Ит дүние
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел тарихын көп білетін шежіреші ретінде танымал. Шығармаларында әлеуметтік, адамгершілік мәселесін ашып көрсеткен. Адам бойындағы теріс қылықтарды сынаған, адамның мінез-құлқындағы жақсылық пен жамандықты салыстыра бейнелеген. Достық, ақыл-ой, ақыл туралы жазған ғибратты сөзде...
Таңдамалы
ӨЛЕҢДЕР
Қадырым жоқ, күнде көрген ағайынға, Ағайын сатып, алтын алайын ба? Бәйгеге бабым тауып қосар жан жок, Лағып айдалаға шабайын ба?!
ҚОЛЫМА ҚАҒАЗ, ҚАЛАМ АЛАЙЫН ДА
Қолыма қағаз, қалам алайын да,
Лапылдап тал отындай жанайын да.
Естіген, көргенімді әңгіме ғып,
Дүниенің базарына салайын да.
Бұлбұл қүс гүлстанда гүлге ғашық,
Көбелек, сірә, жүрмес оттан қашық.
Көлеңке денесінен кайда кетсін,
Өлең-жыр бізге сондай болған машық.
Ойласаң, бұ жалғаннан кетпеймісің,
Мезгілсіз, келсе мейман, күтпеймісің.
Хан-қара, бай-жарлының бәрі де өткен,
Жалғаннан сен де бір күн өтпеймісің?!
Әркім-аң өліп жатыр боқ басында,
Біткен соң санаулы дем, тоңтасын ба?
Бұл тойға бұрын барып, орын алмай,
Отырып қаласың ба от басында?!
Шабыт қыл қыран құстай шарыққа ұшып,
Шақырсын саятшылар жемін тосып.
—Біреуі көп қарақұс болып жүрме,
Көрінсе қайда жемтік, соған түсіп.
Бұл жалған қанша қусаң, ақыр — өлім,
Аларсың бір сыбаға онан тыйым.
ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТ
Дүниеде өзін, өлсең, сөзің қалсын,
Сөйлеп қал осындайда, қызыл тілім!
Туған күн ертеңменен кешке батар,
Саудырап он саусағын, көрде жатар.
Бұл дүние тынымы жоқ ескен желдей,
Қаңбақтай бір күн еріксіз домалатар.
Кетесің бұ жалғаннан еріксіз өзің,
Құйылған кұңга толар екі көзің.
Жылқыдай жау айдаған кетсең жытып,
Қазылған жолдай болып қалсын ізің.
Сұм жылан, қызығына жүрмін тоймай,
Мінезді жастықтағы өлі қоймай.
Ап кетсе абайсызда ажал бір күн,
Жүргенде біз далактан күліп-ойнай.
Боламын кейде жүйрік, кейде жорға,
Бұл дүние көп куғанмен түспес колға.
Байланып арқан жіпсіз аяк пен кол,
Кете алмай жүргенім, ой ұзақ жолға.
Басыма қыла алмадым пайдалы істі,
Жұмыс пен ылғи залал өмірім кешті.
Пенденің ойлағаны болған бар ма,
Алланың, ар не қылсын, әмірі күшті.
Дүние-ай, талмай кл'ын жете алмадым,
Нәпсімен болдым даулы, біте алмадым.
Мойыныма үзілмейтін арқан түсті,
Қанрат кып, үзіп тастап кете алмадым.
Табылды өз бойымнан екі дұшпан,
Біреуі іштен болғанда, бірі — тыстан.
Есте жоқ, алтын, күміс тілін білген:
Қорытын айырып алар бізді мыстан.
Салымыз болған біздің лан балшықтан,
Бар қылып жаратқан Хан бізді жоқтан.
Біз жүрміз тазаланып, арыла алмай,
Нажасат үстімізге жұққан боқтан.
Қалыпқа, ұста қойса, кірпіш болдық,
Қаланып қой қорақа тас боп тұрдық.
Ең іске жарағанда болдык қора,
Мұнымен бұ жалғанда қадайша оңдық?!
Лай болып, басылмадық қырық күн ұдай,
Сылдырлап шығар едік ақ шыныдай.
Базарда қымбат пұлға өтер едік,
Қайтейік жазбаған соң патша құдай?!
Кен болып, бола алмадық мыстың тасы,
Хайуанның болып жүрміз бергі қасы.
Мыстан — күміс, күмістен алтын айырып,
Табылса, алар еді-ау ол ұстасы!
Түспес ек, алтын болсақ, қолдан-қолға,
Керек қып алар еді әркім пұлға.
Дәнемеге жарамай қалғаннан соң,
Қосып, шатып жүрміз ғой тұзды сорға.
Темір болсақ, дүкенге түспес пе едік,
Көркейіп бұрынғыдай өспес пе едік?!
Пышақ, балта, қанжардың бірі болып,
Болаттай кез келгенді кеспес пе едік?!
Болмадықтым болмаса қара темір,
Ерітіп ағызбай ма қызған көмір?!
Колында көрінгеннің қайрақ болып,
Таусылып қоршылықпен өттің өмір.
Біз жүрміз үкі құстай, күзетіп боқ,
Алады кім көрінген бір-бір тал шоқ.
Қызығып жүнімізге қылады әуес,
Ол жүннің өзімізге пайдасы жоқ.
Көреміз үйтіп-бүйтіп күнімізді,
Шығармай жұрт естір деп үнімізді.
Күндіз ұшып жүруден бой сақтадық,
Алған соң әркім жұлын жүнімізді.
Сықылды менің сөзім қызыл түлкі,
Қызықты түлкіден де ажар көркі.
Үстіңнен — құс, астыңнан ит жүгіртіп,
Тамаша көрген жандар қылар күлкі.
Пайда жоқ бір тиындай басымызға, Сауысқан, қарға үймелеп қасымызға. Жүзінде жалған дүние түк бітірмей, Өткіздік өткен өмір - жасымызға. Жалғаннан қыла алмадық біздер пайда, Ойлаған жанның қамын(ғамын) сабаз қайда? Түні өтіп, бұ жалғанның таңы атқан соң, Белгісіз боларымыз қандай жайда?! Бұ дүние-айсыз бұлт, қараңғы түн, Жалған сөз-ер жігіттің бойына мін! Жалғанға жетемін деп қуа берсең, Таң атып, жарық сәуле, шықпайды күн! Жаяудың қанша жүрсе, шықпас шаңы, Асырауға көнбес мал боп түздің аңы. Көрерсің өз бойыңды өзің сонда, Жарқ етіп ақыреттің атса таңы. Біраз күн бұ жалғанға алданарсың, Дүниені өтпес біліп малданарсың. Күн болса құдай алдын бір көретін, Біле алмай қайтеріңді сандаларсың. Қыл көпір қияметтің қылдан тайғақ, Періште төрт мұқарраб барар айдап, Қол-аяқ куә болып қылмысыңа Шығады өз денеңнен сегіз айғақ. Жүргейсің бір құдайды ойыңа алып, Алдына мөлиерсің еріксіз барып. Жан беріп, мұндағыдай жалған сөйлеп, Шараң жоқ құтылатын онан танып. Өлген соң тірілу жоқ, әркім білер, Дүниеде не қылғанын сонда көрер. Құдайым фазынына алып оңдамаса, Қылық жоқ бізде орынды жөнге келер. Сарғайдық, көп ойласақ, санаменен, Күйдірмес бізді өтірік жаламенен. "Тар жол, тайғақ жерлерге" қыстырылмай, Жүрейік жазы жапан даламенен. Алланың қаһарынан рахматы көп, Күн бұрын таусылмайық біз уайым жеп. Жалғанды қызықпенен өткізейік, Қурайық әрбір түрлі әңгіме кеп. Біз үшін жаратыпты бұ жалғанды, Демейді онша жақсы құр қалғанды. Жаратқан пендесіне тәңірім қорған, Қылып өт, бозбалалар, ойға алғанды. Шәйт қыл, қыран құстай шарыққа ұшып, Жалғанды басып, жаншып, судай кешіп. Мылтық ат, тазы жүгірт, қаршыға сал, Жүйрік пен, келсе шамаң, сұлу құшып. Кетпендер ішке сақтап арманыңды, Қылып өт жалғанда ойға алғаныңды. Өлген соң, болсаң қанша, кім біледі Басында қай төбенің қалғаныңды?! Бозбала, тірілікте ойнап-күлсін, Көзге түс, әр іс қылып, халқың көрсін. Ат шығар әр нәрсеге басың шатып, Аузында дос-дұшпанның атың жүрсін. Дүниенің базарында арзан нарқым, Болса да нарқым арзан, қымбат-даңқым! Қадірім жоқ тірілікте ағайынға Өлген соң: "Әттегене!"- дерсің халқым! Қадірім жоқ күнде көрген ағайынға Ағайын - сатып, "Алаш" алайын ба? Бәйгеге бабым тауып қосар жан жоқ, Лағып айдалаға шабайын ба?! Қадірден қалдың, ашына, танысымнан, Жасымнан шыққан жұртқа, дабысымнан! Тұғыры айырбастың сықылдандым. Айырылып жас шақтағы шабысымнан. Тұрады топты көрсем, бүйірім қызып, Делебем айғай шықса, кетер қозып. Алдыма ұзап түсіп, бәйге алған жоқ, Бір басты, екі аяқты менен озып. Бозбала, жүрген жерім күнде жиын, Тауыстым ойлай-ойлай бастың миын. Қатыннан енді мендей ұл туғанмен, Шығуы Мәшһүр болып болар қиын. Біздерге бүл өнерді берген құдай, Бола алмас кейінгі жан бұрынғыдай. Сегіз қиыр шар тарап түгел келіп, Әркімге Мәшһүр болу болмас оңай. Жұрт айтар: "Біздерге ондай болу қайда-Әңгіме болып жүрген әрбір жайда?! Қоңыраудай құр сылдырлап, іште дән жоқ, Жерім жоқ Мәшһүрліктен көрген пайда!" Сыртым сау, өртенемін ішім күйіп, Жасымнан еркелеткен халқым сүйіп. Зарарлы адамзатқа тікендеймін, Соқтығып көрінгенге сөзбен тиіп. Болмадым көлеңкелі, миуалы ағаш, Сүйсінген дабысыма тамам алаш. Барады басым жерге иілместен, Сықылды қаттылығым емен ағаш. Ағашы бола алмадым өрік, мейіз, Бал мен қант ләззатындай сөйледім сөз. Жарқырап топтан озып бәйге алғанмен, Ағалар, шықпайды екен басқа мүйіз! Бұлбұлдай заманымда жүрдім сайрап, Барады өнер, шіркін, іште қайнап. Дүниеде қанша дәурен сүргенменен, Жатармыз бір төбенің басын жайлап. Қызыл гүл, не пайдаң бар толғаныңмен, Күз болса, жұмысың жоқ солғаныңмен. Мәшһүрі ақыреттің бола алмасаң, Не пайда бұл жалғанда болғаныңмен. Алашқа болған таныс жазған хатым, Ұрғаным Сүйіндік пен, қазақ - затым, Болмаса ақыретте бір пайдасы, Құрысын елден бұрын Мәшһүр атым. Білмедім мен залалын о басынан, Сөйледім әрбір сөздің жобасынан. Көпке ортақ қызыл тілді аямадым, Үміт қып дін қарындас дұғасынан. Сөз білген соң, сөйлемей қалу айып, Қорқамын кете ме деп аяқтайын. Белгісіз не боларым мұнан былай, Тілеймін көптен дұға қолым жайып. Не болар мұнан былай бұл кәріп бас, Әркімге бола бермес екі елу жас. "Халықтың тілі, құдайдың қаламы!"- деп, Қылыңдар жақсы лепес, дін-қарындас. Елек қойып болмайды ел аузына, Өлеңім, бірте-бірте кел аузыма. Иншалла, жүрсем аман, болман жаман, Ілінсем жақсылықпен ел аузына. Әрқашан үмітім бар жақсылықтан, Жас едім, қариялардан кеңес ұққан. Аузыма қызыр бабам сөз салған соң, Сөз қылып жаза бердім бардан-жоқтан. Өнерім, сөз сөйлесем, судай тасқан. Сөзім бар тасқандардың көңілін басқан, Мүбәрак ғазизлардың көрдім жүзін, Жерінен жүрген-тұрған шайтан қашқан. Әркімнің, айтқан сөзім, көңілін ашқан, Кітапқа жанасалап жақындасқан. Аяғым, кете керме жаман жолға, Қыдырдың қыдырғанда ізін басқан. Сөзімде, кешіріңдер болса хата (қате), Біздерге дарып кеткен өлеңші ата. Болсам да мұнан былай өлі-тірі Үмітім-баршаңыздан жақсы бата! Қылсам деп үмітім жоқ дүние пайда, Біздерге өткен дәурен енді қайда?! Қылсын, - деп, - құдай рахмат - етіңіздер, Белгілі жұрт білетін қалсам жайда. Жүргенмен не бітірдім тірі болып, Көңілдің тазармаған кірі болып. Қоршылық мұнан артық болсын қандай, Қалған соң көп моланың бірі болып. Сайраған көңіл ашып қызыл тілім, Көтерген еркелігім қайран елім! Қыламын бұ жалғанда нені арман, Тіріден болса артық өлген күнім?! Түзелсе әуелгіден ақыр соңым, Бұл күнде бірдей боп жүр бары-жоғым. Болам деп мұнан былай әлдеқандай, Қанша айтып жатқанымның бәрі-өз мұңым! Оянбас сұм жүрегім ұйықтап жатқан, Күнәға мұңлық басым күнде батқан. Өткіздім ұзын түнді ұйқыменен, Малдай боп бауыздалмай арам қатқан. Құдайға жыламадым ерте тұрып, Қақпалап, мініп лағын, мойынға ұрып. Пайдасыз лағу сөзбен күн өткіздік, Беталды үрген иттей түзді қорып. Аллаға біз қылмадық жағар істі, Қап-қара күйеден де қылдық ішті. Он бес пен жиырма бес-ол-денсаулық, Бадырайып жас жеткен соң көзге түсті. Өткіздік екеуін де қадірін білмей, Енді жұрт кімге күлсін, бізге күлмей! Бәрі де туған жанның өліп жатыр, Тұрсын ба енді нәубет бізге келмей?! Білеміз өлуді анық, жабдығы жоқ, "Әлі көп жасаймыз!" - деп, көңіліміз тоқ. Қоңыздай кетсек бір күн домаланып, Бейнетпен, қалар тегіс, жиылған боқ. Құдай-ау, алдандырдың бізді жоққа, Мұнша құмар қып қойдың дүние боққа. Есі енбеген баладай ұмтыламыз Жан үзіп жанып тұрған қызыл шоққа. Өткіздік ойынменен балалықты, "Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал" шықты. Бір дұшпан иегімнің қақ астында, Соңымнан қайда барсам қалмас тіпті! Адамға үлкен дұшпан-жұтқын тамақ, Үлкен жау, ұйықтамасаң, болар қабақ, Тығынын бір тесіктің толтырам деп, Күнәны үсті-үстіне жүрміз жамап. Адамға күнә қайдан? - Көз бен тілден! Қаңғырып әуре болдық іздеп елден. Көрген көз, сөйлеген сөз, - бәрі күнә, Іздеуге (ізлеуге) қажет емес бөтен жерден. Қайтпадық тәубе қылып жасымыздан, Ақымақтық талай кешті басымыздан. "Бір жақта күнә деген жүр ғой"- десек, Табылды өзіміздің қасымыздан. Күлуші ек бала күнде сақалы аққа, Аяңдап біз де келдік өлер шаққа. Баяғы бала күнгі ойда жүрміз, Жіберіп көңілімізді әр тарапқа. Жас жетіп ер ортасы болдым өзім, Тәубені, өтіп кетті, қылар кезім. Бала-шаға, көр-жермен айтысамын, Астына иегімнің түспей көзім. Жас күнім өтіп кетті ақ алмастай, Күн болды іздесек те, таба алмастай. Кеткен жас, ағарған шаш, - есепке алмай, Ойнаймыз жастарменен замандастай. Мінезді бозбалалық кайта бастап, Былғадық адамдықты мұнша ластап. Әмір, Мағрұб орнына өсек айтып, Әр жерге төрт-бес ауыз өлең тастап. Құдай сөзі-Құранды қойдық жауып, Келін-кепшік, көр-жерге көңіл ауып, Азан үшін шайтанға жаратылған, Бір итті өлең деген алдық тауып. Дүниеден озамыз деп, көп жарыстық, Жетпесті мұнша қуып арпалыстық. Шақыртып әр жерде азан шайтан үшін, Біз-дағы пособлять қып ат салыстық. Жері жоқ бізден жастық мінез қалған, Жетеді іздегенге шын ойға алған. Жүгіртіп көз соңынан көңілімізді, Біз жүрміз көрмей дамыл, қуып жалған. Шындыққа баса алмаймыз жұмылмай көз, Тоқтармыз болған күні келігім-бөз. "Алсын - деп - бізден ғибрат естіген жан!"-Жатырмын сөйлеп жұртқа әр түрлі сөз. Әңгіме кімнен шықсын, менен шықпай? Айтқанмен, құр қаласың көбің ұқпай. Сөз қылып барды-жоқты жаза бердім, Ықыласты қарындастың көңілін жықпай. Болмағың жақсы-жаман әуел бастан, Белгілі ат болары құлын жастан. Өң беріп, жылтыратып ысқанменен, Болғанын, көрдің бе айна, қара тастан?! Қара тас ең болғанда қайрақ болар, Балта, шот, пышақтарды қайрап болар. Дөңгелек диірменге шарық болып, Ұндай қып көрінгенді шайнап болар. Ай орнын аспандағы бұлт алып, Орнында дүр гауһар - су тас қалып. Құр тікен, қызыл гүлсіз, қолға түсіп, Ауызға қант орнына заһар салып. Береке, мейір, шапқат болды ұмыт, Күн бұрын күдер үзіп, көңілің суыт. Жақсылар ай сықылды - бәрі кетті, Аспандап жүрген жанның бәрі-бұлт. Есекті сасқаныңнан дейсің тұлпар, Бәйге аты боламын деп өгіз іңкәр. Аспандап ұзақ карға ұшқанменен, Бола ма қыран болып, лашын, сұңқар?! Келмейді өткен өмір жоқтағанмен, Түк өнбес ұрып, соғып боқтағанмен. Жолаушы жол үстінде көрмес хызыр, Далаға отсыз, сусыз тоқтағанмен. Дүниеден, шапқан аттай, өткен өмір, Қарақшы - көрдің басы - бәйгелі жер. Кім озып, кім қалады-мағұлым емес, Бәйге алсаң, сол жерде озып, болдың ғой ер! Өмірді қымбатқа алған-арзан саттық, Жастықтың қадірін білмей босқа жаттық. Күнәны - арзан, сауапты қымбатсынып, Обалға белшемізден күнде баттық. Біле-көре білместің қылдық ісін, Қайта-қайта айтамыз оның несін?! Бір оңай сез айтуға тауып алдық: "Құдай өзі әйтеуір құлым десін!" Тұқым салмай, алар ма егін орып, Кім балалы болыпты бойдақ жүріп?! "Еккен орар, - деген сөз, - берген алар", - Көрдің бе бәйге алғанды қарап тұрып?! Түн болса, белгілі тұр бір жатуы, Үміті барша жанның - таң атуы! Түсіне сәтенсіздің бөз кіреді, Әркімнің жақсы көрер бір татуы. Ит сүйекті түсінде кеміреді, Шөлдеп жатқан айнымай су көреді. Түсіне саудагердің ақша кіріп, Ояна сап базарға жүгіреді. Ішпек, жемек, ұйықтамақ, қатын құшпақ, Біреу тері уқалап, біреу-пұшпақ. "Мал, бала, мәртебе!" - деп, алас ұрып, "Алдымда, - ойламайды - бар - деп - қыспақ!" Біреу - жылқы, алданып біреу-қойға, Теке сеніп сақалға, түйе - бойға! Әркім сеніп өзінің сүйгеніне, Бұл күнде алмай кетті құдайды ойға. Өнерге ұмтылмайды-ғылым, білім, Сол үшін басқа жұртқа болдың тілім. Кеңірдек талай-талай келіп еді, Қайтейін: "Бөтені жоқ, бәрі, - өз елім!" Аралас ор түрлісі адамзаттың, Көп жүрдік біз ішінде бөтен-жаттың. Төбеңе көтерер ең, қазақ, сорлы, Әрине, бірі болсам, ноғай, сарттың! Айыбым: мен де өзіндей болдым қазақ, Көп болмай, бола қойсын ақылым аз-ақ! Аласың кімнен бәйге мұнша аптығып, Өлеңмен қылғаныңмен мұнша мазақ?! Қара жол әркім жүрген қалар жатып, Көшпейді күні жетсе, кім түн қатып?! Құдайдың өзі берген бір нәубеті, Ешкімнен алғаным жоқ өлең сатып. Мергендер түздегі аңды алар атып, Сілесі, қолға түсер, әбден қатып. Саф жауһар, асыл болат, өткір қылыш, Тот басар суырылмастан қында жатып. Ерімес қалған көңіл мұздап, қатып, Жасытып, тастаған соң жабырқатып. Бір делдал қолына алып, қыдыртпаса, Сандықтан шықпаған пул қалар жатып. Қымбатқа жолай алмас әркім батып, Білерсің бал екенін көрсең татып. Қиын-ды жеткізуің бағасына Өзіңді, базар салып, өзің сатып. Бейнетің қанша қылған жанбаған соң, Кім көреді базарға салмаған соң. Жез де бір, алтын да бір жерде қалса, Қадірлеп ешкім қолға алмаған соң. Мүйіз жүр насыбайға шақша болып, Көркейер қорғанды жер бақша болып, Қадірлеп жұрт қолына алғандықтан, Қағаз жүр алақандай ақша болып. Тастады жазып құдай жолдарыңа, Қарайсың онды қойып, солдарыңа. Бірі де көп нәрсенің жерде жатқан, Керек қып алмаған соң қолдарыңа. Қызығы жаңа жұрттың бір екі-үш күн, Жеңсігің жеріген соң, келер көшкің. Пайдасын сыртындағы керек қылмай, Суынан ішіндегі келеді ішкің. Сөзімді тыңдай берсең, тарқар шерің, Кетеді тазаланып ішкі кірің. Ішіне осынша су сыйған ыдыс Керек деп ойламайсың бір де бірің. Бұлбұлды танымайсың тұрған сайрап, Атасың торғай ғой деп, таспен байлап. Таусылмас бұл не қылған су демейсің, Бұлақтай ағып жатқан көзі қайнап. Заман жоқ, ырыққа жүріп, оң айналған. Бәрі де қиын істің оңайланған. Бұзылып, әсіресе, біздің заман, Көлдей боп қой тоғытқан, ылайланған! Қоғалы шамға білте мақтаны алар, Алғанмен майсыз мақта қалай жанар? Жауын мен жел тиетін жерге қойсаң, Саулап жанып тұрғанмен, сөніп қалар. Дүкеннен жаңа шыққан, - мен, - бір мақта, Бозбала, жағып қара, майым тап та. Түніңді күндіз қылып жіберейін, Жаңбыр мен жел тимейтін жерге сақта. Көбінде бас болғанмен, ақыл бар ма, Ісінде ойлап тұрсам, мақұл бар ма? Жіп қылып, ұршыққа иіріп, зырылдатып, Кез болдым уқаланып қатындарға. Қолынан қатындардың алмайсың ба, Лайы жоқ, тұнық суға салмайсың ба? Майымды көп қыл-дағы, жағып қара, Тамаша жарығыма қалмайсың ба? Жатырмын айтып мұны қауым көпке, Жаманға — жоқ, жақсыға — біздің өкпе. Ұялмай не бетіңмен сөйле дейсің, Ұршықта келеп болып жүрген жіпке?! Келеді жаңа ашылып сөздің жігі, Шаршап жүр, ауыр болып артқан жүгі. Иін тауып таққан соң қарағайға Сөйлейді қандай онды қойдың шегі?! Сөйлетер бір кісім жоқ бабым тауып, Бағатын желпіп күтіп, кежім жауып. "Шауып ал аяғыңды, ақса!" - дейді, -Бәйгеге қара қарын тоқтай шауып. Бермен қайт, шырқап, көңілім, аспандамай, Іше бер адал болса, ас таңдамай. Аяғым, қара жерді ойғандай бас, Жабырқап, сүйретіліп, ақсандамай. Ер ме едім қажитүғын қара сөзден, Үшқары ендігі үміт-біздің бөзден. Табам деп жұпар иісін, әуре болма, Малманың шелегінде жатқан бізден. Өмірімде(ғұмырымда) ұйықтап өтгім, болмай ояу, Көп артық жаман аттан - жүрген жаяу. Кісіге күтіп кимес киім болып, Өң берген неше түрлі кетті бояу. Ғибрат көп жазған біздің хатымызда, Бір лақап қосақталған атымызда. Дәнеңе жоқ бойымызда іске жарар, Асылдық болмаған соң затымызда. Мәз болып, езу тартып күле алмаймын, Ажалсыз асыққанмен өле алмаймын. Білмеймін: өлі екенім, тірі екенім, Өзімді-өзім айырып біле алмаймын. Жүремін есептемей, аманмын деп, Айта ма есек өзін "наданмын" - деп. Жұрт көзіне түсуден бой сақтаймын, Ешкімге керегі жоқ жаманмын деп. Биікке, бой өсе ме, асылғанмен, Жан сақгап, бойды аулақка қашырғанмен, Түсерсің, жақсы болсаң, жұрт көзіне, Жоғалмай, қанша өзіңді жасырғанмен. "Мен сондай жақсымын!" - деу жарамайды, Бойыңа кісі ақысы тарамайды. Аспандап ұзақ қарға ұшқанменен, Оған жұрт керек қылып қарамайды. Тұрағы биік шында болған сұңқар, "Шығады жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар". Түсуі ел көзіне кем болған соң, Солардың естіген жұрт атына іңкәр.
1199 ж. және 1911 ж.
ЖАСЫМНАН ҮЙІР БОЛДЫМ ӨЛЕҢ, СӨЗГЕ
Жасымнан үйір болдым өлең, сөзге, Көрінбес көп болғанмен, дүние көзге. Серік боп азаматтар турмаған соң, Бек қиын өнер табу енді бізге. Ұнайды тежеп ұстау қара бойды, Кім табар ойлағанмен ұзын ойды. Киюге ұялмастай киім керек, Көресің асықпасаң ұлы тойды. Жүрген жан толып жатыр қарап босқа, Ала алмай жақсы сөзден үлгі нұсқа. Жарығы бұл дүниенің тайып кетсе, Қараңғы, бір қонарсың, шамсыз қосқа. Ілгері қиын жұмыс толып жатыр, Егіндей ажал бізді орып жатыр. Біреуге олай болғанда, біреу-бұлай, Қу заман ойлы-қырлы болып жатыр. Дүниенің, айта алмаймын, опасы бар, Рақат аз, адамзатқа жапасы бар. Денсаулық тіршілікте кетсе қолдан, Бір күндей, - сағатына, - боларсың зар. Құдайым айырмасын берген бақтан, Пайда жоқ, күн туғанда, алтын тақтан. Дүниеде қанша шешен болсаңдағы, Өлген соң айырыласың тіл мен жактан. Тауып ал әл барында қару, хайла, Өкініш, іс өткен соң, бермес пайда. Жатарсың жер астында жылап, зарлап, Заманың ойнап-күлер, саған қайда?! Сөйлеуден сонда қалар отыз тісің, Қайрат жоқ қолдан келер, қайнар ішің. Денеңе құрт, құмырсқа жабылғанда, Келмейді: "Кіш!" - деуге де барлық күшің. Құдайым сол жерлерде қылсын жәрдем, Тілеймін: "Фазылыңа ал!" - деп, Бирубардан! Жігіттер, тірлікте ғапіл болмай, Қамын қыл кутылудың киын тардан. Мешкей жоқ, көріп тұрсаң Күн мен Айдан, Жақсылық, бойдан шықпас, келер қайдан?! Міне, сол құтылудың бір хайласы – Дүниеде адамдарға тисе пайдаң! Не керек дүние қоңыз байлық атың, Кермесе ешбір пайда жуық-жатың?! Шаян болып шағады мал-мүлкіңіз, Тимесе нашарлаға сақауатың! Жүрген кеп осы күнде сопы болып, Артына түсіп алар шайтан толып. Түртінер жетім қозы сықылданып, Күйкентайдай тышқанға жүрген төніп. Сопылық неге керек, болған аты, Тұрған соң қара болып арғы заты. Мәулана Руми деген әулие айтқан: "Інім-сопы, ғайыны шайтан ғаламаты!" Көбейді ұшбу күнде қажыға барған, Қосылар уәлилерге ойда қалған. Елге жетіп келеді екі-үш айда, Ниеті байғұстардың болса жалған?! Сенімді партияға басшы-қажы, Секілді айтақгаған бір қу тазы. "Жарықтық" шарапаты көпке тиіп, Көбейді өшті-қасты ел аразы. Азырақғылым оқып, болсаң молда, Болғанда сәлде баста, тасфиққолда. Сенгенің жасыл шапан, киім болса, Қаларсың домаланып орта жолда. Сенім жоқ бұл заманның молдасына. Білгені-пайда етпеген өз басына. Ер қайда пида қылар шыбын жанын, Жақсылық ойлайтұғын жолдасына?! Аяқты біз басармыз қалай аңдап? Дал болдық әр нәрсеге арсалаңдап. Әр қоянды бір қуған тазы оңбайды, Япырым-ау, ұстайықта бірін таңдап! Жігіттер, ізден, өнер табылмайды, Ашылған біздің айып жабылмайды. Қайтсең де онан кемдік таба алмайсың, Өсек сөз жаңбырдай боп қабындайды. Өнері біздің жұрттың - қатын баққан, Адам деп айтса-дағы оған жаққан. Айтқанын қатындардың бұлжытпайды, Мінез бар бұл қазақта бір жын таққан. Кешу жоқ биқайратты (биғайратты) қапталдарға, Сөз айтпа Хақтан безген батылдарға. Пәледен басым аулақ болсын десең, Басынды жүгендетпе қатындарға! Бұған да тура дәлел айтайық біз, Болмайды тіпті бірдей алтын мен жез! Жігітті, бұ да ақылды, дана қылар, Жақсысы қатындардың жолықса кез. Алу да лайық іс қой мұның тілін, Сөзінен табылған соң ғылым-білім. Біреудің душар қылса бақытына Алла, Рақатпен өткізеді Ай мен жылын. Кіршіксіз, жыртық қылмай үсті-басын, Қылшықтан тап-таза қып ішкен асын. Осындай тәрбиемен ескеннен соң: "Жігіттің босқа кетті -, деме, - жасын". Ал, егер душар болса жаман қатын, Қорсылдап шақырғандай есек затын. Жыландай сүйір тілін сұғып, шаншып, Күннен-күн артылтпай ма кесапатын! Дау - шарға күнде салар жалғыз басын. Жек көрер құрбы, құрдас, замандасын. Бейшара өлтіре алмай, не сата алмай, Өткізер қоршылықпен өмір жасын. Сөз айтса, қол сырнайдай тақылдайды. Өз сөзін, өзі-төре, мақұлдайды. Бір жұмыс, оған айтпай, байы істесе, Суырдың айғырындай шақылдайды. Қыла алмас кірден жырақ үсті-басын, Дәмді ғып мезгілімен бермес асын. Жаманға жаман лайық бола берер, Құдайым ер жігітке кез қылмасын! Ішкізер әркімдерге ұлы шайын, Шайпау тіл қарсы келер, қарғап байын. Кез болса ер жігітке мұндай қатын, "Туды, - деп-басқа, - ойла-заман қайым!" Әр жерден табылады мұндай қатын, Жауыздықпен жойылтар ердің атын. Шабаған қаншық иттей (шапшаң) шапшақ үріп, Түбінде сол келтірер байға ұятын. Бозбала, бетін қайыр, сыр алдырмай, Басынды жанған отқа бос қалдырмай. "Бастан тый қатындарды!"- деген сөз бар, Пана жоқ кеткеннен соң бір шалдырмай.
БЕС ПАРЫЗ
Жігіттер, "Өнер алды - ғылым-білім" – Деген жан, құлағың сал Ислам дінін. Өз еркің өзіңде боп тұрған тақта, Күн өтпей тірлікте сайра, тілім! Өлімнің, келмес бұрын, көзде жолын, Құдайым фазылыңа алсын момын құлын. Бұл күнде зер танитын адам бар ма, Білетін айтқан сөздің қадір, құнын? Бес нәрсе бізге бұйрық бір Алладан, Ықыласпен қылу керек білген адам. Кетпейді күн туғанда көзі жастан, Дүниеде бейпіл босқа күлген адам. Исламның бес парызы: біреуі - иман, Таппайды бұл бесеуін дүние жиған. Ықтиқат, шын ниетпен жұмыс қылып, Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған! Аузында болсын дайым Құдай сөзі, Таймасын қарарлықтан көңіл көзі. "Бір!" - деп, "бар!" - деп, илану-бізге парыз, Ғаламға он сегіз мың патша-өзі! Екінші, намаз екен-бізге парыз, Айтпасақ білмегенге бізге қарыз. Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ, Құдайға жетеді екен сонда ғарыз. Бір құдайдан басқаны ойламаңдар, Ой түбіне жетем деп, бойламаңдар. Жалғыз қылда тұрғандай сол намазда, Жан-жағыңа көз салып, ойнамаңдар. Қайдағы жоқ нәрсені шайтан салар, Жаңылып бұл намаздың көбі қалар. Көңілге Ібіліс, Лағын орнаған соң, Ойда жоқ жамандықты тауып алар. Айтылды: "Алла-акбар"- екі жерде. Намаз бен құрбан шалу келді бірге. Лағын, шайтан қосылып, қабатталып, Көрсеткен қиыншылық талай ерге. Үшінші, бізге парыз-Шаһи рамазан Бұ дағы бір қаруың жетсе қазаң. Ұмытпай, бір күн қастан қаза болса, Алпыс күн кінарат, бар, осы-сазаң. Төртінші, бізге парыз - зекет малдан. Бұл пәле тосатұғын әр қамалдан. Жүрмейді зекетіңе қабыл болып, Ақсақ, соқыр, тып-типыл құйрық-жалдан. Арық, қотыр, қыршаңқы-бәрі де бар. Дауласып жалғыз басқа шалатын шар. Алдыңа даугер болып шығатұғын, Дәл осы - пәле басы, ей, жараңдар! Берсін деп мен өзіме жатқаным жоқ, Сөзімді дүние үшін сатқаным жоқ. Жалғанда Хақ жолына жұмсамасаң, Мал түгіл, қияметте қатқаның жоқ! Қайырды олай болса, көп беріп қал, Демейді өлім келсе: жас, кәрі шал. Пайғамбар хадисінде айтқан екен, Жігіттер мына сөзге құлағың сал: "Ұжмақдық - шырын сөзді, жылы жүзді, Тілінде Хақ зікірі сөйлер сөзді. Әріплі бір Алладан кішіпейіл, Күлумен көрінгенге қадап көзді. Мінезі ұжмақылық-жеті түрлі: Береген, шыншыл болып келер формы. Және де қолы ашық, намазы көп, -Деп айтты - анық ұжмақ оның орны!" Әркімге жолыққанда мұндай адам, Үлкен, кіші, - бәріне берер сәлем. Кем болмай оразасы кәміл болар, Шын сүйген пендесі осы – Хақ тағалам! Және айтты: "Тозақтық - жеті түрлі, Дүниеде ғапылдықтан болған сорлы. Суық жүз, бұзық сөзді бола қалса, Міне, тозақ, - деп айтты - оның орны!" Көңілінде қорқыныш жоқ, болар пасық, Бой салмай жақсылықтан жүрер қашық. Беруге қолы жұмық Құдай үшін, Боғауыз, бейпіл сөзді қылған машық. Намазын кем оқиды шоқалақтап, Кем ұстар оразасын және шақтап. Намазда көп отырған адамдарды: "Сопы!" - деп, шыдатпайды сол сықақтап. Жолықса еш адамға сәлем бермес, Үйіне қонақ келсе, жақсы көрмес. Таласар білмеген соң, иланбастан, Кітаптың, құлағына, сөзі кірмес. Ойлайды: "Мұнан менің үлкен жасым, Кем бе екен, не болмаса менің басым? Бұл неге маған сәлем бермейді?!" - деп, Өзінің артық көріп дәрежесін. Біздерге сәлем беру болды сүннат, Пайғамбар сүннатын тұт, болсаң үмбет (үммат). Сәлемнен табылады жиырма сауап, Наданға білмейтұғын бұ да қымбат. Біреуі бес парыздың, - қажыға бару. Бұл жолға мал мен жанды керек салу. Шақырған бір Алланың ол жеріне, Байларға киын екен - бармай қалу! Пайғамбар: "Байлар қажыға келсін!" - депті, "Үмбетім мені келіп көрсін!" - депті. Шамасы келе тұрып, келмеген жан, Қауымында кәпірлердің өлсін!" - депті. Құдайдың шеберлігін көзіңмен көр, Тіреусіз тұрған жоқ па көк пенен жер. Алланың ризалығын шын ойласаң, Баланы кішкентайдан оқуға бер. Баланы оқуға бер жас басынан, Алланың құр қалдырмай олжасынан. Жұғуы бұл ғылымның: молда, бала, ата-ана, -Төртеуінің бірдей болған ықыласынан. Бұл күнде толып жатыр надан қажы, Байлаған білгіштерді малдың азы. Бозбала, бұл жұмыста болсын басың, Жомарттар елемеген көпті-азы.
ЖЕТІ ЖЕТІМ
Барады ғұмыр өтіп күн-күн санап, Жолында ғылым-Сарыф еттім талап. Дегенді: "Жеті жетім" - өлең қылдым, Құр бекер отырғанша босқа қарап. Бір жерге мешітті қойса салып, Жамағат оқымаса, оған барып. Жалғанда сондай ғазиз босқа тұрса, Дүниеде не болады онан ғаріп?! Қайсы бір адамдарға дәулет бітсе, Молайып төрт түлігі санға жетсе, Не ішпей, не жұмсамай өз орнына, Болады құр өкінген - қолдан кетсе! Кездессе жақсы қатын жаман байға, Жетпей ме өкініші өмір бойға?! Долы қатын кездессе ақылды ерге, Құдайым кез қылмасын осындайға! Ішінде көп ғалымның, болса надан, Пазлары ғұламалар түрлі адам. Отырса сөзге түспей, аңырайып, Жетімдік - не болады мұнан жаман?! Ішінде көп наданның болса ғалым, Бәрі де түк білмейтін болса залым. Қой менен қасқыр жолдас болғанындай, Не дейміз: "Жетім!"- демей оның халін?! Бір үйде оқылмаса Құран - кітап, О дағы жетімдікке болған хисап(есеп). Жаранлар, сақтаныңдар осындайдан – Күнәсы ауыр болад үтір-ғисап!
Дүниеде сөз қатығы өлең-жыр бар,
Білуге сөз мәнісін неше қыр бар.
Би хикмат Жаббар ием жаратқан жоқ,
Бұлайша болуында бек көп сыр бар.
Диуана болған Әдһам масауалла,
Дүние үшін болған емес шаиналла.
Бір қызға ғашық қылып, мүфтала етіп,
Дерт берген дауасы жоқ, оған Алла.
Сол кызға төккендіктен Хак, өз нұрын,
Диуана салған Әдхам көздің қырын.
Болмаса не себептен ғайып болды,
Қайда едіңңіз іздесе мұнан бұрын?!
Құдайдың болды ғашық нұрын көріп,
Танумен өзге жұрттан бұрын көріп.
Қудырған елден патша қылып намыс,
Әдхамның бұл мінезін қырын көріп.
Ғашықтық, бір ауыр жүк көтермес нар,
Жүк салған сүйген құлға Хаң Сәруар.
Құдайдың құдіретіне не шәгің бар,
Бір қызға диуананы қып қойған зар.
Ол қызды Жаббар Алла қалай тосты?
Жол болмай жолығуға жердің үсті.
Апарып жер астына тығып салып,
Көрсетіп шеберлігін өзі қосты.
Не кылса істейді өзі Хақ тағала,
Ешкімнің таласы жоқ оған жана (және).
Алланың өз нұрынан пайда болып,
Жалғанға Ибраһимдей келді бала.
Әулие өткен екен неше мың сан,
Не қылса, тәңірім өзі, сен бұған нан.
Дәл осындай болғаны кем де кем-аң,
Жалғанға жеке дара келген бір жан.
Қалайша ашты тәңірім алдынан жол?
Бір ұстасан айырылмай кетті ғой қол.
Атанған жеті Бүзрік сүлтан болып,
Атақты әулиенің біреуі — сол!
Қош, онан Махмұт сынды бала туды,
Атаның туысымен жолын қуды.
Он бесінде бұрылмай оң мен солға,
Аттанды Хақ жолына ұстап туды.
Таяғын атасының он бесте алды,
Әкесі Хақ жолына кұрбан шалды.
Мұны да ойлап біраз білу керек,
Құдайдан сонда кандай дәреже алды?!
Әкесі «көк қошкардай» мұны сойды,
Құдайға жакындыққа көңіл тойды.
Далада тәңірім бекер қалдырмады,
Күзетші өз үйіне сақшы қойды.
Дүниеде мәшһүр болып қалды аты,
Құдайға күнде жетіп айтқан даты.
Есікші Байтұллаға күзетші боп,
Атанды «Сакшы Махмұт зиараты».
Есіктің қақ алдында — Бап-Әлсіллам,
Зиарат қылса егер барған адам.
Бұл бастап Байтұллаға кіргізеді,
Болса да қандай соқыр, саңырау адам.
Есіктің қақ аузынан берген орын,
Қылсын деп жұрт зиарат бұдан бұрын.
Бұл бастап Байтуллаға кіргізеді,
Құюмен төбесінен құдай нұрын.
Тазалап ішек-қарынын әбден аршып,
Жуумен бастан-аяң нұрға малшып.
Онан соң ол адамда болмас ашу,
Езсе де табанымен жерге шаншып.
Кұдайдың құдіретінен оза алмассың,
Қолыңды жетпес жерге соза алмассың.
Сақшы Махмұт тазалап жуған жанды,
Өзгертіп балталаса, бұза алмассың.
Наданға мұндайлыңты білу — арам,
Бар ма, айтшы, көп қажыда білген адам?
Сұлтан мен сақшы Махмұт жұмысы жоқ, —
«Қағбаны көрдік!» — дейді, болды тамам.
Барғанмен, кажы болмайды ісі бітпей,
Зиарат қылар жерді тауап етпей.
Далактап жансыз тасты жеті айналып,
Мұнда кеп бұзылады үш күн өтпей.
Қажы — ораза, намаздан қиын жұмыс,
Онда көп шарт етілген әр түрлі іс.
Оқымай Мұңтасарды, кажы кітабын,
Надан ит, кажы барудан к...ідді қыс.
Не нәрсе парыз болса, ғылым — парыз,
Ғылым білсең, өтелер қанша қарыз.
Өуелі қылар істің ғылымын біл,
Қанша айт, онша айт, онан соң Құдайға арыз.
Қажы барып кеп, көргем жоқ одған кісі,
Қажы барды-ак, бұзылады өңі-түсі.
Ғылымсыз қылған ғамал — құр қиналу,
Наданның бір жындылық кылған ісі.
Барып өлген құдайға қиды жанын,
Жан киюмен адамдық, тапты санын.
Қайтып келген қақақтап дүние жинап,
Жеп қояды бауыздап малдың қанын.
Наданды әлдеқашан Құдай аткан,
Сол үшін белшесінен күнде батқан.
Тірідей, өлгенім деп, кебін киіп,
Кәне: «Өлдім!»— деп, үйінен шықпай жатқан?!
Дін үйрен, ғылым ізден, болмасаң көр,
Қанша айтқанмен, ғылымсыз жоқ, саған төр!
Құдай үйін іздеген — қалайша іздер —
Рабиға мен Ибраһим, Әдһамды көр.
Далақтап екі-үш айда барып келіп,
Әкелгенің бар ма, айтшы, бойыңа іліп?
Бәрекелді, Құдайды шын тауыпсың,
Мал десе, діңкең құрып, осынша өліп!
Саған менің бұл сөзім жақпасын да,
Қалмаған соң Байтұлла қақпасында,
Даушы да өзі, топ болса, жаушы да өзі,
Дау болса, қажы жүрер қақ басында.
Оңай болды бұл күнде қажы бару,
Көбіне арам — жан қиып онда қалу.
Саған кайда, казағым, қанша айтқанмен,
Қаңтарсыз — қар, қажысыз — дауға жару.
Қалам, тұрмай, жаза бер, арылмайсың,
Құр жаттым деп, кағаз, сен, налымайсың.
Бұрынғылар мақал ғып айтып кеткен:
«Қажы келмей — деп, — дауға жарымайсың!»
«Арафатқа шықтым,»- деп, ол бір тауға,
Жайнамаз, тәспі ап келіп жұртты алдауға.
Қажының жұртқа тиген шарапаты:
Ширатты партия мен жұртты дауға.
Қажы барсаң, Ибраһимдей мал-жаннан кеш,
Бір құдайдан басқаны ойға алма еш!
Болмаса, малың шашып әуре болма,
Үйде жат, мезгіліңмен тамағыңды іш!
Әуре боп, надан болсаң, аяқ баспа,
«Бардым, — деп, — мен сүйттім», — деп, аузыңды ашпа.
Көпке ортаң, дүние деген, жұртқа нәсіп,
Апарып көп нәсібін түзге шашпа.
Бай болғаның — бір шыбын жанның қасы,
Жүмсайсың Хаң жолына, атаң басы!
Байлардың қолыңдағы жиған мүлкі:
Кем-кетік, жоң-жітіктің сыбагасы.
Бақташы қылып сені койған Құдай,
Құдайсыз бұл мал саған болмас оңай!
Бір кедей ас таба алмай аштан өлсе,
Төлемек соның құнын қайырсыз бай.
Ас ішпей үздіккен соң, жүрек талар,
Күш кетіп калғаннан соң, өліп қалар.
Құдайым оның құнын жібермей бос,
Жазасын сараң болған байға салар.
Жігіттер, бұл айтқаным — Құдай сөзі,
Құдайдың — ғалым өзі, кітап сөзі.
«Аннфуку иммат разаңанакум,»— деп Құранда,
Айтып тұр әмір етіп тәңірім өзі.
Көңілді шын ниетпен қойсаң аққа,
Тура жол, түзу бастар оңған жаққа:
Біреуді бай, біреуді жарлы қылған,
Пендесін әр күйменен сынамаққа.
Бізге қоныс болмайды осы мекен,
Түнеп көшкен керуеннің қосы-мекен.
Ойласайшы: болмаса, не үшін берді?
Бай құдайдың есі мен досы ма екен?!
Мал табу өзінің күші ме екен?
«Құлмын» деуі күр тілдің ұшы ма екен?
Неге мұны миға сап ойламайды?
Кедей-қастас құдайдың өші ме екен?!
Бай, кедей — бәрі бірдей құдайға құл.
Біреуді кем ұып койған, біреуді — мол.
«Бай кедейге ауыссын, қарассын»— деп,
Шеберлікпен жаратқан құдіреті сол!
Қор болдың, есіл ңазаң, надан қалып,
Білгеннің, іс қылмайсың, тілін алып.
Көп несібесі болмаса жиылған мал,
Қай бай кетті бар малын жинап алып?!
Бай өлді, бір өлімтік болып қалды,
Тірі калған апарып көрге салды.
«Жанға берме, татырма!»— дегендері
Ит пен құска жем болып мұнда қалды.
Құлақта тесік болса, мінеки, сөз,
Құлақтан, тесігі жоқ, күдеріңді үз.
Толтырсақ дүние жүзін, түк жоқ, саған,
Несібең бұл жалғаннан — үш қабат бөз!
Мен құраннан аятты көрдім көзден,
Жаның жанға ашыса, иман ізден.
О дағы бұйырғанға бұйырады,
Бұйырмаған ізденер, өлсе, түзден.
Өлімді ұмытпаған ойға алады,
Өзінікі бұйырса, қуанады.
Біреуден алып келіп қойған кебін
Маңшарда тырдай тонап өзі алады.
Шіркін-ай, құтыласың мұнан қашып,
Өлген күні каласың боқтай сасып.
Өзінікін таныған өзі ап кетіп,
Жұрт алдында келесің бұтыңды ашып.
Қолым [тұрма], айтпа тілім, жазба қалам,
Сен айтқанмен болмайды тегіс тамам.
Білмегенге өкпем жок мұнда-онда,
Рақмет айтар сүйсініп білген адам.
Бұл сөзім түссін көптің ортасына,
Сатпаймын қолдан өзім дүр тасына.
Үмітпен құдай үшін жазылған сөз
Жүректің махаббат қолқасына.
Жасымнан мен ғылымды қылдым талап,
Жұрт алған бір басымды көпке балап.
«Тұрмайды!» — деген жанға бұлдамаймын,
Қолкаға, тұрад деген алсын қалап.
Кісіге анау-мынау бұрмаймын бас.
Дүние — дос, махаббатсыз, ңұр қара тас.
Шың жүрек махаббатлығы жан табылса,
Жолына жаным құрбан, құдайға — бас.
Махаббатпен жаратқан адамды өзі,
Махаббатсыз боп кетті дүние жүзі.
«Махаббатсыз жан да жоқ, тіпті, иман,»— деп,
Анық, бар пайғамбардың хадис сөзі.
Иа, Алла, мені айырма махаббаттан,
Танырсың, көрмегенің, жазған хаттан.
Ақыреттің Мәшһүрі қылғай Алла,
Жалғанда түк таппадым «Мәшһүр» аттан.
Жан тапсам махаббатлы, көңілім жай.
Табылмас онан да аулайын... ай.
Жалғанда һәр не қылсаң, разымын,
Қыла көр ақыретте иманға бай!
АДАМ ЕКІ ТҮРЛІ
Бісмілла - сөздің басы, Хақтың аты, Молданың ақ қағазда қалар хаты. Нақылият- қара сөзден - өлең қылып, Шығарған Мәшһүр-Жүсіп хикаяты. Сөз қылдым жақсылардың айтқан кебін, Сұм дүние әуре қылған жұрттың көбін. Етіме бәйге кердей түскен күнде Өлеңмен келтіруші ем сөздің ебін. Мысалы адамзаттың ағаштай-ды, Қу ағаш мәуесі (миуасы) жоқ, жараспайды. Терек қанша аспанмен таласқанмен, Бұлттан биік болып, бойы аспайды. Қалдырған су түбінде дүрдің тасын, Түспейді көзге әр нәрсе, болса асыл. (Бір тамшы көрмейсің садап асын). Мәуесі (миуасы) басқа ағаштан көп болғаннан, Көтермес үзім(иүзім) ағашы жерден басын. Жақсылық, қайыр, ықсан қылған ісі, Адамның қымбат баһа, сол жұмысы. Табылмас көзге тотия - ем дәрідей, Қолынан әр жақсылық келген кісі. Қайырсыз болсаң (бықыл) бәхил, болдың терек, Басқаға бір отыннан қылмас керек. Жақсыдан - жақсының да паркы бөлек, Даналар біледі ойлап, ақыл зерек(зирек). Зарарлы болсаң жұртқа, болдың тікен, Қыларсың жазды жапан шөлді мекен. "Жерінде - әр не өзінің"- деген рас, Еккенмен сусыз жерде, шықпас жекен. Жарасар киім, жаға-жеңімен, Жар құлар судың соққан сеңіменен. Жезге - мыс, күміске алтын үйлеседі, Іс болған әр не өзінің теңіменен. Ақ марал жайылмайды қабанменен, Бірге ұшпас бұлбұл - қарға тағанменен. Түлкі мен шер, мысық пен тышқан бір боп, Барады әуре сарсаң заманменен. Хасыл дүние, ақырет, әуел иман, Руза(ораза), намаз оқыр нәпсі тыйған. Астан ғұшыр, малынан зекет беріп, Табады Құдайды іздеп жанын қиған. Ораза, намаз-пенденің міндетті ісі, Құтылар қарызынан қылған кісі. Жалғанда артық сауап қайыр екен, Қылуға қайыр, ықсан жетсе күші! Құдайым пендесіне берген малды, Жаратқан әр түрлі ғып жүрген жанды. Ғибадат, қанша қылған құлшылықтан Қайыр қып берген артық жалғыз нанды. Жақсылық әр орында түсер көзге, Адамға еш пайда жоқ онан өзге. Бір қайыр Құдай үшін қылған арнап, Жеткенше өседі екен жеті жүзге. Бір теңге берсе біреу Құдай үшін, Сөзін - тәтті, шырайлы қылып түсін. Құдайым періштеге айтады - міс: - Пендемнің, - көріңдер, - деп, - қылған ісін! - Беріп тұр мені ойға алып, малын қиып, Шайтанның тілін алмай, нәпсі тыйып. Берумен бір теңгені сатып алды, Иманның жеті шартын түгел жиып. Беріп тұр нанғаны үшін бірлігіме, Таянып менің патша кеңдігіме, Шайтанның: "Берме!" - деген тілін алмай, Қараңдар қылған қайрат, ерлігіне. Екінші, періштелер саған нанып, "Болар, - деп, - сендер куә"- ойына алып. Салынсын қиямет күн таразыға, Қойындар ұмытпастан хатқа салып. Үшінші, кітап айтқан сөзге (тілге) нанды, Сөзіне ғалымдардың (ғалымлардың) құлақ салды. Үміт қып: "Хақтан болар жақсылық!" - деп, Пендем тұр көзі қиып беріп малды. Төртінші, пайғамбарлар бәрін білді, Солардың, өтіп кеткен, соңына ерді. Көрмегенге көргеннен артық нанған, Молдалар айтысымен, алған тілді. Шын нанған қияметтің барлығына, Құдайдың анық көнген жарлығына. Беріп тұр бір жанының қамын ойлап, "Сол күннің салмағай, - деп, - тарлығына!" Алтыншы, дүние, малға назар салмай: "Болар, - деп, - ойламаған, - арты қандай?" Болса да, жақсы-жаман, менен күтіп, Бар болып, жоқ болуын ойына алмай. Жетінші, кітап сөзін танып, біліп, Өлген соң тірілуді анық біліп. Ұжмақтың нығматынан үміт етіп, Тозақтың ғазабынан кәуіп қылып. Мал мен жан айтылады болып егіз, Болуы малсыз адам бекер деңіз. Болсын деп Құдай риза малын қиған, Мұнымен иман шарты болсын сегіз. Мал берсе, арық болмай, семіз болсын, Аз беріп, көп жалынып, егіз болсын. Шайтан менен нәпсінің тілін алмай, Беріп тұр бостан босқа - тоғыз болсын. Бұл хатты жүргізіңдер қолдан-қолға, Намасын даярлаңдар мұның оңға! Міндетсіз, мақтанышсыз бергендіктен, Уақытында қолдан шыққан жетсін - онға! Шат (шад) болып қуанады қайыр алған, Кей қайыр көп орынды жерге барған. Ауламақ мумин (момын) көңілін артық сауап, Дүниеде жақсылық жоқ мұнан қалған. Бұл қайыр бір шыққан соң қолдан кетіп, Құдайдың хазинесіне барар жетіп. Бір қылған Құдай үшін жақсылықтың, Сауабын бітіре алмас ешкім бітіп. Жарайды, міне, пендем, пәлі ерім! Жарылқар сені ілгері ондар жерім. Өзімнің артық пендем екеніне, Мінеки, мен Құдайлық бастым мөрім! Бұл пендем жақсылықтан ойлаған ой, Соң көрер көп ішінде айт пенен той. Басқан соң мен мөрімді, не қалады?! Сендер де, періштелер, қолыңды қой! Құдайдың шын жарылғар сүйген құлы, Барғанда таңла мақшар болған жолы. "Уаллау иүзүғүф үлмез итағү"-Аяттың тәпсірінен көрдім мұны.
ДҮНИЕГЕ КӨҢІЛІ ҚАЛҒАНДЫҢТАН СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Хат жазар қалам алып, ғылымдылар, Сөйлемес жаман сөзді білімділер. Пендеден алып пенде бай болмайды, Құдайдың бергенімен күніңді көр! Дос тұтып, бұ дүниеге кім айланды? Қоймаған Дәуіт ұғлы Сүлейменді. Бұзылып әсіресе біздің заман, Көлдей боп тоғытқан, ылайланды. Бір күні қалар ақыр сөздеріміз, Өлерміз, жетсе қаза, өздеріміз. Бұ түн өтіп, ертең күн таң атқанша, Жетпейді не болуға көздеріміз. Бұл күнде есек пенен ат та бірдей, Жарамай нәксі менен затта бірдей. Барады не, не ерлер құсаменен, Ай өтіп, отыз алты ғапыт, күндей. Көріп жүр кезек-кезек абақтыны, Күн болар жетіп қалса, қабат күні. Далаға балапанды жорғалатып, Қапасқа қамап жатыр қанаттыны, Ақыртып арыстандай шерді жығып, Үстінен ойнақтап жүр түлкі шығып. Қабанға, қасқыр менен қалып тоғай, Жатақта арыстандар қалды бұғып. Қадірлі ата-баба асыл тектен, Орыстың малайы озды қосын жеккен. Қан жеген ауқат үшін сауысқандар Дәмелі осы күнде қаз бен жиктен (жіліктен). Сенбеңіз атаң байдың байлығына, Дүниенің көз жетпейді айнуына. Орынды аталары асыл тектен, Ақша алған малай озды айлығына. Сенбеңіз жанның бәрі дос еді деп, Жігіттің жарлы болса, өсегі көп. Қолыңнан малың кетсе, ешкім күтпес: "Кешегі бай баласы осы еді", - деп. Бұл күнде жақсы бар ма, малмен жақсы, Жақсы атың бір шықпайды болсаң тапшы. Ер жігіт шешен болып, малсыз болса, Топтағы айтқан сөзің не болмақшы? Кедейлік кетіреді сыныңызды, Бар болса, мал жабады мініңізді. Бұл күнде тіл сөйлемей, мал сөйлеген. Көре бер үйтіп - бүйтіп күніңізді. Жүргеннің бәйтерексіз басы жекен, Төбеттер қойға жетпес, шалды бөкен. "Қарағай басын шортан шалды"- деген, Осылай ойлап тұрсам, заман екен. Бұл дүние жолдас емес адамзатқа, Кетеді қайда тастап жанған отқа. Дүниенің жамандығын көзіне айтып, Ғазал(ды) бес-алты ауыз жаздым хатқа. Бұл дүние заһарына тым-ақ шырын, Орнасын келтірерсің ердің түрін. Әуелі Адам жаралды— барша жаннан, Келесің бәрін тастап бірем-бірем. Ойласам дүние ісінде жоқ дүр, опа, Бәрін де жолдасыңның қылдың қапа. Бәрін де қарайғанның әуре қып налытасың, Мақұл ма осының да, ей, би опа?! Ит дүние, қарамайсың Құдайға сен! Тұрмайсың бір қалыпта бір айға сен. Көбейер, кетер шақта сонан қастық, Келмейсің айыптап тарту бұл айға сен!
Бұ дүние жолдас емес адамзатқа, Кетеді, қайта тастап жанған отқа. Дүниенің жамандығын көзіне айтып, Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа. Бұ дүние қыларына тимек шырын, Аунасаң, кетіресің ердің түрін. Аулад адам жаралған барша жанды Келесің бәрін тастап бірін-бірін. Ойласам, дүние ісінде жоқ-ты сапа, Баршасын жолдасыңның қылдың қапа. Бәрін де қарайғанның налытасың, Мақұл ма осының да, ей, би опа?! Ит дүние, қарамайсың Құдайға-ай сен. Тұрмайсың бір қалыпта орайға-ай сен. Басынан не ерлердің кештің желдей, Баяндап кім ге тұрдың қуармай сен. Ит, дүние, сен бір сәурік айғырдайсың, Ешкім ді өз бетіңмен бай қылмайсың. Қуасың әлі оны , әлі мұны, Тыныштықпен еш қысырақты жайдырмайсың. Артыңнан иең қуып өкпесі өшер, Қайта оған қуанасың, қайғырмайсың. Сенім нен ат –тоныңды ала қашып, Сараңнан табаныңды тайдырмайсың. Қуады, дүние, сені, барша халық, Сен деп жүріп өмірі өтер, ғапыл қалып. Сен иттің жаның ырза, жолдасың сол. Ішпей, жемей, шанашқа қойса салып. [Іш]іп-жеп, не керегің кимеген соң, Шашып, төгіп жүруді сүймеген соң. Мәлім ғой ақыретте берер пайдаң, Жалғанда бір сілемің тимеген соң. Бір бақса, дүние, сені шаруа бағар, Бағудың шаруа сорлы бабын табар. Жеткенге қадіріңе айланасың. Кейбіреу қадірсіз қып жаудай шабар. Бабыңды, дүние, сенің адам таппас, Үйінде батпаушылар тыныш та жатпас. Бас-басы саған пәле дүние жиған, Мал сойса, сейсенбі күн саған жақпас. Құдайым алайын деп қаһар қылса, Деймісің сәрсенбі күн ебін таппас. Қайда ағаштың басасың қайғы басын. Сол үшін саған менің көңілім шаппас.
ЖАМАН ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ
Жұмағы бұл дүниенің - жақсы қатын, Шығарса ағайынға жақсы атын. Гүл жүзді (жүзлі), шырын сөзді (сөзлі), нәзік болса, Түзетсе үй-мүлкінің салтанатын. Бай күтпек бәрінде де — артық ғылым, Хош құлық (құлқат), жұмсақ тілі болса хылым. Шия мен, әдеп, ынсап бірдей келсе, Не болар мұнан артық ғақыл, білім? Нәзік келер лебі лағыл, тісі-інжу, Махбоп (мақ боп) жар(иар) бұл дүниеде артық ганжу. Сурет( шурат), қасірет, - екеуі бірдей келсе, Жарандар, мұнан(онан) артық неғмет бар ма - ay! Махбоп жары талап қылмақ ерге міндет, Көреді нәсіп болса, түрлі ләззат. Есіктегі бастарын төрге сүйреп, Егер де қолға түссе, мұндай ғиззат. Бұл күнде мұндай қатын болған хадір(надор), Қош құлық, жұмсақтық іс болмас садыр. Ана мен мынаменен де алыстырып, Басында қалдырмайды құрмет, қадір. Жақсы болса, көбейтер досты жарың. Жаман болса, қас қылар халықтың бәрін. Айтақтар иттей, айтып көрінгенге, Әркіммен шырылдасып, кетер арың. Жаман болса, дүниенің ол тозағы. Басыңнан арылмайтын сол зор азабы. Жыланша заһарымен шағып алса, Жүрегіңнің басынан кетпес дағы. Қоя бер тіпті қолыңнан келе алмаса, Бас алып кету керек онан-дағы. Дүниенің ол тозағы - жаман қатын, Жаман қатын шығармас ердің атын. Он екіде бір нұсқаң келмеген соң, Дүниенің көре алмайсың аз рақатын. Бұралып бір өзіңді күте алмаса, Шаруаңды орны - орынымен тұта алмаса, Ұрғашысыз шаруаның сәні келмес, Қайтесің, өзің істе, тіл алмаса. Ұрғашының міндеті - үй шаруасы, Ұқыптаса көп болар біс асы. Үй-түзіне бір өзі қараған соң, Миқата боп кетпей ме ердің басы?! Ұялмай отырады тілін безеп, Әдеппен сөйлемейді тілін тежеп. Бүйтіп өткен өмірде не қызық бар Ұрғашы, еркек жұмысын бір өзі істеп?! Ойлағаны - жақынмен қылмақ араз, Не екенін білмейсің мақсат ғараз. Белгілі науқас емес, ем істейтін, Сүйегімен кететін бұл бір мерез.
ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ
Ақынның шек келтірме тіл-жағына, Ілінсең сау қалмайсың тырнағына. Жұрт күлгендей сөйлейді жамбасқа (жанбасқа) алса, Келтіріп қиын сөзді ырғағына. Сөз оңай, сөйлеп кетсе, ақындарға, Әркім даяр тұрады мақұлдарға, Саңылауы, құлағының тесігі бар, Айтамын: "Ұғып ал!" - деп, қатындарға. Ұқпасаң, айтар сөзім тағы даяр, Жайым жоқ жалтақ көз боп, ешкімді аяр. Күн бұрын күтініп тұр кір жуытпай, Өсекші, өлең шіркін, жұртқа жаяр. Жалғанның жарастығы - жақсы ұрғашы, Қиылып маңдайында көз бен қасы. Бір талы нам харамға көрінбес пе, Астында жаулығының тұрса шашы. Сүмбіл (сінбіл) шаш - күнде жуып, талдап өрген, Еріне шын махаббат (мұхаббат) көңіл берген. Қолында Құдай берген ризық мол боп, Мейманның қошеметін тәуір көрген. Киімін шаң мен топырақ, қылмайды кір, Болады қызыл алма, жүзінде нұр. Ерінің сүйген досын дос көрумен, Жүзінен әр шаруаның береді сыр. Биязы сөзі жатық, майда болар, Кеудесі - көңілі зерек-айна болар. Асылдың асыл затын тануменен, Өзінде жақсы құлық пайда болар. Ыдысы таза болар, кіршік тұтпай, Сілкеді төсек орнын шаң жуытпай. Ұрғашы бұл сияқты жоба білсе, Шаруаны реттеп ұстар, тіпті ұмытпай. Орамал, аяқ-табақ жерде жатпас, Жүн-жұрқа, көлденең шөп төрде жатпас. Кімде-кім Құдайына жуық болса, Денесі азап тартып, көрде жатпас. Асына жалғыз қылшық түспейді екен, Ac ұрттап, бисмилласыз ішпейді екен. Әр тамақ сүп-сүйкімді, тап - таза боп, Реттеп орны-орнымен, істейді екен. Малайды үйде жүрген жұмсар алдап, Балаға қызмет берген нанға жалдап. "Тыраңдап, тайып, жығылып қалам ба?" - деп, Аяғын қоңыр қаздай басар аңдап. Алады туысқан ғып елдің бәрін, Төкпейді жаман сөйлеп, ұят-арын. "Қарағым", "шырағым" - деп, кіші болса, Құрытар тәтті тілмен ынтызарын. Баласын жаман сөзбен қарғамайды, Жібекті жүнге ап келіп жалғамайды. Қолынан үлестірсе, сусын - шарап, Бөлектеп, бай, кедей деп, талғамайды. Адамды мінезінен білер танып, Өсекке салмас құлақ, сірә, нанып. Жолаушы құдайы адам кетеді екен, Ас берсе, қасын керіп, мейірі қанып. Мейманға көркем ұстап қабақ-қасын, Тәтті сөз, жылы жүзбен ол берсе асын. Мейманы шын риза боп, рақмет айтып, Тиеді бір Құдайдан жарылқасын! Жоқ болса, жоқтығының айтар жайын, Бар болса, қалтарыс жоқ, бәрі дайын. Дүкеннен жаңа шыққан мысалды боп, Ләззатпен пәк шыныаяқ берер шайын. Мысалы халуа, шекер - ұстар майын, Бұзбайды әр не десе, ердің райын. Кемеңгер ақылы асқан, жақсы ұрғашы, Түзейді ықтиярсыз жаман байын. Сыбанып алжапқышпен сауады мал, Қаймақ пен ірімшіктен жасайды бал. "Ата!" - деп, қарияларды құрмет қылып, Ат қояр: "Келінжан!" - деп, көп ақсақал. Көлденең кісі алдынан кесіп етпес, Басқадан басқа нәрсе үміт етпес. Мағынасын халал, харам жақсы білсе, Теңеліп бұған, сірә, әйел жетпес. Жетімді Құдай үшін көрер тәуір, Елжіреп жетім көрсе, жүрек, бауыр. Байынан кәріп-қасер ренжу тартса, Зор жұмыс, міндет көрер үлкен ауыр. Уатар байы жоқта алдамалап, Қасына жетіп барар жақын жанап. "Елеме оның сөзін, шырағым!"- деп, Жылы жүз, ашық көзбен күліп қарап. Кісіден бұрып жүзін, дәрет алып, Құдайдың қызметіне талаптанып. Намазын бір оңаша жерге оқиды, Басына, иба қылып, бүркеу салып. Бүркеніп бір қолына құман алар, Жерді іздер адам көрмес, бой тасалар. Мысықтай жалтаң іздеп, жасырын боп, Аяндап бір өзектеу сайға барар. Құманға жолдас болмай, қатын оңбас, Ісіне нас ұрғашы көндің толмас. Дәретке әдеттенсе жынысы әйел, Ыдыста іші қуыс кіршік болмас. Табылса мұндай әйел, нұр болады, Басқадан дәрежесі зор болады. Осындай кей уақытта көп перизат, Надан боп алған байы, қор болады.
БЕС ҚЫМБАТ
«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген, «Ақырет істеріне (ишларына) инан!»- деген! «Құдай кешірер!»-дегенмен, іс бітпейді, «ИМан шартын білмесе, есен(ибан)»- деген. «Екінші керек нәрсе- ғақыл» –деген. «Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!»-деген. «Аз іске ашуланып , дінін бұзар, Иманын кәпірлікке сатар!ң-деген. «Үшінші қымбат нәрсе- сабыр!»-деген, «Сабырлысы Мұратын табар!»-деген. «Әр істе сабырсыздың тәубе-зорлық, Сабырсыздық басқа пәле салар!»-деген. «Төртінші, қымбат нәрсе шүкір»-деген, «Нығыметке шүкірсіздік-күпір!»-деген. Жатқан жерден: «Құдай кешір!»- деген-қорлық, «Себеп іздеп тура жолмен жүгір!»-деген. «Бесінші, қымбат нәрсе-әдеп»- деген, Әдепсізде иман тұру ғажап!»-деген. «Кәпірлік- әдептіде тұрмағандай, Әдеп деген Махаббатқа себеп!»-деген.
ҚИЯНАТ
Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай, Жігіті душар болса, жар болғандай! Теңі емес бір жауызға (пасыққа) берсе егер (агер), Көңілі көтерілмей, зар болғандай! Ғұмыры қызықлықтан зайғы болып, Мысалы кең дүниесі тар болғандай! Жетпейтін төстігіне көп жамандар Өлгенде әлдеқандай таң болғандай! Сатылып кейбір қыздар кете барар, Бағасы ғазиздікі мал болғандай! Қожасып: «Мал бердім!»- деп жаман шіркін Жайы бар: байқап тұрсаң, паң болғандай! Бейшара өздігінен жол таба алмай, Ғазиз бас ауырланып даң болғандай! Көрініп кәріп халі тұра алмас ем, Бір Міскін халық ішінде жан болғандай. «Бұзылды пәленшенің қызың- десе, Өзіне көрінеді ар болғандай! Көлденең ағайындар ұнатпайды, Хаққа соның үшін лаң болғандай! Жұрт қалып осылардың обалына, Секілді алушыға мал болғандай! «Жалғанда қорлықпенен өттім ғой!»-деп, Көзінен аққан жасы қан болғандай! Көндіріп ғаділдікті жүр ғой қазақ, Көңіл қайда жарқ етер шам болғандай! Келе Ме осы ісіміз дұрыстыққа, Көркіңе көрінсе де , зар болғандай! Адамды мал орнына жұмсауымыз Бір емес, бар қазаққа ғам болғандай! Қай күні бұл қиянат тоқталады, Бір емес, халық ішінде сан болғандай?! Иа шариғ[ат] , иа низамға дұрыс та емес, Қазақтың қағидасы заң болғандай! Бұл сөзім біреуге емес, көпке бірдей, Қажеті кім ге болса, сол алғандай! Мысалы, кіші(кеше) болса- аңғартқаным, Осы хал өз басында пар болғандай! Тең болып екі зайып қосылса егер, Арман не, ол уақытта, а, дариға-ай!
БҰЛАҚ КӨЗІ
Шығады: "асыл - тастан, өнер - жастан", Тәрбие тәуір болса әуел бастан. Мысалы ғылым таппақ сол секілді: Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан. Жігітке талаптанған жүз мың рахмет, Әрқайда сен білгенің ырзық шашқан. Жаны ашып нашарларға қызмет етіп, Салса егер түзу жолға — болса адасқан. Халық үшін жанын қиып шыққан болса, Қайырлы әр кадамы болсын басқан! Көрсетіп тар орында таудай қайрат, Құтқарса мұқтаждықтан, болса адасқан! Қазақ қор болар ма еді, көп болса егер, Шаһбаздар осы айтқандай өнер асқан?! Немене бұл күнгі хал ойлап тұрсақ, Жақсы жоқ өз басынан пайдасы асқан! Азырақ дәулет біткен кісі болса, "Мен баймын, сен кедей!" —деп, мал санасқан. Болмаса бірлі-жарым талапкерлер, Жігіт жоқ өнерпазбен бір жанасқан! Үмітсіз (һемматсыз) байланамыз, бәрі надан, Мұхираб сан жәрдемнен аулақ қашқан. "Анау артып, мен кейін қалам ба?" — деп, Өзімен-өзі күншілдікпен құр таласқан. Молдалар пайдалы іске уағыздамай, Керексіз ұсақ сөзбен бақасласқан. Құзғындай қызыл көрсе барар жетіп, Кісіні көрсе билер бір дауласқан. Бойында әділдігі ұмыт қалып, Билікке сөз сөйлей ме жаза алмастай?! Уа, Алла, көзім көрді мұның бәрін Наныңыз жалған демей, шын растай!
ӨНЕРПАЗ
Өнерпаз кара жерге салар қайық,
Жаһаннан алар тағылым, қанат жайып.
Әр жердің тамашасын көзбен көріп,
Жастықта сайран етер болып ғайып.
Тұрғанда бойда қуат, жүрген жақсы,
Аяғың бір күн қылдан кетер тайып!
Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ,
Отырып қалмай үйде қыңырайып.
Жүргеннен тіпті қарап, пайдалырақ
Бір әріп (харып) сөз үйренсең, кітап жайып.
Тамшыдан тама берсе, дария болар,
Кетпей ме ақырында бір молайып?!
Қылжақтап екі ауылдың арасында,
Не пайда жүргендеріңнен ңұр сорайып?!
Бас болып, өнер білсең, тіпті жақсы,
Тамаша болдың жігіт таңғажайып.
...Білгеннің жүрген жері — бәрі жарық,
Жоламас кем-кетіктік оған айып.
Бұларды айту — бізден, ұстау — сізден,
Ыңғайлы, үлгі аларлық тұрсаң лайық.
Көзіңе көрінгеннен ғибрат алсаң,
Ғаламға болдың өзің Еділ-Жайық.
Дариядан көз жеткісіз өткізетін:
Боласың өзің кеме, өзің қайық.
Қызға айтып келейіндерге байқатамыз,
Түс ашып, сол солай деп не қылайың?!
ЖАРТЫ НАН
Айтатын құран сөзін молда қайда?
Дүние үшін ойлағаны амал, хайла.
Айтайын бұрынғының нақыл сөзін
Қайырдан аз да болса көрген пайда.
Дүние өтер бәйге атындай желіп шауып,
Шөп шығар тақыр жерге жаңбыр жауып.
Бір жаяу жолаушы боп келе жатып,
Бір сандың жарҚыраған алды тауып.
Қуанды алтын ғой деп көрген заман,
Ұмтылды алайын деп соған таман.
Жалтырап жатқаннан соң қолына алды:
«Кез болды жоқ жерден, — деп — қайдан маған?!»
Сандықтың, ала сала, ауызын ашты,
Сап-сары көрді ішінде алтын тасты.
«Жоқ, жерден берді ғой — деп — құдай маған!»
Шаттанып куанғаннан судай тасты.
Қуанып ол сандыққа салды қолды,
Қолына алып еді, жылан болды.
Бір сәтте өсіп кетті айдаһардай,
Таппады құтылуға қашар жолды.
Жылан айтты:
— Сен қайдан душарластың?
Жай жатқан сандық, едім, ауызымды аштың.
Тірілттің мені козғап қолыңа алып,
Құйрығын жатқан жылан өзің бастың.
Қолыңа алдың ойлап нені? — дейді,
— Осынша әуре қылып мені! — дейді.
Ауызға ашылған соң қорек керек,
Жұтамын енді амалсыз сені, — дейді.
— Мекенім еді менің сандық іші,
Жоламай кетуші еді милы кісі.
Тынбайтын қолға алғанның басын жұтпай,
Құдайдың бұл әзелден жазулы ісі.
Кез қылды сені құдай маңдайыма,
Бұйрықты болғаннан соң таңдайыма.
Сен менен құтыламын деп ойласаң,
Сыйғызып бұрынғыдай сал жайыма.
Бекітіп бұрынғыдай ауызымды жап,
Боламын өсе берсем мен күһі қап.
Енді сені жұтудан басқа ісім жоқ,
Кәнеки, болысатын кісіңді тап!
Қайралып шықыр-шықыр азу тісі,
Қарасы көрінбейді таудан кіші.
Әлсіреп, сасып адам тұрғанында,
Көрінді көз ішінде отыз кісі.
Қуанды берді ғой деп құдай жәрдем [жардам],
Табылды бір отыз жан жоқтан, бардан.
Жалынды байғұс жаяу алдын тосып:
— Құтқар, — деп, — мен сорлыны айдаһардан!
Мән-жайын бастан-аяқ көрді байқап,
Айдаһар жолатпайды бәрін жайқап.
Бәрі де көп тұра алмай кете барды:
«Болмас, болмас!»— десті де, басын шайқап.
— Келеді қалай жұтсам, саған шамам,
— Бастырман аяғыңды жалғыз қадам!
— Деп ақырып айдаһар тұрғанында,
Кез болды құдай айдап бір бес адам.
Жалынып оларға да жылап бақты,
Зар тұтып, басындағы мұңын шақты.
— Бұған бір амал-хайла табыңдар! — деп,
— Қарасып бір-біріне иек қақты.
Бірі айтты:
— Бұл айдаһар, емес кіші,
Жиылса, бүтін дүние жетпес күші.
Бесеуміз бұған айла, не табамыз?
Біз түгіл түк қылмапты отыз кісі.
Келмейді саған лаж [ғылаж] қолымыздан,
Алмайды, берсек, ат пен тонымыздан!
— Олар да аяңдасып кете барды:
— Өзіміз қалмайық, — деп, — жолымыздан!
Айдаһар ақырумен жақын келді,
Өлерін сорлы жаяу анық білді.
«Кеттім ғой су түбіне!»— деп тұрғанда,
Селтеңдеп бір жарты адам шыға келді.
Басына бір қиын іс түскен шағы,
Тынбайды жалынудан тіл мен жағы.
«Тал қармар суға кеткен»— дегендейін,
Жалынды жан хайласы оған дағы.
Жарты адам ыңғайланып тұра калған,
Сөзіне мұның айтқан құлақ салған:
— Айдаһар, айтқаныңның бәрі өтірік,
Нанбаймын мен орынсыз сөзге жалған!
Қыспаққа бұл сорлыны алып тұрсың,
Сен қалайша өтірікке нанып тұрсың?
«Ішінде көздей сандық жатып ем», — деп,
Жоң жерден бір пәлені салып тұрсың!
Ыңсапка қарасайшы есің жиып,
Өтіріктен ау жасап, бұрыш қиып.
Көрінген мынау тұрған денеңменен
Жатасың сен сандыққа калай сыйып?
Нандырдың талай жанды таңырқатып,
Өтірігің болды әшкере, таңдай атып.
Сөзіңді әуел маған рас қылшы,
Сандықты қылдың мекен, қалай жатып?
Жұлқынды, айдаһарды ашу қысты,
Жұлындай түгін болып аспанға ұшты.
Түгіннен ұшқын болып көзге түсіп,
Сандыққа ұшып келіп қайта түсті.
Ойда жоң жерден ойлап амал тапты,
Сандыққа айдаһарды сүйтіп сапты.
— Бәрекелді, айтқаның рас екен! — деп,
— Сандықтың, тарс еткізіп, аузын жапты.
— Кұтылдың халас, — дейді, — мұнан аман,
— Бұл өзі малғұн еді сондай жаман.
Мақына енді қайтып жолай көрме,
Қарасын анадайдан көрген заман.
— Жүрегім менің қорқып, дүрсілдейді,
Сен не еткен тайсалмайтын ерсің?! — дейді.
— Пері мен періштенің бірісің бе?
Жөніңді айт, жаным, жарты кісім?! — дейді.
— Ақымақ, акылың жоқ сенің өзің,
Осыған жетпей тұр ма әлі көзің?!
Не дейсің, бұл айдаһар, дәнеме емес,
Аузыңнан абайсызда шыққан сөзің.
Жамандық алтындай боп түсер көзге,
Қызықты нәрсе жоқ боп онан өзге.
Аузыңнан бір жаман сөз шығып кетсе,
Қаларсың әр орнында жанжал сөзге.
Жамандық қайдан туар, тілден туар,
Әркім де ғаңыл болса, тілін буар.
Шығарсаң бір жаман сөз сен аузыңнан,
Артыңнан айдаһар боп сені қуар.
Оразаң отыз күнгі — отың кісің,
Бес кісі — бес намазың, білемісің.
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұлармен дәнемеге келмес күшің.
Қысылды, мен болмасам, шыбын жаның,
Дәрменің қалмап еді, құрып әлің.
Танып қой, танымасақ, мен боламын,
Дүниеде қылған қайыр — жарты қаның!
Шықпаған, сараңдықтан, бүтін — қолдан,
Қалмас ең болса бүтін, мұнша жолдан.
Дүниеде қылған қайыр ықсанықыз,
«Тар жер, тайғақ кешуде» пана болған.
Бозбала, бір көрерсің өлім бетін,
Тіл алсақ, өлім бетін көрмей, күтін.
Өлімнен күні бұрын күтінбесең,
Бұрқылдап әр тесіктен шығар түтін.
Жиылса бір араға тамам түтін,
Түтіннің не болатын көрдің бетін.
Қайыр, ықсан, сауапты жарты қылмай,
Қыла гөр күні бұрын соны бүтін.
Жеміссіз, құр қақайған болма терек,
Басқаға, бір отыннан, неге керек?
«Ал хасанат из һыбын алсиат»— деп,
Мағынасын бұл аяттың білсең керек.
1110 жыл
АҢҚАУ АДАМ ТУРАЛЫ
Иеcі білер сырын мінген аттың, Көз жетпес қулығына адамзаттың. Іш пысып еріккенде күлмек үшін, Айтайын әңгімесін аңқау сарттың. Ертемен сарт үйінен шықты дейді, Бар екен бір есегі мықты дейді: Өзімнен кетіп дәрмен шаршағанша, Есегім, мінбен саған!- депті дейді. Есегін сарт бейшара жетелепті, Арасын тау мен тастың төтелепті. Жолменен жалғыз қаңғып келе жатып, Қуларға кез болыпты өңшең епті. Адамда ақыл, айла көп - ті дейді, Әр түрлі білер қулар, епті дейді. - Аңқиған, ақылы аз, ақымақ сарттың Ұрлайық, кел, есегін!- депті дейді. - Жол үсті, түссек жаман көзге,- дейді, -Мал жоқ па алсақ мұнан өзге?- дейді. Жұп-жуан аяқ-қолы дығырдай сарт Есегін ұрлата ма бізге?- дейді. Бірі айтты: - Мен ол сартқа барамын,- деп, -Есегін барсам, ұрлап аламын!-деп. -Еріп жүр меніменен, көр қызықты, Ойлама: "Қолға түсіп қаламын!"-деп. Аяндап сарт бейшара жолмен жүрді, Екі ұры - бұ да жаяу, соңына ерді. Бұлармен артындағы жұмысы жоқ, Ыңылдап ашула айтып жүре берді. Ұрының сонда жетіп бірі барды, Есектің басындағы ноқтаны алды. Киді де, өз басына кете барды. Сол жерде есекті алып, бірі қалды. Ұрының есекті алып бірі қалды, Біреуі еріп сартпен кете барды. "Есегім жетегімде келеді!"- деп, Деп қиял, көрместен, сарт ойына алды. Бұл ұры есекті алған қалды кетіп, Қарасы көрінбейтін жерге жетіп. Есек әбден орнықты - ау деген кезде, Тартынып тұра қалды кекең етіп. Дүниеде болсаң жақсы, ат қалады, Ұстадан - тат, молдадан хат қалады. - Арам өлгір, немеге жүрмейсің?!- деп, Ажырайып, артына сарт жалт қарады. Қараса сарт артына, есегі жоқ, Есегін мінбесе де, көңіліне тоқ. Қолында ноқталаулы бір адам тұр, Орнында есегінің есектей боп. Сонда сарт аң-таң қалды ауызын ашып, Болғанға есегі адам жаман сасып: - Сен өзің неменесің, жөніңді айтшы, Кез болып, маған қайдан болдың несіп?! Мен сенің есегіңмін еріп жүрген, Екенім менің есек, әркім көрген. Біреуден біреу алып саудаласып, Өтумен қолдан-қолға саған келген. Мен өзім дәл өзіңдей адам едім, Шешемді көп ренжіткен надан едім. Жұмсаса, тілін алмай қарсыластым, Дарақы бейпіл ауыз жаман едім. Бір күні шешемменен қарсыластым, Бетіне жерден алып, топырақ шаштым. Қарғады сонда мені: "Есек бол!"- деп, Қарғыстан осындайға душарластым. Есек боп, амал бар ма, жүре бердім, Пейнетке неше түрлі көне бердім. Тәубе қып, бір Құдайға көп жалынып, Көңілді, шешемді ойлап бөле бердім. Аяды шешем мені ойына алып: "Балам,- деп,- азап тартып, жүр ғой налып "Оңал - деп,- адам болып!"- тілек қылды, Мінеки, болдым адам енді оңалып! Мұны естіп сарт бейшара кетті шошып Адырайып екі көзі, зәресі ұшып. Есегің қолыңдағы адам шықса, Мал түгіл кетерсің сен жаннан кешіп. Үйіне сарт сол жерден кетті қайтып, Қоржынын ол-пұл нәрсе үстіне артып. Сөйледі бастан-аяқ қатынына, Әңгіме бастан өткен кебін айтып. Қатын айтты: - Ей, байғұс, неткен жансың?! Білмеген неге мұны мұсылмансың?! Мойныңда қанша сенің ақысы бар, Есек деп талай оны қинағансың! Қой сойып, құрмалдық бер бұған,- дейді, - Көп бейнет тарттырғансың оған,- дейді. Есектен айырылғаны есінде жоқ, Қатын да өз білгенін езді дейді. Өйтті, бүйтті, әйтеуір есек кетті, Қой сойып, құрмалдық деп, әуре етті. Есек жоқ ермек қылар сарт байғұсқа, Отырумен үйде босқа өмірі өтті. Бір күні қатыны айтты: - Базар бар!- деп, -Бір тәуір, жөні түзу есек ал! - деп. - Сарт болған соң, есексіз жөні келмес, Басқаны ол есектен бақпа мал деп. Тұрды да, сарт басына сәлде салды, Тастамай нашагасын қолына алды. Үш жерден орамалмен белін байлап, Бір есек алайын деп базар барды. Базарға бұрын сарт барып жүрген, Нәрсесін керек-жарақ алып жүрген. Есегін әнеу күнгі көрді дейді, Сатуға жорғалатып салып жүрген. Есегін көргеннен соң білді танып, Қасынa жақындапты жуық барып. Сыбырлап құлағына айтты дейді: Пәлеге тұтылдың ба тағы қалып?! Іштің бе үйге барып арақ?- дейді. Болыпсыңтағы мұндай харап,-дейді. - Алам деп тағы сені әуре болсам, Қалармын дат деп бір күн қарап,- дейді. - Сен, есек, көп жолама маған!- дейді, Ренжіттің неге анаңды, надан?!- дейді. Кетуің адам болып саған оңай, Өлсем де, жоламайын саған!- дейді. Үйіне, айтып соны, қайтып кетті, Аяңдап кеш болғанда зорға жетті. Солар да бір қатынға ие болып, -Әйтеуір бұл жалғаннан өмір өтті. Ұқпасқа айтқан сөзім кетер ағып, Талайды қан қақсатқан тілім шағып. Базарға бір ешкіні сарт айдады, Мойнына ешкісінің қоңырау тағып. Және бір есегі бар жетектеген, Ежелден сарт қой сорды етектеген. Табаны талқыдай боп жалаң аяқ, Мініп ап есегіне тепектеген. Жүрмеді жалғыз ешкі айдауына, Сорының енді қара, қайнауына. Ешкінің мойнында бар ұзын жібі Есектің құйрығына байлауына. Есекке ешкі тіркеп байлап алды, Екеуін көп жүретін жолға салды. Алдына екеуінің өзі түсіп, Аяңдап ашула айтып кете барды. Біреуі - адам.біреуі - малдың қоры, Сарт пенен арылған ба есек соры?! Жолменен жалғыз қаңғып бара жатса, Кез болды жол үстінде бір үш ұры. Бірі айтты: - Мен бұл сартқа барам,- дейді. -Ешкісін ұрлап мұның алам,- дейді. -Бұл сартты аман-есен қоя беріп, Не қылып тірі болып қалам?!- дейді. - Жарайды, сен ешкіні ал, барып,- дейді. - Алуың ебін тапсаң, анық,- дейді. - Сен ешкісін бойыңа сіңірген соң, Қалайын мен есегін алып!-дейді. Бірі айтты: - Кетті бұ сөз ұнап,- дейді, - Барады сарттың несі қурап?- дейді. - Ешкісін есегімен сендер алсаң, Алайын мен киімін тонап!- дейді. Үш ұры осылайша сөз байласты, Бір сартты тонап алу болып қасты. Білдірмей арт жағынан бұғып барып, Біреуі ешкісіне жақындасты. Ешкінің мойнындағы қоңырауды алды, Есектің құйрығына байлай салды. Қоңырау дауысы естілсе, бәрі түгел, Сөйтіп ұры ешкіні алып қалды. Жоғалып ешкіні алған кетті көзден, Құлақтың құрышы қанар мұндай сөзден. Алуға енді есекті бірі ойлады: «Осы аман кетеді,- деп - не ғып бізден?" Бұ жолда сарттан бөтен еш кісі жоқ, Дауысы бар, қоңырауының, көңіліне тоқ. Қараса бір мезгілде сарт артына, Есекке тіркеп алған ешкісі жоқ. - Бұ жануар қайда кетті, қашып?- дейді, Иа шөлдеп, иа исе қарыны ашып?- дейді. - Кешікпей, келсе керек хайуан өзі Қоңырауын кеткен екен асып,- дейді. Ұрының сонда жетіп бірі келді. Ешкі, сен, көрдің бе?- сұрайды енді. Бір ұры алып қашып бара жатыр, Ішінe мына бақтың жаңа кірді. - Жерде ме жететұғын жақын?- дейді, Есекті мен келгенше, баққын!- дейді. Бітта пұл, екі-нім шарик, біринжі бұғдай, Беремін, байлап тұрған ақың,- дейді. "Ұрыны, ешкі алған, келдім көріп", - Деген соң сарт асығып кетті жүріп. Есекті алып, зып беріп бұл жөнелді, Сарт нанды өтірікке, құдай ұрып. Ешкі мен есек шығып кетті қолдан, Ер азығы ақымақ пен бейнетқордан. "Киімді алам" деуші алдын тосып, Салар судың бойынан түсті жолдан. Сарт байғұс олай шапты, бұлай шапты, Алқынып, алғаны сол тырлап қапты. Ешкі онда, есек мұнда тып-типыл боп, Адаспай өзі келіп жолды тапты. Ұрғанын құдай әбден білді дейді, -Есекке ешкі тіркемен, енді!- дейді. Мерзімді су алдынан оқтай ұшырап, Салар судың бойына келді дейді. Таусылмастай сарт соры - мидай татыр, Аз болса, оған қосылсын тұзды шақыр. Екі көзі суда боп, етпетінен Қарсы алдында көлденең біреу жатыр. Осынша аңқау сарт сорлы қайдан туды? - Талай көрген Жакеңмін сендей қуды. Суға түсіп бірдемең жоғалды ма? Көзің тесіп барады аққан суды. - Айтайын, сен сұрасаң, менің жайым, Құл едім қызмет қылып жүрген дайым. "Ертеңмен ерте тұрып, бір қап алтын Келтір!"- деп жарлық қылған сол қожайын. Толтыра бір қап алтын салып едім, Ұйқыдан өлген сорлы кәріп (ғаріп) едім! Келгенде осы арықтың жағасына, Кішкене ұйықтап, тыныштық алып едім. Түбіме жүрген жанмын ұйқым жетіп, Көремін байдың бетін енді не етіп? Біле алмай не қыларым отырғаным, Қабымен суға алтыным түсіп кетіп. Жиренбей кім түседі суға салқын, Айтамын саған ғана сөздің салтын. Қабымды судан алып берген жанға Бір уыс берер едім қызыл алтын. Сол жерде сарт ойлады әртүрлі ой: Алтынға ешкі түгіл алармын қой! Ешкі мен есегімнің төлеуі үшін, Құдайдың маған қосқан жылуы ғой! Суым ғой күнде өзімнің түсіп жүрген, Басы мен аяғынан кешіп жүрген. Барсын деп үйге ұялмай абыроймен, Құдайдың олжасы ғой маған берген!" Жұлқынды киімінің бәрін шешіп, Уыс алтын алам деп, көңілі өсіп. Қолдай гөр иа, ер Хобби сұлтаным,- деп, Күмп беріп, аққан суға кетті түсіп. Түбіне сүңгіп судың барды жетіп, Алтынды алам ғой деп үміт етіп. Бұл суда азаптанып жүрген шақта, Киімін жинап алып кетті жытып. Салбырап бір мезгілде судан шықты, Киім мен кісі түгіл шайтан жоқ-ты! Ақымаққа адам, сірә, күлер емес, Өмірінде қарға жемес мұндай боқты. Ешкі мен есек бірге мана кетті, Қосылып оған киім және кетті. Біреуді үйтіп, біреуді бүйтіп алдап, Құдайым әрбір жанды тентіретті. Мырзалық жұрттан асқан Ноғайда бар, Шошқаның не қабаны тоғайда бар. Қайсарлық қайыспайтын әр жайда бар, Қас сорлы, іздей қалсаң, со қайда бар?!
1111-1110 жылдар
ЖІГІТ НАЗЫ
Жастықтың заманы өтті жалдайтұғын,
Өмірдің уақыты жетті алдайтұғын.
Көз салып, көиіл қалап (калып), тауды алып,
Баяғы күй[ің] бар ма таңдайтұғын?!
Қолға алып, жүрек (иүрек) танып, өрнек салып,
Бишіктен сегіз өрім талдайтүғын.
Дәм танып, ғашығың жанып сүйіп,
Сағызды шелегімен балдайтұғын!
Жоғалып бізден қалып, қайда барып,
Ұзақ, түн әзіл-ойын қанбайтұғын!
Су шалып, өшіп калып, бықсып жанып,
Бір отқа душар болдың жанбайтұғын!
Тұрса-шы буынға (бойға) ырғалып, қолын салып,
Қандай жан ақыл-естен танбайтұғын?!
Бұл қалыптан құр қалып, назаланып,
Күншілдер, жамандар (иамандар) көп шамдайтұғын!
Бойды көріп, көре алмай, шәу-шәу үріп,
Қаншық иттей түн бойы талмайтұғын!
Ежелден құны бардай өшіп-өліп,
Артыңнан сонша несі қалмайтұғын?!
Күн батар кешке таман таудан асып,
Шапақтан қызыл алтын нұры тасып.
Ақшаның қараңғылық, мезгілінде
Қосылар екі ғашың асып-сасып.
Күн батар кешке таман мұнарланып,
Ойнайды екі ғашық құмарланып.
Аң үйдің оң жағында жатар ма еді
Бүркіттей түлкі алған жұмарланып?!
Боз үйден күйеу шығар қадам басып,
Алдынан қалыңдығы есік ашып:
«Келгенше енді айналып, кім бар, кім жоқ
Қалқатай, тіліңді бер, аузыңды ашып!»
НАУРЫЗ ТІЛЕГІ
Біреуім екеу болып, мал қосылды, Қорама жүз-жүз лақ, қозы толды. Ызғарлы, қыс-зымыстан,суық кетіп, Аспаннан күн күлімдеп, шырай [қонды] енді. Ұзамай қар да кетер, жаз да болар, Сай-сала күрілдесіп, суға толар! Бөленіп жер жеміске, мың құлпырып, Шалғынға көкорайлы ауыл қонар. Жаз исі бүгін келді, жан жайланды, Кешегі көрген бейнет артта қалды. Өмірге жаңа жолдар ашатұғын Жаңа жыл- бүгінгі күн - жаздың алды. - Қатын тұр, көжеңді ішіп, асыңды сал! Келейін түске шейін мен жайып мал! Жаңа жыл - шілде күні - өмір басы, Тойынсын бүгінгі күн жас балалар! Бас қосқан: шалдар, жастар бөлек-бөлек, Қамдаған үй қожасы мейрамды елеп. Шараны шайқалдырып алып салды Шалдардан енді бұған бата керек! - Ақсақал, "илай-аумин"- батаңды бер, Көгерсін көкірегінде ең кіші ел! Бір малын келер жылға екеу қылып, Кәсіпке жұмылмаған қалмасын ер! Береке күннен — күнге таса берсін, Кедейдің үстемдігі аса берсін! Құдайдың не бергені қайырлы боп, Ел өрлеп ілгері аяқ баса берсін!
ИСА ШОРМАНҰЛЫ
Аман ба, Сүйіндіктің айналасы?! Әр жерде ауыр болды қыс шамасы. - Аз ғана қажылардан соз қозға!- деп, Қаржастың ортаға алды кәрі-жасы. Тыңдарлық болса құлақ, сөз анасы, Мәшһүрден тарайтұғын сөз сарасы. Шолпаны, ұйтқысы еді Сүйіндіктің Шорманның, Иса мырза, бел баласы. Көп қажы Сүйіндіктен былтыр кеткен, Мекке мен Мәдинеге барып жеткен. Туған жанның бәріне бір өлмек бар, Адамның арманы не сол жерде өткен?! Өзіне түгел болып дүние жалған, Жолдасын ақыреттік қасына алған. Қызық - құрмет, мал-жанды керек қылмай, Дүниені, өлмей тұрып, талақ салған. Жолдасы Шөкіұлы Сәтбай ер-ді, Жарасып тел қозыдай бірге жүрді. Он бес пен жиырма беске бермей кетті Жетпіс жеті жас пенен сексен бірді. Малғозы - Алтыбасар және ерген, Қостас боп, Қозған - Бұқа бірге жүрген. Еp басына бір-бірден күтуші алып, Дүниені төгіп-шашып, қызық көрген. Басшы боп Мұхаммеджан қожа кеткен, Тілеуі бір он жолдасы қасына ерткен. Кісі екен айырылмайтын шарапатлы Топырақ сонан болып, үміт еткен. Бас болып, қасқа жайсаң елден кетті, Құдай мен пайғамбарға түзеп бетті. Ақшамен құстай ұшып қалтадағы Жайларға көңіліне алған аман жетті. - Бас қосып тамам қажы жүрдік,- дейді, - Көрмеген көп тамаша көрдік,- дейді, - Омбыда оразаның айтын оқып, "Тәуекел!"- деп, пароходқа міндік!- дейді. Қазаны өткеменің бұрқ-бұрқ қайнап, Ту тігіп, неше жерден жалау байлап. Шыққан соң Стамбулдан сегіз күнде Иамбухқа түстік барып "Иа, Құдай!"- лап. - Бұл дүние бәрімізден өтер!- дейді, Өлмей тұрып өкшеңді көтер!- дейді. - Шаһарын Стамбулдың көрмеген жан: "Дүниеге келдім деуі - бекер!"- дейді. Шыққан жоқ ешбір шығын, есен-аман, Бас қосып жүрдік көп боп:жақсы-жаман. Сәтекең Исакеңмен бірге жүрген Дүние-ай, енді қайда ондай заман?! Медине күннен түні жарық жанған, Тұтылып күннің көзі тозаң шаңнан. Ішінде екі патша төресі бар Қапила Мақпал - Шәріф келді Шамнан. Медине толып кетті іші-тысы, Он екі ай жаз өмірінде, жоқ-ты қысы. Еш титтей арманы жоқ бұл жалғанда Өткізіп бәрін бастан, көрген кісі! Мирасы пайғамбардың Мақпал-Шәріф, Бесігін Фатиманың бірге салып. Түріктің патшасы - Уәли, Ашшам, Екеуін келеді екен бірге салып. Түйенің бесік артқан формы басқа, Жібек пен толған үсті асыл тасқа. Шаһарға түйе боздап кіреді екен, Көздері мөлт-мөлт толып қаңлы жасқа. Келгенде даруазаға шөге қалып, Жас ағып көзден, басын жерге салып. Еңбектеп тізесімен жер бауырлап, Кішілік әдеппенен кірер барып. Мойнын созып, бөксесін кейін тастап, Ұмтылып, босағаға басын жастап. Көзінен аққан жасын көрген жанлар Ес қалмай жылайды екен, көзін жастап. Шам жұрты зиаратын тамам етті, Тұрды ма, басымыздан, о да кетті?! Қиылып тамам қажы ыңғайланды, Баруға Байтоллаға түзеп бетті. Қайтпай жүр бұл жалғаннан біздің тауан, Бастас боп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан. Кісілер тәрбиелі мінетұғын Ол жақта болады екен тақтырауан. - Жомарт ердің иманы судай тасқан, Намарттың мұндай жерде құты қашқан. Түйеге тақтырауан мінеді екен, Ол топта иығы басып, бақыты асқан. Исекем талап қылып мінбек болды, Өзгеден артылтуға үшбу жолды. Төрт түйе жабдығымен түгел алып, Қолма-қол жеті жүз сом берді пұлды. Жаратқан, ғашық болып, Иесіне, ат, айғыр , арманы жоқ, биесіне. Көрді деп мал қызығын - соны айтыңыз, Мінген соң тақтырауан түйесіне. Өзгелерге түйе жоқ, екеу ара, Бас-басына түйе жоқ дара-дара. Бір басына төрт түйе жалдап алып, Көп жаннан озып шықты жеке қара. Төрт жағында төрт жаяу жалаң аяқ, Әр жаяудың қолында бір-бір таяқ. Бір аспазшы, бір қосшы - күтуші алып, Шашып төкті ақшаны аямай-ақ. Қонған, түскен жерінде даяр шатыр, Мұндай бір күн қырық, отыз жылға татыр! "Қазақтың ханы екен!"- деп, жұрт айтысып, Мединеден Меккеге келе жатыр. Байлықпен баршасына жетіп күші, Он бестегі өңіне келіп түсі. Исекем Мақпал Шәріф ол Уахишам, Сол топта көзге түскен үш-ақ кісі. - Шам, Шәріфтің әскері бізбен жүрді, Үш патша болып, шаһарға бірге кірді. Бәдәуидің керуені ол да келді, Даңғыр-дүңгір думан қып жүрген жерді. Өткіздік талай күнді біздер бастан, Есімде жоқ, айтуға, тастамастан. Өзімізден айрылған жолдастардан Үш-ақ кісі қалыпты он жолдастан. Жарастықты сәулет пен жүрген жері, Болып жүрді сол топта үштің бірі. Мұнан артық, бозбала, не табасың, Жалғанда жүргенменен жүз жыл тірі?! Әрқайсысына әр жерде қаза жетіп, Өлшеулі, жол үстінде демі бітіп. Mеккеге екі қонақ қалған жерде Сәтекең "Забғыл"- деген нәзірілде өтіп. Сары ауру көп қажыны киіп кетіп, Ішкені ащы су боп, ыстық өтіп. Бишара Алтыбасар жығылыпты Жаннатіл Мұғаллаға келіп жетіп. Таусылып жолдасымыз түгел бітіп, Қалжырап, өзімізден дәрмен кетіп. Ақырып бәдәуиге күж-күж етіп, Бишара Қозған-Бұқа келді жетіп. Сәтекең қаза жетіп жолда қалған, Пайғамбар "Үмбетім!"- деп, қолқа салған. Көре алмай қалғанына көп өкінді: Не қылып, не етіп!?"- деп, көп қылды арман. Той еді күнде жүзін көргенім! — деп, Жарасып тел қозыдай жүргенім!-деп. Көре алмай қалғанына көп өкінді: Құрысын тақтырауан мінгенім!-деп. -Махаббат екі жақтан табылысқан, Жоқ еді татулықтан жаңылысқан! Кісідей бірге туған жақын еді, Қан төсеніп, қағанақ жамылысқан! "Бір жерде болмадық!"-деп, қылдық арман, Бас қосып бес - алтауымыз енді қалған. Жүз алпыстан - үш жүз жиырмаға-Исекең бір құл, бір күң сатып алған. Тұрған соң күші келіп, еркі жетіп, Бұ дүние, уа, дариға, естен кетіп. Қуантып шатландырды байғұстарды Күңдік пенен құлдықтан азат етіп. Міне, осы-Исекеңнің қылған ісі, Қылған жоқ мұнан бұрын басқа кісі. Есен-сау Арафатта түскеннен соң, Дерт тиіп, түсі қашып, ауырды іші. - Әр түрлі тірілікте күйге түстік, Қозғалып көп қажымен бірге көштік. Қайтуға енді Арқаға даярланып, Жидахи Мүбәракке келіп түстік. Зиарат екі шәріф қылып тамам, Бет қойып енді ел-жұртқа бастық қадам. Исекең бұрынғыдан шабан тартып: - Жүруге келмес енді – деді - шамам! Шамасы келмеген соң, тілін алдық, Төсегін, тынышландырып, жайлап салдық. Білуге Исекеңнің халін байқап, Бөлініп көп қажыдан кейін қалдық. Ауруы басым болған соң, халі кетті, Таусылып сегіз күнде демі бітті. Кеудеден жан шыққанша, тіл байланбай, Өзіменен өзі айтып, солайша өтті. Байлықпен алмады ма жұмақ сатып, Жұрт көзіне бір түсті таңдай атып. Жидахи Мүбәракте мадпұн болып, Қасында анасының қалды жатып. Дәулет құс қонып тұрған басында еді, Жылы-ит: жетпіс жеті жасында еді. Тіріге кепіл, өліге ту болатын Қожасы түнейтұғын қасында еді. Басшы боп Мұхаммеджан қожа кеткен, Тілеулі он жолдасы қасына ерткен. Қырғын көк қырып-жойып аман келді, Жасынан бас мүжумен күні өткен. Биылғы, жыл ұмытты, өткен жұтты, Айрылып отбасынан өңшең құтты. Отбасынан бір жанды қалдырмаған Қалайшадан қожекең жолы құтты. Жаз өтіп, қыркүйекте, болады күз, Жақсыға осындайда ереді сөз. Ауылында Әкімбектің душарласып, Қажыға Мұхаммеджан жолықтым кез. Осы сөзді қожаға, өзіне айттым, Сырттан айтпай, туралап, көзіне айттым. Мұсылманбек әзіл қып айтқан екен, Мен де сондай бұл жерде өзіне айттым. Өкінішім жоқ олардың қалғанына, Өздері әбден жеткен соң арманына. "Менің дұғам,- деп айтты - ақыреттік, Көп тілеулес емеспін жалғанына!" Іздеп барған мақсаттан құр қалмастай, Менің дұғам оларға ақ алмастай, Шек-қарынын аршыдым тап-таза қып, Дүниеге қайтып келіп, былғанбастай! Ойлап па ек: "Көреміз-деп,- біз бұл елді? Шыбын жан шықпаған соң, дене келді. Артынан Исекеңнің көп кешікпей, Бейшара Қозған-Бұқа сол жерде өлді. Екеуін тынышландырып, жайлап салып, Аманат қанша қалған пұлын алып. Бір-екі қалған- құтқан баламенен Мінеки, өлмеген соң келдік салып. Баласы Шорман бидің Иса мырза, Жайылған Мәшһүр аты ойға-қырға. Жақсының өзі өлсе, аты өлмейді, Ісіне Исекеңнің болдым риза!
1901 жыл
ШЕЖІРЕ ӨЛЕҢ
Қолыма: "Бисмилла!"-деп, алдым қалам, Екінші - Мейрам атаң, Арғын - бабаң. Келеді үшіншіде Қарақожа, Төртінші - Ақжол батыр, білсең тамам. Бесінші атаң - Құтан бай, аты шыққан, Алтыншы - Қаракелімбет: дәулет жұққан. Жетінші атаң – Жанарыс - Орта жүздің, Сегізіншісі - Қарақпар еркін ұтқан. Тоғызыншысы - Айырқалпақ, білсең атын, Оныншы атаң – Сапиян - арғы затың. "Он бірінші - Майқы"- деп, және айтады, Он екіншісі - Жабалхан, жетсе датың. Он үшінші атаң[ның][аты]- Алаш, Он төртінші - Аламан, оған жалғас. Он бесінші - Айбура(Аққора) деп естиміз, Он алтыншы Сейіл ғой, етпе талас. Атаңның он жетінші Мағаз заты, Он сегізінші – Жабалдан - туған заты. Он тоғызыншы - Әнестің дәл өзі екен, "Мәлік"- деп - жиырмасыншы жазған хаты. XXX ....Төрт арыс - Орта жүздің шын баласы, Арқаның толған елге сары даласы. Қарақожа бабамнан Арғын туып, Дәулетке сондай толған айналасы, Онан соң Мейрам сопы бабам өткен, Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік пен. Бес бала Мейрам сопыдан туған екен, Қаракесек - анасы басқа тектен. ... Баласы Қуандықтың алтау болған, Тінәлі, Темен, Алтай туған. "Арғын болсаң, Алтай бол!"- деген сөз бар, Енеден: Борыш, Қарпық - бөлек туған. Келемін Сүйіндіктен бір-бір санап, Мәжік пен өткен бабам, ол-Шуманақ. Суғыншы, Оразкелді - бұл төртеуі Жаратқан Құлболдыны Құдай қалап. Жанболды Құлболдыны көп ренжіткен, Жасы үлкен ағасы екен бұрын жеткен. "Жанболдыға жар кешу береді!"- деп, Лағып (ылағып) ақбоз атпен суға кеткен, Тақ болып жеке туған Қаржас еді, Ақсүйек, алтын сандық алмас еді. Бақ қарап, қыдыр дарып, дуа қонған, Бабаңның-Оразкелді баласы еді. Төлебай Сүйіндікте болып өткен, Шобалай мал мен басқа толып өткен. Қаржаста: Мырзағұлға дәулет қонып, Екі иінін Есен тентек жұлып өткен. Қаржастан үш ұл туған, бірі-Бегім, Төрті (төресі) бар ма түгел көргендердің?! Шашылған Мәмбетәлі тұрсын былай, Баласын түгендейін Құлыкенің. Үлкені Құлыкенің Үйімбай ма, Болмаған бекер адам бұ да жайға. Қасиетін атасының бізге бермес, Тастайық: Өтен, Баян, Жаулыбайға! Бабамыз мұнан соңғы - тентек Телі, Тартқызған байлықпенен атпен желі. Мұнан туған Әлімбет, Анай бабам, Қаржастың дуа қонған асқар белі. Құлыкенің бір неме[ре]сі жасында өткен, Қатыны сөзге ілінді жесірлікпен. Некесіз, даулы туған Талас еді, Айтады: "Анаймыз!"- деп, не себептен?! Анайдан бесеу туды, ел көбейіп, Бақ қонды Мырзағұлға шырай қонып. Үлкені Нияз - "Шөмек"- ат байланған, Не қылам, айтып оны кіна қойып?! Құдайқұл мен біреуі Қолбай еді, "Қойдай қоңыр"- жуастығы сондай еді. Бақ қарап, әрқайсысы мыңды айдады, Ежелден көтерілген талай еді. Жәдігер - төртеуінің ең кенжесі, Һулардан кем болған жоқ несібесі. Тірлікпен бұ жалғаннан беті қайтпай, Әжімге тиген екен көлеңкесі. Құлболды тақсыр бабам әулие өткен, Айбол, Күлік, Тұлпар - бұдан біткен. Жортуыл: Қаракесек күңнен туып, Қозған, Қақсал-Бегендік, Шегендік пен. ... Күліктің ең үлкені - Тілеуімбет, Қайратты, қайсар екен, қайтпаған бет. Бір өзінен он алты ұл туып, өсіп, Тоғысып көп қалмақпен болыпты мерт. Он алты ұлдың он төртін қалмақ алған, Мен айтпаймын өтірік сөзді жалған. Кесім, Қойтан-екеуі қалып тірі, Мінеки, біз-солардан нәсіл қалған. Ақжігіт-дәл Бесімнің өз баласы, Толықсып бірдей өскен мал мен басы. Санжасар, Мыңжасар мен, Жүзжасардың Туысқан Көпей, Мағрұп ұяласы. Дүниеден кім қалады кетпей көшіп, Ойлаймысың уақытты жүрген тосып?! Солардың біз бір қалған жұрағаты, Көпеев - фамилиясы, Мәшһүр-Жүсіп.
1901 жыл
АҚ ҚАҒАЗ, ҚАЛАМ, СИЯ КЕЛДІ БІЗГЕ
Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге, Жабырқап жабы малдай жүрген кезде. Қолына қалам, қағаз алғаннан соң, Толғанып кірді Мәшһүр сөйлер сөзге. Жөнелді ұйытқып соққан қардай борап, Нәрсе емес, өлшеп, сатып, алған сұрап. Әр жерде бұрыннан-ақ босатпайтын, Ақ қағаз, қалам, сия алдымды орап. Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген. Кеудеме Құдай кеңес берген шақта, Қағазға он саусағым атша желген. Кез келіп бояу, сия, қалам-қамыс, Болмады бұрынғыдай мына шабыс. Жасынан жер таныған жүйрік аяқ, Сонда да шашылмайды аяқ алыс. Қосылдым ат бәйгеге құлын-тайдан, Білмеймін кез болғанын маған қайдан?! Ендеше мен бүгін болған Мәшһүр емес, Келеді ат атанып бірталайдан. Қызыл тіл сөйлеуші еді желдей есіп, Жастықта жүрген күнде көңіл өсіп. Жарыстан талай топта озып жүрген, Жүргенде бәйге кердей күйге түсіп. Жастықта қылдық күнә желіп, жортып, Керек қой қылсақ тәубе Хақтан қорқып. Қызығын жігітліктің көріп өттік, Киіктей оқыралаған орғып-орғып. Барады өтіп ғұмыр аттай шауып, Жаңбырдай себелеген сөзім жауып. Бозбала, тірілікте қимылдап қал, Өрмектің асты-үстіне кетпей ауып. Бес жастың не екенін білмей кеттік, Доп ойнап, асық пенен онға жеттік. Он бесте баламыз ғой деген оймен, Ісінен бұ жалғанның ғапыл кеттік. Жиырма - түзей алмай жүрісіміз, Еш болмай жиырма беспен бір ісіміз. Отызда ойлы-қырлы болып жүрдік, Дүниемен болмай онша келісіміз. Отыз бес - ойға кірдік, қолға алған жоқ, Жүруге қырықта бізге жол қалған жоқ. Қолыңды жеткен күнде сермемесең, Артынан қанша қусаң, бұл жалған жоқ. Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді Талайлыға мол несіп беріледі. Он бес пен жиырма бесті кім біліпті, Енді артыңда бадырайып көрінбеді. Күн сайын өзіңе-өзің жас боласың, Жаспын ғой деп, әр істен жасқанасың. Піскен астан ішпейсің мезгілінде, Мезгілі өтіп кеткен соң, аш қаласың. Құнан, дөнен - құлын мен тайдан өсті, Ат болады толған соң, болып бесті. Отыз-қырықтан асқан соң ойланамыз, Он бес пен жиырма бесте қылар істі. Өнерге, шыдай алмай, біз шабамыз, Қанша шапсақ, бұрынғы жоқ бағамыз. Әлі орынды бітірген бір жұмыс жоқ, Мұнан былай ойлашы: не табамыз?! Балалық өтті-кетті басымыздан, Көп шығар көрген дәурен шашымыздан. Түлкідей, таудан қашқан, бұлаң етіп, Жалған-ай, өте шықтың қасымыздан! Мен де қыршын жас болып өсіп едім, Жарқырап топта көзге түсіп едім. Қызыл тілім бұлбұлдай сайрағанда, Талай жанның көкейін кесіп едім. Көрген пенде ұнатқан шабысымды, Жібермедім қолымнан намысымды. Жұрт аузына ілінген Мәшһүр едім, Алты алаш түгел білген дабысымды. Сонда біз асып-тасып қатден(ходтан) астық. Өнермен ілгергіге тайталастық. Қызыл тілді қылыштай сермеп жайқап, Неше "Мен!" "Мен!" дегеннің көңілін бастық. Бұ күнде кетіп қалды бізден жастық, Бір күдір, ойлап тұрсақ, белден астық. Тірілік қызығынан бой алыс боп, Ауылына өлгендердің жақындастық. Екен ғой өткен күннің бәрі мастық, Кеткен соң мастық бастан, жаман састық. Қызығы фәни жалған жоқ болған соң, Өлімге мұндай күнде саудаластық. Ұғып ал құлағың бар, замандастар, Талап қыл, біздей болма, өңшең жастар. Бұзылған замананың уақытысында, Шын сөзің өтірікке болмайды астар. Адам жоқ туралыққа жұртты бастар, Бір жан жоқ шындық айтқан сөзді қостар. Туралық, хақлықпенен жүрем десең, Өзіңді керексіз қып әркім тастар. Айырылды бір-бірінен жақын достар, Бере алмай желге төтеп түбі бостар. Бір шын сөзге он өтірік қосып айтсаң, "Пәлі!"- деп, естіген жан соны қостар. Келіспес, біле тұрып арам жесек, Жаман ғой арамнан да өтірік-өсек. Бұл заманның адамы сондай болар: Келер менен кетерді қылмайды есеп. Өсекті қожа менен молда айтады, Қожа, молда өзгеден оқиды айтады. Араз ғып балдай тату ағайынды, Өстіріп дау-жанжалды зорайтады. Ғайып істі балгер мен бақсы айтады, Құмалақпен, тамырмен тапса айтады. "Сөзімді жалған айтты,- деп,- ойламас",-деп, Ишандар мен қажылар жақсы айтады. Шариғат кітап сөзі қалды тозып, Бәйге алды талай өтірік шыннан озып. Қожа, молда, қажылар көп болған соң, Барады быт-шыт қылып жұртты бұзып. Айтады әмір мәғруф насихатын, Ұлғайтып өсек сөздің түпкі затын. Құрметлеп қожа, молда ап келген соң, Қол жуып бұл өнерден қалды қатын. Бой тоқтатып өз аузын баға алмайды, Онан басқа айтар сөз таба алмайды. Екі үйге кезек-кезек күнде кіріп, Біреуіне біреуін жамандайды. Табынар пайдасы жоқ тасқа қалмақ, Бұл қазақ үлгі жолды сонан алмақ. Есіл малды орынсыз жерге шашып, Іс көреp қиямет күн ауыр салмақ. Қазақ тіпті жақсы еді аман күнде, Дәнеме оқу білмейтін надан күнде. Өсек сөзді осылай түзеп айтып, Үйрете бір адам саған күнде?! Қазақтың пайдалы еді надандығы, Қоян мен қойдай еді адалдығы. Қожа, молда көбейіп кеткеннен соң, Қулық, сұмдық көбейді арамдығы. Білмеген, ойлап тұрсам, надан озды, Әбден біліп алған соң әркім қызды. Қисық арба жол бұзар",- дегендейін, Дүмше молда, қожалар жұртты бұзды. Ішер ас пен, сатылып, мінер атқа, Біле тұрып кірісіп қиянатқа. Басқа жақтан қаңғып кеп, әулиесіп, Бұл қазақты қалдырды жаманатқа. Қазақ байғұс береді ет пен шайын, Бар әлінше аямай аппақ майын. Және тағы нияз деп даярлайды, Үйден құр жібермеске қой мен тайын. Жалғыз түндік қалдырмай кезіп жүріп, Бұйырғанын Құдайдың алар теріп. Бұрынғыдай емес жұрт, бұзылыпты",-Деген сөзді айтады шыға беріп. Ұстасамын қожамен елде тұрған, Неге десең, бұзықшы көбі антұрған. Сыр мен Түркістаннан келіп қайтқан, Ишандардың ісіне жаным қ[ұрбан!] ...Қой мен жылқы аласың бұл қазақтан, Бір ауыз сөз айтпайсың шындық жақтан. Бұл жұрт тату болса екен деп ойласаң, Дұға қыл: жұртқа таупық сұрап Хақтан! Тегін мал, бұл қазақта жоқ-ты сату, Кетті ғой тыныштықпен үйде жату. "Сартты-боза, қазақты қожа бұзар"-Дегендей: қожалы жер-жүрмес тату. Шұқанақ жиғаныңмен, көл болмайды, Айтпаса өсек екі үйге, тіл болмайды. Жер жүзін, күннің көзін қаптағанмен, "Қожа елі"- деген рулы ел болмайды. Өзді-өзі, басын қосса, салады дау, Бір-бірін аңдып тұрған көреді жау. Мүйіздеп өзін-өзі жүргеннен соң, Қазақты не ғып қойсын жайына сау?! Ел ішінде жүргеннің бір ісі өткен, Қарыны тойған жеріне сіңіп кеткен. Ата жұртын аралап, нәзірін алып, Жұмысым жоқ қожамен келген, кеткен. Өнерге шыдай алмай ішім қайнап, Жарқ етіп шыққан күндей гүл-гүл жайнап! Қасқырдай қақпандағы ызаланып, Жатырмын өз аяғым өзім шайнап. Көңілім дария болғанда, қолым-қайық, Өз-өзімнен боламын Еділ-Жайық. Айдын шалқар көл қайда қылар шабыт [шабқа], Құла түзде қу ілген мен - бидайық. Ағалар, жүрген жерім күнде сауық, Бәйгеден келе алмадым, бапсыз шауып. Қырықты ілген қысқа күнде қыран едім, Кісім жоқ қазға сілтер бағым тауып. Жер жоқ па, бозбалалар, гүл ашылған? Алашта менен сөзін кім асырған?! Бозбала, бабым тап та, қазға сілте, Қайыра [тәйірі] алсын - бір кем болсам лашыннан Егерде [һибарде] гүл ашылса, бұлбұлымын, Дананың сөзге жүйрік дүлділімін. Басқаға қаз бен қудан шабытым жоқ, Қыраны, қаршығаның тұйғыны[мын]! Бұл сөзім бәрі де шын, емес мақтан, Әлхәри мақтан болмай, болсын ақтан! Атақты Сарыарқаның Мәшһүрі едім, Құдайым өнер берген тіл мен жақтан. Шығардым қанша кеңес бәрін жаттан, Танырсың, көрмесең де жазған хат[тан]. Ауызының оқығандар дәмін алсын, Жазайын бес-алты сөз насихаттан. Болмағың жақсы, жаман әуел бастан, Белгілі ат боларың құлын жастан. Өң беріп жылтыратып ысқанменен, Болғанын көрдің бе айна қара тастан?! Қара тас ең болғанда қайрақ болар, Балта, шот, пышақтарды қайрап болар. Дөңгелек диірменіңе шарық болып, Көзіне көрінгенді шайнап болар. Ай орынын аспандағы бұлт алып, Орнында дүр гауһардың су тас қалып. Құр тікен, қызыл гүлсіз, қолға түсіп, Ауызға қант орнына заһар салып. Келмейді өткен ғұмыр жоқтағанмен, Түк өнбес ұрып, соғып, боқтағанмен. Жолаушы жол үстінде көрмес хызыр, Далада отсыз, сусыз тоқтағанмен. Дүниеде шапқан аттай өткен ғұмыр, Қарақшы - көрдің басы, бәйгелі жер. Кім озып, кім қалуы мағлұм емес, Бәйге алсаң сол жерде озып, болдың ғой ер! Тұқым салмай, алар ма егін орып, Кім балалы болыпты бойдақ жүріп?! "Еккен орар,- деген сөз,- берген алар", Бәйге алғанды көрдің бе қарап тұрып?! Түн болса белгілі тұр бір жатуы, Үміті барша жанның - таң атуы. ... Уысына штансыздың жүз кіреді, Әркімнің жақсы көрер бір татуы. Жасымнан өнер іздеп көңіл бөлдім, Мән-жайын қожалардың көріп келдім. Өгізтаулық сарттарды қожа дейсің, Қазақ-ай, мен өлгенде, сенен өлдім! Жел сөзге қызыл тілім ділмар еді, Өнерім қожалармен тең бар еді. Өзіңнен қожа шығып тұрғанында, Сарт-сауан, Қызылбаста нең бар еді?! Құдайдың бергеніне көп-көп шүкір, Шүкірлікпен қыламын пікір-зікір. Түрікстанға апарып сал базарға, Жүз қожаға өтпесем, бетке түкір! Айналайын құдайдан берген ғылым, Арқасымен ғылымның сөйлер тілім. Қуандық пен Сүйіндік, Қаракесек, Бес Мейрамның баласы, бәрі - өз елім. Біз жүрміз ауыр жүкті мойынға артып, Пайданы арман итеріп, залал тартып. Үсті-үстіне күнәні көбейтуге, Көрінгенге кетеміз бір сөз айтып. Бойымда, шықпай ащы, тер қалмады, Көңілімде айтылмаған кір қалмады. Бұл күнде қожа, молда көбейгеннен, Мал басып жайылуға жер қалмады. Жайылды қожа, молда мал орнына, Отын боп, қуыс қурай, тал орнына. Қол сандықтан айдаһар жылан шықты, Сыйғызып енді өзінің, сал, орнына. Бас-басына мінгізсе бір-бір атты, Айтар емес: "Мұнымыз-қой, ұят-ты!" Несие жиған кісідей жұртты жиып, Былтыр қандай кездеме, мата сатты?! Бас-аяғы еліктеп қылып машық, Қаңғырғанға қазақтың есігі ашық. Дөңгелек диірменіңе шарық болып, Көзіне көрінгенді шайнап болар. Ай орынын аспандағы бұлт алып, Орнында дүр гауһардың су тас қалып. Құр тікен, қызыл гүлсіз, қолға түсіп, Ауызға қант орнына заһар салып. Келмейді өткен ғұмыр жоқтағанмен, Түк өнбес ұрып, соғып, боқтағанмен. Жолаушы жол үстінде көрмес хызыр, Далада отсыз, сусыз тоқтағанмен. Дүниеде шапқан аттай өткен ғұмыр, Қарақшы - көрдің басы, бәйгелі жер. Кім озып, кім қалуы мағлұм емес, Бәйге алсаң сол жерде озып, болдың ғой ер! Тұқым салмай, алар ма егін орып, Кім балалы болыпты бойдақ жүріп?! "Еккен орар,- деген соз,- берген алар", Бәйге алғанды көрдің бе қарап тұрып?! Түн болса белгілі тұр бір жатуы, Үміті барша жанның - таң атуы. ... Уысына штансыздың жүз кіреді, Әркімнің жақсы көрер бір татуы. Жасымнан өнер іздеп көңіл бөлдім, Мән-жайын қожалардың көріп келдім. Өгізтаулық сарттарды қожа дейсің, Қазақ-ай, мен өлгенде, сенен өлдім! Жел сөзге қызыл тілім ділмар еді, Өнерім қожалармен тең бар еді. Бас-аяғы еліктеп қылып машық, Қаңғырғанға қазақтың есігі ашық. Қанша ғылымды қор қылып жеңіл тартып, Есіл болат жауһарды қылды жасық. Күлкі болдық мұнымен жуық-жатқа, Жазылған сөз нұсқа боп қалар хатқа. Ит мойнына гауһарды таққанменен, Айналдырып жібермес басқа затқа. Әңгіме боп мұнымен бұл сөз тұрсын, Жақсы (неше) кеңес қандырар құлақ құрышын "Төрт - бес қағаз, әріптен [ғаріптен] оқыдым" Иттің көбі кетірді құлақ тынышын [тыншып Сөзіме ойнап айтқан шын деп нанар, Жаман үшін жақсының көңілі қалар. Бұл сөзімді жалғанға шығармайтын, Қожа мен, ел ішінде бар, молдалар. Іс қылған халыққа ұнамды Хаққа жаққан, Жан жоқ осы күнде ауызын баққан. Жыланша жылтыратып сыртын ғана, Табылса бір қапы жер, жаман шаққан. Барады жеңілдікпен бір сөз қалып, Сөйледім күйгендіктен, от боп жанып. Жақсылар бар да болса, жоқ сықылды, Қайтеріміз оны көптен бөліп алып?! Кетейін бұл сөзімнен бермей хабар, Мен өлмей, кісі емеспін, ауыз жабар. Төрт мағзұм, екі қожа, үш молда бар, Жұрт өзі кім екенін ойлап табар. Жоқ деп қақсап отырып, тоғыз таптым, Сегізін де жұлдыздай ағып шаптым. Біреуін жаяу - жалға көтермелеп, Рухын сыйлап өлінің[ұлының] атып[айтып] бақтым. Өсектеп қожа, молда ауызыңды жап, Сор артам жаппағанға дәл он бес қап. Құдай берген өнерді ешкім алмас, Азар болса, дерсіңдер: "Қыдырдан тап!" Кетеді кейде сөзім ерлігіне, Кісі ырқына жүрмейтін өрлігіне. Қожа, молда, қылмайсың неге дуа, Бұл жұрттың азбас, тозбас бірлігіне?!
НАДАН БИ
Ғалының кәпір қашқан туларынан, Дарияның бұлт шығады буларынан. Тағы бір әңгіме бар ғакіш (қисса) болған, Қазақтың ести берсең қуларынан. Бір надан түк білмейтін адам өлген, Жоқ екен құлдық жөнін бұрын білген. Биі екен тіршілікте өз ауылына Апарып өлгеннен соң халқы көмген. Тепкілеп(текпілеп) терең қазып, халқы көміп Жалғанда жаман болсын неге білген?! Қырық қадам көмген жанлар кеткеннен соң, Періште Мүңкір, Нәңкір бұған келген. Қараңғы, сипаласа, айналасын: - Жау тонап кетті ме, ойбай, сорлы басым! "Бір келген жүгінгелі адам ғой!"-деп, Көтеріп жерден биік алды басын. Періште жауап сұрды (сұрады):-Ман раббік» Бейшара шошып кетті: "Бұ не кеп?!"-деп. - Қазақша айт, орысшаңды білмейтұғын Бұлайша жауап берді: - Тұршы тек! — деп, Сұрайды: "Ман раббик!"- деп басқа тілмен. -Ман раббик, сан раббыңды тіпті білмен! Бұл қай жер, мені ап кеткен қай жау-шарам, Бар болса, шақшаларың, aп кел бермен! - Мә, шақша!-деп,күрзімен салып қалды, Есі кетіп бейшара талып қалды. Періште аялына қарағанда, Көтеріп басын жерден, демін алды! Беруге түк нәрсем жоқ жарайтұғын, Адамды жерлерің бе тонайтұғын?! Аңызы елдеріңнің қандай жаман, Кісіні "шақша"-деген-сабайтұғын?! Кімді ұр!"-деп, пайғамбарың айтқан жаза(және), Биі едім төре бермес жемей пара. Енді шақша демейін, жақтырмасаң, Балалар, маған айтшы, бұл қай ара? Күрзімен періште қалды салып, Қапыда түстім қолға келіп қалып. Біздің елден енді келе бермес, Бүйтіп тыныш алсаңдар, мазаны алып! Күрзімен періштелер ұрып кетті, Қара жерге сол басы кіріп кетті. Әуелде имансыз боп жаралған соң, Түбіне жаһаннамның жаны жетті. Тәубесіз өткен надан тәңірім қарғап, Алладан таупық сұрап жүрмін зарлап. Алғиаз билла сондай күннен Ғазапқа шын жаратқан Тәңірім арнап. Дүниеден жақсы да өткен, жаман да өткен, Жын, пері, құрт, құмырсқа, адам да өткен. Өзінің тағатына таңданам деп, Тар сиса (зиса)былхым, бағұр тозақ кеткен. Алма ақы сен адамнан үзіп-жұлып, Жүре гөр жатсаң, тұрсаң тәубе қылып. Қарақшы Ғиязұғлы фазыл пейіш Өтіпті тәубесінен уәлі болып.
АҚЫЛ ТУРАЛЫ
Көрінген көзге жылы бет емес пе, Құдайға имансыз құл шет емес пе?! Адамның тіршілігі - тіл мен жүрек, Екеуі екі-ақ жапырақ ет емес пе?! Ақылды әуелде Алла мыңға бөлген, Кім жақын құдіретіне, соған берген. Тоғыз жүз тоқсан тоғыз тамам бітіп, Біреуі бұл ғаламға ортақ келген. Біреуін онан қалған алты жарған, Төртеуін ғылым-білім иесі алған. Күллі ерге біреуін қойған сайлап, Тағы бірі бұл жерде жеке қалған. Ол бірін жарты бөліп әйел алған, Темірдің қорытылған боғындай боп, Жартысы айдалада иесіз қалған. Көшпелі, алған тауып, біздің қазақ, Ақылың соның үшін болған аз-ақ. Қатыннан қалған жарты ақылменен Жүресің сендер қайтіп болмай мазақ?!
ӘМЕН ҚАЗАСЫНА
Қан түсті алпыс үште аяғыма,
Ок, тиіп түзде жүрген саяғыма.
Көп сөйлеп ғаңыл-естің жоқтығынан,
Кетіппін тағы түсіп баяғыма.
Келмеген қайдан білсін бастарына?!
Әркім өзі ұшырамаң тастарына.
Шағайын мен мұңымды бір аз ғана
Арғынның алаш білген жастарына.
«Бозінген, бозайғырдай»— түстік күйге,
Келе алмай бір кеткеннен, қайтып үйге.
«Атадан алтау болып туғанменен,
Бір жалғыздық, бар!» — деген ұшырап күйге.
Толық, боп көзге түсіп тұрған төлім,
Жұрт қолына алынған аққан сөлім.
Турашыл, түзушілдік сыбағасы —
Кесімді әуел ақыр нақақ өлім.
Жасымнан бұрылмаған бетім ыққа,
Ұл еді карсы туған атқан оққа.
Құдайға көп ризамын (ырзамын) қат-қат шүкір,
Толың боп жарап кеткен құрбандыққа!
Құдайдың бір зор сыйы маған берген,
Толық, қып бергендігін алаш көрген.
Жаманға ат айтқанмен жоқ сыбаға,
Мал арам: пышақтимей, бітеу өлген.
Жазған соң жер қазылып, қойылуға,
Жем болған жаман-жәутік тойынуға.
Құдайға шүкір мүндай кылған семіз,
Жараған арық қашан сойылуға?!
Танбасы ғарасатта қыгі-қызыл қан:
«Шаһит боп өткеніне — деп — бұған нан!»
Демейді: «Жаман өлім»— тіпті мүны,
Шаһитті кәрбаланы естіген жан.
Түскен жоқ олжа болып шабындыдан,
Жарамсақ, шықпайды өнер жағымдыдан.
Ұлт үшін жаннан кешіп, өлді шаһид,
Өлмей ме жаман да үйде қағындыдан?!
Өзімді, жыным бар ма өзім жойып?!
Отырмын Хақ ісіне мен ден қойып.
Жемісім ақыретлік толық болып,
Есірдім: ішпей мас боп, жемей тойып.
Құдайым бала берген махаббатты,
Татымды жеміс қылып, бек ләззатты.
Сүйгенін: «Шұнағым!» — деп, у ішкізді,
Аузыма сүп-сүйкімді балдан тәтті.
Тәңір ісі бәрі оп-оңай, емес қиын,
Той болды естілгені — ұлы жиын.
Көтеріп ала алмадым, шамам жетіп,
Иемнің мейірмандық (мыһырбанлық) берген сыйын!
Ешкімнен кем болған жоқ көріністе,
Жаманға өңі түгіл, жоқ қой түсте.
Кінәсыз жас жиының (хыбының) орнын берді,
Түсіріп жұрт көзіне отыз үште.
1911 жыл
ҚАЗАҚТЫ ЖАМАНДАУШЫЛАРҒА
Сырдария облысында бес жыл жүрдім, Үш жүзге өнер шашып, үлгі бердім. Жетпеген күші аузына ақындардың Әр жерде қаңғып жүрген сөзін көрдім. Мінезін замананың тамамдапты, Қазақты бар күшінше жамандапты. Не айтса, айып қылып, сөйлеу ғайбат, Жақсылық, ұнамды істі таба алмапты. Қазақта жаман да бар, жақсы да бар, Ішінде жүйрік, жорға, шабан да бар. Жақсылық, жамандықпен егіз болып, Бұрыннан келе жатқан заманда бар. Жайылған қой сықылды біздің халық, Біз мұны қылып өлең мазақталық. Қазақтың әр түрлі ғайып мінездерін Басқа жұрт сөйлеп тұр ғой бізден де анық. Көшкені - айт, қонғаны - той: мерекесі, Сондықтан сарт, ноғайдың келекесі. Сарт, ноғай, орыс - орман - бас қосқанмен, Қазақсыз кірмес шырай берекесі. Түркістан, Ташкент барсаң, сарттың наны, Біреуін тегін жесең, шығып жаны. Жәрмеңке, базарды қыздыратын, -Қой, сиыр, жылқы, түйе - қазақ малы. Қазақтың залалы асар он бір айда, Қай жаққа барғанменен, таппас пайда. Залалын он бір айдың бір-ақ өтеп, Кетпей ме пайдасы асып бір-ақ айда?! Он бір ай өмірі өтер шығынменен, Жаз жауын, қысы боран ығыменен. Залалын он бір айдың ұмыттырар, Бір айда болған пайда тығынменен. Сарт, ноғай құрып кетті көтерме алған, Қаңғырып түзде мұжық егін салған. Білмейді сауданы да, пайданы да, Қазақ жүр көріп рақат шаруа малдан. Қазаққа барсаң, пайда таптың оңай -Кең пейіл, кетпес дәулет берген Құдай. Күнелткен әр ауылдың сыртын бермей, Кез ұстап, ел қыдырған кезбе ноғай. Өтірік сөз сөйлейді, жанын жалдап, Қазақтан ат мініп ап, жалын талдап. Қазақтың жуындысын сыпырып алып, Мақтанар: "Әкеттім, - деп, - қазақты алдап!" Келеді: "Ишанмын!"- деп, сәлде ораған, "Шығып ек, - деп, - Самарқан, Бұқарадан!" Байлардан шартық қошқар жинап алып, Малдай ғып қалыңға алған бір арадан. Деп келер: "Әпендіміз!" - қашқын, пысқын. Қаңғырған біреу - жаз, біреу қыс күн! Қол қусырып бәріне тік тұрасың, Қазақтай бергені жоқ Құдай үшін. Болады бірі дәрігер, бірі - бақсы, Дүние үшін ел қыдырған емес жақсы. Біреуі-ишан, біреуі қожамын деп, Бәріде бір қазақты алдамақшы. Сарт амалы белгілі есек мінген, Пайдасын есегінің әбден білген. "Бұзау" - деген өсек бар ноғайларда Олар да бұл өсекке ерте көнген. "Есек", "бұзау" - дегеннен қазақ аман, Ұшқыр болмай ертерек, болған шабан. Мейманына тұрады қойын сойып, Қазақты қай жерінен дейді жаман. Қазақтай бай халық жоқ малға толық, Әбдіре - алтын сандық, қара құлып. Қалтасын біраз күнде толтырады, Қазаққа әкім болып келген ұлық. Күнелткен шаруасы қысы-жазы, Көзіне бір көрінбес көбі, азы. Қуанар Меккедегі бәдәуилер де, Қазақтан төртті, бесті барса қажы. Қазақта қонағасы айт пен тойдай, Отырмас қонақ келсе, бір мал соймай. Кең жатқан әр нәрсесі, жер ұйық жұрт, Молшылық берекеде болып сондай. Озбайды есек аттан шапқанменен, Сиыр жылқы болмайды, атлас жатқанменен. Қойдан көп төрт аяқты болған емес, Ешкі - егіз, ит сегізді тапқанменен. Түлкі, қарсақ, жолбарыс, аю, бөрі, Ебін тапса, алады бірін-бірі. Бірі мықты, бірі епті болғанменен, Қойдан көп болған жоқ қой, сірә, жері. Мұжықтың қара нан жеп, қарыны тоқ, Кешірер ноғай ауқат доверной боп. Ноғай пысық болғанмен, сарт - амалшыл, Асып кеткен қазақтан еш жері жоқ. Нәрсе емес ол біреуден алған сатып, Жүрмейді сарт, ноғайша басы қатып. Шетінен қырып сойып, ішіп жейді, Үйінде шалқасынан сұлап жатып. Жалғанда бір еңбегім жанбаған жан, Тілімді жан деп адам алмаған жан. Тапталып надандардың аяғына, Сәулесі болмас мендей қалмаған жан.
«АЙҚАП» ТУРАЛЫ
Жұрт алды деп, алады бәрі де «Айқап»,
Ешқайсысы білмейді оқып, байқап.
Алған бала сандыққа тастай беріп,
Әке жүр: «Күр шығын»- деп, басын шайқап.
Енді не деп, ұялмай, ақша салар,
Жыртылумен әр жерде тозып қалар.
Майлық, сулық, шаршы орамал боп,
Үйінде болыстардың текке қалар!
Мен әуелден жаздырдым өз атыма,
Ежелден үйір болган сөз атыма.
Поштабайшы, болысқа жалынбайын деп,
«Құдай қуат берсін! — деп, — боз атыма!»
Почтаның тұрмасам да қүлағында,
Ертеден сөзге үйірлік құлағымда.
Баяннан тұрған жерім — алпыс шақырым,
Қожа қорығы — Айдостың бұлағында.
1911 жыл
ЖҰТ
Пайғамбар бізден бұрын Мұса болған,
Оларда неше түрлі қисса болған.
Қиссадан кисса ала алмай, еңбек жанбай,
Қайғы ойлап, талай жандар құса болған.
Мұсаны бірге сөйлеп Арынменен,
Қалмаған Перғауын да Қарынменен.
Айтылмақ жақсы, жаман қосақталып,
Әуелден келе жаткан сарынменен.
Әуелде айтылса да ермек үшін,
Әңгіме көп бас қосқан дүрмек үшін.
Қиссадан өлең кылған акын, шайыр,
Азық, кып кейінгіге бермек үшін.
Ұстадан — тат, молдадан хат қалады,
Жаманнан — бөз, жақсыдан ат қалады.
Ақ, кағаздың жүзіне бір жазылса,
Талапкер ер табылса, жатқа алады.
Мұны жазған — алпыста — Мәшһүр-Жүсіп,
Қалам алса, кетеді жосып-жосып.
Бұ сабазға кез болса, жаттап алып,
Домбырамен айтады әңге қосып.
Домбырамен айтқанда, қосылса әні,
Өлең сөздің кіреді сонда сәні.
Өлген сөзді тірілтіп, сөйлегенде,
Құлаңсалған сүйсініп, дейді: «Пәлі!»
Қыс өтіп, жаздып күні таңалғанда,
Жауғанына, кар жұрттан, ақы алғанда,
Ішпей, жемей мал жиған сараң байлар,
Қар мен мұзға шашалып қақалғанда.
Жылқыдан жиырма бір күн қалғанда,
Сағат он бір болуға түн қалғанда,
Қойда— құйрық, жылқыда жал мен коң аз,
Мал үстінде үрпиген жүн калғанда.
Біреуге шөп таңсык, боп, біреуге — отын,
Баспа-бас қойға ала алмай үнның пұтын.
Жанның бәрі телміріп көк жүзіне:
«Құдай жерден берсе, — деп, — адал отын!»
Дәметкен қар кетуін марттан бұрын,
Қыс ыңғайы шаруаға келіп қырын.
Февральдың он алтысы деген күні,
Құдайдың мол төгілген көрдік нұрын.
Қуандың көз кенеліп, нұрға тойып,
Құдайдың күдіретіне мойын койып.
Шөбі жоқтар кенеліп, мәз боп жатыр,
Емін-еркін арык пен тұрың сойып.
Арық өліп, семіздер арып жатыр,
Күні жеткен күнінде барып жатыр.
Семізінде союға қимағандар
Арығында жайратып жарып жатыр.
Не салганын Құдайдың көріп жатыр,
Бүгін жауған ңар ертең еріп жатыр.
Құдай үшін қимаған — желжетпесін
Ит пен құүска саудасыз беріп жатыр.
Кедей байғұс Құдайға налып жатыр,
Аштан көбі қалжырап талып жатыр.
«Сат!» — дегенде, кедейге бұлдаушы еді,
Қардан санап, қанша ақша алып жатыр?!
Талай бай бізден бұрын өткен екен,
Ойдасаң, кезек бізге жеткен екен.
Шортанбай қожа әуелі болып өткен,
Байдарды, о да зардап, кеткен екен.
Айтыпты: «Байды Құдай атқаны!» — деп,
«Ақ,шаға жабағы жүн сатқаны», — деп.
«Кедей боп, ақырында қаңғып қалып,
Сатуға таба алмай мал жатқаны!» — деп.
Бұ күнде байлар малдың боғын сатты,
Кедейге тас темірдей болды қатты.
Малының ауырып өлген етін сатып,
Борышқа белшесінен кедей батты.
Жоң болып нан беруші жалғыз тілім,
Деуіңе тұрмай қалды: «Халқым, елім!»
Өзін кімге өткізер сатуменен,
Сол үшін арылмай тұр ауыр өлім!
Әркімнің өз қылғаны — өз алдына,
Байды бастап сөйлейміз сөз алдына.
Тәубе ойлап, тауфик, қылып, тоқтамайды,
Көрсетіп тұрса-дағы көз алдына.
1911 жыл
МЫНА ЗАМАН
Жақсы өтіп, бұл күндерде жаман қалды, Кім мұнан басын құрттап, аман қалды?! "Жүк-тайлаққа, - дегендей, - ел- бойдаққа", Құлға тендік бір тиген заман қалды. Жұлмалап қазды қарға жемеді ме, Біреуді біреу сүйеп, демеді ме? "Лақ маңырай су ішер," - деген қайда? "Ұлан жылай күн кешер", - демеді ме?! Кеп айтқан Асан Қайғы ұзын-сонар, Деп айтқан: "Қилы - қилы заман болар!" Қарағайдың бастарын шортан шалып, Бақ-құсы шыбын болып[боққа] қонар! Сұм дүние бүйтеді екен тастарында, Іше алмай тыныштықпенен астарын да. Шортан түгіл, шабақ жүр шыпырласып, Бұл күнде қарағайдың бастарында. Әркімді-ақ мына заман билеп тұр ғой! Талайды тапыр қылып илеп түр ғой!' " Теке-бұға, - дегендей, - жаман - дұға!" Түсінбеген көпіріп, күйлеп түр ғой! Қарап тұрып, көрсем-ау, сезген күнде, Килігіп қап дамылсыз кезген күнде. Күйлеп жүрген заманы күл-талқан ғып, Басын жаншып, тып-типыл езген күнде. Басы - аяқ та, аяқ-бас - айдан жарық, Жабы - семіз, қазан ат - жүйрік, арық. Бір-бір мылтық мойнына асып алып, Жарымес, жалпылдап жүр, өңшең шалық. Тарықпа: "Қайтемін, - деп, - бұл жайымнан?" Түк өнбес шаршағанмен, уайымнан. "Қараңғы түнге жарық таң бар ғой!" - деп. "Бір сәуле болар, - дей бер, - Құдайымнан!" Жақсылар өтіп кетті бұрын бізден, Біз адастық жақсылар салған ізден. Ешкімге өкпе қылу дұрыс емес, Не берсе, берді Құдай, пейілімізден! Өкпе боп су бетінде қалқығаным, Қорғасындай текке еріп балқығаным. Кімге пайда береді лебі тиіп, Жаққан оттай далаға шалқығаным! Ойыма келіп қалды мына бір сөз: Жаз түгіл, басымыздан өтті ғой күз! Қызық дәурен - өмірді қалай сүрсең, Қаңтар менен ақпанға боп тұрған кез! Тұстасым - бәрі кетті бірі қалмай, Қанша жүрсең, қоя ма ажал алмай?! Үш жұртты өткізіпсің, ойлап тұрсаң, Төртінші жұртта тұрсың жағың талмай! Қаршыға алған - көп жүрген қамалында, Талай ақын тапталған табанында. Жұрт аузына ілінген Мәшһүр еді-Мұса мен Секербайдың заманында. Әр моланың басында оқып Иасин, Кемпір менен, көп мүжіп, шалдың басын. Секербай, Мұса болып тұрған күнде Керейде: Сағынайдың көрдік асын. Алладан тағдыр жетіп, олар да өтті, Замандас, тұстасының бәрі кетті. Кейінгі қалғандарға өкпеледік: "Болсайшы, - деп, - болған жан солар ретті!" Жаңа шыққан кезі еді сақалдардың, Бәрі жат боп ескі сөз, мақалдардың. Заманын біз жақтырмай өлең қылдық: Хұсайын, Тәнті, Әкімбек, Мақандардың. Хош, онан соң олар да кете барды, Өңшең көкжал білмейтін ықты, жарды. Тайшық, Біләл, Жұпар мен Омар, Ақтай, -Бірсыпыра күн бұлар да ойран салды. Өз алдына бұлар да дәуір сүрді, Шәлкем - шалыс әр түрлі болып жүрді. Бірінен-бірі темен, бәсеңдеген, Біз көрдік тірілікте әрбір түрді. Үш түрлі жұрт боп өтті ұдайымен, Бірінен соң бірі өтті жұбайымен. Орыс пенен болысқа иек сүйеп, Ешкім үйір болмады Құдайымен. "Құдаймен!" - деп зорайды, - жақты, жанды. Кішігірім Құдай боп - болған малды. Байлар шығын тартпастан, сау отырып, Нашарларды жылатып, алым салды. Байдан шықты сұмдықтың қара басы, Түске жетпей құритын болып асы. Сұмдық шықты әр жерден естілмеген, Мылтықсызға бермейтін қонағасы. Қонақ десе, үрпиеді байлар шошып, Талай қонақ қона алмай жүрген жосып. Күн бұрыннан қуырылып, пейілі кетіп, Барады екен арқасын аяз қысып. Байлар көп тіпті қонақ қондырмаған, Қондырғаны - жарытып оңдырмаған. Қонақ кетіп, құт қашып, құп-қу болып, Кім бар дейсің зорығып болдырмаған?! Сөз көбейтіп, айтайын қайсыбірің Бар биесін саудырмай, кептірді ерін. Сүйіндікте: мен өзім көре алмадым – Қонаққа шын пейілді, мырза жерін! Бұрыннан-ақ бұл пейіл оңалмаған, Шын сөзімді надандар ұға алмаған. Мәлік пен Мәукейлерге жылан жылы Жалғыз атты қожалар қона алмаған. Есіл сөзім немене ұқпағанға! Мен көндім: ұрып, сөгіп, боқтағанға. Мұны айтқаным, қазағым, түсіндіріп, Ac бермейтін болдыңдар - қорықпағанға! Неден мұндай қазақты қара басты, Күнің болды-ау боп жүрген қас албасты! Мылтық салған мойнына жетіп келсе, Жылпылдайсың, даярлап әртүрлі асты. Бір шаншуды қадалтып бүйіріңнен, Быт-шыт қылып айырып үйіріңнен. Еріксіз Құдай бергізді қимасыңды, Тауып тұрсың, не тапсаң, пейіліңнен! Дос азайып, өңшең жау, қасы қалды, Таудың бозы таусылып, тасы қалды. Құранда: "мын алжынте уалннасының" Бұл күнде "иа айһа алнас"- қалды. Шалқарбайдың Жүнісін ажал алды, Ахметтей де - қоймады – жарымжанды. Ишан Қари баласы - Закар менен Бейсақайдың Біләлі бізге қалды. Оқыған ұстаттары - Күйеу молда, Жасында жүруші еді оқып сонда. "Ағузыны"- қиғаштап аузын созып, Әйтеуір болып шықты молда - солда. Екеуі құда болды: "Құдай!"- десіп, Биылғы жыл құйрық пен бауыр жесіп. "Достық түбін - десумен қыз - бекітер", Баяғы сабақтастық еске түсіп. Адақтап Ерейменді келген бала, Саудасы - көп мал емес, жеті қара. Бір қарасын: "Олжа", - деп, Хамит алып, Томпаңдатып жөнелген айдап және (жана). "Бердім! - деп мазаттанып, - жеті қара!" Барады көп кідірмей келін ала. Ол қызды бір Тамаға бұлдап сатып, Закарекең боп қапты жүзі қара. Малданып барған Біләл уағда сөзін, Біреуге жөнелтіпті беріп қызын. – Декретте мал қайтару закон жоқ! - деп, Бірталай әуре қылған мұның өзін. Берілген мал жармысы онда қалып, Көпке топырақ шашсын ба, шаршап талып. "Әке, жәке, құлдық бас!" - деп жалынып, Жартысын мал - сілекей қайтқан алып. Бәрекелді, ісіне молдалардың, "Мирасқоры - ден жүрген - пайғамбардың". Сарт-сауаиды молда деп, басың шұлғып, Пәлеге, қазақ сорлы, сүйтіп қалдың! Молдаларды шын Құдай атқан екен, Бүгін емес, бұрын-ақ батқан екен. Бір жерге беріп қойған қызын пұлдап, Біләл молда анау күн сатқан екен. Қылмысы, жақпаған күл - жатады отта, Көбінің өкпесі жүр өткен жұтта. Байтуғанның баласы арыз беріп, Шатылып жүр молдакең, басы —сотта. Декрет сөзі: "Қалың мал, - дейді, - қалды!" Жарайды, қазақ оған қашан нанды?! Он бес қара, он пұт ұн, он қадақ қант, -Баянтауда бағалы қыздың алды. Мұны тегіс біледі дүние жүзі, Саудасының басында - соттар өзі! Бұл бағаға жетілген пұлды болып, Ақбеттаудың указы хазірет қызы. Ақбеттау әрбір түрлі атақ алды, Ел-ақ еді топ - толық, жақты-жанды. "Сасыған кеңірдек" - деп, ат атанып, Бір хазіреті күлкі боп, сүйтіп қалды. Мәшһүрді: "Тірі екен!" - деп, есіне алсын! Андамаған аяғын қия салсын! Жасында қожа кесіп, сүндеттеген, Жақтырмаған қалғанын кесіп алсын! Белгісіз не боларым мұнан былай, Жел сөзге үйір қылған жастан Құдай! Жерлерге шын ықыласты басам аяқ, Болмаса жүргенім жоқ қайыр сұрай! Таусылып өтірігім, қалды шыным, Қызыл тіл, сен барда жоқ маған тыным! Болғанда қалам-қобыз, қағаз-жауырын, Қозғадың ерікке қоймай, сөйле жыным!
1911жыл
ЖАМАН ПЕЙІЛ
Бұл қарын бір күн тоймақ, бір күн ашпақ,
Күнде тойып отырса, тым-ақ жақсы-ақ.
Бұрыннан келе жатқан жаман әдет —
Қарны ашқан қаралы үйге қарай қапшақ.
Не болар жеген тамақ арын сатып,
Тұрған жоқ еріп іші, сені ұнатып!
«Бір тойған — шала байлық,»— деген қазақ
Қызығып тонғалдыққа қалар жатып.
Бұрынғылар: «Балалы үй — базар,»— деген,
Жарасар сондай үйде ішкен-жеген.
Баласы жоқ думан ғып отыратын —
Үйдің атын бұл бір «қу мазар» деген.
Осы күнде дағдарып, бұл жұрт сасқан,
Кез болып бір пейілге асқан-тасқан.
Тарының қауызындай болмай қалды,
Астың — жер, болғанменен үстің аспан!
МАЛСЫЗ ДАЛА
Кең дала, қалдың адыра көркің, кетіп,
Жұрт қалып мал жаюдан өрістетіп.
Әр сайда кора менен мола қапты,
Иесіз тау, елсіз қыстау,— барсаң жетіп.
Қой— Үркер жұлдыз болды, тұрса абайлап
Сиыр жүр Таразыдай шанжағайлап.
Түйе жүр жалғыз-жарым некен саяқ,
Мал қайда жаюыңа топтап айдап.
Жылқы жоқ, бұрынғыдай қостап шығар,
Күн қайда жонға барып қыстап шығар?!
Бұл түрімен төмендеп кете берсе,
Әркім-ақ, өзінікін ұстап шығар!
1911жыл
ЖОҚТАУ
Айырылып қала қапсы, қайран жұртым,
Өзі берік, өзі жүйрік арғымақтан.
Құданың, бар ма шара құдіретіне,
Ер еді, жұрт сүйінген келбетіне!
ТАЙШЫҚ НОҒАЙҰЛЫ
Біз келдік аман-есен бес жыл жүріп,
Өткізіп әр нәубетті колдан беріп.
«Бүгін көрген — таңда жок,» — деген заман,
Жолықтық, ағайынды жана көріп.
Сырдария облысына қайттық барып,
Жол жүріп, келдік жүдеп, ашып, арып.
«Ел жаңа елу жылда», — дегендей боп,
Кетіпті бірнеше жан дүние салып.
Кәрі өлсе, арманына жасы жеткен,
Жұмысы бұ дүниеде түгел біткен.
Болған соң Хақтың ісі, еш хайла жоқ,
Арман сол: өліп жастай, қыршын кеткен.
Кәрі өлсе, жылағанның шықсын көзі,
Өлмейтін патша Құдай жалғыз өзі.
«Жігіт өлсе, аскар тау құлағанымен
Бірдей», — деп, бұрынғы айтқан бар-ды сөзі.
Қайғы ойлап, жарамайды уайым жеген,
«Бір өлім туған жанға дайын», — деген.
Кәрі өлсе, айтып тойды жарастықты,
«Жігіт өлсе, қиямет кайым!» — деген.
Қалады кімдер кірмей казған көрге,
Тою жоқ бауыры суың ңара жерге.
Бәрі де бұрынғының каксап кеткен,
Деп айтып: «Жігітлікте өлім берме!».
Өлім бір құтқармайтын қанды қақпан,
Тайдырған патшаларды алтын тақтан.
Айырылып кала қапсық, кайран жұртым,
Өзі берік, өзі жүйрік арғымақтан.
Құданың бар ма шара құдіретіне,
Ер еді, жұрт сүйінген келбетіне!
Өлген соң, жақсылықтың жаман аты,
Тіріде келіп еді кім бетіне?!
Жасынан жақсылармен жарысқаны,
Дұшпанмен, ерегескен, алысқаны.
Атадан алтау, жетеу туғанменен,
Ішінде болар біреу арыстаны (арысланы).
Бола ма он саусақтың бәрі бірдей,
Жолды алған жүйрік еді бәйгегердей.
Бұл өлім ешбір жанды сау қойма[ға]н,
Талайдың көңілін басып, кылып жердей.
Жарқырап мыңнан шыққан тұлпар еді,
Ішінде ителгінің сұңкар еді.
Сескенген әрбір дұшпан айдынынан,
Көрген де, көрмеген де іңкәр еді.
Дұшпанға ерегескен қырындаған,
Алтайда қызыл түлкі қырылмаған.
Жігіттің өзі кұрбы, сырттаны еді.
Бір бет алған жағынан бұрылмаған.
Атадан бір ұл еді туған асып,
Үстінен өте алмаған ешкім басып.
Амал не, атқаннан соң ажал оғын,
Сөндірген талай жанның жанған шоғын!
Жүрген жан — бір-біріне аз күн қонақ,
Сұм жалған, болармысың мұнша шолақ?!
Бәріне жан біткеннің ... жылдай,
Ешкімге тоқтамайсың қылып тұрақ.
Айтайын қайсыбірін арманының,
Қызығын көріп өткен жалғанының.
Өткенге: иман, ақырет үйін беріп,
Қайырын берсін Алла қалғанының!
Бұл өлім бірдей келер кәрі-жасқа,
Білмейді сорлы пенде келмей басқа.
Әркім-ақ қимасынан айырылатын,
Жан шіркін болған[нан] соң басқа-басқа.
Ана өлсе — қыз, ата өлсе, ұл жетімдей,
Жанкүйер, жақсысы өлген ел жетімдей.
Ата-анасыз пайғамбар болған жетім,
Тәрбие, күшің келсе, қыл жетімдей!
Жетімдік (жетімлік) мирас қалған Мұхаммедтен,
Жасында ата-анасы бірдей өткен.
Сүйер досты, Мұхаммед пайғамбарды,
Айырып ата-анадан жетім еткен!
ХҰСАЙЫН БОШТАЙҰЛЫ
Айтамын әңгіме үшін аз ғана сөз,
Сөйлеуден тіл қалады, жұмылса көз.
Денеден демі біткен уақытында,
Әр адам киіп жатқан үш қари бөз.
Алланың, атқан оқтан ажалы тез,
Айырылған асылдан (ақылдан) осы бір кез.
Секілді кен топырақтан алтын кетті,
Ендігі қалғаны не: мыс пенен жез.
Қадірін сол алтынның білмедік біз,
Тіл, айтып, сөз-гауһарын жібекке тіз.
Атадан мұндай дана туар деме,
Ендігі туған ұлдан күдеріңді үз.
Тар болды жүруіңе малдан дала,
Немене қорғаны жоқтұрған қала?!
Он бестен сол он алты жасқа келіп,
Атанып: «Боштайұлы», — туған бала.
Таппассың мұндай алтын, іздеп қара,
Көңіліне халық-ағайын түсті жара.
Жүргені біраз күнше тәуір еді,
Ісіне құдіреттің бар ма шара?!
Әулие Төлебайдай болса баба,
Тұқымы дұшпандарға болмас таба!
Өлі аруақ бірден-бірге підия берер,
Қорындай үзілмейтін қара саба.
Екінші: өсіп-өніп Еламаннан,
Шаһизада, кем болмаған төре, ханнан.
Басына жеті атадан бақыт қонған,
Уақытында асып өткен сан адамнан.
Баласы Тұрсынбайдың: Бәзіл, Боштай,
Үшеуі бір ұядан ұшкан құстай.
Екі өсім: мал мен басқа бірдей келіп,
Кеңітіп шалқып жатыр сер қоныстай.
Хусекең онан туған бала емес пе,
Данышпан, дария көлдей дана емес пе?!
«Жалғыз-аң қожа тумас бұлардан!» — деп,
Айтқаны Мұса мырза бар емес пе?!
Мұсаның үлгісін жұрт көп айтады,
Қайғысын әлі күнге жеп айтады.
Көрмеген сол ерлерді, біз баламыз,
«Әулие!» — көрген жандар деп айтады.
Бір басы базар болған: күнде жиын,
Дүниенің төрт бұрышына салып миын.
Атасы басқа жұртқа еш нәрсе емес,
Ағайын, туысқанға болды қиын...
ТҰЛҒА ЖЫРЫ
Ақ, сұңқар аспандағы түсер торға,
Өрлеген өнерпаздар жығылды орға.
Ес кетіп жан шыққандай іс болғанда,
Құтылып кейбіреулер шығар зорға.
МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ МӘДИГЕ СӘЛЕМІ
Аман сау жатырмысың, Мәди батыр,
Тұтқын боп бұл түрмеде әркім жатыр...
Жуымас ақка пәле деген сөз бар,
Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр...
Жаңбырдай жауа берген көздің жасы,
Ат пенен не көрмейді ердің басы.
Шөп шулап, ағаш шулап сәлем айтты,
Он екі қазылықтың тау мен тасы.
Біз елден шығып едік өткен қыста,
Болмады, оңдалмадық асығыста,
Қағыстық бір-екі ауыз амандықты,
Анадай ат үстінде, тұрып тыста.
Құмарым тарқамады көріп көзбен,
Білмеймін жүргеніңді қай түрлі ізбен.
Кіруге қайта-қайта қарауылшы
Қарайды ұрсып-зекіп жаман көзбен.
Бекітіп талай ерді кісендеген,
Сонда да ажал келмей кісі өлмеген.
Басына бір кемшілік түскен кезде,
Рас деп шындығына бір сенбеген.
Жүргенде басы боста жігіттікпен,
Кісі көп баратұғын «мен сендікпін».
Жаныңда жүз бір достан бірі калмас,
Түсер күн болған күнде бір кемдікпен.
Ак, сұңңар аспандағы түсер торға,
Өрлеген өнерпаздар жығылды орға.
Ес кетіп жан шыққандан іс болғанда,
Құтылып кейбіреулер шығар зорға.
Ниетің болу керек хаққа дүрыс,
Әркіммен жасай берме жанжал ұрыс.
Зынданда жалғыз жатқан сен емессің,
Әр түрлі жақсылар бар қылған қоныс.
Жаксылыққа тырмыса бер, басшы бала,
Қадірін білсең сөздің нұрлы гауһар,
Сырға қыл кұлағына, әнші бала.
Бұл сөзді айтушы ағаң — Мәшһур Жүсіп,
Елдей боп қара басы жүрген көшіп.
Сен қадіріне жетпесең болып зайғы,
Жоғалып қалған бір сөз жерге түсіп.
Бұл жерде сен де кәріп (ғаріп), мен де кәріп,
Мойны ұзын алыс жерде жұртым қалып.
Күшім жок, ақылдасар кісім де жок,
Кететін ерікке қоймай жұлып алып.
ҚАЖЫЛАРҒА
Жадыраса ғаріп көңілің жаздай болған,
Айырылған көп тобынан аздай болған.
Біздерден осы күнде не сүрайсыз,
Айырылған ел-жұртынан каздай болған?!
Айырылған ел, жұртынан біз бір сорлы,
Жас аккан көзімізден біз бір мұңлы.
Бұлбұл құс Гүлстаннан айырылған соң,
Бағасы болмайды екен торғай құрлы.
Үшбу күн: ішім — түтін, сыртым — бүтін,
Ем болар ішсем канша аққу өтін?!
Қадірлі түп ағашы үжмақта да,
Апарса басқа жайға болар отын.
Ағайын алыс кетті туысқаннан,
Қадірлес ойнап өскен мың мен саннан.
Тағы да бір Жүсібің (Иосифің) қасірет шегіп,
Түңілген хазірет Жацып(Иаков) мал мен жаннан.
Өсірген желпіп, күтіп ана қайда?!
Өр іске ықтияр жоқ, бір Құдайда!
Жазың — той, кысың ойын-күлкі қылған,
Мәшһүрдей енді оларға бала қайда?!
Бас қосқан бір төсекте қатын қайда?
Ағайын, бір туысқан жақын қайда?
Қандай ұл, қанша дайын қыздар кайда?
Әрқайсы кала берген әр бір жайда.
Жүруші ем қаздай қалқып, елдей көшіп,
Еркелеп ұрттап төгіп, шайқап ішіп.
Замандас, құрбы, құрдас балдан тәтті,
Бәрінен бұл дүниенің кеткен кешіп.
Көзінен ғаріплердің ағар жасы,
Ат пенен не көрмейді адам басы?!
Әркім-ақ ғибрат қылып ойлау керек,
Алланың болған дүр деп бірадасы.
Хат-хабар әр тараптан келіп жатыр,
Ажалды әр бір жайда өліп жатыр.
Ойдағы- қырдағының хал-ахуалын,
Ташкентте жатып Жүсіп біліп жатыр.
Арқадан биыл көп жан қажы барған,
Барам деп көбі соны кылған арман.
Құдай мен пайғамбары калаған соң,
Бұйырып топырағы сонда калған.
Қызыл тау, Баян аула — өскен жерім,
Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.
Қан жұтып, қайғы үстіне қайғы жамап,
Қозғалды оттай кайнап ішкі шерім.
Бұйырған түз нәсібі айдамас па?
Ер жігіт басты өлімге байламас па?
От түсіп, Гүлстаны өртенген соң,
Бұлбұлы Сүйіндіктің сайрамас па?
Сарыарқа, өсіп-өнген жерлерім-ай!
Дін үшін кылған кайрат шерлерім-ай!
Хак, жолға жанын қиып, басын берген,
Шайтанға ерлік қылған ерлерім-ай!
Бірі ата болғанда, бірі — қайын,
Көңілімде сайрап тұрған бәрі дайын.
Әрбірі әрбір жұрттың серкесі еді,
Құдайым жаннат қылсын жатқан жайын!
Қылмайды ешбір арман ол жерде өлген,
Тілегін шаһбазлардын, тәңірім берген.
Қылмаңыз олар үшін ешбір уайым,
Үжмаққа тірі барып, тура кірген.
Айдабол, Күлік, Қаржас — Мақпалым-ай!
Бәйге алып талай тойда шапқаным-ай!
Ерлердің бас қосқан ңұсасымен
Ел кезіп, диуанадай ақтадым-ай!
Бас қосып өңшең ерлер барғанын-ай!
Қайырын берсін Алла қалғанына—ай!
Амалмен әр бір түрлі әркімді алған,
Опасыз пани дүние жалғанын-ай!
Қадірлес қалың ашна, көз танысым.
Ағайын, бәрі жақын, жоқ алысым.
Мал-жаннан түгел безіп шейіт болған,
Қадірлі өңшең қабылан, жолбарысым!
Әрбірі жомартлықта Атымтай да!
Дүниеге ондай ерлер келмес кайта.
Ерлерден біраз ғана сөз қылайын,
Шарапат барып өлген артық жайда.
Ата дос болғанынан Құдай қосын,
Құйрық пен бауыр турап, төстік жесіп.
Батасы бір-бірінің қабыл болып,
Үбірлі-шүбірлі боп кеткен өсіп.
Бабасы Төлебайға бақ қараған,
Туыпты Едіге, Еламан бір анадан.
Тұрсынбай: онан Бәзіл, Боштай туып,
Уақытында асып өткен хан, қарадан.
Баласы бай Бәзілдің Шегебай-ды
Ерте ойлап, есіне алған бір Құдайды.
Жаннатіл, Бақияға барып өлген,
Жастанып шарапатіл жақсы жайды.
Құран мен тәпсір еді ұстағаны,
Қош көріп молдаларды қостағаны.
Ниеті дін, исламға жақын болып,
Құдайдың жақсы жолға бастағаны.
Ұнатып өзге өнерден молдалықты.
Сарып қып дүние шашып барған қажы,
Билік пен керек қылмай болыстықты.
Қадірлес, халық, ағайын, қарындасы,
Таласып бірдей өсіп мал мен басы.
«Ойында озған-шында озар,»— деген сөз бар,
Тұрағы пайғамбардың болып қасы.
Қалыпты Байтоллада Шегең жатып,
Алған соң оны Құдай өзі ұнатып.
Жаманға дәнеме емес, жақсыға арман,
Тұрғанда Хұсайынға қатты батып.
Жүсеке, қажымаңыз бұган жасып,
Кетпесін көңіліңізді кайғы басып.
Жер қараған алдыңызда — көш басшыңыз,
Шапағат барша жанға болса нәсіп.
Уайымсыз болып өткен бас пен малдан,
Түгел боп баршасына дүние-жалған.
Балалар артта қалған қапаланып,
Еш бейнет, қылмаңыздар оған арман.
Тұрады кімнен өтпей дүние-жалған,
Арманын қылып өткен ойына алған.
Олардың өздеріне еш қайғы жоқ,
Қасіреті бізге қиын артта калған.
Бәйбіше, қамықпаңыз еріңізге,
Асқар тау, биік, заңғар беліңізге!
Үжмақтан орныңызды даярлапты,
Көшбасшы барып қонар жеріңізге.
Бұл дүние, ол дүниеде паналарың,
Өлмесе қайда кетті бабаларың?!
Өткенге өкінбеңіз уайымын жеп,
Енді аман болсын ... балаларың!
Қанша айтып қаңсағанмен, алғаның жоқ.
Айырылып жамандықтан қалғаның жоқ.
Қызыңды ұлдан артық қылып берген,
Құдайға біле білсең, арманың жоқ.
Талай бай боқ басында өліп жатыр,
Кімнің кім не болғанын біліп жатыр.
«Бірінің өзі, бірінің көзі жақсы,»
Жан-жаңтан балаларың келіп жатыр.
Қасында бір құдасы бірге барған,
Іс еді көптен бері ойына алған.
Еламан: Байжан ұлы — Жүсіп қажы,
Жаннатіл Бакияда бірге қалған.
Бәйбіше, Балғын, бұған налымаңыз
Қайғымен арып, жүдеп, арымаңыз.
«Жалғыздың жары — Құдай,»— деген сөз бар,
Артында Тай бейшара калған жалғыз.
Бір нәрсе тірлікте көрсең Тайдан,
Жандар көп өсіп-өнген осындайдан.
Құдайдың бір жарылқар күні бар-ды,
Тілей бер күдер үзбей бір Құдайдан.
Олардың жаннат болсын жатқан жайы,
Қосылып пайғамбармен бір құдайы.
Өтіпті Темірболат Ақпан ұлы
Қадірлі Сүйіндіктің күгпан байы.
Бабасы Малгелдіні алаш білген,
Баң, аруаң Төлебайдан жалғас келген.
«Табылар, бай маңтанса,»— деген осы,
Жаннатіл Бақияның өзінде өлген.
Өзі еді дәл айтулы қара көктің
Шұбар төс, шынжыр балаң, дегдар тектің.
Кетпеген тұқымынан байлық аты
Шолпаның, ұйтқысы еді Сүйіндіктің.
Ерлерді айт қажы барған дүние шашып,
Балықтан Нами шыққан жұрттан асып.
Жаралған шын—ақтемір, болат екен,
Өліпті байлығына құп жарасып.
Ойға алған өңшең ерлер бір Құдайды,
Әркімге мұндай өлім табылмайды.
«Өлді, — деп, — Мәдинаның жауарында»,
Есіттім Құдияр ұлы Мұсабайды!
Мұсабай — Исабай деп аты шыққан,
Насиқ, ат, ғалымдардың сөзін ұққан.
Туысқан, ақыреттік бауыр екен,
Ағасын іздеп барып сол жолыққан.
Жалған деп, күдер үзген бұл дүниеден,
Жай алған ерте барып ол дүниеден.
Өтіпті ақырында қоныс қарап,
Бірі — Мекке, бірі — Мәдинадан!
Баянтау, өсіп едім, қаласында.
Арқаның сахара, майдан даласында.
Малдыбай қажы өтіпті деп есіттім,
Мекке мен Мәдинаның арасында.
Акырет қызығына жүрген тоймай,
Сағынып жүруші едік күліп, ойнай.
Пайғамбар дауазасына ғашық, болып,
«Барам!» — деп, жүруші еді, айтып ңоймай.
Су ішіп, зәм-зәм шәріп қанды ма екен?
Құдайдың уағдасына танды ма екен?
«Қажыға сіз барасыз ғой!» — деуші едім,
Барғанда бізді ойына алды ма екен?!
Түскенде солар еске сағынамын,
Сағынып, сағынбай да не қыламын?
Кеткенде мінездері түсіп еске,
Айырылып ақыл, естен жаңыламын.
Бір жүрген дін жолында жолдасым-ай!
Тар жерде жолдас болған мұңдасым-ай!
Есімнен өзге кетсе, сен кетпейсің,
Бастасым, молда Ғали, құрдасым-ай!
Бүхарда тұрушы едің қағаз жазып,
Сарғайып дін жолында, жүдеп, азып.
Сен кетіп бұл жалғаннан, мен калғанға,
Білмеймін не қыларым, тұрмын қажып.
Барып ең биылғы жыл қажы қайдан?
Тиетін бір жан едің көпке пайдаң.
Күйініп сенің өле қалғаныңа,
Мен тұрмын көңілім тоқтап мұндай жайдан.
Кемелге келіп едің жаңа жетіп,
Бір қазақ не болады сенен өтіп.
Өртеніп өз-өзімнен от боп күйдім,
Қалған соң есіл ғылым текке кетіп.
Есіме, өртенемін, сені алғанда,
Көре алмай кеткен қызық сұм жалғанда.
Еңбегі жаста қылған босқа кетіп,
Бәрінен бұл барғанның сен арманда.
Жоланнан: Мүсабай мен Омар барған,
Арқада кажы бар ма бармай калған?!
Жаннатіл мұғаллада маупін болып,
Арманы тамам болған ойына алған.
Екі бас барған екен ел Қаржастан,
Нұсқа боп, жайылған сөз болсын дастан.
«Құтылмас ерден иман,»— деген сөз бар,
Ер еді аты атанған бала жастан.
Жолдасы Хұсайынның — Байқошқар би,
Жасынан қылған өнер, әр түрлі күй.
Күлдіріп ойын сөзбен жүруші еді,
Алыпты ақырында ұжмақтан үй.
Көстеден: баласы мен Шұпан кеткен,
Ер еді құдай үшін мейман кеткен.
Қылған кайыр, ықсаны қабыл болып,
Жаннатіл — Бакияда ажал жеткен!
Қозғаннан: ер Атажан барған екен,
Ерлікпен Құдайды ойға алған екен.
Келді деп естілмейді жазған хатта,
Табылмас өңшең ерлер қалған екен.
Биылғы, өкпеледім, өткен жазға,
Ағайын, енді маған кағаз жазба.
Халқынан Қаракесек: Жүсіп қожа,
Жолдаспен жетпіс шақты барған қажыға.
Бұрын да неше қабат барып еді,
Ойына Хызыр ата дарып еді.
Жолдасы ақыреттік — Аңай қажы,
Бұйырып топырақ сонда қалып еді.
Бұл жолда жамиғатын кеткен алып,
Дүниені парһам ұрып, талақ салып.
Жолыңңан ақыреттік достасына
Әдейі тірілікте іздеп барып.
Өзі өліп, жамиғаты келген қайтып,
Қаншама қасірет, жапа тартып.
Аты бар, атағы жоқ бықсық байды,
Шаршайын қайсы бірін сіздерге айтып.
Кеткенін қажы тәуір көргенім жоқ,
Ұнатып көтеріле барғанын көп.
Ерлердің іске жарар бәрі өліпті,
Кім өліп, кім қалғанын білгенім жоқ.
Ал, енді, қанша айтқанмен, олар кәне?
Мекке мен көріп өлген Мәдинаны.
Дал болып, ойран көңілім сынық болып,
Мәшһүрдің құр шықпаған шыбын жаны.
Келмеген ойға алғанның бір де бірі,
Қазақтың қасқа, жайсаң кемеңгері.
Шықпаған кеудесінде ыстық, жан жүр,
Сөзге ұлы көрініп, көзге — тірі.
Ғам басып тұнық, көңіл лайланған,
Ашылмай бақ, талайым жол байланған.
Кісіде суға кеткен ес қала ма? —
Дүниенің зардабымен шыр айналған.
«Мәшһүр» деп, әр баланың коймас атын,
Алашқа қылған ашна хихаятын.
«Садаға кара ұлың құлдан,» — деген,
Үл табар буаз болса, сол бір қатын.
Жасынан Жүсіп көнген жоқтығына,
Алданған аз [күн]қарын тоқтығына.
Қарайлап қарға менен ит қалады
Ел көшіп, кеткен жұрттың боқтығына.
Жазғаным осы сөзді бәріңе айтып,
Көбіңнің ықыласыңнан көңілім қайтып.
Таппаса керек қылып іздеп біреу,
Бармайды көшкен жұртқа ит те қайтып.
1191 жыл
МҰСА ШОРМАНҰЛЫНЫҢ АСЫ
Бісмілла — бұл сөзімнің басы болды,
Екі елу ер жігіттің жасы болды.
Биылғы өткен жаздың ортасында
Мұсаның ат шаптырған асы болды.
Сол асқа жақсы келді, жаман келді,
Бай, жарлы, төре, қара — тамам келді.
Арғынның ақсақалы Саққұлақ боп,
Әр жұрттан әрбір жақсы адам келді.
Әкімбек Шідертіні өрлей көшіп,
Тәнтімен мырзалыққа ерегесіп.
Екі болыс: Айдабол, Күлік, Қаржас,
Ас берді Сүйіндік боп басын қосып.
Мұсаның кім таласар бұ шағына,
Ел сыйған, жайса құлаш, құшағына.
Бақтыбай, Мақан, Шоман аулыменен,
Айнала қонып алды ошағына.
Өлеңті, Шідерті мен — елге қоныс,
Мұсаға жан біткеннің көңілі дұрыс.
Ас берді екі облысқа, сауын айтып,
Тік тұрып екі оязнай, он бес болыс.
Жері еді ошақ қазған — «Шүршіт қырған».
Кім шығар Мұсадай боп енді қырдан?!
Уай, дүние, ырғап-жырғап қайтушы еді,
Қожалар Қаратау мен келген Сырдан.
Сату, сою жағына жарамаспын,
Жолда жатса, бұрылып қарамаспын.
Енесінен түңілген қозыдаймын,
Жынысы әйелге — ит тиген арам аспын.
Жылқыны бауыздады қамап жарға,
Аңңан су араласты қызыл қанға.
Омбы, Семей — бір шетін шақырудың
Жіберді Көкшетау мен Қызылжарға.
Қараөткел мен Қарқаралы, Атбасардың
Шақырды почтаменен соның бәрін.
Келгені келді, келмегені қала берді,
Бір үлкен жиын болды сондай қалың.
Қуандық, Сүйіндік пен егіз еді,
Ақылға — Мұса — Арғынның теңізі еді.
Жүз жылқы — алдыңғы аттың бәйгесіне,
Бұйымы жамбысымен тоғыз еді.
Топ болған ба Секербай, Мұса болмай,
Айтқан сөзі әр жерде қисса болмай.
Серкесіз — қой, көсемсіз көш болған соң,
Қалай дәурен сүрерсің құса болмай!
Керейден келген екен Жөкен асқа,
Саққұлақ сексен алты келген жасқа!
Қанша елден қанша жақсы келсе—дағы,
Мұсаның өзге жаннан орыны басқа!
Мұсадай түгел туған жақсы қанда,
Жоқтығың білінеді әрбір жайда.
Хан болып қара басы, дәурен сүрген,
Мұндай ер енді анадан болмас пайда.
Тигізген бірдей қайыр жарлы, байға,
Бола ма тегін адам Мұса жайға.
Онымен бірге туған — Әужан, Иса,
Кіре алмас рұқсатсыз оязнайға.
Бақ, дәулет, ақыл, ғылым — тегіс еді,
Саф алтын, арамы жоқ күміс еді.
Жандарал неше келген князьбенен
Бәрінің құрдасындай біліс еді.
Асқар тау, дұшпан аспас сары белім,
Айнала көз жеткісіз шалкар көлім,
Көркі едің Орта жүздің шырайындай,
Кешегі туым кайда, кайран елім?!
Көз көрмес, қолға түспес асыл еді,
Басқадан бақ, аруағы басым еді.
Асында кеше Керей Сағынайдың
Сүйіндік өзге жұрттан асып еді.
Аспай, қайтсін, аз дәурен құрғаннан соң,
Құдай берген дәулетке толғаннан соң.
Жарасып: ишан, қожа, молдасымен,
Секербай, Мұса болып тұрғаннан соң.
Әкімбек төбелесті салып жатыр,
Күнсекей шатырда өліп талып жатыр.
— Керей, саған бұл аз! — деп, кекесіндеп,
— Секербай Қанша жолды алып жатыр.
Кеш келген Қанжығалы шегіншектеп,
Арғынның көбейтуге тобын жіктеп.
Саққұлақ айдалаға отырып алды:
— Толыбай, ұрандыға жүз үй тік! — деп.
— Мақуандың байлык, айтып,
— Керей сорлы, Билігін маған берсең, сол еді орны!
Бір жерге тамам Арғын бас қосқанда,
Жылқың жоқ жолаушының аты құрлы.
Жалынды Керей сорлы ағатайлап,
Таныды өзін-өзі, жаңа абайлап.
Әр таптан әр жақсыны соңына ертіп,
Сол асты кылды орнықты Мұса жайлап.
Жұрт көрген сонда Мұса салтанатын,
Көп нөкер қасындағы жамағатын.
Төрт інісі түп-түгел баласымен
Құдай да беріп қойған қолғанатын.
Мұсаға қара қазақ тең болды ма,
Есепсіз акыл-ойы кең болды ма?!
Секербай — Малгелдінің бел баласы,
Ешкімнен қызыл тілде кем болды ма?
Тоңтау жоқ, сырғанайды табанымыз,
Құрып тұр бұған айла, амалымыз.
Жүк — тайлаққа, қалғандай ел бойдаққа,
Олдеқандай болады заманымыз?!
Шорман өліп, жас қалған Мұса бала,
Таласа Шоңмен шықты Боштай және.
Бой жетті ендігінің, ой жеткен жоқ,
Қанша жетті десең де, әлі шала.
Айдаған мың-мың жылқы байлар кетті,
Жылдан жылдар, айлардан айлар өтті.
Қырық асып, елу барып, не боламыз?
Жиырма, отызбенен текке кетті.
Дүние, қорлықпенен өткенің бе,
Шыныңмен, жиырма бес, кеткенің бе?!
Өлеңменен газетте біз жүргенде,
Аяңдап, қырық пен елу, жеткенің бе?!
Мұса өтті, былтырғы қыс биыл болды,
Тіріде жүрген жері жиын болды.
Күн көрген мәжілісінде қожа, молда,
Кең дүние тарыдай болып, қиын болды.
Жеткізер құдай, пенде кылса талап,
Дүниені кім өткізер қолдан санап?!
Үлгі жол — бұрынғының әрбір ісі,
Кітаптан калмайды екен жанасалап.
Күні өтті ғапілдікпен пенде білмей,
Не білсін мұңдық, жайын, баска келмей.
«Өлі тілін-тірі алмас,» — деген сөз бар,
Сақтанбас ғапіл пенде, көзі көрмей!
Көп шығар әрбір түрлі біздің тұста,
Бірдей бол, шамаң келсе, дұшпан, доска!
Бір басымда мың ғайып толып жатыр,
Сөйлеймін, болғандықтан, ақылым қысқа!
Аузыма, қайтармаймын, келген сөзді,
Сөйлесін деп жаратқан тіл мен көзді!
Іздесең де, дүниені, таба алмайсың,
Мендей қисық, сынбайтын қатыгезді?!
Парқы бар жақсының да жаманменен,
Ғалым бірдей бола ма наданменен?
Аллаға жағам десең, азандай бол,
«Халыққа жақ, — деген сөз бар, — қазанменен.
Жүремін қалт-құлт етіп: «Бердіменен»,
Ісім жоқ жақсы-жаман ешкімменен.
Аллаға азаным бар, қазаным жоқ,
Жағамын бүкіл жұртқа мен немменен?!
Парқы бар жақсының да жақсыменен,
Бола ма, балгер бірдей бақсыменен?!
Артымда ненің барын мен білем бе,
Жамандық, қанша болса, тапшы менен!
Парқы бар жаманның да жаманменен,
Жүйрік ат тең бола ма шабанменен.
Өткіздім мен өмірімді бекер босқа,
Осындай әуре-сарсаң заманменен.
Жүремін шүкірлік қып денім сауға,
Үміт бар, ермеспін деп, нәпсі жауға!
Көзіме айт, сыртыма айтпай, касың бар ма,
Қылайын білместікке мен һәм тәубе.
Жабысты маған өлең он бес жаста,
Жұрт айтты:
— Не кыласың? — дейді — таста!
Өйткенмен қоя алмадым бір білген соң,
Сотым жок, кылған жұртқа мұнан баска.
Хазірет айтты:
— Сенікі өнер! — дейді,
— Ор сөзің әрбір жөнге келер! — дейді.
— Мырзаға жарастықты сөз сөйлесең,
— Жұрт бата өлеңіңе берер! — дейді.
— Сонымен мен мырзаны қозғадым ғой,
— Солардың ынтымағын бұзбадым ғой.
— Жүйрікпін: өз әлімше жүгіремін,
— Демеймін: «Бүкіл жұрттан озбадым ғой!»
— Пайдасыз жұрт нанады өсек сөзге,
Өнер жоқ — жұртта табар онан өзге!
Жетпеген күші аузына қожалармен
Үйінде Баттал мырза келдік сөзге.
Сөйлестік бір-екі ауыз сөздің жөнін,
Жүсіптің кім кеседі қызыл тілін?!
Өзіменен өзі білген әулие ғой,
Біреудің сөйлемек қой біреу мінін!
Тимеймін мен бұл жұртқа тіпті тектен,
Не түсер сақтағанмен, өкпе кектен?!
Жамандап мені барып Мәжи қожа,
Алыпты бір түйені Ақылбектен.
Түйе алмайтын кісі ме жай да барып,
О да жүрген қожадан бүркіт алып.
Баянаула, Қызылтау арасында
Қожа жүрген өсектен көпір салып.
Тере берсек, айтуға сөз де көп қой,
Бүл күнгі қожа, молда арам шөп қой.
Ақсүйекке өсектің ұнауы жоқ,
Қара қазақ баласы біздерге еп қой.
Менің қанша сотым бар қас көргендей,
Өнер жоқ, ауыз бағып, жай жүргендей.
Бұл қазақтың баласы дуагөйге
Өсек айтпай жүрсе де, ас бергендей!
1111 жыл
ИМАНЖҮСІП АТЫНАН ШЫҒАРҒАНЫ
Жел сөзге болған жастан ауызым епті, Жас та болсам, ел кезіп, көрдім көпті. Қалың топтың тастайын ортасына, Ғаріпшілік жөнінен біраз кепті. Жазған екен несібем менің түзден, Күдер үзіп тұрғанда, ел-жұрт бізден. Еске түсіп қайран ел, ішті бұрып, Жас домалап кетеді екі көзден. Талай көрдім қызығын қуат, күштің, Хисабы жоқ басымнан кешкен істің. Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, Талай жерде көзімнен бір-бір ұштың! Heшe түрлі іштегі түйін шешіл, Екі қарым жазылып, аяқ көсіл! Жатсам, тұрсам, есімнен бір кетпейсің, Суы менен жары кең, қайран Есіл! Бір жағы - ащы, бір жағы балық қасың, Қоныс болған түйеге көкпекті асың! Үйден шықсам, көрініп тұрушы еді, Қоңыр адыр, Қоянды, - сенің басың. Күнбатыстан көлденең аққан Нұра, Оған келіп көп өзен құйған жыра. Сарыарқаның көде мен бетегесі Шөбің болған(запоске) запасқа, суың - сыра. Бұғылы мен Тағылы - бүркіт салған, Ұйпалақтап қып-қызыл түлкіні алған. Ақтау, Ортау, Сарысу, Көктің көлі, Бір-бір ұштың көзімнен, дүние жалған! Ішім түтін болғанда, құр сыртым сау! Маған десең, көз жасым жаңбыр боп жау! Бүркіт алып, басыңа мен шығайын, Бір көрінші көзіме, Ереймен тау! Қайтушы еді жаз болса, жайлап елі, "Абылай аспас Арқаның сары белі". Қырық мың жылқы түссе де, лайланбайтын, Аюлы мен Нияздың қара көлі. Аққан Есіл-тау, тастың арасынан, Асып кетіп, тасыған шарасынан. Баянаула, Қызыл тау, қош аман бол, Бет жылынар барғанда панасынан. Неше түрлі жүрекке түсті жара, Тәңірім салған ісіне бар ма шара?! Сүйіндікке бет алып жүргенімде Қақ жолымда тұрушы ең, Балтақара! Мұнарланып көрінген бастарың - ай, Қатарланған жүктей боп тастарың - ай! Қайран таулар есіме түскен күнде, Аға берген көзімнен жастарым - ай! Күн қайда, керуендей жүрген көшіп?! Оқыс-оқыс кетесің еске түсіп! Талай қатын Қыпшақтан ұл тапқанмен, Өйткенмен бола алмас Иманжүсіп. Күнім қайда баяғы таңдай атқан, Қараөткелдің көшесін тасырлатқан?! Бидайықтай күндерім (күнлерім) кетіп қалып, Жарқанаттай күнімді көрдің жатқан! Әкем Құтпан болғанда, ағам - Шоңай, Адамзатта мендей боп тумас құмай. Көзім түскен қыздарды ап кетуші ем, Тоқты мен лактай тіпті оңай. Мен жерімде, бозбала, қадден астым, Менменсіген талайдың көңілін бастым! Қасыма ерген жігітке олжа салып, Бір қыста сегіз қызды алып қаштым. "Алып кетті, - деген соң, - Иманжүсіп," Қалушы еді ел-жұрты сылқ түсіп. Қайда кетіп қалғанын білмей жүрмін – Ұрттап, төгіп жүрген күн, шайқап ішіп?! Почтабайшы сықылды маған болыс, Аударылды сол үшін біздің қоныс. Тасырлатып келгенде, қолым қышып, "Мынау қазақ - демеуші ем - мынау орыс!" Бұл жалғаннан мен қайтып тұрақтайын?! Саулап жанып барамын шырақтайын! Аузы түкті неменің талайларын Сабаушы едім бақыртып лақтайын! Аман бол, ата жұртым, халым, елім, Сіздерді (сізлерді) болар ма екен көрер күнім?! Жатсаң, тұрсаң, Құдайдан жалбарынып, Тілей гөр - аз күн өмір, аға, інім! Көре алмаған ағайын қылып қастық, Ауылымызға әкелді күнде бастық. Арпалысып бастықпен жағаласып, Сол себепті бұл жерге қадам бастық. Бір ер мақтап жүргенде, біреу боқтап, Ағайыннан қалыпты көңіл тоқтап. Қуандық пен Сүйіндік, Керей, Уақ, Сағынғанда, санаймын тегіс жоқтап. Еңбегім, кетемісің текке зая, Жараттың бейнет үшін, бар Құдая! Бір Құдайым салмаса көздің қырын, Пана болып кім тұрар, маған сая! Сағындым құрбы-құрдас еске түсіп, Еркімізше сөйлескен желдей есіп. Тілеулес боп тұра гөр, Ғайып ата, Сүйіндіктің бұлбұлы - Мәшһүр-Жүсіп! Еске түсті жерлерім жатып-тұрған, Сескенбеуші ем(едім) мылтықтан атып тұрған! Еріксіз айдап келтірген осы жерге – Дәм мен тұздың бұйрығы татып тұрған. Жараңдар (жаранлар), болмаңыздар Хаққа ғасы, Заманы жоқ: батырлық - жанның қасы! "Адам басы - Алланың добы!" - деген, Не көрмейді ат пенен жігіт басы?! Үйден қуып шығарған, көп жорытқан, Емес едің дүниеден құр алақан! "Қысқа күнде қырықты алған" қыран едік, Болып тұрмыз бұл күнде жас балапан! Жаза берсем, шақ келмес қағаз, сия, Мен білмедім көзімнің жасын тия! Сілетінің бойында - қалың Қыпшақ, Көптір қажы баласы - Қанафия. Құндыздаймын отырған шыққан елден, "Сақтай гөр!- деп, - Құдая, тіл мен көзден!" Аюлы мен Ниязға бет қойғанда, Ат шалдырып, өтуші ем Баспа көлден. Қараөткелдің бауыры қалың шұбар, Ат мойнына үкілі тақтым тұмар. Бір түстеніп, аттанған ауылымда, Қалушы едің қыз-қырқын, бала құмар! Ауылым көшсе, қонар әр өткелге, Салсам қағаз, жетер ме Қараөткелге?! Сәлем де Тұрсынбек пен Дәулетханға Жасынан бас кемшілігі зары өткенге! Бола бермес барлығы ойға алғанның, Көріп едім қызығын бұл жалғанның! Сондай күнді басынан өткізгеннің Менде ақысы қалды ма енді арманның?! Туған, өскен еліме аман барсам, Арман сол: қайғы, қасірет - мұнда қалсам! Бір күнгідей болмас ед көрген тарлық Жасы жеткен әкеме топырақ салсам!
САПАР ЖЫРЫ
Еліміз Баянаула, Қазалтауда,
Төскейде мал жатады қалың қауда.
Аллаға тәуекел ғып шыға қалдың,
Тіпті үйде жатпайын деп денім сауда.
Бұхара, тан, қаламын, барғаныма,
Өкіндім оқи алмай қалғаныма!
Дүниеден құр алақан мен барамын,
Жете алмай бұ жалғанда арманыма!
ТАШКЕНТ САПАРЫ
Жігіттер, өлмеймін деп , қапы (ғапыл) қалма,
"Іздеген табылмас!" —деп, ойыңа алма.
Жетеді ақыр бір күн іздегенге
Құдайды бір жаратқан естен салма!
Ертеңмен дүйсенбі күн атқа міндім,
Араға сол бір қонып Шатқа келдім.
Кеудеме Құдай өнер берген шақта
Бетіне ақ қағаздың атша желдім.
Онан Семізбұғы - қорық (құдық) қондым,
Жүре алмай сол бораннан төрт күн тұрдым.
Өзіме тәңірім өнер бергеннен соң,
Жерлерде мен осындай кеңес құрдым.
Бет қойдым онан шығып Ерейменге,
Бергендей тамақ тауып кедей кімге?!
"Құрт болған сиыр етін жеймін десең,
Түс!" — дейді, сөйлес қылсаң сол әркімге.
Қаракесек, Сүйіндік жайладым тел,
Бес баласы Мейрамның дария көл.
"Құрт болған сиыр етін жеймін!"- десең,
Бозбала, қыс болғанда, Ереймен кел!
Жолымда қала берді Байбек аулы,
Неше жыл Кәрібаймен болған даулы.
Намаздыгер, намазшам арасында
Аралап өте бердім тамам тауды.
Бір ниет талап ойлап міндім атқа,
"Барсам,- деп,- иншалла, зиаратка!"
Жағдайсыз ауылдарға мен қона алмай,
Тау асып, барып жаттым Қарашатқа.
Қонаққа жоқ ел екен жайы, күйі,
Құрысын: қарын әйнегі, шымнан үйі.
Мейманға төбесімен тік тұратын
Қоскелді: жаңа болыс Баймен үйі.
Үй екен әр нәрсесі салтанатты,
Келіні - ас қылатын қолғанаты.
Баласы - біреуінен біреуі артық,
Әлікей жас мырзасы Керей атты (атлы).
Керейден сол бір нияз алдым теңге,
Тиын жоқ қара күреш онан өңге.
Құдайдың құдіретіне қарасаңшы,
Бел асып шығып кеттім дөңнен-дөңге.
Мәшһүрдің қараңыздар қызығына,
Бір түрлі жүрісінің бұзығына.
"Тәуекел, Тағала Алла, өзің бер!"- деп,
Жыланды барып қондым мұжығына.
Атқа - шөп, самаурын готов етті,
"Адам,- деп - талип ғалым сыйлап күтті.
Тік тұрды үй-ішімен теп-тегіс (тіпа-тегіс),
Құдайым күгпина алып рақым етті.
Мұжыққа болдық қонақ тіл білмеген,
Кәріп (ғарыб) бас тіршілікте не көрмеген?!
Құданың құдіретінің шеберлігі
Не білсін үйде жатып, жол жүрмеген?!
Жұма күн қонып шықтым Дауылбайдан,
Жүре алмай серке сойды жүрген жайдан.
Бәрінен ерте күдер үзген бір ел:
Қант, қаймақ, қара шай, сары майдан.
Шай іштім ертең келіп Жылқыбайдан,
Мезгілсіз жаман уақытта шықтым қайдан?!
Сүйіндік, айналайын, сенен кетіп,
Көже мен құтылмадым такты шайдан.
Онан соң барып қондым Сексенбайға,
Қандырды қос самаурын қойып шайға.
О дағы: "үш теңгең —деп нияз берді,
Қалған жоқ қарап тіпті босқа жайға.
Салғасын түзу жолға Тәңірім бізді,
Аяқ-қол, сегіз мүше, біреу көзді.
Баласы Баймен қажы - Бекмұхаммед,
Айтайын әңгіме қып онан сөзді.
Үйіне келіп түстім, уақыт - бесін,
Құдайым түгел (берсін) әр бір несін.
Куандық-Сүйіндіктің бір үйі екен,
Айтайын, жұрт біледі оның несін?!
Жібермей сол екі күн қонақ қылды,
Жайымды жүрген-тұрған сұрап білді.
"Тұрсаңыз Қараөткелде келіп түр!"- деп,
Бір ашке және үш теңге ақша берді.
Қайрадым сол арада жолдасымды,
Тапсырдым бір Құдайға мен басымды!
Айрылып ел-жұртымнан, болсам кәріп,
Құдайым көрер ме екен көз жасымды?!
Бауырсақ, қоңыр шолақ елемеген,
Жалғанда, ауыз байғұс, не жемеген?!
Құл болды, қош-аман бол, қайран жұртым,
Көтеріп көп назымды еркелеген.
Жақсыбай дұға қылдым - қажы орнына,
Жасырып кететұғын мен сорлы ма?!
Бір теңге баласынан болды ниғам,
Келмейді тамам Айтбай сөз формына!
Саһурат қонақ қылды ертіп келіп,
Ғылымның тәрбиесін о да біліп.
Бір теңге қырық тиын нияз қылып,
Жөнелтті керек-жарақ нәрсе беріп.
Қалтама ақша түсті сегіз теңге,
Жібердім мен көңілімді молдық кеңге.
Құданың құдіретіне сүйенген соң,
Бел асып күннен-күнге шықтым дөңге.
Күтінбей үйден жайсыз шыға қалдым,
Мұнымен Қараөткелге тура бардым.
Сапардың лауазымы қылайын деп,
Сол жерде керек-жарақ нәрсе алдым.
Қараөткел қаласында үш күн жаттым,
Әр жердің мен осындай дәмін таттым.
Жер - таға шегедей мұз боп қалып,
Атымды ақша беріп тағалаттым.
Тұтатса мерген білте, шақпақ шағып,
Бір Құдай оққағар бол, өзің қағып.
Періште, қағаз, сия қылма шығын,
Тұра алман мен аузымды тіпті бағып!
ТҮРКІСТАН САПАРЫ
Шығып ек кешегі айда елімізден,
Мекен - жай, қоныс қылған жерімізден.
Хазіреттің ақ күмбезін зиарат қып,
Қол жайып бата алғалы пірімізден.
Еліміз Баянаула, Қызылтауда,
Төскейде мал жатады қалың қауда.
Аллаға тәуекел ғып шыға қалдық,
Тіпті үйде жатпайын деп денім сауда.
Ереймен, жүре бердік Есіл өтіп,
Тұсынан Күйгенжардың кесіп өтіп.
Жас сығыра бір қияға боп ман ласқыра,
Құдайым түзден ырзық несіп етіп.
Ел-жұртым, қатын-бала,- бәрі қалып,
Он "бесте" түсіп жолға, болып кәріп [ғаріп].
Үйде қашқан, табылып, нәрсем түзден,
Келемін мен құдіретке қайран қалып.
Мүсәпір жолаушымыз біздер ғаріп,
Келеміз ұзын жолда ашып, арып.
Жал үзіп, қара қоңға таянып ат,
Тана алмай, пақырлықты, мойынға алып.
Бейшара өңшең сүлтік жолдасымыз,
Жоқ болып көңіл аулар құрдасымыз.
Ілініп сұм жалғанның тұзағына,
Келеді тұтқындықта бір басымыз.
Шалдар - жетпіс, кемпірлер - алпыс жаста,
Түп-түгел малы біткен біздің қаста.
Ғазап лим деуіме бек лайықты,
Жазылулы күн бар екен жұмыр баста.
Жылым-қой, жетті жасым бір он "беске",
Енді oн "бестің" жоқтығы кірмейді еске.
Қатын-бала қамынан қашқандарды
Түзде үйір қылады екен мақау (фиске) пешка.
Қапаста сайрай алмай қызыл тілім,
Халық-жұрт, қадір білген, қалып елім.
Көңілімді күн-түн сайын жүдетеді.
Тұнжырлар томырықты қара жылым.
Жегенім зақым болып, ішкенім - зәр,
Ғаһұдым ныхли әр кез бермеді пар.
Тақады құсалықпен өлтіруге,
Қоршаған маңайымда көр менен кәр.
Ауаның (һуаның) ыстықтығы миды ашытып,
Келеді қамықтырып, жол жасытып.
Айдаған жер сібір қып мені Құдай,
Кемпір мен, ұзын жолда, шал тасытып.
Мен қашан бұл жылаудан уанамын,
Көз ашып, көріп кімді қуанамын?!
Өткізіп дер жасымды келемін мен,
Муасеусе салқын сопы, диуанамен.
Жолдасым, су қараңғы алған үйден,
Құтылар бар ма күнім мұндай күйден?!
Надандар түк білмейтін бар қасымда,
Отыз жыл оқып білмес әліп биден.
Тұрады қай жерімде ғақыл ме не?!
Қайғымен ертеңгі күн болады кеш.
Ақшасыз арзан ғана табылатын,
Іздесең, маңайымнан не түрлі кес.
Атандым Мәшһүр-Жүсіп мен жасымда,
Мұң мен зар толып жатыр бір басымда.
Татырлық бір тиынға біреуі жоқ,
Бұ жолғы жаныма ерген жолдасымда.
Бір құдай ықтиярсыз айдауменен,
Мен шықтым басты өлімге байлауменен.
Қолыма ойға алғанның түспей бірі
Келеді зығырланым қайнауменен.
Өзің сад түзу жолға, иа, Раббым хақ,
Келеміз несие болып не түрлі нақ.
Ащы су, сүті жоқ шай жүрек кесіп,
Күн ыстық, қанбай сусын, сағынып-ақ.
Түйе өркештен айырылып, аттар-жалдан,
Не пайда қалған үйде қанша малдан?
Шараба Тыһурадай көрінетін
Жан болса, бір жұтқызар сүт, саумалдан.
Қыл медет: әулиелер, ұстаз пірлер,
Зарығып, тарығарлық келді жерлер.
Келеді күнде бірі қылып қапа
Жолдас боп Сүйіндіктен шыққан ерлер.
Мәшһүрдің қасындағы ұмытты атын,
Зергер жоқ танитұғын зердің затын.
Шыққанда , бәрі де ермін деген жандар
Келеді ұзын та...қ, болып қатын.
Бір-Алтай, Қараөткелден ерді Аманқұл,
Кісі екен ақ пейілді, сірә, аман жол.
Алласы разы болсын әрқашан да,
Келеді бет қайтармай жалғыз-ақ сол.
Ат-арық, көңіл- жарық, жолымыз-шөл,
Сырт қарап қоңырайысты жолдастар төл.
Мәшһүрдің түсті есіне айдалада
Күндері болып өскен екі елге тел.
Әр істі тірілікте көрсін көзің,
Үйіңде отыра алмай шыққан өзің.
Түңіліп, мен жолдастан үздім күдер,
Иа, Құдай, жаратушы болыс өзің!
Білместік, көп кемшілік - бар ғой бізде,
Ауыздан, түзулік жоқ, шыққан сөзде.
Досқа-күлкі, дұшпанға таба қылып,
Құдай-ау, көз сүздірме жапан түзде!
Шатыр боп, қырық жамаулы баспана үйім,
Бұ жолда болып душар тозған киім.
Кемпір, шал екі аяқты, жолдас боп мал,
Айтты не, айтпады не,кетті күйім.
Хазіретке, бәрі де ұмыт, аман барсам,
Пірлерден денсаулықта фатиқа алсам!
Бұрынғы түсер едім мен қалпыма,
Айырылып мылқаулардан, сонда қалсам!
Жау болды бұл заманда ескі досың,
Құса боп бұл қайғыдан қанлар құстың!
Іс болды бұл сапар да, маған бір сын,
Құдай-ау, қолайсызды қайдан қостың?!
Жыртық тон, қырық жамаулы, ескі болды,
Бастадық төмен тартқан ішкі жолды.
Қой еті бір-бір ұшты көзімізден,
Бұл жолғы ырзық, несіп ешкі болды.
Душар боп жолымызға жоқ ел қойы,
Құрысын ешкі сойып, қылған тойы!
Темешті, Құлымбет пен кім көріпті,
Кең үйлі, кедей екен Нұра бойы.
Ешкіні Құлымбетте: Құлжан сойды,
Бейшара қайдан сойсын тауып қойды?!
Қойдан құны арзан деп қонағына
Байларға шайтан салған мұндай ойды.
Қарпықта: Құлымбеттің көрмен бетін,
Нұраның жағаламан енді шетін.
Құрысын елден бұрын ешкі хайуан,
Жегендей, қап-қара ғып, қасқыр етін.
Шөл, қоңыр жолыменен жүрдім қайдан?
Ат-тонын ала қашқан пейіл байдан.
Қанына жалғыз ешкі жазалымыз,
Отырған Ескенеде Аралбайдан.
Халықтан неден мұндай пейіл қашты?
Темеш пен Құлымбетте қарын ашты.
Зарығып жүдеп келе жатқан кезде,
Сайдалы-Жайылмада душарласты.
Сүлеймен Тұтқышұғлы екі қойды:
Бірін- түнде, біреуін күндіз сойды.
Кемпір-шал, жаман-жәутік қасымдағы
Кенеліп бейпіл асқа әбден тойды.
Ел болмас пейілге бай Сайдалыдай,
Тұр екен өзіне де беріп Құдай.
Мал шарқы аз, дастарқанға зор бай екен,
Төменгі Әлике мен Байдалыдай!
Тынығып бір-екі күн жаттық сонда,
Бір көрген сәулеміз боп осы жолда.
Бас салып бір тоқтыны сойды таңдап,
Баласы Жанбабаның Мәшік молда.
Атасу, Манақ сонда, Сарысу өттік,
Кім бар, кім жоқ үш суда, білмей кеттік.
Мұңлы, қулы, арқарлы Ақшидегі '
Әлиф жүк тамаға жаңа жеттік.
Арқарлы мен Қайнарда бар Мыңбұлақ,
Тамаға болып өттік аз күн қонақ.
Барсақ та қай ауылға бақыруда
Бірде арық, бірде семіз жазған лақ.
Наp жүгін, көтере алмас, айыр өркеш,
Мен жаздым көргенімді тіркес-тіркес.
Ақшиде Жақсылықтың ұлы Таймас,
Оңбаған жаздай от жеп, сойды, серкеш.
Бос жер жоқ, Сарыарқада ел қонбаған,
Құйғанмен, түпсіз ыдыс, бір толмаған.
"Кемпір ұлы-Көр ұлы"- деген бар-ды:
Жан екен оңбағанда, шын оңбаған!
Дөң асып неше күндер шықтық жалға,
Көп екен шоқынған жұрт хайуан малға.
Шабдардан шыққан күні келіп түстік,
Отырған Жиделіде Аташалға.
Тамаға кез келген соң құдай бастап,
Сөйледім бейпіл сөзді мен құлаштап.
Ыбырай, сұмырай, диуана- суаналар
Қарамай, озып кетті бізді тастап.
Тамадан бір төрт сабаз жолдас ерді,
Зарығып, тарыққанда, құдай берді.
Айдала-жазы жапан, бостан болды,
Сұрама онан соңғы жүрген жерді!
Өзіміздің иттердің көбі кетті,
Ит төлеуі кісіден түгел жетті.
Ер Танаштың баласы- Тама-Құлбек
Бірге жүріп он бес күн қызмет етті.
Арқаның ұмыт болды өзен-көлі,
Нұраның бойы тола құрысын елі!
Кез болып жақсы жолдас жапан түзде,
Жаннаттай жайлы болды Бетпақ шөлі.
Болған соң өзіңе сай жолдас ері,
Әр жерден қонақасы келді тірі.
Ешкі, лақты шұбыртып жолмен айдап,
Айт пен той, болды сауық, жүрген жері.
От-су жоқ, Бетпақ шөлі, мидай тақыр,
Елсізде ешкі сойып, астық бақыр.
Әр құдықтың басында бірін сойып,
Жейтін ауыз бар болса, дедік: "Шақыр!"
Самауырды қайнатып, бақыр асып,
Ойын, күлкі, сөзіміз қатты ұнасып. "
Сен же, мен же!"-тамаққа болдық дарқан,
Қазан алып жатақтан палау басып.
Жігіттер, жаманнан қаш, жаманнан қаш,
Жаманмен жолдас болсаң, ағарар шаш.
Он бес күн Тама жолдас болған соңғы
Дәуренім, бір жасаған, болды ғой жас!
Болғанда жолдас мұндай әуел баста,
Зарланбас едім, қалсам, тас қапаста.
Айырылдық жыласумен қош айтысып,
Асуы Қаратаудың Жамантаста.
Ырзамын келген мейман- он "бесіме",
Кездеспей қаңғып өттім теңдесіме.
Қоштасып төрт Тамадан айырылған күн,
Жалғыздық жамандығы түсті есіме.
Келгенді мен ойыма қашан бүктім?
Көзімнің арзан жасын бейпіл төктім.
"Шықтым,- деп,-елден кімді серік көріп?!
" Өзімді ел аулақта өзім сөктім.
Бірікпес, басын қосып, жез бенен мыс,
Жақсы-жаз, жаман адам - зымстан қыс.
Жолдас тап, жолдас тап та, жолға шыққын,
Таппасаң жолдас егер, көтіңді қыс!
Ер егіз, болса жалғыз, еңбек сегіз,
Сөйлесем, көрген жапам ұшан - теңіз!
Кісі деп ертіп елден шыққандарым,
Демесең, мүйізі жоқ, сиыр, өгіз.
Болдырдым арып текке тулай-тулай,
Жалғаннан өтесің ғой құлақ шулай!
Белгілеп, елден ертіп ап шыққаным,
Көрсоқыр су қараңғы, қуыс, қурай.
Мен тұрмын көріп олжа тоңбағанды,
Ұнатып жайсыз жерге қонбағанды.
Құдай-ау, әкеп қайдан қиыстырдың,
Әрқашан үйде-түзде оңбағанды?!
1901 жыл
БҰХАРА САПАРЫ
Бұхара, тан, каламын, барғаныма,
Өкіндім оки алмай қалғаныма!
Дүниеден құр алаңан мен барамын,
Жете алмай бұ жалғанда арманыма!
Барған соң жатсам не етті сонан шықпай,
Мен жүрмін әуре болып ғылым жұқпай!
Ғылымның апатына кез болдым ба,
Жастықпен [жаслықпен] жақсылардың сөзін ұқпай!
Бардырған әулиелер қоймай тартып,
Жасымда серт қылып ем, нәзір айтып.
Арқаны көрмей, білмей кетіп едім,
Несіне құр алақан келдім қайтып?!
Ойға алған жақсыларға ұшырасам кез,
Сөйлессем шер тарқатып, сол жүзбе-жүз!
Басынан кешкен білер, көрген білер,
Қанша айтсаң көрмегенге, нанбастай сөз!
Замандас қайда кетті жаста көрген,
Тигізген ақтан оғын болдық мерген!
Аяғым, айтшы сенде арман бар ма
Көшесін Бұхараның таптап жүрген?!
Алланың ақ жаратқан панасында,
Қазақтың туып, өсіп даласында.
Самарқанд, Бұхар, Ташкент — кездік бәрін,
Жиырма мен отыздың арасында.
Бүгін де келіп қалдык алпыс беске,
Сәске түс, бесін кетіп, қалдык кешке!
Қолыма қағаз бенен қалам алдым,
Кеткен күн, өткен өмір түсіп еске!
Бұйрықты түз несібе адамды айдар,
Барады күн-күн өтіп, жыл мен айлар.
Табылар барсаң қайда іздегенмен,
Фиіз абад, фітіх абадтай шәриф жайлар?!
Жастыңта сіз де, біз де көрдік, әне (әні),
Дариға, сондай жайлар енді, кәне (кәні)?!
Сасре саледе наурыздама той-тамаша,
Ғажап жай Бұхараның рикстаны.
Кәпір мен мұсылманның шекарасы,
Әдеплік (адаплік) барша пақыр бұқарасы.
Көрінер көз ұшынан сағымданып,
Әрік пен Масхыд қаллан мұнарасы.
Дүние-ақырет кызығы Бұхарада,
Оңдай жай саған қайда бұл арада?!
Бір өзінде он бес жан азан айтқан,
Жұма (жымга) күн әлгі айтқан мұнарада.
Әкірді (кішірі) Бүхараның — аһыл сәлік,
Күндізгі күннен жарың-шабтарик.
Хан алдына екі ғид, жұмада имам,
Мерекенде хазіреті Мианмәлік.
Күмбезі Мерғарабтың тұрған қатар,
Періште сипатлы жан сонда жатар!
Көкалдаш — айналасы толған базар,
Адамы көптігінен, басың қатар.
Көкалдашта ахон тұр Хитнархан,
Жеке қара медресе ол — Тұрсынжан.
Көзіңді, қарағанда, талдырады,
Зейнетлі қош медресе — Ғабдоллахан.
Тамаша көрген жанды таң калдырған,
Таңданып карағанда, көз талдырған.
Шаршы базар шахардың ортасынан
Атақты Ғабдолла хан там салдырған.
Басыңды ойлай берсең, катырады,
Түн ұйқысын көрмей таң атырады.
«Тым» деген бір магазин, толық дүкен,
Шаһи дүриа патшайы сатылады.
Көзіңдей арманда етіп пұлдың жоғы,
Ешбірін жоқтатпайды көңіл тоғы.
Өзіңде шиле (шел) болып тұрып қалған
Қу жарғақ Төлебайдың атқан оғы.
Ұшырайды көп пәлеге дүние жиған,
Болады мұнан халас нәпсі тыйған.
Басында дүйсенбі күн ат базары,
Аузында дарбазаның (даруазаныц) — хазірет Имам.
Медресе — мүфти, қазы, бәрі молда,
Ақ күміс ұстағаны алтын ділда.
Сенбі күн таңертеңгі зиаратқа,
Шайхы молда шат мұратхан жиып Алла.
Тамаша, таңғажайып әрбір жері,
Тарқайды барсаң соңда іштің шері!
Жойбарлық махалласы өңшең қожа,
Ғажап жай — Бұхараның үштен бірі!
Бұхара, қылсам сейіл базарына,
Ерлердіц болсам душар назарына.
Басында қолым жайып тұрсам барып,
Хазірет имам Казыхан мазарына!
Түбінде шынар ағаш екі соқыр,
Тапжылмай, қозғалмастан Дауам отыр.
Менде арман қалмас еді барып соған,
Сүйкенсем сиыр болып болған қотыр.
Басына, құшақтасам барып туын,
Әулие қатар жатқан буын-буын.
Гүл сурех Баһауалдин сейілінде,
Қант салған ішсем дүние хауыз суын!
Бәрі әулие, басында түрған туы,
Қалмастан барар сонда жасы-куы.
Ол күнде алаңдатып, әуре кылды,
Ғакылдың көзін шалып нәпсі буы.
Арман жоқ, көрсем барып тамашасын,
Басында әр мазардың оқып иасин!
Насихат, мадаңлардың сөзін естіп,
Ағызсам екі көздің қанды жасын!
Несіп боп, Бұхараның нанын татсам,
Бүк түсіп, бір хүжырада жалғыз жатсам.
Бұхара — қатқан нанын қорек (хорик) қылып
Армансыз болар едім аштан ңатсам!
Қадамжай — мешіт Махаке — жердің асты,
Ондай жай бұл жаһанда табылмас-ты!
Өң түгіл, түске кірмес мекен жайды,
Барған соң Тәңірім айдап, аяк, басты.
Білдік пе оның қадірін біз ол шақта,
Жүгіріп жүрді көңіл әрбір жаққа!
Айрылмай тіс, тырнақпен жабысар ек,
Кәнеки, бір көрінсе, осы уақта!
Серік болды Ғаділхан деген төре,
Барушы ек атасына сәлем бере.
Үстіне Мерғарабтың шығушы едік,
Жорабай қасапшының кызын көре.
Түн болса, көше бойы жаққан фонар,
Бихисап толып жатыр тамашалар.
Шахарда ат ұрғаны ғарышқа жетіп,
Жер жарып һу зікірімен диуаналар.
Оянып шошығандай тамам будан,
Жүгіріп жан қалмастан жас пен қудан.
Өтеді оң екіде карилыққа
Балалар құлын жастан сонда туған.
Оқыған Калам шариф қандай оны,
Сықылды түннің бәрі — қадір түні!
Бар ғұмырықа татиды қызықтығы
Маер-мазин шарифтің отыз күні.
Нануайлар айғай салып, деп:
«Ыстык, (ыслиғ) нан!»
Табылып бір көшеден мың түрлі жан.
Оқиды қош әуезбен кетіп һошы,
Жұма күн мешітлерде — «мышной-хуан».
Барған соң мен несіне келдім қайтып,
Сол жайда калсам не етті топырақ тартып?!
Жүз алтыда Сейітжан мүфти отыр,
Іркілместен саулатып дәріс айтып.
Тұрған жан сондай жайда болмайды тек,
«Бәрі әулие!» — деп сөйле, келтірмей шек.
Көз алдымда елестеп көрінеді
Қос медресе: Зіргіран, мырза Ұлықбек.
Қарайды көрген жандар мойнын соза,
Мас болып, ішкен жандай араң-боза.
Медресе — «Мырза Ұлықбек» медресесі,
Әулие шарапатлы Хамза қожа.
Алдынан шарт жүгініп алдыц сабақ,
Ашылды сонан соң-ақ біздің қабақ.
Төрт ауыз жүрерде айтқан насихаты —
Бізге азық, өмір бойы болды тамақ.
Адам жоқ ешбір осал онда тіпті,
«Ішпей мас, жемей тоқ» — боп, болдың күпті.
Дәріс айтқан пай астана шариф жайда,
Атаңты Сыражаддин ноғай мүфти (мүфті).
Алдына шарт жүгініп отырдың біз,
Сондықтан ерте шөкті, мінеки, тіз (тізе).
Көп шыққан хатымгерде өз алдынан
Шәкірті мыңнан аса бірнеше жүз.
Адамы Бұхараның — меруерт, маржан,
Жаманға қат, жаңсыға бәрі де арзан.
Аталған «Құдай дат» — деп,
Бұхарада Кіші жүз:
Тама, Табын — молда Қалжан.
Уа, дүние, жүріп сонда басқан іздер (ізлер),
Әр жайда кала берген жазған (иазган) сөздер.
«Жалғанда арманым бар!» — дейді ме екен
— Қазы Ғабыд, Шүкірді көрген көздер?!
Лашқа әңгімесін Мәшһүр шашты,
Жері жоқ болған, сірә, аяң асты!
Жалғыз тоннан жоқ баска лыпа үстінде,
Отырған леп, род да жалаңаш-ты.
Тауың, кекілік, бөдене, мысың, күшік
— Алдындағы тамағын ортақ ішіп.
Тоқтылық, тонауы жоң көрер көзге,
Бар жалғанды қолымен өлшеп, пішіп.
Қызметінде жүгірдік қүстай ұшып,
Бата берген аяумен мейірі түсіп.
Ерден назар, ұлпат тапқандықтан,
Алты алашқа атандың «Мәшһүр-Жүсіп».
Құс салған, аң аулаған, мылтық, атқан,
Хак, иадын айтқан құлдар (кыллар) түнде қатқан.
Басында әр төбенің мола болып,
Бәрі де біздей жан ғой солар жатқан!
Ащы менен тұщыны білер татқан,
Күнәға ғапыл пенде күнде батқан.
Бір тынышы жалғыз жанның бұ дүниеде
Дәріс оқып бір хұжырада жалғыз жатқан.
Ермегің еріктірмес кітап қолда,
Сол шығып маталғаның (мұталғаның) болсаң молда!
Молданың сабақ, алған бірі болып,
Дүниеден өтіп кетсең, жатып сонда!
Семейлік Фидахметті көзім көрді,
Бастас боп молда Ғали бірге жүрді.
Тоқбет қажы баласы Жағыпар сабаз
Мерғарабта көп тұрып, сол жайда өлді.
Тарқайтын жолыкңанда іштің шері,
Қалмапты замандастың бірде бірі.
Түбі — Уақ, хатымгерде Ғабдолуахид
Бұл күнде жалғыз-ак, сол — калған тірі.
Дүниенің ойға алмастан көбін, азын,
Құдайдың кім тауысар қысы-жазын?!
Оқысам мен әуел Бабайпәре түзде,
Сенбі күн ол ерте таң намазын!
Бір тас жер Бұхарадан мазар Шәріф,
Тарқаттың бір құмарды үш-төрт барып!
Меркалел кожа, кағба Лабар менен
Баршасын көріп қайттық шырқ айналып!
Өлуге, өлмесек те жүрдік таяу,
Ол күнде ойда бар ма бір жанды аяу?!
Қожа Жаһан әулие Ғыхдуанда
Жаз шыққан соң жағалап бардық жаяу.
Бір күні сондай күннің мыңға татыр,
Жастыңтың аркасында болдық батыр.
«Шәкірттің перуайы (первыйы)» деп аталған
Шайхы Ысқақ қалабади — о да жатыр.
Онда көп: ноғай, қазаң, сарт пен сауан,
Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!
Қадамжай Ғалыхида бір зиарат,
Шайхы Жалал Мағзұм мен ахон Хауан.
Көргенді ғаңыл-естен таңдырыпты,
Төрт күмбезлі медресе қалдырыпты.
Түрікпен: Ниязғалы, өзі халфе,
Шаһардың ортасынан салдырыпты.
Түгендеп тауысамыз қай базарды,
Біле алмай, сасып қалдын не жазарды!
Кепхозы Диуанбегі қасындағы
Айтайын медресе Ерназарды.
Ол жайды барып көрген болмайды қор,
Бұрқырап жерден көкке атылған нұр.
Бір өзінде тап отыз медресе бар,
Медресе «Жағыфар қожа», тағы атағы зор.
«Хиябан көсгынд мыһтыр ғынбыр» — дейді,
«Беделбек, Диуанбегі әм бар!» — дейді.
«Көрхана, Ханаңаның есебі жоң,
Әрбірінде мың, миллион жан бар!» — дейді.
Байлык пен біз бармадың дәулет артып,
Оңыдык, құр қол жүріп, мехнат тартып.
Баска жайдың сопысы, молдасынан
Бұхараның иті мен есегі артың.
Тартқан жан әулиелер сонда барар,
Шың әулие қайта алмай, жатып қалар.
Көрмегенге сөзім жоқ, өкпе де жоқ,
Көрген жан: «Рас айтады, шың!» — деп, нанар.
Өткен күн, жүрген жерлер ойға түсіп,
«Барам — деп, тағы айналып», — көңіл көшіп.
Елтімес(естімес) дұғаңыздан кылған үміт:
Құрық — қол, бибзағит Мәшһүр-Жүсіп.
Пірлерден зат едіңіз тиген назар,
Алдың шақар болғанда, артық базар.
Қасиет кәріпліктен пайыз тауып,
Табиб болдың, дауасыз дертті жазар.
Арңаға кайта шықтық аяқ тайып,
Көлден шөлге ұшқандай қанат жайып.
«Бұхарай-Шәріфтің нанын тат!» — деп,
Уыз батаң берсейші бір қол жайып.
1911 жыл
ТАРИХ ЖЫРЫ
Әулие өткен Абылай хан,
Заманында хан болды.
Жұрт устінде паң, болды,
Журген жері шаң, болды.
Қазаң пенен орысты,
Қалмаң пенен шуршітті
Бір өзіне ңаратып,
Ғаламга даңқын таратып:
«Абылай хан сөйтті!» — деп,
Соңғыларға заң болды.
АБЫЛАЙ ХАН
Ай, жарандар, жарандар,
Маған да таман караңдар.
Бір сөзім бар, айтамын,
Айтамын да, қайтамын.
Бұ сөзімді аңдасаң,
Құлак, койып тыңдасаң,
Әулие өткен Абылай хан,
Заманында хан болды.
Жұрт үстінде паң болды,
Жүрген жері шаң болды.
Қазақ пенен орысты,
Қалмак пенен шүршітті
Бір өзіне каратып,
Ғаламға даңқын таратып:
«Абылай хан сөйтті!» — деп,
Соңғыларға заң болды.
Бұрынғыдай болмайды
Мұсылманның баласы.
Алды-артымды камады,
Кәпірдің салған қаласы.
Кәпірге қарап оқ атқан,
Мұсылманға жан тартқан,
Күнінде Кенесары болмаса,
Кәпірдің жұма күні тойы бар,
Шаңыртам деген ойы бар.
Өз жұртымның қызығы
Қызылжар мен Қоқандай.
Қайын жұртымның қымызығы
Шәуешек пенен Бүхардай.
Абылай, сен жас ұл едің,
Тұрымтайдай төре едің,
Түркістанда жүр едің,
Ақ сұңқар ңүстай түледің!
Тоятың сенің қанған соң,
Алыстан тоят іздедің.
Сүмбіл туар жылтиып,
Ат семіріп құнтиып.
Абылай сарттың найзасы
Кайың да болды, берік болды.
Атакемнің найзасы
Қарағай болды, морт болды.
КЕНЕСАРЫ
Айтайын, айт дегеннен, ау, жарандар,
Кейін сал кеңесіңді, бозбалалар.
Айтамын Кенесары, Наурызбайды,
Бурдағы мойыныңды, кұлағың сал!
Жел болса, қамыс басы айда-сайда,
Жігітке бір өткен соқ, дәурен қайда?
Бұрдағы құрдай мойның, кұлағың сал,
Айтамын Кенесары, Наурызбайды.
Баласы Абылайдың Қасымым-ай,
Сүйегі өзге жұрттан асылым-ай!
Үш төре Абылайдың сарттан өлді,
Орыска қазақ түгіл басымым-ай!
Бауыры Алатаудың тал мен терек,
Мінгені Жеке батыр — Көкше серек.
Аттанды он төрт мың қол шеру тартып,
Басы екен Кенесары бір зеңбірек.
Кене ағам қосын тартып, Қырғыз барды,
Аз ауыл: «Қосшы (қошшы)» — деген қырғызды алды.
«Бәлемді оңдап тұрып кыранын!» — деп,
Қырғызға: «Жиылсын!» — деп, хабар салды.
Ілінер қара балық, жібек ауға,
Аттанды Кенесары Қырғыз жауға!
Болғанда бесінші күн қырғыз толды,
Қыбырлап кара құрттай Алатауға.
Кене ағам косын тартып, кырғыз барған,
Аз ауыл «Қосшы» деген кырғызды алған.
Кененің ішіп жатқан суын бұрып,
Қаңғырып Кене қолы шөлде қалған.
Кене ағам атысады жалғыз жатып,
Атының, шаба алмайды, мойны катып.
Астында ер Науанның Қызылауыз,
Ок үзді артқы аяғын бұлғаңдатып.
— Оқиды молда жайып ала хаты,
Кете ме қырғыз қырып азаматты?!
Астымда Кызылауыз оққа ұшты,
Бересің (бересін), таңсыр, бізге қандай атты?!
— Беріпті: «Сөйлесін!» — деп, тіл мен жакты,
— Наурызбай, осындайда кимылдап баң!
Өркеші жоқтүйедей, мойны құлаш,
Ап келді Кертайлаңты Үйсін Байзақ.
Кертайлақты ап келді:
— Судан шыққан сүйрік! — деп,
— Таптан да озған жүйрік! — деп.
— Аяқты малға жеткізбес,
Мін-дағы, жауға килік! — деп.
Кенеге тілеу болмады,
Қырғызды Құдай оңдады.
Арам каткыр, Кертайлақ,
Қызылауыз аттай болмады.
Наурызбай соғысуға ерінбеді:
— Қазаққа бұл бір келген керім! — деді.
— Ғалының «Сейтбаттал» соғысындай,
Найзадан күннің көзі көрінбеді.
Қол оқпен қозы жауырын Бопы атады,
Мылтыкиен Құдайменде қиратады.
Соғыста өңге төре жүргенінде,
Шатырда жаман Көшек тек жатады.
Не күшті бұ дүниеде, Құдай күшті,
Алдымен Ержан төре қолға түсті.
Онан соң, Құдайменде мылтығы өшті,
Шатырға: «Ой, бауырым!» — деп, Науан түсті.
Кигенім көк сауыр етік, кызыл ұлтан,
Алдымен колға түскен Ержан сұлтан.
Оңңа ұшып Құдайменде қалғаннан соң,
Жайдаңтап жауға шапты Қаракұлпан.
Кигенім көк сауыр етік, қызыл ұлтан,
Оққа ұшып Құдайменде жатыр сұлтан.
Қырғызды екі жарып бөгеп тастап,
Сүйегін алып шықты Қаракұлпан.
Кенені осы жолы кара басты,
Кене мен қырғыз колы араласты.
Жеңерін жау қырғыздың білгеннен соң,
Наурызбай, Кенесары ақылдасты.
Наурызбай[дың] Кене ағаңа ақылдасқандай қып айтқаны:
— Кене аға, осы соғыс болды калай,
Жеңері кырғыз-казак екіталай.
Ыңғайы жау кырғыздың жаман болды,
Кене аға, осы жолдан кайтсаң калай?
Кене ханның сөзі:
— Науанжан, осы соғыс болды калай,
Жеңері қырғыз-қазақ екіталай.
Мен өлсем, бірді-екілі күшік бар ғой,
Науанжан, сен аманда кайтсаң калай?!
Наурызбай:
— Төгілер, өлсем жерге, қара қанып,
Бұ сөзді не деп айттың, таңсыр ханым?!
Жеріңде сенің өлген мен де өлейін,
Болып па сенен артың менің жаным?!
Кене ағам, сенен калып не боламын,
Қырғызды, айқай салсам, үш бөлемін!
Кегімді жалғыз қалып мен ала алман,
Жеріңде сенің өлген мен де өлемін!
Кене ханның сөзі:
— Науанжан, бұл айтканың жүйесіз ғой,
— Қырғызға «Абылайлап!» тиесіз ғой!
Мен өлсем, артта калар тұяқ бар ғой,
Сен өлсең, кара шаңырақ иесіз ғой!
Наурызбай жүруші еді жаумен ойнап,
Кене жүрді он кісімен «Абылайлап!»
Ер Науанның астында Кертайлақ ат,
Ерін алып тастады, мінді жайдаң.
Кенеге тігілмеді торғын шатыр,
Топалақ тиген қойдай қазақ жатыр.
Басы екен Шұбыртпалы ер Ағыбай,
Құтылды есен-аман сексен батыр.
Қазақ бір қашты дабырлап,
Қырғыз бір қуды жабырлап.
Адыра калғыр Қараөткел,
Қазақтар қалды сабырлап.
Бауыры Алатаудың терек, тал-ды,
Қоқидын бойын өрлей қырғыз салды.
Ер Науан аты жүрмей отыр еді,
Жау қырғыз келдідағы қамап алды.
Ұстаған ер Науанды Үйсін дейді,
Жүрегі жау қыргыздың дүрсілдейді.
Ңасына жаман Тағай келді жетіп:
— Ит қасақ шыныңды айтшы, кімсің? — дейді.
Қырғыздың «қазақ» деуге тілі келмейді,
«Қасақ» деп айтады.
Қатындары балаларын қарғап, ұрысқанда:
«Қасақ алғыр!» — деп қарғайды.
Сонда «Кімсің?» дегенде,
Наурызбай не дейді:
Сұрасаң арғы атамды, хан Абылай,
Атқаны Кене ағамның Күлдір, Мамай.
Ит қырғыз, танымасаң, танытайын,
Қызыңды қатын қылған мен — Наурызбай!
Тағай:
Наурызбай, ойың болса, ойла! — дейді,
Дәуренің бұрынғыдай қайда? — дейді.
Елшіге былтырғыда жіберіп ем,
Бауырым Жаманқара қайда? — дейді.
Наурызбай:
Батырың біздің елге барды, — дейді,
Аса ауыр қалың олжа алды, — дейді.
Еліңе тірі болса, келмес пе еді,
Ақтарылып шек-қарны қалды! — дейді.
Тағай:
Құдайым, айналайын, берді — дейді,
Байлауда енді Науан шірі! — дейді.
Айтасың өтіріктен, жаның шыққыр,
Сұрадым Ержаныңнан тірі! — дейді
Наурызбай:
Жігітке қару болмас садақтайын,
Ақ тұзын Абылайдың адақтайын.
Бүйрегін наркескенмен ойып алып,
Итіңді бақыртқанмын лақтайын.
Пр V
Тағай:
Батырым Жаманқара ерім күтпан,
Өлтірдің оны неге жүрек жұтқан?!
Кескенше басын қылыш, тілін тартпай,
Ит еді бұ кайдағы жүрек жұтқан?!
Наурызбай:
Қол оқпен козы жауырын қойып (куып) алдым,
Өгіздей жон терісін сойып алдым.
«Ханыма кырын карап сөйлейсің!» — деп,
Бүйірін наркескенмен ойып алдым.
ПП V
Тағай:
Науанжан, сенің өзің төресің ғой,
Қырғызға «Абылайлап!» тиесің ғой.
Манабым Жаманқара сен өлтірсең,
Болыпсың сен де сондай, өлесің ғой!
Наурызбай:
Жүруші ем өз елімде мен жайыма,
Жігітке өлім деген уайым ба?
Ит кырғыз, әке десем, жібермейсің,
Болармын, өлсем, жакын Құдайыма.
Тағай:
Жігіттер, өлең баста, өнер баста,
Мереке күнде мұндай табылмас та.
Кескенше кесер басын, тіл тартпайды,
Кескілеп, Наурызбайды, итке таста!
Наурызбай:
Жағалай Қоқи бойын терек пен тал,
Құйғаным тегешіме тола аяқ бал.
Ит қырғыз, әке десем, жібермейсің,
Итіңе, маған десең, кескілеп сал!
ПП V
Тағай:
Үйінен тамам қырғыз жылап шықты,
Ішінде бір сұрқылтай сынап шықты:
— Анадан жалғыз туған ер екенсің,
— Керек деп-өтің неге? — сұрап шықты.
Қырғыз сөзі:
Құлағы арғымақтың ерек-серек,
Жапанға жалғыз біткен бір бәйтерек.
Бір туған елде жалғыз ер екенсің
Наурызбай, сенің өтің кімге керек?!
Наурызбай:
Бір салсам наркескенмен шығады миы,
Ит қырғыз, менің айтқан сөзіме ұйы.
Керегің өн бойымда өтім болса,
Қызыңның, өтімді ал да, көтіне қүй!
Жағалай Қоқи бойын терек, тал-ды,
Шақырып Құсбек итін жанына алды.
Қырғыздың өз қылышы өтпеген соң,
Науанның наркескенімен басын алды.
Ертістің арғы жағы — Тарбағатай,
Сөзімнің менің айтқан бәрі қате-ай!
Ерлерді (ердерді) бұрынғы өткен біз қозғадық,
Жамағат мына отырған, қылсақ бата-ай!
Сұрасаң арғы атамды Атығай-ды,
Кене мен өлец қылдым Наурызбайды.
Тілеген — менің атым, ақын, молда,
Науанды өлец қылып жұртқа жайды.
Абылайдың көкжалдары қырғызда өлген,
Сол өлген соң, дұшпандар жырқ-жырқ күлген.
Абылайдың көкжалдары өлгеннен соң,
Дін мұсылман быт-шыт боп жаман бүлген!
КЕНЕСАРЫ-НАУРЫЗБАЙ
Дүр гауһардың данасы,
Үйсіздерге үй болған,
Бұл Арканың панасы.
Аңкағанға сусын боп,
Шаршағанға ат болған,
Дарияның аккан саласы.
Үшкеңгірде мекені,
Ұлытаудың даласы.
Кіші таудың саласы.
Көп тілеуін тілеген
Мұсылманның баласы.
Ата бір тегін сұрасаң,
Абылай ханның баласы —
Кенесары, Наурызбай.
Тұра алмай оның кеткені —
Бүл жақтағы казақтың
Ауызының аласы.
Абылай ұғлы Қасым-ды
Жасық, емес, асыл-ды.
Саржан атқа мінген соң,
Жасынан ойлап тастады (таслады).
Дұшпанның көңілі басылды,
Жалғыз өзі емес-ті,
Есенкелді қосылды.
Ұсталар алар қолына
Қышқаш пенен балғаны.
Кенесары, Наурызбай
Қырғыз бір болды арманы.
Іледен өтіп, хан кетті,
Өр Дулатңа барғалы.
Сол жақтағы қазақ пен
Қосылып барып алғалы.
Барып еді өр Дулат,
Барғанын қабыл алмады.
Асаулар үзді шідерді,
Сыйламай Дулат жіберді.
Сеніп келген халқынан
Хан Кене үзді күдерді.
Күздігүні болғанда
Қатуланды, касланды (қаттанды).
Хан қамалдан аттанды,
Қоласты калың шеңгелден,
«Қосшы» деген елді алды,
Қарақыстақ, Шөңгелден
Қалшасын ұстап байлады.
Хан болып халқын меңгерген,
Кем-кетікті теңгерген,
Сатуына Қалшаның
Тоғыз түйе арттырып,
Отаулатып қыз беріп,
Кисайған жағын түзеген.
Бұл уақытта Құдайым
Қоқаннан ауған көп
Дулат Қара ағаштай ел келген.
Мәмбет ұлы Байзак,
Балқожа, Медет ол келген:
«Жауың кайда, мен жолдас»,
— Хан Кенеге жел берген.
Жоғарғыдан су ағар
Жүйесін тауып төменге.
Атса, мылтық өтпейді,
Асылдан сокқан беренге (перенге).
Дулатты сүйді хан Кене:
«Мен жолдаспын!» — дегенге.
Сұңқарлар жайды қанатты,
Жұртына салды санатты,
Қара ағаштай көп Дулат
Хан аузына қарапты.
Сегіз жүз кісі аттанып,
Шапты бір олжа болатты.
Аісу деген өзеннен,
Бұ сапарда Наурызбай.
Төрт камалды бір бұзып,
Жұртты аузына қаратты,
Қокиланып кырғыздың,
Қатыны мен қыздарын,
Қос-ңосңа бөліп таратты.
Дулаттың алған малына
Бір төлеңгіт бармады,
Олжа атын алмады.
«Қызыл тұмсық, болсын», — деп,
Ғақылмен аузын қандады,
Екіншіде аттанды,
Естіген Дулат қалмады,
Байзақ келді төменнен.
Көңілі бітті айқасып,
Кенесары төреңмен.
Телім дас болды олжаға
Наурызбай атты беренмен (перенмен).
Он екі мың кісі боп,
Бір күні қайта ел шапты,
Таудағы алты өзеннен.
Зеңбірегін асырды «Абылай аспас» кезеңнен.
Құлаң (ңаулаң) бір тарс бекінді,
Кенесары, Наурызбай,
Таудан асты дегеннен.
«Абылай аспас» асудан,
Асамын деп өрледі.
Асуды қырғыз бермеді.
Бес күнгеше атысты,
Қазақтың әлі келмеді.
Қарабалта, Суңызлың
Аңғарынан шаң асты.
Атынан әркім адасты.
Қырғыз, қазақ ат койды,
Бір кезеңге тгіласты.
«Абылай аспас» асудан
Асамын деп, аса алмай,
Көп қырғызды баса алмай,
Ерлер сонда бір састы.
Ұрыс қылды қырғызлар,
Төбеден атын ойнатып.
«Қызықсын, — деп, — асуға!»
Қазына төкті жайнатып.
Жалғыз жолға су кұйып,
Кар ерітіп, қайнатып.
«Абылай аспас» асудан «Асамын!» — деп өктеді.
Асуды тастап қырғыздар
Бас камын кылып кетпеді.
Ойдан атқан зеңбірек,
Тау басына жетпеді.
Сол уақытта болғанда,
Ыза болып хан Кене,
Келтірді екі түйені.
Шөгере салып түйені,
Зеңбірегін сүйеді.
Тұрғызып қойып атса да,
Сонда да тауға жетпеді.
Атасы өткен Абылай,
Тілеуді бергей бар Құдай,
Былтырдан алған басшысы
Шапырашты Бұғыбай.
— Бұғыбай басшы кайда? — деп,
— Шақырды төре Наурызбай:
— Ай, Бұғыбай, Бұғыбай,
Қорлық, болды-ау, бұ қалай?
Амал тапшы бұған-ай!
Былтырдан өзің келгеннен,
Елдің алдың жарлығын.
Құлдың жедің жабдығын,
Бір кезеңнен айдадың
Үш алаштың барлығын.
Жалғыз жолдан аса алмай,
Қырғызға беттей бата алмай,
Тау-тастың тарттың зарлығын.
Жалғыз жолдан аса алмай,
Қазақтың жолы байланды.
Бес күнгеше атысып,
Тауысып тұрмын хайламды.
Өліп кетсем, Бүғыбай,
Көңілімде арман кетпесін!
Осы бүгін күн батпай,
Тау басында қамалға
Бір тигізші найзамды!
Бұғыбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді?
— Қол бөлініп, жол тап! — деп,
— Бере ме жауап ханымыз?
Ағаңнан жауап алыңыз,
Ағаңыз рұқсат ол берсе,
Томағамды сыпырып,
Қамау да тасқа салыңыз!
Жауыңды шаншып беруге
Науанжан, келмес халіміз.
«Жол тап!» — деген сөзіңнен
Төгіле калмас арымыз.
Ер Наурызбай келіпті,
Алдына карсы Кененің:
— Түсі суық тартқанда,
Төрт қырлаған жебенің.
Ажал уақыты болғанда,
Қорғаны болмас көбенің.
Рүқсат берсең, Кенеке,
Тау басында қырғызға
Барайын соған деп едім!
Ертіп келген касымда,
Бұғы басшы ер! — дейді.
— Асуы жок Алатау Бұ-дағы киын жер! — дейді.
— Бүйтіп тұрып қамалмай,
— Бұзайын барып қамалын,
— Кенеке-ау, жарлық бер! — дейді.
— Біраз жігіт сайланып,
Соңыма менің ер! — дейді.
— Тау басына бір шықсам,
— Қызығымды көр! — дейді.
Кене хан сонда сөйлейді:
— Алдыңа басшы сал! — дейді.
— Кетпесін жаудан ар! — дейді.
— Дұшпаннан кекті ал! — дейді.
— Бұғыбай айтса бір сөзді,
— Екі-үш жүз (иүз) кісі ертіп,
— Ертерек соған бар! — дейді. Сонда Науан сөйлейді:
— Алла тағала жеткізсе,
Бір мұратқа жетейін!
Былтырғы қылған қырғыздың
Зорлығын бүгін өтейін!
Екі-үш жүз кісі көбірек,
Онша ер алып не етейін?!
Аз кісіге жақсы екен Алатаудың саласы.
Қиын жерде жолдасқа Сүйіклі еді, қарашы!
Көп кісі каптай шабуға
Арқаның бар ма жазық даласы?!
Отыз шама кісімен Барғым менің келеді.
Қысылған жерде әркімге Аруақ та болсын панасы!
Таң қалады Кене хан
Ер Науанның сөзіне.
Бұл арада Науандай,
Қайырымды жан көрінбес көзіне. Қайтармады бұл бетін,
Рұқсат берді еріне.
Іріктеп алды манатты,
Қауырсынды, канатты.
Таңдап алды Наурызбай Тастан қайтпас болатты.
Тамам колдың бектері,
Бұғыбай басшы алдында.
Жол қиынын көрген соң,
Қамалдағы кырғыздың
Алла оңдаса, осы жол,
Жан жазасын бергелі
Отыз касқа жөнелді.
Отыз жігіт жөнелді
Наурызбайдың соңынан.
Бұл сапарда Науанның
Жұлдызы туды оңынан.
Жаз жайлауы — Сардала,
Қыс қыстауы — Қарғалы.
Кене хан рұқсат берген соң,
Наурызбай төре жөнелді.
Отыз жігіт соңында,
Тау басында жиылған,
Көп қамалға барғалы.
Наурызбай төре кеткен соң,
Төменде қалған қалың қол
Тұра алмады-ау ерігіп,
Басын қосты бірігіп.
Бастырмайды тау мен тас
Жарлыда бар шегене.
Байзақ датқа (датхуа) түсінді
Бұ жауаптын, тегіне.
Хан қасынан жылысып,
Жетіп барды көбіне.
Ер Байзақтың караңыз,
Көпке бір айткан кебіне:
— Ат үстінде қақайып,
Қарап тұрып өлмелік,
Намысты қолдан бермелік,
Теп-тегіс түсе калыңыз,
Ер басына бір-бір тас,
Түсіп бір жерден алыңыз!
Қамалып босқа тұрғанша,
Сөйтіп бір жолды салыңыз!
Ойда тұрған хан Кене
Жарлық қылды көбіне:
— Ескі жолға таласа,
Жаңадан жолды салғай[сың]!
Сонда тұрып хан Кене
Көбін жиып сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді:
— Ат тұяғымен шаң [болған],
— Алатаудың [арасы].
Қара ағаштай көп қырғыз
Бірсыпыра болдың, карашы!
Ойда — Қоқан, қырда — орыс,
Хакім болған қаласы.
Алдырғаны дұшпанға
Аузы жұрттың аласы.
Кімнен таяқ жегендей,
Бір ауызға караса,
Біздің қазақ баласы!
— Тізгінді берсе Кенеңе,
Қайрат қосса жебеге.
Ер басына аяктай,
Тас аударса, бұ тауды,
Жол салмасқа немене?!
Мұны айтқанда ер Байзақ
Аттан түсіп барды да,
Жерден бір тас көтерді.
Байзақ аттан түскен соң,
Төгіле қалды-ау арымыз.
Алмасақ, та таудан тас,
Аттан түстік бәріміз.
Сол арада қарасақ
Тау басында шу шықты,
Мұнара болып бу шықты,
Будақтап мылтық түтіні,
Қолында жасыл ту шықты.
Отыз көкжал бөрімен
Наурызбай төре бұл шықты.
Жау — жоғары, біз — төмен,
Жеткен екен камалға.
Наурызбай сынды сұр берен,
Мінген аты көк дөнен.
Қарқарадай ат астында,
Жауға барып кірісті.
Күн шығыс жақ шетінен,
Қамалға кірді көлденең.
Кене хан соны көрген соң,
Қалмады сабыр қарары.
Жауға қиын барары,
Жаны ңайтіп шыдасын?!
Түгеген мылтық, ішінде,
Көзінің кірді жанары.
Жанган оттай бұрқылдап,
Көк дөнен ат астында,
Ақ орамал басында,
Ор қояндай бұлтылдап,
Жарң-жұрқ етіп күнменен
Найзаның ұшы жылтылдап.
Наурызбай кірді камалға
Күншығыс жаудың шетінен.
Шыдай алмай Кене хан
Ат койды таудың бетіне.
Биіклігі сонша бар,
Шөке атым (аттам) жер бармай-ақ,
Сыпырылып калып барады,
Көкбурыл аттың көтінен.
Кене ханның арманы
Қыргызды таудан асырып,
Құмбелден жатпаң жай алып,
Не жаны қалсын Кененің
Наурызбайдан аянып?!
Еріне көзін салмады,
Тарта берді шылбырын,
Қылышын тасқа таянып.
Қайтпасын ханның білген соң,
Тұс-тұсынан ат қойдық.
Түсініп қазақ оянып,
Наурызбай шықты қамалдан,
Найзасы қанға боялып!
Төрелер кетті алдында,
Артында қалған көп қазақ
Несіне тұрсын аянып?!
Құйылысты сайдың ішіне,
Қырғыздың неше қырандары,
Қамалда тұрып аттары,
Неше батыр өздері.
Қол толды таудың тасына,
Барғалы жаудың қасына,
Екі мың кісі аттанып,
Шықты бір таудың басына.
Ханның туын көрген соң,
Қоқиласып, шуласып,
Қырғыздың қатыны мен қыздары.
Сол арада хан Кене
Қырық, арқанды жалғады,
Тартып алды арбаны.
Зеңбірегін бір атты,
Көп қамалды бұзғалы.
Зеңбірегін алған соң,
Арқанменен сүйретіп.
Халқына ғақыл үйретіп,
Қатар да қойып бір атты
Тауды, тасты күңірентіп.
Шамға жақтың шырақты,
Жаңындатып (иаңындатып) жырақты.
Қожабай мерген ер екен,
Қамалдан малды құлатты.
Мылтығын тастап тау-тасқа
Қырғыздың қашты мергені.
«Абылайлап!» ат қойып,
Қазақтың қаптап келгені.
Он екі шамғал, жүз мылтық,
Жүз қаралы мергені.
Алтын жатса, алмады,
Олжаға көзін салмады.
«Абылай аспас» асуды
Асамын! — деп, өктеді.
Наурызбайдың ірілігін Қырғыз, қазақ сөкпеді.
Қырғыздан мерген жүгірді,
Алдынан мылтық, төккелі.
Қатар қоныш арбаны
Төтесінен бір атты.
Олжабай мерген ұшырып,
Қамалдан малды құлатты.
Зеңбіректі қарсы қойды,
[Абылай!] — десіп, ат қойды,
Екі мың шамғал, жүз мылтық
Бәрін қырды мергеннің!
Қамалға кіріп хан кетті,
Наурызбайды көргелі.
Таудың тердік шиесін,
Иад қылды әркім иесін.
Қамалға барып көрді хан,
Шыққан екен Наурызбай,
Елу шамалы жылқы алып,
Жетпіс шамалы түйесін
Қыргызға қылып кесірді.
Бергізгенде олжа қып,
Домаланған кара көз
Қыз, келіншек жесірді.
Қамалда жүрген Наурызбай
Хан Кенені көрген соң,
Бүгежектеп жүрген ер
Еркінше шауып көсілді.
Қолына жасыл ту алып,
Аң білегін сыбанып.
Бозбалаға сөйлескен
Ағасын көріп қуанып.
— «Абылай аспас» асудан
Кенекем дүкен құрғаны.
Батырлардың келіспес,
Майданға кірмей тұрғаны.
Кенекем келді біз үшін
«Жақсылар, — деп, — сіз үшін!»
Аяңбай бүгін іс көрсет,
Таманың батыр Құрманы!
Бүгін бізге жар болғай (иар) болғай
Бабамыз өткен Абылай!
Арғыннан шыққан кос жігіт,
Табыннан шыққан Бұхарбай,
Дулаттан озган Меңдібай (Өңдібай),
Шәкір мен Жәуке, Төлебай,
Шұбыртпалы Ағыбай,
Төртуылдан — Жанайдар,
Қарауылдан — Кенжетай.
Ойран салдың бозбала
Ала бір таудың бетінде.
Мұнда қылмай кайратты
Қоска барып өкінбе!
Істерің (ишларың) жақсы бозбала,
Ұстатармын қырғыздан
Қос-қос қара жетімді!
Жан аянба камалда
Он екі шамгал, жүз мылтың —
Кенекем келген секілді.
Кенекем келіп қосылса,
Кім тұрар соның бетінде?!
Қылды бір жауға өкімді,
Ат тұяғын шаң кылдык.
Алатаудың дарасын,
Төрелер түзде жад (иад) еткен
Хан Абылай бабасын.
Мылтың оғы от алмас,
Құлақтары түтанбай.
Ақ кіреуке, берік сауыт
Мылтыққа тұрар төтепке,
Шығыршығы жұқармай,
Аянбай бүгін қимылда
Табынның есіл Бұхарбай!
Жаман жігіт тұрады
Жауды көрсе жалтаңтап,
Көлге қонған құтандай.
«Абылай аспас» асудан
Аса барып, ел шапты.
Қоқилатып айдады.
Қырғыздың қатын-баласын.
«Ел болалың!» — дегенде,
Бергендей еді бар малын.
Бітіре алмай төре жүр,
Көңіліндегі арманын.
Ол малын ел қайтарып,
Және шауып ел алды,
Ақсудың бұзып қорғапын.
Және шауып ел алдық
Ақсудың салған қаласын.
Шауып алды сол жолда
Аспара (Есңара) мен Меркені.
Билеп бір тұрған ұлығы
Мәмедәлі деген сарт екен.
Ауызға кіріп сөз болған,
Ақауыз деген аргымаң,
Сол Мәмедәлі берген ат еді,
Белгілі бұрын кент еді.
Сарттың бір салған қаласы,
Екі жүз үйдің мекені,
Ақсудың аяқ саласы.
Қоқанды сол алды ғой
Имам батыр ағасы.
Мұны есітіп хан Кене,
Екі жүз кісі Ержанды
Басшы ғып соған жіберді.
Дабылы кеткен Кененің
Әубан мен Сыбанға.
Мұнан үріккен көп қырғыз
Қайта барып қамалды
Судың басы Дауанға.
Ергенде кол, сыймайды
Алатаудың бауырына.
Дулатты соған айдады.
Өшіккен қырғыз жауына,
Он мың кісі аттанып,
Кекіліктің тауына,
Мұнарамен шаң болды
Қызылсу, Самса саласы.
Ол сапарда қазақтың
Қабыл болды тәубесі (тобасы).
Қол алдында жүргенде,
Кәрібоз деген бір қырғыз —
Ер Қанайдың баласы.
Дулат осы бөлініп кеткеннен соң,
Астыртын қырғызға үндес болып,
Кене ханға қиянат қыла бастады.
Осы қамалды бұзғанына қанағат қылмай,
Енді соқынан қалмай қуа бергені...
Кәрібоздың елшілікке келіп,
Наурызбайға айтқан сөздері:
Кәрібоз сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді?
— Ай, Наурызбай, ай, төрем,
Не жазығым бар еді,
Кенесары ханыңа?!
Бітті деп көңіл қылмадың,
Қырғыздағы арыңа.
Алмаған арың калды ма,
Қырғыздан сенің тағы да?!
Қосшыны шаптың шулатып,
Қарағаштай шөңгірден
Қалшасын ұстап, байладың.
Хан болып, халқын меңгерген
Сатуына қалшаның
Тоғыз түйе арттырып,
Отаулап қызды бергені.
Атаң Абылайдың тұсында
Бар ма еді қалыңсыз
Саған қыз бергені?!
«Абылай аспас» асудан
Аса келіп, ел шаптың.
Туыңды тігіп Құмбелден,
Қыстай шауып елімді,
Баламды салдың тілімге.
Босатып қойдың, бостырып,
Ата мекен жерімді.
Жаманқарамды өлтіріп,
Бір сындырдың белімді!
Бұрынғы-соңғы үлықтың
Салған бір жолы бар ма еді,
Елшіге берген өлімді?!
Қоқанда жатқан қорқытып,
Аттарын (атларын) алдың бегімнің.
Тіріме қылсаң, аз ба еді,
Өлігім саған не қылды?
Атаңның хақы бар ма еді,
Енеңнің ақы бар ма еді
Есқожа, Қанай көрінде?!
«Бұған ашу бассын!» — деп,
Елімді саған тастадым.
«Олжа қылып жатсын!» — деп,
Жерімді саған тастадым.
Бқ да алғаның емес пе?!
Жалғыз да, жалғыз ат мініп,
Қорғалап тауға босқаным!
Білмеймісің, Наурызбай,
Мейманаңның асқанын?!
Құдайыңның тосқанын,
Жанқарамды өлтірдің,
Суырып алып [дене]сін.
Сол әкенің басына
Тірсегінен асқаның!
Не себептен, хан Кене,
Қырғызға мұнша өшіккен?
Ақ қалпақты қырғыздан,
Қазаққа жазған несіптен,
Ат мініп, жарақ асынған
Бізді аяма, төрелер,
Есіркесең болмай ма,
Жолыңда жатқан бесікті?!
Балалы арқар баурайды,
Баласыз арқар маңырайды.
Мейірімсіз мұнша болғанша
Не шүршіт пен, не қалмақ
Бірі де болсаң, болмай ма?!
Кәрібоздың бұл сөзіне пар келетұғын сөз жоқ.
«Сөз аяғы құрып қалмасын!» — деп, ақша шықпаған мылжыңдык, болган соң, уакуақыттың өтуі ойға келмегендіктен, шерте бергеніміз ғой!
Сонда Науан не дейді?
— Жақсы айтасың, Кәрібоз,
Қонысын орыс алған соң,
Кенекем кеткен жерінен.
Бауыры суып ол жерден,
Қарашы болған елінен.
Он екі кісі бас қылып,
Жеке батырымды жібердім.
Қоқидың шалқан көлінен,
Екі жыл жатты пенде болып,
Жанғараш, Жантай бегіңнен!
Ауылым баса қонған соң,
Әзер алдым өлімнен!
Жанқараңды өлтірдім,
Өзіңнің қылған кегіңнен.
Кім таласар, жігіттер,
Құдайдың берген бағына?!
Әркім шыққан табына,
Қанайыңды мен сенің.
Атаң аңы бар ма еді,
Менің Сыпатай, Андасымның тамында?!
Білмейсің, Кәрібоз,
Мойныңдағы жазаңды?!
Құл болмасаң Құдайға,
Кенекем алар мазаңды?
Міндетін ханның алайын
«Қойдым, — деп, маған ант берсең,
— Арағың мен бозаңды!»
Екі саба арақты Жанғараш пен Жантайың
Артып келсін ант етіп,
Тіліп қайтсын сабаңды!
Қайтыс қылсын Кенекем
Қатын менен балаңды.
Арағыңды коймасаң,
Наурызбай берер жазаңды!
Кәрібоздың сөзі:
— Ыкпалың асқан күніңде,
Айтарсың, төре, сөзіңді.
Асқар тауға, Наурызбай,
Мінгіз-ай берме өзіңді!
Алтын жағаң ңисайса,
Бір күн қырғыз ояр көзіңді!
Атаң сенің Абылай,
Он сан жатқан Орта жүз,
Ұйтқысын өзің шайқадың!
Қанды көйлек елің-ді,
Кіші жүзге сыя алмай,
Тастай қаштың жеріңді.
Төлегенұлы Жанғабыл
Тоқсан кісіңді өлтіріп,
Бітеу сойып басыңды.
Қоқанға берді тіріңді.
Басың кетер панадан,
Жаның кетер танадан.
Тіпті үміт қылмаймын
Қолыңдағы, Наурызбай,
Қатын менен баладан.
Атаң сенің Қасым хан,
Қан шеңгелдеп туыпты
Туғаныңда анадан.
«Салтыма тарттым!» — десейші,
Солайша десең, нанамын.
Ержан кеткен түн қатып,
Қалың жаудың шетінен.
Хан баршаға жіберген
Қудырып, дамыл таптырмай.
Қашқан жаудың көтінен
Жасанған жауға жолығып,
Мінген бір аты зорығып,
Қолға түскен сыңылды
Екпіндеп барған бетімен.
Қиссадан қисса: «Қашан да болса, адамның таласқан бір жері болады. Сол жерді алған соң, түра қалу керек. «Сол бетіммен тоңтамай жүре беремін!» — дей бермей, кезеңдескен Құмбелді алған соң, қашқанды қумай, Ержанды жібермей, Дулатты бөліп, жауға айдамай, Кәрібозбен елдесіп түра қалса, еш пәле жоқ еді. Бұлар қосын қылып, Қырғызға аттанарда бір сыйыншы айтқан екен: «Бұл жолға Ержан бармасын, үйде қалсын! Іштеріңдегі кұтың екен. Ержан үйде тұрса, жалғызың өлмейсің, аман келесің. Онан соң бұл жолға Ержан барып, қолға түсе қалса, бас көтеруге жарамайсыңдар! Ат арқасына мінген төреден бір де бірің қайға алмайсың! — деген екен. Бұл айтқан тілді төрелер керек қылмай:
— Үйде қалады деген не?! — деп, көтеріле аттанған екен. Және Ұшкеңгірден Қоқидың көліне карай көшкенде, бір кария айткан екен:
— Бұрынғылардан тәжірибе бар еді: «Қоныс аударсаң, қосын қылсаң, күннің батысына қарай көш, не солтүстікке қарай көш! Егер оңтүстікке не күншығысқа қоныс аударып, қос жүргізсең, қаны-жының төгілгеннен басқа дәнеме таппайсың! — деп.
Бұл сөзге де құлақ салмаған екен. Және Қарауылдан бір Бөгенбай деген қария қырғызға елшілікке барғанда, қырғыз бұлардың не айтқанын қылмақ болып, хазірет Ғалыдан ант ішіп: «Қай бұзылғанымызды аруаң пен Құдай тапсын!» — деп, елдесіп қайткан екен. Соның үстінде тұрғанда Жеке батырдың бір қысырағының үиірі жоғалып, соны кырғыздан көріп:
— Қырғыз, шіркін, уағдасында тұрушы ма еді?! — деп— шауып ала қоямыз! — деп, тура (тұра) аттаныса бастағанда, сонда Бөгенбай аңсаңал:
— Қойыңдар, төрелер, қыздырманың кызыл желі, шағымшының шақпа тілі пайда бермейтүғын, залалға қалдыратұғын. Қырғыздың манаптары аруак, Құдайдан ант айтысып: «Бірімізге біріміз кастык ойламасңа!» — деп, мал айтып сойысып, бата ңылысып едік. Сонда союға: «Құдай мен аруакка!» — деп арнап асып келген кошкар еді. Үйге кіргізіп, бата ңылдыруға есіктен мүйізі сыймап еді. Мен өзім бұл жолға жүрмеймін де және сендердің ұру, союықа бата да бермеймін! Желкілдеген жеті Момынның баласы, жалғызың бармаңдар! «Жауға жүрмейсің!» — деп, хан өзі кырып тастаса, әуелі колынан сендерді кырып аттансын! — деген соң, жеті Момыннан жан ермепті. Бөгенбайдың тілін алып қала беріпті де, жазған Арғынның аңғалдары төрелермен кете беріпті. Қайыр, қара сөзде таусылу жоқ. Бір жекпе-жек десетұғын кезең жер келді. Соны біраз сөйлейік. Ержанның ңолға түскенін Кәрібоз есіттіріп кеткен соң, Наурызбайдың Кенесары ханға келіп айткан жері:
— Ержан жауға барыпты,
Кешегі мінген бәйгекөк
Бүгін мойыны талыпты.
Уаллағылым Кенеке,
Ержан да қолды болыпты,
Бізді жоқтап көзінен,
Ержан жасын төкпесін!
Пенде болып Қырғызға
Ердің көңілі шөкпесін!
«Батырды ұстап алдық,!» — деп,
«Байлауға мықтап алдың!» — деп,
Қырғызға дабыл кетпесін!
Ержан батыр аңсызда
Жолығыпты аранға.
Ағасы кетсе, артында
Інінің күні ңараң-ды.
Ержан жауға түскенде,
Біздің мұнда, тақсыр хан,
Тұрмағымыз арам-ды!
Маған жауап беріңіз,
Екі-үш жүз кісі бөліңіз.
Ержан үшін жан кешіп,
Бір қайратты бастайын,
Тілеулес болып турыңыз!
Үш жерден қаптап шабайын,
Асуына шығармай,
Айырып алып калайын!
Қан кұстырып келейін,
Саңау қырғыз талайын.
Кене хан жауап бермеді,
Науанның көңілін көрмеді:
— Шығар жаудың алдына
Науанжан, маған ер! — дейді.
— Шабар мезгіл таянды,
Ат пенен ердің өнері.
Толды бір қолға сыңысып,
Қызылсу, Самса кенері.
Қырғыздан кірді майданға:
— Біреуің шык, — деп, — сайранға Шеннен аскан бедері
Байзақ, датқа (дадхуан) сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді:
— Қызылсу мен Самсаның
Қолға толды арасы.
Қара ағаштай көп Дулат
Ханға болдың карашы.
Қысылған жерде әркімге
Аруаң бір болсын панасы.
Жемит болған дұшпанға
Алаш байдың баласы
— Ауызының аласы.
Кімнен таяқ жегендей,
Бір ауызға қараса,
Біздің қазақ баласы?!
Біреуің атқа мініңдер
Бедерге жауап беріңдер!
Олардың бізден артық па
Атасы менен анасы?!
Таусылдың ба Мәмбеттің
Найза ұстаған баласы?!
Қайғыға толды бұ жолда
Қазақтардың койыны.
Батырлардың майданда
Қызбас болды ойыны.
Ер Байзақтың сөзіне
Еш адам басын көтермей,
Төмен де түсті мойыны.
Қырғыздың қолы жиылды,
Әр жерлерден кұралып.
Қыстай мінген қазақы ат
Баса алмай жатыр аяғын,
Қып-қызыл тастан тұралап.
Майданға Бедер кірген соң,
— Кел, касак! — деп түрған соң,
Шыдамады Наурызбай
Түрегелді-ау (түра келді-ау) орнынан!
Шыбықтай белі бұралып,
Камзол ішік үстінде
Бауын үзіп белсеніп,
Ақауызын мінді де,
Түсті бір таудан теңселіп.
Сол арада Наурызбай
Жігіттерін қайрайды,
Ғайбат бірлан (айбатпенен) ісі жоқ,
Бұлбұл құстай сайрайды:
— Жақсы (ихшы) болса, ханымыз,
Қайтпас-ты бастан бағымыз.
«Жау қарасын көргенде,
Ойыңнан шығар, — деуші едім,
— Үйдегі мал, бас, жаныңыз!»
Қара ағаштай көп қырғыз,
Қику сал да, дабыл қақ,
Атын қой да, өзін шап,
Қатты тарт та, көздеп ат.
Майданға кірер күн бүгін
Бүгін жаннан кешіңлер,
Кебінді қолдан пішіңдер,
Әркайсың оннан шаншыңдар!
Артықша туған ерлерім,
Іс көрсетер күн бүгін!
Таудың басы қарлы тұман,
Қырғыздарға бермей аман,
Бүгін болсын ақыр заман!
Жанымдағы арыстандарым,
Жаннан кешер күн бүгін!
Жанымда жүрген шерлерім,
Күміс қылыш, белдерім,
«Осындай жерде керек!» — деп,
— Көзімнің майын бергенім! —
Солайша айтып Наурызбай
Тартып-тартып жіберді,
Ақауыз атты жамбасқа (жанбаска),
Қолын бір сілтеп суырды.
Тұрсынбай берген алмасқа.
Артына көзін салмады
Үйде бір қалған мал басқа!
Шыға шапты Наурызбай
Бұлдырықтай зырқырап.
Бедер шықты қасқа атпен
Қояндай шаңы бүркырап.
Хан қасынан ұмтылды
Меңдібай, Дулат, Ағыбай,
Шәкір мен Жәуке, Төлебай,
Арғыннан шыққан қос жігіт,
Табыннан іныққан Бұхарбай.
Төртуылдан — Жанайдар,
Қарауылдан — Кенжетай, —
Он бір жігіт жөнелді,
Наурызбайдың соңынан.
Сол сапарда Наурыздың
Жұлдызы туды оңынан.
Сол уақыттар болғанда,
Бедер де сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, бүй дейді:
— Ай, Наурызбай, ай, төрем,
— Патшазада баласың,
Ғаңылың асқан данасың!
Алдыңда айдап, шулаттың,
Қырғыздың қатын-баласын!
Ер деуші еді Наурызбай,
Бірің де келсең, болмай ма
Иттеріңді шұбыртып,
Төрем, қайда барасың?!
Артына қарап Наурызбай
Ерлеріне сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
— Әрқайсың бір шерге ұқсап,
Келдіңіз бе, бәріңіз?!
Біздің бүгін кеудеден
Шықпақ бір болса жанымыз,
Келгенменен, ерлерім,
Қорғауға келмес халіңіз!
Құдай берсе абиыр,
Түсірген атты алыңыз.
Жазым болсам бұл жерде,
Сүйегіме шабыңыз!
Бедер айтты бір сөзді,
Төгіле қалды-ау арымыз!
Сөзге сынық болмайын,
Ерлерім, кейін қалыңыз!
Сол уақыттар болғанда,
Бұрқ-сарқ етіп айқасты,
Батырлар күшін байқасты.
Төренің асты хайласы,
Қайраттың (ғайраттың) тиді пайдасы.
Айңасып калған мезгілде
Шолтақдап Бедер мырзасы,
Аспанға ұшты найзасы.
Бедер келіп жолыққан Кекіліктің тауынан.
Наурызбай келіп жолыққан
Қызылсу, Самса баурынан.
Айқасканда екеуі,
Бедер мырза жығылды
Күрең қасқа аттың сауырынан.
Мұнарамен шаң болды
Шу мен Таудың жағасы.
Төрелердің жар (иар) болды-ау
Хан Абылай бабасы!
Бедер аттан үшқанда:
— Иа, құдай! — деп, шуласты
Үш алаштың баласы.
Аузы жетті тілектен,
Найзасы тиді білектен.
Шанышқан екен Бедерді
Наурызбай төре жүректен.
Сыртынан шығып темірін
Суыра алмады-ау жақсылар
Қанменен қатты-ау жібектен.
Әр тараптан кырғыздар (кырғызлар),
Қоқиласып ат койды,
Үміті (мидді) болып сүйектен.
Жалғыз шапты Наурызбай
Жауға карсы енуге.
Шауып барып Бұхарбай
Өткізіп алды шылбырын
Ер Бедердің беліне.
Ордалы құлан серкелі
Малақай қылар үйегін,
Үш ай тоқсан болғанда,
Шаруа шешер күйегін.
Түсіріп төре кеткен соң,
Бұхар батыр ап кетті
Ер Бедердің сүйегін.
Қарасайшы Кұдайдың
Бұларға берген бақтарын:
«Бермейміз!» — деп артынан
Қыргыздың қаптай шапқанын.
Араласып соғысып,
Бұхарбай батыр ап келді
Артында қалған аттарын.
Алып келіп оларды
Хан Кенеге тартқанын!
Ер Бедердің артынан
Олжа болат баласы
Ораз кірді майданға.
Бастан ауған бағы бар,
Карайып тұрған ханы бар,
Шығайын деп тұрған жаны бар,
Жаны қайтіп шыдасын
Наурызбайдың қосында
Некелеп (некахлап) алған жары бар.
Ораз шапты ар жақтан,
Наурызбай шапты бер жақтан.
Айқасқанда екеуі
Ораз мырза жығылды.
Телқоқыр аттың сол жақтан,
Бір себептен Ағыбай
Қарайған екен қанына
Жеткен екен төпелеп,
Наурызбайдың жанына!
Түсіріп төре кеткен соң,
Шауып барып Ағыбай
Оразды алды көтеріп,
Телкоңыр аттың жалына.
Қокилай келген кырғызға
Бермей кетті тағы да.
Қазір оған қарап тұр
Наурызбайдың жебесі (жұмысы)
Тасып, киімге сыймайды
Хан Кененің денесі.
Қарала атты бір қырғыз
Тағы да кірді майданға.
«Мынау кім?» — деп сұрасаң,
Жанқараштың інісі.
Інісінің бір ісі
Қыстай шауып жол қылды
Қызылсу, Самса жиегін.
Наурызбай төре ағытты
Ерлігінің тиегін.
Түсіріп төре кеткен соң,
Жаңын жерде қырғыздар
Алып бір қалды сүйегін.
Шапқан сайын Акауыз,
Жерді таптап, өктеді,
Қырғыз, қазақ ерлігін
Наурызбайдың— сөкпеді.
Екі мың кісі қырғыздан
Өзен жолын өрледі,
Жаяу мерген төккелі.
Оны көріп Кене хан
Иек қақты нөкерге
Арбадан арыс көтерді,
Шымғалды (шымғалны) қойды катарға
Жиылған көпке атарға.
Зеңбірекке оң берді,
Құлағына от берді,
Зеңбіректің аузына
Селдір сирек топ келді.
Зеңбіректің аузы ауып,
Қолдың болды көтінен.
Сегіз кісі ұшырды
Селдір сирек шетінен.
Бір боз атты ұшырды
Қырғыздың арғы бетінен.
Сол арада қырғыздар
Ойран болып бүлінді.
Қасында тұрған Наурызбай
Сұққардай соғып ілінді,
Және оқтап атқанда,
Ұрмай, соқпай зеңбірек
Ортасынан бөлінді.
Қырғыз қашты алақтап,
Наурызбай кетті шабаңтап.
Бір тозаңның астынан
Тоғыз атты ап келді
Меңдібай, Дулат: Ағыбай.
Бір тозаңның астынан
Он екі атты ап келді:
Шәкір мен Жәуке, Төлебай.
Бәрі келіп қосылды
Қызылсудың беліне.
Көңілі бітті Науанның
Тұз татырған еріне.
Шыға шапты Наурызбай,
Екі мың қырғыз айналып (айланып),
Мерген төккен жеріне.
Он сегіз мерген бір жерде
Білте шекіп жатқаны.
Жалғыз барған төрені
Тегісінен атқаны.
Шара бар ма Құдайдың
Бұл сапарда қаққаны.
Қой боғындай қорғасын
Ажалы жоқтан таппады.
Мылтығын тастап, тау-тасқа
Қайта қашты мергені.
Мергеннің атын бермеді,
Араға түсіп кернеді.
Біреуін шаншып түсіріп,
Екеуін шаншып, өлтіріп,
Бес мергенді тірі айдап,
Сегіз мылтық өңгеріп,
Тартуға ханға бергені.
— Бүларға атын бер! — дейді,
Қызысудың жарында
Найзасын тұрды таянып.
Ханды қара баспаса,
Барса не етті сол жолда
Қалың қолдан оянып.
Күн батқанша атысып,
Мерекеге батысып,
Акауыз ат оққа ұшты,
Қызылсу, Самса боданның
Аңғарынан шақ асты.
Атынан әркім адасты
Болған қырсық, міне, осы,
Қырғыз, қазақ екі жар
Наурызбайға таласты.
Қазақ аз да, қырғыз көп,
Ортаға алып қамасты.
Наурызбайға түйіліп,
Үсті-үстіне үйіліп,
Аттарын баска сабасты.
Қияда жүрген Бұхарбай
Көре сала төрені
Жандамалап жанасты,
Шауып келіп Бұхарбай
Ерінің мінді артына
Үзеңгісін шығарды,
Қиын жерден елбесіп,
Төреге шықты мінгесіп,
Қырғыз жетті алысып,
Айғайлап, сүрен салысып.
Ағыбай сыртын айналды,
Құтқармаққа ойланды.
Наурызбай мен Бұхарбай
Салар еді ойранды.
Мінгесулі бір атқа
Бұлардың қолы байланды.
Басшыны жетіп дендеді,
Қорғауға әлі келмеді.
Алдыңғы келген кырғызды
Ағыбай шаншып кернеді.
Және қайта ұмтылды,
Төрені жауға бермеді.
Шәкір шапты бұл жақтан
Дулат: Ңабан, Меңдібай
О да келді бір жақтан.
Жәуке менен Төлебай
Кертайлак, атты ап келді.
Мініп алды Наурызбай
Көлденеңдеп тұрысты.
Сегіз жігіт бас қосып,
Су бойында ұрысты.
Тоқта[та] алмай көп жауды
Белеңге ойнап шығысты.
Шубыртпалы: Ағыбай
Талайды шанышты жүректен.
Итшілесіп, сілкісіп,
Қорғап шықты төрені.
Қиын жерде түбектен
Кертайлақты мінеді.
Ақауыздай болмады,
Тасып жүрген Науанның
Көңілі бұған толмады.
Шанышпақ түғіл қырғызды,
Болмады қорғау басына.
Қайтып келіп Наурызбай,
Ханның түсті қасына.
Өсіп бір сонда сөйледі
Құдайменде төреге
Долданып, қатты ашына:
— Тау суындай сарқырап
Дұшпан алды өреңді.
Қырғыз тұтқын қылыпты
Ержан сынды төреңді!
Қолға түскен шағында:
«Екі інім, бір ағам бар,
Сатылсам, менің бағам бар.
Өлсем, алар қүнымды.
Ала алмас ешкім тонымды!»
— Сөй деп айтқан Ержанның Інісінің бірі — сен.
Қалдым жалғыз қайранда,
Ұзақ болдым майданда.
Бір көрмедің мені сен!
Ержан жауға түскенше,
Сен-ақ түссең болмай ма?!
Бар болса менің бір ісім,
Жауға шабар белсеніп,
Жігіттің жанға мырзасы.
Тар жерде келер жолдас боп,
Ерлердің — пайда — құрдасы.
Ат жығылған шағында
Ержан болса қасымда
Болмас едім қазаққа
Өзіл сөздің олжасы.
Бәрі де жау боп көрінді
Алатаудың тастары
Елден бұрын Нысанбай
Жоқ, сұмдықты бастады.
Қобызы қолда байлаулы,
Қосшысынын, қасында.
Қобызды қосқа тастады,
Кейінгі қосқа қашқалы.
Қыстай шауып, жол болды,
Алатаудың дарасы.
Бұл сапарда қазақтың
Болмады кабыл тәубесі.
Рүстем менен Сыпатай
Үндес болды кырғызға
Күн батқан соң қосылды
Әне, ауыздың, аласы.
Он екі ... Дулатты Рүстем айдап қашырды,
Мойнына болсын жазасы.
Амалдас болып кырғызға
Қанды екен қандай табасы?!
Сол қалғаннан төрелер
Еліне қайтып келмеген,
Қарашы халқын көрмеген.
Жұрт сарылып тіледі,
Тілеуді Құдай бермеген.
Киімді бала тудырған,
Алтынды қылыш будырған.
«Абылайлап!» — ат қойып,
Жауды көрсе, кудырған
Көп сарғайтып келмедің,
Кене хан, саған не болды?!
Дорбадан жемін жегізген,
Қысырдың сүтін емізген.
«Басңын[шы] калың жау келсе,
Алып шығар!» — дегізген.
Кенекемді қалдырып,
Көкбурыл, саған не болды?
— Патшада бар алтын таң
Жасынан Құдай берген баң,
Без милы кара бүркіттей,
Шабытты туған суға нақ,
Бір атадан жалғыз таң,
Көп сарғайтып келмедің,
Наурызбай, саған не болды?
Қайғы түсті басыма,
Заманым бүлай тарылып,
Салтанатты төреден
Қалғаннан сон, айрылып...
Енді жайы болмады.
Бөлініп кеткен он мың Дулат:
Байзақ бас болып, Рүстем үғлы
Сыпатай қырқызға үндес болып:
«Бір түн ішінде біріміз қалмай, қашалық.
Аз ғана төлеңгітімен өздерін оңаша тастап.
Сонан соң алмайтұғын оның несі бар?!» — деп,
Қырғызға бірігіп кетті.
Наурызбайға бір Кертайлақ,
деген атты апарып мінгізіп еді.
Ол ит түске шейін шабуға жарамай,
Көзі терлеп түрып алды.
Кенені Құдай оңдады,
Қылған бір ісі оңбады.
Арамқатқыр Кертайлак,
Акауыз аттай болмады.
Кенесары ханның қолы
Дулат дүркірей жөнелген соң,
Түн ішінде сатырлап қашты.
Кене хан өзі тұрған жерінде тұрып кала берді.
Ағыбай, Жанайдар үш қайырылып барды: «Жүріңіз, тақсырлап». Хан болмады. Сонда қырғыз Суанбек деген ханға қылыш суырып, дүрсе коя бергенде, Жанайдар батыр Суанбекті жанаса беріп шауып қалғанда, Суанбектің басы допша домалап жерге түсті. Сол қылыш «Суанбекті шапан көк кылыш» атанды. Жанайдар батырдың үйінде әлі бар. Ханның қашпасын білген соң, Аргынның сексен жігітіменен Ағыбай, Жанайдар бірі алдынан кезеуілші болып, артынан тосқауылшы болып, қуып жеткен қырғыздарды шаншып тастап, есен-аман құтылып елге келді. Наурызбай аты болдырған жерде аттан түсіп, малдас құрып отырып алды.
— Сен кімсің?— деп сұраған кырғызға айтқаны:
— Сүрасаң арғы атамды, хан Абылай,
Айтқаны Кене ағамның — күлдір Мамай,
Ей, қырғыз, танымасаң, танытайын,
[Қорқақты] қатын қылған мен Наурызбай! —
деп, қасқайып қарады да отырды.
Наурызбай колға түскен соң, осы әңгімені бастан-аяқ сөз қылған Нысанбай жыраудың айтқаны:
Не етейін — екі қанатым
Түбінен сынды қанрылып.
Жаңбыр жаумай су болды,
Үстіме киген манатым.
Неше сынды достарың
Түрмеге түсті санатың.
Еншілескен ерлерге
Тиюші еді ғайратың!
Тасқа тиіп, кептелді
Балдағы алтын болатым!
Жаның кайда жай табар
Жадыңда Жаббар болмаса?!
Көңілің қайда жай табар,
Қырың мың әскер аттанып,
Бейшара ныжам болар ма
Ғасаба керней болмаса!
Жұртың екі бөлінді
Қайда барып, жұрт болар
Кенесары қасында
Ер Наурызбай болмаса!
Халық иесі хандарда
Қандай айтса, мін бар ма,
Шегірткеге талатқан
Қырғауылда жүн бар ма?!
Жапалақтан жасқанған
Жалғыз демінде үн бар ма?!
Ақауызын жүгіртіп,
Көп қақсасаң, жақсылар,
Наурызбай келер күн бар ма
Кене ханның тұсында
Қарт бурадай жарадық.
Жауған қардан борадық.
«Абылайлап!» — ат қойып,
Дұшпанның алдын орадық.
Кене хан жазым болған соң,
Алды-алдына тарадық,
Көрінгеннен корғалап,
Кісі аузына карадық.
Өзіміз шапқан Созақтан
Бір шақта ақыл сұрадың.
Бастан ауды бағымыз,
Иесіз қалды тағымыз.
Төрелер өліп қалган соң,
Ұстағанның қолында,
Тістегеннің аузында
Ат жемі болдық тағы біз!
ШЕЖІРЕ – МӘТІН
Қазақ жұртынан Едіге деген ер шықты.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен.
Ел шетіне жау келсе:
«Мен шығайын!» — дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің қамын жер екен.
Өзінен бір жасы үлкен болса,
«Ғазизім, сіз білесіз», — дер екен.
1-МӘТІН. ҚАЗАҚ ТҮБІ
(бірінші нұсқа) Адам Ата, Хауа Ана — күллі адамзат осы екеуінен өрбіп-өнген. Бұл Адам Ата мың жасап, өз ұрпағының қырық мыңға саны жеткенін көріп өлген. Бел баласы Шиш (Шит) тоғыз жүз он екі жыл жасап өлген. Оған бел бала — Ануш (Анош, Анфш). Бұл Ануш та тоғыз жүз он екі жыл жасап өлген. Мұның бел баласы Кайнар (Қинан) сегіз жүз қырық жыл жасап өлген. Қайнардың бел баласы Майлыауыл (Михайл, Майхауил) тоғыз жүз жиырма жыл жасап өлген. Майлыауылдан туған Жарты тоғыз жүз алпыс жасап өлген. Бұл Жартыдан бүтін болып Ыдырыс (Идрис) пайғамбар туған. Бұл жалғанның жүзінде төрт жүз жыл тұрып, тірілей аспанға ұшып, өрлей-өрлей Ұшпаққа барып, сонда тұрып қалған. Бұл Ыдырыстан мұнда қалған бала — Мұтұшалың. Мұның қандай жасағанын білген жан жоқ. Қазақтың айтып жүрген:
Нұх пайғамбар дарақтан кеме жонған.
Кемесінің түбін тышқан тескен,
— деп жүрген жарапазаны, осы жарықтың. Мұның заманында бұл дүние малға да, басқа да толған. Онан соң қайтып ондай толған, жетілген емес. Тіпті дүниенің жүзіне сыймай кететін болған соң, Топан суы тасып, бір наубіт болған. Бұл Нұх пайғамбардан үш бала қалған: Хам, Сам, Жаппас (Жаббас). Хамның ұрпағы: һинді, Зеңгі, Хабаш. Көмірдей қара жұрттың бәрі мұнан өсіп-өнген. Сам ұрпағы — Араб, Ажам. Жұлдыздай көп пайғамбарлар арабтан шыққан. Тарихтарда зор атақ алған патшалар Ажамнан шыққан. Бүл айтылғаннан басқа Адам үрпағы Жаппастан өрбіп-өнген. Тарихтан көрген, атын білетіндеріміз: Түркі, Хазар, Сақлаб, Рус, Минкі (Мың), Шын, Кимари, Тарыф (Тарых) — бәрі де алды-алдына ел болып, жұрт болып, өсіп-өнген.
Бұл Жаппас ұрпағы ен, жасы үлкені Түркіні хан көтеріп, соның аузына қараған. Мұның тұқым нәсілінен болған хандар «хакан» аталды. Түркі заманында көшіп-қонып жүретұғын жұрт болды. Өзі Ыстықкөлді ұнатып, сонда түрақтады. қазақ: «Жолым үй», — дейді. Керегесі жоқ қос, баспаналары болды. Бала-шаға, ұрпағы көп болды. Түтік деген баласын көзі тірісінде орнына отырғызып, өзі «Барса Келмеске» кетті. Түтік те тұрақты, табанды патша болды. Асқа тұз салуды осы Түтік ұғындырды. Бұлардың заманы Ажам патшалары Кеймарыспен тұстас болды. Бұл Түтік екі жүз қырық жыл жасап, Еділше дейтұғын баласын орнына отырғызып, ата- бабаларын іздеп кетті. Бұл Еділше де көп жасап, орнына Деббакой деген баласын отырғызып, алды-артына карамай, о да жөнелді. «Деб» деген сөзі «тақүсті», «Бакой» дегені «ұлыстың ұлығы» дегені екен. Бүл Деббакой баласы Киік ханды орнына отырғызып, жөнеліс кылды. Киік хан баласы Алыншыны (Аланшыны, Алтыншыны) орнына ие ңылып, баратын жағына бет түзеді. Нұх пайғамбардан Алыншы заманына шейін жұрт әуелден мүсылман (пұсырман) еді. Алыншының заманында алаң болды. Алаңдықпен тұрмады, ылаң (елең) болды. Ата-бабаларының жол-жобасынан айрылды. «Ит семірсе, иесін кабар» дегендей күй болды. Жанкүйер жаксы көретұғын жандары өлсе, куыршақ жасап, астың алдын соның алдына қоятұғын кылып, құшақтап, сүйіп, әркім ойына келгенін қылып, жұрт бұзалаңдары бара-бара сол куыршақтарға шокынатын, табынатын болды. Алыншы ханның ңатыны егіз бала тапты. Екеуі де еркек ұл болып туды. Бірінің атын Мұғол (Моғол), бірінің атын Татар койды. Бұлар өсіп ер жеткен соң, өзіне караган ел-жұртын екі балаға енші ңылып бөліп беріп, екеуі екі жұртқа хан болды. Татар ханлығы жеті атасына шейін келді. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймақшы емес». Мұғол, Татар балаларының бір-біріне жаулығы қазақ пен калмактай болды. «Мұғол», мәнісі «мүңлы, қайғылы» деген сөз деседі. Бұл Мұғол ханлығы тоғыз атага шейін келді. «Түркі халкының ішінде әр нәрсені тоғыз-тоғыздан ңылу, санның толығы — тоғыз» деп, сондыктан болған деседі. Мұғол көп жыл патшалық, қылды. Төрт баласы болды: Қарахан, Өзхан, Көзхан, Көрхан. Мұғол Қарахан деген баласын орнына отырғызып, хан көтеріп, «Шүу!» деп, зып ете түсті. Карахан ірі дөкей хан болды. Ол заманда: «Ертағы», «Кертағы» дейді екен. Бұл заманда: «Ұлытау», «Кішітау» дейді. Жаз болса, сол жерлерді жайлады. Қыс болса, Қарақұм, Сыр суының жағасын қыстайды. Қарахан заманында бір пұсырман жан «емге іздесе, табылмайтұғын» еді. Қарахан бәйбішесінен бір ұл бала туды: айдан әдемі, күннен көрікті, судан сұлу. Үш күн, үш түн емшек ембеді, туған шешесінің қарасын егіз екі көрмеді. Тек шешесінің көзі ілініп кетсе, түсіне кіріп:
— Ай, анажан, мені өлмесін, жасасын десең, Құдай бар, соны «Бір!» біл, пүсырман қауымында бол! Бұл айтканымды мақұл- дамасаң, өлсем, өлемін, олда білда сенің емшегіңді ембеймін! — деді.
Анасы баласын өлімге не ғып кисын:
Құдай бір! деп, бірлігіне сенім келтірді, бала емшек емді.
Анасы түсінің мән-жайын жанға айтпады, жасырды. Алықшы хан заманынан бері карай бір пұсырман жоқ еді. Баласы пүсырман болса, әкесі өлтіріп тастайды, әке пұсырман болса, бала өлтіріп тастайды. Ол шакта Мұғол жүртының рәсім-ғадеті бір жаска толмай, балаға ат қоймайтұғын еді. Бала бір жаска толды, басқаның баласының он жастағысындай толық болды. Қарахан жұртқа сауын айтып, ат шаптыратұғын зор тамаша той қылды. Той күні баланы мерекеге келтіріп:
— Мына баланы сынап, ат койыңдар! — дейді.
Бала жұрттан бұрын өзі сөйлеп қоя берді:
— Атым — Уыз, лақабым — Қысырау! — деді.
Естіген, көрген жұрт таң қалды:
— Бір жасар баланың сөйлегенін кім көріпті?! Мынау өзі туысы бөлек бала болды. Өрісі ұзарған, жаны жайылған, өзі өмірлі, зор бакытты патша болады екен! — десіпті.
«А!» деп тілі шыққанда:
— Алла, Алла! — деп, тілі шықты дейді.
Естіген жанның бәрі:
— Жас бала тілі орамга келмегендіктен, өзіне айтуға оңай болғаны сол ғой! — деседі дейді.
«Алла» — араб тілі. Жеті ата, жетпіс пұштында (поштонда) араб тілін Мұғол жұрты естіген емес. Құдай өзі Уызды жаратуда уыз қылып жаратқан екен. Уыз ер жетті, жігіт болды. Қарахан өзінің бір туысқан інісі Көрханның қызын алып берді. Уыз кісі жоқта қатынына айтты:
— Айдай әлемді, сені, мені жаратқан біреу бар, оның аты — Алла, сен соны «Бір!» біл! — деді. Қатыны:
— Ол жағымда, бүл жағымда естіген сөзім емес. Жұрт айтпаған сөзді айтпаймын! — деді.
Уыз бел шешіп, қойнына жатпай кетті. Жұрт аузында сөз бола бастады:
— Уыз қатынын менсінбей, жақтырмай, қойнына жатпай кетті! — десіп.
Бұл сөз Қараханның кұлағына тиіп:
— Оны менсінбесе, онан да сұлу қыз алып берейін! — деп, тағы өзімен бір туысқан Көзханның қызын алып берді.
Оған да айтып еді, о да: «Алдыңғы арба кайда жүрсе, соңғы арба соның ізімен жүреді» — деген бар ғой, солай болды. Мұның да қойнына жатпай кетті. Айлардан ай өтті, жылдардан жыл өтті. Уыз бір күн ит жүгіртіп, құс салып, күні бойы ақ аулап, үйіне қайтып келе жатса, әкесінің інісі Көзханның тағы бір бойжеткен қызы көп қатындармен, өзімен бастас қуыршақ, дос қыздарымен бірге көлге кір жуа барып, қайтып келе жатқандарында Уызға оқтай ұшырасып, Уыз кызды оңаша шетірек шығарып, бұрынғы қатындарымен түз еңбегі жараспағандығын айтты:
— Сен менің айтқаныма көнсең, айдауыма жүрсең, мен өзіме басыбайлы жолдастыққа сені алар едім! — деді.
— Жарайды, сен: «Өл!» десең, өлейін; «Тіріл!» десең, тірілейін! Сен өлген жерде бірге өлейін! — деді.
Үйге келе әкесіне кісі салды:
— Әкем маған қатын алып беретұғын болса, өзім сүйген пәлен қызды алып берсін! — деді.
Әкесі:
— Жарайды, мен жалғызымнан не жанымды аяймын?! — деп, зор тамаша той қылып, өзі сүйген қызды алып берді.
Уыз мұны жанындай жақсы көрді. Бірді-екілі жыл өтті. Бастапқы екі келін төркіндеп келген әйелдердей: «Ханның келін- кепшегі» — дегенге мәз болып, сопайып отырып қала берді. Уыз өзінің бала күнінде төсекте бірге жатысқан, асық ойнап, сақа мен деней атыққан, бір үзім нан болса, бөліп татысқан құрбы- құрдастарымен: «Елсіз жерден аң аулап келеміз!» — деп кетісті. «Аң көздің құрты ғой», көрінген аңды қуа-қуа ел-жүрт ойларынан шығып кетіп, жуырда қайта қойман, кешікті. Қарахан баласы жуырда келе қонмаған соң, іші пысты. Қатын-қалаш, келін-кепшектерін қонаққа шақырып, «шөлен (шолан) тамақ» деген тамақ берді. Хан бәйбішесінен сүрады:
— Біздің Уызжан бастапқы алып берген келіндерді қалай ұнатпады екен? Соңғы келіннен екеуі де көш ілгері өңді ғой! — деді.
Бәйбіше:
— Жастар өзі біледі де, мен қайдан білейін, — деді.
Қатын-қалаштан араға кісі жүргізіп, келіндерден сұратты.
Бұрынғы екі келіні айтты:
Мына жақта «Біреу» бар. Мен бұл әке-шешеден туғаным жоқ, сонан туғанмын. Сендер де соны: «Бір!» деп біл, «Бар!» деп біл! — деді. Біз бала бастан, құлын жастан: «Осы бәйбішеден туған» деп естіп едік. Көрінбеген Біреу бар, мен сонан туғанмын! — деген сөзіңе нанбаймыз, бұл тіліңді алмаймыз! — дедік. Сондықтан бізді жек көрді. Соңғы алған нақсүйер тоқалы айтқанын қылып, айдауына көніп, тілін алған соң, оны жақсы көргендігі сол! — дейді. Қарахан бұл сөзді естіген соң, жүртын жиып, көпке есіттірді. Көп жағасын ұстап, шошыды:
— Мынау бір жүрт естімеген сұмдық, екен! — деді. — Мынау жұртты бұзар, мұның карашығын батырып, көзін жоғалту керек!
— десті.
— Жә, бәсе! — деп, сөзді осыған қойды. — Мұны елге жуытпай, түзде жүргенде, жайын табайың! — десіп, Қарахан атқамінер азаматқа:
— Үйде бір жан қалмасын! — деп, жарлың қылып, қосын қылып аттана бастады.
Бұл сөзді Уыздың соңғы алған қатыны естіп, Уызға хабар жіберді: «Әкесі өлтіргелі, қарашығын батырғалы бара жатыр. «Қатын — ердің жеті дұшпаны»— деген. «Үйде қатыным қалады- ау!» — деп, алаңдамасын, басының қамын қылсын! Өзі тірі болса, қайда барса, бір қатын табылар! — деп.
Бұл хабар барған соң, Уыз да елге кісі шаптырды:
— Әкем мені өлтіргелі келеді. Мен деген маған келсін, әкемді көксеген әкеме барсын! — деп.
«Партия» десе, жаны қүмар бурыл бас, көк тұқыл қауқылдаған шалдар Қараханға қарай гулесіп жөнелді. «Жас-жастың тілеуі бір, жібектің түйіні бір!» деп, жастар, замандастар, қүрбы-қүрдастар Уызға барды. Қараханның туысқан бауырларының бала-шага, өндірдей жастары көп еді, көтеріле бәрі Уызға кетті. Уыз оларға «Айғыр» деп, ат қойды. «Айғыр» — түркі тілі, мәнісі: «шап етіп, жабысқыш» деген сөз. Ұйғыр деген халық солардың жұрағаты. Әке мен бала айдалада үрыс-төбелес бастап соғысты. Бір болысушы жанга көрінбей келіп, Уызға болысты. Болысқандық белгісі сол, Ңараханга оқ тиіп, аттан мұрттай үшты. Ол заманда «оқ», «жақ» дегенді жүрт көрмеген, білмеген нәрсе. Қарахан халі бітіп қалган соң, қасындагылар үркіп, шошып қашты. Уызға ергендер сол бойымен топтанып келіп, Уызды атасының орнына таққа отырғызып, хан көтерді. Уыз хан болған соң:
— Алланы «Бір!» — деп біліңдер! ГІүсырман болдық деңдер!
— деп, тілін алғанды сыйлады, тілін алмағанды өлтірді, қинады.
Қараханга қараған, бағынған ел де көп еді, багынбаган ел- жүрт та көп еді. Соларды өзіне багындырып қарату үшін қосын жасап, аттанып, «Пұсырман болдық!» дегендерін аман қойып, сыйлап, болмағандарын шауып, шаншып, талап, өздерін өлтіріп, «қызын қатын, қатынын отын, ұлан-ошағын жетім қылып», пұсырман болғандарга олжа кылып үлестірді. Пұсырмандыққа мойындағандары Уыз ханға бағынды. Мойындамаған тоң мойын шу асаулары Татар хандарына барып, қорғалады.Татарлар да көп жүрт болып, өсіп-өніп, Шүршітке жакын мақайлас отырушы еді. Шүршіт деген көп жүрт, кент салған, шаһар салып, атар-шақар болған. Ңытайдың темірңазың жағында. һинд, тәжік «Шын» деп атаған. Патшаларын «Фағхор» («пағпоур») атап, «Фағкор-Шын» аталған маңтаулы жұрт болған. Уыз хан аттанып, Татарды шапты. Татар көп косын жасап ұрысты. Уыз колы басым болып, Татар қосыны бәсең болып, Уыз жеңді. Олжа көп түсті. Айдап кайта коятұғын мал емес, тастап кетуге көзі құрғыр кимай. көпте не жок, бір шебер кісі екі аякты арба жасады. Арбаға «Қаңқ-қаңқ» деп ат койды. Жүргенде, ңаңңылдағанынан оны жасаушыны «Каңкылы» деді. Бүл күнгеше ат калды. «Қаңлы» деген жұрт — сонықұрпағы, жұрағаты. Уыз хан жетпіс екі жыл мұғол-татармен жауласып, жетпіс үш жылда бәрін өзіне бағындырып, Пұсырман қауымына кіргізді. Сонан соң жүріс қылып, Қытайды алды, Шүршітті алды, Таңғұтты алды. Таңғүтты тәжік «Дибет» деп те айтады. Сонан кейін барып Қарақытайды алды. Қарақытай атанғаны — кісілерінің өңі-түсі һинді халкындай кара түслі болады екен. һиндістан мен Қытайдың аралығында болады екен. Бұлардан әрі дүние айналған мұхиттың жағасында заңғар биік тауларда қоныс, тұрак, қылған жұрттар бар екен. Патшаларының аты «Итбарақ» екен. Солармен соғысты. Итбарак, хан басым шыкты да, Уыз ңосыны бәсең тартып, жеңіліп бара жатқан соң, қашты. Ұрысқан жерінің бір жағында ағатұғын екі дария бар еді. Сол дарияларды көрген соң Итбарақ, хан косыны қайтып кетті. Уыз. хан косыны есін жиып, етегін жауып, демалып, қашқан-босқан, қалған-құтқанын жинады. Ол заманда соғысңа аттанғанда, катын-калаш, бала-шағасын қалдырмай, бірге алып жүреді екен.
Уыз ханның бір өзіне жағымды жігіті бар екен. [Ол] соғыста өлген екен де, кагыны кашып күтылып, ел соңынан келіп, үиірін тапкан екен. Өзі буаз екен, толғаң тұтып, баспаналауга үй жок, бір іші қуыс, шірік ағаштың ішіне қорғалап, босанып ұл тапты. Ол заманда іші қуыс шірік ағашты «Қыпшақ» деп атайды екен. Уыз хан бұл баланың атын «Қыпшақ» қойып, өзі бала ңылып алды. Осы бала өсіп, жігіт болған соң, ңолбасы кылып, көп жігіт- желең беріп, Орыс, Ұлаң (Олаң), Башқұрт, Мажар жаңтарына жауласуға жіберді. Бұл айтылған жүрттар «Тең» деген судың бойында болады екен. Қыпшак, келіп, Орыс, Ұлаң, Башңүрт, Мажарды өзіне ңаратып алып, үш жүз жыл патшалык кылды. Бұған караган ел «Қыпшак, елі» атанды. Тең, Еділ, Жайық осы ұш судын, өлкесінде төрт жүз жыл тұрақ кылып, тарихларда «Дешті Қыпшақ» атанды. Уыз хан Итбарак, ханнан жеціліп қашқандығын ар-намыс көріп, он жеті жыл арада өткеннен кейін, кайта хам қылып, аттанып барып, ұрысып, Итбарақ, ханды өлтіріп, елін жебір-жесір қылып шауып, «Пүсырман болдық» дегеніне тимей, болмаганын қырып, қиратып, ордасына қайта келіп түсті. Сондағы «Орда» деп жүргендері — керегесіз ағаш шаншып, кигіз жапқан жолым үй. Уыз хан Мүғол-Татар елінің азаматын жинап, Талас, Сайрам, Ташкентке аттанды. Ол заманда бүл айтылып отырған шаһарлар шаһар болып ат атанған емес. Басы Қожакент, аяғы Өзкент — Шыршықтың бойында «тоқсан мың үйлі Кыбырай Дүрмен» деген жүрт бар екен. Бір шеті: Шымкент, Сайрам; бір шеті — Түркістан, «Ңырық қақпалы Ңарашық» аталған жүрт бар екен. Отырықшы болған халықты «Кент халқы» деп атайды екен. Не десе, о десін. Осы айтылған жер-суды, отырған жұртты — бәрін өзіне қаратып, алты айда апа-сапа қылып, Зарафшан, Аму суының бойындағы жүртты жайластырып, Құндыз, Талқан, Балқ, Бадахшаннан арман асып, Ғүр (Ғур) уалаятының үстіне барды. Зымыстан қыс түсіп, күн суық болып, қар қалың жауып, қосы-қолаңды қосын жүруге жол ауырлық қылып, жұрт жүдеубас болайын деді. Өктеп отырып жүріп барып, Ғүрды алды. Жыл (жел) шығып, жаз болды. Косын санына қараса, бұрынғыдан аз болды. «Бүл қайда қалды?» — десе, қардан жүре алмай, тау арасында қалған екен. Жаз шыққан соң келіп қосылды. Хан оларға:
— Сендерге қарлық тисін! — деп, қарғады.
«Қарлық» деген жүрт солардың жүрағат, үрім-бүтағы дейді. Бүл күнгі атымен атай берейік. Кабул, Ғызойын, Кашмир дейді. Алды бәрін өзіне қаратып. Балқ, Бадақшан үстімен Бұхара, Самарқан топырағын басып, қайтып келіп, Мұғолстан жұртына орнықты. Бір жыл жатып, тынығып, екінші жыл Иран, Шам, Мысыр жұртын ойға алып аттанды. Ол күнде Талас бойы отырықшы жүрт болған екен. «Талас»— шаһарға қойылған ат екен. Таласта жатып алды. Артын қоғамдап жинағанда, жұрттан кейін қалған бір үйлі- баранды болған, өзі жалғыз үй қалған біреуді тауып ап келді.
— Не ғып қалдың? — дегенде:
— Өзім аш болдым, ат-тоным жоқ, жалаңаш болдым. Ңатыным екіқабат еді, босанып, бала тапты. Қалжаға жеуге — сойып жерлік мал жоқ. Емшегінен сүт шықпай, баласын жарытпады. Сөйтіп алақтап тұрғанда, бір шүиебөрі анадай көз алдымда бір қырғауылды алды. Жүгіріп бардым, шиебөрі қаша жөнелді, қырғауыл қала берді. Алып келіп, қатыныма қалжа қылып, етін асып беріп, сорпасын ішкіздім. Емшегінен сүт шығып, баласын жарытты. Сонан кейін
сіздің жігіт-желеңдеріңіз оңтай үшырап келіп, жеткенім-аң осы! — деді.
Уыз хан бұған ат, азык, ешкі, лак, кой, козы беріп:
— Енді сен шұбатылып жүрмей-аң ңой, ңал аш! — дейді.
Сонан «Калаш» атанып, бү да өсіп-өніп, көп жұрт болды, «Ңалаш елі» атанды. Бүгінде «Халаж» деп атайды. Мауралнаһрда үрім-бүтагы көп жүрт болып өсті. Аймаң елімен аралас болады. Қорасанда, Ғираңта да халаждар бар. Ол шакта Иран, Тұранда атаңты патша жок, (иоң) еді, Кеймарыс өліп, һушаң (Хоушаң) такка отырмаган күні еді. «Өз үйіне әркім өзі кожайын. Үй басы — кара хан» аталган заман еді. Бассыз елді баудай орып, кирата берді. Ғираң, Ғараб, Әзербайжан, Армен, Мысыр, Шамга шейін алды. Бір заманда дәуірі жүрген, баң-талайы жоғары өрлеген патша болды. Уыз хан Шам аймағында тұрғанда, алтыннан жаң жасатты, күмістен оң жасатты. Өзі жаксы көретүғын, күндіз-түн касынан қалмай бірге жүретұғын бір жігітінің колына берді:
— Қасыңа жан ертпе, жалгыз кет! Ққс ұшпас, құлан жортпас шөлге шығып, алтын жакты жерге көм! Көрінген тауып алып кетерлік болмасын. Үш оқты да сондай бір жерге көм. Екі арасы алыс болсын! — деп, бұйырган соң, бұл жігіті айтканындай орындап келді.
Бір жыл өткен соң, бәйбішеден туған үш баласын шаңыртты. Бірінің аты — Күн, бірінің аты — Ай, бірінің аты Жұлдыз екен.
— Үшеуің жігіт-желеңді көп кылып, көттеріңнен жүргізіңдер! Бір шөл, суы жоң құм бар дейді. Аң көп жүреді дейді. Сонан барып аң аулап кедіңдер! Аң қуалап, арсалаңдап, көздерің далада болмасын! Инесін жоғалтқан қатындардай екі көзің жерде болсын! Сының (сытың) ине, сыдырым (сидам) таспа табылса, тастамай үйге алып келіңдер. Жерден табылған нәрсе ырым болады. Баң— талайларыңды сынау үшін жіберіп тұрмын! — деді.
Бүлар кеткен соң токалдан туған үш баласын шакырып алды. Бірінің аты — Көк, бірінің аты — Тау, бірінің аты Теңіз екен. Алдың- гы балаларына айткан сөзді айтып, бүларды да аң аулауға жіберді. Бірсыпыра күн түзде жүріп, Ай, Күн, Жүлдыз алтын жакты тауып алысып, адам көрмеген аңдарды мүрнынан тізіп, үйіп-төгіп алып келісіп, әкелерінің алдына койды. Соңгы кеткен балалар да:
— Күмістен жасалган үш оң тауып алдык! — десіп, бірсыпыра аңмен олар да әкесінің алдына ап келіп койды.
Хан балаларының оң, жаңтауып алганына куанып:
— Бағым, тагым айдалада калмайды екен, балаларымда калады екен! — деп, ел-жұртын піакырыгі шүлен тамаң беріп, алтын жакты тауып ап келген үш баласына берді. Үш күміс оқты оны тауып ап келген балаларына берді:
— Жақ тауып алған сендер хан боласыңдар! Мына оң тауып алған сендерге нөкер болады! — деп, алған жүрттарының бәріне өздерінің ішінен іске татырлык бас сайлап:
— Өзгең осының аузына каран түрыңдар! Сонда жұрттыктарың жоғалмайды! — деп, өзінің туған жүрты, кіндік кесіп, кір-ңоңын жуған жүрты Мұғылстанға кайтып келіп түсті:
— Бала-шағаммен, коңсы-колаң, құл-құтаныммен, аймак,-отаныммен көп жұртты аралап, жаманын жазалап, жаксысын саралап, аман-есен келгеніме той беремін! — деп, үлығ зор той, тамаша жасамакшы болды.
Сонда сол тойда жүрт көзіне түсіру үшін уың, шаңыраң, керегелі кигіз үйді жасатты. Ағаш біткеннің басын алтынды ңылып, аяғын күмістен жасатты. Лағыл, иаңүт (жаңүт), зумурат, фируза, дүр. Бұл тастардан сол үйге қадалмай, орнатылмай ңалғаны жоң (иоң).
Әбілғазы (Әбуалғазы) хан сөйлеген шежіреде
жазылған (иазылған) сөз:
Бір үй тікті алтыннан (алтындан), ол шаһар — иар.
Кім ол үйден (үйдің) пілік (філік) үйі ңылды ғар.
Тоғыз жүз (иүз) жылқы (иылқы), тоғыз (тоғүз) мың қой өлтірді.
Былғарыдан (бұлғарыдан) тоқсан тоғыз саба ңылдырды.
Тоғызға (тоңұзыға) араң, тоңсанға ңымыз толтырды.
Барша нөкерлерін (ногарларын) шаңырып келтірді.
Әуел басы алты баласына көп өсиетті, үлгілі (үлгөлі) сөздер сөйледі.
Анан сүратон билеріне жол — жоба, аңыл — таразы.
Аңылға билетіп сөйлеген сөзге әркім-аң,
Риза (ырза) болмаң! — деп, солайша өнеге үйретті.
Әрңайсысының еңбегіне, ңызметіне лайық.
Сыйлар сыйлап, бас болуға жарарлығын бас.
Оған ңол болуға жарарлығын қол.
Аяң болуға жарарлығын аяң.
Өркімнің (һәркімнің) сыбағасын, орны-орнымен жобалады.
Балаларына және кеп:
Жасы үлкен үшеуің алтын жаң тауып келдіңдер. Өздеріңе байлап едім, бұзып, бөлшектеп алдыңдар, аттарың: «Бүзың» болсын! Сендерден болған үрім-бұтақты: «Бұзың» атасын. Мүйізді ңошңар бола туасыңдар. Екі қошқардың басы бір қазанға сыя ма? Бір атадан екеу тусаңдар, біріңді-бірің мүйіздеп, баң күндестікпен әуре боласыңдар. Үш оқ тауып алып келген үш бала — ол пенде жүмысы емес, Алла жүмысы. Жак патша есепті, оң — жаңтьщ атып жіберген жүмыскері. Жақ оқты калаіі нүсңап атса, оң солай кетеді. Мен өлген соң, Күн хан такңа мініп, менің орнымда отырып, әділдік ңылсын! Сонан былай Бүзык түңымының іске жарарлыгы хан болсын да, хан болмаганы оң қол болсын! Үш ок, тұқымы сол жакта отырсын, сол ңол болсын! Бір түйеде екі өркеш: бірінсіз бірінің күші бола ма? Бір биеде екі емшек: бірінсіз бірінің сүті бола ма? Осы сөзді үмытпаған — оңбаң, мұны ұмытңандар — тоңбаң! Уыз хан жүз он алты жыл патшалың ңылып, Хак, — Рахметке барды. Уыз ханның тұңғышы Күн хан патша болды. Үйғыр елінен бір Кұлқожа (К,ылк,ожа) деген кемеңгері бар еді. Соның ңас- ңабагының ыңгайымен іс кылды. Күн хан атасы жасаткан алтын орданы тіктірді. Тогыз жүз жылңы, тоғыз мың ңой сойдырды. Былгарыдан токсан тоғыз саба тіктіріп, токсанына ңымыз, тоғызына араң толтырды. Жұртына ңырың күн шүлен тамаң беріп: «Ата көрген оң жонар. Ана көрген тон пішер!» деген сөзді орнына аңтан тигізген оңтай келтірді. Кигіз үйді ңолдан жасатып, жүртңа өрнек-өнеге ңылган Уыз хан болгандыңтан: «Кигіз туырлыңты, Уыз үйлі» атанып ңалды. Және: «Түркіден дәл өзіме шейін тоғыз атаға хандың үзілмей келді. Және өзімнен кейін тоғыз атаға толғанша үзілмейді!» — деп, «тоғызды» толың сан ңылды. Қазақта киіт те тоғыз, сыйыт та тоғыз — сонан жол-жоба болып ңалды. Уыздың алты баласынан жиырма төрт немере болды. Бүл айтылған балалар — немерелер ңадірлеп, ңастап алған ңатындарынан. «Кума(Түма, Күма)» — деп, айтылатүғын ңатын да болады екен. Оңы ңатын есепті алған емес: олжаға түскен соң, сүлулығына ңызығып, басңага ңимай, жинай береді екен. Мүндайдан болғандары биттей быжынап, ңүрттай ңүжынап толып жатыр. Балаларының аттары: Күн хан, Ай хан, Жүлдыз хан, Көк хан, Тау хан, Теңіз хан. Күн ханнан төрт бала: Қали, Баят, Алңаүйлі, Ңараүйлі. Айханнан төрт бала: Үшат, Ңонаң, Дудорға, Дөкір (Дүкір). Жүлдыз ханнан төрт бала: Салар, Әміре (Емүр), Алажүнтты, Өзкер (Үркер). Теңіз ханнан төрт бала: Екдүр, Бектүр, Ауа, Күниңа (Ңаның). Көк хан, Тау ханның балаларының аты жазылмапты. Ңумаларынан болған бел балалар: Кене, Көне, Түрбат, Керейлі (Гирайлы), Сүлтанды, Оңты, Көкті, Сушыл, Арасан, Жұртшы, Жамшы, Түрымшы, Қойсорңы, ҚошыҚ, Қазығұрт, Ңырғыз, Лаңай, Тикен, Лала (Лаккал), Мүрдем, Шот. Бұл шежіреден біздің алып отырған үлес-сыбағамыз: Уыз хан балаларына өз пайым-парасатымен көзіне көрінген нәрсенің толымды, жарамдысын ат қылып қоя беріпті: «Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теціз» — деп. Сол аттар күні бүл күнге шейін біздің казакта айдың басында туған баланың атын «Айбас» кояды. Таң ата туған баланың атын «Таңатар» кояды. Күн шыга туса «Күншыгар» кояды, түн ортасында туса «Түнкатар» кояды. Көл басында туса «Көлбай» кояды. Тау басында туса «Таубай», жайлауда туса «Жайлаубай», ңыстауда туса «Ңыстаубай», күзекте туса «Күзекбай», «Күзеубай», Есілде туса «Есілбай», Құрада туса «Нұрабай». Уыз ханнан үстап калған өрнек-үлгісі осы. Екінші өрнек-үлгісі — кигіз үй. Бір нәрсені біреу іздеп таба алмай келсе: «Осы Уыз үйлі Айдаболдан таппаганың ба?» — дейді. Үшінші өрнек-үлгісі — топырлатып жылкы сою, ңой сою, кара сабага кымыз толтыру. Төртінші өрнек-үлгісі — тоғыз-тоғыздан сый-сияпат, өлген өлігіне мал шыгарса да — тоғыздан. Байлар өлсе, жаназага барып келушіден: «Неше тоғыз шығарыпты?» — деседі. Арғы атамыз — ер Түрік. Екінші буын атамыз Мүғол- Маңғолыскейге ңосыламыз. Үшінші буын атамыз — Уыз хан. Ай мен Күн, Жүлдызына таласпай-ак, ңоялың. Үш оқты бізге ңимай ма? Біз неге бұл күнгеше: «Үш жүз» атанып, «Үш Алаш» атанып жүрміз? Қазақтық бүрынғы «ңаздай ңалңып, үйректей жүзіп», өз бетімен жүрген күні аса маңтаулы, жаңсы еді. Орысңа багынып ңараган соң, сарт-сауанның өлімнен басын ңорыттап (құрттап) ңашңан ңаңгырмасы, ноғайдың солдаттыңтан ңашңан ношалшігі (пошелшігі): «Сендер енді орыс боп кетесіңдер, кітаптың айтңанын ңылмасаңдар?!» — деп, тамаң асырап, күнелту үшін ңазаңты әурелеп, көк ми ңылып жіберді. Жетпіске жетіп, жер таянып отырған біздердің тумай түрып ңалган күнімізде неміс жүртынан шыңңан Василий Василеич Радлов ңазаң әдебиетін жинап бастырған екен. Біз жазайың деп отырған сөзіміз сонан алынған. «Ңазаңтың түбі» — деп, Василий Василеич Радлов баспаға бастырған. «Бір Алтынбел деген хан болған. Ханның жалғыз үлы бар еді, аты — Ңайшылы хан. Сонан басңа баласы жоң еді. Бір күндерде ханның ңатыны ңүрсаңты болды. Бір уаңытта бір ңыз бала келтірді: «Ай дейін десе, аузы бар, күн дейін десе, көзі бар». Ол ңызды тапңан шешесі ңызын көріп, көркінен талып ңалды. «Сондай бір ңыз келтірді!» — деп, ханға айтады. Хан балгер, баңсыларын алдырып:
— Осы туған баланың баң— талайына бал ашыңдар! — деді.
Балгерлер бал ашты:
— Бак-таланы зор, бүрын ешкімнен мүндай бала тумаган. Бүған екі нәрседен ңатер бар: Осы ңыз он бес жаска жеткенде, ер үл табады. «Ол кайдан табады?» — десец, не желден табады, не күннен табады. Бүған күн көрсетпей, жел тигізбей, бағу керек! — десті.
— Не желден, не күннен бүл баланы күн көрмейтүгын, жел тимейтүғын карангы жерге бактырыңыз! — деді.
Хан да:
— Өзім де осыны ойлап едім! — деп, адамга көрсетпей, кісі көрмесін деп, жасырын асыратты.
Сонан соң ханның ңатыны бір кемпірді ніакырды. Кемпірге жылына жүз ділда берді. Кемпір баланы алып, ңараңгы темір үйге салып асырады. Ңыз түтіктен су ішіп, түндіктен (түндүктен) Күннің өзі емес, сәулесін көріп, он бес жаска жетті.
Бү ңыз бір күндерде кемпірден сүрайды:
— Сен каида барып жүрсің?
Кемпір айтады:
— Ей, балам, бір жарык дүние бар. Бү жарык дүниеде әкең бар, шешең бар, талай жандар бар. Анда [сонда] мен барамын.
Ңыз айтты:
— Ай, енеке, ешкімге айтпайын, маган со жарык дүниені
көрсетші!
Кемпір айтты:
— Жарайды, ешкімге айтпасаң, көрсетейін, деп, кемпір бү кызды тыскары шыгарды.
Шыгарганнан соң, о ңыз бү жарык, дүниені көріп, өне бойы бал- кып, есі ауып, талып калды. Сол тыскары шыккан күндерінде оған Алла тагаланың көзі түседі. Алланың әмірімен со ңыз күрсакты болды. Бір күндерде іші өсіц, зорайды. О к,ыз буаз болғанын кемпір білді:
— Енді мені өлтіреді! — деп кайғы жеді.— Енді мені өлтірсе де, каным ак,, ханның катыныпа айтамын! — деді.
Кемпір келіп, ханның катынына айтты:
— Ңызыцыз күрсакты болды. Еш адамга көрсеткенім жок. Өлтірсең, каиым — ак,. Тірі ңалсам, жолым — аң!
Ханның катыны айтты:
— Сен онан баска не ңылдың?
Кемпір айтты:
— Ңылғанымды жасырмаймын. Менің кылған жазыгым — бір-ақ рет жалынган соң тысңары шыгарган едім. Шыкканнан бері карай күрсакты болды.
Ханның катыны айтты:
— Сен жамандык, ңылмаган болсаң, ханға жауабын мен өзім берейін! — деп.
Солай айтып ханга барды. Ханга келіп айтады:
— Қызықыз құрсақты болды. Алланың әміріменен. Оны еш адам көрген жоқ! — деді.
Хан айтты:
— Олай болса, өлтір оны! — деді.
Катыны айтты ханға:
— «Хан кызын өлтіріпті!» — деген атак жаман болар.
Хан айтты:
— Енді не қылсақ-дағы көзімнен жоғалт! — деді.
Қатын өлтіруге кызын ңимады. Бір алтындаткан әбдіреге салып, аузын жауып, кілтін сыртына байлап, агып жаткан дарияға салып, ңоя берді. Бұл кыздың аты «Алмалы-Көрікті» еді. Салып жіберген дариясы — узын аккан Ертіс. Сол судың бойында көшпелі болып жүрген Калмак, деген жүрт бар екен. Домбауыл деген мерген, Шабасокыр деген түрікпен карауылшысы мен екеуі аң аулап, елсіз, күнсіз су бойын жағалап жүр екен. Шабасоңыр түрікпен күндік жерден көреді екен де, түстік жерден есітеді екен. Дарияның ортасында ағып келе жаткан әбдірені көрді:
— Ай, жолдас, дарияның ортасында судың ағыны еріксіз айдап, бір нәрсе ағып келе жатыр! — деді.
Домбауыл мерген айтты:
— Көкте тәңірім жар болса, біз оны алармыз. Ала ңалсаң, сен ішін аламысың, тысын аламысың? Күн бұрын үлеселік, ңолымызға келген соң, кызыкты нәрсе болса, бірімізге біріміз кимай, таласып, араз болармыз!
Шабасоңыр түрікпен айтты:
— Менің көзім жалғыздык, кылмаса, жарң-жүрк, етіп, алтын мен күмістей күнге шағылысып келеді. Не болса да, мен сыртын аламын! — деді.
Домбауыл мерген айтты:
— Мен ішін аламын, не шыкса, ол шыңсын. Мейлі, дәнеме шыкпасын, багымды байңаймын! — деді.
Жаңындап келген соң, алтын әбдіре екендігін таныған соң, жібектен жіп есіп, окка байлап, атпаңшы болғанда, Шабасоңыр түрікпен ңарауылшы:
— К,ия ат, ңия ат! — деді. — Туралап атпа, ішінде жанды нәрсе бар болса, оңтиіп, өліп калар! — деді.
Сол «Қия ат!» дегендігінен, «Қият» атанып кетіп, мүның үрім- бүтагы өсіп-өніп, көп ел болды. Ңобыланды батырдың жырауында: «Қалың Қыпшақ: Қияттан, // Озушы едің жарыста!» — дегендегі Қият — Шабасоқыр Түрікпеннің ұрпақ жұрағаты. Тура атпай, қия атып, оң барып әбдіреге кадалған соң, шыжыммен тартып алып, әбдіренің аузын ашса, он төртінен туған айдай бір ңыз жатыр. «Он төртінен туган ай» далада калды бір ңыз! Бұл екеуі көрген соң, көркінен есі ауып, талып калды. Ауыздарынан су агып, мұрындарынан сіңбірік төгіліп, естерін жиып, өзі-өзіне келген соң:
— Не кісісің? Не еткен жансың? — дейді.
Қыз айтты:
— Мен Алтынбел деген ханның кызымын. Туғаннан маган жарык дүние көрсетпей, түтіктен су, түндіктен нәр тастап, темір үйге асыраган екен. Мен: «Жарың дүние бар!» — деп естіп, бір көруге іңкәр болып, он бес жасымда жарык дүниеге шыңтым. Жарык дүниені көрген соң, сілейіп талып өліп қалыішын. Бү дүниеде бар жазыгым — сол. Сонан кейін кідірмей, күрсакты болыппын. Әкем естіп: «Өлтірсін!» — депті. Өзімді көтеріп тапкан шешем өлтіруге кимай: «Қайда кетсе де, тірі кетсін!» — деп, осы әбдіреге салып, суға агызып коя беріпті.
Домбауыл мерген айтты:
— Сені біз аламыз, бізге тиемісің?
Қыз айтты:
— Осы ішімдегі пәледен күтылған соң, тиейін! — деді.
Домбауыл мерген:
— Жарайды! — деді.
Ерлі-байлы кісідей болды. «Піс[кен] астың күйігі жаман» деген бар ғой, Домбауыл мерген шыдамсыздык, ңылды. Көзі жәудіреп, емшегі бүлтиып, касында ңыз жатңан соң, зорлың ңылды. Алмалы- Көріктінің балдағы шарт етіп сынып кетті.
— Бұл жүмыс үшін маған өкпелеме! «Өзі буаз, өзі ңыз — ораздыга кез болады!» — деген екен. «Бағымды сынайын!» — деп едім. Бақытты екенмін! — деп куанды.
Мезгіл уакыты да таянып калган екен, Алмалы-Көрікті ер ұл бала тапты, сүлулығы шешесінен де асып туды. Бір колы жүмык, туды, уысы тола ңан екен. Пайғамбар тарихынан бес жүз елу тогызыншы жылда, казакша доңыз жылында Моғылстанда жарык жалган дүниенің жүзіне келді.
— Мұны тапкан шешесі өтірік емес, шын ңыз болып шыкты. Бұлтарма, жалтармасы жок, еркек көрмей, тапңандығына біз куә болып, аң мылтыңтың, міне, аузын жаладың! — деп. Қалмақ анты аң мылтыңтың аузын жаласады екен. Шабасоңыр түрікпен мен Домбауыл мерген баланың атын «Шынңыз» ңойды.
Бала жасында не деп атаса, сонымен атанып кетеді ғой: «Шынңыз» атанып кетті.
— Енді ңаңгып далада жүрмейік! — деп, еліне келді.
Бала қыздан ңылыңты болып, ұлдан құлықты болып, бөтен жат бала болып өсті. Мергенге басыбайлы ңатын болган соң, алты айда бір бала, алты айда бір бала таба берді. Бұлардын аты: Бөденетай, Бүргелтай, Жөргемтай болды. Ойнауға жарап, ойын баласы болганда, ана үшеуі бірыңгай ойнайды, Шынкыз өзі жапа-жалғыз жүріп, бірыңғай ойнайды. Сонда Алмалы—Көрікті айтып отырады дейді:
— Бұланға ерген таза жерге аунап ойнайды, Доңызға ерген балшыққа аунап ойнайды! — дейді екен.
Шынкыз оннан аскан шагында бүл елдің бүрынгы патша болып түрған патшалары өлді. Жүрт патша коюға жаксы кісіні таба алмайды: «Бала да болса, сол Шынңызды патша ңоялык,! — деп, патша кылады, — Өл деген жеріңде өлеміз! Қал деген жеріңде каламыз!» — десіп, аң мылтыңтың аузын жаласты. Бұл Шынқыз патша болып, әділ болды, зорлың-зомбылың жок, болды, ұрлың, өтірік жоң болды. Жүртңа бұл жағымды, сүйкімді болды. Бөденетай, Бұргелтай, Жөргемтайлар — ұялас туған күшіктер, ұяластығын кылып, шабаланып, шәуілдеп үріп, мазасын ала бастады:
— Бұ — атасы жок бала. Мұны патша кылмаймыз! Біздің атамыз бар. Біздің бірімізді патша ңылыңдар! — деп, үрыс-кағыс, төбелесуге айналды.
Сонан соң Шынқыз:
— Мен жалгыз едім де, бүлар үшеу-төртеу. Мына көп ел және бүлардың қандасы. Қой, бір күн үйыңтап жатңанымда жазым кылар! — деп, кашпакшы болып, шешесінің касына келді. Айтты:
— Ай, шешем, кетемін ңашып. Мына үш жаман балаң мені өлтіретүғын болды! — деді. Шешесі сүрады:
— Енді, балам, кайда барасың? Барған жеріңді маған айтып кет. Мен сенің өлі— тірі хабарыңды кайдан білемін?! — деді.
Шынқыз айтты:
— Қайда барайын? Ұзыннан ұзак ағып жаткаи судың басына барып, атамның ел-жұртының тұсына барып, сонда жатамын. Атам судың ар жағында болса, судан өтсем, өтермін. Өте алмасам, судың бір жағында жатармын. Ай, шешекем, менің өлі-тірі хабарымды мен білдірермін. Саған осы үзын ағып келген судан ңүстың жүнін салып түрармын. Құстың жүні өтіп түрар. Өтіп түрса, менің тірі болғаным. Құстың жүні ағып өтпесе, менің онда өлгенім-дағы! — деп, уәде кылды да, — Аман бол, шеше! — деп, кетіп калды.
Сол кеткеннен мол кетіп, суды өрлей-өрлей барып, атасының елінің түсына келіп, судан өте алмай, бер жакта жатып калды. Аң атып,құс атып, аң терісінен үй ңылып алды. Құстың жүнін таудай кылып үйіп койды. Желмен ұшып, бұрқырап, суға түсіп жатады, шешесі тірілігін біліп тұрды. Шынкыз кеткен соц, ел патшасыз болды. «Кімді патша ңыламыз?» — деп, дағдарды. «Осы катыннын баласы жаксы болушы еді», — деп, Бүргелтай деген баласын патшалыкца сайлады. Оны жаратпай, Бөденетайды койды. О да сол болды, ұры-қары көп болды. Бұлардыц тілін: «Мынау хан екен-ау, тірі жан екен-ау!» — деп, адам алмады. Өздерін кісі санына санамады, жұрт жұрт болудан цалды. Жұрт болып бір жерге жиылып, кецес күрды:
— Біздіц патшамыз әділ болмады, жаман болды. Ол жүртты түтып түра алмады. Шынкыз хан патшамыз түрған уаңытта жүрты- мызда үрлыц, өтірік, өсек, зорлыц, зомбылыц жоц еді. Еліміз тоц, цай- ғы-уайым жок, мал-басымыз бәрі көп еді, казір азды, азайды. Еліміз азайып, азып таусылатүғын болды. Мына көк жамандар патша бола алмас. Со Шынқызды іздеп табайыц, — деп аңылдасты.
— Мұны кайдан табамыз? Қайда кеткенін кім біледі?
— Оны бір білсе, шешесі біледі, онан сұралың!
Жұрты жиылып, со шешесінікіне келді, айтты:
— Шынңыздыц кайда кеткенін білемісіц? — деді. — Мына жаман балаларыц патша бола алмады. Жұртты бүтін тұтып тұра алмады. Шынңызды іздейік десек, біз кайда екенін білмейміз. Сіз соны білсеңіз, айтыцыз, сіз білерсіз!
Шешесі айтты:
— Мен айтайын. Барсац-дағы, тауып алсац-дағы, мүнда келмес. Келсе, түзу жөн сілтейін! Осы үзын аккан Ертісті өрлеп жүре беріцдер! Осы судыц бойында Шынңыз бар. Табарсыцдар, барып, жалынсацдар, келер! Жаман сөз айтпацдар. Көптен кісі көрген жок, шошып кетпесін!
— Жарайды! — деп, жиырма бес азамат, бәрі жаксы кісі, іздеп кетті. Бір күндерде Шынкыз жаткан жеріне келіп жетті. Ац терісінен кылған үйін көрді. Таудай кылып үйіп тастаған ңүстыц жүнін көрді. Орнатып койған ат байлайтүғын діцгегін көрді:
— Шынқыз осында екен! — деді, — Өзі жоң екен, ац аулағалы кеткенін білді. — Бізді көрсе, кашып кетер. Аттарымызды жасырып, өзіміз ңүстыц жүнініц арасына кіріп, жасырынып жаталың! — деп, жатты.
Бір заманда Шынңыз келді. Діцгекке:
— Хан келді, хан келді! — деді өзі. — Ханның атын ұстаңыз! — деді. Аттан түсті. — Ханның атын байла! — деді өзі. Өзі байлады. Аты Керкудан деген ац екен, мүйізді болады екен. Үйіне карай жөнелді:
— Ханға есік ашыңыз! — деді өзі.
Өзі есікті ашып үйге кірді.
— Гөр алдына ханға төсеніш төсецдер! — деді өзі. Тағы өзі төсеніш төсеп отырды.
— Ханға ас ап келіп, алдына койыпдар! — деді өзі. Өзі даярлап, түрлі тамақты алдына қойды. Өзіне-өзі «Алыңыз, тақсырлап» отырып, ас жеді.
— Ханға төсек салыңдар! — деді өзі. Өзі төсек салып жатты. Жатып қалған жерінде жиырма төрт кісі: «Ұстап аламыз!»
— деп, келіп бас салды. Жиырма төрт кісініц бірін олай лактырды, бірін былай лацтырды.
Кісілер айтты:
— А, тақсыр хан, «құлдың қыламыз!» деп, жалынып— жалпайып келдік! Шешец жіберді. Сіз кеткен соц, ел ел болудан, жұрт жұрт болудан калды. Кейінгі інілеріц ер жеткен болды, ер жеткені кұрысын, кер кеткен болды. Ашуықызды басыцыз, райдан кайтыңыз! Жүріңіз, патша болып, орныңызға тұрыңыз! — деген соц, бұларға еріп жүрді.
Еліне алып келді:
— Бүрынғы орнына хан қыламыз! — дегенде, соцғы байдан туған үш інісі:
— Мұны патша ңылмаймыз! Бұл кетсін, кетпесе, мұны өлтіреміз!
— деді.
Сонан соц жұрт жиылып, кецес күрды:
— Мұны ңайтеміз. Мңны патша қылсак,: «Өлтіреміз!» — дейді. Өздерін патша қылсақ, жңртты тңтып тңра алмайды. Мқның ңайсысын патша ңылса да, шешесі білсін! — деді. Шешесіне үшеуін жіберді:
— Төрт баласыныц кайсысын патша кылса, біз соған разымыз!
— деді.
Төрт баласы шешесіне келді, бірісі: «Мен боламын!» — деді. Төртеуі таласып келді. Төрт баласына шешесі айтады:
— Бәріц де меніц баламсың! — деді. — Сендер таласпацдар! Мен төртеуіцді әділ сарағат (шариғат) кылайын! Мына сағымға садағыцды іл! Сағым кайсыңның садактарыңды көтерсе, соныц патша бол!
Төртеуі апарып сағымға садаңтарын ілді. Үшеуініц садаңтары жерге түсіп кетті. Шынңыздыц садағын көтеріп түрды сағым. Астынан тіреу жоқ, үстінен байлау жоң. Со жерде ңатын сол жүрттыц бәрін жиып алып:
— Мынаны көріцдер! — деді. — Бүл бала Алланыц (Алданыц) әмірімен бала болған. Мұның, сол Алланыц әмірімен сағым садағын көтеріп түр. Мұны патша ңылыцыз! Анау үшеуі зорлық қылса, оныц үшеуін де өлтіріп, қарашығын батырыцдар! Жұрт, сендер көпсіцдер ғой, зорлың қылдыртпаңдар! — деді.
Сол жерде Шынқыз хан болып, «Шыңғыз хан» атанды. Бара- бара «Сағымнан пайда болған, садағын сағымға ілген Шыңғыс хан!» аталды. Қашып кеткені он үш жасында еді. Жиырма жеті жасында, барыс жылы, такка отырды. Күн аскан сайын дөкейленді: «Хандардың ханы» болды. Бір заманда Құдайдың бір бөлек жаратңан жаны болды. Өзі бір жаксы қатын алды. Үш ұл, бір қыз тапты. Сол патша болып түрғанда, тамам патшадан артың болды. Ешбір жауға алдырмады, жүртына кангы салдырмады. Сонан соң: «Сондай бір жаксы патша бар!» — деп, Рүм шаһардың кісісі келіп: «Бір баласын бізге бер! — деп, сүрап келді, — оны біз патша қыламыз!» — деп. Рүм шаһарына берді бір баласын. Кырым шаһарынан кісі келді: «Шыңғысханның бір баласын біз патша қыламыз!» — деп. Ол бір баласын алды. Патшалыңңа халифа жұрты келді: «Бір баласын біз де патша ңыламыз!» — деп, оған бір баласын берді. Онан соң: «Сол Шыңғыстың бір баласын біз де аламыз!» — деп, Орыстан келді. Оған үл баласы қалмаған соң, «Ақбибі» деген ңызын берді. Оны: «Патша қыламыз!» — деп, Орыс алып кетті. Бұл Шыңғыс хан ақылды, данышпан, терең ойлы адам болды. Қанша жүртты қырып, қиратып алып жүргенде, ешкімнің дініне карсылығы болмаған. Бұхарай-Шәріфке барып, дін жайын сұраған:
— Құдайдың бірлігіне, барлығына, күштілігіне өзім әбден сенулімін! — деген.
Намаз, ораза, зекетке ңарсылык, айтпаған. Жалғыз-ак, «Қағба тасы» — деген сөзге:
— Озі осындай айдай әлемді жаратңан Құдай болады да, бір-ак, үйден табылады деген сөз ғаңылға сыймайды! — деген.
XXX
Бұрынғылардың айтқан сөзі: «Арғы атаң сенің — Шыңғыс хан, Пайда болған сағымнан». Садағын сағымға ілген Шыңғыстың тұңғышы — Жошы хан, екіншісі — Шағатай, үшіншісі — Үгідей, төртіншісі — Толы хан. Жошы ханның баласы — Батухан, лақабы «Сайын хан», осы атпен аталып кетті. Сарытаудан [«Саратов» — казіргі атауы— Е.Ж.] төмен, Аштарханнан жоғары [казіргі «Астрахань» — Е.Ж.], Еділге маңайлас жерде алты жүз елу бір шамасында бір шаһар салдырып, өзі бітіре алмай, немере-шөберелері заманында толык, шаһар болып, «Сарайшық, шаһары» атанып, «Ұлы орда», «Алтын орда»-деп, Жошы ұлысына кіндік болып, екі жүз отыз төрт жылдан соң жарап (харап) болды. Бүл күнде оның орнында немістің бір кішкене каласы бар: «Сәриғин» [Царицын — Е.К,.] деп атайды. Бұл Сайын хан ұрпағынан — Орыс хан. Орыс ханнан Күйыршық, хан. Құйыршық, ханнан Барак хан. Қазақ ханлары (хазарлы) болған — осылар. Барақ ханнан — Жәнібек хан. Қазак жұрты білетұғын Жиренше шешенмен бастас болған «Әз Жәнібек» — осы. Тоғыз баласы болған. Ақназар — Қасым ханнын баласы. Жәнібек балалары: Ираншы (Ераншы), Махмүт, Қасым, Мұхаммед, Жаныс, Таныс, Үсек, Жәдік, Мұрындың. Жәнібектің өзінен соң Қасым болды, бүл өзгесінен басым болды. Ата-бабаларынан бакты, даңңты болып, Жошы ханның өзінен соң Дешті Қыпшақты меңгеріп, билеген осы Қасым хан болды. Қазак жүртының аузында: «Қасым ханның каска жолы» деп атанып калды. Тоғыз жүз отызда Сарайшықта өлді. Қасымнан соң баласы Ақназар хан болып, бұл Акназар өзбек ханы Шайбаныларды жеңіп, ноғай ханы Көшім ханды ңорғалатып, орыека тығылдырып, ол уақыттағы орыс князы төртінші Иван Ақназарға елші салып, сауда араластырып, керуен ңатынастыру үшін елдесіп, Ақназар казакты Қасым хан тұсындағы калпына бір келтірді. Сарайшықтан көшіріп, ата-бабалары отырған такты Ұлытауға орнатты. Ақназар өлген соң, ноғай бір жагынан жау болды, өзбек бір жағынан жау болды, калмак бір жағынан жау болды. Әз Жәнібектің бір баласы Жәдік деп айтып едік кой. Жәдік балалары Таһир хан, Шығай хан, Тоғым хан еді. Жәнібек хан өлгеннен кейін, Мұрындың хан болған, Жәдік те хан болған. Бүлар басңарып, дәнеме қыла алмаған. Жәдік хан өз ажалынан өлген. Мұрындык, ханды жер аударып, Самарңанға каңғып барып өлген. Акназар өлген соң, Жәдік баласы Шығай хан хан болды. Бұл ұзақ тұрған жок, өлді. Бұл өлген соң, Шығай баласы Тәуекел хан болды. Тәуекел ханның ат аркасына мінген заманында Бұхара, Самарңан ханы болып түрған «Жаксы Ғабдолла» ханды өлтіріп, оның баласы Ғабдолмүмин ханды да өлтіріп, Мауралнаһрге қожайындық кылып. Ол уақыттарда Сауранда да бір хан, Сунақта да бір хан, Отырарда да бір хан, Созаңта да бір хан, әр күл төбенің басында тауықтың қоразындай қоқырайғандардың бәрін көк өрім бос шөптей, оп-оңай жұлып алып, Имамқұлы хан үш кабат соғысып, түк өндіре алмай. Ташкен, Түркістан, Андижан, Марғұлан, Самарңан — бәрін өзіне ңаратып алып, орданы Ташкентке алып барып орнатқан. Тәуекел хан өлген соң, баң тайыңңырап, бет қайтып, мыжың- тыжың дау болды. Тәуекел ханмен бір туысңан Есім хан ат арңасына мініп, Түркістанға тұрақтап, сарт-сауан, өзбекті (өзбекте) құстай алмаса да, казакты қаңғыртпай, бытыратпай, «Қазак ханы» атанып тұрып қалды. Өзбек ханы Имамқұлы хан да аттанып келіп, Есім ханмен де үш-төрт кабат соғысып, ала алмай, қалжырап кайта берді. Ташкенді билеп тұрған Қатаған ханы хан Тұрсынмен соғысып, Қатағанды кырып, хан Тұрсынды өлтіріп, қырық қыз олжалап, алып қайтты. Сондағы олжаға, үлеске түскен қыздардын екеүі хан Тұрсынның өз ңызы болып шыкты. Біреуін Есім хан өзінің бел баласы Салқам Жәңгірге байлады. Біреуін жан жолдасы, «Тоңал- Аргыннан» іныккан Шакшак батырдың баласы Қошқар батырга байлады. Біреуін Алтай-Тоқаның Тоқасы алды, біреуін Қаракесек Байбөрі алды. Біреуін Бұлбұлдың Шаншары алды, біреуін Тобыңтының бір батыры алды. Сол кыздардың аттары Дәулетбике, Оразбике, Нұрбике, Қоқырбике — бәрі-бәрін орналастыруға мен солардың ішінде жүріппін бе? Естігенімді айтамын. Тоңа «Ңаратоңа» атанған, ол Дәулетбикені алған. Онан туған үш бала: Айтқожа, Баргана, Сатыпалды. Шаншар Нүрбикені тоқалдыққа алған. Мұнан туған балалар: Тілеуке, Бертіс. Салңам Жәңгір алған қыздан туған — Өз Тәуке. Қошқар батыр алған кыздан туған — «Шақшақұлы Жәнібек» аталған, өр Жәнібек деген осы кісі. «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған Есім — осы. «Есім ханның ескі жолы»-деп, қазақ жұртында айтылып калған сөз осыдан қалған. Есім хан өлген соң, қазақ тағы жүдеубас болып, Ташкеннен айрылып, Түркістанда таң қалды. Еңсегей бойлы ер Есімнің бел баласы Салңам Жәңгірді хан көтерді. Бұл кезде қалмақ коқтажысы күшейіп, қазаққа дамыл бермеген, «қысқа күнде қырық шапқан», соғыста қалмақтың иығы аса берген. Жоңғарлар жеңгенде, қазақты ойсыратып шауып, шаншып, талап жүрген. Қазақ сонда қатты қырғынға ұшыраганнан кейін де, іле-шала қайтадан жиылып, қалмаққа аттанып, қан төгіп согыса берген. Бұл кезде қазақтың көрсеткен қайрат-жігері адам айтарлық емес. Оз Тәукенің заманында: «Күл төбеде күнде кеңес» деген сөз мақал болды. «Кері ңеткен елдің кеңесі көп болады. Кедей елдің көш басшысы көп болады» деп, сол заманда айтылған сөз болса керек.
XXX
[1.1 мәтін]. «Ақтабан шұбырынды» бір мың жеті жүз жиырма үшінші жылы болған. Бір мың алты жүз қырық үште [1111] Ңоңтажы көтеріліп, қалмақ аса дәуірлеген. Бір мың жеті жүз жиырманың [1110] шамасында Қалдан Шерін Ташкентті билеп, тагын сонда орнатып, «Құба қалмақтың ханы» атанып, тамам қалмақтардың хандары Қалдан Шеріннің аузына қараған деседі. Қазақтан бақ тайған соң, Ұлы жүз Қожантқа багынды, Орта жүз Самарқанга бағынды, Кіші жуз Хиуаға қорғалады. Қазақтың қазақ болғаннан ата қонысы Сарыарқа болған екен деседі. Бір жерде табан тіреп, ірге теуіп отырып көрген жүрт емес. Орта жүз бөденесі жоқ, тауығы жоқ, есегі жоқ сарт күнелткен жерде күнелте ала ма? Арқаға қарай ауды. Сол ауып келе жатканда, калмактың шабыншылығына ұшырады. Талай уакиға болған шығар. Әркім өз ата-бабасының айтып отырғанын естиді ғой. Айдабол, Күлік деген елден Күліктің тұңғышы Тілеуімбет: «Кашпаймын!» — деп, он алты баласына көсемдік қылып, бірі калмай қалмақтан қырғын тапқан. Қаржас: Жаулыбай деген аз ғана ру ел бар. Олар да сол жолы кыргын тапкан. «Қаржас сар садак, конысы» атанған батырлар бала-шаға, үрім-бүтағымен сол жолы қырылын қалып, екі немере қалған: Есенаман, Жарқын деген. Кім де болса сол жолғы қырғын үшына тигендей болып, қалғандарының да өсімі аз болды. Тобықты Әнет бабаң да төбенің басында шоңқиып отырып қалған. Құдай рақмет қылсын, кісі — сол:
— Маған қарамаңдар, өздерің қүтылудың қамын қылыңдар! — деген соң, тастап кетті ғой! Болмаса, көзі қиып, кісі тастап кетерлік кісі ме?
Әрі жүтқа, әрі жауға үшырап қалып, қалған тамтығы жаяу шүбырып, Арқаға келіп қалған. «Олардан бұрын бұл Арқада, Он екі Ңазылық, Ой Түндікте Найман бар екен, Арғыннан Канжығалы, Бәсентиін бар екен» — деседі. Жүдеп- жадап келген ел Найманнан қырық биені бір түнде сойып алып, жалап-жұқтап жеп қойыпты. Найман: «Бұл қырық бие еруліктерің. Енді өзімізге рұқсат (ұлықсат) қылыңдар!» — деп, өрге қарай ауа жөнеліпті. «Жеті Момын» отырып қалып, шауып, талап алған емес, жан жалғау, тойынғанша шет пүшпақтап, азық қылыпты. Қанжығалы абыз Шомақтың қызын Қазыбек тұңғышы Қонайға, беретүғын мал бар ма, бата-сатасыз алып берген деседі. Сол Қонай қыршын жасында өліп қалып, Шідерті өзенінің бойындағы «Қонай тамы» деген жер аты сол Ңонайдың көмілген жері екен деседі. Ңанжығалы, Бәсентиін Баянаулаға келіп, Сүйіндік келген соң, бүлар онан да сырғып, бірі тоғайға, бірі Ақкөл, Жайылмага шыгып кеткен деседі. Ащы өзенінің Баянаула жагында «Шомақ көлі» деген көл бар, «Әліқүл» деген адыр бар. Қанжыгалы абыз Шомақ қонысы екен. «Келден шоқысы» деген шоқы Апай, Бөрі Бөрінің бес баласының бірі — Ңыңыртас, Апай. Сар қазақ қонысы. Молдабай қажы, Баймолда қажы деген балалары болды. Ңыңыртас сыртындагы Қарадыр — Қанжығалы: Әжібай, Тайтеке, Сасық, Бидайбай (Бұйдайбай) батырдың қонысы болған. «Сасықтың Сары атының қуысы» деп, бүл күнгеше айтылады. Нағжан деген қызын Малқозы Төлепбай баласы Байжанға атастырып. «Қыз күнінде Боштай аламын деп, Жаяу Мұса Боштайдан пайда болған» — деседі. Арыстанбайдың Имамбегінің тоқалы Бибінің келіншек күнінде Жаяу Мұсаға айтқан өлеңі:
Болғанда: Байжан, Тайжан, Жанан, Шекей,
Ақырында токтаткан жорга Бекей.
Зинадан пайда болған Жаяу Мұса Басады-ау: «Сал болдым!» — деп, некей-некей!- Деген соң: «Сылк,ьш Жаяу, сылңым Жаяу!»
Жетпейді он екіге жылңың, Жаяу!
Темірболат жасыгы, күнелткенің,
Қай жеріңнен келеді күлкің, Жаяу?!
Тон киген былгарыдан (бүлгарыдан) Жаяу тоңбас,
Жеңгесін зина кылған Қали оңбас.
Далбаға төрт бөлек кып, түз ұрса да,
Ұрлығы мен ойнасын, сірә, коймае!
[Осы түстағы қосымшаны жазган Жолмүрат ескертуі — Е.Ж.]: «Толебай: Олжабай, Орман. [Олжабай]: 1) Дәулет, 1) Бектен, 1) Үйсінбай, 1) Маябай, 1) Жалаңтөс батыр. [Дәулет]: 1) Арыстанбай, 1) Марғұлан. [Арыстанбай]: 1) Жанғұлан, 1) Дүржан, 1) Имамбек. Орман-Төбет: Байжан, Тайжан — [Байжан] — Жаяу Мұса. Имамбек пен Жаяу Мұса — екеуі құрдас, сондыңтан қажы мен бәйбішесі екеуі Мұсаның жанына тиіп, сықақ қыла беретін болган. Марғұлан, Дұржан, Жаяу Мұса, Имамбек төртеуі Боштай ауылымен мәңгі ұстасып өткен. Бір сайлауда Боштайдың Хұсайын деген баласын генерал еріксіз сайлаганда:
— Мына тік мұрт жандаралың Хұсайынды құстай ұшырып, Мұстафаға ергенді жерге қаратқаны несі?! — депті. Мұстафа — әнде айтылатын «Бүркітбайдың Мұстафасы» (қажыдан естідім)».
1-МӘТІН.
НҮХ, НАУРЫЗ ТАРИХЫ
[1.1 мәтін]. Естіген құлақтың жазығы жоқ. Құрттай бала күнімізде жарапазан айтатүгын шалдар айтып жүруші еді:
Нүх пайгамбар дарақтан кеме пішкен, Ол кеменің тақтайын тышқан тескен, — деп. Бұл — естіген сөз. «Құлақ естігенді көз бір көрмек». Бұл күнде көзіміз көрген нәрсені ойға салып жорысақ, Топан суы тасып, дүние жүзін бір қаптағандығы айдан жарық, күннен анық көрініп тұр. Аспан, көк, жер, су жаралганнан бері қарай жоғарғы әуеде құстан басқаның ұшқанын естідіңдер ме? Жоқ, жоқ! Суда балықтан басқаның жүзгенін естідіңдер ме? Жоқ, жоқ! Міне, енді бұл күнде адамзат аэроплан (айырплан) жасап алып, әуеде құстай ұшпады ма? Су астымен жүретүгын кеме жасап алып, дарияларда балықтай жүзбеді ме?! Бұларды не деп ойлайсың? Бұл — дүние түрған сайын, адамзаттың ақыл-ойы артылып, ғылым-білім күшейгені. Ендеше не нәрсеге болса да, бұрынғылардың ак,ыл-ойы жетілмей, кемеліне келмей түрғандағы айтқанына нанбаңдар! Жарамазаншы шал айтты деп, Топан суы болғандығына нанып түрғаным жоң. Өз көзім көрген нәрседен танығандығымды білдіріп айтып түрмын. Сол Топан суының болғандығын, тау біткеннен кырык кез асңандығын жер айтып түр, су айтып түр, тау-тас айтып тұр! Жердің айтңандығы: талай жерлерде судың еріксіз айдауымен үйіліп, жиылып, төбе-төбе болып калған күмдар бар: «Қызылдың құмы», «Қара құм», «Жеті коңырдың күімы» аталған. Судың айтңандығы: адамзаттың ептейсіз көп ңырылғанды- ғынан, көз жастары ащы теңіз, сор болып қалған. Тау айтңандығы: «Алғаш құрғақтық тауып, қылтиып көрінген мен едім!» — дейді Ұлытау, тау түңғышы болғандыңтан Ұлытау атангандығы сол. Онан кейін тарбайып-тарбайып, адыр-бүдыр болып көрінген мен едім дейді Тарбағатай мен Шыңғыс таулары. Тау біткеннің бәрі судан шыңңанда, су астында тұншығып ңалып, есепсіз көп жыл көрінбей ңалды; «Ең соңынан шыңңан тау кенжесі мен едім», — дейді Баянаула. Оны көрген, ішін аралап жүрген біз: «Рас-ау, рас!»
— дейміз. Неге десең: ұзыны — жиырма бес шаңырым, көлденеңі
— он бес шаңырым. Бір өзінде жеті көл бар. Бұл көлдерден басңа бастарының төбесінде кішкене-кішкене көлшімектер толып жатыр. Баянауланың қаласының темірңазың жағында он екі шаңырым жерде бір «Найзатас» деген тас бар. Анадайдан корген кісі: «Бір бөріктей!» — деп ойлайтүғын. Сол Найзатастың төбесінде тоғыз бөлек тұмарлы Көкше бар. Араларында ңарағай, қайық, арша; бүлаң, шабындылың шөп толың. Баянауланы көрген, аралап жүрген кісіге су астынан шыңңандығын тауы, тасы, өзі сөйлеп айтып тұр.
Он екі айды бір жыл дейді. Бір жыл бір кісінің өмірі есепті. Бір Құдайдан басңаның бәрі бірінен бірі туып, өсіп-өнбек. Туып, өсіп, өнетүғынның бәрі де қартаймақ өлмек! Көк байы да, жер — ңатыны. Солай болғаны үшін: «Көктен жаудырсын, жерден өндірсін!» — дейді. Аспанда бүлтңа бүлт шағылысады, сөйтіп жаңбыр жауады. Жаңбыр көп жаумайтын жылы: «Бұлт қысырап қалды» — деп, күн бүрын айтып отырушылар болады. Жаралған жанды, жансыз — бәрі де жүп жаралған. «Жүп» мәнісі «ерлі-байлы» деген сөз. Жыл — өзі. Жазғытұрым — жаңа туған жас бала. Үш айға шейін солай. Үш айдан соң жігіт болып жетілгені. Ол өмірі — үш ай. Онан кейін егде, мосңал, бурыл бас болғаны. Мұндай болған уаңытын «күз күні» дейді. Бұл өмірі де— үш ай. Онан кейін «қыс-зымстан» деп атайды. Қар астында калғандығы, ол — өлгені. Он екі ай бітумен бір жылдыц өмірі бітеді. Жыл басына кесілген өмір он екі айдан аспаң емес. Он екі ай бітіп, бір жылдың өмірі таусылды. Енді жаңа жыл туады. Бүл — туатұғын— былтырғы өткен жыл емес. Онан баска, бөлек жыл. Бұл жыл басында туатұғын күн де бүрынғы күн емес. Күн бүгін туған — жаңа күн. Сол жаңа туған жылын, жаңа туған күнін кұттықтап, куанып той қылып, сол жыл да, сол күн де бұл құттықтаған, куанғанды қолтығына қысып, құшағына алып сый-құрметпен, қызық дәуренмен өткізуге міндетті, борышты. Бұл наурыздама той болып, қай заманда басталған жұмыс? Жоғарғы жақта сөйленген Нұх пайғамбар еркегі, ұрғашысы араласып, сексен каралы жолдаспен кеме жасап мініп, алты ай, он күн суда жүзіп, су тартылып, кемесі Казықұрт тауына кез болып, соған тоқтап, құрғақшылық көріп, кара жерді басқан. Біреудің әкесі, біреудің баласы, біреудің бауыры, туысканы кырылып калып, «салт атты, сабау қамшылы» болып судан шыққан. Тышқандай сүмірейіп шыққан соң, тамақтарынан ас жүрмеген:
— Енді біз тірі болғанда, неменеге жараймыз?! — деп, уайым- қайғыда болған. Сонан соң бір үйретуші табылып, арақ жасап ішкен. Арақ ішкен соң: «Ішкен мас, жеген тоқ, уайым да жоқ, қайғы да жоқ», бұрыңғы күннің жаманын, жақсысын ұмытқан. Өздерінің аман қалғанына қызық, мереке, той жасаған. Сөйтсе, сол күнде ай есебімен санағанда, «Мұхарамма» айының оны екен де, жұлдыз есебімен санағанда, күннің хамале бір уәжібіне кірген күні бірінші хамале болып табылган.
Нұх пайғамбардың тұңғышы — «Сам» деген баласы. Ғараб (араб), Ғажам — сол Самның үрпағы. Біреуі ай есебін үстап, жыл басын «Мүхарамма» деп санап, оның оны «Ғашура күні» — деп, мейрам қылып ұстап қалған. Біреуі — Ғажам жұрты, бұл жұлдыз есебін ұстап «Бірінші хамале— жыл басы»— деп, мейрам қылып ұстап қалған. Мүның ұстап қалған күні число есебімен марттың тоғызына дәл келіп, қыс пен жаздың аударыс, төңкерісіне түпа- тура, дәлме-дәл шыққан. Мұны біздің қазақ «Бұхар есебі» дейді. Бүл есептен біздің қазақ жұрты орысқа қарағанша, аумай, жаңылмай ұстап келген. Ай да он екі, жыл да — он екі. Он екі жылдың басына он екі хайуанды ие қылған. Оған ат қойып, айдар таққан. Жыл деген өзі-диірменнің (тиірменнің) белағашындай айналып тұратүғын нәрсе. Жер де айналады (айланады), Көк те айналады, Ай да айналады, Күн де айналады, күндіз, түн де айналады. Сол айналатындығынан: бірінің соңынан бірі келіп тұрады. Жыл да солардай айналады. Жылдың белағашында он екі шабақ бар. Он екі шабақта он екі тақ бар. Он екі тактың әрбіріне бір жуан ие отыруға жиырма жетінші жылдың жиырма екінші мартта жүріс кылып жүрген жорыңшы күн хамале бір уәжіне енді. Бірінші хамале болып, коян такңа мінді. Сонан бері карай «коян» деп, газетке жазылып жүр. Дәнемеге жарамас, есепке кірмес. Оның аты неге жазылады? Оның жыл билегендігі, іске жарағандыгы сол, жүрт коянша ңорңак болып, шөптің басынан өрген койдай, тек желп етіп жел түрса, үрейі ұшып, зәресі кетіп, «Ал, жұт болады!» деп былшылдайды. Жұт түгіл, дәнеме де болмайды. Коянның қорқак, ңылып айткызып түрғаны. Және коян жылды кісі өмірінде үрей, кояндай коркак келеді. Енді келер алдымыздағы жиырма сегізінші жылдың мартының жиырма екінші күні жыл белагашы айналып, коян түрган таң астына үлу таңңа отырады. Бір жылға сол ие болады. Сонда бүрынгы отырган астына кетіп, оның орнына екінші так үстіне шыңңандығын — жандыда балың біледі, жансызда Самарканның көк тасы біледі. Балык білетүғындығын сонан байңаған. Наурызнама той қылатұғын жұрттың патшалары тірі балықты көп ңылып үстатып алып, бір керсен суға салып, көптің алкасына ңойдырады. Отырған көп әлеумет сол балыңтарға көздерін тігіп карагі отырады. Бір мезгілде балың біткен бірі калмай теп-тегіс шалңасынан жата ңалады. Қарындары жаркырап, лезде балыктар аунаған жагынан екінші жагына карай аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соңтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл келді!» — деп. Сегіз күн ұдайымен ңол астына қараган жүртңа той, тамаша береді: «Жаңа жыл тойы!» — деп. Жиырма тоғыз жасымда Бүхарай-Шәрифте Ғабдалахыд ханның наурыздама тойының сегіз күн ішінде болдым. Ұдайымен жүреміте үш кісіні жыңңанға бір шапан бәйге, дәл сегізінші күн «Мазар Шариф» — деседі. Қожа Баһауалдин әулиенің басындағы хауызға ңант төгіп, суды қант татытып, жұрт жабыла ішіп, «той тарқар» болады. Біздің ңазаң жұрты үлгіні сол Бұхара жұртынан алган екен. «Орысңа ңарамай тұрған күнінде ңазаңтың наурыздамасында болган той, мереке қызығы Бүхар мен Ңоңанда да болмаган!» — десіп сөйлейді. Қайда атақты асқан бай бар болса, наурыздаманы сол байга ңылдырады екен. Үйсін Төле билердің заманында наурыздаманың қадір-қүны астан, тойдан ілгері болады екен.
XXX
[1.1 мәтін]. Шоң, Торайғырдың әкесі Едіге би — үштің біріне ңосылган кісі. Ер Едіге, Әз Едіге, Би Едіге. Ер Едіге Тоқтамыс ханның заманында болып, ертегі болып айтылып жүрген. Әз Едіге Кіші жүзден шыңңан. Асан ңайгы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шора батыр, Әз Едіге — бүлар: «Үрім-бұтың жұрағатымызды орыс жұртының келемежінде ңалдырмаймыз!» — деп, ауып кеткендер. Би Едіге — Айдабол Пәлі (Ғалы) — Төлебайдың баласы. Едіге би Баянауланың бауырынан жүз кісі болып, атқа мінді дейді: «Қызылтауда Сәти тасында отырқан Мырзақұл баласы Сәти мырзаға барып, наурызды кылдырамын!» — деп. Барса, Сәти мырза үйде жоң екен. Қарсонар болған соң, бүркіт алып, шығып кеткен екен. Баяу деген бәйбішесі бар екен, «бес берекеніц біріне» косылған бәйбіше екен:
— Мырзаңыз ас-суды алып кеткен жоқ. «Зәуіде келе калса, мені жоқтатпа!» — деп, тапсырып кетті! — деп, «ас та төк, шаш та төк» ңылыпты. — Сіз бір жактан бір жакка бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурызнама кылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соц, мұның қылуға не сәндігі бар?! — деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.
Тәти мырза алдырған түлкілерініц ішінде бір кара түлкісі бар, наурызнаманыц үстіне келіп калыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір куанып, «Наурыздама кылдырамын!» деп, Едігеніц келгеніне екі куанып:
— Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортацтаспаймын! — деп, басы Едігеніц өзіне түйе бастатңан тоғыз, онан кейінгісіне біріне түйе, біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр койган жок. Ең аяқ атшыларга бір-бір матадан үлестіріп: — Міне, менің наурызым! — деп, сый кылыпты.
Міне, сондай жаксы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шыгып, Мұса шыгып, байлык, беклік таласа коса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, қйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгенщекемніц пеиіліне царағанда, тағалы торы таи ұстап тұра алмайтүгын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген дуа. «Құдай берген дәулетің, Тепкілесец, кетпесін!» деген осы екен. Оцған, ілгері баскан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген
түқым ғой!» — дейді.
Едіге би жүз кісімен еліне кайтты. Екі ауланың арасынан аспак болып, Мырзашоқы мақайы, Қарөзек деген жерге: «Ат шалдырайық» — деп, түсіп отырып, жолдастарынан сүрады дейді:
— Сәти артык па, мен артык па?— деп.
Қасындағы аузына май жүңпайтүғын ку ауыздар:
— «Малда акыл жок, итке бітеді. Жүнде акыл жоқ, к...ке бітеді» — демеді ме? Сіз артықсыз! — десті дейді.
Едіге би долданып, жарылып кете жаздап, касындағыларга ұрысты дейді:
— Сен, иттер, ауыздан ішіп, арттан түсіп цалатыннан баска нені білесіңдер?! «Тойдың, кенелдік, карк олжаға (белсемізден)
белшемізден баттың!» — деп мазаттанып келесіңдер ғой! Әне, білмегендіктерің! Мен корланып, жүдеп келемін. «Қалайша?» десендер, мен сегіз кісіні бір түн осындай кылып күте алам ба? Бұл жүз кісіні сегіз күн күтті ғой! Бір күнінен бір күнгісін асырды ғой! Аш болсац, меніц касымда біреуіц каласыц ба? «Осы кылыкты не үшін қылды» деп ойлайсыңдар? «Жанқозынық жалпак кедейін есінен калгысыз бір кылайын!» деп кылды. «Өзіцде асық болса, біреуде касыц бар ма?» деген сөз бар емес пе?! Өзі шарт жүгініп отыра калды: «Ал, мен бата қылайын, сендер біріц ңалмай «Амин!» децдер! — деп, көзінен жасы бұршақтай домалап отырып, — А, Құдай, халцымды, жұртымды өзімніц түсымда бай ңылмасац да, балам Шоцныц тұсында бай кыл!»— деп бата кылған екен. Сол батасы қабыл болып, Шоңнық тұсында «Жанңозыныц жалпак, байы»— атаныпты. Едігенің түсында: «Жанқозының жалпақ кедейі» атанған екен. Басы Шоңның өзі бай, Бәзіл де бай, Бәрмен де бай, Акын да бай, Батыр да бай, Акгіан да бай, Ботпа да бай, Лаба да бай, Саба да бай, Шапат да бай, Апат да бай, бай емесі жок. Шоң бидің тұсында Жанқозыға бір жайлауда жүз отау түсіпті.
XXX
[1.1-мәтін]. Ңазаңтыц ңазаң болганда, өзіне арналган, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы — наурыздама. Ол күні ңожаларға оңытатүғын, наурызга арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратұғын ол кітаптың атын «Салдама» дейді. Ол күнде тілі орамды, сөзге шешен шалдардыц батасы болады. Қожа кітап оңығанда, шалдар бата қылғанда, жұрт жылап, шулап «Амин!» деп отырады. Сонан соң олардыц айтңаны айтңандай келіп халың, жұрт ілгері басып, малы да өсіп, басы да өсіп берекелі болады. Мал сойып, наурыздама қылуға шамасы келмейтін кедейлер жалғыз қой сойса да, наурыз күні бір ңазан көжеге салып, «Ауылға татырамыз!» деп, басын сақтап қояды. Байлардыц бәйбішелері ірімшік пен майдан жасап, қарын-қарын жент саңтайды. Қыстыкүні: «Бұл жентіңізді ңашан бастайсыз, бізге қашан татырасыз? — деушіге: «Шырақтарым, әлі Самарқанның көк тасы жібігенде, бұл жент те өзі балңып, босайды. Сонда бастаймын! Осы күнде ңайыршаңтай қап-қатты пышақ өте ме?» — деуші еді. Міне, мен осы жентті жасатып, дәл наурыз деген күн бастатып көрген кісімін. Айтқаны — айтқандай! Қазақта «Тас» деген, «Тастыбай» деген кісі аттары болған. Олардың келін-кепшектері «Тас» деп, атай алмай, «Қайыршаң» деп сөйлеп кеткен. Қазақта «Наурыз» деген де кісі аты болган. Келін-кепшектер атай алмай «Ұлы күн» деп, «ұлыстың ұлы күні!» деп кеткен. «Ұлыс» — Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздіц қазақта «ұлыстың ұлы күні» — Наурыз. «Айт» — араб тілі: ол өзі араб мейрам кылган күн. Арабша «Ғайеде» деген сөз. «Мәнісі не?» деп сүрасац, «Құдайға кайткан күн» — деседі. Мұның өтірігін сонан біл: Құдайга бір-ак, күн кайтып, өзге күнде далаға лағып (үлағып) кетпек пе екен?! «Елді, жұртты оңға бастаймын! Ілгері басуына, мал басы өсуіне тілеулес боламын!» деушілер... осы наурызды құрметтеп, «ұлыстың ұлы күні» — атандырып, той-тамаша қылдыруға тырысуы керек.
— МӘТІН.
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ ТУРАЛЫ
Сайрам каласының [мешітін]дегі тас баганды кім орнатқанын жазайын. Ерте заманда Алатау, Қаратаудың аралыгында Әулиеата мен Шымкент, Сайрамға мақайлас жерде «Қырық қақпалы Қарғалык,» атанған шаһар болыпты. Оның билеуші бастығы Ысқақ бап деген батыр болыпты. Мұның заманында қалмақтан Сауыр тонды Өтеміс деген батыр шығып, орталарында көп соғыс болып, акырында Ысқақ бап Сауыр тонды Өтемісті байлап алып, тірідей қорғанның бір бұрышына қалап жіберіпті. Сол қорған бүгінге шейін [бар] деседі. Тас бағанды мешітіне, қорганына сол Ысқақ бап өзі көтеріп әкеп орнатңан екен: «Күшініц белгісін кейінгі заманныц адамына көрсетемін!» деп. Бір тас бағанды Сайрамда бір мешітке орнаткан дейді: «Ыдырыс пайғамбардыц намаз оқитын жері екен!»
— деп. Бір тас баганды Ңоканды билеп тұрған күнінде Мәделі хан алдырған екен дейді. Үйіне жетпей, өліп кеткен.
Бұл Ысқақ баптыц бел баласы — Ибраһим ата Сайрамныц күншығысында ақ күмбез. Бүл Ибраһим атаның бел баласы — Қожа Ахмет Иассауи: Түркістандағы ақ күмбез. Қожа Ахмет Иассауиге күмбез жасаған — Әмір Темір Көреген. Сарт халқы жек көргеннен «Темір ләц» дейді. «Ләц» — сарт тілі, сарт тілінде «ләц» деп, аксакты айтады. Бір аяғының шолақтығы болса керек. «Өзінің түбі тегі
— Қыпшаң Әмір Тағай батырдың баласы» — дейді. Өзі көп жұртты билеп бағындырып, өзіне караган төлецгітініц пысык ширағы төре сайлап кетіп, иман, жаназа білетүғын ұожа сайлап кетіп: «Тірінің жабдыгы — төреде, өлініц жабдығы қожада болган». Сондықтан кожа мен төре тұқымдары қожайын болып жүргені — сол.
— МӘТІН.
ОЙ ТҮНДІК ПЕН БЕЛЕҢДЕ
«Ойтүндік пен Белең» дегендегі «Белең» қай жер? Бұрынғы заманда Түркістанда Талмас ата деген әулие болған. Үш қатыны болған. Бәйбішесінің аты — Болған, токалының аты — Белең. Ана кенже тоқалының аты — Ақбикеш. Болған ана — Сарысудың бас жағында, Белең ана — Сарысудың аяң жағында. Ақбикеш — Қаратауда, Сауысңандың асуына мақайлас. Үш қатынды үш жерге қондырып, өзі құс салады екен. Ертең ертеменен Қаратаудағы Аңбикештікінен шығып, Сарысуды жағалап, Белең анаға түстеніп, күн бата Болған анаға конады екен. Ертең ерте аттанып, жолда Белең анаға түстеніп, күн бата барып, Аңбикешке конады екен. Өмірін құс салумен өткізіпті. Құсқа құмарлығы сондай: «Қаршығам — ұлым, ителгі — ңызым» — дейді екен. Бәйбіше, токалға кезек аудармай, конып, өмірінде Белең анага ңонбаған екен. Бір күн[і] Болған анаға конуға келе алмай, Белең анаға конып калыпты. Болған ана Белең анаға қонып калғанына долданып, ессіз болып, суға с...п жіберіпті: «Шомылатұғын суын арамдайын!» — деп. «Су түсі сарғылтым болып кетіп, «Сарысу» атанғаны сондыңтан!» — деседі. Болған ана, Талмас ата молалары Сарысу бойында, екеуі бір жерде болған дейді. Көмілген жері «Болған ана» аталып калған. Белең ана өзі мекен кылган жайында, Сарысу бойында қалған да, «Белең» атанып, бұрынғылар «Сарысу» демейді екен, «Белең» деп айтады екен. Ұлытау, Кішітаудың о жак, бұ жағынан жеті өзен Сарысуға күяды: «Жеті Кеңгір» дейді. Сол өзендер ңүйған жерді «Қаражар» дейді. Сонан төменгі жерді «Белеңнің бойы» дейді. Аңбикеш Ңаратауда өліпті: «Басымды Темірңазыңңа ңаратпа, аяғым Әзірет Сұлтанға карай созылады. Күнбатысқа да қаратпа, аягым Талмас атаға карай созылады!» — деп, өзінен тікесінен тік, тік тұратұғын кылып көмдірген. Моласын да шошақ ... қылдырған.
— МӘТІН.
ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ШЕЖІРЕ ДЕРЕКТЕРІ
ҚОРҚЫТ ең алғаш бақсы болған кісі, түбі — қалмақ. Мұғажар деген жер аты, Орынбордың оңтүстік күншығысында. 1111 жылда «Ақ табан шұбырынды болды», деп, «Еңлік-Кебекте» айтңан Мамай — Тобықтының бір табының атасы, өзі Жұмағұл баласы.
• • • Мырза, Мамай — екі кісінің аты. «Қабекең» — Кеңгірбай биге қойылған ат. Қабай делінген, Абай дегендей, жуантаяц Тобыктының бір тап елініц аты. «Қанжығалы Боктыбайдың жасауын үрлаган осы Мырза, Мамай екен» — деседі. Тобықты Құнанбайдың бір шешелері «Елетан (Елти) ңатын» атанған. Аңындылың, өлеңшілік, сонан үзілмейді деседі. Бұл Елетан (Елти) катын — Өскенбайдың шешесі. Ак,ын Мәшһүрдің әкесі — Көпей, оның әкесі Сермүхаммедтің әкесі — Аңжігіт абыз. Аңжігітті тапкан катын Бөктік бәйбіше — Қыпшак, Қатықұлақ мергеннің кызы. Бүл бәйбіше де «Елти катын» атанған. Сексенайдың шешесі, Елти катын Ырғызбайдың катыны.
Ыргызбай, Жігітек, Боқкөт — үшеуі Олжабайдың балалары.
Қожа Сағит кожа Аңынбайдың кызы Айбөпеге ңүштар болганда, Аңынбайдың малшылары Ыстыңмүрт Шондыбай, Қазымбет дегендерді дүниеге әбден карык қылған. Сонда ңасындағы жолдасы Тоқтауыл Шанабай деген. Түнде кызға еркектік қыла алмаған соң, ңыз:
— Сағынған екенсіз. Сағынсаң да, кағылған екенсіз! Екі кісі құшақтасып жатқан соң, бірі астында, бірі үстінде болмаған соң, сәйкес болмайды! — деп, қыз қожакеңнің үстіне шығып итеңдепті.
Қожа кыздың астынан құтылған соң, түн ішінде жөнеліп, жолшыбай зарлап, пірлеріне сыйынып жылағаны бар.
— МӘТІН.
САХАБАЛАР ТАРИХЫ, ҚАЗАҚ ҚАЖЫЛАРЫ
(бірінші нұсқа) [1.1 мәтін. Қазақ кажылары (бірінші үлгі)]. Біздің бұл құлақ, естіген жерде Уақ Нүркен байдан бұрын кажыға барган кісі жоң. Ол кісі тоқал қатынымен кетіп, Семей каласы, Аягөз, Піспек, Тоңпак,, Алматы, Әулиеата, Ташкент, Бұхар жолымен төрт жыл жүріп, аман-есен барып келген.
Заманасындағы Жанаң ақын айткан:
Ар жақта аты иіыккан Нүркен бай,
Ішкені алтын аяқ, ак кұйрык шай.
Байлығы алты алаштан асып кеткен,
Жылында құлындайды жеті жүз тай.
Сол Нүркеннен соң кажыға Күлік Самай сопы мен Баян қаласынан дуан аузы алғаш ашылғанда, указ болған Байжан хазірет екеуі кетіп, екеуі де сол жакга өлген. Осыны жазып отырған Мәшһүр Жүсіп — солар кеткен жылы туған бала. Осы күні алпыс бесте, өмір бойы жүмысы, кагазга салғаны — шимай кесте. Бұлардан соң үшінші кажыга барған кісілер: Тобыкты Құнанбай, Айдабол Қишыл, Қыстаубай; Малай, Жәдігерден — Егізек Жанайдар батыр. Ақққм, Қосқопадан — Төртуыл Шекшек кажы, Есіл бойындагы Ңыпшактан Шонтыбай, Батыркожа. Сілеті бойындағы Қыпшактан Құрманбаласы Хасен кажы; Мамбет, Тоқадан — Ізден, Сазан ұрпагынан — Мұхаммедсәлім кажы, Егізек, Жанайдармен бірге барган Сұлтан қожа, Қыпшаң — Қыстаубаймен бірге барган Жәмек ңо[жа], Файзолла ишан. Ңүнанбай ңажымен бірге барган Алтай Ешмүхаммед ңажы, Алдажүман шөбересі, Бәсентиін Апай, Бөрі — Құдияр қажы. Бұларды қалдырмай жазып жатканым: тірі кайтып келгендерінің бәріне де жолыгып, сөйлесіп, мән-жайына әбден канык болганымды түсіндіру үшін. Көкшетаулың Атығайдан Қожахмет кажы бар, Кіші жүзден Нүрпейіс хазірет, Досжан халфе. Бұлардың кажыға барған жылы — 1111 жыл. Орта жүзден жиырма кісі болыпты. Кіші жүзден табандаған жүз кісі болыпты. Мүнан бүрын казак бүйтіп бас косып, кажыга бармаган екен. Жүз жиырма кісі болып, арасын айырмай тізе косып, қол үстасып жүрген соң және өздері де көзге түсерлік әр таптың ңасңа жайсаңы көрген таңырңарлың болыпты. Қазақ байғұстың салпиған тымағының ңүлагын, сүйретілген тонының етегін, саптама етігінің ңонышын, аңңиган аузын көрген соң көрген ңызыгып, сүңтана бастайды ғой. Ноғай дәлилі мен сарт дәлилі таласыпты. Ноғай дәлилі: «Бұлар — Мәскеудік, мен Мәскеудіктердің сайланған дәлилімін» — деп. Сарт дәлилі: «Бұлар — Бұхартіл, мен Бұхартілдердің сайланган дәлилімін!» — деп. Сонан соң Мекке бастығын «шәриф» дейді екен де, Медине бастығын «шейх» дейді екен. Олар алдына алдырып сұрапты:
— Сіздер мәскеудік боласыздар ма, жоң Бүхартіл боласыздар ма? — деп. Сонда ңажы басы Құнанбай екен, ол кісі сөйлепті:
— Біз мәскеу, сәскеубеңді білмейміз. Бұхартіл, сухартіліңді де білмейміз. Тіріміздің билігі «Аллажар» үранды төреде, өліміздің билігі «Алла» ұранды қожада. Жайылуы мал сыңылды, жусауы аң сыңылды, Сарыарқа деген жерде бетімен қаздай қалқып, үйректей жүзіп, өніп-өскен «Қазақ» деген жұрт боламыз, — депті.
— Қазақ деген де жұрт болады-ау екен, — деп, аң-таң ңалысып, тарих аңтартып, шежіре қаратыпты, таба алмапты. Құптаны (кұтпаны) жоң біреу айтыпты:
— Бұл табылса, Бағдат Шәрифте Имам Ағзам кітапханасы бар. Бұрынғы мұсылман халифалары ескі тарихтарды соған ңойма ңойдыратын, сонан табылар, — деп, Бағдаттан іздетіпті.
Бұлар ортасынан Кіші жүз Досжан халфені жіберіпті. Барғандар: «Табылды: қазақ деген жұрт Әнес ибн Мәліктен өрбіген екен», — деп, нұсқа көшіріп алып келіп, сонан бұл жүз жиырма кісі ортасынан расход шығарып, «Қазақ тәкиесі» деген тәкие салдырып, Кұнанбай атына жаздырып: «Және оған шайхы Арғыннан тұратұғын болсын» — депті. Бұлардың кажыга барған жылы кара киік жылы еді. Қишыл қажы қажыға кеткенде екіңабат калған тоқалы ұл тауып, атын Мекебай койған. Сол Мекебай елуден жасы асты. Біздіц бүл Баянаула, Қызылтау жып-жылтыр мұз болып, жылкы біткен Сілеті (Тініке) Шолаң деген жерге кетіп, тоңты кысыр калмай, мал семіз, күйлі шыгып, «Маймүз» атанган. Ол күнде «екінің бірі, егіздің сыңары» — сөйлеп айтып жүруші еді. Бүл күнде алай-түлей, ұйқы-тұйқы аласапыран заман болып, бүтін естінің өзі де калған жоқ. Жарым естілер шала-шарпы білгенінен айрылып калды.
1911 жыл
XXX
[1.1. мәтін. Сахабалар тарихы]. Замандардан заман өткенде, бүрынгылар өліп, таусылып, қалгандарга нәубет жеткенде: «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген пайғамбар шығыпты!» — деп әуезесі айдай әлемге жайылып кеткенде, Түркістан аймагынан, Түрік ұрпагынан, Моғол нәсілінен, «Тоңсан екі баулы Қыпшақ» — атанып түрған күндерде әр рудың адамынан токсан екі батыр атңа мінді дейді: «Сол пайғамбарды барып көрелік. Жаксы болса, жолдас болып, жанына ерелік», — деп. Мінген көліктері — ат, ұстаған карулары — бір-бір сойыл, құрғак шөлмен жүріп барса, Мүхаммед пайгамбар екі соғысты мүнан бұрын өткізіп, үшінші соғыстың үстіне барған екен. Жан-жаңтан ереуілдеп шаң шыгады екен де, шаңдатып келе жаткандар кәпірлер тобына косыла береді екен. Мүсылманға үйден шыккап өздерінен баска ешкімнің шаңы ңосылмайды екен. Күншығыстан бір шаң шыкты, бүл шаң кәпірлер тобына бармады. Мұсылмандарга тұп-тура келді. «Бізге болысуға келген ғой!» — деп, арабша сөйлеп еді, білмеді. Парсы тілмен сөйлеп еді, білмеді. Өбубәкір Сыздың көлденеңдеп келіп:
— Тақсыр әкем, Қакафа Түркістаннан келген екен. Әкемнің айтуына қарағанда, бүлар Түркістан адамы, түркіше айтсаңыз, білер, — деген соқ, түркіше сөйлеп еді, бастарын изеп, шұлғып, оқырана түсті:
— Өзіміз әдейі сізге біріміз оң, біріміз жаң болып, қазылған жол, шашылған топырағыңызда аркамыз — соқпақ басымыз омақа болсын деп келдік, — деп, кәпірге карай лап қоя шауып, дүрсе қоя берді.
Кірген жерден есік, шыққан жерін тесік қылып, ілездің арасында апа-сапа кәпірлер қой, бүлар бір оған тиген топалаң есепті болып, көп кәпір пұсырман дініне кіріп, қарқолжага әбден кенелді. Сонда бүлардың батыр басы, азаматы Ақкөсе екен. Оған таяулары: Мәлік, Ақтам, Күттықожа, Имамбайыр, Ерқоян дегендер екен.
Сонда пайғамбар бұлардан сұраған екен:
— Сіздер қай дінде боласыздар? — деп, бүлар айтыпты:
— Біз дін— сінді білмейміз, ораза жоқ, намаз жоқ, Күдай деген жанбыз, депті. — «Озған пайгамбар» деген бабаларымыз осылай үқтырган екен, — десіпті.
Осындай ұғына алмаған сөзден біздің қазақ: «Озган пайгамбар ұрпағымыз» десіп те жүрді. Сөйтсе, онысы Уыз (Оғыз) хан екен. Кигіз үйді сол Уыз хан жасатып: «Кигіз туырлықты қазақ байдың баласы, Уыз үйлі»— атанып жүрді. Сол соғыста пайгамбар шаттанып: «Әлтүркі хайыр мен үмбеті» деген екен деседі. «Менің үмбетімнің ең жақсысы — түркі халқы» — деген сөз дейді. Сонан кейін бұлар қалған өмірін пайгамбар қасында өткізіп, «ансары» атанган екен. «Мүһажырын ансары» деген қауым қыбыланың ру, түқым аты емес. Меккеден пайғамбарды іздеп көшкендер «Мүһажырын»— атанған. Пайғамбарға соғыста болысып, күш-көмек бергендер «ансары» атанған. «Далсабтүн алал ұллынмен әл-мүһажырын уа әл-анзар» бәйгенің озып алдын алған Мүһажырын мен Ансарылар», — делінген сөз. Ақкөсе мен Мәлік — екеуі бір ағайынды, Нәзір деген әкелерінің аты екен. Мәліктен Әнес туады. Сол Әнестің үрім-бүтағынан түрікпен, қарақалпақ, ңазақ тарайды. Біз білмейтін өскен-өнген ұрпағы да бар шығар. Біздің бүрынғы ата-бабаларымыз: «Біз Ақкөсе сахабадан екенбіз», — деп те жүрді. Пайғамбар дүниеден қайтқаннан кейін «Мүғерраса» (Мохтрса) деген кәпірлермен соғыс ашамыз!» — деп, хазірет Ғұмардың халифа күнінде Ақкөсе, Имамбайыр, Құттықожа сахабалар Қаратауда шаһид болып, зираттары сонда болғандықтан, «Ақкөсе сахаба бабамыздың моласы» — деп зиарат қылгандықтан, «Соның ұрпағымыз» — деп жүргені сол екен. Бұл күнде Қаратауда зиараты, ол кісіні «Домбы ата» дейді. Ертегі қылып сөйлеушілер: «Ақкөсе сахаба Ерқоян деген жолдасымен екеуі шаһид болған» — дейді. «Ақкөсенің басы домалап қашқан, жер тесіліп, жол берген», — дейді. «Жердің астымен барып, сол басы Зәмзәм Шарифтен шыққан»— дейді. Осы күнде бастың жер астына түскен жері күдык, сыкылды кып-кызыл ңия тас. Зиаратңа барушылар арканмен байлап, кісі түсіреді. Түскен кісінің айтып шыккан сөзі: «Барып түскенде, тасңа түстік, — дейді. — Бір су үзыннан-үзак, күнбатысңа карай ағып жатыр, — дейді. — Сол су да жүре береді. Жағалап кісі жүрерлік күргак тасты жер бар, — дейді.
— Жүріп үшығына кісі жетерлік емес. Жоғарғы жактан салбырап тұрған мұздың сүңгісіндей сүңгі, жұлып алсақ, колға келеді. Жер астында тұрғанда мұз еді, жер үстіне алып шыкса, казір (хызыр) тас болып ката калады».
Бұрынғы заманда бір адам таяғын тастапты, таяк ағып кете беріпті. Сол адам жер үстіне шығып, таяғын іздеп Меккеге барыпты. Таяғы өзінен бүрын Зәмзәм Шәрифтен барып шыккан екен. Бұл судың бір ұшы сонда қатынасатұғындығын сол сөйлеп кетіпті. «Қырым жұртының кісісі едім», — деп, бір Ғабдолхамит әпенді деген семіз әпенді сөйледі: «Осы кісінің жүрағаты едім» — деп. Домбы атаның үстіне кірпіштен там салды. «Бұл жарты денесі»
— дейді. «Денесінің жартысы суда қалған, денесіне қол тигіземіз, кескілейміз деп келген кәпірлерді су агызып алып кеткен» — дейді. Өзіміз нандың. Он азамат көтере алмаган тасты Ғабдолхамит әпенді жалғыз өзі көтеріп кетіп жүрді. Имамбайыр сахабаның зираты казакта, Құттықожа сахаба мен Ерқоян зираты да соларға маңайлас жерде. Аңтам сопы Ташкенттің патшасы Жанеділдің палуаны Мақатылға: «Мен іздеген Ералыңмын» — деп, өз басын колдан берген. Ғралының намазда түрған уаңыты екен, намаз үстінде барса, ол намазын бүзбайды. Бұл басын кесіп алып жүре береді» — деп. «Сөйлей берсе сөз таусылмайды, Сарт күрымай, бөз таусылмайды». Қанша естігенмен, құлактың карны жоқ, тоятұғын.
11-МӘТІН.
ШЫҢҒЫС ХАН ҰЛЫ ЖОШЫ...
Шыңғыс хан ұлы — Жошы хан. Бүл Жошы ханның балалары: Бату хан, лақабы «Сайын хан»; бір баласы Шайбаны хан; бір баласы Тоқай Темір; бір баласы Бөрке (Берке) хан . Бұлардың заманында Мауралінхрдегі Дешті Ңыпшаң үшке бөлініп: Ак, Орда, Көк Орда, Алтын Орда атанды. Алтын Ордада Бөрке хан болды. Аң Ордада Шайбан хан хан болды. Көк Ордада Тоңай Темір хан хан болды. Тоңай Темірден Өз Темір, мұның ұлы Хожаңол (Хожафул), мұның ұлы Бадакол, мүның ұлы Орыс хан. Мұның ұлы Қүйыршык хан, мұнын ұлы Барак хан, мұның ұлы әз Жәнібек хан, мұның ұлы Жәдік хан, мұның ұлы Шигай хан, мұның ұлы Есім хан. «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған, «Есім ханның ескі жолы» деп артына үлгі калдырған. Есім ханнан Салңам Жәңгір. Салңам Жәңгірден әз Тәуке. ОзТәукеден Болат Хан. Болат ханнан Абілмәмбет. Сәмеке — Салңам Жәңгірдің екінші катыны Ғайша ханымнан, катаған ханы хан Тұрсынның үлы. Мүнан туған Уәлі Бакы. Бүл Уәлі Бакы әз Тәукемен такка таласып, жеңіліп калған соң, Үргеніште нағашысы Ғайып ханға кашып кетіп, онда барып, катын алып, тұрып калып, жалғыз бала туып, атын Абылай койған. Бүл Абылай Жолбарыс атанып, ұлғая бара Ңанішер Абылай атанган. Бұл Қанішер Абылайдан жалгыз бала туып, Көркем Уәлі атанған. Мүнан бір жас бала Сабалаң атанып жүріп, Абылайлап жауға шауып, Абылай атанған. Арғы тегі Еңсегей бойлы ер Есімнен, бергі тегі Қанішер Абылайдан шықкандыгы білінген соң, жүрты басына көтеріп, хан сайлап, атақты Абылай хан атанған осы кісі. Абылайдың әкесінің атын ешкім білмейді. Уәлі Бақы атанған Уәлінің мұнда қалган бір қанынан Сұлтанбет төре, мұнан Ханқожа төре, мүнан Арынгазы төре, мүнан Бастамы төре. Сұлтанбеттің бір баласы — Нұралы. Нұралы баласы — Серғазы. Осының бәрін шежіреден көріп жазган сөз емес, естуімен жазылган сөздер. Ңүлақпен естіген танық. Абылай хан өлген соң, орнына бел баласы Уәлі хан болған, жүз беске келіп, алжып өлген. Асын Ошақты көлде берген. Абылай ханның асында Еламан баласы Тұрсынбайдың атқа шапқаны анық.
XXX
Уәлі ханнан соң бәйбішесінен туған баласы Абайділдәні хан қойған. Осы Абайділдәнің бәйбішесінің баласы Болаттан
— Сұлтанғазы төре. Уәлі ханның Айғаным деген тоқалынан
— Шыңгыс төре. Сұлтанғазы мен Шыңғыс баласы Шоқан ұрысқа қолбасылық қылып, Ташкенді орыс алғанда Шернейн жанаралмен бірге тұрып, бірге жүрген. Айғаным шапшаң шыр тоқал атанган. Ақындардың аузына құдай салады деген. Мағжан Жұмабай баласы айтқан: «Уәлі ана тоқал қатынмен басы қатқан»,
— деп расын айтқан.
19-МӘТІН.
ОРЫСТАР ШЫҢҒЫС ХАНДЫ...
Орыстар Шыңғыс ханды Темучин хан дейді. Шыцгыстан Жошы хан, Сайын хан, әз Жәнібек хан. Өспек Жәдігер ханнан Шығай хан, Шығай ханнан Ондан, Есім, Тәуке. Ондан ханнан Тойыр, Көшек. Мұнан Бөкей хан, мүнан Қдайменді, мұнан Тұрсын хан, мұнан Барақ. Көшектен Әділ, Саққай. Бұл Саққайдан Жошы, Жабай. Әділден Досалы. Есім ханнан Жәцгір хан, Тәуке хан: Тәуке ханнан әл-Мұхамбет, мүнан Болат, Әбулфейз. Болаттан Сантемір, мұнан Құдайменді, мүнан Окім, мүнан Әзжан. Шахмұхамедтен Есім, мұнан Құдайменді, мүнан туады Қоңыркұлжа, мұнан Жәңгір төре. Жоғарыда Есім ханмен туысңан Тәукеден Сәмеке. Сәмекеден және Есім, бұл Есімнен Жәңгір сұлтан, Мәмбет. Жәцгірден Уәли, бұл Уәлиден канішер Абылай, бүл канішер Абылайдан Уәли Баки, мұнан келіп Абылай хан шығады. Салқам Жәцгір — Көркем Уәли— Қанішер Абылай. Барак,, Көшектіц Барагынан: Шығай, Дайыр, Жанбаба, Бөкей хан, Маман хан. Қожа Дайыр балалары Атбасарда, Ақмолада. Маманнан Ағадай, Көгедай, Есіргеп, Бегедай. Ашама төреден Босқын, Есім, қаратышқан, Жәңгір, Уатай, Досым, Самұрат, Есехан, Сыздың. Жәңгірден Досмак,, онан Қажеке. Барақтың бір катынынан Ханбаба төре, Маман, Тахыр, Бөкей — төрт бала болған. Ханбаба ұлы Қылыш төре, мұнан Ибраһим, мұнан Хоныс — бұл тұқымдар бура елінде мадасында жазылған, Міншір Бөкей хан болып, мұның ұлы Шыцғыс төре, мұнан Жамантай хан төре. Төлебай тарауы Қосқұлак, Төлебай, Лапак, Сары Төлебай, Еламан, Едіге. Ырыс тоқалдан — Елгелді, Малгелді, Жолан- Ңосцүлак, баласы. Еламаннан Мәулікбай. Бешеден Атан, Жәуке, Тұрсынбай, Шоты, Көрнеби, Текебай. Міндібеке Қарақалпак, кызы, тоқалдан Ботан, Нұралы, Жауқашар, Бақыбай. Еламан заманында ақылдымыз Еламан атанған. Атан жастай өліп, катынын Жәуке алып, онан баланы Езден қойып, онан Өтеміс туған. Өтемістен Белгібай жалңыз, Белгібайдан Ахметбет жалғыз. Ол тұқым сонымен бітті.
10-МӘТІН.
АТАСЫНЫҢ АТЫ БІЛІНБЕЙ, ӨЗІАТЫ ШЫҢКАН ЕРЛЕР
[10.1 мәтін]. Оуелі — Адам ата: онын атасының атын білуші жок. Ңайдан білсін: первый (перуай) человек болып, топырактан жаратылды?! Екінші — хазірет Ғайса пайғамбар, оның атасының атын білуші жок, кайдан білсін?! Ңұдірет шеберлігін көрсету үшін он үш жасар кыздаи атасыз туғызды. Үшінші-Хызыр пайғамбардың атасының атын білуші жоң. Атасы бар шығар, біраң атын анык біліп, сарт еткізіп айтушы жок. Төртінші — Ескендір Зүлңарнайынның атасының атын білуші жок. Бесінші — Шыңғыс (Шыңғыз) ханның атасының атын білуші жок. Бағзы бір: «Ата білемін» — дегендер: «Есугей Баһадүрдің баласы» — дейді. Ол бекер: Есугей (Писугей)
— калмаң. Бір калмактың баласын осынша жұрт қалайша төбесіне көтереді?! Стамбулдағы Ғұшмани (Османи) нәсілінен баска, бұл Азиядағы ханлардың көбі Шыңғыс нәсілінен. Россияда — граф, ноғайда — князь, қазақта — төре, бәрі Шыңғыс нәсілінен.
Есугей баһадүрден қыз туып, ол қыз он бес жаска жеткенде, отырған үйінің ішіне сағым түсіп, сол сағымнан буаз болып, бір ұл тауып[ты]. Ол бала он үш жаста жетімлікпен жиһан кезіп, жиырма (икірма) жеті жаста (иаста) Алла тағала баң-талайын өзгеден артылтып, Шүршітке хан болып, жүріс (жүрдіс) ңылып, дүние жүзін алып, «Шыңғыс» («Шыңғыз») деп ат атанды. Мағынасы «хандардың ханы» — деген сөз. Сондай атасыз, Құдайдың құдіретінің шеберлігімен сағымнан пайда болғанына заманындағы халыңтың көзі жетіп, соның үшін түк,ым-тұқымын жұрт басына көтеріп кетті. Кеше Әмір Темір қанша жұртты алғанда, бұл Шыңғыс нәсілінен болған хандарды (ханларды) өлтіргенде және орнына сол Шыңғыс нәсілінен екінші біреуін хан сайлап жүрді. Бұл Шыңғыстан бері қарай бір кітапта мәшһүр мағрұф болған хандар
— баршасы Шыңғыс ханның нәсілі. Дүниені алған һулақу — мұның немересі. Заты қарадан болғандықтан, Әмір Темір қанша жұртты алса да, хан аталған жоң. Жаңсы (ихсы) көргендер: «Әмір Темір — көреген» дейді. Жек көргендер: «Темірлің» — дейді. Кім болса, ол болсын, жаман кісі болған жоң. Жұрт аузында аты қалды, дүниеде қанша қылған жақсылықтары қалды.
Алтыншы — Алаша ханның атасының атын білуші жоң. Жетінші — Асан Қайғының атасының атын білуші жоң. Сегізінші
— Жиренше шешеннің атасының атын білуші жоқ. Тоғызыншы — Абылай ханның атасының атын білуші жоқ. Өзі басына қойдырған тасында: «Абылай бин Сүйеніш хан» деп жазыпты. Ол Сүйеніш ңай жерге хан болғанын, қайда жүріп хандың қылғанын ешкім білмейді.
Осындай атасының атын адам білмей, өз аты жүртка шығып кеткен жандар көп болады. Бағзы біреуден сүрасаң, «Білмеймін» деуді өлім есепті көреді де, бәріне де ата табады. Қыпшақ: Қорлыбай бидің баласы Досболдан, «атаға жүйрік» дегенмен, күншығыс жұртының біреуі ата сұрапты. Сонда өзінен Адам атаға шейін сырғытып айта беріпті. Адам атаға барғанда:
— Адам атасы кім? — дегенде,
— Адам атасы — Арсалаң! — депті.
Естіп тұрған ғауамлар:
— Жарықтықтың атаға жүйрігі-ай: Адам атаның атасының атын да білед[і] екен! Мүндай атаға жүйрік жан тумас! — десіп, дүркірей-ак, жөнеліпті. Ол кісінің айтуы:
— Қазақ, Қалмак, Қарақалпак,, Естек, Орыс — бәрі бір ағайынды екен, ең кенжесі Орыс екен. Баланың кішісі болған соң, еркелетіп: «Басы ауырады!» — деп шашын алдырмаған екен. «Шөметейі ауырады!» — деп, кестірмеген екен. Сол себептен орыс жұртының шашын алдырмай, кестірусіз кеткені! — депті.
«Білімі жеткендікпен тауып айтты!» — деп, бірсыпыра жұрт ұғып алғандыңтан, жұрт аузында бұ да сөз болып калды. Пәленнің атасы — Пәлен, Түгеннің әкесі — Түген. Сонымен «Адам атаға шейін апарамын», — деушілер «Адам атасы — Арсалаң» деушімен бір мектептен окып шыққандар болады.
XXX
[10.1 мәтін]. Қазак жүртында бір сөз бар: «Ерден нәзір тимей, есек базарына делдал болуға жарамайды» — десіп келеді. Оның мәнісі: «Кім кім болса, әулиелердің жәрдемі тиіп, колдауыменен кісі болады!» — дегенге келтіреді және мұнысына орын табады. Бұрынғы замандарда Бүхарай-Шәріфте бір Құтып (Қатиф) әулие болған екен. Сол әулиенің ер жетіп азамат болған жалғыз баласы болыпты. Күндерде бір күн Бұхар ханының актаяктары Құтыптың баласын бір жаман іс кылган орыннан ұстап алып, патшаға алып бармаңшы болғанда:
— Өуелі таңсырдың өзіне алып барып, алдынан өтейік. Сонан соқ ханға алып барайык. Тұрсадан тұрса, бұл жерден алып кетсек, баласының мінезін білмей, бізді карғар! — деп, баланы атасына алып барыпты.
— Бала, кылғаның рас па? — дегенде, танбай, мойнына алыпты. Сонан соң Құтып:
— Мұны бүгін маған беріп кетіңдер, ертең қолдарыңа берейін! — деп, ақтаяқтардан алып қалыпты.
Ақтаяқтар кеткен соң, Құтып басын төмен салып, мұрақпа қылып, қырық шілтенді түгелімен жинап алыпты:
— Бұхараның осы тұрган ханы өлген соң, орнына хан сайлауға қолтықтап, колдап жүрген кісілеріңді маған казір (хазір) алып келіндер, көремін! — депті.
Сөйтсе, қырық шілтеннің он бесі сол тұрған ханның бір баласын қолтықтап, қолдап: «Хан болуга осы лайык (илайыңты)!» — десіп жүреді екен. Он төрті бір қазының баласын ңолтыңтап, колдап, «Хан болуға осы лайыкты!» — десіп жүреді екен. Енді калган он бірі Әмір-Темірді колтыктап, қолдап: «Хан болуга осы лайыңты!»
— десіп жүреді екен. Ол Әмір-Темір өзі Самаркандылың, Қыпшақ Әміртағай деген батырдың баласы екен. Бүхарада оку окып жүрген күні екен.
Әуелі он бесі ханның баласын Құтыпқа алып келді. Құтып ханның баласын оңаша алып:
— Мынау отырған менің жалғыз балам. Бір жаман іс қылып, өзі мойнына алды, осыған не бұйырасың? — дейді.
Ханның баласы:
— Өзіңіз білесіз де, тақсыр, — дейді.
— Өзім білген нәрсені сенен сұраймын ба? Кет, көзіме көрінбей, жоғал, шыққың, шыққың! — деп, куалап шығарды.
Онан соң он төрті қазының баласын алып келді. Оны да оңаша алып, хан баласына айтқандай айтып еді.
— Тақсыр, шариғат біледі де, — дейді.
— Шариғат жұмысын сенен сұраушы ма едім? Шариғат иесі сен бе едің, отырма, жоғал! — деп, оны да куып шығарды.
Сонан соң он бірі Әмір Темірді алып келді. Әлгі екеуіне айткан сөзді бастан аяқ бұған айтып еді.
— Сіздей жаңсының баласы мұндай істі ңылған болса, өзі мойнына алса: «Атадан ұл туса игі. Ата жолын куса игі. Ата жолын кумаса, барынан да жоғы игі!» Мүның төресі — осы сөз,
— деп, ұшып түрегеліп, Құтыптың ілулі тұрған ңылышын жалма- жан суырып алып, баланы көк желкесінен бір-аң шауып, басын жерге түсірді дейді.
Құтып:
— Африн ңолыңа, рахмет сені тапқан ңатынға! — деп, ңырың шілтенді шаңырып алып:
— Жай қолдарыңды, бер бұған баталарыңды! Балам, аяғың жеткенінше, жүр! Қолың жеткенінше, түт! Дүниенің төрт бұрышын қарышта, бетіңе жан келмесін! — деп, бата берді дейді.
Қырық шілтеннің он бесі мен он төртіне айтты:
— Сендердің адам болады, іске жарайды дегендерің қуыс қурай екен. Біреуі: «Өзің білесің», — дейді. Ол — адамның барып түрған жаманы: ар жағында айтарлық дәнемесі жоң болған соң: «Өзің білесің», — дей салады. Біреу адам деп, гакылдаскан соң, тисе-тимесе де, бір төте сөзді айтып к,алу керек: тисе, алады, тимесе, сол жерде ңалады. Екіншісі: «Шариғат біледі», — дейді. Шариғат білетұгынын кім білмейді?! Оның да бөтегесінде дәнеме жоктыгы: өзі біреуге сүйенейін деп тұрған жасың жұрт ұстауға жарай ма?! Би қанратқа бағыс (быһыш) жоң»! — деген. Міне, кайратты ердің жүмысы: «Халыңка әшкере кылмай, жүртңа масңара ңылмай, көпке өлтірткенше, өзің өлтір!» — деп, өлтірді де, салды.
«Омір Темірдің Омір Темір болып жүргені әулиелердің нәзірі түскен екен, кырык шілтен гайып ерендер колдаған екен!» — десіп келеді. «Әмір Темір Көрегеннің» шешесі «Мұхтасар-Олуқая» кітабының Мұсанныгы Сыдыр әл Шариганың кызы. Ұстазы ғұлама Тіптазаны пірлері Бұхарай-Шәріпте Міргүләл кожа Бәһауалдин мен екеуі бір пірден шыккан. һәм пірі сегіз жасар күнінде намаз жамигатқа ең әуел хафатын (хұтпа) намазына барған екен. Үйге кайтып келген соң, шешесіне айтыпты:
— Жұрттың не жыны бар екенін білмеймін, мешітке кірсімен, Қағба-Алланы көріп, құлақтарын ңаға бастайды. Мен Имам әлһамды окып болып, сүре косар кезде әрең көріп, сонда ңүлагымды кактым! — депті.
Өз ойында ойлаган екен: «Намаз оңыгандардың бәрі де мешітке кірсімен Ңағба-Алланы көреді ғой! Соны көріп, құлак кағады ғой! — деп. «Қағба— Алланы көрмей, ңүлак, какпаймын!» — деп, калшиып, қақпастан тұрып калады екен. Сонан соң Қағба-Алланы көрген соң барып, құлақ қағады екен. Шешесі баласының бәтін көзі ашык екенін біле койды дейді.
— Балам, меціітке баратұғындардың бәрі де түні бойы ұйықтамай, таң атқанша Құдайға жылап шыгады. Сол үшін кірсімен, кешікпей, көріседі. Сен түні бойы үйыңтап жатасың. Сол себеплі кірсімен көре алмайтұғының — сол! — дейді.
Қайтып бала өмірінде түнде басын төсекке салмайтұғын болды дейді. «Әмір Темір Көреген» атанганның себебі бұл дейді. Мағынасы: «Көргіш, көрімпаз» — деген. Және өзі Хызыр пайғамбарды дүниенің ңай шетінде жүрсе де, үйде отырып көріп отырады екен. Хызырдың бет алған жагына аттанады екен. Татар деген жұртты кырып, шаһар Бұлғарыны жермен-жексен кылып, Ескендір Зұлқарнаныннан калган бір зеңбірек бар екен. Соны Бұхарга алып кеткен еді» — деседі. Сол бет алган жорығында Орыс жұртының Владимир деген қаласына барганда, шылауынан хазірет Хызырдың кетіп калғанын көріп, орыс жүртымен елдесіп, ұрыспай кайткан екен. Татар Қырымнан күшті жұрт болып, шаһар Болғар зор шаһар болып, кай жұртқа МӘШҺҮР-ЖҮСІП болса да, иығы аскандыгын кылып тұрган уактысында Татар мен Болгарынын дүниеде атын гана калдырып, өзін жок ңылып жібергендігі: «Ай мен Күндей: һәммеге бірдей» — әшкере анық сөз. Сол үшін татардан шыққан сөз білемін дегендер Әмір Темірді неше сакка жүгіртіп жамандайды. «Әмір Темір Көрегеннің» ақыретте кандай боларын білетұғын ол ауылға барып келген ешкім жоң. Дүниеде кылган ісінде салдырғаны — мешіт, медіресе. Шаһынша әулие хазірет сұлтан Әлғарфин қожа Ахмет Иссауидің үстіне күмбез салдырған. Ташкентте «Зеңгі ата» деген әулиенің үстіне күмбез салдырған. Сонда ол екі күмбездің кірпішін Сауран деген жерден құйдырған. әр екісіне жаяу кісі каз-катар түра калып, бір колдан бір колға беріп, кірпішін солай жеткізген. Бұхарай — Шәріпте һидая хуанларга дәйеге деген уазифа тыгын қылган. Бұхарай-Шәріптің намаз оқылатүгын зор мешітін Әмір-Темір салдырған. Бұл кісінің заманында Мірсейіт, Шәриф хазіретлері илан ғұлама Тіптазаны әм сахабат болып, миназертлер қылысып, кейінгілерге қанша үлгі қалдырған?! Бұхарай— Шәріптің осы күнгі қорғанын Әмір-Темір салдырған.
XXX
[10.1 мәтін]. һулаку заманында Казыхан хазіретлері фолант қылып кетуі бойынша Түркістан һәм қадимнен келе жатқан зор шаһар еді: бір шеті — Алатауда, бір шеті — Қаратауда. Осы күнде Сайрам суының күнбатысында «Ат бүлағы»-деген жер ат базары еді. Түркістанның күнбатысында «Теке суы» деген жер қой базары еді. «Қырық қақпалы Қарашық» ағанып еді. Сол Түркістанды харап қылып, быт-шыт қылып жіберген — һулаку. Мұның зардабынан: «Құндыгер, Құбақ-деген ел дін исламның шегесі, мұсылманның паналайтұғын жері» — деп, халифа жұртына ауып кетті. Ол заманда халифа Ғаббасияның сарқыншағы серке жияр сықылды сұлтан Ғалауалдин халифа заманы еді. Ер Тұғырыл барып, қолбасы болып, жауын жаулап, жүрт алып беріп, ер Түғырылдан соң, мүның баласы Ғүшманғази (қазы) қолбасы болып, ақырында сұлтан Ғалауалдин өлген соң, Ғұшмангази халифа болды. Сонан осы күнге шейін халифалық — Ғұшманғази әулетінде қалды: «Ғұшмания» деп айтылатүғын себебі бүл. Бұл кісінің асыл нәсілі түркі жүртынан екендігіне «Ғұшмания түркісі» деген сөз қарина мүқлия. Бұл Ғүшмангази халифа болмай, жаңа талап ат арқасына мініп: «Жау қайдалап» жүрген күнде бір үйге мейман болды дейді. Сөйтсе, сол үйде бір құран қабы бар, қабының бауы бар, жоғары асулы тұр екен.
— Бұл не нәрсе? — деп сүрады дейді.
Үи иесі:
— Бұл Құдай сөзі — Құран кәрімалла деген осы, — дейді.
— Ендеше Құдай сөзі Құран тұрган жерде шіреніп, ширатылып отыруға жарамайды, тек түрегеліп тұрсақ керек екен! — деп, таң атканша қақиғаннан какиып тұрды дейді: екі колын ңусырып, Құранды көрген соң, Құдайдың өзін көргендей иіліп.
Ертең таң атып, ол ауылдан былай іпыккан соң, алдынан ак, сакалды Бабай үшырады:
— Балам, сен бүгін түнде Құдай сөзі Құранды ұлығлап, тікеңнен-тік түрып шыктың-ау! Ол еңбегіңді Құдай жеп кетпейді. Өзің ту көтер де: «Ғұшман!», «Ғұшман!» — деп, жауға шап. Ңиямет кайымғаша Ғұшман атың дүниеде калды. Енді мүнан былай
заманның акырына шеиін сенің түкымың жүрт үстаидыі- батасын беріп, жөнеле берді. Сөйтсе, Хазіреті Хызыр екен. Пайғамбар заманынан бас хазірет Ғүмар— ғаділ патша. Онан соң Омаиилдин болган халифалар, онан соң Ғаббасиядан болган халифалар да — бәрі де талап кылып, Стамбулды фатих кылып, Айя— Софияда намаз окимыз дескен екен. Өйткенмен ешңайсысына алуға несіп болмаған екен. Аңырында ер Ғұшман ғазиінің әулетінен сүлтан Фатих атлы халифа фатих кылып Стамбулды алып, Айя-Софияда бес уаңыт намаз окыткан сол ер екен. Онан бұрын халифалык, та әр шаһарға, әр тұқымға көшіп жүріпті: Шамда, Бағдатта, Мысырда, ең аяғы Бұрсада. Ер Ғұшманнан соң халифалык, баска түкымға көшуін үмытты. Сүлтан Фатихтан соң халифалык Стамбулдан баска жерге коныс аударуын үмытты. •
Қазак халкының кариялары:
— Біз үш ханның баласымыз, — десіп сөйлейді, — Сейілхан, Жайылхан, Елхан. Сейілханнан — сегіз арыс Түрікпен. Жайылханнан
— Майкы, Майкыдан туған: Өзбек илан Сыбан. Өзбектің үш баласы бар: үлкені — Мың, ортаншысы — Жүз, кенжесінің аты Қырык дейді. Сыбаннан: Қазак, пенен Созаң. Созаң баласы — Қаракалпак. Ңазактан: Аңарыс, Жанарыс, Бекарыс. Үш жүздің баласы, Қазактың атасы, осы үшеуі екен деп айтысады. Ел ханның балалары
— Қондыгер жүрты. «Ол қайда?» — десең, халифа к,ол астында «Қондыгердің ауыр колы» — деп айтылатүгын бүрынгының сөзінде бар емес пе? — дейді. Түрікпен дегеннің мәнісі — Қондыгер жұрты ауып кеткенде, бұлар мұнда калғаны үшін маңайындагы сарт-сауан: «Түркі мынды — деп, түркілерден қалғандар», — деп, сонан Түрікпен атанып кеткен деседі. «Мал — арыстанның ауызында, түрікпеннің түбінде» деп айтылатұғынлығы, түрікпеннің жігітлері аса ер, мықты
болып, баска жұртка мал сіңіртпесе керек. Сол себептен: «Түрікпеннің түбінде» деп сөйленсе керек деседі. Және қазақ жұрты ескіден бір сөз сөйленсе: «Бүрынгы ноғай, казак заманында» — десіп келеді. «Бұл ноғай, казак демектің мәнісі немене?» — деп, қариялардан сүрасаң: «Ноғай, Қазақ әуелінде бір тұқымдас болған», — дейді. Сол қазақпен тұқымы бірге болган ногайлар: Қызлар ноғайы, Құндырау ноғайы, Аштархан ноғайы, Қара ноғай, Қырым ноғайы, Орал тауындағы Естек— кадимнан келе жаткан ноғайлар осылар!» — дейді. Онан соң: «Мынау Қазандың», «Көшер ауылы», «Мешер аулымыз» — дегендер — бүлар татар. «Татар, колына дәнеме түспесе, бір нәрсені сатар» — деген сөзден кашып: «Біз де ногаймыз!» — десіп келеді. Олардың: «Ноғаймыз» демегі: «Зікіралши лүңүга фи сыхыпта ғира бытырык әл мішекле» — дейді.
Және бір әңгіме айтады:
Ан— хазіретіміз салиалла ғалайссалам өзі тірлігінде жеті күран жаздырған екен: «Жеті ыкылымга үлестіремін!» — деп. Сонда ең әуел бірін Ғарабка беріпті. Ол колына алып, көзіне сүртіпті. Бірін Ғажамға берген екен, ол ңолымен алсымен, төбесіне койыпты. Бірін Өзбекке берген екен, колына түсісімен, ңойнына тығып жіберіпті. Онан соң бірін Татарға берген екен, аларын да білмей, алмасын да білмей: «Бір айналып келіп, жүрерде алып кетейін!» — деп, мешіттің терезесіне койып кетіпті. Қытай, һиндістан, Мысыр-Рум — бұл үш жұртқа үш құран берген екен. «Мұның тілін біліп жатқанымыз жоқ, не қыламыз?» — деп, өзіне қайыра беріпті. «Біреуі өзімде тұрсын», — деп өзі сақтап (сақлап) қалыпты. Манағы Татар мешітке қайта келсе, құран жоқ. «Терезенің түсынан бір сиыр өтіп бара жатқанда, көріп, менің сыбағама тиген қүранымды жеп қойды!»
— деп, сол сиырдың иесімен жатып дауласып, төбеге шыгып, төреге барысып, сиырды сойып, ішінен қараспақшы болыпты. Сиырды сойып, ішін жарып, шек-қарнын ақтарып отырғанда, сиырдың бір тогайрақ деген қарнын көре салып: «Әне-әне, сиясы өшіп қалыпты. Қағаздары қалыбында түр!» — деп. «Ол қағаз емес, Құдай жаратқан өзінің дүниесі», — десе де, ызаланып болмапты. Сонан соң қасында отырған сахабалары Ақ хазіретімізден сүрасыпты:
— Ғараб алды, көзіне сүртті. Ғажам алды, төбесіне көтерді. Өзбек алды, қойнына тықты. Аналар: «Тілін білмейміз» — десіп, қайырып тастады. Мына біреу айрылып қалып, мұнша дау болды. Мұның мәнісі қалай? — деп.
Ан-хазіретіміз салиалла ғалайссалам айтыпты-лар:
— Ғараб: «Өзімнің көзім!» — депті. Менен соң дін өзгеріп, нұсқа ғалатқа айналса, ғараб түзетеді, — депті. — Көзіне сүрткені сол!
депті. Ғажам құранды төбесіне көтерді: мұнан ғалым көп шығады. Ғылымды басына көтеруші бұлар болады, — депті. Ғалымның ец перуайы хазірет Имам Ағзам ғажамнан шыкты. Өзбек алып койнына тыкты. Бұлар Құранның кара затын оқи білмесе де, каснеті жүрегінде калады. Бұл жұрттан әулие көп шығады, — депті. — Онан соңғылардың не болганын кейінгі өз тұсындағылары көре жатады-дағы! — депті. Ғараб, Ғажам, Өзбек — сол үш жұрттан басканың хақында пайғамбарымыз дәнеме демепті. «Құранның тілін білмейміз, оны қайтеміз?» — деген жұрттар көктен түскен кітаптың бірде-біріне тоңтамай, өз ойынан оку жасап, өз бетімен кетісті. Оны көзбен көріп түрмыз. Заманымызда болғаны-көзбен көрген есепті де. Татарлардың арасында Шуаш, Шерміш, Ормұңша, пәлен- түген деген, ру-ру, ата-анасының тұкымы бар. Олар бүгінге шейін: «Құран сиырдың ішінде калған. Молдалар өз ойымен жасап алып, жоң сөзді сөйлейді», — деп, канша айтылған уағыз-насихатқа түспей, миына кірмей, бірінен-бірі сыбырласып сұрайды: «Хазірет не айтты, не шешті?»— деп. Қазан жүртында бір молда шәкірттеріне «Мүхтасар», «Алуңаядан», кітап «Әлбихтан» дәріс беріп отыр екен, Рабы фәсілі екен. Сонда махалласының бір байшыкеш саудагері молдада бір жүмысы болып, дәріс үстінде келіп калған соң, балалар сабаң алып шыккан соң, болсын деп, молда ол байғүсты тоңтатып, отырып калыпты. Балалар да дәрісін бітіріп шыгыпты, бай да жүмысын реттеп (ирәтлеп), үйіне ңайтыпты: «Бүгін хазіреттің мәжілісінде болып, балаларының сабак, алғанын тыңдап, хазірет һәм бек матур айта, балалар һәм бек матур тыңлы. Бұрынғы молдалар не оңыған, не білген? Олар ағаш басында жүргенлер. Хазірет бүгін: «Раббы харам» — дейді. Міне, мен құлагымнан естідім». Кеш артындан түгелдеп, өзі балык жалдап екен. Балык жуып алып сатушы екен. Мұның өзі һәм иарам екен, акшасы һәм иарам екен! — деп, балыкларын далага апарып төктіріп тастатыпты (ташлатыпты). Хазіреттің касында отырып, бір мәселе естіп шығамын!» — дегендегі олжасы.
— МӘТІН.
ҮШ ХАННЫҢ БАЛАСЫМЫЗ...
Мәшһүр Жүсіптің шежіре жинағынан алынған сөз.
Біздің казақ халқының кариялары: «Біз үш ханның баласымыз» — десіпті: Сейілхан, Жайылхан, Елхан (Айылхан). Сейілханнан
— сегіз арыс Түрікпен, Жайылханнан — Шанқы. Майқыдан: Өзбек пен Сыбан.
Өзбектің үш баласы болган: үлкені — Мың, ортаншысы — Жүз, кенжесі — Қырық. Сыбаннан: Қазақ пен Созақ. Созақ баласы
— Қарақалпақ. Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. «Үш жүздің баласы, Қазақтың атасы — осы үшеуі екен» — деп айтысады. Елханның балалары — Қондыкер жұрты, ол қайда десеңіз, Сламбол [Стамбул— Е.К,.] халифасы қол астында.
— МӘТІН.
«ҒҮШМАНИЯ» ТАРИХЫ
«Ғұшмания» аталған түркінің баба уаждадлары: оғуз түркіменлерінде Қайы шығпасынан бәдәуи көшпелі тіркек тімкіз улан бір қыбыла еді. Шыңғыс (Шыңғыз) уақытына қыдыр иали мың хана дін лұрға бір қыбыла өлместер (улмішлер) Сүлеймен Шахұғлы арты ғырыл діндар сұлтан Ғұлайалдин өл[г]ен [соң], татар, моңғол әскерін (ғаскерін) тар-мар қылып, 110—те опат өліп, ұлы (үғлы) Ғұшман Ғазиыны орнына қалдырмыш. Ол күнде тұрған жері Анкарада (Анқарада) болмыш. Сұлтан Ғүлауалд[ин] өлгеннен (өледин) кейін, оның орнына таққа, өлтіріп, Халифа болған дейді. Ескі тарихлар баяны бойынша Быжнаклар-Оғуз ханның төртінші ұлы Көк ханның екінші ұлы. Быжнакқа дініне мініп, түркілерді: түрік, түрікпен, қазақ, қарақалпақ. Тұқымдас жоталысы (жүдәлісі) — түрік, түрікмендер. Жүрыны — қазақ, қарақалпақтар. Бір уақыт Иран мемлекетіні, һиндустане қыдыр кеңейтміш ұлан мәшһүр Нәдір шақ Афшар есімлі бір түрікпен қыбыласынан нышат етміш бір түрік еді. Кешегі Исатай батырға жолдас болған Махамбет батыр: «Осы Нәдір шақ жұрағатымыз» — дейді екен. Манжүр-татардың бір атасының ұлы. Бұ күнде саламат алған Қытай патшаһлары Манжүр тұ[қ]ымынан. Татар ұлы бір түрік дүр патша сарайыны қоршаған. Татар шаһары-дүр асыл Қытай шаһары. Татар шаһары Харжинда дүр. Қытайда жетпіс (итміш) миллион мұсылман бар деседі. Қытай патшасының пайтақты Пекин шаһарында отыз бес мешіт жайы бар дейді.
— МӘТІН.
ШЕЙБАНИ ХАН
1199-ыншыда Әбілңайыр немересі Шейбани хан Әмір Темір нәсілінен Бұхара, Самарңанды алып, 11(11)-іншіде Ташкентті алмак, болганда, Ахмет Алашы, ағасы Жаңамұхаммед екеуі Ташкент ханы, Ортөбеде Шейбанимен соғысңанда, казактар:
— Шыңғыс тірі күнде бізді Жошы ұлысына беріп еді. Шагатай біздің ханымыз емес, тәжік-сарт туысңанымыз да емес. «Өзбек өз агам, сарт болса, садағам» — деп, Шейбани ханга косылды. Сол соғыста Шейбани хан жеңді.
— МӘТІН.
ҮШ ЖӘНІБЕК...
Және бір сөз — көп ортасына салатұғын. Біз бұрыннан естуші едік: «Үш Жәнібек болган, — деп. — Бірі — Әз Жәнібек, бірі — Өр Жәнібек, бірі — Қыз Жәнібек. Әз Жәнібек, Жиренше шешенніц заманындағы хан Жәнібек, Ноғайлының ханы болған, Жайык, бойында ордасы болған. Мүныц хан күнінде казак та бүған караіан», — деседі. Өр Жәнібек — Шакшак немересі. Жәнібек калмактың ханы Қалдан Шерінмен замандас болған. Кыз Жәнібек Керейден шыққан, өзін өмірінде жан ашуландыра алмаған, орыска бағынбаған. Бодамсыз Керейді бастап, аудырған. Осы Қ ыз Жәнібек бара бетінде жолшыбай жолаушылыцта каза тапңан. Бұл үшеуінен баска «Жәнібек» атты қазақтан көп шыкты. Күні бүгінге шейін батыр атанбаған казак бар ма? Кеше Николай заманында партия салдарымен бір шыбынға әлі келмейтүғын көде көрместерді де атын атай алмай, «батыр, батыр» десті. Керейден шыккан Жәнібек — арғыдағы кісі, Тіленші би — мұндағы кісі. «Бұл екеуі бас косып сөйлесті» деу жалған сөз болады. Абайдың бұрынғы сөздері ем дәрідей көзге тотия еді. Көбейіп бара жатканы, бүрынғы тәттілігін бүзбаса, түзеген жок. «Қарын тойса, карта да бір нәрсе сасиды» — деген бар емес пе? Орысша окымаған білмегені де переводчик болуға айналған.. «Аруақ картайса, жын болады» — деген осы. Қазаққа қазақ ертегісі гацсык, пароходта жүрген бүзғышлардыц әцгімесінің мықының кұны жоқ. «Ат пен есектіц ақыры бір болса, мінездес болады» — деген сөз сүттен ақ, айдан жарык. Бас қосқаннын көбі жетілмеген, піспеген шіп-шикі бала болған соң, бұрынғы жетілді, пісті деген мың сөзі де баланың сөзі болып кетті.
11-МӘТІН.
ЕР ЕДІГЕ
(бірініиі нцск,а)
Қазак жүртынан Едіге деген ер шықты.
Едіге деген ер екен,
Елдің камын жер екен.
Ел шетіне жау келсе:
«Мен шығайын!» — дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің камын жер екен.
Өзінен бір жасы үлкен болса,
«Ғазизім, сіз білесіз», — дер екен.
Едіге деген ер екен,
Елдің камын жер екен.
Өзінен бір жасы кіші болса,
«Ботам, сен тұра тұр,
Мен айтайын», — дер екен.
«Едіге деген ер дүрмін,
Үзілмес жібек кендірмін.
Өзі білмегенге,
Білгеннің тілін алмағанға —
Еменнен шокпар шекесіне
Шық еткізетүгын мен дүрмін», — дейді екен.
Алтыннан шүмегі, күмістен түбегі бар бесікте жаткан бала күнінде біреу тауып алып, Түркістанда Тоңтамыс ханга апарып беріп, сонан Тоңтамыс асырап, асың ойнап жүрген бала күнінде ол Тоңтамыстың берген төресін бұза берген екен. Мүның әңгімесі казакта бір үлкен кітап еді. Бүл күнде ескі сөзді жүрт үмытып, тыңдалтпы жоктыгынан айтушы азайып кетті. Бір бұзған төресін сөйлейік. Тоқтамыс заманында бір адамның жеті баласы бар екен. Өзі өліп, жалғыз ешкісі калып, жеті баласы калыпты. Сонда тірі жүрген ешкіні тірідей жетеуі үлесіп алып, меншіктесіпті. Басын біреуі алыпты. Екі көзін біреуі алыпты. Төрт аяғын төртеуі алыпты. Өзге денесін біреуі алыпты. Сонда бұл ешкінің ең кенжесіне тигені арткы аягының біреуі екен. Сол кенженің сыбағасына тиген аяғы аксап, оган бұрыш, тотыяйын салып, шүберек орап койса, сол шүберек біреудің шығарып тастаған күлін басуменен, ішінде калған оттан тұтанып, сонан барып, біреудің егініне жайылып тұтанған шүберектен от алып, егін өртеніп кетіп, егін иесі жетеуімен дауласып, Тоқтамысқа келсе, Тоқтамыс хан шүберек орағанды кінәлі қылып, егіннің төлеуін жалгыз соган бұйырыпты. Ол бейшара зарлап, ботадай боздап келе жатқан соң, асык ойнап жүрген Едіге сұрапты. Сонан ол бастан-аяқ әңгімесін айткан соң, жетеуін бірдей шақырып алып:
— Хан мүның төресін білмей берген екен. Мұның төресі ол емес, мынау: бас бастамаса, көз көрмесе, сау үш аяк, жүрмесе, өзі жүруге жарамай калған, көтеріп жүрген ақсақ аяқ кайда барады? Мұның төлеуіне бұл кінәлі емес. Бастайтұғын бас иесі, көретұғын көз иесі, жүретұғын сау үш аяң иесі, солар кінәлі (виноват), — дейді.
Мұны бүлар кайта Тоңтамыс ханга барып айтып, жұрт бұл сөзді қостапты. Неше жерден Тоқтамыстың төресін бүзып, төре бере бергеннен, Тоқтамыс хан қиянат кылып, сол ңиянатын сезіп, кашып кетіп, акырында айналып келіп Тоқтамыс ханды шапканда, Тоқтамыс ңашып, жалгыз баласы Нұралыны:
— Осыны өлтірмей кайтпа! — деп, соңына салып жіберіп, бір копаның ішіне жалаң аяк, кіріп кеткенде, аягын камыс жаралап, сол канаган канның ізімен барып тауып өлтірген. Сонда Нұралы кетерінде: «Тоқтамыстың бір кызын маған кой!» — деп, әкесіне тапсырып кеткен екен. Тоқтамыстың ханымы мұны естіп, әкелі- балалы екеуін араз ңылу үшін, сол қызды жасап түрлентіп, Едігенің өзін қызықтырып:
— Бала сіздей болғанша, неше ңыз табылмайды?! Бұл менің балам, өзіңізге лайың бала! — деп, кызын Едігеге косып.
Сонан Нұралы кайтып келгенде, өзі меншіктеп кеткен кызды әкесінің алып ңойганына өкпелеп, әкесін керек кылмай, тастап кетіп калған. Сол Тоқтамыстың елін шапканда, Тоқтамыстың бір күңі жаңа босанып, еркек бала тауып жатыр екен. Жаңа туып жаткан жас нәрестені аяп, бір күла бие берген екен: «Сүтін сауып ішіп, балаңды асыра», — деп. Сол бала ер жетіп, Кейкуат атанып, ат аркасына мінгенде, Тоңтамыстың канын іздеп, Едігеге карай бет алып жүрді дейді. Едігенің қартайған кезі екен. Кейкуат қарсы ұшырап, каруласайын дегенде, Едіге айткан екен:
Қулық туған құлаша Ат боларын білмедім.
Күңнен туған Кейкуат Жат боларын білмедім.
Қулық туған құлаша Ат боларын білгенде,
Күңнен туған Кейкуат Жат боларын білгенде,
Ноқтада басын кеспес пе ем?
Жөргекте көзін теспес пе ем?! — деген екен.
Сонан соң Кейкуат:
— Мен туып жатканда: «Балаңды асыра» — деп, құла биені беріп кеткен жаңсылығың бар еді. Сол үшін саған кару жұмсамайын. Қатын болсаң, күле-күле жүрерсің. Ер болсаң, шабыңнан жарылып өлерсің! — деп, жүре беріпті.
Сонан соң Едіге:
— Ой, бәрекелді! Әттеген-ай, сол шаранаға былғанып жатканда, мүның көзін жогалтып кетсем, маған бүл тосу болмас еді-ау! Осы сөзін өткізіп кеткені үрганнан жаман болды-ау! — деп, күса болып жарылып өліпті.
Нұралы катын алып, балалы болған екен. Сонда Нұралының келіншегі жас баланы бесікке бөлегенде, жөргегінің арасына шеңгел төсеп бөледі дейді. Бала шырылдап таң атканша жылап шыгады дейді. Сонда Нұралы:
— Бала неге жылай береді? — деп сұраса,
— Жөргөгінде тікенек ол-пүл бар шығар. Сонан тынышсызданып жылайтұғын шығар, — дейді екен.
Онда Нұралы айтады екен:
— Жөргегін тазалап, тікенек, ол-пүлын арылтып, неге бөлемейсің? — деп.
Онда келіншегі айтады екен:
— Уай, тәйірі-ай, әке Едігедей-аң болар, бала Нұралыдай-аң болар. Нұралы Едігеге не көрсетті? Бұл саған не көрсетер дейсің?! — дейді екен.
Мұны келіншегінен естіген соң, Нұралыға ой түсіп, аттанып, Кейкуаттан барып әкесінің кегін алды дейді. Едігенің өзінің түраң кылган жері Ұлытау, Кішітау екен. Өзі тірісінде өсиет кылган екен:
— Мен кашан өлсем, сүйегімді қаратаудың Мыңжылқы деген тауының түбінде Созаң деген ңорганның күнбатысында Бабай түкті Шашты Ғазиз (Әзіз) атам бар, соның ңасына апарып қойыңдар, — деп.
Сол өсиеті бойынша, ер Едігенің сүйегі сол жерге ңойылган екен. Бұл сөзді кеше Жалаң аяң Ашдұр айтып, ол кісі де өзін сол жерге қондырған екен. Кеше Куандықтан шыңңан Арық қоңырбай Айкожа ишаннан халфе болып шыңңан; Ақпан, Байыстың Аңпанымен екеуі барып, Түркістанда мырза Фаиасын билеп тұрған заманда сартпен дауласып; «Жалаң аяқ Ашдүр ңазаңтан шыққан әулие, Керейіт Сары сопының баласы еді — деп, — сүйегін Арңаға алып барып қоямын!» — деп, сартты сөзден жеңіп, көрін аңтарып, Жалаң аяқ Ашдүрдің денесі шірімей, сасымай көмілген қалпында жатыр екен дейді. Қол созып ала бергенде, ашың тұрган күн алай-түлей боран болып кеткен соң: «Қойылған жерінен қозғағанын аруағы жаратпады-ау!» — десіп, ңайта жауып, үстіне белгі тұрғызып, сонда Арың Қоңырбай Ақпанға айткан екен:
— Мен сенен бұрын өлемін, мені осы жерге қойыңдар! — деп.
Өзінің өсиет қылуымен алып келіп, Акпан Арың Қоңырбайды да сол араға апарып қойыпты. Ол жерде Бабай түкті Шашты Ғазиздың барлығын Едіге айтыпты. Ол екеуінің барлығын Жалаң аяк Ашдүр айтыпты, Жалаң аяк, Ашдүрдің барлығын Арық Қоңырбай айтыпты. Арық Қоңырбайдың анық, сол жерде екенін, міне, біз айтып отырмыз. Осындай біреуден-біреуге мирас калып келе жаткан сөз. Тоңтамыстың сегіз ұлы сегіз жаққа қашып кеткен. «Ешкі егіз, бір нәрсе сегіз табады» дегендей, саны сегіз болганмен, дәнемеге жарамаган. Тоқтамыстың түбіне жеткен Едіге екендігі қашқан сегіздің сөздерінен мағлүм. Еділ-Жайык, бойында орыс орманының ішінде жүргенде біріне бірі айтысады екен: «Еділ катса, кім өтпейді, Едіге өлсе, кім кайтпас дейсің», — деп. Едіге мен Нұралының уақтысында бүлар Түркістанды көре алмаган. Қазак жұрты әңгіме қылып айтысқанда: «Үш Едіге өткен екен: «Әуелі — ер Едіге, онан соңғы — әз Едіге, ең акыры — би Едіге. «Едігенің майлы жұрты» атанган уақытысы — би Едігенің заманындағы сөз еді!» — десіп келеді. Ол би Едігені де сөйлейміз.
19-МӘТІН. ҢАЗАҢ ХАНДАРЫ
(бірінші цлгі) [19.1 мәтін. Алаша хан әңгімесі]. Қырық сан қырым, отыз сан (нышан) Рум, он сан Оймауыт, тоғыз сан Тор[ғауыт], он сан Ноғай бүлгенде, Ормамбет би өлгенде, Ноғайлының елі бір алаша тайдан бүлініпті. «Ала тайдай бүлдірді» — делінген сөз сонан калыпты. Сол заманда Қондыкер, Құбан, Құтан, Коғам дегендер болыпты. «Түгел сөздің түбі бір. Түп атасы — Майқы би, — деген болыпты, — Тоғыз ханды колынан таққа отырғызған кісі», — дейді. Қырық ханның бірі болган Қызыл Арыстан деген Бүхарада тұрып, осы күнгі бір өзінде он бес азаншы азан айтатұтын мұнараны сол Қызыл Арыстан хан жасатқан екен деседі. Бәйбішесінен бала болмай, Қызылаяө деген бір елді шауып, ат көтіне салып келген бір кызға хан аяқ салып, онан бір бала туып, сауысканның ала[сындай] ала туып, бәйбіше өзінен тумай, токалдан туғандығын [іштарлык] кылып, күндеп:
— Бүл балаңды балам деп саңтама, көзін жоғалт, карашығын батыр! Мынау өскенде, жұртыңды ала қылып, «ала тайдай» бүлдіред[і]! — деген соң, хан қырық жігітке бұйырыпты:
— Мына баланы, тапкан шешесін Сырдариядан әрі (ары) өткізіп қоя беріңдер. Өлсе, өлсін, өлмесе, өз бетімен каңғып, күнін көрсін! — деп, жер аударыпты, — Зынаһар кайтып бүл жүртты мына қатын мен бала да көрмесін, сендер де көрмеңдер! — деп.
Бұлар Сыр суынан өтіп, Алатау, Қаратаудың алабына келіп, жан сақтап, күнелтіпті. Бала өз асын [өзі] ішерлік болған соң, ешкімін [жақтырмай...] дәл он екі жасында аң аулап жүрген Майқы бидің баласы [Үйсінге] оқтай үшырап кез болып, бір ауыз тіл қатпапты. Бала қала беріпті. Үйсін үйіне [барға]н соң, Майқы биге сөйлепті:
— Бір ағаштың көлеңкесінде отырған баланы көрдім. «Ай дейін десем, ауызы бар. Күн дейін десем, көзі бар». Көрген кісі қызығып, «бір қасық жұтып жіберерлік». Жалғыз-ақ айыбы тілі жоқ екен! — депті.
Майқы би өзі ақсақ: өмірі арбамен жүреді екен. Арбасын көлікке салдырмайды, жаяу кісіге тартқызады екен:
— Мені арбамен алып барыңдар, көрейін! — деп, барыпты. Бала Майқы биді көргеннен ұшып тұра келіп:
— Ассалаумалейкум, хан біткеннің қазығы, Бұқара жұрттың азығы! — деп, сәлем беріпті.
— Әлейкімүссалам, әмісе аман бол, балам! Болайын деп тұрған ұл екенсің, қолына алып, қайырып салушының жоғынан тұр екенсің! Кел, балам, қасыма мін! — деп, арбасына мінгізіп, үйіне [алып кел]іп:
Төртқұл ошақ қаздырып,
Төбел бие сойдырды,
[Тө]менгі елді шақырды.
Жорға бие сойдырды,
Жоғарғы елді шақырды.
Ала бие сойдырды,
Аймақ елді жи! — деді.
«Ердіц ері, егеудіц сынығы», — деп, баласы Үйсінді бас цылып, жүз жігіт косып берді:
— Ңаратаудан әрмен (арман) карай асыңдар. Ұлытау, Кішітау деген таулар бар. [К,]аракецгір, Сарыкецгір, Жездікецгір, Айдаһарлы, Құдайберді деген жерлерге барып, ірге теуіп салык салыңдар! Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жер болуды ойлаңдар! Күндердіц күнінде осы бала хан болады, сендер карашы боласыңдар! Хан әділ болса, басынан бағы таймайды. Қарашасы табанды болса, кара жерден кеме жүргізеді!» — деген — [деп, батасын беріп жөнелтті] жіберді дейді.
[Бұл жорыңшылар Қаратау]дан асып, Шу мен Сарысудан көктей өтіп, [Май]қы бидің айткан жерлеріне келіп, ұйңыны бұзып, жылқы алды, күймені бұзып қыз алды. Көш елді көш- жөнекей шапты, еру елді отырған жерінде шапты. Өз алдына мал малданып, жан жанданып, үйлі-баранды бола бастады! Сатусыз дүние алған соң, қалыңсыз қатын алган соц, ел болмасңа немене, жұрт болмасқа немене?! Бұлардың мұндай болганын баягы Қызыл Арыстан хан естіді, Құтан, Қоғам, Қондыкер, Құбан, Майқы билерге елші жіберді:
— Менің баламды жігіт-желец беріп, желіктіріп жібергені
— не қылғаны?! Баламды өзіме алып келіп берсін, менен қалағанын алсын! — деп.
Сонан соц бұлар Қотанүлы Болатты жіберді жүз жігітпен: «Сендер барып, шақырып келіцдер!» — деп. Бұлар келген соң, бұларға еріп қайтуды керек қылмады. Өздерін жібермеді. Және келгендер кайтқысы-келмеді:
— Аты бестісінде ңартаятүғын, жігіті жиырма бесте қартаятұғын, көгелден баска құсы жоқ, көк шөпті жұлғаннан баска ісі жок, сарттың отыны мен көмірін тасып бергеннен баска көрер кызыгы жоң елден не аламыз? — деп.
Сонан соң хан тағы қайта-қайта кісі салдырып қоймаған соц, Қоғамұлы Алшынды жүз жігітпен жіберді:
— Сендер барып жатып алмаңдар, шақырып келіцдер! — деп.
Олар да кайта алмады:
— Дені сау жас азаматңа жалғанныц ңызыгы мұнда екен! — деп.
Ішкені — жылкыныц сүті, сапырулы сары қымыз, жегені
— казы-карта, жал-жая, жылкыныц сүр еті. Құдайдың құтты күні құшқаны — сұлу қыз, келіншек. Бұлар да орнығып тұрып алды.
— [Біз] енді ел болғанымызды, жұрт болганымызды жұрт [көзіне түсірейік!] — деп, баяғы ала баланы алашаға салып, хан көтерді. Оған «Алаша [хан» деп] ат койды. Әуелгі келген жүз жігітті, оның бастығы — Үйсін: «Ұлы жүз Үйсін» ат қойды. Ортаншы келген жүз жігіт, оның бастыгы Болат, оған «Ақжол» деп ат койып, «Орта жүз Ақжол» ат койды. Ең соңгы келген жүз жігіт, оның бастығы — Алшын, «Кіші жүз Алшын», деп ат койды.
«Жауға шапканда, «Алаш» десіп шабайык! — деп, «Алаш» деп ұран шақырды. Кеше: «Алаш Алаш болганда, Алаша хан болганда, үйіміз — агаш, ұранымыз «Алаш» болганда, үш жүздің баласы қазақ емес пе едік?!» — деп айтылған сөз сонан калды. «Болатқожа» дейді, «Аңжол» дейді, екеуі бір кісінің аты. Өзінің шын аты Жанарыс екен деседі. Жұрт ауызында «Акжол» аты калған. Ұлы жүз ұраны — Бақтияр, Кіші жүз ұраны — Алдияр, Орта жүз ұраны — Ақжол. «Естіген құлақтың жазығы жоқ». Мен естігенімді жазамын. Біліп жазушыга таласым жоқ. «Сөздің өтірігіне нанба, келісіне нан. Өтірікке нанса болар, келісін тауып айтушы болса!» — деп, Өз Жәнібек хан айткан. Казактың бетімен жайылған койдай емін-еркін, өз тізгіні өзіне тиіп, катын керек болса, ногайлардың кыздарын еріксіз, сұраусыз алып кете бергендіктен, ногай халкы казакты бүл күнгеше жек көріп кеткені сол дейді. Қалмақ ежелден атасының асындай болған. Онан олжаға үл түссе, «құл» дейді, қыз түссе, «күң» дейді.
XXX
[19.1 мәтін. Алаша хан ұлы Жошы хан әңгімесі]... Бетпаң жолында «Таңбалы Нұра» деген жер бар. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Үш жүздің баласы казактың таңбаларында талас болса, сол тастан барып карасады. «Алаша ханның тұсында басылған таңба» — деседі. «Мұнан бұрын «сагымнан пайда болган» Шыңғыс хан да тоңсан екі баулы Ңыпшакңа таңба үлестіріп, ұран койып берген екен!» — деседі. Алаша ханның тамы Қаракеңгірде, өзеннің күнбатысында. Ташкент, Түркістан ұсталары жасаған күйдірген кыштан салынған. Өзінен ңалған нәсіл түңым жоң, жалғыз баласы Жошы бала күнінде аңға шыгып, аты күланмен елігіп, желігіп, бала атын ие болып тоңтата алмай, жығылып, аты сүйретіп өлтірген. Сонда касында бірге шмккан жігіт-желеңі ел бетін көре алмай кашып, зым-зия жоғалып кеткен. Аңға кеткен бала келмеген соң, хан да, жұрт та түсінген:
— Бұ бала енді жоң болды. Кімде-кім баламның өлімін есіттірсе, басын аламын! — деген.
Сонда бір Кетбұға деген домбырашысы бар екен, күй тартады екен. Бір күн домбыра тартканда, домбыраның күйімен баланың өлгендігін сездіріпті:
Алаша хан, Жошы хан,
Ақсақ құлан жосыған.
Құлан теуіп өлтірді-ау,
Бұйрығын актан келтірді-ау! — деп, тартады дейді күйді.
Хан:
— А, Кетбұғам, сенің домбыраңның дауысы бұзылды-ау! Біліп отырмын: сен домбырамен айтып отырсың:
Алаша хан, Жошы хан,
Ақсақ құлан жосыған!
Мен кеще кісі болмасам,
Ханның жалғызының жайрап қалғандығы
Дәл келеді-ау осыған! — деп, ханның аузынан шыққанда, жұрт шулай қоя берген:
— Алдияр, тақсыр, өз аузыңыздан естідік! — деп.
Сол уаңыт: «Құлан шуы» делінген уаңыт екен. Малдың балалап, аң да, мал да төлін төгіп жаткан кезі екен. Хан жарлык, кылды:
— Төрт түлік малды баласынан айырсын. Жаңа туып жаткан жас төл енесіне жамырамасын! Хайуан да мендей аза түтсын!
Өзі ас-шу ішпей, төсегінен басын көтермей, теріс карап жатып алыпты. Өзі «қара қылды қақ жарған» әділ екен. Екі даугер келсе, ұйкыда жатса [да], шошып оянады екен. Ас ішіп отырса, аяғын жерге қоя салады екен. Сол екі даугердің көңілін дауалатпай, ішкені ас болмайды екен. Ханымы кіріп келіп:
— Таңсыр, есік алдында екі даугер келіп тұр!— депті.
— Дауы не екен, сұрадың ба?— депті.
— Сұрадым: біреуі бөтен жұрттың жолаушысы екен де, біреуі өзіміздің күнде көріп жүрген Жонбас екен. Жолаушы үзын жолға кетіп бара жаткан: «Қайтарымда алармын», — деп, Жонбасңа ат басындай алтын аманат қалдырып кеткен екен. Сол жолаушы барған сапарынан қайтып: «Енді алып кетейін» — десе, Жонбас бермепті: «Баяғыда сенікі болганы не керек? Менің көзім, қолым үйреніп, бауыр басып калыппын, бермеймін!» — дейді екен — депті.
Хан:
— Былшылдамасын, берсін. Кімде-кім болса, аманатты сақтар болар, иесі сүрай келсе, өзіне ңайырар болар! — дегенде, ханымы:
— Төреңізге құлдык, таңсыр! «Хан екі сөйлесе, кара болады. Кара екі сөйлесе, катын!» деген. Бұл бала жасаган Иемнің сіз бен бізге сақтатқан аманаты емес пе еді?! Аманатын Иесі өзі алды. «Өзінікін өзі алды» — деп, өкпелегенмен, өкпе жүре ме?!— дегенде, хан басын көтеріп алыпты:
— Сенікі дұрыс екен де, менікі бұрыс екен! — деп, сабасына түсіп, отын оттап, суын ішіп, мал баласын жамыраттырыпты.
Сонда бір боз інген жеріп, ботасын алмапты, хан:
— Осы бота аштан өлсе, обалы мойнымда калады-ау! — деп,
— Осының ботасын алғызғанға калыңсыз қыз берер едім! — деген соң, баягы Кетбұға бес саусагын сірімен каптап алып, күй тартып, хан баласының мән-жайын домбыраның күйімен сөйлеп, естіген жүрт та езіліп, су болып ағыпты. Інген де есінен танып, балкып кетіп еміреніп, ботасын емізіпті. Сол күйдің аты: «Бозінгеннің күйі» — аталып калыпты.
Бала күнімізде К,ызылтауда екі шал тартымпаз еді. Біреуі
— Күлік Ақай Киялша; біреуі — Қақсал Отыншы. Сол екі шалдан соң үш жүздің баласында солардай күй шертетінді көргенім де жок, естігенім де жоң. Сонда тартымпаз шалдар «Бозінгеннің күйі», «Бозайғырдың күйі», «Орыс Қазанды алғанда, ңатын-кызының шулап жылаған күйі», «Алшагырдың аіңы күйі», Тәттімбеттің «Сылқылдағы» деп, тартушы еді. Жұрт сүйсініп тыңдап, аузынан суы ағып, мұрнынан боғы ағып, жылап отырушы еді.
Хан:
— Енді мұның өшін қүланнан аламын! — деп, жүртқа сауын айттырып, ат жараттырды. Қыз, бозбалаға ор қаздырды. Бозбала кетпен алып, жер шабады, тамағын, сусынын қыздар даярлап беріп тұрады. «Құлан өтпес» деген су құлан үшін қаздырған ор екен. Сонда құлан қуғанда, жұрт көзіне түскен құланнан бес-ақ құлан құтылыпты. Шу бойында сол құланның құтылған жері «Бесқұлан» атаныпты. Екі жүйрік ат бар екен, құланды қойдай иіріп, соғатұғын: бірі Еңкейторы ат, бірі Аққабақ. Еңкейторы ат өлген жер «Еңкей» атаныпты. Аққабақ ат өлген жер «Ңабақ» атаныпты. «Еңкей», «Қабақ», «Құлан жалақ» деген жер аты болып қалыпты.
Баласы өлгенде, келіні оң жақта отырып қалған екен:
— Баламды жоқтатамын! — деп, келінін оң жагына түсіртіпті.
Баласының бір санын тауып алып, соған там салдырыпты: «Жошыханның тамы», дейді. Онан соң Алаша ханның тамын келіні салдырыпты: өзеннің жел жагында бір мүралтайдың үстінде. Келін өз тамын өзеннің ығынан ойпаң жерге салдырыпты: «Атам тамына көрініп түрмайтын жерде болсын!» — деп.
Жетікеңгірді жайлап, қыстап жүретүғын бір Найман сөйледі:
— Алаша ханның тамының жоғаргы жагынан бір кірпіші түсіп еді. Жазуы бар екен: «Хысырау хан ханымының аты «Ханбибі»
— деп жазылған екен, — дейді.
Қазақтың қазақ болып, көзге түсіп, ауызга ілінгені осы Алаша ханның хан болып, басын қосып, біріктіріп, орын тептіруінен болған. Сонан бері Алаш ұранды қазақбайдың баласы жанжал (жаңжал), ұрыс, төбелес болса, «Алаш, Алаш», — деп айғай салса, естіген қазақта ес қалмайды. Мұнан соң бұл қазаққа Асан Қайғы хан болған. Ол орнығып, табан теуіп тұра алмаган. «Бұл Сарыарқаны кәуір алады, моламды кәуірдің атынын аяғының астында қалдырмаймын!» — деп малды үш жыл ту ңылып, Жиделі Байсынга ауып кеткен. Сонан соң бұл қазак, Ноғайлының ханы Әз Жәнібекке караған. Ол қазақты өз заңына, бетімен жайылған калпына жіберген. ұлы жүзге: «Үйсін аға», — деп, Үйсіннен датка сайлап, Жалайырдан көтермеші орынбасар сайлаған. Орта жүзге: «Арғын аға» — деп, Арғыннан датка сайлап, Найманнан, — оған көтермеші орынбасар сайлаған. Кіші жүзге: «Алшын аға» — деп, Алшыннан датка сайлап, Жаппастан оган көтермеші орынбасар сайлаған. Қарап отырғанда бір бос әңгіме. Шын-өтірігін Құдайдан баска білуші жок.
XXX
[19.1 мәтін. Қазак, хандары]. Әз Жәнібектің тоғыз ұлы болған: тоғыздың бірі — Қасым хан. Бұл тақты Сарайшыктан көшіріп, Ұлытауға орнаттырған. Қазақты катарға бір косып кеткен — осы Қасым хан. Қазақ, ортасында «Қасым ханның қасқа жолы» — делінген сөз үлгі өсиет болып калған. қасым хан өлген соң, балалары бакка, такка таласып, ноғай, өзбек, қалмақ — үшеуі үш жақтан жау болып, быт-шыт болыққырап, Қасым ханның бел баласы Ақназарды хан көтеріп, бұл Акназар «ңайратты, батыр хан» атанып, өзбек ханы Шибаниларды көтінен пыстырып, Ноғай ханы Көшім ханды қорғалатып, үйінен шыға алмастай қылып, орыстың ол уакыттағы патшасы Төртінші Иван Ақназарға елші жіберіп: «Жауласпайың, сауда араластырып, керуен жүргізіп, тұрысайық!» — деп, Ақназар қазақты Қасым хан тұсындағы [калпына] бір түсірген [е]кен. Аңназардан соң Шығай хан хан болып, бұл аталарындай болмай, осалырақ туған жан болып, қазақ ұйкалак-кұйқалақ болыққыраған. Шығай хан баласы Тәуекел хан болып, Тәуекел өзбек хандарымен жауласып, мұның ңосыны— күшті тамак, жеп жүрген казак, өзбек хандарының ңосыны— «біттей бөдененің бір санына күпті болдым» деп жүрген сарт, қазақпен қағысуға шыдай ала ма?! Тәуекел хан Ташкен, Түркістан, Әндіжан, Самарңан бәрін [д]е өзіне ңаратып алып, тақты Ташкентке көшіріп, орданы Ташкен қылып, тұрып алған. Тәуекелден соң «Еңсегей бойлы ер Есім» хан болып, өзі Түркістанда тұрып, Ташкенге Тұрсын ханды ие қылып тұрған күнінде, Имамқұлыхан деген хан өзбекке хан болып, Бұхараны билеп, «Еңсегей бойлы ер Есіммен үш рет соғысып, Түркістан, Ташкенді ала алмай, жеңіліп, қайта берген. Есім ханнан кейін ңазаң тағы жүдеу бас болып, Ташкеннен айырылып калған. Қазақ Есім ханнан соң оның бел баласы Салқам Жәнгірді хан көтерген. Бұл кезде қалмақ қоңтажысы күшейіп, қазаққа дамыл бермеген, қысқа күнде қырық шапқан. Соғыс болса, қалмақтын иығы аса берген. Жоңғарлар жеңгенде, қазақты тырп ете алмастай қылып, ойсыратып шауып кете берген. Қазақ сондай қатты қырғынға ұшырағаннан кейін де іле-шала қайтадан жиылып, қалмақпен соғыса берген. Бақытты ханы жоқ, тайсалмас батыры жоқ көп жаманның жиылып, төбелесе бергенінен не өнеді?!
XXX
[19.1 мәтін. Әз Тәуке заманы]. Салңам Жәңгірден соң Әз Тәуке деген хан болды. Мұның өзі акылды, табанды кісі болды. «Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды» — деген ңалыппен хандык кылды. «Күлтөбеде күнде кеңес» деген сөз — осы әз Тәуке заманында айтылган сөз. «Кері кеткен елдің кеңесі көп болады. Кедей елдің көш басшысы көп болады» Бұл сөз де сол заманда айтылған сөз болса керек. Тарих ақтарғандар бір мың алты жүз қырық үште [1111] ңалмаң дәуірлеп көтерілді деседі. Мың жеті жүз жиырма үште Қалдан Шерін Ташкентті билеп, тағын Ташкентке орнатқан деседі. Бұл қалмақ дәуірі көтерілген кезде Ұлы жүз Қоқантқа (Қожантка), Орта жүз Самарқанға, Кіші жүз Хиуаға қарап кетті деседі. Ақтабан шұбырынды Орта жүздің басынан кешкен уақиға болса керек. Ұзын-ырға (үрға) мөлшермен есептеушілер: «Мың жеті жүздің жиырмасының [1110] шамасы ма, ңалай?» — дейді. Ұлы жүз Жоңғарияға қарап ңалды да, Орта жүз жұттан қашып көшіп, жаудан қашып босып, әрі жұтқа, әрі жауға ұшырап қалған, тамтығы Арқаға келіп қалған деседі. Олардан бұрын бұл Арқада: Он екі Қазылық, Ой Түндікте Найман бар екен деседі, Қанжығалы, Бәсентиін бар екен деседі. Ауып, жүдеп-жадап келген ел Найманнан қырық биені бір түнде сойып алыпты. Найман: «Бұл ңырың бие еруліктерің болсын, өзімізге рқұсат (ұлықсат) ңылыңдар!» — деп, өрге ңарай көше жөнеліпті. «Жеті момын» отырып қалып, шауып, талап алған емес, жан жалғау, тойынғанша шет пұшпақтап азың қылыпты. Қанжыгалы абыз Шомақтың қызын «қолынан емес, жолынан алғандай» алып, Қаз дауысты Қазыбек тұңғышы Конайға қосып, сол Қонай жастай өліп қалып, Шідерті бойындағы «Қонай» соның атында Қонай атанып қалған дейді. Сонан соң Қанжыгалы, Бәсентиін Баянаулаға келіп орнығып, Сүйіндік келген соң, бұлар онан да сырғып, Ақкөл Жайылма, Тоғайға түсіп кетеді.
XXX
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама. Жұттан, жаудан жаяу басын алып қашқан ел шұбырған шұбырындысы аппақ сүрлеу болып қалады екен де, табандары таздың басындай жалтырап қалады екен. Жатқанда, алқа қотан айнала жатады екен. Семіздерін ортасына алып, қорғап, күзетіп жатады екен: «Баска бөтен жат ру ұрлап, сойып жеп қоя ма?» — деп. Тобықты Әнет бабаң төбе басында калған. Он алты ұлды Тілеуімбеттің қырылып, жойылғандығы сол күндерді калан ұмыттырсын?! Сонда бір мерген он бес ауылды асырауға жарады. «Бір көк ала бие он бес ауылды асырауға жарады дейді. Көк ала биенің иесі айдалаға елсізге апарып, күні-түні бұтынан қол айырмай сауып, сүйретпелеп, сүтін үйге ап келіп, сабаға ңүйып, он бес ауылды тарыңтырмады дейді. Бір күн елсізде биесін сауып отырса, төрт атты кісі тұпа-тура келе жатыр дейді. Тұрып кетейін десе, иіп тұрған бие сүт[і] жерге саулап кететұғын, тұрмайын десе, ана кісілер келіп калатұғын. Қайтерін білмей, састы. Жұдырықтай тасты жерден алып:
— Көз болсаң көнекке, тіл болсақ тасқа! — деп, сүттің ішіне тастай беріп, көнегінің бетін жаба қойды дейді.
Төрт кісі келіп:
— Мана біз көргеннен биеңнің бұтында отыр едің. Сауып отыр ма едің, жоқ, ұйықтап отыр ма едің? — дейді.
— Не сауып отырайын? Өзінің кісі көрінсе, имейтұғын жаман мінезі бар еді, сендер көрінгеннен имей-ақ қойды. Соны: «Иер ме екен?» — деп отырдым дейді.
— Бәсе, солай ғой, әйтпегенде, біз көргеннен сауып отырған болсаң, ендігі өзен болып ағып жатарлың болып еді, — деп, жүре беріпті.
Олар бұлай кетісімен, сүтті сүйретпеге қосса, көнек түбіндегі жұдырықтай тас төрт бөлініп калған екен дейді. «Адам тілі тас жарар, тас жармаса,бас жарар!» — деген сондайдан айтылып калған сөз екен деседі.
11-МӘТІН. ЕСІМ ХАН
(бірінші нұсқа) Еңсегей бойлы ер Есім Түркістанда қазақханы болып тұрған күнде, Ташкентте Тұрсын хан Қатаған деген жұртты билеп тұрды. Тұрсын хан анттасып, Есім ханмен ата-бата қылысты бір-бірімен жау болмасқа: — Күнбатыс Бұхара, Қокан, Самарқанмен жауласуға мен қарсы тұрайын! Сен күншығыска қосын қылып аттан, ұзын аққан Ертістің басынан кір, аяғынан шық! — деген соң, мың кісі қосын алып, күншығысқа бет қойды. Ол күнде Шу мен Сарысудан асқан соң, ұзын аққан Ертіске шейін елсіз, жыртылып айрылған аңнан басқа дәнеме жоқ екен. Шідертінің өзеніне келіп: «Т ынығайық», — деп, қос тігіп жатты.
Сонда «Шүршітқырған» биігінен қарауылшылары:
— Қара көрінді! — дейді.
— Елсіз, күнсіз далада кім жүруші еді?! — деп, аттарын қоя беріп, қаннен-қаперсіз (қаннан қабарсыз) жата берді.
Сөйтсе, ол көрінген қарақалмақ қарауылшысы екен. Бұлар бейғам жатқанда, түп көтере аттарын тиіп алып кетіп, айдалада мың кісі жаяу қалды.
Мінгені Есім ханның Алабел-ді,
Бойында Шідертінің қара көрді.
Көрінген сол қараны: «Кертағы» — деп,
Аттарын шідер салып, қоя берді.
Бұл өлең сол күннен бері қарай қазақ ортасында жоғалмай айтылып келе жатқан өлең. Аттарынан айрылып, сол мың кісі сол жатқан жерінде он күн жатты. Он күн өткен соң, Есім хан бас көтеріп сөйледі:
— Азаматтар, шоралар, біз бүйтіп жатпайық. Міне, мен жортар аттың он күнде барған жеріне бір күнде барамын! Маған еруге жарайтұғының бар ма?! — дейді. — Ол қалмақ он күндік жерге бармай, орнықпайды, не Қоқиярың (Кокиердің) көліне, не Балқаштың теңізінің қопасына барып бекінді! — дейді.
Бірсу тұрып айтты:
— Мен жортар аттың он күнде барған жеріне бес күнде баруға жараймын! — дейді.
Біреу тұрып айтты:
— Жортар аттының жетіп барып қонған жеріне мен де барып, қона беруші едім. Мен он күнде баруға жараймын! — дейді.
Екі-ақ кісі белсеніп шықты. Еңсегей бойлы ер Есім айтты:
— Міне, мен бүгін жүремін, со қалмақтың барып бекінген жеріне бүгін барамын. Бес күнде келетұғын сізді де тосамын, он күнде келетұғын сізді де тосамын! Және Көкала қолыма тиіп, үстіне мінсем, жауға тиемін! «Ұзын оқты Оннан (Ондан) бол. Қайдан болсаң, сонан (соннан) бол!» — деп, айғай-сүрен саламын. Көкала астыма тисе, қалмаққа тағалы торы тай тастамаймын! Сонда екеуіңе қолыңа тигенді ұстатамын, мінесің! ... қал!» — деп, қоштасып жөнеліп берді.
Сол күн барды. Барса, қалмақ бір қалың жыныс қопаға бекінген екен, айнала кос тігіп, ат біткенді қопаның бір аралына салған екен. Күндіз жанға көрінбей жатады, түн болса, қопаны аралайды. Іздегені Көкала, қолына түсіре алмады. Тоғыз күн қопаны аралады, Көкаланы көре алмады. Оныншы түн болғанда, жан ұшырып, шарқ ұрып жүрсе, қалмақтың жайсаңы қопаның қалың ортасына қосын тігіп, Көкала ер-тоқымы үстінде, қостың босағасында, шылбырын үйге кіргізіп, ұстасып отырады екен: «Бұл, айғай шықса, тыныш тауып тұра алмайды, онан соң, қолға түсуі жоқ» — деп. Қалмақ өздері тамақтарын жаңа жеп болып, жауырынды отқа салып, қарасып отыр екен. «Жауырындары не дер екен, тыңдайын, — деп, Көкаланың артына келіп тұра қалдым», — депті.
Сонда жауырынға қарады да:
— Еңсегей бойлы ер Есім дәу де болса, келген шығар: «Көкала қайдан қолыма түседі?!» — деп, шарқ ұрып копаны аралап жүрген шығар!— десті.
Онда біреуі:
— Жауырын былшылдай береді, бұл иттің: «Есім хан Көкаланы іздеп жүр», — дегеніне он күн болды! — депті.
Бірі қарай салып жауырынға:
— Ой, Есімің Көкаланың не алдында тұр ғой өзі, не артында тұр ғой! — деп. — Шыға сала біреуі қарар дегендей, Көкаланың бауырының астына кіріп, отыра калдым! — депті.
Жалма-жан біреуі жауырынға қарады да:
— Ой, осы Есімің Көкаланың үстінде отыр ма, астында отыр ма? — десті.
Жалма-жан ұшып тұра келіп, шылбырдың түбінен қиып жіберіп, Көкаланың үстіне мініп алдым да, салдым айғайды. Аман бол, бар мінкішті қопадан қудым да, шықтым! Екі жолдас та бір-бір ат ұстасып мінген екен. Баяғы қалған көп жолдас та жаяу осылай қарай шұбырған екен де, кісі басы бір-бір таяқ кесіп алып, жерге үйген екен: «Қаншамыз өліп, қаншамыз қалғанымызды осы таяқтан білейік!» — деп. «Сондықтан сол жер «Мықтаяқ» атанды» — дейді. Сол жүргеннен бәрі бас қосып алып жүріп, Ертіс түсіп, әр түрлі бөтен жұртпен соғысып, өлгені өліп, қалғаны қалып, мың кісіден қырық кісі қалды дейді. «Ер игісі қос табар», — деп, еліне жақындап қалғанда, естіді дейді: Тұрсынхан мұны алдап, қаңғытып жіберіп, Түркістанды шауып, талап, олжалап алып қойғандығын! Мұны естіген соң, Есім хан жынданды дейді. Қасындағы жолдастарын өлтіре жаздапты. «Байлап қояйың!» — дегенде, қырқын қырық жерге домалатып, бықпырт тигендей қылыпты. Біраздан соң сылқ етіп құлай кетті. Әрі-бері жатып, басын көтеріп алып:
— Маған не болды? — депті.
— Сіз жындандыңыз, — десіпті.
— Онда неге мені байлап қоймадыңдар?! — депті.
— Әліміз жетпеді, — десіпті.
— Осы отырғандар бәрің жабылдыңдар ма?
— Жабылдық.
— Шамаларың... келмеді ме?
— Шамамыз келмеді.
— Бір кісі жынданса, қырық кісінің әлі келмепті. Осы отырған қырық кісі жынданса, дүние тола жанның шамасы келе ме?! Кел, бәріміз көтеріле жынданайық та, осы бетімізбен Ташкентке кірелік! — деп, лап қоя шауып, Ташкентке кіріп, көзіне көрінгенді қырып, хан Тұрсынды өлтіріп, Қатаған деген елден шөметейінен с...н бала қалдырмай, Қатаған атын жоқ қылды дейді. «Қатағанның хан Тұрсын. Қай неткенді ант ұрсын!» деген мақал сонан былай қарай жұрт аузында қалды деседі.
11-МӘТІН.
БҰЛ ҚАЗАҚ ҚАЙ УАҚЫТТА «ҮШ ЖҮЗ» АТАНҒАН?
(бірінші нұсқа) [11.1 мәтін]. Қазақ жұртында ауызда сөйленіп жүрген бір сөз бар: «Кеше Алаш Алаш болғанда, // Алаша хан болғанда, // Үйіміз ағаш болғанда, // Үранымыз «Алаш!» болғанда»— десіп келеді. Оның мәнісі Бұхара хандарынан: [Қызыларыстан] хан қазақ ханы болып тұрған күнде бәйбішесінен бала болмапты. Қызылбасты шауып, соның ханының қызын олжалап алып келіп, аяғын салған екен дейді. «Аяғын салды» деген сөз некесіз (неқақсыз) алғанды айтса керек. Сол қыздан бір ер бала туыпты. Өзі сауысқанның аласындай ала туыпты. Бәйбіше қатынға айтты:
— Бұл бала өскенде, жұртыңды ала қылып, өзіңе жау қылады. Мұнан осы күнде құтыл! — депті.
Хан бәйбішесінің тілімен қырық жігітті шақырып алып, арымас ат, тозбас тон, таусылмас азык беріп:
— Осы баланы менің хүкімім жүрмейтұғын жерге алып барып, сақтап (сақлап) өсіріңдер. Бұл Бұхараны (Бұхарды) бұл бала да көрмесін, сендер де көрмеңдер! — деп, жер аударып.
Сол қырық жігіт баланы алып, Сыр дариясынан өтіп, Алатау, Қаратаудың аралың жеріндегі жайлап, көшіп жүрген жұрттың ортасына келіп, бір жайды мекен қылып, баланы асырап, өстіріп, бала он екі жасқа жеткен соң, қырық жігітпен баланың ісі болмай, баламен қырық жігіттің ісі болмай, бет-бетіне кетіпті. Сол заманда ол жерлерде Қотан, Қоғам, Құндыгер, Қобаң деген төрт атаның ұлы ел бар екен. Сол елдің ішінде: «Түгел сөздің түбі бір // Түп атасы — Майқы би» деген би бар екен. Ол Майқы бидің Үйсін деген баласы ит жүгіртіп, құс салып жүріп, он екі жасар балаға кез болыпты. Бала бұл Үйсінге тіл қатып сөйлеспепті. Тілі жоқ, мылқау кісідей, бедірейгеннен бедірейіп отырып қала беріпті. Кеш болып, қас қарайып, Үйсін батыр аулына қайтып, әкесі Майңы биге айта келіпті:
— Даладан бүгін ағаштың түбінде отырған бір бала көрдім. Айдары аш беліне түседі. «Ай дейін десем, аузы бар, Күн дейін десем, көзі бар». Бір қасық сумен жұтып жібергендей. Бірақ не керек, тілі жоқ екен, құлағы да естімесе керек. Егер тілі мен құлағы болғанда, дүниеде ешкімнің қолына түспейтұғын, ексе бітпейтұғын,
қуса жетпейтұғынның өзі екен! — дейді.
Майқы би аяғы ақсақ, арбамен жүретұғын кісі екен:
— Ертең мені арбаға салып алып барыңдаршы, көрейін!— депті.
Ертең таң атқан соң Майқы биді арбаға мінгізіп, баланың
отырған жайына алып барған екен. Бала ұшып түрегеліп:
— Ассалаумағалейкум, тамам ханның қазығы, бұқара жұрттың шірімейтін, сасымайтын, таусылмайтын азығы! — дейді.
Онда Майқы би:
— Уағалейкумассалам, құрсақта жатып, несібесін алыстан тілеп туған балам, болайын деп туған ұл екенсің! Болатын жеріңе жете алмай тұр екенсің! Кел, балам, қасыма мін! — деп, баланың маңдайынан тауап қылып, арбасына мінгізіп, аулына алып келіп, қой сойып, асықты жілік ұстатып, ол күн мейман қылып, ертең тақ атқан соң, баласы Үйсінді шақырып алып, жұз жігіт жолдас қосып:
— Мына баланы алдарыңа салып, ту қылып ұстап, жыға ғып бастарыңа шаншып, Қаратаудан әрмен қарап асыңдар! Шу деген, Сарысу деген екі өзен бар, соны кесе көлденең басыңдар. Ұлытау, Кішітау деген тау бар. Соның о жақ, бұ жағында қарақалмақ Қатысыбан деген жау бар. Есіл, Нұра деген екі өзеннің арасында Тоғанастың тоқсан екі көлі бар. Оның бойында он сан ноғай Ормамбеттің елі бар. Сол екі жұрттың аралық жерінен килігіп, «Тас түссе, таңдайыңнан, алтын түссе, маңдайықнан», үш жылғаша бақ талайыңды байқаңдар! — деп, бата беріп аттандырды дейді.
Бұлар сол жүргеннен жүріп, Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жездікеңгір,— үш Кеңгірдің бойына келіп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен үш жылдың ішінде алдарына мал салып, үстіне үй тігіп, өз алдына ел-жұрт болды дейді. Сонан соң Майқы би Ақжол дегенді жұз жігітке бас қылып:
— Соларға барып қосыл! — деп, жіберді. Олар да келіп, бұларға қосылды. Оның артынан жүз жігітке бас қылып, Алшын дегенді жіберді. Олар да келіп, бұларға қосылды. Баяғы Бұхарадан шыққан қырық жігіт, олар да іздеп (ізлеп) келіп тапты. Өз жұртына өкпелеген, онан қашқан, мұнан қашқан — бәрі бұларға келіп тығылып өз алдына бір жұрт болды дейді.
— Кел, енді ортамыздан хан сайлайық! — деп, алашаға салым, баяғы ала баланы хан көтеріп «Алаша хан» ат қойды дейді.
«Алаш!» деп, өздеріне ұран қойды дейді. «Жауға шапқанда: «Алаш, Алаш!» — деп, шабалық! Өз кісіміз екенін сонан білейік!» — десіп, әуелгі келген: «Ұлы жүз Үйсін» атанды. Ортадағы келген «Орта жүз» атанды. Соңғы келген «Кіші жүз» атанды. «Үш жүздің баласы Қазақ» атанып, әр руға таңба үлестірді. Сол таңбаларын тасқа басып: «Талас болса, сонан қарасайық!» — десіп, үш жүздің баласы қазақтың таңбасы сол таста. Бұл күнде ол жерді Таңбалы Нұра» дейді. Қазақ атында болған жұрт Алаша ханның аузына қарап, Үш Кеңгірдің бойын жайлап, қыстап жүрді дейді.
XXX
[11.1 мәтін]. Алаша ханның Жошыхан деген жалғыз баласы болыпты. Құлан қуамын деп, бала астындағы аты желігіп, Құланның әңгісіне еріп, қазасы сонан болып, бала аттан жығылып, құлан теуіп өлтіріпті.
Алаша хан, Жошы хан,
Ақсақ құлан жосыған.
Құлан теуіп өлтірді,
Бұйрығын ақтан келтірді, — дейтұғын сөз сонан қалған.
Сонда хан жалғыз баласы өлген соң, төрт аяқты хайуан малды баласын анасынан айырып:
— Мен де зарлап қалдым. Хайуан мал да менімен қосылып, аза тұтсын! — деп, бірін-біріне жамыраттырмай, сегіз күн, сегіз түн ас- су ішпей, теріс қарап жатып алды дейді.
Сонда ханның ханымы Ханбибі келіп:
— Тақсыр, есіктің алдында екі даугер ғарызқор келіп түр дейді, — дейді.
— Не дауы бар екен? — дейді.
Ханым айтты:
— Бір кісі біреуге ат басындай алтын аманат қойған екен. Сол аманатын келіп сұраса, сақтаған кісі: «Қолым үйреніп, көзім меншіктеп, бауыр басып, өзімдікі есепті болып кетті. Саған бермеймін», — дейді екен де, алтын иесі: «Аманатымды алмай кетпеймін!» — дейді екен. Дау-жанжалдары осы екен, — дейді.
Хан жарлық қылды:
— Берсін, былшылдамасын, аманатты сақтар болар, иесі келген соң, бас бұрмай, пәлен-түген демей, берер болар! Біреудің аманатында не ақысы бар екен? — дейді.
Ханым:
— Төреңізге құлдық, тақсыр, бұл бала Құдайдың аманаты емес пе еді?! Сіз бен бізге біраз күн сақтатты. Керек болды, аманатын өзі алды. «Аманатыңды неге аласың?» — деген дауыңыз емес пе бұл қылып жатқаныңыз?! — дегенде, хан басын көтеріп алды:
— Уа, менікі қате екен. Құдай өзі пұлсыз, сатусыз берді, құнсыз алды. Оған менің қарсылық қылуым жарамайды екен. Жамыратсын мал біткенді! — дегенде, тамам малдың жас төлі енесіне табысқанда, бір боз інген жеріп, ботасын алмады дейді.
Сонда хан:
— Осы бота енесін еме алмай, аштан өліп кетсе, обалына мен қалдым-ау! — деп, — осы інгенге ботасын алғызған кісіге қалыңсыз қыз берер едім! — дегенде, бір домбырашы шал қолына сірі тігіп, саусақтарын сауаттап алып, домбыра тартып, күй шертіп, інгенді мас қылып, есінен жаңылтып, ботасын алғызған екен. «Боз інгеннің күйі» деп, қазақ домбырашылары күй тартушы еді. Сонда сол інген шықында тартылған күй екен. Хан сонан соң жұртқа сауын айтып, ат жараттырды: «Пәлен айдың пәлен күні аңға шығамын, құланның тұқымын қоймаймын. Құлан қууга ат жаратсын!» — деп.
Айтқан күнінде өзіне қараған ел-жұрттың ығай мен сығайын жиып алып, көрінген құланды қудырып, ұрып жыға берген екен. Көздеріне көрінген құланнан бес құлан құтылып, Шудың ну қамысына кіріп кетіп, сонан сол жер: «Бесқұлан» атанды. «Еңкей», «Қабақ», «Құлан жалақ» деген жерлер бар. «Еңкейде» еңкейген торы ат өлген, «Қабақ» деген жерде Аққабақ ат зорығып өлген. «Құлан, Жалақ» дегені екі жүйрік ат соңынан қалмай қуып жұрген екеуі бірдей өлген соң, Құланның дем алып, ащы жалап тұрған жері еді деседі. Жошы хан деген баланың бір сирағын тауып алып, соған Алаша ханның өзі там салдырған. Айттырып қойған қалыңдығы бар екен. «Баламды жоқтатамын!» — деп, оң жағына алып келіп қондырып, сол келін байға тимей, сол бойымен отырып қалған. Алаша ханның тамын сол келін салдырған. Өзіне там салдырғанда: «Атамның тамының төбесі көрінбейтұғын жерге салыңдар!» — деп, өзеннің күншығысына, Алаша ханның тамынан анадай алыс бір ойпаң аласалау жерге салдырған: «Атамның тамынан төменірек аласа жерде тұрсын!» — деп.
19-МӘТІН.
ҚАСЫМ ХАННЫҢ ҚАСҚА ЖОЛЫ
«Қасым ханнын қасқа жолы» деп, ат қалдырған Қасым хан Жиренше шешеннің замандасы, Әз Жәнібек ханның бел баласы. Шыңғысұғлы Жошыдан соңғы жұртты ала жаулы қылмай билеп, қазақ ханларының перуайы, дөкейі атанған. һижриттен тоғыз жұз отызда өлді, Сарайшықта мыдфон. Сонан соң бұл Жәнібек ханның шөберелерінен Еңсегей бойлы ер Есім хан Түркістанда қазақ ханы атанып, Қатаған ханы хан Тұрсынды өлтіріп, Қатағанды қырып, Қатағаннан қалған нәсіл тұқым Қаңлы, Шанышқылы деседі. Есім ханнан — Жәңгір хан. Жәңгір ханнан — Тәуке хан. Бұл Тәуке де терең ойлы, толық милы дөкей ірі хан болды. Мұның заманында Ұлы жүзде —Төле би, Орта жүзде — Қазыбек би, Кіші жүзде Алшын Әйтеке [би] болды. Бұл Тәуке хан бір мың бір жүз жиырмада [1110] опат тапты. Тәуке ханнан соң Ташкенте Үйсін Төле би ханлық қылды. Тәуке ханнан Болат хан, мұнан Әбу Әл Мұхаммед хан. Түркістанды билеген Әбілмәмбет хан — осы кісі. Мұның алдында Сәмеке хан болды: «Әбілмәмбет, Сәмеке» атанды. Әбілмәмбет баласы — Айқожа. Әкесінің атын жан білмейді, Абылай хан осы Әбілмәмбет заманында көзге түсіп, ауызға ілінді. Бұлардың заманы 1111-1111 һижрие [1111-1110] еді. Шыңғысұғлы Жошы ханнан — Бату хан, онан — Сардам (һәрдім), мұның екінші аты — Орда, Ақ орда аталған. Мұның нәсілінен Тоқтамыс хан, Орыс ханлар шыққан. Бөкей хан, ибн Нұрғали хан, ибн Әбілхайыр хан, ибн Аша хан. Орысқа осы Әбілқайыр (Әбу Әлхайыр) хан заманында Кіші жүз елі бұрынырақ бағынған. «Бөкейлік» атанған себебі сол: «Сарынжип Бөкей» деген бір өлең болған. Бөкей баласы — Жәңгір хан, мұнан соң хан аты құрыды. Жәңгір баласы Ғұбайдолла төре Петрбурда тұрған.
11-МӘТІН.
ҚАЗАҚ АТАУЫНА БІР ДЕРЕК
Өзбек ханның офатыдан кейін Жәнібек хан көшпелі елді үш қосыма тұқым етіп, Ұлы жүзге Үйсінді датха қойып, Жалайыр намзаты атаньіп, Орта жүзге Арғынды бек етіп, Найман намзади ғып, Кіші жүзге Алшынына қойып,Жаппасы зарнаядашы қылмақ- ды. Хакімкештіне аларина ормыт. Бұлар бұрынғы ғақыл иелерінің ғұрыфдарымен хакім қылып, сол хакімлары шариғат, мүфти, қазының бәрінің фәтуасымен бірдей шыққанлықтан: «Бұларға қазы, мүфти керекдігі жоқ. Өзлері қазы екен, тыхиқақ қазы дүр» демек мақалда «Хазы-ақ» деген сөзден қазақ атанған деб бір Тауарих сөйлеген. «Кісі-ақ», «жақсы-ақ», «адам-ақ» мақтауда, «антұрған-ақ», «безер-ақ», «қу-ақ» екенсіз дейді боқтауы. Қазақтың үш жүзге бөлініп, 110-100 һижрит ораларанда олүр. Ақылды зарила иазмайыб, сына да іле иазмақ. Лазым қазақ диб. «Тауарих хамса шарқи» делінген Тауарихында Қасақ хақында 1 түрлі сөз сөйлеп, бұл толса осы ақыл сабақларың ең ақды зор шахырарлық ел деген аштар деген хан Жәнібектің аузынан шыққандықтан қазақ атанған.
11-МӘТІН.
БҰХАР, САМАРҚАНДЫ ҚАЗАҚ ШАПҚАНДА...
Бұхар, Самарқанды қазақ шапқанда, Айдабол Баян, Көшен дегенді олжалап алып келген. Өзін бала қылып жүргізіп, тұрғызып тұрған күнінде Бұхар шығып, барып келгенде:
— Шешемді көрдім, інімді көрдім. Көшеде қаңғып жүр екен. Сізден батып алып келе алмадым, — дегенде:
— Ай, балам-ай, сені мен еске жарай ма деп жүр едім Ол екеуін
алып келсең, шешеңді мен алсам, сен менің балам болар едің. Енді барсақ, алып кел, тастама, — деген соң, енді барғанында алып келді інісі Досақ пен шешесін. Осы күнгі жүрген Баян, Көшен, Досақтың ұрпағы. Көшеннен — Қосағал, Садақтар. Көшен баласы — Шылған, онан туған — Жауқашар. «Құдайдан қорыққан, Құсайыннан қорықпан». Тоқсан үште алшын Баймағамбет, .. Әлібай молда Сары Бекжау балалары мал үшін жанын сатқандар: Темірболат, Әбділдә, Ділдәш, Есжан, Досжан, Мұсабай, Далабай, Малдыбай қажы.
10-МӘТІН.
АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ
Қазақтың ең алғаш көрген жуғы — Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама. Ол жұтта Алтай Қанжығалы Біспек байдың жылқысын бағып аман шыққан. Күннің суықтығынан тайыншаның маңдайы қарс айрылған, киіз үйдегі шойын қазандар қақ жарылған. Онан соңғы көрген жұты — мешін жылы, оған биыл жетпіс бір жыл. Атығай, Қарауыл жұтаған жылқы жылы. Ол жұттың атын «Бозайғыр» деп атаған, оған биыл алпыс бір жыл.
11-МӘТІН.
СҮЙІНДІК ОЛЖАБАЙ БАТЫР ЕРТЕГІСІ
Әз Тәукенің тұсында үш жүздің баласы оңтүстіктен шөлейтке қарай жайлайды екен. Сырдың бойын жағалап, Жетісу, Алматы, Қапал тауларын өрлей отырады екен. Орта жүздің қыс қыстауы шүйгіген Сыр бойы да, жаз жайлауы Арқаның жоны екен. Сол кезде Орта жүз қазағы Есіл мен Ертіс арасын қуалай шөлейтке келіп, мал семіртіп отырғанда, Қайдауыл дейтін өзеннің бойында дүниеге ер Олжабай келеді. Әкесі Толы би — Айдаболдың немересі. Үргеніш, Қоңырат еліндегі нағашысына кеткенде, бәйбішесі Айбике босанып, күйеуі жоқта туған соң, «Бұл олжа бала», — деп, атын Олжабай қойған. Қап түбінде болат қылыш жата ма, Олжа бала жас күнінің өзінен- ақ талпынып, алмастың асылындай болып өскен екен. Олжа албырт беті ме қатты, хан-сұлтанның балалары кездескенде, біріне-бірін түйеді екен. Бір кезде аста-тойда алдын бермей, жолды алып жүрген Құлынкөк атты қалмақтың жауы ел шапқанда, бірге алып кетеді. Толы би он төрт жасар баласын нағашысы Қаракерей Қабанбайға жіберіп, Нарқызыл аттың енесінен туған Тайбурылды қалауға сұратады. Олжа қасына ешкімді алмай, үйінде сүт еміп тұрған Тайкөкке отырып, қолына сарқамысты садақ алып: «Қаракерей Қабанбайдың елі қайсы?! деп, тартып кетеді. Олжа бала талай күн жүріп, нағашысының елін сұраумен іздеп келеді. Қалмақтың жаулары бар ма деп аңдиды. Бір күні елсіз қалың орманға кіріп, күні бойы ел таба алмайды. Күн қара, жаңбыр жауып, кеш түсіп, түн болады. Бала күн бойы жүріп шаршаған соң, бір ағаштың түбіне келіп түседі де, Тайкөктің аяғын тұсап, шалқасынан түсіп жатады. Әлден уақытта байқаса, аты осқырады. «Неге осқырады?» — деп, басын көтеріп қараса, анадайдан бір-екі от көз жалтырап жақындаған болады. Олжекеңнің қолында садақ пен сары ала қамшыдан басқа дәнеңе жоқ. Малдасын құрып, қамшысын бүктеп, бір қолына сары ала қамшы, садақ алып отыра береді. Әлгі от көз таянып қасына келсе, орманның ішінде жүретін бір қабылан екен. Олжекеңнің қарсы алдына келеді де, бүгесінен түсіп, көзін Олжекеңнен айырмай жата береді, тап бермейді. Олжекең де одан көзін аудармай қамшысын бүктеп, садағын қасына алып отыра береді. Түн қап-қараңғы: екеуі сол қарасқаннан күн шығып, сәске болғанша қарасады. Күндіз әлден уақытта қабылан тұрады да, артына бір қарап жүре береді. Қабылан кеткен соң Олжекең Тайкөктің тілін қатырады да, біраз шалдырып, ел іздеп жортып кетеді. Келе жатса, бір су бойында бір қараша үй көрінеді. Үйге келіп, атын белдеуге байлап, кіріп келсе, үйде бір кемпір отыр екен. Олжекең екі күндей нәр татып, ел жүзін көрмеген. Кемпір:
— Е, балам, түсің қашып, түн қатып жүрген қай баласың? Еліңді жау шауып жалғыз қалған бала емессің бе? — дейді.
Олжекең:
— Е, шеше, елімді шапқанмен қоймай, әкем телі қылған тоғыз жесірлік Құлынкөк атты да бірге әкетті. Жапанның түзінде жалғыз қараша үйде отырған өзіңіз кімсіз? — дейді.
Кемпір:
— Е, шырағым, ел, руым Найман еді. Елімізді құба қалмақ шауып, солардың жосығынан қалып отырған жанмын, — дейді. Кемпір сәуегей балгер екен. Олжаға бал ашып:
— Шырағым, «ер-қанаты — ат» деген, тұлпарыңды әкеткен құба қалмақтың жауы. Сен бұрын тойға шықпаған албырт бала екенсің, бірақ аруағың күшті, жұлдызың жанып тұр. Бір кезде қайтсең де құба қалмақтан кек аларсың! — депті.
Он төрт жасар Олжа нағашысы Қабанбайға барып, тартуға Тайбурыл мен ақ сауытты киіп қайтты. Қаракерей Қабанбайдың қартайған шағы екен. Олжаны үш рет иіскеп, бейіл салған екен. Олжекең ақ сауытты киіп, Тайбурыл мен нағашы қосқан бір жігітпен келе жатқанда, бір тайпа қырғыз еліне жолығады. Қырғыздың бір жақсы адамы Олжекеңнің түріне қарайды да, біраз әңгімелескен соң:
— Шырағым, «Аталы жұрт ару ел» деген, «Елге ел қосылмаса да, адамға адам қосылады», — деген...
Сақау ақын былай бастайды:
Қадір, Жаппар медет бер, Он екі мүше тіліме.
Дария теңіз асылтып Сөзді құйылт есіме.
Бір әнгіме бастайын,
ОзТәукенін тұсында Қарлығаштан қайырылысқан Қалың қазақ ел екен.
Байсынға барса, мал бөгеп,
Жататұғын кез екен.
Құлыны қыбы бөрте екен,
Бурасы желкең екен.
Бөрте қозы өсірген Байсындай шүйгін бар ма екен?!
Еділ, Жайық есіліп,
Ойнап жатқан су екен.
Ертіс, Еділ мөлдіреп,
Мейір қанар нар екен —
Қырдың жүні қоңыр тау Аса бір асу бел екен.
Алатаудың арқасы Ақ бураның құмындай Сырдың бойын жайлаған Қалың қоңырат елі екен.
Желмаясын желдіртіп,
Нар түйесін боздатып,
Байтақ жатқан Сыр бойы Шүйгіп жүрген халық екен
Бұл байтақты шарлаған,
Толы бидің баласы —
Ер Олжабай жас екен.
Әңгіме соңында берілген ескертпелер:
Марғұлан Әлкейден Байбатшан Сердәліге тапсырмақ ... сөзден өлеңде айтылған деп берген. Бұл шағында 1111 жылдан шамасында болған Бекижанов Байбебек 19.VІІІ.1919 жыл Баянаульски район № 10 Кызылкурган Баянауыл ауданы 10 ауыл Советіндегі бұрынғы тұрағы.
Сердәлі ескертпесі: «Бұл ертегі Мәшһүрдің жинағынан көшіріліп жазылды. Өлеңге айналдырғанда өз желісімен жырлау керек. Осындағы тәрізді жырға айналдырғанда жер, су, тау-тасы көп келіп отыруы керек. Әсіресе батырдың өзі сүйген жерлері— Жиделі Байсын, Үргеніш, Сырдың бойы, Алатау, Арқаның жері жақсы суреттеліп, өлеңге кіретін ел аттары: Атығай-Қарауыл, Бабасан бағын, Орманшы, Күлік, Айдабол, Қаржас, Қаракесек /Жалпы Сүйіндік/, Қыпшақ, Қоңырат, Қаракерей, Найман, Дулат, Үйсін. Жырда көп жолыққан жер аттары: Үргеніш, Хиуа, Жиделі-Байсын, Ақмешіт Сырдың бойы, Алатау.
11-МӘТІН.
ТӘУКЕ ХАННЫҢ МОЛАСЫ
Бестеректіц түбінде
Бес үйлі Ағыс демесін.
Бес Мейрамға білдірмей
Басып жеймін демесін,
— деп айтатұғын Боздақ би Жаман Далбада батырдың Бисанының қыстауының оңтүстігінде Қаратомардың басында өзі Ағыс та, Бестеректің түбінде өлген екен. «Сүйіндік жерінің шетіне апарып қойыңдар!» — деген өсиетімен сол араға қойған.
1910 жылында жаз күнінде ел жайлаудан қайтар кезде барып зиарат қылдық. Тас тамы бар екен, жер болып қалыпты. Далбаның ту сыртында Үшқағылдың оңтүстігінде, Жанеме деген жердің күншығысында, бір жонның үстінде бір қотан қойдың орнындай бір көп тас үйілген обада, қақ ортасында бір бұлақ бар. Дуам суалмайтұғын құдай жаратқан бір тамаша. Көрген кісі таң қаларлық, көрмеген кісі онда су бар деп ойлайтұғын.
XXX
Әкесі Аманжол он жеті қатын алған. Өзі жеті ұлдың кенжесі Қожан тентек жеті қатын алған. Қара Шордың Шоры Шідерті бойында «Қожан шаты» атанып қалды. 1911 жылында июнь-июль айларында қырық-елу күн жасында ақ қос тігіп отырып, күшік қаракиік жылында халық жұртқа айта қалғандай жарастыңты іс болды. Аруахлардан көп шарапат көрдік. Және Тұрсын хан мен Шегір тамының қасында қара кесектен бір мола бар. Қол кірпіштен соққан, атын ешкім білмейді. Тәуке ханның моласы сол жерде, өзеннің жел жағында бір оба. Жалғыз ғана басына қойған тасын әркім әр жерге алып кетіпті.
11-МӘТІН.
АБЫЛАЙ ХАН ДӘУІРІ
(бірінші нұсқа) [11.1 мәтін. Абылайдын көзге тусуі (бірінші үлгі)]. Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып, жылқышы болып жүріпті.
— Атың кім? — деп сұрағанға:
— Атым Сабалақ! — депті.
Бай бәйбішесіне айтыпты:
— Өзге жалшыдай көрме, мұны, кұте гөр! Бойында қасиеті бар екен. «Қалайша?» — десең, алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен бір ас күйып ішпейді. Және жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын біреуге бірмей, ішпейді. Және жерге бір отырмайды. Дәнеме таба алмаса, киімін шешіп, астына салып отырады. Және тұзге отырғанда, ұрғашыдан да ибалы, бір қырдың астына барып отырады, не болмаса, киімін басына бүркеніп отырады. Және өзі ұйықтап жатқанда, үсті жап-жарық болып тұрады, жанып тұрған шам шырағы болса керек! — дейді екен.
Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере Қара қалмақ Қатысыбан деген жау алыпты. Қазақ: «Қыл құйрық!» — деп, көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұғлы Жәнібек, Көкжарлы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, Керей, Уақтан шықкан Сары, Баян — бәрі аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, айналасын қорған қылып, шептің аузына жайнатып жасау төгіп, қыз-келіншек қойып, қазақтың батырлары жасауға қызығып шапса, ар жағында бұғып жатқан мергендері атып тастап, қалмақ қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, «сасық қамал» болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, «салы суға кетіп», қайтпақшы болыпты. Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышылардың бірі Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына: «Абылай!» — деп, жалғыз барып кіріп кетті дейді. Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы, өзіне атса, оқ өтпейді, шапса, қылыш өтпейді. «Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік» қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақтың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырлатып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жебір-жесір қылып, шауып, талап, шаш етектен олжаға қарық (ғарық) болысып қайтысыпты.
Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң, Арғын, Найманның батырлары:
— Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ, бәрі дәнемеге жарамады. Бұл өзі жалғыз болса да, тегі, заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ талайы жоғары, аруағы күшті екен! Бұрынғының сөзі бар еді: «Қой асығы деме, қолайыңа жақса, сақа қой!» — деп еді. Кел, осыны хан көтерелік! — деп, әу десіп, Атығай Есенаман байдың еркесіне алып келіп, ақ отау көтеріп, алты қатын алып беріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.
Тобылбай бидің баласы Арыстан ақын қолға түскенде, Кенесары ханға айтқан:
Кене хан, жақсы көрсең, қарашыңмын,
Жек көргенмен, өзіңнің алашыңмын!
Атаңа алты қатын алып берген —
Атығай, Қарауылдың баласымын! — деп, сонда өзін өлтірткелі отырған Кене хан көзінің жасын төгіп-төгіп жіберіп:
— Батыр, қалағанынды ал! — деп, астына ат, жетегіне түйе, мойнына берен мылтық, қасына отыз жігіт жолдас беріп, еліне алып барғызып салған екен.
Абылай ханның қазаққа алғаш хан болған жері осы. Өзі өлгенше, өмірі қартайғанша тұрағы Көкшетауда болған. Ол сөз де Арыстан ақынның өлеңінде бар:
Қылады Макаржиде [Макаров жәрмеңкесі — Е.Қ.] байлар
сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.
Сұрасаң Абылайдың тұрған жерін,
Хан болды қырық сегіз жыл Көкшетауда.
Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта Ноғайлы билеп-төстеп, қоныс қылған екен. «Он сан Ноғай болғанда, Ормамбет би өлгенде, сол Ормамбеттің елі бір алаша тайдан бүлініпті!» — деген сөз бар. Сонан соң қалмақ билеп-төстеп, мекен қылған екен. Қарақалмақ Қатысыбан қоңтажының тұсында: «Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, Аюкенің ауыр қолы» атанған тұста, құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін тұсында, қалмақтың құтын қашырып, Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай хан екен. Абылай заманында сүрген дәуренді Қазақбайдың баласы Абылайдан бұрын Адам Атаға шейін көрген емес, Абылайдан соң бұл заманғаша көрген емес.
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.
Жігіттер, құлақ қойып тыңдасаңыз,
Қазақта Абылайдай хан болыпты! — деп, өлеңге шыққан Абылай осы. Қазақ жұртымда мақал болып қалды: «Аң алмайтын жаман құс — ат еңбегі, Абылайдан басқа төре — ет еңбегі!» — деп.
XXX
[11.1 мәтін. Абылайдың тұтқын болуы (бірінші нұсқа)] Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалаған екен.
— Кісімді өзіме қайырып берсін! — дегенде, Абылай:
— Қолынан келгенін менен аямасын! — деп, бермей қалған екен.
Бұл туралы Қалдан Шерін қалмақтын өзінен басқа қоңтажысы болсын, Аюке болсын — баршасына ат шаптырып, «Сүзекінің қолы» деген қол аттандырыпты.
— Көктің астында, жердіц үстінде Абылай бар болса, қоймасын, ұстап алыңдар! — деп, және қалмақтың жайсаңдарына жарлық беріпті. — Абылайды тірі ұстап алып келгендеріңе Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың малсыз беремін! — деп.
Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде, қалмақтың бір жайсаңы Абылайды ұстап алып кетіпті, жанындағы жолдастары білмей қалыпты. «Абылайды тірі ұстап, алып келе жатыр!» — деген соң, Қалдан Шерін жарлық қылыпты:
— Абылайды маған көрсетпей, жеті күн, жеті түн зынданға салыңдар, ас-су бермеңдер, аш сақтаңдар! Сегізінші күн зынданнан шығарып, айдалаға бір ақбоз үй тігіп, соның ішіне жалғыз қойыңдар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салып, алып барып, қолына ұстата қойыңдар! Тобықтай тоң май қара суға ерімес. Ұрттап жіберейін десе, аузына бармас. Қара болса, аяқтағы суға қолын салып жіберіп, майды аузына бір-ақ қағып қояр. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды керек қылмас! Мұны осылайша сынайық, — дейді.
Ханының айтқан жарлығын айтқанынша қылып, зынданға салып, сегізінші күн дегенде, ақбоз үйдің ішіне жападан-жалғыз отырғызып қойып, бір аяқ қара суды ішіне тобықтай тоң май салып, апарып қолына ұстатты.
Абылай суды ішіп еді, май не ерімеді, не аузына бармады.
— Үрсем, кетпейтұғын неме едің, өпкенмен, келетұғын емессің ғой! — деп, қолындағы аяқты, — Бар ендеше! — деп, аспанға бір-ақ атты дейді.
Көріп тұрған жігіт—желеңдер Қалдан Шерінге айта барды дейді.
— Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой! — дейді.
— Енді бір төрт жендет жалаңаш қылыш алып: «Ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды, сіздің мейманаңыз толды.
Құдайдың сізге бұйрықты жазуы осы болды!» — деп, қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер! Біреуіңнің астыңа тығылып, басын қорттаса, шауып, өлтіріп тастаңдар! Егер сар қасқа текеше қасқайғаннан қасқанып отырып қалса, шаппаңдар! Тағы қантып келіңдер, не көргендеріңді айтып келіңдер! — дейді. Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жендеттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірместен, қабатын қағып, жасқанбастан отыра берді дейді.
— Жүрегі тас па, мүйіз бе, түсі де қашпады! — десіп, айтысып келді дейді. Қалдан Шерін тоқсан саркардасын жиып, бәрін өзінен артың жасап киіндіріп, бір үйдің іші лық тола қатар түзеп отырып, өзі орнында отырмай, көп саркарданың бірі есепті болып, бұлардың арасына кіріп отырды да:
— Абылайды осы үйге шақырып келіңдер, ешқайсың қағылып, орын бермеңдер! Қара болса: «Бос жер босаға ғой!» — деп, босағаның қасына, оттың басына, бала күндегі отырып өскен жеріне отыра кетер! Ақсүйек болса, баса көктей жоғары өтіп, төрден отырып, мені айтпай танып, сұрамай білер! — дейді.
Бұлар мұнда ретін түзеп отырысып, Абылайды шақырып келіп, үйге кіргізгенде, жан-жағына жалтақтап қарамастан, тақтың үсті бос тұрғанын көріп, тұпа-тура барып, таққа мініп, Қалдан Шеріннің отыратұғын орнына отырды. Ол тақтың үстінде қалмақтың табынатұғын тасы, хандарының Құдай деп сыйынатұғын қуы болады екен де, оның қақ қасында Қалдан Шеріннің орны болады екен. Қалмақтар Құдай болмысының қасына отырғанын ауырлап:
— Ол жерге неге отырасың?! — деп, қауқылдасты.
— Бұл орын Қалдан Шеріндікі еді. Оның құты қашты да, менің аруағым басты да, өз орнында өзі отыра алмай, босып кетті. Енді бұл жерге мен отырмағанда, шайтан отыра ма?! — дейді.
Қалмақтар біріне-бірі қарасып:
— Бұл сөзге не айтамыз? «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген осы екен-ау! — десті.
Сонда Қалдан Шерін өзін танып қойғанын біліп:
— Уа, Абылай, Сәру қайда? — дейді.
— Жақ тартушы көп болды, жаман аты бізде қалды! — дейді.
Екінші қабат Қалдан Шерін және сұрады:
— Сәру қайда? — деп.
— Сәрумін деп Сәру айтпады, Кеспеймін деп, қару айтпады, — дейді.
Үшінші мәрте және сұрады:
— Сәру қайда? - дейді.
— Көрінбеген Сәруді іздегенше, көрініп тұрған өзіңді ізде! — деді.
Қалдан Шерін саркардаларына:
— Бұл не дегені? — дейді.
— Өзің қарап отырып, тағыңнан айрылып қалдың. Осы күнде тақ үстінде мен отырмын да, көп қара бұқараның бірі есепті сен отырсың. Осы сағатында басыңды алдырсам, кім менің алдыма шығады? «Жарлық менде, жабдық сенде болды!» деген сөзі десті,
— дейді.
Сонда Қалдан Шерін Абылайды пенде қылып алдырғанына, сынаймын деп орнына шығарып алғандығына пұшайман болып, ұшып түрегеліп, Абылайдың келіп қолын ұстап, жарасып, елдесіп, Топыш сұлуды Абылайға беріп, қазақтан не заманда олжаға түскен, өсіп-онген бірталай жанды азат есепті қылып, Абылайға қосып, рулы ел қылып, көшіріп қайтарған екен. Осы күнде белгілі ата жоқ: «Кімсің?» — десе, «Төлеңгітпіз» дейтұғындар солардың тұқымы. Қалмак жұрты Қалдан Шеріннің бұл қылығын ұнатпай: «Топыш сұлуды өзіміздің біреуімізге бермей, Абылайға берді!»
— деп, араз болысып, ақырында қалмақ Қалдан Шеріндей ханын өздері өлтірген.
Қалдан Шеріннің ханымы — Қарабас ханым, онан туған Айжан жалғыз. Өкесінің орнына соны сайлап, үш жылға жеткізбей, екі көзінен айырып, соқыр қылып, қаңғытып қоя берген. Аюкенің қызынан туған: Қырғын, Күш деген екі бала Абылайды жезде көріп, Топыш ханымды ана көріп, бірнеше үй өздеріне ерген қалмақпенен Абылайға келген. Сонан соң қалмақ бүлінген, ақырында шүршітке қарай ауып кетіп бара жатқанда, балалары жылағанда, айтады дейді:
— Қу, мұрдар, неге жылайсың,
Сорқара, Сортың бар ма?
Сөрелеп жайған етің бар ма,
Көнек, Долағайың бар ма,
Көнекте тұрған қымызың бар ма?! — деседі дейді.
«Сорқара, Сорты» деген, «Көнек, Долағай» деген Сарыарқа- ның сауырысы, шөбі шүйгін жерлері болса керек.
XXX
[11.1 мәтін. Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы (бірінші нұсқа)]. Абылай хан Қара қалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді: — Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүнне үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен): «Осы сырттан-ау!» деген біреуін таңдап шығарсын! Менің кісім Абылайдың шығарған кісісін күші асып, өлтіріп кетсе, малдан, жаннан Абылай безіп шықсын, біз олжа қылайық. Абылайдың кісісі менің кісімді күші асып, өлтіріп кетсе, малдан, жаннан қол жуып, екі қолды төбеге қойып, біз шығалық, Абылай олжа қылсын! Уағда осы болсын! — деп.
Абылай хан:
— Жарайды, болса, болсын! — депті.
Қалмақтың бұрыннан белгілі бір сырттаны бар екен, жолбарысты құйрығынан ұстап алып лақтырады екен және жерге бір-ақ қойып өлтіретұғын күші бар екен. Абылайда өйтіп сыналған белгілі сырттан жоқ екен. Өзінің сынауы бойынша, Шақшақ немересі Жәнібекті шығармақ болды дейді. Жәнібектің туған шешесі Есім хан өлтіретұғын Тұрсын ханның қызы екен. Ташкентті шапқанда, Шақшақ батыр Есім ханның батырының басы екен. Тұрсын ханның бір қызын Есім хан баласы Жәңгір ханға олжалап алып бергенде, бір қызын Шақшақ батыр баласы Қошқар батырға олжалап алып беріп, Жәнібек сонан туып, сонда Жәнібектің шешесі Абылайға айтып тапсырып қосқан екен:
— Аттың сырттаны жауһарлысын үш жыл іздетіп, зорға таптым. Ағаштыц сырттан жауһарлысын үш жыл тарап зорға таптым. Адам сырттанын мырза Құдай бір күн төсекте жатқан түсімде берді. Осы жолы алып барып, ненің сырттаны болса да, бір айқастыр! — деп.
— Ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың! — деп, оған айтып қойды дейді.
Сол түнде жатып, Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып: «Ханға айтып кетейін!» — деп, жетіп келсе, Жәнібектің түсінен қорқып оянғанын хан да түсінде көріп: «Маған келмей кетпес-ау!» — деп, басын көтеріп, тосып отыр екен. Таң жаңа сәуле беріп, ондағы-мұндағы көрінерлік мезгіл екен:
— Батыр, жай ерте келдің бе? Асып-үсігіп бір нәрседен қысталып жүрсің бе, немене? — дейді.
— Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен қорыққаннан: «Осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін!» — деп, қайтуға ыңғайланып, сізге білдіріп кетейін, — деп, жүрегім аузыма тығылып, әрең келдім, — дейді.
Хан сонда атшысын «Шыйеш» дейді екен:
— Шыйеш! Мирақор! — деп шақырды, атшысы:
— Алдияр, тақсыр, — деп, жетіп келді.
— Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл жирен атымды есіктің алдына алып кел! — дейді.
Ханды онан басқа ат көтеріп жүре алмайдьі екен. Мирақоры атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке:
— Жай қолыңды! — дейді.
Жәнібек қолын жайып, ұшып тұра келгенде:
— «Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа» деп еді. А, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен соған қабыл қыл! — деп, жирен атты: «Түс садақасы» — деп айтып, жалма-жан сойдырып, талатып жіберді.
— Айт, батыр, енді түсіңді, — дейді.
— Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе-жекке пәленше деген жайсаңы шықты да, бұл жақтан мен шықтым. Екеуміз шартпа- шұрт болып қалғанда мені ол найзамен шаншып түсірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда: «Енді бауыздап тастайды-ау!» — деп, кеудеме көз салсам, қарасам, оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен, сол емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен. Шошып, ояна келсем, түсім екен. Көрген түсім осы, — дейді.
— Түсің түс-ақ екен: мұнан жақсы түс бола ма?! Түсіңде сені ол шаншып түсірген болса, өңіңде оны сен шаншып түсіреді екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол мініп жүрген болса, өңіңде оның кеудесіне сен атша мінеді екенсің. Түсіңде сенің тамағыңа ол қылыш даярлаған болса, өңіңде оның тамағына сен қылыш даярлайды екенсің. Оң емшегіңді еміп жатқан айдаһар жылан өзіңнен туып, үстіңе бала ойнақтайды екен, өзі асқан айдаһар ер болады екен, батыр атанады екен. Сол емшегіңнен айдаһар еміп жатса, өзіңнен бір қыз туып, онан туған жиен о да айдаһардай ақырып туады екен. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстай туады екен. Осынша өсіп-өнейін деп тұрсың. Сен қалай өлесің, бар, жекпе-жекке кіре бер. Жүсіп пайғамбардың түсі болсын да, Жақып пайғамбардың жоруы болсын! — дейді.
Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан атын сойып таратып жатқан соң, Жәнібектің қорқынышы қашып кетті, жүрегі тасып кетті, қайрат-қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті. Сол жерден атын алдырып мініп:
— Жекпе-жек! Жекпе-жек! — деп айғайлап шыға шапты дейді.
Қалмақтың жайсаңы құты қашып, аяғын тәлтіректеп басып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен-өзі қалбалақтап, сасып, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағынан қылышты тигізер тигізбесте шалқасынан жатқан қалмақ:
— Тоқта! — дейді. — Түнде сен де көріп едің, мен де көріп едім. Сені мен алып едім едім-ау, табанымның астына салып едім—ау!
Сенің түс жорушың жақсы жорығандықтан, менің түс жорушым ретін тауып айта алмағаннан алып кеттің— ау! — дейді. Сонда Жәнібек басын кесуге қимады, қолынан ұстап жетектеп, Абылай ханға алып келді. Өзі өскен-өнген жан екен, он бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақты тұттай жалаңаш тонап алып, олжа қылып қайтыпты дейді. Жан болса, осындай болсын!
XXX
[11.1 мәтін. Қырғызға жорығы, Тұрсынбай батыр]. Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас, құлан жортпас Бетпақтың Сары даласында бір қара ала атты кез болды дейді.
— Кімсің? — деп, жөнін сұрағанда:
— Көн етікті демесең, көпке татыр өзім бар, көн садақты демесең, көпке тиер сөзім бар. Мен — Балта керей Тұрсынбай! — дейді.
— Бәрекелді, атыңа қанық едім, жүзіңе танық едім, батыр, жорықтас болайың, олжалас болайың, — дейді.
— Жалғыз жүрсем, жан-жағым толып жүруші еді, көп ортасына кірсем, жабыланып кетуші едім. Сізбен бір сапар жолдас болайын,
— дейді.
Ханмен қосылып, Алатауға қарай бет қойып, бірге жүрді. Бір өзен аққан судың бойында көп мола бар екен. Абылай хан Балта кере Тұрсынбай батырға айтты:
— Анау тұрған бейітте бейіт ағашы бар ма екен, байқап келші!
— деді.
Батыр барып, аралап келді де: «Жалғыз-ақ көрде бейіт ағашы бар екен, өзгесі тас екен», — деді. Хан еш нәрсе демеді. Алатауға барды, қырғыз болсын, қалмақ болсын, ел шабысқан жоқ. Түзден ер басына бір түйе, бір аттан олжаласты. Қыс түсіп кеткен соң, асығып қайтты. Піскен тамақ таусылды, мал сойып, ыстық қылып ішуге отын табылмады. Қол ашығыңқырап, жүдеп, баяғы көп моласы бар суға қонаға жетеміз ғой десіп келе жатады. Абылай хан көп қолға білдірмей, екі жігітті ілгері оздырды:
— Бүгін қонатұғын жерде бір көрде бейіт ағашы бар деген. Ерте жарық барда соны тауып алып ақтарып, біреуің қайта өзінікіндей қылып, бетін жауып тегістеп, адам ашпағандай қылып қойыңдар. Түн болған соң, мен: «Бейіт ағашты алып кел!» — деп, Балта керей Тұрсынбай батырды жіберейін. Көрді ақтарып, бейіт ағашты ала бергенде, «Өлген менің көрімде әкеңнің көз құны бар ма еді?» — деп, ал жағасынан. Шошыр ма екен, шошымас па екен, батырлығын сынайық, — дейді.
Хан жарлық қылған соң, екі жігіт ілгері озып барып, бірі ақырет оранып, ішіне түсіп жатып, бірі қайта жымпитып, өзінікіндей қылып жауып тастап, екі атпен өзі бір сайға барып, жасырынып жатты. Қас қараиып, сам жамыраған мезгілде қол судын бойына келіп қонды. Ыстық қылып ішейін десе, тамызық жоқ. Абылай хан Балта керей Тұрсынбайға:
— Баяғы өзің көрген бейіт ағашты сен тауып алып келмесен, бұрын көрмегендер қаранғыда барғанмен таба алмайды ғой — дейді.
— Мен барып алып келейін! — деп, бара сала-ақ тас-талқан қылыпты, бейіт ағаш сау етіп, ішіне түсіп кеткен соң, қолын созып, жиып ала бергенде, көрдің ішінде жатқан:
— Өлген менің көрімде әкеңнің құны бар ма еді? — деп, жағасынан шап беріп, ұстай алғанда:
— Уай, енеңді... Сен шала-жансар өліп жатқан неме болсаң, мен шын өлтіріп кетейін, өлген кісі өліп көрде жата берер болар. Тірі кісі бейіт ағашын алып, жаға берер болар. Өлі саған бола тірі Абылай аштан өле ме? — деп, үстіне міне түсті дейді, жалма-жан қаруын суырып жатыр, — дейді, — Басын шауып тастайын! — деп.
Шын өлтіретұғынына көзі жеткен соң, астындағы батыр жалынды дейді:
— Мен өлі емеспін, тірі кісімін, сізді сынамаққа хан бұйырып еді — деп.
— Солай десейші, мен шын анық өлмей, шала жансар жатқан бірдеме ғой деп ойлап қалдым, — депті.
Бәрі бас қосып, бейіт ағашты алып келіп, ыстық қылып ішісіп отырғанда, хан:
— Пенде болып, ешнәрседен қорықтың ба? — деп сұрағанда.
— Тақсыр, неге қорықпайын, он алты жасар күнімде әкем пәлен ханға нөкерлікке берді: «Осы баламды батырлыққа баулап бер», — деп. Сонда ханның жылқысын бақтым. Жарқырап жаз шыққан соң, күркіреп көк шыққан соң, бір ақ боран болып, жылқы ықты. Жылқыменен бірге мен ықтым. Үш күн, үш түннен соң, күн шайдай ашылды. Жылқы жусады, мен де аттан түсіп, жата қалдым. Көзім ілініп бара жатса, өн бойым мұздай болып, шымырлап бара жатқан соң, көзімді ашып жіберсем, білектей қара шұбар жылан ауызымның үстінен артылып түсіп бара жатыр екен. Аузымменен қауып қалып едім, басы бір бөлек, құйрығы бір бөлек екі жағыма бөлініп түсіп қала берді. Ортасын жұтып жібердім, қорықпасам, жыланды жеймін бе, озімнің жан болып, қорыққаным сол! — деді.
— Бәрекелді, батырлығыңа болайын, қатты қорыққан екен.
Бұрынғы заманда батыр деп осындай жандарды айтады екен.
Бұл уақытта торғайға әлі келмейтұғын бодененің жұмыртқасындай немелерді батыр, батыр, — дейді. Онысы қанды шелек, көк тақым ұры. Кигеніне қарасаң қуыс қурай... [11.1 мәтін. Қазыбек би елшілігі (бірінші үлгі)]. Абылай хан қазаққа хан болып тұрған күнде Қалдан Шерінге елші жіберген екен. Сонда Қалдан Шерін ханымы Қарабас ханымға:
— Қазақтан елшілікке келгендерді аралап көріп, ішінде бітім алып қайтуға тұрарлық кісісі болса, сынап, маған алып кел! Бітім алып қайтуға тұрарлық кісісі жоқ болса, мені көрсетпей, қайырып жіберіңдер! Жоні түзу, сөз білерлік біреуін жіберсін! деп, — деген соң.
Қарабас ханым төрт кісіні таңдап, Қалдан Шерінге алып барды дейді: бірі — Қаз дауысты Қазыбек, бірі — Айдабол баласы Тайкелтір би, бірі — Балта керей Тұрсынбай, бірі — Шар жетім Шақшақ Жәнібек.
Сонда Қалдан Шерін ханымынан сұрапты:
— Бұларды не сынмен алып келдің?— деп.
Сонда Қарабас ханым айтты дейді:
— Мынау отырған Қазыбек ұйықтағанда, екі қолын екі жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, керген төстіктей жатады екен. Оның мәнісі, дүниенің төрт бұрышын тірей туған ұлмын дегені. Қара бақайына шейін құт екен, өлгенде, арулаған жерін басып өткен ел бай болар! — дейді. — Мынау отырған Тайкелтір кішкене тілінің ұшы екі айырыла біткен екен. Өнері қара санынан келеді екен. Айыр көмей, темір жақтың өзі екен. Екі жақты, бір тілдіге сөз бермейтіннің өзі екен дейді — дейді. — Мынау отырған Балта керей Тұрсынбай құлағы жоқ шұнақ, құйрығы жоқ шолақ екен. Ерлігінен де міні жоқ, еңбектілігінен де міні жоқ. Жалғыз-ақ айыбы жауы желкесінде екен, онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек дейді, — дейді. — Мынау отырған Жәнібек, екі аяқты, бір бастының сырттаны екен, өзінің оққағары бар екен. Күнінде ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағыңның майын шағатұғын осы екен дейді, — дейді.
Сонда Қалдан Шерін:
— Мұны осы жерде өлтіріп тастасақ болмай ма? — дейді.
Сонда ханымы айтты дейді:
— «Ханның ақылы баланың шөметейімен бір бәс!» деген осы екен-ау. «Қазақ, Қалмақтың тыныштығы болсын! — деп, — елші жіберсін!» — дейсің. «Келген елшіні өлтірсек, қайтеді?» — дейсің. Осы отырған төртеуі дүниенің төрт тіреуі сықылды кісі емес пе?! «Атса, мылтық өтпейтұғын; шапса, қылыш өтпейтұғын; отқа салса, күймейтұғын; суға салса, батпайтұғын» — деп, осындай жандарды айтады депті, — дейді.
Қалдан Шерін сонда бұл төртеуіне, ер басына тоқсан жесірді долгсыз берген екен. Бұрын қазақ, қалмақ арасында шабыншылықтарда түскендерді мал беріп, сатып алады екен. Бұл жолы бұлар сатусыз алып қайтты дейді. Сонда бір келіншек қатын Қазыбекке:
— Би ағалар-ау, мен қалып барамын! — деген соң, Қазыбек Қалдан Шеріннен сұрап алған екен дейді.
XXX
[11.1 мәтін. Батырлар тізімі (бірінші нүска)]. Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар: Қаракерен Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақ ұлы Жәнібек, Көкжарлы Көкжал Барақ, «Жауды көп қашырады, жақсы аты Бараққа қалады» деген Барақ батыр осы; Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары,
Абылайдың мінгені ыңғай сары,
Айғайласып келгенде жердің тары.
Абылайды сан қалмақ қамап жатыр,
Туыңды ала шаба гөр, Малайсары! — дейтұғын Малайсары осы кісі, Балта керей Тұрсынбай, Тарақты Байғозы, он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай, Малай Жәдігерден Жауғаш, Биғаш, бөрі тонды, бөрте атты, бөрі бас Орманшы Ақсары Шотана, Козған Бекше мерген, қарауылшысы Әлтеке-Сарым Жидебай, Уақ Сары, Баян,
Ғақыл тұрмас қашқанда,
Дегбір тұрмас сасқанда,
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда,
Үйде батыр көп еді,
Жау жолында Баяндай көзге тұсетұғын жоқ еді, — делінген Баян батыр осы.
Бұл айтылған батырлардың бәрі де ербикейше бұзау жарып, батыр атанған емес. Жалғыз жүріп қалмақтың қамалын бұзған батырлар. Қазақта батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ. Үйсін Төле биден асқан би жоқ.
XXX
[11.1 мәтін. Абылай тұсындағы заң-жоралғылар (бірінші нұсқа)]. Абылай ханның хан болып, дәуірі жүріп тұрғанда, құнға кесім қылдырған, тамам талас сөздің үстінен қаратып, бітім айтқызып, билік қылдыратұғын Баян Күлік Шобалай баласы Жаңа батыр би екен. Бұл кісінің құнға қылған кесімі: қара құн — жүз жылқы, он екі жақсы. Сүйек құны — елу жылқы, алты жақсы. Өнер құны тоқал құн болады, тоғыз жақсы. Жақсы дегеннін басы жетім қалы кілем, қара нар, мылтық сондаймен тоғыз болады. Ұрғашының құны. еркектің бір көзінің құны: елу жылқы, алты жақсы. Аттың құйрығын кескен ұрыға бір жылғаша билік айтпайды екен, босаға күзеттіреді екен. Босаға күзеттіргеннің мәнісі, сол атының құйрығы кесілген үйден бір жылғаша кісі өлсе, ат құйрығын кескен ұрыға кісі құнын тарттырады екен. Шідер ұрлаған ұрыға, шідері қайыс болса, үш атқа үш балағын салып, үш ат үзіп кете алмаса, ұрыға үш ат айып салады екен. Біреудің малын ұрлап жеп қойған болса, ол ұрының мойнына арқан салып, мал иесінің қолына береді екен. Мал иелері атқа мініп алып, тақымына салып сүйрей жөнеледі екен. Өлшеулі жер болады екен. Мерзімді соған шын тартылсын деп бұйрық қылады екен. Бірінен соң бірі кезекпенен үш кісі үш басқа тартады екен. Өлсе, өліп кетеді, өлмесе, өлмей қалғанды салауат деп қоя береді екен. Солай тартқанда адамның мойыны жарты кез ұзарып кетеді екен дейді. Ойнас қылғанды, мойнынан арқан тағып, қырық қысырақтың құйрығына байлап қоя береді екен. Сонан соң жылқы үркіп сүйретіп, быт-шыт қылып өлтіреді екен. Бұрынғы уақытта өрнекті хан, үлгілі билердің тұсында барымта бар екен, ұрлық атымен жоқ екен. Ел шауып, олжалап, қыз болсын, қатын болсын алады екен. Ойнас деген нәрсені білмейді екен. Мұндай жамандық қылғанды қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым кигіз ілдіріп, ақырында барып, мойнына арқан тағумен өлтіреді екен. Бір тоқтының дауы болса, бір тап ел түгелімен атқа мінеді екен. Тайлы-таяғына шейін қалмай шынға жүреді екен. Өтірікке жүрмейді екен. Онан соң бұлардың даулы кісісінің елі де түгелімен тайлы-таяқтысына шейін қалмай атқа мінеді екен. Екі жағы екі түйе бастатқан тоғызды заманындағы билердің босағасына алып келіп байлайды екен. араларынан дау шыққандығының айыбы деп. Сонда ұры мойнына алмаса, көрген білген ешкім жоқ болса, жанға салады екен. Жан берсін, жан бермесе ұры болсын дейді екен. Сонда мал иесі ел ішінен ұры шыққан таптан бір адал сенімді кісісін ұстайды екен. Онда ол жанға ұсталған кісі өз руынан үш сенімді кісіге жабысады екен: «Менің алдымда пәленше мен түгенше жүрсін, — деп, — сонда шығамын, әйтпесе шықпаймын», — деп. Егер де сол тоқтыдан мал иесінің ұры деп жабысқан кісісі ақ болып, шындығы білініп адалдыққа айналса, шын көзі жеткен соң ұры деп өлтіруге бермейді екен. Жанға ұсталған кісіні тірідей арулап жуып, ақ кигізге орап моланы үш айналдырады екен. Алдымда пәленше жүрсін, түгенше жүрсін деген кісілері алдында солар жүреді екен. Жанға өтулерінің үлгі-өрнегі осылай болады екен. Бұл заманда қозы жаурын, қой бұтты, қуық басты, үрген қарын сықылды домаланған билер жанға салған болады. Мешітке кіріп, аят оқып жан бер деиді. Ант айттыратұғын моллаға жиырма тиын күміс жан садағасы деп береді: «Тақсыр, жегеннін ішінде өдіміз де бар едік. Бұл заманда кемдігін кім беріп жатыр», — деп жүре береді.
XXX
[11.1 мәтін. Орысты шаппақ болғанда Бұхар жыраудын олеңмен тоқтау салуы]. Қаржас Қалқаман батырдың баласы Бүқар жырау деген қария болған екен. Заманындағы сыншылар ол кісіні «Көмекей әулие» дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлаумен шығады екен. Сол Бұқарекең Абылай ханға айтқан екен:
— Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның бір түстігіне де жарамайсың, — деген екен.
Абылай хан бір жаққа аттанарда Бұқарекеңді алдырып, Айдың, күннің сәтін сұрайды екен, сәуе көріп бер дейді екен. Сонда Бұқарекең:
— Сары бура келіп, сенің туыңның түбіне тұрып, пәлен жаққа қарай шабынды, — дейді екен.
Сол айтқан жағына бет алып аттанса, шауып, жаншып алып келеді екен. Егер Сары бура келіп, туының түбіне шөгіп, мойнын салып жатып алды десе, аттанбайды екен. Ол заманда Сарыарқада орыс деген жұрттан нышан жоқ екен. Абылай ханға сәлемдеме беріп:
— Өзіңе қараған жұртты бізге жау қылма, — деп, сыйлап тұрады екен. Олай-бұлай жұрген саудагерлері Абылайға тарту-таралғы беріп, ешкім тимеске хат алып кетеді екен. Абылай заманында болған шайырлар айтқан екен:
Абылайдың атасы — Әбілфейіс,
Хан баласы төсенбес етке киіз.
Аузы түкті орыстан алым алып,
Абылайға шықты ма екі мүйіз, —
деген екен. Алматы, Аягөзге саудагер жіберемін, соған жол берсін деп сұратқанда, Имамқұстан шығып, Ертіс жағалап, Семейге шейін баратұғын қара жолды Абылайдың «сонымен жүрсін» деген бұйрығымен қара жол болған екен. Сол үшін Ертістің бергі жағындағы көлденең жолды «Абылай жолы» дейді. Жәрмеңкелік жер сұрағанда, Есілдің бойынан Қызылжарды берген екен. Атығай Дәулеткелді байдың қыстауы екен. Сонан соң Дәулеткелді бай:
— Жерімді орысқа берді, — деп өкпелеп, Жиделібайсынға кетемін, — деп, ауып кетті.
Соның тұқымына Тәшкентте жолығып сөйлестік, Көтенші деген Қоңыраттың ішінде өсіп-өніп кеткен екен. Қызылжарда «Абылайдың ақ үйі» деген сонда салынған үй екен. Аузы түкті кәуірді айтқанына көнгізіп, айдауына жүргізіп тұрған күнінде үш жүздің баласын кемеңгер билерді жинап ақыл сұрады:
— Сары жаудың бәрі жау деп еді, қуықтай басы бүріскен, ешкідей көті шүрішкен, көрер көзге оп-осал болса да, қулығы көз жеткісіз терең көрінеді. Сарыарқаға қызығып күндердің күні болғанда қызыл қарын, жас балаға күн көрсетпес. Алаш ұранды қазақты жиып алып, «Қыл құйрық» деп аттанып қырып тастасаң ңайтеді, — деп.
Сонда билердің бірде-бірі ханға бір ауыз жауап қайтара алмағанда тоқсан үш жастағы Бұқарекең ханға толғап сөз айтыпты.
XXX
[11.9 мәтін. Самарқан жорығы, Абылайдың түс көруі]. Абылай хан өзіне-өзі емін-еркін келген соң, ата жұртым Бұхараны аламын деп, үш жүздің баласы қазақтың «сен тұр, мен атайын» деген батырларын жиып аттанды. Мұнан барғаннан әуелі Түркістан барып, оған өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды ие қылды. Шымкент, Сайрам барып, оған Ғабдалрахман деген сартты қойды. Ташкент барып, оған Мырзаахмет деген сартты қойды.Ташкентті кеше орыс алар уақытысында бір Мырзаахмет деген және биледі. Бұл Мырзаахмет қартайып алжып өлсе, жаңада өлді. Абылайдың қойған Мырзаахмет дегені— мұнан көп бұрын өткен кісі. Онан Созаң үстіне барып түнеп жатқанда, Қоңырат елінде бір байдың келіні ұл тауып, атын Абылай қойған екен. Бұл Абылай да өсіп-өніп, бір тайпа ел болыпты. Абылай хан онан өтіп, Самарқан шаһарының бет алдына, Жұпар қорығына барып түсіпті. Сол түні қасындағы қариясына:
— Бүгін сәуе көр, — депті.
— Мен де қарап жатпайын, жұрт билеген хансың ғой, өзің де көр, — депті.
Ертең таң атқан соң, қария мен хан бас қосып отырып, көргендерін айтысыпты. Әуелі хан айтыпты:
— Бүгін түнде түсімде бір жолбарыс шатырымның алдына келіп шөкті, басын бір көтермеді, төмен салды да жатты. «Бұ не қылғаны?» — деп, қарап едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды. «Жаңа жолбарыс еді ғой, қалайша аю болып қалды?» — деп, қарап едім, қасқыр болды. Онымен де тұрмады, қоян ба, қарсақ па, сол сықылды болған уақытта оянып кеттім, — дейді.
Онда қария айтты:
— Мен көргенімді антсам, Бұхардағы тамам әулие Самарқан дарбазасынын тү-біне келіп шөкті. Ол Самарқанды саған алғызбаймын деп келгені. Өзің көрген жолбарыс озіңнің бақ- таланың. Бақ-талаиыңның жетіп жығылған жері осы болғаны. Енді мұнан былай бақ-талайың көтерілмейді. «Баяғыдан бері Абылай жүріп-жүріп сарттан өліпті» деген атқа ұшыраман, ұрыспай, соғыспай, осы жерден тып-тыныш қайта ғой. Қарасаң аю болғаны: сенен соңғы баланың заманы «аю заманы» деген заман болады. Людай алысып өтеді. Онан қарасаң қасқыр болғаны: немере ұрпақтарың заманы, «қасқыр заманы» деген заман болады, қасқырша жұлысып өтеді. Онан қарасаң, түлкі болғаны: шөберең заманы, «түлкі заманы» деген заман болады. Түлкіше жортып жүріп жан сақтайды. Онан қарасаң, қоян болғаны. Онан соңғы заман қоянша қара кебек қылып, қорғалап жатып, жан сақтайды. Онан соң заманның не боларын құдірет өзі біледі. Қарсақ болар, күзен болар, ең аяғы тышқан , бақа-шаян, құрт-құмырсқа болып, дүние сөйтіп тозып, таусылады-дағы, — дейді.
Сонан соң хан бұл сөзге құлақ қойып, Самарқан шаһарына елші жіберді:
— Ұрысым, соғысым жоқ. Әулиелерді зиарат қыла келдім. Осы жерден қайтамын, — деп.
Самарқан, Бұхара жұрты қорқып тұр екен. Мұнан бұрын қосыны қазақ болып, он үш патша ол шаһарларды алған екен. Қосыны қазақ болды дегенше, бұ дүниепаз сарттарға азап болады екен. Абылай ханнан бұл сөзді естіген соң, Самарқан халқы қуанып, тарту-таралғысымен келіп, ханды көріп, Абылай хан сонда Самарқанның көк тасынан басыма қойдыратұғын, жазу ойдыратұғын тас қазып аламын деп, ұста жинап, тас қаздырды. Сонда Абылайдың бақытысына шыққан тасты Самарқан халқы көріп, ханнан сүйінші сұрады: «Бұл тас әмір Темірден соң, ешкімге шықпаған тас», — деп. Сол тасқа атын сол жерде ұсталарға жаздырыпты: «Абылай ибн Сүйеніш хан», — деп. Сол сапардан кайтып, Ташкентке келіп Мырзаахметтің қызын алып енді ұрыс, соғыс жоқ деп, Орта жүз бен Кіші жүздің батырларын рұқсат беріп, жерлі жеріне, мекенді суына қайтарыпты. Үш айдан соң өзі Ташкенттен Арқаға қарай шығыпты. Қасында біраз төлеңгіт пен Үйсін, Дулаттың жалға етектері бар. Мұны Шымкенттегі Ғабдалрахман сарт естіп, Тұрбат, Сұлтанрабат, Қарабұлақ, Маңкенттегі егінші сарттарды жинап алып, қосын қылып, Абылай ханды қамапты. Сонда Дулат халқы қашып кетіп, «жалға етек Дулат» атаныпты. Боза ішіп, дулағаннан басқа өнері аз, тұзсыз көженің күшінен біткен жасық халық қой. Ханның қасындағы төлеңгіттердің бірсыпырасын қырып тастапты. Ханның өзіне қол тигізуге бата алмапты. Сонда хан Арыс деген өзеннің бойында, бір қырдың басында тұрып, жолдастарын тарқатып жібергеніне пұшайман болып, бармағын шайнады дейді.
Сонда бір қария айтқан екен:
Етек пенен жең болған,
Ежелден саған ел болған
Орта жүзден кісің жоқ.
Найзасының ұшы алтын
Кіші жүзден кісің жоқ.
Бұған карап тұрғаннан
Басқа ісің жоқ,— депті.
Сонан соң Абылай сол Арыстың бойында бір қорғанға түсіп, алпыс сегіз жасында, жұма күні дүниеден қайтып, сол жер осы күнде «Хан қорғаны» атаныпты. Сүйегін теңге салып, Түркістан шаһарындағы хазірет сұлтан Алғарфин әулиенің күмбезіне алып келіп қойыпты. Есіткен күні жұма күні екен, Сарыарқаға қырық күн бұрын естіліпті. «Бүгін қырқы «, — деп, ордаға жиылып, бала- шаға, үй іштеріне жұма күн жиылып есіттірген екен. Артынан қасындағылары келген соң: «Қай күні өлді?»— деп сұраса, үйіне есіттірген күні өлген екен. Өлмесінен қырық күн бұрын өлді деген хабары Арқаға келіп қалғаны. Абылай хан өлгенде Созақ деген кентте Жалаң аяң Алұрдұр [Ашдүр, Оздер-Е.Қ.] үш күн, үш түн жылаған екен. Маңайындағы сарт-сауан:
— Тақсыр, бір қазақ өлді деп, мұнша неге бүліндіңіз? — дегенде:
— Есіл Абылай Сарыарқада өлмей, сарттың қорғанында өлді- ау! Енді хандық қорғанда қалды. Сол үшін жылаймын! — деген екен.
Айтқанындай, содан соң қазақ ортасына хандық жоқ, сарт билеп кетіпті.
Бес қойға алған өгізді Тегін дерсің, — деп еді.
Егін егіп, тарының Сөгін жерсің, — деп еді.
Жалаң аяқ сарттарды Бегім дерсің»,
-деп еді, деп, ноғайлыдан шыққан Мөңке бидің айтқаны дәл келіпті де, тұрыпты. Мұнан соң «балапан басына, тұрымтай тұсына» деген заман болды. Баяғы атам заманындағы Бұхарекеңнің: «Қала салады, орыс алады», — деген жерлеріне Абылай ханның немересі Кенесары заманында салынып, Кенесары, Наурызбай барымташыдай шеттеп, жырмалап жүріп, екі мыңға анық толмантұғып жігіт-желенмен оған бір тиіп, бұған бір тніп, басы-көті сегіз жыл бір ауылға болса да хан атанды.
Ереймен, Есіл басы тау болыпты,
Кәпір көп, мұсылман аз, қау болыпты.
Саржан мен Қоңырқұлжа құда болып,
Орыс пен Кенесары жау болыпты.
Төскейде мал жатады қау болғанда,
Жігітке кедейлік жоқ сау болғанда.
Ұшқан құс, жүтірген аң өте алмады,
Орыспен Кенесары жау болғанда, — деп, бұрынғы ақындардың олеңінде айтылған.
XXX
11.10 мәтін. Абылай әулеті (бірінші нұсқа)]. Абылай ханның Қарауыл қызы, алғашқы алған бәйбішесінен ұл жоқ жалғыз қыз болды. Ол —Жамантай ханның шешесі. Онан соңғы қатыны — Қарақалпақ қызы. Онан туған: Уәлі хан, Жәңгір сұлтан, Ғаділ сұлтан, Ешім сұлтан. Сарт қызы қатынынан: Рүстем сұлтан, Шеген сұлтан, Сыдық сұлтан, Бопкір сұлтан, Ғабдолла сұлтан.
Қожа қызы қатынынан: Қосым, Аруұқ (Арық), Тоқ.
Және Қарауыл қызы қатынынан: Шығай, Тағай, Шөкі.
Аюке қызынан туған Топшы ханымнан Қасым хан жалғыз.
Қалмақ қумашы қатынынан туған Төлек жалғыз.
Және Қалмақ құмашынан Шама төре жалғыз.
Жеті ханымнан он сегіз ұл болды. Осының ішінде «Абылайлап» жауға шапқан Қасым ұрпағы. Бұхарекең айтпап па еді:
Ағар дария су кетпес,
Қалмақтан алсаң,
Маһи бір зайып
Сүйегіңді жоғалтпас, — деп.
Абылайдың бел баласы, Уәлі ханның бәйбішесінен: Ғаббас (Аббас), Хамза, Ғабидолла(Ғұбайдолла, Абайділла), Бегәлі.
Абайділда, Аббастың елін жайлап,
Бес жорғасын өлтірдім кісі байлап.
Ханнан алған сұлуым өліп қалып
Қара күңмен келемін сорым қайнап, — дейтұғын Қамбар Жанақ ақын.
Айғаным деген тоқалынан — Көкшетаудағы Шыңғыс төре. Оділ ба.\асы — Нұралы, онан — Тезек төре. Абылай хан өлген соң, Уәлі хан хан болды, Абайділда хан хан болды. Бұлар тек хан атына зар болды. «Қала салмаймын, бағынбаймын деп айтасың» — деп, Абайділда ханды Баянаула деген таудан орыс ұстап алып кетіп, Көкшетауға Уәлі ханның тоқалы Айғаным қала салдырды. Баянаулаға Шоң би қала салдырды.
XXX
11.11 мәтін. Абылай аспаған сары бел (бірінші үлгі).
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.
Әлеумет құлақ салып тыңдасаңыз,
Арқада Абылайдай хан болыпты.
Сол Абылай хан Алатаудағы қырғыз-қалмаққа аттанып бара жатқан жолында өрдегі Қаз дауысты Қазбек бидің елінде бір асқа кез болып, сол аста тұрғанда Шаншар деген елдің жылпос балалары аңыз қылысыпты. «Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсірер ме еді?!» — деп. Сонда Қаз дауысты Қазыбектің еншілесі Мұртаңдайлы Балапан дейтұғын арт жағынан барып, аңдаусызда ханның арт жағында тұрып, шыбыкпен басындағы бөркін қағып түсірді дейді. Хан дәнеме демеді, жерге түскен бөркін басына қайта алып кимеді деді: «Қалған бойымен жерде қала берсін», — деп. Замандардан заман өткенде Қаракесек, Төртуылдың базаршысы Қызылжарға базаршыға барғанда, сол басынан бөркін қағып түсіргенді сөз қылып қозғап, Төртуылдан Ботақан дегенді, Қаракесектен Жанай дегенді байлап алып қалды дейді.
Қазымбеттің баласы Жанай, Жанай,
Ортаншысы — Атымбай,
Кенжесі-Анай,
Қараұзақ пен Сарыорақ,
Қарақалфак Құлтекесін Сұраймын әлде қалай, — дейтұғын өлеңге қосылған Жанай, соқырт бел баланың әкесі Қаз дауысты Қазыбектің немересі. Ботақан байланғанына ызаланып, долданып, ас-су ішпей, тұтқында жатып өліпті де, Жанай байлаулы отын оттап, суын ішіп жата беріпті. Базаршы келген соң Қаракесек, Төртуыл намыс қылып көтеріліп, Қаз дауысты Қазыбектің бел баласы, жиылысты дейді, Бекболаттың алпыс бестегі күні екен. Едігенің жиырма бестегі күні екен. Сол күнде Бекболаттың қыстауы Жаман Далбада, батырдың бұл соның отырған жер екен. Едіге бидің қыстауы Жақсы Далбада, Қарағайлыбұлаң деген жер екен. Бекболат пен Едіге атқа мініп, бес Мейрамның баласына ат шаптырып, қол жиды дейді. «Абылайды шабамыз?» — деп. Күлік Шобалай баласы Жаңа батыр биге кісі жіберді дейді: «Дәуегей болып жүрсін!» — деп. Жаңа батыр бидің қартайған кезі екен. Өзі жүрмеді дейді. Баласы Жанақта жіберді дейді:
— Бекболат пен Едігеге сәлем де,
Ханын жаулаған қалмақ онбаған,
Ханын шапқан қара оңбайды деген.
Оділі би ұрыс қылмасын,
Бітім қылып жарассын,
Арашашы бол, — деп, қосты дейді.
Бұл хабарды естіп, Керей, Уақ үркіп ішке түсіп кеткен екен. Керейді кеше Тұрлыбек ат арқасына мінген соң, іштен алып шығып, қалын Шұбарға орналастырды. Уак сол бойымен іште қалды. Мейрам болып атқа мініпті, сонша ауыр қол келді деп естіген соң, Абылай Көкшетаудан қозғалып Жолдыөзекке қарай көшті дейді.
— Мұның басшысы Бекболат дәу де болса Абылайдың басын алмасам, не қара қазанын қақ жармасам, әкем Қазыбектің аруағы ұрысты деп ант айтып, атқа мінген шығар. Қара қазанды жұртқа тастап көшіңдер! Жұртта қалған қазанды қақ жарып, ашуы басылсын, серт сынсын. Үйіле мұның ішіне он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай бар шығар, туын қадамай оның ашуы басылмайтұғын. Сиыр атаулыны жұртқа тастап кетіңдер, соны сойып қандансын. Онан соңғысы жайы белгілі, жарасып бітімге көнген, — дейді де, қара қазанды жұртта қалдырып, сиырды қалдырып, Атығай, Қарауыл қопарыла көшті дейді.
Ауыр қол Абылайдың Көкшетаудағы қоймасын талап, сиырды сойып, туларын қандасып, мәре-сәре болып жатты дейді. Бұған елші жіберелік десіп, ақылдасып Орманшы Ақсары, Шотананың Шотанасын Абылай ханға елшілікке жіберді дейді. Шотана батыр Абылай ханға барып келіп, Бекболат пен Едігенің алдында отырып сөйледі дейді:
— Ханға бардым, алдияр деп, сәлем бердім. Жол болсын, алай болсыннан соң, Менрам болып атқа мінді үш мың кісі қол келді. Бекболат пен Едіге жіберді. Байлауда өлген Ботақанның құнын берсін. Жанайды босатсын. Мың кісінің жолына ер басына жетім бастатқан тоғыз берсін. Қалған мың кісіге мың ат, мың шапан берсін. Бұған көнбесе тұрысатын жерін айтсын дейді, — дедім дегенде, Бекболат Шотананы арқаға қаққан екен:
— Тауып айтқан аузыңнан айналайын, сені тапқан қатыннан да айналанын! — деп.
— Не дейді, не дейді депті, — дейді.
— Ертең Жолдыөзектің бойынан табысайық, — деді, — десті.
Олжабай батыр:
— Мені бұл қосьінда бар ма деп сұрады ма, — депті.
— Сұрады, бар дедім, — депті...
— Ендеше бізбен ұрыса алмайды. Пәлен сарттың қорғанын қамағанда даруазасы қалайы мен қорғасыннан екен. Соған ешкімнің қолы батпағанда, туымды Абылайға ұстатып, қайта аттан түсе қалып шапқылағанда, қорғасын, қалайыны илеген нандай турадым. Сонда артыма қарасам, Абылай хан қалш-қалш етіп тұр екен. Менің аруағымның күштілігінен бойын тоқтата алмай тұр екен. Енді бізбен қарсыласуға ол сарт бойын тоқтата алмайды, — депті, — дейді.
Ертең таң атқан соң шеру тартып шықкан көп қосын көрінбеді. Бір-екі кісі келе жатыр.
— Бұл кім? — десіп, қарасып тұрса, Абылай ханның өзі мен Балта керей Тұрсынбай батыр, сол екеуі екен. Екеуден-екеуі келе жатқанын көрген соң, Бекболат, Едіге екеуі атқа мініп алдынан шықты дейді.
Сонан Қозған Күлеке, Бекшенің Бекшесі мерген атанған кісі екен. Атқан оғын құралайдың көзінен өткізеді екен.
— Бұл сартты атып тастайын, — деп, мылтығының сирағын құрып тұра қалғанда, Жаңа батыр бидің баласы Жанақ жүгіріп келіп:
— Атпа! — деп, шап беріп ұстай алды.
Хан анадайдан мұның бәрін көріп келеді. Ол жақтан Абылай хан мен Балта керей Тұрсынбай келеді. Бұл жақтан Бекболат пен Едіге барды. Сәлемдесіп, Абылай сөз бастап көтергенде: «Өзің көтіме қолды салғанда, өзің деп туғанда». Күлік Көтеш ақынның бала күні екен. Билерді сөйлетпей, көлденеңдеп барып өлеңді қоя берді дейді:
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,
Есіл ер жазығы жоқ, неге өлтірдің?!
Хан басың қарашыңмен даулы болып,
Үстіне ақ ордаңның қол көтердің.
Абылай, күйіп кетті салған қалаң,
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң.
Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң
Болады ертең жесір қатын-балаң,
-деген соң, хан сөзге келмей жарасып, бітім қылып солардың айтқанын айтқанындай қылды дейді.
— Мылтық құрған кім еді? — деп сұрады.
— Қозған Бекше мерген еді, — деген соң.
— Талай жорықта бір жүріп, бір туған жолдасы еді. Кісіні кісі жоқ жерден-ақ өлімге қия береді екен-ау, — деп, — мылтығыңның аузы қырсық баспасын, — деп, оның мылтығының аузына түйе байлады дейді.
— Жүгіріп келіп ұстаған кім еді? — деп сұрады.
— Жаңа батыр бидің баласы Жанақ еді, — деген соң.
Жаңа батыр арашашыға қосқан ғой, олар құдай жаратқан шын би ғой. Қазақ ішінде ат шаптырған ас болса, Жаңа батыр бидің босағасына түйе бастатқан тоғыз байлансын! Сол кісі осы ас болды десе ат шауып, ас тарқасын. Айтпаса ат шабылмасын, ас тарқамайтұғын болсын! — дейді, жане ол заманда қаралы үйдін босағасында бір найза жылына шейін қысы-жазы шаншулы тұрады екен. Сол найзаны жылын бергенде Жанақ батыр сындырып, бір ат, шапан онын жолы болсын!, — дейді, — дейді. Сойтіп хан қарашысымен жарасып, ойнап-күлісіп қайтқан екен. «Абылай аспанға сары бел» атанған жері осы екен. Төртуыл ішінде жүрген Төлеген қожанын өленінде бар:
Кешегі өтіп кеткен хан Абылай,
Соғыпты құбыладан ескен желдей.
Сонау бір сары белден аспадым деп,
Кетіпті арман қылып біздің елдей.
Көліне тимегеннің қонған болып,
Шоң биім үйде жатыр қорған болып.
Атадан он үш жаста жетім қалған
О да жүр жұрт иесі Шорман болып.
Бояудың бастық ісі гүлден,
Жақсы ма тума күні қадір түннен.
Нұрқан менен болғанда Шоң мен Шорман,
Бұзықтың басы бурыл, бүлік кімнен?!
Ақжардан қонушы едің жақындасып,
Ойнаушы ек бауырындай тақымдасып.
Араз-қораз жоқ болып,
Ашу-өкпе жайлауда.
Отырушы ек ақылдасып,
Қонушы ек ауыл-ауыл боп араласып.
Ойнаушы ек ат пен тойда сабаласып,
Төрең, қыз-бозбала бас қосып паналасып.
Жүруші еді түн жамылып тоғайды,
Төрең Нұрқан болғанда, биің Бапан,
Алдың жалды ат пенен шолақ шапан,
Жабағылы биеге арба салып,
Қоскелді көшуші ең қопаң-қопаң.
Сол Гөлеген қожаға Каржастың Немелтай деген ақыны айтты дейді:
Ассаламағалейкум, Құтпан қожам,
Шалдары шалжа ойнап ұтқан, қожакем.
Төрт биенін сутіне наз қыласың,
Төрт ауылды қорыта тұтқан, қожам.
Сонда қожа айтты дейді:
Сондадағы пейілің кең жарлы едің,
Кеше Шекті байдың алалысы құрығанда,
Тама талас ішінде сен жарлы едің,
Сондадағы пейілің кең жарлы едің.
Кеше Шекті байдың алалысы құрығанда — Сондадағы ішінде мен бар ма едім?! — дейді, Мұның мәнісін Шекті байдың алалы жылқысы бір жұтта түк қалмай жұтап қалған. Бұл Немелтай ақын соның немересі екен. Қожа қыстаған жылы бір төрт ауылдың шалдары өз ажалынан өліп, басы жұтаған екен. Немелтай өлеңмен соны айтқанда, қожа соңғы сөзді айтып тоқтатып кетті дейді.
11-МӘТІН.
ЕРТІС БОЙЫНДАҒЫ ҚОЖАЛАР
Біздің қазақта қожа деген бар. «Бұл қожа дегенің кім?» — деп сұрасақ: «Пайғамбар әулеті» — дейді. Қылып жүрген ісіне қарасаң, қара қазақтан 10 аз сан ғой, 100 есе, 1000 есе жаман. Қой, пайғамбар әулеті мұндай болмас, мынаның затында, түбі-тегінде бір шатақ бар шығар деп, ақың бардай ізертдеп, қағыстырып сұрастыра келсең, түпсіз-тексіз әлденеме болып шықты. Осы күнгі Жебірей, баяғы замандағы Жақып, Жүсіптің үрім- бұтағы оны танытып тұр, өздерінің аты және тұтқан жолы танытып тұр. Ертіс өзенінің бойында қожалар бар. «Кімнің ұрпағысың?» — деушіге: «Омар, Оспан тұқымымыз» — дейді. Біздің қазақ оны баяғы пайғамбар 1 жар болған Омар, Оспан тұқымы екен деп, ол береді. «Сұрай-сұрай Мекке барасың» дегендей сұрай-сұрай келсек, ол Омар, Оспан емес. Қазақ орысқа қарап, бағынғаннан кейін пайда болған Омар, Оспан екен. Біреу естек дейді, біреу орыс дейді, жалғыз басты жігіт Тоғай бойына келіп, қыпшақ ішіне үйір-шүйір болыпты. Қанша үйір боламын дегенмен туысқан-туған болып кету қиын ғой. Жалғызсырап алақтап жүріп, жаяу сал тартып келгендердің ішінен маған әне бұл бауыр-туысқан болайық деп бір жігітті алып қалып, оған Оспан деп ат қойып, екеуі елден аулақ оңаша жатып, Омар ұрлыққа кетеді де, Оспан салықта қалады. Омар ұзанқырап жүріп кетіп, кешігіріукіреп келген соң, аштыққа шыдамай, бір жаққа қаңғып кетеді ғой деп келсе, салықта жатыр екен. Ешқайда кеткен жоқ екен.
«Қарның ашып қалды-ау, саған қиын да болған шығар», —
десе.
«Жоқ, тамағым тоқ, аш емеспін,» — депті.
«Байғұс қалай күн кешірдің?» — десе.
«Бір тәтті тамақ кез болып, кенеліп жүрмін,» — депті.
Табылған тамақты зерттесе, суға кетіп өліп, қайраңдап қалған адам аты екен. Соны ненің аты екенін таныған да жоқ екен. Сонан соң, ұрсып, қойдырып: «Бұл өзіндей кісінің аты суға кетіп өлген», — деп, танытыпты. Сол күнде Қыпшақ Ертісбай, Есілбайдың Ертісбайы Омардың қияфатын ұнатып: «Сеп бұлай жүрме, маған серік бол, сені мен қожа деп жолдас қылайын, атыңды Омар қожа дегізейін», — деп, ауылына шақырып алып. Барып, қатын алып беріп, мал малдандырып, жан жандандырыпты. Ертісбай өзі 1 ағайынды екен, 1000 жылқылы бай екен, жігіт-желеңі сай екен. Жетеу болған соң ақ жеті лайт болуы дайын тұрған. Ішіндегі көкжал көк шолағы Ертісбай екен. Өзіне кісі қаны қой қанынан оңай болса керек: «91 кісінің қанын осы қолыммен ұрттадым. Жүзге сегіз-ақ жетпей қалды», — деп отырады екен деседі. Билікті, жарлықты Омар қожаға беріп: «Жарықтық ата пірдің нағыз әулеті ғой», — деп, Ертісбай айтып отырған соң, жұрт қатықтай қатып, сүттей ұйып, таудай қақиып тұра қалады екен. Ол замандарда қытай мен орыстың шеқарасы Тұзқала екен. 10 салдат, ішінде жасауылы бар, Тұзқалаға тұру үшін бара жатқан. Ертісбайға қонақ болыпты. Ақ падшаға берген сыйымыз иа фатам деп тобынан таңдап, 10 қара көк ат сыйлапты да, жасауылдың өзіне 1 қара көк сыйлапты. Сонан жасауыл ақ падшаға қазақта да осындай шын ықыласымен бағынған жан болады екен деп мақтап жазу жіберіпті. «Шаққан өлтіреді, мақтаған жеткізеді» деген бар ғой. «Не қалайды екен, қалауын айтсын», — дегенде, бір шеті Ертіс суы, бір шеті Көкөгіз жабысқан, бір шеті Шот деген қалаға шейін жер олжа етіп алыпты да, Ертісбайға ит терісіне жазылған бір қағаз, 11 үйдін сыбағасы деп, мұның ішінде Омар, Оспан бар. Осының бәрін патша болып тауып беріп қылдырып жүрген Омар қожа екен. Ертісбай жігіт аттандырады екен де, ол жігіттері жылқыны түп көтере айдап келіп, Ертістің бір түбегіне кіргізіп жібереді екен. Сонан соң Омар қожаға хабар береді екен. «Жұлдыз жиі, бұлт қалың атқа мінбесеніз болмас», — деп. Басқа жан не айтып, не қойғанын сезбейді де, білмейді. Омар қожа барып сегіз сыбағаға бөліп, жеті баласына жетеуін, ішіндегі көзге түсер фұлды— құндысын қожа қаласа, көне береді. Ертісбай сыртына шығармайды, ішінде өзіме-өзім қылдым-ау дейді екен. Және жерге қожа еркіндеу, өктемдеу, бәрінің есебін тапқан. «Өзім мен болмасам саған мұндай өтер білім қайда дегендейін» қылып жүреді екен. «Әй, бәрекелді-ай, қап атыңнан», — деп жүргенде, қыпшақтың бір қадірлі Омар қожаның тілі тиді дейді. Қыпшақ болып тарпа бас салуға Ертісбайдың ажарына қарады да, қыпшақ болып Ертісбайға кісі жіберді дейді: «Ойбас ұранды қыпшақтың Шомақтан қаларымыз жоқ. Ертісбай қожасын бүйтіп қожаңдатпасын, не бізбен болсын, не естектімен болсын», — деген соң, Ертісбай: «Қожам жайын өзім табайын, — деп, — мен жаман болсам да, жақсы болсам да, қыпшақтан тудым ғой, қыпшақ қайда болса, сондамын», — деп қайырып жіберіпті. Дәл сол күнде Омар қожаның Лата, Жұмағұл, Қарман деген 1 баласы бар екен де, үшеуі бірдей қорасаннан жалф ете түсіп ауырып жатыр екен. «Жұлдыз жиі, бұл қалың» деуші келді. Омар қожа асығып-үсігіп, ат ерттете бастады. Қатыны: «Бармаңыз жұлдызы да құрысын, бұлты да құрысын. Мен бір жаман түс көріп, шошып ояндым. Не өзіңе, не мына 1 балаға қатер көрінді», — деп, тоқтатқан екен. Тоқтауын тоқтаса да, отыра алмапты: «Түс деген түлкінің боғы» деген. Осы ит не былшылдайды», — деп аттана жөнеліпті. Қатыны ойбайлап неше қабат шақырып алып, аттан түсіріпті. «Қойшы, бүгін нағылсам да мен үйде отыра алмадым», — деп жөнеліп беріпті. Сөйтсе, көзін жоғалтуға шақырған екен. Отырған жерінде кофаның бетіндей жабыла түсіпті. Бірін олай лақтырып, бірін бұлай лақтырып, қырау кұрлы көрмей бәрін жеңуге айналыпты. Сөйтсе, Ертісбай өзі талдың ішінде бұғып тұр екен, аналардан күші асып бара жатқанын көріп, тұра ұмтылып шыға келгенде: «Досым, сенен болған қылық екен ғой, енді болмас, болмас», — деп сылқ етіп құлай кетіпті. Бұрынғы заманның әдеті кісі өлтірсе, қанын ұрттамай қоймайды екен. Егер қанын ұрттамаса, есалаң ауру, қорқақ болып кетеді екен. Қанын ұрттаса дәнеме көрмеген, білмеген кісідей орнықты болып жүре береді екен. Омар зым-зия жоғалып, балалар аман-есен жазылып, бір Жұмағұл деген баласы пысық, қайраттылау болып көрінген соң осы жай жатпас деп, өтірік жала қиянатпен қаторге жіберіпті. Ол барған жерінде тіленіп салдат болып, офисерлік оқуға кіріп, көп кідірмей 100 салдатқа офисер болып, зергер Тұзқалаға жол күзету үшін келіп тұрып алыпты. Қыпшақ болып бас қосып, аяғына барып жығылып, ұшы-қиыры жоқ дүниені аямай төгіп: «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», — дегенді айтып, қызметтен шығарып алыпты. Латадан Шоқыбай туып, өз заманында Керекудің көп алыпсатарының бірі болып жүргенінде, қырдан келген бір қалашынын барлық тері-терсегін, шекпен, киіз, алаша, ол- пұлын алып, ылғи пұрансоздың [француздың — Е.Қ.] қағазын уыс-уыс қылып берген екен де, ол байғұс көп ақшаға саттым деп мәз болып, қала берген екен. Ертең дүкенге келіп, керек- жарағын кездетіп, ақша беруге келгенде, сонда біліпті кімге сатқанын. Ол ақшаны кім бергенін атын да білмейді, түсін де танымайды. Ертең базарға жиналған жаннан құр сұрау салып жүрді де, сатқан ізтес ебетейсіз көп болса керек. Сонда білгені сол болыпты: «Менікін ол алып, оның бергенін мен алып, әпкел қолыңды мә береке деп қол соғысып қалғанда бір саусағы бүкір екен, алақанға кіріп кете жаздап еді», — деген соң білген. Біреу: « Бұл Лата баласы Шоқыбас екен», — деп. Сонан барып барып шыққан екен де, анау жұрт алдында аласы сыйын түгел алған екен. «Бір әкеде инім бар еді менің?» — деп. Сол сөз көптің аузында мәтел болып қалыпты. Сол Шоқыбастың баласы Бижан. Омар қожаның бір Дайыр деген немересі Керекуге келіп, 1 арба ұн сатып қайтып бара жатқан бір мұжықты, қасында бір жас баласы бар екен, екеуін бірдей өлтіріп, Сарыөзек деген жерде әкесін өлтіріп жатқанда, Күзенбай деген жолдасы баланы ұстап отыра қалғанда, баланың шыңғырып жылаған даусының ащылығынан Күзенбайдың құлағы тарс бітіп саңырау болып қалып, өмір бойы жазылмай кетіпті. «Бір пәуеске, оған 1 арбаны қосып, бар сайманды өртеп жіберіп, қалтадағы ақша мен 1 атты Дайыр олжа қылды да, мен екі құлақтан айрылып, есалаң болып қалдым. Алған олжам сол», — деп. Сол Күзенбайдың былшылдап көрінгенге сөйлеп жүргендігінен қалған сөз. Соны жазғаным Бәсентиіннің қожасының шежіресі сұрай- сұрай келсең, анық пайғамбар әулеті болып сарт ете түседі екен. Бұл сөзбен қоса қыпшақ Ертісбай, Есілбайды сөйлеген едік. Ертісбай атына алған жерден айрылып қалыпты. Бір орыс есебін тауып, ол қағазды алып, қайырып бермей кетіпті. Есілбай атына жазылған жер өздерінде қалыпты. Сондағы қағаздағы аты бар үйлердің ортақпыз деседі. Құдайдың бұ да бір шеберлігі. Сол Ертісбайдың немересі Мұстафа баласы Тоғай бойының бір деген кісісі болып, жұрт аузына ілініп тұр.
11-МӘТІН.
«КӨКАЛТАШ» АТАУЫ ТУРАЛЫ (БІРІНШІ НҰСҚА)
Бұхарай Шәріпте Жақсы Ғабдолла ханның [шейбанилық Бұхар ханы Абдолла хан (1111-1191) — Е.Қ.] оң қол уәзірі Арғын руынан «Құлбаба» деген. «Құлбаба сопы» атанған, жүз елу хыжырасы бар, екі тұбқалы «Көкалташ» медресесін салдырды. Ташкентте һәм бір медресе салдырды. Тиму Шарасу (Тыйым, Ұшар су) базарын құрдырды. Сол қол уәзірі Мұхтасар Қасым, Ғаждуанмен екі аралықтағы көпірді салдырды. «Мұхтасарпұлқасым» делінеді. Ғабдолла ханның өзі қос медресе[ні] «Ғабдоллла хан» атандырып, екі зор медресе салдырды. 911-991 бозманларда (жүзменлерде) Бұхарада жүз он бір (111) ғыдыд хыжыралы, екі тұбқалы Мерғараб медресесін, мұның тақау алдыңғы заманларында 911-де Мерғараб батыр салдырды. Арабтан келген батыр еді. Шатесмағұл тарап дінге міндет болып келген. Нәжімшаны, иа рақмед Алла жаһанында өлтіріп, әскерін қырып, сонан түскен олжамен салған. Қанқа Нақышпен дей отырмын. Ғимарат мешіт мығак Ғабдолла хан ұғлы Ғабдолғазиз хан аталарындан дүр. Ханқа Нақышпендие бұл күндерде Пай Астана (фаясына) деп аталады. Астрахан хандарындан, Имамқұл хан баласы Ғабдолғазиз хан. Бұхарай-Шәрипте мырза Ұлықбекке қарама-қарсы медресе Зірістанды салдырды. Рахстанда медресе гос. фонды (косфинди) салдырды.
11 МӘТІН.
АУҒАН ЖҰРТЫ
Бұл Ауған жұрты әр рудан құралып, жұрт болған ел. Біз білгенде, Жиделі Байсын атына қызығып, Асан Қайғы барған, анан суратон Қазтуған барған, Орақ, Мамай барған, Телағыс барған, Тама Шора батыр, Кіші жүзден шыққан Әз Едіге. Жиделі — өзен аты, Байсын — тау аты. Тау болғанда, тамаша тау: ел қай жерінде, мал қай жерінде жүргенін жан білмейді. Ел-жұртының көбі — Қазақ: «Байсын», «Қоңырат» атанады. Шаһарлары: «Балық», «Бадақшан», «Құндыз», «Талқан» — атанған жерлері болады. Қырғыз Лақайдың Лақайы сол Құндыз Талқанда, ақсақал билейді. Досмахамбет ағылшын пәрменінде болып, өз жұртына ие болуға жарап тұрды. Абзалхан деген баласы болды, өзінен кейін немересі Әбдірахман хан жұртын жақсы басқарды. Өзінен соң баласы Абиболла хан орнына отырды. Абиболла ханды 1919 жылда Жалалабад қаласы манайында өлтірді. Кім өлтіргені білінбеді. Ағылшын Әбдірахман ханның Насыролла деген баласын орнына отырғызбақшы болды. Ауған, Афганның өз білімпаздары Амануалланы сайлап, Ағылшын соғыс ашып, бұл соғыста Ағылшын жеңіліп, Амануалла иығы көтеріліп, 1911 жылы Кеңес өкіметімен шарт жасасып, Түрікпен, Иранмен шарт жасасып, толықтыққа айналды. Жүз елу жылдай Ағылшынға қорғалама, қоңсыдай болған. Ауған, Афган жұрты дәл осы күнде айдынды жұрт болды, Кеңес үкіметінің құлдықтан құтқаруымен.
11-МӘТІН.
САРЫАРҚА ТАРИХЫ
(бірінші нұсқа) Әркім білімі жеткен жерден сөйлеу керек. Осы біздің үй салып, отын-жай қылып отырған жерімізден бізден бұрын неше жұрт (иұрт) келіп, неше жұрт кеткен. Өзіміздің тақау алдымызда иеленген жұрттарды «кәрі құлақты», өзінен құлағы бұрын жанлардан естуімізше, Мық (Миық) деген бір жұрт өтіпті. Ол моғол нәсілінен болса керек. Шерміш деген бір жұрт өтіпті, ол татар нәсілінен болса керек. Бұлардан соң ноғай-қазаңтың ноғайы иеленіпті. Олардан қалған белгі бар, әр жерде қалған үлгі бар. Күншығыс жағы ашық, намаз оқылатұғын, құбылаға түрі (тұры[сы]) тура дәл келген тас қорғандар бар. «Ол ноғайлының қалмақ қамаған күнде намаз оқу үшін тастан жасаған қорғаны екен», — деп айтысады. Сарыарқада жары терең, суы аз өзенлер (өзендер) сол замандағы ноғайлардың егін салу үшін қазған арығы екен. Шідерті деген өзеннің аяғында «Ақжар», «Сасай» деген жерлер ноғайлардың, кент салып, тақ құрған Бұхар, Қоқан хандарының (ханлирының) арығы (әрікі) сықылды орда жасатқан жері екен. Өлеңтінің аяғында: «Қара оба», «Сары оба» деген екі төбе Қарабай, Сарыбай деген екі байдың қоныс қылған мекені екен, топырақтан үйдіріп жасатқан. Есіл, Нұраның арасында «Тоғанастың тоқсан екі көлі»— атанған көлдер ноғайлардың егін жайлары екен. Қызылмола, Сұлутам, Сырлытам, Хансүйегі деген жерлер сол замандағы ноғайлардың қадірлі өліктерінің моласы екен. «Он сан ноғай бүлген соң, Ормамбет би өлген соң», бұл Сарыарқаны Қарақалмақ Қаттысыбан деген жұрт иеленіпті. Қалмақ деген жұрт қадірсіз пұлсыз кісісі өлсе, далаға апарып тастайды екен. Ақ ит жесе: «Иманды болды, бейішке (беһишке) барды!» — деп, біледі екен де, қара ит жесе: «Имансыз болады, тозаққа барады!» — деп біледі екен. Қадірлі, құнды, пұлды жайсаңы, не бек, не байлары өлсе, жасап, киіндіріп, қойдың бір санын мойнына байлап, екі нанды қойнына тығып, бір құмырша суды басына қойып, жаназалайды екен. Жаназасы: қалмақ тасқа табынады, ер басына бір тас болады. Сол тастармен бастырып, көп тасты үстіне үйіп кетеді екен. Сарыарқадағы оба дейтұғын үйілген көп тас қалмақтың өлгеніне шығарған жаназасы екен. Аса кадірлі хандарына, жайсаңдарына көп кісі жиылып, көп тас үйіледі екен де, орта қадірлісіне өз шамасынша, онан төменгісіне өзінің құны, пұлына қарай, жиылған кісінің шамасынша тас үйіледі екен. Бағзы бір қадірлісіне адам сорты сықылдандырып сын тас қояды екен. Қай жерде болса да, күйген кірпіштен жасалып, жермен-жер болып кеткен қызыл кірпіштер ноғайлардың моласы да, тастан үйілген обалар— қалмақтардың моласы. Мұндайын білмей: «Бұрынғы ноғаилы мен қалмақтың қойған қоймасы:деп, дүние тауып аламыз!» — деп, қазып әуреленген көп болды. Өлген қалмақтың сүйегі табылды. Ондай-мұндай өзімен қойған күмырша сықылды, аяқ сықылды, білезік, сырға сықылды ат-түрмандар шығып жүрді. Шыққанымен іске жарап, бейнетіне тұрған дәнеме жоқ. Біздің қазақ бұл Сарыарқаға келіп, ие болғаны Абылай хан заманынан аз-ақ ілгері. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке келіп, ие болған жоқ. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен», жаннан кешіп, кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында қалмақпен жаудай алысып, жаттай салысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз сарбаздары жау жолында оққа ұшып, өлгені өліп, қалғаны қалып, сөйтіп алған жері еді. Баянаула тауында «Жасыбай асуы» сол Жасыбай, қазақтың батыры, қалмақпен атысып, оққа ұшып, сол жерге қойғаннан «Жасыбай» атанған. Қызылтаудың бауырында «Қалмақ қырған» деген жер қалмақтың қазақтан акырғы қырылған қырылысы. Жасыбай оққа ұшқан жолы ер Олжабай бас болып аттанып, қалмақты сол жерде қойдай қамап, иіріп қойып қырып, сонан: «Қалмақ қырған» атанған. Сонан соң қайтып қалмақ бұл Арқаны көре алған жоқ. Мен өз атым — Иосиф (Жүсіп), әкем аты — Көпей, оның әкесі — Сермұхаммед, оның әкесі — Ақжігіт, оның әкесі — Бесім. Оның бабасы — Тілеуімбет. Осы Тілеуімбет деген кісі, он бес ұлы соңына еріп, қарақалмақ Қатысыбанмен соғысып, бәрі қалмақтан өлген. Он бес ұлдың ең үлкені — Аспантай, онан соңғысы Амантай, екеуі алдымен оққа ұшқан. Сонда Орманшы Тайлақ батыр қалмақтың қалың тобын қақ жарып кіріп кетіп, он бестің үшеуін алып шыққан. Сары атты Сексен батыр, астында сары аты бар, бір жүкті түйені жүгімен алып шыққан. Ол түйенің жүгінде бесік бар екен, кебеже бар екен. Бірі — бесікте, бірі кебежеде, екі еркек бала бар екен. Бірінің аты — Бесім, бірінің аты — Қойтан. Жүкті түйені алып қашып жұргені: «Осы екі бала жау қолында қалады-ау!» — деп, бұларды жаудан айырып алу үшін, түйені жетелей қашып, келген қалмақтарды қайта қуып, сөйтіп құтқарған екен. Егер Тайлаң пен Сексен болмағанда, Тілеуімбеттен тұқым қалмаса керек екен. Сол Бесімнен өсіп-өнген нәсілден келіп, мен мұны сөйлеп тұрмын. Мұны ұмытпай жүргенім осындай ата-бабам қалмақтан не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағына жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып, көп қазақ қырғын тапты. Бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді. Біреу біреуге: «Соңымнан қалмастай, атаңның құны бар ма еді?!» — дейді ғой. Сондай-ақ атамның құны болған үшін, жер-судан айрылып қаңғып, қоныссыз жүргеніме ішім күйіп, өлсем, ойымнан кетер емес. Баянаулада Жалаңтөс деген асу бар. Ер Олжабайдың қалмақ заманында қоныс қылып, жападан жалғыз қыстап отырған жері. «Шойынды көл» деген көл, Жасыбайды өлтірген қалмақтардың Олжабайдан ұйлығып қашқанда, аяқ-табақ ыдыстарын бір араға үйіп-төгіп тастап кеткен жері. Сонан әркім бір нәрсе тауып алып «Шойынды көл» атанған. Жалаңтөс — Олжабайдың бел баласы, ол жерге Жалаңтөс деген баласын ие қылып, өзі Избушка деген асудың аузын қыстаған. Осы айтылған жерлердің бәрінен қазақты жебір- жесір қылып, еріксіз айдап шығарды.
Қалмақтан қазақ алды қанын шашып,
Бостан-бос ие болды орыс басып.
Біз жүрміз зорлық пенен зомбылықта,
Асудан асқан сайын жылап асып.
Біздің қазақты үшке бөлсең, екі есесі жоқ есебінде. «Ол қалайша жоқ?» — десең, жер-суын «учаске», деп, бір алды, «войсковой» деп бір алды. Бұл екі алыспен ағашты, шабындылы жерден қазақ айрылды. Суырша жонға шығып, жан сақтап жүр еді: «Егінге лайықты!» — деп, ол жан сақтап жүрген жерлерін мұжық келіп және алды.
Жер -судан айрылып қалған соң,
Еркекте ақыл қала ма,
Өз қонысынан ауған соң?!
Ұрғашыда ақыл қала ма,
Біреуден сауын сауған соң?!
Ақылдан айрылып қалып, шаруа малынан береке қашып, оның үстіне алым-шығын, земский сбор деген қабаттап, ел аралаған начальник, шенеуліктердің жалдап мінген аттарының майын төлей алмай, қаңғып кетіп. Петрбор, Мәскеу барсаң, орыстың малайы — қазақ. Макаржи, Ірбіт барсаң, қоғайдың малайы — қазақ. Бұхар, Ташкент барсаң, сарттың малайы — қазақ. Сол малайлықта жалғыз-жалғыз болып қаңғып кеткендер ауырса, кім сусын беріп, кім басына жастық қойып, оған иман айтуға кім даяр тұрады? Өлсе, кім жаназа шығарады? Осындай кемшіліктен тірімізге иман, өлгенімізге жаназа жоқ болып, адам тәрбиесінен қалдық. Бір жерде бір қазақты мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып көміп, мұжық үйінде қаннен-қаперсіз (қаннан хабарсыз) тыныш отыра береді. Егер бір қазақ бір уряднике қарсы келсе, атқанын атып, айдағанын айдап, қазақты қойдай тізіп, қозыдай көгендей бастайды. Патшаға оқ атып, қылыш суырған бір қазақ жоқ. Урядникке, чиновникке (шинаулікке), начальникке ақша бергендер, кісі өлтірсе де кешуі болып, үйде қалып жатыр. Ақша бермегендер сүттен ақ болса да,атылып, айдалып кетіп жатыр. Дүниенің жүзіндегі болған уақиғаны айтып тауыса алмаймыз, көзіміздің көргенін айтайық. 1191 жылда қазақ ішінде бір «Семіз ишан» деген жақсы дианатлы, жасы алпыстан асқан Меркамалдин атты (атлы), заты — Шараф, [Бұхарлық — Е.Қ.] Павлодардың хабасханасында бір қыс жатып, көп жатқаннан, жүрмеген, тұрмағанлықтан, аяғына синға (сиңға) деген науқас жабысып, сол науқастан хабасханада жатып өлді. Сол кісінің жазасының жоқтығы (иоқтығы) Құдайға болмаса, пендеге залалгер де емеслігі Ақмола, Семей — екі облысқа қараған қазақтарға «айдан — жарық, күннен — раушан!» Үшбу өткен қыста Шақшақ елінің қазағы бір Тоқтым деген Павлодардың хабасханасында өліп, үш күн көмусіз жатты. Далба елінің он екі кісісін қатын-қалашымен қабат улатып, шулатып: «Уряднике қарсы келдің!» — деп, қойдай тізіп, қозыдай көгендеп, Павлодардың хабасханасына апарып салды. Петропавловский шаһарына «Шаһар тілі» болып атағы шыққан Тәнті мырза екі жыл жарым (иарум) бір жаз войскіге айдалып барып, сол жолдан зыхметланып ауырып келіп, үйінде өлді. Қызылтауский елінің алты жігіті нақақтан сегіз жылға жер аударылып, өлгені өліп, қалғаны қалып, жалғыз-жарым тірісі қайтып келді. Мың сөзден бір сөз, біздің қазақтың үштен бірінің жоққа тантық (тәндік) болғаны билеуші (билетуші) хакімлерде ғаділетшіліктің жоқтығынан. Жұртты жеген залымдар ақшаны беріп-беріп ақталып қалып жатыр да, ақша бермегендер: «Ісім ақ, Құдайым жақ!» — деп, «Жалаң Құдайға сенсең, жаяу қаласың!» дегеннің кері келіп, дүниенің о шеті мен бұ шетіне кетіп жатыр. Қазаққа зорлық қылғанмен: «Біреуге не қылсаң, алдыңа сол келеді!» — деп, өзінен зорлар шығып, ғаламға күлкі болып жатыр. Кәне, біздің қазақ бір ауызға қараса, жаны ашып, жақсы ұстайтұғын ұлық ие болып, үстінен қарап тұрса, ортасына әр түрлі машиналы заводтар орнаса, жалған дүниеде қазаққа не зәру (зәрурет) кереклі нәрселер сол заводтан жасалып шығып тұратұғын болса, пайда тілеп, мал табамын дегендер сол заводқа қызмет қылса, байлары сататұғын малын, қыл-қыбырын, жүн- жүбірін,— базарға апаратұғынының бәрін сол заводқа берсе, қазақтың нәрсесін санап, өлшеп алып тұратұғын смотрительдер болса, қазаққа не керекті хысәплеп беріп тұратұғын санға жүйрік басқарушылар болса, сонан соң бұл қазақ ешқайда қаңғырмайды, бөтен жаққа бармайды. Не іздейді: дініне өзі ие болған соң, жер-суына өзі ие болған соң, не мұқтажы, керегі өз ортасынан табылған соң?! Үш жылда қазақ бір түрлі ел-жұрт қатарына қосылып қалады. Қазақта бір залалды жұмыс жүр. Ол не десеңіз: көшпек- қонбақ. «Ол қалайша залал?» — десең, көшіп, қонудың ретін (ирәтін) білмегеннен. Қазақ өзіне керексіз нәрсені жияды: сатса, дәнемеге тұрмайтұғын. Жоқ, олай емес, керекті зәру нәрсені жинап, зәру емес нәрсені жиюдан тыйылу керек. Қазақ көшуді көп қылады, бір жерде тұрақтап отыруы аз. Мұнымен жүріп қазақтың басы бірігіп, ынтымағы қосылмайды. Қазақтың көшуі аз болып, бір жерде отыруы аз болса, он бес күн, яки болмаса бір ай болса екен. Сонда бір жазға он екі күн, не алты күн көшу болады. Бір ауылнай ел қыс болса, арасына басқа жанның тұмсығын сұқтырмай, ыңғайлас, жалғас, тұтас қыстау керек. Жаз болса, жайлауда да арасына жан жолатпастан тұтас жүруі керек. Қазақтың көшіп, қонуын бірден қойдырамын деу қазаққа пайдалы болмайды. Көшіп— қонуының өзіне ғылым, білім мен оқу үйреткендей бір үйретуші керек. Есебі (себебі) қазаққа шаһарлы жердің ишан, ришлары шикілі секілді. Орыс жұртының городниша төресі секілді (шикіллі) бір мұхехытисып (мұрақап Тасип) керек. Оның өзінің қасында сайланмыш ғылымды, білімді адамдары болсын. Қазаққа үлкен пайда партия жоқ болса. «Ол партияны қалай жоғалтудың есебін бұл залалға бізден бұрын кірушілер (кіркушілер) тапты ғой!» — деп ойлаймыз. Екінші пайда — ұры тыйылса. Ұрының тыйылуы — ұрының мініп жүрген аты тексерілсе. Сол ат кімдікі, мейлі ұрыға басы бүтін сатқан болсын, мейлі майын берген болсын, ұрының ұрлығына ұрыдан жаман ат иесін күйдіретүғын болса, сонан соң ұры тыйылады. Осы күнде қазақ жұртын бүлдіріп, бұзып бара жатқан қазақтың өз ортасынан шыққан байлары. «Ол қалайша?» — дейсің. Алым шығыннан қысылып тұрған нашарға он теңге ақша береді: «Пайдасы бір тайынша», — деп. Бес теңге береді: «Пайдасы бір қой» — деп. Сол он теңге мен бес теңге нашарда тұра береді. Неше жыл болса да, бұл бір тайынша мен бір қой алуын ұмытпайды. Он жылда он тайынша, он қой алды. Ақырында сол нашар тайынша тауып, қой тауып беруте шамасы келмей бара жатқан соң, баяғы берген он бес теңге үшін жалғыз атын алып қойды. Нашардан: «Он теңгенің пайдасы» — деп, жыл басына алып тұрған тайыншалар өгіз болғанда, елу теңгеге сатылды. Қойлар ендігі жыл тауып беретұғын несие ақшаға еркек қой болып, он теңгеден сатылды. Ат семіртіп, қырық теңгеге сатылды. Байдың он бес теңгесі он жылда алты жүз қырық теңге болды. Осындаймен малын өстіріп, ақшаны көбейтіп, топтап (топлап) жинап алған соң, өзіне десятниктік тимейтұғын жаман ақшаны қалай сақтаудың есебін таба алмай, біреуге жел береді: «Сен пәленшемен талас ақшамен, атпен болсын, — деп. — Өзіңдікі таусылған соң, менікі өз қолыңдағыдай» — деп, әуелі оның өзін жеп тауысып алады. Онан соң оған жақтас болғандарды қабат құртады. Және бұл онымен де қарап тұрмайды, майға піскен дөнен бесті базарға салса, отыз теңге болмайтын аттарын ұрыға үш атқа сатады. Сатуға қимайтұғын аты болса, ұрының бір барып келуіне бір атқа майын сатады. Солайша қылып мал таптыратұғын жемтіктес ұрысы болады. Ол ұрыны бір жерде біреу қағазға тіркесе, не біреу малын танып, ұрыменен дауласса, ақшасын араға салып, абыройын салып, ұрыны арашалап алып, айырып жібереді. Бұл өзі аңдымалап сауда қылады. Сонда қайда ұры болса, соған береді. Базарға мал айдайтұғын уақытын айтып: «Сонан қалдырмасаң, болады!» — деп, ат жетер, құлақ естір жердегі ұры мұның жимашысы болады. Қазақ және мұны қостайды: «Пайданы бай қылады деген осы!» — деп. Хасыл ұрының тыйылу тетігі байда. Байды еркіне жібермей, қыспаққа алса, ұры да тыйылады, партия да тыйылады. Ұры жаяу ұрлық қыла алмайды, атпен жүріп ұрлық қылады. Ат байдан табыла береді. Партия болғандар да кедейден дәнеме табылмайды, байдың желігуімен, жел беруімен партия болады. Бай үш түрлі болады. Бір бай бар — парақор, бір бай бар — жалақор, бір бай бар — зинақор. Парақор болған байдың белгісі: біреу ат майын сұраса, не қарызға ақша сұраса: «Пәлен уақытта кел, — деп, — сонда бір ат мінерсің, не сұраған ақшаңды аларсың»,— деп, уағда қылады. Ол айтылған күннен бұрын сол ат майын сұраған, ақша майын сұраған кедейдід іске жарарлық бір нәрсесі болса: «Мынауың бізге керек еді, берсең қайтеді? — деп, сипақтатып сұрайды. Сонан соң ол сорлы: «Бермесем, берем деген атының майын бермей қояды ғой», — деп, амалсыз береді. Бір қожа, молда келсе: «Аллаһи амин, тақсыр, бір ат зекет» — деп, бата қылдырады. Сонан соң бұл қожа, молданың бойында кісіге жарарлық бір нәрсесі болса: «Тақсыр, мына бір нәрсеңізді көзіңіздей көріп жүрейік, біздің балаларға тәбәрік қылсаңыз, қайтеді?» — дейді. Амалы бар ма: «Ат беремін!» — дегенін естіп тұрған соң, өзі жалаңбас қалса да, басындағы сәлдесі болса да, береді. Егер бермесе, ол аты ақырында не тай болады, не қой болады, тіпті болмаса: «Ол кісіге деп арнаған жылқымыз өліп қалды!» — деуден де ұялмайды. Жалақор болған бай болыс, биді өз қолынан қойған кісі есепті болып, өтірік жала қылып, нашарлардан мал даулап, өтірік кесім қылдырып, сиаз (съезд) сайын нақақтан мал төлетіп алып, нашарларды қан қақсатады. Және ол өзі үйінде отырып: «Біздікінен пәленше мен түгеншелер де мал сойдырып жеп кетті. Қымызды солар тауысып кетті. Шай-қантты көп алып едік, қонақ қатты болып шыдатпады», — деп көрінгенге жарлап отырады. Зинақор болған бай малшы жалдаса: «Көркем қатыны бар ма, иа бойжеткен қызы бар ма?» — сондайдан ескеріп жалдайды. Құдайы зікуаты болса да, не сұлу алған, не тоқал алған қожа, молдамен үйір-шүйір болып, соған береді. Бұл үш түрлі байлармен өзіне лайың мінездес қожа, молда үйір- шүйір болады. Байдың ыңғайына жүріп, айтқанын қылып: «Қуға қу апақ-сапақта айқасып, қараңғыда табысады» — дегендей, олардың өзіне ыңғайлас қожа, молдасы болады. Бұрынғы уақытта қожа, молда аз еді, қажы деген, ишан деген атымен жоқ еді. Құлақ естіген жерде біздің бұл Орта жүзден қажыға ең әуелі барған Уақ Нұркен бай еді. Бұхара жолымен барып, төрт жыл жүріп келген екен. Онан соң Баянауладан қой жылы кеткен екен. Бірі ноғай Байжан хазірет деген кісі, бірі қазақ Самай абыз деген кісі. Соған биыл қырық тоғыз жыл болды. Ол екеуі де сол жақта өлді. «Елу жылда ел жаңа» дегеннің мәнісі мұндай екен. Дәл осы күнде ит сегіз күшік тапса, біреуі-ақ ит болып, енесінің соңынан ереді. Өзгесі қажы ма, ишан ба, халфе (ңалфе, халифа) ма, қожа ма, молда ма, не екені белгісіз болып кетті. Бұл айтылған затлардың аз күнінде қазақ бай да еді, пейілді де еді, ашу-аразы жоқ, тату-тәтті еді. Осы күнде қажы, ишан, қожа, молда көбейген соң қазақтың араздығы сол шамада болды. Екі ағайынды кісінің баласы бірінің өлігіне бірі барыспайтұғын болды. Ойлаймын: «Осы затлар көп болып, шарапат иесі болып, жұртты түзегені жоқ, ыңғайы бұзды- ау!» — деп. Ақ қағаздың жүзінен қара танып, ақ пенен қараны айырып халал ниетпен тұрған бір қожа, молда жоқ. Сияның
қаралығы қандай болса, іші[н] сондай қаралықпен толтырып алып,
партия басы болып, өсек жүргізуге әбден жетік.
Қай жерде қажы көрсең, партия басы, қай жерде ишан көрсең, партия басы, қай жерде халфе көрсең, партия басы, қай жерде қожа, молда көрсең, партия басы. Бұл күнгі қожа, молда қазақтың соңына ереді, қазақ малдың соңына ереді. Мал далаға өреді, сонан соң жұрт қалай оңсын, қалай түзелсін?! Хайуан малды мал иесі өз соңынан үйретіп, жүргізіп алса, сонан ол мал біткен бай болғансыған хырсылар қожа, молданың соңына ерсе, ол қожа, молда Құдай сөзі құран мен пайғамбар сөзі хадис шәріптің соңына ерсе, сонан соң жұрт әбден жұрт болып, бір түрлі түзулікке айналар еді. Қазақ ішінде жүрген қожа, молда не оқыды, не білді? Әуел оқығанда, «Әліпби» оқыды, оның мәнісін білумен жұмысы жоқ. Онан соң, «Абжад» оқыды, оның мәнісімен жұмысы жоқ. Онан соң «Иманшарт» «Әптиек», «Құран» оқыды, онан соң: «Бідуам», «Ақырзаман», «Кесік бас», «Жүсіп-Зылиқа», «Сейфулмәлік», «Көрүң қадір». Бұлардың бәрін оқыған соң: «Шар кітапты оқысаң, әр кітапты оқырсың!» — дегенменен Шар кітап оқыды. Онан соң Ғараб оқыды, Парсы оқыды,— бәрінің қарасы мағына оқыған, білгенін көңіліне тоңыған жалғыз еді. Жоқ, өңшең қараны оқумен ақ жүрегі қап-қара болып алып, басына сәлде орап: «Мен хазірет болдым, мен халфе болдым!»— деп, жұртты бұза бастады. Біздің қазақ жұртында бала оқытып жүрген екі молда молдалық салыстырыпты. Сонда бірі: «Әліп син әбіге сәкін аб жин син, жадалға сәкін, жәд, абжад» — депті. Онда екіншісі: «Әліп екі усын ан әліп екі а син, ин әліп, екі үтір ун, ан, ан, ун» — депті.
Отырған жұрт:
— Міне соңғысы дөкей молда екен: бір әліпті неше саққа жүгіртіп жіберді ғой! — десіп, шулай қоя беріпті. Сонан:
— Пәленшенің молдасы молда-ақ екен, терең оқулы екен, пәленше молданың ауызын ашырмады! — десіп мақтасып, қолдан- қолға түсірмей кетісіпті.
Әне, қазақтың бір нәрсені танып, қадіріне жетуінің ніһаяты. Әлі осы күнге шейін солай: Бұхар барғаны — жұпар барғаны. «Оқу, оқу!» — деп, өліп-өшіп, ынтасы құрып барады, ғылым, біліммен, мағына жөнінен бір ауыз білген дәнемесі жоқ. Ғалым үш түрлі: нан ғалым, тән ғалым, жан ғалым. Нан ғалымнан талап әуел баста оқуды Құдай үшін іздеген емес, молдаларының төрде отырып, сыйлы болғанын көріп, тамақ тойғызу үшін, тегін ас, тегін тамағы бар мешіт, медресені қыдырып, қай жерде қай ишанның көжесі мол десе, соған қаңғыра береді. Есі- дерті тамақта болып жүріп, оқыған оқу, өмір бойы оқыған-білгенін қарнының қамына жұмсайды. Оңдайлықпен оқып, молда болғандар «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып», ат тезегін қалайша төңкеріп, аударудың ғылымына әбден мәһір болады. Тән ғалым мағына білумен жұмысы жоқ, сарафа, наху, мантық оқып, талас-ежешке (егеске) әбден ұста болып: «Пәлен қай байдан, пәлен не сыйғада, пәлен қай қызиядан! — деп, — Сұғыры қайсы, күбірі қайсы, мұзығ не нәрсе, мүхмол не нәрсе?»
— деп, мәжілісте өзінен басқаны сөйлетпеске ұста болып, мұнымен барып бір жерге халфе, не бір жерге хазірет болып тұрып, наху, мантықтың қағидасын екі кісіні араз қылып, ғұмырында бірін- бірі көрместей жолға салып жібереді. Хақ жолға, таупық, һідәйтке жұртты бастаумен жұмысы жоқ. Бір мәхалланы екі партия қылып ұстап: «Құран ғатымда солай деген, хадис шарифта бұлай деген»
— деп, наданларды қара сөзбен мас қылып, адастырып, есінен жаңылыстырып әуре қылады да жүреді.
Жан ғалым — Алла тағаланың фазыл уа кәррәміне алынған пендесі. Нанмен де жұмысы жоқ, ат көтеріп, атақ шығарумен де жұмысы жоқ. Оңаша халуат жай табылса, жаны сонда сая тауып, «Қаламалланы» оқып, мағынасын мәлә қате қылып, «ішпей мас, жемей тоқ». Оның қасында бай да бір бас, күшік те бір бас. Ешкімді лытғатына алмай: «Он сегіз мың ғаламды жаратушы (иаратқушы) Құдайым бар, не ғамым (қамым) бар?!» — деп, отыра береді. Ғылым, білім деген, мағына деген осындай кісіден табылады. Не нәрсенің мүжәсін қойып, хақиқатына өтуге сәғә уа жаһаты болады. Дымың табылмас бұл нашалық кісі — жаһан айуаны, кең дүр халі ермес осы күнгі қазақтың оқып жүрген оқуы— өзінің ел көшкендегі сиырына арба салып көшкен көшуі сықылды айқай- ұйғай, у-шу, құр дауыс. Бұған бір жаңа усули жәдит шығару керек, заманымыздағы пароход, отарбаның жүрісі сықылды. Ойлаған мақсатқа тез жеткізетүғын балаға жиырма тоғыз әріпті (харіпті) танытқан соң, ғылым-білім білдірудің жаһатында болу керек. Жаңа низам шығарғанда, қазаққа пайдалы жұмыстарды низамға қоса тіркеп, бұйрықпен түсіру керек. Бірінші пайда — партия қалуы. Екінші пайда — ұрының тыйылуы. Үшінші пайда байлардың өзіне тоқтау, тыю болуы. Төртінші пайда — ишан, қажы, қожа, молданың бұрынғы адасу еркіне жіберілмеслігі. Бесінші пайда — балалардың оқуына усули жәдит, жаңа тәртіп берілуі. Алтыншы пайда — көшіп-қонудың өзіне тағылым үйретуші шығуы. Жетінші пайда — қазақта бір үйден бір үй от алатұғын рәсім бар, даладан қазатұғын жерошақ деген бар. Осы екі жұмысқа тыю, тоқтау салу және қойшылардың далада от жағып, сүт пісіретініне тоқтау шығару. Осыларды қылмағанға кісі құнындай ауыр жаза кесу. Сегізінші пайда — қазақтың: «жанға шығу», «жан беру» тариқасын бұрынғы өзінің ата-бабасынын ғұрып— мірдемінше: «жанға» өтетұғын кісіні «тірілей» жуып, кебінге орап, ақ кигізге салып моланы үш айналдыратұғын (айландұратұғын) қылу, алдында үш жақсы кісінің жүруімен. Сегізінші [тоғызыншы] — Е.Ж.] пайда
— өлгенге де, туғанға ас, той деген турасын қазақтың бұрынғы ата-баба заңынша: «Туған тойсыз болмасын, өлген ассыз болмасын!»
— деп, жаңа низамда оны да низам қылып шығару [керек]! Күнінде қазақ жұмысқа жараса, жылқымен жарайды. Бұл екі жиылыста жылқының жүйрігі сыналды.
Тоғызыншы [оныишы] — Е.Ж.] пайда — қазақты бұрынғы ата-баба рәсімімен, солардың жақсы үлгісімен жүргізіп, тұрғызса, қазақ сонда көңілді, ықыласты болып, бір түрлі жақсылыққа рағбәтлі болады. Абылай хан заманында қазақтың не қылып, не қойғанын өз білгенімше жаздым. Сол күндегіден артық қазақтың оңған жері жоқ. Адамның іздеген көңілдегі нәрсесі бірден қолына түспейді. Көп жаманды жинаса, соның ішінен бір керекті ләббә табылады. Сондай-аң менің сөзімді мылжың екен демей, тыңдай берсең, бәрі бірдей жарай бермесе де, бір жарарлық сөз табылар.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
(бірінші нұсқа) Біздің қазақта атақты, даңқты үш батыр болған. Бірі — ер Едіге. Бірі — Қарақыпшақ Қобыланды. Бірі — Тамадан шыққан Шора батыр. Осы ушеуі өз бетімен көшіп-қонып журген жанлар. «Ұры қартайса, сушы болады, Қар қартайса, бибі болады. Буркіт қартайса, тышқаншы болады, Шал қартайса, жасындағы көрген-білгенін былшылдап, ертекшіл болады»
дағы.
ОРТА ЖҮЗ ШЕЖІРЕСІ
1911 жылдың 11 ноябрьде, жексенбі күні басылған «Еңбекші қазақ» 1 (1) номерінде: «Ескі заманның мәдениетінен мәжнүн есалаңдар ғана безеді!» — депті. Оны Маркс айтты дегенге келтіріпті. «Сүтке сүт қосылса, сүмесін (суымасын), Сөзге сөз қосылса, демесін!». Бұл «Мәдениет мұралары» деген сөзді көрген соң, Алаша хан туралы естіген ертегіні жаздық. Сайрам қаласынын мешітіндегі тас бағанды орнатқан кім екенін жазамыз. Ерте заманда Алатау, Қаратаудың аралығында Әулиеата мен Шымкент, Сайрамға жақын маңайлас жерде «Қырық қақпалы Қарғалық» атанған шаһар болыпты. Оның билеуші бастығы Ысқақбап деген батыр болыпты. Мұның заманында қалмақтан «Сауыр (садыр) тонды Өтеміс» деген батыр шығып, орталарында көп соғыс болып, ақырында Ысқақбап Сауыртонды Өтемісті байлап алып, тірілей қорғанның бір бұрышына қалап жіберіпті. «Сол қорған бүгінгеше бар», — деседі. «Тас бағанды мешітіне, қорғанына сол Ысқақбап өзі көтеріп ап келіп орнатқан екен!» — деседі. Күшінің белгісін: «Кейінгі заманның адамының ауызында қалдырамын! — деп, тас бағанды Сайрамда бір мешітке орнатқан»
— дейді. «Ыдырыс пайғамбар намаз оқыған жер!» — деп. Бір тас бағанын Қоқанды билеп тұрған күнінде Мәделіхан алдырған екен. «Өзіне жетпей өліп кетті», — деседі. Бұл Ысқақбаптың бел баласы
— Ыбырайым ата. Сайрамның күншығысындағы ақ күмбез бұл Ыбырайым атаның бел баласы Қожа Ахмет Жасауи (Иассауи). Түркістандағы ақ күмбез — Қожа Ахмет Иассауиға күмбез жасатқан Әмір Темір, «көреген Темірлан» дейді. «Лаң» сөзі — сарт тілі. Сарт тілінде «лаң» деп ақсақты айтады. «Бір аяғының шолақтығы бар екен» — деседі. «Өзінің түбі-тегі — қыпшақ, Әміртағай батырдың баласы еді» — деседі.
Біздің бұл Арғын ортасында Дайырқожа аталған кісі аты жоқ, Қарақожа бар. «Бұл Қарақожа Арғын атасы», — деп сөйленеді. Бұл Болатқожа бар. «Болатқожа — бар қожа атасы», — деп сөйленеді. «Болатқожаның шын аты Жанарыс еді», — деседі. «Және бір аты Ақжол еді» — деседі. «Жанарыс аты аталмай, «Ақжол» деп, «Болатқожа» деп аталып кеткен», — деседі. Бұл Арғында Құтан аталған екі кісі өткен. Бірі — Құтан — Қоғамның Құтаны. Ол қазақ «Үш жұз» деген атқа ілінбей, жігі бөлінбей тұрған күнде шыққан. Бірі — Құтан — Бұтанның Құтаны. Бұл екеуі бір туысқан. Бұтан жасында өліп қалып, онан тұқым нәсіл ұрпақ қалмаған. Құтаннан Мейрам сопы жалғыз. «Қарашаш деген қарындасы болған» — дейді. Бұл сөзіне Көтеш ақыннын бір ауыз өлеңін дәлел қылады:
Сұрасаң арғы атамды, ер Құтан-ды,
Сұлтаны Бекәзизден ол бата алды.
Мейрам-ұлы, Қарашаш бір қыз туып,
Қуандық, Сүйіндік боп сонда атанды.
Және Көтеш ақыннан Уақ Жазқын би сұраған екен: «Ақындық атаңызда бар ма, нағашыңызда бар ма?» — деп, сонда Көтеш ақын айтқан екен:
Қазақта Арғын ата болған зерек,
Басқадан ол кісінің жөні бөлек.
Арғынның түп атасы — ақын Құтан,
Біздерден өлеңге ұстын болса керек.
Бұқар жыраудың бір айтқаны бар:
Сәлем — сөздің анасы,
Ғалайке алған данасы.
Шығанақтан шырқайды,
Ол — біреудің танасы.
Өтірікті шын қылған,
Ол Алланың қызыл көзді пәлесі.
Айтқанына көнбесе,
Айдауыңа жүрмесе,
Көкіректің аласы.
Бәрімізді сұрасаң,
Құтан байдың баласы.
Арғындардың сабасы,
Қарақожа бас болып,
Қабыл да болған дуасы.
Жоғарғы Құтан-Коғам Бұхарада болған қызыл Арыстанханның тұсында болған жанлар. Арғын Бұхарада Жақсы Ғабдолла ханмен тізелесіп жүрген жан. Ғабдолла хан «Құлбаба» дейді екен. Ол Ғабдолла хан Өзіреттің күмбезінің жанынан бір күмбез жасатқан. Сонда Арғын көп дүниені Әзіреті сұлтанға нәзір қылып, күншығысынан екі бөлме үйдің ішін Ғабдолла ханның жарлығы бойынша сол замандағы қазы мүфтилердің мөрін бастырып, өзіне арнап, сыбаға қылып алған: «Менен кейінгі ұрпақтарыма ұлт болсын!» — деп. Сонан бері қарай «Арғынның ақ сарайы» деп аталады. [Мәшһүр Жүсіп ескертуі]: «Қызыларыстан (Қылышарыстан) — Оғыз дәуірі». Сол күннен бері қарай Арғын ұрпағынан қадірлі би, қадірлі байлардың сүйегін жүз жылқымен Әзіреттің күмбезіне апарып қоятұғын болған. Шаншарұлы Қазыбек сонда. Шақшақұлы Жәнібек сонда. Тілеуке: Бертістің Тілеукесінің баласы Жарылғап сонда. Күлік: Ақыл баласы Айбас сонда. Едіге баласы Шоң би сонда. Малкелді баласы Ақпан сонда. Жүз жылқымен апарып қойған. Қайсыбірін жаза берейін. Бар естігенімді жаза беруге қалған аз өмір шақ келер емес. Біздің бұл Арғын ұрпағы Арғын Арғын болғаннан бері қарай Бұхара жұрты болып келген. Ноғаймен шатасып араласқан емес. «Өзбек болса, өз ағам, Сарт болса, садағам», — деп, Өзбек ханларына бағынып, кеше Үргеніш, Хиуа ханы болған Әбілғазы Баһадүр ханға жігіт-желең болып көп жүрген. Осы күнде шежіре сөйлеп жатқандар: бірі қытай тарихынан переводтап алады. Бірі орыс жазушыларынан переводтап алады. Қазаққа ол қалай дәлелді шежіре болады? «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы — Майқы би» дегендей, анық қазақтың өз ортасында сөйленіп жүрген танымал сөзден алып жазған біреуі де жоқ. Біздің Арғынның ар жақ, бер жағында «Қидан, Тайшы» аталған ешкім жоқ. «Дайырқожаның әкесі Қидан тайшы» — депті. «Қидан деген өлеңші болады» — деп мағына беріпті. Ахтарыдан қарап берген бе, иа парсы лұғаты: «Ғияш Алифиттан (Лылғыттан)» қарап берген бе? Қазақ қазақ болғаннан бері қарай «өлеңші», не «ақын» деп атайды. Мұның айтқан Дайырқожасы мен Қидан тайшысы басқа бір жұрттың кісісі. Және мұнда бір ұнамсыз сөз: «Қара қыпшақ Қобыландыны хандарға бағыныпты», — деген. Олар бір басты екі аяқты пенде бұлай тұрсын, «Құдай бар-ау!» — деп, мойыны бұрылмайтұғын майталмандар. Біздің қазақта атақты, даңқты үш батыр болған. Бірі — ер Едіге. Бірі — Қарақыпшақ Қобыланды. Бірі — Тамадан шыққан Шора батыр. Осы үшеуі өз бетімен көшіп- қонып жүрген жанлар. «Ұры қартайса, сушы болады, Қар қартайса, бибі болады. Бүркіт қартайса, тышқаншы болады, Шал қартайса, жасындағы көрген-білгенін былшылдап, ертекшіл болады» — дағы.
ХАНДАР ШЕЖІРЕСІ
Жошыхан ұғлы — Тоқайтемір, мұның ұғлы — Тоққұлқожа, мұнын ұғлы — Қойқожа, мұның ұғлы Тоқтамыс хан Түркістанда тұрып атақ шығарған. Мұның сегіз баласы болған. Ер Едіге осы Тоқтамыс заманында даңқы шыққан. Имамғали хан. Бұл Һәм Жошыхан нәсілінен, Тоқайтемір баласы. Өзтемірхан ұрпағынан Имамғали баласы Ғабдолғазиз хан Бұхарада Зеріңкірен (Зіріңкірін) деген медресені салдырған. Мұның баласы Сыжанқұлхан, мұның баласы — Әбілпейіз хан, мұның баласы — Ғабдолмомын хан. Әбілқайыр ұлы Нұрғали хан, мұның баласы — Бөкей хан. Мысарныжип Бөкейдің Бөкейі. Мұның ұғлы — Жәңгір хан, мұның баласы — Ғұбайдолла төре, Жәңгір хан немересі — ШаҺанкерей. Құйыршық әкесі — Орыс хан — Бадакұл баласы. Құйыршықұғлы Барақ, мұның баласы — Жәнібек хан. Мұның тоғыз баласы болған. Жиреншенің әз Жәнібегі осы Асан қайғының замандасы, бастасы. Тоғыздың бірі — Қасым хан, мұның баласы — Ақтарақ (Ақнар). Тоғыздың бірі — Жәдібек, мұның баласы — Бойдаса хан. Мұның баласы — Ондан хан, мұның баласы — Ораз хан. ЛымшытҺыр Ғабдолла хан «Жақсы Ғабдолла хан» атанған. Осы... мол Ескендір хан баласы, Ескендір — Жәнібек баласы. Жәнібек — Мұхаммедиар хан баласы. Мұхаммедиар — Рысбол хан баласы... Әбілғазиз баласы, бұл Ғабдоллахан шаһбидаш.
АРҒЫН - СҮЙІНДІК - АЙДАБОЛ ТАРАУЫ
[Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Суғыншы — Шуманақ — Құлболды — Айдабол — Малқозы — Толыбай — Олжабай]. Олжабайдың тұңғышы Есенаманнан: Көлен, Үйсінбай, Қожабай. Көленнен: Шәуке, Осжан. Үйсінбайдан: Самырза, Баймырза. Қожабайдан: Қабыл, Жанқабыл. Жанқабылдан: Сағын, Дүйсен. Төлеубай, Төлебай, бұл екеуі Дүйсен балалары. Есенаман — Бұлан. Бұланнан: Айбас, Күңбас. Айбастан — Әкімбек. Күңбастан — Ибрай ұста, мұнан бір жалғыз бар. [Көш]бикеден: Тоқжігіт, Шата, [Көш]бикеде белгілі бай жоқ. [Толыбай — Олжабай — Есенаман — Бұлан] Бұланның қатынының «жетіміне» келген. Бөкетті-Малқозы атаулы: «Баймырзаның баласы» — деп, жала қылады.
ОРТА ЖҮЗ ШЕЖІРЕСІ
(жалғасы ) Жанарыс — екі қатыны болыпты, бір де бірінің пұшпағы қанамай: «Бізге көру күн қайда, Жас иісті баланы-ай!» — деп, зарығып, қамығып жұрген күндерінде ойламаған жерден алты қожа кез болып, қона қалыпты.
— Ой, Құдай-ай, берді ғой! Бала беретін әулиелер келді ғой! Сыйынбасам, маған серт, қолдамасаң, саған серт! Сарт болсаң, садағам кет! — деп, алтауына алты қой сойыпты, — Кір-қоңдарыңды жудыр, аттарыңды тыныңтыр! Осы қойлардың етін жеп тауыспай, жібермеймін! — деп.
Сонда қожалар мұның шын құлап, ықылас қылған пейіліне риза болып:
— Осы алтауымыз да атымызды бердік. Алты ұлға ата боласың! — деп, баталарын беріпті. Аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Смағұлқожа, Қосымқожа.
Сонан соң қатындар буаз бола бастап, бәйбішеден төртеу, тоқалдан екеу туыпты. Алтауына алты қожаның атын қойыпты. Бәйбішеден туған төрт бала: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа. Қарақожадан — Арғын, Аққожадан — Найман, Ақтамбердіқожадан — Қыпшақ, Дарақожадан — Қоңырат. Тоқалдан туған — Смағұлқожа, Қосымқожа: біреуінен — Керей, біреуінен — Уақ. «Естіген құлақтың жазығы жоқ»: Арғын апасы қыз күнінде оң жақта отырып, бір төремен айқасып қалып, еркек бала тауып: «Бұл қалай?» — деушіге дәнеме дей алмай, шашын тарай берген екен. Сонан баланың аты «Тарақты» қойылып: «Төре жоқта Тарақты төре болуға жарайды» — деген де сөз бар. «Ит жаманы барақ-ты, Ел жаманы — Тарақты» — деген де сөз бар. «Қыздан туғанның қисығы жоқ» — деп, «Арғын балаларына Тарақты ноқта ағасы болған» — деседі. Орта жүз Тарақтымен қосылып «Жеті арыс ел» аталған. Арғынның, бәйбішесінің аты — Аргүл бәйбіше. Мұнан Құтан, Бұтан деген екі ұл туған. Бұтан қыршын жасында өліп қалып, нәсіл- тұқым қалмаған. Құтаннан Мейрам сопы жалғыз.
Сұрасаң арғы атамды, ер Құтан-ды,
Сұлтаны Бекәзиздан ол бата алды.
Мейрам-ұлы, Қарашаш бір қыз туып,
Қуандық, Сүйіндік боп сонда атанды.
Уақ Жарқын би Көтеш ақыннан сұраған екен:
— Бұл ақындық ата-бабаңызда бар ма еді, нағашы тегіңізде бар ма еді? — деп. Сонда Көтеш ақын айтқан екен:
Қазақта Арғын аға болған зерек,
Басқадан ол кісінің жөні бөлек.
Біздердің түп атамыз — ақын Құтан,
Өзгеден өлеңге ұстын болса керек.
Осындай сөздерден біздің Құтан деген бабаларымыз болғанын білеміз. «Бұқарекең (Бұхарекең) айтыпты» — деген бір сөз бар: Бәрімізді (барымызды) сұрасаң,
Құтан байдың баласы.
Арғындардың сабасы,
Қарақожа бас болып,
Қабыл да болған дуасы.
Арғынның тоқалының аты — Момын. Бұл Момыннан: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. Ақсопыдан — «Толыбай» ұранды — Қанжығалы, «Маябоз» ұранды — Тобықты. Қарасопыдан — «Қарақай» ұранды — Қарауыл, «Барлыбай» ұранды — Бәсентиін. Сарысопыдан — «Ұшыбай» (Өшібай) ұранды
— Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Арықсопы, Нәдірсопыдан: үрім-бұтақ, жұрағат жоқ. Арғын бабамыз жүз алты жасында бір тоқал алған, аты Айнакөз. Онан туған баланың атын Тәнбіс сопы қойған. Тәнбіс сопыдан Үсенбай, Елемес. Елеместен — Ерман. Бұл Ерманнан — Шағыр, Бөлтірік. Шағырдан — Ақай, Жолдыбай, Тағышы, Аманжол, Сомжүрек. Аманжолдан — Көшей. Көшейден
— Шақшақ батыр. Шақшақ ұлы — Қошқар. Қошқар ұлы — Жәнібек батыр, «Өр Жәнібек» аталған. Мойыны бұрылмайтын, беті қайтпайтұғын жан болыпты. Жәнібектен — Дәуітбай. Мұнан туған Мұса батыр. Мұнан кейінгілері: Бірімжан, Қазыбек. Бірімжаннан
— Қорғанбек, Дәуренбек. Қорғанбектен — Ғазымбек.
Шағыр-Бөлтіріктің Бөлтірігінен — Сырлыбай, Сары. Елемеспен туысқан Үсенбайдан — Қарамерген. Мұнан Байтәжі. Ауыл тілінде әңгіме болған: «Байтәжінің есепшісі-ай!» — деген осы Байтәжіні айтқан. Ақташы, Бұғышы, Байташы, Тағышы, Шаржетім, Шақшақ — десе, білмейтұғын жан жоқ. Қараман, Төлек, Қырықмылтық — дегендері де бар. «Тоқал Арғын» деп сөйленеді: Орынбор жақта алты болыстан асатын шығар. Біздікі ұзын құлақтан естіген сөз: кем-кетік қалған-құтқанын: «Майқы би» аталған, «Аққа жақ, мен нақақ» — аталған інілеріміз түгелдер — деп сенеміз. Біздей алжыған шал атанған ағаларын өсірмесе, өшірмес. «Далада жүріп тебісетұғын керікеткеннід саяғы» емес едік қой. «Тоқал-Арғыннан» екі Жәнібек шыққан. Бірі — Шақшақ Жәнібек, бірі — қара балуан Жәнібек.
МЕЙРАМ ТАРАУЫ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан — Мейрам — Е.Ж.]. Мейрам сопының қайыны — Алшын: Құдысбай екен. Қалыңдығының аты Нұрфая екен. Өзін қыс ішінде ұзатыпты. Нұрфаяның өз шешесі өліп қалған екен:
— Бикешке шешесінің жоқтығын білдірмеймін! — деп, Нұрфаяның ағасының қатыны, жеңгесі еріпті.
Туйенің басын жетектеуге бір жетім ертіпті. Көш ілгері кетіп, күйеу жігіт артта қалып, көштің ізімен келе жатса, көштегі үш әйел түзге отырыпты. Ат үстінде келіп:
— Жолшыбай түзге отырған кім болды? — деп, қараса, біреуінің сідігі тонды бір қарыс айырып жіберген екен.
Түнде қойнында жатқан қалыңдығы Нұрфаядан сұраса:
— Ол Қарқабат еді. Ол отыра қалып күрілдеткенде, қасындағы өзіміз де шошып қаламыз, ат та тас—талқан (тас-талақан) болып үркеді, — депті.
Елге келіп орныққан соң, екі елдің арасы жау болып, қайын сіңлісін ертіп келген қатын еліне қайта алмай қалыпты. Сонан соң Нұрфая:
— Ағамның төсі тиген жеңгем еді, басқаға қимаймын! — деп, — Өзің ал! — деп, Мейрамның өзіне алғызыпты.
— Мына күңді де өзің ал, жатыны асыл: өсіп-өнейін деп тұр. Бір жұрттан келген үш ұрғашы өлсек, тірілсек, бір жерде болайық! — деп, оны да алғызыпты.
Нұрфаяның өзінен Қуандық, Сүйіндік туады. Жеңгесінен Бегендік, Шегендік туады. Күңнен Болатқожа туады. Бесеуі де өсіп-өніп: «Бес Мейрам» аталған осылар. Күңнің аты Қарқабат екен. Өмірінде Мейрам бабамыздың етіне су, табанына сыз тигізген жоқ екен. Отын тергенде, қу көдені көп қылып қоса алып келіп, табанының астына төсейді екен. Құманды түнде қойнына алып жатады екен. Суға түскен сайын:
— Ой, көсегең көгерсін! — деп, алғысты көп айтады екен.
Бұрынғының «Алғыс түбі — ақ май, Қарғыс түбі — қара қан»
дейтіні сондайды көргендіктен айтқан.
Қуандық марқа туыпты. Сүйіндік ұмытыңқырап кетіп, екі арасы тым алыс, кенжелеп туыпты. Қуандықтың алты баласы ат арқасына мініп, соңына еріп, жасаққа шығуға жарағанда, Сүйіндіктің отауы сонда түсіпті. Ұлы жүз Үйсін Өгіз бидің қызы екен дейді. «Сонда бұл қыз, дейді, — жеңгесі ертіп келіп, еліне қайта алмай қалған екен» Мейрам сопы ертерек өліп қалып, Нұрфая бәйбіше көп заман «бес берекенің біріне» қосылған бәйбіше болып, халқына ұйтқы, құт бәйбіше атанған екен. Қара мал еншісі бөлек басқа екен де, жылқы үлеске түспеген екен. Сонда Қуандық жылқыны үлеске салып, енші бөлуге келгенде:
— Өзім — бір сыбаға, алты балам — алты сыбаға. Қара шанырақтағы қалғандарың — бір сыбаға! — депті.
Сүйіндік Болатқожаны оңаша шығарып алып:
— Мына Қуандық алты баласын арқа тұтып, маған көптік күшін көрсетті. Сен маған жақтасып, жасаққа шықсаң, қалай болады? Сен маған болыссаң, мен өлмей артық мал бергім келмейді, — дейді.
Болатқожа Сүйіндіктің қолындағы жеңгесін сұрайды. Сүйіндік айтады:
— Өзің қыз аламын демесең, сенен бір таңбалы байталды аяймын ба? Қазір алсаң да, ешкім таласпайды.
Жеңгесін беріп, Болатқожаны өзіне ертіп алып, Қуандыққа қарсы жасаққа шығады. Қуандық та келеді. Алты баласы қасында. Алты ұлдың кенжесі Сүйіндікпен тұстас, Қуандық[пен] Сүйіндік арасы сирек туған. Сонда Болатқожаның істеген жұмысы: жерден алты томар шымды қопарып жұлып алып, Қуандықтың алты ұлын алты шыммен ұрып жығып, Қуандықтың өзіне жетіп айтқан:
— Сөзге көніп, түзулікке келесің бе? Болмаса, балаларыңның қасына қосайын ба? — деген соң, Қуандық:
— Сен бәрімізден кіші босаң да, сенің ырқыңа көнбеске болмады. Бұрынғылар айтқан сөз бар еді: «Қой асығы деме, Қолайыңа жақса, сақа қой, Жасы кіші деме, Ақылы асса, аға кой!» — деген. Енді мен аға емес, сен аға болдың. Жылқыны қалай бөлсең де, билігін саған бердім! — дегенде, Болатқожа айтты:
— Мына жақтан, жылқының ортасынан қақ жарып жүремін. Сен аға едің, таңдаған жағын сен ал, қалған жағын Сүйіндік екеуміз алайық! — деген соң, «алты сыбаға» артық алмақ былай тұрсын, жанынан қанғы болып, қорқып тұрған Қуандық қорыққаннан:
— Құп болады! — деп көніпті.
Айтқанындай, қаптап, жер қайысып жатқан жылқының ортасынан қақ жарып жүріп бөліп берген. Осылай бөлген соң, Сүйіндік Болатқожаға өкпеледі дейді:
— Сені мен жеңгемді беріп, өзіме тартқанда, істегенің осы ма? Өзің екеуміз бір-ақ сыбаға болып қалдық. Және жылқының көп жағын ол алып кетті! — деп.
Сонда Болатқожа айтты:
— Жылқының бытырап жатқан жағын алды. Артық болса, бір-ақ айғырдың үйіріндей артық шығар. Ондық ағалығы жоқ па? Біздің тумаған күнімізде, жас күнімізде ол бізден бұрын еңбек сіңірген шығар! — деп, Сүйіндікті сөзден тоқтатып қойыпты.
Артынан санап тексере келгенде, Болатқожаның айтқанындай, бірлі-жарым анғыр үйірі ғана артық болып шығыпты. Еншіні екі ағасына Болатқожа бөліп берген екен. «Сонан кейін Қуандықтың алты баласын алты шыммен ұрып жыққаннан, кесекпен ұр[у]ды, кесекпен ұрғанды шығарғаннан «Қаракесек» атанып, «Болатқожа» атынан «Қаракесек» аты даңқты болып кеткені сол» — дейді. Сүйіндіктен қолқалап алған қатынынан Шұбыртпалы, Шекті туады. Алшын Зортұмақтың асына ат апарып қосып, оның бәйгесіне келген күңнен Қамбар туады. Бір шабыншылықты өз өнерін асырып алған олжа баласы Жалықпас болады.
ҚАРАКЕСЕК ТАРАУЫ
(үзіндісі) [Болатқожа — Ақша — Бошан — Машай]. Машайдан: 1. Байымбет. 1. Бораншы. Байымбеттен: Қояныш, Тағай, Дәулет, Керей. Манаттан — Ыдықбай (Ырықбай). Мұнан Қоянкөз, Торым (Тұрым). Бораншыдан: Қарсұн, Керней. Қаракесек болған соң, өсіп-енуге келгенде, бұған ешкім таласпайды. Өзгені қоя тұрайық, өзімізге келейік.
АРҒЫН - СҮЙІНДІК ШЕЖІРЕСІ
[Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Е.Ж.]. Қуандық- Сүйіндіктің Сүйіндігі. Нұрфая бәйбіше Сүйіндік, Бегендік, Шегендікті, Олжакелді деген асыранды бір бала — төртеуіне өз қолынан қатын алып беріп, енші беріп, сол төртеуін: «Төртуыл» атаған. Бегендігі — Қозған. Шегендігі — Қақсал, Олжакелдісі — Қаржас. Туысы басқа—басқа болса да, «Төртуыл» дегенде, төртеуі қосыла кетеді. Бегендік қыршын жас күнінде өліп, қатыны онан бір бала тауып, «Оразкелді» аталған. Бегендік өлген соң, ол қатынды Сүйіндік алып, Сүйіндік алған соң, бір ұл туып, мұның атын Суғыншы қойған. Оразкелді, Суғыншы Сүйіндіктің баласы есепті болып, Оразкелдіге қатын алып беріп, енші берген Сүйіндік. Оразкелдіден екі бала: Тәңірберді, Сәрік. Суғыншыдан екі бала: Шуманақ, Мәжік. Тәңірбердіден үш бала: Ораз, Малқар, Жолым (Жұлым) сопы. Сәріктен екі бала: Қожамберді, Тоқтас. Қожамбердіден: Байназар, Есназар, Қозыбақ. Тоқтас екі қатын алған: бәйбішесінен — Есіл бойындағы Қарақозған. Тоқалының аты Сарықыз, онан туғандар «Сарықозған» атанады. «Қозған» деген кісі аты жоқ: қозғала берген соң: «Шіркін, қоза берді ғой!» — деп, «Қозған» аталған. «Қақсал деген де кісі аты жоқ, қақсай берген соң «Қақсал» атанған. Қуандық, Сүйіндік екеуі енші алысқанда: «Қара бауыр қылып аламыз!» — деп, таласып, асық қаржысып алғаннан Олжакелді «Қаржас» атанған. Сүйіндіктен — Суғыншы, онан — Шуманақ, Мәжік. Суғыншының қатынының аты — Жолбике. Бұл Жолбикеден Жанболды, Құлболды, Жолболды туады. Жолболдысы — Орманшы. Шуманақ өлгенде, Жолболды емшекте қалған бала екен. Жолбикені Қаржас алып, Жолболды шешесінің құшағында кетіп, оған қатын әперіп, енші берген Қаржас. Артынан өз қолы өз аузына жеткен соң, өз бауырларын тапқан. Құлболды балаларынан зорлық көре бастаса, Қаржаспен ыңғайласа бастайды: «Жолбике» легенде. Шуманақпен бір туысқан Мәжіктен — Малай, Жәдігер. Малайдан: Қатке, Дәулет, Жәнібек, Тыныбек. Жәдігерден: Бәйтік, Шақай, Сары. Бұл Малай, Жәдігер ұрпағы өзге Төртуылға қарағанда аз. Аз болғандықтан, күні бұл күнге шейін «Төртуыл» атында. Құлболдымен туысқан Жанболды өспегендіктен, күні бұл күнге шейін Жанболды атымен аталады. Бұрынғы ақындардың өлеңі: Мәжікпен бір туысқан ер Шуманақ,
Қойыпты Құлболдыны Құдай қалап.
Құлболдының бәйбішесінің аты Мақпал. Мақпал бәйбішеден
— тұңғышы — Күлік, ортаншысы — Тұлпар, кенжесі — Айдабол. Айдабол он үшінде «Айдабол би» атанған екен. Ол заманда Арғын Сырдарияның күнбатысында жүреді екен. «Арғын дариядан өтіп, Қаратау жайлайды» деген сөз естіле бастаған соң, Қарақалпақ, Алшын:
— Арғын бұл жаққа келсе, таң атырып, күн шығармайды. Өткелден өткізбейміз! — деп, өткел ауызын алып тұра қалды дейді.
Сыр суында аяқтап өтетін өткел болмайды. Сонда Мақпал бәйбіше— астында торы жорға аты бар, сексен нар жетелеп, судан өтерде қара шұбар манат белдемшесінің етегін жинап алды да, іркілместен, аты да үйректей қайқаңдап, жүк-мүгімен нарлары да шегініп тұрып қалмай, байпаңдап өте шықты дейді. «Өткізбейміз!»
— деп тұрғандар ләм-мим дәнеме десе алмады:
— Бай-бай, бәйбішенің бөксесіне болайын! — десті, — дейді. Сонда Мақпал бәйбіше:
— Күлсең, күлерсің! Күндердің күнінде көбің езуіңді жия алмай жүрерсің! «Бұл қай бөксе?» десең, Айдабол шыққан бөксе. Артың болса, Айдаболдай ұл тап! — деп, жүре берген екен.
КҮЛІК
[Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Суғыншы — Шуманақ — Құлболды — Күлік — Е.Ж.]. «Күлік-Күлік, жүрген жерің бүлік» атанған Күлікке келейік. Күлік — қырғыз тілі, «жүйрік» делінген сөз. «Қыс-шілдеде жілік жүгіреді, // Жаз-шілдеде Күлік жүгіреді» — өзінен жүйрік туатұғын ел. Екі қатыны болған: бәйбішесінен — Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет; тоқалдан — Өтепберді, Данияр, Сексен. Өтепбердіден — Ақыл, Қошқар. Өтепбердіні жан білмейді: «Ақыл», «Сексен» атанған. Ақылдан — Бейбіт, Жапалақ, Дербісәлі, Мырзакелді, Айбас. Ақылдың қалмақтан алған қатынының аты— «Сұлым». Онан туған: Қойкелді, Жылкелді. Ақыл өз қарашаңырағына Бейбітті ие қылып, кенжесі Айбасты Сұлымның қолына кіргізіп, соның шаңырағына ие қылған. Ақылдың қалмақ қатынынан туған Қойкелді өз тұсында үш жүзден балуандығын асырған. «Бұхара 1алуаны»-атанған Қоңыраулы балуанды жығып, бәйге алып кеткен Самыраттың асында. Самырат— Бұхарды билеген Данияр бидің баласы, Мінайдар ханның әкесі. Қойкелді балуан жалғыз барып, қалмақтан бір еркек бала алып қашып келіп, атқа отырысы дулығадай болған соң, атын «Дулыға» қойып, асырап алып, бала қылған. Осы күнде Қызылтауда «Дулыға тас» деген тас бар. Сол Дулығадан үрім-бұтақ, жұрағат бар. Дулыға балалары: Тоқанай, Топай. Топайдан — Өтебай молда. Тоқанайдан — Оразайлар: бәй[бішеден]— Күнтай, Таңашбай. Таңашбайдан Қуан бай жалғыз. Таңашбай ел тауға қонып жатқанда, өлген екен. Сол күнде Қуанда үш жүз қой бар екен: бір жүзін сойып, әкесіне ас беріпті. «Қалған екі жүз қойының бір жүзі егіз тауып, Қуанның өзі көзі тіршілігінде он екі мың қой тұяғы болғанын көріпті!» — делінген сөз бар. Қуан балалары: Ордабай, Дәндебай, Молдабай, Ноғай. Молдабай қотанынан бес мың тұяқ өрген күнін осы қалам ұстап отырған өз көзінен көрген кісі. Дәндебайдан: Торғауыт, Оймауыт — бәйбіше қатын балалары; тоқалынан: Оспан, Байділда, Әбдіраман. Оймауыттан — Жүсіпбек, Жүсіпбектен — Бектұр, Жанақ. [Күлік — Өтепберді — Ақыл — Қойкелді — Дулыға — Тоқанай — Оразайлар — Таңашбай — Қуан — Дәндебай — Оймауыт — Жүсіпбек].
ТІЛЕУІМБЕТ ТАРАУЫ
[Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Суғыншы — Шуманақ — Құлболды — Күлік — Тілеуімбет — Е.Ж.]. Күліктің бәйбішесінен Тілеуімбет, Наурыз дедік. Тілеуімбет тұңғышы екен: «Он алты ұлды Тілеуімбет» атаныпты. Үй тентек, айран көз, белдеу ұстап, безерлік [бизерлік] қылуға мығым екен. «Арғында — Тілеуімбет, Алшында — Жолымбет» — деп, аттары шығыпты. «Батырлықпен, билікпен, құнды— пұлдылықпен емес, қисық- қыңырлықпен аты шықты-ау!» — деп ойлаймын. Өзі жұтап, жұттан қашып, шұбырып келе жатқан қазақтың көшіне көш-жөнекей қалмақ оқтай ұшырап, алты баласы мен Наурыз қашып құтылып, он алты бала ат арңасында соңынан шұбырып жүрген соң, Тілеуімбет қашпай, соғысып қалып, басы отағасының өзі болып бықпырт тауыпты. Орманшы: Бапке-Тайлақтың Тайлағы «Бала батыр» атанған күні екен. Жау ортасында жаралы жатқандардың үшеуін алып қашып құтқарыпты. Күліктің сексен жасында туған тоқалының баласы — Сексен, «Сары атты Сексен» атанған — жүкті түйені жүгімен алып қашып құтқарыпты. Ол түйеде екі бала бар екен: бірінің аты — Бесім, бірінің аты — Қойтан. Сол түйенің үстінде жан сақтап қалған Бесімнің ұрпағынан өсіп-өнген жаннан туған үрімбұтақ жұрағат осы шежірені жазып отырған. Бесімнің бәйбішесінің аты — Бөктік: Қыпшақ-Қатықұлақ мергеннің қызы екен. Бөктік бәйбішеден туған үш бала: Жанжігіт, Ақжігіт, Қармыс. Ақжігіттен —Құлмағамбет (Құлмұхаммед), Сермағамбет, Досмағамбет, Ізмағамбет. Сермағамбеттен — Санжасар, Мыңжасар, Жүзжасар, Көпжасар, Мағырып. Көпжасары қораш, уақтау туғаннан «Көпей» атанып кеткен де, сол Көпейден туған Мәшһүр Жүсіп жетпіс жасында жазып отыр осы нұсқаны.
НАУРЫЗ ТАРАУЫ
[Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Суғыншы —
Шуманақ — Құлболды — Күлік — Наурыз — Е.Ж.]. Наурыздан
алтау: Шобалай, Шобай, Ақай, Төкей (Дөкей), Ырсымбек (Ерсімбек), Мәмек. Ырсымбек өспеген. Шобалайдан: Жаңабатыр
(Жәнкебатыр), Өміртай. Мұның ұрпағын «Қожаберген» деседі,
Мәмек те сондай. Жаңабатыр жүз төрт жасқа жетіп өлген. Он
төрт ұлға ата болған. Балаларының бәрі де өсіп-өнген. Абылай
хан заманында болған билердің қақ маңдайы болған. «Жаламен
Жаңабатыр да үш шабылды» — дейтұғын Жаңабатыр осы:
бәйбішесінен: Аққожа, Таңсыққожа, Қосақ, Жанақ. Жаңабатырдан
кейін Жанақ би болған. Өз тұсында «Жанақ» деп, ешкім атын атай
алмайды екен, «Жәке, Жәке!» — деседі екен. Бұл кісі: «Аттым!»
— десе, мал да, жан да мұрттай ұшады екен: «Қаһарлы Жанақ», «Доғал оқ Жанақ» атаныпты. Өзі біреуге ренжісе: «Ай, жаным, ақшолаққа оқ салдырайын демесең, тыныш жүр!» — дейді екен. Тоқсан бес жасында ел жайлауға көшіп бара жатқанда, Сілетінің ар жақ қабағында Сарытөбе (Сартөбе) деген жерге қойылыпты. «Аруақ мұрақор» деген бар ғой: елу алты жасымда [1911 ж.] осы Баянауладан ерінбей, жалықпай, басына барып, «ақшолағын, доғал оғын» алып қайтқан жан осыны жазып отырған.
Жаңабатырдың бәйбішесінен туған төрт ұлдың бірі — Қосақ. Бұл Қосақтан Тұрсынбай туып, ең алғаш орысқа бағынып, дуан аузы ашылғанда, Шоң би аға сұлтан, дуанбасы сайланғанда, Тұрсынбай болыс сайланып, ескі законда он жеті жыл болыс болған. «Түкірігі — түйме алтын; қақырығы — қайма алтын» — ауызынан шыққан лебізі жерде қалмаған, қасиетті, үлгілі, өсиетті жан болған. Жаңабатырдың қалмақ қатынынан: Татан, Шөкек, Құлмырза, Тікей, Қабыл. Бес ағайынды бұлардың ұрпағын күні бұл күнгеше «Бесқара» дейді. Үшінші қатынынан: Босмойын, Биікбас (Бекбас); төртінші қатынынан: Алдияр, Байбарақ, Қожамсейіт. «Осы он төрт ұл иттің күшігіндей өскен-өнген би баласы» — дейді, Күліктің көбі осылай болады. Жаңабатыр әкесі Шобалаймен туысқан — Шобай. Бұл Шобайдан: Жаманқара, Байтөбет. Мұның ұрпағы да толық бір ауылнай ел. Шобалай, Шобаймен туысқан — Ақай. Мұның балалары: Бекмырза, Санмырза. Бұлар да толық бір ауылнай ел. Енді бір туысқаны Төкей деген. Алдыңғылардай өспесе де, өз алдына «Төкей» — деп, ат атанған, ауыл-аймақ болған. Бұлармен туысқан Ырсымбек, Мәмек өспеген де, өшпеген аз ғана үй. Жаңабатырмен бір туысқан — Өміртай. Мұның балалары: Ақбота, Тайлақ, Қайнар, Көшек. Мұның ұрпағы да өскен-өнген. Осы Совет үкіметіне (хүкіметіне) шейін Күлік толық бір болыс ел болып келді. Бұл күнгі бала-шағасына шейін жаза беруге, онан мен есебін алып, налог саламын ба?!
Күліктен бері неше атаға келгенін аңғартайын. Күлік — Наурыз
— Шобалай — Жаңабатыр — Аққожа — Құлжан — Жаутен
— Тілесбай — [Тілесбай інісі Елесбай баласы — Е.Ж.] Ыбырай
— Әбікен. Осы Әбікен де бала-шағалы жан. Күлік үш ағайынды: Айдабол, Күлік, Тұлпар. Наурыз екі ағайынды: Тілеуімбет, Наурыз. Шобалай алты ағайынды, Жаңабатыр екі ағайынды. Аққожа бір анадан төрт ағайынды: әкесі Жаңабатырдан он төрттің бірі. Құлжан алты ағайынды: Өстемір, Құлжан, Бижан, Құнан, Дөненбай, Құлбек. Жаутен екі ағайынды: Малшор, Жаутен. Тілесбай үш ағайынды: Тілесбай, Елесбай, Тәтікөт. Ыбырай да үш ағайынды, Әбікен де сондай. Мұның бәрін шұбыртып жаза беруге: өзім кәрі, қағаз қат.
Торсықбай төрт ағайынды: Жанқара (Жаңқара), Баба, Сапқай, Торсықбай. [Ескерту: Бұрынғы рет саны бойынша 111, 111-беттерді біреулер жұлып әкеткендіктен, арада үлкен үзіліс барын, «Күлік шежіресі» соңы ғана қамтылғанын ескертеміз — Е.Ж.].[Күлік — Наурыз — Ақай — Санмырза — Тағана — Жаңып] Жақып баласы — Малбағар. Мұның баласы — Арын. Мұның баласы — Шәріп. Қойсары ішінде Қозыбақ, Малбағар бір туысқан. Қозыбақ балалары: Байсалық, Жансалық. Қожаберген ұрпақтары: Нарымбай, Түгелбай. Нарымбайдың көшіп Қаржасқа келген жылында туған баласының аты — Қаржасбай. Онан туған баланың аты — Омар. Бұл Омардан Имаммәлік: «Түбі-тегіміз — Үйсін» — дейді. Нарымбай, Түгелбайдың нағашысы: Қаржас: «Құл екен, шеше- леріне еріп келіп, нағашысында тұрып қалған, — дейді. — Өздерінен басқа да ағайындары бар», — дейді. Далбада Қосқұлақ ішінде біраз үй Үйсін бар. «Көкшетау жақта Қарауыл ішінде де Үйсін бар» — дейді.
АРҒЫН - СҮЙІНДІК - ҚАРЖАС ТАРАУЫ
Қаржас: Құлдың төрт баласы: Құдайберген, Тәңірберген, Тілеке, Тілеміс. Бұрынғы қонысы Қызылтауда: «Есеннің қарақуысы» болған. Алабас айғырдың үйірі жетпіс-сексен болған. Алабас айғырдың үйірі жоғалып кетіп, Құлдың «Тілеке батыр» атанған баласы тауып алып, соның барып жатқан жерін: «Алабас» қойған. Айдап жүрейін десе, айғыр айдатпаған. Айғырдың өзін ұстап мініп алып, намаз оқып отырғанда, айғыр тыпыршып тұрмай, шиыршық атып оралғанда, қыл шылбыр мұрнының үстінен оралып, мұрнын шорт қиып тастаған. Мұрнын кесіп тастап, киімінен мақта жұлып алып, жапсырып жүре берген. Үйіне келсе: — Балам, Есен
тентек малымызды қуалап оттатпайтын болды, күн көрсететұғын болмады! — деген соң, далада малда жүрген[де], Есен тентекті ұстап алып, тентектің өзінің шалбарыныц ішіне салып, аузын, балағын буып, таудың басынан домалатып жіберіп, көшіп кетіп қалған.
ҚУАНДЫҚ ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан — Мейрам — Қуандық — Е.Ж.]. Қуандықтан алтау туады: Есенқарт, Аманқарт, Алтай, Қарпық, Борыш (Бұршы), Темеш. Қарпықтан — Тінәлі, Мәмбет, Күзей: «Штансыз (Естәнсіз, Иістенсіз) Күзей» атанған. Күзейден туған — Тоқа: Алтай — Тоқаның Тоқасы осы. Тінәліден: Әжіке, Әлімбет, Үсейін (Үсен), Қасқа. Үсейіннен: Құттыбай, Жайылмас. Құттыбайдан: Құттымбет, Тілеуімбет. Құттымбеттен
— Қарабас, Дербісәлі, Айдар, Торғай. Қарабастан: Дүкен, Баянбай, Түгелбай, Теңізбай, Төлек. Дүкеннен — Қылдыбай. Мұнан: Айтқожа халфе, Шырай қажылар, Әбей кажылар. Осы жазып отырған Мәшһүрмен замандас кісілер бұлар. Баянбайдан: Қалдыбай, Өрбай. Құттымбетпен(тен) туысқан Тілеуімбеттен: Қанай, Құрмантай, Енем. «Енем» — қатынға арналған ат, байының аты — Өтеміс. Өтемісті жан білмейді: «Енем баласы» атанып кеткен. Қанайдан — Байғұн. Байғұннан: Сары, Қоңыр. Сарыдан: Көбе, Нөгер. Қоңырдан — Досымбек. Қанаймен туысқан Құрмантайдан
— Үмбетей. Үмбетейден — Елшібек. Елшібектен: Қанту, Жанту. Жанторы, Жанту, Қанту — Елшібек балалары. Жанторы жастай өліп қалып, қатынын Қанту алып, Бейсембай Жанторыдан.
Тілеуімбетпен бір туысқан Құттымбеттен Қарабас туған деп едік қой. Қарабастан — Түгелбай. Түгелбайдан: Ерәлі, Серәлі, Тілеулі, Бектас, Бегімбет. Бұлар тоғыз ағайынды болып туған. Ерәліден Сүріпкел (Сорыпкел) тоғыз ағайынды болып туған. Сүріпкелден Мұсабай тоғыз ағайынды болып туған. Мұсабайдың бір баласынан тоғыз туған. Төрт атаға шейін тоғыз-тоғыздан туып келген. Ерәлі Серәлімен бір туысқан. Тілеуліден — Ақбекет, мұнан — Қылыш қажы. Тінәліде көп жыл болыс болып, атақ шығарған бір кісі осы. Жоғарғы жақта айтылған Қанайдан: Сары, Қоңыр, Кеңгір деген біреуі тағы бар. Кеңгірден — Олжабай. Олжабайдан — Жарқынбек. Жарқынбектен — Еспақ (Иісбақ). Тінәліден төрт бала: Әжіке, Әлімбет, Үсейін, Қасқа. Үсейіннен: Құттыбай, Жайылмас, Дедек. Жайылмастан: Қожағұл, Дәулет. Қожағұлдан: Өтеген, Көлбай. Өтегеннен: Байзақ, Жанзақ. Жанзақтан: Бердісүгір бай, Тінәліде бір қадірлі, кұнды, пұлды болған. Мұса, Секербай заманында «Бердісүгір бай» десе, әркім білерлік бір кісі болған. Осы кісі айтып отырады екен: «Балалар, қаңтар болмай, қарға жарымассыңдар, Қажы көбеймей, дауға жарымассыңдар!» — деп. Ол заманда қазақта қажы санама болған күн. Бердісүгір балалары: Әбділда, Жақып, Сайдалы, Аққошқар. Өтеген — Көлбайдың Көлбайынан — Әлі болыс. Бұл кісі де Қуандықта кешегі Шоң болыс сықылды көп жыл болыс болған жан. Тінәлі: Қанту-Жантудың Қантуынан — Бейсембай бай, Жантуынан — Айдапкел. Қанту баласы Бейсембай Әлі болысты «Шата мүрдар» деп айта береді екен. Әр орында бір айтып қоймаған соң:
— «Мені шата, шата», — деп айта бересіз. Әкесі белгілі кісіні шата дей ме екен? Мен кім баласымын, айтып беріңіз! — деген екен.
— Өзің іште жатырсың, шешеңді кім с...п жүргенін қайдан білесің? Жаман Құлшымбайдан сендей бала туа ма? Сен Наурызбайдан пайда болған бала едің! — дегенде:
— Онда әкем жаман кісі болмады ғой! — деген екен.
Өтеген — Көлбайдың Көлбайынан: Жантілі, Майкөт. Майкөттен — Өміртай, Өміртайдан — Құлшымбай, Құлшымбайдан — Әлі болыс. — Жантіліден — Жұрқабай. Жұрқабайдан — Ысқақ. Кісі білмейтұғын жандарды жаза беріп неменеге керек?
ҚУАНДЫҚТЫҢ БІР БАЛАСЫ - АЛТАЙ
Бұрынғылар айтқан сөз дейді:
«Алшын болсаң, Адай бол!
Арғын болсаң, Алтай бол!
Үйсін болсаң, Сиқым, Жаныс, Ботбай бол!
Найман болсаң, Қаракерей, Садыр, Матай бол!
Өзгең қалай болсаң, солай бол!» — деп.
«Тышқанның да сәуірі (сауыры) болады» — деседі. Алтай Арғын сәуірі болған екен. Алтайдың бәйбішесі — Қанжығалы Піспекбайдың қызы — Байбике. Онан туған — Алысай (Өлісай) жеңге алған бір қатыны болған: онан туған — Нұрбай. Алтайдың ақ сауыты Нұрбайда қалған. Қалмаққа олжаға түсіп кеткен жерінен Нұрбай өзі барып, алып келген. Сауыттың аты — «Шежекөз». Сондықтан Нұрбай ұраны «Шежекөз» болған. Нұрбайдан басқасында белгілі ұран жоқ, «Әуіп-ай, Қуандық» аталған. Байбике өлген соң, Піспекбай «Аққоян» деген қызын беріп, мұнан туған балалар: Әлике, Байдалы, Сайдалы. Әлике, Байдалы «Төменгі Алтай» — атанады. Сайдалы Ақтау, Өртау жақта «Өр Алтай» атанып кеткен. Аққоян өлген соң, Піспекбай тағы бір қызын берген. Мұнан туған Мойын. «Мойын болмай, ойын болмас» атанған. Алтайдың балаларының ішінде өскен-өнгені, толығы осы Мойын болса керек. Бұл тоқал Мойын туған соң, қалмаққа олжа болып, жау қолына түсіп кеткен. Нұрбайдан басқа қайсысы қалмаққа барады дейсің. Нұрбай барып алып келген. Тоқал қалмақтан екіқабат келіп, ер ұл тапқан. Алтай бабамыз: «Кенже қарам ғой!» — деп айтқандықтан, «Кенжеқара» атанып кеткен. Қалың Алтайдың ішінде сонан да ұрпақ бар: бұл күнгеше «Кенжеқара» — атанады.
МОЙЫНДЫ ТАРАТАЙЫҚ
[Арғын — Құтан — Мейрам — Қуандық — Алтай — Мойын — Е.Ж.]. Алтайдан алтау: Алысай (Әлісай), Нұрбай, Әлике, Байдалы, Сайдалы, Мойын. Кенжеқара жер өмірден «Алтай баласы» аталып, есеп санға қосылған емес. Мойыннан алтау: Рақпанқұл (Рақбанқұл) Аманқұл, Сарша, Шақай (Шанкей), Қареке (Қарике), Мұрат. Сарша — Шаңайдан: Итболды, Байболды. Рақпанқұлдан: Әлібек, Қалыбек. Аманқұлдан: Әжім, Мәжім. Әлібектен: Аралбай, Сармантай. Мұраттан алтау: Әлмәмбет, Мырзамбет, Үмбет, Үкібас, Мәмбет, Таубұзар. Әлмәмбеттен төртеу: Жылқыайдар, Қожағұл, Қалқаман, Бекайдар. Бекайдардан үш қатыннан тоғыз туады. Тоғызы да өсіп-өнеді. Әлмәмбет— Мырзамбеттің қатынының аты: «Төмен бәйбіше» атанған. Мырзамбеттен «Қошқар» деген баланы тапқан. Мырзамбет өлген соң, бұл Төмен бәйбішені Бекайдар алған. Төмен бәйбіше Бекайдардан үш ұл тапқан: Елібай, Жайықбай, Теңізбай. Төмен бәйбішеден кейін «Сәлия» атты қатын алған. Мұнан туған: Төлебай, Дербес, Қожамсейіт. «Баяу» тоқалдан: Ізбасар, Баба, тағы біреу бар. Төлебайдан — Жиенәлі батыр: Абылай хан тұсында аруақты батыр болған. Жылқыайдардан: Ақкісі, Жанкісі, Бердіс, Төлек. Бердістен: Жапалақ, Ботбай, Шымыр. Жапалақ батыр атанған, өзінде ұл жоқ, екі қыз болған. «Батырлық» деген жылқы қуалап, ала бергеннен батыр атанбақ: Бәзіл, Боштайдың әкесі Тұрсынбайдың жылқысын алған. Жылқы соңынан бітім-тыным үшін барғанда: «Құдық түбі шыммен бекіп бітеледі, Дау аяғы қызбен бітеді», — деген бар ғой. Жапалақ батыр Қосаяқ деген қызын Тұрсынбайға беріп, Тұрсынбай оны тоқалдыққа алып, кешегі ат атанған Бәйтен сал сол Қосаяқтан жалқы туған. Жапалақпен бір туысқан Шымырдан — Бармақ. Бармақтан: Танаш, Қанай, Анай. Танаш қызы Ұлбаладан осыны жазып отырған Мәшһүр Жүсіп (Иосиф) туған. «Жерде қалмайды, жиенде қалады» — деген бар ғой. Жиенәлі батырға, Жапалақ батырға жаққан жұмыстар осы екеуіне көріне көзге жақты басқаға жақпайтұғын қылықтар.
САРМАНТАЙ ТАРАУЫ
[Арғын — Құтан — Мейрам — Қуандық — Алтай — Мойын
— Рақпанқұл — Әлібек — Сармантай. — Е.Ж.]. Сармантайдан
— Мәулім бәйбішеден: Байдәулет, Келдәулет, Өмірзақ, Ерназар, Бекназар, Құлназар; Тотия тоқалдан: Алдажұман, Қаражігіт. Ерназардан — Алшағыр батыр, онан Бижан. Бижаннан: Шынтемір, Тыныбек. Алдажұманның Жұманының бәйбішесінен Қорам жалғыз. Мапа деген Бәсентиін қызы тоқалынан: Сәттібай, Сәті (Саты), Қошқарбай, Тәті. Бұл Тәті «Жақсы Тәті» атанды: Қуандық Сүйіндікте жалғыз қара болды, өз тұсында мұның алдына жан түспеді. Тәтіден — Азына, Сәттібайдан — Есмақай, Әбіл (Абыл). Қошқарбай немересі Ешмұхаммед қажы Тобықты Құнанбаймен сапарлас болып, қажыға барып, қажы атанған.
Алтай: Тоқада он жеті мың жылқы біткен Алдажұман. Жұман байдың Мәулім дейтұғын бәйбішесінен Қорам жалғыз. Жаздыгүні бай жылқысын көлден суартып шығарып, ауылына қайтып келе жатса, үйінің қасында төрт-бес үй Бәсентиін қоңсысы болады екен, солардың бір үрпек бас, жалаң бұт, жалаң аяқ жүрген қызы үйінен шыға сала отыра қалды дейді. Сонда соның с...нің күрілдегенінен байдың аты үркіп, жығып кете жаздапты. Атын бұрып, тоқтатып алып, әдейі келіп, отырған жерін қараса, с...гі жерді қарыс айырып жіберген екен. Үйіне түссімен, жылқыға шаптырып жіберіп, бір тай алдырып сойып, түн ішінде ауыл-аймағын жинатып алып, сол қызды тоқалдыққа алыпты. Аты Мапа екен, төрт ұл туыпты
— Сәттібай, Тәті, Қошқарбай, Сәті. Төртеуі де бөлекше болып туыпты. Тұңғышы — Қошқарбай, онан соңғысы — Сәті, оған тетесі
Сәттібай, кенжесі — Тәті. Бұл Тәті: «Жақсы Тәті» атанған: Қуандық, Сүйіндікті бір ауыл, бір бауыр қылып билеген. Мұның баласы — Азына. Баяғы он жеті мыннын ұйтқысы Азынаның балаларына шейін келді. Қошқарбай немересі Алтайдан шыққан Ешмұхаммед қажы Құнанбаймен сапарлас болып, қажы атанған. Сәттібай балалары: Есмақай (Исмақай), Әбіл (Абыл). Екі мың жылқысы бар Азына балаларымен партия болғанда, он алты жылқымен жүріп-ақ болыс болып шыға берген Есмақай.
Қаракеде [Қуандық — Алтай — Мойынұлы Қаракеде
— Е.Ж.] — Ақбура, Тоқбура дегендер болған. Тоқбурадан
— тоғыз, Ақбурадан — алтау. Ақбура балалары: Арзықұл, Құдайқұл, Меңдіқұл, Жанықұл. Жанықұлдан: Аманбай, Аманжол. Аманжолдан: Мәмбет, Үрпек, Күшікбай. Мәмбеттің бәйбішесінен
— Саңырық, бір қатынынан: Мұңайтпас, Қашаған, бір қатынынан: Тоғалақ, Сәтбай, Сәтек. Аманжолдың қара шаңырағы осы Сәтек орнында қалған. Кеше Мұса, Секербай заманында Сәтек асы атақты зор жиын ас болған. Айтбақының күрең аты бәйгесінің алдын алған, балуан бәйгесін Байдалының Мұстапасы алған. Саңырықтың бәйбішесі — Асан Тастемірқызы, аты — Ұлбала, онан он ұл туған. Тоқалының аты — Айымжан, мұнан үш ұл туған, бәрі де өсіп-өнген.
Қуандықтан — алтау, Алтайдан — алтау, Мойыннан — алтау, Мұраттан — алтау, Әлмәмбеттен — төртеу, Бекайдардан — тоғыз, Қошқардан — алтау; Қаракеде— Тоқбурадан — тоғыз. Аралбай
— «Бекше» атанған Аралбайдан — тоғыз, Сайдалыда-Итқарадан — тоғыз, Тінәліде Қарабастан — тоғыз, біреуі— Ерәлі. Бұл Ерәліден— тоғыз, біреуі— Сүріпкел. Сүріпкелден— тоғыз, біреуі — Мұсабай, Мұсабайдың бір баласынан тоғыз. Төрт атаға шейін тоғыз-тоғыздан туып келген осылар. Қуандықтың өсіп-өнуі осылайша. «Біреу
— теріс, екеу — кіріс, үшеу — өріс, төртеу — дүрыс, бесеу — бес шоқпар, алтау — алты бақан, жетеу — жеті ит! Сегіз болды, иттің күшігі болды, тоғыз — толық!» — деген. Біреудің терістігі сол: «Жалғыздың бір Құдайға жарасқан, онан басқаға жараспаған». Екеудің бірі өлсе, бірі қалады. Жалғыздың өзі өлсе, артында енесінің а...ынан басқа несі қалады?! Төртеу дұрыстығы: екеуі бірыңғай болса, қалған екеуі тағы бірыңғай болады, ың жоқ, шың жоқ, қоя қояды. Жетеу болса, «Жеті иттің ауылы» — атанады. Үш жүздің баласы қазақты араладым: сегіздің оңған жерін көргенім жоқ. Тоғыз не де болса, жаман емес, ең дәнеме болмағанда, өсіп-өнеді.
АРҒЫН - ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан-Мейрам — Болатқожа (Қаракесек) — Ақша — Бошан-Таз — Бұлбұл — Құбакемпір — Шаншар — Е.Ж.]. Бұл шежіренің жоғарғы жағында Қаракесек «Бес Мейрамның» бірі атанып, Болатқожадан өсіп- өнгендігін Шаншар абызға шейін сөйледік. «Шаншар абыздың үш қатыны болды» дедік: Қызданбике, Айбике, Нұрбике. Қызданбикеден: Әлсай (Алсай), ол өскен жоқ. Айбикеден: Келдібек, Тыныбек, Есіркеп (Асыркеп), Жәнібек: «Төрт бек» атанған. Келдібекке өз заманында Бегімсыйық деген бір әулие атанған қожа кітап ашып, талайнама көтеріп: «Екі беті толған мең, екі емшегі екі сүйретпедей толық, бір аяғы ақсақ қыз ал! Солай қылсаң, тұқым- жұрағатыңнан құтты да туады, сүтті де туады, аруаңты, бақыты ханға бергісіз би де туады!» — дегенменен, қырықтан асқанша қатын алмай жүріпті. Бір ауып бара жатқан Ахметкерей деген елден осы қыз табылыпты. Келдібек қатындыққа алыпты: Асан, Үсен, Балапан, Бөдене, Сәдібек, Қазыбек — алты ұл туыпты. Бұлардың «Ақсақтың алтауы» атанғандығы сол. Шешелері балаларын емізгенде, бір емшегін баланың аузына салғанда, бір емшегін иығының үстіне асып отырады екен. Олай қылмаса, сүті жерге саулап кетеді екен. Асан, Үсен егіз туған екен: екі емшегінің сүтін егіз бала тауыса алмаған екен. Қазыбек жалғыз өзі-ақ сүйретпелерін керегенің басына іліп қоятұғын қылады екен. Үсен ұрпағын бұл күнде «Құланшы» атаған. Қазыбектің бәйбішесінен — Қазымбет, күң қатынынан — Бекболат. Қазымбеттен: Анай, Жанай, Қанай, Атымбай.
Қалдыбай қожаның өлеңі:
Қазымбеттің баласы Қанай, Жанай,
Ортаншысы — Атымбай, кенжесі — Анай.
Қараұзақ пен Сарыұзақ, Қарақалпақ,
Құлтекесін сұраймын әлдеқалай.
Қанайдан — Бәзіл. Бәзілден — Жылқыбай, Саржан. Саржаннан — Жаманкөт қажы. Жылқыбайдан: Қорабай, Шалабай. Жанайдан — Соқыр, Бибала. Анайдан — Жолшора, бұ да қазы болған. Бекболаттан — Тіленші би. Тіленшіден — Тоқсанбай, Алшынбай. Дөкей, ірі би болған Алшынбай би — осы. Алшынбайдың бәйбішесінен — Жүсіп, мұнан туады: Исламбек (Сләмбек), Тоғамбек. Алшынбайдың тоқалынан — Қақабай, бұл бес ағайынды болған. Айбике ежелден толық бір болыс ел: «Қаз дауысты Қазыбек» туған соң, не кемдігі болсын?! Нұрбикеден: Тілеуке, Бертіс. Тілеукеден — Шақабай, Жарылғап. Жарылғап «Бай Жарылғап», «Ұры Жарылғап», «Бек Жарылғап»-атанған. Бектігі — жұрт үстінен жарлық жүргізіп, бек болған емес, өз үйінде өзі хандарша салтанатпен отырады екен. Жарылғаптың бәйбішесінің аты — Маңқан бәйбіше: төрт ұлы бар: Жоламан, Тастемір, Атыбай, Кенжебай. Жоламан «Он алты ұлды Жоламан» атанған: бәйбішесінен: Ақтанберді, Құлшығаш (Құлшипаш). Ақтанбердіден — Жанысбай, оның ұрпақтары Дегелеңде болады. Жоламанның екінші қатынынан «Жеті сары» ең тұңғышы — Тоқтамыс, Тайкелді, Көбдік, Құл, Көкім, Монтақай, Қойсоймас, — бәрі де өскен-өнген. Қойсоймастан: Кешкел, Толыбай, Шоңай, Шумақ, Баймұрын. Баймұрын «мырза» атанған, «жын мырза» емес, «шын мырза» болған кісі. Баймұрыннан: Шотақ, Матақ, Жаманай, Ақай — бұл төртеуі — бәйбішеден; Қоржынқұл, Дүйсек, Бейсек — бұл үшеуі бір қатыннан; кенже тоқал Шайданнан: Жұбаныш, Әбдіш. Ақайдан — Мақат қажы, Хасен болыс. Тілеуке — Бертістің Бертісі: «Он жеті ұлды Бертіс» атанған. Он жеті ұл ат арңасына мініп, соңынан ерген соң, «жалғанның жарты пәлесі» болған, басына құстың қауырсынын қадап алып «Қарқаралы-хан Бертіс» атанған. Ташкентті барып шапқан, талаған. Мұны Бұхар[а] ханы естіп, соғысуға келген. Сонда Бертістің Бүхар[а] ханына айтқан сөзі:
— Он жеті ұлым бар, сен түгіл Құдайдың да өкпесі қабынып, алса да, зорға алар! — депті.
Бұхар ханы:
— Мынау Құдайдан қорықпаған екен: «Құдайдан
ңорықпағаннан қорық», — деп еді! — деп, қайтып кетіпті.
Бертіс үйіне келіп түскен соң, он жеті ұл үш күннің ішінде ақ тышқақтан сап болыпты. Бертіс дым сызбай, ас-су ішпей, теріс қарап жатып алыпты. Сол заманда Қаракесек ішінде «Бегімсыйық» (Бекмысық) атанған әулие қожа бар екен. Өзі сыйынғанда: «Сақмар баба!» — деп сыйынады екен, «Сақмар баба!» — деп жүргені: Шайныхан таһүрдің (тауырдың) әкесі Шайхы Ғұмар баба екен. Соның жұрағатынан шыққан қожа екен. Бертістің балаларына бата, өзіне көңіл айту үшін Бегімсыйық кіріп келгенде, жанға басын көтермей жатқан Бертіс ұшып тұра келіп қожаға қол беріп:
— Сенің әулиешілігіңе сенемін деп, жоқ жерде асылық айтып ұрылып қалдым-ау! Сенің әулие еместігіңді білсем, айтпайтын едім! — дегенде, Бегімсыйық:
— Теректің өзіне түскен өрт еді, бұтағына қағып жібергендігім, о да қолдағаным емес пе?! Тұр, бір тоқал ал: үш ұл туады. Бірінің атын Бектемір қой: беклік, байлық үрім-бұтағынан тепкілесе, кетпейді. Бірінің атын Қызылқұрт қой: құртша құжынап, битше быжынап, мал бітеді; үрім-бұтағы бай болады. Бірінің атын Әуез қой: байлық мұның ұрпағында да болады, бірақ сылдыр моншақ, секекшіл ертеңгі уәдесі түске жетпейтұғын болады. Солардың ұрпағы күні бұл күнге шейін Бегімсыйықтың айтқанындай болды да қойды.
Қаракесектің сөйлемпаз, сөз тапқыштары осы Бертіс ұрпағынан болады. Бектемірден туады: Битен, Шитен, Мүшеке. Мүшекеден — Қазанғап. Қазанғаптан: Тәттімбет, Ерімбет, Жақсымбет. Тәттімбет Мұса Секербай заманында Қаракесекте үштің бірі болып, атағы шыққан. Өзі бай, өзі өнерлі, өзі бет біткеннің сұлуы, өзі шешен, айыр көмей темір жақ, домбыра тартып, ән қосқанда, алдына адам түспеген. Күні бұл күнге шейін «Тәттімбеттің сылқылдағы» десіп тартады. Құлатай, Қожатай, Қантай, Тонтай, олар да осы Бектемірден шыққан: байлықта бірінен-бірі өтеді, соның ішінде Тонтайдың сөйлемпаздықпен аты шыққан. Қаракесек ортасында айтылып жүрген сөз: «Айбикенің ауылына қонғанша, Нұрбикенің көшіп кеткен жұртына қон!» — деген. Және Қаракесек ішінде «Қарашор» атанған ел бар: «Қараға қонғанша, далаға қон, Далаға қонба, молаға қон!» — деген.
ҚАРАКЕСЕК ШЕЖІРЕСІ
(басы )
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан — Мейрам
— Болатқожа (Қаракесек) — Е.Ж.]. Қаракесектің шын аты
— Болатқожа, әкесінің аты — Мейрам сопы, шешесінің аты — Қарқабат. Онан туған, мұнан туғаны толып жатыр: Шұбыртпалы, Шекті, Қамбар, Жалықпас. Қыздай алған қатынынан туған: Ақша, Түйте. Түйтеден: Майқы, Танас. Майқыдан: Әлтеке, Сарым; Танастан: Тымырсық, Сары. Тымырсықтан — Бөтей, мұнан туады Қарашор. Бошаннан [Қаракесек — Ақша-Бошан — Е.Ж.]: Жанту, Таз, Байбөрі, Манат, Машай — «Бес Бошан» осылар. Жантудан
— Тоқтауыл, Таздан — Наманай, Бұлбұл. Байбөріден — Қойке, Қыдыралы, Кедей; Манаттан — Қоянкөз, Тұрым; Машайдан
— Байымбет, Бораншы. Байымбеттен — Дәулет, Қуаныш, Тағай; Бораншыдан — Қарсұн, Тілеуберді. Тілеубердіден — Керней. Бұлбұлдың екі қатыны: Қаракемпір, Құбакемпір. Құбакемпірден— Күшік, Алдияр, Көшім, Құдайберді, Үсен, Шаншар. Бұл Шаншардың үш қатыны болған: Қызданбике, Айбике, Нұрбике. Шаншар— «абыз» атанған кісі.
Болатқожадан: Ақша, Түйте. Ақшадан — Бошан, Бошаннан бесеу: Жанту, Таз, Байбөрі, Манат, Машай. Жанту ұрпағын бұл күнде «Тоқтауыл»— атайды. Байбөріден — Қойке, Қыдыралы, Кедей. «Қыдыралы, Кедейміз, Қойке келсе, не дейміз?» — деседі екен. Манаттан — Қоянкөз, Тұрым. Машайдан Байымбет, Бораншы туады. Байымбеттен: Қуаныш, Тағай, Дәулеткерей. Бораншыдан: Қарсұн, Тілеуберді. Тілеубердіден — Керней. Кернейден төртеу туады: Дау, Шаң, Балапан, Самырза. Бұл күнде Дау — сегіз старшын ел, Шаң — үш старшын ел. Балапан
— бір старшын ел, Самырза, бар болса, он шақты үй. Даудың бәйбішесінен — Қалқаман, тоқалынан — Балта, Түйте. Түйтеден
— Жарылғап: «би Жарылғап, батыр Жарылғап» атанған, Қаракесекте ірі, дөкей болған Жарылғап Қанжығалы Бөгембай батырмен замандас болған. Бөгенбай батырдың кенже қызы Борсылдақты тұңғышы Қырбасқа алып берген: Қырбас жеті қатын алған. Жарылғап балалары: Қырбас, Жәнібек, Сәдібек, Баубек. Әкесі — Қырбас, шешесі — Бөгенбай Қызы Борсылдақ: бұл екеуінен Байсейіт жалғыз туады. Байсейіттің қатыны — Зылиқа Шәндекенқызы (Шандекен). Бұл мейлінше сұлу болады: «Жүйріктің тері кеппес, сұлудың жидіген қара елтірісі кеппес»,
— деген бар ғой. Кернейдің екінші баласы — Шаң. Шаңнан
— Сүйіндік, Сүйіндіктен — Жомарт. Жомарт балалары: Бәйтік, Тәйтік. Осы Бәйтік пен Зылиқа ойнас болады. Қыстыгүні Қырбас ақсақал жалғыз баласы: «Байсейіт үйінде жоқ, бір жаққа кетіпті», — деп естіген соң: «Келін-кепшік, бала-шаға қорқар!»
— деп, баласы Байсейіттікіне қонуға келеді. Шетірек оңаша қыстаған екен. Зылиқа байғұс қандай жылпың, жылы-жұмсақ тамаққа тойғызып, күн борансымақтау ма немене:
— Өзіңіз жоқта ауыл-аймағыңыз малдан айрылып қалады ғой!
— деп, атасын аттандырып жібереді: себебі Бәйтікті оңаша күтіп алу үшін. Қырекең ауылын таба алмай, далада адасып өледі.
Қырбастың бір інісі Жәнібек еді ғой: онан жеті Сейіт туған. Жеті Сейіттің біреуі — Ақсейіт, бұл Ақсейіттен Құлжамбек туады. Күні кеше жаңа законда Құлжамбек болыс болып, Қарқаралыға қараған жиырмадан аса болыстың қақ маңдайы болып тұрғанда, Айбике болысы Саржан баласы Жаманкөт екен. Қарқаралыда тамам болыстың бас қосқан съезі (сейезі), жиылысы болып, болыс —билер бір үйде бас қосып отырған үстіне қырдан-даладан келген бойымен оранып, шымқанып, үсті-басы қар, кіріп келеді. Құлжамбек мұнысын ауырлап қалады: «Ауыз үйге шешініп, киімін тастап келмеді» — деп:
— Осынша оранып, шымқанып, жалғыз сені үсік алып бара ма?
— дейді.
Онда Жаманкөт:
— Ойбай (ойбой), Құлжеке, о не дегеніңіз, Қырекем бізді күтінгендей қылып кетті ғой! — дегенде, Құлжамбек төмен қарап, жер шұқыпты да, отырған болыстар ду күлісіпті. «Сөз сөзден туады» деген осы: Жаманкөт марқұмның бір ауыз сөзінен-атам заманда өлген Қырбастың қай түрлі өлгендігін жаздырды. Қырбастан
— Байсейіт, Байсейіттен — Нұрлан. Нұрланнан — Омар. Омардан
— Садуақас: отыз жеті жасында өлді Ақщатау болысы болып тұрған күнінде. Бұл Садуақас та өз заманындағы адамның сұлуы еді. Зылиқаның тамыры Бәйтік ұрпағынан — Қарашолақ балалары: Адамбай, Тұрсын шықты. Керней деген елде Жарылғап даңқты болды: Оның ұрпағы Байсейіт те бай, Нұрлан да бай, Құлжамбек болыс, Садуақас болыс. Олардан кейін: Адамбай, Тұрсын.
Қарсұннан — Есенаман, Наурызымбет, Жүзей. Есенаманнан: Қыдыр батыр, Асан, Қалабай. Қыдыр батырдың жас баласы құрттай күнінде қалмаққа олжа болған. Қайып деген бір төренің баласы, о да қалмаққа түсіп кеткен. Қыдыр батыр қалмаққа жеті аттанып, барыс болған: жеті барғанда, жеті бала ұрлап алып келген. Қалмақ сонан соң елші жіберген: «Біздің балаларымызды алып келгендеріне балаларын қайырып береміз!» — деп. Қалмақ балаларын алып, Қыдыр батыр мен Қайып төре қалмаққа барған. Қалмақ:
— Бізден қазақтан олжаға түскен жалғыз-ақ бала бар. Қолына асықты жілік ұстатып, орталарыңа жібереміз. Бала қайсыңның қасыңа барса, соның алыңдар! — деп, баланы орталарына жібергенде, бала келіп Қыдыр батырдың қасына отыра қалды дейді. Сол баланы Қыдыр батыр алып, атын Орынбай (Орұнбай) қойыпты.
— Бұл баланы алатұғын жол менікі еді: төре тұрғанда, қара алушы ма еді?! — деп, Қайып төре өкпелеп, бөлініп ауып кетіпті. Орынбайдан бесеу: Нұрпей, Өмірзақ, Қарақұла, Құлыншақ, Тобышақ (Түбішақ). Нұрпей баласы— Садырбек. Садырбек баласы— Ақжарқын. Қошқарбай, Бимұрат, Әлмұрат — Ақжарқын балалары. Өмірзақтан — Қуатбек, Құрманбек. Қуатбек балалары: Қасымбек, Мұсабек. Құрманбек балалары: Биқадам, Байқадам, Сүйкінбек, Мырзағұл. Тобышақтан Кәрібоз жалғыз, онан Әбді жалғыз. Ақжарқын сегіз ағайынды. Белқожа Қарықбай баласы Нұрпейдің ең үлкені. Осы Орынбай біздің бұл жаңтағы Сүйіндіктен қалмаққа олжа болып қалған бала. «Оны қайдан білесің?» — десең, Орынбай ұрпағының мінезі өзге қазақта жоқ: бір қақайса, болмайтұғындығы, кедейлігі, сопылық, тақуалыққа (тақуалықға) айналғандары (айланғандары); қолынан дәнеме келмейтін жаманына бірдеме десең, бір жылғаша есігіңнен қарамайды.
Біздің бұл Сүйіндікте Орынбайдың бір туысқан үш інісінің ұрпағы бар. Ол інілерінің аты: Ақжігіт, Жанжігіт, Қармыс. Әкелерінің аты — Бесім, шешелерінің аты — Бөктік бәйбіше. Орынбай ұрпағында молда болса, ауруға үшкіріп, дем салатұғын; оқымаған әми болса, тамыр ұстап, құмалақ салып, ұйқы-тұйқы болып жүретұғын шәлдірік, дерт қарайтұғын да бар шығар және бір үйден шыққаны бетімен қаңғып кететұғын кезбе, жындысы да болады. Күлік — Тілеуімбет ішінде Бесім қатыны Қыпшақ-Қатықұлақ мерген қызы Бөктік келіншек күнінде қалмаққа түсіп кетіп, екіқабат буаз екен, ер ұл тауып, бала тамақ ішуге жараған соң, өзі жаяу қазаққа қарай қашқанда, баласына ине шаншып кетіпті: «Қалмаққа құл болып жүргенше, өлсін!» — деп. «Сол бала өлмей, тірі болып, өлмей қалып, өсіп-өніп кетіпті!» — деп, құрттай бала күнімізде естіп едік. Оның қайда жүріп өсіп-өнгендігін қартайған кезімізде естіп қандық. «Күресерге дәрмен жоқ, Іш қазандай қайнайды»
— деп, текке қайнап, бармақты шайнап отырмыз. [Сонда, біздіңше, Қаракесек ішіне сіңген Күлік-Тілеуімбет немересі Бесім ұлы Орынбай онда мынадай тізбек соңында орын алады: Қаракесек
— Ақша-Бошан — Машай — Бораншы — Қарсұн-Есенаман-Қыдыр
— Орынбай — қалмақтан алып асырап алған бала].
Қояншы — Тағайдың: Қояншысынан — Бозтайлақ, Қайыпберді, Жемсейіт, Қаратеке, Балық. Бозтайлақтан — Медет, мұнан — Қарақай, мұнан — Баймамыр. Балықтан — Сағаман, мұнан
— Лекер. Қуаныш — Тағайдың Тағайынан: Тастемір, Жетес. Тастемірден — Еділбай. Жетестен — Сазанбай, Тілеміс, Өміртай, Кешубай. Сазанбайдан: Есбай, Жарбай. Есбайдан: Бөде, Қарақшы. Күні кеше Мұса-Секербайдың заманында тамам қашқынға баспана болып, «Бөде қарақшы»— деп, атағын шығарды.
Қояншы — Тағай: Бұғылы — Тағылының Тағылысында болады: үй ағаш[ын] жонатұғын кедейі көп ел. Өміртайдан: Құтан, Құлмырза. Құтаннан — Төкентай. Төкентайдан: Ақжан, Жаумам. Төкентай — Қотырдың Қотырынан
— Жанзақ, мұнан — Қуандық.
«Бес Бошанның» біреуі — Манат. Манаттан — Ыдықбай, мұнан: Қоянкөз, Торым. Торымнан — Абыз, Байымбет. Абыздан
— Есімбай. Есімбайдан — Дәулет, Қыстаубай, Құрдобай, Бексейіт, Бердіқұл. Байымбеттен: Ниязқұл, Қойғұл, Жарқынбай. Ниязқұлдан: Жамболды, Қойғұлдан: Әйтеке, Керейбай, Таз, Байтөбет, Еркеш.
«Бес Бошанның» біреуі — Жанту. Ол Жанту-Тоқтауыл баласының көптігі сондай: көшіп келе жатқанда, бір баласы түсіп қалып, балаларына тамақ үлестіргенде, бір аяқ (ыдыс — Қ.Ж.) артылып қалып: «Бұл аяқтың ас ішетұғын иесі қайда?» — деп, сонда жоқтап, ол баланы Алшын тауып алып, бала қылып асырап алып,
— Арғын болып бас қосып дауласып, бір Тілмәмбет деген жан беріп, асырап-сақтағандығы үшін, торы ат беріп, сонан: «Торы» атанған. Сонан бұл күнгеше атын кісі білерлік жан шықпаған бір жұрағат баяғы «Тоқтауыл» аттан айрылмайды.
Болатқожаның бел баласы: Ақша, Түйте.
НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ
Жанарыстың бәйбішесінен туған төрт қожаның бірі — Қарақожа: онан— Арғын дедік. Бірі — Аққожа: бұл Аққожадан — Найман, кейбір сөйлеушілер Момынқожа дейді. Найманнан жалғыз бала — Шұбартай. Бұл Шұбартайды да зарығып көрсе керек. Шұбартай қыршын жастай өліп, келіншегі жесір қалса керек. Сонда Арғынның көп балалары: «Мен алам!», «Мен алам!» — деп, таласты дейді. Қатын:
— Мен тоқсандағы атамның көзін бақырайтып, тірі тұрған күнде жалғызының жайрап қалғандығының үстіне күңірентіп ешқайсыңа тимеймін. Мына тоқсаннан асқан атамның бір атары бар шығар, — деп, — құрбы-құрдастарына жалынды дейді:
— Атамның сиген жерін байқаңдар, сідігі көпіре ме екен? Жерге із салуға жарай ма екен? — депті.
Сонда байқаған біреу айтыпты:
— Із салуға жоқ, бірақ көпірді, — депті.
— Бір атары бар екен. малды аямай беріп, бір кедейдің жалаң бұт қызын қойныа жатқызыңдар, — дегенімен, бір қыз алып беріп, қойнына салған екен.
Жұмыс үстінде өкіріп өліпті. Найманның «Өкірек шал» атанған себебі сол деседі. Шал өлді, қыз тірі қалды. Қыз сол жұмыстан буаз болып, ер ұл тауып, атын Төлегетай қойыпты. Шұбартайдан жесір қалған келін осы Төлегетайдың өсуін, ер жетуін күтіп қалыпты. «Арғын алты ауыл болғанда, Найман жалғыз-аң үй екен!» — делінген сөз ертеден айтылып жүретұғын. Төлегетай (Төлакатай) сол заманда жұрт аузында әулие аталған, Қылыш қожаның қойын бағып, қойшысы болған. Қылыш қожада ұл жоқ, жалғыз қызы бар екен. Қыз жасқа толып бой жеткен соң, сартсауанның байлары құдалық сөйлесіп, балаларына Қылыш қожаның қызын айттырмақшы болып, анауы да, мынауы да қалың мал беруге қожаны қызықтыра бастағанда, қой бағып жүрген Төлегетай қойшыларға айтқан екен:
— Бұл қазақ қатынсыздан өлейін деп жүрсе, қожа қызын сартқа береді-ау! — депті.
Қойшылардан бұл сөзді естіген соң, қарқ-қарқ күліп:
— Рас айтады, сөз Шұбартайды төлеуіне келген тілеу тайымдікі! — деп, Төлегетайға қызын қосыпты.
Өрнайман, Қаракерей, Садыр, Матай— Төртуыл— қожа қызынан туғандар. Баяғы сарғая-сарғая сақтап, тосып отырған жеңгесін алып, онан бір ер ұл туып, атын Қытай қояды. Төлегетай Қылышқожаның қызын алған соң, бай болды, әр нәрсесі сай болды. Бір асқа ат апарып қосып, аты алдында келіп, бәйгесіне бір күң келіп, ол күңге өзі аяқ салып, онан бір ер ұл туып, атын Сүгірше қойды. Күңнен туған Сүгіршені Қытай айбалтаның астына алып, өлімші қылып тастағаннан, Қытай: «Балталы» — атанды да, «Бағанағы қайтты, бағанағы қайтты!» делінгеннен Сүгірше «Бағаналы» атанды. Шу бойында болады, Атбасар дуанына қарайды: «Бағаналы», «Балталы» атанған Найман солардың ұрпағы. Бұрынғылар айтады екен: «Алшын болсаң, Адай бол, Арғын болсаң, Алтай бол, Үйсін болсаң, Сиқым, Жаныс, Ботбай бол, Найман болсаң, Қаракерей, Матай бол! Өзгең қалай болсаң, солай бол!» — дейді екен.
ҚАРАКЕРЕЙ ТАРАУЫ
[Жанарыс — Аққожа — Найман — Шұбартай— Төлегетай
— Қаракерей — Е.Ж.]. Қаракерейді сөйлейік. Қаракерей баласы: Ерторы, Байторы. Ерторы баласы: Қызылым, Жиренім. Жиренім баласы — Байасың (Байсыйы), өздері беске бөлінеді: Мыңдыбай (Меңдібай), Төбет, Жаңғұлы, Жаңбыршы. Жаңбыршыны «Ақбелбеу деп атайды, Қарамолда — үш қатынның баласы. Бұларды «Семіз Найман» дейді.
Байторыдан: Тайлақ, Жайнақ, Айрам, Майрам. Айрамнан — Қожамбет. Майрамнан — Байыс. Байасың малы қолға түссе, Байыс ата малындай көріп, төлеу бермей кетеді екен. Байыстан бесеу: Сыбанқұл, Ақымбет, Мәмбетқұл, Сары, Тоқабай. «Тоқабай Сарыны сәнге сабайды» делінген сөз мәтел болып қалған. Тоқабайдың жуаны Кегенбай бай ел болады: «Білсең, Кегенбаймын, білмесең, Дегенбаймын», дейтұғыны тағы бар. «Қаракерей Қабанбай батыр осы Тоқабайдан, онан бергісі Кегенбайдан шыққан», — деседі. Байыстың бір баласы — Сыбанқұл: бұл «Сыбан-Найман» атанды, бір баласы — Мәмбетқұл, бұл жасында асқа өкпелеп, қыржиып отыра бергеннен, «Қыржы» атанды. Және бір қатыннан: Алдаберді, Әлмәмбет. Әлмәмбеттен — Шораңтай. Шораңтайдан: Мұңайтпас, Тума. Мұңайтпастан — Тоқпақ. Тоқпақ, Тума
— екі болыс ел. «Мақта апай» — деген бір ұрғашы аты шыққан. «Байыспен бір туысқан — Майрам қызы», — деп біреу сөйлейді. [Оны] Түркістандық Тоқтар қожа алып, екі бала туған: Жанжігіт, Байжігіт. Байжігіт Мақта апайдың қолында қалып, Жанжігіт қожаға еріп кеткен» — деседі. Байжігіттен өрбіп-өнген сегіз болыс ел Темірсу бойында. «Байысұлы Ерсары — Мұрын» атанған ел осы Ерсарыдан өскен», — дейді. Мұрын — Ерсарының бәйбішесі, аты «Ақбике» екен, мұрыны зор болғандықтан, байының аты қалып, бәйбішенің мұрнымен атанып кеткен. «Мұрында сегіз болыс ел бар» — деседі. «Мен көппін!»— деп, Байжігіт: Қызайдың Байжігіті мақтанады. «Мен көппін!» — деп, Мұрын-Сыбанның Мұрыны мақтанады. Үй саны мен жан санына қарағанда, Мұрын көп.
Жоғарғы Матайдың үш баласы: Аталық, Кенже, Қаптағай. Күллі Найманға ұран болған Қаптағай осы. Аталықтың қатынының аты — Қызай: мұның атымен тұқымы «Қызай» атанды. «Білсең Қызайыңмын, білмесең, Құдайыңмын!» — дейтұғын есер осының ұрпағынан шыққан. Байжігіт, Жанжігіт, Бура, Көкжарлы. Аталықтан — Иманғали, мұнан — Бақтүйіс (Бақтойыс), мұнан — Елтынды. Елтындыдан: Байназар, Қожас. Қожастан: Еске (Ебіске), Жұртшы (Жортшы), Қоқан, Жырық, Орыс, Тоғыс, Жылқыайдар. Қаптағайдан — Жарылғамыс (Жарылқамыс), мұнан: Лезіңке, Жиембет, Сүйін, Болы[с]... — төртеуі де қара екен, сондықтан бұлар «Қара» атанды. Ақтаз деген бір бала ғайыптан келіп, еншілес болған екен. Мұнан: Әжім, Жұмық, Тіней, Сейіт, Балықшы, Қармақшы. Әуел басында Жеке батырға жекеліктен келген— Шоштан[нан]: Бесбала, Жабай. Шоштанның қызынан жұртта туып қалған — Тоңболат, Төншікболат. Мұнан — Баскөнек. Мұнан Боқыш, Мәмбет болған. Боқыштан — Сары, Сарғалдақ. Мәмбеттен — Қарауыл. Сарының «Аққыз» деген бәйбішесінен: Өзіке, Шағыл, Жауқашты, Бодық. Сарының сарт қызы қатынынан: Асан, Шоңшықыр (Шоңғыр) болған, Үйсін қызы қатынынан Бекболат туған, «Кебеп» деген қатынынан: Кәрішал, Қодас туған. Бір шеті Шу мен Сарысудың аяғы — Телікөл, Тата, Ащыкөл, Саумалкөлде; бір шеті Есіл бойында — Атбасар дуанына қараған Наймандар.
ҚЫПШАҚ ШЕЖІРЕСІ
Бұрынғы қариялар Орта жүзді «Жеті арыс» деп сөйлейтұғын: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ, Тарақты. Қыпшақтан Шулым (Шойым) алып, мұнан Ақкөбік алып, мұнан «Мүйізді Сары» алып, мұнан — Тоқтар, мұнан — Қобыланды. «Қара, Сары, Қытай, Еділ, Жайық» атанған аталары бар: «Бесеуі бір туысқан» деседі. Кімнен туып, өсіп-өнгенін айырып білуші болмады. Бұрынғылардан айтылып жүрген бір сөз бар еді: «Қыпшақ бұзады, Арғын түзейді», «Қыпшақтың Қарасы ашуланшақ, омырау келеді; Сарысының көзі өткір, тілі ащы келеді». «Жақсы кезеңге таласады, Жаман отыратын орыннан адасады. Жақсылар басын қосқанда, әңгімені кезек-кезек айтса, сонда жарасады!» «Екі жақсы ірікпес (ерікпес), екі жаман бірікпес»
— бір жүйріктің аузынан шыққан сөз. Оның арғы жағы кімнен туып, қалай өсіп-өнгендігінде нем бар? «Естіген құлақтың жазығы жоқ» — деген, естігенімді сөйлеймін.
«Бес таңбалы Қыпшақтың аналары айтқан екен»— деседі:
— Ұзын бітті (бетті) бойыма; ерлік, батырлық толды үйіме (ойыма)— депті. «Құл (қол) таңбалы ұзын Қыпшақ» атанады: Атыс, Кедел, Бердікей (Бірдікей), Қырықжігіт.
— Бұлтың бітті бойыма, көптік (көптегі) толды үйіме (ойыма)
— депті. Әліф (Алып) таңбалы Бұлтың Қыпшақ жақтан басады. Бұғыс, Орыс. Бұғыстан-Жолаба. Орыстан: Төбет, Құлатай, Мадиар, Қодас.
— Торы бітті бойыма, кемшілік (кемшелік) толды үйіме (ойыма)
депті. Мойын таңбалы торы Қыпшақ таңбасын мойыннан басады. Тойышке (Түйішке), Қитаба көк мұрын шашты.
— Балық бітті бойыма, байлық толды үйіме (ойыма)— депті. «Қарын таңбалы қара Балық» атанады. Таңбасын қарыннан басады. Көсеу таңбалы көлденең (көлденеңшек) Қыпшақ бар. — Бұлардың бәрін «Бес таңбалы» дейді.
Ел аузында ежелден айтылып келе жатқан әңгіме— Қарақыпшақ Қобыланды батыр. [С]ондықтан ойлаймын: «Қара, Сарылар Қобыландыдан бұрынғы аталары [бо]лады-ау!» — деп. Бұл Қыпшақ екеу. Бірі — Шайхы Бұрқы диуананың дуасымен бір кісіден тоқсан екі ұл туған, бәрі де өсіп-өніп, ел-жұрт болған. «Қытай көп пе, Қыпшақ көп пе?!» делінген Қыпшақ — осы. Бұл Қыпшақ та Мұғыл-Татардың Мұғылынан шыққан. Бірі — Арғын-Қыпшақтың Қыпшағы, мұнан шыққан — Қобыланды батыр. Бұлтыңнан: Бұғыс, Орыс. Бұғыстан — Жолаба, Жолабадан — Есенкелді, Әбілқасым. Орыстан: Төбет, Құлатай, Мадияр, Қодас (Қодыс). Төбеттен: Еламан, Қосайдар. Құлатайдан — Қоскел. Қоскелден: Қареке, Нарбота, Әжібай, Асан, Әлібай. Қодастан: Жарымбет, Қосқұлақ. Еламан-Қосайдардан — Секен, Қожан. Секеннен — Бегалы. Бегалыдан— Тілеуберді (Телеуберді). Қожаннан— Сүйерқұл (Сүйірқұл), Сүйерқұлдан: Үмбетей, Жарылғап, Есіркеп, Егізек, Сейтімбет, Ақпейіш, Айтқұлы, Күрлеуіт. Сейтімбеттен — Борбас, Күрлеуіттен: Нияз, Қожамжар, Алдаберді. Айтқұлыдан: Құттыбай, Қойбас, Жарас.
АРҒЫН - СҮИІНДІК - АҚБУРА ТАРАУЫ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Суғыншы — Шуманақ — Құлболды (тоқалынан болу керек) — Ақбура — Е.Ж.]. [Ақбура]: Аққошқар, Тілеулі, Жетібай, Кенже, Көкен. Орынбай, Алтай— Аққошқардан. Аққошқардан
— Қаралтай (Қара Алтай). Қаралтай балалары: Мұратай, Шәуке, Байшуақ, Жарқынбай, Қарқынбай, Мырза.
Шәуке балалары: Қарсұн, Керней, Байбөрі, Көшім, Шаншар, Қазыбек; тоқалынан: Бекболат, Тасболат, Тасыбай. Қарқынбайдың бәйбішесінен — Тоқтар, мұнан Ақберген, Әйкен (Айкен). Екінші қатыны Қаниядан — Алдоңғар, Төлембек. Төлембектен
— Намазалы, мұнан — Молдатай. Қаралтайдың тоқалынан: Ербай, Бөрібай ақын, Қыпшақбай. Бөрібай ақыннан-Қобылан ақын.
Мұратайдан: Майқы, Төлеміс. Майқының «Ерке» деген қатыны- нан — Құттыбай, Құлжан, Жаныс. Мұнан — Қыдырбай, мұнан — Әбділ- да. Майқының Күнбебектен: Сәрсен, Бошан, Бұжқан, Дүйсенбай. Жетібайдан — Есен тентек. Есен тентектің балалары: Ербай, Батырбай, Қарамырза, Балта, Атабай. Ербайдан — Шанышқұл, мұның балалары: Бабыр, Қожақ. Қожақ баласы — Есір. Батырбайдан: Балғажан, Қожа, Қошай. Балғабайдан — Мәдібек, Мәдібектен — Қайып. Қайыптан: Әбен, Ахмет. Бұл екеуінің шешесі — Шүрегей (Шүркей) — Ыстықмұрт: Мұстафа қызы. Бұқабай, Өгізбаймен бір туысқан. Ахмет баласы — Судыр Мағзұм. Қарамырзадан — Жиылған (Шиылған), онан — Нәкібай балуан. Ербай, Батырбай ел жайлауға көшіп бара жатқанда, қорасаннан өлген. Ащы бойында Құрттыда моласы бар, қасында Шанышқұл бар — үшеуі бір жерде. Шалеке балалары: Мыңбас, Жүзбасқа ұлт болған. Күні бұл күнге шейін Ербай атында қалған. [Арғын — Мейрам — Сүйіндік — Суғыншы — Шуманақ — Құлболды — Ақбура — Аққошқар — Қара Алтай — Шәуке — Керней
— Е.Ж.]. Кернейден — Елубай, мұнан туады: Әбіжан, Қайке. Әбіжаннан — Әбділда. [Шәукеұлы] Қарсұннан — Сырлыбай, онан — Шәйке һәм Уызбай. Шәукеұлы Байбөріден: Жантас, Айтас, Қанжығалы. Жантастан — Ташкенбай молда, Айтастан — Әбділда, Айділда. [Айділданың] екі баласы бар: Әлихан, Ибаділда. Қазыбектен [Шәукеұлы] — бір ұл, бір қыз, бұл екеуінен де тұқым- нәсіл жоқ. Бекболаттан [Шәукехан] — Лекер: «Шалқыма диуана»
— атанған, қажыға (хажыға) барып өлген. Мұның баласы — Ғисабай диуана, мұнан үш бала бар: біреуінің аты — Әліш, біреуінің [аты] — Әбубәкір: балалары: Айтмұхаммед, Арыста[н]. Байшуақтан [Қара Алтайұлы] — Ботбай, мұнан — Дәулет, мұнан — Қазыбек, Қаратай.
Жатар, Тұрар екі ағайынды: Жатардан тұқым жоқ. Тұрардан
— Жақып. Жақыптан — Еділбай қажы, Ақшал. Еділбай қажыдан
— Нұрғали. Тұрардан алтау: үшеуінен тұқым бар, үшеуінен жоқ. Бұл Жатар, Тұрар — Қарқынбай мырзаның [Қара Алтайұлы] құл- құтаны. Жарқынбайдан [Қара Алтайұлы]: Бұзау, Күшік, Төбет, Ималақ. Бұзаудан: Бекше, Ақылбек, Ақшабай. Бекше баласы — Нұржан, мұнан — Баймыш.-
Орынбайдың (Орымбайдың) бәйбішесінен-Бекбірлі; тоқалдан— Жанмырза. Бекбірліден бес бала: үлкені — Баймырза. Баймырзадан — Төкі, мұнан — Жұмаш. Таяжан, Мұнғатолла (Рахметолла), Аждар — Жұмаштың үш баласы.
ТОБЫҚТЫ ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Мейрам — (Момын деген тоқалынан) — Кенжесопы — Тобықты — Е.Ж.] «111[1] жылда Ақтабан шұбырынды болды!» — деп, «Қалқаман-Мамырда» айтқан. Мамай — Тобықтының бір табының атасы, өзі — Жұмағұл баласы. Мырза, Мамай — екі кісінің аты. «Қабекең» — Кеңгірбай биге қойылған ат. Қабай делінген — Абай дегендей Жуантаяқ — Тобықтының бір тап елінің аты. «Қанжығалы Боқтыбайдың жасауын ұрлаған осы Мырза-Мамай екен», — деседі. «Көп Арғын шауып, талап алады!» — деп, Найман ортасына ауып барған. Солай болғаны үшін «Еңлік-Кебек» жұмысы болған уақытта Арғынға беттей алмағаны. Сол Тобықты — Құнанбайдың бір шешелері: «Елтиқатын»— атанған. Осы Елтиқатын — Өскенбайдың шешесі, Ырғызбайдың қатыны. Ырғызбай, Жігітек, Боқкөт, — бұл үшеуі Олжайдың балалары, сондықтан бұларды «Үш Олжай» деседі. Бірі — Өскенбай тұқымы Құнанбайлар. Бұл Ырғызбайдан. Бірі — Жігітек тұқымы. Мұнан он бір жыл бұрын Құнанбаймен қағаздасқан Бөжей шыққан, Базаралы, Бағаналы, Қарымсақ, Шопандар шыққан. Бірі — Боқкөт тұқымы, мұнан «Соқыр» Оразбай шыққан. Қаракесек: Жарылғаптан шыққан Балта ақын өзінің бір немере қарындасын алып қашып, Құнанбай еліне барып, қатын қылып алып кеткен. Сөйтіп жүргенде, бір күні Құнанбайдың үйіне кіріп барғанда, Құнанбай былай (бұлай) деп өлең айтқан екеуі құрдас екен:
Ақ құрлар, қара құрлар, құрлар, құрлар,
Бұрынғы хақиқаттан сөзін жырлар.
Қарындасын қатын қып алып қашып,
Ел аралап жүреді-ау арсыз мұндар!
Сонда Балта ақын айтты дейді:
Ақ құрлар, қара құрлар, құрлар,құрлар,
Бұрынғы хақиқаттан сөзін жырлар.
Баласы әкесіне балта жұмсап,
Шешең жынды қатын ғой, бәдік мұндар!
Құнанбай дәнеме дей алмапты.
Құнанбайдың үйінің сыртында тоғай бар екен, сол тоғайдан Құнанбай бір бұрау алдырмай, өсірген екен. Бір күн[і] тоғай ішінде ағаш кескен дауыс естілген соң, Құнанбай қолына балта ала жүгірді
дейді:
— Ағаш кесіп жатқан әкем де болса, өзін ағаштай турайын! — деп. Барса, әкесі Өскенбай екен. Әкесін турай ала ма, ұялып калған екен. Балта сонысын айтқан екен дейді.
Құнанбай мен Балта ақын құрдас екен: екеуінің жылы қой екен.
ҚАНЖЫҒАЛЫ ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Ақсопы — Қанжығалы] Қанжығалы: Ішпек, Піспек. Піспек байдан ұл жоқ, ылғи қыз. Ол қыздардан өрбіп-өнген Қуандықта: Өр Алтай, Төменгі Алтай — бәрі Піспек байдың қыздарынан туған. Ішпектен: Қамбар, Жапар, Қармыс. Қармыстан: Есен, Бозым. Бозымнан: Әжібай, Әжім, Әжімбет. Алты атаның ұлы Әжібайдың екі атасының баласы: Қаратілес, Қарабұжыр, Ақтамақ, Ақбо[зым] (Ақбура). Ақтамақтан: Құдайберді, Құдияр, Қара, Амалдық, Сары. Құдайбердіден: Досқана, Киікбай, Малай, Абыз, Шумақ (Шомақ). Досқана — Төлекенің Төлекесінің түбі, тегі — Қалмақ. Қарабұжырдан: Мұрат, Байболат. Мұраттан сегіз туады: Дөнен, Сасық, Алтыбай, Тоғызбай, Теңізбай, Бестібай, Сегіз(бай), Құнан. Байболаттан — Шыңғыстың Жұмабектері, сонан тарайды. Қаратілестен туғандар «Тентек Қанжығалы» атанады: Айтуар, Көшпен, Құдайсүгір, Өтеген. Айтуардан: Әжіке, Дәнін. Әжікеден — Байдалы, онан: Тәшім, Шолан деген біреу бар. Оның қай жерде орна[ла]суын айыра алмадық. Өтеген батыр болған кісі, «Елғонды»— деген баланы қалмақтан алып қашып келген. Аты Елғонды болғандықтан, Алмашының қызынан туған — Жантай, күңнен туған: Қойлыбай, Қорлыбай. Бірі қыздан туған, екеуі күңнен туған, бұларды «Үш жиен» деп сөйлейді. Есен-Бозымның Есенінен еркек тұқым жоқ. Есеннің жеті қызы болған. Жеті қызын жеті жерге беріп, әрқайсысынан бір бала асырап алып, бала қылған. Қатын алып беріп, мал малдандырып, жан жандандырған. Қоскелді, Қылтышар, Лабашы, Бошқантай, Есіркеп, Нияз, Жолымбет, «Жеті ру» атанғаны сондықтан. «Ұзын оқты оннан (ондан) бол, Қайдан болсаң, сонан (соннан) бол!»! — дегендей, онан-мұнан басы құралып, Қанжығалы болды. Қанжығалы кісі аты емес: қараның ханы болып, басына алтын жыға орнатқан; сонан «Қанжыгалы» (хан жығалы) атанған деседі. Кейбір ескі сөз сөйлеушілер: «Жауға аттанғанда, Қанжығалы болып, қанжығасы құр келіп көрген емес, сондықтан «Қанжығалы атанған» деседі. Шешесінің аты — Момын, атасының аты — Ақсопы: «Толыбай ұранды Қанжығалы» — атанған. Әжібайдың [Қанжығалы — Ішпек — Қармыс — Бозым — Әжібай] алты баласының бірі — Құдияр. Құдиярдан: Ақдәулет, Келдәулет, Ақтайлақ, Қатпа, Құрамыс, Жанат. Ақдәулеттен — Алтыбасар, онан: Жүндібай, Шара. Жүндібайдан — Әбен, онан: Есімбай, Бесімбай.
Қарадан [Қанжығалы — Ішпек — Қармыс — Бозым — Әжібай
— Ақтамақ — Қара] бәйбішесінен: Елібай, Сары; тоқалынан
— Жәдігер. Жәдігерден: Тоқсанбай, Сатыпалды, Мәмбетбай. Тоқсанбайдан: бәйбішесінен — Жанзақ, Байзақ, Құлжан, Бертіс. Жанзақтан — Бегайдар, тоқалынан — Сазан. Байзақтан — Айдабол, онан — Өтес (Отас), онан Еркінбай, онан Әлмағамбет, онан Асқар. Бертістен — Тезекбай: «Тезекбай»— деген сор бар.
Сарыдан [Қанжығалы — Ішпек — Қармыс — Бозым — Әжібай — Ақтамақ — Қара — Сары]: Жылкелді, Қойбас, Айбас. Жылкелдіден
— Ақжігіт, онан-Тұман(Томан), онан: Күлен, Байысты, Шақар. Күленнен: Сейсембай, Қожан. Шақардан тұқым жоқ: асырап алған баласы — Қанжығалы: Қара-Мұстафа. Бүл Мұстафаның өз әкесінің аты Салпаң еді. «Салпаң соры» атанған жер аты бар. Қара-Мұстафаның артында нәсіл, жұрағат жоқ. Жақсыатта тамы бар, аты сонда қалды. Қойбастан: Тұрсынбай, Есілбай. Түрсынбайдан — Жаманшы. Есілбайдан: Нұрпейіс, Тақан; Нұрпейістен: Тоқ, Тілеу.
Қараның қарашанырағы Жәдігерде, Жәдігердің қарашаңырағы Мәмбетбайда. Мәмбетбай төрткіл ошақ қаздырып, төбел бие сойдырып, бір келімсек жігітті бала қылып асырап алып, атын Алдаберді қойған. Өзінің екі баласын былай қойып, қарашаңырағына ие қылған. Сол Алдабердіден — Құттықожа, онан Мәнкебай, онан Сарыбел, онан Молда, онан Лекер қажы. Онан-Жақып: Қызыл алғаш келген кезде Шақшан еліне исполком председателі болды. «Тексізді төрге шығарып, Теңдік тимес құлыңнан!» — деген Бұқарекең [Бұхар жырау] сөзіне дәл келді. Қанжығалы ішінде сіңісті болып, өсіп-өніп кеткен Қарақалпақ [та] бар, Қызылқұлақ та бар. Нағызынан бұта-шатасы көп, сондықган сүттей үйып қатықтай қатып тұра алмады. Ең мақтаулы зоры — Бөгенбай. Бөгенбай әкесі — Ақша, Ақша әкесі — Әлдекүн. «Әлдекүн әкесі әлде кім?» — деген бұрыннан айтылып келе жатқан сөз бар [1].
БӘСЕНТИІН ШЕЖІРЕСІ
Мен өзім Павлодарда тұрдым, Керекудің о жақ, бұ жағына қатынап жүрдім. Шежіреге жүйрік, ата білетұғын жанды таба алмадым. Бұрын жазып алып жүргендер кім көрінгеннен сұрап, айтқанын жазып ала берген. Менің сұрыптап, ақ тарыдай ақтарып жазғаным — осы. [Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Кенжесопы — Бәсентиін -Е.Ж.] [Бәсентиіннен] бірінші қатынынан: Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан. Ақмайданнан — Көкшекөз. Бұл Көкшекөзден: Байымбет (Бәйімбет), Жолымбет. Байымбеттен: Бейсен, Жаманай, Қоянбай, Көшен, Шүрек, Таңатар. Бейсеннен: Таз, Бөкі, Шоқай, Өтеп, Матай, «Бейсеннің бесеуі» делінеді. Матайдан: Қаржау, Өмір, Қойбақ. Бұл Өмір би «Қара қылды қақ жарған» әділ би болып атағы шығыпты. Мұның бір қара төбеті болыпты, төрінде жатады екен. Төрт аяқты, қайқы құйрықты болғаны болмаса, ит деп айтуға жанның аузы бармаса керек. Өмір би:
— Құтым, құтым! — дейді екен. Сонан «Құтым» атанып кетсе керек. Бір күн[і] өзі тең, сөзі тең бір бастас биі қонып отырып сұрады дейді:
— Мұны мұнша ардақтап үстағаныңыз қалай? — деп.
Сонда Өмір би айтыпты:
— Бұл ит емес, ырыс, «жеті қазынаның бірі», — деп айтылған анық осы. Бұл жазғытұрым мал жас төлін төгіп жатқан кезде жас қозыны, жас лақты (ұлақты), жас бұзауды, жас құлынды, жас ботаны алып келеді. Алып келгені мал болып, өсіп-өніп малға қосылады. Өзімді байытты. Жалғыз-ақ бір басты, екі аяқты адам баласын ап келген жоқ! — депті. Осы сөзді айтқаннан кейін, қара төбет те жоғалып кетіпті. Бір жұмадай жоқ болып кетіп, бір күні құндаққа оралған бір жас бала алып келіп, еркелеп тұр дейді. Өмір би:
— Бұл құтым алып келген Құтымбайым! — деп, ат қойған.
«Сол Құтымбай өсіп-өніп, Қаржауды көбейтіп, берекелендірген осы Құтымбай», — деседі.
Байымбет — Жолымбеттің Жолымбетінен — Маңдай, мұнан
— Сәмеке. Майданда от шашқандай оқ шашатын сырттаны — «Бәсентиін, ер Сырымбет» атанған батыр осы Сәмекеден шыққан. Кеше өлген Жаңада (Жәңкеде) үлкен Нұрташ молдалар да осының ұрпағы еді.
Жаманадайдан: Қойсары, Қозыбақ, Рысқұл (Ырысқұл), Сағынай, Тайлақ. Рысқұлдың қатынының аты Ырысбике. Өзі он екі жасында Естектің жауласқандары өлтіріп кетіп, Қыпшақтан шыққан Қошқарбай батыр нағашысы екен, қанын жоқтап барып, Естекті шапқан. Осы күнде шешелерінің атымен «Ырысбике» атанып кеткен. Рысбектен: Шақабай, Қарабатыр, Бөкебай. Шақабайдан: Жәнібек, Имамбет. Жәнібектің Кейкі деген бәйбішесінен: Сарықұл, Айқұл, Байқұл, қалмақтан өзі барып олжалап алып келген тоқалынан: Сорыпкел, Манамбай. Айқұлдан: Жаманбай, Мұса, Боқтыбай. Жаманбайынан: Тасболат, онан Шәкір. Мұсасы «Қара Мұса» атанған, мұнан: Омар, Имаш, Жәнібек батыр. Бір барған жолында қалмақтан екі қыз, қырғыздан бір бала алып келген. Екі қыздың бірін тоқалдыққа өзі алып, онан Манамбайлар туған. Біреуін Қойсары-Байқожаға байлап, ол Байқожа асырап алған баласы Қалқаманға қосып, қарашаңырағына ие болатұғын жалғыз баласы Жұмағұлмен еншілес қылып, қарашаңырағына ортақ қылған. Жұмагұлдан — Ақжан (Ағжан), мұнан — Жүсіп. Қалқаманнан
— Байтілеу, мұнан Әжібай, мұнан Бұқакүбір ішінде жүрген Сүлеймен қажы. Қырғыздан алып келген баланың аты Бертіс, онан-Күреңше туып, онан — Олжабай. Олжабайдан — Айтбай, Айтбайдан: Сейіт, Ахмет— он шақты үй бар шығар. «Кімсің?» — дегенге: «Рысбек» Манамбай ауылыныкіміз» — дейді. Сүлеймен қажы да: «Кімсің?» — дегенге: «Қойсарымыз» — дейді, өзі Қалқаман-Мамырдың Қалқаманының үрім-жұрағаты.
XXX
Маған көктен Жебірейіл періште уахи келтірген жоқ. Қағаз жүзінде жазылған қазақта шежіре нұсқа жоқ. «Естіген құлақтың жазығы жоқ», — дегенмен естігенімді жаза бергендіктен, «шежіреші» атандым. Керекуге жиырма бес шақырым жерде «Құрман тұзы» деген тұз бар. Сол Құрман Қыпшақ екен де, өзі мейлінше бай болған екен: жылқысының есеп санын өзі де білмейді. Жалғыз баласы болыпты. Салт атты, сабау қамшылы бір бөрі тонды, бөрте атты жігіт келіп, бала болыпты. Малға шын жаны ашып қарағандықтан, жылқы билігі сонда болыпты. Байдың жалғыз баласы сері болыпты, он жігітпен жүреді дейді. Жазғытұры бие құлын төгіп жатқанда, бай баласы жылқы аралапты. Жаңа туып жатқан қара құлынды сойып, терісін ала беріпті:
— Осы жүрген он біріміз де бір түсті қылып, қара құлын жарғақ киеміз! — деп.
Бөрі тонды, бөрте атты жылқышы мұны көрген соң, іші күйіп жылап, долданып байға келіпті:
— Бай, маған батаңызды беріңіз, бұл малға менің иелігім болмады. Мына қорлықты көріп жүргеннен өлгенім артық! — деп.
Кәні, бай жалынып-жалпайып тоқтата алмапты:
— Мен риза, Қүдай риза, осы жылқынын қақ жартысын ал! — депті.
— Жоқ, бай, бір тай да алмаймын, батаңды бер! — дей беріпті.
— Жоқ, балам, сен дәнеме алмай кетсең, бата да бермеймін, ризалығым (ырзалығым) жок! — депті.
— Олай болса, бір теңбіл көк сәурік бар, үйірінде бес байталы бар. Соны үйірімен берсеңіз, шын батаңызды бергеніңізді сонан білемін! — депті.
— Уай, шырағым, маған кұт болған, қыдыр болған «Көбікті көктің» тұқымы еді. Өзімнің аузымды көбікті саумалға тигізген жануарым еді. Мал кадірін білмеген қу жалғызға болғанша, мал қадірін білетұғын сенде болғаны жақсы! — деп, батасын берген екен.
Байдың батасын алып, алты тұяқ жылқымен Ертістің бер жағына өтіп, Апай деген жесір қатынның қызын алып, онан бес бала туады: Келден, Қыстау, Қақа, Сатыпалды, Жаңбыршы. Малы да, басы да өсе бастайды. «Көбікті көк» атанып жүргені биеге шапқанда, биенің үстінен айғыр түскенде, айғырдың қасасынан ақ көбік шұбалып, үзілмей ағып түрады екен. Сонны Бөрі өз алақанына тосып алып, балаларына әкеліп жалатады екен. «Бір баласы жаламайды екен: сол жаламағанның ұрпағы ана төртеуіндей болмады— деседі, — жарлы- жақыбай, өсімсіз, өнімсіз болды», — деседі. «Жесір қатын «Апай» атанғаны Қаракесек қатыны еді» деседі. Байы өлген жесір қатын үй-отанымен, қара-құрасымен төркініне келген. Артынан Қаракесек іздеп келіп: «Бұрын да тапқан бала- шағасы болса керек, буаз екіқабат кетіп еді», — десе керек. Ер үл тапқан екен де, оны бөтен бір жерге асыратқан екен. «Екіқабат келмеді!» — деп, жан беріп, нандырып, алып қалған екен. Қаракесек көзі бар балаларды алып қайтыпты. Жесір қатын байсыз отыра ала ма? Бұл жақта тиген байынан бала тауып, «Апай, Апай» аталған атпенен үрім-бұтағы «Апай» атанып, Апай-Бөрі оттас, ораздас болып кеткен. Біздің жақта тұрған биік-Бөгембайды: «Сол Апайдың өзінен туған бала осы», — дейді. Мұның үрім-бұтағы осы Баянаула бауырынан жаңада кетсе керек. «Бөрінің бел баласы Келден қыстауы екен» — дейді. Қанды Қарасу зауатының Ащы жағында, Баянаулада бір асуды «Қазанғап асуы» дейді. «Бөріден шыққан, атағы жер жарған Қазанғап қыстаған жер», — дейді.
XXX
Көп Арғынның жолаушылары келе жатып, он екі жасар бір бала тауып алады. Бәсентиінге байлайды. Сөйтсе, ол бала:
— Қожант шаһарыныкімін; хан баласын ойнатып жүрген балалар едік, ортамыздан хан баласы суға кетті. Сонан соң: «Барсақ, бізді хан өлтіреді ғой!» — деп, тоз-тоз болып жонға қашып шығып кеттік. Түбі-тегім түрікпен еді, — деген соң, Бәсентиін бала қылып алыпты.
Мұнда келген соң, жерінде көрген өнегесі болған соң, балық аулайтұғын бала болып: «Балықшы түрікпен» атанып, [күні] бұл күнгеше тұқым-жұрағат, ұрпағы бар дейді. Және келе жатып, бір жас сұлу қатын тауып алыпты, соңына еріп жүрген бір кішкене баласы бар дейді.
— Бұл балаң кімдікі? — дегенде:
— Өзімнің күшігім, — депті.
Ол қатынды да Бәсентиін алыпты. Қойнына жатқанда буаздығы білініп:
— Бұл қалай? — дегенде:
— Бұл бір жанға айтпайтұғын сырым, — деген екен. Сол баланың атын Сырым қойған екен. Осы екі бала қатын алып, өсіп- өніп, бірінің тұқымы «Күшік» атанып, бірінің тұқымы «Сырым» атанып, ел-жұрт болып кеткен. Күндердің күнінде осы қатынның артынан жоқшы келді дейді. Белгілі байы жоқ, қыз күнінде бала
тауып, тағы буаз болған соң, өз үйінен өзі үялып, қашып шығып кеткен екен. «Белгілі байы болмағандықтан, ешкімнің де сөзі пұл (бұл) болмады. Қатын да, екі бала да Бәсентиін олжасы болып қала берді» — дейді. Сырымнан тарайды: Танаш, Жабық, Мұрат. Мұраттан тарайды: Дөнен, Сегізбай, Сасық, Бестібай, Теңізбай, Алтыбай. Жабықтан тарайды: Болай, Самай. Болайдан — Тілеу, онан — Өтебай. Самайдан: Сексенбай, Тоқсан, Досым. Тоқсаннан — Қара: «Қысырау-Қара» атанады. Қарадан — Текебай, мұнан — Жанқожа, мұнан — Сүгір, мұнан — Рысқұл (Ырысқұл). Жабықтан —Самай, мұнан — Досым, мұнан — Тоқтауыл батыр. Мұнан — Малайсары батыр, мұнан — Тілеуқабыл, мұнан — Бесмолда, мұнан — Арап, мұнан — Апи (Афы), мұнан — Омар. Жас жігіт Малайсары батырдың тоқалынан — Жолдыбай, мұнан — Садақ, мұнан — Қашқын, мұнан — Қозғанбай, мұнан — Тұран, мұнан: Қабдым, Жасжігіт қатын-балалы.
Самай баласы Досымнан Төлебай, мұнан — Нарымбай, мұнан
— Тәуірбай, мұнан — Ыбырай, мұнан — Қыстаубай: бала-шағалы Керекуде тұрады.
Сырымның көбі Жабық болады. Қазанғап баласы — Дөнентайлар, бұлар да Досымнан. Қысыраудан — Ақбалық хазіреттер. Сырым-Обде батыр болған, мұның балалары: Байжан, Бекше батыр. Байжаннан: Мұжық, Әлтеке (Әлтік), Қозыбақ, Құдайқұл, Қасай. Бекше батырдан — Төпек батыр, өзі жалғыз туып, «Қара жарғақты, күрең атты» атанып, қыршын өліп, тұқымсыз кеткен. Күшіктен: Жылқыайдар, Итемген, Ханкелді (Қанкелді), Қайып, Кенжебай, Байымбет. Сүйіндік, Тоқшора, Әлімбет, Алтай, Төртсары, Мұрат, Танаш, Рысқұл (Ырысқұл). Мұраттан: Аралбай, Байсейіт, Жауқашар, Жаубасар. Аралбайдан: Тоқпан, Ақпан; Байсейіттен: Барақ, Жабағы. Жауқашардан: Сарымырза, Баймырза; Жаубасардан: Тілеуберді, Қуат, Саржан. Рысқұлдан — Шыңдауыл, мұнан — Қошқар, Мойнақ. «Төртсары, Тоқпан ұрпағымыз», — дейді. «Жымғын» деген бір жас жігіт, бұлар Бәсентиін екен. Тоқмайданнан — Қатыс. Қатыстан: Маңдай, Тілмәмбет. Маңдайдан: Айты, Есенкелді, Андас, Келдес. Андас бір жаугершілікте буаз қатын олжалап алған:
— Кімнің қатынысың? — дегенде:
— Сарайкентте Сарыабыз деген атақты кісінің қатыны едім,
— деген.
Іштегі бала ер ұл болып туған. «Бұл иманы толық жерден бітіп келген бала», — деп, атын Иман қойған. «Алтын Орда» атанған Жошы ұлысының үлкен ханы тұратұғын орын екен. Ноғайлар оны Сарайкент дейді екен. Бұл Сарайкент бұл күнде Еділ суының бойында, Аштархан мен Сарытаудың аралығында Тысарип деген қала. Иманнан Өкей туады. Өкейдің бәйбішесінен Есенбай, Есенбайдан: Бағай, Серкебай. [Өкейдің] ортаншы қатынынан
— Тілеуберді: тоқал қатынынан Дәулетбай туады. Дәулетбайдан Тілеуқабыл батыр туады: «Тілеуқабыл» аты қалып, «Батыр» атанып кеткен. Бұл [Тілеуқабыл] батырдан: Түгелбай, Құндақбан, Серкебай, Еділ, Еркебай, Қабанбай. Түгелбайдан — Құрамыс. Құрамыстан — Сәрсен. Сәрсеннен: бәйбішеден — Тұрсынхан; тоқалдан — Исмайыл, Самарқан. Тұрсынханнан: Ағзам, Исмазым.
Тілеуқабыл батырдың тұңғышы — Ақша, мұнан — Дербісәлі, мұнан — Таңатар, мұнан — Жүсіп, мұнан — Қалимолда, мұнан — Ақсақ Хамит молда. Имандағы екі мұртымыз: Тұрсынхан мен Ақсақ Хамитмолда. Иманнан — Жирентай, мұнан: Орал, Байқұлақ. Бұлардың заманында қалмақ шауып, тоғыз кісі салт атты, сабау қамшылы Найманға қашып барып, онда да қалған, мұнда да келгені болған. Бұл Орал-Байқұлақ тұқымын «Боранбай» деседі. Иман десе, иман екен: ат-арыстан, нұр-пейіштен хақ сөз.
АРҒЫН - СҮИІНДІК - ОРМАНШЫ ТАРАУЫ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Суғыншы — Шуманақ — Жолболды — Орманшы —
Е.Ж.].
Сүйіндіктен: Оразкелді, Суғыншы. Суғыншыдан: Шуманақ, Мәжік. Шуманақтың қатынының аты — Жолбике, мұнан үш ұл туады: Жанболды, Қүлболды, Жолболды. Жолболдысы — Орманшы. Орманшының үш баласы: Өтек, Қайдауыл, Тілекетілес. Бұл аты қалып, «Қасқыртымақ» атанып кеткен. Өзі Орманшының тұңғышы болған, екі інісіне қатал болған: ел көшкенде «Бөтегесі шайқалады» деп, бүркітін жаяу алғызып жүрген. Өтек балалары: Жақсылық, Қарабай, Шобалай, Бағай. Жақсылықтан: Сұңқар, Байғұл, Алакөз, Өлімбет. Қасқыртымақтан — Арықпан, мұнан — Шақұлан, Қосай, Қойбағар, Күшіген. Қайдауылдан: Есенқұл, Мәуке. Мәуке — қатын аты, өзі тоқал қатын. Есенқұлдан: Бекқұлы, Тоққұлы, Аққұлы. Бекқұлыдан: Нарторы, Ақсары, Шотана, Нарбота, Тайкелді, Ес, Дос (Есдос). Аққұлыдан: Ақбике, Балға, Есенәлі, Дербісәлі, Бармақ, Қыдыралы. Мәукеден: Кеспелік, Түрмелік, Елік. Сақау ақын осы Еліктен шыққан. Қарағайлы шоқыдағы «Нұралының қарасуы» атанған Нұралы Өтектен шыққан. Оның ұрпақтары — Байсақ баласы Балқожалар. «Тайбай көлі» дейді, о да Орманшы, Қайдауылдан шыққан.
КЕРЕЙ ШЕЖІРЕСІ
[Жанарыс — Қасымқожа — Керей — Ашамайлы Керей — Тарышы — Қүрсары — Е.Ж.]. Құрсары (Көрсары), Ақсары. «Төрт сарының нәсіл-жұрағаты: «Орысқа қарамаймыз!» — деп, Алатау, Алтай тауларынан асып кеткен. Олар бұл күнде Қытайға қарап қалды: «Мейлінше бай болған, бодамсыз Керей» атанады» — дейді. Қүрсары, Ақсарыны Тұрлыбек орналастырған Ақмола облысына. Қүрсарыдан: Есбол, Есенәлі; Есенәліден: Құдайқұл, Қодас, Жібек. Құдайкүлдан — Құдайберді; Жібектен: Жаңбыршы, Жәнібек. Мұнан Жанғабыл, Досай туады. «Соқыр Жанғабылдан» алтау туады. Бірі — Сүйінбай, Сүйінбайдан Ақыл бес ағайынды болған. Тау-Көтібақ баласы: Қызылтауда тұрғандықтан, атын «Тау» қойған. Ақыл-Күлік: Ақыл Сексен ішінде туғандықтан, атын «Ақыл» қойған. Өз заманында Ақыл «Тау» атанған. Ақылдан тоғыз: бәйбішеден төртеу, тұңғышы — Асаубай. Асаубайдың кенжесі «Бәзіл қажы» атанған, қыстауы Сілетіде: Ешкіөлместе. Бәзіл қажыдан: Ғұбайдолла (Ғұбайдолда), Бопкен. Бопкен балалары: Жиыпалла (Жепла), Нұрхамит. Бүл екі баланың «қара орманын» сыпырып алып, Ғұбайдолланы Омбыға, Бопкенді Семейге жер аударған. Бұл Бопкен: «Семей барамын» — деп, Қызылтау бауырында атын ұрлатып, жаяулап қайтып, Ескелдіде отырған, Құдай рахмет қылсын, Мәшһүр Жүсіпке кез болып:
— Қатын-балаңды тауып ал, — деп, — бір шабдар атты басы-байлы өзінікі қылып, мінгізіп қоя берді.
Сол Бопкен айтты:
— Қозғаннан шыққан Түйте тәуіптің моласы біздің қыстыкүнгі қотанымызда, — деп. Үстіне ағаш шыққан, шеңгел де шыққан. Ағаштан жасаған моласы бар, бұ күнгеше тозған жоқ, құлаған жоқ, — дейді.
БӘСЕНТИІН: БҮҚА, КҮБІР ТАРАУЫ
«Бәсентиін ішінде Бұқа, Күбірміз» дейді. «Бұқа, Күбір кім баласы?» — десең, әкесінің атын жан білмейді. Көзінен көріп, қолынан туғызып алған ешкім жоқ. Айтушылардың айтуы: «Бұрынғы заманларда Бұхар, Самарқан ханларының біреуінікі болса керек: «Татарбай» деген құл екен. «Бөгеуіл» дейді аспазшыларын (ас басшыларын), сол бөгеуіл атаулыға қожайын екен. Қазынаға қиянаты (хианаты) білінген соң:
— Елге, жұртқа жолама! — деп, жер аударып жіберген екен. Ол заманда жер аударғанда, Сырдариядан арман өткізіп тастайды екен. Қаңғып жүріп, «Жітікке — саяқ» бір қаңғып жүрген қатын кез болып, екеуі қосылып, ерлі-байлы болып жүргенде, буаз болып, егіз ұл тауып, бірінің атын Бұқа, бірінің атын Күбір қойыпты. Екеуі ер жеткен кезде бір қоңыр бұқалары болып, үйде ол артылатын сиыр жоқ, қаңғып кете беріпті. Сол кеткенде, бір тауды жатақ қылып, барса, соған бара беретін болған соң, сол тау «Қоңырбұқа» атаныпты. Басқа сиыр жоқ, өзі жалғыз бұқа болған соң, бір кесу білетұғын жан кез болған, кестіріпті. Бұқаның ені жалғыз екен:
— Мен пісіріп жеймін! — [деп], бірі айтып, — Мен пісіріп жеймін! — деп, бірі айтып, өзді-өзі төбелесіп, айырар, арашалар кісі жоқ, бірін-бірі көргісіз болып, бірі Сырға, бірі қырға қашыпты.
Бұқа қырға қарай қашып, жолдан бір қатын килігіп, ерлі-байлы болып келе жатқанда, жұртта қалған бір қара күшік еріп, Сарыарқаға келіп, Бәсентиін Маңдай-Байымбеттің малының өрісіне, балығы көп бір суға жатақ қылып, қамыстан кепе қылып жатып алыпты. Қара күшік төбет болып, бұларға түн болса, елден тамақ тасып, майды қарнымен, ірімшік, құртты боғжамасымен ап келіп, бұларды ас-су, тамақтан тарықтырмапты. Малшы-құлшы көргендер елге айтып, Маңдай, Байымбеттер әдейі келіп көріп:
- Сендер бүйтіп елсіз жатпандар, елге келіңдер! Жылқышының даяр қосы бар, соны баспана қылып алыңдар. Өзіміз жылқышыға жаңадан қос көтеріп аламыз, — деп, — елге алып жүрді. — Қазақтың ас-той деген мерекесі болады: асқа барайық деп жатырмыз. Біздің басы артық ер-тоқымдарымыз, басы артық киімдеріміз болады. Қолыңа тигенді басы бүтін өзімдікі деп ал, өзімдікі деп ки! — деп, атқа мінгізіп алып жүрді.
Асқа бара жатып, Маңдай, Байымбет:
— Мұны қайсымыз қарабауыр қылып аламыз? — десті.
— Екеуміз екі бөлек түсейік, атын қайсымыздың атымыздың мойнына байласа, байлау сол болсын! — десіпті.
Бұл Бұқа барып, түскен жерінде атын Маңдайдың атының мойнына байлап, Маңдай меншіктеніп, қарабауыр қылып алыпты. Бұқадан — Майемер, Майемерден — Тауасар. Бұлардың түпсіз, тексіз екендігі мынадай жүмыстан білінеді. Тауасар өлгенде, шулап жылайтұғын ағайын жоқ, үш күн жаназасыз жатыпты. Кім болса, ол болсын, бір жолаушы:
— Мен жаназа шығару білемін, — деп, жаназа оқыпты. Сонда жаназаға оқыған дұғасы мынау:
Мұның тегі Бұқа-ды,
Бұқа шабы жұқа-ды.
Өзің, өзің-өзіңе,
Өзіңдікі екі де қара көзіңе!
Бар, Тауасар, бара бер,
Жаназаңды кеше оқығанмын!
— депті.
«Тауасар жаназасы» делінген сөз Бәсентиін ортасында күлкі болған. Мұнан да әдемілеп айтушылар бар еді, өліп қалды. Сол Тауасардан алтау-жетеу туады: біреуінің аты — Рамазан, Рамазаннан туған — Жақай. Жақай «ахон» атанып, ескі законда мүфти-қазіретлерінің бір дуан елге сайлап қойған ахоны болып, «ақ дегені алғыс; қара дегені қарғыс» болып тұрған күнде— байымен араз болып, қашып барған қатындарды «қазақта неке жоқ» деп, пара алып, босатып жібере берген. Жұртқа аты шыққан атақты бай Уақ-Нұрекен байдың қызы Зылиқаны Қасқырбай-Жақсыбайдың Жақсыбайы алып қашып, Нұрекен байдың бел баласы Түйте дуанбасы, Семейге Балтасы болыс, онда Баянаула дуан, Кереку Баянаулаға қарайды, Мұса — дуанбасы, Секербай — қазы:
— Қазақта неке жоқ!— деп, Жақай ахон бұрынғы байынан айырып, өзі некесін қиып, Жақсыбайға қосқан Зылиқаның өлеңі:
Кигені Жақсыекемнің жасыл шапан,
Бір кезі — бес теңгелік асыл шапан.
Арасын Омбы, Семей ойнақ қылған,
Бозбала, қалай екен Зылиқа апаң?!
Зылиқа жаңа піскен қызғалдақтай,
Омбының, ауырыпты, шайы жақпай.
Петрбор, Омбы, Семей арасында
Қыз тумас әр қатыннан Зылиқадай!
Ар жақтан Секербай мен Мұса келсін,
Жақсыбай Қасқырбаймен қоса келсін!
Некемді мен Жақайға қидырған соң,
Законды жаман Уақ қайдан білсін?!
Базардан алып келген сәуір кебіс,
Мұсаке-ау, айналайын, маған болыс!
Балға ағам, Түйте ағаммен барып келген
Жандарал Котковский коймак емес.
Тұсынан Қарақала қайық салдым,
«Дұшпаннан құтылдым», — деп, көңіліме алдым.
«Тас ауыр түскен жерге», — дегендей-ақ,
Қолына Нүке мырза келіп қалдым.
«Зылиңаның өлеңі» деген өлең бір қиссадай еді. «Қазақта неке жоқ», — деп, байынан қашып барған қатынды пара алып, босатып жібере берген соң, исі қазақ болып, өкпелеген. Сол замандағы Мұса, Секербаймен замандас ақсақалдардың аузында әңгіме болған: «Түбі-тегі қазақ еместігі».
Рысбек (Ырысбек)— Манабай деген ақсақал айтып... отырады екен:
— Жаназасыз қалған Тауасардан туған, қоянға қүрық жіберген жаман Рамазанның баласы-ай! Өзімнің үйімдей аң өгізімді үрлап сойып, төлеу төлеген Жақай еді. «Әптиектен алты қағаз оқыдым», — деп — жұрттың төбесіне ойнақтап кетті-ау! — деп отырады екен.
Ол сөзінің мәнісі: Рамазан баласы Жақай жас бала күнінде, мектеп, оқу көрмеген жігіт күнінде қашып кетіп, Көктеректе Ұлдан (Олдан) хазіретке қызмет қылып, әптиек оқып, оқығаны бойына майдай жұғып, құлағына тиген сөзді жатқа ұғып алып, қазақ ішінде ол күнде молда бар ма, қожа бар ма, жалғыз қара болып көзге түсіп, ауызға алынып, жұрт орысқа алғаш қарап, дуан аузы ашылғанда, мүфти, хазіреттеріне ахон сайланып, «Жаңай ахон» аты көтеріліп кеткен. «Қазақта неке жоқ», — деп, қоғайдан болған указдар қатын айырып жібере берген соң, тамам дуанбасылар: «Бізге ноғайдан шыққан указ, мүфтидің керегі жоқ!» — деп, қазақтың мүфтиден шығып қалғандығы осы. Сонан соң дуанбасылар Жақайдың өзін приговор қылған: «Қазақты Бұхар, Ташкенге қараңдар, — деп, азғырып, материал жиып жүр!» — деп. Онысы да өтірік емес: Ташкен, Түркістан жағына кетіп бара жатқан жерінен ұстатып алып, қыс ортасы кезде Баянаула қаласына алып келген. Сонда біздің әкеміз Көпей бір самауыр шай, бір табақ ет алып барған. Біз өзіміз сонда оқу оқығаннан басқа түк білмейтұғын баламыз.
— Орыс барып қамап үстап алғанда, басымда дағарадай сәлдем бар еді. Жиған-терген материалдарымды сәлдемнің астынан қабаттап, орап алып едім: «Кәне, сәлдеме қол тигізші!» — деп, қалта қарап тұрдым. Сәлдеме қол тигізе алмады, қойны-қонышымды, қалта-салталарымды тінтті, дәнеме таба алмады! — деп еді.
Закон бұйрығын Баянаулада жасап, Мұса, Секербайлардың көз алдында өз үйінен олай-былай шықпасқа қолынан хат алып, Баянауладан отряд— солдатпен: «Үйіне апарып түсіріп қайт!» — деп, жөнелтті.
АРҒЫН - СҮИІНДІК - ҚАРЖАС ТАРАУЫ
[Жанарыс — Қарақожа — Арғын — Құтан — Мейрам — Сүйіндік — Олжакелді (Қаржас) — Е.Ж.].
Мұса, Секербай заманындағы қариялар:
— Жақай ахонды: «Қоянға құрық жіберген» — жаман Рамазаннан осындай бала туушы ма еді?! Бұл Қойсары-Балтабай Тұранның Тұранының баласы ғой! — деуші еді.
Қаржастың шын аты Олжакелді: асықтың қаржауына түскеннен, «қаржас» атанған. Үш баласы болған: Алтынторы, Құлыке, Бегім. Құлыкенің балалары: Ойым, Телі: «Телі тентек» аталған. Бір аяғы ақсақ, балдаңпен жүреді екен. Бір күн[і] Телі тентек жылқы суарғалы бір құдыққа барса, бір жас келіншек-қатын кір жуып отыр екен. Телі тентектің тентек ойы ауып кетіп, тарпа бас салыпты. Сөйтсе ол қатын Бегімнің қатыны екен. Бегім өліп, бір баланың анасы болып, жесір болып қалғанда, баласының аты Сатылған екен. Қатын буаз болып, буаздығы білінген соң, Телі тентек басыбайлы қатындыққа алып, Анай туған. Сатылған да, Анай да Телінің баласы болды. Сонан соң Телі бұл екі балаға бес-бестен он қатын алып берген. Анайдың қалмақ қызы қатынынан — Жәдігер; қазақ қызы қатынынан— Нияз; сарт қызы қатынынан — Құл, Қозған; Әз Тәйтеке қызы Аққабақтан туған: Мырзақұл, Құдайқұл. Сатылғаннан да бес бала болады: [Тілеуімбет], Жансары, Таңат, Қоныс, Мәмбет. Сатылғанның ең түңғышы — Тілеуімбет. Өзі тұңғыш болып, аты Тілеуімбет болса, оңбайды. Бұл Тілеуімбеттен: Қожамқұл, Қошқарбай. Біреуінен — Тастен, біреуінен — Дулат. Жұрт бұларды «Қарақалпақ» деседі. Тастен, Дулат, Қарақалпақ — үшеуі бір кісінің аты дейді. Екі кісіден естідім: бірі — Қожан-Масақтың Бегі; бірі — Қүдайбергеннің Жүсіпбегі.
— Бұларың кім? — дегенге:
— Пұсырман, Сағын, Тоғайбай, Тоғалақ, Бақтыбайдың ұзын Жұманы, — деседі.
Айтушылардың айтуы: «Келін-кепшікшіл болып, дулата берген соң, «Дулат» атанып кеткен» — дейді. Таңаттан: Батырбек, Атанбек, Тауасар; Батырбектен: Өтеу, Жанқылыш. Тауасардан: Қосағал, Қоске, Қожаберген. Қожаберді Атанбектен туады. Өтеуден — Найзабек, Ермек, Келдібек. Найзабектен — Үкібай би. Ермектен: Қуандық, Еркебұлан. Қуандықтан — Қүдайберген, Еркебұланнан — Жантемір қажы. Қожабергеннің сексен жасында таптырған баласын көрдік, аты Сексенбай еді. Сатылғанның бел баласы Қоныс — Мәмбеттің Қонысы: «Сарысадақ Қоныс» атанған. Садақ тартымпаздығына мақтанам деп, «Ақтабан шұбырынды» жорығында бала-шағасымен қырылып қалған. Майлыбай деген баласы, о да қырғынға ұшырап, екі немересі қалған: Есенаман, Жарқын. Есенаман күні бұл күнгеше бір ауыл. Жарқыннан: Бақыр, Қазан, Мұрынбай. Бұлардың ұрпағын «Жұман балалары» дейді. Мұрынбайдан — Қоймас, мұнан — Сұлтанбек. Сұлтанбектен: Исмайыл, Әмірбек — Қартқожаның нағашылары. Есенаман-Жарқынның Жарқынының моласы Шідерті бойында Қарайғыр шатында, Қаракесек: Асан, Ордабай — әкесі, Ақкісі моласының қасында. Олармен бірге Мамыт-Көстенің Көстесінің бел баласы Қазыбайдың қара моласы бар: өзен жағында анадай оқшау көрініп тұрады, Қаракесек-Қожантай тамы бар. «Қарайғыр — кісі аты, Уақтың бір атақты батыры екен» — деседі. Және Қарайғыр шатында: Өтеу, Найзабек, Ермек — үшеуінің моласы бір төбенің басында. Жанқылыш балалары Домбы, Шомбының көтеріп апарып қойған тастары бар. Бүл заманның арбасы көтере алмас, өгізі тарта алмас.
Күні кеше Ермек баласы Қүдайберген марқұм бәрін гулетіп
айтып отырушы еді:
— Далбаның сыртында Қаракесек: Жолшара тамы Жайма, Ақөре (Ақәуре) деген жерде — деп. — Далбаның сыртында Шақтимес, Ханқашты деген жерде Тіленші тамы, Алшынбай тамы бар, — деп.— Далбаның бауырында Құрық деген жерде Қарашор, Бақалбайдың қара моласы бар. Дәл қожаның ұлтында Қаракесек: Бертіс-Үкібай тамы бар. Ұлттан бөлек Жарылғап баласы Тастемір тамы бар,— деп. — Шідерті бойында Анай тамы бар. Жаманшатта Қаракесек пәленше бар, Қожанда Қаракесек түгенше бар, — деп. — Қожан өзі де Қаракесек: — Қара Шордың Шоры «Қожан тентек» атанған. Жарлыкөлде Жарылғап, Қойсоймас, Жоламан бар, — деп. — Ащы бойындағы ақ мола, о да Қаракесек-Анайтамын, Бертіс-Үкібай тамын, ақ моланы үшеуін қалаған бір кісі. Кірпішінің қалыбын Алшынбайдың ағасы Тоқсанбай шапқан, — деп. Қалампаздар: Дәріқыз, Сарықыз деген екі қыз екен де[п].
Шығарушы Аймауытов, кітап болып баспаға бастырылған Қартқожа шежіресін сөйлейік:
— Қаржастан — Құлыке, Қүлыкеден Ойымтелі дедік. Ойымнан
— Жанат. Жанаттан: Өтен, Баян. Бүл Баян жеті ағайынды: біздің өңгеміз Жиделібайсында қалдық, біз сонан келгенбіз — деседі. Баяннан төртеу. Торыала атты Досбол деген баласы қоныс қарап, жер буған. Далбада «Қотыр қызылтау» делінген тауды, «Қарақуыс» деген жерді бәрінен бұрын келіп буғандықтан, Баян үрім-бұтағы күні бұл күнге шейін сол жерді қоныс қылған. Баянның Асан деген баласы есті тентек емес, есер тентек болған:
— Сен жерді сұрағанға беріп, көрінгенге үлестіресің! — деп, әкесі Баянды, — Көрмеймін! — деп, ант ішіп, — Жиделібайсынға кетемін! — деп, Қызылтаудың сыртына «Үшсала» деген жерге барып отырып алған. Әкесі баласын сағынып: «Көремін!» — деп барса, жонға шығып кетіп, етбетінен түсіп жатып алған. Сонан соң әкесі ыза болып:
— Мұндай баланың барынан жоғы жақсы! — деп, ту сыртынан өрт салдырған: «Өртеніп күйіп кетсін!» — деп. Айналасының бәрі өртеніп, Асанның жатқан жері өртенбей, күймей, аман қалған. Сонны көзінен көргендер айран-асыр қалған. Бұл Асан:
— Мені мыналар жатқан жерімде өлтіріп тастайды екен! — деп,
— Жиделібайсындағы ағайыныма барып, солай кетейін, — деп, салт атты, сабау қамшылы жалғыз басы қаңғып кеткенде, мұндағы үйін, мал-жанын жау шауып, тып-типыл қылып кеткен.
Асан өзі төрт ағайынды болған. Өзінен төрт бала қалған: бірі — Тоғамбай. Тоғамбайдан екі бала: біреуі — Татенқара. Татенқарадан үш бала: біреуі — Жанан. Жананнан — Қартқожа, өзімен бір туысқан бір ағасы өлген. Онан бір бала бар, өзі осы биыл 1911 жылында отыз екі жаста Желдітаудың бөлек желіндей өзінде жел де бар, Асандыкіндей күшті жын да бар. 1911 жылда Шымкентте тұрған Жүсіпбек Аймауытовтан бір сәлем хат келгенде, Мәшһүрдің өзі жер таянып жетпісте отырғанда, соған қайырған жауабы. Ол жазыпты: «Мим ағама» — деп. Алты атаның ұлы Әжібайдан шыққан абыз Шумақтың абызы Сүгірәлі абыз жүз жиырма бес жасында Керей, Қанжығалы мен Айдабол, Қаржастың Ереймен тауының бітіміне келген. Баласының аты Жаманбай екен: сол баласын біреу:
— Жаман екен, сіздей кісіден туып, қалай жаман болған? — деушіге айтқан сөзі:
— Бір нәрсенің екі басы жібек болса,
Ортасынан жүн шықпайды,
Жақсы кісінің үстінен қой айдаса,
Үн шықпайды.
Бақты адамның, маңайы —
Мұз үстінен от жанар,
Жақсы туған баланың атасы жүн болса
Төрде отырып, сый табар.
Атамның жаман туған баласын,
Түйе үстінен ит қабар!
Маңдайымдағы шырағым,
Көзімді қайтіп тесейін?!
Оң қолымдағы саусағым,
Қолымды қалай кесейін! — деген екен.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
(төртінші нұсқа)
— Өлген кісінің сүйегін алдырып, әуре қыілмаңыз, — десе, Жамантай болмапты, сонда Алшынбай айтыпты:
— Ақ патшаға сен де барған едің, мен де барып едім. Сонда саған: «Қалағаныңды ал!» — дегенде, «Анамның баққан-қаққан елін берсең, болады!» — дегеніңде: «Бердім» — деп еді ғой. Маған: «Сен не сұрайсың?» — дегенде: «Жеті атамнан қоныс қыілған жайлау-қыстау жерімізді берсеңіз!» — дегенімде, «Бердім жайлау-қыстау, жеріңді!» — деп еді ғой. Сен елді алып едіңде, мен жерді алып едім ғой!
«ХАН СҮИЕГІ» АТАУЫ ТУРАЛЫ
(бірінші нұсқа) Нұра бойында «Хан сүйегі» дейді: Жамантай хан әкесі Бөкей хан қойылған екен. Қамбар-Жанақ ақын қаңғып жүріп, сол жерде өлгендіктен, хан тамының ішіне қойылған екен. Жамантай Қамбар деген елді бидайықтай қуырыпты:
— Қаңғып жүріп өлген шалыңды әкемнің қасынан аулақ әкетіңдер! Қамбардың қаңғыған шалына бола салынған там емес! — деп.
Сонан Қамбар қарсы айтар қаруы болмаған соң, Алшынбайға айтысыпты. Алшынбай кісі жіберіп:
— Қойсын, қозғамасын, — десе, Жамантай болмапты.
Сонан:
— Бас қосқанда, сөйлесейік, — деп, соған қаратып, Жамантай ханмен Алшынбай көптің басы қосылған бір қалың жиылыста:
— Өлген кісінің сүйегін алдырып, әуре қылмаңыз, — десе, Жамантай болмапты, сонда Алшынбай айтыпты:
— Ақ патшаға сен де барған едің, мен де барып едім. Сонда саған: «Қалағаныңды ал!» — дегенде, «Анамның баққан-қаққан елін берсең, болады!» — дегеніңде: «Бердім» — деп еді ғой. Маған: «Сен не сұрайсың?» — дегенде: «Жеті атамнан қоныс қылған жайлау-қыстау жерімізді берсеңіз!» — дегенімде, «Бердім жайлау- қыстау, жеріңді!» — деп еді ғой. Сен елді алып едің де, мен жерді алып едім ғой! Бұрынғылар айтқан екен:
Шөлде жүрген дуадақ
Көл қадірін не білсін?!
Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін?!
Жарлыдан жаңа байыған,
Жалғыздан туып, көбейген
Ел кадірін не білсін?!
Садағын сағымға ілген
Хан Шыңғыстан емес ең,
Қатағанның хан Тұрсын
Қай неткенді ант ұрсын!
— деген ант ұрған Тұрсынның тұқымысың ғой. Ата-бабамыз айтады екен: «Төренің түбі — сарт, Сарттың түбі — Сары ит!» — деп. Сондығыңа кеткенің ғой! Әкеңнің моласын с...ін, ал әкеңнің сүйегін! Қай кенттің ңаңғырған сарты екеніңді Құдай білсін! Бар, өзіңнің ата-бабаң қайда болса, ұлтыңа апарып қой! Қазақтың өз жерін өзінен қызғанамысың? — дегенде, Жамантай ләм-мим деп, аузын аша алмапты.
АМАЛДЫҚ СОПЫ ӘҢГІМЕСІ
Күлік Амалдық сопы Қаракесек Балықбаймен құр[дас]. Сол Балықбай қалжың-сықаққа ұста кісі. Амалдық сопыны ашуландыра алмай, шаршап қойған екен. Бұл Ақбура — аңқау Амалдықтың кіс[ісі]:
— Біз бүгін қайда қонамыз? — дегенде, бір қонақ сыйлап көрмеген сараң үйге жіберіпті де және ол баратұғын үйіне алдынан кісі жіберіпті: «Біз жорта қасақана жібердік. Аш салсын, құрметтемесін, — деп.
Қайта оралғанында сұрапты:
— Пәленшенікі сізді күтті ме? — деп.
— Барын берді, жоқты қайдан тапсын? Ықыласына риза болдық. Жаман үйді сіздер бізге айтасыздар ма? — деген екен.
Және бұл Амалдың сопының әдеті балалармен құрдасындай ойнайды екен. Баланың не қылған ырқына көше береді екен. Балықбай ойын балаларына үйретіпті:
— Өзі сендермен құрдасындай ойнап алды ғой. Енді мұны бір ашуландырыңдар. Киімімен суға түсіріп жіберіңдер, — деген соң, бала нені тыңдасын, суға салып ойнапты.
Сонда Бәкейекең деген кісі жүгіре шығып, балаларды қуып, Амалдық сопының қасына келсе, дәнеме көрмеген кісідей ыржиып күліп тұр дейді.
— Қүрдастарыңыз сыйлаған екен, — дегенде,
— «Шал кісі көтере алмай, өліп қалады» демесе, балалардың ойыны қызық-ақ ойын, — деген екен.
Тоқа Шоң болыс:
— Өмірімде Құдай жаратқан жанда толық бір жан көрдім: Күлік-Амалдық сопы деген кісі екен. Мұса аға сұлтан күнінде сол кісінің хат-мөрімен келген екен және өзі де кісінің күтуіне тұрарлық кісі екен.
— Он бір тұяғы, бір қысырағын ұры алып кетіп, менің қол астымдағы он бір ұры көп жылқымен ұрлап, сонан екі жыл өтіп, үшінші жылға айналғанда келді.
Бұл Шоңның айтқаны, Күлік-Амалдық сопы.
— Сонда қасындағы жолдасы Қантай мырза Жаутен баласы еді, — дейді.
Бір кедей қазақтың еркек баласы жоқ екен, ұзатқан жалғыз қызы төркіндеп келіпті.
ТОРАЙҒЫР БИДІҢ СӨЗДЕРІ
Қара жерді жамандама,
Жататұғын жерің-ді.
Ғалымдарды жамандама,
Алдыңда басшы, пірің-ді!
Халық-жұртты жамандама,
Көп табады мініңді.
Құдайыңды табарсың,
Тәрбиелесең, ғылым менен білімді!
Аузынан шыққан өлеңінің түрі:
Атың барда жер таны, желіп жүріп,
Асың барда ер таны, беріп жүріп.
Бұ дүниенің өтерін білген сырбаз,
Малың бер де, сұлуды ал, көріп жүріп.
Торайғырдың жас кезінде бозбалалық салтын құрып жүргенде, Тоғжанға айтқан өлеңі, бара жатқан бір кісіден: «Айта бар!» — деп:
Ертістің арғы жағы — жалтыр теңіз,
Өзі сұлу Тоғжанға сәлем деңіз.
Бізде көңілі бар болса, ақын Тоғжан,
Ортадағы шатырға келсін деңіз.
Онда Тоғжан жауап қайырыпты:
Ертістің арғы жағы — жалтыр теңіз,
Торекеме: «Сәлем, — де, — келсін!» — деңіз.
Бізде көңілі бар болса, біз даярмыз,
«Керей менен Кернейді берсін!» — деңіз.
Торайғыр сөзі:
Сары атан молақ өркеш нар бола ма,
Жабуы, келте пішсе, тар бола ма?
Керей менен Кернейді бірдей сұрап,
Бойында жігіттігі бар бола ма?
Тоғжан қалта қарап тұра қалыпты. «Жүйріктің тері кеппес», — деген бар ғой, онан ерте айрылған жан болса керек. «Керей» мен «Керней» деген Торайғырдың екі қатыны бар екен. Бірі Керей қызы екен де, бірі Қарсұн-Кернейдің Керней деген елдің қызы екен.
АБЫЛАЙДЫҢ АЛҒАШ КӨЗГЕ ТҮСУІ
(төртінші нұсқа) Абылай атасы Уәли нағашысы Қайып ханға қашып келген. Қайып ханның елін қалмақ шапқан соң, қашып, Бұхар жаққа кетіп, бір екі атаның түсында сол жақта қашып жүріп, күн өткізген. Солардан бір жетім бала қашып, Түркістанда Әбілмәмбет ханға келіп, онан Үйсін Төлеге келіп, онда қой бағып, атын Сабалақ қойған. Онан қазақ ішіне шығып, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұғлы Жәнібек замандарында қазаққа хан сайланған. Жекпе-жекте «Абылайлап» шауып, қалмақтың жайсаңын өлтіріп, қамал бұзып, көзге түсіп, ауызға ілінгендіктен, «Қанішер Абылай» екені сол жерде білінген.
ҚҰЛБОЛДЫ ӘУЛИЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Шорманұлы Мұса марқұм сөйлеп отырады екен:
— Құлболдыда үш әулие бар. Бірі — Мәстек абыздың Қанафиясы, Бұхарай-шарифтан ғылым тахсил қылып келіп, отыз тоғызында сол науқастан өлген. Ол кісі дауам сөйлеп отырады екен: «Біздің Жанқозы ғылымның апатына ұшыраған ел» — деп. Бірі — Күлік-Тоқпанның Самайы. Бұл кісі қажы сапарына кетіп жоғалған, қайда өлгені белгісіз. Бірі — Айдабол-Аққозы батырдың Сопағы. Бұл кісі диуана екен. Екі тұлымы белінен төмен салбырап жүреді екен. Түсі суық, көрген шошып қалады екен. Жүрісі аттан, түйеден қалыспайды екен. Бір қара қой дуам соңынан қалмай еріп жүреді екен. Әзіретке үш апарып, үш қайта алып қайтыпты. Өзі тауық жылы өліпті. Жұрттың жота итлері сөйлеп жүріпті: «Өлген соң, денесі көрден ғайып болған», — деседі.
Онан соң өзіміз көргенде, Орманшы-Батыр диуана, Ақбура- Шалқыман диуана, Қаржас-Ескендір диуана, Шалқыман баласы Исабай қажы да диуана еді. Әлтеке-Сарым Жанқұтты сөйлеген екен:
— Алатау, Қаратауға барғанда: «Үйсін-Төле бидің төре берген төбесін көремін» — деп барып, Үйсін, Қоңыраттың: «Қандай жан?»
— деп сұраушыларына: «Тобықты: Құнанбай — шыңнан шыққан қайнар бұлақ; Қыпшақ Ыбырай — қажымас қара болат; Мұса
— қабыршағы жоқ, қолға тұрмас жылмағай қара балық; Шыңғыс төре орысқа жуық, дін-исламға суық. Құнанбай, Ыбырай, Мұса
— үшеуі қазақтың маңдайына қалай сыйып жүргеніне айран-асырмын!» — деген екен.
Онан соң қазақ маңдайына сыймай кеткендерді көрдік: Теміршот Айтбакин, Моллағали Күзембаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхаммедәмен Жүсіпов, Найман биі Ахмет Сәрсенов, Мұқыш Боштаев. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» — дейді. Осы өмірі қысқа болғандар — бақсыздар. Онан соң Сыздық төре Кенесарин бақсыз болды, дәл бүгінге шейін Бөкейханов та солай болды. Қаракесекте Алшынбайдың Қақабайы, Қанжығалыда Алшынның Жаманы, Байтұрсынов, Дулатов, Ақбаев жаратылуы түгел болғанмен, бақ шіркін жоламаған соң, болмайды. Осыны жазып отырған жан да осы айтылғандардың біреуі.
XXX
Топан суы әуел таһрор қылғанда, хазірет Нұх ғалайссаламның нан жабатұғын тандырынан білінді. Соңы: «Ант жеткен ңарғыс кеткендердің тұқымы бар...
ҮКІБАЙ СӨЗІ
(екінші нұсқа)
Үкібай би сөз бастағанда былайша бастайды екен:
Адам ата, хан Шыңғыс,
Дін мұсылман құл бейіш (пейіс).
Алаш Алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Үйіміз ағаш болғанда,
Ұранымыз «Алаш» болғанда,
Алты сан Алаш,
Жеті сан қазақ,
Тоқсан екі баулы Қыпшақ,
Он екі баулы өзбек,
Тоғыз таңбалы Арғын.
XXX
Жағалбайлы бір байдың баласы қыз таңдапты.
Шанышқылы мен Тама қоныстас қона қалыпты.
Бір ыртақ-жыртақ желбас бозбалалар келе жатса, бір қыз бен бір келіншек бие сауып тұр екен.
Айдабол — он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай ұрпағы...
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ СӨЗІ
Табиғат пен мәдениет тартысы, ұлтшылдық пен адамшылық тартысы, өз мақсаты мен ұлт мақсатының тартысы, ізгілік пен жауыздық тартысы, баска да толып жатыр. Бұл сықылды екі тартыстың сезімін [Әмен Көпеев] әбден айырып біліп еді. Туысы — қазақ, өскен жері — қазақ, табиғаты осы, тәрбие де осы болды. Сезім-білімі Европанікі (Иауропанікі). Ол сезімді, білімді болғандықтан, табиғатты, ұлтты сүйді. Білімді болғандықтан, надан елден, надан жардан өзгеш[е] табиғаттан ақылға азық, жанға сусын таппады, жиренді. Туған елінде білімнен жалғыздык, көрді, жат елде туганнан жалғыздық көрді. «Елін сүймейін» десе, надан жаттан зорлық көріп барады. Сүйейін десе, жауыздығы көп. Жауыздар өзін де аямай барады. Оның үстіне қазақтың келешегі не боларына көзі жетпейді. Кім үшін, не ушін қызмет қылып жүргенін өзі де білмейді. Табиғаттан, елден, қызметтен торықты. Бас қосылған жерде: «Аттың орысшадан жетіле алмағандығы бар екен» — деген сөз құлағына тие берді де: «Орысшаға әбден жетіліп алып, кісі аузына жалтақтап қарамастай болып, халқыма қызмет қылсам-ау!» — деген арманмен Ташкент барып, болмашыға болысам деп, жоқ жерде зая болды.
Бүрынғы әулиелер айтқан сөз есінде болмады: «Құдай ұрғанды қоса ұрмаса, Қүдайдың жандай досы бола алмайды» — деген. Қанша сөзден дәнеме өнбейді. «Жақсынық аттан жығылғаны да жақсы» — деген сөзге сап ете түсті. Ауызға ілініп, көзге көрініп, өлімі бәйгенің алдын алып өлді. Ан Алла, уана Алла, иар жыған Құдай рақмет қылсын, бізге шапағатын несіп қылумен иа мыхжиб ассулин!
ӨЗІ ДЕ, СӨЗІ ДЕ, БӨЛЕК ДАРА ТҰЛҒА
Өзі де, сөзі де бөлек жаратылған асыл бабамыздың жарық көрген шығармаларын ел ішіне таратып, әр қазақтың, жүрегіне жеткізуге жан салу қажет. Үйткені, Машһур Жусіп бабамыз, жаны үшін емес, ар-намысы үшін, жанына жиған, журегіне мықтап түйген, қазақ даласының мол рухани байлығын болашақ қазақтарға жеткізуді Аманат деп білді.
Роллан Сейсенбаев Машһүр Жүсіп Көпеев есімін мен тұңғыш рет ғұлама Қайым Мұхаметхановтан естіп едім. Қайым ағамыз жеңгеймен бірге Мәскеуге келіп біздің үйде қонақта болған. Еркін отырып, кең көсіле сөйлеген. Телегей теңіз білім, өмірдің ашысын көп тартқан, бірақ намысын таптатпаған, рухын аласартпаған қасиетті ағамыздың жаратылысы бөлек адам еді. Роллан, саған Шаһкәрім қажы мен Машһүр Жүсіптің бір дәптер қолжазбаларын арнайы әкелдім. Сенің жүрегіңде де асқан ақындардың, шын мәнінде діншіл адамдардың сөздері мен ойлары үяласын деген тілек. Шаһкәрім қажы туралы романыңа керек болады. Ал мына Машһүр Жүсіп атаңды ыңғайы келсе «Литературная газетаға» тықпалап жібер. Шаһкәрім қажының өмірі мен творчествосы туралы толғанып жазған сөздеріңді «ЛГ»-дан оқыдым. Сүйсіндім. Бұл бабаңның да, сенің де жан айғайларың. Керекудің Машһүрі де терең адам. Халқының бақытын ойлаған киелі жан. Ленин кітапханасында Алаш-Орда туралы мәліметтер көп, соларды тағы да мұқият қарап шық. Соның ішінен Мәшеңді табасың, деп еді. Ол кезде менің «Шайтанның тағы» романыма Мәскеудің «Советский писатель» баспасында әзір шығаруға болмайды деген қатал үкім беріліп иығына ұлтарақ жапсырған адамдар жоспардан сегіз жылға лақтырып тастаған. Мен ол кезде 11 жаста едім. Және Мәскеуде маған деген сенімсіздік салқыны да үдей түскен. Сонан да мен Ленин кітапханасына барып, Алаш-Орданың қағаздарын қарай алмадым. Бірақ, Орынбордың мол архивіне бой сүңгітіп жұмыс істеп жатқанымда, мені ол жерден тайқытып жіберді. Машһүр Жүсіп Көпеев еңбектері мен үшін жабылып қалды. Қайым ағам алып келген дәптердегі аздаған өлеңдерін көңілге сіңіріп көбін жаттап та алғанмын. Мәскеу метросында жүріп, Мәшекең бабамыздың өлеңдерін күбірлеп жатқа оқушы едім-ау.
«Шамшырақ едім жайнаған
Өз-өзімнен сөнгенім.
Білдім осы сапарда
Басыма ажал төнгенін!
Елде қалдың көп достар.
Топырақ салып көмбедің!
Топтан асқан жігіт ем,
Кім болар енді ермегің?!
Жалған дүние қайтейін,
Өзегімді өртедің!
Безіндей ақ қайыңның,
Жас болсам да берік едім.
Қыраттан қашқан түлкідей,
Қызықты дүние алдадың.
Күймеге жазда жектіріп,
Үш жорғаны парладым.
Науқас, шіркін, меңдетіп,
Соңымнан сірә қалмадың!
Сапарға шығып керуенмен,
Тастүлек құстай самғадым.
Отыз екі Мизамды,
Тегіс окып талдадым.
Көтермей қайда барайын,
Алланың басқа салғанын?!
Тойымы жоқ, қара жер,
Ел көрсетпей, жалмадың!
Үлкен-кіші қайран жұрт
Араздаспай қалғаным!
Үлкен-кіші, қайран, жұрт
Қарызым болса алмадым.
Ойнап-күлген құрбылар,
Топырақ қолдан салмадың!
Өлем деген ойда жоқ
Басыма келіп аңдадым.
Отыз жігіт ішінде
Ажал, мені таңдадың.»
Дәл осы өлеңнің жалғасын мен Шыңғыстаудың асқақ жүректі, намысшыл, дүлдүл, эпик ақыны, болмысы бөлек Шәкір Әбенов ағамнан естіген едім. «Шайтанның тағы» романын Мәскеу шығармайтын болған соң, (Романды 19 жасымда бастап 11 жасымда бітірдім. Ал роман «Советский писатель» баспасынан 10 жасымда, 1911 жылы үкімет басына Михаил Горбачев келгенде ғана жарық көрді. Сондай заман болды ғой...) көңіл құлазып, біраз Ресейді аралап, күзде Семейге әкеме тартып кеттім. Елді аралаған болдым. Сол жылы Құндызды ауылына, Шәкір Әбенов ағама сәлем беруге арнайы бардым. Ол кісі төргі үйде, аласа дөңгелек үстел басында Қүран кітабын оқып отыр екен. Үстел үстінде кітап көп, қолжазбалар, үлкен сыясауыт, қалам көрінеді. Сол күні аға екеуміз тұңғыш рет ұзақ, жүйелі әңгіме құрдық. Ақыл үйретіп, мораль оқып мазаңды алатын қырт шалдарды қазақ даласында көп көрдім. Солардан жалығып, шаршаған кезім де болды. Шәкір аға да, Қайым аға да ақыл айтып өзі де талаусыраған миыңды шұқып, мазаңды алмайтын. Бұл да, олардың бойына біткен өзгеше қасиет болса керек. Таза демократиялық көзқарас. Демократиялық пайым. Екеуі де Колыманың ызғарынан өткен сайыпқыран адамдар. Үндемесе, тымырық, биік шатқалға қонып кең жазықты жіті бағып отырған бүркіт сияқты тас-түйін жинақы, ал сөйлесе, шешен тілмен, образды көркем суретпен безендірілген кең ауқымды монолог. Бір сөзді екінші рет қайталамайды. Эрнест Хемингуэйде жазу техникасы жөнінде айтқан ойында, бір жазылған сөз, сегіз жолдан кейін ғана қайталануы керек деген. Әйтпесе, сөз жиі қайталанса таптауырын болып кетеді. Қазақ халқына тән ритмді жақсы ұстайды. Тірілердің ішінде қазақы ритмді ұстай білетін Олжас Сүлейменов қана. Мұрат Әуезовте де осы ритм ыңғайы көзге ұрып тұрады. Нұрсұлтан Назарбаевқа да осы ритм өте тән. Бүл қанға біткен мәрт мәнез болса керек. Адамды сынауда алдына кісі салмайтын Шәкір аға, домбырасын ақырын ғана күйлеп отырып, мен саған бір ән айтайын, сен соның кімдікі екенін біліп көрші? деді. Асылы, бұл ән емес, үлкен дастан. Мен кейде «Жапалдың» (өз поэмасы) үніне салып жалғыз отырғанда көңіл басамын. Қабағы түйіліп, өңі күреңітіп, домбырасын қатты қағып-қағып жіберіп бастап кетті.
«Ұл тумас бұл Арғыннан Нүсіпхандай,
Қор болған пенде көп қой тілге нанбай.
Қайғы мен қасыреттен түк пайда жок,
Жыладық бағанадан салып ойбай.
Қүдай бір, пайғамбар хақ тыңдағанда,
Жетеді кімнің көзі бұл жалғанға?!
Біреуді үйде, біреуді түзде алады,
Пендесін жаратушы сынағанда.
Халық үшін кең жаралған болғаным-ай,
Алысқа айдап ажал барғаным-ай!
«Сабыр түбі — сары алтын», - деген сөз бар,
Көнеміз жазмыш басқа салғанын-ай!
Сабырлы адамға лайық мінез-құлық,
Ұл тумас Нүсіпхандай Тобықтыдан.
Ер еді, жас та болса көпке ұнаған,
Шариғат пен мизамға жетік туған.»
Шәкір ағамыздың маңдайы шып-шып терледі. Көзі ұшқын атады. Дауысы енді гана ашылып, көкірегі кеңейе түскендей. Сәл тыныстап, домбырасын қағып-қағып тоқтады. Қызым, ысгық шәй әкел, деді. Ыстық қою қоңыр қызыл шәйді сіміріп-сіміріп алып, қайтадан домбырасын қолына алды. Үнсіз. Ақын көңілі ән мен өлеңнің құзырына құлап кеткен. Енді жуық арада шыға алар емес.
«Жақсы көрген ақынның,
Бірі еді Біржан сал.
Топ бастаған үнемі
Біржан еді жігіт нар...»
Шәкір ағам зарлап-зарлап алып әзер тоқтады. Домбырасын алдына өңгеріп, мол орамалмен маңдайын, бетін сүртті. Әке, шай дайын, деп дауыстады қызы. Ақын үндеген жоқ. Қызы бөлмеге басын ғана сұғып, Әке, шайға келіңіз, шаршадыңыз, деп тағы қайталады. Бара тұр, қызым. Ат басындай алтын әкелгендей, аңқылдама, деді жайдары, сабырлы кейіппен. Ал, Роллан, осыдан сен не ұқтың? Бүл кімнің өлеңі? Соны айтшы маған, деді сәл шаршаңқыраған сексеннің сеңгіріне шыққан ақын арқасын жастыққа беріп шалқайа отырып жатып. Мен мүдірместен, Машһүр Жүсіптің ұзақ өлеңі ғой, дедім. Тобықтыдан шыққан Нүсіпхан деген өзі сері, өзі бай, ел қамқоршысы бола білген адам. Өмірден жастай кеткен. Абай бабамызбен аралас-құралас, жақсы дос болған. Шәкір ағам лезде арқасын жастықтан жұлып алып, тік отырып маған өткір көздерін қадап бөгеле берді. Үнсіз. Көзі өңменіңнен өтеді. Осы Олжас пен сені қазақ жазарлары орысшыл деп жақтырмайды. Сені Мәскеуге қаңғырып кеткен таланты ның болғанымен қазақы танымы төмен дейді. Мен оларға қосылмаймын. Менің өз ойым бар. Суып қалған шәйдан бір ұрттап алып, тіл қатпай бөгеле берді. Сені, Абай атаңды кіналағандай орысшыл дейді, ә? Ал өздері Мәшекеңді білмейді. Сен сонау Мәскеуде жатып оны біліп отырсың. Осы нағыз қазақ біз емес, Олжас екеуің болсаң керек, мен білсем. Білім бар ғой, қалғымаған намыс, тентіреп кетпеген рух бар ғой бойларыңда. Қазақ іші көре алмайтын алауыз ел. Заман өзгерсе де, адам бойындағы бітім- болмыс өзгермейді екен. Осы ой дұрыс, білем. Осыған тоқтайын. Ал сен, Алматыда сеңдей сығылысқан пысықай жазарларға назар да салма. Арлан қасқырдай жалғыз тарт! Үлы Абай мен шәкірті Шаһкәрім қажының да таңдап тапқан бекімі сол болатын. Сенде өзге жол жоқ. Өнерде де өлшем жоқ. Тарт алға, Шыңгыстаудың арлан қасқыры. Абай мен Қажыны алдарыңа салып, әлем әдебиетінде Олжас екеуің ойран салыңдар. Сендердің жүректеріңе Алла құйған талант өлшемі теңдессіз. Соны шайқалтып әр жерде бекер төгіп, расуа қылып алып жүрмеңдер. Осы бата болсын саған. Әумин! Машһүр Жүсіп бабамды білгеніме разы болған аңын көңілінің тасқан кезі еді. Асылдар өмірде бір-бірін қапысыз силап өтетіндеріне сол жолы көзім жетті. Ұлыларда күндестік, қызғаныш деген болмайды екен-ау деп ойладым. Әке, ас дайын! деп қызы тағы да бізді дастархан басына шақырды. Астан үлкен емеспіз, жүр, қол шаяйық, деді ақын. Мен қолтығынан сүйемек едім, қолын тартып алды. Өзім, деді өр ағам. Дауысы дала бүркітіндей шаңқ ете түсті. Көзі де ызғар шашып тұр еді. Қайран тобықтының мінезі-ай! деп ойладым. Аса қадырлы Шәкір ағаммен бір күн, бір түн оңаша отырып сыр шертіскен сәтім өмірі жадымнан шықпас. Адамға айтпайтын жүрек түпкіріндегі жабулы қалған ойларымен бөлісіп еді. Ол қарт адамның мұңдасар адамын таппай қажыған, жалғыздықтан шаршаған көңіл айдыны емес, мен үшін баға жетпес сабақ, Шыңғыстаудың ғұлама ойшылының тегін лекциясы еді. Мәшекең, сен айтып отырған көшпенділер цивилизациясының соңғы тұяқтарының бірі болатын. Ең соңғы түяғы сіз боларсыз — дедім. Ақын селт етпеді, табанда айтатын турашыл ақын жоқ! деп саңқ етті. Соңғы тұяң, асыл АМАNАТ сен боларсың. Сүлейменнің Олжасы, Мұқтардың Мұраты, Сүлейменнің Асқары, Серікқалидың Зейнолласы, Мағауияның Мұхтары, әлгі бір суретші бар еді Алматыда... — Айтбайдың Салихиттині деп есіне түсірдім — Дәл айтасың. Осы топ халқының өнеріне өндіре қызмет істеуі шарт. Қайдағы шарт... міндет! Сонда Шаһкәрім қажы мен Машһүр Жүсіп әдебиет айдынына ерте келіп қосылады. Әйтпесе, аруақтарынан ұят. Обал. Менің түсіме бұлар жиі кіреді. Жан қиналған, бойдағы қан суып, өлермен болған заман осы болды ғой. Владимир екеуміз таңмен таласа тұрдық. Ағамызды оятып алмайық деп жүрсем, ол кісі аласа үстел басында жазу жазып отыр екен. Біз жүрерде; жүргізушің оңды орыс екен. Қасыңа сөз үғар қазақ ертіп жүруге дағдылан. Бірақ, сен Мәскеуден қазақты қайдан табасың?.. Әйтеуір қасыңа ерткенің өзіңе адал болсын. Абай атаңның бір сөзі бар: «Ішімен жау боп қайтесің, сыртымен қылған құрметке», дейді. Атаңның осы сөзі ылғи жадыңда жүрсін, деп тоқтады. Машинаға отырар тұста жеңімнен тартып түрып: Ал, Роллан, сен әлі жассың. 11-де ғана екенсің. Дәл қазір Қүранға кел деп айтпайын. Түбінде Құранға жет. Көзіңнен көріп түрмын, өзің де Алланың жолына түсерсің. Машһүр Жүсіп пен Шаһкәрім қажы сол кезде өздері алдыңнан шығар. Бірақ, сол күн ертерек жетсе деп тілеймін. Сен де соны Алладан тіле. Асыл ақын маңдайымнан сүйді. Мен сонан кейін Шәкір ағамды көре алмадым. Окем қайтыс болған соң, елге бару да шорт тиылды. Семейдің әкімсымақтарына сөзді қор қылғым келмеді. Қолында билігі, қалтасында қобыраған ақшасы жоқ Роллан Сейсенбаевтың да ол әкімдерге керегі жоқ болатын. Менің түсіме Шыңғыстау, Абай мен Шаһкәрім бабаларым кіреді. Көз алдыма туған жердің топырағы елестейді. Сонан тура отыз жыл өткен соң, Машһүр Жүсіп Көпейүлының айтулы кітабына соңғы сөз жазып отырмын. Кереку елі, үлы ойшыл, ғүлама ақын, асқан діншіл перзентінің 110 жылдық мерей тойын өткізуге бел шешіп кіріскен. Ұзак, жылдар бойы ұлы ақын бабамыздың өлең-дастандары жаныма құт боп дарыған. Өзі де, сөзі де бөлек жаратылған асыл бабамыздың жарық көрген шығармаларын ел ішіне таратып, әр қазақтың жүрегіне жеткізуге жан салу қажет. Үйткені, Машһүр Жүсіп бабамыз, жаны үшін емес, ар-намысы үшін, жанына жиған, жүрегіне мықтап түйген, қазақ даласының мол рухани байлығын болашак, қазақтарға жеткізуді Аманат деп білді. Әлі де толық қаралмаған, ақыл зердесінен өтпеген шығармаларын тезірек жарыққа шығаруға ұмтылуды өзімізге парыз деп білейік. Аталы мұраға салғырт, салақ қарау қазақи қанға сіңіп, сүйектен өтіп кеткені жан қинайды, әрине.
Қазақтың бір туар ұлы ақыны бүгін ортамызда.
Жаны жанатта болсын!
Рухы асқақтай берсін!
Қазақ елі тірі де, Машһүр Жүсіп Көпейүлы бабамызда тірі болмақ. Тұсауы кесіліп, есті жүртқа жол тартқан ардақты бабамыздың кітабына ұзақ ғұмыр тілейік, ағайын!
Роллан Сейсенбаев 10 тамыз 1001 жыл
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру