Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (9)
ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 44 Жанр:
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 44 Жанр:
дан доцент. «Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің қауіпсіздік орнату процесіндегі халықаралық ұйымдардың саяси қызметі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЖАВРИН Юрий Иванович (1936 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ-лық əкімдігі, Шүлбі кенті) – физ.-матем. ғыл. докт. (1994), проф. (1996). ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер (1965–92) болды. 1992 жылдан ҚазҰУ жанындағы физика тəжірибелік жəне теор. физика ғыл.- зерт. ин-тының жетекші ғыл. қызметкері. 120-дан астам ғыл. еңбектің авторы. ЖАДЫРАСЫНОВ Нағашыбай Тарғынұлы (2.5.1951 ж.т., Ақтөбе обл. Шалқар ауд. Тоғыз а.) – тех. ғыл. докт. (2000), проф. (2001). Қарағанды политех. ин-тын (1973, қазіргі Қарағанды мемл. тех. унті), Қазақ мемл. заң ун-тін (2001) бітірген. Қарағанды мемл. тех. ун-тінде ассистент, аспирант, аға оқытушы, доцент, проф., кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 150-ден астам ғыл.-əдістем. еңбектің авторы. ЖАЗЫЛБЕКОВ Нұрғалым Əбдірешұлы (1949 ж.т., Алматы обл. Панфилов ауд. Қоңырөлең а.) – а. ш. ғыл. докт. (1977). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1972–96 ж. Қазақ а. ш. ғыл. академиясында қызметтер атқарды. 1996 жылдан Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында бас ғыл. қызметкер. ЖАЙЛАУБАЕВ Дəлел Тілеуғазыұлы (16.10.1943 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Аягөз қ.) – тех. ғыл. докт. (1991), проф. (1993). Халықар. ақпараттандыру академиясының акад. (2007). Қазақ политех. ин-тын (1967, қазіргі Қаз ҰТУ) бітірген. Жамбыл машина жасау з-тында бас механик, инж. (1968–78), Жамбыл жеңіл-тамақ өнеркəсіптік технол. ин-тында аға оқытушы (1978–79), Мəскеу технол. тамақ өнеркəсіптік ин-тында аспирант (1979–82), докторант (1989–91), Семей мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі, проф. (1983–2012). Негізігі ғыл. бағыты технол. процесіндегі жылумен өңдеудегі зат алмасу жəне аппараттар мен машиналардың жылу алмасу негізін есептеу жолдарының əдістемелік əдістері мен матем. шешімдерінің куəлігі жəне өнертабыстар куəліктері болып табылады. «Термодинамикалық жəне жылу мен зат алмасу процесіндегі теор. негізімен технол. жабдықтар мен аппараттарын матем. модельдеуді, тамақ өңдеу өнеркəсібінде ғылыми тұжырымдау» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ҚР БҒМ Құрметті қызметкері медалінің (2003), ун-тің мақтау грамоталары (1984–2012), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының (2007) иегері. ЖАЙЛАУБАЕВ Жəнібек Дəлелұлы (8.9.1968 ж.т., Семей қ.) – тех. ғыл. докт. ҚР а.ш. академиясының корр.-мүшесі (2010). Мəскеу мемл. қолданбалы биотехнол. академиясын (1993) бітірген. «Сары-Арқа» АҚ Семей ет – консервілер комб-нда (1993–97), Семей мемл. ун-тінде (1997–2000), 2006 жылдан «Қазақ өнеркəсіпті қайта өңдеу жəне азықтық ғылымизерттеу институты» ЖШС Семей бөлімшесінде қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты мал ш. өнімдерін дамыту жəне қайта өңдеу бойынша қолданбалы ғыл. зерттеулерге арналған. «Тамақ өнеркəсібінің құралдарындағы жылыту, қайнау жəне буын жинақтау кезінде жылу-масса алмасу процестерін жетілдіру» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 152 ғыл. еңбектің, оның ішінде 15 алдын ала патенттер, 18 инновац. патент, 5 ақпараттық шолу, 4 ұсыныс, 111 мақалалардың авторы ЖАЙЛЫБАЙ Келіс Нұрмашұлы (1.3.1936 ж.т., Қызылорда обл. Шиелі ауд. Еңбекші а.) – биол. ғыл. докт. (1998), проф. ЖАЙЛЫБАЙ Ж.Жабина Ю.И.Жаврин Д.Жайлаубаев Ж.Жайлаубаев
(2002). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. қызметкер (1961–69), Күріш ш. ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1969– 98), аға ғыл. қызметкер (1998– 2004), Қызылорда мемл. ун-тінде доцент, проф. (1992–2004), 2004 жылдан Қазақ мемл. қыздар пед. ун-тінде кафедра проф. «Фотосинтетические и морфофизиологические основы продуктивности риса» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Ж. 350 ғыл. еңбектің, соның ішінде 3 монография, 1 оқулық, 4 оқу құралы, 12 кітапша, күріш жəне ерте дəнді дақылдар егіншілігі өндірісіне 15 ұсыныс, өнертабысқа берілген 3 патенттің авторы. «Парасат» сыйл. ІІІ дəрежелі дипломымен марапатталған (2009). ЖАҚАТАЕВ Тоқсан Айыпханұлы (16.9.1956 ж.т., Қарағанды обл. Қарқаралы қ.) – тех. ғыл. докт. (2011). Қарағанды мемл. унтін (1978), ҚазМУ-дың аспирантурасын (1984, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемл. ун-тінің докторантурасын (2005) бітірген. Қарағанды мемл. ун-тінде стажер-зерттеуші (1978–80), оқытушы (1984– 2002), 2011 жылдан кафедра доценті. Негізгі ғыл. бағыты металлург. үдерістер теориясы, жылумассаалмасу, гидродинамика, жану физикасы жəне т.б. зерттеуге арналған. «Металлургиядағы технологиялық үдерістерді бақылау мен диагностикалау есептеріндегі гидродинамика, жылумассаалмасу жəне жанудың бейсызықтық үлгісі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 63 ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 авторлық куəлік, 1 алдын ала патент, 17 əдістемелік құралдардың авторы. ЖАҚСЫБАЕВ Мелдебек Жұмабекұлы (4.9.1958 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Кентау қ.) – хим. ғыл. докт. (2010), доцент (1996). ҚазМУды (1981, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. «Кентау правдасы» газетінің корректоры (1975–76), Қазақстан ҒА Мұнай, газ жəне табиғи тұздар ин-тында инж.(1981-84, Атырау қ.), ҚазМУ-де аға инж., ғыл. қызметкер (1984–93), ҚР ІІМ-нің академиясында доцент, кафедра меңгерушісінің орынбасары, бөлім бастығы, полиция полковнигі (1993–2007), ҚазҰТУ-да доцент (2007–11), 2011 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінде проф. Негізгі ғыл. бағыты а.ш. өсімдіктері зиянкестерімен күресуде пайдаланылатын феромондар мен аттрактанттардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын орган. қосылыстарды каталитик. синтездеудің негіздерін зерттеу. «С6С23 ацетилен қосылыстарын модифицирленген каталитикалық мыс жүйелерінде стереоталғамды гидрлеу» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 80-нен астам ғыл., оқу-əдістемелік еңбектің, оның ішінде 1 монография, 4 оқу құралы, авторлық куəліктердің авторы. ЖАҚСЫЛЫҚОВ Аслан Жамелұлы (9.4.1954 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Көкпекті ауд. Самар а.) – филол. ғыл. докт. (1999). Халықар. ақпараттандыру академиясының акад. ҚазМУ-ды (1979, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ мемл. қыздар пед. интының əдебиет кафедрасында оқытушы (1979–90, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті), 1990 жылдан ҚазҰУ-да доцент, кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарады. «Қазақ əдебиеті шығармаларындағы діни мазмұндағы бейнелер, сарындар жəне идеялар (топология, эстетика, генезис)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 100ден аса ғыл. еңбектің, 19 көркем туындының авторы. ЖАҚСЫЛЫҚОВА Нүрия Ермұхаметқызы (29.1.1961 ж.т., Алматы обл. Ақсу ауд. Ақсу а.) – пед. ғыл. канд. (1995), доцент (1998). Қазақ а.ш. ин-тын (1983, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Қазақ ұлттық пед. ун-тінің аспирантурасын (1994) бітірген. 1983–87 ж. ЖАҚАТАЕВ К.Жайлыбай Т.Жақатаев М.Жақсыбаев А.Жақсылықов
Кəсіптік тех. білім берудің Алматы обл. басқармасында қызмет етті. 1987 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінде пед.-ғыл. жұмыспен айналысады. 106 ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралы, 5 оқу-əдістемелік құрал, 12 əдістемелік нұсқаудың авторы. «Ы. Алтынсарин», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталған. ЖАҚҰЛИН Əділ Сұлтанұлы (1957 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (2005). Қарағанды политех. ин-тын (1980, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) бітірген соң осында кіші ғыл. қызметкер, ассистент, аға оқытушы, доцент, проф., деканның орынбасары (1980–98), декан (1999–2005) қызметтерін атқарды. 78 ғыл. жарияланымның авторы. ЖАҚЫПБАЕВ Алай Нүспекұлы (22.1.1927, Алматы обл. Іле ауд. Шіліккемер а. – 31.3.1976, Алматы қ.) – тех. ғыл. канд. (1953). Қазақ тау-кен металлургия интын (1948, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Тау-кен ісі ин-тында аспирант, аға инж., кіші, аға ғыл. қызметкер, Текелі бөлімшесінің бастығы (1949–53), осы ин-тта лаб. меңгерушісі (1953–76) болды. Негізгі ғыл. еңбектері жер астында кен өндірудің жаңа технологияларын зерттеу. Ж. Текелі кенішінде кенді толығымен алуды қамтамасыз ететін тұтас бетонды гидравлик. қалау жүйесін өндіріске енгізді. Лениногор жəне Зырян комб-ттарының кеніштерінде жыныстарды блоктық опыру жүйесін іске асырды. Лениндік сыйл. лауреаты (1961). ЖАҚЫПБЕКОВ Серік Құрманғалиұлы (25.8.1927, Қарағанды обл. Нұра ауд. Шамахан а. – 2006) – тарих ғыл. докт. (1985), проф. ҚазМУ-ды (1950, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да кафедра ассистенті (1950–53), аға оқытушы (1953–60), доцент (1960–81), декан (1964–66), кафедра меңгерушісі (1963–94), кафедра проф. (1994–2006). «История развития легкой индустрии Казахской ССР (1917–1980 гг.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 60-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография авторы. Қазақстанның жоғарғы мектепке еңб. сің. қайраткері (1984), ҚазҰУ-дың құрметті кафедра меңгерушісі (2000). ЖАҚЫПБЕКОВА Нағима Орманбекқызы (17.11.1960 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Арыс қ.) – тех. ғыл. докт. (2003), проф. (2006). ҚазМУ-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1983 жылдан Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. Ғыл. еңбектерінің негізгі бағыты коллоидты химия жəне физ.-хим. механика, беттік құбылыстар мен дисперсті жүйелер, дисперсті жүйелерді реттеу мен тұрақтандыру мəселелеріне арналған. Ж. «Табиғат жəне техногендік қайталама шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологияларын құру жəне ұйымдастыру» жұмысы үшін ҚР Мемл. сыйл-н алды (телавт., 2005). Ж. 128 ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 авторлық куəлік (КСРО) жəне 7 ҚР патенті, 10 кітап, оның ішінде 2 монография жəне 2 кітапша, 6 оқу құралының авторы ЖАҚЫПОВ Жантас Алтайұлы (1.6.1958 ж.т., Ақмола обл. Қорғалжын ауд.) – филол. ғыл. докт. (2000), проф. (2006). Қарағанды мемл. ун-тін (1982), аспирантурасын (1988) бітірген. 1988 жылЖАҚЫПОВ Н.Жақсылықова Ə.Жақұлин С.Жақыпбеков Н.Жақыпбекова Ж.Жақыпов
дан Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 2007 жылдан ЕҰУ-де проф. қызметтерін атқарады. Ғыл.-зерт. еңбектері синтаксис, аударматану, мəтін лингвистикасы мəселелеріне арналған. 60-тан астам ғыл. еңбектің авторы. ЖАҚЫПОВ Кеңес Бажкенұлы (1942 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1990), проф. (1991). Томск мемл. ун-тін бітірген (1966). КСРО ҒА Есептеу орт-нда аспирант (1966–69), ал 1970 жылдан ҚазҰУ-да ассистент, оқытушы, доцент, проф. қызметтерін атқарады. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – есептеу математикасына, газ жəне сұйықтық механикасына арналған. 65 ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЖАҚЫПОВ Сатыбалды Мұқатайұлы (1950 ж.т., Алматы обл. Қарасай ауд.) – психол. ғыл. докт. (1999), проф. (2000). Мəскеу мемл. ун-тін бітірген (1977). Қазіргі Қарағанды мемл. ун-тінде (1977–94), ҚР ҰҚК ин-тында (1994–97), ҚазҰПУ-да (1997– 2000) қызметтер атқарды. 2000 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі. 120-дан аса ғыл. жарияланымы, оның ішінде 1 монографиясы бар. ЖАҚЫПОВ Уəлихан Əбуұлы (7.9.1948 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд.) – мед. ғыл. докт. (1994). Алматы мемл. мед. интын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1972 жылдан Қазақстан Денсаулық сақтау миннің (қазіргі Денсаулық сақтау агенттігі) Клиник. жəне эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. интында (қазіргі А.Сызғанов атынд. Хирургия ғыл. орт.) ординатор, хирург, аға ғыл. қызметкер болды. 1990 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. жұмыстары қолқа жəне қан тамырлары ауруларын хирург. жолмен емдеуге арналған. Қолқаның жоғары бөлігі кеңейгенде (қолқа аневризмосы); кеуде қуысын ашып, ішкі органдардың кеңейген қан тамырларын қалпына келтіру (торако-абдоминалды аневризм) операцияларын жасаған алғашқы хирургтардың бірі. Ол микроангиопатияны, ішкі органдардың қан айналу жүйесінің бұзылуын, жүйке қан тамырларының жаңадан пайда болу белгісін, аяққа баратын қан тамырлардың бітеліп қалуын хирург. тəсілмен емдеуді ұсынды. «Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тəжірибеге енгізу» ғыл.-зерт. жұмысы авторларының бірі. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1999). ЖАҚЫПОВА Гүлмира Нұртайқызы (29.4.1970 ж.т., Алматы обл. Ақсу ауд. Жансүгіров кенті) – тех. ғыл. канд. (2002), доцент (2008). Мəскеу мемл. тамақ өндірісі интын, Алматы технол. ун-тінің аспирантурасын (2000) бітірген. 1994–96 ж. ҚР мемл. мүлік к-тінде маман, 1996–97, 2002–09 ж. Алматы технол. ун-тінде лаб. меңгерушісі, доцент 2000–02 ж. Қазақ тамақ өнеркəсібі ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер болып жұмыс істеді. 2009 жылдан Қазақ агротех. ун-тінде доцент. ЖАҚЫПОВА Фатима Надырқызы (17.7.1968 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (2010), проф. (2011). ҚазҰУ-ды (1990) бітірген. Осы ун-тте ассистент, аға оқытушы, доцент, лаб. меңгерушісі (1991–2001), ун-т жанындағы К.Жақыпов С.Жақыпов У.Жақыпов Г.Жақыпова Ф.Жақыпова ЖАҚЫПОВ
«Қазақ университеті» баспасының директоры (1999–2000), Экон. жəне құқық ин-ты директорының орынбасары (2000–01), Тараз мемл. ун-тінде проректор (2001 жылдан). Қазіргі кезде ҚР БҒМ Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. Ж. 50-ден астам ғыл. жəне əдістемелік еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралының авторы. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (2001), «ҚР Құрметті білім қызметкері» (2002) төсбелгісімен марапатталған. ЖАЛАЙЫРОВ Асылхан Қасенұлы (20.9.1944 ж.т., Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (2003), проф. (2003). Мəскеу т.ж. көліктерінің инженерлері ин-тын (1968), Бетон жəне темір бетон ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1974, Мəскеу) бітірген. Мəскеудегі Жобалау ин-ттарында қызмет етті (1968– 71), Қазақ өнеркəсіптік құрылыс ғыл.-зерт. жобалау ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, ғалым хатшы, лаб. меңгерушісі (1974– 94), Алматы т.ж. көліктерінің инженерлері ин-тында декан, кафедра меңгерушісі, проф. (1994– 2006, қазіргі Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясы), 2006 жылдан Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясында проф. қызметін атқарады. Ж. 4 монография, 70-тен астам ғыл. жəне оқу-əдістемелік еңбектердің авторы. ЖАЛАҢКӨЗОВ Темірболат (4.3. 1940 ж.т., Қырғызстан, Бішкек қ.) – биол. ғыл. докт. (1998). Қазақ а.ш. ин-тын(1967, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒА Топырақтану интында аға лаборант (1967–68), кіші ғыл. қызметкер (1968–81), аға ғыл. қызметкер (1981–85), 1985 жылдан директордың орынбасары қызметтерін атқарады. Халықар. ғыл.-тех. орт-та жоба менеджері болып, «Топырақтың тығыздығы мəселесін шешудегі агромелиорациялық тəсілдер жəне мақта өндірудегі суармалы сұр топырақтың құнарлылығы»деген тақырыпта ғыл. зерттеу жүргізді. Ж. 65 ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография авторы. «Тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері. ЖАЛҒАСҰЛЫ Нариман (31.12. 1939 ж.т., Қызылорда обл. Жалағаш ауд. Мырзабай а.) – тех. ғыл. докт. (2001), проф. Қазақ политех. ин-тын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Жезқазған кен-металлургия комбнда, Батыс Жезқазған кенішінде (1963–67) қызмет атқарған. Алматы Тау-кен істері ин-тында аспирант, кіші жəне аға ғыл. қызметкер (1968–96) болып жұмыс істеді. 1996 жылдан Кен істері ин-тында жетекші ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері тау-кен өндірісі саласының геотехнологиясы жəне геоэкологиясы мəселелеріне арналған. Шахты астындағы құлауға айналған кентіректерді берік етіп бекіту əдісін тауып, өндіріске енгізгені үшін ҚР-ның Мемл. сыйл-н алған (1991). 160-тан астам ғыл. еңбегі, оның ішінде 3 монографиясы бар. ЖАЛЕЛОВ Заур Ғафурұлы (17. 10.1952 ж.т., Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. ҚазМУ-ды (1981) бітірген. Халық ш. ин-тында оқытушы (1981–85), ҚР ҰҒА Ұйғыртану ин-тында кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер (1986–92 қазіргі Шығыстану ин-ты), 1992 жылдан ҚР БҒМ ҒМ Шығыстану ин-тында бас ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. бағыты Шығыс елдерінің тарихын, мəдениетін, білім беру, діни жүйесін зерттеуге арналған. Ж. 150 ғыл.-теор. жəне тəжірибелік еңбектердің, оның ішінде 4 монография, 2 кітап, бір оқу құралы, 4 кітапша авторы. ЖАЛМАХАНОВ Шапағат Шарапатұлы (1962 ж.т.) – филол. ғыл. докт. (2005), проф. (2006). Қарағанды мемл. ун-тін (1984) бітірген. Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. орта мектебінде директордың орынбасары (1984–86), А.Жалайыров Т.Жалаңкөзов Н.Жалғасұлы З.Жалелов ЖАЛМАХАНОВ
Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары (1986–99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан ҚР ІІМБ Қарағанды Заң ин-тында кафедра меңгерушісі, полиция подполковнигі. 80-нен астам ғыл. мақала мен 1 монографияның авторы. ЖАМАЛБЕК Есбол (17.5.1934 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Кершетас а.) – а. ш. ғыл. докт. (1992), проф. (1995). ҚазМУ-ды (1956 қазіргі ҚазҰУ), Қазақстан ҒА Топырақтану ин-тының аспирантурасын (1965) бітірген. Қостанай, Петропавлск экспед-нда инж. топырақтанушы (1956–58), ҚР ҰҒА Топырақтану ин-тында аға ғыл. қызметкер (1966–73), зертхана меңгерушісі (1973–96), ҚазҰУ-де кафедра доценті (1990– 95), 1996 жылдан кафедра проф. Ж. 320–дан астам ғыл. еңбектің, солардың ішінде 10 монография, 6 оқу құралы, 8 кітапшаның авторы. ЖАМАЛОВ Жалал (8.11.1955 ж.т., ҚХР, Тоғыз-тарау кенті) – Қазақ ұлттық агр. ун-тінің проф. Қазақ дене шынықтыру ин-тын (1982) бітірген. ҚазМУ-да бокстан оқытушы жəне жаттықтырушы (1976, қазіргі ҚазҰУ), «Трудовые резервы» Алматы ВДСОда бокстан оқытушы жəне жаттықтырушы (1976), Алматы обл. «Динамо» клубында бокстан оқытушы жəне жаттықтырушы, Қазақ а.ш. ин-тында аға оқытушы (1979, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Алматы қ-ның обл. кеңесінің спорт нұсқаушысы, тау туризмінің əдіскері, спорт кешенінің жаттықтырушысы (1980), ДЮСШ-де жаттықтырушы (1981– 83), тау туризмінің нұсқаушысы (1983), оқытушы, аға оқытушы (1984–2004), доцент (2005), кафедра меңгерушісі (2007) қызметтерін атқарады. КСРО-ның бокстан спорт шебері (1974), Халықар. дəрежедегі төреші (1996), ҚР еңбек сің. жаттықтырушысы (1999), Қазақстанның құрметті спорт қайраткері (2005), «Бейбітшілік əлемі» халықар. өнер ұйымының лауреаты (2011). Ж. 20дан астам ғыл. еңбектің (Боксшкола мужества, 2009, Профессионально-прикладная физическая подготовка студентов КазНАУ, 2010, Емдік дене тəрбиесінің негіздері, 2010.) авторы. ЖАМАЛОВ Қажымұқан (4.5. 1935 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт ауд. Майбұлақ а.) – тех. ғыл. докт. (1999), проф. (2001). Шымкент мемл. пед. ин-тын (1961), Өзбекстан ҒА-ның аспирантурасын (1964) бітірген. 1972 жылдан Қазақ мемл. қыздар пед. ун-тінде кафедра меңгерушісі. Ғыл. жұмыстарының бағыты жазық рельефті гелиоқондырғылардың жылу жəне энергет. сипаттамаларын зерттеуге арналған. Жаңа ғыл. практик. нəтижелері а. ш-на енгізілген. 60-тан аса ғыл. еңбегі бар. ЖАМАЛОВ Өнер (1922, Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт ауд. Сенбі а. – 1975, Ташкент қ.) – экон. ғыл. докт. (1955), проф. (1958). Ташкент қаржы-экон. ин-тын (1953) бітірген соң осы ин-тта, А. ш. ин-тында, Орта Азия мемл. ун-тінде пед. қызмет атқарды. Ташкент мемл. ун-тінің проф., Өзбекстан ҒА Экон. ин-тының директоры, Өзбекстан ҒА-ның Төралқа мүшесі жəне академияның филос., экон. жəне заң ғылымдары жөніндегі акад.-хатшысы (1953– 75) болды. 130-дан аса ғыл. жарияланымы, 8 монографиясы бар. ЖАМАНБАЕВ Қадыр (18.8. 1914, Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Ақкүйік а. – 15.9.1986, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1973), проф. (1979). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазПИ-ді (1938, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Еңбек жолын ауд. халық ағарту бөлімінде хатшы, Жаңақорған кентіндегі бастауыш мектепте мұғалім (1932–34) болып бастады. 1938 ж. Алматыдағы Қазақ пед. уч-щесінде оқытушы болды. Жамбыл обл. Жамбыл ауд. халық ағарту бөлімінде меңгеруші, орта мектеп директоры (1941–42) қызметтерін атқарды. 1952 жылға дейін Жаңақорған ауд. кеңесі атқару к-ті төрағасының орынбасары, Қызылорда обл. партия к-тінің нұсқаушысы, Алматы консерваториясында кафедра меңгерушісі болды. Қызылорда пед. ин-тының (1952–54, қазіргі Қызылорда мемл. ун-ті) ректоры, Ақтөбедегі пед. жəне мед. инттарында кафедра меңгерушісі (1954–58). Гурьев (Атырау) пед. ин-тының (1958–62) жəне Целиноград пед. ин-тының ректоры (1962–74), Қарағанды мемл. унтінде кафедра меңгерушісі (1974– 76), ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі (1976–86) қызметтерін атқарды. «Исторический опыт по развитию высшей школы в Казахстане (1917–1970 гг.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 2дəрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ЖАМАНБАЛАЕВА Шолпан Ерболқызы (6.1.1971 ж.т., Жамбыл обл. Шу ауд. Новотроицк а.) – əлеуметтану ғыл. докт. проф. (2006). Қазақстан əлеуметтануЕ.Жамалбек Ж.Жамалов ЖАМАЛБЕК
шылар академиясының акад. (2008). ҚазМУ-ды (1993, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰУ-да ассистент, аға оқытушы, кафедра доценті, деканның орынбасары (1993–2003), Қазақ көлік жəне коммуникация академиясында проректор (2003–08), 2008 жылдан ҚазҰУ-да проректор қызметтерін атқарады. «Социологический анализ девиантного поведения подростков» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 100ден астам ғыл. еңбектің авторы. «ҚР тəуелсіздігіне 20 жыл» (2010), «Астана қаласына 10 жыл» мерейтой медалінің (2008), «ҚР ғылымының дамуына үлес қосқаны үшін» (2009), «ҚР Білімінің құрметті қызметкері» (2007) төсбелгілерінің иегері, ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (1997, 2006, 2007), ҚР Президентінің алғыс хатымен (2006) марапатталған. ЖАМАНБАЛИН Қадырғали Қонысбайұлы (1958 ж.т., Қостанай обл. Қамысты ауд.) – физ.-матем. ғыл. докт. (2003), проф. (2003). Қарағанды мемл. ун-тін (1982) жəне Санкт-Петербург политех. ин-тының аспирантурасын (1990) бітірген. Қостанай пед. ин-тында оқытушы (1985), аға оқытушы, доцент (1990), декан (1995), Қостанай əлеуметтану академиясының ректоры болды. 1999 жылдан Қостанай əлеум.-тех. ун-тінде қызмет атқарады. Ж. 80-ге жуық ғыл. жарияланымның, 4 монографияның авторы. ЖАМАНҚҰЛОВ Қыдырқожа Əбдікəрімұлы (5.7.1940 ж.т., Атырау обл. Құрманғазы ауд. Алға а.) – мед. ғыл. докт. (1991), проф. (1991), ҚР Мед. ғыл. академиясының корр. мүшесі (1995). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (1964, қазіргі Батыс Қазақстан мед. ун-ті) бітірген. Ақтөбе мемл. мед. интында ординатор, ассистент, кафедра меңгерушісі (1964–73) қызметтерін атқарды. «Санитарногигиеническое обоснование ранней диагностики и профилактики патологии от воздействия соединений хрома» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж-тың 100-ден астам ғыл. еңбегі, бірнеше кітаптары жарық көрді. ЖАМАНҚҰЛОВ Тұңғышбай Қадырұлы, Əл-Тарази (2.10.1948 ж. т., Жамбыл обл. Байзақ ауд. Абай а.) – актер, режиссер, Қазақстанның халық арт. (1992; 1982 жылдан Қазақстанның еңб. сің. арт.), проф. (1979). Алматы өнер ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік ф-тін бітірген (1973). Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады (1970). 1993–2001 ж. осы театрдың директоры əрі көркемдік кеңестің төрағасы болды. Ж. ұлттық жəне əлемдік театр мектептерінің дəстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Ж. еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосты. «Отырардың күйреуі» фильміндегі Қайырхан рөлі үшін ҚР Мемл. сыйл. лауреаты атанды (1992). Ж. режиссер ретінде К.Гоццидің «Турандот ханшайым», М.Ғапаровтың «Тұзды шөл», Қ.Шахимарданның «Томирис» пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты. Ж. – концерттік ұжым «Тамашаны» алғашқы ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1974 жылдан пед. қызметпен шұғылданып, Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемл. ун-тінде дəріс оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді. ЖАМАНСАРИН Тоқтар Мəдиұлы (17.04.1948 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауд. Қарабұлақ а.) – ветеринария ғыл. докт. (2010), доцент (1985). Семей зоотех.-ветеринар. ин-тын (1975) бітірген. Бүкілодақтық ветеринар.-санитар. ғыл.-зерт. интында оқытушы, доцент (1976– 79, Мəскеу), Семей зооветериШ.Жаманбалаева Қ.Жаманбалин Т.Жаманқұлов Т.Жамансарин ЖАМАНСАРИН
нар. ин-тында ассистент, аға оқытушы, доцент (1980–97), Қазақ ветеринар. ғыл.-зерт. ин-тында зертхана меңгерушісі (1987–97), Шекара жəне көліктегі ветеринария басқармасының бас маманы (1997–2000), ветеринар. сараптама зертханасының меңгерушісі (2000–02), мал ш. жəне ветеринария ғыл.-өндірістік ортның аспирантура жəне докторантура бөлімінің меңгерушісі (2003–10), Қазақ ғыл.-зерт. ветеринария ин-тының бас ғыл. қызметкері (2010–12). Ж. 110 ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 патент, 10 авторлық куəлік, 3 жекелей кітап авторы. ЖАМАНТІКОВ Хасый (1941 ж.т., Жамбыл обл. Мерке ауд.) – а. ш. ғыл. докт. (2003). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1969 жылдан Қызылорда обл. күріш тəжірибе ст-нда (Арал өңірі агроэкология жəне а. ш. ғыл.-зерт. ин-ты) аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, агрохимия бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. «Научные основы применении фосфорных удобрений на культурах рисового севооборота в условиях лугово-болотных почв Казахстанского Приаралья» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж-тың ғыл. еңбегінің бағыты – Қаратау фосфоритінен алынатын жаңа тыңайтқыштарды күріш дақылына қолданып, ерекшеліктерін анықтап, тиімділігін дəлелдеуге; Арал тнің құрғаған тұзды табанын өсімдік жамылғысымен жабу технологиясын жасауға арналған. Ж. Арал т-нің табанына сексеуіл егу тəсілін тапты. 50-ден астам ғыл. еңбегі, оның ішінде 1 монографиясы жарық көрген. Бірнеше медальмен марапатталған. ЖАМБАЕВА Жанар Əбінсерікқызы (20.10.1971 ж.т., Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (2010). Семей мемл. пед. ин-тын (1993) бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Семей мемл. пед. ин-тында стажер-зерттеуші болып бастап, қазір сонда кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Негізгі ғыл. бағыты тіл теориясы саласын, салыстырмалы тіл білімін, психолингвистика, лингвомəдениеттілік, этнолингвистика саласын зерттеуге арналған. «Қазақстандықтардың тілдік санасының аксиологиялық стереотиптері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 60-тан астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 3 оқу құралының авторы. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған (2011). ЖАМБЫРШИН Əлім Шəкірұлы (19.7.1943 ж.т., Алматы обл. Панфилов ауд. Жаркент қ.) – тех. ғыл. докт. (1983), проф. (1984). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Алматы пед. шет тілдер ин-тын (1988, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-ті) бітірген. Қазақ а. ш-н механикаландыру жəне электрлендіру ғыл.-зерт. ин-тында жұмыс істеген. Канададағы КСРО елшісінің кеңесшісі (1988–92), Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше жəне өкілетті елшісі (1992–94) болды. 1994 жылдан «Минкоры Сентрал Эйша Лтд» қазақ-америка бірлескен компаниясының президенті. Қазір «Балэкс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Мех., асыл металдарды байыту саласы бойынша бірнеше ғыл. еңбегі жарияланған. Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1975). ЖАНАЙДАРОВ Ескендір Оразұлы (19.8.1958 ж.т., Алматы қ.) – заң ғыл. докт. (1995). Қарағанды мемл. ун-тін (1980) бітірген соң осы ун-тте ассистент, аспирант, аға оқытушы, доцент, аға ғыл. қызметкер (1980–94), Мемлекет жəне құқық ин-тында доцент, аға ғыл. қызметкер (1994–96), Қазақ мемл. заң ун-тінің ғыл.-зерт. ортнда бас ғыл. қызметкер (1996–97) болып істеді. 1998 жылдан ҚР Əділет мин-нің Заңнама ин-тының директоры. «Осуществление права государственной собственности юридическим лицам» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 60-тан астам ғыл. жарияланымның авторы. ЖАНАЛЕЕВА Күлшехан Мұхитқызы (9.06.1944 ж.т., РФ, Тюмень обл. Ямаль ауд. Новый порт кенті) – геогр. ғыл. докт. (1993), проф. (1996). Орал пед. ин-тын (1965) бітірген. Мектепте мұғаХ.Жамантіков Ж.Жамбаева К.Жаналеева ЖАМАНТІКОВ
лім (1965-67), Шевченко (қазіргі Ақтау) қ-лық комсомол к-тінің хатшысы (1967–71), ҚазМУ-дың аспиранты (1971–75), Манғышлақ облсовпроф бөлім меңгерушісі (1975–77), ҚазМУ-да аға оқытушы (1978–82), доцент (1982– 88), кафедра меңгерушісі (1988– 2005), ЕҰУ-де кафедра проф. (2005–06), кафедра меңгерушісі (2006–10), 2010 жылдан кафедра проф. Негізгі ғыл. бағыты адам əрекетінің табиғат компоненттеріне əсерін, геожүйелі-бассейн тұрғысынан аридты территориялар табиғи кешендерін зерттеуге арналған. «Организация и динамика геосистем внутриконтинентальных котловин аридных территорий» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ҚР ағарту ісінің үздігі (1994), «Ғылым мен ағарту ісіндегі табыстары үшін» төсбелгісімен (2004) марапатталған. Ж. 168 ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 монография, 4 оқу құралы жəне 8 оқу-əдістем. құралдарының авторы. ЖАНАЛИНА Лəззат Қабылдашқызы (30.11.1944 ж.т., Павлодар қ.) – филол. ғыл. докт. (2005), проф. (2007). Халықар. ақпараттандыру академиясының акад. (2005). Қазіргі ҚазҰУ-ды (1967) бітірген. Көкшетау мемл. ун-тінде аға оқытушы (1967–69) болды. ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (1973–2008) қызметін атқарады. «Номинация как форма речевой деятельности» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 300-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы. ЖАНАСБАЕВ Аманғазы Масалыұлы (1940 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – мед. ғыл. докт. (1993), проф. (1996). Семей мемл. мед. ин-тын (1964) бітірген. Ауд. емхананың бас дəрігері (1964–67), Ақмола (қазіргі Астана қ.) балалар емханасының дəрігері (1968–73), Ақмола мед. ин-тында (1973–75, қазіргі Астана мемл. мед. ун-ті) ассистент қызметтерін атқарды. 1975 жылдан Семей мемл. мед. ун-тінде доцент, кафедра меңгерушісі. Ж. 80-ге жуық ғыл. жарияланымның оның ішінде 2 монографияның авторы. ЖАНƏДІЛОВ Шайзында (1945 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд.) – мед. ғыл. докт. (1993). Ақмола мед. ин-тын (1969, қазіргі Астана мемл. мед. ун-ті) бітірген. КСРО ҒА (Мəскеу) Еңбек гигиенасы ғыл.-зерт. ин-тында (1969–72) аспирант, Целиноград мемл. мед. ин-тында ассистент (1973–74, қазіргі Астана мемл. мед. ун-ті), Талдықорған пед. ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі (1974–83), Алматы мемл. мед. ин-ты (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) Шымкент қ-ндағы бөлімшесінің доценті (1983–85), кафедра меңгерушісі (1996) болды. 1997 жылдан Семей мемл. мед. ун-тінің кафедра меңгерушісі. Ж. 76 ғыл.- зерт. еңбектің, 5 авторлық куəліктің авторы. ЖАНБОСЫНОВА Альбина Советқызы (27.7.1964 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Күршім а.) – тарих ғыл. докт. (2010). Өскемен пед. ин-тын (1987) бітірген. Өскемен пед. ин-тында оқытушы (1992– 99), декан (1999–2001), Тарих, психология жəне мəдениет ин-тының директоры (2001–05), кафедра меңгерушісі (2009–10). Негізгі ғыл. бағыты Қазақстан тарихының жаңа жəне қазіргі заман кезеңін, Кеңес мемлекеті кезіндегі қуғын-сүргін саясатын, күштеу тəсілдерін зерттеуге арналған. «ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы Кеңес мемлекетінің қуғын-сүргін саясаты (Шығыс Қазақстан аймағының негізінде)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЖАНБӨБЕКОВА Мейрамгүл Зейнеғабулқызы (3.11.1970 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Социал а.) – пед. ғыл. докт. (2010). Шығыс Қазахстан мемл. ун-тін (1995) бітірген. Семей мемл. пед. интында оқытушы (1995–98), Алматы мемл. ун-тінде аспирант (1998–2001, қазіргі ҚазҰПУ), оқытушы (2002–04), кафедра меңгерушісі (2004–09), 2010 жылы докт. қорғап кафедрада еңбек етеді. Негізгі ғыл. бағыты педагогика теориясындағы мəселенің жай-күйін сараптау, оның зерттеу аумағындағы білімдерді жүйелеу жəне оларды кəсіби-пед. ісəрекетке дайындаудың негізін тану процесін əрдайым байытып отыруды зерттеуге арналған. «ЖаЛ.Жаналина А.Жанбосынова М.Жанбөбекова ЖАНБӨБЕКОВА
hандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кəсіби іс – əрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері» атты тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 47 ғыл. еңбектің авторы. «Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды. ЖАНГЕЛОВА Майра Белгібайқызы (1940 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Зайсан қ.) – мед. ғыл. докт. (1990), проф. (1990). Семей мемл. мед. ин-тын (1964, қазіргі Семей мемл. мед. ун-ті) бітірген. Харьков мед. ин-тында аспирант (1966–69), Семей мемл. мед. унтінде ассистент, доцент (1969–75), Қарағанды мед. ин-тында (қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1975–81), Семей мемл. мед. унтінде доцент, проф. (1981–89). 1990 жылдан проф., кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1988 ж. «Медиаторные процессы при отеке легких» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 50-ге жуық ғыл. жарияланымның авторы. ЖАНГЕРЕЕВ Амангелді Əбдірахманұлы (6.6.1949 ж.т., Ақтөбе обл. Қобда ауд. Ақсай а.) – мед. ғыл. докт. (1995), проф. (1996), Орт. Азия Халықар. академиясының акад. (1999). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (1979, қазіргі Батыс Қазақстан мемл. мед. унті) бітірген. Ақтөбе мемл. мед. ин-тында ассистент (1981–87), КСРО Денсаулық сақтау мин-нің Орт. туберкулез ғыл.-зерт. интында аға ғыл. қызметкер (1987– 90), Ақтөбе мемл. мед. ин-тында ассистент, кафедра меңгерушісі, проректор (1990–97), ҚР Өкпе ауруы проблемалары ұлттық ортның директоры (1997–99) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Алматы дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тының кафедра меңгерушісі. Ж. 68 жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1985). ЖАНҒАБЫЛОВ Абай Кенжебайұлы (14.5.1939 ж.т., Қызылорда обл. Сырдария ауд.) – мед. ғыл. докт. (1986), проф. (1987). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (1963, қазіргі Батыс Қазақстан мед. унті) бітірген. Қызылорда обл. Сырдария ауд. «Амангелді» кеңшарында аурухана меңгерушісі, ауд. аурухананың бас дəрігері (1963– 66) болды. Киевтегі ғыл.-зерт. клиник. ин-тының аспирантурасында (1966–69) оқыды. Алматы мемл. мед. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) ассистент, доцент (1969–74). КСРО Мед. ҒА Тағамтану ғыл.-зерт. ин-тының Қазақ бөлімшесінде бөлім бастығы (1975–90) қызметтерін атқарды. 1990 жылдан Қазақ ұлттық мед. ун-тінің кафедра меңгерушісі. Ж-тың ғыл. еңбектері қан аурулары патологиясына жəне гастроэнтерология саласына арналған. 130дан астам ғыл. мақала жариялап, қымыз бен шұбаттың емдік қасиеттері жəне практик. гастроэнтерология жөнінде оқулықтар жазған. ЖАНҒАРАШЕВА Назымкүл Владимирқызы (13.3.1962 ж.т., Қырғызстан, Бішкек қ.) – экон. ғыл. докт. (2007), проф. (2011). Алматы халық ш. ин-тын (1983, қазіргі Қазақ экон. ун-ті) жəне А.ш. экон. жəне ұйымдастыру қазақ ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1988) бітірген. А. ш. экон. жəне ұйымдастыру қазақ ғыл.-зерт. ин-тында аға лаборант (1983), аға экономист (1984–85), кіші ғыл. қызметкер (1989–90), Орт.-Азия ун-тінде декан (2001–09), кафедра меңгерушісі ( 2009–10), Қазақ ұлттық агр. ун-тінде проф. (2009–10), кафедра менгерушісі (2010), 2011 жылдан Алматы гуманит.-тех. ун-тінің проректоры қызметтерін атқарады. Негізгі ғыл. бағыты Қазақстанның агроөнеркəсіп кешенінде маркетингтік зерттеулерді жетілдіруге арналған. «Развитие маркетинга в агропромышленном комплексе Казахстана (теория, методология, практика)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен (2010) марапатталған. Ж. 96 ғыл.-əдістемелік еңбектің, оның ішінде 1 монография, 5 жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, 2 мемл. жалпы білім беру стандарттары, 6 типтік оқу бағдарламалары, 15 əдістем. нұсқаулардың авторы. М.Жангелова А.Жанғабылов Н.Жанғарашева ЖАНГЕЛОВА
ЖАНҒОЗИНА Дарико Мұқышқызы (1946 ж.т.) – мед. ғыл. докт. (2003). Қарағанды мемл. мед. ин-тын бітірген (1972). Еңбек гигиенасы жəне кəсіби аурулар ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1972–92), Қарағанды мемл. мед. ун-тінің орт. ғыл.-зерт. лаб-нда аға ғыл. қызметкер, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1993 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. 119 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЖАНҒОЗИНА Долорес Мұқышқызы (1937 ж.т., Ақмола обл. Атбасар қ.) – мед. ғыл. докт. (1992). Қарағанды мемл. мед. ин-тын бітірген (1961, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті). Еңбек гигиенасы жəне кəсіби аурулар ғыл.- зерт. ин-тында кіші (1961–70), аға (1970–78) ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1978–86) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. Ж. 146 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЖАНДАЕВ Мұқатай (1.2.1916, Солт. Қазақстан обл. Тимирязев ауд. – 20.6.1998, Алматы қ.) – геогр. ғыл. докт. (1970), проф. (1971), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1984). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Воронеж пед. ин-тын бітірген (1948). Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тының кіші ғыл. қызметкері (1948–53). 1953 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) доценті, кафедра меңгерушісі болды. Негізгі ғыл. еңбектері аймақтық геоморфология, неотектоника, сай-жыра эрозиясы, сел мəселелеріне, геоморфол. картаға түсіру əдістеріне арналған. Өзен жəне өзен аңғарларының пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынды. Жер бедерінің шағын пішінді өлшемдерін анықтайтын геогр. əмбебап аспап құрастырды. Бұл аспаппен далалық жағдайда геогр. нысандардың əр түрлі параметрлерін, тік жəне көлбеу бұрыштарды, беткейлердің биіктігі, құламасы мен экспозициясын, шағын ойыстардың, өзен мен аңғардың кемерлерін, ағаштың биіктігін, малтатас, қойтастардың көлемін, сонымен бірге жергілікті геогр. ендіктерді, Күннің көкжиектен биіктігін, салыстырмалы биіктіктерді анықтауға болады. 1-дəрежелі Отан соғысы, 3-дəрежелі Даңқ ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЖАНДЕРКИН Абдулғазиз Ыбырайұлы (7.11.1905, Қарағанды обл. Қарқаралы қ. – 9.11.1983, Алматы қ.) – биол. ғыл. канд. (1945), Қазақ а. ш. академиясының корр. мүшесі (1969). Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тын (1929, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қарақалпақстан мен Қазақстан жоспарлау к-ттерінде (1929–35), Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында (1935–54) қызметтер атқарды. Бүкілодақтық а. ш. көрмесінің Қазақстан павильонында директор жəне аға əдіскер (1954– 55), Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биол. ин-тында лаб. меңгерушісі (1955–57), сол ин-тта директор болды (1957–60). Гурьев (қазіргі Атырау) а. ш. тəжірибе ст-ның директоры (1960–62), Қазақстан халық ш. жетістіктері көрмесінің директоры (1962–63), 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биол. ин-тында лаб. меңгерушісі, кеңесші (1978–83) болды. Негізгі ғыл. еңбектері Қазақстанда мал ш-на, оның ішінде қой жəне ешкі өсіруге арналған. Ж. Қазақстанда мал ш-н дамыту жолында зор еңбек сіңірді. Ол қазақтың арқар-меринос қойын шығарғаны үшін бір топ ғалымдармен бірге КСРО Мемл. сыйл. алды (1950). «Құрмет Белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЖАНДОСОВ Жұманбек Кенжебайұлы (7.9.1915, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Қызылтау а. – 21.8.2005, Алматы қ.) – филос. ғыл. докт., проф. ҚазМУ-ды (1940, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1940–42 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін Қарағанды обл. партия к-тінде, Қазақ КСР «Білім» қоғамының төрағасы, 1947–50 ж. Қарағанды обл. партия к-тінің үгіт жəне насихат бөлімінің меңгерушісі, 1950–56 ж. Алматы обл. партия к-тінде хатшы, 1960–81 ж. «Білім» қоғамы төрағасының 1-орынбасары, «Друг читателя» газетінің редакторы қызметтерін атқарған. 1983 жылдан Қазақ КСР Халық ағарту министрінің Мұғалімдер біліктілігін жетілдіру ин-тында аға оқытушы болды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», II дəрежелі Отан соғысы ордендерімен жəне көптеген медальдармен марапатталған. ЖАНДЫҒҰЛОВ Əбдіғали Реджепұлы (23.12.1966 ж.т., Түркіменстан, Ташауз обл.) – физ.-матем. ғыл. канд., проф. Новосибирск мемл. ун-тін (1990) бітірМ.Жандаев А.Жандеркин ЖАНДЫҒҰЛОВ
ген. ҚР ҰҒА Орт. Қазақстан бөлімшесіндегі Қолданбалы математика ин-тында инж., жетекші ғыл. қызметкер, ғалым хатшы əрі Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы (1990–96), Қазақстан-Ресей ун-ті Екібастұз филиалының директоры (1999–2007), 2006 ж. Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінде бірінші проректор қызметтерін атқарады. Ж. 30-дан астам ғыл. конференцияларға қатысты. 75 ғыл. еңбектің авторы. ЖАНМОЛДАЕВ Бақытжан Жамаладинұлы (29.3.1955 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (2004), проф. (2004). ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тының Қызылорда бөлімшесінде оқытушы (1983–90), Мəскеу инж.-құрылыс ин-тында аспирант (1990– 93), Қызылорда қ-ның жоғары оқу орындарында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ф-т деканы (1993–2001) қызметтерін атқарды. 2003 жылдан Қызылорда мемл. ун-тінің Қашықтан оқыту жəне мамандарды қайта даярлау орт-ның директоры қызметінде. Ғыл. еңбектері тұтқыр, серпімді пластиналар мен құрылым тербелістерінің матем. теориясын құру жəне ол тербелістерге темп-раның тигізетін əсерін зерттеуге арналған. ЖАНПЕЙІСОВ Ербол Несіпбайұлы (27.12.1930 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Тоқтамыс а.) – филол. ғыл. докт. (1991). Қазіргі ҚазҰУ-дың филол. ф-тін (1953) жəне аспирантурасын (1956) бітірген. 1957 жылдан Қазақстан ҒА-ның Тіл білімі интында кіші, аға, жетекші, бас ғыл. қызметкер. «Қазақ тілінің этномəдени лексикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Əр түрлі тақырыпта жазылған 70-тен астам мақаланың авторы. ҚР ҰҒАның Ш.Ш.Уəлиханов атынд. сыйл. лауреаты (1993). ЖАНПЕЙІСОВ Роман (10.4. 1924, Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Қосүйеңкі а. – 24.9.1998, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1982), проф. (1984). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1950, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1958 жылдан Қазақстан ҒА-ның Топырақтану ғыл.-зерт. ин-тында топырақ эрозиясы бөлімін басқарды. Ж-тың ғыл. еңбектері Қазақстан жер қыртысының эрозиясын зерттеуге арналған. Отан соғысы орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЖАНПЕЙІСОВА Қорлан Қабыкенқызы (17.12.1952 ж.т., Алматы обл. Көксу ауд. Балпық би кенті) – пед. ғыл. докт. (1993), проф. (1994). ҚазПИ-ді (1976, қазіргі ҚазҰПУ), Пед. ғылымдары ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1987) бітірген. ҚазПИ-де аға лаборант (1976–77). 1977 жылдан осы оқу орнында қызмет істейді. Негізгі ғыл. еңбектері жоғары сынып оқушыларының саяси мəдениетін қалыптастыру мəселелерін зерттеуге арналған. 30-дан аса ғыл. жарияланымның авторы. ЖАНПЕЙІСОВА Ұлбосын Ахметжанқызы (15.1.1955 ж.т., Қызылорда қ.) – пед. ғыл. докт. (1999), проф. (2000). Қазіргі Қазақ ұлттық пед. ун-тін (1976) бітірген. Қызылорда обл. Жаңақорған ауд-нда мектеп мұғалімі (1976– 79), Пед. ғылмдары ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, аға ғыл. қызметкер (1979–87) болды. 1987 жылдан ҚазПИ-де доцент, проф., кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Қазақ мекƏ.Жандығұлов Б.Жанмолдаев Е.Жанпейісов Р.Жанпейісов Қ.Жанпейісова ЖАНМОЛДАЕВ
тептерінде орыс тілін оқытудың теориялық негіздері (лексикалық аспектісі)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 150-ден астам ғыл. мақаланың, монография, əдістемелік құралдар мен сөздіктердің авторы. ЖАНТАЕВ Жұмабек Шəбденаманұлы (1947 ж.т., Алматы обл. Іле ауд. Шилікемер а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1996). Қазақ политех. ин-тын (1970, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Сейсмология интында (1970–84) жəне Сейсмол. тəжірибелік-методик. экспед-да (1984–90) жауапты қызметтер атқарды. «Қазақ селден қорғау» мекемесінде директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, лаб. меңгерушісі, ғыл.-өндірістік кешен директоры болды (1990–97). 1997 жылдан осы мекеменің «Болжау» ғыл.-өндірістік кешенінде жетекші ғыл. кеңесші. 1995 ж. «Модель напряженного состояния неоднородной земной коры и ее приложения к условиям Тянь-Шанского сейсмогена» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЖАНТАСОВ Құрманбек Тəжмаханбетұлы (27.10.1947 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шымкент қ.) – тех. ғыл. докт. (1999), проф. (2002). КСРО өнертапқышы (1984). Қазақ хим.-технол. ин-тын бітірген (1974). Шымкент фосфор з-тында феррофосфор ағытқышы (1974– 75), Қазақ гипрофосфор ғыл.-зерт. ин-тында инж., кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім, лаб. меңгерушісі (1975–93). Қазақ хим.-технол. ин-тында аға оқытушы (1993– 96), Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде доцент, проф., кафедра меңгерушісі (1993–2012) қызметін атқарады. 250-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 50 авторлық куəлік пен патенттердің иесі. 4 ғыл. жаңалығы бар. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (2005). ЖАНТЕКЕЕВА Злиман Өрбісінқызы (18.3.1932 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Қаратөбе ауд.) – филол. ғыл. канд.(1970). Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын (1953 қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті), ҚР ҰҒА Тіл жəне əдебиет ин-тының аспирантурасын (1956) бітірген. 1956–1961 жылдары интың шығыстану секторында ғыл. қызметкер, 1961 жылдан ҚазҰУдың пед. кафедрасында доцент болып қызмет істеп келеді. ЖАНҰЗАҚ Телғожа Сейдінұлы (15.7.1927 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Нарынқол а.) – филол. ғыл. докт. (1976), проф. (1990). ҚР Гуманит. ғыл. академиясының акад. (1995). ҚазПИді (1951, қазіргі ҚазҰПУ) жəне аспирантурасын бітірген. Қазақстан ҒА Тіл жəне əдебиет интында кіші ғыл. қызметкер (1952– 60), Қазақстан ҒА Тіл білімі интында кіші, аға ғыл. қызметкер (1961–80), бөлім меңгерушісі жəне ғыл.-зерт. жобалардың жетекшісі (1981–2002), ҚазМУ-да доцент, дисс. кеңестің мүшесі (1977–84, қазіргі ҚазҰУ), ҚР Үкіметі жанындағы мемл. ономастика комиссиясының ғалым хатшысы (1990–2003), Қаз-ҰПУ-дың қазақ тілі кафедрасында проф. жəне ун-т жанындағы дисс. кеңестің мүшесі (1992–96), Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінде проф. (1999–2002), 2003 жылдан ҚР БҒМ ҒК Тіл білімі интында бас ғыл. қызметкер. Көптеген ғыл. дисс. кеңестердің мүшесі болды. Негізгі ғыл. бағыты қазақ тіл білімінің ономастиҰ.Жанпейісова Ж.Жантаев Қ.Жантасов З.Жантекеева Т.Жанұзақ ЖАНҰЗАҚ
ка, терминология, лексикография салаларын, фольклор, аударма, орфография, статлингвистика мəселелерін зерттеуге арналған. Қазақ тіл білімінің ономастика саласын қалыптастырушы алдыңғы қатарлы ғалымдардың бірі. Ономастик. мектептің негізін салып, дамытушы ғалым. Қазақ тіл білімінің іргелі де сүбелі саласы лексикографияны дамытуға үлкен үлес қосты. Алғаш рет жарияланған 2 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Абай тілінің сөздігі», 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 15 томдық «Қазақ əдеби тілінің сөздігі», 1 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жəне ономастик. сөздіктерді жасауға, олардың жарыққа шығуына белсене қатысқан басты авторлардың бірі. «Қазақ тілі ономастикасының негізгі проблемалары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ш.Уəлиханов атынд. сыйл. (1984), Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1988), ҚР Үкіметінің «Ірі ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендиясының» (2000), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің (2007), «ҚР ғылымын дамытудағы сіңірген ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің (2007) иегері. Ж. 350 ғыл. еңбектің, оның ішінде 30 монография, 12 ғыл.-көпшілік кітаптар, 25 сөздіктің авторы. ЖАНҰЗАҚОВ Есмұхан Мұхитұлы (5.5.1932 ж.т., Атырау обл. Исатай ауд. Мыңтөбе а.) – физ.- матем. ғыл. докт. (2001), Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1954, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Атырау пед ин-тында аға оқытушы (1955–63), Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) аға оқытушы (1962–66) болды. Мəскеу авиация ин-тының аспиранты (1966–69), Қазақ политех. ин-тында доцент (1970–73), кафедра меңгерушісі (1972–97) қызметтерін атқарды. Е. 200-ден аса ғыл. еңбектің авторы. ЖАНҰЗАҚОВ Мұрат Ахметұлы (29.3.1955 ж.т., Павлодар қ.) – мед. ғыл. докт. (2005), проф. (2007), Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006). Семей мемл. мед. ин-тын (1978, қазіргі Семей мемл. мед. ун-ті) жəне Мəскеудің 1-мед. ин-тының аспирантурасын (1987) бітірген. Павлодар обл. Павдодар ауд. Чернорецк анда терапевт-дəрігер (1978–83), Алматы дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тында ассистент (1987– 90), курс жетекшісі, доцент (1990– 2005) қызметтерін атқарды. 2007 жылдан кафедра меңгерушісі. «Диабетическая нефропатия: распространенность, ранняя диагностика, профилактика и лечение» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 80-нен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы, 4 өнертабыс патенті бар. ЖАНҰЗАҚОВА Шолпан Исағалиқызы (13.11.1960 ж.т., Атырау қ.) – пед. ғыл. докт. (2007). Гурьев пед. ин-тын (1983, қазіргі Атырау) бітірген. Мектепте мұғалім (1983–88), Гурьев пед. ин-тында оқытушы (1988–91), Атырау пед. ин-тында аға оқытушы (1991–2000), кафедра меңгерушісі (2000), Атырау мемл. унтінің аға ғыл. қызметкері (2004), Сырттай оқыту ф-тінің деканы (2005–09). «Этнопедагогиканы жеке пəн ретінде құрудың ғылыми негіздері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Атырау облның, ҚР БҒМ Құрмет Грамотасымен, «Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. 2 монография, 3 оқу құралы, 60-қа жуық ғыл. мақалалардың авторы. ЖАҢАБАЕВ Зейнолла (18.6. 1942 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ойық а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1995), проф. (1997). ҚазМУ-ды (1964, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1966) бітірген. Тараз пед. ин-тында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1968–81), ҚазМУда доцент, кафедра меңгерушісі (1981–2012). Негізгі ғыл. еңбектері гидродинамика мен плазмадағы турбуленттілік, бейсызық жəне тепе-теңсіз құбылыстардың статист. теориясына арналған. Ж. сұйықтың фракталдық (көпіршіктік) қасиетін өзгерту арқылы ондағы электрлік қопарылыстың қысымын арттыру əдісіне респ. патентін алды, ғылымдағы жаңа іргелі бағыт – бейсызық физика мен синергетиканы Қазақстанда дамытудың бастаушысы болды. «Гидродинамикалық турбуленттіліктің бейЕ.Жанұзақов Ш.Жанұзақова З.Жаңабаев ЖАНҰЗАҚОВ
сызық физикалық қасиеттері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 100-ден аса жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. «Халық оқу-ағарту үздігі» (1978), «Жұмыстағы ерекше табыстары» (1981), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2005) төсбелгілерімен марапатталды. «Үздік оқытушы» (2008), «Ғылым мен техникадағы ерекше табыстары үшін» (2011) гранттардың иегері. ЖАҢАБАЕВА Рая Айтбайқызы (12.11.1947 ж.т., Жамбыл обл. Сарысу ауд. Байқадам а.) – пед. ғыл. докт. (2007). ҚазПИ-ді (1973, қазіргі ҚазҰПУ) жəне аспирантурасын (1987) бітірген. 1973 ж. осы ун-тте аға лаборант қызметін атқарды. 1987 жылдан оқытушы қызметінде. Ғыл. бағыты – қазақ этнопед. патриоттық ерлік тəрбиесі проблемасы. «Қазақ халық педагогикасындағы патриоттықерлік тəрбиесінің ғылыми негіздері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 30-дан астам ғыл. еңбегі жəне оқу құралдары жарық көрген. ЖАҢАБЕКОВ Күмісқали (28. 5.1939 ж.т., Жамбыл обл. Байзақ ауд. Диқан а.) – биол. ғыл. канд. (1975). Алматы зоотех. малдəрігерлік ин-тын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Алматы зоотех. – малдəрігерлік ин-тында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1962–2000), 2000 жылдан кафедра проф. Негізгі ғыл. бағыты жануарлар биотехнологиясының негізгі бағыттарының бірі болып саналатын – қой эмбриондарын трансплантациялау тəсіліне жəне аса құнды генотиптерді мейлінше көбейту мақсатымен мал ш-нда қолдануды зерттеуге арналған. Ж. 180 астам ғыл. еңбектің, оның ішінде мақалалар, оқу-əдістем. оқулықтардың авторы. ЖАҢАБЕКОВА Айман Əбділдəқызы (20.1.1972 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Талап а.) – филол. ғыл. докт. (2011). ҚазМУ-ды (1993, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1993–97), ҚазҰУ-де аспирант (1998–2001), орта мектептерде мұғалім (2002–03), ҚР БҒМ ҒК Тіл білімі ин-тында аға ғыл. қызметкер (2003–11), 2011 жылдан бас ғыл. қызметкер., бөлім меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты қазақ тіліндегі уақыт ұғымының тілдік парадигмасын зерттеуге арналған. «Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 70-тен астам мақала, 3 монография авторы. ЖАҢАБЕКОВА Гүлмира Күмісқалиқызы (7.11.1967 ж.т., Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (2010), доцент (2008). Алматы зоотех. малдəрігерлік ин-тын (1990) жəне аспирантурасын (1996) бітірген. Қазақстан ҒА Эксперименттік биол. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1996–2002), 2002 жылдан Қазақ ұлттық агр. унтінде аға оқытушы, 2008 жылдан кафедра доценті. Негізгі ғыл. бағыты макрожəне микроморфология саласын зерттеуге арналған. 3 инновац. патенттердің авторы. «Биохимические и иммунологические показатели крови крупного рогатого скота, иммунизированных разными вакцинами против сальмонеллеза (моно-, би-, поливалентными)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Қазақ ұлттық агр. ун-тінің «Құрмет грамоталарымен» (2005; 2007), «Үздік оқутышы» (2008), «Қоғамдық белсенділігі үшін» (2011) төсбелгілері жəне ҚР БҒМ «Құрмет грамотасымен» (2011) марапатталған. Ж. 80-нен аса ғыл. мақалалар мен оқу-əдістем. оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. ЖАҢАБЕРГЕНОВ Құдайберген (9.1.1937 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Екпінді а.) – пед. ғыл. докт. (2000), проф. Қызылорда пед. ин-тын (1959, Р.Жаңабаева К.Жаңабеков А.Жаңабекова Г.Жаңабекова ЖАҢАБЕРГЕНОВ
қазіргі Қызылорда мемл. ун-ті) бітірген. 1961 жылдан Қызылорда мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, проф. қызметтерін атқарады. «Университеттерде болашақ физика пəні мұғалімдеріне электроника негіздерін оқыту жүйесі» тақырыбында докт. дисс. қорғады. ЖАҢАТАЕВА Ұлбосын Қамалбекқызы (15.3.1965 ж.т., Қостанай обл. Айыртау ауд. Грачевка а.) – саяси ғыл. докт. (2010). ҚазМУ-ды (1987), аспирантурасын (1994) жəне Мəскеу мемл. əлеум. ун-тінің докторантурасын (2004) бітірген. «Болашақ» стипендиаты (2011). Қостанай пед. ин-тында аға оқытушы (1987–91), Қостанай мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі, доценті (1994– 99), Мəскеу мемл. əлеум. ун-тінің филиалында директордың орынбасары (Алматы, 1999–2000), Қостанай мемл. ун-тінде доцент (2005–08), ЕҰУ-де доцент (2008), ғыл. кеңестің ғалым хатшысы (2008–11), 2011 жылдан кафедра проф. Негізгі ғыл. бағыты əлеум. саясат, ішкі саясатты зерттеуге арналған. «Қазақстан Республикасының саяси жағдайындағы трансформациялық қоғамның əлеуметтік саясаты» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ЖАПАРОВ Барыс Əлікенұлы (30.7.1955 ж.т., Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. Талдыөзек а.) – тех. ғыл. докт. (1988), проф. (1990). Қазақ политех. ин-тын (1976, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. 1976–89 ж. осы ун-тте инж., кіші жəне аға ғыл. қызметкер, ғыл.-зерт. лаб-ның меңгерушісі, 1989–97 ж. ҚР Мин. Кеңесі жанындағы басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін жетілдіру ин-тында кафедра меңгерушісі, ин-т проректоры, Түркиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі (1997–99), Түркия Республикасындағы қазақ-түрік достық, қолдау жəне даму қоғамының төрағасы (1999–2000), «NOKІA NETWORKS OY» (Финляндия) фирмасының Түркиядағы өкілдігінің кеңесшісі (2000–01) болды. 2001 жылдан АҚШ-тың халықар. даму агенттігінің (USAІD) Орт. Азия ун-тінде экон. жəне бизнес «Білімдер желісі» жобасының атқарушы директоры жəне «КАЗРЕНА» ғыл. білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры. ЖАПАРХАНОВ Сілəмхан (25.8. 1927 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Қараш а.) – геол.- минерал. ғыл. докт. (1974), проф. (1982). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (1953, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Орт. Қазақстан геол. басқармасының Ақадыр жəне Жезді экспед-ның гидрогеологы (1953–59), Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында аспирант, аға ғыл. қызметкер, ғалымхатшы (1959–66), Қазақстан ҒА-ның Гидрогеол. жəне гидрофиз. ин-тында лаб. меңгерушісі (1966–86), Қазақ политех. интында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) кафедра меңгерушісі, проф. (1986–91) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбегі кен орындарының жер асты суын зерттеу мəселелеріне арналған. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. (1980) лауреаты. ЖАПБАРОВ Амангелді (25.1. 1942 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түркістан ауд. Төрткүл а.) – пед. ғыл. докт. (2005), проф. (2011). Шымкент пед. ин-тын (1965) бітірген. Мектепте мұғалім, директордың орынбасары (1965– 82), Шымкент пед. ин-тында оқытушы (1982–84), кафедра меңгерушісі (1984–89), деканның орынбасары, деканы (1989–91), Шымкент пед. дене тəрбиесі ин-тында кафедра меңгерушісі (1991– 97), «Терминол. сөздік жасау» ортның қазақстандық өкілі (1997– 98), Оңт. Қазақстан мемл. унтінде кафедра меңгерушісі (1998– 2004), декан (2004–05), 2005 жылдан кафедра проф. «Қазақ тілін Қ.Жаңабергенов Ұ.Жаңатаева Б.Жапаров С.Жапарханов ЖАҢАТАЕВА
оқыту арқылы тіл дамытудың əдіснамалық жəне əдістемелік негіздері (V–IX сыныптар)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 135 ғыл.-зерт. еңбектің, оның ішінде 12 монография, 3 оқулық, 1 электрондық оқулық, 12 оқу құралы мен мақалалар авторы. ҚР Халық ағарту ісінің үздігі (1978), Жоғарғы оқу орнының озық қызметкері (1991). ЖАПБАСОВ Рахымбек (19.6. 1942 ж.т., Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Сарыкеңгір а.) – биол. ғыл. докт. (1996). Қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-тін (1968) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биол. ин-тында (1968–95) қызметкер, 1995 жылдан Жалпы генетика жəне цитология ин-тында əр түрлі ғыл. жұмыстар атқарады. «Қазақстанның қой тұқымдарына цитогенетикалық жəне тератологиялық скрининг (талдау) жасау» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 125-тен астам ғыл.-зерт. еңбектің, 2 монографияның авторы. ЖАППАСБАЕВ Ұзақ Қайырбекұлы (23.8.1948 ж.т., Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Жосалы кенті) – тех. ғыл. докт. (1991), проф. (1993). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1974) бітірген. Алматы энергетика ин-тында ассистент (1975–77), ҚазМУ-да доцент, проф. (1977–97), ҚР Білім, мəдениет жəне денсаулық мин-нде бөлім бастығы (1997–2001) болды. 2001 жылдан ҚазҰУ-да проректордың орынбасары қызметін атқарады. Ғыл. еңбектері əсерлесуші орталардың механикасындағы, көпфазалы орталардағы арналық ағындардың, сұйықтық пен газ механикасының есептерін матем. модельдеу саласына арналған. 70-тен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЖАРБОСЫНОВ Бинеш Оразұлы (13.5.1932, Атырау қ. – 25. 6.1996, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1985), проф. (1986). Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1986). Алматы мемл. мед. интын (1955, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Атырау, Ақтөбе қ-ларында уролог-дəрігер (1955–59). Ақтөбе мемл. мед. интында (қазіргі Батыс Қазақстан мед. ун-ті) ассистент (1959–62), 1962 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық мед. ун-тінде аспирант, ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болды. Жтың басшылығымен Алматы қнда Урология ғыл. орт. ашылды (1990). Ол осы орталықтың тұңғыш директоры болды. Негізгі ғыл. еңбектері урология мəселелеріне арналған. Ж. Қазақстанда ер адамның жыныс органдарының аурулары: қосалқы жыныс безі аденомасы, жыныс безінің қабынуы, варикоцеле (сол жақ ен сағағы венасының кеңеюі) мен крипторхизм (еннің ұмаға түспеуі) салдарынан ер адамның белсіз қалуы (еркек бедеулігі) белгілерін анықтап, оларды хирург. жолмен емдеу əдістерін ұсынды. Ж. Қазақстан урологтарының 1-съезі (1991) мен 2конгресін (1995) ұйымдастырып, 4 халықар. симпозиум өткізді. Ол Қазақстан урологтары ассоциациясының төрағасы, Денсаулық сақтау мин-нің бас урологы болған. «Парасат» орденімен марапатталған. Алматыдағы Урология ғыл. орт. Ж-тың есімімен аталады. Осы орт-та Ж-қа орнатылған ескерткіш-тақта жəне мұражай бар. ЖАРҚЫНБЕКОВА Шолпан Құзарқызы (5.9.1963 ж.т., Жамбыл обл. Тараз қ.) – филол. ғыл. докт. (2004), проф. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын (1989), докторантурасын (2003) бітірген. ҚазМУ-да оқытушы (1985– 95), доцент (1995–2001), докторант (2001–04), ЕҰУ-де кафедра проф. (2005–08), 2008 жылдан ф-т деканы. Ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыттары когнитивті лингвистика, халықар. мəА.Жапбаров Ұ.Жаппасбаев Б.Жарбосынов Ш.Жарқынбекова ЖАРҚЫНБЕКОВА
дени коммуникация, тілдік мəдениет, əлеум. лингвистика, тілді оқытудың əдістемесі, салыстырмалы тіл білімі салаларын зерттеуге арналған. «Түсті қазақ жəне орыс тілдерінде тілдік тұрғыдан концептуалдандыру» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ҚР «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2005) мемл. грант, «ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері» төсбелгісінің (2008), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің (2009), «Болашақ» Президент стипендиясының (2010), ҚР «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2011) мемл. грантының, «СоросҚазақстан» қоры грантының иегері (1999, 2001, 2003, 2005, 2006, 2007). Ж. 140-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 11 монография, 5 оқулық пен оқу құралдары, бірнеше оқу əдістемелік құрал, 10 нұсқаулық пен құрастырмалар, 3 сөздік, 110 ғыл. жəне əдістемелік мақалалардың авторы. ЖАРМАҒАМБЕТОВА Əлима Қайнекейқызы (5.2.1951, Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1996), проф. ҚазМУ-дың хим. ф-тін (1973, қазіргі ҚазҰУ) жəне Қазақ халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-ті) (1994) бітірген. ҚР ҰҒА-ның Катализ жəне электрохим. ин-тында лаб. меңгерушісі, директордың орынбасары (1998– 2005) қызметтерін атқарады. Жның қазақстандық, ресейлік жəне халықар. деңгейдегі журналдарда 250-ден астам ғыл. мақалалары жарияланды. 2 монография (қосымша авторлармен) жəне ҚРның 14 патентінің авторы. Халықар. конференцияларда (Ұлыбритания, Германия, Италия, Венгрия, Түркия, Ресей жəне т.б.) бірнеше рет ғыл. баяндамалар жасады. Ж-ның ғыл. жетекшілігімен 13 канд. жəне 1 докт. дисс. қорғалды. ЖАРЫҚБАЕВ Құбығұл Бозайұлы (26.10.1929 ж.т., Ақтөбе обл. Алға ауд. Көкбұлақ а.) – пед. ғыл. докт. (1982), проф. (1984), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. жəне тех. қайраткері (1998). Ақтөбе мұғалімдер ин-тын (1946) жəне ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қызылорда пед. ин-тында ассистент (1951–58), Шымкент пед. ин-тында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1958–77), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) доцент, кафедра меңгерушісі (1977–87) болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-да проф., 1998 жылдан Этнопедагогика жəне этнопсихология орт-ның директоры қызметін атқарады. 1981 ж. «Развитие педагогической мысли в дореволюционном Казахстане» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандағы психол. жəне пед. ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мəселелері. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психол. ұғым-түсініктері талданған. ЖАРЫЛҒАПОВ Жансая Жанғазыұлы (1.1.1975 ж.т., Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. Ақтау а.) – филол. ғыл. докт. (2009), проф. (2010). Қарағанды мемл. ун-тін (1996) бітірген. Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы (1996–2001), аға оқытушы, доцент (2001–03), кафедра меңгерушісі (2005–06), докторант (2006–09), кафедра доценті (2009–10), 2010 жылдан проф., кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты қазақ прозасындағы əдеби ағымдар жəне көркемдік əдістерді зерттеуге арналған. «Қазақ прозасындағы əдеби ағымдар жəне көркемдік əдіс» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемл. грантының (2010) иегері. Ж. 80нен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монография, 2 электронды оқу құралының авторы. ЖАТҚАНБАЕВ Ержан Байғожаұлы (31.1.1944 ж.т., Алматы обл. Талғар қ.) – экон. ғыл. докт. (1995), проф. (1997), ҚР Жоғары мектебі ғыл. академиясының корр. мүшесі (1996). Мəскеу мемл. ун-тін (1968) жəне аспирантурасын (1971) бітірген. Қазақстан Жоғары оқу орындары мин-нде қызмет атқарған (1968–84), ҚазМУда (ҚазҰУ) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, проф., осы ун-ттің экон. жəне құқық ин-тының директоры, проректоры (1984–97) болды. 2001 жылдан ҚазҰУ-да декан. Негізгі еңбектері аралас экономика, мемлекет жəне нарық мəселелерін зертҚ.Жарықбаев Ж.Жарылғапов Е.Жатқанбаев ЖАРМАҒАМБЕТОВА
теуге арналған. «Закономерности становления смешанной экономики» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 80-нен аса ғыл. еңбектің авторы. ЖАТҚАНБАЕВ Жұмақан (1926 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Тарбағатай ауд.) – биол. ғыл. докт. (1966), проф. ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ), Ленинград (1961, қазіргі Санкт-Петербург) ун-тін бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін əр түрлі округтерде əскери қызметте болған (1945–51). 1951 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Қазақ жеріндегі радиациялардың тірі ағзаларға тигізетін əсері» деген тақырыпта ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізеді. Ж. 600-ге жуық ғыл.- зерт. мақаланың, 20 монографияның, оқулық жəне əдістемелік құралдардың авторы. ЖАТҚАНБАЕВА Желдіғыз (1935 ж.т., Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1992). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚР ҒА Зоол. жəне хайуанаттар генефонды ин-тының аға лаборанты, кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкері (1959–94) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы ин-ттың лаб. меңгерушісі. 112-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ЖАУҒАШЕВА Сəбира Кеделқызы (27.5.1949 ж.т., Қарағанды обл. Теміртау қ.) – мед. ғыл. докт. (1995), проф. (1997). Алматы мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті), Ленинград мед. ин-тының (қазіргі СанктПетербург) аспирантурасын (1975) бітірген. Қарағанды мемл. мед. ин-тында (қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) ассистент, аға оқытушы, доцент, проф. (1975–97). 1998 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Фармакокинетическое обоснование эндолимфатической антибиотикотерапии хирургической инфекции» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен (2005) марапатталды. Ж. 143 ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монография, 15 оқу-əдістем. құралдың, 8 патент, 6 өнертапқыштық куəліктердің авторы. ЖАУҒАШТИН Қазбек Есенжанұлы (12.4.1936, Ақтөбе қ. – 1998, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1986). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1963) бітірген. Ленинград Жоғары əскери-теңіз инж. уч-щесінде ассистент, аға оқытушы, аға ғыл. қызметкер, бөлімше бастығы (1963–80), Қазақстан ҒА-ның Теор. жəне қолданбалы матем. ин-тында лаб. меңгерушісі (1980–98) қызметтерін атқарды. 100-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ЖАХИНА Бəрия Бадыққызы (10.11.1955 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Уəлиханов ауд. Береке а.) – филол. ғыл. докт. (2009), проф. (2006). ҚазПИ-ді (1978, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Береке орта мектебінде мұғалім, аға оқытушы, халыққа білім беру ауд. бөлімнің əдіскері (1978), Көкшетау пед. ин-тында аға оқытушы (1989–92), кафедра меңгерушісі (1992–94), декан (1995–97), 1998 жылдан кафедра меңгерушісі. «Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі сөзжасамын тереңдете оқытудың ғылыми əдістемелік негізі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты – қазақ тілін оқыту методикасы ғылымының мəселелері. Ашқан жаңалықтары – қазақ тілінің сөзжасам саласының теор. мəселелерін, терминдерін нақтылау, оның оқытылу жүйесін теор. тұрғыдан негіздеу. ЖƏЙШІБЕКОВ Нұрболат Жұмабекұлы (24.11.1954 ж.т., Алматы обл. Кербұлақ ауд. Жоламан ст.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1999). проф. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тін (1977) бітірген. Қарағанды политех. ин-тында ассистент, доЖ.Жатқанбаев С.Жауғашева Қ.Жауғаштин Б.Жахина ЖƏЙШІБЕКОВ
цент (1986–93), Қарағанды мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі (1994–2000), Қарағанды мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі (2000–03), ЕҰУ-де проф., кафедра меңгерушісі (2003–06), декан (2006–10), 2010 жылдан ф-т деканы. Негізгі ғыл. бағыты сұйық пен газ механикасы, газдық динамика жəне аэродинамика, физ. жəне биол. процестерді матем. моделдеу. «Моделирование и исследование обтекания тел газовзвесью и разреженным газом» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемл. грантының иегері (2007), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкер» төсбелгісі (2008), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2009) иегері. Ж. 72 ғыл. еңбектің авторы. ЖƏКІШЕВ Еркін Ғазизұлы (1934 ж.т., Павлодар обл. Ақсу қ.) – заң ғыл. докт. (1994), проф. (1995). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қарағанды басқармасында қызметкер (1959–60), прокуратура тергеушісі (1960– 61), Қазақ сот сараптамасы ғыл.- зерт. ин-тының аға инспекторы (1961–63), Алматы обл. сотында судья (1963–67), Қазақ сот сараптамасы ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі (1967–72), ҚазМУда доцент (1972–91), кафедра меңгерушісі (1991–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан ҚазҰУда кафедра меңгерушісі, ректордың 1-орынбасары. 40-тан астам ғыл. еңбектің авторы. ЖƏКІШЕВА Сəуле Əукенқызы (8.6.1956 ж.т., Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (2010), проф. Қазақ политех. ин-тын (1978, қазіргі ҚазҰТУ), ҚазМУ-ды (1987, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚР ҰҒА ОНИОН-нда ғыл. қызметкер (1990–98), ҚР БҒМ ҒК Тарих жəне этнол. ин-тында аға (1998–2008), жетекші ғыл. қызметкер (2008– 05), 2005 жылдан Қазақ еңбек жəне əлеум. қатынастар академиясының проректоры. «Историческая информатика в Казахстане: теория, историография, методики и технологии» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография авторы. ҚР БҒМ Құрметті қызметкері (2006). ЖƏЛЕЛОВ Равиль Зейноллаұлы (1942 ж.т., Петропавловск қ.) – тех. ғыл. докт. проф. Қарағанды политех. ин-тын (1965, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) жəне Байков атынд. ин-ттың аспирантурасын (1971, Мəскеу қ) бітірген. Ж. қазіргі таңда ҚР БҒМ ҒК Металлургия жəне кенбайыту ин-тында лаб. меңгерушісі. Ж. 200 ғыл. еңбектің, оның ішінде 30 авторлық жəне Қазақстан патенттерінің, 2 монография, 2 əдістемеліктің авторы. ЖƏЛЕЛОВА Разия Зайноллақызы (4.2.1949 ж.т., Семей қ.) – экон. ғыл. докт. (2003), доцент (1994). Ленинград мемл. ун-тін (1971, Санкт-Петербург) бітірген. 1971 жылы ҚР ҒА Экономика ин-тына келіп, қазіргі кезге дейін еңбек етуде. Қатардағы экономистен бастап, кіші, ғыл., аға, бас ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Қазір бөлім бастығы. Негізгі ғыл. бағыты ұлттық экономиканы стратег. басқару, өңірлік жүйелерді жəне олардың құрылымдық өзгерістерін дамыту, елдің тұтынушылық рыноктарын теңдестіруді қамтамасыз ету мəселелерін қоса алғанда, мемл. басқару проблемалары болып табылады. «Қазақстанның өңірлік тұтынушылық рыноктары жəне оларды теңдестіруді қамтамасыз ету» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 100-ден астам ғыл. еңбектің авторы. ЖƏНІБЕКОВ Жүрсінхан Есенбекұлы (1944 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – мед. ғыл. докт. (1991), проф. (1992). Семей мемл. мед. ин-тын (1969 қазіргі Семей мемл. мед. ун-ті), Харьков мед. ин-тының аспирантурасын (1974) бітірген. Бесқарағай ауд. аурухана орт-нда дəрігер-хирург (1969–71), Семей мемл. мед. интында ассистент (1975–77), аға оқытушы (1978–84), доцент (1987– 91) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан кафедра меңгерушісі. 60-тан астам ғыл. еңбектің, 2 оқулықтың авторы. ЖƏНІБЕКОВ Өзбекəлі (28.8. 1931, Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Сарықамыс а. – 22.2. 1998, Алматы қ.) – мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғыл. канд. (1990). Қазақ пед. ин-тын (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1952). Шымкент (қазіргі Оңт. Қазақстан) обл-ның Келес ауд-нда мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі (1952–55), Келес ауд. комсомол к-тінің 1-хатшысы (1955– 56), Шымкент обл-ның комсомол к-тінің хатшысы (1956–61), Қазақстан БЛКЖО ОК-нің 1-хатшысы, хатшысы (1961–70), Қазақстан компартиясы Торғай обл. к-тінің хатшысы (1970–75), Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі (1975–77), Қазақстан Н.Жəйшібеков С.Жəкішева ЖƏКІШЕВ
мəдениет министрінің орынбасары (1977–88), мəдениет министрі (1987–88), Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы (1988–91) қызметтерін атқарды.Ж. қазақ халқының ұлттық мəдениетінің, ана тілінің, дəстүрі мен əдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Ж-тің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнограф. мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи жəне мəдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылды. Ж. «Шертер», Адырна», «Алтынай», т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. «Наурыз» мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемл. тұжырымдамасын жасауға қатысты. «Қазақтың ұлттық қол өнері» (1982), «Жаңғырық» (1991), «Уақыт керуені» (1992), «Жолайрықта» (1996), «Қазақ киімі» (1996), «Ежелгі Отырар» (1997), «Тағдыр тағылымы» (1996, 1-кітап, 1997, 2-кітап) еңбектері жарық көрген. 3 мəрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған. ЖƏСІМОВ Мақар Мұсаұлы (23.2.1938 ж.т., Орынбор обл. Пакровка ауд.) – тех. ғыл. докт. проф. Қарағанды политех. ин-тын (1966 қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) жəне Мəскеу станокинструменталды ин-тының аспирантурасын (1970) бітірген. Самара қ. з-тта ұста (1954), Қарағанды машинажасау з-тында əртүрлі инж.-тех. қызметтерде (1960–67), Павлодар мемл. унтінде кафедра меңгерушісі (1970– 2000), 2000 жылдан ҚР Машинажасау тех. к-тінің төрағасы, «Сараптама жəне стандарттау ұлттық орталығы» ААҚ Павлодар филиалы директорының орынбасары қызметтерін атқарады. Ғыл.- зерт. еңбектерінің нəтижелері көмір, электрондық, танктік, ракеталық кəсіпорындарына жəне ТМД елдерінің көптеген жоғары тех. оқу орындарына енгізілген. Ж. 220-дан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 10 монография, 13 өнертабыс, 4 мемл. стандарттардың авторы. ЖƏУТІКОВ Бақыт Ахатұлы (1963 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (2008), проф. (2009). Ж. 90-нан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 авторлық куəлік, 3 патент, 25 электрондық оқулық, 10 оқу құралы, 25-тен астам оқу-əдістемелік нұсқаулықтардың авторы. ҚР Білім жəне ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2006), «ҚР құрметті білім қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. ЖƏУТІКОВ Темкен Мұқашұлы (18.7.1932 ж.т., Павлодар обл. Лебяжі ауд. Төсағаш а.) – геол.- минерал. ғыл. докт. (1988). Қазақ таукен-металлур. ин-тын (1955, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. 1955– 70 ж. Шығыс Қазақстан геология басқармасының экспед-ларында геолог, партия бастығы, ауд. аға геолог қызметтерін атқарған. 1970 жылдан Геология ғылымдар ин-ты Алтай бөлімінің меңгерушісі, ин-ттың жетекші ғыл. қызметкері, асыл металдар лаб-ның меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері колчедан-полиметалл жəне алтын кен орындарының жер қыртысында орналасу заңдылықтарын зерттеуге, олардың қорын болжаудың геол. негіздерін жасауға арналған. Қазақстандағы алтын кен орындарын жіктеп, кентас орналасатын құрылымдарды анықтады. Қазақстанның Мемл. сыйл. лауреаты (1996). «Еңбек даңқы» медалімен марапатталған (1970). ЖƏУТІКОВА Сəуле Базарбайқызы (1962 ж.т.) – мед. ғыл. докт. (2010), проф. (2011). 107 ғыл.- əдістем. еңбектің, оның ішінде 2 патент, 1 монография, 20 оқуəдістемелік құралдардың авторы. ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен (2004), «Денсаулық сақтау үздігі» атағымен (2005) марапатталған. ЖЕКЕБАЕВ Үзікен Сиқынбайұлы (3.9.1927 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – заң ғыл. докт. (1975), проф. (1983). Алматы мемл. заң ин-тын (1953) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Филос. жəне құқық ин-тының ғыл. қызметкері (1958–66) болды. 1966 жылдан Ө.Жəнібеков М.Жəсімов Ү.Жекебаев ЖЕКЕБАЕВ
аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. ЖЕКЕЕВ Мəлік Қасымұлы (31. 8.1953 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шымкент қ.) – тех. ғыл. докт. (2005), проф. (2009). Қазақ хим. – технол. ин-тын (1976) бітірген. ҚазГипрофосфорҒЗИ (1977– 2005), 2005 жылдан Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты минералды шикізаттарды кешенді өңдеу, қалдықтарды өңдеу, таза жəне аса таза заттар алуды зерттеуге арналған. «Фосфорқұрамдас таза жəне аса таза заттар алу технологиясын жасау» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ЖЕКСЕМБЕКОВА Меңсұлу Ысқаққызы (21.2.1949 ж.т., Атырау обл. Махамбет ауд. Новобогат кенті) – пед. ғыл. докт. (2008), проф. м.а. (2009). Музыкалық уч-ще (1969), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын (1973, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті), аспирантурасын (1995), докторантурасын (2006) бітірген. Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында концертмейстер (1973–80), Қарағанды пед. уч-щесінде оқытушы (1980– 96), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында доцент (1996–2008), кафедра меңгерушісі (2008–11), 2011 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінде кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты кредиттік жүйе бойынша музыкалық пед. білім берудің білікті мамандарын дайындауда дирижерлікхор пəнінің пəнаралық байланыстардағы методолог. жəне концептуалдық негізі. «Теоретикометодологические основы реализации межпредметных связей спецдисциплин в целостном педагогическом процессе вуза» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ҚР Мəдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «1941–45 ж. ҰОС Жеңісінің 60 жылдығы» мерейтойлық медальдерінің иегері. Ж. 70-тен аса ғыл.-көпшілік мақала жəне 1 монография, 13 оқу-əдістемелік оқу құралдарының авторы. ЖЕМЕНЕЙ Ислам Ақмұратұлы (1.9.1952 ж.т., Иран, Горган қ.) – филол. ғыл. докт. (2007). Горгандағы Ибн Сина оқу орынын (1970), пед. колледжді (1975), Шəһид Беһешти атынд. Иран ұлттық ун-тін (1980, Тегеран), Стамбул ун-тінің магистратурасын (1989, Түркия) бітірген. Оқу жылдарында Иранның Горган, Бəндəр–Түрікмен, Машһад, Теһран, Тəбриз қ-ның оқу орындарында дайындық курстарынан сабақ берді. 1990–93 жылдары ҚазҰУдың шығыстану ф-тінде парсы тілінің оқытушысы, Түркияның «Заман қоғамының» Қазақстандағы өкілі, «Заман-Қазақстан» газетінің редакторының орынбасары, «Парасат» журналының редакторы, Иран-Қазақстан бірлескен компаниясының директоры болды. 1996 жылдан Қазақ-түрік ун-тінің доценті, Түркітану жəне этнография ин-тының ғыл. қызметкері, Халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-тінде доцент болып қызмет істеді. 2000–10 жылдары Тараз мемл. ун-тінің жетекші ғыл. қызметкері, 2007 жылдан Дулаттану ғыл.-зерт. орт. жетекшісі, директоры, проф. 2010–11 жылдары Əдебиет жəне өнер ин-тында бөлімі меңгерушісі, 2011 жылдан Сүлеймен Демирел атынд. ун-ттің оқытушы проф., жетекші ғыл. қызметкері. Ж. 200-ден астам ғыл., көпшілік мақалалардың авторы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақылдастар алқасының мүшесі, «Pen» клуб мүшесі, «Тұрмағамбет» журналының ақылдастар алқасының мүшесі, Түркияда шығатын «Guncel sanat» журналының Қазақстандағы өкілі, Иран Ислам Республикасы «Фирдауси» ғыл.- зерт. қорының ақылдар алқасы мүшесі, Өзбекстан Республикасы «Зəһиреддин Мұхаммед Бабыр» ғыл.-зерт. қорының Қазақстандағы өкілі. ҚР мəдениет қайраткері (2005), «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалінің (2008), «Маңғыстау» обл. төсбелгісінің (2011) иегері. ЖЕТЕСОВ Сəнтай Сүлейменұлы (10.4.1939 ж.т., Ақтөбе обл. Шалқар ауд. Біршоғыр а.) – тех. ғыл. докт. (1991), проф. (1992), ҚР Жаратылыстану ғыл. академиясының акад. (1995). Еңбек жолын «Жетіқара алтын» тресінің Жыланды кен орнында жұмысшы болып бастады. Қарағанды политех. ин-тын (1960, қазіргі М.Жекеев М.Жексембекова И.Жеменей ЖЕКЕЕВ
Қарағанды мемл. тех. ун-ті) бітірген. Днепропетровск тау-кен интының аспирантурасында (1962– 65) оқыды. Қарағанды политех. ин-тында ассистент (1965), доцент (1966–91), 1991 жылдан проф. болды. 1996 ж. ҚР Жаратылыстану ғыл. академиясы Қарағанды бөлімшесінің төрағалығына сайланды. Ж-тың 126-дан астам ғыл. жарияланымы, оның ішінде 4 монографиясы бар. ЖЕТПІСБАЕВА Бақытгүл Асылбекқызы (19.4.1965 ж.т., Алматы қ.) – пед. ғыл. докт. (2009), проф. (2011). Алматы шетел тілдер пед. ин-тын (1987, қазіргі Халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-ті) бітірген. Қарағанды обл. Қарақаралы қ. орта мектепте мұғалім (1987–91), Қарағанды мемл. ун-тінде аға оқытушы (1991–94), DAAD/ Герман акад. алмасу қызметінің стипенд. бағдарламасы аясында ғыл. тəлімгер (1993–94), Қарағанды мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі (1994–98), декан, кафедра проф. (1998–2012). «Көптілді білім берудің теориясы мен əдіснамасы, кəсіптік білім берудің лингводидактикалық аспектілері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Қарағанды обл. Əкімінің Құрмет грамотасы (2002), «ҚР ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен (2004), ҚР БҒМ алғыс хаты (2006, 2011), ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемл. гранты (2007,2011), «Академик Е.А. Бөкетов атынд. ҚарМУ 40 жыл» мерейтойлық медалі (2012), А. Байтұрсынов атынд. ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының медалінің (2012) иегері. Ж. 120-дан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография, 4 оқулық, 5 оқу құралы, 3 көптілді терминол. сөздіктің авторы. ЖЕТПІСБАЕВА Бигүл Адамқызы (6.10.1955 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Жаңғызтөбе а.) – филол. ғыл. докт. (1999), проф. (2001). Қазақ мемл. қыздар пед. ун-тін (1977), Алматы мемл. ун-тін (2001, қазіргі ҚазҰПУ) жəне аспирантурасын (1992) бітірген. «Қазақ энциклопедиясында» ғыл. редактор (1977– 89), ҚазҰПУ-де оқытушы, аға оқытушы, доцент, проф. (1992– 2003), кафедра меңгерушісі (2003–06) қызметтерін атқарған. 2006 жылдан ҚР Президенті жанындағы Мемл. басқару академиясында зерттеу орт-ның меңгерушісі. «Əдебиет қозғалысындағы символ (қазақ əдебиеті материалында)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЖИДКОВ Геннадий Павлович (20.5.1928, Сталинград қ. (қазіргі Волгоград) – 1993) – тарих ғыл. докт. (1970), проф. (1971). Сталинград мемл. пед. ин-тын (1950) бітірген. Орта мектептерде директор, Сталинград қ-ның халық ағарту бөлімінің нұсқаушысы (1953–57), Өскемен мемл. пед. ин-тында оқытушы, доцент (1964–70), сырттай оқу бөлімінің проректоры, проф., тарих кафедрасының меңгерушісі, Калининград қ-на қоныс аударғанға дейін Өскемен мемл. пед. ин-тында жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі (1972–74), семинар жетекшісі болды. Ж. Калининград мемл. ун-тінде тарих бөлімінің негізін қалаушы, кафедра меңгерушісі (1974–93) жəне тарих ф-тінің ең бірінші деканы (1979 ж. бастап). Негізгі ғыл. бағыты Ресейдегі жалпы агр. үрдістің негізінде Батыс Сібір мен Алтай өлкесіндегі крестьян қауымының эволюциясын зерттеуге арналған. Қазақ КСР-ның халық ағарту миннің «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі жəне Қазақ КСР – ның халық ағарту миннің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. «Кабинетское землевладение (1774–1917 гг.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. С.Жетесов Б.Жетпісбаева Б.Жетпісбаева Г.П.Жидков ЖИДКОВ
120-дан астам ғыл. жарияланымның авторы. ЖИЕМБАЕВ Болат Жаскенұлы (26.8.1947 ж.т., Алматы қ.) – хим. ғыл. докт., проф. Мəскеу нəзік хим. технол. ин-тын (1971) бітірген. Қазақстан ҒА Хим. ғыл. ин-тында инж. болып бастап, интың ғалым хатшылығына дейін жетіп, директордың орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылдан Қазақ мемл. қыздар пед. ун-тінде кафедра проф. «Кейбір алты мүшелі гетероциклдердің λ-окси жəне λ-аминфосфанаттары, олардың құрылысы, қасиеті жəне оларды түрлендіру. Қызыл мияның белсенді компоненттерінің негізінде жаңа дəрі-дəрмектік препараттар жасау» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 350 ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 монография авторы. «КСРО өнертапқышы», «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» белгілерімен, ҚазКСР Төралқасының құрмет грамотасымен наградталған. ЖИЕМБАЕВ Жаскен Тайшықұлы (5.12.1914, Павлодар обл. Баянауыл ауд. – 27.12.1978, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1972), проф. Омбы а. ш. ин-тын бітірген (1940). Қазақстанда өсімдік қорғау ғылымын ұйымдастырушы. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан (1942– 44). Солт. Қазақстан обл. а. ш. мектебінің директоры (1940–41), Майбалық МТС-тің бас агрономы (1941–42), Бал арасы тəжірибе ст-ның директоры (1946–47), жаңадан ұйымдастырылған респ. өсімдіктерді қорғау стның (1947–58), Қазақ өсімдік қорғау ғыл.-зерт. ин-тының директоры (1958–76), осы ин-тта бөлімі меңгерушісі (1976–78) қызметтерін атқарды. 1978 ж. Қазақ мемл а. ш. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) кафедра меңгерушісі болды. Ж-тың негізгі ғыл. еңбектері астық дақылдарының қаракүйе, тат, тамыр шірігі, ақ ұнтақ, т.б. ауруларын зерттеуге, оларды тежеуге бағытталған шаралар жүйесіне арналған. Оның 13 монографиясы мен 50-ден астам өндіріске арналған ұсыныстары жарық көрді. Ж. Қызыл Жұлдыз, 2-дəрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЖИЕНƏЛИЕВ Мувашархан Танабайұлы (25.1.1947 ж.т., Жамбыл обл. Шу ауд. Ақтөбе а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1994), проф. (1996). Қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-тін бітірген (1971). Бүкілодақтық «Проектмонтажавтоматика» мекемесінің Қазақстандағы бөлімшесінде аға инж. (1971– 76), ҚазҰУ-да аспирант (1976– 80), 1980 жылдан ҚР Білім жəне ғыл. мин-нің Матем. ин-тында бас ғыл. қызметкер, директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. 1992 ж. «Краевые задачи для нагруженных дифференциальных уравнений» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері дифференц. теңдеулер теориясына арналған. ЖИЕНБАЕВА Надежда Бейсенқызы (З.7.1959 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Жəнібек ауд.) – пед. ғыл. докт. (2008). Мəскеу мемл. ун-тін (1981), Жоғары құқық мектебін (2000), Мəскеу мемл. ун-тінің докторантурасын (2005) бітірген. Мектепте мұғалім (1981–91), Алматы мемл. унтінде доцент (1991–98, қазіргі ҚазҰПУ), деканның орынбасары (1998–2004), Психология интында бас ғыл. қызметкер (2004– 09), Қазақ еңбек жəне əлеум. қатынастар академиясының проф. (2009–10), 2010 кафедра меңгерушісі. «Развитие активности личности современного школьника в процессе формирования общения» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (2008 ), ҚР ҰҚК академиясының «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен (2010) марапатталған. Ж. 100-ден астам ғыл. еңбектің авторы. ЖИЕНҚҰЛОВ Заур Серғазыұлы (21.5.1960 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шымкент қ.) – тех. ғыл. докт. (2010), проф. Мəскеу жоғары тех. уч-щесіне (1977) түсіп, Қазақ политех. ин-тын (1983, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Алматыэлектротех. з-тында шебер, Жобалау интында конструктор, Қазақ сəулетқұрылыс ин-тында оқытушы, Қазақ политех. ин-тында ғыл. қызметкер, 1998 жылдан Қазақстан-Ресей халықар. ун-тінде проректор, қазіргі кезде «Алатау» Б.Жиембаев М.Жиенəлиев Н.Жиенбаева ЖИЕМБАЕВ
Қазақстан ун-тінде проф., ректордың кеңесшісі қызметтерін атқарады. «Теоретические основы расчета и повышения надежности эксплуатации специальных видов конвейеров» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 50-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монография, 4 патенттің авторы. ЖИЕНҚҰЛОВ Серғазы Ахметұлы (29.10.1933 ж.т., Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1984), проф. (1986). Ресей көлік академиясының акад. (1993), Халықар. көлік академиясының акад. (1995). КСРО өнертапқышы. Мəскеу жоғары тех. уч-щесін (1959), Одесса технол. ин-тының аспирантурасын (1967) бітірген. Қазақ хим.- технол. ин-тында (Шымкент) оқытушы (1959–62), Қазақ политех. ин-тында оқытушы, декан, кафедра меңгерушісі (1962–64, 1967–77), Алматы т.ж. көлік инжлері ин-тында (қазіргі Қазақ көлік жəне коммуникация академиясы) проректор, кафедра меңгерушісі (1977–98), 1998 ж. Ж. Қазақстан-Ресей Халықар. ун-тін құрды. Кейін Қазақстан инж.- экон. ун-ті, 2007 ж. «Алатау» Қазақстан ун-ті, ал 2012 ж. Қазақ инж., қаржы-банк академиясы аталып, қазір сонда Президентректоры болып қызмет атқарады. Ж. Қазақстандағы көтерукөлік машина құрылыс саласындағы алғашқы ғыл. мектептің негізін салды. Ж-тың бастамасымен ҚазҰТУ-да жаңа кафедралар мен мамандықтар, ғыл. кеңестер ашылды, сондай-ақ Алматы экономика жəне жаңа технологиялар колледжін құрып, Талдықорған, Қызылорда, Қапшағай, Байқоңыр, Арал қ-ларында тех. мамандарды даярлайтын колледждер ашылды. Бірнеше медальдармен марапатталған. 350ден астам ғыл. жарияланымы, 5 монографиясы, 85 авторлық куəліктер мен патенттері бар. ЖИЕНТАЕВ Сансызбай Мұқаметқалиұлы (12.7.1952 ж.т., Қостанай обл. Айыртау ауд. Федоровка а.) – экон. ғыл. докт. (1996), проф. (1997). Мəскеу мемл. унтін (1976) бітірген. Осы ун-тте аспирант, кіші ғыл. қызметкер (1976–80), Қостанай а. ш. интында (қазіргі Қостанай мемл. ун-ті) ассистент, кафедра меңгерушісі, доцент, декан (1980–91), Қостанай мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі (1994–97) болды. 1997 жылдан проректор қызметінде. Ж. 50-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ЖИРЕНШИН Əбіш, Ə б ус а ғ и т Мұсылманқұлұлы (31. 12.1913, Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. – 1975, Алматы қ.) – тарих ғыл. канд. (1946), доцент (1965). Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік ун-тін (1936), Мəскеудегі Əдебиет ин-тын бітірген (1964). 1938–42 ж. Қазақстан ғыл.-зерт. қоғамының төрағасы, 1942–51 ж. ҚР Орт. мұражайының директоры, 1954–59 ж. ҚР мемл. кітапханасының директоры, 1960– 62 ж. Респ. кітап саудасы бірлестігінің басқарушысы, 1962–75 ж. Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында (қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) қызмет атқарған. Оның «Абай и его русские друзья» (1949), «Абай – қазақ халқының ұлы ойшылы» (1950), «Абай жəне орыстың ұлы демократтары» (1959) зерттеулері, «Абай Құнанбаев» шығармаларының бір томдық толық жинағы (1961), «Қазақ кітаптарының тарихынан» (1971) монографиясы жарық көрген. ЖИРЕНШИН Қазыбек Əбусағитұлы (2.10.1948 ж.т., Алматы қ.) – заң ғыл. докт. (1997). ҚазМУды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы ун-тте ассистент, доцент (1971–91), декан (1991–92), Қазақ мемл. заң ин-тының (қазіргі Астана қ-ндағы Қазақ гуманит. заң ун-ті) проректоры (1994– 95, 1998 жылдан), кафедра меңгерушісі (1995–98), проф. қызметтерін атқарады. «Политическое развитие Казахстана во втоЗ.Жиенқұлов С.Жиенқұлов С.Жиентаев Қ.Жиреншин ЖИРЕНШИН
рой половине ХІХ – начале ХХ веков» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 100-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ЖИХАРЕВА (Рустамбаева) Галина Александровна (28.9.1933 ж.т., Алматы қ.) – геогр. ғыл. докт. ҚазМУ-ды (1956, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Совхоздар мин-нің Қостанай экспед-нда инж.-топырақтанушы.(1956–59, Петропавл қ.), Қазақстан ҒА Топырақтану ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1960–71), аға ғыл. қызметкер (1972–88), Оңт. Қазақстан обл., Созақ ауд-нда топырақты-геогр. зерттеу жүргізді. Осы обл-тың масштабы М 1:300000 топырақ картасының авторы. Сырдарияның солт. жағалауында топырақ зерттеулерін жүргізді. Негізгі ғыл.бағыты 60 жылдардың екінші жартысынан бастап Шымкент жəне Алматы обл. топырақтарын бағалаумен айналысты. Топырақ бонитеті шкаласын жасады. Тік белдеулердің жыртылатын жерлердегі топырақтарды бағалау мақсатын коэффициент алу механизмін жасады. Ж. 20 ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография авторы. ЖОВТИС Александр Лазаревич (5.4.1923, Украина, Винница қ. – 4.11.1999, Алматы қ.) – ақын, аудармашы, филол. ғыл. докт. (1975), проф. (1981). ҚазМУ-ды (1946, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1948–78 ж. ҚазҰУ-да оқытушы, 1978–99 ж. ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы қызметтерін атқарды. «Проблема свободного стиха и эволюция стиховых форм» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ЖОЛАМАН Рүстем Қабидоллаұлы (12.4.1961 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1997). ҚазМУ-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Жамбыл технол. интында оқытушы (1983–84), Қазақстан ҒА-ның Стратег. жəне болжау секторында стажер, аспирант, кіші ғыл. қызметкер (1984– 91), Қазақстан ҒА-ның Экон. интында ғалым хатшы (1991–92), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратег. зерт. ин-тында жауапты координатор, бөлім меңгерушісі (1992–94). «Повышение конкурентоспособности национальной экономики в переходный период» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Қазақстан даму ин-тының бірінші вице-президенті (1994–97) қызметін атқарды. 1997 жылдан осы ин-ттың президенті. Ж. 38 ғыл. жарияланымның авторы. ЖОЛАМАНОВ Қабидолла Досмағанбетұлы (10.7.1926 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Майбалық а.) – тарих ғыл. докт. (1982), проф. (1983). Алматы заң ин-тын бітірген (1950). Осы интта аға оқытушы (1953–55), Семей малдəрігерлік ин-тында кафедра меңгерушісі (1955–61), Павлодар индустр. ин-тының кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры (1961–68 қазіргі Павлодар мемл. ун-ті), Қазақ КСР-інің Жоғары жəне арнаулы орта білім мин-нің бөлім меңгерушісі (1968–78). 1978 жылдан Алматы энергетика ин-тының проф. «Деятельность КПСС по совершенствованию высшего образования в стране в условиях развитого социализма (1961– 1975)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Халықтар достығы орденімен, медальдармен марапатталған. ЖОЛАНОВ Мардан Нұрмұхамбетұлы (21.3.1958 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Казталов ауд. Жалпақтал а.) – ветеренария ғыл. докт. (2007), проф. (2008). Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғыл. академиясының акад. (2008). Алматы зоо-тех.-малдəрігерлік ин-тын (1980, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Львов зоотех. малдəрігерлік ин-тының аспирантурасын (1991, Украина) бітірген. Алматы обл. Талғар ауд. «Алматы» колхозында (1980–85), Алматы зоотех. малдəрігерлік ин-тында ассисЖИХАРЕВА Г.А.Жихарева А.Л.Жовтис Р.Жоламан Қ.Жоламанов
тент, доцент, кафедра меңгерушісі (1985–96), Қазақ ұлттық агр. ун-тінде кафедра меңгерушісі (1996–97), доцент (1997–98), проректор (1999–2000), докторант (2001–02), 2002 жылдан кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты а.ш. мал басының сақталуын жəне олардың өсіп-өну қызметінің жоғарылауын қамтамасыз етуді зерттеуге арналған. «Коррекция нарушений воспроизводительной функции при искусственно-приобретенном и симптоматическом бесплодии коров и телок» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемл. грант иегері (2010), ҚР БҒМ «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің (2005), «Айрықша еңбегі үшін» төс белгісінің (2010) иегері. Ж. 207 ғыл.-əдістемелік еңбектің, оның ішінде 8 өнертабысқа берілген инновац. патент, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған 7 оқулық, 12 оқу құралы, 2 мемл. жалпы білім беру стандарттары, 8 типтік оқу бағдарламалары, 8 өндіріске арналған ұсыныстар, 162 ғыл. мақалалардың авторы. ЖОЛБОСЫНОВА Əмина Сыздыққызы (12.12.1935 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Петропавл қ.) – хим. ғыл. докт. (1992), проф. (1995). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тінің аспирантурасын (1968) бітірген. Петропавл мед. уч-щесінде оқытушы (1958–60), Петропавл ауыр машина жасау з-тында инж.-технолог (1960–62), Қазақстан ҒАның Хим. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1962–64), ҚазМУ-да аға оқытушы (1968–70 қазіргі ҚазҰУ), 1970 жылдан Солт. Қазақстан ун-тінде доцент, 1995 жылдан проф. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – жоғары молек. қосылыстар саласын зерттеуге арналған. Ж. желатиннің, поливинил спиртінің, казеиннің а. ш-нда қолданылу мүмкіндіктерін тапты. Жұмысының нəтижелері облыстың шаруашылықтарында өндіріске енгізілген. 100-ден аса ғыл. жарияланымның авторы. ЖОЛДАСБАЕВ Сəйден (25.5. 1936 ж.т., Алматы обл. Ұйғыр ауд. Үлкен Диқан а.) – тарих ғыл. докт. (1997), проф. (1999). ҚазМУ-ды (1963, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Тарих, археол. жəне этнол. ин-тында аспирант, ғыл. қызметкер (1963– 78). ҚазПИ-де оқытушы (1978– 80 қазіргі ҚазҰПУ), ҚазҰУ-да қызмет атқарды (1980–2002). 2002 жылдан Түркістан қ-ндағы Халықар. Қазақ-Түрік ун-тінде кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. жұмыстары 15–18 ғ-лардағы қазақ халқының материалдық мəдениетін, Жетісу өлкесінің тарихын, палео-этногр. ерекшеліктерін зерттеуге арналған. ЖОЛДАСБЕКОВ Мырзатай (27.5.1937 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ақтөбе а.) – мемлекет қайраткері, филол. ғыл. докт. (1993), проф. (1993). Ақкөл адық кеңесінің хатшысы (1954–55) қызметін атқарған. ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы ун-тте ассистент (1960–64), аспирант (1964–67), аға оқытушы, доцент (1970–74), декан (1974– 77), Талдықорған пед. ин-тының ректоры (1977–87), Қазақ КСРінің Оқу-ағарту министрі, Білім министрінің 1-орынбасары (1987– 88), Қазақстан Компартиясы ОКнде бөлім меңгерушісінің 1-орынбасары, бөлім меңгерушісі (1988– 90), Қазақстанның Мемл. кеңесшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары (1991–93), Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі (1993–97), ҚР Сыртқы істер мин. жанындағы Дипломат. академияның ректоры (1997–2000) қызметтерін атқарды. Астанадағы ЕҰУ-дің ректоры (2000–04). Еуразия ғыл.- зерт. орт-ның директоры (2004– ЖОЛДАСБЕКОВ М.Жоланов Ə.Жолбосынова С.Жолдасбаев М.Жолдасбеков
06), 2006 жылдан Астанадағы ҚР Президенті Мəдениет орт-ның директоры қызметін атқарды. Ж. қазақ əдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығарм-н зерттеуге мол үлес қосты. «Жамбыл жəне оның ақындық дəстүрі» атты тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Түрік қағандығы кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғыл. айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шəкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. «Халықтар достығы» (1986), «Құрмет» (1996), «Парасат» (2005), ІІ-дəрежелі «Барыс» ордендерімен (2011), «Күлтегiн» атынд. Халықар. сыйлығымен (2006), «Алтын адам» белгiсiмен (2006). наградталған. ЖОЛДАСБЕКОВ Скандербек Өмірбекұлы (9.3.1955 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шымкент қ.) – тех. ғыл. докт. (1992), проф. (1992). ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақ политех. ин-тында (1972–77, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) стажер-зерттеуші, Алматы обл. комсомол к-тінде кадр бөлімінің меңгерушісі (1979–81), Қазақстан ҒА-ның Мех. жəне матем. ин-тында кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер (1981–92), «Машинақұрылыс» орт-ның директоры (1992–93), премьер-министрдің кеңесшісі, көмекшісі, ғыл.-тех. прогресс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1993– 95), ҚР ҰҒА-ның Мех. жəне машинатану ин-тының директоры (1995–97) болды. 1997 жылдан ҚР Білім жəне ғыл. министрінің орынбасары қызметтерін атқарады. Ж. 120 ғыл. мақала, 2 монографияның авторы. ЖОЛДАСБЕКОВА Сауле Əбдіразаққызы (12.9.1963 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд. Келес а.) – пед. ғыл. докт. (2006), проф. (2009). Шымкент пед. интын (1986) бітірген. 1989 жылдан ЖОО-нда оқытушы, бүгінде Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде кафедра проф. «Жоғары оқу орындарында болашақ еңбек технологиясы жəне кəсіпкерлік мұғалімдерін кəсіби даярлау» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Ж. 192-ден астам ғыл. еңбектің авторы. ЖОЛДАСОВ Əшірқара (1937 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд. Бейнетқор а.) – тех. ғыл. докт. (1991), проф. (2000). Ташкент мемл. ун-тін бітірген (1961). Өзбекстан ҒА-ның Кибернетика ин-тында (1961–70), Жамбыл технол. ин-тының оқытушысы, кафедра меңгерушісі (1971–99) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан проф. Ж. қолданбалы математика, сұйықтар жəне газдар механикасын зерттеумен айналысты. Негізгі ғыл. еңбектері мұнай мен газ шоғырларында болатын табиғи сүзілген су ағынын газгидродинамик. негіздеуге арналған. Сондай-ақ ол мұнай мен газ шоғырын барлаудың қолданбалы есептерін шешу, көмірсулардың артық мөлшерін есептеу жəне жаңа типті газ шоғырын зерттеу теориясын жасады. 75 ғыл. еңбегі жарияланған. ЖОЛДАСОВ Сəбит (1940 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Бəйдібек ауд. Қошқарата а.) – тарих ғыл. докт. (1993). Шымкент пед. ин-тын (1966, қазіргі Оңт. Қазақстан пед. ун-ті) бітірген. Оңт. Қазақстан обл. Алғабас ауд-ндағы, Шымкент қ-ндағы орта мектептерде мұғалім (1966–72), Шымкент пед. ин-тында оқытушы (1972–75), аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1989–95), Шымкент обл. партия к-тінде нұсқаушы, лектор (1975–89), Оңт. Қазақстан Араб тілі ин-тының проректоры, ректоры (1992–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Халықар. Қазақ-Түрік ун-тінің Шымкент бөлімшесінде проф. 3 монография, 1 оқу құралының авторы. ЖОЛДЫБАЕВА Ажар Қуанышбекқызы (13.11.1969 ж.т., Алматы қ.) – филос. ғыл. докт. (2010), доцент (2002). Ресей Жаратылыстану академиясының корр.мүшесі (2011), Халықар. білім академ. қауымдастығының корр. мүшесі (2012, Ресей). ҚазМУ-ды (1992, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰУде филос. жəне саясаттану ф-ті, дінтану жəне мəдениеттану кафедрасында (2009 ж. бері) қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты əлеум.-мəдени динамика, кроссмəдени менеджмент, қолданбалы ЖОЛДАСБЕКОВ С.Жолдасбеков С.Жолдасбекова А.Жолдыбаева
мəдениеттану мəселелерін зерттеуге арналған. «Адам индивидуалдығының социодинамикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Ғылым жəне білімінің көрнекті қайраткері» құрметті дəрежесінің лауреаты (2011), «2011 жылдың үздік оқытушысы» мемл. грантының иегері. ЖОЛТАЕВ Герой (28.8.1940 ж.т., Алматы обл. Балқаш ауд. Ақкөл а.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1992), проф. (1993), КСРО Мұнай өндіру ісінің үздігі (1984). Қазақ политех. ин-тын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Орал-Волга геол. барлау экспед-нда коллектор (1962–70), Алжир мұнай-газ жəне хим. интында оқытушы (1978–82), қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-тінде декан (1982–92), кафедра меңгерушісі (1992–99) болды. 1999 жылдан осы ун-тте проректор қызметін атқарады. 180-нен аса жарияланымның, 4 монографияның авторы. ЖОЛШАЕВА Майра Сатыбалдықызы (8.7.1974 ж.т., Жамбыл обл. Жуалы ауд. Қошқарата а.) – филол. ғыл. докт. (2009), доцент (2008). ҚазМУ-ды (1996, қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын (1999) бітірген. 1999–2001 жылдары Алматы Экономика жəне құқық колледжінде оқытушы, 2001–08 жылдары ҚР ҰҒА Тіл білімі иннда аға ғыл. қызметкер, 2008 жылдан Сүлейман Демирел атынд. ун-те проф. Негізгі ғыл. бағыты қазақ тілінің функционалды грамматикасын, лингвистик. семантика, функционалды-коммуникативтік синтаксис мəселелерін зерттеуге арналған. «Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма жəне мазмұн» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЖОМАРТОВ Асылбек Абдразақұлы (28.7.1961 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарғалы а.) – тех. ғыл. докт. (2006). ҚазМУ-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-де тəлімгер-зерттеуші, инж. аға инж., ғыл., аға ғыл. қызметкер, зертхана меңгерушісі (1983–92), Лондондағы Қазақ сату үйінің менеджері (1992–96), ҚР Инж. академиясының «Тауар» мекемесінің директоры (1996 жылдан бері), «Жеңіл өнеркəсіп» АҚ-ның вице-президенті (1998), ҚР ҰҒА Механика жəне машинатану ин-ты директорының орынбасары (2008 жылдан бері). Негізгі ғыл. бағыты серпімді буынды машина-автоматтардың динамикасын механизмдердің циклограммасын есепке ала отырып зерттеуге арналған. «Механизмдердің циклограммасы мен бірлескен машина-автоматтың динамикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ЖОМАРТОВ Əбдіразақ Шəушенұлы (15.6.1940 ж.т., Алматы обл. Қарасай ауд. Үшқоңыр а.) – тех. ғыл. докт. (1993). Алматы индустр. техникумын (1958), Бүкілодақтық тоқыма жəне жеңіл өнеркəсіп ин-тын (1965) бітірген. Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісінің орынбасары (1980–83), Қазақстан тұрмыстық қызмет көрсету саласының министрі (1983–84), респ. «Казлегпром» концернінің төрағасы (1984–91). 1992 жылдан қайта құрылған «Легпром» АҚ-ның президенті. «Динамика машинавтоматов текстильной промышленности» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. өндіріс техникасын жетілдіруге қатысты 40тан аса ұсыныс енгізген. 40-тан аса ғыл. еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы. Халықтар достығы орденімен жəне бірнеше медальдармен марапатталған. ЖОРАЕВ Шəкірбай (4.9.1947 ж.т., Қызылорда обл. Қазалы ауд. Əйтеке би кенті) – мед. ғыл. докт. (1992), проф. (1997), Қазақстанның еңб. сің. қызметкері (1998). Алматы мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Қызылорда обл. Ленинск (1972–75, қазіргі Байқоңыр) қнда хирург болып жұмыс істеді. ЖОРАЕВ Г.Жолтаев М.Жолшаева А.Жомартов Ə.Жомартов
1975 жылдан Қазақстан Денсаулық сақтау мин-нің Клиник. жəне эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер болды. 1993 жылдан осы орт-тың бөлім меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері өңеш жараларын емдеуге арналған. Ол ас қорыту жүйелері (өңеш, асқазан, бауыр, ұлтабар, өт жолы, т.б.) ауруларын анықтап, оларды хирург. жолмен емдеудің əдістерін жетілдірді. Өңеш жарасын күйдіргеннен кейін тарылып, пайда болатын тыртықты емдеудің жаңа тəсілдерін ұсынды. «Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тəжірибеге енгізу» кешенді ғыл.-зерт. жұмысы авторларының бірі. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1999). ЖОРТУЫЛОВ Өмірсерік (19.4. 1946 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Ынталы а.) – тех. ғыл. докт. (1996), проф. (2001). ҚР А.ш. ғыл. академиясының акад. (2010). Қазақ а.ш. ин-тын (1970, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), аспирантурасын (1977) бітірген. Қазақ а.ш. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1972–87), 1987 жылдан зертхана меңгерушісі. «Мəдени жайылымды қоршауға арналған жасалымгерлігін негіздеп жəне оның техникалық құралдарын жасау» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 165-тен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 40 КСРО авторлық куəліктері мен ҚР инновац. патенттерінің авторы. КСРО ХШЖК-нің күміс жəне қола медалдерімен (1987), «КСРО өнертапқышы» белгісімен (1990), «ҚР Тəуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011) марапатталған. ЖОШЫБАЕВ Сейітхан (9.10. 1939 ж.т., Жамбыл обл. Тұрар Рысқұлов ауд. Арықтөбе а.) – мед. ғыл. докт. (1982). Қырғызстан ҒА-ның корр. мүшесі. Қырғыз мемл. мед. ин-тын (1962) жəне Мəскеу қ-ндағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1970) бітірген. Нарын, Талас қалаларында хирург (1962–67), дəрігерординатор, ассистент, бөлім меңгерушісі (1971–76) болды. 1976 ж. Қырғызстанда кардиохирургия орт-н құрды. ҚР Денсаулық сақтау мин. жанындағы Клиник. жəне эксперименттік хирургия ғыл.- зерт. орт-н басқарды (1984–92), Бішкек ғыл.-зерт. ин-тының (2004–06), 2007 жылдан «Кардиохирургия орталығы» ЖШС-нің (Тараз қ.) директоры қызметін атқарады. Ж-тың 160 ғыл. мақаласы, 1 монографиясы жарық көрген. ЖУАНЫШБЕКОВ Нұрболат Орынбекұлы (1.1.1944 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Нарынқол а.) – филол. ғыл. докт. (1996), проф. (1997). ҚазМУ-ды (1966, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы есеп-кредит техникумында (1966–80), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында (1980–83, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті), ҚазҰУ-да дəріс (1983–97) берді. 1997 жылдан осы ун-тте кафедра меңгерушісі. Ғыл.-зерт. жұмыстарының бағыты – салыстырмалы əдебиеттану. 150-ден аса жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ЖУМАҒАНБЕТОВ Талғат Смағұлұлы (25.1.1965 ж.т, Ақтөбе обл. Алға ауд. Ильинка а.) – тарих ғыл. докт. (2008), доцент. Орал пед. ин-тын (1990 қазіргі Батыс Қазақстан мемл. ун-ті) бітірген. Орал пед. ин-тында кафедра меңгерушісі (1993–95), Ақтөбе пед. ЖОРТУЫЛОВ Ш.Жораев Ө.Жортуылов С.Жошыбаев Н.Жуанышбеков Т.Жумағанбетов
ин-тында аға оқытушы (1995– 96), ҚР ІІМ Қостанай жоғары мектебінің Ақтөбе филиалында доцент (1996–97), «Дүние» Ақтөбе ун-тінде декан (1997–99), кафедра меңгерушісі (1999–2000), Алматы экономика жəне статистика академиясының Ақтөбе филиалында проректор (2000–09), 2009 жылдан Ақтөбе мемл. унтінде проф. негізгі ғыл. бағыты Көк-түріктер туралы тарихи, археол. жəне этнол. материалдарды пайдалана отырып, «өндірістің көшпелілік тəсілі» концепциясының базасы негізінде мал бағушы халықтарда мемл. ұйымдасудың қалыптасу мүмкіндігін дəлелдеу мəселелерін зерттеуге арналған. «Ежелгі түркілердің мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы. (VI–VIII ғғ.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2008). Ж. 125 ғыл. еңбектің, соның ішінде 2 монография, 1 оқулық, 3 оқу құралы, 5 халықар. ғыл. мақала авторы. ЖУРАВЛЕВ Михаил Федорович (14.11.1920, Қостанай обл. Денисов ауд. Қамыс кенті. – 16.5. 1979, Қостанай қ.) – тех. ғыл. канд. (1959). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан (1942). Авиациялық уч-щеде оқыған (1941). Ф.Э.Дзержинский атынд. артиллерия академиясын (1956) бітірген. 11284 əскери бөлімше бастығының орынбасары, бастығы (1956–64, Байқоңыр ғарыш орт.), Əскериинж. академиясы ғыл.-зерт. интында лаб. меңгерушісі қызметтерін атқарған. Лениндік сыйл. лауреаты (1961). ЖУРАВЛЕВА Евгения Александровна (25.11.1964 ж.т., Солт. Қазақстан обл.) – филол. ғыл. докт. (2008), проф. (2011). Иванов мемл. ун-тін (1988, Ресей) бітірген. Көкшетау мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра проф. (1988–2008), ғыл. бөлім басшысы (2003–07), ғалым хатшы (2004–07), 2009 жылдан ЕҰУ-де кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты тіл теориясы, əлеум. лингвистика, когнитивтік лингвистика, мəдениаралық коммуникация бағытындағы зерттеулерге арналған. «Вариативность лексической системы: русский как полинациональный язык» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2006), «ҚР ғылымына қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2008), ҚР Мəдениет жəне ақпарат мин-нің 2 мақтау қағазы (2009), «СОРОС – Қазақстан» қоры гранттарының (1999, 2001) иегері. Ж. 130-дан астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 1 монография, 1 ұжымдақ монография, 2 оқу құралы, 1 сөздіктің авторы. ЖУРКОВИЧ Даниил Иосифович (1925 ж.т., Ресей, Смоленск обл.) – экон. ғыл. докт. (1990), проф. (1993). Ленинград тау-кен ин-тын (1953, қазіргі Санкт-Петербург), Целиноград а. ш. интын (1968, қазіргі Қазақ агротех. ун-ті) бітірген. «Пермьуголь» комб-ның көмір шахтасында механик, бас энергетик, бас инж., МТС, кеңшар директоры, ауд. а. ш. басқармасының бастығы (1968–73), а. ш. ин-тында доцент, бөлім меңгерушісі, Қазақ ғыл.- зерт. ин-тының Целинный бөлімшесінде бас ғыл. қызметкер (1973– 88) жұмыстарын атқарған. Ж. 111 ғыл.-зерт. мақала, 3 монографияның авторы. ЖҰБАЕВА Орынай Сағынғалиқызы (22.8.1970 ж.т., Атырау обл. Индер ауд. Индер а.) – филол. ғыл. докт. (2010). Алматы мемл. ун-тін (1994, қазіргі ҚазҰПУ) жəне ҚР ҰҒА Тіл білімі ин-тының аспирантурасын (2001) бітірген. М.Өтемісұлы атынд. обл. драма театрында редактор (1987–89), Алматы мемл. мед. унтінде лаборант, оқытушы (1994– 95 қазіргі Қазақ ұлттық мед. унті), Қазақ ұлттық тех. ун-тінде оқу бөлімінің, мамандар бөлімінің қызметкері, оқытушы (1995–98), «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының сарапшысы (2002–12), Тіл білімі ин-тында аға ғыл. қызметкер (2002–07), Алматы қаржы-экон. жəне құқық колледжінде оқытушы (2004–05), Дарынды балаларға арналған респ. қазақ тілі мен əдебиетін тереңдетіп оқытатын орта мектепинтернатында мұғалім (2008– 09), 2007 жылдан Тіл білімі интында бөлім меңгерушісі, Ғыл. кеңестің мүшесі, 2011 жылдан ҚазҰУ жанындағы дисс. қорғау жөніндегі ғалымдар кеңесінің мүшесі. Негізгі ғыл. бағыты қазақ тіл білімінің тарихы, функционалды грамматика, қазақ тіліндегі квалитативті-квантитативті функционалды-семантик. өрістер, когнитивті лингвистика, түркі тілдерінің граммат. құрылысындағы антропоөзектілік пен этноөзектілік көріністері, грамматикадағы дүниенің тілдік бейнесінің көрінісі, граммат. теориялардың дамуы жəне т.б. мəселелерді зерттеуге арналған. «Қазақ тілі грамматикалық каЖҰБАЕВА Е.А.Журавлева О.Жұбаева
тегорияларының анотропоөзектілігі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ҚР БҒМ-нің жас ғалымдарға арналған стипендиясының (2002; 2005), «Тіл жанашыры» төсбелгісінің (2010) иегері. ЖҰБАНОВ Асқар Құдайбергенұлы (13.11.1937 ж.т., Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (2003), проф. (2004). ҚазПИ-ді (1960, қазіргі ҚазҰПУ) жəне аспирантурасын (1967) бітірген. Қазақ мемл. а. ш. ин-тында оқытушы (1960–67), Қазақстан ҒА-ның Тіл білімі интында кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1970–98), бас ғыл. қызметкер (2004–08) болып істейді. «Основные принципы формализации казахского текста» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 5 монография, 2 сөздіктің авторы. ЖҰБАНОВ Есет Құдайбергенұлы (22.11.1929 Ақтөбе қ. – 4.4. 2007, сонда) – филол. ғыл. докт. (1998), проф. (2002). ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ), ҚР ҰҒА Тіл білімі ин-тының аспирантурасын (1962) бітірген. Петропавл пед. уч-щесінің оқытушысы (1951–52) Солт. Қазақстан обл. мұғалімдер білімін жетілдіру ин-тының бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің нұсқаушысы (1952– 54), «Қазақстан мұғалімі» газетінің қызметкері (1954–57), Тіл жəне əдебиет ин-тында ғыл. қызметкер (1957–59), осы ин-ттың аспиранты (1959–61), кіші, аға ғыл. қызметкері (1962–91) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан өмірінің соңына дейін Ақтөбе мемл. ун-тінде доцент, жұбановтану лаб-ның меңгерушісі болды. «Халық əдебиеті тілін зерттеудің лингвистилистикалық аспектілері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары қазақ эпостарының тілін, əдеби тіл тарихын талдауға арналған. Мұғалжар ауд-ның құрметті азаматы, (1994), ҚР «Білім беру ісінің үздігі» (1997), «Қазақстан Конститутциясына 10 жыл» мерекелік медалінің (2001), Ақтөбе обл. бойынша жыл адамы (2003), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003), Ақтөбе қ-ның құрметті азаматы (2004), Ақтөбе обл. əкімінің «Тілге құрмет-елге құрмет» грамоталарымен марапатталған. ЖҰБАНОВА Ажар Ахметқызы (5.4.1941 ж.т., Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1996), проф. (1996). Мəскеу мемл. ун-тін (1964) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға лаборант (1964–66), Қазақ онкология жəне радиология ғыл.- зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1966–75), Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ассистент, аға оқытушы, доцент, проф. (1975–86), ҚазҰУ-да ғыл. кеңестің ғалым-хатшысы (1996–2000), декан (2000–02) болды. 2002 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Управление ростом и метоболической активностью иммобилизованных клеток микроорганизмов» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 150ден астам ғыл. жарияланымның авторы. ЖҰБАТОВА Баян Нұрсұлтанқызы (28.9.1961 ж.т., Қызылорда обл.) – филол. ғыл. докт. (2010). ҚазМУ-ды (1985) бітірген. Ун-тті аяқтаған соң ҚазКСР Орт. музейінде кіші ғыл. қызметкер (1985– 89), ҚазҰУ-да оқытушы, аға оқытушы, шығыстану ф-ті əдістеме бюросының төрайымы, деканның оқу-əдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары, арабтану кафедрасының доценті, арабтану кафедрасының меңгерушісі (1989–2011) қызметтерін атқарды. 2011 жылдан шығыстану ф-тінің деканы. Негізгі ғылыми бағыты лингвистика саласы, мəдени-тілдік байланыстар мəселелері. «Қазақ тіліндегі араб, парсылық фразеологизмдер» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж-ның 40-тан астам мақалалары респ. жəне шетелдік баЖҰБАНОВ А.Жұбанов Е.Жұбанов А.Жұбанова Б.Жұбатова
сылымдарда (Египет, Ресей, Өзбекстан, Түркия) жарық көрген, мектепке ун-т студенттеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. ЖҰМАБАЕВ Атағали Əленұлы (22.2.1964 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауд. Құмкент а.) – тех. ғыл. докт. (2009), проф. (2011). Қазақ хим.-технол. интын (1990) бітірген. Қазақ хим.- технол. ин-тында (1990–98), Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде (1998– 2011), 2011 жылдан ЕҰУ-де қызмет атқарады. «Газқұбырларының созылмалы қирауға қарсыласуын бағалаудың ғылыми негіздері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 105-тен астам ғыл., оқуқұралдар жəне мақалалардың авторы. ЖҰМАБАЕВ Дулат Сыздықбекұлы (1954 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Кентау қ-лық əкімдігі, Хантағы кенті) – физ.-матем. ғыл. докт. (1994). ҚазМУ-ды (1976, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Матем. жəне мех. ин-тында аспирант (1976–79), кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер (1979–91) болып қызмет істеді. 1996 жылдан ҚР ҰҒА-ның Теория жəне қолданбалы матем. интында лаб. меңгерушісі. Ж. 55 ғыл. жарияланымның авторы. ЖҰМАБАЕВ Мүсəпір (8.9.1928 ж.т., Павлодар обл. Баянауыл ауд.) – а.ш. ғыл. докт. (1994). Семей малдəрігерлік ин-тын (1959, қазіргі Семей мемл. ун-ті) бітірген. Кеңшар зоотехнигі (1959– 60), бас зоотехник (1960–62), Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, кіші ғыл. қызметкер, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1968–97) қызметтерін атқарған. «Методы повышения мясной продуктивности местного скота на основе использования породы санта-гертруда» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж-тың 95 ғыл. мақаласы жарық көрген. ЖҰМАБЕКОВ Əбдуахан Əбдірашұлы (1951 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд. Бағыс а.) – а. ш. ғыл. докт. (1994), проф. (2000), ҚР А. ш. ғыл. академиясының акад. 1972 ж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тын бітіріп, осы оқу орнында кіші, жетекші ғыл. қызметкер, су ш. ғыл.- зерт. ин-тында аға инж., жетекші қызметкер, лаб., бөлім меңгерушісі (1974–94), Жамбыл обл. əкімш-нің ғыл. өндірістік орт. төрағасының 1-орынбасары (1994– 98), орт. төрағасы (1998–2000) қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Тараз мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. 90-нан астам ғыл. еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы жарық көрген. ЖҰМАБЕКОВ Ермек (5.2.1945 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд. Ақсу-Аюлы а.) – биол. ғыл. докт. (1995), проф. (1987). ҚР Инж. академиясының корр. мүшесі (2003). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒАның Ботаника ин-тында лаборант (1968–69), КСРО ҒА Жалпы генетика жəне цитология ин-тында аспирант (1969–71), кіші, аға. ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1974–82), Қазақ мемл. а. ш. ин-тында ассистент, доцент, декан, ректор қызметтерін атқарды (1982–96). ҚР А. ш. мин. бидай істері жөніндегі бас инспектор (1998–99), Алматы Мемл. қорығының директоры (1999–2000), Қазақ ұлттық агр. ун-тінде проф. (2001–03), ҚР Білім жəне ғыл. мин-нің Жалпы генетика жəне цитология ин-тының директоры (2003–06) қызметтерін атқарды. 2006 жылдан осы ин-тта лаб. меңгерушісі. Ж-тің 70-тен астам ғыл. мақаласы жарық көрді. ЖҰМАБЕКОВ Жүнісбек (7.1. 1927, Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Малыбай а. – 4.4.1980, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1971). Алматы заң ин-тын (1949) бітірген. 1949–55 ж. осы ин-тта оқытушы, кафедра меңгерушісі, Семей малдəрігерлік ин-тында ЖҰМАБЕКОВ А.Жұмабаев Д.Жұмабаев Ə.Жұмабеков Ж.Жұмабеков
(1955–58), 1958 ж. Қазақ дене тəрбиесі ин-тында (қазіргі Қазақ спорт жəне туризм академиясы) кафедра меңгерушісі, Жоғары жəне арнаулы орта білім миннің қоғамдық ғылымдар бөлімін басқарды (1966–67). ҚазПИ-дің (1974–80, қазіргі ҚазҰПУ) ректоры болды. «Руководство КПСС вовлечением трудового крестьянства Казахстана в строительство социализма (1926–1932 г.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Құрмет белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЖҰМАБЕКОВ Төлеген Əлтайұлы (13.8.1938 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Кентау қ-лық əкімдігі, Ащысай кенті) – мед. ғыл. докт. (1991), проф. (1993). Алматы мемл. мед. ин-тын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті), Мəскеу педиатрия ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1970) бітірген. Оңт. Қазақстан обл. Созақ ауднда телімдік аурухананың бас дəрігері (1964–67), ауд. аурухананың бас хирургі (1967) болып жұмыс істеді. Алматы мемл. мед. ин-тында ассистент, доцент (1970–88), 1988 жылдан ҚР Денсаулық сақтау мин-нің Алматы дəрігерлер білімін жетілдіру интында кафедра меңгерушісі. Жтің негізгі ғыл. еңбектері балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясын зерттеуге арналған. Ол балалардың басы жарылып, миы зақымданған кезде жəне ауыр жарақаттан кейін бүйректің қалыпты жағдайда қызмет атқаруын интенсивті терапиямен емдеудің ұтымды тəсілдерін ұсынды. Балалардың өкпе ауруын емдегенде, олардың қанын ультракүлгін сəуледен өткізіп, өздеріне қайта құюдың тиімді екенін дəлелдеді. Ж. республикадағы балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясының дамуына елеулі үлес қосты. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1999). ЖҰМАБЕКОВА Айгүл Қазкенқызы (24.5.1967 ж.т., Ақмола обл.) – филол. ғыл. докт. (2002), проф. (2005). ҚазМУ-ды (1989, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазПИде (1995, қазіргі ҚазҰПУ) аспирант, аға оқытушы, доцент (1995– 98), докторант (1998–2001), проф. (2002), 2002 жылдан кафедра меңгерушісі. «Қазақ жəне орыс тілдері лексикасының жүйелі ұйымдастырылуы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Жның 90-нан астам жарияланымы, оның ішінде 1 монографиясы бар. ЖҰМАБЕКОВА Бағлан Қамзақызы (1955 ж.т.) – мед. ғыл. докт. (2004), проф. (2005). Қарағанды мемл. мед. ин-тын бітірген (1978 қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті). Қазақ кардиология ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1979–81, Алматы қ.), Қазақстан ҒА-ның Еңбек гигиенасы жəне кəсіби аурулар ғыл.- зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, ассистент, доцент (1984– 99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан Қарағанды мемл. мед. ун-тінде кəсіби аурулар курсының меңгерушісі. 105 ғыл. жарияланымның авторы. ЖҰМАҒАЗИН Жаңабай Дербесінұлы (1.1.1955 ж.т., Ақтөбе обл. Қобда ауд. Көк а.) – мед. ғыл. докт. (1996). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (1982, қазіргі Батыс Қазақстан мед. ун-ті) бітірген. Ақтөбе қ-нда дəрігер (1982–88), Ақтөбе мемл. мед. ин-тының ординаторы, ассистенті (1989–96) болды. 1996 жылдан кафедра меңгерушісі. Қуыққа операция жасау туралы өнертабыстық ұсынысы тəжірибеге (1994) енгізілген. 41 жарияланымы бар. ЖҰМАҒАЛИ Задан Тасқалиұлы (12.4.1936 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Бөкей ордасы ауд. Ноғайбай а.) – филол. ғыл. докт. (2000), проф. (2000). ҚазПИ-ді (1961, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қарағанды пед. ин-тында (қазіргі Қарағанды мемл. ун-ті) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1965–95). 1996 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде доцент, проф. қызметін атқарады. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, 5 монографияның авторы. ЖҰМАҒАЛИЕВ Таумыш (1918 ж.т., Ақтөбе обл. Қызылқоға ауд. Көздіқара а.) – геол.-минерал. ғыл. канд. (1955). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын бітірген (1945 қазіргі ҚазҰТУ). Қазақ КСРінің еңбек сің. геолог-барлаушысы (1967). Атырау өңіріндегі мұнай-газ өндірісін ұйымдасЖҰМАБЕКОВ А.Жұмабекова Ж.Жұмағазин З.Жұмағали
тырушылардың бірі. Ескене кəсіпшілігінің бас геологы (1945– 47), Мұнай ин-тында ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, директордың орынбасары (1947–68), Батыс Қазақстан геол. басқармасының бастығы (1968–72), Геол. барлау ин-тының директоры (1972–85) қызметтерін атқарды. 140-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. (1976) лауреаты. Халықтар достығы орденімен марапатталған. ЖҰМАҒАЛИЕВА Фатиха (27. 12.1916, Жамбыл обл. Жəнібек ауд. Жəнібек а. – 16.2.1993, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1971), проф. (1972). Ташкент мед. интын (1940) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Физиол. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1951–83) болған. Негізгі ғыл. еңбектері фармакология мəселелерін зерттеуге арналған. Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттарын, Бунге киікотының сұйық сығындысын, хош иісті алаботаны, т.б. күнделікті емдеу практикасына енгізген. Құрамында фламаноид, эфир майлары бар өсімдіктерге зерттеу жүргізген. 70-тен аса ғыл. мақаланың авторы. 1 авторлық куəлігі бар. ЖҰМАҒҰЛОВ Қалқаман Тұрсынұлы (1.1.1948 ж.т., Алматы обл. Қапал ауд. Арасан а.) – тарих ғыл. докт. (1997), проф. (1998). ҚР-ның Əлеум. ғылым (2000) жəне Гуманит. ғылым академияларының акад. (2008). ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы ун-тте 40 жыл қызмет етіп, ғыл. жұмыспен айналысқанына 45 жыл толды. ҚазМУ-де ассистент, оқытушы (1972–85), деканның орынбасары (1985–92, 2001– 02), кафедра меңгерушісі (1991– 2007, 2007–11), 2011 жылдан ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі. Ж. – қазақтан шыққан алғашқы тарихшы-медиевист. Еуропа мен Еуразия елдерінде феодализмнің пайда болып, дамуы тарихын зерттеуде жаңа методология мен методика ұсынды. Ол ерте орта ғасырлар дəуірінде герман халықтарында орын алған феодализм генезисінің теор. аспектілерін зерттеді, шет тілдеріндегі нарративті деректер, археол., этнол., антропол., сондай-ақ бірқатар жаратылыстану жəне пəнаралық зерттеу материалдары негізінде бұл мəселелерге кеңінен талдау жасады. Германия, Италияның бірқатар ун-ттерінде Еуропа мен Еуразия, Орт. Азия мен Қазақстан тарихының концептуалдық мəселелері бойынша дəрістер оқып, баяндамалар жасады (Франкфурт, 1995; 1997; 1999; Төменгі Саксония ғыл.-зерт. ин-ты; Геттинген, Вильгельмсхафен, 1995; Билефельд, 2003; Ла Сапиенза, 2007; Тюбинген, 2007; 2008; Вестфаль Вильгельм, 2010; 2011; 2012;). Халықар. ғыл. гранттардың иегері (Халықар. ДААД гранты (Германия): 1995, 1997, 1999, 2003, 2007, 2010–11). Ж. əлемдік тарих бойынша қазақстандық ғыл. мектептің негізін салушы. «Халықтардың Ұлы қоныс аударуына дейінгі ежелгі герман қоғамы дамуының негізгі мəселелері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Қоғамдық жұмыспен үздіксіз айналысып, Отандық тарих, жалпы тарих, тарихнама жəне деректану бойынша дисс. кеңес төрағасының орынбасары (1998– 2003), Жалпы тарих, халықар. қатынастар жəне сыртқы саясат тарихы бойынша дисс. кеңес төрағасының орынбасары (2003– 07), ҚазҰУ жанындағы кеңестің төрағасы (2008–11) болды. Тарих ф-ті Хабаршысының, ҚР ҰҒА-ның «Отан тарихы» журналының, ҚазҰПУ хабаршысының, «Казахская цивилизация» журналының, Қайнар ун-ті хабаршысының, «Materialia Turcica» (Геттинген ун-ті) редакция алқасының мүшесі. Бакалавриат пен магистратурадағы тарих мамандықтары бойынша Мемл. білім беру стандарттарын жасаушы авторлардың бірі. «Құрмет» орденінің (2006) иегері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007), Алматы обл-ның құрметті азаматы (2011). Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, əл-Фараби атынд. күміс медальдарымен марапатталған. Геттинген ун-тінің (Германия, 1999), Қызылорда ун-тінің, Халықар. қазақ-түрік ун-тінің, Жетісу ун-тінің, Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінің, Батыс Қазақстан мемл. ун-тінің құрметті проф. (2012). Ж. 280-ге жуық ғыл.-зерт. еңбектерінің («Древнегерманское общество: проблемы и концепции» (1993), «Хозяйственная жизнь древних германцев в свете современных научных дисциплин» (1997), «Очерк этногенеза, материальной, и духовной культуры германцев на современном этапе исследования» (2000), «Проблемы истории германских племен (с древнейших времен до начала средних веков)» (2002), «Проблемы истории Монголии ХІІ-ХІV вв.» (1976), «Процесс феодализации в Западной Европе и Византии» (1977), «Из истории средних веков» (1993), «Завоевание Аттилой Северной Италии» (2000), «Ғұндардың Галлия (Франция) жеріндегі шайқасы» (2001)) авторы. ЖҰМАҒҰЛОВ Сағымбай Ботпайұлы (15.7.1968 ж.т., Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Қарақұдық а.) – филол. ғыл. докт. (2009), доцент (2008), проф. (2010). ҚаЖҰМАҒҰЛОВ Қ.Жұмағұлов
рағанды мемл. ун-тін (1994) бітірген. Қарағанды обл. «Замандас», «Шипагер» газеттерінде тілші, жауапты хатшы (1992–96), Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы (1994–96), аға оқытушы (1997– 2001), кафедра доценті (2002– 10), докторант (2003–06), кафедра меңгерушісі (2007–08), 2010 жылдан проф. Негізгі ғыл. бағыты ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдебиеттану ғылымын, ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Алаш əдебиетін зерттеуге арналған. «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдебиеттану ғылымы (1956–1991 ж.ж.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 150-ден астам ғыл. мақала, 2 оқу құралы, 2 монография, 2 электронды оқу құралының авторы. ЖҰМАҒҰЛОВА Валентина Ивановна (4.11.1954 ж.т., Ақмола обл. Ақмола ауд. Ақмола а.) – филол. ғыл. докт. (2001), проф. Халықар. Жоғары мектеп ғыл. академиясының акад.. ҚазМУ-ды (1980, қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын (1998) бітірген. «Қазақ университеті» газетінің жауапты қызметшісі, 1998 жылдан Қазақ мемл. қыздар пед. ун-тінде ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, қазіргі таңда кафедра проф. «Қазақстанның орыс тілді баспасөзіндегі сатира мен юмор: лингвистикалық аспект» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. РФ БҒМ, ҚР БҒМ Құрмет грамоталарымен, ҚР ғылымын дамытудағы ерекше еңбегі үшін «Құрмет» белгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағы сыйл. лауреаты, «М.В.Ломоносов» орденінің (2007) иегері, ҚР құрметті қайраткері (2010), «ҚР тəуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалінің (2011), «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы-2008» мемл. грантының иегері. ЖҰМАДИНА Шолпан Молдажанқызы (26.10.1959 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Бородулиха ауд. Ауыл ст.) – биол. ғыл. докт. (2006). Семей малдəрігерлік интын (1982, қазіргі Семей мемл. ун-ті), Адам жəне жануарлар физиологиясы ин-тының аспирантурасын (1993), докторантурасын (2000) бітірген. 1982–85 ж. Зыряновск ет комб-нда мал дəрігері, 1985–89 ж. Семей малдəрігерлік ин-тында дəрігер-ординатор, ассистент, 1995–97 ж. кафедра меңгерушісі, 1997–2011 ж. Семей мемл. ун-тінде доцент, проф. қызметтерін атқарды. 2011 жылдан Павлодар мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. «Омыртқалы жануарлардың эволюция барысында геможəне лимфодинамикалық реттеу механизмдерінің дамуын зерттеу» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты: омыртқалы жануарлардың салыстырмалы жəне экол. физиологиясы. 120дан астам ғыл. еңбектердің, оның ішінде 2 монография, оқу құралдары мен патенттердің авторы. ҚР-ның Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009). ЖҰМАЖАНОВА Төкен Қонысбайқызы (5.1.1944 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Тарбағатай ауд. Ақсуат а.) – пед. ғыл. докт. (1997), проф. (1998). ҚазПИ-ді (1965, қазіргі ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін орта мектепте мұғалім (1966–80), Семей пед. ин-тында (қазіргі Семей мемл. ун-ті) доцент, кафедра меңгерушісі (1980–97), декан (1991–97) болған. 1998 жылдан ҚазҰПУ-да проф. Негізгі ғыл.- зерт. еңбектері қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі мəселелеріне арналған. ЖҰМАМҰХАМБЕТОВ Насихан Ғилманұлы (12.10.1959 ж.т., Ресей, Астрахань обл. Приволжье ауд. Вольж с.) – физ-матем. ғыл. докт. (1998), проф. (1999). ҚазМУ-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Арқалық пед. ин-тында оқытушы (1983–91). 1991 жылдан Қазақ политех. ин-тының (қазіргі ЖҰМАҒҰЛОВА С.Жұмағұлов В.И.Жұмағұлова Ш.Жұмадина Т.Жұмажанова
ҚазҰТУ) Атырау қ-ндағы бөлімшесінде оқытушы қызметін атқарады. 2 монографияның, 2 авторлық куəліктің, 70-тен астам ғыл. жарияланымның авторы. ЖҰМАНБАЕВ Қабыл Алтайұлы (1931 ж.т., Қарағанды обл. Қарқаралы ауд.) – мед. ғыл. докт. (1990), проф. (1996). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1957, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. Жаңаарқа ауд. емханасының дəрігері (1957–59), Мəскеу қ-ндағы Орт. дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тында аспирант (1959–62), Қарағанды мемл. мед. ин-тында ассистент (1962–67), доцент (1967–70), кафедра меңгерушісі (1970–86) болды. 1990 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ж. 150 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ЖҰМАНБАЕВА Ғалия Қабылқызы (1957 ж.т.) – мед. ғыл. докт. (2000). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1980, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. Шақан кенті ауруханасында дəрігер-инфекционист (1980–81). Қарағанды қ-ндағы мед. жедел жəрдем орт. пунктінде дəрігер (1981– 82), Қарағанды обл. жұқпалы клиник. ауруханасында дəрігерординатор, бөлім меңгерушісі (1982–2000) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қарағанды мемл. мед. ун-тінде кафедра меңгерушісі. 112 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЖҰМАНОВ Əлімбек Момынбекұлы (12.3.1952 ж.т., Өзбекстан Республикасы, Ташкент обл. Аққорған ауд. Гүлістан а.) – экон. ғыл. докт. (1994). ҚР Жаратылыстану академиясының акад. (1995). Ташкент а.ш. ин-тын (1977), Қаржы академиясының аспиратурасын (1984, Ресей), Мəскеу мемл. ун-тінің докторантурасын (1994) бітірген. Ташкент мемл. экон. ун-тінде кафедра меңгерушісі (1994–2002), Қазақ көлік жəне коммуникация академиясында экон. саласында докт. дисс. қорғау кеңесінің мүшесі (2002–04), Халықар. Қазақ-Түрік ун-ті Шымкент ин-тының кафедра меңгерушісі, кафедраның құрметті проф. (2004–10), 2010 жылдан Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде кафедра проф. Ж. 130-дан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 20-дан астам оқулықтар мен оқу-əдістем. құралдардың авторы. ЖҰМАНОВА Гүлнар Жақанқызы (22.1.1965 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Ұзынағаш а.) – филос. ғыл. докт. (2010), доцент (1998). ҚазМУ–ды (1987) бітірген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс ин-тында (1987–89), ҚР Президенті Əкімш. (1993–96), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-тінің интында (1996–99), 1999 жылдан ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті академиясында қызмет атқарады. «Религия в контексте национальной безопасности: теоретические и прикладные проблемы» мамандығы бойынша докт. дисс-сын жабық тақырып бойынша қорғады. Ж. 60-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 оқу құралының авторы. ЖҰМАСҰЛТАНОВ Əзірхан (15.9.1928 ж.т., Қостанай обл. Меңдіқара ауд. Түймелі а.) – тарих ғыл. докт. (1983), проф. (1984). ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Жітіқара мектебінде мұғалім, Меңдіқара пед. уч-щесінде оқытушы (1953–59), Қостанай обл. «Білім» қоғамында референт (1959–60), ҚазҰУ-да аспирант (1960–63), Қарағанды политех. ин-тында (қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) аға оқытушы, доцент (1963–72), кафедра меңгерушісі (1972–97) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан проф. Ж. 80-ге жуық ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ЖҰМАТАЕВА Еңлік (25.5.1947 ж.т., Солт. Қазақстан обл., қазіргі Шал ақын ауд. Ысқақ Ыбыраев а.) – пед. ғыл. докт. (2004), проф. (2006), Қазақ КСР-і Білім беру ісінің үздігі (1982). ҚазПИ-ді (1969, қазіргі ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін мектеп мұғалімі (1969–77), Павлодар обл. мұғалімдердің білімін жетілдіру интында бөлім меңгерушісі (1977– 95), Павлодар пед. ин-тында (қазіргі Павлодар мемл. ун-ті) аға оқытушы, доцент, проф. (1995– 2004). 2004 жылдан Павлодар мемл. ун-ті жанындағы этнопедагогика жəне білім берудің инЖҰМАТАЕВА Ə.Жұманов Г.Жұманова Ə.Жұмасұлтанов
новац. технологиялары ғыл.-практик. орт-ның директоры қызметін атқарады. «Жоғары мектеп дидактикасы дамуының ғылымипедагогикалық негіздері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 113-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы. «Ыбырай Алтынсарин», «Ана тілі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. ЖҰМАТОВ Ғаббас Жұматұлы (20.9.1918 ж.т., Павлодар обл. Баянауыл ауд. Жаңажол а.) – тарих ғыл. канд. проф. Қазақстанның еңб. сің. қайраткері, Алматы қ. Ардагерлер кеңесінің мүшесі, отставкадағы полковник, Ұлы Отан соғысының ардагері. ҚазМУ-ды (1950, қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын бітірген. Ж. педагог жəне ғалым ретінде ірі ғыл.-зерт. жұмыстар атқарды. 10 жылдан аса уақыт соғыс ардагерлерінің Алматы қ-лық идеол. комиссиясын басқарды. Соғыс ардагерлері істері бойынша респ. Орт. кеңесінің мүшесі, 1984 жылдан ҚазҰУда Еңбек жəне соғыс ардагерлері қауымдастығының тұрақты төрағасы. Қоғамдық жұмыстағы белсенді қызметі үшін ол көп жылдар бойы соғыс ардагерлерлерінің Жалпыодақтық к-тінің (Мəскеу қ.) жəне ардагерлер к-тінің Алматы қ-лық секциясының құрмет грамоталары жəне дипломдарымен, Қазақ КСР Жоғ. кеңесінің Құрмет грамотасымен (1984) «ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі» үшін алтын медалімен (2010) марапатталды. Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев Ж-қа алғыс жариялады (2000). ЖҰМАТОВ Қайнар Хамзаұлы (10.11.1954 ж.т., Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1999), проф. (2002). ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Микробиология жəне вирусология ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. қызметкер болып еңбек етеді. Оның ғыл. еңбектері негізінен адам жəне жануарлардың ортомен парамиксо вирустарының экологиясы əрі эволюциясын зерттеуге арналған. Ж. 120 ғыл. жарияланымның авторы. ЖҰМАТОВ Сайлаубай Сағымбайұлы (12.1.1948 ж.т., Павлодар обл. Ертіс ауд. Үлгілі а.) – физ.- матем. ғыл. докт. (2010). ҚазМУды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Арқалық пед. ин-тында (1974– 76), 1976 жылдан осы уақытқа дейін ҚР БҒМ Математика интында қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты берілген көпбейне бойынша дифференц. теңдеулер жүйелерін құру əдістерін жасау жəне орнықтылық теориясын дамытуға арналған. «Айқын емес дифференциалдық жүйелердің бағдарламалық көпбейнесінің сапалық қасиеттері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж. 130-дан аса ғыл. еңбектің авторы. ЖҰМАШ Аманжол Сəлімгерейұлы (2.2.1942 ж.т. Ақтөбе обл. Қобда ауд. Қобда а.) – ветеринария ғыл. докт. (1999). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (1965, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірді. Қазақ малдəрігерлік ғыл.-зерт. ин-тының аспиранты, Батыс Қазақстан малдəрігерлік ғыл.-зерт. ст-ның директоры. Қазақ малдəрігерлік ғыл.-зерт. интында бас ғыл. қызметкер (1983– 2001) болды. 78 ғыл. мақаласы жарияланған. ЖҰМАШЕВ Жайғали (29.4.1937 ж.т., Атырау обл. Индер ауд. Құрылыс а.) – биол. ғыл. докт. (1991), проф. (1992). Мəскеу малдəрігерлік академиясын (1961) бітірген. Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тында ассистент (1961–64, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), аспирант, доцент (1967– 77), Куба республикасы ұлттық мал ш. ин-тында биохимия бөлімінің кеңесшісі (1977–78), Қазақ ұлттық агр. ун-тінде доцент (1978–92), кафедра меңгерушісі (1992–97 ж.) болып қызмет істейЖҰМАТОВ Е.Жұматаева Ғ.Жұматов С.Жұматов А.Жұмаш
ді. Ж. 52 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЖҰМАШЕВ Қалқаман (1948 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (1996), проф. (1992). Қазіргі Қарағанды мемл. ун-тін (1976) бітірген. 1976–89 ж. инж., аға инж., ғыл. қызметкер, аға ғыл. қызметкер. 1990 жылдан Хим.-металлургия ин-тында (Қарағанды қ.) лаб. меңгерушісі қызметін атқарады. 180-нен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ЖҰМАШЕВ Рымбек Мұратұлы (1960 ж.т.) – тарих ғыл. докт. (2005). Қазіргі Қарағанды мемл. ун-тін (1983) бітірген соң осы унтте оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1983–2004) қызметтерін атқарған. 2004 жылдан осы ун-ттің 1-проректоры. 48 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ЖҰМƏДІЛОВ Талқыбек Қожатайұлы (1.5.1952 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд. КөкбұЖҮГЕНБАЕВА лақ а.) – хим. ғыл. докт. (1995), проф. (1997). ҚазМУ-ды (1973, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1975 жылдан бері ҚР ҰҒА Хим. ғыл. ин-тында қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты жоғарымолекулярлық байланыстар хим., физ. химия, нанотехнология мəселелеріне арналған. «Комплексобразование гетероатомсодержащих полимеров с солями щелочных и щелочноземельных металлов» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ЖҰРТБАЙ Тұрсын Құдакелдіұлы (15.8.1951 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Шаған а.) – ақын, жазушы, филол. ғыл. докт. (2000), проф. (2002). ҚазМУды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы обл. «Жетісу» газетінде тілші (1974–76), «Білім жəне еңбек» (қазіргі «Зерде»), «Техника молодежи» (1976–80), «Жұлдыз» (1980–90) журналдарында əдеби қызметкер, редакция меңгерушісі, тілші, Əдебиет жəне өнер ин-тында аға ғыл. қызметкер (1990–92, 1998–2001), бөлім меңгерушісі (1993–96), М.О. Əуезов Халықар. қайырымдылық қорының президенті (1992–97), «М.Əуезов үйі» Ғыл.-мəдени ортның директоры (1996–98). ҚазҰУ-да аға оқытушы (1991–2001), ҚР Президенті жанындағы Мемл. қызмет академиясында аға оқытушы (2000–01), 2001 жылдан ЕҰУ жанындағы «Отырар кітапханасы» ғыл. орт-ның директоры қызметін атқарады. «М.О. Əуезовтің шығармашылық өмірі мен көркемдік əлемі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Халықар. «Алаш» (1992), І.Жансүгіров атынд. əдеби сыйл. (1995) жəне «Түріксой» қауымдастығы сыйл. (2010) лауреаты (1990). Бірнеше медальдармен, төсбелгілермен жəне ЮНЕСКО-ның Құрмет грамотасымен марапатталған. «Абай ауданының Құрметті азаматы» (2001). ЖҮГЕНБАЕВА Гүлбану Саламадинқызы (19.9.1970 ж.т., Маңғыстау обл. Қарақия ауд. Ералиев а.) – тарих ғыл. докт. (2011), проф. (2012). ҚазМУ–ды (1994, қазіргі ҚазҰУ), аспирантурасын (1998) бітірген. 1999 жылдан Қазақ көлік жəне коммуникация академиясында қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты Қазақстан тарихындағы Алаш қозғалысы, ұлт зиялыларының мұралары, қазақ халқының тарихи зердесі, дəстүрлі ауызша тарих жəне т.б. мəселелерді зерттеуге арналған. Ж.Жұмашев Р.Жұмашев Т.Жұмəділов Т.Жұртбай Г.Жүгенбаева
«Қазақ халқының дəстүрлі ауызша тарихы: теориялық-методологиялық негіздері жəне деректемелік орны» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. М.Əуезов атынд. мемл. сыйл. (2000), М.Тынышбаев атынд. қоғамдық қордың мерекелік медалінің (2010) иегері. ҚР БҒМ Алғыс хатымен (2010) марапатталған. Ж. 70-тен астам ғыл. еңбектің авторы. ЖҮГІНІСОВ Мұратбек Тұрабайұлы (1951 ж.т., Қызылорда обл. Сырдария ауд. Тереңөзек а.) – тех. ғыл. докт. (1999), проф. Қазақ хим.-технол. ин-тын бітірген (1975). 1975–78 ж. өндірісте жұмыс істеді. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тының аспирантурасында, осы ин-тта аға оқытушы, аға, жетекші ғыл. қызметкер, доцент (1978–98). 1998 жылдан Тараз мемл. ун-тінде проф. 60-тан аса ғыл. жарияланымның авторы, 12 авторлық куəлік пен патенттің иегері. ЖҮЗЖАНОВ Орманбек Тұяқбайұлы (20.6.1948 ж.т., қазіргі Ақмола обл. Городок а.) – мед. ғыл. докт. (1992). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. Қостанай обл. біріккен мед. орт-нда, қ-лық емханада ординатор, бөлім меңгерушісі, бас дəрігер (1973–87), ҚР Денсаулық сақтау мин-нде басқарма бастығы (1987–91), Дəрігерлердің білімін жетілдіру ин-тында доцент (1992–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық мед. ун-тінде кафедра меңгерушісі, мед. ғыл.-зерт. ин-тында лаб. меңгерушісі. Ж. 60-тан астам ғыл. мақала мен 10 монографияның авторы. ЖҮЙРІКОВ Кеңес Қажыгерейұлы (22.3.1936 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – экон. ғыл. докт. (1998), проф. (2000), Қазақ КСР-інің еңб. сің. экономисі (1981). Алматы халық ш. ин-тын (1968, қазіргі Қазақ экон. ун-ті) бітірген. Қазақстанның Қаржы мин. жүйесінде жауапты қызметкер (1963–79), Мемл. сақтандыру басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, Мемл. коммерц. сақтандыру компаниясы басқармасының төрағасы (1979–96), «Сенім» сақтандыру компаниясының президенті (1996–98) болған. 1998 жылдан қазіргі Қазақ экон. ун-тінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ғыл. еңбектерінің негізгі тақырыбы – жекешелендіру процесіндегі сақтандырудың мəні мен түрлері. Ол сақтандыру саласында алғаш рет рынокты, бизнесті жəне сақтандыру шараларын біртұтас қарастыра отырып, нарықтық экономикаға көшу кезеңінде республикадағы сақтандыру процесіне экон. талдау жасады. ЖҮНІСБЕК Əлімхан (12.5.1938 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Шəуілдір а.) – филол. ғыл. докт. (1988), проф. (1999). ҚазМУ-ды (1963, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1964 жылдан Қазақстан ҒА Тіл білімі ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғыл. қызметкер, сонымен қатар Түркістандағы Халықар. Қазақ-Түрік ун-ті қазақ тілі кафедрасының проф. қызметтерін атқарады. 1987 ж. «Түрік тілдеріндегі сөз просодиясы жəне қазақ тіліндегі сингармонизм» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Қазақ тіліндегі «Үндесім заңы», «Байтұрсынов қисыны» («Эффект Байтурсынова») атты теор. қағидалар ұсынған, солардың нəтижесінде сингармонизм фонологиясынан туындайтын жаңа түркі жазуының емлесі мен графикасын (əліпбиін) ұсынды. Академ. жинақтың «Қазақ тілі грамматикасының» (2001) қазақ тілі дыбыстарына арналған бөлімін жазған. «Орфоэпиялық сөздікті» құрастырушылар ұжымының жетекшісі. Орыс мектептерінің 1–4 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқулығын дайындаған авторлардың əдістемелік құралдарын, Қазақ тілін оқытудың компьютерлік бағдарламасы мен ойын-құралдарын жасады. Қолқанат қондырғыларды (оргтехника) қазақша сөйлету проблемаларымен айналысады. ЖҮНІСБЕКОВ Болат (10.9.1946 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сайрам ауд. Сарыарық а.) – тех. ғыл. докт. (1994), проф. (1998). ҚР А.ш. академиясының акад. (2010). Алматы мемл. а. ш. ин-тын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақ а. ш. ин-тында ассистент, аспирант, доцент (1969– 92), кафедралар меңгерушісі К.Жүйріков Ə.Жүнісбек Б.Жүнісбеков ЖҮГІНІСОВ
(1992–2009), 2009 жылдан кафедра проф. «Б.Жүнісбековтің сатысыз берілісі (варианттар)» ерекше өнертабыстық жаңалық болғандықтан бұл беріліске (КСРО патенттік бюросының шешімі бойынша, 1987 ж.) автордың аты берілді. Ж. 200 астам ғыл.- əдістемелік еңбек жариялаған, оның ішінде 20 өнертабысқа берілген инновац. патент, 6 оқулық, 5 оқу құралы жəне т.б. ұсыныстары бар. «Формирование рельефа сельскохозяйственных полей и его взаимоприспособления с машинами и агрегатами» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Құрмет» орденімен (2005), «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен (1994) марапатталған. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемл. грант иегері (2010). ЖҮНІСБЕКОВ Сағат Сұлтанұлы (25.1.1942 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Қазығұрт ауд. Атбұлақ а.) – тех. ғыл. докт. (1991), проф. (1994). Қазақстан Халықар. инж. академиясының корр. мүшесі, ҚР Ұлттық жаратылыстану академиясының акад. Қазақ хим.-технол. ин-тын бітірген (1963). Қазақ хим.-технол. интында ассистент (1966–69), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политех. ин-тында аспирант (1969–72), Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тында аға оқытушы (1972–74), доцент, проф., кафедра меңгерушісі, проректор (1987–98). «Қайнар» ун-тінің Жамбыл бөлімшесінің төрағасы, 2008 жылдан Тараз тех. ин-тының ректоры қызметін атқарады. 150 ғыл. еңбектің, 4 монография, 2 кітаптың авторы. ЖҮНІСБЕКОВ Тұрсынəлі (1946 ж.т., қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Қостүйін а.) – тех. ғыл. докт. (1988), проф. (1991). Жамбыл гидромелиоративтікқұрылыс ин-тын бітірген (1967). Осы ин-тта ассистент, аға оқытушы, доцент, проф., кафедра меңгерушісі жəне Тараз мемл. унтінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 120-дан аса ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. 7 авторлық куəліктің иегері. ЖҮНІСОВА Жаңылдық Нығызбайқызы (8.2.1955 ж.т., Қарағанды обл. Бұхар жырау ауд. Белағаш а.) – филол. ғыл. докт. (2001), проф. (2008). Қарағанды мемл. ун-тін (1979) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1979–81), Қарағанды пед. ин-тында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1989–96), Қарағанды мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі (1996–2003), декан (2003– 06), ҚР БҒМ к-тінің аға қызметкері (2006–07), ЕҰУ ректорының кеңесшісі (2007–08), кафедра меңгерушісі (2008–09), қазір проф. Негізгі ғыл. бағыты билингвальды лексикография теориясы, грамматикография, фразеография, салыстырмалы-тарихи жəне салғастырмалы тіл білімін зерттеуге арналған. «Категория глагольного времени в грамматикографии: коммуникативно-контенсивный аспект» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. «Сорос-Қазақстан» қоры грантының (2000, 2001, 2002), ҚР БҒМ мақтау грамоталарының (2005), алғыс хаттар (2004, 2005, 2012), иегері, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2009). Ж. 90-нан астам ғыл. еңбектердің авторы. ЖҮНІСОВА Жаңылжан Қасымқызы (12.8.1951 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Петропавл қ.) – саясаттану ғыл. докт. (1996). ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ), Мəскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1981) бітірген. Петропавл пед. ин-тында аға оқытушы, доцент (1974–76 жəне 1981–88), Алматы жоғары партия мектебінде, Қазақстан менеджмент, экономика жəне жоспарлау ин-тында доцент (1988–92) болды. 1992 жылдан ҚР ҰҒА Шығыстану интында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. С.Жүнісбеков Т.Жүнісбеков Ж.Жүнісова Ж.Жүнісова ЖҮНІСОВА
ЖҮСІП Қадыр Өтегенұлы (10. 1.1937 ж.т., Атырау қ.) – ақын, филол. ғыл. докт. (1996), проф. (1998). Атырау мемл. пед. ин-тын (1961, қазіргі Атырау мемл. унті) бітірген. Атырау обл. халық шығарм. үйінің директоры, мектеп директоры (1961–82) болды. 1982 жылдан Атырау мемл. ун-тінде оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ж-тің «Ж.Нəжімеденовтің ақындығы» (1995), «Жыр жиһазы» (1995), «Жазушы. Ғалым. Ұстаз» (1997), «Шың мен шыңырау» (1999). ғыл. еңбектері жарық көрген. Ж. 100-ден астам ғыл. мақаланың, т.б. кітаптардың авторы. ЖҮСІП Қуандық Пазылұлы (2. 11.1941 ж.т., Павлодар обл. Баянауыл ауд. Жаңажол а.) – филол. ғыл. докт. (1994), проф. (1996). Əлеум. ғылымдар академиясының акад. ҚазПИ-ді (1964, қазіргі ҚазҰПУ), Қазақ КСР ҒА-ның Əдебиет жəне өнер ин-тының аспирантурасын (1967) бітірген. КСРО Жазушылар Одағының (1979), Қазақстан Жазушылар Одағының (1992) мүшесі. Семей пед. ин-тында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1968– 78), Екібастұз инж.-тех. ин-тында (1995–97) қызметтер атқарды. 1997 жылдан Павлодар мемл. унтінде кафедра меңгерушісі. «Қазіргі қазақ лирикасындағы стиль жəне бейнелілік» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. Мəшһүртану ілімін ұйымдастырушы. Мəшһүр Жүсіп шығармаларының толық жинағының жауапты редакторы. 1991 жылдан респ. «Абай» журналының алқа мүшесі, 2002 жылдан респ. «Қазақстан мектебі» журналының ақылдастар кеңесі мүшесі. Сонымен бірге 1975–84 ж. Қазақ КСР Ағарту мин-нің қазақ тілі мен əдебиетіне арналған жинақтарының алқа мүшесі болды. 200-ден аса ғыл. мақаланың авторы. «Қазақстанның ағарту ісінің үздігі» (1991), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2001), «С.Торайғыров» (2010) төсбелгілерімен марапатталған. ЖҮСІПАЛИЕВА Дина Муфтахқызы (20.9.1947 ж.т., Алматы қ.) – пед. ғыл. докт. проф. ҚазМУды (1970, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Гурьев (Атырау) пед. ин-тының ассистенті (1970–72), ҚР ҰҒА Хим. ғыл. ин-титутының аспиранты (1972–76), лаб. инж. (1976– 77), Қарағанды мемл. ун-тінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1977–87), қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-тінің бірінші проректоры, оқу жəне қашықтықтан оқыту проректоры (1989–2001), Баға ин-тының бірінші проректоры (2001–02), Қазақ ұлттық агр. ун-тінің бөлім басшысы (2002–03), проректоры (2003–10), 2011 жылдан Алматы гум.-тех. ун-тінің ректоры. Негізгі ғыл. бағыты жоғарғы мектеп жəне студенттерді қашықтықтан оқыту мəселелерін зерттеуге арналған. «Теоретические основы формирования информационной культуры студентов в условиях дистанционного обучения» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Халыққа білім беру үздігі (1998), Ы.Алтынсарин атынд. медалдің (1995), «Ерен еңбегі үшін» медалінің (2006), «Ғылым жолындағы үлкен жетістіктері үшін» төс белгісінің (2005), «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» (1999), «Астананың 10 жылдығы» (2007), «ҚР Тəуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медальдарының (2011) иегері. Ж. 165-тен астам ғыл еңбектің авторы. ЖҮСІПБЕКОВ Асқар Жағыпарұлы (1955 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Шыңғырлау ауд. Ағатан а.) – тех. ғыл. докт. (1985). Ленинград инж.-құрылыс ин-тын (1977, қазіргі Санкт-Петербург) бітірген. 1996 жылдан Қарағанды металлургия ин-тында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. 100-ден аса ғыл. еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы бар. Қ.Жүсіп Қ.Жүсіп Д.Жүсіпалиева А.Жүсіпбеков ЖҮСІП
ЖҮСІПБЕКОВ Дəулет Қалыбекұлы (1961 ж.т., Қызылорда обл.) – геогр. ғыл. канд. (2002). ҚазМУ-ды (1986, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1998) бітірген. 1986–93 ж. Қарағанды гидрометеорология орт-нда инженер-гидролог, бөлім бастығы, 1993–95 ж. Қарағанды мемл. ун-тінде аға оқытушы, 1998– 2002 ж. «Қазақ энциклопедиясында» редактор қызметтерін атқарды. 2002–11 ж. ҚазҰУ-де аға оқытушы, доцент, оқу-əдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасар, 2011 жылдан кафедра меңгерушісі. «Балқаш көлінің деңгейі мен минерализациясының тербелісіне болжам жасау» тақырыбында канд. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты – тұйық сулардың гидрологиясы мен гидрохимиясы. Ж. Балқаш к-нің бұрынғы кезеңдегі жəне қазіргі уақыттағы суы деңгейінің жəне минералдануы дəрежелерінің өзгеру заңдылықтарын зерттеп, олардың болашақтағы өзгерісінің матем. моделін жасады. ҚХР аум-нан алынатын сулар мөлшерін ескере отырып, көлдің гидрол. режимінің өзгерістеріне болжам жасады. 30-ға жуық ғыл. еңбектің, 1 оқулық, 6 оқу құралының авторы. ЖҮСІПБЕКОВ Өмірзақ Жұмəсілұлы (3.8.1952 ж.т., Жамбыл обл. Байзақ ауд. Еңбек а.) – хим. ғыл. канд. (1983), тех. ғыл. докт. (1994), проф. (1997). ҚазМУды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-де инж., деканның орынбасары (1974–94), ҚР ҰҒА Хим.- технол. ғылымы бөлімінде акад.- хатшы орынбасары (1994), ҚР БҒМ іргелі ғылымдар бағдарламасының бейорган. заттар технол. ғыл. негіздерін зерттеу саласында ғыл. жетекші (1994–95), ҚР ҰҒА Хим. ғыл. ин-тында лаб. меңгеруішісі, директордың орынбасары (1995–2007), 2009 жылдан бас директордың орынбасары. Негізгі ғыл. бағыты құрамында фосфат-, күкірт-, боржəне гуматы бар қосылыстар, бейорган. композиц. материалдар, минералды жəне органо-минералды тыңайтқыштарды алу жолдары мен олардың технологиясының теор. негіздерін зерттеу, сондайақ фосфор жəне күкірт қышқылдарын табиғи сорбенттермен тазалау үрдісінің заңдылықтарын айқындау жəне техногенді қалдықтардан өнімдер алудың технологиясын жасау, пайдалану мақсатында ұсыныстар дайындап, оларды өндіріске енгізу жұмыстарымен айналысады. «Термиялық фосфаттарды шикізаттардан үнемдеп алу технологиясын жасау» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2002) жəне ҚР БҒМ мақтау қағазымен (2006) марапатталды. Ғыл.-зерт. жұмысы жылдың үздік жобасы атағын алып ҚР ҰҒА сертификаты берілді (2006). ЖҮСІПОВ Махамбет (12.1.1948 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Бостандық ауд. Газалкент қ., қазіргі Өзбекстан) – филол. ғыл. докт. (1993), проф. (1998). Ташкент қ-ндағы Респ. орыс тілі мен əдебиеті интын бітірген (1971) соң осы интта оқытушы (1971–78), доцент (1985), кафедра меңгерушісі (1993–97) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан Өзбек мемл. əлем тілдері ун-тінде кафедра меңгерушісі, проф. 1992 ж. «Сингармонический звуковой строй в сопоставлении с несингармоническим (на материале казахского и русского языков)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 95 ғыл. жарияланымның авторы. ЖҮСІПОВ Нартай Қуандықұлы (30.5.1970 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – филол. ғыл. докт. (2007), проф. (2007). ҚазМУ-ды (1994 қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Екібастұз жоғары пед. колледжінің аға оқытушысы (1994–98) қызметтерін атқарды. 1995–97 ж. ҚР ҰҒА-ның Əдебиет жəне өнер ин-тында ізденуші. 1998 жылдан Павлодар мемл. ун-тінде аға оқытушы, доцент, проф., 2008 жылдан кафедра меңгерушісі. «ХХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 200-ден астам ғыл.-зерт. жарияланымның, оның ішінде 4 монография, 5 оқу құралы, 15 кітаптың авторы. «Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы», «С.Торайғыров», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. Д.Жүсіпбеков Ө.Жүсіпбеков Н.Жүсіпов ЖҮСІПОВ
ЖҮСІПОВА Ғалия Евентайқызы (8.8.1945 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Бостандық а.) – хим. ғыл. докт. (2007), проф. Мəскеу нəзік хим. технол. интын (1969) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) стажер-зерттеуші, аспирант, кіші ғыл. қызметкер, аға оқытушы, доцент (1969– 2008), 2008 жылда н химия жəне табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының проф. Ж. Орган. жартылай өнімдер жəне бояғыштар ғыл.-зерт. ин-тында (1973, Мəскеу), Мəскеу мемл. ун-тінде (1978, Мəскеу), Бүкілодақтық дəрілік өсімдіктер ин-тында (1980, Мəскеу), М.М. Шемякин жəне Ю.А. Овчиников атынд. биоорган. хим. ин-тында (2005, Мəскеу) ғыл. тəжірибеден өтті. «Limonium Mill туысы өсімдіктердің химиялық құрамы жəне олардың негізінде препараттар жасау» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Ж. ҚР табиғи қосылыстар хим. саласында жетекші маман. Қазақстандық Limonium Mill туысы өсімдігінің қазақстандық түріне мед. жəне а.ш. базасында өндірістік мəні бар жаңа жоғары эффективті отандық препараттарды теор. жəне эксперименталды негізде зерттеудің жаңа ғыл. бағытын ұсынды. ҚР БҒМ Ғыл. қорындағы 3 қатерлі жобаның жетекшісі болды, респ. ғыл. жəне қолданбалы бағдарламалардың жетекшісі. «Өнертапқыш-əйел» жеңімпазы (2005). ЖҮСІПОВА Дəрия Бекайдарқызы (Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (2010). ҚазМУ–ды (1976) бітірген. Қазақстан ҒА Микробиология жəне вирусология интында (1976–90) қызмет етіп, 1990 жылдан ҚазҰПУ-да проф., деканның орынбасары қызметтерін атқарады. 2011 ж. ҚР Президентінің «Болашақ» халықар. стипендиясын иемденіп, Германияда (Аахен қолданбалы зерт. ун-ті) ғыл. стажировкадан өтті. Ж. 140 ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 авторлық куəлік пен патенттердің авторы. ЖЫЛҚЫБАЕВ Орал Таңқыұлы (30.3.1955 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Ұзынбұлақ а.) – хим. ғыл. докт. (2007), проф. Ресей жаратылыстану академиясының акад. (2011), Еуропа жаратылыстану академиясының мүшесі (2011). ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1977–79), ҚР ҰҒА Хим. ғыл. ин-тында инж., аға инж., кіші, ғыл. жəне аға, жетекші ғыл. қызметкер (1979–90), Алматы технол. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан, тест бөлімінің бастығы (1990–2010), 2010 жылдан ҚазҰУ-де кафедра проф. Негізгі ғыл. бағыты табиғи алкалоидтар құрылымының негізі болып табылатын моножəне бициклды пиперидиндер қаңқасына биол. белсенділік «тасымалдаушы» фармакофорлы фрагменттер енгізу арқылы хим. модификацияҒ.Жүсіпова лап, оның конформац. жəне стереохим. заңдылықтарын анықтай отырып, мед. мен а.ш-на қажетті биол. белсенді, тиімділігі жоғары препараттар табуға арналған. Ж. алдын-ала берілген қасиеттерге ие азотты гетероциклдарды бағытты синтездеуді дамытуға елеулі үлес қосты. «Табиғи алкалоидтардың моножəне бициклды пиперидинді аналогтарының синтезі, стереоизомериясы жəне өзгерістері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ж. 100-ден астам ғыл. мақала, 12 патент, 9 авторлық куəлік, 7 алдын ала патенттің авторы. Ç ЗАБИРОВ Ильгизар Шарифұлы (29.6.1923 ж.т., Қырғызстан, Қаракөл қ.) – мед. ғыл. докт. (1968), проф. (1970). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1-Мəскеу мед. интын бітірген (1952). 1966–70 ж. Целиноград мед. ин-тында (қазіргі Астана мед. ун-ті) кафедра меңгерушісі, 1970–76 ж. Қарағанды мед. ин-тында (қазіргі ун-т) кафедра меңгерушісі, декан, 1979 жылдан Алматы мемл. мед. ин-тының Шымкент бөлімшесінде кафедра меңгерушісі, декан (1979– 80) қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері фармакология мəселелеріне арналған. 2 авторлық куəліктің авторы. 2-дəрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ЗАБИРОВА Айгүл Тілеубайқызы (31.5.1962 ж.т., Ақмола обл. Ақкөл ауд. Кеңес а.) – əлеуметтану ғыл. докт. (2004), проф. (2010). Мəскеудегі жастар ин-тын (1991) бітірген. Еуразия ұлттық ун-тінде О.Жылқыбаев ЖҮСІПОВА
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру