Любовь яровая. Пьеса
Мұхтар Әуезов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...
ЛЮБОВЬ ЯРОВАЯ
Бес перделі пьеса
(Аударма. К.Треневтен)
Қатысатын адамдар
Любовь Яровая — оқытушы.
Михаил Яровой — оның күйеуі, офицер.
Павла Петровна
Панова— машинистка.
Роман Кошкин — комиссар.
Ш в а н д я — матрос.
Кошкиннің орынбасарлары.
Максим Горностаев — профессор.
Елена Горностаева — оның әйелі.
Аркадий Елисатов — бейбітшілік ері.
Иван Колосов — электр технигі.
Дунька — күтуші әйел, кейін спекулянт.
М а х о р а — қыз.
Марья — шаруа әйел.
Григорий — астыртын күресші.
Семен — вахмистр. Марияның ұлдары.
Пикалов — мобилизациямен алынған әскер.
Фольгин — либерал адам.
Барон.
Баронесса.
Чир — күзетші.
Би басқарушы.
Закатов — дінбасы (протоиерей).
Абыстай — Закатовтың әйелі.
Костюмов — каптенармус.
1- комсомолка.
2- комсомолка. Генерал.
1- к о н в о й.
2- к о н в о й.
Помещиктер депутаты.
Өндірісшілер депутаты.
Газет сатушы.
Папирос сатушы еркек.
Папирос сатушы әйел.
Байдың әйелі.
Етік тазалаушы.
1- м ы р з а.
2- м ы р з а.
3- м ы р з а.
Гүл сатушы әйел - Татьяна.
Писарь.
Жұмысшылар, қызметкерлер, офицерлер, солдаттар,
гимназисткалар, жай адамдар.
І ПЕРДЕ
Бірінші сурет
Бұрынғы бір байдың дербес үйіне қазір ревком мен басқа да мекемелер орналасқан. Өмір өршелене түскен. Коммутатор, телефондар. Телефонистка телефон қабылдап алып жатыр. Телефонистка (телефонға кеп). Иә, жолдас Хрущ па? Қазір! (Жүгіріп кетеді.) Жолдас Хрущ! Жолдас Хрущ! Сізді бірінші дивизия шақырады! Хрущ (аппаратқа кеп). Я, я, я... Солай. Құп. Бір салар ма? Жақсы! Орындалады.
Кошкин бөлмесінен 1-комсомолка шығады. 1- комсомолка. Жолдас Хрущ, асығыс телефонограмма бар. Жолдас Кошкин, Мазухин мен сізге тез табыс ет деді.
Хрущ (оқып). Мазухин қайда? Қарындасым, Мазухинді шақыра қойшы.
2- комсомолка. Жолдас Мазухин! Жолдас Хрущ шақырады. Мазухин кіреді.
М а з у х и н. Не қылган экспресс?
Хрущ. Мінеки, оқы!
Мазухин оқиды. Телефон шылдыры. 2-комсомолка. Я! Жолдас Кошкин бе? Қазір! Кошкин кабинетіне кетеді. Кабинеттен комиссар Вихорь жүгіре шығады.
М а з у х и н. Е - е!
Хрущ. Жолдас Вихорь, оқы!
Вихорь. А - а. Иә-иә! (Оқиды. Қуанышын сездіртпеуге тырысады).
М а з у х и н. Білдің бе. Жеглов көпірін... Ақтар алып қойыпты.
Вихорь. Я... жаман!
Хрущ. Кішкене көпірлерді талқандау керек.
Вихорь. Сонда кеттім! Тез кетеді. Хрущ пен Мазухин сөйлесіп кете барады. 2-комсомолка келеді. 2-комсомолка (аппаратқа кеп). Бес минуттан соң өзі шақырады. Панова мен Швандя. Панова қолындағы қағаздарымен машинка жанына отырады.
Панова. Сіз де сонда болдыңыз ба, жолдас Швандя?
Швандя. Әбден болдым. Мына, мына мен ғой біздер, қызылдар, жағада едік, а сіз мысалы, тап матросқа толған, француз кемесі. Ап-айқын көрініп, естіліп тұр. Сол сәтте біреуі ортаға шыға қап басты - ау кеп. (Телефон шылдыры.) Я... тап бастырмалатып: "Жолдастар деп боржуй мен аққа қарсы қапта" деп (телефон шылдыры), "жетті енді бізге бұлар үшін..." деп...
Панова. Барсаңыз ана телефонға.
Швандя (трубканы алып). Ал, ревком... Не қыл дейсің. Ал, иә! Жоғал тап, сайтан! Сенсіз де мен мұнда бұтты - сатты боп басым айналып, мұрын сіңбіруге тап мұршам жоқ. Менің мұнда докладым боп жатса қайтесің. Былшылыңмен екпінді істен бөгеме дейін. (Трубканы алып, отбой беріп.) "Жетті енді бұлар үшін қан..." деп содан кетті, кетті дейін кеп ағып...
Панова. Французша ма?
Ш в а н д я. Французша! Мүлтік жоқ!
Панова. Тоқтаңыз, жолдас Швандя! Сіз французша тук білмейсіз ғой.
Ш в а н д я. Е, оның не білмейтіні бар. Буржуй, қанішер кімге айтсаң де біледі. Содан арман көріп тұрмыз, катерге мініп өзі келеді. Сақал дегеніңіз бе? Шаш дегенің — о да... сақ етпес пе.
Панова. Ол, өзі әлгің кім?
Ш в а н д я. Ой, Маркс. Кім болушы еді?
Панова. Ой, енді бұныңыз өзі... Жолдас Швандя, сіз тіпті аса көп көріп жіберген екенсіз.
Ш в а н д я. Е, аз деп пе ең?
Панова. Маркс баяғыда өлген!
Ш в а н д я. Өлген? Қой - ой, сізше дүние пролетариатына команда беріп отырған кім?
Грозной кіреді. Швандя кетеді.
Грозной. Жолдас Панова, мынау асығыс қағазды көшіруіңізді сұраймын.
Панова. Әп-сәтте ме?
Грозной. Әп-сәтте. Қолымның өзі өте шапшаң болғандықтан ауызша өзім оқиын.
Панова. Жоқ... танимын. (Қағазын алып көшіре бастайды. Грозной бұдан көзін алмайды.)
Маған несіне қарайсыз. Бетіме жазылған ешнәрсе жоқ.
Грозной. Сіз өзіңіз де суреттей сұлусыз ғой!
Панова. Ой, жолдас Грозной, мені үнемі ұялтасыз.
Грозной (құбылып). Қалайша?
Панова. Сөзіңізбен, әрине.
Грозной. А, сіз мені көзіңізбен ұялту ғана емес, терлетіп те жібересіз.
Панова. Ол қауіп екен!
Грозной. Сізге мен қауіпті емеспін. Ал ана өзге жыландарды ма, көзімнің өзімен есінен тандырам.
Панова. Қойыңызшы.
Грозной. Жаңа бір доктор кеп еді. Бойы төбеге тіреледі. Сақалы күйектей, көзәйнек... Мен соған, былайша қарап қана қалып ем. Бітті, талас! Бикештей боп ағарып, қалтырай жөнелді.
Панова. Иә, көзіңіз көз - ақ.
Грозной папиросын алып, ұсынады. Былғары пальтосының етегі ашылып, офицер шалбары көрінеді. Мына костюм қалай жарасқан?
Панова. Тамаша. Алтын оқа. Контрреволюция шалбарын неге киесіз? Грозной (қысылғаннан қымтанып). Әдейі күлкі үшін... сізге бір көрінейін деп... А, міне, қолыңызды беріңізші.
Панова. Неге?
Грозной. Көресіз ғой. (Қалтасынан білезік, сақиналар алып.) Зиянсыз нәрселер ғой!
Панова. Жоқ, жоқ, жолдас Грозной, бұл қажет емес.
Грозной. Неге?
Панова. Ненің ақысы?
Грозной. Е енді, сөйтіп татитын болғаныңыз ғой!
Панова. Жұрт не ойлайды?
Грозной. Ойлап көрсін!
Панова. А, жолдас комиссар көрсе қайтеді.
Грозной. Е, білезікті жең ішінде, сағатты төсіңізде сақтаңыз.
Панова. Жоқ, жолдас Грозной, өзіңізде қалсын.
Грозной. Ну, жақсы. Бірақ есіңізде болсын, зауқыңыз қашан соқса сонда аласыз. Мен жанымда сақтаймын. (Төс қалтасына тығады.) Әйелін ертіп профессор Горностаев шығады. Горностаев (дәл - салдау, қозғалыстары шошып оянған кісідей). Кімге сөйлессем екен?
Панова. Мінеки жолдас Грозной.
Грозной. А, саған не керек?
Горностаев. Сізсіз бе. Иә, иә! Жұмысым, винтовкалы адамдар кеп менің кітапханамды печаттап кетті. Горностаева. Ал біздің пәтерімізге кіріп алған, шолақ қол комиссар Вихорь, барлық үй сайманымызды алып қойды. Бар мүлікті ластап отыр. Айтқаны боқтық. Үш тауығымызды сойып, солардың қанымен әр жерге: "бауызда буржуйды" деп жазып қойыпты. Грозной, Хо – хо – хо. Вихорь азамат. Тапқанын қарасаңшы. Әй шаян! Тауықпен революция жасайды.
Горностаева. Сақтап жүрген тауығым...
Горностаев. Мәселе тауықта емес.
Грозной. Сен өзің кімсің осы?
Горностаев. Мен профессор Горностаевпын.
Грозной. Борсыған сорпа профессоры ғой. Ха-ха- ха. Саған не керек дейсің. Кітаптарыңды біз оқу үйіне аламыз.
Горностаев. Міне, ең лайықсызы сол болады.
Грозной. Но, сен бізге нұсқама. Сенің бір басыңда ғой мыңдаған кітап бар! Ал халықтың мыңына бір кітап жоқ болса қайтесің. Тәртіп пе осы?
Горностаева. Япырау, бұған жұмысын істеу керек қой!
Грозной. Бұ, қандай жұмыс істейді?
Горностаева. Кітап жазады.
Грозной. "Жұмыс!" Біз әлі сенің онда не жазып жатқаныңды көреміз. Әлде контрреволюцияны үгіттеп жатқан шығарсың.
Горностаева. Иә, иә!
Грозной. Немене "иә".
Горностаев. Досым, сенің көзінде қорқыныш тұрғаны несі деймін?
Грозной. Менің бе. Қорқыныш. Ну, мен сені бір-ақ қорқытайын. Швандя, мына контрды маған алып кел.
Кетеді.
Колосов келеді.
Колосов. Туар мейрам құтты болсын, жолдас Грозной.
Грозной. Қай мейрам? А, түсіндім... Ертең сендердің мейрамың екен той.
Панова. Жолдас Грозной, ол оның сөйтіп амандасатын машығы.
Грозной. Сен өзің аққа қарсысың ба, бізге қарсысың ба?
Колосов. Дәл сізге қарсы, жолдас Грозной.
Колосов кетеді, Кошкин келеді.
Кошкин. Ну, Грозной, сөйтіп ертеңнен қалмай кетеміз. Темекіңді әкелші! (Пановаға.) Басыңыз: "Әдіс ретімен аз уақыт қаладан кете тұрып, граждандардың толық тыныштық сақтауы..."
Грозной. Ex, Рома, буржуйлармен ойынымды қандырмай әкеттіңдер ғой.
Панова. Жолдас Грозной, сіз не деген қатал.
Грозной. Жолдас Панова, революционердің жүрегі болат, төсі темір болуға керек. Кошкин. Рас, Грозной! (Ананың кеудесін сипап) Әй, сенің төсің өзі... алтын ба қалай? (Тағы қағады.) Шылдырайды ғой.
Грозной. Әрине!
К о ш к и н. Ә, кәне көрсетші!
Грозной. Ну, көрмеге түсем ғой...
Кошкин. Ей, Грозной, көрсет, аш омырауыңды!
Грозной. Қой, Рома, қылжақты!
Кошкин. Ой, бол, бұлданба! Өзіміз ғой.
Грозной. Ой, кетші. Тапқан екенсің.
Кошкин (кәрленіп). Жолдас Грозной, аш омырауыңды! Ну.
Грозной. Иә, түкірдім...
Кошкин. Жолдас Грозной, шығар лезде! (Грознойға наган төсейді.)
Грозной (тапаншасын суырып ап). Ну. Бұл не қылжақ!..
Кошкин. Революция атынан. Сал тапаншаны столға.
Грозной тапаншасын салады. Қалтанда не бар, сал столға. Қалтасындағы алтындарды салады. Ой, бандит. Махно. Марш коридорға! Грознойды коридорға алып шығады. Грознойдың өкірген даусы: "Рома, кеш". Кошкиннің командасы: "Грозной, тұр дуалға! Тез тұр...
Бір. Екі".Мылтық тарс етеді. Кошкин келеді.
Кошкин (айта беріп). Баса беріңіз..."Қаланы барлық революциялық тәртібінде қалдырып..."
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
ІІ ПЕРДЕ
Бірінші сурет
Көше. Эвакуация аяқталып келеді. Қала сыртындағы зеңбірек даусы енді мылтық, пулемет даусына ауысады. Пұшпақта Совет кеңселері орнаған үйде барлық есік, терезе ашық. Алысырақта шеткі ұй жанында Дунька өз жүктерін арбаға тиеп алған. Кетушілер мен қалушылар топтары. Дунька. Тұра тұр деймін, албасты. Мынаған әлі отырғышты тығуға да болады. Айнаны үстінен сал. Чемоданды бүйірден қақшит. Ал, жүр шапшаң! Я, құдай-ау!
Кетеді. Чир келеді.
Ч и р. "Ғаси фәндә құдіреттің қаһарынан қашты де".
Кетеді. Кошкин мен Елисатов келеді.
Кошкин. Жолдас Елисатов, автомобильмен жүріңіз деймін.
Елисатов. Жоқ, Роман, өзіңіз отырыңыз, болыңыз!
Кошкин. Мен ең соңынан кетемін.
Елисатов. Жоқ, мен сөйтейін. Сіз революцияға аса керек адамсыз. Эвакуация жұмысын ең ақырына шейін мен басқарамын.
Елисатов кетеді. Швандя келеді.
Швандя. Жолдас Роман, бұл қалай. Соғыс қаланың ішіне тақап қалды. Жеглов көпірі талқандалмағаны ма сөйтіп.
Кошкин. Сөйткені.
Швандя. Біздің жігіттер мен Вихорь да қайтқан жоқ қой.
Кошкин. Қайтқан жоқ.
Ш в а н д я. А, бұл... қалай болды.
Кошкин. Не де болса болғаны. Қағазды тиеттің бе?
Швандя. Мейлінше.
Кошкин. Жәшіктерді тасыттыңдар ма?
Швандя. Қазір бітеді.
Горностаева. Мырзалар, офицерлер. Арестке алыңдар мына жауызды. Комиссар Вихорь!
Генерал. О немене, поручик Яровой?
Яровой. Иә, міне, адамның астамшылығын қараңыз. Профессор әйелі, жақсы сақтамадың деп ұрсып тұр. Менің өмірімді оққа байлап жүргенімді қайдан білсін.
Генерал. Иә, біз сізге бата оқитын боп қойып ек.
Горностаева. Сөйтіп сіз... біздік... біздік пе едіңіз? Қуанып қолын құшақтайды. Мықты конвоймен Хрущ, Мазухин бастаған жегловшыларды әкеледі.
Яровой (генералға рапорт беріп). Жеглов көпірін бүлдірмек болған бұзақылар.
Любовь. Миша. Сен... Жалған... (Құлайды.)
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Екінші сурет
Тұн. Қала сыртындағы жардың елсіз жері. Үн жоқ. Аздан соң Швандя жақындап келе жатады. Оны екі конвой әкеле жатыр.Тоқтасады. 1-конвой. Қай жерде, батыр-ау, бұл иттің қаласы. Аспан жап-жарық. Ал жерде түк көрінбейді. Тоқта. Тынығамыз.
Отырысады.
Ш в а н д я (әндетіп). Неткен сұмырай қыз еді - ей, Неге алдаумен өтесің...
1-к о н в о й. Сені сол жерде - ақ асуға болатын еді. Осында жиырма шақырымға айдатқанын сайтан біле ме?
Швандя (темекі тартып). А, ол жер маған мүлде жақпаған шығар. 1-конвой. А, мен сен бандитті осы арада қып жоқ қылайын деп отырмын. Бәрібір үкімің айтылған. Ш в а н д я. Е, әрине, ұқыптылығыңа рахмет. Бірақ әуелі мені түрмеге жеткіз.
1-конвой. Оған жеткенше таң атып кетеді де, сені аса алмай қаламыз ғой. Ш в а н д я. Е, менің оншалық асығысым жоқ. ( Әндетеді.) Неткен сұмырай қыз еді - ей, Неге алдаумен өтесің...
1-к о н в о й. Қой. Итше ұлыма өзің.
Швандя. Өлім алдында тамақты кенеп алған жақсы болады... (Әндетеді.) Демеп пе едің сүйемін мен, Байға кеткен неткенің.
1-к о н в о й. Ән салма дәйім өлім алдында!
Ш в а н д я. А, өлім артынан ән жетпей қалады ғой. Ән өлімге түйткіл емес.
1-к о н в о й. Бәсе, өлімді қолмен қаға алмайсың. Дүниедегінің бәрі пәни жалған. Мына сен ғой большевик, неміске сатылдың да, капитал алдың, о дүниеге бәрібір әкете алмайсың.
Швандя. Қайда! Жеткізе алмайсың ғой!
1- к о н в о й. Қамтығаның көп - ау, ә?
Швандя. Шүкірлік.
2- к о н в о й. Қанша алдың? Әйтеуір өлесің ғой, дінді айтып тәубе қылсаңшы!
1-к о н в о й. Әлде, құдай, аз да болса күнәңді кемітер.
Ш в а н д я. Е, тәубе деген оңай ғой, бірақ поп болса десеңші!
1-конвой. Сен шоқыдан поп не алсын. Мен - ақ жараймын. Мен шіркеу старостасымын.
Ш в а н д я. А, ну, о да болады. 1-к о н в о й. Ал кәне, имандай шыныңды айт: дін мен отанды сатқаның үшін қанша соқтың? Ш в а н д я. Е, құдайға шүкір, құр тастаған жоқ. Дін үшін ер басына жүз гүл алдық. Ал отан үшін тік көтере сауда қып стервинг төледі.
1-конвой. Оның патша ақшасына шаққанда не болады.
Швандя. Жаңылмасам, бір қырық мың болар.
2-к о н в о й. Ә - әй, шайтан буржуй.
1-к о н в о й. Ол пұлың қайда?
Швандя. Әрине, өз бойымда, мен капиталымды кісіге сенбеймін.
1- к о н в о й. Кәне, көрсетші.
Швандя. Көрсең алып қоясың той!
2- к о н в о й. Әрине. Ату керек паразитті.
1-к о н в о й. Сөйтіп, о дүниеге әкетпексің ғой.
Швандя. Неге! Осы дүниеде дұға қып отырарлық бір тәуір қолға тапсырсам болар еді.
1-конвой. Бері әпкел. Мен сенімді адаммын.
Швандя. Жоқ, мен одан да мынаған берем, осы сенімдірек.
1- к о н в о й. Өй, ол батырақ! Менде мұндайға қора толады.
2- к о н в о й (біріншіге). Қара жалмауызды!
1-конвой. Кәне қолыңнан бер. А, мен саған оқып шығам.
Швандя. Тәбарак аз ғой, ағатай-ау.
1- к о н в о й. Әпкел деймін! Әпкел, әйтпесе осы қазір жатқызамын. Көтер қолыңды, бандит. (Швандя қолын көтереді.) Қай жерінде? (Тінтіп, қалталарын сыр айналдырып шығады.) Ой, айт деймін!
Швандя. Қалтамда еді. Әлде астарды аралап кеткен болар.
2- к о н в о й. Ой, оның тесік қой.
Швандя. Онда тап, түсіп қалған болар.
1-конвой. Ой, сен сұмырайға мазақ керек пе. Айт, пұлың қайда!
Швандя. Пұл сенде ғой, бай. А мендегі барым осы сиқым мен битім ғой. 1-конвой. Өтірік айтасың. Немістің ақшасы болмаса сен ел талап, кісі өлтірер ме ең? Швандя. Осы, мен емес, сен өлтіргелі келе жатқан жоқсың мені. Соның үшін және неміс ақшасымен ақы алғың келеді емес пе. Сатымсақ оңбаған сен емессің бе?
1-к о н в о й. Оттапсың! Мен неміс ақшасы емес, өз жерім үшін соғысамын...
Ш в а н д я. Е, мен де сол үшін...
1-к о н в о й. Не үшін?
Швандя. Сенің жерің үшін деймін! Тап сенен алып мынаған, жолдасыңа беру үшін соғысамын... 1-к о н в о й (долданып, мылтығын шапшаң көтеріп). Қорқытпақсың ба, бандит! Қылжақ керек. Кәне, тұр былай! Әрі қара деймін, өй, өлексе!
Швандя. Өй, бұныңа машығым жоқ.
1- конвой (екіншіге). Әй, ал нысанаға. Не қып тұрсың?
2- к о н в о й. А, сен тиме!
1- к о н в о й. Не дейсің! Ат деймін, әйтпесе өзіңді иттей...
2- к о н в о й (жалт беріп мылтығын оқтанып). Әй бәлем, доңыз құлақ сен бе, тез... Швандя (2-ші конвойды қолынан ұстай алып). Жолдас, тоқта. Оғыңды шығын қылма. Елді үркітпейік!
1- к о н в о й. Қара...
Швандя (аузын басып). Сүйре былай, мына жарға. Екеуі. 1-конвойды қараңғыға әкетеді. Тез оралады.
2- к о н в о й. Енді қайда бардық?
Швандя. Жер таныс, жол жатық. Бері тарт, жолдас.
Кетіседі.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
ІІІ ПЕРДЕ
Кеш батып барады. Бірінші пердедегі бөлме. Ала тулар. Плакат, афишалары би жайын мәлімдейді. "Ресейдің оңтүстігіндегі әскерлерге көмек үшін" деген жазулар. Алысырақта Панова отыр. Колосов провод жүргізіп жүр. Есіктен Любовь Яровая көрінеді.
Л ю б о в ь. Не білдіңіз?
Колосов. Түк білмедім. Бәрінің айтатыны: жегловшылар атылады дейді. Үкімді бекіткен пакетті тосып отырса керек. Любовь. Білеміз, кешірім жоқ. Қашан орындар екен. Жаңа Швандя кеп кетті, Роман жіберіпті. Жолдастарды атуға апара жатқанда жолда тартып алмақшы. Жалғыз-ақ қашан, қай жерде атуын білу керек.
Колосов. Үкімді бекіте салысымен атады.
Л ю б о в ь. Ал сол бекіту қашан келеді екен?
Колосов. Әлде келген де шығар.
Любовь. Бәсе! Бәрін білетін Панова! Би басқарғыш жас жігіт жүгіріп келеді.
Б и ш і. Мырзалар, бүгін таң атқанша билейміз.
Любовь. Немене?
Б и ш і. Немене. Би мен үкілі почта. Биді өзім басқарамын. Афишаны түзеп жүгіріп кетеді.
Любовь. Михаилға көріспес үшін мен кетемін.
Колосов. Анадан соң көріскен жоқсыз ба?
Любовь. Жоқ. Сөйлестік те... бітті.
Кетеді. Панова келеді.
Панова. Қалтаңызда бір нәрсе бар-ау?
Колосов. Бек мүмкін. (Екі алма суырып ап.) Екі нәрсе. (Сыйлайды.)
Панова. Кеше, ана бөлмелерде жарық болмады.
Колосов. Патша ағзамның күйшілері, сіздердің шектеріңіз үзіле береді екен.
Кетеді. Кутов пен Елисатов келеді.
Елисатов. Қош келіпсіз, полковник. Қайтқаныңызға көп болды ма?
Кутов. Жаңа ғана. Дәл фронттан. Амансыз ба, Павла Петровна. Его превосходительствоға доклад етіп, Селезневка тұсында тағы да әдемілеп жеңгенімізді баян еттім. Олжаны білдіңіз бе?
Елисатов. Бәлі. Жетпіс тұтқын, төрт пулемет қой.
К у т о в. Қате. Жүз жетпіс тұтқын.
Елисатов. Телеграммада...
К у т о в. Түзетіңіз. Он торт пулемет және де тоғыз зеңбірек.
Елисатов. Басылып қойған еді. Бірақ "қосымша хабарлар бойынша" дейміз ғой. К у т о в. Және армияның көңілі қатты көтеріңкі деп басыңыз. Халық тегіс ерікті әскер қатарына жазылып жатыр деңіз.
Елисатов. Жау қалай дейміз?
К у т о в. Әбден іріген, үштен бірі дезертир, қалғанын штык, пулеметпен айдап салып жүр. Революция айдаһары өлуге айналды. Енді барлық орыс халқының ұлы Россия үшін жанын салып, "я құдай, жарылқа..." деп шығатын күніне аз-ақ қалды.
Панова кетеді.
Елисатов. Ештеме әкелдің бе?
К у т о в. Қант.
Елисатов. Көп пе?
К у т о в. Жеті пұт.
Елисатов. Бағасы ше?
К у т о в. Жеті жүз мың.
Елисатов. Полковник, араныңызды ашпаңыз.
К у т о в. Алты жүз. Одан әрі бір тиын шегермеймін.
Елисатов. Алдым.
К у т о в. Ақшаны қазір түсіріңіз.
Елисатов. Ертең.
К у т о в. Жоқ, бір сағаттан бір минут ары кетпесін.
Панова келеді.
Елисатов. Полковник, осы сөздеріңізді газетке басуға рұқсат па?
К у т о в. Пожалуйста. Құрметті Павла Петровна, сіздің білу сыртқы дос деген сұмдарыңыздың не жаңалығы бар?
Панова. Жаңалығы — жаңа мода. Жаңа билер. Бар Париждің толғағы сол. К у т о в. Ну, оқа емес, ренжімеңіз, қымбаттым. Қарулар ашсақ, модасын да алармыз. Аркадий Петрович, сіз білдіңіз (іс, жақында его превосходительство келеді.
В л и с а т о в. Әрине, білемін.
К у т о в. Айтпақшы, өткен жолы его превосходительство келгенде көшеде қала халқынан ешкім болмады. Оны превосходительство байқап қалды.
Елисатов. Қойыңызшы? Қандай қырағы...
К у т о в. Бұл жолы шара қолдануыңызды сұрайды.
К л и с а т о в. Қала халқын көбірек жыюды сұрай ма? Ол тараны кім істейді?
К у т о в. Е, шама келгенше, әрине, өзіміз істейміз...
К л и с а т о в. Павла Петровна, ұқтыңыз ба! Бұл да жоқ. Бірақ сондай үлкен тапсырманы орындауға уақыт аз ойламайсыз ба, полковник. Және біздің техника қандай...
К у т о в. Сіз әзіл көресіз бе?
Проторей Закатов келеді.
Елисатов. Е, сіз бір сәрі ғой...
Закатов. Ақшы алдым ба, мырзалар. Его превосходительство келді ме? Тәңірім дұшпанды тағы бірі деген ақпар тұғыры ма?
К у т о в. Әбден тұра. Уағыз сөз сізге парыз боп қалды.
Яровой. Жоқ, одан да жаман. Ол айтқандарында тым құрыса дін мен отан бар ғой. Мыналарда жалғыз бас қамы мен қарын ғана десеңші.
Любовь. Бақыл бол. (Кетпек болады.)
Яровой. Тоқтай тұр. Сен аз оқыған көрінесің, Люба.
Любовь. Иә, а сен аз көріпсің.
Я р о в о й. О, аса көп десеңші. Замостье тұсынан бір шабуыл жасағалы келе жатыр ек. Бір сәтте, бір топ таңбалы азғындар: "Соғыс жойылсын!" деп айғай салғаны. Біреуі арқама найза қадап, бірі қолымнан атып, кейін қашып кетісті. Немістер тауып ап жарамды жазды. Және өзіме нағыз бостандықты ертеде құрып алған халықтың бүгінде нағыз революция жасап, мәдениетті қорғап жатқан үлгі қалпын көрсетті. Ол бостандық біздің түсімізге де кірмеген екен. Бірақ сол бостандық үшін өзімді де, сені де аямағанымды білесің ғой... Ендеше сол бостандыққа түкіріп, халық қанына тоғытқан жандарды да аямаймын. Соғыс шегіне жеткенше...
Любовь. Команда жасаушы баяғы охраниктер ғой...
Я р о в о й. Ол бір біткен топ. Дауыл ұшырған қу жапырақ қой, оларсыз - ақ көшіміз жетеді.
Любовь. Жендеттер ме?
Яровой. Жендеттер онда.
Любовь. Сендердің фонарьларында асулы ғой.
Я р о в о й. Е, ол фронт. Ал сені бұл фронттың арғы бетіне жібермеймін, Люба. Жіберу үшін тапқам жоқ. Сен екеуміздің екі айыр жолмен кетуіміз сұмдық қой. Бір-бірімізді таба салысымен екі айрылмақпыз ба? Любовь. Жоқ, одан да жаман. Жолымыз екеу емес. Бір жолда көп қақтықтық, енді біріміз жардан ұшармыз.
Яровой. Люба, мен оған жол бермеймін.
Любовь. Құдіреті қайсы! Біз енді бұрынғы адамдар емеспіз: мен күштімін де, сен сорлысың.
Елисатов жүгіріп келеді. Көшеде шу. Халық келеді, арасында Панова.
Елисатов. Мырзалар, сұмдық! Полковник Кутовты өлтіріп кетіпті.
Дауыстар. Не дейді? Қай жерде?
Елисатов. Жаңа ғана, осы пұшпақтағы бақ ішінде өлтіріпті. Тегі бір нәрсемен ұрып жықса керек.
Дауыстар. Тонап кетіп пе?
Елисатов. Жоқ, портфелін ғана алыпты.
Яровой, Любовь пен Пановаға қарайды.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
ІV ПЕРДЕ
Кешкі уақыт. Қала бағы. Сусын сататын павильон - кафе. Оркестр. Халық. Газет, папирос, тағы басқа уақ-түйек сатушылар.
Газет сатушы. Соңғы хабар, кешкі газет. Зор жеңіс!
Папирос сатушы. Жоғары сортты папирос. Мейлінше арзан папирос.
Газет сатушы. Соңғы хабар, кешкі газет. Ерікті армияның ерлігі. Большевиктер бітеді. Папирос сатушы. Ең жоғары сортты папирос, өзі анағүрлым арзан! Он штугі он - ақ мың!
Газет сатушы (папирос сатушыға ақырын). Любовьтың мектебінде, сағат бірде. Папирос сатушы. Құп! Жоғары сортты папирос. Етік тазалаушының қасында бай қатын өңдетіп тұр.
Б а й қ а т ы н. Бар жиғаны, бар асылым барлығы да жоқ болды. Офицер (осы әйелдің қасында тұрып). Жүріңізші, сәулем. Қатты өтінемін. Жүріңізші. Етік тазалаушыға ақша төлеп, столдар тұрған жаққа кетеді. Ол жақта мас офицерлер мен жалаңаш әйелдер лық толы.
Гүл сатушы әйел. Пожалуйста, жас жауқазын! Қош иісті бәйшешек!
Горностаева. Сахарин, сода... Ащы бұрыш, лимон қышқылы.
Газет сатушы. Соңғы хабар, кешкі газет...
Папирос сатушы әйел. Жоғары сортты папирос, өзі арзан! (Етік тазалаушыға ақырын.) Сағат бірде, Любовьтың мектебінде... Етік тазалаушы (естімеген боп). Бек әдемі гуталин, резинка мен жақсы бау, өздері арзан. Бек әдемі гуталин.
Стол басында Елисатов отыр, алдында план.
Д а у ы с т а р. Елисатов мырза, пожалуйста, маған бірінші қатардан тағы бір жер беріңіз. Бұл тіпті ашқарақтай! Елисатов мырза, бірінші қатардағы жерді маған қалдырыңыз. Елисатов. Мырзалар, болашақ курорт "Аркадияның" бос жерлері тегіс сатылып болып қалды. Енді ең соңғы жерлер ғана қалды.
1-м ы р з а. Планды көрсетіңізші, осы менің жерім қай тұста? Елисатов. Бұйырыңыз. Жерін көрдіңіз ғой? Тап мына тұрған курорттың үлкен залы.
1 - м ы р з а. Қазір анау алабота басқан жер ме?
Елисатов. Жоқ, алаботаның тұсында ағылшындық сақ болады. Мынау әзірше боқтық үйілген жер, шұрайлы болады.
1 - м ы р з а. Жақсы, алдым, пожалуйста задатка алыңыз.
Закатов. Мен, бірінші қатардан тағы бір жер алсам ба деп ем.
Елисатов. Амал жоқ, осы соңғысы.
Матушка. Құдай-ау, енді қайттік?
Е л и с а т о в. А, сіз екінші қатардан алыңыз, матушка! Гамаша жер мінеки. "Қиял фонтаны" деген болашақ фонтанный қақ қасы. Ал ана біріншіңізді сата қойыңыз.
Закатов. Сат, апасы. Бол.
Матушка Елисатовқа ақша береді, қағаз алады. 2-мырза жүгіріп келеді.
2-м ы р з а. Елисатов мырза! Маған екі орын қалдырып па едіңіз?
Елисатов. Бір де орын жоқ, мырзалар. Болашақ курорт "Аркадия" маңындағы жердің бәрі сатылып қойылды. (Планын, ақшасын тығады.)
2-м ы р з а. А, батыр-ау, мен отан үшін отқа түсіп жүргем жоқ па? Елисатов. Бәріміз де түсіп жүрміз. Тіпті болмаса қара қол елтірісі мен күріш бар, жалғыз-ақ тік көтере аласыз. 2-м ы р з а. Барон, сонымен іс бітті. Петербургтағы сарайыңыз үшін менің қырымдағы дамды аласыз, үстеуіне бес қадақ қант қостым.
Барон. Тоқтаңыз, костюм ше? Ал монпансье болмасын, қанттың дәл өзі!
Панова шығады, оның соңынан қызғанда Малинин шығады.
Панова. Міне ай да туып келеді. Бірақ мен қиял ете алмаймын. Орыстың айы... Бұл да орыстың қазіргі жеріндей кірлеген, былғанған... Малинин. Оқа емес, біз оны тазалап тұрып, дөп-дөңгелек қып өзіңізге қайырып береміз. Панова. Тәңір жарылқасын. Сіз осы қай кезде дөп-дөңгелек ақымақсыз, мас күніңізде ме, жоқ сауыңызда ма? Ашуланбаңыз, мен бір жағынан өзімді айтам. Міне іштім де ақымақ болдым. А, бұрын ақылды болушы ем. Бұл тегі киімімнің жамандығынан болар... Киімі жаман әйел ақылды бола алмайды ғой. Малинин. Павла Петровна, маған әмір беріңізші, мен сізді ханшадай киіндірейін.
Панова. Маған өмір беріңіз, сонда өзім де Пановадай киінермін.
Малинин. Тоты, тоты...
Панова. Полковник, байқаңыз.
М а л и н и н. О, о... мен байқаймын... Мен өзімнің полковник, жандарм полковнигі екенімді түсімде де байқаймын.
Би басқарушы жүгіріп келеді.
Би басқарушы. Мырзалар, би басталып жатыр!
Жүгіріп кетеді. Пановаға офицер жетіп келеді.
Павла Петровна, рұқсат етіңіз. (Биге әкетеді.) Малинин артынан өте бергенде, Яровой жетіп келеді.
Яровой. Полковник Малинин!
Малинин. Мен.
Яровой (ақырын). Сауық құра беріңіз, бірақ сақ болуыңызды өтінемін.
Малинин. А, немене, өлтірушінің ізін таптыңыз ба?
Яровой. Қалай десем екен...
Малинин. Бірақ, соларға полковник Кутовта не бар еді?
Яровой. Жұмбақ! Портфелінен бірдеме іздеген тәрізді.
Малинин. Бірақ портфельді тастап кетіпті, бар қағазы да түгел ғой.
Яровой. Әзірше ешнәрсе кесіп айта алмаймын.
Малинин. Қалай құтырады, бәтір - ау! Бүгін-ақ есебін қайыру керек. Үкімнің бекуі келді. Жегловшыларды таң сәріден бақ ішіне асып тастау керек.
Яровой. Иә, Кошкиннің бар күткені сол ғой.
Малинин. Кошкин алыста.
Яровой. Кошкин осында.
Малинин. Не дейді, қалай осында?
Яровой. Осы қалада деп білем. Мына Кутов ісі соның қолы.
Малинин. Солай - солай... Иә, сізше жегловшыларды бөгей тұру керек қой?
Яровой. Сөз жоқ. Кошкин бір нәрсе әзірлеп жүр. Бір түйін байланып келеді, бірақ ушығын ұстау қиын. Қазір екеуміз бір-бірімізді сиқыршыдай қуып жүрміз.
Малинин. Иә, мен де соны сезіп ем.
Яровой. Сөйтіп, мен сізден отрядты әзір ұстауыңызды сұраймын.
Малинин. Иә, иә, пожалуйста.
Яровой. Майдан қалай?
Малинин. Күндізгі жайсыз хабардан басқа ештеңе жоқ.
Яровой. Солай ма... Байқаңыз, сақ болыңыз.
Кетеді. Жолдағыларды қағып-соғып Марья жүгіре шығады. Малининді қағып кетеді.
Малинин. Ой, қақпас, кімді қағасың!
Марья. Жоғал! Семканы көріпті осында. (Верандадан ас ішіп жатқандардың айғайы.)
Д а у ы с. Хазірет патшамыздың ұрпағының саулығына!
Марья. Соларыңмен қақалып қал!
Д а у ы с т а р. Ура!
Малинин. Сен қатын не дедің осы?
Марья. Мен не дедім, ештеңе де дегем жоқ.
Малинин. Әй, патруль!
М а р ь я. Не дедім? Жалғыз-ақ айтқаным: соны іше алмай қал дегенім бе?
Малинин. "Соның" кім?
Марья. Мен қайдан білейін? Не жеп жатқанын!
Малинин. Жерсің ендеше дүрені! (Семен тақап келгенде.) Ал мынаны!
Семен. Ап... ап... апатай..
М а р ь я. О... бұның кім?
С е м е н. Бұ мен, Семен Скопцов қой. Амансың ба, апажан - ау! (Сүйеді.) Марья. Сен... Е, көзің қайда? Өй, иттің балалары. Іздеген бейнетімнен садаға, өңшең. Көрінде өкіргір, өңшең...
Малинин. Ну, сенің бақытыңа балаң да инвалид екен.
Павильонға кетеді.
Марья. Осындай бақ өз балаңның басына келсін. Ал Гришка қайда?
Семен. Өзімнің де іздегенім сол, апажан. Жерге кірсе де қоймаймын. Өшімді аламын. Зорықтырып өлтірген екі атым ше, тыққан жерімнен қазып алған жүз сегіз пұт бидайым ше. Қайтарамын орайын. Жерге кірсе де қоймаймын. Атымның өшіне бақалшағын шағамын, бидайымның өшіне шиеттей қып қанын ағызамын.
М а р ь я. Е, өзі де көрде шығар.
Семен. Көрде болса табамын. Дүниені шарласам да ақ малымды аламын. Мен қан сорпа боп мал жиғанда қайда жүрген екен ол қу бандит. Мен тырнақтап жимап па ем! Оқып алып, купецтің арзан нанын жемеп пе еді? Сол купенің ғой тағы өзін атты. Бірге туысқан мені де талатты. Жиырма жылдық бейнетімді бір түнде жоқ қылды.
М а р ь я. Әй қуарғандар! Жалғыз көзі қалғанын қарасанды!
Семен. Түк те емес. Мен оның екі көзін бірдей жұмдырамын.
Марья. Өй, төбеңнен ұрғыр, жүр, шелпек пісіріп берейін.
Семен. Болмайды, күзетте тұрмын.
Марья. Ендеше осында әкелем. Әй қуарған, төбеңнен тарт қырлар. Қатынды қайдан табам енді сен қу соқырға!
Кетеді. Көлеңкеде Любовь пен Колосов бара жатады.
JІ ю б о в ь. Енді нені тосамыз?
Колосов. Тақ осы түнде болар. Асуға әзірленіп қалған тәрізді.
Л ю б о в ь. Не дейсіз?
Колосов. Абақтыға кештен бастап отряд кірді. Ал үйінде құран оқытарлық шелпек әзірлеп жатыр. Және әндетіп иман айтып жүр. Бұл дарға кісі асылар алдындағы әдеті. (Кете береді.) Л ю б о в ь. Тез барып Романға айтыңыз. Бұйрығын иген сыртында тосамын. Верандадан Фольгин мен Елисатов түседі.
Фольгин. Мырзалар! Әрдайым құтқарушы рақымды!
Қарбалас айғай. Чир мен Дунька шығады.
Чир. Ұр, туғандар, Сима, Хама және Ахветті! Дунька. Ой, тәңірім-ау! Енді қайттік! Ұйымдас шапшаң!
Д а у ы с т а p. Қайда большевик?
— Кім большевик?
— Бұ не, бәтір - ау?
— Қалаға кеп қапты большевик!
Үйлердің көлеңкесіне халық жиналады. Орталарында Любовь, Панова. Қуанышты сыбыр шошынған айғаймен араласады.
— Біздің кісілер келе жатыр!
— Жолдастар, жегловшыларды әкеледі!
— Құтқарайық, жолдастар!
— Извозчик, жүр вокзалға!
— Жүз мың!
— Слободкеге кеп қапты...
Д а у ы с т а р. Кошкин баронессаны бауыздап кетіпті. Барлығын бір-ақ қыру керек!
V ПЕРДЕ
Ақ армия штабының қораcы. Кешкі мезгіл. Күтпеген жерден ақтар көшіп жатыр. Паровоз, автомобиль, обоз дауыстары, офицерлер жүгірісіп жүр. Террасада Яровой қағаз ұстап тұр. Телефон шылдыры. Малинина келеді. Малинина. Міне бұйрық, его превосходительство, жүріп бара жатып, жөнелту жұмысын маған тапсырды, қала күзетін сізге тапсырды.
Яровой. Мақұл.
Малинина. Көмек алу үшін одақтастарға кетеміз.
Яровой. Кетесіздер, ал мұнда алысатын біз ғана...
Малинина. Біз дегеніңіз кім?
Я р о в о й. Біз деген сіз емес.
Малинина. А? Иә... Ну, несі бар алысыңыз. Я, айтпақшы, его превосходительство, кеше ұсталған Кошкинді және жегловшыларды түрме ішінде жоқ қылуға бұйырды. Яровой. Тегі, генерал, мен Кошкинді босатып жіберу үшін ұстады деп ойлады ма екен!
Нәрселерін алып барон мен баронесса келеді.
Барон. Баронесса, болсаңыз!
Баронесса. Менің тағы есім ауып тұр ғой.
Барон. Полковник, құдай үшін, автомобиль беріңізші.
Малинина. Мырзалар, мен бере алмаймын, поезға ұмтылыңыздар.
Адъютант. (Малининге). Полковник мырза... (Қағаз береді.)
Баронесса. Мені онда тұншықтырады ғой!
Горностаевтар келеді.
Горностаев. Кімді тұншықтырады?
Барон. Баронессаны.
Горностаев. Оны қойшы. А, мұнда міне бірнеше адамды өлтіргелі жатыр. (Малининге жақындап.) Мырзалар, болмайды...
Барон. Кімді айтады?
Горностаева. Жегловшыларды айтады. Қамын жеген кісісін көрсеңіз.
Баронесса. Ал, мен әлсіз әйел болсам да, оларды өз қолыммен тұншықтырам.
Малинина. Ал, мырзалар, асығыңдар!
Кетеді. Барон мен баронесса артынан ереді.
Б а р о н. Ал автомобиль ше?
Елисатов кіреді.
Баронесса. Елисатов мырза, келісім қағаз қайда?
Елисатов. Мен оны өзіңізге, заграницеге жіберем.
Баронесса. Жалғыз-ақ қайта келгенде мен тура имениеге түсетін болайын.
Елисатов. Қам жемеңіз. Қош болыңыз.
Штабқа кетеді.
Горностаева. Макс, құдай үшін жүрейікші біз де.
Горностаев. Леля, сен білесің ғой... Мен шет елге ғылыми мақсатпен ғана барамын.
Горностаева. Ну, сол ғылыми мақсатпен кетейік.
Кетіседі. Чемодандарын алып бірінші жөне екінші мырза келеді. Ханымдар да бар. 1-м ы р з а. Мырзалар, мырзалар, одақтастардың ғажайып кемесі кепті. Жағада күзетте тұрған солдатты алдымен мен көрдім.
1- да м а. Бір сәтте теңіз үстінде будақ-будақ түтін... Мұржалар.
2- м ы р з а. Ал, бірақ штаб неге түк білмейді?
1-дама. Е, өйткені - ғажап қой!
Закатов пен матушка чемодандарымен шапшаң келеді.
2-м ы р з а. Ғажайып болса, әкей - протонерей алдымен білген шығар.
2-д а м а. Әкей - протонерей, сіз ғажайып кеме жайын естідіңіз бе?
Закатов. Қайда екен?
1- д а м а. Теңізде... Түтіні мен мұржасы көрініпті.
Закатов. Мүмкін, бәрі де мүмкін, балаларым. Комендант жүгіріп бара жатады. Комендант мырза, мына матушка екеумізге төрт орынды автомобиль берілмек еді.
Комендант. Я - я, әзір тұр. Он үшінші номерлі.
Матушка. Ой, номері ырымға жаман екен. Тым құрымаса он төртіншіні беріңізші.
Елисатов. Москваға барасыз ғой, батюшка?
Закатов. Мен сіздерді Москваға шақырып ем, сіз дінсіздер, күмән келтірдіңіздер ғой.
2- д а м а. Ғажайып кеме, батюшка.
Закатов. Балаларым, тәңірінің ғажайып талпынып... Бірақ бастаушы ұстазыңыз болсын. Комендант мырза, менің автомобилім қайсы?
Кетеді. Сахна сыртында автомобиль жанында дау шығады.
Елисатов. Парижге кеттің бе, Авдотья Фоминишна!
Д у н ь к а. Е, сұмдармен бірге қашушы ма ем! Кетеді. Сахна сыртында автомобиль жанында дау шығады.
Закатов. Балам Евдокия, бекер отырғансыз, машина біздікі.
Дунька. Тастаңыз, батюшка, ондай хал-ахуалдарыңызды. Шегінетін мен емес.
Матушка. Қойыңыз! Құдай жолындағы автомобильге кептелетін сенің бөксең бе екен! Горностаев (таласқандарға қарай ұмтылып). Дуньканы Европаға жіберіңіздер, жіберіңіздер. Елисатов (штабтан шыға айғайлап). Павла Петровна, мен мұндамын. Автомобильге отырыңыз. Бір ғана қағазды реттеп алайын. Бір минутке...
Штабқа кетеді. Панова шығады.
Панова (Елисатовтың соңынан). Ал, тез болыңыз... (Келе жатқан Любовька.) Е, сәулем, байыңыз керек пе? Әрі кеңес, әрі махаббат. Неменеге келістіңіздер, Кошкинге ме?
Л ю б о в ь. Ол қалайша?
Панова. Қалайша, саттыңыз ғой.
Любовь. Сен бетпақ, саттың.
Панова. Қате айтасың, сәулем. Сатқанда дос сатады. Мен жауымды ұстаттым. А, сенің көмегіңе рахмет.
Любовь (тапаншасын ұстай алып). Санаулы оқты саған жұмсау да арам. Панова. Міне енді біз "сен" десіп жүзбе-жүз сөйлесейік. (Бетін тақап, ақырын, қадап сөйлейді.) Сен жыланнан да жамансың. Ғасырлық көнесінен жап-жасыл боп кеткен мына көзіңізді өлердей жек көрем. Ажымды маңдайыңды, уланған бейшара ойынды. Еріндерің жыланның балаларындай иреңдейді. Миллион басты айдаһар! Өмір бойы жиренумен өтермін. Любовь. Сенің өміріңе қалған бар сыбаға сол ғой, тілі суырылған жылан. Жерімізден алып кет өлексеңді.
Панова. Жорғалаңдар сол жерде, сүзек биттері.
Елисатов келеді.
Елисатов. Павла Петровна, мен әзірмін, автомобильге рахым етіңіз. Бір жұмадан соң екеуміз Парижде боламыз. Екеуі кетеді. Террасаға қағаз қараған бойында Яровой шығады. Любовь оған жақындайды. Яровой (басын көтеріп). Люба! Любовь. Кошкин мен жеголовшыларды босат. Яровой. Люба, бұл орындалмайтын тілек. Любовь. Бұл тілек емес, шарт. Яровой. Кімнің шарты?
Любовь. Менікі. Мен кеше саған Кошкинді ұстап бердім, бүгін қайтар деймін. Яровой. Сөйтіп, мәселе жалғыз Кошкин туралы ғой? Любовь. Жақсы. Әуелі Кошкин басын босат. Яровой. Мен оны бір күнге жалдамаға алды деп білемісің өзің? Любовь. Қылжақ керек пе? Көзіме қара менің. Әлде ең соңғы көргенің болар. Кеше, кеше неге келдің маған? Яровой. Люба, өзімнің саған тиісті жаныммен ант етейін, сені ғана іздеп ем. Аналар кездеседі деп ойламап ем. Любовь. Ендеше антыңды ақта — босат мыналарды. Құтқар соларды, бұны сен істей аласың ба? Яровой. Істей алсам, алдымен сені олардан құтқарар ем. Жетті, Люба. Бұл өлім майданы. Құлаш сілтесіп тұрмыз. Кімнің көзі тайса, соның басы ұшады. Сен маған көзің тайдыр демексің бе? Любовь. Сен ғой кеше алдаумен менің көзімді тайдырған. Жыландай жер бауырлап кеп жүрегіме кіріп, өлтіре шаққалы кепсің ғой. Яровой. Кездейсоқ оқиға килікті, сен айыпты емессің. Любовь. Айыпты емес? Сенің құшағыңа бас иіп ем, бірақ сенің аяқ астыңа қандай бастарды түсіріп отырмын. (Телефон шылдыры.) Яровой (аппаратқа барып). Я, немене? Қазір жетемін. Ну, қош бол, Люба, мені үшінші рет өлді сана. Любовь. Сен... сен құтқармағаның ба? Яровой. Бар енді... уақыт жоқ. Любовь (қалтасынан тапаншасын жұлып алып). Міне... Я р о в о й. А... Бұны сен жақсы тауыпсың. Ақылдысың. (Алдына тура қап төсін ашады.) Шындап өлтір.
Любовь. Жоқ, сенің өлім жазаң алдында!
Тапаншаны өз кеудесіне бұра береді. Яровой секіріп кеп жұлып алып, жанына тығады. Бұның азғантай ғана бөгеуіл ғой. Бәрібір Романды өлтірсең, мен өзімді өзім өлтірем.
Яровой қоңырауды басады. Қарауыл солдат келеді.
Яровой. Мына әйел анау бөлмеге қамалсын. Мықтап күзетілсін.
Қарауыл Любовьті алып кетеді. Колосов жүгіріп келеді.
Сізге не керек?
Колосов. Мен Любовьқа келіп ем.
Яровой. Aha.. Тыңдаңыз, мен сізді білемін, сондықтан сіз азатсыз. Сіз Любаны дереу, қала ішінен аулаққа алып кете аласыз ба?
Колосов. Жоқ.
Яровой. Неге?
К о л о с о в. Ол жүрмейді.
Яровой. Неге?
Колосов. Кошкинді босатыңыз.
Яровой. Барыңыз, ендеше.
Колосов. Қандай зор іс істеген болар едіңіз...
Яровой. Барыңыз, әйтпесе Кошкин барған жерге сіз де барасыз.
Колосов. Мен дәл соны тілеймін. Любаны қарап қалмаңыз. Бұл дертті көтере алмайды. Қажет болса Кошкиннің орнына мені алыңыз.
Яровой. Сіз кімге керексіз?
Колосов. Бәрібір мен де сіздерге зиянды.
Яровой. Жоқ, сіз зиянсыз. Жөнеліңіз. Бірақ, бір сағаттан соң қайта оралыңыз, Любаны сіздің ғана қолыңызға табыс етем. Кетеді. Жүріп бара жаткан машинаның даусы. Колосов көшеде, алдынан офицер киімін киген Швандя шығады.
Швандя. Жолдас Колосов?
Колосов. Сіз кімсіз?
Швандя. Танымай тұрсыз ба?
Колосов. Швандя!
Швандя. Тап өзі.
Колосов. Ерте шыққансың.
Швандя. Кеш десеңізші. Жолдастарды құтқару керек.
Колосов. Любаны жаңа арестке алды.
Швандя. Қай жерде?
Колосов. Осында, Яровой. Қарауыл қойып, өзі кетіп қалды.
Швандя. Ендеше, шақыру керек. Бастықтан кім бар екен.
Колосов. Ешкім жоқ, часовой ғана бар.
Ш в а н д я. Е, ендеше бұйым емес, жүр!
Колосов. Немене сен. Тартып аласың ба?
Швандя. Неге? Жақсылықпен аламыз. (Колосовқа (айғайлап.) Әмірімді тыңда. (Террасаға шығып.) Смирно. Мен сендердің большевиктік істеріңді жоямын. Жеңдік дейсің ғой. Өтірік айтасыңдар, қызыл сайтандар! Фронт қайта бекіді. Генералдар қайтып келді. Бәрі қайтып жатыр. Мінеки, пакет. (Пакет суырып.) Қазір маған екінші провод орнат. Ну? Әй? (Қарауылға.) Поручик Яровой қайда?
Қ а р а у ы л. Кетіп қалды.
Швандя. Қайда кетті?
Қ а р а у ы л. Біле алмадым.
Швандя. Білу керек, айуан. Әлде сен де қызылсың ба. Көрсетермін бәлем. (Телефон трубкасын алып.) Бикеш, екі мың екі нөл номерін беріңіз. Поручик Яровой? Сөйлеуші прапорщик... князь Курносовский. Тап өзі, сізге тығыз пакет бар. Қарауылға берем бе? Құп. Қай большевик қатын? Арестегі ме? Қазір білейін. Қарауыл, аресте әйел бар ма еді?
Қ а р а у ы л. Дәл солай.
Швандя (трубкеге). Дәл солай. Бар екен. Сөйтіп, оны қайтейін? Түрмеге өзің апар? Құп, жол... поручик мырза... Мен оны қазір алайын. Шұрқ етпеңіз. Мен тырп еткізбеймін. Қарауыл пакетті күзетсін дейсіз бе? Құп, сау бол. Бонжур. (Қарауылға.) Әкел әлгі қатынды, түрмеге әкетемін. Ал сен мына пакетті ұста да, онымен поручикті тос.
Қ а р а у ы л. Бұйрықсыз қалай болады?
Ш в а н д я. Не дейсің? Телефонды естімеген шығарсың? Мен сенің мүкісіңді арылтармын. Ну, бол, аш! Тұтқын, шық былай, марш. А, сен пакетке сақ бол.
Қ а р а у ы л. Қалай айт деп бұйырасыз?
Швандя. Саңыраусың ба. Подпоручик князь Курносовский бұйрығы де. Монтер, бітірдің бе? Бар. (Қарауыл кетеді.) Ал, жолдастар, бытырайық, жөнеліңдер!
Кетеді. Любовь пен Колосов көшеде, тұйықта жұмысшылар жүр.
Күбірлеген дауыстар.
Дауыстар. Толайым, бәрі жөнелген бе деймін.
— Соңғы эшелон кетті ғой.
— Жалғыз түрме мен вокзалда қалды.
— Бұл не, жолдастар - ау? Шынымен-ақ жегловшылар құрығаны ма?
— Енді қайттік?
— Қайтер едің?
—Тағдыр ғой.
— Кіріссек қайтеді?
— Тағдыр да құр қол ма?
— Япыр-ау, анда Кошкин, Хрущ, Мазухиндер бар ғой, шынымен бергеніміз бе?
— Беріп қойып тұрып, бергеніміз бе дейсің - ау.
Татьяна. Беріп - беріп қойыңдар. Беруге мастерсіңдер. Хрущ сендер үшін отқа кетіп бара жатқанда "Хрущ барсын" дедіңдер. Енді Хрущтар асыларда: "Хрущ асылсын" дейсіндер ғой. (Жылайды).
1- ә й е л. Дұрыс айтады. 2- ә й е л. Дұрыс емей немене... Жақыны ма екен. (Мазақтап.) "Құр қол" дейді. Ендеше қолдарыңды кеп байлап, менің байым фонарьға асқанша тосыңдар, сөйтіп... Байым фонарьда, үш балам фонарь түбінде... Саусақтарын әкесіне созады. Мен болсам міне... Тосыңдар, сөйтіп. Д а у ы с т а p. Біздің кісілер Громовойдың бер жағасына өтіпті ғой. Таңертең жетеді.
— Жоқ, таң біліне жетеді.
— Шын - ақ құтқармағанымыз ба?
Любовь жақындайды.
Любовь. Жолдастар, таң ата мұнда фронттағы қырандар жетеді. Ал енді кеш бата жаумен осы арада алысып жүрген жолдастарды дарға асады.
Ж ұ м ы с ш ы. Біз де соны айтып тұрмыз ғой.
Любовь. Қалайша қол қусырып танды тосып отырасыздар, ә? Ертең жауынгер жолдастардың жүзіне не деп қарайсыңдар?
Ж ұ м ы с ш ы. Қарамай суалып қалсын ол көзіміз.
Любовь. Немен қарсы аласыздар? Ерлердің бусанып тұрған өлігімен қарсы алмақсыздар ма? Ақтың тұзағынан ер бауырларыңды айырып алу үшін не істедіңіздер демей ме? Сонда не айтасыздар?
Д а у ы с т а р. Рас қой, жолдастар - ау?
— Құтқарамыз.
— Бұғып қалу масқара.
— Жүр, құтқарамыз.
Любовь. Жолдастар, ендеше мектеп артындағы алаңға келіндер, қару түгел.
Д а у ы с т а р. Ура!
— Тес... ақырын... тарай беріңдер.
— Соқ телефонды заводқа.
—Түрме қасындағы алаңға жиналамыз.
Халық кете береді. Алыста қалың дүбір. Буржуйлар шошына қашып жатыр. Ақ армия да шегініп барады. Жаралы мен аурулары да бар.
1- г р а ж д а н и н (2-сіне). Не сатасыз?
2- г р а ж д а н и н. Түк те сатпаймын.
1-гражданин. Әлде бірдеме бар шығар. Ақшасына қарамаймын. Ботинкаңызды сатасыз ба? Қажет еді.
2- г р а ж д а н и н. Е, менің өзіме де қажет. (Кетеді).
1-гражданин (артынан еріп.) Жүз мыңға қалайсыз? Алыңыз деймін.
3- г р а ж д а н и н. Ақтың ақшасы жойылды. Жаңа кассада жариялады. Өкімет - ақ екен. Енді қайттік? 4- г р а ж д а н и н. А, менде құдайға шүкір, Керен мен Николайдан басқа түк жоқ. Бастан-ақ біліп едім.
Кетіседі. Яровой шығады.
Яровой. Тыныштық па?
Қ а р а у ы л. Дәл солай, господин поручик.
Яровой. Арестант әйел ше?
Қ а р а у ы л. Бұйрық бойынша подпоручик мырзаға табыс еттім.
Я р о в о й. Не дейді? Кімге?
Қ а р а у ы л. Князь Курносовскийге, әлгі телефонмен...
Яровой (бос бөлмені қарап). Сен... мұнда не бағып тұрсың?
Қ а р а у ы л. Пакет күзетуде.
Яровой (бос пакетті жыртып-жыртып қарауылдың бетіне лақтырып). А, аттырамын сені! (Телефон шылдырайды. Ұмтылып телефонға.) Я, халық? Түрмеге? Алаңға ротаны шығарып, пулеметтер құрылсын. Бұйрық тосыңдар.
Семен жүгіріп кіреді.
Семен. Поручик мырза! Халық түрмеге ентелеп тұр. Тіпті тас лақтырады.
Яровой. Атыңдар алдыңғыларын.
Семен. Бәсе десеңші, ал әне бір оқытушы салдақыны жатқызайық па?
Я р о в о й. Ол кім?
С е м е н. Е, әлгі кешегі Кошкинді жасырған ше? Өзім - ақ жайратамын.
Яровой. Тиюші болма... Бұйрық күт. Ол тірідей ұсталсын.
Семен. Ну, соғыссыз бермейді. Яровой. Бар. Бұйрықты телефоннан тос. Семен. Тосуға болмайды ғой. Яровой. Бар деймін. Семен кетеді. Яровой телефон жанында толқып жүреді. Трубканы бір алып, қайта іледі. Анық естілмейді. Телефон шылдырайды. Трубканы алады.
Білемін. Бұйрық тоссын. Қақпаға шегінсін.
Малинина жүгіріп кіреді, артынан Чир.
Малинина. Поручик Яровой, сіздің істі бөгейтініңіз қалай? Неге ат деп бұйрық етпейсіз?
Яровой. Үлгереміз.
Малинина. Қалай үлгересіз? Бір большевик қатын солдаттардың қақ қасына барыпты. Үгіттеп жатыр дейді.
Ч и р. Ол әлгі сіздің қағазыңызды тінтетін қатын.
М а л и н и н. А, сол ма еді. Енді түсіндім, поручик мырза. Дереу атуға бұйырыңыз.
Яровой. Кісі үкіміне қатыспауыңызды сұраймын.
Малинина. Мен полковникпін.
Яровой. Бұндағы барлық үкімет билігі маған берілген.
Малинина. Бұйрық етіңіз, болмаса мен сізді азғын есебінде арестке алам.
Яровой (тапаншасын жұлып ап). Ну!
Малинина. Большевикке кетесіз ғой.
Яровой. Сіздер болмасаңыздар, большевиктер жоқ болар еді.
Малинина. Поручик Яровой, артымнан еріңіз.
Яровой. Полковниик Малинина, чемоданыңызға барыңыз.
Малинина. Бұйрық еттіңіз бе?
Яровой. Осы бұйрықты орындаңыз.
М а л и н и н. Біз әлі сөйлесеміз, большевик!
Кетеді. Семен жүгіріп келеді.
Семен. Поручик мырза! Бу не, бәтір - ау, жегловшыларды тірідей тастағанымыз ба?
Яровой. Жегловшыларды? Осы минуттан бастап ату керек. Жөнел!
Семен. Маған оларды бермейді ғой.
Яровой. Қазір телефонмен бұйрық етемін (Телефон соғады.) Түрмені беріңіз. (Телефон соға береді, бірақ жауап жоқ) Сайтан!
Офицер жүгіріп кіреді. Не болып жатыр?
Офицер. Халық түрмені алып қойды.
Яровой. Алды? А солдаттар қайда?
Офицер. Солдаттар қарсыласпай қалаға ығысты, бір бөлегі вокзалға кетті.
Яровой. Өте жақсы. Поручик, түнге шейін еркіншілік біздің қолда. Түнде қарағайға кіреміз. Соғыс әлі де бар.
Офицер. Соғысатын кім?
Яровой. Одақтастардың көмегіне сүйеніп, отанның адал ұлдары соғысады.
Офицер. Ұлдары? Отан? (Ысқырып, погондарын жұлып ап.) Жоқ, мен дәмін татқанмын.
Жөнеледі.
Семен. Поручик мырза, большевиктер билеп барады. Бар қорадан қаптай шығып ылғи қызыл ту іліп жатыр. Қайдан алғанын да білмеймін. Жағалай арестке алып жатыр.
Яровой. Қоршап алып атыңыздар.
Швандя мен бірнеше жұмысшы келеді.
Швандя (Яровойды нұсқап). А, міне дәл өзі. Алыңдар, жолдастар!
Яровой (тапаншасын жұлып ап). Ну!
Оқ атып қашады. Патруль артынан қуып кетеді. Горностаевты айдап Пикалов шығады.
Горностаев. Ардақты досым! Адам деген қанша шындық ойлап шығарды осы?
Пикалов. Естіген емен.
Горностаев (тоқтап, Пикаловтың етігін сілкіп). Талай мың деңіз... Ал, егер қашан мыңдаған ұсақ шындықтан бір үлкенді жасаймыз десе... ол егеуқұйрықтан бір үлкен піл жасаймыз деген тәрізді болады. Пикалов. Өй, өзің неге сілкесің мені? Мен саған алма ағашы ма едім? Тұтқын конвойды сілікпе тек жүру керек.
Горностаев. Бірақ сен екеуміз әлі жүрміз, әлі жүрміз, түк таппадық қой. П и к а л о в. Е, жақсы ұлық атаулыны жын қағып кеткенге мен айыпты дейсің бе?
Горностаев. Мені жаманына табыс етші.
Пикалов. Жаманның әлі келмейді. Осында екеуі шарпысып, бірі: "пакетті оған апарып бер!" деп ақырады. Тағы біреуі: "мына пакетте "өте шұғыл" деп жазылған — пакетпен бірге өзін де сүйре" деп айқайлайды. Ал, шайтанның өзі қайда жоғалғанын қайдан білейін. Тауып көр кәне.
Яровой жүгіріп келеді.
Яровой (Любовьқа қарай жүріп). Люба? (Любовь шұғыл теріс айналады.)
Колосов (есікке таяй беріп Яровойға). Бері қарай!
Я р о в о й (өз ғана кідіріп). Ал, бәрібір.
Екеуі де есік артына кетеді. Қуып жүрген патруль кіреді. Қарсыдан кемпір шығады.
Патруль. Апай, офицер қалай қашты?
К е м п і p. Жарығым, ол қашқан жоқ. Мына есікке кірді.
Патруль есікті аша береді, қарсы алдынан Колосовтың киімін киген Яровой шығады.
Патруль. Офицер Яровойды білесіз бе?
Яровой. Білмеймін.
Өте береді.
Колосов (Яровой киімінде). Ол мен.
Патруль. Жүр.
Яровой (Любовьтың қасынан өте беріп). Қош бол, Люба.
Л ю б о в ь. А, сен бұндай құрбандықты қабыл алушы ма ең? (Патрульге.) Тоқтаңдар, жолдастар, мынау Яровой емес. Маскарад жасап жүрген мына дуана той. Яровой былай қашып кетті.
Патруль солай жүгіреді.
Колосов. Люба, бұл өзіңізді қайтты?
Алыстан қуанышты халықтың дабыры күшейе береді. Сол халық ортасында Кошкин мен жегловшылар, бұларға жұмысшы еркек, әйел қуана ұмтылады. Әр жерде шошынған буржуйлар бүрісіп тұр.
Д а у ы с т а p. Жігіттер, мынау Кошкин мен жегловшылар! Ура!
Татьяна, А, Хрущ? Менің ағам ше? Ағамды көрген бар ма?
Д а у ы с. Хрущ әзір көрінбейді. Татьяна. Ендеше асқаны ма? Кошкин бастаған халық жегловшылары мен барлығы уралаған айғаймен алаңға толады. Татьяна Кошкинге ұмтылады.
Хрущ қайда? Ағам қайда? Шын - ақ асқаны ма?
Кошкин (жымиып). Асарсың оны... Көтеретін фонарь табылмас. (Топ ішінен Хрущ шығады.) Өзінің өскенін көрсеңіз! (Татьяна Хрущтің құшағына ұмтылады.)
X р у щ. Амансыз ба, жолдас Яровая! Сізді алдымен күйдірді - ау? К о ш к и н. А, біз решетка артында қол қусырып отыра бердік те, құр ғана тамашалай бердік. (Күліп.) Бірақ, жолдастар, қол қусырып отыруға ерте. Жау кезі келсе кеңірдектен ала түсейін деп баспа қып тұр. Бәрің де шолғыншы болыңдар!
Отрядымен Швандя шығады.
Швандя. Жолдас Роман! (Ұмтылып, мойнынан құшақтап.) Сол енді, сол... сол...
Кошкин (аялы). Немене? Немене, Федя?
Швандя (көзінен бір нәрсені сілкіп тастап). Ремизге отырып ек, қайта айықты - ау.
Горностаев пен Пикалов келеді.
(Айғайлап.) Бөркі табылды ма?
Пикалов. Табылды, бірақ пәле... өзінікі емес, кісінікі.
Кошкин. Жолдас Горностаев! Амандығыңызға қуаныштымыз. Сөйтіп қараңғылықпен алысамыз ба?!
Горностаев. Иә, иә. Мен дәл сол туралы: міне бөркі бар досым туралы.
Марья жүгіріп кеп Григорийге ұмтылып.
Марья. Сен... А Семка ше?
Григорий. Семка маған көр қазып жүр.
Марья. Қай жерде?
Швандя. Шеше, не теңіздің аржағынан немесе осы арада қасыңнан қазбақ. Түкпірден Яровой қашып шығады, Патруль қуып келеді. Яровой Кошкинмен кездесіп қалады. К о ш к и н. А! Комиссар Вихорь! Міне тағы кездестік, бірақ айтысар сөз де жоқ. Сөйтіп... бақыл бол!..
Яровой. Қош бол, Люба!
Любовь (бұдан сырт айналады. Яровойды ұстап әкетеді. Любовь артынан қарап, күрсініп көзін жұмып, тез түзеліп, Кошкинге.) Жолдас Роман, отын астындағы құру бүгін тиісті кісілерге табыс етілді.
Кошкин (қолын қысып). Рақмет, мен әрқашан сізді адал жолдас санағам.
Любовь. Жоқ, мен, мен бүгіннен бастап қана адал жолдаспын.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру