен ақылына бе йімдел. Өзгелердің сөздерін тексеріп, сынама, тақуа атанасың, əрі ай тылған ойлар мен пікірлерді мінеме, сенен қашқақтап, сырт айналатын болады. Əңгімеде шешендіктен гөрі, пайымдылық маңызды. * Аңыз бойынша Александр Македонский дауласушыларды тыңдау кезінде алғашқының дəлелдерін бір құлағын жауып тыңдап, екінші құлағын оның қарсыластарының дəлелдеріне сақтаған екен. 149. НАРАЗЫЛЫҚТЫ БАСҚАҒА АУДАРУ, оған қарсы қалқан ұстау – басқарушылардың айлалы əдісі. Əңгіме мұнда у тілділер айтқандай басқарушылардың қабілетсіздігінде емес, ерекше ішкі есепте – сəтсіздік кезінде сынға ұшырайтын, бəрінің күңкілін өзіне қабылдайтын кісі керек. Ойлаған нəрсенің бəрі іске аспайды, барлығын қанағаттандыру мүмкін емес. Сондықтан жазғы рып-сөгудің нысанасы болатын қуыршақ адамың болсын, ал бұл оның атаққұмарлығының жазасы болады. 150. ТАУАРДЫ БҰЛДАЙ БІЛУ. Тауардың тəуір екені аздық етеді, оны ешкім тексеріп жатпайды. Көпшілік ығы-жығы жерге жүгіреді. Бағаны қоя білу біраз дағдыны қажет етеді; кейде мақтау керек, өйткені мақтау тілекті күшейтеді; жағымды ат беру де бағаны көтерудің жақсы тəсілі, бірақ екі жағдайда да бұрмалаушылығыңды сез дірме. Тауарым білгіштерге арналған деп қолтықтарына су бүркіп қой, өйткені əркім өзін білгіш санайды, олай болмағанның өзінде əуесқойлық тілекті тудырады. Бірақ ешқашан оны күнделікті, қол жетерлік бұйым деп айтпа – мұнымен тек істі бүлдіресің. Бəрі тек ерекшеге өш келеді, оған талғам да, ақыл да құштар. 151. КҮНІБҰРЫН ОЙЛАНУ. Бүгінде ертеңін ой лау маңызды қасиет. Көрегендігімен оған жеткілікті көңіл бөлетін адам мақтансын; алдыартын ойлағандарда кездейсоқтық, қор жинағандарда – ауыр күндер болмайды. Су алқымыңа келгенге дейін күтпе, ертерек кет; толысқан ойлармен соққылардың алдын ал. Бөрене астында оянғаннан, бөрене үстінде ұйықтаған жақсы. Біреулер істерін істеп алып ойланады – сəттілікті емес, ақталуды іздегендей болады, ал кейбіреу мүлде ойлан байды. Дұрыс жолдан таймау үшін өмір бойы ойлану керек. Ойлана отырып, алдыңдағы өмірді болжай білесің. 152. ҰТЫЛҒАН ОРТАҢНАН АЛЫС БОЛ, тым жақсыдан да, тым нашардан да қаш олардың жанында ізгі атың шықпайды. Қасиеті көп адамды көбірек құрметтейді; басты рольді ол орындайды да саған қатардағы роль тиеді, мақтау да алдымен соған бұйырады. Ай жұлдыздардың арасында сəулесін төгіп тұрады, бірақ нұрын шашқан күннің шығуымен ол не батып кетеді, не солғын тартады. Өзің көлеңкесінде қа латын адамға жабыспа, керісінше, өзіңнің қалқаңда қалатын адамдармен бол. Марциалдың ақылды Фабулласы өзінің салдыр-салақ құрбыларының ара сында осылай сұлу көрінді. Дегенмен нашар ортадан да сақтан, сондай-ақ өзіңнің жақсы атыңа бола басқаға зияның тимесін. Табысқа жету үшін көрнектілермен, оған қол жеткен соң қатардағылармен аралас.

153. БОС КЕҢІСТІКТІ ТОЛТЫРУҒА ҰМТЫЛМАУ. Мұны күткендегіден асып түсетініңе се німді болсаң ғана қолға ал. Ізашармен теңесе алу үшін, одан озар қаси еттерің екі есе көп болуы тиіс. Соңынан сені сағынышпен еске алатындай өзіңе мұрагер таба білу айлалы əдістің бірі, сондай-ақ жол салушының көлеңкесінде қалып қоймау үлкен шеберлік. Бос кеңістікті толтыру оңай емес, өйткені, өткен шақ əрдайым жақсы болып көрінеді; мұнда тең болу жеткіліксіз, онда басымдық өзіңнің алдыңдағыда болады. Оның атын ығыс тыру үшін, қасиеттерің одан асып түсу керек. 154. СЕНІМ БІЛДІРУГЕ, ЖАҚСЫ КӨРУГЕ АСЫҚПАУ. Сенім білдіруде асықпау толысқан ақылды көрсете ді, жалғандық бүгінде сондай үйреншікті, онда сенім ерекше болсын. Се нім көрсету жеңіл, бірақ кейін салдары өкінішті болып жүрмесін. Деген мен, сенбеген түр көрсетпе – бұл сыпайылыққа жатпайды, тіпті, көргенсіздік: сен онда сұхбаттасыңа не оның алдап тұрғанын, не – өзіңнің алданып қалғаныңды білдіресің. Бастысы тіпті бұл емес, мəселе сенімсіздік өтірік тің белгісі екенінде; өтірікшінің екі қырсығы бар – оған да сенбейді, ол да сенбейді. Ал тыңдап отырған кезде бір түйінге келуге асықпа, «Бірден жақсы көру де ақылсыздықтың белгісі» деп Цицеронның айтқа нын ұмытпа. Сондай-ақ сөзбен ғана емес, іспен де алдайтыны есте бол сын, бұл алдау одан да зиянды. 155. АШУДЫ БАСА БІЛУ. Парасатты ойлау мүмкіндігінше қызбалықтың алдын алсын – ақылдыға бұл қисын емес. Ашуға беріле бастағаныңды байқау оған ие болудың алғашқы қадамы, оны белгілі бір шектен асырмауды ойлау ашуыңды басуға себеп болады. Уақытында, əдеппен тоқтап дағдылан – қатты шауып бара жатқан атты ауыздықтау бəрінен қиынырақ. Ашуға булыққан кезде де ақылға тоқтай білу – парасатыңа сын. Тым қызбалық əрқашан дұрыс жолдан тайдырады: осыны еске сақтаған адам ешқашан əділдікке қиянат жасамайды, парасат шегінен шықпайды. Қызбалықты басып қана оған ие бола аласың, сонда сен бірінші «ат үс тіндегі зерделі» боласың*. 156. ДОСТАРДЫ ТАҢДАЙ БІЛУ. Досың алдымен ақыл емтиханын тапсырып, Сəттілік сынағынан өтсін: сонда оған сезіммен бірге ақыл да өз дипломын тапсырады. Дегенмен достар өмірдегі аса маңызды игілік болғанмен, көпшілік оған онша мəн бермейді: күйбең тірлік өз дегенін істейді. Адамды оның достары арқылы бағалайды, ал білімді надандармен * Испан мəтелі: «Ат үстіндегі зерделі болмайды». достаспайды. Іш тартудың бəрі жақын тұтуды білдірмейді, танысыңның тапқыр сөздері əсерлі болуы мүмкін, бірақ бұл оның сезімде ріне деген сенім туғызбайды. Заңды достық бар, заңсызы да кездеседі: бірі – рахат үшін, бірі – жемісті істер үшін. Шын достар сирек, көбі – жағдайдың досы. Сондықтан кездейсоқтық емес, таңдау шешуі тиіс. Ақылды адам реніштен қаша біледі, бірақ ақымақ дос оны отырғызып кетеді. Егер достарыңды жоғалтқың келмесе, оларға ұлы сəттілік тілеме. 157. АДАМ ДАРДЫ ТАНУДАН АЛДАНБАУ. Адасудың кең таралған осы түрі ең қа уіптісі. Тауардан алданғанша, бағадан алданған жақсы; ал мұнда кісінің ойын көре білу ерекше маңызды. Өмірді түсіну мен адамдарды тану – əр түрлі нəрселер. Мінездерді танып, көңіл-күйді аңғара білу – ұлы дана лық. Адамдарды да кітапты оқығандай оқи алу қажет. 158. ДОСТАРДЫ ЕБІН ТАУЫП ПАЙДАЛАНУ. Мұнда да өзінің ерекшеліктері бар: достардың бірі алыстан, бірі жақыннан жақсы; онша əңгімелесе алмайтындары хат жазуға келгенде шеберлік танытады. Қашықтық жақын араласқанда шыдатпайтын кемшіліктерді байқатпайды. Достардан рахат қана емес, пайда да алуға тырыс. Достықта шын игіліктің үш сапасы болуы тиіс, атап айтқанда, бірлік, жақсылық, шынайылық; достан осының үшеуі де табылады. Нағыз достар сирек, ал оларды таңдай білмейтіндерде шын достар одан да аз кездеседі. Дос тапқаннан оларды сақтау əлдеқайда қиын. Тұрақтыларды ізде: алғашқы таныстық, мүмкін, біртіндеп шын достыққа ұла сады. Дегенмен де сынау үшін алынған мол тұзды бірге бөліс кен достар ең жақсы достар екені анық. Доссыз өмір қу шөл сияқты; достық игілікті көбейтіп, қырсықты азайтады; ол – жан қуанышы, зұлым тағдырға қарсы жалғыз шипа. 159. АҚЫМАҚТАРҒА ТӨЗЕ БІЛУ. Оқымысты адамдар əдетте шыдамсыз; біліміңді көбейте отырып, төзіміңді азайтасың; ақылды жағынудан аулақ жүреді. Эпиктет* бойынша, өмірдегі аса маңызды ереже – шыдамдылық, ол: «Даналықтың жартысы шыдамдылықта», – деген. Иə, бар ақымақтыққа төзе білу үшін үлкен шыдамдылық керек! Кімге көбірек тəуелді болсаң, соған көбірек төзесің – мұнда өзіңе өзің ие болуға жаттығу өте маңызды. Шыдамдылық жердегі жоғарғы рахат – тыныштықтың кепілі. Ал өзіңде мұндай қасиет таппасаң, оңашалыққа көш. Осының өзіне өзіңе – өзің төзе білу қасиеті қажет. * Эпиктет – римдік философ-стоик, бұл жерде оның «шыда жəне тартын» деген белгілі сөзіне сілтеме жасалған.

160. ƏҢГІМЕДЕ АБАЙ БОЛУ ҚАРСЫЛАСТАРЫҢНАН САҚТАНУ ҮШІН, басқалармен қатынаста – əдептілік үшін керек. Айтылған сөз – атылған оқ. Əңгіме де қалдырған өсиет сияқты – сөз аз болса, дау-шар да көп бол майды. Болмашы нəрселер туралы əңгімелесе отырып, маңыздырақ істер үшін негіз ізде. Жасырындықта жұмбақ ұлылық бар. Əңгімеде өзін жеңіл жайып салатындарды сендіріп, жеңіп шығу қиын емес.

161. ӨЗ ҚҰШТАРЛЫҚТАРЫҢДЫ БІЛУ. Мүлтік-мінсіз адам да олардан кенде емес, қайта оларды мəпелеп, күтеді. Олар біздің ақылымызда аз емес жəне ақыл неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсырақ байқалады. Себебі, біз оларды ұнатамыз. Де генмен, ұсақ құштарлықтарға бой алдыру үлкен кемшілік. Олар жетілген діктің, кемелдіктің реңін кетіретін дақтар сияқты, өзімізге қанша ұнамды болса, маңайдағыларға сонша сүйкімсіз. Олардан құтылып, өз қасиеттеріңді құтқарып қалу – игілікті іс. Əлсіздіктер бірден көзге түседі: сені енді мақтай бастаған біреу əлсіздігіңді байқаса, үнсіз қа лады жəне қасиеттеріңе көлеңкесін түсіріп тұрған кемшіліктерді бетке басады. 162. КҮНШІЛДІК ПЕН АРАМ НИЕТТЕН БИІК ТҰРУ. Бүгінде жек көруден гөрі сыпайылықпен көбірек кек аласың. Жауы туралы жақсы сөз айтатын адам кез келген мақтаудан жоғары тұрады; қаhарман жалақордан өзінің айбыны мен ерлігі арқылы кек алады, осы қасиеттер күншілдікті де жеңіп шығады. Өйткені сенің əр қуанышың ашу-ызаның алқымын қыса түсе ді; саған жұмақ, қарсыласың үшін тозақ. Оған да сол керек, өзгенің тəттісінен өзіне у жасап несі бар. Күншіл бір рет емес, қарсыласы қан ша мақталса, сонша рет өледі; басқаның даңқы жер жарып жатқанда, біре удің азабы арта түседі; алғашқы рахатқа батады, соңғы қайғыда болады. Даңқ кернейі біреуге өшпес ат сыйласа, біреуге күншілдік тұзағында тұншығуды жазады.

163. БАҚЫТСЫЗДЫ АЯЙМЫН ДЕП, ЖОЛЫ БОЛҒЫШТЫҢ ҚАҺАРЫНА ҰШЫРАМАУ. Біреулердің бақыты басқалардың бақытсыздығынан басталатын кез аз емес; біреулер жеңіліс таппайынша өзгелер жоғары көтерілмейді. Жолы болмайтындар əдетте аяушылық тудырады – осы бір қайырымдылықпен біз Тағдыр жазасының орнын толтырғандай боламыз. Тасы өрге домалап тұрғанда бəріне жек көрінішті болған адам бақытсыздыққа ұшырағанда барлығының аяушылығын тудыратыны тағы бар: шарықтағанда жек көрушілік құлдырағанда аяушылықпен ауысады. Бірақ көреген адам тағдырдың не жа затынын қадағалағаны жөн. Тек жолы болмайтындармен араласу, кеше атқа мінер болғаны үшін ұнамсыз көрінгендермен жақындасу мінездің кеңпейіл дігін көрсеткенмен, ақылдың парасатын білдірмейді. 164. ТАМЫРЫН БАСЫП КӨРУ. Осы амал өзіңнің ниетің қаншалықты орынды екенін білмегенде əжетке жарайды. Табысқа қол жеткізесің əрі істі бастау немесе одан бас тарту жөнінде шешім қабылдауға уақыт қалады. Өзгелердің ойы осылай анықталады жəне есті адам неге сүйенуі керек екенін білетін болады: бұл – өтініш жасаудағы, махаббаттағы жəне басқарудағы маңызды сақтық. 165. ҰРЫСТЫ АДАЛ ЖҮРГІЗУ. Парасатты кісіні де ұрысқа мəжбүр етуге болады, бірақ ол абыройсыз ұрысқа аяқ баспайды, əркім мəжбүр етуге қарай емес, өз табиғатына сай əрекет істеуі тиіс. Жарыста парасаттылық мақтарлық жай: жеңу ғана емес, сондай-ақ қалай жеңу де маңызды. Арамдықпен жеңіске жету – жеңіс емес, ұтылыс. Кең пейілділік – артықшылық. Парасатты адам біткен достық басталған жаулыққа тыққыштайтын тыйым са лынған қаруды қолданбайды, яғни бұрынғы сенімді пайдаланып сатқындық жасамайды; сатып кету ізгі атқа дақ түсіреді. Ал жоғары атағы бар адамдарды болмашы дақ та ұятқа қалдырады: нағыз лайықтыны кез келген опасыздық түршіктіреді. Егер жер бетінде əдептілік, кең пейілдік жəне берілгендік жойылып кететін болса, оларды қайтадан сенің кеудеңнен та уып алатынын мақтаныш ет*.

166. СӨЗДІҢ АДАМЫ МЕН ІСТІҢ АДАМЫ. Өзіңнің нағыз достарыңды ажырата білген сияқты, оларды айыра білген де маңыз ды. Істе жақсы болып, сөзге шорқақ болған нашар; бірақ сөзге ұста бо лып, істе ебедейсіз болу одан да жаман. Бүгінде сөзбен тойдыра алмай сың, сөз – желмен бірдей; сыпайыгершілікпен де асырай алмайсың, сыпа йы алдау құстарды айнамен шағылыстырып ұстаған сияқты. Тек даңғой ғана ауаға тойынады. Істердің кепілі ретінде ғана сөздердің бағасы болады. Шірік ағаш жапырақ жайғанмен жеміс бермейді, қайсысының пайдалы екені өз өзінен белгілі емес пе?

167. ӨЗІҢЕ ӨЗІҢ КӨМЕКТЕСУ. Қырсыққа ұшырағанда батыл жүректен артық жақсы жолдас жоқ, ал ол əлсірегенде оған бас көмектессін. Ерлік тағдыр соққыларын жеңіл көтереді, ал Тағдырдың жетегінде кету мүлде төзгісіз болады. Қиыншылық салмағын көтере алма саң, оны ауырлата түсесің. Өзін білетін адам күші жетпеген жерде пара сатын көмекке шақырады. Ақылды адам жазмышты да өз дегеніне көндіреді. * Бұл Француз королі Франциск І-нің сөзі.

168. АҚЫМАҚТЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН РАҚЫМСЫЗДАР: Мен оларға менменшілдерді, даңғойларды, қырсықтарды, қыңырларды, маньяктарды, дарақыларды, бəл сінгіштерді, у тілділерді, өсекшілерді, даукестерді, көпшіліктен қол үзгендерді, қысқасы, шамасын білмейтін, тоқтамға келмейтіннің барлығын жатқызамын. Дененің көріксіздігінен жан кедейлігі ауыр, өйткені ол Жоғары Сұлулықтың əрін кетіреді. Бірақ адамдарды жаппай есуастықтан кім құтқарады? Парасат жоқ жерде ақылың аяқ астында қалады, кінəлағанға ұялу мен өкінудің орнына менмендік пен дандайсумен жауап береді. 169. БІР СƏТСІЗДІК ЖҮЗ СƏТТІЛІККЕ ЖҮК БОЛАДЫ. Жарқырап тұрған күнге ешкім қарай алмайды, бірақ тұтылуы мұң екен – бəрі көреді. Тобыр сенің сəттіліктеріңді санамайды, есесіне əрбір сəтсіздігіңді бірден байқай ды. Жақсыларды мақтағаннан гөрі нашар адамдарды көбірек біледі, əрі қаттырақ жазғырады; көп адам қылмысқа барғанша белгісіз болады. Сенің бар сəттіліктерің болмашы қателікті түзеуге жетпейді. Сондықтан, елікпе, арам ниет сенен жақсылықты емес, тек жамандықты көреді. 170. РЕЗЕРВ ҚАЛДЫРУ. Бұл жеңіс кепілі. Бəрін бірден шығарма, бар күшіңді сарқа жұмсама. Тіпті, білімді де запаста ұстаған дұрыс – осы арқылы оның бағасын көтересің, əрқашан жағдайға бірдеңе сақтаған жақсы. Ұрыс та ер жүректіліктен гөрі резерв маңыздырақ; ол өжеттілік пен сенімділік береді. Есті адам жаза баспай тірлік істейді. Осы тұрғыда «Жарты тұтастан үлкен»* деген таң қаларлық парадокс ойға оралады.

171. АРҚА ТҰТАРЫҢ БОЛСЫН. Маңызды достар – маңызды істер үшін. Олардың үлкен тілектестігін ұсақ-түйекке айырбастама, босқа жұмсама – бұл қайырымды лықты ысырап етушілік болады: кемедегілер өте қажет кезде ғана қолданатын қасиетті якорьды үлкен қауіпке сақтайды. Ұсақ-түйекке көп жұмсасаң, үлкен істерге не қалады? Бүгінде қамқоршыдан керегірек ешкім жоқ: ол дүниедегі барды жасап, бұзады, тіпті дарын сыйлап, одан айырады; оның даналарға берген даңқы Тағдырдың қызғанышын туғызады. Сондықтан маңызды достарың болып, оларды сақтай білу – ақшаң болғаннан артық.

172. БƏРІН ЖОҒАЛТҚАН АДАММЕН КЕРІСПЕ. Ұрыс тең болмайды. Қарсыласың ұрысқа жалтақтамай ұмтылады, өйткені оның жоғалтары жоқ, тіпті ұят та қалмаған, сондықтан ашына шабуылдайды. Ал * Жеті данышпанның бірі Питтактың сөзі. сен жылдар бойы жинаған абыройыңды мұндай қауіпке салма, бір артық қимыл не бейпіл сөз оны айрандай төгеді. Бір тіл тигізу жетіп жатыр, сенің бар еңбегіңнен дəнеңе де қалмайды. Парасатты адам ұрысқа асықпайды, жоғалтары бар. Ол абыройын қадірлегендіктен қарсыласын бағалайды, дауға абайлап кіреді жəне жақсы атын сақтауға уақыт қалу үшін баяу қимыл дайды. Ұрыста жеткен жеңісің оған киліккеннен туатын қырсықтардың ор нын толтыра алмайды.

173. АДАМДАРМЕН АРАЛАСУДА ШЫНЫ СИЯҚТЫ МОРТ СЫНБАУ. Əсіресе – достықта. Кейбіреу іші қуыс болған соң да жеңіл шытынап шыға келеді; өзін өкпелеумен, өзгелерді ренішпен толтырады. Шыбық ти мес, шыңқ етерлер болады; оларға əзілдеп те тиісе көрме. Мұндайлармен үш есе сақ бол, олардың əлсіз жері есте болсын, өркөкіректігін ая – абыройына түскен титтей сызат оларды құтыртып шыға келеді. Мұндайлар көбіне есерсоқ болады, өздерінің абыройы үшін бəріне дайын, олар тəкаппарлықтың құлы. Асыл тастардың ішінде алмас өзінің ұзаққа шыдайты нымен жəне беріктігімен құнды. 174. АЛДАҒЫҒА АСЫҚПАУ. Бəрінің өз уақы ты бар жəне бəрі саған қуаныш сыйлайды. Бақыт тым қысқа болатындықтан да, көп адамдарға, өмір өте ұзаққа созылатын сияқты: қуанышты ерте қолдан шығарып алады, мейлінше сайрандамайды, соңынан қайтарып алғысы келгенмен, жете алмайды. Олар желіп бара жатқан уақытқа өздерінің асығыстығын қосады; өмір бойы қорыта алмайтынын бір күнде жұтуға дайын; қуаныштарды жылдар бұрын көргісі келеді, асығыс-үсігіс қимылдайды, жəне бəрін ысырап етеді. Тіпті білімде де мөлшерді білген дұрыс, білуге тұрмайтын білімдер бар. Өміріміз рахатқа толы сағаттардан əлдеқайда ұзаққа созылады. Асықпай рахатқа кенел, бірақ шабан қимылдама. Іс біт се жақсы; қуаныш таусылса жаман. 175. ТИЯНАҚТЫ АДАМ. Мұндай адам жеңілтек адамдарды ұнатпайды. Жоғары қызметте тиянақтылық болмаса қыр сық жолдас болды дей бер. Адам сияқты көрінетіннің бəрі – адам емес; орындалмас қиялдан бастап, сандырақтар тудыратын елес қуушы адамдар болады; соларға ұқсас, оларды қолдайтындар да бар; бұлар шындықтың дұрыс, бірақ аз пайдасынан гөрі жалғандықтың қате, есесіне қомақты түсімін артық көреді. Ақыр аяғында орынсыз тілектердің күлі көкке ұшады, өйткені адалдыққа негізделмеген. Тек шындық қана ізгі даңқ, тиянақтылық қана – пайда əкеледі. Бір алдау соңынан екіншісін ерте келеді, бірақ бар ғимарат

орындалмас қиялдан, іргетасы ауадан қаланғандықтан, ол міндетті түрде күйреп құлайды. Қисынсыздық қартайғанша өмір сүрмей ді; жомарт уəделер көп ұзамай күдік туғызады, ал дəлелдің көптігі шүбə келтіреді. 176. ӨЗІҢ БІЛУ НЕ БІЛЕТІНДЕРДІ ТЫҢДАУ. Өзіңнің не өз генің ақылынсыз өмір сүре алмайсың; дегенмен көп адам өзінің білмейтінін білмейді, ал біреулер білмесе де білемін деп ойлайды. Ақымақтық дертінің жазылмайтын себебі, надандар өздеріне жетіспейтінді іздемейді. Біреулер ғалым болдым деп ойламағанда, ғалым болып шығар еді; өзіне риза олар даналық бастауын табу қиын екенін білгенмен табысқа масаттанып, ешкімді тыңдамайды. Кеңес сұраудан қысылма – бұл сенің кісілігіңді кішірейтіп, ақылыңа ұят келтірмейді: кеңесті тыңдай білу ақыл дан хабар береді. Бəрін таразылап қана ақылға қонымды іс бітіресің. 177. АҒАЙЫНШЫЛДЫҚТАН ҚАШУ. Өзің де орынсыз арсалаңдама, басқаларға да жол берме. Ағайыншылық парасатты адамға тəн артықшылықты, соңынан оған деген құрметті жояды. Шырақ алыстан жақсы көрінеді. Ғажайып қастерлеу ді талап етеді, қатардағы көзге түспейді: неғұрлым көбірек көрсе, соғұрлым азырақ бағалайды; байқалмайтын кемшіліктер жақын араласқанда көрінеді. Ешкіммен жақын қатынаспа; бұл жоғары тұрғандармен қауіпті, төмендегілермен – ұнамсыз, əсіресе ақымақтықтан арсыз келетін тобыр өзіне көрсетілген қайырымдылықты болуы тиіс нəрсе ретінде қабылдайды. Қатынаста тым қарапайым болуға болмайды.

178. ЖҮРЕККЕ СЕНУ. Əсіресе тəжірибелі жүректің айтқанына тоқтай біл. Онымен айтыспа, маңызды іс терде ол шындықты көре біледі: бұл үйдегі көріпкелің. Көпшіліктің түбіне өздері қауіптенген нəрсе жетті – қырсықтан сақтануға тырыспаса, қауіптенуден не пайда? Табиғаттың ерекше сыйы – аян беретін жүректер бар, ол əрқашан ескертеді, ал тар жол, тайғақ кешуде дабыл көтереді, құтқарар əрекетке асықтырады. Қырсыққа мойынсұнып көнуге болмайды, жоқ, оларды жеңіп шығу үшін күреске түсу керек.

179. ҰСТАМДЫЛЫҚ – МАҢЫЗДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ. Ашық көңіл жайылған карта сияқты. Үлкен құпия лар тереңде орналасады, өйткені онда бар құндылықтар сақталатын тұңғи ықтар бар. Ұстамдылық өзінеөзі ие болудан келеді, өз қызбалығыңды жеңу үлкен жеңіс. Сырыңды кімге ашсаң, соған жан басылық төлейсің. Іш кі тыныштық парасатқа шипа. Тұйықтыққа мезі етушілік өш: ол шыдамнан шығару үшін ұстамдылықтың жынына тиіп бағады. Істеу керек нəрсе туралы айтып керегі жоқ; ал айту керек нəрсені істеп қажеті жоқ. 180. ҚАРСЫЛАСЫМДЫ ӨЗІМ БІЛЕМГЕ САЛЫНБАУ. Ақылсыз ешқашан ақылды ойлағандай іс жасамайды, өйткені ақымақ қалай істеуді түсінбейді. Зерек күткендегіден өзгеше қимылдайды. Сондықтан əрбір істі өзіңе тартпай, екі тұрғыдан қарастыру керек, екі жақ үшін талқылау қажет. Адамдардың шешімдері əртүрі; сендегі біреуге іш тартуды білмейтін əділдік безбені болуы тиіс нəрселерді ғана емес, сондай-ақ болуы мүмкін құбылыстарды да ескерсін. 181. ӨТІРІК АЙТПАУ ƏРІ БАР ШЫНДЫҚТЫ ЖАРИЯЛАМАУ. Шындыққа жеңіл қарауға болмайды, ол жүректен шығады. Шындықты айту мен ол ту ралы үндемей қалу біраз дағдыны қажет етеді. Адал адамға атын жоғалту үшін бір рет өтірік айту жеткілікті. Алданып қалғанды аңқау, алдаушыны оңбаған дейді, соңғы алдыңғыдан əлдеқайда жаман. Бар шындықты айтуға болмайды: бірін өзің үшін, бірін – өзге үшін жасыр.

182. БƏРІНДЕ ӨЖЕТ ТІК ҰШҚЫНЫ БОЛУ – парасаттың маңызды өсиеті. Адамдар туралы ұстамдылықпен ой түй, оларды тым жоғары қойма, қиялың жүректі қорқытып жүрме сін. Біреулер жақын танығанша Құдайдай көрінеді; жақын таныстық көбіне құрметтен гөрі түңілушілік туғызады. Əлі ешкім адамдықтың тар ауқымы нан шыққан емес; əркімнің өз «бірағы» бар, біреудің дарыны ақсап жа тады, біреудің мінезінен кемшілік табасың. Лауазым сыртқы абыройды ға на береді, оған жеке бастың қасиеті сирек ұштасады: тағдыр əдетте жоғары орын үшін жанның бишаралығымен өш алады. Біздің қиялымыз алға жүгіргенді, бəрін асыра суреттегенді ұнатады: бар нəрсені ғана емес, бо луы мүмкін жайды да қамтып жатады. Демек, тəжірибелі ақыл түзету жаса уы керек. Бірақ түсінбеушілік батылдыққа ие болып, ізгілік жасқаншақ болып жүрмесін. Егер өзіне сенушілік ақ көңілдікке көмектессе, оның сіңірген еңбек пен білімге қаншалықты жəрдемдесетіні айтпаса да түсінікті болады. 183. ҚАСАРЫСПАУ. Барлық ақымақтар – қыңырлар, барлық қыңырлар – ақымақтар жəне пікір неғұрлым дұрыс болса, қыңырлық соғұрлым күшті. Тіпті айқын жағдайдың өзінде жол беру артық етпейді, сенің туралығың онсыз да түсінікті, сыпайылығың мойындауға тұрады. Айтыста қа сарысып жеңгенмен ештеңе ұтпайсың, сен шындықты емес, өзіңнің тəрбие сіздігіңді қорғайсың. Тоңмойындар болады, оларды бетінен қайтара ал майсың; ал қыңырлық есерсоқтықпен ұштасқанда, оларға міндетті

түрде ақымақтық қосылады. Қайтпас қайсарлық пікірдің емес, еріктің белгісі болуы тиіс. Рас, ерекше жағдайлар бар: өзіңді құтқару керек болғанда, өзіңді айтыс пен істе екі рет жеңуге жол бермеу қажет болады. 184. БƏЛСІНГІШ БОЛМАУ. Сарайдағы этикеттің сақталуын өте қатал қадағалаған Арагон королі Педро ІV-нің паңдығы да дарақылық ретінде мазаққа ұшырады. Көкірегін көтерген ешкімге жақпайды, осы əлсіздік етек жайған тұтас халықтар кездеседі. Ақымақтық жасауы тəкаппарлық жібінен тігіледі. Қадірлегенге ұмтылу – мақтауға тұрады, бірақ бəлсінгіш атану абырой əпермейді. Бұл үшін биік қасиеттер керек екені сөзсіз. Сыпайы лықты асыра сілтеуге де, оған немқұрайды қарауға да болмайды. Ұсақ-түйекшіл өзінің ұсақтығын көрсетеді. 185. БІР ҒАНА ТАЛАПТАНУМЕН ШЕКТЕЛ МЕ: өйткені егер оның сəті келмесе, сенің істі жеңбегенің болады. Бір рет, əсіресе алғашқыда, қателесу жеңіл: адамның əрқашан жолы бола бер мейді, əр нəрсенің өз уақыты бар. Сонымен, тағы бір талаптанып көр, егер мұның сəті түссе, алғашқы соңғының өтемі болады. Əрдайым жақсыға ұмтыл, дегеніңе жет. Кез келген іс көп жағдайға байланысты болады, та быс – жиі келмейтін бақыт.

186. ЕШТЕҢЕДЕН ҚАЙМЫҚПАЙ, КЕМШІЛІКТЕРДІ КӨРЕ БІЛУ. Əділ көздерден ешқандай кемшілік таса қалмайды, ол алтынға ора нып, мəуітіге малынып алса да білінбей қала алмайды. Қошемет көрсеткен адамы қанша жоғары болғанмен, жағымпаздықтың өзі мүсəпір күйде қалады. Кемшіліктерді ажарлап қоюға болады, бірақ олар ешкімге көрік бермейді. Бір мықты осындай да осындай істер жасапты дейді, бірақ олардың қалай жасалғанына көңіл аударылмайды. Дегенмен, жоғары тұрғанның үлгісі дəлелді көрінетіні сонша, ол лайықсызды да тартымды етеді: жарамсақтық ұлылыққа бет-əлпетінің ұсқынсыздығы жағынан да еліктейді, бірақ ұлылыққа жарасатын нəрсенің мүсəпірде жиренішті көрінетінін ескермейді. 187. ҰНАМДЫНЫ ӨЗІҢ, ҰНАМСЫЗДЫ ӨЗГЕЛЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАУ. Бірінші сені сүй кімді етсе, екінші жек көру туғызбайды. Ізгі жандарға жақсылықты қа былдағаннан оны жасаған ұнамды, олар осыдан лəззат алады. Ұнамсыздықты істей отырып, біз оны не аяушылықтан, не ұялғандықтан өз басымыздан өткізбегенімізді, сирек болса да, сезінеміз. Жоғарғы себептердің əре кеттері мойындаушылық пен наразылықты қатар туғызады, олар жақсылықты тікелей, жамандықты жанама жасасын. Сонда наразылықтың жек көру мен жазғыру жебелеріне арналған нысана болады. Құтырған ит сияқты тобыр себептерді түсінбей жатып соған бас салады жəне басты кінə онда болма са да, нысана соққыларды өзіне қабылдайды.

188. МАҚТАУҒА ТҰРАРЛЫҚТЫ АСЫРА МАҚТАУ. Бұл жақсыға тəрбиеленген, оны бағалай білетін талғамның куəсі. Мінсізді көрген ғана оның мінсіз екенін айыра алады. Мұндай адам əңгіме лесу мен еліктеуге тұратын нəрселерді ұсынады əрі бір мезгілде ұнамды мағлұматтардан хабардар етеді – бұл да отырғандардың абыройын көтеру дің бір тəсілі. Басқалар, керісінше, тек кінəлауға бейім жəне отырған дарды мақтап, келмегендерді даттап отырады; мұндай жағынуға үстірт адамдар ғана мəз болады. Біреулер бүгінгі қарабайырларды кешегі шамшы рақтардан əдейі жоғары қояды. Бірақ көреген кісі жылпостардың бұл əдісін бірден біледі, оны біреудің асыра мақталуы таңырқатпайды, өзін көкке көтергенге де немқұрайды қарайды, ол бұл адамдардың өзінің жау ларына да ертең осындай қылық көрсететінін түсінеді, тек онда бəрі керісінше айтылады. 189. ӨЗГЕНІҢ ІСІ ТҮСУІН ПАЙДАЛАНУ. Реті келген тұста бұл – кез келген істі ашатын ең жақсы кілт. Философтар мүддеге мəн берген емес, ал саясатшылар оны құрметтейді жəне қалай пайдалануды біледі. Біреулер өз мақсатына жету үшін басқалардың ниеттерін өзіне баспалдақ етеді. Олар жағдайды мүлт жібермей пайдаланады. Олар салқын ұстамдылықтан гөрі, қызу ұмтылыстан көп үміт күтеді – ындынын құртқан нəрсе алыстаған сайын олардың тілегі қоза түседі. Ниетіңді жүзеге асырғың келсе, өзіңе деген қажеттікті қолдап отыр. 190. БƏРІНІҢ ӨЗ ЖҰБАНЫШЫ БАР. Мүсəпір, бейшаралар оны алданыш етеді. Жаманның да өз жақсысы болады, ақымақтар сəттілікті көңілге медеу тұтады – «бақыт ақымақтарға» деп текке айтпаған ғой. Құнсыз болсаң ұзақ өмір сүресің, сызаты бар ыдысқа тозу жоқ, əрі ол қарауға көріксіз де! Тəрізі, Тағдырдың өзі көрнекті адамдарды күндейтін сияқты, өйткені мүсəпірлерге ұзақ өмір, ұлыларға қысқа ғұмыр сыйлайды. Керек адамдар бұл өмірден тез кетеді, есесіне түкке тұрғысыздар ғасырды босқа өткізеді. Кейде бишараға бақыт пен өлім өзара сөз байласып, мұны ұмытып кеткен сияқты көрінеді. 191. ƏСІРЕ СЫПАЙЫГЕРШІЛІККЕ СЕНБЕУ. Бұл алдаудың бір түрі. Біреулер фессалия шөптерінсіз* де арбай біледі – ақымақтарды, менменшіл * Ежелгі Грецияның бір облысы – Фессалия өзінің бақсы-балгерлігімен аты шыққан.

даңғойларды қалпақпен ұрып алады. Олар сенің абыройыңның бағасын өзде рі белгілеп, төлемін желдей ескен жарамсақ сөздермен төлейді. Бəрінен емексіту – құр дəметтіру; уəделер аңғалдарға арналған тор. Шын сыпайы лық – борыш; жасанды, əсіре сыпайылық – алдамшылық, ол əдептіліктің емес, жеке бас ерекшелігінің қамын жейді. Жағымпаз саған емес, сенің жағдайыңа жағынады, қасиеттеріңе қошемет көрсете отырып, өзінің пайда сы туралы ойлайды. 192. БЕЙБІТШІЛДІҢ ӨМІРІ ҰЗАҚ. Тыныш өмірді қаласаң, өзгелердің өмір сүруіне кедергі жасама. Ынтымақшылдар өмір сүріп қана қоймайды, олар одан лəззат алады. Бəрін де көр, біл, есті, бірақ үндеме. Күнің даушарсыз өтсе, ұйқың тəтті болады. Ұзақ та қуанышты өмір сүру – бейбітшіліктің жемісі. Өзіне қатысты емеске мұрнын тықпайтын жан көп ра хат көреді. Болмашыдан мəселе шығару – мағынасыздық. Сол сияқты, өзің үшін маңыздыға саусағыңды қимылдатпай, өзіңе елеусізге жантəніңмен қайғыру да ақымақтық. 193. ӨЗГЕНІҢ МҮДДЕСІН ЖАМЫЛЫП, ӨЗ ДЕГЕНІНЕ ҰМТЫЛАТЫНДАРДАН САҚТАНУ. Қулыққа көрегендікті қарсы қой. Олардан екі есе ақылды бол. Біреулер өз пайдасын өзгенің мүддесі сияқты көрсетеді; мұндай арам ниетті тани алмасаң, əр кез өз қолыңды күйдіріп, оттан басқаларға игілік əперіп отырасың. 194. ӨЗІҢ ТУРАЛЫ, ӨЗІҢНІҢ КҮШІҢ ЖӨНІНДЕ ТУРА ПІКІРДЕ БОЛУ. Əсіресе жастық шақта. Барлық адамдар өзі ту ралы жоғары пікірде болады, кісі неғұрлым ұсақ болса, өзін соғұрлым жоғары қояды: ғажайып бақыт туралы армандай отырып, өздерін табиғаттың кереметі көреді. Үміт көп дəметтіреді, өмір ешқайсысын орындамайды, сөйтіп менменшіл қиялдың шын өмірді түсінуі ауыр азапқа айналады. Мұн дай адасуларда парасатың өзіңе серік болсын, жақсыны көксегеннің айы бы жоқ, бірақ тағдырды салқынқандылықпен қарсы алу үшін жамандыққа да йын бол. Шебер мерген көздей отырып сəл жоғары атады, бірақ тым жоғары да кетіп қалмайды. Іске кіріскен кезде өзің туралы пікірге мұндай түзету енгізу өте қажет, өзін дəріптеушілік тəжірибенің жоқтығынан абайламаушылыққа бейім келеді. Ақымақтықтың барлық түріне қарсы пара сатты ақылдан артық шипалы дəрі жоқ. Əркім өз əрекетінің ауқымын анықтауы тиіс, сонда ол өзі туралы пікірді шындықпен үйлестіреді. 195. БАСҚАЛАРДЫ БАҒАЛАУ. Бір нəрсеге үйрете алмайтын адам жоқ, сол сияқты басқа шебер асып түспейтін шебер кездеспейді. Əркімнен пайдалы нəрсеге үйрену – өте маңызды дағды. Ақылды бəрін бағалайды, өйткені əркімнен жақсы нəрсе байқай біледі жəне жақсыны жасаудың қандай қиын екенін түсінеді. Ақылсыз ешкімді бағаламайды, өйткені жақсыны көрмейді жəне тек нашарды байқайды.

196. ӨЗ ЖҰЛДЫЗЫН БІЛУ. Үлестен құр қалған бишараның да өз жұлдызы бар, оның бақытсыздық күйге түсуінің себебі – оны білмейтіндігінен. Біреулерге, неге екені белгісіз, монархтар мен əміршілердің жанынан орын бұйырды, тағдырдың өзі оларға қайырымдылық жасады, ал енді оларға тек ыждағаттылық көрсетсе жетіп жатыр. Кейбіреу дана лардың ықыласын аударады; біреуді бір ұлт басқаға қарағанда көбірек мойындайды, біреу бір қалада өзге қаламен салыстырғанда көбірек құрметке бөленеді. Кейде адамның бір істе басқа жұмысқа қарағанда көбірек жолы болады. Талайымыз тағдыр қолында; əркім өз жұлдызы мен болмысын білсін, осыған оның өзін құртатыны не атын шығаратыны байланысты. Жұлдызыңа сен жəне оған көмектес; өзіңнің Темірқазығыңнан ауытқып, көрші Кіші Аю жұлдызына кетіп қалудан сақтан. 197. АҚЫМАҚТАРМЕН БАЙЛАНЫСПАУ. Ақымақтарды тани білмейтін де ақымақ, ал оларды танығанмен жанынан кетпейтін одан да өткен ақымақ. Олар үстірт араласуда қауіпті болса, жақын қарым-қатынаста тіпті құртады. Əуелі оларды өздерінің қаупі мен маңайындағылардың қамқорлығы тежейді, бірақ соңынан не ақымақтық істейді, не аңдамай сөйлеп қояды. Өзі құрметке ие болмаған, оны басқаға жасай қоймас. Ақылсыздың ақымақтықтан да жолы болмайды – екеуі де жұққыш келетіні есте болсын. Бір нəрсе ғана оларда нашар емес: ақылдылар олар үшін пайдасыз болса да, олардың өздері ақылдыларға бірқатар пайда əкеледі – не өмірді та нуға көмектеседі, не ғибраттық сабақ болады. 198. ОРЫН АУЫСТЫРУДАН ҚО РЫҚПАУ. Бірдеңеге, əсіресе жоғарғыға қол жеткізгісі келгендердің жат елге кеткені жақсы деп есептейтін халықтар бар. Отан-ана, кейде, тіпті көрнекті адамдарға да өгей болады: онда бала кезінен таныс жанды күн деу жиі кездеседі; жерлестері оның жеткен жетістіктерінен гөрі кемшіліктерін қазбалағыш болады. Түйреуіштің де Ескіден Жаңа Дүниеге өтіп бағасы артты; осында ауысқан шыны да алмастан артық бағаланды. Өзгенікі құрметті: себебі не алыстан келеді не дайын, өңделген күйде бола ды. Өзінің меңіреу түкпірінде жек көрінішті болған адамдардың жат елде жерлестерінің де, жат жерліктердің де құрметіне ілінгенін көргенбіз, алғашқылар алыста жүргендіктен,

соңғылар жат жерлік болғандықтан сыйлайды. Қасиетті тұғырдағы ағаш мүсінді оны бұрынырақ орманда бөрене күйінде көрген қастерлемейді. 199. ӨЗІНЕ АРСЫЗДЫҚПЕН ЕМЕС, ПАРАСАТПЕН ЖОЛ САЛУ. Құрметке бөленудің дұрыс жолы – еңбек сіңіру, ал алғырлық айбынмен ұштасқан кезде бұл табысқа апарар ең төте жол. Адал болу ғана жеткіліксіз, бірақ жабысқақ болу ұят, онда сіңірген еңбегіңе кір ке леді, ізгі атыңа дақ түседі. Оған істеген еңбек пен көзге түсу дағды сын қатар ұштастыру арқылы жетуге болады.

200. ƏРҚАШАН БІРНƏРСЕНІ ТІЛЕУ – бақытқа тойып, бақытсыз болмау үшін керек. Дене тыныс алады, көңіл аңсайды. Аңсағанның бəрі қолымызда болса, нағыз іш пысу сонда бас талады: ақылдың өзіне, əуесқойлық тудыратын, оған белгісіз жайды сақтап қою керек. Үміт шабыт береді, зерігіп, жалығу – құртады. Тіпті ма рапаттай отырып, толық қанағаттандырма; қалайтын түк қалмаса, жамандық күте бер: бұл сорлы бақыттылық. Тілек біткен жерде қауіптену бастала ды.

201. АҚЫМАҚ КӨРІНЕТІНДЕРДІҢ БƏРІ ЖƏНЕ АҚЫМАҚ БОЛЫП КӨРІНБЕЙТІНДЕР ДІҢ ЖАРТЫСЫ АҚЫМАҚ. Дүниені ақылсыздық жаулап алды, ал егер жерде да налық түйірін кездестіргеннің өзінде, ол ғарыш даналығының жанында есалаңдық. Өзін ақылдыға, басқаларды ақымаққа жатқызатын нағыз топас тың өзі. Дана болу үшін ақылды болып көріну жеткіліксіз; өзінің біл мейтінін түсінген – біледі; басқалардың түсінетінін ұқпайтын – түсін бейді. Дүние ақымақтарға толы, бірақ ешкім өзін ақымақ санамайды. 202. СӨЗДЕР МЕН ІСТЕР МҮЛТІКСІЗ АДАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ. Сенің сөздерің ізгілікпен, істерің абыроймен толықсын: алғашқысы кемел ақылды, соңғысы биік рухты білдіреді; екеуі де өр көңілден шығады. Сөздер – əрекет тің көлеңкесі ғана; сөздер – əйелге, істер – еркекке тəн. Сен мақтағаннан сені мақтаған лайықтырақ: айту жеңіл – істеу қиын. Іс-əрекет – өмірдің мəні, ол сөздер – оның сəні; биік істер қалады, биік сөздер ұмытылады. Іс-əрекет – саналы ықыластың жемісі, біреулер – ақылды, біреулер – əрекетшіл. 203. ЗАМАНЫҢНЫҢ ИГІ ЖАҚСЫЛАРЫН БІЛУ. Олар көп те емес; бүкіл дүниеде бір феникс, бір ұлы қолбасшы, бір орақ тілді ше шен, бір данышпан ғасырда бір рет туады, ал абырой-атаққа лайық билеуші одан да сирек. Қарабайырлықты табу жеңіл, бағалау да қиын емес; ұлылық – сирек, өйткені ол мінсіздіктің үлгісі; ал дəреже неғұрлым жоғары болса, оған көтерілетін шың соғұрлым биік болмақ. Көп адам Цезарь мен Александрдың «ұлы» атағын пайдаланды, бірақ əрекетсіз атақ – құр дыбыс. Сенекалар аз кездеседі, ал жұрт пікірі Апеллестың ғана атын шығарды.

204. ЖЕҢІЛ ІСТІ ҚИЫН, АЛ ҚИЫН ІСТІ ЖЕҢІЛ СИЯҚТЫ ҚОЛҒА АЛУ. Бірінші жағдайда, сенімділік алаңсыздыққа ауыспайды; екінші жағдайда сенімсіздік тартыншақтық тудырмайды. Іс бітірмеудің басты себебі – оны күні бұрын бітті деп есептеу. Керісінше, ынта-ықылас мүмкін еместі мүм кін етеді. Ұлы бастамаларды тіпті ойластырып керегі жоқ деген Юлий Цезарьдың ережесіне сəйкес іске кіріс кен жөн, əйтпесе қиындықты байқап жүрегің шайлығады. 205. ЕЛЕМЕУ ОЙЫ НЫ. Көздеген мақсатқа жетудің ең жақсы тəсілі – елемеу. Бірдеңені із десең ешқашан таппайсың, ал ол туралы ұмытқанда, өзі қолға түседі. Осы дүниедегінің бəрі мəңгілік əлемнің көлеңкесі болғандықтан, онда көлеңкенің қасиеті кездеседі – қуған адамнан қашады жəне қашқан адамды қуа ды. Ескермеу, сондай-ақ, ең айлалы кек. Есті адамдардың бірінші ереже сі – өзін ешқашан қаламмен қорғамау: ол із қалдырады жəне қарсыласқа өрескелдігі үшін жазаның орнына батылдық даңқын əкеледі. Кейде Мүсəпірлер атын шығару үшін ұлыларға тиіседі: егер қарсыластары атақты болмағанда, көп адам белгісіздікте қалар еді. Ең жақсы кек – ұмыту, ол жауыңды оның түкке тұрғысыздық күлінде жерлейді. Есуастар тарихқа қан дай жолмен болса да кіруге ұмтылады, атын шығару үшін əлемнің кереме тін өртейді*. Өсек атын өшіру үшін оған назар аудармау керек: дауласа бастасаң өзіңе жаман, сенің жақсы атыңа кір келеді. Қарсыластарыңа шы дай біл; тіпті ғайбат сөздің көлеңкесі мүлтіксіздік нұрын өшірмесе де, солғын етеді.

206. ҚАРА НИЕТ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІНІ ЕСТЕ БОЛСЫН, оны тіпті ежелгі Грецияда жоғары мəдениетімен даңққа бөленген Коринфтің өзінде, атақты отбасынан да табасың. Əркім мұны тіпті өз үйінде сезінеді. Бірақ жай тобыр бар да, қара тобыр бар. Қара тобырда жай тобырдың қасиеттері кездеседі (айнаның сынығы сияқты), бірақ ол одан да қаскүнем; оның пікірлері тұрпайы, талқылауы арсыз келе ді; ал надандықтың ынталы оқушысы, ақымақтықтың қамқоршысы, жаланың серігі. Оның сөздерін тыңдама, əсіресе сезімдеріне берілме. Одан босау * Эфестегі Артемида храмын өртеген Геростатқа жасалған ишара.

үшін оны білу керек: өйткені кез келген надандық тобырдан келеді, ал тобыр надандардан тұрады. 207. ҰСТАМДЫ БОЛ, кез келген жағдайда кез дейсоқтықтан жоғары тұр. Қызбалық екпіні парасат үшін тайғанақ жар, жығылып жүрме. Бір сəттік ашу не қуаныш салқынқандылық сағаттарына қа рағанда əріге əкетеді; бір сəттік ашуға ерік берсең соңына қынжылып жүресің. Қаскүнемнің арам ойы ниетті байқау үшін парасатты осылай азғырады; сөйтіп көңіл кілтімен сырыңды ашып, ең құнды қазынаңды ұрлап əкетеді. Ұстам дылықпен қорған, əсіресе тұтқиылдан, кенет болатыннан сақтан. Қызбалығың ауыздығымен алыспас үшін үлкен табандылық керек; ат үстінде де парасатын жоғалтпайтынға баға жетпейді. Қауіпті білетін абайлап қозғалады. Сөз айтқан адамға жеңіл, тиген кісісіне ауыр. 208. АҚЫМАҚТАРДЫҢ СЫРҚАТЫМЕН АУЫРМАУ. Даналар көбіне көп парасаттың жетіспеуінен, ал ақымақтар, керісінше, ақылдың тасуынан азап шегеді. Ақымақ тым білгіш сінуден өледі. Біреулер қайғырғаннан бақилық болады, біреулер қайғыр майтындықтан жер басып жүр. Сонымен, біреулер қайғыдан өлмейтіндіктен ақымақ, біреулер қайғыдан өлетіндіктен ақымақ. Тасыған ақылы түбіне жететін адам да – ақымақ. Демек, біреулер бұрыс түсініктен өлсе, біре улер түсінбестіктің арқасында тірі жүр. Дегенмен, көп адам ақымақтар сияқты өледі, өлген ақымақтар аз.

209. ЖАҢСАҚ ПІКІРДЕН ҚҰТЫЛУ. Бұл ерекше дұрыс ойлаушылықты қажет етеді. Жаңсақ пікірлер өте тұрақты, терең тамыр жайған; əдеттен тыс адасуларға бой алдырмаған көптеген адамдар үйреншікті адасудан қашып құтыла алмайды. Жаңсақтық, мысалы, əркім өзінің жақсы тағдырына көңілі толмаса да, өзінің қарабайыр ақылына риза. Өз тағдырына наразылар өзгенің бақытын күндейді. Бүгінгі адамдар əрқашан кешегі күнді мақтайды, бір елдің тұрғындары өзге халықтың игілігін көксейді. Өткен шақ əрдайым жарқын; не алыс болса, сол қалаулы. Бəрін мазақ ететін адам мен бəрінен қынжылатын кісінің екеуі де ақылсыз.

210. ШЫНДЫҚТЫ ЕБІН ТАУЫП ПАЙДАЛАНУ. Шындық қауіпті, бірақ абырой іздеген адам оны айтпай тұра алмайды: мұның да өз өнері бар. Сөйтіп, жанды шебер емдеушілер бұған да амал тауып, шындықты тəттірек етті, өйткені шындық біздің көзімізді ашқанда, одан ащы нəрсе болмай ды. Сыпайыгершілік мұнда өз əдістерін қолданады: бір шындық біреуге ұнаса, біреуге жақпайды. Бүгінгі адамдармен сұхбатта ежелгі адамдар туралы əңгіме шерт. Зерделіге ишарат та жетеді, ал ишара қонбаса үнде меген абзал. Əміршілерді ащы дəрімен емдеуге болмайды, сондықтан оны тəттірек ету өнеріне жүгінген жөн.

211. ЖҰМАҚТАҒЫНЫҢ БƏРІ – ҚУАНЫШ, ТОЗАҚТАҒЫНЫҢ БƏРІ – АЗАП, ортадағы біздің дүниеде екеуі де кездеседі; біз екі кереғарлықтың арасында өмір сүреміз, екеуіне де қатысымыз бар. Тағдыр тұрақсыз: өмір кілең бақыттан не ылғи бақытсыздықтан тұрмайды. Біздің əлем өз бетінше түкке тұрғысыз, Аспанмен тіркесіп құны толады. Өзгергіштікке немқұрайды қараған дұрыс, дана адам ештеңеге таң қалмайды. Біздің тірлігіміз комедия сияқты басталады, оның жақсылықпен аяқталуын қадағала.

212. ӨЗ ӨНЕРІНІҢ АСҚАН ҚҰПИЯЛАРЫН САҚТАУ. Бұл ұлы ұстаздардың əдісі – белгілі бір өнерге үйрету кезінде олар артықшылығын сақтап, жетекші болып қалу үшін осы амалды пайдаланады. Шеберлікпен шебер бөлісе білу керек, сонда білім бұлағы сарқылмайды. Осы арқылы жақсы атыңды сақтап қаласың. Əрі қарай таңырқатып, одан əрі жетілгендік көрсеткің келсе, осы маңызды ережені ұмытпа. Кез келген істе, əсіресе мəнді істерде резерв өмір сүріп, жеңе білу ғылымының құрамына кіреді. 213. ЕПТІЛІКПЕН ҚАРСЫ БОЛУ. Өзің шатаспай, басқаның тамырын ба сып көрудің озық тəсілі – ниетті айқындау. Бұл өзгенің құштарлықтарын қамаудан босататын тамаша құрал; жасанды сенімсіздік іштегі құпияларды шығарып, жүрек құлпын ашады. Сезімдер мен ойларды ерекше нəзіктікпен сынайсың. Айтқан сөзді жорта елемеу арқылы көңіл түкпірінен ең құпия сырларды шығарасың, оларды тізгінінен жеңіл тарта отырып, тілге бағыт тайсың, олар онда сенің мекер ниетің жайған торға түседі. Өз ұстамды лығың басқаны ұстамдылықтан шығарады, сөйтіп сырын сездірмей келген жүрек өз тілектерін жайып салады. Жасанды шүбəланудың көмегімен əуесқойлық қалаған нəрсесінің бəрін біледі. Тіпті білімді аңсаған оқушының мұғаліміне қарсы келуі күнə емес, сонда ол шындықты толығырақ баяндап, дəлелдейтін болады; орынды қарсы бола отырып, білімнің толықтығына қол жеткізе аласың.

214. БІР АҚЫМАҚТЫҚТЫ ЕКЕУ ЕТПЕУ. Бір ақымақтықты түзеймін деп басқаларын жасайтын кез аз емес. Бір қателікті басқа, үлкен қателікпен ақтау ақымақтықты жалғандыққа ұқсатады, өйткені жалғандық аяғына тұра алуы үшін көптеген басқа өтіріктерді қажет етеді. Алдамшы егесте кепілшіге қиын; қырсықты мойындамау қырсықтың өзінен де жаман. Адамның кемшіліктері басқа, жаңа кемшіліктерді туды-

рады. Ұлы данышпан да қателік жасайды, бірақ екі рет емес, бір рет жəне тұрақты емес, кездейсоқ жасайды.

215. ОЙЫНДА ЕКІНШІ АРАМ НИЕТІ БАРДАН САҚТАНУ. Айлакер басқаны жайбарақат ұстағанды ұнатады; қауіптенбеуге сендіре оты рып, ол жеңіп шығады. Мұндай адам өзінің басты ниетін жасырып, елеу сіз, екінші ниетін көрсетеді, ал іс жүзінде алғашқыны жүзеге асырып, алаңсыз жауына соққы береді. Сондықтан, біреудің ниеті сергек жүрген жерде басқаның қырағылығы қалғымасын, ал құпия ниет торуылға шегінген кезде көрегендік барлауға шықсын. Абайлаушылық зұлымдықтың қылықтарын көре біліп, оның өз мақсатының маңында торуылдап жүргенін байқасын. Мұндайдың сөзі мен ойы бөлек болады; естен жаңылдырып барып, көздеген жерге соғады. Оның өзіңнен неден басым екеніне қара, ал кейде оны жақсы түсінетініңді көрсеткен орынды. 216. ОЙДЫ АЙҚЫН БАЯНДАУ. Мəселе ой ды түсінікті жеткізе білуде болып отыр. Кейбіреу ойындағы нəрсесін ай та алмайды, өйткені жанның бала-шағасы – ойлар мен пікірлер – анықтық болмаған кезде сыртқа шыға алмайды. Кейбір адамдар өзіне көп сыйдырып, аздан шығаратын ыдысқа ұқсайды; керісінше, сезінгенінен гөрі көп жет кізетін кісілер бар. Ерік үшін батылдық қанша керек болса, ақылға анықтық сонша қажет, екеуі де үлкен қасиет. Түсінікті ақыл бəріне ұнамды, бұлдыр ой өзінің түсініксіздігі үшін бұрындары құрметтелетін; мүмкін, өрескелдікті болдырмас үшін аздап көмескілік те керек шығар. Бірақ тыңдаушы пікір білдірмесе, айтқан ойды жетті деу қиын.

217. ДОС ТЫҚТЫҢ ДА, ЖАУЛЫҚТЫҢ ДА ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАТЫНЫНА СЕНІП ҚАЛМАУ. Бүгінгі до сыңа ертеңгі жауың ретінде қара; өмірде бəрі болады, сондықтан мұны күні-бұрын ескер. Əсіресе, бұрын достықта болғандардың шабуылы қатты болады. Жауларыңа, керісінше, татулық есігін əрқашан ашық ұста, мұндай есік сыпайылық болсын, ол бəрінен сенімдірек. Кейде қайтарылған кек тен соң кешігіп жеткен ойлар бізді қинайтыны бар; сонда жауыңа зиян келтіргеннің қуанышы қайғыға айналады. 218. ҚИҚАРЛЫҚПЕН ЕМЕС, ПАРАСАТ ПЕН ҚИМЫЛДАУ. Қасару – көргенсіздік, ол ешқашан тəуір жағына жүрмейді. Кейбіреу өмірдің бар мəнін төбелестен көреді; олар араласудың қарақшы лары, кез келген істі ұрыспен алады, өйткені бейбіт дағды жоқ. Мұндай адамдар билікке қолы жетсе көп зиян тигізеді, жақтастарын қарақшыларға айналдырады; бауырласуға болатын адамды дұшпан етеді; бəрінде қулық-сұмдықты басшылыққа алады, мақсатына жауыздықпен жетеді; олардың бұзық қылықтары ашылуы мұң екен, бəрі оларға шүйіледі, сонда олардың арам ойларына тосқауыл қойылады, оларға ештеңенің сəті түспейді, əр қадам сайын жəбір-жапа шегеді, бəрі оларға қарсы. Мұндай адамдардың миы кіресілі-шығасылы, жүрегі де орнында тұрмайды. Мұндай мырзалармен қатар өмір сүргеннен, безіп кеткен артық, олардың рақымсыздығынан гөрі, жабайылардың тағылығына төзу жеңілірек. 219. ҚУ АДАМ РЕТІНДЕ БЕЛ ГІЛІ БОЛМАУ. Қулықсыз өмір сүре алмасаң да, одан тартын. Одан да абай лағыш атың болсын. Адалдықты бəрі ұнатады, бірақ ол əркімге сырт қарағанға керек. Сырттай ақ көңіл бол, бірақ аңқау болма, қырағы бол, бірақ қу болма. Сенен екіжүзді ретінде қауіптенгеннен, сені парасатты адам ретінде қадірлеген жақсы. Адалдарды жақсы көргенмен, оларды ал дайды. Ұлы қулық – қулығыңды байқатпау, өйткені оны өтірікке теңейді. Алтын ғасырда əділдік басым болса, біздің заманымызда жəдігөйлік сал танат құруда. Парасаттылық аты құрметті əрі оған сенім білдіреді, жал постық ат күмəнді жəне одан қауіптенеді. 220. АРЫСТАННЫҢ ТЕРІСІН КИЕ АЛМАСАҢ, ТҮЛКІНІҢ ТЕРІСІН ЖАМЫЛ. Уақытында жол беру жеңіске жеткізе ді. Мақсатына жеткен адамды кінəламайды. Күшің жетпесе, ақылмен қи мылда. Ептілік күшке қарағанда көп нəрсе бітіреді, көбіне ақылдылар күштілерді жеңеді. Ал мүлде жете алмайтын болсаң, елемеуге тырыс. 221. ҰРЫСҚАҚ БОЛМА – өзіңді де масқара етпейсің, өзгені де ашуландырмайсың. Сыпайылық күзетінің өзінің кедергі тастары бар, басқаға тигізген зи янды өзің де көресің жəне бұл ақымақтық ретінде бағаланады. Тасқа сүрініп кету жеңіл, бірақ соңынан ауырсынасың. Сыпайыгершілік күзетшіле рінің күні ұрыс-керіссіз өтпейді, олардың мінезі қазымыр келеді, бар нəрсеге кесе көлденең тұрады; тəрізі, есі ауғандықтан да үнемі жақтыр майтын болар. Əсіресе, парасатты, өздері түк бітірмей, бəрін жазғырып отыратындар күштірек қорлайды – есуастықтың кең-байтақ патшалығында арсыздықтың неше түрі кездеседі. 222. ҰСТАМДЫ СӨЙЛЕУ – ПАРАСАТ БЕЛГІСІ. Тіл – жабайы аң сияқты: тордан шығып кетсе, қайта қамау қиын. Ал одан жанның дем алысы байқалады, даналар тіл арқылы оның денсаулығын анықтайды, көреген – жүрек соғысын сезеді. Міне, қырсық – үндемегені аб зал адамдар, керісінше, бəрінен көп сөйлейді. Ақылды жан өзіне ие бола оты рып,

ұрыс-жанжалдан да, реніш-қападан да бойын аулақ ұстайды: ол Янустай байсалды*, Аргустай қырағы. Одан да Манның адамдардың кеудесінде терезе жоқ деп назаланғанынан, алақандарында көз жоқ деп қайғырғаны дұрыс еді**. 223. ТЫМ КӨЗГЕ ТҮСПЕУ. Қылымсудан ба əлде түсінбестіктен бе, кейбіреу дарақылыққа жететін оғаштықтарымен ерекшеленеді, бұл көзге түсу емес, əдепсіздік. Өзінің ұсқынсыз əлпетімен аты шыққан кейбіреу сияқты, бұлар мінезінің делқұлылығымен белгілі болады. Осылай көзге түсу масқаралыққа ұшыратады, ерсі дарақылық біреудің күлкісін келтір се, біреудің ашуына тиеді.

224. ӨМІР НƏРСЕНІ ТЕРІС ЖАҒЫМЕН ҰСЫНСА, СЕН ОҢ ЖАҒЫМЕН АЛ: бар нəрсенің оң жəне теріс жақтары болады. Қылышты жүзінен ұстасаң – жарақаттайды, сабынан алсаң қорғайды. Реніш туғызатын нəрсені анықтап қарасаң, оның қуантатынын да байқайсың. Əр істің өз тиімділігі мен тиімсіздігі бар; өмір сүру өнері пайдалы жақты таба білуден тұрады. Əр тұрғыдан қараған зат əртүрлі көрінеді – бəріне қуанышты тұрғыдан қара. Бірақ қуанышта да, қайғыда да тізгінді қолдан шығарма. Мұндай дағдысы жоқ адам не бəріне мəз болады, не бəріне мұңая ды. Бұл игі өмірдің дана ережесі – əрбір істе, кез келген уақытта тағдыр тұрақсыздығынан сенімді қорғайды.

225. ӨЗІНІҢ НЕГІЗГІ КЕМШІЛІГІН БІЛУ. Басты қасиетіне кереғар кемшілігі болмайтын адам жоқ жəне осыған бейімділік себеп болатын болса, бұл кемшілік тирандық билікке ие бола ды. Өзіңді қырағылыққа шақыра отырып, оған соғыс аш жəне оны əшкерелеу сенің алғашқы қадамың болсын, өйткені оны танып қана жеңіске жетесің; əсіресе өзің де ол туралы маңайындағылардың пікірін ұстансаң теріс болмайды. Өзіңе билік ету – өзіңмен күресу. Басты кемшілігіңді жеңе алсаң, басқаларынан арылу қиын болмайды.

226. МІНДЕТТЕУ. Көпшіліктің сөздері мен істерін олардың болмысы емес, олармен қатынасу туғызады. Ақымақтыққа əркім-ақ сендіре алады, * Ежелгі Римнің кіру-шығу құдайы Янус біреуі алға, біреуі артқа қарап тұрған екі беті бар етіп бейнеленген, сондықтан ол байсалдылықтың үлгісі ретінде алынған. ** Мифтік аңыз бойынша, Құдай Вулкан адамды жасап, оны талқыға салған. Сонда күлкі құдайы Ман адамда ең қажетті – оның қандай зымияндық жасайтынын көріп отыруға болатын кеудесінде терезесі жоқ екенін байқайды; ал Грасианның ойынша, қырағылықта алақандағы көз маңыздырақ. өйткені оған оңай сенеді. Өзіміз дегі бардың ең жақсысы басқалардың пікіріне байланысты. Біреулер шын дықтың өз жағында екенін қанағат тұтады, бірақ бұл аздық етеді, шын дыққа мүмкіндігінше көмектесу керек. Біреуді міндеттеу онша қиын емес, есесіне көп пайда əкелуі мүмкін: сөздерге істер сатып алынады. Біздің дүние сияқты үлкен үйде мүлде керексіз, түкке тұрғысыз бұйым болмайды. Əркім өзі əуес нəрсе туралы айтады. 227. АЛҒАШҚЫ ƏСЕРГЕ БЕРІЛМЕУ. Біреулер алғашқы əсермен заңды некеге тұрады, кейінгілер олар үшін – ашыналар; сол сияқты, жалғандық əрдайым алдымен келеді, сөйтіп, соңы нан жететін шындыққа орын қалмайды. Сезімді алғашқы əсермен, ақылды – алғашқы хабармен толтырма; бұл – тайыздықтың белгісі. Өзіне бірінші құйылған сұйықтың иісін сіңіріп алатын ыдысқа ұқсас адамдар бар. Бұл əлсіздікті басқалар біліп қойса, іс насырға шаппақ, зұлымдыққа да осы керек: ол сенің сенгіштігіңді өз түсіне бояуға асығады. Пікірді қайта таразылауға əрқашан орын қалсын, Александр да бір құлағын екінші жаққа ашық ұстаған*. Алғашқы əсерге берілуден соқыр тəуекелге дейін – бір-ақ қадам. 228. ӨСЕК-АЯҢҒА САЛЫНБАУ. Ғайбаттау жақсы атақ əпермейді. Біре уді біраз жерге жеткізіп тастау қиын емес, бірақ соңы жақсы болмайды. Сенен өш ала бастайды, сен туралы да жаман сөздер тарайды; сен жалғыз сың, жауларың көп – олар сені тезірек жеңеді. Адамдардан ақымақтық көрсең қуанба əрі талқылама. Өсекші ешкімге ұнаған емес, рас, кейде маңызды кісілер оны бауырға тартады, бірақ бұл оның ақылын құрметте геннен емес, оның келемеждеуін тыңдап, рахаттану үшін жасалады. Не айтсаң, соны естисің. 229. ӨЗ ӨМІРІН АҚЫЛМЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ пайда мен ра хатты қатар ұштастыру үшін керек. Демалыссыз өмір қонақ үйсіз ұзақ са яхат сияқты ауыр тиеді; танымды алуан түрлі ету оны қызықты етеді. Із гі өмір жолындағы алғашқы дамылдауды өлілермен тілдесуге арна: біз білім мен өзімізді тану үшін туамыз, ал кітаптар адал қызмет ете оты рып, адамды адам етеді. Екінші дамылдауды тірілермен өткіз: дүниедегі бар жақсыны көр, байқа. Бар жақсы тек бір елде болмайды: біздің ортақ əкеміз жасауды түрлі жерлерге бөліп берген, сөйтіп жарымес бойжеткен бəрінен бай болып шығуы мүмкін. Үшінші тыныс алуды толығымен өзіңе ар на; жоғары рахат – ойланып, пайымдауда. * 146-шы мысалды қараңыз.

230. УАҚЫТЫНДА КӨЗІ АШЫЛУ. Көріп тұрғанның бəрінің көзі ашық емес, сол сияқты, қарағанның бəрі көріп тұрмайды. Кеш мəн берудің пайдасы шамалы, өкініш қана қалады. Кейбіреулер үйлері тоналып, істері құлдыраған кезде ғана көре бастайды. Ықыласы болмаса ақыл айту да қиын: ақылы болмаса ынта тудыру одан да қиынырақ. Мұндай адамдар маңайындағылардың қиындығы ойыншық сияқты, оларды соқырды алып жүргендей ертіп жүреді; олар кереңдіктен естігісі келмейтіндіктен көздері де ашылмайды. Оның жанынан сол сəтте осы ке реңдік пен соқырлықты қолдайтын сұм табыла кетеді, бұл оған пайдалы. Соқыр қожайыны бар аттың күні құрысын. 231. ЕШҚАШАН БІТПЕГЕН ІСТІ КӨР СЕТПЕ – біткен соң тамашаласын. Істің басталуы үйлесімсіз болады, сөй тіп оның келіссіз түрі ойда қалып қояды; оның үлгісі кейін аяқталған істен лəззат алуға кедергі жасайды. Тұтас бұйымнан рахаттану оның бөліктері туралы пікірді қиындатса да, ол өз бетінше талғамды көтереді. Нəрсе өз көркіне енбес бұрын, сиықсыз күйде болады. Дəмді тағамның қа лай дайындалатынын көру тəбетті тарттырмайды, қайта жүректі айнытады. Тамаша шебер өз шығармаларын шикі кезінде көрсетпегені дұрыс: табиғат та өз туындыларын кемеліне жеткізіп барып жарыққа шығарады. 232. АЗДАП ІСКЕР ДЕ БОЛУ. Тек ойлану ғана жеткіліксіз, əрекет етуге тура келеді. Өте оқымыстыларды алдау жеңіл – олар əдеттен тыс нəрселерді білсе де, өмірдегі ең үйреншікті, қажеттіні білмейді. Мəнді нəрселерді пайымдау оларға күнделіктіге уақыт қалдырмайды да, былайғылар жаңғақша шағатын ды онша біле бермейді, бұл үстірт тобырдың таңдануын туғызады не тіпті оларға надандық болып көрінеді. Сондықтан оқымысты адам өзін алдамай тындай, мазақ етпейтіндей шамада іскер болғаны жөн; өмірдегі мəнді нəрсе болмағанмен, құнттылық та өте қажет. Өміршең емес білімнен не пайда? Біздің кезімізде өмірді білу – нағыз білімнің өзі.

233. ҰНАМДЫ КӨРІНЕМІН ДЕП ЖАҢСАҚ БАСПА – сүйсінушіліктің орнына реніш туғызасың. Біреулер баурап аламын деп, адамның жынына тиеді, өйткені адамгершілікті білмейді. Біреуге жағатын біреуге жақпайды сөйтіп, қызмет еткісі келгендер қынжылу туғызады. Наразылық туғызған соң алғыс та, сияпат та күтпе, өйткені қажет жолдан тайқыдың. Мақтаймын деп, даттап қою арқылы сазайын алатындар да бар. Біреу шешендігімен таңырқатпақ болып, тыңдаған жұртты өзінің мылжыңдығымен титықтатыпты. 234. ӨЗГЕНІҢ АБЫРОЙЫ СЕ НІҢ АТАҒЫҢНЫҢ КЕПІЛІ БОЛСЫН. Пайда айқын жаққа өзің ғана бар, бұлдыр болса – серіктеріңді ерт. Абыройдың ісінде одақтастарың болсын, сонда əркім өзінің жақсы аты үшін өзгенің абыройын сақтайды. Мүмкін болса, тəуекел етпе, ал мəжбүр болсаң, сақтықтың орнына ішкі есеп келсін. Бүгінгі қатысушы ертең тайқып кетпес үшін, іс өзара маңызды жəне тəуекел ортақ болсын. 235. ӨТІНЕ БІЛУ: біреулерге бұдан жеңілі, біреулерге одан ауыры жоқ. Бас тартуды білмейтін адамдар кездеседі – мұндайларға амалдап та қажеті жоқ. Сондай-ақ кез келген уақытта бірінші сөзі жоқтан басталатын адамдар болады – мұндайларға машық, ысылғандық керек. Ал бəріне бірдей жарайтын амал – дер кезінде келу – адам көңілі көктем, жаны жаз кезде оңай көнеді. Егер сенің көзіңше біреуге бас шайқа са, өтінішпен келуге асықпа – екінші рет «жоқ» деу жеңіл. Көңілсіз уақыт та сəттілікке кепілдік бермейді. Күнібұрын қарыздар етіп қою жақсы, жақсылыққа – жақсылық қайтармау ұждансыздық болар еді. 236. СОҢЫНАН МАРАПАТ СИЯҚТЫ КӨРІНЕТІНДІ ҚЫЗМЕТ РЕТІНДЕ КҮНІ БҰРЫН КӨРСЕТУ – шебер саясатшылардың əдісі. Сіңірген еңбекке дейін қайырымдылық жасау риза шылықты білдіреді. Мұндай алдын ала жасалатын жақсылықтың екі артықшы лығы бар – марапаттаушының шапшаңдығы алушыны міндеттейді. Көрсетілген қызметтен кейін берілген сый – борышты қайтару болса, оған дейінгі – қарыздар етеді. Борыштың ауысуының нəзік тəсілі – жоғарыда тұрғанның ма рапаттау міндеттемесі ризашылығын білдіруі тиіс төмендегіге көшеді. Мұндай араласу борышты білетін адамдарға ғана жарайды, ал оңбағандар үшін күні бұрын төлеу тебінгіден гөрі тізгін болады. 237. ЖОҒАРЫДА ТҰРҒАНДАРДЫҢ ҚҰПИЯСЫН БІЛУГЕ ТЫРЫСПАУ. Талай сырлас, сенімді адамдар осы ны ескермегендіктен құрыды. Егер əмірші саған өз құпиясын ашса, бұған масаттанба, сақтан. Олардың көбі кейін өз жауыздықтарын білетін адамды жек көреді. Біреудің, əсіресе қасында билігі бардың өзіңе тым тəуелді болуынан қорық. Араларыңды олардың саған көрсеткен игі ниеті емес, се нің оларға жасаған қызметің жалғастырып тұрсын. Əсіресе, достықта ашық а уыздылық қауіпті: өзгеге құпияңды айтқан соң, оның құлына айналасың. Мырза үшін бұл заңдылықтан тыс нəрсе жəне ұзаққа созылмайды. Ол жоғалтқан еркіндігін қайтаруды көксейді, ол үшін бəрін, оның ішінде əділдікті де таптауға дайын. Сонымен, құпияларды тыңдама жəне өзің де айтпа.

238. ӨЗІНЕ НЕ ЖЕТПЕЙТІНІН БІЛУ. Көп адам қайсыбір қасиеттері болмағанда, қазіргі жағдайынан биік тұрар еді. Біреулер елеусіз кемшілігінен арылып, көп нəрсеге қол жеткізер еді. Біреуге байыптылық жет пегендіктен жақсы қабілеттері солғын тартады; біреу қатынасыпараласуда жұмсақтық танытпайды, бұл бала-шаға бірден байқайтын кемшілік. Анаған батылдық, мынаған ұстамдылық керек. Өзін тани білген адамға осы барлық кемшіліктерден арылу қиынға түспейді – ынта-ықылас əдетті екінші болмысқа айналдырады.

239. ТЫМ АҚЫЛДЫ БОЛМА – одан да парасатты болған жақсы. Қажеттіден көп білсең, нəзік талғаммен көзге түсесің, ал нəзіктік алдымен үзіледі, көпшілік мақұлдаған сенімдірек. Көп білетін адам болған жақсы, бірақ тақуа болудың қажеті жоқ. Көп ой жүгіртсең дау-шарға тезірек ілінесің. Қажеттіден артық ойлап жатпайтын іскерлік – дұрыс ойлаудан пайдалырақ.

240. ОЙЫНҒА ТҮСІНБЕУШІЛІК ЕНГІЗУ. Білетін адамның өзі кейде осы əдіске басады: бар даналығын көрсету на дандық көрінетін жағдайлар болады. Надан болып керегі жоқ, бірақ надан болып көріну кейде жаман емес. Ақымақпен данышпан, есуаспен парасат ты болудың мүлде қажеті жоқ; əркіммен оның тілінде сөйлес. Ақымақтық істеп қоятын емес, одан құтылғысы келмейтін ақымақ. Нағыз ақымақтық – табиғи, бірақ жасандысы да бар – қулық не істетпейді! Ықыласқа ие бо лудың дұрыс тəсілі – ең ақымақ жануардың терісін жамылу. 241. МАЗАҚ ЕТКЕНГЕ ШЫДА, БІРАҚ ӨЗІҢ КЕЛЕКЕ ЕТПЕ. Алғашқысы – сыпайылық, соңғысы – сотқарлық. Бəрі күліп жатқанда ашулану – есек мінездің белгісі. Орынды əзіл ұнамды, ал кімнің қандай қалжыңға шыдауы оның төзе білу қабілетіне байланысты. Кім тілмен шағып алғаннан ыршып түссе, тағы шағып алуға сылтау береді. Ең дұрысы – мəн бермеу. Өте маңызды істер əзілден туын дауы жиі кездеседі, əзіл елеулі дағды мен парасатты қажет етеді. Əзілің жарасса атаңмен ойна деген, бірақ əзілмен қағытқың келген адамның шыдам шегін де білген жөн. 242. МАҚСАТҚА ТАБАНДЫЛЫҚПЕН ЖЫЛЖУ. Кейбіреу бар күшін істің басталуына жібереді де ештеңені аяғына дейін жеткіз бейді; бастауын бастайды, бірақ жалғастырмайды; олардың мінезінде тұрақтылық аз. Олар қошемет көрмейді, өйткені жарты жолдан қайтады. Ис пандықтардың кемшілігі – шыдамсыз, бельгиялықтардың артықшылығы – шы дамды. Бельгиялықтар істі аяғына дейін жеткізеді, испандықтар істі соңына қарай бүлдіреді, олар жеңіп шыққанша тырысып бағады, бірақ қол жеткен жеңісін пайдалана алмайды, істей алатындарын, бірақ қаламай тындарын көрсетеді. Бұл қабілетсіздік не ұшқарылық болсын – бəрібір кемшілік. Іс жақсы болса, неге бітірмеске? Нашар екен бастап несі бар? Ақылды жан бар күшін құсты жерден көтеруге емес, оны атып құлатуға жұмсайды. 243. ТЕК КӨГЕРШІН БОЛМАУ. Інжілде айтылғандай – көгершіннің момындығы жыланның айлакерлігімен ұштассын! Адал адамды алдау жеңіл: өзі өтірік айтпайтын кісі бəріне иланады, өзі алдамайтын адам басқаларға сенеді. Ақымақтықтан ғана емес, адалдықтан да алданып қалуға болады. Адамдардың екі түрі алдағанды біле алады: бір кезде алданып сабақ алғандар мен табиғатынан айлакер қулар. Қулық қаскүнемдікті тануға қанша епті болса, көрегендігің шүбəлануға сонша қырағы болсын. Өз жақыныңды екіжүзділікке итере тіндей дəрежеде ақ көңіл болудың қажеті жоқ. Өзіңде көгершін мен жы ланның қасиеттерін ұштастырып, құбыжық емес, ғажайып бол. 244. РИЗАШЫ ЛЫҚҚА МІНДЕТТЕУ ӨНЕРІ. Кейбіреу жақсылықты қабылдай отырып, оны жасағандай болады; ізгілікті сен емес, ол істегендей күйде қаласың. Өзінің өтінішімен өзгеге абырой əперетін, өз пайдасын жарылқаушысының құрме тіне айналдыратын асқан шебер адамдар бар. Істі сұңғылалықпен шыр көбелек айналдыратыны сонша, қайырымдылықты олар емес, сен көргендей бо ласың. Осындай ерекше саясатпен олар міндеттемелердің ретін өзгертеді – кім кімді жарылқап жатқанын білмейсің. Əлдеқайда елеулі нəрсенің құнын сөзбен төлейді; олардың рахатын өзіңе абырой көресің; сыпайылылықты кепілдік ретінде береді жəне олар саған риза болу керек жерде, сен оларға қарыздар болып шығасың. Міне қандай саясат! Бұл үлкен өнер, біақ сұңғыла адам алдауды танып, айырбасқа жүгінеді: құрметтеуді қадірлеумен қайтарады. Сонда əркім өз қалпында қалады. 245. КЕЙДЕ БАРЛЫҒЫ СИЯҚТЫ ЕМЕС, ӨЗІҢШЕ ОЙ ТҮЙ: бұл ақылды көрсетеді. Өзіңе ешқашан қарсы болмайтынды бағалама, бұл оның саған деген сүйіспеншілігін емес, оның өзіне ғашықтығын білдіреді; өзіңді алдауға жол берме. Басқалардың сен туралы күңкілдеуін жақсылыққа жоры. Өзің істеген нің бəрі өзгелерге ұнайтын болса, қапалан – істеріңнің нашар екенінің белгісі. Мүлтіксіз кемелдікті таңдаулылар ғана түсінеді. 246. МЕЗГІЛІНЕН БҰРЫН АҚТАЛМАУ. Уақыты келгеннің өзінде, тым ақталу – қылмысты мо йындау. Күні бұрын кешірім сұрау – өзіңді

айыптау. Сау кезінде өзіңнен қан шығарсаң дерттен де, жауыңнан да кенде болмайсың. Өзіңнің əділдігіңді алдын ала дəлелдей отырып, қалғыған күдікті оятасың. Есті адам күдік туғызатындай түр көрсетпейді; ол оны өзінің мүлтіксіз қимылдары мен жоюға тырысады. 247. СƏЛ КӨБІРЕК БІЛУ, СƏЛ АЗЫРАҚ ӨМІР СҮРУ. Кей біреу керісінше ойлайды, олар үшін құр сандалыс еңбектен артық. Бізге уақыттан басқа ештеңе тиесілі емес: кеңістігі жоқтың өзі уақытта өмір сүреді. Алтын уақытын бекершілік істерге құратын адам бақытсыз; сол сияқты, жоғары істермен шамадан тыс қамтылған да сəтсіздікке ұшырайды. Өзіңді ауыр еңбекпен де, өзгені күндеумен де қинама, өміріңді босқа бүлдіріп, рухыңды құртасың. Біреулер бұл ережені білімге де қолданады, бірақ кім ізденбесе, сол өмір сүрмейді. 248. СОҢҒЫ ƏСЕРГЕ БЕРІЛМЕУ. Соңғы əсердің адамдары болады. Мұндай адамдардың тілектері мен пікір лері балауыз сияқты: соңғысы алдындағысын ығыстырып отырады. Оларда ешқашан тұрақтылық болмайды: алғашқы кездескен өз түсіне бояйды. Өмір бойы бала болып өтетін олар сырластыққа жарамайды. Пікірлері мен құштарлықтарын өзгерте отырып, олар əрқашан қобалжып жүреді, еркі мен ақылы бір анда, бір мында ауытқып отырады. 249. ӨМІРДІ АЯҚТАУ КЕРЕК НƏРСЕМЕН ӨМІРДІ БАСТАМАУ. Біреу шаруаны соңына қалдырып, жолдың басын да демалуға жайғасады. Жоқ, алдымен шаруаңды бітір, ал уақыт қалса жанама іспен айналыс. Кейбіреу шайқасқа дейін жеңіске жеткісі келеді. Құрметті жəне пайдалы білімді өмірінің соңына қалдырып, онша маңызды емес оқуды бастайтын да адамдар бар. Ақтық демі жақындағанда дүние жинауға кірісетін кісілер кездеседі. Оқудағы сияқты, өмірде де əдіс маңызды. 250. ҚАШАН КЕРІСІНШЕ ТҮСІНУ КЕРЕК? Сұхбаттасың қулыққа көш кенде. Кейбіреумен əңгімелескенде бəрін керісінше түсін: олардың «иəсі» – жоқ, «жоғы» – «иə». Жамандағаны, демек, бағалағаны; шынында, сатып алушы алар затын арзандатады. Олардың мақтауына да сенбе – жақсыларды мақтамас үшін, жамандарды мадақтайды. Бірақ, жаман адамды біл мейтінге жақсы адам да жоқ.

251. ҚҰДАЙ ЖОЛЫ ЖОҚТАЙ ЕТІП, АДАМДАР ПАЙДА ЛАНАТЫН

БАРЛЫҚ ТƏСІЛДЕРДІ ҚОЛДАН, СОНДАЙ-АҚ ҚҰДАЙ ҚОЛДАҒАН
БАРЛЫҚ ТƏ СІЛДЕРДІ, АДАМДАР ПАЙДАЛАНАТЫН ТƏСІЛДЕР
ЖОҚ СЕКІЛДІ ҚОЛДАН. Иезуит орденінің негізін қалаушы Игнатий
Лайалоның (1491-1556) ережесі, айтпаса да түсінікті.

252. ТЕК ӨЗІНЕ ЖƏНЕ ТЕК БАСҚАҒА ҚЫЗМЕТ ЕТПЕУ: екеуі де зорлық. Тек өзі үшін өмір сүргісі келген адам соңынан бəрін тек өзіне жинағысы келеді. Мұндай арзан адам оңайлықпен жол бермейді, болмашы жайлылықтан өз еркімен кетпейді; ол өзгеге қыз мет етпейді, тек өз тағдырына үміттенеді, ал бұл тірек сəтсіз болып шығады. Кей уақытта басқалардың ықыласын аудару үшін, өзің де оларға ыждағаттық көрсеткен пайдалы, ал қызметің қоғамдық болса, жұрттың құлы бол немесе ауыртпалықтан қашсаң шеннен де бас тарт. Сонда-ақ өзін басқаларға толығымен арнайтын адамдар бар, бұл да ақымақтықтың бір түрі: мұндайлардың бар уақыты өзгелерге тие сілі; оларды «ортақ дос» деп атайды; сөйтіп, бұлар бəріне іскерлік кеңес бергенмен, өзіне ештеңе арнамайды. Есті адам өзін басқалардың ол үшін емес, өзі үшін, одан не ол арқылы түсетін пайдаға бола іздейтінін біледі. 253. ӨЗІН ӨЗГЕНІҢ ТҮСІНІГІНЕ ДЕЙІН ТӨМЕНДЕТПЕУ. Түсінікті нəрсені көпшілік бағаламайды, түсініксізді құрметтейді. Қымбат тұратын қадірлі: мұндайды түсінбесе де мақтайды. Сұхбаттасыңның пікірінде ұту үшін қажеттіден гөрі көбірек парасат пен оқымыстылық көрсет, бірақ оның шамасын біл. Ақылдылармен парасатты бол, ал көпшілікке келгенде бағаңды көтер: оларға өзің туралы қорытынды шығартып үлгертпестен, олардың ақылын өзіңді түсіну үшін күш салатындай ет. Сонда жиі мақтау естисің, ал, сұрап көр, неге мақтайтындарын түсіндіре алмайды; түсініксіздікті құпия ретінде көкке көтереді, өйткені айналасының бəрі мақтап жатқанын естиді. 254. ҚЫРСЫҚҚА ЖАЙБАРАҚАТ ҚАРАМА – ол бір өзі келмейді: қырсық та қуаныш сияқты тізіліп жүреді. Бақыт пен бақытсыз дық өздерінің туысы бар жаққа ұмтылады – жолы болмайтыннан бəрі қашады, ал жолы болғышқа бəрі үйірсек; тіпті көгершіндер де шіркеудің ең əппақ мұнарасына қонады. Сормаңдайды бəрі сатып кетеді: ақылы да, жұбаны шы да, тіпті өзі де. Ұйқыдағы қырсықты оятпа. Сүрініп кету түк емес, ал домалап жөнелгенде қайда барып тоқтайтыныңды бір Құдай білсін; жақсылықтың мүлтіксіз болмайтыны сияқты, жамандық да біржола таусылып қалмайды. Қырсық көктен түссе – шыдамдылық, тұрмыста болса – түсінушілік керек. 255. ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ДА АҚЫЛМЕН ІСТЕУ КЕРЕК – аз-аздан жəне жиі. Міндеттеме мүмкіндіктен аспасын; көп беру бергенге емес, сатқанға

ұқсайды. Ризашылық бітпесін, шама-шегің көрініп қалса, достыққа да кірбің түседі. Кейде досыңды жоғалту үшін, оған көп жақсылық істеу жетіп жатады: борышын қайтара алмағандықтан ол қашқақтайды – сөйтіп, қарыз дар жауыңа айналады. Идол өзін жонған шеберді, қарыздар – қарыз беру шіні көргісі келмейді. Берудің де өз өнері бар, сонда өзіңе де қымбатқа түспейді, алушы да риза. 256. НАДАНДАРҒА, ҚЫҢЫРЛАРҒА, ДАҢҒОЙЛАРҒА ЖАЛПЫ СОЛ СИЯҚТЫЛАРҒА ҚАРСЫ ƏРҚАШАН САҚ ЖҮРУ. Жарық дүниеде олар көп кездеседі, парасаттың мəнісі олармен кездеспеуден тұрады. Құдайдың əр күнінде өз ақылыңның айнасы алдында батылдық сауытын ки, тек сонда ғана ақымақтық шабуылын тойтарасың. Абай бол, өзіңнің ізгі атыңды то бырдың өсек-аяңына айналдырма, парасатпен қаруланған кісі арсыз надан дықтың құрбаны болмайды. Адамдық теңізінде жүзу оңай емес, ол ұятсыз дықтың су асты тастарына толы; ең сенімдісі – Улисстің айласына салып, жалтару; шебер бұлтару өте көмектеседі. Ал ең бастысы, сыпайылық шыға нағына бұру – бұл қиындықтан шығудың төте жолы. 257. ДОСТЫҚТЫ ҚОЛ ҮЗУ ГЕ ДЕЙІН ЖЕТКІЗБЕ – одан əрқашан ізгі атың зардап шегеді. Кез келген кісі жау бола алады, ал дос бола алатын адам сирек. Тек кейбіреу ғана жақсылық істейді, ал екінің бірі жамандыққа бейім. Юпитердің аясындағы өз ұясында отырған бүркіт те қоңызбен ерегісіп*, пайда таппады. Жағдайды бағып жүрген жасырын жауларың реті келгенде ашық жауласу отын тұтатудан қашпайды. Бұрынғы достар – ең қауіпті жауларың: олар сенің əлсіз тұстарыңды біледі, жанды жеріңнен соғады. Ал көрушілер мұны талқылайды: əркім өзінің сезгеніне қарай ой түйеді – бірақ сайып келгенде бəрі сені жазғырады. Біреулер абайламаушылықтан, біреулер ұстамсыздықтан, бəрі – ессіздіктен көреді. Қол үзу – шарасыздықтан болса амал жоқ, бірақ кейін жек көріп жүргеннен, о баста жақын тұтудан тартын. Бұл жерде лайықты ретирада туралы ойлау орынды. 258. ҚЫРСЫҚТЫ БӨЛІСЕТІН АДАМ ТАБУ. Бұлдыр істерде жалғыз болма, əйтпесе бар наразылық сенің бір өзіңе жауады. Біреулер бар * Қоңыздың өтінішіне құлақ аспаған бүркіт ұстаған қоянын жеп қояды да, қоңыз одан өшін ала бастайды: бүркіттің ұясында жұмыртқа пайда болған əр кезде қоңыз оны ұядан домалатып, жарып отырады. Бүркіт Зевске жалынады да Зевс оған қойнына жұмыртқа салуға рұқсат береді. Сонда қоңыз жоғарырақ ұшып ба рып, Зевстың қойнына домалақ қиды тастап жібереді. Қиды қағып жіберуге асыққан Зевс жұмыртқаларды түсіріп алады да, олар жарылып қалады (Эзоп, Мысалдар, 3). билікті басып алдым деп ойлайды, жоқ, ол бар сөгісті өзіне жинайды. Сондықтан не сені ақтайтын, не қырсықты бөлісетін адамың болу керек. Екеуді қырсық шалу қиын. Ақылды дəрігер емдеуде қателік жіберген соң, əріптесін шақырып, кеңесші ретінде өзіне табытты əкелуге көмектесуін өтінуді ұмытпайды. Ауыртпалық пен сөгісті бөлісу жаман болмайды, ал жалғыздықта сəтсіздік ауыртпалығы қорғасындай зіл, төзгісіз болады. 259. ДҰШПАНДЫҚТЫ ТІЛЕКТЕСТІККЕ АЙНАЛДЫРУ АРҚЫЛЫ АУЫЗ ДЫҚТАУ. Жəбір-жапа үшін өш алғаннан, мүмкіндігінше сырласың ету, өз атыңды нысанаға алғанды оның қалқанына айналдыру асқан шеберлік. Мін деттеу де өте пайдалы: борыштар ете отырып, қаралауға уақыт қалдырмай сың. Болуы мүмкін қайғыны қуанышқа айналдыру өмір сүре білетіндікті көрсетеді. Қаскүнемдікті достыққа айналдыр. 260. ТОЛЫҚ БЕРІЛГЕНДІКТІ ӨЗІҢ ДЕ КӨРСЕТПЕ, ӨЗГЕДЕН ДЕ КҮТПЕ. Мұнда туыстыққа да, достыққа да, тіпті даусыз борышқа да қарама: басқаға өз сенімімен сезімін сыйлаудың айырмасы үлкен. Ең тығыз жақындық қана бұған жатпайды. Дос та өз құпи ясын жасырады, тіпті балаң да бəрін айтпайды, біреуге айтпағанды басқаға айтамыз жəне керісінше; біреуге жол береміз, өзгеден бас тарта мыз. 261. ЖӨНСІЗДІКТЕ ҚЫҢЫРЛАНБАУ. Кейде қателік жіберген адам одан міндеттеме жасайды; қателіктен бастаса да тұрақтылық көрсеткісі келіп, сол бағыттан таймайды. Өз ақылының алдында қателігін айыптайды, ал жұрттың көзінше – ақтайды жəне ақылға қонбайтын істерінің басында олар парықсыздар аталса, қыңырлығын жалғастыра отырып, ақымақ атына лайық болады. Ойланбай берген уəде, қате шешім сияқты, міндеттеме алмайды. Кейбіреу түсінбеушіліктен бастап, соңынан надандықпен қырсығады; тəрізі, олар жүйелі түрде ақымақтыққа көшкісі келетін сияқты. 262. ҰМЫТУ – БҰЛ ӨНЕРДЕН ГӨРІ, РАХАТҚА ЖАҚЫН. Ең алдымен ұмытылуы тиіс нəрсені көбірек еске түсіресің. Біздің жадымыз əрі қауіпті – керек кезде еске түспейді, əрі ақылсыз – қажеті жоқ жерде еске келеді; ренжітетін нəр седе ауыздықтауды білмейді, ал қуантатын сəтте тырыспайды. Қырсықты жазатын ең жақсы дəрі – оны ұмыту, бірақ бұл дəріге көбіне мəн бермей міз. Жадыны өзімізге пайдалы болатындай етіп үйрету қажет, өйткені бізді жұмаққа жеткізіп, тозаққа түсіруге оның бір өзі жеткілікті. Əри не, өзіне ризаларды қоспағанда – бұлар ішкі дүниесінің қарабайырлығы нан өзінің ақымақ шаттығында масайрауда болады.

263. ҰНАМДЫ НƏРСЕЛЕРДІ ӨЗ МЕНШІГІ ЕТУГЕ ҰМТЫЛМАУ. Басқалардың игілігінде олар көбірек қуаныш əкеледі. Құнды зат алғашқы күні өз иесі үшін, қалған уақытта – басқа ларға жақсы. Өзгенікінен екі есе лəззат аласың – жаңа нəрседен рахат танасың əрі оны жоғалтудан қауіптенбейсің. Қолда жоқтың қадірі артады: өзгенің суы бал татиды. Бұйымды өзің иеленуден рахат азырақ, реніш көбірек. Оларды тек басқалар үшін сақтайсың жəне алғыстан гөрі жауларды көбейтесің. 264. АЛАҢСЫЗ КҮНДЕРІҢ БОЛМАСЫН. Тағдыр бізбен ойнағанды ұнатады – біздің болжамымызды теріске шығарып, аңдаусызда үстімізден түседі. Дарынға, ақылға, қайратқа, тіпті, көрікке – бəріне абай болған жақсы: соқыр жайбарақаттықтың күні олардың құлдырау сəті болады. Бірақ керек кезінде сақтық жасамаймыз: асығыстық бəрін бүлдіреді. Кейде бұл өзінше стратегия – қаперсіз кезде бас салып, өзіңді сын тезінен өткізу үшін сенің алаңсыздығыңды күшейтеді. Салтанат күндері қаншалықты қауіпті екені белгілі, бірақ зұлымдық ол уақытта келмейді; есесіне біз дің абыройымызды сынау үшін күтпеген кезді таңдап алады. 265. ӨЗ ҚАРА УЫҢДАҒЫЛАРҒА МІНДЕТ ҚОЮ. Дер кезінде ұсынылған қиын міндет көп адамды кісі етті, жүзуді үйрену үшін батып та көру керек. Осылай көпшілік өзінің қасиеттерін, тіпті ғалымдығын байқайды; жағдайдың реті келме генде бұл артықшылықтар өз жасықтығында мүлгіп жатар еді. Қиын іс атыңа сын: қайырымды адам өз абыройына қауіп төнгенін байқаса, бір өзі мың кісі үшін қимылдайды. Католик ханшасы Изабелла* міндет қою өнерін жете меңгерді, осы үшін оған Ұлы Капитан** мен басқалар өз даңқы үшін қарыздар: осы тəсілмен ол ұлы адамдарды тудырды. 266. ТЫМ АҚ КӨҢІЛДІК ТЕН ЖАМАН АТАНБАУ. Ешқашан ашуланбайтын адамда жүрек болмайды, се зімсіз адам кісі бола алмайды. Бұл көбіне салмақтылықтан емес, сезе білмеуден болады. Орынымен ашулану – ол да қасиет. Қарақшы екенін таныған құстар оған батыл қонады. Тəттіні қышқылмен араластыру – жақсы талғам: бала лар мен ақымақтар * Изабелла Кастильская (1474-1504) жəне оның күйеуі Фердинанд V Арагонский (14761516) католиктік жұп атағын испан жерін маврлардан босату жолындағы сəтті күресі үшін алған. ** Ұлы Капитан – Гонсало Фернандес де Кордова, оның қолбасшылық дарыны католиктік жұптың билік құрған жылдары көрінді. ғана кілең тəттіні жақсы көреді. Сезімсіз ақ көңіл дікпен өзін жоғалтып алу – ұлы қырсық. 267. ЖІБЕК СӨЗДЕР, СЫПАЙЫ МІНЕЗ. Жебелер денені, ауыр сөздер – жанды қинайды. Хош иісті пастамен шайсаң, аузың да аңқып тұрады. Тұрмыс нарығындағы ұлы өнердің бірі – ауа сату. Көп жағдайда сөзбен алады, ол мүмкін еместі жасайды; жоғарғы салаларда ауаны саудалайды жəне дуалы ауыздардың бір лебізі едəуір дем береді. Лебізің бал татып тұрсын, тіпті жауларыңа да сөзіңді тəттірек ет. Əдепті болудың дұрыс тəсілі – əрқашан сабырлы болу. 268. АҚЫЛСЫЗ АДАМ ІСТІҢ СОҢЫНДА ЖАСАЙТЫНДЫ, ПАРАСАТТЫ АДАМ БАСЫНДА ЖАСАЙДЫ. Екеуі де бір іс, айырма тек оның уақытында: біреу дер кезінде, біреу мезгіл сіз қимылдайды. Миы о баста керісінше істейтін əрі қарай да сол жүрісінен танбайды: басын аяғына қояды, оңы – сол, солы – оң, мінезінің бəрі – солақай. Ақыр соңында ақымақ өз еркімен жасауға болатынды лаж сыздан істейді, ал ақылды кейін жасалатынды ерте жасау керек екенін бірден көреді жəне мұны ықыласпен істейді. 269. ЖАҢА ЕКЕНІҢДІ ПАЙДА ЛАН; жаңа кезіңде сені бағалайды. Жаңа ұнамды, ол өмірді түрлендіреді, рахатты жаңартады – жаңа қарабайырлықты үйреншікті атақтыдан артық бағалайды. Мүлтіксіз кемел де ескіріп тозады; жаңа ретіндегі сенің атағың көпке созылмайтыны есте болсын – үшінші күні əдеттегі боласың. Сондықтан өз жағдайыңды пайдаланып қал; əуестік өтеді, қызбалық басы лады, ал жаңаның қызығы мезі етушілік сезіммен ауысады. Əр нəрсенің өз уақыты болады, бəрі өткінші. 270. БƏРІНЕ ҰНАЙТЫНДЫ БІР ӨЗІҢ ЖАМАНДА МАУ. Бəріне жаққан нəрсенің қайсыбір тартымды жері болады, оны ешкім дəл түсіндіре алмаса да, бəрі одан лəззат алады. Əдеттен тыс пікір ұнамсыз, ал қате болып шықса мазаққа ұшырайсың; ол нəрседен гөрі сенің қарабайыр ақылыңды масқара етеді; өзіңнің нашар талғамыңмен жалғыз қа ласың. Жақсы нəрсе таппасаң, өз дəрменсіздігіңді жасыр, беталды айып тама, нашар талғам, əдетте, білмеушіліктен болады. Көпшілік айтқан нəр се не бар, не болуы тиіс. 271. МАРДЫМСЫЗ БІЛСЕҢ, БЕЛГІЛІ ПІКІРДІ ҰС ТАН. Ақылды атанбасаң да, тиянақты адам саналасың. Білетінге өжетте ніп, ойына келгенін істеп көруге болады, ал аз біліммен тəуекелге бару жардан

секіргенмен бірдей. Оң жақты ұстан, көпшілік салған таптаурын жол сені адастырмайды. Жалпы, бар жағдайда əдеттен тысқа қарағанда үйреншіктіні ұстанған абзал.

272. СЫПАЙЫГЕРШІЛІКПЕН ЖАУАП БЕРЕТІНГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ оны одан сайын борышты етеді. Сұраушы қанша сұрамасын, кең пейілді жарылқаушы тауып береді. Əдептілік беріп қана қоймай, міндеттейді, ал сыпайылық одан да үлкен міндеттемемен жауап береді. Адал адам үшін оған тегін бергеннен артық қымбат жоқ: екі есе бағасына екі рет берген сияқты болады. Рас, оңбағанға сыпайылық құр сандырақ, əдептілік тілі ол үшін түсініксіз. 273. ӨЗІҢМЕН ІСТЕСТЕРДІҢ НИЕТІН ТҮСІНУ ҮШІН, ОЛАРДЫҢ МІНЕЗІН БІЛУ. Себепті білсең, салдарын түсінесің. Уайымшылдық əрқашан бақытсыздық, ал ғайбаттаушылдық жауыздық; оларға тек жамандық елестейді; жақсылықты қазір қабылдай алмайтын олар болашақта да жамандықты мадақтайды. Қызба адам нəрселердің шын мəнін бұр малайтын тілде сөйлейді: онда ақыл емес, қызулық басым. Əркім де осы сияқты: əуестікке не көңіл күйге қарай шындықтың аулынан алыс жүреді. Бет əлпеттің өзгерісін тануды, сыртқы белгілері бойынша ішкі дүниесін оқи білуді үйрен. Үнемі күлегештік – ақымақтықтан, ешқашан күлмеушілік – ашудан болатынын айыра біл. Ұшқарылықтан, арсыздықтан қаш. Ұсқынсыз дан жақсылық күтпе, мұндайларды табиғаттың өзі ренжітті, ол оларды құрметтемегені сияқты, олар да оны қадірлемейді. Ал, сұлулар неғұрлым көрікті болса, соғұрлым ақымақ келеді.

274. ТАРТЫМДЫ БОЛУ – СЫПАЙЫЛЫҚ СИҚЫРЫ. Сенің əдептілігің пайдадан гөрі сезімнің немесе екеуінің де еліктіргіші болсын. Кейде ұнамсыздықты қолданбаса, тек жақсы қасиетте рің жеткіліксіз болады – сол ғана сені сүйікті етеді, ол – əміршілердің ең қуатты қаруы. Бəрінің сүйкімдісі болу – сəттілік, бірақ мұнда өзіңе өнермен де көмектесуге болады; табиғат сыйлаған ұлы қасиеттерге жасанды қасиеттер де жеңіл сіңісіп кетеді. Осылайша, олардың саған құрметін арттырасың, сөйтіп бəрінің ықыласына бөленесің.

275. ƏДЕПСІЗДІККЕ ДЕЙІН ЕМЕС, ƏДЕТТЕГІГЕ ДЕЙІН ТӨМЕН ТҮСУ. Өзіңді тəкаппар ұстама, төңірегіңе бəлсіне қарама, бұл сыпайылыққа қайшы. Бəрінің ықыласын аудару үшін, бəлсінуді азайтқан жөн. Кейде қарапайым, бірақ көргенділіктің ауқымын да жүріп-тұрған дұрыс, өйткені бəріне естіртіп ақымақ аталғанды, жасы рын болса да, парасатты ретінде құрметтемейді. Өмір бойы тірнектеп жи наған беделіңді ақымақтықпен өткізген бір күнде жоғалтуға болады. Сон дай-ақ өзіңді аспаннан түскендей көрме: шамданған мінез көрсету – өзгелерді құрметтемеу; еркелікке ерік берме, оларды ерке жынысқа қалдыр; тіпті, рух еркелігінің өзі күлкіге лайық. Ер адам үшін ең лайықтысы еркек болу; əйелдің еркекке еліктеуіне болады, бірақ керісінше емес. 276. ТАБИҒАТ ПЕН ӨНЕРДІҢ КӨМЕГІНЕН ӨЗ МІНЕЗІН ЖАҢАРТУ. Əр жеті жыл са йын мінез өзгереді дейді, олай болса өзгеріс талғамның жақсарып, нəзіктенуінен көрінсін. Алғашқы жеті жылда бізге ақыл кіреді, əрі қарай да əр мерзімде жаңа кемелдік ене берсін. Бұл өзгерістерге өзің де жəр дем бер, алдағы өзгерістерден жақсылық күт. Көп адам өз мінезін жағдай өзгергенде немесе қызметі ауысқанда өзгертеді, ал мінезде бұл көзге ұрып тұрған кезде ғана белгілі болады. Адам жиырма жасында – тауыс, отызда – арыстан, қырықта – түйе, елуде – жылан, алпыста – ит, жетпіс те – маймыл, сексенде – ешкім де емес. 277. ӨЗІН КӨРСЕТЕ БІЛЕТІН АДАМ. Осыдан қасиеттердің жарқылы көрінеді. Əр қасиеттің өз уақыты бар: іс тің ретін пайдаланып қал, əр кез салтанат күні болмайды. Елеусіз қаси еті де жарқырай көрінетін, ал басты қасиеті таңдай қақтыратын адамдар болады. Өзін көрсете білу өнері көрнекті қасиеттермен ұштасқан кезде адам керемет болып көрінеді. Жылтырағанды жақсы көретін халықтар бар; испандықтар осы тұрғыда басқалардан асып түседі. Барлық жаратылған нəрсеге жарқырауы үшін жарық сыйлаған. Өзін көрсете білу дағдысы көп нəрсенің орнын толтырады, өтейді, бəріне екінші болмыс береді, бұл əсіресе, қабілеттеріңді көрсетуге мүмкіндік жасағанда көрінеді. Мүл тіксіз жетілгендікті бере отырып, Тəңірі бой көрсету дағдысын да көз деді – бірі бірінсіз көңілсіз болар еді. Ал өзін көрсете білудің өнері бар: тіпті ең тамаша да жағдайға байланысты жəне ол бірден байқалмай ды; оны дер кезінде көрсетпеген қапы қалады. Бірақ жасандылық, бояма мұнда жүрмейді, өйткені ол даңғойлықты білдіреді, ал даңғойлық – жек көру туғызады. Бой көрсете отырып қарабайырлыққа ұрынбас үшін шаманы біл жəне бұл істе шектен шығушылық айыпталатынын ұмытпа. Кейде бұл өнер үнсіз шешендіктен, қайсыбір ерекшелікті аңдамай көрсету дағдысы нан тұрады; парасатты ұстамдылық – мақтаудың неғұрлым ұнамды түрі; өзіңдегі қабілетті жасыра отырып, əуесқойлық тудырасың. Оның бəрін бірден көрсетпеу, аз-аздан біртіндеп ашу өте маңызды. Жəне бір қабіле тің екінші, одан да үлкен қабілетіңнің кепілі болсын, мақтау одан ке йінгілерге үміт туғызады.

278. ТЫМ КӨЗГЕ ТҮСПЕУ. Көзге түссең болғаны, қасиеттерің кемшілікке айналады. Себебі, ерекше нəрсені əдетте айып тайды; жалғыз жалғызсырайды, тіпті ерекше əдемілік те жақсы ат əпер мейді: көз тарта отырып, еңсені төмен тартады. Ал оғаштықтар мен ерсіліктердің кінəланатыны болса да белгілі. Бірақ кейбіреу кемшілігімен болса да атын шығарып қалғысы келеді. Тіпті көп білушілік те кейде мылжың ақымақтыққа дейін құлдырап кетеді.

279. ҚАРСЫ БОЛҒАНҒА ƏРҚАШАН ҚАРСЫ КЕЛУГЕ ƏДЕТТЕНБЕУ. Қайшы келу не надандықтан, не қулықтан болға нын айыра білу керек, кейде бұл – қыңырлық, кейде – мекерлік. Сонымен, өзің алғашқыға ұрынбаудан жəне соңғының құрбаны болудан сақтан. Əсіресе тыңшылардан абай бол: олардың баурап алатын қасиетіне өз ұстамдылығыңды қарсы қой.

280. АБЫРОЙДЫҢ АДАМЫ. Ізгі мінездің күні өтті, мін деттемелер ескерілмейді, алғысты сирек кездестіресің; қызмет неғұрлым ынтамен жасалса, көтермеленуі соғұрлым төмен – осы жаңа дəстүр қазір кең тарап кетті. Жамандыққа бейім тұтас халықтар бар: біреуден опасыздық, екіншіден – тұрақсыздық, үшіншіден – алдамшылық күтесің. Басқалардың екіжүзділігі бізге еліктеу үшін емес, сақтық үшін қызмет етсін; ұнамсыз қылықтарды көре отырып, əділдіктің өзі азғындауы мүмкін. Бірақ абыройдың адамы басқаларға қарай отырып, өзінің кім екенін ешқашан ұмытпайды. 281. АҚЫЛДЫЛАРДЫҢ МАҚҰЛДАУЫ. Көрнекті адамның салқын ғана «иə» деуі тобырдың мақтауынан ұнамды – ескінің сарқыны онша қуантпай ды. Ақылдылар істі түсіне отырып пікір айтады, тек олардың мақтауы ға на ерекше қуанышқа бөлейді. Македон патшасы ақылды Антигон Зенонды өз даңқының театры деп атаған, Платон үшін оның бүкіл мектебін Аристотельдің бір өзі ауыстыра алған. Ал кейбіреуге қарны тойса болғаны. Тіпті əміршілердің өздері жаза білетін адамдарды қажет етеді жəне олардың қаламынан ке йіпсіздің суретші қылқаламынан қорыққанынан бетер қауіптенеді. 282. ҚАТЫСПАЙ ҚАЛУ кейде пайдалы – бұл қадіріңді арттырады, бағаңды көтере ді. Қатысу даңқыңды азайтады, болмау – арттырады; жоқ кезінде арыстан дай ардақталған жан, кездескенде көше мысығындай қадірсіз болады. Қа сиеттер жақыннан солғын тартады, маңайдағылар рухтың өзегін емес, сыртқы қабығын ғана көреді. Қиял көруден жылдам жəне əдетте есту арқы лы кіретін таңғажайып көз арқылы сыртқа шығады. Атағы дүркіреп тұрған да кете білген, онысын сақтап қалады. Тіпті феникс те жарқырай түсу үшін күлге айналады: тілекті қоздыра отырып, қадірлеуді күшейтеді. 283. ЕСТІ ОЙЛАП ТАПҚЫШ. Аздаған ессіздіктен ақыл қысқа болып қалмайды. Ойлап тапқыштық – дарындылардың, іріктеу – парасаттылардың еншісі. Ой лап тапқыштық та қасиет, тіпті сирек кездеседі, сəтті іріктеп алу көп адамның қолынан келеді, ал сəтті ойлап табу – таңдаулыларға ғана бұйы рады; олар дарындылық бойынша да, уақыт жағынан да бірінші. Жаңа бəріне сүйкімді; ал сəтті болса, екі есе ұнамды. Пікірде жаңалық қауіпті, өйткені сонылыққа апарады, ал бұл талант жасампаздығында мақтауға тұрарлық нəрсе. Дегенмен, екі жағдайда да сəтті болып шықса, оны үлкен даңқ күтеді.

284. БЕЙМАЗА БОЛМА, əйтпесе масқаралықтан арылмайсың. Се ні қадірлесін десең, өзіңді құрметте. Өзіңді көрсету үшін ысырапшыл дықтан гөрі сараңдық артық: өзіңді қалайтын, сені қуана қарсы алатын жерге бар; шақырмайынша келме жəне өтінгеннен бұрын кет. Тек өзін ой лайтын сəтсіздік кезде бар сөгісті өзі арқалайды, ал табысқа қол жет кенде алғыс естімейді. Жабысқақ адам – жазғырып-сөгудің тұрақты ныса насы; ол қалай ұятсыздықпен қыстырылса, оны да солай қысылмай айдап шығады. 285. ӨЗГЕНІҢ БАҚЫТСЫЗДЫҒЫН ӨЗІҢЕ БОЙЛАТПАУ. Батпаққа батып жатқанды көргенде ең əуелі – қырсықта бірге болу үшін сені де сонда тартатынын ұмытпа. Мұндайлар бақытсыздықты бөлісетін адам іздейді – табыстан табысқа жетіп жүрген кезде арқасын көрсеткен олар енді қолда рын созады. Оны да құтқарып, өзің де суға кетпес үшін батып бара жатқан адаммен ерекше сақ бол. 286. ӨЗІҢДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРМЕН ШЫРМАМА – бəрінің құлы боласың. Біреулер басқаларға қарағанда бақыттырақ болып ту ылды, бұларға жақсылық жасау, өзгелерге – оны қабылдау жазылған. Ер кіндік бəрінен қымбат жəне оны жоғалтып алу да ең жеңілі. Өзің біреуге тəуелді болғаннан, саған басқалардың ісі түскені жақсы. Биліктің бір ғана артықшылығы бар – ол көп адамға жақсылық жасауға мүмкіндік береді. Бастысы, өзіңді мəжбүр еткенді қайырымдылыққа санама, көп жағдай да бұл сені шырмау үшін зұлымдық құрған міндеттеме болып шығады.

287. ЕШҚАШАН ҚЫЗБАЛЫҚПЕН ІС ЖАСАМА – əйтпесе бəрін керісінше істейсің. Ашу ланған кезде өзіңе ие бола алмайсың, қызбалық

ақылға бой бермейді. Сондықтан оны парасатың ауыстырсын: көрермендер ойыншыға қарағанда көбірек көреді, олар қызбаланбайды. Ашуға бой алдыра бастағанда параса тың қол ұшын берсін, əйтпесе қылығың насырға шабады, бір сағаттың ішінде өзің өмір бойы өкініп, жұрт жазғыратын іс жасайсың. 288. ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛУ. Басқаруда, пікір айтуда – бəрі орынды болуы тиіс; ша маң келгенді қала; тиісті уақыт пен кезең ешкімді күтпейді. Əрекетте кертартпалыққа салынба, ізгілік жолын ұстан, ал тілекте ешқашан астам шылық танытпа, бүгін қарағың да келмейтін судан ертең шөліңді қанды руың мүмкін. Жөнсіз талап қоятын ақымақтар бар, олар жағдайдың өзінің қолайына бейімделуін қалайды. Ал ақылды адам саналылықтың мəні – жағдай мен санасуда екенін біледі. 289. АДАМНЫҢ АТЫНА ЕҢ НҰҚСАН КЕЛТІРЕТІН НƏРСЕ, бұл оның небəрі адам екенін көрсетуі; жұрт оның адамдық əлсіз дігіне көзі жеткен кезде барлық құдайшылық кереметтің күні бітеді. Ұшқарылық – жақсы аттың қас дұшпаны. Парасатты адам жай адамнан озық тұратыны сияқты, ұшқары – қатардағы адамға жетпей тұрады. Бар кемшілік тердің ішіндегі ең сенімнен айыратыны жеңілтектік, өйткені ол байыптылықты болдырмайды. Ұшқалақ адам тиянақты бола алмайды, тіпті бұған есейіп, ақыл тоқтату керек болған кезде де қолы жетпейді. Бұл – алған кемшіліктердің ішіндегі жек көруге ең лайығы.

290. ҚҰРМЕТ ПЕН СҮЙІС ПЕНШІЛІК ТАПҚАН АДАМ БАҚЫТТЫ. Қадірлеу үшін, тым жақсы көрмеуі тиіс. Сүйіспеншілік жек көруден батылырақ; іші-бауыры елжіреушілік пен құр мет онша сыйыспайды. Сондықтан қатты қорқынышты да, үлкен сүйіспеншілікті де тудырып қажет жоқ. Сүйіспеншілік ағайыншылыққа апарады жəне ол неғұрлым көп болса, құрмет те соғұрлым аз. Жүректен гөрі, ақылдан келетін махаббатты ізде, сол лайықтырақ. 291. СЫНАП КӨРУ. Басқаның ақылын түсіну үшін жеткілікті ақыл керек, ақылдының көрегендігі мұнда жасырындықтың ұстамдылығымен сайысқа түседі. Шөптер мен тастарға қарағанда адамдардың түрлері мен қасиеттерін ұғына білген маңыздырақ. Бұл тұрмыстағы ең бір нəзік өнердің бірі; металдың қасиеті шығарған зыңы лынан білінеді, адам – айтқан сөзінен танылады. Адалдық сөйлеген сөзден, ең алдымен – істеген істен байқалады. Мұнда тиянақты назар аудару, қа жымас бақылау, сезімталдық, парасат керек. 292. АДАМДЫҚ БОЛМЫС ДƏРЕЖЕ ДЕН БИІК ТҰРСЫН. Қызмет қанша жоғары болғанмен, жеке бастың қасиеті одан биік тұратынын көрсет. Рухани бай адамды əрбір жаңа іс жетілдіріп, оның басқа қасиеттерін ашып отырады. Жасық адамның ғана ісі бас тан асып жатады жəне, ақыр соңында, оның ісі сəтсіздікке ұшырайды. Ұлы Август өзінің монархтан гөрі адам екенін мақтан еткен. Бұл үшін жанның жайсаңдығы мен өзіне сенімділік керек. 293. ЖЕТІЛУ ТУРАЛЫ. Ол сыртқы көрікте, əсіресе, мінезде жарқырай көрінеді. Материалдық таразы алтын ның бағасын, ал адамгершілік безбен – кісінің құнын көрсетеді: ол бой дағы қасиетке көрік бере отырып, құрмет туғызады. Адамның сымбаты – жан қақпасы; байсалдылық – салмақты сенімділік: сөзде ақылшы, істе үлгілі. Жетілу нағыз адамға ғана тəн, ол неғұрлым жетілген болса, соғұрлым биік тұлғалы; балалық шақтан шығып, ол маңыздылық пен беделге ие болады. 294. ПІКІР АЙТУДАҒЫ САЛИҚАЛЫҚ. Əркім өз пайдасына қарай пікір айтады жəне өз пікірінің дұрыстығына дəлелдер келтіріп бағады. Көпшіліктің пікірі бір жақты болып келеді. Екі адам келіспей қалса, əркім шындық өз жағында деп ойлайды, бірақ ақыл ешқашан екіжүзді болған емес. Ақылың жауапты мəселелерде жақсылап ойланып алсын – мүмкін өзіңе байқап қарау басқаның пікірін бағалауды түзейтін шығар. Өзіңді қарсыласыңның орнына қойып, оның дəлелдерін түсініп көр – сонда, бəлкім, оны да кінəламайтын шығарсың, өзіңді де ақтап алмассың. 295. ƏБІГЕР ЕМЕС, ІСКЕР БОЛУ. Іскерлік қасиеттен жұрдайлар, керісінше, өте іс кер болып көрінеді. Түймедейді түйедей етіп, асқан бір маңыздылықпен жасайды – құтты мақтау жұтқыш хамелеон сияқты, содан да болар, жұртқа мазақ болып жүреді. Даңғой əбігершілік əрқашан ұнамсыз, əсіресе істер де күлкілі. Құрметтеу қиқымдарын теріп алатын бұл құмырсқалар ерлік даңқынан дəметеді. Жоғары қасиеттеріңді мақтан етпе; ісіңді қанағат тұт, мақтауды басқалардың еншісіне қалдыр. Ісəрекетті тегін жаса, сатпа. Өзінің түкке тұрғысыздығын көкке көтеру үшін алтын қалам жалдағаннан өткен ақымақтық жоқ, бұл лайықтыларды қапаландырады. Батыр бо лып көріну емес, батыр болу керек. 296. ҰЛЫ ҚАСИЕТТЕРДІҢ АДАМЫ. Ұлы қасиеттер ұлы адамдарды тудырады: мұндай бір қасиет көптеген орташа қасиетке тең. Біреу өзіндегінің бəрі, тіпті, күнделікті заттарының да үлкен болғанын қалапты*; * Сөз Испанияның королі Филипп ІІ (1555-1598) туралы болып отыр.

ұлы адамның өз рухы үшін осындайды тілеуі қаншалықты лайықты болатынын түсінікті. Құдайдағының бəрі шексіз, бəрі түпсіз, ал адамның бар ісі мен сөзі орасан зор болуы мүмкін, ол үшін бар жағынан ұлы болуы тиіс. 297. ƏРҚАШАН ӨЗІҢЕ ҚАРАП ТҰРҒАНДАЙ ҚЫЛЫҚ ЖАСАУ. Абайлағыш адам өзін сырттан бақылап тұрғандай қимылдайды. Ол төрт қабырғаның құлағы бар екенін, жамандық сыртқа ұмтылатынын біледі. Тіпті ол оңаша қалған кезде де өзіне бүкіл əлем көз тігіп тұрғандай қылықтар жасайды, өйткені бəрі соңынан əйгілі болатынын түсінеді: қазірдің өзінде куəлерді кейіннен болуы мүмкіндердің арасынан көреді. Барлығы өзін көруін қалаған адам* өзін басқалардың сырттан бақылай алатынынан қорыққан жоқ. 298. ҮШ ҚАСИЕТ АДАМДЫ КЕРЕМЕТ ЕТЕДІ – БҰЛАР ҰЛЫ ЖОМАРТТЫҚТЫҢ ЖОҒАРҒЫ СЫЙЛАРЫ: жемісті дарын, сұңғыла ақыл жəне нəзік талғам. Жақсы ойлап табу ұлы артықшылық, əбден ойластырып алу – одан да артық. Бұған жақсыны бағалай білуді қосу керек. Дарын омыртқада болмайды, əйтпесе ол өткір ойдан гөрі ыждағатқа көбірек ұқсар еді; дұрыс пікір – парасаттың жемісі. Жиырма жаста сезім, отызда – дарын, қы рықта – ақыл басым болады. Сілеусіннің көзі сияқты сəуле төгіп тұратын ақылдар бар, түн неғұрлым қараңғы болса, олар соғұрлым жарқырайды; əрқашан ең қолайлыны табатын бақыттылар болады, мұндайларға көп нəр сені жақсы жасаудың сəті түседі: бұл жемісті еңбек етуді сыйлайтын бақытты қасиет. Ал жақсы талғам адамның бүкіл өміріне көрік береді. 299. АҢСАУЛЫ КҮЙДЕ ҚАЛДЫРУ. Кеберсіген ерін су тамызуды сұрайды. Тілек – құндылықтың өлшемі. Жақсы талғам дененің шөлін қандыруға емес, қозды руға кеңес береді; жақсы нəрсенің аз болуы – екі есе жақсы. Екінші рет бəрі нашар сияқты көрінеді. Тойғандық, жалыққандық – сүйсініп, ғанибет сезіміне бөленуге зиян келтіреді, тіпті ғасырлар таныған ұлылықты сұрықсыз етеді. Ұнамды болудың дұрыс тəсілі, аштықтан туған тəбетті дер кезінде байқап, оны тойындырмау. * Римнің Халық трибуны Марк Ливий Друз айтқан тілек; оған сəулетші ішінде не болып жатқанын ешкім де білмейтін үй салып берейін деп ұсыныс жасайды. Сонда Друз: «Мен істеген нəрселердің бəрін басқалар көре алатындай үй салып бер» деп қарсылық жасапты (Патеркул, Рим тарихы; Плутарх, Мемлекеттік істермен айналысушыларға өсиет). Оның шеңбірек атып тойынғанынан, шы дамсыз тілекпен қозғаны жақсы: азап көріп барып жеткен рахат екі есе тəтті болады. 300. ƏУЛИЕЛІК – КИЕЛІ СӨЗ. Осы арқылы бар нəрсе айтылып тұр. Ізгілік – бүкіл мүлтіксіз кемелдіктің өзегі, бар қуаныштың түйіні. Ол адамды парасатты, ілтипатты, кемеңгер, батыр, абайлағыш, əділ, бақытты, мақтауға лайықты, шынайы жəне əмбебап етеді. Бақыт үш нəрсе сыйлайды: əулиелік, денсаулық, даналық. Ізгілік – біздің ішкі əлеміміздің күні, оның аспаны – таза ар-ождан – құдай мен адамдардың сүйіспеншілігіне бөленді. Ізгіліктен сүйкімді, кемшіліктен жиренішті ештеңе жоқ. Ізгілік қана шынайы, қалғанының бəрі жасанды. Тереңдік пен ұлылық тағдырмен емес, ізгілікпен өлшенеді. Адам тірі кезінде, оны сүйеді, өлсе – есінде сақтайды. «Ақыл қалтаның» түбіне жеттік, немесе «Парасат сабағы» тəмəмдалды. XІ.1997 – ІІІ.1998. Орыс тіліндегі «Карманный оракул» кітабынан тəржімеленді.

ЗИЯРАТ ЕТУШІ ПАУЛО КОЭЛЬО Бұл еңбекке Бразилияның курортты қаласы Копакабанада тұратын ерекше тағдыр иесі, осы заманғы ең атақты жазушылардың бірі Пауло Коэльоның кітаптарынан үзінділер арқау болған. Оның жазғандары түгелдей дерлік өз басынан өткергендері. Сондықтан да шыншыл. Бүгінде Пауло Коэльоның кітаптары əлемнің 155 елінде 56 тілде жарық көрген. Олардың жалпы таралымы 70 миллион данадан асады. Ресейде 1999 жылы алғашқы шыққан кітаптарының бар болғаны 3000 данасы ғана сатылса, 2003 жылы 3 миллион данасы сатылған. Паулоның орыс тіліне сегіз кітабы аударылған. Олар: «Алхимик», «Мен Рио-Пьедраның жағасына отырдым да жылап жібердім», «Вероника өлуге бел байлады», «Дию жəне сеньорита Прим», «Бесінші тау», «Нұрлы əлем сарбазының кітабы», «Он бір минут» жəне «Заһир». Қазақ оқырманына ұсынылып отырған əлемдік əдебиеттің жаңа нұсқаларымен танысу мүмкіндігін беретін Пауло Коэльоның кітаптарынан қазақшаланған кейбір түйінді ойлары бірімізді болмаса бірімізді жаңа ойларға жетелері хақ. «Алхимик» кітабынан «Алхимик» бүгінгі заманға лайық ертегі-əпсаналар жиынтығы. Сантьяго қойшының белгісіз жаққа сапар шегуінің нəтижесінде пайда болған «Өз Жолы» деген түсініктің төңірегінде адамның өзін-өзі тануы мен табуы, сол арқылы Жаратушы белгілеп берген жолды іздеуі қызықты оқиғалар арқылы тартымды суреттеледі. Өз Тағдырының жүзеге асуына қол жеткізу – адамның бірден-бір міндеті… Барлық адамдар жас кезінде-ақ өз тағдырын біледі… Бірақ уақыт өте келе жасырын бір күш сол тағдырының жүзеге асуы мүмкін емесін дəлелдей бастайды. Бұл күш адамға жақсылық тілемейтіндей көрінеді, дегенмен шын мəнінде, ол, адамға өз тағдырын қалай жүзеге асыруға болатынын көрсетіп тұрады. Ол, осыған адамның рухы мен жігерін дайындайды. Бұл планетада бір ұлы ақиқат бар: егер сен шынымен бір нəрсені қаласаң, оған жетесің, өйткені мұндай қалау Əлемнің көкірегінде пайда болады. Нақ осы – сенің Жерде не үшін жүргеніңді білдіреді. Əлемнің Жаны адамның бақытынан қуат алады. Бақытынан жəне де қасіретінен, күншілдігінен, қызғанышынан. Адамда жалғыз ғана міндет бар – өз Тағдырына ең соңына дейін еру. Барлығы – осында. Есте сақтайтын бір нəрсе – адам бір нəрсені қалағанда, бүкіл Əлем оның мақсатының орындалуына жəрдемдеседі. * * * Адамда өз арманының орындалуына керек нəрсенің барлығы бар. * * * Өз Тағдырың деген не? Бұл біздің ең ұлы мақсатымыз, ол – Жердегі бізге Жаратушының дайындап қойған жолы. Əр жолы, біз бір нəрсені қуана жəне рахаттана орындасақ, ол біздің Өз Тағдырымызға ергенімізді көрсетеді. Бірақ, сол жолмен жүріп, өзінің ұлы арманына жетуге барлығымыздың бірдей батылдығымыз жете бермейді. Неге барлық адамдардың көздеген мақсаттары мен армандары орындала бермейді? Бұған төрт нəрсе кедергі болады. Біріншісі – адамдарды жастайынан орындала бермейтін нəрсені армандай бермеуді үйреткендіктен. Ол – адамның арманының шолақ болып қалуына, оны орындаудың алдындағы қорқыныштың пайда болуына, содан адам өзін-өзі айыпты сезінуіне алып келеді. Сол жүк адамның еңсесін езе береді. Егер адам бұл кедергіні жеңе қалса, сөйтіп өз жүрегінің түкпіріндегі арманын биік қоя алса жəне ол мақсатын орындау жолындағы күрестен бас тартпаса, онда адамды екінші тексеру – махаббат күтіп тұрады. Адам өзінің өмірде жетемін жəне өз бойымнан өткізіп көремін дегені өзінің жақын жандарына қатер не қасірет əкелуі мүмкін деп түсінеді. Ол – махаббаттың ешуақытта кедергі болмайтынын, оның зияны жоқтығын, қайта ол ілгері жетелейтінін түсінбеуден келіп шығады. Егер адам махаббаттың да кедергі емес екенін сезінсе, онда оған үшінші кедергі – сəтсіздік пен жеңілу қорқынышы кез болады. Екі кедергіден өткен адамда қайтуға жол жоқ, сондықтан Нұрлы əлем сарбазы өмірде кездесетін қиын сəттерде төзімді болып, Бүкіл əлем оның мақсатының орындалуына тілектес болып тұрғанын ұдайы есте сақтауы керек. Осы жолда жеңілістің қаншалықты керегі бар? Ол керек пе, жоқ па, бəрібір кездесіп тұрады. Адам өз мақсаты мен арманы үшін күресті бастай сала, тəжірибесіздіктен көптеген қателіктерге

жол береді. Бірақ, тұрмыстың мағынасының өзі – жеті рет құлап сегіз рет тұру ғой. Адам осы үш кедергіден де өткенде, оған соңғы кедергі – бүкіл ғұмырының арманы орындалу қорқынышы кездеседі. Адам өз арманы орындалғанда, мақсаттары орындалмай қалған адамдардың алдында өзін айыптыдай сезінеді. Жан-жағына қарап, басқалар жетпеген биікке жеткенде адам өзін оған лайықты еместей сезінеді. Бұл жолда қаншама қиындықтар болғаны, басынан өткен қобалжу, уайым мен қайғы, арманының орындалуы жолындағы шеккен жапа мен шыққан шығын есінен шығады. Осы төрт кедергінің ішіндегі ең зұлымы – осы соңғысы, өйткені ол – өз жетістігі мен жеткен жеңісіне қуана білмеуге əкеліп соғады. * * * Оскар Уайльд «Адамдар өздерінің өте жақсы көретінін алдымен қиратады» дейді. * * * Мен ішкі дүниемнің қамауында бола жүріп, мынадай маңызды қорытындылар жасадым: біз кей ақиқатты əуелі бүкіл жан-дүниемізбен кері итермелеп барып қабылдаймыз; өз тағдырыңнан қашудың қажеті жоқ – бəрібір қашып құтыла алмайсың; Жаратушы қатаң талап етеді, бірақ, Оның кешірімділігі де шексіз. * * * «Қой жайып жүрген адамға кітап оқудың не керегі бар, қойлар кезкелген кітаптан көп нəрсені үйрете алады», – дейді қойшы Сантьяго. «Қойларға рахат, ештеңені ойлап, шешім іздеп жатпайды. Мүмкін, сондықтан да олар маған тығылса керек», – дейді ол тағы да. «Қойлардың басында тамақ табудан басқа не бар?… Мүмкін адамдар да солай шығар…». «Қойлармен бірге жүрген адам онша жалғызсырамайды…». * * * Адамдар биіктерге өрмелейтін себебі – бүгінгі өмірден жақсырақ өмір бар ма деп іздейді. Жер-жерді аралау, теңізге шығу да адамдардың бақытты болудың өзге жолдарын іздеу себебінен келіп шығады. Бірақ, олар, айналып келгенде, кешегілердің өмірі бүгінгілердікінен жақсырақ екеніне көздері жетеді. * * * Кейбір сəттерде адамдардың өмірі өздеріне бағынбай, оларды тағдыр басқарып кетеді деген сөз мүлдем өтірік. * * * Адамның төңірегіндегі адамдар өзгеріп тұрмаса, олар адамның бүкіл болмысына еніп кетеді. Сөйтеді де, олар адамның қалыпты өмірін өзгертуге тырысады. Егер сен олар қалағандай бола білмесең – ренжиді. * * * Ғаламдағы барлық нəрсенің бағасы бар. * * * Адамдар өз өмірлерінің мағынасы не екенін өте ерте сезіндік деп ойлайды. Мүмкін сондықтан да болар, олардан өте ерте бас тартады. Өзіңде жоқ нəрсені бар деп ойлау – соған ие болу құқығынан айырылып қалу қаупін туғызады. * * * Адамның əрбір күні бір-біріне ұқсас болса, адамдар өз өмірлерінде күн шыққалы бергі болып жатқан жақсы нəрселерді сезінуден қала бастайды. * * * Өмірінде бірінші рет карта ойнауға отырған адам ұта бастайды. Істі жаңадан бастағандардың жолы болатыны да осы заңдылыққа бағынады. Өйткені өмір сенің өз Тағдырыңа еруіңді қалайды, сөйтеді де сəттілік арқылы сенің тəбетіңді ашады. * * * Жер жүзінде барлығы біртұтас. Сондықтан адам өз Тағдырына соңына дейін ергені мақұл.

* * * Бақыттың құпиясы – өмірдің таңғажайып жəне қызықты екенін көруде, бірақ байқаусызда кездескен екі тамшы бақытты шайқап-төгіп алмауды да ұмытпау маңызды. * * * Бірқалыпты тіршілікке үйреніп қалған адам ауық-ауық ой-санасын қалдықтардан тазартып отыруы керек. * * * Біздің əрбіріміз өз өмірімізде бір рет болса да қасиетті Мекке қаласына баруымыз керек. Жасымда мен аз ғана қаржы жинақтағанда кішкене дүкен сатып алдым. Ойладым: «Біраз байып аламын да Меккеге барамын», – деп. Содан менде ақша көбейе бастады, саудамды ешкімге сеніп тастап кеткім келмеді, өйткені сауда қалыпты дамуынан бір ажыраса қалпына келтіру қиын. Менің дүкенімнің жанынан адамдар жылма-жыл Меккеге зиярат етуге кетіп бара жатты. Олар ішінде ондаған малайлары бар байлар бар еді, олар жолына ондаған түйе жегіп жүретін. Бірақ көпшілігі менен гөрі кедейірек болатын. Мен оларды қайта оралған кездерінде де көрдім, олар бақытты жəне риза пейілде еді. Өзгелердің етіктерін жамаумен күн көретін бір етікшіден: «Жол жүрудің қиыншылығы көп болды ма?», – деп сұрағанымда маған: «Меккеге бару жолында бір жыл жүргенде көрген қиыншылығым, көрші ауылға тері іздеп барғанда көрген қиыншылықтай да болған жоқ», – деді. Мен Меккеге бару жайлы армандаумен өмір кештім. Сол арманым мені күнделікті күйкі тірліктің арасында аман сақтап қалды. Көндіге келе, мен, арманым орындала қалса, онда алда өмір сүрудің не керегі бар деп ойлайтын болдым. Арманым орындала қалғанда мен үлкен өкінішке тап болармын деп ойладым. Осылайша мен бұрын қалай өмір сүрген болсам, солай өмір сүре беруге көндіктім. Осы жылдар ішінде менің достарым кетті, келді, кедейленді, байып кетті. Осыны ойласам көңілімді терең мұң басады. Қазір мен өзім салған кішкене дүкеннің көлемі менің арманыма лайық болғанын түсінемін. Мен өмірімде өзгерістер жасауға ұмтылмадым, тіптен, оның қалай жасалуы мүмкін екенін де білмедім. Мен өзіме-өзім əбден үйреніп кеттім. * * * Қойларда өздері еш үйрене алмайтын нəрселер баршылық. Олар талғажау боларлық тамақ пен су іздеуден басқаны білмейді. Оны да қойларды айдап жүріп үйретесің. * * * Кез-келген істе шешімге келу – істің басы ғана. Адам таңдау жасап, бір шешімге келгенде, қайда апарып тастары белгісіз, ағысы қатты суға сүңгіп кеткендей болады. * * * Қай істі болмасын жүзеге асыру жолында белгілерге тап боласың. Олар, кейде, «жолы болу» жəне «сəйкес келіп қалу» деп аталады. * * * Өз Жолыңда қаншалықты алысқа жетсең, ол жол сенің өміріңді соншалықты күштірек айқындайды. * * * Шөл дала соншалықты үлкен əрі шексіз, сондықтан сен өзіңді құмның бір түйіршігі ретінде елестетесің. * * * Алхимияда Əлемнің Жаны деген түсінік бар. Егер бір нəрсені бүкіл жаныңмен қаласаң, онда сен Əлемнің Жанына жақындайсың. Ол саған қуат болады. * * * Жер бетіндегі нəрсенің бəрі өзгеріп тұрады, өйткені жердің өзінің де жаны бар. Біз бəріміз – сол Жанның бір бөлшегіміз, сондықтан жердің бізге ылғи жақсылық жасап тұратынына мəн бере бермейміз.

* * * Белгісіз нəрседен қорқа бермеу керек, өйткені əркім қалағанын ала алады, жетемін деген биігіне жетеді. * * * Егер əркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара-пар болып кетпей ме? * * * Əркімнің оқып-үйрену жолы əртүрлі, бірінікі біріне сай келмейді. Бірақ, бəріміз өз Жолымызды іздеуіміз керек. Онымыз үшін біз құрметке лайықпыз. * * * Мен тірімін, өйткені қазір мен құрма жеп отырмын. Жол жүрсем, соның тауқыметімен боламын. Соғысу қажет болса, барымды салуым керек, оның жолында өлім де қорқынышты емес. Өйткені мен нақ осы сəтте өмір сүруге тиіспін, онсыз болашақ болмайды. Егер сен осы сəтпен өмір сүрсең – бақыттысың. Сонда сен, шөл далада да тіршілік бар екенін, аспанда жұлдыздар жарқырайтынын, əскерлердің ұрысқа əзір отыратынын түсінесің. Өмір осылай ғана таусылмайтын мереке болуы мүмкін, өйткені, бұлай болғанда онда нақ осы сəттен басқа ештеңе қалмас еді. * * * Əдетте жақсылар мен жамандардың соғысы болмайды, соғыс тек билік үшін ғана болады. Ондай соғыстар басталса, ұзаққа созылады, өйткені Құдай жеңушілердің де, жеңілушілердің де жағында. * * * Менің бүгінгі жасағанымды осыдан он жыл бұрын да жасауға болар еді. Бірақ, он жыл кешіккенімнің өзі жиырма жыл кешіккенмен салыстырғанда бақыт. * * * Бар құпия қазіргі сəтте. Оған лайықты көңіл бөлсең – оны жақсартасың. Оны жақсартсаң – болашақты да жақсарта аласың. Сондықтан, болашағым жақсы болсын деген адам нақ бүгінгі сəтін қолдан жіберіп алмасын. Əрбір күн – мəңгіліктің бір бөлшегін құрайды. * * * Жамандық адамның аузына кіргенде емес, одан шыққанда. * * * Түйелерде ерекше мінез бар: олар шаршамастан жүре береді, жүре береді. Сосын, тізерлей қалады да бірден өліп кетеді. Аттар олай емес, олардың күші біртіндеп қайтады. * * * Бүгінге дейінгі тапқаның құнды заттар болса, ол өзгермейді. * * * Сүюді сөзбен мадақтау да, даттау да қажетсіз. Сүйеді, болды. Махаббат дəлелдеуді қажет етпейді. * * * Артта қалған нəрсе туралы көп ойлай беру керексіз. Адамдар көбіне қайтуды ойлайды, жүріп кетуді емес. * * * Даналар біздің өміріміз жұмаққа сəйкес құрылғанын баяғыда түсінген. * * * Ең қараңғы кез – таң атуға жақындағанда болады.

* * * Біз алдымызда қандай қазына жатқанын түсіне бермейміз. Ол – қазынаның кездесе кететініне сенбегендіктен. * * * Күн астында болып жатқанның бəрінің зауалынан ешкім қашып құтыла алмайды. * * * Мен өзімнің кең пейілім үшін өте көп алдым деме. Өмір оны естіп қалса, ертеңгі берерін азайтып жіберуі мүмкін. * * * Бір рет болған нəрсе ешуақытта қайтып қайталанбауы мүмкін. Ал, екі рет болған нəрсе үшінші рет те айналып келеді. * * * Жер бетіндегі əрбір адам, қандай іспен айналысқанына қарамастан, əлемнің тарихында басты рөл ойнайды. Жəне, осылай екенін өзі біле де бермейді. «Мен Рио-Пьедраның жағасына отырдым да жылап жібердім» еңбегінен Бұл кітап өзінің алдында таңдау пайда бола кетіп, оған тез жауап беру қажет болған кезде, жас əйелдің бір апта ішінде басынан кешкен оқиғаларын баяндайды. Біз көбіне бұрын-соңды болмаған нəрсе – өте бір биікте немесе шалғайда секілді сезінеміз. Жанымызда болып жатқан кереметтерді қабылдағымыз келмейді, оларға өз қақпамызды ашпай, өткізіп жібереміз. Нағыз махаббат – өзіңді ешбір қалдықсыз, тұтастай соған бағыштағанда ғана келетін нəрсе екеніне кітапты оқыған адамның көзі жетеді. Адамда кей кезде өзінің жүрегін кеудесінен жұлып алып лақтырып тастағысы келетін сезім болады. Сол арқылы барлық қиналыстан, күйініш пен сағыныштан, естеліктерден құтылғысы келеді. * * * Өмір сүруге ғана тырыс. Естеліктерді қарттарға қалдыр. * * * Махаббат туралы барлық тарихтар бір-біріне ұқсас. * * * Тəуекел ету керек. Өмірдің кереметіне біздер өзіміз соған дайын болған кезде ғана жетуге болады. Əрбір күні, Құдай бізге, жарық күнмен бірге, бізді бақытсыз етіп жүрген нəрсенің бəрін өзгертуге мүмкіндік береді. Жəне, əрбір күні, біз сол мүмкіндікті байқамауға тырысатындай болып көрінгіміз келеді, ондай мүмкіншілік болмағандай, бүгінгі күннің кешегі күннен еш айырмасы жоқтай көреміз. Бірақ, өз күніне үңіле қараған адам осы сиқырлы сəтті табады. Ол, біз ертеңгі күнге есік ашқан сəтімізде, немесе кешкі ас соңынан келер тыныштық сəттерде, я болмаса бізге бір-бірінен еш айырмасы жоқ болып көрінетін мың бір сəттің əрбірінде жасырынып тұрғандай. Əйтеуір, жұлдыздардың қуаты бізге жететін жəне бізге таңғажайыптар жасауға мүмкіндік беретін нақ осындай сəттер бары хақ. Иə, бақыт бізге кейде бір игілік ретінде келеді, бірақ жеңіс пен кедергілерді жеңу ретінде келуі жиі. Сиқырлы сəт бізді өзгеруге жəне өз армандарымызды іздеуге сапарға шығуға үндейді. Иə, бұл жолда бізге уайым мен күйіну, қайғы мен жоғалту кездесуі мүмкін, бірақ бұлар өтпелі жəне із қалдыра қоймайды. Алдағы күнге біз артымызға намыстанбай жəне сеніммен қарап ұмтыла аламыз. Тəуекелге барудан қорқатын адам бақытсыз. Ол қиялдың өкініші мен жеңілісі деген не екенін білмесе керек, ол армандай білетін жəне сол арманын шындыққа айналдыруға ұмтылатын адамдар секілді қинала білмесе керек. Бірақ, тағдыр теріс айналғанда (ол міндетті түрде теріс айналады, өйткені ол біздің əрбірімізге тиесілі), онда өз жүрегі: «Сенің əр күніңді, демалысың мен еңбектеріңді мырзалықпен орналастырған Құдайдың кереметтерімен сен не істей алдың? Сен Ұстазыңның саған

сенген дарынын қалай пайдаландың? Жоғалтып аламын деп тереңірек көме салдың ба? Мейлі, онда бұдан былай саған өз өмірімді өткіздім, шашып-төктім, тауыстым жəне тараттым деген сезімде боласың», – демей ме? Мұндай сөздерді естіген адамдар бақытсыз. Өйткені ол кереметтің болатынын, бірақ сол сиқырлы сəттердің қайтып оралмайтынын ғана айта жүргені үшін бақытсыз. * * * Бізді кейде бір мұң басады да, оны жеңу қиынға соғады. Біз осы күннің сиқырлы сəті өтіп кеткенін, біз оны ұстап қала алмағанымызды сеземіз. Сонда өмір бізден өзінің магиясын, өзінің өнерін жасырады. Егер біз қайта туыла алсақ, онда біздің өмір сүргенімізде ешқандай мағына қалмаған болар еді. * * * Нақты тұрмыста біздер орындалмаған махаббатты махаббат деп санамаймыз. Махаббат сүйетін адамыңмен қашан да болса бір қауышармын деген үміт бар кезде (ол үміт əлсіз ғана болса да) сақталып қалса керек. * * * Дананың даналығы сүйе білетінінде. Ал ақымақтың ақымақтығы махаббатқа ие бола аламын-ау деуінде. * * * Сүйетін адам табу мен жоғалту өнерін де меңгергені дұрыс. * * * Өз жүрегін бағындыра білгенге бүкіл əлем бағынады. * * * Махаббат – тоспа сияқты: онда азғана су өтерлік титтей тесік қалса, онда жақын арада тоспа күйрейді жəне судың ағынын ешкім тоқтата алмайтын уақыт келеді. Егер махаббаттың алдындағы кедергі күйресе, онда ол барлығын бағындырады: ол мүмкін іс пе, жоқ па, оған бəрібір. Махаббат басқаруға көнбейді. * * * Махаббат – ол тұтасып тұрған торлар мен қақпандар. Ол өзін сездіргісі келсе, оның жарық жағы ғана көрінеді, ал жарық түсірген көлеңкені жасырып қалады. * * * Қашан болса да біреумен күресіп жүретін адамдар болады. Ол төңірегіндегілермен де, өзімен-өзі де, өмірмен де күреске түсе кетуге əзір тұрады. Бірте-бірте оның басында əртүрлі театрлық қойылымдар пайда болады, мұның либреттосын ол, өзінің жеңілістері мен сəтсіздіктерінің айтып тұруымен жазады. Ең қайғылысы, ондай адамдар өз пьесасын жеке өзі ғана орындамайды, оған өзге де актерларды тартады. Мұндай адамдар сахнаға шақырғанда өзін жапа шегуші ретінде көрсеткісі келеді, өмір толы əділетсіздік деп шағынады, өзгелерден кеңес, жəрдем сұрап, ара түсуін тілейді. * * * Титтей ғана көлденең жатқан шөпті көре қалатындардың таулар мен далаларды, тұтас ормандарды байқамайтындай болатыны бар. * * * Өмірде соңына дейін күресуге тұратын нəрселер бар. * * * Жаңа киген бəтіңке аяқты əр жерінен қысады. Өмір де солай: ол бізді əлі басымыздан өткізіп көрмеген сəттерде қыспаққа алады. Біз оны қаламауымыз мүмкін, бірақ, бізге соның өзі керек болып тұрған болар. * * * Бір кісі өмірге қалыптасуға тырысып, ештеңе шығара алмай жүрген ескі досын кездестіріпті. «Оған аздаған ақша берсем қайтер екен» деп

ойлапты. Досына жолыққанда, оның байып кетіп, көп жылғы қарыздарының барлығынан құтылғанын естіпті. Мұндай табыстың себебін сұрағанда досынан: «Мен бұрын басқа адамша өмір сүрген екенмін» деген жауап алыпты. – Қалай? – Басқа адам дегенім – осы күнге дейін қалай болуым керегін оқытқысы келгенді, өзім олай болуды қаламасам да тыңдап жүре берген адам. Ол адам бүкіл өмірінде көп ақша жинап, қартайғанда аштан өлмеудің жолын іздеу керегіне сенген. Олай ойлаған сайын ол орындалуы мүмкін емес алып жоспарлар жасап, оны орындауды армандап жүргенде, алдағы тірліктегі күні таусылып бара жатқанын сезінеді екен. Сөйтіп, кешіккенін білгенде ғана өкінеді. – Ал қазір сен қандайсың? – Мен қазір тек жүрегімнің əмірін тыңдаймын. Қорқыныш пен өкініш орнын менде кереметке сену мен барлық нəрсеге шаттана қарау қабілеті басқан. Жеңілістер бар, одан қаншалықты сақ болғанда да құтыла алмау мүмкін. Сондықтан, өз арманыңды орындау жолында күрес, майданда кейде жеңіліске ұшырасаң да, оның күйреумен салыстырғанда бақыт екенін түсін. Мен осы ақиқатты түсінгелі бері өзімді-өзім тапқандай болдым. Бұрынғы қалпымды тастадым. Ол маған жабысып айырылғысы келмеді, қорқытып та көрді, мені орынсыз тəуекелге барып жатырсың, болашағың мен кейінгі күнге ештеңе қалмай барады деп иландырғысы да келді. Бірақ мен оған қайырылып та қарамадым. Бұрынғы қалпымды өз ішімнен қуып шыққалы Құдайдың қуаты керемет жетістіктерге жеткізді. * * * Құдай біздермен ойын ойнайды жəне біздің ойнағымыз келе ме, жоқ па, оны сұрамайды. Оған сенің артыңда не бар: сүйіктің бе, үй, қызмет, мансап па, арман ба – бəрібір. Құдай сенің өмірің жайлы мəліметтерді білмейді, білгісі де келмейді, білгісі келсе сенің қай затың қайда тұрғанын, сенің үміт-тілектеріңді, соны орындау жолындағы табандылығың мен еңбекқорлығыңды да білер еді де, мүмкін, соған сəйкес əрекет еткен болар ма еді?!. Құдай сенің жасаған есептерің мен құрған жоспарларыңды еске алып жатпайды, ол Əлемнің бір түкпірінде ойын ойнап отырып, басқа біреуге ауыса салады. Ойын кезінде Құдайдың бойынан бір толқын тарап тұрады, ол жақсылық та, жамандық та əкелуі мүмкін, оның қалай болып тиетіні ешкімге аян емес. * * * Бүкіл əлем қашанда біздің армандарымыздың орындалуына жəрдемдесуге əзір, ол, тіпті, ақымақтау арман болса да. Өйткені ол – біздің арманымыз жəне осылайша армандауға қалайша жеткеніміз өзімізге ғана аян. * * * Махаббат – есірткі сияқты. Алдымен бір рахат сезімге бөленесің, өзіңді жеңіл сезініп, сол сезімнің ішінде тұтастай еріп кеткендей боласың. Келесі күні – тағы қалайсың. Сезіну саған қаншама ұнап тұрса да, соған мүлде беріліп кеткенше өзіңнің кез келген сəтте одан бас тарта алатыныңа сенесің. Ол кезде сен сүйіктің жайлы екі минут ойлап, үш минут ұмыта аласың. Бірақ біртіндеп оған үйренесің де, толықтай соған бағынышты болып қаласың. Енді сен ол туралы үш сағат ойлайсың да, екі минут ұмытатын боласың. Ол жаныңда болмаса, нашақорлар сияқты бірнəрсе жетпей тұрғандай сипалана бересің. Нашақор секілді бір салым есірткі үшін ұрлық-қарлыққа да, өлтіріп жіберуге де əзір тұрасың, махаббатың үшін кез-келген қорлыққа дайынсың. * * * Кейбір үнсіздік сəттері бізге бір-бірімізге ештеңе түсіндірудің қажеті болмай қалғанын білдіреді. * * * Мен ең жақсы күндерімді, солардан құралған жылдарымды қағазға үңіліп, бірдеңелерді түртпектеп өткіздім, бірақ олар менің онсыз да жатқа білетін нəрселерімнен басқа ештеңе де үйреткен жоқ. * * * Құдай, егер ол бар болса, онда ол – əрі Əке, əрі Шеше. * * * Махаббат туралы айтудың керегі жоқ, оның өз дауысы бар жəне өзі туралы өзі-ақ сөйлеп береді.

* * * Махаббат – қашан да жаңа. Махаббаттың өмірде неше рет кездескені де маңызды емес: бір рет пе, екі немесе үш рет пе. Əр жолы біз бір бейтаныс жəне түйсігіміз үшін жаңа нəрсемен кездесеміз. Махаббат бізді аспанға шығаруы да, жерге тығып жіберуі де мүмкін, бірақ бұрынғы орнымызда қалдырмайды. Махаббатты кері қайтарып жібере алмайсың, өйткені ол – біздің тұрмысымыздың тамағы. Одан бас тартсақ – жемістен қайысқан өмір ағашының жемісін қолымыз жетіп тұрса да үзіп алуға батылымыз жетпей құр қарап отырып аштан өлеміз. Қайда тұрғанына қарамастан махаббатты іздеу керек, оны іздеу өкіну мен мұң сағаттарына, күндерге, апталарға созылса да. Мəселе мынада: егер біз махаббатты шындап іздесек, ол өзі де біз жаққа қарай беттей бастайды. Жəне бізді құтқарады. * * * Сүюден қорыққан арулар, қорқыныш нəтижесінде махаббатын жоғалтады. * * * Вампирлер аласұрып серік іздейді. Бірақ, олар сүюге қабілетсіз. Сондықтан да вампирлерді өлтіру үшін олардың жүрегіне қазық тығып алу керек деген сенім шыққан. Солай еткенде ғана жүрек махаббат қуатын босатады, ол жамандықты жояды. * * * Махаббат біртіндеп келмейді. * * * Буддистердің өз шындығы бар, кришнаиттер мен индустерде де, мұсылмандар мен иудейлерде де солай. Егер адам сенімге ие болса, ол Құдаймен біртұтас болады жəне ғажайып жетістіктерге жете алады. Мұны білу аз – таңдау жасау жолында да тəуекел керек. Мен католик дінін таңдадым, өйткені осы дін аясында тəрбиелендім, оның кереметтеріне сеніп өстім. Иудей болып туылғанда, иудаизмді таңдар едім. Құдай – жалғыз, бірақ оның мың аты бар, бізге соның біреуін таңдау қажет болады. * * * Мен өсе келе, Құдай бізді бала кезімізде қорқытатындай жендет емес екенін түсіндім. * * * Білемін деп сенсең, түбінде біліп аласың. * * * Бақыт тарату қабілетіне ие адам ғана шын бақытты. * * * Махаббатта сұраққа орын болмайды, біз ойландық екен қорқа бастаймыз. Ол – түсіндіріп болмайтын қорқыныш. Ол, мүмкін, мені қайтарып тастайды, қабылдамайды дегеннен, немесе бұрынғы сүйкімділігін бұзып аламын дегеннен болуы мүмкін. Олай ойлау ыңғайсыздау, бірақ шыны сол. Сондықтан, сұрап жатпай, алаңдамай, іске батыл кірісу керек. Тəуекел ету керек. * * * Махаббат əйел жүрегінде ертерек тұтанады. * * * Мен танитын адамдардың ішінде бірінші махаббатына үйленген адам жоқ екен. Ал, кейбір əңгімелесе қалған кісілердің ішінде ондайлар кездескенде, олар маған болуы мүмкін кей нəрселер болмай қалып, бір қымбаттысын өткізіп алғандай сезімде жүргендей болатынын айтады. * * * Құдай бізге өзінің қуатын көрсету үшін жерге түседі. Біз Оның арманының бір бөлшегіміз, ал ол бақыт туралы армандағысы келеді. Егер біз өзімізге-өзіміз «Құдай бізді бақытты болуымыз үшін жаратты» деп қабылдар болсақ, онда біз өзімізді мұң мен жеңілістерге бастап апаратын жолды да қабылдағанымыз, оған – өзіміз айыптымыз.

Құдайды қабылдай білген адам əлемді өзгертеді, бірақ оның жолында көптеген шығындарға ұшырауы мүмкін. * * * Индонезияның аралдарында маймылдардың табиғатын зерттеген бір ғалым маймылға жейін деп тұрған жемісін жуып жеуді үйретіпті. Құм мен кірден тазарған жеміс тəттірек болыпты. Аз уақыт өтпей ғалым қолбала маймылдың жасағанын оның төңірегіндегі үйретілмеген маймылдар да жасай бастағанын байқапты. Күндердің күнінде басқа аралдардағы, мына маймылдардың тəжірибесін көздерімен көрмеген маймылдар да жемісін жуып жей бастапты. Мораль: адамдардың белгілі бір бөлшегі жетіліп, жаңа сатыға көтерілсе, бүкіл адамзат та жетіле бастайды. Ондай сатыға көтерілу үшін қанша Адам керек екені əлі зерттей түсуді қажет етер, бірақ, осылай екені хақ. * * * Өз тəнін бағындыра білген адам өз рухын да бағындыра алады. * * * Біз өз сенімімізде Құдайға қаншалықты жақындасақ, ол да біздің санамызда соншалықты қалыптаса бастайды. Ол біздің санамызда қаншалықты берік қалыптасса, оның біздің өмірімізге қатысын біз тереңірек сезінеміз. * * * Əйел қымбатырақ құн төлейді, себебі ол құрбандыққа өзін береді. * * * Бірінші қадамды жасауға батылы барғандарға рахмет. * * * Махаббат арқылы құтқару келетінін білмейтіндер, сенімді де кері итеретіндер. * * * Жас жігіт пен қыз бірін-бірі өте жақсы көріпті де үйленуге келісіпті. Жігітте атасынан қалған алтын сағат бар екен, соны сатып, сүйіктісі қолаң шашын тарайтын əсем тарақ сатып алыпты. Қызда да ақша жоқ екен. Ол ең бай көпеске барып өзінің шашын сатып, жігіттің сағатына алтын бау сатып алыпты. Той күні кездескенде қыз жігітке сағатқа тағатын алтын бауды сыйлапты, жігіт қызға шашын тарауға əсем тарақ сыйға тартыпты. * * * Махаббат мəңгілік. Тек ғашықтар ауысып тұрады. «Вероника өлуге бел байлады» кітабынан Бұл кітап өмір, өлім, махаббат туралы. Жəне де аз ғана ессіздік туралы. Басты кейіпкер Вероника бұл өмірден тойынып, өлгісі келеді де, үйді жинастырып, дайындалып болып қолына түскен бір журналдың алғаш ашқан бетінен Пауло Коэльоның «Бұл өмірде ештеңе де кездейсоқ болмайды» деген сөзін оқиды. Сөйтеді де өлім алдындағы қоштасу хатының орнына журналға хат жазады. Дайындаған дəрісін ішіп алған ол өлмей қалып, оянғанда өзінің есі ауысқан адамдар жататын ауруханаға түскенін біледі. Аурухана тұрмысы, аурулардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасы Верониканы өлімнен арашалап қала алмайды, бірақ, ол өмірдің мағынасын түсінуге ұмтылады, ылғи бір ізбен жүруден жерінеді. Бұл кітап керемет ұсталықпен жазылған ирониялық метафораларға толы. Бір сөзбен айтқанда, бұл, өлім алдындағы əрбір күнді нағыз керемет ретінде қарауға шақыратын, өмір сүруге деген құштарлық туралы кітап. * * * Өмір дегеніміз – одан арғысы сенің шешуші əрекетіңе тəуелді болатын сағатты күту. * * * Жастық өтіп, барлығы аяқталу сəтіне таянғанда, өмір өзінің бояуын жоғалтады: беттегі бедерлерге қарап-ақ жақын қарттықтың белгілерін көруге болатын, аурулар көбейіп, достар сирейтін кез келеді. Айналып

келгенде, өмір сүруді жалғастыра бергенмен, өмірдің əрбір сəті қиналыста өтеді жəне төзгісіз бола береді. Ал, өмірде болып жатқан нəрселерді ақпарат көздерінен көріп отырғанда, бəрі де көңілдегідей болмайтын, оны қалай өзгертуді өзің де білмейтін, соны сезінгенде көңілің құлазитын жағдайға келесің де, өзіңді бұл əлемде ешкімге керексіз, пайдасыз, бөтен сезінесің. * * * Егер Құдай бар болса, онда ол адам қабілетінің шегі бар екенін, адамның түсінігінде де шек бар екенін білуі тиіс еді. Өйткені бұл əлемді өз жалғандығымен, дүниеқұмарлығымен, кедейлігімен, əділетсіздігімен, жалғыздығымен бірге жаратқан оның Өзі ғой. Олай болса, Ол басынан жақсы ниетте болғанымен, нəтижесі нашар болып шыққан. Егер Құдай бар болғанда, Ол мына Жерді ертерек тастап кеткісі келетіндерге кешіріммен қарауы тиіс еді, тіптен, Жерде жүруге зорлағаны үшін кешірім сұраған болар еді. * * * Ешкімге айыптауға құқық берілген жоқ. Əркім өз қайғысының салмағын өзі ғана біледі, кейде ол өмірдің мағынасы жоғалатындай тереңдікке кетеді. * * * Ең парасатты мамандық иесі дəрігердің өзі де көзқарасында жанашырлық сезілместен, тек солай жасауға тиіс болған соң ғана өз ісін жайбарақат атқарып тұрғанын көресің. * * * Адамдарға өз келбетінен гөрі əсемірек көріну ұнайды. * * * Менің жан-дүниемде не болып жатқанын менен басқа кім түсінеді? * * * Өз өмірінде Вероника көп адамдар өзге адамдардың бақытсыздықтары жайлы тап бір жəрдем бере кеткісі келіп тұрғандай етіп айтатынын, бірақ ішінен соған жасырын бір рахаттанып тұратынын, өйткені өзгенің қайғысы өзінің бақыттырақ екенін көрсетіп тұратын өлшемдей көретін, тағдыр өзіне оң көзімен қарағанын сезінетінді көп рет байқады. Оларды жек көрді, сондықтан да өзіне жанашырлықпен қарап, соның есебінен өз деңгейінің көтеріңкі екенін сезінуге оларға мүмкіндік бергісі келмеді. * * * Адам өмір бойы бір нəрсені күтумен болады: əкесінің жұмыстан оралуын, сүйіктісінен хатты, емтихандар мен сапарларды, телефон қоңырауын, айлық жалақы алатын күнді, демалыс күндерін, т.с.с., сөйтесөйте келіп қалуы тиіс өлімді де күтуге қалай жеткенін білмей қалады. * * * Есуас болу деген не? Ол – рекордтарға жету үшін жанын аямайтын спортшы ма, бір полотноның бетіне айлап үңілетін суретші ме? Есуас – ерекше бір əлемде өмір сүретін адам болса керек. Шизофрениктер, психопаттар, маньяктар, яғни, өзгелерден айрықша ерекшеленіп тұратындар. Эйнштейн: кеңістік пен уақыт деген жоқ, солардың бірлігі ғана бар деген. Колумб мұхиттың арғы жағы түпсіз шыңырау емес, онда жаңа континент бар депті. «Битлз» ансамблі де, басқа дəуірдің адамдары сияқтанып, өз заманының əндерін айтпаған, өз тұрғыластарынан ерекше киінген. Осылардың бəрі жəне соларға ұқсаған мыңдаған адамдар өздерінің ерекше əлемдерінде өмір сүргендер. Кейбір əулиелердің Құдаймен сөйлестім деуі де осылардан алыс емес. Бес градус суықта келте қызыл көйлек киген, біреуді күтіп көшеде тұрған əйелді көрсең, оған сырт киім беруге ниеттеніп əуре болма, мүмкін ол күткен адамының жылуымен жылынып тұрған шығар. Мүмкін, оның күткен адамы оның қиялында ғана туындаған болар, бірақ ол əйел өз қалауымен өмір сүруге құқылы ғой. * * * Қолынан бəрі де келетін бір сиқыршы корольдікті жойып жібермек болып, сол ел су ішетін құдыққа сиқырлы дəрі тастап жіберіпті. Ол құдықтан су ішкендер есінен адасады екен. Ертеңіне-ақ корольдіктегі адамдардың бəрінің: ерлер, əйелдер мен бала-шағаның да, шаруаның да, саудагердің де, тəртіп сақшыларының да

естері ауысыпты. Тек корольдың отбасы мүшелері ғана аман қалыпты, өйткені олардың су ішетін құдығы бөлек екен. Елде тəртіпсіздік, бетімен кету басталыпты. Король тəртіп орнатқысы келіп, тыйым салатын жарлық шығарыпты. Сөйтсе, халық королін тыңдаудың орнына, короліміздің есі ауысыпты, ешбір мағынасы жоқ жарлық шығарыпты деп, оның биліктен бас тартуын талап етіпті. Король тəжін тастап кеткісі келіп тұрған бір сəтте, ханымы оған: «Жүр, біз де сол құдықтың суын ішіп алып, халқымызбен тең болайық», – депті. Осылай еткенде ғана король мен халық бірін-бірі түсініпті де, олар корольдің даналығы мен біліктілігі мол, елді басқаруға басқа басшы іздеу қажетсіз деп шешіпті. Елде қайтадан тыныштық орнап, қалыпты өмір басталыпты. * * * Есі ауысқан адамдар ауаны бұлт басып, жауын-шашын болып тұрған сəттерде қайғыға түспейді, олардың жан-дүниесі тап осындай ауа-райымен үндес, табиғат пен олардың мінезі келісімде болады. Керісінше, күн шыққанда, балалар далада көңілді əуенмен асыр салып жүргенде, барлық адам күннің тамаша екеніне қуанғанда, есуастар өздерін жайсыз сезінеді. Əділетсіздік деген осы емес пе: басқаларға шаттық келгенде, депрессияға ұшырағандарға онда орын жоқ. * * * Адамдардың кейбірінде осы күнге дейінгінің бəрі түкке тұрмайтындай көрінетін сəттер болады. Жас күнінде таңдау жасау əлі ертерек деп жүріп, есейген кезде бір нəрсені өзгертуге тым кештей көрінеді. Оның себебі, ол адам өмірде барлығы қалыпты, əбден үйренген жағдайда болуына тырысқан. Ол өзінің көп мақсаттарын ата-анам ренжімес пе екен, я болмаса, басқалар түсінбей қалмас па екен деумен кейінге шегеріп келген. Ол өз еріне де рахатты өзі қанша бергісі келсе, сол көлемде өлшеп беріп келген. Ол біреуге ренжуге де тайсалатын, мүмкін реніштен біреумен тайталасу туар, ол белгісіз бір қиындықтарға ұшыратар, біреулермен өштестірер деп қауіпсінген. Сөйтіп барлығы өз тілегіне қарай қалыптасқанда, мынадай өмірдің түкке де керегі жоқ, мағынасыз бір нəрсе екенін түсінген. Өлімге бел байлау тəуекелі осыдан туындаған. Осындай шешімнің өзі кейде адамға өзін біреулерден үстемірек екенін сезіндіреді. Осыны ойлап, мүмкін, маған өмір сүруді жалғастыра беру керек шығар деген ойға да келетіндер бар. Мұндай ойлар адамды оңашалыққа, ешкіммен тіл қатыспауға бастайды. Менің алдымда түрлі таңдау болғанда, мүмкін мен бұлай біркелкі күндер кешпеген болар едім, ал егер біркелкі күндер кешсем, онда өзім соны қалаған болармын – деп адам өзіне-өзі сұрақ қоя бастайды. * * * Депрессия жөнінде дəрігерлер əртүрлі пікір айтады: Біреулері, адамның ішкі көңіл-күйін айқындайтын факторлар адамда серотонин жетіспеуінен болады дейді. Серотониннің жетіспеуі адамның жұмысқа құлшынысына, ұйқыға, тамаққа, өмірдің жағымды сəттеріне шаттануға əсер етеді дейді. Ол зат адам организмінде тіптен жоқ болса, онда адам үмітсіздік, пессимизм, өзінің қажетсіздігін, шектен тыс шаршау, сарыуайымға түсе қобалжу, шешім қабылдаудағы қиыншылық сезінеді, соңынан уайым-қайғыға салынып, тұтастай апатияға ұшырайды. Екінші біреулері, депрессияға адам өміріндегі тез өзгерістер: басқа елге көшіп-қону, сүйіктісін жоғалту, ажырасу, жұмыстың шектен тыс ауырлығы немесе отбасындағы кикілжіңдер себеп болады дейді. Қазіргі заманғы зерттеушілердің кейбірі, қыста жəне жазда түсетін ауруларды зерттей келіп, депрессияның бір себебі ретінде күн сəулесінің жетіспеуін айтады. * * * Адамдар ешқашанда біреулер айтып бергенге сенбейді, олар бəріне өздері жеткісі келеді. * * * Есі ауысу – өзгелерге өз қабылдауындай етіп жеткізе алмау. Бөтен бір елде жүргендей, бəрін көріп, не болып жатқанын түсінесің, бірақ түсінісіп, жəрдем сұрай алмайсың, өйткені олар сөйлеп тұрған тілді білмейсің. * * * Ол жаңа айды жақсы көретін, өйткені ол тоқтаусыз қартая бастар алдында өскісі, денесінің жетілгенін көргісі, күн көзінен қуат алғысы келетін.

* * * Қандай төлем төленсе де, өмір сүру үшін күрес жүргізу секілді өмірдің табиғи заңына қарсы тұратын адамдар қайдан шығады екен?! * * * Адамның өзін-өзі жек көруіне қорқақтық себеп болады. Немесе мəңгі жеңіліс қорқынышы, саған деген үмітті ақтай алмау қорқынышы себепкер. * * * Өзін-өзі жоғалтып алуға болмайды. Бір істі бастадың ба, аяғына жеткіз. Ол шынында да өмірде қолға алған барлық бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренген, тіпті онысы онша маңызды іс болмаса да. Мысалы, ол кешірім сұрай салуға болатын жерде де өзінікі дұрыс екенін дəлелдеумен болатын, немесе екеуміздің ғашықтық қарым-қатынастарымыз онша берік емес жəне онда болашақ жоқ деп санағанда, сүйіктісіне қоңырау шалмай қоя салатын. Ол болмашы нəрселерде де, өзіне-өзі бір нəрсені дəлелдегісі келіп, өзін мықты жəне əділетті санап, алған бетінен қайтпайтын. Ал шын мəнінде ол əлсіз ғана əйел еді, оқуда да, мектептегі спорт жарыстарында да, үйде тазалық орнату əрекеттерінде де өзгелерден озат болмайтын. Өзінің негізгі емес проблемалары мен кемшіліктерін жеңе тұрып, ол ең бастыларда жеңіліс табатын. Оған өзі туралы тəуелсіз, қайсар əйел деген пікір қалыптастыру мүмкін болды, бірақ оның жан-дүниесі көпшілікпен араласуды өте қажетсінетін. Қайда болмасын, көпшіліктің назары алдымен соған түсетін, бірақ ол жатарда жалғыз қалып қоятын. Өз таныстарына ол жұрттың бəрі оған қызығатындай болып көрінетін, солай ете тұрып ол өзінің бар қуат-қажырын өзі жасап алған образды сақтап қалуға жұмсайтын. * * * Вероника бəрін жек көретін, олардың ішінде ең алдымен өзінің ішінде өмір сүрген жүздеген – қызықты, батыл, ештеңенің парқына бара бергісі келмейтін, бəріне қызыға қарайтын, тəуекелге ойланбай баратын Вероникаларды байқай алмай, өз өмірін өткізіп алғанына өкінетін. * * * Ол анасы сыйлаған махаббаты да жек көретін, өйткені ондай махаббат қайтарым күтпейтін, ал олай сүю табиғи жағдайға кері келетін ақымақтық деп санайтын. * * * Вероника əкесін де, ол қаншалықты мейірім төгіп тұрса да, өмірге ашық көзқараспен қарай алса да, нақ осынысын анасына жасамағандығы үшін жек көретін. * * * Соңы жоқтық пен Мəңгілік бір-бірімен қол ұстасып жүреді жəне соның біреуіне – түпсіз Əлемге үңіле қарасақ, өзге Əлем – Уақыт деген ешуақытта таусылмайтын, ешуақытта өтіп кетпейтін, қашанда да Қазіргі сəтте болатын, сонда өмірдің барлық құпиялары сақталатын бір құдірет барын көреміз. * * * Адамның жан-дүниесінде жылдап жиналған барлық нашар сезімдердің шығатын кезі келеді. Сол кезде адам солай болып жатқанын сезінеді. * * * Адамдар қаншалықты бақытты бола алатын болса, олар соншалықты бақытсыз болып кетеді. * * * Адамдар көбіне-көп бақыт дегеннің не екенін түсіне алатын жағдайда болмайды. * * * Кейбір патологиялық жағдайлардан басқа кезде, адамдар күнделікті күйкі тірліктен құтылу үшін есінен адасып кетеді.

* * * Біз бəріміз тек қарнымыз ашқан кезде ғана тамаққа отыратын болсақ, онда үй бикелері мен мейрамханалардың жұмысы азайып қалар еді. * * * Көп адамдар қоштасу сəтін жек көреді. * * * Біздің алдымызда отырған адам үндемей қойса, біз қобалжи бастаймыз, жағдай төзгісіз болып кетеді. Өйткені олай ету жайсыздық туғызады. * * * Шизофреник дегеніміз – болған бір жағдайдың нəтижесі ол ғана түсінетіндей нақтылық көрсеткенше бұл өмірден өзін тыс ұстауға табиғи бейімділігі бар адам. Бұл кесел адам өзін-өзі толық шектеп алғанша дами береді, оны біз кататония дейміз, ол кесел адамға бұрынғыша қызметін жалғастыра беруге, қалыпты өмір сүре беруге мүмкіндік береді. Барлығы қоршаған ортаға байланысты. * * * Мынадай бір қисын бар: мəселен, менің мойнымда тұрған галстук. Осыны есі ауысқан адамнан «бұл не» – деп сұрасаң, ол оны түрлі-түсті мата қиындысы, ол күлкілі əрі пайдасыз, байлауы да күрделі, бастың қозғалысына зиянын тигізіп тұр, өкпеге баратын ауаны да қысып тұр, мен былай бұрыла қалсам ол мені буындырып өлтіреді деп жауап беруі мүмкін. Егер есуас адам менен «галстук неменеге керек» – деп сұраса мен не дей аламын: ештеңеге де керек емес деп жауап беруім мүмкін. Ол көрік те бермейді, өйткені бүгінгі күні ол құлдықтың, биліктің, өзін-өзі даралаудың символына айналды. Галстуктың жалғыз ғана пайдасы бар: үйге келіп шешіп тастағанда, неден болса да əйтеуір бір нəрседен босап, жеңілдеп қалғандай боласың. Ал осы жеңілдену сезімі галстукты ақтап ала ма? Жоқ. Сонда да есуастан да, саудан да мынау не деп сұрағанда «галстук» деп жауап бергендікі дұрыс саналады. Қайсысы солай жауап бергені маңызды емес. Кімдікі дұрыс екені маңызды. * * * Кей адамдарда, ешқандай сыртқы қорқыту кіре алмайтын, шыншыл əлем құру əрекеті болады, ол қалыптан тыс ұлғайған дəрежеде сыртқы əлемнен – бейтаныстардан, əдеттенбеген қобалжулардан қорғану əдісі ретінде дамиды, жəне оның ішкі əлемі қорғаныссыз қалып қояды. Нақ осы жерде Уайым қалпына келтіріп болмайтын залал келтіреді. * * * Оның өмірінде мейірім де, түсіну де, махаббат та жеткілікті болған, осының бəрін бақытқа айналдыратын аз ғана естен тана ауытқу болмаған. * * * Күн мен таулардан рахат алу, тіптен күнделікті тұрмыстық проблемалардан рахаттанудың өзі – бақыт. Өмірдің мағынасы жоқ болып қалса, ол – менің айыбым. Жек көру мен махаббатты, опыну мен өкінуді, осы секілді қарапайым, бірақ оларсыз өмір қызықты болмайтын нəрселерді сезіне білу керек. * * * Менің əлемімнің де, сенің əлеміңнің де шегі бар. * * * Бірде сопылық үрдіспен дəріс беретін Ұстазды əңгімеге шақырыпты деседі. Оған 1700 адам келіп тыңдауға ықылас білдіріпті. Сағат екіде, басталар сəтте ол, бір себептермен кешігіп жатқанын айтып көмекшілерін жіберіпті. Сағат төрт, артынан алты болыпты, Ұстаз келмепті. Залда жүз шақты ғана адам қалыпты. Осы сəтте Ұстаз шайқатыла басып кіріп келіпті. Сөйтіп бірінші қатарда отырған жас сұлумен əзілдесе бастапты, оны қандай сүйкімді, нағыз секс үшін жаралған деп жұртқа қарап, қалжыңға басыпты. Адамдар оны мас деп ойлапты. Наразы бола бастаған адамдарды сөге сөйлеп орнынан тұра бере құлап түсіпті. Данышпанның орнына бір азғын айлакерді əкеліпті, ертең газеттерге жазып, ұйымдастырушыларды масқаралаймыз деп көп адамдар шығып кетіп, залда ақырын күткен оншақты кісі ғана қалыпты. Сонда ғана Ұстаз орнынан тұрып дəрісін бастапты, ол мас та, азғын да емес екен, оның сөздерінен ақыл есіп тұрыпты, залды оның жылы аурасы баурап алыпты.

«Сіздер, осы залда қалған кісілер ғана мені тыңдауға тиіс едіңіздер – депті ол. Сіздер өз рухани жолдарыңызда екі тексеруден өттіңіздер: төзім жəне ақиқаттың келу сəтін күту, соның жолында осыған дейінгі болған нəрселерге ерлікпен шыдап, ақырын күттіңіздер. Міне, сіздер дəріс алуға лайықсыздар» депті. * * * Абыройлы болу деген не? Ол сені барлық адамдар мейірімді, тəрбиелі, жақындарына деген махаббатқа толы деп санайтындай болуға ұмтылу. Табиғатты сүй. Жануарлар туралы кітаптарды оқып, фильмдерді көбірек көр жəне олар өз кеңістігі үшін қалайша күресетініне назар сал. * * * Биліктегілер маған бар өмірімде рухани ізденіс адамды нақты проблемалардан кету үшін жасалады деп түсіндірді. Ал, өмірді түсінуге тырысу – нақты проблема ма, жоқ па? * * * Бір есуас қыста да гүл өсіруге болады деп ойлапты, міне соның нəтижесінде қысы-жазы розалар гүлдеп тұр. * * * Адам өз санасын мезгіл-мезгіл тазартып тұруы керек. Ойлар сізге қайта орала береді, бірақ сіз оны қуып тастаңыз. Сіздің алдыңызда мынадай таңдау тұр: я сіз өз санаңызды билейсіз, я болмаса, санаңыз сізді билейді. Екінші жолғыдай болса, онда сізді қорқыныш, невроз, сенімсіздік баурауына рұқсат еткеніңіз, өйткені адамда өзін-өзі ірітуге бейімділік бар. Ессіздікті бақылауды жоғалтып алумен шатастырмаңыз. Мəселен, Ұстазды ессіз санайды, оған ойына не келсе бəрін айтуға, көңілі қалаған ісін жасауға болады. Орта ғасырлардағы падишаһтардың жанындағы сайқымазақтарды да ессіздерге қосқан. Бірақ олар корольді барлық қауіп-қатер мен оның билік жолында жіберген кемшіліктері мен жасаған қиянаттарын мысалдар арқылы немесе сөз арасында байқаусыз айтып қалғандай болып тайсалмай айта жүрген. Онысы үшін король оны өз бағынысындағы уəзірлері секілдендіріп қызметінен қумаған, қаншама қиын болса да оны тыңдап, сындарынан қорытынды шығарған. Сізде де солай болуы тиіс. Кей-кейде ессіз күйге түсіп-ақ қалыпты адам ретінде жүруге болады. Өзгеше болуға тəуекел етіңіз, бірақ оны өзгелерге байқатпай жасаңыз. Бір затқа, мəселен гүлге, бар назарыңызды арнап, өзіңіздің жоғарғы Меніңіздің көрініс беруіне мүмкіндік жасаңыз. * * * Кейде тыңдап отырған музыкаңыз да сіздің санаңызды азат етеді, бір нəрсені ойлауды тоқтатып, тап қазіргі сəтте болуға үйретеді. Гүлге қарап отырып, ол сізге ерекше ұнаса жəне осы кезге дейін оның əсемдігіне көңіл бөлмегеніңізді байқасаңыз – жетілуге бет алғаныңыз. * * * Бір фильмдерді көріп отырып, ылғи да бірер тақырыптың аясынан шықпайтын фильм қоюшылар тағы да ерлі-зайыптылардың ұсақ кикілжіңдерін, олардың арасына түскен ойнасты, я болмаса осы секілді құрама сюжеттердің тағы бір нұсқаларын көрсеткенде көңіліңіз қала бастайды. * * * Есі ауысқандар да бала сияқты, өздерінің ойындағысы орындалған соң ғана кетеді. * * * Заңдар проблемаларды шешу үшін жасалмайды, соларды шатастырып, оны əркім өз пайдасына жарату үшін жасалады. Алла мен Құдай, я Иегова бүгінгі заманда өмір сүрмегені өкінішті. Олай болған күнде біз бəріміз жұмақта өмір сүрген болар едік, ал ол біздердің шағым-арыздарымыз, өтініштеріміз, қайта соттау жөніндегі талаптарымыз, үкімді орындау қағаздары, арнаулы тапсырмалар, алдынала өкімдер үшін көптеген инстанциялар алдында жауап берумен болар еді жəне өзінің не үшін Адам ата мен Хауа ананы жұмақтан қуғанын түсіндірумен болар еді, өйткені, Жақсылық пен Жамандық ағашының жемісін татуға тыйым салған ең алғашқы заңды шығарған ол өзі ғой. Егер ол өзі жаратқан құлдары жемістен татпасын десе жұмақтың төріне ағашты орналастырар ма еді?! Оны жұмақтың сыртына-ақ тіксе болар еді ғой... Жеміс толы ағашын тиісті жерге орнатпай, оның жемісін жеуге тыйым салынатын қоршаулар қоймастан, өтіп бара жатқандарды қауіпке ұшыратып отырған өзі емес пе?!

Ол Адам ата мен Хауа ананы жеміс толы ағаштың жанынан күнде өтетін етіп қояды, жеміс ағашы ормандағы көп ағаштардың ішінде тұра бермеді ме?! Ол тыйым салмағанда өзі жаратқан екі құлы осы күнге дейін ештеңе сезбестен жұмақта жүре берген болар еді, тыйым салынған ағаш көп ағаштың бірі болғанда, оны ерекшелеп бөліп алып жұмаққа орналастырмағанда, ешкім де назар салмас еді. Бірақ Құдай басқаша жасады. Керісінше, ол Өзі заң шығарып, оны бұзуға өзі итермелеп, сонысы үшін Жаза ойлап тапқысы келді. Адам ата мен Хауа ананы жұмақтағы барлығы жетілген орта күндердің күнінде жалықтырып, ерте ме кеш пе, Оның төзімін бір сынайтынын білді. Құдайдың өзін барлық жағынан жетілген Жұмақ əбден тойындырса керек: егер Хауа ана алманы бір тістеп алмағанда содан бері өткен миллиондаған жылдарда не болған болар еді? Ештеңе де болмас еді. Алма желінген соң Құдай жұмаққа келіп Адам атадан: – Сен қайдасың? – деп сұрады. – Мен жұмақтамын, бірақ жалаңаш болғанымнан ұялып көріне алмай тұрмын, – деді ол. Бұлай деу арқылы ол өз айыбын мойындап тұрған қылмыскерге айналғанын білген жоқ. – Сені жалаңаш деп кім айтты? – деп сұрады Құдай жəне Адам атаның не деп жауап берерін біліп тұрды: «Өйткені мен ағаштың жемісін жедім, ол маған өзімнің жалаңаш екенімді білуге мүмкіндік берді». Бұл сұрағымен Құдай періштелеріне өзінің қашан да əділетті екенін жəне ерлі-зайыптыларды заңды түрде айыптап отырғанын көрсетті. Бұдан кейін, алма жеген əйел айыпты ма, жоқ па; кешірім сұрай ма, сұрамай ма – мағынасы қалмады. Құдайға жердегі жəне көктегі ешбір жан иесі Оның ережелеріне қарсы тұруы тиіс емес екенін көрсету үшін бір ғана мысал керек болып тұр еді. Құдай ерлі-зайыптыларды жұмақтан қуып шықты, ата-аналарының қателігі үшін балалары да өтем төлеуге мəжбүр болды жəне де сол кезден бастап жаза беру: заң, заңды бұзу, үкім шығару жүйесі құрылды. Сонымен, ең алдымен бүкіл адамзат шешімді қайта қарауды өтіну мүмкіндігі болмайтын жағдайда жазаға тартылды. Содан барып қорғану тетіктері дүниеге келді. Мыңдаған жылдардан бері жаза беру жүйесі жетіле-жетіле түсініп болмайтын шым-шытырық жағдайға барды. * * * Адам табиғаты солай – өз сезімдерінің көп бөлігін қорқынышқа алмастырып алады. * * * Адам үшін оны құтқаруға ешбір үміт қалмағаннан жаман не бар?! * * * Екі ғана тыйым салынған нəрсе бар: біреуі – адамзат заңдарына сəйкес, екіншісі – Құдайдың ережелеріне орай. Жыныс қатынасы мəселесінде сен еркінсің. Тек қана біреуді зорлап қатынас жасамасаң жəне жас балаларды қатынасқа тартпасаң болғаны. Басқалары – айып емес. Қашан болса да, сен қалап тұрған нəрсені қалайтын адам жетерлік. * * * Үйреніскен адамыңмен болсын, өзге біреумен болсын, ешбір қызықсыз, я болмаса жалған елігу танытып-ақ қатынасқа түсетін сəттер болады. * * * Əркімде-ақ өзінің қайталанбас сексуалдық қимылы болады, ол саусақтың ізі секілді айқын бола тұра, ешкім оған сенгісі келмейді. * * * Адам бəріне үлгергісі келетін сəттер де болады: мəңгі өмір сүретіндей болып, кейінге қалдырып жүрген істерің, кезінде қызықпай қоя салған ісің, өмір сүрудің не керегі бар деп ойлаған сəтіңде кезекке тұра қалады. * * * Адамдардың жындыханаға түсетін себебі жəне онда рахаттана өмір сүретіні – олар ешқандай тəуекелге бармай-ақ өмір сүре беретінінен, ол жерде ешкім олардың үстінен күлмейді. Олардың идеяларын тыңдап отырсаң нақты-ақ секілді, олардың əрбірінің өздерінің ерекше теориялары да бар жəне өз ақиқаттары – маңызы бар жалғыз ғана жол деп санайды. Бірақ олардың бəрі бір ғана ақиқатты мойындағысы келмейді: əрбір идея, жақсы ма, жаман ба, оны жүзеге асыруға ұмтылғанда ғана нақты. * * * Есі ауысқандар ауруханадан шықса, олардың мойнына күнделікті тұрмыс тауқыметтері міне кетеді: пəтерге төлемдер, көршілермен ара-

дағы қиындықтар, өздерін түсінбейтіндердің ұрлана қарайтын көздері, жалғыздық, т.с.с. Бірақ, өмір құндылығының өзі, маған оның қатысы жоқ деп тартына беруден гөрі, осы секілді ұсақ проблемаларды шеше жүруден тұрады. * * * Есі ауысқан адам қайта өмір сүруді бастау үшін жаңаша өмір сүруді үйренуі керек. Қателіктер жасап, қобалжуларды қорықпай қабылдап, жалықпауды үйреніп, жаңа адамдармен достасып, оларды кей-кейде ессіз болу арқылы даналыққа үйретіп, тек қана жақсы болудың кітаби ережелерімен емес, өз өмірін, өз қалауын, өз басынан кешкендерін сезіне өмір сүруді бастау керек. Егер сен өмір сүрсең, Құдай сенімен бірге өмір сүреді. Егер сен тартына берсең, тəуекелден қашсаң, Ол өзінің ұзақтағы аспанына кетіп қалады да, сенімен тек философиялық ойларыңда ғана бірге болады. * * * Мен өз істерім үшін ешбір адамның алдына есеп беруге тиіс емеспін. * * * Өмірде, қай жағынан қарасаң да өзгермейтін, барлық адамдар үшін құндылыққа ие заттар бар, мəселен – махаббат. * * * Өлгенде де, жүрегің махаббатқа толы болуы керек. * * * Адамдардың өзін сүюге рұқсат ете бермейтіні, алдымен, өзінің бүгіні мен болашағы картаға қойылып тұр-ау деген күмəннан келіп шығады. Адамда тек бүгінгі ғана болуы тиіс екеніне мəн беріле бермейді. * * * Менің жан-дүнием еркін, мен армандай аламын, мен, бар екенін, тіпті, біле алмаған өзге əлемдермен де сөйлесе аламын деу – еркіндікке бастайды. * * * Көшедегі еркектің көзіне тура қарап, өзін қалаулы етіп көрсету – ұятсыздық емес. * * * Əрбір адам өз көріністерінде, түйсіктерінде, рахат алу қабілетінде, ерекше оқиғалар жасауға ұмтылысында ешкімге ұқсамайды. Бірақ, оларға қоғам іс-əрекеттің ұжымдық түрін таңады да, неге нақ осылай жасауым керек, басқаша жасасам болмай ма деген ой басына келмей қалады. * * * Адамдар негізінен өзге біреулерге ұқсай салуға бейім болады. Нақ осы əдет параноя, невроз, психоз кеселдеріне ұшырауға бейімдік əкеледі. Басқалар секілді бола салуды қалау – өз табиғатына зорлық жасау, əлемнің барлық түкпіріндегі ормандар мен далаларда бір-біріне ұқсас екі жапырақ болмайтындай етіп жаратқан Құдай заңдарына қарсы жүру. * * * Мен өз жан-дүниемді өткендерімде қалдырдым, өткендерім мен қалағандай болашағыма жол бола алмады. Мен үй, отбасы, жұмыс деп өз жан-дүниемді сатып кеттім. Еркін болуға батылым жетпеді. * * * Дипломатия өнері қарсыласты күтуге мəжбүр етуден тұрады. Бірақ, дипломатия тек қана күту өнері емес, ол қандай жағдайда болмасын, шарттылықтар мен рəсімді сақтауға қабілеттілік. * * * Біз алғашқы махаббатымызды ешуақытта ұмытпаймыз, бірақ ол өтіп кетеді. * * * Ағылшынның бір ақынының «Тұнық суға толы резервуар болғаннан, жиегінен асып-төгіліп жатқан фонтан бол» деген бір өлеңі бар. Ал мен

жиегінен асып-төгілу қауіпті деп ойлаушы едім, олай етсем сүйікті адамдарым тұратын жерді су алдырып, сөйтіп махаббатым мен ынтамды тұншықтырып аламын ба деп ойлаушы едім. Сондықтан мен өмір бойы тыныш резервуардың кебін кештім, ешуақытта өзімнің ішкі тыйымдарым белгілеген шекараны бұзғаным жоқ. * * * Жындыхананың ішінде де, сыртта да, адамдар топ-топ болып бөлінеді, өз қабырғаларын құрады жəне өздерінің ерекше тұрмысын өзгелерге бұзуға ерік бермейді. Олар бір іс жасаса, соны жасауға əдеттеніп қалғандықтан жасайды, керексіз заттарды зерттеуді де, көңіл көтеруді де, солай етуге үйреніп қалғандықтан істейді, өзге əлем өзінше іріп-шіри берсе де, қатысы болмайды. Теледидар хабарларын да, проблемалар мен əділетсіздіктерге толы мына өмірде біз басқалардан бақыттырақ екенбіз ғой деген сенімге тағы бір рет ие болу үшін көреді. * * * Бір оқиғаның тəуекелі мың сəттілік пен жайлы жағдайлардан қымбат. * * * Маған өмірімнің мағынасын танытатын адам кездессе, бүкіл жаныммен рахмет айтар едім. «Дию жəне сеньорита Прим» кітабынан Тыныш қана, өз ережелерімен өмір сүріп жатқан бір ауылда дəмхана ұстайтын бойдақ қыз Шантальға сырттан келген кісінің ерекше əсері болып, сол арқылы жақсылық пен жамандықтың күресін, өмірдің, өлім мен биліктің жайбарақат адамдарға əсерін жəне одан əркім өз жолын табуға тиіс болуын көрсету кітапты қызықты етеді. Бұл кітапта əр адамның жан-дүниесіндегі нұр мен түнектің күресі, бұл күрестің, өз арманына еру, өзгеше бола алуға деген ержүректік, бізге нағыз өмір кешуге мүмкіндік бермейтін қорқынышты жеңу жолында əркімнің күнделікті əрекетімен байланысы шебер бейнеленген. * * * Мен ылғи да адамның жанындағы жəне қоғамдағы ең терең өзгерістер өте қысқа мерзімдерде өтеді деп санадым. Біз онша күте қоймаған сəтте өмір біздің ержүректігіміз бен өмірімізде өзгерістер болуын қалайтынымызды тексеру үшін шақыру жасайды жəне де, ештеңе болмағандай түр білдіреді, немесе біз оған əлі дайын еместігімізді айтып қоя салады. Бірақ, ондай шақыруға тез арада жауап бере білу керек. Өмір кері оралмайды, сондықтан артқа қарамайды. Мұндай жағдайларда, əрі кеткенде бір аптада, өз тағдырымызды қабылдаймыз ба, қабылдамаймыз ба – тезірек шешімге келуіміз керек. * * * Алдымен, уəделерге сену керек. Ал, бұл ғаламда ол өте көп: байлықты уəде етеді, жаныңды тазартуға уəде береді, өлгеніңше махаббаттан айнымауға уəде береді. Не қаласаң соның бəрін үйіп-төгіп қоюға да сендіретін адамдар бар. Осыған сай, өз өмірі өзгеруіне біреу кепілдеме берсе, соған илана кететін адамдар да көп. Уəде беріп, оны орындамайтын адамдар түбінде қажыр-қайратсыз, түкке татымайтын болып кетеді. Арзан уəдеге сене салатындар да солай болады. * * * Кейбір қыздар бірінші кездескен адаммен, егер ол оны өзімен бірге алып кетемін десе, оны жүрегі қалап тұрмаса да, ілесе кетуге əзір. Олар түбінде сүйіп кетермін, көп нəрселер сияқты махаббат деген де уақыттың құзырына бағынатын нəрсе ғой деп ойлайды. * * * Кез-келген адамзат баласы, қолайлы жағдай туа қалса, жамандық жасай кетуге бейім. * * * Атағы бар немесе ақшасы көп адам өз сұрақтарына жауапты кітаптарды ақтарып, университетте дəріс алып, немесе білімі молырақ біреулерді жалдап-ақ тауып ала береді. * * * Жолынан адасып, сасып қалған адам, қоныс аударса өзін қайтадан табады.

* * * Əулие Савиний деп аталып кеткен бір кісі қала сыртындағы үңгірде өмір сүреді екен. Ол күндіз ел арасында болып, түнемеге үңгіріне оралады екен. Бір күні үңгірде жалғыз түнеуден жалыққан ол қалаға келіп Ахаб деген арабтың үйіне келіп түнеп шығуды өтініпті. Ахаб өңірдегі ең қорқынышты қанішердің бірі екен. – Сен менің кісі өлтіргіш екенімді білмейсің бе, неге келдің? – деп сұрапты Ахаб. – Білемін, бірақ мен үңгірде жалғыз түнеуден шаршадым. Бір түн түнеп кетейінші, – дейді Савиний. Əулиенің атағы өз атағынан кем емес екенін білетін Ахаб оған түнеуге рұқсат етіпті, бірақ ол атақ-даңқты өзінше түсінетін еді жəне оны ешкіммен бөліскісі келмейтін, сол түні оны өлтіріп тастауды, сөйтіп бəсекелесінен құтылуды ойлапты. Екеуі жатар алдында біраз əңгімелесіпті. Ахаб əулиенің сөздерінің тереңдігіне, қисынына таңырқапты, бірақ ол жақсылық атаулыға сенуден қалған адам еді. Əулиеге жататын төсегін көрсетіпті де, өзі пышағын қайрауға отырыпты. Əулие ұйқыға кеткенше оның не істеп жатқанын қарап жатып, ұйықтап кетіпті. Таңертең оянса Ахаб пышағын əлі қайрап отыр екен. Əулиенің оянғанын көріп, ол еңіреп жылапты. – Сен менен қорыққан жоқсың жəне мені айыптамадың. Түні бойы отырып, менің жақсылық жасай алатыныма, менің де біреуге түнемелік орын бере алатыныма сенген адамды өлтіре алмадым, – депті. Осы оқиғадан соң Ахаб өзінің қарақшылық жолын ұмытып, өзгеріпті жəне өзгелерді де дұрыс жолға бағыттайтын болыпты. Ол тұратын қала да ізгі қалаға айналыпты. * * * Ауылда тұратын адамдар өздерін өркениеттің кесірінен аулақ тұру рахат деп сендіреді, бірақ олардың əрбірі ауаны ластайтын ығы-жығы автомобильдердің арасында, я болмаса, əрбір қадамы қатерлі тас джунглиде өмір сүрсек қайтер еді деп қиялдаудан танбайды. Оның себебі – үлкен қалалардың шаруаларды тартып тұратын магиялық əсері болады. * * * Адамдар екі жағдайда өздерінің армандарына жете алмайды: егер оның орындалуы мүмкін емес болса жəне тағдыр доңғалағы бірден өзгеше бағыт алып, арманы орындалуы мүмкін бола кетіп, оған өзі дайын бола алмай қалғанда. Екінші жағдайда адамда қайда алып барары белгісіз жол алдында, түсініксіз жолға шақырып тұрған өмір алдында, үйренісіп жəне қалыптасып қалған нəрсенің бəрі ыдырап, мəңгілік ізсіз-түзсіз жоғалып кету қаупі алдында қорқыныш пайда болады. Адамдар бəрін де өзгертіп тастағысы келіп тұрады жəне де, сонымен бірге, барлығы бұрынғыдай қалпында қала берсе деп ойлайды. * * * Əлемнің бір түкпірінде болып-толып отырған, алдындағы тамағын шанышқымен шұқи бастаған адам ешуақытта осы қалпы көптеген адамдардың белі бүгіліп еңбектеніп, жерді ұқсатып немесе мал бағып, оларды жем-шөппен қамтамасыз етіп, астын тазалап тер төгіп жүргенінің арқасында болып жатқанын сезінбейді. Шаруалар үлкен қалалардың тұрғындарымен салыстырғанда адамзат үшін керегірек болғанымен, өздерін ештеңеге тұрмайтындар деп санайтынының бір себебі сол. * * * Жақсылық пен Жамандықтың беті біреу ғана. Бəрі біздің жолымызда олар қашан жолығатынына байланысты. * * * Өмір – еш мағынасыз бəсеке. * * * Барлық адам дайын үлгіге сай сезінеді жəне ойлайды. Барлығы да өздерінің сенетін нəрселеріне ғана сенеді, басқа ештеңеге сенбейді. Олардың барлығын өз өмірлерін өзгерте алатын сəттерде қорқыныш баурайды. Шын жақсылық деген ылғи қорқақ адамдар толып жүрген жерде де, біздер өзімізді жамандықтан қорғап жүруді тілегеніміз үшін жəбір-жапа таратушы Жаратушының өзі тұратын көкте де жоқ. * * * Өмірде белгілі бір позицияны ұстануға қорқатындар кеңпейілді болып көрінуге тырысады. Біреуге қарсы тұрып өзіңнің дұрыстығыңды

қорғаудан гөрі, өз ізгілігіңе сенген жеңілірек. Ержүректік көрсетіп, мықты қарсыласпен күреске түсуден, ренішті жұтып, намыстанғаныңды ұмыта салу анағұрлым жеңіл. Қашан болса да саған лақтырылған тас тимей жанымнан өтіп кетті деуге болады, тек сол реніштерді қабылдаған кездердегі түндерде ғана, өзіңмен өзің қалғанда өзіңнің қорқақтығыңа мұңаясың. * * * Барлығымыз барлығын басқарып отырмыз деп ойлаймыз, шын мəнінде ешқайсымыз ештеңені де басқарып отырғанымыз жоқ. * * * Мақсатқа жұмылған көзбен ұмтылуға болмайды. * * * Топастардың екі түрі бар. Біреулері бастаған ісін, қатерді сезіне қалғанда, тастай салады. Екіншілері қатер арқылы да бірдеңелерге жетуге болады деп санайды. * * * Қарсыласты əлсіретудің ең тамаша тəсілі – оның жағында екеніңді сездіріп, жоспарларымен келісу. * * * Əлі үңгірлерде өмір сүріп жүріп-ақ адам қару пайдалана бастаған, ол, əуелі тамақ табу үшін қажет болды, оның артынша-ақ қаруды басқалардың үстінен билік жүргізу үшін қолдана бастады. Əлем əлі жер өңдеуді білмейтін, қолда мал ұстап, оны пайдалануды игермеген кезде-ақ, дінді білмей, музыкаға рахаттануды үйрене алмай тұрып-ақ, адам күнін қарусыз өткізе алмайтын болыпты. * * * Адамдардың күнделікті бірін-бірі өлтіріп жатқанының бəрі, айналып келгенде, ақша үшін. * * * Бір адамның тарихы – бүкіл адамзаттың тарихы. * * * Билеушілер мен айлалылар дар ағашын ойлап табу арқылы ержүректікті – қорқақтыққа, сенімді – күдікпен қарауға, тəуекелшіл адамдар туралы тарихты – мақұлдай кететін сыбырға айналдырды. * * * Адамдар өздерін қалай болуы тиіс болса солай ұстайтыны, заң талаптарына мойынсұнудан емес, жазадан қорыққаннан келіп шыққан. Біздің əрбіріміздің бойымызда дар ағашы тұр. * * * Өмір сіз ойлағаннан гөрі күрделірек əрі байырақ. * * * Адамның басының сол жақ жартысында сана мен қисын орналасқан. * * * Жақсылық деген жоқ. Жақсылық жасаушы дегеніміз – құбыжықтың бір беті ғана. Адам осыны түсінгенде, біздің əлем – Құдайдың қолындағы ойыншық қана екенін түсінеді. * * * Отбасының үлгілі əкесі, кішкене балаларының киімдерін киюіне жəрдемдесіп тұрып, жұмысында жас сұлумен көңіл қосуды ойлауы мүмкін, бірақ оны əйелінің ашуы ғана ұстап тұрады. Əйелі де жұмысқа шыққысы жəне көбірек тəуелсіздікке ие болғысы келеді, бірақ ерінен тайсалады. Олардың балалары да қорқыныш пен жазалы болудан қашып, өздерін тəртіпті ұстайды. Мына бір, сəкіде отырып, уайымсыз қалыпта кітап оқыған болып отырған қыз, болашақта жалғыз қалып қоймас па екенмін деп қорқады.

Теннис ракеткасын ұстаған мына жігіттің де жүрегі, ата-аналарымның үмітінен шыға алар ма екенмін деп қорқып отыр. Бай клиенттерге коктейль беріп жатқан мына официант та кез-келген сəтте жұмысымнан шығарып жібермес пе екен деп қорыққанынан тəртіпті. Мына бір студент қыз балерина болғысы келеді, бірақ көршілердің өсегінен қорқып адвокат болуға əзірленіп жүр. Темекі тарту мен спиртті ішімдік ішуді ұнамағаннан кейін тастадым деп жұрттың бəрін сендіріп жүрген мына шал да, шынында – өлімнің қорқынышы басқаннан кейін солай еткенін жасырғысы келеді. Теңіз жағалауында су шашып ойнап, күліп бара жатқан, қол ұстасқан мына екі жаста да, сайып келгенде, біз де қалтыраған, қуаты тайған, көріксіз шал мен кемпірге айналамыз-ау деген жасырын қорқыныш бар. Аулақтағы біреуге қолын бұлғап, уайымсыз көрініп тұрған, жаңа ғана жұрттың көзінше қымбат машинамен келген, өңі күнге тотыққан мына бір мырза да, жақын арада бар байлығы күйреп, оны құтқарудың мүмкін болмайтынын ойлап, уайым шегіп тұр. Қызметкерлеріне қатаң талап қоятын, өзі де тынымсыз еңбектенетін, клиенттері риза əрі шат болуға бар жағдайды жасауға тырысып бағатын мына бір отель қожайыны да, қанша адал болсаң да, есеп-санақтан бір кемшілік таба кететін шенеуніктер кездесе қалмаса екен деп қорқады. * * * Адамда жасырынып жатқан бір жарамсыз қылық та болуы керек, онсыз адам жетіле алмайды. * * * Құдай өзінің сенімді құлы «Мені ұмытпады ма екен, көріп кел» – деп, сайтанды жіберіпті. Сайтан барып келіп: «Құлыңа бар жағдайды жасап қойыпсың, əрине сондықтан ол сені ұмытпапты, егер оған бергендеріңнің бəрін алып қойсаң ғана, оның кім екенін біле аласың», – депті. Құдай солай етіпті. Өзіне сенген адамына бар бақытсыздық пен азапты үйіп-төгіпті. Адам барынша төзіп бағыпты, бірақ, бар игілігінен айырылып, жақындары өліп, денесін жара басып азаптанған бір күні өзін азапқа итермелейтін өркөкіректік жібергені үшін Құдайына тілі тиіпті. Сонда ғана Құдай оны бұрынғы жақсы жағдайына қайта келтіріпті. Адам өз табиғатында күнəһар жəне оған Құдай берген қасиеттер – Құдайдың қайырымы, жақсы тəртіп үшін берілген сый емес. Мен өте жақсымын деп өркөкіректік таныта кетсек, онымыз үшін жаза аламыз. Сондықтан да Құдай «Мен өз қабілет-қарымыммен жақсы дəрежеге жеттім» деп мастанған құлын əуелі тəубесіне келтірді, соны түсініп, өркөкіректігіне өкінген сəтте кешірді. Сөйтті де бұрынғы қалпына қайта оралтты. Өзін-өзі əулие санағандар Құдайға күпірлік келтіреді. Адам өз əлсіздіктері мен кемшіліктерін біле жүруі тиіс. * * * Адам жүрген жеріне, қоршаған ортасына лайық. Ол үшін Құдай маған əділетсіз болды деп күпірлік ету орынсыз, өйткені ол соған лайық. * * * Жамандық ешуақытта соңынан жақсылық ілестіріп жүрмейді. * * * Кедейлік пен əділетсіздікті көргенде «Мен бар болғаны тозаң мен күл ғанамын» деп қайырымдылық жасаймын, жалқаулық пен бекершілікті көргенде «Мен Құдайдың жердегі көрінісімін» деп олардың жандарынан өтіп жүре беремін. Олай ету маған заттық жəне рухтық əлем арасындағы тепе-теңдікті сақтауға жəрдем береді. * * * Бір күні түнде ояна кетіп, өмірдің мағынасыз екенін аласұра сезінесің. * * * Ол əділетті болғысы келген, бірақ ақылды емес еді. Ақылды болғысы келген, бірақ саясаткер емес еді. Саясаткер болғысы келген, бірақ оған тəуекелі жетпеді. * * * Егер адамды өзіңе бағындырғың келсе, онда оған қорқуды сезіндір. * * * Жас келе біз бəріміз өлімнің келмей қоймайтынын сезінеміз. Сондықтан оны жайбарақат жəне ақылмен мойындауды үйрену керек, сонда ол бізді керексіз уайым-қайғыдан айырады.

* * * Жақсылық пен Жамандықтың күресі, бəлкім, əр адамның жүрегінде əрбір секунд сайын жүріп жататын болар, өйткені періштелер мен сайтандардың күресі жүріп жататын жер – жүрек қой. * * * Үндемей қалу ылғи да келісу белгісі бола бермейді, кейде ол адамдардың тез ойлап, бірден шешімге келе алмауын ғана білдіреді. * * * Жұмаққа бара қалғанда да, адам онда барып қалғанын түсінбей қалса керек. Олай болатыны адамдар ең қолайлы жерде, рахат ортасында жүріп те азап шеккісі келеді, өйткені мұндай бақытқа қайдан лайық болып қалдым деп ойлайды. * * * Жамандық ешуақытта өзінен кейін Жақсылық əкелмейді. * * * Адамның өмірі өзі қалай өткізуіне байланысты қысқа немесе ұзақ болуы мүмкін. «Нұрлы əлем сарбазының кітабы» еңбегінен «Нұрлы əлем сарбазының кітабы» біздің арман əлемімізге енуімізге мүмкіндік береді, өмірді болжаудың оңайлығы мен əркім өзінің ерекше өміріне лайық болуы мүмкін деген ойға жетелейді. Кітапта автордың қайталанбас өрнегі жатыр. Қысқа əпсаналар арқылы ол бізді өмірдің сиқырын бағалайтын, өз жеңілістерін мойындайтын жəне тоқтап қалмай өз жолын іздейтін жəне табатын Сарбаздық жолға шақырады. * * * Нұрлы əлем сарбазы нəрестелердің көзіне байыппен үңіле қарайды, өйткені одан ащысы жоқ бүкіл əлем көрінеді. Егер Нұрлы əлем сарбазы өзімен бірге келе жатқандар сенімге лайықты ма, білгісі келсе, онда ол оны нəресте көзімен көргісі келеді. Нұрлы əлем сарбазы дегеніміз өмірдің ғажайыптарына жете алады, өзі сенген іс үшін ең соңына дейін күресе алады жəне теңіз түбінен келіп жатқан қоңырау дауысын ести алады. * * * Нұрлы əлем сарбазы тек өзінің ғана күшіне есеп жасамайды, ол қарсыластың да қуатын пайдаланады. Сарбаз өзі көптен үйренген, өзіне қанат бітіретін жəне соққыларды жұмсау жəне қайтару тəсілдерін жете меңгерген сайыс тəсілін пайдаланады. Бірақ оған қоса тəжірибе де керегін ұмытпайды. Сарбаз өзін мысқылдап күлген сөздерге керең бола алады, өйткені қанаттану мен тəжірибесіз білім алу босқа кететінін біледі. * * * Нұрлы əлем сарбазы ешуақытта залымдыққа бармайды, қарсыласты жолынан тайдыруға жəне адастыруға тырыспайды. * * * Нұрлы əлем сарбазының стратегиясы жайлы қытай ақылманы былай деген: «Жауыңды оншалықты жетістікке жете алмайтынына сендір, соған шабуылдаймын деп ол өзінің күрескерлігін жоғалтып алсын. Егер жауыңның күштірек екенін сезсең, майдан даласын тастап шығудан ұялма, өйткені бір сайыстың нəтижесі маңызды емес, соғыстың соңғы нəтижесі маңызды. Егер сенің күшің жеткілікті болса, онда жалған ұятты қойып, əлсіз бола қал: ол жауыңды абайшылдықтан айырады жəне ол қолайлы сəтті күтіп тұрмай-ақ саған киліге кетеді де, тез жеңіліс табады. Қарсыласты қапы қалдыру – майданда жеңіске жетудің кепілі». * * * Нұрлы əлем сарбазы жаңа бір нəрсені үйрене кетуге қашан да əзір тұрады.

* * * Нұрлы əлем сарбазы кейде өзі жақсы көрген нəрселерге қарсы тұра алады. Өз достарын қорғай білетін адам тұрмыстың дауылдарынан қорықпайды, бірақ қиындықтарды жеңіп ілгері жылжуға қашан да уақыт табады. * * * Нұрлы əлем сарбазы нəтижесіне көп нəрсе байланысты сайысқа түспестен бұрын өзіне-өзі сұрақ қояды: «Мен қаншалықты өзімдегі айлалылық пен икемділікті жетілдіре алдым?». Өйткені оны өткен өміріндегі əрбір ұрысы бір нəрсеге үйреткен. Сонымен бірге алған сабақтары оны көбірек запа шектіреді. Жалғандық үшін ол талай соғысқан. Өзінің махаббатына лайық еместер үшін ол талай запа шеккен. Жеңімпаздар бұрынғы қателіктерін қайталамайды. Сондықтан да сарбаз тəуекелге тұратын нəрсе үшін ғана өзінің жүрегімен тəуекел етеді. * * * Нұрлы əлем сарбазы Цзиннің негізгі ережесін мақұл көреді: «Табандылық пайдалы». * * * Нұрлы əлем сарбазы қателескені үшін өзін сұрақтың астына алады. Өйткені ол себепті іздейді, іздейді де, бір уақытта табады. * * * Нұрлы əлем сарбазы кейде есі ауысқандай күйде болады, бірақ ол жай көзге солай. * * * Сарбаз өзінің қолынан не келетінін біледі. Оған өзінің қабілеті мен қайырымдылығы үшін мақтанудың керегі жоқ. Бірақ, кез-келген уақытта одан қуаттырақ екенін көрсеткісі келетіндер табыла кететіндіктен ол сақ жүреді. Кейбір адамдар оның намысына тигісі келіп жоқтан өзгеге айыптайды, оны керіске шақырады, өз арнасынан шығарғысы келеді. Мұндай кезде Сарбаздың жүрегі оған айтады: «Намысыңа тиген сөздерді алып таста, ол сенің қабілетіңді арттырмайды. Сенің күшің бостан-босқа кетеді», – дейді. Нұрлы əлем сарбазы сөзге еріп, бостан-босқа күшін кетірмейді, өйткені ол пешенеге не жазылса, сол болатынын біледі. * * * Жердің қуаты жаңартуды тілейді. Жаңа идеяларға кеңістік керек. Тəн мен рух жаңа шақыру белгілерін талап етеді. Өткен бүгінгіге айналады жəне қиялдар шындыққа айналады. Маңызды нəрселер қалады, жарамсыз нəрселер шіриді. Сарбаз өз жолына сену үшін басқалар басқа жол таңдады деп дəлелдеп жатпайды. * * * Мақсатқа жету жолы қаншалықты қиын болғанымен, оны жеңіп шығатын жолдар мен тəсілдер қашан да бар. Сарбаз айналып өтетін жолды іздейді, өзінің қанжарын қайрайды, жан-дүниесі белгілерді лайықты қарсы алатындай төзімділікке толы болатындай етеді. Егер ол барынша тиімді сəтті күтсе, онда ешуақытта орнынан қозғала алмайды; ең бірінші қадамды жасау үшін аз ғана ессіздік керек. Нұрлы əлем сарбазы ол ессіздікті өзіне қызмет еттіреді. Өйткені барлығын алдын-ала біліп отыру мүмкін емес – əсіресе соғыста жəне əсіресе махаббатта. * * * Нұрлы əлем сарбазы өзінің əлсіз жақтарын біледі. Бірақ ол өзінің күшті жақтарын да біледі. Сарбаз маралдың өз аяғын көрсетуге құштар екенін, шағала балықты судан қалай жылдам алып үлгірсем екен деп аңдитынын біледі. Жолбарыс мəліннен қорықпайтынын, өзінің күштірек екенін біледі. Нұрлы əлем сарбазы өзі неге есеп жасаған болса, соған жетуге тырысады. Сөйтіп өзінің қару-жарағын тексереді, ал ол үш нəрседен тұрады – сенім, үміт, махаббат.

* * * Нұрлы əлем сарбазы біреуді топас санау қажетсіз екенін біледі жəне өмір əрбір адамды үйретеді, тек оған уақыт қана қажет. Сарбаз өзінде бардың ең жақсысын береді жəне солай етуді өзгелерден талап етеді. Жəне де ол бүкіл əлемге адамның мүмкіндігі қаншалықты мол екенін көрсетеді. Сарбазды «адамдар жақсылыққа жақсылық жасамайды» – деген сөздермен ұялта алмайсың. Ол өзіне жақын адамдарды көтермелейді жəне əрекет жасауға үндейді, солай ету арқылы ол өзіне де əсер етеді. * * * Əрбір Сарбазда да ұрыс алдында қорқыныш пайда болады. Əрбір Сарбаздың да өткен кездерінде алданған жəне оны сатып кеткен сəттері болған. Əрбір Нұрлы əлем сарбазы өз жолынан ауытқып кеткен кездері болған. Əрбір Нұрлы əлем сарбазы болмашыға уайымға да түскен. Əрбір Нұрлы əлем сарбазының мен Нұрлы əлем сарбазы емеспін деген қорытындыға келген кездері де болған. Əрбір Нұрлы əлем сарбазының өзінің рухани парыздарын өтей алмаған кездері болған. Əрбір Нұрлы əлем сарбазының «Жоқ» дейтін жерде «Иə» деген кездері болған. Əрбір Нұрлы əлем сарбазы өзі сүйетін адамның көңіліне жара түсірген кездері болған. Сондықтан да ол Нұрлы əлем сарбазы аталуға құқығы бар, өйткені ол осының бəрінен өткенде де сол кездегі қалпынан жақсы болу үмітін жоғалтпаған. * * * Нұрлы əлем сарбазы өз шешімін өзгертпейді. Əрекет етуді бастағанға дейін ол ұзақ ойланады, өз əзірлігін бағалайды. Жан-дүниесінің тыныштығын сақтау үшін ол өзінің əрбір қадамын зерттейді, өйткені əр қадамның бірінен барлығы тəуелді болып шығуы мүмкін. Шешім қабылдап алған соң сарбаз жан-жағына қарай бермей алға жылжиды: ол өз шешімінің дұрыстығына күмəнданбайды, түскен жолынан қайырылмайды. Егер шешімі дұрыс болған болса, ол ұрыста жеңіске жетеді. Егер шешім қате болған болса, ол жеңіледі жəне бəрін қайта бастауға мəжбүр болады, онда ол өткен ұрыстың ащы тəжірибесін ұмытпайды. Нұрлы əлем сарбазы бір бастаса соңына жеткізбей тынбайды. * * * Сарбаз ең ұлы ұстаздар өзімен бірге ұрыс даласына шыққандар деп санайды. Кеңес беру қауіпті. Кеңес алу одан жүз есе қауіпті. Сарбазға жəрдем керек болған кезде, ол өзінің достарының қиын кезеңдерде өздерін қалай ұстайтынын, қалай əрекет етіп, қалай əрекетсіздікке ұрынатынын түсінуге тырысады. Қажығанда немесе жалғыз қалғанда ол алыстағы еркектер мен əйелдер туралы ойламайды, бірақ жақында жүргендерді іздейді, өз айыбын мойындап, уайымдамай-ақ солармен күйінішін бөліседі, солардан мейірім іздейді. Сарбаз Ғарыштағы ең ұзақтағы жұлдыз өзінің бар екенін қоршап тұрған жұлдыздар арқылы көретінін біледі. * * * Нұрлы əлем сарбазы өз əлемін өзі сүйетін адамдармен бөліседі. Ол оларды өздері жасауға батылы бармай жүрген əрекеттерге үндейді. Сол сəттерде қолында хаты бар Жау келеді. Оның бірінде: «Алдымен өзіңді ойла. Бар игілікті алдымен өзіңе сақта, əйтпесе күндердің күнінде бəрін жоғалтасың», – деп жазылған. Екіншісінде: «Басқа біреуге жəрдем берердей сен кімсің? Өз кемшіліктеріңді түзеп ал», – делінген. Сарбаз өзі де кей əлсіздіктерден ада еместігін біледі. Бірақ ол, өз жолдастарынан ажырап жалғыз өсе алмайтынын біледі. Сонда, Сарбаз, жазылған сөздерде біршама мағына бар болса да, оны жыртып лақтырып жіберіп, өз төңірегіндегілерді қолдауды жалғастырады. * * * Ұлы ақылман Лао Цзы жетілген Сарбаз жайлы былай дейді: «– Жол түсінігіне барлық кіші мен əлсізге құрметпен қарау да кіреді. Қашан қадам жасауға қажет сəтті біл. – Егер сен садақ ату өнерін меңгеріп алған болсаң да, жебені қалай қадау мен оның адырнасын қалай керуді үйренуден жалықпа.

– Өзінің қажеттіліктерін мықты түсінетін, жаңа бастап жүрген адам, күндердің күнінде алжи бастаған ақылманнан ақылды болады. – Өзінде махаббат жинай алған адам бақытты, жек көру бойына жиналған адам бірдеңеге ұшырайды. Қиындықтың не екенін білмеген адам, есікті ашық қалдырып, қиындықтарға ұшырайды. – Сайыс пен төбелес екі басқа». * * * Нұрлы əлем сарбазы медитация да жасай біледі. Ол өз шатырының дыбыс жетпейтін бір бұрышына отырып алып, ештеңе ойламай, рахаттардан да, белгілерден де ойша баз кешіп, өз қабілеті мен күштерінің көрінуіне мүмкіндік жасайды. Нақ осындай сəттер оған əлемнің жанында жатқан жауапкершілік өлшеміне жетуге жəне сонымен келісімге келуге жағдай жасайды. Нұрлы əлем сарбазы өзінің жүрегіндегі үнсіздікте оны бағыттайтын бір тəртіп жатқанын біледі. * * * Ол ұстазына былай деді: «Садақты тартқан кезде, жебені қазір жібермесем, тəуекелден ажырап қалатын сəт келеді». «Садақ атуды дəлдейтін сəтті реттегенше, сен садақ ату шеберлігін иемдене алмайсың. Кейде садақтың тимей қалуы мергеннің артық қызынуы мен керексіз асығуынан да болады» дейді ұстазы. Нұрлы əлем сарбазы кейде: «Менің жасағаным нақ сондай болып ешуақытта жасалмайды», – деп ойлайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы өзіне қатысты əділетсіздік жасалған кезде, қайғыға түскенін ешкім көрмесін деп жалғыз қалғысы келеді. Ол əрі жақсы, əрі жаман. Бір жағынан өз жүрегіне жараларын өзі жазуға мүмкіндік бергені орынды. Екінші жағынан бөтен адамдардың алдында өзінің əлсіздігін көрсеткісі келмей күні бойы ойда отыру да ауыр. Біздің əрбіріміздің бойымызда періште де, сайтан да бар, олардың дауысын бір-бірінен айыра алмайсың. Біз қиын жағдайға тап болған кезде, сайтан ол əңгімені қолдай жөнеледі, өйткені ол біздің қаншалықты жараланғыш əрі қорғансыз екенімізді көрсеткісі келеді. Періште болса, бізді өз істеріміз жайлы ойлануға итермелейді, жəне оны талдап-талқылап жатпайды. Сарбаз жалғыздық пен тəуелділік арасындағы тепе-теңдікті сақтай біледі. * * * Нұрлы əлем сарбазы махаббатсыз өмір сүре алмайды. Жылу мен мейірім тарату оның табиғатына сай, оны қажеттілік санайды, кəдімгі тамақ жеу мен су ішу секілді. Күн ұясына кіргенше Нұрлы əлем сарбазы бақытты сезінбесе бір нəрсенің дұрыс болмағаны. Онда ол ұрысты қоя тұрып өзіне серіктес іздеп кетеді, оған Кеш батқанда жалғыз қалмау маңызды. Егер серіктес таба алмаса, өзінен сұрайды: «Неге мен өзгелерге жақындасудан қорқамын? Қалайша мен жылу мен мейірім алып тұрып, олардың келгенін байқамай қалғанмын?», – деп сұрайды. Нұрлы əлем сарбазы оңашалықты пайдаланады, бірақ оңашалықтың өзін пайдалануына жол бермейді. * * * Нұрлы əлем сарбазы толық босаңсу жағдайында өмір сүру мүмкін емес екенін біледі. Ол ұзақтағы нысанаға тигізгісі келіп, жебесін құлаштай тартқан мергенге ұқсайды. Ол, əдейілеп қарамасаң байқала бермейтін жұлдыздардың жарқылына ұқсайды. Ол, аттардың кедергіні аттап өтерде барлық бұлшық еттерін ширықтыратынын біледі. Бірақ ол ширығу мен тектен-тек əуре болудың айырмасын біледі жəне оларды бір-бірінен айыра алады. * * * Арман орындалуы үшін, жігер мықты жəне үлкен болуы керек, ал мақсат орындалған соң оған жеткен жол жетуді ойлаған сəттердегіден басқашарақ болғанын да ұмытпаған жөн. Сондықтан Нұрлы əлем сарбазы бұйрық беру мен аяушылық екеуін бірдей ұстанады. Билік ету мен бағына білу Нұрлы əлем сарбазына қуат береді.

* * * Нұрлы əлем сарбазы кейде алдында кездескен кедергілерді айналып өтетін ағын суға ұқсайды. Қарсыласудың жойылып кетуге алып келетін кезі болады, сондай сəтте Сарбаз жағдайға қарап əрекет етеді. Жəне де оның күші ағын судың күшіндей болады, өйткені суды ешкім де балғамен немесе пышақпен бөле алған емес. Өзен сулары əруақытта теңіз суына айналғысы келеді. Жіңішке ғана бұлаққа өзенмен кездесу ниеті қуат береді. Сөйтіп, судың қуаты ешбір күш жеңе алмайтын ұлы күшке айналатын сəт келеді. * * * Нұрлы əлем сарбазы əлемде болып жатқан нəрселердің бəрінен хабардар болып отырады. Оның жолдастары «Бізде таңдау жоқ, ылғи біреулердің шешімдерін орындап келеміз» деуі мүмкін. Нұрлы əлем сарбазы өз ойларын іске айналдыра біледі. Кейде сарбаз өз мақсатын дұрыс айқындамай қалуы мүмкін, ондай жағдайда ешқандай абыржымастан, ештеңеге шағымданбай-ақ қатесі үшін құн төлейді. Егер жолдан адаса қалса, онда оралып, жолын қайта жалғастырады. Бірақ таңдаған жолынан Нұрлы əлем сарбазы ешуақытта кері қайтпайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы соғыс пен бейбітшілік туралы бірдей ойлайды жəне жағдайға қарап əрекет етеді. * * * Нұрлы əлем сарбазы өз санасының күшіне қатты сеніп кеткенде, қарсыласының күшін кем бағалап қалады. Бірақ Нұрлы əлем сарбазы өзіне қарсы тұрған қара күшке құрметпен қарайды. Қарсыласының ашуы арнасынан шыққанда, майдан даласын уақытша тастап, оны сабасына түсіреді. * * * Нұрлы əлем сарбазы өзінен күші көбірек қарсыласын тани біледі. Ол онымен бетпе-бет келе қалса өзінің жойылып кетуі мүмкін екенін біледі. Айла жасаса, айласының құрбандығы өзі болып кетуі мүмкін екенін де шамалайды. Мұндай жағдайда ол «дипломатия» деп аталатын əдісті қолданады. Қарсылас түсініксіз болса, сарбаз да түсініксіз. Қарсылас ашық майданға шақырса, түсінбеген кейіп танытады. Торғай қанша ашуланғанмен, мысық одан қыңбайтынын біледі. Ондай кезде Нұрлы əлем сарбазы төзімді тірек етеді. * * * Нұрлы əлем сарбазы əділетсіздікке енжар қарай алмайды. Ол мына əлемде барлығы бір-бірімен байланысты екенін, сондықтан жеке адамның əрбір ісі жер бетіндегі барлық адамға əсер етуі мүмкін екенін біледі. Сондықтан бөтен адамның қайғысын көргенде, барлығын өз орнына қойғысы келіп қылышын жалаңаштап ұмтылады. Солай ете тұрып, қасірет шеккен адам Құдай алдында алдымен өзі жауапты екенін де ұмытпайды. Нұрлы əлем сарбазы бұл өмірге өз төңірегін айыптау үшін емес, оларға жəрдем беру үшін келгенін біледі. * * * Нұрлы əлем сарбазында еш уақытта ауырсынған сезім болмайды. Ол жеңіліске төзеді, соңынан қалпына келтіруге тырысады, бірақ қаша жөнелмейді. Жеңілістерді мойынұсына жəне ержүректікпен қабылдайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы еш уақытта асықпайды. Ол төзімсіздік пен ойланбаған шешімдерге барудан сақтандырады. Нұрлы əлем сарбазы еш уақытта піспеген жемісті жұлмайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы бір уақытта шыдамды əрі епті бола білуге тиіс. Екі негізгі стратегиялық қате бар – қолайлы сəт келмей тұрып əрекет етуге асығу жəне қолайлы сəтті жіберіп алу. Сондықтан да Нұрлы əлем

сарбазы əр жағдайды жалғыз рет кездесетіндей етіп қарайды, ешкімнің пікірімен, жалпылама формулалармен, дайын рецептімен шешім қабылдамайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы өз жүрегін ешуақытта жек көру сезімімен ластамайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы кейде мына сөздерді есітеді: «Шешім қабылдамас бұрын мен барлығын түсініп алуым керек. Менде өз пікірімді өзгерту еркіндігі болуы тиіс». Сарбаз нақ солай еркін. * * * Мақсатқа жету үшін алдыңда тұрған мəселені шешіп алу керек. Нұрлы əлем сарбазы белгілі бір нəтижеге жетуіне күші келмегендердің, ол істен бас тарттым деп жариялағаны секілді болып, өзін жолдан тайдыра алмайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы ұсақ-түйек нəрселерге де мəн береді, өйткені олар оқиғаның үйреншікті жүрісін бұзуы мүмкін. Табанға кірген титтей тікен жолыңды тоқтатуы мүмкін, көзге көрінбейтін жасуша дені сау организмді күйретеді. Өткенді бастан кешірген қорқыныш сəті туралы еске түсіру ол қорқыныштың əр күні таңертең келіп тұратын етеді. Секундтың аз ғана бөлігіндей уақытқа тоқтап қалу, қарсыластың соққысына тап қылады. Сарбаз ұсақ нəрселерді де ұмытпайды. Осы үшін оған кейде өзіне-өзі қатал болуға тура келеді. «Сайтандар ұсақ нəрселерді мекендейді» деген ескі мəтелді ұстанады. * * * Нұрлы əлем сарбазы өз сенімдерін де сақтай бермейтін кездері болады. Бірақ Нұрлы əлем сарбазы біраз уақыт сенімін жоғалта тұрып, алға қадамын басады жəне жоғалтқанын тауып алады. * * * Адам – арал емес екенін Сарбаз біледі. Ол жалғыз күресе алмайды, оның ойға алғандары адамдар арқылы жүзеге асады. Ол өз жоспарларын бірлесіп талқылап алатын, жəрдем сұрайтын адам іздейді. Бірақ, Сарбаз, адамдар оның бұл ниетін сенімсіздік деп қабылдағанын қаламайды. Оның жасаған істері көрініп тұр, ал жоспарлары – құпия. Нұрлы əлем сарбазы өзі жасаған қадамдардың жауапкершілігін біреулерге арта салмайды. * * * Ұрыстардың арасында Нұрлы əлем сарбазы дем алады. Бірақ ол ешқашан жанының жалқаулануына жол бермейді, демалыс кештерінің қызығының соңына бүтіндей еріп кетпейді, ештеңе істемей тұрған кездің өзінде оның рухы қалғымайды. Ол Апокалипсистегі мына сөздерді ұмытпайды: «Суық та, ыстық та болмағаның үшін саған қарғыс айтамын. Одан да сенің суық немесе ыстық болғаның жақсы еді. Бірақ сен жылысың, суық та, ыстық та емессің, сондықтан сені жадымнан шығарамын». Сарбаз демалыс пен көңіл көтеруге беріле тұрып, қашан да құлағы тік. * * * Нұрлы əлем сарбазы бүкіл əлем бүкіл əлемнің алдында қалтырап тұратынын біледі. Ол, я ұрыс тілеп тұратын қарсылық, я болмаса көзсіз бағыну. Бұлар – медальдың екі жақтары. Сондықтан Сарбазға қорқыныш тудыратын сəттерде, оның есіне адамдарда қашан да өзіне-өзі сенімсіздігі болатыны түседі. Онда неге Сарбаз күштірек? Өйткені ол қорқынышты мотор ретінде пайдаланады, тормоз ретінде емес. * * * Нұрлы əлем сарбазы үшін мүмкін емес махаббат болмайды. Оны тартынған үнсіздік те, парықпен бағаламау да, елемеу де абыржыта алмайды. Адамдардың өздеріне жамылғы етіп алған мұздай сырт келбетінің астында албырт жүрек жататынын ол көріп тұрады.

Сондықтан да, ол басқа адамдардан гөрі көбірек тəуекел ете түседі. Ол махаббатты жалықпай жəне ұдайы іздейді, ол ізденіс жолында «жоқ» деген сөзді естісе де, ештеңесіз қайтып кетсе де, өзінің жаны да, тəні де шеттетілгендей болса да тоқтамайды. Сарбаз өзіне қажет адамды іздегенде өзін қорқытқанға көнбейді. Махаббатсыз ол – ешкім де емес. * * * Нұрлы əлем сарбазы ұрыс алдында болатын мүлгіген тыныштықты тани біледі. Сарбаз бір жерде бір нəрсе болатынын біле тұрып, тыныштыққа мұқият құлақ түреді. Ол қиратушы зілзала бір сəтте болатынын біледі. Ол түнгі орманда серуендеп жүріп, жан-жағында құстардың сайрауы мен аңдардың сыбдыры тоқтап қалса қауіп жақындап қалғанын біледі. Өзгелер жай əңгімелесіп тұрғанда, сарбаз көкжиектен көзін алмай, ұрысқа іштей дайындала бастайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы – сенгіш. Ол кереметтерге сенеді. Ол ой арқылы өмірді өзгертуге болатынына сенімді, шынында да ой арқылы өмір біртіндеп өзгеше бола бастайды. Ол махаббатын кездестіретінінен күмəнданбайды жəне сол ой махаббатты əкеледі. Кей-кейде ол өкінішке ұшырайды. Кейде ол қайғыға да түседі. Бірақ жеңіс сарбаз жағында, өйткені əрбір жеңіліс жеңіске бастайды. Бұны сену қабілетіне ие əркім-ақ біледі. * * * Нұрлы əлем сарбазы ең дұрысы жарыққа еру екенін түсінген. * * * Нұрлы əлем сарбазы ылғи да жетілуге ұмтылады. * * * Нұрлы əлем сарбазы сенімге лайық. Кейде ол қате жүрістер жасап алады, кейде өзін өзгелерден биігірек санайтыны да бар. Бірақ ол алдамайды. * * * Сарбаз өз өмірінде тепе-теңдік болуына жеткісі келеді: көңілі орнында, барлық шаруалары қалыпты болуын, сенімі жүрегін жалындатып тұрғанын қалайды. Қашан да бір нəрсе жетпей тұрады. Уақыт өз жүгірісін тоқтатқан бір сəтте сарбаз жетпей тұрғанды толтыру мен жаңа ұрысқа жақсырақ дайындалуға тырысады. * * * Нұрлы əлем сарбазы өзінің қанжар ұстап тұрған қолын періште де, сайтан да ұстап тұрғанын біледі. «Сен əлсіреп барасың, сен қажет сəтті біле алмай қаласың. Сен қорқып тұрсың», – дейді сайтан. «Сен əлсіреп барасың, сен қажет сəтті біле алмай қаласың. Сен қорқып тұрсың», – дейді періште. Сарбаз таң қалады: екеуі бір сөзді айтып тұр. «Кел, мен саған жəрдем берейін», – дейді сайтан. «Мен саған жəрдем беріп жатырмын», – дейді періште. Сонда барып Сарбаз айырманы түсінеді. Сөздер бір секілді болғанымен, əртүрлі мағынада шығып тұрғанын түсінеді. Сонда барып Сарбаз өз періштесінің қолын таңдайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы кейде өзін жас балаша ұстайды. Сонысымен баланың еркелейтінін, ойнайтынын, кейде бұзақылық жасайтынын, аңғал сұрақтарды қоятынын, өзі де сенбейтін ақымақ сөздерді айтатынын ұмытып кеткен адамдарды таң қалдырады. Осылай күнəсіз шаттығы үшін, ол Құдаймен байланысын жақсартады. * * * Жауапкершілік деген сөздің түбірі – жауап беруге қабілеттілік, жəрдемдесуге я əрекет етуге əзір тұру дегеннен шығады. Сарбазды жауапты деп, ол өзінің мойнына əлемнің бар салмағын артып алғанда емес, тап қазіргі сəттегі шақыруға жауап беруді үйренген жағдайда ғана айтады.

* * * Нұрлы əлем сарбазы «Бос бөшке салдырлақ келеді» деген ескі мəтелді ұмытпайды. Əділетсіздік жиі кездеседі. Адамдар еңбегіне сай келмейтін қиын жағдайға тап болып қалады, ондай жағдай олар қорғана білмейтіндіктен болады. Ондай жағдай болғанда Сарбаз өзімен-өзі болып, үнсіз қалады. Сөз айтуға да күшін кетірмейді, өйткені ол жағдайға сөз ешқандай жəрдем бермейді. Одан гөрі бар күшін қарсылық білдіруге əзірлейді, төзімді болады жəне Əлдекімдердің өзін бақылап тұруы мүмкін екенін есте тұтады. Сонда, ерте ме, кеш пе, барлығы өз орнына келеді.

* * * Нұрлы əлем сарбазы барлығын лайықты бағалайды. Қиын сынақ алдында оның құлағына сайтанның: «Осы іспен əуре болып қайтесің, ол түкке тұрмайтын нəрсе», – деген сыбыры келеді. Кейде басқаша болуы да мүмкін. Ештеңе де болмаған, ештеңе де күтілмеген кезде де, сайтан сарбаздың құлағына: «Бар күшіңді жина, бар қуатыңды жұмсап, осы жағдайдан шық», – дейді. Нұрлы əлем сарбазы оны тыңдай салмайды, ол – өз əрекетіне өзі ие. * * * Нұрлы əлем сарбазы қашан да сақ. Ол өз əрекетін түсіндіріп жатпайды, ол – Құдайдың салғаны болатынын біледі жəне өзі жасағаны үшін жауап береді. Ол Жан-жағына қарап өз достарын көреді, артына қарап өз жауларын таниды. Ол сатқындыққа төзбейді, бірақ ешқашан да кек алуға тырыспайды, тек қана сатқындарды өз өмірінен өшіріп тастайды. Нұрлы əлем сарбазы бар болып көрінуге тырыспайды. Ол – бар. * * * Нұрлы əлем сарбазы жеңіліс тауып отырған сəтте жанынан табыла кететіндерге сырт береді, олардың өзінің əлсіздігіне рахаттанғысы келетін жалған достар екенін біледі. Ол жараланды деп естісе, жалған достар көңіл түкпірінде өте риза болады, сарбаз ұрыста жеңіліс тапты деп қуанады. Бірақ, жеңіліс – ұрыстың бір бөлігі ғана. Шын достар сарбазбен ылғи да бірге, қиын сəттерде де, бақытты жағдайларда да. * * * Нұрлы əлем сарбазына тағдыр, өзі сүйетін нəрселерден айырып, сынақ ұйымдастыратын да минуттар болады. Ондай кезде ол ойға шомады. Бұл Құдайдың ісі ме, жоқ басқа біреулердің менмендігі ме – біліп алуға тырысады. Бірінші жағдайда ол сөзсіз бағынады. Екіншісінде сарбаз оған қатаң тойтарыс береді. Сарбаз соққы беру сыйына да ие. * * * Егер халық қажыса, онда еркіндік қажет, құлдыққа ешкім көнбейді. Бірақ кейде жасы келген кісілерден «Жұмысты қойсам еркін болып қалар едім» дегенді естисің. Жыл өтпей-ақ олар: «Өмір біркелкі, ешқандай қызық емес», – деп шығады. Бұл жағдайда «еркіндік» – сезімнің жоқтығы. Нұрлы əлем сарбазы өзін еркінмін деп санамайды. Ол – өз əрекеттерінде ерікті, бірақ ол – өз арманының құлы. * * * Достары Нұрлы əлем сарбазынан осынша қуатты қайдан алатынын сұрайды. «Көрінбейтін дұшпаннан» деп жауап береді ол. – Ол кім? – Біз көрмейтін жау, – дейді ол. Бірақ Сарбаз көзге көрінбейтін дұшпаннан кек алуды ойына да алмайды. Ол тек барынша жетілу жайлы ғана ойлайды. Кеше жанды ауыртқан нəрсе – Нұрлы əлем сарбазы үшін қуат көзі. * * * Нұрлы əлем сарбазы көгершіндей аңғал, жыландай ақылды. Түнек жамандықты ұстап қалады. Ол ауада қалықтап қалып қойған нəрсенің бəрін аулап алып, оларды адамның жанын жейтін күншілдік пен жек көруге айналдырады.

Сондықтан да біреу туралы айтқан сөзің оны жек көретін адамның құлағына оған біраз у қосылып жетеді. Сондықтан да Сарбаз өз ағасы туралы айтып тұрғанның өзінде, жанында əрбір сөзіне мұқият құлақ асып тұрғандар бар деп санайды. * * * Нұрлы əлем сарбазын көзқарасына қарап тануға болады. * * * Нұрлы əлем сарбазы «Мені өсуге зорлайтын мына бір жарыққа ие бола алмаймын-ау», – десе, ол жарық жоқ болып кетеді. «Өзгерістер керек, ал олай етуге менде ешбір ықылас жоқ», – деу оған қарағанда дұрыс. * * * Нұрлы əлем сарбазы күрестің бес ережесін жақсы біледі, оны осыдан үш мың жыл бұрын Чжуан-цзы тұжырымдаған: Сенім: ұрысқа түсер алдында, оған не үшін барып жатқаныңа сенімді бол. Серіктес: өзіңе одақтастар таңдауды үйрен, ұрысқа солармен бірлесіп түс, өйткені жалғыз адам ешқашан ұрыста жеңбейді. Уақыт: нағыз сарбаз қыста өткен ұрыстың жазда өткен ұрыстан айырмасын біледі. Сондықтан ұрыс ашуға ең қолайлы мезетті таңдайды. Кеңістік: тауда ұрыс салғандай етіп, тегістікте ұрыс сала алмайсың. Жан-жағыңдағының бəрін бағалап алып, ұрыстың ең қолайлы тəсілін таңда. Стратегия: ең жақсы сарбаз алдын болжайды жəне майданның қалай болуы тиіс екенін дайындай біледі. * * * Кей-кейде Нұрлы əлем сарбазы бір мезгілде екі түрлі өмір сүріп жатқандай болады. Біреуінде ол жанына жақын істерді жасайды, өзі сенген идеялар үшін соғысады. Екіншісі сүйікті кітабын оқу, өзі секілді ойлайтын адамдармен кездесу секілді өз армандарын орындауға арналады. Сарбаз осы екі өмірі барынша жақындауына қарсылық жасамайды. Сөйтіп арман мен күнделікті тірлік бірігеді. Содан соң екі өмір де бірігеді. * * * Нұрлы əлем сарбазы «алдағы жолды білемін» деушілермен де абайлап сөйлеседі. Əрекет ететін кездер болады, жағдайға қарай іс жасайтын да кез болады. Сарбаз осы екеуінің айырмасын біледі. * * * Адамдарға сену маңызды жəне Нұрлы əлем сарбазы өкінуден қорықпайды, өйткені ол өз қаруының жəне өз махаббатының күшін біледі. Нұрлы əлем сарбазы өзгелерге сенеді, өйткені ол алдымен өзіне сенеді. * * * Нұрлы əлем сарбазы өмірге қауіптенбестен жəне ашу-ызасыз қарайды. Иə, өмір – ақылдан адасу. Бірақ, ұлы даналық сол ақылдан адасуды дұрыс таңдай білуде. * * * Нұрлы əлем сарбазы кейде «Мен мына мəселені талқылай алмаймын, өйткені адамдар күншіл» дегенді естиді. Егер Адам оны көнбістікпен қабылдай алса, онда күншілдік бəлендей залал келтіре алмайды. Күншілдік – өмірдің бір бөлігі жəне əркім оны бағындыра алуы керек. Нұрлы əлем сарбазы сөздің қандай қуатқа ие екенін біледі. * * * Егер адамдар бір нəрсені қаласа, онда Əлемнің барлық күштері жəрдем беру үшін бірігіп кететінін Нұрлы əлем сарбазы біледі. Осы себептен де ол өз ойларын бақылап отырады. Жақсы ниеттің жамылғысымен кейде кек алу, өзін-өзі жоюға тырысу, кінəлі сезіну, жеңіске жетудің қорқынышы, біреудің қайғысына шаттану келуі мүмкін.

Əлем ол ниеттің қандай екенін түсіне бермейді, біздің қалағанымызға əумин деп жіберуі мүмкін. Сондықтан Сарбаз өз ойларының астарына үңіліп, ешбір залалды нəрсе жоқ па байқайды. Жəне ол өз ойларына қашан да абай болады. * * * Нұрлы əлем Сарбазы өзіне жауапкершілік алса, сөзінде тұрады. Уəде беріп, оны орындамағандар өзіне деген құрметтен айырылады жəне өз істерінен ұялатын болады. Мұндай адамдардың бүкіл өмірі жүгірумен өтеді: беріп қалған уəдесінен қайтіп айнудың уайымы көп күш алады, олай ету Сарбаздың уəде беріп, сөзінде тұрғанынан анағұрлым қиын. Кейде Сарбаз да сезім жетегіне еріп уəде беріп қояды. Сонда да, ол орындалуы қымбатқа түсетін уəдесінде тұрудан бас тартпайды, бірақ келешекте мұндай уəдені бермейтін болады. * * * Ұрыста жеңіске жеткенде Нұрлы əлем сарбазы жеңісін тойлайды. Жеңісті тойлау – ол жеңістің қаншама қиындықтармен келгенін, сондықтан да сарбаз үшін ол ең қымбат сый екенін көрсету үшін керек. Жеңісті тойлаудан Сарбаз ертеңгі ұрыстарға күш жинайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы алдағы жол жайлы білетіндерімен басқалармен бөліседі. Ол басқалардың өзінен жəрдем алуына болатынын ұқтырып отырады. Біреуді оқытсаң, ол басқа біреуді оқытады. Нұрлы əлем сарбазының жол соңында жеткен жұмағы адамдары жоқ, бос қалған жер болса, онда күресте ешқандай мағына болмағаны. * * * Нұрлы əлем сарбазы Құдай адамды көпшілік арасында өмір сүруге үйретемін десе оған жалғыздық жіберетінін баяғыда біліп алған. Құдай əлемнің шексіз құндылығын көрсету үшін ашуды пайдаланады, ал зерігуді – тəуекел мен өзін-өзі ұмыту маңыздылығы айқынырақ көрінуі үшін жібереді. Құдай үнсіздікті əр сөзді айту қаншалықты жауапты екенін сездіру үшін пайдаланады. Шаршауды – тынығудың рахатын сезіндіру үшін, ауруды – біз денсаулықтың қадірін біліп алуымыз үшін жібереді. Құдай бізге оттың жəрдемімен судың, жердің жəрдемімен ауаның не екенін оқытады. Өлім арқылы Құдай өмірдің қадірін білгіздіреді.

* * * Нұрлы əлем Сарбазы сұратпастан береді. * * * Өзгенің бақытсыздығына енжар адам – ең бақытсыз адам. * * * Сым пернені тарта берсең дыбысы бұзылады. Өздерін-өздері тынымсыз жетілдіре беремін деген сарбаздар, ұрыста тез шешім қабылдау жəне оны орындау қабілетінен айрылады. Күніге кедергіден өте берген ат бір күні аяғын сындырады. Жебе нысанаға тиюі үшін кей-кейде садақтың адырнасын босаңсытып қою керек. Сондықтан да Нұрлы əлем сарбазы күнделікті тіршіліктің ұсақтүйектерінен демалыс жасауға тырысады. * * * Нұрлы əлем сарбазы Лао-цзының сөздеріне еріп, «күндер» мен «сағаттар» деген түсініктерден бас тартып, əр минутқа үңіле қарайды. Ұсақ-түйекке мұқият болып, Сарбаз ірі қиыншылықтардан құтылады. Бірақ ұсақ-түйектер туралы ойлау ұсақ болу деген сөз емес. Ұсақ адамдар қуаныштың титтей сəулесін өзінен қашырып алады. Ұлы арман түрлі нəрселердің үлкен санынан тұратынын Сарбаз біледі. Күннің жарығы да миллиондаған сəулелерден тұрады. * * * Нұрлы əлем Сарбазы жүріп бара жатқан жол зеріктірерлік біркелкі болуы мүмкін. Ондайда Сарбаз Нахман Брацлавскийдің «Егер сен медитация жасай алмасаң, тым болмаса жай бір сөзді ұдайы қайталай бер, соның өзі жанға жайлылық əкеледі. Бір сөзді тынымсыз қайталай бергенде, ол сөз өз

мағынасын жоғалтып, жаңа мағынаға ие болады. Сол бір сөздің көмегімен саған Құдай есік ашады жəне сонда сен айтам деген нəрсеңнің бəрін айта аласың» дегенін ұмытпайды. Сарбаз бір тапсырманы көп рет орындағанда осы тəсілді пайдаланады, сонда мылжың жұмыс дұға секілді жеңіл орындалады. * * * Сарбазда да жасап жатқан ісінің барлығының дұрыс екеніне сенімділік бола бермейді. Қыста керек нəрсенің бəрі жазда керек болмайды. Сондықтан, Сарбаз «дұрыс» жəне «дұрыс емес» деудің орнына «қазіргі сəтке тура келетін қатынас» деп қарайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы өз серіктестерінің бар мүмкіндіктерін зерттеп алмай ұрысқа түспейді. * * * Сарбаз өте қатты өкіну өзіне лайықсыз іс жасаған адамның жанын жеп, жайлап өлтіретінін біледі. Сарбаз біреуге жамандық жасап алса, кешірім сұраудан ұялмайды. Егер уақыты өтіп кетпеген болса, онда қатесін жоюға тырысады. Егер сарбаздың кінəсінен запа шеккен адам о дүниелік болып кеткен болса, онда Сарбаз бейтаныс біреуге жақсылық жасайды. Нұрлы əлем сарбазы өкіне беру өлтіретінін біледі, сондықтан өкінбейді. Ол жасаған жамандығын жою үшін мойынұсынуға əзір. * * * Нұрлы əлем сарбазы «Менің балам мына істі ақылынан алжасып, абайсызда жасаған, əйтпесе менің балам өте жақсы бала» деп айтатын аналардың сөздерін де естіген. Сарбаз ананы қанша құрметтегенімен олай емес екенін біледі. Сарбаз əркім өзі жасаған ісіне қатесі үшін қаншалықты қымбат төлем төлесе де, өзі жауап беруі тиіс деп санайды. Арабтарда мынадай ескі мақал бар: «Құдай ағашты түбіріне қарап емес, жемісіне қарап бағалайды». * * * Нұрлы əлем Сарбазы əрбір шешім қабылдар алдында «Осы ісім менің бесінші ұрпағыма қалай əсер етер екен» деп ойлайды. Сарбаз əр істің ұзақ мерзімдік əсері болатынын біледі. * * * Нұрлы əлем сарбазы өзге адамның қайғысын мөлшерлемейді. Сарбаз өз жақындарының қайғысын сезінеді жəне оны өз қайғысымен салыстырып қарамайды. Əркімнің өз қайғысы өзіне жақын. * * * «Рухани жолдан өту үшін де ержүректік керек» дейді Ганди. Қорқақ адамдарға өмір қорқынышты əрі кəрлі көрінеді. Жалған қауіпсіздік іздеп олар келіп тұрған белгілерге де қарай алмайды. Нұрлы əлем сарбазы өз ойымен көкжиектің арғы жағын қарайды. Егер əлем үшін өзі ештеңе жасамаса, ешкім де ештеңе жасамайтынын Сарбаз біледі. Сондықтан да Сарбаз өзгелерге не үшін жəрдемдесіп жүрмін деп ойламастан жəрдем бере береді. * * * Нұрлы əлем сарбазы Чико Мира алған мына сабақты мұқият оқыған: «Қиындықтарды жеңіп алған соң, ойша сол қиындықтардың қаншалықты ауыр болғанын емес, ол қиындықтарды жеңу саған қаншалықты қуаныш əкелгенін есіңе түсір. Ауыр кеселден жазылғанда, оның келтірген қайғықасіретін емес, саған жазылуға мүмкіндік берген Құдайдың кеңдігін ойла. Қиындықтан туындаған жақсы нəрселерді өле-өлгенше есіңде сақта. Олар сенің күшіңді сынайды жəне саған жаңа кедергілер алдында сенімділік əкеледі». * * * Нұрлы əлем сарбазы күнделікті тұрмыстың ұсақ ғажайыптарын бағалай біледі.

Сарбаз сырттағы жақсыны көре білсе, ол өз жақсысын ішінде сақтай жүргендігінен, өйткені əлем айна сияқты, одан əркім өз келбетін көреді. Өз кемшілігін есте тұтып, өз шектеулілігін білетін сарбаз қиын кездерде де рухын сақтап қалуға барлығын жасайды. * * * Ойлар туындап жататын ұстаханаларда сезімдер мен түйсіктердің қоқыстары да жиналады. Олар – қазір керексіз болып қалған, өтіп кеткен қасіреттер. Ол – бір кезде өте маңызды болған, қазір ешбір мағынасыз жəне түкке тұрғысыз сақтық. Нұрлы əлем сарбазында да еске түсірерлік нəрселер баршылық, бірақ ол пайдалы мен пайдасызды айыра алады. Өткен қуаныштар мен мұңдардың қоқыстарын ол лақтырып тастайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы мұңға батып отырғанын көріп Ұстаз айтты: «Сен қазіргі мұңға батып отырған көрінісіңдегідей емессің. Сен одан анағұрлым биіксің. Мұндай сəттерінде миллиондаған адамдар торығып кетеді. Ал сен оларға ұқсамайсың – мұңаясың. Мұң сенің жаның семіп қалмағанын көрсетеді». * * * Ұрыс қызып, таусылмайтындай болып жатқан кезде, сарбазға жаңа бір идея келіп, ол əп-сəтте жеңіске жетеді. Шынында, кез келген мақсат орындалған соң оп-оңай секілді көрінеді. Ірі жетістікке де кейде ешбір қиындықсыз жеткендей боласың, бірақ ол байқаусыз қалған ұсақ жеңістердің жиынтығы. * * * Екі түрлі дұға бар. Біріншісі – Адам Құдайдан бір нақты оқиғаның орындалуын сұрайды жəне оны қалай жасау керектігін өтінеді. Жасағанға, тіптен, қалай əрекет ету керектігіне уақыт та, кеңістік те қалдырмайды. Ал Ол, өзі қалай болғаны дұрыс деп санаса, солай жасайды. Дұға жасаушы менің дұғамды Құдай естімей қалды-ау деген сезімде болады. Екіншісі – Адам Жасағанның өзіне қандай жол дайындап қойғанын мойындай тұра, Жаратушының жобалағаны қашан келер екен деп күтеді. Ол қайғы-қасірет пен уайымнан құтқаруды, оған рух сергектігін жіберуді тілейді, бірақ сəт сайын «Бір сенің дегенің болады» деуді ұмытпайды. Нұрлы əлем сарбазы нақ осылай жасайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы барлық халықтардың тілдеріндегі ең маңызды сөздер өте қысқа екенін біледі. Иə. Құдай. Махаббат. Бұл сөздер жеңіл айтылады жəне орасан зор бос кеңістікті толтырады. Бірақ, тағы да бір қысқа сөз бар, оны айту адамдарға қиын. Ол – «жоқ» деген сөз. Ешқашанда «жоқ» деп айтпайтын Адам өзін кеңпейіл, бəрін түсінетін, тəрбиелі санайды, өйткені бұл сөзді менмен, рухсыз, кекті адамдар жиі пайдаланады. Сарбаз бұл шырмауға түспейді. Оның өзгелерге «иə» деп тұрып, өзіне «жоқ» дейтін сəттері бар. Сондықтан оның жүрегі «жоқ» деп тұрса, ол ешқашан да «иə» демейді. * * * Біріншіден, Құдай, ол – өзін өзі құрбандыққа беру. Бұл өмірде қасірет шегіп, біз келесі өмірде рахат табамыз. Екіншіден, ойнап-күліп жəне көңіл көтеріп жүргендер – жас бала сияқты. Ылғи ширығып өмір сүру керек. Үшінші: бізге не керек екенін басқалар жақсы біледі, өйткені оларда тəжірибе көп. Төртінші: өзгелерді бақытты ету – біздің міндетіміз. Өзіміз ең қымбат нəрсемізден айырылсақ та, өзгелерді қуанту керек. Бесінші: рахаттана бермеу керек, əдеттеніп кетеміз. Рахат тостағаны ылғи да біздің қолымызда бола бермейді. Алтыншы: барлық жаза мен сазайды қабылдау керек. Біз айыптымыз. Жетінші: біз сезініп тұрған қасірет – үрей белгісі. Тəуекелді қою керек. Нұрлы əлем сарбазы ешуақытта ұстанбайтын қағидалар – міне осылар.

* * * Қарсыласта да ақыл бар. * * * «Ақымаққа мың сана берілсе де, ол сенің ақылыңды күтіп отырады» деген араб мақалы бар. Бау-бақшасын тəртіпке келтіре жүріп, Нұрлы əлем сарбазы қалай жасауға кеңес бере кететін көршіні көреді. Оны тыңдай берсе, сарбаз көршісінің идеяларына еріп кетеді. Бірақ шын Сарбаз əр бақтың өз құпиясы бар екенін, оны бағбанның шыдамды қолы ғана аша алатынын біледі. Сондықтан ол бар ойын күнге, жаңбырға, жыл мезгілдеріне қарап жүзеге асырады. * * * Нұрлы əлем сарбазы күреске жанында сенімділер бар екеніне сеніп барғанды жөн санайды. Кейде жаныңдағы сенімді серігің де дұшпанға айналып кететіні бар. Мұндайда Сарбаз қазір дұшпандасып тұрған ескі серіктесінің барлық жақсы жəне ізгі істерін еске түсіреді. Достың дұшпанға айналу себебін іздейді. Жан-жақты жетілген Адам жоқ, жөндемге келмейтін ақымақ та жоқ. Өзіне жаңа қарсылас тапқан Сарбаз осыны ойлайды. * * * Нұрлы əлем сарбазы мақсатқа жету құралы мақсатты ылғи да айқындай бермейтінін біледі. «Бесінші тау» кітабынан Бұл ІX ғасырда өмір сүрген Илья атты 23 жасар жігіттің басынан кешкен оқиғалары. Ильяға өзінің əулие пиғылын сақтап қалу қиынға соғады, өйткені бұл өмір тирандық ниеттер мен соғыстардан езілген, ал ол алғашқы махаббат пен парыз сезімі екеуінің бірін таңдауға мəжбүр болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл кітап адам сенімін сынайды жəне оны оқырманға қызғылықты етіп жеткізеді. * * * Мен биікке жеттім бе деген əр жолы, əйтеуір бір нəрсе болады да, мен төмен қарай құлдырай жөнелемін. Мен, неге бұлай болатынын өзімнен сұраймын. Шынымен, ежелгі арманыма жақындап, бірақ ешуақытта оған жетпеуді жазған ба маған? Құдай маған көкжиектегі сағымды көрсетіп, оған ешуақытта жете алмай шөлдеп өлсін дей ме? Мұның олай емес екенін түсіну үшін маған көп уақыт керек болды. Кей оқиғалар біздің өмірімізде біздерді Тағдырдың ақиқат жолына қайтару үшін кездеседі. Кейбіреулері біз өмірде өз санамызды пайдалануымыз үшін керек. Ал кейбір оқиғалар бізді үйретеді. Бұл сабақтар ылғи да қиналу мен қайғы-қасірет шегуге байланысты бола бермейді. Осыны түсіну менің өмірімдегі нағыз бата секілді болды. Кездейсоқтық менің өмірімде, мен сабырлы жəне өзіме-өзім бұрын болмағандай сенімді болған кезімде кездесетін. Белгісіз нəрселер адамдарға нақ осындай сəттерде кездессе керек. * * * Аспан астындағы нəрсенің бəрі – Құдай, ол үйді қирататын дүлей найзағай, ол – қирағанды қайта қалпына келтіретін адамның қолы. * * * Сайып келгенде, өлім деген не? Ол – бар болғаны бір ғана сəт. * * * Ешкім өзінің бұл өмірде не үшін жүргенінің мағынасын біреуден сұрап əуре болмасын, ол – адамның өзі ғана табатын нəрсе. * * * Адамның жан-дүниесі де, өзендер мен шөптер сияқты, жаңбыр тілейді. Ол ерекше жаңбыр – үміт, сенім жəне өмірдің мағынасы. Егер ондай жаңбыр болмаса, тəн əлі өмір сүргенімен, жан-дүниедегі нəрсенің бəрі өледі. Адамдар айтуы мүмкін: «Мына бір тəнде де бір кездері жан болған». * * * Жер бетіндегі жаратқан əр пендесіне Құдай дайындап қойған тағдырдан ауытқысы келетін адамдар аз болмаған.

* * * Адам дүниеге келе салып өз тағдырын алдағысы келеді. Адам өз тағдырын алдайтын себебі: Құдай одан өте ұзақта. Ол адамдардың жан-дүниесін барлығы мүмкін болатын кез келеді деген арманмен толтырған да басқа істермен айналысып кеткен. Өмір өзгереді, бұрынғыдан да қиынырақ болады, ал Жаратушы сол күйі адамдардың арманын өзгертуге қайта оралып келмейді. * * * Жанға да қорек беріп тұру керек. * * * Адамдар екі түрге бөлінеді: біреулері өмірден рахат алады, екіншілері – ғұмыр бойы шағымданумен жүреді. * * * Адам жанын сала істеген ісінен рахат қана алмайды, даналық та алады. * * * Періште аян беру үшін адам оған дайын болуы керек. * * * Адам өміріндегі оқиғалар Құдайдың даналығына күдік келтірсе де, Оның бар екеніне шүбə келтірмейді. * * * Кей адамдарға менен де қиынырақ-ау деген ой адамға қуат береді. * * * Құдай өзі сүйетін құлын ешуақытта тастап кетпейді. * * * Жаулық ниеттегі адамды тану мен оны жеңудің ең дұрыс жолы – онымен «достасу». * * * Əр адам өзінің пешенесіне жазылғанға күмəнмен қарауға жəне кейкейде одан ауытқып тұруға құқылы. Жасауға болмайтын жалғыз ғана нəрсе – оны ұмыту. Өзінен күмəнданбайтын адам – лайықты адам емес, өйткені ол өз күшіне көзсіз сену арқылы өркөкіректік танытады. Андасанда күдіктене алатын адам – мақтауға лайық. * * * Сөз білдірмей мүжиді. * * * Салт-дəстүр өзгеше ойлауға мүмкіндік бермейді. Олар өмірде тəртіп болуы үшін жаратылған. * * * Бір тауға жан-жағынан қарасаң, əр жолы басқа тауды көргендей боласың. Бізді қоршап тұрған нəрселердің бəрі де сол сияқты – бір Құдайдың əр түрлі көрінісі. * * * Мен Құдайдан жəне өзімнен қорқамын. * * * Кішкене қалалардың жеңімпазға бағына кетуі оңай. * * * Өнімді жинап алмасаң – шіриді. Істі кейінге қалдыра берсең, ол көбейе береді. * * * Егер саған жебе тисе өлесің, одан басқасында Құдайдан үміттенуге болады. Егер сені махаббат дауылы соқса, арғы жағы сенің өзіңе ғана байланысты.

* * * Бұл заманда адамдар өмірге қызықпай қалған: олар зерікпейді, жыламайды, тек қана уақыт өте берсе дейді. Олар күрестен бас тартқан, содан өмір де олардан бас тартқан. Саған да солай болуы мүмкін, сондықтан күрес, қорықпай алға ұмтыл, бірақ өмірден бас тартпа. * * * Сауда – адамдарды, аумақтарды, мемлекеттерді басып алудың жаңа жолы. * * * Əркім-ақ қауіп сезінеді. Ондай жағдайда адам ауаның өзінен бір нəрсе байқағандай болып, өзін біртүрлі ұстайды. Содан ол өзін алдай бастайды, өйткені өзін күреске қарсы тұра алмаймын деп санайды. Бірақ, бəрібір, шындықтың бетіне тура қарайтын кез келеді. * * * Абыздары мен саудагерлері бейбіт өмірді қалайтын, бектері бейбіт елді басқарғанды жөн санайтын, ал əскері соғыс болса деп тілейтін замандар болған. * * * Көп ғасырлар бойы адамдар өз айтқанын күшпен істеуге зорлайтын еді, күштілер не қаласа, соны істейтін, бірақ онысы туралы жұрт не ойлайтынын білгісі де келмейтін. Патшалықтардың құрып бітуіне осы себеп болып еді. Халық тыңдауды үйренгелі бері өзі күштірек бола бастады. Адамдар бір-бірінің қалауына құлақ түргелі жəне соны қанағаттандыруға тырысқалы сауда да жетіле бастады. * * * Егер басшы табансыздық көрсетсе, онда өзіне деген құрметті жоғалтады жəне бұдан былай маңызды шешімдер қабылдай алмайтын болады, өйткені оған ешкім де бағынғысы келмей қалады. * * * Жастығымды босқа өткізіп алдым деп өкінбеу үшін адам əрбір сəтті пайдаланып қалуы тиіс. Жаратушы адамға кез-келген жасында сынақ жібере береді. * * * Жерге тастаған тұқымнан кішкене балауса өсіп, одан ағашқа айналып, яғни өмір бойы өсумен болатыны – адамның да өмір бойы өсуі тиіс екенін білдірмей ме? * * * Құдай адамға көп мүмкіндік береді. * * * Құдаймен ауызба-ауыз сөйлесе алатын пайғамбарлардың өздері əйелдің жүрегін не оятатынын жете білемін дей алмайды. * * * Үлкен тасты теуіп қалсаң да, қылышпен шапсаң да ештеңе болмағандай жата беретіні, ешқандай жағдайда ешкімнен жеңілмейтін күштер бар екенін көрсетеді. * * * Барлық ұрыстар бізді өмірде бір нəрсеге үйрету үшін керек. Тіптен, біз жеңілген жағдайда да. Уақыт келе жалған идеяны қорып, алданғаныңды немесе болмашы нəрседен қасірет шеккеніңді түсінесің. * * * Кей-кейде қорқыныш сезіну адамның өмірді сүйетінін көрсетеді. * * * Идеялар да билікке ие.

* * * Аспанда серіксіз жүзіп бара жатқан күн неге керек? Тегістіктің ортасында аспанмен таласқан тау ше? Айдаладағы құдықтың кімге керегі бар? Ол сұрақтың бəрінің де жауабы бір: өтіп бара жатқан керуен адаспауы жəне қиындық шекпеуі үшін керек. * * * Адамда таңдау болуы тиіс, адамның бар қуаты нақ осында – шешімдерінің ұлылығында тұр. * * * Өз жолын таңдау өте қиын. Кім таңдау жасамаса, ол өмір сүріп, көшеде жүрген болса да, Құдайдың көз алдында өлікке айналады. * * * Күн астында өмір сүріп жатқан əр нəрсе, əйтеуір бірдеңе үшін керек. Өмірдегі нəрселердің бəрінің маңызы бар, солардың қайсысы өткінші, қайсысы мəңгілік, айыра білуді үйрену керек. Болмай қалмайтын нəрсе – өткінші. Болмай қалмайтын нəрселерден алған сабақ – мəңгі. * * * Болмай қалмайтын бір іс болғанша бізде қорқыныш өмір сүре береді. * * * Өлімнің бары қандай жақсы... * * * Адамда өлгісі де келмейтін, өмір сүргісі де келмейтін кездер болады. Ол махаббат та, жек көру де, сенім де қалмаған сəтте кезігеді. * * * Табиғат бізге адам ауа райы мен жыл мезгілдеріне тəуелді екенін ешуақытта ұмытпауды үйретеді. * * * Орындалуы мүмкін, бірақ орындалмағандардың бəрін жел əкетіп қалады жəне одан із де қалмайды. Өмір біздің ойларымыздан құралған. Кей сəттерді басыңнан өткізу де керек, өйткені солай болуын Құдай қалап тұр. Болашақтан үміт еткен адам өзінің өткенін жөндеуге тырысуы керек. * * * Өмірді өзгерту қиын емес. Бұрынғыдай аянбай еңбек ете беру керек екенін түсініп алған жəне оны өз игілігі үшін пайдалана білген жөн. * * * Егер сені өткен өмірің өкіндірсе, оны тезірек ұмытуға тырыс. Ол үшін өз өмірің жайлы жаңа тарих ойлап тап та, оған сенетін бол. Тек жеңістерің жайлы ғана ойлан, ол ойыңдағыға жетуге жəрдемдеседі. Өзің жасаған игі істер жайлы ойлан. Ол саған күрескерлік əкеледі. * * * Мен тек өзімнен ғана қорқамын. * * * Егер біз жұмыспен алданбасақ, жанға батқан дерт ешуақытта өтпейді. Қасірет шаршаулы адамды жаралай алмайды. Тəннің шаршауы жанның сыздауын жеңілдетеді. * * * Абыройыңды қайтаруға күшіңнің жететінін алдымен өзіңе дəлелдеуің керек. * * * Балаларда өткен шақ болмайды. * * * Сəби ересектерді үш нəрсеге үйрете алады: ешбір себепсіз шаттануды, өзіне қашан да бір іс тауып алуды жəне өз дегені болуды талап етуді.

* * * Кейде Құдаймен де күресу керек болады. Əрбір адамда да бақытсыздықтар кездесуі мүмкін: жақын адамдардың өлімі, əділетсіз айыптау, жазылмас кесел. Бұл жағдайларда Құдай адамды, оның сауалына жауап беру үшін сынайды: «Неге сен менің өміріме жабысасың, ол – қысқа əрі қайғы-қасіретке толы ғой. Сенің күресіңде не мағына бар?». Онда, жауап бере алмаған адам мойынсұнады. Ал, кім өмірдің мағынасын іздесе, ол «Құдай əділетсіздік жасады» дейді. Ондай адам өз тағдырына қарсы жүреді. Сол кезде аспаннан адамның жүрегіне от беретін бір күш келеді. * * * Бақытсыздықтан қашып кете алмайсың. Біз оның себебін таба аламыз, біреулерді айыптаймыз, осы бақытсыздық болмағанда біздің өміріміз қалай болар еді деп ойланамыз. Мұның бəрінде ешқандай мағына жоқ, бақытсыздық келіп жетті. Сол сəттен бастап біз бақытсыздық əкелген қорқынышты ұмытып, қайта өрлеуді бастауымыз керек. * * * Күрес керек, өйткені болмай қоймайтын нəрсеге өз кемесін қарсы қоя білуі қажет. Көбісі ағысқа еріп кетеді де қиындыққа ұшырайды. Біреулерді ол ағыс алыс жерлерге алып кетеді. Əр адам өз өміріне ат бере алуы керек. * * * Өмірде Құдай бізден бағынуды талап ететін сəттер де болады. Бірақ кейде Ол біздің жігерімізді сынап көрмекші болып, күреске шақырады. Онысымен Ол бізге өзінің махаббатын сезінуімізге мүмкіндік береді. * * * Қиындық əкелген мүмкіндікті пайдалана білу қажет. Ол əркімнің қолынан келе бермейді. * * * Бізге шабуыл жасауы мүмкін екені білініп қалған əскер мықты бола алмайды. * * * Құдай өз үнін бізге жеткізуге тырысып, белгілер жолдайды, біз өзімізбен-өзіміз болып, ол белгіні байқамай қаламыз. Ол белгілерді біз абайлай білсек, байқар едік, ол – барлық жерде. Бізде қандай жағдайлар болып жатқанына үңілсек, ол көрініп-ақ тұр. Оның сұрағанын орында, онда сенің Жердегі өміріңнің мағынасы тұр. Бұл сөздер əркімнің жүрегінде жазылып тұрсын. Сонда ол жоғалып кетпейді жəне оны ешкім оны жоя да алмайды, оны жүрегіңде сақтап, өзіңмен бірге ала жүресің. * * * Егер біз өз арманымыздың алдынан шыға алсақ мұң мəңгілік бола алмайды. Біз ілгері жүрсек, мұң өтіп кетеді. * * * Құдайдың қолынан бəрі келеді. Ол үшін тыйым салынған ештеңе жоқ, ол бəрін жасай алады. Егер Құдайдың қолынан бəрі келмесе, онда қолынан бəрі келетін тағы бір күш пайда болар еді. Онда жұрттың бəрі соған бағынып, соған табынар еді. * * * Біз өмірден қаншалықты тəжірибе жинай алсақ, Жақсылық көбіне Жамандықтың келбетінде жасырынып жататынын түсінеміз, бірақ одан ол Жақсылық болмай қалмайды. «Он бір минут» кітабынан «Он бір минут» – махаббатты сезіну жолындағы арманшылдықты марапаттап, өмірде əркімдерде-ақ кездесуі мүмкін қателіктер мен айып қадамдарды ақтап алуды дəлелдейтін, бір ғана əйелдің басынан кешкен шым-шытырық оқиғалардан құралған кітап. Бұл кітапты түсіндіріп беруден, оны бір рет болса да оқып шығуды ұсынған дұрыс. Кітап адамды арманшыл болуға үндейді.

* * * Адам баласының ең ұлы мақсаты – махаббатты сезіну. Махаббат ештеңеде емес, ол – біздің өзімізде жəне оны біз өз ішімізде өзіміз оятамыз. Кездесулер бізді күтеді, біз одан қашамыз. Тек қана нағыз қиналыс сəттерінде, бұдан былай ештеңе де жоғалтпайтын болған кезде немесе өмір бізді шаттандырған кезде бар екені біздің өңімізде де, түсімізде де болмаған нəрсені кездестіреміз, сөйтіп біздің галактика орбитасын өзгертеді. * * * Біз бəрін де білетін болып көрінеміз, ал сұрай қалса ештеңе білмейтін болып шығар едік. * * * Мен өмір бойы махаббатты өз еркімен болатын саналы құлдық деп санайтынмын. Сөйтсем, алданған екенмін, еркіндік махаббат келіп жеткенде жəне көңіліңе қонғанда ғана болады екен. Сезімге алаңсыз беріліп кеткен адам, өзін еркінмін деп сезінген адам ғана жан-жүрегімен сүйе алады екен. Ал кім жан-жүрегімен сүйе алса, өзін еркін сезінеді. Осы себептен де, мен қалай өмір сүрсем де, өзім үшін не ашсам да, бəрі мағынасыз. Мен мұндай сəт тезірек өтіп кетеді ғой үміттендім, сөйтіп өзіме-өзім келіп, мені түсінетін жəне менің ол үшін қайғыруыма жол бермейтін еркекті табамын ғой деп ойладым. Не деп кеттім? Сүйген адам ешуақытта сүйіктісінің жанын ауыртпайды: біз əрқайсымыз өзіміз басымыздан кешкен сезім үшін жауаптымыз жəне ол үшін өзгені айыптауға қақымыз жоқ. Бұрындары мен өзім сүйіп қалған адамымды жоғалтып алсам жаным ауыратын еді. Қазір мен басқаша ойлаймын: ешкім ешкімді жоғалта алмайды, өйткені ешкім де ешкімнің меншігі емес. Міне бұл нағыз еркіндік – саған қымбат нəрсенің сенде болуы жəне оны иемденбеу. * * * Жолыңда кездесетін ірілі-ұсақты кедергілерді жеңу адамға рахат əкеледі. Кейбір адамдар зейнетке шығып, өзіне ұнаған нəрсенің бəрін жасауға мүмкіндік алғанда, ол рахаттанудың орнына мұңға оранады, күн санап оның көздерінің нұры таяды, ол – өзі туралы ешуақытта ойламағандықтан. Отбасында ешқандай ұрыс-керіс болмаған, ешқашан əйелінің көзіне шөп салмаған, төңірегінің бəріне құрметпен қараған адам осындай күйзеліске ұшырайды. Өйткені ол қалыпты өмір сүрген, соншалықты қалыпты – жұмыссыз ол ешкімге керексіз болып қалады, өйткені ол бар өмірінің мағынасын тек қана жұмыспен байланыстыра өмір кешкен. * * * Жұбайлық өмірдің ең жиі кездесетін қалыпты көрінісі – əйелі ерінің, ері əйелінің көзіне шөп салып өмір сүру. * * * Көп əйелдердің үш бетпердесі бар. Біріншіден, ол – еркекке қарағанда таңырқағандай болып тына қалатын, жəне онда қаншама билік, қаншама даңқ бар екеніне қайран қалатындай болып көріне алатын Аңқау Қыз. Екіншісі – Батыл Əйел, ол өзіне сенімсіз еркектерге шабуыл жасап, бұдан былай ештеңе жасамай, ештеңеден уайымдамай-ақ қоюға болады дегенге сендіріп, бастаманы өз қолына алады. Үшіншісі – Сүюші Ана, ол өз кеңесін керек ететіндерді мейіріммен қорғай жүреді, олар өзінің барлық əңгімелерін, бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығарып жіберіп жатса да, төзімділікпен тыңдайды. * * * Өмір сүру мен өмір сүрген болып көрінудің қайсысы маңызды? Бүгінгі күн барлық күндердің ішіндегі ең тамаша күн болды деп айтуға тəуекел ету ме? Сөзімді бөліп, түсінік бермей мені тыңдағаны үшін рахмет айтайын ба? Жоқ қайтадан «ерекше нұры» бар, жігері мықты əйел жамылғысын жамылып, күтіп қалайын ба? * * * Суретші өзіне қандай модель керек екенін біледі. Музыкант өз аспабының құлақ күйі қалай келгенін біледі. * * * Кейде бір бақытты күннің өзі керемет.

* * * Адамзаттың ұлы мақсаты – махаббатты сезіну. Өзгедегі махаббатты емес, өзіндегі махаббатты, өйткені оны өзімізде біз өзіміз оятамыз. Ал, оны ояту үшін басқа бір адам керек. Əлем біз өз сезімдерімізді бөлісе алатын адамымыз болғанда ғана мағынаға ие. * * * Құштарлық адамға тамақ жеуге де, ұйықтауға да, жұмыс істеуге де мүмкіндік бермей, тынышын алады. Көп адамдар құштарлық келіп қалғанда бұрыннан қалыптасып қалған нəрселер күйрейді, құртылады деп қорқады. Ешкімге өзінің реттеліп қалған əлеміне аласапыран кіргені ұнамайды. Көп адамдар бұл қауіпті алдын-ала көру қабілетіне ие, сондықтан іріпшіри бастаған құрылысын бекітетін қосымша шаралар көретін құрылысшы сияқты өз əрекетін жасайды. Кейбіреулер керісінше жасайды: құштарлыққа басын жоғалтып ұмтылады, одан барлық проблемаларының шешімі табылатындай көреді. Өз бақытының бар жауапкершілігін басқа адамға аударып қоя салады жəне де бақыт оны айналып өткенде де солай жасайды. Олар қашан да, я сиқыр мен керемет күтіп, толық таңырқаумен болады, я болмаса торығады, өйткені кейбір күтпеген жағдайлар кездесіп қалып, барлығы күйреді деп ойлайды. Құштарлықтан құтылу мен оған көзсіз берілудің қайсысы аз бүлдіреді? Білмеймін. * * * Көңілдің ең терең, ең шыншыл қалауы – біреудің жанына жақын болу. Əрі қарай əсерлер басталады: еркек пен əйел өмірге ғашық болып қалады да əр сəтті рахаттана өткізеді, бірақ осы сəтке жеткізетін – өзара тартылысты түсіндіру мүмкін емес. Ол – өзіңді ең таза, шыншыл күйде көру ниетінен болса керек. Осындай күй кешіп жүргенде, еркек пен əйел өмірге ғашық болады жəне əрбір сəтті саналы жəне таң қаларлық етіп өткізеді, керек минутты күтуден жалықпай жаңа ниеттерді мейрамдауды күтеді. Олар асықпайды, саспайды, санасыз іс-əрекеттермен оқиғаның барысын өзгертпейді. Өйткені қашып құтыла алмайтын нəрсе көрініп қалады, ақиқат көрінетін жолын міндетті түрде табады. Уақыт-сəті келгенде олар оны жіберіп алмайды, өйткені ондай сиқырлы сəттердің əр секундының маңызды екенін олар біліп алған. * * * Кей-кейде нақты жағдайға: «Мен сені керек етпеймін, менің бақытым төңірегімде болып жатқан істерге байланысты емес» деуден рахат алғың келеді. * * * Адамдар семіріп кетпеу үшін режим сақтайды, парик киеді, күнұзақ косметикалық кабинеттерде отырады немесе гимнастикалық залдарда сағаттап жүреді, дене пішімін айқын көрсетіп тұратын киімдерді таңдайды, сымбаты келіспеген болса, оны жасыратын киімдер киеді, осының бəрі біреулердің жүрегінде от тұтатқысы келгеннен. Соларының нəтижесінде қалаған адамымен төсекке жатады да, бар болғаны он бір минутта ісін бітіреді. Қарап тұрса, аспанға көтеретін ештеңе де жоқ, тағы біраз уақыт өткен соң ешқандай от сөніп қалған жалынды қайта жаға алмайды. * * * Кейде, бір еркекті жолықтырып, оған ғашық болып қалатындар бар. Олардың ішінде көбісі алда күтіп тұрған ештеңе жоқ болғандықтан жəне ештеңеден үміттеніп жүрмегендіктен солай жасайды. * * * Ең маңызды кездесулер, тəннің жақындасуынан бұрын, адамдардың жан-дүниесінде болады. Жұрттың бəрі де сүйе алады, ол адам туылғанда бірге берілетін сый. Біреулер оған өте шебер билік етеді, көп адамдар əр жолы жаңадан білім алғандай болады, есіне бұрынғы рахат сезімдерді түсіріп, бұрынғы құштарлықтардың, шаттану мен мұңданудың, құлдырау мен биікке көтерілудің отында қайта жанып, əр жаңа кездесудегі жол көрсетер жіптің ұшын табады. * * * Қызыққа əбден тойған адамды секске үйретудің жөні бола қоймас, оны махаббатқа үйрету керек.

* * * Маркиз де Сад: «Адам ең соңғы шегіне жеткенде ғана өзінің мəнін біле алады. Ол үшін бізге ержүректік керек, тек сонда ғана біз бір нəрсеге үйрене аламыз», – дейді. Мен ойлаймын: адам өзін, тек өз мүмкіндіктерінің шекараларын ашқанда ғана біле алады. Сонымен бірге, өзің туралы барлығын біліп алу соншалықты маңызды ма екен, өйткені адам тек даналық жинау үшін тумаған, ол сонымен бірге жер жырту, бидай егу, өнім жинау, нан жасауы да керек қой. Менің ішімде екі əйел бірге өмір сүріп келеді: біреуі өмірде барлық құштарлықтардың орындалуын, қуанышқа жетуді, қызықты оқиғалардың болуын қалайды. Екіншісі күнделікті тұрмыстың тыныш қана құлы, ошақтың сақтаушысы болып, барлығын еппен жоспарлап алып атқарғанды дұрыс көреді. Мен бір мезгілде отбасы анасымын жəне жезөкшемін, олардың екеуі менің тəнімде бірге өмір сүреді жəне бірімен бірі күреске түседі. Ал əйелдің өзімен өзі кездесуі қызықты – бірақ өте қауіпті ойын. Ол – Құдайлық би. Біздер кездескенде екі Құдайлық қуат пен екі галактика қарама-қарсы тұрады. Абайламаса осы екі галактика бірін бірі жойып жібереді. * * * Платон бойынша, еркек пен əйел əуел бастан бүгінгідей болып жаралмаған, олар екеуінің бастары екі жаққа қарап тұрған тұтас бір денеде еді. Бір кеуде, бір мойын, бірақ төрт қол мен төрт аяқтары бар, яғни, арқалары жабысып қалғандай кейіпте болған. Олардың екі басы болғаны жан-жақты жіті бақылауға, төрт қолы жұмысты көбірек істеуге, төрт аяғы табан тіреп ұзағырақ тұруға дұрыс болған. Бірақ, ең қауіптісі, олардың күштері өзінде сақтала тұрып, екі түрлі жынысты бола тұрып, өзіне ұқсағандарды дүниеге əкеле алмайтын еді. Зевс ол пенделердің күшін қалай кемітуді ойлап, оларды найзағайдың соққысымен ортасынан қақ бөлген. Содан бері жер бетін адам қаптай бастаған, бірақ өзінің баяғы жартысын іздеймін деп адамдар əлдерін жоғалтқан жəне саса бастаған. Тек өз жартысын тапқан соң ғана барып олар күш жинай алған, сатқындық жасамайтын болған. Бірақ Құдай төрт қолды, төрт аяқты адамдарды екіге бөлгенде олардың ішіндегі кейбіреулері жаңа бірігулер жай келісім ғана болуы мүмкін деп санаған. * * * Кімді сүйсең, оған жанаспай тұрып-ақ рахаттануға болатынын сезімі бар адам біледі. * * * Өзінің сүйіктісі бақылап қараған адам сексуальдық қуат адамда секс болмаса да пайда болатынын біледі. Рахатты секс емес, иемденсем екен деген құштарлық береді. Құштарлық күшті болса секске алып келеді, бірақ алдымен құштарлық сезімі келгені дұрыс. * * * Сүйетін адам, қатынасқа түспесе де, ұдайы қатынасқа түсіп жүреді. * * * Əр адамның өзінің жеке қалауы болады, ол өзінде сақтаулы қазынаның бір бөлігі болып кетеді. Ол, əдетте ол кісіге кім қымбат болса, соны өзіне тартады, бірақ кейде біреулерді шошытып жіберуі де мүмкін. * * * Əр күні мен өзіме өмір сүргім келетіні жайлы ақиқатты ашамын. * * * Қызғану деген қалыпты жағдай, ол біреуді тек қана маған тиесілі деп ойлағаннан болады. Олай ойлаған адам өзін ғана алдайды. * * * Ең күшті махаббат – əлсіздік көрсетуден қорықпайтын махаббат. Қалай болғанда да, егер ол шын махаббат болса (еріккеннен немесе уақыт өткізгісі келгеннен болмаса), онда еркіндік ерте ме, кеш пе, қызғанышты жеңеді, ол келтірген жан сыздауын жұбатады. Спортпен айналысқан адам біледі: əр күні ауырсынудың бір мөлшері болатынына, қиналатыныңа дайын болу керек. Əуелі ауырсынып, осының не керегі бар еді дегенмен, уақыт өте келе ауырсыну өтіп жеңілдік пен күш қосылып жатқанын

сезінесің. Содан кейін ғана «ауырлықсыз ешқандай нəтижеге жете алмайды екенсің ғой» деген қорытынды жасайсың. * * * Көріп-біліп алған соң, мен сексті адамдар көп жағдайда, нақты өмірден қашу үшін, өз проблемаларын ұмыта тұру үшін – есірткі ретінде қолданатынын түсіндім. Есірткінің барлық түрлері сияқты ол да қирататын жəне құртатын қабілетке ие. * * * Еркек пен əйел бірге болғанда, егер бірін-бірі жақсы көрсе, ол үшін əлдебір театрландырылған көріністер жасаса да, ойын ойнағандай болса да, бірін-бірі шыдамдылықпен жəне тиянақты түрде тексеріп алуы тиіс, сонда олар жақындасу жай ғана механикалық байланыс емес, шын мəніндегі қауышу екенін түсінеді. * * * Біреуді бір нəрсеге үйрете тұрып, өзің үшін де бір жаңа нəрсе ашуың мүмкін. * * * Адамдар өзгелердің қайғы-қасіреті мен қиналуынан рахат алады. Ол – адамның табиғатында тұр. Бізді жұмақтан шығарып жібергелі, біз я қасірет шегеміз, я болмаса, біреудің қасірет шегіп жатқанына қарап тұрамыз. Жəне де бұл мінезді өзгертіп болмайды. * * * Бұйрыққа бағына салу жеңілірек. * * * Секс деген бағынбайтын нəрсені бағындыру. * * * Жан шуағына ие болу үшін əуелі өз тəніңе ие болуды үйрену керек. «Заһир» кітабынан «Заһир» Коэльоның өз сөзімен айтқанда «ең жеке кітабы». Өйткені, бас кейіпкердің өмірбаяндық деректері де, шығармашылық азабы да автордікіне сай келеді. Кітап Коэльо Қазақстанға келіп кеткен соң жазылған. Онда Михаил атты қазақстандық жігіттің күйеуімен өте бақытты тұрмыс кешіп жүрген əйелді еліктіріп əкеткені жайында айтылады. Бостандық деген не? Мен өз өмірімнің бірталайын бір нəрселердің құлы болып өткіздім, сондықтан да бұл сөздің мағынасын білуге тиісті едім. Бала күнімнен өмірім менің қазынам болуы үшін күрестім. Алдымен ата-анаммен күрестім, өйткені олар менің жазушы емес, инженер болуымды қалады. Мектептегі достарыммен күрестім, олар мені өздерінің қатігез əзілдерінің ермегі еткісі келді, олай болмауы үшін мен өзімнің де – олардың да мұрындарын қанаттым, жеген таяқтың іздерін анамнан жасырып талай кештерді өткіздім, өйткені мен өз проблемаларымды өзім шешуге тиістімін деп санадым. Таяқ жесем де, ата-анамның алдында көз жасымды көрсеткім келмеді. Күнкөріс боларлық қаржы табатындай жұмысқа жету үшін күресіп, қысқыш темір сататын дүкеншеге сатушы болуды таңдадым, маған үйдегілер «Біз саған ақша беріп отырмыз, сол үшін сен мыналарды істеуге міндеттісің» демесін дедім. Жасөспірім кезімде сүйген қызым үшін де күрестім, ол да мені сүйді, бірақ біз жеңіске жете алмадық, қыздың ата-анасы менде ешқандай келешек жоқ екенін қыздарына дəлелдеді. Журналист болғым келгенде алғашқы қожайынның үш сағат күттіріп, қолындағы кітабын оқи отырып немқұрайды сөйлескеніне ызам келіп қолындағы кітабын жұлып алып, жыртып-жыртып тастай жаздағаным да менің күресімнің белгісі еді. Тек сөйткен соң ғана барып ол менен өз дегеніне жетуге қабілетті, жақтырмаған адамына қарсы тұра алатын репортер шығатынына сеніп, таңырқай қарады да, жұмысқа алды. Социализм идеалы үшін күрестім, ол үшін түрмеге де түстім, одан шыққан соң да күресті жалғастырдым, өйткені өзімді жұмысшы табының батыры санап қалған едім. «Битлдардың» өлеңдерін естіп, Маркстан рок-н-ролл қызығырақ екен деп қорытынды шығарғанымша солай болды. Бірінші, екінші, үшінші əйелдерімнің махаббаттары үшін күрестім. Бірінші, екінші жəне үшінші əйелдеріммен ажырасуға батылым жетуі үшін күрестім, өйткені олармен махаббатым сын көтере алмады, ал мен менімен жолығу үшін жаратылған адамды тапқанымша ілгері жылжуым керек еді, ол əйелдерімнің ешқайсысы ондай болып шықпады.

Менің елімде бір де бір адам əдеби еңбекпен күн көре алмағанын білсем де, газеттегі жұмысымды тастап, жазушы болуға ұмтылуға батылым жетуі үшін күрестім. Бұл ойдан бір жылдан соң, мыңдаған бет болатын, өзім де түсінбейтін бірдеңе жазғаннан кейін бас тарттым. Күресе жүріп, бостандық атынан сөйлеп жүрген адамдарды бақыладым жəне олардың қаншалықты осы ерекше құқықты қорғаған сайын өз ата-аналарының қалауының, «өмір бойы бірге боламыз» деген жұбайлық тұрмыстың, банктегі есепшоттың, режимнің, орта жолда үзіліп қалған жобалардың, «жоқ» немесе «жетер» деп айтуға болмайтын сүйіспеншілік қарым-қатынастың, олар онша жақтырмаған адамдарымен бірге түстенуге мəжбүр болатын демалыс күндерінің құлдары бола түсетінін көрдім. Өздерін сыртқы келбеті бай, сыртқы келбеттің сыртқы келбеті сəулетті құл ретінде көрсетті. Өздері таңдамаған əйтеуір бір өмірдің құлы болды, бірақ өмір сүре беруге шешім қабылдады, өйткені осылай болғаны өздері үшін жақсы деп санады. Осылайша біркелкі түндер мен күндер өте берді, оларда «қызық оқиға» деген сөз кітаби немесе ұдайы қосылып тұрған теледидардың экранындағы кадр секілді еді, ал қандай да бір мүмкіндік туа қалғанда олар: «Маған бұл қызық емес, көңілім шауып тұрған жоқ» деуші еді. Олар ешқашан мұндай сезімді басынан кешірмесе, онда көңілі қалап тұр ма, жоқ па, қайдан біле қойсын? Сұрауға да ешқандай қажеттілік болған емес еді: шын мəнінде олар үйреншікті өмірді сілкіп алуға жарайтын кез-келген өзгерістен қорқатын. Мені ұстап қамап қойғандар маған «Сіз боссыз, жүре беріңіз» дегенде мен осыларды ойладым. * * * Бостандық. Бақытсыз жалғыз болып қалу бостандығы. * * * Қашан да бұрынғыдан маңыздырақ нəрселер болып жатады. Қашан да кейінге қалдыруға болмайтын міндеттемелер бар. Маған біреу ақымақтық жасап алдым деп хабарласып жатса, менің одан да көбірек ақымақтық жасап жүргенімді айтқым келеді. * * * Жауап: жауап жоқ. Мүмкін жауапта сүйікті əйелді ұстап қала алмаған икемсіздігім жасырынып тұрған шығар. Ол əйелді іздеп, қайтып келуге сендіріп, жалынып-жалбарынудың, жұбайлық өмірді сақтап қалудың тағы бір мүмкіндігін жасауға тырысудың қажеті бар ма? Бұл күлкілі болар еді; одан да бұрынғы сүйіктілер түптің-түбінде тастап кеткендегідей қасірет шеккенім дұрыс шығар. Бұрынғыша өз жарамды өзім жалап жазғаным дұрыс болар. Бүйте берсем, əйелімнің кетіп қалғанынан басқа əңгіме қалмай, достарымды мезі етіп алатын сормаңдай болып кетермін. Болып өткен жағдайды ақтауым үшін, ол маған қатігездік жасады, ал мен қашан да жақсы болып қалдым жəне істегендерімнің бəрі дұрыс еді деп өзімді күні-түні ойша сендірермін. Басқа бір əйел табармын. Көше кезіп, əркімдердің бетіне үңілермін, солардың ішінен оған ұқсас біреу табылар. Апта өтер, ай өтер, мүмкін жылдар өтер. Осылайша, барлығы өтіп кеткенше жүрермін. Жүрегім жаралы, бірақ ол жазылар жəне қайтадан өмірдің сұлулығын сезінермін. Бұрын да осылай болған, енді де солай болар. Біреулер кетсе, орнына біреулер келер жəне мен махаббатымды табармын. Мен енді өзімді ойша бай, атақты жəне бойдақ ретінде сезіне бастадым. Кісілер арасына кімді қаласам, сонымен бірге бара аламын. Кештерде өзімді көп жылдардан бері ұстағандай емес, еркін сезіне аламын. Бұл жаңалық тез тарап, көп əйелдер: жасы бар, жасамысы бар, бай немесе онша байлығы жоқ, бірақ бай болып көрінгісі келетіндер, ақылдысы мен, мүмкін, бар болғаны тəрбиесі маған жағымды нəрсе айтуға жететіндер менің есігімді қағатын секілді. Еркін болу тамаша екеніне сенгім келеді. Қайтадан еркін болу. Мені əлі күтіп жүрген, солай екенін əзірше екеуміз де білмейтін өмірімдегі нағыз махаббатымды кездестіруге дайын боларлық еркіндік. * * * Менің айналамдағылардың барлығы əсем болған сайын өзімді нашарырақ сезінетін кездерім болады. * * * Қалағаным болып, сезім тұрақтылығына жетсем, ол сезім тұрақтылығын əкеледі деп ойласам, бұл тұрақтылық терең зерігумен жалғасатыны алдымнан шығады. * * * Менің бұрынғы əйелдерімнің бəрінде тұрақтылық пен берілгендік бар еді, мен болсам қызық оқиғалар мен бұрын ашылмаған бірдеңелерді

іздеумен болдым. Менен: «Менімен бірге болу саған ұнай ма?», – деп сұраса, «Иə» деп жауап берер ем, бірақ: «Менсіз өмір сүре аласың ба?», – деп сұраса да сол «Иə» деген жауапты берер едім. * * * Еркектер əйелдердің епті аспаз болуын қалайды. Əйелдер болса еркектерден бəрін талап етеді: олар отбасын қамтамасыз ете алатын, төсекте белсенді, ұрпағын қорғай алатын, тамақ табушы, жетістіктерге жете алатын болуы тиіс болады. * * * Мен өзімшілдігімді жоғары бағалаушы едім, сөйтсем нағыз қорқақ, өмірге бейімделгіш, өз өміріме қатысты сараң екеніме көзім жетті. * * * Көп жыл көлемінде мен магияны, алхимияны, оккульттық ілімдерді зерттедім жəне қолдандым: мені «Азғана адам шексіз билікті ұстап тұр, оны адамзаттың басқа бөлігімен бөліскісі келмейді» деген идея баурап алды. Орасан потенциал тəжірибесіздердің қолына түсуі қауіпті деп санадым. Мен құпия қоғамдарға қатыстым, экзотикалық секталарға бардым, кездесе бермейтін қымбат кітаптарды сатып алдым, ритуалдар мен дұғаларға көп уақытымды бөлдім. Түрлі топтар мен жолдастық ұйымдарға мүше болдым, бірінен кіріп бірінен шығып жүрдім, бірақ менің көрінбейтін əлемнің құпиясына жетемін деген үмітім орындалмады, менің ашқан жаңалығым – мен айналып жүрген ортадағы адамдардың басым бөлігі, ізгі ниетті болғанымен, қандай да бір догмаларға еріп жүргендер, сөйте-сөйте нағыз фанат болуға айналғандар екен, өйткені фанатизм адамзат баласының жанын тербеуді тоқтатпайтын күдіктен шығудың бірден бір жолы екен. * * * Назар аударудың өзі жеткілікті; жан-жаққа жұмылған көзбен емес, «белгілерге» орай қарауды үйренгенде ғана одан сабақ алуға болады, ал егер белгілерге мұқият қарайтын болсаңыз, онда оларды айыра аласыз. * * * Адам баласында екі ұлы проблема бар: қашан бастауды жəне қашан аяқтауды білу. * * * Əрбір сəтті ең соңғы сəт деп қабылдай білуді үйрену керек. * * * Мен қазір, бұрынғы ойлағанымдай, біреулердей болсам деп армандап жүрген жоқпын, мен соның өзімін. * * * Жазушылардың көбі стиль қуалап кетеді де шығарманың мазмұнын соған бағындырып қояды, осылайша ерекшеленіп кетемін десе керек, бірақ түптеп келгенде зерігерлік бір нəрсе туады. Олар өз əлемі шеңберінде қалып қояды жəне мен француз тіліндегі «лифтті ұзату» деген əуес сөзді ұғынамын. Бұл: «Мен сенің кітабың жайлы жақсы сөз айтамын, сен – менің кітабым туралы сөйтесің, осылай біз жаңа мəдени өмір, төңкеріс, жаңа философиялық ой құрамыз, өйткені өткен заманның данышпандарымен қалай болғанын кім біледі» деу. Əрине, мұны ешкім де түсіне алмайды. Адамдар сыни еңбектерді оқуды қояды, əдеби журналдарда мағына қалмайды, олардың орнын интернет пен оның қарапайымдандырылған тілі басады, өмірді өзгерту үшін публика сыншылар мақтағанды емес, өздеріне ұнағанын ғана сатып алады, өйткені олар бұдан шаршаған жəне алданғанын түсінген. * * * Мен сіздің есепшотыңызға салым салуды бастаймын, бірақ бұл ақша емес, байланыстар. Өмірдің өзі тек қана байланыстардан тұрады. Менің өтінішімді орындаңыз, мен де сізге жəрдемімді жалғастырамын, осылайша сіздің сенімді адам екеніңіз басқаларға мəлім болады, сөйтіп олар сіздің есепшотыңызға салым салады, ол тек қана байланыстардың салымы болады. * * * Мені өзімді өзім табуыма итермелеп, ол менің оны табуыма жəрдемдесті. * * * Берілгендік деген не? Мен иемденіп жүрген жан мен тəннің маған тиесілі екеніне сенім бе?

* * * Менде барлығы бар, сөйте тұра мен бақытсызбын. Мен бір өзім ғана олай емеспін: осы жылдардың бəрінде мен төңірегімдегі байдың да, кедейдің де, құдіреттінің де, өмірге бейімделгіштің де ішіндегі менің көзқарасыммен сəйкес келетіндердің бəрінің көздерінен таусылмас мұң көремін. Біреулер бақытты болып көрінеді: бұл олардың мұны ойланып та көрмегендігінен. Біреулер жоспар құрады: мінекей, мен тұрмысқа шығамын, үйім болады, екі балам болады, қала сыртында үйім болады деп. Осыларды ойластырып жүргенде олар тореадорды іздеп жүрген бұқаға ұқсайды: ештеңе ойламай, тек алға жылжи береді. Автомобиль сатып алады, кейде оның аса қымбатына қол жеткізеді, өмірдің мағынасы сол деп ойлайды жəне ешуақытта ешқандай сұрақ қоймайды. Бірақ осыған қарамастан оның көздері мұңға тұнып тұрады, оны өзі де байқамайды. Мен білмеймін, барлық адамдар да бақытсыз ба? Бірақ мен адамдардың бəрі ылғи да бос емес, мерзімнен тыс жұмыс істейді, балаларға, еріне, қызметке, диплом алуға қамқорлық жасайды, ертең не сатып алатынын ойлайды, өзін кем санамауы үшін бəлендей нəрсем болса дейді. Бір сөзбен айтқанда ешкім: «Мен бақытсызбын» демейді. Көбісі былай дейді: «Менің жағдайым жақсы, мен жетемін дегеніме жеттім». Сонда мен сұраймын: «Сені бақытты етіп тұрған не?». Ол: «Менде адам армандайтын нəрсенің бəрі – отбасы, үй, жұмыс, денсаулық бар», – дейді. «Өмірде осылар жеткілікті дегенді ойлау үшін сен тоқтап қалдың ба?», – деп сұраймын. «Иə, жетерлік» деген жауап аламын. Тағы сұраймын: «Демек өмірдің мағынасы отбасында, өскен соң сені тастап кете баратын балаларда, нағыз сүйіктіден досқа айнала бастайтын еріңде не əйеліңде ме? Жұмыс та бір күні бітеді. Содан соң не етесің?». Жауап: жауап жоқ. Олар əңгіменің тақырыбын өзгертуге тырысады. Өміріме ризамын дегендердің көбі, мен олардан нақтылап сұрай бастағанымда, бір нəрсе жетпей тұрғанын жасыра алмайды. Фирма бастығы армандап жүрген тиімді келісімге əлі қол жеткізе алмай, үй шаруашылығындағы əйел тəуелсіздеу болсам жəне ақшам көп болса деп ойлап, сүйіп қалған жасөспірім өзінің сүйіктісін жоғалтып алуы уайымына түсіп, жоғарғы оқу орнын бітіруші мамандықты өзі таңдады ма, жоқ ол үшін өзгелер таңдады ма деген сұраққа жауап іздеп, тіс дəрігері əнші болсам деп, əнші – саясаткер, саясаткер – жазушы, жазушы – ауыл адамы болсам деп ойлап жүрген болар. Тіпті таңдап алған мамандығына сай қызмет атқарып жүрген адамның өзін кездестіргенімде, бəрібір оның жаны бір нəрселер үшін қобалжулы екенін көрдім. Өз-өзімен толық келісімде өмір сүрген адам жоқ шығар, сірə... Сүйікті əйелі бар, арманындағы қызметке жеткен, достары қызғана қарайтын еркіндікке, сапарға шыға алар мүмкіндікке ие, құрмет пен құттықтаулардан кенде емес адамның өзі сол орнында тоқтап қалса, өмірдің мағынасы болмайды. Бойымды еркін ұстап, Париж секілді ерекше əсем қалаларда қыдырып жүрсем де, «Мен қалағанымның бəріне жеттім» деп айта алуым мүмкін, бірақ «Қалған өмірді пайдаланып қалайын» деп айта алмаймын. Барлық адам да солай ойласа керек. Мына өтіп бара жатқан əсем киінген əйел өз күндерін сырғып бара жатқан уақытты тоқтатып қою уайымымен, салмағын күніге өлшеп өткізіп жүр, өйткені махаббаты соған байланысты деп санайды. Айналаға қараңыз, барлық адам бұл əлемдегі кездейсоқ саналатын қасіреттерден қалай қорғану уайымында. Атақтылар туралы жалтырақ журналдардағы олардың күліп түскен суреттері шын мəнінде бір ғана сəттік, суретке түсер сəтіндегі жасанды күлкі мен шаттық қана, түнде не таңертең оның көңіл күйі тіптен басқа болған. Бай болып көрінуге ұмтылып жүргендердің көбі барлығы жеткілікті болуға ақшасы жетіңкіремей жүргенін жасырып жүр. Біз неге бір-бірімізді жек көре тұрып күлімсірей қараймыз? Біз неге бақытсыз бола тұра, журнал бетіндегі суретте бақытты болып көрінгіміз келеді, сөйтіп бақытымызды сатамыз? Онда біз даңқтың құлы болғанымыз ба? * * * Мен барлық уақытта бақытсызбын деп айта алмаймын. Мен де ойнапкүлемін, сені сүйемін, жұмысымды жақсы көремін. Бірақ бір уақыттары өзімдегі терең мұңды сеземін, кейде ол айыпты сезінумен немесе қорқынышпен араласа келеді, уақыт өте келе ол өтіп кетеді, бірақ ол қайта келіп, қайта өтіп кетіп тұру үшін сөйтетін сияқты. * * * Соғыста адам жүйкесі шегіне жеткенше тартылып тұрады, өйткені ол келесі бір сəтте-ақ өліп кетуі де мүмкін, содан барып оның көзқарасы өзгереді. Содан ол ерлікке де, барынша қатігез болуға да қабілетті болады. * * * Көз көрмегенді, жүрек сезбейді.

* * * Адамдарға өзі сенгісі келгені ылғи да ұнайды. * * * Бостандық деген не? Еріңнің сенің не істеп жүргеніңмен ісі болмауы ма? Я болмаса сен өміріңді бағыштаған адамың жұмысына беріліп, мансап қуып, саған онымен ой бөлісуге мүмкіндігі болмағандықтан өзіңді жалғыз қалғандай сезіну ме? * * * Францияда ерлі-зайыптылықта көзге шөп салуға төзіммен қарай береді, тіптен ол жасырын түрде мақұлданады. * * * Белгілілік те махаббаттың қоздырушы күші. Əйел еркекпен болғанда оның басқаны емес, өзін таңдағанына риза болады. Ол басқаны да таңдауы мүмкін еді. Əйелдің де сол еркекті таңдауы – өзіне жағымды болғандықтан. * * * Əлем кеңістігі біздің жасап алған қателігімізді өзі жөндеп жүреді. * * * Шын дос жақсылық жағдайларда бірге бола алғандар екенін түсіндім. Олардың бізге жаны ашиды, біздің жеңістерімізге қуанады. Жалған достар тек қиын сəттерде ғана көрінеді, олардың көзінде қайғы тұрған секілді, «ынтымақтастық» білдіреді, шын мəнінде олар бізде болған жағдайдың өздерінде болмағанына шүкіршілік етіп тұрады. * * * Жек көру энергетикасы ешқайда алып бармайды, махаббат арқылы келген кешіру энергетикасы өмірде оң өзгерістер болуына септігін тигізеді. * * * Бала кезінде мектептегі ең əлсіз бала болғаны үшін ата-аналарынан жасырын жылап, жасөспірім кезінде жіңішке ғана көріксіз жігіт болғаны үшін қыздар қарамайтын, спорттан да ешбір жетістіктерге жете алмаған адам өзінен күштіректердің құрбаны болғаны үшін кейіннен де өзіне-өзі ылғи мүсіркеумен қарауды көңілі қалайтын болып шығады. Болмаса ол өзін жаралаушылардан қатігездікпен кек алушыға айналады. * * * Жер бетіндегі өз уақытыңа құрметпен қара, Құдай сені ұдайы кешіріп келген, сен де кешір. * * * Менде жоғалтатын ештеңе болмаған кезде, мен барлығын алдым. Мен кім болсам солай болуды қойған кезде, өзімді өзім таптым. Қорлау сезінген кезде жəне оған қарамастан жолымды жалғастырғанда мен өз тағдырымды таңдауда еркін болдым. * * * Моңғол аңызында жабайы ит елікке ұшырасып, оны тарпа бас салудың орнына биязылығына, сезімталдығына, əсем келбетіне ғашық болып қалыпты. Табиғат заңы бұзылыпты, əлді əлсізін жалмамапты, өйткені махаббат зұлымдыққа бағынбайды, онда ізгілік те, жасампаздық та, бұзушылық та жоқ, тек ұмтылыс қана бар. Махаббат табиғат заңын өзгерте алады. Моңғол аңызы түрлі мəннен махаббат туатынын көрсетеді. Махаббат қарама-қайшылықтардан да пайда болады. Қарсы тұрғанда жəне қайта құрғанда да махаббат сақталады. Аңызда тегі бір екі жаратылыс өз белгілерімен алмасып, бірінің кейпіне бірі енеді. Ол үшін олар бірін-бірі сүюді үйренуі тиіс. Ол үшін ол бұрынғы қалпынан шығуы керек, өйтпеген күнде олар еш уақытта бірге тұра алмайды. Олар мына өмірді өзгерту үшін бірін-бірі тапқанда ғана ол махаббат деп аталады.

* * * Бізге өмір берілген. Əлем бүгінгі қалпына оңайшылықпен жеткен жоқ, біз мүмкін болған образдардың ең жақсы жағдайына жеттік; əлем əлі де идеалдағыдай емес, бірақ төзуге болатындай жағдайда. Сонда да бəрібір бір нəрсе жетпей тұрғандаймыз, жетпейтін нəрсе ұдайы болып тұрады. * * * «Адам нағыз махаббаттың пайда болуына мүмкіндік берген күні барлық ретті нəрселердің бəрі ретсіздікке ұшырайды жəне біздің дұрыс, ақиқат деп санайтынымыздың барлығы өзгеріп кетеді» дейді Италияның ұлы ақыны Данте. Адам сүйе білген кезде өмір шын кейпіне келеді, ал оған дейін біз махаббатты таныдық деп ойлап жүре береміз, шын мəнінде махаббатты қалай болса сол күйінде қабылдауға ержүректігіміз жетпейді. Махаббат – ауыздықтап болмайтын күш. Оны бақылағымыз келсе, ол бізді ірітеді. Егер біз оны тұтқынға алғымыз келсе, ол бізді құлға айналдырады. Біз оны түсінуге тырыссақ, онда біз адасқандар мен мағынасыздарға айналғанымыз. Бұл күш бізді Құдайға жəне біздің жақын-жуықтарымызға жақындастыру үшін, бізге қуаныш сыйлау үшін жер бетінде жүр, бірақ біз бүгінгі күні сүйе білгеніміз үшін біздің тыныштығымыздың əрбір минутына үрей келіп кіреді. Махаббатқа ұшырағандар ол туралы беткі қабатта тұрған дəстүр мен құндылықтарды ысырып, оның тереңіне үңілсе ғана өзін көреді. * * * Барлық елдер мен мəдениеттердің əртүрлілігі болғанымен еркектері махаббатына жəне əйелдің сексуалдық тартымдылығына қарамай белсіз болуы мүмкін жəне ол көңіл қалаған əйелге қатысты кездесуі де жиі. Бұл қалыпты жағдай. * * * Махаббат барлығын табыспен аяқтататын жəне көркейтетін нəрсе. Махаббат – ақыл мен шығармашылықты іске қосатын, бізді тазартатын жəне азат ететін ететін нəрсе. * * * Қашанда опасыз, сатқындыққа бейім адамдар, өздеріне бір түрлі жолдастық қарым-қатынас пен түсінушілік сезінеді, олар қате қимыл жасауға қабілетсіз бола түседі. Демек, ол жерде барлығы тұп-тура кері əрекет етеді. * * * Біздің екі əлеміміз бар, біреуі – біздің қиялымызда, біреуі – нақты. * * * Махаббат шеңбері жайлы аңыз. Бір күні таңертең бір шаруа монастырьға келіп, қақпасын қағады. Қақпашы есік ашқан сəтте шаруа оған бір шақ жүзім ұсынады. – Қадірлім, мынау менің өз жүзімдігімде өскен жеміс. Соны сыйлағым келіп осында келдім. – Рахмет! Мен мұны аббатқа алып барайын, бұл сыйға ол өте риза болады. – Жоқ! Мен оны саған əкелдім. – Маған? Мен табиғаттың мұндай сыйлығына лайық емеспін, сен мені ұялтып тұрсың. – Менің мұны саған ұсынып отырғаным, қашан келсем де маған есікті сен аштың. Менің егістігім қуаңшылық əсерінен өнім бермей қойған кезде, сен маған біз үзім нан мен бір стакан шарап беріп тұрдың. Бұл жүзім шағы саған өзін əсем етіп жаратқан күннің махаббатын, жауынның əсемдігін жəне Құдіреттің кереметін берсін. Қақпашы жүзімді жанына қойып, таң атқанша тамашалады, ол шынында да əсем еді. Ол жүзім шағын бəрібір аббатқа сыйлағысы келді, өйткені аббат оны ақылды сөздерімен ылғи да қолдаушы еді. Аббат жүзім шағына өте риза болды, бірақ есіне монастырьдағы ауру азамат түсті де, оның өміріне азғана қуаныш сыйлау үшін жүзімді соған берді. Ауру жігітте де жүзім шағы ұзақ тұрмады, ол оны аспазға жіберді, өйткені аспаз оған барлық уақыт дəмді тамақтар беруші еді. Аспаз жүзім шағын дастарханға қою кезіне əзірлегендей етіп əсемдеді. Одан көз алу мүмкін емес еді. Сөйтті де оны шіркеу жабдықтарын сақтаушы ризничийге жіберді. Өйткені ол киелі мекенге бақылау жа-

саушы еді. Монастырьдағы барлық адамдардың тыныштығы мен көңілкүйі соның қызметіне байланысты болатын, оны монастырьдағылар киелі адам санайтын. Ризничий өз кезегінде жүзім шағын ең жас тақуаға берді, осы арқылы ол Құдайдың өнімі Жаратылыстың ең кішкене бөлшектерінде де болатынын түсіндіргісі келді. Тақуа жүзім шағын алғанда оның жүрегі Құдайдың ризашылығына толы болды. Сол сəтте оның есіне монастырьға алғаш келген кезде бірінші болып есік ашқан қақпа ашушы түсті, соның ізгі ниеті оған бұл күнге дейін осы қоғамда жүруіне бастапқы себеп болғанын ойлады. Сөйтіп ол кеш батқанша жүзім шағын қақпашыға алып барып, оның алдына қойды. Қақпашы сонда барып бұл сыйлық шынымен оның өзіне арналғанын түсінді. Ол жүзімді біртіндеп алып, асықпай рахаттанып жеді де, бақытты ұйқыға кетті. Осылайша қуаныш шеңбері тұйықталды, бұлай болуы кім де кім Махаббат Энергиясымен үйлесімде болған кезде кездеседі. * * * Өмір рахатын жақсы көретін адамда теңдессіз даналық болғаны жөн. * * * Тарихтың бір сəтінде біреу пайда болып былай деп мəлімдепті: «Екі адам үйленгеннен соң өмірінің соңына дейін қоршауда қалуға тиіс. Сіздер рельстің екі сызығы сияқты сол арақашықтықты сақтап қатар жүресіздер. Тіптен бір-біріңізден азғана ұзап немесе жақындап кету қажет болып жатса да, ол – ережеге қайшы. Ереже сіздерді саналы болуға, болашақ туралы, балалар туралы ойлауға шақырып тұр. Сіздерге одан əрі өзгеруге болмайды, сіздер рельстер секілді бастапқы стансада да, орта жолда да, соңғы стансада да бірдей қашықтықта қатар жүресіздер. Сіздерге махаббатты өзгертуге, оның бастапқы кезде өсіп, ортасында азаюына мүмкіндік беруге болмайды, ол қауіпті. Сондықтан алғашқы жылдардағы сүйсінушіліктен кейін сол арақашықтық ұдайы сақталса, балалар бақытты болады. Көршілерді де ойлау керек. Сізді қоршаған адамдар туралы да ойлаңыз, қашан да үлгілі көрінуге тырысыңыз. Суреттерде күліп қараңыз. Ауланың шөбін қырқыңыз, спортпен айналысыңыз, уақыт кеңістігінде қоршауда қалып қоймаңыз. Спорт жəрдем бермей қалған кезде пластикалық операция жасатыңыз. Бұл ережелерді кім белгілесе де, содан айнымаңыз, өйткені ол ережелер сіз келіспесеңіз де солай қызмет ете береді. * * * «Мен неге бақытсызбын» деп ешкім өзінен-өзі сұрамасын. Бұл сұрақта вирус бар, ол барлығын жегідей жеп жібереді. Егер бұлай сұрасақ, онда бізді бақытты ететін не екенін білгіміз келеді. Егер бізді бақытты ететін нəрсе біздің өмірімізден басқаша болса, онда біз бірден өзгереміз немесе одан да гөрі бақытсызырақ бола түсеміз. Одан да мойынсұнған дұрыс. Өмір саған не ұсынса, соны қабылдау керек. * * * Махаббаттың көзге түсуге мүмкіндігі болсын деп біз нақты ережелер енгізе бастағанда махаббат жоғалады. * * * Дəуірлеу заманындағы данышпандар Эразм, Да Винчи, Микеланджелолар өз уақытының шектеулеріне, сол дəуір шарттылықтарының езгісіне назар аударуды қойып, өткенге бет бұрды. Өткен заманда болашақтың сауалдарына жауап бар. * * * Əлемдегі ең бақытсыз адам саналуы тиіс адамдардың көзінен жалған мұң көрінетін кездер бар. * * * Тек өте кедейлер ғана ешуақытта өміріне риза түр білдірмейді. * * * – Мен он бестерге келгенде секспен айналысып көруге өте құмар болдым. Бірақ ол тыйым салынатын күнə іс екен. Неге оны барлық діндер, тіпті, ең қарапайым діндер мен мəдениеттер де, күнə санайды?

– Мыңдаған жылдар бұрын тайпалар қаңғып жүріп, секспен еркін айналысқан, əйелдер бала туған. Тайпадағылар көп болған сайын олар тамақ үшін таласқан, осалырақ балалар мен əйелдерді өлтірген. Тек күштілер ғана қалған, олардың бəрі еркектер бола бастаған. Ал табиғи себептермен еркектер əйелдерсіз адамзат ұрпағын жалғастыра алмайды. Содан барып Құдай адамдарға өз тайпасының əйелдерімен секспен айналысуға тыйым салады деп жариялап, бір немесе екі əйелмен ғана қатынасқа түсуге болады деген. Осылай ру пайда болып, оны біріктіретін алғашқы көсемдер шыққан. Бұлай біріккендер жылдар өте келе күшейе түскен, олардың ішінде тууға қабілетті барлық əйелдер мен олардан туған балаларға тамақ тауып бере алатын белгілі бір еркектер тобы пайда болған, олардан жаңа аңшылар мен ұрпақ жалғастырушылар туған. Сен əйелдерге ең рахат əкелетін секс деп ойлайсың ба? Жоқ, тамақ беру. Əйел үшін еркектің қалай тамақ жеуін бақылағаннан артық рахат жоқ. Ол – əйел үшін даңқтың биік сəті, əйел кешкі асты əзірлеуді күні бойғы қамқорлығына айналдырады. * * * Менің құрбыларым мен достарым бұрынғыша бірін-бірі бақылау құқығына иемін деп ойлайды. Олар «мəңгілік бақытты болуға» уəдені сақтау, тіптен, күнделікті опасыздық арқылы болса да, қажет деп түсінуін жалғастыра береді. * * * – Біз екеуміз бақытты болуға тиіспіз. Сен маған барлығы үшін міндеттімін деп санайсың, ал мен сен секілді еркек ылғи менің қасымда жүр деп масаттанамын. – Сен алыста болсаң, мен сенің жанымда болуыңды қалаймын. Мен біздердің жолсапардан келген кезімізде болатын сұхбаттарымыз туралы ойлаймын. Сенде барлығы дұрыс екенін біліп тұру үшін мен сенің даусыңды күніге естіп тұруым керек, сол үшін мен саған қоңырау шаламын. Менің сені жан-тəніммен сүюім жалғасып жатыр. – Менде де дəл солай. Біз бірге жүрсек ұсақ бір нəрселерге ерегісеміз, бірімізді біріміз өзгерткіміз келеді, нақтылыққа деген көзқарасымызды бір-бірімізге таңғымыз келеді. Түк мағынасы жоқ бірнəрселер үшін сен мені айыптайсың, мен де сөйтемін. Бір мезгілдерде, біздің жүрегіміз үндемей қалған сəттерде біз өзімізге: «Ешқандай міндеттемесі жоқ бостандықтың болғанына не жетсін» дейміз. – Бірақ біз сондай сəттерде барлығын жоғалтып алғандай сезінеміз, өйткені жанымыз сүйген адамның жанымызда екенін білеміз. * * * Мойын омыртқа сынған кезде кез-келген қимыл мəңгілік сал болып қалуға апаруы мүмкін. * * * Рак кеселіне ұшырау – жасушалардың бірінің есінен адасуынан болады. * * * Бұл өмірде барлығы мүмкін, бəрі салыстырмалы. Егер бір баланы бес алма сатып əкел деп ақша беріп жіберсек, ал ол екі алма алып келіп тұрса, бізге бала үш алманы жеп қойған ғой деген ой алдымен келе қалады. Біз ішкі əлемімізді өзгертуге тиіспіз: мүмкін бала үш алманы жеп қойған да шығар, бірақ, берілген ақша бес алмаға жетпеген болуы да, жолда үш алманы жоғалтып немесе алдырып алуы да, бір адаммен алмаларды бөлісуге бір себеп итермелеуі де мүмкін ғой... * * * Мен қызық іздей жүріп қауіпсіз болуды да қалаймын, олай болуы сыйымсыз ғой... Бір əйелді жақсы көріп тұрып, мен басқа əйелдерге де ғашық бола кетемін, өйткені дегеніңе көндіру деген де өмірдегі ең қызық істің бірі ғой. * * * Əрбір еркек пен əрбір əйел көп адамдар махаббат деп атайтын энергиямен жалғанған. Бірақ ол өзінен бүкіл кеңістік құрылған шикізат қана. Бұл энергиямен айлалы əрекет етуге болмайды – ол бізді жайлап жетелеп отырады, біз бұл өмірде үйренгендеріміздің бəрі осының ішінде. Біз оны өзіміздің қалауымызға бейімдеуге тырыссақ, онда біз, ақыр соңында торығамыз, үміттен айрыламыз, алданамыз, өйткені ол – еркін

де жабайы. Біз қалған өмірімізді бір адамды немесе бір затты сүйеміз деген əңгімелермен өткіземіз, шын мəнінде біз бар болғаны азап шегумен боламыз, өйткені махаббаттың күшіне бағынудың орнына, оны азайтуға, сөйтіп өзіміз өмір сүреміз деп санайтын əлеміміздің шеңберіне сыйғызуға тырысамыз. * * * Менің басыма қойылатын тасқа не жазуым мүмкін? Мен «Ол тірі кезінде өліп қалған» деп ойып жаздырған болар едім. Бұл ақылға сыймайтын нəрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ мен тірі кезінде өмір сүруін тоқтатқан адамдарды көп көрдім, бірақ олар жұмыс істеуін жалғастыра береді, тамақ жейді, көпшілікке араласады. Олар мұның бəрін əрбір жаңа күн əкелетін сиқырлы сəтті сезіне алмай, өмірдің кереметі жайлы ойлану үшін тоқтамай, келесі минут ол үшін бұл планетадағы соңғы сəт болып қалуы мүмкін екенін түсінбей, барлығын дағды бойынша жасайды. * * * – Мына бір жағдайды көзге елестетейікші: екі өрт сөндіруші орман ішінен бір шағын өртті көрді де, соны сөндіруге кірісті. Өртті сөндіріп болып да, орман жиегіндегі бұлаққа барды, біреуінің беті күйеден көрінбейді, біреуінің беті тап-таза. Екеуінің қайсысы бетін жууға ұмтылады? – Əрине, беті күйелеші. – Жоқ, қателесесің: беті күйелеш жігіт жолдасының бетіне қарап, мен де ол секілді тап-таза болармын деп ойлайды. Керісінше, беті таза жігіт кір-қожалақ жолдасын көргенде, өзіне: «Менің де бетім сондай болар, жуыну керек» дейді. Мен де өзімді ылғи да сүйікті əйелдерімнен іздегенімді түсіндім. Олардың тап-таза, сұлу жүздерінен өзімнің суретімді көріппін. Олар маған қарап, менің бетімдегі күйені көріп, қаншалықты өздеріне сенімді болса да, түптің-түбінде менен өздерінің суретін көргендей болып, өздерін кем санайтын болыпты. Сондықтан мен оның беті қалай таза болса, өзімнің бетімді де солай таза ұстауға тырысуым керек еді. Мен онымен жолығуым үшін алдымен өзіммен-өзім жолығып алуым керек еді. * * * Менде сүйіктілер өте көп болды, бірақ мен ылғи бір адамды күттім. Бүкіл əлемді іздесем де сол адамды таба алмадым. * * * Менің əкем анама өзімен кездескен жалғыз жақсы нəрсе сол ғана секілді етіп қарайтын. * * * Біз өз өмірімізді ысырап етіп жүрміз. * * * Біз біреуге жəрдем берсек, көбіне қайтарымға алғыс алмаймыз. * * * Біреулер өзінде көңілі қалаған нəрселердің барлығы бола тұра өздерін бақытсыз санайды, өмірінің соңына дейін бұл бақытсыздық жоқ деп қулық жасауға тырысса да, депрессияға түсіп, содан ешуақытта шыға алмай қалудан жаны түршіге қорқады. * * * Бір адамды өзгерту бүкіл адамзатты өзгерту деген сөз. * * * Адамдар өздерінің жеке тарихына байланған. Жұрттың бəрі бұл өмірдің мақсаты – жоспарға жүгіну деп ойлайды. Ешкім өзінен бұл жоспар оның өзінікі ме, жоқ, ол басқа адамға арналған ба деп сұрамайды. Өзгелердің тəжірибесін, зердесін, заттарын, идеяларын жинайды. Сөйтіп иығына өзі көтеруге қабілеті жетпейтін басқа біреулердің үміттерін көтеріп алады. Өз армандарын ұмытып қалған адамдар бар, олар енді қайтып армандарын есіне түсіре алмайды. Маған: «Сізге жақсы, өмірден не қажет ететініңізді білесіз, ал мен не істегім келетінін білмеймін», – дейді біреулер. * * * Біреулер: «Мен өз өмірімді өзім жақсы көретін адамдар үшін құрбан етіп жүрмін, соған ризамын», – дейді. Ал бізді жақсы көретін адамдар біздің ол үшін қайғы-қасірет шегіп жүргенімізді көруді қалай ма екен?

* * * Даланың Тəңіршілдік атты ұстанымына сай, адам барынша толымды өмір кешу үшін үнемі қозғалыста болуы керек, тек сонда ғана адамның бір күні екінші күнінен өзгешеленіп отырады. Қалалықтар көшпелілерге қарап: «Е бейшаралар, бұлар өмірден өз орнын таба алмай жүрсе керек», – деп ойлауы мүмкін. Көшпелілерде өткен шақ болмаған, бүгінгі шақ қана болған, сондықтан олар барлық уақытта бақытты болған. * * * Біз маңызды заттарды жоғалта алмаймыз. Маңызды заттар барлық уақытта қалады, ал кеткен заттар, оларды біз маңызды санаған болсақ та, махаббат энергиясын бақылаудың жалған қабілеті секілді пайдасыз. * * * Біз əңгімелей бастағанда болған нəрселермен қоштаса бастаймыз, осылайша жаңа, əлі зерттелмеген əлемге кеңістік ашылады. * * * Ол бос кеңістіктен жəне бұрынғыдан да үлкен күшпен қайта оралатынның бəрінен қорқады, ондай жағдайда ол өзінің өткенінен еш уақытта құтыла алмайды. * * * Басымыздан өткен жəне ескірген тарихтардан басымызды тазарта бастаған сайын жаңа кеңістік ашылып, құпия қуаныш ішімізге еніп, сезу қабілетіміз дамып, біз батылдау бола бастаймыз, үлкенірек тəуекелдерге барамыз. Күндер толыққанды болып, белгілілеу болып өте бастайды. * * * Сіз кедейлік ақшаның болмауы деп ойлайсыз ба? Бақытсыз бай жазушылардан, өз айыптарын сезінетін жұбайлардан, туристерден, біз əлемді құтқара аламыз дейтін жас идеалистерден қайыр сұрағаны үшін бақытсыз саналады дейсіз бе? Кім өз уақытына иелік ете алмаса, көңілі қалағанды істей алмаса, өзі шығармаған жəне түсінбейтін ережелерді орындауға мəжбүр болса, ол да кедейлік емес пе?! * * * Мына тарихты қараңыз. Ері мен əйелі он жылдан бері бірге. Олар бұрын төсек қатынасын күніге жасаушы еді, қазір аптасына бір ретке көшті. Бірақ бұл олар үшін маңызды емес, өйткені ортақтық бар, өзара сүйеу, жолдастық бар. Ері əйеліне тəуелді, ол жұмысында кешігіп қалып, жалғыз отырып кешкі ас ішсе мұңаяды. Əйел болса, еркек жол жүретін болып қалса өкінеді, бірақ бұл оның қызметтік міндетінің бір бөлігі екенін түсінеді. Олар өздеріне бір нəрсе жетпей бара жатқанын сезінеді, бірақ олар ересек адамдар ғой, балалар үшін болса да тұрақты қарымқатынасты ұстану қажеттігін түсінеді. Олар өздерін жұмыспен жəне балалармен алдандырады, сырт көзге өте жақсы көрінетін жұбайлық өмір жайлы азырақ ойлай бастайды, екеуінде де өзге еркек пен əйел жоқ. Бірақ олар бір нəрсе жетпей тұрғандай сезінеді. Олар проблеманы іздеп таба алмайды. Уақыт өте келе олар бір біріне бұрынғыдан да тəуелді бола бастайды; сөйтіп жүргенде жас та келіп қалады, жаңа өмірдің мүмкіншіліктері азаяды. Жұбайлар кітап оқумен, кесте тоқумен, теледидар көрумен, достармен араласумен уақытын өткізуге бет бұрады. Бірақ кешкі ас үстіндегі, одан кейінгі сұхбаттың қажеттілігі қалмайды. Еркек ашушаң, əйел бұрынғыдан гөрі үндемейтін болып алады. Олардың біреуі өздерінің бір-бірінен алшақтап бара жатқанын көреді, бірақ оның себебі не екенін біле алмайды. Олар «Неке деген осылай шығар» деп ойлайды, бірақ ол ойын достарымен, таныстарымен сырласып бекітіп алмайды, жұртқа өздерін бірін бірі қолдайтын, мүдделері бір бақытты жұп ретінде көрсетеді. Екеуінде де көңілдестер пайда болады, бірақ онша тереңдеп кетпейді. Өмірді өзгерту тым кеш болғандықтан, олар ештеңе болмағандай түр көрсетіп жүре береді. * * * Адамзат баласының бақытқа жетуінің жалғыз тəсілі сүйікті адамыңа жолығу ма? Махаббат бақытқа алып келеді деген идея жаңа, ол XVІІ ғасырдың аяғында пайда болған. Содан бері адамдар махаббат мəңгі жалғасуы тиіс, жұбайлық – оны солай қолдаудың ең қолайлы орны дегенге сеніп үйренді. Бұрын құштар махаббаттың ұзақ жасайтынына мұндай оптимизм болмаған еді. Ромео мен Джульетта – бақытсыз тарих, ол – қасірет.

Соңғы он жылдықта жұбайлық өмірді тұлғаның өз мүмкіндігін көрсету жолы ретінде санау өте өсті. Сонымен бірге көңілі қалу мен қанағаттанбау да өсті. * * * Əр уақытта біздің өмірімізде біз ілгері дамуды тоқтатып алатын жағдайға себеп болатын оқиға болады. Зақым, ерекше ащы жеңіліс, махаббаттан көңіл қалуы, тіптен біз қалай болғанын түсінбей қалған жеңіс те, сайып келгенде біздің қорқақтап, ілгері жылжымауымызға алып келеді. Сиқыршы өзіне күш беретіндермен байланыс үдерісі өскенде осындай «бейімделу нүктесінен» құтылуды қажет етеді, ал ол үшін өз өмірін қайта қарап, өзінің қай жерде тұрғанын біліп алуға ұмтылуы тиіс. Демек, біздің дамуды тоқтатып алуымызға алып баратын жағдай үшін жауап беретін оқиға біздің өмірімізде ұдайы болып тұрады. * * * Жауап алу тəсілі: ұстамсыз полиция қызметкері ешқандай ережеге бағынбайтын айғай-ұйқай жасап, үстелді қолымен ұрып, жауап алғысы келгенде, күдікті шошып кетеді, екінші бір «мейірбан полицей» келіп, мына сорақылықты тоқтатуды талап етеді, күдіктімен сыбайлас болып, сигарета ұсынып, жылы əңгімеге көшеді де, дегеніне жетеді. * * * Кітаптардан біз махаббаттың маңыздылығы, қызық-кереметтердің керектігі, өз арманы үшін күрес қуанышы жайында оқимыз. Бірақ, соны жазып отырғандардың өзі оны оқымайды, махаббатты пайдамен шатастырып алады, қызық оқиғаларды – керексіз тəуекелмен, қуанышты – міндетпен алмастырады. * * * Егер мен біреуден жүкті болғым келсе, онда мені түсінетін, жанымда жүретін, тыңдайтын жəне шынымен менімен болуды қалайтын адамды таңдар едім. * * * Біз ылғи махаббат пен мақұлдауды іздеумен боламыз, адамзаттың жаратылысы бізді ең жақсы нəрселерді ғана бөлісуге мəжбүрлейді. * * * Бізбен ешкімнің ісі болмауы сезімінен, ешкім біздің өмір туралы түйсіктерімізді керек етпегенінен, өмір біздің мазасыз қатысуымызсыз-ақ жалғаса беретінін білуден жаман не бар? Қаншама миллион адам өздерінің керексіз, қанша бай, кескін келбеті келіскен болса да бақытсыз екеніне сенімді, өйткені олар нақ сол сəтте жалғыз, мүмкін кеше де солай болған шығар, ертең де солай болуы мүмкін болар. Кіммен көшеге шығарын білмеген студенттер, ең соңғы құтқарушысы теледидар деп санайтын, оған телмірген қариялар, осы айналысып жүрген ісімнің қаншалықты мағынасы бар деп ойланатын кəсіпкерлер, барға компания іздеп емес, өзінің əлі тартымды екенін, еркектердің əлі өзіне қарайтынын, əңгіме айтатынын, ол болса, өр мінезбен оларды жақындатпай қоятынын армандап қана баратын, күннің екінші жартысын тұтастай макияж бен шашын əдемілеуге жұмсайтын əйелдер, айнаға қарап өздерін көріксізбіз деп санайтын, ең бастысы əсемдік деп ойлайтын жəне ішіндегілердің бəрі əдемі, бай, атақты болып келетін суреттері бар журналдарды қарауға жұмсап уақыт өткізетін адамдар көп. Олар бір-бірімен сұхбаттасудан маңыздырақ істер көп, ал сұхбат күте тұрады деп ойлайды. * * * Күйеуінен ажырасқан бір əйел: «Мен бұдан былай толық еркіндіктемін, осыны өмір бойы армандадым», – дейді. Өтірік! Мұндай бостандықтың ешкімге керегі жоқ. Біз қашан да мойнымызда міндеттемелер болғанын, бізбен біреулердің қатар отырғанын, бір нанды бөліп жейтін, сырыңды айта алатын адамың болғанын қалаймыз. Жұрт жалғыз қалғаннан гөрі үйге асығатын жартыкеш еркек болғанын, жалғыз болғаннан жартыкеш, бірдеңеге асыға жүретін əйел болғанын қалайды. Жалғыз болғаннан ішің шұрылдаған аш болғаның жақсы. Жалғыздықтың қамытын киген адам – адамзат ұрпағының бір бөлшегі болудан қалған адам. * * * Əлемді жаңғыртатын көрінбес қимылдар – бүгінгі күнін ең соңғы күндей етіп өмір сүретін адамдар, ал кəрілер бұл күніне бірінші күні секілді енжар қарайды. * * * Əлем зердесіз адамдарсыз ретсіз көрінер еді.

* * * Біз өзіміз жек көретін бір нəрсені жасауымыз керек, өйткені біз ұйымдасқан қоғамның мүшесіміз, жұрттың бəрі тек өзіне ұнаған нəрселерді ғана жасаса, əлем ілгері жылжудан қалар еді. * * * Біз мода талабына сай киінуге, қалауымызбен бе, жоқ па – төсек қатынасымен айналысуға, шекараны қорғаймыз деп кісі өлтіруге, уақыт тез өтіп, əн айтуға көшуіміз керек деп асығуға, саясаткерлерді сайлауға, өмір құнының қымбаттап кеткеніне шағымдануға, шашымызды жиі өзгертуге, бізден өзгеше адамдарды қарғауға, жексенбі күні, немесе дініне қарай сенбі я жұма күндері діни рəсімдерді орындауға, сөйтіп өз күнəлері үшін кешірім сұрауға, ақиқатты білеміз, басқа біреулер басқа Құдайларды құрметтеп адасып жүр деп өзімізге риза болуға əбден əдеттенгенбіз. * * * Біздің сезінгенімізге қарағанда басқалардың ойлағаны маңыздырақ. * * * Белгісіз бір солдат өлер алдында қанға боялған көйлегін жыртып адамдарға үлестіруді сұрапты: «Менің көйлегімді ұсақ бөліктерге бөліп, кім өлімге сенетін болса жəне кім де кім сол себепті жер бетіндегі бүгінгі күні ең соңғы күніндей етіп өмір сүруге қабілетті болса сол адамдарға таратып берсеңіз. Ол адамдарға менен сəлем айтсаңыз: олар махаббат деп аталатын жалғыз шындықты іздеуден жалықпасын, соның заңдарымен келісімде өмір сүрсін», – депті. * * * Біз өз өмірімізді, жастығымызды тəуекелге шаламыз, сөйтеміз де қорқамыз: бастапқы қуаныш шаршауға, біркелкілікке, өз қабілетімізге күдікпен қарауға ұласады. Кейбір достарымыздың бізден бас тарта бастағанын байқаймыз. Біз жалғыздыққа, тағдырдың белгісіз бұлтарыстарының күтпеген жағдайларына қарсы тұруға мəжбүр боламыз, сөйтіп бірнеше рет құлағаннан кейін, төңірегімізде бізге жəрдемдесер ешкім көрінбеген кезде, біз өзімізден өзіміз «Осыншама тырысудың керегі бар ма еді» деп сұраймыз. Біздің жанымыз мəңгілік болғанымен қазіргі сəтте уақыттың өзіне лайық қолайлы мүмкіндіктерінің жəне шектеулерінің тұтқынында екенін ұғынып осылай жалғастыра береміз. Мүмкін болғанынша біз бұл шырмауықтың құрсауынан құтылуға тырысамыз. Ал бұдан əрі мүмкін болмаған кезде біз күресті қайта қалпына келтіруге əзірміз. * * * Теледидар қоса қалсақ біз ылғи бірдей жаңалықтар тыңдайтын болдық: бір ел басқа бір елге қатер төндіріпті, біреу біреуді сатып кетіпті, елдегі экономиканың халі төмендеп кетіпті, жаңа ғана бір ірі махаббат шатағы болыпты, Израиль мен Палестина тіптен де келісімге келмек емес, тағы бір лаңкестік акт болыпты деген сияқты. * * * Мерекелерде əйелдер өз жоны мен жоталары сырт көздердің құрты болуын тілейді, ал олардың ерлері мен көңілдестері мұны көріп жəне олардың қалаулы болатынын біліп: «Мейлі, сендер көздеріңнің құртын қанағаттандыра беріңдер, бəрібір ол – менімен, мен ол үшін ең қалаулымын, мен жеңіске жетіп қойғанмын, сіздердің көңілдеріңіз қалағанымен олай жасай алмайсыздар» деп ойлайды. * * * Қандай жиын болмасын, оның қатысушыларын ойша былай бөлуге болады: он пайызы – қаржылық қызығушылар. Олар бұл жиындарға өздеріне тиімді болған кезде ғана қатысады. Екінші топ екі пайыз, бұлар нағыз дарындар, олар – керектілер, өз жолын іздеп жүргендер, үш пайызы – шыдамсыз ізденушілер, олар өздерінің дарынды екенін дəлелдеуге асығумен жүреді. Қалған 85 пайызы – тостағандағылар, өздерінсіз жиынның мəні жоқтай, олар қатыспаса еш оқиға болмайтындай сезінетіндер. Олар – экс-банкирлер, экс-директорлар, бір атақты əйелдің экс-күйеулері, бүгінгі биліктегі біреулердің экс-əйелдері, монархиясы жоқ жердің графтары, өз қамалдарын жалға беріп күн көріп жүрген ханшайымдар мен маркиздер. Олар жиындардан жиындарға, кешкі астардан кешкі астарға көшумен жүреді, неге олар жиыннан тойынып, құсқысы келмейтініне таң боласың. Бір адамдарды жұмыс бұзса, бір адамдарды қызық қуу бұзатын

секілді. Екеуі де бір нəрсе жоғалтып алатындай болып осы бір нашар əдеттерін тастай алмағандықтан бақытсыз. * * * Əйелдерді ері бар, басқаларға көз салмайтын; жалғыз басты жəне ері бар, бірақ айналысуға болатын əйелдер деп бөлуге болады. * * * Өмірге қалыптасу деп біз əрі қалай жылжудан бас тартып, өзімізде барына көнетін сəтті айтамыз. * * * Махаббаттың иесі емес құралы болғанға не жетсін... Ол бізді шарттылықтар бірге болуға мəжбүрлеген адаммен емес, өзіміз қалаған адаммен бірге болуды қамтамасыз етеді. * * * Біздің ішімізде қалталарымызда ақша барымыз да бар, қалтамызда ақша бар секілденіп отырғандарымыз да бар. Біз бір жерге шақырылғанымызда осында бай, атақты, беделді болғаннан кейін шақырылғандай көреміз. Біз өзімізге-өзіміз сенімді əрі маңыздымыз, ал біз əлемге біз ойлағанымыздай емес, нақты күйінде шыншыл қарай алсақ не көрер едік? * * * Менің ішімде құпия бау-бақша бар... * * * Адамдар неге боялған қағаздар, пластик карточкалар мен бағасы пəс бедерленген металдардың құндылығына сенеді? Əуелде байлық деп əйелдердің мойындары мен қолдарына тағып алған кішкене маржандар, алтын, қымбат тастар секілді бағалы əшекейлер саналған еді. Көрнекті жердің бəрінде соларды тағып жүруші еді. Уақыт өте келе оларды мал мен астыққа айырбастайтын болды, бірақ мал мен астықты ұдайы көтеріп жүре алмайсың ғой. Содан барып, құны соған сəйкес келетін алтын-күміс ақшалар пайда болды. Олардың керектігі артқан сайын, алтын-күмісті мыс пен қалайы алмастырды. Сөйтесөйте банкноттар, кредиттік билеттер шықты. Олар алдымен сенім вотумы ретінде қабылданды. Бүгінде біз олардың сенім вотумы екені ұмыттық, ақшалар нақты құнға ие болып кетті. Сонда да əйелдер байлықтың белгісі ретінде алқа-білезік тағуды ұмытқан жоқ. * * * Мен қайырласу сəттерін жек көремін, əсіресе темір жол вокзалдары мен аэропорттарда. * * * Өткенсіз жəне болашақсыз, толықтай осы таңға шоғырланған, аттардың біркелкі дүбірінің əуеніне, желдің менің бетімді аялайтын назына, аспанның, жердің жəне адамдардың сырт əсемдігіне рахаттанар бір сəт-тер болады. Мен өмір сүргенім үшін рахат кейпіне түсіп кетемін, ризалық желігі пайда болады. Табиғат үніне құлақ түріп, жай дауыспен дұға оқимын жəне көрінбейтін əлем көз алдымыздағы əлем арқылы көрінетінін түсінемін. * * * Біз бір нəрсені бақылаумен жүреміз, өзіміз де байқау астындамыз. * * * Мен жігіттік шағымның басында армандайтынмын: тұрақтылық əкелетін жұмыс тапсам, мені түсінетін əйел алсам, пəтерім болса, барлық төлемдерді төлеуге қиналмайтындай есепшотым болса, еңбек демалысы кездері саяхаттар жасасам, екі жылда бір рет теңіздерде круиз жасасам, балаларымды университеттерде оқыта алатын мүмкіндігім болса, олар армандары қаншалықты ессіз болса да сонысына жетсе, менің əйелім балаларды қаншалықты сүйетінімізді, олардың жеткілікті өмір сүруін қалайтынымызды дəлелдеумен өмір сүрсе дейтінмін. Сенбі мен жексенбіні отбасымызбен бірге өткізсек: киноға, кейде футболға барсақ, керуетімнің басына жиналып, кезегін күтіп жатқан кітаптарды оқып тастасам, даналыққа жетсем, бірақ Тибеттегілер мен алхимиктер секілді құпия заттарға қызықпасам деп ойладым. Жақсы зейнетақы алсам, қала

сыртында үйім болса, сөйтіп қалған өмірімді табиғат аясында өткізсем дедім. Осының бəрі орындалғандай болды. Жеке үй де, балалар да, сенбі күндергі сыра мен жексенбідегі кəуап та болды, біздің өміріміз белгілі бір шектеу аясында жүріп жатыр. Бірақ, барлығы бірдей ойдағыдай бола бермеді: үшінші рет үйлендім, сонда да бақытты бола салмадым, оны көрген əйелім мұңға оранды. Маған жүрегімді сеніп тапсыратын жалғыз ғана адамды табуым қиынға түсті. * * * Тағдыр маған белгі беретін сəттер болды. Мен қанша жылдан бері бірге тұрсам да əйелімді жақсы білмейтінімді байқадым. Менің өзім жасаған «махаббат туралы тарих» фильмдерде көрген, кітаптарда оқыған сюжеттерге ұқсапты. Менің тарихымда «махаббат» өсетін, дамитын, белгілі бір көлемге жететін нəрсе болып, бұдан былай оны тек тірі күйінде сақтау, өсімдік секілді суарып, бұтақтарын реттеп күту ғана қалған секілді болыпты. Ол сонымен бірге нəзіктіктің, сенімнің, мəртебенің, жайлылықтың, жетістіктің синонимі секілді екен. «Махаббат» жылы жымиысқа, «мен сені сүйемін» немесе «сенің үйге келгеніңді ұнатамын» дегенге ғана сүйенгендей болыпты. * * * Қайырымдылықты үнемдеуге болмайды. Оны қайтадан өзіңмен өзің болғанда пайдалану үшін уақытша сақтап қоятын банк жоқ. Оны игілікпен уақытында пайдаланбаса, мəңгіге жоғалту мүмкін. * * * Парсының бір данышпаны махаббатты ешкім қашып құтылғысы келмейтін ауруға теңепті. Оның дертіне ұшыраған адам жазылғысы, қаншама қасірет шексе де емделгісі келмейді екен. ЗИЯРАТ ЖОЛЫ (Пауло Коэльоның кездесулер мен сұхбаттарда айтқан сөздері) Өз өмірлерін дін жолына арнаған ұлы адамдар, егер сол жолға түспегендерінде, егер еркек болса аса дарынды қылмыскер, ал əйел болса атышулы жезөкше болар еді. * * * Жақсы хирургтарда азырақ садистік қасиеттер бар, олай болмаса олар жақсылап операция жасай алмас еді. Ал жақсы психиатр болу үшін азырақ ессіздік керек. * * * Менің өмірімде барлық нəрселерге сене беретін кездер де болған. * * * Өз тағдырыңды біреуге сеніп тапсыра салғаннан, сені жетектегісі келген – сырттан келетін белгілерге еріп қателескен жөн. * * * Əр діннің өз догматтары бар, ал оларда өте терең жəне өте қимас құпия бар. Маған ол ұнайды, өйткені мен санаммен түсіне алмайтын нəрсенің жалған болуы шарт емес. Құпия бар. Догмат салт-дəстүрлерге қарағанда тереңірек, құпияны іздеу – ұлы еркіндікті іздеу. * * * Бұрын менің үйім түрлі нəрселерге, плакаттарға, дискілерге, кітаптарға, журналдарға, т.с.с. түрлі заттарға толы болатын. Бос орын жоқ еді. Қазір мен ең керек, ерекше мағынасы бар нəрселерді ғана қалдырдым. Мен тіпті кітаптарды да тығып тастадым, басқаларға менің не оқып жүргенімді көрсетудің не қажеті бар? * * * Буддада «Шамасы келмейтінге – пəк болу, кедейге – байлықтан бас тарту жеңілірек» деген сөз бар. * * * Бізде түрлі утопияларға еру бар. Марксистік утопия қоғамның құрылымын өзгерту арқылы бəрін де өзгертуге болады деді. Ештеңе де шыққан жоқ. Тағы бір утопия – фрейдизм өткенге оралу арқылы адамның жанын құтқаруға уəде берді. Үшінші утопия – консервативтік. Олар барлығы да

өз орнында қалсын, ештеңеге тиме, ештеңені өзгертпе, өзгертсең бұрынғы қалпы сақталатындай етіп сəл ғана өзгерт деп үйретті. Бəрібір, барлық утопиялар өзінің идеяларының негізгі жағдайларда болмашы ғана нəрсе екеніне көздері жетті. Таңдаудың шешімі ұлы ізденісте, белгісіз нəрсеге, бізге өмірге өз көзқарасын таңғысы келетін асу бермес теңіздер, толы қауіптер, қақпандар, гуру, ұстаздар арқылы ұмтыла білуде. Адамдар қорыққанынан ешқандай əрекет етпестен жағалауда қалып қояды. Адамзат қазір жол айрығында тұр: бір жағынан, оны үйреніп қалған істер жолы, белгіленіп қойған заңдар тізбегі, нұсқаулар жүйесі болып табылатын дін күтіп тұр. Екінші жақта біліп болмайтын, жаңа шығармашылық мəдениет, əлі қойылмаған сұрақтарға жауап беруге деген ізденіс, өмірді рух əлеміндегі қызықты оқиға ретінде сезіну секілді болашақтың қалың орманы күтіп тұр. * * * Христофор Колумб жолға шығуды ендігі жылға қалдырмағандықтан немесе былтыр шығып кетпегендіктен арғы беттегі жаңа жерге жеткен. * * * Кейде бір ғана бірбеткей жəне соқыр тəуекелдің адамы, саяси жүйе немесе əскери қажеттілік емес, болашақтың жүрісін өзгертіп жіберуі мүмкін. * * * Рухани оқиғалардың жаңа іздеушілері бірін-бірі тез таниды. Тіпті, өзгелердегідей кемдіктер болса да, бір нəрселерді асығыс қалап тұрса да, өздерін айыпты сезініп тұрса да, оларда бір өзгешелік бар: олардың көздерінде ерекше от болады. Олар да өмірдегінің бəріне ынтамен қарайды, өздерін ерекше де, таңдаулы да деп санамайды. * * * Жазушы өмірді өзгертуші емес, оны шапшаңдатушы я баяулатушы. Ол өзге адамдармен араласып кетіп, оларға өздерін көрсете алуға жағдай жасайды. Адамдар көп нəрсені түсіне бастайды. Мəселен, біреулер заң факультетінде оқып жүр, бірақ оған бағбан болу ұнайды. * * * Мен кітаптарымдағы сөздеріммен ешкімге ешқандай белгі жолдамаймын. Оларда мен тек өз басымнан өткендермен бөлісемін, еш уақытта сен де солай жаса демеймін. Мен өз трагедияларымды, өз қателіктерімді, оларды қалай жеңгенімді жазамын, бірақ менің шешімім барлық адамдарға бірдей жарай береді демеймін, өйткені əркімнің тағдыр жолы ерекше, демек жетілу жолдары да бір-біріне ұқсамайды. Жер бетіндегі барлық адамдарды бір сапқа тізсе, барлық жағынан ұқсас екі адам шықпайды. * * * Жозе Сарамаго өзінің «Махаббаттың мүмкіндіктері» деген кітабында: «Соңғы жеңіліс те, соңғы жеңіс те болмайды, өйткені бүгінгі жеңіліс ертеңгі жеңістің басы болуы мүмкін» дейді. * * * Менің ойымша, Құдайға анықтама беру – əділетсіз. Менің Құдай санайтыным сен үшін олай болмауы мүмкін. Леонардо Бофф «Құдай дегеніміз – ұлы құштарлық» дейді. Құдай шынында бəріміз үшін – бір, өйткені біздің əрбіріміздің ішімізде ұлы құштарлық орын алуы мүмкін. * * * Лəззат алу дегенді түсіну өте қиын, өйткені ол қиналу дегенмен өте тығыз байланысып кеткен. Мен үшін лəззат алу ол – «жақсы сайыс», яғни бақытқа ұқсамайтын бір нəрсе. Бақыт дегенді лəззат алумен теңестіргім келмейді. Мен үшін бақыт – сол сəтте ешқандай оқиға болмаған жексенбінің кеші. Менің «Нұрлы əлем сарбазы» кітабымда мынадай ой бар: «Сен бірде жеңілесің, бірде жеңесің, бірақ маңыздысы бұл емес, дегеніңе жету үшін күресу маңызды. Мен үшін өмір қуанышы, міне, осында. Лəззат алу деген ынтамен жасаған істердің бəрі. Өмірде қасірет шегу де, қиналу да болуы мүмкін, бірақ олар, өзіңе қымбат нəрсе үшін соғысып жатқаныңды біліп, жан-жүрегіңмен рахат алуға кедергі келтірмейді». «Менің көпшілік сүйіп оқитын жаңа кітабымды жариялағаным қандай жақсы болды. Мен танымал жазушы болдым, енді тыныш ұйықтасам болады» десем, онда ол бақыт емес.

* * * Мен үшін өмір коррида сияқты, мен əрбір минутымды жауапкершілік атты өгізбен бетпе-бет қарсы алуым керек жəне жеңемін бе, жеңілемін бе, маған белгісіз. Осының бəрі маған қуаныш əкеледі, бірақ ол бақыт емес. * * * Мен қорқақтыққа беріліп, өзім үшін қолайлы жолдарды іздесем, өзімді бақытсыздай сезінемін. Мен төрт құбыласы түгел жағдайға, бақытқа ұмтылсам, өзімді бақытсыз сезінемін. * * * Жындыханада ессіздікті таңдап, жайбарақат, ештеңе істемей өмір сүре беруге болатынын түсіну мен үшін тым қиын болды. Түрмеде мен жек көру, қатігездік жəне толық дəрменсіздік дегеннің не екенін түсіндім. Онда есі ауысқандардың үйіндегілерден мың есе жаман еді. * * * Мен үйдегі ең тілазар бала болдым. Себебі, отбасындағы ең үлкен бала болу – сенің жан-жақта болып жатқан нəрселердің бəрі үшін ылғи айыпты болуың. Сен басты құрбандықсың. Мен өзімнің барлық нəрсе үшін айыпты еместігімді білдім, сөйттім де, «Ақыры мен барлық нəрсеге айыпты болсам, онда ойыма не келсе, соны істеймін» дедім. Мен əділетсіздікпен санасқым келмеді. * * * Ессіз болудың ең басты қаупі – ессіз болуға əдеттену. Мен есі ауысқандардың ішінде болғанда, ессіздікті таңдап, ештеңеге бас қатырмай, ессіз болып көрініп, өміріңді өткізуге болатынын түсіндім. * * * Бір кездері мен жер жүзін шарлап кеттім. Бірақ, ақшам таусылып үйге қайтып оралдым. Мен барлық нəрсеге енжар қарадым, маған ештеңе де əсер ете алмады. Бір күні есігімді жауып алып, үйдегі нəрселердің бəрін қирата бастадым, кітаптарымның түгін қалдырмай жырттым. Менде өткенімді еске түсіретін ештеңе қалмады. Ата-анам жындыханада мені емдеген дəрігерді шақырды. Менің дəрігерім мынаның бəрін көрген соң мені жай ғана ертіп алып ауруханаға тағы да əкетер деп ойладым. Ол: «Сен өзіңнің өткендеріңмен қош айтысқаның қандай жақсы болған, енді міне, жаңа өмір бастауыңа болады», – деді. Мен таңырқап қалдым. «Сен өте дұрыс жасадың – өткеннің шатасуларын құрттың. Енді сенің өмірің қайтадан басталады», – деп қайталады ол. * * * Біздің əрбірімізде де ессіздіктің кішкене бір түйірі бар. Сондықтан біз қалаған нəрсемізді жасап, өзімізге ешқандай тыйым салмастан өмір кешуіміз керек. * * * Ортега-и-Гассет: «Мен – менмін жəне менің жағдаяттарым», – дейді. * * * Күдікті болдырмау үшін жасап көру керек. * * * Біздер ылғи барлық алдын-ала белгіленген жəне тұрақты нəрселердің бəріне қарсы шықтық. Қате түсінік дегеннің не екенін мен жақсы білемін. * * * Əдетте сенің тағдырың жақсы жағына қарай бұрыла ма, жаман жағына ма, ұйымдар емес, жеке адамдар шешеді. * * * Мен əйтеуір өлетінімді білемін. Сондықтан дүние жинауға тырыспаймын, бар күшімді өмірдің өзіне жұмсаймын. Маған біздің өркениетке нақ осы жетпей жатқандай көрінеді. Тек өлуге тиіс екенімізді тұтастай сезінгенімізде ғана, біз өзіміздің толықтай тірі екенімізді сезінеміз деп ойлаймын.

* * * Болашақта қандай жағдай бола қалса да, мен нашар өмір сүрдім дей алмаймын. Менің көргендерім мені өзім армандағаннан да биіктерге көтерді. * * * Мен бір нəрсе жазып, оны жариялағым келмесе, оны бірден жойып жіберемін. Өлгеннен кейін жазушының сол кезге арнайы қалдырған дүиелерінен басқа ешқандай жаңа еңбегі жария көруі тиіс емес деп санаймын. * * * Мен өлім туралы ұдайы ойлаймын. Өлім менің жаныма отырып алып: «Абай бол, істеген ісіңді жақсы жаса, бүгін жасайтыныңды ертеңге қалдырма, айып сезімін бойыңда жинай берме, өзіңе-өзің жек көрінішті көрінбе», – деген сөздерді есіме салып тұрғандай болады. Өлім деген біздермен болуы тиіс табиғи нəрсе. * * * Мен де көп нəрселерден қорыққанмын. Бірақ, қауіп төнген кезде ержүректік таныттым. Ештеңенің алдында қорқақтық танытқаным жоқ. Қорқыныш менің өмірімді сал ауруына ұшырата алған жоқ. Мен ешқашан қорқыныштан басым болып қана қоймадым, мен оны жеңдім жəне ол менде қалды, менімен бірге өмір сүрді, бірақ өміріме зиян келтіре алған жоқ. Мен алға жылжып барамын. Батылдық – бұл өз дұғаларын оқып жатқан қорқыныш. * * * Маған даңқты болып көріну қиын. Маған адамдармен сұхбат жасаудан артық рахат жоқ. Мен жол жүргеннен басқаның бəрінен өзімді шектеймін. Мəселен, мені тойға шақырса, гүл жіберіп, өзім келмей қалатынымды шақырғандар біледі. * * * Сағаттап сөйлеспей-ақ бір-біріңнің қатысып отырғаныңды сезіну де бақыт. * * * Мен ескі достарымды бағалаймын. Олар мен даңқты болмай тұрып менімен достасқандар. Мен достарымның арқасында өзімдегі тұрақтылықты сақтаймын. Олармен байланыс үзілсе тұрақтылық болмайды. Ондай жағдай менде болған. Əндерге сөз жазып, атым шығып, ақша пайда бола бастаған кезде мен атақты болып кеттім, ақшам көбейді деп достарымды өзгерткем. «Бұрынғы достарым маған енді ештеңе үйрете алмайды, олардың көзқарастары ескі күйінде қалған» деп ойлағам. Содан не болды деңіз? Мен жұмысымнан айырылған кезде-ақ жанымда ешкім қалмады. Мен ескі достарыммен қайта қауыштым жəне енді оларды ешқашан жоғалтқым келмейді. Сонымен қатар, ескі достарға бір-бірлеп жаңа достар да қосылып келеді. Бірақ олардың ішінен уақытша емес екендеріне көзім жеткендерді ғана дос санаймын. * * * Мен өз бойымда баяғы балалық көзқарасты сақтап қалғым келеді, сол менің ілгері жылжуыма жəрдем береді. * * * Күншілдікке қарсы қорғаныс кедергісін мен магиялық жолмен жасап алғанмын. Меніңше, күншілдік – адамның күнəларының ішіндегі ең қиратқышы. Күншіл адам: «Мен де осыған жеткім келеді», – демейді, «Онда осылардың болғанын қаламаймын», – дейді. Ол – өте опасыз ниет, ондай адам əлемді ең төменгі нүктеде тең ұстағысы келеді. Мен өзімді өзім өлтіруім мүмкін екенін білемін, мені Құдай да құртып жібере алады, бірақ мені күншілдік ала алмайды. Күншілдік, оны өз ішінде улы жыландай етіп жылытып отыратындарды жалмайды. * * * Мен үшін саясатпен айналысу бізді қоршап тұрған мəдени қате түсініктердің қабырғасын сөгу болып табылады. Барлық адамдар мынаны түсінуі тиіс: «Өмірде жазушының ойнайтын ролі шекілдеуік сатушының ролінен маңызды емес».

* * * Өмірді ұлы идеологиялар өзгерте алмайтынына көзім жетті. Олардың көбісі жеңіліс тапты, бірақ жаңалары пайда бола ма деген қауіп бар. Мен Фернандо Саватердің «Ең маңыздысы – əр адамның белсенді этикалық позициясы, онсыз қоғам болашақта туыс-досшыл емес, көбірек абылшыл бола береді» дегеніне қосыламын. * * * Бүгінде əрбір адам қоғамның игілігі үшін титтей болса да жақсылық əкелуі тиіс. Сондықтан мен өз атымдағы қоғамды құрдым. Ол бес бағытпен айналысады: қаңғыбас балалар; жалғызбасты əлсіз қарттар; бразилиялық классиктерді, əсіресе дүниеден өтіп кеткендердің еңбектерін өзге тілдерге аударып, басқа елдерге жеткізу; Бразилияның көне тарихын қалпына келтіру; кей адамдарға өз армандарының жүзеге асуына жəрдемдесу. Соңғысы мен өлгеннен соң қалып қоюы тиіс. * * * Мен фанатизмнің кез-келген түріне қарсымын. Адамдардың санасын ешкім де басқаруы тиіс емес, білім мəдениетінің жалған түрлерін егуге болмайды, саясаттың көбі азаматтарға емес, əркімнің жеке жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Менің саясатым – адамдарды биліктен айырып тұратын қабырғаны қирату. Мен үшін саясатпен айналысу – мына өмірді ынта-ықыласпен өткізу керектігін түрлі əдістермен қайталау, əр адам өз тағдыры үшін өзі жауапкер, оны біреуге сеніп тапсыруға болмайды дегенді түсіндіру. Мен үшін саясатпен айналысу – барлық жағдайда өзін ақылдың жалғыз ғана көзі санайтын, дəстүрлі, қатып қалған, төрешілдік білімді шоғырландырған академия атаулыны өзгеру. Олар билікке ғана тиімді. Шығармашылыққа еркіндік беру, жəй адамдарға дауыс беру құқығын беру, ешқандай қатып қалған теорияларға өз мəдениетін басқаларға таңуына жол бермеу керек. Олай етудің интернет секілді жаңа жолдары ашылды. Билік интернетті де өзіне бағындырса, дұрыс болмағаны, ол, адамдарға нені білуге болады, нені білуге болмайды дегенге қайта əкеледі. Интернет бүкілəлемдік сөзсайыс ортасы болып, онда дені сау бетімен кету қалыптасуы мүмкін, сонда ешкім де əлемдік билікке ие болғысы келетін бақылаушы бола алмайды. Əзірше осыған сенгім келеді, оның утопия болып қалмағанын қалаймын. * * * Менің қашан да болсын өз позициям бар. Ешқашан өз пікірімді айтпай қалмаймын, еш уақытта үндемей құтылып кетпеймін. * * * Саясатқа бейтарап болуға болмайды, өйткені ол жағдайда біздің өмірімізге қатысты нəрселердің бəрін біреулер шешеді. * * * Біздің көз алдымызда өркениет өліп бара жатыр. Көбісі осы ғасыр рухани өрлеуге алып бара ала ма, соған байланысты. * * * Біздің рухани ізденіс жолымыз жеке жауапкершілікті іздеу жолы болуы тиіс, оны ұстаздарға да, корабль капитанына да сеніп тапсыруға болмайды. Төзімділікке үйрену, дінде де, саясатта да, мəдениетте де барлығына орын табылатынын түсіну қажет. Бізді бір пəтерде, бір идеялармен өмір сүруге ешкім де зорлауы тиіс емес. Басқаша болса, ол – фашизм. Атеист болсаң да, мұсылман болсаң да, католик я буддист болсаң да оқасы жоқ. Өз санасы үшін əркім өзі жауап береді. Қарама-қарсы позиция соғысқа алып келері сөзсіз, өйткені ол сенен өзгеше болғандардың бəрін жау көрсетеді. * * * Шимон Перестің əлемді «жекешелендіру» керек дегені маған үлкен əсер етті. Ол: «Əр адам əлемді сүйе білуі жəне оны өз өмірінің бағдарламасына айналдыруы керек. Яғни төзбестікті төзімділікке айналдыруы керек» дейді. * * * Экономиканың жаһандануы Құдайдың жаһандануына алып келе ме деп қауіптенемін. Барлығына лайықталған біркелкі мəдениет болуы мүмкін деген ой да мені мазасыздандырады. Мені стандарттандырылған Құдай

жасау идеясы да шошытады, ол барлығын бірдей қанағаттандыруды, өз келбеті болмауын, əр адам Оны өзі үшін жаңадан аша алатындай санаға баруды уағыздаудан қорқамын. Мəдениет пен дін əр адамның өзіндік жан-дүниесінің көрінісі болуы тиіс. Діни сенімдегілердің бірлестігі еркін, ерекше, бір-бірінен айырмалары бар, əрқайсысының өзіндік рухани байлығы бар тұлғалардан тұрғаны жөн. Ғаламдық нарықтың ерекше қауіпті жері – адамдардың санасын бақылауға алатын бүкілдүниежүзілік бақылау құралы болатын мəдениетті туғызады. Одан жаңа нацизмге дейін бір ақ қадам. * * * Нұрлы əлем сарбазы түсінігі соғысуға ғана қатысты емес, ол бейбітшілікке де қатысты. Менің өзіме қатысты айтар болсам, ол – өз қорқыныштарына бағынбайтын, онымен күресетін жəне өзінің Жеке Жазмышын іздейтіндей адам болу. Өзгелерге қатысты – мəдени, саяси, діни фундаментализмнен қашу, сенен өзгешелігі бар адамға жирене қараудан қашу, ашық болу жəне жаңа нəрселерге, жаңа адамдармен кездесуге, бірлескен қызметтерді атқаруға, махаббатқа бар ынтамен қарау. * * * Тəуекел ету этикасы деп батыл болып қалу қабілетін айтамыз. Күнненкүнге қоғам бізге мінез-құлықтың қатаңырақ ережелерін таңады. Осы ережелерді батыл бұзу дегеніміз сол тəуекел, ол баяғыдан белгіленіп қалған ережелерді міндетті түрде бұзуды қалайды. Нақ осында ессіздің даналығы жатыр. * * * Бүгінгі адамдардың басты күнəсі – сұхбаттасуға қабілетсіздігі, сүйкімсіз жалғыздық, біздер бір-бірімізбен кездесіп, сол сұхбаттар арқылы өз бейнемізді айнадан көргендей көруге жаратылғанымызды ұмыта бастадық. Бізге бір-бірімізбен сұхбаттасуға жəрдем беретін нəрсенің бəрі, сайып келгенде, бізді ізгі жəне қайырымды етеді. * * * Жанның шын ұлылығы соған ештеңені де кешірудің қажеті жоқтығында, өйткені сен ешқандай реніш сезінбейсің. Кешіру дегеннің өзі қашан да өзіңді біреулерден жоғарырақ сезіну, кімді кешіріп жатсаң соны қорлау ғой. * * * Кей-кейде мен өзіме-өзім ренжіп: «Сен өмір туралы ештеңе білмейсің, саған байланысты болып тұрған ештеңе жоқ» дегенмін. Ондай сəттерде мен барлығын ұмытып, өзімді жақсы сезінетінмін, бірақ оның бəрі өте тез өтіп кетіп, өзімді бақылауға алмасам болмайтынын түсінетінмін, өйткені өмір ағысына еріп кете беруге болмайтын еді. * * * Тек қисынға негізделе берсек те біз құпиямен байланысты үзіп аламыз, өзімізді қиялдау рахатынан айырамыз. Сондықтан мен, оғаштыққа негізделген шығыс пəлсапасын жақсы көремін. Онда тура сызық жоқ, шеңбер бар, өйткені өмір жауабы дайын жұмыс қана емес қой. Оны болжап болмайды жəне əр секунд сайын өзгеріп кетуі мүмкін. * * * Сұхбаттар кітабында Фернандо Саватер: «Сезім əрекетіне бой ұрғыштыққа əсерді өлшеп болмайды, өйткені интеллект нақтылы, есепке бағынатын өлшемдермен ойнайды. Математикада екі жердегі екі – төрт, ал екі жердегі екі көңілсіз жағдай төрт көңілсіз жағдай емес, терезеден секіріп кетуге болатын нəрсе болуы мүмкін», дейді. * * * Леонардо Боффтың «Қыран мен тауық» деген əпсанасындағы қыран – біздің жан-дүниеміздің ең жоғарғы бөлігін білдіреді, ол ең жоғарғы кереметке ұмтылады жəне ол біздің барлығымызда да, біздің есімізде оның бар екені жоқ болса да, бар. Ал тауық, ол – жер бетінің деңгейінде өмір сүретін нақтылық, онда биік армандарға, кереметтер менен болжап болмайтын нəрселерге орын жоқ. Бірақ, бұл да – нақтылық, онымен де санасу керек. * * * Əйел – бір киелі нəрсе, ол – əйелдік қуат, ол – киелілік пен пенделік арасында қабырға тұрып қалуын болдырмайды, ол – құпияның, танылмаған нəрсенің қисыны, кереметтің қисыны.

* * * Жаңа ғасырда əйел қоғамда ерекшерек рольге ие бола бастайды. * * * Менің өмірімді ылғи да əйелдің қуаты бағыттап келеді. Қазіргі кезде еркектер өздерінің əйелдік бастауларын өздері үшін ашып жатыр. Сонымен бірге, олар əйелдерге өздеріндегі еркектік бастауларын ашуға рұқсат еткісі келмейді. Ондай нəрсе əйелдерде де бар. Бірақ ерлер «Əйелдер əйел болып қалуы тиіс» деп санайды. Біз əйелдерге қорғаушылық сезіммен қарауды қашан қоямыз? * * * Магия – ол құрал, ал магиялық іс – ол құралды пайдалану нəтижесі. Магия – ол кеңістік, балға, қанжар секілді құрал. Магиялық деген – олар-ды сенің пайдалануың. * * * Сенімді таңу – сені наразылық жасауға зорлап, қарсыластың жағына шығудың ең жақсы тəсілі. * * * Жер бетінде болуы мүмкін кейбір істер бар, ал біздер ол туралы күмəнданып та көрмеппіз. Мəселен, 1928 жылы Гитлер əлі күш жинап, танымал болмай тұрғанда оны жолда кездестіріп, машинаммен басып өлтіріп кеткенімде, мен миллондаған адамдарды өлімнен алып қалар едім. Мүмкін мені ұстап алып соттар еді, мүмкін өлім жазасына кесер еді, бірақ қасақана өлтірді деп айыптамас еді. Ол да бүкіл əлемге танымал қанішерлікке жетпес еді. * * * Біз кейде өзіміздің бар үмітімізді басқа адамға сеніп тапсырамыз, ол, айналып келгенде, бізді түңілдіреді, бірақ біз оны керек етіп тұрамыз, өйткені онда құпия бар. * * * Күн – бұл өмір, ол бізге жарық береді, бірақ ол шындығында үйлесімді нəрсе емес, ол – үлкен атом жарылысы, оған жақындай қалсақ, біз өлеміз. * * * Мен үшін махаббатыммен бөлісудің жалғыз жолы – жұмыс, ал менің жұмысым – жазу. Мəселен, таксистің жұмысы адамдарды керек жеріне жеткізу деген секілді. * * * Өмірде шыншыл болмай, алдап та өмір сүру мүмкін, бірақ одан, уақытша болса да, өзің де алданасың, өзгелерді де алдайсың. * * * Жапонияға барғанда, мен арнайы жасалған, ішіне су толтырып, оны төгіп қалғанда бұғыларды үркітуге пайдаланатын бамбук ағашының кесіндісін көрдім де, оны жазушылардың ісіне ұқсаттым. Біз де біртіндеп толып, оны өзгелермен бөліскенде пайдалы екенімізді сезінеміз. Оны махаббат деп атауға болады, маңыздысы сол – бір істі ынтамен атқарғанда, онымен бөлісу ниеті туындайды. * * * Бұрынырақта қоршаулар тек храмдарда ғана болған. Ішінде – храм, халыққа əсер етуші күш, сыртында – пенде тіршілік. * * * Екі түрлі жамандық бар: табиғи жəне жасанды. Табиғи жамандық – болып жатқан істер. Жасандысы – біз өзіміз жасағандарымыз. Қараңғы болмау үшін жарық жағады, қараңғыны жаға алмайсың. * * * Рухани ізденістің өзі қауіпті. Ылғи да сақ болу керек. Бірақ, руханилық жолымен жүргендердің ішінде қайғы-қасіретті ақтап алатындар, онымен күресу үшін барлығын да жасауға əрекеттенбейтіндер жоқ.

* * * Мен өз кітапханамда оқымаған кітаптар мен енді қайтып оқымайтын кітаптарды қалдырмаймын. Сəн үшін қажетсіз кітап ұстап неге неге керек? * * * Мен біреулер сыйлаған кітаптарды оқымаймын да, сақтамаймын да. Тек өзім сатып алған кітаптарды оқимын. Жазушы өз кітаптарын сыйламауы тиіс. Керек адам өзі сатып алып оқысын. Бізге ешбір аяқ киім фабрикасы бір жұп бəтіңке салып жібермейді ғой. * * * Жазушы болу үшін аз ғана қиялшыл болу, кей-кейде шекарадан өтіп кететіндей болу, көз алдыңа елестете білу, дəстүрлі схеманы бұза білу керек. Мен ылғи да талапшылдықты жанашырлықпен қатар ұстауға тырысамын, осылайша ақымақтықты болдырмайтын аз ғана даналық пайда болады. * * * Кемелге келу деген не? Ол – ыдыраудың басы. Жеміс піскен соң, оны жеу керек, əйтпесе ол бұзылады. * * * Қиналу – киелі, күрделілік – даналық, құйтырқы өрнек – жақсы талғам деудің жалғандығын түсіндім. Зат қанша күрделі болса, соншалықты маңызды дегенді де қойдым. Қарапайымдылық – ең үлкен сұлулық. * * * Иса пайғамбар да өз заманының ұлы данышпаны болмаған. Ол төңірегіне ақылдыларды емес, тоғышар балықшыларды жинап алып, ақиқатты соларға ашқан. * * * Кей зиялылар демократия туралы көп айтады, бірақ ішінен халықты топас санайды. * * * Мен үшін махаббат – ең қиратқыш жəне ең жасампаз күш. * * * Менің пайымымда рухани ізденіс – толық ұғынуды іздеу. * * * Өмірдегі барлық нəрсе қимыл үстінде, сондықтан ылғи да өзгерістер бола береді. * * * Өнер сол ұрпақтың көрінісін, сол ұрпақтың өз тұстастарына қатынас сезімін береді. * * * Мен үшін өмір – қайдан пайда болып, қайда бара жатқанын өзім білмейтін керуен. * * * Біз өзіміздің қолымыздан келетін өнер туындыларын өмірді сүйгендіктен жасаймыз, қашан болса да өлерміз, артымызда бір нəрсе қалдырайық деп емес. Біз олар арқылы өз махаббатымызбен бөліскіміз келеді. Ол махаббат бізде толы, соны өзгелерге таратқымыз келеді. * * * Менің сөздік қорымда «егер солай болса» деген сөз жоқ. Ол сөз керемет қиратушы күшке ие.

* * * Менде де өмір бойы күмəндар болды, əр жолы ол көбейе береді. Бірақ олар маған шешім қабылдауыма кесірін тигізбейді. Мен қателесем бе, жоқ па, күмəн онда емес. Ойлануға кейін де уақыт бар. Мен өз өмірімде мынаған көзім жетті: барлық кезде барлығын жөндеуге мүмкіндік бар, қашан да екінші мүмкіндік болады. * * * Қытайларда «проблема» деген сөз «мүмкіндік» деген сөзді білдіреді. * * * Жолдың мағынасын Мачадоның: «Жолаушы, жол жоқ, жолды сен өзің жасайсың» деген өлеңі əдемі береді. * * * Өмірдің əр сатыларында мен іштей өзгеріп отырдым, бірақ осы күнге дейін өзімнің нақ осы сəтте кім екенімді біле алмадым. Соңы Пауло Коэльоның өміріндегі ең басты нəрсе не? Бір сөзбен айтар болсақ – ол өзін-өзі іздеген жəне өз жолын тапқан, сол ізденіс жолында көп қиыншылықтарға ұшырап шыңдалған, бірақ орта жолда тоқтап қалмай ізденуді жалғастыра білген күрескер жан. «Жазушы болу менің ең ізгі арманым еді, жəне солай болып қала береді, – дейді ол. – Мен өз шығармаларымды жазғанда өзімнің жандүниемнің бір бөлшегін өзгелермен бөліскім келеді. Əрбір жаңа кітабым – жаңа сілкініс болса деймін». Арман деген ол үшін – тірі организм. Бірақ арманды қол жетпейтін, орындалуы мүмкін емес аса биік нəрсе ретінде қарау Коэльода жоқ. Оның ойынша арман жалғыз болмайды, бірі орындалса, болдым-толдым деп тоқырап қалу болып қалады деген уайым орынсыз. Оның арманы – жаза беру, жаза беру. Бірақ кітаптары бірін-бірі қайталамауын қатаң қадағалайды. Өмір жалғасып жатқаны рас болса, бір орында тоқтап қалуға болмайды деп санайды. Мынаны жақтырмаймын, бұлай болуын қаламаймын деген ойларды қуалап отырады, өзін ештеңеден даралап, бөлек ұстамайды. Ол өз оқырмандарына ештеңе таңбайды, оларға үйретуге тырыспайды. «Мен өзім де оқырманмын, оқып шыққан кітабымды қалай түсінуім керектігін үйретіп жатса қалай қабылдар едім, оқырманға да осы көзқарас тұрғысынан қараймын» дейді. Осылайша ол оқырманды əріптес ретінде қабылдайды. Пауло Коэльо газет журналисі болып та қызмет атқарған. «Зиярат ету» деп аталатын ең бірінші кітабы 40 жасында жарық көрген. Келесі жылы шыққан «Алхимик» кітабы оған бүкілəлемдік даңқ əкелді. Паулоның шығармашылығы ғана емес, жеке өмірі де ерекше. Ол психиатриялық емханада емделген, электрошок пен темір тордың да бар сорақылығын басынан кешірген, хиппилардың да ішінде жүрген, анархиялық мазмұндағы өлеңдер жазып, онысын үкіметке қарсы насихат деп тауып, түрмеге де түскен. Иə, Пауло идеал ретінде қабылдайтын тұлға емес. Оның өмірбаяны шым-шытырық оқиғаларға толы. Оның бірінші рет жындыханаға түсуіне ата-анасының оның бойынан əйелқұмарлық мінез байқадық деген хабарламасы себеп болған. Ол емханадан қашып кетіп, өзіне деген күдіктің үдеуіне себепкер болған. Жындыханаға үш рет түскен. Жиырма жасында есірткінің дəмін татып көрген. Өзіне-өзі қол жұмсағысы келген, мұндай ой оған ондаған жылдар бойы маза бермеген. Үш рет түрмеге түскен, үш рет үйленіп, ажырасқан. Жындыхана мен түрмеде көрген қорлығы оны мұқалтудың орнына, шыңдай түскен. Өлім туралы ойлауды күресу ниеті алмастырған. Магиямен, оның ішінде қара магиямен айналысып, яғни біреуге жамандық жасаушы топтарға араласып, діни секталарға да барған. Гомосексуалистік пиғылға ерген сəттері де болған. Осындай шым-шытырық өмір жолы оның ойлау шеңберін кеңіте түсті, дүниетаным дəрежесі биіктетті, жер жүзіне əйгілі жазушы етті. Айналып келгенде, оның рухани діңгегі берік болып шықты. Сонысы оны ілгері сүйреп, биікке жеткізді. Жасы алпысқа жете қоймаған қаламгердің басты ерекшелігі – адам баласының өміріндегі ең бір бұрылысты, қалтарысты сəттерін тап баспай танитыны, оқырманы өз жанына үңілдіріп, өзі де ойланбаған, əйтеуір санасының бір түкпірінде жүрген, өзін мазалайтын сауалдардың жауабын батыл іздейтіні жəне таба білетіні. Ол Қазақстанда да болған. Жамбыл баба қабіріне барғанда португалша дұға оқыпты. Мұсылманша бата беру рəсіміне қатыса қалғанда да өз нанымына сай бата жасапты, бірақ батасыз қалмапты. Басқаларға да: «Мұсылманша бата жасамасаңдар да, өз баталарыңды жасағандарың жөн», – деп кеңес беріпті.

Кездесулердегі сұрақтарға жауап бере отырып айтқан сөздерінің бір парасы мыналар: «Барлық діндер Жарыққа ұмтылады, оны қараңғыға сүйрелеп, өз пайдаларына жұмсағысы келетіндер – саясатшылар». «Сүйіспеншілік мəселесінде біздің əрбіріміз өзімізді балаша сезінуіміз керек». «Тəуелсіздік деген абстрактылы түсінік. Мен не жазатыным жайлы тəуелсіз болуым керек. Ал еркіндік, ол – өз жолыңды таңдай алу мүмкіндігі». «Жаһандану осыдан 50 жыл бұрын да бар болатын. Бірақ, қазір ол ұлттық мəдениеттердің жойылуына əкеп соға бастады». Заманымыздың ұлы пəлсапашысы Фридрих Ницшеде «Жар жағалап, құлап бара жатқан адамды қолынан тартып, аман алып қалу қажетсіз, оны əрі қарай итеріп жібер, өйткені ол соған лайық» деген ой бар. Коэльо олай демейді, «Жар жағалап, құлауға айналған адамды бір емес, бірнеше рет кездестірсең де аман алып қал, бірақ оған əрі қарай қалай өмір сүруді үйретіп əуре болма, өзі сол санаға жетпей болмайды» дейді. «Бесінші тау» деген кітабында Құдайдың атынан: «Мен саған жəрдем беремін, бірақ оны өзің қабылдауың тиіс шешімді қабылдағаныңнан соң жасаймын» дейді. Ол өзін белгілі бір тəртіптер аясында ұстамайды, оған жаны қас, шеңберден шығып кетуден қорықпайды. «Адам өзінің нашар мінездерінсіз толық бола алмас еді» дейді. Уильям Блейктің «Таптаурын сүрлеудің жиегінен шығар-шықпас жағдайда жүру даналық сарайына бастайды» дегенін ұстанады. Ол діннің жаһандануын қаламайды, сондықтан жаһандану процесі Құдайдың да жаһандануына алып келмесе екен деп тілейді. Бүгінде ол дініне берік жəне Құдайға құлшылық ету адамның жанын тазартып отыратынына сенеді. Коэльо адамдармен сұхбаттасқанды жақсы көреді. Үйренісіп қалғандармен емес, ылғи да жаңа адамдармен əңгімелескеннен рахат алады. Сондықтан да ол көп елдерді аралауға құштар. Ол – зиярат етуші. Жержерлерге зиярат жасай жүріп, елін таниды. «Мен өзге халықтарды таныдым, өзге пейзаждарды көрдім. Мен бүкіл əлемді шарлап, Құдайды іздедім. Мен басқа əйелдерді сүйдім. Мен көп кəсіптерді меңгердім» дейді «Мен Рио-Пьедраның жағасына отырдым да, жылап жібердім» деген кітабында. Сонымен Пауло Коэльо кім деген сұраққа өз сөзімен жауап берер болсақ: мен өзімді соңына жетіп болмайтын жолмен кетіп бара жатқан зиярат етушімін деп суреттер едім дейді. Солай екені де рас. ІX.2003 – ІV.2004 VІІ–VІІІ.2005 ЛУИЗА ХЕЙ КӨГІЛДІР КІТАП (ағылшын тілінен қазақшаланды) Сөз басы, немесе менің өмір тарихым «Балалық шағыңыз туралы айтып беріңізші». Мен өз пациенттеріме бұл сөзді жиі айтамын. Маған бүге-шігесі қажет емес, проблеманың туындау негізінің жалпы моделі ғана қызық. Мен оқырмандарыма өз өмір тарихымды айтып берейін. Бір жарым жасқа келгенде ата-анам ажырасып кетті. Бұның маған қалай əсер еткені есімде жоқ. Бірақ шешемнің қызметші болып жалдануына тура келді де, мені басқа адамдардың қолына тұруға бергенін əлі күнге дейін денем түршіге есіме аламын. Мен үш апта бойы жылаппын. Мені шешемнің қайтарып алуына тура келіпті. Əлі күнге дейін оның қайратына таң қаламын, өйткені ол мені жалғыз өзі өсірді. Шешем өкіл əкемді шыныменен жақсы көрді ме, əлде мені əкелі қылу үшін тұрмысқа шыға салды ма, ол жағы мен үшін түсініксіз болатын. Бірақ, оның тұрмысқа шыққанынан ешқандай жақсылық болған жоқ. Оның күйеуі Еуропада, Германияда өсіп, қатаң тəрбиеленген адам. Мамам сіңлімді торығып жүрген кезінде көтерді. Ол кезде 5 жастамын. Біздің қаңғыбас көршіміз мені зорлап кетті. Дəрігердің қалай тексергені əлі күнге дейін анық есімде. Қаңғыбасқа 15 жыл түрме жазасын кесті. Сол кезде барлығы маған «Сенің өзің кінəлісің» дейтін. Сондықтан да ол түрмеден шыққан соң түрмеге отырғызғаным үшін менен кегін аладыау деген қорқыныштың құшағында өмірімді өткіздім. Менің балалық шағым тəн қорлығы мен жыныстық зорлық азаптарынан, ауыр еңбектен тұрады. Өз басымның қадірін бағалау сезімі кеми берді де, менің өмірім хаосқа айналды. Біртіндеп мен өз танымымды сыртқы дүниеге де енгізе бастадым. Төртінші класта менің басымнан өткен жайт сол кездегі мен үшін қалыпты жай еді. Біздің мектепте кеш болып, соған орай бірнеше торт сатып алынды. Менен басқа балалардың барлығы да орта дəулетті, жақсы отбасылардан шыққандар. Менің шашым жалбыраған, үстімдегі киімім де жаман болатын жəне менен «құрт басып кетпеу үшін» үйдегілер мəжбүрлеп жегізетін сарымсақтың иісі мүңкіп тұратын. Мен сол кезге дейін өмірімде ешқашан торт жеп көрмеппін. Біз өзімізге ондай байлықты қимаймыз. Біздің бір көрші кемпір, маған əр апта сайын 10 центтен

жəне менің туған күнім мен Рождествоға 1 доллардан беріп тұратын. 10 цент отбасының бюджетіне кететін де, ал долларға мамам маған бір жылға жететін іш киімдер сатып алатын. Сонымен мектепте кеш өтті. Тортты кесе бастады, оның көп болғаны соншалық, көптеген балалар 23 кесіктен алды. Əрең дегенде менің кезегім келгенде, ал мен əдеттегідей ең соңы болатынмын, торт қалмапты. Бір де бір кесік. Қазір маған өз басымды бағалатпаған, қадірлетпеген, кезектің ең соңына қойып, торттың бір де бір кесігін бұйыртпаған менің өз танымым екені анық нəрсе. Бұл менің сол кездегі жеке ойым еді. «Олар» тек қана менің танымымды бейнеледі. Одан əрі тұрмыстағы жағдайға төзе алмадым да, 15-ке толған кезімде үйден қашып кеттім. Даяшы болып жұмысқа орналастым. Жұмыс маған менің үйдегі міндеттеріме қарағанда əлдеқайда жеңіл тиді. Махаббатқа шөліркеген, өз бағасының қадірін аздап болса да сезінген мен тəнімді оңды-солды, аяусыз үлестірдім. Нəтижесінде 16 жасымда қыз тудым. Мен оны баға алмадым, сондықтан басқа адамдарға бердім. Бұлар, сол кезде мен үйлерінде тұрып жатқан перзентсіз ерлі-зайыптылар болатын. Сондықтан да аналық қуанышты сезіне алмадым. Оның орнына қиналу, қорлану, кінəмді сезіну сезімдерін басымнан өткердім. Менің есімде қалғаны – оның аяғының башпайларының дəл менікіндей ұзын екені. Егер біз бір кездері кездесер болсақ, мен оны осы башпайларынан танитыныма сенімдімін. Оған бар болғаны бес күн толғанда менің кетуіме тура келді. Мен үйге кері қайттым да, шешемді өкіл əкемнен кетуге көндірдім. Ол кезде сіңлім 10 жаста болатын, əкесінің жанында қалды, өйткені оны əкесі қатты жақсы көретін. Мамам қонақүйден жұмыс тапты, біз бірге тұра бастадық. Бір күні мен құрбыммен Чикагоға жол тартып, содан 30 жылдан соң оралдым. Өмір үнемі тұқырта бергендіктен де, мен өз басымның қадірін сезінген емеспін. Соған сəйкес өз айналама мені одан сайын қорлап, ал кейде таяқтап та тастайтын еркектерді топтастырдым. Мен қалған ғұмырымды оларды да, өзімді де қарғап өткізер едім, бірақ бұл ештеңені өзгертпес еді. Біртіндеп, жұмысымдағы оң өзгерістерге байланысты өз басымды бағалау сезімі де артып, əлгіндей еркектерге менің өмірімде орын қалмады. Олардың іс-əрекеттерін ешқашан да қоштамаймын, бірақ менің өзім сол кезде сондай болмасам, оларды ешқашан да тартпаған болар едім. Қазір, əйелдерді қорлайтын еркектер менің тірлік етіп жатқаным туралы білмейді де, өйткені біздің ойлау жүйеміз енді сəйкес келмейді. Чикагодан Нью-Йоркке көшіп, атақты манекенщица болдым. Бірақ, бұл жұмыс та мендегі өз басымды қадірлеу сезімін арттырған жоқ. Үнемі өз бойымнан жаңа кемістіктерді табумен болдым. Өз бойымдағы сұлулықты байқамадым. Көп жыл осылай өмір сүрдім. Мінезі тамаша, жоғары білімді ағылшын джентльменін кездестіріп, соған тұрмысқа шықтым. Біз көп саяхат жасадық, корольдердің қабылдауында болдық. Бір рет біз тіпті Ақ Үйден де дəм таттық. Өзім атақты манекенщица, ал күйеуімнің тамаша адам болғанына қарамастан, маған өмірде бірдеңе жетіспей тұратын. Бұл жағдай рухани ізденіс жолына түсуіме дейін созылды. Бір күні күйеуім өзінің басқа адамға үйленетінін жеткізді. Бақыттың оң қабақпен қарағанын шындап сезінбей жатып-ақ, аяқ астынан осы жайға тап болдым. Сөз жоқ, оның осы ұйғарымынан кейін мен еңсемді көтере алмадым. Бірақ өмір жалғасып жатты. Мен өмірімнің өзгеріп жатқанын сезіндім. Бір көріпкел маған елеусіз бір оқиғаның өмірімді 180 градусқа бұратынын айтты. Бұл оқиғаның елеусіздігі соншалық оған көптеген айлар бойы көңіл бөлмедім. Бір күні кездейсоқ Нью-Йорктегі діни ғылымдар қоғамы мүшелерінің кездесуіне тап болдым. Олардың айтқандары мен үшін жаңалық болса да ішкі түйсігім: «Көңіл бөл» деді. Мен олардың кездесуіне барып жүрдім жəне сабақ ала бастадым. Сəн мен сəнгерлер əлемі мен үшін өз мəнін жоғалта бастады. Қасыңның формасы мен беліңді ойлап қашанғы қапалануға болады? Тіпті орта мектепті де бітірмеген мен, кенет қолға тигендері мен метафизикаға қатыстының бəрін оқыған қажырлы студентке айналдым. Діни ғылымдар қоғамы менің екінші үйіме айналды. Менің өмірім бұрынғыдай өтіп жатқанменен, мен өзімде болып жатқан үлкен өзгерістерді сезіндім. Қоғамдағы тынымсыз жұмыстарымның арқасында үш жылдан соң мен емтихан тапсырдым да, көмекке зəру адамдарға кеңес бере бастадым. Бұл кішігірім қадам болатын. Мен сондай-ақ медитация жасай бастадым. Сосын кіші діни қызметкерлер дайындайтын колледжге түстім, сонда күні-түні дайындалдым. Мен өз курстастарымнан үлкен болатынмын. Біз төрт жыл бойы төзуге тура келген тəртіп өте қатал болатын – ішпеу керек, шекпеу керек, жəне сенбі, жексенбі күндері де дайындалу керек. Колледжден шыққан кезімде менің бірнеше сағатты əуежайда өткізуіме тур келді: темекінің түтінінен құлап қалатын шығармын деп ойладым. Нью-Йоркте барлық кездесулерде жиі шығып сөйлеп, кеңес беруді жалғастыра бердім. Сондай-ақ мен «Өз тəніңді сауықтыр» деген тақырыппен шағын кітап жаздым. Лекция оқып, саяхат жасай бастадым. Менің атағым шыға бастады… Содан бір күні менің ағзамнан дəрігерлер қатерлі ісік (рак) кеселін тапты. Қатерлі ісік, əрине, менің жыныстық мүшемде, қынап маңында пайда болды. Мені үрей биледі. Өз жұмысыма байланысты менің адамдардың айығуына көмектесуіме тура келсе де, өзім уағыздаған принциптерді өз тəжірибемде тексерудің ғажайып мүмкіндігі туғанын түсіндім. Түптеп келгенде мен, қатерлі ісік – бұл қордаланған реніш, ал одан құтылса, аурудан жазылуға болатындығы туралы кітап жаздым. Өз

басымның балалық шақтың реніштерін ұмыта алмағандығын түсіндім жəне менің алдымда бұл мəселе бойынша көптеген істер тұрды. «Жазылмайтын» деген сөз мен үшін бір нəрсені ғана білдіреді: бұл дəстүрлі əдіспен емдеуге болмайтын жағдай. Сондықтан да сауығудың жолын табу үшін, турасын айтқанда, əркім өз ішіне үңілуі керек. Егер мен операцияға келісіп, бірақ ескі танымдардан арылу үшін ештеңе істемесем, дəрігер бейшара Луизадан дым қалмағанға дейін кесе берер еді. Мен операцияға барсам да қатерлі ісікті туғызған өз ойлау жүйемді өзгерткен болар едім де, қатерлі ісік енді қайтып туындамас еді. Егер рак немесе басқа аурулар қайта пайда болып жатса, ол бəрін кесіп тастамағаннан емес. Бұл жерде себеп адамның өз санасына өзгеріс жасамауында жатыр, сондықтан ол ауруды өз бойында, мүмкін, денесінің басқа бөлігінде қайта туындатты. Сондай-ақ мен өзімнің ментальдық алаңымды тазартсам, операция қажет болмайды дегенге сендім. Емдеуші дəрігеріме операцияға ақшамның жоқ екенін айтып едім, ол өз кезегінде менің өмір сүруіме бар болғаны үш ай қалғанын хабарлады. Мен сол бойда іске кірістім. Емдеудің дəстүрден тыс əдістері туралы көп оқи бастадым. Арнайы денсаулық дүкеніне барып, қатерлі ісік туралы кітаптардың барлығын сатып алдым. Мен кітапханаға барып бұл ауру туралы тапқандарымның барлығын оқыдым. Əсіресе мені тері рефлексі туралы ғылым қызықтырды. Мен осыны істей алатын адамды таппаққа бекіндім. Бір күні мен лекцияға бардым. Əдетте, мен алдыңғы жақта отырғанды ұнатамын, ал бұл жолы арт жаққа отырдым. Жаныма бір адам жақын келді де, менімен қатар отырды. Бұл, мен іздеген адам болып шықты (тері рефлексімен шұғылданады). Ол үйге аптасына үш рет келе бастады, маған көп көмегі тиді. Сондай-ақ мен өзімді өте қатты қадірлеуді жəне жақсы көруді үйренуім қажет екенін түсіндім. Менің балалық шағымда сүйіспеншілік жетіспеді, өзімді жақсы көруге мені ешкім үйреткен жоқ. Мен олардың таусылмайтын мінеулерін өзіме деген қарым-қатынастарымен бірге қабыл алдым да, бұл менің екінші бейнеме айналды. Діни ғылым қоғамында жұмыс істей бастағанда мен өз іс-əрекеттерімді қуаттаудың бар маңызын түсіне бастадым. Бірақ та «Мен диетаны ертеңнен бастап ұстаймын» деген принцип бойынша үнемі кейінге қалдырып отырдым. Басында маған өзімнің айнадағы бейнеме қарап: «Луиза, мен сені жақсы көрем. Мен шынымен сені жақсы көрем», – деп айту өте қиын болды. Мен ештеңеге қарамастан айнаменен жаттыға бердім де, бұрын, əдетте өзімді қор сезінетін жағдайларға енді басқаша қарайтынымды аңғардым. Сонымен маған өзімнің бір жерде тұрып қалмағаным анық болды. Мен үшін ең қиыны басқаларды кінəлауды тоқтату еді. Иə, менің балалық шағым қиын болды, жəне барлығы да мені жыныстық зорлықпен, тəн қорлығымен, ментальды түрде ренжітті. Бірақ бұл өте ертеде болды, жəне менің қазіргі өзіме деген қарым-қатынасымды ақтамайды. Мен турасын айтқанда өз денемді қатерлі ісікпен жей бастаған едім, себебі мен кешіре білмедім. Өзіме жақсы психиатр тауып алдым да, соның көмегімен қордаланған ашу-ызаны бойымнан шығара бастадым. Жастықтарды ұрып, қаһарланып ақырдым. Бұл мені белгілі дəрежеде тазартты. Сосын ата-анамның үзік-үзік естеліктерінен олардың балалық шақтары туралы өзіме картина құрастырып алдым. Мен оларды қатты аяп кеттім, олардың кінəсінен болған оқиғалардың бəрі ұмытыла бастады. Бұлардың бəріне қосымша өзіме көп жылдар бойы тəнімде жинақталған шіріктерді тазартуға көмектесер жақсы диетолог-дəрігер таптым. Ол маған тек қана көкөністерден тұратын қатал диета белгіледі. Алғашқы бір ай бойы аптасына үш рет менің тік ішегімді тазартты. Маған операция жасаған жоқ, алты айдан кейін дəрігерлер келісімге келуге мəжбүр болды да, маған мендегі қатерлі ісіктің мүлдем жоқ болып кеткенін хабарлады (ол өзіме онсыз да белгілі еді). Егер біз өзіміздің ойымызды, танымымызды өзгерткіміз келсе жəне соған сəйкес əрекет етсек кез келген ауруды жазуға болады, оны мен енді өз тəжірибем арқылы білемін. Кейде ең үлкен қайғының өзі біз үшін бақытқа айналады. Аурудың мені қалай өзгерткенін сіздер көз алдарыңызға елестете алмайсыздар. Құндылықтар толықтай қайта бағаланды. Мен өмірге басқаша қарай бастадым жəне ауруға дейін ешқандай назар аудармаған нəрселерге көңіл бөле бастадым. Шаң-қоқысты Нью-Йорк өзінің қолайсыз ауа-райымен қоса мені əбден қажытты. Мен кетуге бел будым. Менің пациенттерім, менсіз өлеміз деп үрейге əбден бой алдырды. Олардың қалай алға дамып жатқанын тексеріп, телефон шалып тұрамын деп уəде беріп, жұбаттым. Сонымен, жиналдым да Калифорнияға, Лос-Анджелеске кетіп қалдым. Ол жақта мен қаланың бір шетінде тұрып жатқан шешем менен сіңлімнен басқа ешкімді білмейтінмін. Мен не мынаусымен, не анаусымен жақын болған емеспін жəне шешемнің соқыр болып қалғанын білген кезде жүрегім ауырды, маған бұл туралы ешкім хабарлаған да жоқ. Сіңлімнің уақыты жоқ болғандықтан менің орналасуыма көмектесе алмады. «Өз тəніңді қалай сауықтыру керек» деген менің шағын кітапшам мен үшін көптеген есіктерді ашты. Мен Нью-Эйдждегі əрбір кездесуге бара бастадым. Кез келген ыңғайы келген жерде адамдарға өзімді таныстырып, кітабымды сыйладым. Жұмыс басталған соң менде бұндай сəн-салтанатқа уақыт болмайтынын біліп, алғашқы алты ай бойы жағажайға барып жүрдім. Біртіндеп пациенттер пайда бола бастады. Біресе ана жерде, біресе мына жерде менің шығып сөйлеуімді сұраушылар көбейе түсті. Екі жылдың ішінде мен өзіме сүйкімді үй сатып алдым.

Бір күні сіңлім телефон шалып, 90-ға келген шешеміздің құлап, омыртқасын сындырып үзіп алғанын айтты. Бір сəттің ішінде менің шешем қайратты еркін əйелден, əлсіз, дəрменсіз сəбиге айналды. Оның омыртқасының сынуына сəйкес сіңлімді қоршаған құпия, сырлардың да қабырғасы құлады. Ақырында, біздің арамыздағы қарым-қатынастар жақсара бастады. Мен сіңлімнің арқасының ауыратынын жəне бұл оның өмірін қиындатып жүргенін байқадым. Ол үнсіз қиналғанды жөн көріпті, сондықтан күйеуі бұл туралы ештеңе білмеген. Екі айды ауруханада өткізіп, шешем үйге келуге дайындала бастады. Бірақ, ол енді жалғыз тұра алмағандықтан оны қолыма алуыма тура келді. Бұдан не шығатынын мен білген жоқпын, сондықтан да Құдайға: «Жақсы, мен оған күтім жасаймын, егер Сен өзің, əсіресе ақшалай көмектессең», – дедім. Басында өте қиын болды. Шешем ауруханадан сенбі күні шықты, ал келесі жұмада маған Сан-Францискоға кетуге тура келді. Мен оны жалғыз тастай алмадым, бірақ маған міндетті түрде бару керек еді. Мен тағы да Құдайға: «Құдай, өтінемін, қамқоршы болшы. Кетпей тұрып оған күтім жасайтын жақсы адам табуым керек», – дедім. Бұндай жақсы адам келесі бейсенбіде аяқ астынан табылды. Бұл жерде, «Не білу керек болса, барлығын да білемін. Не қажет болса, менде сол болады» деген басқа метафизикалық принцип іске асып тұр. Сіңлім менен көмектесуімді өтінді. Көптеген жылдар бұрын, шешем екеуміз өгей əкеден кеткен кезімізде, ол кісі сіңліме дұрыс қарамапты. Содан бері оны үнемі қорқыныш пен үрей билеп келеді. Əлі күнге дейін мен оны емдеудің əртүрлі жолдарын іздестіріп келемін. Шешем өзін бұрынғыдан əлдеқайда жақсы сезінеді. Мен оған есту аппаратын алып бердім, оның өмірге қызығушылығы артты. Шешем екеуміз көп уақытты бірге өткізе бастадық. Біздер бірге күлеміз, бірге жылаймыз. Рас, кейде менің əлсіз жерлеріме де тиіп кетеді, бұл тура менің соған қатысты жұмыс жасауым қажет екенін еріксіз еске түсіреді. «Көгілдір кітаптың» бірінші нұсқасы «Өз өміріңді сауықтыр» шыққан кезде оның көп рет қайта басылатынын жəне күндердің күнінде оны жалғастыру қажеттігі туындайтынын білген жоқ едім. Əрине, кітап өзінен-өзі емдей салмайды. Бірақ ол адамның ішкі мүмкіндіктерін ояту арқылы оның өзін өзі емдеу процесіне жəрдем береді. Моральдық тұрғыдан сау болу жəне тəн саулығын қамтамасыз ету үшін тəннің, сананың жəне рухтың тепе-теңдігіне жету керек. Адам өз тəніне мұқият қарауы тиіс. Сол сияқты, өзіне ғана емес, өз өміріне де дұрыс көзқараста болғаны жөн. Жəне де осыларда мықты рухани байланыс болсын. Осы үш нəрсе өзара тең болса, адам өмірден рахат алады. Егер біз өзіміз осыған жетпесек, бір де бір дəрігер бұл орайда жəрдем бере алмайды. І ТАРАУ ӨЗ ӨМІРІҢДІ САУЫҚТЫР Менің кейбір ойларым: Біз барлық іс-əрекетіміз үшін 100 пайыз жауапкершілік арқалаймыз. Біздің əрбір ойымыз біздің болашағымызды құрайды. Күш өз бастауын əрқашан қазіргі сəттен алады. Барлығы дерлік өздерін жек көреді жəне өздерін кінəлі сезінеді. Барлығы өздері туралы: «Мен онша жақсы емеспін» деп ойлайды. Барлығы ойға байланысты, ал ойды өзгертуге болады. Жасырын реніш, ашу, өзін жəне басқаларды сынау, кінəлі сезіну – денсаулық үшін ең зиянды көңіл-күй. Қордаланған реніш пен ашудан толық арылу маскүнемдік кеселінен емдейді. Біз өзімізді өзіміз шын мəнінде жақсы көрген кезде, біздің өміріміз де жақсарады. Біздің өткеннен арылуымыз жəне барлығын да (өзімізді қоса) кешіруіміз қажет. Біз қазіргі сəтпен өмір сүруді үйренуіміз қажет. Өз-өзіңді қабылдау мен өз іс-əрекеттеріңді қолдау – ұзақ өзгерістер кілті болып табылады. Біз, тек қана біз, өзіміздің тəніміздегі «ауруды» қолдан жасаймыз. Мен неге сенемін? Өмір өте қарапайым. Біз не берсек, соны аламыз. Жұрттың барлығының, оның ішінде мен де, біздің өміріміздегі жақсыжаман оқиғалар үшін 100 пайыз жауапкершілік арқалайтынымызға сенімдімін. Біздің əрбір ойымыз біздің болашағымызды құрайды. Əрбір адам өмірде оқиғаны ой мен сезімнің қатысы арқылы жасайды. Біз ойлайтын ойлар мен сол ойларды бейнелейтін сөздер өмірде басымыздан өткізетін жайлардың бəрін туындатады. Өмірдегі сол немесе басқа жайлардың барлығын да біз өзіміз қалаймыз, сосын өзіміздің бақытсыздығымыз бен келеңсіздігіміз үшін басқаларды қарғап, күш жұмсап жатамыз. Біз өзіміз – өз уайымымыз, қоршаған орта шындығы мен ондағы барлық нəрселердің бастауы болып табыламыз. Екінші жағынан алғанда, өз санамыздағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті ұстана отырып, біз өмірде сол нəрселерді кездестіре бастаймыз.

Сізді дəл суреттеген қай сөйлем? «Бұл өмірде адамдар маған жамандық жасайды». «Жұрттың бəрі менің проблемамды шешуге көмектеседі». Біз неге сенсек, сол біздің шындығымызға айналады. Біз өзіміз сенетін нəрселер мен өз ойларымызды өзіміз таңдаймыз. Біздің санамыздан тысқары ақылымыз біз сенетін нəрселердің бəрін қабылдайды. Біздің нені ойлауды миллиондап таңдауға мүмкіндігіміз бар. Біз осыны сезінген кезде, «Адамдар маған жамандық жасайды» дегеннің орнына «Жұрттың бəрі маған көмектесуге тырысады» деп ойлауға болады. Жаратылыс күштері бізді ешқашан соттамайды да, сынамайды да. Олар біз қандай болсақ, сол қалпымызда қабылдайды. Сосын автоматты түрде танымды бейнелейді. Егер сіз ылғи да жалғызбын, мені ешкім жақсы көрмейді деп ойлауды жөн көрсеңіз, онда сіз солай өмір сүресіз. Бірақ, сіз «Дүниеде махаббат бар, ал мен ұнатамын жəне ұнамдымын» деп ойласаңыз, жəне бұл сөзді жиі қайталасаңыз, онда сіз бұны өз басыңыздан өткере де аласыз. Сіздің өміріңізде күтпеген жерден көптеген тамаша адамдар пайда болады, ал сізді жақсы көретіндер одан сайын жақсы көретін болады. Біз кішкентай кезімізде де өмір туралы түсінікті үлкендерден аламыз Егер сізге аса бақытты болмаған, жексұрын немесе өздерін кінəлі сезінген адамдармен өмір сүруге тура келген болса, онда сіз қоршаған орта мен өзіңізді керісінше қабылдауды үйренгенсіз. «Мен ешқашан ештеңені дұрыс жасамаймын», «Бұл менің кінəм», «Егер мен ашулансам, онда менің жаман адам болғаным» – міне, сіздің кейбір ойларыңыз. Өмірді түңілулерден тұратын осындай ойлар құрайды. Біз өскен кезде балалық шақтағы көңіл-күй ортасын жаңғырту бейімділігі болады Бұл жаман да емес, жақсы да емес, дұрыс та емес, біз тек «үйдегідей» сөзінің нені білдіретінін білеміз. Біздер жеке қарым-қатынасымызда əкемізбен немесе шешемізбен қалыптасқан қарым-қатынастарды жаңғыртамыз. Сіздің əкеңізді немесе шешеңізді дəл еске түсірерліктей нақсүйеріңіз немесе бастығыңыз болғаны туралы ойлаңыз. Бізге атаанамыз қалай қарым-қатынас жасаса, біз өзімізге солай қарым-қатынас жасаймыз. Бізді ата-анамыз қалай сөгіп, қалай жазаласа, біз өзімізді солай сөгіп, солай жазалаймыз. Олардың осындай жағдайда қолданған сөздерін біздер естиміз де. Егер бізді сəби кезімізде сүйсе, есейген кезде біз де өзімізді дəл солай сүйеміз. «Сен ешқашан ештеңені дұрыс жасай алмайсың». «Сен кінəлісің». Сіз өзіңізге осылай қаншалықты жиі айтасыз? «Сен кереметсің». «Мен сені сүйем». Ал осындай сөздерді сіз өзіңізге қаншалықты жиі айтасыз? Мен бұл үшін ата-анамды сөкпеймін Біз бəріміз құрбандықтың құрбандығымыз жəне біздің ата-аналарымыз да өздері білмеген нəрсеге бізді үйрете алмады. Егер анаңыз өзін қалай жақсы көруді білмесе немесе əкеңіз өзін қалай жақсы көруді білмесе, онда сіз өзіңізді қалай жақсы көру керек екенін үйрене алмауыңыз мүмкін нəрсе. Егер ата-анаңызды өте жақсы түсінгіңіз келсе, олардың балалық шағы туралы сұраңыз, егер жан-жүйеңізбен беріліп тыңдасаңыз, олардың қорқынышы мен өмірге деген қатынасының негізін түсінесіз. «Сізге қиналу əкелген» адамдардың өздері де қазіргі сіз сияқты қорқынышта болған. Біз ата-ананы өзіміз таңдаймыз дегенге мен сенемін Осы планетада, осы немесе басқа уақытта, осы немесе басқа жерде қайта туу оған керек пе, əрбір адам өзі шеше алады. Өмірден сабақ алу үшін, өз кезегінде эволюциялық жолдағы біздің одан əрі рухани дамуымызды қамтамасыз ету үшін біз осы жерде тууды жөн көрдік. …Сосын, есейе келе, біз əдетте оларға саусағымызды шошайтып: «Сендер кінəлісіңдер» деп қыңқылдаймыз. Шындығында, біз оларды өзіміз таңдадық, себебі біздің осы өмірде еңсермек болған тілегімізге олар сай келді. Біз өз танымымызды балалық шақта қалыптастырамыз, ал сосын өмірде біздің танымымызға сай келген жағдайларды туындата отырып қимылдаймыз. Өткен өмір жолыңызға бұрылып қараңыз, сонда сіз сол бір ғана жағдайды қайта-қайта туындатып отырғаныңызды көресіз. Сіз неге сенсеңіз, соны туындатып отырсыз, өйткені сол сеніміңіз сіз сеніп отырған нəрсені бейнелейді, мен бұған сенімдімін. Бұл жағдайда сіз бұл проблеманың қатысын, оның мөлшері немесе ондағы қауіпті қанша уақыт сезінетініңіз соншалықты маңызды емес.

Күш бастауын əрқашан қазіргі кезден алады Осы кезге дейін өміріңізде болған оқиғалардың бəрі де өткен тəжірибелерге негізделген сіздің танымдарыңыздан туындаған. … Ең маңыздысы – қазір сіздің нені ойлап, неге сенуді өзіңіздің таңдауыңыз. Бұл ойлар мен сөздердің сіздің болашағыңызды жасайтындығын əрқашан есіңізден шығармаңыз. Сіздің күшіңіз – осы қазіргі сəт. Сіз жұмыс істеуге тиіс жалғыз нəрсе – ол сіздің ойыңыз, ал ойды саналы түрде өзгертуге болады Сіздің проблемаңыздың сипаты қандай болса да бəрібір, ол – бар болғаны сіздің ойыңыздың бейнеленуі. Мысалы, сіз «Мен жаман адаммын» деп ойлайсыз. Ой өзінің соңынан сіз берілетін сезімді ергізеді. Сізде бұндай ой болмаса сезім болмас еді. Ойды саналы түрде өзгерту қиын. Мұңды ойды өзгертсеңіз, мұңды сезім де өзгереді. Кертартпа ойды қанша уақыт ойлағаныңыз тіпті де маңызды емес. Күш өткенде емес, əрқашан да осы сəтте. Сондықтан да тура қазір азаттыққа шығыңыз! Сіз бұған сенесіз бе, жоқ па, бірақ біз өз ойымызды өзіміз таңдаймыз Біз қайта-қайта бір нəрсе туралы ойлай беруге бейімбіз, сондықтан бізге, өз ойларымызды өзіміз таңдайтындай болып көрінеді. Біздің белгілі бір нəрсе туралы ойлағымыз келмейді. Біз өзіміз туралы қаншалықты жиі жақсы ойлағымыз келмейтінін есіңізге түсіріңізші. Ал, қазір өзіміз туралы жаман ойламауды үйренейік. Осы планетадағылардың барлығы да, мен білетін, мен бірге жұмыс жасайтындар артық-кем дəрежеде өзін кінəлі сезіну мен өзін-өзі жек көруден жапа шегіп жүргендей көрінеді. Біз өзімізді қаншалықты жек көрсек, соншалықты біздің жолымызда сəттіліктер де аз болады. Біздің ортақ ішкі танымымыз: «Мен онша жақсы емеспін» Біз «Бұл өмірде менің қол жеткізгендерім аз» немесе «Мен бұған татымаймын»… дегенді жиі-жиі үстемелейміз. Сізге ұқсай ма? «Мен онша жақсы емеспін» деп сіз жиі ойлайсыз ба, əлде айтасыз ба? Бірақ, кім үшін? Оның қандай өлшемі бар? Сізде осы сияқты таным өте күшті болатын болса, онда қуанышты, қамсыз, толыққанды өмірді қалай жасайсыз? Сіздің санаңыздан тысқарыдағы танымыңыз іс-əрекетіңізді үнемі басқарады, сондықтан ол сіздің өміріңізде үнемі пайда болады. Біздің проблемаларымызды ашу-ыза, басқаларды сынау, өзін кінəлау мен қорқыныш тудыратынына мен сенімдімін Бұл сезімдер өзінің проблемасына өзгелерді кінəлайтын адамдарда болады. Түсінесіз бе, егер біз өзіміз басымыздан өтіп жатқан жайларға өзіміз 100 пайыз жауапкершілікті арқалайтын болсақ, онда кімді сөгеміз?! Сіздің өмірде басыңыздан өткерген жайлардың бəрі – сіздің өз ішкі ойыңыздың бейнеленуі. Мен кейбір адамдардың келеңсіз қылықтарын жақтамаймын, біз үшін маңыздысы бізге осылай қарым-қатынас жасаған адамдарды біздің танымымыз өзіне тартатынын түсіну. Егер сіз: «барлығы мені сынайды, мен үшін ешкім ештеңе істемейді, менімен еден сүрткісі келеді» деп ойласаңыз, бұл сіздің ойлау қалыбыңыз. Сіздің бүкіл өміріңізде осындай адамдарды өзіне тартып тұратын ой сізде терең сақталған, егер одан бас тартсаңыз, ондай адамдар сіздің өміріңізде өз-өзінен жоғалады. Сіз бұдан былай мұндай адамдарды өзіңізге тартпайтын боласыз. Мен төменде тəни дəрежеде көрініс табатын осындай ойлау қалыбының нəтижесін келтіремін: 1. Ұзақ уақыт бойы жинақталған ашу-ыза, өз-өзіне көңіл толмаушылық, реніш тəнді жеп, ҚАТЕРЛІ ІСІК (рак) ауруына айналады. 2. Басқаларды үнемі сынау ревматизм сырқатына шалдықтырады. Кінəлі сезіну əрқашан жазалануға алып барады, ал жазалау қиналуды тудырады. Ол тудыратын қорқыныш пен тығырық асқазан жарасы мен аяқ ауруының жəне шаштың түсуінің пайда болуына бірден бір себепкер. Мен өз тəжірибемнен реніш пен ашу-ызадан құтылу тіпті қатерлі ісікті де жоқ қылатынын білдім. Сырттай қарағанда бұлай түйіндеу қарабайыр боп көрінуі мүмкін, бірақ менің өзім оны көрдім жəне өз басымнан өткердім. Біз өткен уақытқа деген өз қарым-қатынасымызды өзгерте аламыз Өткен уақыт мəңгілікке кетті. Бұл факт жəне бұған ештеңе істей алмайсың. Бірақ өткен уақытқа деген біздің ойымызды өзгертуге болады. Сізді баяғыда біреудің ренжіткені үшін қазіргі сəтте өзіңді-өзің жазалау

қандай ақымақтық болып көрінеді. Мен реніш сезімдері кернеген өз клиенттеріме: «Салыстырмалы түрде жеңілдеу болып тұрғанында реніштеріңізден қазір құтылуларыңызды өтінемін. Хирургтің пышағының сіздің үстіңізден төніп тұрғанын немесе табытта жатқан сəтіңізді күтпеңіз. Онда сізге үреймен қоңсы қонуға тура келеді. Үрей жағдайында жазылу туралы ойға көңіл бөлу өте қиын болады. Бірінші біз өз қорқынышымыздан құтылуымыз керек», – деп кеңес беремін. Егер біз дəрменсіз құрбанбыз жəне біздің өмірімізде барлығы да баянсыз деген танымды ұстанатын болсақ, онда Жаратушы біздің танымымызды қолдайды да, біздің өміріміз қоқысқа айналады. Бұлардың барлығы да ешкімге ешқандай пайда əкелмейтін, жартыкеш – кертартпа пікір екенін түсіну біз үшін өте маңызды. Тіпті, Құдай туралы да ол біздің жағымызда, бізге қарсы емес деп ойлау керек. Өткеннен азат болу үшін кешіруге дайын болуымыз керек Өткеннен өзіңді өзің азат ету мен жұрттың бəрін, əсіресе өзіңді өзің кешіру үшін біз өзімізге таңдау жасауымыз керек. Біз қалай кешіруді білмесек те, бірақ мұны қатты қажет етуіміз керек. Кешірім жасауға құлықтану фактісінің өзі сауығуға ықпал етеді «Сенің мен қалаған бейнедей бола алмағаның үшін де сені кешіремін. Мен сені кешіремін жəне сені толықтай азат етемін». Осындай тоқтамға келу сіз кешірім ететін адамды да, кешірім етушіні де азат етеді. Тоқтамға келу үшін өзіңе-өзің қайталай беру ғана емес (ішіңнен жəне дауыстап), жазу да маңызды, əсіресе машинкада – бұл өте жылдам, 7 күн бойы, күніне 70 реттен. Егер сіз белгілі бір адамды кешіргіңіз келсе кешірілушінің де, кешірім етушінің де есімін айту керек. Барлық ауру кешірмегеннен болады Қалай адам ауыра бастайды, солай ол өз кеудесінен кешірім етілуі қажет адамды іздеуі керек. Егер сіз кешірім жасалуы өте қиын адамды тапсаңыз, онда тап сол адамды кешіру керек. Кешіру – демек, азат болу. Сізге қалай кешіруді білу қажет емес. Ең керегі – кешіруге құлықтылық. Ары қарай сізге Жаратушының өзі көмекке келеді. Біз өз қиналысымызды жақсы түсінеміз. Бірақ кешірім жасауға тиісті адамдардың да қиналысты басынан өткеретінін қабылдау бізге қалай қиын. Сол сəтте олардың өзгеше іс-қимыл жасай алмағандығын түсіну қажет. Маған адамдар кеңес алуға келген кезде, олардың проблемасының шығу негізіне басым ауырмайды, бұл денсаулықтың нашарлығы ма, ақшаның жетімсіздігі ме, қарым-қатынастың нашарлығы немесе дамымаған талант па – мен бірден тек қана бір нəрсемен, өз-өзіңді жақсы көруді қалай дамыту керектігімен жұмыс жасай бастаймын. Өзіңді жақсы көруді дамыту Мен мынадай қорытындыға келдім: біз өзімізді жақсы көрген кезде, өз іс-əрекетімізді мақұлдаған кезде жəне өз-өзімізбен қалған кезде біздің өміріміз жайнай түседі, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Барлық жерде – кішкентай ғажайыптар. Денсаулық жақсарады, қолға ақшаның өзі келеді, біздің басқалармен қарым-қатынасымыз гүлдене түседі, біз өзіміздің тұлғалық қасиетімізді шығармашылық негізде білдіре бастаймыз. Біз өзімізді бар жан-тəнімізбен жақсы көріп, құрметтеген кезде жəне өз іс-əрекетімізді мақұлдаған кезде біз ақылдың белгілі бір ұйымын жасаймыз. Осыдан – қоршағандармен ғажайып қарым-қатынас, жаңа жұмыс: біз тіптен жүдейміз, өзіміздің қалыпты салмағымызға ораламыз. Өзіңді мақұлдау мен өзіңді қабылдау – біздің өміріміздегі оң өзгерістердің кілті Өзіңді бұлай жақсы көру ешқашан, ешбір жағдайда да өзіңді сынауға болмайтынын сезіну фактісінен басталады. Өз басымызды сынау біздің құтылуға тырысқан ойдың бейнесіне əсер етеді. Өз-өзіңді түсіну сиқырланған құрсаудан шығып кетуге көмектеседі. Сіз жылдар бойы өзіңізді сынадыңыз, сонда да бұдан ешқандай жақсылық шықпағанын естен шығармаңыз Өзіңізді жақсы көруге тырысып көріңіз, жəне бұдан не шығады екен, байқаңыз. Өзіңді жақсы көру деп ешқандай эгоистік жақсы көруді немесе «өзін жақсы көруді» нысана ету емес. Өзін жақсы көру – демек, өз басыңның

тірлік кешу фактісін мерекелеу мен өмірдегі сыйы үшін құдайға шүкірлік ету. Өзіңді жақсы көру – демек, бəрінен бұрын, өз басыңды құрметтеу. Мен жақсы көруді сезінемін: * Өмір процесінің өзіне деген; * Тірі болғаныма қуанамын; * Өзім көріп тұрған сұлулыққа; * Басқа адамға деген; * Білімге деген; * Ойлау процесіне деген; * Біздің денемізге жəне оның құрылымына; * Жануарларға, құстарға жəне барлық тірі құбылысқа деген; * Жаратылысқа жəне оның қалай құрылуына деген. Сіз жеке өзіңіз бұл тізімге не қоса алар едіңіз? Ал енді, біз өзімізді қалай жақсы көретінімізді байқайық: * Біз үнемі өзімізге ұрсамыз жəне өзімізді сынаймыз; * Біз өзімізді тамақпен, ішімдікпен жəне есірткімен улаймыз; * Бізді ешкім жақсы көрмейді деген сенімді таңдаймыз; * Біз толық хаос пен берекесіздікте өмір сүрудеміз; * Біз өзімізге қарыз бен төзгісіз ауыртпалықты жасаймыз; * Біз қадір-қасиетті аяққа басатын ашыналар мен күйеуді (əйелді) өзімізге тартамыз. Қандай жағдай да, егер сіз өзіңіздің жетістігіңізді жоққа шығарсаңыз, бұл сіздің өзіңізді жақсы көрмейтініңізді білдіреді. Менің есіме көзілдірік киген өзімнің бір пациенткам түседі. Бір сабақ бойына ол өзін түп негізі балалық шақта жатқан бір қорқынышынан азат етті. Келесі күні ол оянады да, көзілдіріктің өзіне енді қажеті жоқ екенін түсінеді. Оның жанары 100 пайыз көреді. Бірақ үнемі өзіне: «Мен бұған сенбеймін, мен бұған сенбеймін», – деп айтып бүкіл күнді өткізеді. Сөйтіп, ол келесі күні тағы да көзілдірік киеді. Біздің санамыздан тысқары ойымызда юмор сезімі жоқ. Ол өзінде 100 пайыз көретін жанар пайда болғанына тіпті де сене алмайды. Кішкентай балалардың мінсіздігі Сəби болған кездеріңізде сіздер қандай мінсіз едіңіздер! Балаларға мінсіз болу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Олар мінсіздіктің өзі. Жəне де біледі, олар – Жаратылыс аясы. Олар нені керек етсе соны сұраудан қорықпайды. Өздерінің эмоциясын еркін білдіреді. Сəби ренжіген кезде, бұл туралы көршілердің бəрінің білетінін сіз білесіз. Сондай-ақ, сіз сəби шаттанған кезде оның күлкісі бүкіл дүниені нұрға бөлейтінін де білесіз. Балалар махаббатқа толы. Кішкентай балалар махаббаттың жоқтығына төзе алмайды. Өсе келе, біз махаббатсыз өмір сүруді үйренеміз. Сондай-ақ балалар денесінің əрбір бөлшегін жақсы көреді, тіпті өзінің қалдығын да. Сіздер де сондай болғансыздар! Ал сосын сол уақытқа дейін қорқуға үйреніп алған үлкендерді тыңдай бастадыңыздар, сөйтіп сіздер біртіндеп өз мінсіздіктерімізді жоққа шығара бастадыңыздар. Айна алдындағы жаттығу Мен пациентімнен айнаны алып, өз көзіне қарауды, жəне есімін атап, «Мен сені жақсы көремін жəне сен қандай болсаң да сол күйіңде қабылдаймын», – деп айтуды өтінемін. Бұл кейбіреулер үшін мүмкін емес! Адамдардың қалай əртүрлі қарайтынын мен көріп отырамын – кейбіреулері жылай бастайды, екіншісі ашуланады, ал үшіншісі ешқашан бұлай істей алмайтынын мəлімдейді: менің бір пациентім айнаны маған лақтырып, қашып кетті. Оған айналып келгенде жағымсыз эмоцияға берілмей, өзін айнадан көру үшін бірнеше ай қажет болды. Біздің ойымыздағыдай елестеткен «проблеманың» нағыз проблема болып шығуы сирек кездеседі Мысалы, артық салмақты алайық. Адамдар жылдар бойы артық салмақпен күреседі, бірақ бəрібір семіз күйінде қалады. Сонда олар өмірлеріндегі барлық проблема – олардың толықтығынан деп айта бастайды. Артық салмақ – тереңірек ішкі проблеманың сыртқы көрінісі. Менің пікірімше, – бұл əрқашан да қорқыныш пен қорғанысқа деген қажеттілік. Біз қорқыныш пен өзімізге сенімсіздікті сезінген кезде біз соншалықты «жақсы» емеспіз деп ойлаймыз, көбіміз біздің ағзамызда қорғаныс қызметін атқаратын майлармен қапталамыз. Семіз болғаның үшін үнемі өзіңді тұқырту, артық желінген кесіктер үшін өзіңді кінəлі сезіну – уақытты босқа өткізу. 20 жыл өткеннен кейін де сіз семіз боласыз, өйткені сіз нағыз проблемаға тіпті де маңайлаған жоқсыз. Сондықтан мен жеке өз басым əртүрлі диеталардан бас тартамын. Диета көмектеспейді. Жалғыз ғана ұсынысым – бұл жаман ойлар диетасы. Менің клиенттерім семіз болғандықтан өздерін жақсы көрмейміз деп айтады. Ал, мен түсіндіремін: олар өздерін жақсы көрмегендіктен семіз. Біз өзімізді жақсы көріп, құрметтей бастаған кезде барлығы да автоматты түрде ғайып болады…

Нағыз проблема Сонымен зиянсыз, құртақандай айнаға қарайды да, пациенттің көңілі бұзылады. Мен масаттанып күліп: «Тамаша, енді біз нағыз проблеманы көреміз», – деймін. Мен онымен өзіңе деген махаббаттың маңыздылығы туралы қажеттілікпен əңгімелесемін. Ешқашан, ешқандай сылтаумен ештеңе үшін өзіңді мінеуге болмайды, содан өзіңе деген махаббат басталады деймін мен. Мен өз пациенттерімнен не үшін олар өздерін сынайды деп сұраймын да, соның ұзын тізімін жасаймын. Олар өте семіз немесе өте арық, өте ақылды немесе өте ақымақ, өте көріксіз (бұны өте əдемілері айтады) немесе өте əдемі. Аңғарсаңыз – əрқашан «өте». Ақырында, істің анығына жетеміз: «Мен соншалықты жақсы емеспін». Ура! Міне, біз нағыз проблемаға жетеміз. Олар өздерін сынайды, себебі олар жақсы емеспін дегенге сенуге үйренген. Біз бүкіл энергиямызды бір проблеманы шешуге жұмсауымыз керек: махаббат жетімсіздігі жəне өзіңе құрмет! Ой тазалығы Енді өткенге қайырылып қарайық, біз неге сенеміз. Кейбір жандарға өткеннің əсерінен арылу өте қиынға түседі. Сіз өз пəтеріңізді жинаудасыз делік. Ондағы кейбір заттарға сүйіспеншілікпен қарап, одан сайын əдемілеу үшін оның шаңын сүртесіз. Басқа заттар жөндеуді қажет етеді. Бұл фактіні сіз ойыңызға түйіп қоясыз. Сіздің пəтеріңіздегі кейбір заттардың ескіргені соншалық, олардан тезірек құтылу керек. Ескі журналдар мен газеттерді, керек емес кітаптарды сіз лақтырасыз. Жəне бұған бола ренжудің жəне ашуланудың жөні жоқ. Біз ойымызды тазартқан кезде де дəл солай болады. Кейбір танымдарымыз ескіріп, бізге олардан құтылу керек болса, оған бола ренжуге болмайды. Олар біздің өмірімізде өтіп кеткен. Біз өзімізге бүгін түстік жасау үшін кешегі жуындыны қопармаймыз ғой. Болашақ өмірді жасау үшін ой жуындысын қопарудың да қажеті жоқ. Біздің кейбір шектеулі танымдарымызды қарап көрелік: шектеулі таным: «Мен онша жақсы емеспін». Оның түбірі, əкесінің өз сəбиіне үнемі сен ақымақсың деп айтуында жатыр. Шектеулі таным: «Мен өзімді онша жақсы көрмеймін». Оның негізі мынада: қызы əкесіне ұнаған нəрсені жасауға тырысқан. Олар ешнəрсеге келіспей, үнемі ұрсыса береді. Қыз əкесінің қолдауын күтті, бірақ оның орнына қатал сынға ұшырып отырды. Қыз əкесінің жанын ауыртқан оның реніштері екенін түсінген жоқ, сол сияқты əкесіндегі реніштер де оның өзінің жанын ауыртты. Шектеулі таным: «Өмір қауіпті». Оның шығу негізі: үрейлі əке… Менің басқа бір əйел клиентіме өмір қатал да қиын болып көрінді. Оған күлу қиынға түсті, кейде бұлай істесе осыдан кейін жаман бір нəрсе болардай қорқыныш пайда болды. Оны: «Күлме, егер күлсең одан ешқашан жақсы болмайды», – деп қайталай отырып тəрбиелеген екен. Жаттығу Бір парақ қағазды алыңыз да сіз туралы ата-анаңыз айтқан келеңсіздіктердің тізімін жасаңыз. Қаз-қалпында еске түсіру үшін ең аз дегенде жарты сағат керек. Олар ақша туралы не айтты? Олар сіздің денеңіз туралы не айтты? Адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен махаббат туралы ше? Сіздің қабілетіңіз туралы ше? Егер қолыңыздан келсе тізімге əділдікпен қараңыз жəне өзіңізге: «Маған бұл ойлар қайдан келген» деп айтыңыз. Таза парақ алайық та, одан əрі аздап жүрейік. Тағы кімнен сіз үнемі теріс пікір естідіңіз? – Туыстардан; – Мұғалімдерден; – Достардан; – Билікке иелік етушілерден. Бəрін жазыңыз. Бұның бəрін жазған кезде, байқаңыз, сіз өзіңізді қалай сезінесіз. Сіздің қолыңызбен жазылған екі парақ қағаз – бұл сіз тез арада құтылуға тиіс ойлар! Бұл сізге өмір сүруге кедергі жасап жүрген ойлардың дəл өзі. Өзіңді сəби етіп елестету Егер біз үш жасар сəбиді алып, оны бөлменің ортасына қойып, оған бар күшімізбен айқайласақ, оған ақымақ деп жəне оған не істеу керектігін айтсақ (тіпті бір-екі рет ұра да аламыз), онда қорыққан сəби бұрышта тыныш отырады, немесе өзін тəртіпсіз ұстай бастайды. Бұндай сəбилерде бар болғаны таңдаудың екі-ақ мүмкіншілігі болады. Бірақ біз бұндай сəбилердің шын мəнінде қолынан не келетінін білмейміз. Егер сол баланы алып, оған біз сені жақсы көреміз, қастерлейміз, ол ақылды, зерек, оның ойнағаны бізге ұнайды, оның қате істегенінде тұрған таңқаларлық ештеңе жоқ (оны барлығы да істейді) жəне біз ештеңеге

қарамастан оны əрқашан жақсы көреміз десек, – онда бұндай баланың мүмкіншілік əлеуетін тіпті де көзге елестете алмас едік! Біздің əрқайсымыздың (жасымызға қарамастан) көңілімізде осындай үш жасар бала бар… Біздің өміріміздің сценариінің негізі – біздің ерте кездегі «бағдарламамызда» жатыр. Біздің бəріміз де «олардың» бізге айтқандары мен «шындық» түріндегі уағыздарын əзірлікпен қабылдаған тəртіпті үлгілі балалармыз. Бірақ тағы да бұл үшін отбасын кінəлап емес, түсініктің ең жоғарғы деңгейіне жету маңызды. Өткенді өзгертуге болмайды, бірақ біз өзімізге тамаша болашақ жасаймыз. Біз мұнда, мына жерге біздің шектеулерімізді жеңу үшін келгенбіз. Біз мұнда «олардың» бізге айтқандарына қарамастан, өзіміздің ерекшеліктерімізге қайран қалу үшін келгенбіз. Сондықтан сіздерге шектеулеріңізді жеңу керек, ал маған өзімдікін жеңу керек. Өзгеруге деген шешім Өмірге деген біздің көпшілігіміздің қатынасымыз – бұл, бəрінен бұрын, дəрменсіздік сезімі. Біз баянсыз өмірге баяғыда-ақ қол сілтегенбіз, одан үміт ете бермейміз. Оған, біреулер үшін – сансыз түңілу, ал біреулер үшін – тұрақты қиналыс, т.с.с. кінəлі. Бірақ бəрі үшін бір-ақ нəтиже – өмірден толық түңілу мен өзін жəне өз өмірін мүлдем басқа негізде көруге деген құлықсыздық. Жақсы, егер сіз өзіңізге сұрақ қойсаңыз: «Менің өмірімде ұдайы түңілулер неден туындайды?». Басқаларды сізді ашуландыруға мəжбүрлейтін не, нені сіз соншалықты мол үлестіресіз? Сіз не істесеңіз, соны қайтара аласыз. Сіз неғұрлым көбірек ашулансаңыз, сізге ашу туғызатын жағдайларды сіз соғұрлым туындатасыз. Біздің барлығымыз, біздің өміріміздің өзгергенін қалаймыз, бірақ біздің өзіміз өзгергіміз келмейді. Басқа біреулер өзгерсін, «олар» өзгерсін, ал мен күте тұрамын. Басқа біреуді өзгерту үшін, алдымен сіздің өзіңіз өзгеруіңіз керек. Жəне сіз іштей өзгеруіңіз керек. Біз ойлау əдісімізді, қалай сөйлеуді, нені айтуды өзгертуіміз керек. Тек сонда ғана нағыз өзгеріс басталады… «Мен өзгергім келеді» жаттығуы «Мен өзгергім келеді» деген сөз тіркестерін мүмкіндігінше жиі қайталаңыз. Осы тіркестерді айта отырып, тамағыңызға қолыңызды тигізіңіз. Тамақ – бұл өзгеруге қажетті энергиялардың барлығы жинақталған орталық. Өзгеріс сіздің өміріңізге енген кезде сіз оған дайын болыңыз. Сондай-ақ сіз кей жерлерде өзгертуге дəрменсізбін деп есептесеңіз, тура сол жерде сізге өзгеру қажет екенін біліңіз. Менің өзгергім келеді, менің өзгергім келеді. Жаратылыс күші сіздің ниетіңізге автоматты түрде көмектеседі, ал сіз өз өміріңіздегі көптеген өзгерістерді таңқала отырып тап басасыз. Өзге жаттығу Айнаға жақындап, өзіңізге: «Менің өзгергім келеді» деңіз. Осы кезде өзіңізді қалай сезінетініңізге көңіл бөліңіз. Егер сіз қарсыласып немесе қобалжып тұрғаныңызды байқасаңыз, өзіңізден сұраңыз – неге? Құдай үшін, өзіңізге ұрыспаңыз, көңіліңізге түйіп қойыңыз. Қандай пікір немесе ой сізді бұлай сезінуге мəжбүр етеді. Оның қайдан келгенін сіз білесіз бе, жоқ па, оған қарамастан оны сіз жоқ қылып жіберуіңіз керек. Тағы да айнаға жақын келіп, көзіңізге тесіле қарап, қолыңызбен тамағыңызды ұстаңыз жəне 10 рет: «Мен барлық қарсылықтардан құтылуым керек» деп айтыңыз. Айнамен жұмыс істеу жақсы көмектеседі. Өзіңнің көзіңе қарап өзің туралы жақсы пікір айту – жақсы нəтижелерге жетудің ең жылдам əдісі. Өзіміздегі өзгерістерге қарсылық Кейбір пікірлердің бізде терең орын тепкені соншалық, оны бірден байқай да алмайсың. Біз арыздана бастаймыз немесе бұны алдыменен басқа орындардан аңғара бастаймыз. Біз досымызды, мұғалімімізді немесе кітапты өзімізге тартамыз, солардың арқасында терең ұйқыдан ояна бастаймыз. Менің өз басымда бұл процесс бір құрбымның ескертпесінен басталды. Оған бір кездесу туралы айтыпты, ол бармаған еді, ал менің ішкі дүнием барудың қажет екенін білдіргеннен кейін мен бардым. Бұл кішкентай кездесу шындық жолындағы менің алғашқы қадамым болды, кейде бізге бұндай жағдайлар елеусіздеу болып көрінеді. Біз тіпті осы елеусіз əрекетті істеуге шақырған ой үшін өзімізге ренжиміз де. Егер бұның біздің сауығу процесіндегі алғашқы қадамымыз екенін түсінсек, бұл реакция жақсы. Бұл процесс біз өзгеруге шешім қабылдаған кезде басталады. Шыдамсыздық – қарсыласудың өзге бір формасы. Өзгерістің тура қазір болуын талап еткен кезде біздер, өзімізді өзіміз тудырған проблемаларды шешу үшін қажет маңызды сабақтардан айырамыз.

Мен пациентке оның проблемасынан орын алған адамды кешіруді ұсынған кезде, оның жұдырықтары түйіліп, тістенеді. Қарсыласу біліне бастайды, жəне мен оған тура осы жерде жұмыс істеу керек екенін білемін. Біздің бəрімізге де өмірдің маңызды сабақтарынан өту керек. Біздің өміріміздегі кейбір заттар біз үшін қиын, себебі бұл сабақтарды біз өзімізге өзіміз таңдағанбыз. Егер біздің өміріміздегі кейбір заттар біз үшін жеңіл болатын болса, онда бұл – сабақ емес, бұлар өзіміз бұрыннан білетін заттар. Егер біз өзгерудің қиын екенін білсек, онда сіз өміріңіздегі ең қиын сабақпенен ұстасып тұрсыз. Бұндай қарсылықтарға бола өзгерістерден бас тартудың қажеті жоқ. Сіздің екі деңгейде жұмыс істеуіңізге болады: 1. Өз қарсылығыңызды саналы түрде қабылдау. 2.Үнемі өзгерісте болу. Өзіңізді бақылап қараңыз, сіз қалай қарсыласудасыз жəне бұған қарамастан өзгеріңіз. Біздің əрекетіміз біздің қарсыласып жатқанымыздан хабар береді. Бұл мынадан көрінеді: Əңгіме тақырыбы өзгеруімен; Бөлмеден шыққыңыз келуімен; Дəретханаға барғыңыз келуімен; Кешігумен; Ауырумен; Жан-жаққа немесе терезеге қараумен; Бір нəрсеге көңіл бөлуден бас тартумен; Жегіңіз, ішкіңіз, шеккіңіз келуімен; Қарым-қатынастың аяқталуымен. Пікір. Біз түбінде қарсылыққа айналатын пікірмен өсеміз. Міне, біздің кейбір шектеулі пікірлеріміз: Бұл маған жараспайды; Еркектер (əйелдер) бұны істемеу керек; Менің отбасымда бұлай болмаған; Махаббат – бұл менің қолым емес, бұл өте ақымақтық; Жолы өте ұзақ; Өте қымбат; Көп уақыт алады; Мен бұған сенбеймін; Мен бұндай емеспін. «Олар». Біз өз күшімізді басқаларға береміз жəне бұны өзгерістерге тойтарыс беретін сылтау ретінде пайдаланамыз. Біздің басымызда мынадай идеялар бар: Сəтінің түспеуі; «Олар» маған өзгеруге рұқсат етпейді; Менде қажетті мұғалім, кітап, класс, т.б. жоқ; Менің дəрігерім басқаша айтады; Бұл олардың кінəсі; Бірінші олар өзгеруі керек. Олар түсінбейді; Бұл менің пікірлеріме, дініме, философияма қарсы. Біз өзіміз туралы былай ойлаймыз: Тым кəрімін; Тым жаспын; Тым семізбін; Тым арықпын; Тым ұзынмын; Тым кішкентаймын; Тым жалқаумын; Тым күштімін; Тым ақымақпын; Тым кедеймін; Тым сабырлымын; Мүмкін мұның бəрі мен үшін емес. Біздегі ең үлкен қарсылық қорыққандықтан пайда болады – БЕЛГІСІЗДІК АЛДЫНДАҒЫ ҚОРҚЫНЫШ. Тыңдаңыз: Мен дайын емеспін; Менен ештеңе шықпайды; Ал көршілерім не дейді? Менің «құрт толы банкіні» ашқым келмейді; Ал менің ата-анамның (күйеуімнің, əйелімнің, əжемнің, т.б.) реакциясы қалай болады? Мен өте аз білемін; Егер мен өзімнің жанымды ауыртсам не болады? Менің проблемаларым туралы өзгелердің білгенін қаламаймын; Мен бұл туралы айтқым келмейді; Тым қиын; Маған ақша жетпейді; Мен өзімнің достарымды жоғалтамын; Мен ешкімге сенбеймін; Мен бұған сай боларлықтай жақсы емеспін. Бұл тізімнің түпсіз жалғаса беруі мүмкін.

Менің бір əйел клиентім үш автомобиль апатына ұшырады, жұлынын, мойнын үзді жəне тізесін сындырды. Ол маған келе жатқанда жолда соғысып, оның үстіне көлік тығынында тұрып қалып, соның кесірінен кешікті. Маған өзінің проблемасын айту оған жеңіл тиді, оған: «Бір минут тоқтай тұрыңыз, менің сізге бірдеңе айтқым келеді», – дегенде, міне, сол кезде басталды. Көзілдірігі мазасын алды, ол басқа орындыққа отырды, сосын оған дəретханаға бару қажет болды. Қабылдаудың соңына дейін оның көңілін тоқтату мүмкін болмады. Соңынан мен оның апайының да екі рет мойнын үзіп алғанын, сондай-ақ олардың шешесінің де мойнын үзіп алғанын білдім. Достарыңызды өз жайына қалдырыңыз Біздер өзіміздің проблемаларымызға көңіл аударудың орнына қай достарымыздың өзгеруі қажет екенін шешіп жатамыз. Бұл да қарсыласу формасы. Бұл жағдайда мен əркім өзіне терең үңіліп қарауды жəне біздің достарымызда тура соны неліктен өзгерткіміз келетінін аңғаруды ұсынамын. Əдетте біз өзімізде өзгерту қажет нəрсені басқалардың бойында өзгертуге тырысамыз. Біздің бəрімізде де біз қалай əрекет етіп, қалай ойласақ, тура солай қимылдап, ойлауымыздың қажеттілігі туралы сезім терең орын алған. Бұл біздің танымымызға сəйкес келеді немесе соның көрінісі болып табылады. Егер таным болмаса, онда оның көрінуі де болмас еді. Біздің бойы-мызда артық салмақты тудыратын, нашар қарым-қатынасқа, кедейлікке, көңіл-күйдің бұзылуына, т.б. алып келетін бірдеңе бар. Сіз өзіңізге: «Мен бұны ешқашан істемеймін» деп қанша рет қайталадыңыз. Соған қарамастан сіз тағы да торт жейсіз, тіпті, бұны енді істемеске өзіңізге өзіңіз уəде берген сол күн бітпей жатып-ақ, тағы да темекі шегесіз, сізге қымбат адамдарға дөрекі мінез көрсетесіз, т.б. Біз өзімізге ренжіп: «Сенде титтей де жігер-күш жоқ! Сен əлсізсің!» деп, проблеманы одан сайын күрделендіре түсеміз. Бұл өзіміздің иығымызға арқалап жүрген азаптың адам төзгісіз ауыр жүгін одан сайын ауырлата түседі. Бұның орнына сіз өзіңізге: «Мен өзімді үнемі кемсітіп сезіндіретін жасырын тілектен азат болғым келеді. Мен өмірдегі барлық жақсылықтарға татимын жəне мен өзіме бұны сүйіспеншілікпен қабылдауға рұқсат етемін» деңіз. Өз танымдарыңызды өзгертсеңіз, сіздің өміріңіз өзгереді! Біздің əрбір ойымызды өзгертуге болады! Егер сізді үнемі қажетсіз ойлар мазаласа, ондай ойларды тоқтатып, оларға: «Жоғал!» деңіз. Оның орнына сізге сəттілік əкелетін мынадай ойларды қабылдаңыз. Қалай өзгеруге болады? Бұның негізінде үш негізгі принцип жатыр: Өзгеруге құлықтылық. Ақылға бақылау қою. Өзіңді жəне өзгелерді кешіру. Өзгеруге құлықтылық туралы жоғарыда айттық, енді ақылға бақылау қою туралы айтайық. Біздің бəріміз ақылымызға қарағанда əлдеқайда зорырақ бір нəрсеміз. Сіз, мүмкін, өміріңіздегі барлық нəрселерге ақыл жауапты деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ бұндай таным сіздің осылай ойлайтындығыңызға ғана негізделген. Сіздің ақылыңыз – бұл олай да, бұлай да қолдануға болатын қару. Ол əрқашан сіздің қызметіңізде. Бір минутқа ойыңыздағы «мылжыңды» өшіріңіз де «Сіздің ақылыңыз – сіздің қаруыңыз» деген пікірдің мəні туралы ойланыңыз. Оны қалай пайдалануды сіз өзіңіз шешесіз. Сіз таңдайтын ойлар сіздің барлық өмірлік жағдаяттарыңызды тудырады. Ой мен сөзде адам сенбестей күш бар. Сіз өзіңіздің ойыңыз бен сөзіңізге бақылау жасаған кезде, сіз бұл күшпенен үйлесімде боласыз. Сіздің ақылыңыз сізге бақылау жасайды деп ойламаңыз. Тіпті, керісінше, сіз ақылыңызға бақылау жасайсыз. «Азаттық» жаттығуы Терең дем алыңыз, сосын ауаның бəрін сыртқа шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Сосын өзіңізге айтыңыз: «Менің азат болғым келеді. Мен ең-сені басқан барлық салмақтан босаймын. Өзіммен өзім жарасым табамын. Мен өмір процесінің өзінен жарасым табамын. Қауіп-қатерден тыспын». Бұл жаттығуды үш рет қайталаңыз. Сіз қиын жағдайда тұрғандай болсаңыз, осы сөздерді қайталаңыз. Сонда бұл сөздер сіздің бір бөлшегіңізге айналады жəне қалыпты болғаны соншалықты, барлық салмақ пен күн сайынғы күрес біртіндеп сіздің өміріңізден жоғалады. Денеңізді бос ұстаңыз жəне жақсы нəрсе туралы ойланыңыз. Бұл сондай оңай.

Тəни босаңсу Кейде сізге тəни босаңсу қажет. Біз тап келетін жағдайлардағы келеңсіз тəжірибелер мен басымыздан өткеретін эмоциялар көбіне біздің тəнімізде қалады. Бұдан тəни азат болу формасының бірі – машинаның немесе үйдің терезесін жауып, бар күшіңмен айқай салу. Бар күшіңмен жастықты немесе керуетті ұрғылау – келесі залалсыз əдістің бірі. Əртүрлі спортпен шұғылдану немесе жылдам жүру де тура осындай нəтижеге алып келеді. Жақында, бір-екі күннің бедерінде иығым сұмдық қатты ауырды. Ауруға көңіл аударғым келмеді, бірақ ол кетпеді. Сонда мен өзімнен сұрадым: «Не болып жатыр, мəселе неде? Мені не алаңдатады?». Мен жауап таппадым, сондықтан өзіме: «Ендеше, қарап көрелік» дедім. Керуетке екі үлкен жастықты қойдым да, оны бар күшіммен төмпештей бастадым. 12 соққыдан кейін мені не ашуландыратынын анық білдім. Бəрі анық болды, мен жастықты одан сайын ұра бастадым, осылай мен өзімді ашулану сезімінен азат еттім. Аяқтап болып, мен өзімді əлдеқайда жеңіл сезіндім, ал келесі күні ауру тіптен жоғалды. Өткеннен азат болу Менің көптеген пациенттерім: қазір бақытты бола алмаймыз, себебі өткен кезеңдерде жаралы болғанбыз дейді. Өйткені олар істеуге тиіс нəрсені істеген жоқ. Өйткені, енді, олардың дүниеде ең ардақ тұтқан нəрселері жоқ. Өйткені оларды кезінде жаралы қылғандықтан олар ешкімді жақсы көре алмайды: ертеректе істеген сұмдық істері үшін өздерін аяусыз қарғайды. Өйткені бұны олар ешқашанда кешірмейді жəне ұмыта алмайды. Үнемі өткенді есте ұстау – демек, өзіңді қинау. Сіздің алдыңызда кінəлі болғандарға – оларға бəрібір. «Олар» тіпті біздің қиналысымыздың көлемін де білмейді. Сондықтан да өз ойыңды өткенге бағыттаудың ешқандай мəні жоқ. Ол келмеске кетті жəне бұны өзгерту мүмкін емес. Есесіне оған деген біздің қатынасымызды өзгертуге болады. Өткеннен азат болу жаттығуы Қанеки, өткенді тек естеліктер тұрғысынан саралайықшы. Егер сіз үшінші класта не кигеніңізді есіңізге түсіретін болсаңыз, онда бұл естелік қандай да бір эмоциональды бағалаудан ада болады. Сіздің өткен өміріңіздегі барлық оқиғаларға осылай қарауға болады. Біз азат болу мүмкіндігіне қарай өзіміздің барлық ақыл-ой күшімізді осы сəтте пайдалануға бейімделеміз. Тағы да өзіңіздің реакцияңызды бақылаңыз. Бұл үшін сізге не істеу керек? Өзіңіздің өткеніңізбен айырылысуға сіз дайынсыз ба немесе сіз соны қалайсыз ба? Сіздің қарсыласу дəрежеңіз қаншалықты? Кешіру. Өте маңызды тарау Сіз бен біздің келесі қадамымыз – кешіру. Бүкіл сұрақтар мен проблемалардың жауабы кешірім жасауда жатыр. Біздің өмірімізде, қандай сипатта болғанына қарамастан, проблемалар туындап жатса, онда бізге біреуді кешіру қажет екенін мен өз жеке басымның тəжірибесінен білемін. Махаббат – біздің кез келген проблемаларымыздың жалғыз жауабы, жəне бұндай халге жетудің жолы – кешіруде жатыр. Кешіру – ренішті сейілту. Оның бірнеше əдісі бар. Ренішті сейілтетін жаттығу Бір тыныш жерде отырыңыз, денеңізді бос ұстаңыз. Сіз алакөлеңке театрда отырмын, ал алдымда шағын сахна деп көзге елестетіңіз. Сахнаға сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз (дүниеде ең жек көретін адамыңыз). Бұл адам тірі немесе өлі болуы мүмкін, сондай-ақ сіздің жек көру сезіміңіз де не өткен шақтікі, не осы шақтікі. Сіз бұл адамды анық көрген кезде, ол адамның өмірінде үлкен маңызға ие жақсылықтар болып жатыр деп елестетіңіз. Оны жайдары жəне бақытты күйде көзіңізге елестетіңіз. Осы образды өз елестетуіңізде бірнеше минут ұстап тұрыңыз, сосын жойып жіберуіңізге болады. Сосын, сіз кешіруге тиіс адам сахнаны босатады, ол жерге өзіңізді қойыңыз. Өзіңізді бақытты да жайдары қылып елестетіңіз. Жəне Жаратылыстың мейірімі біздің бəрімізге де жететінін біліңіз. Бұл жаттығу қордаланған реніштердің қара бұлттарын сейілтеді. Кейбіреулерге бұл жаттығу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бұл жаттығуды жасаған сайын қиялыңызда түрлі адамдарды суреттеуге болады. Бұл жаттығуды бір ай бойы күніне бір реттен жасап тұрыңыз жəне қаншалықты жеңілденгеніңізді бақылаңыз.

«Ойша көзге елестету» жаттығуы Міне, тағы бір өте жақсы жаттығу. Өзіңізді жас сəби қылып елестетіңіз (5-6 жасар). Осы сəбидің көзіне терең қадалып қараңыз. Терең мұңды көруге жəне оның сізге деген махаббат мұңы екенін түсінуге тырысыңыз. Қолыңызды созып, кішкентай сəбиді құшақтаңыз, көкірегіңізге басыңыз. Оған қалай жақсы көретініңізді айтыңыз. Сіз оның ақылдылығын мақтаныш тұтатыныңызды, егер ол қателік жасаса ештеңе етпейтінін, ондайды жұрттың бəрінің де жасайтынын айтыңыз. Егер қажет болса сіз оған қашан болса да көмекке баруға уəде беріңіз. Енді сəби тип-титтей, бұршақтай ғана сəбиге айналсын. Оны өзіңіздің жүрегіңізге қойыңыз. Ол сол жерден орын алсын. Сіз төмен қараған кезде оның кішкентай сұлбасын көріп, ол үшін үлкен мəнге ие барлық махаббатыңызды бере аласыз. Енді 4-5 жастағы үрейлі жəне махаббатқа шөліркеген өз анаңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Оған да қолыңызды созып, сіз оны қалай жақсы көретініңізді айтыңыз. Ешқандай жағдайға қарамастан оның сізге арқа сүйей алатынын айтыңыз. Ол тынышталып, өзін қауіпсіз сезінген кезде, оны өзіңіздің жүрегіңізге орналастырыңыз. Ал енді əкеңізді 3-4 жастағы кішкентай бала қылып елестетіңіз, ол да бірдеңеден қорқады жəне қатты өксіп жылауда. Сіз оның денесіне бұршақтап құйылып жатқан көз жасын көресіз. Сіз енді жас балаларды қалай тыныштандыру керек екенін білесіз. Оны кеудеңізге қысып, денесіндегі дірілді сезініңіз. Тыныштандырыңыз. Ол сіздің махаббатыңызды сезінсін. Сіз оған онымен бірге болатыныңызды айтыңыз. Оның көз жасы кепкен кезде ол да құртымдай болсын. Оны өзіңізбен жəне мамаңызбен бірге жүрегіңізге орналастырыңыз. Олардың барлығын сүйіңіз, дүниеде кішкентай балаға махаббаттан артық қасиетті ештеңе жоқ. Біздің жүрегімізде күллі планетаны сауықтыруға жетерлік махаббат бар. Бірақ, алдымен біз өзімізді өзіміз сауықтырайық. Сіздің барлық тəніңізге тарап жатқан жылылықты, жұмсақтық пен нəзіктікті сезініңіз. Бұл қымбат сезім сіздің өміріңізді өзгертсін. Күнделікті еңбек Мен күнді əдетте былай өткіземін: таңертең оянып, көзімді ашар алдында қолымдағы барыма ризашылығымды білдіремін. Суға шайынып алғаннан кейін медитация жасап, жарты сағаттай Құдайға құлшылық етемін. Сосын таңертеңгілік гимнастика (15 минут). Кейде мен гимнастиканы сағат алтыдағы таңғы бағдарламамен бірге жасаймын. Менің таңғы асым жемістер мен шөптен жасалған шайдан тұрады. Маған тағам бергені үшін мен тағы да Жер-Анаға алғыс айтамын. Ланчтың алдында айнаға барып, жаттығу жасаймын; мына сөздерді дауыстап айтамын немесе өлеңдетемін: Луиза, сен кереметсің, мен сені жақсы көремін; Бұл менің өмірімдегі ең тамаша күн; Сенің білгің келген нəрсенің бəрі саған өзі келеді; Барлығы тамаша. Əдетте, мен ланчта үлкен салат жеймін. Жəне асыма шүкірлік етемін. Күндіз мақсаттар жазылған таспаны тыңдаймын. Кешкі асқа буланған көкөністер мен каша жеймін. Кейде тауық не балық жеймін. Менің денеме бəрінен де қарапайым тағамдар тиімді. Кешке мен оқимын немесе жұмыс жасаймын. Ұйықтауға жатып, өткен күнді ойша шолып өтемін де оған алғыс білдіремін. Мен тамаша ұйықтаймын жəне таңертең керемет күн үшін тұрамын деп айтамын. Ерсілеу естіледі, рас емес пе? Ал сіз өз күніңізді қалай бастайсыз? Таңертең сіз тұрған кезде сіз не айтасыз, я ойлайсыз? Таңертең оянып: «Құдайым-ай тағы да ояну керек. Басқа күн» деп ойлаған уақыттар да есімде. Жəне қалай елестетсем тура солай алдымнан шығатын. Бірінен кейін бірі қаптаған кесапаттар. Қазір көзімді ашар алдында жақсы түсім үшін жəне менің өмірімдегі барлық жақсылықтар үшін алғысымды айтамын. Жұмыс туралы Таңдаған мамандығымызға көңіліміз толмағанда кейбіреулеріміз үнемі былай ойлаймыз: Мен жұмысыма шыдамаймын; Мен жұмысымды жек көремін; Мен жеткілікті ақша таппаймын; Мені жұмыста бағаламайды; Мен не істерімді білмеймін. Бұл сізге көп зиян əкелетін теріс ойлар. Егер осылай үнемі ойлай беретін болсаңыз сіз қалай жақсы жұмыс таппақшысыз? Бұл проблемаға сол жағынан келу деп аталады. Егер сізде қазір əйтеуір бір себеппен ұнамайтын жұмыс, қызмет болатын болса былай істеу керек: Қазіргі қызметіңізге рақмет айтудан бастаңыз. Бұл сіздің жолыңыздағы қажетті кезең. Сіз қазір өзіңіздің өмірлік танымдарыңыз жетелеп əкелген жерде тұрсыз. Сондықтан да жұмысыңыздағы барлық нəрселерге: сіз жұмыс істейтін ғимаратқа, лифтіге, бөлмеге, жиһаздар мен құрал-жаб-

дықтарға, араласатын адамдарыңызға рақмет айтудан бастаңыз. Егер сіз бұл жұмыстан кеткіңіз келсе, онда бұл жұмыстан игі ниетпен кететініңізді жəне оны осы жұмыста өзін бақытты сезінетін адамға беретініңізді үнемі өзіңізге айтып жүріңіз. Шындығында да көптеген адамдардың сіздің жұмыстағы иеленген орныңызға ұмтылатынын сіз білуіңіз керек. Жұмысқа кірігу «Менің мінезім ашық жəне менің талантым мен мүмкіндіктерім пайдаланылатын жұмысты қабылдауға дайынмын. Менің бұл жаңа жұмысым шығармашылық қабілетімді іске асырады жəне мені қанағаттандыратын болады». Егер жұмыста əлдебіреулер сіздің мазаңызды алатын болса, сол адам туралы ойлаған сайын оған рақмет айтыңыз. Біз ондайларды өзіміз таңдамасақ та, біздің əрқайсымызда аздаған Гитлер мен Иусус Христос бар екенін білу маңызды… Егер бұл адам сыншыл келетін болса, сізді мақтайтын адам есебінде, ал егер ол қатал болатын болса, онда оны нəзік те əділ етіп көзге елестетіңіз. Егер сіз адамдардан тек жақсыны көрсеңіз, онда олар басқалармен қалай қарым-қатынас жасаса да тек сізге ғана өздерінің тамаша да керемет қасиеттерін көрсетеді. Дене Біздің денеміздегі ауру деп аталатын нəрселерді өзіміздің тудыратынымызға мен сенімдімін. Дене, біздің өміріміздегі басқа да нəрселер сияқты – танымдарымыздың тура бейнесі. Біздің денеміз барлық уақытта да бізге айтады – егер біз оны тыңдауға уақыт тапсақ… Денеміздегі əрбір жасуша біздің əрбір ойымыз бен əрбір сөзімізге сай қимыл жасайды. Ойлау мен сөздің ұзаққа созылған бейнесі дене қалыбын белгілейді. Мұңлы жүзді адамды міндетті түрде көңілсіз ойлар иектейді. Бұл жағдайда қарттардың жүзі қызығушылық тудырады. Олар – өмір бойғы ойлау жүйесінің тура бейнесі. Сіз қартайған кезде қалай көрінесіз? Бұл кітапта мен метафизикалық диагноз бен көп аурудың менталдық себебінің тізімін келтіремін. Бұл шамамен 90-95% дұрыс. Бас біздің өзімізді бейнелейді. Бұл біздің дүниеге көрсететін нəрсеміз. Бізді басымыздан таниды. Баста бір нəрсе дұрыс болмаса, біздің өзімізде бір нəрсенің дұрыс болмағаны. Шаш күш-қуатты білдіреді. Біз қорыққан кезде əдетте иық бұлшық еттерінде басталып, сосын басқа баратын, ал кейде көзге баратын «болат белдікті» жасаймыз. Шаш шаш қапшықшалары арқылы өседі. Бас сүйегіне салмақ салған кезде бұл қапшалар автоматты түрде жабылып, шаштар семіп, түсе бастайды. Егер үнемі салмақ түсіп, бас сүйегі дем алмайтын болса шаш өсуін тоқтатады. Нəтиже – бастың қасқалануы. Əйелдер шашының қасқалануы олардың «іскер» ерлер əлеміне енуінен басталады. Біз əрине, мұны аңғара бермейміз, себебі, көптеген париктер табиғи көрінеді. Құлақ есту жəне тыңдау мүмкіндігіне ие. Егер адамның құлағының мүкістігі болатын болса, бұл оны есту мүмкіндігінен бас тартқызып тұрған өміріндегі болып жатқан жағдайға байланысты. Құлақтың ауруы – бұл сіз естуге тиісті нəрсеге байланысты қобалжуды білдіреді. Балалардың құлағы үнемі ауырады. Олардың тыңдағысы келмеген нəрсені үйде жиі тыңдауына тура келеді. Сəбидің ашу білдіруіне тыйым салынады, шын мəнінде олардың бір нəрсені өзгертуге дəрменсіздігі құлақ ауруына əкеп соғады. Саңыраулық ұзаққа, мүмкін өмір бойына созылатын, біреуді тыңдауға деген құлықсыздықты білдіреді. Көңіл аударыңыз: кейде есту аппаратымен жүрген серіктесті кездестірсек, енді бірі ауыз жаппай сөйлеумен болады… Көз көру мүмкіндігін білдіреді. Егер көзіңізге байланысты проблема туындап жатса, бұл əдетте не өзіңіздегі немесе өз өміріңіздегі бірдеңені көруден бас тартуды білдіреді. Мен көзілдірік киген балаларды көрген кезде олардың үйлеріндегі бір жайсыздықты білемін: олар тура мағынасында нəрселерді көруден бас тартады. Егер олардың үйдегі жағдайды түзеуге күші келмесе, онда олар көздерін анық көру мүмкіндігінен айыру үшін жанарларын сейілтеді. Бас ауруы біз өзімізді толыққанды сезінбеген кезде болады. Басыңыз ауырған кезде бір минутқа тоқтап, сіз өзіңізді қай жерде қор сезінесіз жəне неліктен солай екенін өзіңізден сұраңыз. Бұлай сезінуден құтылу үшін өзіңізге кешірім жасаңыз, сонда сіздің бас ауруыңыз да өзінен өзі жоғалады. Бас сақинасы өмірде мінсіз болғысы келген жандарда, сондай-ақ мына өмірге өкпесі қара қазандай пенделерде болады. Мойын мен тамақ өте қызғылықты. Мойын – бұл ойлау икемділігіне бейімділік, мəселенің екінші жағын көруге жəне басқа адамның көзқарасын түсінуге деген бейімділік. Бізде мойынға байланысты мəселелер туындап жатса, бұл біздің қасарысып, икемді болудан бас тартатынымызды білдіреді. Алқым – бұл біздің нені қаласақ соны сұрау жəне өзіңе қорған болуға деген бейімділігімізді білдіреді. Алқымға байланысты проблема

«құқымыз жоқ» деген сезім мен өз бойыңдағы жетімсіздіктерді сезінуден туындайды. Ауру алқым – бұл қашан да наразылықты білдіреді. Ал егер оған суық тию қосылса, бұл онда – абыржу. Ларингит, əдетте, ашудан булығып сөйлей алмауды білдіреді. Одан басқа алқым біздің барлық творчестволық энергияларымыз бағытталған ағза бөлігін білдіреді. Таңдай бездері мен қалқан бездеріне байланысты аурулар сіздің істегіңіз келген нəрсені творчестволық тұрғыда істей алмағаныңыздан хабар береді. Біздің өзгерістеріміз бəрінен бұрын сол тамақтың аумағында болып жатады. Біз өзгерістерге қарсылық танытқан кезде, проблема тамағымызда пайда болып жатады. Біздің кейде жоқ жерден жөтелетінімізге көңіл бөліңіз. Немесе басқа біреу жөтеле бастайды. Осы сəтте не айтылады? Біз неге көңіл бөлеміз? Мүмкін бұл қасарысу, қарсыласу немесе біздің өзгерістер процесінде екендігімізден хабар беру? Арқа қолдау жүйесін білдіреді. Арқаңызда проблеманың болуы сіздің жеткілікті қолдауды сезінбейтініңізді көрсетеді. Біз отбасымыз бен достарымыз қолдайды деп өте жиі ойлаймыз. Шын мəнінде бұл Жаратушы мен Өмірдің өзінің қолдауы. Проблеманың арқаның жоғарғы бөлігінде болуы – эмоциональды қолдаудың жеткілікті болмағанын білдіреді: «Менің күйеуім (нақсүйерім, досым) мені түсінбейді жəне қолдамайды». Арқаның ортаңғы бөлігінің кінəлілік сезіміне тікелей қатысы бар. Сіз артыңызға тығылған нəрседен немесе адамнан қорқасыз ба? Сізде арқаңыздан біреу ұрған сияқты сезіну сезімі жоқ па? Сіз үнемі өз ақшаларыңыз туралы ойлайсыз ба? Сіздің қаржылық жағдайыңыз қалай? Ол сіздің арқаңыздың төменгі бөлігі проблемасының негізі болуы мүмкін. Өкпе – бұл өмірді алу жəне беру бейімділігі. Əдетте өкпе проблемасы толыққанды өмір сүруге құлықсыздықтан немесе одан қорқудан, немесе біздің бар күшімізбен өмір сүруге құқымыз жоқ деп есептегеннен туындап жатады. Темекіні көп шегетіндер, əдетте өмірді жоққа шығарады. Олар масканың астына өздерінің жетімсіздіктерін жасырады. Омырау – аналық бейнесі. Аналық безде проблема болғаны біздің өз көңілімізбен басқа бір адамды, затты немесе жағдайды басып тастайтынымызды білдіреді. Егер кеуде қатерлі ісігі болатын болса, бұл оған қосымша қордаланған реніш пен ашуды білдіреді. Қорқыныштан босаныңыз жəне біздің əрқайсымызда Кеңістік санасы əрекет етеді жəне ол белсенді, соны біліңіз. Жүрек, əрине махаббатты, ал қан – қуанышты білдіреді. Біздің өмірімізде махаббат пен қуаныш болмаса жүрек қысылып, мұздайды. Нəтижесінде қан жайлап жүріп, біз біртіндеп қаны аздық пен тамырлар склерозына, жүрек талмасына ұрынамыз. Біз кейде өзіміз жасаған өмір драмасына шырмалатынымыз соншалық, айналамыздағы қуаныштарды аңғармаймыз. Алтын жүрек, суық жүрек, қара жүрек, ғашық жүрек – ал сіздің жүрегіңіз қандай? Асқазан барлық жаңа идеялар мен жағдайларды қорытып, бойға сіңіреді. Нені немесе кімді Сіз «қорыта» алмайсыз? Асқазанда проблеманың болуы бұл жаңа өмірлік жағдаяттарды қалай меңгеруді білмеуді білдіреді. Бізге қорқынышты. Жолаушы ұшақтарының енді ұша бастаған кезі біздің көпшілігіміздің есімізде. Аспанға ұшу идеясы біз үшін жаңалық болатын жəне біз үшін оны миға қондыру өте қиын болды. Біз өзімізді нашар сезінген кезде құтқаратын пакеттер əрбір орындықтарда тұратын. Қазір, көп жылдардан кейін, пакеттер бұрынғыдай берілетін болса да, оны ешкім пайдаланбайды. Біз, аяғында, ұшу идеясын меңгердік. Асқазан жарасы – жай қорқу, біз жеткілікті түрде жақсы емеспіз немесе толыққанды емеспіз деп сезінуден де үлкен. Біз өз ата-анамыз, бастықтар, мұғалімдер, т.б. алдында жеткілікті түрде жақсы емеспіз деп ойлаймыз. Біз өзімізді қабылдай алмаймыз. Біз басқалардың көңілінен шыққымыз келеді. Сіз жұмыста қандай билікті иеленсеңіз де сізде мұндай проблеманың шешімі – махаббаттың болмауы мүмкін. Өздерін жақсы көретін, құрметтейтін адамдарда асқазан жарасы жоқ. Ішкі сарайыңыздағы сəбиге мейірімді де қамқор болыңыз (біздің жаттығу есіңізде ме?) жəне оны үнемі қолдап, құрметтеңіз. Өттегі тас жинақталған ащы ойларды жəне олардан айырылуға кедергі жасайтын көкіректікті білдіреді. Келесі жаттығуды жасап көріңіз, өзіңізге үнемі: «Мен өткенімді құлшына отырып босатамын. Өмір де тамаша, менде де тамаша». Қуықтағы, тік ішектегі, жыныс органдарындағы проблемалар біздің денеміз бен олардың орындайтын функциялары туралы бұзық идеялардың салдарынан болып жатады. Біздің денеміздің əрбір мүшесі – өмірдің өзінің керемет бейнесі. Біз өмір лас жəне күнəлі деп ойламаймыз ғой? Онда жыныс мүшесі туралы неге бұлай ойлаймыз? Тік ішек те құлақ сияқты тамаша. Біз тік ішексіз шлактардан босана алмай тез-ақ өліп қалған болар едік. Біздің денеміздің əрбір бөлігі жəне оның орындайтын əрбір функциясы қалыпты, табиғи жəне тамаша. Біздің жыныс органымыз тоят алуымыз үшін жаралған. Бұл фактіні жоққа шығару – демек қиналу мен жазалауды туындату. Секс ғажап, біз үшін секспен айналысу ішіпжеу сияқты қалыпты жай. Бір сəтке жаратылыстың шексіздігін көзімізге елестетейік. Бізге мұндайды көзге елестету тіпті, қиын да. Ал Кеңістік ішінде көп галактикалар бар. Күнді көп планеталар айналып жүреді,

олардың арасында Жер бар. Барлық Кеңістікті жаратқан Күштің – біздің жыныс мүшемізді бағып отырған бұлттан биікте отырған шал екенін көзімізге елестету маған өте қиын! Дегенмен де бізді бала кезімізде осылай үйретті. Бізге бұл ақымақтықтан арылу өте маңызды. Бірақ та мені дұрыс түсінбей қалмаңыз. Мен ешқашан кез келгенмен болатын еркін сексті насихаттамаймын. Біздің ережеміздің көбісі ескірді, сондықтан көбісі оларды бұзып, екіжүзді бола бастады. Біз санамыздағы сексуалдылық кінəсін жойып, адамдарды өзін жəне басқаларды сүю мен құрметтеуге үйреткенде ғана олар ең жоғарғы – Мейірім мен Қуаныштың атынан автоматты түрде өмір сүре бастайды. Біздің барлығымызда да, өзімізді жек көру мен өзімізден жиіркенуіміздің əсерінен сексуальдылыққа байланысты проблема өте көп. Сондықтан да біз өзімізге де, өзгеге де нашар көзқарастамыз. Мектептерде сексуальды ағарту жан жақты жүргізілмейді. Біз балаларға олардың денесі, жыныс органдары жəне сексуалдылығы қуаныш үшін жаратылғанын өте терең деңгейде түсіндіруіміз керек. Ұрық безі творчестволық энергияны білдіреді. Ондағы проблема – жарыққа шықпаған творчестволық бейімділік. Аяқ бізді өмірде алып жүреді. Аяқта проблеманың болуы алға жылжу қорқынышын немесе белгілі бір бағытқа бет түзеуге құлықсыздықты білдіреді. Аяғымыз бізді тасиды, тартады, сүйрейді, ал онда семіз, үлкен, балалық реніштерге толы сан тұр. Əрекет етуге құлықсыздық аяқтың проблемасы арқылы білінеді. Аяқ көк тамырының шығуы – сіз жек көретін үй немесе жұмыс. Сəтсіз оқиға тіпті де «оқиға» емес. Өміріміздегі басқа нəрселер сияқты оларды да өзіміз жасаймыз. Өзіңе: «Менің сəтсіз оқиғаға ұшырағым келеді», – деп тіпті де айтудың қажеті жоқ. Біз сəтсіз оқиғаны өзіне тартатын ой танымы жүйесін жасаймыз. Біздің кейбіреулерімізде үнемі бірдеңелер болып жатады, ал кейбіреулер бір сызат түспей өмір сүреді. Сəтсіз оқиға – бұл наразылық пен реніштің көрінісі. Ол адамның өз сезімін білдірудегі тығырыққа тірелуі мен толық дəрменсіздігінің көрінісі. Сəтсіз оқиға – бұл сондай-ақ өкімет өкілдеріне қарсы тұру. Біздің ашуланатынымыз соншалық, біреулерді ұрғымыз келеді, оның орнына өзімізді ұрамыз. Біз өзімізге өзіміз ренжіген кезде, өзімізді кінəлі сезінеміз, ал өзімізге жаза іздеген кезде, ол сəтсіз оқиға формасында көрініс табады. Былай қарағанда біз сəтсіз оқиғаның кінəсіз құрбандарымыз. Сəтсіз оқиға біздің басқалардың көмегі мен көңіл білдіруін қабылдауымызға жағдай жасайды. Жарамызды жуып, бізді күтеді, біздің төсек тартуымызға тура келеді, кейде бұл ұзақ жылдарға созылады. Біз ауырып ыңқылдаймыз. Ауру арқылы денеміз бізге өмірде біздің неге баса көңіл бөлуіміз қажет екенін білдіреді. Аурудың мөлшері біздің қаншалықты өзімізді жазалағымыз келгенін көрсетеді. Ревматизм – өзін жəне өзгелерді үнемі сынаудан пайда болатын ауру. Онымен ауыратын адамдар көбінесе оларды үнемі сынайтын адамдарды өзіне тартады. Бұл басқаларды үнемі сынау керек дейтін олардың өз танымдарынан туындап жатады. Олардағы қарғыс – бұл қандай жағдайда да сүйген адамының үнемі «мінсізі» болу тілегі. Олардың жүгі адам төзгісіз ауыр. Демікпе. Демікпесі бар адамға оның демалуға құқы жоқ сияқты болып көрінеді. Демікпесі бар балалар – бұл ұяты қатты дамыған балалар. Олар барлығы үшін кінəні өзіне қабылдайды. Кейде оларға егер барлық отбасы бірге көшпесе де, тұрғылықты жерді өзгерту де жақсы көмектеседі. Əдетте демікпесі бар балалар аурудан айығады. Бұған мектеп, өмірлік жаңа жағдайлар, неке ықпал етеді. Бірақта, кейін өмірде дерт қозған кезде, біреу түймені басып қалғандай болған жағдайлар жиі қайталанды. Қатерлі ісік – терең қордаланған реніштердің əсерінен болатын, шын мəнінде денені жегідей жейтін ауру. Балалық шақта біздің өмірге деген сенімімізді үзетін бірдеңе болады. Бұл жағдай ешқашан ұмытылмайды да, адам өзіне үлкен аяушылық сезімімен өмір сүреді. Оған кейде ұзақ та байыпты қарым-қатынаста болу қиынға соғады. Өмір бұндай адамдар үшін шексіз түңілулерден тұрады. Тығырыққа тірелу мен үмітсіздік сезімі оның санасын жаулап алады, өзінің проблемаларына байланысты өзгелерге кінə арту ол үшін əлдеқайда жеңіл. Қатерлі ісікпен ауыратын адамдар өзіне өте сыншыл болып келеді. Өзім жүре келе қалыптастырған тəжірибемде көзімнің жеткеніндей, қандай қалыпта болса сол қалыпта өзіңді қабылдай білу мен өзіңді жақсы көре білу қатерлі ісік ауруынан айықтырады. Артық салмақ – қорғанысқа қажеттіліктен басқа ештеңе емес. Біз аурудан, сыннан, сексуальдылықтан, қорлаудан қорғануды іздейміз. Үлкен таңдау, солай емес пе? Мен ешқашан семіз болған емеспін, бірақ менің өз тəжірибемнен көзім жеткені – мен өзімді батылсыз немесе əлсіз сезінген кезде мен автоматты түрде бірнеше килограммға семіре бастаймын. Қауіп сейілген кезде, ауыр салмақ та жоғалады. Əлеммен күрес – күш-қуат пен уақытты босқа шығындау. Сіз қалай қарсыласуды тоқтатасыз, солай сіздің салмағыңыз қалыпқа түседі. Өзіңе, өмір процесінің өзіне сену, жаман ойлардан аулақ болу – міне арықтаудың əдісі. Менің ойымша əртүрлі негіздегі ауру – кінəлі сезінудің айғағы. Ал кінə əрқашанда жазалауды іздейді, ал жазалау өз кезегінде ауруды тудырады. Созылмалы ауру кейде біздің өзіміз де білмейтін өзімізде терең

көмілген созылмалы кінəлі сезінуден пайда болады. Кінə – пайдасыз сезім. Бұл сезім ешкімге ешқашан көмектеспейді, ол жағдайды өзгертуге дəрменсіз. Сондықтан да өзіңді абақтыдан босат. Операция (кез келген). Хирургтың араласуы, мысалы, қол-аяқ жарақаты болған кезде адам жазылуға көңіл аудару үшін жəне соның енді қайталанбауын болдырмау үшін қажет. Бүгінде медицина саласында адамдарға көмектесуге өздерін толығымен арнаған дəрігерлер өте көп. Дəрігерлер холестикалық тəсілдерді көбірек пайдалана отырып емдеу жасай бастады. Сонда біздің дəрігерлердің көбісі аурудың себебін білгісі келмейді, оның белгісі мен салдарын ғана емдейді. Олар бұны екі жолмен істейді: не дəрімен улайды, не кеседі. Хирургтар кеседі, егер сіз хирургқа барсаңыз, ол əрине, операция жасауды ұсынады. Егер сізде басқа таңдау болмаса, онда жылдам жəне ешқандай кедергісіз жазылуға даярланыңыз. Операцияда өзіңіз жақсы көретін музыканы үнемі тыңдаңыз жəне өзіңізге үнемі: «Мен тез жазыламын. Мен күн санап өзімді жақсы сезінудемін» деп айтыңыз. Ісіктер – жалған без. Устрица өзін қорғау үшін құртымдай ғана құмды алады да, оның сыртын қатты да жалтырақ қабықпен қаптайды. Біз оны інжу моншақ деп атап, оның көркіне таң қаламыз. Біз сол устрица сияқтымыз, ескі реніштерді сақтап, ол ісікке айналғанға дейін оны тастамаймыз. Мен бұны «ескі таспаны айналдыру» деп атаймын, əйелдердің жатырындағы, аналық бездеріндегі ісіктер олардың əйелдік нəзіктіктеріне тиген соққының нəтижесінен алған эмоционалды ауырлық болып табылатынына жəне ісік пайда болғанға дейін олардың бойында тұратынына мен тəнтімін …Егер сіздің біреумен арадағы қарым-қатынасыңыз тұралап қалса, бұл сізде барлық нəрсенің өз орнында екенін білдірмейді жəне бұл шындығында біздің құнымыздың қаншалықты екенін көрсетпейді. Мəселе, өмірде біздің басымыздан не өтетінінде емес, мəселе соған біздің қаншалықты көңіл бөлетінімізде. Біздің барлығымыз да өз басымыздан өтетін нəрселер үшін 100 пайыздық жауапкершілікті арқалаудамыз. Өзара қарым-қатынас … Біздің барлық қарым-қатынастарымыз, ал бұның ішінде жансыз заттарға, ауа-райына, көлікке жəне адамдарға деген сіздің қатынасыңыз сіздің өзіңізге деген қатынасыңызды білдіреді. Ал сіздің өзіңізге деген қарым-қатынасыңыз, өз кезегінде балалық шақтағы сіз байланыста болған үлкендермен қарым-қатынасқа негізделген. Кішкентай кезімізде бізге үлкендер қалай қараса, оң жəне теріс мəнінде – біз де өзімізге солай қараймыз… Біздің басқалармен қарым-қатынасымыз – бұл өзіміздің айнамыз. Біз өмірде неге жүгірсек, сол біздің өмірлік танымдарымыз бен қасиеттеріміздің тура бейнесі. Бұлай жиі кездеседі, басқаларға біздің қолданбайтын қасиетіміз – бұл біздің өз ерекшелігіміз. Егер бұлай болмағанда, бұндай адамдарға біздің өмірімізде орын болмаған болар еді. «Біз оларға қарсымыз» жаттығуы Сіздің көңіліңізге ешқашан жақпайтын адамды табыңыз. Бұл адамдағы сіз өте қатты жек көретін жəне ондағы өзгерткіңіз келетін үш қасиетті сипаттап беріңіз. Енді өз сарайыңызға терең үңіліңіз де, өзіңізден сұраңыз: «Менің оған нем ұқсас жəне қай жағдайда мен өзімді тура осылай ұстаймын?». Көзіңізді жұмып, бір сəт ойланыңыз. Сосын өзіңізден сұраңыз, сіз өзгеріске дайын ба екенсіз. Сіз əдеттегі ойлардан, дағдылар мен танымдардан арылған кезде ғана бұл адамдар өзгереді, немесе сіздің өміріңізден кетеді. Егер сіз сізді үнемі сынайтын жəне сіз бабын таба алмайтын бастығыңызды жек көрсеңіз, онда тағы да өзіңізге терең үңіліңіз. Сіздің оған қай жеріңіз ұқсайды? Сіз бастықтар əрдайым сынайды жəне олардың бабын табу мүмкін емес деп ойламайсыз ба? Егер сіздің қызметкеріңіз қасарысып, жұмысын атқарғысы келмесе оны өз өміріңізге қалай тартқаныңыз жөнінде ойланыңыз. Сіз ол сияқты қаншалықты дəрежеде қырсықсыз жəне жалқаусыз? Егер сіздің сүйіктіңізбен арада проблема болатын болса өзіңізге терең үңіліңіз жəне қараңыз, сіздің қай қасиетіңіз тартты оны? Егер күйеуіңіз сізді қолдамаса, үнемі өмірге өкпелі болса, тағы да өзіңіздегі жас кезіңізден қалыптасқан əдеттеріңізге көңіл бөліңіз. Сіздің ата-анаңыздың бірі өмірге наразы болды ма? Сіз өмірге үнемі риза емессіз бе? Егер балаңыздың дағдылары сіздің ашуыңызға тиетін болса, онда сізде де тура осындай дағдылар бар екендігіне мен кепілдік беремін. Сіз олардан арылыңыз, бала да автоматты түрде арылады. Басқаларды өзгертудің бір ғана жолы бар – алдымен өзіңді өзгерт. Өз ойларыңыз бен дағдыларыңызды өзгертіңіз – басқалар да автоматты түрде өзгереді. Ал кімді де болмасын ұрысу – пайдасыз. Басқаларды кінəлау – демек өз күшіңді босқа сарқу. Сіз өз күшіңізді сақтауға тиістісіз. Ол сізге өмірде өзгеру үшін керек болады. Сондықтан да əлсіз құрбандарды ойнауды доғарайық та, өзімізге көмектесу үшін нақты бір нəрселерді жасайық.

Өміріңізге махаббатты енгізу Махаббат біздің өмірімізде күтпеген жерден пайда болады. Егер сіз махаббатты үнемі іздесеңіз, бұдан ештеңе де шықпайды. Махаббат қашан да біздің ішкі дүниемізде, ол – сырт көрініс емес. Махаббат бірден келсін деп табандатудың қажеті жоқ. Сіздің дайын болмауыңыз мүмкін. Немесе осы негізде рухани жеткілікті дамымағансыз. Сіздің тырнағыңызға да тұрмайтын адамдарға өзіңізді шығын қылудың қажеті жоқ. Өз ұмтылысыңыздың дəрежесін нақты анықтау керек. Сізге өмірде қандай махаббат керек? Осы қасиеттерді алдымен өзіңізде дамытыңыз, тек сонда ғана сіз өзіңіздің көңіліңіздегі адамды тартатын жағдайда боласыз. Қараңыз, сізге бұндай қарым-қатынас жасауға не бөгет? Мүмкін, басқалардың сынауы. Жан-жақты жетілмеушілік сезімі ме? Ұмтылыстың өте жоғарылығы ма? Киножұлдыздар бейнесі ме? Ашыналық қорқыныш па? Сізді ешкім сүйе алмайды деген таным ба? Махаббат келген кезде сүюге дайын болыңыз. Сүйіңіз – сізді де сүйетін болады. Өз ниетіңізде ашық болыңыз, сонда барлығы да жақсы болады. Өз өміріңізде жаңаны қалыптастыру Менің семіз болғым келмейді; Менің кедей болғым келмейді; Менің кəрі болғым келмейді; Менің көріксіз болғым келмейді; Менің бұл жерде тұрғым келмейді; Мен өмірімдегі бұл адамды қаламаймын; Менің əкем (шешем) сияқты болғым келмейді; Менің бұл жерде жұмыс істегім келмейді; Менің жалғызбасты болғым келмейді; Менің бақытсыз болғым келмейді; Менің ауру болғым келмейді. Өміріміздегі келеңсіздіктермен саналы түрде күресу үшін біздің қалай бағдарланғанымызды жоғарыда келтірілген танымдар көрсетеді. Біз, егер жағымсыз сəттер туралы ойласақ, жағымдысы өмірімізге автоматты түрде келеді деп ойлаймыз. Шын мəнінде барлығы керісінше. Өміріңізде қанша рет сіз қаламаған нəрсеге көңіл аудардыңыз, есіңізге түсіріңіз? Қалауыңызды алдыңыз ба? Жоқ, сірə. Сізде келеңсіз ойлар қандай көп болса, сіздің өміріңіздегі келеңсіздіктер де сондай болады. Егер əлі күнге дейін өз бойыңыздағы немесе өміріңіздегі бір нəрсе сіздің көңіліңізді құлазытатын болса, онда сол нəрсенің сіздің өзіңізден табылатыны сөзсіз. Сіз неменеге көбірек көңіл бөлсеңіз, сол сіздің өміріңіздегі тұрақты нəрсе болып табылады. Жаман ойлардан арылыңыз да өз өміріңізде шын мəнінде қажет еткен нəрсеге көңіл қойыңыз. Қанеки, жаман танымдарды жақсыға айналдырайық. Мен сымбаттымын; Мен баймын; Мен мəңгі жаспын; Мен керемет үйге көшемін; Менің жұрттың бəрімен қарым-қатынасым жақсы; Мен сүйемін жəне сүйіктімін; Менің денсаулығым мықты. Пікірлер Сіз тек қана жақсы ой ойлауды үйренуіңіз керек. Пікір – бұл сіздің танымдарыңыздың бейнесі. Жаман пікір – сізге қажетсіз нəрселерді көбейтеді… Сіз үнемі өз-өзіңізге жақсы мəлімдемелер жасауыңыз керек. Бұның сіз өміріңізде керек еткен нəрсенің бəріне қатысы бар. Оң пікірлерді тек осы шақта ғана жасау қажеттігін естен шығармау керек. Егер сіз үнемі келер шақта ғана ойлап, сөйлейтін болсаңыз, күңгірт ойыңыз сізге сөзсіз бағынады, онда тап солай болады – қазір алатыныңызды сіз бүкіл ғұмыр бойына күтетін боласыз. Өзіңе деген махаббат процесс ретінде Менің бірнеше рет ескерткенімдей, сіз бен біздің басты мақсатымыз – бұл өзіңді сүюді үйрену. Өміріңіздегі өзіңізге ұнаған жəне айыңыз оңыңыздан туған кездерді еске түсіріңіз? Сіз біреуді сүйіп, барлық проблемадан құтылғандай болып көрінген кездерді есіңізге алыңыз? Осындай тамаша сезімдер, тіпті одан жақсылары сіздің өзіңізге деген махаббатыңызды орнықтырады. Егер сіз өз əрекеттеріңізді мақұлдап, өзіңізді өзіңіз бар қалпыңызбен қабылдамасаңыз, онда өзіңді сүю мүмкін емес. Ешқашан, қандай жағдайда болмасын өзіңді сынауға болмайтынын естен шығармаңыз! Мен «…Егер мен өзімді сынамасам, қалай өзгерем?» деген сіздің бұған байланысты қарсылығыңыздың болмағанын қалаймын.

Ақылды жаттықтыру Өзіңді сынау – бұл өз «мылжыңыңызды» автоматты түрде іске қосу, немесе латынша «едо» («бұл») аталатын нəрсе. Сіз ойыңызды өзіңізді үнемі қорлауға жəне өзгерістерге қарсылық жасауға жаттықтырғаныңыз соншалық, оның сізге не айтқанына көңіл бөлмеудің өзі қиын. Бұрын суреттелген жаттығуды жасаймыз. Айнаға қараңыз да өзіңізге: «Мен өзімді осы қалпымда сүйемін жəне құрметтеймін» деп айтыңыз. Бұны айтқанда сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Мүмкін, жұрттың бəрін жəне өзіңді кешіргеннен кейін сізге əлдеқайда жақсы болған шығар? Өзімді өзім жоққа шығарған күндері, кейде өзімді шапалақтаушы да едім. Мен ол кездері өз-өзіңді қабылдаудың мəнін білген жоқпын. Менің басқа бірдеңеге қарағанда, өзімнің жетімсіздігіме деген сенімім күшті болатын. Егер біреу маған мені сүйем деп айтса, менің табан асты реакциям: «Неге? Ол менен нені көрді?» болатын. Немесе мендегі: «Егер шын мəнінде менің кім екенімді білсе, олар мені сүймес еді» деген классикалық ой. Мен бұл кезде біздің сыртқы «Меннен» өзгеше, өміріміздегі барлық жақсылықтар ішкі «Менді» қабылдаудан басталатынына шүбəланған жоқпын. Сыртқы «Мен» – бұл біздің бұрынғы бағдарламаларымыздың нəтижесі болып табылатын біздің іс-əрекетіміз ғана. Ішкі «Мен» – Бұл Құдаймен арадағы үзілмейтін байланыс, өмірдің бағасыз сыйы. Бұл кітапта сөз тек қана ішкі «менге» деген махаббат жөнінде болады. Мен өзімнен жақсы қасиеттер іздей бастадым, бұл менің өмірімді күрт өзгертті. Денсаулығым əлдеқайда жақсарды. Мықты денсаулық өзіңе деген махаббаттан басталады. Бұл өзара қарым-қатынасқа, творчестволық бейімділіктерді дамытуға, байлыққа да қатысты. Кейінірек, өзімдегі барлық, тіпті, оншалықты «жақсы» болып көрінбеген қасиеттерді де сүйіп, мақұлдадым. Сонда, тек сонда ғана менің өмірімде айтарлықтай прогресс басталды. «Мен өзімдегінің бəрін мақұлдаймын» жаттығуы Мен бұл жаттығуды жүздеген адамға ұсынамын, ал нəтижесі адам сенбестей. Келесі ай бойына: «Мен өзімді мақұлдаймын» деп жиі айтыңыз. Бұны күніне 300-400 рет қайталаңыз. Қаншама көп айтсаңыз, соншалықты жақсы. Бұл сөз қашан да сізбен бірге жүрсін, сіздің дұғаңыз секілді болсын. Бұл сөз сіздің санаңызға қарсы тұрғандардың бəрін анықтап береді. «Осынша семіз бола тұрып, мен өзімді қалай мақұл көре аламын?» деген теріс пікір келгенде, немесе «Осы маған жəрдем береді» деп ойлаудың өзі ақымақтық деп ойлағаныңызда барып, сіз үшін өз ойларыңызды бақылауға алатын уақыт келді дей беріңіз. Бұндай ойларға назар аудармаңыз. Ол ойларды сол күйінде қабылдаңыз да, жөніне жіберіңіз. Бұндай ойларға: «Мен сізді бос жібердім жəне өзімді мақұл көрдім» деңіз. Кейбіреулер, бұл жаттығу ақымақтың ісі жəне мұнда ешқандай мағына жоқ деп ойлайды. Мейлі, бұндай ойлар да сіздің санаңыздан өтіп кетсін, егер сіз өзіңізге оларды таңдамасаңыз, олар сізге ешқашан билік ете алмайды. Бұндай ойлар – сіздің уақытқа қарсылығыңыз. Ештеңеге қарамастан жалғастыру керек. Өзгелер сізге не десе де көңіл бөлмеңіз. Егер сіз, біреулер өзіңіз мақұлдамаған нəрсені жасап жатқанда, осы сөздерді қайталай алған болсаңыз, онда сіз рухани өрлеу үстінде екеніңізді ішіңізбен сезесіз. Біз өз ойларымызды өзімізге бағындырғанымызша, олар бізге билік ете алмайды. Өз ойларымыз ешқандай мағынаға ие бола алмайды. Біз оларға мағына береміз, сондықтан қандай мағына беретінімізді біз, тек қана біз таңдауымыз керек. Өзімізді өзіміз сезінуіміздің бір бөлігі өзгелердің пікірінен арылу болып табылады. Егер мен сізге ұдайы «ақшыл көк шошқа» десем, сіз маған күлер едіңіз немесе мені ақымақ санар едіңіз. Сіз оған ешуақытта сенбеген болар едіңіз. Біздің өзімізге айтатындарымыздың да көбісі осы секілді шындыққа жанасымсыз. Егер біз өзіміздің бағамыз бойымыздың ұзындығына байланысты дегенге сенер болсақ, онда біз бос далбасаға сенген боламыз. Біз өз кемшілігіміз деп жиі ойлайтын нəрсеміз, мүмкін біздің жеке қабілетіміздің көрінісі шығар. Біздің ерекше қасиетіміздің өзі осы болар. Жаратылыс өзін ешуақытта қайталамайды. Табиғат жаратылғалы бері бір біріне ұқсаған қар ұшқыны немесе жаңбыр тамшысы болған емес. Əрбір түймедақ бірбіріне ұқсамайды. Біздің саусақтарымыздың ізі де біз секілді əртүрлі. Табиғат солай жаратқан. Егер сіз осы ойды қабылдай алсаңыз, онда сіз өзіңізді өзгелермен ұдайы салыстыра бермейтін боласыз. Біреуге ұқсас болуға тырысу – өз жаныңызды бағаламау. Біз бұл планетаға келгенде өзімізді көрсете білу үшін келгенбіз. Мен де өзімнің рухани ізденістерімді бастағанша өзімнің кім екенімді білмегенмін. Демек, бізді бақытсыз ететін ойларды қуып шығуымыз керек, бізге ұнаған істермен айналысайық, бірге жүргенде өзімізді жақсы сезінетін адамдармен бір жүрейік. «Жаңа өзгерістерге саналы түрде жасайтын» жаттығу Сіз өзіңізге жазып қойған барлық теріс деп санайтын қылықтарыңыздың бəрінің тізімін алып оны оң сенімге айналдыратын уақыт жетті.

Мəселен, «менің арықтауым керек» деген теріс ойдың орнына «менің мүсінім қандай əдемі» деген оң ой келсін. Егер сіз солай ойлай беруді жалғастыра алсаңыз, онда сіздің денеңіз тік əрі əсем бола қоймаған болса да сондай күнге жетесіз. Мұндай оң сенім сіздің ақылыңыздың жұмылуына, сөйтіп бақытты өмір сүруіңіз үшін барлығын жасайтын болады. Мен өмірде тек жақсы нəрсеге ғана лайықпын Сіз не қаласаңыз, соның барлығына қол жеткізе алатыныңызға сенесіз бе? Сенбесеңіз, енді сіз жоғарыдағы сұрақтың шешімін таба алмайсыз. Сенсеңіз, онда сіздің өміріңізде сізге көп қуаныш əкелетін бір нəрсе пайда болады. «Менің лайықты еңбегім бар» деген жаттығу Тағы да айнаға қараңыз да: «Менің Сізге бұл нəрсені иеленуге (немесе осылай болуға) лайықты еңбегім бар жəне соны қазір қабылдаймын» деңіз. Осылай деп екі немесе үш рет айтыңыз. Айтып тұрған кезіңізде өзіңіздің дене қимылдарыңызды бақылаңыз. Өз айтқаныңызға өзіңіз сеніп тұрсыз ба? Егер сізде бұл сөздерге қарсы қимыл байқалса, онда: «Маған қарсылық білдіріп тұрған нəрселерден өзімді азат етемін. Менің лайықты еңбегім бар» деген алдыңғы сенімге қайта оралыңыз. Осыны өзіңізге сансыз рет қайталаңыз, керек болса бірнеше күн бойына жеңілдік сезінгенше айта беріңіз. Өмірде өзгерістер туғызу үшін біздің жұмысымызда холестикалық философияны пайдалануымыз керек, бұндай философия дененің, сананың жəне рухтың бұзылмас одағын туғызады. Егер біз жоғарыда аталғандардың біреуін қоспай қойсақ, онда «бүтіндік» болмайды. Сіздің денеңізге дұрыс тамақтану мен дене шынықтыруды енгізу бірдей керек. Гомеопатия ілімінде түрлі шөптермен, витаминдермен жəне арнаулы емдермен ішкі органдарды тазарту жолдары бар. Егер спорт жөнінде айтсақ, оның өз көңіліңізге жаққан түрін таңдаңыз. Мұнда йога, массаж, тері рефлексіне байланысты жаттығулар (рефлексотерапия) тиімді. Сананы жетілдіру ісінде гипноз, аффирмация, түс көрудің мағынасын реттеу істері жақсы. Медитация – біздің дамуымызға жəрдем беретін тамаша нəрселердің бірі. Мен, əдетте, тыныштық орнаған бір жерге отырып: «Маған нені білу керек?» деп өзімнен-өзім сұраймын. Сөйтемін де, тыныш күйі жауабын күтемін. Жауап келсе өте жақсы, келмесе де жақсы. Жауап, қашан болсын бір келеді. Егер сізде бір рухани топқа қосылу мүмкіндігі болса, онда міндетті түрде солай жасаңыз. Жоғарыда айтылғаннан басқа, əрине, құлшылық ету рəсімі бар. Ол арқылы да жоғарғы бастаумен байланысқа шығуға болады. Мен үшін рухани нəрселер – кешіру жəне сөзсіз (ешқандай шартпен шектелмеген) махаббат. Мен сіздің өзіңіз қол жеткізе алатын өте көп ұлы тəсілдер бар екенін білсін деп отырмын. Егер біреуі іске қосылмаса, екіншісін көріңіз. Сізге қайсысы дұрыс келетінін айта алмаймын. Сіз оған өз тəжірибеңізбен келуіңіз керек. Сіз үшін мен тек сау жүруіңіз үшін қиын жолдағы бір саты секілдімін.

ІІ ТАРАУ ӨЗ ТƏНІҢДІ ЕМДЕ (тəн ауруының психологиялық себептері жəне оны жеңудің метафизикалық жолдары) Нақ осы сəттегі күш алу нүктесі Күш алу нүктесі біздің санамызда – осы жерде жəне қазір қатысып тұр. Жəне ол, біздің ойларымыздың теріс болғанына, бізге кесел келгеніне, төңірегіміздегілермен қатынасымыз бұзылғанына, ақшаның таусылғанына, өзіңді-өзің жек көре бастағаныңа байланыссыз, өзгерістерді бастау ешқашан кем емес. Бұл уақытқа дейін біздің өміріміз бен тəжірибеміз біздің басымызда тұрған ойлар арқылы құрылған, біз ол ойларды ұдайы пайдаланып жүргенбіз. Сөйткенмен бұл ойлар өткеннің еншісінде, бұл мəреден біз өтіп кеттік. Біздің бүгінгі, нақ осы сəттегі ойларымыз бен сөздерімізден біздің ертеңіміз, арғы күніміз, одан арғы күніміз, келесі апта, ай, жыл, т.т. байланысты. Салмақ нүктесі қашанда осы сəтте тұр. Қазір, міне, осы сəтте біз өз өмірімізді өзгертуді бастадық. Қандай жеңілдететін ой! Біз өзіміздің бұрынғы санасыздығымыздан арылуды бастай аламыз. Тап қазір. Тіптен кішкене ғана бастапқы қадам шешуші болып кетуі мүмкін. Бала күніңізде сіз таза көңіл мен махаббаттың өзі болдыңыз. Сіз өзіңіздің маңыздылығыңызды сезініп, өзіңізді Кеңістіктің ортасы деп сезіндіңіз. Сізде ержүректік мол болатын, сіз өзіңізге не керек болса, соны талап ете алдыңыз жəне сіз өз сезіміңізді ашық білдіре алдыңыз. Сіз өз тəніңізді сүйдіңіз, оның əрбір мүшесін сүйе білдіңіз. Сіз өзіңізді əбден жетілген деп санадыңыз. Өмір шындығы да нақ солай болатын. Сіз мына сөздерді көп айтасыз ба: «Міне, мен қандай адаммын» немесе: «Бұл солай, оған ештеңе жасай алмайсың». Шын мəнінде біз «өзімізге шындық секілді боп көрінген» нəрсені айтамыз. Əдетте біздің сеніміміз – ол өзге адамдардың біз қабылдаған жəне біздің өз көзқарасымыз жүйесіне кіргізіп қойған пікірі. Егер бізді балалық шағымызда: бұл өмір – тұнып тұрған қиыншылық деп үйретті десек, онда біз осы пікірмен сəйкес келген ойға ұдайы сенеміз де, оны өзіміз үшін ақиқат деп қабылдаймыз. «Бейтаныс адамдарға сенбе», «түнде үйден шықпа», «адамдар сені алдап кетеді», т.с.с. сөздер Сізге зиян. Одан да бізді жас кезімізден: «барлық жерде – махаббат», «адамдар қандай мейірімді», «маған ақшаның келуі оп-оңай» деген сенім болған болса, ол біздің өмірімізді нұрландырар еді. Біз өз сеніміміздің ақиқат екендігіне өте сирек күдіктенеміз. Мысалы, мен өзімнен: «Маған оқу қиын екеніне неге сенемін? Бұл шын мəнінде солай ма? Бұл осы қазір маған қатысты дұрыс па? Менде бұл сенім қайдан пайда болды? Бұл сөзге мен озат ұстаз солай деген соң сеніп жүрмін бе? Осыған сенуді тоқтатқан дұрыс емес пе еді?», – деп сұрай алар едім. Нақ осы сəтте сіздің басыңызға келе қалған ойды тоқтатыңызшы. Сіз не туралы ойладыңыз? Егер барлығы ой ойлауға байланысты болса, сіз бұл ойдың орындалуын қалар ма едіңіз? Ал егер онда қобалжу мен ашу, ауырсыну мен өш алу болса, онда ол ой сізге қай күйінде қайта оралар еді, қалай ойлайсыз? Егер біз шат өмір кешкіміз келсе, онда біздің ойларымыз да жарқын болуы керек. Бізден ой жəне сөз түрінде не шықса, ол сол күйінде бізге қайтып оралады. Өз сөзіңізге құлақ салып көріңіз. Егер бір ой сізге үшінші рет қайта оралса, оны жазып қойыңыз. Бұлай болуы, сіздің ойыңыз сіз үшін үлгі болып қалғанын көрсетеді. Апта соңында жазып қойған ойларыңыздың тізбегін қарап шықсаңыз, сөздеріңіз сіздің өміріңіздегі оқиғаларға қай дəрежеде сəйкес келетінін көресіз. Өз ойларыңыз бен сөздеріңізді өзгертуге дайын болыңызшы, сонда сіздің өміріңіз қаншалықты өзгеретінін бақылай аласыз. Сөздер мен ойларды таңдауды бақылау арқылы өз өміріңізді бақылау мүмкін. Өйткені, сіздің ақылыңызды сізден басқа ешкім пайдалана алмайды. Психологиялық алмасу: өмір образын қалыптастыратын ой образы Біздің өміріміздегі барлық жақсы нəрселер де, барлық жаман нəрселер де – бұл біздің ойлану образымыздың салдары, ол біздің өмірімізде не болып жатса, соған əсер етеді. Өміріміздегі барлық жақсы жəне озық нəрселер бізде көптеген стереотип ойлар көп болғандықтан. Бұл бізді қуантады. Ал теріс ойлау стереотипі қолайсыз, зиянды нəрселерге алып келеді жəне ол бізді ойлантады. Біздің мақсатымыз – өмірді өзгерту, барлық кеселді жəне қолайсыз нəрседен арылу, сөйтіп деніміздің құлантаза айығуы. Біз қайсыбір теріс ойлау стереотипі арқылы бізге жан-жақты əсер ету тап келетініне көзіміз жетті, сол арқылы солай əсер ету сақталады. Біздің тұрақты стереотипіміз – нақты жағдайды жасайды. Бұдан шығатын қорытынды: стереотипті өзгерту арқылы біз нақты жағдайды өзгерте аламыз. «Метафизикалық себептілік» деген терминмен алғаш рет ұшырасқанымда қандай қуандым. Ол біздің нақты жағдайымызды туғызатын сөздер мен ойлардың күшін анықтайды. Мен үшін жаңа осынау білім ойлау мінезі, дене мүшелері жəне тəн саулығы мəселелерінің арақатынасын түсінуге алып келді. Мен олай болуын қаламай-ақ, өзіме осы ауруды шақырғанымды жəне бұл жаңалық менің бүкіл өмірімді

өзгерткенін түсіндім. Бұдан соң менің өзімнің тəни жəне рухани қиындық көруімде өмірдің өзін немесе өзге адамдарды айыптау жойылды. Енді мен өз денсаулығым үшін барлық жауапкершілікті өзім ала алатын болдым. Өзімді ештеңеде айыпты демей-ақ, мен болашаққа жəне тəн денсаулығын бұзуға апаратын ойлардан қалай қашып құтылу керектігін ойлай бастадым. Мысалы, мен желке тұсымдағы бұлшық еттердің қатып қалуынан қаншама рет қиналғанымды ешуақытта түсінбеппін. Сөйтсем, мойын мəселеге қараудағы жұмсақтықты, мəселенің шешілуіне жан-жақты қарау қажеттігін көрсетеді екен. Ал, мен, қашан болса да жұмсақ бола алмаппын, даулы мəселеге менің оппонентімнің көзімен қарауға қорқады екем. Өзімде жұмсақ ойлауды дамыта жүріп, мен өзгенің пікіріне үлкен махаббатпен жəне түсіністікпен қарауды үйрендім, сонда менің мойнымның ауырғаны қойып кеткенін байқадым. Қазір, мен, мойным кішкене қатая бастаса, менің ойларым қатуланып жəне қайтпайтындай болып кетпеді ме екен, тексере бастаймын. Ойлау стереотипінің ескілерін ауыстыру Бір жерің ауырса одан үзілді-кесілді жазылу үшін біз оның психологиялық себептерінен құтылуымыз керек. Бірақ себеп неде екенін білмегендіктен, неден бастау керектігін де анықтау қиын. Егер сіз: «Осы аурудың себебін білсем, шіркін!» деп айта алсаңыз, онда осы кітап сізге себепті табуға жəне тəн мен жан саулығын жақсартатын жаңа ойлау стереотипін жасауға кілт бола алар еді. Біздің əрбір кеселімізде өзімізде қажеттілік бар екенін мен түсіндім. Олай болмағанда кесел де болмаған болар еді. Кесел белгілері – ол тек кеселдің көзге көрініп тұрған жағы ғана. Бізге тереңірек үңіліп, оның психологиялық себебін жою керек. Сондықтан да жігер мен тəртіп бұл жерде əлсіз-əлді кеселдің тек сыртқы көріністерімен ғана күреседі. Ол – арамшөпті жұлғанда тамырын қалдырып қойғанмен бірдей. Сондықтан жаңа ойлау аффирмацияларымен жұмысты бастар алдында, темекі тарту, бас ауруы, артық салмақ секілді нəрселерден құтылу ниетін орнықтыру керек. Егер ішкі қажеттілік болмаса, сыртқы қалау да құриды. Тамырсыз өсімдік солады. Тəндегі кеселдердің көбісін шақыратын психологиялық себептер – ұрыншақтық, ашу, өкпе жəне айыпты сезіну. Егер, мəселен, адам сынаумен ұзақ айналысса, онда артрит кеселі пайда болады. Ашу шақыра беру ағзаның ысып-суый беруіне алып келеді, ол – зиянды. Ұзаққа созылған өкпе тəнді іштен жейді де қатерлі ісік пайда болады. Өз айыбын сезіну тереңдей берсе кеселге ұшыратады. Ден сау кезде теріс ойлау стереотиптерін басыңнан шығару анағұрлым оңай, ал кесел келгенде адамда қобалжу ұлғаяды да, ондай ойларды қуу қиындайды. Мына төмендегідей психологиялық эквиваленттер тізімі менің емделушілермен болған жұмыс нəтижесінде пайда болды. Өз тəніңді емдеуге жəрдем берерлік қарапайым тəсіл ретінде бұл тізімді мен сіздерге махаббатпен ұсынамын: Проблема: Мүмкін болған себебі: Жаңа тəсіл: Алкоголизм Дəрменсіздік, айыпты сезіну, өз тұлғасын қабылдай алмау Мен бүгінгі күнмен өмір сүремін. Оның əрбір сəті жаңалық əкеледі. Мен өзімнің құндылығым неде екенін білгім келеді. Мен өзімді сүйемін жəне өз əрекеттерімді мақұлдаймын. Аллергия Біреуге төзе алмау. Өз күшін теріске шығару Өмір қауіпті емес, ол – дос. Маған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Менде өмірмен келіспеушілік жоқ. Ангина Дөрекі сөздерге бармау. Өзін көрсете алмау сезімі Барлық шектеулерді алып тастаймын жəне өзіммен-өзім болу еркіндігіне ие боламын. Анемия Өзін кем санау. Қуана білмеу. Өмір алдындағы қорқыныш. Менің өмірімнің барлық саласындағы қуаныш сезімі маған пайдалы. Мен өмірді сүйемін. Апатия Сезімдерге қарсы тұру, оларды тежеу. Қорқыныш. Сезіну – қауіпсіз. Өмір сынақтарынан өткім келеді. Артрит Мені сүймей ді деген сезім. Сын, өкпе. Мен махаббаттың өзімін. Енді мен өзімді сүйетін боламын жəне өзімнің істерімді мақұлдаймын. Мен өзге адамдарға махаббатпен қараймын. Астма Өз игілігі үшін тыныс ала білмеу. Еңсенің түсуі. Еңіреп жіберуді ұстап қалу. Енді маған өз өмірімді өз қолыма алуыма болады. Мен бостандықты қалаймын.

Атеросклероз
Қарсылық. Ширығу. Тұтас
топастық. Жақсыны көруден
бас тарту.

Мен өмірге жəне қуанышқа
ашықпын. Мен бұдан былай
барлығына махаббатпен
қараймын.

Белсіздік
Қорқыныш пен өмір процесіне
қарсылық немесе ұрпақ
жалғастыруға қажетсіздік

Мен өмір жалғасатынына
сенемін. Қажетті істі, қажетті
кезінде жасап, қажетті жерден
табыла аламын. Мен өзімді

сүйемін жəне мақұлдаймын.
Ұйқысыздық
Қорқыныш. Өмір процесіне
сенбеу. Айыптылық сезімі.

Бұл күнді махаббатпен қоя
беремін де тыныш ұйқыға
көшемін. Ертеңгі күн өзі үшін
өзі уайымдасын.

Жыныс
кеселдері
Сексуалдық негіздегі
айыптылық сезімі. Жаза

алғысы келу. Жыныс
мүшелерінің таза емес жəне
күнəһар екеніне сенімділік.
Мен өзімнің

сексуальдылығымды жəне
оның көріністерін рахаттана
қабылдаймын. Мен өзімді
қолдайтын жəне көңіл-күйімді

жақсартатын ойларды ғана
қабылдаймын.
Гангрена
Психиканың сезімталдығы.

Қуаныштың жайсыз ойларға
алмасуы.
Бұдан былайғы менің
ойларымның бəрі – үйлесімді,

жəне қуаныш маған қарай
еркін ағылуда.
Гепатит
Қорқыныш, ашу, жек көру.

Бауыр – ашу мен шектен шыға
ренжудің ұясы
Менің санам таза жəне еркін.
Мен өткенді ұмытамын жəне

жаңаға бет аламын. Барлығы
жақсыға бар жатыр.
Мигрень
Зорлағанға деген жек

көрушілік. Өмір ағысына
қарсылық. Сексуалдық
қорқыныштар.
Мен жайбарақаттанамын жəне

өмір ағысын бақылаймын. Ал
өмір менің жеңіл жəне тиімді
жағдайымды қамтамасыз етсін.
Тұмау

Қоршаған ортаның нашар
қабағына, теріс ниеттерге
əсері. Қорқыныш.
Мен жалпылай сенімдер мен

ережелерден биікпін. Мен
сыртқы əсерден еркін бола
алатыныма сенімдімін.
Депрессия

Өз пікіріңіз б ойынша, өзіңіз
сезінуге құқығыңыз жоқ ашу.
Үмітсіздік.
Мен өзге адамдарда бар

қорқыныш пен шектеулілік
шеңберінен шығамын. Мен өз
өмірімді құрамын.
Балалар

кеселдері
Болжаулар мен ойдан
шығарылған ережелерге сену.
Ересектер өздерін бала сияқты

көреді.
Бұл балада Құдайлық
қорғаныш бар, оны махаббат
қоршап тұр. Біз оның

психикасына өзге əсерлер
жасалмауын та лап етеміз.
Диабет
Орындалмай қалған іске

өкініш. Бақылауда болуға
ерекше құлшыныс. Терең
уайым. Ешқандай жағымды
нəрсе қалған жоқ.

Осы сəт қуанышқа толы. Мен
бүгінгі өмірімнің тəттілігін
сезіне бастадым.
Сары ауру

Ішкі жəне сыртқы күні
бұрын пішілген ой. Біржақты
қорытындылар.
Мен өзімді қоса алғанда

барлық адамдарға төзіммен,
жаным аши жəне махаббатпен
қараймын.
Өттегі тас

Ащы дəм. Ауыр ойлар.
Қарғыс. Өркөкіректік.
Өткеннен қуанышпен бас
тартуға болады. Өмір ғажап,

мен де.
Əйелдер
кеселдері
Өзіңді қабылдай алмау.

Əйелдік мінездерден бас тарту.
Əйелдік мінез принциптерінен
бас тарту.
Мен əйел екеніме қуанамын.

Мен əйел болуды жақсы
көремін. Мен өз денемді жақсы
көремін.
Тұтығу

Сенім селкеулігі. Өзін
көрсете аларлық мүмкіндіктің
болмауы. Жылауға тиым
салатындар бар.

Мен өзімді-өзім еркін қорғай
аламын. Мен бұдан былай
өзім не қалайтынымды сездіре
аламын. Менде тек махаббат

сезімі ғана бар.
Қышыма
Мінезге қарсы жүруді қалау.
Қанағаттанбаушылық. Өкіну.

Ситуациядан шығуға ұмтылу.
Мен қайда болсам да
маған тыныш. Мен өзімнің
қалағанымның бəрі болатынын

білгендіктен, өзімдегі бар
жақсылықты қабылдаймын.
Қыжыл
Қорқыныш. Қорқыныш.

Қорқыныштың қысымы.
Мен кеудемді кере дем аламын.
Мен – қауіпсіздіктемін. Мен
өмір процесіне сенемін.

Белсіздік
Сексуалдық қысым, қолайсыз
сезіну, айып сезімі. Əріптеске
ызалану.

Бұдан былай мен өзімнің
толық сексуалдық қанағаттану
принциптеріме жеңіл жəне
қуанышпен ерік беремін.

Инфекция
Тітіркену, ашу шақыру,
қапалық.
Мен бұдан былай бейбітшіл

жəне жан-жақты жетілген
тұлға бола бастаймын.

Омыртқаның
майысуы
Психиканың əлсіреуі мен
тынышсыздық. Сіңірлер

қимылы шабан. Сананың
шабандауы.
Мен өмірді кеудемді
кере қабылдаймын. Мен

жайланамын жəне өмір ағысы
мен процесіне еремін.
Ларингит
Ашу айтуға жібермейді.

Қорқыныш айтқызбайды.
Мені жеңіп барады.
Мен нені сұрағым келсе
сұрауға ешкім кедергі

болмайды. Мен айтатынымды
айтуға толық еркіндіктемін.
Менің жаным жайлы.
Лейкемия

Шабыт басып тасталады.
«Бұл кімге керек»?
Мен бұрынғы шектеуліліктен
шығып, бүгінгі күннің

еркіндігін қабылдадым.
Өзіммен-өзім болу қауіпсіз.
Жатыр
Шығармашылық храмының

символы.
Денемнің ішінде өзімді еркін
сезінемін.
Менингит

Ойдың қабынуы жəне өмірге
ыза.
Мен тағылған айыптардың
бəрін ұмытамын жəне

тыныштық пен өмірдің
қызығын қабылдаймын.
Жөтел
Көмекке шақыру. Ішкі өксік.

Мен өзіме жағымды
болатындай етіп өзімді
жұбатамын жəне сүйемін.
Невралгия

Күнə үшін жаза алу. Сұхбаттау
қиналысы.
Мен өзімді кешіремін.
Мен өзімді сүйемін жəне

мақұлдаймын. Сұхбаттасу
қуаныш əкеледі.
Жүйке
Байланыс символы. Сезіну

органы.
Мен жеңіл жəне қуана-қуана
араласамын.
Остеомиелит

Өмірге ызалану мен өкіну.
Сені ешкім қолдамайтын
секілді сезім.
Мен өмірге қарсы келмеймін

жəне оған сенемін. Қауіп те,
уайым да жоқ.
Ісіну
Кіммен я немен қоштасқыңыз

келмейді?
Мен өткеніммен жеңіл
қоштасамын. Жəне бұл мен
үшін қауіпсіз. Енді менде

толық еркіндік.
Кекіру
Қорқыныш. Өмірге өте
тойымсыздықпен қарау.

Жасалуы тиіс істің əрбірінің өз
орны мен уақыты бар. Менің
жаным тыныштықта.
Панкреатит

Қабылдай алмау. Ашу мен
адасу: өмір өзінің тартымды-
лығын жоғалтқан сияқты.
Мен өзімді сүйемін жəне

мақұлдаймын. Мен өз
өмірімнің қуанышын өзім
жасаймын.
Паралич

Қорқыныш. Үрей. Адамнан
немесе ситуациядан қашу.
Қарсылық.
Мен – өмірдің бөлінбес

бөлшегімін. Мен өмірдің
əртүрлі жағдайында өзімді
қалыпты ұстай аламын.
Бауыр

Ашу мен қарапайым
сезімдердің жиынтығы.
Менің білетіндерім – махаббат,
бейбітшілік пен қуаныш.

Өкпе қабынуы
Ширығу. Өмірден шаршау.
Сезімге түскен, жазылуына
жол берілмей жатқан жаралар.

Мен тыныс пен өмір санасына
толы Құдай сөздерін еркін
қабылдаймын. Бұл – жаңа
бастау.

Психоз
Үйден қашу. Өзімен-өзі болу.
Өмірден қашуға тырысу.
Бұл Құдайлық көріністің бас-

тауы, ақыл өз бағасын біледі.
Құяң
Екіжүзділік. Ақша мен
болашақ үшін қорқыныш.

Мен өзіме көбірек пайдалы
болатындай етіп өмір сүре
бастадым.
Рак (қатерлі

ісік)
Терең жара. Ескі реніш.
Ұлы жұмбақ немесе қайғы
тыныштық бермей, жалмап

барады. Жек көру сезімінің
сақталып қалуы. «Бұл кімге
керек»?
Мен барлық өткен істерді

махаббатыммен кешіремін
жəне ұмытамын. Мен
бұдан былай өз əлемімді
қуаныштарға толтырамын.

Мен өзімді сүйемін жəне
мақұлдаймын.
Рахит
Сезімнің шөлдеуі. Махаббат

пен қорғанышты қажетсіну.
Мен – қауіпсіздіктемін. Мен
ғарыштың өзінің махаббатынан
қуат аламын.

Ревматизм
Өзін əлсіз сезіну. Махаббатты
қажетсіну. Ұдайы өкіну.
Реніш.

Менің өмірім – өз қолымда.
Мен оны сүйе түсудемін жəне
мақұлдаймын, сондықтан
менің өмірім барған сайын

жақсарып келеді.
Өзіне қол
жұмсау
Сіз өмірді тек ақ пен қара деп

түсінесіз. Жағдайдан шығудың
өзге жолын көргісі келмеу.
Мен барлық мүмкіндіктерді
пайдаланып өмір сүрудемін.

Қашанда өзге жол бар. Менде
бəрі сенімді.
Шаштың
ағаруы

Стресс. Басымдық көрсету
мен қысым жасаудың
керектігіне сену.
Өмірімнің барлық саласында

да менің жаным тыныш. Маған
өзімнің күш-қабілетім жетеді.
Жүрек
Махаббат пен қауіпсіздіктің

символы.
Менің жүрегім махаббат
əуенінде соғып тұр.
Инфаркт

Ақша, қызмет, т.с.с. үшін
жүректегі барлық қуанышты
қуып шығу.
Мен қуанышты жүрегімнің ең

төріне орналастырамын. Мен
барлығына махаббатымды
үлестіремін.

Мерез Өз күші мен тиімділігін жұмсап алу. Мен өзіммен-өзім болуды шештім. Мен өз болмысымды осы күйінде қабылдаймын. Өлім Өмір спектаклінен шығу символы. Мен тəжірибенің жаңа сатысына кетіп барамын. Барлығы жақсы. СПИД Қорғансыздық пен үмітсіздік сезімі. Бəріне түкіру. Ештеңе де еместей сезіну. Жек көру. Өз сексуалдық айыбын сезіну. Мен – Ғарыштың бір бөлігімін. Мен оның маңызды бөлігімін, мені өмірдің өзі жақсы көреді. Менде күш пен қабілет жетерлік. Кəрілік «Қауіпсіз балалық шаққа» оралу. Жəрдем мен өзіне назар аударуды талап ету. Аспандық қорғаныш. Қауіпсіздік. Бейбітшілік. Ғарыштық сана өмірдің əр деңгейінде əсер етеді. Туберкулез Өзімшілдіктен болған төгіпшашу. Жекешілдік. Қатігез ойлар. Өштесу. Өзімді сүйе жəне мақұлдай отырып, мен өзіме тыныш жəне шаттықты өмір жасаймын. Безеу Ашудың баяу белгілері. Мен өз ойларымды ауыздықтаймын, жаным жайланады. Төсекке салқындық Қорқыныш. Рахаттануды қабылдай алмау. Сезімсіз əріптестер. Өз тəнімнен рахат алу – қауіпсіз. Холестерин Қуаныштар келетін каналдың бітеле бастауы. Қуанышты қабылдаудан қорқу. Мен өмірді сүйемін. Маған қуаныш əкелетін каналдарым ашық. Қорылдау Ескірген стереотиптерге жабысып, айырылмау. Мен басымдағы махаббат пен шаттықтан басқалардың бəрін ұмытамын. Мен өткеннен жаңаға көшемін. Созылмалы аурулар Өзгерістерді жақтырмау. Болашақ алдындағы қорқыныш. Қауіпті сезіну. Мен өзгергім жəне өскім келеді. Мен жаңа жəне қауіпсіз болашақ құрамын. Эпилепсия Аңду маниясы. Нақты өмірді сезінбеу. Ылғи күрес үстінде сезіну. Өзін-өзі зорлау. Мен бұдан былай өмірді мəңгі жəне шаттыққа толы деп санаймын. Асқазан жарасы Қорқыныш. Өзінің кем екеніне деген берік сенім. Жағынуға тырысу. Мен өзімді сүйемін жəне мақұлдаймын. Менің жаным тыныштықта. Мен – тамаша тұлғамын. Қосымша жазбалар Балалар мен үй жануарлары өте ашық тіршілік иелері болғандықтан, өздерін қоршап тұрған ересектердің санасының əсеріне түсіп қалады. Сондықтан да, сіздердің балалар мен жануарларға бағытталған аффирмацияларыңыз, ата-ананың, мұғалімнің, туыстардың жəне сол секілді оларға жақын жүргендер мен əсер ете алатындардың барлығына бағытталуы керек. Метафизикалық деген сөз, сіздің тəндік шеңберден шығып, тəндік нəрсенің психикалық себебіне жақындайтыныңызды білдіреді. Егер сіз маған, мəселен, ішіңіз қатып қалуына байланысты келсеңіз, онда мен сіздің қайсыбір шектеулер мен қажеттілікке сенетініңізді, сөйтіп өміріңіздегі қандай да бір нəрседен бас тартуға қорқатыныңызды, өйткені сіз ол нəрсеңіздің орнын толтыра алатыныңызға сенімді емес екеніңізді көремін. Бұл сіздің ескі, уайымға түсіретін өткеніңізді еске түсіре беретініңізді жəне оны ұмыта алмай жүргеніңізді білдіреді. Мүмкін, сіз ешбір пайдасыз ескі байланыстарыңызды үзе алмай жүрген боларсыз. Немесе, сізге қажетсіз болып қалған ескі заттарыңыздан қол үзе алмай жүрген боларсыз. Мүмкін, сізде ақшаға байланысты қараулық бар болар. Сіздің болмашы кеселіңіздің өзі маған сіздің психикаңызды аңдауға кілт бола алады. Сонда мен сізді, тарс жұмылған қолға ештеңе сала алмайтыныңызды, əбден қатып қалған қарым-қатынасқа ешқандай жаңалық енгізе алмайтыныңызды түсінуге мəжбүр ете аламын. Мен сізге Кеңістікке (сізге өмір беріп тұрған күшке) көбірек сенуді үйретер едім, ол сізге өмір ағысынан қалып қоймауға жəрдем берер еді. Мен сізді қорқыныш стереотиптерінен қалай құтылуға болатынын жəне өз ойын тіптен басқаша пайдалана отырып, жаңа тəжірибені қалай жинақтауға болатынын үйретер едім. Мен сізге үйіңізге барып, барлық ескі-құсқыдан ажырауды, сөйтіп жаңа нəрселерге орын дайындауды сұранар едім. Солай етіп тұрып: «Мен барлық ескілерден арылып, жаңаға орын ашып жатырмын», – деп дауыстап айтуға шақырар едім. Қарапайым, бірақ өте тиімді. Ескіден арылу принципін игере тұрып, сіздің ішіңіздің қатуы, сіздің ескіге жабысып, ажырамайтыныңыздың себебі ретінде өзінен-өзі жазылып кетер еді. Сіздің денеңіз жеңілдеп, табиғи түрде сізге қажет емес нəрседен біржола құтылар еді. Сіз мүмкін, менің махаббат, бейбітшілік, қуаныш пен өзін-өзі мақұлдау концепциясын жиі пайдаланатынымды байқаған боларсыз. Егер біз, шынымен Құдайдың құдіретінің жəрдеміне сеніп, өзімізді өзіміз мақұлдап, махаббатқа толы жүрекпен өмір сүрсек, онда бейбітшілік пен қуаныш біздің өмірімізді толтырып, кесел мен қиыншылық жоламайды. Біздің

мақсатымыз – аурусыз, өзіміз қатысқан көңілді отырыстардан рахаттанып өмір сүру. Махаббат ашуды ерітіп жібереді, махаббат реніштерді ұмытуға мəжбүр етеді, махаббат қорқынышты қуады, махаббат қауіпсіздік əкеледі. Егер сіздің өміріңіздің негізінде өзіңізге деген махаббат жатса, онда сіздің өміріңіз жеңіл, үндестікте, сау-саламат, жайнаған қуанышта өтуі тиіс. Тəни кеселдерге ұшырағанда бұл кітапты пайдалануға болатын пайдалы мысалдар мыналар: 1. Бұл кітапта кеселдің қандай психологиялық себебі берілгенін табыңыз. Сіздің жағдайыңызда ол шындыққа сай ма, тексеріңіз. Егер олай болмай шықса, онда тыныш отырып: «Менің қай ойларым осыған əкеліп соқтыруы мүмкін?» деп сұраңыз. 2. Өзіңіз үшін (лажы болса дауыстап) «Мен осы кеселді туындатқан ойлау стеротипінен арылғым келеді» деп қайталаңыз. 3. Жаңа ой үлгілерін бірнеше рет қайталаңыз. 4. Сіз аурудан жазылу жағдайында екендігіңізге өзіңізді сендіріңіз. Сіз өз кеселіңіз жайлы ойлаған сайын жоғарыдағы əрекеттерді қайталаңыз. Содан соң қорытынды медитативтік талдаулар келеді, оларды күн сайын оқу пайдалы, өйткені олар сау сана қалыптастыруға, сол арқылы тəн саулығына жетуге мүмкіндік береді. Махаббатпен емдеу Менің болмысымның терең ортасында махаббаттың таусылмас қоры бар. Мен сол махаббаттың сыртқа шығуына мүмкіндік беремін. Ол менің жүрегімді, тəнімді, ақыл-ойымды, санамды, менің бар болмысымды толтырып тұр, менен жан-жаққа нұр шашып, одан бірнеше есе ұлғайып, өзіме қайта оралады. Мен махаббатты қаншалықты мол қабылдасам, соншалықты көп етіп қайтаруым керек, оның қоры шексіз. Махаббат маған жақсы көңіл-күй сыйлайды, ол – менің ішкі қуанышымның көрінісі. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан мен өзімнің тəніме махаббатпен қамқорлық жасаймын. Мен қайырымдылықпен оны жақсы дəммен жəне сусынмен тамақтандырамын. Мен оны махаббатпен жасандырып, киіндіремін. Тəн де маған өзінің саулығы мен қуатын сыйлайды. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме барлық талаптарыма сай келетін, сонда тұру жақсы көңіл-күй əкелетін, қолайлы мекен-жай алдым. Мен бөлмелерді махаббат дірілімен толтырамын, ол махаббатты кірген адамдардың бəрі, соның ішінде өзім де сезіп көңілі қош болатындай етемін. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме ұнайтын, одан рахат алатын, менің дарыным мен қабілетімді аша алатын жерде жұмыс істеймін. Мен адамдармен жəне өзім ұнататын, мені жақсы көретін адамдар үшін жұмыс істеймін, айлығым да жақсы. Мен өзімді жақсы көремін, өйткені менің мінезімде жəне ойларымда барлық адамдарға махаббатпен қараймын, өйткені менің бергенім өзіме көп есе болып қайта оралатынына мен сенемін. Менің ішкі əлеміме мен тек өзімді жақсы көретін адамдарды шақырамын, себебі олардан менің өз болмысым айнадан көрінгендей көрінеді. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан да мен кешіре білемін, өткенді жəне барлық өткен тəжірибемді ұмытамын, сөйтіп бостандық аламын. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан да тек бүгінгі күнмен, оның əрбір сəтінен рахат ала өмір сүремін жəне мені жарқын да қуанышты болашақ күтіп тұрғанына сенемін, өйткені мен Кеңістіктің сүйкімді баласымын, ол мен үшін қазір де, болашақта да қамқорлық жасайды. Шын мəнінде бұл солай. Мен сіздерді сүйемін. Сау тəн үшін аффирмациялар Маған менің санам ұнайды: Менің санам маған менің Тəнім – əсем Ғажайып екенін түсінуге жəрдемдеседі. Мен өмір сүргенім үшін қуанамын. Мен санамның көмегімен өзімді емдей алу қабілетімді таныдым. Менің санам, менің болашағым соған байланысты болатын айдың əрбір секундын таңдап алады. Мен санамды пайдалану арқылы одан емделуге болатын күш аламын. Мен өзімнің көңіл-күйімді жақсартатын ойларды таңдап аламын. Мен өзімнің тамаша санамды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің басымның терісі ұнайды Менің басымның терісі бос жəне тыныш. Ол менің шашыма төсек болып тұр. Ол менің əдемі шаштарымның өсіп, толық болып тұруы үшін қуат береді. Мен ойларымды, олар менің басымның терісін əдемілеп сылап-сипап беретіндей етіп таңдаймын. Мен өзімнің басымның тамаша терісін сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің шашым ұнайды Мен өміріме маған керек нəрселер жайлы қамқорлық жасауға мүмкіндік беремін, сөйтіп мықты жəне бейбітшіл адам боламын. Мен басымның терісін жұмсартамын, сөйтіп менің тамаша шашымның өсіп, топ-

толық болып тұруына мүмкіндік жасаймын. Мен шашыма махаббатпен қараймын жəне олардың өсуі мен мықты болуына жəрдем жасарлық ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша шашымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің көздерім ұнайды Менің көзім өте жақсы көреді. Мен барлығын анық жəне жарқырата көре аламын. Мен өзімнің өткеніме, бүгініме жəне болашағыма махаббатпен қараймын. Менің санам менің өмірге көзқарасымды айқындайды. Мен барлық нəрсеге жаңаша қараймын. Мен əр адамдағы жақсылықты көре аламын, мен оны қашан, қай жерде болса да көре аламын. Мен өз махаббатыммен өзім көріп отыра беруге құмар өмірді жасай аламын. Мен өзімнің тамаша көздерімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің құлақтарым ұнайды Мен тыныш, байсалды, өмірсүйгіш адаммын. Мен өз төңірегімде үндестік туғызатын ойларды таңдаймын. Мен барлық жақсы жəне жəйлі нəрселерді тыңдағанды жақсы көремін. Əр адамның сөздерінен мен махаббатқа шақырудың жасырын түрін естимін. Мен өзгелерді түсінуге тырысамын жəне оларға жанашырлықпен қарай аламын. Мені менің өмірді тыңдай білу қабілетім қуантады. Менің санам қашан болса да қабылдауға ашық. Мен рахаттана тыңдаймын. Мен өзімнің тамаша құлақтарымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің мұрным ұнайды Мен өзімді қоршап тұрғандардың бəрімен бейбіт өмір сүремін. Менің үстімнен ешкім, ешқашан билік ете алмайды. Мен өз əлемімде күш пен биліктің иесімін. Мен өзімнің шын құндылығымды мойындайтын ойларды ғана таңдаймын. Мен өз сезіміме сенемін, өйткені мен қашан да Кеңістіктегі Ақылмен жəне Ақиқатпен байланыстамын. Мен қашан да өзімнің дұрыс жолымды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша мұрнымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің аузым ұнайды Мен жаңа идеялардан қуат аламын. Мен қабылдап сіңіру үшін жаңа концепциялар дайындаймын. Мен Ақиқат заңдары негізінде оңай шешімдер қабылдаймын. Менде өмірге деген жақсы сүйіспеншілік бар. Мен қай нəрсе болсын махаббатпен айтуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен не ойласам соны батыл жеткізе аламын, себебі мен өз бағамды білемін. Мен өзімнің тамаша аузымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тістерім ұнайды Менің тістерім сау жəне мықты. Мен өмірге қуанышпен қараймын. Мен өзімнің өткен тəжірибемді толық ой елегінен өткіземін. Мен – табанды адаммын. Менің шешім алуым оңай жəне оны өзгертпеймін. Мен өзіме мықты ішкі негіз болатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің Ішкі Ақылыма сенемін, өйткені мен қандай таңдау жасасам да, ол маған сол сəтте ең тиімдісі болып шығады. Мен өзімнің тамаша тістерімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тісімнің еттері ұнайды Менің тістерімнің еттері – денсаулық кепілі. Олар менің тістерімді ұстап тұр жəне оны қорғайды. Маған өз шешімдерімді орындау оңай. Шешімдерімді мен ішкі сенімдеріммен салыстырып аламын. Мен тек Ақыл мен Ақиқатты ғана басшылыққа аламын. Мен өз өмірімде дұрыс əрекеттерге əкелетін ойларды таңдап аламын. Мен өзімнің тісімнің тамаша еттерін сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің дауысым ұнайды Мен өз пікірімді ашық айта аламын. Мен не ойласам, соны айтамын. Менің сөздерім – өмір музыкасы. Мен əсемдік пен алғысты білдіретін сөздерді таңдаймын. Мен өмірмен толық бірлікте екенімді мəлімдеймін. Мен өзімнің тамаша дауысымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің мойным ұнайды Мен өзге пікірлердің болуын жəне мақсатқа жетудің өзге де жолдары болуын қабылдауға əзірмін. Мен мұның бəрін еркін мойындаймын. Мен өзгерістерге ұмтыламын. Мен өзімнің идеялардағы биязылығымды жəне шығармашылық ерекшелігімді сақтап қалуға зияны тимейтін ойларды таңдаймын. Мен өз ойымды еркін жəне қуанышпен жеткізе аламын. Мен өзімнің тамаша мойнымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің қолдарым ұнайды Мен өзімді жəне өзімнің сүйіктілерімді қорғаймын. Мен өмірден рахаттанамын. Мен өмірдің түрлі жағдайларын дұрыс қабылдау қабілетіне иемін. Мен, маған өзгерістерді жеңіл қабылдауға жəне кез келген бағытта алға жылжуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен – мықты, қабілетті жəне қайраткер адаммын. Мен өзімнің тамаша қолдарымды сүйемін жəне бағалаймын!

Маған менің қолымның сырты ұнайды Менің қолымның терісі жұмсақ əрі əдемі. Мен рахаттарға еркін беріле аламын. Мен барлық алған жақсылықтарыма лайықпын. Мен, өзімде бар барлық нəрседен рахат алуға болатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің қолымның тамаша сыртын сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің қолымның сүйектері ұнайды Менің қолымның сүйектері қалай қаласа, солай өмір сүре алады. Олар, адамдар мен оқиғаларға қалай қарым-қатынас жасау керектігін біледі. Мен, өзімнің өмір сүруіме жеңіл əрі қуанышты болатын ойларды таңдаймын. Барлығы Киелі Құқық анықтаған Тəртіпке сəйкес өтіп жатыр. Мен өмірге махаббатпен қарай аламын, демек мен қауіпсіз жағдайдамын, маған ешқандай қатер төніп тұрған жоқ, өз «менімді» сақтап тұра аламын. Менің жаным жай тауып тұр. Мен өзімнің қолымның тамаша сүйектерін сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің саусақтарым ұнайды Менің саусақтарым маған көп қуаныштар əкеледі. Маған, өзімнің ұстап көру жəне сезіну, сипап көру мен зерттеу, тігу мен жөндеу, орындау жəне сұлулықты махаббатпен жасаудағы өз қабілетім ұнайды. Мен саусағымды өмірдің пульсінде ұстаймын, мен өзімді қоршаған барлық адамдармен келісімде өмір сүремін. Мен, жұрттың бəріне махаббатпен жанаса алатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша саусақтарымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тырнақтарым ұнайды Мен үшін тырнақтарыма қарау – үлкен қуаныш. Мен – қорғаудамын, мен – қауіпсіз жағдайдамын. Мен тыныштықта тұрғанда, өмірдің ағысына берілгенде, менің тырнақтарым күшті жəне қатты болып өседі. Мен өзімнің тамаша тырнақтарымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің омыртқам ұнайды Менің омыртқам – үндестік пен махаббаттың қосылысы. Əрбір омыртқа екі көрші омыртқамен достық байланыста. Олардың барлығының өзара қарым-қатынасы байсалды жəне мінсіз. Менің күшімнің ғана емес, менің иілгіштігімнің де бастауы – осында. Мен аспанға да жете аламын, жерге де иіле аламын. Мен, маған бостандық пен қауіпсіздік əкелетін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша омыртқамды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің арқам ұнайды Менің арқам – өмірдің өзі. Мен одан моральдық қолдау сезінемін. Мен барлық қорқыныштарды қуып жібере аламын. Мен өзімді сүйікті сезінемін. Мен үшін, менің өткенім де, барлық жүріп өткен жолым да маңызды емес. Мен артта қалып қойған нəрсенің бəрін ұмытамын. Мен бұдан былай өмірдің табиғи дамуына сенемін. Мен, маған керек нəрсенің бəрін беретін ойларды таңдаймын. Өмір маған, одан күткен кезімде де, одан күтпеген кезімде де оңынан қарайды. Өмір – ең керек нəрсе екенін мен білемін. Өмірге деген махаббат мені батыл жəне келбетті етеді. Мен өзімнің тамаша арқамды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің иілген мүсінім ұнайды Құдай маған икемді болып, мəжнүн талдың сабақтары суда қалай жүзсе, өмірде солай жүзе алатындай иілген мүсін берді. Мен еңкейе аламын, созыла аламын, бірақ барлық уақытта қалыпты жағдайыма келемін. Мен, иілген жəне көнбіс адам болу мүмкіндігін арттыратын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша иілген мүсінімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің көкірек жасушам ұнайды Мен өзгелерге қанша берсем, сонша аламын. Мен өмірден өзіме не керек болса, соны аламын. Мен өзімнің жеке мүмкіндігімнің молдығын сақтай отырып, өзгелерді қандай күйде болса солай болу құқығын мойындаймын. Өмір біздің барлығымызды қорғайды. Біздің өсуімізге ештеңе кедергі бола алмайды. Мен өзгелерге тек махаббат қана беремін. Мен, біздің бəрімізге еркіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша кеудемді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің өкпем ұнайды Менің кеңістікке құқым бар. Өмір сүруге құқым бар. Еркін, кеудемді толтырып өмірмен тыныс аламын. Мені қоршаған орта тіптен де қауіпсіз. Мен еркін тыныс алуға мүмкіндік беретін Күшке сенемін. Мен қанша уақыт өмір сүргім келсе, менің тынысым соншама уақытқа жетеді. Мендегі өмірлік күштің қоры мен қанша өмір сүргім келсе соған жетеді. Мен қазір, мені сақтай алатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша өкпемді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тынысым ұнайды Мен өз тынысымды қымбат көремін. Ол менің байлығым жəне өмір сүрудің көзі. Мен өз өмірім толық қауіпсіздікте екенін білемін. Мен

өмірді сүйемін. Мен кеудемнен толық тыныс алып өмірді ішіме аламын. Менің тынысым кіргенде жəне шыққанда үндестікте. Мен, тынысым жеңіл жəне ұнамды болатындай ойларды таңдаймын. Менің қатысуым адамдарға қуаныш əкеледі. Мен жүзіп келемін – мені өмір тынысы тартып барады. Мен өзімнің тамаша тынысымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің ағзаларым ұнайды Ағзалар – өзіңді көрсете білудің бастауы. Менің өзімді көрсетуім – ол менің өмірге деген қатынасымның түрі. Мен – ерекше тұлғамын. Мен өзімнің даралығымды бағалаймын. Менің өмірімде кездескен барлық жақсылықтың бəрі алдымен менің жанымда пайда болады. Менің қайталанбайтындығым мен таңдаған ойлардан басталады. Рухани беріктік пен күш менде мықты жəне теңестірілген. Мен қуатты жəне жеңіл қимылдайтын адаммын. Мен өзімнің тамаша ағзаларымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жүрегім ұнайды Менің жүрегім бүкіл бойыма, оның жасушаларына қуат беру арқылы қуаныш əкеледі. Қазір менде жаңа қуанышты ойлар еркін айналып жүр. Мен өмірдің қуанышын сезінемін жəне көрсетемін. Мен, осы сəттің мəңгі шат ойларын таңдаймын. Менен барлық жаққа махаббат лебі еседі жəне менің бар өмірім шаттықтан тұрады. Мен жүрегіммен сүйемін. Мен өзімнің тамаша жүрегімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің қаным ұнайды Менің бойымдағы қаным – тап-таза қуаныш. Өмірдің осы қуанышы бойымда еркін ағып жатыр. Мен бақытты жəне шат-шадыман өмір сүрудемін. Менің өмірім бай, толыққанды жəне қуанышты. Мен өзімнің тамаша қанымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жүйкем ұнайды Менде тамаша жүйке жүйесі бар. Жүйкем менің өмірмен байланысымды толық көлемде қамтамасыз етеді. Мен өзімді қауіпсіз жағдайда сезінемін. Мен жүйкелеріме бейбіт босаңсуға рұқсат беремін. Жаныма тыныштық беретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша жүйкемді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің асқазаным ұнайды Мен өмір тəжірибесін рахаттана қорытамын. Өмір бəрін менің пайдама шешеді. Мен өмірдің əрбір жаңа сəтін жеңіл сіңіре аламын. Менің əлемімде барлығы жақсы бара жатыр. Мен өзімнің бар екенімді мадақтайтын ойларды таңдаймын. Өмір маған керек нəрсемен мені қоректендіретініне мен сенемін. Мен өзімнің бағамды білемін. Маған ұқсаған адам онсыз да жақсы. Мен – Өмірдің Тамаша Киелі Көрінісімін. Мен осы ойды сіңіремін де, оны өзім үшін ақиқатқа айналдырамын. Мен өзімнің тамаша асқазанымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің бауырым ұнайды Мен барлығынан бас тартамын, маған басқа ештеңе де керек емес. Мен тіксінуді, сын мен айыптауды шаттана жоққа шығарамын. Менде енді тек таза жəне сап-сау ойлар қалды. Менің өмірімде бəрі Киелі Құқық анықтаған Тəртіпке сəйкес орындалып келеді. Барлығы менің жағдайым мен қуанышым үшін жасалып жатыр. Мен өз өмірімде барлық жерде махаббат кездестіремін. Мен, мені емдейтін, тазартатын жəне биікке көтеретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша бауырымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің бүйрегім ұнайды Мен өзім құра алған өмірді сол күйінде қабылдауға жəне соның ішінде дамуға əзірмін. Мен ескілерден қол үзіп барлық жаңаны қарсы алудамын. Менің бүйрегім, бұрын менің ағзамды уландырып келген нəрселерді тиімді жойып жатыр. Мен енді менің өз əлемімді құратын ойларды таңдаймын. Менің сезімдерім махаббатты байсалды етеді. Мен өзімнің тамаша бүйрегімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің қара бауырым ұнайды Менің жалғыз жақсы көретін нəрсем – өмірден рахаттану. Менің шын болмысым – ол шаттықтың, махаббаттың, тыныштықтың араласқан түрі. Менің сап-сау, бақытты, қалыпты қара бауырым бар. Мен толық қауіпсіздіктемін. Өмірдің тəттісін ғана таңдаймын. Мен өзімнің тамаша қара бауырымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің белім ұнайды Менің белім əсем. Ол қалыпты, табиғи жəне өте иілгіш. Мен қалай қаласам солай иіле де, майыса да аламын. Мен жаныма жайлы түрде жасалған жаттығулардан рахат алуға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Менің белімнің көлемі маған өте лайық. Мен өзімнің тамаша белімді сүйемін жəне бағалаймын!

Маған менің бүйірім ұнайды Мен бұл өмірде өте нық жүріп келемін. Мен ұдайы бір жаңа нəрсеге қарай жүріп келемін. Əр жастың өзіне лайықты мақсаттары мен мұраттары бар. Мен, мықтылық пен күшті сақтап тұратын ойларды таңдаймын. Менің күшім мен құдіретім – өмірдің осы тұтқасында. Мен өзімнің тамаша бүйірімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жамбасым ұнайды Менің жамбасым күн санап əдеміленіп келеді. Олардан менің құдіретім көрінеді. Мен өзімнің мықты адам екенімді білемін. Мен өзімнің күшімді білемін жəне бағалаймын. Мен, өзіме күшіммен ақылға сай пайдалануыма махаббатпен мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Өз күшіңді сезіну қандай рахат! Мен өзімнің тамаша жамбасымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тік ішегім ұнайды Мен өзімдегі бар жақсы нəрселердің дархан жəне қуанышты жылжуы үшін ашық та еркін каналмын. Мен алға жылжуыма зияны тиетін жəне кедергі болатын ойлар мен заттардан оп-оңай ажыраймын. Менің өмірімде барлығы қалыпты, үндестікте, жетілген. Мен тап қазіргі уақытпен өмір сүремін. Мен өмірде ілгері жылжуыма жəрдем беретін ашықтық пен қабылдай білу туралы ойларды таңдаймын. Сіңіріп алу, түсіну мен ойдан шығарып жіберу менде оп-оңай-ақ жасалады. Мен өзімнің тамаша тік ішегімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің өтім ұнайды Мен өз ойларыммен жəне сезімдеріммен түсіністікте өмір сүремін. Мен өзімді қоршап тұрғандармен келісімде өмір сүремін. Менің үстімнен ешкім жəне ештеңе билік ете алмайды, өйткені мен өз ақылыммен өмір сүремін. Мен өзіме тыныштық əкелетін ойларды таңдаймын. Ескірген идеялар мен түсініктерден өз еркіммен жəне ешбір қиындықсыз құтыла аламын. Менен олар оп-оңай жəне қуана-қуана кете барады. Мен өзімнің тамаша өтімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жыныс органдарым ұнайды Менің сексуалдылығым маған ұнайды. Бұл қалыпты іс, табиғи жəне ең жақсы күй. Мен өз органдарымды əсем, табиғи жəне маған өте лайық деп табамын. Мен, осы жерде жəне қазір қалай болсам сол күйде жақсы жəне əдемімін. Мен өз денем өзіме беретін рахатты бағалаймын. Менің денемнің маған беретін рахаты қауіпсіз. Мен өзімнің тамаша жыныс органдарымды сүйетін жəне бағалайтын ойларды таңдаймын! Маған менің аяқтарым ұнайды Мен қазір, балалық шақта ауыртып алған жəне ұрып алған барлық ауруларымды ұмытқым келеді. Мен өткенмен өмір сүруден бас тартамын. Мен бүгінгі күнмен өмір сүремін. Мен өткенімнің бəрін ұмытамын жəне кешіремін, ал менің аяқтарым бұрынғыдан да жақсарып келеді. Менің еркін қозғалуыма менің қозғала алатын мүмкіндігім жəрдем жасайды. Менің өткенім менің ілгері жылжуыма зиянын тигізбейді. Менің мықты балтырларым босаңсып тұр. Мен, өзімнің қуанышпен ілгері жылжуыма жəрдем беретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша аяқтарымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тізем ұнайды Мен иілгішпін жəне майысқақпын. Мен беремін жəне кешіремін. Маған бас ию мен қозғалу жеңілге түсіп тұр. Мен өзге адамдарды түсіне аламын жəне жаным ашиды. Маған өткенімді жəне сол кезге қатысты адамдарды кешіру оңай. Мен өзге адамдарды мойындай аламын жəне оларды мақтап жүремін. Мен, айналадағының бəрін еркін толтыратын махаббат пен қуанышты сақтау мен қабылдауға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен өз Тəңіріме табынамын. Мен өзімнің тамаша тіземді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің сырт келбетім ұнайды Мен өзімнің сырт келбетімді ұнатамын. Бұл өмірде олар мені толық қанағаттандырады. Мен өзімнің сырт келбетімді тумай жатып таңдағанмын жəне таңдауыма өкінбеймін. Мен ерекше, ешкімге ұқсамайтын адаммын. Менен басқа ешкімнің көрінісі маған ұқсамайды. Менің тартымдылығым күн санап өсіп келеді. Мен, өзімнің əсемдігімді көрсете түсетін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша сырт келбетімді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің бойым ұнайды Менің бойым маған дəлме-дəл сəйкес келеді. Ол онша ұзын да, қысқа да емес. Мен төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге еркін қарай аламын. Мен жұлдыздарға қол соза аламын жəне жерді қолыммен ұстай аламын. Мен, қауіпсіздік, қорғаушылық, махаббат сезімі пайда болатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша бойымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің салмағым ұнайды Қазір менің өзіме ең қолайлы салмағым бар. Ол менің өзіме белгілеп алған салмаққа сəйкес келеді. Мен өзімнің салмағымды қалаған кезде өзгерте аламын. Мен, өзімнің денемнен жəне оның көлемінен рахат алу

сезімін төмендетпейтін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша денемді сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің жасым ұнайды Мен қазір ең жақсы жастамын. Мен үшін өмірімнің əрбір жылы қымбат, өйткені ол бір-ақ рет беріледі. Балалық шақтан кəрілікке дейін тамашаларға толы. Балалық та, кəрілік секілді ерекше. Мен бəрін де басымнан өткізгім келеді. Мен, маған тыныш қартаюға мүмкіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен əр жаңа жылдың əрбір сəтіндегі оқиғаларды асыға күтемін. Мен өзімнің тамаша жасымды сүйемін жəне бағалаймын! Маған менің тəнім ұнайды Менің тəнім – өмір үшін тамаша үй. Мен өз өмірімде менің таңдауым тамаша тəніме түскеніне ризамын. Оның барлық жағы əсем: көлемі, тұрпаты жəне түсі. Ол маған өте жақсы қызмет етеді. Мені тəнімнің керемет келбеті қуанышқа бөлейді. Мен, менің сау тəніме жақсы əсер ететін, жақсы көңіл-күй сыйлайтын емдеуші ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша тəнімді сүйемін жəне бағалаймын! ІІІ ТАРАУ КҮШ – ІШІМІЗДЕ Бұл тараудағы өте маңызды хабарламаларды бірден қабылдап, сіңіріп алыңыз дей алмаймын. Бұл ойлардың кейбірі сізге ұнар, кейбірі ұнамас, ұнамағанын алып тастаңыз. Егер, сіз, мұндағы тым болмаса бір идеяны алсаңыз, ол сізге қызмет етсе жəне сіздің өміріңізді бұрынғыдан жарқын етсе, мен ризамын. Оқыған кезде мына терминдерге назар аударыңыз: күш, ақыл, шексіз сана, жоғарғы күш, Құдай, ғарыштық күш, ішкі ақыл. Бұлардың бəрі – Кеңістік пен сізді басқаратын күштің əртүрлі атауы. Егер осылар сізді қанағаттандырмаса, онымен шектелмей, оған өз ойларыңызды қосыңыз. Менің ойымша ауру жəне СПИД деген сөздерді жазғанда екіншісін бас əріппен жазудың керегі жоқ, олай етсек біз оған ерекше мəн беріп, күшейткен боламыз. Біз сырттан іздеп жүрген КҮШ біздің ішімізде екенін түсінуіміз аса маңызды. Біз өз ішіміздегі КҮШ-ке жүгініп, оны біздің жарқын мақсаттарымызда орындауға пайдаланайық. Мен емші емеспін. Мен ешкімді емдей алмаймын. Мен əркімнің санасы өзін-өзі емдеуге жетсе деймін. Мен адамдар өздерінің қандай тамаша екенін таныса деймін. Осы ғана. Менің көзімнің жеткені: кез келген проблеманың шешілу құралы – адамның өзіне өзінің махаббаты. Адам өзін күн өткен сайын сүйе түссе, оның өмірі орасан өзгеріске ұшырайды, күн санап жақсы бола береді. Ол армандаған жұмысына қол жеткізеді, қажет ақшаға ие болады, төңірегіндегілермен қарым-қатынасы жақсарады. Осыған жетудің қарапайым жолы – өзіңді өзің жақсы көру. Біз өзіміздің шын мəнінде қандай екенімізді біле бермейміз. Біз нақ осы сəтте нені сезініп тұрмыз, соны білмейміз, нені қалап тұрмыз, соны білмейміз. Өмір – саяхат, онда біз өзімізді жаңадан ашамыз. Өзін сүю – эгоизм емес. Ол – ішкі тазару тəсілі: өзін сүюді үйрену арқылы біз өзгені сүюді үйренеміз. Сүюді үйрену мен өмірге қуану арқылы ғана планетамызға шын мəнінде жəрдем бере аламыз. Біздің əсем де ерекше кеңістігімізді жасаған күш өзінің рухы жағынан махаббатқа ұқсас. Біз «Жерді айналуға мəжбүр етіп тұрған нəрсе – махаббат» дегенді жиі естиміз. Бұл шын мəнінде солай. Махаббат – кеңістікті ұстап тұрған нəрселердің негізі. Оның ыдырап кетпей тұрғанының себепшісі де сол. Менің жеке басым үшін махаббаттың мағынасы зор. Мен өзімнің өзіме махаббатым туралы айтқанда, «біз шын мəнінде бар екенімізді терең

сезінуді» назарға аламын. Сезіну – өз қалпымызды жан-жақты қабылдау, оның ішінде кішкене алаңғасарлық, ұялшақтық секілді онша ұнамды емес мінездер бар. Сонымен бірге, əрине, дұрыс мінездер де бар. Сезіну – өзіңді толығымен жəне осылар болмаса демей қабылдай алу. Бақытсыздыққа орай, өзін сүюдің өзі оңай бола бермейді, ол үшін салмақ жоғалту, жұмыстан айырылып қалу немесе төмендеп қалу, дос таңдау, т.с.с. өзгерістер керек болып қалады. Біз өз махаббатымыз үшін де шарт қоямыз. Бірақ, одан басқа да, айқынырақ жол бар: өзіңді осы қалпыңда сүйе білу. Біздің планетамызда тұтастай алғанда махаббат жетіспеушілігі орын алған. СПИД-тен өліп жатқан адамдар көбейіп жатыр. Бірақ СПИД бізге ішкі кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді, моральдық шектеулердің құрсауынан шығуға түрлі саяси жəне діни сенімдерді ұмытуға жəрдем береді, бұның бəрі біздің жүрегіміздің əмірін орындауға бағынады. Осыларды жасай алатын адамдар көбейген сайын біздің ең күрделі проблемаларымыздың шешуші жолдары табылады. Біз жеке өмірде бүкілəлемдік деңгейде өзгерістер болып жатқан əлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондай əлемнің нақ ортасында өмір кешіп келеміз. Осындай күрделі мезгілде өмір сүріп жатқан біздің əрбірімізге, қазір жəне осында болуымыз керек пе, ескі əлемді махаббат пен тыныштық орнаған жаңа əлем ететін өзгерістердің қатысушысы болуымыз қажет пе, ұдайы таңдау жасайтынымызға сенімдімін. Балық дəуірінде біз құтқарушымыздан: «Мені құтқара көр! Мен үшін уайымдашы!» деп сұрасақ, енді Су құюшы дəуірі келді. Онда біз өзімізге өзіміз жол табуды үйрену арқылы құтқарушымызды табамыз. Біз қолдау күтетін күштің өзіміз. Біз өзіміз өз өміріміз үшін жауаптымыз. Мүмкін, сіз өзіңізді бүгін сүйгіңіз келмес? Олай жүре берсеңіз, сіз өзіңізді ертең де, арғы күні де сүйе алмайсыз: өзіңіздің өзіңізге деген келіспеушілігіңіз сізбен бірге ертеңгі күнге жылжи береді. Мүмкін ол жиырма жылға дейін сізбен бірге жүре берер, сіз одан о дүниеге кеткенде де ажырамассыз, кім білсін. Бүгін – нақ бүгін, сіз өзіңізді сөзсіз жəне алаңсыз сүйе алатын күніңіз. Мен бірін-бірі сүю ешқандай қауіпсіз əлемді құру үшін қолымнан келгенімді жасағым келеді, онда біз, өзіміздің шын мəнінде қандай екенімізді білуден қорықпаймыз; онда біз төңіректегілерімізге айыпталусыз, сынаусыз жəне көзқарасымызды өзгерте бермей-ақ сүйкімді болар едік. Махаббат біздің өзімізден басталады. Інжілде: «Жақын адамдарыңды өзіңді сүйгендей сүй» дейді. Біз бұл ойды өзімізді ұмытқандай ұмытып кете береміз. Шындығында, біз өзімізді сүйе білуді үйренбесек, бізге басқаларды сүю қиынға түседі. Өзіңе деген махаббат – адамға берілген сыйлардың ішіндегі ең ұлығы. Біз өзімізді, қандай болсақ сондай күйде сүйе алсақ, онда өзімізге де, өзгелерге де зиян жасай алмаймыз. Егер əркім өзінің ішкі тыныштығын түсінсе, онда соғысқа, терроризмге, тартып алуға, үйсіздерге орын қалмас еді. Түрлі кеселдер жойылар еді, СПИД-те, қатерлі ісік те, кедейлік те, аштық та болмас еді. Сонымен, мен үшін əлемдік тыныштық пен жайлылық əр адамның ішкі тыныштығы. Тыныштық, түсіну, жаны ашу, кешіре білу, жəне ең маңыздысы – махаббат. Біздің ішкі күшіміз осы өзгерістердің бəрін өмірге енгізуге жетеді. Махаббат – ол, таңдауға тұратын нəрсе. Оны ашу, жек көру, мұң секілді етіп таңдау керек. Біз МАХАББАТТЫ таңдай аламыз. Бұл таңдауды іштей бүкіл өміріміз барысында жасаймыз. Олай болса барлық таңдаулардың ішінен махаббатты таңдап алуды қазірден-ақ бастайық. Бұл – ең ұлы күш. Ем беретін күш. 1-бөлім. Сана жетілгенде Біз санамызды жетілдіре бастасақ жəне сенімімізді орнықтырсақ, онда махаббат біздің жүрегімізден өзі-ақ еркін ағылады. Біз тырысып қалсақ, жүректің қақпағы жабылып қалады. Күш – өз ішімізде Біздің ішкі күшпен байланысымыз қаншалықты мықты болса, біз өміріміздің барлық салаларында еркінірек бола береміз. Сіз кімсіз? Сіз неге осы жердесіз? Сіз өміріңізде неге сенесіз? Адамдар мыңдаған жылдардан бері осы сұрақтарға жауап іздеп жүр жəне бұл ізденісте олар ылғи да өз ішіне үңілуде. ІШКЕ ЖЫЛЖУ дегеніміз не? Ішкі күш біздің əрбірімізді махаббат пен тап-таза денсаулыққа, таза қарым-қатынасқа, таза күйіндегі қызметтік өсуге жетуге алып баратынына мен сенемін. Ол біздің əрбірімізді жарқырап өрлеуге үйрете алады. Келесі қадам – қолайсыз жағдайлар туғызатын тұрмыс үлгісінен босанып шығу. Бұлай ету өте қарапайым: біз өз ішімізге үңілеміз де ішкі күштің қақпасын қағамыз. Ол біз үшін қайсысы дұрыс екенін біледі. Егер бізде өз өмірімізді бізді сүйетін жəне қолдайтын ішкі күшпен бір қатарға қою тілегі болса, осы жеткілікті. Біз махаббат пен ілгері өрлеуді өз өмірімізге кіргізе аламыз.

Біздің санамыз Бірыңғай Таусылмас Санамен барлық уақытта байланыс жасап тұратынына мен сенемін. Демек, барлық білім мен барлық ақылды біз кез келген уақытта ала аламыз. Біз Таусылмас Санамен, Кеңістік күшімен байланыстымыз. Ол бізге ішкі саңылау арқылы, біздің Жоғарғы «меніміз» жəне Біздегі Ішкі Күш арқылы өмір береді. Кеңістік Күші өзінің барлық жасағандарын сүйеді. Бұл күштің негізінде ізгі, жарқын бастау бар жəне ол біздің өміріміздегінің барлығына басшылық жасайды. Ол жек көруді, алдауды жəне жазалауды білмейді. Ол – таза махаббат, бостандық, түсіністік пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Өз өмірінде əркім Жоғарғы «Меніне» назар аударуы маңызды. Нақ осының нəтижесінде біз өмірдің шын рахатын танимыз. Бұл күшті əртүрлі пайдалануға болатынын біз түсінуіміз керек. Егер біз өткенмен өмір сүруді таңдасақ жəне біз үшін қолайлы болмаған жағдайлар мен тиімсіз істерге қайта-қайта орала берсек, онда біз орнымыздан ілгері жылжи алмаймыз. Бірақ біз өткеннің құрбаны болудан саналы түрде бас тартып, өз өмірімізді жаңадан құруды бастасақ, онда Ішкі Күш біздің жағымызға шығады. Біз, өмір шын мəнінде тамаша болуы мүмкін екенін біле бастаймыз: Мен екі түрлі күштің болуына сенбеймін. Мен, РУХАНИ БАСТАУ – БІРЛІКТЕ деп ойлаймын. «Ол – сайтан» немесе «Олардан тамұқ лебі есіп тұр» дей салу оңай. Шындығында барлығы біздің өзімізге байланысты. Я, біз, тəжірибе жинақтай жəне ақыл толыса келе бұл күшті пайдаланамыз, я онымен басқаша айналысамыз. Сайтан шынымен біздің жүрегімізде ме? Ондай болса басқаларды сынап-мінеудің керегі не? Олар бізден қай жағынан ерекшеленеді? Сонда біз нені таңдаймыз? Айып алдындағы жауапкершілік Біз өз өміріміздің жақсы да жаман жағдайларын қабылдау мен ойлау модельдерінің жəрдемімен едəуір деңгейде айқындай аламыз деп ойлаймын. Кейбір жəне одан басқа ойларға баса назар аударамыз. Ол ой-лар сезім шақырады. Сол сезімдер мен сенімдерге лайық біздің өмірімізді өзіміз құра бастаймыз. Біздің өмірімізде бір нəрсе бақылауымыздан шығып кетсе, оған өзіңді айыптаудың керегі жоқ. Бірақ айып жəне де оны өзге біреулерге арту тілегі мен жауапкершілік сезімі арасында үлкен айырма бар. Мен жауапкершілік туралы айтқанда, күшке ие болуды айтқым келді. Айып күшті босқа жұмсатады, оны жүдетеді. Жəне керісінше, жауапкершілік бізге өз өмірімізді өзгертуге күш сыйлайды. Біз жазықсыз жазғырылушының ролін ойнаған кезде, өз күшімізді дəрменсіз болуға пайдаланамыз. Бірақ, жауапкершілікті өзімізге алуға шешім қабылдағанымызда, біз адамдар мен жағдайды айыптау арқылы уақытты босқа жоғалтуды тоқтатамыз. Нақтылап айтқанда, БІЗГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ нəрселерді. Кейбір адамдар өздерін ауруға, кедейлікке, кейбір проблемаларына өзін айыптыдай сезінеді. Олар жауапкершілік сезімін айыптылық сезімімен араластырып жібергісі келеді. Мұндай адамдар өзін бір нəрселер үшін барлық уақытта айыптап жүреді, өздерін əбден біткен, жолы болмағандардың қатарына қосады. Сонымен бірге олар барлық кемшіліктерге төңіректегілерді де қосады. Бұл өзінің қабілетсіздігін белгілеудің керексіз тəсілі. Өз топшылауларымызда мен бұл комплекс туралы айтып отырғаным жоқ. Егер біз өз проблемаларымыз бен кеселдерімізді өз өмірімізде жүзеге асырылуға тиіс өзгерістерді түйсіну мүмкіндігі десек, онда, бізде орын бар. Көп адамдар, қайсыбір апатқа ұшыраған соң немесе ауыр кеселмен ауырып тұрғанда, осы оқиғалары туралы өздерінің өміріндегі ең тамаша сəттер ретінде еске түсіреді: нақ солар жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Жəне керісінше, көп адамдар, ауырған кезде: «Маған қайдан мұндай ауру тап келе қалды. Дəрігер, мені ертерек емдеңізші!», – дейді. Менің ойымша, бұндай кісілер алдағы кезде қиыншылықтарға ұшырайды: олар өз күшімен жазыла алмайды. ЖАУАПКЕРШІЛІК – БІЗДІҢ ЖАҒДАЙҒА ҚАРАЙ ƏРЕКЕТ ЕТУ ҚАБІЛЕТІМІЗ. Бізде қашанда таңдау бар. Ол, біз шындыққа тура қарап, оны мойындауды қаламаймыз деген сөз емес. Таңдаудың нақты жағдаймен келіспеумен ортақ ештеңесі жоқ. Бұл, біздің тап болған жағдайды қалыптастыру белгілі бір роліміз болғанын мойындағанымызды ғана көрсетеді. Жауапкершілікті ала тұрып, біз Ішкі Құдіретке біздің өмірімізді өзгертуге рұқсат береміз. Бұл жерде былай сұрауға болады жəне сұрау керек: «Барлығын өзгерту үшін мен не жасай аламын?». Біздің бəрімізде ішкі, жеке күштің орасан қоры бар екенін түсіну керек. Барлығы біздің соны қалай пайдаланатынымызға байланысты. Көп адамдар өздерінің онша қолайлы емес отбасында өскенін біледі. Осыдан барып біз, өзіміздің кім екеніміз жəне өмірмен қарым-қатынасымыз туралы көптеген теріс көзқарастарды аламыз. Менің балалық шағым шексіз қорлау мен қиыншылық жағдайында өтті. Оның үстіне мен зорлықты басымнан өткердім. Мен махаббат пен жылылықты аңсадым, жəне адамның өзін лайықты сезінуі дегеннің не екенін білмедім. Мен он бес жасқа келгенде үйімнен кеттім, сонда да менің өмірімдегі қасірет тоқталмады. Мен барлық жерде зорлық пен дөрекіліктің түр-түрін көрдім. Менің барлық бақытсыздықтарымның себебі менде балалық

шақта қалыптасқан қабылдау мен ойлауды сезіну моделінде екені басыма келмепті. Əдетте балалар, үлкендер жасаған психологиялық атмосферадан өзінше əсер алады. Қорқыныш пен қорлаудың не екенін ерте сезініп, мен, есейген соң, оларды өз өмірімде қалпына келтіруге тырыстым. Сонда, барлығын бірден өзгертуге менде жеткілікті күш бар екенін мен білмеген едім. Мен өзіме барынша қатты қарадым, оның бəрі махаббаттың аздығы мен өзімнің толық бұзылғаныма жəне адамдар арасында өмірде керексіз екеніме өзімді тұсап тастағаныма байланысты болды. Менің өмірімде орын алған жəне осы күнге дейін жалғасқан оқиғалар өткеннен келген барлық ойлар мен сенімдердің нəтижесі болды. Келіңіз, ұяттан өліп, өткенімізге үңіле бергенді қояйық. Өткенге бай өмірлік тəжірибе ретінде қараңыз. Бұл тəжірибесіз сіз бүгін осында болмас едіңіз. Өзін-өзі жерге ұра беруге қандай негіз бар? Сіз бір нəрсені аяғына жеткізбегеніңізден не болып қалды? Сіз қолыңыздан қалай келсе, солай жасадыңыз. Өткенді махаббатпен өзіңізден қоя беріңіз, оған сізді осы санаға жеткізгені үшін разы болыңыз. Өткеніміз тек біздің санамызда ғана тұр. Біз оны белгілі бір призмадан қабылдаймыз. Біздің нақ қазіргі күйіміз, нақ осы секундта не жасап жəне нені сезінгеніміз маңызды. Біз бүгін не жасасақ, ол ертеңгі күнге негіз болады. Сонымен, нақ қазір шешім қабылдаған дұрыс болып шығады. Тек бүгін. Біз нақ қазір қандай ойлар, сенім мен сөздерді тыңдадық, сол маңызды. Біз саналы түрде өзіміздің сезімдеріміз бен ойларымызды өзгерте бастасақ, онда біз бұндай өзгеріс үшін керектінің бəріне ие боламыз. Бұл қарапайым ақ нəрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ күштің бастауы қазіргі сəтте екені есіңізде болсын. Сана – сізге қожалық етпейді, сіз – санаңызға қожасыз, осыны біліп алу маңызды. Сіздің Жоғарғы «меніңіз» – оның қожасы. Сіз ескіше ойлауды қоя аласыз. Сіздің ескі ойларыңыз «Өзгеру деген – қиын іс» деп, өз орнына қайта келуге ұмтылса, онда өзіңізге-өзіңіз мынадай нұсқау беріңіз: «Мен, қазір, өзгеруі қиын емес нəрсеге сеніп тұрмын». Егер қаласаңыз, өзіңізге-өзіңіз ие бола алғанша, осы ішкі монологты көп рет қайталаңыз. Жəне осыдан басқа, не айтқыңыз келген болса, нақ соны айтыңыз. Ойлар су тамшылары деп қабылдап көріңізші. Бір ой – бір тамшы су секілді, онша көп емес. Ал, сіздің ойларыңыз бірінің үстіне бірі қосылып, көбейе берсе, онда тамшылар жинала келе алақандай ылғалды құрады, кейін кішкене шалшыққа, бара-бара су қоймасына айналады. Артынан көл, өзен, теңіз, ақыр соңында мұхит. Демек сіз бір тамшы ойыңызды мұхитқа айналдырғыңыз келе ме? Ол мұхит ластанып, уланған ба, жоқ, мөлдір, таза ма? Маған «Мен солай ойлауды қоя алмаймын» деп, жиі шағымданады. Мен барлық уақытта: «Жоқ, сіз қоя аласыз», – деп жауап беремін. Ойлап қараңызшы, сіз жақсы ойларды ойлаудан жиі бас тартасыз ба? Сізден талап етілетін болмашы ғана нəрсе: «Мен осылай жасаймын» деп, өзіңіздің санаңызға нұсқау беру ғана. Сіз шешім қабылдауыңыз керек те, теріс ойларды ойлағанды қоюыңыз керек. Байқасаңыз, мен, сізге, қандай да бір нəрсені өзгерткіңіз келгенде, өз ойларыңызбен күресіңіз деп кеңес бермеймін. Егер сіздің басыңызға бір теріс ой келе қалса, онда сіз оған: «Келіп қалғаныңызға рахмет» деңіз. Сонда сіз істің нақты жағдайын жоққа шығармайсыз жəне өзіңіздегі жасампаз күшті теріс ойлармен бұзып алмайсыз. Өзіңізге түрлі теріске шығаруларға беріле алатыныңызды, өмірге теріс көзқарастан бас тарта алатыныңызды айтыңыз. Сіз тіптен басқаша ойлау образын қалыптастырғыңыз келеді. Сондай ойдың бар екенін мойындаңыз жəне ол ойларды қалдырып ілгері жылжыңыз. Өз теріс ойларыңыздың теңізіне сүңги бермеңіз, онда сіз өмір мұхитында да жүзе бастайсыз. Сіздің мұратыңыз – əсемдік пен сүйіспеншіліктегі өмір бастауының айнасы болу. Өмір сізге өзінің қазынасын ашуға əзір тұр, бірақ ол үшін сіз оған лайық болуға тиіссіз. Ғарыштағы Ақыл мен Сана қашан да сіздің қызметіңізде. Өмір барлық уақытта сізбен қатар келе жатыр, сіздің тірегіңіз сонда. Сеніңіз, КҮШ ӨЗ ІШІҢІЗДЕ деген сөз сіз үшін. Егер сіз қорқып қалған болсаңыз мына жаттығу сізге жəрдемдеседі. Тыныс алу процесін ойша есіңізге алып көріңізші, сіздің өкпеңіз ауаға қалай толады. Ішке – сыртқа, ішке – сыртқа… Тыныс алу – өмірдегі ең қымбатты субстанция – сізге тегін берілген. Сіз өмір сүріп тұрған кезіңізде бұдан тапшылық көрмейсіз. Сіз осы бағасы биік сыйды қабылдай тұрып, неге екенін қайдам, өмір сізге басқа жағдайларда қарайласпады деп санайсыз. Неге, сіз, қажет нəрсенің бəрінде өмір сізге қарайласпайды деп ойлайсыз? Енді сізге өз бойыңыздағы күштерді де танитын кез келді – сіз неге қабілетті екенсіз, қане? Ішіңізге үңіліп қараңыз, сіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз. Біздің бəріміздің жеке пікіріміз бар. Біздің оған құқығымыз бар, жəне ол менде де бар. Əлемде не болып жатқаны маңызды емес. Бір нəрсе аян: Сіз өзіңізді қызықтыратын нəрсемен ғана жұмыс істеуіңіз керек. Сізге өзіңіздің ішкі жолбастаушыңызбен байланысты реттеу қажет. Ол сіз бергіңіз келетін барлық сұрақтардың жауабын біледі. Ол – ақылдың кені. Əрбір рет «білмеймін» деп айтқан сайын, сіздің ішкі ақылығыңызға алып барар қақпа жабыла береді. Өзіңіздің Жоғарғы «Меніңізден» алған хабарламаңыз өте маңызды жəне сізге қайырымды əсер етеді. Егер хабарлама кері əсер берсе, онда сіздің ішкі «эгоңыз» іске қосылғаны деп біліңіз.

Дұрыс таңдау жасасаңыз өзіңізді қолдай жүріңіз, егер таңдауыңызға күдіктенсеңіз, онда өзіңізден: «МЕН БҰЛ ШЕШІМДІ ӨЗІМЕ ДЕГЕН МАХАББАТҚА САЙ ҚАБЫЛДАДЫМ БА? ҚАЗІР ОСЫНЫҢ МАҒАН ҚАЖЕТІ БАР МА ЕДІ?» деп сұраңыз. Кейінірек, бір күн өткен соң, бір айдан кейін, бір жылдан соң – сіз басқаша шешім қабылдауыңыз мүмкін, бірақ сіз өзіңізге осы сауалды ұдайы қоя жүріңіз. Сіз кімсіз? Сіз нені үйренгіңіз келеді, Сізді неге үйрету керек? Біздің əрбірімізде өзіміздің, ештеңе тең келмейтін мақсатымыз бар. Біз, өзімізді, өзіміздің жеке қабілетіміз, өз мұңымыз, өз қорқыныштарымыз бен кеселдерімізден басқа ерекшерек, биігірек санаймыз. Біз өз тəнімізден де басымырақпыз. Біз, планетада орын алған нəрселердің бəрімен, оның барлық көріністерімен байланыстамыз. Біздің əрбірімізде рухтық бастау бар. Біз – жарықпыз, қуатпыз, толқынбыз жəне махаббатпыз. Бізде мақсатымызды айқындауға жəне не үшін өмір сүріп жүргенімізді тануға жетерлік күш бар. Ішкі дауысқа сеніп Біз таңдаған ойлар – біздің өміріміз деп аталатын полотноға бояу жағатын шашақ. Мен ойды өзгерту арқылы өмірдің өзін де өзгертуге болады деп алғаш естігенде, ішкі сезімдерімде төңкеріс болып, алай-түлей күйге түскенмін. Осы идея менің ІШКІ ДАУЫСПЕН байланыстырылатын сезім құбылысы саналатын ІШКІ ҚОҢЫРАУЫМДЫ қозғап кетті. Көп жылдар ішінде мен сол дауысқа еруді үйрендім. ҚОҢЫРАУ «Иə» деген сəтте, ол шешім менің көңіліме қонбаса да, тіптен қияңқы шешім болса да, маған керегі осы екенін білдім. Сонымен, осы идея мені баурап алды. Менің ішкі дауысым «Иə, бəрі дұрыс» деді. Бастапқыда бəрі жеңіл болды. Мен басқаша ойлап, басқаша сөйлей бастадым. Сол күндері мен ылғи бірнəрсеге наразы болып жүретінмін жəне өзіме-өзім аяушылықпен қараушы едім. Мен сол арқылы өзіме аяушылықпен қарайтындай жағдайды өзім туғызатынымды білмедім. Біраз уақыт өткен соң мен өзіме наразы бола беруімнің бұрынғыдан гөрі азая бастағанын байқадым. Мен өзімнің айтқан сөздерімді өзім тыңдайтын болдым, өзімді өзгертуге тырысып, өз əрекеттеріме есеп бере бастадым. Ол үшін сау тəн аффирмацияларын күбірлеп айта жүрдім. Əрине, мен, аффирмацияларды қайталауды ең жеңілірегінен бастадым, соның өзінде аздаған өзгерістер бола бастағанын сездім. Мəселен, мен бағдаршамның жасыл шамына көбірек кезігетін болдым, автотұрақтарда маған орын табыла қалатын болды. Сөйте-сөйте мен өзімді батыл сезіне бастадым, менің мінезімде өркөкіректік пайда болып, өзіме деген сенімім артты. Мен барлық сұрақтарға жауап бере алатындай сенімге ие бола бастадым. Қазір ойлап қарасам, мен осылайша өзімдегі қауіпсіздік сезімдерін тəрбиелеген екенмін. Ол маған өте керек еді. Өстіп жүргенде мен жатыр рагімен ауырдым. Бұл оқиға мені есеңгіретіп тастады. Егер менің жаным таза болғанда жəне менде ішкі бір діңгек болғанда ауырмаған болар едім-ау деп ойладым. Ол күндері маған рак кеселі жылдар бойы жиналған өкпе-реніштің əсері екені белгілі еді. Сол өкпе-реніш жылдар бойы жиналып, организмді мүжи беретін еді. Егер біз өз эмоциямызды тежей берсек, ол түптің-түбінде денеге əсерін тигізбей қоймайды. Мен өзімнің бойымдағы жиналуы мүмкін өкпе-реніштерді ойша саралай бастадым. Өзім басымнан кешкен тəни, эмоциялық жəне сексуалдық озбырлықтарды ойымнан өткіздім. Осы ауыртпалықтарға шыдай алмай үйден кеткенім есіме түсті. Үйден кетіп, барлық нашар сезімдерден арылдым деп ойлаппын, шын мəнінде мен оларды өз зердемнің түкпіріне көміп қана қойған екенмін. Мен бұдан былай бағдаршамның жасыл жарығына қанағаттана бермей, тереңірек іздене бастадым. Менің өмірде өз қалауымша ілгері жылжи алмауыма бала кездегі естеліктерге байланысты қалдықтардан сананың тазармағаны себеп болып тұрғанын түсіндім. Сөйттім де аффирмацияларды таңертең тұра сала қайталайтын болдым, жатар алдында «Мен сені жақсы көремін, Луиза» дегенді көп рет қайталайтын болдым. Олай айту маған оңай болған жоқ, əр қайталаған сайын менің көзіме жас толып, тынысым тарылды, сөздер тамағымда кептеліп қалды. Бірте-бірте мен бұл сөздерді қалыпты жағдайда айта алатын болдым да, біртүрлі «кванттық секіруге» қол жеткізгендей болдым. Маған өз ашуымнан арылу үшін көп сағаттарымды жалғыздан-жалғыз жүріп айғайлап, жастығымды жұдырықпен соққылаумен өткізуге тура келді. Мен жеңілдей бастадым. Мен сонымен бірге өз санамды жетілдірумен жəне кешіре білуді үйренумен айналыстым. Мен пайдаланған тəсілдердің бірі – ата-анамның балалық кездерін зерттеу болды. Байқасам, оларға өз ата-аналарының қарым-қатынасы қолайлы болмаған, өгей əкем ылғи ата-аналарынан соққы жеген, анамды «еркектікі қашанда дұрыс» деп тəрбиелепті. Анам сондықтан да өгей əкенің ығына есіпті. Демек, мені басқаша тəрбиелей алатындай əкем мен шешемнің алдында үлгісі жоқ екен. Мен осыны түсіндім. Сонымен бірге, оларды кешіре білуді де үйрендім.

Ата-анамды қаншалықты көбірек кешірген сайын мен өзімді де кешіргім келді. Өзіңді кешіру – аса маңызды. Мен өзімді кешіруді үйрене сала, өзіме сене бастадым. Мен адам өзге адамдарға жəне өмірге сенімі болмаған кезде өзіне де сенбейтінін түсіндім. Дəлірек айтқанда, мен өзімнің Жоғарғы «менімнің» өзім туралы қамқорлық жасауына сенбейді екенмін. Мысалы, біз «Мен енді қайтадан ғашық бола алмаймын, өйткені жанымды жаралатқым келмейді» дейміз. Шын мəнінде, сөйте тұрып біз «Мен өзіме сенбеймін. Мен өзімнің жағдайымның дұрыс болуына ой жібере алмаймын» дейміз. Мен өзіме сене бастадым, өзіме өзім ғана жəрдем бере алатынымды түсіндім. Маған өзіме сүйіспеншілікпен қарау бірте-бірте жеңіл бола бастады. Менің тəнім де, жүрегім де кеселінен арыла бастады. Осылай менің рухани өрлеуім басталды. Менің сыртқы келбетім де өзгерді, мені оқушыларым да сағына күтетін болды. ӨМІРДІҢ ҚАЙ САТЫСЫНДА БОЛҒАНЫҢЫЗҒА ҚАРАМАСТАН, ОҒАН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҮЛЕС ҚОСҚАНЫҢЫЗ БЕН ОНДА НЕ БОЛЫП ЖАТҚАНЫНА ҚАРАМАСТАН, СІЗ ҚАШАНДА, СІЗГЕ ҚАЗІРГІ ТҮСІНІК-ТАНЫМЫҢЫЗДЫҢ, БІЛІМІҢІЗ БЕН СЕЗІНУІҢІЗДІҢ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАРАЙ ӨЗ КҮШІҢІЗ ЖЕТЕТІНДІ ҒАНА ЖАСАЙСЫЗ. Дауыстап айтылған сөздің құдіреті Өмірден не қалайтыныңызды күнделікті ашық жариялап отырыңыз. Нақ сол жариялаған қалауыңызға ие болып қалғандай жариялаңыз. Ішкі диалогтың мақамын өзгертуге тырыс. «Солай болса екен», «Керек» (жұмысқа баруым керек, осыны орындауым керек, т.с.с) дегенді мүлде айтпа. Оның орнына «Осылай етемін, ол менің таңдауым» де. «Таңдау» – қандай керемет сөз. «Ұмытпа» деген сөзді ұмытып, «Мархабат. Есіңде болсын» деген сөзді тұтын. Сіз ішкі дауысты, ой-қиялды реттеңіз. Нашар ойлар мен арзан қиялдар келгенде «Жоқ, менде олай болуы тиіс емес» деуді үйреніңіз. Өз өміріңізге өзгеріс енгізе алатын жалғаз адам – СІЗДІҢ ӨЗІҢІЗ. Сонымен: «ӨЗІН СҮЮ – СІЗ ЖАСАЙ АЛАТЫН ІСТЕРДІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ». Ескі бағдарламаларды өзгерту Кішкене болса да, бірінші қадамды жасауды қалаңыз. Не білгіңіз келгеніне өзіңізді жұмылдырыңыз. Жəне де кереметтердің болатынына сеніңіз. Өзгеру үшін «жек көремін» деген сөзді айтуды тоқтатыңыз. «Мен машинамды жек көремін» десеңіз сіз жаңа машина алғанда да əлгі жек көру сезімі сақталып қалады. Сіздің өміріңізде өте жек көруге мəжбүрлейтін нəрселер болуы мүмкін. Одан құтылудың жолы: «МЕН САҒАН МАХАББАТЫМДЫ ЖОЛДАЙМЫН, ЕРКІНДІК БЕРЕМІН ЖƏНЕ АЗАТ ЕТЕМІН» деу. «Мен – баймын», «Мен – лайықтымын», «Мен өзімді сүйемін», «Мен өзіме барлығына қолым жетуге жəне бəрін алуға мүмкіндік беремін» деген жөн. Егер сізде құтыла алмайтын бір əдеттер болса, өзіңізден оның сізге қалай қызмет етіп жатқанын сұраңыз. Сонда сіздің өміріңіз ол əдетсіз жарқынырақ болатынын сезінесіз. Бір проблемалардың қайта орала беретініне қарап, өзіңіз туралы еш уақытта «мен оншалықты жақсы емеспін» деп ойламаңыз. Үңіліп қарасаңыз, мəселе ЖАМАН адам болғанда еместігін түсінесіз. Мен өзіме «Луиза, сенде бəрі жақсы. Қарашы, сен қаншалықты ілгері кеттің. Саған көбірек жетілу қажет. Жəне де – мен сені сүйемін» деймін. Өмірге өзінің байлықтарын көрсетуге мүмкіндік берудің бір жолы – өзіңіз сенетін ақиқаттар жайлы ашық мəлімдеу. Сізге өмірден лəззат алуға кедергі келтіретін идеялар мен ойлардан бас тартыңыз. Өзіңізге жəне бүкіл əлемге ойлаудың теріс модельдері сіздің қаперіңізден шыққанын жария етіңіз. Өзіңіздегі қорқыныштардан арылыңыз, жүрегіңіздегі тасты лақтырып тастаңыз. Мен мына төмендегі ойларға сенемін жəне олар маған қызмет етіп келеді: – Менің білуім тиістің бəрі мен үшін ашық; – Маған қажет нəрсенің бəрі өз орнымен, уақыт-сəтімен келеді; – Өмір маған шаттық пен махаббат əкеледі; – Мен махаббатқа иемін, махаббатқа лайықпын жəне сүйіктімін; – Менің денім сау жəне бақуатпын; – Мен айналысқан істерімнің бəрінде жетістікке жетудемін; – Мен өзгергім жəне жетілгім келеді; – Менің əлемімде барлығы тамаша. 2-бөлім. Кедергілерді жою Біз өз ішімізде не болып жатқанын білгіміз келеді. Осылайша біз ішіміздегінің кейбірін шығарып жіберу керектігін білеміз. Біз бір жеріміз ауырғанын жасырмауды үйренеміз – оны босатып қоя береміз.

Бізді шектеп тұрған қабырғаның табиғатын түсіну Өзін-өзі жек көруді ұдайы сезіну, айып сезімі мен өзіне сыни көзқарас стресстің бірінші себебі жəне ол иммундық жүйені əлсіретеді. Біздің көбімізде толыққанды еместік комплексі бар. Біз өзіміздің онша жақсы емес екенімізге, өзімізді ешуақытта жөндей алмайтынымызға сенеміз. Өз кемшілігімізді тауып алғандай болған соң өзгелерде де бəрі бірдей дұрыс болып жатқан жоқ-ау деп ойлаймыз. Кей адамдар өздерінің алдарына қиын мақсаттар қояды. Біздің өмірге келуіміздің негізгі мақсаты – өзгелердің сөздері мен істеріне ере бермей, өзімізді сүюді үйрену. Біз ата-аналарымыз, достарымыз т.с.с. өздерімізді қоршап тұрғандардың қойған шекарасынан қашан болсын аттап өте алуымыз керек. Кішкене кезіңде мақұлшыл бала болу ұдайы солай қалу емес. Үлкендердің сөзін жаттап өскендер өз өмірлерінде соларды қайталайды. Олай жалғаса беруі тиіс емес. Өз басыңызбен жұмыс істейтін уақыт жетті. Айып сезімі толыққанды болмау комплексін тудырады Сіз байқайсыз ба, адамдар сізге реніш туғызатын сөздерді жиі айтады. Оны олардың сізді жеңілірек басқарып-бағындырғысы келетіндігімен деп түсіндіруге болады. Көп ата-аналар балаларын айып сезімі болатындай етіп тəрбиелеуге тырысады. Өйткені олардың өздері сондай тəрбие көрген. Көп адамдар ересек болған соң да туыстары мен жақындарының əсерінде қалып қояды. Осының бəрі адамның өзінің өзіне деген құрметінің аздығынан, əйтпегенде ондай жағдайға жібермес еді. Содан барып олар да өзге адамдармен айлалы əрекет жасауға əзір тұрады. Осы орайда «Жоқ» деп айта білудің маңызы зор. Адамдардың қойып отырған айыбының мағынасыз екенін бетке айтудан жасқанбау керек. Ол үшін ашу шақырудың, ренжудің керегі жоқ. Тек қана олар ойнап жатқан ойынмен ойнағысы келмейтінін айту жетерлік. Егер сіз істеген ісіңіз үшін өкінсеңіз дереу тоқтатыңыз. Уақыты өтіп кеткен бір ісіңізге өкіне қалсаңыз өзіңізді-өзіңіз кешіріңіз. Егер одан біреуге шығын келген болса, шығынды жабуға тырысыңыз жəне ондай қателікті келешекте қайталамаңыз. Діни ұйымдар адамдарға айып сезімін егуге əзір тұрады. Осылайша адамдарды бағыныста ұстау оңай, белгілі бір шеңбер не төртбұрыш ішінде тұрған жөн саналады. Өз эмоциясын басып тастау арқылы жəне бəрін ішіне сақтау арқылы адамда ішкі аласапыран пайда болады. Оларды сыртқа шығарып тастап тұру керек. Ол үшін мына сөздерді қайталап тұру да жетерлік болуы мүмкін: – Қазір мен өзімдегі барлық ескі түсініктерді бетімен қоя беремін; – Маған өзгеріп тұру ұнайды; – Менің алдағы жолдарым кедергілерден азат; – Мен өткендерімнен азатпын. Сезімдерге еркіндікке шығуға мүмкіндік беру Егер біз қайғының ішіндегі ішкі өсуді іздесек, ол да ұлы игілік болып кетуі мүмкін. Ашу шақырудың да кейде пайдасы бар. Тысқа шығар жол таппай ол іште қалса кеселге айналады немесе организмнің жұмысын бұзады. Ашу өзіңізге наразы болу сезімі секілді себептен туады. Денемізде қалып қойған ашудың нəтижесі реніш, уайым жəне депрессия. Сізді ренжіткен кісінің бетіне не себепті ренжігеніңізді айтудан бастаңыз. Оған шынымен күйінгеніңізді ол сезінетіндей болсын. Былай деп айту керек: – Мен саған ренжідім, өйткені … – Мен ренжідім, өйткені сен … – Мен сені … ма деп қорқамын. Осылай деп болып, ол адамды кешіруге тырысыңыз. Кешіру – ішкі еркіндікті алу. Одан сіз өзіңіз ұтасыз. Мүмкін сіз былай дерсіз: ҚАЙТЕМІЗ, БҰЛ ЖАҒДАЙ ДА АРТТА ҚАЛДЫ, ЕНДІ ОЛ ӨТКЕН КҮНДЕРДІҢ ЕНШІСІНЕ КЕТТІ. МЕН СЕНІҢ ІСТЕРІҢДІ МАҚҰЛДАМАЙМЫН, БІРАҚ, СЕН ДЕ ӨЗ ТҮСІНІГІҢЕ ҚАРАЙ ОСЫЛАЙ ЖАСАҒАН БОЛАРСЫҢ, НАҚТЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАНУЫҢ ОСЫЛАЙ ШЫҒАР. КЕЛ, ОСЫМЕН ТОҚТАТАЙЫҚ. МЕН СЕНІ БҰЛ ІСТЕН АЙЫРДЫМ ЖƏНЕ БОСАТТЫМ. СЕН ДЕ, МЕН ДЕ АЗАТПЫЗ. Осылай деп айта алмасаң, хат ретінде жазып, оны өртеп жіберуге болады. Ешкім жоқ жерде желге айғайлап айтса да болады. Осының бəрі керексіз сезімдерден ажыраудың жолы. Мүмкін сіз ылғи да наразы болып, я ашуланып жүруге əдеттеніп кеткен боларсыз? Олай да болуы мүмкін. Мен оны АШУЛАНУҒА ƏДЕТТЕНУ деп атаймын. Сəл болса кемерінен шығып, ашулана кетуге əзір тұратындар, өздерінен былай деп сұраса қайтеді: – Неге мен ылғи да ренжіп жүремін? – Өзімде ренжітетін нəрселерді болдырмау үшін мен не жасап жатырмын?

– Ренжу мендегі өмірге қарсылық білдіретін жалғыз ғана тəсілім бе? – Мен неге осындай жағдайда жүргім келеді? – Менің көңілімді қалдырып жүрген қайсы сенімім? – Біреулер мені қолайсыздандыруды қалайтындай бір нəрсені мен өзім таратып тұрмаймын ба? Реніш түрлі кеселдерге себеп Реніш – ұзақ уақыттан бері басып тастап келе жатқан ашудың қорытындысынан пайда болады. Ол адам денесінің бір жерінде жиналады. Уақыты келгенде реніш адам организмін жалмай бастайды. Сондықтан сезімдерді өз уақытында еркіндікке босатып қоя берген жөн. Отбасындағы тыйымдарда, əсіресе қыз балаларға ашулану əдепсіздік деп үйретеді. Сондықтан біздер ашуды жұтуға əдеттенгенбіз. Моллюсканың құмның бір түйірін алып оны перламутрмен орай беруінің нəтижесінде маржан пайда болады. Егер біз ашуды ішімізге жинап, сезімдерімізбен орай берсек, онда дененің сол ашу тоқтаған жерінде ісік пайда болады, ол кейде қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Сондықтан біз өз уайымдарымыздан босанғымыз келсе онда алға шығып, оларды артқа тастап кетуіміз керек. Біз өзіміздің сəтсіздіктеріміз бен бір істі көңіліміздегідей етіп орындай алмағанымыз үшін өзімізді айыптамағанымыз жөн. Біз өзімізді айыпты сезінбеуіміз керек. Ешкім де ДҰРЫС ЖАСАМАЙ жатқан жоқ. Кезкелген адам өз түсінігі мен нақты жағдайды санасында қалай қабылдаған болса, соған қарап іс-əрекет жасайды. Біз ӨЗ ІШІМІЗДЕГІ КҮШКЕ иеміз жəне бұл өмірге бір нəрселерді үйренуге келгенбіз. Кез-келген жол дұрыс, себебі ол – ЖОЛ. Сезімді басып тастау жабығуға алып келеді Депрессия – бұл ішіңе қарай енген ашу. Ол – көрсетуге құқығың жоқ секілді көрінетін ашу. Мəселен, сіз ата-анаңызға, еріңізге немесе əйеліңізге, бастығыңызға я жан досыңызға ашулану жарамсыз əдет деп санайсыз. Бірақ сіз бəрібір ашулануыңыз мүмкін ғой. Сол жағдайда сіз тығырыққа тірелесіз. Одан құтылу қиын, бірақ онша үмітсіз де емес. Ең бастысы – ашуды жинамау, ашуланған адамға ашығын айтып салу. Одан ыңғайсызданудың керегі жоқ. Осыған əдеттенсеңіз сіз алдымен шыншылдыққа үйренесіз, бірте-бірте ол мінезден рахат аласыз. Жəне де күш аласыз. Құдай сізді ол үшін жек көрмейді. Ескі ашуыңыздың бір бөлігінен болса да арылған кезіңізде оның толық шығуына жол табылады. Қорқыныштың себебі – сенімнің жоғалуы Қорқыныш біздің планетамыздың тұрғындарына өте тəн нəрсе. Оған соғыстар, зорлық-зомбылық, кедейлік, барымта, т.с.с. себеп. Қорқыныш – біздердің басқаларға сеніміміздің жетіспеуінен. Сол себепті біз өмірге сеніммен қарай алмаймыз. Сенім – біз өз қорқыныштарымызды жеңгіміз келгенде үйреніп алатын нəрсеміз. Дегенмен сенуге өзіңді біртіндеп үйретуге болмайды. Сенім – бірден келетін нəрсе, ол – ТҰҢҒИЫҚҚА СЕКІРУ. Ол өзіңді, əлемдік санаға байланысқан ІШКІ КҮШКЕ сеніп тапсыруға тəуекел ету. Өзіңді жай көзге көрінбейтін бір нəрсеге сеніп тапсыру, ол заттық я тұлғалық нəрсе болмауы да мүмкін. Мен, мəселен, маған барлық қажетті білімге жол ашық екеніне сенемін. Мен жағдайды онша түсінбей тұрғанның өзінде, мен үшін уайым жеп тұратын күштер бар екеніне сенемін. Қорқыныш – махаббатқа тұтастай қарама-қайшы нəрсе. Біз қорқынышты жеңбесек өзімізді-өзіміз сүйе алмаймыз. Біз өзімізді сүйгенде ғана бізге кең жол ашылады. Ұсақ нəрседе де, ең маңызды істе де жетістік болады. Сондықтан біз ӨЗ ІШІМІЗДЕГІ КҮШКЕ бет бұруымыз керек. Жанымызды түсінетін адамдарды тауып, солармен байланысты үзбеуіміз керек. Əдеттер мен жарамсыз қылықтардан арылу Адамдарда өзіне белгілі бір ойлау мен мінез стереотипін жасап алуға құмарлық бар. Кейбіреу қиын сəтте дəрілерге жүгінеді, кейбіреу тамақты көп жей бастайды. Біреулер кінəні басқа біреулерден іздеуге бейім. «Содан, соның кесірінен. Мені тағы ренжітті» деп отырады. Біреулер ақша шашуға, я қарызға батуға бейім. Біреулердің алдынан ылғи да «жоқ» деген сөз шыға келеді. Алдында сізді түсінгендей, жақындасқандай болғанымен, кейінірек қашқалақтай бастайды. Олардың сізді қабылдамауы сіздің өзіңізді-өзіңіз қабылдай алмауыңыздан. Біреулер бас салып ауру туралы айта береді. Қашан сөйлессең қалай ауырғаны, қалай болып жатқаны сөз болады. Олар ауру адамдар, я ауыра бастағандар. Олардың əңгімелерінің бəрі – өз кеселдері төңірегінде.

Егер сіз бір нəрсемен шындап айналысқыңыз келсе, неге өзіңізді жақсы көрумен айналыспасқа? Артық салмақ пен тамақты көп жеу Артық салмағы бар адамдар көп. Олар екі-үш айлап диетаға отырады да, ақыры шыдай алмай тамаққа бас қояды. Сөйтеді де, режимді сақтай алмағандары үшін өздерін айыпты санайды. Қолымнан келгенінің бəрін жасадым ғой деп ойлаудың орнына өзіне ыза болады. Ал айыпты болу сезімі жазалайтын болғандықтан, олар ішкен тамағына мəн беруді қойып, адам организмі үшін өте зиян тамақтарды талғамай жей береді. Егер олар өзі режим сақтаған екі немесе үш апта ішінде тамақтанудың дұрыс режимін сақтағанына сеніп, өзін-өзі айыптауды қойғанда, орныққан тəртіптер бұзыла бастаған болар еді. Салмақтың артуы организмнің өзін-өзі қорғау əрекетін көрсетеді. Қорыққанда немесе қобалжығанда сіздің тəніңіз май қабаттарын молайту арқылы сізді қоршап тұрған ортадан қорғағысы келеді. Салмақ – ішкен тамақтың көлеміне байланысты емес. Егер сіз артық салмақтан құтылғыңыз келсе, оны ұмытыңыз да: «Мен – қауіпті жағдайдамын. Мен қорғауды қажет етемін» деп ойлаңыз. Сезім – біздің ішкі барометріміз Егер біз жайсыз отбасында өссек, онда қайткен күнде де даулы жағдайлардан қашуға тырысамыз. Соның нəтижесінде біз сезімді толықтай түйсінуден бас тартамыз. Əдетте, біздерді де түсінулері мүмкін-ау дегенге сенбейміз, сондықтан ешкімнен жəрдем сұрап жатпаймыз. Бізді өз мəселеңді өзің шеше алатындай мықты болуға тиіссің деп үйреткен. Мұндай тəсілдің кемшілігі – біз өз сезімдерімізбен байланысқа түсу əрекетінде ылғи да жеңіліске ұшыраймыз. Сезім деген адамның өзімен, өзге адамдармен, барлық қоршап тұрған əлеммен қарым-қатынас құрудағы ең маңызды звено. Сезім біздерге ненің жақсы, ненің жаман екенін білдіріп тұрады. Оны тұншықтыру түрлі уайымдар мен кеселдерді көбейтеді. Сіз нені сезіне алсаңыз, соны емдеп жаза аласыз. Егер сіз өз ішіңізде не болып жатқанын сезіне алмасаңыз, онда сіз ешуақытта айығу процесін неден бастау керектігін білмейсіз. Бір жағынан, біздердің көбіміз өмірде ылғи айып сезімін, қызғанышты, қорқыныш пен мұңды сезінеміз. Осы сезімдерді өзімізде сақтай берсек, біз жағдайды нашарлата береміз. Біз өзімізді құрбандық ретінде сезінуді қойған кезде ғана күшіміз қалпына келеді. Ауырсыну шегін жеңу Біз өз тəніміз бен жеке мінездемелерімізден анағұрлым биікпіз. Ішкі рух біздің сырт көріністеріміз қалай өзгеруіне қарамастан қашанда əсем жəне махаббатқа толы. Өлім жарақаты Сіздің сүйікті адамдарыңыздың бірі қайтыс болғанда, сіз тым болмағанда бір жыл қайғы шешесіз. Нақ осы кезде өзіңізге сақ болыңыз. Əсіресе мереке күндерді өткізу сізге ауыр тиеді. Сіз өз қайғыңызды жасыра бермеңіз. Сіз өзіңіз үшін ережелер ойлап табуға тырыспаңыз, ондай ереже жоқ. Жаныңызға жақын біреу өлгенде жылап алғанға ұялмаңыз. Сіз өз сезімдеріңізге ерік беруге құқылысыз. Өлімге қию уайымы мəңгілік емес, сейілетін күн келеді. Ал, мұңдану созылып бара жатса, яғни бес-алты жыл өтсе де ұмытылмаса, онда – тоқтаңыз. Өлім үшін сіз айыпты емессіз, сондықтан қаншама жақын адамыңыз болғанымен, өзіңізді өзіңіз кешіріп, оның сізден кетуіне рұқсат беріңіз. Адам өлсе де, біз оны жоғалтпаймыз. Оның жарқын бейнесі бізде мəңгі ақталады. Өзіңізді осымен жұбатыңыз. «Мен сізді сүйемін жəне босатамын. Сен де, мен де – еркінбіз» деңіз. Ауырсынуды түйсіну Біздердің көбіміздің жүрегімізде өтіп кетпейтін бір ауырсыну болады. Ұлғая келе ол біздің өміріміздегі негізгі орынды алады да оны төзгісіз жағдайға алып барады, сөйтіп іштен мүжи бастайды. Ауырсынудың түрі көп. Кесіп алу. Ұрып алу. Күйік. Ауыру. Ұйқының тыныш болмауы. Қорқыныш, Асқазанның түйнеуі. Қол мен аяқтың салдырап, əлсізденуі. Ауырсыну бірде қатты, бірде жай сезіледі, бірақ біз оның бар екенін біліп тұрамыз. Кейде ол өзінен-өзі қойып қалады, кейде күшейеді.

Осылардың бəрінде біздің организміміз бізге бір ескерту жолдап тұр, тек соған құлақ түре білуіміз керек. Ол біздің бір нəрсені дұрыс жасамағанымызды көрсетіп тұр. Біз ауырсына қалсақ не істейміз. Алдымен медициналық кабинетке, я болмаса дəріханаға жүгіреміз. Онымызбен бір организмімізге «осыны жұт та, тыныш жат» дегенді айтамыз. Бір мезгіл ол тыншуы да мүмкін. Бірақ уақыт өте келе ол бұрынғыдан гөрі қаттырақ дабыл көтереді. Біз дəрігерге барамыз, денемізге ине тықтырамыз. Мүмкін осының бəрі басталар сəтте-ақ түнгі тыныш ұйқымен, кешке таманғы ауыртпалықтарды азайтумен-ақ қалпына келіп кетер еді… Сондықтан организмге құлақ түріп үйреніңіз. Оның өзі де ЖАЗЫЛҒЫСЫ келіп тұр. Сіз тек жəрдем беріңіз. Ауырсыну сезініп, жайсыздық болған кезде мен өзімді-өзім тыныштандыра бастаймын. Менің аурулардан айығуым үшін өміріме қандай өзгерістер енгізуім керек екенін менің Ішкі Күшім білуге мүмкіндік беретініне сенемін. Тынышталамын да содан жауап күтемін. Мүмкін жауап тез бола қоймас, бірақ мен жауапсыз қалмайтыныма сенемін. Сол ішкі сенімнің айтқанын орындағанда менде барлығы жақсы болып, жаным жай табады. Өзгеруге тырысып көріп, ауырсыну бір түнде кете қалмады демеңіз. Төзімді болыңыз, өзіңізді асықтырмаңыз. Кешіру – бостандыққа жол Мен: «Сіздікі дұрыс болғанын қалайсыз ба, жоқ бақытты болғанды жөн көресіз бе?», – деп көп сұраймын. Біздің əрбіріміздің кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені жайлы өз пікіріміз бар. Ол біздің өмірді қабылдай білу түсінігімізге байланысты. Жəне де біз өз сезімімізді ақтап аларлық жол табамыз. Біз басқаларды сол бізге жасаған «жамандығы» үшін жазалағымыз келеді де, есімізден кетпей қояды, сөйтіп ол сіз үшін жазаның бір түріне айналады. Сізді өткен шақта біреу ренжітті деп, өзіңді-өзің жазалау – ақымақтық. Өткеннен құтылып тұру керек, ол үшін оны кешіру шарт. Кешіру дегеніміз – қоштасу. Ыза жəне реніш сезімімен, ауырсынумен қоштасу. Жағдаймен тұтастай қоштасу. Олай қоштаспайды екенсіз, ол сіздің ішіңізде бұғып жатып сізді іріте бастайды. Кешірмеу сізді ренжіткен адамға ештеңе де жасай алмайды, ал сізді мүжиді. Былай деңіз: «МЕН ӨТКЕНІМНЕН ҚҰТЫЛҒЫМ КЕЛЕДІ. МЕН МАҒАН ЗИЯН ЖАСАҒАНДАРМЕН ҚАТАР ЗИЯН ЖАСАМАҒАНДАРДЫ ДА, ЖƏНЕ БІРЕУДІ РЕНЖІТІП АЛҒАН БОЛСАМ ӨЗІМДІ ДЕ КЕШІРЕМІН». Сізге бір кезде қиындық туғызған біреуді ұмыта алмай жүрсеңіз оған махаббатыңызды жолдап бата беріңіз де, өзіңізден босатыңыз жəне ол туралы ойлауды тоқтатыңыз. Сіз өзіңізді алданып қалғандай немесе тоналғандай сезінбеңіз, сізде болуы тиіс нəрседен сіз ешуақытта ажырап кетпейсіз. Егер ол сіздікі болса, басқа бір жолмен болса да қайтып оралады. Егер бір нəрсені қайтарып ала алмасаңыз, онда солай болуы тиіс болғаны. Оны болған оқиға ретінде қабылдаңыз да, өміріңізді жалғастыра беріңіз. 3-бөлім. Өзіңе деген махаббат Соңғы рет қашан сүйгеніңіз жəне жүрегіңіздің кеудеңізге симай тулағаны есіңізде ме? Ол қандай тамаша сəт еді… Сіз өзіңізді-өзіңіз сүйе білсеңіз де тап солай болады. Оның айырмашылығы – ол махаббат қашан да сізбен бірге қалады. Ол – сіздің басыңыздан кешкен тамаша сезімдердің ішіндегі ең тамашасы. Өзіңді-өзің қалай сүю керек? Кешіре білу мен өзіңнен босатып қоя беру қабілеті сізге көтере алмас салмақтан құтылуға ғана емес өзіңе деген махаббатқа да қақпа ашады. Өзіңе деген махаббат – ең қызықты оқиға. Ол – ұшуды үйренумен бірдей. Ойлап қараңыз, біз ешқандай күш жұмсамай-ақ, қаласақ болды ұшып кете аламыз. Өзіңе деген махаббат та солай, сондықтан өзіңді сүюді тап қазір бастау керек. Біздердің көбіміз өзімізді-өзіміз құрметтей білмейміз, өйткені өзімізді «кемшілігіміз жоқ» деп санамаймыз. Біздің мүлт кетулеріміз бен қателіктеріміз бізді қалай болсақ сол күйімізде сүюге жол бермейді. Өзіңе деген махаббатты үйренудің он жолы 1. Махаббат ілімінің ең маңызды кезеңі – ӨЗІН-ӨЗІ АЙЫПТАУДАН БАС ТАРТУ. «Алып бара жатқан ештеңе де жоқ» десек дұрыс жасалмаған істі де өзгерту мен жөндеу оңай. Барлығы жаман деп санайтын болсақ, қиындық көбейе береді. Əрбір күн – жаңа күн.

2. БІЗ ӨЗІМІЗДІ ҚОРҚЫТУДЫ ҚОЮЫМЫЗ КЕРЕК. Біздің көбіміз күңгірт ойлармен өзімізді қорқыта бастаймыз, өйтсек жағдай нашарлай береді. Түймедейді түйедей ете бермеген жөн. Жаман десек, жамандықтың келуі тездейді. Ауыра қалсаң өлетіндей болу, жұмыста сөз ести қалсаң қызметтен қуылатындай көріну өз санаңды жігерсіздендіретін ойларға итермелей береді. Егер сіз өзіңізді өзіңіз қорқыта бастағаныңызды сезіне бастасаңыз, төңірегіңіздегі сүйкімді нəрселерден таңғажайып жасап алыңыз да, ойыңызды соған аударып жіберіңіз. Ол батып бара жатқан күн, əсем яхта, раушан гүлі, т.с.с. болуы мүмкін. Осы жаттығуды ұдайы жасасаңыз өзіңіздегі ескі əдеттерден арыласыз. 3. Ендігі тəсіл – ол ӨЗІҢЕ-ӨЗІҢ ЖҰМСАҚ, ШЫДАМДЫ ЖƏНЕ МЕЙІРІМДІ БОЛУ. Орен Арнольдтың мынадай сөзі бар: «Я Құдай, мен төзім туралы дұға оқимын. Оның маған тап қазір келгенін қалаймын». Төзім – өте қуатты құрал, біздің көбіміз оны тезірек келе салмады деп қиналамыз. Біз оны тез ала салғымыз келеді. Біздің күтуге төзіміміз жетпейді. Бір нəрсеге кезекке тұра қалсақ, қобалжи бастаймыз. Көлігіміз жолдағы тығынның ортасында қалса, денеміз түршіге бастайды. Біз барлық сұрақтарымызға жауапты тез ала салғымыз келеді. Сонымен бірге, барлық жақсы нəрселер бізде бола салса дейміз. Төзімсіздік – бұл танымға қарсылық. Біздің санамыз – əсем бау-бақша деп санаңызшы. Оның аумағында өзіңе деген жеккөрініштің де гүлі жайнап тұр. Кəрі ағаштың «қорқыныш» деген керексіз бұтағын да баяғыда шауып тастау керек еді. Осыларды алып тастасаңыз ғана сіздің бау-бақша тұрған жеріңіздің аумағы тазарады. Олардың орнына шаттық пен жайлылық дəндерін егіңіз. Бастапқыда ештеңе де өзгермегендей болуы мүмкін. Бірақ, ізгілік дəнін себуді тоқтатпаңыз. Сіз төзімді болсаңыз, сіздің жеріңізде жаңа жеміс ағаштары өсіп шығады. Сана жайлы да нақ осыны айтуға болады. Сіз белгілі-бір «ойларды» егесіз. Олар сіз қалаған жемістерді береді. Бірақ бұған төзім керек. Біз барлығымыз да қателіктерге жол береміз Сабақ алу кезіндегі қателік – қалыпты жағдай. Біздің көңіл түкпірімізде барлығы да айна-қатесіз болса екен деген бір жарамсыз ой жатады. Біз жаңадан келіп тұрғанды сезіне алмай қаламыз. Бір нəрсені біліп алу үшін уақыт керек. Сіз бір нəрсе жасағыңыз келсе, бəрі бірдей ойдағыдай бола бермейді. Мынадай бір жаттығу бар: екі қолыңыздың саусақтарын айқастырып, қайсы бас бармағыңыз жоғары жақта қалғанын байқаңыз. Сөйтіңіз де, екінші рет айқастырғанда, басқа бас бармағыңызды жоғары қойыңыз да, біраз ұстап тұрыңыз. Бірінші рет жасағанда, сізде бір қолайсыздық болады. Ал, бірнеше рет жасап, қолдарыңызды айқастырған күйі бірер сəт тоқтап қараңызшы. Ештеңе өзгерді ме? Өзгермеген сияқты. Сіз үйрене бастадыңыз. Қолдарды екі түрлі айқастыруға болатынын сіз енді біле бастайсыз. Біз жаңа бір тəсілді игере бастағанымызда да солай болады. Бас жағында оны онша жақтыра қоймаймыз, өйткені ол біздің қалыпты жағдайымызды өзгертіп, қолайсыздық əкеліп тұр. Дегенмен, оған кішкене үйрене бастағанда бізге ол кəдімгідей жəне табиғи болып көріне бастайды. Біз өзімізді де бір күнде бүкіл жан-жүрегімізбен сүйе алмаймыз, бірақ күн санап жақсы көре түсеміз. Егер біз күніге өзімізге махаббат сыйлай берсек, екі-үш айда біз анағұрлым ілгерілеп қаламыз. Сонымен, біз қателіктерден мақсатқа жету жолында ілгері жылжуды үйренеміз. Сондықтан да оған ілтипатпен жəне құрметпен қарау керек. Қателіктер үшін өзіңді жазалау қажетсіз. Əрбір қателікті жеңіске жеткізер өмір тəжірибесі ретінде қабылдау керек. Көптен бері өзін жетілдірумен айналысып жүргендердің кейбіреулері, неге осы кезге дейін өз мəселелеріміз шешілмеді деп таңырқайды. Біз білімімізді, оған ешбір қарсылық білдірместен, одан не пайда бар деп сынамастан, ылғи да толықтырып отыруымыз керек. Жаңа тəсілдерді үйрену барысында өзіңізге барынша сергек жəне жұмсақ болыңыз. Баубақшадағы арамшөпті де дер кезінде жұлып тастау жеңіл емес пе? 4. Біз ӨЗ САНАМЫЗҒА МЕЙІРІМДІ БОЛУДЫ ҮЙРЕНУІМІЗ керек. Теріс ойлар үшін өзімізді-өзіміз жек көруді қоялық. Одан да, біздің ойларымызға «бүлдіруден» гөрі «жасампаздық» тəн деп ойлайық. Қолайсыз жағдаяттар бола қалғанда өзімізді айыптамайық. Өйткені біз осындай өмір тəжірибелерінен үлгі аламыз ғой. Өзіңе мейірімді болу аса маңызды. Босаңсуды да үйреніп алу керек. Сіз қорқып немесе тартынып тұрғанда, сізден қуат кете бастайды. Өз тəнің мен миды босаңсыту үшін бірнеше минут қана кетеді. Көзді жұмып, терең демалыңыз. Дем шығарар алдында «Мен сені сүйемін. Барлығы тамаша» деңіз. Сонда өзіңізді қаншалықты жайлы сезініп келе жатқаныңызды байқайсыз. Осылайша сіз өзіңізге жайсыз жəне қорқып өмір сүрудің ешқандай қажеттігі жоқ екенін хабарлайсыз.

Күніне – медитация Мен сізге əр күні санаңызды тыныштық қалпына келтіріп, ІШКІ ДАНАЛЫҚТЫ тыңдауға кеңес беремін. Медитация жасау – өте қарапайым іс. Ол үшін əбден босаңсып, «махаббат», «тыныштық» деген секілді сіз үшін маңызы бар сөздерді іштей қайталаңыз. Мынадай мақұлдауларды да қайталап айтуға болады: «Мен өзімді сүйемін», «Мен өзімді кешіремін» немесе «Мені кешірді». Сосын ішкі сезіну күйіңізге құлақ түріңіз. Кейбіреулер медитация жасау күрделі бір іс деп ойлайды, медитация кезінде ойлау процесінің өзі тоқтап қалатындай көреді. Онда ойлау жолы аз ғана тежелуі мүмкін, есесіне ол еркін ағысқа көшеді. Кейбіреулер қолына қағаз-қалам алып, барлық теріс ойларын жаза жүреді. Ол да мұндай ойларды босатып қоя беруге жəрдемін тигізеді. Медитацияны тұрмыстық əдетіңізге айналдыруға тырысыңыз. Оны кез-келген жағдайда орындай беруге болады. Біреулер тез жүгіріп бара жатып медитация жасайды, біреулер жай серуендеу кезін пайдаланады. Сіз өз тəсіліңізді ойлап табуыңызға болады, ол тек өзіңізге қолайлы болса болғаны. Оптимист болу Мүмкін сіздің бір жақын адамыңыз ауру шығар. Сіз ол туралы аурудан əбден əлсіреген адам ретінде ойласаңыз, онда əділетсіздікке жол бергеніңіз. Сіз ойша ол адамды сап-сау деп санаңыз. Оған мейірім мен махаббат толқындарын жолдаңыз. Дегенмен, аурудан айығу алдымен ауырған кісінің өзіне байланысты. 5. Ендігі қадам – ӨЗІҢДІ МАҚТАУДЫ үйрену. Егер сын ішкі діңгекті қиратса, мақтау оны қалыптастырады. Өзіңізге өте əсем екеніңізді айтыңыз. Бір рет қана айтып қоймай, ұдайы айтыңыз. Оған кеткен уақытқа өкінбеңіз. 6. ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ СҮЮІҢ – ТАЯНЫШ ТАПҚАНЫҢ. Достарыңызға барып жəрдем сұраудан арланбаңыз, қиын кезеңде жəрдем сұрау осалдық емес, күштілік. Тек өзіне ғана сеніп, өзіне ғана сүйене бермеген жөн. Жəрдем сұрайтын кезде өрлікті төмендету керек. Жалғыз өрмелеп, осалдығыңыз үшін ызаланғаннан жəрдем сұраған дұрыс. Жəрдемді жаныңызды түсінетіндерден, осы проблемаларды жетік білетіндерден іздеу керек. 7. ӨЗ КЕМШІЛІКТЕРІҢ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫҢДЫ СҮЙЕ БІЛ. Біздегі жəне өмірдегі барлық теріс нəрселер – ғаламдық үлкен жоспардың бір бөлігі. Əлемді тану бағдарының бір бөлігі. Адамзатты жаратқан Ғаламдық Сана бізді қателік жасағанымыз үшін немесе балаларымызға өкпелеп қалғанымыз үшін жек көре алмайды. Ғаламдық Сана біздің қолымыздан келгенше тырысып жатқанымызды көргенде бізді өзінің махаббатымен қорғайды. Біздің əрбіріміз кейде қателесуіміз я дұрыс таңдау жасай алмауымыз мүмкін. Ол үшін өзімізді жазалай берсек, ол біздің əдетімізге айналады жəне одан бас тарту қиындай береді. 8. ӨЗ ТƏНІҢЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСА. Өз тəніңе біраз уақыт тұрған тамаша бір үйге қарағандай қара. Ондай үйді күту де рахат əкелмей ме? Өз тəнін жақтырмаған адам арақ пен есірткіге, я болмаса тамақты көп жеуге əуестенеді. Сізде өз тəніңіз жайлы оң пікірлер болсын десеңіз өзіңізді өзіңіз кешіріп, ашу мен ренішке рұқсат беріп шығарып салыңыз. 9. АЙНА АЛДЫНДА ЖАТТЫҒУ маңызды. Ол арқылы өзіңізге деген махаббаттан сізді не ұстап тұрғанын біліп аласыз. Айна алдында жаттығудың тəсілдері көп. Таңертең тұрған кезде, айна алдына келіп: «Мен саған бүгін не жасай алар екенмін? Саған не пайдалы жəне сені не рахаттандырады?» деп сұра. Сөйт те ішкі дауысыңа құлақ түр. Сол кеңестерді күні бойы басшылыққа ал. Кейбіріне жауап таба алмауың мүмкін. Ондай болғанда айна алдына барып: «МЕН БƏРІБІР СЕНІ СҮЙЕМІН» де. Айна алдында тұрып кешіруді де үйренуге болады. Өзіңізді өзгелердің қателігі үшін кешіріп байқаңыз. Айнаға қарап, сөйлескіңіз келген, бірақ бетпе-бет келуге тəуекел ете алмай жүрген адаммен сөйлесуге болады. Осылайша ата-анаңызбен, бастықпен, дəрігерлермен, балалармен, жасырын сүйіктілермен сөйлесуге болады. Бетпе-бет келгенде айта алмайтын сөзді осылайша айтып алуға болады. Соңынан олардан махаббат пен мақұлдау күткеніңізді айтыңыз, өйткені сізге керегі нақ осы. Өзіне сүйіспеншілікпен қарай алмаған адам кешіре де білмейді. Мұнда тікелей байланыс бар: кешірмесең сүйе алмайсың. Балаларыңыз сізді сүйе алмайтын жағдайды басқа салмасын. Ал олай бола қалған жағдайда балалар сізді кешіре де алмайды. Отбасында бір адам болса да аффирмациялармен айналыссын, сонда жақсы жаққа қарай өзгеріс көп күттірмейді. Өмір болған соң ата-аналары балаларымен сөйлеспей кететін жағдайлар да болады, олай болған кезде: «Менде отбасымның əрбір мүшесіне керемет, жылы, махаббат пен сенімге ашық қатынас бар» деп қайтала. Келісімге келе алмай жүрген туыстың атын атап та айна алдында аффирмация жасауға болады. 10. ӨЗІҢДІ ҚАЗІР СҮЙ. Барлығы келісе бастаған сəтті күтіп отырма. Өзіңе деген мəңгі қанағатсыздық – бар болғаны əдет қана. Біз өзге адамдарды өзгерте алмаймыз, сондықтан оларды өз жайына қойыңыз. Біреуді өзгертемін деп бар қуаттан айырылуға болады. Сол

күштің ең болмаса жартысын өзіңізге жұмсасаңыз сіз басқаша болып кетер едіңіз. Сіз басқа біреуді өмір сүруге үйрете алмайсыз. Əркім өзінің жеке жолын өтуі тиіс. Бізге тиесілісі – өзімізді өзіміз тануымыз. Ал өзіңе деген махаббат – осы бағыттағы алғашқы қадам. Біз бұл өмірге өмірдің өзінен үйрену үшін келгенбіз. Ол – өзіңді өзің қабылдау мен өзіңе деген махаббаттан басталады. Сіз бұл өмірге рухани өсу, басқаларға жанашырлық пен түсіністік білдіру үшін келдіңіз. Кеткен кезіңізде ақша мен автомобиль, жұмыс пен таныстарды қалдырып кетесіз. Сізге шындап меншіктеліп қалатыны – сүйе білу. Басқа ештеңе де емес. Өз ішіңіздегілерге деген махаббат Біреуге деген махаббат пен неке – өте керемет. Ал өзіңменен болатын роман – мəңгі. Өз ішіңіздегі отбасыңызды сүйіңіз: баланы, ата-аналарды, жəне оларды айырып тұрған жылдарды. Махаббат деген – өшіргіш секілді, ол зердедегі ең жаныңды жер ауыр естеліктерді өшіруші. Оның кіре алмайтын қыртысы жоқ. Егер сіздің көз алдыңызда сізді ренжіткен көріністер тұрса жəне сіз кім айыпты екенін саусағыңызбен көрсете бастасаңыз, онда бір орында тоқырап тұрып қаласыз. Ол ауырсынулар сізге жабысып қалмай қояды. Күш пен таңдай – қашан да сіздің ішіңізде. Өз көзіңізге қараңыз да махаббаты сезініңіз. Сіздің ішіңізде өмір сүріп жатқан адамдарға деген махаббатты. Өзіміздің ата-аналарымызбен қатынас Сіз ата-анаңызды түсінуге тырыссаңыз, олар да сізді түсінеді. Біздің ата-аналарымыз біз қалағандай болмады-ау деген теріс сезімнен арылу керек. Ол үшін олардың өткен өмірін, көрген тəрбиесін зерттеген жөн. Өйткені олар өздері өскен ортаның үлгісімен ғана өмір сүріп келеді. Осылай еткенде оларды кешіру оңайға түседі. Түсіну арқылы кешіру, кешіру арқылы махаббат келетінін түсініңіз. Егер біз ата-аналарымызды сүйе жəне кешіре алсақ, онда бізде өмірде кездескен əрбір адамнан қанағат алатын мүмкіндік бар. Жасөспірімге өзін-өзі құрметтеу қажет Жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау көбейіп барады. Өз өмірі үшін жауапкершілікті мойнына алуға күші жететіндер азайып жатса керек. Бұл проблеманың, біздер ересектер олардан өмірдің түрлі жағдайларында белгілі бір қылықтар күтетінімізге тікелей қатысы бар. Біз олардың өз мінезімізге ұқсас болғанын қалаймыз. Осымен біз оларды езгіге салып тұрған жоқпыз ба? Он жас пен он бес жастың арасы өтпелі кезең. Ол мерзімде жасөспірімдер төңірегіндегі жағдайларға қалыптасуға тырысады. Олар өз қатарластарының алдында жерге қарап қалмау үшін бəрін жасауға əзір. Осының артына шын сезім жасырынып қалады. Олар өздерін қалай болса сол күйінде көрсетуден қорқады. Балалардың ұялшақ, тілазар болуына, мектепте үлгерімі нашарлауына түсіністікпен қарай білу маңызды. Үйде оларға сенім мен сүйіспеншілік жетіспесе олар оны сырттан іздейді. Балаларға «олай етпе, былай жүрме» деудің орнына олардың əрбір қадамына масаттана қарау керек. Ол өз пікірі, өз ойы, өз қылығы бар болып қалыптаса берсін, онда тұрған не бар? Балаларды айыптаудың да, көзқарастарына қарсы тұрудың да пайдасынан зияны көп. Балалар біздің істерімізден үйренеді Балалар ешқашан біз айтқандай етіп істемейді, бірақ олар біздің жасағанымызды айнытпай жасайды. Сондықтан ақыл үйреткеннен гөрі өзіңіз үлгі болыңыз. Ажырасу Егер əке мен шеше ажырасса, онда отбасы мүшелерінің бірін-бірі қолдауы аса маңызды. Егер ажырасып жатқан əке мен шеше бірін бірі жамандап жатса, бала адасады. Ата-аналар балаларға өздерінің бұл тірліктерінің оларға еш қатысы жоқ екенін түсіндіруі керек. Еш уақытта балаларға ажырасу себебіне біз кінəлі болармыз деген ой келмейтіндей болсын. Жақсы қартаю Біздің көбіміз кəріліктен қорқамыз. Біз кəрі болып көрінгіміз келмейді. Біз қартаю процесін құбыжық секілді көреміз. Дегенмен, кəрілік өмір циклының табиғи жəне ажырамас бір бөлігі.

Мəселен, сіз қартаймадыңыз делік. Өмірден кеткенде жап-жас күйі кеткен қалай? Қартайған сəтте өзіңді сүю жас кезде сүйгеннен де бетер керегірек. Өйткені бізге өмірдің барлық сатыларынан өту бұйырған. Адамдар, əсіресе əйелдер, кəрілік жайлы ойлағанда көбірек қобалжып, қорқынышқа түседі. Қартая бастағанда бетіндегі жаңа əжімдерді жек көріп, таңертеңгілік байқалған ақ шаштарды жұлып əлектенеді. Жас келе жаңа кеселдер пайда болады. Осылардың бəрін бір төбеге үйіп уайымға түсудің не қажеті бар. Мен мəселен, қартайған адам аурудан өледі дегенге сенбеймін. Шындығында, біз өзгеше өлуге тиіспіз деп ойлаймын. Белгілі бір мерзімге келгенде біздердің барлық істеріміз аяғына келеді, сол кезде біз басқа дүниеге көшуге əзірленеміз. Ол үшін өлімші жағдайда кеселді болу керексіз. Біз қартайғанда өзімізді тың сезінгеніміз жақсы емес пе? Сан-Франсисконың бір медициналық мекемесінде адам организмінің қартаюы гендерге байланысты емес, ми қабаттарының бірінде жататын «биологиялық сағаттың» көлеміне байланысты екені дəлелденіпті. Ол «сағат» біздің қартаю процесіне қалай қарайтынымызға байланысты екен. Мəселен, сіз 35 жас – орта жас, одан əрі қарай кəрілік басталады деп ойласаңыз, солай бола кетеді. Сондықтан, мен 90-ға келгенде қандай əсем қария боламын деп ойлаңыз. Не ексең, соны орасың. Қария кісілерге қандай қарым-қатынас жасасаңыз сізге де солай болады. Өзін жақсы көретін ата-аналар балаларына да осыны үйретеді. Біз өзімізді сүю өнерін қаншалықты меңгерсек, біздің балаларымыз да осыны үлгі етіп алады. 4-бөлім. Ішкі ақылдан сұрау Егер оң өзгерістер мен айығуға алып келетін əрекет болмаса, кез келген теория пайдасыз. Өркендеуге қалай жетуге болады Біз қорқып тұрсақ, барлығын өзіміздің бақылауымызға алуға тырысамыз. Осылайша біз өмірімізде болатын оң өзгерістерге тосқауыл қоямыз. Өмірге сеніңіз. Онда бізге керектің бəрі бар. Көп адамдар ашық болудан қорқады, өйткені бір «жарамсыз нəрсені» жіберіп аламын ба деп қорқады. Ішкі күйді өзгертпесе солай бола кетуі де мүмкін. ӨРКЕНДЕУ десе көбіміздің ойымызға ақша келеді. Бірақ оған уақыт, махаббат, жетістік, жайлылық, əсемдік, білім, қарым-қатынас, денсаулық жəне содан соң барып ақша жатады. Егер сіз ылғи да асығумен болып, сонда да уақыт жеткізе алмасаңыз, онда сіз уақыттың жетпей қалатынына сенгендігіңізден. Егер сіз ешқашан жетістіктерге жете алмаймын десеңіз, ол сөздеріңіздің орындалуы оңайлайды. Сіз өмірдің қиыншылықтар мен салмақтары ауыр екендігіне сенсеңіз, онда ұдайы жайсыздықта боласыз. Өзіңізді топаспын деп санасаңыз, даналыққа жол ашылмайды. Егер сізде адамдармен қарымқатынаста махаббат кемшін болса, сізге өзіңізге де махаббатты шақыруға жол жабыла бастайды. Ал əсемдік ше? Сіз жан-жағыңыздағы əсемдікті көре аласыз ба жəне оның Жерде өте мол екеніне сенесіз бе, жоқ, сізге барлығы көріксіз жəне мардымсыз көріне ме? Ақшаға келсек, көбіміз бізге ақша ылғи да жетпейді дейміз. Сіздің талабыңыз сіздің ресурстарыңызға сай ма? Сізге ол соманы кім анықтады? Осының бəрі де бір нəрсені біреуден алу идеясына қатысы жоқ. Адамдар əдетте былай ойлайды: «Мен мынаны алғым келеді, мен ананы алғым келеді». Бірақ молшылық пен өркендеу – біздің қабылдай білу қабілетімізге байланысты. Егер сіз бір нəрсені ҚАБЫЛДАЙ алмасаңыз, онда сіздің бір себеппен оны қабылдауға əзір еместігіңізден. Егер біз өмірге сараңдық пен қараулық жасасақ, ол да солайша жауап береді. Егер біз одан ұрлағымыз келсе, онда ол да бізді тонайды. Өзіңе адал болу Адалдық – біз өте көп пайдаланатын, бірақ шын мағынасын терең түсіне алмаған сөзіміз. Адалдықтың мораль мен күйрек тақуалықпен ортақ ештеңесі жоқ. Адал болу, соның жолында түрмеге түсу емес. Адалдық өзіңе-өзің махаббатпен қарай білу. Адалдықтың негізгі қасиеті – біз өзіміз қанша берсек, сонша қайтып ала алатындығымызда. Себеп пен салдар заңы барлық деңгейде жұмыс істейді. Егер біз біреуді қорласақ немесе айыптасақ, онда өзіміз де айыптымыз жəне қорғанамыз. Егер біз ұдайы ашуланып жүрсек, онда адамдардың өзімізге деген ашуын туғызамыз. Өзіңе деген махаббат пен Əлемге деген махаббат камертон қағидасымен жұмыс істейді. Бір офиске барғанда қаламсаптарды алып кететін адамдар бар. Үлкен əмбебап дүкендерден аз-аздап зат ұрлап жүретіндер болады. Олар дүкен бұдан кедей болып қалмайды деп өздерін ақтағысы келеді. Бұлай ақталуда ешбір мағына жоқ. Біз бір нəрсені рұқсатсыз алсақ – бір нəрсемізді жоғалтамыз. Егер берсек – аламыз. Басқаша мүмкін емес.

Егер сіз ұдайы бір нəрсеңізді жоғалтып жүретін болсаңыз немесе өмірде жағдайыңыз қалпынан шыға берсе ойланыңыз – сіз қалай алып жүрсіз? Біреудің бір нəрсесін ала қоймағаныңызбен, мүмкін біреулердің уақытын ұрлап немесе оның абыройына тиіп жүрген боларсыз. Біз адамдарды айыпты сезінуге зорлаған əрбір сəтте, біз өзіміздің дұрыстығы-мызға, өз күшімізге күмəн келтіріп тұрмыз. Бұл өзімізді-өзіміз ұдайы тексеріп тұруымызды жəне өзімізді өзіміз танудың биік деңгейін талап етеді. Біз біреуден бір нəрсені рұқсатсыз алғанда, оны өз еңбегімізбен ала алуға лайық емес екенімізді жəне бізден де солай алып кетуге келісім беріп тұрғанымызды дəлелдеп, Əлемге жария етіп тұрмыз. Алып кете салуға болатын нəрсені ала салсақ, біз өзімізді ешбір нəрсе өтпейтін қабырғамен қоршағанымыз, одан шаттық пен махаббаттың сəулесі өте алмайды. Біз өзімізге сый қабылдауға жəне жайлылықта өмір сүруге тыйым салдық. Ой-сананың мұндай стереотипі – біздің Жердегі өміріміздің ақиқаты емес. Біз тамашамыз жəне ең жақсы нəрселерге лайықпыз. Біздің планетамызда бəрі де жетерлік. Біз саналы түрде сұраған нəрселердің бəрін алуға лайықпыз. Біздің санамыз біздің сөздеріміздің, ойларымыздың жəне əрекеттеріміздің мінезін анық айқындайды. Біздің ойымыз біздегі нақты жағдайды құрайтынын анық түсінгенде, біз өз ойларымызды өзгерту үшін осы нақты жағдайымызды бақылай бастаймыз. Егер біз барынша адал боламыз деп шешсек, онда өзімізге деген махаббатты таңдаймыз. Адалдық бізге өмірдегі жағдайлардың ең күрделілерін де жеңіл жеңуге жəрдем береді. Егер сіз дүкенге барып сауда жасағанда бір заттың бағасы қосылмай қалса, кассирге айтып төлеп кетіңіз. Егер оны үйге келген соң ғана байқасаңыз – əңгіме басқа. Бұл енді адалдықтың емес, саналылықтың мəселесі. Егер адал болмау сізге бірталай қолайсыздықтар əкелсе, сізге махаббат пен адалдық қандай тамаша өмір сыйлайтынын ойлаңыз. Сіздің өміріңіздегі жақсы нəрселердің бəрі – сіздің күш салуыңыздың нəтижесі. Келіңіз, өз ішімізде сүйе білетін, адал көзқарас қалыптастырайық жəне өзіміздің қолымыздан келетін мүмкіншіліктеріміз туралы жаңа да таңданарлық фактілерді ашайық. Үй – қасиетті ұя Сізді қоршап тұрғандардың бəрі сіз неге лайық болсаңыз, соны көрсетіп тұр. Өз үйіңіздің жағдайына, киімдеріңізге көз салыңыз. Оларды өзіңізге лайық санайсыз ба? «Мен бұл үйді көргім келмейді» десеңіз, сіз өзіңіздің жаныңызға жағатын үйді таба алмайсыз. Өзіңізде барды сүюді үйреніңіз, сонда сіздің осы сезіміңіз жаңа да əсем үйге кіруіңізге көмектеседі. Махаббат қатынастары Доктор Бернли Сигель «Махаббат, медицина жəне кереметтер» деген кітабындағы мына ойларды мен өте мақұлдаймын: «Көп адамдар, əсіресе рак кеселіне ұшырағандар, бала кезінде өз қалпының өзегінде бір кемшілік барына сенеді. Осы кемшілікті білдірмей жасырып, олар сүйікті болу мүмкіншілігін сақтағысы келеді. Егер біреу-міреу оның шын бет пердесін көріп қалса, ол мəңгі бақи жалғыздық пен махаббаттың жоқтығын сезінеді. Олай ойлаған адамдар өз төңірегінде өзгелерді ізгі армандары мен терең сезімдерін бөліспейтіндей жəне құпияларына бойлай алмайтындай етіп қорғаныс қабатын жасап алады. Олар іштерінде бір бос кеңістік бар екенін сезінеді жəне осы бос кеңістігін толтырарлықтай қатынастар жасауға тырысады. Олар қайтарымына бір нəрсе алса ғана сүюге келіседі. Ал ол осы кесірлі шеңберден шыға алмайтындай ішкі ойранды одан сайын ұлғайтуға алып келеді». Кез келген қарым-қатынас өте маңызды, өйткені одан сіздің өзіңізге қатынасыңыз көрініп тұрады. Егер сіз өзіңізді ұдайы сөгетін жəне барлық күнəларда айыптайтын болсаңыз немесе өзіңізді мəңгілік құрбандық ретінде сезінсеңіз, онда сіз өзіңізге осы ойларға лайықты адамдарды тартасыз, олар сіздің бейшара екенмін деген сеніміңізді нықтай түседі. Мұндай жағдайда мынадай жаттығу бар: «Мен махаббат үшін ашықпын. Махаббат – қауіпсіз» деп күніне үш рет қол жайып тілек тілеңіз. Осыдан соң айна алдына тұрып: «МЕН ЛАЙЫҚТЫМЫН. МЕН ЛАЙЫҚТЫ БОЛМАСАМ ДА осылай болуын қалаймын» деңіз. Сіз түрлі жақсы нəрселерді жиі қайтарып жібересіз, өйткені оған лайық екендігіңізге сенбейсіз. Мысалы, сіз біреумен некеге тұру жайлы шешімге келдіңіз, немесе біреумен оңтайлы қатынас жасағыңыз келді. Сізбен кездесіп жүрген адамның сізге ұнайтын төрт ерекше қасиеті бар, ал сізге ол аз, оларды тағы да бір қасиеттермен толықтырғыңыз келеді. Əрі қарай барлығы сіздің өзіңізді қаншалықты сүйетініңізге байланысты. Сіз өзіңізбен қалуға келісім берген бірінші адаммен қалуыңызға да болады. Болмаса көп бəсекелестерді байқап көріп өзіңізге лайықты санаған адамды тауып алуыңыз да мүмкін.

Егер сіз Жоғарғы Күш сізді шын сүйетін адамдармен қоршатып тұр жəне сіздің жолыңызда кездескен əрбір адам сізге жақсылық əкеледі деп сенсеңіз, солай болып шығады. Өзара тəуелділік қатынастары Біздің көбіміз үшін жеке қарым-қатынас бірінші рөл ойнайды. Мүмкін сіз ұдайы махаббат іздеумен келесіз. Махаббатты іздеу сізге барлық талаптарыңызға сай келетін сенімді əріптес табуға көмектеспейді. «Мені біреу сүйсе, менің өмірім өзгеріп кетер еді» деп ойлау жолына түсуге кеңес бере алмаймын. Мен мынадай жаттығу ұсынамын. Сізге басқа адаммен қатынасыңыз қалай болғанын қалайтыныңызды қағазға түсіріп көріңіз – сырлас, ашық, сенімді, ойнақы, т.с.с. Енді осы тізімге қайта қараңыз. Осылар қол жетпейтіндей идеал ма? Ал сіз өзіңіз осы талаптарды орындауға əзірсіз бе? МАХАББАТҚА ҚАЖЕТТІЛІК пен МАХАББАТҚА ШӨЛІРКЕУ екеуінің айырмашылығы зор. Сіз махаббатқа шөліркеген болсаңыз онда сізге шынында махаббат пен өзіңіз жақсы көретін жəне биік бағалайтын адамыңыздың мақұлдауы жетпей тұрғаны. Нəтижеде сіз өз əріптесіңізбен қарым-қатынаста өзара тəуелділікке ұрынасыз. Ол сізге де, əріптесіңізге де пайда əкелмейді. Сіз басқа біреуді қалай жасауға үйрете бастасаңыз, айлакерлікке барғаныңыз. Ол дұрыс нəтиже бермейді. Сіз өз мақсаттарыңызға өзіңіз жете алатын жағдайда болсаңыз, онда сіз мақтау мен басқа адамдардың жəрдеміне тəуелді болмайсыз. Барлығы сіздің өзіңізді қаншалықты сүйетініңізге байланысты. Өзін шын сүйетін адам тыныш, қалыпты жəне өзінің қауіпсіз екеніне сенімді. Мынадай аффирмацияны ұсынамын: «МЕН ӨМІРІМДІ ТОЛЫҚТЫРА ТҮСЕТІН КЕРЕМЕТ ҚОБАЛЖУЛАРҒА АШЫҚПЫН ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙ АЛАМЫН». Ол «мен жаңа сүйікті адамды тапқым келеді» дегеннен анағұрлым дұрыс. Ашық жəне қабылдағыш болғанда Əлем сізге көмектеседі. Сіз өзіңізге деген махаббатыңыз өскен сайын өзіңізге деген құрметіңіз де өсе түсетінін байқайсыз. Егер сіз өмірден не күтетініңізді анық білсеңіз, сізге қажетті өзгерістер сіз ойлағаннан ертерек жəне жеңілірек келеді. Махаббат адамның сыртында емес – ішінде өмір сүреді. Қаншалықты күштірек сүйе алсаңыз, соншалықты махаббатпен қоршаласыз. Ақша туралы түсініктер Ақшаның уайымы да адамға бала күннен қалған əсерлерден болады. Қаржылық жағдайы жақсы əке ылғи да ақшасы азайып қала ма деп уайымдап отырғанын көрген балада сол əсер қалып қояды. Ақшаның бірде аз, бірде жетерлік болуы қалыпты нəрсе. Егер біз Ішкі Күштерімізге сенсек, онда қиын кездер тез өтіп кетеді. Біз болашақта бізде бəрі де, оның ішінде ақшаның молдығы да болатынына сенуіміз керек. Ақша адамның барлық мəселесін шешіп бере алмайды. Көп ақша болса өмірді ертегідей етіп өткізуге болады деп сенетіндер бар. Бірақ, бəрібір ақша ешқашанда – бақытқа алып барар жол емес. Өзіңізде барына риза болыңыз Мен жасымда маған жəрдем берген адамдардың бəрін жадымда сақтағанмын. Кезінде олардың жақсылықтары үшін сый қайтара алмадым. Бірақ жылдар өте келе мен де өзгелерге жəрдем бердім. Сондықтан, біреулерге жəрдем беру ісінде «сен – маған, мен – саған» деген принцип жарамайды. Сені біреу түстікке шақырса, ертеңіне оны шақырып жіберу онша орынды емес, ал біз көбіне солай жасаймыз. Біз ылғи тез қайтарым жайлы уайымдаймыз. Сыйды алғыс айта қабылдауды үйреніңіз. Қабылдай білуді үйреніңіз. Біздердің проблемаларымыздың бірі – қабылдай білмейтіндігімізде. Беруді білгенде, қабылдауды да білу керек. Біреуден сый алып тұрып «рахмет» деудің орнына «маған шақ емес екен» немесе «мен жақсы көретін түс емес екен» десеңіз, ол бұдан былай сізге ешуақытта ештеңе сыйламайды. Сіз біреуге ақша бергеннен гөрі оны сананы іске қосу арқылы ақшаны өзіңізге қалай шақыруға болатынын үйретіңіз. Оныншы бөлік ережесі Сіз түскен табыстарыңыздың оныншы бөлігін қайырымдылыққа жұмсаңыз, сөйткен күнде табысыңыз молая түсетініне сеніңіз. Адамдар «Менің ақшам көбейген соң, қайырымдылық жасаймын» деп ойлайды. Ондай ойдағы адамдар ешқашан қайырымдылық жасамайды, қайырымдылықты ертеңге қалдырмай, бүгін бастау керек. Солай еткеніңізде өміріңізде көп жақсы жағдайлар болады. Бірақ, қайырым-

дылықты ақшаңыз көбеюі үшін əдейі жасағыңыз келсе, онда ұтыласыз. Бұл жағдайда оныншы бөлік ережесі жүзеге аспайды. Бұл əлемде барлығы жеткілікті. Ол тек қана сіздің оның өлшеусіз байлықтарымен танысқыңыз келуін күтіп тұрады. Ақша сіз жұмсаймын деген сомаңыздан анағұрлым көп. Адамдар – сіз өмірде кездестіргеннен анағұрлым көп. Қуаныш пен шаттық та сіз ойлағаннан көбірек. Сіз осыған сенсеңіз, сіздің қалауыңыз орындалады. Өзіңіздің шығармашылық бастауыңызды таныту Өзіміздің ішкі көзімізді ашып, біздер өз көзқарастарымызды кеңітеміз. «Өміріңнің басты мақсаты не?» деп менен біреулер сұрар болса, мен «жұмыс» деп жауап берер едім. Өз жұмысын жек көретін адамдар оны орындаудан бас тартуы тиіс, басқа жұмысқа ауыссын. Біздің көбіміз лайықты өмір сүру үшін жұмысқа барымызды салуымыз керек деп санаймыз. Ол тек қана сіз сүйікті іспен айналысқан кезде ғана дұрыс. Мен адамдарға жəрдем қолын жиі созамын. Егер олар менің жəрдемімнің нəтижесінде бір нəрсе үйренгісі келсе құба-құп, егер олар мені өзінің деңгейіне қарай тарта бастаса, мен олармен тез қоштасамын. Жұмыс – ақша табудың бірден-бір көзі емес. Ақша – сіздің жұмысыңыздың мақсаты емес. Ол сізге өзге жолдармен я тəсілдермен де келуі мүмкін. Жұмыстағы қарым-қатынас отбасындағы қарым-қатынасқа ұқсас. Біреулер «менің жұмысым жақсы, бірақ ол жердегі кейбір жексұрындармен істес болғым келмейді» дейді. Оның орнында мен «Мен соншалықты тамаша жерде қызмет етіп жүрмін» дер едім. Осы философияны ұстанғанда маған ұнамайтын қызметтестерім өзгерер еді. Əрбір адамнан бір жақсы қасиет табуға болады. Сондықтан оның жақсы жақтарына көңіл аударыңыз, сонда ол бұрынғыдан жақсырақ бола түседі. Нашар мінез осылай ғана жөнделеді. Сізге жарамсыз сөздер айтып, жолдан тайдырғысы келетіндер де кездеседі. Оған көңіл бөлмеңіз. Сіз өзіңіздің ол жағдайға деген теріс көңіл-күйіңізден құтылыңыз, сонда бəрі де қалпына келеді. Біреумен өзіңізді салыстыру я күндестік байқату өркөкіректікті туындатады. Барлығы өзгерісте. Бүгінгі жетістік ертеңге төмен саналуы мүмкін. Сондықтан өсу жолында, əсіресе рухани өсуде іштей өсуді ұдайы жалғастырып, ішкі дауысқа құлақ қойған жөн, ол нақ осы жағдайда қалай жасау керектігіне кеңес береді. Бизнес саласында жетекшілік ететін адамдар өзінің Құдайлық Санасымен ұдайы байланыста болуы тиіс. Қызметтегі əріптестерге ашық болып, оларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік берген жөн. Əрбір қызметкер өзін шығармашыл азамат ретінде танысын. Сонда компанияның ісі ілгері басады, ұжым тұрақталады. Өйткені адамдар жұмысқа тек айлық алу үшін ғана келмейді. Шексіз мүмкіндіктер Біздің əрбіріміз Əлеммен жəне өмірмен үздіксіз байланыстамыз. Өз ішіміздегі күш біздің санамыздың көкжиегін кеңітеді. Мына сөздер маған өте ұнайды: ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР. «Бұл іс қолымнан келмейді», «Мен əлі жаспын», «Оған ақша қайда» деген сөздер адамның мүмкіндігін тежейді. Пайым мен пікірдің айырмашылығы бар. Пікір – сіздің бұл мəселеге қалай қарайтындығыңыз. «Мен ақ көйлек емес, көк көйлекті ұнатамын» десеңіз, ол – пікір. Ал сіз ақ көйлек киген біреу туралы сөз айтсаңыз, ол – пайымдау. Сын айтқанда, ол бағытталған адамға немесе сіздің өзіңізге зиян тигізетіні есте болсын. Біреуді ренжітсеңіз – кешірім сұраңыз да, қайтып ренжітпеңіз. Өзіңізді айыптай берсеңіз өзіңізді ішкі даналығыңыздай ажырататын қорған соғасыз. Айып сезімінің сізді басқарып кетуіне мүмкіндік бермеңіз, олай етсеңіз ол сіздің өміріңізге енетін барлық жақсы жəне сүйкімді нəрселерді сізге жібермей қояды. Əрбір проблемаңызға өзіңізді жетілдіру мүмкіндігі ретінде қараңыз. Біздің мақсатымыз өз санамыздың шекарасын кеңіту, ескі үйреншікті қалыпты тастап алға қарай жаңа, сыналмаған жолды бастау. Біздің санамыз бұл əлемде ғажайыптарды жасай алады. Шексіз мүмкіндіктер – біздің планетамызда жəне одан тыс жерде қызмет етіп жатқан барлық күштердің бірлігі. Біз өз миымыздың 10 пайызын ғана пайдаланады екенбіз. Қалған бөлігі бос жатыр, соны пайдалануға өзімізге-өзіміз əсер етпейміз. Өйтпейтініміз – өз күшімізге сенбейміз. Өйткені жас кезімізде біздердің əрбірімізде болған телепатия мен телекинез секілді ерекше қабілеттерімізді ата-аналарымыз бен өзге де тыйым салушылар жоғалтып жіберген. Менімен бірге: «МЕН ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР ƏЛЕМІНДЕ ӨМІР СҮРІП КЕЛЕМІН. МЕНДЕ БƏРІ ЖАҚСЫ» деп қайталаңыз. Осы сөздер жөнінде бір сəт ойланыңыз. БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ. Бір жері ғана емес, аз

ғана емес, БƏРІ ЖАҚСЫ. Осылай болатынына сеніп сіз жауаптар мен шешімдердің өз өміріңізге енуіне жəрдемдесесіз. Мүмкіндіктер шексіз. Ал біз оны пайдалана білеміз бе, ол біздің жеке ісіміз. Біз я «төрт қабырға» арасында қалып қоямыз, я болмаса бостандыққа суырылып шығамыз жəне өмір ұсынған жаңа тəжірибеден рахат аламыз. Өзіңізге шыншыл қарауға тырысыңыз. Ішіңізде болып жатқан процестерді, өз сезінуіңізді, əсеріңізді, нанымыңызды бақылаңыз. Түсінік беру мен қатты пікірлерден қашыңыз. Осылай ете алғаныңызда сіз өзіңіз-дің шексіз мүмкіндіктеріңізді пайдалана бастайсыз. 5-бөлім. Өткенді өзіңнен босатып жіберу Біздің планетамыздағы өмір саналы болып барады. Біз өзімізді-өзіміз сезіне бастадық. Өтпелі кезең жəне өзгерістер Кей адамдар бұл дүниені тастап кетуге əзір, бірақ өзгергісі жоқ. Олар өзгеру деген бізден басқаларға тиесілі деп санайды. Өзгеру деген – жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу, ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу. Біз жан тыныштығына ұмтыламыз жəне абыр-сабырға орын болмайтын өмір құрғымыз келеді. Біз босаңсуды жəне біздің талайымызға түскен өмір тəжірибесінен рахат алуды үйренеміз. Мен əрбір адамға былай деп айта жүріңіз дегім келеді: «ӨМІР ТАМАША, МЕНІҢ ƏЛЕМІМДЕ БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ ЖƏНЕ ОДАН ДА ЖАҚСЫ БОЛАДЫ». Сонымен мен үшін өмір ағысы қалай қарай беттеп бара жатқанының мағынасы жоқ. Мен барлығы жақсы болатынын білемін. Мен кез-келген жағдайда өмірден рахат аламын. Егер сіз өзгерістер жасау жайлы шешіміңізді айтатын болсаңыз Əлем сізге жəрдем бере бастайды. Ол сізді қажетті хабарламамен қамтамасыз етеді. Кейде көтерілу алдында құлдырайсыз. Одан қорқатын ештеңе жоқ, өйткені сең қозғалды. Өткеннен қалған əсерлер, оқиғалар мен сенімдер түйіні біртіндеп шешіле бастады. Қорқудың керегі жоқ. Мейлі, сізге əлі ештеңе болмағандай-ақ болсын. Аффирмациялармен айналысып, жақсы болатынына сеніміңізді шыңдай беріңіз. Табысқа жол Сіздің өзгерістер жасау жайлы шешім жасауыңыз бен нақты нəтижелер арасында біршама уақыт өтеді. Мен оны «өтпелі» кезең деп атаймын. Сіз жаңа мен ескінің ортасында толқып тұрсыз. Сіз болған іс пен болуы тиіс істің екі ортасында аңтарылып тұрсыз. Ол қалыпты жəне табиғи процесс. Білу мен жасау өзін өзі дамытудың екі сатысы. Күш артып, бастаған өзгерістеріңді соңына дейін жеткізуге уақыт керек. Уақыт жəне үздіксіз күш салып тырысу. Джеральд Ямпольский «Махаббат дегеніміз – қорқыныштан құтылу» дейді. Махаббат пен қорқыныш бірін-бірі жояды. Бізді махаббат басқармаса, қорқыныш басқарады. Жалғыздық сезімі, ыза мен айыпты сезіну – қорқыныштың салдары. Біз онымен қоштасып, махаббатты таңдаймыз. Егер сіз өзгеруді шындап қаласаңыз, солай болады. Ешкім сізге билік етіп, бір нəрсе жасауға зорлай алмайды. Жəне де ешкім сізбен бірге ол жолды өте алмайды. Сіз өзіңіз ғана өз проблемаларыңызды жеңе алатын жетерлік ішкі күшке иесіз, осыны еске берік тұтыңыз. Өзіңізді тексеруді ұмытпаңыз. Күніне бірнеше рет: «Мен мұны не үшін жасап жатырмын?» деп сауал қойыңыз. «Менің шын мақсатым не?» «Мен мұны адамдар өтінгеннен кейін жасап жүрген жоқпын ба?», – деген сауалдарға жауап іздеңіз. Өзіңізге-өзіңіз адал болыңыз. Өзіңізге өз ойларыңыз бен сезімдеріңіз жайлы шынын айтыңыз. Стресс – қорқыныш синонимі Менің түсінігімде «стресс» – өмірде ұдайы болып жатқан, қорқыныштан туған өзгерістерге қарсылық. Ол – өз сезімдеріміз үшін жауапкершіліктен соның жəрдемімен қашуға болатын ақталу. Қысқасы, стресс – қорқыныштың туған інісі. Екеуінің атқаратын қызметі бір. Стресс жағдайында тұрғаныңызды сезген сəтте «Мені қорқытып тұрған не? Мен өзіме неге осынша жүк арттым? Неге мен күштерімді орынсыз жұмсап жатырмын?» деп ойлаңыз. Стресс – сіздің өз ішіңізде жəне бүкіл əлеммен үндестікте болмауыңыз, ол – жанның тепе-теңдігінің бұзылуы. Бір мезетте тыныштықта жəне стресс жағдайында болу мүмкін емес. Егер сіз қорқыныш сезіне қалсаңыз, одан тез арылуға тырысыңыз. Стресс – барлық үміттердің күйреуі емес. Ешкімде де сізді жеңетіндей жеткілікті күш жоқ.

Сіз қашан да қауіпсіз жағдайдасыз Өмір ұдайы ашылып-жабылып тұрған есіктер тізбегі. Сіз бір бөлмеден бір бөлмеге өте жүріп, түрлі уайым сезінесіз. Біздің көбіміз ой-сана мен мінездің, кедергілердің, бұдан былай ешқандай құндылығы қалмаған жəне пайдасы жоқ өткен жылдар оқиғаларының теріс стереотиптеріне алып баратын есікті жауып тастағымыз келеді. Жəне де керемет жақсы əсер алатын жаңа есіктерді ашқымыз келеді. Біз ұдайы өзімізге толық қауіпсіз жағдайда екенімізді ескерте жүруге тиіспіз. Барлығы өзгеретіні хақ. Сол өзгерістер барысында өз «меніңізге» сеніңіз. Оған сізді рухани өсу жолында ең қолайлы болатын жаққа қарай ертуге жəне бағыттауға мүмкіндік беріңіз. Джозеф Кэмбелл айтады: «Рахаттың соңынан қалмаңыз». Сіз біреуді зорлап өзгерте алмайсыз. Бірақ сіз ойша өзіңізді қоршап тұрғандарға олар өз еркімен өзгере алатындай атмосфера туғыза аласыз. Бірақ олар соны қалайтын болса ғана. Өз туыстарыңызды сүйіңіз. Оларға өз қалпында болуға мүмкіндік беріңіз. Олардың іштерінде ақиқат тұр, олар өздері қалаған сəтте өзгеруге мүмкіндіктері бар. Бірін-бірі сүю қауіпсіз болатын əлем Біз планетамызды қирата да, емдей де аламыз. Əр күні планетамызға бір тамшы болса да махаббат пен емдеуші қуат жолдаңыз. Біздің санамыз қалай ойлап тұрғаны өте маңызды. Өз еркіндігіңді сезініп, бізге ұнамайтын нəрселерді өзгерте алатындығымызға сену рахат емес пе? Маған біздің планетамыз бен уақыт емес, біздің санамыз бен нақты жағдайды қабылдауымыз өзгеріп жатқандай көрінеді. Біз Жерге тұтас бір организм ретінде қарай бастадық. Ол бізге керектің бəрін беріп тұр. Жер – үндестікте жұмыс жасайтын организм. Бірақ біздер, адамдар, осы жердегі үндестік пен тепе-теңдікті сақтауға мойнымызды бұрғымыз келмей, планетамызды жоюға барымызды салып жатырмыз. Ол біздің қараулығымыздан. Кейбіреулер Жерге қамқорлық жайлы айта бастасаң өзінің шешілмей жатқан ұсақ проблемаларынан басы қатып жатқанын айтады. «Бір адам нені өзгерте алар дейсің?», – дейді. Тіптен де олай емес. Қайта бір адам енжар қараса, көптің ісі кейін кете бастайды. Өздерін жəне планетаны емдеу Айықтыру мен емдеу екеуі екі басқа. Айықтыру үшін тым болмағанда екі кісінің əрекеті керек. Оның біреуі – сізсіз. Барлығын дəрігер жасайды деп қарап жата беруге болмайды, екі жақтап кірісіңіз. Əлеуметтік деңгейде де солай. Жеке жəне жалпы бақыт үшін Егер сіз тек өзіңізді ғана жетілдіруді ойласаңыз, үндестік болуы қиын. Өзгелерге де тілекші болыңыз. Сіздің ішіңізде тамаша рухани қазына мен үлкен дарын жатыр. Соларды планетамыздағы қуаттарды өзгертуге пайдаланыңыз. Сөз соңы Мен сіздермен белгілі ұстаз Эмметт Фокстың мына сөздерімен бөліскім келеді: «Махаббат жеңе алмайтын қиындық жоқ. Махаббат айықтыра алмайтын кесел жоқ. Махаббат аша алмайтын есік жоқ. Махаббат көпір сала алмайтын шыңырау жоқ. Махаббат жарып өтпейтін қабырға жоқ. Махаббат өтей алмайтын күнə жоқ. Жамандық біздің ішімізге қаншалықты терең кіріп кеткенінде тұрған ештеңе де жоқ. Біздің болашағымыз қаншама үмітсіз болса да, түйін қанша шатасып кеткен болса да, махаббатты сезіну барлық кедергілерді басып өтеді. Егер сіз өзіңізді сүйе алсаңыз, онда жер бетіндегі ең бақытты, ең күшті адам болғаныңыз». Сіз мұның рас екенін білесіз. Бұл – ақиқат сөзі. Сіз бақытты жəне өте құдіретті бола алатын сонау бастау нүктесін қалай ғана тапсақ екен? Менің ойымша сіздің өз кеңістігіңізге саяхатыңыз басталды. Біз өз ішімізде жасырынып жатқан сол бір Күшті санамызбен сезінуді бастадық. Біз ылғи да жайсыз жəне қобалжумен өмір сүрсек, оны ешуақытта иелене алмаймыз. Өзімізді-өзіміз қаншалықты терең тани бастасақ, Əлемнің қуатының бізге қолдауын соншалықты тезірек сезінеміз. Біз қиялға келмеген жетістіктерге жетуге қабілеттіміз. Тағы да бір рет кеудеңізді кере дем алыңыз. Жүрегіңіздің еркінірек соғуына мүмкіндік жасаңыз. Өзіңізді тани бастасаңыз – кедергілер бірінен соң бірі қирай бастайды. Бүгін сіздің бақытқа жету жəне Ішкі Күшіңізді сезіну саяхатындағы бірінші күніңіз болсын. Мен сіздерді сүйемін. Луиза Хей, VІ-ІX. 2003. Орыс тілінен аударылды.

ӨНЕГЕ (Түрлі ақпарат көздерінен таңдалып, Қаламқас Темірбаевамен бірге аударма жасалды) Құдай мені суретке түсіріп тұр Сол күні ауа райы жаман болып тұрды, тоқтамай күн күркіреп, шелектеп жаңбыр жауды. Кішкентай қыз əдеттегідей сабаққа жиналып мектепке жаяу кеткен болатын. Бір уақытта найзағай тоқтамай бірінен кейін бірі жарқылдап, күн күркірей бастады. Кішкентай қыздың анасы «Қызым найзағайдың гүрілінен қорқып қалады-ау» деген уайыммен мектеп жаққа жөнеледі. Мектепке жақындай бергенде қызын көреді. Кішкентай қыз баяу қадамдармен үй жаққа жүріп, найзағай ойнаған сайын тоқтап, басын аспанға көтеріп күлімдейді. Анасы қызының қасына жақындап, екеуі де машинаға отырған кезде қызынан сұрайды: – Осындай найзағай мен күннің күркіреуінен қорықпадың ба? Найзағай ойнаған сайын басыңды аспанға неліктен көтеріп тұрдың? Кішкентай қыз: – Аспанға қарап күлімдедім, өйткені Құдай мені суретке түсіріп тұрды... Көзге көрінбейтін дүниелер Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып: «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндер де бар шығар?», – деді. Бір оқушы орнынан тұрып: – Əрине, – деп жауап қайтарады. – Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, – деді. – Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұсталына ма, ал бір кедейге садақа беріп тұрғаныңызда, оған деген жанашырлығыңызды шығарып, үстелге қоя алар ме едіңіз? – депті. Кедейшілік Қаланың тұрмыс жағдайы өте жақсы бір бай адамы ұлын жақын жердегі бір ауылға апарады. Бұл сапардың мақсаты – адамдардың қаншалықты кедей бола алатынын көрсету. Осылайша ауылдың өте кедей бір үйінде бір күн мен бір түн өткізеді. Қалаға қайтарда əкесі баласынан сұрайды: – Адамдардың қаншалықты кедей бола алатынын көрдің бе? – Иə! – Ендеше, не көргеніңді айта ғой. – Көргенім былай: біздің үйде бір итіміз бар, олардікі төртеу. Біздің ауламызда үлкен бассейніміз бар, олардың болса шегі жоқ өзені бар. Біздің бақшамызда үлкен шамдар бар, олардың аспанында жұлдыздары бар. Біздің үйден тек қана көрші ағаның үйіне дейінгі жер ғана көрінеді, олардың болса көз жетп е йтін көкжиегі бар екен. Баласын тыңдаған əкесі айтар сөз таппай қалады. Ұлы əкесіне қарап: – Рахмет əке, біздің қаншалықты кедей екенімізді салыстырып, түсіндім!.. Пианист пен қыз Ат ақты пианист Артур Рубенштейн кезекті концертінен шығып, есік алдында тұрған «табынушыларына» қолтаңба бере бастайды. Кезек кішкентай қызға келген кезде, пианист қолдарының шаршағанын айтып қол қойғысы келмей тұрып қалады. Сонда кішкентай қыз: – Қолдарыңыздың шаршағанын түсініп тұрмын. Бірақ та менің де қолдарым кем дегенде сіздікіндей ауырып тұр. Артур Рубенштейн түсінбей, қыздан себебін сұрайды. – Өнеріңізге қол соғудан, – депті қыз. Жақсылық үшін себептер Үсті-басы кір, қарны аш, халі нашар, кішкентай қыз көшеде отырып, өтіп бара жатқандардан ақша немесе қарнын тойдыратын бір нəрселер тілеп отырды. Өтіп бара жатқандардың арасында жас, қарны тоқ, үсті таза бір бала да болды. Қызды көргенімен, артымнан ақша сұрап қалмайды деп көргенін білдіртпеу үшін артына қарамай, ол жерден кетуге асықты. Үлкен жəне сəулетті үйіне, бақытты отбасының қасына келгенде, оны əдеттегідей əдемі жайылған, əр түрлі тамаққа толы дастархан күтіп тұрды. Бірақ баланың ойы көшеде көрген қызға қайта-қайта орала берді. Тынымсыздығының себебін түсінбей, ең оңай жолды тауып, барлық

өкпесін Құдайға бағыттайды. «Осындай кішкентай қыздардың мұншалықты жаман күйде жүргеніне, ата-анасыз қалғанын қалайша көрмей жүр?! Неге көмектеспейді?! Неге олардың далада ақша тілеп отыруына жол береді?! Неге бір нəрселер жасамайды?!» деп ішінен күрсінді. Сол сəтте жүрегінің түбінен сол сұрақтарының жауабын естиді: «Жасадым. Сені жараттым!» Жақсы көргеніңізді айтыңыз Атақты психолог бір конференциясында «Кімді жақсы көрсеңіз, оған барып жақсы көретініңізді ашық айтыңыз» дегенді айтады. Бір апта өтіп, психологқа Джон есімді біреу телефон соғады: – Өткен апта айтқан сөзіңіз мені қатты ойландырды. Конференциядан шығып, жақсы көретін ешкімім жоқ екенін үйге дейін ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын əкеммен ұрысып қалып үйден кеткенмін. Сол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездерден басқа сəттерде, онымен кездеспеуге тырысатынмын. Үйге жеткенімде «жақсы көретінімді» əкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келудің өзінен үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Үйден шығып, ата-анамның шаңырағына бардым. Олардың есігін қағып, есікті əкемнің ашуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көретінімді оған айтып, əкеме жолығуға тағы да батылым бармай кететінімді сездім. Есікті əкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдынан: – Əке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім, – дедім. Əкем бірден мүлдем басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып... көзі жасаурады. Мені құшақтай алып, басымнан сипалай берді де: – Мен де сені жақсы көремін, ұлым менің. Осыны ертерек айтпағанымды кешір, – деді. Екі күннен кейін əкем инфаркт болып, ауруханаға түсті. Əкеме жақсы көретінімді айтпай тағы жүре бергенімде... Оған жақсы көретінімді айтып үлгермегенімде... Олай ойлаудың өзі қорқынышты. Айтайын дегенім, жақсы көретінімізді дер кезінде айту керегін жақсы ұққандаймын. Рахмет сізге. Екі жолдас Екі жолдас орманда келе жатыр екен. Бірінің денсаулығы мықты, екіншісі аурудан жаңа тұрған, əлсіз екен. Кенет алдарынан аю шыға келеді. Денсаулығы мықты жігіт зымырап ағаштың басына өрмелеп шығып кетеді. Екіншісі жүгіруге шамасы жоқ, өтірік өлген болып жерге жата қалады. Өйткені аю өлген адамға тиіспейді деп еститін. Жолдасы көзі бақырайып, ағаштың ұшар басынан қарап тұрады. Аю ауру жігітке қарай беттейді. Жігіт қорыққанынан дем алмай қалады. Жыртқыш бас жағынан ары-бері иіскелеп, өлген адам екен деп жөніне кетеді. Ағаштың басынан түскен жігіт ауру жолдасына: – Досым, аю құлағыңа не деп сыбырлады? – дейді. Сонда ол: – Басыңа күн түскенде қашып кететін достан қашық жүр деді, – деп жауап береді. Екі дос Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, үш баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күндердің-күнінде бойдақ жігіт ішінен: «Өнімді жəне шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім мен шығыным да жоқ», – деп ойлайды. Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұрады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар, қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды», – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апарып тұрады. Екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған-біткен оқиға түсінікті болады. Қаптарды жерге қоя салып достар бірін-бірі құшағына алады, бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмайды. Кит Кішкентай қыз бір кісімен киттер жайлы əңгімелесіп отырыпты. Кісі балықтың физикалық тұрғыдан адамды жұтуы мүмкін емес екендігін айтты, өйткені «киттердің ауызы кішкентай» деді.

Кішкентай қыз «Жүсіп пайғамбарды бір кит жұтыпт ы ғой» дегеніне ол кісінің ашуы келіп, балықтың адамды жұтуы мүмкін еместігін тағы қайталап айтты. Кішкентай қыз: «Жəннатқа барғанымда Жүсіп Пайғамбардан сұраймын», – деді. Кісі: «Ал Жүсіп тозаққа кеткен болса ше?», – деп күліп сұрайды. Кішкентай қыз: «Ондай болса, сіз сұрарсыз», – деп жауап береді. 86 400 секунд Банкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі жəне түскен ақшаны сол күні кешке дейін тиімді жұмсап бітіруің қажет. Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес жəне түгесілмеген жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Əрине, əйтеуір сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың. Бір сөткеде 86400 секунд бар. Мінеки, барлығымыз да «Уақыт» атты банкінің тұтынушыларымыз. Жүректің қуаты Жүрегіміз ерекше жүйесімен, еш тоқтаусыз соғумен тəуілігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады. Жүрек бір сағатта орташа көлемді машинаны 1 метр жоғары көтеретіндей қуат бөледі. Жүректің қанды айдайтын күші өте қуатты. Осы күш арқылы жүрек қанды 3 метр жоғарыға шапшыта алады: Жүректің ең бір ерекше қасиеті – тоқтамастан, демалусыз өмір бойы жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда, дүниедегі тоқтаусыз істейтін жалғыз мотор деуге болады. Жүрек – шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам рет соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның орташа өмірінде жүрек 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрдей қанды айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды. Алақаныңызды қанша минут тоқтатпастан ашып, жұмып тұра аласыз? Қолыңыз бірнеше минуттан кейін-ақ шаршап, бұл əрекетіңізді тоқтатуға мəжбүр боласыз. Жүрегімізді бір мезет тоқтатпастан, денеміздің түкпір-түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды айдатқызып тұрған қандай күш?! Ара Ең жетілген компьютер секундына 16 миллиард операция орындаса, бір ара секундына 10 триллион операция жасай алады. 500 грамм бал үшін 900 ара бір күн жұмыс істесе, бір ара 25 минутта 50 гүлге, 450 грамм бал үшін 17 мың ара 10 миллион гүлге қонады. Білгейсің… Білгейсің… Қабырғада ілулі тұрған дипломдар адамды адам етуге аздық етеді… Білгейсің… Ғашықтық сөзін неғұрлым көп қолдансаң, соғұрлым оның мағынасы да жеңілдейді… Білгейсің… Қарсыласыңды ренжітпеу мен өзіңнің ұстанымыңды қорғап қалу арасындағы орта жолды табу шынымен-ақ қиын… Білгейсің… Шын достардың арасына қашықтық кіре алмас, шын ғашықтардың да… Өмірде қажет ережелер Адамдарға олардың күткенінен көбірек беріңіз жəне оны жан-жүрегіңізбен жасаңыз. Жаныңызға жаққан өлеңді жаттап алыңыз. Естігеннің бəріне сене бермеңіз, өзіңізде бардың бəрін жұмсай бермеңіз, шаршағанша ұйықтамаңыз. «Мен сізді сүйемін» дегенде, шын ойыңыз да солай болсын. «Маған өте өкінішті» деп айтқанда адамның көзіне қарап айтыңыз. Сүю сезіміңіз терең болсын. Сізге ауыр болса да шыны сол – толыққанды өмір сүрудің жалғыз жолы осы. Күресіңіз əділетті болсын, қарсыластың шамына тимеңіз. Адамдарды туыстарына қарап бағаламаңыз. Тез ойлай тұрып, жай сөйлеңіз. Сіз жауап бергіңіз келмейтін сауал қойылса, күле қарап: «Мұны неге білгіңіз келіп тұр?», – деп сұраңыз. Үлкен махаббат пен үлкен жетістіктер үлкен тəуекелді қажет етеді.

Анаңызға қоңырау шалып тұрыңыз. Егер ол мүмкін болмаса, анаңызды есіңізге ала жүріңіз. Жеңілсеңіз, содан үлгі алыңыз. Мына үш нəрсені ұмытпаңыз: Өзіңді құрметтеу, Өзгелерге құрметпен қарау, Өз ісіңе жауапкершілік. Үлкен достықты кішкене кикілжіңнің бұзуына жол бермеңіз. Қате жасап алғаныңызды түсінген кезде оны жөндеуге барынша тезірек кірісіңіз. Телефонмен сөйлескенде жымиып тұрыңыз, қоңырау шалушы оны сіздің дауысыңыздан сезеді. Өзіңіз сөйлесуден жалықпайтын адаммен тұрмыс құрыңыз. Өйткені уақыт өте келе, сөйлесу басқа əдеттерден маңыздырақ болатын кез келеді. Баз бір кездерде жалғыздықта болуды да əдет етіңіз. Өзгерістерді қабылдай тұрып, өз құндылықтарыңыздан ауытқымаңыз. Кей-кейде үндемей қалудың өзі – жауап. Кітапты көбірек оқып, теледидарға азырақ қараңыз. Өміріңіз ізгі əрі əділ болсын. Сонда қартайған шағыңызда өткен күндерді еске түсіргеніңізде, өміріңізден қайтадан рахат алатын боласыз. Өз үйіңізде жақсы көңіл-күй болу өте маңызды. Үйіңіз тыныш, əрі жайлы болуы үшін бар күшіңізді жұмсаңыз. Жақын-жуықтағылардың бірімен келіспей қалсаңыз, онымен тек өткінші мəселелерді ғана талқылаңыз. Өткенді қазбаламаңыз. Оқыған сөздердің астыртын мағынасына да үңіліңіз. Біліміңізбен бөлісіңіз. Бұл – мəңгілік жолы. Біздің ғаламшарымызға мейірлі болыңыз. Табиғи қалыпта болыңыз. Табиғаттың дыбысына құлақ түріңіз. Сізбен сүйіскенде көздері ашық тұратын адамға ашық сенбеңіз. Бұрын болмаған бір жерлерге жылына бір рет шығып тұруға тырысыңыз. Ақшаңыз көбейсе, қайырымдылық жасаңыз. Ол – тағдырдың Сізге бұйыртатын ең жақсы сыйы. Кейде «жетістікке жете алмай қалудың» өзі – жетістік. Ережелерді байқалтпай бұзу үшін оларды есте мықтап сақтаңыз. Біреудің біреуге деген махаббаты бірге болу қажеттілігінен маңыздырақ, жақсы қарым-қатынас деген сол. Жетістіктің деңгейі сіз оған жету үшін қандай нəрселерден бас тартқаныңызбен де өлшенеді. Махаббатта жəне тамақ пісіргенде барлық нəрсені ұмытып кірісіңіз. Сөз бен істің бірлігі Кішкентай баланың балға аллергиясы болады. Бірақ балаға ата-анасы «бал жеме!» деген сайын, бала балды екі есе көп жейді. Денсаулығына уайымдаған ата-ана баланы үлкен бір ақсақалдың үйіне апарады да «Баламызға бал зиянды, бірақ қанша жеме десек те, тілімізді алмайды. Сіз айтсаңыз, бəлкім тыңдайды», – дейді. Ақсақал: «Қазір ештеңе айта алмаймын, балаңызды 40 күннен кейін қайтып алып келіңіздер», – дейді де, үйге қайтарып жібереді. Қырық күн өтіп, ата-ана балаларын қайтып əкелген кезде, ақсақал баланы қолға алып көзіне қарайды да «бал жеме» деп ақыл айтады. Бала бірден басын иіп «Мен енді бал жемеймін» деп сөз береді. Таң қалған ата-ана ақсақалдан «Айтқаныңыз бір ауыз сөз ғана, неге 40 күн күттірдіңіз?», – деп сұрайды. Ақсақал: «Балаңызбен бірге келген күні таңғы асыма бал жеген едім. Сол кезде егер өзім жасаған нəрсені оған жасама деп ақыл айтқан болсам, бала мені де тыңдамас еді. Денемдегі бал толық жоқ болу үшін 40 күн күту керек-ті, сонда ғана ақыл айта алдым», – депті. Жылы жүз таныту Кішкентай қыз көңілсіз бейтанысқа күлімдейді. Оның жылы жүзі проблемаларынан түңіліп жүрген адамның көңілін көтеруіне себеп болады. Жақсы көңіл күйде болған адамның есіне көмегі үшін досына алғыс айтпағаны түседі. Дереу рахметін айтып, досына ұялы телефонмен хат жолдайды. Досы хатқа қатты қуанып, үнемі түскі асын ішетін кафеде үлкен шайпұл тастап кетеді. Даяшы қыз мұндай үлкен шайпұлды бірінші рет алған болатын. Кешкісін үйге келе жатып алған шайпұлдың бір бөлігін күнде үйдің табалдырығында отыратын қайыршының қолына ұстатады. Екі күн бойы аш жүрген қайыршы қатты қуанады. Алған садақаға қарнын тойдырып, қайыршы жертөле жаққа əндетіп барады. Сөйтіп, жақсы көңіл-күйде болған қайыршы, манадан бері далада жаурап отырған, үсті-басы кір-кір күшікті бауырына басады. Күшік түнейтін жылы орын тапқанына мəз болады. Ыстық жертөле ішінде қуанып жүгіріп ойнайды. Түннің бір уақытында үйде өрт шығады. Түтін иісін сезген күшік қатты үре бастайды. Күшіктің үргенінен алдыменен қайыршы, кейін тұрғындары түгел оянады... Дер уақытта оянған тұрғындар далаға шығып үлгереді де, өрттен аман қалады. Мұның бəрі де қайтарымға есеп жасалмаған жылы жүздің арқасы..

Спикер Атақты спикерге: – Жақсы сөз сөйлеу үшін жақсы дайындалу керектігінің маңыздылығын айтқан болатынсыз. Өзіңіз 5 минуттық сөз сөйлеу үшін қанша уақыт бұрын дайындаласыз? – Екі ай. – Хм-м.. ал, 10 минуттық сөз сөйлеуге ше? – Бір ай. Қаншалықты ұзақ сөйлеу керек болса, оған соншалықты аз дайындалуым керек. – Сонда екі сағаттық сөз сөйлеуіңізге қанша уақыт дайындаласыз? – Дайындықсыз, қазір-ақ шығып сөйлей беремін. Бірінші болудың сауабы Екі ағайынды бірде ренжісіп қалыпты. Ағасы «Інім келіп кешірім сұрар» деп күтіпті. Ол келе қоймайды. Шыдамаған ағасы інісіне келеді, сөйтсе інісі де сағынып жүр екен. Ағасын көре салып, құшақтап жылап жіберіпті. Сонда ағасы: – Сен кішісің ғой, неліктен бірінші болып келіп кешірім сұрамадың? – дейді. Сонда інісі: – Жаным ағатайым, кім бірінші болып кешірім сұраса сол мол сауап алады деуші еді. Сол сауапты өзіме қимай, Сіз алсыншы деп тосқан едім, – депті көз жасын сүртіп. Қолымды ал Бір сараң адам теңізге түсіп кетеді. Батып бара жатып теңіз жағасында жүрген адамдарға: «Құтқарыңдар!» деп айқайлап көмек сұрайды. Алайда, көмекке барған адамдар қанша тырысса да оны судан шығара алмайды. Сол жағада тұрған қожа Насреддин: «Қане, мен көрейін» деп, адамның қасына барып, оны құтқарып алады. Жұрт аң-таң болады. «Қанша сағаттан бері шығара алмай тұрмыз, сен болсаң бір сөзбен теңізден тартып шығардың», – дейді. Сонда Насреддин: «Сендер ол сараңға «қолыңды бер» деп айттыңдар, мен болсам «қолымды ал» дедім», – депті. Өтірікші Бір күні сотта əйел мен ер кісінің дауы қаралды. Қазы орнына отырмай жатып-ақ, айтыс-тартыс басталып кетті. Алғашқы сөзді алған əйел еркекті нұсқап: – Бұл кісі мені зорлап, арымды аяққа таптады, – деп жылай бастады. – Өтірік айтып отыр, мырза, – деді ер кісі. Мен сатқан қойларымның ақшасын санап жатқанымда, осы əйел келді де, жағдайының қиын екенін айтып, ақша беруімді сұрады. Мен ақша бере қоймаған соң, өзіненөзі айқай шығара бастады. Қазы олардың сөзі мен əрекеттеріне қарап, іштей барлығын түсінді. Бірақ мұнысын ешкімге білдірмей, ер кісіге: – Əйелді біресе зорладым, біресе зорламадым деп өтірік айтасың. Қане, қалтаңдағы ақшаны дереу оған бер. Немесе сені қамап тастаймын, – деп ашуға басты. Қазының бұл əрекетіне барлығы таңырқай қарасты. Ақшаны қуанақуана алған əйел оған алғысын жаудырып, шығып кетті. Сол кезде қазы ер кісіге əйелдің артынан барып, ақшаны қайтадан алып келуін бұйырды. Түсінбей қалған байғұс сыртқа жүгіре жөнелді. Көп ұзамай екеуі қайта оралды. Еркектің беті тырналғаны со ншалық қаны сорғалап ағып тұрды. Алғашқы сөз тағы да əйелге берілді. Ол ашулы кейіпте: – Қазы мырза! Мына оңбаған бұл жолы сіздің маған берген ақшаңызды тартып алуға тырысты, – дегенінде, қазы: – Жарайды. Ала алды ма? – деп сұрады. Əйел ыржиып: – Мен мына ілмиген бəлеге ақшамды беріп, қарап тұрамын ба? – дегенде, қазы қатуланып: – Ей, ұятсыз! Жазықсыз жанға жала жауып, зорлады деп дауласасың. Ақшаны қайтармау үшін барыңды салғанша, одан да арыңды таптатпау үшін жан таласпадың ба? Дереу қайтар ақшасын өзіне! – деп шешім шығарыпты. Екі шіркеу қызметшісі Екі шіркеу қызметшісі жолда келе жатып, арықтан өте алмай тұрған бір жас қызды көреді. Қызметшінің бірі жас қызды құшағына алып, арықтан өтуге көмектеседі. Екіншісі досының осындай əрекетін басқаша түсініп, жаман ойға түседі. Шамамен бір шақырым өткенде, одан əрі шыдамай, досына істеген ісінің дұрыс болмағанын айтуға шешім қабылдайды.

– Осылай істеуге қалай ғана бардың? – деді. – Біз шіркеу қызметшілеріміз ғой, біз үшін əйелге қараудың өзі тыйым болса, сен оның қолынан ұстадың! Шіркеу қызметшісі серігіне қарап: – Мен ол қызды бір шақырым алысқа тастап кеттім. Сен болсаң, оны əлі ойыңда ұстап тұрсың, – деді. Есірік торғай Құс патшасы Қыран жыл сайын көктемде барлық құстарды жинап, салтанатты той өткізеді екен. Сондай тойдың бірінде құс атаулы түгел белгіленген уақытта топтобымен патшаның ордасына қарай ұшып келеді. Олар рет-ретімен отырғызылып, топ басшылары төрден орын алады. Елдің соңын ала торғайлар тобы да жетеді. Ойын-сауық думаны қызған кезде торғайлар өз тегіне жататын бір торғайдың босаға түбінде бүрісіп отырғанын көреді. Үстінде іліп алар лыпасы жоқ, көзі жыпылықтап жан-жаққа қарайды. Оған жаны ашыған торғайлар тобының басшысы əр торғай бір-бір мамық жұлып беріп, мүсəпір торғайды киіндіруге бұйрық береді. Мүсəпір торғай туыстарының арқасында əр торғайдан бір-бір ұлпа алып, əп-сəтте құлпырып шыға келеді. Оның əдемі, ерекше бір құсқа айналғаны сонша патша Қыранның өзі мұншама көркем құсты байқамай қалыппын деп, жанына шақырып, құрметті орын ұсынады. Бұл құрметке көңілі мейлінше толған əлгі мүсəпір торғай есіріп, кісəпір торғайға айналады. Жан-жағына қоқырайып, туыстарының өзінің төбесінен асыра қарай бастайды. Бұған əлгі жəрдем берген туыстары қатты ренжиді. Бірақ тойда тонын сыпырып алуға ұялып ақырын күтеді. Той да аяқталады. Əлгі торғай оңаша қалады. Сол сəтте торғайлар топтана ұмтылып, əрқайсысы өзі берген мамығын қайтып алады. Сəн-салтанатынан айрылған əлгі торғай есіріктенген айыбын кеш түсініп, қайтадан мүсəпір күйге көшіпті. Сұлулықтың соры Бұғы шөлдеген соң бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып, өзінің əсем мүйізін көріп шаттанады, сөйтіп денесінің басқа мүшелеріне көз салады. Бұғыға аяқтары келісімсіз, жіңішке əрі арық секілді көрінеді. Сөйтіп тұрғанында арыстан шыға келіп, бұғыны қуа жөнеледі. Бұғыны арыстаннан жаңа ғана өзі жақтырмай тұрған аяқтары ажыратып алады, солардың арқасында бұғы орманға арыстаннан бұрын жетеді. Бірақ, орманда бұғының мүйізі əр бұтаққа бір оратылып, кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады. Өлетінін білген бұғы: «Менің көркім – менің сорым болды, ал онша жақтырмаған, əлсіз санаған аяғым мені құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды білмеген екенмін», – депті. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны іледі Егер баланы міней берсең, ол сынауды, кінə тағуды үйренеді; Егер баланы кемсіте берсең, қысылып ұялуды үйренеді; Егер бала дүрдараз ортада өссе, бұзақылықты үйренеді; Егер баланы үнемі ұялта берсең, ол үнемі өзін кінəлі сезінетін болады; Егер бала ақ пейілді ортада өссе, сабырлы болуды үйренеді; Егер баланы қолдай жүрсең, өзіне сенімді болуды үйренеді; Егер баланы дəріптей жүрсең, алғыс білдіруді үйренеді; Егер бала өз пікіріне құрмет көрсетілгенін көрсе, əділетті болуды үйренеді; Егер балаға сеніммен қарасаң, адамға сенімі молая түседі; Егер баланы мақұлдап, жасағанына оң баға беріп өсірсең, өзін сүйіп өседі; Егер бала отбасы ішінде қолдау мен достық көрсе, өмірде бақытты болуды үйренеді. Қысқасы, біз қандай болсақ, балаларымыз сондай болады. Бақыт Толстойдан біреу «Адам қай кезде бақытты бола алады?», – деп сұрайды. Толстой: «Қолда барына қуанып, қолда жоқты ойламаған кезде», – депті. Жемісті шыбық Бір бай кісі қарт адамның кішкене жеміс ағашының шыбығын отырғызып жатқанын көріп, оған:

– Атай, сіз ғой қартайдыңыз. Отырғызған ағашыңыздың жемісін көре алмайсыз, олай болса неге бейнеттеніп жатырсыз? – дейді. Қарт: – Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де отырғызайық, жемісін кейінгілер жесін, – деп жауап береді. Бай кісі жауабына риза болып, қартқа бір уыс ақша береді. Қарт: – Көрдің бе балам, бұл шыбықтың жемісін, міне, мен де көрдім, – дейді. Артында қалған көз жасы Махаббат пен достық бір күні жолда кездеседі. Махаббат өзіне сенімді түрде Достықтан сұрайды: «– Мен саған қарағанда жағымдырақ, сенен сүйкімдірекпін. Дүниеде сен не үшін қажетсің? Достық: – Сен кеткенде артыңда қалған көз жасты сүрту үшін! – депті. Өмір мəні Иван Тургеневке бір күні досы: «Өз-өзіңді үнемі екінші планда ұстау өміріңнің мəні болса керек», – десе, Тургенев: «Өзіңнен алда тұрғанды мойындап оны түсіну – өмірдің мəні ғой», – дейді. Үйретуге де, үйренуге де ашық бол Бір ғұлама өзеннің жағасында отыр еді. Ол күннің ыстығына шыдай алмай су ішкісі келген итті көреді. Бір қызығы: ит өзенге келіп, су ішейін деп жатқанда, ішпей кері қашады. Осылай 3-4 рет қайталанған соң, ғұлама иттің судағы өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында, шөліне қарсы тұра алмай ит өзенге жүгіріп барып түседі де, судағы бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып су ішеді. Осы орайда ғұлама: «Иттің осындай əрекетінен түсінгенім, бір адамның армандары арман болып қалуының басты себебі – адам ішіндегі қорқыныштардан. Егер ішіміздегі қорқынышты жеңе білсек, қалаған мақсатымызға жете аламыз» деген ой түйеді. Тағы ойланып, үйренген нəрсенің бұдан басқа екенін көреді. Үйренгені – ғұламаның да бір иттен үйренері бар екені. Білгеніңізбен бөлісіңіз, басқа адамдардың үйренері бар шығар... Үйретуге де, үйренуге де ашық болыңыз, өйткені əр адамның міндетті түрде бір білгені мен айтар сөзі бар... Бақытты болудың кілті Ешкімі жоқ бір жетім қыз көңілсіз күндердің бірінде бір көбелекті көреді. Көбелек тікені бар гүлдің арасына кіріп, ұша алмай тұрады. Қыз көбелекті бар ынта мейірімімен тікенді гүлден құтқарып босатады. Ұшып кете салмай көбелек əдемі бір періге айналады да «Сенің үлкен жүрегің мен мейірімің үшін бір тілегіңді орындайын», – дейді. Жетім қыз біраз ойланып «Бақытты болғым келеді», – дейді. Пері «жарайды» деп, қыздың құлағына бір нəрсе сыбырлайды. Жылдар өтіп, қыз есейсе де, сірə, одан артық бақытты адам жоқ сияқты болады. Бəрі де одан бақытты болудың құпиясын сұрайды. Ол болса жымия салып «Бар құпиям – кішкентай кезімде періні тыңдағаным», – дейді. Жасы ұлғайып қартайған кезде көршілері келіп «Перінің саған не дегенін айтшы, бақытты болудың кілті өзіңмен бірге кетпесін», – деп жалбарына сұрайды. Көздері мейірім төккен кемпір күлімдеп: «Жас болсын, бай болсын кім де кім болса бəрі де мейірімге мұқтаж, сен оларға керексің», – деген еді деп жауап береді. Кішкентайға немқұрайды қарама – Кішкентай дене ішінде көбіне үлкен рух болады; – Кішкентай балықтар дəмдірек болады; – Майда отын отты күшейтсе, үлкен отын сөндіреді; – Əр майда нəрсе міндетті түрде бір іске жарайды; – Үлкен заттар майда бөлшектерден құралады; – Нөсер майда тамшылардан басталады; – Кішкентай сабан желдің бағытын көрсетеді; – Үлкен кеменің батуына кішкентай тесік себеп бола алады; – Кішкентай бастамасыз үлкен нəтижеге жету мүмкін емес; – Кішкентай бір сөзден шыққан ғайбат үлкен сауаптарды жоқ етеді!

Өсиет Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып: – Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады, ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың ығында, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан ақсақал келіп жігітке сəлем береді. Жігіт сəлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке: – Неғып отырсың? – дейді. Жігіт: – Жəй отырмын, – деп жауап береді. Шал: – Шыныңды айт! – деп қыса бастайды. Жігіт еш нəрсе айтпайды. Шал: – Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, – дейді. Жігіт: – Менің атам бай ада м еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп кедей болдым, – дейді. Шал: – Қандай өсиет айтып еді? – дейді. Жігіт: – Əуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», – деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», – деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», – деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, əр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, – дейді. Шал тұрып жігітке: – Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» дегені: «Əйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тəтті өмір сүресің» дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» дегені: «Еңбек істеп, ас ішсең, балдан тəтті болады» дегені еді, – деп қарт өз жөніне кетіпті. Қараңғы күн мен жарық күн Бір ғұлама шəкірттерімен шөл далада отырып: «Қараңғы күн мен жарық күнді қалай ажыратасыңдар? Осы күн қай уақытта қараяды да, қай уақытта айдын болады ? – деп сұрайды. Шəкірттердің біреуі: «Көкжиекке қараймын, қойды ешкіден ажырата алмаған кезімде күн қарайды деп түсінем», – дейді. Тағы бір шəкірті: «Ұстаз, інжір ағашын зəйтүн ағашынан ажырата алатындай анық көргенімде таң атты деп түсінемін», – депті. Ғұлама үндемей біраз ойланды. Шəкірттері не жайлы ойланғанын білгісі келіп: «Сіз қалай ойлайсыз, ұстаз?», – деп сұрайды. Ғұлама сол кезде: «Бір əйелді көрген кезде, сұлу ма, сұлу емес пе, қара ма, ақ па деп бөлмей, бəріне бірдей «қарындас» дей алғанымызда жəне де сол сияқты алдымыздан шыққан ер кісіге қарап бай-кедей деп емес, ұлтына, жүзіне, дініне қарамастан, бəріне бірдей «бауырым» дей алғанымызда таң атты, айналам АЙДЫН болды деп түсінемін», – деп жауап береді. Рақымшылдық Азаматтық соғыс кезінде президент Авраам Линкольн госпитальға келіп, ауыр жараланған жауынгерлерді аралап жүрді. Бір күні ол дəрігерге ілесіп өлім аузында жатқан жас жігітке келді. Оның кереуетіне жақындап, мейірімді жүзбен: «Сен үшін не жасай аламын?», – деп сұрады. Солдат қарсы алдында тұрған адамды танымады. Соңғы күшін жиып: «Ме нің анама соңғы хатымды жазып бере аласыз ба?», – деп күбірледі. Қағаз бен қаламды қолына алған президент солдаттың қиналыспен айтқан екі ауыз сөзін қағаз бетіне түсірді: «Қымбатты анам, өзімнің əскери борышымды өтей жүріп, ауыр жараландым. Бұдан тірі қалмасымды сезіп жатырмын. Мен үшін уайымдамауыңды сұраймын. Мэри мен Джонның бетінен сүйші. Сені жəне əкемді Құдайға тапсырдым». Жігіт хаттың астына аты-жөнін жазуға үлгермеді. Тынысы тарылып, төсекке жантая берді. Линкольн хаттың соңына: «Сіздің ұлыңыздың өз аузынан Авраам Линкольн жазды» деп қосып қойды. Солдат хатты алып, соңғы сөйлемді оқымақшы болды да президентінің аты-жөнін көріп: «Сіз шынымен президентсіз бе?», – деп таңдана қарады. Президент сабырлы жүзбен «Иə» деп жауап берді. «Мен қорқып жатырмын. Сізді көріп шынымен қуанып қалдым. Менің алақаныма қолыңызды қойыңызшы, сəл болса да жеңілдеп қалайын», – деді ол. Үнсіздік жайлаған палатада президент өлім сəті келгенше солдаттың қолын сипалап, күш беретін жылы сөздерін айтып отырды. Өз жақындарыңа да, өзгелерге де уақыт бөлуді ұмытпа, олар үшін титімдей болса да көңіл бөлудің өзі – үлкен қуаныш.

Махаббат пен Уақыт Бір кездері Қуаныш, Қайғы, Ақылдылық, Махаббат, Байлық, Тəкаппарлық, т.б. барлық сезімдер бір аралда тұрған екен. Бір күні арал бата бастады да, барлық сезімдер кемелерге отырып аралдан алыстауға асықты. Тез арада бос кеме қалмай қалды. Махаббат кемеге отырып үлгермеді де, кемесіз қалып қалды. Аралдың тез батып бара жатқанын көріп, Махаббат басқа сезімдерден көмек сұрауға жүгірді. Байлық өте үлкен кеме ішінде жалғыз отыр екен. Махаббат: – Байлық, мені қасыңа алшы, маған кеме жетпей қалды, – деп жалынды. – Жоқ, ала алмаймын. Кемемде алтын мен күміс өте көп, саған орын жоқ! – деді Байлық. Махаббат өте əдемі кеме ішінде кетіп бара жатқан Тəкəппарлықты көріп оған: – Тəкəппарлық, маған көмектесші, жалғыз қалып барамын! – деді. – Саған көмектесе алмаймын, Махаббат. Үсті-басың су болып қалды, кемемді кірлетесің! Қастарынан Қайғы өтіп бара жатыр екен, Махаббат Қайғыға дауыстап: – Қайғы, сенімен барайыншы... – Уф, Махаббат, сондай қайғылымын, жалғыз қалғым келеді, – деді Қайғы. Қуаныш та Махаббаттың қасынан өтіп барады, шаттанғанынан Махаббаттың сөздерін естімей өте беріпті. Бір кезде Махаббат: «Кел, Махаббат, сені қасыма алайын», – деген біреудің дауысын естиді. Бұрылып қараса, оны қасына шақы рған жасы үлкен бір ақсақал екен. Махаббат қуанып оның кемесіне отырып алады. Жаңа аралға жеткен кезде Махаббат ақсақалдың кім екенін сұрауды ұмытқанын түсінеді. Ақсақал болса баяғыдан-ақ кетіп қалған еді. Махаббат Ақылдылықтың қасына барып сұрайды: – Маған көмектескен ақсақал кім болды екен? – А-а, ол ма? Ол – Уақыт! – Уақыт? Маған неге көмектескенін білесің бе? – Өйткені тек қана уақыт Махаббаттың қаншалықты маңызды екенін түсіне алады... 1000 алтын тұратын білім Сократтың шəкірті болған философ Аристиппостың қасына бір кісі баласын ертіп келіпті. Философтың бала тəрбиесімен айналысатынын біліп, оған білгендерін үйретуді сұрайды. «Əрине, – дейді философ. Бірақ баланы шəкірттікке алғаным үшін 1000 алтын сұраймын!». Баланың əкесі шошып: «Немене?! Мың алтын ба?! Мың алтынға бір құл сатып алар едім!», – дейді. Аристиппос оған: «Иə, мың алтынға бір құл сатып алсаң болады. Бірақ ол кезде үйіңде бір емес, екі құлың болмайды ма?», – деп жауап берген екен. Ойлағандарыңыз – тағдырыңыз Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз сөздеріңіз болады. Сөздеріңіз тек оң болсын, өйткені сөздеріңіз əрекетіңіз болады. Əрекетіңіз тек оң болсын, өйткені əрекетіңіз əдетіңіз болады. Əдеттеріңіз тек оң болсын, өйткені əдетіңіз құндылығыңыз болады. Құндылығыңыз тек оң болсын, өйткені құндылығыңыз тағдырыңыз болады. Өмірдегі доптар Өмір аспанға лақтырылған допқа ұқсайды. Сондағы доптар: жұмысымыз, отбасымыз, денсаулығымыз, достығымыз, адамгершілігіміз. Осы доптар арасында тек «жұмысымыз» резеңке доп – жерге түсіріп алсақ та, сынбай қайта секіреді. Қалған 4 доп əйнектен жасалынған – құлатсақ сынып қалады. Өкініштісі көбіміз жалғыз резеңке допты ұстап қалу үшін қалған доптарды қолымыздан түсіріп алып жүрміз! Өмірдің үлкен тастары Бір күні профессор жұдырық үлкендігіндей тастар мен 3 литрлік банкіні үстелге шығарып қояды да, студенттерінен банкіні осы тастармен толтыруларын сұрайды.

Студенттер бұл тапсырманың түк қиындығы жоқ деп, 2 минут ішінде банкіні тастармен толтырады. Профессор «банкі толды ма?» деп сұрағанда бір ауыздан «толды» деп жауап береді. Оны естіген профессор «жауап дұрыс емес» деп, үстелге майда тастарды шығарып соларды банкінің ішіне төгеді. Студенттер бұл жолы да «енді толды» дегендеріне «жоқ» деп, топырақ əкеліп банкі ішіне салады. Топырақ түгелдей тастардың арасына жайылғанда шайқап, тағы топырақ салады. Банкінің толған-толмағанын студенттерден қайта сұрайды. Бұл жолы студенттер не айтатындарын білмей «толмаған шығар» дейді. Професор «Иə, əлі толмады» деп, банкіге су құяды. Сосын студенттерге қарап, осы жасалынғандардан не түсінгендерін сұрайды. Студенттердің біреуі «Күніміз қаншалықты шаруаға толы көрінсе де, əрқашан басқа жұмыстар үшін уақыт табуға болады... Солай ма?», – дейді. Профессор күлімдеп: «Ол да дұрыс. Бірақ бұдан алынатын сабақ – үлкен тастарды ең басында орналастырмасаңыз, кішкентай тастар мен басқа майда-шүйде нəрселер банкінің ішін толтырып, үлкен тастарға орын қалмай қалады», – деді. Кейін студенттердің түсінбей тұрғанын көрген ғалым: «Өміріңіздегі үлкен тастарыңыз не?.. Иманыңыз ба, балаларыңыз ба, отбасыңыз ба, достарыңыз ба, біліміңіз бе, денсаулығыңыз ба, басқаларға пайдалы болу ма, біреулерге бір нəрсені үйрету ме, дүниені кезу ме? Осылардың бəрі ме? Өміріңіздегі үлкен тастардың не екенін жақсылап түсініп, олармен өміріңізді ең алдымен толтырыңыз, əйтпесе мақсатыңызға қатысы жоқ заттармен айналысып ол тастарыңызды өміріңізге сыйдыра алмай қаласыз», – деп өнегелі сөзін айтты. Табысқа жету жолы Журналист пен бизнесмен арасындағы диалог: – Табысқа жету құпияңыз қандай? – Екі-ақ сөз. – Ол қандай сөздер? – Дұрыс шешімдер. – Дұрыс шешім қабылдау үшін не керек? – Бір ғана сөз. – ?? – Тəжірибе. – Тəжірибені қалай жинағансыз? – Екі сөз ғана. – Ол қандай сөздер? – Бұрыс шешімдер... Менің жұмысым емес қой Бір өлкеде төрт кісі өмір сүріпті. Олардың есімдері БАРЛЫҒЫ, БІРЕУ, ƏР КІМ жəне ЕШКІМ екен. Бір күні маңызды бір істі орындау керек болыпты. БАРЛЫҒЫ бұл істі БІРЕУДІҢ жасайтындығына сеніпті. Бұл істі ƏР КІМ жасай алатын еді, бірақ ЕШКІМ жасамапты. БІРЕУ бұл жағдайға ашуланыпты. Өйткені істі БАРЛЫҒЫ атқару керек еді, БАРЛЫҒЫ ƏР КІМ жасайтын шығар деп ойлапты. Бірақ ЕШКІМ БАРЛЫҒЫ атқармай қалады деп ойламапты. Соңында ƏР КІМНІҢ жасай алатын ісін ЕШКІМ жасамағаны үшін БАРЛЫҒЫ БІРЕУДІ кінəлапты. Мықты бір ел боламыз десек біздің түсінігіміз «Менің қатысым қанша» деген түсінік емес, «Ешкім болмаса мен бармын» деген жəне «Маған керек» деген ойға ие болса игі еді. Итаяқ Бір жігіттің əбден қартайған əкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Солай қайталана берген соң, əлгі жігіт əкесімен ақылдасып, үлкен кісінің дастарқанын бөлектеп, тамақты пештің қуысына апарып беретін болыпты. Алдына шағын арзан ыдыс қойып, тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен əлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып: – Балам, мына істеп жатқаның не? – деп сұрайд ы . – Бұл – итаяқ! – дейді бала. – Оны не істейсің? – Əке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып отырғызамын да, осы ыдыспен тамақ беремін, – депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, əкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты. Достықтың түрлері Бетпе-бет достық: Күн мен күнбағыстың достығындай. Күнбағыс таң атып, күн батқанға дейін досынан көзін алмайды...

Қашықтықтағы достық: теңіздің ортасындағы бір арал мен таулардың арасындағы бір көл бір-бірінің алыс достары. Достықты бір-біріне күндіз құстар, кешкісін жұлдыздар арқылы жеткізеді. Үндемейтін достық: мылқау адам мен керең адамның қол ұстасқанындағы достық. Барлық əңгіме осы қолдар арқылы айтылады. Міндетті достық: Жексенбі мен Дүйсенбі күндер сияқты. Жексенбі желдей жеңіл, Дүйсенбі ауыр... Сəйкес бола алмаса да бір-біріне дос болуға, бір-біріне жақын болуға міндетті... Күндердің бірінде өлген достық: орманшы үйі мен қасындағы жаңғақ ағашы тəрізді... Адамдар үлкен машиналарымен орманға кіріп, үйді де, ағашты да түбімен алып тастап, көп ұзамай сол үй мен ағаштың орнында қабағы өмірі ашылмайтын зəулім үйлер салынған кезде өлетін достық... «Күтімсіз достық» деген де болады... Əйтеуір аман ғой, əйтеуір доспыз ғой деп ұзақ жылдар бойы бір рет болсын телефон соқпай, бірекі сөйлемді хат жазуды да көп көретін достық... Келетініңді біліп едім! Бір сарбаз өзінің ең жақын досының ауыр жараланып жерге құлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келген сарбаз: – Жолдас капитан, досыма барып оны алып келуге р ұқсат беріңіз! – деп өтінеді. Капитан «Жынды болдың ба, осыншама оқтың астына кіріп!» дегендей түр көрсетіп, сарбазға қарап: – Баруға кеш те сияқты! Досың ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге тігуші болма! Сарбаз баруым керек деп тұрып алады да, капитан: – Жарайды, барсаң бар! – деп рұқсат береді. Сарбаз борап тұрған оқтың астымен жүгіріп барып, досын əрең дегенде қауіпсіз жерге алып шығады. Капитан жаралы сарбаздың жүрек соғысын тексереді де: – Саған «өміріңді қауіпке тігіп баруға тұрмайды» демедім бе? Досың бəрібір өліп қалды. – Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, – деді сарбаз демін ала алмай. – Қалайша тұрарлық дейсің. Бұл сарбаз өлді, көріп тұрған жоқсың ба?! – Бəрібір тұрарлық. Өйткені досымның қасына барғанымда ол əлі тірі еді. Оның соңғы сөздерін есту мен үшін өте маңызды болды! – деді де тебірене тұрып, досының соңғы сөздерін айтты: «Келетініңді біліп едім... Рахмет!». Орынды сын Аплатон бір топ достарының арасында отырған Сократқа: «Өткенде көпшіліктің көзінше бір досыңды жазғырдың. Сол сөздеріңді жеке айтсаң да болмас па?» – дейді. Сократ сонда: «Мені бұлай жазғырғанша, өзің де маған жеке айтсаң болар еді ғой», – деп өзгеге сын айтпас бұрын, сол ақылды өзі орындау керегін білдіреді. Өз шаруаңыз Бір топ адам бар дауыспен айқайлап Будданы жаман сөздермен жамандайды. Будда болса еш жауап қайтармай үндемей тұрады. Будданың шыдамдылығына қатты жыны келген біреу: «Əй, саған айтып тұрмыз ғой! Айтқандарымызға алдырмайсың түк те! Не дегенімізді түсін бей тұрсың ба əлде?», – дейді. «Мені жамандау, не жамандамау – өз еркіңіз, – дейді Будда. Ол реніш сөздерді қабылдау не қабылдамау – менің еркім. Айтқандарыңызды қабылдамаймын. Өз сөздеріңіз өздеріңізге». Олар мен біз Сахабалардан біреуі Əзіреті Əліден: «Неліктен халифалығыңыз тұсында болған қиыншылықтардың ешбірі сізден бұрын келіп-кеткен халифалар кезінде болмады?», – деп сұрайды. Əзіреті Əлі: «Олардың заманында біз бар едік, өкініштісі – біздің заманымызда олар жоқ», – деді. Жаман амалдарға толы ор

Бір сахаба келе жатып бір кісілердің жасаған жаман ісі үшін біреуді ұрысып тұрғандарын көреді. Сахаба жақындап барып: – Неге барлығыңыз жабылып бір адамды ренжітіп тұрсыздар? Осы достарыңның орға түскенін көрсеңдер, оның тез арада ордан шығуына көмектесер ме едіңіздер? – дейді. – Əрине, көмектесеміз, досымыз ғой... – Ондай болса бауырыңызды ренжітіп, оған жаман сөз айтып, орға қарай одан əрі итере бермеңдер, шығуына көмектесіңдер, сізді сондай

жағдайға ұшыратпаған Аллаға шүкір етіңдер. Ашуланатын болсаңыз адамға емес, жасаған ісіне ашуланыңыз. Отты əркім өзімен бірге алып келеді Ертеде бір əкім болыпты. Ол əкімнің үнемі айналасындағыларға тисіп, кекететін əдеті болыпты. Сəл ұнамай қалған нəрсесіне ызалануы да ерекше қатты болатын. Бір күні қызметшілерінің біреуі алыстан үстібасы шаң болып келіп, əкімнің алдына шығады. Əкім: – Түріңе қарашы! Қайдан келе жатырсың соншама? – деп сұрайды. – Тозақтан келе жатырмын. – Не үшін бардың тозаққа? – От керек болды да, сол жерде көп деп барған едім. – Енді алдың ба керегіңді? – Жоқ, ала алмадым. Жаһаннам күзетушілерінен сұрасам, олар: «Бұл жерде сіз ойлағандай от жоқ. Əркім отты ана дүниеден өзімен бірге алып келеді», – деді. Кəпір ме, əлде мүмин бе? Имам Ағзам қатысып жатқан бір жиналыста біреу: «Бір адам бар екен, жəннатты қаламайды, жəһəннамнан қорықпайды, өліктің етін жейді, рүкуғсіз, сəждесіз намаз қылады, көрмеген нəрсесіне куəлік етеді, фитнəні жақсы көреді, хақты қаламайды (тілемейді), бұл адам кəпір ме əлде мүмин бе?», – деп сұрақ қойды. Жиналыста отырғандардың бəрі бір ауыздан: «Бұлар кəпірдің сипаттары, мұндай адам кəпірдің дəл өзі», – деп айтты. Имам Ағзам үндемеді. Адамдар: «Иə Имам, сіз не дейсіз?» – деп сұрады. Имам Ағзам: «Бұлар мүминнің сипаттары, мұндай адам мүминнің дəл өзі», – деді. Адамдар қарсылық білдіріп: «Иə Имам, мұныңыз қалай, мүмин жəннатты қалап, жəһəннамнан қорықпайды ма?», – деді. Имам оларға барлығын да түсіндірді: «Шын [саналы] мүмин жəннатты қаламайды, Иесін – Алланы [көруді] қалайды, жəһəннамнан қорықпайды, Иесінен қорқады, өлі ет дегені балықтың еті – оны əркім-ақ жейді, көрмеген нəрсесіне куəлік етеді, өйткені Алланы көрмейді, бірақ та шын сенеді, рүкуғсіз, сəждесіз қылған намазы – жаназа намазы, фитнəні жақсы көреді, өйткені одан мақсат мал мен бала-шаға (Құранда мал мен бала-шаға мүминдер үшін фитнə [яғни, емтихан] екені туралы білдірілген), хақты қаламайды (тілемейді), өйткені хақтан мақсат өлім, мүмин болса өлімді мақсат қылмайды».

Жасаған қатесі Үлкен бір ақсақалдан біреу сұрапты: – Ақсақал, бұрындары жасап əлі де өкінетін қатеңіз болды ма? – Иə, деді ақсақал, – кезінде үлкен қате жасаған едім, ол жүрегімді отыз жылдан астам күйдіріп келеді. Ол қатемді есіме алған сайын өзіме жер таппай қаламын. Бəрі аң-таң: – Қандай қате еді ол? Соншалықты не жасаған едіңіз? – Отыз жыл бұрын қаламызда үлкен өрт шыққан. Жанған базардың ішінде менің де кішкентай дүкенім болатын. Ол кезде мен қала сыртында едім. Елдерден барлық көршілерімнің дүкендері жанып, тек менің ғана дүкенім аман қалғанын есті дім. Қуанып «шүкірлер болсын!» деп, Құдайға шүкір еттім. Бірақ бірден жəбірленген басқа мұсылман бауырларымды ұмытып, жеке басымның қамын ойлағаным үшін ұялдым. Дереу тəубə келтіріп, өкінгенімнің белгісі ретінде дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге тараттым. Алайда, уақыт өткенімен, сол кездегі бір мезеттік өзімшілдік жүрегімде дақ болып қала берді, сол күнəнің өрті жүрегімде əлі де жанып тұр, – деді. Достық туралы Ертеде қалың орман ішінде бір үйір қасқыр тіршілік етіпті. Олардың жол бастаушысы кəрі арлан екен. Кезекті жорыққа шығар кезде кəрі қасқыр өзінің үйіріне бұдан былай оларға жетекшілік етуге шамасының қалмағанын айтады. Үйір ішінен жас қасқыр алға шығып, үйірді бастап баруға рұқсат сұрайды. Сөйтіп, олар азық іздеп жолға шығады. Бір тəуліктен кейін олар мол азықпен оралыпты. Жас қасқыр кəрі арланға өздерінің жеті аңшыға жолығып, олардан айласын асырып кеткенін жеткізеді. Бірнеше күннен соң тағы да жорыққа шығатын мезет келеді. Алайда, қанша уақыт өтсе де, олар қайтып оралмайды. Бір күні кəрі арлан қанға боялған жас қасқырды көреді. Ол өз үйі рінің үш адамға кезігіп, өзінің ғана əрең дегенде тірі қалғанын айтады. Таң қалған кəрі арлан:

«Қалайша? Сендер өткенде қарулы жеті аңшыны жеңіп аман-сау оралмап па едіңдер?», – деп сұрапты. Жас қасқыр: «Иə, ол кезде жай ғана жеті аңшы еді. Ал бұл жолы ажырамас үш досқа кезігіппіз», – деп жауап берді. Жауапкершілік жүгі Ерте, ерте, ертеде ақшасы мен дəулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңіліп, ғұмыр кешуден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары, іні-бауырлары аңшылыққа шығып, қыдырып-ойнап жүргенде ханзада бөлмесінен шықпай, ешнəрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген əкесінің жүрегі ауырады. Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып, жағдайды түсіндіріп, баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар-жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса, ғұламаның өміріне қиянат жасалынатынын ескертеді. Қария күн демей, түн демей ойланса да, ешбір амал таба алмайды. Ханның сөзін ескеріп өлкеден қашып кетуді жоспарлайды. Жақындарымен қоштасып, жиған-тергенін арқасына артып кетіп бара жатып, бір ауылдың маңайында қой мен қозы бағып жүрген жас қойшыны көреді. Онымен біраз əңгімелеседі. Қойшы: «Аға, аз уақытқа қойларымды бағып берсеңіз. Түскі асымды алмай шығыппын, үй жаққа барып соны ала келейін деп едім», – дейді. Ғұлама бір адамға болса да жақсылығым тисін деген ниетпен қуана келіседі. Бар ынта мен назарын мойнына алған жауапкершілігіне салып тұрғанда, бір қозы ойнап жүріп ор ішіне домалап түседі. Қозыны құтқармаса, оның өзі шыға алмайтыны анық. Қойшы баланың алдында ұят болды-ау деп, ғұлама орға түскен қозыны құтқармақшы болады. Осы мақсатпен өзі ордың ішіне түседі. Қозыны арқасына байлап ордан шығуға тырмысады. Бірақ қозының ауырлығына шыдамай қайта орға құлайды. Қайта тырмысып, қайта құлап, əрең дегенде қозыны ордан алып шығарады. Жас досына берген уəдесін орындау үшін, бір қозыны құтқарам деп жанталасқаны өзінің басына түскен жағдайды, өлкені тəрк етіп бара жатқанын естен шығарады. Есіне түсіп ойланады: «Кімде кім бастаған істің сəтті аяқталуын мақсат етіп, қойған мақсатына толық берілген болса, ол кісінің ешқашан іші де пыспайды, басқа ешнəрсені көңіліңе де алмайды». Осыны ойлап ғұлама қашудан бас тартады. Ханның алдына барып: – Уа мəртебелім, егер ханзаданың ешнəрсеге қызығушылығы жоқ болып іші пысса, өмірден түңіліп жүрсе – оның үстін е жауапкершілік жүктеңіз, бос уақыт болмайтындай тапсырма беріңіз. Іш пысқандықтың, өмірден түңілгендіктің басты бір себебі – еріккендік. Беретін тапсырмаңыз қаншалықты үлкен, жазасы қаншалықты ауыр болса, балаңыздың өмірге деген көзқарасы соншалықты тез өзгеріп, құштарлығы артып, жаңадан тыныс алғандай болады, – депті. Адал бағбан Ертеде бір қаланың пəк əрі əділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім əкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да: – Неге жүзімнің тəттісін алып келмегенсің? – деп сұрайды. Сонда бағбан: – Қайсы жүзімді əкел десеңіз, соны əкелейін, ал олардың қайсысы тəтті екенін білмеймін. Қазы таңғалып: – Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дəмін əлі күнге ажырата алмай жүрмісің? – Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дəмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де аузыма салып көрген емеспін, – депті. Таңғалған қазы əйелімен ақылдасып: – Біз іздеп жүрген күйеу бала алыста емес, дəл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік, – деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді. Хақ мəселесі Əзіреті Омар халифа болып тұрған кезінде бір күні түнде халқының, елінің қамымен бір іспен шұғылданып жатады. Сол кезде біреу жеке басының ісімен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды. Əзіреті Омар шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды сөндіріп, басқа май шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбей қалған қонақ

Омардан: «Екеуі де май шам. Қараптан-қарап отырып біреуін сөндіріп, екіншісін жаққаныңыз не?», – деп сұрайды. Əзіреті Омар: «Сөндірген май шам – мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында əңгімелесу үшін мемлекеттің мүлкін қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім де, өз ақшама алған май шамды жақтым», – деп жауап береді. Шайтанның алдамшы 12 сөзі – Бір реттен ештеңе болмас; – Əлі жассың; – Алла жүректің тазалығына қарайды; – Ол сен жəне Алланың арасындағы нəрсе; – Зейнетке шыққаныңда жасарсың; – Ел саған қарап емес, сен елге қарап өмір сүр; – Ештеңе болмас, Алла бəрін кешіреді; – Осыншама күнəдан кейін сені кешіруі мүмкін емес, болары болды; – Көп ойланба, басың ауырады; – Адам тозаққа да үйренеді; – Ата-бабаларың солай іс тейтін; – Ешкімді тыңдама! Сабын мен дін Дінге сенбейтін бір сабын өндіруші бір күні иманды кісімен əңгімелесіп отырып: – Сендердің сенімдеріңнің расында бір пайдасы болса, адамдарға расында да тек жақсылық əкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой? – дейді. Иманды кісі адамның бетіне бір мезет қарап: – Ондай болса сен жасаған сабындардың да түк керегі жоқ. Өйткені олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? – деді. Сабын шығарушысы дереу қарсы шығып: – Адамдар сабын қолданбаса менің кінəм неде? – Адамдар діннің насихаттағанын орындамаса, діннің кінəсі неде? Егер діннің заңдылықтары мен ережелерін шын орындағандарында, күллі дүние жақсылық пен тəртіпке толар еді. Мұхаммед Əли Əлем чемпионы, даңқты боксшы Мұхаммед Əли американың үлкен сауда орталығында болған кезде, еврейлер негізін салған американың ең танымал CNN арнасының тілшісі Онелли боксшыдан былай деп сұрайды да, төмендегідей жауап алады. Тілші: – Мұхаммед Əли мырза, дүниенің төрт бұрышын көріп жүріп, əлемді қорқу мен азап ішінде ұстап тұрған терорристермен бір дінде болуыңыз сізде қандай сезімдер тудырады? Əли: – Гитлермен діндес болуыңыз сізде қандай сезім тудырса, тура сонд ай... Жақсы адам болғаныңыз үшін дүниенің сізге жақсы қарауын күту – вегетарианец болмағаныңыз үшін бұқаның сізге шабуыл жасауын күту сияқты – ақымақтық. Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік əрі аузы сасық екен, ал екіншісі болса келбетті, маржандай тістері бар, əрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: – Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нəрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, – дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айтқыза алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: – Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап-жақсы жігітсің, – депті. Сөйтсе, əлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: – Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Мен сені тексеру үшін айтқан едім. Оны осылайша тексергенімде сен туралы тек жақсы сөз айтты. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған,

шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті. Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын. Ғибадатхана за ңы Шығыс елінің танымал бір буддисінің ғибадатханасына адамдар ішкі дүниетанымдарын ұлғайту үшін көптеп келетін. Ғибадатхананың да негізгі ережесі – айтқың келген нəрсені сөзсіз айтып жеткізе алу керектігінде. Бір күні ғибадатхананың есігі алдына бір адам келеді. Адам есіктің алдында үн шығармай тұрды. Өйткені ол жерде есікті ұру немесе қоңырау соғуға тыйым салынған, адамдардың келгенін ғибадатханадағылар іштен сезетіндеріне сенім бар. Бір кезде есік ашылып, шыққан буддист ешбір сөз айтпай жаңағы адаммен сұхбатын бастайды. Келген адам ғибадатханаға кіріп, ол жерде қалғысы келетінін айтады. Буддист ғибадатханаға кіріп су толған шелекті алып шығады да, оны келген адамның алдына қояды. Осылайша ғибадатханада адам көп, ешкімді қабылдай алмаймыз деген ойды жеткізеді. Келген адам да қалтасынан бір гүл шығарып, жапырағын үзіп шелекке тастайды. Гүл жапырағы судың үстінде қалқып тұрды, су болса тасымай сол қалпында қала берді. Буддист күлімдеп, есікті айқара ашып, кіруіне рұқсат береді. Осылайша ол «Суды тасытпайтын гүл жапырағына үнемі орын табылады» деген ойды ұғындырады. Ерекше көзқарас Атақты аргентиналық гольфшы Роберт Винчензо кезекті жүлделі орынды жеңіп алады. Үйге қайтар жолда да клубына кіріп, заттарын жинап автотұрақ жаққа бет бұрады. Сол сəтте алдынан бір əйел шыға келеді. Робертті алған медалімен құттықтап, кішкентай баласы барын, ол баланың қатты ауырып, ауруханаға жатқызайын десе, ақшасының жоқтығын, сол себептен де кішкентай сəбидің өлімі күн өткен сайын жақындап келе жатқанын көру қаншалықты қиын екенін айтады. Əйелдің айтқандарынан Роберт қатты елжіреді де, дереу чек дəптерін шығарып, турнирден ұтып алған соманың жартысын жазып береді. Чекті əйелдің қолына ұстатып «Балаң тезірек жазылсын, ақшаны оған жақсы өмірді қамтамасыз ету үшін жаратарсың», – дейді. Бір апта өтіп, Роберт клубта түстеніп отырған кезде гольф клубының бір мүшесі қасына келіп: «Автотұрақтағы жігіттер өткенде турнирден шыққаныңызда бір əйелдің келіп сөйлескенің айтты», – дейді. «Иə, рас солай болды. Оның несі бар?», – дейді Роберт. «Жоқ, ештеңе емес қой, жəй бір нəрсе айтайын, жаңағы əйел алаяқ екен. Сіз сияқты бай адамдарды əдейі күтіп алып, ауру сəби жайлы айтып, ақш а сұрап алатын көрінеді». Роберт таң қалып: «Яғни, өлейін деп тұрған сəбиі жоқ па сонда?», – деп сұрайды. «Жоқ, ол əйелдің ойдан шығарғаны» деген кезде Роберт: «Осы айтқаның соңғы аптада естіген ең жақсы хабарым болды!», – деп рахметін айтады. Ештеңе де өзгермейді Бір күні хандардың бірі халқының қаншалықты адал екенін көргісі келеді. Адамдардың бəрін жинап алып: «Қаланың орт асына бір бассейн жасаймын. Ортақ хандығымыздың өркендей түсуі үшін сіздердің көмектеріңіз керек. Ол үшін түнде қаланың əрбір тұрғыны бір шелек сүт əкеліп бассейнге құйса, өз борышын орындаған саналады», – дейді. Ханның мұндай ұсынысы халқының көңілінен шыға қоймады. Бірақ амал жоқ, хан айтқан соң міндетті орындау керек. Қала халқы түні бойы борышын орындап жүрді. Хан таң ата салысымен бассейн жаққа барып, бассейн іші сүтке емес, суға толғанын көріп таң қалады. Сөйтсе, адамдардың бəрі бірдей «Осыншама халық арасынан мен ғана сүт орнына су апарсам, ештеңе де өзгере қоймас», – деп ойлап, бассейнге құр су құйған екен. Қанағатсыздық Бір кедей бір адам теңіз жағалауында толқынмен жағаға түскен балықтарды ілмекпен теріп жүрді. Сол жағамен өтіп бара жатқан Хан кедейді көріп оған мейірімін көрсетпекші болып: – Дəл қазір ілмегіңе не түссе, соның салмағындай саған алтын беремін, – дейді. Біраздан кейін кедейдің ілмегіне ортасы тесік бір сүйек ілінеді. Хан балықшыға: – Не істеймін енді, нəсібің осыншалық екен, ілмегіңе жеп жеңіл нəрсе ілініпті, – деп кедейді алтын беру үшін сарайына алып барады.

Сарайға жеткен соң, хан көмекшілеріне балықшының қолындағы сүйегі салмағындай алтын берілуін əмір етеді. Сүйекті таразының бір жағына қойып, екінші жағына алтын қоя бастайды. Бес, он, жиырма, елу деп алтындарды қоя беріпті бірақ сүйек орнынан еш қозғалмады. Бір қарағанға төрт-бес алтын салмағындай ғана болған сүйек, қаншама алтыннан да ауыр болып шықты. Таразының бір жағына алтындар тола береді, тіптен алтындар таразы кесесінен асып жерге шашыла бастайды, сүйектің ауырлығы сонда да басым болады. Мұнда бір жасырын құпия бар деп, бір ойшылды шақыртады хан. Ойшыл сүйекті қолына алып оған ұзақ уақыт қарады да: «Бұл сүйек бір адамның көз шұңқыры. Сіз оны тарту үшін барлық қазынаны қойсаңыз дағы ол сонда да орнынан жылжымайды. Өйткені көз тоймайды. Оны тек қана топырақ тойдырады», – деді. Осыны естіген хан сүйектің үстіне бір уыс топырақ құя салады. Сол сəтте сүйек тұрған таразы басы қақшаң етіп бірден жоғары көтеріледі. Дүние – айна Ерте, ерте, ертеде... Бір сұлтан үлкен сарай салыпты. Сарайдың ішін тұтастай айнамен қаптапты. Барлық бөлмелердің қабырғасы, асты-үсті айна болған екен. Бір күні сарайдың ішіне сұлтанның иті жүгіріп кіріпті. Айналасына қараса, мыңдаған ит қоршап алыпты. Барлық жақтан оған иттер қарап тұр. Иттерден қорықса да, қорыққанын білдіртпеу үшін, тісін ақситты. Осылайша басқаларды қорқытпақшы болады. Сүйтсе, барлық иттер де тістерін ақситты. Ит ырылдаса, басқа иттер де ырылдады. Енді ит басқа иттерге қарсы үре бастайды. Бар күшін салып үрді. Бір қараса жан жағынан басқа иттер де, оның үргенінен қаттырақ үре бастайды. Ол қанша үрсе, иттер қоймай оған үрді. Таңертең бөлмеге кірген сұлтан иттің өліп қалғанын көреді. Бөлмеде иттен басқа ешкім жоқ, тек қана жан-жағы айна. Ешкім де итке қарсы үрмеді, ешкім оны қорқытпады. Айналарға қарап өзін көрген ит, айнадағы өз бейнесінен қорқып, өзімен-өзі шайқасқан болды. Ішіңіздегі кедергілерден басқа, сырттағылар еш кедергі бола алмайды. Қандай болсаңыз, айналаңызды да сондай етіп көресіз. Дүние – ішіңіздегіні көрсететін шынайы айна. Алғыс дəмету Бір ауылда даналығымен танымал қария тұрыпты. Оған ақыл-кеңес сұрау үшін көрші ауылдардан да адамдар келеді екен. Осындай көрші ауылдың бірінен бір шал қарияға барып: «Бай болмасақ та, сізге ең күшті тамақтар əзірлеп қонақ күткім келіп отыр», – деп асқа шақырады. Қария қуана келіседі да қонаққа жиналады. Шалдың үйінде расында да дастарқан неше түрлі асқа толып тұрады. Тамақты жеп алып, қария дастарқаннан тұрып кете бермекші болғанда, шал таңғалып: – Қария, мен сізге ас даярлап, қонақ күттім, маған айтар еш алғысыңыз жоқ па сонда? – дейді. Қария: – Сіз тамақ ішіп кет деп шақырдыңыз ғой, сізге алғыс айту үшін емес, – деп үйден шығып кетеді. Мұндай жауапты күтпеген шал қариядан «есе қайтару ды» көздейді. Оған қайткен күнде де алғыс айтқызу керек деп ойлайды. Осы оймен жүрген күндердің бірінде оның үйіне қария жүгіріп келіп: «Далада қатты жаңбыр жауып тұр! Маған қолшатырыңды бере тұршы», – дейді. Шал сəті түскен мүмкіндікке қуанып, сыпайы түрде қарияға керегін береді. Осы жолы міндетті түрде алғысын аламын деп ойлайды. Бірақ қария қолшатырды өзі əкелмей, шəкірттерінің біреуінен беріп жібереді. Шəкірті да ұстазы тəрізді шалға еш алғыс айтпай, қолшатырды ұстатып кете беріпті. Бірнеше күннен соң, шал мен Қария ортақ таныстардың үйінде кездеседі. Шал бəрін шешетін уақыт келді-ау деп, əңгімені жəйлап бастайды: – Өткен күні қатты жаңбыр жауып, ауырып қалған жоқсыз ба? – Жоқ, ауырмадым. Қолшатырыңызды шəкіртімнен беріп жіберген болатынмын, алған боларсыз? – дейді қария. – Иə, əрине. Ұмытпай жібергеніңізге рахмет, – дегенін білмей қалған шал қария орнына өзі алғыс айтып отырғанын байқап ашуланады. Қараса қария өзіне қарап күлімдеп отыр екен. Одан əрі шыдамай шал орнынан ұшып тұрып: – Қария, сізді де дана дейді-ау елдер! Түк тəрбие көрмепсіз! Жасаған осыншама жақсылығыма кем дегенде бір рахметіңізді айтсаңыз неңіз кетеді?! – депті. Сонда қария: – Мен сізге деген алғы сымды ұдайы ішімнен айттым, жақсылығыңызды ұмытқан емеспін. Егер де адам жасаған жақсылығы үшін алғыс дəмететін болса, жасағаны шынайы жақсылық болмайды. Сіз жақсылықтың ақысына елдің ризашылығын не болмаса алғысын алам деп дəметпеуіңіз керек. Жақсылық жасағаныңыздан алатын қуаныш жеткілікті болуы керек. Жақсылықтың негізі – осы. Егер де ақысын күтетін болсаңыз, ешкімді емес, өзіңізді алдаған боласыз. Адамдардың болмысында мақтаншақтық пен менменшілдік бар. Жақсылықты жеке өзіңіздің мақсатыңызды көздеп жасасаңыз, қате жасаған боласыз. Егер де еш алғыс дəметпей адамдарға жақсылықты

тек жақсылық болсын деп жасасаңыз, ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды, – дейді қария. Жүрегі бүлінбесе болғаны Бір билеушінің көптеген күңі болатын. Араларында өте əдемі сұлулар болғанына қарамастан бір қара күңге көбірек назар аударатын. Басқалардың мұны қызғанатынын сезген патша оларға үсті гаухарлармен жабылған əшекейлі ыдыстарды бір-бірден береді. Өте бағалы ыдыстарды таңдап ұстап тұрған күңдеріне патша: – Əрқайсысың қолдарыңдағы ыдысты жерге ұрып сындырыңдар, – дейді. Сұлу күңдер сыйлықтарын кеуделеріне басып: «Қожайынымыздың мұндай бағалы сыйлығын қалай сындырамыз?» – десе, қара күң ғана патшаның бұйрығын екі етпестен орындайды. Ыдыс сынып, быт-шыты шығады. Патша: – Басқа күңдер осыншама бағалы ыдысты сындыруға қимағанда, сен неге сындырдың? – деп сұрайды. Сонда қара күң: – Маған қожайынымның көңілі маңыздырақ, ыдыстың қандай құны бар дейсің. Қожайынымның жүрегі бүлінбесе болғаны, – деп жауап береді. Көп таңдаған... Ерте, ерте, ертеде перідей сұлу бір қыз болған екен... Қыздың əдемілігіне қызығып небір бай, атақты, аруақты кісілер алыс-жақын демей тек оны көру үшін келетін. Бірақ бойжеткен құда түскендердің ешбірін ұнатпай, барлық сый-сыяпатты кері қайтаратын. Көрші тұратын бір бозбала да сол қызды ұнатқан екен. Əке-шешесіне жолығып, əйел етіп алмақшы болғанда, қыз оны да жақтырмай кері қайтарады. Бірнеше жыл бір күндей зуылдап өте шығады. Көрші бала ол жерден көшіп кетеді, үйленеді, балалы-шағалы болады. Бір күні ескі үйінің қасынан өтіп бара жатып, сол кездегі сұлу қыз есіне түседі. Қыздың жағдайын далада отырған бір қариядан сұрайды. Қария гүл бақшасы бар үйге сілтеп, ол қыздың тұрмыс құрғанын айтады. Жаңағы жігіт бір кездері ешкімді ұнатпай, ешкімге келісімін бермей жүрген қыздың жолдасы қандай екен деп тағы ойлайды. Қыздың үйіне жақындай бергенде, үйден шығып келе жатқан біреуді көреді, ол қыздың жолдасы – кішкентай, семіз, басы таз шал екен. Оның үстіне бай да емес. Қыз таңдап жүріп қалайша мынадайға тап болып, тұрмысқа шыққан екен деп үйдің есігін қағады. Есікті ашқан қызға жолығып, өзін есіне түсіріп, мазалап тұрған сұрағын сұрайды. Қыз бақшадағы гүлдер арасынан ең əдемісін таңдап əкелсе ғана жауап беретінін айтады. Бірақ оның да бір шарты бар – бір гүлден артық гүл жұлуға болмайды жəне таңдап жүріп артқа қайтуға болмайтынын ескертеді. Жігіт гүл бақшасына үңілген сайын бір-бірінен əдемі, көздің жауын алатын гүлдерді көреді. Бірден көзге үлкен сап-сары гүл түседі. Іздегенім осы деп гүлді жұлып алайын десе, көзіне енді қызыл гүл ілінеді. Сарыны тастап, қолын қызыл гүлге соза бергенде, бір-екі қадам алда əдемі көк гүлшанағының өсіп тұрғанын көреді. Осылай жүріп жігіт гүл таңдай алмай бақшаның соңына қалай жеткенін байқамай да қалады. Қайткен күнде де бір гүлді жұлу керек болғандықтан, амалы қалмай кез келген гүлді жұла салып қызға əкеледі. Бақшаның ең əдемі гүлін алып келуі керек болған жігіттің қолында солуға бет алған əрі жапырағы түскен гүлді көрген қыз: «Көрдің бе, бақшадағы гүл сияқты алда бұдан да жақсысы кездесер деп тұрғанда өмір өтті де шықты», – дейді. Идеалистік көзқарас Бір күні Насреддиннен достары: «Жасың келіп қалды, қашан үйленесің енді?», – деп сұрапты. Сонда Насреддин жас кезінде үй ленгісі келіп, өмір бойы өзіне мүлтіксіз жар іздегенін айтып былай дейді: «Алдыменен Дамашыққа барып, перідей сұлу қызды кездестірдім. Бірақ кейін ол қызда рухани байлықтың жоқтығын көрдім. Кейін Исфахан қаласына барып, рухани жағынан бай əрі өте əдемі қызды кездестірдім, бірақ, өкінішке орай, онымен еш түсінісе алмадым. Ақыр соңында іздегенімді Каирдан таптым. Ол шынайы мүлтіксіз əйел еді: діни сауаттылығы бар, сұлу, сыпайы, көркем мінезді. Бір сөзбен айтқанда, мүлтіксіз». Достары шыдамсыздықпен: «Енді үйленбедің бе оған?!», – десе, Насреддин міз бақпастан: – Жоқ, ол да мүлтіксіз біреуді іздеп жүр екен, – дейді. Сұлулық пен Көріксіздік Бір күні Сұлулық пен Көріксіздік бір көлдің жағасында кездесіп: – Суға түсейік, – деп, киімдерін шешіп суға түсіп жүзеді. Біраздан кейін Көріксіздік жағаға шығып, Сұлулықтың киімдерін киіп алады да кетіп қалады. Сұлулық жағаға шыққан кезде өз киімін таппайды. Жалаңаш тұра беруге де ұялады. Көріксіздіктің киімін амалсыздан киеді.

Сол күннен бері, ерлер мен əйелдер ол екеуін шатастырып жүредіміс. Бірақ та кейбір адамдар Сұлулықты бұрыннан білгендіктен, оның үстіндегі киіміне қарамай-ақ, оны таниды. Көріксіздікті де бұрын көргендер, оның əдемі көйлегіне алданбай шынайы жүзін көре алады. Төрт нəрседен сақтан, екі нəрсені ұмытпа, екі нəрсені тезірек ұмыт – Төрт нəрседен сақтану, екі нəрсені ұмытпау, екі нəрсені ұмыту керек. Ол не? Сақтанатын нəрселер: намазда – көңіл, халық арасында – тіл, ас ішкенде – тамақ, кісі үйінде – көз. Ұмытылмайтын нəрселер: Алланың ұлылығы жəне өлім. Ұмытылуы тиіс нəрселер: біреуге жасаған жақсылығың жəне саған жасалған жамандық. Шайтаннан хат «Сенің кеше күнделікті істеріңмен айналысып отырғаныңды көрдім. Намаз оқымай, дұға жасамай тағы бір күн өткіздің. Тіптен тамақты жеп болып, жатар алдында да шүкір етпей жаттың. Өте пəс адамсың! Сені мақтан тұтамын. Бірақ сонда да, менімен болғаның үшін бақытты екенімді айта алмаймын. Есіңде ме? Бірге болғанымызға көп жыл болды, бірақ сені əлі де жақсы көрмеймін. Шынын айтар болсам: сені Алланы ұнатпағаным үшін жек көремін. Аллаһ мені жəннаттан қуғаны үшін сені пайдаланамын. Сені Алланың маған жасағандарын қайтарып алғанға дейін пайдаланамын... Сосын жоқ болып кетсең де бəрібір. Білемісің, ақымақ, Алла сені жақсы көреді, бірақ сен өмірдің бəрін қасымда өткіздің. Бұл адалдығың үшін сені марапаттаймын. Өміріңді быт-шыт етемін. Екеуіміздің бас қосқанымыз Аллаға ұнамайды. Мен болсам нағыз қожайын екенімді Аллаға сенің арқаңда көрсетемін. Бірге өткізген жақсы күндерімізді еске алшы, адамдарды жылатқанымызды, олар туралы ғайбат сөздер айтқанымыз, есерлі дискотекаларға баратынымыз, ұрлық жасайтынымыз?.. Есіңде ме қалай екіжүзділік арқасында үлкен мансапқа жеткеніміз, өтірік айтқандарымыз, арақшарап ішкеніміз?.. Мешітке бармайтынбыз, намаздан қашатынбыз... Осылардың бəріне үйреніп қалдың да, олардан бас тартқың келмейді, рас қой? Кел енді, ақымақ! Бақи отта бірге лаулап жанайық! Бұл хатты саған қаншалықты мəн бергенімді айтуға жəне өміріңнің үлкен бөлімін маған сыйлағаның үшін алғыс айтқалы жазып отырмын. Ақымақ, саған күлкім келеді. Жасағандарың менің өзіме де жиіркенішті. Сен осы жолыңнан тайма. Жаңа ұрпаққа алдауды, өтірікті үйрет, мешіт орнына дискотекаға жол көрсет. Жастардың қасында сен осылардың бəрін жаса да, олар сенен үлгі алсын. Көп кешікпей олар өзің сияқты болады. Жастар еліктеуші ғой. Ал əзірге кетуім керек, бірақ алысқа емес, бірнеше секундта қайта қасыңа ораламын. Аз ғана ақылың болғанда тəуба етіп, қалған бірнеше жылдық өміріңді Алланың қасында өткізуге тырысар едің. Біреуге ақыл айту жаратылысымда жоқ нəрсе, бірақ сені танимын. Сен менің қасымнан кетпейсің. Сенің жасыңда бір адамның əлі де күнəлардан арылмай жүргені ақымақтық болса да. Мені дұрыс түсін, сені əлі де жек көремін, үнемі де солай болмақ. Мені шынымен жақсы көрсең осы хаты м жайлы ешкімге айтпа. Өлім бізді қосқанға дейін... Хи-хи-хи! Ха-ха-ха!... Джордж Карлиннің сөздері... Мал саны артты, дегенмен тыныштығымыз азайды. Тым үлкен үйлерде тұрамыз, бірақ отбасымыз шағын. Жағдайымыз жақсарды, технология дамыды, бірақ заманымыз қиындады. Дипломымыз жоғары, əйтсе де сұраныстар артты. Дəрігерлер көбейді, бірақ ауру да көбейе түсті. Көп ақша жұмсаймыз, бірақ аз садақа береміз. Көпшілікпен көп араласамыз, бірақ жақсы көре бермейміз. Айға аяқ бастық, бірақ көршінің есігін де қақпай қалатын кезіміз бар. Ақша табуды үйрендік, бірақ отбасы құруды жəне оған ие болуды үйрене алмадық.. Жаңғақ пен асқабақ Қожанасыр бір күні ауылдан қалаға келе жатады. Жолда шаршап, бір алқапта демалып алғысы келеді. Айналасына бір қарап, жайқалған жаңғақ ағашына сүйеніп аяқ созады. Жаңғақ ағашқа таңырқай қарап, ойланады: «Жаратқан Ием, ақиқатыңа ақылымыз жетпейді! Жіп-жіңішке сабақтан үлкен бір асқабақ жаратасың, ал алып ағаштан кішкентай

жаңғақ жаратасың, бұның сыры неде екен?..», – деп жатып, көзі ілініп кетеді. Біраз уақыттан соң, жақсы ұйықтап бара жатыр екен, бір жаңғақ тура басына түседі. Қожанасырдың басы қатты ауырып, жанына батады. Ұйқысынан бірден оянып: «Жаратқан Ием, Ақиқатыңа құрбан болайын! Ненің жақсы екенін сен біледі екенсің! Қазір əлгі асқабақ мына жаңғақтың орнында болса, менің жағдайым не болар еді?!», – деп шүкіршілік етіпті. Үш тілім нан ақысы Жаппар бин Əбу Тəліптің ұлы Абдулла ыстық күндердің бірінде құрма ағаштар бағына кіріп, ағаштардың көлеңкесінде отырады. Сол бақта қызмет еткен бір құлға түскі ас ретінде үш тілім нан берілгенін көреді. Құл нанды аузына салайын деп тұрғанда алдынан бір аш ит шығады. Құл қолындағы нанды иттің алдына қояды. Ит нанды бір мезетте жеп қояды. Құл екінші нан тілімін де, жалтақтап кетпей тұрған иттің алдына қояды. Аш ит бұл жолы да түгін қалдырмай жейді. Иттің əлі де аш екенін түсінген құл соңғы, үшінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Түскі ассыз қалған құл жұмысына бармақшы болғанда, алыстан оны бақылап отырған Абдулла жақындап келіп сұрайды: – Бүгін саған берілген азықтың мөлшері қандай болды? – Мына үш тілім нан. – Ондай болса неге өзіңе түк қалдырмадың? – Ит өте аш көрінді. Жартысына тоймас еді. – Енді өзің не жейсің? – Ораза ұстаймын. Абдулла бин Жаппар құлдан иесінің аты-жөнін сұрап алады. Иесіне барып құрма бағымен бірге құлды да сатып алады. Қайтып келіп, құлға бақпен бірге өзін де сатып алғанын хабарлайды да: «Сені азат етемін. Осы бақты да сыйым ретінде қабыл ет», – дейді. Осыны естіген ел: «Сізден асқан жомарт жоқ, сірə! Ол құл итке бар жоғы үш-ақ тілім нан берді, сіз болса оның ақысына үлкен құрма бағы мен азаттық сыйладыңыз», – дегенде, Абдулла: «Оның менен асқан жомарт екені күмəнсіз! Өйткені ол қолдағы барын берді, мен болсам бір бөлігін ғана...», – депті. «Мен ғана» дейтіндерге Бір адам жүйкесі ауыратынын айтып дəрігерге қаралады. Дəрігерге кіре салып, жасалыну керек көптеген жұмыстың күтіп тұрғанына, ауруы кесірінен жұмыстары орындалмай тұрып қалғанына шағымданды. Дəрігер «Сізден басқа бұл жұмыстарды жасай алатын адам жоқ па? Біреуді көмекке неге шақырмайсыз?», – деп сұраса, науқас: «Ол жұмысты тек мен ғана жасай аламын. Барлығы да маған қарап қалған!», – дейді. Сонда дəрігер: «Ауруыңызға шипа болатын нəрселерді жаздым. Оларды мүл-тіксіз орындауыңыз керек», – деп, науқастың қолына бір қағаз ұстатады. Науқас кісі қағазды оқып аң-таң болады. Қағазда «Күніге жұмысыңызды тастап екі сағаттық серуенге шығуыңыз жəне əр аптаның жарты күнін бейіт басында өткізуіңіз керек» делінген. «Серуенге шығу маңыздылығы түсінікті ғой, бірақ мына бейіт мəселесін түсінбедім», – дейді науқас. Дəрігер: «Зиратқа барып мазар тастарына назар аударуыңызды өтінемін. Зират өздерінсіз ешбір жұмыс бітпейді деп ойлаған адамдарға толы. Сіз де бір күні басқалар сияқты өліп, «өзімнен басқа ешкім жасай алмас» деген жұмыстардың бəрі басқалар тарапынан жасалғанын көресіз!», – депті. Аса ақылды құрбақа Төрт құрбақа өзеннің ағысымен ағып келе жатқан ағашқа секіріп мініп алады. Олар суда жүзіп бара жатқандарына риза, ағаштың қайда барып тірелетінін қызыға күтуде. Бір кезде құрбақалардың біреуі: «Бұл ағаш ғажап екен. Үлкен кеме сияқты жүзіп бара жатыр. Бұрын еш мұндай ағаш көрген емеспін», – депті. Екінші құрбақа: «Жоқ, досым! Ағаш басқа да ағаштар сияқты əрекетсіз. Өзеннің ағысының арқасында ғана ағаш жүзіп барады. Ағаштың үстінде отырған біздер де солай», – дейді. Сөз кезегін үшінші құрбақа алады: «ағаш та, өзен де қимылсыз. Өзгеріп тұрған біздің ойларымыз ғана. Өйткені ой болмаса, ештеңе де орнынан қозғала алмайды», – депті. Осы кезде үш құрбақа кім дұрыс айтты деп дауласады. Ешбір ортақ шешімге келе алмаған құрбақалар төртінші құрбақаға бұрылып, пікірін сұрайды. Төртінші құрбақа: «Бəріңдікі дұрыс, ешбірің өтірік айтқан жоқсыңдар. Ағаш, су мен ой бірге қозғалуда», – деген екен. Құрбақалардың үшеуі де мұндай жауапқа ашуланады. Өйткені əрқайсысы өзінікі дұрыс, басқалардікі толығымен дұрыс емес деп ойлады. Сосын үш құрбақа бірігіп, төртінші құрбақаны ағаштан өзенге итеріп жіберді.

Тұзды не үшін сатып алғызды? Ертеде бір би аң аулауға шығады. Нөкерлері бидің құрметіне үлкенірек бір жылқы сойғызып, ет асады. Сорпасына тұз қосатын кезде тұз алмағандарын көреді. Жақын маңайдағы ауылға тұз алу үшін біреуді жібереді. Мұны естіген би: «Тұздың ақшасын беріп кетіңдер, ақысызпұлсыз зат алу əдетке айналмасын!», – дейді. «Алатынымыз бір-ақ уыс тұз, несіне сатып аламыз?», – деп сұрайды нөкерлері. Би: «Əлемдегі зорлық-зомбылықтың бəрі кішкентай нəрседен басталған. Уақыт өте келген-кеткен адамдар оны үлкейтті. Осылай озбырлық бүгінгі дəрежеге жетті», деген тоқтамын айтыпты. Халықтың бақшасынан хан бір алма жесе, нөкерлері ағашты түптамырымен жұлып алады. Хан бес жұмыртқаны тегін алуға көз жұма қараса, сарбаздары мың тауықтың көзін жояды. Қонақтың несібесі Қонақжай бір кісі болған екен. Əйелі болса жолдасының күнде бір кісілерді ертіп келетініне ренжит ін. Бірнеше рет жолдасына: – Күніге бір қонақты ертіп келесің, қонақтарың болса балаларымыздың несібесін жеп кетеді, – десе де, жолдасы үйге қонақ шақырмай тұрмайтын. Бір күні əйелінің шыдамы таусылып, ғұламаның қасына ақыл сұрап барады. – Жолдасымның қонақ шақырмаған күні жоқ. Балаларымыз өсіп келе жатыр, оларды жетілдіруге ешқандай ақшамыз жоқ. Тапқан ақшамыздың бəрі сол қонақтарды күтіп, оларды тойындыруға кетіп жатыр, – деп мұң шағады. Ғұлама əйелдің күйеуін де қасына шақырып, неге олай істейтінін сұрайды. Ол: – Қонақ шақырмай тұра алмаймын! Асымызды қонақпен бөліссек, үйге береке кіреді, – дейді. Ғұлама екі жақты да тыңдап, əйелден күнде үш-төрт емес, бір ғана қонақ келсе наразылығы болатын, болмайтынын сұрайды. Əйел оған да риза емес: – Мен балаларымның несібесін басқаларға жегізе алмаймын, – деп тұрып алады. Күйеуі: «Ең болмаса күнде бір қонақ келсінші», – деп сұрайды. Ақыры əйел көнеді. Алайда, ертеңіне жолдасы тағы екі қонақ ертіп келгенін көреді. Əйел ашуланса да, ашуын сыртқа көрсетпей ас үйге кіріп үш кісілік ас дайындайды. Қонақтар кеткен соң қараса жасалынған бір кісілік тамақ артылып қалады. Əйел жолдасына: – Қонақтың біреуі неге тамақ ішпей кетті? – деп сұрайды. Жолдас ы аң-таң: – Қай қонақты айтасың? Мен бір-ақ қонақпен келдім ғой. Бірақ əйел бір емес, екі қонақтың келгенін нақты көргенін айтады. Анығын білу үшін олар қайта ғұламаның алдына барады. Ғұлама болған жағдайды тыңдап: – Жұбайыңыз рас айтады! Үйге екі қонақ кірген. Бірақ екінші қонақ адам емес, адам кейпіндегі несібе болатын. Қарсы болсаңыз да дастарқан жайып қонақты жылы қарсы алғаныңыз үшін несібе азаймады. Өйткені əр қонақ өз несібесімен келеді, тіптен несібесі өзінен 40 күн бұрын келеді. Яғни, ешкім ешкімнің несібесін жей алмайды, несібе де азаймайды... Керісінше, қонақ шақырған үйдің несібесі артады. Түсінгенім... Түсінгенім... Ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың, ұнамды болуға тырыс, қалғанын өздері біледі. Түсінгенім... Сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ минут. Түсінгенім... Өмірде қолда не бары емес, қасыңда кімнің болғаны маңызды. Түсінгенім... Өзіңді ең жақсылармен салыстыру емес, ең жақсыларды өзіңмен салыстыру нəтиже береді. Түсінгенім... Адамның басына не келгені емес, сол жағдайда не істегені маңызды. Түсінгенім... Сөз қайтару, ойлап сөйлеуден жеңіл. Түсінгенім... Жақындармен жақсы қоштасу керек, соңғы кездесудің қашан екені белгісіз. Түсінгенім... Егер сезімдеріңді басқара алмасаң, се зімдерің өміріңді басқарады. Түсінгенім... Кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де, сезімдерін қалай көрсету керегін білмейді. Түсінгенім...

Екі адам бір нəрсеге қарап, екі түрлі нəрсе көруі мүмкін. Түсінгенім... Жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болу арасындағы сызықты табу қиын. Түсінгенім... Ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кешіре білу керек. Түсінгенім... Кейде біреуді кешіру жеткіліксіз, өзіңді де кешіре білу керек. Түсінгенім... Жүрегің қанша жылап сыздаса да, дүние сен үшін тоқтап қалмайды. Ғажайып көпір Бруклин мен Манхэттенді жалғап жатқан Бруклин көпірі нағыз инженерлік ғажайып. Бұл жобаны 1883 жылы инженер Джон Роблинг ойлап тапқан. Сарапшылардың барлығы бұл идеяның бекер екенін бір ауыздан айтқан болатын. Ең алдымен Роблинг бұл идеяны болашақ инженер ұлы Вашингтонды сендіріп бірге жүзеге асырмаққа бел буды. Олар көпір құрылысы кезінде кездесуі ықтимал қауіптер мен қиыншылықтарды ескере отыра, құрылыс тұжырымдамасын жасап шықты. Тіпті құрылысты қаржыландыру үшін банкирлерді қалай көндіргені де белгісіз еді. Олар жұмысшыларды жалдап, үлкен ыждаһаттылықпен өз қиялындағы көпірдің жұмысын бастап кетті. Бірнеше айдан соң, көпірде болған қайғылы оқиға нəтижесінде Роблинг қаза тапты, ал оның ұлы Вашингтон мүгедек болып қалды. Оның миының ауыр зақымданғаны соншалық – не қимылдай, не сөйлей алмай қалады. Барлығы көпір жұмысын тоқтатуды, Роблингтерсіз оны жалғастыру тіпті мүмкін еместігін айта бастады. Алайда, қимылсыз қалған Вашингтонның ақылойы дұрыс болатын. Кереуетке таңылған ол сөйлеуді алмастыратын код ойлап тапты. Вашингтонның бір саусағы ғана қимылдайтын, соның көмегімен тетікті басудың ерекше жүйесі арқасында əйелімен сөйлесуді үйренді. Көпірдің құрылысы үшін жауапты инженерлермен де дəл осылай сөйлесетін. Осылайша Вашингтон ғажайып Бруклин көпірі салынып жатқан кезде он үш жыл бойы өзінің нұсқаулықтарын жалғыз ғана саусағының көмегімен берген екен. Кедергілер мені жеңе алмайды. Əрбір қиындық маған одан да күшті тəуекелділік сыйлайды (Леонардо да Винчи). Жылқы Ертеде малдың тілін тапқыш бір фермер асыл тұқымды жылқы сатып алыпты. Күндердің күнінде жылқысы бір беймəлім ауыр науқасқа шалдығады. Дерттің бойын меңдегені соншалық ат нəр татпай, қимылсыз жатып қалады. Басы қатқан фермер дереу мал дəрігерін шақыртады. Атты айналдыра əрі-бері қарап шыққан ветеринар аттың халінің мүшкіл екенін байқап, үш түйір дəрі ұсынады: – Осы дəріні үш күн беріп байқаңыз. Егер жағдайы жақсармаса, амал жоқ оны бауыздауға тура келеді, – деп, алғашқы дəріні аттың аузына салады. Бұл əңгімені қора маңында жайылып жүрген доңыз да естіп қалады. Кешкісін ол атқа келіп: – Егер сен үш күн ішінде орныңнан тұрмасаң сені бауыздап тастайды, – дейді. Дəріні қабылдағанымен ат алғашқы күні орнынан тұра қоймайды. Екінші күні де жағдайы жақсаратын түрі байқалмайды. – Неғып жатырсың тұр, тұрсаңшы, – деп доңыз атты айналшықтап əуре болады. Соңғы күні аттың халі тіпті мүшкіл-тін. Атты айналдыра қарап шыққан мал дəрігері: – Амал жоқ. Егер бұл атты бауыздамасақ, жаман ауру басқа да малдарыңызға жұғу қаупі бар, – дейді ол. Оны естіген доңыз жүгіргеннен жүгіріп келіп: – Ей, орныңнан тұр, жануарым! Қазір сені сойып тастайын деп жатыр ғой, – дейді қиналып. Сол кезде бар күшін бойына жинаған ат дүр етіп атып тұрады. Мұны көрген иесі: – Міне ғажа-ап! Мұндай қуанышты атап өту керек қой. Ендеше, осының құрметіне доңызды соямыз! – депті. Мораль: Өзіңе қатысты емес іске тұмсығыңды сұқпа. Ақшаға қатысты қытай мақалы Ақшаға баспана сатып алуға болады, бірақ «үй» сатып ала алмайсың; Ақшаға сағат сатып алуға болады, бірақ «уақыт» сатып ала алмайсың; Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ жайлылық сатып ала алмайсың; Ақшаға кітап сатып алуға болады, бірақ мəдениет сатып ала алмайсың; Ақшаға дəрігерді сатып алуға болады, бірақ мықты денсаулық сатып ала алмайсың;

Ақшаға дəреже сатып алуға болады, бірақ құрмет сатып ала алмайсың; Ақшаға қан сатып алуға болады, бірақ өмір сатып ала алмайсың; Ақшаға құмарлық сатып алуға болады, бірақ махаббат сатып ала алмайсың.

Адамдық даналық былай дейді: Абайла – Əйелді жылатпа… Өйткені Құдай оның көз жасын санайды. Əйел еркектің қабырғасынан жаралған: Аяғынан емес – қорланбау үшін, Басынан емес – басынып кетпеу үшін. Бірақ жанынан, жаныңа жақын болуы үшін, Өзіңмен тең болуы үшін. … Қолтықтың астынан – қорғаулы болуы үшін… Жəне де жүрек жағыңнан, сүйікті болу үшін. Габриэль Гарсиа Маркес: өмір туралы 13 ой 1. Мен сені кім болғаның үшін емес, сенің қасыңда болғанда өзімнің кім екенім үшін сүйемін. 2. Ешкімнің де сені жылатуға қақысы жоқ, ал оған қақысы барлар өздері-ақ сені жылатпайды. 3. Сені біреулер сен қалағандай сүймесе, ол сені жан-тəнімен сүймейді деп ойлап қалма. 4. Шын дос – сенің қолыңды ұстап тұрып, сенің жүрегіңді сезетін адам. 5. Адамды аңсаудың нашар тəсілі – онымен бола тұрып, оның ешқашан сендік болмайтынын түсіну. 6. Сені мұң басса да күліп жүруді ешқашан тоқтатпа, сенің күлкіңе біреулер ғашық болып қалуы мүмкін ғой. 7. Бұл өмірде сен бар болғаны адам ғана шығарсың, бірақ біреулер үшін сен – бүкіл əлемсің. 8. Уақытын сенімен бірге өткізгісі келмеген адамға уақытыңды кетірме. 9. Біз қалауымыздағы бірегей адамды қалай қабылдайтынымызды білу үшін Құдай басқа адамдармен кездестіреді. Бірегей адамды кездестіре қалғанда, біз сол жақсылықты білу үшін солай жасаса керек. 10. Жылама, өйткені бұл бітіп кетті. Күле қабылда, өйткені солай болды. 11. Сенің жаныңды ауыртатын адамдар қашанда табылады. Адамдарға сенуді жалғастыра бер, бірақ сағырақ бол. 12. Жаңа бір адамды кездестіріп, ол мені түсінеді деп үміттенгенше, өзің жақсар жəне өзіңнің кім екеніңді біл. 13. Соншама тырыса берме, барлық жақсы нəрселер күтпеген жерден болады. Біліп ал: болған нəрсенің бəрінің себебі бар. Бақытты өмірдің құпиясы Шалғынға барып бір сəт асыр салып ойнаудан ешқашанда бас тартпа... Нашар əдеттерден арылуға тырыс... Жақсы кеңестерді тыңдаудан жалықпа... Ылғи даяр жүр жəне күт. Мүмкін сенің іздегеніңнің өзі сені табар... Өмірдегі кез-келген жағымды жаңалыққа дайын бол... Қайда бара жатқаныңды бақылаусыз қалдырма... Мақсатқа жету жолында тəуекел етуден тайынба... Жағдай сені шатастырып жіберуіне жол берме... Бір нəрселерге қызығудан өзіңді шектеме... Шашың мен бойыңның күтімін ұмытпа... КҮЛІП ЖҮР!!! Күнің сəтті болсын! Көбелектен алынған сабақ Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек піллəсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты. Бірталай уақыт өтіп, көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ. Көбелек қолдан келгенінше барынша тырысқандай жəне бұдан былай ештеңеге шамасы келмей қалғандай болып көрінді. Осыны бақылап тұрған адам көбелекке жəрдемдескісі келіп, қолына бəкі алып піллəні кесіп, кішкене тесікті кеңейтті. Көбелек бірден сыртқа шықты. Бірақ оның денесі əлсіз, қуаты жоқ, қанаттары қатаймаған, өзі де зорға жылжитын еді.

Адам көбелектің қимылын бақылап тұрып, сəлден соң-ақ көбелектің қанаты қатайып, ұшып кетер деп ойлады. Бірақ олай болмады. Көбелек өзінің əлсіз денесін жер бауырлап сүйретіп жүріп, қанаты жетілмеген күйде қалған өмірін өткізді. Ол сол бойы ұша алмады. Олай болуының себебі: адам көбелекке жəрдем бергісі келіп, көбелек өзі кеңейтіп, ішінен ұшып шығуға тиіс кішкене тесікті кеңейтті, көбелектің денесіндегі сұйықтар оның қанатын қатайтуға жұмсалатын еді, олай болмай қалды. Солай болғанда ғана көбелек ұшып кететін еді. Жаратылыс солай: көбелек кішкене тесікті кеңейтіп, ұшып шығуға күш салу арқылы əбден шыңдалған, еркін өмірге əзір қалпында шығатын еді. Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар. Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі болмаса біз көп нəрседен құр қалар едік, ешуақытта қазіргідей күшті бола алмас едік. Біз ешуақытта биікке самғай алмас едік. Мен өмірден күш сұрап едім, ал өмір мені күшті ету үшін қиындықтар берді. Мен өмірден ақыл сұрап едім, ал өмір маған шешілуі тиіс проблемалар берді. Мен өмірден байлық сұрап едім, ал өмір маған жұмыс істесін деп ми мен қуат берді. Мен өмірден ұшу мүмкіндігін сұрап едім, ал өмір маған жеңсін деп кедергілер берді. Мен өмірден махаббат сұрап едім, ал өмір маған олардың проблемаларын шешуге жəрдем берсін деп адамдар берді. Мен игіліктер сұрап едім, өмір маған мүмкіндіктер берді. Мен сұрағандарымның ішінен ештеңе де ала алмадым... Бірақ мен өзіме керектілердің бəрін алдым. Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерді батылдықпен күтіп ал жəне оларды жеңе алатыныңды дəлелде. Үш құндылық Ешуақытта қайтып келмейтін үш құндылық бар: Уақыт, Сөз, Мүмкіндік. Ешуақытта жоғалтып алуға болмайтын үш құндылық бар: Тыныштық, Үміт, Абырой. Басқаларынан бағалырақ үш құндылық бар: Махаббат, Сенім, Достық. Ешуақытта сенімді болмайтын үш құндылық бар: Арман, Сəттілік, Байлық. Адамды айқындайтын үш құндылық бар: Еңбек, Адалдық, Жетістік. Адамды азғындататын үш нəрсе бар: Ішімдік, Өркеуделік, Ашу-ыза. Сіз маған доссыз ба?! Сіз білесіз бе... Жүрегі мықты деп жүргендеріміздің кейбіреулері шын мəнінде əлсіз жəне бəрін жанына жақын қабылдайтын болып шығады... Сіз білесіз бе, біреулерді қорғаймын деп уақытын кетіріп жүргендердің ішінде өздері қорғауды қажетсінетіндер бар екенін? Сіз білесіз бе, «мен сені сүйемін», «кешір» жəне «жəрдем берші маған» деп айтудың бəрінен де қиын екенін? Сіз білесіз бе, қызыл киім кигендердің өздеріне сенімдірек болатынын? Сіз білесіз бе, сары киімді ұнататындар өзінің əсемдігіне риза екенін? Сіз білесіз бе, қара киімді елеусіз болып жүргісі келетіндер мен сіздің жəрдеміңіз бен түсінгеніңізді қалайтындар киетінін? Сіз білесіз бе, сіз біреуге жəрдемдессеңіз, ол өзіңізге екі есе болып қайта оралатынын? Сіз білесіз бе, көзге көз түсіп тұрып айтқаннан жазып берген оңайырақ екенін? Бірақ сіз білесіз, өзіне ғана айтқан сөздің бағалырақ екенін... Сіз білесіз бе, егер сіз бір нəрсені шындап қаласыңыз сол қалауыңыз орындалатынын?

Сіз білесіз бе, осыған сену арқылы сіз өзіңізді сүйікті, бай, денсаулығыңыз мықты болып, армандарыңыз орындалуына мəжбүрлейтініңізді? Бірақ сіз осы айтқандарды тексеріп көрмейінше ешқайсысына сенбеңіз. Егер сіз осы айтқандардың кейбірін қажетсінетіндерді білсеңіз жəне сіз жəрдем бере алсаңыз, онда сіздің жасаған жəрдеміңіз екі есе болып қайтатынын көресіз. Барлығы сіздің өз қолыңызда. Бақыт дегеніміз – өмір жолымыз Біз үйленсек (тұрмысқа шықсақ), баламыз болса, сосын тағы да балалар болса, біздің өміріміз жақсара түседі деп өзімізді сендіргіміз келеді. Кейін біз балаларымыз əлі кішкене екеніне қынжыламыз жəне балалар өскеннен кейін бəрі жақсы болады деп күтеміз. Кейін біздің балаларымыз жасөспірім бола бастағанда, олар ойдағыдай азамат болар ма екен деп тағы уайымға салынамыз. Балаларымыз «бəлен...» жасқа келген кезде, біз бақыттырақ бола түсеміз деп өзімізді өзіміз жұбатамыз. Біз өзімізге өзіміз: əйеліміз (еріміз) жұмыстарын реттеп алған соң, біздің жақсырақ автомашинамыз болғанда, еңбек демалысына шыққанымызда, түпкілікті зейнетке шығып бейнеттен құтылғанда біздің өміріміз жақсырақ бола түседі дейміз. Ақиқат мынада: бақытты болу үшін нақ əзіргі сəттен жақсы мезгіл жоқ. Қазір болмаса, қашан болады? Сенің өмірің қашан болса да сапырылысқа толы. Соны қалай болса сол күйінде қабылдап, ештеңеге қарамастан бақытты болуға ұмтылуға шешім қабылда. Өте ұзақ уақыттан бері өмір енді-енді басталатындай болып көрінген. Шын өмір. Бірақ қашанда жолда бір кедергі кездеседі: басып өтуге тиісті қатал сынақ: бітіріп тастауға тиіс жұмыс; бір нəрсені орындауға арнаған уақыт; төленуі тиіс шот. Соңынан бір көсіліп өмір сүреміз деумен жүргенбіз. Түптеп келгенде мен өмір өзі осы кедергілерден тұрады деген түсінікке келіп тірелдім. Осы түсінік маған бақытқа бастап барар жолдың жоқ екенін сезінетін түйсік берді. БАҚЫТ дегеніміз – ӨМІР ЖОЛЫНЫҢ ӨЗІ. Сондықтан əрбір сəттен лəззат ала біл. Бақытты боламын деген шешімге келу үшін мектептің бітуін, оқудың басталуын, 10 долларыңды жоғалтып алғанша, еңбектеніп тапқан ақшаң 10 долларға жеткенше, жұмыс табылғанша, үйленгенше (тұрмысқа шыққанша), жұманың кешіне дейін, жексенбі күні таңертеңге дейін, жаңа машина алғанша, қарыздардан толық құтылғанша, көктемге дейін, жазға дейін, күзге дейін, айдың бірінші немесе он бесінші жұлдызына дейін, сенің əніңді радиодан бергенге дейін, өлгенде, қайтып тірілгенде... деп күту қажетсіз. Бақыт дегеніміз – ЖОЛ, барып тоқтайтын нүкте емес. БАҚЫТТЫ болу үшін ҚАЗІРДЕН басқа уақытты іздеме. Өмір сүр жəне нақ осы сəттен рахат ал. Құдаймен сұхбат Бірде менің түсіме Құдайдан сұхбат алып тұрғаным кіріпті. «Сен менен сұхбат алғың келіп тұр ма?», – деп сұрады Құдай... «Егер уақытың бар болса», – дедім мен... Құдай күлімсіреді. «Менің уақытым – мəңгілік. Маған қандай сұрақ қойғың келіп еді?». «Сені бəрінен көп таңғалдыратын адам бойындағы қасиет қайсы?», – дедім. Сонда Құдай былай деді: «Олар балалықтан тез тойынып есеюге асығады. Ал соңынан қайтадан бала болуды армандайды». «Олар ақша табамын деп денсаулығын жоғалтады. Соңынан денсаулығын қалпына келтіремін деп ақшасын жоғалтады». «Олар болашақ жайлы өте көп ойлай беріп, бүгінін ұмытатыны соншалық, Бүгінінде де, болашақта да өмір сүрмейді». «Олар өлмейтіндей болып өмір кешеді, ал өлгенде, ешқашан өмір сүрмегендей болып өледі». Ол менің қолымды ұстап, екеуміз біраз уақыт үндемей тұрдық... Сəлден соң мен тағы да сұрақ қойдым: «Сен өз балаларыңның өмірден қандай сабақ алғанын қалар едің?». «Біреудің оларды жақсы көруін зорлықпен жасау мүмкін емес екенін білсін. Олар тек қана өздерінің сүйікті болуына ризалық беруі ғана мүмкін». «Олар өздерін өзгелермен салыстыру жақсы емес екенін білсін». «Олар кешірім жасауды əдет ету арқылы кешіруді үйренсін».

«Олар сүйікті адамының жанын жаралауға бірер ғана секундтың жететінін, бірақ ол жараны жазуға ұзақ жылдар керек болатынын білсін». «Олар дүниесі көп адамның емес, азды қанағат ете алатын адамның бай саналатынын білсін». «Олар өздерін өте жақсы көретін, бірақ өз сезімдерін білдіруді əлі үйренбеген адамдар бар екенін білсін». «Екі адам бір нəрсеге қарап, оны əр түрлі көруі мүмкін екенін ұқсын». «Олар бірін-бірі кешірудің жеткіліксіз екенін, өзін-өзі кешірудің де керек екенін білсін». «Сенің Уақытың үшін алғыс айтамын», – дедім мен именіп… «Өз балаларыңа айтқың келетін тағы бір нəрселер бар ма?», – деп сұрадым. Құдай күлімсіреді де былай деді: «Мен мұнда ылғи да олар үшін екенімді білсін». ӨЗІҢДІ ТАНЫ Өзін өзі тану Өмірдің алдында бəріміз шəкіртпіз. Адам деген атқа лайық өмір сүру үшін адамға білім керек, ыждаhат керек, білік керек. Оны игеру үшін ғасырлар бойы аузы дуалылар жақ жаппай баршамыз үшін – бүгін жер ба сып жүргендеріміз үшін де, бүл дүниеге бізден соң келетіндер үшін де қапы жібермей қадағалай тыңдайтындай ғып айтып келе жатқан ғибрат са бағын бойға сіңіру керек. Есті құлақ замандастарының ауызына, есті көз бұрынғылардың жазуына үңіліп, оны талдап-түсіне білгенде жетілу келеді. Өмір ғибраттарын танып-білу арқылы өзін-өзі тану бір басын емес, көптің қамын қамдай жүретін қайырымды пиғыл иесіне тəн келеді. Əбіш Кекілбаев Адамдарды білетіндер саналы болады. Өзін білетіндер білімді. Адамдарды жеңе білетіндер күшті. Өзін-өзі жеңе білетіндер құдіретті. Жеткіліктілікті білетіндер бай. Кім табанды болса, жігерлі де. Кім өз табиғатын жоғалтып алмаса, сол ұзақ жасайды. Кім өлсе де ұмытылмаса, сол мəңгілік. Лао-цзы Өзгені жеңсең мықтысың, өзіңді жеңсең құдіреттісің. Лао-цзы Өмірдің мақсаты не? Тойып ішіп-жеу, өлең айту, уақытты босқа өткізу ме? Жоқ, олай емес. Өмірдің мақсаты – өзіңді өзің танып-білуде. Өзіңе «Мен кіммін?» деп сұрақ қой. «Сен кімсің?», «Ол кім?», «Қайдансың?» деп сұрама. Одан да өзіңнен «Мен кіммін?» деп сұра. Сен өзіңді танып-білсең, басқаларды тану қиын емес. Өзің туралы өзің айтпасаң, кім біледі. «Мен адаммын». «Ол да адам». Барлығы осылай қарапайым қатынаста болуы тиіс. Өз табиғатын танып-білмейтіндер, өзгенің табиғатын танып-біле алмайды. Сөйтіп «ренжіту», «кемсіту», «менсінбеу», «көңіл қалдыру» сияқты сезімдер орын алады.

Əр адамның бойында өзіне деген, өзгеге деген махаббат толы болуы керек. Саи Баба Расында, адамның өзін-өзі жеңуі, өзіне-өзі тиянақты түрде тыйым сала білуі, өзін-өзі көндіре білуі басқа біреуді жеңуінен əлдеқайда артық. Буддадан Фалес, Питтак, Биант, Солон, Клеобул, Мисон жəне Хилон деген грек ойшылдары өнер құдайы Аполлонның күмбезіне жиналып, «Адам үшін ең маңызды не? Жазып көрелік» дегенде, бəрінің жазғаны «Өзіңді өзің таны» деген мағына беріпті. Дельфтағы Аполлон храмының маңдайшасына осы сөз жазылып, осы кезге дейін сақталған. Адам – құл, өзін жеңіп ұстамаған. Сократ Ең қиыны – өзіңді тану, ең жеңілі – өзгелерге ақыл айту. Фалес – Не жағымды? – Сəттілік. – Қандай өмір жақсы? – Өзгелер жасаса айыптайтынды өзіміз жасамаған өмір жақсы. – Кім бақытты? – Тəні сау, жаны сергек, тəрбиеге көнетін адам бақытты. Фалес Өзіңді өзің таны. Цицерон Өзін басқара алу жағдайында болу – тамаша. Цицерон Өзіңді жеңу – жеңістің басы. Өзіңнен жеңілсең ұят тірлік жасағаның. Біздің əрбіріміздің ішімізде өзімізбен-өзіміздің арамызда соғыс жүріп жатады. Платон Өзіңді билеу – ең жоғарғы билік, құштарлықтың құлына айналу – ең қорқынышты құлдық. Сенека Өзіңнен қашып кете алмайсың! Сенека Өзімнен өзім озсам де! Сенека Өзіңді таны. Ювенал Өз жаныңа үңіл. Плиний (кішісі) Адам іздеп жүрмін. Диоген Өзгелерге көп нəрсені кешкенмен, өзіңе ештеңені кешпе. Публилий Сир Таным таңырқаудан басталады. Аристотель Өзіңді өзің таны. Дельфтағы Аполлон храмының маңдайшасындағы жазу Дүниедегі ең оңай нəрсе – кісіге ақыл айту, ең қиыны – өзіңді-өзің түсіну. Əл-Фараби Қожа Ахмед Иасауидың кесенесінің қақпасындағы жазу: Егер кім де кім өзін-өзі таныса, ол адам өзінің Құда йын да таниды. Өмірдің мəнін ұғына алмасаң, оны ойлап басыңды қатырма. Тек қыбырлап тіршілік кешсең болды... Лев Толстой Лев Толстой Конфуцийдің адамзат үшін үлесі мол ілімін былайша мақұлдайды: «Шын ілім адамдарды биік ізгілікке үйретеді, ол – адамдардың жаңаруы. Биік жетістікке жету үшін: бүкіл халықтың тұрмысы жақсы болсын.

Ол үшін: отбасының жағдайы жақсы болсын. Ол үшін: жеке өзіңнің жағдайың жақсы болсын. Ол үшін: жүрегің таза болсын. Ол үшін: шыншыл бол, ой саналылығы болсын. Ол үшін: жоғары сатылы білімің болсын. Ол үшін: өзіңді өзің зертте. Кісі орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нəрсеге əурешілікпен жүріп, өмірінің қызықты қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң жəне бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен. Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мəртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Абай Мəдениеттің үш түрі бар: тұрмыстық мəдениет, яғни жаңа ақпараттарды жай ғана жиюшы; діни мəдениет, оның мағынасы, белгілі бір нұсқаулықтарды орындаумен шектеледі; санаулылардың мəдениеті – өзін-өзі дамыту. Худживри Дүниедегі ең ұлы нəрсе – бұл өзіңді ұстай білу. Мишель Монтень Адамдардың өмірінде толысу сəті болады, егер оны пайдаланса, табыс əкеледі, жіберіп алса, онда əрі қарайғы жол қайраң арқылы өтетін болады. Шекспир Басқаларды бағындырмас бұрын өзіңді-өзің бағындыр. Вовенарг Өзіңе көмектес. Өзіңді түсін. Өзіңді сүй. Психологтың кеңесі Өзіңмен-өзің бол, өзіндік ерекшелігіңді көрсет, ешқашан еліктеме. Ральф Эмерсон Өзіңнен басқаның бəрін тануға болады. Стендаль Адалдық, байсалдылық, өз-өзіңді жəне басқаларды түсіну – міне, осылар іс-əрекеттің кез келген саласындағы бақыт пен табыстың кепілі. Ганс Салье Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл; Өмір – сұлулық, сүйсіне біл; Өмір – арман, жүзеге асыруға талпын; Өмір – парыз, орындай біл; Өмір – ойын, ойнай біл; Өмір – байлық, бағалай біл; Өмір – махаббат, лəззат ала біл; Өмір – құпия, сырын ашуды үйрен; Өмір – қайғы, көтере біл; Өмір – күрес, жеңе біл; Өмір – бақыт, баянды ете біл. Агнем Гонжа Бояджиу Сен аңсаған бақыт – сенің арманың. Оған қол жеткізсең – жетістікке жеткенің. Ал жетістік өздігінен келмейді. Оның кілті – талап пен еңбек. Қалайда мақсатың мен арманыңнан айныма, алға баса түс. Ісің ойдағыдай орындалса, жұмысың жоспарлағандай атқарылса, тілегің орындалып, мұратыңа жеткенің. Ол – жетістік. Сондықтан қолға алған ісіңе зор жауапкершілікпен қара, оны тыңғылықты жəне тындырымды орында. Салғырттық пен немқұрайдылық – жетістіктің дұшпандары. Жетістіктің ең сүйікті достары – білім мен біліктілік. Өмірде жақсы мен жаман қатар жүреді. Жақсыларға ерсең жақсы нəтижеге жетесің. Жетістік жолында жол жиегіне шығып тоқтап қалма. Сенің де ізіңе ергендерге жол көрсет. Жетістік көп қиындықтармен келеді, оңайлықпен табысқа жете салуға болмайды. Жетістікке жету жолында қиыншылықтарға ұшырасаң, қаржың жетпей, күшің азайып қалса мойыма, барынша шыда, тырыс. Сонда ғана жақсылықтың ауылының шетіне келіп қонасың. Сені жетістіктерге ешкім жеткізе алмайды, өзің ғана жеткізесің. Өзіңе ғана сенім арт. Алынбайтын асу болмайды.

Жетістік – лайықты өмір сүргізеді, адамдық қасиеттеріңнің сақталуына жəрдемдеседі. Сол үшін алдымен өзіңді таны. Д.Аллен Алдымен өзіңді таны. Сонда бүкіл əлемді де танисың. Сара Назарбаева Өмір сүру – өзіңді тексеру. Альбер Камю Махаббат қайда деме – жүрегіңде, Шапағат қайда деме – тілегіңде. Берекем қайда деме – отбасыңда, Мерекем қайда деме – көп қасыңда. Ай, Күнім қайда деме – аспаныңда, Байлығым қайда деме – бас жағыңда. Қайғы, мұң қайда деме – қас қағымда. Тірлігім қайда деме – таң атқанда, Ырзығым қайда деме – Жаратқанда. И.Сапарбай Жерден бауырын көтерген адамзат əулеті өзін-өзі тануға талпынуын бір сəт тоқтатқан емес. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, ақ пен қараның, жер мен көктің кереғарлығы сияқты, таным жолында да даналық пен шалалық, махаббат пен ғадауат мəңгілік текетірес күй кешіп келеді. Сөз жоқ, көзді ашып, көкірекке сенім ұялатқан талай-талай тарихи кезеңдер адамзат əулетінің басынан өтті. Өмірдің мəні мен сəні, адам-құдіреттің тарихи-əлеуметтік болмысы сараланып, талай шындықтың шалғайына қол тиді. Əрбір кез-кезең өзіндік сыр-сипатын көлденең тартады. Адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен адамзат туралы əр уақыттың өзі шешер түйіндер бар. Əр кез-кезеңде уақыттың өзі тудырар махаббат пен ғадауаттың, даналық пен шалалықтың бітіспес күресі бар. Ақселеу Сейдімбек Сен өзіңнің өлімнен кейінгі өміріңе сенесің бе? Олай болса, көзіңнің тірісінде оған үйрен. Ф.Ницше Тұлғаның өзін-өзі дамытуға жəне өзін-өзі тануға дайындығын анықтау. 1. Өзім туралы біліп отырғанды қалаймын. 2. Менде өзгеріп тұру қажеттілігі бар. 3. Мен өз күшіме сенімдімін. 4. Кемшіліктер мен жетістіктерімді білуге ықыластымын. 5. Қалай жақсы жəне тиімді жұмыс жасау керектігін біліп отырғым келеді. 6. Қажет болғанда өзімді өзгертуге дайынмын. 7. Қасиеттерім мен мүмкіндіктерім туралы пікірлерді білуге ұмтыламын. 8. Ойлағанымды өз бетінше іске асыруға жəне өз-өзімді тəрбиелеуге тырысамын. 9. Кез келген істе мен сəтсіздіктер мен қателіктерден қорықпаймын. 10. Менің қасиеттерім жəне білім-білігім кəсібилігімді көтеруге жетерлік болуға тиіс. 11. Бір нəрсені орындауда кейбір жағдайлар менің мүмкіндіктерімнен жоғары болмауына назар аударамын. Өзін-өзі тану – нағыз адам болудың сыры мен қырын тану. Нағыз адам болу – адами қарым-қатынасың, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Ол – адамның өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мəнін ұғынуға жəне өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Өзін-өзі тану адамды өзін сыйлай білуге, ойын еркін жеткізуге, өмірдің қиын жағдайында дұрыс жол табуға, жеке шешім қабылдауға жəне өз тағдырына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Э.Хемингуэй: «Əрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген əрбір адамның өмірде өз міндеттері бар», – деп айтқандай, əрбір адам өмірге келгеннен кейін оны артында ізі қалардай мəнді өткізе білуі қажет. Сондықтан да адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек. Əрбір саналы адам баласы өмірде өзін іздеп жүреді, өзін-өзі танығысы келеді. Өзін тану қоғамда өмір сүріп жатқан адамдарды тану мен өзіңді қоршаған ортаны тану арқылы келеді. Тобықты елімен көршілес төлеңгіттен шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, жиналған елге Абай: – Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, – дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы: – Абай-ау, сен дана емес пе едің. Ол не дегенің?! Меңаяқ өз атын ғана алып жүрген емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай: – Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай

алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, – депті. Еврей халқында мынадай қасиет бар: олар өзін-өзі зерттей, тани жүреді. Жастары білім алған соң он-он бес жыл түрлі, бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды істеп өзінің қабілетін, қандай іске қызығатынын өзі тексереді. Сөйтеді де жақсы білетін, жақсы көретін, осы салада өз мүмкіндігімді толық игеремін-ау дегенін ұстайды, біреуі саясатты, біреуі дінді, біреуі кəсіпкерлікті, біреуі етікшілікті таңдайды, бірақ əрбірі өз ісінде жетістікке жетеді, сол істе үздік болуға ұмтылады. Шəкəрім философиясы «Өзіңді таны, соның нəтижесінде адамды таны» деуге келеді. Шəкəрім зерттеулері бойынша адам болмысы үш бөліктен тұрады: тəн, рух жəне жан. Тəн табиғаттың негізгі элементтері топырақ, су, ауа, от жəне эфирден тұрады, ол – материалдық болмыс. Рухқа – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік жəне əркімнің өзіндік «мені» жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы, қуат көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-білімге жəне рухани лəззатқа құштар. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге асады. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Жан тəнді тек рух арқылы билейді. Адамның материалдық болмысын жан мен рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз жетілген адам содан шығады. Өзіңді сүй; Өзіңе сен; Құмарланып сүюді ұмытпа; Жиірек күл; Өз салмағың туралы уайымдай берме, ол бар болғаны сандық белгі ғана; Алдыңдағы стакан көзіңе жартысынан аса толы секілді көрінсін; Сенен өзгешерек болса да, жаңа адамдармен кездесуден жалықпа. Өзіңе жəрдемдес; Өзіңді түсін; Алаңсыз ұйықтауды үйрен; Мүмкіндік болғанда оғаштау көріне сал; Тамақты шекте; Мезгіл-мезгіл босаңсуды ұмытпа; Əр күні аздап болса да көңіліңді көтер; Біреулерге ғашық бола жүр; Өнеріңді көрсетуден ұялма; Сыртымнан қандай көрініп тұр екенмін деп уайымдама; Күтпеген жағдайларға əзір жүр; Шын жақсы көретін адамың болсын; Достарыңмен ой бөліс; Баспалдақ көрсең қобалжыма, бірақ əрқашан дайын бол; Барлығы оңынан келетініне сен; Уақыт-сəтті пайдалана біл; Сүйікті істеріңмен көбірек айналыс; Жексенбіде демал; Күніне тым болмаса бір рет көзіңді жұмып, күлімсіре!!! Адам не үшін өмір сүреді? Бұл сұрақтың, өмірдің əр кезеңдеріне сəйкес жауаптары болады. Оған дəлел, өмірде қарап тұрсақ, жас жігіт пен қария кісінің өмірге деген көзқарастары əртүрлі екенін білеміз. Адамның өмір сүруі оның мақсат-міндеттерімен тығыз байланысты сияқты. Мақсат ол – адамзат баласының əрқайсысында болатын, өмір атты қиын да, күрделі жолда тек қана алдыға тартатын жетекші фактор. Сірə, бұл əлемде мақсатсыз, өзіндік ой-толғамсыз адам жоқ шығар. Адам баласының басқа да тіршілік иелерінен айырмашылығы осы керемет қасиеті болар. Біздің болашағымыз яғни ертеңгі күніміз толықтай өзіміздің қолымызда. Өзінің таңдаған өмірлік мақсатының айқын екеніне жəне сол мақсатының орындалатынына іштей сенімді адам ғана өзінің қалауы бойынша өмір сүре алады. Бұл нағыз бақытты өмірдің кілті. Адам өз бойын ұдайы бақылап, ұқыптап тексеріп отырғаны жөн, осылай ету бүкіл ұлтқа да керек. Озық ойлы азаматтар өз халқының сипатын, мінезін, тəрбиесін, көзқарасын, мəдениетін зерделеп, егер де жаңадан еніп келе жатқан жарамсыз мінез-құлық байқалса, оны болдырмаудың шараларын көрсетіп, қоғамдық пікір қалыптастырып, елді дұрыс жолға бағыттап отыруға тиіс. Өзіңді-өзің ұдайы тəрбиелеп, жетілдіру деген кейде өз табиғатыңа жат нəрсені жасауға өзіңді-өзің зорлау да болып шығады, олай ету үшін төзім керек. Өзіңді өзің тану деген – өзіңді қоғамдық, əдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тəн негізгі қасиеттер төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Өзіңді білу, бұл – өз тарихыңды, дəстүріңді, ата-бабаларыңның игі жақсылығын біліп, үйрену. Жұлдызай Сағынова. Дəл бүгіннен бастап... 1. Дəл бүгіннен бастап мен Авраам Линкольннің «Адамдардың көпшілігі қанша бақытты болғысы келсе, сонша бақытты» деген сөзін

басшылыққа аламын. Бақыт дегеніміз – айналамыздағы қалыптасқан жағдайдың нəтижесі. 2. Дəл бүгіннен бастап мен өзімнің ойымдағы емес, мені қоршаған өмірге бейімделе бастаймын. Мен өзімнің отбасымды, жұмысымды, айналамда болып жатқан жағдайларды дəл сол күйінде қабылдаймын жəне оған етене араласуға тырысамын. 3. Дəл бүгіннен бастап мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Мен дене шынықтыру жаттығуларын жасап, өз үсті-басыма күтім жасаймын. Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын. 4. Дəл бүгіннен бастап мен өзімнің ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтыратын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын. 5. Дəл бүгіннен бастап мен өз-өзімді тануды жəне жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін мен үш нəрсе жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын. 6. Дəл бүгіннен бастап барлық адамға достық ниетпен қараймын. Жақсы жағымнан көрінуге тырысамын. Мүмкіндігінше өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесем, ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын. 7. Дəл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі барлық проблемаларды бірден шешуім мүмкін еместігін есіме сақтаймын. 8. Дəл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, əрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дəл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым да мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман əдеттен – асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді. 9. Дəл бүгіннен бастап мен жарты сағат жалғыздықта, тыныш жерде отырып тынығамын, ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын. 10. Дəл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, əдемілікке сүйсінуден, сүюден, сүйікті болудан қорықпаймын. Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретіндігіне сенетін боламын. Мен Жаратқаннан ақыл-парасат сұрадым, ол одан да күшті болуым үшін қиындықтар берді. Мен Жаратқаннан жақсы жағдай сұрадым, ол маған жұмыс істеуім үшін азап берді. Мен одан батырлық сұрадым, ол маған соны жеңуім үшін қауіп-қатер берді. Мен одан сүйіспеншілік сұрадым, оларға көмектесу үшін ол маған үйсіз-күйсіз, ата-анасы жоқ балалар берді. Сөйтіп маған Жаратқан өзімнің ойымдағыны емес, өзіме қажеттіні берді. Саи Баба Білім Панчатантрадан: Білім тeк іс арқылы əйгілeнeді. «Білім – ағаш, іс – жeміс» дeгeн сөз бар. Білім иeсі oны пайдалану үшін іскe жұмсайды, ал eгeр білгeнін іскe асыра алмаса, oнда білімді адам бoлып саналмайды. Панчатантрадан: Білімді адам алдымeн білімін өз пайдасына жұмсасын. Білім тапқандағы oның мақсаты басқаға көмeктeсу үшін ғана eмeс қoй. Oлай eтсe өзі бір бұлақ сeкілді бoлар eді, өйткeні oның суын eл ішeді дe, өзінe oдан тиeр пайда жoқ. Білімді іздeгeн кісі өз басының қамын да ұмытпауға тиісті, oдан кeйін ғана білімін басқаларға үйрeтугe бoлады. Панчатантрадан: Oқымыстылық ақылды адамның мастануын азайтады да, ақылсыздың мастануын арттыра түсeді. Кім білімі болып тұрып, ештеңе білмейтіндей түр білдірсе, ол – барлығынан жоғары. Кімнің білімі болмай, білетін түр көрсетсе, ол – ауру. Лао-цзы Білетініңді білім деп ұқ, білмейтініңді білім деме. Білім дегеніміздің өзі осы. Конфуций Əр ауылда мені адалдығымен орап өтетін кісі табылады, бірақ білімге ұмтылудан олар маған жете алмас. Конфуций Үндеместен есте сақтасам, талмастан оқысам, шаршамастан үйретсем – осы үшеуінің қайсысы менде бар. Конфуций Ғалым кісі табанды əрі тиянақты болмаса болмайды, өйткені оның өзіне артқан жүгі ауыр жəне жүрер жолы ұзақ. Оның жүгі – адамгершілік, ол ауыр болмай қалай болсын. Ол өз жолын өлгенде ғана аяқтайды – бұдан ұзақ жол бар ма?! Конфуций

Алдыма бір табақ ет əкеліп қойса да, қолымдағы кітабымды тастамаймын. Конфуций Ештеңе оқып, үйренбей-ақ іс тындыруға болады дейтіндер бар. Мен ондай емеспін. Көп тыңдап, қалағанымды, көңіліме қонғанын таңдап аламын. Көп байқап, қалағанымды, жаным ұнатқанды ойыма сақтаймын. Білімге жету дегеннің өзін осылай түсінемін. Конфуций Үш жыл жалақы жөнінде ойланбай оқып-үйренуге талаптанған адамды табу оңай емес. Конфуций Білетін адам күмəнданбайды, адамгершілігі бар адам мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды. Конфуций Бірге дəріс алған адамның бəрі бірге жол жүруге жарай бермейді, бірге жол жүрген кісіңнің өзімен жеме-жемге келгенде ойың бір жерден шыға бермейді, ондай кісінің өзімен кей жағдайларда бірге қимылдай алмайсың. Конфуций Білімдар адам деп насихат бере алатын жəне тілектес бола алатын кісіні айтады. Ол досына насихат беріп, туысына тілектес бола алады. Конфуций Жеті жыл оқу оқытқан кісіні дауға жіберуге болады. Конфуций Білімді кісі тоқ жəне жайлы өмір көксемейді. Конфуций Көне заманда өзін жетілдіру үшін оқушы еді, бүгінде біреуге ұнау үшін оқиды. Конфуций Көп күндер мен түндерде тамақ ішпей жəне ұйықтамай ойланып едім, сөйтсем, пайдалысы – оқу екен. Конфуций Оқуды сүйетін адам деп өзінің жетілмегендігін күніге ұғатын, үйренген нəрсесін айына бір рет есіне түсіріп тұратын кісіні айтады. Конфуций Оқымыстылық, ұмтылыстың табандылығы, ізденгіштік, барлық жақындар үшін қамқорлық. Адамгершіліктің өзі осы. Конфуций Қызметіңнен бос кезде оқы, оқудан бос кезіңде қызметіңді жаса. Конфуций Оқымысты кісі деп мінезінде ұялу бар, өзге елге барғанда өз елінің абыройына қызмет етуге жарайтын, ата-анасына, үлкендерге құрметпен қарайтын, сөзі шыншыл, əрекеті батыл адамды айтамыз. Конфуций Ілімді – күмəнсіз, Ізгі – уайымсыз. Қаһарман – қорқынышсыз болар. Конфуций Ескіні ұмытпай, жаңаны игерген адамды ұстаз десе болады. Конфуций Білімі мол кісі емес, білімі пайдалы кісі ақылды. Эсхил Бір ғана игілік бар, ол – білім, бір ғана жамандық бар, ол – надандық. Сократ Иə, мен олардан ақылдырақпын, өйткені өзімнің ештеңе білмейтінімді білемін, ал олар білмесе де бəрін білеміз деп ойлайды. Сократ Үндемейтіндер білімсіз болса, онда ақылдының ісін істегені, егер оқымысты болса, онда ақымақтық жасағаны. Феофраст Білімдінің тілі мүдірмейді. Менандр

Жетілу дегеніміз – алған біліміңді пайдалана білу. Эпикур Білім – мəңгілік, ол – Құдайға да жақын. Плутарх Кітап оқу – жасқа білім қосады, кəрілікті шаттандырады, бақытты əрлейді, бақытсыздықта басу айтады, үйде қуантады, түзде зиянсыз. Цицерон Табиғатты зерттеу мен бақылау ғылымды туғызды. Цицерон Əділдіктен аулақ білім ақыл емес, айла қосады. Цицерон Тамақты көп жеген кісінің денсаулығы қажет мөлшерде ғана жейтін кісімен салыстырғанда жақсырақ болып кетпейді, көп оқу да сол секілді: көп оқыған емес, сол оқуын пайдаға асыра білетін адам ғалым болады. Аристипп Кім білімділікте ілгері жылжып, адамгершілікте сол орынында қалып қойса, онда оның ілгері жылжымағаны. Аристотель Білімді мен білімсіздің арасы өлі мен тірінің арасы секілді. Аристотель Ақыл тек білімде ғана емес, сол білімді іске пайдалана білуде. Аристотель Балалар берген тəрбиесі үшін қарыздар болатын ұстаздар, балалар өздерін дүниеге əкелгені үшін алдында қарыздар болатын ата-анадан құрметтірек: біреуі балаларға өмір сыйласа, екіншілері оларға мағыналы өмір сыйлайды. Аристотель Ғылымның тамыры ащы, жемісі тəтті. Аристотель Кітаптың мұқабасына емес, мазмұнына қара. Лукиан Білім адамның ішінде пайда болмайтынын ұмытпа, ол үшін адам көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, оны қорғап қалуы керек. Эпиктет Білімсіздік – қиындықтан құтылудың ең жаман құралы. Сенека Өзім үшін алған білімім, қанша ізгілікті болса да, мені ешқандай қанағаттандырмайды. Сенека Ғылымға құмарлық – өзгенің есебінен ақыл алу. Оқысам, біріншіден – өзіме өзім риза бола түсуден арыламын, екіншіден, біреудің білгенін біліп болған соң, оны жетілдіруді ойлаймын. Оқу ақылға азық береді. Тек жазумен немесе тек оқумен ғана айналысуға болмайды, оларды кезектестіріп отыру керек. Сонда біз оқығанымызды елеулі бір нəрсеге айналдырамыз. Осылай біз гүлге қонып бал шырынын жинап, оны алып келіп бір қауызға құйып балға айналдыратын бал арасына ұқсаймыз. Сенека Посидонийдің «Білімдар адамның бір күні тоғышардың ұзақ ғасырынан да ұзақ» дегені бар. Бақытсыздықта уайымға түсіп кетпе, сəттілікке сенбе, фортунаның алдамшылығын ойла – ол бірде оңынан, бірде терісінен келеді. Ұзақтан бері күтіп жүргеніміз бола қалғаны оңайырақ. Сенека Құран карим. «Зү мəр» сүресі, 9-аят: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?». Хадис: Тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеңдер. Хадис: Бір сағат ілім үйрену бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дəріс алу – үш ай ораза тұтқаннан жақсы.

Хадис: Білім өмірде – таяныш, жолда – дос, жалғыздықта – жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла. Кабуснамадан: Білімді үйрену үшін еңбекқұмар болып, бойыңды жалқаулыққа үйретпеуің қажет. Жалқаулық, іс жақпастық, денеңнің бұзылып, кеселденуіне себепкер болады. Өз билігіңе көнбейтін дертті денеңмен жоғары мəртебелі бола алмайсың. Кабуснамадан: Барлық ілімді жігіттік шағыңда оқып білгін. Өсиет, ақылды ойыңда сақта, ал қартайған соң ақыл, өсиет, үгіт-насихатты тыңдаудың қажеті аз. Білім – кілті күллі түрлі қақпаның, Білім үйрен, білген құлды қақпағын. Білім үйрен, керексізден жирен де, Білгеніңді қорлама ұсақ күйбеңге! Жүсіп Баласағұн Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті, Қонса екеуі, ұлы етер жігітті. Жүсіп Баласағұн Ақыл болса, пайдасын ер көп көрер, Білім білсе, əзіз тірлік өткерер! Жүсіп Баласағұн О, Жаратқан! Мені өзің берген білімім үшін кеше гөр! Омар Хайям Ұлысыңда ұлы болсаң, біліміңді елге бер. Махмұт Қашқари Ұлым, ақыл тыңдасаң, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар. Махмұт Қашқари Кітаптардан көп нəрсені білген адам – ғалым, өз уақытында ең көп тараған білім мен əдістердің бəрін үйренген адам – білімді, өз өмірінің мағынасын түсінген адам – ізгі. Лев Толстой Еске сақтаумен емес, өз ойыңның күшімен қол жеткізген білім ғана нағыз білім. Лев Толстой Жердің дөңгелек екенін білгеннен, осыған қалай жеткенін білген маңыздырақ. Лев Толстой Білмеуден қорықпа, жалған білімнен сақтан. Дүниедегі бар жамандық осыдан басталады. Лев Толстой Даналық білмеуден қорықпайды, күдіктенуден, еңбектен, зерттеуден қорықпайды, ол бір ғана нəрседен – білмейтінін білем деуден ғана қорқады. Лев Толстой Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болу қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Абай Егер көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі, асырап алған шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе, білімғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Абай Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас. Əуел – білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат пайда болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Үшінші – əр хақиқатқа тырысып иждаһатыңмен көзіңді жеткізсең, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің? Төртінші – білім-ғылымды көбейтуге екі қаруы бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза (сақтау) екінші мұхафаза (қорғау). Бесінші – ақыл кеселі деген төрт нəрседен қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нəрсе бар, соған бек сақ бол, əсіресе! Одан соң ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нəрсеге құмарлық. Əуел құданың, екінші – халықтың, үшінші – дəулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар жерде бұлар болмайды. Алтыншы – ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын! Абай Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады. Абай Қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат болмаған ел ешуақытта да азаттық ала алмайды. Сондықтан отаршылдықтың халыққа қарсы қолданатын ең үлкен қаруы – қараңғылық пен сол қараңғылық кіндігін кескен надандық деп біліңіз. Шен мен шекпен қуған білімді бола ма? Ондай жан өзінен басқа өзгенің де қамын жей ала ма? Өзгеге нұры түспейтін, шапағаты тимейтін білімнің керегі бар ма? Абай VІІ ғасырда өмір сүрген Əзірет Əлінің (Əбу Əли ибн Əбу Талиб) ілім-нің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бəрі Əзірет Əліге бір сұрақ: «Білім артық па, байлық артық па?», – деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Əзірет Əлі сұрақтарға былай деген екен: 1. Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардан қалған мирас, байлық бақылдардан қалған мұра. 2. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық. 3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді. 4. Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды, білім артық болатыны осыдан. 5. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде қорғау керек. 6. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қызғанады, білімнің артық болатыны сол. 7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүние-мал бүлінеді, сондықтан да білім артық. 9. Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін. 10. Білімді адам орнымен сөйлейді, мəдениеті артады, байлығы мол, бірақ білімсіз адам байлығына мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық,– деген екен. Басқалардың білімінен көбірек пайдалана отырып, өз білімін арттыра түскен адамдар басқалардан білімді болады. Лұқман хакім Егер адамның білімі оның ақылынан артық болса, ол өз ақылынан қайғы шегуі мүмкін. Ибн Абдал-Барр Уайымсыз өтсем десеңіз, Ғылым қамын жесеңіз. Əлішер Науаи Түсінгендіктің шын белгісі – «иə» деген жауап емес, шəкірт жүзіндегі қуаныш табы болып табылады. Абу-аль-Фарадж Білім алу жолында табандылықтан артық іс жоқ. Себебі ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады. Нури-аль-Малики Меніңше, дүниеде надандардың білімді жек көруінен өткен жек көру жоқ. Галилей

Білім – екі жүзді семсер, ол өзін ұстап тұрған қол əлсіз болса, қожайынын жаралауы мүмкін. Мишель Монтень Ұрпағым білге* болса деп едім. Олжабай батыр Біз қанша білсек, сонша нəрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім – күш. Френсис Бэкон Біздің білетініміз – білмейтініміздің ұшқыны ғана. Ральф Эмерсон Қапы өткізбе өмірдің бір сағатын, Өкініші қалмайды, кетсе ағатың. Күні-түні дей көрме, ғылым ізде, Қалсын десең артыңда адам атың. Шəкəрім Көп білгенге көп надан болады қас, Маужуд пенен мансұқты ол айырмас. Бəйтерек те күндейді көлеңкесін, Байқап тұрсаң осы жұрт соған ұқсас. Шəкəрім Ғылым тап жас күніңде буын қатпай, Басында байқамассың дəмін татпай. Менің көрген жайымды сендер білсең, Ғылым үшін жүрер ең тыным таппай. Шəкəрім Тірліктің түрін көрдім, Көңілдің сүйгенін бердім. Жеміс деп, білмей у тердім, Бола алмай шын ғылымға бай. Шəкəрім * Білге – білімді, оқымысты Бүтін ұлт я дүниедегі бүтін жұрт үшін һəм көпке қаларлық іс үшін, дүнияда күн көріп, тіршілік етудің ауырын жеңілдету үшін, жеңілін рахатқа айналдыру үшін білім жарысына түс. Шəкəрім Қай білімді білсеңіз де, Қазір оны елге жай. Құр ішіңде кеткенінше, Пайдалансын өзгелер. Шəкəрім Ғылым бір кенің ғой, Ауырсаң емің ғой. Бəріңе жетеді, Таусылмас көлің ғой. Шəкəрім Бар ғылымның түп атасы – Таза ақыл мен ойлану. Шəкəрім Ғылым көзі – іздену, ағартушылық. Ғылым – бүкіл елді сусындата алар шалқар көл, халықты байлыққа, бақытқа бөлер таусылмас кен, рухани дерттің бəрін аластайтын, елге қуат, күш беретін дəру. Білім алуды ғылыммен ұштастыра игерсе, қазақ та тарих көшінде өзгелермен тең дəрежеде болашаққа бет алмақ, басқалармен басы теңеспек, бəсекелес бола алмақ. Шəкəрім Шын залымға берме ғылым, ол алар да жоқ қылар. Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғылымды айла етер. Шəкəрім Алдыңғының соқпағын артқы түзер, Ғылым деген нəрсе емес күдер үзер. Мінін алып, мінсізге мінез қосып, Бұрынғыны жаңартып жастар түзер. Өңдіге тағы өң беріп қырған қандай, Түзетілмей, шаң басып тұрған қандай. Түзетем деп қиратып, күншілдікпен

Дұрыс істі теріске бұрған қандай. Осыны ұқсаң, ұғарсың көп сөзімді, Алдасам алмай-ақ қой еп сөзімді. Əнге салып алаңдап, ұқпай жүрме, Əншейін бір өлең ғой, деп сөзімді. Шəкəрім Мен Ұлы Мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым... Ал ол Мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде ол секілді тастар қаншама. Исаак Ньютон Бар қайғыдан құтқарар жалғыз дəру – ақыл мен жанның қызметін арттыру, бұған білім алудың шеңберін кеңейту арқылы қол жеткізіледі. Виктор Гюго Бұл дүние басқа бір əлемге өткел екені күмəнсіз. Өткел үсті – кісіге сын, онда шын мəнінде бақытты адам жоқ. Адамдар зиялы жəне қараңғы болып екіге бөлінеді. Мақсат қараңғылардың санын азайту. Біздің ғылым үйрету деп аспандайтынымыз да сол. Виктор Гюго Білімсіздік – бұл ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат; ең бастысы ақыл-ойды ағартуды ойласаңыздар екен. Виктор Гюго

Білу үшін – оқу, ақша үшін – кəсіп, күшті болу үшін – бірлік керек. Ахмет Байтұрсынов Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Ахмет Байтұрсынов Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нəрсе – білім. Мұхтар Əуезов Білім көңілге күдік туғызады, ал күдік тағы да жетігірек білуге жетелейді, демек, білім қосыла береді. Білім – адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, кейде адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегеді. Тоғышарлық болса ештеңеге күдіктенбеуімен, ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен, солай бола тұра, бəрін білемін деуімен мықты болғысы келеді. Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді. Бальзак Нағыз бақ еңбектіге бітеді, өмір үйретіп данышпан етеді. Ақылым – атам, білімім – бабам. Киікбай би Нашар ұстаз – шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді. Адольф Дистерберг Білім алу бір жарқын дүние емес пе, оған ұмытылған осы күнгі қызық дəуірдегі жастарға мол мүмкіндік бар. Тұтас халықты былай қойғанда, жеке адамда да өмірбаян болады. Өмірбаянды санадан өшіріп тастаса, таным жолын нəресте сияқты сүрініп-жығылып қайта бастауға тура келеді. Өткен өмірдің ащы-тұщы сабақтарына табан тіреу – халықтың сенімін орнықтырып, тарихи оптимизмін оятады. Əлкей Марғұлан Терең білім болмаған жерде сəуегейлік орын алады, ал он жорамалдың тоғызы – қате. Максим Горький Білімдар адамның жанында наданның бір артықшылығы бар: ол əрқашан өзіне разы. Наполеон Білім күмəндануды туғызады, ал күмəндану – жаңа білімді, демек, жаңа шүбəлануды тудырады. Білім ақылды тыншытпайды, ақиқатқа апарар жолды іздетіп, маза бермейді. Надандықтың көп кездесетін себебі, онда күдіктену болмайды, ол ештеңе білмесе де бəрін білемін деп есептейді. Білімде – көзі жетушілік, надандықта – қыңырлық бар. Дюма-ұл Надандықтың үш түрі бар: ештеңені білмеу, білгенді бұрыс түсіну жəне білу керекті білмеу. Дюкло

Даниядағы қалалық ратушадағы сөз: Ешкім де біздің бəріміз бірге білетіндей көп білмейді. Білу дегеніңіз жеңіске жету деген сөз. А.Н. Несмеянов Надандық – дүниедегі озық ғылым, оған еңбексіз-ақ қол жеткізуге болады жəне жанды да қайғыға батырмайды. Бруно Надандық – құлдық, білімділік – еркіндік. Беранже Надандық адамды өмірге немқұрайды етеді, ал немқұрайдылық баяу өседі, бірақ тоқтамайды. Константин Паустовский Адамзатта тек бір ғана жамандық бар, бұл – надандық, бұған қарсы тек бір ғана шипа бар, бұл – ғылым. Д.И. Писарев Білім алу надандыққа қарсы егілген дəрі. Ян Амос Коменский Кім басқаларды оқытса, сол қайталау арқылы өз білімін толықтыратындықтан жəне тақырыпқа терең бойлауға мүмкіндік алатындықтан, өзін-өзі үйретеді. Ян Амос Коменский Сұраған ұят емес, білмеген ұят. Мұзафар Əлімбаев Білмеген мін емес, білместікке көнген мін. Шерхан Мұртаза Өзін білім шыңына көтерілдім деп сенген кісі, оның төменгі сатыларында болғаны. Эндрю Карнеги Мен бұл өмірден кетемін. Ол – заңды. Кетпей ешкім қалмайды. Өледі екем деп қорықпау керек, оны заңды құбылыс деп қарау керек. Бірақ мен өлілердің ішінде кетпеймін, тірілердің бірі боламын. Менің кітаптарым кейбіреулердің баспаған жеріне барады. Б.Момышұлы Білмейтінің туралы пікір қозғау əбестік, ал сол білмейтініңді өз талғам-түсінігіңмен бағалау сорақылық болып шығады. Ақселеу Сейдімбек Кітап оқымасаң бір бəле, оқысаң да бір бəле. Оқымасаң – сауатсызсың, оқысаң – сауатың кем екенін білесің. Жеңіс Кəкенұлы, суретші Көргенім – ғылым жолының шынайы шексіздігі, түйгенім – ғылым жолында талмай ізденген адамның ғана мұратқа жететіндігі. Жұмаділ Байғұншеков, техника ғылымдарының докторы Үнді нақылы: «Мен сізге жəне сіздің іліміңізге түпкілікті сену үшін, маған бір ғажайып көрсетіңізші». Ұстаз қапалана күлімсіреп, бір ғажайыпты көрсетеді. Сонда əлгі адам жалынғандағыдай қызулықпен оның аяғына жығылады: «Мен енді сізбен бірге боламын». Бірақ Ұстаз оған есікті көрсетеді: «Ал енді сен маған керек емессің». Білім адамның ішінен шығатын нəрсе емес, сырттан келетін нəрсе. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең. Өзен қайтсе үлкейеді? Өзіне келіп құйған бұлақтардың бəрін қабылдай берсе. Білімділік те солай, құр оқып қана қоймай, бойыңа сіңіре білсең ғана, білімдар боласың. Қараңғылық – бар бəленің бастауы, тасырлық* та, тоғышарлық та содан, қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. Білу дегеніміз жеңу. Ғылым, білім – тоғышарлыққа ем. Адам білім алуды ұдайы жасауы тиіс, əйтпеген күнде оның наданға айналуы оп-оңай. * Тасырлық – дөрекілік, мінезсіздік.

Өз қанатың болмаса өзгенің қанатымен ұша алмайсың. Қазақты үшке бөлуге болады: Абайды оқығандар, Абайды оқысам деп жүргендер жəне Абайды оқу керектігі ойына кіріп те шықпайтындар. Іздеген сирек болса да табады, іздемеген ешуақытта таппайды. Ең жоғарғылар – туғаннан біліп туғандар, келесісі – оқып барып, танып-білгендер, одан кейінгісі – тал қармағанда ғана оқитындар, одан төменгі адамдар оқу керектігі ойына кіріп те шықпайтындар. Оқу-біліммен қырланған ақыл, қырландырып, тəртіпке келтірілген гауһар тасқа ұқсайды. Гауһар үлкен болып, қыры көп болған сайын бағалы. Құр оқи бермей, əлсін-əлсін ойды қозғап қою керек, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. Көп білген сайын адам білім-танымға тойымсыз келеді. Адам аз білген сайын өзіне-өзі риза болады, тоқкөңіл келеді. Білім талпынсаң қонады. «Ит маржанды не қылсын», – деп ұлы Абай айтқандай, маржанды қажетсінген адам, оны іздеп тереңге бойлай білген адам табады. Ал тереңге бойлау үшін талап керек. Білімі ақылынан көбірек адам, білімінен таяқ жейді. Құжатта ғана бар жоғары білімнен орташа пайым артық. Бір замандарда биліктегілер халықты ағартуға ұмтылмаған, оларды тоғышар етіп ұстаған. Халықта білім көп болса, оларды басқару қиын. Оқыған, естіген жақсы ой, пайдалы əңгімелерді тарата жүрген жөн, менен басқа ешкім білмесін деу орынсыз. Ағаш саған өзінің саясын, жемісі мен гүлдерін беріп тұрса, мен ғана пайдаланамын деп түбімен көтеріп əкетсең – солады. Болашақ – білімде. Жақын жылдары адам баласы кедей мен бай болып емес, білімді мен білімсіз болып бөлінеді. Петр Бірінші 1714 жылы білім негіздерінен сусындап алмаған дворяндарға үйленуге тыйым салған жарлық шығарған. Егер білімге ұмтылу, бəрін білсем деу – өзгеден артық болсам, асып түссем деу үшін ғана керек болса, онда ол бекершілік. Білім оқумен ғана емес, зеректікпен де келеді. Бағзы замандағы ақындарымыз бен шешендеріміз соның дəлелі. Олардың көбінің білімсауатынан гөрі зеректігі, қисыны мен ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті жоғары болған. Мың алтын тұратын білім Сократтың шəкірті болған философ Аристиппостың қасына бір кісі баласын ертіп келіпті. Философтың бала тəрбиесімен айналысатынын біліп, оған білгендерін үйретуді сұрайды. «Əрине, – дейді философ. – Бірақ, баланы шəкірттікке алғаным үшін 1000 алтын сұраймын!». Баланың əкесі шошып: «Немене?! Мың алтын ба?! Мың алтынға бір құл сатып алар едім!», – депті. Аристиппос оған: «Иə, мың алтынға бір құл сатып алсаң болады. Бірақ ол кезде үйіңде бір емес, екі құлың болмайды ма?», – деп жауап берген екен. Сорбонна университетінің маңдайындағы жазу: Құдайдың бермегенін Сорбонна бере алмайды. Ақыл Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кəсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық болсын. Саққұлақ би, Бөгенбай батырдың шөбересі Панчатантрадан: Ақылды адам əділдігінe, сөзінің растығына қанша сeнсe дe, oл өзінің ақылына, күш-қуатына сeніп, кeк тудыратын, өшпeнділіккe ұшырататын жағдайға бармайды, өйткeні удың бeтін қайыратын дəрісі бoла тұрып, сoған сeніп, eсті жан уды ішпeйді eмeс пe? Адамгeршілік тe ізгі ниeтті жандардың ғана eншісінe тиeді. Ізгі адамның сипап айтқан сөздeрі аса маңызды көрінбeсe дe, түпкі мағынасы іс барысында көрінeді, істің нəтижeсі аяғында білінeді. Кімдe-кім oйлы дoстарымeн ақылдаспаса, бoлашақ ісін əлдeнeшe рeт зeрттeп, oйы-қырын сараламаса, oндай жанның кeмшілігі сeзілмeй қалмайды.

Панчатантрадан: Ақылдылар іскe шeбeр, сөзгe сараң бoлады. Oл бір іскe бeл байламай тұрып, oның бoлашағын шoлады. Сүрініп кeтіп жeргe жығылып түскeн адам таянып қайта тұрады ғoй, сoндай-ақ oл өзі істeгeн қатeсін, бар жігeрін жұмсап, өзі түзeугe тырысады. Панчатантрадан: Ақылды адам тeк асықпай, байсалды oйлаумeн өкінудeн сақтанады. Алды-артын аңдап қимылдау патшалар үшін дe кeрeк. Əйeл – күйeуінe сүйeнeді, бала – ата-анасына, шəкірт – ұстазына, патша – əскeрінe, əскeр – көсeмінe, сoпы – дінінe, халық – патшасына, патша – қайырымдылығына, қайырымдылық – ақылға сиынады. Ал ақыл тыңғылықты байыпқа тиянақтайды. Патшаның ақыл-парасатының шырқау шыңы – өзінің дoстарын жіті тануында, білім дəрeжeсінe сай eтіп, əрқайсысын өз oрнына oтырғызуында, сoнсoң oлардың өзара қарым-қатынасына қырағылықпeн бақылап oтыруында. Панчатантрадан: Алды-артын болжай білетін саналы адамның өзінен дəрежесі жоғары кісімен де, төмен кісімен де кеңескені жөн. Бір кісінің ақылы жеке мəселені шешуге де жеткіліксіз, ендеше жалпыға ортақ мəселені шешуге келгенде оның тіпті де пайдасы тимейді. Панчатантрадан: Тəңірі берген сыйдың ішіндегі ең құндысы – ақыл, өмірдегі барлық нəрсеге қолы жететін күш осы, ол болмаса ешкім де күнделікті өмірді тəртіппен игере алмайды. Ақыл бар игіліктің негізі, əрбір талаптың кілті, ешкімнің онсыз күні жоқ. Ол тəжірибе мен білім арқылы келеді, тастың бойындағы от тəрізді, ол – адамның жасырын табиғаты. Егер тас соғылмаса, оның оты жасырулы жата береді, ал соғылған сəтте тұтанып, жалын шашады. Сол секілді, ақыл да адамның бойында байқаусыз жатады, көрінбейді, бетін ашпайды. Парасатты ақыл мен оқымыстылықтан артық еш нəрсе жоқ. Кімге Тəңірі ақыл берсе, оны білімге ынталандырса, өзі талаптанып соларды жетілдірсе, табыс кілті сонда. Панчатантрадан: Зиянды нəрсeдeн қашу адам түгілі, жабайы аңдарға да тəн қасиeт. Хайуандардың да ақылдысы қауіпті суатқа өз үйірін айдап апармайды, oл алдымeн oны сақтықпeн кeшіп байқайды, қауіпті бoлса жуымайды. Панчатантрадан: Ақыл мeн ұяттың бірeуі жoғалса, eкіншісі дe табылмайды. Бұлар қиыспас eкі дoс тəрізді: бір-бірінeн ажырай қалса, өмір бoйы сағынысумeн өтeді. Кімдe-кім ғалымдар мeн даналарды қадірлeмeсe, oларды мoйындап құрмeттeмeсe, oндай жандарды ақылсыздар қатарына қoсыңыз. Панчатантрадан: Адамның ақылы сeгіз түрлі қасиeтімeн əйгілeнeді. Біріншісі – биязы, əрі əдeпті бoлу. Eкіншісі – өз жүрeгін жeтe танып, oның бағасын білу. Үшіншісі – патшаға бағына тұрып, oны кeрeк жeріндe ақылына мoйынсұндыру. Төртіншісі – сырға бeріктік. Бeсіншісі – əрі əдeпті, əрі байыпты, сыпайы бoлу. Алтыншысы – өз сырын да, өзгeнің сырын да сақтай білу. Жeтіншісі – ауызға иe бoлу, oй тeзінeн* өткізбeй сөйлeмeу. Сeгізіншісі – тoптың алдында өзінeн арнап сұрағанда ғана жауап бeру, өзінің анық білeтін заты жөніндe ғана сөйлeу, арты өкінішкe апарар əңгімeдeн аулақ бoлу. Oсы қасиeттeрдің бəрі бір адамның басында бoлса, тілeгeн игілігінe жeтeді, жаны рақатта бoлады, бəлe-жала oдан аулақ қoнады. Панчатантрадан: Ақылдыны жалғыздық азаптамайды, ақ пeйілді ізгі адамнан eшкім дe сырт айналмайды. Панчатантрадан: Ақылды адам өзінің құштарлығына күмəнмeн қарасын, əркімнің сөзін қабылдай бeрмeсін, шeшілуі қиын жағдайға кeзіккeндe ақиқат айқындалып, шындық ашылғанша мүлт кeтпeсін, қатeлeссe, oнысын қoрғап қасарысып қалмасын. Ақылды адамның əрeкeті саналы бoлсын, өзі нeні қаласа, басқаларға да сoны тілeсін, өз басының пайдасы үшін бірeугe зиян шeктірмeсін. Панчатантрадан: Ақылды да қажырлы адамның дəрежесі белгісіз, тағдырын көлеңке басқан көмескі болады. Соңынан əлгі қажыры мен ақылы бұған ырық бермей қыстығып сыртқа тебеді, əйгіленіп көрінеді, сол кезде өшіруге көнбей өршеленіп жанған оттың жалынындай көзге шалынады. Панчатантрадан: Ақылды адам қoл жeткізгeн мансаптың да, құрмeттің дe зияны жoқ. Қаншалық қатты жeл тұрғанымeн тауға əсeрі тимeйді ғoй, ал аз ғана * Тез – сараптау, сынау.

жeл тұрса тeңсeліп кeтeтін сeлeу тəрізді, ақылсыз бoлмашы дəрeжeгe дандайсып сала бeрeді. Шектеулі «мен» ақылдылыққа тəн. Лао-цзы Ақылды кісіні көрсең, соған ұқсауға ұмтыл. Ақылсыз адамды көрсең, өзіңді онымен іштей салыстырып көр де, ойлан. Конфуций Ақылды азамат сөзге сараң, іске жомарт келеді. Конфуций Табиғатынан тəрбиелілігі басым болса – жай адам. Тəрбиелілігі табиғатынан басым болса – ғалым адам. Табиғаты тəрбиесімен тең түсіп тұрса, нағыз ақылды азамат сол. Конфуций Адам өзі жүріп келе жатқан жолын ұлы ете алады, ал жол адамды ұлы ете алмайды. Конфуций Өмір бойы ұстанатын бір сөз – өзіңе тілемегенді өзгеге де тілеме. Конфуций Биік ақыл мен ең үлкен топастық қана ешуақытта өзгермейді. Конфуций Мен өзгенің ақылымен өмір сүретіндерді, бағынбауды батылдық, сөз тасуды туралық деп түсінетіндерді жек көремін. Конфуций Ұлы адам – туғаннан біліп туады, келесісі – оқып біледі, одан кейінгісі – керек кезде оқиды, ең соңғысы керек кезде де оқымайды. Конфуций Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді-өзің зертте. Конфуций Қайғысыз адамды – сүйе білуге, адаспай – білімдар болуға, қорықпай – батырлыққа жетуге болмайды. Конфуций Ақылды сөз айтқандардың бəрін ақылды деу, қолында балтасы бардың бəрін ұста деумен бірдей. Эпиктет Тоғышарлық ақылдың түні, айсыз жəне жұлдызсыз түн. Цицерон Екі нəрседе шек болмайды. Ақылда шек жоқ, содан кейін – надандықта шек жоқ. Платон Көп білу де ақыл қоса бермейді. Гераклит Білім ақылды алмастыра алмайды. Пифагор Ақылды сөздер ақылды жүрекке тоқтаусыз жетеді. Эсхил Ақылдылықтың үш ерекшелігі бар: жақсы шешім шығару, соны жақсы жеткізу жəне орындау. Демокрит Жауларын жеңе білген адам да, өзінің нəпсісін жеңе білген адам да ақылды. Демокрит Катон өзіне мүсін қоюға тыйым жасап тұрып былай депті: «Мынау кімнің мүсіні деп сұрағаннан, менің мүсінімнің неге жоқ екенін сұрағанын қалар едім». Плутарх Ақылды болу – аяғыңның астындағы көру емес, болашақты болжай білу. Теренций

Ақыл-ой көп жерде сəттілік аз, сəттілік басым жерде ақыл-ой кем. Аристотель Ақыл тек білімде ғана емес, сол білімді іске пайдалана білуде. Аристотель Менмендіктің орнын ақылға толтыр. Эпикур Ақылды адам өзгелердің кемшіліктерін көріп өз кемшіліктерінен арылады. Сир Публилий Ақылманның тамақ табуы жеңіл. Өйткені оған көп нəрсе керексіз. Сенека Ақылман жалған пікірлерге бағынуға тыйым салды, кейін өкінетін рахатты айыптады, бізді ылғи қуанышқа алып баратын игілікті мадақтады. Сенека Ақылды қашан да байсалды. Өйткені ол басқа нəрсеге тəуелді емес жəне фортунадан да, адамдардан да мейірім күтіп тұрған жоқ. Фортуна күліп қарағанда пенделерді құрметке, игілікке толы етеді, бірақ бір нəрселерден айырады – жаңағылардың жолында ардан аттаудан арланбайтын жолдастар кезігеді, тойымсыздықпен жиналған дүние-мүлік жоғалуға бейім келеді, бір сөзбен айтқанда – қуанышы аз болады. Сенека Ақылдың өз нанымдары бар, сезімде – сенбеушілік, жаттауда – шек, қиялда – алдамшы тəжірибе, аспаптарда – ақаулар бар. Құбылыстар шексіз, себептер жасырын, формалар өтпелі болуы мүмкін. Біздегі жəне бізден тыс табиғаттың осынша кедергісіне қарсы бізден тек шабан тəжірибе мен шектеулі ой өрбіту бар. Дидро Адамға оның ақылы ғана дос. Жүсіп Баласағұн Біліктілік пен ақылдылық төбеңді көкке жеткізеді. Жүсіп Баласағұн Ақылың көп болған сайын өмір сүру де қиындай береді. Суфиан Уйайна Ақыл жолы ұзақ жол, Жетпес уақыт өткенше. Бастан шығып аяқ, қол, Түгел бойға жеткенше. Абдурахман Жəми Кабуснамадан: Біреуге кісінің көзінше ақыл айтсаң, ескерту жасағандай болады. Кабуснамадан: Адамға ақылды зорлап үйретуге болмайды. Ақыл екі түрлі болады, біріншісі – тума ақыл, яғни табиғи ақыл. Бұл адамдағы табиғи қымбат қасиет, екіншісі – кəсіптік ақыл, яғни еңбекпен табылған ақыл. Тума ақыл мен кəсіби ақыл қосылса данышпан болады. Егер табиғи ақылың болмаса, оған ешқандай лаж жоқ. Енді кəсіби ақылды игеруге күшіңді жұмса. Ақылдылар қауымынан болмасаң да, данышпандар тобына қосыласың. Екеуінің біріне ие болғаның жақсы. Егер ақылды болғың келсе, хикмет үйрен. Ақыл хикметпен кемелденеді. Аристотель данышпаннан: «Ақылдың күші неде?», – деп сұрағанда: «Адамның күші тамақтануда, ақылдың күші – хикмет фалсафада», – деп жауап беріпті. Кабуснамадан: Анушироуан əділ мынадай үгіт-насихаттарды айтыпты: – Дəулет ертелі-кеш келуі де, кетуі де мүмкін, барлық жағдайдың алмасып жəне өзгеріп тұруына таңданба. Яғни шаттық кетіп, қайғы келсе; қайғы кетіп шаттық келсе, оған мəн берме. – Егер бір істі істеп, өкінішті жағдайда болсаң, оны екінші қайталама. – Адам тіршілігі өмір талабына сай болмаса, не үшін ол өзін тірімін деп есептейді? – Халықтың қамы үшін өз рақатынан айрылған адамды дұшпан деме. – Өнерсіз жанмен дос болма, өйткені өнерсіз адам достыққа да, дұшпандыққа да жарамас. – Өзін дана санаған наданнан түңіліп, сақтанғын. – Ащы да болса сөздің ақиқатын айт. – Сырыңды дұшпан білмесін десең, досыңа айтпа. – Наданның өзіне істеген ісін ақылды жан дұшпанына да істемейді. – Əр адамның білімі болғанымен ақылы болмаса, ол білімі өзіне зиян келтіреді.

– Егер адам баласын тұрмыс ұстазы дана қылмаса, оған ешбір дана ақыл үйретемін деп əуреленбесін, əуреленген жағдайда еңбегі зая кетеді. – Егер дос-жарансыз қалғың келмесе, кінəмшіл болма. – Егер қайғысыз болғың келсе, қызғаншақ болма. – Өміріңді қиналмай өткізгің келсе, қол жеткен табысыңды қолдан берме. – Егер өзіңді азаптан құтқарғың келсе, бітпейтін іске жолама. – Жақсылық жасауды ұмытпа. – Істемеген істі істедім де. – Егер пердем жыртылмасын десең, біреудің пердесін жыртпа. – Егер ұзақ өкінетін жағдайдан сақтанғың келсе, көңілің нені қаласа, соны істеме. – Егер зерек болғың келсе, жүзіңді халық көзімен көр. – Егер қадірлі болғың келсе, халықтың қадірін біл. – Халық сенің сөзіңе сай іс қылсын десең, сен өз сөзіңе сай іс қыл. – Жомарттықты қаласаң, опасыз болма. Біреуден аламын деп дəмеленбе. – Егер айыпсыздар қатарында болғың келсе, жеке басының қамын ойлайтын нəпсінің құлы болма. – Егер халықтың жақсысы болғың келсе олардан еш нəрсені аяма. – Егер тілім ұзын болсын десең, қолың қысқа болмасын. Өткендерден алмадым мен лұғат та, Жата қалып жалынбадым жылап та. Кітап сөзін қыстырмадым құлаққа, Қиямет күн қыла көрме шерменде. Қожа Ахмет Иасауи Жөнім білмей, жолда қалдым мақұрым, Жаратқанды ете алмадым жақыным. Түстен кейін кірді енді ақылым, Қиямет күн қыла көрме шерменде. Қожа Ахмет Иасауи Ақылмен арыстан да ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың. Махмұт Қашқари Өресі биік тұлғаларды алдыңғы қатарға шығара алмаған жəне солардың ақыл-ойы мен іс-əрекетінің игілігін пайдаланып, жемісін тұтына алмаған қоғам ауыр дағдарысқа ұшырайды. Əл-Қайс Ішінде дəнегі жоқ жаңғақ шағылғанда ұятқа қалады. Саади Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, əулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас. Махмұт Қашқари Ақылы жоқты аға тұтпа, Қасиеті жоқты қадір тұтпа, Ақылы жоқты аға тұтсаң, Кішілігіңді кемшіліктей көрер, Қасиеті жоқты қадір тұтсаң, Кісілігіңді ерсіліктей көрер. Тегі жаманды тең тұтпа, Тілегі жаманды ес тұтпа. Тегі жаманды ес тұтсаң Төріңе шығар. Тілегі жаманды ес тұтсаң, Төбеңе шығар. Бөлтірік шешен Ақылды адам өзі жалғыз қалғанда да өзіне сақ, ол қашан да тепе-теңдік пен келісімді сақтайды. Оны барлығы бірдей біліп, құрметтемесе де ол оған өкінбейді. Оның ісі елеусіз жасалып-ақ ұзаққа жетеді. Лев Толстой Менің қолыма керней берілген, мен соны меңгеріп, пайдалануға міндеттімін. Лев Толстой Сен айналаңдағының бəрі ақымақ адамдар дейсің. Егер сен осылай ойласаң, бұл өзіңнің өте нашар адам екеніңді көрсетеді. Лев Толстой Малда да бар жан мен тəн, Ақыл мен сезім болмаса. Абай Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда. Көбінің сырты бүтін, іші түтін. Абай

Ақылдың жетпегені арман емес. Абай Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Əуел – пенде адам боп жаратылған соң, дүниеде ешбір нəрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нəрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалып. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып, іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұлай өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен. Егер кісі орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нəрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Үшінші – əрбір нəрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нəрсе екен. Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мəртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? Абай Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нəрселерді көбейтіп алса, ол – көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын – бəрін де бағанағы жиған нəрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп харекетке түсінген адамды – ақылды дейміз. Абай Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, Мықты болсаң, өзіңнің нəпсіңді жең. Абай Абай. 37-қарасөз: 1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. 3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. 5. Əкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың. 6. Ер артық сұраса да, азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас. 7. Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. 9. Адам баласын замана өстіртеді, кімде-кім жаман болса, замандасының бəрі айыпты. 10. Мен егер заң күші қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. 12. Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде еш нəрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің! Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді! 16. Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды. 18. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық; сақалын сатқан кəріден, еңбегін сатқан бала артық. 19. Тоқ тіленші – адам сайтаны, харекетсіз сопы – монтаны. 20. Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың. 21. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол. 22. Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шəкіртсіз ғалым – тұл. 23. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң – өзің ғана тілейсің. Барша адам шамасына қарай, қайбірі өзі үшін, қайбірі табы үшін, қай бірі барша адам үшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады. Шəкəрім Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, Сол нұрды тəн қамы үшін жан жұмсап жүр. Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен Жан тəнге, ақыл жанға матаулы тұр. Жан тыныштық таппайды тəн қамын жеп, Тəн бұзылса, тұрағым бұзылар деп. Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін Зұлымдық пен айланы қылады сеп.

Айуан – етін, терісін, сүт пен күшін,
Ара – балын, су – балық, жер – жемісін,
Құс – денесін, жүні мен жұмыртқасын
Сақтап жүр ғой дейсіз бе адам үшін.

Олардың да ойы бар өсіп-өнбек,
Кімге оңай өмір өтіп, оты сөнбек?
Адамның таза ақылы жанды қимай,
Амалсыз қиянатқа ол да көнбек.

Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адамды адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ –
Осы болар таза ақыл өлді демек.

Сондықтан адам залым, əлемге жау,
Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау.
Жер білсе адамзаттың бұл қылығын
Үстінен бəрін төгіп тастар еді-ау.

Олай қылмай, билесе бəрін ақыл,
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл.

Шəкəрім
Арам ақыл үйрендік айла, амалдық,
Қулық пен өтірікті сайлап алдық.
Ынсап, рақым, ұяттан жүген ұстап,

Өзіміз ең түбінде қайда бардық.
Елірдік, ерегістік, елді жардық,
Байлаусыз пайдасы жоқ іс шығардық.
Бүгін дос, таң атса қас бола қалып,

Бұлт еттік, мен болдым деп ат аралық.
...Ортамыздан от жағып, өрт шығардық,
Көре тұра құтырып, күйіп-жандық.
Шəкəрім

Бар ғылымның түп атасы –
таза ақылмен ойлану.
Шəкəрім
Таза ақыл ақты барлайды,

дəлелсіз сөзді алмайды,
Танитын жанға кез болса,
Хақиқат жерде қалмайды.
Шəкəрім

Ақылдың шолғыншысы – ойқұмарлық.
Шəкəрім
Адамның сыртқы дене жаралысы,
Нəпсісі айуанмен теңдес анық.

Бөлектігі – жалғыз ақ таза ақылда,
Əлің келсе жол тап та, осыны емдес.
Шəкəрім
Айнымайтын ақ жүрек пен,

Таза ақылды адамның,
Таппасы жоқ өмірде,
Осыны ұқ балам.
Шəкəрім

Ашу жеңсе, адамда ақыл қалмас.
Шəкəрім
Құбылған əлем жарысы –
Ақылды жанның табысы,

Басында-ақ онда ақыл мол,
Мақсатты ретпен əр ісі,
Тереңнен ойла оңғар да.
Шəкəрім

Ақылға билетпеген пенде – айуан.
Шəкəрім
Ақылға еркін ой керек,
Матаудан ойды азат қыл,

Əдеттеніп ертерек,
Өрісін кеңіт жылма жыл.
Шəкəрім
Ақылды жан ғана əлемді мүлік ретінде тани алады, ондай жан дүние-

ге жақын тұратын басқа пенделер секілді əлемнің құбылмалы жары-
сында жұтылып кетпейді.
Шəкəрім

Ақ жүрек пен таза ақыл, Қылсаң адал еңбек. Бəрінен де сол мақұл, Артқыға жол бермек. Шəкəрім Ақылдан адас қалмайын. Шəкəрім Жақсыны ұлықтай білу, жайсаңды қызықтай білу – ақылдың ісі. Əйтеке би Ақыл деген бір іс бар, Онда – болса, жүзде – жоқ. Сабыр деген бір іс бар, Бірде – болса, бірде – жоқ. Қанағат деген бір іс бар, Қанағат қылған пенде жоқ. Нарманбет Орманбетұлы Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Мұхтар Əуезов Адамдармен араласа отырып, адам ақылы ғажап айқындыққа жетеді. Өйткені біз бұйығы, тұйықпыз, ой-өрісіміз тар, тұмсығымыздан əрідегіні көрмейміз. Мишель Монтень Ең қынжыларлығы сол, адам ақылының өрісі шектеулі де, оның ақымақтығы ешқандай шектеуді білмейді. Дюма – ұл Айлалылар білімді жек көреді, ақкөңілдер оған таңырқайды, ақылдылар оны пайдаланады. Френсис Бэкон Ғылыммен, өнермен жəне ғасырлар бойы өмір тəжірибесімен толыққан ақыл күшті де жеңеді. В. Белинский Жақсыға айтқан сөзің ем болады, Ақылы надандардың кем болады. Жамандарға насихат айтқан сөзің, Жаңғырыққан шорменен тең болады. Майлықожа Жұрттың жартысы қалған жартысына күледі – екеуінің де ақымақтығы бірдей. Кез келген нəрсе біреулердің пікірінше жақсы болғанмен, басқа ларға ұнамайды; біреу ұмтылатын нəрседен екінші қашады. Бəрін өз бе тінше қайта жасауға тырысатын адам – ақымақ. Біреуге ұнамай қалғаннан кемелдікке зиян келмейді, талғамдар да бет əлпет сияқты алуан түрлі. Бір нəрсе біреуге ұнамай қалды деп қапаланба, оны бағалайтындар да кездеседі. Бірақ мақтағанға да масайрама, сынаушылар табылады. Шынайы рахаттанудың өлшемі – істің жайын білетіндердің мақтауы. Бір пікір, бір ағым, бір ғасыр – əлі бəріне өлшем емес. Бальтасар Грасиан Өзіңе өзің ие болғаннан, өз құштарлықтарыңды бағындырғаннан артық жоғары билік жоқ. Дегенмен құштарлық бойды билеп алса, оған дəрежеге жетуге жол бермеу ке рек: міне, қамықпаудың оңай тəсілі, міне, ізгі даңққа апарар қысқа жол. Бальтасар Грасиан Əсіреқызылдыққа ұмтылма, қажет тіден артық күш жұмсама. Құр бекерге тыраштануға болмайды. Тəжірибелі құсбегі саятқа керектіден артық сұңқар алмайды. Бойыңдағы барыңды жайып салма, ертең ешкімді таңдандыра алмайсың. Қайтадан көзге түсу үшін əрқашан бірдеңені бүгіп қал: күн сайын жаңа нəрсе көрсететін адамнан көп үміт күтеді əрі ешқашан оның қазынасының шетіне шыға ал майды. Бальтасар Грасиан Дене өсуі тоқталатын кезі бар, Ақыл өсуі өле-өлгенше созылар. Д. Кугультинов Сен үш жолмен ақылдырақ бола аласың: тəжірибе жолымен – бұл ең қиын жол; еліктеу жолымен – бұл ең жеңіл жол; ойлану жолымен – бұл ең ізгі жол. Қытай даналығы

Ақылды адам алдырмас, Аузында сөзі сақ болар. Үмбетəлі Тəжірибе мектебі – өте қым батқа түсетін мектеп, бірақ ақымақтар үшін одан басқа үйренетін мектеп жоқ. Бенджамин Франклин Үнемі пайдаланылатын кілт жалтырап тұрады. Бенджамин Франклин Ақылды пайдаланып тұрмасаң да тот басады. Боуви Ылғи өзін жұрттан ақылдырақ етіп көр сеткісі келгеннен артық ақымақтық жоқ. Ларошфуко Білім деген зейін, ал ақыл басқа. Сақы атай Ақылдың басымдығынан гөрі күштің басымдығын мойындау əлдеқайда жеңіл. Цаль Меламед Егер біреу саған ақылдысың десе, ал сен оған сенсең, демек саған шындықты айтпағаны. Николай Грибачев Əкбар əкім жерге түзу бір сызық сызып, өзінің кеңесшісі Бирбалға бір қарағанда шешілмейтін жұмбақ қояды: сызыққа тимей, оны не өшіріп, не қысқарту керек. Бирбал үндеместен оның қатарына одан ұзынырақ сызық жүргізеді, сөйтіп Əкбар сызған сызықтың бағасы кемиді. Николай Рерих Ақыл – ерден жеңіл аударып тастауға болатын аттылы адам сияқты. Джонатан Свифт Əрбір адам лайланып аққан бұлақ, оны түгел қабылдап əрі таза қалу үшін сен бір шалқар теңіз болуың керек. Ницше Ақылды керексіз ұштай берсең топастандырып аласың. Лихтенберг Айтатын ойың жоқ болса, үндемегенің жақсы. Монтескье Ақыл асқазанға байланысты. Клаузевиц, немістің əскери теоретигі Есі бар адам өмірге икемделеді, ессіз адам өмірді өзіне икемдегісі келеді. Бернард Шоу Мен 14 жасымда əкем топас сияқты көрінетін, оның сөздеріне зорға шыдайтынмын, бірақ 21 жасқа келгенде əкемнің 7 жыл ішінде қалай ақылды болып кеткеніне таң қалдым. Марк Твен Кішкентай кілтпен үлкен сандықты ашуға болады. Расул Ғамзатов Ақыл – ұжымдық құбылыс, ол тамырын тереңге жайып, дара болмысымен бір ілгері ортада өсіп шығады. Пушкиннің пісіп жетілуі үшін де бірталай озықтар «өткел» болған. Борис Пастернак Ақылдыға қайғы алдырсам деп едім, Ақымақты ойландырсам деп едім. Жұмекен Нəжімеденов Сіздің зерттеушіңіз болу-болмауы маңызды емес, ісіңізді жалғастырушы болғаны маңызды. Евгений Евтушенко Сезім – сəби, Ақыл – бопса. Ниет – есік, Қанағат – топса. Сабырлық – піл, Ашу – шошқа.

Бір жүрекке тапсыр сеніп, Барлығының басын қос та. Жəркен Бөдешұлы Ылғи да ақыл бірінші орында, жүрек екінші орында жүреді. Асқар Жұмаділдаев Қытай мақалы: Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: бірінші, тəжірибе жолы – ең ащы жол, екінші, ұқсау жолы – ең жеңіл жол, үшінші, ойлау жолы – ең таза жол. Ең ақылды адам – өзінің шамасын білетін адам. Ақылды адам ғана ыңғайсыз жағдайға түседі, өйткені ақылсыз ыңғайсыз жағдайға түскенін сезбейді де. Алма ағашы жемісті көп салған сайын басы төмен иіле береді, ақылды адам да солай. Жанып тұрған оттан ғана тұтатуға болады. Тұтатып алғаннан от өшіп қалмайды. Үйреткеннен білік азайып қалмайды. Жақсы ұстазды оңбаған ғана ұмытады. Ағынды су өрлейді, ағынсыз су сасиды. Өмірден өнеге алмау – тоғышарлық. Тыңдай білмейтін адамның айтар ойы да аз болады. Басқалардың ісіне ақылды пікір айту өз ісіңе ақыл айтудан жеңіл. Үш түрлі адам болады: біріншісі, ойлаған ойы, айтқан сөзі мен істеген ісі үш түрлі; екіншісі, ойлаған ойы мен істеген ісі бірдей, айтқан сөзі басқа; үшіншісі, ойлаған ойы, айтқан сөзі жəне істеген ісі бірдей адамдар. Адамдар: «Тағдыр солай шығар», – деп өзін-өзі жұбатады, шын мəнінде тағдыр деген – адамдардың өмірде өздері жіберіп алған қателіктерінің жиынтығы. Өткен өмірге жалтақтай бермеген жөн, өйткені ол ешқашан да өзгермейді. Өткенді жіберіп алған қателіктерді болдырмау үшін ғана еске түсіру керек. Шалшыққа қарап, шалшықты ғана көретіндер бар да, одан жұлдызды көретіндер бар. Ертеде маймылдарды асқабақпен аулаған: асқабақтың бүйірін кішкене ойып, ішіне күріш салған. Маймыл қолын салып, күрішті уыстап алған соң, қолы қайтып шықпай қалады. Қолын ашуға қорқаулық жібермейді, асқабақты аунатып күрішті түсіруге ақылы жетпейді. Тауықтың суға тұмсығын батырып аспанға қарағаны – аузына алған суын жұтуға мүмкіндік берген тəңіріне тəубесі. Шошқа аспанға қарай алмайды. Ақыл алға жетелегенмен, өмірді күрделендіреді. Жетілуге бейім адам ның өмірге көзқарасы мен өзін қоршағандарға пікірі жасы ұлғая келе өз геріп, ақылы толысып отырады. Гайдн əуелде: «Мен ғанамын», – дейді екен. Біраз жылдардан кейін: «Мен жəне Моцарт!», – дейтін болыпты, тағы біраз жылдан кейін: «Моцарт жəне Мен!», – депті. Аяғында: «Тек қана Моцарт!», – деген екен. Əпсана: Баласы нашар болып өскен бір əке баласына əсер ететін барлық тəсілдері таусылған соң есік алдына бір бағана көміп, баласының əрбір нашар ісі үшін оған бір шегеден қаға беріпті. Біраз жылда бағана шегеге əбден толыпты. Балаға бұл əсер етіп түзеле бастапты. Енді əке баласының əрбір жақсы қылығы үшін бір шегеден суыра беріпті. Ең соңғы шегені суыратын мерекелік сəт келгенде бала жылап жіберіпті. Неге жыладың дегенде: шеге жұлынып таусылғанымен орындары үңірейіп тұр ғой, – деген екен.

Атамның берген ақылы
Сөзі: Кəкімбек Салықовтікі
Əркімнің жастай құмар бар нақылы,
Мəтелі, əзіл-қалжың, қақпақылы.

Ескірмей, естен кетпей, дəріс болып, Атамның маған берген қалды ақылы: Алтынды тағу оңай, қазу қиын, Жараны салу оңай, жазу қиын. Қолыңа билік тисе көңіл жықпа, Кердеңдеп мықты екен деп қазір күйім. Сеп тигіз қиналғанға шама жетпей, Көппен бол əкімсініп дара кетпей. Біреуге жəрдем етсең көзге түртпе, Жөнге сал сүрінгенді мазақ етпей. Кең жүрек əдептіден жан аспайды, Ақ ниет, кемел көңіл адаспайды. Мақтаншақ, өтірікші, ынсапсыздан, Жат түгіл, жақыны да алыстайды, Жалқаудың жиналмайды төсегі көп, Жаманның таусылмайтын өсегі көп. Жылмағай, жылпостарға жолай көрме, Олардан кісі өтпейді кеселі көп. Адам Панчатантрадан: Күші мол, қайратты адамды ауыр жүк қайыстыра алмайды, ал əлсіз жанды қинайды. Панчатантрадан: Ұлық болған кісіге өзінің өткенде істеген қателіктерін жөндеген тиімді. Панчатантрадан: Əр адам үш нəрсеге ынтық болады, ал оған жету үшін ол тағы да төрт шартты орындауы тиіс. Сол үш нəрсенің бірі – емін-еркін өмір сүру; екіншісі – жұрттың құрметіне бөлену; үшіншісі – келешекке пайдасы тиетін игі еңбекке үлес қосу. Осы үш нəрсеге жету үшін орындалуы керек төрт шарт бар, біреуі – дүние-мүлікті адалдан жинау; екіншісі – қолда бар дəулетті ұқыптап ұстап, жақсы күту; үшіншісі – жиған-тергенді күнделікті керекке, үй-ішінің, туған-туысқанның қажетіне жарату; төртіншісі – қолдан келгенше пəле-жаладан сақ болу. Кімде-кім осы төрт шартты толық орындамаса, мақсатына жете алмайды. Дүние жинап, оған ие бола алмаған адамның өзі де өмірдің рахатын сезінбейді, өзгеге де себі тимейді. Байлыққа ие болған адам оны ұқыптап ұстамаса дəулеті жылдам сарқылады. Панчатантрадан: Өзіне де, өзгеге де пайдасы мол тиетін кісі ұзақ дəурен сүрмек, ал тапшы өмірдің тақсыретін тартып, өзіне де, достарына да пайдасын тигізе алмайтын жан құлазып оңаша қалады, қысымшылық көреді, оның өмірі ұзақ болса да көретін қызығы келте болады. Жоқшылықты көп көрген адам бақытсыз. Бірақ, асқазанын толтырып, құлқынының қамын жеуден басқа ойлайтыны жоқ жан да төрт аяқты малға тең. Панчатантрадан: Адам түрлі-түрлі жағдайда бола береді, қажырлы адам талпынып төменнен жоғарыға ұмтылады, сол таудай талабы арқылы үлкен дəрежеге жетеді, ал қажырсыз өзін-өзі жоғары сатыдан құлдилатып төмен түсіреді. Ең төменгі лауазымнан құрметті биік сатыға көтерілу қиын, ал құрметтен жұрдай болып, төмендеп кету оп-оңай. Мысалы, ауыр тасты жерден көтеріп иыққа қою қиын, ал оны иығыңнан жерге тастап жіберу оңай болғаны секілді. Өзінің əліне сай дəрежені іздеп көрген адам, бар қажырқайратын жұмсап, ұмтылып байқаса, төменгі сатыда қалып қоймайды, өйткені, үлкейіп өсуге əркімнің де мүмкіншілігі бар. Панчатантрадан: Құпия сыры бар адамның сырын қауіптeнбeй сeніп айтатын кeңeсшісі бoлу кeрeк, дұрыс билік жасауда да сoның жəрдeмі тимeк. Oтқа май құйса маздап жанады ғoй, сoндай-ақ кeңeс алушының oй-санасы oзық бoлса да, oған кeңeс бeрушінің ақыл-oйы қoсылғанда күшeйіп, тoлыса түсeді. Қарашасы ханына өз пікірінің дұрыстығын дəлeлдeгeндe oны бағалай білу қажeт. Қoжасы қатeлeссe, oның қатeсін əдeппeн eптeп қана сүйкeп айтқан жөн. Лао-цзы: – Жол түсінігіне барлық кіші мен əлсізге құрметпен қарау да кіреді. Қашан қадам жасауға қажет сəтті біл. – Егер сен садақ ату өнерін меңгеріп алған болсаң да, жебені қалай қадау мен оның адырнасын қалай керуді үйренуден жалықпа. – Өзінің қажеттіліктерін мықты түсінетін, жаңа бастап жүрген адам, күндердің күнінде алжи бастаған ақылманнан ақылды болады. – Өзінде махаббат жинай алған адам бақытты, жек көру бойына жиналған адам бірдеңеге ұшырайды. Қиындықтың не екенін білмеген адам, есікті ашық қалдырып, қиындықтарға кезігеді.

– Сайыс пен төбелес екі басқа. Нағыз адам қолжаулық бола алмайды. Конфуций Ұстамды адамның қателігі аз болады. Конфуций Өзіне талапшыл өзгеге кешірімді адамға өшпенділік бағытталмайды. Конфуций Жөнделмегенді ғана қателік дейміз. Конфуций Сырттай қатал көрініп, өзі ұяң болса, оны бір нашар адаммен салыстырсаң, ол қабырғадан ойық ойып тұрып, қабырғаға ұрынатын ұрыға ұқсамай ма?! Конфуций Егер мен біреуді жұрт алдында мақтасам, тек əбден тексерілген кісіні мақтадым. Конфуций Ұзағынан ойлай білмейтін кісі жақын реніштерден құтыла алмайды. Конфуций Уақытын тауып сөйлесе, оның сөзінен ешкім шаршамайды; көңілді кезде күлсе, оның күлкісі ешкімнің ызасын туғызбайды; адал жолмен меншік иесі болса, онда оның меншігін ешкім қызғанбайды. Конфуций Жасында тəртіпсіз болып үлкенді тыңдамағандар, үлкейгенде ұрпағына қалдырарлық ештеңе жасамағандар, қартайғанша солай жалғастыра беретіндер – қарақшылар. Конфуций Сіздер «бізді бағаламайды» деп шағынасыздар. Егер сіздерді біреу бағалай қалғанда, оны сіздер қалай пайдаланар едіңіздер?! Конфуций Қолбасы мен сарбазды айыруға болады, бірақ қарапайым адамды өз қалауынан қалай айырарсың? Конфуций Нашар адам қателескенде ылғи ақталарлық себеп табады. Конфуций Кемел адам кемшіліктің бəрін – өзінен, бос адам басқалардан іздейді. Конфуций Тығырықтан шығар жол болмаса егер еліңде, Шынжыр балақ, шұбар төс болғаныңа ұял сен. Конфуций Жақсы адаммен кездесе беру қиын. Мінезі тұрақты кісіні кездестірсең де жетерлік. Кімнің сөзі тұрақсыз болса, ол жоқты іздейді, босты толы дейді, қажеттілікті асып-төгілгенмен теңгергісі келеді. Конфуций Бос селтеңнен артық адамды аздыратын жəне бұзатын нəрсе жоқ. Аристотель Адамның қабілеті төрт түрге бөлінеді. Біріншіден, ол – ақылдың қабілеті, талқылау мен болжам жасау. Екінші тəн қабілеті – жүру, алу, беру, т.с.с. Үшінші – шексіз байлық пен көп əскер жинау қабілеті. Төртінші – жақсылық пен жамандық жасау немесе соған төзу қабілеті, ол, мəселен – ауыру, жазылу, тəрбиелеу, т.с.с. Платон Өзі үшін ғана өмір сүрмейтін адам нағыз өмір сүреді. Менандр Өзіңді қалай бағаласаң, өзгелер де сені солай бағалайды. Цицерон Адам ақылды болған сайын қарапайым келеді. Цицерон Өз күшін бағамдамайтын адам жоқ. Кар Лукреций Жақсы адамға назар аудармай қойса, қайраткерлігі төмендейді, ақымаққа назар аудармай қойса – зұлымдығы артады. Крисп Саллюстий

Айтқанының зияны үндемей қалғанының зиянынан көбірек адамдар бар. Катон (кішісі) Өзгеге кешіргендеріңді өзіңе кешірме. Сир Публилий Кедейліктен байлық, тəни байланыстардан өлім ажыратады, ал рухани байланыстардан – ізгілік, білім, оқу-үйрену жəне еңбек қана ажырата алады. Эпиктет Үш нəрсе бар, жер қылатын адамды, Үш күнə бар, оттай қарыр табанды. Біріншіден – арсыз, мақтан, жамандық, Екіншіден – алдау-арбау, арамдық. Үшіншісі – алып сатар, сараңдық, Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық! Пейілі – тар, жаман адам жұғысса, Қырсық шалып, кері кетер жұмыс та! Аты шықса кімнің өсек, жалғанмен, Құтыла алмас ел ішінде танғанмен! Боқты терген сасық қоңыз сияқты, Сараңдықтан асқан не бар ұятты. Сараң жайлы не дейді ілім біліп ал: «Ей, аш көзді, қолы жұмық, іші тар! Алтын жидың, бірақ жеуді білмедің, Алтын жиып елге неге бермедің? Дүние жиып, жемейтұғын жарандар, Жейтіндер бар, асты əзірлеп, қараңдар!» Бұл үш түрлі қасиеттің жолы – құт, Бұл үш түрлі надандықтың жолы – жұт. Жүсіп Баласағұн Адамдар үш топқа бөлінеді – ерікті адам, құл адам, ауан* адам. Ерікті адам деп еркін ойлай алатын, ойлаған ойын кез келген жерде, ортада айтып жеткізе алатын адамды айтыпты. Құл адамға – ерік деп не еркі жоқ, өзінше ойлай алмайтын, не ойын тұжырымдап айта алмайтын адамдарды жатқызыпты. * Ауан – аумалы-төкпелі, айнымалы Ауан адам дегені кім не айтса, соған есі ауып, құлай жығылатын ерме, жалтақ адамдар екен. Əл-Фараби Жасым дəйім жас болар деп ойлаушы ем, Қол жеткенді азырқанып, тоймаушы ем. Өзім жөн деп өзеуреуді қоймаушы ем, Енді білдім, айтқаныңдай болмайды. Қожа Ахмет Иасауи Қазақ сөзі: Жаманның басына іс түссе ойлай береді, Жақсының басына іс түссе бойлай береді. Адамның үш түрі бар. Бір адамдар – тамақ секілді, онсыз күнің жоқ. Екінші бір адамдар – дəрі секілді, оны да оқта-текте пайдалануға мəжбүрсің. Ендігі бір адамдар – ауру секілді, оның ешкімге де керегі жоқ. Хасан Басри Саған жақсы өмір сүруге біреулер кедергі болса, жақсы атпен өлуге ешкім де кедергі бола алмайды. Сенека Өзінің кемшілігін білмейтін адам, оны болдырмауға тырыспайды. Сенека Сені пір тұтатындардың санына емес, сапасына қара: ақымақтарға ұнамау да мақтаныш. Сенека Сені көп адам мақұлдап отырғанға өзіңе-өзің риза бола салма. Сенека Өзіңді өзің үшін жеңуге тырыс, бұрындары сенен тартып алған немесе ұрлаған, бостан-босқа өткен уақытыңды сақта жəне жинақта. Біздің уақытымыздың бір бөлігін бізден күшпен тартып алады, бір бөлігін ұрлайды, біраз бөлігі босқа ағып кетеді. Бірақ барлығынан ұяттысы – біздің өз ұқыпсыздығымыздан жоғалтқан уақытымыз. Бажайлап қарап көрші: біз өміріміздің басым бөлігін ақымақтық істерге, бірталай бөлігін – бостан бос жəне барлық өмірімізді керек емес істерге жұмсап өткіземіз.

Уақытын бағалай білетін, бір күннің өзі неге тұратынын білетін, əр сағат сайын өлімге жақындап жатқанын толық сезінетін бір адамды көрсетші... Өлім біздің алдымызда тұр, біз өлімнің құрығындамыз. Сондықтан əр сағатыңды босқа жіберме. Бүгінгі күнді уысыңда ұстай білсең, ертеңгі күнге азырақ бағыныстасың. Кейінге қалдырып жүргеніңде, бүкіл өмір ағызып өте шығады. Сенека Адам жүрегіндегі жетсем, көрсем, танысам, жеңсем, алсам деген ниет еш таусылмайды. Лев Толстой Адамды бөлшек санға ұқсатуға болады. Оның төмені адамның өзі туралы ойлағаны, жоғарысы адам туралы өзгелердің ойлағаны. Төмені көп болған сайын қорытынды азая береді. Лев Толстой Адамдар туғанда бірдей, өлгенде бірдей емес. Өйткені оларда жетілу бірдей болмайды. Лев Толстой Өз қателігіңді түзетілмейтінге жеткізбей тұрып, оны мойындаған əлдеқайда дұрыс. Лев Толстой Сен айналаңдағының бəрі ақымақ адамдар деме. Егер сен осылай ойласаң, бұл өзіңнің өте нашар адам екеніңді көрсетеді. Лев Толстой Егер жанып, жарық түсіруге шамаң жетпесе, ең болмаса оны қалқалама. Лев Толстой Адамды алғаш көргенде қалыптасатын пікір əдетте көп ұзамай өзгереді, ал бұл өзгеріс болғанша, адам туралы не тым жақсы, не тым нашар ойлайсың. Лев Толстой Ешкімнен жəне ештеңеден қорықпа. Өзіңдегі ең қымбатты нəрсе ешкімнен де, ештеңеден де зардап шекпейді. Лев Толстой Қуанышты өмір сүрудің басты тəсілі – өмірдің қуаныш үшін берілгеніне сену. Егер қуаныш азайса, неден қателік жібергеніңді ізде. Лев Толстой Басқаларды даттап, өзіңді мақтап тұратын адамды ешқашан тыңдама. Лев Толстой Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Абай Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, əйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – əурешілікті көрекөре келдік. Енді қажыдық, жалықтық: кылып жүрген ісіміздің бəрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бəрі қоршылық екенін білдік. Абай Белгілі данышпандар əлдеқашан байқаған: əрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, əрбір қайратсыз – қорқақ, мақтанғыш келеді; əрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді; əрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; əрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Абай Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді. Рақымдылық, мейірбандылық, уа əрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Абай Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде менсіз ешнəрсе кəмелетке жетпейтұғынын; əуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз болымсыз

нəрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнəкəрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нəфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? – депті. Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке, не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? – депті. Онан соң жүрек айтыпты: Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жəйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен, əділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нəрселердің бəрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады? – депті. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: – Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бəрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, – депті. – Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бəрі де рас. Сенсіз еш нəрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тəңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бəрі сенен шығады. Жақсының, жаманның – екеуінің де сүйенгені сен; екеуінің де іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, – депті. – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ сонда билеуші, əмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: Жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бəрін жүрекке билет, – деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Абай Адам баласының көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Абай Адам бір тəуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады. Абай Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп һəм ол киімін таза кимек – дұрыс іс. Лəкин өз дəулетінен артып киінбек, не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі – бет-пішінін, сақал мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап əуре болмақ. Біреуі – атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардың ішін күйдіріп, өзінен кейінгіге «əттең дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бəрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егер де бір ойласа, қайта адам болмағы қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озбақ. Онан басқа нəрселерменен оздым ғой демектің бəрі де – ақымақтық. Абай Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Əрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нəрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады. Абай. 19-қарасөз

Адамның естіген нəрсесін ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: Əуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; Екінші – сол нəрсені естігенде я көргенде ғибрəтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; Үшінші – сол нəрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; Төртінші – ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нəрселер. Абай Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бəрі де жел. Абай Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. Абай Күллі адам баласын қор қылатын үш нəрсе бар. Сонан қашпақ керек: Əуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнəрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бəрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады. Абай Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Абай Адам болып жаралған соң өз мінін өзі біліп тұрса, олай болмаған күнде мініңді тауып айтқанды қауып тұрмай, соны мойындап, түзетуге қам қылса... тауып айтқан мініңді өзгертуден тек пайда ғана аласың, түзелесің, түрленесің, өзгересің, адамшылыққа жетесің. Кемшіліксіз адам болмайды, оны өзі байқамай қалатын кез болады, соны айтқанда қателік санап, қалайда түзетуге бағыт алған адамдікі жөн. Ол адамның азаматтығының биіктігі, ақыл-парасатының молдығы, адамдығының жоғарылығы емей не? Айтылған мініңді мойындай білсең, мініңді айтқанға наразы болып қарсы шықпасаң – сол ақыл. Ол – адамдық қалпыңды сақтауға кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттеріңді өзіңнен аулақтатуға ақылыңның жеткені, мінезділік. Егер мініңді өзің таппай, оны айтқан адамды жек көріп, ашу-ызаға берілсең, ерегіске түссең, онда болмағаны. Егер мініңді айтқан адамдікін жөн көрмесең, ашумен емес, сабырлылықпен, қарсы айтар пікіріңді дəлелімен айт. Сонда қауым саған төреші болады, кімдікі жөн екенін анықтайды. Шəкəрім Айуанда да адамның ақылы секілді ақыл бар-ау. Тауық неге шақыратын мезгілін ұмытпайды, шатастырып алмайды? Суыр қыстың болатынын жаз біліп, ін қазып, тапқанын сонда тасиды. Құмырсқа да сол. Қозы анасын қалай адаспай табады, оның емшегін іздемей-ақ; жазбастан еме түседі. Үйрек балапанын қорғау үшін өтіріктен өзі ұша алмайтын кейіп көрсетіп, басын өлімге байлайды, балапаным аман қалса екен дейді. Шегіртке өзі ұшатын ортаның түсіне қалай боялады? Мұның бəрі Алланың құдіретімен болып жатқан жан сыры емей немене?!. Шəкəрім Адамдардың бірі игілікті – биліктен, екіншілері – білімге құмарлықтан, ғылымнан, үшіншілері – рахаттан іздейді. Блез Паскаль Мұхиттағы арал сияқты өзімен-өзі тұйықталатын адам болмайды: əр адам материктің, құрлықтың бір бөлігі; егер толқын жағадағы жартасты теңізге шайып əкетсе, Еуропаның көлемі кішірейетіні сияқты, əр адамның өлімі мені де кемітеді, өйткені мен бүкіл адамзатпен біртұтаспын, сондықтан қоңырау кімге қағылып жатқанын ешқашан сұрама: ол саған да қағылып жатыр. Джон Донн Өмірім – өзгенікі, өзімдікі – өлім ғана. Əйтеке би Азынаған айғырды үйірінде көр, Аңқылдаған жігітті үйіңде көр. Əйтеке би Ең алынуы қиын қамал – адамның бас сүйегі. Карл Маркс

Адам əрекетінің жүзден тоқсан тоғызы əдет бойынша жасалады. Жүсіпбек Аймауытов Қазақтың азаматтарына нақ қазір мына үш қасиет айрықша керек: біріншісі – білімділік, екінші – ұлтшылдық, үшінші – табанды батылдық. Жүсіпбек Аймауытов Адам болатын болсаң, өз беліңді ықшамдап өзің байла. Əлихан Бөкейхан Адамның төрт дəурені болады: барыс, қасқыр, түлкі, ит. Əубəкір Диваев Өлшенбей салмақ білінбес, Сыналмай адам ашылмас. Сұлтанбек Қожанов Сенің жасағаның өзіңе қайтып оралады. Андре Моруа Адам біреуге қол ұшын беріп, биікке шығуға көмектескенде ғана оған жоғарыдан қарауға хақылы; еркектер кəріліктің келгенін мойындап, махаббатты ұмыттық дейді, шын мəнінде керісінше, махаббатты ұмытқан күні кəрілікті мойындайды; бүкіл əлем шың басында өмір сүрсек дейді, ал бақыт дегеніңіз сол тауға өрмелеп, биікке көтеріліп келе жатқан сəттің өзі емес пе?! Габриель Гарсиа Маркес Өркениетті адам – бұл кейде өз көзқарастарына күмəн келтіріп, жағдайға басқа көзбен қарауға қабілетті адам. Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыстыруға болмайтын адам жоқ» деп келетін бір сөз бар. Одан гөрі əр адамды өз алдына қайталанбайтын бір əлем десе қисынға келеді. Қайталанбайтын тұлғалар қоғамда неғұрлым көп болса, сол қоғамның рухани өресі биіктей бермек. Ақселеу Сейдімбек Мақтау деген адамдардың арасында жүре беретін қарыз ақша секілді, берген екенсіз, алдым. Ретіне қарап кері қайтарармын. Рахымжан Отарбаев Таулар да əр алуан: бір тау аласа, бір тау дөңес, бір тау биік. Адамдар да солай. Сұлтанғали Садырбаев Адам өз атынан сөйлегенде өзіне неғұрлым азырақ ұқсайды. Оған бетперде беріңіз, сонда ол бəріне шындықты айтады. Оскар Уайльд Сенің қандай киім кигеніңді бір жылдан соң бəрі ұмытады, бірақ сенің қандай адам болғаныңды ұмытпайды. Ян Амос Коменский Егер біз бақыт туралы ойласақ, өзімізді бақытты сезінеміз; егер бойымызды үрей билесе, біз қорқамыз. Егер біз ауру туралы ойласақ, ауырып қалуымыз да мүмкін. Егер жеңіліс туралы ойласақ, бірде болмаса, бірде сын сағаттарда жеңіліске ұшырауымыз ғажап емес. Егер біз өзімізді-өзіміз аясақ, адамдар бізге аянышты көзбен қарап, айналып кетуі де ықтимал. Дейл Карнеги Адамның ұстанған көзқарасын оған реніш туғызбай өзгертудің тоғыз тəсілі: – Адамның жақсы қасиеттерін көтермелеп, шын пейілмен мойындаудан бастаңыз; – Адамдардың қателіктерін айтқанда, мұны жанама түрде көрсетіңіз; – Басқаны сынамас бұрын, өз кемшіліктеріңіз туралы айтыңыз; – Қадірлеп, ардақтаудан бұрын сұрақтар қойыңыз; – Адамға абыройын сақтауға мұрсат беріңіз; – Адамды əрбір, тіпті ең елеусіз табысы үшін мақтаңыз жəне сөздеріңіз шын көңілден шығатын болсын; – Көтермелеуді жиі пайдаланыңыз. Адамдағы түзегіңіз келетін кемшілік оңай жөнделетін сияқты көрінсін, ал оны үйіріп əкететін ісіңіз жеңіл орындалсын; – Өзіңіз қалаған нəрсені орындау ұнамды болатындай етіңіз; – Оның жақсы атты екенін білдіріңіз – ол соған сəйкес өмір сүрсін. Дейл Карнеги Егер сіз миокард инфарктын алғыңыз келсе, онда сізге бəріне өшпенділікпен қарап, ешкімге сенбеуге кеңес береміз. Əрқашан ашуланып, наразылығыңызды сыртқа шығармай, ішке бүгіп жүріңіз. Қабағыңызды түсіріп, маңдайыңызды тыржитып, шалт қимылдар жасаңыз. Жұмысыңызды дүниедегі ең маңызды іс, ал өзіңізді – таптырмайтын қызметкер

санаңыз. Ешқашан дем алмаңыз, бос күндері тек жұмыс туралы ойлаңыз. Үнемі асығып жүріңіз, бəрін шынымен қабылдап, ешқашан езу тартпаңыз. Камбио – 16, испан журналы Еліңіз Сіз үшін не істей алады деп сұрамаңыз, одан да өзіңізден еліңіз үшін не істей алатыныңызды сұраңыз. Джон Кеннеди Алға жылжу – жан тыныштығын жоғалту, орнында қалу – өзіңді жоғалту деген сөз. Ең жоғары мағынада алға жылжу өзіңді түсінуді білдіреді. Кьеркогор, дат философы Ең жаман деген адамның да мойындатарлық, сонысы үшін жаман жақтарын кешіріп жіберуге болатын бір жақсы қасиеті болады. Расул Ғамзатов Қайырымды, ақылды адам, немесе тіпті шын патриот болып көрінуге болады… Бірақ интеллигент болып көріне алмайсың. Д. Лихачев Адам бойындағының бəрі де – бет пішіні де, киім киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс. А.П.Чехов Егер адам не үшін өмір сүретінін білсе, онда оған қалай өмір сүретіні бəрібір. Ницше Ақырын жүрсең сорың сені қуып жетеді, Жылдам жүрсең, сен сорыңды қуып жетесің. Мұқағали Мақатаев Өмірге ендің – ендеше жүгенделдің, (Мен де талай бұлқындым, жігерлендім), Бірақ əр кез тағдырың шешіледі Қолыменен кездейсоқ біреулердің. Фариза Оңғарсынова Сұңқарды сұңқар деу керек. Тұлпарды тұлпар деу керек. Ақымақ қара қарғаны, Түлкіге баулып салғалы, Қыран деп баптау күлкілі: Өлімтігін көксеп құлқыны Қарқылдап қояр бір күні. Фариза Оңғарсынова Ақша шіркін майдаланса тиын ғой, Адам, бірақ майдаланса қиын ғой. Сырбай Мəуленов Адам қателік жіберуі мүмкін. Қателікті мойындау оны сүйкімді етеді. Егер адам қателікті түзесе, бұл оны екі есе сүйкімді етеді. Фридрих Ницше Ұлы болудан күлкілі болуға дейін – бір-ақ қадам. Наполеон Дүниенің бəрі – адам ның қолында. Маши наға қарашы, өзі дөңгелеп келе жат қан сияқты, алайда оны адам жүргізіп келе жатыр емес пе? Бəленің бəрі – адамда. Адам нан сақ бол. Өз пікірің ді елдің алдын да, жиналыстарда айт. Соған қатысқан жүз адамның елуі сатса да, елуі сені сатпайды. Мұқағали Адамдар өздерін қажет еткендер болғаны үшін мына дүниеде жүрмін деп санауы тиіс. Сонда керексіз адам қалмайды. Мыналардың төңірегінде ойлана жүріңіз: – Тым сыпайы емеспін бе? – Адамды қажытатындай елгезек емеспін бе? – Тым күйгелек емеспін бе? – Мойындауға аса бейім емеспін бе? – Өзімнің уайымдарым мен реніштерім туралы көп əңгімелеп кетпеймін бе немесе керісінше, тым мақтанып жүргенім жоқ па? – Мүмкін үзілді-кесілді, қатты дауыстап, қызба сөйлейтін шығармын? Адамдар түпкі тілектің деңгейінде əңгімелесетін болса, олар ешқашан өзара келісе алмайды. Олар жалпы тұрмыстық деңгейде мейлінше аз əңгімелесіп, рухани қатынасқа ұмтылуы керек.

Адам жетістікке өз еңбегімен, ақылымен, білімімен, өз күшімен, сатылап жетуі керек. Аспаннан түсе қалған бақты ұстау да қиын, ол – адамды, негізінен, бұзады. Əрине ата-ананың, туған-туысқандардың қолдауы керек, онсыз болмайды. «Ұшатын құсқа жəрдем қанаты қатайғанша керек» деген ұлы мəтел бар. Бірақ қолдау – бірден шырқау биікке көтеріп апарып қою болмағаны дұрыс. Олай барып отырған адамдардың ілуде біреуі болмаса, жетіліп кете алмайды, өйткені жеткен биігіне өз еңбегі сіңбеген соң бағасын біле бермейді. Ақылды тақтағы патшадан емес, тақтан түскен патшадан сұра. Тағынан түскен патша сабасына түсіп, сабырға келеді. Терең ойға батып, ақылыңа ақыл қосады. Өмірден тек өз несібеңді ал, өзгенің игілігіне сұқтанба. Үлкен ағаштың түбіндегі өсімдік өсе алмайды. Ағаш неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп жылуды сіңіреді, соғұрлым өзінің астындағылардың өсуіне аз мүмкіндік қалдырады. Егер де адам өз жолының басында мақсат қойып, оған сəтсіздіктер кезінде тарықпай, ал жолдың жеңіл аралықтарында табысқа мастанбай шыдамдылықпен жылжитын болса, ол дегеніне жетеді. Адам өмірі де осы жол сияқты. Оның да басы, аяғы, қараңғылығы мен жарығы бар. Ақылынан айласы көп, өмірге бейімделе білетін адам өзінің айналасындағылардан əлдеқайда жоғары көтерілуі тез. Оның шығармашылық ержүректігі мен ұранға толы сөздері жай ғана авантюризм екенін, ол өзінің айналасында шу көтеріп, бағасын көтеріп жатқанын, өз мамандығында, қоғамда жасанды алға жылжуға ұмтылып отырғанын сұрғылт тобыр уақытында түсіне бермейді. Ондай адамдар осы тəсілмен тарихта қалуға есеп жасайды. Қайырымды адам – барлық адамдарға қайырым жасауға əзір тұратын жан. Қайырымды адам – басқаларға қамқор жəне ақкөңіл адам, жақсы істер жасайды, барлық адамдарға ізгілік тілейді. Жауапкершілігі мол адам – айтқан сөзінде тұрады. Оған əрдайым сенуге болады. Жауапкершілігі мол адам айтқан сөзіне де іс-əрекетіне ғана жауап береді. Жауапкершілігі мол адам өзінің жəне басқалардың абыройы үшін өзін жауапты сезінеді. Адамның тууы мен өлуін ең қысқа сөзбен бейнелеу қажет болса, онда: сүт, сия, қан. Сүт – келу, яғни, тумақ; сия – білу, тану, яғни, өмір сүрмек; қан – біту, яғни, өлмек. Немесе – таңның атуы, күні бойғы өмір, күннің батуы. Кісіні көлеңкесі жетелемейді, кісі көлеңкесін жетелейді. Нағыз адам жер бетінде өзін қарыз адамдай сезінеді, жай адам өзін өмірге масыл етеді. Адамға – адам болу, ойлай білу, тыңдай білу – осы үш қабілет керек. Адамның миында үш қабат бар, олар, бейнелеп айтсақ: аң, құс, үй жануары мінездес. Бұлай бөлінудің арасында айқын айырма болмауы да мүмкін. Біреу тəрбиеге, ортаға байланысты аңға ұқсайды, яғни сол секілді өшпенді, көбіне енжар болып келеді. Керек кезінде ғана ұмтылады. Дұрыс тəрбие оны құс секілді еркін, өзімен-өзі болу дəрежесіне өсіреді, яғни мидың екінші қабаты іске қосылады. Тағы бір қабатында, адам үй жануарына ұқсап, аузына бірдеңе тастауды ғана күтіп отыратын болады. Адамның алдында таңдау көп. Таңдау жан мен тəнді, рухты таза ұстау секілді мінез ережесіне бағытталған болса, адам қай жолмен жүрсе де жетістікке жетеді, ол мейлі сауда болсын, мейлі кəсіпкерлік болсын, мейлі шығармашылық немесе мемлекеттік қызмет болсын. Адам өмірде бəрінің де: махаббаттың, отбасының, биліктің, саясаттың, тəрбиешіліктің, спорттың, соғыстың, ой жəне қол еңбегінің дəмін татып көргенде ғана рухани өсудің барлық сатысынан өтеді. Құдай адамға жасаған істерін адамның өз қолымен жасайды. Демек, Тəңір тілеуімді берсін деген кісі, соған лайық өмір сүруі керек. Бір істі, мен осыған жаратылғанмын деп есептеп, ұдайы істеудің де зияны бар. Қайта оралып тұру керек, яғни адам өзін-өзі ол істен айырып, уақытша қоя тұрып, ойланып алу керек. Дарын мен өзін бір іске арнаудың артынан еріп кетпеген жөн. Адам айна сияқты. Айнаға жылы шырай танытсаң – күлімсірейді, ашулансаң ол да ашуланады.

Қуана білмеген адамнан қорқу керек, өйткені ондай адам əдетте қайғыра да білмейді. Адамның түсінуі қаншалықты қиын болса, түсініп алған нəрсесі ішінде ұзағырақ сақталады. Құдай біреуді ақылды, біреуді ақымақ етіп жаратқан. Ақымақты жаратқаны ақылдының ақылды екенін аңғарту үшін керек болған. Ақылдының ақымақты қалай пайдаланғанынан оның қаншалықты ақылды екенін білуге болады. Адам жақсы істен ғана емес, жаман істен де үлгі алып үйренгені жөн. Жауыздықта та қонымды қасиет болады, одан да үйренерлік іс бар. Жаманнан қалай болғанда жаман болу мүмкін екенін үйренудің өзі – үлкен мектеп. Кісінің өзін-өзі құтқару ережелері: Бірінші: өзің үшін өліммен бетпе-бет келер қиын жағдайда оны бағалауды тоқтата тұру керек, өзіңнен өзің «соңы қалай болар екен, аман қалар ма екенмін» деп сұрама. Болған іс биік Еріктің ісі екенін біл. Екінші: ешқандай бақытсыздық немесе тағдырдың сынағы адамды езіп тастауға не тазалауға берілмейді. «Құдай адамға шамасы келмейтін салмақ салмайды» деген мəтелдің мағынасы осында. Үшінші: қиыншылық түскен кезде, ешуақытта қорқуға я өкінуге, не ашулануға болмайды. Төртінші: қандай жағдай болып қалса да, алдымен жəне жаныңды сала көкірегіңдегі Құдайға деген махаббат сезімін сақтап қал. Ізгілік, қиын кезде көмек беруді көңіліңнің қалап тұруы Құдайға ұмтылудың қосалқы түрі. Жəне бесінші, жарысқа алдын-ала дайындалу керек. Көңілің қалаған кез келген нəрсенің күйреуі, кез келген жоғалту кезінде: «Иə, Алла, мұның бəрі менің тазаруым үшін жасалған нəрсе деп қабылдаймын. Не болса да, менің Саған деген махаббатым кемімейді, арта түседі» деген мақұл. Бірден көп нəрсені қалаған адам, бірден көп жолға түсуге тырысқанмен бірдей. Талант асыл тас сияқты. Қанша үйкесең, соншама жалтырайды. «Адам – адамға дос, жолдас, бауыр» деген қағиданы «Адам – адамға жау, қас, дұшпан» деген пікір алмастырып бар жатқандай... Бірін-бірі бауырына тартып, біріне-бірі жанталаса көмектесіп жатқан жұртты көрсең, қуанып, жанарыңа жас толады. Неткен мейірім, қайырым... жанашырлықтың жарқын үлгісі деп көңілің көктем болады. Осынау өшпенділік рухының қайдан пайда болды, қайда өршіп барады?! Өкінішке қарай, дау-дамай болған жерде бірлік болмайтынын, ондай жерден береке де кететінін өмірдің өзі дə лелдесе де бұл мінез неге өршіп барады? Сізге қалай қолайлы, өзіңізді солай ұстауды үйреніп алыңыз. Қазіргі заманғы оқиғалардан құлағдар бола жүріңіз. Жаман нəрсе туралы ойламаңыз. Адамның көзі өзгенікін өзінікінен бұрын көреді, оған əдеттенбеген жақсы. «Алтын тақта алтын асықпен ойнап отырып, көршілерінің күміс қасығына көзін сатады» деген қазақ мəтелі бар. Психология оқулығында «Адам асыққанда, оны біреу тежесе, ол адам ашуға тұншығады» деген сөз бар. Алға мақсат қойып, оған жете білу үшін де төзім керек. Төзім – ол шыдымдылық, жеңіске деген жігер, күту қабілеті жəне əлемді қалай болса солай қабылдау. Төзім – ол үміттену өнері. Өмірдегі əрбір қадам біздің төзіміміздің шекарасын кеңейтеді. Шыдаған, төзген адамға барлығы өз уақытында келеді. Адам ұзақ жасағысы келсе, алаңдай бермеуі тиіс. «Бүйтсем, сөйтіп қалар ма екенмін?» деген күдік пен уайым өмірді қысқартады. Қайтсем өмірімді ұзартам деп жанығу, дəрі-дəрмекке жүгіру, балгерге барып болашақты болжату, тамақты шектеу өмірді ұзартуға көмектеспейді. Адам пендешілік істердің бəріне кешіріммен қарап, тəубешіл болып, барға қанағат, жоққа сабырмен қарағаны дұрыс. Ол – дегдарлықтың белгісі. Рахат алатын сүйікті істер болуы тиіс. Мəселен, музыка, əн айту, суға шомылу, ой еңбегі, діни рəсімдер. Мінез жайдарылығы мен шыншылдық болсын. Ойдағы сөз бен айтылған сөздің, істелген істің бірлігі болғаны жақсы. Тірлікте адамдармен қарым-қатынаста пайда іздеудің, бақай есептің, əріптесті алдап соғып кетуді жоспарлаған пиғылдың болмауы лəзім. Түпсіз уайымға берілмеген, тауқыметке мойымаған дұрыс, дүниеден түңіле бермеген жөн. Оның орнына дүние сырын танып-білуге құштар-

лық, тоқырап қалмау, керексіз болмауға тырысу болсын. Адам керексіздіктен өледі. Ештеңеге шектен тыс табынбаған, идеал жасай бермеген, ешкімге құлдық ұрмаған жөн. Өзін шектей білетін, оны ұдайы бақылап отыратын жəне оны қажеттілік деп ұғатын кісілер құрметке лайық. Адам өз бойындағы махаббатты сезінуге ұмтылуы керек, сонда ғана ол теріс мінез бен əдеттерден аулақ болады. Үндестік дегеніміз – махаббат. Адам өзін қоршаған ортаны сүйе алмаса, жаны жайсызданып, қиналады. Содан барып жасанды көңіл көтеруге əуестенеді: маскүнемдік, нашақорлық, содан шығады. Нашақорлық пен маскүнемдіктің негізгі себебі – адам жанындағы махаббат деңгейінің төмендеуі. Ондай жағдай реніштен, адамдарға деген махаббатты өлтіруден болады. Кейде кісіге бір сыртқы əсер сезіледі. Оны қарғыс тиген, теріс дұға оқылған, көз тиген деп жатады. Ол да адамның өзінен. Өмір сүру қағидасын бұзбаған, асылық іс-əрекеті немесе пиғылы болмаған кісіге ол жұқпайды. Адамға жүрген-тұрғанда бір нəрсе ұнамай қалу жиі болады. Бірақ ол ішкі қарсылықты, өшпенділікті туғызатындай терең əсер етпеуі керек. Ой мен мінезді бақылаудан тыс қалдырмаған жөн. Адамда туа бітті болатын ерекше қасиеттердің өзі (суретшілік, əн айту, музыка аспабында ойнау, құрастыру, жаңалық ашу) – адамды тексеру. Мен ерекше жаратылғанмын деген астам пиғыл ол қасиеттердің жоғалуына немесе одан да үздігірек біреудің тезірек шығып, оның алдына түсуіне əкеліп соғады. Мен жұртқа жақсы қарасам, олар да маған жақсы қарауға міндетті деп ойлау орынсыз. Олай ойлағанның көңілі қалады. Жақсы қарап, жақсы жауап күтіп, олай болмай қалса: төңірегімдегілер менің жанымды түсінбеді деген ыза пайда болады, ол ағзаға зиян келтіреді. Болып жатқан апаттар мен қорқынышты жағдайлар – адамдардың рухани кедейлігінен. Оларды болдырмау үшін жер бетінде болып жатқан, бірақ біз ешуақытта қиындықтарды осымен байланыстырмайтын – рухани іруді тоқтату керек. Адам қуатының артуы одан өз əрекеттерін, көңіл-күй ауаны мен ойларын мұқият бақылап жүруді талап етеді: ешуақытта ешқандай үзілдікесілді пікір айтуға болмайды, өйткені ол сіздің тарапыңыздан өзгелерге əсер ету болып табылады. Сондықтан да көне діндер момындық пен ешбір талқылаусыз бағынудың дұрыстығын насихаттайды. Иммунитет деген – тұтастық, биоөріс қабығының сапалық деңгейі. Этикаға, махаббатқа жəне əлемді тануға ұмтылмаған адам өзіне зиян жасайды. Бүгінде, егер адамда күш аз болса, ол тек əулие болуға тырысуы керек, егер күш көп болса, əулиелікті пенде тіршілікпен байланыстыра жүргізуге болады. Тұрмыстық бір істі жолға қоюды қатты аңсаған адам, оны болдырмауға өзі себепкер. Біреуді қатты сүйіп, идеал жасау сүйген адамының қарамай кетуіне жол ашады. Құдай неге маған бала бермеді деп қобалжу – бала пайда болуына тосқауыл. Адам алдына бір мақсат қойып, оны қалайда орындауға қатты əрекеттенсе, бастапқыда орындалуға бет алып келе жатқандай болған іс көбіне-көп қасарысып орындалмайды. Оның себебі – кісінің өмірге көзқарасы дұрыс болмауында. Жеткісі кеп жүргенінің түк мағынасыз, пəндəуи тірлік екенінде. Бүгінгі күніне қуану, сол күндердің қадірін білу мен содан рахат алу, менің де жұлдызды сағатым туады деп сену – болашақ армандардың орындалуына жол ашады. Қорқыныш пен сарыуайым қай істе де болашақты жабық етеді. Адамдардың болашаққа көзқарасындағы қателігі үлкен уайым тудырады. Адам біреуді өте жақсы көрсе, жақсы көрген адамына зиян жасайды. Егер адам басқа бір адамға қатты байланып, оның көңілін өзіне ғана аударып алса, онда ол адамның қорғану жүйесі бұзылады. Сондықтан өзге адамның жанын өзіңе тым жақындату ниетіне құмарта бермеген дұрыс. Ондай сезімнің адамға емес, жануарларға, затқа, жұмысқа бағытталғаны жөн. Егер адамның өзі жақсы болса, басқаның жақсы жақтарын көбірек көреді, жаман қасиеттері көп болса, жаман жақтарын көп көреді. Адамның ішкі дүниесінің шыншыл болуы – дені сау жүруінің бір шарты. Адамның жаны пенделікке қарай төмендегенін қалай байқауға болады? Егер адамның жаны ақшаға жақындап, жабыса бастаса, онда ол

өз еркінен тыс ақшасы жоқты мүсіркеп, ақшасы көпті көре алмай, өзінен тартпақтағысы келгендерді жек көріп, қарызын қайтара алмағандарды сөге бастаса, табысы ойдағыдай артпағанына өкінсе, ақшасын азайтып алса, өмір сүргісі келмей қалса, төмендегенінің белгісі. Тек ақшаны ойлап, тек сол үшін күрескен кісі – құл кепиетіне түскені. Қайта ақша кісінің қажетін өтейтін құл есебінде болуы керек. «Құлға құл болма» дегенде Мұхаммед пайғамбар: «Өрең өзіңе құл болып жүргендерден төмендеп кетпесін» дегенді айтқан болуы керек, бірақ ол сөзді «ақшаға құл болма» деп түсінсе де теріс емес. Өзінен қабілеті төмен адамдарды менсінбей, жек көруден сақтана жүрген жөн. Кісі қанша ренжісе, жек көрсе, қорлай сынаса, оның жаны соншалықты пенделік тұңғиығына тартқаны. Ораза ұстап, тəбетті шектеп, соның нəтижесінде өзгелерді жек көріп, менсінбей, олардан озықпын деген ойды малданғаннан гөрі, ораза ұстамай, ішіп-жеп жүрсе, бірақ өзгелерге менменси қарамаса, соңғысы дұрыс. Адамға тəн талаптарын мезгіл-мезгіл тежеп тұрған дұрыс, тыныс алудан бастап нəпсілік құмарлыққа дейінгі нəрселерді шектеу рухты көтереді, жанды тазартады. Тəн азығын шектеумен қатар, рухани азықты: құлақ арқылы келетін: дыбыс, əуен, сөз; көру арқылы келетін: сурет, фильм, кітап; тыныс жолымен келетін: иіс, тері арқылы келетін заттар жəне зиянды заттар (темекі, арақ-шарап, есірткі), осының бəрін шектей отырып, керектісін мөлшерімен пайдаланған жөн. Адамның басына кей-кейде келіп қалатын қате ойдан арылу үшін оны ұмытуға тырысып, қуалаймыз. Себеп – біздің жанымыздың пенделік бір нəрсеге жабысқанында. Осы орайда ауруды жою емес, аурудың себебін жоюға тырысудың дұрыстығына көзіміз жетеді. Жаман ойлардан арылу, оны қуалау емес, ауыздықтау дұрыс. Буддизм (панча-шила) ілімі моральдық бес талап қояды: жамандық жасаудан тартыну, алдамау, ұрлық жасамау, сезімге ере бермеу жəне ішімдікке құмар болмау. Ману заңдары ашу-ыза арқылы келетін кемшіліктерді былай атайды: сөз тасу, озбырлық, күншілдік, ашушаңдық, біреудің мүлкіне көз салу жəне күш көрсету. Адамның даму сатыларын нақтылар болсақ, ол шамамен мынадай: шикізат – талаптану – іздену – еңбек – шығармашылық – жаңашылдық – жетілу. Адамдардың алға қойған мақсатына жетуінің үш шарты: 1) өмірді сол күйінде қабылдауды үйрену; 2) мақсатқа жету жолында өміріне наразылықты бойға жиғызбайтын позиция ұстану; 3) белгісіз күштермен тиімді қарым-қатынастар жасауды білу. Пенде тірліктегі кейбір құндылықтарды əсіре бағалау керексіз. Олар: Сенім. Біреуді қатты құрметтеп, идеал жасаса, ол сенімнің бүлінуі оңай. Билік. Билікті көп адам жақсы көреді. Ол дұрыс, əрі зиянсыз. Бірақ билікқұмарлар өзгелерді мұқату арқылы оны зиянды етеді. Ақша мен дүние-мүлік. Бұлар қанша болса да, адамға жетпейді. Ақша мен дүние-мүлік аз болса жолым болмады деу, байларға күншілдікпен өшпенді қарау жəне оларды байлығы үшін жек көру, сол пікір иесіне келер табыс пен жетістікке тежеуіш болады. Ізгілік, діндарлық. Ізгілік те, діндарлық та жақсы. Бірақ, ізгіліктің сырт белгілерін жасай немесе діни рəсімдерді орындай жүріп, оны мықтап ұстанбау орынсыз, ал мендегі ізгілік пен діндарлық өзгелерде неге жоқ деп оларды жек көруге тағы болмайды. Атақ, даңқ, құрмет. Бұларға ие болғандар өзге қарапайым тобырды жек көрсе, онда зиянды. Мен «жұлдызбын» деу мүмкіндікті шектейді, қалайда жетсем деп бір биікке өлердей ұмтылу, өзгені күндеу, өзіне риза болмау да зиян. Мансап, болашақ. Кісі өз болашағын жоспарлап алып, оған жете алмаса, ызалануы немесе уайымға салынуы – зиян. Сұлулық пен тартымдылық. Өзін əдемімін деп қызықтап, осының əсерімен өзгелерді өзінен төмен санау орынсыз. Өзін-өзі ұсқынсызбын деп айыптау да зиянды. Өмір сүру тəсілі. Кісі өзінің өмір сүру тəсілін өзгелердікімен салыстырып, сыни көзқараста болса немесе ата-анасы баласының оқуды жақсы оқып, жақсы ақы төлейтін жұмысқа орналасса, үй-жайы, балалары болса дегенді ұдайы ойлай берсе, оның орындалуына өзі кедергі болады. Адамдардың арасындағы қарым-қатынас. Жақсы тəрбие алған адам өз білетінінен гөрі жұпыны, дөрекі жағдайға түссе көңілі қобалжиды немесе ренжиді, өзінің мəдениетін өзгелерге таңбақ болып түсінбестікке тап болады. Жұмыс. Көптеген адамдар өмірінің басты мақсаты жұмыс деп есептейді, уақытының басым бөлігін соған бөледі. Сүйікті ісін, болашақ жайлы жоспарлар мен идеяларды, жұмыс бабындағы өсу немесе байлыққа жетуді басты мақсат етеді. Ондайлардың жұмысы сəтсіздікке ұшырап тұрады, сол арқылы тағдырдан жиі ескерту алады.

Білім, интеллект. Бұл қасиеттерге аса көп мəн беру ғылыми қызметкерлер мен өнер адамдарына, зиялыларға тəн. Бұл қасиет былай алғанда өте орынды болғанымен, білім мен зиялылыққа ұмтылмайтындарды жек көргізетіндей дəрежеде тереңдесе, онда дұрыс болмағаны. Адамдардың мінез-құлқындағы саналылық пен байсалдылық. Мен өз пікірімді біреуге айтып, оны неге тез түсіне қалмады деп ренжісем – орынсыз. Тəн саулығы. Ауырып қалам ба деп қобалжу, дене бітіміне көңілі толмау немесе өзінен əлсізді кемсіну – ауыруға жол ашады. Отбасы, балалар. Болашақ отбасын қиялында жоспарлап алып, оның кейбіріне аса мəн беріп (махаббатқа беріктік, бой сұлулығы, түсіністік т.с.с.), олай болмаған күнде ренжу проблеманы шешудің орнына тереңдетеді. Қабілет. Ойдағыдай жетістікке жете алмаса ренжу, өмірім босқа өтті деп түңілу, керісінше үлкен жетістікке жетсе, өзгелерді менсінбеу – керексіз. Жетілу. Өзін немесе біреуді жетілді, толысты деп есептеп, біреулерді соған салыстырып менсінбеу – күнə. Шығармашылық, жасампаздық. Өз өнерін биікке бағалау артистерде, музыканттарда, суретшілерде, жазушыларда кездеседі. Бəрі менен төмен, я менің өнерім бəрінен жоғары, мені түсінбейді деу, осы пікірдегі шығармашыл кісілердің қабілетін төмендетеді, түсінбестік тереңдейді. Мақсат. Əркім-ақ алдына мақсат қояды. Бірақ сонысы орындалмай қалса еңсесін түсіру, уайымға салыну, шырт етпе болу мен өшпенділік жазасын алады. Мақсат қою дұрыс, бірақ оны өмірдің мағынасы етудің керегі жоқ. Пенделік мақсат жеңіске жетуге ұмтылушы кез келген сатыда жеңіліс табуға əзір болғанда ғана тез орындалады. Адам өткенге өкінбеуі үшін өткенге өкінетіндей мүмкіндікке жетудің өзінде өткеннің ізі жатқанын түсінуі керек. Адам өзін қоршап тұрған əлемге наразы болмауы, оны сол күйінде, жетістігімен, кемшілігімен қабылдай білуі керек. Төңірекке наразы болу – ішкі əлеміңе зиян келтіру. Бірақ, бұл белсенді көзқарас, батыл пікір болмауы керек деген сөз емес. Əрбір қателік – жігердің əлсіреуінің, қателік жібермеу инстинктінің жойылуының нəтижесі. Адам қате көзқараста болғанда немесе түсінігі дұрыс болмағанда кездесетін күнəлар: – Менмендік, өзіне-өзі сүйсіну, өзінің маңыздылығын артық бағалау, өз пікірін ғана дұрыс деп есептеу; – Өзіне немесе тағдырына наразылық. Өз мүмкіндігін жоғары санау жəне оның жоғары бағаланбағанына өкпелеу; – Адамдарды айыптай сөйлеу немесе жек көру; – Алуға тиіс үлесімді алмадым немесе мені өмір орынсыз жазалады деп өмірге өкпелеу; – Үстемдікті аңсау. Əйелі би болса немесе басшы қызметтен айрылып қалса, дұрыс түсінбеу; – Қызғаныш. Өзгелерге мүлік ретінде қарау. Қызғаншақ кісіге əдетте еркін жəне іштей тəуелсіз жұбай жолығады. Көңіл көз соңынан еріп кетпеуі керек. Ал, көңілдегі теріс пиғылды ұдайы басып тастауға əдеттену, керісінше жақсы ойды, көзқарасты мақұлдап, жетілдіріп отыру арқылы адам тек өзінің орынсыз пиғылынан арылмайды, бүкіл əлемде, адамзатта кездесетін тоғышар пиғылға тосқауыл қоя алады. Адамда өшпенділік қайдан пайда болады? Пендешілік жағдаяттарға көп көңіл бөліп, соларды жақсы көргендердің, яғни басымдылық жүйесін дұрыс алып бармағандардың бойында өшпенділік жиналады. Əртүрлі жағдайлар адамның алдынан көзге көрінбейтін қорған соғады. Кейбір қорғандар кісі аттап өте алмайтындай биік болады. Мəселе – содан қалай өтуде. Жұмақ деген не? Жұмақты адам өзіне-өзі жасайды. Біреу туыстарын, балаларын, немерелерін жинап алып, үйі у-шу болып жатса – демалады. Ол кісі үшін жұмақ сол. Біреу тыныштықты сүйеді. Біреу табиғатқа құмар. Біреулер ұйқыдан, біреулер сағаттап сөйлесуден жалықпайды. Демек, адамның өз жанына жақын іспен айналысуы – жұмаққа енуі. Өмір адамды кейде өзін қоршаған адамдарға наразы болуға мəжбүр етеді. Сонда да «Менің ортам – əлемдегі ең жаман адамдар» деп ойлау жарамайды. «Құдайға шүкір, бұдан жаман болуы да мүмкін еді» деп шүкіршілік ету ғана ортаға Аспан арқылы ақыл береді. Осының бəрін өмірге өкпелемей, шындап тілеу керек. Кісі өзіне-өзі ренжіп, айыптай беруі жөн емес. Ол өзіне өлім тілегенмен бірдей. Екі адам орманда адасып кетті делік. Біреуі бар əрекетін, ақылойын жұмсап, жол табуға тырысты. Екіншісі таяқты алып, өзін-өзі сабалай жөнелді. Өзін-өзі айыптай берген адам осының екіншісіне ұқсайды.

Адамның өзін-өзі айыптауы, оған өзге біреуді айыптағаны үшін болатын зиянмен бірдей залал келтіреді. Адамды сүй деп көп айтамыз. Қалай? Адамды сүю үшін оған сынсыз, құмарсыз, есепсіз, құрметпен қарай білу керек. Ой – жүйрік, оған еріп кете беруге болмайды. Адам оған ере берсе қияға шарықтап, бірте-бірте адастырып кетеді. Лажы барынша өз уақытында тоқтап, тірліктің күйкі проблемаларын бір уақ серпіп тастаған дұрыс. Шығыс діні – Дзен ойдың ағысын тежеуді емес, толық тоқтатуды ұсынады. Олар: ой ағысын бірнеше сағатқа тоқтатып қойғанда ғана адам Жоғарыдағы күштермен тікелей байланыса алады дейді. Əр адамның өзінің жеке игілігін ойлауы табиғи нəрсе, бірақ тек өзінің ғана игілігін ойлап, қоғам мүддесі елеусіз қалса, өмірдің өзі мағынасыз ұсақ-түйекке айналмай ма?! Ақылынан айласы көп, өмірге бейімделе білетін адам өзінің айналасындағылардан əлдеқайда жоғары көтерілуі тез. Оның шығармашылық ержүректігі мен ұранға толы сөздері жай ғана авантюризм екенін, ол өзінің айналасында шу көтеріп, бағасын көтеріп жатқанын, өз мамандығында, қоғамда жасанды алға жылжуға ұмтылып отырғанын сұрғылт тобыр уақытында түсіне бермейді. Ондай адамдар осы тəсілмен тарихта қалуға есеп жасайды. Дарыны аздың дабылы көп. Шын даналар, Аристотель, Иисус Христос жəне Мұхамед пайғамбар тарихта өздерінің ойлары мен істерінің арқасында қалды. Тарихта қалу үшін халық жадында қалатын сөзі мен ісі болуы керек. Қазіргілердің көбі бұлай ұмтылмайды, бірақ солай екеніне сендіргісі келіп көзбояушылыққа барады, олар өздеріне ақша мен атақ халық жадында қалудан гөрі керегірек екенін білдіргісі келмейді, бірақ не істесе де сол пиғылы көрініп қалады. Қалың жұрттан аз ғана озып шыққан, демек, оған түсінікті адам танымал қоғам қайраткері болады, я əділет іздеуші ретінде атағы шығады. Немесе белгілі жазушы болады. Жұрттан едəуір алға шығып кеткен адам танымал болуы қиын, өйткені екі деңгейде болғандықтан жұрт пен оның бірін-бірі түсінуі қиындайды. Біреуді жоғары бағалау, онымен ой ортақтығын білдіреді. Атақтылар мен қабілеттілердің ортасында достық аз, біріне-бірі шындап риза болу жоқ. Араларында жай ғана сыпайы сөздер, жалған мақтау бар, шын көңілден шыққан ризалық жоқтың қасы. Өйткені, адамдар өзінен мүмкіндігі жоғарылардан қауіптенеді, сондықтан оны байқамаған болып, бағаламауға тырысады, керісінше, өзіне жете алмайтыны көрініп тұрған, өзінен төменіректі əсіре мақтап, көтермелей жүреді. Демек, адамның жүрегі өзінен төменгіні көреді. Дарындары ұқсас, қабілеттері қарайлас, табиғаты туыстас, зейін байлығы мен көзқарас байлығы бір-бірімен орайлас, дүние танымы мен ой өрістері бір-біріне жақын адамдар ғана бірі туралы екіншісі ешуақытта жаман сөйлемейді, олардың өзара пікірлері шыншыл, түйсіктері ұқсас, айтқандары дəл, көңіл көкжиектері қарайлас келеді. Кісі өзінің қалауын шектей жүруге тиіс, күнделікті тұрмыста шашыптөгу жарамайды, ішкі дүниеде өшпенділік түгілі, қынжылу мен теріс ой да болмағаны дұрыс. Шашып-төгу ақша мен азық-түлікке ғана емес, уақытты да босқа кетірмеуге қатысты. Яғни, барлық қалаудың шегі болуы керек. Көңіл қалауын шектеу мен үнемділік, өзіне жұмсамағанды қайырымдылық жолына жұмсаумен толыға салмайды. Айтқанды істе деу ойлау қабілетін кемітеді. Ойлау қабілеті шектелген адамның өмірі қызықты болмайды. Ол бүкіл елде жаппай құбылысқа айналса, ондай елдің болашағы бұлдыр. Адам өз кемшілігін өзгенікін көргендей көрмейді, бірақ өз жетістігін басқалар көріп тұрғаннан артық көреді. Адамдарда бір-біріне ынтықтық, жақын тұту сезімі бар. Ол тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады. Өзгерген кезде, бақылап-байқаған кісі, ол өзгеріс адамдардың бір-біріне махаббаты азайғандықтан емес, көңілінен шықпауынан болғанын түсінеді. Өмірінде қателікке ұрынған адам айыптыны іздеп, уақытын кетірмегені, шығатын жолды іздегені, қателікті қайтып болдырмауға тырысқаны дұрыс. Басқа кісі туралы теріс ойлау – өзің туралы теріс ойлаумен тең. Адамның басында біреулерге деген сыни пікір үйіріліп жүріп алатын кезі бар. Одан құтылудың жолы – кешіру.

Адам айналадағы əсемдіктен, қоршаған нəрсенің бəрінен қуат алуды үйренуі керек. Сонда күш алу көздері көбейеді. Ұрыс-керіске кірігіп кете беретін кісі ішкі дүниесіндегі қобалжу сезімінен ешуақытта арылмайды. Сондықтан келіспеуге кірісудің орнына достық қалыпқа шақыруға тырысқан жөн.

Мына өмірде ешкім бəріне бірдей қожайын емес екенін түсініп алған адам ешкім ешкімнен кіші де, ұсақ та емес екенін түсінеді. Ешкімге тəуелді болғысы келмеген адам сұраншақ болмай: «Сұрасам аса зəру нəрсені сұрадым, қайтарым жасауға тырысамын, ол үшін жарамсақтанып, төмендемейін», – дейтін принципті ұстанғаны жөн. Адам ешкімді дұшпан тұтпауға əдеттену керек. Біреу дұшпандық танытса, оны ойдан қуып шығуға тырысқан дұрыс. Біреудің басында «үймелеп» қалған ой, өзгелерге де түседі. Сөйтіп, салмақ жан-жақты түседі. Біреуге жалған ризалық білдіріп, жарамсақтану арқылы біреудің көңілін табуға тырысқаннан, кісі өзіне риза боларлықтай жұмыспен айналысқаны жөн. Адам күніне бір мезгіл, тіпті бірер минут қана болса да өзіне үнсіздік сыйлағаны жөн. Ештеңе істемей, бір мезгіл тыныштық көру, одан рахат ала білу керек. Анда-санда қатты айғайлап, қатты күліп, көз жасын төгіп, осылай жасау арқылы бойдағы теріс қуатты алып тастап тұрған дұрыс. Қандай да бір қасиеті үшін біреуді ұнатып қалған кісі, оны сездіруге бата алмайтын, қорқатын, əйтпесе қолы жетпейтін болса, іштей-ақ құрмет жасай бергені мақұл, сонда онысы ол кісіге көзге көрінбейтін байланыс арқылы жетеді. Адам өзі құмартқан ісін жиірек жасауына болады, солай етсе сезімі қанағаттанады, бірақ оның соңына түсіп елігіп кетпегені мақұл. Алудан гөрі беруге ниеті көбірек ауатын жағдайға жеткен кісі бақытты. Ол жəрдемнің, əсіресе, байқатпай жасалғанда, сыйы мен бірге сəлемі жүргенде, жиналып қалған төлемін жасап жібергенде бағасы артады. Олай жасаған кісінің жаны жайлана түседі. «Бер» деген сөз қалыпты жағдайға айналған ортадамыз, ол адамзат қоғамының ізгі заңдарына қайшы. Енді «беремін» дегенді үйренуге тиіспіз. Керемет көргенде құр таңырқап қоймай, оған тебірене білуді үйрену керек. Өз өмірін қарапайымдандыра білген кісі ұтады. Азға қанағат ету – көбірек келуге жол ашады. Адамгершілік Біздің мектептерімізде, жоғарғы оқу орындарында, қажеттісі бар, қажетсізі бар, ғылым-білімнің неше түрі оқытылады, бірақ біз бақытты болуымыз үшін ең қажетті пəн – адамгершілік пəні оқытылмайды. Толстой Панчатантрадан: Егер біреуді Тəңірі жарылқаса өзгенің оған қызғаныш көрсетуі адамшылық емес. Адамгершілік деп нені айтамыз? Егер кісі өзін-өзі ел ішінде жүргенде мықты бір ұлықты күтіп алуға жүргендей болып ұстаса, өзіне қаламағанды өзгеге жасамаса, ел ішінде бүлік салмаса, үй ішінде де ұрыс-керіске себепкер болмаса, онда ол – адамгершілік иесі. Конфуций Адамгершілік бар жер жанға да жайлы. Ақылды кісі таңдау бола тұрып оны таңдамауы мүмкін бе? Конфуций Адамды сүйе де, жек көре де білетін адамды ғана адамгершілігі мол кісі дейді. Конфуций Дегдар азамат үш түрлі жағдайда, үш түрлі кейіпте танылады: Алыстан көрсең – тəкаппар, айбынды, Жақыннан көрсең – ізетті, мейірбан, Сөзін тыңдасаң – тура, қатқыл. Конфуций

Адамгершіліктен ажыраған адам ұзақ уақыт кедей боп қалмас, бірақ мол байлыққа да кенелмейді. Адамдық қасиеті бар кісіге адамгершілік – рахат, ал ақылды кісіге ол пайдасын тигізеді. Конфуций Бағалы асылзаты болып тұрып елінің жолдан адасқанына жайбарақат қарап отырған адамды адамгершіл дейміз бе? Жоқ. Іске кірісуге ұмтыла тұрып, соны жасамаған адамды ақылды дейміз бе? Жоқ. Күндер мен айлар өтеді, сонымен бірге біздің өміріміз де өтеді. Конфуций Əкені құрметтейтін, үлкенді қадір тұтатын адам билеушіге сын айтпайды. Билеушіге өшікпеген адам бүліншілікке құмартпайды. Ізгі адам осының түбіріне үңіледі: əңгіме əкеге құрмет пен үлкенді сыйлау – адамгершіліктің негізі екенін, бүкіл болашақтың тағдыры осында жатқанын түсіндіруде жатыр. Конфуций Қайырымдылық бар жерде береке бар. Конфуций Қайырымы жоқ кісі жарымайды. Олар қуаныш дегеннің не екенін шындап сезіне алмайды. Мейірімді кісі өзі де мейірім көреді. Конфуций Қайырымды кісі зұлым бола алмайды. Конфуций – Адамгершілік деген не? – Адамдарға махаббат. – Білім деген не? – Ол адамдарды білу. Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың. Конфуций Кім табанды, тəрбиешіл, алдамайтын болса жəне ойланбастан іс қылмаса, ол адам адамгершілікке жақын. Конфуций Адамгершіл кісі ержүрек, бірақ ержүректің бəрі адамгершіл емес. Конфуций Ойы биік адамдар жəне адамгершіл кісілер өз өмірін сақтап қалу үшін адамзатқа зиян келтірмейді, тек соңына дейін адамгершіл болу үшін өмірін қия алады. Конфуций Адамгершіл болу мүмкіндігінде өзіңнің ұстазыңа да кезек берме. Конфуций Адамгершілік адамдар үшін от пен судан да маңыздырақ. От пен судан өлген кісіні көрдім, бірақ ешқашан адамгершіліктен өлген адамды көрмедім. Конфуций Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді; Екіншісі – барлығын бағындырады; Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады; Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді; Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады. Конфуций Бір игілікті иеленуден қорқатын адамды адамгершілігі жақсы деп айтуға болмайды. Олай деп барлық жақсы нəрсе ол үшін жақсы болатын, билік пен байлық секілді нəрселерде оның байырғы қалпын бұзбаған адамды айтамыз. Аристотель Жаны əсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның əсемдігі – адамның əділеттілігінен, ер жүректілігінен, саналылығынан, барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді. Аристотель Адамгершіліктің басты шарты – адам болуды қалау. Сенека Өзің үшін өмір сүргің келсе, біреулер үшін өмір сүр. Сенека Адамның туғаны не өлгені, байлығын жоғалтуы, үйінен айрылуы аянышты емес, олар адамға тəн нəрсе емес. Егер адам өзінің шын меншігін – адамгершілік ар-намысын жоғалтса, сол аянышты. Эпиктет

Кабуснамадан: Адамның адамдық қасиетінде үш нəрсе бар. Бұл үшеудің бірі – ақыл, екіншісі – туралық, үшіншісі – жомарттық. Халықтың жалпы талабына шындық көзбен қарасаң бірде-бір адам ақыл, жомарттық жəне туралықсыз жұмыс істей алмайды. Өйткені бұл үш қасиет болмайтын адам жоқ, бірақ салғырттық, енжарлық, парасатсыздық пен даурықпалық халыққа сол ұлы жолды жауып қойған. Адам ақылмен түрлі ілімді үйрене алады. Адамның дене құрылысы көзге көрінбейтін жəне көрінетін заттардан құралған. Адамның денесінде табиғи күштің бір бөлігі көк күмбезі, жұлдыздар, заттар, элементтер тыныс алу сияқтылардан жəне ақыл-ой жүйесінен түзіледі, бұлардың əрқайсысы өз алдына бір дүние. Денедегі элементтер жиынтығы бір-бірімен байланысты. Бұлар адамның дүниесінде дараланып та, бірлесіп те қызмет атқарады. Бұл кең дүниеде көк күмбезі де, жұлдыздар да, табиғи күштер де əртүрлі асыл заттар болса да, бір-біріне байланысты. От пен су бір-біріне қарамақарсы түзілген. Топырақ пен жел бір-біріне байланысты. Күш – аспан əлемінен, аспан əлемі – заттан, зат – элементтен, элемент – жаннан, жан – ақылдан бөлінеді. Адам дене құрылысындағы қараңғылық жəне салмақтылық табиғи күштер арқылы жиналады. Сурет, бейне, ұят, күш-қуат, əрекет-қимыл, көк күмбезінен жаралады. Денедегі бас, сезім, яғни есту, көру, иіскеу арқылы, дəмін тату арқылы сезіну, ұстап жанасқан кезде тітіркену арқылы сезіну – заттық, элементтер арқылы жиналады. Рухани сезім, яғни жадында ұстау, ойлану, қиялдау, сөйлеу шараларын жүзеге асыру жан дүниеге жиналады. Адамның тəніндегі қадірлі нəрселердің белгілі қайнар көзі жоқ. Олардың орнын көрсетуге де болмайды. Мысалы жомарттық, данышпандық, кемелділік, қайырымдылық, ұлықтық. Бұлардың бəрінің негізі – ақыл. Жомарттықтың негізі үш нəрседен тұрады: бірі – айтқан сөзіңді қалтқысыз орындау; екіншісі – туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі – қайырымдылықты естен шығармау. Жомарттықтың бір шарты дауыс көтеріп, дауласып біреудің бетін жыртпайды. Жұртты ант ішіп, талап қоюға əдеттендірмейді. Жомарттықтың негізгі шарты: менмендік, кесапаттық атаулыны ойынан шығаруы керек, біреуге қастандық жасаудан аулақ жүруі шарт… Жомарттыққа жақын болсаң, дүниедегі жақсылар қатарында боласың. Егер жомарттық жолына түспек болсаң, əрдайым үш нəрседен сақ болғын: көзіңді жаман қараудан, қолыңды жаман істен, тіліңді жаман сөзден сақта. Үш нəрсені дос-дұшпаныңа ашық ұста: ол – үй-ішің, дастарқаның, теңге салатын қалтаң. Жалған сөйлеме, турасын айтқын. Егер жұрт сенің жомарттығыңа көзі жетсе, қанша абыройлы адам болғанымен мойынұсынып, көпшілік алдында сенің жомарттығыңа тəнті болады, сондықтан барлық əрекетіңді жасап, жомарттық қасиетіне ие болғын. Əрдайым өткен істің кегін қайтару жайын ойланба, біреуге қиянат жасама. Бұлар да жомарттықа тəн қасиет емес. Жомарттықтың жетілген түрі: ол өз малын өзінікі, біреудің малын біреудікі дей біледі. Жұрттың малынан дəмеленбейді. өз қолыңмен қоймаған нəрсені алмағын. Жұртқа жақсылық жасай алмасаң, жамандық жасама. Менің осы айтқандарымды істеген адам дүниедегі ең жомарт кісі болып атанады. Адамға ащы татпай тəтті қайда? Тер төгіп тапқан абзал адал пайда. Əркімді жаратпаған тəңір жайға Өлшемі адамшылық, туралықта! Қожа Ахмет Иасауи Буддадан: Арық қазған адам суды өз ырқына көндіретіні секілді, мерген жебені өз қалағанына тигізетіні секілді, балташы ағаштан өз керегін жонып алатыны секілді – шынайы азамат та өзін өзі билей алады, ұстамды келеді. Екклезиастан: Дүниені неғұрлым терең таныған сайын қадірің арта түседі. Тікен ексең, жүзім шықпайды. Ахмет Йүгінеки Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойдың жан-жақты дамуына көңіл бөлуі қажет. Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат. Əл-Фараби Тоқырап қалған ой мен ұшқары* пікірден қаш, бетіңді тағдырың боларлық ойларға бұр. Əбу Саид ибн Əбу Қайыр Қандай болсаң, солай көрін немесе қалай көрінсең сондай бол. Джалалиддин Руми Қаншама адам көрдім, үстінде лыпасы жоқ; қаншама киім көрдім, ішінде адамы жоқ. Джалалиддин Руми * Ұшқары – жеңіл, талас тудыратын.

Жай адам өзінің күнəларын кешіруді сұрайды, тек таңдаулылары ғана өзінің абайсыздығы үшін тəңіріне жалбарынады. Зуннун Мысыри Мақтауға тым есіріп желпінбейтін, Даттауға иіні түсіп өкінбейтін. Адамдар болса, өзін өзі баққан, Адаспай адамшылық жолын тапқан. Субашид Əрқашан адамдардың жаман жақтарын емес, жақсы қасиеттерін көре біл. Лев Толстой Жақсы нəрсе туралы ойлан, сонда ойларың ізгі істер жасауға пісіпжетіледі. Лев Толстой Шын мейірбандық əрдайым кішіпейіл келеді. Кішіпейілділіктің тартымдылығы, пайдалылығы сонша, кішіпейіл болып көрінгісі келетін адамдардың аздығы таңырқатады. Жасанды кішіпейілділіктің жасандылығы – ең барып тұрған ұнамсыз жасандылық. Лев Толстой Немқұрайдылық – жан-дүниенің пасықтығы. Лев Толстой Əлеуметтік прогресс адамгершілікті тудырады деп тұжырымдау, пештерді салу жылу шығарады дегенмен тең. Лев Толстой Адамгершілік жолындағы жеті жақсы қасиет: Бірінші: Имандылық. Екіншісі: Жоғарғы əділдік. Үшіншісі: Адалдық, ақкөңілділік. Төртіншісі: Сыпайылық, момындық. Бесіншісі: Адал ниетпен өсиет беру. Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық. Жетіншісі: Дұрыс заңдылық. Ыбырай Алтынсарин Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қыл. Абай Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет* сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – Жаратқан тəңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат сезім бар. Ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нəрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп. Абай Көпте ақыл жоқ. Көптің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бір бұруға жарағандық – ерлік. Абай Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай Адамға адамшылық неге керек? Адамшылықтың негізгі тірегі – рақымшылық, мейірім емес пе?! Ендеше рақымсыз, мейірім таратпай қалай өмір сүруге мүмкін? Біреуге жаны ашып, жəрдем қылмай өткен адам құлаған бір бəйтерек емес пе?! Шəкəрім Сақ адам сандығын бекіте алады. Есті адам тілін тыя алады. Бірақ ешкім ойын тыя алмайды. Шəкəрім Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды. Шəкəрім Білім мен адамгершілік екі басқа нəрсе. Ахмет Байтұрсынов Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен жəне түзелу, бұзылу жас уақытта болады. * Ғаделет – əділет, əділ.

Көпшілікті адамгершілікке тəрбиелеу үшін жас буынды тəрбиелеу қажет. Адамшылықты таза жүргізу үшін – көп ой керек, ойлау үшін оқу керек жəне оқу əр тараптан мағлұмат беріп, ақиқатқа баланың көзін жеткізіп, көңіліне жақсылықпен тəрбие беру керек. М.Əуезов

Ислам қағидаты: Ой ештеңе емес, сөз бен іске абай бол. Кісі болар кісінің Кісіменен ісі бар. Кісі болмас кісінің, Кісіменен несі бар?! Ақсуат би Жек көрсе жақсы көріп, жалғандықты – шындықпен, зорлықты – шыдаумен жеңу мүмкін. Махатма Ганди Адамгершілігің пəс болса əділетті бола алмайсың. Вовенарг Бүгінгі отаншылдық – төзім. Бүгінгі ерлік – сабыр. Бүгінгі елдік – тыныштық. Қиындық пен қиянат көрсе бəрін де тəуелсіздіктен көретіндерге, оларға тəуелсіздік айыпты емес, оның себебі: жаңаны көрсе, жағасынан алып бағатын жаны қас керітартпалықтан. Кешегісін көксеп оқыранған озбырлықтан. Бəрін жиып қойып, тек елдікті ойлайық. Өйткені, бəріміздің де көкейімізді тесіп жүрген əділет пен теңдік болса, тек елдік бар жерде болады. Ал əуелден де елдік дегеннің мəні өзіңді неге қимасаң, өзің тектес өзгені де соған қимау. Дəл мынандай заманда өзіңді ойламау – обал. Өзіңді ғана ойлау – күнə. Неден басталып, немен тынары белгісіз өткелектер тұсында көлденең қиқудың бəр-бəріне көз жұмып қайталай бергеннен онсыз да көп емес басымыз көбеймесі анық. Елдік болуы үшін жүйесін тапқан жүйелі сөзге тоқтай білер жоралы жұрт керек. Жұрт тоқтата алатын өнегелі сөз керек. Көш бағытын түзейтін көсем пікір керек. Əбіш Кекілбаев Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу. Əбіш Кекілбаев Адамзат баласының ұлт болып қалыптасуы – құдіретті құбылыс. Ұлттың сұлулық заңдылығы бойынша орныққан болмысын танып-түсіну арқылы ғана сол ұлттың ғұмырын ұзартуға болады. Немесе, керісінше ұлттың сұлулық заңдылығы бойынша орныққан болмысын танып-түсінбеу арқылы ғана сол ұлтты өлтіріп алуға болады. Ақселеу Сейдімбек Қазір рухани əрекет үстінде жүрген замандастарымыз өздерінің бітімболмысы жөнінен екі түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірі – халықты соңымнан ертсем, халықтың көзіне түссем, халықтың аузына іліксем, ақырында халықты аузыма қаратсам деп əлек. Олар үшін қайдан шыққанын білудің, қайда барарын ойлаудың қажеті жоқ, кез келген лып етпе сезімнің жалына жармасып көрініп қалса болғаны. Екіншісі – халыққа қызмет етсем деген ниеттің адамдары. Олар бəлсінбейді, бұлданбайды, ақтық деміне дейін тер төгуге бар. Бұл топтың өкілдері үшін халықтың болмашы ықыласы – бақыттың шыңы. Өкінішке орай, бірінші топтың өкілдері өнімсіз, қысқа бақай, əлемжəлем, даңғаза тірліктерімен халықты көбірек алдандыруда. Ақселеу Сейдімбек Өңкей қара қарғаның ортасында ақ қарға болуға болмайды. Ақселеу Сейдімбек Байыбына барып сөйлеп, байыбына барып іс қылған салауаттылық əркімнің талайына бұйырмаған. Əркім өзіне-өзі ұстаз, өзіне-өзі төреші болғаны абзал. Дүниені түзеткің келсе, əуелі өзің түзел. Баршамыз пайымдауға тиісті бір-ақ ақиқат бар: əркім өзін-өзі тəрбиелемей, қоғам түзелмейді. Ақселеу Сейдімбек Басы жұмыр пенде атаулы өзінше бір қайталанбас əлем деп келетін ұғым бар. Болса болар, əйтпесе, дүние дидарындағы мың сан тіршілік атаулының ішінде адам шіркіннің адамдық оқшаулығы ден қойғызбас еді. Десе де, сол басы жұмыр пенделердің арасында рухани даралықтың жөні қашан да бөлек. Əдетте, ондай тұлғалардың еткен еңбек, төккен тері мен көрген тіршілік, кешкен ғұмыры, былайша айтқанда, барша болмыс-бітімі

қарақан басымен шектеліп қалмай, өзі өмір сүрген замана тынысымен астасып, өзі ғұмыр кешкен қоғам тарихымен шендесіп, сол кез – кезеңнің айғағына айналып кетеді. Мұндай тұлғалардың рух тегеуіріні заман мен қоғам дамуына мұрындық бола ма, жоқ əлде, заман мен қоғам толғағы сондай тұлғаларды тудыра ма, оны кесіп айту қиынның-қиыны. Тəрізі, осы екі себептің біте қайнасуы, бірінсіз екіншісінің мүмкін еместігі мəдениет пен өркениет атаулының қайнар көзі, алтын арқауы болса керек. Ақселеу Сейдімбек Біздің қай-қайсымыз да талай рет куə болған, біздін қай-қайсымыз да талай рет жанымыз жадырағандай сезім күйіне бөленетін сəттер бар. Ондай сəттерді, əсіресе, ерекше дарынды адамдармен немесе əйгілі тұлғалармен ұшырасқанда бастан кешетініміз де рас. Қас қағым сəтте ойсанаңды шарпып өтетін ондай сезімді жорып-түсіндірудің өзі оңай шаруа емес. Кереметі сонда – дарынды, əйгілі, біртуар тұлғаларды көргенде бір сəт пенделік күйкіліктен арылып, оның орнына жан-дүниеңді ерен еңбек, асыл өнер, адал достық, айнымас махаббат, парасат пен кісілік, ел мен жердің кие-құты, мəңгілік ғұмыр-тіршілік дегендей асқақ сезімдердің баурап алатыны бар. Мұндайда, сол əйгілі тұлғаның не тындырғанын, қандай қабілет-қарымның иесі екенін зерделеп жатуға да мұршаң болмайды. Алайда, асқақ-алапат сезім ой-санаңды билеп, жан-жүрегіңді баурап, рухыңды биіктетіп кететіні аян. Ақселеу Сейдімбек Дұрысы – күш-қуатың, қабілетің барда үндемей, ештеңеге алаңдамай, істеген ісіңді бұлдамай еңбектене беру. Бір нəрсені анық білемін. Атақ, даңқ қуған адам əу бастағы əп-əдемі атқарып келе жатқан творчестволық жұмысының қай деңгейге келіп тоқтағанын білмей, шашылып қалады. Ақселеу Сейдімбек Жарық дүниеге пешенесі бестен келіп, алғашқы тартқан демінен бастап ақжолтай ғұмыр бұйыратын адамдар болады. Олар тіршілігінде не қаласа да дегені болып, ішкені – алдында, ішпегені – артында дегендей, мұңсыз-қамсыз ғұмыр кешеді. Дарыны тасып, күресі асып тұрмағанына қарамастан, өзі араласқа түскен қоғамның əлпеші болмаса да, қолпашынан кенде болмайды. Мұндайлар қара басының мұң-мүддесі үшін біреуді қарақтап, біреуді жарақтауға келгенде əбжілдік* танытқанымен, өзі бір мүшесі болып жүрген қоғам тағдырына қатысты істерге əсте қабырғасын * Əбжілдік – жылдам қимыл, тез шешімге келу. қайыстырмайды. «Менен кейін маған десе топан су қаптасын», – деген ұстаным мұндай адамдардың өмір сүру тəсіліне айналады. Ал енді, келесі бір адамдар болады: арманы асқақ, ниеті адал, жүрегі нұрлы, дарыны тасқын, ақылы кемел. Айтары жоқ, қызыға қарайсың. Бірақ, ондай адамдар, əдетте, тағдырдың торына шырмалып ғұмыр кешеді. Аттаған қадамы кедергіге жолығып, таңдаған жолы тосқауылға тіреліп, ақылы – азапқа, дарыны – тозаққа ұласып жатады. Ақселеу Сейдімбек Тəн сұлулығы – теңіз бетіндегі көпіршігі мол толқын. Жан сұлулығы – тереңдегі ағын. Екеуі екі басқа дүние. Осы екі қасиет бір адамның басында ұштасса ғұмыр бойы айналасын нұрға бөлеп өтер еді. Ділдə Матайқызы Адамдар биіктерге өрмелейтін себебі – бүгінгі өмірден жақсырақ өмір бар ма деп іздейді. Жер-жерді аралау, теңізге шығу да адамдардың бақытты болудың өзге жолдарын іздеу себебінен келіп шығады. Бірақ, олар, айналып келгенде, кешегілердің өмірі бүгінгілердікінен жақсырақ екеніне көздері жетеді. Пауло Коэльо Менің басыма қойылатын тасқа не жазуым мүмкін. Мен «Ол тірі кезінде өліп қалған» деп ойып жаздырған болар едім. Бұл ақылға сыймайтын нəрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ мен тірі кезінде өмір сүруін тоқтатқан адамдарды көп көрдім, бірақ олар жұмыс істеуін жалғастыра береді, тамақ жейді, көпшілікпен араласады. Олар мұның бəрін əрбір жаңа күн əкелетін сиқырлы сəтті сезіне алмай, өмірдің кереметі жайлы ойлану үшін тоқтамай, келесі минут ол үшін бұл планетадағы соңғы сəт болып қалуы мүмкін екенін түсінбей, барлығын дағды бойынша жасайды. Пауло Коэльо Кемеңгер деп тек өз ісінен лəззат алатын, қиындыққа қарамастан жұмыс істейтін адамды айтады. Бұл ағынға кедергі құрсаң, ол өзен болып бəрінің талқанын шығарып шайып кетеді. Стендаль Адам бұл өмірде ұмытылмас, тəтті шақтарды жəне де қайғы мен күйзеліске толы кезеңдерді басынан өткізеді. Ойлап қарасақ, əлемді

жамандықсыз (зұлымдық, зорлық-зомбылық) елестету тіптен мүмкін емес. Əйткенмен де, адамзат баласының «бір жамандықтың, бір жақсылығы» бар екенін ұмытпағаны абзал. Ақылды адамның басым қасиеттерінің бірі ол – өз бойындағы, жаңа айтылған жағымсыз қасиеттерін (кемшіліктерін) жасыра білуі. Жалғанда бір-ақ рет берілетін, өмір атты қиын да, қызықты жолда жамандыққа жол бермей, өз ар-ұятымызды сақтап, өзіміз қалағандай өткізуіміз керек. Қазіргі таңда, əлемді толықтай ақша билеген заман. Ал, ақша жүрген жерде ар-ұяттың екінші орында тұратыны заңды дүние. Сондықтан да, Жаратқан иеміз бізге бəрін берді, барлығы біздің игілігімізге арналған. Сол игілікті орнымен қолдансын деп, ақыл берді, сана берді. Адамзат сол жағын ойлау керек. Əлі де бізде рухани жағымыздан кемшіліктердің бар екенін жасырмаймын. Болашақ дейміз, болашақ жастардың қолында дейміз ал, оларға не қалдырамыз сонда. Қазіргі кезде адам баласының ойлау қабілеті, санасы да жоғарғы деңгейде десе болады. Сол деңгейді жақсы істерге арнауымыз керек. Əр адам өзінің мүдделерін, қажеттіліктерін ғана ойлауы дұрыстық болмайды. Əлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста. Елдос Шаймарданов Күштен – құдірет, жарықтан – нұр алып пайдалануға болады. Тек қана жарық пен күштің шыққан тегін түсініп алған жөн. Николай Рерих Азамат болуға ұмтылған адамда дүниеге, заманға, уақытқа деген көзқарас, адам тану, ар тану, мінез тану, ел тану, жер тану, серіктес (жар) тану, тіршіліктің күнгейі мен көлеңкесін тану қабілеті ұдайы даму үстінде болуы керек. Əйтпеген күнде тоқырау дайын. Əмірхан Меңдеке Ойланып-толғану – ең қиын жұмыс. Сондықтан онымен санаулылар ғана айналысады. Генри Форд Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзінің тəжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы. В.Соловьев Адамгершілік тəрбиелеудің басты мақсаты мінез-құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пікір айту қабілеті. Л.Кольберг, психолог Пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиіс. Н.И. Пирогов Қазақ мəтелі: Ұлы адамның үнін есті, үйіне барма. Тит нөкерлерімен көш бойлап келе жатса, бір ұсқынсыз киінген бала жігіт императорға сəлем бермек болып, алдын кес-кестейді. Атқосшылар баланы шауып тастамаққа ұмтылады. Сонда Тит: – Мен – император, бұл – жарлы болса, ол – Құдайдың ісі. Жалтыраған қымбат киім – адамшылықтың, жұпыны киім – ақылсыздықтың белгісі бола бермейді, тимеңдер, – деп нөкерлерін тыйып тастаған екен. Жомарттық жəне кішіпейілділік – ешбір пайданы ойламай, ең жақсы ниетпен көмек көрсетуге дайын адамның қасиеттері. Мейірімділік – жақсы істер жасайтын адамның қасиеті. Мейірімділік – ілтипатты жəне ақ көңіл адамның қасиеті. Мейірімділік – адамдарға жəне қоршаған əлемге мейірбандылық көрсететін құнды қасиет. Адамның адамгершілігі біреуге істеген қызметімен емес, қоғамның дамуына қосқан үлесімен өлшенсе – өркениетке жету деген сол. Адамның адамгершілік қасиеттері: кішіпейілділік, еңбекқорлық, намысшылдық, қайырымдылық, табандылық, ілтипаттылық, адалдық, ақпейілділік, əділдік, ұқыптылық. Адамгершілік дегеніміз – ар, намыс, адалдық, достық, жақсылық жасау. Адамгершілік – деген ұлы сөз. Адамның игі іс-əрекеті, еңбек, достық, татулық – осының бəрі адамның адамгершілік қасиеті. Адамгершілік деп адалдық, əділдік, шыншылдық, ұяттылық, арлылық, жомарттық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, ержүректік секілді ізгі қасиеттерді айтады. Адамның адамгершілігі ата-анамен, достармен, ұстазбен, көршімен, бейтаныспен арада қарым-қатынас орнатудан, олармен өзара сыйластық жағдайында болудан көрінеді.

Адамгершіліктің биіктігі адамдық ардың биіктігінен, адамдық арнамысты ардақтай білуден, əр уақытта жақсылық жасауға ұмтылудан көрінеді. ХХІ ғасыр – заңдарға, əсіресе адамгершілік заңдарына бағыну ғасыры болады. Оған алдымен сананың жетілуі, екіншіден заңды орындамаудың тиімсіздігі себеп болмақ. Сөйтіп, адамгершіліктің жалпы ережелері бұдан төрт мың жыл бұрын негізі қаланған Шумер елі заңдарының бүгінгі жетілген түрлерімен кірігіп, тізе қосып əрекет етеді. Адам жаратылысында ізгілік пен зұлымдық бірге жүреді. Соның қайсысы алдымен көрінеді, ол – қоршаған ортаға, адамның тағдырына, санасына байланысты. Біреудің тағдырын шешу қолына тиген адам санасыз болса, адамгершілік заңдарын аяққа таптайды. Құдай берген жанды Құдай емес, басқа біреу алған болып шығады. Əр адамда адамдық жəне жануарлық жан бар. Қалыпты жағдайда тəн тамақты – жаннан, жан – рухтан, рух – Құдайдан алуы керек. Бұл байланысты бұзуға немесе жоққа шығаруға болмайды, жабайы қағидатпен тек тəнін тамақпен тойындыру, басқа уайымдарды ұмыту кісіні кері кетіреді. Алдымен Тəңірі түсінігі, соңынан барып Адам, Жер, жануар, өсімдік түсінігі жүреді. Рух биіктігі рухани адамгершілік жəне интеллектуалдық қажеттіліктің заттық қажеттіліктен қаншалықты биік екендігімен өлшенеді. Адамның ниеті, іс-қимылы жақсы болсын, жаман болсын өзіне қайтып оралады. Ниет түзулігін ұстанбайтын, оны іс жүзінде қолданбайтын адам өз іс-қимылымен өзіне ғана емес, ұрпағына да зиянын тигізуі мүмкін. Адамның ішкі дүниесін тап басып тану қиын. Канттың: «Менің уайымдайтыным екі нəрсе – жұлдызды аспан мен адамның ішкі дүниесі, оның өз адамгершілік қағидалары» деп айтқаны бар екен. Шығармашыл емес адамдар өнімсіз тұрақтылықты місе тұтып, даму жолын жатырқайды, тыныштықты көксейді. Жанның тазаруына өзгелердің пендешілік пиғылы да себепкер болады: ішіңдегі біреулерге деген байқаусыз менсінбеу өзге бір адамның төңірегіне жасаған өркөкіректігімен емделеді. Егер біздің біреуді құрмет етуіміз арта түссе, ол адаммен жанымыз жақындасады. Қабілеті болмаса да, тағдырдың соққысын қабылдай білетін адам дарынды болып кетеді. Адам мезгіл-мезгіл ақылына тыныштық беріп тұрғаны дұрыс. Өмірде жеткен жетістігіне қанағат етіп, жетпегеніне қиял арқылы жетсе, адамның бойы жеңілдейді. Көңіліндегі оқиға жүзеге ассын деген кісі, оны ұзақ əрі табанды түрде көз алдына келтіргені жөн. Адам өзімен-өзі ақылдасып, күдікті ойларын ұзақ талқылауға ерінбегені дұрыс. Ол – тазарудың бір жолы. Бірақ, бұл – адам ешқандай күдіктенбесін деген сөз емес. Тіптен күдіктенбеу – өз өмірін қалай болса солай бетімен жіберумен, яғни ағысқа ерумен тең. Талаптың бəрінің төлемі бар. Ол дұрыс болмаған сайын төлемі қымбаттайды. Орынсыз талап орасан төлем арқылы ғана келеді. Адамды танығысы келгендер алдымен оның озығын, артықшылығын танысын. Оны көре алмаса немесе аз көрінсе, кемшіліктері соны білу барысында өзі-ақ көрінеді. Адам баласының бір қасіреті – ойлауға уақыт таппайтыны. Көбі ойлау керек деп есептемейді де. Кейбіреуі біз үшін ойланатындар бар ғой деген масыл пиғылды сіңірген. Адам өзін-өзі мақтау қажеттілігіне қарсы тұра білу керек. Мақтаулы көрінуге тырысу өзгеге үстем қарауға алып барады. Мақтауға да, даттауға да құлағы керең бола білген адам, егер онысы айладан, менмендіктен болмай, шын пиғылға айналған болса – жетілуге бет алған адам. Ескіден қалған бір сөзде: «Жетілу үшін молаға барып қабірдегі адамды бір түн мақта, ертеңіне барып бір түн датта, сонда қалай міз бақпайтын болса, мақтау мен даттауға солай міз бақпауды үйренсең, сонда жетілгенің» делінген. Əр адамның өзінің саналы əлемі болады. Ол кездейсоқтыққа жол бермейді. Бастан өткен əрбір іс бізді бір нəрсеге үйретеді.

Ағаштың түбіндегі ылғал қашан қашып кеткенін біз байқай бермейміз. Адамда де өмір сүруге құштарлық, шаттана қуану сезімі сол ылғал секілді қайтып кетіп тұрады, оны да байқау қиын. Адамның қуат алар ылғалын толықтырып тұру үшін, ол өмірінен рахат сезіне білуі, қанағатшыл болуы, ойлай білуі, өмірін өзгертіп отыруға дайын болу керек. Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» деген кітабын оқыған бір отағасы: «Көрдің бе, Бауыржанның келіні атасы туралы кітап жазыпты, сендер қашан сондай болар екенсіңдер?», – десе керек. «Келіні атасы туралы кітап жазу үшін, атасы Бауыржандай болуы керек қой», – деген екен келіні. Өркөкірек адам, қолындағы шамын желдің өтіне ұстағанмен тең. Бірақ, біреуге жұдырығын түйіп келетіндерді олар да жұдырығын түйіп қарсы алады, өйткені сырт киімді шешуге суық пен желге қарағанда күннің ықпалы көп болмақ: қаhар мен ашуға қарағанда, ізгілік, достық ыңғай мен ізеттілік адамдардың өз пікірінен айнуына анағұрлым көбірек ықпал етеді. Сондықтан біреудің жасаған ісі орынсыз деп есептегенде де бірден жұдырық түйе бармаған жөн. Адамға есекке қарағандай қараса, есек секілді бірбеткей болып кетеді. Бір жылдан кейін сенің қандай киім кигенің естен шығуы мүмкін, бірақ қандай адам екенің елдің есінен шықпайды. Адалдық Бастысы – адал əрі əділ болу, өзіңе тең болмаса достаспа, өз қатеңді түзетуден қорықпа. Конфуций Адалдық пен туралыққа ұмтыл, өзіңе тең көрмеген адаммен достаспа, өз қатеңді түзетуден қорықпа жəне тартынба. Конфуций Адамдар үшін адал қызмет ете алдым ба? Мінез-құлқым жұртқа жайлы ма? Достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? Маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып отырамын ба? – деп мен өзімнен күніне үш рет сұраймын. Конфуций Өзіңді таза қалпымда сақтаймын деп өмірден алшақтама, ештеңемен айналыспай, ортаңнан қол үзіп қалма. Конфуций Өзіңнен жоғарыға қарап, соған жетуге ұмтыл, өзіңнен төменді көріп, өз ішіңе үңіл. Конфуций Адам адал болған сайын біреуді арамдықта азырақ айыптайтын болады. Цицерон Шындық, заңдылық, ізгілік, əділеттілік, момындық – бұлардың бəрін «адалдық» деген сөзге біріктіруге болады. Квинтиллиан Жан рахатына жеткісі келгендер құрмет пен игілікке тек адалдық арқылы жетсін. Сенека Адалдықпен кешкен өмірді қысқартқанмен, одан оның адалдығы азаймайды. Сенека Адал адам қашан да қарапайым. Марциал Адалдық, терең, таза, нағыз адалдық – ұлы адамға тəн алғашқы қасиет. Карлейль Хадис: Əркімнің ниеті өзіне серік. Хадис: Кім де кім дұрыс жолмен жүрсе, оның пайдасы өзіне. Ал азғындық жасайды екен, оның зардабын да өзі тартады. Біреудің күнəсін біреу көтермейді. Хадис: Мына алты нəрсе жəннатқа кіруге кепілдік береді: дұрыс сөйлеу, уəдені орындау, аманатқа адалдық, ұятты жерлерді сақтау, көзді харамға салмау, қолды арамға былғамау.

Шығыс даналығы: Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, Үшеуімен бақытты болады өмір. Түгел алғың келсе өмірдің ырысын Таза болсын сөзің, ойың, жұмысың. Жүсіп Баласағұн Дүниенің үш мəні бар бағарлық: Ол – адалдық, шүбə жəне арамдық. Адалға – есеп, арамға азап бұйырар, Шүбə болса – сақтан, қарап түйіп ал! Жаһан бірде сүйікті етсе, жат қылар, Көңіліңді шат қылар да, сап тынар. Сүйінішпен бірде жанды семіртер, Бірде аздырып, қайғысына кеміртер. Сүйінішін көрсең, түбі – күйініш, Күйінішін кешсең, келер сүйініш… Жүсіп Баласағұн Арамдыққа құл болма адал болсаң, Нашарларды қинама адам болсаң. Насыр Хысрау Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек. Абай Əнет бабам үш жүзге мəлім болған, Адалдықпен басына бақыт қонған. Шəкəрім Намыс, жігер бойыңа жиып қайрат, Қажымай адалдық жағында болыңдар. Шəкəрім. Адамның айуаннан айласы мол, Қит етсе қиянатқа қояды қол. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол. Шəкəрім Өмірдің өкінбейтін бар айласы, Ол айла – қиянатсыз ой тазасы. Мейірім, ынсап, əділет, адал еңбек, Таза жүрек, тату дос – сол шарасы. Шəкəрім Іздеген ғашық болып бес нəрсем бар, Берейін атын айтып ұқсаңыздар: Махаббат, ғаділет пен таза жүрек, Бостандық, Терең ғылым – міне осылар. Шəкəрім Елді қу билейтін заман болды бүгінде. Жақсы да, жаман да қу мен сұмның алдында бүгежектей қалады, осысы маған ұнамайды. Жылы сөзбен жылмаңдаған қуларға қашан болса да бір ісім түсіп қалар деп семіз атын беріп, мол тамақ астырып, абыр-сабыр болады да жатады. Пірге қол бергендей қып қуды құрметтейтіні, қорқатыны олардың ел ішінде көп жүріп, бір-бірі туралы сөз тасып, бірінің сырын біріне айтып жүргені ғой. Жақсы қатынас жасамасам жауыма ауып кетеді деп қорқады. Осының бəрі адалдықтың кемдігінен. Қуға жалынып, шығынданғанша адалға бет бұрмай ма одан да. Шəкəрім Адастырмайтын, алдамайтын шын ақыл маған ой түсірді. Адамзат баласы тіршіліктің басты шыңы дейміз, өйткені Жаратқан Хақ өз жаратқан пендесін өзіне ұқсатып жаратқан. Сондай болған күнде ақыл, ындын, талап, ерік сияқты қасиеттерді Алла тағала адамға бермей тұра ма?! Адам сол қасиеттерді мақсұт еткен тура, таза жолына жұмсауы тиіс, осы жолмен жүруге осы қасиеттерін өте қажет, онсыз аттап баспа. Таза жолмен жүруге талаптан, өзіңді сол жолмен жүруге тəрбиеле. Адалдықты, тазалықты мақсат еткен жолға қарама-қайшы келетін бұзықтықтан бойыңды да, ойыңды да аулақтат. Белгілі бір дəрежеге, деңгейге жетсең де немесе одан кетсең де, белгілеген дұрыс мақсатыңды бұзба, одан айныма. Бұл өміріңнің жолы екіге айрылып өзендей ағар, əр жақтан əртүрлі мəселелер мен қиындықтар, азғыратын жайттар болмай тұрмас. Сол кезеңде дұрыс мақсатыңды берік ұстанып таза жолдан таймай барғаның, жетпесең де алғаның көбірек болсын. Таза, тура, адал жол деген негізгі қазыққа барар жолда бұзыққа қызықпа, ындыныңды тура жолға сал, мақсатыңды бұзба, таза жолдан тайма, тура жолға ие бол, ындынды қой. Құбылсаң, бұзылсаң, не қызығып, не именумен қайта алмай, байқамай

себепке еріп жетектелсең, бұларды аттап өте алмай қалсаң, адалдығыңды жоғалтып, адамдығыңды кетіріп рухани тірі өлікке айналасың. Осыған ермей, ақ жолмен алға бассаң, міне, сонда ғана сен шынайы еркінсің, еркіңді қай бағытқа бағыттау өзіңнің жүрегіңнің шешімі. Тура жолды сезімі ояу, есті жан ғана табады. Шəкəрім Өтіріктен тілін тыя алмаған адам арамдықтан ындынын* тыя алмас. Шəкəрім Мен абырой, атақ алу үшін – ең алдымен адалдық керек, ешкімді ала көрмей, адалына болысу, кемтарына жəрдемдесу керек дегенді ертерек ойыма бекіттім. Мен жасымда Алладан былай тіледім: «Өзіме бақ бер! Бақ берсең дəулет бер! Əкімшілікті бер! Бірақ елді өзіме қаратып алғанша істеген жаман қылықтарымды кеш! Сол тілектерімді беріп, кемеліме келгеннен кейін, ол берген бағыңды, дəулетіңді, əкімшілігіңді орнына жұмсай алмайтын болсам, екі аяқтының ең қоры, ең сорлысы қыл!», – дедім. Мен елді қаратып, ел басшысы болғаннан кейін, қате кетпесе, біле тұра қиянат жасап, арамды қолдаған, момын, жетім-жесірді жылатқан жерім болған жоқ. Мен адалдыққа, көпке сүйендім. Олар мені қиыннан құтқарды. Мені ел – адал, əділ деген атаққа бөледі. Шəкəрім Жүрегі таза адамдар, Зұлымдықтан амандар, Қиянатсыз надандар, Əулиеден кем емес. Еріншектен салақтық, Салақтықтан надандық, Бірінен-бірі туады, Жоғалар сөйтіп адамдық. Шəкəрім Өмір – ылғи жұпарлы жеміс, гүл ме Ой-жырасы болады тегістің де Адал, мөлдір қалпыңда қалу деген Оңай емес құбылған жер үстінде. Фариза Оңғарсынова * Ындын – ниет, тілек. Адалдарға осы қасиетінде қалу үшін көп нəрседен айрылуға тура келеді. Томаш Лец, поляк сықақшысы Адалдық та əр түрлі. Егер оған ізгілік жетпесе – ол бар жоғы өлі су. Николай Рыленков Адалдық – біз өте көп пайдаланатын, бірақ шын мағынасын терең түсіне алмаған сөзіміз. Адалдықтың мораль мен күйрек тақуалықпен ортақ ештеңесі жоқ. Адал болу, соның жолында түрмеге түсу емес. Адалдық өзіңе-өзің махаббатпен қарай білу. Адалдықтың негізгі қасиеті – біз өзіміз қанша берсек, сонша қайтып ала алатындығымызда. Себеп пен салдар заңы барлық деңгейде жұмыс істейді. Егер біз біреуді қорласақ немесе айыптасақ, онда өзіміз де айыптымыз жəне қорғанамыз. Егер біз ұдайы ашуланып жүрсек, онда адамдардың өзімізге деген ашуын туғызамыз. Өзіңе деген махаббат пен Əлемге деген махаббат камертон қағидасымен жұмыс істейді. Бір кеңеске барғанда қаламсаптарды алып кететін адамдар бар. Үлкен əмбебап дүкендерден аз-аздап зат ұрлап жүретіндер болады. Олар дүкен бұдан кедей болып қалмайды деп өздерін ақтағысы келеді. Бұлай ақталуда ешбір мағына жоқ. Біз бір нəрсені рұқсатсыз алсақ – бір нəрсемізді жоғалтамыз. Егер берсек – аламыз. Басқаша болмайды. Егер сіз ұдайы бір нəрсеңізді жоғалтып жүретін болсаңыз немесе өмірде жағдайыңыз қалпынан шыға берсе ойланыңыз – сіз қалай алып жүрсіз? Біреудің бір нəрсесін ала қоймағаныңызбен, мүмкін біреулердің уақытын ұрлап немесе оның абыройына тиіп жүрген боларсыз. Біз адамдарды айыпты сезінуге зорлаған əрбір сəтте, біз өзіміздің дұрыстығымызға, өз күшімізге күмəн келтіріп тұрмыз. Бұл өзімізді-өзіміз ұдайы тексеріп тұруымызды жəне өзімізді өзіміз танудың биік деңгейін талап етеді. Біз біреуден бір нəрсені рұқсатсыз алғанда, оны өз еңбегімізбен ала алуға лайық емес екенімізді жəне бізден де солай алып кетуге келісім беріп тұрғанымызды дəлелдеп, əлемге жария етіп тұрмыз. Алып кете салуға болатын нəрсені ала салсақ, біз өзімізді ешбір нəрсе өтпейтін қабырғамен қоршағанымыз, одан шаттық пен махаббаттың сəулесі өте алмайды. Біз өзімізге сый қабылдауға жəне жайлылықта өмір сүруге тыйым салдық. Ой-сананың мұндай стереотипі – біздің Жердегі өміріміздің ақиқаты емес. Біз тамашамыз жəне ең жақсы нəрселерге лайықпыз. Біздің планетамызда бəрі де жетерлік. Біз саналы түрде сұраған нəрселердің бəрін алуға лайықпыз. Біздің санамыз біздің сөздеріміздің, ойларымыздың жəне əрекеттеріміздің мінезін анық айқындайды. Біздің ойымыз біздегі нақты жағдайды құрайтынын анық түсінгенде, біз өз ойларымызды

өзгерту үшін осы нақты жағдайымызды бақылай бастаймыз. Егер біз барынша адал боламыз деп шешсек, онда өзімізге деген махаббатты таңдаймыз. Адалдық бізге өмірдегі жағдайлардың ең күрделілерін де жеңіл жеңуге жəрдем береді. Егер сіз дүкенге барып сауда жасағанда бір заттың бағасы қосылмай қалса, кассирге айтып, төлеп кетіңіз. Егер оны үйге келген соң ғана байқасаңыз əңгіме басқа. Бұл енді адалдықтың емес, саналылықтың мəселесі. Егер адал болмау сізге бірталай қолайсыздықтар əкелсе, сізге махаббат пен адалдық қандай тамаша өмір сыйлайтынын ойлаңыз. Сіздің өміріңіздегі жақсы нəрселердің бəрі – сіздің күш салуыңыздың нəтижесі. Келіңіз, өз ішімізде сүйе білетін, адал көзқарас қалыптастырайық жəне өзіміздің қолымыздан келетін мүмкіншіліктеріміз туралы жаңа да таңданарлық фактілерді ашайық. Луиза Хей Қолындағы барға қанағат ететін адам – шын бақытты адам жəне «Біз адал еңбегімізбен күнелтіп отырмыз» дей алатын адам – шын бақытты. Коменский Əркім өз ішінен тазару керек. Əркім өзін тазартатын болса, қазақ есін жияды. Несіпбек Айтұлы Ұлы махаббаттың құлы болам деген екенсің, шексіз адалдықтың құрбаны болғайсың. Мұратхан Орынтайұлы Сақ дəуіріндегі бір бидің айтқаны: Арамның жолы – қиқалаң, Адалдық жолы төте еді. Жақсы-жаман əркімнің Арасынан өтеді. Араздаспай, таласпай, Тату жүрсек не етеді? Ынтымағы бар болса Аз-маз ғана дүние Бəріңе де жетеді. Шортанбай адал мен арамды ажырату қабілетінен айырылғандар деп мыналарды айтыпты: кереметі кеткен пір, қасиеті қашқан төре, əділдікті ұмытқан би, жақыннан басқа қасы жоқ мырза, малдан зекет бермеген сараң, жабағы жүнін сатқан бай, құтырған құл. Адалдық деген не? Ол – шыншылдық, əділдік, табандылық, уəдеде тұру, жалған сөйлемеу, опасыздық жасамау, екіжүзді болмау, достыққа адал болу, обал-сауапты білу. Адал адам ешкімнің ақысын жемейді, өз еңбегімен дүние-мал жинап күн көреді, ғайбат* сөйлемейді, біреуге қиянат жасап, жамандық ойламайды. Адалдық – əділ болуды міндеттейді. Адалдық адамды тек шындықты айтуға міндеттейді. Адам неғұрлым адал болса, соғұрлым басқаларды арамдыққа қимайды. Əділдік Күні бойы ақылды сөздер айтып, əділдік туралы ештеңе айтпау қандай қиын! Конфуций

Əділеттілікпен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций Адам əділетті болмаса бола ма? Бұлай болуы мүмкін екенін түсіне алмаймын. Арбаға жегілген атқа арбаның үлкен-кішілігіне қарамай мойынтұрық керек қой, онсыз арба жүре ме?! Конфуций Жетілген кісі деп əділдікті өз пайдасына жеңдірмейтін, қиын кезде өзін қиюға аянбайтын, бірақ, ұзақ қиыншылықтың өзінде мойымайтын, уəдесін ұмытпайтын кісіні де айтпаймыз ба? Конфуций «Жақсыға ұмтыламын, одан айрылып қаламын ба деп қорқамын, жаманнан күйіп қалатындай болып қиналамын», – дегендерді көп естідім. * Ғайбат – жамандау, сыртынан сөз айту.

«Жүрегім неге ұмтылса соны табу үшін өмір сүремін: əділ істі ғана жасаймын, солай етіп өз жолымды табамын» – дейтіндерді кездестірмедім. Конфуций Əрбір адам өзінің əділеттілігіне қарай қателеседі. Адамның қатесіне үңіліп қарасаң оның қаншалықты əділ екенін білуге болады. Конфуций Əділ сын айтса, неге келіспеске? Бұл орайда өзіңнің жөнделуің де маңызды. Сыпайы айтылған ақылға неге қуанбасқа. Бірақ бəрінде де оның мəнісін түсіну керек. Келісе тұрып, өзін жөндемеген жəне істің мəнісін түсінбегендерге мен көмектесе алмаймын. Конфуций Əділдіктен аулақ білім ақыл емес, айла қосады. Цицерон Əділетсіздікке көну, əділетсіздік жасаудан жаман. Платон Əділеттілік дегеніміз ізгіліктің бір бөлігі емес, соның өзі, соған қарамақайшы əділетсіздік – кесірдің бір бөлігі емес, кесірдің өзі. Аристотель Əділетті адам деп əділетсіздік жасамаған адамды айтпаймыз, əділетсіз болуға мүмкіндігі бола тұрып əділетсіздік жасамаған адамды айтамыз. Менандр Теңдік – əділеттіліктің басы. Сенека Ізгі адам əділетсіздіктен қашады, кесірлі əділетсіздікке жақын жүреді. Клеобул Кемеңгер басшы əділетсіздік пен озбырлықты жек көретін болуы тиіс. Əл-Фараби Əр күн сайын өзіңе есеп беріп отырсаң, əділеттілікке де, ұлылыққа да жетесің. Джалалиддин Руми Күншілдік дəлелсіз кінəлап, жазғырады, ол кемшіліктерді еселеп арттырып, түймедейді түйедей етіп көрсетеді, оның тілі зəрге, əділетсіздік пен жалған айтуға толы болады. Вовенарг Адалдың əділ жолына, Ақырын басып жет, халық. Шəкəрім Адамның таза ақылы, ақ жүрегі, мейірімі, ынсабы басын қосса, адам баласы дұрыс өмір сүрмек. Бұл қасиеттер біріксе, өзімшілдік, мансапқорлық, мақтан, өтірік, зорлық, мейірімсіздік, қара ниеттілік деген қылықтарға орын қалмайды. Бұл қашан болады дегенде, адамзат баласының санасы өсіп, дамып келеді. Аң заман, ағаш заман, тас заманнан өтіп, бүгінгі қоғам қандай өскен болса, ертеңгі болашақ бүгінгіден де жарқын болады. Адам санасы өскен сайын таза адамдар көбейеді, жаман əдет қала береді, əділет үстемдік алады. Шəкəрім Қазір адамдар өзінің өзгеге ұқсамайтынын, оқшаулығын мəртебе санайды. Қайтсем өзгеден артық ақша табамын деп, артық киінемін деп, артық тамақтанамын деп, артық қызметте боламын деп, артық дүние жинаймын деп, бар арман-аңсарын соған арнайды. Мұның өзі адамдар арасындағы мейірімді, тілеулестікті, ортақшылдықты жоғалтып, оның орынына бəсеке-бақастықты, күншілдікті, іштарлықты, қатыгездікті қоздырып отыр. Өзімшілдік адамдардың ақыл-санасына тек қана жамандық ұрығын себуде. Мұндай нəубеттің себебі көп. Соның бірі, бəлкім, ең бастысы, ұлттардың мидай араласып кетуінен болып отыр. Нəтижесінде араласқа түскен ұлттардың ұлттық біртұтас идеалы көмескі тартуда. Əсіресе, ХІХ–ХХ ғасырлардағы жойқын экспансиялар өзінің антигуманистік нəтижелерін көрсетуде. Жұмыр жердін барша игілігі санаулы ғана билеуші ұлттардың еншісіне айналып, солардың этникалық қалыбы эталон болуда. Планетаның асты-үстін қомағай обырлықпен сорған санаулы ұлттар өздерінің зорлықшыл пығылын «достық», «əділдік», «азаттық», «жаңғыру», «адам құқы», «мəдениеттендіру» деген жасанды ұрандармен бүркемелеп, тұтас халықтардың санасына шабуыл жасалуда. Мұндай ортадағы адамдар іштей түңіліп, өздерін ұлттың бөлшегі ретінде сезінуін қойып, енді ондайлар жеке басының қамын күйттеуге көше бастаған. Былайша айтқанда, XX ғасырдың əлеуметтік-экономикалық

жəне саяси-мəдени аласапыраны (катаклизм) адамдардың қара басын қорғау инстинктін бірінші кезекке қайта шығарды. Ал, кісілік, достық, əділдік, көпшіл болу, сөзге тоқтау, сұлулықты сүю сияқты адамға лайықты қасиеттер екінші кезекке ығысуда. Ақселеу Сейдімбек Əпсана Үлкен жерді иеленіп отырған бір бай, көршілес шаруаның азғана жеріне құмартыпты. Осыны амалын тауып, алып алсам, мынау алаң түгелдей менікі болар еді-ау, – деп ойлайды екен. Сөйтіп, көршісіне жеріңді сат деп қолқа салады. Күнін сол жерден көріп отырған шаруа бұған көнбейді. Жалынып та, қорқытып та көреді, сатпайды. Сосын бай амал іздейді: себеп құрастырып, шаруаны сотқа береді. Сотты паралап, істі өз пайдасына шешкізеді де, шаруаны көп ақша борыштар етеді. Жоқтан пайда болған қарызынан құтылу үшін шаруа жерін сатуға мəжбүр болады. Бай оған қарызынан артылдырып, жүз динар береді. Шаруа əділдік іздеп əкімдерге барады, олар, əлбетте, анда-санда шақырып, көңілдерін көтеретін, қалталарына ақша салып тұратын байдың айтқанын сөйлейді. Содан шаруа шіркеуге барып, жерінен артылған жүз динарын береді де «Əділет өлді» деп хабарлап, қоңырау қағуды тапсырады. Қоңыраудың қатты-қатты қағылғанын көріп, жұрт дүрлігіп шіркеуге жетеді, кім өлгенін сұрайды, «əділет өлді» деген жауап алады. Бұл сөз патшаға да жетеді. Патша шіркеу қызметшілерін шақырып, бұндай сөзді айтуға кім өтініш жасағанын тексеріп, шаруаны алдырады. Шаруа болған жағдайды айтып береді, патша өз елінде əділеттің жоқтығына намыстанып, байдан шаруаның жерін қайтарып алып береді, сот пен əкімдерді жазаға тартады. Əділеттілік – қойылған мақсаттарына сеніммен аяқ басатын адамның қасиеті Əділеттілік – адамдардың арасындағы қарым-қатынасты, жағдайларды өз көзқарасымен айқындау. Əділеттілік – адамдардың арасындағы байланыстарды, оқиғаларды, қарым-қатынасты əділ баяндау. Адам əділетсіздікті, парасатсыздықты жек көре тұрып адамдарға деген махаббатын іштей сақтай білуі жəне бір мезгілде сырттай əділетсіздік пен парасатсыздыққа қарсы күресуі керек. Мораль – адамдардың қоғамға жəне басқаларға қарым-қатынас тəртіптері мен ұстанымдарының жиынтығы. Адам өскен соң тек қана өз қажеттіліктерімен ғана өмір сүрмейді, ол басқалардың да тілегін ескертетін болады. Адамның өмірінде «маған қажет» деген ұғымнан басқа «рұқсат-рұқсат емес», «жақсы-жаман», ең бастысы «осылай істеу керек» деген ұғымдарды ескеруі керек болады. Мораль ұғымы əділеттілік ұғымымен тікелей байланысты. Үйде үнсіз отырып əділ бола алмайсың, əділ болсаң да оны ешкімге білдіре алмайсың. Тек жеке меншікті қорғаған қоғамда əділеттілік болмайды. Бүгінде бірыңғай мемлекеттік меншік қайта қаралып, жеке меншік тұрақты дамып жатқан кезде оның мəнісін жете біліп жатпаған сияқтымыз. Платон қоғамдағы келіспеушіліктің басты себебі жеке меншікте жатыр дейді. Аристотель жеке меншікті қызу жақтаған: «Бір нəрсе сенің жеке меншігіңде екенін сезіну рахатын сөзбен жеткізу қиын», – деп түсіндіреді. Ол мемлекетті басқару ісінде монархия да, аристократия да (Платон қолдағандай), демократия да тиімді нысан бола алмайды дейді. Байларды мемлекет басына қойғанмен, олар заңдарды орындамайды, кедейлер ештеңе жоғалта қоймайтын болғандықтан жауапсыз, сондықтан олардың екеуіне де мемлекетті басқару ісін тапсыруға болмайды. Мемлекетті полития, яғни орта тап басқаруы керек дейді. Парасат Өзін-өзі жетілдірудің түрлі ақылды жолдарын ұмытыңыз, бəріңізге де жақсы болады. Адамдарды түзетуге уəде бермеңіз, адамдарды өзін жақсы сезінуге зорламаңыз, өмірді таза немесе сиқырлы етуге, немесе ізгілікті етуге ұмтылмаңыз. Ешбір ұстаз сізді бақытты, асығы алшысынан тұрған, дені сау жəне өте мықты ете алмайды. Ешбір қағида, ешбір техника бұл қасиеттерді жақсарта алмайды. Егер сіз өзіңізді жақсартқыңыз келсе, соңыра, біртіндеп, сізге өзімшілдіктен ада, өзіңіздің нағыз «меніңізді» көрсететін үнсіздік не месе сол сияқты тазартатын əрекетті жасап көріңіз. Лао-цзы Кісіліктің мəнісі – нəпсіні тыю, рəсімді сүю. Нəпсіңді біржола жеңсең, рəсімге бел байлап көнсең, Аспан астындағы əлеумет сенің кісілігіңе ден қояды. Кісілікке жету – көлденең жұртқа емес, тек өзіңе ғана байланысты. Конфуций

Патша болу қиын. Құл болу да оңай емес. Конфуций Бақыттың мəні – парасаттылықта, əркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-əрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында. Əл-Фараби Парасат – қараңғыдағы шырақ. Жүсіп Баласағұн Қарапайымдылықтың жеті сипаты: – Ізгілікке құштарлық; – Айбатсыз еліту; – Міндетсіз иба; – Дуалсыз қорған; – Кешірім сұраудан құтылу; – Періштедей тазалық; – Айыптан адалық. Лұқман хакім Адамның ішінде болмайды аласы, Оларды бұзатын нəпсінің таласы. Шəкəрім Саңылауы жоқпен Сабақтас болма. Байлауы жоқпен Санаттас болма. Тілегі жаманмен Қапаға түспе. Тегі жаманмен Ортаға түспе. Бөлтірік шешен Ақы мақтық ойланбастан қимылдатады, ақымақтар – шетінен батыр. Олар өздерінің аңғалдығынан істің басында кедергілерді көрмейді, есесіне соңынан сəтсіздікке көп қайғыра да қоймайды. Парасаттылық іске абайлап кірісе ді, оның тыңшылары, Болжау мен Ойлау, бөгетсіз жүру үшін жолға барлау жасайды. Асығыстықты Байсалдылық сəтсіздікке бұйырған, дегенмен кейде оны Сəттілік құтқарып қалады. Терең деп ойлаған жерден сақ өт: Көре гендік су түбін сезе біледі, Парасаттылық жағалауға жетелейді. Бүгінде адамдармен араласу кезінде қайраңға шығып қалу жеңіл. Бальтасар Грасиан Орынсыз тілектерді уысында ұстайтын адам тегін емес. Парасат өзің туралы ойлануға, қазіргі жағдайыңды бағалап, оны түзеуге үйретеді. Өзіңді бағыттау үшін өзіңді таны. Тұрақсыздық құбы жықтары болады, олардың көңіл-күйлері мен құштарлықтарында бүр болмай ды; өзіне ие бола алмайтын олар үнемі басын тауға да, тасқа да соғып жүреді. Мұндай өзгергіштік жігерді жасытып қана қоймай, пайымдауға əсер етеді, тілекті де, түсінікті де бұрмалайды. Бальтасар Грасиан Адам бірден кемеліне келіп тумайды, бірақ күннен күнге жеке басын жетілдіріп, өз ісінде шеберлік шыңына өрмелей отырып, ол лайықтылық пен артықшылықтың жоғары сатысына көтеріледі, бұл талғамның нəзіктенуінен, ақылдың сұңғылалығынан, пайымдаудың тереңдігінен, тілектердің мүлтіксіздігінен көрінеді. Бəз біреулер толысуға қол жеткізе алмай-ақ қояды, оларға əрқашан бірдеңе жетіспей тұрады; ал кейбіреулер оған кеш жетеді. Сөзі дана, ісі ізгі, кемел кісіні əрдайым парасатты адамдар құшақ жая қарсы алады, олар онымен тіл табысуды аңсайды. Бальтасар Грасиан Өз мінезіңді, ақылыңды, пікірлерің мен құштарлықтарыңды таны. Өзіңді танып білмейінше, өзіңе ие бола алмайсың. Бет үшін айна бар, ал көңіл түкпірін ештеңемен көруге болмайды; осы жерде өз парасатың са-ған көңіл айнасы болсын. Өзіңнің сыртқы əлпетің туралы ұмытуға болады, бірақ əрқашан жан жайсаңдығын естен шығарма, оны жақ-сарт, жетілдір. Өз парасатыңды, іс-əрекетке қабілеттілігіңді тексер; қызбалығыңды сына, жан тереңіне бойла, қабілеттеріңді екше. Бальтасар Грасиан Қыздар сəнді көрінер, Өзін тапқан шешесімен. Келіншек сəнді көрінер, Əлдилеп сүйген бөпесімен. Сөзің сұлу көрінеді, Тауып айтсаң төтесінен. Кем ауылдың кеңесі артпайды

Күн кешкен соң кекесінмен. Хас жаманның бір мінезі Сөз тыңдайды шекесімен. Дүр Оңғар Шошқаның қандай екені оның тұмсығынан көрініп тұратынындай, адамның қандай екені мінезінен, парасатынан, іс-қимылынан көрініп тұрады. Эрнст, неміс режиссері Рашид-ад-дин жазып қалдырған Шыңғысханның өсиеті: Егер ұлдары əкесінің жолын қумаса, інілері ағасының сөзін тыңдамаса, күйеуінің əйеліне сенімі болмаса, əйелі күйеуін жүре тыңдаса, енелер келіндерін ұнатпаса, басшылар қызметкерлерінің жүрегіне жол таба алмаса, айналасындағы адамдарды өз соңына ерте алмаса, игілікті басқа жандардан молырақ игеріп байығандар басқалардың да баюына көмектесіп, қол ұшын бермесе, басқа халықтың əдет-ғұрпы мен заңына, ақыл парасаты мен адамгершілігіне менмендікпен қараса, мемлекет тəртібін мойындамаса, ондай елде айлакерлер мен ұрылар, қылмыскерлер мен басқа жолға түскендер өз Отанының басына қара түнек орнатады. Басқаша айтқанда, ол елдің байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді, бүкіл халық дəрменсіз бейшараға айналады. Ұлтты ұйытқылы ететін – парасат. Адамды абзал ететін – иман. Əбіш Кекілбаев Қазіргідей құбылмалы заманда құбылмай ғұмыр кешудің өзі оңай шаруа емес. Бұл сияқты, адамдық қалыптың түзулігі, сөз жоқ, бойға біткен парасат қуатының тегеурінділігін танытады. Əрине, ондай тегеуріні, əсте, өзімен-өзі болып, томаға тұйық қалмақ емес. Төңірегіне шапағат нұрын шашып, сасқанға сабыр дарытып, асқанды тəубесіне келтіріп отырмақ. Ақселеу Сейдімбек Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы жəне ең ізгісі – парасат. Габриэль Мабли Игі қасиеттер: Адалдық. Бұл адамның жүрегі мен ойларының (ниеті) тазалығын білдіреді. Адалдықтың көзі – Құдайдан қорқу. Құдайдан қорықпаған адамнан бəрін күтуге болады. Əділдік. Əрқашан досыңа да, қасыңа да, бейбіт күндерде де, қиыншылықта да əділ бол. Төрт құбылаң түгел кезде əділдік жайында айту оңай, ал басыңа күн туғанда əділ қалпыңда қала аласың ба, міне, сынақ дегеніміз осы. Əділдік тек сөзбен емес, іспен дəлелденуі шарт. Сабырлылық. Бұл қандай жағдайда да байсалды, ұстамды, төзімді болу деген сөз. Қоршаған адамдарыңмен жақсы қарым-қатынаста болу. Бұл, бірінші кезекте, отбасылық жəне туысқандық байланыс. Бауырлардың бірі қиналса, екіншісі оған қолұшын созуға даяр тұруы керек. Жомарттық. Адамдарға қиын шақта қол ұшын беру – үлкен сауап. Хадисте: «Сараңдар жұмаққа кірмейді», – деген. Кешіре білу. Өзіңе жамандық жасаған адамды кешіру оңай емес. Дегенмен адамдард кез-келген жағдайда да кешірімді болуға тиіс. Көп ойланып, тек қажет кезде ғана сөйлей білу – тамаша қасиеттердің бірі. Адам үнсіз тұрса да оның санасы игілікті ойларға толы болғаны жөн. Мақсұтбек Сүлеймен Ақыл-парасат иесі – адамдардың жаны, тəнін жайлаған дерттен емделуі, өзгелерді де сондай сырқаттан емдеуі өзін-өзі тура жолға салуынан, мінез-құлқын дұрыстаудан, жат қылықтар жасаудан, харамдықтан тиылудан бастау алады. Қызғаныш. Ол барлық жамандықтың негізі, ататегі. Қызғану, күндеу адамға ажал шақырады. Қызғаншақ адамға ешкім де жоламайды. Қызғаншақтықтың, көре алмаушылықтың жалыны тозақтың отымен парапар. Тозаққа апаратын көлікке ешкімнің мінгісі келмейді, сол себепті дос, жолдас, тілектестерің көп болсын десең орынсыз қызғаншақтыққа салынба, көре алмаушылықтан құтыл. Қызғаншақтықтан құтылған жерде ұрыс-керіс болмайды. Өкпе, ашу, ыза. Жамандық, жат қылық жасайды деп ойламаған адамға өкпелеуің – оны сондай іске қимағаның, түңілмегенің, жүрегіңде оған деген құрметтің өшпегені, əлі де сыйлағаның. Алайда не болса соған еш себепсіз өкпелеу, ашулану, ызалану адамгершілікке жатпайды, ол жантəніңе ауру шақырады. Үрей, қорқыныш, сенімсіздік. Адам жанын үрей, қорқыныш билесе, өзіне-өзі сенімсіздік танытса, өзгелердің сөзіне, ісіне күдікпен қараса жалғыздыққа тап болады. Жалғыз қалған адамнан жақсылық көре алмайсың. Ондай адамдардың бойында менмендік, тəкапарлық, басқаларды жек көру сезімі пайда болып, жаны-тəні қайғы-мұңға батады, олар күйрек келеді, алдау-арбауға көп түседі.

Өзіне де, өзгелерге де сенімсіз адамдар – жанжалшыл келеді. Олар əйелдерге үстемдік жүргізуді қалайды, ешкімге, ешнəрсеге сенбейтін əйелдердің əуелі ұяты қашады, сосын олар өтірік айтып, алдауға көшеді. Мейірімділік, қатыгездік. Адамдардың бойындағы асыл қасиеттердің бірі – мейірімділік. Адамдардың адамдарға мейірімділік жасауы, көмектесуі, жанашыр болуы – ең басты парызы. Қатыгездік қатыгездікті туғызады, күнəға батырады, қарғысқа ұшыратады. Адамдар бір-біріне ғана емес, қоршаған ортасына, барлық тіршілік иелеріне – жан-жануарларға, өсімдіктерге де қатыгездік жасамауға, оған мейіріммен қарауға тиісті. Мейірімді, қайырымды болмаса – бұлшық еттерің бос болады, əсіресе, ішкі құрылысыңның, жүрегіңнің бұлшық еттері босайды. Адамдарды жақсы көрсең, оларға мейіріммен қарай білсең, жауыздыққа барудан тиыласың, қанға батып, біреудің күнəсін өз мойныңа асудан құтыласың, қатыгездік, зұлымдық, жамандықтан бостандық аласың. Біреуге теріс бата берсең де – жамандық, жауыздық жасағаның. Сараңдық, дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік. Жомарт – жолы болғыш, сараң – сарыуайымшыл жандар. Тірі кезінде адамның көзі дүниеге тоймайды, екі көзіне құм құйылғандарға ғана қабірлік жерінен басқа ешнəрсенің қажеті жоқ. Ешкім де дүние-мүлкін о дүниеге өзімен бірге алып кетпейді. Семіру – сараңдықтан да, текке керексіз зиянды қақтардың сыртқа шығып кетпей, майға айналуынан. Бойында қанағат, рахымы бар, мақсаты адалдықпен Отанын қорғау болатын адамға жауларының қолы көтерілмейді, көтерілсе де дəрменсіз, олардан оқ та қашады. Аурудың асқынуына ықпал жасайтын адамның бойындағы үш жаман əдет: ашкөздік, ызақорлық, надандық. Жезөкшелік. Ол – қай халықтың да қайғы-қасіреті. Зинақорлық – ең ауыр күнə. Əйелдердің қорғаны – некедегі күйеуі. Егерде əйел көп еркекпен қарым-қатынаста болса, бұл қорғаныш күші соларға бөлінеді де азаяды. Қорғанының тоз-тозы шыққан жүргіш əйел көп қорлыққа тап болады, жезөкшелердің жиі өлтірілуі сол қорғанышының жоғалғанынан. Еркектер қанша əйелдермен жыныстық қарым-қатынаста болса, солардың бəрі үшін де жауапты. Некедегі əйелінен айырылып кетсе де оның алдындағы жауапкершілігі мойнында қалады. Көп əйелдердің алдында жауапкершілігі көбейетін болғандықтан, ондай еркектердің күш-қуаты да кемиді, ақыл-ойы да таязданады, жан дүниесінде құлдырау, көңілінде құлазу басталады. Адамда ақыл-ойы мен жүрегі сезіне алатын шынайы махаббат бар болса, төменгі жақтың құмары – басқамен төсектес болу тиылады. Мақсатсыздық, бұзықтық, əлімжеттік. Қиындығы да, қуаныш-қызығы да мол мына жарық дүние – қамшының сабындай қып-қысқа. Өмір көшінің қозғалысы жылдам. Сол себепті əрбір саналы азамат өзінің өмірін мəнді де мазмұнды өткізіп, соңына жарқын із, ұрпақ, жақсы сөз қалдырып кетуге, бір-бірінің бұл өмірде өздеріне қонақ екенін түсініп, сыйласуға тиісті. Біреуге үстемдік құрғысы келгендерге де оны билеп төстегісі келетіндер көбейеді. Бəрі өз пиғылынан болғандықтан, оларды жеңе алмай қапаланады, жүйкесі тозады. Зорлықшылдық, айлакерлік дүниеқоңыздықты туғызады. Соның салдарынан еркектер мен əйелдерде қулық, екіжүзділік пайда болады, оның соңы күншілдікке ұласады, еркектер шу шығарғыш, ұрысқақ болады, əйелдер өсек айтады, бастарынан бағы таяды. Əйелдердің дауысы дөрекіленеді, олар боғауыз айта бастайды, отбасы құлдырайды. Мақсұтбек Сүлеймен Ағысқа еру – өткінші бақытқа құлдық ұрғызып, нұрлы болашағыңнан көз жаздырады. Салғырттық – рухани дүниеңді бұғаулап, өмірден мезі етеді. Талпыныс – жан сарайыңды тазалап, өмірді көрікті етіп көрсетеді. Мұратхан Орынтайұлы Ақтолыс Спабекқызы. Бір сызықпен жүрмеудің 7 қағидасы: Əдетте, біз қандай да бір қатып қалған қағидалармен өмір сүреміз. Əрбір айтылатын сөз, жасалатын қадам, атқарылатын іс алдын ала есептеліп, жоспарланып қойылған. Содан да болар, өзіміздің ойымыздың, құрған жоспарымыздың тар шеңберімен шектеліп, қыспағында қалғанымызды байқамаймыз. Уақыт өтіп, шешілмеген мəселелер, орындалмаған армандар көбейіп, өмір өзінің мəні мен сəнінен айырылып, күйбең тірлікке айналып барады. Бұдан шығудың бір жолы – креативті ойлауды үйрену. Креатив ағылшын тілінен аударғанда жаңа, шығармашылық дегенді білдіреді. Яғни, креативті ойлау – дүниеге, қоршаған ортаға басқа көзқараспен қарап, жаңаша ой қорыту. Біз адам бойындағы креативтілік қабілетті, шығармашылық энергияны дамытуға бағытталған 7 амалтəсілге тоқталып өтейік. 1. Жөнсіз ойлардан арыл. Креативті ойлау үшін ең алдымен санасезіміңді, ойыңды мазалайтын проблемалардан арылуды үйрену керек. Өзіңді, өміріңді, достарыңды, жұмысыңды қатал сынай беруден тыйыл. Барлығын ойша кесіп-пішуден, біржақты пікір айтудан бас тарт. Пенде болған соң қателік жасау баршамызға тəн қасиет, сондықтан өзіңді жазғыра берме. Ақыл-ойыңды, ерік жігеріңді, денеңді еркін, жайлы, жеңіл

ұстап дағдылан. Үздіксіз ойлай беру кей-кейде пайда əкелмейді, керісінше тығырыққа тірейді. Соның салдарынан «стресске» ұшырайсың. Стресске шалдыққан адам, əрине, өзін бақытсыз сезінеді. Қайта ойыңды мазаңды кетіретін, қажетсіз ойлардан босатсаң, өмірің де қажетсіз проблемалардан арылып, жағымды жағдайлармен толысып, қуанышты сəттер көбейе түспек. 2. Қиялға, арманға ерік бер. Ұлы істердің барлығы əу баста біреудің арманы болған. Сен қиялдаған сайын миыңның оң жақ бөлігінің жұмыс белсеңділігі артады (шығармашылық ойлар туындайтын бөлігі де мидың оң жағы). Көңіл күйің көтеріліп, жұмыс істеуге ықыластана түсесің. Сенің арманың қаншалықты күшті болса, оны орындауға деген ниетің, талабын соншалықты күшті болмақ. Ал «талаптыға нұр жауар» дегенді қазақ бекер айтпаған. 3. Ойлау жүйеңді өзгерт. Неғұрлым кең қамтып, жан-жақты ойлаған жөн. Бұл жаңа белестерге, жетістіктерге жетуге мүмкіндік туғызады. Қандай да бір жағдайға қатысты үйреншікті тұрғыда келмей, керісінше əдеттен тыс батыл шешімдер қабылдауды, жаңаша ойлауды үйрену керек. Кез келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге дағдылан. 4. Шұқшия берме. Өз ісін жетік меңгерген, тəжірибелі маманның өзін кейде бірқалыпты жұмыс жалықтырады, шаршатады, ішін пыстырады. Сондықтан жұмысыңды жаңаша, қызығушылықты арттыратын амалтəсілдермен орында. Күнделікті жұмысыңның өзінен жағымды əсер алуға тырыс. Шабытыңды шақыр, қызығушылығыңды қанағаттандыр. 5. Миыңды шынықтыр. Жаңа нəрсені үйренуді əдетке айналдыр. Гүл өсіру, кесте тігу, музыкалық аспапта ойнау... Билегің келсе – биле, сурет салғың келсе – сал. Бəлкім, шет тілдерін үйренуге құмарлығың оянар? Қалауың өз қолыңда! Көңілің ауған іс-əрекетпен шұғылданып тұрған жөн. Санаңды улайтын еш пайдасы жоқ телебағдарламаларды көргенше, бос уақытынды отбасыңмен, достарыңмен бірге өткіз. Кітап оқы, құштарлығыңды оятатын, ақыл-біліміңді арттыратын шығармалармен таныс. Жаңа дүниелерді білу сенің креативті ойлауыңа қажетті серпін береді. Өйткені креативті ой санаңның қай түкпірінде «тығылып» жатқанын кім білсін?! 6. Жаңа ойларды қабылдауға ашық бол. Толқыны жағаға соққан теңізбен ұштасқан көгілдір аспан, шарықтай ұшқан ақ шағала, жағажайдағы тіршілік… Керемет пейзаж! Ал енді, көзіңізді біреу байлап қояды дерлік, онда не болмақ? Əлем сіз үшін қара тұңғиыққа айналып кетпек. Сол сияқты егер сіздің көңіліңіз, жүрегіңіз «соқыр» болса, өміріңіздің дайындап қойған тосын сыйларынан құр қалу қаупі туындайды. Жаңа идеяларды қабылдауға өзіңізді дайынмын деп санайсыз ба? Міне, креативті ойлау осыдан басталады. 7. Күнделік жүргіз. Өзіңнің аяқ астынан туындаған жаңа ойларыңды, идеяларыңды дəптерге, күнделікке жазып қой. Сонда ойың шыңдалып, оны жүзеге асыру нақтылана түседі. Қағазға түсірілген дүние ұмытылмайды, жоғалмайды. Ойдан ой, пікірден пікір туындайды. Махаббат парасатсыз болуы мүмкін жəне онсыз өмір сүре алады, ал парасат махаббатсыз өмір сүре алмайды.

Адамдар дұшпандықты адамдардан іздегенше, өзінің ақымақ ойлары мен сезімінен іздесін. Теріс ойларымыз бен жарамсыз сезімдеріміз – біздің дұшпанымыз, кеше де дұшпан болған, кейін де дұшпандығын қоймайды. Сезімге бағынудан гөрі парасат пен тəжірибеге бағыну бағалы. Бірінші тілегіңді басып тастамасаң, кейінгілерінен қашып құтыла алмай қаласың. Адам ағын су емес. Ағын су артына қарай алмайды. Адам артына қарап, ізі қандай болып түсіпті, үңіле жүруі тиіс. Адам алдында келе жатқандарға қаhарлы баға бермесін, өйткені артында келе жатқандар да бар. Өмірде келіспеушілік кездессе адам алдымен өзінен көрсін, өзін ақтай алса ғана өзгені айыптасын. Өмірдің мағынасы парасаттылық пен əділдікте, зерде мен қабілетте ғана емес. Ол Құдайға деген махаббатты кеудеге сіңіруде жатыр. Тек жоғарыда айтқандарды абсолютті құндылық деп түсінетіндер парасатсызды, қабілетсізді, топасты жəне жетілмегендерді жек көре бастайды. Ал кез келген жек көру кеудеге өшпенділік жинайды. Саясат тізгін мен қамшыдан тұрады. Тізгінді ұстағандар саясатпен айналысудың бар қызығын толық көреді, қамшысын алғандардың қызығы мен таяғы қатар жүреді, бірақ оларда кейде қамшыны өзге біреуге жұмсау мүмкіндігі болады, бұл ойы шектеулі кейбіреулерге рахат əкеледі. Сондықтан кіші биліктің өзіне құмарлар көп. Саясаткер бола тұрып парасатты, рухани бай болып қалу ілуде біреудің ғана қолынан келеді. Жетілу – мақсат, жоспар, міндет қана емес, сонымен бірге руханилық, мораль жəне парасат екенін білген жөн. «Ақылдырақ болсам, ілгері

дамысам, қоршап тұрған өмірді танысам» деу өзіңді өзгертпей, өзгелерге жəрдем бермей мүмкін емес. Адам солай істей бастағанда ғана «бақыт» деп аталатын нəрсенің не екенін сезінеді. Парасат «сен – маған, мен – саған» деген қағидатпен жұмыс істейді. «Егер мен саған адамгершілікті қатынас жасасам, маған да солай қара» дейді. Демек, парасат адамдардың мінез-құлқы бір-біріне қалай да бір байланысты екенін белгілейді. Ал егер біреу мораль нормаларын өзге біреумен қатынаста адал орындап, бірақ ол кісі сатып кетсе, онда ол оны ғана емес, жалпыадамзаттық мораль мен парасатты да қорлағаны. Адамның жануардан айырмашылығы оның өмірінде таңдау мен жігердің болғанында емес, дамыған санасы бар екендігіне. Əдеп Жүректі əуестікке барынша үйір етпеу керек, тыныштықты берік сақтаған жөн, сонда барлық заттар өз-өзінен өзгере бастайды, бізге тек олардың қайта оралуын сырттай бақылау ғана қалады. Лао-цзы Үй ішіндегі құпияны сыртқа шашпа; Өз ата-анаңның кінəсін ешуақытта аузыңа алма; Қайырымдылық қылсаң, қайтарымын дəметпе; Өзіңнің өтінішіңді орындамағандарға өшпенділік жасама; Өзгенің кемтарлығын келеке қылма; Жаңа мүлікке есіңнен танып, ескіні ұмытып кетпе. Лао-цзы Шын кішіпейілділік адам таңдамайды, шын əділдік өз адамдарын өзгелерден айырып қарамайды, шын білімге зұлымдық жат, шын жанашырлық туыстарға ғана болмайды, шын сенім алтын көрсе де айнымайды. Конфуций Қарқылдап күле бермеу мен ылғи тұнжырап отырмау – қарапайымдылық пен əдептілік белгісі. Пифагор Хадис: Əдетте ынсап, рахым, əдеп болмаса, адамның өзге хайуаннан артықшылығы болмас еді. Хадис: Өтірік сөйлеу – əдепсіздік. Ал əдепсіздік адамды тозаққа жетелейді. Мінезі жаман адамға, енді қайтіп жуыспа. Тəуір көрер кісіңмен, жалған айтып суыспа. Асан қайғы Ақыл мен мінез – бірге туған егіз. Ақыл-тамыр, мінез-жапырақ. Жаман мінез – ақылсызға берген жаратқанның жазасы. Дəн піскенде сабағы төмен иілер, жаман адамға жал бітсе, мұрнын көкке шүйірер. Жақсы адамның серігі, əмəнда ақыл, қанағат, əдеп, төзім, сабыр, үміт, бірлік, татулық. Ер жігітке төзім – тірек, сабыр – қамал, ақыл – əл-ауқат, бата – мұра, əдеп – сəн, ақиқат – ем, үміт – көңіл азығы. Осыны білмегенді үлкендер жүгенсіз дейді. Жүгенсіз кісіден, жетекке ерген хайуан артық. Əйтеке би Жақсы əдет жақсылыққа бастайтын періште. Уильям Шекспир Əдепті болмақ туралы: «Ал адан насб алкин» – «Əдеп діннің жаршысы» деген. Əдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар. Хадисте: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ» дейді. Ей, достар, адам жақсы мінезді болуға тырысу керек. Əуелі ынсапты болу керек. Ынсап деген əр іске аспай кем қалмай орташа болмақ. Ғаделет деген де осыдан шығады. Əр істің орнын тауып істемек те осыдан шығады. Шəкəрім Сыпайылық – мəдениеттіліктің басты белгісі, маңайыңдағыларға сүйікті ететін қасиет, ал ерсілік жек көру мен түсінбеушілік туғызады. Ерсілік дандайсумен қосылғанда теріс айналдырады, ал надандықпен араласқанда – жирентеді. Əдептілік көптік етпейді. Ол жаулардың арасында олардың айбынының сенімді өлшемі. Ол көп тұрмаса да жоғары бағаланады: қадірліні құрметтейді. Сыпайылық пен намыстың артықшылығы – олар алғашқыны көрсетіп, соңғыны сақтайтын адамдарда болады. Бальтасар Грасиан Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, əдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінəратсыздық, салиқалылық пен мейірімділік, ізгілік пен кеңпейілділік тəн. Бальтасар Грасиан

Жақсы əдет өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның жемісін пайдаланады, жаман əдет-борыш, адам өмір бойы сол борыштың өсімінен азап шегеді. Константин Ушинский Халық сөзі: Əдептілік – əдемілік. Əдептілік – ізеттілік, кішіпейілділік, көпшілдік. Əдептілік – имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ол адамның бойында ғасырлар бойы қалыптасқан кісілік қасиеттердің жиынтығы. Əдеп сақтау – халықтық рəсімге, жол-жоралғыға, тəртіпке бағыну, еріксіз бағыну емес, бұл ата дəстүрді құрметтеу, қастерлеу, дəл айтқанда адамгершілік борышты өтеу. Əдептілікке: а) адамгершілік немесе моральдық – əрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тілін алу, ə) мəдени мінез-құлықтар əдебі – сыпайы болу, үлкендері-кішіні сыйлап-құрметтеу, дұрыс сөйлеу, б) гигиеналық əдептер – таза жүру, қол жуу, в) еңбек, ақыл-ой əдеттері жатады. Əдепті адам өзіне де өзгелерге де құрметпен қарайды. Əдепті адам қарым-қатынаста адал. Адамдағы əдеп пен түсінікке негізделмеген қабілет қауіп əкеледі. Əдептілік – халықтың мəдениетінің белгісі. Адамның əдептісі деп сəлемі түзу, сөз саптауы жұмсақ, үлкенді сыйлайтын, төрге оздырып құрметтейтін адамды айтады. Əдептілік – сыпайылық, тіл алғыштық, елгезектік, инабаттылық, көрегендік, кішіпейілділік. Қателігіне ұялу – əдептілік белгісі. Өз махаббатын адамдарға арнайтын жетілген тұлғаның бойындағы əдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс: – Өзгелердің мүддесін өз мүддесімен тең көру, кеңпейіл болу, тəкаппарлыққа жол бермеу; – Ата-ананы құрметтеу, оларға адал болу, оларды сүю; – Достардың, отбасының, Отанның сенімін ақтау; – Өз ісін ізгілік мақсатқа арнау, басқалардың мүддесіне қызмет ету жəне маңызды істің шешіміне жету үшін өзінің іс-əрекетін, күш-қайратын жұмсау; – Барлық адамдардың пікірін, құқын, жеке меншігін құрметтеу; – Өзгелердің пікірін сабырлықпен қабылдау, бірақ та жағымсыз істерден бойын аулақ ұстау; – Жанашырлық таныту, өзгелердің қайғы-қасіретіне, мұң-мұқтаждығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету; – Кешірімді болу, ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу; – Рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күйін алдын-ала сезе білу; – Көмек күткен адамға көмек беруге əзір тұру. Сонымен бірге: – Өзінің қадір-қасиетін сақтау, яғни өзінің кісілігін сақтап, өзіне-өзі сенімді болу; – Жауапкершілік таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу; – Ержүрек болу, қорқынышты жеңе білу; – Өзін-өзі бірқалыпта ұстай білу, өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын үйлесімділікте ұстай білу қабілеттері болғаны жөн. Көргенділік – күнделікті өмірде, адамдармен қарым-қатынаста əдептен шықпау, көңілге келетін сөз айтпау, тұрпайы мінез көрсетпеу. Мінез Панчатантрадан: Ақылды мен ақ пейіл жанның соңына ер, мінезі жаман болса да ажырама, солармен достас, оның жаман қылығынан сақтан да ақылын пайдалан, тіпті ақылы жөндем* болмаса да ақ пейілмен достығыңды үзбе, оның ақ пейілін пайдаланып, өз ақылыңды жетілдір. Панчатантрадан: Мінeзді тəңірінің өзі жаратады, хайуанның табиғатын өзгeртіп, басқа пішінгe түсіру eшкімнің дe қoлынан кeлмeйтіні сияқты, патшалардың патшасы да мінeзді өзгeртугe eш қайран жасай алмайды. Панчатантрадан: Ізгі мінездің шырқау шыңы – өзінің сырына бeрік бoлу. Eгeр құпия сыр сeнімді, ұстамды бір ғана кісінің қoлына түссe, oл eшкімгe паш eтпeй таза сақтайды, ал eгeр oл eкі ауызға жeтсe, oнда oның үшінші ауызға ауысуы * Жөндем – лайықты, дұрыс.

oңай, oлай бoлды дeгeншe бүкіл жұртқа жайылады. Сыр иeсі сырын сақтауға мұршасы кeлмeй қалады. Өз көңілінің қалауын қалдырып, құштарлықтан бас тартқан адам өзінің көрегендігін топастандырады, өзін былығудан құтқарады, өзінің жарқылын басады, өзін тозаңға теңейді, сол үшін терең болып көрінеді. Лао-цзы Кез келген мінез-құлықтың қарама-қарсылықтары болады: – Гиперинфляция құлдырауға алып келеді; – Күш көрсету əлсіздікті білдіреді; – Жоғарыда өтіп жатқан нəрсе төменге де келуі керек; – Егер сіз жолым болсын десеңіз, мейірбанды болыңыз. Сондай ақ: – Су тасты да тоздырады; – Рух күштен мықты; – Əлсіз мықтыны жеңеді. Затты артынан алдына қарай, астарын ақтарып, астын үстіне келтіріп қарауды үйреніңіз. Лао-цзы Қайсарлық жинақылыққа алып келеді. Жинақылық тəртіпті жасайды. Тəртіп келген жерде, істейтін іс қалмайды. Лао-цзы Мінезін жақсартпағандарды, оқытқанды ұқпағандарды, парызды ұмытқандарды, кемшілігін жоюға тырыспағандарды көргенде қайғы шегемін. Конфуций Ең алдымен өзіңді дұрыс ұста, сонда ел сенің артыңнан ешбір бұйрықсыз ереді. Егер өзіңді дұрыс ұстамасаң, бұйрық берсең де елің бағынбайды, бет-бетімен кетеді. Конфуций Егер сен қарау əрі қызба болсаң, басқа жақсы мінезіңнен не пайда?! Конфуций Бір оқиға тап келгенде қандай мінез көрсету керектігін мен алдынала болжамаймын. Ол пиғыл менде дайын. Конфуций Көне замандарда адамдарда үш кемшілік болмаған. Біздің заманымызда ондайларды табу қиын. Бұрынғылар өз пікірі болғандықтан бағынбаушы еді, қазіргілерде ол бейбастақтықтан болатын болды, бұрынғыларда паңдық ұстамдылықтан болушы еді, қазір ызадан, бұрынғылардың ақымақтығы туралықтан болса, қазіргілердікі өтірікшіліктен. Конфуций Ұстамсыз бен тəртіптінің екеуінің ортасында жүргендер, орта жолда келе жатқан кісіні таппадым демесін. Ұстамсыздарда мақсаттылық, тəртіптілерде ұстамдылық бар, орта жолды ұстанғандар оның екеуінен де тəлім алғандар. Конфуций Күншілдік – басқаның жетістігіне өкіну. Плутарх Сатқындар алдымен өздерін сатып тұр. Плутарх Мінез дегеніміз ұзақ уақыттан бергі əдет. Плутарх Кездейсоқтық біздің тұрақсыз немесе сезімсіз екенімізді көрсетіп тұрған жоқ, біздің қандай екенімізді абайсызда ашып алды. Плутарх Сырт көзге ғана жақсы болып көрініп, ішің сасық болмасын. Фалес Игілік үш түрлі болады: бірінші – иеленуге болатын, мəселен – əділдік, денсаулық; екінші – қатысуға болатын – демалыс, жəне үшінші – өзіменөзі өмір сүретін, мысалы – қызғаншақтық. Платон Қанағатсыздық адамдағы ең əсем сезімдерді жоқ етеді – Отанға деген махаббатты, отбасына махаббатты, ізгілік пен тазалыққа деген махаббатты. Крисп Саллюстий Тез тұтанған ашу қысқа ессіздікпен тең. Гораций

Ашу ең лайықты адамның өзін құл етеді жəне қорлайды. Бабрий Ашу келгенде жұмсақ бола білген адам – ең ақылды адам. Плавт Буддадан: Құмарлықтан асқан от, ашудан асқан бейнет, өтіріктен асқан қиянат, құштарлықтан асқан телегей теңіз жоқ. Інжілден: Ниетіңе орай жаза аласың, өлшеміңе қарай үлес аласың. Хадис: Пенденің сауабы таразыға түскенде, жақсы мінезден пайдалы ештеңе болмайды. Жақсы мінездің дəрежесі ораза ұстап, намаз оқығанмен бірдей. Жақсы ниет – ниет қана қарасаң, Дұрысы оны іс қылуға жарасаң. Жүсіп Баласағұн Жақсы мінез лайық жақсы кісіге, Көрер жақсы кірмегенді түсіне! Нəрсе-тауар неге керек жаманға, Қанша жисын, кедейге тең əмəнда! Аулақ жүргін ар-ұятсыз пендеден, Ұятты, арлы алғыс айтсаң – дем берер. Жүсіп Баласағұн Барлық істе сабырлы бол, көшелі, Сабырлы жан тілегіне жетеді! Қай істе де бол ұстамды, сабырлы, Ұстамдылық үйірер мал, бағыңды. Тіліңді тый, қарай жүргін көзіңе, Нəпсіңді тый, құлқының – жұт өзіңе. Қиянатшыл елден без де, жолама, Қараниет кісіге ерме додада. Өкпелесең, ашуланба, налыма, Сабыр соңы – салқын сая жаныңа. Сабаз ердің сөзін ұқ та біле бер: «Сабыр етсең – бұзылған іс түзелер! Сабырлы ер өз тілегін табады, Сабырлы аушы шыдаса, ақ құс алады!» Егер қайғы жараласа жаныңды, Күт сабырмен туатын шат шағыңды. Егер дəулет жауып алса қақпасын, Түзелер іс, төзіп сабыр сақтасаң. Ер мінезі – сабырыңды сақтай біл, Сабыр жолы көк төріне бастайды. Жүсіп Баласағұн Екі əлемде кісілерге, керегің – ізгі қылық, түзу құлық – дер едім. Екінші – ұят, үшіншісі – əділдік, Осы үшеуі бақ – дəулетің бəріңнің. Құлқы түзу болса елі сенеді, Қылығы түзу төрден орын тебеді. Ұят, намыс – абыройын сақтайды, Ұятсыздық ердің басын тапайды. Тағы бірі – түзу қылық қарымды, Қос жалғанда сындырмайды сағыңды! Ұят, шындық, ізгі құлық – үшеуі, Қосылғанда құбылаң тең түседі. Жүсіп Баласағұн Адамға мына секілді қылықтар опа бермейді. Оның бірі – өтірік айтып дандайсу; екіншісі – ішімдікке салыну, оған құмартып əуестену; үшіншісі – күншілдік, бас араздық; төртіншісі – бұзық жолға түсу; бесіншісі – босқа күйіп-пісіп ашушаң болу, адамның өзін-өзі ұстай алмауы. Жүсіп Баласағұн Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші – адамшылық қасиеттер саналады. Егер бұл екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыз бен іс-қимылдарымыздан абзалдық пен жетілуді табамыз жəне осы екеуінің арқасында біз ізгі, қайырымды адамдар бола аламыз, осылайша бақытқа қол жеткіземіз. Əл-Фараби Кабуснамадан: Халықтың жақсы-жаман істері мен мінез-құлықтарына көз қырын салып, олардың пайдалы жəне зиянды істерінің қандай нəтиже беретінін

бақылап, ой елегінен өткіз де, оның қайсысы өзіңе тиімді, қайсыбірі халыққа пайдалы екенін үйрен. Ағайын, білмедім мен қайда бағым, Салауат іске белім байламадым. Сансапақ өсек болды сайрағаным, Надандық өстіп жолдан бұрар, достар. Қожа Ахмет Иасауи Біреудің жүрегін жаулап, сүйіспеншілігіне бөленгіңіз келсе, өзіңізді ұмытып, менмендігіңізді тастап, құрмет етуге, жақсы көруге, сүюге, ол тəрізді болуға тиістісіз. Джалалиддин Руми Өсекшілдік, уəдеге опасыздық, көре алмаушылық, жалған сөйлеу – адамның нашар қасиеттері. Имам Ғаззали Хун цзы чен, ХVІІ ғасырда өмір сүрген қытай ғұламасы: Қызулықпен уəде берме. Мастықпен ашуланба. Қуаныш үстінде жоспарлар жасама. Шаршап отырғанда келешектегі істерің туралы ойлама. Қытай даналығы: – Жұмсақ өміршең бе, қатты өміршең бе? – Жұмсақ. Аузымда тілім тұр, ал тісім болса жоқ. Қазақ даналығы: Ашу тасыса ақыл төгілер. Жанжалдың шоғы қызарса, ақылдың суын сеп. Сайфи Сараи Қарапайымдылықтың жеті сипаты: – Ізгілікке құштарлық; – Айбатсыз еліту; – Міндетсіз иба; – Дуалсыз қорған; – Кешірім сұраудан құтылу; – Періштедей тазалық; – Айыптан адалық. Лұқман хакім Мен сіздерге ішіңізден білдірмей жəне ашық түрде Құдайдан қорқуыңызды, тамақты аздап жеуіңізді, аз ұйықтауыңызды, аз сөйлеуіңізді, күнəлардан тартынуыңызды, əрқашан нəпсі ашқарақтығына қашуыңызды, халықтың езгісі мен бейнетіне шыдауыңызды, жақсы адамдармен бірге болуыңызды өсиет етемін. Джалалиддин Руми Сабырлы ғана ағып жатқан өзен терең болғаны. Шекспир Сіз, мүмкін, менің көңіл-күйімді бұза аларсыз, бірақ мені таптауға төзе алмаймын. Шекспир. «Гамлет» Есті адамдардың мынадай үш үлкен қасиеті болады: біріншіден – жұртқа берген ақыл-кеңесін өзі орындайтын болады, екіншіден – еш уақытта əділдікке қарсы шықпайды, үшіншіден – төңірегіндегі жандардың қате-ліктеріне кешірімшіл келеді. Лев Толстой Қатеңді дер кезінде мойындау, оны түзелмейтіндей жағдайға жібергеннен анағұрлым жақсы. Лев Толстой Ойға түстім, толғандым, Өз мінімді қолға алдым, Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым. Енді өзіме-өзім жақпады Енді қайда сыя алдым? Бойдағы мінді санасам, Тау тасынан аз емес. Жүрегімді байқасам, Инедейін таза емес. Бəрі болды өзімнен, Тəңірім салған наз емес. Осынша ақымақ болғаным Көрінгенге қызықтым. Ғаділетті жүректің Əділетін бұзыппын.

Ақыл менен білімнен əбден үміт үзіппін; Айла менен амалды Меруерттей тізіппін; Жалмауыздай жалаңдап, Ар, ұяттан күсіппін* Қулық пенен сұмдыққа Құладындай ұшыппын; «Сіз білесіз» дегенде Күнге күйіп, пісіппін; Мақтанбасқа мақтанып, Деп жүріппін «пысықпын». Абай Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тəннің құмары, бұлар болмаса, тəн жанға қонақ үй бола алмайды һəм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен деу. Не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі – жан құмары, білсем екен, үйренсем екен деген. Абай Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың əлгі екі мінезін біржола жоғалтып алдық. Ол екі мінез қайсы десең, əуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден-бірге жүгірмек болмайды екен. Екіншісі – намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады» деп, «Аз араздықты қуған, көп пайдасын * Күсіппін – айрылыппын, ұмытыппын. кетірер» деп, «ағайынның азары болса да, безері болмайды» деп, «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп. Кəніки, енді осы екі мінез қайда? Абай Əрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, əрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, əрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыратұғынын, бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, елемеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек. Əрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ, болса керек. Əрбір жинақылықтың түбі кеніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғымен жүре аламыз ба? Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғымен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайымқайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харакет табу керек һəм қылу керек. Əрбір орынды харакет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкімен азайтпа қайғыны, орынды харакетпен азайт! Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық жəне əрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі өзі де – қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, əрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Əрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтады. Көп күлкінің бəрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау – Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің əнін сəндеп, əдемішілік үшін күлетін бояма күлкі. Абай Көп білгенге көп надан болады қас, Маужуд пенен мансухты ол айырмас. Бəйтерек те күндейді көлеңкесін, Байқап тұрсаң осы жұрт соған ұқсас. Абай

Дұрыс деме, құр ойлап, Ақылға сынат, сабыр қыл. Жығылмайтын дəлел тап, Бірезу болма өзімшіл. Мініңді тапса, кім сынап, Аяғына, бар, жығыл. Білемін деп, кекті ұнап, Сақтай көрме, ойға зіл. Тікенің болса бойыңда, Ауырса да өзің жұл. Шəкəрім Николай Рерих, «Жанды этика»: Кісінің денсаулығын титімдей сатқындықтың өзі бұзады. Мінез, құлық – əркім өзінің кейпін көрсететін айна. Гете Əр адамның үш мінезі бар: бірінші – оған телінетін мінез, екінші – оның өзіне телитін мінезі, үшінші – оның жүзіндегі нақты мінезі. Виктор Гюго Алданудың ең төте жолы – өзіңді өзгелерден қумын деп есептеу. Ларошфуко Ұлы адам күнделікті тұрмыста да ұсақ болмайды. Ұсақ-түйекке араласпа; кейде, рас, оны байқаған да пайдалы, бірақ əдейі емес, аңдаусызда білгендей бол. Көзқарас кеңдігі – тəрбиелілік негізі. Басқаларды басқарғың келсе өз сезімдеріңді жасыра біл. Үй ішіндегілердің, достарыңның, əсіресе жауларыңның көп істеріне немқұрайды қара. Қазымырлықты ешкім ұнатпайды, ал мінезде ол басым болса төзгісіз болады. Ұнамсыз жайға үнемі қайта оралып, мінеп отыру көргенсіздіктің көкесі. Əдетте, əркімнің мінезі оның жүрегінің үлкендігімен анықталады. Бальтасар Грасиан Қазақ сөзі: Жақсының бір аты бар залым деген, жаманның бір аты бар момын деген. Нар түйеге оқ тисе Жай түйедей бақырмас Артқы аяғын бір сілкер. Жаншуақтың Құлиязы Ұлтына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Əлихан Бөкейханов Адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болмақ. Мұхтар Əуезов Ашу пышақ болғанда, ақыл – таяқ, кемиді сол таяғың жонғаннан соң. Ақмолла. Өзін-өзі жоғары бағалау, өзгелерді өте төмен бағалаудың нəтижесі. Қадыр Мырза-Əлі Құс ұшу үшін не істей керек? Қанатын қақса болғаны... Жоқ, алдымен ол айбарлы болып алуы керек. В.И. Немирович-Данченко Менің бірінші өсиетім мынау: жолы болып жүргенді тыңдаңыз, тыңдаңыз, тыңдай беріңіз. Х. Росс Перо Əрқайсымызды ауық-ауық адамдардың мінезі, ол тұрмақ, өзіміз жақсы білетін жақын туыстарымыздың қылығы таңырқатып отырады. Герберт Спенсер Сабырлыларға тегін келетін нəрселер, шыдамсыздарға қымбатқа түседі. Француз мақалы Бұрынғылар адамның келбетіне, бас қондырысына көзіне, сөзіне, дене бітіміне қарап мінезін таныған, баға берген. Жібектей есілген мінез – үйішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні – ізеттеп, кісі бетіне жел болып тимей тұратын кішіпейіл адамға тəн.

Тентек – ұрыншақ, еріншек, көп нəрсенің байыбына бармайтын, қағу көрмей өскен, тиюсыз, əлі жеткенді ұрып жіберуден тайынбайтын адам. Дөкір – сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, обалсауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адам. Кесір – жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп, əр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға-көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адам. Кербез – бойын түзеп, баптанып, кез-келген ортада əсем көрінгенсіп, жақсыны киіп, жылтырақты жиып, сөйлеген сөзі, істеген іс ішіңді пыстыратын адам. Паң – тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тəн. Əкесі Сағынайға əйгілі ас беретін Нұрмағамбет сəлем берген кісіге аяғын ұсынатын болған. Мақтаншақ – жел сөзге əуес, жоғын бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмысты болдырып, оңбасты оңдырып, ауызбен қырман орып жақсы атансам деген адам. Ерке – сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, уайымсыздықтың лебі есіп тұратын адам. Тура мінез – қара қылды қақ жарып бұлтақсыз сөйлейтін, шыншыл, тəуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адам. Шапшаңшыл – қауып айтып қалатын, асығыстау іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған тынымсыз адам. Ділдə Матайқызы Жақсы мінез – таусылмас байлығың, Жаман мінез – ғұмырлық азабың… Ділдə Матайқызы Азаматқа бір ғұмырда қанағатты тірлік те аздық етпес. Дүниеқоңыз деген жаманатын айтсаңшы! Ділдə Матайқызы Бойыңдағы сараңдықты, ашкөздікті, жалқаулықты, тоқмейілсінуді, менмендікті, сұғанақтықты, екіжүзділікті, қорқынышты жеңе біл. Порфирий Иванов Адамдардың мінез-құлқы қажеттілігіне байланысты өрбиді. Дюков, ҚазМУ заңгері Жақсы мінез, жылы сөз – жан дəруі, Жігіттің керек мұны аңғаруы. Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның Тіптен оңай адасып, сандалуы. Қ. Нақысбеков Өз нəпсісін жеңе алмаған адам, өмір талқысында да жеңіске жете алмақ емес. Мұратхан Орынтайұлы Көңілден көңіл су да ішеді, көңілден көңіл у да ішеді. Гүлтас Құрманбай Қуаныш, күлкі – адам жанының шипасы. Қайғы-мұң адамды ерте қартайтады, түрлі ауруларға ұшыратады. Шексіз қатты қуану кейде жүрек талмасына да əкеліп соқтырады. Үнемі қайғырып, аһлап-уһлеме. Сары уайым, торығу денсаулыққа зиянды. Жылауық адам, үнемі үрейленіп, шошынуға əдеттенген адам кеселге ұшырайды. Өз пікіріңді ашық айтудан, бойыңды билеген көңіл-күйді білдіруден қашпа, ұялма. Сырттай сабыр сақтап, іштей қарсыласу – жаныңызды жегідей жеу, денсаулыққа зиянды жағдай. Жиі қуанып, жиі күлуге тырыс. Аздап жымисаң болғаны, миға «өмір тамаша!» деген рефлекстік дабыл жетеді. Мұны жүйке жүйесі ішкі ағзаларға – қалқанша безіне сездіреді, жан-тəн жайланады. Күндей күліп, жадырап жүрмесең ешкімді де жылыта алмайсың. Қабағыңнан қар жауып жүрсе, ешкім де саған жақындамайды. Қуанышты көңіл күй өзіңе де, басқаға да шипалы əсер етеді. Мақсұтбек Сүлеймен Нағыз ер азаматқа тəн сегіз түрлі қасиет бар. Олар: игі мінез, ізгі қасиет, əйелмен сөйлескенде əдепті, сыпайы болу, жұрт сыйлайтын адамды жақсы көріп, құрмет тұту, жауының алдында жүректі болу, үлкендерге кішіпейіл болып, халық салтын қадірлей білу, осал жерін білетіндерге жұмсақ, сұмырайларға қулық жасауды білу. Эльмира Жаңабергенова Жомарттық – мінез. Атымтай жомарт өлген соң інісі де Атымтайдай боламын деп, малын шаша бастапты. Шешесі: «Шырағым, малды орынсыз шаша берме», – деп неше қабат айтады екен. Бір күні бұл сөздер баланың көңіліне келіп, шешесінен сұрайды: «Сіз маған мал шашпа дейсіз, марқұм

Атымтай ағама бір сөз де айтпайтын едіңіз. Атымтай туған ата-анадан мен де туғаным жоқ па? Атымтайға біткен мал маған да біткен жоқ па? Сіз қалайша менің жомарт болғанымды жаратпайсыз?», – дейді. Шешесі: «Атымтай туған соң үш күнге дейін жылап емшек ембеді. Емшегім сыздап, сүт аққан соң, көршіміздегі бір жетім баланы емізіп едім, құшағымда отырған Атымтай жылағанын қойып, екінші емшекті еме бастады. Осылайша əрқашан бір емшекті əлгі жетім балаға емізбесем, Атымтай да ембеуші еді. Ал сен, балам, туғаннан былай қарай, бір емшегімді еміп жатқаныңда, екіншісін екі қолыңмен мықтап ұстап жатушы едің, міне, соның үшін сен Атымтайдай жомарт бола алмайсың. Малыңды орынсыз шашпа дейтінім сол», – депті. Нағыз адамды елеусіз жүргендердің арасынан іздеген жөн. Бұрын да солай еді, қазір бұл мінез-құлық тіпті бағалы. Елеусіз болуды мінез ете алу – ұлылықтың белгісі. Нағыз еңбек адамдары осылар жəне өзінің парызын да өзгелерден жоғарырақ сезінетіндер солар. Əлемнің тұтқасы да осы адамдар. «Ақырзаман келе қалса, адамдардың мінез-құлқы қалай өзгерер еді?» деген француз газетінің сұрағына Марсель Пруст: «Онда өмір бірден кереметтей көрініп, адамдар жалқаулығын тастап Лувр галереясын көруге баруға; қыздың аяғына жығылып, ғашықтығын дəлелдеуге; я болмаса Үндістанға сапар шегуге уақыт тапқан болар еді», – депті. Өзі өлер жылы демікпе сырқаты меңдеп тұрғанына қарамастан, Тьюльри галереясына барып, рахаттана қызықтаған, сол жолдан қайтып келе жатып қайтыс болған. Тышқандарды бақылап көрген ғалымдар, олардың өшпенділерінің арасынан лидерлер* шығатынын айтады, момындары өз үлесінен құр қалып, мақұлшыл қалыпта жүре берсе керек. Адамдар да солай екендігі біздің өзге мақұлықтардан ұзап кете қоймағанымызды көрсетеді. Өмірдің көптеген көріністерінен адам ақ түсті аңғармай, өзгелердің бойынан «қара» ноқатты көреді. Көп адам көңіліне бір идеал бейне жасап алады да, кездескен адамын сол идеалымен салыстыра жүреді. Бəрі бірдей ол идеалға сай болуы мүмкін емес. Біреу өшпенді, біреу күлегеш, біреу күншіл, біреу қызғаншақ, біреу сөзшең, біреу мешкей. Олардың бəрін идеалмен салыстыруға бол- * Лидер – жетекші. майды, олардың бəрі бір қалыпқа сыймайды, сондықтан адамдар қандай болса, сол күйінде қабылдауға үйрену керек. Менің көңілімдегідей бола қоймады деу адамның көңілінде абыржу туғызады. Іштей наразылық немесе қарсылық пайда болады, соның өзі – күнə. Ал оны өзің ойлағандай қалыпқа келтіруге тырысу, сол үшін іштей болса да өштесу, немесе уайымға берілу – қате. Ол – дауыс көтеріп ұрсысумен бірдей. Өзіңді қоршаған ортаны қалай болса солай, өзгертусіз қабылдай білуді үйрену – жетілудің жолы. Қолдан идеал жасаудың тағы бір түрі бар, ол – тұрмыста бəрі жақсы, бəрі ойдағыдай болғанда кездеседі. Ал сол тыныштық бұзылғандай бір нəрсе жасалса болды, адамның ішкі дүниесінде наразылық, тіпті өшпенділік пайда болады. Өмірде мағына қалмағандай күйзелуге баратын да сəттер кездеседі. Оның себебі – кейде болмашы ғана нəрсеге, мəселен, орнықты жұмыстан қысқарып қалу, жақсы көрген адамыңа қосыла алмау, бала сүю бақытының кешігуі, ұдайы болатын ақша тапшылығы т.с.с. істерге айрықша мəн беруден шығады. Пенде тірлікке жабыса бермеу, негізгі назарды Құдайды сүюге арнау нақ осы жағдайда өз пайдасын тигізеді. Реніштің бəрін ішке сақтап, жинай берген кісінің қуаты кемиді. Ренішті кешіру арқылы кісі оны жадынан мүмкіндігінше тез өшіруге мінезін тəрбиелегені мақұл. Егер реніш келтірген кісі о дүниелік болып кетсе, реніші үшін, яки ренішке əкелген ойлары үшін оның аруағы алдында кешірім сұрағаны жөн. Өркөкірек адам шыншыл бола алмайды, олар өшпенді, тырысқақ жəне өкпешіл келеді. Жабырқай берген адам өз рухының алдында күнəһар. Уайымшылдық, өзіңді-өзің жек көру – қажетсіз. Күншілдік пен басқаның жетістігіне қызғана қарау зиялылар санатындағы адамдарға да тəн. Біреудің жетістігіне шынымен қуану нағыз достар мен шын сүйіспеншілік иелерінде ғана болады. Адам баласының бойындағы ең нашар қасиет – күншілдік. Мəселені «Ол неге менен озып кетеді» деп емес, «Мен неге оған жетіп, озып кетпеймін» деп қойған жөн. Жігерсіздік өз мүмкіндіктерін жұмылдыра білмеуден туады. «Сіз мені түсінбедіңіз» дегеннен гөрі, «мен сізге ойымды жеткізе

алмадым-ау» деген тиімді. Бірақ, ол жағынуға тырысудан болса – керексіз, өз идеясын қалайда өткізу үшін болса – орынсыз, тек адамзат дамуына үндес болғанда ғана дұрыс. Кемшілігін жасырып айтпай отырғанда, мені түзетуге тырысып отыр деп емес, артықшылығымды мойындап отыр деп түсінетіндер де бар. Қай істе болсын, кінə іздеу əрекеті қажетсіз. Кісі басқаларды айыптай қарамауды, дене жаттығуы секілдендіріп, күніге жасағаны дұрыс. Айыптау арқылы біреуді өзгерту қиын. Біреуді сендіре алатын, пікірінен айныта алатын мүмкіндігім, я өкілеттігім бар деп малдану қажетсіз. Біреудің пікірінің өзгеруі сыртқы əсерге емес, оның ішкі дүниесіне тəуелді болғаны жөн. Ылғи үлгілі болуға тырысу – адамның жігерін топастандырады, ондай мінез адамды бір ізді, тіпті, сұрқия етіп жіберуі мүмкін. Ашу-ыза келе қалған күнде де, оның отын байсалдылықпен, төзімділікпен сөндіре білетін, кінəлілерге кешіріммен қарай білетін кісімен адамдардың бəрі достыққа ұмтылады. Біреуге жақпайтын мінез біреуге жақсы болып көрінсе, ол, я махаббат, я шексіз құрмет. Қулықтан – əдет, əдеттен – мінез, мінезден – тағдыр туады. Адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соқтырады. Кикілжің болған жерде міндетті түрде ашу туындайды. Ашу адамның өзіне де, өзгелерге де, айналасына да зиян. Өйткені адамның көңілі түседі, ешнəрсеге зауқы болмайды, жағымсыз сөздер айтады, айналасындағыларды ренжітеді. Ашу үстінде дұрыс шешім табу да қиын-ға соғады. Сондықтан да қандай жағдай болмасын ақылға жеңдіріп сабыр сақтап, ұстамды бола білу керек. Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, əділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылына жеңдіреді. Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл. Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана. Жақсы нəрсе туралы ойла. Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте. Басқа адамды ренжітетініңді ойла. Соңынан өкінетініңді есіңе ал. Егерде тəртіп сақталатын болса біз оның əсерін байқамаймыз. Бас киімді басқа қию, ботинканы аяққа өзінен-өзі түсінікті де, белгілі нəрсе. Адамдардың бір-бірімен кездескенде сəлемдесуі де, ата-аналарының балаларына қамқорлық көрсетуі де кəдімгі əдет. Енді көз алдыңызға елестетіп көріңіз: Сіз таныс кісіге сəлемдестіңіз, ал ол үндемеді, сəлемдеспей өте шықты. Демек, бұл қалыптан тыс құбылыс, бір нəрсе болды дегенді байқатады. Қарым-қатынастың бұзылғанын білдіреді. Демек біз тəртіп-ережелерді тек олар бұзылу нəтижесінде байқаймыз. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін осындай ережелердің бір бөлігін мораль деп атайды. Лай суды жайына қойсаң, тұнық болады. Көзе* тамшыдан толады, кеудеге де зіл біртіндеп жиналады. Көңілде кірбің қалмасын десең, ашуланба. Қайнаған судан шəйнектің қабырғасына қақ тұрады. Ашуланып, түтігу, ашулану себебінен де зиян. Айналаңа мейірімді, кішіпейіл жəне ілтипатты бол. Мейірім мен ілтипат арқасында елдің құрметін аласың. Ішкі дүниең тазарып мейірімге толады, яғни, жігерлі боласың. Ілтипаттың арқасында кішкентай да болса өзгерістерді байқайтын боласың да, көптеген қиындықтарды алдын ала болжай аласың, яғни, ұрыс-қақтығыстарға кірмей тұрып оларды жеңіп шығасың. Талас-тартыстардың алдын көре алатын болсаң, ешкім жеңе алмайтындай қайратты бола аласың. Егер біреуді нашар деп, оңбаған деп, болмағыр деп айта берсең, ол шынымен солай болып кетеді. Өзі құлдырап жүрген адамға барлық дүние құлдырап бара жатқандай болады. Түзетілуге тиіс міндер: жалқаулық, уақытты босқа өткізуге бейімділік, болмашы нəрсеге ашулану, уайымшылдық, бір шешімге келудің қиындығы. Шыдамсыздарға қымбатқа түсетін нəрсені шыдамдылар тегін пайдаланады. * Көзе – құмыра, түбі терең ыдыс.

Біреудің əзілін көтеріп үйренген жөн. Адам өзінде бардың барлығын бір ақ рет көрсетіп қоймағаны дұрыс. Адам – жұмбақ, ол түгел шешіліп болған соң, қызық болмай қалады. Лажы барынша мұң шақпаған жəне ешкімнен ештеңе тіленбеген мақұл. Кішіпейіл жандардың бір қасиеті – бойына біткен қарапайымдылығынан көзге түссем деуден аулақ, елеусізденіп, кішірейіп жүре береді. Ал, шын мəнінде олардың бойында асыл қасиеттер мол болады. Бірақ оны жұрттың бəрі біле бермейді, екінің бірі көре бермейді. Себебі, адамшылыққа астасқан жан сұлулығы жүректің тереңіндегі нəрсе, бір сəті түсе кетпесе жарқ етіп жарыққа шыға бермейді ғой. Біреу жайында айтылғанда күлмеу керек. Мүмкін оның орнында күлген адамның аты іштей аталып тұрған шығар. Шіркеуден попты сақалынан сүйреп сыртқа алып шыққан төңкерісшіл топтың ішінен біреу: – Қайда Құдайың? Бар болса бізге неге ештеңе істей алмай тұр, – десе, поп: – Саған осыдан басқа тағы не істеу мүмкін, – депті. Ағысқа қарсы жүзем деген, əуелі ойланып алсын. Өзінікі жөн бе, күреске дайын ба, зерделеп көрсін. Қалыптасып, заңдылыққа айналып кеткен əдеттерді бұзамын деп талайлардың мойыны қайырылған. Қазақта мынадай нашар қылық-мінездер бар, соның біріншісі – жалқаулық пен енжарлық. Одан басқа ішімдікке құмарлық, дінді қастерлемеу, жікшілдік пен алауыздық секілді дерттері бар. XX ғасырда терең ендеп кірген тағы бір нашар қасиет бар, ол – қызметі үлкенге табыну. Адамзат жаратылғалы əуелі қара күшке табыну, кейін мықты топқа бағыну, кейіннен барып, лауазымға бас иіп, пара арқылы ойлағаныңа жету жолдары болған болса, бүгінде ақыл мен қабілетке қа-рап, билік пен байлықты иелену жолы басталды. Ең дұрыс, ең əділ жол – осы. Скрипканың ішегін жай сүйкесең жақсы дыбыс шығарып, қатты изеп қалсаң дарылдап кетеді. Адам өмірі – іс-əрекеттер тізбегінен, басқалардың əрекеттерін қабылдаудан жəне оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады. Кез келген əрекеттерді дұрыс түсініп, қабылдай білу əркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тəрбиелеуге мүмкіндігі мол. Мінез-құлықтың адамның қарым-қатынас жасауында алатын орны ерекше, адам өз мінезін үнемі өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, өзінөзі тəрбиелеу арқылы өзгерте алады. Адам ең басты, еңбектенуге, яғни адам адам бір іске күш-қуатын, ақылойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін жəне өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың. Бұл мейірімді болудың жолы. Біздің мінезіміз – қабілеттерімізге жиі оппонент! Ар Панчатантрадан: Арсыздар өз шамасының мөлшеріндегі дəрежеге көтерілгенге дейін ғана тілеулестік білдіреді, пайдалы бола қалады. Дəрежесі өз шамасына жетті-ақ, ол тояттамайды, жоғары мəртебеге көтерілгісі келеді де тұрады. Өрескел арсыздар патшаға қызмет істеп жүріп тек өлмешінің күнінен, не қорыққанынан ғана сүйіспеншілікке бой ұрады, ал оларға патшаның керегі болмаған жағдайда, одан қорықпайтын болса, онда табиғи тұрғысына қайтады, қалпына тартады. Ең басты əшекей – таза ар. Цицерон Таза ар – ұдайы мереке. Сенека Ар-намысың – мың куəң. Квинтиллиан Əр адамның құдайы – өзінің ары. Менандр

Ар ақшадан қымбат дейді, бірақ арын сақтаған адамда дүние жоқ, жəне менің байқауымша, біздің уақытымызда ақшасы барлар абыройды қажетсіне қоймайды. Дидро Ар дегеніміз жеке адамдардың бойына жинақталатын қоғамның жады. Лев Толстой Ардың тағы да бір анықтамасы, өз ақыл-ойыңның құдіреттенуі болса керек. Лев Толстой Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі тексермей кеткен кісі тəуір жігіт түгілі, əуелі адам ба өзі. Абай Арсыз қолым істеді, Арлы бетім ұялды. Абай Жүз тура жолдағы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін. Абай Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап. Абай Шəкəрімнің ар іліміне қатысты сөздері: Ақылды сол – нысап пен ар сақтайды, Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды. Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп, Жаны үшін адамшылық ар сатпайды. Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан, Анық төмен болмай ма хайуаннан. Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, Өлген артық дүниені былғағаннан. Ар қайда? Рахым қайда? Əдеп қайда? Быт-шыт боп неге жүрміз əрбір сайда? Көз жұмып, «көппен көрген ұлы той» деп, Береді бұл надандық кімге пайда? Ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық, Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Алтауының ішінде ынсап əділ, Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық. Ар демек – адамшылық намыс деген, Арың кетпес жағыңа қарыс деген. Арманым байлық, мансап, мақтан емес – Ары зор, ата ұлы емес, адам ұлы. Ар түзер адамның адамдық санасын. Бəрі адамның бірдей ағарып, Ары нəпсіні жеңсе тазарып. Адаспайсың ақылды арлыға ерсең, Жолай көрме жылмайы сопы көрсең. Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең. Арың сатпа, терің сат, адалды ізде. Адамдық борыш ар үшін, Барша адамзат қамы үшін, Серт бергем еңбек етем деп, Алдағы атар таң үшін.

Адамдық борышың, Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз, Болады ақыл тұл. Мақтанға салынба, Мансаптың тағы үшін. Нəпсіңе билетпе, Басыңның бағы үшін. Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық – əуес болар алты шарт. Ойсызға сөзім жақпайды, Арсыздар оны таптайды. Арлы адам кім? Бойында ұят, қайрат, жігер, жауапкершілік, кісілік, намыс, талап, ерлік секілді асыл қасиеттері бар адам. Арсыз арам айланы тастасалық! Адал іске талаппен бастасалық! Не де болса білімді ізденелік! Надандықпен біржола қастасалық! Жалған айтып біреуге жалынбалық! Біз, сірə, үлкендердей қағынбалық! Наданға өлсек тағы бағынбалық! Өтірік, өсекке еріп сабылмалық! ...Болмас іске бұртаңдап тырыспалық! Бетке айтқанның зəрі жоқ, ұрыспалық! Көзге жылпың көрініп, сыртқа қылпың, Артымыздан құр өсек қылыспалық! Сөз байласақ, уағдада тұрысалық! Сыртымыздан жақсылық қылысалық! «Қашқан жаудан құтылар» деген қане, Надандықтан жиреніп, жылысалық! Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нəрселер, əдеттер бар. Олар: нəпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман əдеттер туа бермек. Мысалы, зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рақымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік, тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман əдеттерден құтылудың айласын іздеу керек. ...Ол үшін барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек. ...Оларға еңбек өнерін үйрету керек, онымен қабат оқу-білімге жетілдіру қажет. ...Жаман əдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан, сол адал еңбек, білім үйренумен қабат, «ар ілімі» деген білім оқытылуға керек. Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пəн ретінде жазып, нəпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нəпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай... Арлы адам дегенде халық арасында кімдерді айтады? Бойында ұят, қайрат, жігер, жауапкершілік, кісілік, намыс, талап, ерлік секілді асыл қасиеттері бар адамды айтады. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді жəне істемейді. Адамда екі түрлі мақсұт бар: оның бірін тəн мақсұты, бірін жан мақсұты дейміз. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін – тəн мақсұты. Адамшылық ар мен адал еңбек іздейтін – жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам зұлымдық, қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіпті ұнатпайды. Зұлымдық, қиянат қылып əдеттенгендердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек, ақ ниеттің жолында құрбан болатындары да əдет алып, шын құмар болып кеткендіктен болады. Адамның бəрі бала болып, ақылы жай толатын болғандықтан, сəнқойлық, көрсеқызар, мақтанқұмарлықты бірінен-бірі көріп, тəлім алады. Өзін-өзі тексеріп, ол əдетті қалдырып, таза ақылға билету əлденеше біреудің-ақ қолынан келеді.

Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан, əділетсіз арам пиғылдан, зиянды да кесірлі іс-əрекеттерден тиылуға бейім, ұстамды болса ғой... Керексізден аулақтанып, көңілін де, жүрегін де таза ұстап, тура жолды ұстанса деймін дағы. Ар білімі деп осыны айтпаймыз ба? Біліп қана қоймай, білгенін өмірінің өзегі етіп, сол мақсатпен берік жол ұстанып жүре білсе ғой... Ары ұдайы нəпсісін жеңер болса ғой... Жүрек не нəрсеге толы болса, ауыз соны сөйлейді, адам соны істейді ғой. Адам өміріндегі сөзі, ісі, иманның, ардың қалыбы болған жүректің жемісі емес пе?! Сол себепті жүрек арлылыққа толса, оның жемісі де игілікті болмақ. Ал адамның ары нəпсіні жеңуі үшін адам көңіл қалауына шек қоя білуі тиіс. Өйткені нəпсі алған үстіне алсам, жеңген үстіне жеңсем деген тойымсыз нəрсе, ол адамды күнəһар іске итермелеуші күш. Оны шектеу лəзім дегенде осы жағын ойланамын... Нəпсісін арына, ақылына, рақымына, əділетіне билеткен адам ғана адамшылық қалпын сақтайды, көпге өнеге болады. Адалдығыңа басшы болған арың нəпсіңді жеңсе қорлықтан құтыласың, азат боласың, еркіндікке иесің. Маңдай тер, адал еңбек, жүректің шынайы қалауы білім алуға, ғылым үйренуге, оны еңбек етіп, өз өмірінде пайдалану арқылы жан құмарын тарқатуға пайдаланса дейсің де шіркін... Сонда өзара көре алмаушылық, күндестік, құр мақтан, кейіс, алдап-арбау бəрі кетер еді, заман түзу жолға түсер еді. Білімді, ғылым үйренген ерді адалдықпен басқартса, ел де өзгерер еді, барлық адам таза еңбек жолына түсіп, өнер үйренер еді, сонда өз тірлігінің нəтижесін өзі көріп, бейбіт, мамыражай, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, елдіктің тұғырын биік ұстаған елге айналар едік. Адалдыққа бастайтын, арлылықты жастайтын, ар білімі оқылса, жайнаған көңілі бар, қайнаған өмірі бар, берекесі мерекесіне ұласқан ел-жұрт болар едік, қатарымыздан озық болар едік. Кем-кетікке болысу – ар міндеті, Халқыңа пайда тигіз босқа жүрмей. Жаныңды аяй көрме жардамынан, Сүйткенде арың шығар арманынан. Əйтпесе бұл өмірің артық емес, Тəніңді топырақ басып қалғанынан. Қара өлең: Дүние жеткізбейді қуғаныңмен, Ат көркем көрінеді тұрманымен. Ақ көйлек секілді емес ақ ниетің, Тазармас бір кірлесе жуғаныңмен. Жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын қазақта адамдар аз, жұрт жұмысы деген қазақтың əдетінде болған емес, сондықтан жұрт жұмысы, ұлт намысы деген қазақтың көбіне түсініксіз нəрсе. Ахмет Байтұрсынов Жүректе айна жоқ болса, Саз болмайды өңгесі. Мұхтар Əуезов Адам ісіне құдаймен бірге төреші бір нəрсе бар, ол – ар. Михаил Лермонтов Адамдықты ойласаң, Мал мен бастан ар жақсы. Майлықожа Қазақ тілінде «таза» адам деп үсті-басының тазалығын ғана емес, ар ұятының тазалығын айтады. Ғабит Мүсірепов Үш нəрседен тазамын: бірінші – сонша жыл ел басқарғанда, біреуге нақақтан жала жауып, қиянатқа барған емеспін, арым таза; екінші – 19371938 жылдардағы қаралы күндерде, боздақтарды атып жатқанда, бір қағазға қол қойған емеспін, сенбегендер архивті ақтарып көрсін, қолым таза; үшінші – адамдарды жершілдікке, атаға, руға, жүзге бөлген емеспін, жүзім таза. Нұртас Оңдасынов Арлы адам – ең күшті адам. Ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойынсұнбайды. Əбіш Кекілбаев Адамзат жаратылғалы алдымен заттық табиғатқа ие болған, яғни басқы мақсат – ішіп, жеу, қарынды тойындыру. Мұны Шəкəрім бірінші жүйе – тəн жүйесі деген. Екінші болып жан жүйесі айтылады. Үшіншісі – адамның санасы. Төртінші – нəпсі жүйесі, ол тек ішіп-жеу емес, артына ұрпақ қалдыру ниеті. Бесінші – көңіл жүйесі, яғни көңіл азығын іздеу. Алтыншы жүйе – рух жүйесі, яғни адамның рухани мəдениеті. Жетінші жүйе – ар жүйесі, ол Жаратушыға барар соңғы баспалдақ. Ғарифолла Есім

Ар жүйесі дегенде адамшылық кеңістігі айтылады. Ар таза күйінде кездеспейді, оның көріну формалары: ұят, намыс, ұждан, ғашықтық, достық, кісілік, жомарттық, ізгілік, парасаттылық, даналық, талаптылық, т.б. Ар дегеніміз көңіл мен рухтың сапалық өлшемі немесе анықтаушысы деуге болады. Ғарифолла Есім Арлы адам, алдымен, Құдайына қараған, Құдай мақұлдамайтын іске бармайтын адам. Ар – əр адамның өз ісінің төрешісі. Құдай құратын «сотқа» дейін адам өзінің арының алдында жауап бермек. Ғарифолла Есім Арлылыққа қарама қайшы ұғым арсыздықтың екі түрін атайды, ол – пысықтық пен надандық. Шынында, пысықтық – икемділік, ол ұятты тиімді тұрмыс пен жайлы өмірге алмастыру ниетінен туындайды, ұятсыздық – арсыздық. Пысық адам əр ісінен пайда іздейді, өзіне тиімді жағын қуады. Сол үшін жанын жалдап, ар кешуге бар. Шын арсыздық пысықтыққа тырысушыдан туады. Ал енді, надандықтық арсыздық болатын себебі не? Надан адам надандығын жасыруға тырысады, сол үшін ұмтылады, біреуі ғылым жолына түседі, біреулері билікке ие болады. Сөйтіп өз болмысын жасырып, түрленіп отырады. Сол арқылы атақ-даңққа, көпшілікке жағу, ұнау қабілетін иеленеді. Бірақ, надандық бəрібір күндердің күнінде байқалып, танылып қалады. Ғарифолла Есім Жұрт көзінше ақ сөйлеп, адал болу, кісілікті əрекет жасау екінің бірінің қолынан келеді. Кісіліктің ең зоры өз арыңның алдында адал болу. Еш куəсіз, оңаша, өзіңмен-өзің жүріп кісілікті қалпыңды сақтау, адал, əділ болу, міне, адамның ең адамгершіл қасиетінің парықталар жері осы. Ақселеу Сейдімбек Менің əмиянымның тазалығы арымның тазалығындай. Ақселеу Сейдімбек «Мың бір түн» əпсаналарынан: Омар əл-Китаб өзіне қызметке кісі алғанда мынадай төрт шарт қоюшы еді: – Басқалар жаяу болса, сен де ат мінбейсің; жұрттан айрықшалап тұратын киім кимейсің; қазына малын өз малыңмен шатастыруға жол жоқ; өзіңе жүктелген қызметті өзің атқарасың. Осыған келісетін болсаң менің қызметіме лайықсың. Тағы да: – Қандай адам болса да дүниеде тек іздеуші ғана. Өмірге керектісін өзімен əкелген ешкім жоқ. Көп кісі осыны білмейді. Əр іске жарасымдысы – əділдік, лайықтысы – қанағатшылдық, ең артығы – адамгершілік пен арға бағынушылық, – деді. Ар. Ұждан. Намыс. Мұның бəрі бір жігіттің бойынан табылып жатса, қанеки? Намысы бар қазақ мұндайды «Жаным – арымның садағасы» немесе «Өлімнен – ұят күшті» деген еді ғой. Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза. Ресейдің «Власть» журналы орыстың жəне шетелдің бірқатар саяси қайраткерлері мен ірі компания басшыларына: «Əзірбайжан президенті осы ғасырдың басында өзінің ұлына мұраға президенттік лауазымын ыңшыңсыз қалдырып кетті. Сіз өз балаларыңызға қандай мұра қалдырасыз?» деген сауал қойып, жауабын сұрапты. Сонда кейбіреу балаларына өздерінің меншігін қалдыратынын, тағы біреулері балаларына сүйген ісімен айналысуына мүмкіндік беретін мол ақша қалдыратынын, енді біреуі өз баласына не қалдыратынын нотариус арқылы белгілеп, реттеп қойғанын айтыпты. Солардың бірі – Фариз əл-Обайди деген Мəскеуде мотосалонның қожайыны болып қызмет атқаратын араб азаматы ғана иманға, адамшылыққа сай келетін жауап қайтарыпты. Ол: «Мен өз балаларыма материалдық байлық, не болмаса, бизнесімді тастап кетемін деп ешуақытта жаныққан емеспін. Жанықпаймын да. Мен артыма жаманат қалдырмауға барымды саламын. Балаларым өз əкесі туралы: «Бұлардың əкесі лас, дүниеқоңыз, арзан адам еді...» деген сөзді естімесе екен деп тілеймін...» депті. Сана Панчатантрадан: Жаратушы өзі жаратқан қай нəрсесі болсын оған лайықтап, өзі жетіп жығылатын белгілі бір шек қойыпты деседі. Егер біреу-міреу осы арнаулы шектен асып кетпек болса, оны жазмыштан озмыш жоқ деген ереже күтеді. Кімде-кім о дүниенің де, бұ дүниенің де қамын қатар ойлаймын десе, бұл адамның өмірі екі ұшты болады, бірде өзін жақтаса, ал екіншіде оған қарсы шығады. Бұл дүниеде адам үш нəрсенің қамын жеп, соған бар

ниетімен тырысу керек екен, солардың бірі – күнкөріс жағдайы, екіншісі – адамдармен қарым-қатынасын дұрыс құра білу, үшіншісі – өзі туралы кейінгі ұрпаққа жақсы үлгі қалдыру деседі. Қашан да қадірсіз қасиеттер бар, солардың бірі – ойсыз тоғышарлық, екіншісі – білімсіздік, үшіншісі – естігеннің бəріне бірдей сене берушілік екен. Панчатантрадан: Ақылды адам өзінің құштарлығына күмəнмен қарасын, əркімнің сөзін қабылдай бермесін, шешілуі қиын жағдайға кезіккенде ақиқат айқындалып, шындық ашылғанда мүлт кетпесін, қателессе, онысын қорғап қалмасын. Ақылды адамның əрекеті саналы болсын, өзі нені қаласа, басқаларға да соны тілесін, өз басының пайдасы үшін біреулерге зиян шектірмесін. Панчатантрадан: Ақылды жан – саналы, өз қожасының сырын кейде айтпай таниды, оның кескініне, түріне қарай сырын ұғынады. Панчатантрадан: Ойлы жан орынсыз нəрсеге сеніп малданбасын, өз тіршілігінің қамын жегенде еш нəрсені кейінге қалдырмай сақтық істесін. Біреуді тағдыр сүйемелдеп, өзі түк істемесе де ісі оңынан келіп жатса, ол бұған алданбасын. Мұндай жағдайлар өмірде сирек кездеседі, адамның көпшілігі өзінің жағдайын жақсартуға тырысады, мұратына жету үшін қиналып еңбектенеді. Панчатантрадан: Нашар бөгетті су бұзар, ақыл түбіне менмендік жетер, қаңқу өсектен батырлық та зиян шегер, жүрексіздің зəресін дауыс ұшырар. Панчатантрадан: Саналы адамның қасиеті керекті затын ұғына біліп, соны орындауға ұмтылу, сонда өткендегі пайдалы, зиянды істерді ой талқысынан өткізу, өзіне бұрын кесірі тиген істің үлгісімен іс істеуге ұмтылу; осы кездегі пайдалы, зиянды хал-жайдан өнеге алып, оны тұрақты ету, зиянды əсерінен арылу үшін қадағалап зерттей түсу, келесі өмірде пайдалы затқа бет бұру, зиянды нəрседен қорғану, осының бəрін ой елегінен өткізу. Панчатантрадан: Кімде-кім білген ақылын өзінен жоғары тұрғандардан, ауруын дəрігерден, жоқшылығын бауырларынан жасырса, ол өзін-өзі алдайды. Панчатантрадан: Кeйдe əдeмі ағаштың бүлінуінe өзінің жeмісі сeбeп бoлады. Өйткeні қалың жeмісті ауырлап бұтақтары иілeді, жeмісін алам дeп жұлмалап, сындырады. Тауыстың құлпырған көркі, салтанатты сəні құйрығында, бірақ, пəлeгe дe сoл душар eтeді. Мысалы oл тeз жoғары ұшып, аңдыған жауынан құтылайын дeсe, əлгі құйрығы ауырлық eтeді. Кeйдe жарамды аттың қасиeті өзінің түбінe жeтeді: oны мініске көп пайдаланады, күшін кeмітeді. Зиялы адам өзінің жақсылық қасиeттeрінeн жапа шeгeді, іші тар пeндeлeр oны көрe алмайды. Жақсы адамдардан жамандар анағұрлым көп, oлар зиялылар жөніндe жабыла өсeк таратып, ақыры көзін құртып тындырады. Ал кейде бұл тағдыр қусынған сұмды ақылынан ажыратып, əлсізді саналы eтeді, күштінің бeтін бөгeп, ынжыққа қайрат бeрeді. Жарлыны байытып, байды кeдeй eтeді. Панчатантрадан: Егер ерлік пен ақыл бірінен-бірі ажыраса, арпалысқа кіргенде екіншісі болмай шықса, біріншінің күні қараң, міне, ақылдың ерліктен артықшылығы да осында ғой. Жалғыз ақылмен де бірталай істі тындыруға болады, бірақ ақылға сүйенбей жалғыз батырлықпен ештеңе ретіне келмейді. Əр күш пен тиімділік жаратылыс заңына мойынсұнудан келеді. Заттың қалай пайда болатынын білу жəне соған сəйкес əрекет етуді білуді ештеңе алмастыра алмайды. Бар күш осы принциппен саналы немесе санасыз бірлесіп жұмыс істеуден пайда болады. Қашан да болып жатқан туу, өсу, өлім болғаны, қазір де жəне болашақта да бола беретіні тұрмыстың осы бір заңына сəйкес жасалады. Жаңа нысандар уақыт келе пайда болады, бірақ олар бəрібір сол бір ескі принципке сəйкес келеді. Лао-цзы Адам өз сезінуінде шексіз, жер шексіз, ғарыш шексіз. Осылардың əрбірі өз алдына шексіз болғанымен, алдыңғы үшеуі соңғы қуаттырақ шексіздің бөліктері болып табылады. Лао-цзы Ақылды басшы тыныш жəне медитативті өмір кешеді, бірақ адамдардың көбісі өз меншігін қолынан қалай келсе солай көбейте берумен əуре.

Тыныш жол саналырақ өмір сүруге алып барады. Əрекетшіл жол өсіңкі материализмге алып барады. Саналылықтың артуы Құдайға жетелейді жəне бүкіл жаратылыстың біртұтастығы сезімін білдіреді. Бірақ өте артық тұтыну тек өзгелердің еңбегін пайдалану арқылы ғана мүмкін. Өмір сыйы тепе-тең бөлінбеген. Кейбіреулерге үлкен үлес тиген. Көбісінде өте аз. Ресурстар шектеулі. Əркім оны біледі. Дегенмен, меншігін сыйғыза алмай жатқандар одан да көп иеленгісі келеді. Олар өздерінде қаншалықты көп нəрсе бар екенін мақтаныш етеді. Олар сонда ұрлық деген не екенін білмей ме? Өте үлкен меншікке ие болу Құдайдан болған нəрсе емес. Оны өзге адамдарды сапырылыстыру арқылы алады. Лао-цзы Байсалдылық, əр нəрсені өз кезегінде орындау өміріңді рахатқа кенелтеді дейді ол. Табиғат пен адамды бірдей қарайтын тəртіп болуы керек, ол барша тірлікте болатын өрлеу заңының жетілуіне əкеледі. Конфуций Егер жақсы кісі тамақ үстінде қанағатшыл болып, қалайда асқазанды толтыруды мақсат тұтпаса, өз тұрмыс жағдайы үшін көп бас қатырып, дүниеқоңызданбаса, істі шебер де шапшаң бітіріп тастауға ұмтылса, абайлап сөйлесе жəне өзін-өзі түзете жүрсе, істің шешілу жолын іздесе, оны жетілуді сүйетін саналы кісі деуге болады. Конфуций Өзгенің айтқанына көзсіз еру зиян келтіреді. Конфуций Үлкенге демалыс, досқа түсіністік, кішіге мейірім керек. Конфуций Менімен əңгімелескенде өзгені ойлап отыратындарды көріп қиналамын. Конфуций Барлық нəрседе шекті білу өмір қуаныштарын көбейтіп, рахатты одан да мол етеді. Демокрит Тіліңді, нəпсіңді, көзіңді бағындыр. Анахарсис Адамның жаны үш бөлікке бөлінеді: ақыл, сана жəне құмарлық. Ақыл мен құмарлық басқа жануарларда да кездеседі, ал сана адамда ғана бар. Пифагор Топастықтың жаман болатыны топас адам тамаша болмай-ақ, игілікті болмай-ақ, саналы болмай-ақ өзіне-өзі риза сияқты болады, ештеңені қажетсінбейді жəне ештеңені түзетуге ұмтылмайды. Платон Меніңше, əрбір есті адам өзінен жақсы кісінің қасынан табылуға тырысады. Платон Саналы жəне əділ өмір сүрмей тəтті өмір сүруге болмайды; тəтті өмір сүрмей, саналы жəне əділ өмір сүруге болмайды. Саналы жəне əділ өмір сүруге бір нəрсесі жетпейтін адам тəтті өмір сүре алмайды. Пиррон Саналылық – артық кету мен сезімсіздіктің орта шенінде болуы тиіс. Аристотель Дана да құмарлықтан тыс болмайды, бірақ ол құмарлығын саналылықпен шектей біледі. Аристотель Қарға өлімтіктің көзін шұқығаны сияқты, жағымпаздар да, оған қарсы тұруға санасы жетпегендердің байлығын біртіндеп тасиды. Плутарх Қанжар өзі ешкімді өлтірмейді, бірақ ол өлтіруге құрал бола алады. Сенека Жарықты көрмегеннен, ол жарық болмай қалмайды. Лев Толстой Өмірдің баянсызын біліп, тұрлаусызын көріп, жалған дүниенің ішіпжеу, ұйықтау, бос сөз, дүние қуу, керегіңді іздеу, құмарлық, күндеу,

мадаққа рахаттану секілді пенде тірліктің қайталауларынан тұратын зеріктірерлік іс екенін түсінесің. Абай Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек. Абай Пендеде бір іс бар – жалығу деген. Ол – тағдырда адаммен бірге жаратылған нəрсе, оны өзі тапқан емес. Оған егер бір іліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Абай Сұм тағдыр абақты ғой саналыға. Мағжан Жұмабаев Іскерлік табысқа жетелейді. Біреулер сəттіліктен үміт күтеді. Ақылдырақтары алға ұмтылады жəне өзіне сеніп əрекет етеді. Өйткені қажыр-қайрат қанатында бақытқа кездесуге болатынын біледі. Дегенмен бақытқа апарар төте жол – ізгілік пен ын та-ықылас жолы, өйткені ессіздіктен өткен бақытсыздық болмайтындай, саналылықтан асқан бақыт та жоқ. Бальтасар Грасиан Райхан гүлінің тікені көп деп шағым айтудың орнына сондай тікендердің ортасында райхан сияқты гүлдің өсіп шыққанына қуана білген жөн. Жозеф Жубер, француз ойшылы Арық атқа қамшы ауыр. Қазақ мақалы Тəрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол əруақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы келеді. Чехов Ең ауыр майдан – надандықпен күресу майданы: əрі ұзақ əрі ызасы көп. Ғабит Мүсірепов Адам баласын пікір білдіру азаттығынан айыру арқылы да мəңгүрт етуге болады. Алдын ала кесіп-пішілген үлгі бойынша ойлау, белгілі бір шекараға дейін ғана ой айтуға ерікті болу – адамның адамдық қасиетін білдірер еркінің шектелуі деген сөз. Адамзат өз ой-қиялының құдіреті арқылы қазіргідей күйге жетті. Өзге тіршілік иелерінің ішінде адамның ғана ой-еркінің азаттығы жақсылыққа жеткізеді. Сөз азаттығы, ой азаттығы шектелген қоғамның адамдары қысқа тіршілікте адамға лайықты ғұмыр кешудің орнына, адамның рөлін ойнап жүрген тобыра айналады. Олардың өмір сүру тəсілі аутотренинг ұстанымына (принципіне) ұқсас: «көзіңді жұмып, бар ынтаңмен: «маған жақсы, маған жайлы» деп қайталасаң, рахат күйге бөленесің» дегендей... Ақселеу Сейдімбек Тойсаң тоба қыл. Қазақ мақалы Рухани сау болу – мағыналы өмір сүру мүмкіндігі. Бұл жайбарақаттық пен қамсыздықты жеңіл сезіну ғана емес. Рухани саулық азап шегуден де тұрады. Жаны сау адам қайғыра біледі. Мартти Палохеймо, фин дəрігері Дымы қалмай күйіп кету дегенді күл ғана біледі. Иосиф Бродский Басыңды жоғалтудан қорықпа, бет-бейнеңді жоғалтудан қорық. Геббельс Өмірдегі адамдар арасындағы реніштің көбі түсініспеуден болады. Немесе, кесірлі астамдықтан... М.Мағауин. «Мен» Жүректі кірлететін төрт арна – көз, құлақ, тіл, асқазан. Марат Сəрсенбаев Қауымдық сана-сезімнен қоғамдық сана-сезімге көшкен ұлт бақытты. Аманхан Əлім Ынтасыз істен көбіне жағымсыз нəти же шығады. Жомарт Əбдіхалық Бұрын біздің қоғамда «елде болса, ерніңе тиеді» деген ұғым бар еді. Бірақ эгоистік сана қалыптасып бара жатқан қоғамда бұл ұғым да өзінен өзі ұмытылып кететіндей көрінеді. Бүгінде біздің ішімізде тұтынушылық

сананың дамып, «көктеп» кеткені соншалық қазір ақшамен бепте-бет қалғанда: «нарықтың ешқандай заңын енді бұзбаймын, менен «кете көрме», сол үшін бəріне дайынмын!» деп уəделесуге, тіпті адам ақшамен «достасуға, туыстасуға» дайын сияқты көрініп кетеді. Əсет Аралбаев Өзін-өзі сыйлаған адамның ісі мен сөзінің арасында алшақтық бол майды, пендешіліктен биік жүреді. Мұндай адам өз генің ала жібін аттамайды, əлімжет ті лік пен өзге адамға қиянат жасамайды, жолын кес пейді, өш алу мақсатымен ұсақтыққа, жа ман шы лыққа бармайды, көз қысты, бар мақ басты жем қорлықтан аулақ болады, арам жол мен байлық жинап, балашағасын жаман əдетке үйретпейді, өтірік айтпайды жəне бас қа да то лып жатқан қоғамға жат қы лық тар дан бойын аулақ ұстайды. Шындықты айта бі леді. Өз ісіне адал, ұлттық намыс үшін кү ре се біледі, бойында ұлттық рухы бар. Ең бас тысы, атына кір келтірмей, əрдайым атақ-абыройын сақтап, ол адам, ең алдымен, өзін-өзі сыйлап жү руі шарттылық. Сондықтан да, өзіңді өзің сый лап жүру деген сөздің түп төркіні адамзат өзіне қоятын жоғарғы талаптардан тұратынын ой ласаң, еріксіз жақсы қа сиет терді ойыңа да, бойыңа да сіңіруге ұм ты ласың. Қалың жұр тың қазақтың да ыстық ықыласы мен сый-құрметі, берер бағасы өзін-өзі сыйлап жүрген адамға жоғары бо ла тыны айдан анық. Жақсы адамның абыройы жалпақ елге жайылатыны бесенеден белгілі. Сондықтан да өзімізді өзіміз сыйлап жүру қасиетін бойымызға ұя ла тып, өскелең ұрпақ арасындағы тəлімтəрбие жұмысына кеңінен пайдаланып, ұлтымыздың абыройын кө те ріп, отансүйгіштік, ұлт жан дылық сияқты жақ сы қасиеттерді кеңінен дəріптеп, қоғамға пай дамызды тигізе берейік. Нұрила Бектемірова Бар мəселе – санада! Саналылары көп болса – ұлт саналы! Ұлт саналы болса – бақытты ұлт! Ал санада кінəрат болса, она ұлттың тірлігі алға баспайды. Ұлттың бағы да, соры да – санада! Сондықтан сананы жетілдіру бірінші кезекте болуы тиіс. Біздің бар тірлігіміз терең санаға негізделуі тиіс. Бой-басына мұқият қарау, тамақты шақтап жеу, көп ұйықтамау, ойын сергек ұстау, өзін ұдайы өз бақылауында ұстау, аузына берік болып, артық сөз айтуға əдеттенбеген жөн. Тамақты сылпылдатып көп жеу, дастарқан басындағы орынсыз қарқыл, уақытты бос өткізу жарамсыз іс. Бір ана жамбасына, бір мына жамбасына жантайып, күнұзақ алтын уақытын босқа өткізетіндер, өмір ішіп-жеу, уақытты босқа өткізу үшін берілмегенін, мына өмірге адам боп келген соң адам боп кетуді де ойлауды ұмытпағаны дұрыс екенін санамен түсінуі тиіс. Адамның өзге мақұлықтардан айырмашылығы – саналылығында. Қазақта: «Салиқалы сана бер», – деген бата бар. Санадағы өзгеріс тұрмыстағы өзгеріс секілді көрініп тұрмағанмен, тұрмыстың түзелуіне бірден бір əсер етеді. Зейіні мен зердесін пайдалануға əдеттенген адамның ойы үздіксіз өсу үстінде болады, білгеніне білік, біліміне білім қосылып тұрады. Сананың жетілуі осы болса керек. Қазіргі күнде: «Сана мұқалды» деп көп айтылады, ал өркениет пəс санада жетілмейді, оның сақталуы мен дамуы үшін сана биіктігі керек. Сана қоғамның мінезін ғана қалыптастырмайды, ол əрбір адамға да əсер етеді. Сана адамның тағдырын шешеді. Əрине, кейбірде өмірдің түрлі жағдайлары да адам тағдырын өзге бір арнаға түсіріп жіберетіні де болады. Сана адамның білімінде, дарынында, іскерлігінде көрінсе қуану керек. Қайта, сананың төмендігі ақымақтыққа, өзімбілермендікке, озбырлыққа, сауатсыздыққа, авантюризмге, отырған орынға лайықсыздыққа жетелесе болмағаны. Ұрлаған адам мен сұраған адамның күнəсі бірдей, бірі – қарақшы, екіншісі – қайыршы. Төзім. Ол сəтсіздіктерге көну немесе қиыншылықтарға қарсы тұра алмау ғана емес, ол – талант! Төзім – ол шыдымдылық, жеңіске деген жігер, күту қабілеті жəне əлемді қалай болса солай қабылдау. Төзім – ол үміттену өнері. Өмірдегі əрбір қадам біздің төзіміміздің шекарасын кеңейтеді. Алға мақсат қойып, оған жете білу үшін төзім керек. Ол үшін: – Үлкен мақсатты кішкене мақсаттарға бөлу жəне оған сатылап жетуге тырысу, бірден аттап кете алмайсың; – Жолай азғана жеңіліс бола қалса беріліп кетпеу, тағы да, тағы да ұмтылу; – Бастаған істі аяғына жеткізу, ол үшін барлығына шыдау; – Күту, ол үшін уайым шеге бермеу. Шыдаған, төзген адамға барлығы өз уақытында келеді. Адамдағы негізгі үш ішкі сезім – жігер, рух жəне «мен».

Өмірге аса құштар бола тұрып, бір мезгілде өмірге наразы кісілер болады. Саналы шешім қабылдай алатын кісі ештеңеге абыржымайды. Əрбір абыржу – кісіні уайымға салған жағдайдың себебін терең түсінбеуден келіп шығады. Адамның өмірде барлығын шын көңілмен жасап, өзіңнің ішкі əлемімен келісіммен өмір сүргенінен артық не бар?! «Оған қоғам қалай қарайды, билік қалай қарайды» – демей... Біреулердің рухани өсуіне қарап, адамзаттың даму эволюциясы жалғасып келеді деп ойлайсың. Енді біреулерге қарап, оның еңбектенгісі келмейтінін, тек ішіп-жеп, ойнап-күлуді ғана қалайтынын көріп, əлгі ойыңнан айнып қаласың. Жауынқұрттың арманы жолында кездескен, қорек боларлық топырақты асау ғой дейсің. Сонда адамға сана неге берілді өзгелерден артық қылып?! Осыны көріп «Адамзаттың екі түрге бөліне бастаған дəуірі келіп қалды ма?» дейсің... Сананы жетілдірмесең, дамытпасаң, ілгері жылжымасаң, онда не болғаны?! Бұлай бола берсе, гомо сапиенс өзінен-өзі жер бетінен жойылып кетер... Аш адамды ақылға салу оңайға түспейді. «Сананы тұрмыс билейді» деген қағида да осыған саяды. Өзінде жоқ затты өзгенің үйінен көргенде, аз ба, көп пе, қызғаныш болады. Сəнді сарайдың ішінде еденге түкірмейді. Тұрмысы оңды адамдар көбейсе – əлеуметтік орта өзгереді. Əлеуметтік орта өзгерсе – адам өзгереді, сонда ішімдік те, жікшіл дік те өз-өзінен қойылады, рулық намыстан ұлттық намыс биік көтеріледі. Құлдық пиғыл соғыс жағдайынан да жаман, өйткені соғыс кезінде адамды жігерленуге өмір өзі мəжбүр ете ді. Ал құлдық психология жігерді құм етеді, жалтақтық, жағыну пайда болады. Мұса пайғамбар өзінің халқын 40 жыл шөл далада соңынан ертіп жүруін, біріншіден, артымнан ергендерді құлдық рухынан арылтқым келді, екіншіден, нашарлардан, жарамсыздардан құтылғым келді, – деп түсіндірген екен. Өмір саған қазір не қажет болса, соны береді: – Бос уақыт – демалуың үшін; – Кесел – өміріңде бір нəрсе көңілдегідей емес екенін білдіру үшін; – Кедергілер – басқа жол таңдауың үшін; – Қарыздар – қолыңда бар азды бағалау үшін; – Жаулар – өзіңнің кемшіліктеріңді көруді үйрену үшін; – Достар – өзіңнің артықшылықтарыңды көруді үйрену үшін; – Сүйіктілер – махаббатыңды беретін біреу болуы үшін; – Қабілет – оны көрсете білу үшін... Өмір ылғи саған керек адамдарды жаныңа əкеледі, олардың кемшіліктері мен артықшылықтары сенің кемшіліктерің мен артықшылықтарыңды тепе-тең етеді. Жəне де саған алға жылжуға жəрдемдеседі... Ал сен болсаң ылғи да өмірге наразысың жəне оның ұсынғандарын кері итересің – «минус-ағысқа» ағасың, жағдайды күрделендіресің. Өмір сенімен өз қуаныштарын бөліседі, сен оны күш салып мұңға айналдырасың, оған сенімсіздікпен қарайсың, өзіңнің төңірегіңдегі əлеміңді құртасың... Бұлай болатыны сенің ішкі айнаңды кір басқан, ол алдауға, айлаға, ашкөздікке, сенбеушілікке толы, қуаныш сəулесі соларда тұншығады жəне сыртқы əлемге сенің өміріңнің нұрлы жақтарын көрсетпейді. Сен жүріп өтуің тиіс жолды көре алмайсың... Сен ішкі айнаңды тазарт! Сонда сен өзіңнің жолыңды, алдын-ала белгіленген тағдырыңды табасың... Даналық Панчатантрадан: Даналар ізгілік жoлын іздeйді. Жақсылардың арасындағы сүйіспeншілік жылдам басталады, жай суиды. Бұлардың дoстығы алтын құмыраға ұқсайды, қанша eскірсe, сoнша бағалы. Жаман адамдардың сүйіспeншілігі жайымeн басталады да, жылдам суыйды, oлардың дoстығы құмнан жасалған құмыраға ұқсайды, тиіп кетсе сынады. Өзі ізгі адам асыл адамды бір көргeндe-ақ танып, жанаса жүрeді, ал арамза адам қoрықпаса нeмeсe бір пайдасы тиeр дeп eсeп жасамаса, eшкіммeн жақындаспайды. Панчатантрадан: Адамның басына біткeн байлықтың зoры – қайырымдылық, махаббаттың жoғары сатысы – сeнім, даналықтың биігі – кeлeшeктe бoлатын іс пeн бoлмайтынды айыра білу, сөйтіп ізгілік пeн сабыр көрсeтіп қoл жeтпeйтін нəрсeгe ұмтылу. Панчатантрадан: Дүниeдeгі барша тіршілік иeлeрінeн адамды айырып тұратын төрт-ақ қасиeт бар: сoның бірі – білімділік, eкіншісі – ұстамдылық, үшіншісі – ақыл, төртіншісі – əділдік. Ғалымдық, oқымыстылық, oйлап сөйлeушілік – бұлар білімділік. Зeрдeлілік, төзімділік, əдeптілік жəнe ізeттілік –

ақылдылықтың бeлгісі. Ұяттылық, ізгі ниeттілік, өзін-өзі тeжeй білу жəнe өз басын қадір тұту – бұлар ұстамдылыққа жатады. Шыншылдық, міндeтін oрындай білу жəнe мeйірімділік – əділдіктің бeлгісі. Oсы қасиeттeр түгeл бір адамның басында бoлса, oл адам бұл дүниeдe қиындыққа ұшырамайды, жoқтық көрмeйді. Бұл қасиeттeр oны рахатқа жeткізбeгeн сəттe дe, oл уайымдамайды, кeйдe зиян кeлсe дe күйінбeйді. Oсы төртeуін даналық дeсe бoлады, oл таусылмас қазына, қанша жұмсасаң да oртаймайды, жoқшылыққа ұрындырмас қoр да сoл. Даналық өмір бoйы тoзбайтын сапалы киім, ұзақ өмірдe лəззаты сарқылмайтын рақат. Панчатантрадан: Патшаларға жақын жүрeтіндeрдің арасында мансапқа таласу, қызмeт дəрeжeлeрін қызғанып күндeу, көрe алмаушылық көп бoлады, əсірeсe араларындағы eң ақылдысын, адал ниeттісін күндeйді. Панчатантрадан: Асты құныға жeсe ауруы асқынатынын білe тұра eлeң қылмайтын адам өзінің құмарлығының құлы бoлғаны. Панчатантрадан: Бар əлeмгe жарық бeргeн күн мeн ай да өз мeзгілі жeткeндe тұтылады. Түпсіз тeрeңдe жатқан балықтар да қармаққа ілінeді, аспан аясында ұшып жүргeн құстар да кeй кeздe жeргe қoнуға лажсыз мəжбүр бoлады. Мінe, oсының бəрі жазмыштың тeгeурінді күші. Панчатантрадан: Адам жeрдe бір сүрінсe, дағдыланады да, тeгіс жeрдe дe сүрінугe бeйім тұрады. Панчатантрадан: Сырдың нeшe түрі бoлады, сoлардың бірін eкі-ақ адам білeді, eкіншісі – біраз адамға айтылады, ал үшіншісін көп кісі тыңдайды. Сақталуы тиіс сырға тeк төрт құлақ, eкі тілдeн өзгeсі артық. Панчатантрадан: Өзіндe жoқты аңсай бeрeтін жанды бақытты жан дeп eсeптeугe дe, oған кeшіріммeн қарай бeругe дe бoлмайды. Oсының салдарынан ашкөздік артады, шыдам азаяды. Eншісінe тигeн үлeсінe қанағат тұтып, қoлы жeтпeскe ұмтылудан бас тартқан адам зoр бақытқа, үлкeн ырысқа иe бoлады. Төмeнгі oрыннан жoғары дəрeжeгe ұмтыла бeру арқылы пиғыл бұзылады. Панчатантрадан: Көзі бардың көрeтіні, құлағы бардың eститіні сияқты білім дe тeк ақыл арқылы, саналы oй мeн алдын ала байыптау арқылы кeлeді. Алайда, тағдыр мeн жазмыш oсының бəрінe үстeмдік жасайды, нeшe түрлі oқиғаларға ұшыратады, кeйдe адамға oң қабағын бeрeді дe, кeйдe қайғыға душар eтeді. Eңбeк тe, ақыл да, адамның басына кeлeтін жақсылық пeн жаманшылық та – бəрі дe тағдырдың қалауымeн бoлады. Панчатантрадан: Түзeлмeйтінді түзeтeм дeп əурeлeнбe, насихаттауға тұрмайтынды насихаттама. Панчатантрадан: Суды қайнату үшін oт жағады, oтты сөндіру үшін су құяды. Аспан астындағылардың бəрі тамашаның тамаша екенін білгенде, ұсқынсыз нəрсе де пайда болады. Ізгіліктің ізгілік екенін барлығы білгенде, зұлымдық пайда болады. Сондықтан болмыс пен болмыстың жоқтығы бірін-бірі туғызады, ауыр мен жеңіл бірін-бірі туындатады, ұзын мен қысқа бірі-бірімен салыстырылады, биік пен аласаның бірі екіншісі арқылы анықталады, дауыстар араласып үндестік пайда болады, өткен мен күткен бірінің соңынан бірі ереді. Сондықтан жетілген дана іс атқарғанда əрекетсіздікті қалайды; дəріс бергенде сөздерге мəн бере бермейді; заттарды ауыстыруға үндегенде оны өзі жасамайды; қозғалысқа түсіргенде, оған өзі күш салмайды; бірнəрсені оңтайлы аяқтағанда мақтанбайды. Ол мақтанбағандықтан оның еңбегі ұмыт қалмайды. Лао-цзы Аспан мен жер адамсүйгіштікке ие емес жəне барлық тіршілік иелеріне өз өмірімен өмір сүруге мүмкіндік жасайды. Жетілген дана адамсүйгіштікке ие емес жəне халыққа өз өмірімен өмір сүруге мүмкіндік жасайды. Аспан мен жердің арасы ұстаның көрігіне ұқсамай ма? Онда қаншалықты бос кеңістік болса, ол соншалықты ұзақ қызмет етеді, онда қимыл қаншалықты көп болса, оның желі соншалықты көп шығады. Кім көп сөйлесе, сол сəтсіздікке ұшырайды, сондықтан шаманы білген дұрыс. Лао-цзы Аспан мен жер мəңгілік. Аспан мен жер өзі үшін өмір сүрмегендіктен мəңгілік. Міне, сондықтан да ол мəңгілік болуы тиіс.

Сондықтан жетілген дана өзін өзгелердің артына қояды, соның нəтижесінде ол алдына шығады. Ол өз өмірін тəрк етеді, сондықтан оның өмірі сақталады. Бұл оның өз мүдделерін тəрк еткендіктен болып жатқан жоқ па? Керісінше ол өзінің жеке мүдделері үшін қызмет атқарып жатыр. Лао-цзы Егер жан мен тəн бірлікте болса, оны сақтауға бола ма? Егер рухты жұмсақ етсе, онда жаңа туған нəрестедей, нəрсені түсініп қызықпайтын болуға бола ма? Егер пайымдау таза болса, адасу болар ма еді? Даналыққа жүгінбей халықты сүюге жəне ел басқаруға бола ма? Жұмсақтыққа бағына берсе табиғатта өзгерістер бола ма? Егер табиғаттағы барлық қарым-қатынастарды таныса, əрекетсіздікке баруға бола ма? Негізі барды жасау мен тəрбиелеу; жасай тұрып, оны иеленбеу; қозғалысқа түсіре тұрып, оған күш салмау; басқара тұрып өзін билеуші сезінбеу – міне ізгілік, сəттілік, сапа, өмір ережесі, рухани күш дегеніміз осы. Лао-цзы Көне замандағылар: «Залалды жетіледі, қисық түзеледі, бос толады, ескі жаңамен алмасады, азды қаласаң молға жолығасың, көп алуға тырыссаң адасасың» деуші еді. Сондықтан жетілген дана осыны ұстанады, оны Аспан астындағылар да ұстануы тиіс. Жетілген дана нəрсе туралы өзі көрген қалпынан ғана ой түймейді, сондықтан да ол айқын көре алады; ол тек өзімдікі ғана дұрыс демейді, сондықтан ақиқатқа жете алады; ол өз атын шығаруға тырыспайды, сондықтан оның еңбекпен жеткен даңқы болады; ол өзін өзгелерден жоғары санамайды, сондықтан ол өзгелерден биік. Ол ештеңеге қарсылық көрсетпейді, сондықтан ол Аспан астында жеңілмейді. Көне замандағылардың: «Залалды жетіледі» деген сөзі жай сөз ғана ма? Шын мəнінде ол адамға жетілудің нағыз жолын көрсетіп тұр. Лао-цзы Шегін білу қауіп-қатерден сақтайды. Лао-цзы Кім көп затты сақтаса, сол көбірек жоғалтады. Кімде зат көбірек, сол көбірек шығын шегеді. Кім шаманы білсе, онда сəтсіздік болмайды. Кім шегін білсе, сол қауіпке ұшырамайды. Оның өмірі мəңгілік болуы мүмкін. Лао-цзы Жетілген дананың жүрегі халықтың жүректерінен тұрады. Мен ізгілерге ізгілік жасаймын, ізгі еместерге де ізгілік жасаймын. Осылайша ізгілік тəрбиеленеді. Мен шынайыларға сенемін жəне шынайы еместерге де сенемін. Осылайша шынайылық тəрбиеленеді. Жетілген дана өмірде тыныш өмір сүреді жəне жүрегіне халықтың пікірін жинайды. Ол халыққа өз балаларына қарағандай қарайды. Лао-цзы Жетілген дана былай дейді: «Егер мен əрекет етпесем, халық өзін-өзі өзгерту жағдайында болады; егер мен тыныш болсам, халық өзі түзеледі. Егер мен енжар болсам, халық өзі бай бола бастайды; егер менде құмарлық болмаса, халық жайдары бола бастайды». Лао-цзы Кім бір нəрсені иеленсе – жоғалтады. Оның ештеңесі де жоқ, сондықтан ол ештеңе жоғалтпайды. Кім де кім іс атқару барысында асығыстыққа жол берсе жеңіліске ұшырайды. Жайлап бастап, абайлап жалғастырған адамның ісі нəтижелі аяқталады. Сондықтан жетілген дана құштарлықтан ада, қиындықпен табылатын заттарды бағаламайды, білімі жоқ адамдардан үйренеді жəне басқалар жүріп өткен жолмен жүреді. Ол заттардың табиғилығына бағынады жəне өз бетінше əрекет ете салмайды. Лао-цзы Өзіңді оның орнына қойып ойлана алмасаң, өзгенің ісіне араласып əуре болма. Конфуций Іздегеніңді таба алмайтындай, тапқаныңды жоғалтып алатындай болып ізден. Конфуций Төбе жасамақ болып топырақ үйіп, оны бітіру үшін тек соңғы зембіл қалғанда тоқтасам, бұл тоқтау маған байланысты. Немесе, тегіс жерде төбе жасау үшін бірінші зембілді төксем, бұл ілгері жылжу, ол да маған байланысты. Конфуций Көктеп шыққанмен гүлдемейтін, гүлдегенмен өнім бермейтін ағаштар бар. Конфуций

Адам баласы жанымыздан ағып өтіп бара жатқан өзен суы сияқты: біздің жанымыздан өтіп кеткенмен күндіз-түні өзінің жүрісін тоқтатпайды. Конфуций Өзіңнен кішіні құрметтеу керек. Оның сенен озып кетпейтінін қайдан білесің. Бірақ жасы қырық-елуге келгенше айтарлықтай ештеңе жасамағандар құрметтеуге лайықсыз. Конфуций Қалауын шектей білетін адам, сыйлық берсең де ұрлық жасамайды. Конфуций Біреулер жақсы көрсе оған өмір тілеп, жек көрсе – өлім тілейді. Біреуге өмір не өлім тілеу екеуі де – адасқандық. Конфуций Өлім деген не? Өмірдің не екенін білмей тұрып өлімді білуге бола ма?! Конфуций Ұстамсыз бен тəртіптінің екеуінің ортасында жүргендер, орта жолда келе жатқан кісіні таппадым демесін. Ұстамсыздарда мақсаттылық, тəртіптілерде ұстамдылық бар. Конфуций Шаманы білетін жерде кедейлік жоқ, үндестік болса кемшілік болмайды, əл-ауқат жақсы болса, наразылық тумайды. Конфуций Үш пайдалы жəне үш зиянды қуаныш бар. Пайдалысы – рəсіміне музыкасы сай болса, адамдардың жақсы ісі туралы сөз болса, достасқандарыңның көбі лайықты адамдар болса. Зияндысы – өзімшілдікке, ештеңе істемегенге жəне отырысқа қуану. Конфуций Алты адасуға апаратын алты себеп: Адамгершілікке ұмтылып, оқығысы келмесе, бұл адасу ақымақтыққа алып барады. Ақылды екенін көрсетуге ұмтылып, оқығысы келмесе, ол өрескелдікке алып келеді. Əділ болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, зиян əкеледі. Туралыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, дөрекілікке алып келеді. Ержүрек болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, бүлікшілікке алып келеді. Қажымастыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, онда ол аңдамаушылыққа алып келеді. Конфуций Төрт түрлі нəрсеге үйретемін: Бірінші – кітапты түсініп оқуға; Екінші – адамгершілікті сақтауға; Үшінші – Отанға адалдыққа; Төртінші – əділдікке. Конфуций Аспанға қол жайып біреуді айыптамадым, төменгі істермен айналысып, жоғарыға жеттім. Конфуций Жақсы кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні айтады. Конфуций Жақсы кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды. Конфуций Төрт нəрседен бойыңды аулақ сал: – Өнбес ойға берілу; – Үзілді-кесілді болу; – Айтқанынан қайтпайтын қыңырлық; – Жеке басын ғана ойлау. Конфуций Конфуций Лао-цзы туралы: Мен бір айдаһар көргендей болдым, ол бірде тұманға айналды, бірде аспанда қалықтап, инь мен янның аспан сəулелерімен тыныс алып тұрды. Мен оған қарсы бір уəж айтпақ түгілі, аузымды да аша алмадым. Егер сендер дауыс беру арқылы бəрін шешуге болады деп ойласаңдар, онда Афинаның бар иттері атқа айналсын деп дауыс беріп көріңдер. Сократ

Барлық даналықтың негізі – төзім. Платон Дана да құмарлықтан тыс болмайды, бірақ ол құмарлығын шектей біледі. Аристотель Егер қызық пен рахат қусаң – қасіретке ұшырайсың. Қуаныш деген əркімнің-ақ мақсаты, біреулер оны ойын-сауық пен сəн-салтанаттан іздейді, тағы біреу – атаққұмарлықтан, оны қоршап ісі түсіп тұрғандардың көп болғанынан іздейді, тағы біреу – көңілдестерден, тағы бірі – ештеңеге ем болмайтын сөз өнерінен іздейді. Олар осы іздегендеріне мас болғандай алдамшы тəтті сезімде жүреді. Бірақ айнымайтын қуаныш – даналықта. Сенека Əрбір күн, əрбір сағат біздің түкке тұрмайтынымызды көрсетіп тұр. Сенека Буддадан: Шамасы келмейтінге – пəк болу, кедейге – байлықтан бас тарту жеңілірек. Інжілден: Сұрасаңыз, сізге береді, іздесеңіз – табасыз, есікті қақсаңыз – ашады. Інжілден: Текті адамның уəдесі – кемері кеппес көл деп біл, тексіздің уəдесі – құм суырған шөлмен бір. Ешуақытта сөзбұйдаға салып, өтірік уəдеге қарық қылма, оның арты – ауыр, қасиетіңді жоғалтып, қадіріңді кемітеді. Экклезиастан: Даналықта қайғы көп; танымды кеңейткен адам қасіретті де көбейтеді. Тəураттан: Адамның арқауы ас қана емес. Иса пайғамбар: Өзін күнаден тазамын дегендер маған бірінші болып тас атсын. Құраннан: Алла адамдардың істерін өздері əрекет жасағанша оңдамайды. Хадистерден: ...Рахым етпегенге рахым жасалмайды, кешпеген кешірілмейді жəне біреудің кешірімін қабыл алмаған адамның тəубесі қабыл болмайды. ...Екі байлық бар, көп адамдар соларға жете алмай қасірет шегеді: бірі – тəнді сау ұстау, екіншісі – салиқалы мінез. ...Адамдарды татуластыру үшін, араздасқандарды жарастыру үшін өтірік айтқанның залалы жоқ. ...Сəлем беру, шақырса бару, ауырса көңіл сұрау, өлсе жаназаға қатысу – мұсылманның басты міндеттері. ...Күнəсін біліп, тəубе етуші, оны қайталамауға өмірін арнаған адам – күнəсіз адаммен бірдей. ...Екі жағың мен екі аяғыңның арасындағы ағзаларыңның нəпсісін тыйыңдар. ...Кім де кім ақылды болса, ол – айлалы да. ...Араларыңдағы ең күшті адам, ол – ашуы келгенде өзін-өзі ұстай алатын адам. ...Адал ниетін иманға, жанын тазалыққа, тілін шыншылдыққа, көңілін тыныштыққа, мінезін тұрақтылыққа, құлағын тыңдауға, көзін бейбіт бақылауға бағыттай алса, адамның өзі де бақытты жанға айналады. ...Əркімнің ниеті өзіне серік. ...Адам не мақсатпен жаратылса, соған қабілетті. ...Кім жəбірлі болса, соның жақтасы бол. ...Күлкіні көбейтпе. Күлкінің көбеюі анығында жүректі өлтіреді. ...Шеткі үй құласа, ортаңғы үй шет болады. ...Екі адам өлгеніне бейіл болып аяусыз ұрысса, сөйтіп біреуі өлсе, олардың екеуі де тозаққа барады» депті пайғамбар. «Иə, Расулалла, неге өлген кісі тозаққа барады?», – деп сұрағандарға: «Себебі, өлген кісі өлемін деген жоқ, өлтіремін деп ниеттенді, сонысы үшін оның да орны – тозақта», – депті. Қытай нақылы: Өз ойларыңды қанатым деп есепте, тілегіңді ұрпағым де. Күлді қанша үйгенменен төбе болмас, Қара есек жүгендеумен тұлпар болмас. Қорқыт Дөрекі күштен гөрі мейірім арқылы көп нəрсеге қол жеткізесің… Эзоп

Кабуснамадан: Өнерді данадан да, наданнан да үйрен. Дарын даналығы мен қадірқұрметі жəне басқа жұрттан мəртебесі биік екенін сезініп, ілім мен өнерді үйренуге ерінбей еңбек ететінді жұрт данышпан, ақылды дейді. Кабуснамадан: Қанша дана болсаң да, сен өзіңді халықтан данамын деп есептеме, сен өзіңді кіші санасаң, дана боласың. Өзін қарапайым ұстап, білімсізбін дейтін білімдар – нағыз дана сол. Бүкіл бəле – нəпсіңнен, нəпсіңе құл болып, мойның жар бермеуден. Алдымен кінəні өзіңнен ізде. Қожа Ахмет Иасауи Кімде-кім ниетін – тазалыққа, тілін – шындыққа, өзін – тыныштыққа, мінезін – туралыққа, құлағын – тыңдаушыға, көзін – өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, ол – бақытты. Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жазылған сөз Құмырсқаға тимеңдерші, іздегені өмір ғой... Фирдоуси Ескі шөңгелерді қопарып тастамасаң, жас өскін өспейді. Низами Шөл қысқан адам құмыраның əсемдігін көрмейді. Шығыс даналығы Пейіштен адам қуылған, Бір түйір бидай дəні үшін. Абзал əд-дин Хакани Тындырмасаң ештеңе, өміріңде осы өткен, Шығып қалдым деп түсін, адам деген есептен. Бүгін бітір ісіңді, келіп тұрса қолыңнан, Ертең, мүмкін, тұрмассың, жатқан мамық төсектен. Ибн Сина Кез келген жоғалту – тауып алу. Кез келген тауып алу – жоғалту. Джалалиддин Руми Тауға бір құс қонып, кейін ұшып кетті. Тауда артқан да, кеміген де ештеңе жоқ. Джалалиддин Руми Егер сіз күнге теріс қарап тұрсаңыз өз көлеңкеңізді ғана көресіз. Халиль Жебран Тауға бір жағынан қарасаң жалпақ тас, екінші жағынан үшкір, үшінші жағы тағы басқаша. Тау біреу-ақ, мəселе оның қай жағынан қарауда. Сун дун по, қытай ақыны Терең өзен шымырлап қана ағады. Шекспир Шіріген лалагүл арам шөптен бетер сасиды. Шекспир Шығыс даналығы: Иə, Жаратушы, маған қолымнан келетін істі атқаруға қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл бер. Үнді даналығы: Үлкен ағаштар басқаларға көлеңке болып, өздері күн астында шыжып қалып қояды. Өзінің ақымақтығын жасыра білетін адам, өзінің даналығын көрсеткісі келетін кісіден артық. Лев Толстой Адам өзге адамдар мен жағдайға неғұрлым наразы болып, өзіне риза болса, ол соғұрлым даналықтан алыс болады. Лев Толстой Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шəкіртсіз ғалым – тұл. Абай Кемді күн қызық дəурен тату өткіз, Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.

Күншілдіксіз тату боп шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз. Абай Көңілсіз құлақ – ойға олақ. Абай Қазіргінің есебі: сəлем – борыш, сөз – қулық. Абай Өзі зордың ығы зор. Абай Бетперде ғана ақ, адам соның ар жағында. Гете Майдалардың арасында жүргендер ұсақтайды, ірілердің арасында жүргендер өсе түседі. Гете Ұйғыр мақалы: Бетімнің қалыңдығы – жанымның рахаты. Қытай нақылы: Мақтап-мадақтай бастағандар сені ұрлап отыр. Сізге өмір даналығын ұсынамын: – Бүгін істеуге болатынды ертеңге қалдырмаңыз; – Өзіңіз істей алатын нəрсе үшін басқаны мазаламаңыз; – Қолға ұстамайынша ақшаңызды жұмсамаңыз; – Қажет емес нəрсені арзан болғаны үшін сатып алмаңыз; бұл сізге одан да қымбатқа түседі; – Аш-жалаңаш болсаңыз да, кеудеңізді биік ұстаңыз; – Аз жегеніңіз үшін ешқашан өкінбеңіз; – Тартымды іс оңай істеледі; – Ешқашан болып көрмеген бақытсыздықтар бізге қаншама қайғы əкеледі; – Бар нəрсені олардың ең жеңіл жағынан қабылдаңыз; – Егер ашуыңыз келсе, бірнəрсені айтпас бұрын онға дейін санаңыз, ал егер қатты ашулансаңыз жүзге дейін санаңыз. Томас Джефферсон Заттың қандай болу керектігін білу ақылды адамды сипаттайды; заттың іс жүзінде қандай екенін білу тəжірибелі адамды көрсетеді; оларды қалай жақсыға өзгертуді білу данышпан адамды білдіреді. Дидро Халық сөзі: Құлақтың тамыры – өкпеде, жүректің тамыры – көзде. Қазақ нақылы: Сорпаны көп сапырса дəмі кетеді. Қазақ нақылы: Бетеге кетсе бел қалады Бектер кетсе ел қалады. Берекең кетсе нең қалады?! Қытай даналығы: Жеңіліссіз жеңіс болмайды. Халық деген бейшара ғой, сойыл соғысқанда бірге соғысады, үлеске келгенде құм асайды. Мұхтар Əуезов Бір данышпан бар даналықты шамаға сайыпты. Шектен шығу шындықты да бұрмалайды; апельсинді сыға берсе қышқыл ағады. Егер талантты ысырап етсе, ол тез таусылады. Ұятсыздықпен сауа берсе, сүт орнына қан шығады. Бальтасар Грасиан Екеуара əңгімеде мені рухани байытқан біраз адамдармен жүздестім. Ол білімді, көңілді, талантты, жолы болғыш, тіпті данагөй де. Бірақ уақыт өте келе бұл қасиеттер жеке тұлғаның басты ерекшеліктері емес екендігін ұғындым. Адам ең алдымен жақсы кісі болуы керек. Саи Баба Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым. Қайтып ашар есігімді қайта жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем, қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім. Дінмұхамед Қонаев

Тұяқтың панасы – тақа, Кішінің панасы – аға, Өзеннің панасы – жаға, Баланың панасы – ана. Мұзафар Əлімбаев – Таптаурын* сүрлеудің жиегінен шығар-шықпас жағдайда жүру даналық сарайына бастайды. Уильям Блейк Үндістанда аңыз етіп айтады: «Ең бірінші пайда болған жылан» деп. Мен ойлаймын: табиғаттың қолынан ең бірінші туған – Адам, соңынан – біреулері адам болып қалды да, біреуі оның кетті айналып қыранға, ал біреуі кетті айналып жыланға. Расул Ғамзатов Ең жаман деген адамның да мойындатарлық, сонысы үшін жаман жақтарын кешіріп жіберуге болатын бір жақсы қасиеті болады. Расул Ғамзатов Жиегіне дейін толған ыдысты алып жүру қиын. Ральф Эмерсон, американ философы Эстон мақалы: Өз қанатың болмаса, өзгенің қанатымен ұша алмайсың. Егер екеумізде бір-бір алмадан болып, оларды айырбастасақ, онда əрқайсымызда бір-бір алмадан қалады. Ал егер екеумізде бір-бір идеядан болып, оларды алмастырсақ, онда əрқайсымызда екі идеядан болады. Бернард Шоу Еврей мақалы: Тозаққа апаратын жол ізгі ниеттерден тұрады. Асқар тау алыстан айбарлы. Қасына барсаң – қотыр тас. Бауыржан Момышұлы * Таптаурын – тегістелген, тапталған. Халық жүрген жолмен жүр – адаспайсың. Халықпен бірге бол – жалғыздық көрмейсің. Халықтың əр сөзінде атомның өзегіндегідей сығымдалған ой жатады, оны атомды бұзғандай бұза білсең, атомның қуаты секілді ұлы күш шығады, ол жер бетіне бұрынғыдан да ойлырақ сана əкеледі. Бауыржан Момышұлы Егер адам не үшін өмір сүретінін білсе, онда оған қалай өмір сүретіні бəрібір. Ницше Баста бағың тұрғанда білмесең де данасың, Бастан бағың кеткенде қатарыңнан қаласың; Құсайын Тайжы Ақырын жүрсең сорың сені қуып жетеді, жылдам жүрсең сен сорыңды қуып жетесің. Мұқағали Ақиқатты ренжітсең, Ар түбіңе жетеді. Ақ күлкіні ренжітсең, Көз жасы боп кетеді. Сүйгеніңді ренжітсең, Сүйегіңнен өтеді. Алақанды ренжітсең Жұдырық боп кетеді. Қадыр Мырза-Əлі Жүрекке түскен сызат əйнекке түскен сызаттан жаман, əйнек сол сызаттан сынады, адамның жүрегіне сызат түссе – өледі. Қадыр Мырза-Əлі Қазан астына отты жаға берсең, қақпағын лақтырмай қоймайды. Қадыр Мырза-Əлі Ұдайы ойды серік ету, ұдайы ой құшағында болу қиын ғой. Қазақ оны «ойжадылық» дейді. Алайда өмір болған соң ой шеңгелінен тысқары болу да оңай емес.

Ой да бір іштің шері ғой. Айтсаң шерің тарқап қалады. Ақселеу Сейдімбек Ақылды ара солған гүлден нəр алмайды. Ақселеу Сейдімбек Ұлы Бедиль орта ғасырлық өлшемнің түсіне де кірмеген шаруа жасады. Ол өз шығармаларына əр түрлі халықтардың дүние танымын, ұғым-түсінігін арқау ете отырып, өзін бүкіл адамзат атаулының перзентімін деп жариялады. Бедильді парсы тілінде жазатын Үндістан ақыны Мұхаммед Икбал əрі қарай дамытты. Ақселеу Сейдімбек Қазір бір қауіп-қатер айқын төбе көрсетіп отыр. Ол – жеке пенденің өзімшіл, ашкөздігінен бастау алатын ұсыныстың көпшілік сұранысына айналуы. Мұндай жағдайда адам қоғамы өзін-өзі іштей реттеп отыру қасиетінен айрылып, рухани дүбəралық басталады. Бұл үдеріс керісінше болу керек. Ақселеу Сейдімбек Егер проблеманы шеше алмасаң, оған шыдау керек. Ирвинг Стоун Біреулер тамырды қазып жатқанда, басқалар жемісті жеп жатады. Бед Теодор Адасып кетсең, қорықпа. Аштық адасқан кезбені өлтірмейді, сол сияқты оны өлтіретіндей суық та болмайды. Қорқыныш қана өлтіруі мүмкін. Үрейге бой алдырма, сонда сен тап болған жағдайдан шыға аласың. С. Томпсон Ақ дастархан, ақ жаға, ақ көңілдің, Тек оп-оңай кірлейтіні қинайды. Жұмекен Нəжімеденов Шапағатты ойға беріл! Шапағатты сөзге беріл! Шапағатты іске беріл! Жомарт Əбдіхалық Икемді еппен күн кешер, ердің жолында тосқауыл көп. Мұхтар Мағауин Лао-цзы бойынша: «Отыз шыбық ұңғыға бірігіп дөңгелекті құрайды, бірақ дөңгелекті пайдалану шыбықтардың арасындағы бос кеңістікке байланысты. Балшықтан көзе жасайды, бірақ көзенің пайдаланылуы оның ішіндегі бос кеңістікке байланысты. Үй салу үшін есік пен терезеге орын қалдырады, бірақ үйді пайдалану оның ішіндегі бос кеңістікке байланысты. Міне, əрбір нəрсенің пайдалылығы оның ішіндегі бос кеңістікке байланысты». Сондықтан адам өз өмірін қарапайымдандырып, ең негізгілерін қалдырып, басқасын алып тастауды үйрену керек. Жолға да, өзін жеңіл сезіну үшін керек емес нəрселерді қалдырып, ең керектілерді ғана алған жөн. Пауло Коэльо «Амансың ба» демеген сөздің керегі не, «Жоғары шық» демеген төрдің керегі не. Сейіт Кенжеахметов Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім. Сейіт Кенжеахметов Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды. Шерхан Мұртаза Аққа қара күйе жақсы жұғады. Көпен Əмірбек Жеке игілік туралы ойлау табиғи нəрсе жəне мұны назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал егер тек осы туралы ойлап, қоғам игілігі елеусіз қалатын болса, өмір ұсақ-түйек, ұят нəрсеге, тікесін айтсақ, пасықтыққа айналады. Ф. Рабле Киноға бастық болып келгенде мен дүниеге тек дарынды нəрселер əкелсем деп ойлағам. Абылай, Шоқан, Абайларды тез арада бейнелесем

дегенмін. Сөйтсем, жақсы дүниелердің арасын сұрқай, бір көрерлік фильмдер толтырып тұруы шарт екеніне көзім жетті. Олжас Сүлейменов Бұлбұлда да жемсау бар. Жұматай Жақыпбаев Жеңген иттің құйрығының қайқысы-ай, Артын ашып, абыройын жаппаған. Иран-Ғайып Аспан асты, жер үстінде басы артық бақ та, сор да, байлық та жоқ. Тек Жаратқан ие бірінен алып, біріне береді, соған еріп, ақымақ боп, əуре сарсаңмен өмірің өтеді. Рахымжан Отарбаев Тым биікке шыққанға сенбе. Рахымжан Отарбаев Тексіз жерден би шықты, Текті жерден құл шықты. Рахымжан Отарбаев Ораз Қауғабай. Қонаевтың 12 қасиеті: Əл-Фарабидің даналығында: «Кемеңгер басшы өзінің сүйек-сыны, сыртқы тұлғасы арқылы ерекше көрінуі керек, яғни, ол адам «өте сымбатты, мінсіз мүсіндей əдемі, иман жүзді болуға тиіс». Димекең жаратылысынан текті, көрікті, бойшаң жəне жүзінен нұр төгіліп тұратын иман жүзді кісі еді. Кеңестік дəуірдегі мемлекет қайраткерлерінің ішінде бой жағынан да, ой жағынан да ерекше бөлек тұлға Димекең екені белгілі. Кемеңгер адамның бірінші қасиеті – осы. Екінші қасиеті туралы Əл-Фараби: «Ол адам өзіне айтылған сөздің бəрін терең түсінетін жəне істің жай-жағдайын жан-жақты тез ұғып алатын аса зерек болуы керек», – дейді. Димекеңнің зеректігі мен айрықша қасиеті жөнінде оның қасында жүрген серіктері қазірге дейін таңдана айтады. Димекен адамның ішіндегісін біліп тұратын, сөзінен не ойлайтынын тез аңғаратын өте зерек жан еді. Димекеңнің қариялардың сөзін мұқият тыңдап, сол бойынша кеңесіп, мəселе шешетіні көптеген естеліктерде айтылады да. Үшінші қасиеті туралы Əл-Фараби: «Ол өзі жүрген, көрген, естіген нəрселердің бəрін зердесіне ұзақ сақтайтын, ешнəрсені ұмытпайтын адам болсын», – дейді, Димекеңнің зерделілігі өз алдына, оның есте сақтау қабілеті аңызға айналған. Өзі араласқан оқиғалардың жыл, айкүні, тіпті сағат-минутына дейін ол кісінің есіңде өле-өлгенше сақталған. Қазақстандағы мыңдаған колхоз, совхоздардың, жер-судың жəне озат шопан, механизаторлардың есімін өмірінде ұмытпаған. Өндіріс, экономикаға байланысты сандар мен цифрларды кез келген жағдайда жаңылмай айтып отыратыны ғалымдардың. өзін қайран қалдырған. Димекең өз естелігінде сүйген жары, өмірлік серігі Зухра Шəріпқызымен қанша жыл, қанша ай жəне қанша күн бірге болып, өмір сүргенін сағатына дейін есіне сақтаған ғой. Димекеңнің есте сақтау қабілеті теңдессіз болған. Төртінші қасиет туралы Əл-Фараби еңбегінде былай делінген: «Бірінші басшы терең ой иесі жəне жадына сақталғандардың бəрін айдананық етіп айтып бере алатын шешен болуы шарт». Димекең естігендері мен көргендерін өте шебер əрі бейнелі тілмен əңгімелейтін хас шешеннің өзі еді. Сөз арасында əдемі əзіл айтып та баурайтын. Белгілі қоғам қайраткерлері Димекеңнің «қара сөздің қаймағы» екенін өз естеліктерінде жазады. Димекеңнің бойында ақындық қасиет болған. Студент кезінде өлең жазған. Димекеңнің шешендігі Төле би мен Бөлтірік шешеннің «сөз киесін» елестетеді. Димекең өзінің естелік кітабында ел ішінде сирек айтылатын мақал-мəтелдер мен қанатты сөздерді өте орынды қолданады. Кемеңгер басшының бесінші қасиеті: «ғылым-білім мен өнерге жаны құштар, əр күн сайын оқып үйренуден шаршап-шалдықпайтын адам болуы керек» екен. Димекең – туа біткеннен ғылым мен өнерді терең түсініп, ғылым жолында еңбектенген білімпаз. Қонаев ғылым саласында жаңалық ашқан жəне болжам-жобалары нақты іске асып, өндіріске енген инженерғалым еді. Техника ғылымдарының докторы Қонаевтың бұл саладағы еңбегі өз алдына бір төбе. Қаныш Сəтбаевтан кейінгі Академия президенті Димекеңнің ғылым жолындағы өзіндік ізденісі де өте зор. Академияға Димекең басшылық еткен жылдары қазақ ғылымында үлкен өрлеу болды. Қапшағай теңізінің өмірге келуі Қонаевтың ғылым жетістіктерін пайдаланып, ғылыми болжамдар мен жоба-зерттеулерді еске алуының нəтижесі еді. Өзі ғалым Димекең ғалымдар үшін қолдан келгеннің бəрін жасады. Ал өнер мен мəдениетке дəл Димекеңдей жанашыр басшы болған жоқ. Димекең дəуірін өнер адамдары мен жазушылар қазір «алтын ғасыр» деп атап жүр. Димекең театрға жиі барған, ақын-жазушылардың жаңа шығармаларын оқып, авторларға өз пікірін айтып, олармен етене жақын араласты.

Ғылым мен өнер саласын дамытудағы Димекең еңбегі ұшан-теңіз. Димекең өз естелігінде ғылымның «тылсым сырлары» жөнінде терең ойлар айтады. Ғалым Қонаевтын бай кітапханасында атақты ғалымдардың кітаптары толып тұр. Кемеңгер елбасының алтыншы қасиеті жөнінде ұлы философ: «Тағамға, ішімдікке, сайран-сұқбат құруға келгенде қанағатшыл болуы керек», – дейді. Димекең тағамды талғап, тек адал асты ғана жеген. «Пейіш жемісі» алма жеу əдеті еді. Өйткені, алманың ағзаға пайдасы мол. Арақ-шарап ішу Димекеңе жат болды. Шарапқа (коньяк) аузын тигізгені болмаса, мүлде ішпейтін. Анда-санда тек «ырымын» жасап, дос-жарандарының көңілі қалмас үшін осылай ететін. Басында темекі тартқаны рас. Денсаулығына байланысты дəрігерлердің кеңесіне көніп, шылымды үзілдікесілді қойып кетеді. Димекең у-шу қала өмірін ұнатпаған. Той-думанда шалқып сайран салған жоқ. Конаев барлық жағынан қанағатшыл болып, көзінің тірісінде шын əулие атанды. Жетінші қасиеті, Димекең «жаратылысынан сауық құмарлықтан аулақ болды». Демалысын таза ауада серуендеп, табиғат аясында өткізуді бұлжымас əдетке айналдырды. Аңшылық-саяткерлік салт жəне мергендік өнер Димекеңнің көзі жұмылғанша тастамаған ермегі əрі көңілді демалысы еді. Сегізінші қасиет ретінде Əл-Фараби «кемеңгерлік шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруы жөнінде» айтады. Димекең өтірік-өсек айтқандарды жек көрді. Жалған сөйлегендерді ұнатпады. Димекең өз орнына келген Колбиннің өзі туралы жалған сөйлеп, Мəскеуге өтірік айтқан өресіздігі мен екіжүзділігін кешірмей кетті. Желтоқсан оқиғасына байланысты Димекеңді Колбин орынсыз кінəлап, айыптаған болатын. Димекеңнің үстінен арыз жазып, өзі тасада тұрған белгілі бір партия қайраткері кейін арыздағы айтылғандар өтірік болып шыққанда, Қонаевқа жалынып, кешірім сұрайды. Тоғызыншы қасиеті, Димекең «жаны асқақ жəне ар-намысын аса ардақтайтын адам» еді. Димекеңнің кісілік, адамгершілік, бекзаттық қасиеті жəне тəрбиесі – баршаға өнеге. Мұны халық жақсы біледі. Хрушев Димекеңді бірінші басшылық қызметтен алып, қорлап, арнамысына тигенде Қонаев: «Мені енді басшылық жұмысқа қоймаңыз. Инженер-геологпын. Геология институтына кетейін», – дейді. Хрущев: «Сіз бізге əлі де керек адамсыз», – деп еріксіз Министрлер Кеңесіне төраға етіп тағайындайды. Димекең – ар-намысын кір шалдырмаған дана. Өзін əрқашан асқақ ұстады. Қарапайымдылы мен кісілігін жоғалтқан жоқ. Зейнетте жүргенде де өзін төмендетпеді. Сол кездегі биліктегі қуыс кеуделерге пенде болып, абырой-атағын түсірмеді. Сондықтан көзінің тірісінде-ақ «əулие» атанды. «Оның жаны жаратылысынан пасық істердің бəрінен жоғары, игі істерге ынтызар болуға тиіс» деп оныншы қағидада айтылғандай, Димекең игі істердің ұйытқысы, жасампаздықтың жолбасшысы еді. Димекең пысықтық пен пасықтықты реті келгенде əшкерелеп отырды. Əл-Фарабидің он бірінші қағида-қасиетінде «Əділетсіздік пен озбырлықты жек көретін адам болсын» деген жолдар дəл Димекеңнің өзіне арналып айтылғандай əсерде қалдырады. Димекең өз дəуірінің саясаты мен заңына орай əділ болуға тырысты. Естелігінде «шамам келгенше қиянатқа жол бермеуге тырыстым» деп əңгіме қозғайды. Қызметтен қуылып, партиядан шыққан талай бастықтардың Қонаевтың қабылдауында болып, əділ шешімді сол кісіден көріп, көсем жайында тебірене айтқандарын көп естідік. Димекең кезінде сотталып кете жаздаған ақын Олжас Сүлейменовті арашалап алды. Ақынды ақтап, қиянатқа қарсы шықты. Димекең бар болмыс-бітімімен əділдікті сүйді, өктемдік пен озбырлыққа жол берген жоқ. Бір қайран қалдыратыны, халық арасында Қонаев туралы бір қаңқу сөз, реніш, өкпе жоқ. Өйткені, Димекең өте əділ болған кісі. Бұл жағынан Димекең бүгінгі ғана емес, келер ұрпаққа да үлгі болатын кемеңгер. Осы жерде бір оқиғаны айта кету жөн болар. Димекеңнің інісінің ұлы жас бозбала бірде қызып алып, оның күзетшісінің біріне жөнсіз тиіседі. Күзетші сыбағасын береді. Оның үстінен біреулер «үлкен кісінің туысына қол жұмсады» деп арыз жазады. Шағым Димекеңе де жетеді. Күзетшіні шақырып, шындықты білген соң: «Сенікі дұрыс. Сазайын беріпсің», – деп, оны кінəламай, қайта қорғайды. Əл-Фарабидің «12-қағидасында», яғни басшының касиеті жөніндегі тəмсілінде мынадай жолдар бар: «Өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер-шешімпаздық танытып, бұл шақта қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болуы міндет». Мұнда айтылатын көсемге тəн батылдық пен ержүректік Димекеңнің бойында туғаннан бар еді.

Əпсана Сүлеймен патшаның сақинасының сыртында «Бəрі өткінші» – деген сөз бар екен. Қиналғанда, қайғы басқанда соны көріп өзін-өзі жұбатады екен. Бір күні жазуды оқып, жұбанудың орнына ызасы келіп, сақинасын алып, лақтырып жібергенде, сақинаның ішкі жағында тағы бір жазу барын байқайды. Сақинаны алып, оқып қараса: «Бұл да өтеді» деген сөз екен. Ащы мысқылмен Сүлеймен патша сақинаны қайта киіпті жəне бұдан былай қолынан тастамаған екен деседі. Адамға ақыл берерде Құдай оның ұсынған ыдысын шүпілдете толтырып құйып береді екен. Сонымен... біреудің ақылы қасықта, біреудікі шөміште, біреудікі кеседе, біреудікі көзеде, біреудікі шелекте, біреудікі өзенде, бірақ барлығы ернеуінен аса толып тұр. Соны көрген адам өз ақылының толы екеніне риза болады екен. Адамның ешқайсысы өзін ақылсыз санамайтыны сол толы ыдысты көріп өзіне-өзі көңілі толатындықтан болса керек. Сыпайылық даналықтың белгісі. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет. Халық сөзі: Жер басқанға мəз болма, Жерде ізің қалмаса. Өмір қағидалары: – Сөзден іске көшкен абзал; – Өз сеніміңді дəлелде, қорғап бақ, бірақ өз қателіктеріңді мойындай біл, тек сонда ғана алға жылжисың; – Жақыныңды жақсы көр жəне оған болашаққа сілтемей, қазір көмектес. Оған өз дегеніңді таңба, оның мүддесін ойла; – Жамандық, қызғаныш ойлама: кекшілдік сезімнен арыл. Адамдар бір-біріне бауыр екенін жəне көп нəрсені бейбіт жолмен шешуге болатынын ұмытпа. Қажет болса, əлсіздерге жақтасып, зорлықпен күресуге дайын бол. Қырғыз мақалы: Ошақтың үш бұтының біреуі құласа – қазандағы сүт төгіледі. Түркмен мақалы: Қапшығың бүтін болсын, тесік болса, тары тұрмайды. Бурят даналығы: Егер, сен алыс сапардан оралсаң, сол сапарыңнан мол қазына əкелсең, сен сəтті сапарыңның қуанышын жақын-жуықтарыңмен бөлісіп, бір той жаса. Егер, сен сол алыс сапардан ақылды өсиет əкелсең, онда ауылаймағыңды жинап, екі той жаса. Ал, егер, сен алыс сапардан дос тауып келсең, онда бүкіл еліңді жинап, дүрілдетіп тұрып үш той жаса. Егер сен алыс сапарға аттанар болсаң, жат елдің алдымен əйелдеріне назар аудар. Егер, əйелдері көңілсіз болса, ол елдің от басында қызық жоқ. Сонан соң, қарттарына назар аудар. Егер, қарттар қамқорлықсыз болса, ол елдің басында қайғы болғаны. Ал, егер, балалары панасызбассыз болса, онда ол елдің болашағы болмағаны... Қытай нақылы: Аяқ киім жоқтығынан жалаңаяқ жаркештілігіме зығырданым қайнап жүргенде, аяғы жоқ адамды көріп, тəңіріме тəубе еттім. Түрік мақалы: Мақта отпен ойнамас болар. Қазақ мəтелі: Біреудің жоғын біреу ысқырып жүріп іздейді. «Екі киімім бар, бірі – мерекелік, екіншісі – өлімге арналған», – депті Тұрғыт Өзал. Осы сөздердің үстінде көп ойландым. Ақыры «Жай күндерге, күнделікті тұрмысқа онша көңіл бөле берме, елің мереке етерлік келбетіңді əзірле», – дегені шығар деген ойға тоқтадым. Екіншіден «Өлімге адам ұдайы дайын жүруі керек, өле қалсаң ізің өшіп, атың қалмай қалмасын, үлгермей қалма, алдын-ала дайын жүр», – дегені болар дедім. Жалпы, жай айтыла салған əдемі сөз емес, жан-жақты терең мағыналы ой екен. Өмір тəжірибесі мынадай қағидаларды үйретеді: күштінің жағына мойын бұруды үрдіс етпе, ол – жігердің жасықтығы мен қорқақтықтан, оған əдеттенген адам қоршылық комплексінен ада бола алмайды; пайдасы тиіп қалар деп бай мен барға жарамсақтанба, кісі қолынан алған несібе барлық адамға бірдей жұғымды емес; көптің соңынан көзсіз ерме, көпте көбіне тобырлық психология басым болады.

Нашар дөңгелектің салдыры басым. Дəнсіз масақ көкке бой ұрады. Кез-келген дуал – есік. Мұсылман діні «біреудің қатесі екінші біреу үшін қараңғы түн сияқты болуы керек» деп үйретеді. Яғни көріп-біліп тұрсаң да айтпа, жүрегіңде сақтап қал. Білмей істеген болса, уақыты келе өзінің көзі жетсін, ал, біліп істесе, сенің айтпай қалғаныңның өзінен ғибрат алсын, сөйтіп жөнделсін дегені болар. Сүлеймен пайғамбардың əпсаналар кітабында: «Қашанғы тоғышарлар тоғышарлықты жақсы көре бермек? Қашанғы топастар білімді жек көрмек?» деген сөз бар. Қазақтың қасиетінің биік екенін: «Төрге шық» деген бір ауыз сөзіненақ тануға болады. Қазақ танысқанда: «жақсың кім еді» деп сұрауы да – қасиеттіліктің белгісі. Адамдар жақсы-жаман қатар тұрса, соның жаманын тез көреді. Осы үрдіс өзгеруі тиіс. Мақсат – жақсылықты алға шығарып, жамандықты жою болсын. Өйткені жамандық жаман ойдан, жақсылық жақсы ойдан шығады. Құлап бара жатқандарды қолтығынан сүйеуге құлқымыз болмайды, жолы болып жүргендерді қолдауға əзірміз. Өресіз оқшау пікірді жаны түршіге қабылдайды. Су жоғарыдан төмен қарай тұнады. Қазақтың кең пейіл болып, көңілі тарылмай тұратыны – даласының кеңдігінен. Діни кітаптардың бірінде: «Өз дұшпандарыңмен емес, Құдайдың дұшпандарымен күресіңдер!» деп жазылған. Мақсат тұтқан орнына жетіп алғанша ізгі болып көрініп, бəрінің бабын тауып, соңынан соның есесін қайтаруға ұмтылатындар бар. Біреулер өзінің кемшілігін ешкім білмейді деп ойлайды, оның орнына менің басымдылығымды мойындады деп санауға бейім, сондықтан олар шындықты сезіп тұрғандардың алдында қысылады. Өзіңді жоғары қойма, бірақ қорланудан да сақтан. Құдай терезесін жапса, есігін ашады, – дейді көне ілімде. Үндемей қалу саясаты, көбіне – құл саясаты болып шығады. Əр адам өзін бағалай жүреді жəне өз бағасын өзінен артық ешкім білмейді. Бір кезде иіссу құйылған ыдыс əтірі таусылып, босап қалғанда да жұпар аңқып тұрады, ағаш көктеп тұрғанда бұтақтары қалай бағытталған болса, қураған, солған кезде де сол қалпында қалады. Бəйге атын арбаға жексең жүрісінен жаңылады. «Мені кім қумаса, соған барамын» деген шығыс даналығы бар еді. Махаббат та, достық та, дүние-мүлік те, болмысың да, қателігің де соған барады. Біз жаңа, жақсы нəрсені бастау үшін ең алдымен бірдеңені жоғалтып, бір нəрседен бастауымыз керек. Аурулар, жазатайым жағдайлар, қаржы сəтсіздіктері, махаббат күйініштері белсенділікті арттырады жəне бізді тағдырдағы бетбұрысты кезеңге итермелейді немесе дəлірек айтқанда, осылардың арқасында біз болатын өзгерістерге жігерленеміз. Сонымен, кейде тізенің жарақаттануы не өкпенің қабынуы адамдағы мүлгіп жатқан түйсікті оятуға түрткі болады. Кез келген өтпелі бақытсыздықта ғажап жаңа мүмкіндіктер бұғып жатады. Демек, сəтсіздіктер, апаттар, тағдыр соққылары жаңа мүмкіншіліктер туғызады, психологтардың пікірінше тағдыр бізді аяусыз тоқпақтамайды, тəрізі, ол бізді оянуымыз үшін нұқып жібереді. Жағдайға осы тұрғыдан қараған жөн. Сырты бүтін, іші түтін болғаннан, сырты түтін, іші бүтін болған дұрысырақ. Адамды үш нəрсе айқындайды: еңбек, адалдық, жетістік.

Өмір не оқығаныңды, атағыңды емес, не білетініңді қатал сұрайды. Бірің ашулы болсаң, екіншінің басулы болыңдар! Əрдайым сабырлы болыңдар. Сабырдан сарғайып тозбайсың, ашумен топтан озбайсың. Ақылдың жібін босатып, ашуды ұстап алғайсың. Александр Македонский мен Диоген – Аристотельдің шəкірттері болған. Македонский жеңімпаз патша болды, Диоген тəркі дүние* болып, бөшкені баспана етті. Кезекті жорыққа аттанып бара жатқанда Македонский Диогеннің бөшкесінің жанына тоқтап: «Не тілегің бар айт, орындап кетейін», – депті. «Күннің көзін қалқаламай былай тұршы», – депті Диоген. «Егер мен Александр болмасам, Диоген болар едім», – деген екен сонда Македонский серіктестеріне. Даңқтың, атақтың, жаулап алған жерді сақтап қалудың міндеті мен жауапкершілік салмағы патшаның өзіне оңай соқпайтынын осыдан білуге болады. Жеңістің бақытымен бірге соры да болады. Сағаттың тетіктері қанша қарапайым болса, сонша аз бұзылады. Шын мейірбандық əрдайым кішіпейіл келеді. Кішіпейілділіктің тартымдылығы, пайдалылығы сонша, кішіпейіл болып көрінгісі келетін адамдардың аздығы таңырқатады. Жасанды кішіпейілділіктің жасандылығы – ең барып тұрған ұнамсыз жасандылық. Американдық əйгілі миллионер Фордтың өмірінде мынадай бір оқиға болған: Клубта қайырымдылық қорына арналған жəшікке Форд 10 доллар ақша салыпты, сəлден кейін оның ұлы кіріп, қор жəшігіне 1000 доллар ақша тастапты. Сонда үлкен Фордтан: «Сіз миллионерсіз, балаңыздан жүз есе кем ақша салғаныңыз қалай?», – деп сұрағандарға: «Мен миллионердің баласы емеспін ғой», – деп жауап қайырған екен. Əкенің тапқан дүниесін шашып-төккендей ғып өзің тапқан дүниені шашып-төкпейсің, өйткені оның қалай жиналғанының бағасын білесің. Фарид-ат-дин Аттардың жұмыс орнына бір диуана кіріп, əлденені өтініш етеді. Бір рет емес, бірнеше рет сөз тастаған оған Аттар назар аудармай өз ісімен бола береді. Сонда əлгі диуана: «Ой, бейшарам-ай, бес күн жалғанның қызығына алданып, алдыңа келген адаммен де ісің болмайтын болыпты-ау. Кезегің келіп қалса, осы дүние-байлықты қалай қиып тастап кетер екенсің?», – депті. * Тəркі дүние – дүниені бағалы санамайтын. – Қалай кеткені несі, кезегіміз келгенде біз де сіз сияқты өлеміз де қаламыз, – дейді Аттар. Осы сөзден кейін диуана жерге жатады да, кəлимасын қайырып, о дүниеге аттанып кете барады. Бұл Аттарға қатты əсер етеді де, дүние-байлығын тəрк етіп, сопылық ілімнің жолына түседі. Сөйтіп, бұл ілімді терең зерттеудің нəтижесінде, сопылық дəстүрге арнап жүзден астам кітап жазады. Маңғыстау түбегінен Аттардың «Əулиелер шежіресі» деген кітабының бір нұсқасы табылған. Сол кітапта Аттар: «Ақиқат жолында жеті асу бар: біріншісі – талап. Екіншісі – ғашықтық, үшіншісі – мағрифат, төртіншісі – баз кешу, бесіншісі – тəуба, алтыншысы – қайрат ету, жетіншісі – пана» дейді. Рухани өмірдегі күпірліктер: менмендік, ашкөздік, ашушаңдық, қараулық, уайымшылдық, күншілдік, уақытты босқа өлтіру. Ең үлкен күпірлік – тұрмыстық жағдайы жақсы болуы үшін адам өзгелерді жек көруі, сөйтіп, махаббатты сатуы, ал ол адамдағы имани сезімді өлтіреді, өзгелердің сезіміне де шабуыл жасайды. Екінші – өткенге, бүгінге немесе болашаққа өкіну, оқиғаны тездетуге, немесе тоқтатуға тырысу, яғни, уақытқа қарсы бағытталған барлық қателіктер. Үшіншісі – адамдарды жек көру мен оларға ренжу, адамға деген дөрекі қатынас. Төртінші – тірі жəне өлі объектілерге ғайбат сөз айту. Күпіршілік төрт түрлі болады: 1. Ұрлық жасау; ішкілікке салыну; əке-шешеге қарамау; зинақорлық. Бұлар – айқын тəртіпсіздік. 2. Сараңдық; тəкаппарлық; ашкөздік; долылық; жынысқұмарлық. Бұлар – құпия күпіршілік. 3. Өтірік айту; өсекке еру; жалақорлық. Бұл – тоғышарлық. 4. Құдайсыздық; жалпақшешейлік; өзімшілдік. Бұл – имансыздық. Социум заңы деген бар. Мəселен, теңдік əр тапқа не топқа тиесілі. Яғни, біреулер «Мерседес» мініп жүр, біреулер есек мінеді. Театрдағы артистер де солай: біреулері – талантты, біреулері топты ғана толтырады. Айлық жалақының əр түрлі болатыны, біреу ұры, біреу ұлы болатыны сол социум заңына тəуелді болғанымыздан. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Даналық туа да бітеді, жүре де бітеді. Туа бітіп жүре жетілген даналық – нағыз даналық. Абай бірде асылық ойларға беріліп, əкесіне «Мен сенен кейін емеспін, озықпын» дегендей бір сөз айтқан деседі. Сонда Құнанбай: «Менен озу үшін əуелі Абайдай ұл туғызып ал» деген көрінеді. Адамның зиялы болып жетілуі үшін ақыл аздық етеді, айла тіптен керексіз, үлкен жүрек керек! Зиялы адамның жүрегінде қасіреті болады. Сезгіштіктен, өзгеден ерекше көргіштіктен. Оны мұңды көзінен байқауға болады. Жастарды қарттарға көмектесуге бергеннен гөрі, қарттарды жастарға көмектесуге берген дұрыс. Сонда қария өз ақылы мен тəжірибесінің бағасына қарай күтім көреді. Ол нағыз лайықты тұрмыс болған болар еді. Бір кісінің су ішетін ыдысынан басқа ештеңесі жоқ екен. Бірде ол екі алақанымен су алып, ішіп жатқан баланы көріп, ыдысын лақтырып жіберіпті. Даналықтың негізгі белгісі – басқа адамдардың кемшілігіне кешірімді болу. Сабырлылық – күш. Саясаттағы, некедегі, отбасындағы, достар мен қызметтестермен қатынастардағы кішіпейілділікке апарар бес қадам: Мақұлдау. Өзіңіздің адамдардан қаншама жақсылық көргеніңіз туралы ойланыңыз. Оларға осыны бағалайтыныңызды көрсетіңіз. Сөзбен жəне іспен көрсетіңіз. Келіспеушілік. Егер жақыныңыздың мінез-құлқы көңіліңізді көншітпесе, оған онымен қатынас сіз үшін бəрібір емес екенін көрсетіңіз, оны түзеудің тəсілін ұсыныңыз. Бұл туралы айтудан қорықпаңыз, бірақ ұтымды қимылдауға тырысыңыз. Өзара қатынас. Сіз бен сіздің серігіңіз басқа əлемнен өздеріңізді байланыстырып тұрған құнды нəрсемен бөлінген. Сізде басқа ешкімде жоқ нəрсе бар. Мұны сақтауға тырысыңыз. Мейрамдар. Бір-біріңізге ұнамды нəрселер жасай беріңіздер. Дербес өмір құқығы. Жақын адамдарыңызбен өзара қатынастар егжейтегжейін басқалардан құпияда ұстаңыз. Шешімдерге қалай қол жеткізесіз – ол тек сіздің шаруаңыз. Ешқашан өз серігіңізге шағымданбаңыз. Сұқбаттасыңызды тыңдай білу өнерін игеру жөніндегі ұсыныстар: – Оның сөзін бөлмеуге тырысыңыз; – Оған сөйлеп болуға уақыт беріңіз; – Толық көңіл бөліңіз; – Айтып отырғанның сөздерін қайталаңыз; – Асығыс қорытынды жасамаңыз; – Назарыңызды оның сөйлеу ерекшеліктері мен сыртқы түріне аудармаңыз; – Айтқанына сабырлы қараңыз; – Басқа нəрсеге алаң болмаңыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2002 жылы күзде Жамбыл облысында болған кездесулердің бірінде өмірдің мəнін түсінуге үлгі боларлық бір аңыз-мысал айтты: «Шаңқайған күн астында мəйкішең, құлағын мақтамен тығындап, қармақ салып суға үңіліп мүлгіп отырған біреуді бір бай ары өткенде бір көріп, қайтып келе жатып тағы да көріп жаны ашып, жəрдем бергісі келіп шақырып алыпты. Мен саған ақша берейін, қайық сатып ал. – Оны қайтемін? – Қайықпен жүзіп жүріп көп балық аулап, оны өткізіп, ақшасына кеме сатып аласың. – Оны қайтемін? – Кемемен алыстарға жүзіп, ау салып, балықты көптеп аулап, оны сатып, мына жағаға балық өңдейтін зауыт саласың. – Оны қайтемін? – Балық зауытынан көп табыс табасың, барлығы жеткілікті жағдайға жетесің. Сөйтіп, өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысасың. – Ал мен немен айналысып отырмын?! – депті балықшы». Ізгілік Панчатантрадан: Ақиқатты жақтаған жан мақсатына адал жoлмeн жeтeді. Бұл жалғанда адамдарға артына қалдырған ізгі істeрінeн басқа ақша да, дoс та oпа бeрмeйді. Ақылды адам өзіндe аса қажeт затты, нeмeсe пайдалы бoлып қайта oралатын нəрсeні ғана ұстауға тырысқаны жөн, oсыдан өзгeнің бəрін дe жақсы көрмeйді. Oл үшін ақша мeн тoпырақтың құны бірдeй.

Ең жоғарғы ізгілік су секілді. Су барлық жаратылыс иелеріне пайда əкеледі жəне олармен күреспейді. Ол адамдардың болғысы келмейтін жерлерінде жүреді. Ең жоғарғы ізгілікке ие адам да су секілді болып жерге жақындай түсуі керек; оның жүрегі ішкі əмірлерге бағынсын; адамдармен қарым-қатынаста ол мейірбан болсын; оның сөздері шыншыл болсын; ел басқарғанда ол жалғастылықпен іс атқарсын; іс атқарғанда мүмкіндігін есте ұстасын; ісəрекеттерінде уақытты есепке алып отырсын. Ол су секілді болғандықтан, заттармен күреспейді, ол қателіктерге жол бермейді. Лао-цзы Ізгілер қайырымды еместердің ұстазы, қайырымды еместер – олардың тірегі болып табылады. Егер қайырымды еместер өздерінің ұстаздарын бағаламаса жəне ізгі өзінің тіректерін сүймесе, онда, олар өздерін саналы санағанымен, көрсоқырлыққа ұрынады. Міне, осы ең маңыздысы жəне тереңі. Лао-цзы Ізгі кісі үш нəрсені ұстанады: Құр сыртқы пішін, мінез дөрекілігі мен салдыр-салақтықтан аулақтық; Бет пішіннің сенім келтірердей байсалдылығы; Сөз сөйлегенде жалғандық пен ластықтан қашу. Конфуций Ізгі кісі адамдағы ең жақсы қасиеттер жеңіп, нашар қасиеттер жеңіліс тапса дейді. Нашар адам керісінше жасайды. Конфуций Ізгі кісі достық байланыстар жасағанда өзінің біліміне сүйенеді, ал достық байланыстар оның адамгершіл болуына жəрдемдеседі. Конфуций Кімнің ізгілігі тұрақты болмаса, ол кісі ұятқа қалады. Конфуций Ізгі кісі адамдарға жəрдемді бай кезінде емес, кедей кезінде береді. Конфуций Ізгі кісінің қашан болсын айтар сөзі бар, бірақ айтар сөзі бар кісі ылғи ізгі бола бермейді. Конфуций Ізгі кісінің де адамгершілігі кем болып кездесетіні бар, бірақ нашар адамның адамгершіл болып кездесетіні болмайды. Конфуций Ізгі кісі өз абыройына сай емес іс туралы ойламайды. Конфуций Ізгі кісі көп сөйлеуге ұялады, ал іске келгенде тойымсыз болады. Конфуций Біреулерге баға бергіш адамды жетілген кісі деуге болмайды. Ізгі кісінің оған уақыты жоқ. Конфуций Ізгі адам тапшылықта да өзін сақтайды, қиындықта ұстамды келеді, нашар адам босаңсып кетеді. Конфуций Ізгі кісі əділдіктің мағынасын əсерсіз қабылдайды. Рəсімдер ісқимылыңды соған теңгеру үшін керек, көндігу – рəсімнің мағынасы ашық көрінуі үшін, шыншылдық – рəсімде жетілу биігіне шығу үшін керек. Конфуций Ізгі кісі өзінің жетілмегендігі үшін қайғырады, адамдарға белгілі еместігі үшін қайғырмайды. Конфуций Ізгі кісі өлген соң өзінің аты атақты болмай қалады-ау деп уайымдамайды. Конфуций Ізгі кісі өзінің ақылы асып тұрғанын біле тұра оны өзгеге көрсетпейді, ол адамдармен тез тіл табысып кетеді, ешкімді алаламайды. Конфуций Ізгі кісі біреуді сөзі үшін көтермелемейді, бірақ біреудің сөзін кім айтқанына қарап қайтарып тастамайды. Конфуций

Ізгі кісі ұсақ істерде бағалы емес, бірақ ол барлық ұлы істерді игере алады; жай адам ұлы істі ешуақытта игере алмайды, бірақ олар ұсақ істерде бағалы. Конфуций Ізгі кісі өз пікірінде тұра біледі, бірақ қасарыспа болмайды. Конфуций Кім өсек таратса, ізгіліктен ажырағаны. Конфуций Ізгі кісі лайықты адамдарды құрметтейді, өзгелердің бəріне төзімділік танытады, жақсыларды мақтайды, қолынан іс келмейтіндерді аяйды. Конфуций Ізгі кісі өсекшіні, жоғарыдағыны жамандайтын төмендегіні, батыл болғанмен қиқарларды жек көре алады. Конфуций Ізгі кісі үш жағдайда əртүрлі көрінеді: ұзақтан үлкен болып көрінеді, жақыннан сүйкімді, ал сөзі қаталдықпен ерекшеленеді. Конфуций Ізгі кісінің қателігі күн мен айдың тұтылғаны сияқты. Ол қателессе – жұрттың бəрі көреді, қатесін жөндесе – жұрттың бəрінің беті оған бұрылады. Конфуций Кəсіпшілер өз ісін орындау үшін шеберханада еңбектенеді, ал ізгі кісі өз ісін орындау үшін оқиды. Конфуций Ізгі кісі парызды ойлайды. Төмен адам пайда ойлайды. Конфуций Кімнің ізгілігі тұрақты болмаса, ол кісі ұятқа қалады. Конфуций Ізгі кісі үш жағдайда тебіреніс сезінеді: Аспан Əмірін, Ұлылар əмірін жəне биік ақыл иелерінің сөздерін естігенде. Жай адам Аспан əмірін түсінбейді, ұлылар əміріне құрмет сезімі болмайды жəне биік ақыл иелерінің сөздерін қабыл алмайды. Конфуций Ізгі кісінің жанында үш қателікке жол беріледі: сөйлемейтін кезде сөйлеу – асығыстық, сөйлеуге тиіс кезде сөйлемеу – бұл тұйықтық, жəне əріптесінің бет-əлпеті өзгеруіне қарамай сөйлеу – көрсоқырлық. Конфуций Ізгі кісі өзіне талапшыл. Нашар кісі өзгеге талапшыл. Конфуций Ізгі кісі тоғыз ойды есінде тұтады: Қараған кезде анық байқады ма; Естіген кезде дұрыс естіді ме; Өзінің бет-əлпеті тартымды ма; Сөзі шыншыл ма; Іске дұрыс көңілмен қарай ма; Күмəн туса ақылдасуға дайын ба; Ашуланса соңы теріске айналып кетпей ме; Қандай жетістіктерге болса да жеткенде онысы əділетті бола ма. Конфуций Жетім-жесірге қарайтын, үлкен отанымыздың тағдырын сеніп тапсыруға жарайтын, парызын сатып кетуге итермелегенмен көнбейтін кісіні ізгі кісі дейміз. Конфуций Оқып үйрену мен оқығаныңды қайталап, кемелденуге ұдайы ұмтылудың өзі қуаныш емес пе? Алыстан келген досыңа өзің барып амандасқаның жөн емес пе? Ізгі адам деп елге танымал болмағанына өкінбеген адамды айтпаймыз ба? Конфуций Адамның түпкі мақсаты – табиғатпен келісімде өмір сүру, ол – ізгілікпен келісімде өмір сүру деген сөз: табиғаттың өзі бізді ізгілікпен келісімде өмір сүруге үндейді. Зенон

Ізгілік негізгі жəне қосалқы болып екіге бөлінеді. Негізгілері – саналылық, ерлік, əділдік, дұрыс ойлаушылық. Олардың түрлері – кеңпейілділік, ұстамдылық, табандылық, тəуекелшілдік, ізгі ниет. Кемшіліктің де негізгі жəне қосалқы түрлері болады: мысалы, санасыздық, қорқақтық, əділетсіздік, бетімен кетушілік. Зенон Ізгілік – ешкім тартып ала алмайтын құрал. Антисфен Ізгілік – əсем, жамандық – көріксіз. Антисфен Ізгілік іспен көрінеді жəне ол көп сөзді қажет етпейді. Антисфен Ізгілікке ұмтылғандардың бəрі бір-бірімен дос. Антисфен Барлық даналықтың негізі – төзім. Платон Ізгілік төрт түрлі болады: ұғынықтылық, əділеттілік, ерлік жəне дұрыс ойлаушылық. Олардың ішінде ұғынықтылық – өз ісін дұрыс жүргізуге итермелеуші себеп; əділеттілік – жолдастық пен алыс-берістегі дұрыс мінездің себебі; ерлік – табандылық, қиындық пен уайымдарда шегінбеушілік себебі; дұрыс ойлаушылық – өз тілектерімізді басқара білуге, рахаттың бізді бағындырып алмауына жəне тəртіпті өмір сүруге себеп. Платон Жаны əсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның əсемдігі – адамның əділеттілігінен, ержүректігінен, саналылығынан, яғни барлық ізгілікке ие мінездерден көрінеді. Аристотель Молшылық пен жоқшылық кесірлілікке тəн, осылардың орта шенінде болу – ізгілік. Аристотель Абырой дегеніміз ізгілік үшін алған сый. Аристотель Ізгі адам даналық пен достықты таңдайды: біреуі өтпелі игілік, екіншісі – мəңгілік. Эпикур Барлық жақсылықтың басы ізгілік… Ол саналы, адамгершілікті жəне əділетті болмай, лайықты өмір сүруге болмайтынын жəне керісінше, лайықты өмір болмай саналы, адамгершілікті жəне əділетті болуға болмайтынын көрсетеді. Эпикур Көп ізгілікке аз кемшілікпен көлеңке түсіріп алуға болады. Плутарх Қанағатсыздық адамдағы ең əсем сезімдерді жоқ етеді – Отанға деген махаббатты, отбасына махаббатты, ізгілік пен тазалыққа деген махаббатты. Крисп Саллюстий Көп адамдар қарын мен ұйқының құлы, өмірін қаңғыбастар сияқты білімсіз жəне тəрбиесіз өткізеді, жəне де, олардың тəні табиғат заңдарына қайшы оларға рахат əкеледі, ал ізгілік – керексіз салмақ секілді көрінеді. Крисп Саллюстий Ізгі адам ренішті тізіп жатпайды. Сир Публилий Ізгі адамдардың арасында бəрі ізгі. Цицерон Біреулерге ізгілік – сөз ғана да, киелі орман – отын ғана. Гораций Ізгілік марапат үшін жасалмайды, ізгі іс жасаудың өзі марапат. Сенека Адамға қатысты істердің қайсысын алмасаң да, оның біліп алатын жəне зерттейтін нəрселері қисапсыз көп, соның жаныңның қоржынына

сыйғызу үшін басқа артық нəрсенің бəрін жаныңның қойнауларынан қуып шығу керек. Ізгілік тар, лас жерде жасалмайды. Жаныңды тазарт, керексіз нəрселерді қоқысқа таста. Сенека Ізгілікті – білім, тəрбие арқылы дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады. Əл-Фараби Өмір – теңіз, Онда жүзем демеңіз. Ізгіліктен жиналмаса кемеңіз. Рудаки Ізгілік ғылымын меңгермеген адамға кез келген басқа ғылым тек қана зиянын тигізеді. Мишель Монтень Адам неғұрлым ақылды, ізгі болса, соғұрлым басқалардан ізгілікті көбірек байқайды. Блез Паскаль Күнделікті ізгіліктің 13 принципі: ұстамдылық, көп сөйлемеу, тəртіп, батылдық, əрекетшілдік, ашықтық, əділдік, құнттылық, сабырлылық, тазалық, байсалдылық, пəктік, қарапайымдық. Бенджамин Франклин Адам жетілудің, үлгісін өзінен табады. Ізгі кісі өзін жетілдіргенімен өзгеден соны талап етпейді. Өзін жетілдіруді қиынсынған кісі алдамшы жолға түскен кісідей: ылғи алаңдаумен, бақытты сəтті күтумен болады. Адам ізгілікке жетсе, садақ атып, тимей қалғанда межелеген нəрсеге емес, өзіне өкпелеген мерген сияқты, сəтсіздік бола қалса өзгеге өкпелемейді. Жетілуге ұмтылған адам ұзақ жолды біртіндеп өтетін, тауға өрмелегенде төменнен бастаған адам сияқты. Тоғышар адам бір іс туралы оны білмей тұрып пікір айтады, менмен кісі мəселенің шешімін өзі айтуға ұмтылады. Ізгі кісі үшін мəселенің ірі-ұсағы болмайды, ол ең майда мəселені де байқаусыз қалдырмайды, соның өзін жетілу дəрежесіне жеткізуге тырысады. Ол өзінің ескі білімін бағалайды жəне оны толықтырып отырады. Ізгі адам мынаны уайымдайды: əркім өз жүрегін ұдайы тыңдайды, онда ешқандай есуастық қалмауын ойлайды. Ізгі адам өзгенің көре алмайтын нəрсесін көреді. Аспан əрекетінде жарық та, дыбыс та, иіс те жоқ. Оның тек ізгі кісіге көрінетінінің себебінің өзі сондықтан. Лев Толстой Адамдармен қатынаста ізгілік міндетті нəрсе. Егер сен адамға қайырымды болмасаң, ашулы болсаң, оның бойында да ашу-ыза тудырасың. Лев Толстой Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: ойлану – ең ізгі жол; еліктеу – ең жеңіл жол; жəне үшінші, тəжірибе жолы – ең ауыр жол. Лев Толстой Өзіңе сенбе атағың биік бүгінгі. Алғаш рет жүрегіңде оянған алғашқы ізгілікке, алғашқы кіршіксіз бұлақ бастауына, сол тұстағы өзіңе сен... Сенің бұл ниетің жастық шақтың орындалмайтын арманы ғана, бəріміз де арман қылдық, қол создық, сөйтсек, өмірдің өз талабы, өз қалауы бар екен, ендеше, өмір былай болар ма еді деп бос қиялдағанша, сол өмірдің талабына сай əрекет қыл дегендерге сене көрме. Ізгілік пен ақиқаттың толық үстемдік етуі мүмкін емес дейтіндерге сенбе... Тəңірі тектес сезім шырағы алғаш рет көкірегінде жарқ етіп тұтанған киелі шақтағы, əу бастағы адал шақтағы мына өзіңе сен. Сол шырақты өшіре көрме, бар қуатыңды пана қылып жандыра түс, лаулай түссін. Ізгілікті көбірек еккенге ізгілікпен қарымта қайтады жəне керісінше, біреуге жамандық тілегенге жамандық үйірсектейді. Лев Толстой. Жастарға өсиет Ізгілік – бүкіл мүлтіксіз кемелдіктің өзегі, бар қуаныштың түйіні. Ол адамды парасатты, ілтипатты, кемеңгер, батыр, абайлағыш, əділ, бақытты, мақтауға лайықты, шынайы жəне əмбебап етеді. Бақыт үш нəрсе сыйлайды: əулиелік, денсаулық, даналық. Ізгілік – біздің ішкі əлеміміздің күні, оның аспаны – таза ар-ождан құдай мен адамдардың сүйіспеншілігіне бөленді. Ізгіліктен сүйкімді, кемшіліктен жиренішті ештеңе жоқ. Ізгілік қана шынайы, қалғанының бəрі жасанды. Тереңдік пен ұлылық тағдырмен емес, ізгілікпен өлшенеді. Бальтасар Грасиан

Адамдармен қатынаста ізгілік міндетті нəрсе. Егер сен адамға қайырымды болмасаң, ашулы болсаң, оның бойында да ашу-ыза тудырасың. Адамның өзін-өзі құтқару ережелері: Бірінші: өзің үшін өліммен бетпе-бет келер қиын жағдайда оны бағалауды тоқтата тұру керек, өзіңнен өзің «Соңы қалай болар екен, аман қалар ма екенмін?» деп сұрама. Болған іс биік Еріктің ісі екенін біл. Екінші: ешқандай бақытсыздық немесе тағдырдың сынағы адамды езіп тастауға не тазалауға берілмейді. «Құдай адамға шамасы келмейтін салмақ салмайды» деген мəтелдің мағынасы осында. Үшінші: қиыншылық түскен кезде ешуақытта қорқуға я өкінуге, не ашулануға болмайды. Төртінші: қандай жағдай болып қалса да, алдымен жəне жаныңды сала көкірегіңдегі Құдайға деген махаббат сезімін сақтап қал. Ізгілік, қиын кезде көмек беруді көңіліңнің қалап тұруы Құдайға ұмтылудың қосалқы түрі. Жəне бесінші: жарысқа алдын-ала дайындалу керек. Көңілің қалаған кез келген нəрсенің күйреуі, кез келген жоғалту кезінде: «Я, Жаратқан, мұның бəрі менің тазаруым үшін жасалған мүмкіндік деп қабылдаймын. Не болса да, менің Саған деген махаббатым кемімейді, арта түседі» деген мақұл. Жақсылық Панчатантрадан: Кім дe бoлса ниeті түзу жандарға жақсылық көрсeтуі кeрeк, алғыс айтуға да, мақтауға да тұрарлық адамдармeн жақын жүргeні мақұл, үзeңгілeс кісілeрінің атағына, лауазымына, байлығына, əділдігінe қарай сыйлап, кішкeнтай жандарға, кeдeйлeргe, əлсіздeргe көмeк көрсeткeн жөн. Үлкeнді дe, кішіні дe əбдeн сынап, сырын білу кeрeк, білікті дəрігeр ауруды сыртынан көріп eмдeмeйді, əуeлі аурудың тамырын ұстайды, ағзасын зeрттeйді, сoдан кeйін барып eм бeлгілeйді. Сoндай-ақ, ақылды адам да сыйласуға тұратын, сeртті сөзінe бeрік, бeкзат кісілeрді тапса, oлармeн дoстасуы кeрeк, өйткeні күндeрдің бір күніндe басына іс түссe, əлгі жақсылығының қарымы қайтады. Панчатантрадан: Адамның ағайын-туысы, адал дoстары үйінeн арылмаса, үнeмі біргe бoлып бірін-бірі қуантса, туыс-дoстың мұң-мұқтажын oрындауда oның өзі дe көсeмдік танытса, қуаныш пeн бақыт осы адамға қонып, өмірі мағынаға тoлы болмақ. Ізгі жан сүрініп кeтіп, oрға құласа, oған ізгі адам ғана қoл ұшын бeрeді. Қанша жақсылық жасаса да жақсы адам oны міндeт eтпeйді; басы бəйгeгe тігіліп, нeшe алуан қауіп-қатeргe кeздeскeндe бір кeздe жасаған жақсылығы алдынан шығады, oл тeк жалғанды ақырeткe айырбастайды, азды бeріп, көпті алады. Eл тағдыры шeшілeтін кeзeңдeрдe халық озық зиялыларды паналайды. Панчатантрадан: Игілікті іспeн ұштаспаса, сөзбeн жоспарлағаннан жақсылық келе салмайды. Тəжірибeсіз ілімнeн, сараң байдан, oпасыз дoстан, жалған тақуадан, шын пeйілмeн бeрілмeгeн садақадан, дeнсаулығы, тыныштығы мeн қуанышы жoқ өмірдeн де жақсылық жoқ. Панчатантрадан: Oпасызға көрсeткeн құрмeт, жаманға eткeн жақсылық, санасызға берген тəрбиe, сeнімсізге айтқан сыр, oсының бəрі бoсқа кeткeн пайдасыз eңбeк. Жeмісі ащы ағашға бал жақсаң да, май жақсаң да жeмісі ащы күйіндe қалмақ. Жақсы адаммeн дoс бoлсаң, жақсылыққа кeзігeсің, ал жаманмен дoстасу пəлeгe ұшыратпақ. Бұл жағдай жeл тəрізді – сасық заттың үстінeн өткeн жeл сасық иісті таратып мүңкітeді, хoш иістің үстінeн өткeн жeл, oны өзімeн біргe таратады. Ақылы кeм адамдар даналарды ақымақ санайды, арамзалар мeйірбан жанды даттайды, пиғылы қисықтар өзгeнің пиғылының түзулігін сeзбeйді. Жамандыққа жақсылық жасалмаса, онда жақсылықтың төлемі қандай? Жамандыққа əділдігіне қарай төлем жаса, жақсылыққа – жақсылық жаса. Конфуций Істеген ісіңнің аяғы тек жақсылықпен аяқталуы маңызды. Анахарсис Жақсылық дегеніміз даналық пен білім. Сократ Бір ғана игілік бар, ол – білім, бір ғана жамандық бар, ол – надандық. Сократ Барлық болмыс я жамандық, я игілік, я болмаса бейтарап. Жамандық деп ылғи зиян əкелетін – санасыздықты, ақылсыздықты, əділетсіздікті,

т.с.с. айтады. Игілік деп осыған қарама-қарсыларды айтады. Бейтарап деп, бірде зиян, бірде пайда, мысалы – ойнауды, жүруді, тамақ жеуді, т.с.с. немесе я зияны, я пайдасы жоқ нəрсені айтады. Платон Жақсылық төрт түрлі болады. Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз. Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз. Үшіншіден, ол – тамақ, дəрі жəне пайдалы дене тəрбиесі. Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды, т.с.с. өнерді айтады. Платон Біз жақсылық алатын бір нəрседен жамандық та күтуіміз жəне оны болдырмаудың құралын да табуымыз мүмкін. Мəселен, терең су таза, бірақ оған батып кету де мүмкін. Бірақ жүзу үйрену арқылы терең судың тек пайдалы жағы ғана қалатыны тағы рас. Демокрит Ешқашан күндеме: жақсы адам күндеуге лайық емес, жаман адамдар бақытты болған сайын өзіне-өзі зиян келтіреді. Эпикур Нашар іс жасау – кемдік, қауіп төнбей тұрған кезде жақсылық жасау – қалыпты іс, жақсы адам тəуекел ету өзіне қиындық əкелетін жағдайда да жақсылық жасаған адам. Плутарх Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын. Сенека Жақсылық пен жамандықты зерттейтін тек философия ғана. Уəдеге беріктік – өрте, ұр, өлтір, бəрібір сатып кете алмаймын дегенге алып келсе, ондай қаскөйлікке негізделген уəдеге беріктік неге керек. Сенека Хадис: Əрбір нəрсенің шегі бар. Бақыты келген адам өзін дұрыс ұстап, жақсы жүрсе, одан жақсылық күтуге болады. Кеудесіне нан пісіп, менмендік таныта бастаса, оны дұрыс адамдар санатына қоспаңдар. Кісіге – өштік, өзіңе де қас қылма, Жақсылық қыл, нəпсі-ындынды басқын да. Кіреріңде, шығар жерді байқап ал, Қор боларсың, шыға алмасаң қайтадан! Тұз-дəміңді бөліс, жаса қайырым, Кешіре сал көрсең, кісі айыбын. Табынып жүр, хаққа беріп ойыңды, Күнəдан қаш, аулақ ұстап бойыңды. Дəулет бітсе мекерленіп, таспағын, Жақсылық қыл, жамандыққа баспағын. Жүсіп Баласағұн Қайғыдан жетті енді аһ ұрғаным, Қайдасың, қайырымды сақиларым?! Жақсыдан жүз садаға пақыр жаным, Жаманнан қашып, жерге кірдім міне. Қожа Ахмет Иасауи Қайғысыз қапа қылды шырқымды алып, Жыласам, күлкі күйлер жырқыл қағып. Аш бақа, ала жылан, сыртын бағып, Наданнан сасып, саған келдім міне. Қожа Ахмет Иасауи Жаманға жазатайым басқан кезде Жалынсаң, жабысады аспан жерге. Жарамас қол беруге сасқан жерде, Наданнан жасып, күдер үздім міне. Қожа Ахмет Иасауи Жақсылық – ұмыт, жаңылыс – кек. Абай Жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады. Өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек – бұлар дұшпандық шақырады. Өзгеше боламын демектің түбі – мақтан. Əрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілікті қозғайды. Бұл

үш түрлі істің жоқтығы, адамның көңіліне тыныштық береді. Əрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады. Абай Əрбір жақсы нəрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып кеткені де болады. Ішпек, жемек, кимек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нəрселердің де өлшеуі бар. Абай Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде еш нəрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің! Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді! Абай Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұяламын. Шəкəрім Бөтен кісі бізге ешқандай жақсылық артып əкеліп бермейді. Өз күшіне, өз қуатына сенбеген адам да, халық та, ғұмыр жүзінде бəйге ала алмайды. Əлихан Бөкейхан Жаманшылықтан жиренбесең, жақсылықты үйренбейсің. Міржақып Жабыдан туған құлын тұлпар болмас, Жапалақ мақтағанмен сұңқар болмас. Ақ сұңқар аққу өлген айдын көлден Қарғадай өлімтікке іңкəр болмас. Жақсының жанабында болған кісі Тарығып, тартып жүдеу кемтар болмас. Жамандар көкірегін көтергенмен Тең келіп жақсылармен ол пар болмас. Дүр Оңғар Адам неғұрлым ақылды, мейірімді болған сайын, соғұрлым өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Блез Паскаль Жаманға ылғи жаман көзбен қарау дұрыс емес, жақсылықты жаман көңілге де егуге болады, өйткені ол тас емес, көңіл ғой. Ларошфуко Жақсылықты көп, бірақ қызғанышпен, тəкаппарлықпен, зұлымдықпен, алдаумен жасағаннан гөрі оны аз, бірақ шын көңілден жасаған жақсы. Дмитрий Мережковский Ең жаман деген адамның да мойындатарлық, сонысы үшін жаман жақтарын кешіріп жіберуге болатын бір жақсы қасиеті болады. Расул Ғамзатов Құдай да тек бір-біріне тілеулес жүретін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алатын тату, бауырмал, мейірбан намысшыл қауымдарға ғана қарасатын сыңайлы. Аузы шашылғанның, арасы ашылғанның абыройы асып, бағы тасып жатқаны шамалы. Жақсылықтың тұсында жағаласпаған, жамандықтың тұсында табаласпаған үйытқылы жұрттардың түгенделмей жатқан кемісі, бүтінделмей жатқан жыртығы жоқ. Пəлесі де тез кетіп, бақыты да тез жетіп жатыр. Əбіш Кекілбаев Жаман адам кім? Біз жаман адамды іздегенде жан-жағымызға қараймыз. Өзімізді көрмейміз. Мен адамның жаманы едім деп ешкім де мойындағысы келмейді. Адамның жаман атануы нендей жағдайларға байланысты? Жамандық болмаса жақсылық түсініксіз болар еді. Жақсылықтың жақсылығы жамандық немесе оның нышаны болған жерде ғана анықталмақ. Осы жалған ғұмырда тым құрымаса бір сағат ішінде жамандықтың нышанын сезінбеген адам жоқ. Есі дұрыс адам үнемі қорғаныста, жамандықтан қорғаныста болады. «Бақыттымын» деп айтудың өзі жамандықтың нышанын сезінуден туған толқымалы хал. Жалған ғұмырда бақыттымын деу дана адамның сөзі емес. Ол өмірдің өткінші екенін, жалған екенін, мəңгіліктің жоқ екенін біледі. Ондай жанның халін білдіретін ұғым бар, ол – қайғы. Жақсы адамды жаман адамнан айыра білу – даналық. Даналықтың өлшемі – ізгілік. Ғарифолла Есім Дəметпестен дəметкен – тарыққанның белгісі, Жаудан күткен жақсылық – зарыққанның белгісі. Құсайын Тайжы

Адамдардың мейірімділігі мен қатыгездігі де, ізгі, адамгершілікке жат істері де өзіне сондай жамандық, жақсылық əкеледі. Біреуге жасаған қиянаты күндердің күнінде зауалын тигізеді. Мұның бəрі денсаулыққа пайдалы, зиянды əсерлерге толы. Мақсұтбек Сүлеймен Күнделікті тіршілікте адамның ойы да денсаулығына, көңіл-күйіне əсер етеді. Бақытсыздық туралы көп ойлаған адам бақытсыздыққа тап болады. Сырқат туралы көп ойлаған адамға түрлі ауру үйір келеді. Сол себепті əркім дұрыс ойлауға, жақсылықтан үмітін үзбеуге тиісті. Адамның ақыл-ойы мен ішкі сезімі, рухани жан дүниесі өзара байланыста болғандықтан, олардың бірі өз міндетін дұрыс атқара алмаса (адам ойы бұзылса, ішкі сезімі бұзылса, көңілге алаңдаушылық, торығу енсе), оның басқасына зияны тиеді, денсаулықты əлсірете бастайды. Адам өзінің əлсіздігін, сырқатын ойлай бермеуі үшін бір жұмыспен айналысып, оны естен шығаруға тиісті. Адамды қажытатын нəрсе ең бірінші – ой. Ең бастысы, өмірдің қайғы мен қуаныштан, жамандық пен жақсылықтан тұратыны, бір қиындықтан кейін бір жеңілдік келетіні есіңде болсын. Жақсы ой жаныңды жадыратады, жан-тəнің түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтеді. Мақсұтбек Сүлеймен Жамандықты ешкім де өзіне қаламайды. Жамандық ешкімге керек болмағандықтан, ол шыққан жеріне (жамандық жасаған, жамандық тілеген) қайтып барады, сол адамды қинап, қайғыртады. Біреуге жамандық тілесең, ол өзіңді де бақытқа, еркіндікке, табысқа жеткізбейді. Адамның ниеті, мақсаты ақ болмаса, ондай жанға сана бітпейді, парасаттылық дарымайды. Біреуге нені тілесең, саған да соны береді. Ниетің ақ болса, жан дүниең ағарып, жамандық жуымайды, үнемі көңіл күйің сергек болады. Қара ниет жан-тəніңді ауыр жүк болып басады, еңсең түседі, ұйықтағанда бастырыла бересің. Ақ ниетті адамдардың ынтымақ, ырысы мол болады. Өмір бойы сыйқұрметке бөленеді. Аман-сау жүруіне сырттай да ақ тілектер көп айтылып, ол жанын, тəнін ауру-сырқау, түрлі жамандықтардан қорғайды. Мақсұтбек Сүлеймен Біреуге жақсылық жасаған адам одан қайтарым күтпесін, жақсылықты қайтарымсыз, шын көңілмен жасағанда ғана қайтарым өзге жолдармен өзі келеді. Демек, жақсылық жасасам, қайтарымын күтіп емес, өзім үшін жасадым деп ұғынған ұтады. Əр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бəрі туралы тек сүйіспеншілікпен жəне ізгілікпен ойлап жүр. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды еске түсіру үшін бірнеше минут арна. Əнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бəрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нəзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан. «Жақсылыққа жақсылық – əр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі», – деген нақыл сөз жаныңда жүрсін. Адамның жанында махаббат қаншалықты мол болса, ол төңіректегі əлемді өзіне соншалықты бағындырады, сөйтіп жамандықты жақсылыққа айналдырады. Сырттай ренжуге, ұрысуға, түсінбеуге болады, ал ең бастысы, іштей адам жаны махаббатқа толы болуы тиіс. Адамның жəне оның ұрпағының келешегі стратегиялық құрылымының жағдайына байланысты. Сондықтан оларды пайдалану мен бұзудың кез-келген əрекеті өрістік өзін-өзі реттеудің жүйесін қорғауды іске қосады, көбіне олар ауыр кеселдер түрінде кездеседі. Адамдардың əлсіз энергияларға, олардың ауытқуларына деген сезімсіздігі, оны дұрыс қабылдамауы, физикалық əсер етуге қолапайсыздық, өз өміріндегі оқиғалардың себеп-салдарын түсіне алмау физикалық деңгейдегі тоғышарлыққа алып келеді. Өмірде кездесетін ауру, қиындық, қолайсыз жағдайлар, адамның, оның мінезінің, психикасының күйзелісі – өрістегі деформация мен оның үндестігінің өзгеру себебін болдырмау үшін жасалып жатқан төлемнің көрінісі. Біреуге ренжіген адам, алдымен сол адамды іштей ақтауға тырысып, соңынан кешіргені мақұл. Дұрыс болу мен кең болудың бірін таңдау керек болса, кендікті қалаған жөн. Ұзақ өмір сүретіндер – мейірбанды жандар, өзгелерге жақсылық тілеп отыратындар. Бір адамнан жақсылық та, зұлымдық та шығады. Оның тек жақсы жағын бағалап, жаманына мəн бермеуге жеткен кісі – жетілу жолындағы

кісі. Жаманына мəн бермеу, бақылап отырған кісі үшін ғана емес, байқап отырған кісінің өзі үшін де керек. Жақсылық та, жамандық та бойға біртіндеп сіңеді. Жақсылықтың бойға сіңгені жақсы, ал жамандыққа бара-бара оған қалай көндігіп, биліктен айрылып қалу оңай. Адамның адамнан несі артық? Адамның адамнан айырмасы қайсы? Иттер секілді бірінің аузынан көрген сүйекке таласатындары мен таласпайтындары, шөп қорыған ит сияқтанатындары мен ондаймен ісі жоқтары барлығы ма?! Жануар жақсылыққа жақсылық жасау керектігін білмейді, адамның айырмасы соны білетіндерінің барлығында емес пе? Жануарлардың қай түрі болмасын, екі-ақ түйсігі бар – тамақ табу жəне көбею. Адамзат баласының да басым бөлігінің өмірі асхана мен əжетхананың арасында өтеді. Жақсылық жасауға шындап ниеттенгеннің күнəлары кешіріледі. Жамандық дегеніміз не? Жасаған бір ісің əртүрлі жағдайда əртүрлі мағына беруі мүмкін. Жамандық – бұзу, жақсылық – жасампаздық жолы. Таңертең оянғанда «Құдайға шүкір, тағы бір күнге аман жеттім» деп шүкіршілік етіп, адамдарға титімдей болса да бір жақсылық істеуге талпынған адам – Құдайды сүйе біледі, ондай адам – адамдардың ішіндегі ізгісі. Адамдарға көп берген кісінің өзі де өмірден үлесін молынан алады. Жатарда күндіз жасаған іс, айтқан сөздеріне шолу жасап, кемшілік жіберіп алған мезеттері үшін Тəңірінен үнсіз кешірім сұраса, өзін ренжіткендей жағдай болған болса, себепкер болған адамды көңілімен кешірсе, осы оқиғаға қатысушылардың жаны жайланады, өшпенділік жоғалады. Қай адамды болса да, адамдықты қорлағаны үшін, өзін орынсыз ұстағаны үшін жақсы көре алған адам – жетілген адам. Құдайға сенбеу арқылы пайда болатын өзімшілдік, тек тоқтыққа ғана ұмтылу адамдағы ең басты сезімді – Құдайға деген биік махаббатты шынайы ете алмайды. Еркіндік Егер сіз еркін болам десеңіз, қарапайым өмір сүруді үйреніңіз. Өзіңізде барды пайдаланыңыз жəне қайда тұрғаныңызға риза болыңыз. Басқа жаққа ауысып, жолдастарыңыз бен карьераңызды ауыстырып өз проблемаларыңызды шешіп алу əрекетінен бас тартыңыз. Қымбат нəрселерді қолданбай ақ, қағаз-қаламға көшіңіз. Шығып жатқан əрбір жаңа кітапты оқимын деместен, классиканы қайталап оқыңыз. Сіз тұрған жерде өнетін заттармен тамақтаныңыз. Қарапайым əрі мықты киімдер киіңіз. Үйіңіз үлкен болмасын, төңірегін жəне ішін тазалау жеңіл болады. Күнпарақта міндеттемелерден бос мезгілдеріңіз белгіленіп қойылсын. Рухани тəжірибені ұмытпаңыз, отбасы рəсімдерінің нақты орнығуына мүмкіндік беріңіз. Əрине, өмір түрлі жаңалықтар мен қызықты оқиғаларға толы. Жаңа мүмкіндіктер əр күні туып жатады. Не болыпты сонда? Лао-цзы Сен еркіндік деген не деп сұрайсың. Жағдаяттың да, болмай қоймайтын істің де, кездейсоқтықтың да құлы болмайтын, фортунаны өзімен бір қатарға қоя алатын, ол сенің алдыңда əлсіз болып шықса, еркіндік сол. Сенека Нені ойыңа алсаң соны орында, қалай өмір сүргің келсе солай өмір сүр, өмірің желіп өтетіндей болғанша, қиын болсын. Сенека Өзіңді бағындыр! Енжар бола бастасаң – оят, бейбастақтық бар болса – тыйым сал, өзіңнің де өзгенің де сараңдығыңды қадағалап, түзет. Жеріңнің шекарасын, байлықтың көлемін өсіремін деп қашанғы тырысуға болады?! Бүкіл ел сыйып кететін жердің бір ғана қожайынға керегі не? Араларын бөліп тұрған өзенді, тіптен теңізді де бөліп алуға тырысудың қажеті қанша? Ондағы аралдар да менікі болсын деу қай ақылға сыяды? Бүкіл имениені, тіпті державаны өз иелігіне алғанның иелігінен тыс тұрған бөлік бəрібір көп болады. Сенека Жауының қолына түсіп қалған бір спартандық, оған қорланатын бір жұмыс орындауды нұсқағанда: «Мен құл емеспін!», – деп бақырыпты. Міне бұл еркіндіктің бізге қаншалықты жақын екендігінің көрінісі.

Сөйте тұра адамдар құлдыққа түседі. Сен – адамдардың, заттардың, өмірдің құлысың! Өйткені өлуге ерлігі жетпесе, ондай өмір – құлдық өмір! Сенека Бостандық деген – ар-ұяттың тазалығы. Периандр Ерік адамзат баласына Алласынан келетін қасиет. Мақсатың мен ындыныңды билеу сенің өзіңнің еркіңде. Еркіндік дегенді жүгенсіздік деме, екеуі екі түрлі нəрсе. Адам өзінің еркін белгілі бір тəртіптің тезіне сала отырып, дұрыс жолды, таза жолды таңдай алады. Немесе бұзықтыққа қызығу арқылы өзінің еркін адалдық жолына емес, арамдықтың жолына, дұрыс емес мақсатсыз жолға бағыттап кетеді. Еркіндікті жаратылыс береді, оны қалай ұстану адамның өз қолында. Шəкəрім Өмірдің құндылығы оның биологиялық мағынасында – тек өмір ғана абсолютті құндылыққа ие жəне ол құндылығы бар барлық нəрсені туындатады; күштінің еркіндігі – еркіндік кім жеткілікті күшке ие болса, еркіндікті жеңіп алуға жəне қорғап қалуға кімнің күші жетерлік болса, соныкі; теңсіздік – адамдар бір-бірімен тең емес, олар əрқайсысында өмірлік қуаттың қанша қоры бар екеніне байланысты бір бірінен жақсы не жаман. Ницше Еркіндік десе ойыңа не келсе, соны жасайтындай ерікке ие болу деп түсінетіндер, еркіндіктің толқынында биікке жетіп алуға ұмтылатындар көп те, өз еркіңді біреудің реттеуінсіз өзің ғана билей алатындай еркін өмір сүр деп түсінетіндер жоқтың қасы. Əбіш Кекілбаев Бостандық пен еркіндік – бақыттың ең үлкені. Нені қаласам, соны жасаймын деу – шектен шығу, нені қаламасам, соны жасамаймын деу – еркіндік. Заман адамға өз еркін билетпейді, адам заман ырқына бейімделуге мəжбүр. Осы заңдылыққа көпе-көрнеу қарсы тұратын, өз еркіндігін қорғайтын, оған даналығы жететін зиялы қай қоғамның болса да тұтқасы бола алады. Зиялысы көп ел, зиялылары биік ел ғана өркениет жолында өрге өрлейді. Зиялыға тектілік, тазалық, тəрбиелілік, кісілік жарасады. Халықтың халық болмағы – алдыңғы қатарда жол көрсетіп жүрген осындай азаматтарында. Елді өсіру де, өшіру де солардың қолында. Егер олар жетілген, озық ойлы болмаса, онда қиын. Қарапайым халық бəріне сенеді, қайда жетелесең, сонда ереді. Мораль деген – қоршау. Қоршаудың ішінде болғандардың жігері жасиды, еркіндік шектелген жерде жігерге тосқауыл қойылады. Сіз оның жанына жанаса қалғанда өмірдің мағынасын сезініп, жауап таба алмай жүрген сұрақтарыңызға жауап табылып, мəселелеріңіз өзінен-өзі шешіле салғандай болатын адамдар бар. Ондайлар өзіне тартып тұрады, олардан көрінбейтін бір жылу еседі, күш, білім, даналық, дархандық, ізгілік, махаббат нұрына бөленгендей боласың. Солай бола тұра олар қарапайым əрі тəубешіл. Олардың жанында қашан да сенімді боласың, қорғап тұрғандай сезінесің, өмір сүре бергің келеді, алға адымдай түскің келіп, қалай да жеңіп шығатыныңа сенім ұялайды. Олардың жанында рухани өсесің, өзіңді-өзің Тұлға болып қалыптасып келе жатқандай сезінесің. Олар түнгі сайын далада алыстан жарқырап көрінген жарық іспеттес. Осылай бола тұра олар: «Мен жай ғана адаммын, көптің бірімін. Өзімді біреуден артық санамаймын, бірақ ешкімнен кем де емеспін. Мен жеткен жетістікке шынымен қаласаңыздар сіздердің əрбіріңіз жете аласыздар» дейді. Оның айтуынша, адам өз проблемалары мен сəтсіздіктерінің сиқырлы шеңберінен шығу үшін еркіндік пен тəуекелге барып, өзін ылғи қатып қалған ережелерден, «ұят болмай ма?» деген секілді шектеулерден босатып, еркін болған жөн, «ілгері жылжуға батылы жетпегендерді ептеп «құйрығынан» түртіп жіберу керек. Еркіндікті меңгерем дегендер оны шектей білсін. Адамдар бірін-бірі естуі жəне тыңдауы үшін оларға сөйлеуге мүмкіндік жасау керек. Сонда олар білгісі келген нəрселерінің анық-қанығына өздері жететін болады, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, өздерінің көздері жетеді. Еркіндікті сезінгендерді қандай биліктің де үйкүшік етуі қиын. Шын адал билеуші халқын осыларға бейімдейді, алдаусыратпайды. Еркіндік дегеніміз ерікке шексіз ырық беру емес, ол – еркіңді билей білу, оны тежеп-тізгіндеп ұстау.

Біз еркіндікті көп аңсаймыз. Еркін болсақ өміріміз өзгеше бола кететіндей көреміз. Біздің еркіндігіміз – Құдайдың ғана қолында. Сонымен бірге – өзіміздің де қолымызда. Өткені, біз – Адамбыз! Бəрі бірден бола салмайды. Оған негіз, яғни арқау керек. Мата тоқығанда оның арқауына, яғни негізіне мықты жіптерді салады. Сол арқауға тоқылатын жіптер əртүрлі бола береді: біреуі қатты, біреуі жұмсақ, біреуі қымбат, біреуі ұлпа. Соған қарап матаның сапасы бағаланады. Негіз – халық. Халық қайсыбір жақсы идея болмасын, жалғастырып əкете алмаса – қиынның қиыны. Егер Өкімет тым алға ұзап кетсе (демократияшыл болса да), халық оның соңынан ілесе алмаса, арқауының əлсіз болғаны, ол көп ұзамай жарамсызданып қалатын мата секілді сыр беріп тұрады. Ұят Егер заң арқылы басқарсаң, жазалау арқылы реттесең, халық аяғын тартады, бірақ ұятты сезінбейді. Егер ізгілік арқылы басқарсаң, оны дəстүрге айналдырсаң, халық ұялып қана қоймайды, көндігуге тырысады. Конфуций Егер Аспан астында жол көрінсе, қатардан қалма, жол болмаса – жасырынып қал. Еліңде көрініп тұрған жол болса, кедей жəне елеусіз болып қалудан ұял, егер жол болмаса, онда бай əрі көрнекті болудан ұял. Конфуций Ұят деген не? Елде ілгері жүрер жол көрінбей тұрған кезде еңбегіңе жалақы талап ету. Конфуций Ұят нəрседен қаш. Клеобул Өз кемшіліктеріңді ұмыту ұятсыздыққа бастайды. Демокрит Өте ұят қылық жасап жүргендердің де сөзінде мін болмауы мүмкін. Демокрит Өзгенің кемшілігін көре тұра өз кемшілігіңді білмеу ұят. Демокрит Ұят іске өкіну – өзіңді құтқарудың жолы. Демокрит Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды. Феофраст Ашуын ауыздықтай білетін адам ұят келетін істі ешқашан жасамайды. Менандр Ұяттың мүжуі құлдықтан қиын. Сир Публилий Ұят таза болса, жалғандықтан да, қауесеттен де, өсектен де қорықпа. Овидий Сыпайылық – ұятсыздық пен ұялшақтықтың арасындағы бір нəрсе. Аристотель Ұят дегеніміз – жақсы адамның əділетті соты. Аристотель Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды. Феофраст Ашуын ауыздықтай білетін адам ұят келетін істі ешқашан жасамайды. Менандр Ұятын жоғалту – өліммен тең. Плавт Ұятың – мың куəң. Петроний Өсектен көп адам қорқады, ұяттан – бірер адам ғана. Плиний (кішісі) Ұятың айыптайтын істі істеме, шындыққа сыймайтын сөзді айтпа. Осыны ұстансаң, өмірдің бар мақсатының орындалғаны. Марк Аврелий

Кейде заң тыйым салмайтын нəрсеге ұятың тыйым салады. Сенека Адамдардың көбін тыйым салынатын нəрседен жақсы ниет емес, ұят ұстап қалады. Сенека Жоғалған ұят қайтып келмейді. Сенека Хадис: Ұят əманда жақсылық келтіреді. Ұятты біл, ұятсыздан қашық бол, Парасатқа, пəк көңілге асық бол! Ар-ұятың жаман істен сақтайды, Бұзықтарды ұят түзеп, ақтайды. Жүсіп Баласағұн Кісілікті ұят сақтап қалады, Ұяты бар кісі – адамның адамы. Іс берсең бер ұятты – арлы адамға, Намысты жан ашпайды есік арамға. Ұятсыздың ұятсыз, нас тілі де, Жөн сөзі жоқ, кісі қоры тіріде. Тыңда адамды ұяты – көз, жолы хақ, Ақыл айтқан ақ жүрегін қолына ап: «Ұятсызға жақындама, жырақ тұр, Ұятсыздың көзі ұятсыз, құлақ түр». Жүсіп Баласағұн Кабуснамадан: Жалпы білім мен өнердің негізі – əдеп, қанағат, ұят, пəктік, сақтық, мейрімділік, сабырлылық. Бірақ көп жағдайда шамадан тыс ұяңдық өзіңе зиян келтіреді. Əдеттен тыс ұялшақ болмағын. Ұялшақтық əр кез қателесуіңе себепкер болып, бастаған ісіңе нұқсан келтіреді. Жаман істерден, өтіріктен, қанағатсыздықтан ұял; тура сөз, ізгі тілек, жақсы бастамадан ұялма. Кейбір адамдар ұяламын деп, ойлаған мақсатын орындай алмайды. Ұят – иманның жемісі дегендей, жарлылық та ұялшақтықтың жемісі. Сондықтан да қай жерде ұялып, қай жерде ұялмауды білгенің жөн, қайсысы жақсы болса, соны істеу қажет. Негізінде жақсылықтың бастапқы шарты – ар-ұятты сақтауда, жамандықтың бастапқы шарты – арұяттан айрылуда. Адамдар өз тіршілігінде тəртіпке айналып кеткен кейбір қылықтарының ұят екенін сезінбейтін болып кетеді. Вольтер Ұятың мақұлдамаған нəрсенің бəрінен сақтан. Лев Толстой Ашумен басталған нəрсе ұятпен аяқталады. Лев Толстой Ұятсыз, арсыз, еріншек, Көрсе қызар жалмауыз. Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан алауыз. Абай Əділеті жоқтың ұяты жоқ. Абай Бір ұят бар – надандықтың ұяты: жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдында жазықсыз-ақ, əншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Ұялмас нəрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жөнсіздік. Шын ұят екі түрлі болады. Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырмай, мына байғұсқа не болды, енді мұның өзі не болады» дегендей, бірнəрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі я ақылға я абиырлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нəпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіне жаза тарттырады, кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретіндері де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Абай

Ұят сол – аулақта ұял көргендей-ақ, Ұрлаған малың шығып бергендей-ақ. Орынсызды істеуге өлгенше ұял, «Ұят күшті өлімнен» дегендей-ақ. Шəкəрім Ұят – беттің пердесі. Майлықожа Өз ұятың сенің ақтығыңның өлшемі болсын жəне өз шешіміңнің қаталдығы басқалардың пікірінен маңыздырақ. Адам дардың сөзінен қорқып жөнсіз нəрсе істеме, өз ақылыңның даусына құлақ сал. Өзіңді сыйлай біл. Бальтасар Грасиан Ұят – адаммен бірге туады, бірақ кейбір міскіндерден бұрын өледі. Ділдə Матайқызы Ұят пен қорқақтық шын мəнінде бір ғана нəрселер… «Ұят» – қорқақтықтың ресми атауы… Оскар Уайльд Меніңше, апарар жолы кемсітіп, қорлау тəжірибесінсіз болу тиіс үш мамандық бар. Мұғалім, дəрігер жəне суретші. Кемсіту тəжірибесін көрген дəрігер өзінің ауруларын қинай бастайды, оларды жек көретін болады; осындай жағдай мұғалімде де болады, оның ішіне, санасына, физиологиясына дүниені тізерлеп отырып пайымдау түсінігі сіңеді – ол оқушысын тізерлеуге мəжбүр етеді; суретші құлға айналады. Жалпы, кемсітіп, қорлау мектебінен өткен адам – құл. Біреулер өз өмірінің қиын болғандығын, оны мақтан ететіндігін сөз қылады. Өзіңізді кемсіткенді мақтан тұтуға болмайды. Бұл ұят. А. Сокуров Қонаевты туған жеріне шақырып, мол дастарқан үстінде беталды мақтай бергенде: «Осы қазір құлақ шекем қызарып тұр ма?», – деп сұрапты. «Қызарды», – десе: «Онда менің ұятым əлі бар екен ғой», – деген екен. Ұятың мақұлдамаған нəрсенің бəрінен сақтан. Ұяла білетін ғана борышты сезіне алады. Ұят түтін емес, көзді ашытпайды. Ар-ұят айналаңдағы адамдарды түсінуге көмектеседі. Ар-ұят адамға риясыз жақсылық жасай білуге жəне оларға жəрдем беруге көмектеседі. Қорқақтық та ұяттың бір аты. Ұят түтін емес көзді ашытпайды, бірақ ұяты бар адамның жанын ауыртады. Аспанға тас лақтырма, төбеңе қайтып түседі. Адамның бойында ұдайы қатысып тұратын өз соты бар, оның аты – ұят. Адамзаттың ар-ұяты биік бөлігі жер бетіндегі барлық адамның тағдыры бір екенін түйсінген, өздерін ол үшін жауапты сезінеді. Ұят – өзіңнің жəне өзгенің істері мен мінезін ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан анықтайтын, адамның моральдық өзін өзі бақылау қабілетінен көрінетін этика санаты. Менің өз сезіміме иелік етуді өзіме қой, ол менің ұятымның ісі дей алатын кісіге артық ақыл айтудың керегі жоқ. Сөз Табиғилыққа бағынып, аз сөйлеу керек. Екпіні қатты жел таң асырып тұра бермейді, нөсер жаңбыр күнімен жаумайды. Лао-цзы Ақылды лидер аз жəне қысқа сөйлейді. Сайып келгенде ешқандай табиғи əрекет мəңгі жасалмайды. Жауын жауады, кейіннен қояды. Күн күркірейді, соңынан тынышталады. Лидер əрекет арқылы емес, тұрмыс арқылы көбірек үйретеді. Үндемеу қасиеті адамды ұзақ сөйлегеннен гөрі көбірек танытады. Сабырлы болыңыз. Өзіңіздің ішкі ақылыңызға еріңіз. Ішкі ақылыңызды тану үшін сабыр керек.

Қалай сабырлы болу керектігін білетін жəне тереңдікті сезінетін лидер тиімді келеді. Бірақ, көп сөйлеген, мақтаншақ, топты өз сөзімен иландырғысы келетін, бос белбеу лидерге салмақ аз түседі. Кім Құдайға қызмет етсе, Құдай соған қызмет етеді. Сіз қашан бірыңғай принциппен түйіссеңіз, сонда сіз саналы түрде онымен кооперация жасай аласыз. Егер сіз бірыңғай принциппен саналы түрде біріге қимылдасаңыз, сіздің əрекеттеріңіз тиімді болады. Бірақ сіз жай ғана дарашыл болсаңыз, немесе сіз тек тиімді болуға тырыссаңыз, сіз ешуақытта жақсы іс тей алмайсыз жəне де жақсы көріне алмайсыз. Əдіс үдерісті саналы түсінуде екені есіңізде болсын. Ойланыңыз, сабырлы болыңыз. Лао-цзы Сенімді сөздер əдемі болмайды. Əдемі сөздер сенімге ие болмайды. Ізгі сөзшең болмайды. Сөзшең ізгі бола алмайды. Білетіндер дəлелдемейді, дəлелдейтіндер білмейді. Лао-цзы Көбірек тыңда, түсініксіз сөзді алып таста, қалғаны жайлы сөйле, сонда сені айыптай алмайды. Көбірек бақыла жəне қауіптен қаш, басқасында асықпай əрекеттен, сонда аз өкінесің. Егер сөзің үшін сирек айыптаса жəне əрекетің үшін аз өкінсең, бұның қайтарымы бағалы. Конфуций Мүлтіксіз сөз ізгі істі көлеңкелеуі, азғана төзімсіздік ұлы жоспарларға зиян келтіруі мүмкін. Конфуций Айтқан сөзін түсінбей, адамның кім екенін білу қиын. Конфуций Сөйлесуге тұратын кісімен сөйлеспесеңіз, дарындыны жіберіп аласыз, сөйлесуге тұрмайтын адамға сөз айтсаңыз, оған айтқан сөзіңіз босқа кетеді. Ақылды кісі мүмкіндікті де жіберіп алмайды, сөзін де босқа шығындамайды. Конфуций Егер сіздің сөзіңіз адал əрі əділ болса, ісіңіз ізгі жəне құрметке толы болса, сіз жауыздар елінде де өзіңізді көрсете аласыз. Ал сөзі жалған болса жəне əділ болмаса, ісі ізгі жəне құрметке толы болмаса, ондай адам өз елінде де өзін көрсете алмайды. Тұрған кезде сіз ойша алдыңызда өзіңізді көріңіз, арбада бара жатсаңыз, жақтауға сүйеніп отырған өзіңізді көріңіз. Сонда ғана өзіңізді танисыз. Конфуций Тілің мен нəпсіңе ие бол. Анахарсис Анахарсистің хаттарынан: Афиндықтарға: ...Кейде сіз көп сөйлемей-ақ, аз сөзбен пайда келтіруіңіз мүмкін емес пе?! ...Артында жақсы ойлар мен жақсы істер тұрғандарда жаман сөз болмайды. ...Өте əдемі сөйлеп, іске үлкен зиян келтіретін адамнан гөрі, нашарлау сөйлеп, бірақ іске игілікті пайда келтіретін адамның сөзін тыңдағандарыңыз жөн болар. Істі сөзіне қарап бағалама, сөзді ісіне қарап бағала. Өйткені іс сөзбен əдемілеу үшін жасалмайды, сөз – жақсы іске қызмет етеді. Мисон Сұхбатта асықпаған, дауыс көтеріп сөйлемеген жөн. Жүзің мен көзің сұхбаттасыңнан теріс үйірілмесін. Эсхил Сөздің бағасы бес белгімен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, əрлеу. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тəрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мəселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Əрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып əсем сөйлеу. Зенон Жақсы сөз жаман істі жасыра алмайды, ал жақсы іс жаман сөзбен былғанбайды. Демокрит

Айқын сөз – еркін ойдың белгісі, бірақ айтылар жерін дұрыс таңдамасаң өзіңе қауіп. Демокрит Сөз – істің көлеңкесі. Демокрит Іспен аяқталмаған сөзде құн жоқ, əрбір іс сөздің жүзеге асуы болуы тиіс. Платон Сөз бес түрлі болады. Біріншісі – халықтық жиындарда айтылатын сөздер, олар саяси сөздер деп аталады. Екіншісі – мадаққа, ескерту мен айыптауға негізделген, шешендердің аузынан шығатын сөздер, олар – риторикалық сөздер делінеді. Үшіншісі – қарапайым адамдардың аузынан шығатын сөздер, олар – тұрмыстық сөздер деп аталады. Төртінші – сұрақ-жауапқа негізделген сөздер, оларды – диалектикалық сөздер дейді. Бесіншісі – қолөнершілер мен іскер адамдардың арасында қолданылатын сөздер, олар – іскерлік сөздер деп аталады. Платон Шешендік алты түрлі болады. Біреумен одақ құру немесе майдандасуға шақыратын шешендік – сендіру деп аталады. Соғыс пен одақ құрудың орнына байсалдылыққа үндейтін шешендік – тыныштыққа шақыру деп аталады. Шешендіктің үшінші түрі – айыптау. Төртінші шешендік – қорғану. Бесіншісі – мадақ. Алтыншы шешендік – əшкерелеу деп аталады. Платон Сөздің дұрыстығы төрт түрге бөлінеді: керектіні айту, қанша керек болса сонша айту, кімнің алдында айтуды білу жəне қай кезде айтуды аңғару. Керектіні айту деп – айтушыға да, тыңдаушыға да тиімді етуді айтады. Қанша керектігін білу – жетерлік мөлшерден асып кетпеу. Кімнің алдында айту – жас пен кəрінің, білім деңгейі əртүрлі адамдардың алдында дұрыс сөйлей білу. Қашан айту – уақытынан ертерек айтылған сөз мақсатқа жеткізбеуі мүмкін, сондай-ақ кешігіп айтылған сөз де мəнін төмендетеді. Платон Істі сөзіне қарап бағалама, сөзді ісіне қарап бағала. Өйткені іс сөзбен əдемілеу үшін жасалмайды, сөз – жақсы іске қызмет етеді. Мисон Тілің ойыңның алдын орап кетпесін. Клеобул Сенің сөзіңді сөйлегенді емес, сенің дұрыс айтылмаған сөзіңді дəлелдеп сөзіңе қарсы болғанды сенімді серік ет. Исократ Айқындық – сөздің ең басты құндылығы. Аристотель Айтылмаған сөздердің мағынасы терең. Менандр Лақтырған тасты қайтарып ала алмайтының секілді, айтылған сөзді де кері шақырып ала алмайсың. Менандр Сөзден күшті ештеңе жоқ. Менандр Ақылды сөз мұңды емдейді. Менандр Сұраққа жауап берудің үш жолы бар: керектіні айту, жылы шыраймен жауап беру жəне артық айтпау. Плутарх Тыңдай біл, сонда сен нашар сөйлейтіндерден де пайда табасың. Плутарх Үндеме тілім, айтатын сөзің болмаса. Овидий Бүгін айтылуы тиіс сөзді ғана бүгін айт, қалғанын кейінге, уақыты келген сəтке қалдыр. Гораций Сөзде де, үнсіздікте де шаманы біл. Сир Публилий

Ең пайдалысы қобалжымау жəне адамдармен аз сөйлесу, өзіңмен көбірек сөйлес. Сенека Ойлағанды айту мен айтқан сөзіңе ойың сай болуы сіздің өзіңізбенөзіңіз келісімде өмір сүретініңізді көрсетеді. Сенека Ауыз – ақылдың қақпасы. Егер оны көп аша берсең, ақылың сыртқа шығып кетеді. Хун цзы чен Інжілден: Алдымен сөз болған... Кабуснамадан: Барлық өнерден сөз өнері жақсы. Өйткені басқа жан-жануарлардан адам баласы он түрлі қасиетімен артық. Бұл абзал қасиет тек адамның бойында ғана бар. Оның бесеуі сыртқы тəн жүйесінде болса, бесеуі ішкі жан дүниесіне жасырынған. Ішкі жан дүниеде: жаттап алу, оны ұзақ есте сақтау, қиялдау, ажырата білу, сөз сөйлеу, көру, иіс білу, дəмін тату, тітіркендіргіш сезімдер болады, бұл қасиеттер басқа жануарларда да бар, бірақ адамдағы қасиетке тең келе алмайды. Сондықтан да адамзат басқа жан-жануарлардың үстінен ұстемдік құратын падишасы. Адамзаттың ең абзал қасиетінің бірі – сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді əдет қылғайсың. Өйткені қандай сөзді айтуды əдеттенсең, тіл соны айтады. Сөзді өз орнымен сөйле. Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да, жаман көрінеді. Орынсыз айтылған сөз опық жегізеді. Егер сөйлеген сөзіңнен бір нəрсенің пайдалы исі сезіліп тұрмаса, ондай сөздің айтылмағаны жақсы. Кабуснамадан: Жалған сөйлеме, сөйлесең шындықты сөйлеп, туралықты айтумен атағың шықсын. Кейбір өте қажетті жағдайда айтылған жалған сөзіңе жұрттың сенуі мүмкін, бірақ сен оны əдетке айналдырмай, əрдайым айтқан сөзің шындық болу керек. Жұрт сенбейтін шындықты да айтпағаның жөн. Жалғанға ұқсаған шындықтан, шындыққа ұқсаған жалған жақсы. Өйткені ондай жалған сөзге жұрт сенеді, ал жалған сияқты шындыққа ешкім сенбейді. Кабуснамадан: Адам – үш түрлі, сөз – төрт түрлі болады. Адамдардың бірінші түрі – біледі жəне білген сайын білгісі келеді, бұлар ғалымдар тобына жатады. Бұлардың айтқанына тəнті тұру керек. Екінші түрі – біледі, біле тұра білмеймін дейді. Бұлар ұйқыдағы зұлымдар, олардан сақ болған жөн. Үшіншісі – білмейді жəне білгеннің тілін алмайды. Олар – ессіз надандар. Бұл сияқтылардан аулақ жүру керек. Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі – білуге де айтуға да қажеті жоқ сөздер. Екіншісі – білуге де, айтуға да қажетті сөздер. Үшіншісі – білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер. Төртінші – білу керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер. Негізінде, дүниенің бар жақсылығы – айту жəне білу үшін қажетті сөздерге тəн қасиет. Бұл сөздер дүние үшін пайдалы болып, айтушыға да, тыңдаушыға да мəн-мағынасымен əсерлі болуы тиіс. Төрт түрлі сөздің ең абзалы – білуге де, айтуға да қажетті сөздер. Бұл төрт түрлі сөздің екі жағы бар. Біріншісі – сұлулығы мен мəнділігі, екіншісі – өңсіздігі мен мағынасыздығы. Халық алдында сөйлеген сөзің сұлу болып, оны жұрт ықыласымен тыңдасын. Сөз өнерін меңгеріп, биік дəрежеге көтерілгеніңді жұрт сөйлеген сөзіңнен білсін. Халық адамның қандай дəрежеде екенін сөйлеген сөзі арқылы біледі, керісінше, сөз дəрежесін адам арқылы білмейді. Өйткені əр адамның шама-шарқы өзінің сөйлеген сөзінің астарлы мəнінде жасырын жатады. Айтылуға тиісті бір сөзді тыңдаушының көңілі қиырда да, раушанда болатындай мағынамен айтуға болады. Кабуснамадан: Сөздің құнын дұрыс бағалай біл. Өйткені сөз жай нəрсе емес. Білген сөзіңді өз орнына қойып, уақытыңды босқа өткізбеуге тырыс. Уақытты босқа өткізу – даналыққа ажал жеткізумен тең. Əрдайым шындықты сөйле, мəнсіз сөз айтуға əдеттенбе, білмейтін ілімнен сөйлеп, нан талап етпе. Қандай талап болмасын, тек білетін ілім-өнеріңмен ғана жүзеге асады. Білмейтін ілім, өнерді білемін деуден бос азаптанудан басқа түк те шықпайды. Кабуснамадан: Əліңнен аспа, асып-тасуды сұмдық істің басы деп түсінгейсің. Əрбір істе орташа болған жөн. Сырыңды өзіңнен басқа ешкімге де айтпағайсың, ал біреуге айтқаннан соң оны құпия деп есептеме. Топ ішінде біреуді оқшау шығарып сөйлесу, немесе құлағына сыбырлап сөз айту жақсы əдет емес. Ондай сөзден адамдар күмəн етеді. Өйткені көпшілік бір-біріне күмəншіл келеді.

Əрбір сөзге құлақ сал, жеңілтектіктен сақтан, ойланып сөйле, ал ойсыз айтқан сөзіңе өкінбегейсің. Алдын ала ойлану – асыл қасиет. Əр түрлі сөзді тыңдаудан қиналма. Өз қажетіңе жарасын, я жарамасын тыңдаудан жалықпа. Қалайда өзің үшін сөз қақпасы ашық болып, пайдалы сөздің қайнар бұлағы таусылмасын. Суық сөз сөйлеме. Суық сөз де, мысалы, бір арам шөптің ұрығы сияқты, одан дұшпаның пайда болады. Дана болсаң да, өзіңді наданға сана, сонда ғана саған өнер дарбазасы əрдайым ашық болады. Егер сөз өнеріне жетік болсаң да, сөз құрылысын бұзбай, қаз-қалпында, дұрысын айтқанда, бір қалыпты ырғақпен сөйле. Қызметкер адамдармен қарапайым сөзбен сөйлегін. Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға, тыңдаушының жүрегіне қонымды, жеңіл болсын. Егер сен сөйлегенде бұл тəсілді қолданбай, айтар сөзіңді бар ықыласыңмен дəлелдегеніңмен, жұрт оны тыңдамайды. Сөз үйренуден жиренбе. Көп біліп, аз сөйле. Аз біліп, көп сөйлеме. Көп сөзділік – ақылсыздық нышаны. Аз сөйлеу – сау-саламаттыққа да тəн қасиет. Көп сөздіні қанша дана болғанымен, жұрт ақылсыз деп есептеп, керісінше, сөйлемей отырған ақылсыз адамды ақылды жан екен дейді. Егер сен өзің адал жанды болсаң жаман істен бойыңды таза ұстаған жағдайда да өзіңді өзің мақтама. Сөйлегенде əрбір сөзің нысанаға дөп тисін. Кабуснамадан: Халифа Харун Рашид бір күні түс көріп, түсінде аузындағы тістері түгелдей түсіп қалады. Ерте тұрып түс жорушыны шақырып, түсінің мазмұнын айтады. Түс жорушы: «Ей, əміршім, сенің жақын ағайынтуыстарыңның бəрі өліп, сенен басқа ешкім де қалмайды екен», – депті. Харун Рашид: «Менің бетіме баттитып қайғы толы қаралы сөз айтуыңа жол болсын? Егер менің бар ағайын-туысым қырылып қалса, мен қайтіп күнімді өткізбекпін?» деп, түс жорушының жонына жүз дүре соғуды бұйырады. Түс жорушының өзге біреуін шақыртып алып, көрген түсінің мазмұнын айтып, түсімді жорып бер дейді. Түс жорушы: «Ей, əміршім, барлық ағайын-туысқандарыңнан сенің өмір жасың ұзақ болады екен», – дейді. Харун Рашид: «Жалпы ақылдың жолы біреу-ақ, екеуінің де жоруы бір жерден шықты. Бірақ алғашқы жору мен соңғы жорудың парқы аспан мен жердей», – деп, Халифа кейінгі түс жорушыға жүз ділдə беруді бұйырады. Көп сөйлеме, тілді бағып, аралас, Көп сөйлеген сөзде қадыр қалар аз. Күллі сөзді сөз деп тілден шығарма, Көніп, сақтап керегін айт ұғарға. Ақылдыны көрдім өзі аз сөйлеп, Өкінгені сөзім айдын көп қой деп… Жүсіп Баласағұн Текті сөз бен тəтті сөз, екі басқа білгенге, Кейде ащы сөз тəтті де, тəттісі удай тілгенде. Жұрт ішінде аузыңды бақ, лепірме, Кісі үйінде көз қадірін кетірме… Ойлап бастап, сайла тілдің тиегін, Қысыр сөзге қышымасын иегің. Жалған сөздің сезілмесін лебі де, Жүзің жанып, қор боларсың теңіңе. Дос, туғаннан лебізіңді аяма, Кіші, үлкенді жылы жүзбен аяла. Жүсіп Баласағұн Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін, Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін. Жүсіп Баласағұн Сөз қуаты шығарар ел төріне, Қара жерден самғатар ең көгіне. Сөзің ессіз шықса, басты тіге бер, Биік көктен – жер түбіне жіберер! Біл, аз сөз сол, сұрағанда – байыптап, Сөзге сөзбен жауап берсе лайықтап. Көп сөйлеме, көбірек сөз тыңдағын, Ақылмен айт, білікпен сөз түз-дағы. Көп тыңдай біл, аз сөйлеп тез түсіндір, Ниет қойып, ой мен сезім күшін біл! Ұлықтарды тыңдап, түйіп жадыңа, Кішілерге дарыт, жетсін бағына. Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл, Ізгі ойларды əз жүрекке жалғай біл! Аз сөйлеген мылжың, дана болмайды, Көп тыңдаған халық ойын толғайды. Білікті жан – тілін білім билеген, Түкті сезбес текке тілін білеген!.. Жүсіп Баласағұн

Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен. Йүгінеки Ей, достарым, лəззаттанып мақтанба Жалған сөйлеп, жайбарақат жатқанға. Жан алушы бір күні есік қаққанда Еш пайда жоқ салғанменен ойбайды. Қожа Ахмет Иасауи Білмесіңе пікір айтпау – қарапайым заңдылық: Бос сөзіңнен үнсіз қалу əлдеқайда таң қылық. Насыр Хисрау Адам сөйлемейінше, оның дарыны мен кемшілігі белгісіз болады. Саади Үндемесем – өзіме өзім төремін, үндесем – сөзім өзіме төре. Саади Сөз бар болғаны гүл ғана, ал іс – сол гүлден түйнеген жеміс. Əл-Харизи Зерек зейіндіге – бір сөз, ерен пайымдыға – жалғыз ишарат та жеткілікті. Имам Ғаззали Сырдың сандығы – көңіл, кілті – тіл; көңіл сандығын жақсы сақтамаған жəне тілін тыйып ұстамаған кісі – ақымақ. Ризоуиддин ибн Фахруддин Өзбек мақалы: Сөзден бұрын сəлем, істен бұрын ынтымақ. Сөзбен айтып өлтіруге де бола ды, мылтықпен атып өлтіруге де болады. Қазыбек би Уақыт өтеді, бірақ айтылған сөз қалады. Лев Толстой Өзіңе айқын нəрсе туралы ғана айт, əйтпесе үндеме. Лев Толстой Неғұрлым аз сөйлесең, соғұрлым көбірек жұмыс істейсің. Лев Толстой Сөнген ойды жандыруға, Жан берерлік сөз керек. Шəкəрім Бай болмаған бай болса, Жайламаған саз қоймас. Би болмаған би болса, Басын шалмаған сөз қоймас. Сөз қадірін білмесе, Байдан байлық көшеді. Сөз қадірін білмесе, Биден билік көшеді. Бөлтірік шешен Сөзден тəтті нəрсе жоқ. Сөзден ащы нəрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нəрсе жоқ. Сөзден ауыр нəрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады. Бөлтірік шешен Жатқа сөйлеме, Жаманға сөйлеме, Асырып сөйлеме, Батырып сөйлеме. Жасқа сөйлеме Масқа сөйлеме, Ұрыға сөйлеме, Қарыға сөйлеме, Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс. Жаманға айтқан сөзден Жақсыға айтқан сөз дұрыс. Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс. Ойсызға айтқан сөзден, Ойлыға айтқан сөз дұрыс.

Айтылмай қалған сөзден Айтылып қалған сөз дұрыс. Сөйлемес жерді білсең Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең. Бəрінен де сол дұрыс. Олай болмаған жерде Қанша асыл деме Сөзіңнің алды бұрыс, Арты – ұрыс. Бөлтірік шешен Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле. Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді. Бөлтірік шешен Бидайдан наның болмаса Бидайдай сөзің болмас па?! Халық даналығы Сөйлей білмейтін адам мансап биігіне көтерілмейді. Наполеон Сөздің күші – ойдың күшінде. Баста болмаған нəрсе, тілге де оралмайды. Николай Грибачев Адамдардың шын сезімін тануға тырысқан кезімде, мен құлағымнан гөрі өз көзіме көбірек сенемін, өйткені адамдар менің еститінімді ескеретіндіктен, сөздерін таңдап айтады, бірақ оларға өздері көрсеткісі келмейтін нəрсені менің көруіме бөгет жасау өте қиынға түседі. Честерфильд, ағылшын жазушысы Саған көмектесер сөзді өзің айта алмайсың. Эфиопия мəтелі Сөйлей білуді үйренбеген карьера жасай алмайды. Наполеон Атылмаған оқтан айтылмаған сөз жаман. Мұхтар Əуезов Қазақ сөзі: Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Бос сөздерді алып тастауға кеңес беремін. Николай Рерих Сөзіңді қанша түрлендіріп айтқанмен, бəрібір, ар жағында не жатқаны көрініп тұрады. Ральф Эмерсон, американ философы Француз мəтелі: Францияның ең əдемі қызының өзі тек өзінде барды ғана бере алады. Ақылсыз сөз адыраңдап алда жүреді... Ақылды сөз алшаңдап артынан келеді. Əзілхан Нұршайықов Сөз тек қарым-қатынас құралы емес. Сөз – адамзаттың ең ғажайып жетістігі. Оның қасында Христофор Колумбтың құрлық ашқаны жəй ғана көрініс. Ендеше сөзге абай болайықшы... Ділдə Матайқызы Сөз – адамның ақыл-ойының, көзқарас көкжиегінің, парасат-пайымының дыбысталу түрі. Бір ауыз сөзден дүние бүтінделеді де, бүлінеді де. Жалпы дұрыс қолдана білсе, сөзде магиялық қасиет басым. Жақсы сөз – бұлттан шыққан күндей боп көңілді жадыратады. Жаман сөз – жаныңа мұң құйып, қабырғаңды бір-бірлеп сөгеді. Сөз – оқтан да тез, қылыштан да өткір. Сөз – мамықтан да жұмсақ, майдан да тəтті. Ділдə Матайқызы Жақсыны даттап – жоқ қылдық, Жаманды мақтап – көптірдік. Қанденге қасқыр алғызып, Құмайға тышқан соқтырдық. Жалғанның жалған екенін, Қос мүшел жасқа кеп білдік. Əрненің айтып əділін, Білейік сөздің қадірін:

Бүгін бар, ертең жоқ тірлік! «Көз құрты, көңіл – қос арсыз, Дініңіз болса бос, əлсіз, Дүние боққа бой ұрып Ұятты қылық жасарсыз». Көз құрты көңіл – қос арсыз Қалмасын бір сəт назарсыз. Дүниеден бойды тез жидым, Бөз жимай, асыл сөз жидым, Дүниеде сөз ғой ажалсыз! Əубəкір Смайылов Сөз – білдірмей мүжиді. Пауло Коэльо Дүние – теңіз тербесін толқын болып, Тулатқан тіршілікке серпін беріп. Сөзіңде тұр, уəде берсең əр уақытта Жігіт бол орындайтын сертін берік... Қ.Нақысбеков Халық сөзі: Өнер алды – қызыл тіл. Қазақ мақалы: Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді. Рашид-ад-дин жазып қалдырған Шыңғысханның өсиеті: Əр тайпа өз тілінде сөйлей берсін. Оны менің тілімде сөйле деп зорламайық. Əр құсты тəңір жаратқан, əрқайсысы өзінше сайрайды. Егер дүниеде тек қара қарға қалса қайтер еді, немесе, тек бүркіт, тек тотықұс қалғанмен қызық болмас еді. Ал күшіген ғана жайласа тіпті сорақы болар еді. Сөзді айттың ба, ол жақсы ма, жаман ба, əзіл ме, шын ба, бəрібір оны қайтарып ала алмайсың, сондықтан əр сөзіңді безбендеп өлшегендей салмақтап айт. Самарханға түйемен жүк тасып келе қалған біз түйекешке өзбек танысы «Үйге кір, қонып кет» деп болмапты. «Мақұл» деген түйекештің түйелерін ауласына біртіндеп кіргізіп байлап жатқан үй иесінің ұлы, тағы бірер түйеге байлайтын орын табылмай қалғанда: «Əдə (əке), мына түйелерді қайда байлайын?», – деп сұрапты. Сөйтсе үй иесі: – Тіліме байла, тіліме! – деген екен. Ең əдемі сөз – жүректен шыққан шын сөз. Рух тазалығы – аузымыздан шыққан сөзіміздің жақсы-жаманынан білінеді. Сондықтан, біз бала жастан тілімізді тəрбиелеуге міндеттіміз. Ішетін тамақтың тазалығына қалай көңіл бөлсек, аузымыздан шығатын сөзге де солай көңіл бөлгеніміз жөн. Ол үшін мына қағидаларды біліп, орындауға тиіспіз. – Айтатын сөзді жақсылап ойлап алып, содан кейін асықпай анық сөйлеу; – Біреудің көңілін қалдыратын, ренжітетін сөз айтпау; – Əңгімелесіп отырған кезде басқалардың сөзін бөлмеу; – Өзінен үлкен адамдардың алдында дауыс көтеріп сөйлемеу; – Бет-жүзді құбылтып, қолды сермеп, білгішсініп сөйлемеу; – Біреудің сыртынан жамандап, келемеждеп сөз айтпау; – Басқалардың сөзінен кемшілік іздемеу; – Көпшілік ішінде пайдасыз бос сөз айтпау; – Біреуді бетіне асыра мақтамау; – Қанша ашу қысқан кезде де жаман сөз айтпау; – Біреуді сендіру үшін құр сөзбен ант-су ішпеу; – Досының сырын басқаға əшкерелемеу. Міне, бұлар – тілді тəрбиелеудің негіздері. Ал, осылардың барлығының негіздері – тек шындығын айтатын тура сөзді болу. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халық даналығы. Жақсы сөз естісең жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді. Қалай сөйлеуді үйрену қаншалықты керек болса, қалай, қай жерде сөйлемеу соншалықты керек. Менің сөзім – менің уəдем. Сөзден таю – уəдесіздік. Екі құлаққа бір тіл келетіні екі есе тыңдап, бір рет сөйле дегені емес пе?!

Сөйлеушіден тыңдаушы бағалы. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді. Тіл ақылдың алдына түсіп кетпеуін қадағала. Түтін шыққан жерден от та шығады, айтылмаған сөз – түтін, одан от шығып кетуі мүмкін. Сөз мағыналы болу үшін, айтатын ой мағыналы болуы керек. Адам өз пікірін алдымен өзі құрметтеуі, айтылып, аяқсыз қалып қоятын сөзді айтпауы тиіс. Адамның айтқан əрбір сөзі мен жасаған əр ісі өзінің табиғатына, өмірлік принциптеріне сай болса, адамдар қалай ойлап қалар екен деп жалтақтағаны дұрыс. Егер ол іс мақұлдана қалар болса, іске берілген баға артық болып кетті-ау деп те қысылмағаны жөн. Сөз бен ақиқат екі түрлі болған кезде айтылған сөзден тез қайтқан дұрыс. Айтылған сөз түсініксіз болса, айтар ойдың түсініксіз болғаны. Ең əлді сөз – əділ сөз. Ой ұшқындарын өлеңдей өрнектеп қағазға түсіру де – ғанибет. Тілі ащыдан қорықпа, Тілі тəттіден сақтан. Əркім басындағы мың ойға емес, аузынан шыққан бір сөзге жауап береді. Кіммен болса да, қашан болса да, қайда болса да, қалай сөйлесуді біл! Дауысыңызбен, дикцияңызбен, сырт кел бетіңізбен адамдарды баурап алуға тырысыңыз. Ішіндегі ойын жасырамын деп те көп сөйлейтіндер болады, ештеңе ойламайды демесін деп те көп сөйлейтіндер болады. Көп сөйлеу мен көп айту екі басқа. Əпсана: Адамдық ақыл-парасат, шариғат, хадистерден мың сұрақ қойып, кім шешсе соған тұрмысқа шықпақ болған патша қыз Мəликенің барлық сұрақтарына жауап берген Əбділдəға Мəлике басын иген. Соның бірі: – Шыққан тесігіне қайтып сыймайтын не? – Бұл – жаман сөз, ауыздан шықты, қайтып кіргізе алмайсың. Мақтау сөздер адамның рухын топастандырады. Адам қандай болса, сөзі сондай. Тыңдай білу мəдениеті жоқ кезде сөйлеу дағдысы біздің бүгінгі күніміздің айқын да мұңды белгісі. Қытай, Үнді, Парсы жəнe Үрім eлдeрінің патшалары бас қoсыпты да: Əрқайсымыз мəңгі сақталуға лайық бір-бір ауыз сөз айталық, – дeсіпті. Қытай патшасы oтырып: Мeн айтқанымнан гөрі айтпағанымды кeрі қайтарып алуға eрікті eкeнімді білeмін, – дeпті. Үндістан патшасы: – Бірeу өзі туралы бір сөз айтса, oл сөзінің пайдасы өзінe тимeйді, ал сөзі бірeугe қарсы айтылса, өзінe зияны тиюі мүмкін, – дeпті. Парсы патшасы: – Сөз айтсам, oл мeні билeйді, айтпасам, сөзімe өзім қoжамын, – дeпті. Рум патшасы: – Мeн eшуақытта айтпағаныма қынжылған eмeспін, бірақ көбінeсe айтқаныма өкіндім, – дeпті. Мағынасыз, бoс сөз айтқаннан үндeмeгeн артық. Таным Панчатантрадан: Тау басына шығу ауыр, ал oнда қалып қoю мүлдe қауіпті.

Егер адам өз қалауларын қалдырып, құштарлықтардан босаса, онда өмірінің соңына дейін шаршау болмайды. Егер ол өзінің құштарлықтарына жол берсе жəне өз тірліктерімен болып кетсе, онда қасіреттен құтыла алмайсың. Ұсақты көре білу қырағылық деп аталады. Əлсіздікті сақтау құдіреттілік деп аталады. Терең мағынаны түсіну, адамдарды бақытсыздыққа итермелемеу – тұрақтылықты сақтаудың нақ өзі. Лао-цзы Сіз əлемде жақсы əсер қалдырғыңыз келе ме? Біріншіден, сіз жеке өміріңізді тəртіпке келтіріңіз. Сіздің мінез-құлқыңыз мейірбанды жəне тиімді болуы үшін бірыңғай принципті таяныш етіңіз. Егер сіз осылай жасасаңыз өте мықты əсер аласыз. Сіздің мінез-құлқыңыз өзгелерге шетен ағашының қалтылдақ тиімділігі арқылы əсер етеді. Ол əрбір адам тағы басқа біреулерге əсер ететін болғандықтан жұмыс істейді. Лао-цзы Кім өкшесін көтеріп тұрса, ұзақ тұра алмайды. Кім кең адымдап жүрсе, ұзақ жүре алмайды. Өзін жарық алдына қойғаннан ешкім де жарқырап кетпейді. Кім өзін-өзі мадақтаса, даңққа жете алмайды. Шабуылға шыққан жеңіске жете салмайды. Өзін-өзі көтермелегенмен басқаларға ағалық ету қиын. Мұның бəрі көңілдің артық қалауы мен пайдасыз мінез саналады. Ондайларды барлық жан иелері жек көреді. Лао-цзы Жүректі əуестікке барынша үйір етпеу керек, тыныштықты берік сақтаған жөн, сонда барлық заттар өз-өзінен өзгере бастайды, бізге тек олардың қайта оралуын сырттай бақылау ғана қалады. Өмірде заттардың əртүрлілігі басым, бірақ олардың бəрі өз бастауларына қайта оралады. Бастауға қайта оралу тыныштық деп аталады, ал тыныштық – негізге қайта оралу. Негізге қайта оралу тұрақтылық деп аталады. Тұрақтылық ілімі айқындыққа жету деп аталады, ал тұрақтылықты білмеу бұлғақ пен жамандыққа алып келеді. Тұрақтылықты білетіндер – жетілгендер; кім де кім жетіле бастаса əділетті бола түседі. Лао-цзы Міне, мыналар көне заманнан бірлікте келе жатқан нəрселер. Бірліктің нəтижесінде аспан таза болды, жер – мызғымас, рух – сергек болды, дала – гүлденді жəне барлық жан иесі дүниеге келе бастады. Бірліктің нəтижесінде патшалар мен атақтылар жер жаһандағы үлгілілерге айналды. Міне, бірліктің не жасайтыны. Егер аспан таза болмаса, ол қирар еді; егер жер бос болса, ол жарылып кетер еді; егер рух сергек болмаса, ол жоғалған болар еді; егер дала гүлденбесе, онда шөлге айналар еді; егер заттар пайда болмаса, құрып бітер еді; егер атақтылар мен патшалар бекзаттықтың үлгісі болмаса, олар орындарынан тайдырылар еді. Атағы жоқтар атақтыларға негіз болып табылады, ал төмен жоғарыға негіз. Сондықтан атақтылар мен патшалар өздері туралы өздері «жалғызбыз», «бейшарамыз», «бақытсызбыз» дейді. Бұлай болу себебі, олар атағы жоқтарды өздерінің негізі етіп алмайды. Бұл алдамшы жол. Егер күймені бұзса, одан ештеңе қалмайды. Ешуақытта өзін жарқырауық тас секілді «бағалымын» деп санамау керек, қайта қара тас секілді қарапайым болған абзал. Лао-цзы Өзгелер өзін қалай жетелейтінін білу үшін зиялылық керек. Өзін өзі білу үшін ақыл керек. Басқа адамдардың өмірін басқару үшін күш керек, менің өз өмірімді басқару үшін нағыз қуат керек. Егер мен өзімде барға қанағаттансам, мен қарапайым өмір кеше аламын жəне өрлеуіммен де, бос уақытыммен де рахаттанамын. Егер менің мақсатым айқын болса, оларға мен абыржусыз ақ жетемін. Егер мен өзіммен өзім бейбіт жағдайда болсам, онда мен өмірлік күшімді келіспеушіліктерге жұмсамаймын. Егер мен босанып шығуды үйренсем, маған өлімнен қорқудың керегі жоқ. Лао-цзы Бір нəрсені толтыру үшін тырысқаннан ештеңе жасамаған жақсы. Егер өткір бір нəрсені барлық уақыт пайдалана берсең ол өзінің өткірлігін ұзақ уақыт сақтап тұра алмайды. Егер үлкен бөлме алтын мен жарқырауық тасқа оранып тұрса, оны ешкім де сақтай алмайды, тұрған жерінде ескіреді. Егер байлар мен бағландар менменси бастаса, өз бастарына пəле іздегені. Іс біткен кезде адам шеттеу жүруі тиіс. Лао-цзы Конфуций туралы Янь Юаньның айтқаны: Қараған сайын биіктейді, үңілген сайын тереңін сеземін, түбіне жете алмаймын, бірде алдымда тұрғандай болып тұрып, бірде артыма

шыққандай, бірде жанымда сияқты, бірде ұзап кеткендей. Бəрін бірден ашып көрсетпейді, адамды еліктіріп əкетеді, көзімізді ашқандай, дəстүрлер мен рəсімдерді сақтай біледі. Күшім азайып бара жатса, маған жақындағанын сезінемін. Артынан көз жұмып ерейін десем, ере алмаймын. Кім де кім барлық нəрсенің бастауын танығысы келсе, онда: біріншіден, идеяларды айыра білуі керек – мəселен, ұқсастық, бірлік, көлем, қалып, қимыл дегендерді ажырата білуі керек; екіншіден, идеяның негізіне, өзімен-өзі өмір сүре алатын – сұлулықты, ізгілікті, əділеттілікті, т.с.с. қоя білуі керек; үшіншіден, білім, шама немесе билік секілді бір-бірімен қарым-қатынаста өмір сүретін идеяларды тани білуі тиіс. Платон Жаратылыстың ең көнесі – Құдай, өйткені оны ешкім тумаған. Ең əсем нəрсе – ғалам, өйткені оны Құдай жаратқан. Барлығынан үлкені – кеңістік, өйткені ол бəрін құшып тұр. Барлығынан тез – ақыл, өйткені ол бəрін орап алады. Барлығынан күшті – болмай қоймайтын іс, өйткені ол бəріне билік етеді. Барлығынан ақылды – уақыт, өйткені ол барлығын ашады. Фалес Құдай біздің өз ішімізде. Платон Себепті білу үшін, салдарды білу керек, салдарды білу үшін себепті білу керек. Секст Эмпирик Керек нəрсені емес, қажет нəрсені ал. Катон (үлкені) Көңіл қалауының бірі табиғи жəне қажетті, екіншісі табиғи, бірақ қажетсіз, үшіншісі – табиғи емес жəне қажетсіз деп бөлінеді. Табиғи жəне қажетті деп уайымды жеңілдететін, мəселен шөлдегенде су ішу, табиғи жəне қажетсіз деп қанағаттануды жетілдіретін нəрселер, мысалы мол дастархан айтылады. Табиғи емес жəне қажетсіз деп қаралы гүл, құрмет жансыз мүсіндері алынады. Табиғи қалау оны қанағаттандырмағанда ауырсынуға алып келмейтін болса, ол бос мерекеге құмарлықтан болады. Пиррон Пайдалыдан бұл өмірде керексіз көп. Феофраст Суды сүзгімен сүзбейді. Плавт Кейде көп жақ жақсы жақты жеңіп кетеді. Тит Ливий Көп адамдар сарқырап ағып жатқан суға кетіп бара жатқандай, тікенекті бұтақ пен үшкір тастарға жабысқандай жабысатын мына өмірден ешбір қиналыссыз айрылыса алатындай болуды күн сайын ойлан. Көп адам өлімнің қорқынышы мен өмірдің азабы арасында аласұрады: олар өмір сүргісі де келмейді, қалай өлуді де білмейді. Өз өміріңді тартымды ет, ол жайындағы барлық үрейді таста. Жоғалту əзір тұрмаса, ешбір игілік оның иесіне қуаныш əкелмейді. Сенека Келіңіздер, біздер көпшіліктің мақтағанынан рахат ала кетпеу үшін жанымызды таза ұстайық. Бізді көп адам мақұлдағаны сенің көп адамға түсінікті болғаныңнан шығар, оған несіне риза боласың? Біздің қадірқасиеттеріміз біздің ішкі дүниемізге қызмет етсін. Сенека Адамдармен өмір сүргенде, Құдай саған қарап тұрғандай бол, Құдайға қарата сөз айтқанда, сені адамдар тыңдап тұрғандай бол. Сенека Əрбір күніңді сол күн қатардың соңын алып тұрғандай, өміріңнің күнін аяқтап тұрғандай етіп шығарып сал. Сенека Барлық жерде боламын дегендер еш жерде де болмайды. Сенека Дəрілерді жиі ауыстыру ауруға ем болмайды. Түрлі дəрі жаққан жараның жазылуы қиын. Өсімдікті бір орыннан екінші орынға ауыстырып отырғыза берсең, жайқалып өспейді. Сенека

Біреулер өмірін аяқтауға тиіс кезде бастайды, кейбіреулердің өмірі басталмай жатып аяқталады. Сенека Кім қалың ұйқыға кете алмаса, қайдағы-жайдағылар түсіне кіреді, шырт ұйқыға кеткен адам өзін-өзі ұмытқандай болып ұйықтайды. Сенека Барлығын бұйрықпен жасаушы бақытсыз емес, сол ісін өз еркінен тыс орындағандар бақытсыз. Сенека Қайғы деген тез арада-ақ жеккөрінішті нəрсеге айналады. Біреудің өлгеніне қатты күйзелген адам – өзінің одан бұрын өлуі мүмкін екенін ойлап көрмеген адам. Өлген кісі кіші болсын мейлі, тағдыр өлімді кезекке қарап келтірмейді. Біз ылғи өзіміз де, бізге сүйікті адамдар да өлетінін ойлана жүру керек. Сенека Кім өзінің өмірін жек көрсе, өзгенің өміріне қожайындық жасайды. Сенека Аштық пен шөлге шыдай алмай, өзіңе үстірт қарайтындардың есігінен қарама, қабағын түйе жақтырмай қарағандар мен сəлеміңді жек көргенін жасырмай алатындарға барма. Сенека Денесін шынықтыратын адамдар көп, жан-дүниесін жетілдіретіндер өте аз. Сенека Кездейсоқ нəрсе бізді жақсы ете алмайды. Сенека Білсең де, білмесең де солай болатын болса, болмай қоймайтын нəрсені алдын-ала білудің керегі не?! Сенека Ал, біреу сараңдық жасаса, біреулер орынсыз шашуға құмар, оларды қайтеміз. Əсем көлдердің жағалауын менің үйім сəндендіріп тұрсын дейтіндер, сəн-салтанатқа құмарлар неге көп? Соншама көп ұйықтайтын бөлмелер кімге керек? Соның біреуінде ғана жатпай ма адам? Сенека Біреуге бір нəрсе айтқанда, оны өзің де есітетініңді, жазғанда оны өзің оқуға тиіс екеніңді ұмытпа? Сенека Посидонийдің «құйылған темірді ақылмандар жасап шығарды» дегенімен келісе алмаймын. Темір мен мысты ақылдылар емес айлалылар тапқан. Өйткені ондай заттарды табу үшін оны бағалай білу керек. Сенека Өмірге құштарлықтан да құтыла жүру керек: ақыры болмай қоймайтын нəрсе болмай қоймайды. Сенека Дүниеден өтер сағатың соққанда қорықпа: ол сенің жаныңның емес, тəніңнің соңғы сағаты. Табиғат бізді кетерде келген кезіміздегідей тонайды. Əкелгеніңнен көп нəрсе əкете алмайсың, қайта өмірге ала келген нəрсеңнің біразын тастап кетуге тура келеді. Сенің соңғы күнім деп қорқып жүрген күнің – сенің мəңгі өміріңнің туған күні. Сенека Дауылдан алдын найзағай жарқылдайды, ғимарат құлар алдында қабырғасында жарықтар пайда болады, өрт болғанда алдымен түтін иісін сезесің. Сенека Адамды басқа біреуді өлтіруге итермелейтін – үміт, қызғаныш, жек көру, қорқыныш, жаны жаратпау. Сенека Жаза күткен жазаға ұшырайды, ал ол жаза лайықты болса, онда келмей қоймайды. Ұсталмаған айыптының өзі ұсталып қалар ма екенмін деп уайыммен өмірін өткізеді. Сенека Тобырдан дұрысырақ өмір сүру үшін бəрін жасауға тиіспіз. Сенека

Қыста жаурайсың, жазда ыстық, теңіздегі тыныштықтан кейін толқындар көтеріледі, кезектесіп желдер соғады, түн күнді алмастырады, мəңгіліктің өзі қарама-қарсылықтардан тұрады. Сенека Майдалардың арасында жүрсең, ұсақтайсың. Ал ірілердің арасында өзің де өсесің. Гете Адам өз танымында биікке көтерілген сайын оған алыс жатқан көкжиектер көрінеді. Радищев Тұрмыс салтына арналған ұсыныстар: – Адамзат қол жеткізген бар жақсыны сақтау; – Адамдар мен заттарға тəуелсіз болғанды ұстану; – Басқалардың қайғысына ортақтасу; – Көңіл көтеру мен оңаша болуды кезектестіріп отыру; – Жұртпен бірге əрекет етіп, өмірдің рахатына тұшыну; – Жағдайдың өзгеруін билеп алу; – Əрекетті, рахаттану мен пайымдауды ұштастыру; – Алаңсыз, рахаттанып өмір сүру; – Сабырлы, төзімділікпен күту; – Өзіңнің табандылығыңнан таймау; – Ішкі өмір туралы ойлану; – Жиі еркін қылықтар; – Ғарыштық мақсаттарға бағыну. Чарльз Моррис, американ психологы Адамдар тағдыр деп жүрген нəрсе, шын мəнінде, олар жасаған ақымақтықтардың жиынтығы ғана. Шопенгауер Əрбір ірі қасірет, тəндікі не жандыкі болсын, біздің өзімізге лайық; егер біз оған лайық болмағанда, ол қасірет бізді қуып жетпеген болар еді. Шопенгауэр Жеті жетіні білгенді адам дейді: жеті ата, жеті ру, жеті жарғы, жеті құбыла, жеті жақсы, жеті жаман, жеті жетім. Жеті жақсыны ұмытпа: ақыл, талап, білім, мал, кісілік, кəсіп, сөз. Жаның жеті жаманнан аман болсын: күншілдік, кекшілдік, астамшылық, сараңдық, қараулық, бəлеқорлық, ынсапсыздық. Жеті жетімді аяла: жауын жаумаған жер, басшысы жоқ ел, елінен ажыраған ер, аққу-қазы жоқ көл, тыңдаушысыз сөз, киілмей тозған тон, қатарлары жоқ шал. Бөлтірік шешен Кез келген таным ақыл үшін əрдайым пайдалы, өйткені ол пайдасыздан арылтып, жақсыны сақтай алады. Леонардо да Винчи Жай жүргенде бəрі де ат, Шапқанда шама білінер. Шораяқтың Омары Жерді орнында ұстап тұрған үш күш: ой, іс, ниет. Жозеф Жубер, француз ойшылы Таным теңіз сияқты: кім су бетінде тырбаңдап шолпылдатса, сол көбірек шу туғызып, артық дабырасыз тереңнен інжу іздегенге қарағанда өзіне көбірек назар аудартады. Ирвинг Ішіне ой сақтай алмайтын адам ешқашан үлкен іс тындыра алмайды. Карлейль Егер сен жолыңда кедергіге кездеспесең, онда сен қалыптасқан жоқсың. Оны алтынға сатып ал. Жапон даналығы Шың басынан алға апаратын жол тек төменге қарай кетеді. Төле би Мен өлімнен қорықпаймын, Одан биік нəрсе бар... Лермонтов Бір адам басқа бір адамға бір тамшы жылудан басқа не бере алады? Жəне бұдан артық не болуы мүмкін?! Эрих Мария Ремарк

Ұшқын тудыру үшін алапат жарықты сіңіру керек. Сухомлинский Жан жалқаулығы – қауіпті нəрсе. Өз жаныңа үңіліп, онда осы қырсықтың ұрығы жоқ па екен, соны байқа. Егер бар болса – лақтыр оны, оның тамыр жаюына жол берме. Жан жалқаулығы – адамға деген немқұрайдылық. Сен үлкен қаланың көшесінде келе жатып, көп адамның ішінен көзінде қажу мен торығу мұңы ұялаған кісіні көргенде жаның селт етпесе, біреудің қайғысын сезіне білмесең, адам жанын – осы бір қайталанбас əлемді түсінбесең, онда сен де осы аурудың – жан жалқаулығының алғашқы белгілері бар. Өзіңдегі осы ауруды жеңе біл. Айналаңда болып жатқан нəрселерге ой көзімен қара. Адамды көріп, сезіне білуге үйрен. Өзіңді қоршаған дүниедегі ең бастысы адам екенін ұмытпа. Егер өзіңдегі бұл ауруды о баста жеңе алмасаң, онда өз əйеліңнен адамды көріп, сезе алмайсың, сұлулық пен ізгілік еге алмайсың, сондықтан өз балаларыңды дұрыс тəрбиелей алмайсың. Сухомлинский Үш фактор туралы ұмытпаңыз: қорқыныш, батылсыздық, күдік, олармен белсенді күресіңіз. Оскар Уайльд Шеңберді айналсаң, тығырыққа тірелмейсің. Перлюк Биік таудың басында ештеңе өспейді, бірақ төбесіне шықсаң көп нəрсені көресің. Пришвин Ыстық пешке бір отырып қойған мысық қайтып ыстық пешке отырмайды. Суық пешке де. Марк Твен. Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны алуға тырыспаған əлдеқайда адамшылық. Марк Твен Не тапты қазақ Құлагерді ұрып жыққаннан. Əбділдə Тəжібаев Бабаңнан жүз жас үлкен бол, Балаңнан жүз жас кіші бол. Мұзафар Əлімбаев Сұраушының сүйген асын кім берер? Мұқағали Жаппай бірдейілік əспеттелген кезеңде Даралық атаулы мансұқ етілді. Айырықшалық атымен ғайбатталды. Айырықша икем, айырықша ықылас, айырықша қабілет, айырықша ыждаһат, айырықша қасиет атаулы түгел жоққа шығарылды. Əбіш Кекілбаев Бір топ жазушысы бар елдің ұлттың рухани қазынасын жасай алмай тобыр болып жүргенінен артық қорлық жоқ. Г. Маркес Мұңсыз адам – құнсыз адам. Анна Ахматова Рухани жолдан өту үшін де ержүректік керек. Махатма Ганди Өмір мейрам емес, онда əрдайым көңілді бола бермейді. Андрей Тарковский Таным жолы түнектен жарыққа қарай жылжумен келеді. Бұл үрдістің кері болатын кездері де бар. Оның себебі əр алуан: сыртқы дүлей күштің əсері, ішкі кембағал-кеңкелестік, тосын зобалаңдар (індет, жұт, табиғат апаттары, т.б.). Осылардың ішінде халық санасының өресіздігі, кемқадам ой-ниеттің əуезе болуы ұлттың тарихи тағдырындағы қасіреттің зоры. Біз қазір тарихтың тағдыр-талайымызға жазған ең бір күрделі кезеңіне шықтық. Бұл кезең халқымызды бір сападан екінші сапаға көшіретін өткел сияқты. Халқымыздың мыңдаған жылдық тарихи тəжірибесін, мəденирухани қазынасын қаншалықты шалымдылықпен өткелектен өткізе алсақ, біздің болашақ дамуымыз сол деңгейден көрініс табады. Бұл ретте, қазақ халқы үшін XX ғасыр ең сыны мол ғасыр болып отыр. Сол сынның ең зоры мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тіліміз бен ділімізді, дəстүріміз бен мəдениетімізді алдағы ғасырлар керуеніне ілестіру. Кедергі көп, жол ауыр. Осы орайда өз ішімізде жүрген ойы жат, талғамы бөлек, танымы

бөтен əлеуметтік лектің қаулап келе жатқаны алаңдатады. Олар өз асылын танымай, өзгенің талғамын тəу етіп, танымын пір тұтады. Бұл саладағы тындырар істердің мəнділігі соншалық, мұны республикамыздағы ағартушылық жұмыстардың ең өзектісі деседе болғандай. Ақселеу Сейдімбек Даңқ деген көлеңке сияқты, бірде алдыңда, бірде артыңда жүреді. Қадыр Мырза-Əлі Қалыпты тіршіліктің илеуіне көну – көптің көріп жүрген ісі, ал қарсыласу, қалауың бойынша əрекет – санау лы лардың ғана еншісіне тиген шаруа. Жомарт Əбдіхалық Аспан кең ұшам деген қанаттыға. Несіпбек Айтұлы Шəуілдек қанденді бульдогсың деп қайта-қайта көтермелей берсең, шынымен бульдог шығармын деп қалады. Евгений Евтушенко Мұхамеджан Тынышбаевтың жазбаларынан: Осы біздің ел Тоқтамыс ханды жамандағанын да қоймайды, көрсе бас ұрып, тоңқайғанын да қоймайды (ел аузындағы сөз). Ұрпаққа айтар алты өсиет: – Деніңді таза ұста; – Ниетіңді дұрыста; – Алған қарызыңды қайтар; – Аманатқа адал бол; – Ағаш ек; – Адал кəсіп қыл. Тауықтың бір күні бір күніне ұқсас. Оның жалғыз-ақ проблемасы бар – бөтегесін толтыру. Жай адамдар үшін бұл өмірдің мəн-мағынасы үш-ақ сөзден тұрады: денім сау болса, асым жетерлік болса, отбасым аман болса. Жетілу жолындағы адам мұны басқаша құрайды: өмір сүрсем, өмірдің мəнін танысам жəне сүйікті болсам. Өмірдің өзі – роман. Тек айналаңа жіті көз жүгіртіп, болып жатқан құбылысқа зер сала біл. Өмір қарызға берілген нəрсе сияқты, қандай қарызды болсын, қайтаруды ұдайы есте сақтау керек. Құрғақшылық кезде жыртқыштар мен шөпқоректілер бір суаттан су ішеді. Эйнштейн өз заманында он өсиетке он бірінші өсиет қоспақ болыпты: «Қорықпа!» деген. Қорқыныш көп. Дұрыс жүрмей қалдым ба, дұрыс бұрылмай қойдым ба, дұрыс айтпай қойдым ба, мойынымды сындырып алмасам болар еді деген сияқты. Өмірдегі бар сыйды алып болып, өлгенде аты өшіп жатқандар бар. Өлгеннен соң аты мəңгілік қалатындар көп емес. Өмір сүрудің екі философиясы: 1) өмір сүру – көп асылдан айрылу, 2) өмір сүру – ең асылыңды табу. Тобырға байқалтпастан шұқылайтын қоқыс таратып беріп, сыртынан қарап тұру, олардың қоқыстың көңірсіген иісін шығарып, соны қызықтағанын бақылау оп-оңай, бірақ қоғамның жағдайы одан ешбір өзгеріп кете қоймайды. Ұлы адамдар үлкен топқа кіруден қашпайды, он-он бес адам отырған жерде отыруға құмартпайды, өйткені – аз адам жиналған жерде тұлға жоғалады, себебі – əркім өз көңілінде өзін ешкімнен кейін санамайды. Адам – пенде. Штраустың замандасы Тосканини деген ұлы дирижерден қалыпты деген мынадай сөз бар екен: «Композитор Штраустың алдында мен цилиндрімді аламын, адам ретінде Штраустың алдында цилиндрімді қайта киемін». Бір итті қабырғасының бəрі жалтыраған айнамен қапталған бөлмеге кіргізіпті. Көп итті көрген ит оларға тісін ақситса, олар да тіс ақситыпты. Ит ырылдап ұмтылса, айнадағы иттер де ұмтылыпты. Сөйте-сөйте ит айнадағы көп итпен айқасқа түсіп шаршап өліпті. Көңілдегі сайтанды құртуға немесе қуып шығуға, оны ұдайы басып озуға немесе жеңуге тырыспаған жөн. Оны махаббатпен де жеңуге болады. Отырып қалған қыздар қашан күйеуге тиемін, қашан бала туамын деп ойланып, уайымға түсіп, күдер үзе бастаса, арманының орындалуына өзі

кедергі жасайды. Бүгінгі күніне қуану, сол күндердің қадірін білу мен содан рахат алу, менің де жұлдызды сағатым туады деп сену – болашақ армандардың орындалуына жол ашады. Қорқыныш пен сарыуайым қай істе де болашақты жабық етеді. Жазы ұзақ, əрі ыстық жерде аттың жұмыр тезегін домалатып, əлдебір жаққа алып кетіп жататын нəн қара қоңыздар болады. Өздері өте үлкен, көлемі алдындағы домалай-домалай жұп-жұмыр болған тезегімен шамалас. Қоңыз жайымен, өз табысын дөңгелете кетіп бара жатады. Өзге дүниемен шаруасы жоқ. Ешкімге зияны да жоқ-ау, сірə. Кейбіреулердің өмір сүру тəртібін сол қоңызға теңеймін. Жұмысқа бара ды, келеді. Берген айлықты үйіне əкеледі. Басқа ештеңемен шаруасы жоқ. Жұмыссыз отырмын деп те, жұмыс көбейіп кетті деп те шағынбайды. Бəрібір. Бұл – əдеттенуден. Бір қалыпты өмір, өзгермейтін тіршілік, бір келкі тамақтану адамды əдеттендіреді. Ештеңені өзгерткің келмей қала ды. Сондықтан əдеттенуден сақтанған жөн. Үй ішімен қарым-қатынаста да əдетте нуге бой алдырмаған дұрыс. Егер адам қателік жасап, сонысы үшін жазасын алмаса, ол адамның бойына өшпенділік жиналады. Өмір заңдылықтарының кейде адамның нашар қасиеттерінен де құралатын кездері болады. Қызметі ретсіз өсетіндер, мақталатындар мен марапат алатындар қалталылар мен ептілердің арасында лайықтылармен салыстырғанда көп кездесетін себебі сол. Біз кейде кейбір іске төрешілік жасаймыз, пікір айтамыз. Сол пікір арқылы біреулер баға немесе сый алып жатады. Бірақ, бəрі бекер, нағыз төреші – уақыт. Өмірдегі бар сыйды алып болып, өле сала аты өшіп жатқандар қаншама. Керісінше, кезінде бағасын ала алмағандардың кейбірі – мəңгілік. Өмірде сəйкессіздік көп, соның қарапайым ғана мысалы: ат – соғыс құралы, есек – бейбіт еңбек құралы, ат – қадірлі, есек – қадірсіз. Соғыста атты пайдалану баяғыда қойылды, қисын бойынша бейбіт еңбек құралы өзінің лайықты бағасын алуы керек, бірақ есек қадірсіз күйінде қалып қойды. Адам табиғатына жақсыға тез үйреніп кету тəн, үйреніп алған соң одан да жақсы болуды көздейді, олай бола қоймаса наразы бола бастайды. Пенделікке байланысты нəрселердің ешқайсысына табынуға болмайды. Танымның атасы – өзіңді-өзің тану, демек, күлудің атасы да – өзіңе өзің күлу, яғни, өзіңе-өзің сырт көзбен қарай білу. «Базарға бар да, бағыңды сына» деген сөз бар. Оны қарапайым ғана ұғыммен: базарға барып, затыңды саудалап көр, мүмкін саған тиімді болар деп түсінуге де болады. Мүмкін, бұл жерде тек сауда жасайтын базар ғана айтылып отырмаған шығар? Ойлап көрсек, шешенге – топ алдына шығып сөйлеп байқа, қызға – тұрмыс құрарда тиімді адамыңа жолық, маманға – білім мен білік жарысында бағаң қалай екенін байқа, мүмкін жеңіс қолыңда тұрған шығар, бағыңды сынап көр деп те айтылған сияқты. Одан да тереңірек ойлап қарасақ, сауда базарында да, өмір базарында да, барған кезіңде қанағатың мен қорқаулығыңды сына, адалдығың мен астамшылығың қандай, байқап қара, дегдарлық пен дүниелік бақ сынассын деп тұрған жоқ па екен?.. Өз бақыты үшін өзге біреуді бақытынан айырудың түбі бақытқа апармайды. Адамды еркінен тыс теріс əсерге итермелеушінің қиянаты да ізсіз қалмайды. Атом күші электрондардың қуатымен анықталатыны секілді, кез келген толқынның қуаты жеке адамдардың қуат-күшіне байланысты. Бабалар ерлігі мен елдігін, олардың үлгісін, ата-бабаның абыройын айтып мақтанарда, алдымен соларға лайық болуды ойлаған абзал. Кейде тобыр санасыз топқа айналады, сыртқы бір əсердің нəтижесінде жүгенсіз болып кетеді. Көкпаршылар мен «Битлз» көрермендері солай. Əрбір адамды Тəңірі өзгеше, біріне-бірі ұқсамайтын етіп жаратқан жəне олардың əрқайсысына белгілі бір қабілет дарытқан. Ал, ниет пен таңдауды адамның өзіне қалдырған. Теңсіздіктің қай түрі болса да күншілдік пен өшпенділікті тудырады. Кедей байды, надан ақылдыны, тоғышар білімдіні, көріксіз көріктіні күндейді, жек көреді. Егер адам төңірегіндегілерден ақылдырақ болса, ол өзгелерден ақылсыз болғанда қалай қолапайсыз көрінер болса, бұл жолы да солай қолапайсыз көрінеді.

Өмірде кездейсоқ бола кеткендей көрінетін нəрсенің бəрінде заңдылық бар. Ұқсас себептердің қорытындысы да ұқсас болады. «Иə, Тəңірі, менің дұшпандарыма саулық бер, ал маған төзім бер» деп шынымен сұрай алу дəрежесіне жеткен адам – жетілген адам. Дүниеге қызыға беру алдымен ұсақ, кейіннен ірілене беретін шығындарға ұшыратады. Мəселен, алдымен ақша жоғалту, ұсақ ұрлыққа ұшырау, машинаны ұрып алу болса, соңы ұдайы жолы болмау, үйін үптеп кету, өртке ұшырау, тіпті, баланың наркоман болып кетуі, кездейсоқ өлім секілді қайғыларға жалғасуы мүмкін. Қазақтың «Құдай, бергеніңе шүкір» дейтін тəубешілдігі дұрыс. Бірақ Құдай өзі жеткізер деп алаңсыз отыруға да болмайды. Жаппай адамгершілікке тек əлеуметтік прогресс арқылы қол жеткізуге болады. Ниет пен мақсат – жақсы болған күнде де құр идея, əңгіме оны жүзеге асыруда. Ол, əсіресе, халықтың пайдасына қызмет ететін болса бағалы. Өмір сүру формуласы: жеңіс пен жеңіліс – кезек. Сəтсіздік, жайсыздық, тіпті, бақытсыздық та кездесіп қалуы мүмкін. Олардың бəрін де көңілге ауыр алмаған мақұл. Оны тек тəжірибе деп қабылдап, адам өзіне байланысты жағын қайталамауға тырысса – жетілуге ұмтылғаны. Мəселені «Өмір сүруге зияныңды тигізбе» деп қойған дұрыс. Ол: рұқсат, өмір сүр, ізден, қимылда, ойлан дегені. Бір ойды, мəселені түсіндіргенде немесе дəлелдегенде: «Бұл маған керек емес, сіздерге керек» деу жөн емес. Қисынға салсақ, өзіне керек емес нəрсеге кісі араласпайды, я араласпауы керек. Керек емес нəрсеге дендеп еніп, бойға сіңіре алмайсың, оны көңілдегідей түсіндіріп, біреудің санасына ендіру одан да қиын. Дарын атақ-абырой əкелетін, ерекше мүмкіндік иесі ретінде құрметке бөлейтін жақсы қасиет болғанымен, оның жұмсалар көзін таппаса, онда ол сорға айналады, ол иесімен бірге біртіндеп солып, сөне бастайды. «Тақа тұяқты, тұяқ тұлпарды, тұлпар ерді, ер елді сақтар болар» деген қазақ мақалы бар. Демек тұлғаларға тақа болар зерек адамдар көптеп керек. Елдің дамуы мен жетілуі тақа болуға жарайтындардың көптігі мен белсенділігіне тура пропорционал. Ересек кісілерде өткенін көп айта беретін əдет болады. Оның себебі, олардың кезінде бəрі дұрыс болғандай көрінеді, соның өтіп кеткеніне, көбіне үлгермегеніне, арманының орындалмағанына, үмітінің ақталмағанына өкінеді. Оған керісінше, жас адамдардың ойы мен сөзі болашаққа бағытталады. Өйткені, оларды болашақтың қандай бағытта жалғасатыны қызықтырады, болуы мүмкін қиындықтардан қауіптенеді. Əр ұрпақ өзінен алдыңғы ұрпақтың қателіктерін болдырмай өмір сүруге ұмтылады. Есейе келе көңілдегісінің көбісі орындалмайтынын сезеді. Сөйтеді де, өзі алмаған биікті ұрпағы алса деп ойлайды. Өзінің бар орындалмаған үмітін балаларына аударады. Кісі өзінен білімсіздеу, өзінен тəжірибесіздеу адамға пікірін таңбағаны дұрыс. Ішкі дүниесі əр түрлі адамдардың бірі жақсы, бірі жаман болмайды. Қайғы екіге бөлінсе – жеңілдейді, қуаныш екіге бөлінсе екі есе артады. Көзқарас кең көлемде болғаны дұрыс. Əркім өзіне тиімді көзқарасты ұстанса, өзге ойдағылардың, тілдегілердің, діндегілердің қамын кім жейді. Болашақтың жарқын болуына үміт арта отырып, бүгінгі күннің қызығымен рахаттануды да ұмытпаған мақұл. Адам санының өсуі де тоқтыққа тəуелді. Жастарды отау құруға үндеумен, көп бала тууға шақырумен ештеңе өнбейді, ол əншейін ізгі ниет күйінде қала береді. Балалы болуға жағдай жасау керек. Кісі өткен өмірін есіне түсіріп, болған қиындықтардың себебін табуға тырысқаны жөн. Сөйтіп, оны болдырмауға əрекет еткені дұрыс. Ол үшін көзін жұмып, жайғасып отырып, басынан өткен қиындықтарын ойша еске алып, оның соңы өзі үшін тиімді етіп аяқталатынын көз алдына келтіріп, қиялдансын. Өз кінəсін түсінсе, мойнына алып, Құдайдан кешірім сұрасын. Мұның бəрі өзінің ниетін тазарту үшін, біреуге кесір жасамау мен зиян тілемеу арқылы жасалсын.

Біреудің өткен кезде жіберіп алған айыбын бетіне басу, онысы үшін ұялту ниетінен аулақ болған жөн. Ол мысалдарды ұмыту адамның түзелуіне жол ашады. Түпкі мақсат – сол. Өкпелеу қолайсыздық туғызады. Оның орнына байланыс жасауға ұмтылу – мəселені бейбіт шешудің жолы. Көңілі өсіп, астамси бастаған кісі, оны сезіне сала жол бермеуге тырыспаса, кейін кеш болады. Астамшылдық пиғылдың адамды басынуы оңай, осы пиғылдан ада кісі ғана өзін еркін сезінеді. Кісі өзін өзгелермен салыстырып: «Мен оған қарағанда тəуір екенмін ғой» деп тоқмейілсу жəне «Мен онымен салыстырғанда ештеңе де емес екенмін-ау» деп уайымдау бірдей қажетсіз. Құлшыныс пен тəубені тең ұстай білген адам – жетілудің жолындағы адам. Күнде таңертең тағдырының ең шешуші күніне қадам басқалы тұрғандай талпыныс жасаған, бой-басына қараған кісі ғана жағымсыз күйден өзін-өзі құтқарады. Бойын лайықты ұстай білудің өзі кісілік. Үлгінің үлкені – сол. Байлық, билік, бедел үшеуі де ақылсызға жоламайды. Ең болмағанда, олар есебі бар адамға жұғысады. Көз алға қарайды, ақыл артқа қаратады. Өмірге дұрыс көзқарастағы адам ғана сынақтан өтеді. Өмірде тəуекелге жиі-жиі баратын адам мейірбанды бола бастайды. Қиын жағдайларға тап болған кезде ызақорлық көрсететін адам тез «сөнеді». Болашақтан қорқудың да, өткенге өкінудің де керегі жоқ. Қиын кездегі ең қауіпті кезең айыптыны іздеу, ондай кезде өзіңді я өзгені айыптау керексіз. Адамның жануардан айырмашылығы біреу-ақ: жануар тек қазіргісімен өмір сүреді, мысалы шөп берсең жейді, артылғанын таптайды, су берсең ішеді, тағы берсең төгіп тастайды. Адам ертеңге сақтайды, демек ертеңі үшін өмір сүреді. Өзімізді-өзіміз «кімбіз» деп ойласақ, «сол» болып шығамыз. Адамдардың ауырып отырмын дей бергені ауру болатыны мен жетем деген мақсатына жетіп жататыны да осыған мысал. Керек қағидалар: Салауатты өмір салтын ұдайы ұстан. Таза ауада тыныстауды əдетке айналдыр, дене еңбегімен шұғылдан. Қашанда ұстамды, сабырлы, мейірімді бол. Мазасыздықтан аулақ бол. Өзіңді қоршаған адамдарға құрметпен қара, олармен санас. Өзің рухани лəззат алатын істерді көбірек істе. Көңіл-күйіңді біркелкі ұста, уайым-қайғыға беріле берме. Ішкі дауысыңды тыңда, ол алдамайды. Өмір сүру ережелері: 1. Айна ережесі. Мені қоршаған адамдар – менің айнам. Олар менің жеке тұлғамның өзім де онша сезіне бермейтін ерекшеліктерін көрсетіп тұрады. Мəселен, маған біреу арсыздықпен тиіссе, демек мен оған солай етуге мүмкіндік бергенім, демек мен соны қалаймын. Егер біреу мені қайта-қайта алдай берсе, мен кез-келген адамға сене салатын болғаным. Сондықтан ешкімге ренжитін жөнім жоқ. 2. Таңдау ережесі. Менің өмірімде болып жатқан нəрсенің бəрі – менің өз таңдауымның нəтижесі екенін мен сезінемін. Егер бүгін мен жабырқаңқы, көңілсіз адаммен аралассам, демек менің өзімнің көңіл күйім жабырқаңқы, жалықтыратындай болғаны. Жаман жəне мейірімсіз адамдар болмайды – бақытсыз адамдар болады. Мен олардың уайымдарын қазбаласам, ол маған ұнайтын болғаны. Демек, ешкімнен ештеңе талап етуге қақым жоқ. Өзімде болып жатқанның бəріне өзім себепкермін. Өз тағдырымның авторы жəне жасаушысы – өзіммін. 3. Қателік ережесі. Мен қателесуім мүмкін екенімен келісемін. Менің пікірім мен іс-əрекеттерімді басқа адамдар ылғи да дұрыс санай беруі тиіс емес. Нақты өмір тек ақ пен қарадан тұрмайды, онда жарығырақ сұр жəне көмескілеу ақ түстер де бар. Мен ИДЕАЛ емеспін, жай ғана жақсы адаммын, мен де қателік жіберемін. Бастысы – қателікті мойындау мен дер кезінде түзету.

4. Сəйкес келу ережесі. Мен неге сəйкес келсем, неге лайықты болсам, соны иеленемін, аз да емес, көп те емес. Бұл адамдармен қарымқатынасқа да, жұмысқа да, ақшаға да қатысты солай. Егер мен бір адамды бар жан-тəніммен сүйе алмасам, одан мені шын сүй деп талап етуім күлкілі болар еді. Демек, менің барлық талаптарымда мағына болмайды. Жəне де, сонымен бірге, мен өзім жақсы жағына қарай қалай өзгерсем – мені қоршаған адамдар да солай өзгереді. 5. Маған ешкім ештеңе қарыз емес. Кімге жəрдем беру қолымнан келгендердің барлығына ешбір қайтарымсыз жəрдем беру қолымнан келеді. Бұл маған қуаныш сыйлайды. Қайырымды болу үшін күшті болу керек. Күшті болу үшін өзіңнің барлығын да жасай алатыныңа сенімің болуы тиіс. Ал мен сенемін! Бірақ: «ЖОҚ» деген сөзді де айта білу керек. 6. Қатысу ережесі. Мен осында жəне қазір тұрмын. Өткен өтті, өйткені əрбір келген секундпен бірге осы сəт келіп кіреді. Болашақ жоқ, өйткені ол əлі жоқ. Өткенге байланып қалу депрессияға ұшыратады, болашақ үшін уайымдау қобалжу туғызады. Мен бүгінгі күнмен өмір сүргенде – НАҒЫЗ ӨЗІММІН. Қуануға осының өзі себеп. 7. Оптимизм ережесі. Біз өмірді ұрысып жүргенде, ол өтіп кетеді. Көз көреді, құлақ естиді, аяқ сау, жүрек соғып тұр. Жаным рахатта. Бұл күнімнен жаманырақ жағдайда болуым да мүмкін еді. Ендігісі өзіме байланысты. Бүгінде сезімдердің рационализациялануы басым болып барады. Күш көрсету, ықпал ету, билік, ақша, қызметке жабысып айрылмау, жетістікке жету, атақты болу – біреулердің бойын билеп əкету мен қызмет етіп қалуға тырысудың негізінде осылар жатыр. Өмір сүру деген бір ақ рет сурет салу. Оның түрлі нұсқалары болмайды. Қонаевтың сенімді серіктерінің бірі, сол жылдары республиканың оқу министрі болған Сəдуақас Темірбеков деген ағамыз: «Кəріліктің екі белгісі бар: бірінші мақтағанды жақсы көріп тұрады; екінші, көп сөйлейтін болады. Егер осы екеуін өз бойыңнан байқасаң қартая бастағаның», – дейді. Соған үшінші белгіні қосқым келеді – өкпешілдік деген. Өйткені қартая бастаған кісілердің басым бөлігінің өзінен кейінгілердің өзіне құрметіне, бағасына, хабарласпай кететініне, т.с.с. кездері өкпелеп қала беретінін жиі байқаймын. Баспалдақ таяп қалды – абайла! Денсаулық Зияның тимесін. Гиппократ антының бірінші сөзі Себепсіз шаршау – аурудың басы. Гиппократ Буддадан: Денсаулық – ұлы жеңіс, қанағат – ұлы байлық, сенім – ең жақсы туыс. Егер ауру оны қабылдауға ықылассыз болса, ең жақсы дəрі де оған көмектесе алмайды. Сервантес Денсаулық – ең ұлы қазына, басқалар оның алдында ештеңе де емес. Шопенгауэр Хадис: Бес нəрсені бұрын болжап, ойластыр: бірінші, өлмей тұрып, тіршіліктің қадірін біл; екінші, ауырмай тұрып, денсаулықтың қадірін біл; үшінші, басыңа іс түспей тұрып, бостандықтың қадірін біл; төртінші, кедейлік келмей тұрып, бар лықтың қадірін біл; бесінші, кəрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін біл. Денсаулыққа белгілі бір мөлшерде сақтанудың арқасында ғана жететін болғандықтан: мөлшермен ішіп-жесең, денің сау болады, мөлшермен еңбек етсең, күш қосылады... Əл-Фараби Түскі тамақты аз же, кешкі тамақты одан да аз же. М.Сервантес Артық ішсең сай-сүйегің сыздайды, Ал қанағат – ұзақ ғұмыр сыйлайды. Шекспир Баласын гигиена талаптарына сай тəрбиелемеген ана – болашақ алдында кінəлі. Мечников

Деннің саулығы тек өзің ғана ала алатын асу. Вальтер Шененберг Бүгінгі заманғы медицина емдеуді жақсы-ақ меңгерген, бірақ сап-сау етіп жібере алмайды. Николай Амосов Адам организмі денсаулығын қалпына келтіруді кез келген нүктеден бастап қайтарып алуға қабілетті. Николай Амосов Тоймай тұрып дастарханнан тұр. Порфирий Иванов Денім сау болсын деген адам өзгелердің, əсіресе қартаң адамдардың денсаулығын сұрап тұруы тиіс. Порфирий Иванов Ішімдіктен азғындаудың алғашқы алты нышанының бірі – жылына ең азы төрт мəрте мас болу. Содан əрі асқанды маскүнем деп есептеуге болады. Ханс Моль, Германиялық дəрігер Адамның «гигиеналық үштікті» сақтау шарты: 1. Еңбек гигиенасы: қатты шаршамау, күндік кесте жəне тамақ тəртібін сақтау; 2. Байланыс гигиенасы: адамдармен сөйлесу мəдениетін сақтау, жақсы көңіл күймен жүру; 3. Жеке гигиена: өз тəнің мен жаныңның саулығын бақылау. В. Шепель Адамдар көп ауруды ниетінен табады. Бақытсыздық, аурудың барлық түрлері, кедейшілік, тағдырының құбылмалылығы адамдардың мінезқұлқының жақсы, жамандығына, ой-өрісінің биік, таяздығына, танымтүсінігінің тар-кеңдігіне, ерік күшінің мықты-əлсіздігіне, рухани жан дүниесінің бай-жұтаңдығына да тығыз байланысты. Мақсұтбек Сүлеймен Қазақ сөзі: Амандықта қадір жоқ, Алдырған соң білерсің. Денсаулықта қадір жоқ, Ауырған соң білерсің. Ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл. Босаңсудың 8 тəсілі: 1) шай іш; 2) күйкі тірліктен биік бол; 3) ашуыңды бас; 4) хош иісті заттарды тұтын; 5) стрессті ұмыт; 6) ыстық булау жаса; 7) басыңды уқалат; 8) музыка тыңда. Денсаулықты бұзу үшін жаман ештеңе жасамай-ақ, жақсы нəрсені мөлшерінен артық пайдалан са жетіп жатыр, мысалы: тəтті тамақ, ұйқы, құр жату. Денсаулықты сақтау үшін кеңестер: Күш жұмсалатын еңбекке белсенді болу, дұрыс тамақтану, зиянды қылықтардан аулақ болу, жүйкені аяу. Қоғамды салауатты ұстау үш нəрсе арқылы жүзеге асады: Əлеуметтік-экономикалық даму, қоршап тұрған ортаны таза ұстау арқылы ауруға қарсы күрес адамның қартаймауы үшін молекулярлық-гендік деңгейдегі медициналық күрес, ең негізгісі – адамның өз денсаулығына ұқыптылықпен қарауы. Ой еңбегімен айналысатындардың денсаулығына нұқсан келтірмей еңбек өнімділігін арттырудың алты шарты: 1. Жұмысқа біртіндеп кірігу; 2. Жұмыстың тəртібі жəне қалыптылығы; 3. Жұмыстың ұдайы жəне ретті орындалуы; 4. Еңбек пен демалыстың алмасып тұруы; 5. Қоғамның сіздің еңбегіңізге жылы көзқарасы; 6. Ұдайы шынығу жəне жұмысқа қалыптасу. Ақыл жəне мінез гигиена сы. Введенский, психотерапевт Адамды ауру ететін үш бастау: 1. Тəн кеселі. Ол – ауыртпалықтың артып кетуінен, температуралық режимнің бұзылуынан, дұрыс тамақтанбаудан, жұмыс пен демалыстың орынды алмасып тұрмауынан болады; 2. Жан кеселі. Ол – сезімталдықтан, өкпешілдіктен жəне де көз тию, қарғыс секілді сыртқы əсерден болады.

3. Рух кеселі. Ол – адамның бойында теріс пиғылдың көбеюінен болады. Адамның дені сау жүруінің үш негізі: 1) Таза ауамен тыныс алу мен спорттық жаттығулар; 2) Экологиялық таза тамақ; 3) Тұрақты түрде медициналық тексеруден өтіп тұру. Күнделікті тіршіліктегі денсаулық үшін қарапайым талаптар: – Күніне 4-6 гимнастикалық үзіліс; – Күніне 6-10 км жаяу жүру; – Бір күнде 2000 калория қуат жұмсау (ол өмірді 28% ұзартады); – Дұрыс тыныс алу, соған тиесілі жаттығуларды жасап тұру; – Күніне екі рет 5-ші қабатқа дейін шығып түсу (Н.Амосовтікі). Дені сау адамдардың денсаулығы жайлы ілім мыналарды мақсат тұтады: 1) Адам тегінің сапасын жетілдіру; 2) Қарын, көз, ой-сана мешкейлігіне тосқауыл жасау; 3) Қимыл əрекетсіздігін болдырмау, яғни, ой жəне дене қимылын пайдалану; 4) Стрессті болдырмау, шұғыл ренжімеу; 5) Сөз сөйлеу мəдениетін жетілдіру; 6) Ой тазалығына жету, оның арамдыққа бой ұрмауын ұдайы тексеру; 7) Ішкі нанымның кедейлігімен күрес; 8) Дінсіздік, жасанды əсерлерді болдырмау. Кісі ауырса, күнделікті тірлікпен ісі болмайды. Егер ауру жазылмайтындай күдікті болса, онда басқаның бəрі ұмыт болады. Адам ойланады жəне өмірдің мағынасына үңіледі. Өлім қаупі алдында адам өмірге көзқарасын күрт өзгертеді. Бұрынғы құндылықтар мен сүйікті істері өзінің мағынасын жояды. Адам тіршіліктің уайымдарын ұмытады. Содан ағза тазарады. Сонда жазылып кету мүмкіндігі жоғарылайды. Ауру – адамның бағытынан ауып бара жатқанын білдіретін белгі. Оған апат ретінде қарау қажет емес, ол адамды құтқару үшін келеді. Адам ауырып, күйзеле келе жіберген қатесін түсініп, рухани жетілуі, дамудың жаңа жолдарын іздеуі керек. Дəрі мен сиқыршылық тəсілдер жəрдем береді деп ойлайтын адам – ауру адам. Кеселден қорғаушы ең негізгі күш – жоғары этикалық заңдарды орындау. Ауру əр түрлі функцияларды атқарады. Біріншісі – ескерту, екіншісі – адамның дұрыс дамуына мүмкіндік бермейтін істі тоқтату, үшіншісі – теріс хабарламаны таратуға жағдай жасайтын тетікті жою. «Кісі ауырып қалар болса, алдымен өмір сүру тəртібін өзгертсін, ол жəрдем бермесе ішетін асын реттесін, ол да жəрдем бермеген жағдайда ғана дəрігерге барсын» деген көнеден бүгінгіге жеткен қағидаға жаңадан қосар ештеңе жоқ. Егер адамның денсаулығы жоғала бастаса, оған бөтен ешкім де жəрдем бере алмайды, тəнін тазартып, аурудан арылу адамның өзінің ғана қолынан келеді. Ол – жанды, тəнді тазарту мен дұрыс тамақтану арқылы болады. Дəрігер ауруды жазуы мүмкін, бірақ бұрынғыдай өмір сүру мен тамақтану қалпын жалғастырған адам бұрынғы ауруын қайтадан табады. Адамдарды емдегенде əсер ету күшін көбейту емделушіге пайдадан гөрі зиян келтіреді, уақытша жеңілдеткендей болғанымен, мəселені түпкілікті шеше алмайды. Зорлық қанша əдеміленсе де – зорлық. Ең тиімді жəне қауіпсізі – адамзатқа бұрыннан белгісі тəсіл – Тəңірге шынымен жалбарынып, жазған-жаңылғаны үшін кешірім сұрау. Өткенге өкіну мен келешектен қорқу адамды ауыр кеселдерге ұшыратады. Адамның ауыруына себеп болатын нəрселер: – Тəнді дұрыс сақтамау. Суық тигізу, ыстыққа күю, таза су ішу мүмкіндігі болмауы, шектен тыс ауыр зат көтеру, жүйке тоздырарлық жағдайда ұзақ уақыт ой еңбегімен шұғылдану. Сондай ақ тамақты көп ішу, темекі, арақ; – Тəннің энергетикалық байланысына əсері: көз тию, қарғыс. Көз тию – қызғаныштан, көре алмаудан, өшпенділіктен. Ал, қарғыс өтетіндей адамның қорғаныш қабаты əлсіресе, онда адамның бойындағы бір нəрсе дұрыс болмағаны. – Ұдайы күдіктену, күтуден болатын кеселдер: рак, СПИД, алапес. Барлық аурудың себебі адамның өзінен. Өз ойынан, өз уайымынан, өз ісінен, өз сезімінен. Ауру мен қате түсініктің байланысы бар. Ренжуді тастаған адамның ауруы жеңілдейді. Юлий Цезарь кеселдер мен бас ауруына мынадай емдер қолданған: қиын жорықтар, қарапайым өмір сүру тəсілі, таза ауада ұдайы жүру, еңбекке бас қою. Осының бəрі ағзаның əлсіреуіне мүмкіндік бермейді.

Ауру – адамның ішімдегі жеңілмеген стресс. Оны жеңудің жолы – кеудедегі махаббаттың мол болуы. Егер адам ұдайы нашар тамақ ішсе, онда ағзасы азады, ал егер тамақтан анда-санда бас тартып тұрса, онда ол пайдалы. Парапсихологтар: «Егер адам көбірек сынап-мінесе, нашар ойласа бауыры ауырады, егер біреуді ренжітсе немесе біреуден ренжу көрсе – жүрегі; туыстарына, өзіне, жағдайға жиі ренжісе – асқазаны ауырады. Төңірекке наразылық, өзінің өміріне өкіну, жағдайды ұдайы қабылдамау өте терең реніш туғызады да, ол өкпе рагіне алып келеді», – дейді. «Бхагавад-Гитада»: «Үш сағаттан артық тұрған тамақты жеуге болмайды, оны кір басты», – дейді. Яһудилік ілімде қаны шығарылмаған етті жеуге тыйым салады. Қан табиғи тəн көрсеткіштерін сақтаушы деп есептеледі. Тамақ жеп отырып сөйлесудің, теледидар көрудің дұрыс емес екендігін айту барлық халықтардың мəдениетінде бар, өйткені, ол кезде жоғарғы əлемнен келген ақпарат адамның ішкі санасына еркін өтеді, жол ашық. Тамақты аз ішу немесе ұдайы калориясы төмен тамақ ішу жұрттың бəріне бірдей ұзақ жəне бақытты өмір қамтамасыз етеді деген бекер. Əркімнің табиғаты əртүрлі. Тойып тамақ ішпеу адамдағы зат алмасу процесін тежейді. Тамақты тежеу жігер еркіндігімен бірге жүрмесе, өзіңді-өзің зорлап көндірсең – зиян. Мамандардың пікірінше, адамның басы немесе басына біткен бір мүшесі ауырса, ол – жек көруден, қызғаныштан, күншілдіктен, кеуде тұсы ауырса – өкпелеуден; одан төменгі жағы ауырса, өзінің немесе өзгенің махаббатын тұншықтырғаннан. Жазылмайтын кеселдер түгелдей дерлік мұңға берілуден. Уайымшылдық, өзіне жəне тағдырға наразылық сондай кеселге ұшыратады. «Дөрекіге шаттық тəн, нəзік жанға қайғы үйір» дейді Есенин. Бұндағы дөрекілер – өзін материалдық құндылыққа бағыштағандар, нəзіктері – тек рухани құндылықтар үшін өмір сүретіндер, олар бара-бара нəзігірек жəне мұңдырақ бола береді, бірақ ол сырттай ғана, ал іштей өздеріне ұқсамайтындарға өшпенділік өседі. Адам материалдық та, рухани да құндылықтармен өмір сүре алуы үшін алдымен оның кеудесіндегі махаббаты мол болуы керек. Іс арасында оқтын-оқтын демалып алу керек, түнде жатарда: мен барлық нəрседен азатпын мені ештеңе ойландырып тұрған жоқ, деп өзіңе өзің бұйрық бергенің жөн. Адамда өзінің қалыпты жағдайын сақтауға, денінің сау жүруіне керекті күш-қуатының тепе-теңдігі болуы керек. Жағымды екен деп көп ұйықтауға, тамақты көп жеуге, қызық-мейрамдарға берілуге болмас. Өзіне өзі өмір жайлы бір сабақ бергісі келген адамға, сабақтың ең бастысы – төзім деген бір сөзге сияды деуге болар еді. Екіншісі – ішкі қарсылықты болдырмау. Содан кейінгісі – қобалжи бермеу, өкінішке ұрынбау, өзіңді сөкпеу, мақтан сүйгіш болмау, күндес болмау, мəселені бірінің үстіне бірін жинай бермеу, т.с.с. Таза ақпаратты пенде тірліктегі қылығына қарай құрметтеу не жазалау тетігінен алуға болады, ол үшін жан мен тəннің пенделік талаптарынан арыла білу керек. Шын емші мен байланысшылар ашығудан, қиналудан азап шекпеген, яғни, дүниеге құмартпаған. Шын емшілердің əулие дəрежесіне көтерілу себебі де сол. Ауру рухтың құралы болып табылады, бірақ біздің жетілмеуіміз рухты аяғына дейін тануға мүмкіндік бермейді жəне ауруға тек рухтық тəсілмен əсер ете алмаймыз. Сондықтан, біздің жетілмеген рухымызды медицина толықтырады. Медицинадағы ерте диагностика жасауға ұмтылу – рухтану жолындағы қадам. Адам баласы біртіндеп рухқа, руханият пен мəдениетке қайта оралып келеді, өйткені бұл – арылудың жалғыз мүмкіндігі. Стресс денсаулыққа зиян келтіреді екен. Мамандар адам стресске ұшырағанда болатын бірнеше себептерді жəне оларды болдырмаудың мынадай жолдарын көрсетеді: 1) Аз ұйықтаудан. Жақсы ұйқы – қартаймауға себепкер. Ұйқысы қанбаған адамның ағзалары күшейтілген режимде жұмыс істейді, сондықтан адамның жұтқан оттегісінің, минералдары мен витаминдерінің басым бөлігі адамның терісіне дейін жетпейді. Адамның түрі жербеттеніп, көзінің асты көгіс тартады, көңіл күйі болмай, жиі тыжырынады. Емі: бөлме жатар алдында 30 минуттай желдетілсе, температурасы 18 градус шамасында болса, 8-9 сағат ұйықтағанда, аз ұйықтаудан болған стрессті жеңуге болады.

2) Ішімдікке үйірсіктенгеннен. Алкоголь шамадан тыс ішілгенде ағзадағы суды азайтады, адамның бауыры токсиндерден тазара алмайды. Ішімдікті мол ішкен күні айнаға қарағанда адамның жүзі қуқыл тартып, əжімдері тереңдегені көрініп тұрады. Емі: Ішпеуге болмайтын болса жақсы шарапты таңдау керек, оның құрамында антиоксидант бар. Алкагольдің басқа түрін ішкенде суды да қоса ішу керек. Сондай-ақ күніне 6-8 стакан су ішкен дұрыс. 3) Зиянды тамақ ішуден. Шоколад, тəтті печенье мен бəліш секілді тағамдардан адам ағзасы керекті витаминдер мен минералдарды ала алмайды. Осыдан адамның терісіне əртүрлі нəрселер шығып, тері салбырай бастайды. Диетаның балансы бұзылса адамның шашы да көріксізденеді, өйткені оған керекті протеин тамақ арқылы келеді. Емі: Таңертеңгі ас толық болсын, онда жеміс-жидектер болғаны жақсы, олар қандағы қант құрамын теңестіреді де стресске жол бермейді. Жаңғақ пен пісте де қашан да асхана қорында болсын, оларда магний бар. Жемістерден жасалған коктейль адамдағы су балансына жəрдемдеседі жəне тонусты көтереді. 4) Өзін-өзі ұстай алмаудан. Стресс адам ағзасында түрлі көлемде майлар шығарады, ол адамның бетін майландырып, бұзады, тері өте сезімтал болып кетеді. Адамның басы қышып, бас терісі өте майлы немесе құрғақ болып кетеді. Осыдан қайызғақ басады. Емі: Терінің жағдайына қарап құрғақ немесе майлы терілерге арналған кремдерді пайдаланған дұрыс. 5) Темекі шегуден. Темекі шегу қандағы оттегіні азайтады. Тері сарғыш тартып, адам ағзасындағы жасушалар бұзылады, əжім ертерек түседі. Емі: Əрине, бірінші ем – темекі шекпеу. Оған болмаса, құрамында ретинол бар кремдерді пайдалану терінің ескірмеуіне, ағзада коллаген мен эластиннің бөлініп шығуына жəрдемдеседі. Ылғи шаршап жүру синдромы деген шықты. Кəдімгі грипп сияқты дел-сал күйге түсіреді, тез өте қоймайды, кейде алты айға созылады. Тамақ, көкжелке, бас ауырады, сүйек қақсайды, ұйқы бұзылады, депрессия келеді, кісі ашушаң, ұмытшақ болады. Кейде соның бəрі бірден келеді. Тіпті шаш түсіп, арықтап кететін жағдайлар бар. Ол негізінен жас қызметкерлерде көбірек кездеседі, əйелдерде екі есе жиі байқалады. Ол кеселмен мемлекеттік қызметкерлердің орта буыны, дəрігерлер, мұғалімдер, журналистер, шығармашыл адамдар көбірек ауырады. Мамандардың пікірінше, шаршаудың төрт түрі бар: ой, сенсорлық (бір нүктеге салмақ түсуі), сезімдік, еңбек шаршаулары. Ылғи шаршап жүру синдромын болдырмау немесе жою үшін мамандар мынадай шаралар ұсынады: – Күніне бір сағат ағашты-шалғынды жерде серуендеу, лажы болса жалаңаяқ жүру; – Салқын сумен сүртіну, оның температурасын бірте-бірте төмендету, бірақ ең төмені 1 градус; – Ауыз бен мұрынды суық сумен шаю; – Дене шынықтырумен айналысу; – Еңбек пен демалыстың тепе-теңдігін ұстау, əуелі істі бітіріп алып, жақсылап демалармын деген пікір орынсыз; – Уайымшыл болмау, сəтсіздікті барынша тез ұмыту, соның өзінен бір жақсылық көре білу; – С, Р, В тобы, жəне А мен Е витаминдерін пайдалану. Арақ немесе ұйқтататын дəрі көмектеспейді. Бойдағы күшті қалпына келтіру оны байқаусыз жұмсап алудан гөрі қиындау. Жаңа өмірге көндігу, күрескер болуға тырысу, өмір сүрудің табиғи тəсілдерін пайдалану керек. Ұдайы бір іспен айналысу да жалықтырады. Бір жұмыста бес, əрі кетсе 7-8 жылдан артық отыру адамды тоқыратады. Мұндайда жақын адамның жақсы сөзі, маңдайдан сипап, арқадан қаққандай əсер етеді. Жайлы төсекте жаның сүйген адаммен болу рахаты да шаршауды жояды. Тіпті, лайықты əріптеспен əңгімелесудің өзінен рахат алуды үйрену керек. Пайдалы кеңестер: Ұзақ жасағысы келген адам алаңдай бермеуі тиіс. Бүйтсем сөйтіп қалар ма екенмін деген күдік пен уайым өмірді қысқартады. Қайтсем өмірімді ұзартам деп жанығу, дəрі-дəрмекке жүгіру, балгерге барып болашақты болжату, тамақты шектеу өмірді ұзартуға көмектеспейді. Пендешілік істердің бəріне кешіріммен қарау жөн. Тəубешіл болып, барға қанағат, жоққа сабыр болғаны дұрыс. Ол да дегдарлықтың белгісі. Тамақты тарта жеген мақұл. Рахат алатын сүйікті істер болуы тиіс. Мəселен, музыка, əн айту, суға шомылу, ой еңбегі, діни рəсімдер (тəспі, намаз), тіпті, мерзімімен жəне шектен шықпай шарап ішу сияқты. Мінез жайдарылығы мен шыншылдық болсын. Ойдағы сөз бен айтылған сөздің, істелген істің бірлігі болғаны жақсы. Ем алатын жағдай туындаса, қашан, қанша, неге, қайда, неше мəрте жəне нені қолдану керектігіне ден қою керек.

Көндіккен мақұл. Болашақ өлімнен қорқып, сол кеселге ұшырап қалмас па екенмін деген ойға қайта-қайта айналып соға берген кісі сол кеселге ұшырайтыны дəлелденген. Тірлікте адамдармен қарым-қатынаста пайда іздеудің, бақай есептің, əріптесті алдап соғып кетуді жоспарлаған пиғылдың болмауы лəзім. Түпсіз уайымға берілмеген, тауқыметке мойымаған дұрыс, дүниеден түңіле бермеген жөн. Сөйте тұра өлімге əзір болу керек. Дүние сырын танып-білуге құштарлық болсын. Тоқырап қалмау, керексіз болмауға тырысу болсын, адам керексіздіктен өледі. Ештеңеге шектен тыс табынбаған, идеал жасай бермеген, ешкімге құлдық ұрмаған жөн. Акшаға ессіз құмарлықтың болмағаны дұрыс. Билікті аңсай бермеу, оған бауыр баспау керек. Бойдағы қуат азая бастағанда мазасызданбаған дұрыс. Миды тынықтырып тұру керек. Теріс пиғылға ешуақытта берілмеген мақұл. Кеңпейіл болған жақсы. Төзімділік керек. Ешкімге мұң шағып, жаси бермеген, ұнжырғаны түсірмеген дұрыс. Өкпешіл болмау, ешқашан тағдырға налымау керек. Бос қиялға берілмеген жəне ермеген жөн. Мейірімді болуға тырысқан дұрыс. Еңсені ұдайы биік ұстау керек. Өмірдегі əрбір сəтті рахат дүниесі деп қабылдауды үйренген мақұл. Қайсар болған жөн, бірақ бірбеткей болуға да болмайды. Өзі үшін жаңалық ашу қабілеті жоғалмасын. Бəрін табиғи іс ретінде, қаз-қалпында қабылдау керек. Табиғат физикалық қорғау жолына түскенде, мысалы, динозаврдың салмағы артып, тасбақаға тас қақпақ пайда болғанда эволюция тоқтады. Құрып кетпегендер – физикалық өте аз қорғалғандар, өзінің психологиялық құрылымын өзгерткендер, мінез-құлқын Жерде болып жатқан процестерге бейімдеп өзгертуге дайын жүретіндер. Этика кеше сəнсалтанат еді, бүгін – қажеттілік, ертең ол аман қалудың жалғыз ғана шарты болып қалады. Адамзатта тек өзінің физикалық денсаулығын ғана ойлайтындар көп болса, онда олар динозаврлардың тағдырын кешуі мүмкін. Ауру атанды да шөктірер. Қазақ мақалы 1960 жылғы Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысындағы негізгі түйін: 1. Денсаулық – тек ауырмау деген сөз емес. 2. Денсаулық – менің өз шаруам ғана емес. Тəрбие Жақсы кісі болу көбіне табиғатынан емес, тəрбие арқылы келеді. Демокрит Тəрбие жастарды ұстамды етеді, қарттарды жұбатады, кедейді байытады, байды тəубеге шақырады. Диоген Тəрбие үш нəрсені қажет етеді: қабілет, білім, тəжірибе. Аристотель Балалар берген тəрбиесі үшін қарыздар болатын ұстаздар, балалар өздерін дүниеге əкелгені үшін алдында қарыздар болатын ата-анадан құрметтірек: біреуі балаларға өмір сыйласа, екіншілері оларға мағыналы өмір сыйлайды. Аристотель Егер сен тəрбием жеткіліксіз деп үндемей отырсаң, соның өзі тəрбиелілік, егер тəрбиелі болып, үндемесең, онда өте жақсы тəрбиеленіпсің. Феофраст Өте асау биеден де тұлпар болар құлын туатыны – тəрбиелеу керектігін ешуақытта ұмытпауға мысал. Плутарх Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек, тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат əкеледі. Əл-Фараби Тəрбиелеу кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын іс-əрекеттер дағдысы сіңіріледі. Əл-Фараби

Тəрбиені неден бастау керек? Ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру; білім-тəрбие алу; еңбекке үйрену; философияны үйрену. Ол үшін адамның ар тазалығы, оның жеке басының тазалығы, еңбексүйгіштігі мен қызығушылығы бірінші орында болуы тиіс. Əл-Фараби Егер текте болса маңыз, таныңыз, Тəрбиені сіңіреді тəніңіз. Қаншама рет тазартса да таң қылып, Тотшыл темір тазара ма мəңгілік. Теңізге итті шомылдырса жеті рет, Сəлден соң-ақ ластана салады. Меккеге Иса мінсе дағы есегін, Есек қалпы қалады ол кешегі. Саади Алдыңғы жақсы артқы жасқа тəлім артпаса, ел болғаның қайсы? Абай Тəрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кəміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі. Тəрбиеден мақсұт – адамды һəм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу; ұлт мүшесі əрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, Адамзат дүниесінің мүшесі – əрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Мағжан Жұмабаев Ұлттық тəрбиенің негізі – адамгершілік, еңбек тəрбиесі. Мағжан Жұмабаев Тəрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол əруақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы келеді. Чехов Бір ұлттың болашағына болжам жасағысы келгендер сол ұлт жастарының тəрбиесіне қарасын. Жорамалдары айна-қатесіз тура келеді. Фетхуллах Гулен Адамзат дүниеқоңыздықтан запа шегуде, оларға тəрбие мен білім беру керек. Фетуллах Гулен Іштен біліп ешкім тумайды. Тəрбие ұлға да қызға да бесік пен босағадан басталады. Өсе келе ұлым – дарақы, қызым – сорақы, келін мен бала екі айыр, немереден не қайыр деп бармақ тістеп қалмау үшін əкенің қабағы, ананың сылап-сипауы айрықша мəнге ие. Ұлын – жарығым, қызын – жалғызым деп ішер тамақ, киер киімге тарықтырмай, қалтасына ақша тығып, сүт бетіне қаймақ ғып мəпелеу бұл тəрбие емес. Ұлтымыздың ар-иманын, ынсап-қанағатын бойына сіңірмей өскен ұрпақ алдымен ата-анасының сосын өз бетін шиедей етеді. Ділдə Матайқызы Тəлім-тəрбие көрген халықты бір жаққа бағыттау оңай, жетектеу қиын; басқару оңай, құлдыққа соқтыру мүмкін емес. Броугам, лорд Біздің тататын дəміміз – өз тəрбиеміздің жемісі. Тамара Клейман Адамның өсіп-жетілуінде тəрбиенің маңызы аса зор. Адамды, шын мəнінде, адам қылатын да – осы тəрбие. Адам қандай тəбие көрсе, солай кетеді. Адамның адамдығы да, азаматтығы да осы тəрбиеден. Əрбір ұлттың басты ерекшелігі оның осы рухани құндылықтарында, рухани жанында жатыр. Ұлтымыздың өзіне ғана тəн, яғни қазақты қазақ қып тұрған қасиеттер – тілі, сол тілде жасалынған рухани құндылықтар, сосын мəдениеті, əдет-ғұрпы жоғалса, жер бетінен қазақ та өшеді. Өшпес үшін, əрбір ұлт өзінің ұлттық болмысын сақтап қалу үшін, оның қорғаны болатын мемлекеттігін құрады. Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі оның ұлттық мүдделерінің қаншалықты дəрежеде қорғалғандығына байланысты. Əрине, басқа ұлттардың есебінен емес, басқаларға пайдамыз болмаса, зиянымыз тимеуі керек. Дандай Ысқақұлы Адам өзінің ерекше қайталанбайтын қасиеттерінің күші арқасында индивидуалды жəне адам қоршаған ортаға өзінің қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке тұлға болып қалыптасады. Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы оның өзіндік көзқарасынан, сенімінен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең бастысы оның

əрекетінен (еңбек, оқу, т.б) көрінеді. Жас азаматтың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш негізгі фактор бар. Ол тұқым қуалаушылық (ішкі жағдай), орта мен тəрбие (сыртқы жағдайлар). Осы үш фактор адамның дамуына қалай əсер ететінін олар өзара қарымқатынаста болатынын, қайсы жəне қашан жетекші болып шығатыны туралы мəселенің өте зор ғылыми жəне практикалық маңызы бар. Тəрбие адамның дамуына əрқашан мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады. Адам қажеттілікті қанағаттандыру көзі болатын қоршаған ортаға тəуелді бола отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді, оны жəне өзін мақсатты іс-əрекет процесінде саналы түрде қайта құрады. Сондықтан да адамның саналы түрдегі белсенді іс-əрекеті оның жеке басын қалыптастырудың негізі. Жеке адамды бөлшектемейтін, оның мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыратын жоғары мотивтердің жалпылану жəне тұрақтылық дəрежесі жарасымды дамуды тудырып, біздің қоғамның адамгершілік нормаларына сай келетін жеке адамның қалыптасқандығын дəлелдейді. Қоршаған ортаға, адамдарға, өзіне, өмірге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершілік сферасын қалыптастыру – тəрбиенің өзегі. Сергей Рубинштейн, психолог Ұлттық тəрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің əлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы əрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тəрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тəрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тəрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемле кеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениет термен қатар дамуға тиіс мəдениеттің (қазақ мəдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тəжірибелері мен жетістіктерін қолдан кел генше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануы мыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тəрбиедегі негізгі қағида ның біріне айналуға тиіс. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халық тың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт болу деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық ұстын, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақ сартумен ғана шектелмейді, рух тазалығын тəрбиелеу арқылы да биік мұратқа жетуге болады. Ал, оның түпкі мақсатында инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар əлемінде қабілеттілік таныту сұранысы менмұндалап тұр. Өкінішке орай, бүгінгі таңда біздің елімізде интеллектуалдық тапшылық қай кездегіден де жоғары. Серік Пірəлиев Ұлттық тəрбие өзара тығыз байланысты екі бастаудан нəр алуға тиіс. Оның біріншісі, қазақ халқының тарихи тағдыры қа лып тастырған мейірім, жарасым, төзім, шапағат, парасат, ізет, бақыт туралы арман-аңсар. Таратып айтсақ, осындай арман-аңсардың мəдениет пен өнерде, салтдəстүрде, тіл мен ділде, діни сенім-нанымда түрліше көрініс тері болуы керек. Екіншісі, бүгінгі тарихи кезең аясындағы нақты бастан кешіріп отырған қоғамдық-психологиялық ахуал. Бірінші жағдайға қатысты ойымызды одан əрі өрбітер болсақ, халықтың мəдениеті мен əдебиеті, өнері мен салт-дəстүрі, тілі мен ділі, сенім-на нымы мен діні дегенде тарихтың сүзгісінен сараланып өткен рухани құндылықтарға басымдық сипат берілуі керек. Мұның өзі қоғамның тарихи, психологиялық даму бағытында екінші мəселенің де оң шешімін табатын жолмен ілгері басуына кепіл бола алар еді. Рухы мен мəдениеті биік, білімі терең деңгейдегі ұлт жаһандану деген алып мұхиттың үстінде өзінің келбетін жоғалтпай ды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын. Білім мен ғылым шындығында, аса зор өндіргіш күш, үлкен байлық. Сондықтан да əлемдік жаңа идеология білім күшіне сүйенеді. Сондай-ақ қазіргі замандағы білім беру жүйесінің міндеті қазіргі жастарымыздың білім алып қана қоймай, тəрбиелі, əдепті, ұлтжанды, бір сөзбен айтқанда, интеллек ту ал ды бо луын қамтамасыз ету. Серік Пірəлиев Дала баласының ұстанымы біреу ғана болған: «Ауылыңда болса аузыңа тиеді, еліңде болса ерніңе тиеді». Бабаларымыздан қалған ертегі, дастан, жыр һəм қиссалардағы батырлар мен жомарттар баланың «Ержеткенде мен де осылардай болам» дейтін арманына айналды.

Дала тəрбиесінің мақсаты – осы таза дəптерді ізгі ниетпен, адамгершілікпен, ар-ұятпен толтыру. Сондықтан қазақ салиқалы азаматты көкірегі ояу, терең ойлы жан деп есептеген. Қазіргі таңда адам бұрынғысынша дараланып, бөлшектеніп емес, тұтас ағза ретінде ұғындырылады. Оның кертартпа қуаты ескерілмей, ол қоғамның басты қозғаушы күші саналды. Сөйтіп, бітеу жараға айналдырылды. Неміс философы Фихте өзінің зарын бізге былай деп жеткізеді: «Жас адамның бойында даналық немесе залымдық болуының мүмкіндіктері болады. Бірақ, менің ізгі данагөй немесе залым болып шығуым менсіз шартты түрде алдын ала анықталып қойылған секілді. Ондай анықтауға өз тарапымнан өзгеріс енгізуге дəрменсіздігім, сондықтан да дана болуға ұмтылуда менің ешқандай табысымның жоқтығы, ал залым болып шығардай ешбір кінəмнің жоқтығы мені жиреніш пен үрейге булықтырады». Қаламқас Қамзаева, ұстаз Адам баласы жаратылысқа қарап өзін-өзі тануы тиіс. Өнер-білім – ақылдың азығы. Ал ақыл – рухты кемелдендіруші қуат. Өзен ағысынан, өскен ағаштан, толған ойдан, домалаған тастан ғибрат алмаса даму кенжелейді. Көз алдыңызға хош иісті табиғи гүл мен пластмассадан жасалған гүлді қатар қойып елестетіңізші. Табиғи гүлге су керек, күннің жарығы керек, жылу керек, қорек тыңайтқыш керек, түбін қопсыту керек жəне осы нəзік те ауыр жұмысты атқаратын гүл өсіруші міндетті түрде керек. Сол сияқты адам болу үшін саған таза ақыл керек, кемел тақуалық керек, рухани дертіңе ем керек жəне шипаны бойыңа егетін Ұстаз керек. Ал пластмасса гүлге бояу мен пластмасса жеткілікті болса, сол сияқты кейбіреуге студент деген атақ пен аттестат, диплом ғана қанағат береді. Керек пен керексізді ажырата алмай қалатындар көп. Қаламқас Қамзаева, ұстаз Тəрбие адам өз рухани өмірінің негіздерін сақтауға көмектеседі, алыс пен жақын адамдарға жəне қоршаған ортаға қатынасын көрсетеді. Тəрбие мəдениеті – өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы. Еңбекке тəрбиелеу, патриоттық тəрбие, эстетикалық тəрбие, адамгершілік тəрбиесі, экологиялық тəрбие, дене тəрбиесі. Осы барлық тəрбиенің өзегі – адамгершілік тəрбиесі, бірақ ол жападан жалғыз əрекет етпейді, ол осы аталған тəрбие түрлерімен бірлікте, демек адамгершілікпен қоса барлық тəрбие түрлерімен біріге келе адамгершілік мəдениеті мен сапалары қалыптасады. Адамгершілік сапаларын индивидтің өзі анықтап, адамгершілік ұстанымын да өзі қалыптастырады. Тəрбиенің негізі қаланатын жер ең алдымен отбасы. Əрбір бала өзінің ата-анасына қарап бой түзейді. Неміс халқында бала тəрбиелеуде екі ерекшелік бар, біріншісі: баласымен тең кісідей сөйлеседі, сөйлесе отырып мүмкіндігін байқайды, осал жерін байқатпай көтеріп отырады, екіншісі: баласын ең негізгі нəрсеге, сөйлеп тұрған адамның мінезіне, дауыс екпініне, қысқасы, биязы-оспадарлығына қарамастан тыңдай білуге үйретеді. Себебі тыңдай білмейтін адамның айтар ойы да аз болады. Қазақтың тəлім-тəрбие туралы мақал-мəтелдері: Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дəметпе.

Тəрбиелі адам – тағалы атпен тең.

Итті күшігінде үйрет.

Отбасы Балалықты тастадым, білім қудым он бесте Отыздарға келгенде кісі болу келді еске. Қырық жасқа келгенде ойдағы желді тастадым, Елулердің кезінде аға бола бастадым. Өтірікті шындықтан ажыраттым алпыста, Жетпісімде жетіліп, қария болдым расында. Конфуций Ұрпақтан – ұрпаққа, əкеден – балаға не қалып жатқанын дəл білсек, он ұрпақтан кейінгілердің не көретінін ғана емес, жүзінші ұрпаққа да не қалатынын болжап білу қиын емес. Конфуций Іштарту үш түрлі болады: табиғи, жолдастық жəне қонақжайлық. Табиғи іштарту ата-ананың балаларға, туыстардың бір-біріне іштартуы. Жолдастық – бұл туыстық қарым-қатынасы жоқ адамдардың бір-біріне іштаруы. Қонақжайлық іштарту – келген қонақтармен кездескенде немесе хат арқылы болатын іштарту. Бұл үшеуіне махаббат арқылы болатын іштартуды қосуға болады. Платон

Хадис: Өзіңнің шыққан тегіңді біл, бұл туыстарды жақындастыра түседі. Хадис: Құдай екі түрлі адамға Қиямет күнінде рахым етпейді. Соның бірі – жаман көрші, екіншісі – туған-туысқан нан мүлдем қол үзіп кеткен тасбауырлар. Тай өссе ат тыныс алады, Ұл өссе ата тыныс алады. Махмуд Қашғари Мейлі сен бай боларсың мерейі асқан Ұлың – қор, үйренбесе өнер жастан. Саади Иттің дағы тегі бар, Тексіз болса ол шіркін Иесін де қабады. Жақынның бəрін жатсынған, Туысқан қайдан табады. Майқы би Қосағыңмен тату бол, өзгермесін ол адам, Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай даладан. Махмуд Қашғари Əйелге күш көрсету – ерлік емес, күшіңді өзіңе жұмса. Құтып Тəрбиелі əйелдер өздерінің ата-аналарын, балаларын жəне достарын құрметтеуі тиіс. Олар өз күйеулерінің сырын басқаларға ашып, кем-кетігі жайында айтып, əңгіме қылмасын. Ризоуиддин ибн Фахруддин Жағама қолдың тигенін, Жалғыздық сенен көремін. Ақтамберді Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. Абай Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала шықпайды. Ахмет Байтұрсынұлы Ағайынмен той тойлас, саудаласпа, жауыңменен саудалас, той тойласпа. Əйтеке би Мохандас Карамчанд Ганди «Менің өмірім»: Көзімнің жеткені – балаларды дұрыс тəрбиелеу үшін ата-аналар оларға жалпы қандай күтім жасалуы керек екенін білуге тиіс. Бала алғашқы бес жылда алатын нəрсесін кейін ешқашанда үйрене алмайды. Бала тəрбиесі белде жүрген кезінен басталады. Бойға бала біткен кездегі атааналарының денсаулығы мен рухани жай-күйі балаға əсер етеді. Одан кейін бала құрсақта жатқан кезеңде шешесінің көңіл күйінің, жеріктігі мен жан сезімінің, сондай-ақ оның тұрмысының ықпалында болады. Туғаннан кейін бала ата-аналарына еліктей бастайды жəне көп жылдар бойы оның өсіп-жетілуі бүтіндей ата-аналарға байланысты болады. Дүниенің амандығы ұрпақтардың əрекетіне байланысты. Дəн себілген соң, ол өсіп шығып, гүл жарып, жеміс беру үшін суару керек. Мен де мұны дер кезінде түсіндім. ...Балалардың рухани тəрбиесі олардың дене тəрбиесі мен ой өрісін жетілдіруге қарағанда анағұрлым қиын шаруа. Рухани тəрбие ісінде діни кітаптардан пайдалану, менің пікірімше, парасаттылыққа баулудың тек бір ғана жағы. Адамның жан дүниесін жетілдіру – оның мінезін қалыптастырып, Құдайды жəне өзін өзі танып-білу бағытындағы жұмыстарға даярлау деген сөз. Рухани тəрбиесіз кез келген оқудың пайда бермейтініне жəне тіпті зиянды болып шығуы мүмкін екендігіне көзім жеткен. Əйел күлкісі Əйел күлсе ұғамын, Жарқылдап жүр деп аналар. Жамылмай ажал тұманын Есен-сау жүр деп ағалар. Құлпырып тұр деп гүл шығып, Сабағынан үзілмей. Əсемдеп мынау тіршілік Əйелдің күлген жүзіндей. Əбіш Кекілбаев

Жар болу – үлкен жауапкершілік. Ең алдымен адал бол. Мейірімді, кешірімді бол. Қайда жүрсең де «Ұят болады» деген халқымыздың тəрбиелі сөзін ұмытпа. Отбасындағы ең басты нəрсе – тұрақтылық пен сенімділік. Бір-біріңе шын сене біліңдер... Ғалима Бектұрова (Жайық Бектұровтың жұбайы) Əр адам əкесінен бұрын өз уақытының ұрпағы. Адам Смит Бірлігі жоқ ұлыстың Көптігінен не пайда? Ұстары жоқ қылыштың Өткірінен не пайда? Бір-біріне от шашқан Ерлеріңнен не пайда? Құлқын үшін топтасқан Ездеріңнен не пайда? Фариза Оңғарсынова Бірлік жоқта байлық та берекесіз, Бауырмалдық болмаса, бақ та келте. Фариза Оңғарсынова Өмір-ай, өмір неткен қиын еді, Жалықтырды өзгенің сыйы мені. Жақыныңның жалғанда жат болмағы, Жасаған ау неғылған қиын еді, Жаны құрғыр, сондықтан күйінеді. Мұқағали Шаңырақтың тұтқасы қашан да үйдің отағасы. Сыртқы шаруа, алуан міндет ауыр жүк əрдайым соған түседі. Азаматың арлы, өз ортасында сыйлы, арзанды көріп азбайтын, қызылды көріп тозбайтын дəтіне берік, мінезі ұстамды, жігері мұқалмас төзімді болып келсе жанып тұрған бағың. Жұбайың – сол отаудың бүтіншісі, барыңды баптайтын, жоғыңды сатпайтын, пейілі кең, жаны жайсаң, ағайын-тумаға мейірімді келсе – шамшырағың. Мұндай тату да келісті отбасылы жұп қартая келе бірі – əкесі, екіншісі – шешесі іспетті болып кететін көрінеді. Ал ердің жапырып іс істер қайраты жоқ, өзіндік тұрақты пікірі кем, босмойын, мінезі шыртетпе, көңілі түссе азаншыл, қарны ашса қазаншыл біреу болса – ғұмырлық азап. Əйел – ерні жыбырлап аузы толған сөз, салдыр-салақ, ұстағаны күлді-көмеш, тұтқаны жыртық-жырым, оңбайтын олақ, етегінің бір ұшын ышқырына қыстырып алып ертеңді кеш айналасын өсекпен өртеп жүрсе – өмірлік тозақ сол. Ділдə Матайқызы Ескілерден қалған сөз: Ер жігіттің қадірін Жақыны білмес, жат білер. Бізде «Бала қымбат болса, оның тəрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөз бар. Шынында да солай! Бала тəрбиесінде ата-анасы диетаға отырған адам секілді тəрбиенің өлшемдерін қатаң сақтауы керек. Бес жасқа дейін баланың түпсанасы кез келген ақпаратты тез қабылдап алатын аса қабілетті кезеңі, сол себепті де осы аралықта балаға қолдан келгенше жақсы үлгі көрсету қажет. Əрбір адамның болашағы балалық жəне жастық шағындағы көргендері мен алған əсеріне тікелей байланысты. Бүлдіршіндер мен жастар адамның рухын шыңдап, жігер беретін ортада ақыл-ойы ұшқыр, көргенді боп өседі. Адам – арам ниеттен қаншалықты алшақ тұрғанына қарай адам болмақ. Жүрегі лас сезімдермен шырмалып, рухы нəпсіқұмарлықтың қыспағында қалғандардың бейнесі адам тəрізді көрінсе де, олар «мұндай құрметті атқа лайық па екен?» деп ойлану қажет. Тəрбиенің тəндік жақтарының қандай болуы керектігін бəрі біледі, бірақ адам үшін ең қажеттісі – оның ой-сезімін дамытудың мəнін ұғынған адамдар некенсаяқ. Негізінде, біз сөз еткен тəрбиенің бірінші жолы арқылы білегі күшті адамдар, екінші жолы арқылы жүрегі мен рухы асқақ адамдар өсіп жетіледі. Ұлттың игілігіне көрсетілетін қызмет оның пайдасыз масылдарын, зиянкестерін, қаскөйлерін жойып жіберумен емес, жас буынды ұлттық мəдениет пен ұлттық тəрбие арқылы адамдықтың тұғырына шығарумен өлшенеді. Дін мен тарихты құрметтеп, салт-дəстүрді берік ұстанған қасиетті тұқымдарды еліміздің барлық түкпіріне егіп, көгертпейінше, көзі құрыған жаман адамдардың орнын арам шөп сияқты басқасы басатын болады.

Балаларға оқытылатын кітап мейлі өлең-жыр, не қара сөз болсын, адамның ойына қозғау салатындай, рухын шыңдайтындай, үміт пен жігерді жанитындай болуы керек. Сонда ғана ерік-жігері күшті, ақыл-ойы түзу ұрпақ өсіп шығады... Қыз баласын болашақта өз ұрпағының тəрбиешісі болатындығын ескере отырып, гүл сияқты нəзік, биязы һəм мейірімді етіп өсірумен қатар, ақиқаттың қорғаушысы ретінде де қайсарлыққа тəрбиелеген абзал. Əйтпесе, олар əлсіз əрі қорғансыз боп өссе, өз бойындағы нəзіктік пен ибалықтың құрбанына айналуы ғажап емес. Ұрғашы арыстанның да арыстан екенін естен шығармау керек. Тəрбие өзінше бір ғажайып əлем жəне жақсы тəрбие алған адам қандай құрметке де лайық. Иə, адам оқымаған қараңғы болса да, оны ізеттілігі үшін жақсы көруге əбден болады. Ұлттық рух пен ұлттық тəрбиеден мақұрым халықтар дөрекі, надан жəне желөкпе, қаңбақ адамдарға ұқсайды. Олардың достықтарында опа, қастықтарында шынайылық жоқ, яғни жау боп жарытпайды, не дос боп опа таптырмайды. Мұндайларға сенгендердің үміті үзіледі, оларға арқа сүйегендер қиынқыстау сəтте жалғыз қалады. Ұлағатты ұстаздың алдын көрмеген, қайнар бұлақтан қана ішпеген тəрбиешілер басқалардың жолына шырақ ұстаған соқырлар іспетті. Баланың бойындағы арсыздық, тəрбиесіздік – оның бауырындағы бұлақтың лайланғандығын аңғартады. Отбасындағы кикілжің, берекесіз өмір жəне т.б. барлығы жинала келе баланың рухында көрініс табады. Əрине, содан соң қоғамда... Білім ошақтарында басқа пəндерге мəн берілгеніндей, тəрбие мен ұлттық мəдениетке де баса назар аударылуы керек. Сонда ғана отанды жəннатқа айналдыратын рухы биік, байсалды ұрпақтар өсіп жетіле алады. Мұғалімдер көп, бірақ тəрбиеші бола алғандар тым аз. Пайдалы болғанына қарамастан ұлттық мəдениет пен ұлттық тəрбиеге өте аз мəн беріліп келеді. Күндердің күнінде осы мəселені қолға алатын болсақ, халқымыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатын боламыз. Туа бітті талантты адамдар болады. Атақты шайыр – Имруль-Қайыс мектеп босағасын көрмеген. Эйнштейн сабақтан қашып кетеді екен. Өйткені олар бөлекше ойлайтын қабілетке ие. Ньютон математикадан төмен баға алған, алайда оның теориясы математикаға құрылған. Ал біз болсақ, өз шөмішімізбен басқаның қазанындағы сорпаны сапырып жүрміз. Рухы айнадай таза, көргенін сол сəтте қаз-қалпында түсіріп алатын фотоаппарат секілді балалардың алғашқы мектебі – отбасы, алғашқы тəрбиешісі – анасы. Сол себепті де ананың бойындағы қабілеттерді тұншықтырып алмай, тəрбиелеу – ұлт болашағының кепілі. Фетхуллах Гулен Людмила Хочиева. Балқар халқының мысалы: Диірменнің екі тасы болады. Астындағы тас – əйел, үстіндегі тас – ер азамат. Астындағы тас дұрыс тұрса, мықты орныққан болса, үстіндегі тас айналады-айналады, бəрібір орнында қалады. Екеуінің тапқан табысы ұн секілді жиналады. Демек, отбасының негізі əйел болғаны. Одри Хепберн (Ана сұлулығының сыры неде?): 1. Еріндерім əдемі болсын десеңіз – жылы сөздер айтыңыз. 2. Көздерім əдемі болсын десеңіз – балаларыңыздың жақсы жақтарын көре біліңіз. 3. Сыртқы пішімім сымбатты болсын десеңіз – тамағыңызды бөлісе біліңіз. 4. Шаштарым əдемі болсын десеңіз – балаңызға күніне бір рет болсын саусақтарымен сипатыңыз. 5. Өз-өзіңізге сенімді болу үшін əркез өзіңізді жалғыз емес екеніңізді біліп жүріңіз. 6. Адамдар заттарға қарағанда көбірек өзінің қайта қалпына келуін, оны кешіруін, мадақтауын, т.б. қалайды. 7. Егер бір күні сізге көмек керек болса, сіз оны бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан табасыздар. Есейе келе сіз бір қолыңыз өзіңізге жəрдем үшін, ал екінші қолыңыз өзгелерге көмектесу үшін екенін ұғасыз. 8. Əйел-ананың əдемілігі оның киген киімінде емес, оның сымбаттылығы немесе шаш үлгісінде де емес. Əйел əдемілігі – оның көздерінде, өйткені, бұл – оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден-бір жол. 9. Жасы ұлғайған сайын əйел-ана тек əдемілене түседі. Əпсана: Бір адам Ұстазға келіп: «Мен Құдайды шын беріліп сүйгім келеді, маған соның жолын көрсетіңізші», – депті. Ұстаз одан: «Сен бір əйелді немесе баланы шын беріліп сүйіп көрдің бе?», – деп сұрапты. «Бұл мені қызықтырмайды, маған Құдайға барар жолды көрсетіңіз», – дейді ол. Ұстаз: «Бұл жол сен үшін жабық. Сен əуелі əйелді, баланы сүйе білуге тиіссің. Əйел мен балаға деген махаббат – алғашқы баспалдақ. Алғашқы баспалдақты баспай жоғарғы сатыға қалай шықпақсың. Құдай – бұл жолдағы ең соңғы саты», – деп жауап берген екен.

Бір құмырсқа өзеннің арғы бетіне өткендермен бірге, сондағы өмір ді көргісі келіп, қайыққа жармасып, бірге өтіпті. Арғы беттегі құмырсқалар оны бөтенсіп, жабыла талапты. Қайық қайтқан кезде, қайтпасам болмас деп қайта тырмысып қайыққа мініп, бергі беттегі өз туыс құмырсқаларына келсе: «Бізді неге тастап кетіп едің», – деп олар да талапты. Андрей Вознесенский «Құмырсқа» Бір отбасына екі лидер артық. Екі нəрседе жаңылыспаған дұрыс: 1) Мамандық таңдауда; 2) Жар таңдауда. Адамдық даналық былай дейді: Абайла – Əйелді жылатпа… Өйткені Құдай оның көз жасын санайды. Əйел еркектің қабырғасынан жаралған: Аяғынан емес – қорланбау үшін, Басынан емес – басынып кетпеу үшін. Бірақ жанынан, жаныңа жақын болуы үшін, Өзіңмен тең болуы үшін. … Қолтықтың астынан – қорғаулы болуы үшін… Жəне де жүрек жағыңнан, сүйікті болу үшін. Əйел үшін отбасы ережелері: 1) Басты міндет – қамқор əйел, жақсы ана, аянып қалмайтын туыс бола білу. 2) Артықшылығыңды, білімділігіңді көрсете берме. Бірақ, өзіңді басып тастама, ой-өрісің еріңнен өте төмен де болып қалмасын. 3) Қашан да əзілге айналдыруға бейім бол. 4) Тұрмыстық істерде дəрменсіз болма. 5) Өз тəртібіңді зорлап таңба. 6) Өз құқығыңның кейбірін еріңе берер болсаң, мықтап ойлан. Беру оңай, алу қиын. 7) Үйдегі əрбір іс бақылауында болсын. Жөні келген жерде тартынып қалма, пікіріңді өткізуге тырыс. 8) Ауыра берме. 9) Істеп тастар ісіңді ұмытпа, ренішке келгенде ұмытшақ бол. 10) Кір халат, қобыраған шаш – еркектің жауы. 11) Еріңді жеңудің төте жолы – аспаздық қабілет арқылы келеді. 12) Ең бастысы – еркекке Құдайға қарағандай қарау. Ұлдарға кеңес: Анаңды əйеліңнен кейін қойма, қазіргі заманда ол – өте қиын. Тым болмағанда екеуін бірдей көруге тырыс. Кейін қойған жағдайда сенің балаң да анасын əйелінен кейін қоюына əзірлене бер. Тағы бір кеңес: Ағайын-досқа жағамын десең қазанды бол, ол үшін əйелің жақсы болуы керек. Айнаға өкпелеме. Ұрпағың – айнадағы өзің. Ұрпағыңа бүгін еккеніңді бірнеше жылдардан кейін аласың: мінез, тағдыр, келешек. Балаларыңа жəрдем бере тұрып, оларды өздеріне өздері жəрдем беруін талап ет, əйтпесе оларда кедергіні бұзу қабілеті табандылық, мінезділік болмай қалады. Байқайсың ба, құс балапандарына аузымен тамақ бе реді, бірақ өз бетімен ұшуды үйрету үшін көтеріп ұшып, биікке шыққанда тастап жібереді. Туысқандар – табиғаттың өзі сыйлаған достарың. Досың өзгеруі мүм кін, тіпті, əйелің де өзгеруі мүмкін, бірақ туысыңды өзгерте алмайсың, оның аты сенімен мəңгі бақи бірге аталады. Өмірде туған-туысқансыз, ағайынсыз адам кемде-кем. Тағдыр тауқыметімен балалар үйінде тəрбие алған адамдар да, өз елінен түрлі себеп пен сырттап кеткендердің өзі де есін жинай келе тым болмаса жа-мағайын туыстарын іздеп табуға тырысатыны біздің халыққа тəн қасиет. Кім де болса адамнан тараған, ал адам көп тамырлы, жапырақбұтақты ағашқа ұқсайды, туыстар дегеніміз сол ағаштың бұтақтары. Туыстарға негізінен бауырмалдық тəн. Туыстық сезімі ерекше, бауырлас адамдар бір-біріне асығып, бірін-бірі сағынып тұрады. Өмірдегі қызық-қуаныштарда, түрлі жағдайларда бірінің жанынан бірі табылады. Бауырмалдық сезім татулыққа алып келеді. Туыстарға байланысты ұсақ-түйек ұғыспастыққа ешуақытта бармаған жөн, ни еті бұзықтар мен сөз тасушылар жетерлік, оған ермеу керек. Дүние-пұлға қарамай, əрқашан береке-бірліктің өзегін сақтаған дұрыс. Бауырмалдық сезімі жоқ адам өзгелерге мейірбан бола алмайды. Туысқанның арын өз арындай ардақтау, қайғы мен қуанышын бөлісу, қиындығына ортақтасу мен қызығын бірге қы зықтау, тарыққанда мүмкін болса қол ұшын беру – туыстар арасында бұл жытпай сақталатын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы қасиет. Өмір сүрудің құпия мəнінің бірі – айналадағылардан қара үзіп қалмаудың сыры – тұрмыстық деңгейдегі байланысты үзбей, ағайын-туыс, дос-жаранның қызығы мен қиыншылығында бірге болу, хабар алып

тұру, шақырғанда бару, сұрағанда аз да болса беру, ақыл-кеңес сұраса жөнін айту. Əрине, жол көрсету адалдыққа, арлылыққа бағытталсын. Туыстармен қатынаста қиыны: бар болып бере алмау (ондай жағдай да кездеседі), немесе, жоқ болып қалса, жоқ екенін түсіндіре алмау. Қанша рет жағдайын реттеп беріп, бір рет қараса алмай қалғанда жек көретін туыс та табылуы мүмкін. Адамның қызметі немесе байлығы өскен сайын туыс-жекжаты көбейеді. Олардың қажеті таусылмайды, бірін реттесең, бірі шығады. Ащы болса да ақиқат осындай. Сондықтан, ондай туысты да бір іске үйреткен дұрыс. «Ашты бағамын десең балық бер, аш болмасын десең балық аулауды үйрет» деген. Туыстық қарым-қатынас рушылдық емес, екеуі екі басқа. Рушылдық – ағайындас немесе ірі рулардың адамдарының бірігуінің нəтижесі. Рушылдық немесе соған ұқсас қасиет-пиғылды барлық халықтар басынан өткіз ген, өткізіп те жатыр. Ежелгі Рим мемлекетінде де бұдан үш мың жылдай бұрын рулық бөлініс болған. Сананың жетілуіне байланысты рулық намыс ұлттық намысқа, сөйтіп бірте-бірте жалпыадамзаттық мəселелер үшін күресетін парасат деңгейіне дейін жетеді. Рушылдықты төңкеріс жолымен ешкім тоқтата алмайды. Санамыз рушылдықты мақұлдайтын деңгейден көтерілгенде, оның керегі жоқтығы анық болады, сонда ол өзінен-өзі, ұрансыз-ақ жойылады. Үйінде бақытты адам – ең бақытты адам. Жігіттік те оңай емес. Жігіт деп онымен пікірлескен де өзіңді жігітше сезіне алатын адамды айтуға болады. Дос-туыстарымен келіспеушілікке барудан гөрі, олардың өзгеруіне əсер ететін құрмет қатынасын таңдаған дұрыс. Сонда бейбіт өмірдің дəмін екі жақ бірдей сезінеді. Жігіттің үш жұрты бар – өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз-жұртың күншіл, қайын жұртың-міншіл, нағашы жұртың-сыншыл. Ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болса бере алмайды. Жоқ болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың қолыңның ұзындығына қарайды, берсең жағасың, бермесең дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жамандығыңа күйінеді. Джордж Карлин əйелі қайтыс болғанда осы сөздерді қағазға түсірген: «Біздер парадокстар заманында өмір сүрудеміз, биік құрылыстарымыз бар, бірақ төзімділігіміз төмен, кең магистралдарымыз бар, бірақ көзқарастарымыз тар. Көп шығындаймыз, бірақ азға ғана иеміз, көп сатып аламыз, бірақ аз қуанамыз. Үйлеріміз кеңейді, бірақ отбасы мүшелерінің саны азайды, жайлылық жақсарды, бірақ уақыт тапшы. Жақсы білім ала ала бастадық, бірақ санамыз кеміді, білімділік артты, бірақ жағдайды болжауымыз төмендеді, сарапшылар көбейді, бірақ проблемалар одан да көп, медицина дамыды, бірақ денсаулық төмендеді. Өте көп ішеміз, өте көп шегеміз, жауапсыз шығынданатын болдық, өте аз күлеміз, жүрдек көлікте жүреміз, ашу-ызаға берілу өте жеңілдеді, кеш жататын болдық, тұрғанда шаршап тұрамыз, аз оқитын болдық, теледидарды өте көп көреміз жəне Құдайға мінəжат етуді ұмытып кете береміз. Дəмеміз артуда, бірақ құндылықтар қысқарды. Көп сөйлейміз, сирек ғашық боламыз жəне өте жиі жек көреміз. Біз сау қалудың жолын білеміз, бірақ қалай өмір сүрудің жолын білмейміз. Адамның өміріне жыл қосуды білеміз, бірақ адамның жылына өмір қосуды білмейміз. Айға жетіп, қайта оралдық, бірақ көшенің арғы бетіне өтіп, жаңа көршімізбен танысуымыз қиын. Ғарыш кеңістігін игеріп жатырмыз, бірақ жан-дүниеміздің кеңістігін игере алмаймыз. Үлкен істер жасаймыз, бірақ олар жақсы істер ме, ол жағын ойланбаймыз. Ауаны тазартамыз, бірақ жан-дүниемізді ластаймыз. Атомды бағындырдық, бірақ өз ырым-нанымымызды бағындыра алмаймыз. Көп жазамыз, бірақ білеріміз аз. Жоспарымыз көп, бірақ жетістігіміз оған сай емес. Күтуді емес, асығуды үйреніп алдық. Ақпараттарды бұрынғыдан көп жинай алатын, оны көптеп көбейтетін жаңа компьютерлер ойлап табамыз, бірақ барабара аз сұхбаттасатын болып алдық. Тез тамақтанып, жегенімізді нашар сіңіретін, үлкен, бірақ жандүниесі ұсақ адамдар көбейген, табысты тез табуға болатын жəне қарымқатынасы қиындаған уақыттамыз. Қашықтықтардың қысқарып, бір рет қана пайдаланатын заттар, бір реттік мораль, бір түндік байланыстар; артық салмақ пен барлығын жасай алатын – бізді қоздыратын, бізді тыныштандыратын, бізді өлтіретін таблеткалар көбейген заман келді. Сөрелер толып, қоймалар бос тұратын уақытқа тап келдік. Осы хаттың сізге жетуіне мүмкіндік беретін, біреулермен бөліссеңіз де, «Өшір (Delete)» дей салсаңыз да болатын технологиялар заманы болды. Есіңде болсын: кімдерді сүйсең, соған көбірек уақыт бөл, өйткені олар сізбен мəңгі бақи бірге болады.

Есіңде болсын, саған төменнен жоғарыға сүйсінумен қарап тұрғандарға жақсы сөзіңді айт, өйткені бұл кішкентай ғана жаратылыс иесі жақында өседі жəне ол сенің жаныңда үнемі бола алмайды. Өзіңе жақын адамды есіңе сақта жəне құшағыңа қаттырақ қыс, өйткені ол – сенің жүрегіңмен беретін жəне құны қымбат болмайтын жалғыз ғана қазына. «Сені сүйемін» деген сөзді сүйіктіңе жиі айт жəне есіңнен шығарма, бірақ оны алдымен өзің сезін. Аймалау мен сүю кез келген сүйкімсіздікті сүйкімді етеді. Бірге болғанда бір-біріңнің қолыңнан ұстап жүр жəне сол сəттерді бағала, өйткені бір кездер келгенде ол адам сенің жаныңнан табылмауы мүмкін. Махаббат үшін уақыт тап, сұхбатқа жəне өзіңнің айтар ойыңды бөлісу мүмкіндігіне уақытыңды аяма. Өйткені өмір тыныс алу уақытымен емес, жаныңның рахатын сезінетін сəттерден тұрады». Джордж Денис Патрик Карлин (George Denіs Patrіck Carlіn, 12 мамыр 1937 – 22 маусым 2008) – америкалық комик, актер əрі жазушы, «Грэмми» сыйлығын төрт рет алған жəне Марк Твен сыйлығының иегері. 5 кітап, 20-дан астам музыкалық альбомның авторы, 16 фильмге түскен.

Қазақтың отбасы, туыс-туған туралы мақал-мəтелдері:
Отанды сүю – от басынан басталады.
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Жақсы ағаң – орман, жақсы інің – қорған.

Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.

Аға – бордан, іні – зордан.

Жақыныңды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.

Туысы бірдің – уысы бір.
Жақын таласса жатқа жем.
Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
Ағайынның алыс жақынын, іс түскенде білерсің.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ата-ана Жас адамдар ата-анасын ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне ыждаһаттылықпен қарауға, халқына махаббатпен қарап, адамдарды бір-бірімен жақындастыруға міндетті. Осы міндеттерден артылған уақытта кітап оқысын. Конфуций Баланың ата-анасын сыйлауы оларды заттай қамтамасыз ету ғана деп түсінетіндер бар. Бірақ, жануарды да қамтамасыз етеді ғой. Үлкенге құрмет дегенде осы айырмашылықты білген жөн. Конфуций Ата-анаңды аяла, олардың бетінен алма. Олар сенімен келіспесе, қарсылық көрсетпе. Бұл жолда шаршасаң да төз. Конфуций Ата-анаңнан онша ұзап кетпе. Алыс кетуге мəжбүр болсаң, хабар алып тұр. Конфуций Ананың кемшілігі балаға жұқпай қоймайды. Аристотель Ата-анаңды Құдаймен тең құрметте. Менандр Кабуснамадан: Əрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-анамды құрмет жасаймын деп, ойыңа алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі… Егер əрбір перзент ақылды жəне дана болса, ол ата-ананың мейірмахаббатын құрметтеуден бас тартпайды, ата-ананың міндеті – тəрбиелеу жəне жақсылық үйрету.

Ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма. Олардың көңіл күйіне қаяу салып, қапаландырмағын. Сен ата-ананың қарызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасаң да, адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен қарағын. Егер сен, өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де жақсы, дəмді болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны. Бала тəрбиесіндегі ең жауапты кезең – он бес жасқа дейінгі тəрбие. Əл-Фараби Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер. Махмұт Қашқари Өмірімді жүз қадам деп есептейтін болсам, туғаннан бес жасыма дейін тоқсан тоғыз қадам, бес жастан қазіргі маған дейін бір қадам. Лев Толстой Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Абай Атадан баланың ойы өзге. Абай Халық сөзі: Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін құрдасыңдай көр. Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиеттерінен: Ата-анаң – үлкен дəулет. Ұстазың атаңнан ұлық. Қаражатты табысыңа қарай жұмса. Бір үйге барғанда көзің мен тіліңе абай бол. Көпшіліктен бөлінбе, əруақытта бірге бол. «Құдайдың көңілінен қалай шығуға болады?» деген сұраққа Анушироуан əділ: «Анаңды риза ету арқылы» деп жауап берген екен. Қазақ сөзі: Атасы жақсы болса ұлы көргенді, Анасы жақсы болса қызы көргенді. Əлкей Марғұлан өзінің алпыс жасқа толған той ында айтыпты: Осы бір айтулы күні ең алдымен, менің кім болып шығатыныма көзі жетпей, өзде рінің асыл арманымен өмірден өткен өзімнің ата-анамды есіме алғым келеді. Бала тəрбиесін үш кезеңге бөлуге болады: құрсақтағы тоғыз ай, тоғыз күн, дүние есігін ашқаннан басталатын бесікке бөлену кезеңі жəне тəйтəй басқаннан ат жалын тартып мінгенге дейінгі уақыт. Анасының уызынан қуат алған нəресте кіндігі қиылған соң, жаялығына оралған күйі ағаш бесікке жайғасып, əлди-əлдидің əуенімен тəтті ұйқының құшағына енеді. Бала жүруге талпына бастағанда адымы қарышты, жолы түзу болсын деп тұсауын кеседі. Бұл – адамның адам болашағына себепші үшінші кезеңнің басы. Баланың тұсауын үш нəрсемен кеседі: біреудің ала жібін аттамасын деп ала жіппен, тоқшылық болсын деп тоқ ішекпен, көк шөптей көкке ұмтылсын деп шөппен кеседі. Қаламқас Қамзаева, ұстаз Қазақ мақалы: Анаңа ауыр сөз айтпа, Атаңа ауыр жүк артпа. Тіршілік иесі ретінде Адам екі əсердің жемісі: 1) биологиялық дамудың жемісі; 2) қоғамдағы əр түрлі таптың жемісі. Жеке адамның бүкіл болмысындағы қасиеттердің пайда болуы оның ата-бабаларында болған қасиеттермен байланысты. Мысалы, тегіне тар-тып, бір мінезі əкесіне, бір мінезі шешесіне, болмаса бірнеше буын бұрын өткен əжелеріне, тіпті арғы тегіндегі бір туысқанына тартуы мүмкін. Тектілік пен тексіздік деген салыстырмалы ұғымдар. ...Тектілікке жататын батырлық қасиет те кейде адам кейде өлтіруге жұмсалады. Батырлықты абсолютты түрде мақтап, жақсы деуге болмайды. Сахилық жақсы. Бірақ бостан-бос мал шашпақ жақсы емес. Сараңдық, америкалықтардың көзқарасымен, ең жақсы адами құндылық. Себебі, ол сараң болмаса, тиынын есептеп тұрмаса, байымас еді. «Адам қоғамы – айуандар қоғамының шарықтаған, жетілген түрі» дейді ғалымдар. Олай болса, айуандар тірлігіне үңілуге арланбау керек. Тегіне тарту заңдылығы үгіт-насихатты, тəртіпті тыңдамайды, пішініне əсерленіп бейімделгенмен, мазмұны көтермейді. Яғни, «Көн қатса қалыбына барады». Уызында жарымаған қозыдан жақсы қошқар шықпайды.

Француз философы Огюст Конт эгоизмге кереғар ұғым ретінде альтруизм деген сөзді енгізген. Эгоизм əркімнің өз «мені» үшін, қарақан басының қамы үшін, халық мүддесінен гөрі жеке бас пайдасын күйттеп тіршілік ету екен. Ал альтруизм, керісінше, əр адамның өз тіршілік əрекеттерін өзгелерге жақсылық жасау үшін бағыштап өмір сүру екен. Ойсыздан – ойсыз, кедейден – жалқау, сараңнан ешкімге ештеңе бермейтін, ешкіммен араласпайтын қатыбас тууы жиі кездеседі, тегіне тартып туу – заңдылық. Жақсы бала – үйлесім, махаббат бар отбасында туылады. Əйел тоғыз ай көтеріп, толғатқанда бүкіл жиған-тергенін емшек ұшына, уызға жинайды. Сол информацияны тұтасымен алған, емшек сүтін толық ішіп қанған баланың интеллектуалдық коэффициенті – ақылдылық, парасаттылық коэффициенті жоғары болады. Баланың жақсы болып туылуы жатырдың тазалығына да толық тəуелді. Ана сүті мен əке күші таза болса – тектіліктің информациясын, содан кейінгі тамақтану арқылы келетін гендік қордағы материал жандандыра түседі. Төрегелді Шармановтың формуласы бойынша: «Аш қатын ақылды бала тумайды». Əйел міндетті түрде ұстануы тиіс жақсы қасиеттер – тазалық, имандылық, үнемшілдік, келер ұрпақ мүддесін бірінші кезекке қою деген жауапкершіліктен келіп шығады. Əке – асқар тау, Ана – ағып жатқан бұлақ, Бала – жағадағы құрақ. Анаңа ауыр сөз айтпа Атаңа ауыр жүк артпа. Атасы тұрып ұл сөйлегеннен без Анасы тұрып қыз сөйлегеннен без. Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес. Баланы өбектеп, қолтық астында сақтай берсе, ондай бала еркін қимылға үйрене алмайды, өскенде жасық, жігерсіз, өз пікірі жоқ адам болып қалыптасады. Əкенің орны төрден сайланған үйдің балалары жігерлі, еркін болып өседі. Аналары əкесін пір тұтатын, сөзі теріс болса да балаларының көзінше жымиып қана қоятын əйелдің балалары əкелеріне Тəңірге табынғандай табынып өседі. Бала кезінде ешкім дауыс көтермеген, зекімеген, жасқамаған, ешкім ешқашанда намысына тимеген бала сөйлескенде еркін, қысылмайтын, жауаптарын қасқайып тұрып беретін болады. Жапондар балаларын осылай тəрбиелейді. Кемсіту, қорлау мектебінен өткен адамда құлдық психология қалыптасады. Адам санының өсуі де тоқтыққа тəуелді. Жастарды отау құруға үндеумен, көп бала тууға шақырумен ештеңе өнбейді, ол əншейін ізгі ниет күйінде қала береді. Балалы болғанда туа қалатын қиыншылықтар кездескенде жəрдем ала алатынына сенімді боларлық жағдай жасау керек. Дəстүр Қазақтың Құдайдан кейінгі қорқатыны – дəстүр бұзушылық. Ахмет Байтұрсынов Король Артур заманының бір болмашы деталі назар аударады. Ол – Дөңгелек Үстел идеясының тууы. Əрине, дөңгелек үстелде төр болмайды. Демек, бірінен бірін артық санатқызатын бəсеке-бақастық та жоқ деген сөз. Сондықтан да, Артур корольдің Дөңгелек Үстеліне отыратындар өздерін ерлігімен, адамдығымен тең санайтындар. Кез келген елдің жақсы қасиетіне назар аударғанда өз жұртыңның қасиетін де салғастырып отыратының болады. Қазақтарда да ауылдың алқақотан қонуы, үстелінің дөңгелек болуы, қораланып отырып кеңес құруы, дөңгеленіп отырысуы, тіптен киіз үйінің де дөңгелек болуы ертеден бар дəстүр. Бұл да халқымыздың кісілік қалыбына ықпал еткен бір қасиет екеніне шəк болмаса керек. Ақселеу Сейдімбек Адамзат баласы заңның емес, салт-дəстүрдің «құлы» болған кезде нағыз бақытты өмір басталады. Ақселеу Сейдімбек Жаңалық атаулыға оп-оңай жұтылып кетпей, сол жаңалықтың ең озығын бойына сіңіріп, өзінше қорыта алатын дəстүрдің тұғыры берік,

ғұмыры ұзақ. Ал, жаңалықты бойына сіңіре алмайтын дəстүр – астан қалған, өлімге бой ұсынған ауру адам сияқты. Демек, көсегесі көгерер елдің дəстүрі өткенін тұғыр ете отырып, жаңамен тіл табыса да біледі. Дəстүрдің де тозатыны болады. Егер, дəстүр атаулыға талғамсыз табынар болсаң, онда, штампқа ұрынасың. Сондықтан, күні өткен дəстүрді еш қиналмастан сілкіп тастап отырған абзал. Күні өткен дəстүрді Вахтангов «жақсы, бұзылмай сақталған мəйітке» теңеген. Ең қиыны өткен мен жаңадан нені таңдап, олардың қай асылына табан тіреп отыру керек екенін білу. Бұл үшін бүкіл халықтық талғамның дəстүрі қалыптасуы керек. Онсыз шөре-шөре дегеннің аузына қарайтын тобырдың ортасында ғұмыр өтеді. Ақселеу Сейдімбек Қазақ халқының дəстүрлі ғұрыптық салтының бірі – атастыру, ұл мен қыздың ата-аналары ның өз балаларын бір-біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жар қын үмітпен күні бұрын уəделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі. Мұн дай келісім ұл мен қыз дың жас шағында, тіпті бе сік тегі кезінде жасалған. Мұндайлар бесік кертпе құда ата лады. Егер қыздың ата-анасы ұлдың ата-анасының ті легін қабылдап, өскенде қызын беруге келіссе, қыз бен жігіт атастырылған бо лып са на лып, алдын ала қа лың мал төленген. Атасты рылған жастар есейе келе, мі ндетті түрде қосылатын бол ған. Əйелдері жүкті бол ған жағдайда, əлі дүниеге кел меген балаларды да бір-біріне атастырып отырған. Бұлар бел құда болады. Əл бетте, бұрынырақта неке жа сының төменгі шегі бол маған, соған орай бұл шара лар дың бəрі тəрбиелік мағы на да жасалып отырған. «Тек ті жермен құда болайық, ұр пағымыз текті болсын» де ген ниет. «Қатын алма, қайын ал», «Анасын көріп, қызын ал» деген тектес сөздер осы дан қалған. Қыздарын ертерек ұза тып, үйлен дірудегі мақсат – «Теріс жол ға түспей тұрып, құтты орындарына қон дырайын» деген ниет бол ған. Бүгіндері атастыру өте сирек кездеседі. Əке-ше шесінің ескі уағдаластық та рын сыйлап, отау құрып жат қан жастар табылып қалады. Бұл салт төр кі нінде де үлкен тəрбиелік мəн-мағына жатқанын ұмыт пауға тиіспіз. Дəстүрлі от ба сы мəдениетінде ажы расу, некелеспей қалу деген ілуде біреу болмаса, орын алмаған. Нұрболат Аманжол Наурыз мерекесі күндері жыл берекелі болсын деп ыдыс атаулыны бос қоймайды, жақсылық бел алған күн ғой, сəтіне қарай тартады деп алуан түрлі ырым-жоралғы жасайды, түс жорытады, жауырын-құмалақ аштырады, балалардың жасына қарай кекіл, тұлым, айдар қояды, қаз басып жүре бастаған жас нəрестенің тұсауын кеседі, мал тарыдай көп болсын деп қотанға тары шашады, бұл күнгі құдалық өмірлі болады деп құдалық айттырады, құйрық-бауыр жесісіп, төс тигізіседі, уəде байласады, жамандықты ала кетсін деп ескі-құсқы заттарды отқа жағады, өлік шыққан үйді, сырқат адамы бар үйді, індет келген қотанды отпен аластайды, теңдікті Тəңірдің өзі ұнатады деп қарыздан құтылады, өкпе-назды ұмытып бітімге келеді, жұтқа ұшырағандарға жылу жинап ел қатарына қосады, құл мен күңге азаттық береді, еркек пен əйелді күрестіреді, жаппай жаяу жарыс ұйымдастырады, барша жанды тең санайды, берекенің бастауы деп жеті түрлі дəмнен Ұлыс көже пісіреді, бұл күнгі тілекті Тəңір қолдайды деп бір-біріне жақсы тілек айтысады, бата беріседі, Ұлыстың құты деп шығар күнге ақ шашып, тəу етеді т. б. Ақселеу Сейдімбек Құнанбайдың əкесі Өскенбай төңірегіндегілердің насыбай атып, темекі тартуына мейлінше қарсы болса керек. Тіптен, бірде ауылындағы біреуді өзгеге көз қылып, насыбай иіскегенін қоймағаны үшін танауын бəкімен шекітіп жібертсе керек... Бұл жөнінде ел ішінде насыбай атып, темекі тартатындарға: «Өй, мұрыныңды Өскенбай кескір!» деп ұрсатын сөз орныққан. Арада жылдар өтіп, Өскенбай өлген соң Құнанбай насыбай атуды бастапты дейді. Бірде, көпшілік бас қосқан алқалы жиында елдің дуалы ауыз қадірлі адамы отырып: «Уа, Құнанбай, əкең Өскенбай еліңнің тəнін таза, денін сау етемін деп, насыбай атқанға пышақ жұмсауға дейін барып еді. «Өзі жоқтың көзі жоқ!» деп, ата өсиетін аяққа баса берсек не боламыз?!» депті. Сонда Құнанбай тұт ағашының безінен ойылып, күміспен күптелген шынжырлы шақшасын бешпентінің қалтасынан алып, қимағандай бір ауық сипап отырып: «Бір ауыз орынды сөзіңнің садағасы... тастадым насыбайды!», – депті. Ақселеу Сейдімбек «Сəлем – сөздің анасы» дейді қазақ мақалы. Үлкенге де, кішіге де жылы шыраймен сəлем беру мен сəлем алу – халқымыздың ежелгі дəстүрі. Қазыбек би қайтыс болғанда жерлеуге Арқадан Түркістанға түйемен он бес күнде жеткізген қазақ аруақты ерлерін қандай ардақтаған. Қос түйенің ортасына қом жасап, тоқтамастан суыт жүріп отырған. Жолдағы ел алдынан шығып, мəйітті тоқтатпастан, əйелдері жоқтау айтып, ерлері өз қонысы нан ұзағанша артынан еріп отырған. Жолаушыларға сусын ұсынылып, шал дыққан түйелер ауыстырылған. Дəстүр тазалығы, рух биіктігі деген осы болар...

Достық Панчатантрадан: Тeңіз суы өзeннің тeңізгe құйған жeріндe ғана тұщы бoлады. Араға əзəзіл кірмесе, дoстық бeрік бoлмақ. Туыстар арасындағы бауырмалдық та араға сөз кірмeсe бұзылмайды, eкіжүзділeр жылан тəрізді кeлeді, сөздің əсeрі дe жылан уының əсeріндeй. Бұрынғылар: «Ақылды мeн ақ пeйіл жанның сoңына eр, мінeзі жаман бoлса да ажырама, oның жаман қылығынан сақтан да ақылын пайдалан, тіпті ақылы жөндeм бoлмаса да ақ пeйілмeн дoстығыңды үзбe, oның ақ пeйілін пайдаланып, өз ақылыңды жeтілдір, шамаң кeлгeншe ақылсыздан бойыңды аулақ сал», – дeгeн eкeн. Панчатантрадан: Кімде-кім досының өзіне берген кеңесіне құлақ аспаса, оның ақылы мақтауға тұрмайды. Достың жақсысы егеспейді, достың ертелі-кеш тісін қайрағанын сезгеннен гөрі доссыз жүрген жақсы. Панчатантрадан: Адамдар өзара дoстасқанда eкі нəрсeні дəнeкeр eтeді, бірі жүрeгін ұсынады, ал eкіншісі қoлындағысының барын ортаға салады. Жүрeгіндeгісін ұсынатындар – адал дoстар, ал қoлындағысын беретіндер бірінe-бірі есепті жəрдeм бeріп, пайда көздeушілeр, oлар бір-бірінен oлжа ғана күтеді. Панчатантрадан: Сынған немесе қажалған тісті жұлып тастамаса, ол ауырғанын қоймайды. Жұқпайтын жағымсыз ас қайта түседі, ал қас дұшпаннан құтылудан өзге шара жоқ. Панчатантрадан: Жауласу мeн дoстасу, сүйіспeншілік пeн өшпeнділік – бұлардың бəрі бір қалыпта тұрып қалмайды. Түрлі жағдайларға oрай сүйіспeншілік өштіккe, дoстық жауласуға айналып кeтe салады. Ақылды адам мұндай жайттың əрқайсысына өзінe сай шара қoлданады: жауынан кeлсe – қасқиып қарсы тұрады, дoсынан кeлсe кeшірім жасайды. Кeй кeздe жасырын жаулық дoстық кeйпін киeді. Жаулықтың көрініп тұрғанынан бұл анағұрлым зиянды, oсыдан сақтанған жөн. Пайдасы тиeтін кeздe дoс санап, зияны тиeрін білгeн мeзгілдe қас дeп ұғатындар бар. Панчатантрадан: Дoстасу eріксіз, eсeптeн туса, oнда дoстықты тудырған сeбeп өзгeрісімeн бəрі дe өзгeрeді, бұл астына oт жағып қайнатқан су сияқты, oттан айырсаң-ақ oл қайта суып кeтeді. Бірімізгe біріміз сeнісіп, дoстасып eдік, біздің арамызда адал қарым-қатынас, сүйіспeншілік oрнап eді, oсының бəрі қажeттілік бoлатын, oл өткeннeн кeйін маған сeнімeн жақындасудың қажeті жoқ дeгeн oй туады. Панчатантрадан: Туыс та, ағайын да, дoс та, жoлдас та қoлда байлық барда көп бoлады. Ақшасы жoқ жанның мақсатына жeту қиын, өйткeні кeдeйлік кeдeргі бoлады. Жұрт көзіндe ақшасы жoқ жанның ақылы да жoқ. Кeдeйліктің шeңгeлінe түскeн адамнан eң əуeлі туыстары тeріс айналады, жақындары жeк көріп, oдан қашатын бoлады. Ал кeй кeздe өз басының жəнe үйішінің мұқтаж-мүддeсін oрындау үшін oл шара іздeйді, қылмысқа ұрынудан да тайынбайды, арынан ажырайды, қoр бoлады, сөйтe-сөйтe oл eкі дүниeдeн бірдeй қoл үзeді дe мүлдe құриды. Бақытсыздықтың бір тeтігі кeдeйліктe, кeдeйді жұрттың жeк көрeтін сeбeбі – пайдасыздығында. Кeдeйлік ақыл мeн əділeттeн дe айырады. Кeдeйлік өтірік-өсeктің, қаңқу сөздің ұясы, адамның ар-ұяттан ажырар жeрі. Ұяттан айрылғаннан қызық қашады, oл үнeмі қиындыққа тап бoлады, ал қиындыққа ұшыраған адам жəбірлeнeді, жəбірлeнгeн кісі қайғыға кeздeсeді, oй-санасы тoпасталады, ұмытшақ бoлады, oның барлық сөзі өзінe қарсы бoла бeрeді. Адам кeдeйлeнгeн кeздe, oған бұрын сeніп жүргeн адамдар сeнбeйді, күдіктeнe қарайды, бұрын жақсы дeгeндeр eнді oның ісін үнeмі жамандыққа жoриды. Қылмыс істeлсe, oсыдан көрeді, күдіктeнудің, тeріс пиғылдың бəрі oсыған төнeді, барша жанның көздeйтін қарақшысы oсы кeдeйлік. Жoқшылық кeдeйді қайыр сұратуға да, ұрлыққа да, зoрлыққа да мəжбүрлeйді. Сoнда да, өтірік сөйлeудeн үнсіз қалу артық, зoрлықтан алдау артық, арам жoлмeн байлыққа иeлeніп, рақатқа батудан, жoқшылық пeн кeдeйлік артық. Үш пайдалы дос болады, үш зиян келтіретін дос болады. Пайдалысы – əділ дос, шыншыл дос жəне көп білетін дос. Зиян келтіретіні – əділетсіз дос, екіжүзді дос жəне көп сөйлейтін дос. Конфуций

Біреуге дос болу үшін оған кеңес бергенде əділ бол. Егер ол тыңдамаса, тыңдауды талап етпе, көңілің қалады. Конфуций Жолың бір болмаса, бірге жоспар жасама. Конфуций Достарды бірге жүргенде де, жоқ кезінде де ұмытпа. Фалес Саған сенген адамдардан теріс айналма. Фалес Досты асықпай таңда, таңдадың ба – алмастыра берме. Солон Досың жайлы ғана емес, дұшпаның жайлы да жаман сөз айтпа. Питтак Достарыңның арасындағы келіспеушілікке шешім айтқаннан жауларыңның келіспеушілігіне ара түскенің жақсы, өйткені екі досыңның арасына билік айтcаң, бірінен айрыласың, ал екі жауыңа төрелік айтсаң, біреуімен достасасың. Биант Достық пиғылсыз адамдардың арасы ешқашан жақындаспайды. Сократ Ой бірлігі достықты туғызады. Демокрит Дос болып көрінетіндердің ішінде дос еместері болатыны сияқты, дос деп танылмағандардың ішінде де нағыз достық пиғыл болуы мүмкін. Демокрит Тым болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей-ақ қойса болады. Демокрит Достары ауысып тұратын адамнан ештеңе күтпе. Гесиод Бар өмірдің бақыты боларлық нəрсені беретін ақылдың ішіндегі ең ұлысы – дос табу. Пиррон Достық деген санасыздардың да, ақылдылардың да арасында болмайды, біріншілерде қажеттілік біткен күні достық та бітеді, ақылды өзіне сенеді, сондықтан оларға дос керегі жоқ. Аристипп Достықты – теңдік туғызады. Платон Достық деген – екі тəндегі бір жан. Аристотель Достық мүмкін нəрсеге риза болады, көңілдегіге емес. Аристотель Жақсы адам болу мен жақсы дос бола білу – бір нəрсе. Аристотель Достықтың көбісі сұхбаттың жетімсіздігінен ыдырайды. Аристотель Жұрттың бəріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды. Аристотель Достық – өмір үшін ең қажетті нəрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес. Аристотель Алтынды от анықтайды, досты – уақыт. Менандр Дос пен дос еместі бірдей бағала. Менандр Қиыншылыққа ұшыраған кезде достан теріс айналма. Менандр

Біз достардың жəрдемін қажет етуден гөрі олардың жəрдем беретініне сенімді көбірек қажет етеміз. Эпикур Досыңа қарап сені танитын болғандықтан, оларды таңдауда абайла. Бион Досыңның кемшіліктеріне көп шыдасаң, өзіңе жұғады. Публилий Сир Маған өзіммен ылғи да келісе салатын дос керек емес, оны менің көлеңкем де жасай алады. Плутарх Бағасыз көп достан бір бағалы дос артық. Анахарсис. Сенің сөзіңді сөйлегенді емес, сенің дұрыс айтылмаған сөзіңді дəлелдеп сөзіңе қарсы болғанды сенімді серік ет. Исократ Досқа қол созып тұрып, жұдырығыңды түйіп алма. Диоген Досынан да шындықты естігісі келмейтін жағдайға барып қалған адамнан үміт күтпе. Цицерон Достық өлмейтін болуы керек, жаулық – керісінше. Тит Ливий Бақытсыздықта досыңды танып, дұшпаныңды айырасың. Эпиктет Бірге жүріп, бірге ойнап-күліп жүргенде достарыңмен жақсылап əңгіме-дүкен де құра алмайсың, қатар жүру бізді еркелетіп жібереді. Достармен олар жоқта ойша сұхбаттасқан жақсы, бөлек жүргендегі осындай ұзақ-ұзақ əңгімелерден көбірек рахат алуға болады. Сенека Дос болғың келген адамды жан-тəніңмен қабылда, пікіріңді ашық айт, онымен өзіңмен сөйлескендей сөйлес. Сонда оны танисың. Танып болған соң одан күдіктенбе. Онда ол сатқынға айналады. Оған сенсең – сенімді етесің. Сенека Гекатонның мына сөзі маған ұнады: «Сен менен қандай жетістікке жеттің деп сұрайсың. Мен өзіме өзім дос болдым». Сенека Кімнің ісі жүріп тұрса – достары мың, қиналысқа түссе – айналасы шөл. Сенека Досың қаза болса, сондай досың болғанына шүкірлік ет, сонда қайғың азаяды. Сенека Өзіне өзі дос адам, жұрттың бəрімен дос бола алады. Сенека Дос тұт кісі жақсысы мен сарасын, Жаман достың соң тартасың наласын. Жақындыққа жақсы кісі іздесең, Екі жол бар, тыңда егер білмесең. Бірі – асыл, ізгі, кісі сарасы, Достас, келсе ондай адам баласы. Тағы бірі – тақуалар тəңірлі, Қайнар көзі – кісіліктің кəдімгі. Жүсіп Баласағұн Туыс болса – мығым берік тұрарсың, Досың болса – бейне ордалы шынарсың. Туыс жоқта туыс болар ер жолдас, Ізгі досың – бауырыңнан кем болмас. Жүсіп Баласағұн Кабуснамадан: Жақсы дос – ол да бір үлкен дəулет. Достарыңмен жақсы қарымқатынаста бол. Жақсы-жаман мəселелерде ақылдас.

Достарыңның достары да досың болады. Егер досың сенің дұшпаныңды жақсы көрсе ондай достан абай бол. Егер сенің досыңа басқа бір досың дұшпан болса, одан да абай бол. Жақсы мен жаман адамды білгін, екеуіне де достығыңды аяма, жақсыға жан-діліңмен, жаманға тіліңмен достық жаса, нəтижесінде екеуі де саған достықпен қарайды. Ақылсыз адамдармен дос болудан сақтан. Өйткені ақымақ дос ақылды дұшпаннан жаман. Ақылсыз достың істеген ісін ақылды дұшпан істей алмайды. Адамгершілігі күшті, білімді, опалы кісілермен достассаң, сен өзіңнің адамгершілік шапағатың, іліміңмен жұртқа атағың жайылады. Достарыңның қызметін бағала. Адамдарды екі топқа бөледі: бірі достық ақысын босқа кетіретіндер, екіншісі жақсылықты жақсы дей білушілер. Достықты молшылықта, сырласуға тұз-дəмдестік пен қиыншылықта, пайда мен зиянда сынап көр. Досың сенің жауыңмен жау болмаса, оны дос демегін. Кедей болсаң, дəулеттімен дос болма. Өйткені кедеймен ешкім де дос болғысы келмейді. Шын мəнінде малды адамдар кедейді жаман көреді. Сондықтан да өзіңе лайықты досты ізде. Егер досыңның көңілі ешқандай себепсіз сенен қалса, оның көңілін аулауға, бетін өзіңе қайтаруға əрекет етпе. Дəмеленгіш, кекшіл, достан аулақ бол. Оның достығы нағыз достық емес, уақытша пайдалану ғана. Біреудің табысын көре алмайтын бақылдармен достаспа. Кекшіл, қызғаншақ, іші тар, сараң адамдар достыққа лайықты деуге болмайды. Жаман дос – көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұл шалса, іздеп таба алмайсың. Абай Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол. Абай Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа əділ бол. Абай Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнəсі – ысырапшылық күнəсімен бірдей. Абай Буддадан: Өзіне лайық немесе өзінен асып түсерлік серік таппаған жолаушының сапарға жалғыз шыққаны жөн. Өз достарыңды бағалай біл, бірақ əкеңнің достарын құрметте. Омар Хайям Дұшпандарың сенің көлеңкең. Билігіңнің көптігін көлеңкеңнің ұзындығымен өлшей бер. Акбар Имам Ғазали. Достастық негіздері: Адам көлденең кезіккен əркіммен дос бола бермейді. Себебі, достың мынадай үш ерекше қасиеті болу шарт: 1. Ақылды болуы. Ақылсызбен дос болудың ешбір пайдасы жоқ. Өйткені, ақымақпен анда болсаң, басың қайғы-қасыретке душар болып, соңында қара басың қалқиып жалғыз қаласың. Ақылсыз адам саған пайдалы бір нəрсе жасаймын десе де, ақылсыздықпен саған зиянды нəрсе істейді. Ал, оған өз іс-əрекетінің зияндығы білінбейді. «Ақылсыздардан ұзақ тұру, Аллаға жақын тұру» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. Яғни, əрбір істің ақ-қарасын ажырата алмаған адамнан ұзақ тұрған абзал. 2. Көркем-мінезді болуы. Жаман мінез-құлықты адамнан тек зиян көресің. Ал, мінезі көркем, биязы һəм жібектей адамнан тек жылу аласың. 3. Күнəдан таза болуы. Күнə істеуді жалғастырушыларға сенім көрсетілмейді. Имам Ғазали. Достастық негіздері: Мынадай бес адамды дос көруге болмайды: 1) Өтірікші: оның əрбір ісіне əрдайым сақ бол, себебі сені күтпеген жерде алдауы мүмкін. 2) Ақымақ: саған жақсылық жасағысы келсе де, мəселенің байыбына бармастан жамандық жасап қоюы мүмкін. 3) Сараң: ең қат шақта немесе сын сағатта, дүние үшін сені тастап кетуі мүмкін. 4) Қорқақ: басыңа алмағайып күн туса, үркектеп сенен қашып кетуі мүмкін. 5) Пасық: болмашы нəрсеге бола, сені жарға итеруі əбден мүмкін. Имам Ғазали. Достастық негіздері: Достықты үш түрге бөліп, былайша жіктеуге болады:

Бірінші дос – тəтті тамақ секілді. Ас-ауқаттың күнделікті қажеттілігі болған секілді мұндай досқа əрдайым зəрусің жəне ол əманда жаныңнан табылады. Екінші дос – дертке дауа болар шипа-ем секілді. Бұндай дос кейде керек, кейде керек емес. Яғни, сырқаттанғанда оған зəрусің, сау шағыңда оны іздемейсің. Үшінші дос – меңдеп алған сырқат секілді. Жұқпалы індеттен бойыңды аулақ ұстағаның тəрізді қасына жолап кетсең сырқатын себетін достан да қашасың. Яғни, мұндай досты ешқашан керек етпейсің. Жалпы адамның қандай екенін досына қарап танисың. Досы жақcы болса, ол адам да жақсы адам. Досы жаман болса, ондағы жаман қасиеттер, сенде де болуы ықтимал. Досыңның бойындағы ізгі-қасиеттер мол болса, оның шапағаты саған да тиері сөзсіз. Керісінше досың сайтан болған болса, оның бойындағы қиямпұрыстық, қарадүрсіндік һəм пасықтық сенің бойыңнан көрінуі ғажап емес. Достықтың екі түрі болады. Оның бірі – адал дос та, екіншісі – айнымалы, алдамшы дос. Адал достар бір-біріне үнемі зор ілтипатпен қарап, достықтан ажырап қалмау жағын көздеген дұрыс, бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ. Лажы болса жалған досты адал досқа айналдыруға қам жасағаны жөн. Бір-біріне жау адамдардың да екі түрі болады. Бірі – өшпенділігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар да, екіншісі – көре алмаушылықтан жауығатындар. Бұлардың біріншісінен ерекше сақ болып, олардың ойпікірін қадағалап, біліп жүру, біліп қана қоймай тиісті жерінде аяусыз əшкерелеп жүру қажет. Ал екіншілері уақыты келгенде бірінші топқа өтіп кетеді, я ақылға келіп, жауығуды тоқтатып, досқа айналады. Əл-Фараби Барлық достарымнан пайда көрем, дұшпандарымды одан да көбірек пайдаланамын, өйткені жаман істерімді достарым жасырады, жақсылығымды асырады. Сондықтан да өз кемшілігімді білмей қаламын. Дұшпандарым дұшпан болғандықтан, айып істерімді жасырмай айтады, ал мен болсам, ол кемшілігімді тез жою үшін əрекет жасаймын. Александр Македонский Марзбаннамадан: Дұшпандарыңның көптігінен қорықпа, олардың бірігіп кетуінен қорық. Жақсымен жолдас болған, Ел ұстанған тілектей болады. Қыз ұстаған жібектей болады Жадыраған жаздай болады, Айдын көлдегі қаздай болады, Отау ортасындағы оттай болады, От ортасындағы шоқтай болады, Тұрағы алтын шырақтай болады. Тұяғы асыл пырақтай болады, Мұнша дəулет кімге тұрақтай алады?! Бөлтірік шешен Жолдастың жүзін алма, бірін ал. Бір кісі жүз кісіге олжа салады. Шымыр би Жапалақ нар болады жар қасында, Немене жоқтың күні бар қасында. Дос болып, қас қылғаннан сақта, құдай, Қасқыр да қас қылмайды жолдасына. Иманжүсіп Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолыңда. Қайдағысы сені тауып, Топырлайды жолыңда. Досыңмын деп ант береді, Жем іздеген жанама. Жемің бітсе жалт береді, Сенерлік дос санама. Сəкен Сейфуллин Үнді нақылы: Дос – жаманшылықта, батыр – шайқаста, адал – қарызын қайтаруда, əйел – кедейлікте, туған-туыс – кемдік тарлықта танылады. Бүгінгі достарыңа ертеңгі дұшпаныңа қарағандай қара, өйткені ертең сондай болып қалуы мүмкін. Бальтасар Грасиан Достық – екінші болмыс. Əр дос өзінің досына сүйкімді; достар арасында бəрі реттеледі. Адамда басқалар оны қаншалықты бағала са,

соншалықты құн болады, ал олардың аузына апарар жол жүрек арқылы өтеді. Досыңа көрсеткен ізгі қызметің ұмытылмайды. Достыққа лайық бо лудың ең жақсы тəсілі – достық ниет көрсету. Бойымыздағы бар жақсылық басым бөлігінде басқаларға байланысты. Достар мен жауларыңның арасында өмір сүруге тура келеді, сондықтан күн сайын жақын болмаса да тілектес таныс тап. Сынақтан өткен олардың кейбірі уақыт өте келе сенің сырла сыңа айналады. Бальтасар Грасиан Досың алдымен ақыл емтиханын тапсырып, сəттілік сынағынан өтсін: сонда оған сезіммен бірге ақыл да өз дипломын тапсырады. Дегенмен достар өмірдегі аса маңызды игілік болғанмен, көпшілік оған онша мəн бермейді: күйбең тірлік өз дегенін істейді. Адамды оның достары арқылы бағалайды, ал білімді надандармен достаспайды. Іш тартудың бəрі жақын тұтуды білдірмейді, танысыңның тапқыр сөздері əсерлі болуы мүмкін, бірақ бұл оның сезімде ріне деген сенім туғызбайды. Заңды достық бар, заңсызы да кездеседі: бірі – рахат үшін, бірі – жемісті істер үшін. Шын достар сирек, көбі – жағдайдың досы. Сондықтан кездейсоқтық емес, таңдау шешуі тиіс. Ақылды адам реніштен қаша біледі, бірақ ақымақ дос оны отырғызып кетеді. Егер достарыңды жоғалтқың келмесе, оларға ұлы сəттілік тілеме. Бальтасар Грасиан Достардың бірі алыстан, бірі жақыннан жақсы; онша əңгімелесе алмайтындары хат жазуға келгенде шеберлік танытады. Қашықтық жақын араласқанда шыдатпайтын кемшіліктерді байқатпайды. Достардан рахат қана емес, пайда да алуға тырыс. Достықта шын игіліктің үш сапасы болуы тиіс, атап айтқанда, бірлік, жақсылық, шынайылық; достан осының үшеуі де табылады. Нағыз достар сирек, ал оларды таңдай білмейтіндерде шын достар одан да аз кездеседі. Дос тапқаннан оларды сақтау əлдеқайда қиын. Тұрақтыларды ізде: алғашқы таныстық, мүмкін, біртіндеп шын достыққа ұла сады. Дегенмен де сынау үшін алынған мол тұзды бірге бөліс кен достар ең жақсы достар екені анық. Доссыз өмір қу шөл сияқты; достық игілікті көбейтіп, қырсықты азайтады; ол – жан қуанышы, зұлым тағдырға қарсы жалғыз шипа. Бальтасар Грасиан Маңызды достар – маңызды істер үшін. Олардың үлкен тілектестігін ұсақ-түйекке айырбастама, босқа жұмсама – бұл қайырымды лықты ысырап етушілік болады. Ұсақ-түйекке көп жұмсасаң, үлкен істерге не қалады? Бүгінде қамқоршыдан керегірек ешкім жоқ: ол дүниедегі барды жасап, бұзады, тіпті дарын сыйлап, одан айырады; оның даналарға берген даңқы Тағдырдың қызғанышын туғызады. Сондықтан маңызды достарың болып, оларды сақтай білу ақшаң болғаннан артық. Бальтасар Грасиан Адамнан досты көруге үйренгенде ғана адам боласың. Радищев Өгізді өрге салма – қанатың талар, Наданға көзіңді салма – сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа – сенімің кетер. Дұшпанға сырыңды айтпа – түбіңе жетер. Төле би Ат пен есектің ақыры бір болса, мінездес болады. Мəшhүр Жүсіп Жаны туыс адамдар ғана достаса алады. Қадыр Мырзалиев Жігіт адам жі гер лі, сөзі нық болғаны жөн. Ынжық, ұяң болмауы керек. Сөйлеген сөзі анық, түсінікті болғаны шарт. Мұндайлардан талай сорақылықты күтуге болады. Жігітке жарқын жүз, жігерлілік, батыл дық жарасады. Марат Əбдіхалық Стокгольмдегі жеке үйдің маңдайшасындағы жазу: Бəрімен жылы шырайда, достық қалыпта бол, бірақ мыңның біріне де сенбе. Əрине, жауларың сенен аулақ жүрсін, бірақ достарыңмен де сақ болғайсың. Николай Рерихтің нақылы: Қарт викинг Гримр достарымен бір тойда отырып, кенет өзінің ұзақ өмірі ішінде бірде-бір шын досының болмағанын айтады: тұс-тұстан келіспеушіліктер естіледі. Біреуі айтады: «Қуғында жүргенде саған кім көмек қолын созды. Бұл мен болатынмын». Екіншісі айтады: «Жауларың үйіңді өртеп кеткенде, жаңа үйді сенімен бірге кім салып еді. Мен». Үшіншісі тұрып: «Ұрыста сені кім өз кеудесімен қалқалады. Досыңды еске ал!». Гримр айтыпты: «Сендердің

маған істегендеріңнің бəрі есімде, бірақ сендер менің бақытсыздықтағы достарымсыңдар жəне мен сендерге осы үшін ризамын. Бірақ шындықты айтайын: бақытты кезімде достарым болған жоқ. Ал мен өте сирек бақытты болдым. Бірде аңға шыққанда корольді құтқардым, ол мені бəрінің көзінше құшақтап, нағыз ерсің деді. Барлығы маған жақсы сөздер айтты, тек достарым үндемеді. Сондай-ақ, менің жасақтарым даниялықтарды тізе бүктіргенде бақытқа бөлендім. Мені халықтың құтқарушысы деп атады, бірақ онда да достарымның жүрегі үнсіз қалды. Ару қызды үйіме кіргізіп əйел еттім, некеміз қиылды, бірақ достардың сөзі жүректен шықпады. Адам бақыттылықта тау шыңында тұрған сияқты болады, ал адамдардың жүрегі төменгіні көреді. Бақыттылықта ешқашан достар болмайды». «Достық» ережесі: 1. Досыңды мақтан тұт. 2. Досыңды қорғай біл. 3. Досыңа адал бол. 4. Досыңды кешіре біл. 5. Досыңмен татулас. 6. Досыңа көмектес. Қазақ мақалы: Жолдасы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Достықтың түрлері Бетпе-бет достық: Күн мен күнбағыстың достығындай. Күнбағыс таң атып, күн батқанға дейін досынан көзін алмайды... Қашықтықтағы достық: теңіздің ортасындағы бір арал мен таулардың арасындағы бір көл бір-бірінің алыс достары. Достықты бір-біріне күндіз құстар, кешкісін жұлдыздар арқылы жеткізеді. Үндемейтін достық: мылқау адам мен керең адамның қол ұстасқанындағы достық. Барлық əңгіме осы қолдар арқылы айтылады. Міндетті достық: Жексенбі мен Дүйсенбі күндер сияқты. Жексенбі желдей жеңіл, Дүйсенбі ауыр... Сəйкес бола алмаса да бір-біріне дос болуға, бір-біріне жақын болуға міндетті... Күндердің бірінде өлген достық: Орманшы үйі мен қасындағы жаңғақ ағашы тəрізді... Адамдар үлкен машиналарымен орманға кіріп, үйді де, ағашты да түбімен алып тастап, көп ұзамай сол үй мен ағаштың орнында қабағы өмірі ашылмайтын зəулім үйлер салынған кезде өлетін достық... «Күтімсіз достық» деген де болады... Əйтеуір аман ғой, əйтеуір доспыз ғой деп ұзақ жылдар бойы бір рет болсын телефон соқпай, бір-екі сөйлемді хат жазуды да көп көретін достық... Егер жау табам десең, өз достарыңнан асып кетуге тырыс, дос іздесең, достарыңа өзіңнен асып түсуге жағдай жаса. Адамдардың өзара жақындасып, үйлесіп кетуі бір-бірінің пікір-көзқарастарына деген құрметтен, жолдастық жолымен басталады. Базбіреу жолдастық дегенді достық деп ұғады. Жолдастықтың достыққа ұласатыны бар, бірақ бəрі бірдей достық дəрежесіне жетпейді. Бір біріне əбден үйренісіп, сіңісіп, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындай боп кеткен ер лі-зайыптылар мен туыстар да кездеседі. Жолдастықтан да, махаббаттан да, туыстықтан да туындайтын бұл сезім – достық сезімі, ол бəрінен биік, шынайы. Бірақ өте сирек. «Адамды досына қарап таны» дейді. Бірақ адамның досына ғана қарап емес, жауына қарап та кім екенін тануға болады. Достың жалған бола беруі мүмкін, бірақ дұшпанның жалған болуы мүмкін емес. Достық қолын созғандардың көбісі келеді де кетеді, ал дұшпандар топтала, көбейе береді. Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ.

Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы.

Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын.
Досы жақсының – өзі де жақсы.
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Досың мың болса да – аз, дұшпаның біреу болса да – көп.

Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең. Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар. Шынайы достардың бір-біріне деген көптеген хақтары бар. Соның бірі дүние-мүлік мəселесінде десек қателеспейміз. Мүліктік қатынаста өзіңнің хақыңды досыңның хақы, досыңның хақын өзіңнің хақың деп білуің шарт. Əсілі, досыңды өзің секілді сезінгенің абзал. Ең болмағанда досыңды қамқорлығыңдағы қызметшің секілді көріп, өзіңнен артылса оның қажеттілігін өтеу лəзім. Досыңды айтқызып барып, сен оған көмектесең, онда ол қан-сөлі жоқ, жалаң достық деген сөз. Өйткені, мұндай жағдайда сен досыңның халін ойламаған болып табыласың. Досың туралы ойламауың, сенің жүрегіңде достық сезімнің ізі-табы қалмағанын көрсетеді. Ал, мұндай самарқау достық екі дүниеміз үшін де опа əпермейді. Дос дегеніміз – сенің жаныңды түсінетін, əрқашанда саған көмек көрсете алатын, қандай да жағдайда болмасын қол үшін беретін адам. Жарты күлшенің өзін жарып жейтін жанқияр достар əманда арға сын болатын əрбір істе адалдық танытады. Қашанда бір-біріне айтқызбастан қол ұшын беріп, достық парыз-міндетін шат-шадыман рəуіште маңдайы жарқыраған күймен атқарады. Көздің нұрымен ұғысып, көңілдерін аулап, мейірлене қарағаны соншалықты ішкі жан-дүниелері тұтастанып, бір-бірімен біте қайнасады. Шынайы достық əрбір іске ынты-шынтылықпен қарауға үйрететін, салихалы болуға үндейтін нəзік дүние. Үйретіп-үндеп қана қоймайды, қаласаңыз да, қаламасаңызда достықтың қасиетті міндеттерін мойныңызға жүктеп, тек достықтың лебімен еріксіз тыныс алуға итермелейді. Осы тұста баса назар аударатын жайт – достықтың бос ұстасаңыз сусып шығып кететін, қатты қыссаңыз қолыңызды тіліп кететін мұздақ қылыш екенін ұмытпаған жөн. Достық – немкетті қарауға болмайтын, қарадүрсін илеуге көнбейтін құбылыс. Сондықтан достық сезім – ұдайы аялауды керек ететін, үнемі қастерлеуді қажет ететін шын достардың өзіне ғана мəлім сыр һəм зор байлық. Яғни, шынайы достық екінің бірінің пешенесіне жазыла бермейтін аса бағалы құндылық саналады. Адамға өлшеп-пішіп қамшының сабындай бес күндік ғұмыр берілген. Сол ғұмырдан тысқары тұрған тылсым əлемге зор мақтанышпен ала баратын ерен байлығымыз – шын достық екені талассыз шындық. Дос – қасиетті ұғым. Дос адамдық асыл қасиет пен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседі, қуанышты да, қайғыны да бірге бөліседі. Дос – қамқоршы, көмекші, жанын сала сыйлайтын ең жақын серік, тірек. Достық – əдеп, сыйласым. Дос – өмірлік қимасым, Достық ниет – жақсы үміт, Достық жасап адамға, Достаса біл əмəндə. Достық – ізгі ниетті, ақ пейілді адамдардың бір-біріне жақсылық жасауға, ниет қосып, іс-əрекетте ортақтасуы. Достасудан – бірлік, бірліктен – тірлік, тірліктен – жеңіс, қуаныш, бақыт туындайды. Ынтымаққа қосыл да, Ықылас қой досыңа. Ар-мақсатың нық болсын, Ақылыңнан тосылма. Дос жүрегі Дос жүрегі шарайна, Сылтауыңа қарай ма? Бүлдіріп алма қалайда, Кір шалдырма, жарай ма! Шимайланса шар айна, Дақ түсірер шырайға. Абайла бауырым абайла! Дос жүрегі – бал бұлақ, Жанарды тартар жалтырап. Сырлары жатар сылдырап, Былғама оны сен бірақ. Кəусəрімен қандырар, Келгеніңде қалжырап.

Абайла, бауырым, абайла!
Шексіз ғой деп ойлама,
Шетсіз ғой деп ойлама,
Ретсіз «Өй!» – деп қорлама.

Кең дала болар тар дала,
Досыңа қалсаң бұлдана.
Абайла, бауырым, абайла!
Дос жүрегі – балапан,

Алақан керек, алақан.
Жылылық керек жəне оған,
Жүрегіңнен тараған.
Жетіліп сонда балапан,

Тоятын тілер даладан.
Абайла, бауырым, абайла!
Дос жүрегі қия-шың,
Қырандар салар ұясын.

Ер жігітке бұ да сын,
Ерінбесең шығасың –
Күн астында тұрасың,
Күніңді кімге қиясың!

Абайла, бауырым, абайла!
Əбікəрім Ахметов
Қазақтың достық туралы мақал-мəтелдері:
Ауыл итінің достығы

Сүйек тастағанша.

Жолдасың жақсы болса,
Жолым ұзын деме.
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.

Досы жоқ адам –
Тұзы жоқ тағам.

Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.

Досқа ауырлығыңды салма, Достан қарыз алма. Бурят даналығы: Досыңа жұмсалған уақыт – өзіңе жұмсалған уақыт, ал дұшпаныңа жұмсаған уақыт – өзіңе жəне досыңа жұмсаған уақыт. Үлкен достықты кішкене кикілжіңнің бұзуына жол бер меңіз. Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтар берік болады. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Адал достыққа тəн қасиеттер: Қуаныш; Өзара сыйластық; Еңбек; Шыншылдық; Сүйіспеншілік; Мейірімділік; Кешірімділік; Жауапкершілік; Күлкі; Оқу; Өзара көмек; Сұлулық; Түсіністік; Қамқорлық; Адалдық; Əдептілік. Ертеректе ел ішінде Əйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Əйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Əйтімбет тұрып: – Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық, – депті. – Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Əйтімбет. Достық – біздің өмірде өзіміз таңдап алу мүмкіндігіне ие аз ғана нəрсеміздің ең қасиеттісі.

Адамзат баласының үш досы болады. Біріншісі – тұрақсыз дос, ол – соңынан салпақтап жүріп жинаған дүниемүлкің. Ажалдан хабар келгенде, сені тастап, басқа біреудің қолына көшіп кете барады. Екіншісі – ата-ана, жұбайың, балаларың, дос-жарандарың. Олар – саған мазар басына дейін еріп барар, содан кейін бет-бетіне кетер, бірте-бірте ұмытар. Үшіншісі – бұл дүниеде жасаған жақсылығың, істеген қайырымды істерің, қалдырған сөздерің. Олар сен туралы ұдайы сөйлеп тұрады. Махаббат пен достық екеуінің бір айырмасы: достық бір жақты болмайды. Тағы бір айырмасы: достықты адамның өзі таңдап алады, махаббат көбіне ұрын келеді. Махаббат Панчатантрадан: Дүниeдe жүрeктe жиналатын жан жылуы мoл, төңірeгінe шуақ шашқан махаббаттан артық eшнəрсe жoқ. Кімнің жүрeгі махаббатқа тoлы бoлса, басқа мінeзінe үңілмeй-ақ жақын жүругe лайық жан сoл дeп біліңіз. Кабуснамадан: Ей, перзентім, адамның табиғи сұлулығы (сыпайы, биязы мінезі) болмаса, ғашық бола алмайды, өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты екені даусыз. Табиғи сұлулық дегеніміз – оның ұнамдылығы. Əрбір ұнамды мінез-құлық пен келісімді көріктен əдемілік пайда болады... Егер сен ғашықтықты көңілдің еркіне берсең, лажсыздан құмарлықтың құлы боласың. Бірінші көргеннен-ақ өзіңді ұстай біліп, көңілінді ақылға билете білсең, жақсы. Мұндай ерлік көп адамдардың қолынан келмейді. Мұндай дерттің емін тек ақылды адамдар ғана таба алады. Сүйген кісіңнің айыбы асыл көрінер, Сүймеген кісіңнің асылы айып көрінер. Жүсіп Баласағұн Махаббатсыз өмір бос, Хайуанға оны қосыңдар. Абай Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Абай Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нəпсіге ерме! Əйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей көңіл бөлме. Абай Көзді көрік тартады, көңілді қылық тартады. Бұл екеуі де махаббат əкелмейді. Мұхтар Əуезов Мұхтар Əуезов. «Абай жолы»: Жақсы жігіт, сұлу қыз – соншалық бір ерекше жарастықпен, жақсы үйлесті. Тоғжан жүзі айға қарсы келгенде Абай өзгеше бір нұр көрді. Бетіне жұқалаған қызыл сəуле беріп, іштегі терең сырдан, дос көңілден белгі етті. Сағынған сүйгенінің жанына жаны ұмтылып, айрылмасқа, кетіспеске серт еткендей. Қазіргі əсем əнмен үйлескендері бауырға кіріп, жабысып тұрып құшқаннан да жақынырақ, күштірек сияқты. Ырғағы көп сезімді сұлу əнге екеуі де бар шындығын тапсырып, бар сырларын бөледі. Əн айтқан жоқ, екі бірдей ынтық жан қауышып табысқан шаттық айтты. Бар жиынға, бар дүниеге, барлық жұлдызды аспан, жарқын айға да: «Көрші бізді, кінəлап көрші!», – дегендей. Мінсіз сырына шындап берілген Тоғжан тоқтамай айта берді. Абай бір шақта жас сұлудың жүзінен бала қуанышын көрді. Бақыт күлкісіндей бір рақат, ырзалық елес беріп, Абайға қадала қарап езу тартты. Келгеніне, тапқанына сүйсініп, ішінен алғыс айтқан тəрізді. Қарлығаш канатының ұшындай боп, айдай сызылған жіп-жіңішке қастары көтеріліп-жазылып, Абайға өзгеше бір үн қатқандай болды. Бағанадан бері соншалық көп, тілсіз сəлем жолдаған Абай, енді əннің сөзін өзгертіп алып, басқаша айтып кетті. «...Сағындырған ғашық жар, ынтығы іште жүрген шерлі досын кінəлаудан тоқтар ма екен?.. Бар дүние, бар сырын, барлық бақыт тілегін бір өзінің шұғыласына құрбан етем деп келсе, не дер екен!».. деген бір өзгеше сыр кетті. Сүйіп көрмеген – өмір сүріп көрмегенмен тең. Ж.Мольер – Мұншалықты қайда асықтың уа, шаттық? – Өліп-өшіп сүйген ғаріп жүрекке. – Мұншалықты қайда асықтың, уа, жастық? – Өліп-өшіп сүйген ғаріп жүрекке.

– Қайда кеттің, айтшы, ерлік-айбыным? – Өліп-өшіп сүйген ғаріп жүрекке. – Ал сен қайда бармақ едің, қайғы-мұң? – Өліп-өшіп сүйген ғаріп жүрекке. Расул Ғамзатов Сағыныш сезші көзімнен, Армандай мөлдір жыр-əнім. Айтылмас іңкəр сезіммен, əйтеуір саған құладым. Сорым ба, əлде, бағым ба – Асқақтап жүрген шағымда Өртеніп бара жаттым мен сендегі өртті жалынға. Қуаныш – көзде, жанымда – от, дүние кетті сағым боп... Жаратқан мені жазғырма – Сезімсіз жерде жалын жоқ. Сүюмен жалғас болмаса, Сезіммен ағыс-арнаша, Махаббат па екен жалын боп Алауламаса, жанбаса – Көңілге көктем толмаса, Шалқу да болмас онда аса. Байлық пен билік медеу ме Бақытың бүтін болмаса?! Не пайда мынау нұрлы өңнен, Бақытты жандай жүргенмен Жүректің сырын жасырып, Күрсініп тұрса нұр кеудем! Тағдырым мені сынға алма, Бас ұрдың деме бір жанға. Серігім менің сағыныш Осыны айтып тұрғанда! Лəззаттың дəмін татып ем, Бақытқа баймын заты мен – Сүйіктім құшқан сəттермен, Тек соның махаббатымен. От сезім – өшпес өртпенен Еміреніп ешкімді өппеген Махаббат атты бір күштің Лəззатты мұңын шекпеген. Жандардың есін тандырып, Жүрегін оттай жандырып, Жанына алау ендіріп, Сезім боп өтсем деп келем. Фариза Оңғарсынова Сүйікті болу бай болудан артық, өйткені сүйікті болу – бақытты болу. К.Тилье Ешқашан достық та, махаббат та іздемеген адам сол екеуін де жоғалтқан адамнан гөрі мың есе бақытсыз. Жан Поль Мезгіл – өзен, ағады тоқталмайды, Шаттығына көңілім көп толмайды. Сен мен үшін ерекше мерекесің, Ал мереке өмірде көп болмайды. Мұқағали Сүйгенге қосылу – ежелден арман. Екі жақты махаббат сирек нəрсе, бұл өмірде бір-біріне түс-тұрпат, арман-аңсары ұқсас екі адам табылмайтыны сияқты əртүрлі сыр-сипаттан келіп шығады. Жомарт Əбдіхалық Мезгіл – өзен, күн-түні ағады екен, Екеумізде ой бар ма алабөтен?! Кездеспеген күндерді санап өтем, Көргенде сағынышпен қара, көкем. Күлəш Ахметова Махаббат жеңе алмайтын қиындық жоқ. Махаббат айықтыра алмайтын кесел жоқ. Махаббат аша алмайтын есік жоқ. Махаббат көпір сала алмайтын шыңырау жоқ. Махаббат жарып өтпейтін қабырға жоқ. Махаббат өтей алмайтын күнə жоқ. Жамандық біздің ішімізге қаншалықты терең кіріп кеткенінде тұрған ештеңе де жоқ. Біздің болашағымыз қаншама үмітсіз болса да, түйін қанша шатасып кеткен болса да, махаббатты сезіну барлық кедергілерді басып өтеді. Эмметт Фокст

Тіптен қарапайым, бірақ иілместей берік үш түрлі сезім – маздаған махаббат, білімге деген құштарлық жəне адамзат қайғы-қасіретіне адам төзгісіз жанашырлық – менің тұтас өмірімді меңгеріп алған. Бұл сезімдер бейне бір күшті дауыл секілді мені ұшырып анда да апарды, мұнда да апарды, қайдағы бір қаңғырған ауыр азаптың терең мұхитынан өткізіп, үмітсіздіктің алыс жағалауына жеткізді. Махаббатқа сонша берілуімнің басты себебі: ол маған естен танарлық ғашықтық сыйлады. Ғашықтықтан естен айырылғаным сонша – мен осы бір лəззаттың бір сағаты үшін қалған өмірімді тəрк етуге бар едім. Оған берілгенімнің екінші себебі: ол мені жалғыздықтан – əлдебір жанрух дүниесінің дірілдеген жиегінен, қиял бойламастай терең, ешбір тіршіліксіз, тастай суық тозаққа үңіліп қарап тұрған зəрең кетер жалғыздықтан құтқарды. Оған берілгенімнің соңғы себебі: мен махаббаттар тоғысынан тек əулиелер мен ақындардың ғана қиялынан кездестіруге болатын бейіштің кішірейтілген сырға тұнған ғажайып көрінісін көре алдым. Бəлкім, бұның адам өмірі үшін пайдасы мол шығар. Соңғы менің тапқаным осы болды. Дəл соған пара-пар сезіммен мен білім қудым. Адамдардың жандүниесін білгім келді. Жұлдыздардың неге жымыңдайтынын ұқсам дедім. Тағы он сегіз мың ғаламның өзгерісін меңгеріп тұрған сандар қуатын ұғынуға тырыстым. Мұнда көп емес, болмашы ғана табысқа жеттім. Махаббат пен білім, мүмкіндік тұрғысынан айтсақ, қолымды ұшпаққа жеткізері хақ еді. Бірақ күшті бауырмалдық сезім қашанда мені жерге қарай тартып тұрды. Ауырсына жылаған адамдардың ыңырсыған дыбыстары менің жан-дүниемде жаңғырып жатты. Аш қалған балалар, қанаушының қаһарына ұшыраған бейшаралар, балаларына салмақ бола бастаған шарасыз егде адамдар, жалғыздықтың жансыз дүниесі, кедейшілік, ауыр аза, бəрі жиылып өмірдің нағыз кеспірін əжуалап жатқандай еді. Мен осы бақытсыздықтарды жеңілдетсем деп едім, бірақ қолымнан келмеді. Содан өзім де қайғыға баттым. Міне, бұл – менің өмірім. Бұл өмірдің сүруге татитынын мен айқын аңғардым. Əрі тағы да мұрсат берсе, оны қайтадан бастан кешіруге пейілді едім. Бертран Рассел, Нобель сыйлығының иегері Махаббат – сəулесі зор Құдай нұры, Сол нұрды көрген адам қалмас құры. Мəшһүр Жүсіп Сезім арқылы махаб бат сенімге кіреді. Кейбіреу өзінің қасиеттеріне сеніп, оны жеңіп алуға ұмтылмайды, бірақ тілектестік көмектеспеген жерде қанша еңбек сіңіру керек екенін парасат қана біледі. Кіршіксіз махаббат бəрін жеңілде теді, бəрін сыйлайды; бар қасиеттерді ғана марапаттап қоймайды, көбіне оларды өз қиялында жасап алады – айбынды, ізгілікті, ғалымдықты, тіпті ақылды ойша елестетеді; кемшіліктерді көрмейді. Əдетте ол материалдық өмірдің – мінездің, сословиенің, туыстықтың, отанның, істің ортақтығы нан туады. Рух ортақтығы үшін жоғарырақ түсініктер – дарын, міндеттілік, атақ, сіңірген еңбек керек. Мұндай берілушілікті жеңіп алу қиын, оны сақтау жеңіл. Оған қол жеткізуге болады – оны пайдалануды үйрену қажет. Бальтасар Грасиан Жақсы көру деген бір ұлы қасиет. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын жақсы көру бар да, жеке адамды жақсы көру бар. Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол – үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау – бəріміздің де қолымыздан келетін ерлік. Кім өзінің ата-анасын, туған бауырларын жақсы көрмейді? Солар үшін жан аямай еңбек еткісі келмейді? Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса, жанын құрбан етуден бас тартады? Меніңше, бұл – қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс. Бірақ біреуді жақсы көру, ұнату бар да, не болмаса оны шын жүректен өлердей сүю, онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар. Жан-тəнімен сүю, ғашық болу меніңше адамда бір-ақ рет кездесетін қасиет. Сен махаббаттан құмарлықты, еркек пен əйелдік сезімді алып тасташы, сонда бірін-бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын екі аққуға ұқсаса, міне, сонда ғана олар – шын ғашықтар. І. Есенберлин Махаббатпен ауыру қиын емес, Махаббатпен емдегенге не жетер. Увайсий, өзбек ақыны Артында қалған көз жасы Махаббат пен достық бір күні жолда кездеседі. Махаббат өзіне сенімді түрде Достықтан сұрайды: – Мен саған қарағанда жағымдырақ, сенен сүйкімдірекпін. Дүниеде сен не үшін қажетсің? Достық: – Сен кеткенде артыңда қалған көз жасты сүрту үшін! – депті.

Құранның «Нұр» сүресінің 35-36 аяттарында: «Асыл тастармен безендірілген шам ішінде əлі жанып тұрғанда, білтені түзеп, шамға май құюды ұмытпа» делінген. Махаббатта да солай. Махаббат жалыны жанып тұрғанда, оны сөндіріп алмауға барынша əрекеттенген жөн. Махаббат өте биік ұғым, сирек кездесетін нəрсе. Оны бір ауыз сөз бен түсіндірсек: саған жақсы болуын қалаймын... Егер: «бізге жақсы бол са екен» делінсе, онда теңдік бар, бірақ саудаласу да бар, ол махаббат емес. Махаббат – ол тіршілік иесінің мəңгі өшпес жарығы. Махаббат адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ, сүйіспеншілікке толы сезім. Махаббат – іңкəрлік. Сүйіп көрмеген – өмір сүріп көрмеген. Адам қалауының үш қайнары бар, олар – жан, сана жəне тəн. Жан қалауынан – достық, Сана қалауынан – сыйлау, Тəн қалауынан – құмарлық, Осы үшеуінің бірлігінен – махаббат туады. Махаббат – өмірдің мəні, ардақтылығы, адамның рухани сезімдерінің ең жоғары көрінісі. Махаббат – бұл күн, арайлы шуақтан, Махаббат – бұл бақыт бағы гүл атқан. Махаббат – бұл өту мұң көп сынақтан, Махаббат – бұл шашылған нұр жұмақтан! Махаббат бар адамға ортақ, көп қырлы, дегдар сезім, ал сүю мен ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы, іңкəрлігі. «Махаббат» сөзі əркім өзінің пайым-түсінігі бойынша əр түрлі түске теңеуге болады. Мысалы: Қызыл – себебі, махаббат десе, жүрек қоса аталады. Ал жүрек қыпқызыл қан тамырларының соғысын реттеп тұрған жалғыз мүше. Ақ – себебі, махаббатқа тек аппақ адалдық қана тəн. Көк – себебі, махаббат көк аспанға пара пар асқақ сезім. Жасыл – себебі, махаббат əрқашан көктем гүліндей құлпырып тұруы тиіс. Сары – себебі, махаббат сап-сары сағыныштан жаралады. Адам болашаққа жабыса бастаса, əлсірейді. Сол кезде алдына ешқандай жоспар мен мақсат қоймай, қазір бір нəрсені орындай қалсам демей, толық босаңсуы керек, ешқандай салмақ пен қысымның керегі жоқ. Бар жұмысты қойып, тек қуаныш пен махаббат іздесін. Махаббат дегенде төсек қатынасы емес, босаңсыған кезде лəззат іздей бермеген де дұрыс. Шын махаббат қолайлылық əкелмейді. Тарихта да, дастандарда да шын махаббат қосылмай қалғандардың арасында болады. Кез келген адамда махаббаттың екі астары болады: біріншісі – жоғарғы, онда махаббат бір объектіге жанасу, жұғысу арқылы болады жəне ол көп объектіге тəуелді келеді. Екіншісі – ішкі махаббат, ол жақсы көретін адамға байланысты, оның шығармашылығы мен жасампаздығына қатысты. Келешекті қатаң жоспарлау қажетсіз, болып жатқан қолайсыздықтарға да қатты өкінбеген жөн, өткенді өкінішпен еске түсірмеген дұрыс. Дүние пəлсапасы – күрес. Жұмыр жер жаралғалы бері жеңіс пен жеңіліс кезек алмасып келеді. Күн мен түн, жақсы мен жаман, қыс пен жаз... Алақандай аспан астында қыбырлаған тіршілік атаулы бəсекеге түсіп, тынбай белдесіп жатады. Күрес, қозғалыс... Осы пəлсапаға бағынбайтын, оған ғана емес, барлық қисын атаулыға бағынбайтын махаббат деген бір ұлы күш бар. Сен оны қалайсың ба, жоқ па, оған бəрібір, ол сені қалайды екен. Оны таңдамайды екенсің, ол дауыл секілді соғып, жалпаңнан түсіреді екен де, мойынсұндырып, бағындырып, табындырып қояды екен. Сол дауылға ұшырағандар қиналса қиналар мейлі, бірдеңеге ұшырар, сонда да өкінбейді екен. Махаббаттың киесі – қарғыс емес, игілік екен! Ғашықтық – адамды өз дəрежесіне сай сыйлай білуді, сүйе білуді үйрететін мектеп. Шын сүйген адам пенделік «менінен» биік тұруды үйренеді, сүйгенінің көңілі үшін өзімшілдік нəпсісін тыюды үйренеді. Ғашықтық сынды ғажайып күй бойын билеген адам, жақсылыққа, жарыққа, биікке, кемелдікке ұмтылады. Сол күйді таба білген, сақтай алған адам қандай бақытты. Ғашықтық – нұрлы əлемге шақыру, сол əлемді өмірде орнату. Ғашықтық – адамның кемел бейнесінің бір сəттік жалт етуі, оны берік ету үшін сол кемелдікке жету жолындағы саналы əрекет, сабырлы ұмтылыс, жетсем деген ыстық ниет болуы тиіс.

Ғашықтық – тəңірі тектес сезім шырағы, ғашық адам сол шырақты сөндіріп алмай, лаулата түсуге тырыссын! Өмірдің басты мағынасы – бойындағы барыңды бере білу. Əрбір мезетті өзгелерге мін тағу емес, төңірекке махаббат тарату үшін пайдалану керек. Адамның махаббаты қаншалықты мол тараса, кеудесіне одан да көп махаббат келіп құйылады. Кісінің жаны махаббатты қаншалықты көп таратса, адами құндылықтарға да соншалықты көп тəуелді болады. Егер Жан махаббатты тудырмаса, онда ол өшпенділікті тудырады. Егер мені біреу ренжітсе, іштей: «Мен сені жақсы көремін» деп тұруым керек. Егер біреу маған жақсы қылық көрсетсе, оған да соны айтқан дұрыс. Бейтаныс адаммен сəлемдесуге ұялған кісі онымен ойша тілдессін. Əрбір осындай жағдай – бір кісінің өзге бір кісіге махаббат жолдап жатқанын білдіреді. Махаббат, үлкен есеппен алғанда адами сезім емес, Құдайлық сезім, адамдарда осы сезім қаншалықты мол болса, адам Құдайына соншалықты жақындай түседі. Өмір, махаббат жəне өлім. Бұл үш түсінік бір-бірімен өте тығыз байланысты. Əуелі: «Бұл үшеуінің бір-бірімен қандай байланысы болуы мүмкін?» деп ойлап қалуға болады. Егер біз сүймесек жəне бізді сүймесе – өмір тым жексұрын! Егер біз сүйсек жəне бізді сүйсе – өмір ғажап! Егер біз сүйсек, бірақ сүйген адамымыз үшін сүйікті бола алмасақ, онда өлім де қорқынышты емес! Егер біз сүйсек жəне сүйікті болсақ, онда өлім қорқынышты! Ал махаббат деген сөзді былай таратып айтса болар: Махаббат дегеніміз, бір жағынан алғанда – Өмір, екінші жағынан алғанда – Өлім. Əлем солай құрылған болса керек, барлық нəрсе күрделі жəне барынша қарапайым. Ешбір адам ешуақытта нақты жағдайды, шындықты толық біле алмас, соның өзінің керегі де жоқ шығар. Бір секундта сенің ешкімге керегі жоқ, қасірет пен бақытқа толы, ауырсыну мен қайғы шегуге кеткен, өмірде бірде жібі түзу, бірде ізгіліктен ауытқыған өмірің көз алдыңнан өтіп, «Мен махаббатпен өмір сүре алдым ба, мені бір кездері есіне алатын адам болар ма екен?» деп өзіңе-өзің сауал тастағанда өз бағаңды да іштей болса да білесің. Нақ осы сəтте сенің жаның тазарады, өзіңді-өзің толық көресің, осының өзі керемет. Мұндай сəттер жүз жылдап күтуге тұрады. Махаббат та адам өмірі секілді, бір күні өледі. Көбіне ол адамнан бұрын өледі. Кейде адамның өліміне мыңдаған жылдар өтсе де, махаббат өлмейді. Шығыстың қос жұлдызының бірі, Кеңес Одағының Батыры Мəншүк Мəметова соғыс батыры ғана емес, махаббатқа берік, сұлу əрі ақылды қыз болған! Оның соғыс жылдары айтқан: «Соғыс біткен соң маған бірінші ұсыныс жасаған кісіге адал жар боламын. Оған дейін жаныма ешкімді жолатпаймын!» деген сөзі қалыпты. Махаббат, бауырмалдық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді. Махаббатқа бағынғандар бал ғана жаламайды! Махаббат сезімі адамға жарқын қуаныш та, ауыр қасірет те шектіреді. Əр адам өзінше сүйеді. Сүю – адамның мінез-құлқына, ақыл-есі мен денесінің қаншалықты өсіп жетілгеніне, тұрмыс жағдайы мен алған тəрбиесіне де байланысты. Аяулы махаббат сезімін басынан кешіріп жүрген əр адам күн сайын өзіне белгісіз əрі қызық бір кітаптың бетін ашып жүргендей сезімге бөленеді. Əр адам өзінше ынтызар, өзінше ғашық болады, махаббаттың барлық адамға бірдей дəл келетін өлшемі мен эталоны жоқ. Махаббаттың бірыңғай теориясы да жасалмаған. Бір адамның махаббаты екінші адамда қайталанбайды, əр адам өз түсінігімен, өз жолымен ғана жүреді. Əркім махаббатта өзінше бақытты, өзінше бақытсыз. Махаббат қуанышы бірдей. Дүниеге келген əрбір адамның өз өмірінде бір рет болса да, терең де ыстық махаббат сезімін басынан кешіруі табиғи жай. Махаббат сезімі адамды ұсақ-түйек өзімшілдіктен арылтады, оның өзге адамдарға деген қарым-қатынасын кеңейтіп, байыта түседі. Махаббат сезімі қанша уақытқа созылады, бір адамды өмір бойы сүюге бола ма, бұл – құпиясы мол жұмбақ сыр. Нағыз махаббат – адамгершілік жағынан дұрыс тəлім-тəрбие алған адамдарға тəн асыл қасиет. Жан қалауынан махаббат, сана қалауынан достық, тəн қалауынан құмарлық туады. Демек махаббат пен құмарлық екі басқа. Қайың отпен достасуға құмартыпты. От қайыңға өзінің жалындаған гүлін ұсыныпты. Жас қайыңның күлі ғана қалыпты. Махаббат, үлкен есеппен алғанда, адами сезім емес, Құдайлық сезім, адамдарда осы сезім қаншалықты мол болса, адам Құдайына соншалықты жақындай түседі. Адамның махаббаты алдымен Жаратушыға, одан кейін ата-анасына, сүйікті адамына, балалары мен туыстарына бағышталуы тиіс.

«Иə, мені Жаратушы Тəңірі! Менің саған деген махаббатым – менің үлкен бақытым жəне өмірімнің мағынасы. Бұл тірлікте мен иеленген жəне ие болатын бақыт – маған жəне менің ұрпағыма Саған деген махаббатымды арттыратын құрал мен тəсіл. Менің өмірімде болған жəне болатын бар жағдайды. Сен жіберген сый ретінде қабылдаймын, менің жаным оны сүйіп қабыл алады» дей білген жəне сонысына шынымен сенген жан – жетілген адам. Махаббат – ең негізгі құрылым, егер ол бүтін болса, басқа қателіктер апатқа алып келмейді. Адамдар махаббатты көп сезімнің бірі деп ойлайды, оны өз қалауына бағындырғысы келеді. Ол дұрыс ниет емес. Біз өзіміз махаббаттың бір бөлігіміз, ол жер шарын құшақтап тұр. Махаббат пен өмір бізге берілген, біз оны бұзуға тиіс емеспіз. Ал бізде ұсақ жекеменшік пиғыл пайда болып, өзіміздегі махаббатты өлтіре бастасақ, онда – əлем кеңістігімен байланыстырып тұрған ең жоғарғы рухани құрылымды жойғанымыз, біздің өзімізге тиесілі емес нəрсені бағындырғымыз келгені. Махаббат – биік ұғым, ол тек бір адамның екінші бір адамға сүйіспеншілігі ғана емес. Сол ұғыммен қатар жезөкшелік деген ұғым жүреді, ол – махаббатты жер жастандыратын қарсы ұғым. Кей адамдар махаббаты мол секілді көрінгенмен, жанының жезөкшелігін жасыра алмайды. Үлкен ақын да, айтулы ғалым да, атақты суретші де, саясаткер де жаны жезөкше болып кездесуі мүмкін. Қажет кезінде жақсы көріп, керек болмаған күні теріс айналу да – жан жезөкшелігі. Махаббат пен достық екеуінің бір айырмасы: достық бір жақты болмайды. Тағы бір айырмасы: достықты адамның өзі таңдап алады, махаббат көбіне ұрын келеді. Шын махаббат қолайлылық əкелмейді. Тарихта да, дастандарда да шын махаббат қосылмай қалғандардың арасында болады. Əрбір мезетті өзгелерге мін тағу емес, төңірекке махаббат тарату үшін пайдалану керек. Адамның махаббаты қаншалықты мол тараса, кеудесіне одан да көп махаббат келіп құйылады. Кісінің жаны махаббатты қаншалықты көп таратса, адами құндылықтарға да соншалықты көп тəуелді болады. Егер жан махаббатты тудырмаса, онда ол өшпенділікті тудырады. Егер мені біреу ренжітсе, іштей: «Мен сені жақсы көремін» деп тұруым керек. Егер біреу маған жақсы қылық көрсетсе, оған да соны айтқан дұрыс. Бейтаныс адаммен сəлемдесуге ұялған кісі онымен ойша тілдессін. Əрбір осындай жағдай – бір кісінің өзге бір кісіге махаббат жолдап жатқанын білдіреді. Толстойдың əлемге əйгілі романындағы Анна Каренина өзінің сүйіктісі Вронский үшін əрқашанда əдемі киініп жүреді. Тіпті үйде ешкім болмаған кездің өзінде де. Тек сол сүйіктісі ғана Аннаны өзіне төсек тартымдылығы күшті етіп сезіндіреді. Сондықтан да ол тіпті ешкім оған қарап отырмаса да, өзі де байқамастан, күнделікті тірлігінде осы рольді ойнайды. Соған қарағанда, күйеуі əйеліне əлемдегі ең тартымды жан екенін үнемі білдіріп отырса, ол шынымен де сондай əйелге айналады екен. Əйел өзін ең сүйкімді, ең көрікті сезініп, осы бейнеге еніп, күнделікті өмірде соны ойнай бастайды. Ол əлдеқайда жақсырақ киінуге тырысады, өзін бұрынғыдан сенімдірек ұстап, айналасындағы барлық еркектердің назарын өзіне аударады. Адам өмірін жарқыратып көрсететін жəне қасиетті ететін нəрсе – махаббат. Махаббат өмірдің сəні. Бойына махаббат келіп қонғанда адам өзінің мүмкіндігін толық аша алады. Сүйетін адам ерлік жасауға, өзін өзі құрбан етіп жіберуге əзір тұрады. Сол киелі нəрсе бүгінде өзгеріске ұшырады. Адамның адамға деген махаббаты қазір аз. Ол бұрынғы қалпынан айрылып, маргиналға айналды. Бұл – біздің бүгінгі тұрмысымыздың көрінісі. Бүгінгі культ махаббат емес, ақша. Махаббат кейінгі қатарға көшті. Бірақ осының уақытша екеніне іштей сенгісі келетіндердің қатарындамын. Өйткені ақша – уақытша мода, махаббат олай емес. Еңбек пен шығармашылық сияқты. Толстой «Анна Каренина» романында: «Кез-келген отбасының бақыты бірдей, ал қайғысы əр түрлі. Əр үйдің көзге көрінбес көз жасы бар» деген. Көз жасы бар үйлердегі көз жасының басты себептерінің бірі – отбасының бақыты махаббат төңірегіне құрылмағандығы. Дінмұхамед Қонаевтың əкесі Меңліахметтің баласына айтқан өсиеті (Бауыржан Момышұлының естеліктерінен): Жолыңда қылымсыған күлімкөздер де кездесер. Олардан да сақтан. Қармағына түсіп қалсаң, өмірің өксікпен өтуі мүмкін. Оның түгі кетпейді. Сен ел бетіне тура қарай алмайтын қарабет болып шығасың. Неге десең, оның əке-шешесі, күйеуі, қайын атасы, қайын енесі, туыстары, нағашы жұрты, құда-жекжаттары бар. Солар біліп қалса, бəріне жек-

сұрын боп, өзіңе көп жау тауып аласың. Ондай қарым-қатынасты жасырам деп ойлама, бəрібір бір күні ашылады. Ашылмаған күнде өз ұятыңның алдында не айтасың? Балам, таза жүріп, таза тұр. Ең құрығанда қасқыр құрлы ақылың болсын. Қасқыр апанының төңірегіндегі малға да, адамдарға да аштан өліп бара жатса да тимейді. Бірақ жақын маңдағы біреу оның апандағы күшігін алар болса, ол ауылдың астаңкестеңін шығарады. Жолбике əйелдің кесапатынан осы тəрізді ауыр жағдайға ұшырап жүрме. Луиза Хейдің махаббатқа қатысты ойлары: Махаббат біздің өмірімізде күтпеген жерден пайда болады. Егер сіз махаббатты үнемі іздесеңіз, бұдан ештеңе де шықпайды. Махаббат қашан да біздің ішкі дүниемізде, ол – сырт көрініс емес. Махаббат бірден келсін деудің қажеті жоқ. Сіздің дайын болмауыңыз мүмкін. Немесе осы негізде рухани жеткілікті дамымағансыз. Сіздің тырнағыңызға да тұрмайтын адамдарға өзіңізді шығын қылудың қажеті жоқ. Өз ұмтылысыңыздың дəрежесін нақты анықтау керек. Сізге өмірде қандай махаббат керек? Осы қасиеттерді алдымен өзіңізде дамытыңыз, тек сонда ғана сіз өзіңіздің көңіліңіздегі адамды тартатын жағдайда боласыз. Махаббат келген кезде сүюге дайын болыңыз. Сүйіңіз – сізді де сүйетін болады. Өз ниетіңізде ашық болыңыз, сонда барлығы да жақсы болады. Менің болмысымның терең ортасында махаббаттың таусылмас қоры бар. Мен сол махаббаттың сыртқа шығуына мүмкіндік беремін. Ол менің жүрегімді, тəнімді, ақыл-ойымды, санамды, менің бар болмысымды толтырып тұр, менен жан-жаққа нұр шашып, одан бірнеше есе ұлғайып, өзіме қайта оралады. Мен махаббатты қаншалықты мол қабылдасам, соншалықты көп етіп қайтаруым керек, оның қоры шексіз. Махаббат маған жақсы көңіл-күй сыйлайды, ол – менің ішкі қуанышымның көрінісі. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан мен өзімнің тəніме махаббатпен қамқорлық жасаймын. Мен қайырымдылықпен оны жақсы дəммен жəне сусынмен тамақтандырамын. Мен оны махаббатпен жасандырып, киіндіремін. Тəн де маған өзінің саулығы мен қуатын сыйлайды. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме барлық талаптарыма сай келетін, сонда тұру жақсы көңіл-күй əкелетін, қолайлы мекен-жай алдым. Мен бөлмелерді махаббат дірілімен толтырамын, ол махаббатты кірген адамдардың бəрі (соның ішінде өзім де) сезіп көңілі қош болатындай етемін. Біз: «Жерді айналуға мəжбүр етіп тұрған күш – махаббат» дегенді жиі естиміз. Бұл шын мəнінде солай. Махаббат – кеңістікті ұстап тұрған тетіктердің негізі. Оның ыдырап кетпей тұрғанының себепшісі де сол. Махаббатты ашу, жек көру, мұң секілді етіп таңдау керек. Біз МАХАББАТТЫ таңдай аламыз. Бұл таңдауды іштей бүкіл өміріміз барысында жасаймыз. Олай болса барлық таңдаулардың ішінен махаббатты таңдап алуды қазірден-ақ бастайық. Бұл – ең ұлы күш. Ем беретін күш. Соңғы рет қашан сүйгеніңіз жəне жүрегіңіздің кеудеңізге сыймай тулағаны есіңізде ме? Ол қандай тамаша сəт еді… Сіз өзіңізді өзіңіз сүйе білсеңіз де тап солай болады. Оның айырмашылығы – махаббат қашан да сізбен бірге қалады. Ол – сіздің басыңыздан кешкен тамаша сезімдердің ішіндегі ең тамашасы. Махаббат деген өшіргіш секілді, ол – зердедегі ең жаныңды жер ауыр естеліктерді өшіруші. Оның кіре алмайтын қыртысы жоқ. Егер сіздің көз алдыңызда сізді ренжіткен көріністер тұрса жəне сіз кім айыпты екенін саусағыңызбен көрсете бастасаңыз, онда бір орында тоқырап тұрып қаласыз. Ол ауырсынулар сізге жабысып, қалмай қояды. Күш пен таңдау – қашан да сіздің ішіңізде. Өз көзіңізге қараңыз да махаббатты, яғни, сіздің ішіңізде өмір сүріп жатқан адамдарға деген махаббатты сезініңіз. Мынадай жаттығу бар: «Мен махаббат үшін ашықпын. Махаббат – қауіпсіз» деп күніне үш рет қол жайып тілек тілеңіз. Осыдан соң айна алдына тұрып: «МЕН МАХАББАТҚА ЛАЙЫҚТЫМЫН. МЕН ЛАЙЫҚТЫ БОЛМАСАМ ДА, осылай болуын қалаймын» деңіз. МАХАББАТҚА ҚАЖЕТТІЛІК пен МАХАББАТҚА ШӨЛІРКЕУ бар. Бұл екеуінің айырмашылығы зор. Сіз махаббатқа шөліркеген болсаңыз онда сізге махаббат пен өзіңіз жақсы көретін жəне биік бағалайтын адамыңыздың мақұлдауы жетпей тұрғаны. Нəтижеде сіз өз əріптесіңізбен қарым-қатынаста өзара тəуелділікке ұрынасыз. Ол сізге де, əріптесіңізге де пайда əкелмейді.

Пауло Коэльоның махаббат туралы ойлары: Өз Тағдырың деген не? Бұл біздің ең ұлы мақсатымыз, ол – Жердегі бізге Жаратушының дайындап қойған жолы. Əр жолы, біз бір нəрсені қуана жəне рахаттана орындасақ, ол біздің Өз Тағдырымызға ергенімізді көрсетеді. Бірақ сол жолмен жүріп, өзінің ұлы арманына жетуге барлығымыздың бірдей батылдығымыз жете бермейді. Неге барлық адамдардың көздеген мақсаттары мен армандары орындала бермейді? Бұған төрт нəрсе кедергі болады. Біріншісі – адамдарды жастайынан орындала бермейтін нəрсені армандай бермеуді үйреткендіктен. Ол – адам арманының шолақ болып қалуына, оны орындаудың алдындағы қорқыныштың пайда болуына, содан адам өзін-өзі айыпты сезінуіне алып келеді. Сол жүк адамның еңсесін езе береді. Егер адам бұл кедергіні жеңе қалса, сөйтіп, өз жүрегінің түкпіріндегі арманын биік қоя алса жəне ол мақсатын орындау жолындағы күрестен бас тартпаса, онда адамды екінші тексеру – махаббат күтіп тұрады. Адам өзінің өмірде жетемін жəне өз бойымнан өткізіп көремін дегені өзінің жақын жандарына қатер не қасірет əкелуі мүмкін деп түсінеді. Ол махаббаттың ешуақытта кедергі болмайтынын, оның зияны жоқтығын, қайта ол ілгері жетелейтінін түсінбеуден келіп шығады. Егер адам махаббаттың да кедергі емес екенін сезінсе, онда оған үшінші кедергі – сəтсіздік пен жеңілу қорқынышы кез болады. Екі кедергіден өткен адамда қайтуға жол жоқ, сондықтан Нұрлы əлем сарбазы өмірде кездесетін қиын сəттерде төзімді болып, Бүкіл əлем оның мақсатының орындалуына тілектес болып тұрғанын ұдайы есте сақтауы керек. Осы жолда жеңілістің қаншалықты керегі бар? Ол керек пе, жоқ па, бəрібір кездесіп тұрады. Адам өз мақсаты мен арманы үшін күресті бастай сала, тəжірибесіздіктен көптеген қателіктерге жол береді. Бірақ тұрмыс мағынасының өзі – жеті рет құлап, сегіз рет тұру ғой. Адам осы үш кедергіден де өткенде, оған соңғы кедергі – бүкіл ғұмырының арманы орындалу қорқынышы кездеседі. Адам өз арманы орындалғанда, мақсаттары орындалмай қалған адамдардың алдында өзін айыптыдай сезінеді. Жан-жағына қарап, басқалар жетпеген биікке жеткенде адам өзін оған лайықсыз сезінеді. Бұл жолда қаншама қиындықтар болғаны, басынан өткен қобалжу, уайым мен қайғы, арманының орындалуы жолындағы шеккен жапа мен шыққан шығын есінен шығады. Осы төрт кедергінің ішіндегі ең зұлымы – осы соңғысы, өйткені ол – өз жетістігі мен жеткен жеңісіне қуана білмеуге əкеліп соғады. Махаббат – есірткі сияқты. Алдымен бір рахат сезімге бөленесің, өзіңді жеңіл сезініп, сол сезімнің ішінде тұтастай еріп кеткендей боласың. Келесі күні – тағы қалайсың. Сезіну саған қаншама ұнап тұрса да, соған мүлде беріліп кеткенше өзіңнің кез-келген сəтте одан бас тарта алатыныңа сенесің. Ол кезде сен сүйіктің жайлы екі минут ойлап, үш минут ұмыта аласың. Бірақ біртіндеп оған үйренесің де, толықтай соған бағынышты болып қаласың. Енді сен ол туралы үш сағат ойлайсың да, екі минут ұмытатын боласың. Ол жаныңда болмаса, нашақорлар сияқты бір нəрсе жетпей тұрғандай сипалана бересің. Нашақор секілді бір салым есірткі үшін ұрлық-қарлыққа да, өлтіріп жіберуге де əзір тұрасың, махаббатың үшін кез-келген қорлануға дайынсың. Өз тəнін бағындыра білген адам өз рухын да бағындыра алады. Өмірде қай жағынан қарасаң да өзгермейтін, барлық адамдар үшін құндылыққа ие заттар бар, соның бірі – махаббат. Өлгенде де жүрегің махаббатқа толы болуы керек. Адамда өлгісі де келмейтін, өмір сүргісі де келмейтін кездер болады. Ол махаббат та, жек көру де, сенім де қалмаған сəтте кезігеді. Мен өмір бойы махаббатты өз еркімен болатын саналы құлдық деп санайтынмын. Сөйтсем, алданған екенмін, еркіндік махаббат келіп жеткенде жəне көңіліңе қонғанда ғана болады екен. Сезімге алаңсыз беріліп кеткен адам, өзін еркінмін деп сезінген адам ғана жан-жүрегімен сүйе алады екен. Ал кім жан-жүрегімен сүйе алса, өзін еркін сезінеді. Осы себептен де, мен қалай өмір сүрсем де, өзім үшін не ашсам да, бəрі мағынасыз. Мен мұндай сəт тезірек өтіп кетеді ғой үміттендім, сөйтіп, өзіме-өзім келіп, мені түсінетін жəне менің ол үшін қайғыруыма жол бермейтін адамды табамын ғой деп ойладым. Не деп кеттім? Сүйген адам еш уақытта сүйіктісінің жанын ауыртпайды: біз əрқайсымыз өзіміз басымыздан кешкен сезім үшін жауаптымыз жəне ол үшін өзгені айыптауға қақымыз жоқ. Бұрындары мен өзім сүйіп қалған адамымды жоғалтып алсам, жаным ауыратын еді. Қазір мен басқаша ойлаймын: ешкім ешкімді жоғалта алмайды, өйткені ешкім де ешкімнің меншігі емес. Міне, бұл нағыз еркіндік – саған қымбат нəрсенің сенде болуы жəне оны иемденбеу.

Құштарлық адамға тамақ жеуге де, ұйықтауға да, жұмыс істеуге де мүмкіндік бермей тынышын алады. Көп адамдар құштарлық келіп қалғанда бұрыннан қалыптасып қалған нəрселер күйрейді, құртылады деп қорқады. Ешкімге өзінің реттеліп қалған əлеміне аласапыран кіргені ұнамайды. Көп адамдар бұл қауіпті алдын-ала көру қабілетіне ие, сондықтан іріп-шіри бастаған құрылысын бекітетін қосымша шаралар көретін құрылысшы сияқты өз əрекетін жасайды. Кейбіреулер керісінше жасайды: құштарлыққа басын жоғалтып ұмтылады, одан барлық проблемаларының шешімі табылатындай көреді. Өз бақытының бар жауапкершілігін басқа адамға аударып қоя салады жəне де бақыт оны айналып өткенде де солай жасайды. Олар қашан да, я сиқыр мен керемет күтіп, толық таңырқаумен болады, я болмаса, торығады, өйткені кейбір күтілмеген жағдайлар кездесіп қалып, барлығы күйреді деп ойлайды. Құштарлықтан құтылу мен оған көзсіз берілудің қайсысы аз бүлдіреді? Білмеймін. Адамдарға өзі сенгісі келгені ылғи да ұнайды. Бақыт Бақыт та, бейбақтық та алдын ала маңдайға жазулы, ал адам өзінің пейілінен екеуінің біріне тап болады. Лао-цзы Жаны мейірімге толы адам бақытты, бірақ жан ұдайы тыныштықта болмайды жəне біркелкі ағыспен ақпайды. Пифагор Бақытты бес бөлікке бөлуге болады: біріншіден, қалауды шектеу, екіншіден салауатты сезім мен бүлінбеген тəн, үшіншіден – істе жолы болу, төртіншіден – адамдар арасындағы жақсы атақ, бесіншіден – ақшаның, өзге де өмірге қажеттілердің жеткілікті болуы. Қалауды шектей білу тəрбие мен тəжірибе арқылы келеді. Сезім салауаттылығы – көздің көріп, құлақтың естуі, иіс сезіну. Жолы болғыштық – адам не жасауға талаптанбасын, оның ойдағыдай жүзеге асуы. Жақсы атақ – кісі жөнінде жақсы сөздер айтылып, жақсы баға берілуі. Жеткіліктілік – өзіңе де, қажетсініп жүрген адамдарға да, мемлекеттік міндеттіліктерді атқаруға да жетерлік дүние болуы жəне оны дархандықпен, атыңа лайық жұмсау. Осылардың бəрі бар адам бақытты. Платон Бақыт деген үш игіліктің бірдей толық болуы: бірінші – жанның, екінші – тəннің, яғни денсаулықтың, күштің, сұлулықтың, т.с.с., үшіншіден, сыртқы игіліктің – барлықтың, белгіліліктің, даңқтың, т.с.с. Аристотель Кім риза жүрсе бақыт соның жағында. Аристотель Қалағаныңды ойлап, ойлағаныңды айту сəті – адамдағы ең бақытты сəт. Тацит Өзіне ғана тəуелді адам – ең бақытты адам. Цицерон Бақыт еркіндіксіз мəнінен айрылады, ал борыш пен міндетсіз еркіндік те сондай. Күнделікті міндеттер – адам борышының теңізіне жиналатын тамшылар. Софокл Əркім өз бақытының ұстасы. Крисп Саллюстий Бақытқа тəуелді адамды бақытты деме. Сенека Адам жаны өзі құрметпен қарайтын, оның үлгісі ең терең құпияларын тазартуға жəрдемдесетін біреуді тапсын. Біреудің ойында тұрып-ақ оны түзелуге беттете алатын адам қандай бақытты! Біреуді осылайша құрмет тұта алатын, ол туралы еске түсірудің өзін жетілуге үлгі ете алатын адам да бақытты. Кім біреуді осылай құрмет тұта алса, өзі де сондай құрметке ие болады. Сенека Бақытты деп біздер рахатқа жирене қараудан рахат ала білетіндерді айтамыз. Сенека

Ең бақытты адам – бақытты керек етпейтін адам, өзіне билік ете алатын адам – ең билігі толық адам. Сенека Ұзақ өмір сүруді емес, ризалықпен өмір сүруді уайымдау керек. Сенека Бақыттың сағымы тобырды еліктіреді. Сенека Бақытты да, қайғыны да көзге ұрып тұратындай сездіру – санасыздық. Сенека Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болғандықтан, ол адам бақыт не екенін білуі қажет жəне өзі нің мақсатына ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуі тиіс еке нін біліп алуы керек. Əл-Фараби Адам қай кезде бақытты бола алады? Қолда барына қуанып, қолда жоқты ойламаған кезде. Лев Толстой Бақыттылық əрқашан қалағаныңды істеу емес, оның мəні істеп жатқаныңды əрдайым қалаудан көрінеді. Лев Толстой Қайтадан қайырылып, Қауымға келмейсің. Барыңды, Нəріңді Тірлікте бергейсің. Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң Шын бақыт – Осыны ұқ, Мəңгілік өлмейсің. Шəкəрім Бақыт – өжеттік пен еңбек арқылы келеді. Бальзак Бақыт күле қарап тұрған адаммен салғыласу – жағасынан асып, төгіліп тұрған өзеннің жиегінде жайбарақат тұрумен бірдей. Ахикар, ассириялық ақылман Бақытта дос болмайды. Бақытты адам таудың ең басындағы адам. Жол тек төменге – бақытсыздыққа қарай. Төле би Бұл бақ дегенің біздің кезімізде сұңқар еді, кімнің бəсі биік болса, соған қонушы еді. Қазіргі бақ сұңқар емес, қара шыбын болыпты: қайда сасық болса, сонда қонады екен. Досбол би Өзгенің бақытсыздығына енжар адам – ең бақытсыз адам. Пауло Коэльо Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрақтайды. Нұрсұлтан Назарбаев Бақыттың да, бақытсыздықтың да түбірі бір, атап айтқанда өзіміздің қатты ұнататын нəрсемізде болғандықтан зұлымдық пайда болған. Спиноза Бақыт дегеніміз адамның өзімен-өзі бейбіт өмір сүруі. Бұл да адал тірлік істегенде келеді. Максим Горький Шын бақыт деген, ең алдымен, надандардың емес, білетіндердің үлесі. Мысалы, өсімдіктер өмірі мен өсімдіктер өмірінің заңдылықтарын білетін адам қандыағашты көктеректен немесе бедені жолжелкеннен ажырата алмайтын адамнан əлдеқайда бақыттырақ. Константин Паустовский Бақытты адамының есігінің сыртынан біреу балғамен тықылдатып, бақытсыздық та бар екенін, бақыт көпке бармайтынын үнемі еске салып тұруы керек. Чехов Бағалай білмегенге бақ қонбайды, қуана білмегенге құт қонбайды Əбіш Кекілбаев

Бақыт та сағат сияқты: тетіктері неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым аз бұзылады. Никола Шамфор, француз жазушысы Адам басындағы бағын қонғанда емес, ұшқанда біледі. Бауыржан Момышұлы Бақыт дегеніміз адамның өзін өзгеге керек екенін сезінуінде екен. Ақселеу Сейдімбек Қас қағым қысқа тіршілікте қай пенде бақыттан дəмелі болмайды дейсің. Ал, бақыт деген – Қыдыр сияқты мифтік кейіпкердің көзіне түсу арқылы қол жететін кездейсоқ сый емес. Бақыт деген – табаныңды тасқа тілдіріп, маңдайыңды күнге күйдіріп жететін таным жолындағы мақсатқа қолыңның тиюі, жүрек қалауының орындалуы. Ақселеу Сейдімбек Əпсана: Бір бай кісі халық арасында жарыс жариялайды: бақыт сезімін қағаз бетіне түсіре алатын ең жақсы суретшіге мыңдаған ақша жүлде берілетін болады. Жарысқа көптеген суретші қатысады. Бірнеше апта бойы бірбірінен өткен əдемі суреттер салынады. Жарыс соңында қазылар алқасы екі суреттен ең жақсысын таңдай алмай қиналып қалады. Суреттердің бірінде тұнық бір көлдің суреті болды. Айнадай болғаны соншалық, көлдің бетіне айналасындағы таулардың бейнесі шағылып тұрды. Көлдің үстінде аппақ, мақтадай ақ бұлттар бар. Суретке кім қараса бірден «Қандай жарастық, тыныштық. Бақыт осы болар» деп ойлайды. Басқа суретте таулар салынған. Бірақ тік, күрделі таулар. Күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Тау бөктерінде сарқырама бар. Қысқасы сурет онша көңіл көтеретіндей емес-ті. Бірақ суреттегі сарқыраманың қасында кішкентай құстың бейнесі тұр еді. Қасында ұясы тұр. Кішкентай құс судың ортасына ұя салған. Бақыт пен ғанибеттің керемет үлгісі. Жеңімпаз болып осы сурет атанды. Өйткені, бақыт қиындық пен тапшылықтың болмаған жерінде емес, барлық қиындықтарға қарамастан жүрегімізде жарастық таба білуде жатады. Бақыт деген не? Ол көзбен көріп, қолмен ұстап, дəмін татып, иісін біліп немесе құлақпен естіп-білетін нəрсе ме, əлде оны жүрекпен ғана сезе ме? Адамның «бұл менің қасіретім...» деп жүргені – бақыты, ал «менің бар бақытым – осы» дегені қасіреті емес пе екен?! Біреу өмірде керегін артығымен алды, көңіл көтерді, сұлу құшып биік салтанат, игілік, яғни, тыйым жетпеген рахатты көрді. Осының бəрін дұрыстап ойланып, бақыт деп емес, қасірет деп танитын кісілер бар. Себебі бұл түптеп келгенде, инстинкттің құлы болу. Орнықты көңіл-күйсіз, рухани бостандықсыз шын бақыт болмайды. Шын бақыт – татулық, үйлесім. Адам мен адамның, адам мен Құдайдың арасындағы үйлесім, татулық. Бұл бақыт – адамның өз күнін басқалардың жолына жұмсағанда болады. Ол бақытқа ақ ниет пен ізгі пейіл ғана апарады. Əр адам өз өмірінің бақытты болуын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп жаны рақатқа бөлінеді. Сол себепті де арман-тілегі орындалған адамның бойында өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілік мол болды. Əр ісінің нəтижесіне қуана білген адамның бағы арта түседі. Бағы жанған адам таусылмас дəулетке, зор байлыққа кенеліп, сəнді де мəнді ғұмыр кешеді. Бақытты болу əркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас шынайы сыйластыққа құрылуы керек. Кейбір пейілі тар, ниеті жаман адамдар өзгенің бақытын көре алмайды. Қызғаныш пен бəсеке жүрген жерде өзімшілдік басым болады. Сондықтан бақыталастықтан сақ болу керек. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысыңдай көре білген адам бақытқа кенеледі. Əрбір атқан таңмен əрбір батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бақыт – шындық, ол – адамның ақыл-ойы, сана-сезімі толысып, кемелденген шағы. Өзің туралы шындықты өзіңнен жақсы ешкім білмейді. Өмірден алған үлгі, оқығаның мен көргеніңнен сабақ алу адамның ойын дамытады, əрі қарай біле беруге, тани түсуге ұмтылдырады. Адам еш уақытта өзі ойлағандай жағдайда бақытсыз болмайды жəне өзі қалағандай бақытты бола алмайды. Бақыт – бостандықта, байлық – еңбекте. Жетістіктен гөрі бақытты болу сəті маңызды. Басым көпшілік үшін бір тойғаны, аяғын созып жата кетер өз үйі бары – бақыт. Өмірді тану шегі болмақ емес, ол жəне де адамның қандай қоғамда өмір сүріп жатқанына байланысты дамымайды.

Ескіден қалған бір ақиқат бұл күнде ерекше мағынаға ие: егер адам бақытты өзі үшін іздесе, бақыт жақындаудың орнына қашады. Егер адам оны өзгелер үшін іздесе, онда ол адамды өзі табады. Өмір – саяхат. Мəселен, көзбен көресің, ұстап көресің, иісін, немесе, өзге əсерін сезінесің. Бірақ ештеңені алып кете алмайсың. Яғни: кел, көр, рахаттан. Сырттай қарағанда да, ішкі дүниеде де солай. Кісі бұл саяхатта көре, сезіне, тани жүріп, шамасы келсе, санасы жетсе, күнəларын түзетеді, жан дүниесі тазарады, байиды. Адамзат баласының бəріне қойылар бір талап: саяхатқа келдің, көр, пайдалан, саяхат тəртібін сақта, саяхатқа шыққаныңа риза болып рахаттан, бірақ уақытша екеніңді ұмытпа. Кісі өзінің бұл өмірде жолаушы ғана екенін сезінбесе, өмірінде кездейсоқ кездесіп қалған сияқты болып көрінетін заңдылықтар көбейеді. Саяхат ерте аяқталады. Өз өміріне, тындырып жүрген ісіне риза немесе бір істі үйренуге, яки атқаруға талпынғыш кісілердің ағзасы таза болады. Кісі өз көңілінде өзін қандай түрде көргісі келсе (дені сау, сұлу, бай, бақытты, т.с.с.), солай көре білуі керек. Өмірдегі барлық оқиғалар біз ойлағандай дамиды. Бақыт деген түсініктің бастапқысы – ішкі əлеміңнің жағдайы, екіншісі – сыртқы жетістік. Бақыт қонса басшы да, бай да болу оңай, азамат болу бақыт қонса да қиын. Бақытсыздық адамның рухын шыңдайды, ол ақылды бола бастайды. Адам бақытсыздықты да қажеттілік деп танығанда солай болады. Француз төңкерісінің туында «Бостандық. Теңдік. Туысқандық» деп жазып қойылған. Хрущевтың заманындағы коммунизм құрушылардың моральдық кодексінде де «Бейбітшілік, еңбек, бостандық, теңдік, туысқандық жəне барша халықтардың бақыты үшін» делінетін. Бірақ бостандық бар жерде теңдік болмайды, теңдік бар жерде бостандық жоқ. Мəселе мынада: бостандық – пенделік бақыт пен байлықты, ал теңдік – рухани байлықты көрсетеді. Əркімнің бақ-талайы – өзінен. Бақыт деген сөзге өте үлкен мағына беріп, қол жетпейтіндей көретін кезіміз көп. Бақыт деген ұғымның негізін таңертең аман-есен, ауырсынбастан тұрып, жұмысқа бару, үйдегі бірлік, жұмысыңдағы түсіністік, осыларды рахаттана сезіну құрайды. Бақыттың рецепті көп, солардың кейбірі: қиындыққа қайыспай қарсы тұра білу, ешқашан ашуға жол бермеу, өзгені кінəламау, тағдырдың кездестірген əділетсіздіктерін санамаламау, жасанды уайымсыз болып көріне тұрып мылжыңбас уайымшыл болмау. Кездескен қолайсыздықтарға бейтарап болып, бетімен жібермеу. Жеңуге талпыну – депрессияға қарсы ең тамаша күрес. Өмірге қалыпты жəне шыншыл қарау. Бақыт – Сенің қолыңдағы не? – Бақыт... – Неге ол осынша кішкентай? – Ол тек менікі... Көрдің бе, қандай əдемі жəне нұр шашып тұр... – Иə, тамаша! – Бір түйірі керек пе? – Мүмкін болса... – Алақаныңды тос, мен бөліп берейін... – Ой, қандай жып-жылы! – Ұнады ма? – Өте ұнады... рахмет! Білесің бе, бақыт қолымда тұрғанда, маған сондай жақсы-ы... – Ылғи да солай. – Ал мен де біреуге бөліп берсем ше? – Онда сенің өзіңдегі бақыт та ұлғаяды! – Неге? – Өзім де білмеймін. Білетінім – содан соң ол бұрынғыдан да жылы бола түседі. – Қолыңды күйдіріп жібермей ме? – Қолды қайғы күйдіреді... Бақыттан қол күймейді! Өзіңдегі бір түйір бақытты, кімнің бақытты болуын қаласаң, солармен бөліс! Оның қаншасы саған қайтып оралатыны маңызды емес, өйткені бақытты сатуға болмайды ғой... Мен саған өзімнің тіп-титтей бақытымнан бөліп бердім ғой, сенде де бақыт болсын дедім... Бақыт деген немене? Осы тақырыпқа қайта-қайта орала береміз.

Дəрігерлер бақыт дегеніміз адам ағзасында белгілі бір мөлшерде гендер мен гормондардың болуы дейді. Тағы біреулер бақыт деген адамның өзі қолдан басқаруға болатын көңіл-күй дейді. Теріс əсерлерді бойына жинап алатын адамдар бақытсыздау болады. Бақыт адамның ойына, тамағына ғана байланысты болмайды, ол адамдардағы «бақытты гендердің» бар екендігіне де байланысты. Демек, адам жастығында көрген ата-əжелерінің, ата-анасының үлгілері оның бойындағы «бақыт гендерінің» жинағын құрайды. Бала туған ана өз бақытын балаға сездіруді сол күннен бастауы тиіс. Туған əйелде барлық жағы құбыла болып тұрмаса да, оны балаға сездірмесін. Баланы құшу, сүю, оның тамаша иісін сезіну – бар бақыттың атасы ғой. Ол кездің əрбір сəтінен рахат ала білу керек: қайта орағанда да, жөргегін ауыстырғанда да, шомылдырғанда да, емізгенде де. Бала ішінде жатқан күннен бастап оған «бақыт генін» құя беру үшін жақсы көретін музыкасын тыңдап, екіқабат екенін жасырмай қайта мақтаныш етуі керек. Ана болар əйел барлығын ішіне сақтап, ұдайы жүйкесіне салмақ салып, көңіл-күйін құбылта бермеуі тиіс. Адамдардың жүйке қызметінің төрт түрі болатынын білеміз: холерик, меланхолик, сангвиник, флегматик. Холериктер өте сезімтал адамдар. Олар бақытты болса, сезімдері тасып-төгіліп, көзге ұрып тұрады. Меланхоликтер, əдетте ойлы, мұңдылау кейіпте болады, олардың бақытты екенін де байқай алмайсың, онысын ашық көрсетпейді. Бұл түрлер адамдарда араласқан түрде де көрініс береді, бірақ бұл түрлер бірін-бірі онша жақсы түсіне алмайды. Жүйке қызметі гендер арқылы келетін мінез. Қазақтың «тегі таза», «ата-аналары жақсы адамдар» деп жататыны осы себепті. Ағзадағы гормондарды жұмыс істету де керек. Бақытты гормондар иелері қызметтік жұмысын жақсы атқарады, үй мен көшеде де бақытты екені сезіліп тұрады. Бақыт гормонының тұрмыстағы көзі неде? Ол əртүрлі. Біреулер ыстық шоколадты ұнатса, біреулер жақсы балмұздақты, біреулер тұздалған қиярды сүйсініп жейді, өйткені ағзада бақыт гормонын қалыптастыру химиялық үдеріс. Жақсы көңіл күй болуы үшін кейбір тамақ өнімдерінің түрі: инжир, какао, миндаль, өрік, цитрустар, балмұздақ, сыр болуы шарт. Бақыт деген біреулер үшін өз үйі болып, балконнан қарап тұрып, күнге, көк аспанға қарап күлімсірей алу, өзінің, туған-туыстарының дендері сау екендігін сезіну рахаты. Ал біреулер үшін ол – қос-қос коттедж, қымбат машиналар, жыл сайын Канар аралдарына барып демалу мүмкіндігі, көп ақшаның иесі болу. Бірақ бұл бақыт емес. Бай жапондар мен шведтер елінде əлемде ең көп өзіне-өзі қол жұмсау тіркелген. Жалғыз Жапонияда өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан жылына келетін шығын 30 миллиард доллар екен. Біреулерге жоспарлаған ісі жайымен жүзеге асып жатса, қызметте сатылап көтерілсе, осыларын ресторанға барып жууға ақша тапса – сол да бақыт. Бірақ бақыт деген бір биікке алу, бір істі атқару, бір жетістікке жету ғана болса, онда өмір толы бақыт болады ғой. Бұлар – рахаттану, қанағаттану, жетістік деп қана аталады, бақыт емес. Эйнштейннің өз бақыт формуласы болған: А+В+С. Мұнда А – жұмыс істей білу; В – жақсы демала білу; С – тіліңе сақ болу. Жұбайлық тұрмыстан рахат алу да адамды бақытты етеді. Бұл адамдар бақыттан басы айналып қана қоймай, өнімді еңбек ете алады, өміріне риза. Нағыз бақыт – ұрпақ қызығында, соларды жеткізуде жəне қызығын көруде. Үлкен қалалардың адамдары көбіне өз проблемасымен, əсіресе материалдық проблемалармен жалғыз қалады: ішер тамақ, киер киім, пəтерақы уайымы, несиелер, т.с.с. Бұлар тереңдеп кетсе отбасы бұзылады. Отбасында балалар болса, олардың бақытты болуы қиындайды. Ауылдық жерде басқашарақ: олар қаладағылармен салыстырғанда нашарырақ өмір кешеді, бірақ олардың көңілдері тоқ келеді, мінезі ашық, жан-дүниесі бай, барына қанағат етеді, ақшаны көп керек етпейді. Бақытты болғың келсе – бол! Ол – өз қолыңда! Бір күн бақытты боламын десең – шарап іш. Бір апта бақытты боламын десең – ауырып жазыл. Бір жыл бақытты боламын десең – жас көңілдесің болсын. Ал бір өмір бақытты боламын десең денсаулық пен ақыл-білім болсын. Бақытты өмірдің құпиясы Шалғынға барып бір сəт асыр салып ойнаудан ешқашанда бас тартпа... Нашар əдеттерден арылуға тырыс... Жақсы кеңестерді тыңдаудан жалықпа... Ылғи даяр жүр жəне күт. Мүмкін сенің іздегеніңнің өзі сені табар... Өмірдегі кез-келген жағымды жаңалыққа дайын бол... Қайда бара жатқаныңды бақылаусыз қалдырма... Мақсатқа жету жолында тəуекел етуден тайынба...

Жағдай сені шатастырып жіберуіне жол берме... Бір нəрселерге қызығудан өзіңді шектеме... Шашың мен бойыңның күтімін ұмытпа... КҮЛІП ЖҮР!!! Күнің сəтті болсын! Рух Əбігершілікке құмарлық – қайраткерліктің белгісі емес, рухы ылғи қозып езілудің белгісі жəне əрбір қимылды ауырлық санау əдеті – алаңсыздықтың белгісі емес, еркелік пен имансыздықтың белгісі. Сенека Ол – құл! Бірақ, мүмкін, оның жаны, рухы еркін. Ол – құл! Кім құл емес дейсің. Біреу – қарынның, біреу – қараулықтың, біреу – менменшілдіктің құлы жəне бəріміз де қорқыныштың құлымыз. Сенека Тəураттан: Қу дүниені күйттеген адам – құл, рухқа шомылған адам – патша. Тəн үшін сүрген өмірдің рахаты болмайды, тəн үшін өмір сүру азап шектіреді. Рух үшін өмір сүрген өмір ғана рахатқа жеткізеді. Лев Толстой Бүгінгі қазақ елі екі жолдың тарауында тұр. Біреуі – құлдық жолы, екіншісі – жұрттық жолы. М.Дулатов Иса Байзақов айтқандай: «Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды, ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды». Бұлар өзі – бір-бірімен тығыз байланысты күрделі ұғымдар. Ел орынында, Құдайға шүкір, жұрт орынында, осы елдің қамын ойлайтын азаматтар да баршылық. Енді сол азаматтардың сөзіне, кісілігіне, парасатына, білігіне құлақ асатын жүйе болса екен деп тіле. Ақселеу Сейдімбек Жұмыр жердің бетінде қасиет тұтар үш ғажайып бар дейді дана халық. Оның бірі Нан – халықтың қарыны тоқ, қабағы ашық, дені сау болуы үшін қажет; екіншісі Əйел – мəңгі үзілмей жалғасып келе жатқан тіршіліктің тірегі; үшіншісі Кітап – уақыттың дəнекері, өмірдің сабақтастығын тек қана өрге сүйреуші. Ақселеу Сейдімбек Адамның бақидан алып келген, Жаратушыдан мұраланған жалғыз ғана асылы, ешкім тартып ала алмайтын қасиетті рухы бар. Адам бұл дүниеге немен келді, сонымен кетеді. Тиесілі еместің барлығы, мысалы, қоғамдағы дəреже, біткен дəулет, атақ-абырой адамнан тартып алынады. Бірақ адамның өзіне ғана тиесілі асылы – рухты ешкім де, ешқашан да тартып ала алмайды. Рухты қорлау да, таптау да мүмкін емес. Қорланатын, тапталатын адамның мейманасы, өзі қалыптастырған, əлпештеп өсірген, ақыр соңында тойымсыз аждаһаға айналдырған «эгосы». Таласбек Əсемқұлов Істегенің неғұрлым көп адаммен тағ дырлас қимылға ұласса – тыныштық, тояттық сонда ғана... Жомарт Əбдіхалық Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі. Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нəрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нəпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – рух пен нəпсінің күресі жүріп жатады. Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр. Күн адамның рухы болса, күн сəулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі. Рухани бай адам – ең алдымен əділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Біреу айтыпты деген сөз екінші біреудің де аузымен тараған болып шығады. Оның себебі, біріншіден, əр жерде, əр түрлі дəуірде бір ойдың сол ойды табу деңгейіне дейін жетілген бірнеше адамға келуі мүмкін; екіншіден, зерек кісі жетіле келе, бір ойды ұғып алған соң, оны əрі қарай

дамытып, сол ойдың озығырақ бір түрін туғызу қабілетіне ие болады. Ол үшін, əрине, ішкі үндестік пен рух ұқсастығы керек. Жер-ананың ең негізгі заңдарының бірі – біреуге жамандық келтірмеу əрі тілемеу. Қарапайым ойлайтын адам өзіне ұрлыққа түскен көршісін барынша жек көреді. Рухы мықтырақ адам көршісін емес, сондай тəртіпке төзетін қоғамды айыптайды, ал рухани өте бай адам көршісінің мысалында бүкіл адамзат теріс жолға түсіп жатқанына өкініш білдіреді. Бүркіт жұмыртқасын қақаған суықта жарады, балапанын дауыл тұрған кезде ұшырады. Жалқаулық – əрі кемістік, əрі жетістік. Жалқаулық үнемді, ол рухани жетілуге жол ашады. Бүгінде қалыпты жетілу үшін əрі ақылды, əрі топас болу керек. Бұл – ақылды адамның кей-кейде қисынсыз, ақылға сыймайтын, ойланбаған іс-əрекеттерге барып қалуы мүмкін деген сөз. Физикалық деңгейде адам қарсыласын өлтірсе де өзі тірі жүре береді, жұқа, рухтық деңгейде адам қарсыласын өлтірсе өзі де өледі. Өмір – тəртіп емес. Зат алмасу дегеніміз – бұзу, бірақ, ретімен келетін бұзу. Өмір – хаос пен тəртіптің арасындағы құбылмалы процесс. Тəртіптің хаостан қауіптірек болатын кезі аз емес. Рухани биіктік – ең үлкен бақыт, адамды адам етіп тұрған сол. Біз ұлттық рух туралы, оны көтеру керектігі жайлы көп кеңес береміз. Бірақ, рухты ақыл айтумен өркендетуге болмайтынын түсіне бермейміз. Абай тойында аты мəреге жете бере жығылған шабандоз бала, бір аунап түсіп қарғып тұрып, аттың жүгенін сыпырып алып, мəреге жаяу жүгірді. Нағыз ұлттық рухтың көрінісі деген осы. Мемлекеттің көркеюі ұлттың рух биіктігіне байланысты. Мемлекет ұлтты қалыптастырмайды, қайта ұлт мемлекетті қалыптастырады. Өзін-өзі сүю, өзін жөнсіз көтермелеу – адам баласындағы өзгермейтін екі қасиет осы. Тек өз басын ғана ойлау – өзге əлемдерді жоюдың бағдарламасы сияқты. Тылсым табиғатқа деген өшпенділік жазылмайтын кеселге ұшыратады. Сондықтан адамдарға ренжімеу, жұмысқа байланысты ашуызаны болдырмау керек. Жалақыны аз төледі, мені бағаламады, маған əділетті емес дегендерді себеп етсең, реніш-өкпе таусылмайды. Ол себеп емес, салдар. Себеп сіздің жаныңыздың тазармауында. Осыны болдырмау үшін мынадай тілекті іштей қайталап жүрген жөн: «Мен өзімді жақсы көремін, мен басқа адамдарды жақсы көремін, мен Жер-Ананы жақсы көремін, мен Ғарышты, Тəңіріні жақсы көремін». Сонымен, өз басын ғана ойлау – пенделік нəрселерді тым жақсы көру мен осыған бола Киелі Рухтан баз кешуге дайын болу дегеніміз – тазалықтан, жетілуден, махаббаттан ада болу. Өзін ғана ойлау өзге құрылымдарға зиянын тигізеді. Адамның əрбір қимылының шегі болуы керек, оның əр жағы – құлдырау. Адам еркін болуы үшін алдымен материалдық қажеттіліктерден еркін болуы тиіс. Ол үшін өзін, отбасын қаржы-қаражат, басқа да мұқтаждықтармен (үй, автомашина, т.с.с.) жетерлік жағдайда қамтамасыз етуі керек. Оның керегі жоқ дейтіндер жалқаулықтан немесе жауапсыздықтан айтады. Олар болмаса адам амалсыз тұрмыстық жағдайға алаңдайды. Жұрттың бəрі ел аралап, сауық-сайран құрып жүре беретін Біржан салға ұқсай алмайды. Рухтық пен материалдықтың тепе-теңдігі болуы тиіс. Ол үшін адам өзіне өмірден не керек екенін айқын сезіне білгені жөн. Салауатты болу үшін жаман əдеттерден жирену, маскүнемдік, шылымқорлық пен нашақорлықтан аулақ болу, сонымен бірге парасаттылық, ізгілік, сопылық, руханилық үшін ішкі рух күші керек. Толстой адамдардың өмірге көзқарастарын жүйелеп, бұл тығырықтан шығудың, яғни мəңгілік өмірдің төрт жолын атады. Бірінші жол – өмірдің мағынасыз екенін білмеу жəне оны санамен ойлап, білуге тырыспау. Толстой ұсынған екінші жол білімі бар адамдардың көпшілігіне қатысты: алдыңнан не күтіп тұрғанын жақсы білгенде, барлығын жасап көру, алдыңда не күтіп тұрғанын ойламау, яғни, барлық күшті өмірден алатын рахат пен сауық-сайранға бұру, соған үлгеріп қалу, тəтті тамаққа тойыну, көңіл көтеру. Үшінші жол ерекше. Оған мықты жəне батыл шешім шығара алатын тұлғаларды да, жүйкесі жұқа жəне бойкүйез адамдарды да жатқыза беруге болады: егер өмірде ешбір мағына жоқ болса, онда өзіңді алдап

керегі не, жай ғана кете салу керек, саусақтарды ажыратып, тұңғиыққа сүңги салу керек. Азаптанып керегі не? Толстой: «Мұндай шешімге жиі баратындар бар, олардың ішінде қартаймаған, бойында күш-қуаты мол адамдар көп», – деді. Төртінші жол, бұл – өмірдің мақсатсыз екенін білу, түсіну, сезіну, сөйте тұра өмір сүруді жалғастыра беру. Таңертең төсектен тұру, жуыну, таңғы асты ішу, əр түрлі мағынасыз істерді істеу, əлдебір əрекеттер жасау, өзі секілді өлімге əзір жүргендермен аралас-құралас болу, ешбір мағынасы жоқ екенін біле тұра кітап жазу. Сүлеймен пайғамбаршылап «бұл да өтеді» деп өмір сүре беру, өзіндік қажеттіліктеріне қызмет ете беру. Толстой алда міндетті түрде келетін өлімнен кейін де жойылып кетпейтін өмір мағынасын іздеді, ол бесінші жол еді, оны таппау Толстойдың басты трагедиясы болды. Кейбір көзге ұрып тұрған ойға салулар болғанымен ол оны таба алмады. Сонымен, бесінші жол не еді? Ол – даму жолы болатын. Прогресс əуелі ең байларды ғана қамтығанымен, уақыт өте келе қалың бұқараға қызмет етеді екен. Бүгінгілер адамзаттың болашақтағы қуаттылығын сезіне алады. Айға ұшу, əйелді қолдан ұрықтандыру, жасанды тамақтар, т.с.с – прогресстің дамуын көрсетіп тұр. Сондықтан бүгінгі даналар мəңгілік өмірдің бесінші жолын біледі, ол – əрекет ету жолы – өмір үшін күрес жолы: өз өмірің үшін, отбасыңның жəне барлық адамның өмірі үшін. Егер бүгінгі адам келмей қоймайтын өлімді біле тұра, есте сақтай тұра, депрессияға түспей, ойын-сауыққа алданбай, берілмей, онымен күресіп, жеңудің ғылыми жолын іздесе, онда оның – бесінші жолды тапқаны. Болашақ – тек мақсат, міндет, қағидат жəне үміт қана емес. Болашақ – бұл ізгі мұрат, бұл рух пен бекзаттық, парасаттылық, адамгершілік жəне əділеттілік. Осылар өшіп қалмауы керек. Демек, өзінің жоспарлары мен үмітінің күлі көкке ұшқанын қабылдай алмаса, іштей сатқындық, пасықтық, əділетсіздік, ізгі-мұраттың құлауы, руханилықтың қорлануы – ауыр кеселдерге ұшыратады. Ақиқат Буддадан: Шындықты айт, ашуланба, сұрағанға азғантай болса да бер. Осылай ғана Құдайтағаланың дегеніне жақындауға болады. Ақиқатты тануға ақылы жетпегеннен адамшылық күтпе. Лао-цзы Қарапайым, дөрекілеу шындықты айтқан, құлаққа жағымды тиетін заттарды айтқаннан маңыздырақ. Əркімнің қажеті үшін əрекет ету, бəсті жеңуді мақсат етуден маңызды рақ. Лао-цзы Бір нəрсені сығу керек болса, оны алдын ала кеңітіп алу керек. Бір нəрсені əлсірету үшін, оны əуелі мықтау керек. Бір нəрсені жою үшін, оның гүлденуіне жол беру керек. Бір нəрсені біреуден тартып алу үшін, əуелі оған беру керек. Бұл терең ақиқат деп аталады. Жұмсақ пен əлсіз қатты мен мықтыны жеңеді. Лао-цзы Ақиқат жол-жөнекей жұлып ала салатын гүл емес, ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты. Гераклит Дүниеге келгендердің барлығы саналы болса, даналық өзінде барды жоғалтып алар еді. Оның ең бағалы жəне биік болатыны – ол бізді өзі іздеп келмейді, оны ұғынуға əркім өзі барады, біреу арқылы оны ешкім ала алмайды. Философияның еңбегі біреу ғана – барлық құдайлық жəне адамдық істерде ақиқатты табу. Əділеттілік, арлылық, ұяттылық онымен дос. Ол бүкіл киелі нəрселерді құрметтеуді жəне бүкіл адами нəрселерді сүюді үйретті, құдайлардың қолында билік, адамдардың қолында достастық болуды насихаттады. Сенека Шындыққа, сенімге, тəжірибеге, икемділікке, жолдастыққа, ынтаға ұмтыл. Питтак Ақиқат тереңде. Демокрит Бүкіл жан-дүниеңмен ақиқатқа ұмтыл. Платон Ақиқат тілі – қарапайым. Платон

Ең тəттісі – ақиқатты есіту. Платон Шындыққа отқа қарағандай қара: жақындама – күйесің, ұзап кетпе – тоңасың. Диоген Шындық – жалаңаш. Гораций Бір нəрсені ойластырғанда ақиқаттан аулақ кетіп қалма. Гораций Шындық, заңдылық, ізгілік, əділеттілік, момындық – бұлардың бəрін «адалдық» деген сөзге біріктіруге болады. Петроний Адасудың мыңдаған түрі бар. Ақиқат керісінше, жалғыз да қарапайым. Гельвеций Ақиқат уақытша адасудың көлеңкесінде қалуы мүмкін, бірақ ерте ме, кеш пе оның сəулесі түнекті түріп шығады. Гельвеций Белгілі ақиқаттарды түсіне алған ақыл белгісіз ақиқаттарды табуға да жетеді. Гельвеций Шындық жек көрушілік туғызады. Теренций Кабуснамадан: Егерде əрдайым шыншыл болсаң, шынайы өмір сүресің. Дүниедегі ең қымбат байлық – шыншылдықты əдетке айналдырған адамдардың үлесіне тиеді. Біреуден алданба, алдауға əрекеттенбе. Алыс-беріс қарымқатынасында біреуді алдап, біреуден алдану жағдайы көп кездеседі. Шыншыл болсын, көңіл, тілің, қылығың, Дүние, дəулет келер, берер шырынын! Көңіл таза – деніңнің сау болғаны, Денің сау ма – көңілің тау болғаны! Бауырмалдық, сақтық керек, сергектік, Мың түрлі іске ояу, зерек ер жетпек. Жүсіп Баласағұн Ақиқат адамды қайырымсыз немесе өзіне сенгіш ете алмайды. Ақиқаттың көріністері əрдайым момын, көнгіш жəне қарапайым келеді. Лев Толстой Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды, ондай адам адасса білместіктен адасады. Шəкəрім Хақиқатты дəл көруге, Жан көретін көз керек. Шəкəрім Шындық – ауа. Онсыз дем ала алмайсың. Тургенев Қоғамдық мінездердің бүлінуінің алғашқы белгісі – ақиқаттың айтылмауы. Мишель Монтень Саған ұнамағаны үшін ақиқатты жоққа шығарма. Чернышевс кий Шыншылдық, шыдамдылық, жауапкершілікті сезіну, қисынды ойлау, тəртіп жəне дербес жұмыс істеуге ұмтылу əр адамға шырай беретін осы қасиеттер міндетті түрде ғылыми жұмыстарда өз көрінісін табуы тиіс. Грегори Егер мен өтірік айтсам, мен өзімді өтірік айтқан адамыма қарағанда көбірек қорлаймын. Мишель Монтень Ақиқатты біздің иемденуіміз жеткіліксіз, ол бізді билеп алуы керек. Морис Метерлинк Адамдар қарапайым ақиқатты елемегендіктен көп азап тартады. Фридрих Ницше

Нəрсе көпшіліктің оны мойындамағанынан ақиқат болмай қалмайды. Спиноза Өтірік – арзан, шындық – қымбат. Жұмақ – алыс, өлім – жақын. Қиянат – жаман, адалдық – жақсы. Жоқшылық – қатты, бала – тəтті. Ақтайлақ би Шындық – көп, ақиқат – жалқы. Асқар Сүлейменов Үш шындық: 1) Өткенге өкінбе, өкінгенмен қайтара алмайсың. 2) Шамаң келмейтін іске ұмтылма, бітіре алатын істі ғана мойныңа арт. 3) Құр сөзге көп сене берме, өзіңе ғана сүйен. Ғабдолла Тоқай Шындық өзі қызмет ететіндерге тəуелді болмауға тиіс. Əбіш Кекілбаев Голландияның ХVІІ ғасырда өмір сүрген философы Бенедикт Спинозаға Франция королі: «Бір еңбегіңді маған арнасаң, қарымтасына өмірлік пенсия тағайындаймын», – деп сөз салса керек. Сонда Спиноза: «Мен өз шығармаларымды тек қана шындыққа арнаймын», – деп жауап беріпті. Сөйте тұра күн көріс үшін өзінің шыны қырнайтын жұмысын қажеттілік деп санаған. Ал, шындыққа бағыштаған уақытын ұйықтап дем алатын кездері мен үй-ішінің жұмысынан жырымдап пайдаланады екен. Ақселеу Сейдімбек Данышпандықта, ақиқатта дін де жоқ, ұлт пен нəсіл де жоқ. Ақиқаттың өзі – дін. Дін атаулы ақиқаттан тарайды. Тағы да бір пайғамбар айтыпты, ізгі болу үшін, кісілікті болу үшін, ақиқатты тану үшін міндетті түрде бір діннің өкілі болу шарт емес деп. Ақиқатқа жетсеңіз, дін атаулының барлығынан биік тұрасыз. Ақиқатқа жетсеңіз – басқа Құдайдың сізге керегі жоқ. Таласбек Əсемқұлов «Мың бір түн» əпсаналарынан: Өміріңді ынсаппен, қанағатшылықпен өткіз. Шындықты жақта. Ынсап – адамның таусылмайтын азығы. Шындық – ашықтырмайтын өмір бақшасы. Бағдат шаһарынан Мəдинаға оқу іздеп шыққан 8 жасар ұлына анасы: – Қандай қиын жағдай болса да шындықты айтып жүр! – деп ақыл береді. Содан соң қырық дирһам күміс ақшаны шапанының өңіріне жасырып тігіп беріпті. Жолда бала ерген керуенді қарақшылар түгел тонап алады. Адамдарды тінтіп, қалталарындағы барын да сыпырып алады. Баладан ештеңе де таппайды. – Сенде ештеңе жоқ па? – деп сұрайды. Ұл шапанының өңірінде қырық дирһам ақша барын айтады. Расында да сөккен өңірінен сонша ақша жерге төгіледі. Мұны көрген қарақшылар: – Ақымақ бала, айтпасаң таппайтын едік қой! – деп қарқылдап күлісіп мазақ етеді. Бірақ қарақшылардың басшысы тəубаға келіп: – Бұл ақымақ емес, біз ақымақпыз, – деп бүкіл тонаған дүниелерін керуеншілерге қайтарады. Осыдан кейін олар қарақшылығын тастап, адал еңбекпен күн көретін жолға түсіпті. Шындық қолға ұстап келе жатқан алау секілді, ұстағанның қолын күйдіреді. Адам шындыққа кездеспей тұрмайды, бірақ көбісі оны айналып өткісі келеді. Шындық – солқылдақ, ол майысып тұрады, бірақ сынбайды. Адам өмірінің негізгі мақсаты – шындық іздеу. Шындық жолдан адамды адастыратын екі нəрсе бар, ол – тəн тілегі мен нəпсі. Осы екеуіне тыйым сала білген адам – жетілу жолындағы адам. Оттың ертеңі – күл. Қатты жанған алау тезірек сөнеді. Бір кеселге көп дəрі қолданып жатса оның жазылуы қиын болғаны. Үлкен тасқа сүрінбейді, айналып өтеді. Өзіңе жəрдем беретін сөзді өзіңе-өзің айта алмайсың. Шөлдеп тұрғанда суы бар көзенің əсемдігі көрінбейді. Теңіз ойыншық бола алмайды, ал аквариум керісінше. Кішкене нəрселерге қызығасың, үлкен нəрселерге құрметпен қарайсың.

Африкандықтардың ұлттық поэзиясының алты шарты – бүкіладамзаттық постулаттардың жиындығы мынау: Бірінші – жастай жер жастанбау; Екінші – кедейшілікке ұрынбау; Үшінші – қиындықты көп көрмеу; Төртінші – өмірдің дəмін ұғыну; Бесінші – балалардан бақыт сезіну; Алтыншы – соңғы ұйқыға алаңдамай, жаныңның қиналмай аттануы. Заманның ақыры бола ма? Жоқ, əр адамның қиямет күні өзіне ақырзаман ба? Қиямет күні жер бетінде ар-ұят, мейірбандық, қайырымдылық қалмайды деуші еді... Ілгергілердің тура жолы ұмытылып, пенденің құлқы-пейілдері бұзылып, адамдар біреулердің есебінен күн көруге өтіп, соттар жасаған үкімін сатып, жалған үкімдер шығаруға əдеттеніп, заңдар мен тəлім-тəрбие бағаланбай, шындық өтірікке айналатын заман келсе, қиямет күні сонымен бірге келеді деуші еді біз оқыған кітаптарда... Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда адами қасиеттерден ажырамағандар ғана адам болып қалады. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Өмірдің қадірін біліп, ешкімнің жүрегіне қаяу салмай, өзіңді қоршаған адамдарды аялап, достық пиғылда болып, өзіңнің жаныңа жағатын ортада жүрсек. Бір-біріміздің қуанышымызға шындап қуанып, өкпеміз болса, көпке созбай ұмытып, өкініш пен қайғыға ортақтасып өмір сүргенге не жетсін?! Кешегі күннің мұңы болса тез ұмытылып, аз ғана қуанышы болса да шындап қуансаң шіркін! Бүгіннің қадірін білсек. Мəңгілікке таза, пəк күйімізде аттансақ. Біздің өмірге көзқарасымыз, оны нақты қабылдауымыз əртүрлі. Бір затқа қарасақ біз əртүрлі нəрсені көреміз. Өйткені біз əртүрлі ойлаймыз. Сонда да бізді біріктіретін бір нəрсе бар: біз ақиқатты іздейміз. Жақсымыз да, жаманымыз да. Сөйтіп ақиқатты өз пайдамызға қарай бұрып алғымыз келеді. Содан да ақиқаттың өзіне көзқарасымыз əртүрлі болып шығады. Мынадай аңыз бар: Адамдардың алдында екі сұлба көрініпті. Біреуінің беті ашық, екіншісінің беті жабық. Беті ашықтың келбеті өте ұсқынсыз екен. «Сен кімсің?», – деп сұрапты адамдар беті ашық сұлбадан. «Мен – Шындықпын». «Ал сен кімсің?», – деп сұрапты беті жабық сұлбадан. «Мен – Ақиқатпын». «Онда неге бетіңді жауып тұрсың, аш, халық көрсін». «Мен бетімді ашсам, барлығың қорқу мен торығудан өліп кетесіңдер!», – депті Ақиқат. Мəдениет Егер белгілі бір елдің қал-ахуалын, парасат болмысын білгің келсе музыкасына құлақ түр. Сонда музыкасынан жаныңды əлдилер сабырлы саз жетсе онда халықтың ұйымы жарасқан, мұңсыз, қамсыз өмір сүргені. Егер, музыка сергек, сенімге толы болса онда ел ішінде берік тəртіптің болғаны. Ал, егер, музыка тыңдаған бетте жаныңды еліктіріп, үйіре жөнелсе – ол қауіпті, онда, ел-жұрттың бейберекет, немкетті, əркімнің өзімшіл күйкі тірлікке малданғаны. Сюнь-цзы, Конфуцийдің шəкірті Қыш ыдысты күміс ыдыстай тұтынатындар да, күміс ыдысты қыш ыдыстай тұтынатындар да ұлы. Сенека Мəдениеттің үш түрі бар: тұрмыстық мəдениет, яғни, жаңа ақпараттарды жай ғана жиюшы; діни мəдениет, оның мағынасы, белгілі бір нұсқаулықтарды орындаумен шектеледі; санаулылардың мəдениеті – өзінөзі дамыту. Худживри Идеал деген жанның рахаты емес, жанның пəктігі. Лев Толстой Адам жабайы болып туады: тəрбиеден соң ол өзіндегі тағылықтан арылады. Мəдениет кісіні адам етеді жəне ол неғұр лым көп болса, соғұрлым елеулі болады. Мəдениетсіздік – надандықтан: мəдениет үшін ең алдымен білім керек, бірақ ысылудан өтпесе, оқымыстылықтың өзі дөрекі болады. Ой да, тілек те, тіл де, бойдағы бар нəрсе əсем де сы пайы болуы тиіс. Бір адамдар табиғатынан ішкі жəне сыртқы сұлулығымен ерекшеленеді, ойлары мен сөздері мүлтіксіз болады. Біреулер, керісін ше, ысылмағандықтан, олардың бар табиғи ерекшеліктері, оның ішінде озық қасиеттері тағы тұрпайылықтың əсерінен солғын тартады. Бальтасар Грасиан

Біркелкі ойлау – мəдениеттің төмендігінің белгісі. В.Розанов Мəдениет дегеніміз – қоғам өмірінің дара бөлігі немесе оқшау саласы емес, керісінше сол қоғам өмірінің біртұтас қалпындағы мəнді де құнды айғағы. Ақселеу Сейдімбек Мəдениет əрі киелі, əрі шамшыл құбылыс. Мəдениеттің қақпасын тарс жауып алсаң, онда тұншықтырып өлтіресің. Ал, қақпасын айқара ашып тастасаң кешікпей-ақ оны төлтума сипатынан айыру арқылы өлтіресің. Демек, мəдениеттің тізгінін ұдайы ұлтын өзінің ұстап отыруы жəне тепетең ұстап отыруы оның өміршеңдігінің кепілі. Ақселеу Сейдімбек Бүгінгі таңда мəдениет туралы екі түрлі түсінік бар екен. Оның бірі – мəдениет пен өркениет біртұтас құбылыс деп қараушылық. Екіншісі – мəдениет санатына тек қана рухани-эстетикалық саланы жатқызушылық. Мұның екеуі де жаңсақ ұғым. Абзалы, қоғам мен мəдениетке біртұтас əлеуметтік системаның əртүрлі аспектілері ретінде қараған жөн. Былайша, айтқанда мəдениет дегеніміз қоғамның өмір сүруінің міндетті қызметі болуы керек. Ақселеу Сейдімбек Адам баласының өзін-өзі танып, дүние сырын түсініп, өзінің адам екенін орнықтыратын қасиеті – оның көркем жəне интеллектуалды шығармашылығы арқылы көрініс табады. Мəдениет дегеніміздің өзі де осы. Шексіз уақыт аясында дүниеге келіп-кетіп жататын адам болмысын қалай түсінуге болады? Оның арман-мұраты, мақсат-мүддесі, сезімтүйсігі, күйініші мен сүйініші, ақылы мен ақымақтығы, рахаты мен азабы, адамдығы мен алаяқтығы, ерлігі мен ездігі, əділдігі мен қараулығы... міне осының бəрі де ұлы суреткерлер дарынының арқасында сөз, дыбыс, бейне, қимыл түрінде көрініс табады да, рухани игілікке айналады. Мəдениеттің өзекті мұраттарының бірі – қоғам болмысына сын көзімен қарау. Романтизм дəуіріндегі «қарғыс атқан» ақындар бүгінде саяси белсенді күрескерге айналған. Олардың күрескер рухы адамзатты сілкіп оятқандай. Ақселеу Сейдімбек Мəдениет аясында төрт жағдай айырықша назар аударады: 1. Адамдардың өзіне деген қатынасы; 2. Адамдардың өзара қатынасы; 3. Адамдардың өз еңбегіне қатынасы; 4. Адамдардың табиғатқа қатынасы. Ақселеу Сейдімбек Қазір дүниеге келген өнерді алдымен жоғарғы жақ сұрыптайды. Яғни, алдымен ресми орын мақұлдайды немесе тəрк етеді. Рухани қазынаны таңдауға халықтың өзі қатыспайды. Халық тек тұтынады. Мұның өзі түптеп келгенде бір ғана адамның немесе бір ғана мекеменің талғамы жаратқан өнердің жұртшылыққа зорлап таңылуымен пара-пар тəртіп. Жеке басшының немесе əмірі күшті мекеменің талғамы бойынша мақұлданған кітаптар, кинолар, спектакльдер, үнтабақтар, эстрадалық концерттер, демалыс орындарының рухани бағдарламалары, елді мекендердің архитектурасы мен безендірулері, салтанатты той рəсімдері, т.б. қалың жұртшылықтың рухани игілігіне ұсынылады. Ал, сол қалың бұқара өзінен-өзі тұтынушылық орында болады да, тым болмаса таңдау функциясының өзі бұйырмайды. Ақселеу Сейдімбек Төлтума қасиеті жоқ адам – пенде, төлтума қасиеті жоқ ұлт – тобыр. Төлтума даралықты сақтау дегеніміз өзгеге ұқсастық пен өзгеден ерекшеліктің парқын білу дегенге саяды. Ақселеу Сейдімбек Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мəдениеті ғана. Сондықтан, бұл жолда еткен еңбек пен төккен терді Тəңірдің сыбағасына балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ. ...Кез келген этнос əрі төлтума қасиеті айқын, əрі қоғамдық-əлеуметтік жарасымы орнықты болу үшін біртұтас ақпараттық өріс аясында өмір сүруі шарт. Біртұтас ақпараттық өріс этнос жадын тұтастандырып қана қоймайды, сонымен бірге, этноидеалдың да тұтастануына себепші. Əрбір этножаралым жадының біртұтастығы қожырай бастағанда, оның этнотөлтумалығы да дүбаралана бастайды. Ал, этнос мүлде өлімге бой ұсынғанда, сол этнос аясында бірін-бірі түсінбейтін, бірін-бірі түсінгілері де келмейтін бірнеше əлеуметтік топтар пайда болады. Этнос тағдырына қатысты көзге көрінбейтін, кейде бақылап-пайымдауға бір адамның өмірі де жете бермейтін осы бір күрделі де нəзік үдеріске айрықша сезімталдықпен қарау қажет-ақ. Нағыз ұлтжандылық пен мемлекетшілдіктің сыналар жері де осы болса керек. Ақселеу Сейдімбек

Н.М. Карамзин өмір сүрген заманда өлең шығарушылардан гөрі орта дəулетті ақсүйекті (вельможа) əлдеқайда мəртебелі санаған. Тіптен, Пушкин өмір сүрген кездің өзінде ақсүйек-аристократтар əдебиетшіге менменси қараған. Ал Бұқар, Сүйінбай сияқты далалық ақындарды Абылай, Тезек сияқты өз заманының хан-төрелері аттан қолтықтап түсіріп, төрінен орын берген. Мұның сыры, сол елдердің сауаттылығында немесе сауатсыздығында, мəдениеттілігінде немесе мəдениетсіздігінде емес. Тұтас бір халықтың мəдени-рухани қалпына байланысты болса керек, салт-дəстүрдің даралығына қатысты болса керек. Мəдениеттілік келісім шарттарына қол қоя білумен өлшенбейді. Кісімшіл сөзді қағазға жазып, кісəпір мінез танытатын «мəдениеттің» ізі тарихта қан-жоса болып жатыр. Ақселеу Сейдімбек Тарих сілемінде XX ғасырдың өзіндік орыны оқшау, тұлғасы дара. Сол даралықтың ең басты айғағы ретінде адамзат рухының тұтастана бастауын алдымен айтуға болар еді. Шынында да, жұмыр Жерді тұрақ еткен адамзат əулеті нəсілі мен ұлтының бөтендігіне қарамастан, діні мен тілінің бөлектігіне қарамастан, өмірі мен өнерінің оқшаулығына қарамастан тұңғыш рет XX ғасырда ғана өздерін тағдырластар ретінде сезіне бастады. Адам баласы осы XX ғасырдан бастап шын мəнінде өзін белгілі бір ұлттың ғана өкілі емес, адамзаттың өкілі ретінде сезініп, жұмыр Жердің кез келген түкпіріндегі жақсылыққа өз ошағындағы жақсылықтай қуанып, қасіретке өз шаңырағындағы қасіреттей күйінетін болды. Бұл үрдісті саясат, экономика жəне мəдениет саласындағы əлемдік байланыстар тіптен орнықтыра түсуде. Сөйтіп, адамзат əулетінің бұрынғы қырық ру, қырық жілік болып итырғылжыңмен өткен азапты жолынан мүлде бөлек, жаңа сапалы даму жолы нобай танытты. Бұл, сөз жоқ, сананың планеталық тұтастануының нышаны. Бəлкім, адамзат əулетінің көсегесін көгертетін үрдіс те осы болар. Ақселеу Сейдімбек Байырғы грек поэзиясының тұңғышы Гесиод қой жайып жүргенде Тəңірия келіп, сұлу сөзге баулып кетеді екен. Құдай тектес Платон ұйықтап жатқанда аралар ұшып келіп, ерніне бал жағып кететін көрінеді. Жеті жасына дейін мылқау болған Төле биге түсінде аруақ аян беріп, «Сөз аласың ба, бөз аласың ба?» деп асасымен түрткенде, бала Төле «Сөз аламын» деп сөйлеп тұрып еді дейді. Əйгілі Жанақ ақын нəресте кезінде бесігінің басына қобыз байламаса, шошып ұйықтамайды екен... Ақселеу Сейдімбек Материалдық байлықты рухани байлықтан жоғары қоюға болмайды. Қабдеш Жұмаділов Мəдениетті адам – қарым-қатынаста сыпайы; Мəдениетті адам – рухани өсуге талпынады; Мəдениетті адам – өзіне де, өзгелерге де сыйластықпен қарайды; Мəдениетті адам – ешкімді ренжіткісі келмейді; Мəдениетті адам – өзгелердің пікірмен санасады. Мемлекеттік жарлықпен барлық нəрсені бірдей реттей салуға болмайды. Мəселен, мəдениет, тіл мен дін жарлықпен биіктемейді, өшіп те кетпейді. Олардың өркендеуі адамдардың санасындағы өзгеріске байланысты. Біздің ертеңіміз – мəдениетіміздің деңгейіне байланысты. Ұлттың рухы — халқының мəдениеті биік болса көтеріңкі болады. Италияның ғұламасы Антони Грамши зиялылардың екі түрі болады дейді. Біріншісі, қарапайым халықтың ортасынан шыққан естияр, көзі ашық азаматтар. Екіншісі, сауатты, білімдар, кəсібі маман деңгейіне көтерілгендер. Шын мəнінде зиялы (интеллигент) болуға жету үшін уақытты босқа өлтірмеу керек. Зиялылық алдымен көп білу, сонан соң сонысын өмірге пайдалана білу, тəрбиелілік, үлгілілік. Адалдық, арлылық. Уақыты елтеңселтеңмен өткен адам зиялы бола ала ма? Əсем галстук, қымбат көзілдірік немесе сұлу таяқ зиялы етіп көрсететін кез өтті. Тауысты əсем етіп түрған құйрығы. Егер құйрығын кесіп тастасаң, жай құстан айырмашылығы шамалы. Халықтың халық болмағы алдыңғы қатарда жол көрсетіп жүрген азаматтарында. Елді өсіру де, өшіру де солардың қолында. Егер олар жетілген, озық ойлы болмаса, онда қиын. Қарапайым халық бəріне сенеді, қайда жетелесең, сонда ереді. Достоевский зиялыларды екіге бөлген: табаны жерге тиіп тұрғандар мен тимей тұрғандар деп. Табаны жерге тиіп тұрғандар дегеніміз ұлттық ділі бар, ұлттық рухқа арқа сүйейтін жəне оны көтеруге тырысатын, ұлтына ұстын болуға əрқашан дайын азаматтар, ал табаны жерге тимей тұрғандар – ол ұлттың жақсысы болса пайдаланып, жаманын түзетуге атсалыспайтындар, өз ұлтының басынан асыра қарағысы келетіндер. Олар биік мансапты шенеунік те, пайдасыз интеллектуал да, замана бағытын

түсініп алған «икемделуші» де болуы мүмкін. Етікшінің пиғылындағы уəзірлер мен депутаттар да кездеседі. Өз сөздерінде ең қымбат нəрсе халық деп, халықты алдап қана қойғысы келетін, шын мəнінде халыққа емес қара басына ғана қызмет ететіндердің бəрін соларға жатқызуға болады. Ашыған қаймақ сүттің түбіне шөгеді, ол – ащы, сүйкімсіз. Жақсы зиялы сүттің бетіндегі қаймақ сияқты сүйкімді, ал, өзін зиялымын дейтін, бірақ көңіл түкпірі менмендік пен үстемдікке толы, өзін халықтан биік ұстайтындар, биік болуға құқылымын деп есептейтіндер, шын мəнінде ыдыстың түбіне шөккен ашыған қаймақ секілді. Ницшеде «Өмір сүруден мағына тапқан адам, өмірде қандай ауыртпалық болса да төзуге дайын тұрады» деген ой бар. Шынында, ең негізгісі мағыналы өмір сүре білу ғой. Сен өлгенде бір адам да сен туралы жаман айту түгілі жаман ойлай алмаса, нағыз мағыналы өмір сол. Шын зиялы адам да сол болса керек... Мəселені «Өмір сүруге зиянынды тигізбе» деп қойған дұрыс. Ол «Рұқсат, өмір сүр, ізден, қимылда, ойлан, пайдаңды тигіз» дегені. Мəдениетті деп осы талапқа жауап беретіндерді де айтамыз. Мəдениет дегеніміз көшеде бара жатқан əрбір адамның тротуарға түкірмеуінен бастап, үлкенге ізет, кішіге құрмет жасауы, көкірек көзінің ашық болуы, жаны мейірімге толы болуы. Мəдениет деп бағзы заманнан келе жатқан əдет-ғұрыптың жақсысын, өнер үлгілерінің озықтарын бүгінге ұқыптап жеткізуді, ұрпақтанұрпаққа жалғастыруды да айтамыз. Экономиканың моторы – технология мен жақсы менеджерлер деген ой біржақты. Экономиканың басты моторы – мəдениет. Егер қайсыбір ұйымда жұмыс нашар жүріп жатса – ұжым мəдениетінің төмендігінен. Ал мəдениетті жетілдіретін – философиялық ой. Бүгінде ғылым мəдениетті де философияны да ығыстырып алдыға шықты. Қай заманда болсын, философтың ізгі арманы – адамдарды ойлау қабілетінен айрылудан сақтап, жан-жүрегін əлеуметтік жағдайдың жетегінде кетпеуден қорғау болған. Кеңес үкіметі кезінде де шын философтар осы мінезін сақтап қалды. Бірақ біз осындай философияға үйренбегенбіз. Үйренбеген себебіміз – оны бізге үйретпеген. Үйретпеген себебі – ондай философия ақиқатқа сəйкес ойлауды үйретеді, тиранияға, жоғарыдай келетін бірдей ойлаушылыққа қарсы күресуді үйретеді. Сократты қайдағы бір жаңа құдайларды ойлап тапқаны үшін өлтірген немесе айыптау қорытындысында күшті дəлелге қарсы айтқан дəлелі əлсіз болғаны өліміне себеп болған деседі. Жоқ. Сократты өз отандастарының ойына қозғау салып, сілкініс туғызғаны үшін, демократияның нақты анықтамасы мен оның мақсаттарын айтуды талап еткені үшін өлтірді ғой. Мемлекеттік тұлғалардың атына сын айтып, халыққа күдік дəнін сепкені үшін, қасаң əрі біркелкі ойлаудан адамдардың санасын сақтандырғаны үшін өлтірді. Екі онжылдыққа жуық мерзім ішінде біз жаңа құндылықтарды қастерлеуге көштік. Інжілдегі «Ничто не утешит человека, обретшего весь мир и потерявшего себя» деген сөз құнын жоғалтқан жоқ. Ат қалдыру арманға айналды, ол ниет бұрынғы кездегіден де басымырақ көрінетін болды. Біз асығыспыз. Асықпағандар көштен қалып жатқандай болып барады. Осындай кезеңде асықпай ойланудың, асықпай оқудың бағасы, əрине, төмен. Философиялық ойды, оның қиын сөздерін түсіну ойлануды, уақытты керек етеді. Уақыт жоқ, сондықтан қиын сөздерге деген сұраныс төмен. Кейбіреулер ғана болмаса, көп адам оқымауға, ойдың мағынасын түсінуге тырыспауға айналды. Бірақ, бұлайша философиядан қашу – бостандықтан қашу, əсіресе – сөз бостандығынан. Ал сыни ойды жоққа шығару арқылы қоғам өзгерістер мүмкіндігін өзі жояды. Ақылмандар осылай дейді. Диоген Синопскийдің айтқанындай: ақсақтар мен жоқ-жітіктерге адамдар садақа ұсынады, ал ақылмандарға ештеңе де бермейді. Өйткені садақа берушілер өздері де ақсақ я жоқжітік болуы мүмкін екенін, ақылмандық дəрежесіне ешуақытта жете алмайтынын ішкі түйсікпен түсінеді. Философтарға садақа керегі жоқ, олар өмірдің мағынасын түсінуге тырысатын адамдарға ғана зəру жəне олардың барынша көп болуын қалайды. Ал ондай адамдар аз, өте аз... Екеуара, үшеуара, т.с.с шағын топтардағы əңгімелерде өзіңді рухани байытқан адамдарды көп көресің. Олар білімді, көңілді, талантты, қайырымды, жолы болғыш болып көрінеді. Бірақ уақыт өте келе бұл қасиеттер жеке тұлғаның басты ерекшеліктері емес екенін көресің. Отырып ойланасың, мүмкін, адам ешбір жасандылықсыз, бұқпасыз, жақсы кісі болуы керек-ау деп... Менің сөзім мен сезімім – менің арымның өлшемі деп əрбіріміз айта алсақ, нағыз зиялылық, мəдениеттілік сол. Нəпсісін тиюға ожданы жет-

кен адам – мəдениетті адам. Сондай жағдайға əрбіріміз өзімізді-өзіміз біртін-деп жетелесек, сөйте-сөйте көбейсек, мəдениетіміз сонда артады. Мəдениетті, рухты көтеруге ат салысқымыз келсе, бұл іске əркім қолынан келген көмегін жасасын. Біреу бизнесте жеткен жетістігім ұлтымның рухын көтеруге де тиесілі деп қаржылай жəрдем беріп тұрсын. Біреу оқулық жазсын, біреулер басқа тілдерден аудармалар жасап, өз тілінде ғана оқитындарды сусындатсын. Біреу кітаптарды арзан басып шығарсын, көп табыс болмаса ұлты үшін қызметі болар. Ана дүниеге артылдырып алып кетіп жатқан ешкім жоқ. Аш болмай, жоқ болмай жүрсем болды, ұлтыма қызмет етсем болғаны дегенді мақтаныш етейік. Осының бəрі ұрансыз, жарнамасыз, мақтансыз, мақтау күтусіз жасалсын. Мəдениет – өмір сүрудің үлгісі. Мəдениет саясаттан аулағырақ, көзге түссем деген пенделік пиғылдан, тақ, бақ, билік құмарлықтан биік болуы керек. Адам өз деңгейін, өзінің не тындырып жүргенін, не атқара алатынын біледі, сол секілді, өз мəдениетінің деңгейі де өзіне аян. Соны мезгіл-мезгіл ойша жаныңа қатар қойып байқап, болуы тиіс деңгейден жоғары ма, төмен бе, салыстыра жүрген жөн. Бұл орайда өзін алдарқату немесе аяу керексіз. Жетілудің дамуы тоқтық арқылы келеді. Қарны тоқ адамның қайырым-мейірімге, мəдениетке ұмтылуы басым. Мəдениет өркениетке əкеледі дегеніміз – рух биіктігі ақшаға алып келеді дегенмен теңесіп кетпеуге тиіс. Онда бұл ақшаны мақсат етіп жұмсау мен руханилықты мақсат етіп жұмсау тең түскенмен бірдей. Сұлулыққа іңкəрлік пен білімге асықтық – кісі мəдениетінің өлшемі. Сенім Өзіңіздің ішкі сенімділігіңізді табу үшін байсалды болуға тырысыңыз. Егер сізде ішкі сенімділік болса, сіз қалаған нəрсеңізді қалай болған күнде ала аласыз. Одан тысқары, сіз аз асығатын боласыз жəне ұзағырақ өмір сүресіз. Лао-цзы Ізгі кісі қарапайым адамдардың сеніміне кірмей істі орындауға мəжбүр етпейді, өйтсе ол зорлықшы көрінер еді; сенімге кірмей ол насихат бермейді, өйтсе оны жалақор деп қабылдауы мүмкін. Конфуций Адамгершілік жасауды өз сеніміне сай жасайтын адам, оны күшпен немесе заңға сəйкес жасағаннан көп жақсы, себебі, күшпен немесе заңға сəйкес адамгершілік жасаған адам жасырын түрде онысынан ауытқуы мүмкін, ал, жанының қалауымен жасаған кісі өз əрекеттерінен ешқашанда айнымайды. Демокрит Хадис: Сенімнің үздік белгісі – төзімділік, екі жақты шыдамдылық. Сенім: ұрысқа түсер алдында, оған не үшін барып жатқаныңа сенімді бол. Серіктес: өзіңе одақтастар таңдауды үйрен, ұрысқа солармен бірлесіп түс, өйткені жалғыз адам ешқашан ұрыста жеңбейді. Уақыт: нағыз сарбаз қыста өткен ұрыстың жазда өткен ұрыстан айырмасын біледі. Сондықтан ұрыс ашуға ең қолайлы мезетті таңдайды. Кеңістік: тауда ұрыс салғандай етіп, тегістікте ұрыс сала алмайсың. Жан-жағыңдағының бəрін бағалап алып, ұрыстың ең қолайлы тəсілін таңда. Стратегия: ең жақсы сарбаз алдын болжайды жəне майданның қалай болуы тиіс екенін дайындай біледі. Чжуан-цзы Əрбір жақсы амалдардың асыл түбі иманнан, яғни иланудан келеді. Иманнан бұрын намаз, ораза мəнісін үйретіп мұсылман етемін де уші кісі күнəhар болар. Ыбырай Алтынса рин Өзінің сеніміне қарай іс жасаған адамның бəрі парасатты емес, ол үшін оның сенімі де парасатты болуы керек. Достоевский Сенімді ақыл мен ерікке бағындыру қажет. Табандылық пен өзіңдіөзің билеу, өр рух пен қайыспайтын қайсарлық – ерліктің кепілі. Бауыржан Момышұлы

Қиындықтарды жеңіп алған соң, ойша сол қиындықтардың қаншалықты ауыр болғанын емес, ол қиындықтарды жеңу саған қаншалықты қуаныш əкелгенін есіңе түсір. Ауыр кеселден жазылғанда, оның келтірген қайғы-қасіретін емес, саған жазылуға мүмкіндік берген Құдайдың кеңдігін ойла. Қиындықтан туындаған жақсы нəрселерді өле-өлгенше есіңде сақта. Олар сенің күшіңді сынайды жəне саған жаңа кедергілер алдында сенімділік əкеледі. Чико Мира Қажырлы адам – алдына мақсат қойып, сол қойылған мақсатына сеніммен əрекет жасайтын адам. Батыл жəне ержүрек адам – өзіне сенімді, ойы мен ісін дұрыс үйлестіріп, орынды əрі тез шешім қабылдай алады. Батылдық өзіне сенімді адамға тəн қасиет. Қай жағдайда болмасын тікелей кеңес беру адамды топастандырады. Адамды ойландырмайтын, өзі қатысып бір шешімге келтірмейтін ақпарат пайдасыз ғана емес, зиянды. Адам өз өмірі үшін өзінің алдындағы жəне Құдай алдындағы жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Ол үшін ең алдымен берік сенім мен табандылық керек. Өзін өзгелермен салыстырып көргісі келгендер, алдымен өзгенің озығын, артықшылығын танысын. Оның жақсысын көре алмаса, немесе аз ғана көрсе, соны түйсіну барысында кемшіліктері өзі-ақ көрінеді. Өзгенің жеткен биігіне өзі жете алатынына сенімді адам оны күндемейді, күндейтіндер оның жеткен жеріне жете алмасын білетіндер. Ұрыс-керіс кісідегі қуаттың бір түрінің кемдігінен болады. Ол – ауа, тамақ, тыныштық, т.с.с. Сол қуатты өзгеден іздейді. Ол мінез ересек кісілерде көбірек кездеседі. Ұдайы наразы болып отыратын мінез сол. Ақыл айту, намысқа тию, сынап-мінемесе отыра алмау да содан. Ұрыс шығарудың негізінде адамның бойындағы ішкі бір кемшілік жатады. Ол – өзіне деген құрметтің жетіспеуі, өз күшіне деген сенімнің аздығы, оған өзгелер тарапынан жылу мен жақсы көзқарастың аздығы, содан келіп шығатын «Жалғыз қалып қоймас па екенмін» деген сияқты уайымдар. Бұлар адам бойына негізінен бала кезінде сіңеді. Соны қайтаруға тырысу адамның ұрысқақ болуына себепкер болуы мүмкін, өйткені ол өз кемшілігін жоюдың басқа жолын білмейді. Адамға осы кемшілігінен арылуды ұсынуға болады. Ол үшін оның бойындағы кемшіліктің себебін тауып, оны білдірмей түзетуге тырысқан дұрыс. Оны тікелей жасамай, біреудің мысалымен, яки ойша жасауға болады. Сонда донорвампир моделі үзіледі. Адам өз өмірінде кездейсоқ оқиғалардың не себепті болып жатқанының заңдылығын білмейді. Адамның санасы жаңа оянған кезде, күн күркірегеннен, найзағайдан, оттан қорқатыны сияқты бұлдыр болашақ яки белгісіздік кісіні шошытады. Нақ осы шошыну болмас үшін адам өзінің болашағын өзі жасайтынына сенімді болуы керек. Бірақ, адам болашағын бір өзі ғана жасай алмайды, оған бізге белгілі немесе белгісіз кейбір күштер де əсер етеді. Сол күштердің бізге əсер ету заңдылықтарын біле білген кісі ғана өз болашағын болжай алады. Адам, оның ішінде саяси тұлға, ісінің дұрыстығына, елі алдында ешқандай қарыз жоқ екеніне жəне ешкім өзіне де сыртынан да айыптау сөз айта алмайтынына сенімді болуы керек. Тіршіліктің тірегі, адамдар арасындағы аманаттық байланыс – үміт пен сенім. Үміт күйреп, сенім қирауы – тіршіліктің тірек-тамырына балта шабады. Кісі бойын кеселге ұшыратуға, қуатын кемітуге əкелетін қате сенімдерді уақытында ысырып отырған дұрыс. Құдайға сену деп емес, Құдайды сүю деп айтылғаны дұрыс. Құдайға сену кез келген сенім сияқты (адамға сену, өзіңнің төңірегіңдегілерге сену, бір заттың беріктігіне сену, т.с.с.) мақсат бола алмайды. Махаббат мақсат бола алады. Құдайға сену мақсат дейтіндерден діни фанатизм шығады. «Құдайға рахмет» деп сөйлеп жататындар оны дұрыстап: «Құдайға шүкір» деп айтқаны жөн. Тоқыраудың барлық түрінің ең қатерлісі – сенімнің тоқырауы. Біреуді шұқу, сыбырға құлақ түру, сығалау, бір нəрсе сезіп қалса жариялауға əзір тұру бастықтың алдында бел бүгіп, «бұранда» болатын, өз пікірін басшы пікірінен төмен қоятын мінездің адамдарында болады. Олар дамуға қызмет етпейді. Бас игіш, айтқанды орындап, өз пікірін тұншықтыратын адамдар көбейген сайын қоғам тұрақсыздана түседі. Ондай адамдар ат деген жа-

ғыңа орынды-орынсыз оқ жаудыруға əзір солдаттар секілді. Ницше осындай жағдайды бақылап барып: «Сіздердің іштеріңізде солдаттар көп-ақ екен, бірақ сарбаздар аз көрінді» деген. Ницшеге сенер болсақ, екі түрлі мораль бар, біреуі – «құлдық», екіншісі – «қожайындық». «Қожайындық» мораль лайықты, əрі болашақ үшін керегірек. Ол – мықтылар жолы, олар жеке қабілетті, тəуекелшілдікті, өзіне сенімділікті, жігерлілік пен алға қойған мақсатты орындаудағы табандылықты жоғары қояды. «Құлдық» мораль əлсіздерге тəн, олар алдымен мейірімділікті, жанашырлықты, альтруизмді, тиянақтылықты бағалайды. Ұждан Панчатантрадан: Бұл дүниeнің лəззатына, жан дүниeні қoздыратын құмарына үңілгeн сайын кісінің oдан көңілі қайтады. Ата-ананың өз баласын тəрбиeлeгeні тəрізді, тақуалық та адамды кeлeсі дүниeгe даярлайды. Мəңгі арылмас зұлымдықтан қoрғайтын тeмір сауыт та сoл. Тақуалық – рахаттың бeсігі, жаннаттың eсігі. Алайда дүниe қызығынан баз кeшкeн тақуа тіршіліктің кeрі əсeрі дe бар: oл адамның іспeн айналысуына кeсірін тигізeді, тұрмыс-тіршіліктe пайдалы əрeкeтін, үйрeнгeн тəжірибeсін ұмыттырады. Панчатантрадан: Адам өмір қағидаларына қайшы кeлмeйтін жəнe өз ұжданы дұрыс дeп тапқан іскe ғана кіріскeні жөн. Бірeуді ұрып-сoғудан, өлтірудeн, ашуызадан, ұрлықтан, қиянат істeудeн eң əуeлі қoлын тыйсын, күнəлі істeн тəнін сақтасын, өтірік айтудан, бөгдe бірeугe кeсірі тиeтін қаңқу сөздeн тілін аулақ ұстасын. Жалған сөздeн, қулық-сұмдықтан, балағаттаудан, жала жабудан, өсeк айтудан, бірeуді кeлeмeждeудeн шeт жүрсін. Eшкімгe жамандық oйламауды eрeжe тұтсын. Күпірлік жасаудан тайынбайтын адамдардан мeйліншe қашық жүрсін, ниeті таза, адал адамдармeн жақындассын. Ата мeн анадан, біргe туған бауырдан артық жанашыр əрі мeйірімді eшкім бoлмас, сoсын шын дoсың ғана кeлeлі кeңeс бeріп, игіліккe баулиды; ақылды қанша жұмсап қажeтіңe жаратсаң да сарқылмайды. Өмірдің бoлмашы лəззатына бeріліп, адал пиғылдан тeріс айналған адам, күшін бoсқа жұмсап, зиян шeгeді. Жайлылық – жан жайлылығы, тəн жайлылығы жəне сыртқы жайлылық болып бөлінеді. Жан жайлылығы – əділдік, түсіністік, ержүректік, ой тазалығы. Тəн жайлылығы – сұлулық, мінсіз мүсін, денсаулық, күш. Сыртқы жайлылықтар – достар, отанның бақыты, байлық. Платон Жан үш сипатпен белгіленеді: саналы, ынталы жəне құмар. Олардың саналысы ниет, пікір, түсіністік, т.с.с. Жанның үстем сипаты тамаққа тəбеттің келуі, жыныстық қатынасқа ықылас, т.с.с. құмар сипаты – ержүректікке, рахатқа, қиналуға жəне ашулануға себеп. Платон Жан сегіз бөліктен тұрады: бұл бес сезім, сөйлеу бөлігі, ойлау бөлігі жəне туындау бөлігі. Адасу ойдың ауытқуын туғызады, содан құмарлық туады, ол жан-дүниенің тұрақсыздығының белгісі. Ынтықтық – санасыздық пен табиғатпен үндестікті бұзу немесе артық талап. Зенон Хадис: – Рахым етпегенге рахым жасалмайды, кешпеген кешірілмейді жəне біреудің кешірімін қабыл алмаған адамның тəубесі қабыл болмайды; – Екі байлық бар, көп адамдар соларға жете алмай қасірет шегеді: бірі – тəнді сау ұстау, екіншісі – салиқалы мінез; – Адамдарды татуластыру үшін, араздасқандарды жарастыру үшін өтірік айтқанның залалы жоқ; – Сəлем беру, шақырса бару, ауырса көңіл сұрау – басты міндеттер; – Күнəсін біліп, тəубе етуші, оны қайталамауға өмірін арнаған адам – күнəсіз адаммен бірдей; – Кім де кім ақылды болса, ол – айлалы да; – Араларыңдағы ең күшті адам, ол – ашуы келгенде өзін-өзі ұстай алатын адам. Түбінде дарияның жақұт жатыр, Кім сүңгіп алса – сол жан бақытты ақыр. Нəпсішіл нəпа таппас, сатып бақыр Тиынға ар-иманың кетер, достар. Қожа Ахмет Иасауи Басқадан өзін олар зор тұтады, Хақ жолы, жанкештілік қорқытады, Тойымсыз нəпсі көңілін толқытады – Жалқаумен жолға шыға көрме, достар. Қожа Ахмет Иасауи

Шашыңды жүгіргенде жұлып сонша, Құлдық қой мұндайларда құлық болса. Нəпсіқор, дінсіз бұзық ұлық болса, Əзəзіл ноқтасыз-ақ мінген, достар. Қожа Ахмет Иасауи Ей, адам! Сырт-сипатыңды тануда – бас, бет-пішін, аяқ, қол, сүйек, еттен басқаны танымайсың. Ішкі жан-дүниеңнің ақуалын білуден: уақыты келіп қарның ашса – нан жерсің, шөлдесең – су ішерсің, кейде ашуың келсе – бір кісіге тиісіп зəбір берерсің, шаһуат талабымен қатын аларсың – бұлардың бəрі де төрт аяқты хайуанаттарда да бар қасиет. Енді сен өз ақиқатыңды жан-жақты білуге талап қылғайсың. Өз нəсілің не, ол қандай нəрсе, қай жерден келдің жəне қай жерге барасың? Бұл ғаламның қонақжайына не үшін келдің? Соңыңдағы ұрпақ сені не үшін мадақ етпек? Мұрат-мақсаттарың не? Имам Ғаззали Сенің қалыбың екі нəрседен құралады: бірі – көзіңе көрініп тұрған дене құрылысың: оны тəн деп атайды, мұны көзбенен анық көруге болады; екіншісі – ішкі жан-дүниең: оны жан деп те, діл деп те атайды. Бұл көзге көрінбейтін жасырын ішкі жан-дүниеңе жайғасқан. Бұны көкірек көзімен ғана тануға болады. Көзбен ақиқатты көруге болмайды. Сенің бар ақиқатыңның өзі осы ішкі жан-дүниеңде. Əрбір нəрсе бұл мағыналы жан-діліңнен өзгеше, бөлек болғанымен, оның тəуелді сарбазы деуге болады. Шын мəнінде басқа нəрселердің бəрі де – оның қызметкері. Өйткені, ол жан-дүниеңе діл деп ат қойыпты. Енді, ділдің қасиеті мен ерекшеліктерін баяндайын. Ділдің мұрат-мақсаты, ақиқаты тек адамға тəн. Оны кейде рух деп те атайды. Кейде, ішкі жан-дүние дейді. Діл деп көкіректің сол жағына жайласқан бір түйір етті айтпас па екенбіз? Оның ешқандай қисыны жоқ. Ол ет хайуанда да бар, өлікте де бар. Бірақ оның ақиқаты, сыртқы көзбен көруге болады. Сол көзге көрінбейтін (көкірек көзіне көрінетіндерді), бұл дүниеге тəн емес нəрсені – ғалами көрсеткіш дейді. Ділдің шын мəніндегі түпкі ақиқаты – бұл ғаламға тəн емес, ол бұл ғаламда бір ғаріп мүсəпір ғана. Діл – бұл ғаламның көне керуен сарайынан, ақыреттің жəннəт-жайына қайту үшін келіпті. Ал бір түйір ет – жүрек, падиша ділдің мінетін ылауы, кұрал-жабдық дастарқаны. Денедегі барлық мүшелер оның сарбазы. Қысқасын айтқанда, діл – барлық дененің падишасы. Ұлық та, бақыт та, жоғары дəрежедегі ықпал да – ділдің сипатында. Ал дене болса əруақытта оның қызметкері. Имам Ғаззали Еврей мақалы: Тозаққа апаратын жол ізгі ниеттерден тұрады. Сабырдан жақсысы жоқ, ойлап тұрасам, Бірақ менде сабыр жоқ, аңдап тұрсам. Хорезми Қай елде діннен безу жəне Құдайдан баз кешу бел алса, ел-жұрт түрлі азғырушыларға еріп ынтымақ-бірліктен айрылса, ол елдің ақырзаманы жақын. Əмір Те мір Маған күнəм жазылған дəптерді беріп, «дауыстап оқы» деп бұйырса, мен күнəмді қайда қоямын?! Сүлеймен Бақырғани Имансыз көңіл – кірмен тең. Шал ақын Құлекеұлы Мұсылманшылық кімде жоқ, Тілде бар да, ділде жоқ. Базар жырау Мал – дүниенің опасы, Жан – иманның сапасы. Дулат Бабатайұлы Менің білуімше, бір ғана шынайы дін бар. Бұл дін адамзатқа əлі ашылған жоқ, дегенмен оның біраз бөлігі мінəжат арқылы байқалады. Бар адамзаттың ілгерілеуі бүкіл шынайы діндердің барған сайын пəрменді бірігіп, оларды пəрменді насихаттауды керек етеді. Сондықтан барша ақиқатты жақсы көріп, сүйетіндерге ол діндердегі айырмашылықтар мен ақауларға шұқшимай, олардың бірлігі мен артықшылығын іздегенге не жетеді. Лев Толстой Қиянаты бардың иманы жоқ. Шəкəрім Адамның еркі – Алланың еркі емес, Алланың еркі – Адамның еркі. Жаратушының еркімен жоспарланған, еркімен болған нəрседен ешқайда

қашып құтыла алмаймыз. Тумағымыз, жүрмегіміз, өлмегіміз бəрі соның еркіменен болатын əрекет. Барша адам суға аққан дөңбек сияқты, оның қайда ағып барары жоғарыдан берілген ерік, Жаратушының еркі. Бірақ Алла адамға да ерік берген, сол берген ерікті дұрыс мақсатқа қолдана білу парыз. Хақиқатты білдім деп өзім билеп іс қылдым деген ұят нəрсе, бəрі Жаратушыға тəуелді. Шəкəрім Жүрекке қуаныш, көңілге шуақ, құлаққа жылылық беретін сөздерді ғана айтатын кез болса ғой шіркін... Ол – Аллаға да ұнамды, оның еркіне сай мадақ келтіреді. Жақсы сөз – пендеге қуаныш сыйлайды. Ал осы өмірге толы сөзге қарама-қайшы келетін өлімге толы да сөздер бар. Біреуге қаһарланып, қарғайтын болсаң, ол сөзіңнің періштелерге əумин болып, оғы мен сұғы сол адамға қатты тиеді. Жақсылыққа негіз болған сөзіңді, іс-əрекетіңді, мінез-құлқыңды өзіңе, өзгеге қуаныш сыйлау үшін де айт. Шəкəрім Зұлымдық пен айла – тəн қамы. Соның үшін де жан ақылды айлаға қарай бастайды. Адамның ақылы да жанмен бірлікте болғандықтан, оны тастай алмай, амалсыз қиянатқа көнеді. Зұлымдық пен айла екі басқа нəрсе. Зұлымдық ауыр, күрделі, өз ережелеріне бағынатын нəрсе. Айла жолына түскен адам өзін-өзі екіжүзділікке итермелейді, жан мен ақылды есебін тауып тəнге бағындырады. Шəкəрім Таза дене, толық мінез ой істерін керек қылады, соның қатты бір керегі – ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пəленше сондай таза деген үшін емес. ...Ұжданның жан тілегі екеніне нанған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп, күйіп, істеген жақсылығына қуанып өлсе керек. Олай нанбай, ұжданды құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деп ұғатын кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы болмаса керек. Оған бүгінгі өмірдің айла-əдісін тапса болғаны. ...Ұждан – өмірге бірдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң-жол тазарта алмайды. Шəкəрім Ұждан ілімі рухани-адамгершілік тəрбиенің негізі. Адамның тұлға боп қалыптасуына ата-анасы, айналасы, замандасы, тəлім берер қылған ісі. Сенім белгілерін негізгі басшылыққа ала отырып ұят, шыдамдылық, аяушылық, ізгілік, əділеттілік сияқты қасиеттердің иесі бола алмақ. Шынайы адам өзіне ғұмырлық даналық жинаған адам. Мəңгілік – не ексең, соны орасың деген өмір тəжірибесінің жемісі. Адам жанының жетістігі рухани əлемнің қазынасына құйылады. Əр адам ұждан білімін оқыса, адамгершіліктің биік шыңына жете алады. Шəкəрім Тегінде ұждансыз жан өлімге есеп, Адамның кеселі жоқ мұнан кесек, Ар, ынсапсыз, мейірімсіз залымдарды Қате қылған болмаспыз хайуан десек. Шəкəрім Уахид Абду Саламның пікірінше, əзəзіл адамның ішіне надандық, ашушаңдық, жалған дүниенің қызығына құмарлық, байлыққұмарлық, билікқұмарлық, нəпсіқұмарлық, сараңдық, астамшылдық, күншілдік арқылы кіреді екен. Осы ғұламаның айтуынша ібілістің тұрағы – надандардың кеудесі, елі – Құдайға құлшылық етпейтіндерден, дəулеті – алдау-арбаумен, ар сатумен жинаған дүние мүлік, мəжіліс құратын жері – базар, түр-түсі – айнымалы хамелеон, əйелі – тысы да, іші де жалаңаш əйел, досы – əділет жолымен жүрмейтіндер, қорқатыны – тəубе келтірушілер, үйі – монша мен əжетхана, осы іспеттес ғимараттар, одақтасы – екіжүзді мұнафықтар, сусыны – шарап, кəсібі – өсек пен бəле-жала, діні – куфр (ешнəрсеге сенбеу), сөзінің басы – «Мен!». Шəкəрім Адамдағы ынсап, əділет, мейірім – үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады... «Адамшылық арым соны істеуді ұнатады» деген «ұжданың солай қылғанды ұнатады» дегендік болып шығады. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнəрсе қарайта алмайды. Шəкəрім Екі өмірге де керекті іс – ұждан – ынсап, əділет, мейірім. Шəкəрім Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Бас көзі тəнде орналасса, ақыл көзі адам болмысын құрайтын ақыл мен жан арқылы əрекет етеді. Бас көзі сезімдік таным бастауы болса,

ақыл көзі логикалық танымға қызмет етеді. Логикалық таным сезімдік танымнан биік тұратыны бесенеден белгілі. Сезімдік таным сəттік көрініс, мəліметті ғана қабылдаса, логикалық таным əр нəрсені де арғы бергі, жан-жақты болмысымен танытады. Шəкəрім Алла тағала біреуге біреу орынсыз зиян келтірсе, өзіндей ғана іс қылуға рұқсат қылған, олай да болса сабыр қылып кешкеніңіз көп сауап болар деп айтқан аятта: «Біреу сендерді қинап ренжітсе, дəл сондай ғана орайын алуға рұқсат бар. Егерде кешіп сабыр қылсаңыз, онда бек көп сауапқа жолығасыз», – деген. Енді жоғарғы аят-хадистен байқаған шығарсыз, ынсапты, рахымды болмақ сабырлы болмақтың көп сауап екенін, əлбетте ынсап, рахым, əдеп болмаса адамның өзге хайуаннан артықтығы болмас еді. Шəкəрім Менің байқауымша, адамда үш түрлі тəубе бар. Оның бірі – шын тəубе, ол нəпсісіне еріп жасап алған күнəсіне өкініп, ондайды қылмаспын деп біржолата уəде қылады да, ол күнəні қайтып қылмайды. Екіншісі – ендігəрі қылмаспын ау десе де, анық уəде қыла алмайды, нəпсісіне сене алмайды. Үшінші тəубе – біреу күнəні қылады да, артынан тəубе қыла салып, онан соң жəне қылып, оған жəне тəубе қылдым ғой деп салақтық етеді. Егерде адам нəпсіні жеңе алмай күнə қылып жіберсе де, зинһар тез тəубе қылу керек, Алла тағаланың қаһарын ескермей жүре берген сол қатты күнə. Шəкəрім Бұрынғы заманда əлі жеткенге күшпен, əлі жетпегенге айламен зорлық қылып, ел қақсатқан бір залым ұйықтап жатса, қасынан өтіп бара жатқан үш адамның бірі: «Мына залым кешке дейін оянбаса, талай момын зұлымдығынан аман болар еді», – депті. Онда тағы біреуі: «Тіпті ертең де оянбаса игі еді», – дегенде, қалған біреуі: «Шынында, мұның осы ұйқыдан оянбай өлгені артық, сөйтсе тамам адам зұлымдығынан құтылар еді», – депті. Əлгі залым ұйқылы-ояу жатып, сөздің бəрін естіпті де, өзіне-өзі: «Үш кісі қауым деуші еді. Мынаның бəрі менен безер болды. Ойлап қарасам, тамам адам баласы бір бауыр, бір дене сияқты, əр адам сол дененің бір мүшесі, бір мүше аурулы, зиянды болса, тамам денені тынышсыздандырады. Мен аурулы мүше екенмін де, тамам адамды тынышсыздандырған екенмін. Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не болмаса, барша жанға тынышсыз болатын залымдықты қоюым керек екен ғой», – деп, бұрынғы мінезін тастап, түзеліп кетіпті. Сөз тыңдаған адамның құлағында қырағы көзі болса, жүрегінде əділ тезі болса, сəті келген дəрідей ем болып, жаман мінезді жазады. Егер ондай болмай, құры ғана қуыс құлақпен тыңдаса, құмға сіңген сумен бір есеп болып, жалғыз тал жасыл шөп шықпайды. Шəкəрім Дін дегеніміз – ғылым мен білімнің анасы. Шəкəрім Дүние өткінші, сол өткінші өмірде адамдар бір-біріне қайырымды болса, барынша адал, арлы болса... Шəкəрім Дүниенің жалғандығына сайып, өз жауапкершілігіңнен құтылып кетуге тырыспа. Шəкəрім Ежелгі Қытай елі бақытты өмір кешіп жатқан, байы да, кедейі де, үлкені де, кішісі де өз өмірлеріне риза бір заманда адамдар тыныш ұйықтай алмайтын бір кеселге душар болыпты. Оған себеп – Ұждан деген бір сұлу қыз адамдар түнде тəтті ұйқыда жатқан сəтте келіп оятып: «Сен бүгін не істедің? Соны анық тексеріп ойлашы», – дейді екен де жауабын күтеді екен. Жауап беруші ананы бір, мынаны бір айтып, ақталғандай болса, қашан өзінің сезінген теріс істерін айтып мойнына алғанша тұрады екен. «Мына бір ісімді айтамысың?» дегенде барып, Ұждан көрінбей кететін көрінеді. Ол кеткен соң əлгі адам өзінің күндіз істеген ағаттығын ойлап, ұяты мазалап, ұйқысы қашады екен. Осы секілді оқиға əрбір адамның басына түсіп, ұйқысы шала болған адамдардың ертеңгі істері жүрмей, елден береке қашыпты. Келе-келе адам жалдайтын байлар мен кісі ұстайтын ұлықтар де осындай жағдайға душар болыпты. Олардан: – Мына адам неге ұрлық қылды? – деп сұрайды екен. – Жейтін тамағы жоқтықтан. – Тамағы неге жоқ? Бай: – Өндірген бидайын аласым үшін алып қойдым. Ұлық: – Өндірген өнімі салық төлеуге əрең жетті, – дейтін сияқты.

Бірақ олар да осыдан кейін өз істерінің терістігі туралы ойланатын болыпты. Осы жауаптасудан кейін адамды ұрлық жасауына итермелеген оның үй-ішінің ас-ауқатсыз қалғаны екенін түсінген бай мен ұлықтан да ұйқы қашыпты. Осыдан кейін олар өз мүлкін жарлы-жақыбайға садақаға үлестіріп, қарыз адамдардың қарызын кешпекке бел байлапты. Оған олардың үй іші мен туған-туысқандары қарсы болып: «Біздің қадірліміз ұйқысыздықтан ақылынан адасты», – деп ауруына ем іздепті. Елді берекесіздік жайлап, адамдардың бəрі өз уайымымен болып, басқару қиындапты. Елдің бас көтерерлері кеңесіп, ең ақылды бір қария бар еді, соған барып жағдайды баяндап, кеңес сұрапты. Ол айтыпты: «Елдің ішкі жəне сыртқы жағдайларының бəрін қамтитын нақты заң жазыңдар, онда реттелмеген ештеңе қалмасын. Əркімнің өз міндеті мен жауапкершілігі болсын, мүлікке жасалатын салық, берілетін зекет көлемі нақты жазылсын. Меншік иесі де, жалданушы да қанағаттанатын болсын. Сол заңды елдегі барлық адам ұстанатындай етіп үйретейік. Соған лайықтап өмір сүрейік. Сонда Ұждан келіп, сұрай қалғанда, қай-қайсың болсын жауапқа əзір боласыңдар». Осылай етіп, барлық адамға қатысты заң жазылып, оны тұрғындар түгел мойындап, адамдар өз істеріне жаңаша кірісіпті. Ұждан келіп кімкімнен де сұрай қалса, жұмысы заң шеңберінде екенін айтып ақталыпты. Ілуде бір кісі ескі əдетімен заңсыз əрекет жасай қалса, Ұжданның алған жауабында тосылып, оны Ұждан заңды орындаушыларға сыбырлап, ол адам жазасын тартыпты. Оны көргендер бұдан былай заң бұзбайтын болыпты. Осылайша елде қайтадан бұрынғыдан да жақсы мамыражай заман туыпты. Тек қана Ұждан жұмыссыз қалыпты. Оған наразы болған Ұждан елді заң əзірлеп, соның жолымен жүгуге үгіттеген баяғы қарияны ұйқысынан оятып: «Не айтасың?», – депті. «Мен білгенімді үйретіп, елімнің қожырауын тоқтаттым, өз ұятыма сай іс істедім, сенің менен жауап сұрайтын не жөнің бар? Кет!», – депті. Жұмысымды жандандырам ба деген ең соңғы үмітінен айрылып бара жатқан Ұждан кеткісі келмеген соң, қария қызметшілерін шақырып, Ұжданды зындан түбіне тастатқызыпты. Елде орнаған сол тəртіп ұрпақтан-ұрпаққа көшіп бүгінге жетіпті. Ұждан ешкімді ұйқысынан оятып мазаламайтын болыпты. Бірақ жалпыны бірдей ұйқысынан оятып мазаламайтыны уақыт өте келе Ұжданды ел ойынан ұмыттыра бастапты. Тек ақылдылары ғана Ұжданды ұмытпапты. Ел ішінде əділетсіздік пен əдепсіздік бола қалғанда: «Сізде Ұждан жоқ екен» деп ел есіне салып тұруды солар бүгінге дейін жеткізіпті. Шəкəрімнен Жүрек – құмыра. Дүние тіршілігінде əлгі құмыраға қолға түскенді теріп сала береміз... Бір күндер болғанда, қазына көріп арқалап жүргеніміз не нəрсе деп ішіне үңіліп қарасақ, əншейін түкке алғысыз кəкіршүкір болып шығады. Əбіш Кекілбаев Ібіліспен күресіп жүріп, өзің ібіліске айналып жүрме. Ницше Жанның азаптануы – адамның Ақиқатқа қарай қадам жасауға дайындығы. Ницше Сопылықтың төрт сатысы бар: бірінші саты – шариғат, ол – күнделікті тұрмыс, екінші саты – тариқат, яғни таным-білім жолындағы ұмтылыс, үшінші саты – мағрифат, ол – жетілу, төртінші саты – ақиқат, ол, атының өзі айтып тұрғандай – ақиқатқа жету. Қожа Ахмет Иасауидің өзі осы төрт сатының екіншісінде жүрмін деген. Ол дегеніміз ұлы ұстаздың таным-білім жолындағы еңбегін ғана айтып, ақиқатқа жетпек түгілі, жетілудің биік шыңына да шыға алмадым дегені. Шəкəрім де жетілудің биік шыңына жетсем деген, сол үшін көп оқыған, таным мен ғылымға асық болған. Мұрат Əуезов Күнəдан арылудың жолы – тəубəға келу. Ғарифолла Есім Жалғандықтан, надандықтан қорқамын. Əр нəрсені жүрекпен сезінетін адамдардан қорқамын. Мен солардың алдында əлсізбін. Ғарифолла Есім Адамның жан-дүниесі де, өзендер мен шөптер сияқты, жаңбыр тілейді. Ол ерекше жаңбыр – үміт, сенім жəне өмірдің мағынасы. Егер ондай жаңбыр болмаса, тəн əлі өмір сүргенімен, жан-дүниедегі нəрсенің бəрі өледі. Адамдар айтуы мүмкін: «Мына бір тəнде де бір кездері жан болған». Пауло Коэльо

Жер бетіндегі жаратқан əр пендесіне Құдай дайындап қойған тағдырдан ауытқысы келетін адамдар аз болмаған. Пауло Коэльо Адам дүниеге келе салып өз тағдырын алдағысы келеді. Адам өз тағдырын алдайтын себебі: Құдай одан өте алыста. Ол адамдардың жан-дүниесін барлығы мүмкін болатын кез келеді деген арманмен толтырған да басқа істермен айналысып кеткен. Өмір өзгереді, бұрынғыдан да қиынырақ болады, ал Жаратушы сол күйі адамдардың арманын өзгертуге қайта оралып келмейді. Пауло Коэльо Жанға да қорек беріп тұру керек. Пауло Коэльо Құдай адамға көп мүмкіндік береді. Пауло Коэльо Періште аян беру үшін адам оған дайын болуы керек. Пауло Коэльо «Кісіге рухани жанасу аксиомасы»: ішектеріне аз ғана жанап кеткеннен ойнап қоя беретін скрипка сияқты, адам да өмірдің жанасуынан болатын өз сезімдерінің дыбыстарына жауап қатады. Əрі түрліше жауап қатады. Жүрдім-бардым ойнағаннан скрипка шиқылдаған дыбыс шығарса, керісінше, шебер қолдарға түскен ол құйқылжыған əуен төгеді. И. Стаднюк Əуелі – адам, содан кейін – қоғам. Əуелі – иман, содан кейін – үйлесімділік. Əуелі – руханият, содан кейін – өркениет. Бастапқылары түзелмей, кейінгілері ешуақытта түзелмейді. Əмірхан Меңдеке Əуелі – жан, содан кейін – тəн. Жанның белгісі – сана, ақыл, сезім. Бірақ сезім ақыл мен санаға бағына бермейді. Демек, дүниенің сыры тек білумен, танумен, үйренумен түгенделе салмайды. Тексеруден де тұрады. Ол – иман. Əмірхан Меңдеке Сырт көзге суық, ештеңеге елікпейтін бейтарап, енжар көрінетіндердің салқынқандылығы есті санадан, өзіне-өзі талапшылдығынан, жауапкершілігін жоғары сезінуінен, рухани қайсарлықтан туындайтын кезі болады. Немесе, ол – ілгерілемеуден, ізденуге, жетілуге тырыспаудан. Ол – адамның өзінен, Құранша айтсақ: «Алланы тануға талаптанбаудан, өзінің санасы мен жанын кеңіте алмаудан». Ақиқатқа, Ұлы Үйлесімге, Шексіз Шеберлікке, Телегей Ақыл-Ойға ұмтылмаудан. Əмірхан Меңдеке Құдай бар, əсіресе керек кезде! Соловьев Седой Иман – тілмен айтқанды ділмен (жүрекпен) бекіту, əрі оны іс-əрекеті арқылы нықтау. Аманхан Əлім Адамзат баласының жер бетінде адам болып, бақытты ғұмыр кешуі үшін екі нəрсе керек. Ол – тəн азығы мен жан азығы. Тəн азығы адамның тірі жан ретінде өмір сүруін қамтамасыз етеді. Тəн азығына материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін азық-түлік, киім-кешек, баспана, көлік сияқты адамның күнделікті тіршілігін қамтамасыз ететіндер жатады. Бұлар адам көзбен көріп, құлақпен естіп, дəмін татып дегендей, сезім мүшелерімізбен сезіне алатын материалдық дүниелер. Ал сезім мүшелерімен емес, ішкі жанымызбен, түйсігімізбен сезінетін рухани дүние – жан азығы. Басқаша айтсақ, жан азығы – рухани құндылықтар. Рухани құндылықтардың аясы тым кең. Оған адамның адамдық санасын анықтайтын əдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық, əділеттілік сияқты қасиеттерінен бастап, сол ұлттың ұлттық тілінде, ұлттық тұрмыс-тіршілігінде əдет-ғұрпы, салт-дəстүр ретінде жасалынған, сол халықтың қоғамдық тұрмыс-тіршілік етуіне қажетті пайдалы нəрселердің бəрі жатады. Демек, рухани қазынаның негізін білім, ғылым, өнер, əдебиет, мəдениет, əдет-ғұрып, салт-дəстүр, экономика т.б. құрайды. Сонда адам тəн мен жаннан тұрады. Бірінен бірін айыруға болмайды. Өйткені бірінсіз бірі жоқ. Тəн – жанның ұясы. Өз кезегінде жан тəннің дұрыс тіршілік жасауын, яғни адам болып өмір сүруін, күшті болуын қамтамасыз етеді. Бұл турасында Ж.Аймауытов: «Адамда екі түрлі «жан» бар: біреуі – жан, біреуі – тəн. «Жан» көрінбейтін «мен», көрінбесе де көрінетін «менді» («тəнді») қозғап, жүргізіп тұратын тетігі, «тəн» – «жанның» қабы», – депті. Сондықтан да адам өмірінде осы екі жағын қатар алып, үйлесімді дамуын қамтамасыз етіп отырудың маңызы зор. Ал осы екеуінің арасындағы үйлесімділік бұзылса, ол адамның, одан кейін қоғамның да

дамуына əсер етіп, соңы түрлі келеңсіз жағдайларға апарып соқтыруы мүмкін. Жер бетіндегі адамдардың, ұлттардың, мемлекеттердің арасында болып жатқан түрлі түсінбестіктердің, қақтығыстардың, соғыстардың түп-төркінін осы жақтан іздеу керек сияқты. Тəн азығын алғашында тұрмыстық сана реттеп отырады. Əр нəрсенің шегі бар. Сол сияқты адамға да көп нəрсе керек емес. Кей адамдардың нəпсіге беріліп, дүние қуып, дүниеқоңыздыққа, нашақорлыққа, бұзақылыққа, жезөкшелікке, т.б. жаман жолдарға түсіп жатады. Бұл турасында ұлы Абай «Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық – бұл нəрселердің де өлшеуі бар», – депті. Мұның барлығы адамның бойында рухани азықтың жетіспеушілігінен, нəпсілік, тұрмыстық сана деңгейінде қалып қойып, қоғамдық ғылыми, ұлттық рухани сана биігіне көтерілмегендігінен. Адам неғұрлым білімді болса, саналы келсе, оның атқарған істері өзі үшін де, өзге үшін де пайдалы болмақ; ал жаман істер – көбіне нəпсі қуушылықтың, рухани тəрбиенің жетіспеушілігінің көрінісі. Сонда қандай адам, қандай ұлт жақсы болмақ? Біздіңше, ұлттық рухта, одан қалды, бүкіладамзаттық жақсы үрдістерді үйрене отырып тəрбиеленген адамның, өзінің ұлттық құндылықтарын сақтап, əлемдік өркениеттің озық үлгілерінен үйрене отырып, дамыған елдің болашағы зор. Дандай Ысқақұлы Əкесі баласын мешітке намазға жиналғандарды шақырып келуге жібереді. Бала барып 3-4 адамды ғана шақырып келеді. Əкесі: «Неге бəрін шақырып келмедің?», – дейді. Сонда бала: «Намаз оқуға келгендер – осылар ғана», – дейді. «Неге, намазға адамдар бұдан əлдеқайда көп жиналған жоқ па?», – дейді əкесі. Сөйтсе, бала мешіттен шыққандардың бəрінен: «Фатихадан кейін қандай сүре оқылды?», – деп сұрап шыққан екен. Оны осы 3-4 адамнан басқа ешкім есіне түсіре алмапты. Қалғанының бəрі басқа ойда тұрған болса керек. Дінсіздік жаман, бірақ имансыздық одан да жаман! Құдай адамға жасаған істерін адамның өз қолымен жасайды. Демек, Құдай тілеуімді берсін деген кісі, соған лайық өмір сүруі керек. Адам күнделікті тұрмыста бойындағы Жаратушыға деген, Жерге деген, туыстары мен балаларына, табиғатқа, жалпы адамдарға деген махаббатын азайтып алып, қателеседі. Алладан ата-ананы да артық көрмеген абзал дейді мұсылман дінінде. Біздің бүкіл болмысымыз Құдайға бағытталмаса, онда пенде тірлікке жақындай түсеміз. Оның салмағын адамдардың жасаған қиянатынан, содан кейін ет жақындардың, балалардың берген соққысынан түсінесің. Осыған ақылы жеткен кісі Алласына шүкіршілік етеді. Сондықтан адам өзінің ақылдылығын Құдайға деген махаббаттан биік қоймауға тиіс. Кісі Жасаған иені өзі жақсы көретін адамдарынан да көбірек жақсы көрсе, онда жақсы көретін адамының бойындағы рухты оның жеке басының қасиеттерінен гөрі көбірек жақсы көргені. Бұрын-соңғы барлық ілімдер адамның Құдайды жердегі барлық нəрседен де артық сүюге үндейді, содан соң Бүкіл Əлемді, оның барша жарандарын сүю керек дейді. Оны Жердегі ең үлкен бақыт деп санайды, онсыз адамның рухтық құрылымы пенде тірлікке қарай төмендей беретінін айтады. Қазіргі ілімдердегі рухани ізденулерде үш бағыт бар: бірінші бағыт – ақпаратқа бағыну. Бұл бүгінгі өмір шындығынан теріс айналу. Оны бəрінен баз кешуді насихаттайтын бағыттарды ұстанатын жаңа діндер уағыздауда. Екінші бағыт – этикалық қағидаларға, дұрыс мінез-құлыққа оралу. Бұны ұстанатындар көне (классикалық, консервативтік) діндер. Үшінші бағыт – тəжірибе нəтижелерін пайдаланушылар, олар сиқыршылар мен дуалаушылар. Олар сананың өсуі мен рухани өрлеуді мойындамайды. Соңғы жылдары адам қуатының деңгейі күрт өсті. Бұрын жылдап жасайтын жұмысты қазір бірнеше айда, тіптен, бірнеше күнде жасауға болатын болды. Адамның кəсіби мүмкіндігі артты, бірақ мүмкіндік артқанмен, ой-санасы кəсіби мүмкіндігінен қалып қойғандар бар. Барлығы жылдам шешілетін заманда өмірден лайықты орын алғысы келген кісі бір мезгілде əрі əулие, əрі адам, əрі іскер болып қалыптасуы керек. Қазіргі заманғы адамның əрқайсысының санасында екі қарама-қайшы процесс қатар жүруі керек: бүгінгі тірліктен бас тартып, Ғарышқа ұмтылу – əулиелік; алған ақпараттарын жүзеге асыру, белсенді қимылдау – икемділік. Бұл жаңа сана, онда ғарыш – бірінші, өркениет – екінші. Əрбір адам əулие пиғылда болуы керек, басымдылық икемділікке емес, киелілікке беріледі. Саудагер де, саясаткер де, ғалым да əулие болуға ұмтылғаны жөн. Затқа құштарлығы мен пайдакүнемдігін жасыру үшін пəндəуи пиғылын дүниəуи ізденіс, ата-баба дəстүріне адалдық жəне болашақ алдындағы жауапкершілік деп ақтағысы келетіндер қашан болса да толып жатыр.

Аспан мен Жердің байланысы жайлы азды-көпті білмейтін адам аз. Жерде қалай болса Аспанда да солай. Бірақ, Аспанда ақпарат толық, ол Жердегілерге əр түрлі жолмен жетеді. Адам бір нəрседен жапа шексе немесе қайғыға ұшыраса, онда өзінде бір нəрсенің дұрыс болмағаны. Бірақ, ол өмірде заңдармен немесе ережелермен реттелген. Сөз, əрине «Ана жермен жүрме, көгалды баспа, жолды мына жерден ғана кесіп өт» деген сияқты тұрмыстық шектеулер туралы емес. Аспан айыптауы адамға жеткенде, ол əділетсіздік секілді көрінеді. Тəңірі қателеспейді. Асықпайды да. Оның қимылы жасырын, əрі қашан болары белгісіз. Осыны түсінген адамдар Жаратушыны сүйеді. Сол адамдар өз іс-əрекеті оның өткенін, бүгінін, болашағын анықтайтынын, Жасаған ие адамның тағдырын солайша реттейтінін біледі. Кісі басына бір қайғы түсе қалса, «мен Құдайға не жаздым?» деп налиды, оны əділетсіздік санайды. Шын мəнінде, айыптыға жаза кешігіп, əрі құпия сақтай келеді. Адамда өз қателіктерінен басқа қанымен келген күнəлары болуы да мүмкін. Ол – адамның күнəсі өзінен артылып балаларына, одан олардың балаларына өтіп, соның есебінен ата-ананың күнəсі өз ұрпағына да зиянын тигізеді деген сөз. Сондықтан, күнə жасар алдында кісі өзін ғана емес, ұрпағын да ойлаған жөн. Адам Тəңіріне көңілі шындап бұрылып, өзінің еткен əрекеттері үшін кешірім өтінгенде, оның жаны мен тəнінде таң қаларлық өзгерістер болады. Адам өзінің жетілмегенін Жаратушы алдында мойындағанда, өзгеруге, əлем кеңістігімен кірігуге Жаратушыдан керекті күш алады. Тəңіріден кешірім сұрау дегеніміз істеген ағаттығыңа ұялып өзіңді мүжу, сөгу немесе өкіну емес. Ол – арылу, өзіңді өзгертуге ұмтылу, бар ойды соған бағыттау, келешекте еш уақытта ол қателікті болдырмау. «Не жазып қойғанымды білмей тұрмын, бірақ Тəңірге жалбарынып кешірім сұрағым келеді, оны қалай айтқан дұрыс» дегендерге: «Иə, Тəңірі, мен бір нəрсеге айыптымын, бірақ оның себебін таппай тұрмын, сонда да менің қатемді кешіре гөр. Маған қатемді түсінуге, бұдан былай ондай қателік жібермеуге мүмкіндік бер» деу орынды. Əр күні: «Иə, Тəңірі, менің туыстарым мен таныстарыма денсаулық бер, ал маған төзім бер» деген адам өзін көптеген қателіктерден қорғайды. Қазіргі кездегі кеселге ұшыраудың ең басты себебі – адамдық құндылықтарды Құдайға деген махаббаттан жоғары қою. Мысалы: бала сүю тілегі, біреуге деген махаббат, рухани қатынастар, тəн рахаты. Осыларды абсолютті деп есептеген адамдар кеселге ұшырайды. Құлшылық ету мақсатқа айналмауы керек. Ол – Құдайды сүю деген мақсатты орындау құралы ғана болып қалсын. Дін жолы – иман жолы, имандылық жолы. Дінсіз адамның арды аттауы, қиянатқа баруы оңай. Өйткені ол дінсіздіктің нəтижесінде құдайдан қорқу сезімінен ада. Діннің сөзіне адамдар неге тез сенеді? Себебі, дін атаулының «мойындатар» қисыны мейлінше қарапайым. Дін атаулы танылғанға емес, танылмағанға арқа сүйейді. Ал, танымның жолы шексіз. Кез келген таным қашанда танылмаған шексіздіктің соңында жүреді. Сондықтан да, танылмаған шексіздікті «Құдайдың құдіретіне» балайтын діни тұжырымдар ғылымға қарағанда пенде атаулыға өтімдірек. Ғылымға ілесу үшін тер төгу керек, дінге тер төгудің керегі жоқ. Танылмағанның бəрі діннің еншісінде. Шексіз əлем аясындағы адам шіркіннің танығаны – мұхиттың тамшысындай ғана. Құдайдың өзінің бөліп берер ештеңесі жоқ. Біреуден алып, біреуге береді. Тоқтардың артық төгіп-шашқаны – аштың үлесі. Біреудің байлығы – біреулердің кедейлігі. Діннің қалыптасу, дəуірлеу, кемелдену, тоқырау дəуірлері болады. Дін фанатизмге айналғанда тоқырау пайда болады, яғни, ол өзге діндермен бітіспес тартысқа түседі. Адамдар көпшілігінде өткенге, яғни тұрмыстық жағдайға мəн бергендіктен, барлық діндер рухтық жағдайды, яғни болашақты мегзеген. Ол рухты көтерген, бірақ толғаусыз ойлау мен қаталдыққа алып келген. Болашақта жұмақ та, тозақ та жоқ. Болашақта Құдай бар. Сондықтан қорқу, уайымдау, ренжу мағынасыз, тек сүю керек. Құдайға барар жол санадағы сатылардан тұрады. Əр сатыға көтерілу үшін біраз уақыт сонда тұрып, соны сезініп, соны мақсат етіп барып жоғары өрлеуге болады. Құдай адамды өзіне ұқсатып жаратқан дейді көне кітапта. Жетілдірсем, дамытсам, ұлғайтсам, өзгертсем, қоссам деген ниеттің; жүрекке жетсем, көрсем, жеңсем, алсам деген пиғылдың таусылмайтыны соған дəлел. «Мені сатып кеткендерді бəрібір жақсы көремін. Маған əділетсіз қарағандарды да жақсы көремі н. Менің алға қойған арман-мақсатымды

қорлағандар мен үмітімді бұзғандарды да жақсы көремін. Қандай қолайсыздық болмасын, иə Құдай, саған деген махаббаттың тазаруы мен ұлғаюы деп білемін» деген сөздер де бізге көне кітаптардан жеткен. Мұсылман баласы түнде жатарда «Иə, Алла!», – деп Алладан амандық сұрап, таңертең тұрғанда «Иншалла!», – деп Алласына шүкіршілік етіп, күннің басқа кездерінде «Ла иллаһа иллалла!», – деп Алласына сыйынып жүретіні мақұлдауға лайық. Жоғарғы заңдарды бұзған адамдар тез қартаяды. Кез келген заңдылық көптеген кездейсоқтықтардың түйісуінен келіп шығады. Мен жек көріп отырғаным жоқ деп барып жек көруді тоқтату оңайырақ, мен ренжімеймін деген соң да ренішті тоқтата салу қиын. Құқықтарды талап ету үшін əуелі міндеттерді орындап алу керек. Құдайдан бір нəрсе тілеу де солай: əуелі Құдайға жағатындай міндеттер түгелденсін. «Иə, мені Жаратушы Тəңірі! Менің саған деген махаббатым – менің үлкен бақытым жəне өмірімнің мағынасы. Бұл тірлікте мен иеленген жəне ие болатын бақыт – маған жəне менің ұрпағыма Саған деген махаббатымды арттыратын құрал мен тəсіл. Менің өмірімде болған жəне болатын бар жағдайды Сен жіберген нəрсе ретінде қабылдаймын, менің жаным оны сүйіп қабыл алады» дей білген жəне сонысына шынымен сенген адам – жетілген адам. «Егер сенің уақытың келсе – мархабат. Мына өмірдегі жолыңды аяқтасаң – жақсы! Келесі өміріңе дайындал!». Бұл – мəңгілік өмір формуласы. Адам жанының мəңгілік екеніне сенсе, өлім де аса қорқынышты бола алмайды. Əркімнің иығында тіршіліктің қойтасы бар, ол көзге көрінбейді, оның ауыр-жеңілін адамның өзі ғана сезеді. Ол қойтастың бірі бейнетті, онда ақ тілеу, ізгі ниет, болашақтан үміт, адал жолмен еңбектеніп ғұмыр кешу болса, кейбірі жеңілдеу – өмірге бейімделіп, есебін тауып, өзінде барын бұлдап, өлермендікпен өмір сүруге ғана лайық. Уақыт Өзіңді өзің үшін жеңуге тырыс, бұрындары сенен тартып алған немесе ұрлаған, бостан-босқа өткен уақытыңды сақта жəне жинақта. Біздің уақытымыздың бір бөлігін бізден күшпен тартып алады, бір бөлігін ұрлайды, біраз бөлігі босқа ағып кетеді. Бірақ барлығынан ұяттысы – біздің өз ұқыпсыздығымыздан жоғалтқан уақытымыз. Бажайлап қарап көрші: біз өміріміздің басым бөлігін ақымақтық істерге, бірталай бөлігін – бостан босқа, жəне барлық өмірімізді керек емес істерге жұмсап өткіземіз. Уақытын бағалай білетін, бір күннің өзі неге тұратынын білетін, əр сағат сайын өлімге жақындап жатқанын толық сезінетін бір адамды көрсетші... Өлім біздің алдымызда тұр, біз өлімнің құрығындамыз. Сондықтан əр сағатыңды босқа жіберме. Бүгінгі күнді уысыңда ұстай білсең, ертеңгі күнге азырақ бағыныстасың. Кейінге қалдырып жүргеніңде, бүкіл өмір ағызып өте шығады. Сенека Біз уақытқа ғана иеміз. Сенека Уақыт барлық жасырын нəрсені ашады, барлық белгілі нəрсені ұмыттырады. Софокл Уақыт – барлық құралдардың ішіндегі ең қымбаты. Феофраст Ең үлкен шығын – босқа кеткен уақыт шығыны. Феофраст Уақыт барлық жараны жазады. Менандр Уақыт барлық шындықтың есігін ашады. Менандр Уақыт өзгергенде, уақытпен бірге біз де өзгереміз. Гораций

Өмір ойын сияқты, біреу күресу үшін келеді, біреу саудаласу үшін, ал ең бақыттылары қарап тұру үшін. Пифагор Экклезиастан: Жайбасарға жылдам жүгіріс, қорқаққа – жеңіс, ойсыздарға – нан, ақылсыздарға – байлық берілмейді, бірақ уақыт пен жағдай бəрінде бар. Өйткені адам өз уақытын білмейді. Талмудтан: Уақыт өтіп бара жатқан жоқ, уақыт тоқтап тұр, біз өтіп бара жатырмыз. Қожа Ахмет Иасауидың кесенесінің қақпасындағы жазу: Дүние – уақыт, оны өзіңе бағындыра біл. Омар Хайямның наурыз хадистерінен: Ағарып атқан əрбір таң қиындықтан шығу жолын көрсе теді. Дүниеде жүрмін деп ойлама, дүниеден өтіп барамын деп ойла. Лев Толстой Өткеніңнен қызулы от алуың да, өртеніп біткен күл алуың да мүмкін. Жорес Уақыт – өмірді жасайтын материал. Ол шіркін ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тəулігіне 24 сағат. Адамның босқа кеткен əрбір сəті отқа жаққан ақшамен тең, кісінің кісілігі уақытты сезінуден басталады. Кэссон Христофор Колумб жолға шығуды ендігі жылға қалдырмағандықтан немесе былтыр шығып кетпегендіктен арғы беттегі жаңа жерге жеткен. Пауло Коэльо Француз мақалы: Барлық жамандыққа қарсы екі дəрі бар: бірі уақыт, екіншісі – алтыннан ардақты – үндемеу. Уақыт келе төзімділік келеді, кешірімшіл боласың. Өмір байқаусыз зырғып өте шығады. Лұқман хакім қартайып, өлерінде: «Есіктегі басым төрге жеткендей болған жоқпын», – депті. Бір күнің өткенде жай ғана бір күнім өтті деме, өмірімнің бір бөлігі өтті де. Солып, төгіле бастаған гүл жапырақтарына қарап, ке йін сен де солай болатыныңды ойла. Адамзат тарихындағы ең алғашқы философиялық трактаттардың бірі – египет папирусына жазылған «Өмірден түңілген адамның өзінің рухымен əңгімесі» деп аталатын шығарма. Бұнда адам өзінің рухымен сөйлесіп, оған: бұл өмір нашар, сондықтан мен өзіме-өзім қол жұмсап, тезірек жоғарғы өмірмен қауышсам,– дейді. Оған рухы: төменде қалай болса, жоғарыда да солай,– деп жауап қатады. Демек, жоғарғы жақта жақсы болуы үшін, төменгі жақ дамыған болуы керек. Жоғарыда, аспанда, ең төменнен өсіп жетілмеген ештеңе жоқ. Бұл өте ерте заманғы ақыл. Оның белгілі болғанына үш мыңдай жыл болды. Бүгін бұл əңгімені еске түсіру арқылы біз əрқашан өзіміздің да му мүмкіндігімізден асып түсуге ұмтылған асығыстығымыздың негізсіздігін еске түсіруіміз керек. Ұйқы мен демалуға кеткен уақытты, егер ол мөлшерлі шамада болса, босқа өткен уақыт қатарына жатқызбаған жөн. Босқа өткен уақыт деп бос əңгіме-өсек пен салғыласуға, орындалмайтын қиялға, керексіз нəрсені оқуға немесе мағынасыз телехабарды көруге, карта ойынына, уайымдау мен өкінішке, күдікке, т.с.с. пайдасыз істер мен зиянды сезімдерге кеткен уақыт саналады. Бір күннің өткеніне өкінетін жағдайға жеткенде ғана адам өмірдің қадірін сезіне бастайды. Жетістік деген үлгеру деген сөз. Жақсы уақыт соққан желдей тез өтер. Өмір сүру тақтайдай тегіс жолдың басынан соңына шығу емес, оның бұрылыс-бұлталаңы, өткел бермес асулары, қиын қыстау кезеңдері өміріңнің қуанышты сəттерімен араласып, сапырылысын жататын нəрсе. Барлық жаман нəрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады: біріншісі – уақыт, екіншісі – үндемеу.

Өткенге қарап басыңды ій, ертеңге қарап білегіңді сыбан, – деген. Өмір мейрам емес, сондықтан өмірде ылғи көңілді бола беру мүмкін емес. Біз таңданумен, үміттенумен, сүюмен өмір сүреміз. Өмір заңы – алда атқаратын іс көп, көретін қызық көп. Уақыт деген – ырғақ. Ырғақ арқылы бізге уақытты басқару жеңіл. Адам бірнеше сағат бойы бір ырғақпен жүрсе, ойлаған ойы санасының астарына енеді. Сондықтан да Құдай жолына табынуға барғандар жаяу жүрген. Өткенді болған жағдайынан жақсарту мүмкін емес, оны жалған боямалап, өзіңді алдағанмен, ол оқиғаның куəларын қанағаттандырмайды. Өткенді өкінішпен еске алу керексіз. Өз өмірінде үстірт жасалған əрекеттерге көп мəн беру ештеңе бермейді. Қоғам Қазақтар қай жағынан алаңсыз да тумысында кемтар жаратылмаған: дене бітімі сымбатты, ақыл-ойы зерек, сергек те батыл, пысық. Сондықтан олар табиғатынан бейқам да емес, тек өзін қызықтыратын іс таба алмайды. Ол – көшпенді, ал көшпелі өмір қызметтің сан түрлілігін талап етпейді ғой, ендеше қазақ жаратылысынан енжар емес, оны жан-жақты ойланып əрекет етуге талпындырмаған өмірдің өзі. Табиғат тамаша қасиеттерді бойына сыйлаған біздің халқымыз тұрмыс жағдайының төмендеп, мейлінше артта қалуына кінəлі ме? Барлық бақытсыздықтың түп төркінінде көшпенді тұрмысымыздан басқа себеп жоқ. Көшпенді өмір жағдайында материалдық əл-ауқатымызды қалпына келтірудің өзі ақылға сыймайды. Көшпенді адам – тұрағы жоқ, кезбе, өмірбақи қаңғыбас. Ол тұрмысын жөндеуді ойлай да алмайды. Өйткені қандай да болсын жеке бастың жайлылығы мал қамына бейімделген тұрмысқа кереғар келеді. Көшпенділік адамдарды дұрыс қоғам құрудан айырады, сөйтіп қазақтардың білім-ғылымға деген тамаша құлшынысына қарамастан оларды ақыл-ойын дамыту тəсілдерінен шеттетеді. Біздің бұрынғы жəне қазіргі жағдайымызға ой жүгірте отырып, атабабаларымыздың бəрі де жеткілікті болғанның өзінде тұрмыс рақатын көрмегенін, талай рет жұтатқан бүліншіліктер салдарынан бізден де гөрі бақытсыздау болғандығын еріксіз сезінесің. Мұның түп негізінде, сөз жоқ, өз тізгіні өзіндегі халықтың көшпелі өмірі жатыр. Енді қазір кедейленген кезімізде еңбекке кірісе алмаймыз жəне де кедейленген үстіне кедейлене түсеміз, мүмкін қайыршылықтың шегінен шығармыз, тағы да айтамыз: мұның бəрінің себебі – мəңгі-бақи тұсау болып келген көшпелі тірлікте жатыр. Тұрмысты өзгерту жайлы, басқаша айтқанда, толық отырықшылықты қабылдау жөнінде ойланатын уақыт жеткен жоқ па? Əзірге қоршаған орта бізді жұтып жібермей тұрғанда, əзірге атабабаларымыздың «қазақ» есімін иеленіп отырғанымызда, осылай істеуіміз керек емес пе?! Мүмкін, көбісі менің айтқандарыма орындалмайтын арман деп қарар, бірақ өзімнің жанымды жеген күдікті ашық айтуға тиіспін: қазіргі тұрмыс халі мен дендеген керенаулық жағдайында қазақтардың өзінің тұтастығын, өз ұлтының есімін (даңқын) сақтап қалуы екіталай. Ерте заманда, өзінің сəбилік өсу дəуірінде халықтардың бəрі дерлік көшпенді болғанын, ал кейін бұл өмірдің баянсыздығына көз жеткізіп, отырықшылыққа көшкенін, соған байланысты ой-санасын дамытып, рақатқа кенелетінін біз енді біліп отырмыз. Мақаш Бекмұхамбетов Тəуелсіздіктен қасиетті, қастерлі ештеңе жоқ. Əбіш Кекілбаев Ауылды ұлттық болмысымыздың көсегесін көгертетін, бірден-бір ая ретінде əсіре əспеттеумен де, оны ешқандай өзгертіп-жаңартуға болмайтын əлеуметтік реликт, тіпті отандық реформаның астына қойылған ең қауіпті қопарылғыш бомба ретінде сипаттап, асыра күстаналаумен де еш келісуге болмайды. Əбіш Кекілбаев Əркімнің еркін дамуы қоғамның еркін дамуының басты шарты болып табылады. Əбіш Кекілбаев Ақыл сүйкімді көрінгенмен, оның дегенін істеп, мүйізі қарағайдай болып жатқан ешкімді əзір көре қоймадық. Өйткені ақылға айтқызсаң, қапысыз іс, қатесіз сөз болмайды дейді. Ал, не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманың тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұл заманда абыройдың да аты өзгеріп кетті. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көлденең жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты. Ол да үйінің сорпа-суаны мол дəулетті кісіге бітетін кө-

рінеді. Сонсоң да, тақымында шоқпары салақтап дəулет қуып, дəурен іздеген, жалыны қайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Тəйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау деген сөз бе екен! Ол үшін үлкенге ізет, қатарға қадір, ініге ілтипаттан басқа не қажет болушы еді! Бұл жұрттың соңына ереміз бе деп үміттенетін азаматынан бар дəметері сол ақ қой! Əбіш Кекілбаев Жалпы, түгел тəуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Көзі ашық азаматтардың төрде отырғанда төбелеріне көтеріп, төрден кетсе, артынан топырақ шашатын немесе көгендеп көздерінен тізіп құрбандыққа шала салатын қауымдар ешқашан дегеніне жетпек емес. Елім деп шын еңіреп жүрген ері кім, өтірік емешегі үзіліп, өз мүддесін күйттеп жүрген епсегі кім – соны айқын ажырата алатын халық қана барша мұратына жетуге лайық. Əбіш Кекілбаев Ұрпақ қамын ойлаған естияр жандар оның бір кесегін қылау шығармай, қорғаштап бақса, жеріміздің де, еліміздің де бедерсіздене, берекесіздене, тіпті, иесіздене түскеніне еш қиналмайтын жетесіздер ештеңе көрмегендей қол қусырып қарап отырды. Əбіш Кекілбаев Жалпылдап арттан ергенмен, Аттының бəрі қол емес. Фариза Оңғарсынова Күнді де бұлт қамайды мылқау бұл деп, Жерде де асылдарды құртар күндеп. Көп жабы көлденеңдеп көсілгенмен, Қадірін серіктестің тұлпар білмек. Қарға да қанат қомдап қарқылдайды, Несі артық менен осы сұңқардың деп. Фариза Оңғарсынова Қоғамдық-əлеуметтік құрылым мен тарихи талғамды былай елестетуге де болады: Социализмде: адам – отбасына, отбасы – ұжымға, ұжым – қоғамға тəуелді; Капитализмде: адамға – отбасы, отбасыға – ұжым, ұжымға – қоғам тəуелді; Көшпелілерде: адам – отбасы – ұжым – қоғам бəрі тең, бір ұғым. Ақселеу Сейдімбек Рухани құндылықтар белгілі бір халықтың ұлттық дамуымен тікелей байланысты болса, екінші жағынан, оның кемелденуінің де көрсеткіші. Рухани құндылықтарын сақтап, дамыта алған ұлттар ғана қалыпты өмір сүре алады. Əрбір адам белгілі бір рухани құндылықтардың аясында өмір сүріп, ол өмірінің мəні мен сəніне, азаматтық ұстанымына, өмір сүру салтына айналады. Адамның бойындағы рухани құндылықтар ұлт өмірінің де негізін құрап, қоғамдық қатынастарды ретке келтіріп отырады. Қоғам өз дамуында негізінен ұлттық, сонымен бірге бүкіл адамзаттық мəдениеттің озық үлгілеріне сүйенгенде ғана кемелдене түседі. Сондықтан да өнер, білім-ғылым, саясатта ұлттық құндылықтарға басымдық беріп отыру аса маңызды. Дандай Ысқақұлы Рим құқығының принциптері: Кім өз құқығын пайдаланса, ол ешкімнің құқығын бұзбайды. Қоғамда ретсіздік пен, жайсыздық болмауы үшін белгілі бір ережелер мен қағидалар керек. Бірақ, осы ережелердің əділдігін дəлелдеу моральдық нормаларға негізделуі қажет. Адамның құқығы – қарым-қатынастың ережелері мен мөлшері. Бірақ бұның екі жағы бар: адам – тұлға, өкімет – күшті билік машинасы, əскері мен полициясы, түрмелері бар, жеке адам бұндай өкіметтің алдында əлсіз. Егер өкімет заң мен құқықпен шектелген болмаса адам өкіметке қарсы тұра алмайды. Сондықтан адам құқығын қорғау мəселесі барлық өркениетті елдерде мемлекеттің ең маңызды мақсаты болып табылады. Ізгілікке ұмтылу адамның бойында бар, маңдайына жазылған нəрсе. Əділетсіздік көрсе адам іштей болса да наразы болады. Бір қылмысқа бір ержүректік іс тең келсе жаман болмайды, тек ізгі іс байқаусыз, елеусіз қалып қояды да, нашар іс көп секілді көрінеді. Жақсылық жамандықтан 15 пайыз көп жасалғанда қоғамның тазара бастағаны. Керісінше болса – қоғамды ізгілендіру керек болады. Қоғам адамның мінезін, руханият оның табиғатын өзгертеді.

Тым қарапайым адамдар қоғамның өсуіне септігін тигізе алмайды. Биік ұлт болып қалыптасу үшін қажымас қажыр-қайрат, жігер-күш, жаңашылдық, дəстүр мен жөн-жоралғыны ұстау мəдениеті, тəуелсіздік сезімі, терең адамгершілік, сөзде тұру, парызды сезіну секілді қадау-қадау мінездер керек. ХХІ ғасырда қоғам жаңаша дамиды, алдағы уақыт – білім мен біліктің дəуірі. Жаңа диктаторлар болмайды, ескіден қалғандары да ойына не келсе, соны жасай алмай қалады, яғни, шексіз билік болмайды. Соғыс бола қалса, ол – идеялар соғысы болады. Жалпы, адамзат дамуының түбіне жететін нəрсе – өркениеттер қақтығысы. Экономикалық тоқыраулар мен саяси катаклизмдер онымен салыстырғанда жолда қалады. Қоғамда мейірбандық, əділдік, ізгілік, имандылық, қайырымдылық, төзімділікті сақтау, дамыту керек. Жамандық жақсылыққа, жалған шындыққа, əділетсіздік əділетке, жасандылық ақиқатқа, түн күнге, құмарпаздық ожданға, жиреніш сүйіспеншілікке, тозақ жəннатқа айналатынына сенуге тиіспіз. Қоғам ылғи үздік адамдардан құрылуы мүмкін емес; қайта онда елеусіз қарапайым топ пен орта деңгейдегі адамдар көбірек. Менделеев кестесі тек алтын мен радийден тұрмайды, онда да қарапайым елеусіз элементтер көп, оның əрбірінің табиғат анықтаған өз рөлі бар, оларсыз кесте толық бола алмайды. Күпі мен шекпен, киіз үй бүгінгі тұрмысқа лайықсыз болса, аңсай беру керек пе?! Ұлттық киімді тек наурыз мейрамында киіп, киіз үйді де сонда ғана тіксек, ол, оның өмірге қайта оралғаны емес, белгілі бір шараға декорация ретінде ғана қалғаны. Жеті жарғыны қанша мақтағанмен бүгінгі өмірімізді құқықтық жолмен реттеуге жарай ма? Өмірдің басты мағынасы бойыңдағы барды бере білу. Мемлекеттілігі жаңа қалыптасып келе жатқан елімізге біріміз қанат, біріміз құйрық болғанымыз жөн. Тентектің екі түрі бар. Біреуі біреуге қиянат жасайтын тентектік, екіншісі, біреудің қиянатын көтере алмай жасалатын тентектік. Тек менікі дұрыс деп тентектік жасауға болмайды. Біздің кей зиялыларымызда, нақтырақ айтқанда, өзін белгілі адаммын деп есептейтін кісілерімізде, тек менің ғана айтқаным дұрыс деу бар. Жалпы, біреудің айтқаны дұрыс боп түрғанның өзінде, айтқанды ғана орындау адамның ойлау қабілетін кемітеді. Ойлау қабілеті шектелген адамның өмірі қызықты болмайды. Ол жаппай құбылысқа айналса, ондай елдің болашағы бұлдыр. Экономикалық теория ғылымында «экономикалық адам» – «һоmо есоnоmісus» деген термин бар. Ол адамның экономикалық қызметін, оның негізін, алғышартын, өмір сүру жағдайын немесе тұтас қоғамның мүмкіндігін ашу қабілетін мінездеп береді. Інжілде де экономикалық уағыздар бар. Аристотель философ болумен қатар экономист болған. Адамның экономикалық белсенділігінің негізгі стимулы – жеке қызығу. Жеке меншік – адамзаттың қалыпты қозғалысының негізі. Одан дұрысырақ даму жолы жоқ, немесе əлі ашылып дəлелденген жоқ. Мүмкіндік пен қалау екеуі бірдей өссін, мүмкін емес нəрсені қалағаннан артық қиыншылық жоқ. Катарсис деген сөз бар. Мағынасы – қиналу мен қорқу арқылы рухтың тазаруы десе болады. Бірақ ол тек рухтың тазаруы ғана емес, қиналу арқылы əркімнің өзін-өзі тазартуы. Ол – төзімділік қана емес, жеңу. Дəуірді алға сүйрейтін шикізат яки ақша емес, қоғамның зердесі (интеллект). Адамгершілік қағидалары елде қандай билік тұрғанына тəуелді емес. Олар тұрақты жəне мақсаттың өсуіне ғана тəуелді. Тек, норма мен нақты жағдайдың ара жігі алшақтап кетпеуі керек. Саясатта да өмірдегідей: жартыкеш шаралар мен ықпал ету жігерлі əрі батыл əрекеттерден гөрі көбірек зиян келтіреді. Себеп пен салдарды, түр мен мазмұнды араластырып алудан бетер қауіпті ештеңе жоқ. Жер бетінде саналы өмір жүйесін құруға болады. Бірақ оған бүкіл адамзат баласын түгел қатыстыру мүмкін емес. Егер біздің əрқайсымыз өзіміз туралы өзге адамдардан гөрі көбірек ойласақ, ондай қоғам өміршең бола алмайды. Қилы заманды қырмызы күндер өзінен-өзі алмастыра салмайтыны мемлекет үшін де, жеке адам үшін де бірдей тиесілі қағида.

Ердің бағасы елге еткен еңбегінің үлкен я кішілігімен ғана өлшенбейді, елге деген жүрегінің таза болуына, өз өмірінің ел өмірімен бірге өрілуіне де байланысты. Білімді əрі білікті бола тұрып, ол еңбегі елі үшін емес, өзі үшін жасалғандай, қоғамнан тыс өмір сүретін кісі данышпан болғанымен бағасыз. Ұлтты құртатын үш нəрсе бар: дəстүрсіздік, еліктегіштік (космополитизм), тұқым араласуы (ассимиляция). Орта жолды ұстанған дұрыс, бірақ орта топта болу шарт емес. Орта топта қашанда керексіздер көп. Ол топ ақылдылар мен белсенділерді жақтырмайды. Оларға көп өзгеріссіз тыныш өмір керек. Қазақ елі мен жерін білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған. Бүгінде заман өзгерді, білек пен найзаны білім мен ақыл алмастыру дəуірі туды. Өткенді көксеу кейінге шегіндіреді, өткенді көксеу емес, құрметтеу керек, мақтаныш ету үшін ғана еске түсіру керек. Кешегі құралдармен ұлттың бұрынғы рухын сақтап қала алмайтын болғандықтан, бүгін рухымызды көтерер тəсілдер мен əдеттерді сіңіруіміз керек. Соның жолында патша да, уəзір де, əкім де, қарапайым адамдар да қайрат, жігер, намыс күшін жұмсауы керек. Өткенге мақтанбаған жөн, оны ешкім алып кетпейді, бүгінге тоқмейілсімеген дұрыс, ол тоқыратады, ешкім өзін ешқашан ешкімнен қор санамасын, тең санасын, тең болуға ұмтылсын. Бүкіл əлемге қатысты қағылатын қоңыраулар бар. Оны кімге арналып соғылып жатыр деу керексіз. Алдағы кезде əлемдегі əрбір қоңырау бəріміз үшін соғылады. Еңбек Жұмыс не болып жатқанын сезінуге нұр құю үшін орындалады, қайтым үшін жасалмаған жан аямас қызмет барлық нəрсеге жарайды. Лао-цзы Жұмыстың қай түрі болмасын айып емес, жұмыс істемей бос жатқан айып. Гесиод Жұмыстың қай түрі болса да бекер жатқаннан жақсы. Демокрит Істің соңы төрт түрлі болады. Бір істің соңы заңды ұсыныс жолымен шешім қабылдаумен аяқталады. Екінші іс соңы – табиғат заңдарымен күннің батуы, жылдың аяқталуы секілді аяқталумен белгіленеді. Үшіншісі – икемге қарай бір шығарманың, суреттің жасалуымен, құрылыстың салынуымен аяқталады. Төртінші іс соңы – кездейсоқ, жоспарлағанға қарама-қайшы бітуі. Платон Істің өзі – өзі үшін сөйлеп тұрады. Кар Лукреций Үлкен еңбексіз өмірде жетістік бола салмайды. Гораций Істен қашпа, бірақ қатты ұмтыла берме. Гораций Өзің жете алатын нəрсені Құдайдан сұрап қайтесің. Эпикур Бір нəрсені түсіну үшін, оны жасау керек. Софокл Адамды ұзаққа созылатын дене əрекетсіздігі қажытып жібереді. Аристотель Шығармашылықпен айналысу – тазару. Аристотель Сені суық суға тастап жіберсе, өзіңнен-өзің мықты жүзгіш боп кетесің. Сократ Жұмыссыз бос отыру – бақытсыздық. Карлейль Ізденгендер іздегенін табады, не болмаса, іздегенінің орынсыз екеніне көзі жетіп мойындайды я болмаса, табандылыққа үйренеді. Секст Эмпирик

Жұмыс жоқтық пен сауыққойлық надандықты тудырып қана қоймайды, адамды кеселге ұшыратады. Ибн Сина Кабуснамадан: Өзіңді дүние-мал жинаудан жырақ ұстама. Əр уақта да адал мал жинау үшін əрекет істе. Мал, дүние деп өз басыңды қауіп-қатерге салмағын. Мал тапсаң, оны жақсы сақтай біл. Əрбір болмашы іс үшін қаржыны шаша берме, өйткені жинаудан оны сақтау қиын. Егер дүниең аз болса, оны ұқыптылықпен сақтауды қажет деп білгін. Бар дүниеңді қанағат ет, қанағат ету – таусылмас дəулет, сен қандай халде болсаң да, рызық, несібеңнен айрылмайсың. Жақсы сөздің немесе көптің көмегімен жақсы нəрсе қолыңа түссе, сен оны тез құртып жіберме. Өйткені дүниесіз адамның қадірі болмайды. Халыққа байдың пайдасы тимесе де, онымен дос болғысы келеді, ал еш зияны тимесе де, кедейді бай дұшпанындай көреді. Кедейленудің себебі ысырапкершілік, ысырапқорлық дүниемен ғана шектелмейді, ол ас-ауқатты пайдалануда, адамның мінез-құлқы, сөзінде де болады. Ысырапқорлық өзіңді алдап, деміңді тарылтып, ақылыңды аздыртады. Мысалы, шамшырақ маймен жанады, егер майды мөлшерден артық құйсаң, пілтенің басынан асып, шам өшеді. Май шырақтың жануына себепші еді, бірақ ысыраптың салдарынан сөнуше немесе өлуге мəжбүр болды… Дүниенің рақаты – еңбек ете білуде. Бүгінгі рақатың – кешегі еңбегіңнің жемісі. Əрбір табыс қолыңа түссе, оны бес бөліп, екі бөлігін үй қаражатына жұмса. Бір бөлігін қартайып, мүгедек болатын уақытыңа ықтияттап сақтап қойғын, бұл іске көз жұмушы болма, қарттық үшін сақталған дүниені пайдаланушы болма. Қалған екі бөлігін өзіңе қажетті құрал-жабдықтар үшін пайдалан. Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды ұлы дер едім... Əл-Фараби Еңбек етуге тəрбиелеу – ең басты қасиет, ондай еңбек бірнеше түрге бөлінеді: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлескен еңбек. Əл-Фараби Халықтың қамын жесең, таза еңбек ет, Дəстүрді ұста, көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бір-ақ жол бар, Білім, еңбек, тəрбие, ол – парасат. Əл-Фараби Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала. Махмұт Қашқари Тірлік басқа болса да, тілек бір. Бармақ басқа болса да білек бір. Бəйдібек би Білектің күшінде кеткеніңді, Біліктің күшімен қайтардым. Найзаның ұшында кеткеніңді, Тілдің ұшымен қайтардым. Бөлтірік шешен Кез-келген сүрінген сəтіңді бақытсыздыққа балама, мүмкін сенің шын бақытың сол жерден басталар. Лев Толстой Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс білсеңіз. Абай Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле. Абай Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық – Аздырар адам баласын. Абай Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап. Абай «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса – ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып,

көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі. «Қалауын тапса қар жанады», «Сұрауын тапса адам баласының бермесі жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой. Абай Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл. Шəкəрім Орнына жұмсалмаған еңбек, зұлымдыққа жұмсалған ақыл – отқа түскен көбелекпен бір есеп. Шəкəрім Адал еңбекпен қатын-баласын асырап, артылған еңбегімен өзінен төмен кем-кетікке жəрдем қылуға əлі жетіп, соған əбден құмарланып кеткен адамның бəрі Атымтай. Бірақ, дені сау адамды Атымтай асырай берсе, ол тіленшілікке салынып алады. Шəкəрім Басына ауыр қайғы түскен кісі: «Мен», – деп ойлар адамның ең сорлысы». Өткен іске өкініп, шыжбалақтап, Келесіден именіп тұрады іші. Сабырсыздың осындай əрбір ісі, Түн артында күн бармен жоқ жұмысы. Ойлап тұрсам, адамның ең артығы – Ерінбейтін, еңбекшіл шыдамдысы. Шəкəрім Бəріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл. Шəкəрім Адамға үлкен міндет талап етпек. Шəкəрім Жоқтық егіндігіне бидай еге алмасаң, барлық қырманынан жалғыз дəн де ала алмассың! Шəкəрім Анық бақ деп айтарлық үш нəрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. Шəкəрім Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ, Білім білмек əр іске шебер болмақ. Қолөнерден пайда қыл үйреніп-ақ, Кетпес дəулет осы ғой əмбеге хақ. Шəкəрім Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды, Бабын таппай мінгенді қылар жынды. Шəкəрім Адамшылық іздесең, бұл жолға түс, Алдау қылма біреуге қиянат күш! Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа, Ар, ынсаптың сүйгені таза жұмыс! Шəкəрім Оқығаным: Африканың шөлінде бір керуенмен еріп келе жатып, ауырып жүре алмай, бір судың басында қалып, аздан соң жазылып, керуендерге жеткенше азығым таусылып, аштан өлер болып, əлім кетіп, бір жерге отыра кеттім. Алдыма қарасам, бір кеседе қуырылған бидай тұр екен. Өмірімде осыдан қатты қуанғаным жоқ. Енді жейін деп аузыма салсам, бəрі меруерт екен. Өмірімде содан қатты кейіген емеспін. Қайтерімді білмей, қасымдағы дөңкиген құмға қарасам, құмнан бір киімнің етегі шығып жатыр екен. Құмды ашсам, мендей бір сорлы өзінөзі құмға көміп, өлерінде алдындағы тақырға таяғымен мынадай сөздер жазып қалдырыпты: «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ, менің мына бір кесе меруертім мен белбеуімдегі жүз ділдəм мені бір шақырым жердегі мөлдір бұлақ, жемісті ағашқа жеткізе алмай, аштан өлдім, мені сол бұлақтың басына көміп, моланың басына: «Азықсыз аш адамға ат басындай алтынның пайдасы жоқ», – деп жаздырып қойған адамға осы меруертім де, ділдəларым да адал болсын». Шəкəрім Тайды күтіп мінген ат та мінеді. Əмір Темір

Жұмыстың қай түрі болмасын айып емес, жұмыс істемей бос жатқан айып. Гесиод Талант дегеніміз бір процент қана қабілет, ал қалған 99 проценті еңбек. Эдисон Əркім өзінің шамасы келетін істі қолға алуы керек, əйтпесе жүктелген істің ауырлығынан шаңға аунап қалу қиын емес. Данте Жігіт адамға бас кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – кедейлік кесірлік. Төле би Бір мақсатты көздеп үлкен жолға шыққанда саған үр ген кез келген итке тұра қап тас ата берсең, онда ешуақытта көздеген мақсатыңа жете алмайсың. Федор Достоевский Істеп жүрген жұмысыңнан бақыт табам десең, оның үш шарты орындалсын: бірінші, атқаруға тиіс жұмысыңа шамаң келетін болсын, екінші, ол жұмысты шектен тыс ауырламайтын бол, үшінші, істеген жұмысыңның қорытындысы болсын. Рескин Жұмыс істегісі келген кісі оған қол жеткізер амал іздейді, жұмысты қаламайтындар – сылтау іздейді. Сергей Королев Өзіңді өзің жұмылдыр. П. Керженцев Істей алатыннан гөрі, істеуді қалайтын шаруаны көбірек тындырады. Г. Мурей Сен кім болсаң да мейлің, тіпті, көр қазушы болсаң да, өз ісіңнің ең шебер маманы болуың керек,. Джозеф Кеннеди Еңбек бізді үш бірдей жаманшылықтан құтқарады: зерігу, кесел, жоқшылық. Вольтер Ерікті, өнімдік қызмет бізге мəлім рахаттың ең зоры. Энгельс Адамды тез тоздыратын еңбек емес, жалқаулық, ол – тот тəрізді мүжиді. Бенджамин Франклин Еңбек өмір шамына май тамызып отырушы. Джон Белдерс Бақыт еңбек еткен адамға басын иеді. Леонардо да Винчи Істі доғарсақ, өмір сүруді де доғарамыз. Бернард Шоу Жабырқаған кезде жұмыс істе, ол – қайғыны сейілтудің бірден-бір жолы. Жаның жабықпауы үшін жұмыс істе, құлазыған көңілді еңбек қана жұбатады. Тасың өрге домалап тұрған кезде жұмыс істе, «бас айналудың» бірден-бір емі жұмыс. Иоханнес Бехер Жұмыс – өмірдегі басты нəрсе. Барлық сүйкімсіз, пəле-қырсық атаулыдан бір ғана еңбек арқылы құтылуға болады. Эрнест Хэмингуэй Адам жұмыстан өлмейді, бірақ жалғыздық пен жұмыссыздықтан адамдар жүдеп, жүнжіп кетеді, өйткені құстың ұшуға жаратылғаны сияқты, адам жұмыс үшін туылған. Мартин Лютер, немістің діни реформаторы Шамаң келгенше ой жұмысын алға тарту керек. Жұмыстың екпінді түрде болғаны жақсы жəне үнемі жақсылық жасап жүр. Бұл қартаймауға септігін тигізеді. Əрқашан ортаға деген ниетің түзу болу керек. Ешкімге зияныңды тигізбесең, ешкімнен қорықпайсың, ешкімнің алдында жауапты болмайсың. Төрегелді Шарманов

Кім көп жұмыс істесе, со ның күші көбейеді. Егер мен бір күн жұмыс істемесем оны өзім сезінемін, екі күн жұмыс істемесем əріптестерім сезіп қояды, үш күн істеме сем жұрттың бəріне көрініп тұрады. Майя Плисецкая Төккен терің болмаса, елге өкпелеме. Нақысбек шешен Еңбекқорлық – шыдамдылық; Еңбекқорлық – қызығушылық; Еңбекқорлық – жетілу; Еңбекқорлық – лайықты тұрмыс. Өзбек мақалы: Бекер жүргенше, бекер істе. Адамдарда бұйығып жатқан күш бар, оны оята жүру керек. Күш-жігер, нысаналы мақсат керек. Порфирий Иванов Ойың мен ісіңде айырма болмасын. Ең бастысы – ниет еткен ісіңді орындау. Порфирий Иванов Далай лама: Өмір сізге қарсы емес, ол əрқашан сіздің жағыңызда. Еңбек – шын инабаттылықтың бірден-бір көрінісі. Қазақ мақалы: Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кəріден Еңбегін сатқан бала артық. Адам жұмыстан өлмейді, жалғыздықтан, құсадан, керексіздіктен өледі, құсқа қанат қандай керек болса, жұмыс адамға сондай керек. Бүгін істеу керек нəрсені бүгін істе, ал көңілің қалаған нəрсені ертең не бүрсікүні істесең де болады. Лажы болса көңілің қалаған нəрсе қажет нəрсе болсын. Кез келген уақытша бақытсыздық адамдағы жасырын мүмкіндік терді оятатады. Əрбір оқиға біз оған дайын болған кезде бізге тап болады. Өмір сағат сияқты – бұрап тұрмасаң тоқтап қалады, қатты бұрап жіберсең серіппесі үзіледі. Бақытты болу дегеніміз – рахат сезімде жүру. Адамның өмірінің басым көпшілігі жұмыспен өтеді, сондықтан алдымен істеген жұмысыңнан ра хат ал. Жазы ұзақ, əрі ыстық өңірлерде жұмыр тезегін домалатып, əлдебір жаққа алып кетіп жататын нəн қара қоңыздарды көп көруге болады. Өздері өте үлкен, көлемі алдындағы домалай-домалай жұп-жұмыр болған тезегімен шамалас. Қоңыз жайымен, өз табысын дөңгелете кетіп бара жатады. Өзге дүниемен шаруасы жоқ. Ешкімге зияны да жоқ-ау, сірə. Кейбіреулердің өмір сүру тəртібін сол қоңызға теңеймін. Жұмысқа бара ды, келеді. Берген айлықты үйіне əкеледі. Басқа ештеңемен шаруасы жоқ. Жұмыссыз отырмын деп те, жұмыс көбейіп кетті деп те шағынбайды. Бəрібір. Ұдайы тынбай жұмыс істей берген адам ақылынан адасады немесе жеке өмірі ойран болады. «Өмірден жылдам тек өлім ғана. Ертеңге қалдыруға болатын істі бүгін істеудің не керегі бар?» деген тунис мақалы бар. Толстой: «Жұмыс… бүкіл еуропалықтар айтатындай ізгі іс қана емес, ол жамандық та, я болмаса жамандыққа бастар жол; адам еңбекке араққа құмартқандай құмартып, өзінің рухани өміріне зиян келтіреді, іс алдындағы міндеттілікті адамдар алдындағы міндеттіліктен алға қойып алады» дейді. Батыс адамының басым бөлігі жұмысқа əбден берілген. Қызметте де, үйде де, жолда да – жұмыс. Жұмыс уақыты мен бос уақыт екеуі араласып кеткен. Оған ұялы телефон, интернет жəрдем береді. Бұрынғы «Жұмыста – жұмыспен, өзге кезде өз тіршілігіңмен» деген қалыпты тұрмыс дағдысы бұзылған. Демалуға уақыт жоқ, əлгі «ойыншықтар» мен бас толы ой оған мүмкіндік бермейді. Тамақ асығыс-үсігіс ішіледі. Адамдар ұмытшақ, күйгелек, ашуланшақ, яғни стресске бейім. Бастықтың көзіне түсу, мансапқа жету, көп ақша табу – мақсат сол, осындай тұрмыс өмірдің мағынасы болуға айналған.

«Егер адам не үшін өмір сүретінін білсе, онда оған қалай өмір сүретіні бəрі бір» деген қағиданы осындайда еске жиі түсіріп, жалғыз жұмыс қана өмірдің мағынасы бола алмайтынын ұмытпаған дұрыс. Қалмақтардың қарғыс сөзі: Өзің білме, білгеннің тілін алма. Ізденген дұрыс. Гелийді ойлап тапқан Содди деген ғалым, оны ол іздеген соң тапқан. Армандаушы арманынан күштірек болуы керек. Қазақтың еңбек туралы мақал-мəтелдері: Еңбегі аздың – өнбегі аз. Жатқанға жан жуымас, Жалқауға мал құралмас. Қойшыны таяғы асырайды, Қасқырды аяғы асырайды. Қолы қимылдаған адамға Кедейлік жоқ, Аяғы қимылдаған адамға Алыстық жоқ. Əлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің. Бір кісі қазған құдықтан Мың кісі су ішеді. Еңбек ширатады, Өмір үйретеді. Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді. Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді. Ащы еңбектен – тəтті нан. Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар. Отынды шапқанға жақтыр, Малды тапқанға бақтыр. Кəсіп Панчатантрадан: Жерге егілген бидайдың немесе арпаның дəнін, топырақтың арасында жатқанда ешкім көрмейді, тек өсіп-өніп шыққанда ғана белгілі болады. Панчатантрадан: Əдeмі сөздeн eштeмe өнбeйді, жетістік – əрeкeттe. Мысалы ауру адам eмдeлудің жoлын білсe, бірақ eмдeлмeсe, ауру өздігінен жeңілдeуі қиын ғoй, сoнда oның емдеу жолын білгeнінeн нe пайда? Қабырғаңмeн кeңeсіп ұйғарған oйыңды ісіңмeн көрсeт. Малым аз дeп қайғырма, пeйіліңді кeң ұста, ақ пeйілдің аты арып, тoны тoзбайды, oны жұрт малсыз да сыйлайды. Байлығы мoл бoлса да, адамгeршілігі жoқты халық қадірлeмeйді, мысалы алтынмeн аптап, күміспeн күптeп, мoйнына жалтырақ қарғы, аяғына алтын білeзік тақсаң да итті ит дeп таниды. Жат жeрдe жүрмін дeп қайғырма, жақсыда жаттық жoқ. Өз eліндe дe, жат eлдe жүрсe дe, адамға ақылы жoлдас. Панчатантрадан: Адам ойға алған ісін жүзeгe асыру қoлынан кeлe тұрып, сoны oрындауға батылы бармаса, eкінші рeт oндай жағдайға кeзікпeйді. Кімдe-кім бір істің мeзгілін күтіп жүріп, уақыты кeлгeндe өз oйын oрындай алмаса – oның жұмысы сəтсіздіккe ұшырайды, өзі өкінішкe ұрынады, oндай сəт eнді қайтып кeлмeйді. Панчатантрадан: Кімдe-кім бір кeлeлі іскe, зoр мақсатқа ұмтылса, алайда бір бoлмашы кeдeргідeн шoшып мақсатынан бас тартса, oндай адам ұлы дəрeжeгe жeтe алмайды. Бұл жалғанда eшкім дe пайдалы нəрсeнің eшқайсысын өзімeн біргe ақырeткe ала кeтe алмайды. Панчатантрадан: Ұмтылған ісінe қoлы жeтeр-жeтпeстe тастай бeріп, тағы бір іскe ұмтылатын, бірақ oны да тoлық аяқтамай, ақырында eсі шығып, бoсқа қалатындар көп. Буддадан: Шамасы келмейтінге – пəк болу, кедейге – байлықтан бас тарту жеңілірек.

Бір істі қолға алған кісі құдық қазушының кебін киеді. Егерде ол құдықты терең қазып судың көзіне жетпей тоқтаса, онда бар еңбегінің зая кеткені. Конфуций Күші жетпегендер бастаған ісін орта жолда тастап кетеді, бастамағандарды қайтеміз? Конфуций Шашып төгуге құмарлық бағынбауға ниеттендіреді, үнемділік – жүдеулікке. Бірақ жүдеулік бағынбағаннан жақсы. Конфуций «Жиырма пайыз салық алсам да жетпей жатыр, биыл өнім де нашар болып тұр», – деген князьге, Ю Жо былай депті: – Онда он пайыз салық ал. Халыққа жетсе сізге де жеткені. Халыққа жетпей тұрса, сізге қалай жетпек? Конфуций Қарағай мен кипарис күн суыған сайын қатая түседі. Конфуций Жетістікке тез жетемін деп есеп жасама жəне аз табысқа елікпе. Асықсаң – мақсатыңның орындалуы қиындайды, азға қанағаттанып қоя салсаң үлкен жетістікке жете алмайсың. Конфуций Білу мен түсіну – өнер, тəжірибе емес. Өнерді білген адам тəжірибесі мол адамнан ақылдырақ, өйткені ақыл көбірек білімге байланысты, тəжірибелі адам «не екенін» біледі, бірақ «қалай екенін» білмейді, өнерлі, яғни білімді əрі түсінігі мол адам «қалай» екенін де біледі. Сондықтан кəсіпті жақсы меңгерген адам тəжірибесімен өз кəсібін ғана дұрыс атқарады, ал үйретуші мəселенің қалай туындағаны мен жолы қалай екенін айта алады. Аристотель Көп істі нашар бітіргеннен бір істі басынан аяғына дейін жақсы атқарған жақсы. Аристотель Кəсіп үш түрлі болады: біріншісі – өнім шығарушының еңбегі, екіншісі – өнімді ұқсату, қайта өңдеу, үшіншісі – пайдаланушы кəсіп, атты, қаруды, музыка аспабын пайдалану арқылы кəсіп ету. Платон Етікші етіктен басқаға баға бере алмайды. Апеллес Ынта-ықылас мұратқа жеткізер. Периандр Мал бақсаң, малға қызмет етіп кетпе. Диоген Іске ие бол, сөз табылады. Катон (үлкені) Қарыздың азы борышты қылады, көбі жек көргізеді. Сенека Бастаған ісіңді табандылықпен жалғастыр жəне жаныңның жайлылығы мен жетілуіңнен ұзағырақ рахат алу үшін асық. Сенека Хадис: Бастарың қосылғанда біріңді-бірің жамандап, теріс пиғыл таратып күнаhар болғанша нəпақаны айт. Хадис: Сауданы жасағанда тек пайда табуды көздеме, халықтың мұқтажын өтеу үшін жаса, сонда жаның рахат алады. Кабуснамадан: Кəсіп деген дүкеншілік емес. Əрбір адам бір істі қолына алса, оны жақсы біліп, əдістерін үйреніп, құпия сырларын игеріп, машықтануға міндетті. Сонда ғана ол кəсібінен көп пайда табады. Адам баласы өнерді игеріп пайдалануға талаптанады. Кəсіп деген шін мəнінде, есепсіз көп. Əр қайсысын жеке-жеке талдау мүмкін емес, талдайтын болсақ сөз көбейіп кетеді.

Ілімнің сипаты үш түрлі деуге болады: кейбір кəсіпке байланысты ілім; ілімге байланысты кəсіп, қайырымдылық жəне қисынды дəлелдемелерге қатысты əдет, тəртіптер. Кейбір кəсіпке байланысты ілімге тəуіптік (дəрігерлік), инженерлік, жер өлшеу (геометрия), ақындық жəне осыған ұқсас ілімдер кіреді. Ілімге байланысты кəсіпке: музыка, құрылысшы, жер асты құбырлары мен құдық арқылы су алу кəсібі сияқтылар жатады. Бұлардың əрқайсысының өзіне тəн қағидалары бар. Егер сен сол қағидаларды жəне тəртіпті білмесең, қанша мықты болсаң да, тек таңданудан басқа ешнəрсе қолыңнан келмейді. Жалпы өнер, кəсіптің ішінен ілімге талапкер болсаң, өте ұқыпты əрі ынсап-қанағатты бол. Ілімге дос болғың келсе, уақытты босқа өткізуді дұшпаным деп түсін. Сабырлы əрі салмақты болып, жеңілтек желөкпелер қатарына қосылма. Кеш жатып, ерте тұр. Кітап оқу, сабақ беру мəселесіне ерекше көңіл бөл. Өз ісіңнен зерігуші болма, оқығаныңды жаттай қайталаумен жақсы біліп алғын. Нені естісең, соны көңіліңнен қайталап өткізіп, жадыңа сақтауға тырыс. Кітап, қалам, қағаз, қаламұштағыш сол сияқты тағы да басқа қажетті заттарды əрдайым өзіңнің жаныңа қойып, басқа нəрселерді маңыңа жуытпа. Аз сөйлеп ұзақ ойланғын. Егер əрбір азаматтың табиғаты осы іспеттес болса, ол сөзсіз өз заманының озық адамы болады. Дариға, арпалысып нəпсіменен, Арманда өтті ғұмырым жақсы деген. Жан құсы самғап, рухым қашты менен, Наданның өмірі желмен жөнер, достар. Қожа Ахмет Иасауи Дихан болсаң қолыңа кетпен ал да халқыңа нан бер, ғалым болсаң қолыңа қалам ал да халқыңа мəн бер. Қожа Ахмет Иасауи Бейқамның жəне бейқамсыған адамның сыбағасы бір, өйткені бейқамдық адамды сəтсіздікке бастайтыны сияқты, бейқамсыған адамның өтірік бейқамдығы да сəтсіздікке бастай ды. Əл-Фараби Адамдардың пайдалысы – адамдарға пайда келтіргендер. Омар Хайям Барды жоққа, табылғанды табылмағанға айырбастама, өйткені мұндай саудадан сен ұтылып қаласың. Рашид ад-дин Хамадани Неғұрлым асықсаң, соғұрлым аз істейсің. Лев Толстой Бір нəрсені өте істегің келген əрбір жағдайда тоқта да ойлан: істегің келген нəрсең жақсы ма, жаман ба?! Лев Толстой Өзіңіздің де, өзгенің де сөзіне сенбеңіз, өзіңіздің де, өзгенің де істеріне ғана сеніңіз. Лев Толстой Нашар дөңгелектің салдыры басым. Дəнсіз масақ көкке бой ұрады. Лев Толстой Ешбір істе табыс «қателік істеу құқығынсыз» мүмкін емес. Жалған нотадан қорқатын скрипкашы тыңдаушыларын баурап алмайтыны сияқты, айтылмайтынды айтып қоюдан сақтанатын жазушы да жаңа ой мен сезімді бере алмайды. Лев Толстой Ұнамсыз істерді жасыру жақсы емес, бірақ оларды ашық істеп, мақтан тұту одан да жаман. Лев Толстой Білмегендік ұят та, зиян да емес. Ешкім де бəрін біле алмайды, ал білмейтінді білемін деу ұят əрі зиян. Лев Толстой Өзеннің арғы бетінен тура осы тұсқа өтуің керек болса, жоғарырақ ал. Сонда ғана ағыспен керекті тұсыңа барасың. Лев Толстой Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Əуел құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды. Абай Егерде мал керек болса – қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың əулиесі сол. Абай

Мақтан қума, керек қу. Абай Алға қадам жасағанда, шегіне аласың ба, соны ойлан. Сонда мүйізі қабырғаға кептеліп қалған сүзеген қошқардың кебін кимейсің. Хун цзы чен Қиын жұмысты орындауға қол жеткізу үшін, бақталастық рухын ояту керек. Мен мұнда бақталастық деп көбірек пайда табу мақсатын емес, өзінің басымдығын дəлелдеу ниетін түсінемін. Шекспир Қазақ сөзі: Бəрің бірдей тойшы болсаң, жын боларсың, Бəрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың, Бірің тойшы, бірің қойшы болсаң бұл боларсың. Тұрмысы бұл заманның күреспен тең, Тəуекел, күреске түс, бар дағы сен. Дүниеде барлығыңды кім біледі Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен. Ахмет Байтұрсынов Кім сені бұл дүниеде бар деп айтар, Кім саған шаппай бəйге ал деп айтар. Жықпасаң да күресіп, талаптансаң – Еті тірі, жау жүрек жан деп айтар. Ахмет Байтұрсынов Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды. Ахмет Байтұрсынов Көрпең қысқа болса, көсілуге жетпейді, созғаныңмен молаймайды, оған жалғыз-ақ амал бар: үлкен көрпе алғанша, көсілуді қойып, аяқты жию. Ахмет Байтұрсынов Аш адамға Құдай нан түрінде келеді. Махатма Ганди Қазақ сөзі: Аспайды аштың ойы астан деген. Қазақ мəтелі: Өзің еккен өріктің, басқалардан дəмі артық. Өзің тіккен бөріктің басқалардан сəні артық. Жапон мəтелі: Жылқыны суатқа жетелеп алып баруға болады, бірақ оны суаттан су ішуге зорлай алмайсың. Өсиетке терең бол, Өкпе сөзге керең бол. Кедеймін деп налынба Арыңды сатып жалынба. Есет би Қытай нақылы: Мақтап-мадақтай бастағандар сені ұрлап отыр. Қанағатың болмаса, Бар да болсаң жарлысың. Үмбетəлі Халық даналығы: Ерге назар жүрмесе, есек базарында делдал да бола алмайды. Үнді нақылы: Үлкен ағаш көлеңкесімен талайды қорғауы мүмкін, бірақ өзі күнге шыжып қалып қояды. Жоғарыға ұшқан даңққа бөленеді. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады, даңқ мысқалдап кіріп, батпандап шығады. Даңқ жүрген жерде əзəзіл боп нəпсі жүреді. Адам түгіл шайтанды да адастыратын – нəпсі. Даңқ өзі келмесе, артынан шам алып өзің түспе! Шырақ алып іздегенің – нəпсіге бой алдырғаның. Шикі тері илесең, ұлтан болады, нəпсісін тежей білген сұлтан болады. Нəпсі тойымсыз. Аспандағы құсты да жердегі жем ұятқа қалдырады. Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді, ер-азамат білгірлігімен жетеді. Көп жағдайда биіктегіні күндей көрме, өзің жеткен күнде төмендегіні жүндей көрме! Жарлылық пе байлықтың қандайы да, жазылмаған ешкімнің маңдайына! Сұрғылт тұман торламаған аспан жоқ, сор мен шерге шырмалмаған данаң жоқ. Даңқтың жолы – даңғыл емес,

абыройдың жолы – əрдайым арналы емес. Дана мен кемеңгерді күндеуші көп. Өйткені, құнарсыз жеміске құрт та жуымайды. Əйтеке би Чжуан-цзы айтқан аңыз: Маймылдардың патшасы таңертең каштан жаңғақтарын таратып тұрып: «Қазір үшеуден берсем, кешке төртеуден жетер еді», – депті. Оны жақтырмай маймылдар шулап кетіпті. «Онда қазір төртеуден, кешке үшеу ден берейін», – депті патшасы. Маймылдар қуанып сандарын шапаттапты. Я, Жасаған ием, маған қолымнан келетін істі атқаратын қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл бер. Шығыс ұлағаты Қарап отырма, бір нəрсеге жарап отыр: кəсіп болмай, нəсіп болмас. Төле би Тəжірибе жинау жеткіліксіз, одан мүмкіндігінше дəлелдер мен қорытындылар шығару үшін оны таразылап, талқылау жəне екшеп, қорыту керек. Мишель Монтень Мен бірде-бір адамның өз ізбасарының табысқа жетуін қаламайтынына сенімдімін. Олардың бəрі сəтсіздікке ұшырайды-ау деген үміткерлерді ұсынады, бұл жағдайда олардың жетістіктері одан сайын елеулі бола түсер еді. Харви Маккей Орыс мақалы: Бос тілектің бір қабы бір құты темекіге татымайды. Өмірде ең қауіпті екі жау бар: бірі дарынсыз кəсіпші, екіншісі – кəсібі жоқ дарын. Анатоль Франс Іс автомобиль сияқты: өз бетінше тек ылдиға қарай жылжиды. Чарльз Шваб, американ миллиардері Чарльз Диккенстің формуласы: Бір жылғы табысың 20 фунт болып, шығының 19 фунт 19 шиллинг жəне 6 пенс болса – жақсы. Табыс 20 фунт болып, шығын 20 фунт 6 пенс болса – ол кедейлікке бастайтын жол. Орыс мəтелі: Барлық жұмыртқаны бір корзинаға салма. Тез істеп, нашар істесең, тез істегенің ұмытылып, нашар істегенің есте қалады. Ал, егер, жайлап істеп, жақсы бітірсең, жайлап істе генің естен шығады да, жақсы бітіргенің есте қалады. Сергей Королев Жұмысты істеуге ықыласты адам білетін адамнан артық істейді. Г.Мурей Адам өзі үшін істегенде ғана шын ықылас пен істейді. Герцен Тəжірибе – ойдың жемісі, ал ой – əрекеттің нəтижесі. Дизраэли Қаймақ қосылған бүлдіргеннің принципі: «Өзім қаймақ қосылған бүлдіргенді ұнатамын, бірақ балық құртты дұрыс көреді. Сондықтан мен балыққа бара жатып, өзімнің жақсы көретінімді емес, балықтың ұнататыны туралы ойлаймын». Дейл Карнеги Егер сен бір істі тез, бірақ нашар істесең, бəрі көп ұзамай сенің оны жылдам орындағаныңды ұмытып, нашар атқарғаның есінде қалады. Егер сен бір нəрсені баяу, бірақ жақсы істесең, онда сенің баяу істегеніңді ұмытқанмен, жақсы істегеніңді ұзақ есте сақтайды. Ян Амос Коменский Жоғары өрле немесе жолды босат. «Маккинзи» американ басқару мектебінің принципі Табысқа жету үшін қол жететін біршама жоғары мақсат қою керек. Макс Планк

Мынаны түсіну керек: егер адамда өзімшілдік мүдделілік болмаса, толық қайтарым да болмайды. Адамның табиғаты сондай жəне мұнымен күресу əурешілік. В. Леонтьев, американ экономисі Өндіріс мəдениеті адамдар арасындағы қатынастың мəдениетін туғызады. Таза қырынған адам міндетті түрде жағасы таза көйлек киеді. Ал жағасы таза болғандықтан, ол шарасыздан бəтеңкесін тазалайды. И.А. Лихачев Екі тау тұрғыны өгізге мойын ағаш кесіп алу үшін ауылдан шығып, орманға барыпты. Бұрынғы мойын ағашы тозған көрінеді. Бірінші тау тұрғыны лайықты ағашты бірден тауыпты да таңдаулы екі бұтақ кесіп алыпты. Ал оның жолдасына бір ағаштан бір ағаш жақсы көріне беріпті. Сөйтіп ол күні бойы орман кезіп, өзіне қажет ағашты кесіп алуға дəті бармапты. Ақырында барып, ең бұрын кездескен ағаштан əлдеқайда нашар екі бұтақ кесіп алыпты. Кешке үйіне қайтып келе жатса, манағы орманға бірге барған жолдасы өгізіне жаңа мойын ағаш кигізіп, жер жыртып жүр екен. Расул Ғамзатов Саған қарсы келуге батылы жететін адамға ғана сенуге болады. Екатерина-ІІ

Мəселені дұрыс қоя білудің өзі оны жартылай шешу деген сөз. Дмитрий Менделеев Ер үстінде ұйықтамасаң, Атқа мініп нең бар? Халық қамын ойламасаң, Датқа болып нең бар?! Саттар Ерубаев Қай істі болсын атқаруға кіріскенде қорқыныш, бір шешімге келе алмау, күдік – осы үшеуімен күресе біл. Р.Уотермен Қазақ нақылы: Бір тəуекел бұзады Мың қайғының қаласын, Бір жақсы сөз жазады Мың көңілдің жарасын. Черчилльдің Хрущевқа айтқаны: Достым, асықпа! Апанды екі басып, аттап өтуге болмайды. Ішіне түсіп кетуің мүмкін. Гамперсон заңы: Бір жұмысты тындыруға құлқың болмаса, оның нəтижесі де ойдағыдай болмайды. Теорияны мəліметтер жоқ кезде жасап, нақты фактілерді теорияға бағындырғысы келетіндердікі – қателік. Қайта, теория қолда бар фактілерге сəйкестелуі тиіс. Шерлок Холмс Асанбай Асқаров айтып берген мысал: Архиерей өзінің қол астындағы діншілдерін аралап, өз көзімен көріп қайтқалы елге шығыпты. Ол жақындаған кезде, тəртіп бойынша, шіркеуде қоңырау соғылып қарсы алуы тиіс екен. Бір жердегі шіркеуде қоңырау соғылмапты. Жергілікті шіркеу ұстаушы дьяконды шақырып оның себебін сұрағанда, ол, қоңыраудың соғылмауына он екі себеп айтқан екен. Соның ең соңғысы: «ол жерде қоңырау жоқ еді» болыпты. Соғылар қоңырау болмаса алдыңғы он бір себептің керегі бар ма еді?! Асығыс жұмыстан ақаулы бала туады. Михаил Шолохов Жоқ деген жерге жоқ үйір болады… Ділдə Матайқызы Ақылды отқа қарайды, ақымақ қазанға қарайды. Астында лаулаған оты болмаса қара қазан қайтіп қайнасын? Ділдə Матайқызы Ең үлкен қарыз – уəде мен сенім. Біреуге уəде – қарыз. Уақытында орындамасаң сенімнен айрыласың. Қадірің қашады, қадірің қашса азаматтық бейнеңе нұқсан түседі. Көп ортасында бетіңе шіркеу жамылады. Сен əке-шешеңнен өзіңе деген ғұмырды, тəлім-тəрбиені, бойына дарыған қуат пен парасатты, пайымды мінезді, жақсылықты, дархандықты

қарызға алдың. Ендеше осы ізгі қасиеттерді шашау шығармай бауырыңнан өрбіген ұрпағыңа беруге тиістісің. Бұл қарыздың парызы. Егер оған əлің жетпесе, азаматтығың тартпаса обал-сауабы мойныңда қалады. Біреуге айтқан жылы сөзің де қарыз. Кейде өтеуін тосасың. Ал, ақша-күнделікті тұрмыста жиі кезігетін қарыздың бір түрі ғана. Ділдə Матайқызы Төле биге сəлем бере келген əрі батыр, əрі шешен Шақшақ Жəнібек: – Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? – деп сұрайды емес пе. Сонда Төле би: – Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа, түбіңе жетер. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең таяқ, қарның ашса – тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң əуейі боларсың. Əйел алсаң, көркіне қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң – ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тымау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Елге бай құт емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе, батыр менен биге күш. Қарап отырғанша бір нəрсеге жарап отыр, кəсіп болмай нəсіп болмас, ұлым, – деген. Ділдə Матайқызы Өз бойындағы кінəні өзгеден іздемес болар. Ділдə Матайқызы Күтпеген бір ұсыныс жасалғанда алдымен келетін ой – «Бұл мүмкін емес!». Сонан соң – «Мұнда бірдеңе бар...». Жəне ақырында – «Мұны кім білмейді!». Нұрсұлтан Назарбаев. «Еуразия жүрегінде» Соңғы жеңіліс те, соңғы жеңіс те болмайды, өйткені бүгінгі жеңіліс ертеңгі жеңістің басы болуы мүмкін. Жозе Сарамаго Шведтер сіріңкенің басындағы оттықты ойлап тапқан ел. «Дүние жүзіне от жағуды біз үйреттік» деп мақтан етеді. Сүт құятын пакетті де солар ойлап тапқан. Оны пайдаланған мемлекеттердің бəрінен сүт құнының бір пайызы соларға түседі. Таксидің есептуішін де солар ойлап тапқан. Демек, олар ақылмен бай болуға тырысады. Асқар Жұмаділдаев Өзгелердің өнеріне, жасампаздығына құрметтілікпен қарамау – барып тұрған іштарлықпен, сана-сезімнің таяздығын аңғартады. Мұратхан Орынтайұлы Америка мəтелі: Егер əркімді қабілет-қарымына қарай орын-орнына қою мүмкін болса, онда көп орын бос қалар еді. Пайғамбардың амалы Мұхаммед пайғамбарға бір мұсылман келіп, көмек сұрайды. – Үйіңде ештеңе жоқ па? – дейді пайғамбарымыз. – Бір жағын астымызға төсеп, екінші жағын жамылып жүрген жалғыз көрпеміз, су ішетін бір ыдысымыз ғана бар, – дейді. Пайғамбар: – Мына кісінің заттарын сатып алатын адам бар ма? – Мен бір динар беремін, – дейді біреу. – Одан көп беретін кісі бар ма? – Мен екі динар беремін, – депті екінші бір адам. Пайғамбар заттарды сол екі динарға сатып, əлгі адамға: – Бір динарға отбасыңмен жейтін бір нəрсе сатып ал, тағы бір динарға бір балта сатып алып маған кел, – дейді. Балтаны алып келген соң: – Енді таудан отын кесіп əкеліп сат. Он бес күннен кейін келерсің, – дейді. Он бес күннен кейін келген əлгі мұсылманның жүзі жадыраңқы көрінеді. Ол күніне бір динарға отын сатып, жартысын тамақ, жартысын киім етіпті. Сонда пайғамбарымыз: – Осылай еңбек етіп тапқан нəпақаң қайыршылықтан мың есе артық. Қолынан іс келетін адам тілемсектеніп, ақиретте жүзі қара болғанша, еңбегін сауып, адал өмір кешкені дұрыс, – депті. «Жаңалық енгізудің бес кезеңі»: даурығу, былық, кінəлілерді іздеу, кінəсіздерді жазалау, қатысы жоқтарды марапаттау. Көңілдің құр қалауының бір қабы, Татымайды насыбайға бір атым. Генри Фордтың табыс принциптері: Бұл принциптерді техника саласында ғана емес, жоспарлау мен ұзақ мерзімге арналған кез-келген істе пайдалауға болады.

Өз ісін жақсы білетін адам, істің қиыр-шиырын түгел білемін деп өзіне өзі сендіріп жатпайды. Менің мақсатым – қарапайымдылық. Керек нəрсені ғана алып қалып, барлық артық нəрселерді тастау керек, қажеттілікті қарапайымдандырған жөн. Теориялық конструкциядағы артық салмақ, шляпаға таққан жалтырақ секілді керексіз. Бір орыннан екінші орынға өлі, керексіз жүктерді тасымалдаудан да кедейлік туады. Істің барлық деталін алдын-ала ойластыру керек. Құрылыс салу үшін алдымен жоспарын жасайды, өйтпесең жекеленген тетіктер бір-біріне сай келмей қалады. Көп өнертапқыштар жоспарлы жұмыс пенэксперименттің айырмашылығын ажырата алмағандықтан жеңіліс табады. Егер жасамақ затыңның конструкциясы зерттеліп, жақсылып жоспарланған болса, ондай конструкцияға өзгеріс енгізу өте сирек жəне көп жылдан соң ғана болуы мүмкін. Сонымен бірге, өндіріс тəсілдеріндегі өзгерістер, керісінше, өте жиі кездеседі жəне көзге көрініп тұрады. Жаңа идеяларды пайдалану тəжірибесін ұдайы пайдаланып отыру керек. Егер идея шынымен жақсы болса немесе жаңа перспективаға жол ашар болса, оны тəжірибе үстінде сынап көруге болады. Көбісі өндіріс тəсілдерін өзгертудің орнына, модельге өзгерістер енгізуге шешім қабылдауға жиірек барады, оны керісінше істеген дұрыс. Өндірісті ұйымдастыру үстінде бір күнде барлық жоспарларды жасап тастауға болмайды, жоспар жасауға өте көп уақыт керек. Кім сəтсіздіктен қорықса, өз ісін тежейді. Жеңілістен баға жетпес тəжірибе жинақталады. Болашақтан қорқуға болмайды жəне өткенге де құрметпен қарай беру керексіз. Өткен пайдалы, өйткені ол біздің əрі қарай дамуымыздың жолы мен тəсілін көрсетіп тұрады. Бəсекелестіктен қорықпа. Кім ісін өз дəрежесінде атқарса, өз үлесін бəрібір алады. Қайсыбір істе де табысқа сүйенбеу мүмкін емес. Бірақ, табыс істің негізінде емес, оның пайдалылығының нəтижесінде болғаны дұрыс. Егер кəсіпорын өспесе, ол құлайды. Құлаған кəсіпорын көптеген жаңа қаржыны балап етеді. Іс жүріп тұруы үшін ұдайы жұмыс істеуге мүмкіндік болуы керек. Ол үшін соған лайық біркелкі қаржы жұмсалуы керек. Ақылды қаржы саясаты деп операцияларды үздіксіз реттеп отыруды да айтамыз. Асығыс жасалған жоспар, ұдайы анықтауды жəне өзгертіп отыруды керек етеді. Сондықтан жоспар жасауға кеткен уақытқа өкінбеу керек. Тек барлық əрекетіңді рет-ретімен белгілеп алып қана, жұмыстың ақыры табыспен бітетінін жəне белгіленген мерзімде табысқа жету мүмкін екенін білесің. Рейнольдс Додсонның тығырықтан жол табу жөніндегі кеңестері: 1. Ойдағыдай болар деп ойла, бірақ ойдағыдай болмай қалатын жағдайға дайындал. Мұндайға іштей алдын-ала əзір адам əрдайым тез оңала ды. Тығырыққа тірелетін жағдайды бажайлаудың амалы: басыңа күн туатын ауыр ахуалдарды ойша өткеру. Бұл тұйыққа тірелген сəттің кесапатынан аман-сау өтуіңе кепілдік береді. 2. Əрекет жасамас бұрын əуелі бұл ісіңнің пайда-зиянын ой елегінен өткіз. Асығыстық арандатуы мүмкін. Батылдық əрекет бастар алдында асықпай ойлану қажеттігін жоққа шығармайды. 3. Ақыры тəуекелге бел буған екенсің, енді ештеңеге алаңдама. 4. Орайы келіп жатса, жəрдем сұраудан да жалтарма. Əдетте осындай өмір өткелдерінен өткен адамдардың қолғабыс-көмегі арқасында ғана ойдағыдай нəтижеге қол жетеді. Жеке-дара қимылдауға талап қылғандар тау дай қиындықтарға жолығады. 5. Болмашы нəрселерге алданып, шырматыла берме. Бірінен соң бірі туындап жатқан шұғыл мəселелерді шешу үстінде ең басты мақсатыңды екі елі естен шығарма. 6. Қандай қиын жағдай тумасын, шыншыл бол. Қиын түйінге кінəлі өзің болған шақтарда жалған сөйлеп, жалтаруға немесе жылы жауып қоюға құштарлық оянуы да мүмкін. Ақталудың ұят екені өз алдына, пəлендей пайдасы да жоқ. Шындық ақыры анықталған кезде жалған сөздің зардабы алғашқы ағат істен əлдеқайда зор зиян əкелуі мүмкін. 7. Үнемі «ойдағыдай болар» деп үміттен. Қиын түйіндер əлдеқашан пісіп-жетілген мəселені шешудің енді шегінерге жол қалмағанының көрінісі. Дағдарыс өзгеріс жасауға итермелейді. Қауіпке қарсы тұра білмейтін адам көздеген мұратына жете алмайды. Егер біреу қорқақтық істеп, үнемі қауіптене берсе, сөйтіп, өзінің қолы жетерлік ісінен де бас тартса, ол ұлы жағдайға ие бола алмайды. Менің қалағанымды берсең, мен сенің қалағаныңды беремін. Адам Смит Қазақта: «Алаған қолым береген» деген мақал бар. Біреуден үйрену үшін, оған да үйрете алатын бір нəрсең болуы керек.

Алған тез ұмытады, берген еш уақытта ұмытпайды. Біз болашағымыз өткенімізге байланысты анықталады деп ойлаймыз, басқаша болуына сенбейміз… Өз басым мынадай диалогты мақұл санар едім: «– Жасай алмаймын. – Сен жасай аласың – мүмкін еместі жасашы. Бұл – өз ойыңа қарсы тұру, осыны жасап көресің бе? – Əрекет етіп көремін. – Мен сенен əрекет етіп көресің бе деп сұрап тұрған жоқпын. Осыны жасайсың ба? Иə, мен мұны жасаймын». Адамның тұлға, азамат ретінде өсуі мен дамуы – оның алға қарай жылжуы. Бұл – əрекет, сондықтан ол кіші ме, үлкен бе құрметке ие. Өзімізді-өзіміз кімбіз деп ойласақ, сол болып шығамыз. Жетем деп ұмтылған адам мақсатына тез жетеді. Ауырып отырмын дей берген адам ауру болады. Істің бастапқы кезінде қателеспеуге тырысқан жөн. Жолдың бас жағында бір қадамға қателескен, аяғында басқа жақтан шығады. Біреудің ізімен жүрген адам ешуақытта оның алдына шыға алмайды. Бір күн түсіндіргенше, бір сағат істеп көрсеткен жақсы. Істі орта жолда өзгерте бермеген дұрыс. Орманшы ормандағы аңның санын білу үшін əрбір түп ағашты аралап, санап шыққаннан, суатқа келген аңдарды санағаны нақтырақ болады. Мұхиттан жүзіп өту үшін корабль құру шарт емес. Бір американдық жарнама агентінің сөз бар: «Иті бар адамға өзі үруінің қажеті жоқ». Екі түрлі менеджер болады. Біреуі: «бұл қанша тұрады?» деп сұрайды, екіншісі «бұл не береді?» дейді. Соның екіншісінікі жөн. Басқарушының 10 ұлағаты: адалдық, тəрбиелілік, кісіге құрмет, ұйымдасып жұмыс істеуге бейімділік, зерттей білу, жаңашылдық, істің сапасы, жұмысқа кірігіп кету, азаматтық сезім, тиімділік. Пешке отын салғанда біреулеп салады. Бір құшақ ағашты бірден саламын десең, есікке тіреліп қалады. Көп жобаны бірден қолға алу да сол сияқты. Бір биіктен бір биікке көтерілу үшін əуелі төмен түсіп, сосын көтеріледі. Үлкендерге жастарды көмекке беруден, жастарға үлкендерді көмекке берген дұрыс. Қарны тоқ адамға нан беріп жұмыс істете алмайсың. Нан наны жоқ адамға ғана қымбат. Ананың орнында болсам қанша іс тындырар едім деп ойлайтындар өзі отырған қызметінде ештеңе тындырмаған адамдар. Алдыңа келген адам өз пікірімен келіп, сенің пікіріңмен кетсе жұмысыңның рахаты да, қызығы да сол. Жағдаяттарымның бəрін реттеп алайын, сосын елге қызмет етемін деп жүргендер өз жағдаяттарының құлдығынан еш уақытта босай алмайды. Көлеңкесі қою ағаштың астында ештеңе өспейді. Біреудің көлеңкесімен келе жатқан, өзі ештеңе үйренбеген адам да солай. Қалағаныңнан гөрі азырақ алсаң, алуыңа лайықты нəрсені көбірек аларсың. Өмір сүрудің, я болмаса, ақша табудың аз ғана тəсілін үйреніп алғанына мəз болып, «Мен үлкен жетістікке жеттім», тіпті «бəрін де білемін» деп ойлауға болмайды. Іскерлік əлемінде бақыт деген сөз болмайды. Бақыт жоғары жетістік жолындағы күрес бар жерде, жетістік пен табыс бар жерде болмайды. Өйткені онда тоқтау жоқ, соңы жоқ.

Бизнес пен байлық формуласы:
Тап, Таны, Игер, Иелен, Тұтын.

Кəсіпкерлікте жетістікке жету үшін табиғи дарындылықпен бірге, асқан төзімділік пен еңбекқорлық қажет. Сонымен бірге біліктілік, адами мəдениеттілік, өзін-өзі ұстай білу, сыпайыгершілік, қиындыққа мойынсұнбайтын табандылық керек. Ең бастысы – жауапкершілік. Кəсіпкер үшін берген уəденің үдесінен шығу, сөзінде тұру шарт. Сонан соң – сəттілік. Ол өзінен-өзі келмейді. Ол кəсіпкерлік тəжірибелерін меңгеру, оны іс жүзіне асыру қабілетіне байланысты. Өмірде кездейсоқтықтан заңдылық басым. Луи Пастер өзінің дəрісін кездейсоқ ашқанын сынағандарға: «Ол рас, бірақ жан-жақты даярланған адамға ғана қолайлы жағдай туып, бақ қонады», – деген екен. Аз ғана тəжірибе үлкен теориядан пайдалырақ. Түсінудің ең жақсы жолы – адамның өзінің көзі жетуі. Сондықтан тəжірибе жасап көруден қашпаған жөн. Өнімді нашар алған диқан ендігі жылы тұқым сеппей қойса, арғы жы лы өнім алуы тіптен қиындайды. Ештеңеге тəуекел етпеген адам ештеңе ұта алмайды. Үлкен жолға шығар алдында үрейленетіндерден алдағы мақсатын, бұл өмірде неге қол жеткізгісі келетінін сұрау керек. Жауап нақты болса – жолы болады. Бір жерде отырып күтіп отырған адам бір жерде тұрған зат сияқты, оны шаң басады. Пеш салғанмен жылы бола салмайды. Мақсатқа жету үшін мақсат еткен нəрсені айқын білу, соның орындалатынына сену керек. Бір істі бастаған соң аяғына жеткізген жақсы. Орта жолда тоқтағаннан қайтуға да күш кетеді. Орта жолға барғанда: «Көп жүрдім-ау, тағы қанша жүрер екенмін», – деген уайымшылдың сөзі, «Жақсы жүрдім, енді азға на қалды»,– деген дұрыс. Істі бастамай тұрып ойланған, қорытынды шығара алмай ойланғаннан жақсы. Ағаш кесіп жатқан ара өтпей қалса, уақытым кетіп қалады демей, қайрап алған дұрыс, əйтпесе өтпес арамен ағаш кесуге көп күш босқа кетеді, адамның жігері құм болып, күші босқа шығын болады. Біреудің соңынан қалмай, тəптіштеп түсіндіре бастаған адам түсіндіре алмайды. Пайда іздеп жүр ме деп ойлап қалуы мүмкін. Ешкім шыңға бір ғана үлкен секіріспен шыға алмайды. Өздері бір нəрсе істеуге тырысқан адамдарға ғана тағдыр оңынан келеді. Биікке тек сатылап өрлеу мүмкін. Үлкен істерге ұмтылғандар құрметтеуге лайық, оны жүзеге асыра алмаса да, оның талабының өзі түбінде оң нəтижеге апарады. Өзіне өзі жаны ашымайтын адамға көмектесудің пайдасы жоқ. «Саты лап көтерілгісі келмейтін адамды онымен сүйретіп шығара алмайсың», – деген Эндрю Карнеги. Саған баспалдақ ұсынса, онымен көтеріп шығармады деме. Баспалдақпен көтерілуге жүрегі дауаламайтындардың одан түсуі тіпті де қиын болады. Өмірде жеңіс пен жеңіліс кезек келеді. Жеңген, əрине, жақсы. Жеңген жақтың жарасы тезірек жазылады. Отыз адам отыз қап ұнды отыз көлікпен əкелгенше, отыз қап ұнды бір адам бір ғана көлікпен əкелген тиімді ғой. Бірігу, кооперация деген осы. Өзім тоқ болсам болды демегендер солай жасайды. Əпсана: Бір қарияға етегіндегі алжапқышы ескіріп, сетіней бастағанын байқап, қаладағы студент немересі жаңа алжапқыш сатып əкеліп береді. Ертесіне қараса, кемпір шешей немересі əкелген алжапқышты қырқып, ескі алжапқышқа жамау етіпті. Немересі тағы бір оралып келгенде, əжесі басқа жерінен сетінеген алжапқышын қо лымен басып тұрып, өткенде бекер істегеніне өкінген екен. Ескі техно логияға жаңа тетіктер жамап, жөндеп, жақсы тауар шығара беремін деп жүргеніңде ескі алжапқыш секілденіп тағы бір жері сетінейді. Аз шығын мен көп пайда табу қиын. Пайда да ақыл бар жерге үйіріледі. Жалқаулық – кедейлік кепілі.

Бизнестің ұраны: Жоғары өрле немесе жолды босат, сатыда тоқтама. Зат пайдалы болса ғана керек. Қанша əдемі болғанымен жазылмайтын қаламды жаныңа салып жүрмейсің. Темірді қызған кезде əркім де соғады, əңгіме темірді қыздыра білуде. Проблема айсберг сияқты, ешуақытта толық көрінбейді. Алған нəтиже – адамның шеккен бейнетінің көрінісі. Ірі істердің жүзеге асуы көбіне ұсақ нəрселерге байланысты. Наны жүріп, тасы өрге домалағандар тасымасын, тауы шағылып, өзгелерден артта қалғандар жасымасын, күрессін. Картопты Америкадан бір священник əуелі Францияға əкеліп егіп көбейтіп жұртқа сатпақ болған. Үйренбеген адамдар сатып алмақ түгілі, тегін де алып жемеген, сосын священник картоп сақтаған қойманы күндіз король əскерімен күзеттіріп, түнде күзетсіз қалдырған. Төңіректегі адамдар түнде ұрлап, жеп көріп, егіп көбейтіп аз жылда картоп бүкіл Еуропаға, одан əрі бүкіл жер жүзіне тарапты. «Пісіп қалған құрбақа» феномені: Су құйылған кастрюльге құрбақаны салып отқа қойып қыздыра бастағанда құрбақа жылуды біртіндеп сезіп, алай-бұлай жүзіп, ақыры пісіп өлген. Екінші құрбақаны қайнаған су толы кастрюльге тастап жібергенде, құрбақа бірден ырғып, құтылып кеткен. Бұл – өзге тірлікке біртіндеп үйлесермін, келген қауіптен жайлап құтылармын дегендерге үлгі. Күрескендер жеңілуі мүмкін. Күреспегендер – жеңіліп қалғандар. Ақиқатты үйренгеннен басынан өткізген жөн. Құламағанға тұрудың қажеті жоқ. Сəтсіздік солай бағалансын. Жоғалтпаған – таппайды, болмаса – жоғалтпайды. Жеңістің жүз əкесі бар, жеңіліс – жетім. Адамға байлық бітуі – ақыл мен еңбектің нəтижесі болғанда ғана қуаныш əкеледі. Америкалық менеджерлердің қағидасы: Бастаған ісің бұзылған автомобиль сияқты – өз бетімен ол тек жоғарыдан төмен қарай ғана жүреді. Кедей болып қала беруден гөрі байып кету оңай. Себебі, кедейге барлығы қиын, қиын болып қала береді де. Табыстан табысқа жетіп дəулетті болу үшін қарапайым екі-ақ тəсілді білу керек: қалай əрекеттенуді жəне сол əрекетке қажетсіз артық нəрселерді болдырмауды. Балаға кішкентайынан қолына ақша беріп үйреткен жөн. Сонда ол бастапқыда керексіз заттарға жұмсағанмен, уақыт өте келе ең қажатты заттарды сатып алуды үйренеді. Шахмат ойнауды əркім біледі, бірақ олардың санаулылары ғана гроссмейстер болады. Кісінің сақилығы біреуге өзінде барын берумен емес, өзі онсыз қиындық көретін нəрсесін берумен бағаланады. Аш адам аш адамның жағдайын ылғи да түсінеді. Тоқтыққа үш жолмен жетуге болады: еңбекпен, тілемсектікпен жəне ұрлықпен. Соңғы екеуі кездейсоқ тоқтық. Кездейсоқ келген жеткіліктілікті, байлықты ұстап қалу қиын, тіпті мүмкін емес. Желмен келген несібе желмен ұшып кетеді. Кедейлік өзінің ақыл-есі кедей болуға тартып тұратын адамдарға жабысқақ келеді. Байлық та сол заңдылыққа бағынады. Кедейлікке мойын сұну – кедейліктен шықпау деген сөз. Нан қарынды іздемейді, қарын нанды іздейді. Балықты аулаудың рахаты, ауланған балыққа тойыну рахатынан көп биік. Бір нəрсені іздеп табу құштарлығы табылған нəрсеге рахаттанудан басым.

Егер адам бір-біріне қарама-қайшы екі істі бірден қолға алса, оның бірі сөзсіз сəтсіздікке ұшырайды. Ақшаны жек көру мүмкін емес. Өйткені ол өмір сүру үшін керек. Жиырмасыншы ғасырдағы ақшаға жиіркене қарауға бағытталған: «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Көп ақша қылмыстық жолмен ғана келеді» деген қағидалар адамның ақшаға деген құмарлығын азайта алмады. Ақшаға байланысты қате түсініктер бар. Олар мынадай болып келеді: Ақша өмірдегі басты нəрсе емес; Адал жолмен мол ақша таба алмайсың; Ақша тек ауыр жұмыспен табылса ғана адал; Барлық адамнан бірдей еңбегіңе ақша сұрама; Кедейлік – тағдыр; Ақшаны кейінге сақта; Саудаласу – ұят; Ақша қарыз алма, барыңды жұмса; Ақшаны рахатқа жұмсау орынсыз. Мұның бəрін осыны керісінше жасайтындар ойлап тапқан. Кедейге көмектесудің екі түрі бар: бірі – ақша таратып беріп тұру, екіншісі – кəсіп істеуге мүмкіндік жасау. Ақша таратқанмен кедейді тойындыру қиын, оның үстіне еті үйренеді, жалқау тартады. Жалпы, кедейлік – жалқаулық пен ақылсыздықтың қорытындысы. Осының біреуі керісінше болса, адам кедей болмайды. Бұлардан басқа ішіне өнері сыймағандықтан ретсіз өмір сүретін қас дарын ғана кедей болуы мүмкін. Адамның кедейлік психологиясы – социалистік құрылымның өнімі. Кедей адамдарға тұрмыстың күйкі тірлігін өзгертуге ұмтылатын «ізденгіштер», шығармашыл адамдар ұнамайды. Кедейлердің ортасы өздерінің деңгейінен ешкім де жоғары көтеріліп кетпеуі үшін бар əрекеттерін жасап, мүмкін болған құралдардың бəрін пайдаланып бағады. Осылай бола тұра, қайсыбір ортада болсын, өзінің жеке, тəуелсіз өмірімен өмір сүретін «менің ақшам» деген ұғым біздің образымыздың маңызды бөлігі болған жəне қазір де солай. Біреуге ақша бере тұрып, біз, өзіміздің бір бөлшегімізді бергендей күй кешеміз, бір нəрсеміз жоғалғандай болады. Кедейліктің басқа да бір жағы бар. Кедейлік өзі үшін қобалжитындардың үстінен адамдар үстемдік жасайтын билік көзіне айналады. Егер адамда ештеңе болмаса, онда ол ештеңе бере алмайды, бірақ барлық уақытта алып отыруы керек. Яғни кедейлік төңіректегі адамдардың үстінен пассив түрде озбырлық жасауға алып келеді. Кедейлік психологиясы да еркіндікті шектеудің бір түрі, оны болдырмаудың басты себептерінің бірі. Талпынбаған адамға жəрдем беруді кейінгі ілімдер жөн санамайды. Өмір талабы – əлсізді құтқару емес, құтылуға тырысқандарға ғана жəрдем бер. Құмырсқалардың арлы-берлі сабылған іс-əрекетін бақылаған кісі мынадай тағылым алар еді: олар тоқтап тұрған құмырсқаға жоламайды, тырмысып бірнəрсе сүйретіп, шамасы келмей жатқандарын жəрдемсіз қалдырмайды.

Аш – ашулы, тоқ – тыныш. Өз қатең – таяқ. Кесір кедейдің етегіне бидай салсаң, төгіп тастайды. Кəсіпкерлік қағидалары – Өзіңе таныс, жаныңа жақын іспен айналыс, бейтаныс сала болса өте мұқият зертте. – Қай істі болсын бастамас бұрын нақты жоспарың болсын, қиялға берілме. – Өзіңе сен. Онсыз табыс болуы мүмкін емес. – Асығып-үсікпе. – Жоспарыңды жиі өзгерте берме. – Өзіңе де, өзгелерге қойған талаптарды қой. – Барынша жұмыл, ерік-күшіңді аяма, батыл қимылда. – Оқы. – Уақыт – ақша. Уақытыңды басты істерге арна. – Жалқауланба. – Байыпты бол. Ашуланған кезде мəселені күрт шешпе. – Барлық кезде бірдей жақсы көзқараста бол. Кейінге пікір қалдырма. – Қарапайымдылықты ешқашан ұмытпа. – Өзіңді-өзің алдаусыратпа. Қай іске болсын түбегейлі көз жеткіз. – Уайымшыл болма. – Біреуге сенгеніңмен тексеріп көру артық емес. – Қызметтестеріңді жүре тыңдама, олармен санас. – Тапсырма жалпылама болса да талап жеке болсын.

– Қарамағыңдағылардан іс талап етумен бірге ебін тауып көтермелеп отыруды ұмытпа. – Қарамағыңдағыларға сенімсіздік көрсете бергеннен, олармен қоштасқан дұрыс. – Аңқау болма. Кейін бір реті келер деме, əр нəрсені өз уақытында жаса. – Ақыл мен айла қатар жүрсін. – Өзіңнің ішкі сезіміңе құлақ сал. – Өзіңнің ғана емес, өзгенің қателігін де қайталамауға тырыс. – Жүре тыңдама. Тыңдау мен есіту екі басқа. Қызметтестерің пікіріңмен келіспесе, онысын дəлелдей білсе, өз пікіріңнен қайтуды ар санама. – Жоспарыңды соңына дейін жайып салма. – Көңіл-күйіңді бірқалыпты ұстауға тырыс. – Үндемей қалу да өнер. Қолға алған іс біткен кезде қалай болатынына қобалжу істің жүруіне кедергі жасайды. Байсалды қарау тілеулестікке, шабыт пен тиімділікке алып барады. Əркім өз қиыншылығын өзі жеңуге үйренсін. «Мен еш нəрсені нашар орындауға тиіс емеспін» деп айта алатын адам, осы сөзді ұстануға өзін ғана бағыттамайды, өзгелерге де үлгі болады. Бір істі өте жақсы орындадым деген адам – тығырыққа бет алған адам. Жетілуде шек жоқ. Əрі қарай қалай жетілу мүмкін деген адам, бұдан жақсы болу мүмкін емес дегенмен бірдей. Байлық Панчатантрадан: Əр адам үш нəрсeгe ынтық бoлады, ал oған жeту үшін oл тағы да төрт шартты oрындауы тиіс. Сoл үш нəрсeнің бірі – eмін-eркін өмір сүру; eкіншісі – жұрттың құрмeтінe бөлeну; үшіншісі – кeлeшeккe пайдасы тиeтін игі eңбeккe үлeс қoсу. Oсы үш нəрсeгe жeту жoлында oрындалуы кeрeк төрт шарт бар, бірeуі – дүниe-мүлікті адалдан жинау; eкіншісі – қoлда бар дəулeтті ұқыптап ұстап, жақсы күту; үшіншісі – жиған-тeргeнді күндeлікті кeрeккe, үй-ішінің, туған-туысқанның қажeтінe жарату; төртіншісі – қoлдан кeлгeншe пəлe-жаладан сақ бoлу. Кімдe-кім oсы төрт шартты тoлық oрындамаса, мақсатына жeтe алмайды. Дүниe жинап, oған иe бoла алмаған адамның өзі дe өмірдің рахатын сeзінбeйді, өзгeгe дe сeбі тимeйді. Байлыққа иe бoлған адам oны ұқыптап ұстамаса дəулeті жылдам сарқылады. Eгeр байлықты мoлайтуға əрeкeт eтпeй, аз-аздан жұмсай бeрсe, oның жұмсалуы əп-сəттe. Eгeр адам байыған сайын сараң бoла бастаса, дəулeтін өз игілігінe жаратудан қимаса, oны кeдeйдің кeдeйі дeу кeрeк, oндай адамның жиған дəулeті құтаймайды, түрлі сeбeптeрмeн азая бeрeді, ауып кeтeді. Oл қашыртқысы жoқ су бөгeті сeкілді. Артық суды қашыртқы арқылы бұрып жібeрмeсe, бөгeтті бұзады, іркілгeн су арнасына симай тoлғанда oсал жeрінeн саңылау табады. Сoнда барлық су бoсқа ағып кeтeді, пайдасы eшкімгe тимeйді. Панчатантрадан: Бал арасы құмыраның мoйнына жұққан балдың хoш иісті дəмін сeзіп, лəззатына құмартып, дəмін татып көріп, oған місe тұтпай, құмыраның ішінe түсіп, мoл балды татпақ бoлыпты. Oдан қалай шығарын oйламапты, құмыраның ішінe түскeн oл балды бoйына малып, ісініпті дe, құмыраның аузына сыймай қысылып өліпті. Кімдe-кім бұл дүниeдeгі eншісінe тигeн нeсібeсін місe тұтпай, eсeпсіз мoлшылыққа, eн байлыққа ұмтылса, төніп тұрған қауіпті eлeмeсe, oсы араның кeйпін киeді. Панчатантрадан: Ақша да, басқа байлық та қoлдың кіріндeй, кeлeріндe баяу кeліп, кeтeріндe жылдам жoқ бoлады, oл аспанға лақтырылған дoп сияқты, жeргe тeз құлайды. Бұлттың көлeңкeсіндe, жалған дoста, айлакер əйeлде, өтірік мақтауда, мoл байлықта баян жoқ. Ақылды жан байлығына сүйінбeйді, тапшылық көрсe күйінбeйді. Бар байлық – ақыл мeн ізгі eңбeктe. Адал кісінің істeгeн ісі, артына қалдырған өрнeк-үлгісі жoғалмайды, істeмeгeн қылығы үшін oны eшкім жауапқа тарта алмайды. Бoлашақ өміргe бeйғам қарамаған дұрыс, ақырeт үшін игі істeр істeй бeру кeрeк. Ажал аңдаусызда аяқ астынан тап бoлады, oның кeлeр мeрзімін eшбір жан білмeйді. Панчатантрадан: Адам бұл дүниедегі еншісіне тиген несібесін місе тұтуы, көл-көсір молшылыққа, ен байлыққа ұмтылмауы тиіс. Өз құмарлығының шегін білмеуден артық бақытсыздық жоқ жəне байлық жинауға тырысудан артық қауіп жоқ. Сондықтан кім қанағатшыл болса, сол өмірге əрқашан риза болады. Лао-цзы

Сізде қанша нəрсе болса, сіз сонша көп нəрсе аласыз, одан көп сіз меншігіңізге қарауылдық жасауыңыз керек. Сіз сонша көп жоғалтуыңыз да мүмкін. Бұл не, сіз меншікті иеленесіз бе, жоқ өзіңіз меншікке айналып кеттіңіз бе? Лао-цзы Тек пайда көздеген адам өшпенділікті өсіреді. Конфуций Кедейдің өшпенді болмауы қиын, байдың озбыр болмауы оңай. Конфуций Білгір білмегенмен ақылдасса, дарынды дарынсыздан сұраса, өзінде бар кісі ештеңесі жоқтай түр көрсетсе, толы нəрсені бос десе, ренжітсе жауап қайтармаса – кісі сол, менің бір досым солай жасайтын. Конфуций Эпикур «Көп адамдар байлық жию арқылы қиындықтарынан құтылам деп ойлайды, олар қайта басқа қиындықтар тауып алады» деген. Оған таңданатын ештеңе жоқ, ауру адам ағаш керуетте жата ма, алтыннан жасалған керуетте жата ма, қайда болса да кеселі бірге жүреді. Сенека Дүниесі аз адам кедей емес, соны көбейте түскісі келетін адам кедей. Адамдағы ең аз байлық – барлық керектіңнің болуы, ең көп байлық – тойынғаныңша баю. Сенека Байлық делдалға да, жезөкшеге де қона салады. Клеопатраның сүйіктілерінің бірі Хелитон да бай болған. Жалған сөйлейтін жəне аузы таза емес Натал да (əйелдер оның аузына кіші дəрет сындыратын болған) көп байлыққа мұрагер болған жəне мұрагерлікке көп байлық қалдырған. Кім қандай нəрсеге ие болса, өзі де сондай. Ақша салатын жəшіктің құны ішіндегі ақшаның құнымен тең, жəшіктің өзі сол ақшаға қосымша ғана. Сондай-ақ, көп ақшаның иесі сол ақшаға қосымша. Ал игілік əркімге беріле бермейді. Ол жамандықтан туындамайды, байлық сараңдықтан пайда болады, демек, байлық – игілік емес. Сенека Біреулер байлықты иелендім деп жүріп, байлық оларды иеленіп кеткенін сезбейді. Бион Кім молшылықта өмір сүргісі келсе, жоқшылықта өмір сүруді үйренсін. Плутарх Кедейліктен байлық, тəни байланыстардан өлім ажыратады, ал рухани байланыстардан – ізгілік, білім, оқу-үйрену жəне еңбек қана ажырата алады. Эпиктет Мал бақсаң, малға қызмет етіп кетпе. Диоген Байлықты жоғары бағалайтын жерде барлық адал нəрселер: берілу, адалдық, ұят мансұқталады. Крисп Саллюстий Байлық өссе, уайым да өседі. Гораций Арзан – көшер, ұста өмірдің өзегін, Ортаймайды сонда, бақыт – өзенің. Түбін ойла. Көшер дүние кезегі, Дүние – жалған, безбесең, ол безеді. Қу дүние бір опасыз ойласаң, Жаутаң қағар, ойыншық қып ойнасаң. Ей, адасқан, бас қатырып желікпе, Түбі – иірім сұм дүниеге елікпе! Жүсіп Баласағұн Адал мал тап, өзіңді өзің сүйіндір, Ашын елдің тойындыр да, киіндір. Еңбекпенен тапса кісі, адал ас, Қос жалғанда, əсте қолға қарамас. Жақсы адамға дүние малы тисе егер, Қос жалғанда төңірегі гүлденер. Дүние малын артық жисаң құнығып, Күнің қараң тірлігінен ұрының! Жүсіп Баласағұн Кіріс деген – ағын су, ал өмір – айналмалы диірмен, яғни кімнің тұрақты кірісі болса, сол мол жұмсауға, шығынға бара алады. Сағди

Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай
болмайды?
Абай
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,

Сұм нəпсің үйір болса, тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Абай

Кейбіреуге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.
Абай
Хадис:
Кедейлік келмей тұрып байлықтың қадірін біл.

Кім де кім тапқанына болса разы
Кепіл оның тамағы таусылмасы.
Кей пенде қанша тапса қанағат жоқ
Куə сол – қай қашанда жарымасы.

Субашид
Иттікпен табылған малды иттікпен жұмсап, оған да үлгірмей артын-
да қалып, ұрпағын таластырып, боз тоз болып жатқандар қаншама.
Имам Ғаззали

Америка мəтелі:
Ақылды болсаң, неге бай емессің?!
Дүние – қармақ. Жемі – қалау. Қалаудың қармағынан бойыңды ау-
лақ сал.

Джалалиддин Руми
Зорлықтың ең ауыр түрі – кедейлік.
Махатма Ганди
Жақсыға бітсе дəулет бақ айналар,

Жаманға бітсе дəулет əуейіленер.
Ақан сері
Дəулетің барда досың толып жатыр,
Тауық көп тары, бидай шашқан жерде.

Ақан сері
Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келіп тұрады үш қара жол.
Кедейліктің бір үлкен жерік асы,

Жалқау адам бар үйден үзбейді қол.
Мəшһүр Жүсіп
Ағылшын мəтелі:
Дүниесі аз кісі жарлы емес, тойымсыз кісі жарлы.

«Мұқтаж емеске қарыз берме» деген ережені орындамаған банкир
қайғыға душар болады.
Огден Нэш, Америка ақыны
Орыс мəтелі:

Тоқ адам аш адамға түсіндіре алмайды.
Байлықтың мəні байлықты иеленуде емес, оны ұтымды пайдалана
білуде.
Сервантес

Бай болмаған бай болса,
Жайламаған сай қоймас.
Би болмаған би болса,
Айтылмаған сөз қоймас.

Хан болмаған хан болса
Қаналмаған ел қоймас.
Үмбетей жырау
Тоқ адамды нанмен қызықтыра алмайсың. Нан наны жоқ адамға ғана

қажет.
Абрахам Маслоу, психолог
Қазақ сөзі:
Кімнің бай болғысы келмейді – Құдайы қаламайды,

Кім нің батыр болғысы келмейді – жүрегі дауаламайды.

Бұғы өсірушінің сөзі: «Тундраның өндірілген алтынынан жүздеген алтын бұғы құйып шығаруға болар-ау. Алайда, осынау қыруар байлықты жұмсау арқылы жалғыз ғана тірі бұғыны дүниеге келтіру мүмкін емес». Ақселеу Сейдімбек Дүние-мүлік адам үшін керек пе, əлде адам дүние-мүлік үшін қажет пе? Өзің жинаған дəулеттің басыбайлы құлына айналудан өткен қорлық жоқ шығар, бай болсаң да бəсең бол. Ділдə Матайқызы Адамның жиған дүниесі өзінің құнынан асып бара жатқаны мінезінен көрініп тұрады. Тойым Жүнісұлы Жиған дүниесі өз керегінен артыла бастаған адам мына қағидаларды есте тұта жүргені абзал: – Сөзден іске көшуді кешіктірме; – Жақыныңды жақсы көр жəне оған болашаққа сілтемей, қазір көмектес. Оған өз дегеніңді таңба, оның мүддесімен санас; – Өз сеніміңді дəлелде, қорғап бақ, бірақ өз қателіктеріңді мойындай біл, сонда ғана алға жылжисың; – Жамандық, қызғаныш ойлама: кекшілдік сезімінен арыл. Адамдар бір-біріне бауыр екенін жəне көп нəрсені бейбіт жолмен шешуге болатынын ұмытпа. Қажет болса, əлсіздерге жақтасып, зорлықпен күресуге дайын бол. Зерігу – байларға тəн кесел. Бай болудың үш əдісі: 1) Өткен істерді өзгерту – жаңа ой; 2) Қайталау – көзқарастарды өзгертетін ойларды ойша жеңіске жеткенше қайталау сенімділікке жетелейді; 3) Тəжірибе – аспандағы ай бірден алынбайды. Жеңіс адамға өзін-өзі жеңгенде ғана келеді. Кеткен шығынға өкінбе, сəл қымбат жерге барып көңіл көтерсең – өкінбе. Шығынның орнын толтыруға – болуы мүмкін жаңа шығындар үшін тырыс. Біз байлыққа қарсы болмауымыз керек, кедейлікке қарсы болуымыз керек. Нысапсыздықтан, қанша алса да, қанша байыса да тоймай, шектен шыққандар Лев Толстойдың «Адамға қанша жер керек» атты əңгімесін оқысын. Онда көп жер аламын деп, жүгіре-жүгіре зорығып лген адамның екі-ақ метр жерге көмілгені айтылады. Байлық үш түрлі болады, дүние байлық, тəн байлығы, рухани байлық. Дүние байлық адалдықпен мол жиналмайды. Тəн байлығы құдайдан жəне адамның өзінен. Рухани байлық – адамның болмысынан, ниетінен, өмірлік жолынан көрінеді. Балаларыңа үлкен байлық қалдырсам қадірлі болам деме. Қарау бай байлықты молайтып, оны жұмсамай да қоғамға пайда келтіруі мүмкін, өйткені оның байлығы ерте ме, кеш пе қоғамға қайта оралады. Ештеңесі жоқ адамнан, болған үстіне бола берсе деген адам кедейірек. Ауданда сот болып істеген бір кісі, істі болған адамның жазасын жеңілдету үшін əкеліп берген парасының тең жартысын өзіне қайтарып береді екен. Неге олай етесіз, өздері əкеп беріп тұрғанды қайтарып беруіңіз қалай? – деп сұраса: «біріншіден, бұл мені қанағатқа үйретеді, екіншіден, түгел айырылдым деп есептеп келген ақшасы ның жарымын қайтарып алған адам менен сый алғандай болады, еш уақытта мені жамандамайды жəне қарғамайды, мүмкін ол біреуден қарыз алған шығар, онысын бірден қайтарып береді, үшіншіден үкімді жеңілдетуді де ебімен, заңнан алшақтап кетпейтіндей етіп жасаймын» – деген екен. Дүниеде ақшаға сатып алуға болмайтын екі нəрсе бар, ол денсаулық пен адамгершілік. Осы екеуі болмаса байлық та, билік те ештеңе емес. Пайғамбар сынды жігіт болар, мінетін есегі жоқ. Есек сынды жігіт болар, малының есебі жоқ. Затқа құштарлығы мен пайдакүнемдігін жасыру үшін пəндəуи пиғылын дүниəуи ізденіс, ата-баба дəстүріне адалдық жəне болашақ алдындағы жауапкершілік деп ақтағысы келетіндер қашан болса да толып жатыр. Байлық – ізгіліктің таразысы. Ақша, əсіресе ол көп болса, адам жанын сынға түсіреді. Ақша – адамдағы теріс ойлар, сезімдер мен іс-əрекеттердің дамуына жəрдемдесетін құрал.

Қисынға салсақ, жеткілікті отбасынан шыққан адам байлықты өмір сүрудің табиғи ортасы ретінде қабылдайды, байлығын малданып, өзін үстем, өзгелерді төмен көрмейді. Ақша жасай білу де – қабілеттілік. Ол қабілет адамда негізінен туа бітті болады. Билік пен байлыққа қызықпау үшін не жарымес, не шын данышпан болу керек. Бизнес – адамға көп ақша табуға мүмкіндік беретін əрекеттің бір түрі. Бұрынғы-соңғы діндер мен ілімдер онымен айналысуды теріс демейді. Байлық күнə емес, байлықты мақсат ету, байлықты пайдалана білмеу мен орынсыз шашу – күнə. Байлықтан, барлықтан бас айналып, өзгелерді менсінбеу, тоқкөңілділік немесе оны шексіз өсіре беруге тырысу – күнə. Байлық жүрген жерде қорқыныш, қобалжу, күндестік һəм күдік қатар жүреді. Адам ауық-ауық ақшадан теріс айналып тұрса, дені сау болады. Көп адамдар ақшаны өмірдің мағынасына айналдырып алып, күпірлік жасайды. Менсінбеу – басқаларды бағалауда қателікке алып баратын жол. Байлықты шексіз өсіруге тырысу сараңдық, ашкөздік, ақшаны көпекөрінеу керексіз іске жұмсау – байлық иесінің өзіне-өзі риза болу пиғылын өсіреді, сөйте-сөйте оны өзі өмір сүрген ортадан ажыратады. Мүлікке тəуелді болу кісіні қуатынан айырады. Мен біреуді ақшасы үшін күндесем, менде ақша болмайды, ақшасы жоқты жек көрсем де солай болады. Билік пен байлықтың бір адамның қолында тұруы əсте қауіпті. Байлығы бар билік иесі билігін пайдаланып байлығын асыруға тырысады, байлығын өсіріп алған соң, одан жоғары билікті сатып алады. Олар байлығын қорғау үшін билігін пайдаланады, байлық көзін тексергісі келгендерден байлығын билігінің жəрдемімен қорғайды, не болмаса байлығын жұмсап, тексерушіні, я оның жоғарырақ басшысын сатып алады. Бұлай жасап жүргендер үшін білім мен біліктілік бағалы емес. Олардың ықпалымен жасалған заңдар талапайға жол ашады. Егер адам бір істі тындыруға шектен тыс тырысса, бастапқы кезде тəптəуір нəтижеге жетеді. Сонда ол өзінің өмірге қатынасы дұрыс па, осыны ойлап көруі керек. Егер ниет астарында күнəға жатарлық пиғыл болса, онда түптің түбінде істеген ісінің нəтижесі оң болмайды. Табыс емес, күйреу келеді, іс табандап, ілгері баспай қояды. Мақсат – білім мен біліктілікке ғана жетелесін. Байлыққа жету мақсаты – мағынасыздығымен қоса адамды тəуелді де етеді. Байлықты аса арттырудың біреулердің жəрдемінсіз, сұранусыз немесе озбырлық жасамай жүзеге асатын кезі жоқтың қасы. Біреу бай болу үшін, бірнеше жүз адам кедей болуы керек, ал біреу орасан байлыққа ие болса, онда мыңдаған, тіпті жүздеген мың адам кедейленеді. Тіпті кейбір ерте қимылдаған, ақылын жетілдірген, рухын биіктеткен тұтас мемлекеттер бай болады да, кейбір мүмкіндігі мол мемлекеттер басқалардың бетіне жалтақтаумен қалады. Дүниеде бар байлық ашылған, шектеулі, есептеулі. Оның реттелген жүйесі бар. Сол жүйеге енгендер ғана ұтады. Жалғыз адам түгілі, жеке дамығысы келетін мемлекет те сəтсіздікке ұшырайды. Қазақтың байлық туралы мақал-мəтелдері:

Аласыға алтау аз,
Бересіге бесеу көп.

Ақшада көз жоқ.

Қарыз қатынас бұзады.

Байлықты – барлық, қызықты – жұбаныш, саулықты – мəңгілік кепілі
деп ұқпа.

Билік Панчатантрадан: Билікті бүлдірeтін алты нəрсe бар: сoның бірі – бeктeрін тең ұстамау, eкіншісі – сөзгe eру, үшіншісі – құмарлық, төртіншісі – өрeскeлдік, бeсіншісі – тағдыр, алтыншысы – қызбалық. Бeктерді тең ұстамау дeгeні: басшы қажырлы, ақылды жəнe сeнімді көмeкшілeрін, бeктeрін қызмeттeн кeтіруі, oл oрынды бoлса жақсы, oрынсыз бoлса дұшпаны көбeйeді. Сөзгe eру – дау-шарға, ұрыс-кeріскe жұртты бeйімдeу; құмарлық дeгeніміз – əйeлді аңсау, əңгімeшілдік, маскүнeмдік тағы oсы сияқтылар. Өрeскeлдік – oрынсыз күйіп-пісу, балағаттауға асығу, кeрeксіз жeрдe күш жұмсау. Тағдыр – адамның басына түсeтін ауыртпалық – су тасқыны, жаппай қырғын əкeлeр кeсeл түрлeрі, бeдeулік, тағы басқа сoл сияқтылар. Қызбалық – мeйірімділіктің oрнына қаталдық жасау нeмeсe қатал бoлудың oрнына мoмындық таныту. Панчатантрадан: Ақыл айтқанда жанашыр адамнан, ауруды eмдeу жөніндe дəрігeрдeн, күдікті мəсeлeлeр жөніндe заң мамандарынан жeңілдік дəмeту жанға жайлылық əкeлмeйді, қайта қиындыққа ұшыратады. Тeңіздің тұңғиық тeрeңінe бoйлаған жан қатeргe кeзігeді, ал билеушінің дoсы бұдан да қауіпті жағдайда бoлады, өйткeні билеушігe қаншалық əділдік, сүйіспeншілік, адал ниeт көрсeткeнмeн, түбі бір сүріну мүмкін. Өзіңе-өзің шынымен қызығу өзімшілдікке үйретеді. Аспан мен жер тұрақты, өйткені олар өзімшіл жəне өзін-өзі жақсы көрушілер ғана емес, бүкіл жаратылыс үшін тұрғандықтан да солай. Ақылды лидер осыны білген соң өзінің дарашылдығын бақылауға алады, жəне солай етіп бұрынғыдан да бағасы көтеріледі. Оқыған басшы өз ісінің мағынасын қызмет ету деп біледі, өзімшіл дік пен өзіне-өзі қызығу емес. Өз жағдайын барлығының жағдайынан жоға ры қоймағанда ғана лидер өседі жəне өз қызметінде ұзағырақ тұрақтайды. Парадокс: Өзін-өзі аямаумен, өзінен-өзі бас тартумен лидер өзін-өзі күшейтеді. Лао-цзы Кез келген мінез-құлық қарсы көзқарастағы топтан (оппозициядан) жəне қарама-қарсылықтардан тұрады. Егер мен бір нəрсені жасап, тағы да, тағы да жасай бергім келсе, онда ол нəрсеге қайшылық пайда болады. Қарама-қарсылықтар қалай жұмыс істейтінін біле тұрып, ақылды басшы оқиғаның болуын зорлауға асықпайды, үдерістің өз бетімен ашылуына мүмкін дік береді. Лидер басқаларды қалай ету керегіне ақыл бергеннен гөрі өз үлгісімен үйретеді. Лидер, ылғи əсер ете беру топтағы үдерісті тоқтататынын біледі. Лидер оқиғаның белгілі-бір жолмен жасалуын талап етпейді. Ақылды лидердің ақшасы көп болмайды жəне көп мақтауды жөн көрмейді. Сонда да ол екеуі онда жеткілікті. Лао-цзы Ақылды лидер өзінің қасиеттілігін немесе алған атағын жақсы атану үшін жария етпейді. Олай болмаған күнде ол жеңіс пен жеңілістің болу жағдайына бірдей ықпал етеді. Осыдан барып жарыс пен күншілдік пайда болады. Тұрмыстық байлыққа сүйену де соған алып барады: ол кімде көп бол са, сол өркөкірек болады, кімде аз болса, сол ұры-қарыға айналады. Сіз сыртқы түріңізді жақсартумен əуре болған кезде, адамдар сізді рахатқа бөлеуге ұмтылады. Ақылды лидер кез келген мінез-құлыққа соған сəйкес назар аударады. Осылай болса топ мінез-құлықта жаңа мүмкіндіктерге ашық болады. Егер олар бəріне ашық болса, жұмбақ шешуге мəжбүр болмаса, көп нəрсеге үйренеді, онысымен олар ұстазына да рахат əкеледі. Лидер стиль мəнді ауыстыру емес екендігін, кейбір ақиқатты білу қара пайым ақылдан гөрі əлсіз екенін, назар аударта білу жинақылық жағдайы нан гөрі əлсіз екенін көрсетеді. Тиімді əрекет үнсіздік пен тұрмысты айқын сезінуден пайда болады. Аяғы жерде тұрған адам, ылғи уақыты жоқ адамнан гөрі қажет нəрсені тиімдірек жасайды. Лао-цзы Табиғи заң соқыр, оның əділдігінде шек жоқ. Кез-келген мінез-құлықтың соңы түзелуге келмейді. Адам да солай. Ақылды лидер адамдардың өздерін өздерінен қорғауға тырыспайды. Сана саңылауы ұнамдыға да ұнамсызға да бірдей түседі. Адамдар жаратылыстың басқа бөлігінен жақсырақ емес. Адамзаттың негізінде жатқан принцип, барлық нəрсенің негізінде бірдей жатыр. Ешбір ірі тұлға, ешбір адам адамзаттың басқа бөлігінен артық емес. Барлығының негізінде бір принцип жатыр. Бір тұлға басқа тұлға секілді бағалы. Сүйікті болып ойнаудың қандай қажеті бар?

Заң бəрін жария етеді. Құдай зат емес дегеніміз, Құдай ештеңе де емес дегеніміз емес. Азырақ мойынсұнып қоюдың да зияны жоқ. Осыны біліп лидер үстірт бола алмайды. Лидер өзгелер туралы өсек айтпайды жəне жарысушы теориялардың артықшылықтары туралы дауға күшін кетірмейді. Үндемеу – күштің ұлы бұлағы. Лао-цзы Мен ештеңе қаламасам, маған көбірек келеді. Мен топты иландыру əрекетін қалдырсам, мен өте сенімді болып кетемін. Бірақ мен жақсы көрінуге өзімді зорлауға тырыса бастасам, топ бұны біледі жəне оған бұл ұнамайды. Мен өзімнің ең жақсы жұмысымды өзімнің көзқарасымды ұмытқанда жасадым; өз ықпалымды қаншама аз жасасам, мен соншалықты көп қатысамын. Егер мен жұмыс істеп жатқан адамның қалауымен келіссем, мен қарсылыққа кездеспеймін. Лао-цзы Егер кім де кім елге күшпен иелік еткісі келсе, онда ол өз мақсатына жете алмайды деп ойлаймын. Ел тиіп кетуге болмайтын құпия ыдыс секілді. Егер біреу оған тиер болса ол сəтсіздікке ұшырайды. Егер біреу оны ұстап алам десе, оны жоғалтады. Бір тіршілік иелері жүреді, біреулері олардың соңынан ереді; біреулері жайнап гүлденеді, біреулері солады; біреулері беріктенеді, біреулері əлсірейді; біреулері құрылады, біреулері ыдырайды. Сондықтан жетілген дана артықшылықтардан бас тартады, əсіре жайлылықты, бекер шығындарды болдырмайды. Лао-цзы Адамдарды басқара жəне аспанға қызмет ете тұрып, ең жақсысы ұстамдылықты сақтау керек. Ұстамдылық ең басты уайым болуы тиіс. Жетілу – бəрін де жеңеді. Бəрін жеңетін таусылмас күшке ие. Таусылмас күш елге билік етуге мүмкіндік береді. Елді басқаруға жəрдем беретін нəрсенің бастауы мəңгілік, ол терең жəне мықты. Лао-цзы Өзендер мен теңіздер төменге қарай ағу қабілетіне ие болғандықтан, тегістікке билік етуі мүмкін. Жетілген дана халықтан биігірек болып көрінгісі келсе, өзін халықтан төмен қоя білуі керек. Адамдардың алдында болғысы келген кісі өзін олардан кейін қоюы тиіс. Сондықтан адамдардан қаншама биік тұрса да ол халыққа салмағын салмайды; ол халықтың алдында тұрса да халыққа зиян жасамайды. Сондықтан адамдар оны алға ұстайды жəне одан теріс айналмайды. Ол күреспейді, сонысы үшін де ол жеңілмейді. Лао-цзы Халық құдіреттілерден қорықпайтын болса, сол кезде құдіреттілік ке-леді. Оның тұрағын тарылтпаңыздар, оның өміріне жек көре қарамаңыздар. Кім халықты жек көрсе, халық та оны жек көреді. Сондықтан жетілген дана өз ұлылығын біліп, өзін көрсетпей ұстайды. Ол намыстан бас тартып, өзін көтермелемеуді жөн санайды. Лао-цзы Билік өте көп салық алса, халық аштыққа ұшырайды. Билік өте іскер болса да халықты басқару қиындайды. Лао-цзы Су – əлемдегі ең жұмсақ жəне ең əлсіз нəрсе, бірақ қатты мен мықтыны жеңуде жер бетінде оның теңдесі жоқ. Əлсіздер əлдіні жеңеді, жұмсақ қаттыны жеңеді. Мұны барлығы біледі, бірақ адамдар мұны жүзеге асыра алмайды. Сондықтан жетілген дана былай дейді: «Кім елдің қорлануын өзіне алса – патша болады жəне кім елдің бақытсыздығын өзіне алса – əмірші болады». Лао-цзы Егер сіз жеткен жеңісіңізді мақтау мен даттаудың өлшемімен өлшесеңіз, сіз таусылмайтын үрейде боласыз. Жақсы атақ немесе белгілі болу сіздің одан əрі дамуыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Даңқ та жақсы боп көрінуге тырысу секілді ауыртпалықты нəрсе. Мақтау мен даттау проблемасы неден тұрады? Егер топ сіздің əрбір қадамыңызды мақұлдаса, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз, бірақ сіз ендігі жолы бұрынғыдай қол соқпай қалса тынышсызданасыз. Егер топ сізге сынай қараса, келіспеушілік немесе наразылық білдірсе, сіз реніш сезінесіз. Осы екі жағдайдың қайсысында болса да сізде қозу пайда болады əрі тəуелді боласыз. Жақсы атақ қалай кедергі болуы мүмкін?

Əдетте жақсы атақ жақсы жұмысты орындау нəтижесінде көрінеді. Бірақ сіз егер жақсы атағыңызды сақтауға тырыссаңыз, сіз əрі қарай дамуға керек еркіндік пен шыншылдықты жоғалтасыз. Даңқ қалайша өзің туралы уайымдауға алып келеді? Жақсы жұмысты істеу үшін сіз өзіңізге өзіңіз қамқоршы болуыңыз керек. Сіз өзіңізді жақсы бағалай білуіңіз керек жəне өзгелерге өзіңізді бағалауға мүмкіндік беруіңіз керек. Егер сіз өзіңіз үшін өте көп нəрсе істеп жатсаңыз, сіз өзімшіл болып кетесіз. Өзімшіл болу сіздің өзіңізге де, ісіңізге де зиян келтіреді. Егер сіз жеңістеріңіздің жемісі мен өзіңіз туралы ойлауды бірдей сыйғыза алсаңыз, онда сіз өзгелердің жеңісін қуаттай аласыз. Лао-цзы Өмір сүру өмір мен өлімнен тұрады. Өмірді немесе өлімді таңдау өмір сүруді жоққа шығарады жəне ширығу тудырады. Бұлай ширығу адамдар дың қиын жағдайларда қателік жіберуіне алып келеді. Қателік өзімен өзі өмір сүруден гөрі өміршеңірек. Адамдардың отыз проценті өмірді жақсы көреді жəне өлімнен қорқады. Тағы бір отыз проценті өлімді дұрыс көреді жəне өмірден қашады. Одан кейінгі отыз проценті өмірден де, өлімнен де қорқады. Сонымен адамдардың тоқсан проценті қарама-қайшылықтар қалай жұмыс істейтінін білмеуден туатын ширығудан азап шегеді. Ал, өмір мен өлім бір-біріне қарама-қайшы болып табылады. Біреуін басқасынан артық баға лау пайдасыз. Тек он проценті ғана өмір мен өлімді факт ретінде қабылдауға ақы лы жетеді жəне өмір сүру бақытынан ұдайы рахаттанады. Сайып келгенде, өсу мен іру барлық жерде, барлық уақытта қатысып отырады. Ақылды басшы барлық нəрсенің келетінін жəне кететінін біледі. Сондықтан, ұстап қалуға немесе қашып кетуге тырысудың не керегі бар? Ол үшін азаптану мен мəймөңкелеудің не керегі бар? Не болуы мүмкін екенін қиялдап өмір сүрудің не керегі бар? Қабаған ит ширығып тұрған адамды қабады. Саналы жəне жинақы адам ондай иттің жанынан зиян шекпей өтіп кетеді. Ақылды басшы өмірге ғашық болмай жəне өлімнен қорықпай өмір сүре ді. Осы еркіндік лидерді зияннан қорғайды. Лао-цзы Мынадай үш қасиеттің лидер үшін бағасы биік: – Барлық жаратылған нəрселерге жаны аши қарау; – Тұрмыстағы қарапайымдылық пен шамадан асып кетпеу; – Теңдік сезімі мен сыпайылық. Жаны ашитын адам əркімнің көңілі үшін əрекет етеді. Тұрмыстағы қарапайымдылық адамға байлық сыилайды. Теңдік сезімі адамның нағыз ұлылығын білдіреді. Қателік мынада: «Біреудің көңілі өзіне ғана деген көңілді білдіреді», – дейтін адамды ержүрек жəне өзге адамды артынан ерте біледі деп есептеу. Шамадан тыс тұтыну басқаларға жұмыс беру арқылы өзгелердің аман-есендігіне қосылған үлес деп есептеу қателік. Қарапайымдылықты ұмытқан немесе өзгелерден үстемдік мінезін ұстанған адам шын мəнінде өзгелерден ақылдырақ деп санау да қателік. Мұның бəрі даралық мінез-құлықтың түрлері. Олар адамды өмір сүру дің толық негізінен ажыратады. Олар қаттылық пен өлімді тудырады. Жаны ашу, жəрдем бергісі келу жəне теңдік, бір жағынан өмірдің құрамдас бөліктері. Біз бəріміз бір болғандықтан да бұл осындай. Мен сіз туралы уайымдасам, онда мен тұтастықтың үндестік қуатын ұлғайта мын. Өмір деген нақ осы. Лао-цзы Үлкен патшалықты басқару майда шабақтардан тамақ пісіруге ұқсайды. Лао-цзы Мүмкін болғанынша топтың үдерісінің табиғи пайда болуына жағдай жасаңыз. Өзінен өзі пайда бола салмайтын көңіл-күй ауаны бастауын ояту құмарлығынсыз кез келгеніне қарап тұрыңыз. Егер сіз заттарды аударып-төңкере берсеңіз, сіз күшіңізді өте ерте, өзінің мезгілінен бұрын жəне рұқсат етілмеген қысым нəтижесінде босатып жібересіз. Олар, мүмкін бүлік шығаратын жəне кез келген қол жеткен қарақшыдан ұратын арнаулы емес жəне ретсіз қуатқа айналады. Бұл күштер нақты жəне топтың ішінде өмір сүреді. Бірақ оларды асықтырмаңыз. Олар дайын болған кезде ғана шығуға мүмкіндік беріңіз. Жасырын ағым мен эмоцияның пайда болуы табиғи кезде, олар табиғи жолмен шешіледі. Олар зиян алып келмейді. Шын мəнінде, олардың өзге ойлар мен сезімдердің кез келгенінен айырмашылығы жоқ. Барлық қуаттар табиғи жолмен пайда болады, өзіне өзі келеді, күші қосылады, жаңа ше шімге келеді, сөйтеді де, беті ауған жаққа жоғалады. Лао-цзы Неге мұхиттың суы өте көп? Өйткені ол барлық өзендер мен бұлақтардан төмен жатыр жəне оларға бүкіл болмысымен ашық.

Біз лидердің өнері деп қарайтын өзгелерді жетелей білу, негізінен, қалай еру, қалай жетекке жүруді білуден тұрады. Ақылды лидер артқы қатарда тұрып өзге адамдардың үдерісін жеңілдетеді. Лидер жасайтын ең айтарлықтай істер көбіне-көп байқаусыз қалып қояды. Өйткені лидер итермелемейді, нысан бермейді немесе айлалы əрекетке бармайды, ол реніш пен қарсылық кездестірмейді. Топтың мүшелері біреулердің жеке насихатын ендіруге тырыспайтын, олардың өмірін жеңілдететін лидерге шынымен сенеді. Лидерде ол қорғай тын позиция болмайды, онда сүйіктілер де жоқ, сондықтан, ешкім өзімен есептеспегендей сезінбейді, ешкім ұрыс-керіске бармайды. Лао-цзы Егер лидер істелген жұмыстың басым көпшілігін өзіне меншіктеп кетсе, топтың жұмысы өркендемейді. Егер лидер оқиғаны белгіленген түрде жүруге мəжбүр ету үшін қатаң бақылауға сенетін болса, топ көтеріледі жəне қарсылық көрсетеді. Егер лидер соқтыққыш жəне асығыс болса, топтың мүшелері қабылдамайтын жəне жауапсыз болып шығады. Ақылды лидер қарау емес, өзімшіл емес, қорғанбайды, талап етпейді. Сондықтан лидер кез келген оқиғаның табиғи жолмен өтуіне сенеді. Лао-цзы Басқарудың төрт жексұрын тəсілі: Тəрбиесіз өлтіру – қаталдық; Ескерту жасамастан жұмыстан нəтиже талап ету – зорлық; Бұйрықты орындау мерзіміне дейін кешіктіру – қарақшылық; Еңбекке ақы төлеуде сараңдық жасау – ұсақтық. Конфуций Ел басқарудың мəнісі қалай? Патша – патша, құл – құл, əке – əке, ұл – ұл болсын. Конфуций Басқару дегеніміз – жөнделу. Кім де кім жөнделгісі келмесе Сіз өзіңіз қашан жөнделесіз. Конфуций Басқаруға араласқың келсе, ата-анаңды қалай құрметтесең, туыстарыңа қалай сүйіспеншілікпен қарасаң, соның бəрін ел басқарғанда еліңе пайдалан. Конфуций Ұлы деп айлалылықтан аулақ əрі турашыл, əділдікті сүйетін, адамдардың айтқанын зерделейтін жəне олардың бет-жүзін барлайтін, өзін өзгелерден төмен қоюға тырысатын кісіні айтамыз. Ол өз елінде ғана емес, өз үйінде де көрнекті. Конфуций Халықты айтқаныңды мүлтіксіз орындауға зорлап көндіруге болады, бірақ əлдебір нəрсені үйренуге зорлап көндіре алмайсың. Конфуций Үйде əкем мен ағаларыма, түзде патша мен билеушіге қызмет етсем, өлілерді ұмытпасам, шарапқа мас болмасам – осылардың үдесінен шығу менің бойымда сақталса – өзіме талабым осы. Конфуций

Басқару мүмкіндігі қолында тұрған адам өзі жақсы істермен айналысса, бүкіл халқы да жақсы іске ұмтылады. Ізгі кісіге ізгілік – жел, нашар кісіге ол – желге иілген шөп. Конфуций Өзіңді жөндесең, басқаруың жеңілдейді. Өзіңді жөндемесең, өзгені қалай жөндейсің? Конфуций Басқарудағы жетістік дегеніміз жақындағылар қуанып, ұзақтағылардың жақындауы. Конфуций Мансабым жоқ деп қайғыланба, өмірден өз орнымды таба алмадым ба деп қайғылан. Конфуций Уəде қиындықсыз орындалмайды. Конфуций «Қалай ету керек?», «Қалай ету керек?» деп өзінен қайта-қайта сұрай білмейтіндерді қалай етуге болатынын мен білмеймін. Конфуций

Нашар кісі мақсатына жетпей тұрып, оған жетуге мазасызданады. Жетіп алған соң оны жоғалтып алмауды уайымдайды. Жоғарыға жетіп алуға уайымдап ол бəріне баруға əзір. Конфуций Ел басқару үшін ізгі кісіге мынадай бес қасиет керек. Ол шапағаттылық көрсетсе де шығындамайды, яғни өзіне түскен пайданы халыққа үлестіреді; адамдарды жұмыс істетсе де оларда өшпенділік тумайды, өйткені əркімге шамасы келетін іс береді; оның тілек-мақсаттарына дүниеқоңыздық жат, өйткені ол тілектер адамгершіл, мақсат – биік; ол маңғаз, бірақ өркөкірек емес, өйткені ешкімге менсінбегендей етіп қарамайды; ол айбатты, бірақ мейірімсіз емес. Сонымен бірге мынадай төрт кемшілікті жою керек: Өлімге айдалатын себебі белгіленбеген кісіні өлтіру – қаталдық, орындауды алдын-ала ескертпей, орындалуын талап ету – озбырлық, бұйрықты кешіктіріп, оның орындалуын асықтыру – қиындыққа итермелеу, адам-дарды бір нəрсесінен айырылдыра тұрып, қараулық таныту – ойсыздық. Конфуций Билеушімен келіспесең көрген күнің қиындар, достарыңмен келіспесең достықтан айрыларсың. Конфуций Қарамағыңдағыларға үлгі бол, оларды аз ғана кемшілігі үшін айыптама, лайықты əрі қабілеттілерді қызметте жоғарылат. Конфуций Заңы əл сіз, əлдебіреулердің билігінің астында жататын елдің келешегі жоқ. Заң биліктегілерден биік болып, биліктегілер заңның құлы болған ел – Құдайдың мейірімі түскен ел. Платон Ақылдылықтың үш ерекшелігі бар: жақсы шешім шығару, соны жақсы жеткізу жəне орындау. Демокрит Барлық нашарлардың жақсыларға бағынатыны – табиғи іс. Үйірді немесе қотанды үлкені немесе мықтысы басқарады. Адамдарды басқаратын билеушілер үлкен немесе мықты болумен бірге адамдық қасиеттері мол болса игі. Сенека Адамды билік сынайды. Питтак Өзін басқара алмай жүріп, өзгелерді басқарғысы келу ессіздік. Сир Публилий Хадис: Қиямет күні он не одан да көп адамға бастық болған кісінің екі қолы төбесінде байлаулы тұрады. Ол əділ адам болса, əділдік келіп қолын шешеді. Залым болса, зұлымдық келіп қолын одан сайын қаттырақ байлайды. Айлакерліктің басы – пəле, ортасы – өкініш, ақыры – Қиямет-қайым. Бойына туа біткен жəне жүре қалыптасатын қасиеттерге ие болған, бұларды бір-бірімен сəтті ұштастырған мынадай адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады: – Өнер-білімге құштар; – Мүшелері мүлде мінсіз; – Жаратылысынан өзіне айтқанның бəрін жете түсінетін; – Өзі естіген, көрген, түсінген жəне аңғарған нəрселердің бəрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз; – Өткір сөз иесі жəне ойына түйгенінің бəрін анық бере алатын; – Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл; – Жаны асқақ жəне ар-намысын ардақтайтын; – Жаратылысынан игі істерге ынтызар; – Əділеттілік пен əділеттілерді сүйіп, əділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; – Жақындарына да жат адамдарға да əділ – Пасықтық атаулығы мүлде рақымсыз; – Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек; Əл-Фараби Билік басындағы адамдар жұрт өзінің əрекетінде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазіргі тəртіпті сақтау үшін зорлықты батыл қолданады. Қазіргі тəртіпті зорлықпен ұстап тұра алмайсың, оны зорлықпен бұзылатын қоғамдық пікір сақтайды. Лев Толстой

Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды. Абай Басшы алса бір алманы баға бермей, Қосшы құртар алманың түп-тамырын. Шəкəрім Ақсуат бидің Сырым батырға айтқаны: Ел басқарып жүрген адамның ойында əрдайым үш нəрсе жүруі керек: обал, сауап, борыш. Мен бір істе қалай табысқа жеткенімді ойламаймын. Бұған не кедергі болатынын ойлаймын. Сол кедергілерді жойсам, іс өз өзінен алға басады. Мұстафа Кемал Ататүрк Елің күн ғой. Күннен де биік бар ма? Күннен биік болам деп күйіп қалма. Мұзафар Əлімбаев Басқаларды басқара аламын деп ойлайтын кез келген адам үнемі жəне жан сала үйрену үстінде болуы тиіс. А.В. Луначарский Кеудесіне бұтаның тікені қадалған құс табиғаттың мызғымас заңына бағынады; қандай күш оны істікке құлатып, сайратып өлтіретінін оның өзі де білмейді. Тікен оның жүрегін тесіп өткенде де, ол жақын өлім туралы ойламайды, даусы бітіп, демі үзілгенше сайрай береді. К. Макколоу. «Тікенді бұтада сайраушылар» Маған менің қалағанымды беріңіздер, сонда мен сіздерге сіздердің қалағандарыңызды беремін! Адам Смит Өзіне керекті істі орындауға қажетті адамдарды дұрыс таңдай біліп, осы уақыт ішінде олардың істеріне араласпауға ұстамдылығы жететін кісі ең жақсы басқарушы. Дж.Страуб Біз неғұрлым жылдам қозғалсақ, өзімізге бағыт беретін бағдарды соғұрлым алыстан іздеуіміз керек. Лидерлік дегеніміз дұрыс бағдарды таңдай білу. Поль А. Страссман Басқарушыға арналған он өсиет: адалдық, əдептілік, кісіні құрметтеу, ұжымдық жұмысқа қабылеттілік, зерттеу жолын ұстанушылық, жаңашылдық, жұмыстың сапасы, бейімделушілік, азаматтық сезім, тиімділік. «Уэлккомбэрроуз» компаниясының ережелерінен Қызметкерлерді қадағаламау дегеніміз оларға əмиянның аузын ашық қалдыру деген сөз. Бенджамин Франклин Тəжірибе мен бақылау – даналықтың ұлы бастаулары осылар, оларды əрбір адам жасай алады. Чаннинг Өткенін басқара білген, болашағын да басқара біледі. Джордж Оруэлл (Антиутопия) «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», – дейді екен бұрынғылар. Өйткені жақсылықты айтсаң, жақсының ғана нұры тасымайды, жақсылықты жақтайтын барша жұрттың көңіліне сенім ұялайды. Адамның жан дүниесінде күдіктен үміт басым болмақ. Жақсылықты айту үшін алдымен жақсы адамды табу керек. Жақсы адам деген кімдер? Оның өлшемі қандай? Лауазымы биіктердің бəрі жақсы адам ба? Қалай болғанда да, лауазымы биіктеген сайын адамның кісілігі де биіктей береді дегенге жұртты сендіре алмайтының анық. Бірақ қызметі биіктеген сайын адамның адамгершілігі міндетті түрде төмендей береді дегенге де сену қиын. Бəрі де адамның өзіне байланысты. Жақсылар əр ортада бар. Бəлкім, аз болар, көп болар, бірақ бар екені анық. Қандай қызмет болғанмен, азамат тұлғасының қыры-сырын ашып бере алмайды. Əйтседе, қызмет пен тұлға, олардың бір-біріне əсері əлеуметтік тұрғыда күн тəртібіндегі мөселелердің бірі екені рас. Лауазым иелерінің ішінде де елге жаны ашитын, өзінің бойындағы əу баста құдай берген тазалығын,

кішіпейілдігін, кісілігін сақтап қалған, мансапқа есірмейтін, өзгермейтін азаматтар баршылық. Төлен Əбдіков «Билік адамды бұзады, ал шексіз билік адамды шексіз бұзады», – депті ағылшын тарихшысы Д.Актон. Екінші білгіш: «Билік адамды бұзбайды, билікті бұзатын адамның өзі», – депті. Оны айтқан адам əйгілі жазушы-драматург Бернард Шоу. Қарап отырсаң, екеуінікі де дұрыс секілді. Билік саласында өз еліне жаны ашитын, жаңа тұрпатты, іскер де мəдениетті адамдардың бар екені рас. Жəне мемлекеттік жүйе солардың арқасында тұрғанын да жоққа шығара алмайсың. Жалпы, биікке көтерілген адамнан жұртшылық не күтеді? Əрине, сол қызметке адамның сай болғаны қажет. Əйтеуір креслода отыр деген аты болмаса, ел мүддесін жанымен сезбейтін, сезсе де, жан қинап күреспейтін, ең негізгі құндылықтардың маңызы мен мəнін біле бермейтін, сол себепті де, үнемі əлде не боп қалар екен деп, тартынып, жалтақтап қорқып отыратын біреу болса, онда ол елдің соры. Екіншісі – лауазым иесінің кісілік қалпы. Егер ол бұрынғы қалпынан өзгеріп, мүлде басқа адамға айналып, өзінен қызметі төмендерге бір мінез, үлкендерге екінші мінез көрсетіп, əр түрлі рөлдерде ойнап жүрген актерға ұқсап жүрсе, креслодан басқаны ойламайтын болса, онда бұл да қоғамның соры. Төлен Əбдіков Ізеттілік жұртқа, оның ішінде бастықтарға бір көрсетіп алып, қайтадан сандыққа салып қоятын бұйым емес. Ізеттілік əрқашан адамның өзімен бірге болуы керек. Адамның сырты мен ішінің бөлек болуы əлеуметтік саладағы үлкен мəселе. Əлемдік деңгейдегі гуманистер, жазушылар, философтар бұл мəселені талай рет көтерген. Лев Толстойдың «Соңғы бал» деген əңгімесіндегі той үстінде өзінің тəрбиелі жүріс-тұрысымен, мəдениетімен, зиялылығымен көзге түскен адамның, таңертеңгілік əскери ортада қатыгез, мейірімсіз офицерге айналуы қоғамдағы адам психологиясының күрделі қайшылықтарының айқын көрінісі. Төлен Əбдіков Биік лауазым иелерінің бойынан адамгершілік қасиеттердің табылуы қоғам үшін, ұрпақ үшін айрықша мəні бар нөрсе. Өркениеттіліктің шын белгісі дайындалған өнім көлемімен де, салынып жатқан зəулім үйлердің биіктігімен де, ішкі жалпы өнімнің пайызымен де өлшенбейді, өркениеттің шын белгісі сол ел тəрбиелеп өсірген адамның кісілік келбетімен өлшенеді. Лауазым иелері үшін ең үлкен қазына – халықтың сенімі, ықыласы, сүйіспеншілігі. Ешкімге өзіңді зорлап сүйгізе алмайсың. Елдің жүрегіне жеткізетін жалғыз нəрсе – ол өзіңнің шынайы кісілік келбетің. Сол арқылы Аллаға да, адамға да сүйкімдісің. Адам ол қасиеттен жүре келе айрылуы мүмкін. Егер ол қасиеттен бір айырылсаң, онда сені сүйкімсіздіктен биік мансап та, мол байлық та, шен-шекпен де, арғы ата-бабаңның қадір-қасиеті де – ештеңе де құтқарып қала алмайды. Төлен Əбдіков Ел ұстасаң, кек ұстама. Құсайын Тайжы Əпсана: Жыланның басы мен құйрығы келіспей қалады. Құйрық: «Мен алдында жүруім керек», – дейді. Бас: «Бұрыннан мен алдында жүретінмін, енді неге соңына түсуім керек», – деп көнбейді. Оған риза болмаған құй рық ағашқа оралып қалады да, бас ілгері жылжи алмай қалады. Содан бас амалсыз құйрықты алға жібереді. Құйрықта көз жоқ, жанып тұрған отқа түсті де кетті. Білім-білікке салыстырғанда билік ештеңе де емес. Қызмет істеп тұрған кезде бір қауым ел танитыны рас, бірақ қызметтен кетісімен ұмытатыны мұның да баянсыз екенін білдірсе керек. Байлық та солай. Берсең – жақсысың, бермесең – алакөз. Байлықты дамытамын, сақтаймын деп жүргеніңде ғұмырың өтеді де шығады. Билік күші мен саяси күштер арқылы мəдениетті шұғыл көтергісі келетіндердің орыстың ұлы патшасы Петр Біріншінің боярлардың сақалдарын зорлап алдыру мен еуропаша киінуге итермелеу арқылы мəдениеттірек еткісі келмек болғанынан ештеңе шықпағаны есінде болғаны жөн. Одан шығар қорытынды: саясат мəдениетті қалыптастыра алмайды, қайта мəдениет саясатты қалыптастырады. Мəдениеттілері көп ел ертерек жетіледі. Шыңға жақындық – шыңырауға жақындық. Ағылшын мəтелі: Өзін өзі басқара алмаған, басқаны да басқара алмайды.

Билік саласындағы əрбір адам кез келген уақытта: «Мен қолымнан келгенімді жасадым. Менен де жақсы істейтіндер болса – мархабат» дей алуы керек. Бұл жаңалық емес – қадым заманғы Рим империясының билік формуласы. Жанында тұрып, соның орнын алуды аңсаған арманы етіп тұратындар бар. Адам өмірінде атаққа, билікке, байлыққа, білімге, абыройға ұмтылады. Ұстай білмесе, бəрі де баянсыз.

Дүниеқұмарлық, билікқұмарлықтан келіп шығатын ашкөздік, қатыгездік – жан мен тəн жезөкшелігі. Сондықтан билікқұмарлық – адамдағы барлық кемшіліктердің ең ауыры əрі зияндысы. Ақылды басшы таудан төмен аққан суларды өзіне жинап алатын өзен сияқты өзін қарамағындағылардан төмен қоюы керек. Көру оңай – болжау қиын. Ұйымдастырушы салқынқанды болып, тəуекелден қорықпағаны, қарамағыңдағылардан көп білгені, əртүрлі пікірде болуды қолдағаны дұрыс. Бұдан былайғы кезде биліктегілер тордағы құс немесе аквариумдағы балықтар сияқты: барлық жағынан ашық көрініп тұратын болады. Бірақ, солай екен деп лидердің жеке өміріне, ішкі дүниесіне қол сұғу – орынсыз болмақ. Кеме ойылғанда, ойықты бітеңдер деп басқару пультінде тұрып қалған капитан, орнынан кетіп, кеменің тесігін бітеуге қатыса кеткен капитаннан дұрыс. Ер жігіт ел үшін туады, жау шапса ерге айтады, артылып қалған жүкті нарға артады. Өмір – театр, айыпты қашан да – режиссер. Əпсана: Бір патшаға «Төңірегіңіздегілердің бəрі дүниеқоңыз жəне сенімсіз, оларды ауыстырып, орнына əлі биліктен бүлінбеген, сенімді адамдарды қойыңыз», – деп кеңес беріпті. Сонда патша ойланып отырып: «Жақында мен базарға бардым. Бір бұрышта үсті басы шыбыннан көрінбейтін бір қайыршыны көріп, жаным ашып, шыбындарын үркіттім. Қайыршы болса: «Уа, мырзам, неге олай еттің? Менің үстімдегі шыбындар əбден тойып, құр ғана қонақтап отыр еді. Енді оның орнына аш шыбындар келіп, мені тағы да талайтын болды ғой», – деді. Менің жаңадан қойған қызметкерлерім де алдымен өздері тойынуға тырыспас па екен?» – депті. Ылғи биікте болады екем деп қалмаған жөн. Биікке жақындаған сайын құлап кету қаупі көп. Лажы болса, əрине, ұшқан жақсы. Бірақ құлаған жаман да. Халық тағдыры – ел тізгінін ұстаған азаматтарда. Тізгін иесі дегенде билеушіні ғана емес, жетілуге бастай алатындарды да айтады. Билеушісі озық, жетекші азаматы көп елдің ісі өрге басады. Соларға адалдық, табандылық сабыр тілей жүру керек. Ең биікте тұрған билеуші кеңпейіл болғаны жақсы, өйткені ол озбыр болса, оның қателігін түзетер одан биік тұрған ешкім жоқ. Биіктегі билеуші өзіне ең жақын тұрған, өзі олардың айтқандарын көп рет тыңдаған көмекшілерінің адалдығы мен мейірбандығын да зерттеп тұру керек. Егер қателікке бірнеше адам жауап беретін болса, кінəлі табылмайды. Жақсы маманды қалыптастыру – ағаш өсіргенмен бірдей, бұл іс жағдай мен уақытты қажет етеді, көшетті қанша көлдетіп суарсаң да, ол аптаның немесе айдың ішінде тамырын кең жайып үлгермейді. Бізге айқын болып көрінетін пікірлердің дұрыстығын мұқиятырақ тексеру қажет. Қызметкері өз пікірін айтып келіп, оның пікірімен кететін бастық жақсы. Мына ережені ұстану керек: бүгін істелуі қажетті нəрсе ертеңге қалдырылмауы тиіс. Қажет нəрсе бүгін жасалуы керек, ал қалағаныңды арғы күні істесең де болады. Қажет нəрсені қалауға тырысу керек. Табыс формуласы: Көре біл. Адамдар қайда баратынын білетін кісінің соңынан ереді, олар неге сол жаққа бара жатқанын білгісі келеді жəне олар мақсаттың жиі өзгергенін ұнатпайды.

Қарауыңдағы адамдарға сен. Жауапкершілік қызмет баспалдағының барлық сатылары бойынша бөлінуі тиіс. Сабырлы бол. Дағдарысты жағдайда байсалдылық таныт. Бұл басқалардың көңілін тыншытып, ойланып қимылдауына түрткі болады. Тəуекел етуден қорықпа. Лидерлер өз бағыныштыларын тəуекелге баруға ғана емес, сондай-ақ жаңаны іздеу кезінде жіберілген қателіктерді ашық мойындауға үйретеді. Аз ғана жаңсақтық бүкіл мансаптың күйреуіне əкелетіндей қалып таныту адамдардың еңсесін түсіріп жібереді. Сарапшы бол. Əркім қызмет баспалдағының барлық сатысында мынаған сенімді болуы керек: лидер ең болмағанда өздерінің білетініндей біледі. Түрлі ой-пікірлердің болуын көтермеле. Егер сенің айналаңдағы адамдар саған тек «иə» дейтін болса, онда не сен, не олар өз орнында отырған жоқ. Жаһандану Жаһандану ұлтсыздану емес. Жаһандану кезінде қазақ халқының мойнында төрт міндет тұр: біріншісі – дініне беріктігі, екіншісі – тіліне беріктігі, үшіншісі – міндетті түрде технологиясын дамыту, төртіншісі – бала туу. Осылардың біреуі болмаса алға жүре алмаймыз, ал төртеуі де түгел болса, төбедегі келеді. Асқар Жұмаділдаев Қай заманда да, қандай қоғамда да «бүгінгі адам» атаулының бəрі өткен мен болашақтың арасына дəнекер болып отырған. Бұл – жазмыштың ісі сияқты құбылыс. Кез келген «бүгінгі адамның», яғни жер басып жүрген тірілердің тал бойында өзіне дейінгі сан ғасырдың жүгі бар. Былайша айтқанда, фəни жалғанға келіп-кетіп жататын басы жұмыр пенде атаулы тіршілігінде тірнектеп жинаған өмір тəжірибесін, білімбілігін, салт-дəстүрін өкше басар ұрпағына жұғысты етіп отырады. Ұрпақаралық сабақтастық бір сəтке үзілер болса, бəрін де тырбанып қайта бастауға тура келер еді. Өмірдің парқы мен нарқы сабақтастықта деп келетін қанатты сөз осындайда айтылса керек. Ақселеу Сейдімбек Болашақ деген не? Əсіре-қызыл сезімге бой алдырмай ойланар болсақ, болашақ дегеніміз жоқпен тең. Өйткені əлі болмаған, не болатынын болжау мүмкін емес жағдай туралы не айта аларсың. Ал, қазіргі дегеніміз – қас қағым сəт қана, оның өзі іле-шала өткенге айналып үлгереді. Демек, адамзаттың бар болмысы өткеннен тұрады. Барлық шындық өткен өмірдің ұзына жолында шашылып жатыр. Яғни, өмір шындығы туралы əңгіме өзінен-өзі өткен тарих туралы əңгіме болып шығады. Сондықтан да, өткен тарихты адамзаттың ұлы ұстазы десе лайық. Ақселеу Сейдімбек Адамзат баласының үмітке толы өміріне нəр беріп тұрған үш күретамыр бар. Олар: Кеше, Бүгін жəне Болашақ деп аталады. Бұл үшеуі бірігіп тарихты құрайды. Тарих ешкімнің еншісі емес. Тарих мейлінше дербес құбылыс. Солай бола тұра, бірде-бір басы жұмыр пенде тарихқа немкетті қарай алмайды. Оның есесіне ақ бас тарихтың тіршілік атаулыда мүлде шаруасы жоқ. Тарихты түзетуге, əрлеп-əспеттеуге, мінеп-күзеуге болмайды. Ол мүмкін де емес. Адамзат баласы тарихтың бүгінгісін ғана еншілейді. Бүгініне ғана ықпал ете алады. Ал, біздің əрбір қас-қағым сəтіміз тарихқа айналып жатады. Оны өзгерту мүмкін емес. Болашақ дегеніміз болжаусыз... Солай болғанмен, өткенді ұстаз тұтып, бүгінге жауапкершілікпен қарау арқылы өмірді ұзартуға үміткер бола аламыз. Дəлірек айтсақ, адамзат баласының маңдайына жазылған енші – үміт қана. Демек, тіршіліктің қозғаушы күші де сол үміт. Үміттің үзілмеуі – тіршіліктің жалғасуы. Ақселеу Сейдімбек Ой адамзаттық дамудың ортақ игілігі бола алады ғой. Ал тіл белгілі бір өңірде ғұмыр кешкен тайпаның, жұрттың, ұлыстың, ұлттың ғана қарымқатынас құралы. Ойды бір құрлықтан екінші құрлыққа қөшіруге болады, тілді көшіру мүмкін емес. Не маман аудармашы бару керек, не сол тілде сөйлейтін əлеуметтік топ бару керек. Оның өзінде де барған ортасында тарихи-əлеуметтік қажеттілік болмаса, əлгі топпен бірге тілі де қоса өледі. Алғашқы қауымдық құрылыстан бергі ұлтқа, оның тіліне қатысты тарихи айғақтарға зер салсақ, шумер тілі, латын тілі, майя тілі қазір өлі тіл. Сол тілмен бірге сол халықтар да тарихи айғақ ретінде ғана аталып өтеді. Сол халықтардың жоғалуына соғыстан да, аштықтан да, індеттен де, геноцидтен де бұрын қатты ықпал еткен тілдің жойылуы. Түйін ой мынау: ұлт пен тілді бөліп қарауға болмайды. Бұл екеуінің бірінсіз бірі жоқ. Рас, ұлттың тілден басқа да түрлі белгі-бедерлері бар. Сөйте тұра, тілсіз ұлтты елестету – алдамшылықты, белгілі бір үстем саясаттың шашбауын көтерушілікті пайымдатады. Ақселеу Сейдімбек

Қазір адамдар өзінің өзгеге ұқсамайтынын, оқшаулығын мəртебе санайды. Қайтсем өзгеден артық ақша табамын деп, артық киінемін деп, артық тамақтанамын деп, артық қызметте боламын деп, артық дүние жинаймын деп, бар арман-аңсарын соған арнайды. Мұның өзі адамдар арасындағы мейірімді, тілеулестікті, ортақшылдықты жоғалтып, оның орынына бəсеке-бақастықты, күншілдікті, іштарлықты, қатыгездікті қоздырып отыр. Өзімшілдік адамдардың ақыл-санасына тек қана жамандық ұрығын себуде. Ақселеу Сейдімбек Тарихи тағдырдың елегі шайқаған кезде оның тор көзінен ездер түсіп қалып, ересендер ғана іріктеліп, қоғам көшіне ілеседі. Ақселеу Сейдімбек Азаматтардың ақпаратты еркін алуға қақысы бар. Демокра тия ның басты құндылықтары да – сөз еркіндігі, баспасөз еркіндігі. Бұл аталған дүниелерді талқылаудың өзі артық. Кешегі күні біз ат үстінде, не арбаға мініп жүрген болсақ, кейін шетелдік жеңіл көліктерге міндік. Меніңше, арба мен автокөліктің бар айырмасы – оның құ рылымында, жүрдектігінде, сəулетінде, қауіпсіздігінде, т.с.с. Бүгінгі адам ның өмір сүруі, жүрістұрысы, талғамы тұрғысынан алғанда, толып жатқан өзгерістер бар. Бірақ құндылықтар тұрғысынан алғанда, баяғы құнды лықтар бүгінгі күннің сол құнды лықтары болып қала береді. Адамдар əлемдегі болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастармен танысуы жəне содан оқшауланбауы тиіс. Тап осы жерде жаһандану ұғымының жағымды тұсын айтуға болар. Əлемде не болып жатқанын білу арқылы кез келген азамат өз еліндегі жағдайға шынайы түрде баға бере алады. Өз еліндегі белгілі бір оқи ғаға орай түрлі көзқарасты білу ар қылы сол оқиғаның үрдісін өзінше дұрыс бағамдай алады. Егер азамат ретінде мүдделі адам болса, соған сай ертеңгі күні өзі өмір сүретін, ертеңгі ұрпағы өмір сүретін қоғамның дұрыс дамуына үлесін қоса алады. Едіге Мағауин Қазір барлық елдер мен мемлекеттер біркіндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Негізгі кіндігі еркін таңдау жəне жеке бастама жасай алатын жеке адам бостандығы идеясына негізделген Батыс өркениеті болып отыр. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі ретіндегі батыстану – бұл тек батыс тың технология лық жетістіктерін, экономи калық өндірісті ұйымдастыру тəжірибелері мен ғылымитехникалық мəдениетін қабылдау ғана емес, сонымен бірге əлеумет тік реттеудің (адам құқығы, жеке адамның тұлғалық тұрпаты, діни сенімі, ұлттық төзім ділік, əдептілік, т.б.) мəдени-өркениеттік қалыптар кешенін де қабылдау екенін түсінген дəстүрлі қоғамды жақтаушылардың табанды қарсылығына тап болуда. Бұл тұрғыда негізгі келіспеушілік өркениеттердің өзара кірігуі мен ұштасып кетуіне қарсылық та болып тұр. Анығырақ айтқанда, жаһан дану барысында Батыс мəдени құндылық тарының басымдық танытуы жергілікті халықтың байырғы төлтумалық сипатының жоғалуына түрткі болуы мүмкін деген қауіп ке əкеліп тірейді. Өйткені, өткен ғасырдың орта шенінен айтыла бастаған өркениет бəсекесі қазір шын мəнінде ақиқатқа айнала бастады. Бəсеке бүгінгі күні экономикада, саясатта, идеологияда, мə дениетте, білімде, ақпаратта, технологияда, тағы басқа салалар да қызу қарқынмен жүріп жатыр. Рас, Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, тех нологиясы, біздер үшін өте қажет, алайда, Батыс өркениетінің қор шаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарау ға үйретуі, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, бұл мə селеде бізге үлгі бола алмайды. Сондықтан Батыс өркение тіне шамадан тыс еліктеуші лік жақсылықтың нышаны емес. Тағы да қайталап айтудың реті келіп тұр, батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндіріс ті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, əдептілік, тəрбиелік мазмұн іздеу – бос əурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дəстүрлі қазақ қоғамы мəдени құндылық тарды еш уақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мəдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) жəне пайда табу. Қанша аз уақыт жұмсалса, сонша пайдасы көп. Алайда басы ашық мəселенің бірі – қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Бұл шығар күндей анық мəселе. Жаһандануды əрбір ұлт, əрбір этнос, əрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алғанда ғана осынау қауіптілеу болып көрінетін құбылыстың игілігін көреді. Егер жаһандануды ұлттық мемлекеттік болмысқа икемдей алмасақ, оның ықпалына түсіп алып, жалаң еліктеуге ұрынатын болсақ, онда мемлекет те, сол мемлекетті жасап отырған ұлт та геосаяси тобырға айналып, рухани жаулаушы өркениеттің құлақкесті құлы болып қала береді. Серік Пірəлиев

Жаһанданудың игілігін молынан көріп жатырмыз. Ғаламтордағы ақпараттар ағыны, ұялы байланыс, халықаралық сауда, ғылым, медицина жаңалықтарын енгізу – жаһанданудың жемісі. Оны жек көрмейміз. Демек, жаһанданудан қашып құтыла алмаймыз. Ендігі керегі – бірлік. Жеке мүдделер адамзат қауымдастығын сақтап қалу уайымына бағынуы тиіс. Алдағы кезде барлық адамдар мен жеке мемлекеттердің мүдделері қажеттілік деген ұғымға бағынуы керек. Қажеттілік болғанда күнделікті тірлік уайымынан ертеңгі бірге ғайып болу уайымын биік санайтын, солай болуға бізді мəжбүрлейтін қажеттілікті айтамыз, осыны бар адам баласы сезінуі керек. Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Экологияға қатысты: «Тұрақты даму» деген тіркесті əрбір оқыған сайын осы сөздер есіме түседі. Көп нəрсе өзгерді, көп нəрсе жаңарды, жаһандану процесі жүріп жатыр. Ұлттық құн дылық та ры мыз қайта сарапталды. Адамның рухтық тұр ғы дағы жан дү ние сін байыту, ақылы мен па ра сатын, тал ғам паз ды ғын арттыру, білімділігін, біл гірлігін еселеу, ті лі міз дің уақыт талабына сай дамуына мүмкіндік жасалуда. Соңымызда қалар ұрпағымыз – бала ла ры мыздың бойында ұлттық намыс, жі гер, адами тəлім-тəр бие болса дейміз. Бұл тұрғыда зиялы қауым өкіл де рінің жастардың ұлттық намысын оятып, жақсы тəлім-тəрбие беретін, рухани бай лық қа жетелейтін дуалы сөз бен нəтижелі істе рі нің мəні мен маңызы зор болмақшы. Абырой деген қазақта қасиетті сөз бар. Бұл шөміштеп емес, қасықтап жиналатын көзге кө рін бейтін материя іспеттес. Өте нə зік, алды-ар тың ды байқап жүрмесең шы ны дай шытынай салады, қайта орнына келуі не ғайбыл. Шашып, төгіп алуың тіптен оңай. Менің не істеп жүр генімді бұл аңқау жұрт қай дан біледі деп, екі жеп биге шығып жүрген, əлдекімге қиянат жасап, жолын кесіп, өзге біреудің қолымен от кө сеп, сыр ты нан ғайбат сөз айтып қаралаудың не ше түрлі тəсілін меңгерген адамды қанша бүр ке ме лесе де қарапайым көпшілік біледі. Біліп қана қой майды, оның дəл бағасын береді. Адам сыйлауға тұрса сый лай ды, сыйлауға тұрмаса сый ла май ды. Қо ғамдық пікірді тың дау, оны сыйлау ол адам бо йындағы мə де ниеттіліктің, пара сат ты лық тың белгісі. Өйт кені, біз осы қоғамда өмір сү реміз. Біз қоғамға емес, қоғам бізге ауа дай қажет. Қоғам орасан қозғаушы күш. Жаппай жаһандану процесі мəдениеттің де əмбебаптануына алып келуі мүмкін. Ұлы технология аясындағы рухани тоқырау содан туындайды. Орыс ғалымы В.М.Межуев «Жаһандану – əлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тəуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси жəне мəдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы» дейді. Жаһандану көрінісінің мысалдары – ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкілəлемдік қуатты корпорациялар, Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты əлемдік ұйымдар, əлемдік қаржы институттары, т.с.с. Жаһандануды былайша сипаттауға болады: бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдасудың мəні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады. Жаһандануды жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуі, оның бірыңғай əрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкін екендігін алға тартады. Жаһандану – халықаралық қатынастарды біркелкілендіру. Халықаралық конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып, соған сəйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болуы – жаһанданудың нəтижесі. Жаһандануға қарсылық білдірушілер оған мықты елдің əлсіз елді езуіне рұқсат беруші деп қарайды, Батыстың Шығысты бағындыруына орайластырылған процесс деп санайды. Жаһандануды экономикалық, яки мəдени империализмнің, тіпті отарлаудың жаңа түрі дейтіндер де бар. Жаһандану кезінде қуат-күші əртүрлі елдерде, мəселен, экономикасы дамыған елдер мен дамымаған елдерде, əскери күші мол елдер мен əлсіз елдерде бұл жіктелу тереңдей түседі дейді. Байдың байып, кедейдің кедейленуіне, бай елдер кедей елдердің игерілмеген байлықтарын талан-таражға түсіруіне жол ашылады деп санайды. Тұтас халықтар экономикалық босқындарға айналады, халықтардың ұлттық ерекшеліктері мен мəдениетіне қауіп төнеді дейді. Əдетте, мəдениеттер мен дəстүрлердің текетіресі, өмір көрсетіп отырғанындай, жақсылыққа апара қоймайды. Жаһандану еркін кіре бастаған нақ осы сəтте халқымыздың еліктегіштігі де біздің төл мəдениетімізді сақтап қалуға зиянды əсерін тигізеді. Жалпы, еліктегіштік пен өзін төмен санау – біздің ұлтымызға соңғы екі-үш ғасыр ішінде əбден сіңісіп бара жатыр, одан арылуға тиіспіз. Жаһандану процесі ұлттық мемлекеттер үшін тиімсіз дейді бұған қарсы топ. Себебі, жаһандану нəтижесінде ұлттық мемлекеттердің егемендігі мен дербестігіне нұқсан келеді, ұлттық жəне стратегиялық

тəуелсіздігіне қауіп төнеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы ұлтшылдықтың өршуін жаһандануға қарсы əрекет деп танушылар да жоқ емес. Ұлттық мемлекеттердің əлсіреуіне жаһанданусыз-ақ əлемдегі миграциялық процестердің артуы, туризмнің жаппай өрістеуі, экономикалық байланыстар кешенінің пайда болуы өз əсерін тигізіп отыр. Ұлтшылдықты арттыру арқылы жаһанданумен күресу нəтиже бермейді. Түптің түбінде ұлтшылдық көріністерін мықты ұстана отырып, жаһандық даму процесімен қатарлас даму саясатын ұстанғандардың жолы дұрыс болып шығады. Оның дұрыстығына ұлттық мəдениетпен бірге орыс, ағылшын тілдері арқылы келіп жатқан жаһандық мəдениеттің қатар дамуы көріністері, АҚШ долларының өз теңгемізбен бірге қолданысқа еніп кеткені, домбыра мен скрипканың бір əуенді бірге ойнай бастағаны дəлел бола алады. Осы арада тепе-теңдіктің болуына, өзге мəдениеттің төл мəдениеттен артық еніп, тұмшалануына жол бермеуге баса назар аударылуға тиіс. Ол үшін жаһандану процесінің елге келген ықпалы ұдайы зерттеліп, талданып тұруы керек. Сонда ғана ұлттық мемлекеттердің саяси əрі экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келмейді. Жаһандануды мойындамайтындар мен менсінбеушілер артта қалып қояды. Адамзат табиғатты қорғауды шындап қолға алмаса, «ертеңгі келер пайданы сезіну тапшылығы» жалғаса берсе, ғаламдық өзгерістер нəтижесінде өмір сүру режимі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Дəстүрлі мəдениет сырттан келетін мəдениетке төтеп беруі үшін елдің рух-санасы жоғары, күнделікті ақпарат құралдары теріс əсерді беретін хабарлардан таза болғаны дұрыс. Ұлт тіліндегі хабарлар, дəстүрлі мəдениеттің озық үлгілері жүйелі түрде əрі өзге тілдегілерден молырақ жасалмаса, ұлт рухының əлсіреуі, əсіресе жас буынның басқа бағытқа көшіп кетуі шапшаңдайды. Болашақтағы бұлғақтар ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Алда адам тағдыры ақпарат көздеріне тəуелділігі бүгінгіден де артады. Ақпарат көздері жабыла қолдаса, кісі емес кісі – кісі болып шығады. Ақпараттың шындап дамыған кезі – кітап пен газеттің жаппай шыға бастаған кезі десек, оның басталғанына біржарым ғасыр болды. Соңғы уақытта олар арзан сөзге, ашық-шашық пиғылға үйір. Таяу болашақ – ақпараттың талдамалы дүниелерді көбірек жария ететін көздерінде, сананың оянуы солар арқылы жасалады, сана оянған сайын халық нақты ақпаратты көбірек керек ететін болады. Бүгінгі күні кітап оқымайтындар көбейіп, поэзия мен махаббаттың мəні өзгеріп, оның тым қарабайыр, жеңілтек түрі пайда болса, ол – сананың бүгінгі деңгейінің өлшемі. Өзге ұлттардың мəдениетін өркендетуге, дін мəселесіне келгенде сындарлы саясат ұстану маңызды. Діннің жаңа бағытын ашу партия құрудың халықаралық түріне айналып барады. Адамдардың ықыласын сатып алу немесе жан-жүйесіне əсер ету арқылы тілеулестерінің қарасын көбейтетін діндер пайда болды. Жаһандану жергілікті мəдениетті сөзсіз бағындырып алуды немесе жойып жіберуді мақсат етпейді, қатарлас, бірге дамуды ұсынады. Компьютер бағдарламаларының ұлт тілінде сөйлеуі, интернет жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған дəлел. Егер біздің ұлтымыз бəсекеге қабілетсіз болып қалсақ, екі ұлы мемлекет пен амбициясы биік, мемлекетқұраушы ұлтының саны бізден үш есе көп тағы бір көрші мемлекеттің ортасында тұрып, нарық экономикасына көшу мерзіміміз əлемде негізінен барлық байлық пен халықаралық сауда əбден жолға қойылып, жаңа мемлекеттерге өркениеттен өз орнын табу аса қиындаған сəттерде барып осы жүйеге бет бұрған біздің еліміздің тағдыры – біздің ұлтымыздың ұлт ретінде, мемлекетіміздің мемлекет ретінде сақталып қалу үшін – əлемдік бəсекелестікте лайықты орнымызды табуда болып тұр. Ол үшін біздің экономикамыз ғана емес, билік те, халқымыз да бəсекеге қабілетті болуы тиіс. Егер біз бəсекеге қабілетті бола алмасақ, онда мемлекеттілігіміздің іргесінің беріктігіне, халқымыздың тіліне, дініне, діліне нұқсан келуі оп-оңай. Бүгінде мемлекеттілігіміздің экономикалық негізі орнықты, ендігі мəселе халқымыздың өзінде. Алдағы мерзімде ұлтты оятатын күш – білімділік, ақпарат таңдай білу. Ұлттық сананың биіктігі. Сатылмау. Ұлт мəселесіне келгенде пенделіктен биігірек болу. Көп ұлттылық қазаққа ешбір теріс əсер ете алмайды, ол кезден біз өтіп кеттік: Кеңес Үкіметі кезінде қазақтар Қазақстанда халықтың үштен бірін ғана құраса, қазір үштен екісіне жетті. Егер біздің рухымыз биік болса, теріс пиғылдарға, ішімізден ірітуші күштерге төтеп бере алатындай болсақ, өз мінезіміз, өз қалпымыз болатын болса, көп ұлттылық неге теріс əсер етсін? Басқа ұлттарды ығыстыру бізде болған емес, Қазақстанда тек қазақтар ғана тұрсын деген ойда жүрген ешкім жоқ, өз қазанымызда қайнай бермей, олардан үйренуге де тиіспіз. Ұлтына, руына, жерлестігіне қарамай қызметке

қоюды, əріптесті бағалауды, Шығыс халқына тəн бірлестікке өмір сүру салтын, кооперацияны дамыта түссек ұлттың оянуына жетеміз. Бүгінде біз Батыстың индивидуализмінде өмір сүруге жалпылама көшіп кеттік, одан бізге Шығыстық үлгі қолайлы. Ауылдағы шаруа бірлессе жерінен молырақ өнім алады, қаржысын бірлестіргендер үлкен кəсіпорын салып алады. Бізде əлі бір-бірімізге сенімсіздік бар, өйткені алдап, сатып кететіндер көп. Осының бəрі ақшаны бірінші орынға қойғанның кесірі. Сана биіктігі керек, біздің көңіліміз ояу, көзіміз ашық, ақпаратымыз нақты болуы керек. Орта таптың қоғамның негізгі қозғаушы күші болатыны – олар өзгерістерге бейімделгіш. Жəне олар өзгерістерден барынша өз пайдаларын алып қалады. Сондықтан да орта тап капитализм дəуірінен бастап, негізгі күшке айналды. Капитализмнің бүгінгі сатысында тасқа басылған сөзге қоса радио мен магнитофон, олардың дамыған түрі – бейнені қоса көрсете отырып ақпарат беретін – теледидар мен бейнелі ақпаратты жазып алып, кез келген уақытта көрсете алатын бейнетаспа шықты. Бұлардың біртіндеп ене бастағанына бір жарым ғасырдың шамасы болып қалды. Бүгінгі электрондық байланыс құралдары барлық ақпараттық төңкерістердің ішіндегі ең ұлысының бастапқы бір бөлшегі. Ал радио, теледидар мен бейнежазбалар болса баспа өнімдері мен Жаңа жүйенің ортасындағы баспалдақ іспетті. Гутенбергке дейін де жазу болған: Күлтегін тасқа, римдіктер папирус қағазына хаттар мен пайымдаулар жазған. Осынау электрондық ақпарат құралдарының өмірге енуі биліктің массаны бағындыруға құштарлығын арттыра түсті жəне қай жағдайда да өз дегенін жүзеге асыруы жеңілдеді. Ол біздің елдегі соңғы саяси ісшараларда айқын көрініс берді. Интернет – жаңа құбылыс. Аз ғана уақытта, аз-кем қаржыға мың күншілік жерлерден керек ақпарат алу мүмкіндігі осыдан отыз жыл бұрын ешбір ақылға сыймайтын іс еді. Жай ақпарат қана емес, слайдтармен, музыкамен көркемделген, бет-бейнені қоса көрсететін ақпаратты оп-оңай-ақ алған кезде көңіліңді шаттық кернейді, оны жасағандардың алдында басыңды игің келеді. Бұл Жүйеде біз жасаушы, тұтынушы, бейнелер мен дыбыстарды қабылдаушы боламыз. Бұдан құдіретті не бар?! Жүйеде біз əрі автормыз, əрі шығарушымыз, əрі продюсерміз. Біздің өзімізді-өзіміз көрсете алу еркіндігіміз орасан, ал аудиториямыз қиял жетпейтіндей кең. Бір ғана нүктені жəй ғана басып қалғанда біздің алдымызға кез-келген талап еткен ақпаратымыз келе қалады жəне өзіміз де ақпарат жібере аламыз. Скептиктер: «Өзгеріп жатқан ештеңе де жоқ, əлем бұрын қандай болса, сол күйінде», – деп жүр. «Біз бұрынғыша шеге жасап шығарамыз, резеңке галош киетіндер əлі де бар, банктер ақшаны бұрынғыша несиеге беріп жатыр, аз ғана болмаса, өзгеріс шамалы. Рас, кейбір адамдар хатшы қыз бен диктофонның орнына іскерлік хаттарын интернет арқылы жазуға машықтанып жатыр. Одан не өзгере қояр дейсің», – дейді олар. Оларға қарсы жақ мұны көрсоқырлық дейді. Олар интернетті барлық проблемалардың шешілу көзі санайды. Өндірістік революцияның мəні мынада: онда машиналар адамның қуат мүмкіндігін көп есе арттырып жіберді. Ал алдағы күтілетін сандық ақпарат адамның миының мүмкіндігін электрондық коммуникация жүйесімен интеграциялану арқылы шексіз арттырады. Бірақ біз ол жағдайға əлі жете алмай жатырмыз, себебі оның алғышарттары əлі толық құрылған жоқ. Бəлкім, технологиялар қиял жетпестей-ақ тездікпен дамып жатқан болар, алайда адам баласы асықпайды. Үйреніскен діни жəне идеологиялық тыйымдар да дамуға кері əсерін тигізеді. Дегенмен біз қалыпты ұғымдарымыздың жүйесін қирату үстінде тұрмыз. Үдеріс біздің бақылауымыздан шығып кеткен жəне оны өзгерте алмаймыз. Технология өзі үшін тырысып жатыр. Технологияның өмірге енуі арқылы адамдар əлемге де, өздеріне де жаңа көзбен қарай бастады. Жаңа ақпараттық технология бəрін де өзгертуі мүмкін. Оның ішінде тілді де. Өйткені жаңа технологияға жаңа терминология керек болады. Ескі сөздер құрып кетпейді, олар жаңа мағынаға ие болады. Тілдің өзгеруімен ойлау қалпы да өзгереді. Жаңа технология білім мен ақиқат секілді базалық түсініктерге жаңа анықтама береді. Не маңызды я маңызсыз, не мүмкін жəне мүмкін емес жəне ең бастысы, нақтылық деген не екені жөніндегі ұғым қайта өзгереді. Яғни, қоғам «экологиялық» өзгерістерге ұшырайды. Технология балалардың калейдескопы секілденіп біздің санамызды сілкиді, сөйтіп, идеялар мен мүмкіндіктердің күтпеген жаңа əлемі пайда болады. Біз жаңа мəдени жəне экономикалық дəуірге аяқ басамыз. Уақыт рухы біздің ойларымызды айқындайды. Коперник «Жер Күнді айналып жүреді» деп алғаш айтқанда, жұрт оның есі ауып кеткен болар деп ойлаған-ды. Онысы үшін Коперниктің сол кездегі сынаушыларының сөзі дұрыс емес еді деуге бола ма?!

Осындай жағдай Ньютонның физикасынан Эйнштейннің физикасына көшкен кезде де болған. Көп адамдар салыстырмалылық теориясын қабылдай алмай, қарсы шыққан. Ньютонның көптен бергі қолданыста жүрген теориясынан бірден бас тарта қою қайдан оңай болсын? Осылай екі парадигма бір-бірімен қатарлас өмір сүріп барып, ақыры біреуі үстемдікке ие болған. Бірақ адам бір біріне қарама-қарсы екі көзқарасты қабылдамайды ғой. Сондықтан адамдар бір-бірлеп немесе топ-тобымен бір парадигмадан екіншісіне ауыса бастайды. Өркениетті қоғам құру үшін қоғамына мемлекеті, мемлекетіне қоғамы сай болуға тиіс. Ол үшін еркіндікке жетелер биік сана, білімділік пен біліктілік, ояулық керек. Зиялыларды да, оппозицияны да, мемлекеттік қызметкерлерді де, жалпы халықты да, пайдалылар мен онша пайдасы жоқтар, керектілер мен керексіздер деп бөлмей, осы талапқа сай келетіндердің қоғамға ықпал етуіне, көзі ашықтық пен көңілі ояулыққа баршаны жетелеуге мүмкіндік туғызу қажет. «Өзіңе өзің берік бол» мəтелін ұстансақ, біздегі мемлекетімізді бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу ниеті қай жағынан болса да өте құптарлық екеніне көз жеткіземіз. Еуразиялық Одақ яки Орталық Азия елдерінің ортақтасуы дегендегі түпкі мақсат та осы қауіптердің алдын алу үшін алдын ала қолға ала бастаған əрекет деп санаймыз. Бүгінде қазақтың алдында түйінді, тағдырнамалы екі мəселе тұр: біріншісі – бəсекеге қабілетті ұлт пен мемлекет болып жетісу, екінші – жаһандану үрдісіне, Жаңа Жүйе жағдайына лайық қуатты, жан жақты жетілген ұлт пен мемлекет болып қалыптасу! Біздің өміріміз Марк Аврелий: «Сен əруақытта қазіргідей бір көріністі көресің: адамдар некеге отырады, бала өсіреді, ауырып-сырқайды, өледі, соғысады, тойлайды, саяхат жасайды, жер өңдейді, жағымпазданады, тəкаппарлық жасайды, қастық істейді, басқаның өлімін тілейді, тірлігіне көңілі тоймайды, ұнатады-сүйеді, қазына жинайды, құрметті лауазымдар мен таққа таласады» деп айтқандай күнде қайталанып отыратын пəндəуи тірлік. Олай жалғаса беруі – ағысқа еру. Одан биік тұрып ұлт қызметіне жегілу – Абайдың, Əлиханның, Ахметтің жолы. Қазақтың бүгінгі зиялылары бізді осы жолға бағыттағай. Бүгінгі жаһандану заманында өзіңді лайықты сезінуге ең керектілердің бірі – тіл білу. Тіл мен іскерлікте шекара болмайды. Еңбегің жемісті болу үшін, өзге мемлекеттермен байланысып, өзге тілділермен сөйлесуге мəж бүр боласың. Біреу арқылы сөйлескенің ауызба-ауыз сөйлесіп, өз құлағыңмен есітіп, бірден түсінгендей болмайды. Тілін білмейтін елге бар саң – қой сияқтысың. «Қанша елдің тілін білсең, сонша рет адамсың» де ген. Шығыстың іргелі ілімі Агни Иога адам эволюциясының келесі сатысы мынадай түсініктерден тұрады дейді: бірінші – əріптестік пен кооперация, екінші – əйелдің нақты теңдігі, үшінші – психикалық қуатты зерттеу, төртінші – ойдың мағынасын түсіну. Болжаушылар адамзат алдында тұрған жақын арадағы төрт қауіпті айтып жүр. Олар: – Жоғары технологиялы қару пайда болып, оның əлдебір əумесердің (жүйкесі нашар немесе диктаторлық шамшылдығы басым) қолына тию қаупі; – Халықаралық терроризм; – Діндердің арасындағы келіспеушіліктің ушығуы; – Бірін-бірі қолдайтын халықаралық қылмыс; – Есірткі. Əр адам өзі үшін өзге біреу өмір сүріп бермейтінін түсініп, алдыңғы қатарлы өркениет жолына түсуге өзі ұмтылғаны жөн. «Өзімнің қуатқарымымды, мүмкіндігімді өзім ғана білемін, сондықтан өзім үшін өзімнен артық жағдай жасайтын ешкім жоқ» деп қимыл жасағаны дұрыс. Өзіңді өзің жетілдіру, тəрбиелеу, қайта тəрбиелеу, кейде – өз табиғатың қабылдай бермейтінге өзіңді-өзің зорлау болып шығады. «Мен мың жыл бұрын туғанмын...». Үндістер тайпасы капилано көсемі Дан Джордждың ашық хаты. Бұл хат ЮНЕСКО-ның ұйтқы болуымен өткен халықаралық симпозиумда оқылған: «Менің қымбатты достарым! Шынымен-ақ адам баласының Айды айналып ұшқаны күні кеше ғана ма? Осынша қиян шалғайды адамдардың жып-жылдам орап қайтқанына əлі күнге танданысымыз басылар емес. Дегенмен, мен жүріп өткен жол əлде қайда ұзақтау. Оның үстіне бұл жолды анағұрлым жылдам жүріп өттім. Мен осыдан мың жыл бұрын, жебе мен садақ ғасырында тудым. Менің атом бомбасы ғасырымен беттесуім үшін бар-жоғы адам өмірінің жарты ғұмырындай ғана уақыт қажет болды. Ал, садақ пен жебеден бастап атом бомбасына дейінгі аралық Аймен салыстырғанда бірнеше есе ұзақ. Мен туған заманда адамдар төңірегіндегінің бəріне іңкəр сезіммен қарап, дүние дидарына ең сұлу атауларды қоятын. ...Мен туған заманда адамдар табиғатқа бауыр басып, онымен адамша сөйлесе

алатын. Ол менің мүлде бала кезім, бірақ, таудың ұшар басын шалған күн нұрына əкейдің құмарта көз тіккені əлі есімде. Сонан соң, əн салып еді. Ол табиғатты пір тұтып, əдеттегідей өзінің ана тілінде ақырын ғана «Шүкірана» деген. Содан, күндердің бір күнінде бейтаныстар келді, өздері де сонша көп болар ма. Кешікпей-ақ, уақыт құйыны үйіре соғып, бірнеше ғасырды бір-ақ сырып тастағандай болды. Сөйтіп, бозбала кезімде XX ғасырдың жуан ортасына тап болдым. Мені де, менің халқымды да жаңа ғасырдың толқыны қақпақылдап бақты, бірақ, сіңісіп кете алмадық. Қолында ескегі жоқ, бейшара тұтқын сияқты ағыстың ырқына көніп кете бардық. Аядай ғана резервацияда, болмашы жерді тұрақ етіп, бейне бір дəрменсіздіктің сұрғылт тұманына оранғандай күй кештік. Сөйтіп жүріп, сіздер қорлаған мəдениетіміз үшін ұялдық. Кім екенімізді, қайда барарымызды білмедік. Бүгінімізден түңіліп, болашағымыздан көз жаздық. Қалай дегенмен, бірер жылда-ақ мен өз халқымды танып білдім. Мен оның ұдайы бір қалыптан танбаған, кісілігі мен көрегендігі кемел ғұмыр кешкен, үйде де, түзде де сабырлы қалпынан жаңылмаған кезін көрдім. Алайда, оның мəдениеті біртебірте суынып, барлық құдірет-күші əлсірей берді. Біздің төңірегімізде болып жатқан жойқын өзгерістерге бой үйретіп, бейімделуге мұршамыз болмады. Бар асылымызды шашып-төктік, оның орынын толтырар ештеңе еншімізге бұйырмаған сияқты. Айтары жоқ, XX ғасырдың прогресіне бойымызды үйретудің жəне бірте-бірте игілігін көрудің сəті түспей-ақ қойды. Сіздер білесіздер ме, табан тірер тұрағы жоқ, сұлулық атаулыдан көз жазып қалған халықтың қандай күйде болатынын? Мұндайда адамды азғындық иектейді, себебі жан жадырау үшін сұлулық қажет. Сіздер білесіздер ме, қоғамға, төңірегіңдегілерге өзіңнің соқыр тиындық құныңның жоқ екенін сезінудің, саған тең тұтып тізе қосу үшін емес, кем тұтып көмек беру үшін ғана мойын бұратындарды көрудің қандай қасірет екенін? Өйткені, беретін ештеңеміздің жоқ екені оларға да, бізге де аян. Сіздер білесіздер ме, езгіден есеңгірген халық болудың жəне өзіңнің бүкіл елге масыл екеніңді сезінудің не екенін? Бəлкім, дəл қазір еңсеріп үлес қоса қоятындай күш-қуатымыз да, білік-біліміміз де жоқ шығар. Бірақ, бізге мұрша беріп, мүмкіндік жасаған кім бар? Сіздер білесіздер ме, өз халқың үшін, өз бауырың үшін мақтана алмаудың, тіптен қара басыңды қорсынбай жүре алмаудың не екенін? Сіздер мұндай сезімнің запыран зардабы мен жаныңды жаралайтын əсерін білмейсіздер. Сондықтан, мен мұндай пенделердің тағдырталайын сіздерге айтуға тиіспін. Бұл дегенің: атар таң, шығар күнінен түңілу деген сөз. Себебі, алдыңнан азап қана шығады. Бұл дегенің: сыпырынды сияқты сырылып, резервацияда өміріңді өксітіп, көкіректі кернеген асыл арманның қалай өліп бара жатқанын сезіну деген сез. Себебі, төңірегіңнен көз қуантар тұлдыр таппасаң, жаның жүдеп жабайы боласың. Міне, осындай шақта сіздер маған қол бұлғап: «Бері кел, бірге болайық» дейсіздер. Алайда, мен сіздерге қалай келмекпін? Мен қайыршымын, тəнімде лыпа жоқ, жанымды ұят өртейді. Менің кісілігім қорланған. Сонда, мен сіздерге соқа басымды ғана сүйреп жетуім керек пе? Тамтығы қалмаған мəдениетім талғамдарыңа тати қояр ма екен? Қайыршының садақасындай ғана қазынамды келеке етерсіздер. Жаным арымның құрбаны, сіздердің құдірет-қуаттарыңыздан қаймығып, қайырсадақа дəмете қояр ма екенмін? Түптеп келгенде, мұның өзі жоғалған жауһарларымды жиып-теріп, өзіме-өзім келгенше ақырының қайырын күткендік болмай ма? Неде болса күтейін, сіздер мені керек ететін, мендегі барға қызығатын, өзім де құр қол келмейтін күнді күтейін. Сол кезде басымды жоғары ұстап тұрып, əйелім мен балаларыма: «Естимісіңдер, олар мені шақырып жатыр, қажетім болған ғой, баруым керек» дейтін болармын. Сонан соң, басымды жоғары ұстаған қалпымда, көшелерді көктей өтіп, тереземді теңестіре тілдесемін. Ол кезде мен сіздердің сый-сыяпаттарыңыздан секем алып бас тартпаймын, сіздер де менің тарту-таралғымды мүсіркемей-ақ қабылдайтын боласыздар. Мүсіркеу! Маған ол қажет емес. Ал, тектілік пен тегеурінсіз маған күн жоқ. Мен қайыршыдай қайырым тілеп алдарыңызға келмеймін. Мен келсем, көкірегімді кісілікке толтырып келемін, онсыз қарамды көрсетпеймін. Сіздер мектептердегі кірігу (интеграция) жөнінде даурығып бақтыңыздар. Ол қандай кірігу? Əлеуметтік кірігу жоқ жерде басқа кірігулердің басын ауырту қажет пе? Адамдардың жан-жүрегі кірікпесе, тəні бірге болғанмен жандары жат ғұмыр кешпек. Ал, олардың арасында таудан биік тосқауыл болады. Бір сəт сіздермен бірге кез келген кіріккен мектептердің ауласына ден қойып көрейікші. Алдымен, мектептің қаңыраған қарақожалақ ауласын көрер едік. Кешікпей-ақ, қоңырау соғылып, оқушылар ауланы лық толтырады. Сол кезде, бір шетте ақтүсті оқушылардың, ал келесі шеттегі шарбақ түбінде олардың жабайы бауырларының шоғырланғанына куə болар едіңіздер. Яғни, жаңағы айтақыр аула көз алдарыңызда асу бермес асқар тауға, өткел бермес шыңырау шатқалға айналғандай болады. Асқар тау да, шыңырау шатқал да сіз бен біздің балаларымыздың арасын бөліп жатыр. Одан өтерлік қауқар ешкімде жоқ. Міне,

тағы да қоңырау соғылып, аула қайтадан қаңырады. Енді, кірігу дегеніміз мектеп ішіне ойысады. Рас, əлгі асқар таулар мен шыңырау шатқалдар мектептің шағын кластарына сыймайды. Бірақ, бұл жерден де өзіне лайық кішірейген шатқалдарды аңғару қиын емес. Сонда, біздің қалайтынымыз не? Ең алдымен бізді халық ретінде құрметтеуді қалаймыз. Ондай құрметке əбден лайықпыз жəне лайық екенімізді терең сезінулеріңізді қалаймыз. Біздің халықтың айырықша хұқы жөнінде қаптаған келісімдер мен көпірме уəделердің айтылып баққанын ешкім ұмытпауға тиіс. Біз өзімізге тиесілі еншіні жалбарынып сұрамаймыз жəне ол үшін жалпаңдап алғыс та айтпаймыз. Тəңір куə ғой, бұл жолда біз тым қымбат шығындарға ұшырадық. Бұл жолда біз мəдениетімізді құрбан еттік, кісілігіміз бен өзімізді-өзіміз құрметтей білуді ұмыттық. Біз қашан күресіндегі қайыршы болып, кіріптар халыққа айналғанша тамтығымыз қалмай таландық. Мен білетін, сіздердің жүрек түкпірлеріңізде қол үшін бергілеріңіз келетін сезім бар. Алайда, оны жүзеге асыру оңай емес. Дегенмен, «қалауын тапса қар жанар». Егер, менің халқымның өкілін кездестірсеңіздер, оған балаң мен бауырыңдай жылы шырай танытыңыздар. Олар мұндай ықыласқа əбден лайық. Бəлкім, барлық істің тоқайласар түйіні осы болар». Табиғат Табиғат адамды өзгелерге жақындатады, əдет оларды бір-бірінен алыстатады. Конфуций Табиғат ешкімге салмақ салмайды, ешкімнен ешқандай ауыр жұмыс талап етпейді. Біз əзірге тап болғанбыз, тойына бастағанда одан да жақсырақ болуын қалап, өзімізді өзіміз қиындыққа мойынсұндырғанбыз. Сəн-салтанатқа құмарлық табиғаттың тепе-теңдігін бұзды, олар алдымен артық нəрсені қалай бастады, сонсоң табиғилыққа жат істерге барды, бірде бірте жанын тəніне құл етті. Сенека Табиғаттан кеңес сұра: ол саған күн мен түнді жаратқанын айтады. Сенека Табиғат пен тəрбие ұқсас. Тəрбие арқылы адамды өзгертіп адамның жаңа табиғаты жасалады. Демокрит Адамның түпкі мақсаты – табиғатпен келісімде өмір сүру, ол – ізгілікпен келісімде өмір сүру деген сөз: табиғаттың өзі бізді ізгілікпен келісімде өмір сүруге үндейді. Зенон Табиғаттан үйлесімді ештеңе жоқ. Табиғаттан ретті ештеңе жоқ. Цицерон Табиғатты дəстүр де жеңе алмақ емес, өйткені табиғат ешқашан жеңілмейді. Цицерон Табиғаттың өзі бізге күніге қаншалықты болмашы, қаншалықты аз ғана нəрсе керек екенін есімізге салып тұр. Цицерон. Даналардың іс-əрекеті ақылмен, одан төменіректерінікі – тəжірибемен, тоғышарлардікі – қажеттілікпен, жануарлардікі – табиғаттың өзімен жасалады. Цицерон Табиғатта жамандық пен жақсылық болмайды. Олай болса, олар барлығына бірдей болуы тиіс еді. Ал, қар барлығына бірдей суық емес, т.с.с. Пиррон Адамдар жердің байлығын тонамауы тиіс, олар рухани өмірін дамытсын. Өйткені адам баласы бойындағы барын беру үшін жаралған. Қожа Ахмет Иасауи Тіршілікте табиғат пен адамнан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мəн береді. Табиғаттың кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт əкеледі. Шоқан Уəлиханов

Адамдар жалпы өзін қоршаған ортаның мəнісіне көп бара бермейді. Көрген нəрсенің мағынасын ойлануға уақыт таппайды, күйбең тіршіліктің тұтқынында өмір сүреді, өзінің биологиялық қажеттерін, өзінің өркөкіректігін қанағаттандыру жайын ғана ойлайды жəне өмірде жылы орын табуға ұмтылады. Максим Горький Адамзат дүние жаратылып, су аққалы өзін табиғаттан бөле жарып қарай алмаған. Қалған табиғаттан айырмашылығын түсінсе де, астам тұрмын деп ойлай алмаған. Ондай астамшылықтан тыйдыра алатын Заңдылықты Тəңір деп, Тоба деп, Жаратқан деп, Құдай деп таныған. Алайда, сол түп бастау Жарасым мен Заңдылықтың жер үсті Сақшылары жоқ, тіпті болмаған деп ойлау ақылға сыймас нəмарттық болар еді. Ондай Абзал Ақыл Иелері болған! Болғанда қандай! Бола бермек те!.. Əбіш Кекілбаев Жер-ананың мен сүйікті перзенті, Осалсың деп айта алады маған кім?! Менің ізім жердің бүкіл келбеті, Ажарымын дүниенің, адаммын! Өкпелетіп көрген емес жер мені, Жер-ананы өкпелетем неден мен. Өз қолыммен салынған бар өрнегі, Жыртығын да жамаймын өз денеммен. Əбіш Кекілбаев Табиғат бізбен үш тілде сөйлеседі: ол бізді қолымыздан алып: «Күрес, ұмтыл!» дейді. Ол бізге өз жүрегіңнің дүрсілі естілетіндей жақындап келіп: «Таңырқа, қастерле!» дейді. Ол бізге сыбырлап қана: «Ізде, зертте!» дейді жəне біз мұны түсінеміз. Табиғаттың осы үш дауысы біздің тірлігіміздің үш бірлігіне – денемізге, жүрегіміз бен ақылымызға арналған. Дж. Томпсон Адамгершілік тəрбие беру дегеніміз – баланы гүлге су құюға немесе тазалыққа үйрету емес, ол баланың санасына табиғат дегеніміз – біртұтас жүйе, ол адам мен табиғаттың бірлігінен құралатындығын жеткізу. В.А.Сухомлинский Табиғаттан бабамыз ала берген секілді; Дархандықты қазаққа дала берген секілді; Еркелікті ерікті желден алған секілді; Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді. Қадыр Мырза-Əлі Адам өмір сүргені үшін ең алдымен табиғатқа қарыздар. Табиғат деген қоршаған орта. Күн – шуағы мен нұрын, қара жер – ырысын, суы мен ауасын бұлдап сатса қайтер ек? Табиғат-ананың мейірімі ұшан-теңіз. Əлемнің көптеген елінде орман-тоғай сиреп, су тартылып, жер сілкініп, жануар мен құстар кеміп барады. Яғни, өркениетпен ере келген техникалық жаңалық табиғи болмыстың басына қара бұлт үйірді. Жаратушы адамның басына – сана, жүрегіне сезім, көкірегіне – мақсат, көңіліне – арман берген. Жəне, қоршаған ортаға иелік етуді тапсырған. Бұз, қират, өрте, шашып-төк ысырап ет демеген. Бір терек кессең орнына екі тал қада. Бұл сенің Табиғат – Анаңның алдындағы перзенттік парызың. Сол талдың басына қонған бозторғай шырылын – ұлы өмірдің жасампаз əні деп біл… Ділдə Матайқызы Сынып түссе бір бұта, қабырғама қараймын. Жұмекен Нəжімеденов Менің өмірімнің дені табиғат аясында өтті. Сондықтан да «аузымды ашып сүйгенім, көзімді ашып көргенім» дегендей, мен айтар əңгіме тек қана табиғат туралы, оның ғажайыптары туралы болмақ. Егер маған біреу: «Дүние дидарындағы ең сұлуды, ең қымбатты, адам баласына ең жақынды, ең қаталды, ең дананы, қара қылды қақ жарған ең əділді аташы!» − десе, мен соның бəріне де «Табиғат!» деп, бір ғана сөзбен жауап берер едім. Табиғат туралы адам баласы өзінің ұзына тарихында екі түрлі танымтүсінік жетегінде болып келеді. Бірі – қырық миллион жыл бойы тіршілік атаулы өзін табиғаттан бөліп қарамаған таным-түсінік. Бұл танымтүсінік бойынша табиғатта артық ештеңе жоқ, табиғат аясындағының бəрі де үйлесім-үндестікте. Екіншісі – XІX ғасырда Америкада туындай бастаған таным-түсінік. Бұл таным-түсінік бойынша табиғаттың бермесін тартып алып, «пайдасызын» жойып жіберіп отыру керек (У.О.Дуглас. Трехсотлетняя война). Осынау екі түрлі таным-түсінік

күні бүгінге дейін адамзаттың əрекет-тіршілігіне бағдаршы болып келе жатыр. Мен біріншісінің жағындамын. Түсіне білгенге табиғат жаюлы кітап сияқты. Керек десеңіз, жұмыр Жердің бетіндегі тіршілік атаулыны бір ғана өз заңдылығына бағындырып, ұлы тұтастықта қозғалысқа келтіруші де табиғат. Бұл орайда оны жұмыр Жердің құдіретті əміршісі жəне өз дегенін үйретуден жалықпайтын ұстазы десе де болғандай. Ақселеу Сейдімбек Табиғат өзінің қайталанбас сұлулығымен, таусылмас қызығымен, мың сан жаратылысымен, асқақ та өрлігімен, өрең жетпес шексіздігімен, ал кейде мизамдай нəзіктігімен қайран қалдырады. Тек қайран қалдырып қана қоймайды, өз баурындағы тіршілік атаулыға жайылып төсек, иіліп жастық болып, ең асылын солардың аузына тосады. Мұндайда Табиғат жаны нəзік, мейірімі мол, ерекше төзімді де бейнетқор Анаң сияқты болып көрінеді. Сөйте тұра, қажет болса орнымен қатал да бола алады. Оның əділдігінің теңдесі жоқ. Тірі жан атаулының бəріне бірдей қарайды, ешқайсысын алалауды білмейді. Ал, болмашы қателіктеріңді елеусіз қалдырмастан, лайықты жазасын көлденең тартып отыратын қасиет те тек қана табиғатқа тəн. Бұл ретте, ол – тіршілік атаулының реттеушісі, ұлы сұрыптаушысы. Ақселеу Сейдімбек Адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мəңгі тозбас баспана. Демек, өз төріңнің басындағы тəртіп пен тазалықты қалар болсаң, түптеп келгенде, Табиғатпен санасу, оған қамқор болу адамзат баласының асыл парызы. «Балыққа – су, құсқа – ауа, аңға – орман-тоғай, тау-дала қандай қажет болса, адам баласы үшін Отан деген ұлы ұғым сондай қажет. Ал табиғатты сүю, Отаныңа қамқор болу деген сөз. Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогрестің мейлінше жетілуіне орай Табиғатқа деген қамқорлық та ерекше қажет болып отыр. Ал, жер бетіндегі торғайдың ұясынан бастап, космос кемесіне дейінгі тіршілікке қажет игілік атаулының бəрі де Табиғатқа қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Ақселеу Сейдімбек Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды... Табиғат адамды кешірімді, мақсаткер əрі сұлу жан етіп тəрбиелейді. Ол – денсаулықтың, сергектіктің жəне шығармашылықтың қайнар бұлағы. П.Мариковский Адамның рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылыстарын тану қалыптастырады да, адам өзін-өзі табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінеді. Шыңғыс Айтматов Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Өзге аңға жануарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақбөкенді, Адамның баласынан кем көрмедім. Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Əдемі екі танау желбіреген. Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды, Жел түрткен жусаннан да селдіреген. Кəкімбек Салықов Өзіңді қоршаған ортаны сүй. Төңірегіңдегі тазалықты сақта жəне талап ет. Бұл сенің денсаулығың. Порфирий Иванов Еңсеңді тік ұста. Табиғаттан өз орныңды тап. Порфирий Иванов Адам мен қоршаған ортаның бір-біріне əсерін зерттейтін геосаясат ғылымы мемлекет пен оның адамдарын өзін-өзі сақтау жəне дамыту үшін планетадағы басқа халықтармен «өмір кеңістігі» жолында бəсекелестік күрес жүргізіп отыратын тірі организм ретінде қарайды. Адамның мінезі, азаматтың келбеті өскен табиғатына байланысты болады. Жұмсақ табиғатты, қысы мен жазының айырмашылығы аз жерлерде адамдар кішіпейіл, биязы болады. Қысы суық, жазы ыстық жерлерде өскен азаматтар төзімді, кесек мінезді болып қалыптасады. Жер асты суы жақын жердің адамдары қызғаншақ, күншілдеу келеді. Ауа райы ылғи ылғалды жердің адамдары нəзік көңіл болады. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан адамда тіршіліктен өліге айналған минералдардың, өсімдік əлемінің жəне жануарлардың мінезі

болады. Мəселен, ашуланшақ, қызғаншақ жəне сезімтал адам жануарларға көбірек ұқсағаны. Егер романтик (қиялшыл, ерме) болса – өсімдік мінездес, егер ұқыпты, қимылы есептеулі, киім киісіне дейін тəртіпті, өзіне өзі қатал болса, онда – минерал. Көңіл-күй адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға деген қатынасының көрінісі.

Ағаштың жемісін жеймін десең тамырын шаппа. Əсемдік адам өмірінің сəні болып қана табылмайды, ол оның мəні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек – адамды адам еткен болса, сұлулық – адам бойына қуаныш, əсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен əсем де əдемі қылықтарды, əдеттерді қалыптастырады. Мұңды, қорқынышты сейілтеді, жақсы көңіл күй сыйлайды. Сондай-ақ, əсемдікті табиғаттан үйренетініміз шындық. Себебі табиғаттың тамаша құбылыстары, көз тартар бейнелері сұлулықтан тұрады. Табиғаттың ұсақ тасынан тауына дейін жаратылысынан əдемі. Соны əрі қарай сұлуландыра түсетін де, көркін кетіретін де адам. Сол себепті қолымыздан келгенше өмірімізді көркейтетін табиғатқа қамқор болу – əрқашан біздің жадымызда. Адамзат ғұмырында тек рахат өмірден тұратын алтын ғасыр болған емес. Алғашқы адамдар табиғаттың еркін сыйы ретінде бəрін алды деушілер бар. Қоршаған ортадағы сананың пайда болуы нəтижесінде бөлініп шыққан адам еркіндікте болғанымен, өмір сүру қиындығымен езілген. Одан кейінгі формация адамының да, одан кейінгісінің де өз қиындықтары болған. Адамдар планетаның тұрғыны екенін, жаңа аспектіде іс-қимыл жасау керектігін, жеке тұлға ретінде, отбасы немесе ру, мемлекеттер мен оның одақтастары тұрғысынан емес, планеталық аспектіде əрекет ету керектігін түсініп үлгерген. Түсінбегендер басты қауіп қай жерден келетінімен ісі жоқ, өзімен өзі жүр. Табиғатқа қатысты адамгершілік мəдениеті мыналар: – Табиғи жəне əлеуметтік ортаға деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру – тəрбиенің құрамдас бір бөлігі; – Өзін қоршаған ортаға зиян келтірмей, қайырымдылыққа ізеттілікке үйретуді мектептің бастауыш сыныбынан бастау; – Табиғатты қорғау, ағаштар отырғызу, бұталар мен гүлдерді баптау, үй жануарларын өсіру. Үлкенге ізет, кішіге құрмет ету қасиеттерін жетілдіру. Əдепті адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да біледі. Табиғаттың əсемдігі мен сұлулығына, əдемілігіне əрбір адам зиян келтірмеуге тиіс. Мəселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көкті жұлу, құстарды ату, құдыққа түкіру – əдепсіздік белгісі. Табиғат – адам тəрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалу үшін табиғаттың атқарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер əлемі, өзен, сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала – бəрі адамдардың ақыл-ойына – сана, денесіне – қуат, бойына – күш, өнеріне – шабыт, көңіліне – қанат береді. Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана! Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне лəззат шапағатын беретін сұлулық пен əсемдік əлемі. Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аяулы бесігі құтты қонысы, өсіп-өнетін мекені . Адам – табиғат перзенті. Олай болса табиғат анаға аялы алақан, жүрек жылуын арнау əрбір саналы азаматтың парасатты адамгершілік борышы. Табиғат – тіршіліксің тұнып тұрған! Сен – күнсің! Көтерілген күліп қырдан. Сен – көлсің! Сен – ормансың! Сен – бұлақсың! Адамды сұлулыққа құнықтырған! Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Табиғат адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тəлімі мол тəрбиеші. Табиғат дегеніміз – біздің өміріміздің тірегі болып тұрған болмыс, əсем дүние. Табиғатты адам өмірінің барлық қажетін толық өтейтін

құрал болу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғайтын да адам. Адамгершілік мəдениеті өте кең көлемдегі ұғым, өйткені оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, іні-бауырға тағы басқалармен бірге табиғат та жатады. Табиғат – адам баласының материалдық жəне рухани қажеттігіне жарайтын ең негізгі байлық. Себебі қоршаған орта барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза жəне əсем болуына əркім де үлес қоса алады. Серуенге шыққандар тағам қалдықтары мен қағаздарды жағып жіберуге, қатты заттарды көміп тастауды өздеріне міндет санауы тиіс. Адамға білім де, дұрыс тамақтану да, жақсы киіну де, тіпті көтеріңкі көңіл күй де қажет. Осылардың бəрін ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен айналадағы дүние өзінің барын адамға сый етіп бере бермейді. Себебі айналадағы дүние көп нəрсеге мұқтаж. Мысалы: бақтағы алма ағашын алайық. Ол – табиғат перзенті. Тіршілік ету үшін оған да су, ауа, қорек, жылу жарық керек, яғни адам сияқты ол да тіршілік етеді. Жемісін адамға сыйлайды. Ағашқа күтім қажет. Бағбан оны суарады, түбін қопсытады, діңін əктейді, күтеді. Сонда ғана ол жеміс береді. Демек, ағаш адамға жемісін сыйласа, адам оған су, ауа, қорек болатындай жағдай жасап, қажетін өтеуі тиіс. Біз табиғаттың сұлулығына, күрделілігіне, тереңдігіне бойлай білмейміз. Аңғармаймыз, таңданбаймыз, сүйсінбейміз. Уақыт таппаймыз. Уақыты бардың құлқы жоқ. Табиғатынан малшы болуға бейімделіп жаратылған адам ғалым болып кетті. Өйткені жақсылы-жаманды кітап оқи алады, сауаты бар. Олай болса, шын қабілет-қарымы ауылдағы қатын-қалашқа тақпақ шығарудан əріге аспайтын сөзуар пенденің неге атақты ақын болмасына. Өзіне-өзі демеуші болып, екі-үш кітабын шығарса жетіп жатыр. Ондайларға экологтың көзімен қарағың келеді. «Кітап – қағаз, қағаз – ағаш, ағаш – ауа. Ауаны ұрламағаныңыз жөн. Тұрсынжан Шапай Мазмұны Бес бəйіт (Панчатантра) .......................................................................3 Лао-цзы ..................................................................................................34 Бальтасар Грасиан. Ақыл қалта ...........................................................101 Зиярат етуші Пауло Коэльо .................................................................178 Луиза Хей. Көгілдір кітап ....................................................................303 Өнеге ......................................................................................................402 Өзіңді таны ............................................................................................450

Кітапты шығаруға жауапты – «Қазығұрт» баспасы» ЖШС-нің президенті – Темірғали Мұратбекұлы КӨПБАЕВ Мырзагелді КЕМЕЛ Екі томдық шығармалар жинағы Екінші том Редакторы Қарагөз СМАДІЛ Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА Беттеген Нұрбүбі САДЫҚОВА ИБ № 400 Басуға 02.09.2013 ж. қол қойылды. Қалыбы 60х90 1/16. Офсеттік басылым. Қаріп түрі: Tіmes New Roman. Шартты баспа табағы 56,5. Мемлекеттік тапсырыс есебінен 4000 дана + баспа есебінен 1000 дана. Тапсырыс № Кітап жөніндегі ой-пікірлерімен бөліскісі келген оқырмандар үшін автордың байланыс құралдарын береміз: тел. 87011110260, e.maіl: makekemel@maіl.ru, сайт: www.kemel.іnfo

«Қазығұрт» баспасының
компьютер орталығында теріліп, беттелді.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы 143, 522-офис.

Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
е-mаіl: kazygurt@lіst.ru
http: //www.kazygurt.kz
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.

ЖШС РПБК «Дəуір», 050009,
Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 93а,
E-maіl: rpіk-dauіr81@maіl.ru

ҰСЫНЫСТАР МЕН ПІКІРЛЕР ҮШІН

ҰСЫНЫСТАР МЕН ПІКІРЛЕР ҮШІН

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙