TELEGEI

Home

Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу

А.В. Бычков

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу

«Оқулық «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану» мамандығы және «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және бапта жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» ПМ.02. бойынша орта кәсіби білім беру Федералды мемлекеттік...

КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ  А.В.БЫЧКОВ  өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардыңЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ БАПТАУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖҮРГІЗУ  Екі бөлімді 1 БӨЛІМөнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарды ішкі электрмен жабдықтау оқулық«Білім беруді дамыту федералды институты» федералды мемлекеттік автономды мекемесімен («БДФИ» ФМАМ) «өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану» мамандығы бойынша орта кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру мекемелерінде оқу процессі кезінде оқулық ретінде қолдануға ұсынылған. Пікірдің тіркеу нөмірі 140. 09 сәуір 2015 ж. «БДФИ» ФМАМ. ACADEMІAМәскеу«Академия» баспа орталығы, 2015 жыл   ӘОЖ696.6(075.32) КБЖ 31.294.9я723 Б959                Пікір беруші —СПБ ГБОУ СПО «АТЭМК» оқытушысы Т. А. Володькина Бычков А. В.Б959 Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу. Екі бөлімде. 1 бөлім. Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарды ішкі электрмен жабдықтау: орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық/ А. В. Бычков. — М.: «Академия» баспа орталығы, 2015. — 256 бет.ІSBN 978-5-4468-1566-1 (1 бөлім)ІSBN 978-5-4468-1568-5Оқулық «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану» мамандығы және «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және бапта жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» ПМ.02. бойынша орта кәсіби білім беру Федералды мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес құрастырылды. Бұл оқулықта электрлік жүктемелер есебін орындау, есептеудің негізгі тәсілдері; релелік қорғаныс элементтері мен резервті автоматты қосу және қайта қосу құрылғыларын қосқандағы әр түрлі кернеу деңгейлеріндегі электр жабдықтарын тандау; кең таралған электр жабдықтар, кабель өнімдері мен электр монтаждау бұйымдар тізімдемесін қолдану; күштік және жарықтандыру электр жабдықтарын заманауи компьютерлік технологиялармен жобалау сияқты кәсіби құзіреттеріне сай кәсіби қызметті меңгерудің жаңа тәсілдері қарастырылған. Орта кәсіби білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған.  ӘОЖ696.6(075.32) КБЖ31.294.9я723       © Бычков А.В., 2015ІSBN 978-5-4468-1566-1 (ч. 1) © «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2015ІSBN 978-5-4468-1568-5 © Рәсімдеген «Академия» баспа орталығы, 2015

Құрметті оқырман!Ұсынылып отырған оқулық «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау» мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешенінің бөлігі болып табылады. Оқулық «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» кәсіби модулін оқуға арналған.Заманауи оқу-әдістемелік кешендер жалпылай білім беру және жалпы пәндер мен кәсіби модульдерді оқытуға жол ашатын дәстүрлі және инновациялық оқу материалдарынан тұрады. Әрбір кешен соның ішінде жұмыс берушінің талаптары да ескерілген жалпылай және кәсіби құзіреттерді меңгеруге қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын, оқыту мен бақылау құралдарын қамтыған. Оқу басылымдары электронды білім беру ресурстарымен толықтырылады. Электронды ресурстар интерактивті жаттығулар мен жатығу құрылғылары бар теориялық және практикалық модульдерден, қосымша материалдар мен ғаламтор ресурстарына сілтеме жасалған мультимедиялық объекттерден тұрады. Оларда терминологиялық сөздік және оқу процессінің негізгі параметрлері: жұмыс уақыты, бақылау және практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері бекітілетін электронды журнал қамтылған. Электронды ресурстар оқу процессіне жеңіл үйлесіп, әр түрлі оқу бағдарламаларына бейімделе алады. «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу» кәсіби модуліне арналған оқу-әдістемелік кешен «Жалпы құрылыстық жұмыстар технологиясы негіздері», «Электр материалдарын тану негіздері», «Электр техникасы мен электроника» сынды электронды білім беру ресурстарын қамти алады.

КіріспеРФ Президенті мен РФ Үкіметінің тапсырмасын орындау мақсатында Ресей Энергетика Министрлігі ресейлік электр энергетиканы дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын (әрі қарай – Бағдарлама) әзірледі. Құжаттың әзірлеушісі ретінде энергетикалық компаниялардың, энергетикалық және ауыр көлік жасап шығарушы ірі зауыттардың қатысуымен жетекші салалық институттар ат салысты. Олар саланың технологиялық талдауы мен өндіруші және желілік құрал-жабдықтардың техникалық жай-күйін бағалау жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаны іске асыру барысындағы анықталған негізгі мақсатты көрсеткіштер: электр станцияларының ПӘК жоғарылату; отынның меншікті шығындарын 10%-ға азайту; тораптардағы шығындарды (бірыңғай ұлттық энергетикалық торапта 4 %-ға дейін, ал тарату кешендерінде 9,00 ден 6,5%-ға дейін) азайту. Бағдарламаның негізгі бағыттары ретінде «ескірген жабдықтарды пайдаланудан алып тастау және жаңа генерация көздерін салу, желілік кешеннің генерация объекттерін оңтайлы орналастыру» болып анықталды. Бағдарлама 26,4 ГВт ескі қуат көздерін демонтаждау арқылы 76 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосуды, желілік кешенде магистральды тораптарда 150 бірлік қосалқы станциялар мен тарату тораптарында 8,5 мың бірлік қосалқы станцияларды іске қосуды, 300 мың км-ден астам электр беріліс желілерінің құрылысы мен қайта құрылымдауды қарастырады. Өндіруші қуаттарды іске қосу, тарату тораптары мен жоғары кернеулі қосалқы станциялар құрылысы қарқынының жылдық орташа шамасы бүгінгі көрсеткіштерге қарағанда 30 %-дан астам шамаға артық болуы керек. Сонымен қатар электр тұтыну өсімінің қарқыны электр энергетикасы объекттерін орналастырудың 2030 жылға дейінгі бас схемасына сәйкес алынды және ол жылына шамамен 2 % деңгейді құрайды. Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарды электрмен жабдықтаудың заманауи жүйелері электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен жеткізілетін электр энергияның қажетті сапасын өзге материалдық ресурстардың минималды шығындары кезінде үнемділікті ескере отырып қамтамасыз етеді. Бұл тапсырмаларды орындау электр жабдықтарын пайдалану мен жөндеу, электр жабдықтары мен электр тораптарын монтаждау және баптау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу, өндірістік бөлімшелер жұмысын ұйымдастыру, электр монтаждау жұмыстарының орындалу сапасын бақылау, негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер есебіне қатысу және электр монтаждау мен баптау жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды қаматамасыз ете алатын «Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау және баптау» мамандығының түлектерін даярлау сапасына тікелей тәуелді. 1-тарау

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК Алдымен «электрмен жабдықтау жүйелері дегеніміз не?» және «электрлік деген не?» сұрақтарына токталайық. Түсіндірме сөздікте «Электрлік – электр зарядтарының бар болуы, олардың қозғалысы мен өзара әрекеттесуімен байланысты құбылыстар жиынтығы» деген анықтама берілген.«Электрлік» (electrіcіty) терминін ағылшын жаратылыстану зерттеушісі Гилберт шамамен 1600 жылы енгізген. Электрлендіру қасиеті (кәріптастың грек тіліндегі «электрон» атауынан) денені жүн матаға үйкеу кезінде ежелгі гректерде белгілі болған.Электр энергиясын біз күнделікті өмірде пайдаланамыз, ол әмбеге аян. Алайда ол тұтынушыға қалай жетеді? Электрмен жабдықтау осы мақсатты жүзеге асыру үшін қолданылады.Электрмен жабдықтау – оның әр түрлі тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамысдандыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Электрмен жабдықтау мәселелерін орындайтын инженерлік құрылыстар кешенін электрмен жабдықтау жүйесі деп атайды.Электрмен жабдықтау сыртқы және ішкі деп бөлінеді.Сыртқы электрмен жабдықтау энергетикалық жүйеден тандап алынған қосылу нүктесі арқылы мекемелер мен азаматтық ғимараттарда орнатылған қосалқы станцияларға электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ететін құрылыстар кешені.Мекеме территориясы мен оның цехтерінде орналасқан тораптар мен қосалқы станциялар кешені ішкі электрмен жабдықтау деп аталады.Электрмен жабдықтау жүйесі (ЭЖЖ) – бұл электр энергиясын өндіру, беру, тарату мен түрлендіру құрылғыларының жиынтығы. Өзара ортақ оперативті орталықтан басқарылатын электрберіліс желілері және электр тораптары арқылы байланысқан электр станциялар, қосалқы станциялар мен электр энергия тұтынушылар жиынтығын электр энергетикалық жүйе деп атайды.Электр энергия өндірісі мен оның тұтынылуы – уақыт бойынша үздіксіз және бірыңғай процесс болып табылады. Электр энергиясын тұтынушыларға жіберместен көп мөлшерде жинауға болмайды. Электр энергия өндірудің әрбір уақыт сәтіне оны тұтыну сәті сәйкес келуі абзал. Жекелеген электр станциялар электр энергияның үзіліссіз берілісін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан энергетиканы дамыту мүмкіндігінше электр станциялар электр беріліс желілерімен байланысқан энергетикалық жүйелерге біріктіріледі. Елдегі электр энергияның негізгі бөлігін өндіру жылу (ЖЭС), гидро (ГЭС) мен атом (АЭС) электр станцияларында жүзеге асады.Электр энергиясын беру әуе және кабель электр беріліс желілерімен (ЭБЖ) орындалады.Электр энергияны тарату кернеудің бірнеше есе трансформациясы кезінде тарату қосалқы станциялары (ТҚС) және тарату құрылғыларының (ТҚ) көмегімен жүргізіледі.Электр жүйелер әдетте күределілігі сенімділік талаптарымен қатар тұтынушыларының географиялық орналасуына байланысты туындайтын күрделі құрылымға ие. Сонымен бірге электр энергия көздерінің де маңызы аз емес. Электрмен жабдықтау жүйесінде қосалқы станцияларды байланыстырып тұрушы электрберіліс желілері айрықша сөз етіледі. Осындай жүйенің қосалқы станцияларына әдетте бірнеше желілер жалғанады. Келіп тұрған желілер арасында электр энергиясын түрлендіру мен тарату процессі қосалқы станцияның ішінде орындалады. Электр монтаждау жұмыстарына бағытталған электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысын түсіну үшін торап схемаларының арнайы сызбалары «бір желілі схемалар» қолданылады. Электр монтаждау жұмыстарын айтарлықтай жеңілдететін бұл схемаларда желілер, секциялар, шина жүйелері, коммутаторлар, трансформаторлар мен қорғаныс құрылғылары белгіленеді. Сол себепті бір желілік схемаларды қолдану электр монтаждау жұмыстарының барлық цикліне қажетті құнын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.Электрлік жүйе өз құрылымын коммутаторларды ауыстырып-қосу әсерінен динамикалық түрде өзгерте алады. Бұл әсіресе электр жүйесінің апаттық бөліктерін дер кезінде немесе электр торабын жөндеу жұмыстары кезінде қысқа уақытқа сөндіре тұру жағдайларында аса қажет.Құрылымға келер болсақ, электрлік жүйелер торап режимдерін оңтайландыруға арналған трансформациялай алады.Электрмен жабдықтаудың кез-келген жүйесі шартты түрде үш бөліктен тұрады (сурет 1.1):1)электр энергия көзі – электр станциялар (ЭК);2)электр энергияны тарату жүзеге асырылатын элементтерден (тарату құрылғылары мен электр тораптары);3)электр энергия тұтынушылары – электр қабылдағыштар (ЭҚ).Электрмен жабдықтау жүйелеріне келесідей негізгі талаптар жүктеледі:■жүйе сенімділігі мен тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың үзіліссіздігі;■тұтынушы кірісіндегі электр энергия сапасы;■ЭЖЖ элементтеріне қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік;■бірегейлендіру (модульдік, стандарттау);■энергия тиімділігі мен энергияны сақтап қалуды қарастыратын үнемділік;■экологиялық;■эргономикалық.ЭЖЖ конфигурациясы – ЭЖЖ қатысты электр энергия көздерінің, электр энергиясын тарату, беру, түрлендіру құрылғыларының (электр станциялары, электрберіліс желілері, трансформаторлық қосалқы станциялар, тарату құрылғылары және т.б.) орналасу схемасы.Электрмен жабдықтау жүйелері төмендегідей жіктеледі:■электр энергия көздерінің типтері бойынша: электр химиялық; дизель электрлік; атомдық және т.б.;■конфигурациялары:орталықтандырылған; орталықсыздандырылған; құрамдастырылған;■ток жиілігі мен түрі бойынша: тұрақты ток; 50 Гц айнымалы ток; 400 Гц айнымалы ток және өзгелері;■фазалар саны бойынша: бір, екі, үш, көпфазалы;■нейтраль режимі бойынша: оқшауланған нейтральді; қатаң жерлестірілген нейтральді; компенсацияланған нейтральді және т.б;И-энергия көзі (ЭК), РУ-тарату құрылғысы (ТҚ), ЭП-электр қабылдағыш (ЭҚ) Сурет 1.1. Электрмен жабдықтау жүйесі электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша: 1-ші (1А, 1Б, 1В); 2-ші, 3-ші сенімділік категориялары мен аралас тұтынушыларды қамтамасыздандыру;■арналымы бойынша: автономды электрмен жабдықтау жүйелері; резервті электрмен жабдықтау, апаттық электрмен жабдықтау, кезекші электрмен жабдықтау;■Мобильдік деңгейі бойынша: стационарлық; мобильдік; алып жүретін, тасымалданатын.ЭЖЖ құрамы. Электрмен жабдықтау жүйесінің құрамы келесідей:■Электр энергиясы көздері (мысалы, сурет 1.2...1.5 көрсетілген ГЭС, ЖЭС, күн батареясы, жел генераторы);■Электр энергияны түрлендіру жүйелері (мысалы, трансформатор, автотрансформатор, түзеткіш, жиілік түрлендіргіш, конвертор);■Электр энергияны тарату жүйелері (мысалы, ашық және жабық тарату құрылғысы);■Релелік қорғаныс және автоматика жүйелері (мысалы, асқын кернеуден қорғаныс, найзағайдан қорғау, қысқа тұйықталудан қорғау, доғалық қорғаныс);■Басқару және дабыл беру жүйелері (мысалы, диспетчерлік байланыс жүйесі, энергияны бақылау және басқарудың автоматты жүйесі (ЭБжБАЖ), энергияның коммерциялық санағының автоматтандырылған жүйесі (ЭКСАЖ);Сурет 1.2. Жылу электр станциясы ■ Электр энергияны беру жүйелері (мысалы, әуе және кабель электрберіліс желілері, электр сымы);■Пайдалану жүйелері (мысалы, технологиялық карталар, жүктеме графиктері, тәртіптік технологиялық қызмет көрсету графиктері);■Өзіндік мұқтаждық жүйелері (мысалы, жылыту, жарықтандыру, ЭЖЖ элементтері орнатылған ғимараттар мен құрылыстардағы желдеткіш жүйелері);■Аса жауапты тұтынушыларды кепілдендірілген электрмен жабдықтау жүйелері (мысалы, үзіліссіз қорек көзі, автономды электрмен жабдықтау (АЭЖ), резервті электрмен жабдықтау жүйелері (РЭЖ), апаттық электрмен жабдықтаудың мобильді жүйелері (АЭМЖ) және резервті автоматты енгізу).Электрмен жабдықтау жүйелерін құру. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау электр энергия көздерінен тұтынушыларға беретін және олардың арасында өзара тарататын электр тораптары арқылы жүзеге асады.Электр торабы – бұл электрберіліс желілері, қосалқы станция (ҚС), тарату және секциялаушы пунктері (СП) жиынтығы.Электрберіліс желілері – электр энергия көзінен тұтынушыға жеткізуге арналған сымдар, кабельдер, тіректер мен электр жабдықтарының жүйесі. Қосалқы станция – электр энергияны бір кернеуден екінші кернеуге түрлендіруге арналған электр қондырғылар.Тарату пункті – электр энергияны тарату торабының ішінде таратуға арналған электр қондырғы. ТП қоректендіру бір немесе екі желі арқылы жүргізіледі, ал электр энергия тарату торабына бірнеше желімен жеткізіледі. ТП ішінде электр энергияның түрленуі немесе трансформациялануы орындалмайды.Секциялаушы пункт – апат кезінде торап бөлігін өшіріп, ажыратудың секциялаушы аппаратын және қорғаныс пен автоматтандыру жүйесін іске қосатын электр қондырғы.Электр энергия станцияларда 3,0 тен 10,5 кВ дейінгі кернеуде өндіріледі. Мұндай төмен кернеу кезінде электр энергия алыс қашықтыққа жіберу тиімсіз, сол себепті станцияның генераторлық кернеуін 110 кВ және одан жоғары деңгейге көтеріп, жоғары кернеулі магистральді (қоректендіруші) желілер көмегімен тұтыну аудандарына жөнелтеді. Бұл кернеу 35, 20, 10, 6 кВ дейін төмендетіліп сол аудандарда тұтынылады. Мұндай кернеу шамасында электр энергия тұтыну пункттерінде өзара таратылады.Тарату торабы – кернеуі 0,38-110 кВ болатын ЭБЖ; кернеуі 110/35/10 кВ, 35/6(10) кВ болатын төмендеткіш ҚС; кернеуі 6(10)/0,38 кВ, 20/0,38 кВ тұтынушылар ҚС; ТП және СП жиынтығы. Тұтынушылар қондырғыларында пайдаланылу үшін кернеу тұтынушылар ҚС-да 380/220 В дейін төмендетіледі. Тарату тораптарының 0,38-35 кВ кернеуіндегі ЭБЖ, әсіресе 0,38; 6, 10, 20 кВ желілер тұтынушыларға бағытталған көптеген тармақтанулардан (шықпалардан) тұрады. Ауылдық жерлерде және кішігірім қалаларда тұтынушылар қорек көзін негізінен әуе желілері (ЭЖ), ал ірі елді мекендерде кабель желілері (КЖ) арқылы алады.Экономиканың дамуы, өндірісте, көлік пен ауыл шаруашылығында еңбектің энергиямен жарақтандырылуы электр тораптарын жедел түрде құруды талап етті. Электр тораптары тарату, қоректендіруші (аудандық) және жүйе құраушы болып жіктеледі. Тарату тораптарының кернеуі 6-110 және 0,38 кВ, қоректендіруші (қорек көздерінен аудандардың ірі тарату түйіндерінедейінгі) тораптардың кернеуі 35-330 кВ, жүйе құраушы (энергетикалық жүйе немесе энергетикалық жүйелер түйіндері арасында мықты байланыс құру үшін) тораптар кернеуі 110-1 150 кВ болуы мүмкін.Номиналды кернеу деңгейі бойынша электр тораптары төменгі (1 кВ дейінгі), орта (1...35 кВ), жоғары (110-220 кВ), аса жоғары (330-750 кВ) және ультра жоғары (1 000 кВ-тан жоғары) бөлінеді. Электр энергия қабылдағыштарының, генераторлар мен трансформаторлардың қалыпты және үнемді жұмыс істеуіне жеткілікті кернеу номиналды кернеу деп аталады. Бұл кернеу электр машиналары мен аппараттарының төлқұжатында көрсетіледі. Үш фазалы ток қондырғыларында номиналды кернеу ретінде фаза аралық кернеу шамасы алынады. Сондықтан егер желінің номиналды кернеуі 35 кВ болса, оның фазалық кернеуі  есе аз болады, яғни 20,2 кВ. Тораптың номиналды кернеуін электр энергия қабылдағыштарының номиналды кернеуіне тең деп қабылдайды. Шындығында торап кернеуі уақыттың әр сәтінде оның әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Желінің басында ол номиналды шамасынан әлдеқайда жоғары, ал соңында одан төмен. Генераторлардың номиналды кернеуін тораптың номиналды кернеуінен 5%, ал трансформаторлардың екінші реттік орамаларын 5(10)% жоғары алады.МЕСТ (МЕСТ 23366-78) сәйкес Ресейде номиналды кернеудің келесідей шкаласы орнатылған: 50 Гц жиіліктегі айнымалы ток тораптары үшін фаза аралық кернеу 12, 24, 36, 42, 220, 380 В; 6, 10, 20, 35, 110, 220, 330, 500, 750, 1 150 кВ; ал тұрақты ток тораптары үшін 12, 24, 36, 48, 60 В; 110, 220, 440, 660, 825, 3 000 В.Электр қондырғылардың, соның ішінде электр тораптарының номиналды кернеуі кішігірім стандартты өлшемдер санымен шектелген. Нәтижесінде өндірістерде әр түрлі өлшемдегі аздаған типтегі ғана машиналар мен құрал-жабдықтар өндіріледі. Алайда стандартты кернеу өлшемінің сан алуандығы тарату тораптары үнемдірек болуға, сондай-ақ оларға қажетті металды аз шығындауға мүмкіндік береді. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН АРНАЛЫМЫ Электр станциялары деп электр энергиясы өндірісімен айналысатын мекемелер мен қондырғыларды атайды. Электр станцияларда отын ретінде көмір, шымтезек, су, жел, күн көзі, атом энергиясы сынды табиғат байлықтарын қолданылады. Электр генераторларын қозғалысқа түсіру үшін бу машиналары, іштен жану қозғалтқыштары, газ, жылу және гидро турбиналар сияқты бастапқы қозғалтқыштар қолданылады.Бастапқы қозғалтқыштар тұтынатын энергия түрлеріне байланысты электр станциялар келесідей негізгі түрлерге жіктеледі: жылу, атом, гидро электр станциялары, гидро (су) жинақтаушы, газ турбиналы, сонымен қатар тұрғылықты жердегі шағын қуатты электр станциялары (жел, күн, геотермальды, теңіз толқындары, дизель және т.с.с.). Қуатты электр станциялар жоғары кернеулі электр беріліс желілер көмегімен бірыңғай энергетикалық жүйеге біріктіріледі. Электр станциялардың осылайша біріктірілуі тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, электр жабдықтарын дұрыс қолданудың нәтижесінде айтарлықтай экономикалық әсерге қол жеткізеді. Жылу электр станциялары. Ресей Федарациясында өндірілетін электр энергияның жалпы мөлшерінің көп бөлігі жылу электр станцияларымен өндіріледі (сурет 1.6). Бүгінгі таңда электр энергияның шамамен 80% жылу электр станцияларының еншісіне тиесілі.ЖЭС электр энергияны алу процессі жағылатын отын энергиясын турбоагрегатты (генератормен қосылған бу турбинасын) айналдыруға бағытталған су буының жылу энергиясына бірізді түрлендіру нәтижесінде жүзеге асады. Айналудың механикалық энергиясын генератор электр энергиясына түрлендіреді. ЖЭС технологиялық схемасы 1.7 суртте бейнеленген. Электр станцияға отын ретінде тас көмір, шымтезек, жанғыш тақтатас, табиғи газ, мұнай, мазут, ағаш қалдықтары қолданылады.  Сурет 1.6. Жылу электр станциясы    Сурет 1.7. ЖЭС технологиялық схемасы:БГ — бу генераторы; БТ — бу турбинасы; ҚС — қоректендіргіш сорғы; КС — конденсатты сорғы; ТҚЖ (ЖҚЖ) — төменгі (жоғарғы) қысым жылытқышы; К — конденсатор; Д — деаэратор; ЭГ — электр генератор; ЖТ — жылу тұтынушысы; СКС — суытылған конденсат сорғысы Қызмет көрсету сипаттамасы бойынша жылу электр станциялары мемлекеттік аудандық (МАЭС), конденсациялаушы (КЭС) және жылу электр орталығы (ЖЭО) болып бөлінеді.Аудандық электр станциялар тұтынушыларды тек электр энергиямен жабдықтап, энергетикалық қор көздері (көмір, шымтезек, газ және т.б.) шоғырланған аудандарда орналасады. МАЭС технологиялық схемасы 1.8 суртте көрсетілген. Қуаты 3,8 ГВт Рефтинск, қуаты 3,6 ГВт Запорож, Углегорск, Кострома сынды ірі МАЭС-тер бұл күндері нәтижелі жұмыс істеп тұр. Қуаты 4,0 және 6,4 ГВт болатын ЖЭС Екібастұз аудандарында (Екібастұз МАЭС-1, МАЭС-2) және Канск-Ачинск көмір алаптарында (Березов МАЭС-1) салынып жатыр. Түмен кен орындарындағы ілеспе газ Сургут МАЭС-1 және МАЭС-2 қолданылады.МАЭС турбиналары бу турбинаның барлық сатыларынан бірізді өтіп, конденсаторда жинақталуын жүзеге асыратын конденсациялық режиммен қамтамасыз етіледі. Тұтынушыларды тек электр энергиямен жабдықтайтын КЭС жұмысы МАЭС жұмысына сәйкес өтеді, алайда олар электр энергия тұтынушыларынан алшақ орналады. Олар өндірілген қуатты жоғары және аса жоғары кернеулерде жөнелтеді. Отандық энергетикада КЭС үлесіне өндірілген электр энергияның 60 % дейін мөлшері жатады. Тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен жабдықтайтын жылу электр орталықтары оларды тұтыну аудандарында орналасады. Олардың МАЭС және КЭС-терден айырмашылығы турбиналарда пайдаланылған бу жылуын тек өнеркәсіптік өндіріс мұқтаждықтарына ғана емес, сондай-ақ тұтынушыларды жылыту, ауаны суыту және ыстық сумен жабдықтауға қолданатындығында жатыр. Бұл схеманы будың аралық ысытылу схемасы деп атайды. Термодинамика курсынан белгілі болғандай, мұндай схеманың жылу үнемділігі бастапқы және соңғы параметрлері бірдей және аралық ысыту параметрі дұрыс тандалған болса да, ол аралық ысытуы жоқ схемаға қарағанда жоғары болады. ЖЭС жұмыс істеу қағидасын қарастырайық. Әдетте отын және қышқылдандырғыш қызметін атқаратын қыздырылған ауа қазандық 1 оттығына үздіксіз түсіп отырады (сурет 1.8). Отын ретінде көмір, шымтезек, газ, жанғыш тақтатас немесе мазут қолданылады. Біздің елдегі ЖЭС-тердің көпшілігі отын ретінде көмір тозаңын пайдаланады. Отоынды жағу нәтижесінде туындайтын жылу әсерінен бу қазандығындағы су ысытылып, буланады, пайда болған қаныққан бу бу құбыры арқылы будың жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыратын бу турбинасына 2 жеткізіледі.Турбинаның барлық қозғалмалы бөліктері білікпен қатаң байланысқан және онымен бірге айналады. Турбинадағы бу ағынының кинематикалық энергиясы роторға келесідей бағытталады. Үлкен ішкі энергияға ие жоғары қысым мен температурадағы бу қазандықтан турбинаның шүмегіне (арналарына) жеткізіледі. Бу ағыны әдетте дыбыстық жылдамдықтан да жоғары жылдамдықпен шүмектерден үздіксіз ағып шығып, дискке бекітілген және білікпен қатаң байланысқан турбинаның жұмыс қалақтарына жеткізіледі. Бу ағынының механикалық энергиясы турбина роторының механикалық энергиясына, нақтырақ айтар болсақ, турбина мен электр генератор 3 біліктері бір-бірімен жалғанып жатқандықтан, турбогенератор роторының механикалық энергиясына айналады. Электр генератордағы механикалық энергия электр энергиясына түрленеді.Бу турбинасынан шыққаннан соң аз қысым мен температурадағы су буы конденсаторға 4 жиналады. Мұнда бу конденсатор ішінде орнатылған құбырлар арқылы жеткізілетін суытуға арналған су көмегімен қайтадан суға айналады. Пайда болған су конденсатты сорғы 5 арқылы регенеративті жылытқыштардан өтіп 6 деаэраторға 7 беріледі.Деаэратор судың ішіндегі ерітілген газдарды шығарып тастауға және онда регенеративті жылытқыштарда сияқты қоректендіргіш су турбинада іріктелген бумен ысытылады. Деаэрация оттегі мен көмір қышқыл газы құрамын қажетті мөлшерлерге жеткізуге бағытталады, нәтижесінде су мен бу жолдарындағы коррозия жылдамдығы азаяды. Деаэрацияланған су қоректендіргіш сорғы 8 көмегімен жылытқыштар 9 арқылы қазандық қондырғысына беріледі. Жылытқыштарда 9 пайда болған ысыту буының конденсаты деаэраторға сатылай түсіріледі де, жылытқыштардың 6 ысыту буының конденсаты дренажды сорғы 10 көмегімен конденсатордан 4 конденсат ағатын желіге беріледі.Көмірмен істейтін ЖЭС жұмысын ұйымдастыру айтарлықтай қиындық туғызады. Осыған қарамастан отандық энергетикадағы мұндай электр станцияларының үлесі жоғары (шамамен 30% және де одан да жоғары болады деп жоспарлануда).Көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС-ның технологиялық схемасы 1.9 суретте бейнеленген. Отын темір жол вагондарымен 1 таспалы тасымалдағыштар 4 көмегімен қоймаға 3 жөнелтілетін жүк босату құрылғыларына 2 тасымалданады. Қоймадан отын уатқыш қондырғыға 5 беріледі. Отынды уатқыш қондырғыға жүк босату құрылғыларынан беруге де мүмкіндік бар. Уатқыш қондырғыдан отын өнделмеген көмір бункеріне 6, одан қоректендіргіштер арқылы көмір тозаңдары диірмендеріне 7 жеткізіледі. Көмір тозаңы пневматикалық тәсілмен сепаратор 8 және циклон 9 арқылы көмір тозаңы бункеріне 10, ал одан қоректендіргіштер 11 арқылы жанарғыға (горелка) келіп түседі. Циклон ішіндегі ауа диірмен желдеткішімен 12 сорып алынып қазандықтың от жағу камерасына 13 жеткізіледі.                      Егер буды аралық жылыту циклі орындалып, су экономайзерінде жылу жұмыс денесіне, ал ауа жылытқышында бу қазандығына енген ауаға беріліп жатса, онда от жағу камерасында пайда болған газдар одан шыққан кезде бу қазандық қондырғысының бірінші және екінші реттік бу жылытқыштарында газөткізгіштерінен тізбектей өтеді. Содан соң күлтұтқыштарда 15 газдар ұшып жүрген күлден тазартылып, түтін шығару мұржалары 17 арқылы түтін сорғыштар 16 көмегімен атмосфераға шығарылып тасталады. От жағу камерасында, ауа жылытқыш пен күлұтқышта қалатын күл мен шлак сумен шайылып, арналар арқылы күл жиналатын орынға багер сорғысымен 33 жеткізіледі. Жануға қажетті ауа бу қазандығының ауа жылытқыштарына үрлеу желдеткіштерімен 14 жеткізіледі. Ауа әдетте қазандықтың жоғарғы жағынан және қазандықтардың жоғары өнімділігінде қазандық бөлімінің сыртынан алынады. Ысытылған бу қазандықтан 13 турбинаға 22 жеткізіледі.Турбина конденсаторына 23 жиналған конденсат конденсатты сорғылар 24 көмегімен төменгі қысымдағы регенеративті жылытқыштар 17 арқылы деаэраторға 20, ал одан қоректендіргіш сорғылар 21 көмегімен жоғары қысымдағы жылытқыштар 19 арқылы қазандықтың экономайзеріне жеткізіледі.Ұсынылған схемада бу мен конденсат шығындары турбина конденсаторынан соң орналасқан конденсат желісі арқылы берілетін химиялық сәйкестендірілген сумен толықтырылып отырады. Суытуға арналған су конденсаторға сумен жабдықтаудың қабылдау құдығынан 26 айналмалы сорғылармен 25 беріледі. Ысытылған су сол жерден шамалы алшақ орналасқан ағызу құдығына 27 жаңадан алынатын суық сумен жеткілікті деңгейде араласатындай етіп тасталады. Қайтадан қосылатын жаңа суды химиялық өндеу құрылғысы химиялық цехте 28 ораналасады.Схемаларда электр станция мен орналасқан ауылды жылытуға арналған кішігірім желілік жылытқыш қондырғы қарастырылуы мүмкін. Бұл қондырғының желілік жылытқыштарына 29 бу турбинаның шығарылымдарынан келіп түседі, ал конденсат желі 31 арқылы шығарылады. Желілік су жылытқышқа жеткізіліп, одан құбырлар 30 арқылы шығарылады.Өндірілген электр энергия электр генераторынан сыртқы тұтынушыларға жоғарылатқыш электр трансформаторлары көмегімен жеткізіледі.Атом электр станциялары. Атом энергетикасы соңғы жылдары жылдам қарқынмен дамуда. Алғашында қуаты 5 МВт болған Обнинск АЭС қуаты 4 000 МВт болатын АЭС (оның ішінде Ленинград, Нововоронеж, Кольск, Курск, Смоленск, Игналинск, Белоярск және т.б.) дейін жетті.Біздің елде АЭС үлес салмағы электр энергия өндірісінің жалпы мөлшерінің 12% құрайды. Электр энергияны ауқымды кезеңге дамыту барысында елдің еуропалық бөлігінде атом электр станциялары үдемелі дами түсті. Алайда Чернобыль АЭС болған 1986 жылғы апат бұл тенденцияны өзгертті.Қауіпсіздік басты назарға алынған АЭС құрылысы органикалық отынды айтарлықтай үнемдеуге жол ашады.АЭС негізгі бөлігі (1.10 сурет) ретінде ядролық реакция энергиясын жылу энергиясына айналдыратын ядролық реактор болып табылады. Ядролық реактор белсенді аймақтан, шағылдырғыштан, суыту жүйесінен, басқару, реттеу және бақылау жүйелерінен, тұрқысынан (корпус) және биологиялық қорғаныстан тұрады. Белсенді аймақтың жұмыс арналарына герметикалық қабықпен қапталған уран немесе плутоний өзекшелері түріндегі ядролық отын орнатылады. Бұл өзекшелерде аса үлкен мөлшердегі жылу бөлумен жалғасатын ядролық реакция жүзеге асады. Ядролық отыны бар өзекшелер жылу бөлгіш элемент (твэл) деп аталады. Белсенді аймақтағы твэлдер саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Уран ядроларының бөлінуі нейтрондармен атқылау кезінде орын алады, нәтижесінде жан-жаққа жоғары жылдамдықпен шашырайтын ядро сынықтары, нейтрондар мен бөлінудің басқа да өнімдері пайда болады. Сол себепті бұл өнімдер үлкен кинетикалық энергияға ие және олар толығымен твэлдердің жұмыс арналарын еріксіз циркуляциялау көмегімен орағыта жуатын жылу тасымалдағышты қайта қыздыруға қажетті жылуға айналады. Жылу тасымалдағыш ретінде әдеттегі су, ауыр су, су буы, сұйық металдар, кейбір инертті газдар (көмірқышқыл газы, гелий) қолданылады. Белсенді аймақта нейтрондардың бөліну жылдамдығын азайтып, басқарылатын реакция тудыратын бәсеңдеткіш болады. Белсенді аймақ ұшып кеткен нейтрондарды өзіне қайтаратын шағылдандырғышпен қоршалған. Реакторды басқару белсенді аймаққа енгізіліп, нейтрон ағынын өзгертуші арнайы өзекшелер көмегімен жүзеге асады. Нәтижесінде ядролық реакция қарқыны өзгереді. Реактордың сыртында жылуды шығаруға арналған ішкі арналары бар бетонның қалың қабатынан жасалған биологиялық қорғаныс болады.          Ядролық отын органикалық отынды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді: 1 кг U-235 ураны 2 900 т көмірді алмастырады.Атом электр станциялары бу турбиналы станциялардан энергия көзі ретінде уран, плутоний, торий ядроларының бөліну процессін қолданумен еркешеленеді. Бұл материалдардың арнайы құрылғылар – реакторларда ыдырау нәтижесінде жылу энергиясының орасан зор мөлшері бөлінеді.Атом электр станциялары бір және екі контурлы болып жасалады. Бір контурлы АЭС жылу тасымалдағыш (су) және жұмыс денесі (бу) контурлары сәйкес келсе, екі контурлы АЭС жылу тасымалдағыш және жұмыс денесінің контурлары бір-бірнен ажыратылған. АЭС-тың барлық құрал-жабдықтары радиациялық режимде жұмыс істейді, бұл өз кезегінде жылу энергиясын алу процессін жеңілдеткенмен, пайдалану мен қызмет көрсетуді қиындатады.Екі контурлы АЭС схемаларында реакция жылдамдығын реттегіш ретінде реакторға тік орнатылған графит өзекшелерді, ал жылу тасымалдағыш ретінде ауыр су немесе сұйық гелийді (-190°С) қолданады.Реактор арналарында бөлінетін жылу энергиясы бірінші реттік контурдағы суды 255...275°С температураға дейін қыздырады. Ысытылған бу бу генераторына түскен соң сол жылуын екінші реттік контур кірмесіне беріп, оны турбинаға беретін температурасы 250...260°С және қысымы 1,25 мПа болатын буға айналдырады. Бу генераторының суытылған суы 190°С температурада және 10 мПа қысымда айналмалы сорғы көмегімен қайтадан реакторға түседі.Реактор арқылы айналатын бұл су радиоактивті болып табылады, сондықтан бұл контурдың құрал-жабдығын арнайы темір бетон, шойын, қорғасын және т.б. конструкциялармен қоршап тастайды. «Бу генератор-турбина-конденсатор» екінші реттік тұйықталған контуры қауіпті радиацияға ие емес, себебі ол бу турбиналы жылу станциялар сияқты жұмыс істейді.Бүгінгі таңда Ресейдің еуропалық бөлігінде орналасқан АЭС-терде 1 кВт•сағат электр энергия өндірудің өзіндік құны органикалық отындағы ЖЭС өзіндік құнынан төмен.Атом электр станциялары отынды кішкентай мөлшерде шығындайды (мысалы, 1 млн кВт•сағат электр энергия өндіруге 400 г шамасындағы уран жеткілікті). Мұндай станцияларды кез-келген жерде салуға болады, себебі олар отынның табиғи қорлары орналасқан жерге тәуелді емес. Сонымен қатар қоршаған ортаны түтін, күл, шаң және күкіртті газбен ластамайды. МГД-генераторлы электр станциялар. Аса үнемді қуатты электр станцияларды құрудың келешектегі бағыты болып магнит-электрлі генераторлардың жылу энергиясынан электр энергиясын алу табылады (сурет 1.11). Бұл жағдайда бу қазандықтарының, турбиналар мен айнымалы генераторлардың қажеті болмай қалады. Мұндай станциялардың ПӘК-і жылу турбогенераторларында 40 %-дан МГД-генераторлы электр станцияларында 60 %-ға дейін артуы мүмкін. МГД-генераторлы электр станциялардың жұмыс істеу принциптерін қарастырайық.Отын мен газдың жану қалдықтары жоғары температурада жылу өткізгіш, ал 3 000...4 000 °С температура кезінде электр өткізгіш болып келеді. Мұндай температурадағы газ күйін плазма деп атайды.  Егер өткізгіш магнит өрісімен қиылысса, онда оның бойында өткізгіш қозғалысының жылдамдығы мен ұзындығына, магнит өрісінің кернеулігіне пропорционал электр қозғаушы күш (ЭҚК) пайда болады. Электр генераторларының, сондай-ақ өткізгіш ретінде плазма қолданылатын МГД-генераторларының да конструкциясы осы негізге сүйеніп жасалған. 1.12 суретте МГД-генератордың схемасы көрсетілген. Балқыған газ ағыны отын берілетін жану камерасы 2 мен сорғылардан 1, 8 шүмекке 3 жеткізіліп, одан соң генератор арнасына 6 келіп жетеді. Арнаның мекі жағына да қуатты магниттер 4 орнатылған. Шамамен 600...650 м/с жылдамдықта плазманың магнит өрісінде қозғалысы кезінде ЭҚК пайда болады. Торапқа берілетін ток электродтар 5 көмегімен алынады. МГД-генератор арнасында 2 500...3 000-нан 2 000 °С дейін суытылатын жанғыш газ жылу энергиясын қолдану үшін газ бу турбинасын 9 конденсатор 11 және сорғы 8 көмегімен қоректендіретін қазандыққа 7 бағытталады. Турбина білігіне генератор 10 бекітілген. МГД-генератордың бу турбиналы қондырғымен бірлестігі станцияның ПӘК-ін 60 %-ға дейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.  Сурет 1.12. МГД-генераторының схемасы:1, 8 — сорғы; 2 — жану камерасы; 3 — шүмек; 4 — магниттер; 5 — электродтар; 6 — генератор; 7 — қазандық; 9 — бу турбинасы; 10 — генератор; 11 — конденсаторТопливо-отын, продукты сгорания – жану қалдықтары, на одном валу – бір білікте, электроэнергия – электр энергиясы Су электр станциялары. Су электр станциялары – бастапқы қозғалтқыш ретінде гидравликалық турбиналар қолданылатын станция. Олар жазық және таулы өзендерде орналасады.Еуропалық бөлікте Еділ (сурет 1.13) мен Кама өзендерінде СЭС каскадының құрылысы аяқталуда, Кавказ өзендерінде де СЭС-лары қарқынды салынуда. Сібірде Ангар-Енисей каскадын игеру жұмыстары жалғасуда, соның ішінде қуаты 3,8 ГВт Усть-Илим мен қуаты 6,4 ГВт Саян-Шушенск СЭС-ларының құрылысы аяқталды. Ангар өзеніңде Богучанск СЭС салынуда, сонымен қатар Орта Енисей мен Енисейдің төменгі ағысында өзге де ірі СЭС-лар құрылысы жоспарлануда. Сібірдің Братск (4,5 ГВт) және Красноярск (6 ГВт) СЭС-лары жұмыс істеп тұр. Дальне Восток аймағында Зея мен Бурея асау өзендерінде электр энергиясын ғана емес, сонымен бірге алқаптарды су басудан сақтап қалатын СЭС құрылысы жүргізілуде.Заманауи СЭС-да қуаты 600 және 640 МВт гидроагрегаттар орнатылады. Қуаты 1 000 МВт және одан жоғары болатын 11 СЭС-да барлық гидро энергетикалық қуаттың шамамен 60 % шоғырланған.СЭС-тер су энергиясын электр энергиясына гидравликалық турбиналар және олармен қосылған генераторлар көмегімен түрлендіреді. Егер өзеннің барлық қимасы (тұстамасы) бойына бөгет орнатар болсақ (сурет 1.14), онда бөгет алдындағы (жоғарғы бьеф) су деңгейі бөгеттен кейінгі (төменгі бьеф) деңгейден жоғары болады.  Жоғарғы және төменгі бьеф деңгейлерінің айырымы су арыны деп аталады. Электр станция қуаты арын және уақыт бірлігінде турбинадан өтетін су мөлшерімен (шығынымен) анықталады.  Гидравликалық турбиналар суды өткізгіш арналар арқылы спираль камераға, одан электр генераторының роторы бекітілген гидротурбина роторының қалақтарына жеткізетін төменгі бьеф деңгейіне орнатылады. Нәтижесінде гидротурбинадағы су энергиясы алдымен механикалық, содан соң электрлік энергияға айналады.СЭС-тер бөгетті және деривациялық типті болып бөлінеді. Бөгетті СЭС-тер кішігірім арынды жазық өзендерде, ал деривациялық (өтпелі арналары бар) СЭС-тер еңкіштігі жоғары және су шығыны аз таулы өзендерінде қолданылады. СЭС жұмысы табиғи жағдайларға байланысты анықталатын судың деңгейіне тәуелді.Су станциясының артықшылығы олардың ПӘК-нің жоғарылығы мен электр энергиясын өндірудегі өзіндік құнының төмендігінде. Алайда СЭС құрылысына кететін қаржылай шығындар құнынының қымбаттығы мен құрылыс жұмыстарының ұзақ уақытты алуы олардың кеткен шығындарды ақтау мерзімін ұзартып жібереді.Электр станция жұмысының ерекшелігі олар дәл қазіргі сәтке қажетті тұтынушылар жүктемесін, станцияның өзіндік мұқтаждықтары мен торап шығындарын толықтыратындай электр энергиясын өндіруі қажет. Сондықтан станция жабдықтары әрдайым тұтынушылардың жүктемесінің бір күннің немесе жылдың ішінде периодты түрде өзгеруіне дайын болуы керек.Энергетикалық жүйеден электрмен жабдықтауға қойылған талаптары әр түрлі тұтынушылар тобы қоректенетінін ескерген жөн. Бұл талаптар электр қондырғылар құрылғысының Ережесімен оларды үш категорияға бөлу арқылы анықталады.Көрсетілген талаптарды қамтамасыз ету үшін энергетикалық жүйелер бақылау, басқару, байланыс және электр станциялар , беріліс желілері мен төмендеткіш қосалқы станциялар көрсетілген арнайы мнемо схемаларымен жарақтандырылған арнайы диспетчерлік пункттермен жабдықталады. Диспетчерлік пункт электр станцияларындағы технологиялық процесс жай-жапсары жайлы (су мен отын шығындары, бу параметрлері, турбинаның айналу жылдамдығы және т.б.); жүйе элементтерінің (желі, трансформаторлар, генераторлар, жүктемелер, қазандықтар, бу құбырлары) қайсысы осы сәтте өшіп тұрғаны, қайсысы жұмыста, қайсысы резервте және т.с.с.; режимнің электр параметрлері (кернеу, ток, актив және реактив қуат, жиілік және т.б.) сынды жүйенің жұмысы жайлы қажетті мәліметтер мен ақпараттарды алып тұрады.Жүйедегі электр станция жұмысы паралельді жұмыс істеп тұрған генераторлардың көп болуы әсерінен тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және электр станцияның аса үнемді агрегаттарын толық жүктеуге және электр энергия өндіріс құнын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар энергетикалық жүйенің резервті жабдықтарының бекітілген қуаты төмендеу; тұтынушыларға жіберілетін электр энергияның жоғары сапалығы қамтамасыз етілуі; жүйеде орнатылуы мүмкін агрегаттардың бірлік қуаты артуы және т.б. пайдалы жақтары бар.Технико-экономикалық көрсеткіштер мен жүйе жұмысының сенімділігін арттыру үшін станцияларды келесідей ретте жүктеген тиімді: 1)Мекемеге қажетті жылулық графикте жұмыс істейтін жылу электр орталықтары белгілі электр жүктемеде болуы керек, дегенмен ЖЭО ПӘК-і өзге жылу электр станцияларына қарағанда жоғары болатыны ескеріледі;2)жылу конденсациялық электр станциялары агрегаттардың бірлік қуатына, олардың параметрлеріне, станцияда жағылатын отын сұрыпына тәуелді жұмыс істейді;3)гидро станциялар олардың ұзақ мерзімде жұмыс істеуі үшін су қоры жеткілікті болған жағдайда толық жұмыс істеуі керек;4)реттелетін суағары бар су электр орталықтары қорда жиналған суды жүктеменің максималды мәні кезінде және жүйенің апаттық резервін толықтырып отыруға ғана қолданады.Энергетикалық жүйе станциялары арасында жүктемені үлестіру кезінде электр беріліс желілерінің өткізу қабілеті, жүйедегі резервтердің бар болуы және орналасуы және жекелеген станциялар мен агрегаттардың техника-экономикалық көрсеткіштерін ескеру қажет.  ТРАНСФОРМАТОР НЕЙТРАЛЬДЕРІНІҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІЭлектр қондырғының нейтралі деп көп фазалық генераторлар мен трансформаторлар орамасының ортақ нүктесі және осы нүктемен жалғанған сымды (сурет 1.15) атайды. Трансформатор нейтралі деп фазалардың ығысу бұрышы 0 электрлік градусына тең трансформатордың бір немесе бірнеше фазалық орамаларының бір жерге тоғысу нүктесі. Осы нүктедегі потенциалдар айырымы 0 В-ке тең. Нейтральге жалғанған барлық фазалық орамалар ұштары мен нейтраль арасындағы потенциалдар айырымы фазаның желілік шамасына тең.Машиналар мен трансформаторлар нейтралінің жермен айтарлықтай дәрежеде байланыс түрі электр жабдықтарының оқшаулама деңгейі мен коммутациялық аппаратураны дұрыс тандауды, асқын кернеу шамасы мен оны шектеу тәсілдерін, жерге бірфазалы қысқа тұйықталу кезіндегі токтарды (сурет 1.16), релелік қорғаныс пен электр тораптарындағы қауіпсіз жұмыс шарттарын, байланыс желілеріне қауіп төндіретін электрмагнитті әсерді және т.с.с. мәселелерді анықтайды. Сурет 1.15. «Жұлдызша» тәсілімен жалғау3-фазный выход – 3-фазалы шығыс Нейтраль режиміне байланысты электр тораптары төрт топқа бөлінеді:1)жерлестірілмеген (оқшауланған) нейтральді тораптар;2)резонансты жерлестірілген (компенсацияланған) нейтральді тораптар;3)тиімді жерлестірілген нейтральді тораптар;4)қатаң жерлестірілген нейтральді тораптар.Бірінші және екінші топтарға трансформатор немесе генератор нейтральдері жерден оқшауланған немесе жерлестіргіш реактор арқылы жерлестірілген кернеуі 3-35 кВ тораптар жатады.Тиімді жерлестірілген нейтральді тораптарды 1 кВ-тен жоғары кернеуде қолданады. Олардың жерге тұйықталу коэффициенті 1,4 аспайды. Жерге тұйықталу коэффициенті деп зақымдалған фазаның жерге тұйықталу нүктесіндегі зақымдалмаған фаза мен жер арасындағы потенциалдар айырымының қысқа тұйықталуға дейінгі осы нүктедегі фаза мен жер арасындағы потенциалдар айырымына қатынасын атайды. Халықаралық электр-техникалық комитеттің (ХЭК) ұсыныстарына сәйкес нейтральдары жермен тікелей немесе кішігірім актив кедергі арқылы жалғанған тиімді жерлестірілген тораптарға жоғары және аса жоғары кернеудегі тораптар жатады. Ресейде бұл топқа кернеуі 110 кВ және одан жоғары тораптар жатады.Төртінші топқа кернеуі 220, 380 және 660 В тораптар жатады.Нейтраль жұмысының режимін жерге тұйықталу ток шамасы анықтайды. Бірфазалы жерге тұйықталу тогы 500 А-ден төмен тораптар кішкентай жерге тұйықталу тогы бар тораптар (негізінен бұл нейтральдары жерлестірілмеген немесе резонансты жерлестірілген тораптар) деп аталады. Ток шамасы 500 А-ден жоғары тораптар сәйкесінше үлкен жерге тұйықталу тогы бар тораптар (нейтральдары тиімді жерлестірілген тораптар) деп аталады.Трансформатор нейтральдерінің жұмыс режимі немесе жұмыстық жерлестіру тәсілі төмендегідей талаптарға негізделген:■қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау талаптарымен;■жерге тұйықталудың рұқсат етілген токтарымен;■жерге тұйықталу кезінде пайда болатын асқын кернеулермен, сонымен бірге электр-техникалық құрылғылар оқшауламасы деңгейін анықтайтын электр қондырғылардың зақымдалмаған фазаларының жерге қатысты жұмыс кернеулерімен;■жерге тұйықталудан релелік қорғаныстың сенімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігімен;■қарапайым электрлік схемаларды қолдану мүмкіндігімен.Бір фазалы жерге тұйықталу кезінде электр жүйесінің симметриясы бұзылады; фазалардың жерге қатысты кернеуі өзгереді; жерге тұйықталу токтары мен торап бойында асқын кернеулер пайда болады. Симметрияның өзгеру дәрежесі нейтраль режиміне тәуелді.Электр тораптарында нейтраль режимін тандау тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтаумен, жұмыс сенімділігімен, қызметкерлердің қауіпсіздігі және электр қондырғыларыдң үнемділігімен анықталады.Орамаларына электр тораптары қосылған үш фазалы электр қондырғылар трансформаторларының нейтральдары тікелей, сондай-ақ индуктивті және актив кедергілер арқылы жерлестірілуі немесе жерден оқшаулануы мүмкін. Егер трансформатор орамасының нейтралы жерлестіру құрылғысына тікелей немесе кішігірім кедергі арқылы қосылған болса, онда мұндай нейтральды қатаң жерлестірілген, ал оған жалғанған торапты қатаң жерлестірілген нейтральды тораптар деп атайды (сурет 1.17).Жерлестіру құрылғысымен жалғанбаған нейтральды оқшауланған нейтраль деп атайды (сурет 1.18).Жерлестіру құрылғысымен тораптың сыйымдылық тогын компенсациялайтын реактор (индуктивті кедергі) арқылы жалғанған тораптар резонансты жерлестірілген немесе компенсацияланған нейтральды тораптар деп аталады.Нейтралы резистор (актив кедергі) арқылы жалғанған тораптар резистивті жерлестірілген нейтральды тораптар деп аталады.Жерге1 тұйықталу коэффициенті 1,4 аспайтын кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр торабы тиімді жерлестірілген нейтральды торап деп аталады.Электр қондырғылар электр қауіпсіздігі бойынша келесідей төрт топқа бөлінеді:1)кернеуі 1 кВ-тан жоғары тиімді жерлестірілген нейтралы (үлкен жерге тұйықталу токтарымен) бар тораптардың электр қондырғылары;2)кернеуі 1 кВ-тан жоғары оқшауланған нейтралы (кішігірім жерге тұйықталу токтарымен) бар тораптардың электр қондырғылары;3)кернеуі 1 кВ дейінгі қатаң жерлестірілген нейтралы бар электр қондырғылар;4)кернеуі 1 кВ дейінгі оқшауланған нейтралы бар электр қондырғылар;Оқшауланған нейтраль режимінде бір фазалы жерге тұйықталудың (БЖТ) тогы аз шамада болатындықтан, олар келесідей артықшылықтарға ие:■ажыратқыш ресурстары артады (себебі бір фазалы тұйықталу барлық тұйықталулардың 90% құрайды);■бір фазалы жерге тұйықталу кезіндегі электр қауіпсіздік шарттарымен анықталатын жерлестіру құрылғыларына қойылатын талаптарды жеңілдетеді.Алайда бұл режим (тиімді жерлестірілген нейтральды режиммен салыстырғанда) келесідей кемшіліктерге ие:■қысқа уақыттық БЖТ кезінде туындайтын феррорезонансты құбылыс;■БЖТ кезінде жыпылық доғалардың пайда болуымен байланысты және бір фазалы тұйықталуды екі немесе үш фазалыға алып келетін доғалық асқын кернеулер;■Оқшауланған нейтраль кезінде БЖТ-дан селективті қорғаныс құру қиындықтары және олардың әр түрлі режимдер мен құрылымдарда жұмыс қабілетінің жеткіліксіздігі.Оқшауланған нейтральды тораптың бір фазалы тұйықталу кезінде өз жұмысын жалғастыра алады және бұл тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады деген қате түсінік бар. Тәжірибе көрсеткендей көп жағдайда торап кемшіліктеріне жататын бір фазалы тұйықталу екі және үш фазалы тұыйқталуға жылдам өтіп кетеді және зақымдалған желі бәрібір ажыратылады, сымның құлауы нәтижесінде қауіпті жанасу кернеуі туындайды. Ауыр және өлімге алып келетін электрмен зақымданулардың жартысына жуығы жерге тұйықталумен байланысты, ал әуе желілер тіректерінде жерге тұйықталу сақталған кездегі жалпы электрлік жарақаттанулар арасында орта кернеу тораптарындағы электрмен жарақаттану бірінші орынға шығып отыр. Сурет 1.18 Үш фазалы оқшауланған нейтральды торап схемасы Бүгінгі таңда электрмен жабдықтау үздіксіздігі негізінен екі жақты қоректендіру және резервті автоматты түрде қосу құрылғысы (РАҚ) көмегімен қамтамасыз етіледі.Доға сөндіргіш реактор арқылы жерлестіру жекелеген жағдайларда жерге тұйықталу тогын оның өшуіне дейін азайтуға, яғни доғалық асқын кернеуді жоюға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде БЖТ екі және үш фазалы қысқа тұйықталуға өту санын азайтады. БЖТ тогын азайту тұйықталу орнындағы электр қауіпсіздік шарттарын жақсартады, бірақ әуе желілері орнатылған тораптарда электрмен жарақаттанулар мүмкіндігін толықтай жоя алмайды.Доға сөндіргіш реактор (ДСР) арқылы жерлестірудің кемшіліктері:■торапты фазалық кернеудің 0,75 % дәрежесіне дейін симметрияландыру қажеттігі (әуе желілері бар тораптарда бейсимметрия дәрежесі әрдайым 1...2 %-дан аз емес, ал екі тізбекті әуе желілерінде 5...7 %-ға жетуі мүмкін; техникалық пайдалану Ережелерімен кей жағдайларда нейтральдың ығысу кернеуін фазалық кернеудің 30 % дейінгі шамасында болуына рұқсат етіледі [6, 7]);■ДСР-ді автоматты баптау жүйелерінің күрделілігі мен қымбаттығы (механикалық бапталатын реакторлар іс жүзінде пайдаланылмайды); қоректендіруші қосалқы станцияға қатысты құрылымы жиі өзеріп отыратын тармақталған қалалық тораптарға қажетті баптау ауқымының жұтаңдығы;■Нейтралі ДСР арқылы жерлестірілген тораптарға арналған БЖТ-дан селективті қорғаныстың мүлдем болмауы.Соңғы кемшілік бойынша сыйымдылық токты тиісті деңгейде компенсациялау барысында зақымдалған қосылымды сөндіру міндетті емес деген қарсы уәж айтуға болады. Осыны ескере отырып, доға сөндіргіш реакторды қолдану – бұл бір фазалы тұйықталудың апаттық режимін сақтау тәсілі (бірақ бұл қымбат тәсіл) болып табылады. Нейтральды резистор арқылы жерлестіру Ресейде жинақталған әлемдік тәжірибемен дәлелденген артықшылықтарға ие:■феррорезонансты құбылыстарды толық жою;■доғалық асқын кернеу деңгейін азайту мен БЖТ-ның екі және үш фазалы тұйықталуға өтіп кетуін болдырмау; ■БЖТ-дан қарапайым селективті қорғаныс құру мүмкіндігі. Нейтральды резистивті жерлестірудің кемшіліктері:1)жерге тұйықталу тогының жоғарылауы (максимум 40%-ға);2)қосалқы станция жабдықтарының (қуаты 30 – 400 кВт резистордың) қызуы.Бірінші кемшілік айтарлықтай емес, себебі жерлестірілген нейтральды тораптарда қысқа тұйықталу токтары мыңдаған және он мыңдаған амперді, ал 6-35 кВ тораптарда екі еселенген жерге тұйықталулар жүз және мың амперді ғана құрайды. Мұндай шарттарда аталған тораптар нәтижелі пайдаланылады, сол себепті БЖТ тогының 10-нан 14А-ге дейін немесе 200-ден 280 А-ге дейін жоғарылауы ешқандай өзгерістер әкелмейді.Екінші кемшілік айтарлықтай маңызды болып табылады. Алайда электр қондырғылар құрылғылары Ережесімен (ЭҚЕ) апаттық режимдерде 200...300 °С-ге жететін басқа қондырғыға рұқсат етілген температуралар резисторды көрсетілген шектің төменгі деңгейіне дейін ғана қызатындай етіп жобалауға мүмкіндік береді. Ашық тарату құрылғысында (АТҚ) мұндай резисторды орнату өрт қаупін туындатпайды. Торап типіне және қажетті параметрлерге байланысты орташа кернеу тораптарында нейтральды жерлестірудің түрлі режимдерін тиімді пайдалану жолдары 1.1 кестесінде көрсетілген.Генераторлы кернеу тораптары – бұл негізінен тұрақты сыйымдылық токтары бар шиналы көпір. Жерге тұйықталу кезінде белгілі бір бөлікті селективті сөндіру мүмкін болмайды, сондықтан нөлдік реттіліктегі кернеу пайда болған кезде генератордың өзін ажырату қажет. Генератордың ажыратуға дейінгі қысқа уақытты жұмысы кішігірім токтарда оқшауланған нейтраль кезінде мүмкін болады. 5 А-ден асатын сыйымдылық ток кезінде оқшаулама орасан зақымдануы мүмкін, сондықтан доға сөндіргіш реактор қолданған жөн. Шиналық көпір әуел бастан нейтраль ығысуы пайда болатындай және ДСР нақты бапталуы орындалатындай етіп орындалуы абзал.Электр станциялардың өзіндік мұқтаждық тораптары генераторлы кернеу тораптарына қарағанда БЖТ зақымдануларын селективті ажыратуға мүмкіндік беретін тармақталған құрылымға ие. Бұл тораптар кабель желілермен орындалғандықтан, олардың симметрия дәрежесі доға сөндіргіш реакторды қолдануға жеткілікті. Кішігірім сыйымдылық токтарында оқшауланған нейтральды қолдануға болады, алайда торап бұл жағдайда феррорезонансты құбылыстардың туындау мүмкіндігіне есептік тексерісті қажет етеді. Мұндай қауіптілік орын алған жағдайда нейтральды резистор арқылы жерлестіру ұсынылады. БЖТ кезінде тораптың ұзақ жұмыс істеуі тиімсіз болып табылады, өйткені мұндай тораптарда жеткілікті деңгейде резервтер болады.Зақымдалған қосылымды релелік қорғаныспен селективті ажырату нейтральды резистивті жерлестіру арқылы сенімді орындала алады. Үлкен сыйымдылық токтарында, егер БЖТ кезінде торап жұмысын жалғастыру рационалды болып табылса, ең жақсы нұсқа ретінде бір фазалы тұйықталудың өздігінен жойылуына себепкер болатын ДСР қолдану (дұрыс баптау жасалған жағдайда) болып табылады [8]. Үлкен токтағы БЖТ-ны релелік қорғаныспен селективті ажарату нейтраль резистивті жерлестірілгенде жақсы жүзеге асады. Әуе желілері бар тарату тораптары әдетте бейсимметриялы. Алдыңғы жағдайдағы сияқты кішігірім токтарда феррорезонансты құбылысының басталуына алғы шарттар байқалмаса, оқшауланған нейтральды қолдануға болады. Торап құрылымы мен өлшемдерінің пайдалану кезінде өзгеруі мұндай алғы шарттардың туындауына алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде сыйымдылық тогының шектерін жоғарылатуы мүмкін. Сол себепті мұндай тораптарға арналған дұрыс әрі әмбебап шешім ретінде нейтральды резистивті жерлестіру болып табылады.Бейсимметрия мен сыйымдылық тогы өзгерісінің үлкен диапазонында ДСР қолдану қиындық тудырады. Тәжірибе көрсеткендей мұндай тораптарға орнатылған ДСР ешбір жерде жұмыс істеп тұрған жоқ. Мұнай және газ кен орындарын қоректендіруші әуе тарату тораптарында сорғы қозғалтқыштарының өздігінен қосылу технологиясының дұрыс жолға қойылмағандығы есебінен ЭЖ-лерінің қысқа уақыттық ажыратылу мәселесі орын алып отыр. Сондықтан мұндай тораптар еріксіз түрде жерге тұйықталу күйін сақтап жұмыс істейді. Бұл жағдайларда ДСР қолдану БЖТ кезінде электр қауіпсіздік шарттарын жақсарту мақсатында ғана тиімді, бұл өз кезегінде сыйымдылық токты нақты компенсациялау қажеттігін туындатады. ӘЖ-де тұйықталу кезінде әдетте доғалық процесстер пайда болмайды. Қалалық және ауылдық (әуе желісі жоқ) кабель тораптары ДСР-ды қолдануға жеткілікті деңгейде симметриялы, алайда электр станциялардың өзіндік мұқтаждық тораптарына қарағанда тұрақты және шамалы өзгеріп отыратын құрылымға ие, бұл өз кезегінде үлкен баптау ауқымын қажет етеді. Жағдай ДСР орнатылатын қоректендіруші қосалқы станциялар мен қалалық тарату тораптары көп жағдайда әр түрлі бағыныштылыққа, соның ішінде оперативті-диспетчерлік бағыныштылыққа ие болғандықтан күрделілей түседі. Бұл ДСР-ді міндетті түрде автоматты кең ауқымда баптауды қажет етеді. Сол себепті мұндай тораптарға арналған әлемдік тәжірибеде дәлелденген әмбебап тәсіл нейтральды резистивті жерлестіру болып табылады.Ауылдық және қалалық тораптарда әуе желілері бар болса, онда БЖТ кезіндегі электр қауіпсіздік мәселесі ушыға түседі және ЭҚЕ-нің (1.7.64 бөліміндегі**) жаңа талаптарына сәйкес бір фазалы тұйықталуды релелік қорғаныспен ажырату қажет. Бұл нейтральды резистивті жерлестірудің тиімді екенін тағы бір рет дәлелдей түскендей.Жылжымалы қосалқы станциялар мен механизмдерді, шымтезек өндірісі мен шахталарды қоректендіруші тораптар ЭҚЕ-нің 1.7.64 бөліміне сәйкес БЖТ-ны релелік қорғаныспен ажыратуды талап етеді. Резистивті жерлестіру беретін артықшылықтарды (торапта болатын тербелу процесстерін өшіру мен зақымдалған қосылымның актив ток түріндегі селективтілікті қалыптастыруды) ескерсек, нейтральды резистор арқылы жерлестіру режимі әсіресе тармақталған тораптар үшін тиімді болып табылады. Торап нейтралының жерлестіру режимін анықтаудағы негізгі ұстаным – бұл селективті ажырату немесе бір фазалы жерге тұйықталу режимін ұзақ сақтау болып табылады. БЖТ сақталған жағдайда ЭҚЕ-де көрсетілген барлық нейтраль режимдерінің арасынан тандап алуға болады. Егер БЖТ релелік қорғаныспен селективті ажыратылуы керек болса, онда тиімді шешім ретінде нейтральды резистор арқылы жерлестіру алынады.тиімді жерлестірілген нейтральды тораптарындағы кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр қондырғыларының жерлестіру құрылғыларын қарастырайық. Аталған жерлестіру құрылғыларын олардың кедергісі мен жанасу кернеуіне қойылатын талаптарды немесе конструктивті орындалуына және жерлестіру құрылғысындағы кернеуді шектеу талаптарын ескеріп орнатқан жөн. Бұл талаптар ӘЖ тіректерінің жерлестіру құрылғыларынан талап етілмейді.Жерлестіру құрылғысынан жерге тұйықталу тогы өткен сәттегі оның бойындағы кернеу 10 кВ-тан аспауы керек. 10 кВ-тан жоғары кернеу потенциалдары ғимараттар мен электр қондырғылардың сыртқы қоршауларынан тысқары шығарылмайтын жерлестіру құрылғыларында рұқсат етілген. Жерлестіру құрылғысында кернеу 5 кВ-тан жоғары болса бөлініп шығатын байланыс және телемеханика кабельдері оқшауламасын қорғау және қауіпті потенциалдарды электр қондырғыдан тысқары шығару шаралары қарастырылуы қажет. Кедергісіне қойылатын талаптарын ескеріп орындалған жерлестіру құрылғысы жылдың кез-келген уақытында 0,5 Ом-нан аспайтын табиғи және жасанды жерлестіргіштер ескерілген кедергіге ие болуы керек.Электр потенциалын түзету және электр қондырғыны орналасқан жерінде жерлестіргішке қосуды қамтамасыз ету мақсатында көлденең және бойлық жазық жерлестіргіштер салып, оларды жерлестіргіш тормен өзара біріктіреді. Бойлық жерлестіргіштер электр жабдықтар өсінің бойымен жер бетінен 0,5...0,7 м тереңдікте іргетастар немесе жабдықтар негізінен 0,8...1,0 м ара қашықтықта қызмет көрсету жағынан орнатылуы керек. Егер қызмет көрсетілетін жақ бір-біріне қаратылған, ал екі қатардың негізі мен іргетастар ара қашықтығы 3,0 м-ден аспайтын болса, екі қатар жабдықтарға бір жерлестіргішті іргетас пен жабдық негізінен 1,5 м ара қашықтыққа орналастыруға рұқсат етілген.Көлденең жерлестіргіштерді жерден 0,5...0,7 м тереңдікке жабдықтардың арасындағы ыңғайлы жерге орнатқан жөн. Олардың арасындағы қашықтықты шеткі аймақтан жерлестіргіш торының центріне қарай артатындай етіп алуға кеңес беріледі. Сонымен қатар шеткі аймақтан басталатын бірінші және соңғы ара қашықтықтар 4,0; 5,0; 6,0; 7,5; 9,0; 11,0; 13,5; 16,0; 20,0 м-ден аспаулары керек. Күштік трансформатор нейтральдары мен қысқа тұйықтағыштардың жерлестіру құрылғысына қосылу жеріндегі жерлестіру торының ұяшық өлшемдері 6х6 м-ден аспауы керек. Жазық жерлестіргіштерді жерлестіру құрылғысы алып жатқан территория шетінде олар барлығы қосылып тұйықталған контур қалыптастыратындай етіп орнатқан абзал. Егер жерлестіру құрылғысының контуры электр қондырғының сыртқы қоршауының ішінде орналасса, онда оның территориясына кіріс және шығыс бөліктерде потенциалды сыртқы жазық жерлестіргішке кіріс және шығыс жағына қарама-қарсы қосылған екі тік жерлестіргішті орнату арқылы теңестіреді. Тік жерлестіргіштер 3...5 м ұзындықта, ал олардың арасындағы қашықтық кіріс және шығыс еніне тең болуы керек. Жанасу кернеуіне қойылатын талаптар ескеріліп жасалған жерлестіру құрылғысындағы жанасу кернеуінің шамасы жылдың кез-келген мезгілінде одан жерге тұйықталу тогы аққанда рұқсат етілген мөлшерден аспауы қажет (МЕСТ 12.1.038). Жерлестіру құрылғысының кедергісі жерлестіру құрылғысының рұқсат етілген кернеуі және жерге тұйықталу тогы бойынша анықталады.Жанасу кернеуінің рұқсат етілген шамасын анықтау кезінде әсер етудің есептік уақыты ретінде қорғаныс уақыты мен ажыратқыштың толық ажырату уақытының жиынтығын алу керек. Оперативті қайта қосулар кезінде қызметкерлердің конструкцияларға қысқа тұйықталуын (ҚТ) туындатуы мүмкін жұмыс орындарында жанасу кернеуінің рұқсат етілген шамасын анықтағанда резервті қорғаныс әсерінің уақытын, ал басқа территорияларда негізгі қорғаныс әсерінің уақытын алу керек.  Ескерту.Жұмыс орны деп электр аппараттарына оперативті қызмет көрсетілетін орынды қабылдаған жөн.Бойлық және көлденең жазық жерлестіргіштерді орнату жанасу кернеуін рұқсат етілген шамасына дейін шектеу және жерлестіру қондырғысының ыңғайлығы талаптарымен анықталады. Бойлық және көлденең жазық жерлестіргіштердің ара қашықтығы 30 м-ден аспауы тиіс, ал жерге кіретін тереңдік 0,3 м-ден артық болуы шарт. Жұмыс орындарында жанасу кернеуін қажетті жағдайларда азайту үшін қалыңдығы 0,1...0,2 м болатын шағыл тас себіледі.Әр түрлі кернеулердегі жерлестіру құрылғыларын бір жерлестіру құрылғысына біріктіру кезінде жанасу кернеуі біріктірілетін АТҚ жерге қысқа тұйықталу токтарының ең үлкен шамасы бойынша анықталады.Кедергілері мен жанасу кернеуіне қойылатын талаптарды ескеріп жерлестіру құрылғыларын орындау кезінде, жабдықтарға қосылатын жерлестіру өткізгіштерін немесе жерлестіргіш конструкциясын 0,3 м-ден кем емес тереңдікте; бойлық және көлденең жазық жерлестіргіштерді (төрт бағытта) жерлестірілетін күштік трансформатор нейтралы, қысқа тұйықтағыштар орнатылған жерге қазып орнату керек.Жерлестіру құрылғысы электр қондырғы қоршауының сыртынан шығып кеткен жағдайда электр қондырғы аймағынан тысқары орналасқан жазық жерлістіргіштерді 1 м-ден кем емес тереңдікте қазып орнату керек. Жерлестіру құрылғысының сыртқы контурын бұл жағдайда доғал немесе дөңгеленген бұрышты көп бұрыштар түрінде орындау ұсынылады. Электр қондырғының сыртқы қоршауын жерлестіру құрылғысына қосуға ұсынылмайды. Электр қондырғыдан кернеуі 110 кВ және одан жоғары ӘЖ шығатын болса, қоршауды әрбір 20...50 м сайын барлық периметрі бойы орналасқан бағаналарға орнатылған ұзындығы 2...3 м болатын тік жерлегіштер арқылы жерлестірген жөн. Мұндай жерлестіргіштерді метал бағаналы қоршауларға және арматурасы қоршаудың метал буындарымен электрлік байланысқан темір бетон бағаналарға қондыру қажет етпейді.Сыртқы қоршаудың жерлестіру құрылғысымен электрлік байланысын болдырмау мақсатында қоршау мен оның ішкі, сыртқы немесе екі жағынан орналасқан жерлестіру құрылғылар элементтерінің арасындағы қашықтық 2 м-ден кем болмауы керек. Қоршаудан тысқары жатқан жазық жерлестіргіштер, құбырлар және сыртқы қабаты метал кабельдер және өзге метал байланыстар қоршау бағаналар ортасымен 0,5 м-ден кем емес тереңдікте орнатылуы қажет. Сыртқы қоршаудың ғимараттар мен құрылыстарға жанасу орындарында, сонымен қатар сыртқы қоршаулар мен ішкі метал қоршаулардың жанасу орындарында ұзындығы 1 м-ден кем емес кірпіш немесе ағаш ісіктер салынуы керек.Сыртқы қоршауда орнатылған электр қабылдағыштарды қоректендіруді бөлгіш трансформаторлардан жүргізу керек. Бұл трансформаторларды қоршауға орналастыруға рұқсат етілмейді. Бөлгіш трансформатордың екінші ретті орамасын электр қабылдағышпен қоршауда орнатылған жалғаушы желі жерден жерлестіру құрылғысындағы кернеудің есептік мәніне оқшаулануы ләзім.Егер аталған іс-шаралардың біреуін де орындау мүмкін болмаса, қоршаудың метал бөліктерін жерлестіру құрылғысына жалғап, потенциалдарды қоршаудың сыртқы және ішкі жағымен жанасу кернеуі рұқсат етілген мәндерінен аспайтындай етіп теңестіру қажет. Жерлестіру құрылғысын рұқсат етілген кедергі бойынша орындау мақсатында одан 1 м ара қашықтықта және 1 м тереңдікте жазық жерлестіргіш орнатылады. Бұл жерлестіргішті жерлестіру құрылғысына кем дегенде төрт нүктеде жалғау керек.Егер нейтралы тиімді жерлестірілген кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр қондырғының жерлестіру құрылғысы басқа қондырғының жерлестіру құрылғысымен сыртқы қабаты метал кабель немесе өзге металл байланыс арқылы жалғанған болса, көрсетілген басқа қондырығының немесе ол орналасқан ғимараттың жан-жағындағы потенциалын теңестіру үшін келесідей шарттар орындалады:1)ғимараттың немесе аймақтың потенциалды теңестіру жүйесімен жалғанған жерлестіргіш жерге 1 м тереңдікте және ғимарат іргетасынан немесе жабдық орналасқан аймақ периметрінен 1 м ара қашықтықта қазып орнатылады, ал ғимараттың кіре беріс және шығыс орындарында жерлестіргіштен 1 және 2 м ара қашықтықта 1 және 1,5 м тереңдікте өткізгіштер орнатылып, сәйкесінше олар жерлестіргішпен қосылады;2)егер потенциалдарды теңестірудің рұқсат етілген деңгейі қамтамасыз етілсе, темір бетонды іргетастарды жерлестіргіш ретінде қолдану. Темір бетонды іргетастар арқылы тпотенциалдарды теңестіру шарттарымен қамту МЕСТ 12.1.030 «Электр қауіпсіздік. Қорғаныс жерлестіру, нөлдендіру»Егер ғимарат сыртында, соның ішінде кіріс және шығыс жерлерінде асфальт төсеніштер бар болса, онда көрсетілген шарттарды орындау қажет емес. Егер қайсыбір кіріс (шығыс) жерінде төсеніштер болмаса, онда бұл кіріс (шығыс) бөліктерінде 1 шартта айтылғандай екі өткізгіш арқылы потенциалдар теңестіру қажет немесе 2 шарт орындалу керек. Сонымен бірге барлық жағдайда талаптар орындалуы керек. Потенциалды шығарып алуды болдырмау мақсатында нейтралы тиімді жерлестірілген тораптың кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр қондырғыларын жерлестіру құрылғысынан тысқары орналасқан электр қабылдағыштарды кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр қондырғының жерлестіру құрылғысының контурынан алыс орналасқан трансформатор нейтралы жерлестірілген 1 кВ дейінгі кернеу орамаларынан қоректендіру рұқсат етілмейді.Бұл электр қабылдағыштарын қоректендіру қажет болғанда оқшауланған нейтральды трансформатордан метал қабаты жоқ кернеуі 1 кВ дейінгі кабель желісі немесе әуе желісі арқылы жүргізіледі.Жерлестіру құрылғысындағы кернеу оқшауланған нейтральды трансформатордың төменгі жағында орнатылған сақтандырғышты іске қосатын кернеуден аспауы қажет.Мұндай электр қабылдағыштарын қоректендіру бөлгіш трансформатордан орындалады. Бөлгіш трансформатор және оның екінші реттік орамасынан электр қабылдағышқа бағытталған желі егер ол кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр қондырғының жерлестіру құрылғысы алып жатқан аймақ арқылы өтсе жерден жерлестіру құрылғысындағы кернеудің есептік шамасына оқшаулануы керек.        БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫЭлектр станцияның негізгі түрлерін атап, әрбір жағдайда электр энергия өндіру принциптерін айтып беріңіз.Электр энергия алудың қандай дәстүрлі емес тәсілдерін білесіз?Электр станцияларды пайдалану барысында қоршаған ортаны қорғау шараларын атай аласыз.Электр жүйесінің құрылымы қандай?Электрмен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтерін тізіп, әрбірінің маңызына токталсаңыз.Электрмен жабдықтау жүйелеріне қандай талаптар қойылады?Өндірістік кәсіпорындарды, қалаларды сыртқы және ішкі электрмен жабдықтау жүйелерінің элементтерін атаңыз

2-тарауЦЕХІШІЛІК ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ КҮШТІК ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУШЫ ЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР Электр энергиясын қабылдағыш (электр қабылдағыш) – электр энергиясын энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және т.б.) түрлендіруге арналған аспап, агрегат.Электр энергиясын тұтынушы – белгілі бір аумақтағы электр қорегінің жалпы пунктіне электр желілері арқылы қосылған цехтардың, ғимараттардың, кәсіпорындардың өндірістік қондырғыларының электр қабылдағыштарының жиынтығы.Электр энергиясы түрленетін энергия түріне байланысты электр энергиясын қабылдағыштардың келесі түрлерін ажыратады: машиналар мен тетіктердің электрлі жетектері; электржылулық, электрхимиялық, электролизді қондырғылар; түрлендіргіш қондырғылар; электр жарығының қондырғылары; электрстатикалық және электрдинамикалық өріс қондырғылары; ұшқын өңдеу қондырғылары; бұйымдарды бақылау және сынау қондырғылары (рентген аппараттары, ультрадыбыс қондырғылары және т.б.).Электр жетегі – тетіктердің немесе машиналарды қозғалысқа келтіруге арналған, механикалық энергияның көзі ретінде электрқозғалтқыш қызмет ететін электрлі механикалық құрылғыЭлектр жетегінің қозғалысы, барлық тетіктердікі сияқты, динамика заңдылықтарына бағынады. Электрқозғалтқышымен үдетілетін айналыс сәті Майн кез келген уақыт сәтінде статикалық кедергі сәтінің Мк және динамикалық (инертті) сәттің Мд сомасына теңеседі:Майн = Мк + Мд. (2.1)Теңдеу (2.1) электр жетегі қозғалысының теңдеуі деп аталады.Электр жетегі сызбасының элементтерін қарастырамыз (2.1-сурет).Реттегіш (Р) электр жетегінен өтетін үдерістерді басқаруға арналған. Электрлі түрлендіргіш (ЭТ) электр энергиясы желісін тұрақты және ауыспалы токтың реттелуші кернеуіне түрлендіруге арналған.Электр механикалық түрлендіргіш (ЭМТ) – электр энергиясын механикалыққа түрлендіруге арналған.Механикалық түрлендіргіш (МТ( қозғалтқыштың айналу жылдамдығын, сонымен қатар қозғалыс сипатын (үдемеліден айналушыға немесе айналушыдан үдемеліге) өзгерте алады.Тетіктердің жұмыс органдарына қозғалтқыштан энергия беру тәсіліне байланысты электр жетектері топтық, жеке немесе көп қозғалтқышты болып бөлінеді. Топтық деп трансмиссия көмегімен бір қозғалтқыш жұмыс машиналарының тобын немесе бір машинаның жұмыс органдарын қозғалысқа келтіретін электр жетектері аталады.Жеке деп қозғалтқыш машинаның тек бір жұмыс органын қозғалысқа келтіретін электр жетегін атайды. Жеке жетек топтықпен салыстырғанда жұмыс машинасының кинематикалық сызбасын қарапайымдандыруға мүмкіндік береді. Кейде қозғалтқыш тетікті жұмыс органымен бір тұтастыққа біріктереді.Көп қозғалтқышты – өзара байланысқан ЭТ, ЭМТ күрделі тетіктердің жұмысын немесе жалпы белдігінің жұмысын қамтамасыз ететін электр жетегі.Өзара байланысқан – бір немесе бірнеше ЭМТ немесе ЭТ белгіленген ара-қатынасты немесе жылдамдық теңдігін, немесе жүктемесін, немесе жұмыс тетігінің (ЖТ) атқарушы органдарының күйін сақтау мақсатында бір-бірімен электрлі немесе механикалық байланысқан электрлі жетек.Электрлі белдік – механикалық байланыстары жоқ ЖТ жылдамдықтарының тұрақтылығы үшін екі немесе бірнеше ЭМТ электр байланыстары пайдаланылатын өзара байланысқан ЭТ.Электржылулық қондырғылар. Өнеркәсіпте әр түрлі электржылулық қондырғылар кең қолданылады – кедергі электр пештері (2.2-сурет) индукциялы балқытушы және қыздыратын қондырғылар, қыздыратын бекеттер, кіріктірілетін кейбір өндірістік агрегаттар (суытып қатайту және цементтеу, пісіру және дәнекерлеу, пластик массаларды қыздыруға және т.б. арналған шыңдау).Электр энергиясын жылуға айналдыру тәсілі бойынша электржылулық қондырғылары бөлінеді:■белсенді кедергімен қыздырылатын токты қондырғылар;■индукциялы қондырғылар;■доғалы қондырғылар;■диэлектрлік қыздыру қондырғылары.Электрлі қыздыру жанармайлыға қарағанда келесі артықшылықтарды береді:■белгіленген температуралық тәртіпті өте қарапайым және нақты жүзеге асыру;■кіші көлемде жоғары қуат шоғырлануын мүмкіндігі;■жоғары температура алу – 3 000 °С және жоғары (жанармайлы қыздыру кезінде – 2 000 °С); 2.2-сурет. Кедергілі электрлі пеші■жылу өрісінің жоғары біркелкілігін алу мүмкіндігі;■өңделетін бұйымға газдардың ықпалының жоқтығы;■қолайлы ортада (инертті газ немесе вакуум) өңдеу жүргізу мүмкіндігі;■легирлеуіш қоспалардың әлсіз иісі;■алынатын металлдардың жоғары сапасы;■электрлі жылу қондырғыларының механикалануы мен автоматтануының жеңілдігі;■тасқынды желілерді пайдалану мүмкіндігі;■қызмет көрсетуші мамандардың үздік еңбек шарты. Электрмен қызудың кемшіліктері күрделірек түзілімі, орнатудың және алынатын жылу энергиясының жоғары құны болып табылады.Электржылулық құрылғылар әрекет ету принципі, құрылысы және тағайындалуы бойынша әр түрлі. Электрлі пештер мен электржылулық құрылғылар тағайындалуы бойынша балқытылған металлдар мен қорытпаларды қорыту немесе қыздыру үшін балқыту пештеріне және металл бұйымдарын жылулық өңдеуге, пластиктік деформацияланудан материалдарды қыздыруға, бұйымдарды кептіруге және т.б. арналған жылулық (қыздыратын) пештеріне және құрылғыларына бөлінеді.Электр энергиясын жылулыққа түрлендіру тәсілі бойынша кедергінің электр пештері және құрылғылары, доғалық пештер, индукциялы электр пештері мен құрылғыларына бөледі.Кедергі электрпештері мен электржылулық құрылғыларында электр тогы қатты және сұйық денелер арқылы өту кезінде жылу беру пайдаланалады. Осы түрдегі электрпештері қосалқы жылыту пештері ретінде басымдықпен орындалады. Электронды балқыту пештері, вакуумды пештер және қож еріту пештері өте жоғары тазалықтағы және үздік сипатты металлдарды қорыту үшін қолданылады. Олардың қуаты шамамен кедергі пештерінікіндей. Электрмен жабдықталудың талап етілетін беріктігі бойынша бұл пештер балқытатын металлдары өте қымбат болғандықтан жоғары деңгейлі электр қабылдағыштарға жатады. Басқа түрлі электрпештері үшін электрмен жабдықтауды сақтауқажет, өйткені 30 минуттан ұзаққа қорек көзінен ажыраған кезде олар ұзақ мерзімді жөңдеуді талап ететін зақымдарға ұшырауы мүмкін.Электр энергиясын жылуға айналдыру қатты қыздырушы элементтерде жүзеге асады, мұнда жылу сәулелену, булану және жылу өткізу жолдарымен қыздырылатын денеге беріледі немесе жылу тасымалдағышта – балқытылған тұзға қыздырылатын дене батырылып, оған жылу булану немесе жылу өткізу жолымен беріледі. Кедергі пештері электрпештердің ең кең таралған және алуан түрлі түрі.Кедергінің балқыту пештері тез балқитын металлдар мен қоспалардан құю өндірісі кезінде басым қолданылады. Тіке және жанамалы әрекеттегі кедергі пештері доғалық болат балқытатын пештерге қарағанда энергияны аз жұмсайды. Олардың көп бөлігі 2 000 кВт дейін қуатқа ме және 380 В кернеулі желіге қосылады, қуат коэффициенті 1,0 жақын. Кедергі пеші үш фазалық немесе бір фазалық болады. Бір фазалы орындалу кезінде, егер тиісінше шаралар қабылданбаған болса, бұл пештер электрмен жабдықтау жүйесінде жарамайтын бейсимметриялылықтың себебі болуы мүмкін. Балқытушы доғалық электрпештерінің жұмысы жылуды доғалық разрядта белгілеуге негізделген. Электрлі доғада үлкен қуат шоғырланады және 3 500 °С артық температура ұлғаяды. Шойын балқытушы кең-жылулық пештер және түсті металлдарды балқыту үшін жанама әрекеттегі пештер ретінде пайдаланады. Бұл қуатты төмен стандартты емес кернеулі электр қабылдағыштар, олар 6.35 кВ кернеулі айнымалы ток көздеріне, сонымен қатар 110, 154 кВ шинаға арнайы трансформаторлар арқылы жалғанады.Пеш агрегаттарының номиналды қуаты 0,4-тен (0,5 т пештер) 125 MB • А дейін (220 т пештер), келешекте 250 MB • A дейін (360 т пештер) құрайды. Доғалық электрпештерінің үлкен қуаты мен олардың жүктемелерінің шұғыл айнымалы сипаты электрмен жабдықтаудың барлық жүйесінің жұмысына үлкен әсер көрсетеді.Жанама қыздыратын доғалық пештерде доға электродтар арасында жанады, ал жылу балқытылатын денеге сәулелену негізінде беріледі. Осындай түрдегі пештер түсті металлдардан, олардың құймаларынан және шойыннан қалыпқа құю өндірісі кезінде пайдаланылады.Тіке қыздыратын доғалық пештерде электродтардың бірі болып балқитын дене қызмет етеді. Бұл пештер болатты, қиын балқитын металлдарды және құймаларды балқытуға арналған. Тіке қыздыратын доғалық пештерде, ішінара, болаттың үлкен бөлігін қалыпқа салып құю үшін балқытып алады.Индуциялы электрпештері мен құрылғыларда электр өткізгіш қыздырылатын денедегі жылу онда айнымалы электрмагнитті өрісте индукцияланатын токтармен белгіленеді. Осылайша, мұнда тіке қыздыру жүзеге асады.Индуциялы электрпештері мен құрылғыларды бірінші орамы (индуктор) айнымалы ток көзіне қосылған, екінші орам болып қыздырылатын дененің өзі қызмет ететін трансформатор ретінде қарастыруға болады. Индукциялы балқыту пештері құймаларды, соның ішінде болат, шойын, түсті металлдар және қоспалардан қалыпқа құю өндірісі кезінде қолданылады. Қыздыратын индуциялы электрпештері мен құрылғылар пластикалық деформация кезінде дайындамаларды қыздыру және жылулық өңдеудің әр түрін жүргізу үшін пайдаланылады. Индукциялы жылулық құрылғыларды жазық беттерді шыңдау және өзге мамандандырылған операциялар үшін қолданады.Тұрақты токтың электрлі дәнекерлеуші қондырғылары үшін үш фазалы жүйенің 380/220 В кернеулі айнымалы тогы 30... 32 В кернеулі тұрақты токқа түрленеді. Айнымалы токтың электрлі дәнекерлеуші қондырғылары 50 Гц жиілік және 380/220 В кернеу кезінде жұмыс істейді; олар өзге дәнекерлеу үшін дәнекерлеуші трансформаторлар түріндегі бір фазалық жүктеме және түйіспелі дәнекерлеу үшін дәнекерлеуші аппараттар болып саналады. Айнымалы токтағы дәнекерлеу қайталау-қысқа мерзімді жұмыс тәртібімен, фазаның бірқалыпты емес жүктемесімен және қуаттың төмен коэффициентімен (0,3.0,45 – өзге дәнекерлеу үшін; 0,4.0,7 – түйіспелі дәнекерлеу үшін) сипатталады. Электрхимиялық және электролизді қондырғылар. Электрхимиялық өңдеу (ЭХӨ) – электр тогының әсерінен электролитте оның материалының анодты еруі салдарынан дайындама жазық бетінің пішінінің, көлемінің және (немесе) бұдырлығының өзгеруімен байланыстырылатын электр өткізгіш материалдарды өңдеу тәсілі. Электрхимиялық өңдеудің келесі түрлері бар:Электрхимиялық көлемдік көшіру – электрод-аспаптың пішіні дайындамада көрінетін электрхимиялық өңдеу.Электрхимиялық тесу – электрод-аспап дайындамаға тереңдеп тұрақты қима саңылауын түзетін электрхимиялық өңдеу. Ағынды электрхимиялық тігу – электролиттің қалыптасқан ағының пайдаланумен электрхимиялық тесу.Электрхимиялық калибрлеу – жазық бетті оның нақтылығын арттыру мақсатында электрхимиялық өңдеу.Электрхимиялық қайрау – дайындаманың айналуы және электрод-аспаптың үдемелі ауысуы кезінде электрхимиялық өңдеу.Электрхимиялық кесу – дайындама бөліктерге бөлінетін электрхимиялық өңдеу.Қылауларды электрхимиялық жою(ҚЭХЖ) – дайындаманың қылаулары жойылатын электрхимиялық өңдеу.Көп электродты электрхимиялық өңдеу – электр тогының ортақ қорек көзіне қосылған жәәне өңдеу уақытында бір әлеуетте болатын электродтармен жүзеге асырылатын электрхимиялық өңдеу.Үздіксіз электрхимиялық өңдеу – электродтарға кернеу үздіксіз беріліп тұрған кездегі электрхимиялық өңдеу.Импульсті электрхимиялық өңдеу – электродтарға кернеу мерзімді беріліп тұрған кездегі электрхимиялық өңдеу.Циклді электрхимиялық өңдеу – электродтардың біреуі белгіленген циклограммаға сәйкес орын ауыстырған кездегі электродтарға кернеу үздіксіз беріліп тұрған кездегі электрхимиялық өңдеу, сонымен қатар ЭХӨ қоса алғанда, электрфизикалық-химиялық өңдеулердің (ЭФХӨ) басқа аралас түрлері.Су, ерітінділер, түсті металлдардың құймаларының электролизі үшін электролиттік ванна; газда электрхимиялық үдерістерді орнату; гальвании жабындылары (мыстау, никельдеу, хромдау, мырыштау және т.с.с.) үшін ванналар үш фазалы айнымалы токты түзететін түрлендіруші аралық станциядан келетін тұрақты токта жұмыс істейді. Электролиттік үдеріс кернеуді реттеп тұру үшін қажетті түзетілген токтың тұрақтылығын үнемі талап етеді. Мұндай қондырғылардың қуаттылық коэффициенті 0,8 ...0,9 құрайды.Электролиздеушілердің жұмыс шарты бойынша электрмен жабдықтауда бірнеше сағатқа үзіліс жасауға болады. Алайда, электролиздеушілерде кері ЭҚК шартталған ванна ерітіндісіндегі металлдың кері орын ауыстыруынан өнімнің толық шығарылмауы және электр энергиясының артық шығыны орын алады. Сондықтан электролизді қондырғыларды электрмен жабдықтауді екі қорек көзінен жүзеге асыру міндеттеледі. Металл жабындыларын және қалайылауды электрхимиялық орнату электрмен жабдықталу беріктігі бойынша І деңгейлі жүктемеге жатады. Бір электролизді қондырғының қуаты 100.130 мВт-қа жетеді.Электрстатикалық өрістерді орнату электрбояу кезінде тамшылардың бағытталған қозғалысын құру, электрсүзгіштердің көмегімен газдағы өлшенген қатты бөлшектерді аулау (түтін газдарын тазалау), көлемімен және электрөткізгіштігімен ерекшеленетін сұйық және газ қоспаларын бөлу. Мұндай қондырғыларды қоректендіру 0,4 кВ кернеулі желіден жүргізіледі, бірақ қондырғы ішінде кернеу ұлғаяды. Қондырғының қуаты бірнеше жүз киловатты құрайды.Металлургия, машина жасай, мата, тау-кең, химиялық және басқа салаларда өнеркәсіптік емес айнымалы токта 50 Гц жиілікті үш фазалы айнымалы токты түзету үшін күштік түрлендіруші қондырғыларын кең пайдаланады. Түрлендіруші қондырғыларды тағайындалуы бойынша білдек пен тетіктердің электрқозғалтқыштарын, электржылу қондырғыларды, электролизді ванналарды, электрсүзгішті, дәнекерлеуші қондырғыларды және тұрақты токтың цехтық желілерін және т.б. қоректендіруде пайдаланылады.Токты түрлендірушілердің түріне байланысты түрлендіруші қондырғылар қозғалтқыш-генераторлы, сынапты түзегіштер, механикалық түзеткіштермен, сонымен қатар жартылай өткізгіш түрлендіргіштер мен агрегатта мен құрылғылар болып бөлінеді.Электр энергиясын қабылдайтын тағы бір топ қол: электр бұрғылар, электр бұранда алғыштар, электр құбыр кескіштер, электр сүргілер, қол электр аралары, электр балғалар, тереңдік вибраторлар және т.б. электр аспабы болып табылады. Олар ерекшеленеді: ■жоғары ҚСК;■қарапайым құрылғысымен■пайдаланудағы беріктік және қарапайымдылық.Кейбір қол электр аспаптарының атаулы қуаты 0,27-ден 1,50... 1,60 кВт дейін құрайды.Электр құрылғының жұмыс тәртібі. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың көптеген ЭТ үшін тән үш негізгі жұмыс тәртібін ажыратады: жалғасымды, қысқа мерзімді және қайталанған қысқа мерзімді.Жалғасымды тәртіп (2.3-сурет) – біршама ұзақ уақытқа жалғасатын ЭТ жұмыс тәртібі,қоршаған орта температурасынан барлық бөлшектерінің қызуы, тиісінше бекітілген Торн шамасына қызады.Жалғасымды тәртіпте көптеген сорғылардың, сығымдағыштардың, ауа желдеткіштердің, үздіксіз көлік тетіктерінің, қыздыратын пештердің және т.б. электр жетектері жұмыс істейді.Күштік (қозғалтқышты) жүктеме және электр пештері үшін ЭТ атаулы қуатың, кВт, төлқұжат деректері бойынша қабылдайды: Ратау. ЭТ – Ртөлқ (2.2)Рпеш.атау. — Ртөлқ. (2.3)           2.3-сурет. Жалғасымды жұмыс тәртібінің кестесі 2.4-сурет. Қысқа мерзімді жұмыс тәртібінің кестесіЭлектр қондырғыларының түзеткіштері үшінРАа.қ.атау. — ^төлқcos фтөлқ* (2.4)Қағида бойынша, электр қондырғысының түзеткіші үшін cosj = 0,57.Қысқа мерзімді тәртіп (2.4-сурет) ЭТ желіден ажыратумен жұмыс мерзімінің азғантай уақытымен және ұзақ үзіліспен сипатталады. Әйтпесе, жұмыс мерзімі шектелген жалғасымдылықққа ие, электр құрылғы температурасының қоршаған орта температурасынан артуы кезінде рұқсат етілген шектік шамаларға жетуге үлгермейді, ал жұмыс кезеңдері арасындағы үзілістердің жалғасымдылығы тым жоғары, мұнда электр құрылғы қоршаған орта температурасына дейін суып үлгереді. Қысқа мерзімді тәртіпте металл кесетін станоктардың қосалқы тетіктері, әр түрлі жапқыштардың, ысырмалардың электр жетектері жұмыс істейді, мұнда үзіліс жұмыстың ұзақ кезеңінен әдеқайда артық болады. МЕМСТ 183 — 74** бойынша ЭТ жұмыс кезеңдерінің ұзақтығы 10, 30, 60 және 90 мин қысқа мерзімді тәртіпте өзгермейтін атаулы жүктемемен (егер стандарттарда және техникалық шарттар да өзгесі қарастырылмаса) қабылданады.Қайта-қысқа мерзімді тәртіп (2.5-сурет) – жұмыстың қысқа мерзімдері үзілістермен кезектесіп келіп отыратын тәртіп. Сонымен бірге жұмыс кезеңдері электр қондырғыларының қызу температурасының артуы қоршаған орта температурасымен t орнатылған шамаға торн жетуі мүмкін болатындай ұзақемес, ал үзіліс уақытында электр қондырғы қоршаған орта температурасына дейін салқындай алмайды. Көптеген циклдер нәтижесінде электр қондырғылардың температурасы кейбір орнатылған орташа шамаға хорт жетеді. 2.5-сурет. Қайта-қысқа мерзімді тәртіптің кестесіҚайта-қысқа мерзімді тәртіпте көтеру-тасымалдау құрылғылары тетіктерінің электр жетектері, илемдік орнақтың жетегі, нүктелік пісіру үшін электр дәнекерлеу аппараттары және т.с.с. жұмыс істейді. Қайта-қысқа мерзімді тәртіптің қабылдағыштары қосылудың салыстырмалы ұзақтығымен (ҚҰ), %, сипатталады, құрайды, мұнда ^ - жұмыс кезеңі, мин; £о — өшірілу кезеңі (пауза), мин; f4 — барлық цикл уақыты, мин.ЭТ үшін қайта-қысқа мерзімді тәртібі үшін төлқұжатта белгіленген қайта-қысқа мерзімді тәртіптің қуаты жалғасымды тәртіптің атаулы қуатына Ратау, кВт,келтірілуі керек, ҚҰ= 100 % кезінде: Ртөлқ электр қабылдағышының төлқұжаттық қуаты, кВт; ҚҰтөлқ – қосылудың төлқұжаттық ұзақтығы, сал.бірл.Дәнекерлеуші машиналар мен электр пештерінің трансформаторлары үшін төлқұжаттық қуат толық қуаттылықтың өлшем бірліктеріндегі атаулы белсенді қуат, кВт, құрайды:Ратау Sтөлқ/ҚҰтөлқ Фтөлқ' (2.7)мұнда 5төлқ – трансформатордың төлқұжаттық қуаты, кВ - А; ҚҰтөлқ және cos Фтөлқ – қосылу ұзақтығы және cos ф төлқұжаттық шамасы.   ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ СЕНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ САПАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК  Электр энергиясын қабылдағыштардың қысқыштарындағы электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету – электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау және пайдалану үдерісінде шешілетін едәуір күрделірек міндеттердің бірі. Электрмен жабдықтау жүйесінде қуатты электр қозғалтқыштарының, құралы түрлендіргіштердің және басқа қабылдағыштардың шұғыл айнымалы жүктемемен пайда болуы энергиямен жабдықтау жүйесімен олардың электр магнитті үйлесімділікпен мәселесін тудырды, сәтті шешім осы қабылдағыштардың, сонымен бірге сол жүйеге (жарықтану, жұмыстың ұзақ мерзімді электр қозғалтқыштары және т.б.) қосылған қалыпты жүктемелі қабылдағыштармен рационалды жұмысты қамтамасыз етеді Электр энергиясы сапасының көрсеткіштері МЕМСТ 13109 — 97 «Электр энергиясы. Техникалық құралдармен үйлесімділік электрмагниттік. Жалпы мақсаттағы электрмен жабдықтау жүйелеріндегі электр энергиясы сапаларының нормасы» талаптарына сай реттеледі..Айнымалы токтың үш фазалы желілері үшін электр энергиясының сапа көрсеткіштеріне жатады:■кернеудің ауытқуы;■кернеудің теңселуі;■кернеудің симметриялық емес және ұшқалақтық коэффициенттері;■кернеудің бейсинусоидтық коэффициенті;■жиіліктің ауытқуы;■жиіліктің теңселуі.Тізбектелген параметрлердің көрсетілген стандартқа сәйкестігі өнім шығарылымының ұлғаюына және өндірістің жалпы табыстылығына ықпал етеді. Кернеудің ауытқуы 5Uy – бұл кернеудің шынайы шамасы U мен оның кернеудің өзгеріс жылдамдығы секундына 1 % аз болғанда, жұмыс тәртібінің салыстырмалы баяу өзгерісі кезінде пайда болатын желі үшін атаулы шамасы иа арасындағы айырмашылық:  Кернеу төмендеген кезде жылжу ұлғаяды және өнеркәсіпте қолданылатын негізгі электр қозғалтқыштар болып табылатын асинхронды қозғалтқыштардың айналу жиілігі азаяды. Асинхронды қозғалтқыштың айналу сәті кернеудің квадратына пропорционалды, сондықтан кернеудің төмендеуі кезінде жүктемемен қозғалтқыштардың іске қосылуы мен өздігінен іске қосылуы қиындайды. Осымен байланысты басқару бекеті -5-тен +10% дейін электрқозғалтқыштардың қысқыштарында кернеудің ауытқу шегі бекітілген.Кернеудің өзгерісіне косинусты конденсаторлар аса сезімтал. Олардың реактивті қуаты жеткізілетін кернеудің квадратына пропорционалды. Кернеудің конденсатор қуатының 10% төмендеген кезінде атаулыдан 81 % дейін төмендейді. Кернеудің 10 % артуы конденсатордың реактивті қуаттылығын 121 % дейін ұлғайтады және оның жүктемесінің шектен тыс артуына алып соғады, сондықтан конденсаторлар үшін кернеуді 10 %-дан көп емес артуына рұқсат етіледі.Кернеудің ауытқуы дәнекерлеудің сапасын нашарлата отырып, электрдәнекерлеу қондырғыларының жұмысына едәуір ықпал етеді. Бұл үдерісті ақылды жүргізу үшін дәнекерлеуші қондырғылардағы кернеудің ауытқуы ±5 % аспауы керек.Кернеу сапасының жоғары талабы жарық қондырғыларына қойылады. Кернеудің ауытқуы кезінде шамдардың қызу жарық күші және оның қызмет ету мерзімі өзгереді. Жарық күші үшінші дәрежедегі кернеудің өзгерісіне пропорционалды өзгереді. Кернеудің 10 % артуы шамдардың қызмет ету мерзімін шамамен 3 есеге азайтады.МЕМСТ 13109 – 97 сәйкес электржарықтандырғыш аспаптардың қысқыштарында -2,5-тен +5 %-ға дейін кернеудің ауытқуы рұқсат етіледі.Кернеудің ауытқуы V деп желідегі кернеудің өзгеріс жылдамдығы секундына 1 % аз болғанда кернеудің ауытқуы болады:V = UmsK - Umіn, (2.9)мұнда Umax және Umіn — атаулы шамадан % қысқа мерзімді оның өзгеріс үдерісінде сәйкесінше максималды және минималды әрекеттегі кернеулер.Кернеу ауытқуы олардың пайда болу жиілігімен шектеледі. Көзбен қабылдау үшін біршама қауіпті болып пайда болуы 1... 10 Гц шегінде болатын кернеу жиілігінің ауытқуы саналады. V рұқсат етілген шамасы, соның ішінде, шамамен 1 % құрайды.Үш фазалы жүйенің кернеуі мен тогының бейсимметриялығы – электрэнергиясының сапасының маңызды өлшемдерінің бірі. Кернеу мен токтың бейсимметриялығының пайда болу себебі – электрмен жабдықтау жүйесінің әр түрлі бейсимметриялы тәртіптері. Бір фазалы қондырғылардың айтарлықтай қуатының әр түрлі түрлерінің кең қолданысы бейсимметриялы жүктемелер үлесінің біршама артуына алып келді. Осындай қуатты бейсимметриялы бір фазалы жүктемелердің үш фазалы желілерге жалғануы электрмен жабдықтау жүйелерінде кернеу мен токтың бейсимметриялылығын сипаттайтын ұзақ бейсимметриялы тәртіпті тудырады.Электрмен жабдықтау жүйелерінде қысқа мерзімді (апаттық) және ұзақ (пайдаланушылық) бейсимметриялы тәртіптер ажыратылады.Электр желілері элементтерінің бейсимметриялылығымен шартталған кернеу мен токтардың бейсимметриялылығы бойлық деп аталады. Бойлық бейсимметриялықтың мысалы ретінде әуе желілерінің толық емес фазалы тәртіптерін айтуға болады. Сонымен қатар бейсимметриялық электр беретін арнайы жүйелерге тән:екі сым – жер (ЕСЖ); екі сым – рельстер (ЕСР), екі сым – құбыр (ЕСҚ) және т.с.с.Көп және бір фазалы бейсимметриялы жүктемелер желісіне қосылумен туындаған кернеу мен токтың бейсимметриялылығы көлденең деп аталады.Бейсимметриялық кернеудің бейсимметриялық коэфициентімен (Кк, %) – атаулы сызықтық кернеуге U1 негізгі жиіліктің кері U2 бірізділігінің кернеуі қатынасында:  сонымен қатар кернеудің ұшқалақтық коэффициентімен (KOU, %) – атаулы фазалық кернеуге ик негізгі жиіліктің ин нөлдік бірізділігіне қатынасында: сипатталады.Кернеудің бейсимметриялық коэффициенті электр энергиясы сапасының мөлшерленген көрсеткіші болып қызмет етеді. МЕМСТ 13109 — 97 Кк < 2 % сәйкес электр энергиясының кез келген үш фазалы қабылдағышының қысқыштарына ұзақ рұқсат етілген. Бейсимметриялық коэффициенті қашан үлкен болған жағдайда, оны төмендетуге арналған шаралар қабылдануы керек.Кернеу мен токтың пішінінің қисық бейсинусоидалығы да электр энергиясының сапасын анықтайды. Электр энергиясының сызықтық емес вольт-амперлік өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру қажеттіліктерімен шартталған сипаттағы қабылдағыштарының кең ендірілуі желі тәртібінің электрлі параметрлерінің осы қабылдағыштарға теріс әдістеріне соқтырған. Сызықтық емес вольт-амперлік сипаттағы электрмен жабдықтау элементтеріне шұралы түрлендіргіштер (сынапты және жартылай өткізгіштікті), электрдәнекерлеуші қондырғылар, жарықтың газразрядты көздері, сонымен қатар трансформаторлар мен электрқозғалтқыштар жатады.Бұл құрылғылардың сипаттамалық айрықшалығы – олардың бейсинусоидты ток желісінен бейсинусоидты кернеу қысқышынан тұтыну.Жоғары үйлесімділікті токтар желі элементтері бойынша келіп осы элементтердің кедергілерінің кернеуін төмендетуін тудырады, кернеудің негізгі синусоидына сүйене отырып қисық кернеу пішінінің бұзылуына алып соқытырады.Желі кернеуінің бейсинусоидалдылық деңгейін кернеудің бейсинусоидалдылық коэффициентімен Ксе, % сипаттау қабылданған, өзімен бірге негізгі жиіліктің кернеуіне бейсинусоидалдылық кернеуінің үйлесімді құрамдауышының әрекеттегі шамасының қатынасын көрсетеді:мұнда Uv, U1 — әрекеттегі шамалар тиісінше v-ші және 1-ші кернеу үйлесімі.Электр қабылдағыштардағы қисық кернеу пішіні МЕМСТ 13109 — 97 сәйкес мөлшерленеді, ол кернеудің әрекеттегі шамаларын барлық жоғары үйлесімдерде әрекеттегі кернеу шамасынан негізгі жиіліктің 5 % көп емес ауытқуына рұқсат етеді. Кернеуге жоғары үйлесімдер ықпалының төмендеуі үшін күштік сүзгілер қояды, түзету фазаларының санын азайтады.Орнатылған тәртіпте жиілік барлық энергетикалық жүйеде (айнымалы ток желілерімен байланысқан) белдеу және генераторлардың айналу жиілігімен анықталады. Соңғысы, өз кезегінде, бірінші қозғалтқыштар – турбиналардың айналу жиілігімен анықталады, ол жоғары (5% дейін) инерцияға ие айналыс жиілігінің арнайы реттеушісіне ие. Бұл турбинаның айналу жиілігі оның белдігінің механикалық жүктемесіне тәуелді және энергия тасымалдағыштың (бу, су) шығынымен анықталады. Турбиналардың электрлі жүктемесі үздіксіз өзгеріп отырады, сондықтан генераторлардың (турбогенераторлардың) айналу жиіліктері де өзгеруі керек. Жүктеме өсімі кезінде айналу жиілігі (және желі жиілігі) төмендейді, ал азайған кезде көбейеді.Қазіргі уақытта қорек көздерінің апаттық жағдайда өшірілу уақытында энергетикалық сызбаларда жиілік ауытқуының рұқсат етілген құлашы азырақ жауапты тұтынушыларды өшіріп тастайтын жиілік бойынша апаттық автоматты жеңілдету (ЖААЖ) құрылғысымен қамтамасыз етіледі.Әр жекелеген жағдайларда электр энергиясының сапасы параметрлерін мөлшерлеу әр қилы шешіледі. Электр энергиясы сапасының көрсеткіштерінің барлық дерлігі электр қабылдағыштар өнеркәсіптерде тұтынылатын реактивті қуатталыққа тәуелді болады. Сондықтан электр энергиясы сапасы туралы сұрақтарды реактивті қуат компенсациясы сұрақтарымен тікелей байланысты қарастыру қажет. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі – бұл электрмен жабдықтау жүйесінің кәсіпорынды электр энергиясының жақсы сапасымен, өндіріс жоспарын бұзбай, электрмен жабдықтауда апаттық үзілісті болдырмай қамтамасыз ету қасиеті.Өзінің физикалық табиғаты бойынша сенімділік бас тартулары мен басқа сипаттары кездейсоқ сипатқа ие, сондықтан электр қондырғыларының сенімділік деңгейін немесе қазіргі заманғы шарттарда электрмен жабдықтау сызбасын сандық бағалау кезінде ықтималдылықтар теориясының математикалық аппараты мен математикалық статистиканы кең пайдаланады.ЭҚЕ сәйкес (2010 ж., 6, 7-шығ. 1.2-тарау) электрмен жабдықтаудың сенімділігі қатынасында ЭТ үш деңгейге бөлінеді.Бірінші деңгейдегі электр қабылдағыштар – бұл өзімен адамдардың өміріне қауіп төндіруі, шаруашылыққа едәуір шығын, қымбат тұратын құрылғыға зақым келтіретін, өнімнің көпшілік жарамсыздығын, күрделі технологиялық үдерісті бүлінуін, коммуналдық шаруашылықтың аса маңызды элементтерінің қызметтерін бұзатын электрмен жабдықтаудағы ЭТ үзілісі. Бірінші деңгейлі ЭТ екі бір-бірінен тәуелсіз қорек көздерін өзара қорға сақтайтын электр энергиясымен қамтамасыз етілуі керек және олардың электрмен жабдықтау үзілістері тек қоректі автоматты қайта қалпына келтіру кезінде ғана мүмкін (2.6-сурет).2.6-суретте келесі белгілер келтірілген: ҚАҚҚ – қорды автоматты қосу құрылғысы; ҚТАЖ – құрылғыны ток бойынша автоматты жеңілдету; ТЗШ — төмен зақымдалу шинасы; ҮП — үлестіргіш пункт; ЖТ – жарықтандыру (жұмыс) тұстамасы; Q — жоғары кернеулі күштік ажыратқыш; Т — үш фазалы трасформатор; QF — автоматты ажыратқыш.Бірінші дәреже құрамынан электр қабылдағыштадың айрықша тобы ерекшеленеді, олардың үздіксіз жұмысы адамдардың өміріне туатын қауіпті, жарылыстардың, өрттердің және қымбат жабдықтардың зақымдануының алдын алу үшін өндірісіті апатсыз токтату үшін қажет. Бірінші дәрежелі ЭҚ айрықша тобын электрмен жабдықтау үшін үшінші тәуелсіз өзара сақтық нәрелену көзінен қосымша қоректенуді қарастыру қажет (жергілікті электр стансалары, энерожүйелердің электрстанциялары, үздіксіз қоректенудің арнайы жабдықтары және т.б.). Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың бірінші дәрежесімен жабдықталатын электр жабдығының мысалдары болуы мүмкін: таратқыш крандардың электр қозғалтқыштары,шойын балқытшықтарды үрлеуге арналған желдеткіштердің жетегі, доғалық бболат балқытқыш пештердің мехнизмдерә, таратқыш крандар, өрт сөндіргіш сорғыштар және т.б.Екінші дәрежелі электр қабылдағыштары — электр жабдықтаудағы үзілісі жаппай өнімдердің кемістігіне, жұмысшылардың, мехнизмдердің және өнеркәсіптік көліктердің тұрып қалуына, қалалық және ауыл шаруашылық тұрғындардың көбінің тұрақты тіршілік әрекетіне кедергі келтіретін ЭҚ. Екінші дәрежелі электр қабылдағыштарды екі тәуелсіз өзара сақтық нәрлену көздерінен қамтамасыз ету ұсынылады (2.7. сурет). Екінші дәрежелі ЖҚ үшін кезекші қызметкер немесе жедел тобының әрекетімен сақтаулы қоректендіруді қосуға қажет уақытқа үзіліс жіберіледі.Екінші дәрежелі ЭҚ бір ӘЖ арқылы, оның ішінде, егер осы желі бойынша 1 тәуліктен аспайтын уақытта апаттық жөндеу жүргізу мүмкіндігі қамтамсыз етілсе, кабелдік қосу арқылы қоректендіру жіберіледі. Екінші дәрежелі ЭҚ бір трансформатордан, егер осы трансформаторды 1 тәуліктен аспайтын уақытта ауыстыру мүмкіндігі болса (қоймадағы қор болса) қоректендіруге болды. Сенімділіктің екінші дәрежелі электр жабдықтаудың электр құралдарының мысалы мыналар: желдеткіштер, металды салқындай өңдеу білдегі, термиялық өңдеу пештері, білдектер, электраралары.Үшінші дәрежелі элеткр қабылдағыштары — бұл екінші және үшінші дәреженің анықтмаларына жатпайтын барлық басқа электр қабылдағыштары.Үшінші дәрежелі электржабдықтау ЭҚ егер электр жабдық жүйесінің жөндеу және ақауланған бөлшекті ауыстыруға 1 тәуліктен аспаса, бір қоректену көзінен мүмкін (2.8. сурет)Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділіктің үшінші дәрежелі электр жабдықтаудың электр құралдарының мысалы ретінде қызмет етуі мүмкін: желдеткіштер, металды суықтап өңдеу білдегі, термиялық өңдеу пештері, білдектер, электраралары, соғушы болға, баспақтар, қыздыру және термиялық өңдеу пештері.  КЕРНЕУІ 1000 В ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ АТҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ. Кернеуі 1000 В дейінгі электр желілері шинасымдармен, кеблдік желілермен, қошауламаланған және оқшауланбаған сымдармен орындалады. Шинасымдар бірқатар артықшылықтарға ие:жеңіл орын ауыыстыру немесе алмастыру; бұтақтану ұзындығының өзгеруі; құрылыс жұмыстарынан кейін электр монтаждауды жүргізу мүмкіндігі; мөен баға және электрмонтаждау жұмыстарының жылдамдығы; шинасымдарды науашаларды, сымдарды, кабелдерді, шамдарды ілуге тартуға қолдану мүмкіндігі; жартылай демонтаждау немесе шинасымдарының жаңа секцияларын қосу арқылы желілерді аздаған қайта құрылымдау мүмккіндігі; секциялар мен өзге түйіндерді көп рет қолдану мүмкіндігі. Үйлестіруші шинасымдары бар кабелдік желілердің Магистрал сызбасы (2.9 сурет) бір технологиялық желідегі немесе цехтің аумағында біркелкі үйлестірілген қабылдағыштарды қоректендіруде  2.9. сурет. Магистралды сызбақолданылады.Магистралдарды кабелдермен, сымдармен, шинасымдармен орындайды және қосалқы станцияның бөліп таратқыш қалқанына немесе трансформатор-магистрал сызбасында тікелей трансформаторға қосады. Магистралды сызба радиалдыға қарғанда аздап сенімсіз, себебі, магистралдың зақымдануынан оған қосылған барлық тұтынушылар өішріледі. Желі бойынша сақтықты қолдану бұл жетіспеушіліктің орнын толытрады. Кейбір жағдайларда магистралды желінің екіжақты қоректенуі мүмкін. Радиалды сызбалар (2.10 сурет) жоғары сенімділікке ие. Осы сызбалар бойынша электр беру қоректену көздерінен «радиус» бойынша БТП немесе трансформаторлық қосалқы станциялар (ҚС) өтеді. Сызбаның жетіспеушілігі, қоректендіруші желінің апаттық өшу кезінде тұтынушылардың ауқымды тобы токсыз қалуы мүмкін. Бұл кемшілік сақтықты қолдану арқылы жойылады. Таза күйінде реадиалды және магистралды сызбалар сирек қолданылады. Кең тарауға аралас сызбалар (2.11 сурет) ие, оларда екі жақтың артықышылықтарын тиімді қолдануға мүмкіндік беретін магистралды сызбалардың элементтері бар.       2.11 сурет. Аралас сызбаW1 желісі — радиалды, W2 — магистралды, П1 ...П3 — тұтынушылар.  ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕЛЕРІНІҢ СЫЗБАЛАРЫ  Жүктеме сызбасы дегеніміз, белгілі бір уақыт аралығындағы жүктеме өзгерістерін көрсететін қисық сызық, ол қосалқы станциялардың негізгі құралдарын (трансформаторлар, өтемдеуші құрылғылар, кабелдер) дұрыс таңдауға және олардың жұмыстарыныңең үнемді режимін белгілеуге көмектеседі. Жұмыс істеп жатқан кәсіпорын жағдайында электр жүктемелерінің сызбалары баламалы өндірістердің электр жабдықталуын жобалауға арналған электр жүктмелерінің көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Бекітілетін көрсеткіштер түріне қарай электр жүктемелерінің сызбалары белсенді, реактивті, толық қуатты және токты болуы мүмкін. Қарастырылатын аралықтардың ұзақтығына қарай олар тәуліктік, кезеңдік және жылдық болып бөлінеді. Тәуліктік кесте (2.12 сурет) жүктемелердің тәулік бойына өзгерісін көрсетеді. Оларды активті және реактивті энергия есептегіштердің сағат сайын немесе жарты сағат сайынғы (жүктеменің жарты сағаттың ең жоғарғы көрсеткішін алу үшін) көрсеткіштері бойынша құрастырады. Жобалауда нақты өнідіріс түріне тиесілі үлгілік тәуліктік кестелерін, олардың ең жоғарғы тәуліктік жүктемесіне бірлікке немесе 100 % қабылданған, ал басқа жүктемелер бірлік үлесімінде немес пайыздарда көрсетілген. Нақты тәуліктік кестен құру үшін ең жоғарғы жүктемені білу және үлігік тәуліктік кесте болуы тиіс. Активті және реактивті жүктемелердің тәуліктік кестелеріне сипатталады: тәулігіне ең жоғарғы активті (реактивті) жүктемесімен P 'max (Q 'max), кВт (токсан), ең қарбалас ауысымдағы активті жүктеменің максимумымен Pmax, кВт, тәуліктегі активті (реактивті) энергияның шығынымен W^ (V ), кВт-ч (квар-ч), ең қарбалас ауысымдағы активті (реактивті) энергияның шығынымен Wcu (VCH), кВт - ч (квар - ч).Барлық қолданылатын жұмыс электр қабылдағыштарының осы сипатты көрсеткіштерін қолдана отыра және жалпы номиналды қуатын біле отыра (Ри, кВт), тәулік кестеге тиесілі көрсеткіштерді анықтауға болады:■Тәулік бойынша орташа активті жүктеме Рсут, кВт:■ ■Ең қарбалас ауысымдағы орташа активті жүктеме Рсм, кВт: ■ ең қарбалас ауысымдағы номиналды қуатты қолдану коэффициенті Рн  Зерттеу орны немесе энергожүйе элементі бойынша кестелер келесідей топтарға бөлінеді: электр станциялардың шиналарында анықталатын тұтынушылардың жүктемесінің кестесі; аудандық және тораптық қосалқы станцияларда анықталатын жүктемелерді желілік кестесі; энергия жүйесінің жүктемесінің кестесі;Сурет 2.13. Жылдық жүктің графигіПотребление - тұтыныс. Январь – қантар, февраль – ақпан, март – наурыз, апрель – сәуір, май – мамыр, июнь – маусым, июль – шілде, август – тамыз, сентябрь – қыркүйек, октябрь – қазан, ноябрь - қараша, декабрь - желтоксан            электр станцияларының жүктемелерінің кестесі.Жылдық жүктеме кестелерінің (2.13 сурет) негізгі мәні – электр станцияларының қажетті қуаттылығының көлемін анықтау, жабдықтардың жөндеуін жоспарлау. Ең кең қолданылатыны жүктемелердің айлық максимумдарының кестесі (2.14 сурет), ол максималды жүктемелердің айдан кейінгі өзгерістерін белгілейді. Айлық максимумның көлемі аталған айға тәуліктік жүктемелердің белгілерінен ең көбі ретінде қарастырылады. Айлық жүктемелердің максимумының аталған кестесінің конфигурациясы жаз айларындағы «құлаумен» сипатталады, бұл қыстары суық және өнеркәсіптік жүктемесі артықшылықтары бар аудандарға сипатты. Жазы ыстық аудандар үшін жылдық жүктемелердің максимумы жаз айларына келуі мүмкін (ауа желдетуге электр энергиясын көп тұтыну және төмен өнеркәсіптік жүктеме).   ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ 1 ШАРШЫ КЕРНЕУІ ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕЛЕРІН ЕСЕПТЕУЖелілердегі кернеуі 1000 В дейінгі электр жүктемелерін анықтауда (күш шкафы, магистралдар, шинасымдар) есептеудің келесідей дәйектілігі сақталады:және де олардың орташа активті және реактивті жүктемелерін қосып есептейді;2)Топтық қолдану коэффициентін Ки қуаттың орташа алынған коэффициентін cosj анықтайды;3)Электр қабылдағыштардың тиімді санын анықтайды пэ;4)әр түрлі қолданыс көрсеткіштеріндегі активті қуаттылықтың көрсеткіштерінің тәуелдігінің қисықтары бойынша максимум көрсеткішіні анықтайды Kmax, ал сонан соң есептік активті қуатын Рр және есептік реактивті қуатын анықтайды Qp;5)егер аталған есептк түйінде тұрақты жүктемесе кестесі бар электр қабылдағыштар болса, онда сомалық номиналды қуатын және осы электр қаылдағыштарының орташа жүктемесін анықтайды;6)түйін бойынша жалпы есептік күш жүктемесін ауыспалы кестесі барэлектр қабылдағыштарының максималды жүктемелері мен тұрақты жүктеме кестелері бар электр қабылдағыштарының жүктемелерін қосу арқылы табады;7)толық күш жүктемесін, есептік (жарты сағаттық) және ең жоғарғы токты анықтайды.Қордағы және қысқаша уақытта жұмыс жасайтын электр қабылдағыштардың (сорғытқы сорап, тиек, шұра және тебе)жүктемелерін орташа жүктемелерді есептеуде ескермейді.Трансформаторды таңдауда 1000 В кернеуде орташа және ең жоғарғы жүктемелерді іспеттес анықтайды, тек кернеуі 1000 В дейінгі жарықтандырғыш жүктемелер мен статикалық конденсаторларды ескере отыра. Кернеуі 1000 В астам желілерде бөлек түйіндердің электр жүктемелері – бөліп таратқыш пункттердің және басты төмендеткіш қосалқы станциялардың (БТҚС) – бұрын келтірілген әдістеме арқылы анықтау да мақсатты. При пэ > 200 және Ки кез-келген мәнінде, және де Ки > 0,8 және пэ барлық мәнінде Рр = Рсм қабылдауға болады. Есептеуді келесідей ретпен жүргізеді:1)аталған БТП желісіне қосулы кернеуі 1000 В дейінгі барлық электр қабылдағыштардың номиналды қуаттарын және олардың орташа жүктемелерін бір қосады;2)ең үлкен электр қабылдағышының номиналды қуаттылығын анықтайды;3)опэ, Kmax, cos j, Рр жәнеQpанықтайды;4)егер кернеуі 1000 В астам, тұрақты дерлік жүктеме кестесі бар электр қабылдағыштары болса, онда олардың деректері (саны, номиналды қуаттары және орташа жүктемелері) электр қабылдағыштары бойынша деректердің астына жазылады;5)жарықтандыру жүктемелерін бөлек сомалайды;6)күш трансформаторларындағы жоғалуларды қосады. Цех трансформаторларындағы жоғалуларды анықтамаларда көрсетілген есептік қисықтар бойынша анықтайды немесе цехтік ретінде қолданылатын қуаттылығы 1600 кВ-А дейінгі трансформаторлардың толық жүктемесінде, тең деп қабылдайды :■мысты жоғалту ∆Р, кВт,∆Р = (0,020.,.0,025)S; (2.16)■магниттеуге болаттағы жоғалтулар АО, кВар,∆ Q = (0,105.,.0,125)S; (2.17)7)орташа және ең жоғарғы күш жүктемелерінің, жарықтандыру жүктемелердің және трансформаторлар секцияларындағы жоғалулардың қорытынды нәтижелері есептеледі;8)жалпы БТП бойынша жүктемелер және БТҚС БТП бөлек секциясы бойынша сияқты анықтайды.Ірі электр қабылдағыштары (сығымдаушы, сорғыштар және т.б. қозғалтқыштары) бар кәсіпорындарда максималды күш жүктемесін осы ірі электр қабылдағыштарының максималды жүктемесін қалған электр қабылдағыштың максималды күш жүктемесімен алгебралық қоса отыра анықтайды.Кәсіпорын бойынша жалпы электр жүктемесін барлық күш және жарықтандырғыш жүктемелерді қосу арқылы анықтайды:Егер технологиялық үдерістің шарттары бойынша ең қарбалас ауысымдардың уақыты бойынша сәйкессіздікті немесе ірі агрегаттардың біркелкі емес жұмысын болжамданса, онда максимумдағы қатысу коэффициенті қолдануға рұқсат беріледі. Коэффициентті 0,85-тен 0,9-ке дейін аралықта қабылдайды. Максимум коэффициенті Kmax әдісі арқылы электр жүктемесін келесідей дәйектілікте есептейді:1)бастапқы деректер сызбасын жасайды;2)активті және реактивті жүктемені анықтайды;3)максимум коэффициентін анықтайды Kmax;4)максималды активті және реактивті жүктемені анықтайды;5)максималды қуатты анықтайды Smax;6)максималды токты анықтайды Іmax.Максимум коэффициенті Kmax электр жүктемесінің есебін үш технологиялық тобы бар қоректену түйінінің мысалында қарастырайық: 1)сорғыш— Рп1 = 5 кВт;2)ферез білдегі— Рп2 = 12 кВт;3)бұрғылайтын білдек— Рп3 = 10 кВт.Анықтамалық деректер бойынша анықтаймыз:Қолдану коэффициентінКи: сорғыш— Ки = 0,7;фрезер білдегі— Ки = 0,12; станок бұрғылайтын білдек — Ки = 0,12.қуат коэффициенттері cos j: сорғыш— cos j = 0,8;фрезер білдегі— cos j = 0,4; станок бұрғылайтын білдек — cos j = 0,4.реактивті қуат коэффициенттері tgj: сорғыш— tgj = 0,75;фрезер білдегі— tgj = 2,30; бұрғылайтын білдек— tgj = 2,30.Полученные данные сводим в табл. 2.1.Есептеуде бірізіделген диаграммалар әдісін қолданамыз, ол жүктемелерді есептеуде негізгі болып табылады, егер электр қабылдағыштардың бірлік қуаттары, олардың саны мен технологиялық мәні белгілі болса.Бекітілген сомалық қуатын анықтаймыз.Номиналды қуат паспорттыққа тең деп қабылдайық (Рном = Рп), аал бекітілген қуат номиналдыға тең:Сәйкесінше, технологиялық топтық сомалық бекітілген қуаты тең:2.1 сызба. Бастапқы деректер№п/пОборудованиеСаныРп, ВтКиcos jtg j1Сорғыш150,70,80,752Фрезер білдегі1120,120,42,303Бұрғылайтын білдек1100,120,42,30Рф.с —фрезер білдегінің активті қуаты, кВт; Рс.с —бұрғылау білдегінің активті қуаты, кВт; Рн —сорғыштың активті қуаты кВт;Ру1 = Рп1 = 5 кВт;Ру2 = Рп2 = 12 кВт;Ру3 = Рп3 = 10 кВт.Жалпы бекітілген қуатРу = Ру1 + Ру2 + Ру3;Ру = 5 + 12 + 10 = 27 кВт.Топтық орташа ауысымдық қуатты анықтаймызРсм, кВт:Рсм = РуКи. (2.21)Бірінші технологиялық топтың орташа топтық ауысымдық қуатыРсм1 = 5-0,7 = 3,5 кВт.Екінші технологиялық топтың орташа топтық ауысымдық қуатыРсм2 = 12-0,12 = 1,44 кВт.Үшінші технологиялық топтың орташа топтық ауысымдық қуатыРсм3 = 10-0,12 = 1,2 кВт.Қоректену түйінінің орташа ауысысмдық активті қуатыРсм = Рсм1 + Рсм2 + Рсм3; (2.22)Рсм = 3,5 + 1,44 + 1,2 = 6,14 кВт.Қоректену торабының орташа ауысымдық реактивті қуатын анықтаймыз:. (2.23)Бірінші технологиялық топтың орташа ауысымдық реактивті қуаты:Екінші технологиялық топтың орташа ауысымдық реактивті қуаты:Үшінші технологиялық топтың орташа ауысымдық реактивті қуаты:Общая среднесменная реактивная мощность узла питания:Максимум коэффициентін Kmax.анықтаймыз 1. Қоректену түйінін топтық қолдану (Ки) коэффициентінің мәнін табамыз2.Қабылдағыштардың тиімді санын табамыз: (2.26)       максимум коэффициентінің әр түрлі қолдану коэффициенттері бойыншаKmax = /(лэ; Ки), кезіндегі тиімді электр қабылдағыштарының санын тәуелдігінің 2.15 суреттегі максимум коэфициентін анықтаймызОсылайша, максимум коэффициентінің график бойынша орналасуы тек пэ >4 кезінде мүмкін, біздің жағдайымызда ол мынадай формула арқылы есептеледі

                                  Қазіргі уақытта өнеркәсіптік мекемелердің электрлік мөлшерін анықтаудың біршама әдістері қолданылады,оның ішінде мұнай өнеркәсібінде.Нысанның жұмыс істеу режиміне және біруақытта қосылған токқабылдағыштардың санына байланысты уақыттың мөлшері өзгереді. Электрлік мөлшердің төменгі шегін анықтау электр жабдықтаудың негізгі элементтерін :трансформаторлар, желілер және жеке қондырғы кабелдері,нысанды толығымен таңдауда . Электр мөлшерінің есебінін анықтаудың басқада әдістері бар:коэффициенттің максималды әдісі,коэффициенттің сұраныс әдісі(4бөлімде толығырақ қаралған),үлестің сипаттамалық әдісі,ықтималдық әдіс және тағы басқа.   ЭЛЕКТРЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ Электржарықтандыруды орнату бір фазалы электрлік мөлшерді ұсынады.Жасанды жарықтандырудың қазіргі көзі газразрядты лампалар,люминесцентті,сынаптық доға,металлогалоидті және ксенонды лампалардың балқуына ұсынылған. Олар дұрыс жіктегенде фазаларға бірдей мөлшерде қуат көзін алуға болады.(10% симметриялы емес)Мөлшердің сипаты тәулігіне,жылына және нысанның географиялық орналасуына байланысты өзгереді. Токтың жиілігі жалпыөнеркәсіптік -50 Гц.Жарықтандыру линиялары ,тек қана балқу лампаларын немесе галогендік лампалар қолданса,коэффициент қуаты cosj = 1, газоразрядтық лампаларға cosj = 0,6,ал егер жарықтандыру люминесцентті лампалы шырағданнан құралса,онда cosj = 0,92 болады.Олардың индуктивті кедергісі соншалықты көп, коэффициент қуатының өзі cosj = 0,45 ғана. Бұл жағдайда линия жігінің бойындағы жоғалған токтың реактивті қуаттылығын азайту үшін өтемақы төлеу керек.Жарықтандыру орнату үшін 12 ден 2 В дейін мөлшер қолданылады. В. Жұмыс орындарын оңтайлы жарықтандыру,өнеркәсіптік мекемелерде және өнеркәсіптің аумағында өнеркәсіп еңбегінің жоғарылауына,жұмыс орнының сапасына, өнеркәсіптік жарақаттың төмендеуіне және гигиеналық маңызды мағынаға ие.Санитарлық нормалар және тәртіп жарықтандырудың үш түрін анықтайды және регламенттейді: табиғи, жасанды және біріккен.Жасанды жарықтандыру жұмыстық,авариялық, эвакуациялық және қорғағыштық болып бөлінеді.Жұмыстық жарықтандыру-бұл жарықтандырудың негізгі түрі,жұмыстық жарықтандыру деңгейін қажетті мөлшерде қамтамасыз етеді. Ол жалпы,жергілікті және біріктірілген болуы мүмкін..Авариялық жарықтандыру өнеркәсіптік мекемеде жұмыстық жарықтандыру қызметін токтатқанда қолдануға арналған..Эвакуациялық жарықтандыру адамдардың қауіпсіз көшірілуін қамтамасыз ету үшін арналған. Қорғағыштық жарықтандыру өнеркәсіп территориясын периметр бойынша жарықтандыруға үшін арналған. Жарық ағынын қолдану коэффициенті әдісі бірқалыпты көлемді затты көлегейлеу үстірт болғанда, көлденең жарықтандыру болмағанда үсынылған. Әр шырағданда жарық ағынын тұтыну лампасы Ф, Ен формуласы бойынша анықтайды-жарықтандырудың нормаланған мәні, лк, S-жарақтандырылған ғимараттың көлемі, , м2; Z -жарықтандырудың әркелкілік коэффициенті, Кз-коэффициент қоры, N -шырағдан саны, П-жарық ағынын жарықтандыру жүйесінің қолдану коэффициенті, %.Қолдану коэффициенті П шырағданның типіне , мекеменің ауқымы, шырағданның іліну биіктігі,төбенің жарықтандыру мүмкіндігіне, қабырға, еденге байланысты.Шырағданның әртүрлі типінің саны, өнеркәсіптен шығарылуы,айтарлықтай, ұқсастығы бар орташаландырылған шырағданның тобын есептегенде қолданылады. Светотехникалық есептеу меншікті қуат әдісі бойынша жарықтандыру 4 бөлімде толығырақ қаралған.  СЫМДАРДЫ ҚИЮДЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ КАБЕЛДЕРДІ МҮМКІНДІГІНШЕ ҚЫЗДЫРУ  Электр беретін линия сымдарын қию былай болуы мүмкін, тек:1) нормалы жұмыс режимінде сымдар кезкелген мөлшерде қызып кетпеу керек 2) линия бойындағы жоғалған кернеу орнатылған шектен асып кетпегенде 3) сымдардағы тығыздық ток экономикалық сәйкес болса Осы шарттардың біріншісі- жұмыстық ток,линия бойымен нормалды режимде жіберілген, ПУЭ бойынша осы сымдар үшін ток босатылған мөлшерден аспауы керек.Екінші шарт, линия бойында жоғалған кернеуді жоғарылатпау,сымның қиылысуын қанағатандыру үшін таңдалған. Линия бойындағы шығын аса көп болса, онда токтың өсуіне байланысты линияның соңындағы кернеу төмендейді,сонымен қоса қабылдағыштарда.Соның салдарынан двигателдің қозғалтқыш білігінің айналдырушы сәті азаяды,электрлампаларының жарық ағыны азаяды электрорнатқылардың өнімділігі азаяды.Ұзақ мерзімді есептік ток линиясына алынған токтың максималды жартысағаттық есебі қолданылады.Сымның қиылысуын қыздыру бойынша таңдағанда шарттар сақталуы тиіс  (2.32)1д — токтың қыздыруы бойынша мүмкіндігі ,қыздыру бойынша жіберілген ток, әлденеше рет ұзақ мерзімді қыздыру темпетатурасы орнатылған. Сымның қиылысуын таңдау сымның қабылданған маркасы және кабелге, мысалдары 2.2,2,3. кестесінде келтірілген есептік токтың салыстыру мүмкіндігінше кестелік мағынасына саяды.Жоғалған кернеу бойынша желілердің есебін қарастырамыз. Электр энергиясын тұтынушылар норма бойынша жұмыс істейді, осы электрдвигатель немесе қондырғы олардың кернеу қысымының тартылуына есептелген.. Электрэнергияны желі бойынша жібергенде сымның қарсыласуынан токтың жартысы жоғалады және соның нәтижесінде тұтынушыда кернеу төмен болады, линияның басына қарағанда. Нормалды тұтынушымен салыстырғанда кернеудің тұтынушыда төмендеуі ток қабылдағыштың жұмысына ,ол жарықтандырғыш немесе қуат беретін мөлшер болса да әсер етеді.Сондықтан кез келген линияны есептегенде мүмкіндік нормасы, желілер, токтың мөлшері бойынша таңдалған және қыздыруға есептелген, кернеудің жоғалуына тексеріледі.Токөткізгіш талшықтың қиылысуы мм2 кернеу220 Вкернеу380 ВТок,Ақуаттылығы,кВтТок, АҚуаттылығы,кВт1,5194,11610,52,5275,92516,54388,33019,864610,14026,4107015,45033,0168518,77549,52511525,39059,43513529,711575,95017538,514595,77021547,3180118,89526057,2220145,2Ток өткізгіш талшықтың қиылысуы, мм2Сымдар мен кабельдердің алюмини талшықтытарыпроводов и кабелейКернеу 220 ВКернеу 380 ВТок, АҚуат,кВтТок, АҚуат , кВт2,5204,41912,54286,12315,16367,93019,8105011,03925,7166013,25536,3258518,77046,23510022,08556,15013529,711072,67016536,314092,49520044,0170112,2 Электрберу ауытқушылық кернеуден аспау керек. AU кернеуінің жоғалуы дегеніміз кернеудің линияның басында және соңындағы әртүрлігі. ( линии участогі) AU-ды анықтау салыстырмалы бірлікте -кесімді кернеуге қатысты. Талдамалы кернеуді жоғалту мына формула бойынша анықталады:  P — бұл реактивті қуат,кВт; г0 — линияның белсенді қарсыласуы Ом/км; Q — реактивті қуат кВар; х0 — линияның игдуктивті кедергісі, Ом/км; l — линияның ұзындығы, км; ином —кесімді крнеу, кВ. Босатылған деп электр желілерінің учаскелерінде келесі жоғалған кернеуді атауға болады: кернеуі: 6 (10)кВ линия үшін мекеме ішінде — 5 %; кернеуі10... 220 кВ линиялар үшін, МӨМ жабдықтау мекемесі үшін— 10%.Кабелді линияда кезкелген көлемде жарық қимасында кабель тарамы болады ,ал әуе линиясында сымның қиылысу көлемі 50 мм2 болғанда белсенді қарсыласу индуктивті қарсыласудан бірнеше есе көп мөлшерде, сондықтан артынан жаратуға болады. Бірінші шарт нәтижесі бойынша минималды босату көлемі сымның қиылысуын қызуы бойынша линияның нормалды жұмыс режимінде , ал екінші шарт бойынша-линияда кернеуді жоғалтуды анықтайды..Сымды және кабелді таңдағанда уақытша жоғары вольтты электржелілеріне каталог бойынша (анықтамалық) жақын арадағы стандартты көлемді қиылысуды анықтайды,анықтағыш ретінде көбірек осы екі есептік қиылысу жұмыс істейді.Егерде осы линия кернеуден 1000 В жоғары болса ,онда тұрақты электр желілеріне, уақытша электр желілері үшін емес(6 жыл мерзімге құрылады),сымның қиылысу көлемі ,көрсетілген екі шарт бойынша таңдалып, токтың экономикалық тығыздығына байланысты тексеріледі. Токтың экономикалық тығыздығы қуатты токжелілерінде ұзақ мерзімде қолданудың максимумды мөлшері 0,5.0,7 А/мм2 диапазонда кездеседі. Анығырақ экономикалық қиылысу қуатты токжелілерінде шығынның минималды есебіне, токжелілерінің параметрлеріне, құрылымдық орындалуына, прокладка тәсіліне, электрэнергиясының жоғалу құнына және басқада факторлерге байланысты. Экономикалық лайықты қиылысу S, мм2,арақатынас бойынша анықталады  І мұнда— энергожүйенің бір сағаттағы максималды тоғының есебі, А; J3K — токтың экономикалық тығыздығының нормалды мәні, А/мм2, анықтамалық бойынша таңдалған жұмыстың шартты белгілеріне.  ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ КЕРНЕУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДА ҚОРҒАЛУЫ 1 КВ ДЕЙІН  Автоматты өшіретін электр цептерін нормалды емес режимде қорғайтын аппаратты қорғаудың аппараты дейді.Желілерде және кернеу қондырғыларында 1 000 В дейін нормалды режим мүмкін, токтың жоғарылауымен байланысты, шамадан тыс көп электрдвигателдердің өздігінен қосылуына, қысқа тұйықталуына әкеледі.Бұл нормалды емес режим электр желілерінің және құралдарының бұзылуына, адам үшін қауіпті жағдайдың туыына әкеледі. Сондықтан желілер мен қондырғылар шамадан тыс токтың көбеюуінен және токтың қысқа тұйықталуынан қорғалуы тиіс. Электрлік желілер шамадан тыс токтың көбеюуінен және токтың қысқа тұйықталуынан және тек токтың қысқа тұйықталуынан қорғалуы керек.Шамадан тыс көбею қорғалуына: * мекеме ішіндегі желілер, ашық қорғалмаған оқшаулана жүргізілген сымдар немесе сымның жанғыш тысы *мекеме ішіндегі желілер, қорғағыш сымдар орнатылған ,трубаға жүргізілген,құрылыстық жанбайтын конструкциялар. * қоғамдық және сауда мекемелерінде жарықтандыру желілері, қызметтік -тұрмыстық мекемеде өнеркәсіптік кәсіпорында,тұрмыстық және тасымалды электрприемниктер желілерін қоса, сонымен қоса өртқауіпсіздігі өнеркәсіптік мекемесі *өнеркәсіптік кәсіпорынның қуатты желілері , қоғамдық тұрғын ғимараттарында ,сауда мекемелерінде, технологиялық үдерістің шарты бойынша немесе желілердің жұмыс режимінде олардың шамадан тыс көбеюі мүмкін.Желілердің жарылу қаупі бар түрлері сыртқы қондырғылардың технологиялық үдерісіне немесе желілердің жұмыс режиміне тәуелді емес.Қалған барлық желілер шамадан тыс көбеюден қорғанысты талап етпейді, сондықтан олар токтың қысқа тұйықталуынан қорғалуы тиіс. Қорғаныс аппаратына төменгі және жоғары шекті кернеуді сақтандырғыш және автоматты ажыратқыштар жатадыСақтандырғыш- — бұл коммутациялық электрлі аппарат,қорғағыштық цепті сөндіруге арналған, арнайы қаралған құртуға арналған токжеткізетін бөлігі токтың ықпалымен анықталған мәнді жоғарылатады. Конструкцияның үлкен бөлігінде цептің сөнуі балқытылған балқыманы қосуда іске асады, әлденеше рет токпен қорғалған цепті қыздырады.Балқыған сақтандырғыштар контактілік құрылғы және корпусынан,(сурет2.16) балқыманы қосудан тұрады, (сурет 2.16) Сақтандырғыш және балқыманы қосу төмендегідей негізгі көрсеткіштер бойынша сипатталады: Кесімді кернеу-сақтандырғыш ұзақ уақыт жұмыс істейтін кернеу,■патронның кесімді тоғы-жеткізуші және патронның контактілі жалғануын ұзақ мерзімді қыздыру шартты тоғы■кесімді балқыманы қосу тоғы-ұзақ уақытқа дейін балқымай ,токты ұстайтын ток*Конструктивті орындау бойынша сақтандырғыштар екі топқа бөлінеді.толтырғышпен, ұсақтүйірлі кварцты құммен орындалған.Толтырғышсыз жабық құрастырмалы фибрадан жасалған патрон. Электрлік доға балқымалы қосу сақтандырғышы толықтырғышпен жанғанда карцты құмнан тармақталып оның дәндеріне және жылылықты интенсивті толтырғыш қайтарғанда суыйды ,оның жану уақытын көп көлемде қымсқартады.Толықтырғышсыз сақтандырғышта доға газбен өшеді ,жану кезінде фибраның шоғырлануын ажыратадыАвтоматты ажыратқыштар қолмен басқаратын коммутационды аппартқа жатады, бірақта көп типі электрлімагнитті және электрлі двигателді жетегімен, оларды қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Автоматты ажыратқыштардың қозғалыс қағидасын қарастырамыз. Автоматтар қолмен (сыммен немесе қашықтықтан) ал нормалды режим пайдалану (токтың сырттан пайдаболуы немесе кернеудің төмендеуі)бұзылған жағдайда автоматты түрде ажыратылады. Кернеудің төмендеуі және қуаттың қайтымдылығана байланысты автоматты ажыратқыштар қорғаныштық атқару қызметіне қарай максималды автоматты токқа бөлінеді.Максималды токтың автоматтары автоматты электрлік цептерді оларда токтың қысқа тұйықталуы және мөлшерден көп қондырғыларда ажырату шегі орнатылатылуына қызмет етеді. Электр тогын өшіретін аспапты және балқымалы сақтандырғышты ауыстырғанда,олар өте сенімді және талғамалы штаттан тыс қорғанышты қамтамасыз етеді. Автоматты ажыратқыштар бөлінеді: ■бекітіп тұратын автоматты ажыратқыштар, тежеуіш (пластмасса)қорғаныштық корпусы бар, олар қолжетімді жерлерде бекітіліп тұра береді.■әмбебап, мұндай корпусы жоқ, және орналастырушы құралдарды бекітуге арналған ■жылдам әрекетеуші (меншікті уақытының істен шығуын 5 мс-дан арттырмайды) ■Жылдам әрекет етпейтін (меншікті уақытының істен шығуы 10-нан 100 мс құрайды) ■ Жылдам әрекет етуші қозғалыстың қағидатын қамтамасыз етеді(поляризацияланған электормагнитті немесе индукционды-динамикалық қағидатына және басқа),сонымен қоса электрлік доғаны жылдам сөндіру шартынқамтиды. ■Осындай қағидат токты қысқарту автоматтарында қолданылады. іріктемелі, токтың қысқа тұйықталу зонасында уақыттың істен шығуын реттейді. ■токтың кері қайтуындағы автоматтар,тек ток бағытының қорғаыштық цепте істен шығуын реттейді. ■поляризацияланған автоматтар, токтың қарқынын бір бағытта үдеткенде цепті ажыратады, (поляризацияланбаған -токтың кез келген бағытында) ■Сақтандырғыш және автоматтарды таңдағанда іріктелгішті қамтамасыз ету керек(талғамдылығын),желілер учаскелерінің белгілі бір уақытша аралығында зақымдалған орынның бағытынан қуат көзінің сөну реттілігі қорытындыланады.Автоматтың істен шығуын іріктеу уақыты олардың уақытының ауысуына жетеді. с 1в < 200 А сақтандырғышының жұмысын іріктеу қамтамысыз етіледі, егерде кесімді ток келесі қосуда (токтың бағыты бойынша) кесімді токтан алдағы токтан кем дегенде екі сатыға өзгерсе.■Автоматтар сипатталады: ■кесімді кернеу- тұрақты және ауыпалы токтың максималды кернеуі, автоматтың нормальды жұмыс істеуіне бағытталған. Автоматтың кесімді тоғы Тна — максимальды ұзақ автоматтың негізгі контактісінің тоғы■автоматтың істен шығу тоғы 1ср а — ең кіші ток, бұл жағдайда атомат цепті үзіп тастайды.■токтың ақырғы өшуі- 1пр о — ең үлкен ток, бұл жағдайда автомат өзі сөндіруі мүмкін■кесімді токтың ағытқышыТн.р — максималды ұзақ токтар, бұл жағдайда ағытқыш іске қосылмайды. током, ■ағытқыштың тағайындамысының тоғы Ту — ағытқышты іске қосудың ең кіші тоғы, ол бұған бағытталады. ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІНДЕГІ КЕРНЕУ ШЫҒЫНДАРЫ Электрмен жабдықтау жүйесінде кернеу шығындары – электрмен жабдықтау жүйесінің (МЕМСТ 23875 – 88 «Электр энергиясының сапасы. Терминдер мен анықтамалар») екі нүктесінде өлшенген әрекеттегі кернеудің орнатылған шамасының арасындағы айырмашылық, желінің басындағы (мысалы, қорек көзіндегі) және аяғындағы кернеудің (электр қабылдағыштың қысқышындағы) арасындағы алгебралық айырмашылық.Кернеу ауытқушылығының белгіленген шамасының (МЕМСТ 13109 – 97): электр желісінің атаулы кернеуінің МЕМСТ 721 және МЕМСТ 21128 (атаулы кернеу) бойынша ±10% шегінен шығып кетпес үшін апаттық тәртіптен кейін кернеу шығынын есептеу қажет.Электр желілері үшін МЕМСТ 13109 – 97 «Жалпы мақсаттағы электрмен жабдықтау жүйесіндегі электр энергиясының сапасының нормасы» талаптарына сәйкес электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету бойынша техникалық шараларды көздеу керек.Кернеуді реттеу құрылғылары осы желілердің едәуір үлкен жүктемелер кезінде атаулыдан 105 % төмен емес және азырақ жүктемелер кезінде атаулыдан 100 % көп емес шегінде үлестіргіш желілерге жалғанған электр бекеттері мен шағын бекеттердегі 3 – 20 кВ кернеулі шиналарда кернеуді ұстап тұруы қажет.Көрсетілген кернеу деңгейінен ауытқу негізделген болуы керек.Реактивті қуаттың орын толтырушы құрылғыларын электр желілерінде қалыпты және апаттан кейінгі тәртіптерде желінің талап етілетін өткізгіш қасиетін қажетті кернеу деңгейін және тұрақтылық қорын ұстап тұру кезінде таңдайды және орналастырады. Кернеу ауытқушылығы келесі нормалар орнатылған кернеу ауытқушылықтарының көрсеткіштері үшін сипатталады:■кернеудің орнатылған ауытқушылығының 8Со қалыпты рұқсат етілген және шектік рұқсат етілген шамалары электр желісінің атаулы кернеуінен МЕМСТ 721 және МЕМСТ 21128 бойынша (атаулы кернеу) ±5 және ±10% сәйкес тең болады;■кернеудің орнатылған ауытқушылығының қалыпты рұқсат етілген және шектік рұқсат етілген шамалары электр энергиясын тұтынушылардың 0,38 кВ және одан көп кернеулі электр желісіне жалпы қосылу нүктелері электр энергиясы қабылдағыштарын шығарудың осы стандартының нормаларын орындау қажеттілігін есептей отырып энергиямен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушылардың арасындағы электр энергиясын пайдалану туралы келісімшартта орнатылуы мүмкін.Сым қималары мен кабельдердің алдын ала таңдауы қалыпты тәртіпте кернеудің шектік шығынының орташа шамасынан таратуға рұқсат етіледі: 10 (6) кВ желіде – 6 % көп емес, 0,38 кВ желіде (ТШС ғимаратта енгізгенге дейін) – 4... 6% көп емес.Үлкен шамалар үй ішілік желілерде кернеудің аз шығынымен ғимараттарды (аз қабатты және бір секциялы ғимараттар) қоректендіретін желілерге, кішкентай шамалар үй ішілік (көп қабатты көп секциялы тұрғын ғимараттар, ірі қоғамдық ғимараттар және мекемелер) желілерде кернеудің үлкен шығынымен ғимараттарды қоректендіретін желілерге жатады. ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚУАТЫНЫҢ ШЫҒЫНЫ Электрмен жабдықтау үнемділігін арттыру – электр энергиясы сапасы мен электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру міндеттерімен тығыз байланысты үлкен кешенді міндеттер. Ертерек қарастырылған шараларды жүргізу нәтижесінде көптеген жағдайларда электрмен жабдықтау үнемділігі біруақытта артып келеді. Электр энергиясы шығынын төмендету және оны рационалды пайдалану бойынша шаралар өте маңызды болып табылады.Электрмен жабдықтау жүйесін құраушы барлық электр қондырғылары, соның ішінде электр желілері мен трансформаторлар, белсенді кедергілерімен сипатталады, сондықтан электр энергиясын беру, үлестіру және түрлендіру кезінде оның шығыны болады.Ауылдық желілерде энергия шығындарының басым бөлігі электр желілері мен трансформаторларға сәйкес келеді; әдетте тәжірибелік есептерде тек осы желі элементтерінің шығындары есептеледі. Трансформаторлардың сымдарындағы, кабельдеріндегі және орамдарындағы энергияның шығындары онымен өтетін ток жүктемесіне екі есе пропорционалды, сондықтан оларды жүктемелік шығындар деп атайды. Жүктеме тогы, қағида бойынша, уақытта өзгереді, сондықтан жүктемелік шығындарды ауыспалы деп атайды.Жүктеме өсімі мөлшері және электр желісіне жаңа тұтынушылардың қосылуы бойынша онда электр энергиясының шығындары көбейеді. Электр желісі кәсіпорындарында қуат пен энергия шығыныдарын жүйелі есептейді және қажетті жағдайларда осы есептер негізінде шығындарды төмендету бойынша шаралар жүргізіледі.Шығындарды төмендету бойынша ұйымдастыру шараларын, электр энергиясын есептеу жүйесін жетілдіру бойынша шараларды және техникалық шараларды бөледі.Шығындарды төмендету бойынша негізгі ұйымдастырушылық шараларға жатады:■10 — 35 кВ кернеулі әуе желілерінің екі жақты қорекпен ажырауының оңтайлы жерлерін таңдау;■аудандық трансформатор шағын бекеттеріндегі (АТШБ) 10 кВ шиналарындағы және трансформаторлы шағын бекеттер немесе 10/0,4 кВ пунктерінде 0,38 кВ шиналарындағы кернеудің оңтайлы деңгейін ұстап тұру;■трансформаторлардың біреуін екі трансформаторлы шағын бекеттерде шағын жүктемелі тәртіпте, сонымен бірге мерзімді жүктемемен шағын бекеттердегі трансформаторды өшіру;■0,38 кВ кернеулі желілерде фаза жүктемесін теңестіру;■желілердің, трансформаторлардың және үлестіргіш құрылғылардың жөндеу мерзімі мен техникалық қызмет көрсетілуін (ТҚК) қысқарту;■шағын бекеттің жеке қажеттіліктеріне энергия шығындарын азайту.Ұйымдастырушылық шаралар, сонымен қатар электр энергиясын есептеу жүйесін жетілдіру бойынша шаралар, қағида бойынша, көлемді алғашқы шығындарды қажет етпейді, сондықтан оларды жүргізу әрқашан орынды. Әйтпесе, қосымша қаржы салымдарымен байланысты техникалық шаралармен шаруа болады. Негізгі техникалық шараларға жатады:■желілерде статикалық конденсаторлар, соның ішінде қуатты автоматты реттейтін батареялар орнату;■АШБТ жүктемелі кернеуді реттеу 110 – 35/10 кВ трансформаторларын орнату;■жүктелмеген және артық жүктелген трансформаторларды тұтынушы ТШБ ауыстыру;■желілердің өткізу қабілеттерін жаңа желілер мен шағын бекеттер салу жолымен арттыру;■артық жүктелген желілерде сымдарды ауыстыру, соның ішінде 0,38 кВ кернеулі АЖ-ден ғимараттарға тармақтау;■электр желілерін едәуір жоғары атаулы кернеуге ауыстыру.Осы шаралардың ең тиімдісі – статикалық конденсаторлардың көмегімен реактивті қуаттың орнын толтыру.  КЕРНЕУДІ РЕТТЕК ЖӘНЕ РЕАКТИВТІ ҚУАТТЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ Қуат коэффициенті (cos j) – бұл белсенді қуаттан толыққа қатынасында анықталатын белсенді және реактивті қуаттардың арасындағы қатынас өлшемі.Қуат коэффициентін арттыруға болады:■ кернеуді озатын токпен жұмыс істейтін синхронды қозғалтқыштарды қолданумен;■қозғалтқыштардың максималды жүктелуімен және аз жүктелген қозғалтқыштарды аз қуатты қозғалтқыштармен ауыстырумен;■асинхронды қозғалтқыштың (АҚ) бос жұмысын бос жүріс шектеулері көмегімен болдырмау;■трансформаторларды 30 % аз жүктелген кезде басқа трансформаторларға оларды ауыстырумен өшіру;■трансформаторлар мен АҚ жөндеу сапасын жақсартумен;■статикалық конденсаторларды, конденсаторлы қондырғыларды, орнын толтырушы құрылғыларды, синхронды орнын толтырушыларды қолданумен.Электр энергиясының сапасын арттыру үшін кернеуді және ток жиілігін реттеу жолымен рұқсат етілген шекте сапа параметрлерін ұстап тұру қажет. Кернеуді реттеудің келесі тәсілдері бар:■конденсаторлармен бойлық көлемдік орнын толтыру;■конденсаторлармен көлденең орнын толтыру;■трансформаторлармен кернеуді реттеу;■синхронды орын толтырғыштармен кернеуді реттеу. Реактивті қуаттың орнын толтыру – бұл электр энергиясы жүйесі түйінінде реактивті қуат теңгеріміне кернеуді реттеу мақсатында мақсатты бағытталған ықпал, ал үлестіруші желілерде – электр энергиясын төмендету мақсатында. Оны орын толтырушы құрылғыларды пайдаланумен жүзеге асырады. Реактивті қуатты пайдаланатын электр желі түйінінде қажетті кернеу деңгейін ұстап тұру үшін қажетті қорды есептей отырып талап етілетін туындататын қуатты қамтамасыз ету қажет. Туындатушы реактивті қуат электр бекеттерінің генераторлары және орын толтырушы құрылғыларының реактивті қуаты өндіретін, электр желісінде және электр энергиясы тұтынушыларының электр қондырғыларының реактивті қуатынан жинақталады.Реактивті қуаттың орнын толтыру асинхронды қозғалтқыштар негізгі электр қабылдағыштар болып табылатын өнеркәсіптік кәсіпорындарда айрықша өзекті, нәтижесінде қуат коэффициенті орын толтыру бойынша шара қолданбай 0,70...0,75 құрайды.Кәсіпорындарда реактивті қуаттың орнын толтыру бойынша шаралары мүмкіндік береді:■трансформаторларға жүктемені азайту, олардың қызмет ету мерзімін ұзарту;■сымдарға, кабельдерге жүктемені азайту (шағын түйінді сымдарды, кабельдерді пайдалану);■электр қабылдағыштардың электр энергиясының сапасын жақсарту (кернеу пішінінің бұрмалауын азайту есебінен);■коммутациялық аппарат жүктемесін тізбектегі токты төмендету есебінен азайту;■қуаттың төмендетілген коэффициентімен электр энергиясы сапасын төмендету үшін айыппұлдарды болдырмау;■электр энергиясы шығындарын азайту. Кез-келген кәсіпорынның электр жабдықтарының зор үлесін тұрақты жұмысының міндетті шарты магниттік өрістер болып табылатын құрылғылар құрайды: трансформаторлар, асинхрондалған қозғалтқыштар, индуктивтік пештер және «индуктивті жүктеме» деп жалпы сипттауға болатын өзге де құрылғылар. Индуктивтіліктің бір ерекшелігі бойынан өтетін токты өзгеріссіз сақтау болғандықтан, жүктеме тоғының өтуі кезінде ток пен кернеу арасында фазалы жылжу пайда болады (ток кернеуден фазалы бұрышқа қалып қояды). Фазалы жылжу кезіндегі ток пен кернеудің әр түрлі белгілері индуктивтіліктердің желістерден толтырылатын электр магнитті өрістерінің энергиясының төмендеуіне әкеледі. Көптеген өнеркәсіптік тұтынушылар үшін бұл мынаны білдіреді: желілер бойынша электр энергиясының көзі мен тұтынушы арасында пайдалы қызмет атқаратын активті энергияжан басқа, пайдалы қызмет атқрамайтын және индуктивті жүктемеде мегниттік өрістерді жасауға бағытталған реактивті энергия да бар. Активті және реактивті энергиялар толық энергияны құрайды; сондай-ақ, толық энергияға шаққандағы активті энергияның үлесі ток пен кернеу арасындағы фазаның жылжу бұрышының косинусымен анықталады— cosj.Дегенмен, трансформатордың кабелдері мен орамалары арқылы аға отыра, реактивті ток өткізгіштік қабілетінің шегінде оның бойымен ағатын активті токтың үлесін төмендетеді, өткізгіштерде қыздыруға қосымша жоғалтуларды тудырады, яғни активті жоғалтулар. Нәтижесінде, заманауи есептеу ережелері бойынша, тұтынушы электр энергиясы үшін кем дегенде екі рет бір өндірістік емес шығындарғы төлеуі тиіс: бірінші рет – желідегі тұтынылған реактивті энергия үшін (реактивті энергия есептегіші бойынша); екінші рет – қайтадан соған, бірақ жанама түрде активті энергия есептегіштерімен саналған реактивті энергияның ағуынан болған активті жоғалтулар үшін. Аталған жағдайды реактивті энергияның көзін тікелей тұтынушыларда орнату арқылы шешуге болады – бұл желілерді реактивті токтан босатуға және барлық аталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді, яғни, индуктивті реактивті қуаттың орнын толтыру. Мұндай көздер болып басқа фаза жылжытушы элементтер – конденсатор табылады. Индуктивтілікке қарама қарсы, конденсаторлар өз қысқыштарында кернеуді өзгеріссіз сақтауға тырысады, яғни олар үшін ток кернеуден озады. Кез-келген кәсіпорында тұтынылатын электр энергиясы ешқашан тұрақты шама болмайды және біршама аралықта қысқа уақыт ішінде өзгере алады, сәйкесінде тұтынылатын активті энергияның толыққа қатынасы да өзгереді , яғни cosj.Қандай да бір индуктивті тұтынушының (асинхрондалған қозғалтқыш, трансформатор) активті жүктемесі аз болған сайын, cosj төменірек. Сәйкесінше, реактивті қуаттыың орнын толытру үшін құрылғының өзгермелі жұмыс жағдайына қарай, cosj дұрыс реттелуін қамтамасыз ететін құралдар жинағы қажет, яғни реактивті қуат өтемдеуіші қажет.Электр жүйесінің жұмыс тәртібі режим парамертлері деп аталатын оның жағдайының көрсеткіштерімен сипатталады. Элеткр жүйелеріндегі барлық үдерістерді үш параетрлер арқылы сипаттауға болады: кернеу, ток және активті қуатпен. Бірақ режимдерді есептеу ыңғайлығы үшін басқа да параметрлер қолданылады, атап айтқанда, реактивті және толық қуат. Айнымалы ток тізбегіндегі вольтметр және амперметр көрсеткіштерінің туындысы толық қуат деп аталады. Үш фазалы тізбек үшін ол мынадай формуламен белгіленеді (2.35)Мұнда І — бір фазадағы ток; U —сызықтық кернеу.Үш фазалы айнымалы токтың активті қуаты мыныдай формуламен анықталады. (2.36)j бұрышы ток пен кернеудің фаза бойынша жылжуына сілтейді. Осы негіздерге сүйене отыра, толық қуат S тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы болып табылады, оның бір катеті активті қуатты білдірсе (Р = Scos j),ал екіншісі— реактивті (О = Ssіn j).Реактивті қуат мынадай көрсеткіштермен де анықталады (2.37)Мұнда tg φ—реактивті қуат коэффициенті.Қуат ретіндегі түсініктің шарттылығы Q туралы ұмытпаған жөн. Тек активті қуат пен энергия жұмыс жасайды және механикалық, жылу, жарық және химиялық энергияға түрлене алады. Активті қуат табиғи көзден алынған бастапқы қозғалтқыштың энергиясын электр энергиясына түрленуімен шартталған. Реактивті қуат басқа қуатқа түрленбейді, жұмыс жасамайды, сондық шартты қуат деп аталады. Реактивті қуат электр және магнит өрістерін жасауға жұмсалады. Синусоидалдық ток тізбегіндегі режимдерді талдауда реактивті қуат тәжірибеде кеңінен қолданылатын өте ыңғайлы сипаттама болып табылады. Электр энергиясын өндіру мен тұтынудың ерекшелігі - уақыт бірлігіне шаққандағы өндірілген және жұмсалған электрэнергиясының (қуаттыңң) тепе-теңдігі болып табылады. Нәтижесінде, электржүйесінде активті қуат үшін тепе-теңдік (баланс) орындалуы тиіс: (2.38)Мұнда Рг — жүйеге кіретін электр станцияларының генераторларымен желіге берілетін сомалық активті қуаты; Рпотр —жүйе тұтынушыларының сомалық аралас активті жүктемесі; ДРпер — электр желісі бойынша электр энергиясын жіберуші (желі, трансформатор) элементтерінің барлығында сормалық активті қуатты жоғалтуы; Рс.н —тұтынушының ең көп жүктемесі кезінде жүйенің барлық электр станцияларының өздерінің қажеттіліктерінің сомалы активті жүктемесі.Негізгі өндірілетін қуат тұтынушы жүктемелерін жабуға кетеді. Жеткізуге сомалық жоғалтулар электр желілерінің сымдарының ұзындығына, олардың қимасы мен сомалы жүктеменің 5... 15 %. Аралығындағы танфсормациялар санына байланысты.электр станцияларының өздерінің қажеттіліктерінің жүктемесі олардың түріне, тегіне және олардың жабыдқтарының түріне байланысты; ол құрайды: электр станциясының қуатының жылу электр станциялары үшін— 12 %; гидростанциялар үшін — 0,5... 1,0 % .Реактивті қуатты азайту үшін оны өтеу қажет. Өтемдеуші құралдың есептік реактивті қуат ы келесі формула бойынша анықталады (2.39)Мұнда Q — өтемдеуші құрылғының есептік реактивті қуаты; кВар; X — косинус j табиғи жолмен ұлғаюын есептейтін коэффициент (X = 0,9 қабылданады); Pmax — Максималды қуат, кВт; tgj — өтеуге дейіні рактивті қуат коэффициенті; tgjR —өтеуден кейінгі реактивті қуат коэффициенті.Нормативтік құжаттарға сай активті қуат коэффициенттерінің мәні құрауы тиіс: cosj = 0,92...0,95.өтеуден кейінгі қуат коэффициентінің мәні ретінде қабылданады: cosjR = 0,95, ондаtgjR = 0,33. Pmax, tgj и tgjR формулаға (2.39) қоя отыра және қажетті еактивті қуат шамасын ала отыра, қуаты бойынша жақын стандартты өтемдеуші құралды таңдайды.  БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ Электр қабылдағыш дегеніміз не?Жөнелту тәсіліне қарай қандай электр жетегінің түрлерін білесіздер?Энергия сапасы қандай крсеткіштер бойынша сипатталады?Кернеуді реттеу үшін қандай әдістер менн құралдар қолданылады?Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтау сызбаларын қалайша құрылымды орындайды?Электр тоғымен рұқсат етілген қыздыру бойынша өткізгіш пен кабелдің қимасын қалай таңдауға болады?Электр қозғалтқышын қорғау созылмалы сақтандырғышты енгізудің номиналды тоғын таңдау шарттарын жазыңыз.Кернудің ауытқуы дегеніміз не?Қуатты жоғалту дегеніміз не?Созылмалы сақтандырғыштың, автоматты ауыстырып-қосқыштың құрылымын түсіндіріңіз. Олардың негізгі параметрлерін атаңыздарҚала қолданушылары үшін әр түрлі дәрежелі электр қабылдағыштардың мысалдарын келтіріңіздер.                       3-тарауӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ ЗАУЫТ ІШІЛІК ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ 1 КВ ЖОҒАРЫ КЕРНЕУЛІ ЖЕЛІЛЕРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТАРАТУ Электр энергетикалық жүйе деп энергия жүйсенің электрлік бөлігі және одан қуаттанатын, электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну бойынша процессінің жалпы біріктірілген электр энергиясының қабылдағыштары аталады. Қазіргі уақытта алты біріктірілген энергия жүйелерінің құрамында 74 аймақтық жүйе паралаллельді жұмыс істейді.Электр энергиясының желісі деп белгілі бір аумақта жұмыс істейтін қосалқы станцияларда, таратушы құрылғылардан, ток өткізгіштерден, әуе және кабельдік электр беру желілерінен тұратын электр энергиясын беру және таратуға арналған электр қондырғыларының жиынтығы аталады.Электр қондырғылары дегеніміз – машиналар, аппараттар, желілер мен қосымша жабдық (олар орнатылған құрылыстармен және үй-жайлармен бірге).Қосалқы станция деп электр энергиясын түрлендіру және үлестіру үшін қызмет ететін және трансформаторлардан немесе басқа энергия түрлендірушілерінен, 1 000 В дейінгі және одан артық кернеулі таратушы құрылғылардан, басқару құрылғылары мен қосымша құрылыстардың аккумуляторлық батареяларынан тұратын электр қондырғысын айтады.Таратушы құрылғы деп электр энергиясын қабылдау және тарату үшін қызмет ететін және коммутациялық аппараттардан, құрастырма және қосу шиналарынан, қосалқы құрылғалырдан (компрессорлық, аккумуляторлық және т.б.), сондай-ақ қорғаныс, автоматика құрылғыларынан және өлшеуші аспаптардан тұратын электр қондырғысын айтады.Кез келген кернеулі электр беру желісі (әуе немесе кабельдік) деп трансформациясыз, бір кернеуде электр энергиясын беру үшін арналған электр қондырғысын айтады.Электр энергиясын беру және тарату мысалы 3.1-суретте келтірілген.Электр қондырғысының қағидалаымен электр қондырғылары электр қауіпсіздігі бойынша екі түрге бөлінеді:1)1 кВ дейін;1)1 кВ артық.Электр желілері. Бірқатар белгілер бойынша электр желілері түрлі есептеу, монтаждау және пайдалану әдістері қолданылатын көптеген түрге ажыратылады.Электр желелілері келесі түрде жіктеледі. Атаулы кернеу деңгейі бойынша:а) төмен кернеулі желілер (1 кВ дейін);б) орта кернеулі желілер (1 кВ жоғары және 35 кВ дейін қоса алғанда);в) жоғары кернеулі желілер (110... 220 кВ);г) аса жоғары кернеулі желілер (330.750 кВ);д) ультражоғары кернеулі желілер (1 000 кВ жоғары).Қозғалу дәрежесі бойынша:а) қозғалмалы, трассаны көп рет өзгертуге, орайға және жазуға болатын – 1 кВ дейінгі кернеулі желілер;б) трассасы мен конструкциясы өзгермейтін стационарлық желілер: уақытша – ұзақ жұмыс (бірнеше жыл) істемейтін объектілерді қуаттау үшін; тұрақты – он жыл бойы жұмыс істейтін электр желілерінің көбі.Міндеті бойынша:а) 1 кВ дейінгі кернеулі желілер: жарықтағыш; күштік; аралас; арнайы (басқару және дабыл желілері);б) 1 кВ жоғары кернеулі желілер: қамтитын радиусы 15...30 км, кернеуі 35 кВ дейін қоса алғандағы шағын аймақтарға қызмет көрсететін жергілікті; үлкен аймақтарды қамтитын және электр жүйесінің электр станцияларын өзара және 110 кВ және доан жоғары кернеулі жүктеме орталықтарымен байланыстыратынаймақтық.Токтың түрі мен сымдардың саны бойынша:а) тұрақты ток желілері: бірсымды, екісымды, үшсымды («+», «-», 0);б) айнымалы ток желілері: бір фазалы (бір- және екісымдық), үш фазалы (үш- және төртсымдық), толымсыз фазалы (екі фаза және нөл).Бейтарап жұмысының режимі бойынша: тиімді жерлендірілген бейтараппен (1 кВ жоғары кернеулі желілер), бітеу жерлендірілген бейтараппен (1 кВ дейін және одан жоғары кернеулі желілер), оқшауланған бейтараппен (1 кВ дейін және одан жоғары кернеулі желілер).Конфигурациясы бойынша:а) жазылған бір пункттен қуаттанатын және электр энергиясын тұтынушыға тек бір бағытта береді. Жазылған желілер магистралды, радиалды және радиалды-магистралдық (тарамдалған) болады;б) жазылған резервтелген. Мұндай желілерде ЭЖ-дан біреулеп қуат бұзылған жағдайда резервтік жалғастырғыш қолмен не болмаса автоматты қосылады, олар бойынша өшірілген тұтынушыларды электрмен жабдықтау қалпына келтіріледі;в) тұйықталған – тұтынушыларды ең кем дегенде екі жақтан қуаттайтын желілер.Конструкциясы бойынша:а) электрсымдар жүйесі (күштік және жарықтағыш), ток сымдары – электр энергиясын көп мөлшерде шағын қашықтыққа беру үшін;б) әуе желілері – электр энергиясын үлкен қашықтыққа беру үшін;в) кабельдік желілер –ӘЖ салу мүмкін емес жағдайда электр энергиясын алыс қашықтыққа беру.Схема түрлері 3.2-суретте берілген.Электр желілеріне келесі талаптар қойылады: сенімділік, сақталғыштық пен үнемділік.Электр желісінің сенімділігі – электр қабылдағыштарын электр энергиясымен қажетті мөлшерде және тиісті сапада қамтамасыз ете отырып, берілген жұмыс уақыты мен шарттары аясында өз міндетін орындауды білдіретін негізгі техникалық талап. Электр энергиясының қажетті мөлшері электр қабылдағыштарының қуатымен және жұмыс режимімен анықталады. Электр энергиясының сапасы желі параметрлеріне тәуелді және МЕМСТ 13109 – 97 анықталады, мұнда электр қабылдағыштардың қысқыштарындағы кернеудің жол берілетін ауытқулары келтірілген:■электр қозғалтқыштары -5 %...+10 %;■өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қоғамдық ғимараттардың жұмыс жарығының шамдары, сыртқы жарықтандырудың прожекторлары – 2,5%...+5%;■тұрғын ғимараттарды жарықтандыру, апаттық және сыртқы жарықтандыру шамдары, өзге электр қабылдағыштар±5 %.Сенімдік қамтамасыз етіледі:■электр қабылдағыштар жауапкершілігін ескеріпн желілердің схемаларын қолданумен;■сымдар мен кабельдердің тиісті маркаларын таңдаумен;■ысыту бойынша сымдар мен кабельдердің қималарын тиянақты есептеумен, жол берілген кернеу мен механикалық беріктігін жоғалтумен, кернеу реттеу құрылғыларын есептеумен;■электр монтаждық жұмыстардың технологиясын ұстанумен;■техникалық пайдалану қағидаларын уақытылы және сапалы орындаумен.Электр желісінің сақталғыштығы – бұл желінің ықпалдарды бұзу шарттарында, соның шініде қарсыластың зақымдаушы құралдарының ықпалы бан ұрыс жағдайында өз міндетін орындау қасиеті.Сақталғыштыққа қолжеткізіледі:■қарсылас қаруының зақымдаушы факторларының ықпалы жағдайында қирауға ең аз ұшырайтын конструкцияларды пайдаланумен;■желінің зақымдаушы факторлардан арнайы қорғанысымен;■жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын нақты ұйымдастырумен. Сақталғыштық – негізгі тактикалық талап. Электр энергиясының үнемділігі – сенімділік пен сақталғыштық талаптарын орындау жағдайында оны салуға және пайдалануға жұмсалатын минмум шығын.Үнемділік қамтамасыз етіледі:■үлгілік сериялық шығарылатын және стнадарттық конструкцияларды қолданумен;■материалдар мен жабдықты бірегейлендірумен;■бейдефициттік және қымбат емес материалдарды қолданумен;■пайдалану процессінде әрі қарай дамыту, кеңейту және жетілдіру мүмкіндігімен.Электр беру әуе желілерінің тіреуіші – бұл электр беру әуе жілілерінің және оптикалық талшықты желілердің сымдары мен жайқорған арқандарын (бар болса) жер бетінен және бір-бірінен берілген қашықтықта ұстап тұруға арналған құрылыс.ЭЖ тіреуіштері. ЭЖ тіреуіштері сыртқы ауаның есептік температурасы 65°C дейін болу жағдайында электр беру желілерін салу үшін арналған. Олар электр сымдарын бір деңгейде бекіту және ілу үшін жауапты ЭЖ-ның басты конструктивтік элементтерінің бірі болып табылады.Сымдарды ілу әдістеріне қарай тіреуіштер екі түрге бөлінеді:■аралық тіреуіштер (3.3-сур.), оларға сымдар ұстап тұратын қысқыштармен бекітіледі;■сымдарды тартуға арналғананкерлік типті тіреуіштер (3.4-сур.); бұл тіреуіштерге сымдар тартылатын қысқыштармен бекітіледі.Тіреуіштердің бұл түрлері өз кезегінде келесі типтерге ажыратылады.Аралық тік тіреуіштер – желілердің тік учаскелеріне орнатылады. Аспалы оқшаулағыштары бар аралық тіреуіштерге сымдар тік ілініп тұрған ұстап тұратын гирляндаларға бекітіледі; қадауышты оқшаулағыштары бар тіреуіштерде сымдар сымды байлаумен бекітіледі. Екі жағдайда аралық тіреуіштер жел қысымынан көлденең жүктемені сымдарға және тіреуішке қабылдайды, тік – сымдарды салмағынан, оқшаулағыштар мен тіреуіштің өзіндік салмағынан.Аралық бұрыштық тіреуіштер – ұстап тұратын гирляндаларда сымдардың аспасы бар желілердің бұрылу бұрыштарына орнатылады. Аралық тік тіреуіштерге әсер ететін жүктемелерден басқа, апалық және анкерлік-бұрыштық тіреуіштер сымдар мен арқандардың тарту күшін құрайтын көлденең жүктемелерді қабылдайды. Электр беру желілерінің бұрылу бұрыштары 20° артық болса, аралық бұрыштық тіреуіштердің салмағы анағұрлым өседі. Бұрылу бұрыштар үлкен болғанда, анкерлік-бұрыштық тіреуіштер орнатылады. Трассаның тік учаскелерінде анкерлік тіреуіштер осымдардың түрлі рнату жағдайында және бірдей тарту күштері бар тіреуіштерден екі жақтап сымдарды ілгенде, сымдардан көлденең бойлық жүктемелер теңеседі және анкерлік тіреуіш тура аралық сиқяты жұмыс істейді, яғни көлденең және тік жүктемелерді ғана қабылдайды. Қажет болған жағдайда тіреуіштен сымды бірінші және екінші жағынан сымдардың түрлі тарту күшімен тартуға болады. Осы жағдайда көлденең және тік жүктемелерден басқа, тіреуішке көлденеі бойлық жүктеме ықпал етеді. Бұрыштарға анкерлік тіреуіштеро орнатқанда, сымдар мен арқандардың тарту күшін құрайтын көлденеңнен қабылдағандай анкерлік-бұрыштық тіреуіштер жүктемені солай қабылдайды. Түптік тірек – желілердің соңдарына орантылады. Бұл тіреуіштерден қосалқы станциялардың порталдарына ілінетін сымдар бөлінеді. Тіреуіштің аталған түрлерінен басқа, желілерде арнайы тіреуіштер қолданылады:■транспозициялық, тіреуіштерде сымдарды орналастыру тәртібін өзгертуге арналған;■тарамдалатын, негізгі желіден тарамдау үшін арналған, өзендер және су кеңістіктері және т.б. арқылы ірі өткелдердің тіреуіштері.Электр беру желілерінде ағаш, темір бетон және болат тіреуіштер қолданылады.сонымен қатар алюминий қорыртпаларынан және композиттік материалдардан тәжірибелі конструкциялар әзірленген.Болат металл тіреуіштер мен тіреуіштің түрлі бөлшектері (траверсалар, арқан тірегіштері, тартпалар) жасалатын негізгі материал болып табылады. Болат тіреуіштердің темір бетонмен салыстырғандағы жетістігі олардың салмағы аз бола тұра, жоғары беріктігі; пайдалану кезеңі бойында қайталап пайдалану мүмкіндігі болып табылады.Дігегін конструктивтік шешу бойынша тіреуіштер үш негізггі схемаға жатқызылуы мүмкін: мұнаралық (бір- немесе көпбағаналық), порталдық не ванттық; фундаментке бекіту тәсілі бойынша – еркін тұрған тіреуіштерге және тартылыстардағы тіреуіштерге; элементтерін қосу тәсілі бойынша пісірлген және бұрандалы деп ажыратылады.Сонымен қатар болат тіреуіштер икемді конструкциялы тіреуіш және қатқыл конструкциялы тіреуіш деп бөлінеді.Металл тіреуіштер болат бұрыштық прокаттан (тең бүйірлі бұрыш қолданылады), сондай-ақ тұрақты және айнымалы қималары бар имекті болат профильден (бұл ЭЖ көпқырлы болат тіреуіштердің және мұнаралы типтік болат торлы тіреуіштердің конструкцияларының басымдылықтарынан тұрады) әзірленеді. Бұдан басқа биік өтпелі тіреуіштер болат құбырлардан жасалуы мүмкін.Топырақта бекіту тәсілі бойынша ажыратылады:■тікелей топыраққа орнатылатын тіреуіштер;■фундаментке орнатылатын тіреуіштер:классикалық (кең базалы - 4 м2 артық), әдетте рамалық (қаңқалық) бетонмен немесе құм-қиыршық тасты қоспамен себілген пригрузбен (арнайы құрылғымен) құюмен;жіңішке базалық (база ені - 4 м2 кем) (мысалға, болат құбырға, болат винттік немесе темір бетондық қадаға бекітумен).Конструкциясы бойынша еркін тұрған тіреуіштер былай бөлінеді:■бір бағаналы тіреуіштер;■көп бағаналы тіреуіштер;■тартылыстары бар тіреуіштер;■апаттық резервтің ванттық тіреуіштері.Тізбектер саны бойынша тіреуіштер ажыратылады: ■бір тізбекті;■екітізбекті;■көптізбекті.Кернеуі бойынша тіреуіштерді 0,4; 6; 10; 35; 110; 220; 330; 500; 750; 1 150 кВ желілеріне бөледі. Тіреуіштердің бұл топтары көлемдері мен салмағы бойынша ажыратылады. Кернеу неғұрлым үлкен болса, тіреуіштер соғұрлым биік, траверсалары ұзын және салмағы ауыр болады. тіреуіштердің көлемдерін ұлғайту желілердің түрлі кернеулері үшін ПУЭ сәйкес келетін, сымнан денеге дейін және жерге дейін керекті қашықтықтарды алу қажеттілігімен болады.Дайындау материалы бойынша тіреуіштер бөлінеді:■металлмен армирленген, бетоннан әзірленетін темір бетондыға. 35 – 110 кВ және жоғары кернеулі желілер үшін әдетте центрифугаланған бетоннан жасалған тіреуіштерді қолданады. Темір бетон тіреуіштердің жетістігі болып оларды тотығуға және ауадағы химиялық реагенттердің ықпалына төзімділігі саналады. Негізгі жетіспеушіліктері анағұрлым салмағы, тасымалдауда дефектілердің пайда болуының жоғары пайызы (нақыстар, жарылыстар) және ылғалдың немесе температураның циклдық өзгеруінің (қату – еру) ықпалымен топырақтың беткі қабатындағы бетонның үгілуі болып саналады;■металлдық, арнайы маркалы болаттан әзірленеді. Бөлек элементтерін пісіріп не бұрандамен қосады. Қышқылдану мен тотығуды болдырмас үшін металл тіреуіштердің бетін мырыштайды немесе кезеңдеп арнайы бояумен сылайды;■ағаш, дөңгелек бөренеден жасалады. Анағұрлым таралғаны – қарағайлы тіреуіштер, азырақ таралғаны – балқарағайлы тіреуіштер. Ағаш тіреуіштерді ТМД елдерін қоса алғанда 220/380 В дейін және АҚШ-та 345 В дейін кернеулі желілер үшін қолданады, бірақ 6, 10 және 35 кВ кернеулі желілерде ағаш тіреуіштер әлі де қолданылады. Бұл тіреуіштердің басты жетістіктері – құны арзан (жергілікті ағаштар болғанда) және әзірлеу қарапайымдылығы. Басты жетіспеушілігі – ағаштың шіруі, әсіресе тіреуіштің жермен жанасқан жерінде. Ағашты арнайы антисептикпен сіңіру (ТМД елдерінде «Креозот» қолданады) оның қызмет ету мерзімін 4...6 жылдан 15...25 жылға дейін ұзартады. Қызмет ету мерзімін ұзарту үшін ағаш тіреуішті әдетте бүтін бөренеден емес, құрамалыдан дайындайды: анағұрлым ұзын бағанадан және анағұрлым қысқа орындықтан, немесе темір бетон бағанадан. Орындықты негізгі бағанамен сымды бандаждың көмегімен біріктіреді. Ағаш тіреуіштер А-тәріздес не П-тәріздес етіп орындайды. П-тәріздес конструкция анағұрлым тұрақты болады, бірақ А-тәріздеспен салыстырғанда материалдың жоғары шығынына байланысты капитал жұмсалымын талап етеді.Темір бетонды және металлды мырышталған немесе кезеңдеп боялатын тіреуіштердің қызмет ету мерзімі 50 жыл және одан артық уақытқа жетеді. Металл және темір бетон тіреуіштердің құны ағаш тіреуіштердің құнынан әлдеқайда жоғары. Тіреуіштер үшін сол не басқа материалды таңдау экономикалық тұрғыдан, сонымен қатар желі салынатын аймақта тиісті материалдың болуымен шартталады.ТМД-да 35 – 330 кВ кернеулі ӘЖ металл және темір бетонды тіреуіштер үшін келесі белгілер қабылданған:П, ПС — аралық тіреуіштер;ПВС — ішкі байланыстары бар аралық тіреуіштері бар аралық тіреуіштер;ПУ, ПУС — аралық бұрыштық;ПП — аралық өтпелі;АУ, У, УС — анкерлік-бұрыштық;А — анкерлік;К, КС — түптік;Б — темір бетондық (500 кВ кернеулі тіреуіштерге таралмайды);М — көпқырлы (Б жоқ болуы — болатты).Әріптерден кейінгі сандар кернеу классын білдіреді. «т» әріпінің болуы екі арқаны бар арқанды бағананы білдіреді, «п» әріпі – тіреуіште сымдардың өзара орналасуының өзгеруі (әдетте жоғарғы не төменгі ярустың сымдарын ортаңғы ярусқа көшіруде). Дефис арқылы көрсетілген сан тізбек санын көрсетеді: тақ сан – бір тізбекті желі; жұп сан – екі және көп тізбекті немесе тіреуіштің типтік орындалуы. «+» арқылы сан приставканың базалық тіреуішке биіктігін білдіреді (металл тіреуіштерге қолданбалы). Белгілеу жүйесі өндіруші зауыттардың конструкторлық құжаттамасына сәйкес келеді және шарттық қабылданған формадан өзгешеленуі мүмкін. Мысалы:■АС35/110П-1ТМ — металлдық (болатты) анкерлік тіреуіш 35 және 110 кВ кернеулі, имекті профильден жасалған ӘЖ үшін;■У110-2+14 — металлды анкерлік-бұрыштық екі тізбекті тіреуіш 14 сүйеуішімен;■УС110-3 — металлды анкерлік-бұрыштық арнайы (сымдардың көлденең орналасуымен) бір тізбекті тіреуіш;■УС110-5 — металлды анкерлік-бұрыштық арнайы бір тізбекті (қалалық құрылыс үшін – кішірейтілген базамен және аспаның ұлғайтылған биіктігімен) тіреуіш (У110-2+5 тіреуішіне геометриялық ұқсас);■ПС10П-6АМ — имекті профильден 10 кВ кернеулі ӘЖ арналған аралық болатты;■ПМ220-1 — аралық металлды бір тізбекті тіреуіш;■У220-2т — екі арқаны бар металлды анкерлік-бұрыштық екі тізбекті тіреуіш;■ПБ110-4 — аралық темір бетон екі тізбекті тіреуіш;■ПМ110-4ф — конструктивті бөлек фундаменті бар аралық металлды көпқырлы екі тізбекті тіреуіш. Басқа әзірлеушіде ППМ110-2 маркалы (өтпелі) болады, бірақ конструктивті ұқсас келеді.Ғимараттан тыс ашық аумақтарда орналасқан электр желілері (ЭЖ) жиі әуе желілермен орындалады. Жергілікте әуе желілерінің аралық ұзындығы деп екі іргелес тіреуіштің орталары арасындағы көлденең қашықтықты қабылдайды.Анкерлік учаске (3.5-сур.) анкерлік типті тіреуіштердің арасындағы аралықтар ұзындығын айтады. Аспа нүктелерінің биіктігі бірдей болған жағдайда f сымдардың асылу нұсқары дегеніміз аспаның нүктесі мен сымның ең төменгі нүктесін қосушы желі арасындағы тік қашықтықты білдіреді. H желінің габариті деп жер деңгейіне дейін немесе қиылысатын құрылыстарға дейін сымдардың тым асылып тұруы жағдайында ең кіші тігінен қашықтығын қабылдайды.Желі трассасының бұрылу бұрышы деп көршілес аралықтардағы желілердің бағыттары арасындағы бұрышты айтады. Сымды тарту күші деп сымның осі бойымен бағытталған күшті қабылдайды. Сымның механикалық кернеуін тарту күшін сымның көлденең қимасының ауданына бөлу жолымен анықтайды.Бұрыштық тіреуіштерді әуе желісі трассасының бағытын өзгерту жерлерінде орнатады. Бұл тіреуіштер қалыпты шарттарда көршілес аралықтардың сымдарының тарту күшін қабылдауы тиіс.Анкерлік тіреуіштерді әртүрлі құрылыстары бар қиылыстарға, сондай-ақ сымдардың санын, маркасы мен қималарын өзгерткен жерлерге орнатады. Бұл тіреуіштер қалыпты жұмыс режимінде әуе желісінің бойымен бағытталған сымдарының тарту күшінің әртүрлілігін қабылдауы тиіс. Анкерлік тіреуіштердің конструкциясы қатты болуы тиіс.Қиылыстық тіреуіштерді түрлі бағыттарды әуе желілерінің қиылысқан жерлерінде орнатады.Аралықтық аралық – екі көршілес аралық тіреуіштің арасындағы көлденең бойынша қашықтығы. 1 кВ дейінгі кернеулі әуе желісінде аралықтардың ұзындығы 30-дан 50 м дейін құрайды, ал 1 кВ жоғары кернеулі әуе желілерінде аралықтардың ұзындығы 100-ден 250 м дейін құрайды.Әуе желілерінің құрылысы мен конструкциясы. Әуе желілерінде келесідей конструктивті элементтер болады:  сымдар, тіреуіштер, оқшаулағыштар, оқшаулағыштардағы сымдарды және тіреуіштердегі оқшаулағыштарды бекітуге арналған арматура. Әуе желілері бір және екі тізбекті болады. Бір тізбекті деп үш фазалық бір желінің үш сымын немесе бір ффазалық желінің екі сымын түсінеді. ӘЖ үшін алюминий, болаталюминий және болат сымдарды қолданады. Әуе желілерінің тіреуіштерін ағаштан және темір бетоннан әзірлейді. Ағаш тіреуіштер қарапйым болады, құны төмен, бірақ ұзаққа шыдамайды. Темір бетон тіреуіштер қымбатырақ, алайда мықтырақ келеді.

Ағаш тіреуіштердің бөлшектерін дайындағанда қылқанды тұқымдылардың пиломатериалдарын пайдаланады. Темір бетонды аралық тіреуіштерді қадауышты оқшаулағыштарда сымдардың көлденең орналасыуымен бір бағаналы етіп орындайды. Тіреуіштер А25... А70, АС16...АС50 және ПС25 маркалы сымдардың аспасына есептелген. Қадауыштың биіктігі – 175 мм дейін. Қадауыштарды темір бетон траверсасынан жасалған арматура өніміне пісіріп жерлендіреді.1 кВ дейінгі кернеулі тарамдары үшін ғимараттардың енгізушілеріне алюминий сымдарын және кем дегенде 16 мм2 қималы алюминий қорытпаларынан жасалған сымдарды қолдануға болады.Әуе желілерінде монтаждау орнынан торлы жәшікте жеткізілетін қадауыш оқшаулағыштарды (3.6-сур.) қолданады. Оқшаулағыштардың ақауларын трассаға жіберер алдында көзбен шолып анықтайды.Жоғары кернеулі ток өткізгіштер. Ток өткізгіші (3.7-сур.) деп электр энергиясын беру және тарату үшін арналған құрылғыны айтады. Ол оқшауланбаған және оққшауланған өткізгіштерден және оларға жататын оқшаулағыштардан, қорғанысты қабықтан, тарамдаушы құрылғыдан, сүйемелдеуші және тіреуші конструкциялардан тұрады.Өткізгіштердің түріне қарай ток өткізгіштер икемді (сымдарды пайдаланғанда) және қатқыл (қатқыл шиналарды пайдаланғанда) деп ажыратылады.Зауытта өндірілген, толайымды секцияларымен жеткізілетін 1 кВ дейінгі кернеулі қатқыл ток өткізгіштер шинасым деп аталады. Шинасымдар міндетіне қарай бөлінеді:■магистралдық, көбінесе оларға таратушы шинасымдар мен күштік таратушы пункттерді, қалқандар мен жеке қуатты электр қабылдағыштарды қосу үшін арналған;■таратушы, көбінесе оларға электр қабылдағыштарды қосу үшін арналған;■троллейлік, жылжымалы электр қабылдағыштарды қуаттау үшін арналған;■жарықтағыш, қуаты аз шырағдандар мен электр қабылдағыштарды қуаттау үшін арналған.Бір электр қондырғысының шегінен шығатын 1 кВ жоғары кернеулі токөткізгіш тартылған деп аталады.Өнеркәсіптік кәсіпорындарда 6-35 кВ кернеулі желілерде бір бағытта кернеуі 6 кВ болғанда қуаты 15... 20 мВ-А артық, кернеуі 10 кВ болғанда қуаты 25... 35 мВ • А артық, кернеуі 35 кВ болғанда қуаты 35 мВ • А беру үшін параллельді көп мөлшерінде салынған кабельдерден орындалған эжелілер алдында басымды икемді не қатқыл токөткізштер қолданға дұрыс. Токөткізгіштерді ашық орындауды электрмен жабдықтау объектілері мен қоршаған оротаның басжоспарының шарттары бойынша мүмкін болған барлық жағдайда қолданған жөн.Конструкция мен оқшаулағыштарды ұстап тұратын токөткізгіш бөліктерін бұзып әсер ететін ауадағы химиялық белсенді заттар бар жерлерде токөткізгіштер тиісті орындалуы тиіс немесе аталған ықпалдардан қорғайтын басқау шаралар қабылдануы тиіс.Өткізгіштерді, оқшаулағыштарды, арматураны, токөткізгіштердің конструкциялары мен аппараттарын есептеуді және таңдауды жұмыстың қарапайым шарттары бойынша (жұмысшы кернеуге және токқа сәйкестік), сондай-ақ қысқа тұйықталудағы жұмыс шарттары бойынша орындау керек. Ток жіберу бөліктерінде белгі мен түсі болуы керек. Токөткізгіштердің ток жіберу бөліктерін алюминий, болаталюминий және болат сымдардан, профильдік қималы құбырлар мен шиналардан орындаған жөн.Ток жіберу бөліктерін жерлендіру үшін стационралқы жерлендіруші пышақтар немесе көшпелі жерлендіру ескерілуі керек. токөткізгіштердің механикалық жүктемелерін, сондай-ақ қоршаған ортаның есептік температурасын талаптарға сәйкес анықтай қажет. Токөткізгіштерді құрастыру және конструктивтік орындау монтаждық және жөндеу жұмыстарының ыңғайлы әрі қауіпсіз орындау мүмкіндігін ескеру керек.Ашық ауадағы 1 кВ жоғары кернеулі токөткізгіштер найзағай кернеуден қорғалуы тиіс. 1 кА және одан артық ток жағдаыйнда симметриялық жүктемесі бар айнымалы токтың токөткізгіштерінде магниттік өрістің ықпалынан шинаұстағыштарда, арматура мен конструкцияларда электр энергиясын жоғалтуларды азайту шараларын ескеру ұсынылады, ал 1,6 кА және одан артық ток жағдайында ескеру қажет.2,5 кА және одан артық тоғы жағдайында индуктивтік қарсыласуды төмендету және түзету бойынша шаралар көделуі тиіс (мысалы, шаршының жан-жағынан пакеттердегі жолақтардың орналасуы, қосарланған фазаларды, профильдік шиналарды, домалақ және шаршылы қуыс құбырларды, транспозицияларды қолдану). Тартылған икемді токөткізгіштер үшін фазаішілік транспозицияларды қолдану ұсынылады, олардың саны токөткізгіштің ұзандығына қарай есептік жолмен анықталуы керек. симметриялы емес кернеу жағдайында токтың мәні әрбір жағдайда есеппен анықталуы керек, ток мәнін анықтауда магниттік өрістің ықпалынан электр энергиясын жоғалтуды азайту бойынша шаралар ескерілуі тиіс.Температураның өзгеруі, трансформаторлар вибрациясы, ғимараттың біркелкі емес отыруы өткізгіштерде, оқшаулағыштарда немесе басқа токөткізгіш элементтерде қауіптімеханикалық кернеуге әкелген жағдайда осы кернеулерді жою шараларын ескеру керек (өтегіштер немесе оларға ұқсас құрылғылар). Қатқыл токөткізгіштерде өтегіштер ғимараттар мен құрылыстардың температуралық және шөгу жіктерімен қиылысқан жерлерде орнатылуы қажет.Токөткізгіштердің ажырамайтын қосылыстарын пісіру көмегімен орындаған дұрыс. Тарамдарды икемді токөткізгіштермен қосу үшін тығыздау қысқыштарын қолдануға болады. Түрлі материалдардан өткізгіштерді қосу контакттық беттердің тотығуы болмайтындай етіп орындалуы тиіс.Қалыпты және апаттан кейінгі режимдерде ұзақ жол берілген ток бойоынша 1 кВ жоғары кернеулі токөткізгіштердің қимасын таңдауды күтілетін жүктемелердің өсуін есепке алып, алайда есептіктен жоғары 25...30% артық емес жүргізген жөн.Оқшауланбаған сымдарды қолданумен орындалатын токөткізгіштер үшін ұзақ жол берілген токтарды 0,8 коэффиентін қолданып ПУЭ бойынша анықтаған дұрыс – өткізгіштердің фаза ішілік транспозициясы болмағанда; 0,98 – өткізгіштердің фаза ішілік транспозициясы болғанда.1 кВ дейінгі кернеулі токөткізгіштер. Токөткізгіштерден тарамдалған жерлер қызмет көрсету үшін қолжетімді болуы керек. өндірістік үй-жайларда ІР00 орындалған токөткізгіштерді еден немесе қызмет көрсету алаңының деңгейінен кем дегенде 3,5 м биіктікте орналастыру керек, ал ІP31 орындалған токөткізгіштерді – кем дегенде 2,5 м. ІP20 және одан жоғары орындалған, оқшауланған шиналары бар токөткізгіштерді орнату биіктігі ІP40 және одан жоғары орындалған токөткізгіштер нормаланбайды. Сонымен қатар айнымалы токтың 42 В және одан жоғары және тұрақты токтан төмен 110 В кернеулі желі жағдайында кез келген орындаудағы токөткізгіштерді орнату биіктігі нормаланбайды.Тек білікті қызмет көрсетуші қызметкерлер кіретін үй-жайларда (мысалы, ғимарттардың техникалық қабаттарында және т.б.) ІP20 және жоғары орындалған токөткізгіштерді орнату биіктігі нормаланбайды. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр қабылдағыштарында ІP00 және жоғары орындалған токөткізгіштерді орнату биіктігі нормаланбайды. ІP00 орындалған токөткізгіштермен байқамай жанасу мүмкін жерлер қоршалуы тиіс.Токөткізгіштерде механикалық зақымдануы мүмкін жерлерде қосымша қорғанысы болуы тиіс. Өтпелердің үстінде жайғасқан токөткізгіштер мен қоршаулар еденнен немесе қызмет көрсетілетін алаңнан кем дегенде 1,9 м биіктікте орнатылуы тиіс. токөткізгіштердің торлы қоршауларында 25 х 25 мм артық емес ұяшықтары бар торлары болуы керек.Токөткізгіштер орнатылатын конструкциялар жанбайтын материалдан орындалуы және 0,25 с кем емес отқа төзімді болуы тиіс. Токөткізгіштердің жабындар, табылдырықтар мен қабырғалар арқылы өтетін тораптары бір үй-жайдан екіншісіне жалын мен түтіннің таралуы мүмкіндігін болдырмау қажет. Қабықсыз токөткізгіштердің ток беру бөліктерінен құбыр желілеріне дейінгі арақашықтық кем дегенде 1 м болуы керек, ал технологиялық жабдық – кем дегенде 1,5 м.Қабыршығы бар шинасымдарынан (ІP21, ІP31, ІP51, ІP65 орындалған) құбыр желілері мен технологиялық жабдыққа дейінгі арақашықтық нормаланбайды. Жарықта қабыршақсыз (ІР00) токөткізгіштердің түрлі фазаларының немесе полюстерінің өткізгіштері арасындағы, және олардан ғимараттармен жерлендірілген конструкциялардың қабырғаларына дейінгі арақашықтық кем дегенге 50 мм, ал ғимараттың жанатын элементтеріне дейін кем дегенде 200 мм болуы керек.Токөткізгіштерден тарамдауға арналған коммутациялық және қорғаныстық аппаратура тура токөткізгіштерде немесе тарамдау пунктіне жақын орнатылуы тиіс. бұл аппаратура кернеу астындағы бөліктерге байқамай тиіп кетуді болдырмайтындай етіп олрналасуы және қоршалуы керек. қолжетпейтін биіктікте аппараттар қызмет көрсететін еден не алаң деңгейінен оперативті басқару үшін тиісті құрылғылар (тартулар, арқандар) ескерілуі керек. Аппараттарда қызмет көрсету еденімен немесе алаңынан ажыратылатын апарттың күйін көрсететін (қосулы, өшірулі) белгілері болуы керек.Токөткізгіштер үшін жанбайтын материалдардан (фарфор, стеатит және т.б.) қолдану қажет. қорғанысты қабыршақсыз токөткізгіштердің (ІP00) түгел трассасы бойынша әрбір 10...15 м сайын, сондай-ақ адамдар баратын жерлерде (крановщиктерге арналған түсіру алаңдары және т.б.) қаууіпсіздік техникасы бойынша ескерті плакаттары бекітлуі тиіс. қысқа тұйықталу (ҚТ) токтарының өтуі жағдайында фазалардың өткізгіштерінің өз арасында және токөткізгіштоктары арасында болмайтын жақындауды болдырмау үшін шаралар (мысалы, оқшаулау кергілері) ескерілуі тиіс.Крандық аралықтардағы токөткізгіштерге келесі қосымша талаптар беріледі:1)фермалар бойынша төселетін қорғагысты қабықтарсыз қоршалмаған токөткізгіштерді (ІP00) көпірдің төсемі мен кранның арбасы деңгейінен кем дегенде 2,5 м жайғастыру қажет; токөткізгіштерді 2,5 м төмен, бірақ жабу фермасының төменгі белінің деңгейінен төмен емес төсегенде, токөткізгіштердің түгел бойында көпірдің төсемі мен кранның арбасынан оларға тиіп кетуден қоршау қарастырылуы тиіс. токөткізгіштің үстінде тура кранның өзінде аспа түріндегі қоршау құрылғысына жол беріледі;2)крандарға арналған жөндеу қашалардың үстінде қорғанысты қабықсыз токөткізгіш учаскелерінде кран арасының төсемінен ток жіберу бөліктеріне жиіп кетуді болдырмайтын қоршаулары болуы керек. Токөткізгіш осы төсемнің үстінен кем дегенле 2,5 м орналасса, не болмаса осы жерлерде оқшауланған өткізгіштер қолданылса, қоршау қажет емес; соңғы жағдайда оларға дейінгі ең аз қашықтықты жөндеу шарттарына қарай анықтайды;3)механикалық зақымдардан арнайы қорғаныс шараларын қолданусыз токөткізгіштерді төсеуге кранның өлі аймағында жол беріледі. Механикалық зақымдардан арнайы қорғаныс шараларын кранның өлі аймағынан тыс технологиялық жабдыққа жақын орналасқан, 630 А дейінгі токта кез келген орындалған қабықтағы шинасымдар үшін ескеру керек емес.1 кВ жоғары кернеулі токөткізгіштер. Өндірістік үй-жайларда № 41 және жоғары орындалған токөткізгіштерді қолдануға болады; токөткізгіштер еден немесе қызмет көрсету алаңы деңгейінен кем дегенде 2,5 м биіктікте орналасуы керек. Тек білікті қызмет көрсетуші қызметкерлер кіретін үй-жайларда (мысалы, ғимарттардың техникалық қабаттарында және т.б.) ІP41 және жоғары орындалған токөткізгіштерді орнату биіктігі нормаланбайды. Электр үй-жайларыныда кез келген орындаудағы токөткізгіштерді қолдануға болады. ІP41 төмен орындаудағы токөткізгіштер үшін еден немесе қызмет көрсету алаңы деңгейінен орнату биіктігі – кем дегенде 2,5 м болу керек; ІP41 және жоғары – нормаланбайды. Ашық ауада түгел орындаудағы токөткізгіштер қолданыла алады.Токөткізгіштерді туннельдерде және галереяларла жайғастырғанда келесі талаптар орындалуы тиіс:1)қабығы жоқ токөткізгіштер (ІР00) қызмет көрсету дәліздерінің ені кем дегенде: бір жақты орналасқанда – 1 м; екі жақты орналасқанда – 1,2 м болуы қажет. Токөткізгіштің ұзындығы 150 м болғанда қызмет көрсету дәлізінің ені жабдыққа бір жақтықты, сондай-ақ екі жақты қызмет көрсету елтірілгенмен салыстырғанда кем дегенде 0,2 м ұлғайтылуы керек;2)қабығы жоқ токөткізгіштердің қоршау биіктігі еден деңгейінен кем дегенде 1,7 м болуы тиіс;3)токөткізгіштің басында және ортасында, сонымен қатар аралық нүктелерде стационарлық жердендіруші пышақтар немесе көшпелі жерлендірулерді қосуға арналған құрылғы ескеру керек. Көшпелі жерлендіруді орнату орындарының саны ҚТ жағдайында көрші токөткізгіштерден келтірілген кернеу жерлендірулерді орнатудың екі көршілес нүктесі арасында 250 В аспайтындай таңдалуы тиіс.Туннелдер мен галереяларды жарықтандыру екі көзге шамдарды кезектеп қосумен екі көзден қуаттануы керек. қабығы жоқ токөткізгіштер (ІР00) төселетін жерде жарықтағыш арматура оған қауіпсіз қызмет көрсетілетіндей етіп орнатылуы керек. Бұл жағдайда туннельдер мен галереялардағы жарықтағыш электр сымдарының жүйесі экрандалуы тиіс (металл қабығы бар кабельдер, болат құбырлардағы электр сымдары және т.б.).Токөткізгіштер үшін туннельдер мен галереялар орындағанда келесі талаптар орындалуы тиіс:1)құрылыстар жанбайтын материалдардан орындалуы қажет; темір бетоннан әзірлленген салмақ түсетін құрылыс конструкцияларың отқа төзімді шегі кем дегенде 0,75 с болуы тиіс, ал болат прокаттан – кем дегенде 0,25 с.2)желдеткіш атаулы жүктеме жағдайында кіріп-шығатын ауа температурасының айырмашылығы 15 °С аспайтындай етіп орындалуы керек. Желдеткіштік тесіктер жалюзимен немесе торлармен жабылуы және күнқағармен қорғалуы тиіс;3)туннельдер мен галереялардың ішкі кеңістігі басқа қандай да бір құбыр желілермен қиыспауы тиіс;4)токөткізгіштердің туннельдері мен галереялары байланыс құрылғыларымен жабдықталуы керек. Байланыс құралдарының аппаратурасы және оны орнатуу жерлері нақты жобалауда анықталуы қажет.1 кВ жоғары кернеулі икемді токөткізгіштер. Икемді токөткізгіштер ашық ауада дербес тіреуіштерде салынуы керек. Жалпы тіреуіштерде токөткізгіштер мен технологтялық құбыр желілерін біріктіріп төсеуге болмайды. Бөлшектелген фазалардың сымдары арасындағы қашықтықты қолданылатын сымдардың алты диаметрінен кем емес мәнге тең деп қабылдау ұсынылады. Ток беру бөліктерінің арасындағы және олардан жерлендірілген конструкцияларға, ғимараттар мен басқа құрылыстарға дейін, сондай-ақ автомобиль не темір жол төсеміне дейінгі қашықтық талаптарға сәйкес қабылдануы тиіс.Токөткізгіштердің жарылысқауіпті үй-жайлары бар ғимараттармен және құрылыстармен, сондай-ақ жарылысқауіпті сыртқы қондырғылармен жақындасуы талаптарға сай орындалуы қажет. Токөткізгіштерден қиылысатын құрылыстарға дейінгі қашықтықты тексеруді фазааралық және фазаішілік кергілерден сымдарға түсетін қосымша салмақты жүктемелерді, және апаттан кейінгі режимде сымның мүмкін максималды температурасын есепке алып жүргізген дұрыс. Апаттан кейінгі режимде токөткізгіштің жұмыс істеуі жағдайында максималды температура 70 °С тең деп қабылданады.Тартылған токөткізгіш тізбегінің фазаларын тең қабырғалы үшбұрыштың төбелері бойынша орналастыру ұсынылады. Тартылған токөткізгіштің конструкциясы көшпелі жерлендіруін қолдану мүмкіндігін ескеруі керек.Икемді құбыр желілерінің сымдарын есептегенде келесі талаптарды ұстану қажет:1)сыртқы жүктемелердің әртүрлі үйлесімі жағдайында сымдардағы тарту күші мен кернеу күшті қабылдайтын қолданылатын тіреуіштер мен тораптардың беріктігімен шартталған фазаға жол берілген нормативтік тарту күшіне тәуелді қабылдануы керек. Фазаға нормативтік тарту күшін 9,8 кН артық емес (10 тс) қабылдаған дұрыс;2)фазааралық және фазаішілік кергілерден сымдарға түсетін қосымша салмақтық жүктемелер есепке алынуы керек.   ЦЕХТЫҚ ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАР Толымды трансформаторлық қосалқы станциялар (ТТС) 50 және 60 Гц жиілікті кернеумен, 6—10/0,4 и 0,69 кВ кернеумен үш фазалық ауысплы токтың электр энергиясын қабылдау, түрлендіру және тарату үшін арналған (3.8-сур.).  аТТС -ELM-X/XX/XX-XX/XXLКлиматтық орындау және жайғастыру санаты' Жұмыс сызбалары әзірленген жыл (соңғы екі сан) Ең төменгі кернеу жағындағы бастапқы кернеу (НН) , кВ Трансформатордың кернеу классы, кВ Күштік трансформатордың бастапқы қуаты, кВ-А Өндіруші зауыттың сауда маркасы Шығарушыны әріптік белгілеу Қолданылатын трансформаторлар саны (бір трансформатор жағдайында сан көрсетілмейді)  б3.8-сур. Орнатылған цехтық ТТС:а — жалпы түрі; б — шарттық белгілеу құрылымыТТС өнеркәсіптік және азаматтық объектілердің объектілік, цехтық және абоненттік қосалқы станциялары ретінде, сондай-ақ электр станцияларының өзіндік қажеттіліктерінің тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін қолданылады.ТСС келесі жағдайларда пайдалану үшін арналған:■ қоршаған ауаның төменгі температурасы -10 °С төмен емес болуы тиіс;■қоршаған ауаның жоғарғы жұмысшы температурасы 40 °С жоғары емес болуы тиіс;■қоршаған ауаның жоғарғы шекті жұмысшы температурасы 45 °С жоғары емес болуы тиіс;■теңіз деңгейінен биіктігі – 1000 м артыҚ емес;■атмосфералық қысым — от 86,6 до 106,7 кПа (650 бастап 800 мм сн. бғ. дейін);■ауаның қатысты ылғалдығы - 15 °С температурасында 75 % артық емес және 25 °С температурасында 98% артық емес. Қоршаған ауа температурасы одан төмен болса, электр техникалық шкафтар жылытылуы тиіс;■қоршаған ортада белсенді тотығу агенттерінің болуы – І типті атмосферасы үшін (өнеркісіптік) - МЕМСТ15150.Толымды трансформаторлық қосалқы станцияларды шарттық белгілеу құрылымы 3.8-сур., б келтірілген.Мысалы 2KTn-ELM- 630/10/0,4-09-ҚСЛ 3.1 мынаны білдіреді:■екі трансформаторлық ТТС қуаты 630 кВ • А;■кернеуі классы – 10 кВ;■НН жағындағы бастапқы кернеуі — 0,4 кВ;■Әзірленген жылы – 2009;■Климаттық орындау – ҚСЛ ;■Жайғастыру санаты – 3.1.ТТС жіктелуі. ТТС келесі түрде жіктеледі:■Күштік трансформатор типі бойынша:а) май трансформатормен;б) герметикалық май трансформатормен;в) жанбайтын сұйық диэлектригі бар герметикалық трансформатормен;г) құрғақ трансформатормен;д) құйылған оқшаулауы бар трансформатормен;■Төмен кернеу жағындағы (НН) трансформатордың бейтараптамасын орындау әдісі бойынша :а) тікелей жерлендірілген бейтараптамамен;б) оқшауланған бейтараптамамен;■Бұйымдардың өзара орналасуы бойынша:а) бірқатарлы;б) екіқатарлы;■Қолданылатын трансформаторлардың саны бойынша:а) бір трансформатормен (ТТС );б) екі және одан артық трансформатормен (2ТТС );НН (ТКТҚ ) жағынан таратушы құрылғыда шиналарды оқшаулаудың бар болуы бойынша:а) оқшауланған шиналармен (ТТС қуаты 1000 кВ және жоғары);б) оқшауланбаған шиналармен;■Жоғары вольтті енгізуді орындау бойыншаа) кабельдік;б) шиналық;в) әуе;■ТКТҚ-ға шығыстар орындау орындау бойынша (шиналармен және кабельдермен) :а) жоғары шығару;б) төмен шығару;в) төмен және жоғары шығару;■ТТС конструктивтік орындау, климаттық орындау және жайғастыру санаты бойынша:а) БТТС — бетондық (климаттық орындау түрлері — ҚСЛ 1, У1);б) ТТД— діңгектік типті (климаттық орындау түрлері — ҚСЛ 1, У1);в) ТТС К — киосктік типті (климаттық орындау түрлері — ҚСЛ 1, У1);г) ТТС БМ — блоктық-модульдік типті (климаттық орындау түрлері — ҚСЛ 1, У1);д) ТТС Ө — өнеркәсіптік орындау (климаттық орындау түрлері — У3);■Автоматтық сөндіргіштерді орнату әдістері бойынша:а) жылымалы сөндіргіштермен;б) стационарлық сөндіргіштермен;■ТКТҚ шкафтарының міндеті бойынша:а) кіріспе;желілікв) секциялық;■Жоғары кернеу жағынан (ЖКҚ) және І санатының ТКТҚ құрылғысына қызмет көрсету дәлізі, тамбурының болуы бойынша:а) дәлізсіз;б) дәлізбен.Толымды трансформаторлық қосалқы станиялар құрамы. Толымды трансформаторлық қосалқы стания – жоғары кернеу жағынан құрылғысынан, трансформатордан, төмен кернеу жағынан құрылғысынан таратушы құрылғыдан және жиналған немесе жинауға дайындалған түрде жеткізілетін олардың арасындағы шина сымдарынан тұратын электр техникалық құрылғы.ТТС жоғары кернеу жағынан таратушы құрылғы – электр энергиясын қабылдау және оны трансформатордың жоғары кернеуі жағына коммутацияның шарттарлған схемасы бойынша жіберу үшін қызмет ететін коммутация, басқару және қорғау (немесе оларсыз – бітеу енгізу) үшін арналған кіріктірілген аппараттары бар металл қабығындағы құрылғы.ТТС төмен кернеу жағынан таратушы құрылғы – электр энергиясын тарату үшін қызмет ететін коммутация, басқару, өлшеу және қорғау үшін арналған кіріктірілген аппараттары бар бір немесе бірнеше шкафтардан тұратын металл қабығындағы кернеуі 690 В дейінгі құрылғы.Шина сым – электрлік қосу схемасына және ТТС конструктивті орындауға сәйкес ТТС-ның қосалқы бөлшектерінің негізгі тізбектерін қосуға арналған металл қабығында орналасқан ток өткізуші элементтер.ТТС құрылғысы және конструкциясы. Сыртқы қондырғының толымды трансформаторлық қосалқы сатнциясы (3.9-сур.) киосктік типті сыртқы қондырғының толымды бір немесе екі трансформаторлық қосалқы сатнциясын білдіреді және 6, 10, 15 немесе 20 кВ кернеулі электр энергиясын қабылдау, оның транзиті (өтпелі типті қосалқы станция), 0,4 кВ кернеулі электр энергиямына түрлену үшін, сондай-ақ климаты қоңыржай (-45-тен +45 °С дейін) өңірлердегі елді мекендердің, өнеркәсіптер мен басқа объектілердің тұтынушыларын электрмен жабдықтау және қорғау үшін арналған.Конструктивтілігі бойынша ТТС шкаф түрінде орындалады. Шкафтар сама-негіздерде орындалады, бұл конструкцияға қосымша қатқылдық береді. Раманың түбі қосалқы станцияның ішіне ұсақ жануарлардың кіріп кетуін болдырмайтын металл жапырақпен жабылдаы.ТТС бөліктері былай бөлінеді:■жоғары вольттік ЖКҚ ;■трансформаторлық;■төмен вольттік ТКТҚ ;■есепке алу;■өзіндік қажеттіліктер.Түгел бөліктерде жеке кірісі бар және өз арасында бөлінген, осылайша рұқсатсыз кіруді шектеу мүмкіндігімен қатты аймақтауды қамтамасыз етеді. Іштен ТТС -630/10 орнату үшін жабық шкафтары бар толымды трансформаторлық қосалқы станциялар мысалындағы құрам мен жабдықты қарастырайық. 3.10-сур. Электрлік ТТС схемасы:      ТТС-да жоғары кернеу (ЖК) бойынша коммутациялық аппараттар ретінде мыналар қолданыла алады:■ЭЖ жақын тіреуішіне орнатылатын желілік ажыратқыш (әуе кірісі бар ТТС үшін ғана);■жүктемені сөндіргіш;■вакуумдық сөндіргіш (10 кВ дейінгі кернеуі үшін ғана);■0,4 кВ жағындағы коммутациялық аппараттар;■амтоматтық сөндіргіш;■ARS, RBK типті өшіргіш-сақтандырғыштар.ТТС схемасымен электр энергтясын есепке алу ескерілген:■ЖК енгізуде;■ТК кірісінде;■бөліну желілері (соның ішінде көше жарығының желілері). толымды трансформаторлық қосалқы станциялардың өзгешеленетін ерекшеліктер мен басымдылықтары:■ыңғайлы тасымалдау;■қосу және пайдалануға енгізу қарапйымдылығы;■модульдік конструкциясы (сөндіру бөліктері блокпен жиналады);■екі жақты қызмет көрсету;■қызмет көрсететін қызметкерлердің қауіпсіздігі;■ТТС-ны толық зауыттық дайындықта жеткізу мерзімінің қысқалығы. ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДАҒЫ ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ САНЫН ЖӘНЕ ҚУАТЫН ТАҢДАУ Өнеркәсіп кәсіпорындарының қосалқы станциялардағы трансформаторлардың саны мен қуатын дұрыс таңдау рационалдық желілерді электрмен жабдықтау және құру жөніндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қалыпты жағдайда трансформаторлар бастапқы жүктемеде кәсіпорынның барлық тұтынушыларын қуаттауы тиіс.Қосалқы станциялардағы трансформаторлардың саны (3.11-сур.) электрмен жабдықтау сенімділігінің талаптарымен анықталады. Ең жақсысы кез келген санаттағы цехтың тұтынушыларын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін екі трансформаторды орнату нұсқасы болып табылады. Алайда егер цехта тек І және І санаттағы қабылдағыштар орнатылса, анағұрлым тиімдісі бір трансформаторлық қосалқы станция болады.Утризауыттық желілердің ЖК жобалау кезінде егер тұтынушыларды төмен кернеулі желі бойынша резервтеу қамтамасыз етілсе, сондай-ақ нормаланатын уақыт ішінде зақымдалған трансформаторды ауыстыру мүмкін болса, бір трансформаторлық қосалқы станциясы орнатылады.Екі трансформаторлық қосалқы станциясы І санаттағы тұтынушылардың үлкен мөлшері, немесе І санаттағы тұтышулар бар болса қолданылады. Бұдан басқа, екі трансформаторлық қосалқы станциясын қолдану кәсіпорынның нормаланбаған тәуліктік және жылдық кестесі, ауысымдардағы жүктеменің айтарлықтай айырмашалығы бар жұмыстың маусымды режимі жағдайларында орынды болып табылады.           Жүктемені азайтқанда трансформаторлардың бірі өшеді. Трансформаторлар санын таңдау міндеті екі нұсқадан үздік техника-экономикалық көрсеткіштері бар нұсқаны таңдау болып табылады. Электрмен жабдықтау схемасының оңтайлы нұсқасы әр нұсқа бойынша келтірілген жылдық шығындарды салыстыру негізінде таңдалады: (3.1)мұндағы Сэ, — і нұсқасының тұтыну шығындары; кн э — тиімділіктің нормативті коэффициенті; К, — — і нұсқасының күрделі шығындары; У, — электрмен жабдықтауды үзуден болатын тұтынушының шығындары. 3.11., а суретінде көрсетілген нұсқада, апаттық жағдайда электрмен жабдықтау үзіледі, себебі трансформаторды жөндеу немесе ауыстыру қажет. Нұсқаларды салыстырғанда кәсіпорынның келешекте дамуы туралы мәселе маңызды рөл атқарады. Мысалы егер қазіргі уақытта цехта тек І санаттағы тұттынушылар болса, онда нұсқаларды қарастыру орынды. Бірақ егер бір жылдан кейін кәсіпорынды қайта жабдықтау көзделсе және цехта І санаттағы тұтынушылар пайда болса, онда әрине екі трансформаторы бар нұсқаны таңдаған дұрыс. Негізінде екі трансформаторды орнату тұтынушылардың сенімді қуаттануын қамтамасыз етеді. Бұл бірінші трансформатор зақымданса, екіншісі оның қайта жүктелі қасиетін есепке алып, трансформаторды жөндеуге қажетті уақыт ішінде қуаттанудың 100% қамтамасыз етеді. Қолданыстағы екі трансфлорматордың қуаты барлық қабылдаушылардың қуаттануын қамтамасыз етуге жеткіліксіз болатын жағдайлар бар (мысалға анағұрлым қуатты жабдық орнатқанда, электр қабылдағыштардың жұмыс режимін өзгерткенде және т.б.). Бұл жағдайларда анағұрлым қуатты трансформатор орнатуды не болмаса өсіп кеткен қуатты «қамту» үшін үшінші трансформатор орнату қарастырылады. Екінші нұсқа дұрысырақ көрінеді, себебі қосалқы станцияның сенімділігі ұлғаяды, ескі трансформаторларды іске асыру қажеттілігі болмайды және үшінші трансформатор орнатуға жұмсалатын күрделі шығындары түгел қосалқы станцияны қайта жабдықтағанға қарағанда анағұрлым азаяды. Бірақ мұндай нұсқа үнемі мүмкін емес. Мысалы кәсіпорынның аумағы тығыз салынған болса, қосымша трансформатор үшін орын жетпеуі мүмкін. Басқа жағынан схема айтарлықтай күрделенеді, ол трансформаторлардың параллельді жұмыс істеген жағдайында мүмкін емес болуы мүмнкін. Сондықтан нұсқаларды қарастру әр нақты жағдайда жеке жүргізіледі. Трансформаторлар санын таңдауда сенімділік талаптарынан басқа қабылдағыштардың жұмыс режимін ескеру керек. Мысалы жүктеме кестесінің толу коэффициенті төмен болса, бір емес, екі трансформаторды орнату экономикалық тұрғыдан орынды болады. Ірі трансформаторлық қосалқы станцияларда, НТҚ трансформаторлр саны екеуден артық таңдалмайды. Бұл кәсіпорынның жоғары кернеуі жағында коммутациялық аппаратура құны трансформатордың құнымен шамалас болуымен шартталған.Ресейде трансформаторлардың біріңғай қуат шкаласы қабылданған. Ұтымды шкаланы таңдау өнеркәсіптік электрмен жабдықтау жүйесін оңтайландыру да негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қуаттардың екі шкаласы бар: 1,35 және 1,6 қадамымен, яғни бірінші шкала 100, 135, 180, 240, 320, 420, 560... кВ • А қуатынан, ал екіншісі 100, 160, 250, 400, 630, 1000. кВ •А қуатынан тұрады. Қуаттардың бірінші шкаласының трансорматорлары қазіргі уақытта жүргізілмейді және қолданыстағы ҚС-да пайдаланылады, ал жаңа ҚС жобалау үшін екінші қуаттар шкаласы қолданылады.1,35 коэффициенті бар шкала трансформаторларды жүктеу тұрғысынан тиімдірек болып табылады. Мысалы 0,7 жүктеу коэффициентімен екі трансформатор жұмыс істегенде олардың бірін өшіргенде, екіншісі 30 %-ға қайта жүктеледі. Мұндай жұмыс режим трансформатордың жұмысына қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Осылайша оның қуаты толық тұттынылуы мүмкін.40 %-ға рұқсат етілген қайта жүктелуде 1,6 шкаласымен трансформатордың белгіленген қуатын аяғына дейін пайдаланбау болады. ҚС екі трансформатор жеке жұмыс істейді делік және әрқайсының жүктемесі 80 кВ • А құрайды; олардың бірін өшіргенде, екіншісіне 160 кВ •А жүктемесімен қамтамасыз ету қажет болады. 100 кВ • А жүктемесімен екі трансформатор орнату қабылдана алмайды, себебі бұл жағдайда қата жүктеу бір трансформатор істен шыққанда 60 %-ды құрайды. 160 кВ • А трансформаторын орнату олардың қалыпты режимде тек 50%-ға жүктелуіне соқтырады. 1,35 қадамымен шкаланы пайдаланғанда қуаты 135 кВ • А трансформаторларын онатуға болады, сонда олардың қадыпты режимде жүктелуі 70 %-ды, ал апаттық режимде қайта жүктелу 40 % артық емес құрайды.Осы мысалға сүйенсек, 1,35 қадамымен шкалы ұтымдырақ екенін көреміз, ал шығарылатын трансформаторлардың шамамен 20 % қуаты шығарылмайды. Осы проблеманың мүмкін шешімі әртүрлі қуатпен ҚС-да екі трансформатор орнату болып табылады. Алайда бұл шешімді техникалық тұрғыдан ұтымды деуге болмайды, себебі қуаты үлкен трансформатор қатардан шққанда қалған трансформатор цехтын жүктемесін «жаппайды». Онда қуаттардың жаңа қатарына көшу немене шартталған? Жауабы жабдықты: тек трансформаторлар ғана емес, бірақ онымен байланыстыны (сөндіргіштер, жүктемені сөндіргіштер, ажыратқыштар және т.б.) бірегейлендіру үшін қуаттың көптүрлілігін қысқартуда жатқан болар.Зауыттық қосалқы станцияларды қуаттау үшін трансформаторлардың саны мен қуатын таңдау келесі түрде жүргізіледі:1)қабылдағыштардың санатын есепке алып, электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге сүеніп, ҚС-да трансформаторлар саны анықталады;2)қалыпты режимде рұқсат етілген жүктемені және апаттық режимде қайта жүктеудің рұқсат етілген қайта жүктеуді есепке алып, таңдалатын трансформаторлардың (үшеуден артық емес) қуатқа жақынырақ нұсқалар таңдалады;3)нақты шарттар үшін қолданбалы белгіленген нұсқалардан экономикалық мақсатты шешім айқындалады;4)ҚС кеңейту немесе дамыту мүмкіндігі ескеріледі және сол фундаментте анағұрлым қуатты трансформаторлар орнату мүмкіндігі туралы мселе шешіледі не болмаса трансформаторлар санын ұлғайту есебінен қосалқы станциялады кеңейту мүмкіндігі есепке алынады.Трансформаторлардың қуатын таңдағанда олардың жүктемелік қаисетін дұрыс ескеру керек. Трансформатордың жүктемелік қаисеті деп трансформатор оқшаулауының жылулық тозу есебінен рұқсат етілген жүктемелердің, жүйелік және апаттық жүктемелердің жиынтығы түсініледі. Егер трансформаторлардың жүкктемелік қасиетін есепке алмаса, онда олардың бастапқы қуатын таңдағанда негізсіз жоғарылатып жіберуі мүмкін, бұл экономикалық тұрғыдан орынсыз. Көптеген қосалқы станцияларда трансформаторлардың жүктемелігі өзгереді және ұзақ уақыт бойы бастапқыдан төмен қалады. Трансформаторлардың айтарлықтай бөлігі апаттықтан кейінгі режимді есепке алып таңдалады, сондықтан қалыпты жағдайда олар ұзақ уақыт бойы аяғына дейін жүктелмеген болып қалады.Бұдан басқа, күштік трансформаторлар қоршаған ортаның рұқсат етілген 40 °С температурасы жағдайында жұмыс істеуге есептелген. Шындығында олар қарапйым шарттарда ортаның 20...30°С дейінгі температурада жұмыс істейді. Сәйкесінше күштік трансформатор белгілі уақытта алдында қарастырылған жағдайларды есепке алып, оған белгіленген қызмет ету мерзімі (20...25 жыл) үшін қандай да бір залалсыз қайта жүктелуі мүмкін.Трансформаторлардың түрлі жұмыс режимдерін зерттеулер негізінде МЕМСТ 14209 — 85 әзірленді, ол 100 мВ – А дейінгі қуатпен жалпы міндеті бар күштік май трансформаторларын рұқсат етілген жүйелік жүктемелерін және апаттық қайта қосуын регламенттейді, соның ішінде ортаны суыту температурасын есепке алып, М, Д, ДЦ және Ц суыту түрлерімен.Жүйелік жүктемелер пен апаттық қайта қосуларды анықтау үшін МЕМСТ14209 — 85 сәйкес қайта жүктеуден бұрын болатын бастапқы жүктемені және қайта жүктеудің ұзақтығын білу керек. Бұл деректер баламалыға жылулыққа қатысты тікбұрышты екі не көпсатылы кестелерге түрленген іс жүзіндегі бастапқы жүктеме кестесі (толық қуат немесе ток) бойынша анықталады.Жүктеменің іс жүзіндегі бастапқы кестесіне ие болу қажеттілігіне байланысты рұқсат етілген жүктемелер мен қайта жүктеулер есебін қолданыстағы жүктеме кестесінің рұқсаттылығын тексеру мақсатында, сондай-ақ қайта жүктеу режимінің алдыңғы сәтіндегі және қайта жүктеу режиміндегі жүктеу коэффициенттерінің максималдық мәндері бар тәуліктік кестелердің мүмкін нұсқаларын айқындау мақсатында қолданыстағы қосалқы станциялар үшін сәйкес орындалуы мүмкін.Қосалқы станцияларды жобалау кезеңінде типтік жүктеме кестелерін пайдалануға болады немесе МЕМСТ 14209 — 85 ұсынымдарына сәйкес апаттық қайта жүктеу шарттары бойынша трансформаторлар қуатын таңдауға болады. Сонда Sp объектісінің есептік жүктемесі және Кд.ав рұқсат етілген аптаттық қайта жүктеу коэффициенті белгілі болса, трансформаторлар (екі трансформаторлық, бір трансформаторлық) апаттық қайта жүктелуі мүмкін қосалқы станциялар үшін трансформатордың бастапқы қуаты мына формула бойынша анықталады:  (3.2)Трансформаторды оның бастапқы қуатынан артық жүктеуге трансформатордың суыту жүйесінің дұрыс және толық қосылған күйінде ғана рұқсат етіледі. Типтік кестелерге келсек, қазіргі уақытта олар жүктеме тораптарының шектелген саны үшін әзірленген.Трансформаторлардың, әсіресе 6— 10/0,4 — 0,23 кВ тұтынушылық қосалқы станциялардың саны мен қуатын таңдау көбінесе экономикалық фактормен анықталатындықтан, бұл ретте маңыздысы тұтынушының электр желілеріндегі реактивті қуатын өтеуді есепке алу болып табылады.1 кВ дейінгі кернеулі желілердегі реактивті қуатты өтей отырып, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың санын, олардың бастапқы қуатын азайтуға болады. Әсіресе рекативті жүктемеліктердің елеулі мөлшерін өтеуге тура келетін 1 кВ дейінгі желілердегі өнеркәсіптік тұтынушылар үшін маңызды. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда электр желілеріндегі рекативті қуатты өтеуді жобалау жөніндегі қолданыстағы әдістеме бір уақытта трансформаторлар саны мен оларлың қуатын таңдаумен өтеуші құрылғылардың қуатын таңдауды болжайды.Қосалқы станциялар құрылысының тез өзгеретін құндық көрсеткіштерімен шартталған экономикалық есептердің күрделілігін және электр энергиямсының құнын есепке алып, жаңасын жобалау және 6—10/0,4 — 0,23 кВ қолданыстағы тұтынушылық қосалқы станцияларды қайта құру кезінде күштік трансформаторлар қуатын келесі түрде таңдайды:■өнеркәсіптік кәсіпорындардың желілерінде:а) трансформаторлардың бірліктік қуатын есептік жүктеменің салыстырмалы тығыздығының және объектінің толық есептік жүктемесінің ұсынымдарына сәйкес таңдайды;б) қосалқы станциялардың трансформаторлар санын және олардың бастапқы қуатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр желілеріндегі реактивті қуатын өтеуді жобалау жөніндегу нұсқауларға сәйкес таңдайды;в) трансформаторлар қуатын ұсынымдалған жүктеме коэффициенттерін және трансформаторлардың рұқсат етілген апаттық қайта жүктеуді есепке алып таңдайды;г) жүктеменің типтік кестелері болғанда трансформаторлар қуатын МЕМСТ 14209 — 85 сәйкес, 1 кВ дейінгі кернеулі желілердегі реактивті қуатты өтеуді есепке алып, таңдайды;■қалалық электрлік желілерінде:а) қосалқы станциялардың типтік кестелері бола тұрып, трансформатор қуатын МЕМСТ 14209 — 85 сәйкес таңдайды;б) қосалқы станция жүктемесінің түрін біле отырып, оның типтік кестелері болмағанда, трансформаторлардың қуатын әдістемелік көрсеткіштеріне сәйкес таңдаған жөн. Мысал. Цехтық рансформаторлық қосалқы станциялардың трансформаторларының саны мен қуатын келесі бастапқы деректер бойынша таңдау: Рр = 250 кВт; Op= 270 кВар; электрмен жабдықтау сенімділігінің дәрежесі бойынша цехтың электр қабылдағыштарының санаты – 3.Шешім. Ехтың толық есептік қуаты мынаны құрайды:Электрмен жабдықтау сенімділігінің талап етілеген деңгейіне (электр қабылдғашытардың І санаты) Бр = 377 кВ • А есептік қуаты бойынша трансформатордың Бв.т = 400 кВ •А қуатымен бір көліктік қосалқы станцияны қабылдауға болады.Трансформаторды жүктеу кэфициенті мынаны құрайды:бұл қойылатын талаптарға сәйкес келеді. НЕГІЗГІ ТӨМЕНДЕТКІШ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды қуаттайтын негізгі төмендеткіш станциялар 35...220 және 6 (10) кВ кернеуіндегі таратушы құрылғыларды, 35...220/6 (10) кВ кернеуіне негізгі трансформаторларды, 6 (10)/0,4 кВ кернеуіне өзіндік қажеттіліктерінің трансформаторларын, 6 (10) кВ кернеуімен конденсаторлық батареяларын, электрмен жабдықтауды басқару қалқандаларын және т.б. қамтиды.НТҚ-да 35...220/6 (10) кВ кернеуіне екі бірдей трансформатор орнатады. Екі трансформатордың қажеттілігі замануи өнеркәсіптік кәсіпорындарда І санаттық жүктеме басым болады және қуаттануы үшін әдетте екі дербес көзі бар болуы тиіс І санаттық жүктеме болады. Екеуден артық трансформатордың болуы үнемсіз және көбінесе кәсіпорын кеңейгенде қолданылады. Негізгі төмендеткіш қосалқы станцияларды жүктеменің ортасына жақын етіп жайғастырады.НТҚ-ға түрлі электр жеткізу желілерінен қуаттанатын екі трансформатор орнатқанда сенімді және жоғары үнемді жеңілдетілген схеиаларды қолдану мүмкіндігі туындайды: «35...220 кВ желісі – НТҚ трансформаторы» блогы және «35...220 кВ желісі – НТҚ трансформаторы – 6 (10) кВ ток сымы» блогы. Бұл схемалар жиналмалы шиналардан және НТҚ алғашқы кернеу жағындағы сөндіргіштерден тұрмайды, ал 6 (10) кВ екіншілік кернеу жағында әдетте жеке секцияланған жүйесі немесе әр трансформатордан ток сымдары бар.Бір трансформаторлық НТҚ-ны көршілес шағын станциялардан немесе ЖЭЦ-тен 6 (10) кВ кернеулі желі бойынша І және І санаттағы жүктемелердің резервтік қуаттануын қамтамасыз ету мүмкіндігімен қолдануға болады. Осы схемалардың үнемділігі мен қосалқы станциялардың монтажын индустриалдануы ТТСБ типті блоктық толымды трансформаторлық қосалқы станциялар түрінде зауытта соңғыларын әзірлеумен байланысты өскен.3.12-суретте энергия жүйесінен екі радиалды желі бойынша электр энергиясын алатын орта қуатты кәсіпорын үшін 35...220/6 (10) кВ кернеулі НТҚ схемасы келтірілген: ВЛ1 және ВЛ2. Т1, Т2 трансформаторларын QS1, QS2 ЖСБА (желілік контакты, сыртқы қондырғысы бар, қос бағаналы ажыратқыш) ажыратқыштары арқылы ғана желілерге қосады. 35...220 кВ кернеулі тізбектері арасындағы бөгет әрбір трансформаторды тек өзінің емес, басқа желіден де қуаттануға мүмкін береді.Жөндеу шарттары бойынша бөгетке екі ажыратқыш (QS3, QS4 схемасында) қосады. СН 174-75 сәйкес негізінен 35...220 кВ кернеулі бөгетсіз схемасын қолдану керек, бірақ НТҚ жұмысының шарттары бойынша екі трансформаторды бір желіден қуаттау қажеттілігі туындайтын жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі (мысалы трансформаторлар 70% жоғары жүктелгенде, олардың бірін өшіргенде басқасының жүктемесі 140% өседі). Трансформаторлар кірісінде QK1, QK2 қысқа тұйықтағыштарды орнатады: тікелей жерлендірілген бейтараптамасы бар желілерде – бір фазада; оқшауланған бейтараппен желілерде – екі фазада. Қысқа тұйықтағыш энергия жүйесінің ВЛ1 және ВЛ2 желілерінің бас сөндіргіштерінің көмегімен қорғаныс сезбейтін НТҚ трансформаторында ішкі зақымдардың нәтижесінде релейлік қорғаныс іске қосылғанда автоматты түрде қосылады. Қысқа тұйықтағыш қосылғанда трансформатордың жоғары кернеуінің кірістеріне жасанды қысқа тұйықталу жасалады. Мұндай қысқа тұйықталуыға жүйеде желілердің релейлік қорғаныс жауап береді және қолданыстағы желіні өшіреді. Жерге 110.220 кВ трансформаторларының бейтараптарын қосу БСЖ (бірполюстік сыртқы қондырғының жерлендіргіш) типті QS5, QS6 бірполюстік ажыратқыштары арқылы жүезе асырылады. Соңғыларын үнемі қоспайды. Жерге қосылған бейтараптардың санын жерге қысқа тұйықталудың бір және екі фазалық тоғы белгіленген шектен аспайтындай етіп реттейді. Трансформаторлардың оқшаулауын жерлендірілмеген бейтараппен жұмыс істегенде артық кернеудің пайда болуында токталыстан қорғау үшін бейтарапта FV2, FV3 ажыратушылары ескерілген. Бұдан басқа ажыратушыларды толқын желілері бойынша келетін артық кернеулердің (схемада FV1, FV4) қорғау үшін түгел үш фазада трансформаторлардың ЖҚ кірісінде орнатады. НТҚ трансформаторларын QF1 және QF2 май сөндіргіштері және QS7 және QS8 ажыратушылар арқылы 6 (10) кВ екінші кернеудің жинақты шиналарға қосады. Егер қажет болса, 6 (10) кВ кернеуі бар кәсіпорын желісінде қысқа тұйыталу тоғын шектеу қажет болса, кірістің сөндіргіштер мен ажыратушылары арасында LR1, LR2 үш фазалық бетондық реакторларды қосады. 3.13-суретінде НТҚ трансформаторларының кірістерін 6 (10) кВ кернеулі таратушы құрылғының жиналған шиналарға қосу схемасы көрсетілген.  Өзіндің шығын қабылдағыштарын, срның ішінде НТҚ 6 (10) кВ кернеулі жинақтық шиналар жағдайына тәуелсіз май сөндіргіштердің жетектерін қуатпен қамтамасыз ету үшін кірістерге қосалқы станциялардың өзіндік қажеттіліктерінің трансформаторлары қосылады. НТҚ таратушы құрылғыларының 6 (10) кВ кернеулі жинақтық шиналары сөндіргішпен секцияланады. Осған орай жинаақтық шиналар зақымданғанда немесе жөнделгенде бір секция ғана өшеді және барлық негізгі электр қабылдағыштар басқа секциядан қуаттанады. Бір секцияда кернеу күтпеген жерде жоғалып кетсе, мысалы қуаттаушы желілерді өшіргенде АВР құрылғысының көегімен секцияның қуаттануын қамтамасыз ете отырып, секциялық сөндіргіш қосылады. Секциялық сөндіргішті шиналардың бір секцияның жүктемесі бойынша таңдайды, ал трансформатор кірісінің сөндіргішін – НТҚ апаттықтан кейінгі режимде екі секцияның жүктемесі бойынша . Қысқа тұйықтағыш токтарын шектеу үшін секциялық сөндіргіш қалыпты өшірілген. Екі магистралдық желіден аралық шықпалар бойынша электр энергиясын алатын орта қуатты кәсіпорынның НТҚ схемасы жағдайында магистралдан зақымдалған НТҚ трансформаторын өшіру үшін QR1, QR2 ажыратушылары қажет. Ажыратушыны өшіру қысқа тұйықағыштарды (QK1, QK2) қосқаннан кейінгі магистралдық бас сөндіргішін өшіру сәті және автоматтық қайталап қосу (АҚҚ) құрылғысының әсерінен желінің бас сөндіргішін қайталап қосу сәті арасындағы токсыз пауза кезеңінде автоматты жүзеге асады. 25 MB-А және одан артық қуатты трансформаторлар жарықшақты екінші орамына ие. Ораманы жарықшақтау кәсіпорынның электр желісіндегі қысқа тұйықталу токтарын шектеу тиімді әдісін білдіреді. Осы мақсат үшін трансформатор кірістерінің тізбегіне қосылған қарапйым және қосарланған рекаторларымен топтық қайта белсендіру қолданылады. Бұрын қолданылған әрбір бөлінетін желіні жеке қайта белсендіру жабдықты құрастыру және үнемдеу бойынша ұсынылмайды. 3.13-суретінде келтірілген схемада трансформаторлардың әрбір екінші орамы 6 (10) кВ керенулі шиналардың жеке секция қосылған. Жинақтық шиналардың бір жүйесінің барлық төрт секциясы жеке жұмыс істейді, бірақ бір трансформатор істен шығып қалса, түгел жүктеме автоматты түрде АВР құрылғыларының әсерінен QB1 және QB2 секциялық сөндіргіштерін қосумен басқасына көшеді. Осы қосалқы станцияның таратушы құрылғысында 6(10) кВ кернеулі май сөндіргіштері бар толымды таратушы құрылғының (ТТҚ) ұяшықтары орнатылған. Аунайтын май сөндіргіштерде тығынды контакттар бар, сондықтан ажрытушылар қажет емес. Конденсаторлық батареялар, кернеудің өлшеуіш трансформаторлар шинаның әр секциясына ескерілген, себебі олардың режимі өздігінен реттеледі және секциялар кернеуі айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Егер бір секциядан берлетін қуатын 25 MB- А және одан артық болса, ал тұтынушылар бір трасса бойынша орналасса, онда ток сымдарымен магистралдық қуаттану схемасын қолдану тиімді болады. 6... 10 кВ кернеулі шиналық және икемді ток сымдары жиналатын шиналар мен таратушы желілердің рөлін бір уақтта атқарады. Қарастырылған мысалдар түрлі кәсіпорында қолданылатын НТҚ схемаларының түгел көптүрлілігін көрсетпейді. Бірінші санаттағы жүктемесі жоқ, 6 300 кВ – А дейінгі қуатты трансформаторлары бар, 35 (110) кВ кернеулі ашық қосалқы станциялар үшін ЖҚ кірісінде 35 (110) кВ кернеулі ажыратушылар мен атпа сақтандырғышы бар схемалары қолданылады. Бұл ретте бірінші керенулі қосалқы станция жағындағы қысқа тұйықталушылары бар сөндіргіштерге немесе айырғыштарға деген қажеттілік болмайды. Аймақтық қосалқы станциядан немесе электростанциядан үлкен қашықтықта (бірнеше километр) күшті НТҚ салғанда негізгі трансформаторларға 35... 220 кВ кернеулі кірісте қандай да бір коммутациялық аппараттар орнатудан (ажыратушылардан басқа) бас тартуға болады. Трансформаторларды қорғау және өшіру функциясы желідегідей, желілердің ларды қорғау және өшіру функциясы желідегідей, желілердің НТҚ қуаттайтын бас сөндіргішке беріледі. НТҚ трансформаторының релейлік қорғанысы іске қосылғанда өшетін импульс желінің бас сөндіргішіне жоғары жиілікті каналдар немесе осы үшін арнайы құрылған байланыс желісі бойынша беріледі. Қосалқы станция аса ластанған аймақта салынса, сыртқы қондырғының аппаратурасының және оқшаулауының мүмкін минималды мөлшерімен ең қарапайым коммутация схемасын қолданған жөн. Осындай шарттарда желінің кабельдік кірістері бар трансформаторларды ұтымды падалану тікелей трансформатордың багына. Сонда ашық оқшаулаудың керегі болмайды. Бұл кезде қорғанысты өшіретін импульсті желінің бас сөндіргішіне өткізумен жүзеге асырған дұрыс. Жеке жағдайларда 35 (110) кВ кернеулі жабық таратушы құрылғы (ЖТҚ) салған тиімдірек. Аймақ ластанған шарттарда 35.220 кВ кернеулі ашық таратушы құрылғыны (АТҚ) күшейтілген оқшаулаумен жасайды. 35 кВ кернеулі АТҚ-да ластанған ортада 110 кВ кернеулі оқшаулау қояды, ал 110 кВ кернеулі АТҚ-да – 150.220 кВ кренеулі оқшаулаулар. Ластанған аймақтарда 6 (10) кВ кернеулі сыртқы қондырғының толымды таратушы құрылғысын (СТТҚ) қолданбаған дұрыс, себебі газбен, аэрозолмен, шаңмен ластанудан оқшаулауды жеткілікті қорғай алмайды. ҚН 174-75 сәйкес 110 кВ және одан жоғары кернеуінде қоршаған ортаның қалыпты шарттарында ашық қосалқы станциялар қолданылады, ал 35 кВ кернеуінде ашқы та, жабық та қосалқы станциялар қолданыла береді. Аса ластанған шарттарда, сондай-ақ Қиыр солтүстікте кірістердің күшейтілген оқшаулауымен трансформаторларды ашық орнатумен, 35.220 кВ кернеулі ЖТҚ қолдану ұсынылады. 3.14-суретте конструктивті схема келтірілген, 3.15-суретте – қысқа тұйықтағыштар мен айырғыштарды қолданып, сөндіргіштерсіз 110/10(6) кВ кернеулі ашық қосалқы станциясының жалпы түрі. 35...220 кВ кернеулі АТҚ-да түгел электр жабдығы сыртқы қондырғы үшін таңдалады және жер деңгейінен 2,5 м биіктікте қызмет көрсету қауіпсіздігі шарттары бойынша монтаждалады. Жоғарыда АТҚ жинақтық шиналар орналасады. Үшінші қабат жинақтық шиналар мен бөліну желілерінің сымдары үстінен өткелдер қалыптастырады. Сондықтан АТҚ-да жасанды жерлендіру құрылғысын даындауға арналған порталдарды, жайтартқыш пен металл конструкцияларын салу үшін көп биік болат тіреуіштер қажет болады.БЖК ұяшықтары. Біржақтық қызмет көрсету жиналмалы камералары (БКЖ) біржақтық қызмет көрсететін толымды таратушы құрылғылардың әртүрлілігінің бірі болып табылады.  Ұяшықтар қорғау элементтері бар шкаф түрінде келеді (3.16-сур.). БЖК ұяшықтары 50Гц бастапқы ток жиілігімен, 6 кВ кернеулі таратушы құрылғыларды толымдағанда, сондай-ақ оқшауланған не жерлендіруші бейтарабы бар 10 кВ кернеулі жүйелер үшін қолданылады. Бұл камералар тұрмыстық қажеттіліктер үшін шығарылады: Камераларды қалыпты пайдалану үшін келесі шарттарды ұстану қажет:■теңіз деңгейінен биіктігі 1 км аспауы тиіс;■қоршаған ортаның минималды температурасы -25 °С төмен емес болуы керек;■қоршаған ортаның максималды температурасы 35 °С жоғары болмауы қажет;■камералар жабық бөлмелерде пайдаланылса, қоршаған орта жарылысқауіпті болмауы тиіс (ток өткізгіш шаңсыз және металлды құртатын түрлі агрессивті газдарсыз).БЖК камерасының стандартық ені 750 мм құрайды, ал тереңдігі – 800 ...1050 мм.БЖК камераларының негізгі техникалық сипаттамасы Жұмыс кернеуі, кВ 7,2.12,0Бастапқы кернеуі, кВ 6 немесе 10Негізгі тізбектердегі ток (атаулы), А 400, 630, 1 000Жинақтық шиналар тоғы, А 630, 1 000Толымды таратушы құрылғылар. ТКҚ (3.17-сур.) бүтін металл шкафтардан тұрады. Зауытта-ақ өндіруші оларға коммутациялық аппараттар, арнайы қорғанысты құрылғылар, сондай-ақ автоматика монтаждайды. Тұтынушы ТКҚ ұяшықтарын дайын (жиналған) немесе толық толымдалған күйінде алады. Әдеттегідей толымды таратушы құрылғылар ішкі қондырғыға арналған құрылғылар сияқты құрылғыны білдіреді. Басқа сөзбен айтақнда, олар екі түрге бөлінеді:1)сыртқы қондырғыға арналған – үш фазалық электр тоғының жүйелерін қабылдау және үлестіру үшін қолданылады. Сондай-ақ оларды температурасы -40-тан +40 °С дейінгі аралығында ауытқитын қоңыржай климат жағдайында пайдалануға болады;2)ішкі қондырғыға арналған – таратушы элементтері бар металл шкафтарды білдіреді, әрбір шкаф ТКҚ-ның жеке ұяшығы болып саналады.Сыртқы қондырғының ТКҚ Х ғасырдың ортасында шығарыла бастады. Түгел қолдану уақыты ішінде ТКҚ өндірушілері осы құрылғының көп түрін шығарды және оларды жөндеу және қолдану бойынша үлкен тәжірибе жинады.  3.17-сур. Толымды таратушы құрылғыСыртқы қондырғының ТКҚ ең танымал үлгісі 1960 ж.басында МЭЩ болды. Бірнеше жыл өткеннен кейін өндірушілер май типті сөндіргіштерді станционарлық монтажымен шкафтарды шығарудан толық бас тартып, тұтынушыларға сыртқы қондырғының ТКҚ анағұрлым жетілдірілген шкафтарын ұсынды – өз құрамында монтаждалған қуатсыздандырғышы, трансформаторлар мен сөндіргіштері бар арбашасы бар қондырғылар. Ос ышкафтар қазір де аздап жаңартылған түрде шығарылуда. Неді осы шкафтарда ВМР-10К сөндіргіші және тұрақты не ауыспалы токпен жұмыс істейтін ПЭ-11 жетегі, сондай-ақ серіппелі жетегі бар ВПМ-10П сөндіргіші орналасқан. Сонымен қатар шкафтарда жылытушы элементтер мен жаңа типті өтпелі оқшаулаулар бар.К-ХІ сериялы сыртқы қондырғының ТКҚ 10 кВ кернеуінен бастап жұмыс істейтін қосалқы станцияға орнату үшін қолданылады. Бұдан басқа мұндай ТКҚ 35/6, 110/35/6 және 110/6толымдаушы қосалқы станцияларында кездестіруге болады. Қондыру биіктігі теңіз деңгейінен 1 км аспауы, ал ортаның температурасы - -40-тан +36 °С дейінгі шамада болуы тиіс.Сондай-ақ тұтынушылар арасында ерекше сұранысқа К-59 сериялы сыртқы қондырғының 10 кВ ТКҚ ие. Оны суық (ХЛ1) немесе қоңыржай климатта (У1) пайдалану үшін шығарған. Бұл құрылғы ТКҚ блогы бар жоғары вольтты ұяшықтардан тұратын жеке тұрған блокты білдіреді. К-59 толымдаушысына жоғары жиілікті (Ж) байланыс шкафы және өзіндік қажеттілікке арналған трансформатор шкафы креді.У1 типті ТКҚ әдетте аспалы шкафтан тұрады, онда кернеу трансорматорлары орналасады. Төмендетуші қосалқы станциялар кернеу трансорматорлары (КТ) бар жеке тұрған шкафтардан тұруы мүмкін.К-59 сериялы сыртқы қондырғының ТКҚ көбінесе үш фазалық тоғы мен 6—10 кВ кернеуі бар жүйелерінің электр энергиясын қабылдау не тарату үшін қолданылады. Ток жиілігі 50...60 Гц-ны құрайды.У1 орындалған К-59 сериялы қондырғы қоңыржай климатта – қоршаған ортаның -40-тан +40 °С дейінгі температурасы жағдйында пайдаланылады. Бұл құрылғы -45 °С температураға тек ауқын-ауқын төзе алады.У1 орындалған К-59 сериялы қондырғы суық климаттың ызғарлы жағдайында қоршаған ортаның -60-тан +45 °С дейінгі температурасы жағдйында пайдаланылады, бұл ретте қондырғының биіктігі теңіз деңгейінен 1 км аспауы тиіс.Ішкі қондырғының ТКҚ элементтері толығымен немесе ішінара жабық металл шкафтарда жайғасатын таратушы құрылғыны білдіреді. Әрбір осындай шкаф ТКҚ ұяшығы болып табылады. Ішкі қондырғының ТКҚ кернеуі 6—10 кВ, ал жиілігі 50 Гц құрайтын үш фазалы электр тоғының жүйелерін қабылдау, тарату үшін қолданылады.ТКҚ осы типі орындардың жетіспейтін және жабдықты тығыз орналастыру қажет объектілерде жиі қолданылады. Мысалы бұл қалалық қосалқы станция немесе электр станциясы болуы мүмкін. Ішкі қондырғының ТКҚ мұнай құбырлары, бұрғылау қондырғылары және мұнай өндіретін бас объектілердің жанынан кездестіруге болады. Шахталарда, көмір өндіретін саладағы басқа объектілерде де осы типті ТКҚ-ны жиі пайдаланады. Бұдан басқа оларды кемелердің электр тұтыну схемаларынан табуға болады.Толымды таратушы құрылғының типтік ұяшығы төрт негізгі бөліктен тұрады:1)күштік сөндіргіш орналасқан сөндіргіштің жоғары вольтты бөлігі. Оны кейде аунайтын элементке олрнатады, сөйтіп таратушы құрылғыны пайдаланғанда ыңғайлылық қамтамасыз етіледі;2)төмен вольтты релелік бөлік;3)жинақтық шиналар бөлігі;4)кабельдік желілік бөлік. Сыртқы қондырғының толымды таратушы құрылғы 3.18-суретте көрсетілген. Ол зауытта блоктардан (ұяшықтардан) жиналып, барынша дайын күйінде жеткізіледі. Мұндай жиналған күйдегі құрылғы СТТҚ деп аталады. Атаулы кернеуі 35 кВ артық емес РУ ұяшықтары зауыттарда бүйір қабырғалармен қосылатын шкафтар түрінде шығарылады.  35кВ жоғары кернеулі элементтерде әуе оқшаулауы жоқ, сондықтан бұл камераларды герметикалық чжабық камераларға орналастырады. РУ тығыз орналастыру үшін СТТҚ пайдаланылады.  ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫСЫНДАҒЫ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУЛАР Қысқа тұйықталу (ҚТ) деп фазалардың өз арасындағы тұйықталумен, сонымен қатар тікелей жерлендірілген бейтараптамалары бар желілердегі жерге фазалардың тұйықталуымен шақыртылған электр қондырғысының қалыпты жұмысының бұзылуы аталады.ҚТ себептері механикалық зақымдануынан, ескіруден, электр өткізу желілерінің сымдарына бөгде денелер тастаудан, желі астынан габариттік емес механизмдердің (нұсқары көтерілген крандар және т.б.) өтуінен, найзағайдың тік түсуінен, артық кернеуден, жабдықтың артына қанағатсыз кетуінен болатын оқшаулаудың бұзылуы болып табылады. Қысқа тұйықталумен сүйемелденетін электр қондырғыларындағы зақымданудың себебі қызмет көрсететін жұмыскерлердің қате әрекеттері болып табылады. Мұндай әрекеттердің мысалы ретінде ажыратқышпен тізбекті токтан қателесіп сөндіру, қысқатұйықтауышта ажыратқыштарды қосу, басты схемада және релейлік қорғау және автоматика схемаларында қайта қосудағы қате әрекеттер.ТҚ жағдайында зақымдалған фазалардағы ток олардың қалыпты мәнімен салыстырғанда бірнеше есе өседі, ал кернеулері төмедейді, әсіресе зақымданған орынға жақын жерде. ТҚ үлкен тоғының өтуі өткізгіштердің қатты ысуын болдыртады, бұл электр энергиясын жоғалтуды арттырып, оқшаулаудың тез ескіруіне және құртылуына, ток өткізгіш бөлшектер мен электр аппараттарының механикалық тығыздығын жоғалтуын тездетуге әкелуі мүмкін. Желіде ТҚ жағдайында кернеу деңгейінің төмендеуі электр қозғалтқыштарының айналу сәтінің азаюына, тежелуіне, өндірістіліктің азаюына, тіпті толық токтауына апарады.ТҚ жағдайында кернеудің күрт төмендеуі электр станциясы генераторларының және электр жүйесіндегі бөлшектердің параллельді жұмысының тұрақтылығының бұзылуына, жүелік апаттардың болуына әкеледі.Төмендетуші қосалқы станциялар қосылыстарының жеңілдетілген схемалары жағдайында туындаған зақымдарды тез өшіру мақсатында әдейі қысқа тұйықталуды жасайтын арнайы аппараттарды – қысқа тұйықтағыштарды пайдаланады. Осылайша электрмен жабдықтау жүйелеріндегі кездейсоқ сипаттағы қысқа тұйықталумен қатар қысқа тұйықталудың әсерінен болатын әдейі қысқа тұйықталу орын алады.Электрмен жабдықтау жүйесінде қысқа тұйықталу пайда болғанда оның жалпы қарсыласуы азаяды, бұл оның тарамдарындағы токтың қалыпты режимдегі токпен салыстырғанда ұлғаюына әкеледі, бұл өз кезегінде электрмен жабдықтау жүйесінің жеке нүктелерінің кернеуінің төмендеуін шақыртады.Зақымның пайда болу орнына және ұзақтығына байланысты салдары жергілікті сипатта болуы немесе электрмен жабдықтаудың түгел жүйесінде көрсетілуі мүмкін. Қысқа тұйықталудың үлкен қашықтығы жағдайында қысқа тұйықталу тоғы қуаттайтын генераторлардың атаулы тоғының аздаған бөлігін ғана құрауы мүмкін, мұндай қысқа тұйықталудың пайда болуы жүктеменің кішігірім ұлғаюы ретінде қабылданады. Кернеудің қатты төмендеуі қысқа тұйықталу орнына жақын жерде ғана болады, ал сол уақытта электрмен жабдықтау жүйесінің басқа нүктелерінуде бұл төмендеу онша байқалмайды. Сәйкесінше қарастырылатын шарттарда қысқа тұйықталудың қауіпті салдары электрмен жабдықтау жүйесі бөлшектерінің апаты орнына жақын жерде ғана пайда болады.Қысқа тұйықталу тоғы генераторлардың атаулы тоғымен салыстырғанда аз бола тұра, қысқа тұйықталу болған тарамның атаулы тоғы бірнеше есе артық болады, сондықтан қысқа тұйықталу тоғыныңқысқа уақыттық өтуінде ол ток өткізгіш элменттердің және өткізгіштердің рұқсат етілгеннен асып ысуын шақыртуы мүмкін. Қысқа тұйықталу тоғы өткізгіштер арасында үлкен механикалық күштерды шақыртады, ток максималды мәнге жеткенде қысқа тұйықталу процессінің басында аса ұлкен болады. Өткізгіштер мен олардың бекіткіштерінің мықтылығы жеткіліксіз болғанда механикалық сипаттағы құртылу орын алуы мүмкін.Қысқа тұйықталуда кернеудің күрт терең төмендеуі тұтынушылардың жұмысынан көрінеді. Бірінші кезекте бұл қозғаштқышқа қатысты, себебі кернеудің 30... 40% қысқа уақытқа төмендеген жағдайында олар токтап қалуы мүмкін (қозғалтқыштар аударылады). Қозғалтқыштардың аударылуы өнеркәсіптік кәсіпорынның жұмысына қатты әсер етеді, себебі қалыпты өндірістік процессті қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет, қозғалтқыштың аяқ астынан токтап қалуы кәсіпорын өнімінің ақауына алып келеді.Қысқа тұйықталудың шағын қашықтықта және жеткілікті ұзақтығында параллеьді жұмыс істейтін станциялардың синхрондығы жоғалуы, яғни түгел электр жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуы мүмкін, бұл қысқа тұйықталудың ең қауіпті салдары болып табылады. Қысқа тұйықталуда туындайтын токтардың теңестірілмеген жүйелері қызмет көрсетуші жұмысшылар мен тізбектердің аппаратурасына қауіпті елеулі ЭҚК-ның көршілес тізбектерінде (байланыс желісі, құбыр желісі) бағыттау үшін жеткілікті магниттік ағындар құра алады. Қысқа тұйықталудың салдары:1)электр жабдығының механикалық және қызулық зақымдары;2)электр қондырғысындағы жану;3)электр қозғалтқышының айналу сәтінің кішіреюіне, олардың тежелуіне, өндірістіліктің төмендеуіне немесе тіпті олардың аударылуына апаратын желідегі кернеудің төмендеуі;4)жеке генераторлардың, электр станцияларының және электр жүйесі бөлшектерінің синхрондықтан шығуына және апаттың, соның ішінде жүйелік апаттың пайда болуы.  ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША ЭЛЕКТР АППАРАТЫН ТАҢДАУ Электр аппараттарын ТҚ әсеріне тексеру. ТҚ токтарының әсеріне келесі ток өткізгіш бөлшектер мен аппараттар тексеріледі:■1 кВ жоғары кернеулі электр қондырғыларында:а) электр аппараттары, ток өткізгіштер, кабель және басқа өткізгіштер, сондай-ақ олардың тіреуіш және салмақ түсетін конструкциялары;б) ТҚ токтарының динамикалық әсер етуінде сымдардың оралуын болдыормау үшін 50 кА және одан артық ТҚ екпінді тоғы жағдайында электр беру әуе желілері. Бұдан басқа ыдыраған сымдармен желілер үшін кергілердің зақынмдануын болдырмауға арналғлан ыдыраған сымдардың кергілері және оралғандағы сымдар арасындағы қашықтық тексерілуі тиіс. Жылдам әрекет ететін автоматтық қайталап қосу құрылғысымен жабдықталған ВЛ сымдарын қызулық тұрақтылыққа тексеру керек;■1 кВ дейінгі кернеулі электр қондырғыларында – тек үлестіруші қалқандар, ток сымдары мен күштік шкафтар. Ток трансформаторлары ТҚ режимі бойынша тексерілмейді.ТҚ токтарын өшіруге арналған немесе өзінің жұмыс шарты бойынша қысқа тұйықтағыш тізбекті қоса алатын аппараттар осы операцияларды барлық мүмкін ТҚ токтары жағдайында жүргізу қасиетіне ие болуы керек.ТҚ токтарына төзімді есептік шарттарда кейін қалыпты жұмыс істеуіне бөгет болатын электрлік, механикалық және басқа бұзылуға немесе деформацияға ұшырамай, осы токтардың әсеріне төзетін апараттар мен өткізгіштер болып табылады.1 кВ жоғары кернеуде ТҚ режимі бойынша мыналар тексерілмейді:1)60 А дейінгі атаулы токқа қосулармен ерігіш сақтандырғышпен қорғалған аппараттар мен өткізгіштер – электрдинамика тұрақтылығы бойынша;2)Атаулы тоғы мен типіне тәуелсіз ерігіш сақтандырғышпен қорғалған аппараттар мен өткізгіштер – қызулық тұрақтылық бойынша. Сөндіру қасиеті осы Ереже талаптарына сәйкес таңдалса және тізбектегі мүмкін ең кіші апаттық токты өшіре алса, онда тізбек ерігіш сақтандырғышпен қорғалған болып саналады;3)жеке электр қабылдағыштарға, соның ішінде жалпы қуаты 2,5 мВ-А дейінгі және 20 кВ дейінгі жоғары кернеумен цехтық трансформаторларға апаратын тізбектегі өткізгіштер, егер бір уақытта келесі шарттарды ұстанса:а) электрлік не технологиялық бөлікте электр қабылдағыштарды өшіру технологиялық процессті бұзбайтындай етіп орындалған қажетті резервтеу дәрежесі ескерілген;б) ТҚ жағдайында өткізгішті зақымдау жарылысты не өртті тудыра алмайды;в) аса қиындықсыз өткізгішті ауыстыруға болады;4)жеке электр қабылдағыштарға, сондай-ақ жеке шағын таратушы пункттерге өткізгіштер, егер осындай электр қабылдағыштар мен таратушы пункттер өз міндеті бойынша жауапты болмаса және олар үшін ең болмағанда бір шарт орындалса;5)трансформаторларды немесе қайта белсендірілген желілерді қуаттайтын 20 кВ дейінгі тізбектердегі ток трансформаторлары, ТҚ шарты бойынша трансформатортаңдау қосылған өлшеу аспаптарының (мысалы, есеп айырысу есептегіштері) қажетті дәлдік классы қамтамасыз етілуі мүмкін емес трансформация коэффициенттерін жоғарылатуын талап еткенде; бұл ретте күштік трансформаторлар тізбегінде жоғары кернеу жағында ТҚ тоғына төзімсіз токтың трансформаторларын қолданбаған жөн, ал есепке алу аспаптарын төменгі кернеу жағында токтың трансформаторына қосу ұсынылады;6)ВЛ сымдары;кернеу трансформаторлары тізбегінің аппараттары мен шиналары олардың жеке камерада немесе сақтындырғышқа кіріктірілген не жеке орнатылған қосымша резистордың артында орналасуында.Есептік схема пайдалануға берудің жоспарланған мерзімінен кем дегенле бес жылға қарастырылатын қондырғымен электрлік байланысатын сыртқы желілер мен өндіруші көздердің даму келешегін есепке алуы тиіс. Бұл ретте ТҚ тоғының есебін ТҚ бастапқы сәтіне жақын жүргізуге болады.ТҚ есептік түру ретінде мыналарды қабылдаған дұрыс:1)аппараттар мен қатқыл шиналарға жататын қолдаушы және тіреуіш конструкциялармен олардың электрдинамикалық төзімділігін анықтау үшін – үш фазалық ТҚ;2)аппараттар мен өткізгіштердің қызулық төзімділігін анықтау үшін– үш фазалық ТҚ; электр станциясының генераторлық кернеуіне – үш фазалық не екі фазалық (олардың қайсысы анағұрлым ысуға әкелетініне байланысты);3)коммутациялық қабілеттілік бойынша аппарат таңдау үшін – жерге үш фазалық және бір фазалық ТҚ жағдайлары үшін алынатын мәндердің көбі бойынша (жерге тұйықталудың үлкен токтары бар желілерде); сөндіргіш коммутациялық қабілеттілікттің екі мәнімен сипатталса (үш фазалық және бір фазалық), онда сәйкесінше екі мән бойынша.ТҚ есептік тоғын ТҚ жағдайында осы тізбектің аппараттары мен өткізгіштері анағұрлым қиын жағдайда болатындай қарастырылатын тізбектің нүктесінде зақымдану шартына сүйеніп анықтау керек. Схеманың екі түрлі нүктесінде түрлі фазалардың бір уақытта жерге тұйықталуы жағдаыларымен рұқсат етілмеген деп есептелсін.Жабық таратушы құрылғыдағы қайта белсендірілген желілерде реакторға дейін орналасқан және сөрелермен бөлінген, жабық жинақтық шиналарды (желілерден тарамдарында – негізгі тізбеке элементтерінен) қуаттаушылардан ажыратылған өткізгіштер мен аппараттар реактор артындағы ТҚ тоғы бойынша толады, егер соңғысы сол ғимаратта орналасса және қосылыс шинамен орындалса. Жинақтық шиналардан бөлуші сөрелерге дейін шиналық тарамдар және өткізгіш оқшаулау рекаторға дейін ТҚ-ға сүйеніп таңдалуы тиіс.Қызулық төзімділік есебінде есептік уақыт ретінде ТҚ сөндіргішіне жақын орнатылған негізгі қорғаныстың әсер ету уақытын (АПВ әсерін ескеріп), және осы сөндіргішті өшірудің толық уақытын (доғаның жану уақытымен қоса)қосудан алынатын уақыт сомасын қабылдау керек.Негізгі қорғаныста сезімталсыз айқмақ болғанда (ток, кернеу, қарсыласу және т.б. бойынша) қызулық төзімділігін осы аймақтағы зақымға жауап беретін қорғау әрекетінің уақытына, оған қоса сөндіргіштің өшуінің толық уақытына сүйеніп, өосымша тексеру керек. Бұл кезде ТҚ есептік тоғы ретінде осы зақымданған орынға сәйкес мәнді қабылдаған дұрыс.60 мВт және одан артық қуатты генераторлар тізбегінде, сонымен қатар тура сондай қуатты генератор-трансформатордың блоктар тізбегінде қолданылатын аппаратура мен токөткізгіштер 4 с ТҚ тоғның өту уақытына сүйеніп, қызу төзімділігі бойынша тексерілуі тиіс.1 кВ дейінгі және олан жоғары кернеулі электр қондырғыларында аппараттар мен токөткізгіштер таңдағанда және салмақ түстені конструкцияға әсерін анықтауда ТҚ токтарын анықтаған кезде келесіні есепке алу қажет:1)қарастырылатын ТҚ нүктелерін қуаттауға қатысатын барлық көздер бір уақытта атаулы жүктемемен жұмыс істейді;2)түгел синхрондық машиналарда кернеуді автоматтық реттегіштері мен қозуды үдету құрылғылары бар;3)қысқа тұйықталу ТҚ тоғы анағұрлым мәнге ие болатын уақыт сәтінде болады;4)барлық қуаттану көзінің электр қозғалтқыш күштері фаза бойынша сәйкес келеді;5)әр баспалдақтың есептік кернеуі желінің атаулы кернеуінен 5 % жоғары қабылданады;6)берілген желіге қосылған ТҚ токтарына синхрондық өтемдеуіштің, синхрондық және асинхрондық электр қозғалтқыштарының әсер етуі. Асинхрондық электр қозғалтқыштарының ТҚ токтарына әсер етуі бірлікте 100 кВт дейінгі электр қозғалтқышының қуатында есепке алынбайды, егер электр қозғалтқыштары ТҚ орнынан трансформацияның бір сатысына бөлінген болса, сондай-ақ кез келген қуатта, егер олар ТҚ орнынан трансформацияның бір немесе одан артық сатысына бөлінген болса, не болмаса ток олардан ТҚ орнына желіден ТҚ негізгі тоғы өтетін және елеулі қарсыласуы бар (желілер, трансформаторлар және т.б.) элемент арқылы ғана бара алады.1 кВ жоғары кернеулі электр қондырғысында есептік қарсыласу ретінде электр машиналарының, күштік трансформаторлар мен автотрансформаторлардың, реакторлар, әуе және кабельдік желілер, сондай-ақ токөткізгіштердің индуктивті қарсыласуын қабылдаған дұрыс. Белсенді қарсыласуды шағын қималар мен болат сымдардың өткізгіштері бар ВЛ үшін, сонымен қатар аса белсенді қарсыласуымен шағын қималардың ұзын кабельдік желілері үшін ғана есепке алу қажет.1 кВ дейінгі кернеулі электр қондырғысында есептік қарсыласу ретінде тізбектің түгел элементтерінің индуктивті және белсенді қарсыласуын, соның ішінде тізбектің өтпе контакттарының белсенді қарсыласуын қабылдаған жөн. Бір түрдің (белсенді не индуктивті) қарсыласуын елемеуге болады, егер бұл ретте тізбектің толық қарсыласуы 10% артық емес азайса.Төмендетуші трансформаторлардан 1 кВ дейінгі электр желілерін қуаттау жағдайында ТҚ токтарын есептегенде трансформаторға өткізілген кетрнеудің өзгермеуі және оның атаулы кернеуіне тең болуы шартына сүйенген дұрыс.Ток шектеуші әсері бар ерігіш сақтандырғышпен қорғалған тізбек элементтерін сақтандырғыш өткізетін ТҚ тоғының анағұрлым кенет мәні бойынша электр динамикалық тұрақтылығына тексеру керек.Ток шектеуші реакторлардың міндеті және қолдану саласы. Табиғи немесе мәжбүрлі әуе суытумен реакторлар ішкі және сыртқы қондырғы үшін қоңыржай суық климат және суық және ылғалды тропиктік климат жағдайында 50 және 60 Гц жілікпен энергия жүйелерінде қысқа тұйықталу жағдайында электр желілеріне қысқа тұйықталу токтарын шектеу және электр қондырғыларында белгілі кернеу деңгейін сақтау үшін арналған.Реакторлар төлқұжат деректеріне сәйкес электр станциялары мен электр параметрлері бар қосалқы станциялардың схемаларында қолданылады.Рекаторларды қолдану желілік сөндіргіштерді өшірудің атаулы тоғын шектеуге және бөліну кабельдерінің термикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Реактордың арқасында барлық зақымдалмаған желілер атаулыға жақын (рекатор жинақтық шиналардағы кернеуді қолдайды) кернеуде болады, бұл электр қондырғысы жұмысының сенімділігін жоғарылатады және электр жабдығының жұмыс шарттарын жеңілдетеді.Реактолрар ашық ауада (климаттық орындау – ҚСЛ, Т; жайғастыру санаты – МЕМСТ 15150 — 69 бойынша 1) және табиғи желдетілетін жабық бөлмелерде (климаттық орындау – ҚСЛ, Т; жайғастыру санаты – МЕМСТ 15150 — 69 бойынша 2, 3) жұмыс істеуге арналған.Пайдалану шарттарыҚондырғының теңіз деңнейінен биіктігі, м 1 000Орнатылған жердегі атмосфераның типі І немесе ІІ (МЕМСТ 15150 — 69және МЕМСТ 15543 — 70)Қоршаған ауа температурасының жұмыс мәні, °С от -50 до +45салыстырмалы 80MSK-64 шкаласы бойынша сейсмотұрақтылығы(ГОСТ 17516 — 90), балл 8 — тік және сатылы (бұрыштық) орнату үшін; 9 — көлденең орнату үшін Желіге қосылу схемасы бойынша реакторлар дара және қосарланған болып бөлінеді. Атаулы тоғы 1 600 А жоғары дара реакторларда екі параллельді қосылған секциядан секциялық шарғы орамы болуы мүмкін.Фазаларды қосудың қағидаттық схемалары 3.19-суретте көрсетілген. Таратушы құрылғының орнатылған жері мен ерекшеліктеріне байланысты рекатордың үш фазалық жинағында тік немесе бұрыштық (3.20-сур.), сатылы (3.21-сур.) және көлденең (3.22-сур.) орналасқан фазалары болуы мүмкін.Ірі габаритті рекаторлар, сыртқы қондырғы реакторлары (жайғастыру санаты І) және 20 кВ кернеулі классына реакторлар тек көлденең орналасқан фазамен шығарылады. Тік орнатуға арналған реактор фазалары сатылы (бұрыштық), сондай-ақ көлденең үшін де пайдаланылуы мүмкін. Сатылы (бұрыштық) орнату үшін шығарылған реактор фазалары көлденең орнату үшін де қонлданылуы мүмкін. Көлденең орнату үшін шығарылған реактор фазалары тік, сондай-ақ сатылы (бұрыштық) орнату үшін пайдаланыла алмайды. 3.19-сур. Фазаларды қосудың қағидаттық схемасы:а — дара реактор; б — секциялық орамы бар дара реактор; в — қосарланған реактор3.20-сур. Фазалардың тік (бұрыштық) орналасуы 3.21-сур. Фазалардың сатылы орналасуы  3.22-сур. Фазалардың көлденең орналасуы  Реакторлардың әрекет ету қағидаты қысқа тұйықталу сәтінде орамның реактивті қарсыласуының жоғарылауына негізделген, бұл ТҚ тоғын азайтып, ТҚ сәтінде зақымдалмаған қосылыстардың кернеу деңгейін сұтауға мүмкіндік береді.Дара реакторлар реактивтендірудің бір не екі сатылы схемасын орындауға мүмкіндік береді. Қосылыстардың сол не басқа схемасында орнатылған жерге байланысты реакторлар желілік (жеке), топтық және секцияаралық ретінде қолданылады.Дара реакторларды қолданудың қағидаттық схемалары 3.23-суретте көрсетілген. L1 желілік реакторлары бөлінетін желіде, торапта және бір желіден қуаттанатын қосалқы станцияларда қысқа тұйықталуды қуатын шектейді. Желілік реакторларды сөндіргіштен кейін орнату ұсынылады. Бұл ретте желілік сөндіргіштің үзілу қуаты реактормен қысқа тұйықталу қуатының шектелуін есепке алып таңдалады, себебі «сөндіргіш – реактор» учаскесінде апаттың болу мүмкіндігі аз. L2 топтық теракторлар аз қуатты қосылыстарды түгел қосылыстар тобын шектейтін реактор қалыпты режимде жол берілмейтін кернеудің төмендеуіне алып келмейтіндей етіп қосуға болатындай жағдайда қолданылады. Топтық реакторлар желілік реакторларды қолдану нұсқасымен салыстырғанда таратушы құрылғылардың көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді. L3 секциаралық реакторлар қуатты станциялар мен қосалқы станциялардың РУ-да қолданылады.жеке учаскелерді бөле тұра, олар қысқа тұйықталудың қуатын станцияның өзі мен РУ шегінде шектейді. Секцияаралық реакторларды пайдалану қысқа тұйықталу қуатын шектеудің елеулі дәрежесімен байланысты. Сондықтан атаулы режимде кернеудің қатты түсіп кетуін болдырмау үшін, жүктеме реакторы бойынша өтетін қуат коэффициентінің максималды мәніне ұмтылу қажет. Секцияаралық реакторлар желілік және топтық реакторларды алмастырмайды, себебі генераторлар бөлігінен соңғы ТҚ тоғы болмағанда шектелмейді. Қосарланған реакторлар негізгі түрлендіруші тізектердің (генератор, трансформатор) тікелей реактивтендіру жолымен ТҚ токтарын толық бір сатылы шектеуге мүмкіндік береді және ммынаны қамтамасыз ететді: РУ қосылыстар мен конструкциялардың жеңілдетілген схемалары; қуаттылық коэффициентін жақсарту; шамамен тең жүктелген тарамдар жағдайында кернеулер режимін жақсарту. Түрлендіретін қуат шығыстардың орта контакттарына қосылады. Жүктеменің ұзаққа рұқсат етілген қолданыстағы тоғы шегінде тарамдар жүктемесінің кез келген қатынасына жол беріледі. Реактор тарамының реактивтік қарсыласуы жұмыс режиміне байланысты. Жұмыс режимінде (қарсы қосу) шектеуші қасиеттер, қуат жоғалту және реактивті қуат минималды болып табылады. Қысқа тұйықталу режимінде зақымдалған қосылыс қуаттанатын реактор тарамының реактивтілігі толық білінеді, себебі зақымдалмаған қосылыстың тарамының салыстырымалы кіші жұмысшы токтың әсері – кішігірім. Зақымдалған қосылыс қуаттанатын реактор тарамы жағынан түрлендіруші қуаттар бар болғанда, қосарланған реактордың екі тарамындағы ток бірізді өтеді (келісімді қосылу) және өзара индуктивті тарамдармен шартталған қосымша рекативтілік есебінен реактордың ток шектеуші қасиеттері толық білінеді.3.24-сур. Қосарланған реакторлардың қағидаттық схемалары:а — L4— топтық; б — L5и L6— секциялық Қосарланған реакторлар топтық және секциялық ретінде қолданылады (3.24-сур.). Реакторлар өз міндеті бойынша пайдаланылуы және олардың климаттық орындалуына және жайғастыру санатына сәйкес шарттарда тұтынылуы тиіс .Ток шектеуші реакторларды тікелей міндеті бойынша емес, басқа мақсатта қолдану пайдалану режимінің реакторлардың көрсеткіштері мен сенімділігіне тигізуі мүмкін әсерін есепке алу керек (артық жүктеме, артық жүектеу, соққы тоғы әсерінің жүйелілігі). Реакторларды жүктеу және суыту режимдері олардың төлқұжат деректеріне сәйкес келуі тиіс.  ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫСЫНДАҒЫ ҚОРҒАНЫСТЫ ЖЕРЛЕНДІРУ ЖӘНЕ НӨЛДЕНДІРУ Электр қондырғысын жерлендіру – оның корпусын жерлендіруші құрылғымен әдейі электрлік қосу. Электр қондырғысын жерлендіру екі типті болады: қорғанысты жерлендіру және нөлдендіру. Ол егер адам оқшаулаудың бұзылуынан кернеу астында қалған электр корпусына немесе басқа бөлшектріне тиіп кетсе, оны электр тоғымен зақымдануынан қорғау үшін арналған.Қорғанысты жерлендіру – электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электр қондырғысының бөлшектерін жерлендіруші құрылғымен әдейі электрлік қосу. Жерлендіруші құрылғының қарсыласуы неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Жерлендіру басымдылықтарын пайдалану үшін жерлендіруші контактпен розетка сатып алу керек. электр қондырғысының фазасы мен корпусы арасында оқшаулаудың тесігі пада болғанда, оның корпусы кернеу асытнда қалуы мүмкін. Егер корпусқа осы уақытта адам тиіп кетсе, онда адам арқылы өтетін ток қауіп төндірмейді, себебі оның негізгі бөлігі өте төмен қарсыласуы бар қорғанысты жерлендіру бойынша өтеді. Қорғанысты жерлендіру жерлендірушіден және жерлендіру өткізгіштерінен тұрады.Жерлендірушінің екі түрі болады: табиғи және жасанды. Табиғи жерлендірушіге жермен берік байланыстырылған ғимараттардың металл конструкциясы жатады. Жасанды жерлендірушілер ретінде ұзындығы кем дегенде 2,5 м, жерге қағылып, бір-бірімен болат жолақтармен немесе пісірлген сымдармен қосылған болат құбырларды, өзектер немесе бұрыштар пайдаланылады. Жерлендірушіні жерлендіру аспаптарымен қосатын жерлендіру өткізгіші ретінде әдетте машина корпусына пісірілетін, не болмаса олармен бұрандама арқылы қосылатын болат не мыс шиналарды пайдаланады.Қорғанысты жерлендіруге электр машинасының, трансформатордың металлды корпусы, қалқандар, шкафтар жатады. Қорғанысты жерлендіру адам түсуі мүмкін крнеуді анағұрлым азайтады. Бұл жерлендіру өткізгіштері, жерлендірушінің өсу және жер небір қарсыласуымен түсіндіріледі. Оқшаулау зақымдалғанда тұйықталу тоғы электр қондырғысының корпусы, жерлендіруші және әрі қарай – жер бойынша трансформатор бейтарабына өтіп, 220 В кіші болса да, олардың қарсыласуында адам үшін сезінерлік кернеудің төмендеуін шақыртуы мүмкін. Осы кернеуді азайту үшін жерге қатысты жерлендірушінің өарсыласуын төмендету үшін шаралар қабылдау, мысалы жасанды жерлендірушілер санын ұлғайту қажет.Нөлдендіру – нөлдік жетегі бар бітеу жерлендірілген бейтараппен кернеу астында қалыпты тұрмаған электр қондырғысының бөліктерін әдейі электрлік қосу. Бұл электр қондырғысының корпусына кез келген фазаның тұйықталуы осы фазаның нөлдік жетекпен қысқа тұйықталуына алып келеді. Бұл жағдайда ток қорғанысты жерлендіруді пайдаланудағыдан анағұрлым үлкен болады. Зақымдалған жабдықтың тез әрі толық өшуі – нөлдендірудің негізгі міндеті.Нөлдік жұмысшы өткізгіш және нөлдік қорғанысты өткізгіш деп ажыратады. Нөлдік жұмысшы өткізгіш электр қондырғысын қуаттандыруға арналлған және басқа сымдармен оқшаулауы бірдей, жұмысшы токтың өтуі үшін жеткілікті қимасы бар. Нөлдік қорғанысты өткізгіш қорғаныстың қосылуы және зақымдалған электр қондырғысының қуаттау желісінен жылдам өшуі үшін қысқа тұйықталудың қысқа уақыттық тоғына арналған. Нөлдік қорғанысты өткізгіш ретінде электр сымдарының болат құбырлары және сақтандырғыштары мен сөндіргіштері жоқ нөлдік сымдар пайдаланылуы мүмкін.Жерлендіру желісін конструктивті орындау. Табиғи және жасанды жерлендірушілер болып ажыратылады. Табиғи жерлендіруші ғимараттар мен құрылыстардың жердегі металл және темір бетон конструкциялары, құбыр желілері, кабельдердің қорғасын қабығы болып табылады.Жасанды жерлендірушілер әдетте болат жолақтармен пісіру арқылы 0,5...0,7 м тереңдігінде қосылған электродтарынан орындалады. Ұзындығы 2,5.3,0 м электродтарды 50 х 50 х 5, 60 х 60 х 6 және 75 х 75 х 8 мм өлшемді бұрыштық болаттан немесе диаметрі 12...16 мм, ұзындығы 5...6 м домалақ болаттан әзірлейді. Байланыстыратын жолақы 40 х 4 мм өлшемді жолақты болаттан немесе диаметрі 10...12 мм домалақ болаттан орындайды.Табиғи жерлендірушілердің есебі. Есеп топырақтың өткізгіштігіне, жерлендірушінің конструкциясына және оны салу тереңдігіне байланысты жерлендіру тоғынығың жайылу қарсыласуын анықтауға түйіседі.Токтың өткізгіштігі оның салыстырмалы қарсыласуымен р (Ом • м) — бүйірі 1 м топырақ текшенің қарама-қарсы жақтары арасындағы қарсыласумен сипатталады. Салыстырмалы қарсыласуы топырақтың сипаты мен құрылымына, ылғалдығына, үсу тереңдігіне баланысты және кең шамада ауытқуы мүмкін.Есепке топырқатық салыстармалы қарсыласуының келесі орта мәндерін қабылдайды, р, Ом • м:Саз, бақша топырағы 0,4 • 102Қара топырақ 0,5 • 102Саздақ, тасты саз 1,0 • 102Құмы бар қиыршық тас, тасты топырақ 2,0 • 102Құмдақ 3,0 • 102Малта тасты құм 8,0 • 102Топырақ үсігенде электр өткізгіштік нашарлайды, салыстырмалы қарсыласуы өседі. Сондықтан есепке түзету егізу керек – маусымдық коэффициенті Кс, оның мәні климаттық аймаққа қарай анықталады (анықтамалық лық деректер бойынша).Топырақтың 2 • 102 Ом • м артық салыстырмалы қарсыласуы жағдайында тереңдетілген жерлендіруші орнату немесе р төмендету үшін шаралар қабылдау қажет. Егер топырағы жартасты жерлерде және мәңгі тоң аймақтарында р > 5 • 102 Ом • м, онда жерлендіру қарсыласуының рұқсат етілген мәнін р/500 есе, бірақ 10 еседен артық емес ұлғайтуға болады.Табиғи және жасанды жерлендіруді пайдаланғанда жерлендіруші құрылғының қарсыласуы мына формула бойынша анықталады:мұндағы Re, RH — сәйкес табиғи және жасанды жерлендірушінің қарсыласуы, Ом. Жерлендіруші ретінде темір бетон фундаментті пайдаланғанда, бір бағананың қарсыласуы мына формула бойынша анықталады.мұндағы lc—бағана ұзындығы; d— бағана диаметрі (d= 12,27а а жағымен шаршы қиылғанда).АТҚ порталдық тіреуіштерінің бағаналық фундаментінің жерлендірудің қарсыласуы мына формуламен анықталадымұндағы п = 0,9 — порталдық тіреуіштер үшін және п = 0,7 — бір қадалы тіреуіш үшін; n—фундаменттегі бағаналар саны.Өзара металл конструкциясымен байланысқан ғимараттың темір фундаментінің жерлендірудің қарсыласуы мына формуламен анықталадымұндағы S—ғимараттың периметрмен шектелген ауданы, м2. Жерлендіру жүйесінің белгілері. Жерлендіру жүйесі қосылу схемалары және нөлдік жұмысшы және қорғанысты өткізгіштер саны бойынша ажыратылады. Жерлендіру жүйесінің белгісіндегі бірінші әріп қуаттану көзінің жерлендіру сипатын білдіреді: Т – қуаттану көзінің бейтарабының жермен тікелей қосылысы; І – барлық токжіберуші бөліктер жерден оқшауланған. Жерлендіру жүйесінің белгісіндегі екінші әріп ғимараттың электр қондырғысының ашық өткізгіш бөліктерін жерлендіру сипатын білдіреді:T — ғимараттың электр қондырғысының ашық өткізгіш бөліктерінің жермен тікелей байланысы, жермен қуаттану көзі байланысының сипатынан тәуелсіз;N — ғимараттың электр қондырғысының ашық өткізгіш бөліктерінің қуаттану көзінің нүктесімен тікелей байланысы. Нөлдік жұмысшы өткізгіштің мүмкін белгісі FE (Functіonl Eanth) — «жұмысшы жер».Нөлдік қорғанысты өткізгіште РЕ (Protectіon Eanth) —«қорғанысты жер» белгісі бар. N кейінгі дефистен кейін орналасқан әріптер нөлдік қорғанысты және нөлдік жұмысшы өткізгіштерін құру әдісін білдіреді:C (collectіon) — нөлдік қорғанысты және нөлдік жұмысшы өткізгіштердің функциясы PEN бір жалпы өткізгішпен қамтамасыз етіледі;S (selectіon) — нөлдік қорғанысты PE және нөлдік жұмысшы N өткізгіштердің функциясы бөлек өткізгіштермпен қамтамасыз етіледі.Жерлендіру жүйесі. Негізгі жерлендіру жүйесіне мыналар жатады:TN-C жерлендіру жүйесі (3.25-сур.). Оған үш фазалық төрт сымды (үш фазалық өткізгіш және нөлдік жұмысшы және нөлдік қорғанысты өткізгіштердің функциясын қосатын PEN-өткізгіш) және бір фазалық екі сымды (фазалық және нөлдік жұмысшы өткізгіштер) ескі салынған ғимарат желісі жатады. Бұл жүйе қарапайым әпі арзан, бірақ электр қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді. Қазіргі уақытта жаңа салынып жатқан не қайта құрылып жатқан объектілерде TN-C жүйесін қолдануға жол берілмейді. TN-C жүйесін қолдануда компьютерлік техника мен телекоммуникация жайғастыруға арналған құрылысы ескі ғимаратта тұтынғанда TN-C жүйесінен TN-S (TN-C-S) жүйесіне көшу керек.TN-C-S жерлендіру жүйесі (3.26-сур.). Ол нөлдік жұмысшы және нөлдік қорғанысты өткізгіштер электр қондырғысының енгізуші құрылғысында (мысалға енгізуші пәтер қалқанында) схема бөлігінде ғана біріктірілген қайта құрылатын желілер үшін сипатты. Электр қондырғысының енгізуші құрылғысында РЕ қосылған нөлдік қорғанысты өткізгіш және PEN жұмысшы өткізгіш PE нөлдік қорғанысты өткізгіш пен N нөлдік жұмысшы өткізгіш деп ажыратылған. Бұл ретте PE нөлдік қорғанысты өткізгіш электр қондырғысының түгел ашық ток өткізгіш бөлшектерімен қосылған. TN-C-S жүйесі Ресей үшін келешек болып табылады, шағын шығындармен электр қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етіге мүмкіндік береді.TN-S жерлендіру жүйесі (3.27-сур.). Онда нөлдік жұмысшы пен нөлдік қорғанысты өткізгіштер бөлек салынған болуы керек. Қосалқы станциядан бес желілі кабель «өтеді». Электр қондырғысының түгел ашық ток өткізгіш бөлшектері жеке PE нөлдік қорғанысты өткізгішпен қосылған. Мұндай схема РЕ өткізігішінде кері токтарды болдырмайды, бұл электр магниттік кедергілердің пайда болу қаупін азайтады. Бөгеттерді азайтудың жақсы нұсқасы ттрансформаторлық станция жалғастырып салу болып табылады, бұл  электрмен жабдықтау кабельдерінің кірісінен негізгі жерлендіру қысқышына дейінгі өткізгіштің минималды ұзындығын қамтамасыз етеді. TN-S жүйесі жаллғасып салынған қосалқы станция болғанда қайта жерлендіруді қажет етпейді, себебі осы қосалқы станцияда негізгіи жерлендіруші бар. Мұндай жүйе Еуропада кең таралған.ТТ жерлендіру жүйесі. Онда трансформаторлық қосалқы станция токөткізгіш бөлшектердің жермен тікелей байланысы бар. Ғимараттың электр қондырғысының барлық ашық өткізгіш бөліктері трансформаторлық қосалқы станцияның бейтарабын жерлендіруге электрлік тәуелсіз жерлендіруші арқылы жермен тікелей байланысқа ие.ІТ жерлендіру жүйесі. Онда қуаттану көзінің бейтарабы жерден оқшауланған немесе үлкен қарсыласуы бар аспаптар не құрылғылар арқылы жерлендірілген, ал ашық өткізгіш бөліктері жерлендірілген. Корпусқа немесе жерге өтіп кеткен ток төмен болады және қосылған жабдықтың жұмыс жағдайына әсерін тигізбейді. Мұндай жүйе әдетте қауіпсіздік бойынша жоғары талаптар қойылатын ғимараттардың электр қондырғыларында қолданылады.Электр тоғымен зақымданудан қорғану шаралары. Адамды электр тоғымен зақымданудан қорғау үшін қорғанысты құралдар қолданады:резеңке қолғаптар, тұтқалары оқшауланған аспа, резеңке бөкіс, резеңке кілемшелер, ескерту плакаттары.Сымдардың оқшалануын бақылау. Электр тоғымен зақымданудан болатын қайғылы жағдайларды ескерту үшін электр қондырғысы сымдарын оқшауланған күйін бақылау болып табылады. Сымдардың оқшауланған күйін жұмыстағы қайта құру, жаңарту, ұзақ үзілістерден кейін жаңа қондырғыда тексереді. Сымдардың оқшауланғанын алдын алып бақылауды үш жылда кем дегенде бір рет жүргізеді. Сымдарды оқшаулаудың қарсыласуын фазалық сым мен нөлдік жұмысшы сым арасындағы және әр екі сымның арасынданғы ерігіш ендірме шешілгендегі және ток қабылдағыштар сөніп тұрғандағы учаскелерде 1 000 В атаулы кернеуіне мегаометрмен өлшенеді. Оқшаулаудың қарсыласуы 0,5 мОм кем болмауы керек. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫҚандай жағдайларда бір немесе екі трагсформаторлық қосалқы станцияны қолданған жөн?Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы трагсформаторлық қосалқы станциялардың негізгі типтерін атаңыз және сипаттаңыз.Қандай жағдайларда реакторлар орнату көзделеді?Қандай электр жабдығы ашық таратушы қондырғыға, НТҚ жабық таратушы құрылғыда орнатылады?Электр желілеріндегі ТҚ себептері мен салдарын атаңыз.Электр желісін алмастыру схемасы қалай құрылады?ТҚ токтарын шектеу әдістерін атаңыз.Қорғанысты жерлендіру, жұмысшы жерлендіру мысалдарын келтіріңіз.   4-ТАРАУАЗАМАТТЫҚ ҒИМРАТТАРДЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУАЗАМАТТЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ   Тұрмыстық және қоғамдық ғимараттарды негізгі электрмен жабдықтау. І-санаттық тұрғын үйлерде тұрмысты электрлендіру деңгейінің жоғарғы шектеуі жоқ. І-санаттық тұрғын үйлердің электр қабылдағыштарының құрамына І-сағанттық тұрғын үйлер үшін қабылданған электр қабылдағытарының дәстүрлі жинағынан басқа, түрлі үйлесімдегі сауна, су электрлік жылыту, кондиционер, еден электрлік жылыту, электр ысыту аспаптары, электр жылытқышы бар душ кабинасы және т.б. кіруі мүмкін. І-санаттық тұрғын үйлер тұрмысты электрлендірудің екі деңгейі болады: газ плитасы мен электр плитасы. І-санаттық пәтерлердің электр қабылдағышының құрамына мыналар кіреді: жарықтандыру, розеткалық торап, электр плитасы, электр жылықтышы бар кір жуу машинасы, теле- және радиоаапаратура, қуаты 2,2 кВт дейінгі тұрмыстық аспаптар (шаңсорғыш, тоңызытқыш жәлне т.б.). Электр қабылдағыштарды қуаттау бітеу жерлендіріліген бейтарабы бар 380/220 В кернеулі желіден ескерілуі тиіс (4.1-сур.). Негізделген жағдайларда бітеу жерлендіріліген бейтарабы бар 380/220 В жоғары кернеулі желіден қуаттануға жол беріледі. 220/127 В желісі бар қолданыстағы ғимараттарда желілерді 380/220 В кернеуіне көшірген жөн.Ғимараттардың электр желілері қажетті жағдайда жарнамалық және иллюминациялық жарықтандыруды, витриналарды, қасбетті, өртке қарсы құрылғыларды, диспетчерлеу жүйесін, желілік көрсеткіштерді, дыбыстық және басқа дабылды, сондай-ақ жарықпен оқшаулаудың шамдарын қуаттау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.Ғимараттардың ішкі электр желілерінің схемалары. Тұрмыстық ғимарттардың ішіндегі электр энергиясын үлестіру схемасы электрмен жабдықтау сенімділігіне, қабаттың, секцияның санына, ғимараттың жоспарлық шешіміне, астыртын қабаттың және жапсарлас салынған кәсіпорындар мен мекемелердің болуына (дүкен, ателье, шеберхана, шаштараз және т.б.) байланысты. Бұл схемалар құрылысының қағидаты жалпы болып табылады.Әрбір көпқабатты ғимаратта ішкі электр желілерін сыртқы қуаттау желілеріне қосу үшін, сонымен қатар ғимарат ішінде электр энергиясын үлестіру және бөлінетін желілерді артық жүктелуден және қысқа тұйықталудан қорғау үшін енгізуші-тарату құрылғысы (ЕТҚ) орнатылады.Пәтерлерді элктрмен жабдықтау үшін ЕТҚ-дан қуаттаушы желілер бөлінеді, олар көлденең және тік (тікқұбыр) учаскелерден тұрады. Әр желінің көлденең учаскесіне бір немесе бірнеше тікқұбыр қосылуы мүмкін.Алайда, тікқұбырдың бірінде қысқа тұйықталу болғанда ЕТҚ-да қорғаныс іске қосылып, қуаттаушы желі ауытқиды, бұл ретте көптеген пәтерлер қуатсыз қалады. Сол себепті пәтерлердің қуаттану сенімділігін арттыру үшін, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын ыңғайлы жүргізу үшін тікқұбырдың әр тарамына сөндіруші және қорғаушы аппарат орнату керек. пәтерлерді қуаттайтын желілерден басқа, ЕТҚ-дан холлдардың, сатылардың, дәліздің жарығын, сондай-ақ лифттердің, сорғыштардың, желдеткіштер мен түтіннен қорғау жүйесі электр қабылдағыштарының электр қозғалтқыштарын қуаттайтын үй ішілік желілер бөлінеді.Азаматтық ғимаратты электрмен жабдықтау жүйесін 4.2-суретте келтірілген жеке тұрғын үйді электрмен жабдықтаудың қағидаттық схемасы мысалында қарастырамыз. Үш фазалық электрмен қуаттау. Бұл үш фазалық схеманың ерекшелігі PEN-өткізгіштің әуе желісінің бөліну бағанасына емес және үй сыртына бөлуге емес, енгізуші автомат және үйдің топтық тізбектері үшін қорғау автоматы орнатылған қалқанда. Мұндай электр қалқаны енгізуші-тарату қалқаны (ЕТҚ) немесе енгізуші-тарату құрылғысы (ЕТҚ) деп аталады. Енгізуші-тарату құрылғысы (4.3-сур.) – апараттар мен құрылғылар орнатылған арнайы электр техникалық құрылғы. Енгізуші құрылғыдан (ЕҚ) енгізуші-тарату құрылғысында тек қабылдау емес, үй ішіндегі электр топтары бойынша электр энергиясын үлестіру жүреді.PEN-өткізгішпен элект қуатының үш фазасы (L1, L2 жәлне L3) үйге бір кабельде кіргізіледі, ал үйде – енгізуші-тарату қалқанында (4.2-сур.). PEN-өткізгіш қалқанында нөлдік жұмысшы өткізгішке (N) және қорғанысты өткізгішке (PE) жаңқаланады. Жаңқалану бас жерлендіруші шина (БЖШ) деп аталатын жеке шинада жүреді.PEN-өткізгіш РЕ- және N-өткізгіштеріне бөлінген жерде қайта жерлендіру жасау қажет (ПУЭ, 1.7.61 т.). ПУЭ-да қайта жерлендіру талабы ұсынымдық сипатқа ие. L1, L2 және L3 фазалық өткізгіштері 3 үш полюстік енгізуші автоматқа кіргізіледі. Қалқандағы электр жнергиясын тұтынуды есепке алу үшін элексанауыш орнатылады (4.4-сур.). Электрсанауыштың енгізуші клеммаларына енгізуші автоматтан L1, L2 және L3 өткізгіштері және БЖШ-дан N-өткізгіш қосылады. Электрсанауыш шығаруынан түгел үйді жалпы қорғау автоматына қосылу жүреді (төрт полюстік). Ол іске қосылғанда үйдің электр қуаты толық өшеді.4.4-сур. Электрсанауыш Ескерту. Егер автомат қосылғанда үйді қуаттайтын барлық өткізгіштер өшірілсе (ПУЭ, 3.1.11-т. қ/ар.), яғни төрт полюстік жалпы автомат орнатылса, онда қорғау автоматын нөлдік жұмысшы өткізгішке орнатуға рұқсат етіледі.Үйдің электр сымдары топтарға ажыратылған. Жарықтандыру тобы не топтық тізбегі 5 бір полюстік қорғау автоматымен қорғалған (4.2-сур.). Барлық топтар түрлі фазалардан қуаттанады: L1, L2 және L3.Ылғалды бөлмелердегі топтық тізбек –іске қосылған 30 мА артық емес тоғымен 6 сараланғанавтоматпен қорғалуы тиіс электр сымының ерекше аймағы (ПУЭ, 7.1.82 т. қар.).Ескерту. 4.2-суретте көрсетілген схема TN-C жүйесіне жатады. TN-C жүйелерінде тек жеке электр аспаптары үшін сараланған токқа жауап беретін қорғанысты сөндыру құрылғысын (ҚСҚ) ғана қолдануға жол беріледі. Бұл ретте қорғанысты РЕ-өткізгіші түгел қорғау автоматтарына дейін PEN шинасына міндетті түрде қосылуы тиіс. осы схемада бұл шарт орындалған (ПУЭ, 1.7.80-т.).Үш полюстік 9 қорғау автоматы және төрт полюстік 10 қорғау автоматы (4.2-сур.) үйдің асүй топтық тізбегін қорғау үшін орнатылған. Асүйдің қуаттануы үш фазалық және фаза нөлге қысқа тұйықталғанда нөлдік жұмсышы және барлық фазалық өткізгіштерді желіден бір уақытта кесу керек.Қалқанда шаруашылық құрылыс үшін қорғау автоматтарының жеке тобы бөлінген: 11 – бұл шаруашылық құрылысқа арналған енгізгіш екі полюстік автомат; 12 – бұл құрылыстағы электр сымдарының екі тобына арналған бір полюстік атвомат.Қорғанысты сөндіру құрылғысы. Қорғанысты сөндіру құрылғысы (4.5-сур.) – электр энергиясын қорғанысты электр қондырғысына әкелетін өткізгіштердегі токқа жауап беретін жылдам жауап беретін автоматтық сөндіргіш. ҚСҚ тиімді электр қорғаушы және өртке қарсы құралы болып табылады.ҚСҚ мына арналған:■ электр жабдығының ақауы, өткізгіштер оқшаулауының зақымы жағдайында енемесе адманың электр қондырғысының ашық өткізгіш бөліктеріне байқамай тиіп кеткен жағдайында адамдарды электр тоғымен зақымдануынан қорғау үшін;■ жылыстау тоғының өтіп кетуінен пайда болатын жануды және өртті болдырмау және олардан дамитын қысқа тұйықталуды, корпусқа тұйықталуды және жерге тұйықталуды болдырмау. Асқын токтан қорғаныс (қорғанысты нөлдендіруді қолданғанда) корпусқа қысқа тұйықталуда автоматтық сөндіргішпен немесе сақтандырушымен өшіру арқылы адамның тізбектің зақымдалған учаскесіне жанама жанасуы кезінде қорғанысты қамтамасыз бетеді.Тұйықталудың тоғы аз болғанда, оқшаулау деңгейі төмендегенуде, сондай-ақ нөлдік қорғанысты өткізгіш үзілгенде, сондықтан осы жағдайларда ҚСҚ адамның электрмен зақымданудан жалғыз қорғанысы болып табылады.Электр қорғаныс құралы ретінде қорғанысты өшіру әсерінің негізінде адманың кернеу астындағы электр қондырғысының элементтеріне байқамай тиіп кетуі кезіндегі токтың адам денесі арқылы өту ұзақтығын шектеу (тез өшіру есебінен) қағиты жатыр.ҚСҚ қосу схемасы 4.6...4.8-сур. келтірілген. Әрбір пәтерге ондағы бөлмелер санына қарамай, жарықтандырғышты және газ плитасы бар тұрмыстық электр қабылдағышты қуаттау үшін әдетте 2,5 мм2 қималы алюминий сымдары бар бір фазалық екі топ төселген: бір топ жалпы жарықты қуаттандырады, басқасы – штепсель розеткалары. Аралас қуаттауға да болады; бұл ретте пәтерге орнатылатын штепсельді розеткалар әртүрлі топтық желілерге қосылуы тиіс. Асүй электр плиталары бар жерде оларды қуаттау үшін үшінші топтық желі ескерілген.Электр энергиясын ғимараттар тарату схемасы желідегі кернеуге, электр жүктемесінің деңгейіне, электрмен жабдықтау сенімділігіне, пайдалану үнемділігіне, қароапйымдылығы мен ыңғайлығына, сондай-ақ ғимараттың конструктивтік ерекшелігіне байланысты.Ғимараттың электр желісінің схемасы жалпы желіде және оның бөлек бөлімдерінде қалыпты және апаттық режимде дұрыс жұмыс істеуі тиіс, атап айтқанда электр қабылдағыш қысқыштарындағы тиісті кернеу деңгейін кепілдендіруі тиіс. Бұл ретте энергия жүйесіне тәуелді электр энергиясының сапалық параметрлері белгіленген диапазонда ұсталады.     4.7-сур. Тұтынушылардың қуаттануын резервтеу мақсатыныда үш фазалық жүктеме болмағанда ұсынылатын үш фазалық енгізуші бар ғимараттың электрмен жабдықтау схемасы Ресейде қуаттаушы трансформатор бейтараптарын бітеу жерлендіруде желінің 380/220 В үнемдірек кернеуі кең таралған; жеке жағдайда құрылысы ескі қалаларда 220/127 В кернеуі қолданылады. Анағұрлым жоғары кернеуге көшудің басты себебі электр жүктемелерінің үздіксіз өсуі болып табылады, бұл электр желісінің өткізу қабілетін күрт ұлғайту қажеттілігін шақыртады. Ғимаратта электр энергиясын тарату схемасына талаптар ПУЭ бойынша реттеледі, соған сәйкес түгел электр қабылдағыштар электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге қатысты үш санатқа жіктеледі.Тұрғын ғимарттарға қолданбалы электрмен жабдықтаудың І-санатына мыналар жатады: ■ лифттер;■өртке қарсы құрылғылар (өрт сөндіргіш сорғы, түтінді автоматтық жою құралы және т.б.);■биіктігі 16 қабаттан жоғары тұрғын үйлердің дәлізін, вестибюлін, холл мен баспалдақты алаңды апаттық жарықтандыру;■арнайы міндеті бар электр қабылдағыштар (кіріктірме автоматтық телефон станциялары, тіреуіш-күшейткіш пункттер мен радиотрансляция желісінің блок станциялары, ақпасуды айдау станциялары және т.б.);■бөгеуші жарықтар (азаматтық әуе флоты қызметі анықтайтын аймақта ораналасқан тұрғын үй шатырында биіктігі 50 м және одан жоғары ғимараттарда орнатылады). І-санаттық электр қабылдағышы екі дербес көзден электр энергиясымен қамтамасыз етілуі тиіс; электрмен жабдықтаудағы үзіліс резервтің автоматтық енгізуші құрылғысы әрекет еткен уақытқа ғана рұқсат етілуі мүмкін.Электрмен жабдықтаудың І-санатына мыналар кіреді:■биіктігі 6...16 қабатты қоса алғандағы тұрғын ғимараттардың электр қабылдағыштары;■стационарлық асүй электр плиталарымен жабдықталған биіктігі кем дегенде алты қабатты ғимараттың электр қабылдағыштары;■тұрғын үйлерге кіріктірілген не жанама салынған дүкендердің, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, балалар мекемелерінің және т.б. электр қабылдағыштары.І-санаттық электр қабылдағыштары үшін электрмен жабдықтаудың көшпелі оперативті бригадасы немесе кезекші қызметкерлер резервтік қуатты қосуы үшін қажетті уақытқа электрмен жабдықтауда үзілістерге жол беріледі.Электрмен жабдықтаудың І-санатына І және І-санат қабылдағыштарына кірмейтін барлық басқа электр қабылдағыштар жатады, олар – биіктігі бес қабатты қоса алғандағы тұрғын үйлер (стаионарлық электр плиталарымен жабдықталған үйлерден басқасы). І-санат үшін желінің зақымданған элементін жөндеу не ауыстыру уақытына, бір тәуліктен артық емес мерзімге электрмен жабдықтауда үзілістерге рұқсат беріледі.Электрмен жабдықтау сенімділігіне қоылатын талаптар бірінші кезекте электр желісін құрғанда ескерілуі тиіс. сенімділік тұрғысынан таңдалған схемалардың шешімі әдетте көп нұсқалы болып келеді. Сондықытан сол не басқа схеманы таңдағандағы басты критерий келтірілген шығындар бойынша, түсті металл шығыны бойынша да оның үнемділігі болып табылады.Электрмен жабдықтау жүйесін тұтыну ыңғайлығы оның үнемділігіне тең есепке алынуы және оның қарапайымдылығында білінуі тиіс. Желінің схемасын желінің зақымдалған учаскесі немесе жеке бір элементі оңай анықталатындай және тұтынушылар желіден минималды өшіп қалғанда ауыстырылатындай етіп құрылуы тиіс.Ғимараттың конструктивтік ерекшеліктері электр желісі схемасының құралуына елеулі әсер етеді. Трансформаторлық қосалқы станциядан жеке қуаттаушы желіден әрбір тұрғын үйге өткігзіш қарастыратын тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың радиалды схемасы кең атарлған (4.9-сур.). Резервтік жалғастырғышты қуаттаушы желінің кез келгені қатардан шыққанда, тұрғын үйлерді қуаттау үшін қосады және тұрғын үйлердің қуатын өшірмей, желілердегі алдын алу жұмыстарын орындау үшіг пайдаланады.Тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау схемасының анағұрлым жетілдірілгені және үнемдісі ғимарттардың енгізішілеріндегі ток аударғыштары бар схема болып табылады, себебі апаттық режимде тұрғын үйлерді қуаттау ең қысқа жолмен бір желіден жүзеге асырылады. Ол жұмыста қалғанақаусыз желі бойынша тұтынушыны қуаттау желілерінің кез келгені зақымданған жағдайда қосуды ескереді.Стационарлық электр плиталарын қолданатын бес қабатқа дейінгі тұрғын үйлерді, сондай-ақ 9 және 16 қабаттық тұрғын ғимараттар үшін енгізушілердегі ток аударғышы барсхеманы падаланады (4.14-сур.). Осы схема бойынша кез келген қуаттаушы желі істен шыққанда электр энергиясының тұтынушыларын басқа желіге қосу ең қысқа уақытта жүргізіледі.Негізгіден резервтік 1 енгізушіге қосылу енгізушіде орналасқан фазаларды бақылау релесінен (ФБР) басқаруушы сигнал алатын электромагниттік контакторлармен жүзеге асады. Схемамен қуатты жұмысшыдан резервтік енгізушіге автоматтық қайта қосу жұмысшы енгізушіде кернеуді қалпына келтіргенде бастапқы күйге кейін қайтарумен бірге ескерілген.Схемада енгізушілерді қорғау үшін 1 QF және 2 QF автоматтық сөндіргіштер ескерілген. Мұнда схема І-санаттық электр қабылдағыштары жүктемесінің бір желісін үздіксіз қуаттау үшін қолданылады.Көп пәтерлі тұрғын ғимараттар, сондай-ақ пәтерлерде стационарлық электр плиталары орнатылған 9-16 қабатты ғимарттар үш не одан артық қуаттаушы желіге ие (4.11-сур.).      380В/220 кернеуімен пәтерлерді үш фазалық қуаттау. Егер түгет тұтынушының электр энергиясының болжамдалған қуаты пәтерлерде 10 кВт артық болса, онда пәтерді қуаттау үш фаза пайдаланумен орындалады. Үш фазалық қуаттауда желілеу бес сымдық схема бойынша орындалады: L1, L2, L3— кернеу астындағы үш фазаның өткізгіштері. Әр фазаның синусоиды бір-біріне қатысты 120° -қа жылжыған. N— кернеу астында қалыпты емес жатқан нөлдік өткізгіш. Түгел үш фазаның токтарының алгебралық сомасы онда нөлге тең. РЕ – функциясы бір фазалық желідегі РЕ-өткізгіштің функциясына ұқсас өткізгіш.Кез келген екі фазаның арасындағы стандарттық кернеу 380 В тең және желілік кернеу деп аталады; кез келген фаза мен нөлдік өткізгіштің арасындағы – 220 В және фазалық кернеу деп аталады. Бір азалық қуаттау жағдайында да үш фазаның энергия тұтынуын жинап есепке алатын электр энергиясының есептеуіші болуы қажет. Үш фазалық қуаттаудың электр монтажы бір азалыққа ұқсас келеді. Өзгешелігі негізінен үш фазалық (үш полюстік) коммутациялық аппаратура пайдалану болып табылады.Үш фазалық қуаттаудың қағидаттық схемасы 4.11-сур. келтірілген. Үш фазалық жне бір азалық қуаттау жүйесінің ұқсастығына қарамастан, біріншісінде өзгеше ерекшелігі бар – үш фазалық жүктеме, яғни токтың түгел үш фазамен өтуі тең болуы тиіс. егер бұл шарт орындалмаса, онда келесідей болуы мүмкін. Иек бір фазаның өтетін тоғының мәні іске қосылатын автоматтық сөндіргіш шамасынан асып кетті және автомат сөніп қалды дерлік, сол кезде басқа екі фазаның электр энергиясының тұтынушылары да қуатсыз қалады.Пәтерде 220 В есептелген қымбат электр аспабы болса, онда кейбір апаттық жағдайда кернеу 380 В дейін жетуі мүмкін екенін ескеру керек, бұл тұрмыстық электр аспаптарының қатардан шығуына алып келеді. Бұны болдырмас үшін арнайы қорғау жабдығын орнатқан дұрыс, мысалы фазаларды бақылаудың үш фазалық релесі.Азаматтық ғимараттардың электр желілеріне қойылатын талаптар.Азаматтық ғимараттардың электр желілеріне мындай талаптар қойылады:Олар қарапйым, үнемді болуы және ғимараттың электр қабылдағыштарының электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын талаптармен салынуы тиіс.Ғимартта әдетте жалпыға бір кіру құрылғысы немесе электр энергиясын қалалық тораптан қабылдау және оны ғимарат тұтынушыларына үлестіру үшін арналған бас таратушы қалқан (КҚС, БТҚ) орнатылуы керек. КҚС (БТҚ) көп мөлшеріне жеке тұрған ТҚ-дан қуаттану жағдайында және қалыпты және апаттық режимде әр енгізушідегі жүктеме 400...630 А асқанда (ТҚ желілерінен бөлінетін коммутациялық қорғанысты аппараттардың атаулы тоғына байланысты) рұқсат етіледі. Басқа жағдайда КҚС немесе БТҚ мөлшерін көбейтуге техника-экономикалық негіздеме жағдайында жол беріледі. Тұрғын үйлерде КҚС-ны орта секцияларға жайғастыру ұсынылады. Қоғамдық ғимараттарда КҚС немесе БТҚ ғимараттағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар санына тәуелсіз негізгі абоненттің жанында орналасуы тиіс. Үш және одан көп қабатты ғимараттарда КҚС-да, сондай-ақ лифттерді қуаттау енгізушілерінде әр фазаға сыйымдылығы 0,5 мФ дейінгі ҚТ типті кедергі басатын конденсаторлар орнатуды ескеру керек.Тұрғын ғимарттардың блок-секцияларының үлгілік жобаларында жобаларды нақты құрылыс шарттарына байлауда КҚС орналасқан орнын өзгертуге мүмкіндік беретін жоспарлық шешімдер қарастыру қажет.Ғимаратта орналасқан абоненттік әрқайсында ғимараттың жалпы КҚС немесе БТҚ-дан қуаттанатын өзіндік КҚС орнатылуы керек. Тұтынушылар өзара функционалды байланысты болу шартымен бас ғимараттағы тұтынушылардың жалпы КҚС-дан қуаттануына болады.Тұрғын үйлерде пәтерлердің көлденең қуаттау желілер саны минималды болуы тиіс. КҚС-дан бөлінетін әр қуаттаушы желінің жүктемесі 250 А аспауы қажет. Биіктігі төрт және одан көп қабатты үйлерде көлденең қуаттау желілер саны екеуден артық емес болуы қажет. Пәтрлердің жүктемесі екі желімен қамтамасыз етіле алмаса, желі санын ұлғайтуға болады.Биіктігі төрт және одан көп қабатты тұрғын үйлердегі тікқұбыр саны, оларды қуаттаушы желілерге және КҚС-ға қосу схемасы әдетте 2,5 тш. ұсынымдарына және келесі талаптарға сәйкес келуі керек:■10 қабатқа дейінгі мөлшерде газ тәріздес және қатты отындағы плиталары, сондай-ақ бес қабатқа дейінгі мөлшерде электр плиталары бар үйлерде – секцияға бір түкқұбыр. Тікқұбыр саны конструкциялық есеппен немесе бұл техника-экономикалық негіздемемен расталған болса ұлғайтылуы мүмкін;■бес қабаттан көп болғандағы электр плиталары бар үйлерде – төрт пәтерге дейінгі әр қабатта қосумен секцияға бір түкқұбыр немесе жоғарғы қабаттарда орналасқан пәтерлердің 40 % біріне қосумен екі тікқұбыр, және басқа тікқұбырға – төменгі қабаттарда орналасқан пәтерлердің 60 %-ы;■биіктігі 17 қабаттан артық үйлерде – төрт пәтерге дейінгі әр қабатта қосумен секцияға екі түкқұбыр.Өрт сөндіру бөлімшелерінің басымды пайдалануына арналған лифттерді қуаттау желілері 19-т. талаптарына сәйкес төселуі тиіс.Өрт сөндіру құрылғысының электр қабылдағыштарын қуаттау үшін электр энергиясының сенімділігі бойынша санаты талаптарға сәйкес келуі керек. Бұл ретте өрт сөндіру құрылғысының электр қабылдағыштарын қуаттайтын желілерді КҚС-дан бастап резервтеп керек емес.Түтінденбейтін баспалдақты алаңы бар тұрғын ғимараттардағы өрт сөндіру құрылғысын, эвакуациялық және апаттық жарықтандыруды қуаттауды сыртқы қуаттаушы желілерге қосылған дербес қалқаннан немесе желілердің жеке панелінен бастап АВР құрылғысы бар коммутациялық КҚС енгізуші аппараттарына дейін орындаған жөн. Өрт сөндіру құрылғыларының қалқан панелінің бояуы ерекше (қызыл) болуы керек. биіктігі 17 және одан артық қабатты ғимараттарда аталған АВР құрылғысына 7-т. талаптарын ұстанып, лифттерді қосу қажет. Өрт сөндіру құрылғыларының қалқан панелінде қосымша қорғанысты коммутациялық аппарат жайғастыруға арналған орын болса, оларды осы орынға жалпы үй торабының желілері үшін орнатуға рұқсат беріледі (мысалы, жұмысшы жарықтандыру). Осы желілерді қуаттау КҚС таратушы панельдерінен орындалуы керек.Қоғамдық ғимарттардағы өрт сөндіру құрылғылары мен күзет дабылының электр қабылдағыштары оларды электрмен жабдықтау сенімділігінің санатына қарамастан, әртүрлі енгізушіден қуаттануы тиіс, ал бір енгізушіден қуаттанса – осы енгізушіден екі желімен. Аталған құрылғылардың қуаттаушы желілерін енгізуші коммутациялық аппараттарынан кейін, осы нормалардың ұсынымдарына сәйкес АВР құрылғысымен КҚС немесе БТҚ таратушы панельдеріне қосылуы қажет. Бұл ретте қалған тұтынушыларды қалған тұтынушыларды өшіру өрт сөндіру құрылғысының электр қабылдағыштарын өшірумен байланысты болмауы керек. КҚС (БТҚ) орналасқан өрт сөндіру құрылғысын қуаттайтын желілердің коммутациялық және қорғанысты аппараттарының бояуы ерекше (қызыл) болуы тиіс.Өрт сөндіру сорғышының электр қабылдағыштарын қосу және өшіру тура электр қозғалтқыштарында жергілікті болуы керек. Бұдан басқа өрт сөндіру крандары шкафтарымен қашықтан қосуды ескеру қажет. Түтін жою және ауа қысу жүйелерін басқару автоматты болуы және қашықтан басқарумен қайталануы тиіс (4.12-сур.).Эвакуациялық және апаттық жарықтандыруды қуаттау жұмыс жарығынан тәуелсіз болуы керек және былай орындалады: ғимаратқа екі енгізуші жағдайында – түрлі ал бір енгізушіде – КҚС немесе БТҚ бастап дербес желілермен. Апаттық және эвакуациялық жарықтандыруды қуаттау үшін автономдық көздердің құрылғысын ескеріп керек емес (аккумулятор батареялары, дизельдік электр станциялары және т.б.), жобалауға ғимаратта ескерілген жағдайларды санамағанда. Қоғамдық ғимараттардағы жұмысшы, апаттық және эвакуациялық жарықтандырудың, витриналар, жанрама мен иллюминация жарығының торабын қуататйтын желілер КҚС және БТҚ бастап дербес болуы тиіс. апаттық және эвакуациялық жарықтандыру торабы жалпы бола алады.Тұрғын үйлердің электр желілерінің схемасын келесіге сүйеніп орындалуы тиіс:■пәтерлер мен күштік электр қабылдағыштарын, соның ішінде лифттерді қуаттау КҚС жалпы секциясынан жүзеге асуы тиіс. Оларды жеке ққуаттауды лифттерді қосқанда пәтерлердегі шам қысқыштарындағы кернеу өзгерісінің қарқындар мәні МЕМСТ 13109 — 87 регламенттейтін мәндерден жоғары екені есеппен расталған жағдайда ғана орындаған дұрыс.■Бір секцияда орнатылған түтін жою және ауа қысу желдеткіштерін қуаттаудың таратушы желілері КҚС өрт сөндіру құрылғыларының қалқанынан бастап бірнеше желдеткіш қуаттанатын әр желдеткіш не шкаф үшін дербес болуы тиіс. Бұл ретте әртүрлі секцияда ораналасқан сәйкес желдеткішті не шкафтыКҚС-қа қосылған секциялар санына қарамастан бір желі бойынша қуаттау ұсынылады.Бір қуаттаушы желіге бірнеше тікқұбыр қосуға болады, бұл кезде биіктігі бес қабаттан артық тұрғын ғимараттарда тарамдалған жерде әрбір тікқұбырға сөндіргіш аппарат орналтылуы керек.Баспалдықты, қабат дәліздерін, вестибюльдерін, ғимаратқа кірісті, өрт сөндіру гидранттарының нөмір белгілері мен көрсеткіштерін, жарықтық қоршау мен домофонның шамдарын жарықтандыру КҚС-дан желілермен қуаттануы тиіс. Бұл ретте домофондар мен жарықтық қоршау шамдарын қуаттау желілері дербес болуы қажет. Теледидар сигналдарын күшейткішті қуаттауды шатырларды жарқытандыру топтық желілерінен орындаған дұрыс, ал шатырсыз ғимарттарда – КҚС дербес желілерімен.Тұрғын ғимараттың тұтынушыларының жалпы үй күштік электр қабылдағыштары (лифттер, сорғыштар, желдеткіштер және т.б.) әдетте қуатты КҚС бастап дербес күштік тораптан алуы керек.Қоғамдық ғимараттарда жарықтандыру торабын қуаттайтын бірнеше тік учаскені (тікқұбырды) бір желіден қуаттау ұсынылады. Бұл ретте үш не одан артық топтық қалқандарды қуаттайтын әр түкқұбырдың басында коммутациялық аппарат орнату қажет. Егер тікқұбыр бір желіден қуаттанса, онда тікқұбырдың басына коммутациялық аппаратты орнату қажет емес.Тұрғын үйге кірітірілген, сауда кәсіпорнынның, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мекемесінің, әкімшілік-кеңселік және басқа да қоғамдық міндетті үй-жайдың электр қондырғысын үйдің КҚС (БТҚ) жеке желілерімен қуаттау қажет. Бұл ретте әр тұтынушыда дербес КҚС орнатылуы тиіс. Аталған тұтынушыларды бөлек КҚС-дан қуаттануға сәйкес техника-экономикалық негіздеме болған (елеулі энергиялық сыйымдылық, үйдің КҚС-дан тұтынушы енгізушісінің қашықтығы және т.б.) жағдайда ғана жол беріледі.Сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының тоңазытқыш қондырғыларын қуаттайтын желілер КҚС немесе БТҚ бастап дербес болуы тиіс.Бірнеше ғимаратты жылумен жабдықтауға арналған орталық жылу пункттерінің (ОЖП) электр қабылдағыштары ТҚ-дан кем дегенде екі жеке желімен қуаттануы тиіс. осы желілерге басқа электр қабылдағыштарының қосылуына болмайды. Кіріктірілген жеке жылу пункттерінің желілері КҚС немесе БТҚ бастап дербес болуы, жеке қорғау және басқару аппараты болуы тиіс.Бір желіден өзара байланыспайтын әртүрлі баспалдақты алаңдар мен холлдарда орналасқан төртеуде артық емес лифтті қуаттаған дұрыс. Баспалдақты алаңда және лифттік холлда міндеті бір екі немесе одан артық лифттің болу жағдайында әрқайсысы тікелей КҚС немесе БТҚ-ға қосылатын екі желіден қуаттануы керек; бұл ретте бір желіге қосылатын лифттер саны шектелмейді. Әр лифттің енгізушісінде коммутациялық және қорғаныстық аппараттар ескерілуі тиіс (лифттің схемасымен және комплектациясымен ескеріледі). Осы функцияларды біріктіретін бір аппаратты орнату ұсынылады.Таратушы пункттер мен топтық қалқандардың енгізушілерінде басқару аппараттары орнатылуы тиіс. Таратушы пункт саны беске дейін және топтық қалқан саны үшке дейін қоса алған жағдайда, бір қуаттаушы желіге қосылған таратушы пункттер мен қалқандардың енгізушілерінде басқару аппараттарын орнатпауға болады, бірақ барлық жағдайда енгізушісіне басқару аппаратын орнату міндетті болатын қоғамдық тамақтану кәсіпорындары ыстық цехтарының күштік таратушы пункттерінен басқа.Электр энергиясын электрлік жарықтандыру торабының күштік таратушы қалқандарына, пункттері мен топтық қалқандарына үлестіруді магистралдық схемамен орындаған жөн. радиалды схемаларды күшті электр қозғалтқыштарын, міндеті жалпы технологиялық электр қабылдғаш топтары (мысалы, кіріктірілген тағамханалар, есептегіш орталықтардың үй-жалары және т.б.), электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша І-санаттық тұтынушылар үшін орындаған дұрыс.600 және одан артық адам ұзақ уақыт бойы болуы мүмкін үй-жайларды (конференц-залдар, мәжіліс залдар және т.б.) жұмыс жарығын қуаттауды әртүрлі енгізушіден жүзеге асыру ұсынылады, бұл ретте әр енгізушіге шамамен 50 % шырағдан қослған болуы қажет.Электр жарықтандырудың электр қабылдағыштары мен анағұрлым қашық шамдардың қысқыштарындағы кернеудің ннақтылыдан ауықтуы қалыпты режимде ±5 % аспауы, ал максималды режимде олар ±10 % аспауы керек. 12-42 В керенулі желілерде (қуаттау көзінен есептегенде, мысалы төмендетуші трансформатор) кернеудің ауықтуларға 10 % дейін қабылдауға рұқсат беріледі.Іске қосылған электр қозғалтқышының қысқыштарындағы ауытқуға -15% дейін жол беріледі. Келтірілген кернеудің ауытқу шамасы ұлғайтылуы мүмкін, егер бұл есеппен негізделген болса және бұл ретте іске қосу аппаратурасы мен іске қосу қозғалтқышының тұрақты жұмысы қамтамасыз етілсе.Атаулы шамадан регламенттелген ауытқуларды есепке алып, ТҚ 0,4 кВ шиналардан тұрмыстық және қоғамдық ғимараттардағы жалпы жарықтандырудың анағұрлым қашықтағы шамасына дейінгі кернеудің жиынтық жоғалтулары 7,5 % аспауы керек.Электр қозғалтқышын қосқанда электр қабылдағыштарының қысқыштарындағы кетренудің өзгеру қарқыны МЕМСТ 13109 — 87* белгіленген мәндерден артық болмауы қажет.Кернеудің аталған ауытқулары бойынша 380/220 В кернеулі электр желісін есептегенде тұрмыстық электр аспаптарының қсқыштарындағы қажетті кернеу деңгейі қамтамасыз етіледі.Топтық желілер. Жарықтандырудың топтық желілері олардың ұзындығына және қосылған шырағдандардың санына қарай бір, екі және үш фазалық бола алады (4.13-сур.).Тұрғын үйлердегі пәтерлерді жарықтандырудың топтық желілері әдетте бір фазалы болады. Пәтерлерге үш фазалық төрт сымды енгізушілердің құрылғысын орнатуға біріғңай энергетикалық енгізуші болғанда рұқсат етіледі.   жұмыс жарығының бірнеше топтық желілерін жалпы трасса бойынша төсеу, ал тұрмыстық ғимараттарда – теледидар сигналдарын күшейткіштерін қуаттау желілерін төсеу жағдаында олар үшін жалпы нөлдік өткізгішті пайдалануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ апаттық және эвакуациялық жарықтандыру желісінің нөлдік өткізгіштерін біріктіруге болады. Бұл ретте нөлдік өткізгішке түсетін жүктеме ПУЭ бойынша рұқсат етілгеннен аспауы қажет.Жұмысшы және апаттық, жұмысшы және эвакуациялық жарықтандыру желілерінің нөлдік өткізгіштерін біріктіруге болмайды, шина сымына жұмысшы жарықты және апаттық не эвакуациялық жарықты қуаттайтын дербес желілерді жеткізу шартымен әртүрлі фазаларын жұмысшы жарықты және апаттық не эвакуациялық жарықты қуаттау үшін пайдалануға рұқсат етілген үш фазалық төрт сымдық шина сымдарын қолдану жағдайынан басқа.Тұрғын үй пәтерлерінде жалпы жарықтандыруды қуаттау үшін екі бір фазалық топтық желілерді және 6 және 10 (16) А тоғына штепсельдік розеткалары ескеру қажет. Бұл топтық желілерді аталған жүктеменің аралас немесе бөлек қуаттауды есепке алып орындауға жол беріледі.Аралас қуаттауда асүйде және дәлізде орнатылатын штепсельдік розеткаларды бір топтық желіге қосу қажет, ал тұрғын бөлмелерде – басқасына. Асүйге орнатылатын 10 (16) А тоғына штепсельдік розетканы бөлек қуаттауда жарықтандырудың топтық желісіне қосу ұсынылады. Электр плиталармен жабдықталғлан тұрғын үй пәтерлерінде осы плиталарды қуаттау үшін үшінші топтық желі ескерілген болуы тиіс.Баспалдақ алаңын, қабаттық дәліздерді, холлдарды, вестибюльдерді, техникалық қабаттарды, астырдандар мен шатырларды жарықтандырудың топтық желілеріне 60 Вт дейінгі қуатпен балқудың 60 шамына дейін; 40 Вт қуатты 75 люминесцентті шамға дейін және 20 Вт және одан кем қуатты 100 люминесцентті шамға дейін фазаға қосуға рұқсат етіледі.Сөндіргіштер фазалық сымдарда ғана орантылуы керек, В-1 клачтық жарылысқауіпті үй-жайларға арналған ПУЭ 7.3-т. ескерілген жағдайлардан басқа.Қоғамдық ғимараттарды жарықтандыру желісінің фазалары арасындағы жүктемені үлестіру әдетте тең болуы тиіс: ең көп немесе ең аз жүктелген фазалардың токтарындағы айырмашылық бір қалқан шегінде 30 % аспауы тиіс және 15 % - қуаттаушы желілердің басында.АЗАМАТТЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЭЛЕКТРЛІК ЖҮКТЕМЕСІН ЕСЕПТЕУ Пәтердегі жүктемені есептеудің негізгі әдістері эмпирикалық әдістер болып табылады:■ үй-жай ауданына қарай салыстырмалы жүктемені есептеу негізделген әдіс;■орнатылған жабдықтың салыстырмалы қуаты бойынша жүктемені есептеу әдісі;■жүктемені есептеудің кестелік әдісі (тұрақты және айнымалы жүктеме). Үй-жай ауданына қарай салыстырмалы жүктемеге негізделген жүктемені есептеу әдіс. Жүктеменің үй-жай ауданынан тәуелділігіне негізделген есептеу әдісі айтарлықтай қарапайым және оны тәжірибеде қолдану үшін терең білімді қажет етпейді. Бұл әдістің жетіспеушігі – үй-жай ауданына байланысты әрбір нақты жағдайда жүктемені толық анықтау мүмкіндігін болмауы.Салыстырмалы қуат әдісі – пайдалану коэффициенті әдісінің жеңілдетілген формасы – жалпы біркелкі жарықтандыру есебі үшін падаланылуы мүмкін. Бұл әдіс жарықтандыру есебінінің жоғары дәлдігі қажет емес өндірістік және қосалқы үй-жайлар үшін ұсынылады.W,Вт/м2 салыстырмалы қуат шырағданның ең маңызды энергетикалық көрсеткіші болып табыады. Ол 1 м2 ауданын берілген жарықтандыру жасау үшін жарық көзінің қандай электрлік қуаты егер мыналар белгілі болса қажет болатынын көрсетеді:■шырағдандағы шамның атаулы қуаты;■шырағдандар саны;■үй-жайдың жалпы ауданы;■шырағдандар аспасының биіктігі;■запас коэффициенті;■төбенің, қабырғалар мен еденнің көрсетуші қасиеттері.Есептік формуланың көрінісі (4.1)Мұндағы N— шырағдан саны, д.; W— жарықтандыру қондырғысының салстырмалы қуаты, Вт/м2; S— жарықтандыратын қуат, м2; п — шырағдандағы шамдар саны; Рн — бір шамның атаулы қуаты, Вт.Шырағданның үлгілік конструкцияларының W салыстырмалы қуатының мәні анықьамалық әдебиетте келтірілген.Орнатылған жабдықтың салыстырмалы қуаты бойынша жүктемені есептеу әдісі. Жабдықтың салыстырмалы қуаты бойынша жүктемені есептеу әдісі қиындық келтіреді, бірақ тұтынушылардың қуатын, сәйкесінше жүктемені де жеткілікті тура есептеуге мүмкіндік береді.Есептерді шығарғанда анағұрлым дәлдікті беретін есептеу әдісін қарастырайық. Үйдегі жүктемені анықтау үшін алдымен бір-бірінен жеке тұтынушылар энергиясының қуатын айқындау, сосын бір ағат бойы осы аспаптарды пайдалану коэффициентіне және электр аспаптарын пайдаланудың біркелкіліксіздігін есепке алатын түзету коэффициентіне көбейту қажет.Рр электр энергиясының әрбір тұтынушысы үшін есепті Вт/ч мына формула бойоынша жүргізіледі  (4.2)мұндағы Руст — тұтынушының белгіленген қуаты, Вт/ч; Ки — электр жабдығын пайдалану коэффициенті; Кзап — электр жабдығын пайдалану запасын есепке алатын коэффициент.Түгел жабдықтың жүктемесін анықтағаннан кейін (жарықтандыру, кір жуу машинасы, микроволновка, үтік, теледидар, компьютер, тоңызытқыш және т.б.) түгел жүктемені жинақтау жүргізіледі:  Жататын бөлмелер үшін:   Асхана үшін:Жүктемені есептеудің кестелік әдісі (тұрақты және айнымалы жүктеме). Жобалық ұйымдарда тарамдалудың электрлік жүктемесінің кестелік моделін құруға негізделген жүктемені есептеудің кестелік әдісін (тұрақты және айнымалы жүктеме) басымды қолданады. Тұтынылатын қуатты есептегенде жүктеме тұтынушының жұмыс режиміне және жыл маусымына тікеле тәуелді екенін ұмытпаған жөн.Электр энергиясын тұтынушылардың жұмыс режимі екеу: үздіксіз жұмыс істейтін (ҮЖ) және кезеңдеп жұмыс істейтіндер (КЖ). Жыл маусымына тәуелдіклікті былай түсіндіруге болады. Мысалы, берілген жыл кезеңі – жаз. Жазда мысалы коттежде ҮЖ тұтынушылары ретінде кондиционер, тоңазытқыш, болып табылады, ал қыста және күзде кондиционерлер жұмыс істемейді, бірақ жылыту аспаптары қосылады (жылужелдеткіш, мыйлы жылытқыштар, электр конвекторы және т.б.).Бұрынырақ айтылғандай есеп кесте түсінде жүргізіледі. Оны бастапқы бағанаға толтырғанда келесі деректерді енгізеді:1)электр энергиясын қабылдағыштың тобы мен атау;2)осы атаудың қабылдағыштар саны;3)Рн.у қабылдағышының белгіленген атаулы қуаты ;4)j қабылдағыш қуатының коэффициенті;5)щ қабылдағының пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК);6)Рн.п = Рн.у/п формуласы бойоынша есептелетін атаулы тұтыну қуаты;7)кз қабылдағышты жүктеу коэффициенті (қабылдағышты пайдалану нұсқаулығынан алынады). ПӘК жүктеу коэффициентін есепке алып қабылдайды. Егер кз> 0,6 болса, онда j= = сов jK қабылдауға болады;8)берілген режимде және жыл маусымында жұмыс істейтін қабылдағыштар саны т;9)қабылдағыштар тұтынатын мына формула бойынша есептелетін белсенді қуат10)қабылдағыш тұтынатын реактивтік қуатҚабылдағыштардың ҮЖ және КЖ қуаттары кестенің ҚОРЫТЫНДЫ пунктінде жеке жазылады, қорытынды кестенің жеке жолдарында жазылады. Кестелік модельдіңт түгел жолдары мен бағаналарын толтырған соң, қорытынды кестеде келесі қорытынды мәндер анықталады:■кезеңдеп жұмыс істейтін қабылдағыштардың жиынтық қуаты ■үздіксіз жұмыс істейтін қабылдағыштардың жиынтық қуаты ■кезеңдеп және үздіксіз жұмыс істейтін қабылдағыштардың жиынтық қуатыКезеңдеп және үздіксіз жұмыс істейтін қабылдағыштардың ақырғы қуаты желідегі энергия жоғалтудың 5 %-ын есепке алатын коэффициентті, сонымен қатар бір уақыттық коэффициентті есепке алып есептеледі: ■РНР> РПР к0 болғанда = 1,0...0,8;■РНР = РПРк0 болғанда = 0,8...0,7;■РНР< РПР к0 болғанда = 0,7...0,6.Тарамдалу жүктемесін және қуаттылық коэффициентін формулалар бойынша анықтайды:р = Рн + Рп;Q=Qn+ Qn, (4.7)мұндағы Рн, Qh— үздіксіз жұмыс істейтін қабылдағыштардың сәйкес белсенді және реактивті қуаты; Рп, Qn— кезеңдеп жұмыс істейтін қабылдағыштардың сәйкес белсенді және реактивті қуаты.Есеп қабылдағыштардың әр тобы бойынша, тіпті тұтынылатын қуаттың ақырғы жиынтығы есептелетін қорытынды кестеге дейін жасалады.Бұл есептеу әдісі тұтынылатын жүктеменің өте дәл нәтижелерін береді, бірақ сол не басқа бөлмеде қандай электр жабдығы орнатылатынын үнемі анықтау мүмкін емес. Оған қоса әртүрлі үй-жайлар үшін ПУЭ сымдарының салынған нормалары электр желілерін дұрыс монтажаду гартымен кез келген жүктемені артығымен жабады.Сұраныс коэффициентінің әдісі. Бұл әдісті егер коэффициент туралы деректер бар болса, электр қабылдағыштар, цехтар немесе кәсіпорындар топтарының есептік жүктемесін анықтау үшін пайдаланылады. Есептік максималды белсенді қуат әрбір қабылдағыштар тобы үшін есептеледі. Реактивті есептік жүктеме былай есептеледі мұндағы Qmax— максималды реактивті қуат, кВар; Pmax— максималды белсенді қуат, кВт; tgj— реактивті қуат коэффициенті.Жеткілікті дәлдікпен сұраныс коэффициентінің әдісімен электрлік жарықтандырудың есептік қуатын табуға болады.Торап (цех, кәсіпорын) бойынша толық жүктемені қабылдағыштардың жеке топтарының белсенді және реактивті жүктемелерді жинақтау жолымен табады:   мұндағы Smax — толық қуат, кВ • А; К^ — максимумға қатысу коэффициенті; Pmax— максималды белсенді қуат, кВт; Qmax— максималды реактивті қуат, кВар.Максимумға қатысу коэффициенті (жүктемелер максимумдарын қосу) жүктеме торабы (цех, корпус, кәсіпорын) бойынша есептік максимумның қабылдағыштардың жеке топтарының есептік максимумдарының сомасына қатынасымен анықталады:К^ мәні 0,85...0,95 тұр.Белсенді қуат сұранысының коэффициенті есептік жүктеменің қабылдағыштардың түгел топтарының белгіленген тобына қатынасынан анықталады:  Қалалық желінің есепітк электрлік жүктемесі. Қалалық желінің есепітк электрлік жүктемесін есептеу жеке тұтынушылардың жүктемесін (тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, коммуналды-тұрмыстық кәсіпорындар және т.б.) және электрмен жабдықфтау жүйесінің элементтерін (таратушы желілер, трансформаторлық қосалқы станциялар, таратушы пункттер, тамақтану орталықтары және т.б.) анықтаудан тұрады.Егер көз қалалық желі жүктемесінен басқа өнеркәсіптік кәсіпорындарды немесе ауыл шаруашылығы амақтарын қуаттайтын болса, онда жүктемелердің максимумдарын қосу коэффициентін есепке алып, осы көздің шиналарындағы түгел жүктемені жинақтайды.Пәтерлердің электр қабылдағыштарынан ТҚ 0,4 кВ кернеулі енгізушілер мен шиналарда қуаттаушы желілердің есептік жүктемесін мына формуламен табады  мұндағы Рквуд— желіге қосылған пәтерлер санына (ТҚ), асүй плиталарының типіне және тұрмыстық ауа кондиционерінің болуына, кВт/ пәтер, байланысты 4.1-кест. бойынша қабылданатын пәтерлердің электр қабылдағыштарының салыстырымалы жүктемесі; п — желіге қосылған пәтерлер саны (ТҚ).Дәлізді типтік жатақханалардағы жалпы жарықтандыру, розеткалар, асүй электр плиталары мен қоғамдық міндетті үй-жайлар аралас қуаттанғанда ТҚ 0,4 кВ кернеулі енгізушілер мен шиналардағы жүктеменің есебін 0,75 тең деп ұабылданатын бір уақыттық коэффициентке көбейтілген, желілерді қуаттайтын есептік жүктемелердің сомасы ретінде анықталады.Лифттік қондырғыларды қуаттайтын желілердің есептік жүктемесін (Ррл) мына формуламен табады:  мұндағы Кс.л— лифттік қондырғылар саны мен ғимарттың қабаттылығына байланысты 4.2-кест. бойынша қабылданатын лифттік қондырғылар үшін сұраныс коэффициенті; пл— лифттік қондырғылар саны және тиісінше қуаттау желілер саны; Pnі— белгіленген қуат.Санитарлық-техникалық құрылғылардың электр қозғалтқыштарын қуаттайтын желілердің есептік жүктемесін сұраныс коэффициентін есепке алып, белгіленген қуат бойынша анықтайды.Ғимараттың қуаттаушы желілері мен енгізушілерінің электрлік жүктемесін есептегенде өрт сөндіру құрылғысының, жинаушы механизмнің, резервтік электр қозғалтқышының электр қабылдағыштарының қуатын есептке алмайды, ол қорғанысты аппараттарды және өткізігштердің қималар ауданын таңдауын айқындаған жағдайларды санамағанда.Тұрғын үйдің (пәтерлердің және күштік электр қабылдағыштардың) есептік жүктемесін мына келесі формула бойынша анықтайды  мұндағы Ркв— пәтерлердің электр қабылдағыштарының есептік жүктемесі, кВт; Рс— күштік электр қабылдағыштардыңесептік жүктемесі, кВт.ТұтынушыларСалыстырмалы есептік электрлік жүктемесі, кВт/пәтер, пәтерлер санымен 1...56910151824Плитасы бар пәтерлер:       Табиғи газда (үлгілік жобалар бойынша ғимараттарда)4,52,82,321,81,651,4Сұыйлтылған газда (соның ішінде топтық қондырғылармен және қатты отында)63,42,92,52,221,8Электрлік қуаты 8,5 кВт105,13,83,22,82,62,2Бақ серіктестігі учаскесіндегі жазғы үйлер42,31,71,41,21,10,9 Электр энергиясынСалыстырмалы есептік электрлік жүктемесі , кВт/пәтер, пәтерлер саныментұтынушылар40601002004006001000Плитасы бар пәтерлер:       Табиғи газда (үлгілік жобалар бойынша ғимараттарда)1,21,050,850,770,710,690,67Сұыйлтылған газда (соның ішінде топтық қондырғылармен және қатты отында)1,41,31,0810,920,840,76Электрлік қуаты 8,5 кВт1,951,71,51,361,271,231,19Бақ серіктестігі учаскесіндегі жазғы үйлер0,760,690,610,580,540,510,46Пәтерлердің салыстырмалы есептік жүктемесі жалпы үйдің үй-жайларын (баспалдақты алаң, астыртын, техникалық қабаттар, шатырларды және т.б.) жарықтандыру жүкетемесін, сондай-ақ әлсіз токты және ұсақ күштік жабдықтың (өртке қарсы құрылғылардың қалқандары, автоматика, жылуды есепке алудың және т.б.) жүктемесін есепке алады.Салыстырмалы есептік жүктемелер үлгілік жобалар бойынша ғимараттардағы жалпы орта ауданы 70 м2 пәтерлер үшін (ауданы 35-тен 90 м2 дейінгі пәтерлер) келтірілген.Жоғары жайлы пәтерлер үшін есептік жүктемені жобалау тапсырмасына сәйкес немесе сұраныс пен бір уақытылықтың мәлімделген қуаты мен коэффициенттеріне сәйкес анықталады.Салыстырмалы есептік жүктемелер пәтерге отбасыларды бөлмелеп жайғатсрыуды ескермейді.Салыстырмалы есептік жүктемелер жалпы үйдің күштік жүктемесін, кіріктірілген (жалғасып салынған) қоғамдық міндетті үй-жайлардың күштік жүктемесін, жарнама жүктемесін, сонымен қатар пәтерлерде электрлік жылытудың, электр су жылытқыштары мен тұрмыстық кондиционерлердің қолданылатынын (элиталы пәтерлерден басқасы) есепке алмайды.Қажет болған жағдайда элоектр плиталары бар тұрғын үйлердегі жүктемелердің таңғы не күндізгі максимум мәнін анықтау үшін 0,7 коэффициентін, ал газ тәріздес немесе қатты отындағы плиталары бар тұрғын үйлерде 0,5 коэффициентін қолданған жөн.Жүктемелердің жазғы максимумы кезеңінде тұрғын үйлердің электрлік жүктемесін жүктеменің қысқы максимумы мәнін мына коэффициенттерге көбейтіп табуға болады: 0,7 – табиғи газдағы плиталарымен пәтерлер үшін; 0,6 – сұйытылған газдағы не қатты отындағы плиталарымен пәтерлер үшін; 0,8 – электр плиталарымен пәтерлер үшін.Кестеде келтірілген есептік деректер жергілікті шарттарды есепке алып, нақты қолдану үшін түзетілуі мүмкін. Белгіленген тәртіпте құжатталған және бекітілген эксперименттік деректері болғанда, олар бойынша жүктемелер есебіне жүргізгіне дұрыс.Ғимаратқа енгізушідегі есептік жүктемеде 10 кВт дейінгі қуатты иллюминацияның жүктемесін есепке алмайды.4.2-кесте. Лифттік қондырғылар үшін сұраныс коэффициенттеріЛифттік қондырғылар саныҮйлердің биіктігі үшін Ксл мәніЛифттік қондырғылар саныҮйлердің биіктігі үшін Ксл мәні12 қабатқа дейін12 және одан артық қабатты12 қабатқа дейін12 және одан артық қабатты2, 30,80,9100,50,64, 50,70,8200,40,560,650,75250,350,4   и более   Ескерту. Лифттік қондырғылар саны кестеде көрсетілмесе, сұраныс коэффициентін интерполяциямен анықтайды.Біркелкі тұтынушыларды (бір типтік тұрғын үйлерде) қуаттайтын желілердің толық жүктемесін төмендегі мәнге ие қуаттылық коэффициентін есепке алып анықтайды:Құрметті оқырман!КіріспеЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН АРНАЛЫМЫ ТРАНСФОРМАТОР НЕЙТРАЛЬДЕРІНІҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІБір электр қозғалтқышын қуаттайтын таратушы желі қуатының коэффициентін оның каталогтық деректері бойынша қабылдаған жөн. Біркелкі емес тұтынушыларды қуаттайтын 0,4 кВт кернеулі желінің белсенді жүктемесін есептегенде (типтері әртүрлі асүй плитасы бар тұрңын үйлер, қоғамдық-коммуналдық кәсіпорындар, әкімшілік ғимараттар және т.б.), мына формуланы пайдалануға болады мұндағы Pmax— желіден қуаттанатын анағұрлым жүктеме (максимумды құрайтын жүктеме); к — Pmax(4.3-кест.) қатысты і тұтынушының жүктемесінің максимумдары сәйкеспейтінін ескеретін қосу коэффициенті; P,— желінің і-ші жүктемесі.Түрлі cos ф бар біркелкі емес тұтынушыларды қуаттайтын желінің толық жүктемесі, мұндағы cos фжалп— реактивті жүктеменің коэффициентіне сәйкесетін қуаттың жалпы коэффициенті мұндағы Од — жеке тұтынушыларды ескеріп, кВар, есептелетін желінің жиынтық реактивті жүктемесі; Рд — жеке тұтынушыларды ескеріп, кВар, есептелетін желінің жиынтық белсенді жүктемесі.ТұтынушыларЖүктемелер максимумын құрайтын тұтынушылар тұрғын үйлер болып табылатын жағдайлар үшін к мәні электр плиталарыменгаз плиталарыменЖалпы білім беру мектептері, орта оқу орындары, кәсіби техникалық училищелер, кітапханалар, сауда кәсіпорындары, емханалар, ателье, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаттары, коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары0,50,4Қоғамдық тамақтану, балалабақшасы0,40,4Қонақүйлер0,80,9Кинотеатрлар0,90,9Тұрғын үйлер және жатақханалар:  электр плиталармен1,00,9газ плиталармен0,91,0 Әрі қарай тапсырмаларды шешу мысалдары келтірілген.1-мысал. Кернеуі ил = 6 кВ, ұзындығы l= 8,2 км, ток сымының 95 мм2 қимасымен, үш ауысымдық жұмыс істейтін өнеркәсіптік кәсіпорынды қуаттайтын үш фазалық әуе желісіндегі бір жылғы электр энергиясын жоғалтуын анықтаңыз. Макасималды ток жүктемесі Іmax= 100 А және қуат коэффициенті cosj = 0,8 болғандағы электр энергиясының жылдық шығыны W= 4 980 • 103 кВт • с.Шешім. 95 мм2 қимасымен сым үшін анықтамалық бойынша сымның салыстырмалы қарсыласуын табамыз — г0 = 0,33 Ом/км. Желінің жалпы белсенді қарсыласуы R = = 0,33 • 8,2 = 2,7 Ом. Жүктеменің максималды қуатыPmax=J3UлІmax cos j = S • 6 • 100 • 0,8 = 830 кВт.Максимумды падалану уақытыTmax = Ти= W/Pmax = 4980• 103: 830 = 6000ч.Анықтамалық лық әдебиет бойынша Tmax= 6 000 ч и cos j = 0,8 үшін t= 4 750 с. жоғалту Электр энергиясын жоғалту сынаны құрайды:AW = 3І2maxRt = 3 • 1002 • 2,7t • 103 = 3'1 002 • 2,7 • 4 750 • 103 = 389 • 103кВт'с.Әуе желісінің жұмыс кестесі үш ауысымдық (24 с) болғандықтан, ижыл ішіндегі (365 күн) желі қосу уақыты Тв = 24 • 365 = 8 760 с. құрайды. 1ск = W/(T^/3^cosj) = 4 980/(8 760 • V3 • 6 • 0,8) = = 73 А орташа квадраттау тоғын біле отырып, электр энергиясының жоғалтуын басқаша табуға болады:AW = 312скЛГв = 3 • 732^ 2,7 • 8 760 • 103 = 389 • 103кВт^ч.Жыл ішіндегі белсенді электр энергиясын жоғалту мынаны құрайды: 2-мысал. Қуаты Бном = 400 кВ •А, кернеуі 10/0,4 кВ трансформаторындағы электр энергиясын жылдық жоғалтуды табыңыз. Қуаттың орта коэффициенті cosj = 0,8 және максимумды пайдалану сағаттарының саны Tmax= = 3 500 с. болғандағы трансформатордағы максималды жүктемесі Smax= 295 кВ • А.Шешім. Трансформатордың каталогтық деректері: мыстағы жоғалту А-Рм.ном= 5,5 кВт, болаттағы жоғалту АРст= 1,08 кВт. Қысқа тұйықталу кернеуі икз= 4,5 %; бос жүрістегі ток і0= 2,1 %.Анықтамалық лық әдебиет бойынша Tmax= 3 500 ч и cosj = 0,8 үшін жоғалту уақытын t = 2 300 с. анықтаймыз.Трансформатордағы электр энергиясын жылдық жоғалту мынаны құрайды:Жыл ішіндегі берілетін электр энергиясының мөлшері:Электр энергиясының жылдық жоғалтуы мынаны құрайды:  ТАРАТУШЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ҚУАТТАУШЫ  Тұрғын үй мен жатақхананың электр желілеріне қойылтаны ПУЭ талаптары. Электр сымдары минималды рұқсат етілген қимамен, жол берілген ток жүктемесімен төсеу әдісімен сипатталады. Электр сымдарын төсеу әдістері Электр қондырғыларының қағидаларында және МЕМСТ 50571.15 — 97 (МЭК 364-5-52-93) «Ғимараттардың электр қондырғылары. 5-бөлім. Электр жабдығын таңдау және монтаждау. 52-тарау. Электр сымдары» регламенттелген.Стандартта стандарт шыққан сәтте қолданыста болған ПУЭ талаптарынан өзгеше бірқатар талаптар мен ережелер бар. Әкімшілік ғимараттарда электр сымдарын төсеу ерекшеліктеріне жататын стандарт талаптары.Оқшауланған сымдарды тек құбырларға, қораптарға (4.14-сур.) және оқшаулағыштарға (4.15-сур.) төсеуге болады. Оқшауланған сымдарды сылақ астына, бетонға, кірпіш қалау, құрылыс конструкцияларының бостығына жасырын төсеуге, сондай-ақ қабырғалар мен төбелердің беті бойынша, жаймаға, арқанға және басқа конструкцияларға ашық төсеуге рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда қорғанысты сыртымен не кабельмен оқшауланған сымдар қолданылуы тиіс.Бір немесе үш фазалық желілерде нөлдік жұмысшы өткізгіштің және PEN-өткізгіштің (қосылған нөлдік жұмысшы және қорғанысты өткізгіш) қимасы фазалық өткізгіштің қимасы 16 мм2 және мысты желімен өткізгіш үшін одан кіші жағдайында сол фазалық өткізгіштің қимасына тең болуы тиіс.Фазалық өткізгіштердің үлкен қимасы жағдайында мына шарттармен нөлдік жұмысшы өткізгіштің қимасын азайтуға жол беріледі:       4.14-сур. Кабельді... төсеу 4.15-сур. Оқшаулауға... кабель төсеу ■нөлдік өткізгіштегі күтілетін максималды жұмысшы ток оның ұзақ рұқсат етілетін тоғынан аспауы тиіс;■нөлдік қорғанысты өткізгіш асқын токтан қорғанысы бар.Бұл ретте стандартта нөлдік жұмысшы өткізгіштегі токқа қатысты нақытау жасалды: егер күтілетін максималды ток, соның ішінде гармониктер, олар бар болса, қалыпты тұтынуда нөлдік өткізгіште нөлдік өткізгіштің кішірейтілген қимасы үшін ток бойынша рұқсат етілген жүктемеден аспаған жағдайда нөлдік өткізгіште фазалық өткізгіштердің қимасымен салыстырғанда анағұрлым аз қимасы болуы мүмкін.Бұл талапты жүктемсінің құрамында қуаттау импульстік блоктары бар (компьютерлер, телекоммуникациялық жабдық және т.б.) үш фазалық желілердің сол жақ өткізгішінде токтың 3-ші гармониканың өту айғағымен байланыстырған дұрыс. Осындай жүктемелер жағдайында нөлдік жұмысшы өткізгіште токтың қолданыстағы мәні фазалық өткізгіштердегі токтың қолданыстағы мәнінен 1,7 жетуі мүмкін.06.10.199 ж. бастап қолданысқа ПУЭ 7-ші басылымының «Электрлік жарықтандыру» 6-тарауының және «Арнайы қондырғылардың электр жабдығы» 7-тарауының жаңа редакциясы енгізілді. Бұл тараулардың мазмұны ғимараттардың электр қондырғыларындағы МЭК стандарттарының жинағына сәйкес келтірілген.ПУЭ 6 және 7-тар. жаңа редакицясының бірқатар жеке пункттерінде МЭК материалдары негізіндегі стандарттағыға қарағанда анағұрлым қатал талаптар келтірілген. Бұл тараулар «Электр қондырғыларын орнату қағидалары» жеке кітапшасымен шығарылды (7-ші шығ. М. : НЦ ЭНАС, 1999).ПУЭ 7-тарауында «Тұрңын, қоғамдық, әкімшілік және тұрмыстық ғимарттардың электр қондырғылары» 7.1-тар. бар, ол мына электр қондырғыларына таралады:■«Тұрғын ғимарттар ҚНжЕ» 2.08.01-89 аталған тұрғын үйлер;■«Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар» ҚНжЕ 2.08.02-89 аталған қоғамдық ғимараттар (7.2-тар. аталған ғимарттар мен үй-жайлардан басқасы);■«Әкімшілік және тұрмыстық ғимарттар» ҚНжЕ 2.09.04-87 аталған әкімшілік және тұрмыстық ғимарттар.Алдынғы тізімге кірмеген бірегей және өзге арнайы ғимараттардың электр қондырғыларына қосымша талаптар қойылуы мүмкін. 7.1-тарауы электр сымдары мен кабель желілеріне қойылатын талаптардан тұрады. МЕМСТ Р 50571.15 — 97 және ПУЭ талаптарын басшылыққа ала отырып, электр сымдарын салу және қию әдістерін таңдағанда ПУЭ жаңа редакциясы 7.1.37-т. бөлігінде былайша құрылады: «... электр сымдарын үй-жайларда алмасатынмен орындаған жөн: жасырын – құрылыс конструкцияларының арналарында, құйып бекітілген құбырларда; ашық – электр техникалық ернеулерде, қораптарда және т.б. техникалық қабаттарда, астыртындарда, электр сымдар жүйесін ашық орындаған дұрыс. Жанбайтын материалдардан орындалған құрылыс конструкциялары бар ғимарттарда қабырғалар атызында, аралықта, жабындарда, сылақ астында, еден дайындамасының қабатында немесе қорғанысты қабыршықтағы оқшауланған сымдармен не кабельдермен орындалатын құрылыс конструкциясының бостықтарында топтық желілерді алмастпайтын құйып бекітіп төсеуге рұқсат етіледі. Құрылыс индустрия зауыттарында әзірлегенде орындалған немесе ғимараттарды монтаждағанда панельдердің монтаждық жіктерінде орындалатын қабырғалар, аралықтар мен жабындардың панельдерінде сымдарды алмастпайтын құйып бекітіп төсеу қолдануға рұқсат берілмейді.»Бұдан басқа өтпелі аспалы төбелердің артында және аралықтарға салынатын электр желілері жасырын электр сымдары ретінде қарастырылады (ПУЭ 7.1.38-т.) және оларды орындау қажет:■оқшаулау қасиеті бар металл құбырларында және жабық қораптарда жанатын материалдардан жасалған төбелердің артында және аралықтардың бостықтарында;■жанбайтын материалдардан жасалған төбелердің артында және аралықтарда, жанбайтын материалдардан орындалған құбырлар мен қораптарда, сондай-ақ жануды таратпайтын кабельдерде. Бұл ретте сымдар мен кабельдерді ауыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Жанбайтын материалдардан жасалған аспалы төбелер деп жанбайтын материалдардан жасалған төбелерді түсінеді; бұл ретте аспалы төбенің үстынде орналасқан басқа құрылыс конструкциялары, соның ішінде қабатаралық жабындар, сондай-ақ жанбайтын материалдардан орындалған.Үздіксіз электрмен жабдықтау желісінің сымдарын орындау үшін тек мысты желілі сымдар мен кабельдерді қолдану қажет. бір сымдық кабельдер мен сымдарды пайдалану ұсынылады (4.16-сур).Икемді көпсымдық кабельдерді жұмыс барысында немесе жеке электр қабылдағыштарды қосу үшін қайта құруға ұшырайтын желілер учаскесінде қолдануға болады. Барлық қосылыстарды тарамдаоған қысқыштармен немесе серіппелі клеммалармен орындау керек, бұл ретте көпсымдық желілер арнайы жарақты қолданумен жан-жағынан қысылуы тиіс.  4.16-сур. Бірсымдық кабельНөлдік жұмысшы сым қимасы фазалықтан 1,7 есе асуы мүмкін тоққа есептелуі тиіс болғандықтан, ал сымдар мен кабельдердің қолданыстағы номенклатурасы осы тапсырманы шешуге үнемі мүмкіндік бермейтіндіктен үш фазалық электр сымдарының жүйесін келесі тәсілдермен олрындауға болады:5 сымдармен фазалық және қорғанысты өткізгіштердің қимасын салғанда бір қимамен орындалады, ал нөлдік жұмысшы (нейтралды) өткізгіш фазалықтан 1,7 есе үлкен тоққа есептелген қимамен орындалады; 2)Кабельдермен төсегенде үш нұсқа мүмкін:■үш желілі кабельді қолданғанда кабельдердің желілері фазалық өткізгіш ретінде пайдаланылады, нөлдік жұмысшы өткізгіш қимасы фазалықтан 1,7 есе үлкен тоққа есептелген сыммен (немесе бірнеше сыммен) орындалады, нөлдік қорғанысты – ПУЭ 7.1.45-т. сәйкес, бірақ фазалық өткізгіштердің қимасынан 50% кіші емес қимасы бар сыммен; сымдардың орнына желілер мен қималар саны сәйкес кабельдерді қолдануға болады;■төрт желілі кабельді пайдаланғанда (4.17-сур.): үш желі – фазалық өткізгіштер, нөлдік жұмысшы өткізгіш – тура солай кабель желілерінің бірі, ал нөлдік қорғанысты өткізгіш – жеке сым. Бұл ретте кабельдің қимасы нөлдік жұмысшы өткізгіштегі жұмысшы тоқ бойынша анықталады, ■фазалық желінің қимасы жоғарытылған болып шығады (мұндай шешім техникалық көзқарастан ең жақсы болып табылады, бірақ басқасынан қымбат әрі үлкен нүктелерде үнемі орындала бермейді); ■бір қималы желісі бар бес желілі кабельді қолданғанда (4.18-сур.): үш желілі – фазалық өткізгіштер, нөлдік жұмысшы өткізгіш ретінде екі біріктірілгенкабель желісі пайдаланылады, ал нөлдік қорғанысты үшін – жеке сым. 4.17-сур. Төрт желілі кабель 4.18-сур. Көпжелілі кабель қиылған түрдеБұл ретте кабельдің қимасы ток фазасымен анықталады (мұндай шешім де техникалық көзқарастан ең жақсы болып табылады, бірақ өте қымбат;мемтапсырысты орындаумен, сондай-ақ кабельдерді жеткізумен өиындықтар туындайды).Қуат үлкен болғанда фазалық, нөлдік жұмысшы және қорғанысты өткізгіштерді екі не одан көп параллельді кабельдермен не өткізгіштермен төсеуге болады.Бір желіге жататын барлық кабельдер мен өткізгіштер бір трача бойынша салынуы тиіс (4.19-сур.).Нөлдік қорғанысты өткізгішті төсеу ақпараттық есептегіш техника мен электр техникалық жабдығы үшін МЕМСТ Р 50571.10 — 96 «Жерлендіруші құрылғылар мен қорғанысты өткізгіштер», МЕМСТ Р 50571.21 — 2000 «Жерлендіруші құрылғылар және ақпаратты өңдеу жабдығынан тұратын электр қондырғыларындағыэлектрлік потенциалдарды теңестіру жүйелері» және МЕМСТ Р 50571.22 — 2000 «Ақпаратты өңдеу жабдығын жерлендіру» талаптарына сәйкес келуі керек.  Пәтер ішілік электр желілері және тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішкі желілерінің құрылысы мен схемасы. Азаматтық ғимараттардың таратушы және қуаттаушы күштік және жарықтаушы желілерін екі әдіспен салады:1)ашық – жанбайтын және жануы қиын материалдан жасалған пластмасса құбырлар мен қораптарда өткізгіштермен, сондай-ақ брондалмаған кабельдермен. Техникалық астыртындар мен қабаттарда, инженерлік қызмет бөлмелерінде, дәліздерде, жертөлелер мен астыртындарда қуаттаушы және топтық желілерді астауларға салады, бұл ретте өткізгіштерді төсеу биіктігі еден деңгейінен нормаланбайды;2)жасырын – құбырлары жоқ құрылыс конструкцияларының арналарында, атыздарда, кемерлерде және пластмасса құбырлар мен қораптардағы өткізгіштермен еден дайындамасының жанбайтын қабатында.Көлденең учаскелерде қуаттаушы желілерді темір бетон конструкцияларының (құбырсыз) бостықтарына және пластмасса құбырлар мен қораптарға төсеуге болады. Жертөле немесе техникалық астыртын болмағанда осы желілерді жоғары жатқан қабаттың еденіне монолиттік бетонға салынған пластмасса құбырларда төсеуге рұқсат етіледі.Пәтерлердің қуаттаушы желілерінің, тұрмыстық ғиматтардағы баспалдақ жарығының топтық желілерінің тікқұбырларын құрылыс конструкциялары (электр блоктары) арналарына жасырын салады. Осы конструкцияларда өткізгіштерін қосу және тарамдау үшін қосылған қабаттық электр шкафтарын (қалқандарын) және жәшіктерді жайғастырған дұрыс. Тікқұбырларды салу үшін толымды ток сымдары мен құбырларын қолданады (тиісті техника-экономикалық негіздеме болғанда). Пәтерлерде тікқұбыр төсеуге жол берілмейді.Шахталар шегінде лифтті жарықтандыру желісін тік арналарға, темір бетон тюбингтерге жасырын немесе құбыр қолданусыз оқшауланған сымдармен ашық төсейді. Өрт сөндіру құрылғыларының, күзет дабылы мен басқа желілердің электр қабылдағыштарының өзара резервтелетін қуаттаушы және таратушы желілерді бір құбырға, арнаға, сонымен қатар бөлуші аралығы жоқ қорапқа немесе науаға бірге салуға болмайды. Бұл желілер жалпы трасса бойынша салынуы мүмкін (бір шахтада, баспалдақты алаңда, техникалық астыртында және т.б.), бұл ретте құбырлар мен арналар арасындағы қашықтық нормаланбайды.Жарықтандыру топтық желісін құрылыс конструкциясының арналары мен бостықтарына жасырын салады, ал мұндай мүмкіндік болмаса – пластмасса құбырларға. Қажет болғанда құрылыс бөлігінің жобаларында топтық желілердің өтуі үшін темір бетон беларқалар (4.20-сур.) мен колонналарға диаметрі 25 мм дейінгі арналар ескеріледі.Өткізгішті құбырларсыз жасарын қабырға атыздарында, сылақ астында, еден дайындамасының қабатында және т.б. орындауға болады. ПУЭ 2.1. және 7.1-тар. талаптарын ұстанып, өткізгіштерді жылытылмайтын жертөледе, техникалық астыртын мен дәліздедерде, шатырларда, ылғалды және аса ылғалды үй-жайда, сорғыш, жылу пункттерінде, сондай-ақ ағаш конструкцияларынан салынатын ғимараттарда ашық төсеуге болады.Қалыпты ортасы бар қоғамдық ғимарат үй-жайларында электрлік топтық желілерді пластмасса және металл қораптарда және электр техникалық желілерді салуға арналған арналары бар қиын жанатын оқшаулау материалынан жасалған ернеулікте салуға болады.Өндірістік циклдың өзгеруіне байланысты (сауда, көрме, демонстрациялық және оқу залдары, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының цехтары, зертханалар және т.б.) технологиялық жабдықтың орын ауыстыруы мүмкін үй-жайларда, сондай-ақ электр сымдар жүйесін қайта құру мүмкіндігі үшін «икемді» жоспарланған үй-жайларда пайдалану барысында еденде астыртын герметикаланған жабылатын қораптары (модульдік өткізгіштер) бар құбырларды немесе арналарды ескеру керек.Ғимаратқа кабельдік енгізуді (4.21-сур.) кем дегенде 0,5 м тереңдікте және жер бетінен 2 м артық емес құбырларды орындалады. Бұл ретте бір құбырға тек біркүштік кабельді тарту қажет.  Құбырларды көше жаққа көлдеулеп салады. Кабель енгізу үшін құбырларды әдетте енгізуші-таратушы құрылғының тура үй-жайына дейін төсейді. Құбырлардың соңдары, сондай-ақ құбырлардың өздері қабырға арқылы төсеген кезде үй-жайға ылғал не газ кіріп кету мүмкіндігін болдырмау үшін тиянақты бітелген болуы тиіс.Ғимараттың жертөлесі мен техникалық астыртынына бөгде тұлғалардың (пайдаланушы қызметкерлерден басқа) кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда оларда басқа ғимараттарды электр энергиясымен қуаттайтын 1 000 В дейінгі кернеулі транзиттік күштік кабельдерді төсеуге болады. Бұл кезде кабельдерді құрылыс конструкцияларының немесе металл емес құбырларының кабельдік конструкциясында, науаларында, арналарында ашық қолжетімді жерлерде жайғастырады.Транзиттік кабельдері бар науаларды үй ішілік желінің сымдары мен кабельдері төселетін науалардан төмен орналастырады. Транзиттік кабельдер мен ғимаратқа енгізуші кабельдерді бірге салуға жол беріледі.Транзиттік электр желілерін қойма үй-жалары арқылы ашық төсеуге рұқсат етілмейді.Тұрғын және азаматтық ғимараттардың ішкі электр желілерін, соның ішінде өрт сөндіру құрылғысының, басқару және дабыл тізбегіні желілерін әдетте мыс желілері бар сымдармен және кабельдермен орындайды.  Тұтынушылардың электр тобының токтық жүктемесін есептеу үшін Кспр сұраныс коэффициентін енгізеді, ол үзақ уақтыт аралығында топтағы түгел тұтынушыларды бір уақытта қосу мүмкіндігін анықтайды. Кспр = 1 болғанда топтың барлық электр аспаптары бір уақытта жұмыс істейді. Пәтерде барлық электр аспаптарын қосып жұмыс істеуі айтарлықтай мүмкін емес екені мәлім. Үйлер, кіреберістер үшін сұраныс коэффициентін есептеудің талай жүйелері бар.Әр пәтер үшін сұраныс коэффициенті жеке бөлмелер, бөлек тұтынушылар мен тіпті тұрғындардың түслі өмір стилі үшін ажыратылады. Мысалы сұраныс коэффициенті теледидар үшін әдетте 1-ге тең, ал шаңсорғыштың сұраныс коэффициенті 0,6-ға тең. Сондықтан ток жүктемесін есептеу және электр желілерінің тобындағы қорғау автоматын таңдау үшін сұраныс коэффициенті нәтижеге ықпал етеді.Электр желілерінің тобындағы есептік қуат мына формулалар бойынша есептеледі:   4.4-кесте. Сұраныс коэффициентіЭлектр аспаптарыҚуаты Ру, ВтСұраныс коэффициенті КспрЖарықтағыш4800,7Радиоқабылдағыш751Теледидар1601Тоңазытқыш1501Кір жуу машинасы3800,95Үтік1 0000,80Шаңсорғыш4000,6№ р/нАтауы Белгіленген қуаты, Вт1Жарықтағыш аспаптар1 800 ...3 7002Теледидарлар toоо3Радио және басқа аппаратураооос*^4Тоңазытқыштар165.3005Мұздатқыштар1406Кір жуу машиналары:  су жылытусыз600 су жылытумен2 000.2 5007Джакузи2000.25008Электр шаңсорғыштары650.1 4009Электр үтіктері900.1 70010Электр шәйнектері1 850.2 00011Су жылытумен ыдыс жуатын машина2 200.2 50012Электр кофе қайнатқыш650.1 00013Электр ет тартқыш1 10014Шырын сыққыш200.30015Тостерлер650.1 05016Миксерлер250.40017Электр фендері400.1 60018ЖСС900.1 30019Плита үстіндегі сүзгіштер25020Желдеткіштер1 000.2 00021Гриль пештері650.1 35022Стационарлық электр плиталары8500.1050023Электрлық сауналар12 000Сәйкесінше қорғау автоматын бір қадамға артық таңдаймыз, яғни 12,5 А.Электр сымдары үшін кабельдердің қимасын таңдау. Алдын келтірілген формулалар бойынша электьр желісінің қуатын және желідегі жұмысшы токтың мәнін есептеуге болады. Алынған мәндер бойынша пәтерде есептелген өткізгіш үшін пайдалануға болатын электр кабелінің қимасын таңдау қалады.4.5-кесте бойынша жүктеменің есептелген тоғыны мәнін немесе желінің есептелген қуатын табады, және электр кабелінің қимасын таңдайды. 4.5-кестеде кабельдердің мысты желілері үшін деректер келтірілген, себебі тұрғын үй-жайларда электр сымдарының жүйесінде алюминий кабелін падалануға тыйым салынған (ПУЭ, 7-шығ.). БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ Қандай үйлер электр қабылдағыштардың сенімділігінің І-санатына жатады?Тұрғын үйлердің ішінде электр энергиясын тарату неге тәуелді?Қысқа тұйықталудан қорғаныс жүйелерін атаңыз.ҚСҚ деген не? ҚСҚ түрлерін атаңыз.Азаматтық ғимараттардың электр желілеріне қойылатын талаптарды атаңыз.Салыстырмалы қуат бойынша есептеу әдісін сипаттаңыз.Сұраныс коэфыициентінің әдісін сипаттаңыз.Ашық әдіспен қандай желілерді салады?Желілерді жабық әдіспен төсеуді сипаттап беріңіз.Кабель қимасын қалай таңдайды?  5-тарауЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕЛЕЛІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУрелелік қорғаныстың негізгі ұғымдары мен түрлеріРелелік қорғаныс (РҚ) электрлік автоматиканың негізгі түрі болып табылады, онсыз заманауи электр жүйелері қалыпты әрі сенімді жұмыс істей алмайды. Ол энергожүйенің барлық элементтерінің жұмыс жағдайы мен режимін үздіксіз бақылайды және пайда болған зақымдар мен қалыпсыз режимдерге жауап береді.Релелік қорғаныстың негізгі ұғымдары. Релелік қорғаныс деп реленің, процессорлардың, блоктар мен басқа аппараттардың көмегімен орындалатын қорғаныс үшін және 1 000 В жоғары кернеу жағдайында күштік сөндіргіштерді немесе 1 000 В дейінгі кернеу жағдайында автоматтық сөндіргіштерді өшіру үшін арналған арнайы құралдар мен құрылғылар аталады.Соған қоса, «релелік қорғаныс» термині жоғары кернеулі қондырғылар мен желілерде жиі пайдаланылады. Автоматика жүйелеріне осы жұмыста автоматтық қайта қосу (АҚҚ), резервті автоматтық қосу (РАҚ), автоматтық жиіліктік жүктеме жеңілдету (АЖ), ток бойынша автоматтық жүктеме жеңілдету (ТАЖ) құрылғылары жатқызылған. Релелік қорғаныс желілердің, трансформаторлардың, генераторлардың, қозғалтқыштардың апаттық және қалыпсыз режимдерден басты қорғаныс құралы болып табылады.РҚ-ға қойылатын талаптар. РҚ-ға келесі талаптар қойылады:■іріктелгіштік (таңдалу) — қорғаныстың желідегі зақымдалған учаскені өздігінен анықтау және тек осы учаскені өшіру қабілеті;■тезәрекеттік – зақымды анағұрлым жылдамдықпен өшіру, бұл апаттық токтың жабдыққа әсерін азайтады, энергия жүйесі генераторларының параллельді жұмыс істеуі тұрақтылығын жоғарылатады;■әрекет сенімділігі – қорғалатын аймақта қысқа тұйықталу болғанда жұмыс істеуін және қорғаныс жұмыс істемеуі тиіс режимдерде оның әрекетсіздігін қамтамасыз ету;■сезгіштігі – зақымданудың бастапқы кезеңінде зақымдалған учаскелерді өшіру қабілеті;■схеманың қарапайымдылығы.РҚ бақыланатын параметрлер. РҚ құрылғылары келесі параметрлерді бақылай алады: бақыланатын шаманың тоғы, кернеуі, қуаты, температурасы, уақыты, өзгеру бағыты мен жылдамдығы.Токтың релесі. Электр магниттік реле (5.1-сур.) тұтынылатын токтың рұқсат етілген шамасы жоғарылағанда қорғалатын тізбектерді өшіру үшін арналған. Релені тізбектер мен қуаттау көздерін ток бойынша артық жүектелуден және қысқа тұйықталудан қорғау үшін пайдалануға болады.1 магнит өткізгішіне 2 шарғысы кигізілген. Соның бойымен өтетін Іp, тоғы Фм магниттік тасқынын қалыптастырады, ол контур бойынша тұйықталады: магнит өткізгіш, әуе саңылаулары, 4 зәкірі. Магниттік күштік желілерді бағыттау құл бұрғы ережесі бойынша анықталады. Токтың кез келген бағытында магнит өткізгіш пен зәкір бір-біріне әртекті плюстарымен қаратылған екі магнитті білдіреді. Осылайша 5.1-суретте магниттік күштік желілер магнит өткізгіште оң плюстан сол плюсқа, ал зәкірде – солдан оң плюсқа бағытталған, сондықтан зәкір мен магнит өткізгіш арасында тартылыс күші пайда болады. Іске қосылатын ток деп аталатын белгілі ток жағдайында бұл күш 3 қайтарым серіппесінің тартылыс күшін жеңеді. Сонда зәкір 5 контактын тұйықтап магнит өткізгішке тартылады. Контактты ажырату және релені бастапқы қалпына қайтару ток өскенге дейін ток кемігенде орындалады. Бұл ретте токтағы тартылыс күші серіппе күшінен аз болады.              5.1-сур. Электр магниттік реле құрылғысы: — магнит өткізгіш; 2 — шарғы; 3 — қайтарым серіппесі; 4 — зәкір; 5 — контакт Тартылыс релесі. Кернеуді терең басқанда тұтынушыларды өшіру үшін тікеле әрекет ететін минималды кернеудің релесі қажет. Мұндай реле 0...5 с. шамасында реттелетін түсімге уақытты кідірте алады.Атаулы кернеу ұлғайған жағдайда тұтынушыларды өшіру үшін кернеудің электр магниттік реле болады. Электр магниттік реленің конструкциясы ток релесінің конструкциясына ұқсас (5.1-сур.қар.). Тағайындама кернеуіне тең кернеулі ток шарғы бойынша өткенде ударникті көтеріп, сағат механизмін іске қосатын серіппен қысатын және шарғыны тартатын білік іске қосылады. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, сағат механизмі қосылып, релені өшіреді. Кернеу түскенде, магниттік өрістің күші қайтарым серіппесінің тартылыс күшін жеңуді қояды, сол кезде реле қосылып, тізбекті тұйықтайды.Уақыт релесі. Уақыт ырелесі РҚ құрылғысы мен электр автоматикасының әрекетін жасанды ақырындату үшін керек. 5.2-суреттегі схемада РҚ-да уақыт релесін қолдану көрсетілген.КА.1 ток релесінің контакттары тұықталғанда оперативті ток көзінің плюсы КТ уақыт релесінің оралуына келеді, ол белгілі уақыт аралығынан кейін КТ. 1 контакттарын YAT өшіру шарғысының тізбегінде тұйықтайды, сөндіргіштерді өшіреді. Уақыт релесінің орауына кернеу берген сәттен оның контакттарын тұйықтағанға дейін өтетін уақытты реленің уақыт кідірісі деп аталады.РҚ схемаларында қолданылатын уақыт релесіне қойылатын негізгі талап дәлдік болып табылады. 3,5 с дейінгі шкаламен реле әрекетінің уақытындағы қателік ±0,06 с аспауы тиіс, ал 20...30 с шкаласымен релеге белгіленетін ұзақ уақыт кідіріснде ±0,25 с аспауы тиіс.Тұрақты токтағы уақыт релесі атаулы кернеуден 80%, ауыспалыда – 85% бастап сенімді іске қосылуы керек. Уақыт кідірісі оперативті кернеудің пайдалануда мүмкін тербелістеріне тәуелді болмауы қажет. Электр магниттік уақыт релесінің орамының тұтынуы 20...30 Вт құрайды. Сағат механизмі бар уақыт релесінің конструкциясы 5.3-суретте көрсетілген.        5.2-сур. Уақыт релесін қосу схемасы 1 орамында ток пайда болғанда 2 зәкірі лезде тартылып, 7 тісті сегменті бар 5 тетігін босатады. 4 жетекші серіппесінің ықпалымен 5 тетігі еркін емес қозғалысқа келеді, себебі ол 8 арнайы уақыт кідірісі құрылғысымен ақырындатылады. 5 тетігінің L қашықтығына (немесе а бұрышына) және юр қозғалыс жылдамдығына тәуелді £р біраз уақыттан кейін соңғысы а бұрышқа ауысып, 9 релесінің контакттарын тұйықтайды. Осылайша реле £р = а/юр уақыт кідірісімен іске қосылады. Уақыт кідірісі құрылғысы сағат механизмінің көмегімен жүзеге асады, оның негізгі элементі анкерлік құрылғы болып табылады.Реледе ток жоғалғанда, зәкір не 5 тетігі 3 қатарым серіппесінің ықпалымен бастапқы қалыпқа бір сәтте қайтарылуы тиіс. Бұл 7 сегментінің кері жүргенде еркін ажырататын шаппа механзимінің не фрикциондық құрылғының көмегімен қамтамасыз етіледі. Уақыт кідірісімен реттеу 9 реле контакттарын қозғау арқылы а бұрышын өзгерту жүзеге асады. Кейбір конструкцияларда шағын реттелмейтін уақыт кідірісімен (0,15...0,20 с) тізбекті тұйықтауға мүмкіндік беретін 6 лездік контакт ескерілген. Уақыт релесінің шарғысы токтың ұзақ уақыт өтуіне есептелмеген. Сондықтан кернеу астына ұзақ қосуға арналған реле 5.4-суретте көрсетілгендей реле шарғысымен біріздеп қосылатын Яд қосымша қарсыласумен орындалады.Яд қалыпты қарсыласу КТ.1 реленің тарақталған лездік контактымен ұштастырылған. Реле іске қосылғаннан кейін, бұл контакт тарақталады, қарсыласу жылыту шарттары бойынша рұқсат етілген және релені іске қосылған күйінде ұстау үшін жеткілікті мәнге дейін ондағы өтетін токты шектеп, реле орамының тізбегіне енеді.  5.4-сур. Уақыт релесінің термикалық құрылғысы  Аралық релелер (логикалық элементтер). Аралық реле бірнеше тізбектің бір уақытта тұйықталуы немесе тарақталуы үшін, сондай-ақ үлкен тоғы бар тізбектерді тұйықтау және тарақтау үшін реле-қайталағыштары ретінде логикалық операцияларды орындау үшін қолданылады.РҚ схемаларында аралық релелерді пайдалану мысалдары 5.5-суретте келтірілген. Қосу әдісі бойынша аралық релелер параллельді (5.5-сур., а) және бірізді (5.5-сур., б) қосу релесі деп бөлінеді. Біріншінің орамы қуаттау көзінің толық кернеуіне қосылады, ал екіншісі – YAT немесе қандай да бір басқа аппараттың не реленің сөндіргішін өшірудің электр магнит шарғысымен бірізді тізбек тоғына.                     5.5-сур. Аралық релені қосу схемалары:а — параллельді қосу; б — бірізді қосу; в — реле контакттарын басқаратын тізбекке бірізді қосылатын, ұстап тұратын ораммен параллельді қосуБұдан басқа, қосымша ұстап тұратын шарғылары бар реле шығарылады, мысалы реле контакттарын басқаратын тізбекке бірізді қосылатын, ұстап тұратын ораммен параллельді қосу релесі (5.5-сур., в). Мұндай реле қысқа уақыттық импульстан ықпал етіп, басқарушы аппарат іске қосылмайынша ұстап тұру тоғының әсерімен жоғалғаннан кейін іске қосылған күйінде қалады.Контакттар қуаты РҚ тізбектерінің тұйықталуы және тарақтануы үшін жеткілікті болуы керек. Тізбегі аз қуатты контакттармен релелерді тұйықтай және тарақтай алуы үшін параллельді қосу релесінің орамын тұтыну 6 В дейін шектеуге ұмтылады.Бірізді қосу релесінің орамдарын тұтыну оперативті ток көзінің қалыпты кернеуінен 5...10 % артық емес рұқсат етілетін сол реле орамының қарсыласуындағы кернеу минималды түсу шартынан таңдалады.Аралық реле тек қалыпты кернеуде емес, пайдалану жағдайында тұрақты ток релесі – 0,8ином дейін және айнымалы ток релесі – 0,85ином дейін мүмкін түсуі кезінде сенімді әрекет етуі керек.Нұсқағыш релелер. Нұсқағыш релелер жалпы РҚ немесе оның құрылымдық бөлшектерінің (элементтерінің) әрекетін тіркеу үшін арналған. 5.6-суретте сөндіргіштің өшуіне РҚ сигналдаушы ықпал ететін РУ-21 типті нұсқағыш реле көрсетілген. Релелік қорғаныс қосылғанда, 3 реле орамы бойынша релені әрекетке келтіретін ток етеді. Нұсқағыш реленің орамында ток қысқа уақытта өтетіндіктен, олар реленің сигналдық жалаушасы мен контакттары қосылған күйінде қызмет көрсетуші қызметкерлер орнына қайтармайынша қалтындай етіп орындалады.Көрсетілген релелер бірізді жне параллельді қосу үшін шығарылады (5.7-сур.).3 орамында ток пайда болғанда (5.6-сур.), 5 релесінің зәкірі тартылады және 9 жалаушасын босатады. Соңғысы тік күйге түсіп, өзінің салмағының әсерінен құлайды. Осы күйде жалауша 7 түссіз қаптан көрінеді. Жалаушаны бастапқы қалыпқа қайтару 8 түймесімен орындалады. Сол функцияларды орындайтын ЭС типті сигналдық релелер шығарылады.Қорғаныс түрі. Токтық қорғаныс әртүрлі болады. Уақыт кідіртпей, лезде әрекет ететін ең қарапайым қорғаныс ток дәйегі деп аталады. Ток есептік шамадан асқанда, ток релесі қосылып, сөндіргіштің өшуіне әсер етеді.Ток дәйегі кейбір жағдайда қажетті сезгіштікті не іріктелгіштікті қамтамасыз ете алмайды, атап айтқанда электр қозғалтқыштарының іске қосу токтарынан құру қиынға соғады, себебі атаулы токтан іске қосу тоғын құру кезінде ол қозғалтқышты ол іске қосылғанда өшіріп тастайды, ал іске қосу тоғынан құрғанда қорғаныс зақым қатты дамығанға дейін қосылмайды. Бұл жағдайда уақыт кідірісімен әрекет ететін қорғаныс, немесе максималды ток қорғанысы пайдаланылады. Сурет 5.7. Көрсетілетін релені іске қосу схемасы а — бірізді қосу; б — параллельді қосу; РЗ — релелік қорғаныс құрылғысының контакты; КН — нұсқағыш реленің шарғысы; КН1 — шарғы контакты 1; SQ— нұсқағыш реленің контакты; YAT— өшіру шарғысыМТҚ қорғанысының іске қосылу тоғы қозғалтқыштың атаулы тоғынан артық, бірақ іске қосу тоғынан кем таңдалады; уақыт – қозғалтқышты іске қосу уақтынан артық.МТҚ әртүрлілігі артық жүктелуден қорғанысы болып табылады, ол бірқатар жағдайда сигналға ықпал етеді.Максималды ток қорғанысы мен ток дәйегінің комбинациясы жиі қолданылады. ТД жабдық зақымданғанда ҚТ үлкен токтарынан қорғайды, МТҚ – кішігірім зақымнан немесе басқа қалыпты емес режимдерден (қозғалтқыштың сыналауы, фазаның үзілуі және т.б.) болған токтардан қорғайды.Максималды ток қорғанысының іске қосылу параметрлерінің есептері. Қорғанысты іске қосу тоғы деп қорғалатын элементінің фазадағы минималды тоғы түсініледі, бұл ретте өлшеуіш орган іске қосылады.Максималды ток қорғанысының тоғын іске қосу мына шарттардан анықталады:1)қорғаныс максималды жұмысшы ток өткенде әске қосылмай тиіс:мұндағы 1сз —қорғанысты іске қосу тоғы; 1рабтах — максималды жұмысшы ток;2)сыртқы ҚТ өшіргеннен кейін қорғаныстың іске қосу органдары бастапқы қалпына қайтып келуі тиіс:мұндағы кв —қайтарым коэффициенті (кв = 0,80... 0,85).Қайтарым коэффициенті былай анықталады мұндағы 1возв — қайтарым тоғы;3)ТТ және реле қателігін есепке алу керек. қорғанысты іске қосу тоғын табу үшін соңғы өрнек былайша жазылады:мұндағы кн — сенімділік коэффициенті (1,10. 1,25 тең қабылданады); ксз — өздігінен қосылу коэффициенті (2.3 тең қабылданады). Лездік әрекет тоғының дәйегінің іріктелгіштігі электр беретін қорғалған желінің соңы зақымдалғанда және қорғалған төмендетуші трансформатордың ТҚ жағында ІK3max ҚТ тоғының максималды мәнінен үлкен 1со іске қосу тоғын таңдаумен қамтамасыз етіледі: Сараланған ток қорғанысының әрекет ету қағидаты. Сараланған ток қорғанысы – абсолюттік іріктелгіштікпен және жылдам әрекет етіп орындалумен (уақытты жасанды ұстаусыз) ерекшеленетін релелік қорғаныс түрлерінің бірі болып табылады. Ол трансформаторды, автотрансформаторды, генераторды, генераторлық блокты, қозғалтқышты, электр беру желісі мен жиналатын шиналарды қорғау үшін қолданылады.Сараланған бойлық және көлденең қорғанысты ажыратады. Сараланған бойлық қорғаныстың әрекет ету қағидаты желінің қорғалатын учаскесі (немесе қорғалатын аппараты) арасында учаскелер арқылы өтетін токтарды салыстыруға негізделген.Сараланған ток қорғанысының қағидаттық схемасын қарастырайық (5.8-сур.). қорғалған учаскенің соңдарындағы ток күшінің мәнін өлшеу үшін ток трансформаторлар пайдаланылады (TA1, TA2). Осы трансформаторлардың екіншілік тізбектерін реленің орамына бірінші және екінші трансформатордан токтардың айырмашылығы түсетіндей етіп, токтық релемен (KA) қосады.Қалпты режимде (5.8-сур., а) ток күшінің шамасының мәндері бір-бірінен шегеріледі және өте оңды жағдайда токтық реледегі орамның тізбегіндегі ток нөлге тең болады.   5.8-сур. Сараланған ток қорғанысы:а — қалыпты режимде; б — қысқа тұйықталу жағдайында Қорғалатын учаскеде қысқа тұйықталу болған жағдайда (5.8-сур., б) ток релесінің орамына токтардың айырмашылығы емес, сомасы келеді, бұл зақымдалған учаскені өшіруге команда беріп, релені өзінің контакттарын тұйықтауға мәжбүрлейді. Шынайы жағдайда ток релесінің орамы бойынша нөлден өзгеше ток өтетін болады, ол бейтеңгерімдік тоғы деп аталады. Бейтеңгерімдік токтың болуы бірқатар факторлармен түсінідірелді: ток трансформаторларында біріне-бірі жеткіліксіз сәйкестігі болады. Осы фактордың ықпалын азайту үшін сараланған қорғанысқа арналған ток трансформаторларын өндіру сатысында бір-біріне келтіріп, жұппен әзірлейді және жеткізеді. Бұдан басқа сараланған қорғанысты, мысалы трансформаторды пайдаланғанда, токты өлшеуші трансформаторларында айналымдар санын қорғалатын трансформатордың трансформациялау коэффициентіне сәйкес өзгертеді. Бейтеңгерімдік тоғының пайда болуына небір ықпалын магниттеуші ток тигізуі мүмкін, ол қорғалған трансформатордың орамдарындапайда болады.қалыпты режимде бұл ток атаулыдан 5 % жетуі мүмкін. Кейбір өтпелі процесстерде, мысалы бос жүрыстен трансформаторды кернеуге қосқанда, магниттеу тоғы қысқа уақытқа бірнеше рет атаулы токтан асып кетуі мүмкін. Магниттеу тоғының әсерін есепке алу үшін, релені іске қосу тоғын магниттеуші токтың максималды мәнінен үлкен қабылдайды. Қорғалған трансформатордың бірінші және екінші жағының орамдарын әркелкі қосу (мысалы, Y/Д орамдарын қосу) бейтеңгерімдік токтың пайда болуына әсер етеді. Бұл жағдайда қорғалатын трансформатордың екінші тізбегіндегі ток бірінші тізбектегі токқа қатысты 30° жылжытылады. Осы айырмашылықты өтейтіндей трансформатор тоғында айналымдар санын таңдау мүмкін емес. Бұл жағдайда бұрыштық жылжудың оронын орамдарды қосу көмегімен толтырады: ток трансформаторларының орам жұлдызы жағында үшбұрышпен қосады, ал үшбұрыш жағында сәйкесінше жұлдызбен.Заманауи микропроцессорлық қорғау құрылғысы бұл айырмашылықты дербес есепке ала алады және оларды пайдаланған әдетте токты өлшеуші трансформаторлардың екінші орамы қорғау құрылғысын күйге келтіруде көрсетіп, қорғалған учаскенің екі ұшын жұлдызша қосады.Жерге тұйықталудан қорғау. Жерге тұықтау релесінің ең кең таралған реленің әрекеті теңгерімделген үш фазалық жүйеде өтетін токтардың векторлық сомасы нөлге тең деген қағидатқа негізделеді. Электрмеханикалық релелердің эрасында максималды ток релесі мен жерге тұйықталу релесінің өте тиімді комбинациясы қалыптасқан.; қорғау схемаларының көбісінде тура сол қағиыдат қазіргі уақытта да пайдаланылады. Максималды ток релесі екі фазаны бақылайды. Бұл тұйықталу үшінші фазада не болмаса осы екі фазаның бірінде, немесе жерде болатынымен негізделген. Жерге тұйықталу барлық үш фазадағ теңгерімнің бұзылуын шақыртады. Бұл токтың жерге тұйықталу элементі бойоынша өтетініне алып келеді, ол реленің жерге тұйықталу релесінің қосылуын болдыртады. Осылайша, осы схемада сол бір токтың қорғанысты трансформаторлары пайдаланылады.Бітеу жерлендірілген бейтарабы бар желілердегі тұйықталудан қорғау. Бітеу жерлендірілген бейтарабы бар желідегі жерге тұйықталудың басты қаупі – кейбір жағдайда ҚТфазааралық токтардан асатын үлкен токтар. Жерге ұзақ тұйықталу жағдайында бітеу жерлендірілген бейтарабы бар трансформаторлар зақымдалуы мүмкін. Осыған байланысты бұл тұйықталуларды уақытты минималды ұстап (секундалар мен секунда үлестері) өшіру қажет. көп жағдайларда жерге тұйықталғанда фазааралық тұйықталудан қорғаныс та жұмыс істеуі мүмкін, бірақ қажетті сезгіштік пен іріктелгіштікті қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталудан арнайы қорғаныстар жиі қолданылады.Нөлдік бірізділіктің ток қорғанысы (НБТҚ) кең таралған (5.9-сур.). Бұл қорғаныстарда бәрінен жиі пайдаланылатыны – ток трансформаторларының екінші тізбегінің нөлдік жетегіне қосылған және нөлдік бірізділік тоғын өлшейтін (реле РТ0) токтық релелер. Кейбір жағдайларда ұорғаныс қуатты бағыттау релесімен толықтырылады, оның токтық орамы РТ0 релесі қосылатын тізбекке қосылады, ал кернеу орамы ТН екінші тізбегінің жазылған үшбұрышына қосылады. Осындай жолмен жерге тұйықталудан іріктелгіштік қорғаныс қамтамасыз етіледі. Осы қағидат бойынша орындалатын қорғаныс 110 кВ және одан жоғары кернеулі электр беру желілерінде, автотрансформаторларда және жоғарлатушы трансформаторларда қолданылады. Ол ЭПЗ-1636 қорғанысы мен оның аналогтарының элементтерінің бірі болып табылады. Бұдан басқа, нөлдік бірізділік тоғына өзара индукциялы параллельді желілер ықпал етеді. Осыған байланысты жерге тұйықталу тоғы желінің жағдайына қарай елеулі өзгере алады (трансформаторлардың не желілердің жұмыстан шығуы). Сондықтан түгел мүмкін режимдерде қорғаныстың сезгіштігі мен іріктегіштігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар алыстан резервтеуді қамтамасыз ету үшін НБТҚ әдетте көпсатылы болып орындалады (электр беру желілерінде – төртеуден алты сатыға дейін). Бұл ретте ТТ екінші тізбегінің нөлдік жетегіне бірнеше ток реллесі бірізді қосыла алады.Фазааралық тұйықталудан қорғаныспен салыстырғанда НБТҚ жұктеме токтарынан орнатуды талап етпейді. Осыған байланысты оны айтарлықтай сезгіш етіп орындауға болады (алыстан резервтеу үшін арналған сезгіш сатылардың қосылу тоғы жүктеме тоғынан айтарлықта төмен болуы мүмкін.Оқшауланған бейтарабы бар желілердегі тұйықталудан қорғаныс. Бітеу жерлендірілген бейтарабы бар желіге қарағанда оқшауланған бейтарабы бар желідегі жерге тұйықталуда үлкен токтар болмайды, сондықтан көп жағдайда жерге тұйықталумен желінің жұмысы айтарлықтай ұзақ (сағаттар) болады.Оқшауланған бейтарабы бар желіде бірқатар себептер бойынша жерге тұйықталудан қорғаудың іріктегіштігін қамтамасыз ету қиынға соғады. Соған байланысты оқшауланған бейтарабы бар желі айтарлықтай ұзақ жерге тұйықталуға жол береді, қорғаныс көбінесе сигналға жауап берумен орындалады, және қауіпсіздік талаптары не басқа себептер бойынша жерге тұйықталу кезінде жылдам өшіру керек болған жағдайда ғана қорғаныс өшіру әрекетімен орындалады.Сигналға әрекет етумен жерге тұйықталудан токтық қорғаныс мысалы 5.10-суретте келтірілген. Осы қорғаныстарда арнаы орындалған ток релелері пайдаланылады.Өшіруге әрекет ететін ток қорғанысы осыған ұқсас орындалады. Егер кабельдік воронканы ток трансформаторынан жоғары жерлендірсе, қорғаныс пісіру жұмыстарын орындау кезінде, кабель өтетін трассаға жақын жерде бітеу жерлендірілген бейтарабы бар желілердің жерге тұйықталуы кезінде және басқа жағдайларда пайда болуы мүмкін келтірілген токтардан іске қосылатын болады. Бұны болдырмау үшін кабельдік воронканың жерлендіру өткізгіші НБТ терезесі арқылы өткізіліп, одан төмен жерлендіруші контурға қосылады, ал воронканың өзі металл конструкциясынан оқшауланады.Біріншіден, бұрынырақ айтылғандай, оқшауланған бейтарабы бар желіде жерге тұйықталудан қорғаудың іріктегіштігін қамтамасыз ету қиынға соғады. Екіншіден мұндай қорғаныс кабельдік желілер немесе кабельдік ендірме болғанда ғана қолданбалы. Сол себепті нөлдік бірізділіктің кернеуін анықтауға негізделген қорғаныс кең таралған.Нөлдік бірізділіктің сүзгіші ретінде көбінесе жазылған үшбұрышқа қосылған кернеу трансформаторларының орамдарын пайдаланады.Релелік қорғаныс схемаларындағы оперативті ток. Оперативті деп релелік қорғаныстың логикалық (кейде өлшеуші ) бөлігінің, оның атқарушы және сигналдық органдарының, сондай-ақ коммутациялық аппараттарды басқару электр магниттерінің жұмысын қамтамасыз ететін ток аталады. Релелік қорғаныс құрылғысынының сенімді жұмыс істеуі қуаттану көздері мен оперативті токтың сенімділігімен айқындалады.Оперативті токтың көздері үнемі, кез келген апаттық режимде релелік қорғаныстың және коммутациялық аппараттарды басқару электр магниттерініңсенімді әрекетін кепілдендіретін кернеу мен қуаттың мәндерін қамтамасыз етуі тиіс.Таратушы желілердің қосалқы станцияларында оперативті токтың келесі түрлері мен көздері қолданылуы мүмкін:■тұрақты — аккумулятор батареялары;■айнымалы — токтың өлшеуші трансформаторы (ТТ) және кернеу трансформаторы (КТ), сондай-ақ өзіндік қажеттіліктер трансформаторы (ӨҚТ);■түзетілген — қуаттау блоктары (токтық (ҚБТ), кернеулі (ҚБК, ҚБКК)) және басқа түзетуші құрылғылар;■конденсаторлар зарядын бітіру тоғы –конденсаторларды зарядтауға арналған блоктармен бірге орнатылған (УЗ, БПЗ) блокқа жиналған (БК), алдын ала зарядталған кондесаторлар.Барлық аталған оперативті ток көздерінен ең сенімдісі аккумулятор батареясы болып табылады, бұл – қосалқы станция қуаттаушы электр желісінен тіпті толық өшкен жағдайда қорғаныс, автоматика мен басқару құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін автономды көз. Өкінішке орай, өнеркәсіп таратушы желілердің қосалқы станцияларына арнап қызмет көрсетуде айтарлықтай сенімді, арзан әрі қарапайым аккумулятор шығармайды. Аккумулятор батареялары тек электр станциялары мен ірі аймақтық қосалқы станцияларда орнатылады, мұнда түгел элементтерінің, соның ішінде 10 және 6 кВ трансформаторларының қорғанысы тұрақты оперативті токта орындалады.Айнымалы оперативті токтың көздері – токтың және кернеудің өлшеуші трансформаторлары (ТТ және КТ), сондай-ақ өзіндік қажеттіліктер трансформаторлары (ӨҚТ) – оларды бірге пайдаланғанда ғана релелік қорғаныс құрылғысының сенімді қуаттануын қамтамасыз ете алады. Мысалға, жақын үш фазалық ҚТ жағдайында КТ және ӨҚТ оперативті тоғымен қорғанысты қамтамасыз ете алмайды, себебі бұл жағдайларда кернеудің қосалқы станцияда нөлге дейін терең төмендеуі болады. бірақ ТТ ҚТ негізгі тоғы өтетін алғашқы орам арқылы релелік қорғаныс құрылғысының және басқару электр магниттерінің жұмысын қамтамасыз ете алады.Токтың өлшеуші трансформаторлар оперативті ток көздері ретінде қолданылатын схемалар басқару электр магниттерінің шунттаумен схемалар деп аталады. Егер трансформатордың зақымдануы ҚТ үлкен токтарымен сүйемелденбесе, мысалы шарғылық тұйықталуда фазалардың бірінде болса, не болмаса ток қалыптыдан артық ұлғаймаса, мысалы май трансформатор багынан кеткенде, сәйкес қорғаныс құрылғыларының жұмысы үшін оперативті ток көздері ретінде КТ немесе ӨҚТ пайдаланылуы мүмкін. Сол қағидат бойынша түзетілген оперативті токпен қорғаныс құрылғыларын қуаттау схемасы құрылады.10 кВ трансформаторларын қорғау үшін түзетілген ток сирек қолданылады. Сонымен қатар 10 кВ қосалқы станцияларда қосалқы станция толық өшкенде, қорғаныс құрылғысы мен автоматиканың жұмысын қамсыздандыра алатын алдын ала зарядталған конденсаторлардың энергиясы сирек пайдаланылады, мысалы анағұрлым жауапты электр қозғалтқыштарының іске қосылуын жеңілдету үшін қосалқы станцияға қайталап кернеу бермес бұрын электр қозғалтқышының бөліктерін өшіргенде. 10/0,4 кВ қосалқы станияларды өшіргенде, 0,4 кВ электр қозғалтқыштарын өшіру қажеттілігі жағдайында әдетте магниттік іске қосушылардың немесе автоматтық сөндіргіштердің жетегінің алдын ала қысылған серіппелеріне запасталған механикалық энергияны пайдаланады. Серіппені босату үшін кернеу жоғалғанда жұмыс істейтін нөлдік ағытқыш пайдаланылады.Тұрақты оперативті ток. Тұрақты оперативті токтың негізгі көздері зарядтық құрылғысы бар аккумулятор бареялары болып табылады. Тұрақты оперативті токтың атаулы кернеуінің стандарттық шамалары 24, 48, 110 және 220 В қабылданған.Релелік қорғаныс құрылғысы мен автоматиканы, сөндіргіштерді басқаруды, апаттық және ескерту дабылын, сондай-ақ тұрақты токтың дербес көзінен қуатты қажет ететін құрылғыларды қуаттау үшін арнайы таратушы желі құрылады. Аккмулятор батареяларын зарядтау үшін жартылай өткізгіштік немесе сынап түзекткіштері, не болмаса асинхрондық электр қозғалтқышынан және тұрақты ток генераторынан тұратын зарядтық агрегаттар пайдаланылады.Айнымалы оперативті ток. Айнымалы оперативті токтың көздері релелік қорғаныс үшін негізінен ток трансформаторлары болып табылады, ал автоматика және ішінара релелік қорғаныс үшін – кернеу трансформаторлары жәнеқосалқы станциялардың өзіндік қажеттілік трансформаторлары.Ток трансформаторлары ең сенімді оперативті ток көзі болып табылады. Ток трансформаторларынан оперативті тізбекті қуаттағанда оперативті ток оның екіншілік орамымен өтетін қысқа тұйықталу тоғы болып табылады. Дұрыс таңдалған параметрлер жағдайында бұл токтың шамасы сөндіргішті қорғаудың және өшірудің сенімді әрекетін үнемі қамтамасыз етеді.Ток трансформаторының екіншілік орамын қосу схемасы. Ток трансформаторларында енгізушілер келесідей таңбаланады:    Aj и Л2 — алғашқы орамдар; И және И2 — екіншілік орамдар. 5.11-суретте кеңінен қолданылатын ток трансформаторының екіншілік тізбектерін қосудың үлгілік схемасы көрсетілген. 5.11-суретте, а, әр фазада ТА орнатуда жұлдызға қосу схемасы келтірілген. Мұндай қалыпты режимде қосу схемасы жағдайында нөлдік сымда ТА қателіктерімен және олардың вольт-амперлік сипаттамасымен шартталған теңгерімсіздік тоғы ғана өтеді. ҚТ бір фазалық қысқа тұйықталуында нөлдік сымда ток пайда болады, сондықтан ТА қрсудың осы схемасы жағдайында нөлдік сымға қосылған реле нөлдік бірізділік тоғының сүзгішіне қосылды деп есептеуге болады.ТА-ны жұлдызға қосу схемасы анағұрлым таралған, автоматика және өлшем құрылғылары үшін фазааралық және бір фазалық ҚТ-дан қорғау үшін қолданылады. Егер фазалық сымдарға орнатылған реле падаланылмаса, онда осы схема жеңілдеп, 5.11., б суретінде көрсетілген схема түрін қабылдайды.5.11., б суретінде ТА-ны екі фазада орнатқандағы ТА-ны толымсыз жұлдызға қосу схемасы көрсетілген. Мұндай схема екі және үш релелік орындалған фазааралық ҚТ-дан қорғау үшін пайдаланылады; қалыпты режимде нөлдік сымда екі фазаның сомасы өтеді.5.11., г суретінде ТА-ны үш фазада орнатқандағы ТА-ны үшбұрышқа қосу схемасы көрсетілген. Схема «жұлдыз – үшбұрыш» күштік трансформатордың орамдарын қосқанда алғашқы токтардың фазалық жылжуын өтеу қажет болған кезде трансформаторларды сараланған қорғау үшін кең пайдаланылады.5.11., д суретінде бір релелік орындалған фазааралық ҚТ-дан қорғау үшін пайдаланылатын екі фазаның токтарының аырмашылығына ТА қосу схемасы келтірілген.  ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖЕКЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОРҒАУ Трансформаторларды релелік қорғау құрылғысының типтері. 1 MB • А және одан артық қуатты төмендетуші трансформаторларды зақымдардан және қалыпты емес режимдерден қолрғау үшін релелік қорғаныстың келесң негізгі типтері ескерілген.Сараланған бойлық қорғаныс – орамдарда және шығыстарында ҚТ түгел түрінен; 6,3 MB • А қуатынан бастап трансформаторларда қолданылады, бірақ қуаты аз трансформаторларға да орнатылуы мүмкін (бірақ 1 MB •А кем емес).Уақыт кідіртусіз ток дәйегі – қуаттау жағынан трансформатордың шығыстарындағы ҚТ түгел түрінен; сараланған бойлық қорғаныспен жабдықталмаған трансформаторларда қолданылады.Газды қорғаныс – трансформаторлық майдан газдың бөлінуімен сүйемелденетін трансформаторбагының (қабының) ішінде болған зақым түрлерінен, сондай-ақ бактағы май деңгейінің төмендеуінен. МЕМСТ 11677 — 85 сәйкес газды реле 1 MB • А қуатынан бастап кеңейтушісі бар май трансформаторларының түгеліне орнатылады, соған байланысты осындай трансформаторлар үшін газды қорғаныстың электрлік тізбектері де орындалуы тиіс. Құрғақ трансформаторлар үшін манометриялық қорғаныс орындалады.Қуаттау жаағынан максималдық ток қорғанысы – трансформатор ішіндегі шығыстардағы ҚТ барлық түрінен, сонымен қатар сыртқы ҚТ-да, яғни ТҚ қалқанының шиналарындағы және ТҚбөлінетін желілеріндегі зақымдардан (өзіндік қорғаныстық және коммутациялық аппараттардың қатардан шыққан жағдайында).Нөлдік бірізділіктің арнайы токтық қорғанысы – бітеу жерлендірілген бетараппен жұмыс істейтін НН желісінде жерге ҚТ-дан.Арнайы резервтік максималды токтық қорғаныс – НН желңсңнде фазааралық ҚТ –дан.Бір фазада максималды токтық қорғаныс – артық жүктеумен шартталған асқын токтардан;желілік немесе жергілікті АВР құрылғысының ықпалынан параллельді жұмыс істеген трансформатор өшкеннен кейін немесе қосымша жүктеме қосылғаннан кейін артық жүктеу пайда болуы мүмкін, қуаты 0,4 MB • А басталатын трансформаторларға орнатылады.Трансформатордың орамдарында не шығыстарында, сондай-ақ 10 кВ қуаттаушы желілерде бір фазалық жерге тұйықталудан қорғаныс (дабыл).Негізгі қорғаныстар (сараланған, газды, токтық максималды қорғаныс, соның ішінде дәйекті) трансформатордың өшуіне жоғары кернеу жағынанда (сөндіргішпен), төменгі кернеу жағынан да (автоматпен) ықпал етеді. Артық жүктелуден қорғаныс сигналға, жеңілдеуге (разгрузкаға), кей жағдайда қызмет көрсетілмейтін қосалқы станцияларға – трансформатордың өшуіне әсер етуі мүмкін.  5.12-суретте сараланғаннан басқа, барлық латалған қорғаныстардың токтық релелерінің орамдары көрсетілуген, сондай-ақ шартты – Г газды қорғанысы және 10 кВ желісіндегі бір фазалық жерге тұйықталу дабылының тізбектреі көрсетілген. 5.12-суретте көріп тұрғанымыздай, төмендетуші трансформаторларда бір-бірін толықтыратын және резервтейтін бірнеше қорғаныс типі орнатылады, - мұндай резервтеу жақын деп аталады. Сонымен қатар төмендетуші трансформаторлардың қорғанысы алыс резервтеуді жүзеге асыруы тиіс, яғни өзінің қорғанысы не коммутациялық аппараттар істен шыққанда ТҚ желісінің элементтерінде кез келген ҚТ жағдайында жеткілікті сезгіштікпен әрекет етуі керек. Жерге бір фазалық тұйықталудан қорғау. Бір фазалық ҚЬ нөлдік бірізіділік тоғының трансформаторларының жерлендірілген нөлдік нүктелерімен желіге осы трансформаторлардың жерлендірілген нөлдік нүктелері арқылы жерге тұйықталады (5.13-сур.). Сондықтан бірқатар жағдайда тіпті бір жақтан қуаттанатын радиалды желіде бір фазалық ҚТ-дан максималды ток қорғанысы іріктегіштікті қамтамасыз етпейді. Мысалы Л2 желісіндегі ҚТ (5.14-сур.) нөлдік бірізділік тоғы тек зақымдалған желі бойынша ғана емес, Л2 зақымдалмаған желімен де өтеді, себебі нөлдік бірізділік тоғы трансформаторлардың жерлендірілген нөлдік нүктелері арқылы, соның ішінде І қосалқы станциясы трансформаторының жерлендірілген нүктесі арқылы тұйықталады. Бұл ерекшелік бір фазалық ҚТ-дан 1 және 2 максималды ток қорғанысының іріктегіштігін қамтамасыз етуді талап етеді.5.13-сур. Трансформаторлардың жерлендірілген нөлдік нүктелерімен желіде бір фазалық ҚТ жағдайында токтардың өтуі  Уақыт кідірісін таңдаумен іріктелгіштікке қолжеткізу мүмкін емес. Л2 желісінде ҚТ болғанда 1 қорғанысы 2 қорғанысынан іріктелгіштік сатысына артық уақт ұсталымына ие болуы керек, ал Л1 желісінде ҚТ болғанда, керсінше үлкен уақыт кідірісіне 2 қорғанысы ие болуы қажет. Басқа жағдайларда 1 және 2 қорғаныстары арасында іріктелгіштікке қолжеткізу шиналарға апаратын нөлдік біріздіклік тоғынан жұмыс істемейтіндей, бірақ ҚТ жағдайында шиналардан келетін нөлдік біріздіклік тоғынан қорғалатын желінің түгел бойында сезгіштікті қамтамасыз ететіндей етіп қорғанысты іске қосу тоғын таңдаумен қамтамасыз етіге болады.

Бір фазалық ҚТ-дан максималды ток қорғанысы. Көп жағдайда ол екі не үш сатыдан тұрады (5.15-сур.). Бірінші саты әдетте желі бөлігін қорғайтын лездік бөлу болып табылады. Екінші саты іске қосу тоғы екі шартты қанағаттандыруы тиіс әрекет етудің шектелген аймағы бар максималды ток қорғанысы болып табылады. Бірінші шарты төмендегі өрнек бойынша екінші учаске қорғанысының бірінші сатысының іске қосу тоғымен сезгіштік бойынша келісу болып табылады: мұндағы 71с.з — екінші учаске қорғанысының бірінші сатысының іске қосу тоғы; кн—1,1... 1,2 тең қабылданатын жөндеу сенімділігінің коэффициенті; кр — бірінші учаске қорғанысында өтетін токтың екінші учаскеде ҚТ болғандағы екінші учаске қорғанысында өтетін токқа қатынасын білдіретін тарату коэффициенті. Үшінші саты бейтеңгерімдік тоғынан жөнделген іске қосу тоғы бар және екінші учаске қорғанысының үшінші не екінші сатысымен іріктегітік шарты бойынша таңдалған уақыт кідірісі бар максималды ток қорғанысы болып табылады. Трансформаторлар мен генераторлардың оқшауланған нөлдік нүктелері бар желіде жерге тұйықталудан қорғау. Трансформаторлар мен генераторлардың оқшауланған нөлдік нүктелерімен немесе өтеуші шарғылар арқылы жерлендірілгенмен желілер 35 кВ және одан төмен кернеумен жұмыс істейді.Жерге бір фазалық тұйықталу тоғы желінің кернеуіне және жерге қатысты сыйымдылығына тәуелді. Неғұрлым кернеу жоғары болса немесе сыйымдылығы үлкен болса, жерге тұйықталу тоғы соғұрлым үлкен болады.Желінің сыйымдылығы желінің ұзындығы мен типіне байланысты; ұзындығы бірлей болғанда кабельдік желінің сыйымдылығы анағұрлым үлкен болады. Мысалы, 6 кВ кернеулі желінің әр 100 км-ға жерге тұйықталу тоғы әуе желісі үшін шамамен 1,5 А құрайды және 80 А – кабельдік желілер үшін (кабельдің 95 мм2 қимасы жағдайында).Жерге тұйықталу тоғын азайту үшңн өтеуші шарғылар қолданылады, олар арқылы трансформаторлар мен генераторлардың нөлдік нүктелері жерленеді. Өтеуші шарғылар желінің сыйымды тоғына қатысы бойынша қарама-қарсы бағытына ие индуктивті токты құрады, сөйте отырып, күйге келуіне байланысты сыйымдылық тоғын толық өтейді не болмаса оны анағұрлым азайтады.Жерге тұйықталғанда фазааралық кернеулер өзгермейтіндіктен және жерге тұйықталу тоғының шамасы кішігірім болғандықтан, трансформаторлар мен генераторлардың оқшауланған нөлдік нүктелерімен желіде жерге бір фазалық тұйықталу тұтынушылар үшін тікелей қауіп төндірмейді және олардың жұмысына әсер етпейді. Ссондықтан жылдам өшіру керек емес. Жылдам өшіру қауіпсіздік техникасы бойынша қажет болғанда жертезек өндіруді және жылдымалы механизмдерді қуаттайтын желілер бұл қатарға кірмейді.Алайда зақымдалмаған фазалардың фазалық кернеуін 1,73 есе жоғарылату екінші фазада жабылуды немесе оқшаулаудың тесілуін шақыртуы мүмкін, бұл жерге екілік тұйықталуға, яғни ҚТ қос фазалыққа әкеледі.Жерге бір фазалық тұйықталу тоғының ұзақ өтуі де оқшаулаудың бұзылуына немесе фазааралық ҚТ болуына алып келуі мүмкін. Сондықтан жерге бір фазалық тұйықталумен желінің тым ұзақ жұмыс істеуіне жол берілмейді және зақымдалған учаске табылып өшірілуі тиіс.Жерге тұйықталу орнын дабылдың жалпы және жеке құрылғыларының көмегімен анықтайды. Жерге тұйықталудағы жалпы дабыл 5.16-суретте көрсетілген әдістердің бірімен орындалады. Анағұрлым қарапайым әдіс V үш вольтметрді фазалық кернеуге қосу болып табылады (5.16, а сур.). оқшаулауды бақылаушы деп аталатын мұнда құрылғылар әрбір станция мен қосалқы станцияда бар. Вольтметрлер шамасы бойынша тең фазалық кернеуді қалыпты көрсетеді. Фазалардың бірі жерге бітеу (металлдық) тұйықталуы жағдайында осы фазаның кернеуі жерге қатысты нөлге тең болады, ал қалған екі фазаның кернеуі өседі және фазааралыққа тең болады. Осыған сәйкес вольтметрдің көрсеткіштері өзгереді. Егер жерге тұйықталу бітеу болмаса, өтпелі қарсыласу арқылы болса, онда зақымдалған фазаның кернеуі төмендеп, зақымдалмаған фазалардың кернеуі аз дәрежеде өседі, бұл да вольтметрдің көрсеткіштерінде көрсетіледі. Осылайша вольтметр көрсеткіштерінің өзгеруі жерге тұйықталудың пайда болғанын куәландырады және зақымдалған фазаны көрсетеді.Кейде кернеу трансформаторынан нөлдік сыммен вольтметрлердің нөлдік нүктесін қосатын сымға дыбыстық сигналды алу үшін Y көрсеткіш релесі қосылады. Фазалық кернеулер сомасы нөлге тең болған, ал реле жұмыс істемеген – қалыпты. Жерге тұйықталуда вольтметрлердің нөлдік нүктесінің кернеуі зақымдалмағанфазалардың фазалық кернеулерінің сомасына тең болады. осы кернеудің ықпалымен Y релесі іске қосылып, сигнал береді.5.16, б суретінде келтірілген нөлдік нүкте фазалық кернеуге үш конденсаторды қосумен жасанды жасалатын құрылғы зақымдалған фазаны көрсетпестен, жалпы сигнал береді.5.16. в суретінде ұсынылған құрылғы Н минималды кернеудің үш релесінен тұрады. Зақымдалған фазаның кернеуіне қосылған реле жерге тұйықталғанда, іске қосылады және сигнал береді. Зақымдалған фаза Y нұсқағыш релелердің құлап қалған жалаушаларынан анықталады.5.16. г суретінде ұсынылған құрылғы нөлдік бірізділік сүзгішінің схемасы бойынша қосылған кернеу трансформаторының арнайы орамына қосылған Н кернеу релесінен тұрады. Жерге тұйықталу болғанда, арнаы орамда кернеу пайда болады, Н релесі іске қосылып, сигнал береді. Жалпы сигнал алғаннан кейін зақымдалған желіні анықтау өосалқы станциясынан қуаттанатын желілерді кезектеп өшіру және кері қосумен жүргізіледі.Зақымдалған желі желі өшкен сәтте «земля» сигналының жоғалуы бойынша анықталады.  БАСҚАРУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ДАБЫЛ СХЕМАЛАРЫ Электрлік өлшемдер. Қосалқы станцияларда электр энергиясының, белсенді және реактивті қуаттарды есепке алуды, желілердегі ток пен керенуді өлшеуді қамтамасыз ететін аспаптар болады.Электр энергиясы немесе олардың топтары қабылдағыштарын қуаттайтын барлық трансформаторлар мен желілерде ток өлшеу үшін амперметр орнатады, оны әдетте бір фазаға қосады. Үш амперметрді қабылдағыштардың фазалар жүктемесінің симметриялы емес болуы мүмкін тізбектерге ғана қарастырады (жарықтандыру тізбектері, пісіру посттары, конденсаторлық батареялар). Амперметрлерді тікелей немесе ток трансформаторлары арқылы қосады.Кернеуді барлық таратушы құрылғының жиналатын шиналарының әр секциясында бақылайды, әрі вольтметрді тек бір желілік кернеуге қосады, себебі әдетте электрмен жабдықтау жүйесінде (ЭЖ) фазааралық кернеулер симметриялы емес. 1 000 В дейінгі керенеу жағдайында вольтметрлерді тікелей қосады; ал 1 000 В асып кетсе – кернеу трансформаторлары арқылы.Негізгі төмендетуші қосалқы станцияларда (НТҚ) қуатты өлшеу үшін бір ваттермен белсенді де, реактивті де қуаттардың өлшенуін қамтамасыз ететіндей етіп, кернеу фазаларының ауыстырып қосқышы бар үш фазалық ваттерді қолданады. Белсенді және реактивті қуаттарды өлшеуге арналға ваттметрлерді 110 кВ кернеулі қосалқы станциялық трансформаторларда синхрондық қозғалтқыштардың жұмысын бақылау қажет болса, оларда жеке желілер бойынша 4 000 уВ-А артық қуатының өтуін күнделікті бақылау керек болатын қосалқы станцияларға да орнатады. 6 300 кВ-А қуатты 35 кВ дейінгі кернеулі трансформаторларға белсенді қуатты өлшеуге арналған ваттметрді ғана орнатады. Оларды ток пен кернеу трансформаторлары арқылы қосады.Қалқандық өлшеу аспаптарының дәлдік классы 2,5 кем емес болуы тиіс.Электр энергиясының шығынын энергия жүйесі бар коммерциялық есеп үшін (есеп айырысу есебі) және кәсіпорын ішінде бақылау есебі үшін (техникалық есеп) өлшейді.Коммерциялық есепке алу есептегіштерін әдетте жоғары кернеу жағынан, яғни энергия жүйесінің енгзізушісіне орнатады. Энергия жүйесімен электр энергиясы үшін бір мөлшерлеме (есептегіш көрсеткіштері бойынша тұтынылған белсенді энергия үшін ғана) және екі мөлшерлеме тарифі (тұтынылған белсенді энергия және қосылған қуат үшін, немесе энергожүйесі жүктемесінің максимумы сағатында мәлімделген жүктеме үшін) бойынша есеп айырысады.5.17-суретте 6 (10) кВ кернеуі жағынан НТҚ трансформаторына өлшегіш аспаптар қосудың үш желілік схемасы келтірілген. Аспаптардың ток тізбектері А және С фазалары тоғының трансформаторларына қосылған; В фазасында В ток трансформаторы ескерілмеген. Ток және кернеу трансформаторларының екіншілік орамдары қызмет көрсету қауіпсіздігі мақсатында жерлендірілген.Реактивті қуаттарды өтеу бойынша ынталандыру шаралары үшін жүктеме максимумы сәтінде кәсіпорынныі оңтайлы және іс жүзіндегі реактивті жүктемелерге байланысты тарифқа жеңілдіктер мен үстемелер шкаласы ескерілген.Қолданыстағы тарифтік жүйеге сәйкес энергожүйесінің 30 минуттық жүктеме максимумы сәтіндегі белсенді және рекативті жүктемелерді өлшеу қажет етіледі. Бұл үшін максималды қуаттың арнайы есептегіші немесе арнайы ваттметрлер қолданылады. Оқшаулау күйін бақылау. Қалыпты жағдайда оқшауланған бейтарабымен желілердегі түгел үш фазаның кернеуі жерге қатысы бойынша фазалық кернеуге тең болады. жерге тұйықталғанда зақымдалған фазаның жерге қатысы кернеуі нөлге тең болады, ал зақымдалмаған фазалардың кернеуі фазааралыққа дейін ұлғаяды. Токтың аз тұйықталуынан электр энергиясы қабылдағыштарының жұмыс режимі бұзылмайды, сондықтан желі 2 с бойы өшпей жұмыс істей алады. Алайда, осындай күйде ұзақ жұмыс істеу бір фазалыққ жерге тұйықталудың фазааралық қысқа тұйықталуға көшуін шақыртуы мүмкін. Сол себепті оқшауланған бейтарабы бар желілерде жерге қатысты оқшаулау күйін бақылауға арналған арнайы құрылғыны ескереді.5.18-суретте НТМИ типті трансформаторын пайдаланумен айнымалы ток желісінің оқшауланған күйін бақылаудың төрт әдісінің схемалары көрсетілген.І-әдісте оқшаулау күйін PVC, PVb, PVa үш вольтметрмен бақылайды, олар қалыпты режимде бірдей фазалық кернеуді көрсетеді. Фазалардың бірі жерге тұйықталғанда, осы фазаға қосылған вольтметр көрсеткіші нөлге тең болады, алл қалған екеуінің көрсеткіші фазааралық кернеу мәніне дейін өседі.  І —вольтметрлермен бақылау; ІІ — конденсаторларды қосумен нөлдік нүкте жасау арқылы бақылау; ІІІ — минималды кернеу релесін бақылау; ІV —трансформатордың қосымша орамына қосылған кернеу релесін бақылауВольтметрлердің нөлдік нүктесін кернеу трансформаторының нөлдік сымымен қосатын сымға жерге тұйықталуы туралы дыбыстық сигнал алу үшін КН нұсқағыш реле қосылады.І-әдіс жағдайында нөлдік нүкте фазалық кернеуге С үш конденсаторды қосу жолымен жасанды құрылады. Фаза оқшаулауы зақымданғанда KV реле шарғысы арқылы ток өте бастайды және реле іске қосылады.І-әдісте схемаға KV1<, KV2<, KV3< миниммалды кернеудің үш релесін қосады. Фазалардың бірі жерге тұйықталғанда зақымданған фазаға қосылған миниммалды кернеудің релесі іске қосылып, сигналдың береді. Зақымдалған фазаны КН1, КН2, КН3 нұсқағыш релелерінің бірінде құлаған жалауша бойынша анықтайды.ІV-әдісте оқшаулауды НТМИ трансформаторының қосымша орамына қосылған KV кернеу релесінің көмегімен бақылайды.Жоғары кернеулі сөндіргішті басқару. Жоғары кернеулі сөндіргіштер – негізгі коммутациялық аппараттар, олардың көмегімен трансформаторлық қосалқы станциялар мен трансформаторлар, желілер, 6 (10) кВ кернеулі асинхрондық және синхрондық қозғалқыштар, 6 (10) кВ кернеулі конденсаторлық батареялар сияқты ЭЖ элементтерін қосу және өшіру жүзеге асады.Жоғары кернеулі сөндіргішті басқарудың құрылмыдық схемасы 5.19-суретте көрсетілген. ЭЖ-да міндетті жергілікті басқарудан басқа, қашықтан басқару және жоғары кернеулі сөндіргішті телебасқару ескерілуі мүмкін.Дабыл. ЭЖ түгел элементтерінің жағдайы туралы оперативті ақпаратты береді:■коммутациялық аппараттардың қалпының дабылы (қосулы – өшірулі);■апаттық дабыл (жоспармен ескерілмеген ошіп қалулар туралы);■ескерту дабылы (қалыпсыз режимдер мен шарттар туралы, мысалы нормадан артық ысу, жабдықтың тез арада өштіртпейтін зақымдар және т.б. туралы).Қалыптың желілік дабылы үшін жасыл («Өшірілу») және қызыл («Қосулы») шамдар пайдаланылады.  Ескерту не апаттық дабыл тізбектерінде сары шамдар қолданылады. Қалыптыоперативті ауыстырып қосқыштар жағдайында бұл шамдар тең жарықпен жаннады. Апаттық өшкен, автоматика жұмысында не қалыптарда «Сәйкессіздік» шамдары жанып өшеді. Дабыл шамдарын дабыл шиналарына басқару кілті, қорғаныс пен автоматика релесінің контакттары, сөндіргіштер мен ажыратқыштардың блок-контакттары арқылы қосылады. Қорғаныс және автоматика құрылғылары жұмыс істегенде жарық дабылы дыбыспен қайталанады, сондықтан электрлік сиреналар, гудок пен қоғңырау пайдаланылады.Апаттық дабыл сөндіргіш апаттық өшкені туралы хабарландырады. Ескерті дабылы жұмыстың қалыпсыз режимдері туралы хабарлайды, олар апатқа соқтыруы мүмкін, сондықтан апаттық және ескерту дабылының электрлік тізбектері және олардың дыбыстық сигналдары (сирена және қоңырау) өзгеше болып келеді. Дыбыстық дабыл құрылғысы іске қосылғанда, кезекші әуелі жұмысты токтатады, сигналды «шешді» (квиттейді), сосын жеке жарық сигналдары бойынша дабылдың іске қосылу себептерін анықтайды.Қауіпсіздікті бұғаттау. Қауіпсіздіктің бұғаттауы байқаусыздан оқшауларды шешілуін, таратушы құрылғы ұяшықтарының есіктерінің ашылуын болдырмайды, оқшаулаудың ішінде ток өткізу бөліктері кернеу астында болады. контакттық желіде жұмыс істегенде электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс аймағының көлемі, жұмыс екіпіні, бөлінген уақыт, қызмет көрсететін құрылғылардың сенімділігі және инженерлік психология факторлары есепке алынады.Электр энергиясын есепке алу. Еспеке алу жүйесі нормативтік талаптарға жауап беруі және электрмен жабдықтауды дисептчерлендіру жүйесіне (ЭДЖ) бірігуі тиіс. электр энергиясын есептік (коммерциялық) есепке алу және техникалық (бақылау) есебін ажыратады. Электр энергиясын есептік есепке алу ақшалай есеп айырысу үшін тұтынушы жұмсаған электр энергиясын есепке алу аталады. Электр энергиясын техникалық есепке алу ғимараттарда, кәсіпорын ішінде және т.б. электр энергиясының шығынын бақылау үшін есепке алу аталады. Есептік есепке алу үшін орнатылатын электр энергиясының есептегіштері есептік деп аталады. Техникалық есепке алу үшін орнатылатын есептегіштер техникалық есепке алу есептегіші деп аталады. Жалпы жағдайда электр энергиясын есепке алу ғимарат не кәсіпорын үшін есептік және техникалық есепке алумен шектелмейді.Электр энергиясы мен қуаттың федералды көтерме нарығында (ЭҚФКН) электр энергиясын есепке алудың жалпы міндеті бар, электр станцияларында, электр желілерінің, жүйеаралық өтудің кәсіпорындарында, ұсақ моторлы, коммуналдық және тұрмыстық секторларда электр энергиясын есепке алу міндеттері болады. Осылайша есепке алу міндеттері әртүрлі және өздігінен күрделі проблема болып табылады. ЭДЖ-ға қолданбалы ғимараттарды электрмен жабдықтауды диспетчерлеумен байланысты есепке алу мәселелерін ғана қарастырамыз.Электр энергиясын есепке алу арнайы құрылғымен – электр энергиясын есептегішпен тұтынылған энергияны өлшеу процессін білдіреді. Есептегіштер біріктіруші аспаптар болып табылады, яғни олардың көрсеткіштері өлшеу жүргізілетін уақытқа тәуелді. Жалпы жағдайда есептегіш өлшемдер жасайды, яғни мына өрнек бойынша энергияны есептейді  мұндағы W— энергия, кВт/ч; Р— қуат, кВт; t— уақыт, с.Қуат токтың кернеуге көбейтіндісі болғандықтан, есептегішке ток пен кернеу өткізу керек. есептегіштер тікелей және трансформаторлық қосу деп бөлінеді. Есептегіштерді қосу схемасы 5.20-суретте келтірілген.Тікелей қосу есептегіші деп өзі арқылы жүктеме тоғы өтетін және кернеу тікелей келетін аспап аталады (5.20., а-сур.). мұндай есептегіштер 220/380 В кернеуіне және 100 А тоғына ұсқа моторлы өндіріс және тұрмыстық сектор үшін қолданылады.100 А артық тұтыну тоғымен ірі ғимараттар мен кәсіпорындар үшін ток трансформаторларын (ТТ) қолданумен есептегіштерді қосу қажет (5.20., б сур.).  Трансформатордың алғашқы орам (әдетте бір шарғы) үлкен токтарды өткізуге мүмкіндік береді, ТТ екіншілік орамның тоғының атаулы мәні – 5 А. Екіншілік орамда трансформация коэффициентін есепке алып, бірінші орамдағы токқа пропорционалды ток өтеді. Екіншілік орамға өлшеуші аспаптар, релелік қорғаныс құрылғысы және электр энергиясын есептегіштер қосылады. Ғимарттар үшін көп жағдайда 400/5; 630/5; 1 000/5; 1 500/5; 2 000/5; 2 500/5 А номиналдарымен ТТ қолданылады. Бірқатар жағдайда есепке алу 10 (6) кВ трансформатордың жоғары кернеуі жағынан жүзеге асады. Бұл жағдайда есептегіштерді ток трансформаторы мен кернеу трансформатор (КТ) арқылы қосады (5.20, в сур.). Кернеу трансформаторы өлшеу аспаптарын, релелік қорғаныс жүйелері мен жоғары вольтты электр қондырғыларына электр энергиясын есептегіштерін қосу үшін арналған. КТ екіншілік кернеуінің атаулы мәні – 100 В. Есепке алудың есептік жүйесінің өлшеу трансформаторларының дәлдік классы 0,5 төмен болмауы керек, арнайы келісілген жағдайлардан басқа жағдайды есептегенде. Техникалық есепке алу жүйесінің өлшеу трансформаторларына қойылатын талаптар сондай қатаң емес және 1,0 төмен емес ділдік классымен трансформаторларды қолдануға жол береді. Қосу схфемасынан басқа есептегіштер құрылысы бойоынша ажыратылады. Индукциялық есептегіштердің әрекет ету қағидаты электр магниттік индукцияның пайда болуына негізделген, соның ықпалынан индукциялық диск айналады және энергия айналымдар саны бойынша механикалық жүйемен есептеледі.Заманауи есептегіштер механикалық элементтерсіз орындалады, ал энергияны есебін электрондық схема жүргізеді, оған ток пен кернеу сигналдары (параметрлері) іске қосылады.  ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ Өнеркәсіптік электрмен жабдықтау заманауи жүйелерін төмендегі үшін арналған автоматтық құрылғылардың жинағымен жабдықтайды:1)электрмен жабдықтаудың қалыпты режимдерін басқару үшін;2)апаттық режимдерде немесе оларды жоя салысымен әрекет ету үшін.Бірінші топқа электр қозғалтқыштарын іске қосу, кернеуді және реактивті қуатты реттеу, доға сөндіру реакторларын күйге келтіру автоматтық құрылғысы жатуы мүмкін.Екінші топқа әдетте апаттың дамуын болдыртпауға, электр қабылдағыштардың және релелік қорғау құрылғысының өшуі нәтижесінде бұзылған электрмен жабдықтау жүйесіндегі байланыстардың қуатын қалпына келтіруге бағытталған автоматтық қосып-өшіруді жүзеге асыратын құрыоғыларды қосады:■резервті автоматтық қосу (РАҚ);■автоматтық қайталап қосу (АҚҚ);■автоматтық жиілік жеңілдету (разгрузка) (АЖ);■апатқа қарсы автоматиканың арнайы құралдары (АА).Осы топтың құрылғылары арасында тек РАҚ және АҚҚ бұзылған электрмен жабдықтауды қалпына келтіру міндетін орындап, желілік автоматиканың құрылғысы болып саналады және жергілік мәнге ие. Автоматтық құрылғының басқа екі түрі – АЖ және АА – апатқа қарсы жүйелік автоматика ның элементі болып табылады, оның негізгі міндеті – үлкен өндіруші қуаттардың, қуатты жүйеаралық байланыстардың немесе олардың учаскелерінің аяқ астынан өшіп қалуымен байланысты басталған жүйелік апаттың әрі қарай дамуын болдырмау.Автоматика құрылғыларына сезгіштік, іріктегіштік, жылдам әрекет ету және сенімділік талаптары қойылады. Сезгіштік талабы автоматиканың нақты құрылғысы мүмкіндігінше бастапқы сатыда құрылғыныі міндетіне сәйкес апаттық режимнің басталуын айқындауді білдіреді (әдетте электрмен жабдықтау жүйесінің жұмыс режимінің электрлік параметрлерінің осы автоматика түрінің аралсуын қажет етпейтін жұмыс режимінің мәндерінен ауытқуын тіркеу көмегімен орындалады).Іріктелгіштік талабы тек бір түрдің атвоматтық құрылғысы ғана (мысалы, резервті автоматтық қосу (РАҚ)) электрмен жабдықтаудың қалыпты режимін қалпына келтіру үшін басқарушы ықпалдардың минималды санымен өтетіндей етіп әрекет етуі тиісті емес, сонымен қатар әртүрлі түрлердің құрылғылары да (мысалы, резервті автоматтық қосу (РАҚ) және автоматтық қайталап қосу (АҚҚ); РАҚ және автоматтық жиілік жеңілдету (разгрузка) (АЖ)) қалыпты режимнің нақты бұзылысына анағұрлым сәйкес келетін басқарушы ықпалдарды жүзеге асыруы тиіс екенін білдіреді. мысалы РАҚ құрылғысы электрмен жабдықтаудың анағұрлым жоғары сатыларында электрмен жабдықтаудың анағұрлым төмен сатыларындағы ұқсас құрылғыдан гөрі ертерек әрекет етуі тиіс, ал синхрондық электр қозғалтқыштары бар қосалқы станциялардағы РАҚ және АЖ құрылғылары таратушы құрылғының секциясында жиіліктің төмендеу себептерін анықтауы қажет: қуаттың жоғалуымен байланысты синхрондық электр қозғалтқыштарының шығып кетуінен, не болмаса өндіруші көздердің өшуімен шақыртылған жүйелік апаттан.Автоматика құрылғысының іріктелгіштігі релелік қорғаныс құрылғысына қатысты да сақталуы тиіс.Жылдам әрекет ету талабы басқару ықпалдар апаттық режим басталғанын сенімді тіркегеннен кейін тез арада автоматтық құрылғымен орындалуы тиіс және технологиялық процессітің сақталғыштығын анықтайтын параметрлер рұқсат етілген шектен шықпайтын уақыт ішінде жүзеге асуы тиіс екенін білдіреді.Жылдам әрекет ету және іріктелгіштік талаптары кейде бір-біріне қайшы келеді. Бұл жағдайда анықтаушы ретінде жылдам әрекет ету талабы болып табылады.Сенімділік – автоматика құрылғысына қойылатын анағұрлым маңызды талап болып табылады, бұл талап олардың жоғары аппараттық және пайдадлану сенімділігіне талаптардан тұрады.Өнеркәсіптік кәсіпорынның, оның цехтары мен қондырғысының электр энергиясымен қуаттану сенімділігін жоғарлату үшін электрмен жабдықтаудың телемеханикаландырылған жүйеде автоматиканың мына түрлерін пайдаланады:а) релелік қорғаныс құрылғысымен өшірілген сөндіргіштерді автоматтық қосу жолымен тұтынушылардың қуаттануын тез қалпына келтіру үшін арналған автоматтық қайталап қосу (АҚҚ). АҚҚ 1 кВ жоғары кернеулі түгел типтің әуе және аралас (кабельдік-әуе) желілерінде; электр станциялары мен қосалқы станциялардың шиналарында; сөндіргіші бар және қуаттаушы жақтан максималды ток қорғанысы бар қуаты 1 МВ • А артық жалғыз тұрған төмендетуші, трансформаторларда; басқа электр қозғалтқыштарының өздігінен қосылуын қамтамасыз ету үшін өшетін электр жауапты қозғалтқыштарында ескеріледі; б) тұтынушының электр қондырғыларын токсыздандыруға әкелетін жұмысшы қуат көзі (ҚК) өшіруде резервтік ҚК-ны автоматтық қосу жолымен тұтынушыларды қуаттауды қалпына келтіру үшін арналған резервтік қуатты және жабдықты автоматтық қосу (РАҚ). Сондай-ақ РАҚ құрылғысы қалыпты технологиялық процесстібұзуға әкелетін жұмысшы жабдықты өшіргенде резервтік жабдықты автоматтық қосу үшін арналған. РАҚ құрылғыларын пайдаланғанда релелік қорғанысты жеңілдету, ҚТ токтарын төмендету және радиалды-секцияланған сақина желілерін ауыстыру есебінен аппаратураны арзандату мүмкіндігін ескереді. РАҚ құрылғыларын трансформаторларға, желілерге, секциалық және шина қосқыш сөндіргіштерге, электр қозғалтқыштарына және т.б. орнатылады. в) кернеу мен реактивті қуатты, қозуды автоматтық реттеу (ҚАР) энергия жүйесі қалыпыты жұмыс істеу жағдайындағы қабылдағыштардағы электр энергиясының кетрнеуін ұстап тұру үшін, берілген заң бойынша реактивті қуат көздері арасындағы рекативті жүктемені үлестіру және электр жүйелерінің статискалық және динамикалық тұрақтылығын жоғарлату үшін арналған. Қозуды автоматтық реттеуді синхрондық машиналарда ескереді (генераторларда, өтегіштерде, қозғалтқыштарда). Жүктемемен реттеу трансформаторлары (ЖРТ) және таратушы қосалқы станциялардағы желілік реттегіштері трансформация коэффициентін автоматтық реттеу жүйесімен жарақтайды. Конденсаторлық қондырғыларды автоматтық реттеу құрылғыларымен жабдықтайды;г) жиілікті және белсенді қуатты автоматтық реттеу (ЖБАР) қалыпты режимде электр жүйесіндегі жиілікті ұстауға, диспетчерлік басқарудың түгел деңгейінде қуатты реттеуге және таратуға арналған. ЖБАР жүйелерін энергия бірлестіктерінде, оқшауланған энергия жүйелерінде және электр станцияларында ескереді;д) жиіліктің төмендеуін автоматтық шектеу резервтің автоматтық жиіліктік енгізуді, автоматтық жиіліктік жүктеме жеңілдетуін (АЖ), жиілікті қалпына келтіргенде өшірілген тұтынушылардың қуатын қосуды (ЖҚТҚ) жүзеге асырады. Жиілік төмендегенде резервті аувтоматтық енгізуді бірінші кезекте тұтынушылардың қуатын өшіру көлемін немесе үзіліс ұзақтығын азайту үшін пайдаланады;е) жабдықтың артық жүктелуін автоматтық болдырмау желілерде, трансформаторларда, ұзақтығы 10...20 мин.артық болатын анағұрлым үлкен рұқсат етілген токтан асатын бойлық өтемдеу құрылғыларында токтың ұзақтығын шектеу үшін арналған. Жабдықтың артық жүктелуін автоматтық болдырмау құрылғысы тұтынушылардың (артық жүктелген жабдықтың) өшуіне ықпал етеді;ж) электр қозғалтқыштарының өздігінен қосылуы. АҚҚ және РАҚ болған жағдайда, электр энергиясымен қуаттау қысқа уақытқа (1...2 с), яғни автоматика құрылғысының жұмыс істеу уақытына үзілгенде, технологиялық процесс пен қауіпсіздік техникасымен рұқсат етілсе, жауапты электр қозғалтқыштарын желіден өшірмеу қажет. Бұған осы қозғалтқыштардың өздігінен қосылуымен қолжеткізіледі. Қалған жауапкершілігі аздары тұтынушылар жауапты электр қозғалтқыштарынының өздігінен қосылуын қамтамасыз ету үшін минималды кернеу қорғанысымен өшеді.РАҚ схемаларының әртүрлілігі. Резервті автоматтық енгізу – бұл электр қуатының қысқа не ұзақ уақытқа жоғалуына сыншы келетін құрылғылар мен тұтынушылардың электрмен жабдықталуын ұстау үшін арналған. Ол электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы апат немесе кез келген ақауы жағдайында электр энергиясының дербес көздері арасында жүктемені ауыстырып қосу қажет болған жағдайларда пайдаланылады.Әдетте РАҚ жүктемені негізгі қуаттан апаттыққа ауыстырып қосу не болмаса жүктемені бір дербес қуат көзінен екіншісіне ауыстыру керек болғанда пайдаланылады.Егер электр энергиясының тұтынушыларын сенімділіктің І-санаттық электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету керек болса, онда үш не одан көп дербес көздер үшін РАҚ схемалары пайдаланылады, дербес көздер автономдық дизельдік электр станциялары да, үздіксіз қуаттану көзі де бола алады.Заманауи схемаларда толық функционалдық реле қолданылады, ондағы бақылау үш фазаның әрқайсысындағы кернеуге және жиілікке жүргізіледі, кідірістер мен іске қосылу диапазондарын бағдарламалау мүмкіндігі бар. Мұнда релелердің басымдылығы электрмен жабдықтау желісінің параметрлерін толық бақылау болып табылады.РАҚ қалқандары шетелдік және ресейлік электр техникалық жабдық базасында жиналады. РАҚ конструкциясы қалқанды немесе едендік шкафты білдіруі мүмкін.РАҚ схемалары оның типіне байланысты өзгешеленеді:1)бірінші енгізудің басымдылығы. Бірінші енгізуде кернеу жоғалғанда екінші енгізуге ауысып қосылу орындалады. Бірінші енгізуде кернеу пайда болғаннан кейін қайтарым жүзеге асады;2)бірдей енгізулері бар схема. Осы схемадағы кез келген екі енгізу жұмысшы да, резервтік те бола алады. Егер бірінші енгізуде кернеу жоғалса, онда біріншісіне қайтпайтындай екінші енгізуге өту орындалады. Екінші енгізуде кернеу жоғалғанда, ауысып қосу бірінші енгізуде орындалады;3)қайтарымсыз. Бұл РАҚ схемасы алдынғысынан жұмысшы көзден кернеу пайда болғанда, бастапқы күйге қолмен келтірумен ерекшеленеді. РАҚ құрылғысының қағидаттық схемасы. 5.21-суретте РАҚ-тың ең қарапайым схемаларының бірі келтірілген. Ол L12 негізгі және L22 резервтік енгізулерді коммутациялайтын жүктеменің екі сөндіргішінен (QS1 және QS2); екі қалыпты тұйықталған және екі қалыпты ашылған контакты бар КМ контакторынан; негізгі қуат көзі жұмысының индикциясы үшін HLG сигналдық жасыл шамынан; резервтік қуат көзі жұмысының индикциясы үшін HLR сигналдық қызыл шамынан; XT клеммниктен; тұтынушыларды қысқа тұықталудан және артық жүктелуден қорғайтын QF автоматтық сөндіргіштен тұрады. КМ конакторының А1 шарғысы контакты L11желісіне қосылған. N нөлдік жетегі КМ контакторының шарғысының А2 конактына, сондай-ақ HLG және HLR сигналды шамдарға қосылған.Алдымен L11 негізгі қуатта жұмыс істеу жағдайында тізбектің жұмысын қарастырайық: QS1 және QS2 сөндіргіштері өшілірген: бұл ретте КМ конакторының шарғысы іске қосылады, КМ контакторының қалыпты тұйықталған контакттары ашылады, ал қалыпты ашылғандар – тұйықталады, ток L11желісі бойынша өтеді. 5.21-сур. РАҚ схемасыӘрі қарай QF автоматтық сөндіргіш арқылы ток тұтынушыға өтеді, бұл ретте HLG жасыл шамы жанады. Негізгі көзде кернеу болмаған жағдайда КМ контакторының шарғысы қуатсыз қалады, КМ контакторының барлық контакттары бастапқы қалпына қайтарылады, тұтынушыға ток енді L21 резервтік көзі арқылы келеді және HLR қызыл шамы жанады.Автоматтық қайта қосу құрылғысының қағидаттық схемасы. 5.22-суретте автоматтық қайтырымы бар электрлік бір реттік АҚҚ желісінің қағиыдаттық схемасы көрсетілген. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындарда АҚҚ құрылғыларында ҚҚР (қайталап қосу релесі) типті толымды реле қолданылады. Сипатталып отырған схемада осы реленің құрамына мыналар кіреді: КТ релесінің термиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін R1 қосымша қрасыласумен реле КТ уақыты; бірізді БД және параллельді ПР орамдарымен KL аралық реле; АҚҚ құрылғысы әрекетінің бір ретілігін қамтамасыз ететін С конденсаторы; R2 зарядтық және R3 разрядтық қарсыласу. АҚҚ жинағына сонымен қатар R4 бірізді қосылған қарсыласумен KL1 іске қосылу аралық релесі, КН нұсқағышы, АҚҚ қосу және өшіруге арналғлан SX қаптамасы кіреді.Қарастырылып отырған схемада Q1 сөндіргішін басқару соңғы операция қалпын бекіте алатын SA клілтімен жүргізіледі. Сондықтан қосу операциясынан кейін SA кілті В2 «Қосылған» күйінде қалады, ал өшіру операциясынан кейін – 02 «Өшірілді» күйінде.  Q1 сөндіргіші өшіп тұрғанда SA кілті В2 күйінде болады және С конденсаторына «+4»-тен оперативті токтың «плюсы» келтіріледі және «минус» - SA және R2 кілті арқылы 3 контакты арқылы. Бұл ретте С конденсаторы зарядталған және АҚҚ түгел схемасы әрекетке дайын күйінде болады.АҚҚ құрылғысының іске қосылуы өзгермеген SA қалыпы және енді өшкен Q1 сөндіргішінің қалыпы арасындағы сәйкессіздіктің туындауы нәтижесінде Q1 өшіру кезінде жүзеге асады. Сәйкессіздіктер АҚҚ құрылғысының схемасына SA басқару кілтінің 3 контакты арқылы әлі де «минус» беріледі, сөндіргіштің SQ1.1 қосымша конакты өшкен Q1 жағдайында KL1 релесі орамының тізбегін YAC қосу контакторының орамы арқылы тұйықтайды. R4 арқасында YAC іске қосылмайды, КТ релесіне «минус» беріп, АҚҚ құрылғысын қосып, KL1 релесі жұмыс істейді. КТ іске қосылғанда КТ.2 ажыратылатын конакты ажыратылады және КТ орамының тізбегіне R1 қосылады. КТ.1 тұйықтаушы контакты уақыт кідірісімен тұйықталады және KL параллельді орамын С-ға қосады. KL релесі С разряд тоғынан іске қосылады, және KL.2 арқылы өзін-өзі танытқаннан кейін (YAC-тан «минус») Q1 қосуға импульс береді. Q1 өндіргіші қосылады, оның SQ1.1 қосымша контакты ажыратылады және KL1, KL, КТ қалыпты күйге қайтарылады.Егер желідегі зақым тұрақсыз болса, онда ол жұмыста қалады. С заряд уақыты 20...25 с құрайды, яғни осы уақыт арқылы АҚҚ схемасы автоматты түрде жаңа әрекетке дайын болады. тұрақты зақымдалған жағдайда Q1 сөндіргіші қорғаныспен өшеді, KL1 және КТ қосылады, ал KL релесі іске қосылмайды, себебі С зарядталып үлгермейді. Осылайша схема желіде КЗ тқрақты болғанда бір реттік әрекетті қамтамасыз етеді. АҚҚ құрылғысының әрекеті керек емес, кезде желіні қорғаныспен өшіргенде R3 арқылы С разряды жүзеге асады.Автоматтық жиіліктік жүктемені жеңілдету. Айнымалы токтың жиілігі электр энергиясы сапасының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қалыпты режимде жиіліктің ауытқуы /ном = 50 Гц атаулы мәнінен Д/ = ±0,1 Гц аспауы тиіс. Д/ = ±0,2 Гц артық емес жиіліктің қысқа уақыттық ауытқуына жол беріледі.Ток жиілігін реттеуді энергия жүйесінде белсенді қуаттың резерві болғанда ғана орындауға болады (яғ. генераторлар толық емес жүктелген). Электрмен жабдықтау жүйесінде белсенді қуаттың дефициті пайда болғанда генераторлар өндіретін ток жиілігінің төмендеу болады. Токтың (кернеудің) төмендеген жиілігі жағдайында электр энергиясын тұтынушылардың жұмысы қозғалтқыштардың жиілігінің төмендеуіне, соңынан олардың өндірістілігінің төмендеуіне, өндіріс технологиялық процессінің бұзылуына, өнімнің ақауына алып келеді.Белсенді қуаттың теңгерімін қалпына келтіру үшін тұтынушылардың бір бөлігі біраз уақытқа АЖ автоматтық жиіліктік жүктемені жеңілдету құрылғыларымен өшірілуі тиіс. Автоматтық жиіліктік жүктемені жеңілдету құрылғысы (АЖ) электрмен жабдықтау жүйесінің қажетті автоматтандыру құралы болып табылады.Жүктемені өшіру көлемдерін қуаттылықтың кез келген мүмкін дефициті жағдайында тиімділікті қамтамасыз етуге сүйеніп орнатады: өшіру кезектілігін электрмен жабдықтау үзілісінен алынатын зақымды кішірейтетіндей етіп таңдайды, атап айтқанда АЖ құрылғылары мен кезектерінің көптеген түрін қолданады; анағұрлым жауапты тұтынушыларды іске қосылу ықтималдығы бойынша анағұрдым алыс кезектерге қосады. Автоматтық жиіліктік жүктемені жеңілдету құрылғылары өндіруші көздерді сақтау және апатты мүмкіндігінше тез жою мақсатында, қуаттаушы энергия жүйесінде жиіліктің төмендеуімен сүйемелденетін белсенді қуаттың жетіспеушілігі туындағанда электр қабылдағыштарының бір бөлігін өшіру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы станциялары мен таратушы пункттеріндегі энергиямен жабдықтайтын ұйымның талабы бойынша ескеріледі.Ресейде жиіліктік жүктеме жеңілдетудің үш санаты белгіленген:1)АЖ1 — жылдам әрекет ететін, 0,25...0,30 с әрекет ету уақытымен, энергия жүйесі және оның жеке тораптары шегінде жиіліктің қауіпті деңгейге дейін (46 Гц) төмендеуін токтату үшін арналған және іске қосылуы бойынша түрлі тағайындамасы бар. Жиілік бойынша шектік тағайындамалар: жоғарғы шек – 48,5 Гц жоғары емес; төменгі – 46,5 Гц төмен емес; елдің жеке аймақтарында – 49,0 Гц;2)АЖП – жиілік бойынша жалпы тағайындамасы және уақыт бойынша түрлі тағайындамалары бар, АЖ1 әрекетінен кейін көтеру үшін және 49 Гц төмен емес деңгейде «тұрып қалуын» болдырмау үшін арналған. Жиілік бойынша біріңғай тағайындама әдетте АЖ1 жоғарғы тағайындамасына тең немесе 0,5 Гц артық қабылданады; жоғарғы шек – 48,8 Гц жоғары емес, ал кейбір елдерде жеке аймақтарында – 49,9 Гц. Уақыт бойынша бастапқы тағайындама £н = 5... 10 с, соңғысы tK= 60...90 с;3)үшінші санат – қосымша, белсенді қуаттың жергілікт терең дефициті пайда болғанда әрекет етеді (мысалы аздаған қуатты жергілікт электр станциясынан қуаттанатын энергосыйымды тұтынушыны энергия жүйесінен бөлу кезінде) және жиіліктік жүктеме жеңілдетуді тездету және оның көлемін ұлғайту үшін арналған.Бірінші екі санаттың әрқайсының ішінде жеке кезектер тағайындалуы мүмкін. АЖ1-де екі біріздік кезек бір-бірінен іске қосылу тағаындамасымен ажыратылады, бірақ 0,05...0,10 Гц артық емес. А4РІ кезектерінің уақыты бойынша тағайындамалардың минималды интервалы энергия жүйесі немесе аймақ шегінде 3 с дейін құрауы мүмкін.Бірқатаар жағдайда АЖ1 және А4РІ сол бір тұтынушының өшуіне әрекет етсе, АЖ түрлі санатын қосу пайдаланылады.Қалған АЖ құрылғылаары әдетте мынаны ескеруі тиіс:а) 1 кВ жоғары кернеулі ТҚ-ның әрқайсысы үшін;б) электрмен жабдықтаудың бірнеше дербес көздерінің біріне қосылған тұтынушылар үшін, бір көздің жүйесінде туындаған белсенді қуат апаттық дефициті басқа көздің жүйесін қозғамайды, тиісінше онда жиіліктің төмендеуін болдыртпайды;в) белсенді қуат апаттық дефицитінің бір уақытта бірнеше көзге таралу мүмкіндігіне тәуелсіз, электрмен жабдықтаудың бірнеше дербес көздерінің әрқайсына қосылған тұтынушылар тобы үшін арналған, егер осы топтарда синхрондық қозғалтқыштар болған жағдайда. Электрмен жабдықтау ұйымы белгілеген АЖ көлемі бірінші кезекте технологиялық режим үшін елеулі экономикалық залал келтірмей ұзақ кезеңге электрмен жабдықтау үзілісіне жол беретін электр қабылдағыштардың өшу есебінен қамтамасыз етілуі тиіс. Оларға электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша І-санаттық түгел электр қабылдағыштар және І-санаттық электр қабылдағыштарының токсыздандырған жағдайда өнімнің орны толмай берілмей қалуын, механизмдер мен өнеркәсіптік машиналардың тұрып қалуын болдыртпайтын бөлігі жатады. І-санаттық қалған электр қабылдағыштарды уақыт бойынша үлкен тағаындамалары бар АЖП кезектеріне нысаналы қосу қажет. автоматтық жиіліктік жүктеме жеңілдету (АЖ) құрылғыларына әдетте мыналар қосылмайды:1)электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша І-санаттық электр қабылдағыштары. АЖ тағайындалған көлемімен айқындалатын қажеттілікке қарай, өшіп қалуы жауапты, аса маңызды технологиялық желілердің бұзылуына әкелмейтін, адамдарға қауіп төндірмейтін, өрт, жарылыс тудыртпайтын, қымбат тұратын негізгі жабдықтың зақымдануын болдыртпайтын І-санаттық жеке электр қабылдағыштарының іске қосылу ықтималдығы бойынша алыс АЖП кезектеріне қосылуға электр жүйесімен келістіру бойынша жол беріледі;2)қосалқы станциялар мен ТС жеке қажеттіліктерін, қызмет көрсететін жұмысшылардың қауіпсіздігін және жабдықтың апатсыз күйін қамтамасыз еететін жарықтандыру желісін және механизмдердің электр қабылдағыштарын қуаттайтын трансформаторлар;3)6 – 35 кВ шиналардың секцияларын қуаттайтын желілер (соның ішінде ТС-қа н енгізу), егер осы секцияларға қосылған электр қабылдағыштар АЖ түрлі кезектері бойынша үлестірілген болса немесе осы шиналар секциясынан қуат алатын электр қабылдағыштар мен электр энергиясының тұтынушыларының түгелі АЖ жағдайында өшуге жата бермейді, не болмаса осы секцияға жөндеу режимінде АЖ әрекеттімен ішінара өшірілмейтін электр қабылдағыштар мен электр энергиясының тұтынушыларының басқа секциясы қосылуы мүмкін;4)Арасында тым болмаса бір І-санаттық электр қабылдағыш бар электр энергиясының тұтынушыларын қуаттайтын желілер мен трансформаторлар.АЖ электр механикалық құрылғыларының орталық блогында жалпы өлшеуші орган кернеуді төмендетудің белсенді қуатының дефицитімен сүйемелденетін шарттарда дұрыс жұмыс істей алатын РЧ-1 типтің жиілігін төмендетуші жартылай өткізуші релесі болып табылады. Реленің іске қосылу тағайындамасының диапазоны — 45...50 Гц, ал қайтарым тағайындамасы — 46...51 Гц.Реледе 0,15; 0,3; 0,5 с сатылы реттелуымен іске қосылу уақытының кідірісінің кіріктірілген элементі бар.Реле әуелі АЖ нақты кезегінің тағаындамасында іске қосылады, сосын желі жиілігіне сәйкес келетін қатарым тағаындамасына қайта ауысады, бұл ретте АЖ жағдайында өшіп қалған тұтынушылар мен электр қабылдағыштарды қосуға рұқсат етіледі. Реле АЖ құрылғыларының осы блогы ескерілген шиналар секциясының кернеу трансформаторына қосылады. Осы трансформатор өшіп қалса (мысалы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін), реле басқа секцияның кернеу трансформаторына уақытша қосылады.АЖ құрылғылары өшіретін қуаты жүктеме тұтынатын қуат жиілікке тәуелді болатынын және онымен қоса төмендейтінін есепке алып анықталады. Бұл құбылыс жүктеменің реттеуші эффекті деп аталады. Ол мына коэффициентпен сипатталады:мұндағы ДРн — жиынтық жүктеменің төмендеуінің өзгеруі, %; Д/ — жиіліктің төмендеуі, % (Кр.э.н = 1,5...2,0).Формула (5.8) негізінде .......дейін төмендегенде жиілікті қалпына келтіру үшін өшірілген Ротк қуатты анықтауға болады.  мұндағы Рн.ном — /ном =50 Гц жағдайында электрмен жабдықтау жүйесі жүктемесінің қуаты. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫРелелік қорғанысқа қойылатын талаптар.Электр магниттік реле құрылғысын сипаттап беріңіз.Уақыт релесін іске қосу схемасының жұмысын сипаттаңыз.Қорғаныс түрлерін атаңыз.Сараланған ток қорғанысы дегеніміз не?Оперативті ток дегеніміз не?Оперативті ток түрлерін атаңыз?Қашықтан қорғаудың міндеті қандай?  6-ТАРАУЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ КЕРНЕУЛЕРДІҢ ТЕХНИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІжоғары вольттық жабдықтың оқшаулауын сынауТехникалық қызмет көрсету стратегиялары. Шығындар мен жұмыс тиімділігі арасындағы оңтайлы теңгерімге қолжеткізу үшін техникалық қызмет көрсетудің келесі стратегиялары пайдаланылады:■токтап қалғанға дейін жұмыс істеу (оқиға негізінде техникалық қызмет көрсету);■сенімділік запасын болжауға негіздеелген ағымдық күйі бойынша жоспарланған техникалық қызмет көрсету;■жоспарлық-ескерту қағидаты негізінде қызмет көрсету.Оқшаулаудың кері кертуі (ескіруі). Оқшаулаудың кері кертуіне бірнеше негізгі себеп бар:■электр кернеуінің ықпал етуі (артық кернеу, найзағай түсу, ішінара разрядтар);■жылу керенуі (жүктеме шарттары);■механикалық күш (фундаменттің созылуы, майысуы, отыруы);■химиялық тотығу (судың, тұздың, майдың және газданудың әсер етуі);■сырттан ықпал ету (ластанған сыртқы орта, судың кіріп кетуі).Әсіресе судың кіруінен болатын оқшаулаудың ескіруі біртіндеп кері кету процессі болып табылады, мұнда сәйкес факторлар оқшаулауда су ағаш тәрізді құрылымын қалыптастыра олтырып, бір-бірімен өзара әрекеттеседі.Жоғары вольттық оқшаулауды сынауға арналған стандарттар. Жабдықтың жоғары вольттық қиратушы сынақтарын тұрақты не айнымалы токта жүзеге асырады. Дәстүрлік оқшаулауды тұрақты токта жоғары вольттық сынау – оқшаулау күйі туралы жалпы сипаттың мәліметтерін алудың ең қарапайым жолы. Мұндай тексеру «жарамды - жарамсыз» қарапайым сынақ түрінде орындала алады.Синтетикалық оқшаулауы бар кабельдер үшін тұрақты токта сынау кабельдің пластиктік оқшаулауына қолданбалы пайдаланылмауы тиіс; 0,1 немесе 50 Гц жиіліктік айнымалы токта сынауға ұсыным беріледі. Полиэтилендік оқшаулауы бар 15 000 артық кабельді пайдалану шарттарында сынау нәтижелерінің статистикасы тіркелген токтап қалу жағдайларының шамамен 68 %-ы 12 мин ішінде болған; 89 % —30 мин ішінде; 95% —45 мин кейін; 100% —60 мин кейін. Сынақтың іс жүзіндегі уақыты мен кернеуі кабельдің жеткізушісімен немесе тұтынушымен анықталуы мүмкін, және сынақ стратегиясына, кабель жүйесіне, оқшаулау күйіне, сондай-ақ сынау әдісіне тәуелді.Оқшаулаудың қарсыласуын сынау. Үшін тұрақты ток көзі падаланылады. Бұл жағдайда оқшаулаудың сипаттамасының нашарлауын немесе зақымын көрсететін кеміп қалған токтың өзгеруімен айқындалады. Электр энергетикасында, мұнай химилық және өнеркәсіптің басқа ірі салаларында оқшаулаулың диагностикалық сынағы әдетте 500-ден 5 000 Ы дейінгі шамада электр қозғалтқыштары мен генераторларға қолданбалы орындалады.Динамикалық рефлектометрдің көмегімен ішінара разрядтарды өлшеу және ақауларды анықтау. Ішінара разрядтардың диагностикасы оқшаулаудың қиратпайтын сынағының өзін тек жақсы жағынан танытқан әдісі болып табылады. Зертханалық зерттеу барысында ішінара разрядтарды өлшеу жақсы танымал қарапайым әдіс болып саналады. Бұл ретте талап етілген ішінара разрядтардың деңгейі диагностика объектісінің типіне баланысты. Жоғары вольттық кабельдер жағдайында мұндай деңгейлер бірнешеуден 100 нКл дейінгі диапазонда болады.Пайдалану шарттарында тексеру үшін ішінара разрядтардың тура деңгейі олардың көзінің орналасуымен салыстырғанда онша маңызды емес. Ішінара разрядтардың амплитудасы өшіп қалуды шақыртатын оқшаулау ақауының типі мен қашықтығына тәуелді. Кабель оқшаулауының күйін бағалау бойынша анағұрлым маңызды индикаторларының бірі ішінара разрядтар басының кернеуінің деңгейі болып табылады. Кабельдердегі осындай ақауды шектеу үшін динамикалық рефлектометрдің классикалық әдісі қолданылады.Жоғары кернеумен сынау. Электр қондырғыларында жоғары вольттық сынақтар өткізу жұмыстарын жасауға (6.1-сур.) электр қондырғылары жұмыс істеп тұру шартымен сынақ схемалары және сынақ қағидалары бойынша арнайы дайындықтан немесе тексерістен өткен, 18 жастан асқан тұлғаларға рұқсат беріледі. Сынақ жүргізуге рұқсат алған тұлғаларда куәлігіндегі «Арнайы жұмыстар жүргізу құқығына куәлік» бағанасында және ПУЭ осы туралы белгісі болуы тиіс.  Жоғары кернеумен оқшаулауды сынау оқшаулау беріктігінің қажетті запасы барына, басқа әдістермен анықталмайтын жергілікті жалпы ақаулардың болмауына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Жоғары кернеумен оқшаулауды сынаудан бұрын басқа әдістермен оқшаулау күйін тиянақты қарау жне бағалау қажет (оқшаулау қарсыласуын өлшеу, оқшаулау ылғалдығын анықтау және т.б.).Жабдықтың әр түрі үшін сынақтық кернеудің мәні Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану қағидалары белгілеген нормалармен анықталады.Электр жабдығы мен электр қондырғыларының оқшаулаулары осы қондырғының оқшаулау классы үшін белгіленген нормалар бойынша жоғары кернеумен сыналады.Токтап қалу, бетіне дейін жабылып қалу, беткі разрядтар, жылыстау тоғының нормаланған мәннен артық ұлғаюы, диэлектрлік жоғалтулардан болған жергілікті ысу болмаған жағдайда оқшаулау жоғары кернеумен электрлік сынаққа төзді деп есептеледі. Егер осы факторлардың бірі сақталмаса, төзбеген болып саналады.Оқшаулау қарсыласуын мегаомметрмен өлшеу. Оқшаулау қарсыласуын өлшеу үшін 100-ден 2 500 В дейінгі кернеуге М4100/1-5 типті мегаомметрлер пайдаланылады. Бұл аспаптарда өзіндік қуат көзі – тұрақты ток генераторы бар –көрсеткіштердің тікелей есебін мегаомдарда жүргізуге мүмкіндік береді.Мегаомметрмен оқшаулау қарсыласуын жерге қатысты өлшегенде «Ж» қысқышы (желі) сыналатын жабдықтың ток өткізу бөлігіне қосылған болуы тиіс, ал «Ж» (жер) қысқышы – оның корпусына. Жермен қосылмаған жлектр тізбектерінің оқшаулау қарсыласуын өлшегенде мегаомметрдің қысқыштарды қосу кез келгені бола алады.«Э» (экран) қысқышын пайдалану оқшаулаудың үлкен қарсыласуы жағдайында дәл өлшеуді анағұрлым жоғарлатады, беткі жылыстау токтарының ықпалын болдыртпай, өлшеу нәтижелерін бұрмаламайды. Мегаомметрді сыналатын жабдыққа қосу үшін соңдарында оқшауланған тұтқалары мен шектелген сақиналары бар икемді сымдар болуы қажет. сымдардың ұзындығы мүмкіндігінше қысқа болған дұрыс. Өлшемес бұрын қосқыш сымдардың оқшаулауының қарсыласуын өлшеу керек.осы қарсыласудың мәні мегаомметр өлшемінің жоғарғы шегінен кіші болуы тиіс. генератор тұтқасын 90 ...150 айн/мин айналдырғанда дұрыс көрсеткіштер береді және 120 айн/мин және ажыратылған сыртқы тізбек жағдайында атаулы кернеуді дамытады.Оқшаулаудың қарсыласуына мегаомметр шкаласында 60 с кейін тіркелген 60 секундтық R-60 қарсыласу мәнін қабылдайды, бұл ретте уақыт есебін генератор айналымының қалыпты жиілігіне қолжеткізгеннен кейін жүргізу керек. Аспаптың нұсқарларының тербелуін болдырмау үшін сыйымдылығы үлкен объектілерді оқшаулаудың қарсыласуы өзгергенде генератордың тұтқасын атаулыдан сәл артық жиілікпен айналдыру қажет, яғни 130...140 айн/мин (жылдамдықты нұсқарлар токтағанға дейін айналдыру) және көрсеткіш есебін нұсқа тұрақталғаннан кейін ғана жүргізуі қажзет.Өлшеу алдында сыналатын объектіде кернеудің жоқтығына, тексерілетін аппаратураның, сымдардың, кабельдік воронкалардың тазалығына, сонымен қатар төмендетілген оқшаулауымен және төмендетілген сынақтық кернеуімен барлық бөлшектер өшірілгеніне және қысқа тұйықталғанына көз жеткізу керек.Өлшемді ылғалды ауа-райында жүргізу кезінде қондырғының оқшаулаушы бөлшектерінің беті дымқыл болу есебінен мегаомметр көрсеткіштері бұрмалануы мүмкін екенін ескеру керек. Бұл жағдайда беткі жылыстау токтарының өлшеу мүмкіндігін болдармайтындай етіп қосылған болуы тиіс «Э» қысқышын пайдалану қажет.Абсорбция әдісімен оқшаулаудың ылғалдығын анықтау. Берілген әдіс кернеу салынғаннан кейін 15 және 60 с кейін шешілген мегаомметр көрсеткіштерін салыстыруға негізделген. Ол электр машиналары мен трансформаторларды гигроскопиялық оқшаулаудың ылғалдығын анықтау үшін қолданылады. Оқшаулаудың қарсыласуын өлшеу әрбір орам мен корпус арасында және оқаушланған бос орамдар жағдаында орамдар арасында жүргізіледі.Абсорбция коэффициенті мынаған тең:Кабс = R60/R15, (6.1)мұндағы R60 және R15—кернеу салынғаннан кейін 15 және 60 с кейін сәйкес мегаомметрмен өлшенген оқшаулаудың қарсыласуы. t= 10... 30 °С жағдайында дымқылдаанбаған орамдар үшін бұл коэффициент 1,3.2,0 тең; дымқылданған орамдар үшін ол бірге жақын болады. Өлшем мегаомметрмен 1 000.2 500 В кернеуіне жүргізіледі. Абсорбция коэффициентінің өлшемі 10 °С төмен емес температурада жүргізіледі. Жоғарылатылған кернеумен сынау процессі. Жұмыстардың өндірушісі жұмысты бастар алдында сынақ жабдығын тексеруі тиіс. сынақтық тізбекті жинағанда бәрінен бұрын сынақ жабдығының қорғаныстық және жұмысшы жерлендіруі, егер қажет болса, сыналатын жабдықтың корпусын қорғаныстық жерлендіру орындалады. Сынақтық қондырғыны 380/220 В кернеулі желіге қоспас бұрын, жоғары кернеу енгізушісіне жерлендіру салынады. Шығаруды жерлендіретін мыс сымның қимасы 4 мм2 кем болмауы тиіс. Сынақтық жабдықтың тізбегін сынақ өткізуші бригада қызметкерлері жинайды. Сынақ қондырғысын 380/220 В кернеулі желіге қосу тізбегінде көзге көрінерлік үзігі бар коммутациялық аппарат немесе қондырғыны басқаратын жерде орналасқан штепсельдік айыр арқылы жүргізіледі. Сымды сыналатын жабдықтың фазасына, полюсына не кабель желісіне қосу қажет; сынақты басқарушы тұлғаның нұсқауы бойынша және тек жерлендіріп болған соң оны ажыратуға рұқсат етіледі. Сынақтық кернеуді сынақтық қондырғыға беру алдында жұмыстардың өндірушісі міндетті: ■бригада мүшелерінің түгелі көрсетілген орнында екенін, бөгде тұлғалар шығып кеткенін, сынақтық кернеуді жабдыққа беруге болатынын тексеру;■бригаданы кернеу берілгенін ескерту, бригада мүшелерінің түгелі ескертуді естігеніне көз жеткізгеннен кейін, жерлендіруді сынақтық қондырғының шығаруынан шешу, содан кейін оған 380/220 В кернеу беру;■сынақтар аяқталғаннан кейін сынақтық жабдықтың кернеуін 0 дейін түсіру, оны 380/220 В кернеулі желіден өшіру, қондырғының шығаруын жерлендіру (немесе жерлендіру туралы бұйрық беру) және бұл туралы бригадаға хабарлау. Тек осыдан кейін сынақтық қондырғыдан сымдарды қайта қосуға болады немесе сынақ толық аяқталса, оларды ажыратып, қоршауларды шешуге болады.Жерлендіруді шешкен сәттен бастап түгел сынақтық қондырғы, соның ішінде сыналатын жабдық пен қосылатын сымдар кернеу астында болып саналады және сынақтық схемада және сыналатын жабдықта қандай да бір қайта қосуға тыйым салынады.АИИ-70 сынаушы аппаратпен сынақтар жүргізу тәртібі. Әрбір сынақ алдында (6.2-сур.) түгел аспаптардың нұсқарлары нөлде тұрғанын, автоматтық сөндіргіш өшкенін, кернеу реттегішінің тұқасы токтап қалғанға дейін сағат тіліне қарсы бұралғанын, ал сақтандырғыштардың қалпы желі кернеуіне сәйкес келетінін қадағалау қажет. тасымалдау кезінде жоғары вольттық трансформатор аппарат ішінде мықты бекітілуі тиіс, кернеу реттегішінің тұқасы кірілген, есіктері жабылған, диэлектрик сұйықтығын сынауға арналған банка аппараттан шығарылғлан, кеноторланған приставка сенімді бекітілген болуы керек. қуыс бұрғының көмегімен 2,5 мм тең болуы тиіс банка электродтары арасындағы қашықтықты кезеңмен тексеріп отыру. Қуыс бұрғы электродтар арасына аса тығыз емес, бірақ тартусыз кіруі тиіс.УПУ-6 ойғыш әмбебап қондырғымен сынақтар жүргізу тәртібі. Әр сынақтың алдында (6.3-сур.) түгел аспаптардың нұсқарлары нөлде тұрғанын, желілік сқндіргіш өшіп тұрғанын, кернеу реттегішінің тұқасы токтап қалғанға дейін сағат тіліне қарсы бұралғанын қадағалау қажет. бұл қондырғы тек электрлік қорғау құралдарын сынау үшін арналған.Қауіпсіздік ережелері. Келесі ережелерін ұсстану керек:Сынақтарды бастамас бұрын, апаратты, қол реттегішін (уағдаласқан жағдайда), жоғары вольттық трансформатор мен кеноторлық приставканы кем дегенде 4 мм2 қимасымен мыс сыммен жерлендіру қажет. Жерлендірусіз жұмысқа тыйым салынады! Ескерту жазбалары бар қорғанысты қоршау орнату қажет. Оны кеноторлық приставкаға (микроамперметр қабындағы қапсырмаларға) оқшаулау құбырлары жағынан бекітеді, ал металл өзектері жағынан – басқару пультының қаңқасының бұралатын құлақтарына бекітеді.Аппараттың жоғары вольттық, сондай-ақ төмен вольттық жақтарында кез келген қайта қосуды жоғары волттық бөлшектер сенімді жерленген жағдайында, аппарат желіден өшкеннен кейін жүргізген жөн.Кабельді не болмаса анағұрлым сыйымдылығы бар басқа объектті сынақтан кейін жерлендіру керек, себебі сыналатын объектіде сынау процессінде және тіпті аяқталған соң өмірге үлкен қауіп төндіретін заряд сақталады. Кабельді жерлендірмей аппарат төбесіндегі есікті ашуға болмайды!Барлық жоғары вольттық сынақтарды резеке қолғапта резеңке кілемшеде тұрып орындау қажет.6.2.ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДАҒЫ АРТЫҚ КЕРНЕУАртық кернеу— электр кернеуі деңгейінің берілген электр қондырғысының электр жабдығын оқшаулау үшіе қауіпті болатын мәнге дейін ұлғаюы. Бұдан басқа кернеудің рұқсат етілген мәнінен асып кету адам үшін аса қауіпті, себебі электр тоғымен зақымдану мүмкіндігі өте жоғары (6.4-сур.). Артық кернеу пайда болуына қарай ішкі және сыртқы болады. Сыртқы артық кернеу (табиғи) өз кезегінде үш түрге ажыратылады: найзағай, шар найзағай және атмосфералық электр.   Ішкі артық кернеу көп жағдайда тұтынушылар жүктемесінің секірмелі түрде өзгеруі, желіден кернеу бері және шешу жағдайында, желідегі қысқа тұйықталулар арасындағы үзілістерде, ферорезонанс жағдайында пайда болады. Жоғары өткізгіш соленоидтта пайда болатын ішкі артық кернеудің тағы бір ерекше түрі болады. Бұл құбылыс шарғының белсенді қарсыласуының лездік ұдғаюымен және бұл ретте токтың бастапқы мәнінің болуымен шартталады. Осы жағдайда электр кернеуінің шамасы бірнеше жүзеген киловольтқа дейін жетеді.Артық кернеуден қорғаныс. Электр жабдығын 1 000 В жоғары жұмысшы кернеуі бар электр қондырғысындағы артық кернеулердің түгел түрінен қорғау үшін разрядниктер (6.5-сур.) және артық кернеуді шектеушілер (6.6-сур.) қолданылады.Тұрмыстық желіде (380/220 В) электр кернеуінің жоғарылатылған мәнінен қорғау үшін 6.7...6.10-суреттерінде келтірілген желілік сүзгіш, тұрақтандырғыш (стабилизатор), үздіксіз қуат көзі, кернеудің қорғаныстық релесі сияқты құрылғылар кең қолданылады. Бұдан басқа, 3 В бастап төмен вольттық тізбектердегі жоғарылатылған потенциалдан қорғау үшін варисторлар қолданылады (артық кернеудің жоғары вольттық шектеушісінің негізгі конструктивтік элементі).Табиғи артық кернеуден (разрядтаушылар мен АКШ басқасы) қорғанысты жлектр қондырғыларының ашық бөлігіне орнатылған арнайы жайтаратқыш қамтамасыз етеді (қосалқы станциялардың ашық таратушы құрылғысы); электр берудің жоғары вольттық желілерін қорғау үшін қорғалатын әуе желісінің түгел бойымен өтетін жадан қорғаушы арқансым қолданылады. Жайқорғанның негізгі элементтері. Жайқорған жалпы жағдайда келесі құрама бөліктерінен тұрады:                ток бұру және жайқабылдағыш;■потенциалдарды теңестіру жүйесі;■жерлендіру ққұрылғысы;■артық кернеуден қорғау құрылғысы. Жайқабылдағыш — негізгі найзағайдың түсуін өзіне қабылдайтын ғимараттың шатырына орнатылған өткізгіштер жиынтығы бар металлдан жасалған өзек. Ток бұру арнайы клеммалық қосылғыштардың көмегімен жайқабылдағышпен коммутацияланып, ғимарат қабырғаларына бекітілетін өткізгіштерден орындалады. Жайқорған және жерлендіру. Жайқорғанды жерлендіруші құрылғысы екі негізгі түрде болады: табиғи және жасанды. Жасанды жайпақ не домалақ өткізгіштерден әзірленеді, ал табиғи жерлендіруші деп тіпті ғимарат фундаментінің конструкиясына салынған металлды төселетінді айтуға болады. Потенциалдарды түзету жүйесі құбырлары, ғимарат конструкциясы немесе жеке бөлінген шинасы бар, жерлендіруге жататын барлық бөлшектерді білдіреді. Жайқорғанмен жұмыс істер алдында объектіге жіктеу жүргізіп, жайқорғанға жобау әзірлеу қажет. Жайқорған жобасында жүйе құрастырылатынбарлық материалдарды, атап айтқанда жайқорған қамтитын ғимараттың түгел бөліктерін, бұрыштарын көрсету және есепке алу керек. Мұнда сонымен қатар жайқорған төсеу әдістері де сипатталады.Сыртқы жайқорған (6.11-сур.) жайқабылдағыштан, ток бұрудан және жерлендіруден тұрады. Түгел электр жүктемесін өзіне қабылдайтын негізгі элемент жайқабылдағыгш болып табылады. Ол металл өзектерінен және болат арқандардан не болмаса тордан (өткізгіш есептегіштен) тұрады. Өзектік не арқандық жайқорған қорғалатын объектінің айналасында 15 м радиусында орнатылуы мүмкін.  Сүйемелдеуші сыртқы жайқорған ретінде жақында орналасқан ток өткізгіш құрылыстар болуы мүмкін. Сыртқы жайқорған функциясын сол не басқа дәрежеде атқара алатын құрылыстар мен олардың элементтерінің тізімі келтірілген:■ металл шатырлар – егер олардың қалыңдығы темір үшін 4 мм артық және мыс үшін 5 мм артық болса – тесіп күюден қорғау үшін шектеулер осындай болады;  ■0,5 мм кем жабын қалыңдығымен металл шатырлар, егер шатыр астындағы кеңістікте тез тұтанатын материалдар болмаса;■металлдан жасалған өзге конструктивтік шатыр элементтері (мысалы, фермалар);■металлдан жасалған ақпасу құбырлары, шатыр мен қасбет әрлемінің сәндік элементтері.Ішкі жайқорғанның міндеті (6.12-сур.) найзағайдан болған кернеудің қарғуынан үйдің электрондық жабдығыың сақтығын қамтамасыз етуге негізделген. Бұл жай түскеннен гөрі жиірек болады. Желідегі кернеудің қарғуы үйден бірнеше километрде түскен найзағайдың разряды шақыртуы мүмкін. Қорғаныс ретінде артық кернеудің разрядтаушылары (шектеушілері) пайдаланылады.Төмен вольттық және ақпараттық желілерде, сондай-ақ энергия қалыптастыыратын және электр тоғын өндіретін қондырғыларда импульстар тудыртатын бірқатар құбылыстар болады.Анағұрлым қауіп төндіретіндер:■жайдың тік түсуі;■жайдың тура жақын түсуі;■жайдың бірнеше километрде түсуі■коммутациялық артық кернеу. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫӨткізгіштердің оқшаулауының ескіру себептерін атаңыз.Оқшаулауды сынаудың өзіңізге мәлім әдістерін атаңыз.Артық кернеу дегеніміз не?Жайқорғанның негізгі құрама бөліктерін сипаттаңыз.  Әдебиеттер тізіміГригорьев В.И. Электриктің анықтамалық кітабы / В.И.Григорьев. — М. : Колос, 2004.Киреева Э.А. Электр энергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және автоматикасы / Э.А. Киреева, С.А.Цырук. — 2-бас. — М. : «Академия» басп.орталығы, 2013.Кноринг Г.М. Электр жарығын жобалауға арналған анықтама кітабы / Г. М.Кноринг. — М. : Энергия, 1976.Конюхова Е.А. Объектілерді электрмен жабдықтау / Е.А. Конюхова. — М. : «Академия» басп.орталығы, 2004.Липкин Б. Ю. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қондырғыларды электрмен жабдықтау / Б.Ю. Липкин. — М. : Жоғ.мект., 1990.Постников Н. П. Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау / Н. П. Постников. — Л. : Стройиздат. Ленингр. бөл, 1989.Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары РФ. — СПб. : ДЕАН, 2012.Электр қондырғыларын құру қағидалары — 7-бас. — М. : НЦ ЭНАС басылымы, 1999.Сибикин Ю.Д. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қондырғыларды электрмен жабдықтауды монтаждау, пайдалану және жөндеу / Ю. Д. Сибикин. — М. : Жоғ. мект., 2003.Сибикин Ю.Д. Өнеркәсіп кәсіпорындарының электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі анықтамалық / Ю.Д. Сибикин.— М. : Жоғ. мект., 2001.Сибикин Ю.Д. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қондырғыларды электрмен жабдықтауды / Ю.Д.Сибикин. — М. : Жоғ. мект., 2001.Умов П.А. Қалалық электрлік желілерге қызмет көрсету / П. А. Умов. — М. : Жоғ. мект., 1997.Шеховцов В.П. Электрмен жабдықтау схемаларын есептеу және жобалау / В.П.Шеховцов. — М. : Форум-Инфра М, 2007.Интернет-көздерhttp://forca. ra/knіgі/rzm/spravochnіk-po-naladke-vtorіchnyh-cepey-5. htmlhttp://www. askuer. ru/іnfo/specіalіstam. phphttp://electrіcalschool.іnfo.http://www. znaytovar. ru/gost/2/VSN_5988_Elektrooborudovanіe_z. html  МазмұныҚұрметті оқырман!КіріспеЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІК ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН АРНАЛЫМЫ ТРАНСФОРМАТОР НЕЙТРАЛЬДЕРІНІҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІ  Оқу басылымыБычков Александр ВитальевичӨнеркәсіптік және азаматтық ғимараттарда электр жабдығын монтаждау және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындауЕкі бөлімде1-бөлім. Өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың ішін электрмен жабдықтауОқулықРедакторы И. В. Мочалова, М.Абдуллаев Компьютерлік беттеу: Л. М. Беляева Түзетуші Г. Н. ПетроваБас. № 101116960. 27.05.2015 басуға қол қойылды. Форматы 60 х 90/16.«Балтика» гарнитурасы.Офсеттік қағаз. Офсеттік басып шығару. Шарт. бас. п. 16,0.Тиражы 1500 дана Тапсырыс №«Академия» баспа орталығы» ЖШҚ. www.academіa-moscow.ru129085, Мәске, Мир даңғ., 101В, 1 бет.Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. AE51. H 16679, 25.05.2015. Баспаныңэлектрондық тасымалдаушыларынан басылған. «Тверской полиграфический комбинат» ААҚ, 170024, Тверь қ., Ленин даңғ., 5.Телефон: (4822) 44-52-03, 44-50-34. Телефон/факс: (4822) 44-42-15.Home page — www.tverpk.ru Электрондық пошта (E-maіl) — sales@tverpk.ru

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙