Зигмунд Фрейд. Мен және ол
Зигмунд Фрейд
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Мәдени Мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары "Мәдени мұра"мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы: ...
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
МЕН ЖӘНЕ ОЛ
ЗИГМУНД ФРЕЙД
(Аударған Д. Сайранбаева)
Сана және бейсаналылық
Осы кіріспе үзіндіде мен қандай да бір жаңа нәрсе айтқалы отырған жоқпын және бұрын бірнеше рет айтылғанды қайталаудан бас тарта алмаймын. Психиканы саналы мен бейсаналыға бөлу психоанализдің негізгі алғышарты болып табылады, және тек сол ғана оған рухани өмірдегі жиі бақыланатын және өте маңызды патологиялық процесстерді түсіну және оларды ғылыми зерттеуге алуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, психоанализ саналылықты психикалылықтың мәні ретінде есептей алмайды, бірақ сананы оның басқа қасиеттеріне қосыла алатын немесе қосыла алмайтын психикалылықтың қасиеті ретінде қарастыруы тиіс. Егер мен бұл кітапты барлық психологияға қызығатын адамдар оқиды деп есептей алатын болсам, онда мен осы жерде-ақ оқырмандардың бір бөлігі тоқтап, ары қарай оқымайтындығына дайын болар едім, өйткені бұл жерде психоанализдің алғашқы шибболеті. Философиялық білімі бар адамдардың көпшілігі үшін бір мезгілде саналы болмайтын психикалылық идеясының түсініксіз болғандығы соншама, олар оны көпірме және қарапайым логикаға сәйкес емес деп түсінген. Мұның себебі, менің ойымша, олардың ешқашанда — патологиялық құбылыстардың бұкіл ауданы жайлы айтпағанда — осындай түсінуді талап ететін, осыған қатысты гипноз бен түс көрудің феномендерін зерттемегендіктен. Алайда олардың сана психологиясы түс көру мен гипноздың мәселелерін шешуге де қабілетсіз болып келеді. Саналы болу — бұл ең алдымен өте тікелей және сенімді қабылдауға сүйенетін таза бейнелік ұғым болып табылады. Ары қарай тәжірибе бізге, психикалық элементтің, мысалы елестетудің әдетте ұзақ уақыт бойы саналы болмайтындығын көрсетеді. Керісінше, оған саналанғандық күйінің тез етуі төн болып табылады; елес осы сәтте саналы, келесі мезетте ондай болмайды, бірақ әйгілі, оңай қол жеткізілетін жағдайларда қайтадан саналы бола алады. Аралық кезеңде оның қандай болғандығын — біз білмейміз; ол латентті болды деп айтуға болады, бұл жерде ол кез келген сәтте саналы болуға қабілетті болды деген мағынада айтылуда. Егер біз ол бейсаналы болды десек те, біз дұрыс бейнелеу бергендігіміз. Бұл бейсаналылық ондай жағдайда латентті немесе потенциалды саналыға сәйкес келеді. Шындығында, философтар бізге былай деп қарсы шығар еді: жоқ, "бейсаналы" ұғымы бұл жерде пайдаланыла алмайды; елес латентті күйде болғанда, ол мүлдем психикалық болған жоқ. Алайда егер біз осы жерде оларға қарсы шықсақ, онда сөздер жайлы мүлдем өнімсіз талас туғызар едік. Бейсаналылық ұғымына немесе түсінігіне біз басқа жолмен, рухани динамика үлкен рол атқаратын тәжірибені қайта өндеу жолымен келдік. Біз аса күшті рухани процесстердің немесе түсініктердің болатындығын білдік, яғни мойындауға мәжбүр болдық, _ бұл жерде ең алдымен, рухани өмір үшін барлық басқа түсініктер сияқты салдарларға, және шын мәнісінде өздері саналы болып табылмаса да түсініктер ретінде саналана алатын салдарларға да ие бола алатын бірнеше сандық, яғни экономикалық, сәттермен жұмыс істеуге тура келеді. Жиі айтылған нәрсе туралы жан-жақты қайталаудың қажеті жоқ. Былай деп айту жеткілікті: бұл жерде бұндай түсініктер саналы болмайтындығын, өйткені оларға әйгілі күш қарама-қарсы әрекет ететіндігін, онсыз олар саналы болатындығын, және сонда біз олардың қалған жалпы мойындалған психикалық элементтерден айырмашылықтарының аз екендігін көретіндігімізді пайымдаған психоанализдік теория басталады. Бұл теория, психоанализдік техникада оның көмегімен қарама-қарсы әрекет ететін күшті жоюға және сәйкес түсініктерді санаға дейін жеткізуге болатын құралдар басталғандығының арқасында жоққа шығарылмайтын болды. Олар саналанғанға дейін болған күйді біз ығыстыру деп, ал ығыстыруға алып келген және оны ұстап тұрушы күшті біз өзіміздің психоанализдік жұмысымыздың барысында қарсылық ретінде сараладық. Сонымен, біз бейсаналылық түсінігін ығыстыру туралы ілімнен аламыз. Ығыстырылғанды біз бейсаналылықтың типтік үлгісі ретінде қарастырамыз. Алайда біз бейсаналылықтың екі түрі бар екендігін көреміз: латентті, бірақ саналы болуға қабілетті, және өздігінен және ары қарайғысыз да саналы бола алмайтын ығыстырылған. Біздің психикалық динамикамен таныстығымыз номенклатура мен бейнелеуге әсер етеді. Динамикалық мағынада емес, тек бейнелік мағынада тана бейсаналы болып табылатын латентті бейсаналылықты біз сана алдылық деп атаймыз; "бейсаналылық" ұғымын біз тек ығыстырылған динамикалық бейсаналылыққа ғана қолданамыз; осылайша бізде енді, мағыналары тек таза бейнелік қана емес болып келетін, мынадай үш ұғым бар: "саналылық" (bw), "сана алдылық" (vbw) және "бейсаналылық" (ubw)2. Біз сана алдылықты (Vbw) бейсаналылыққа қарағанда саналылыққа (Bw) біршама жақын тур деп болжаймыз, ал бейсаналылықты (Ubw) біз психикалық деп атағандықтан, біз латентті сана алдылықты (Vbw) да осылай атаймыз. Сонымен, тек егер бейнелік мағынада бейсаналылықтың екі түрі, динамикалықта тек бір түрі ғана болатындығын естен шығарып алмасақ, біз өзіміздің үш ұғымымызбен: bw, vbw және ubw жақсы жол таба аламыз. Мазмұндама ерекше мақсаттарға талпынған кейбір жағдайларда осы айырмашылықтарды ескермеуге болады, ал басқа жағдайларда ол, әрине, міндетті түрде қажет. Ары қарайғы психоанализдік жұмыстың барысында, бұл айырмашылықтардың да жеткіліксіз, практикалық қанағаттанарлықсыз болатындығы анықталады. Осыған дәлел болатын бір қатар жағдайлардан шешушісін келтірейік. Біз өзімізге бір тұлғадағы рухани процесстерді байланыстық ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастырдық және оны осы тұлғаның Мәні ретінде белгілейміз. Бұл Мен санамен байланысты, ол қозғалысқа, яғни сыртқы әлемге қозуды жаттықтыруға, оятуға билік етеді. Бұл барлық жеке процесстерді бақылайтын, түнде ұйқыға кететін және сонда да түс көру цензурасына басшылық ететін рухани инстанция. Осы менен ығыстыру да шығады, оның көмегімен әйгілі рухани оянулар тек санадан ғана емес, сондай-ақ әсер етулер мен әрекеттердің басқа аудандарынан да жоюға беріледі. Осы ығыстыру жолымен жою талдауда өзін мен-ге қарама-қарсы қояды, және талдау Мен ығыстырылғанға жақындау талпыныстарына жасайтын қарсылықтарды жою міндетінің алдында тұрады. Талдау кезінде біз ауру адамның, егер оған әйгілі тапсырмалар берсе, қиналатындығын бақылаймыз; оның ассоциациялары, олар ығыстырылғандарға жақындауы тиіс болғанда тоқталады. Сонда біз оған, оның қарсылықтың билігінде екендігін айтамыз, бірақ ол өзі ол туралы ештеме білмейді, және тіпті ләззат алмау сезімінің негізінде ол онда қандай да бір қарсылықтың әрекет ететіндігін сезуі тиіс болғанда да ол оны не атай алмайды, не көрсете алмайды. Алайда қарсылық, сөзсіз, оның Мен-інен шығатын болғандықтан және соңғысына тән болғандықтан, біз күтпеген жағдайға кез боламыз. Біз Мен-нің өзінен бейсаналы және ығыстырылған сияқты көрінетін, яғни саната өтпестен күшті әсер ететін, және саналау үшін ерекше жұмыс талап етілетін нәрсені таптық. Егер тек көрінудің әдеттегі тәсілдерін ұстанғымыз келсе, мысалы егер невроз құбылысын сана мен бейсаналылықтың арасындағы шиеленіске алып келгіміз келсе, психоанализдік практика үшін осындай бақылаудың салдары, біздің шексіз көп қиындықтар мен бұлыңғырлықтарға кездесетіндігіміз болып табылады. Біздің рухани өмірдің құрылымдық қатынастары теориямызды негізге ала отырып, біз осындай қарама-қарсы қоюды басқасымен алмастыруымыз қажет, атап айтқанда байланысты Мен-ге одан босатылған ығыстырылғанды қарама-қарсы қоюымыз керек. Алайда біздің бейсаналылықты түсінуімізден алынған салдар әлі аз. Динамикамен таныстылық бірінші түзетуді енгізді, құрылымдық теория екіншісін енгізеді. Біз қорытындыға Ubw-ның ығыстырылғанға сәйкес келмейтіндігін келтіреміз; барлық ығыстырылғандар бейсаналы болатындығы дұрыс болып қалады, бірақ барлық бейсаналылар ығыстырылғандар емес. Тіпті Мен-нің бір бөлігі (қандай маңызды бөлік екендігін бір құдай біледі) бейсаналы болуы мүмкін және еш күмәнсіз сондай болып табылады. Және Мен-дегі осы бейсаналылық сана алдылық мағынасындағы латентті емес, басқаша айтқанда оны саналаусыз белсенді етуге болмайтын еді және саналаудың өзі осыншама қиындық көрсетпеген болар еді. Осылайша біз үшіншіні, ығыстырылмаған Ubw-ны мойындау қажеттігінің алдында тұрған кезде, бізге бейсаналылық қасиеті біз үшін өз мәнін жоғалтатындығын мойындауға тура келеді. Ол біз пайдаланғымыз келген кең және қиылыспайтын қорытындыларға мүмкіндік бермейтін көп мәнді қасиетке айналады. Сонда да оны пайдаланудан сақтанған жөн, өйткені соңында бейсаналылықтың немесе саналылықтың қасиеті терең психологияның тамұғындағы жалғыз жарық сәулесі болып табылады.
МЕН ЖӘНЕ ОЛ
Патологиялық ізденістер біздің қызығушылықтарымызды тек ығыстыру жағына аударды. Мен-нің өзі де өз мағынасында бейсаналы болуы мүмкін екендігі бізге мәлім болғаннан кейін, біз Мен туралы көбірек білуге тырыстық. Біздің зерттеулерімізде осы уақытқа дейін тек саналылықтың немесе бейсаналылықтың белгісі ғана жетекші жіп болып келді; соңында біз бұл белгінің қаншалықты көп мәнді бола алатындығына көз жеткіздік. Біздің барлық білімдеріміз үнемі санамен байланысты болып келеді. Тіпті бейсаналылықты біз тек оны саналыға айналдыру жолымен тана таба аламыз. Бірақ ол қандай жолмен мүмкін болады? Қандай да бір саналының артынан еру деген не? Ол қалай болуы мүмкін? Біз қай жерден бастау керек екендігін білеміз. Біз, сананың рухани аппараттың үстіңгі қабаты екендігін айтқан болатынбыз, яғни біз оны кеңістіктік тұрғыда бәрінен де сыртқы әлемге жақын қандай да бір жүйенің қызметі деп таптық. Тек қызмет мағынасында ғана емес, сондай-ақ бұл жолы анатомиялық бөлшектену мағынасында да ол кеңістіктік. Біздің зерттеуіміз сонымен қатар оны қабылдаушы үстіңгі қабаттан басталуы тиіс. Сырттан келген (сезімдік қабылдаулар), сонымен бірге біз түйсіктер мен сезімдер деп атайтын іштен келген барлық қабылдаулардың саналы екендігі айқын. Алайда, біз — біршама оғаш және жеткіліксіз түрде — ойлау процесстері деп атай алатын ішкі процесстер қалай болады? Аппараттың ішінде әйтеуір бір жерде өтетін бұл процесстер әрекетке алып баратын жолдағы рухани қуаттың қозғалысы ретінде сана пайда болатын үстіңгі қабатқа дейін жетеді ме? Немесе, керісінше, сана оларға дейін жетеді ме? Егер біздің шын мәнісінде рухани өмірдің кеңістіктік, топ алық түсініктерімен операциялар жасағымыз келсе, бұл жерде біздің алдымызда тұрған қиындықтардың бірінің жасырынып жатқандығын байқай аламыз. Екі мүмкіндік те бірдей ойға сыймайды, бізге басқа үшіншісін іздеуге тура келеді. Басқа жерде мен, бейсаналы және сана алды түсініктерінің арасындағы шын мәнісіндегі айырмашылық, біріншісінің белгісіз болып қалатын (танылмаған) материалдың көмегімен жасалатындығында, ал екіншісінің (vbw) сөздердің түсініктерімен байланысатындығында екендігін атап көрсеткен болатынмын. Бұл жерде Vbw және Ubw жүйелері үшін олардың санаға деген қатынастарының белгісінен айрықша белгілерді беруге алғашқы талпыныс жасалды. "Қандай да бір нәрсе қандай жолмен саналы болады?" — деген сұрақты мынадай формаға: "Қандай да бір нәрсе қандай жолмен сана алдылық болады?" жеңілдету дұрыс болар еді. Онда жауап мынадай болған болар еді: "Сөздердің сәйкес сөздік түсініктерімен біріктіру арқылы". Егер қандай да бір бейсаналының сана алдыға айналуының жолы дәл осындай болса, онда: "Біз ығыстырылғанды қалайша (сана алды) саналы етеміз?" деген сұраққа былай жауап беру қажет: "Анализдік жұмыстың көмегімен аталған бейсаналы жанамалаушы бөлімдерді жасай отырып". Сана өз орнында қалады, бірақ бейсаналы да саналының дәрежесіне дейін көтерілмейді. Сыртқы қабылдаудың Мен-ге деген қатынасы айқын болған кезде, ішкі қабылдаудың Мен-ге деген қатынасы ерекше зерттеуді талап етеді. Осы жерден тағыда бір рет, барлық саналылар қабылдаудың үстіртін жүйесімен - санамен байланысты деген (W - Bw) пайымдаудың дұрыстығына күмән туындайды. Ішкі қабылдау әр түрлі, сондай-ақ сөзсіз рухани аппараттың терең қабаттарында болып жатқан процесстерді түйсінуді береді. Олар аса танымал емес, және бір қатар ләззаттанулар — ләззаттанбаулар олардың жақсы үлгілері болып табылады. Олар сырттан пайда болатын түйсіктерге қарағанда, алғашқы, элементарлы, және сананың тұманданған кезінде де пайда бола алады. Олардың үлкен экономикалық мәндері туралы және сол мәндердің метапсихологиялық негіздемелері жайлы мен басқа жерде айтқан болатынмын. Бұл түйсіктер әр түрлі жерлерде локализацияланған, сыртқы қабылдаулар сияқты олардың бір мезгілде әр түрлі қырлардан ағуы және бұнда әр түрлі, тіпті қарама-қайшы қасиеттерге ие болуы мүмкін. Түйсіктер мен сезімдер де W жүйесіне қатысты болудың арқасында ғана саналы бола бастайды, егер оған алып баратын жол бекітілген болса, олар түйсіктер түрінде іске аспайды. Бейсаналы түсініктермен аналогия жеткілікті дәлелденбеген болса да, осы аналогияларды ұстана отырып бейсаналы түйсіктер туралы біз қысқа, бірақ аса дұрыс емес айтамыз. Айырмашылық санаға дейін жеткізу үшін алдымен көмекші бөліктерді жасау қажет екендігінде, ал санада тікелей өтіп жатқан түйсіктер үшін бұндай қажеттілік керек емес екендігінде. Басқаша айтқанда, bw мен vbw арасындағы айырмашылық түйсік үшін мағынасыз, өйткені vbw бұл жерде шетке шығарылады: түйсік не саналы, не бейсаналы болады. Тіпті, түйсіктер сөздердің түсініктерімен байланыстырылған жағдайда да олардың саналануы соңғылармен шарттанбаған: олар тікелей түрде саналыға айналады. Сөздердің рөлі енді мүлде айқын болып келеді. Олардың көмегі арқылы ішкі процесстер ойлар қабылдауға айналады. Осылайша, мынадай жағдай дәлелденеді: кез келген білім сыртқы қабылдаудан пайда болады. Ойлау "толып кеткен" (Uberbesetzung) кезде ойлар шын мәнісінде сырттан қабылданады және сондықтан ақиқат болып есептелінеді. Сыртқы және ішкі қабылдаулар мен үстіртін жүйенің (W — Bw) өзара қатынастарын түсіндіре отырып, біз өзіміздің Мен туралы түсініктерімізді құра бастауымызға болады. Біз оның өз ядро-орталығы секілді W қабылдау жүйесінен шығып келе жатқандығын, және ең алдымен еске алулардың іздерімен бірігетін Vbw-ны қоршаған күйде көреміз. Алайда, біз көргеніміздей, Мен де бейсаналы болады. Мен бұл жерде, өзінің жеке пайымдауларының көмегімен, жоғарғы және қатаң ғылымға еш қатысы жоқ деп бекерге жұртты сендіруге тырысып жүрген бір автордың ұсынысымен жүруді өте мақсатқа бағытталған дұрыс деп есептеймін. Мен біз өзіміздің Меніміз деп атайтын бір нәрсенің өмірде көбінесе пассивті көрінетіндігін, белгісіз және бізге көнбейтін күштер біздің, оның айтуынша, "сөлімізді алатындығын" шаршамастан қайталайтын Г. Гродцек жайлы айтып отырмын. Біздің барлығымыз да осындай әсерлерді бастан өткердік, олар басқалардың барлығын жойып тастайтындай бізді билеп алмаса да біз оны көрдік, және мен Гродцектің көзқарастарына тылымда тиесілі орын беру қажет екендігін ашық айтамын. Мен осы көзқарастарды ескеруді және W жүйесінен шығатын және басында сана алды болған мәнді Мен атымен атауды, ал бұл мән енетін және бейсаналы болып табылатын психикалықтың басқа аудандарын, Гроддек секілді, Ол сөзімен белгілеуді ұсынамын. Біз жақында, осындай түсінуден бейнелеу мен түсіндіру үшін қандай да бір пайда көруге болатын болмайтындығын көреміз. Ұсынылып отырған теорияға сәйкес индивидуум бізге, үстіңгі қабатында ядро ретінде W жүйесінен пайда болған Мен жатқан, танылмаған және бейсаналы Ол ретінде түсіндіріледі. Графиктік суреттелу беру үшін, Мен-нің Ол-ды толығымен қамтымайтындығын, тек W жүйесінің оның үстіңгі қабатын қалыптастыру шамасы бойынша ғана үстін жабатындығын, яғни ұрықтық дискі жұмыртқада орналасқан сияқты оған қатысты орналасқандығын қосуға болады. Мен мен Ол айқын шекпен бөлінбеген, және соңғысымен Мен төменде қосылады. Бірақ ығыстырылған да Ол-мен осылай қосылады және ол оның тек бөлігі ғана. Ығыстырылған ығыстыру қарсылықтарының арқасында тек Мен-нен тана қатаң жекеленген; Ол-ның көмегімен оған Мен-мен бірігу мүмкіндігі ашылады. Сонымен, берілген патологиялардың негізінде біз бейнелеуге тырысқан шектеулердің барлығы дерлік тек біз мәлім жалғыз рухани аппараттың үстіңгі қабаттарына тана жататындығы айқын. Бұл қатынастарды суреттеу үшін, тек көрнекілік қана болатын және қандай да бір талқылауға келмейтін сурет, сызықтарды келтіруге болар еді. Анатомиктердің мойындауы бойынша Мен-нің тек бір жатында тана "есту қалпағы" бар екендігін қосуға болады. Ол отан аташқа ілінгендей кигізілген. Мен-ді тек сыртқы әлемнің және W — Bw көмегінің тікелей әсерінен өзгерген Ол-дың бір бөлігі екендігіне, үстіңгі қабаттың дифференциациясының өзінше жалғасы екендігіне көз жеткізу киын емес. Сонымен қатар, Мен сыртқы әлемнің Ол-ға әсеріне және осы әлемнің тенденцияларын іске асыруға көмектесуге тырысады, ол Ол-да реалдылық ұстанымымен бөлінбестен басшылық ететін ләззат алу ұстанымының орнын басуға талпынады. Ол үшін құмарлық қандай болса, Мен үшін қабылдау да сондай мәнге ие. Мен, құрамында құмарлық бар Ол-ға қарама-қайшы, ақыл және пайымдаулық деп атауға болатынды әсірелейді. Бұның барлығы жалпыға мәлім және әйгілі шектеулерге сәйкес келеді, алайда тек бірнеше орташа — немесе идеалда дұрыс — жағдай үшін тана дұрыс болып есептеле алады. Мен-ніц үлкен функционалды мәні, қалыпты жағдайларда оған қозғалысқа оятуды билеу берілген екендігінде көрінеді. Ол-ға қатысты Мен аттың басым күшін жүгендеуі тиіс атбегіге ұқсайды, айырмашылығы тек атбегі оны өз күштерімен жасауға тырысатындығында, ал Мен басқадан алған күштермен жасауға тырысатындығында. Бұл салыстыруды жалғастыра беруге болады. Атбегі аттан ажырағысы келмеген кезде оны ол барғысы келген жерлерге ғана алып баруға тура келетіндігі сияқты, Мен де әрекеттегі Ол-дың кәдімгі еркіне айналады, бұл оның өз еркі болған тәрізді. Тек W жүйесінің әсерінен тана емес, сонымен қатар басқа сәттің де әрекетінен Мен Ол-дан қалыптасады және жекеленеді. Өзіндік дене, және ең алдымен оның үстіңгі қабаты бір мезгілде сыртқы да, ішкі де қабылдаулар шыға алатын орын болып табылады. Көру арқылы дене басқа объекті ретінде қабылданады, бірақ иіс сезуге ол екі жақты түйсік береді, олардың бірі ішкі қабылдауға өте қатты ұқсайды. Психофизиологияда өзіндік дененің қабылдау әлемінен қалай жіктелетіндігі жан-жақты бейнеленген болатын. Ауруды сезу де бұл жерде бірнеше рол атқаратын көрінеді, ал қатты ауруларда адам өз мүшелері туралы жаңа білімдер алатын тәсіл, өз денесі туралы түсінік қалай қалыптасатындығының типтік тәсілі болып табылуы мүмкін. Мен ең алдымен денелік, ол тек үстіртін нәрсе ғана емес, сонымен бірге тіпті бірнеше үстіңгі қабаттардың проекциясы болып табылады. Егер анатомиялық аналогия іздесек, оны бәрінен де ми қыртысында басы төмен қарап орналасқан, аяқтарын көкке көтерген, арт жаққа қараған, ал мәлім болғанында сол жағында сөйлеу аймағы орналасқан анатомдардың "ми адамына" ұқсатуға болады. Мен-нің санаға қатынасы жиі талқыланған, алайда бұл жерде бірнеше маңызды фактілерді қайтадан бейнелеу қажет. Біз барлық жерде әлеуметтік немесе этикалық баға беруге үйреніп кеткенбіз, және сондықтан төменгі құмарлықтардың ойындары бейсаналыда өтетіндігі бізді таңдандырмайды, бірақ біз алдын-ала рухани қызметтер санаға дейін неғұрлым оңай жетсе, олардың көрсетілген бағасы да соғұрлым жоғары болатындығына сенімдіміз. Алайда психоанализдік тәжірибе біздің үміттерімізді ақтамайды. Бір жағынан, бізде әдетте қысымдық ойлануды талап ететін тіпті жіңішке және қиын интеллектуалды жұмыс та бейсаналы, санаға жетпестен орындалуы мүмкін екендігінің дәлелі бар. Бұндай жағдайлар мүлдем талассыз, олар, мысалы, түс көру күйінде өтеді және адам оянғаннан кейін ол кеше нәтижесіз ойланған қиын математикалық немесе басқа тапсырмалардың шешімін табатындығында көрінеді. Алайда басқа фактімен танысу одан да үлкен қарсылық туғызады. Біздің талдауларымыздан біз, өзіндік сыны мен ұяты, яғни сөзсіз жоғары құнды рухани көрінулері бейсаналы болатын және осындай болып қала отырып маңызды қылықтарды шарттандыратын адамдардың болатындығын білеміз; талдаудағы қарсылық бейсаналы болып қалады деген жағдай, сонымен бұндай түрдегі жалғыз жағдай болып табылмайды. Өте мұқият сынға қарамастан, бейсаналы өзіндік кінәлау сезімі болып есептелудің қажеттігіне алып келетін жаңа бақылау бізді одан да қатты қарсы шығарады — әсіресе егер біз бейсаналы өзіндік кінәлау сезімі көптеген невроздарда экономикалық шешуші рол атқарады және сауығуға күшті кедергі жасайды деген пайымдауға жиі-жиі келетін болсақ, жаңа жұмбақтар жасыратын факті болады. Біздің бағалау шкаламызға қайтадан орала отырып біз мынаны айтуымыз қажет: Мен-дегі тек біршама терең тана емес, сонымен қатар біршама жоғары да нәрселер бейсаналы болуы мүмкін. Сонымен, бізге бұрын саналы Мен туралы айтылғандар, атап айтқанда — ол ең алдымен "денелік Мен" екендігі көрсетілді.
ІІІ
МЕН ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ МЕН (МЕН - MҰPAT)
Егер Мен қабылдау жүйесінің әсерімен анықталатын Ол-дың тек бір бөлігі ғана, рухани аудандағы реалды сыртқы әлемнің тек өкілі ғана болса барлығы да оңай болған болар еді. Алайда бутан тағы да бір нәрсе қосылады. Басқа жерлерде Мен-дегі бірнеше инстанциялардың, Мен — мұрат немесе жоғарғы-Мен деп атауға болатын Мен-нің ішіндегі дифференциацияның бар екендігін ұсынуға бізді итермелеген мотивтер түсіндірілген болатын мотивтер толығымен біркелкі Мен-нің санамен соншалықты берік байланысты емес екендігі түсіндіруді талап ететін күтпеген жағдай болып табылады. Бізге біршама алыстан бастауға тура келеді. Мен-де жоғалған объекті қайта қалпына келтірілгендігі, яғни объектіге " Деген бауыр басудың (Objektbesetzung) идентификациямен алмасуы өткендігі туралы болжамның арқасында меланхоликтің қатты қиналуларын айқындауға мүмкіндік туды. Алайда, сол кезде біз әлі осы процесстің бүкіл мәнін түсінген жоқпыз және оның қаншалықты берік екендігі мен қаншалықты жиі қайталанатындығын білген жоқпыз. Содан бері біз былай дейміз: бұндай алмасу Мен-нің білім алуында үлкен рөл атқарады, сонымен қатар біз өз мінезіміз деп атайтын нәрсені қалыптастыруда мәнді болып табылады. Алғашында индивидтің примитивті оральды фазасында объектіні меңгеруді идентификациядан ажырату қиын болған. Кейіннен объектіні меңгеру тілегі қажеттілік ретіндегі эротикалық талпынысты түйсінетін Ол-дан шығады деп болжам жасауға болады. Басында әлжуаз болған Мен объектіге жақындықтан білімдер алады, онымен қанағаттанады немесе оны ығыстыру жолымен жоюға тырысады. Егер біз сексуалды объектіні қажетсінсек немесе бізге одан бас тартуға мәжбүр болсақ, меланхолия жағдайындағы сияқты, объектіні Мен-ге енгізу ретінде бейнелеу қажет болып табылатын, Мен-нің өзгеруі басталады; бұл орын басудың жақын мандаты қыр-сырлары бізге әлі мәлім емес. Оральды фазаның механизміне регрессия болып табылатын осындай интроекцияның (салу) көмегімен Мен объектіден бас тартуды жеңілдетуі немесе мүмкін етуі болады. Бұл теңестіруде Ол өз объектілерінен бас тартатын шарт болуы мүмкін. Бұл процесс дамудың ерте кезеңдерінде әсіресе өте жиі байқалады; ол бізге, Мен-нің мінезі объектіге деген жоққа шығарылған жақындықтардың қалдығы болып табылатындығын, оның құрамында осы объектіні таңдаулардың тарихы бар екендігін болжауға мүмкіндік береді. Тұлғаның мінезі жоққа шығарылатын болғандықтан немесе бұл әсерлерді объектіні эротикалық таңдаулар тарихынан алып шығатын болғандықтан, қарсы тұрудың бүтіндей шкаласын алдыға шығаруы міндетті нәрсе. Үлкен махаббаттық тәжірибесі бар әйел адамдардың мінездік қырларынан олардың объектіге жақындықтарының жаңғырығын табу оңай болып табылады деп ойлаймыз. Бір мезгілдегі объектіге жақындық пен идентификация жағдайларын, яғни объектіден бас тарту болмай тұрып мінездің өзгерулерін ескеру қажет. Бұл жағдайда мінездің өзгеруі, объектіге қатынасқа, және тіпті бұл қатынасты консервациялауға қарағанда, біршама ұзақ болады. Мен-нің өзгеруіндегі объектіні эротикалық таңдаудың осындай ауысуы Мен Олды меңгеру мүмкіндігін алатын және оған деген өз қатынастарын тереңдететін жол болып табылатындығын, шын мәнісінде ол оның бастан өткерулеріне мәнді жол берулердің болуынан өтетіндігін көрсететін құбылысқа басқа бағыт бар. Объектінің қырларын қабылдай отырып, Мен Олды махаббаттық объекті ретінде өз-өзіне жабыстырады, оған: "Қарашы, сен мені де сүйе аласың ғой - мен объектіге сондай ұқсаймын", деген сөздермен қарай отырып оның шығынының орнын толтыруға тырысады. Бұл жағдайда болып жатқан объекті-либидоның нарцисттік либидоға ауысуы өзінің артынан сексуалды мақсаттардан бас тартуды, әйгілі десексуализацияны ертіп келеді, ол сублимацияға айнала бастайды. Осы жерде зейін салып қарастыруға тұрарлық сұрақ туындайды, ол: бұл сублимацияға алып баратын кәдімгі жол емес пе, кез келген сублимация кейіннен оған мүлдем басқа мақсат қою үшін алғашында сексуалды объекті-либидоны нарцисттік либидоға айналдыратын Мен-нің араласуының арқасында өтпей ме. Өзі өзімен бірге салдарлар ретінде құмарлықтардың басқа да өзгерістерін алып келуі мүмкін бе, ол, мысалы, бір-біріне біріккен әр түрлі құмарлықтардың бөлшектенуіне алып келуі мүмкін бе? Бұл сұраққа біз алда әлі ораламыз. Біз өз мақсатымыздан ауытқысақ та, алайда біздің назарымызды Мен-нің объектілік идентификацияларына біраз уақыт тоқтату қажет. Егер осындайлар көбейсе, өте көп, аса күшті және бір-біріне сәйкес емес болса, онда олар патологиялық нәтижеге оңай алып келе алады. Іс Мен-нің бөлшектенуіне дейін жетуі мүмкін, өйткені жеке идентификациялар қарама-қайшылықтың арқасында бір-бірінен шеттетіледі және "көптік тұлға" деп аталатын жағдайлар жұмбағы жеке идентификациялар кезек-кезек санаға ие болатындығында болады. Егер тіпті іс осылайша ұзаққа бармаса да, сонда да Мен орналасатын әр түрлі идентификациялардың арасындағы шиеленістер, соңында үнемі патологиялық деп атала бермейтін шиеленістер үшін негіз болады. Мінездің объектіге деген жоққа шығарылған жақындықтарының әсеріне қатысты ары қарайғы қарсы тұруы қалай бекітілсе де, идентификацияның өте ерте жасында орын алған алғашқылардың әрекеті кең әрі тұрақты болады. Бұл жағдай бізді Мен - мұраттан пайда болған сәтіне қайта оралуға мәжбүр етеді, өйткені соңғысының артында индивидуумның ең маңызды идентификациясы жасырынып тұрады, атап айтқанда - тұлғаның даму тарихының ең ерте кезеңіндегі әкесімен идентификация тұрады. Бұндай идентификация объектіге деген жақындықтың салдары немесе нәтижесі емес көрінеді; ол тура, тікелей және объектіге деген қандай болмасын жақындыққа қарағанда біршама ерте болып табылады. Бірақ алғашқы сексуалды кезеңге қатысты және еке мен анаға байланысты объектіні таңдау бекітудің қалыпты жағдайларында осындай идентификацияға алып келетін көрінеді және осылайша алғашқы идентификацияны күшейтеді. Сонда да, бұл қатынастардың күрделілігі соншалықты, оларды жан-жақты бейнелеу қажеттігі пайда болады. Бұл күрделілікті шарттандыратын екі сен болады: Эдиптік қатынастың үшбұрыштық орналасуы және басынан бастап болатын индивидтің бисексуалдылығы. Еркек жынысты бала үшін жеңілдетілген жағдай келесідей құрылады: балада өте ерте кезде, анасының емшегінен өз бастауын алатын және сүйеніш типі бойынша объектіні таңдаудың үлгілі мысалы болатын, анасына қатысты объектілік жақындық байқалады (Anlehnungstypus); бала әкесімен идентификацияланады. Екі қатынас та, анаға деген сексуалды құштарлықтардың күшеюі және әке бұндай құштарлықтар үшін кедергі болып табылатындығын саналау Эдип комплексі туындатқанға дейін, бірнеше уақыт бойы параллель жүреді. Бұдан кейін әкемен идентификация қастық бояуға боялады және әкесін жолдан алып тастау және анасында оны өзімен алмастыру тілегіне айналады. Осыдан бастап әкеге деген қатынас амбивалентті болады, басында идентификацияда болған амбиваленттілік айқын болған секілді әсер туындайды. Әкеге қатысты "Амбивалентті бағдар" және анаға деген тек нәзік объектілік құштарлық бала үшін қарапайым, жағымды
Эдип комплексінің құрамын құрайды.
Эдип комплексін жойғанда анаға деген объектілік жақындықтан бас тарту қажет. Оның орнына екі нәрсе пайда болуы мүмкін: не анамен идентификация, не әкемен идентификацияның күшеюі. Біз соңғысын біршама қалыпты жағдай ретінде қарастырамыз, ол анаға деген нәзік қатынасты мәлім шамада сақтауға мүмкіндік береді. Эдип комплексі жойылуының арқасында бала мінезінің ержүректігі бекіген болар еді. Кішкене қыздың Эдип бағдары дәл осындай жолмен баланың нәзік мінезін беріктететін оның анасымен идентификациясының (немесе осындай пайда болғанда) күшеюіне алып келуі мүмкін. Бұл идентификациялар біздің күткендерімізге сәйкес келмейді, өйткені олар қалдырылған объектіні Мен-ге енгізбейді; алайда осылай болуы да мүмкін, бұл жерде ұл балаларға қарағанда қыз балалардан оны бақылау оңай болады. Талдауда, кішкене қыз балаға махаббат объектісі ретіндегі әкесінен бас тартуға тура келгеннен кейін ержүректік танытатын және өзін анасымен емес, әкесімен, яғни жоғалтылған объектімен идентификациялайтын жағдаймен өте жиі кездесуге тура келеді. Бұл жерде барлығы оның ер адамдық нышандарының неден тұрса да жеткілікті күштілігіне тәуелді болатындығы айқын. Сонымен, Эдиптік жағдайдың әкемен немесе анасымен идентификацияға ауысуы екі жыныста да белгілі бір жыныс нышандарының қатынастық күшіне тәуелді болады. Бұл — бисексуалдылықтың Эдип кешенінің тұмырына араласатын бірінші тәсілі. Екінші тәсіл одан да маңызды. Шын мәнісінде, қарапайым Эдип кешені мүлдем біршама жиі болатын жағдай еместігі, жеткілікті жиі практикалық іске асырылатын бірнеше жеңілдетуге немесе схематизацияға сәйкес келетіндігі секілді әсер туындайды. Көп жағдайда біршама жан-жақты зерттеу, баланың басындағы бисексуалдылығына тәуелді екі жақты, жатымды және жағымсыз болатын, яғни ұл бала әкесіне амбивалентті қатынаста болып және өзінің нәзік объектілік таңдауын анасына тоқтатып қана қоймайтын, сондай-ақ ол бірмезгілде өзін қыз бала сияқты ұстайтын, әкесіне нәзік қатынас және осыған сәйкес анасына қызғаныштық-қастық қатынас көрсететін, біршама толық Эдип кешені айқындайды. Бисексуалдылықтың бұл басып кіруі объектіні алғашқы таңдаулар мен идентификациялар арасындағы қатынастарды талдауды өте қиындатады және олардың түсінікті бейнеленуін аса күрделендіреді. Ата-аналарға қатысты қалыптастырылған амбиваленттілік, мен жоғарыда айтқандай, бақталастық салдарындағы идентификациядан емес, толығымен бисексуалдылықтың есебіне жатқызылуы тиіс болуы мүмкін. Менің ойымша, егер біз толық Эдип кешенінің барлық адамдарда болатындығын, ал невротиктерде ерекше түрде болатындығын айтатын болсақ, қателеспейтін шытармыз. Одан кейінгі талдау тәжірибесінен, мәлім жағдайларда осы комплекстің белгілі бір құрамдас бөлігі әрі байқалатын із Қалдыра отырып жоғалатындығын көрсетеді, сонымен бір шетінде жағымды комплекс, екінші шетінде - кері, жағымсыз комплекс тұратын қатар жасалады, ал ортаңғы бөліктер екі компоненттер де біркелкі емес қатысатын толық форманы бейнелейді. Эдип кешені жойылғанда оның құрамындағы торт құмарлық, олардан әкемен бір идентификация және анасымен бір идентификация алынатындай жолмен сәйкестенеді, бұл жерде әкемен идентификация жағымды комплекстің ана-объектісін ұстап тұрады және бір мезгілде кері комплекстің әке-объектісінің орнын басады; осыған ұқсас құбылыстар анамен идентификацияда да орын алады. Екі идентификациялардың да көрінулерінің әр түрлі күштерінде екі жыныстық нышанның да теңсіздігі көрінеді. Осылайша, Эдип кешенінің басым болуымен сипатталатын сексуалды фазаның нәтижесінде Мен-де аталған, бір-бірімен қалай да сәйкестенетін екі идентификациялардың құрылуынан тұратын қалдық қалатындығы туралы ой айтуға болады. Мен-нің бұл өзгеруі ерекше жағдайды сақтайды: ол Мен-мұрат немесе жоғарғы-Мен ретіндегі Мен-нің басқа мазмұнына қарама-қайшы тұрады. Бірақ, жоғарғы-Мен Ол жасайтын алғашқы объектіні таңдаулардың жай тана қалдығы емес, отан сондай-ақ оларға қатысты қуатты реактивті қалыптасудың мәні төн. Оның Мен-ге қатынасы "сен осындай (әкең сияқты) болуың керек" деген талаппен жоққа шығарылмайды, ол тағы мынадай тыйым салуды білдіреді: "Сен бұндай (әкең сияқты) бола алмайсың, яғни әке жасайтындардың барлығын сенің жасауға қақың жоқ; кейбір қылықтар оның құқығы болып қалады". Мен«-идеалдың бұл екі жақтылығы, жоғарғы-Мен-нің Эдип комплексін ығыстыруға талпынғандығы фактісімен шарттанған, сонымен бірге — ол тек осы қатаң өзгерістің арқасында туындай алады. Эдип комплексін ығыстыру қиын міндет болды. Ата-аналар, әсіресе әке, Эдиптік құмарлықтарды іске асырудағы кедергі ретінде саналанатын болғандықтан, инфантильді Мен өз-өзінде сол кедергіні жасау жолымен осы ығыстыруды іске асыру үшін күш жинақтады. Ол бұл күштерді әкесінен алады, және бұндай алу акті, жоғарғы деңгейдегі салдар болып табылады. Жоғарғы-Мен әкесінің мінезін сақтайды, Эдип комплексі неғұрлым күшті болса, оның ығыстыруы (беделді адамның, діннің, білім мен оқудың әсерінен) неғұрлым талпынысты болса, жоғарғы-Мен-нің салдарлары ұят ретінде, мүмкін бейсаналы өзін кінәлау сезімі ретінде соғұрлым қатал Мен-ге билік жүргізеді. Осындай билік жүргізу үшін күш қайдан алынады, категориялық императи формасын қабылдайтын мәжбүрлеуші сипат қайдан алынады - бұлар жайында мен өз ойларымды алда айтатын боламын. Қазір ғана бейнеленген жоғарғы-Мен-нің пайда болуына зейінімізді тағы да бір тоқтатып, біз одан екі аса маңызды биологиялық факторлардың нәтижесін көреміз: жалғасымды балалық қорғансыздық және адамның тәуелділігі мен онда, біз тіпті латентті кезең жасайтын либидо дамуының үзілісіне, яғни жыныстық өмірдің екі еселік бастауына алып келген Эдип комплексінің болуы. Бұл соңғы жағдай арнайы адамзаттық ерекшелік болып табылады және психоанализдік болжамға сәйкес мәдени дамуға мұз дәуірі күштеп туындатқан итермелеудің қалдырған ізін құрайды. Осылайша, жоғарғы-Мен-нің Мен-нен бөлініп шығуы кездейсоқ емес, ол индивидуалды да, туыстық дамудың маңызды қырларын және тіпті одан да жоғарыларын бейнелейді: ата-аналық әсерге ұзақ айтуды хабарлай отырып, ол өзі солардың арқасында шыққан факторлардың болуын ұлғайтады. Көп рет психоанализді, ол адамдағы жоғарғы, моральды, жекеден жоғары жағдайлармен айналыспайтындығы үшін кінәлаған. Бұл кінәлау екі есе әділетсіз - тарихи және әдіснамалық жатынан. Тарихи — себебі психоанализ ең басынан бастап Мен-дегі моральды және эстетикалық тенденцияларға ығыстыруға деген талпынысты жазған, ал әдістемелік — психоанализдік зерттеудің философиялық жүйе секілді өз жағдайларының аяқталған сілтемелерімен шыта алмағандығын, бірақ бірте-бірте қалыпты да, аномальды да құбылыстарды талдаулық бөлшектеу жолымен күрделі рухани өмірді түсінуге дейін жетуге тиіс болғандығын түсінгісі келмегендіктің салдары. Бізге адамдағы жоғарғы жағдайлардың сақталуына мазаланудың қажеті болған жоқ, өйткені біз өз алдымызға жақында рухани өмірдегі ығыстырылғанды зерттеумен айналысу міндетін қойған болатынбыз. Енді, біз Мен-ді талдауға баруға бел буғанда, біз өзінің әдептік санасына таң қала отырып, адамда қандай да бір жоғарғы жағдай болуы қажет қой деп шешкендердің барлығына былай деп жауап береміз: "Ол міндетті түрде болуы қажет, бірақ Мен- мұрат немесе, жоғарғы-Мен, біздің ата-аналарымызға қатынастарымызды көрсету жоғарғы жағдай болып табылады. Біз кішкене бала болған кезде осы жоғарғы нәрселерді білдік, оларға таңдандық және олардың алдында қорықтық, осының салдарынан біз оларды өз-өзімізде қабылдадық". Сонымен, Мен-мұрат Эдип комплексінің мұрасы және Ол-дың ең күшті қозғалыстарының және оның либидосының ең маңызды соттарының көрінуі болып табылады. Осы идеалды қоя отырып, Мен Эдип комплексін меңгерді және бір мезгілде Ол-ға бағынышты болды. Мен сыртқы әлемнің, реалдылықтың ғана өкілі болып табылады, ал жоғарғы-Мен ішкі әлемнің, немесе Ол-дың сенгені ретінде қарсы шығады. Біз енді Мен және Мен-мұраттың арасындағы шиеленістер соңында реалды және психикалық, сыртқы және ішкі әлемдердің қарама-қайшылықтарын бейнелейтіндігіне дайынбыз. Биология мен адамзат баласының ғұмырлары Ол-да жасаған және онда бекіткендердің барлығы — Мен-де мұраттың қалыптасуы формасында шығады және ол оны қайтадан индивидуалды бастан өткереді. Мен-мұраттың қалыптасу тарихының салдарынан онда индивидуумның филогенетикалық жетістігімен, архаикалық мұрасымен тығыз байланыс болады. Индивидуалды рухани өмірде терең қабаттарға тән болған нәрсе Мен-мұраттың қалыптасуының арқасында біздің бағалауымыздың мағынасында адам жанының ең жоғарғы жетістігі болады. Алайда Мен-мұратты жоқ дегенде тек Мен-нің үлгісі бойынша локализациялауға талпыну, немесе оны біз оның көмегімен Мен және Олдың қатынасын көрнекі бейнелеуге тырысқан салыстырулардың біріне келтіру дұрыс болар еді. Мен-мұраттың адамдағы жоғарғы бастауларға қойылатын барлық талаптарға сәйкес келетіндігін көрсету оңай. Әкесіне деген құмарлықтың орынбасары ретінде онда барлық діндер пайда болған дән бар. Мен-ді өзінің идеалымен салыстырғандағы өзіндік жеткіліксіздік туралы пайымдау қатты сенуші сүйенетін мойындаған діни түйсінуді туындатады. Дамудың ары қарайғы барысында әкенің рөлі мұғалімдерге және беделді адамдарға ауысады; олардың жалбарынулары мен тыйым салулары, ұят ретінде моральды цензураны іске асыра отырып Мен-мұратта өз күшін сақтайды. Ұят талаптары мен Мен әрекеттерінің арасындағы келіспеушілік өзін-өзі кінәлау сезімі ретінде түйсініледі. Әлеуметтік сезімдер біркелкі Мен-мұраттың негізінде басқа адамдармен идентификациялауда жиналады.
Түсініктемелер
1. Осы сөз жайында Ф.А Брокгауз бен И.А. Ефроннан мынадай мәліметтерді оқуға болады: "Шибболет (еур. "колос", Соттар кітабы, XІІ, 6). Осы сөзді айту бойынша галадалық тұрғындар Иеффада ефремляндықтармен соғыс кезінде ефремляндықтарды олар Иордан арқылы өткен кезде танып, оларды өлтірген. Ефремляндықтар бұл сөзді "сибболет" деп айтатын болған: бұл олардың диалектісінің ерекшелігі болған" (ФА. Брокгауз бен И.А. Ефронның Энциклопедиялық сөздігі, ХХХІХа т. (78), 551 б.). Ауыспалы мағынасында "ерекшелік", "айрықшалық" дегенді білдіреді. (Аударма ред. ескертуі.) 2. bw - bewuBt (саналы) деген сөзден қысқартылған, vbw - vorbewuBt (сана алдылық) деген сөзден, ubw — unbewuBt (бейсаналылық) деген сөзден қысқартылған. Барлық аббревиатуралардың басындағы бас әріптер, соңғысының сәйкес зат есім (немесе субстанцияланған толықтауыш) және толықтауыш екендігін білдіреді. Мысалы, Bw мен bw — сана мен саналылық, Ubw мен ubw — бейсаналылық (субстан, толықт.) және бейсаналылық (толықт.). (Аударма ред. ескертуі.) 3. Das Unbewusste // Іntern. Zeіtschr. Fur Psychoanalyze, Bd. 3, 1905, или: Sammlung kleіner Schrіflen zur Neurosenlehre, 4 Folge, 1918. 4. Groddeck G. Das Buch vom Es. Іntern. Psychoanalytіscher Verlag, 1923. 5. Гродцектің өзі, тұлғасыз және біздің тіршілігімізде табиғи-қажетті нәрсені атау үшін осы грамматикалық ұғымды жиі қолданған Ницшенің жолын ұстанған болуы керек. 6. Бұндай факті жақында ғана маған менің "түс көру жұмыстарын" бейнелеуіме қарсылық ретінде хабарланған болатын. 7. Zur Eіnfuhrung des Narzіsmus; Massenpsychologіe und Іch-Analyse. 8. Түзетуде мен осы жоғарғы-Мен-ге реалдылықты бақылау қызметін бергендегі жағдай ғана қате және қажет етуші болып көрінуі мүмкін. Егер ақиқаттықпен сын өткізу Мен-нің өз міндеті болып қалса, бұл оның қабылдау әлеміне деген қатынасына қатты сәйкес келген болар еді. Сонымен қатар Мен ядросы туралы біршама ертедегі жеткіліксіз анықталған ескертулер де енді W — Bw жүйесі ғана Мен-нің ядросы болып мойындала алатын мағынадағы дұрыс көрінісін табуы тиіс. 9. Объектіні таңдаудың идентификациямен алмасуына, алғашқы қауымдық халықтардың тамақ ретінде желінген жануардың қасиеттері осы тамақты жеген адамға ауысатындығына сенімдері және осы сенімге негізделген тыйым салулар қызықты параллель болып табылады. Мәлім болғанындай, ол сондай-ақ каннибализмнің негіздемелерінің бірі болады және қасиетті араласуға дейінгі тотемдік трапездердің бір қатар тұрыптарына әсер етеді. Бұл жерде объектіні меңгеруге жазылатын салдар сексуалды объектіні кейінгі таңдауға қатысты екендігі шын мәнісінде дұрыс болып шықты. 10. Нарциссизмді енгізумен біз енді, Мен-ді Оно-дан бөліп алғаннан кейін, Оно-ны либидоның үлкен қоры ретінде мойындауға тиістіміз. Бейнеленген идентификацияның салдарынан Мен-ге бағытталатын либидо оның "екінші ретті нарциссизмін" құрайды. 11. Мүмкін, "ата-аналармен" деп айтқан дұрыс болар еді, өйткені әке мен ананың батасы жыныстық айырмашылықтарды дәл түсінуге дейін — ер адамның жыныстық мүшесінің жоқ екендігі - бірдей болады. Бір жас қыздың басынан өткенінен мен жақында оның өзінде ер адамның жыныстық мүшесінің жоқ екендігін байқап, оның барлық әйел адамдарда ол мүшенің болмайтындығын жоққа шығарғандығын, тек ол толық емес деп есептегендерде тана оның болатындығын мойындағандығын білдім. Түсіндірудің қарапайым болуы мақсатында мен тек әкемен идентификация туралы ғана айтатын боламын. 12. Massenpsychologіe und Ісһ-Analyse, VІІ.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру