Мазмұнға өту
Home

Көп томдық шығармалар жинағы 10 том

Ғафу Қайырбеков

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Көп томдық шығармалар жинағы 10 том

Авторы: Ғафу Қайырбеков

УДК 821 512 122 ББК 84 ( Қаз) 7-5 Қ 23 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Кiтапты жүйелеп, баспаға əзiрлеген Ғафу Қайырбековтің жұбайы Хамзина Бəдеш Қайырбеков Ғ. Қ 23 Көп томдық шығармалар жинағы./ Ғафу Қайырбеков. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2013. 10-том. Аудармалар. – 392 бет.

ISBN 978-9965-22-451-5

Қазақ жырының аспанында жарқырай көрініп, өзіндік өлең өрнегін салған аса талантты ақын Ғафу Қайырбековтің көптомдық шығармалар жинағының 10-томына өз кезінде қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленген аудармалары енгізілді. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

УДК 821 512 122

ББК 84 ( Қаз) 7-5 ISBN 978-9965-22-451-5 ISBN 9965-22-255-X © Хамзина Б., 2013 © «Қазығұрт» баспасы», 2013

ОДИССЕЯ Аудармашыдан Адамзат мəдениетінің тарихында көне грек мəдениеті, əдебиеті, ғылымы қандай орын алатыны баршаға мəлім. Олар əрі салсаң, Дүниежүзілік цивилизацияның арғы бастау бұлағы болып саналып келді де, біз бүкіл жер, қоғам тарихының өзін солардан бастап оқып келдік. Əлем əдебиетінің ең тұңғыш ескерткіштері – Ұлы Гомердің екі бірдей данышпандық шығармасы – «Илиада» мен «Одиссея» сол Грек мəдениетінің ғана емес, дүние поэзиясының ортақ мақтанышы есебінде əлденеше ғасыр бойы сандаған халықтар тіліне аударылып, оқылып келеді. Бұл екі дастанның мəңгілігі де сол – мəдениеті мен əдебиеті ерте дамыған елдер тілінің өзіне бір емес, əр тарихи кезеңде əлденеше рет, əртүрлі нұсқауда аударылып, жаңарып-жаңғырып жатуы. Ал əдеби тілі, профессионалдық поэзиясы келе-келе қалыптасқан немесе жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттар тілінде енді-енді аударылып жатуы, аударыла бермектігі – ол да сол мəңгіліктің куəсі. «Илиада» мен «Одиссея» аудару дəрежесіне жету – белгілі бір тілдің, оның поэзиясының өркендеу, өсу, толысу дəрежесінің өлшемі, жеткен биігіне айғақ жəне мақтаныш болып саналатыны даусыз. Сол тараптан бұл екі Ұлы шығарманың қазақ тіліне аударылуы – біз үшін тарихи оқиға екені тағы да даусыз. Бұл шығармалар біздің арғы, бергі тарихымызда ең тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлегелі отыр. АУДАРМАЛАР

Екінші жағдай – эпосқа, батырлар жырына бай қазақ ауыз əдебиетіне бұлардың айрықша туыстығы, жақындығы бар. Біздің батырлар да, мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Қамбарлар, сан жорық, қиямет қиындықтардан соң, əлденеше жыл азап кешіп, туған еліне, отбасы, отанына сау-сəлəмат қауышатыны бар ғой. Оқиға желісі, жырлау əдістері, хиссалық қасиеттері, фантастикалық бейнелер (дəулер, жынперілер, аруақтар, əулиелер деген секілді), аллегориялық əсірелеулер, тіл, сөз, теңеу қолданыстары – бəр-бəрісі бізге мүлде етене жақын келеді. Бұл жағынан дастандардың қазақша сөйлеуі – аса құнды маңыз алса керек. Ал аудару ісіндегі қиындықтарға қысқаша тоқталсақ – шығармалардың бізде жоқ буын өлшемі – гекзаметр (он сегіз, жиырма буын) түрінде жазылуы. Екіншісі – ешқандай ұйқастық болмауы. Үшіншісі – əмəнда бес жолдан құралып, əр тармағы нөмірленіп отыруы. Бұл – формалық жағындағысы. Енді бір сала қиындық – толып жатқан елді мекендердің грекше аттарын, толып жатқан құдайлардың есімі (Жер құдайы, Су құдайы, Жел құдайы, Жай, найзағай тəңірісі, Сұлулықтың, Жауыздықтың, Рахымшылықтың құдайы деген секілді). Бұлардың бəрі үнемі түсіндіріп отыруды керек ететіні бір басқа, ол есімдер, аттар қазақ өлеңіне сыймайтындығы тағы бар. Осыған да байланысты көп халықтар, орыстың өзі əлденеше нұсқада аударып келе жатыр. Мысалы əлгіндей-ақ өлеңмен аударуы бір басқа, бірыңғай қара сөзбен оқиғасын, мазмұнын баяндау нұсқасы да бар. Ұсынылып отырған үзінді – тараудан көрінері аударушының алдына қойған мақсаты өлеңді еркін де болса, ұйқасқа түсіру. Онсыз оны қазақ өлең деп танымайды. Ал мұның қиындығы өзінен-өзі белгілі. Екіншісі – 7 – 8 буынды бірге қосып, бір жол жасау, яғни 14 – 15 буынға түсіру. Өйтпесе, 16 – 18 буынның оқылуы қиын, өлең жүрісі өте баяу шығады. Үшіншісі – қазақтың барынша байырғы тілімен, хисса тілімен, баяндау үлгісімен, образдар заңдылығын сақтап аудару.

Осы ерекшеліктерді, ол жолдағы істеліп отырған жұмыстарды, ізденіс, оқу құралдарын үздіксіз қарау процестерін айтпау ретсіз болар еді. Жəне бұл жұмысқа ұзақ жылғы аударма тəжірибесін пайдалануды да айтқан артық емес. Оқығандарға мəлім болар, алдыңғы екі тарауда Троя соғысының соңында Ахей жұртының батырлары əрқайсысы өз мекеніне өлдім-талдым деп əрең жетіп, Одиссейдің кемесін дауыл айдап, қиян шетке апарып тастайды да, ұзақ уақыт елге оралмай хабарсыз кетеді ғой. Оның əйелі Пенелопа аруды алмақ болып небір атақты батырлар талаптанып, таңдаған біреуімізге тисін деп, Одиссейдің үйінің үстіне кеп, омарылып жатып алады да, батырдың мал-мүлкін шашып, ішіпжеп, шаңырағын тəлкек қылады. Пенелопа: «Бір ұзақ тоқитын өрмегім бар, соны біткен соң, біреуіңді таңдармын», – деп шарт қояды. Бірақ ол өрмек бітпейді. Одиссейдің баласы Телемах ол кезде есейіп қалған, соған елдің дана қарты ақыл беріп, əкесімен соңғы сəтке дейін бірге болған батырларға барып, жөн сұра, қысқасы əкеңді іздеп жолға шық дейді. Телемах сол ақылды алып, сапарға шығады. Ең алдымен елі жақын Нестор батырға соғады. Мынау тарау сол Нестор еліндегі оқиғаны баяндайды. БІРІНШІ ЖЫР Жырдың пірі – Муза маған енді алаңсыз ет баян, Қасиетті Илионды талқандаған – Ер ноян, Сонау күннен баспаған тау, бармаған жер қалмаған, Мың сан жұртты көзбен көріп, сан қаланы шарлаған, Ел сағынып, дос арылып, қанды азапты зарлаған. 5. Басы қаңғып, отанына қайтара алмай достарын, Еткен еңбек босқа кетіп, сұм тағдырдың қысқанын Азап-шермен тағы-тағы қалдырмастан шерт маған Ол серіктер өз басына жаулық тілеп алғанын, Гелиос құдай өгізін ұрлап, содан қырсық шалғанын.

  1. Өшіккен тəңірі енді оларды елге оралмас еткенін, Қайырымды Муза, қандай жақсы соның бəрін шерткенің Зевс қызы жайында да біразырақ баян ет, Ажалынан құтылғандар елін аман тапқанын, Қанды қырғын, көк теңізден көзі тірі қайтқанын. 15. Тек сорлаған біздің батыр отанына алыстап, Сүйікті жар, туған ошақ əлдеқайда қалыс қап, Нимфа Калипсо əйелдердің құдайы Тас шыңырауға қамады оны, күйеу етпек күшпенен, Жыл толғанда азабына құдіреттің істеген. 20. Барлық құдай бас изесті енді оралсын елге – деп, Тек Посейдон – Су құдайы жолын қиып, кермелеп, Одиссейді – құдайдай ерді қудалауға кірісті, Бірақ бұл кез алыста еді, ол эфиоптардың елінде, (Қос мекенді – жұрт атанған – бірі күннің батысы Бірі күннің – жарық нұрдың шығатұғын жерінде). 25. Онда батыр жарлық беріп қаумалаған халыққа, Семіз өгіз, қой біткенді жинап жатқан салыққа, Өзі тойдың басында еді, ортасында «жеп-іштің» – Өзге құдайлар жиналысқан сарайында Зевстің – Пенделер мен өлместердің ең құдіретті əкесі Кеңес құрып, бəрін жинап, ақылдасқан сəті сол. 30. Ойында оның – Эгист еді, – ер кісінің тазасы, (Болды соның Атрид ұлы – Орест ерден қазасы); Құдайлардың жиылысына Зевс сонда тіл қатты: «Ғажап ғалам, қазалы пəнде атаулының бəрі де Не болса соған құдайларды жазғырудың мəні не! 35. Өздері ғой өз сорынан текке қаза табарын? Эгист те солай: несі бар еді тағдырға қарсы баратын, Өлтірді де Атридті қайтарында жолшыбай, Əйелін алды, бəлеге қалды, қазаға басы байланды Құдайлардан елшілікке қырағы Эрмий сайланды –
  1. Басын құртқан Аргус ердің өжет еді ол да бір. Өлтірмесін – дедік оны, əйелін ап зор жəбір, көрсетпесін; Атридтің кегі қайтар Орестен! – деді Эрмий, ержетеді ертеңгі күн нəресте Тыңдамады, басын жұтты, ажалды ерің егескен. 45. Зевс кызы өткір көзді Афина ару Паллада Осы арада əкесіне бір ауыз сөз арнады: «Сөзің рас, Кроннон, ең жоғарғы əміршім, Əділ жаза, тапсын қаза кім жасаса жауыздық Бірақ менің жүрегімді өртеп тұрған арыз-жүк – 50. Айлалы ақыл Одиссейдің тағдыры еді тым ауыр, Кіндігіндей кең теңіздің, тас аралда сонау бір Билігінде Нимфа сұлу Атлант құдай қызының Жатыр жалғыз жапа шегіп; көңілі қапа, жүзі мұң. 55. Ол арада Атлант қана тереңдікті билеген, Ауыр биік бағандармен көк пен жерді тіреген Соның қызы Одиссейді сиқырымен шырмаған Туған жері Итакиді ұмыттырып бағуда, Қарамастан көздің жасы, мұң мен арыз, шағымға. 60. Алыс жаға, туған елдің түбірін де сағынған, Сол сорлы жан ажал тілеп, енді үміттен арылған. Жүрегіне жетпес пе екен, Олимпия ардағы? Сол емес пе ед сонау жатқан Троянның жерінде Бір өзіңе құрбан шалып, сарқып сиын берілген 65. Ахейлердің қалың нөпір кемесінің көшінде «О, Кроннон, босқа қаһар төгесің несіне?» Сонда жауап қатты оған бұлт үйірген Кроннон: «Қызым қалай шықты аузыңнан байқаусызда сөз мұндай? Ұмыттым мен Одиссейді ел ішінде ызғындай. 70. Айырықша ер еді ол, өлместерге бара-бар, Ақылы дара, құдайларға құдайысы жəне бар.

Жоқ! Посейдон жерді сумен, толқынменен толтырған. Онымен өш. Жазығы оның – Полимфемдей дəуінің Көзін ойған. Сондықтан ол ең үлкені жауының. 75. Ішіндегі дəу-перінің ең мықтысы – Форктың, – (Иесі еді ол ұлан, тұзды теңіз қорықтың). Фооса Нимфа деген оның, қызыменен Посейдон Арасынан туған еді ол жеті қат жер үңгірде, Одиссейді Посейдон өлтіре алмас түбінде, 80. Дегенмен қуалап шексіз теңіз бетімен Итакиден оны аулақ əкетуі еркінде. Ақылдасып көрелік қайтаруды оны елге, Райынан Посейдон қайтар болар тегінде, Бар құдайды бір өзі əлі келмес жеңуге!» 85. Зевс қызы – жайтаң көз Афинея Паллада Деді сонда: «Əкеміз – Кроннон алдағы! Құдайлардың мұндағы жетіп тұрса парманы, өлтіруші Аргусты, тындырушы бар тегі – Огиг деген аралға Эрмий барса болғаны. 90. Бұйра шашты Нимфаға барып айтсын біздерден Бұлжымайтын үкімді – қайтатұғын кез келген Десін елге Одиссей – көптен соры қайнаған. Итакиге мен барам. Одиссейдің ұлының Жүрегіне дем беріп, кек оятар күн бүгін. 95. Қалың шашты Ахейді мəжіліске жинатам. Одиссейдің үйіне, күйеулерді бір аттам Жолатпасқа ол жерге, жегідей жеп тауысқан Барлық малын байғұстың өгізін де, қойын да Жалмауыздар кіл өңшең келмейтін бір тойымға 100. Спарта мен Пилосқа барып қайтар сосын ол, Əкесінен бір хабар білу үшін осы жол. Ердің даңқын жұртына танытуға тағы бір».

Қыз соны айтып аяққа алтын ұлтан байлады. Сумен, жермен құрғаққа, қияндарға қайдағы 105. Желдей есіп кететін; алды сосын найзаны Мыспен басын ұштаған, пəлен батпан салмағы, Соныменен сан ерді талай жайпап түсірген Құдайдың туған перзенті Алланың ару ардағы. 110. Олимптің заңғар құзынан секірді келіп Құдай-қыз Итакидің үстіне, қораға кірді байқаусыз Қонақ киім киініп, Тафийлықтардың басшысы – Бейнесін алып Ментестің, тастамай қолдан найзасын Аттыруға кеп жатқан күйеулердің айқасын. 115. Көріп тұрды ол. Аналар өздері жеген өгіздің Терісіне қонжиып, топай ойнап тоғыз күн, Он күн шарап сіміріп, даяшылар жүгіріп, Азаншылар айқайлап, табақ-табақ ет пісіп, Сулар қайнап, бу ұшып, жатты солай жетісіп. 120. Афинаны алдымен Телемах көрді кіргеннен, Жүрегі жара-қайғылы қасірет қамап түнерген Есіл-дерті – əкесі. Аман келсе ол жолдан Жыртқыштардың мынау бір алған үйдің мазасын Тас-талқанын шығарып, берер еді-ау сазасын. 125. Отырғанда осы оймен, Афинаны көрді де, Тұрды орнынан асығып, келді жақын ол міне, Жолаушыны күттіріп қойғанына өкінді, Оң қолынан алды да, қабылдады найзасын, Ал содан соң мейманға бір асыл сөз арнасын: 130. «Хош келіпсің жолаушым. Қол қусырып сыйлалық; Мұқтажыңды айтарсың, жайланған соң дем алып» Деді дағы алға озды, Афинея Паллада Соңына ерді, кірді олар той бөлмеге залдағы Қойды оңаша жасырып, жарқылдаған найзаны.

  1. Бұрын онда тұратын Одиссейдің найзасы. Афинаны əкелді əшекейлі айнасы Əдемі бір орынға. Жылтылдаған матамен Жапты үстін сəкінің; аяғына бір орын қойды тағы. Отырды шеткерірек өзі оның. 140. Сонау шулы есер топ алмау үшін мазасын Қонағының құрметті, ішу үшін дəм-асын. Оңашада сұрамақ болды алыстағы əкесін. Күміс леген алдырып, алтындаған құманмен Қол жуғызды қонаққа алқындаған сулармен. 145. Жалтылдаған столға түрлі тəтті нан қойды, Əкесінің қорынан жиған бір кез абыройлы, Алтын табақ ет тартты неше қабат дəмімен, Алтын құты қойды да зəмзəм шарапты Күміс көмей жаршы да жұртты аузына қаратты. 150. Кіріп келді күйеулер гүжілдеген тобымен, Отырысты жағалай өзді-өзінің орнымен. Қол жуғызды оларға, даяшы-күңдер жүгіріп. Дəм тасыды, содан соң шарап құйды балалар, Қолын созып қалың топ болды бір кез дəм алар. 155. Тойғаннан соң ішіп-жеп, гүжілдеген күйеулер Белгілі ғой ар жағы – көңілге əн мен күй енер. Көркі емес пе тойдың ол – жылмаңдаған даяшы əкелді аспап əншіге. Сыңғырлаған шектерге Қол ұрғанда үн бітті əнші даусы кетті өрлеп. 160. Афинаға жайтаң көз қаранды да Телемах Мойнын бұрып айтты сөз жаймен ғана сыбырлап: «Кешір мені қонағым, ашық кетсем кенеттен; Есіл-дерті əн мен күй, береке жоқ тасырлар. Жат дүниесін ішіп-жеп, масығар да басылар 165. Бұл дүниенің иесі – жатыр оны кім біліп, Қу сүйегі шашылып, жаңбыр шайып, су жуып,

Айдалада қалды ма? Итакиге келсе ол, Мыналарың киім мен жимақ түгіл алтынды Жылап-еңіреп тілер ед еліне аман қайтуды 170. Əттең, өліп қалған ғой, сұм тағдырдың кегімен Қуаныш қайда біздерге, қайғы ғана берілген. Кейде, бірақ адамдар айтып келіп жатады Оралады деп оны. Əй қайдан, ол оралсын. Бір тілегім бар сенен, айтшы, кімсің, жолаушым? 175. Ештеме де жасырма, руың кім, елің кім? Əкең менен шешең кім, айтшы бəрін жөніңнің? Итакиге келдің сен қай кемемен, кім айдап? Мұнша жерге, білем мен, жаяу келген жоқсың сен Сен айта бер жасырма, біразын айт – көпсінсең. 180. Итакиге келуің бірінші ме? Жоқ, əлде Одиссейдің қонағы болып жүрген адам ба ең? Ол заманда шет жұрттан біздің үйге кісілер Көп келетін; əкей де мейман жанын түсінер» 185. Айтты асыл көз Афина, сүйіктісі Зевстің: «Анығында айтсам мен, өзім атым – Ментеспін, Ақылды патша Анхиал – əкем менің болады, Қайықшы халық Тафийдің билеймін елін талайдан. Келді менің кемеммен Итакиге талай жан, 190. Өзге тілде сөйлейтін халықтарға теңізбен. Мыс өндірмек ойым бар қазыналы Теместен Айырбасқа аламын жалтылдаған темірмен, Кемемді алыс қалдырдым төскейінде Неонның Ретре деген шығанақ қаладан шалғай жер оның 195. Баяғыдан аралас біздің ата-бабамыз Естір ең жиі өзің де бара қалсаң – сан аңыз Болған батыр Лаэртті бірақ қазір ол кəріп

Келмейтін болды қалаға, далада оның тұрағы. Қызметші кемпір қасында, тамағын беріп тұрады. 200. Жүзім бауда жүреді аяғын басып əрең деп. Келіп едім əкеңді əдейі арнап көрем деп. Құдайлар оны жолшыбай кідіртіп қалған болар да. Жер бетінде өлген жоқ Одиссей батыр қайырымды. Əлдебір жерге, аралда, көк теңізде айдында. 205. Қамалған болар кім білсін жыртқыштардың ауында. Мен айтайын, сен тыңда, құдайлардың қаумында Жүргендіктен болар ма, жүрегімде болжайтын Қасиет бар, емеспін, əрине, мен пайғамбар Бақсы-балгер де емеспін, бірақ айтқаным келген дəл. 210. Ажырауы отаннан тым ұзаққа созылмас Айрылмастай маталған темір бұғау қолы, рас Үйге оралу амалын жанталасып іздейді ол Айлалы ер ғой, əзірге тұрғанымен түспей жол. Енді сен де менен түк сыр жасырмай айтар бол 215. Одиссейдің шынында баласы ма көргенім? Бас бітімің ұқсайды жəне өткір көздерің. Əлі есімде кескіні, сан кездестім онымен Ахейлердің жақсысын жиып алып, кемемен Трояға аттанбас бұрын оны көріп ем. 220. Одан қайтып мен оны, ол мені де көрмеді». Одиссейдің ақылды баласы сонда сөйледі: «Қадірлі мейман, шыным мен сырымды сенен бүкпеймін. Анам соның баласысың деген маған, мен білмен. Кімдер біздің əкеміз бұл дүниеге өндірген 225. Білуге мүмкін емес қой. Қырсық шалған адамның Менің əкем болуы – осы күні маған мұң. Əйтпесе ол мынау бір мекенінде дəулетті

Қартайғанша жасар ед, несін менен сұрайсың? Дүниедегі бақытсыз адам болды сорлы шын» 230. Жайтақ көзді Афина – асыл қызы Зевстің Жауап қатты: «Шамасы, құдайдан бəрі көп істің; Сенің ошағың даңқсыз болмас үшін алда да Пенелопаға сендей ұл сыйлаған ғой тəңірлер. Не боп жатыр бұл жерде, сен жасырмай айта бер. 235. Көп жиынның мəні не? Жатырмысың той жасап? Той деуге де келмейді, ылғи бұзық асыр сап Жатқаны анау, көруге көз ұялар жай екен». «Менің жақсы мейманым, – деді Одиссей баласы – Сен сұрасаң – мен айтам – енді сөздің расын: 240. Тұрғанында ер аман, дəулетті еді біздің үй Құрметті еді иесі, қалың жұрттан көрген сый; Енді міне қатыгез, қайырымсыз құдайлар Қарақ етті ол үшін бүкіл жарық дүниені; Жаймен өлсе, мұншама күйзелтеді кім мені? 245. Жолдастармен бірге өлсе Трояның жерінде, Жараланып болмаса, үйге келіп өлуге Жарамады. Ахейдің барлық халқы жиналып Қояр еді арулап, биік күмбез салдырып, Кетер еді ұлына мəңгі даңқын қалдырып. 250. Алды оны Гарпилер, ұшты-күйді жоғалды, Моласы жоқ. Артында маған деген мұң қалды. Жалғыз ғана ол емес – жоқтауым мен жылауым: Басқа салды құдайлар басқа мұңның азабын. Барлық біздегі аралдың мен мықтымын дегені: 255. Дулихи мен Замнан да, Закинфтен орманды Итакидің өзінен құз жартасты, қорғанды Өңшең дөйлер жиналды Пенелопаны алуға

Зорлықпенен, мінекей, бар мүлкіміз таланды. Шешем байғұс бірімен некелесуге қорланды. 260. Ешқайсысына құлқы жоқ, құтылуға жоқ дəрмен, Ал мыналар ішіп-жеп, құртар бізді болды əбден». Афинадай құдай-қыз басты ашуға сонда: «О сұмдық-ай! Қадірі тұр екен-ау өтіп-ақ Алыстағы əкенің! Етер күл мен топырақ 265. Мынау жебір сұмдарды; о, дариға, о, бір шақ, Қос найзасы жалтырап, дулыға, сауыт жарқырап, Кіріп келген қақпадан кездерін бір көріп ем. Тостаған шарап қолда ойнап, отырып еді ең төрде Эфирде сонау Мермердің баласы Илге келгенде. 270. (Соншама алыс өлкеге Одиссей патша тым жүрдек Кемесімен жетіп ед) келіп еді у іздеп Жез жебелі садақка. Ил көнбеді, бас тартты Құдайлардың жіті көз қаһарына қалам – деп, Сонда əкем беріп ед, дос көңілін бағам – деп. 275. Сол кейпімен Одиссей күйеулерге келсе егер Жазуымен тағдырдың, неке түгіл зар шегер Бұл сұмдарың, бірақ біз біле алмаймыз амал не Жасырынған бізден ол өлместердің қауымында Көктегілердің күшімен оралып келіп ол мұнда 280. Қыра ма, жоқ па бұларды? Оған дейін бір арман – Амал іздеп көрелік, құтылуға бұлардан Ертеңгісін тұрып ал, Ахейлерді жина сен. Құдайларды куə ғып бұл ақиқат шындыққа Көзін жеткіз олардың. Талап етуді ұмытпа 285. Күйеулердің үйіне тез қайтуын бұл жерден. Шешеңе де айт егерде үміті болса күйеуден Үйіне қайтсын ол дағы, жасау мүлкін даярлап

Əкесі қызын жақсылап өз қолымен ұзатсын. Ақылымды ал осылай, күйеудің бірін ұнатсын. 290. Ал өзің сайла кеме бір жиырма ескекті жалда да, Ізде алыстағы əкеңді сапарыңды арна да. Барлық елге сұрау сал, білер ме екен хабарын, Қандай сөз бар ол жайлы, құлағыңды тос соған; Зевс сөзін пəндеге жеткізуші қосшыдан. 295. Əуелі аттан Пилосқа, Құдай Нестор не айта алар. Содан соң Спарт бар тағы, Менелайдан біл хабар. Жез сауытты Ахейден, ең соңғы келген сол еді, Əкең тірі əлі де, келеді деп естісең, Қысымның төзіп бəріне, аттай бір жыл тосшы сен. 300. Өлді десе, жоқ десе тірілердің санында Үйіңе қайт та оралып, келе салып сен мұнда Күмбез орнат оған сен, кіріс жұмыс қамына Аға тұтып, асын бер. Алғаннан соң жайғасып Пенелопаға дегейсің – енді өзің біл, байға шық!» 305. Алғаннан соң бел бекіп, күйеулерді амалдап Қамын ойла құртудың, күшпен яки айла тап. Бала емессің енді сен, балалықтан кеткенсің. Білесің кəдімгі Оресті кезінде жап-жас уыздай Көзін құртты Эгистің жер бетіне сыйғызбай. 310. Əкенің кегін қайтарды күллі əлемнің алдында Сен де сондай, о, досым, пісті қатқан шағыңда Қажырменен қайрат қыл, сенің биік атыңды Келер ұрпақ жаттасын. Кемеге енді оралам Серіктерім енді іздейді, рұқсат бер сен маған. 315. Өз қамыңды ойла сен. Сөзді жерге тастама». Одиссейден ақылды туған сонда жас бала: «Уа, сүйікті мейманым, – деді – ақылың қонымды.

Сеніменен сөйлестім, сөйлескендей əкеммен. Жерге сенің сөзіңді тастамаспын бекер мен. 320. Асықсаң да азырақ сабыр етсең деп едім. Моншаға түс, деміңді ал, тап жаныңның керегін. Бағалы сыйлық қабылда, адамдардың салты ғой Айырлысарда сөйтетін, есіне алып жүрсін деп Дос пенен дос қоштасса, қайғырар да күрсінбек». 325. Зевс қызы жарқыл көз деді сонда Афина: «Асығыспын асыл дос, сен жолымнан қалдырма, Қайтып келіп алармын бермек болған сыйыңды. Əкетермін үйіме, мен де сыйлық берермін, Əзірінше аман бол, мен жолыма жөнелдім». 330. Осыны айтып нұрлы көз Зевс қызы зым-зия Ғайып болды құстай-ақ – бет алысы бір қия. Телемахтың бойына беріп бекем батылдық. Еске түсірді əкесін, сескенді жəне бір оймен Жүрегімен ұғып қап сөйлескенін құдаймен. 335. Тəңірдей сабаз содан соң күйеулерге таянды. Атақты жырау оларға шырқайды мұңды бір əнді. Тыңдайды бұлар булығып, бастары төмен салбырап Троядан оралған ахейлердің қайырсыз Сапарын жырлап тұр еді ол, көңілі мұң, жаны – сыз. 340. Шабытты жырды естіп қап, жоғарғы мекен-жайынан Келеді түсіп басқышпен Пенелопа жайымен Икарий қарттың жалғызы – ақылы асқан талайдан Қос қызметші қасында, əйел біткеннің тəңірісі Қарағанда бір соған көзі тоймас əр кісі, 345. Тұра қалды сүйеніп күміс діңген бағанға. Екі жақта екі əйел, қызметіне алаңдап Жалтылдаған пердемен көлегейлеп ақ жүзін,

Жылап сонда тіл қатты шабытты ақын жырауға: «Білетін ең ғой, Фемий сен, жырлауды артық бұдан да. 350. Құдайлар мен батырлар мадақтаған ерлігін, Тілегім менің, солардың айтып жібер сен бірін Тыңдасын үнсіз меймандар тəтті шарап қолға алып. Мұңлы əніңді доғар сен. Оны естісем жүрегім Өртенеді, қайдағым қозғалады білемін. 355. Аз қасірет болған жоқ, арыстаным қазасы, Сағат сайын жас төгем, арылмайды азасы. Эллада мен Аргосты даңқына зор бөлеген». Одиссейдің тіл қатты ақылды туған баласы: «Қымбатты менің анашым, неге тыйым саласың. 360. Жанымызды ұйытқан осынау жырды айтуға? Жыршы кінəлі емес қой əлі жетсе шалқуға. Кінəлі оған Зевс қой – адамдарға биіктен Асқақ шабыт дарытқан. Салма тыйым сен оған Данайлардың қайырсыз сапарынан оралған 365. Жырды мынау халайық, көріп отыр лайық Сен де тыңда, мауқың бас, мұң-шеріңнен бір айық. Құдайлардың бұйрығы – қайта алмаған жолынан Тек Одиссей емес қой, өзгелер де ардақты Қаза тапты, не керек, іздей беріп аруақты. 370. Бөлмеңе бар, үй-жаймен қамын ойла шаруаның Өрмек тоқы, жіп иір, білсін күндер сен барын. Əйелдің бұл ісі емес, ер жұмысы мұндағы. Ол болмаса – мен бармын, мен билеймін осында», – Деді ұлы білместен таң қалуға, шошуда 375. Пенелопа шықты үйден, жараланған жүрекпен Тарс жауып бөлмесін, жан жайлаған бір дертпен Ал жыласын еңіреп, қоршауында күндердің.

Одиссейін жоқтады ол, ала алмастан бір тыным Құдай қызы Афина жапқанша оның кірпігін. 380. Ол уақытта күйеулер жатты əлі дуылдап – Пенелопаға таласып, бірін-бірі сығымдап. Айтты сонда оларға Одиссейдің баласы: «Біттіңдер ме, күйеулер, Пенелопаға таласып, Дауларыңды қойыңдар, əн-өлеңмен жарасып, 385. Отырыңдар бір кезек. Шабытты ақын жырласын, Құдай тектес сабаз ғой, болады одан кім басым. Ертең ерте бəріңді шақырамын алаңға Жұрт алдында айтармын, босатыңдар үйімді. Іштің, жедің, тойындың, көрдің қанша сыйымды. 390. Бұдан бұлай тойыңды басқа жерге тойлаңдар. Тыңдамайды екенсің, зауал барын ойлаңдар. Құдайларға тапсырам – Зевс өзі-ақ табады, Сонда сендер барымды тегін ішіп жегендей Тегіннен тегін өлесің, қаласыңдар көмілмей», – 395. Деді де тынды ол, күйеулер күйінді ернін тістелеп, Мынау бір батыл сөзден кейін жүректеріне түскен өрт Евпеит ұлы Антипей сонда барып тіл қатты: «Бұл сөзді саған, Телемах, құдайлар болар үйреткен Ашулы сөзің қадалды тұп-тура келіп жүректен. 400. Кроннонның ырқымен Итакиге сен патша Бола қалсаң – қырылдық. Хақыңда бар, шындаса». «Антипей досым, сен маған ренжіме қатты айтсам: Зевс берсе билікті – қабылдауға мен қашпан. 405. Патша болса несі бар, патша жұрттан қор ма? Байлық, дəулет жиналар, құтқа айналар сол мекен, Құрмет қылар халық та. Итакиде, бірақ та Патшалыққа лайық жас пен кəрі табылар Одиссей қаза болған соң, сайлауыңа ықтияр;

  1. Өз үйімде, ал қазір мен қожамын – ол анық Одиссей тапқан айқастан құл мен күңді олжа ғып» Полибидің баласы Евримах сөз алды: «Тəңірлерден біздерге не бұйрық бар – белгісіз. Толқын сүйген Итаки қалмас бірақ билеусіз. 415. Өз үйіңе, əрине, сен қожасың талассыз, Аман тұрса Итаки, мүлкіңе қол салмаспыз Келіп кеткен жаңағы қонақ жайын баянда: Аты-жөні кім? Қай нəсіл? Қай мекенде туыпты? Əкең жайлы ол, бəлкім, қандай хабар біліпті? 420. Итакиге əлде жай шаруасымен соғып па? Ойда жоқта жоғалды біздерменен жолықпай. Тегін, сірə, жан болмас». Одиссей ұлы ақылды деді: «Досым Евримах, əкемді көру жоқ маған. Келеді деген мен енді қауесетке тоқтаман. 425. Шешем байғұс бал ашып, болжау айтып бос əуре. Одиссейдің қонағы ол кеп жүретін осы елге. Мекені Тафос, Ментес ол – Анхиалдың баласы Тафии деген ескекші ел билейтіні, шамасы». Деп тұрса да Телемах, бірақ оның санасы, Деп қорытты құдай-қыз – бүгін оның көргені, 430. Ал содан соң күйеулер тағы басқа өрледі, Əнге басты, биледі кеш батқанша тасыр ғып. Кеш болған соң бəрі де үйлеріне тарқасты. Телемахтың өзі де сарайына қақпа ашты. 435. (Ол ғажайып сарайдың терезесі күн жақта), Шықты алдынан шам алып Евриклея бұл шақта, Певсенорий Опстың қызы еді ол ақылды. Жайнап тұрған кезінде Лаэрт сатып алып ед Жиырма өгізге бағалап, ұстады оны қадірлеп. 440. Асыл мінез ақылды өз жарынан кем көрмей. Қол тигізбей бағып ед, қызықпай да, желденбей:

Шам ұстаған күйінде Телемахты кіргізді бөлмесіне жататын. Бала күннен бір мұның күтушісі болатын, бəрінен бөлек күңдердің. 445. Отырды да төсекке, шешті жұқа жейдесін. Берді кемпір қолына, ықыласын көргесін, Əдемілеп тегістеп, бүктеп ілді шегеге Басындағы есіктің күміс тұтқа есікті Жапты сосын, тиегін белдеуменен бекітті, 450. Кетті шығып содан соң. Қойдың жұмсақ терісін Жапқан төсек үстінде, қолдаушы пірі, перісі – Афинадай құдай-қыз тағайындаған сапардың Түні бойы көз ілмей, қамын ойлап жатты ұзақ, Ағарып жүзі аспанның, бергенінше таң сызат. ЕКІНШІ ЖЫР Шықты Эос жарқырап – Таң сұлуы сəулетті; Тұрды сонда төсектен Одиссейдің перзенті, Асыл семсер асынды киімінің сыртынан, Аяғына байлады əсем ұлтан-кебісін, Құдай тектес кескіні пəнде көрмес кемістік. 5. Сыңғыр көмей, сырбаз үн жыршыларын шақырды. Ұзын шашты ахейлер «жина» – деді халқымды. Олар сонда жар салды, – алаң жұртқа толғасын, Жұрт алдына шықты ол – мыс найзасы қолында Жалаңдаған жəне де қос иті бар соңында. 10. Афина оның бейнесін ғажап нұрға бөлеген, Есі танды ел жұрты оның көркін көргеннен. Ақсақалдар серпілтті, орын беріп ортадан, Əкесінің тағына отырды кеп шалқайып. Ең бірінші сөз алды Египтий ер марқайып,

  1. Көпті көрген кісі еді, еңкіш тартқан еңсесі Баласы оның Антифонт – найзагерлер еркесі, Көп жылқылы Тронға патша Одиссей екеуі бірге барған ер еді өр тұмсықты кемемен. Өлтірді оны Полифем – келгенінде жеме-жем. 20. Тас қараңғы үңгірде кешке жақын жеу үшін Қалды шалда үш бала – толтыруға кемісін. Бірі оның – Еврином күйеулермен соғысқан Енді екеуі шаруада əкесіне болысқан, Өлген ұлын қайғырып, қабырғасы қайысқан 25. Жасын тыймай байғұс шал. Күйреп тұрып сөйледі: «Сөз тыңдауға шақырам, Итакидің ерлері; Жиналмадық біз ұзақ патша Одиссей кеткелі – Кемесімен зымырап; жинап тұрған кім бізді? Жинаттырған не мұқтаж? Жігіт пе екен жұлдызды? 30. Əлде елдің ері ме жылдар өтіп ержеткен? Əлде жұрттың маңызды пайдасына жиды ма? Əйтеуір адал азамат: даңқы болар зор адам! Зевс оны жеткізсін мақсатына ойлаған». 35. Одиссей ұлы бұл сөзге керемет қатты қуанды. Ел алдына ол да бір сөз айтпаққа ойланды; Шықты алға содан соң Певсенеор жаршысы – Ақылшысы қолына патша асасын ұстатты; Алдымен ол жаңағы шалға қарап тіл қатты: 40. «Уа, қадірлі ақсақал, кім жинады – дедіңіз Жинаған – мен өзіммін. Қапалы бір кезіміз Естігенім жоқ əзір келе жатқан жау бар – деп; Халықтың да пайдасын айтайын деп тұрғам жоқ Қырсық шалды үйімді, айтпасыма мұршам жоқ. 45. Екі қырсық бар менде: бірі – əкемді жоғалттым, Ол сендердің қайырымды патшаларың болатын

Ол сендерді алаңсыз баласындай сүйетін. Екінші қырсық жаныма одан да ауыр тиетін – Үйіме менің күн туды түгі қалмай күйрейтін. 50. Ол – бұзақы күйеулер мазасын алған анамның, Балалары сіздей игі-жақсы адамның. Икарийдің үйіне – əкесіне шешемнің Барып құда түсуге, сосын ол қарт еркімен Кімді ұнатса, сол жанға қызын берсін көркімен; – 55. Деген сөзге көнбейді біреуі де бұлардың. Оларға тек керегі – басылмауы думанның, Қой, ешкі ме, өгіз бе – бас салып кеп сояды, Шарапқа да қану жоқ, төбелесу аяғы 60. Үйімді əбден аздырды – Одиссейдің жоғынан. Иесіз үйдің, əрине, не келеді қолынан? Бара-бара қорғансыз жайымыз бар қалатын Күшім болса – өзім-ақ сыбағасын берер ем: Бастан асты қорлығы күннен күнге үдеген. 65. Тыю бар ма бұларға? Арларыңа тимей ме? Естіп мұны көрші елдер көзін ашып күлмей ме? Қорқуларың керек қой құдайлардан тым құрыса? Зевске айтам көктегің, Фемидаға жалынам – Мəслихаттың құдайы, арызымнан арылам! 70. Солай енді достарым, өз қайғыммен өзімді Қалдырыңдар оңаша, тауыстым мен сөзімді. Не айтыңдар, əйтпесе, ардақты əкем барында Жез табанды Ахейге болып па еді кінəсі, Кек алғыларың келді ме – қалды екен – деп мирасы. 75. Онандағы өздерің тонасаңдар болмай ма, Енді қалған не мүлік соны алсаңдар болмай ма? Ол жағдайда біздерде қалар еді соңғы үміт –

Көше аралап кетуге көрінген жалынып Бір кездерде алғанын бергенінше қайырып? 80. Бізді жеген қазіргі – үмітсіздік қайғысы», – Деді ол асаның жерге қадап қылды ұшын; Көзінен жас шұбырды: ел жүрегі шерленді; Қозғалмастан тым-тырыс отырысты бəрі де Одиссейдің ұлына жауап қатпай бірі де. 85. Айқай салып сол кезде шықты алға Антипой: «Уа, тентекбас Телемах, мұның сенің танту ғой! Əрі сөгіп, əрі сен кінə бізге тақпақсың? Жоқ, əсте сен біздерді – күйеулерді емес, алдымен Пенелопаны кінəла келген айла-шарғымен, 90. Ахейлердің алдында. Үш жыл өтіп арада Төртіншіге ауысты алдағалы баладай Ойын ойнап, əркімге бөлек-бөлек уəде етіп, Сəлем айтып əдемі, ойлағаны бəлені – Қандай бəле еді ол – айтайын мен енді: 95. Алып өрмек құрып ап бөлмелеріне өзінің, Біздерге айтқан жиып ап, түрі мынау сөзінің: «Жас жігіттер-күйеулер, Одиссейден үміт жоқ Мынау мата тоқылып болғанынша шыдаңдар. Лаэрт шалға кебіндік тоқуымда бір мəн бар. 100. Жасы келген адам ғой, кете қалса көз жұмып, Қою менің борышым – тəрбиелеп ақ жуып. Ахейлердің қатыны жүрмеу үшін өсектеп, Бай, дəулетті кісі еді, бұйырмады төсек – деп», Сөйдеген соң, қаулы алдық бұл сөзіне көнсек деп. 105. Не дейсің кəсібі? Тоқығанын күндізгі Дереу түнде тарқатып, алдауменен кіл бізді Үш жыл өткен арада. Төртінші жыл дегенде

Қызметші бір əйел сырын ашты жұмбақтың, Жіп тарқатып отырған үстінен түстік бір-ақ түн. 110. Амалы жоқ содан соң ол жұмысын доғарды. Осының бəрін өзің-ақ білетұғын жөн бар-ды. Енді сенің алдыңда, Ахейлердің алдында Біз айтатын бір-ақ сөз: шешеңді сен аттандыр Əкесіне таңдасын күйеу біздің топтан бір 115. Не өзі ме, не қызы – қисын дереу некесін. Ахейлердің ұлдарын енді тəлкек етпесін. Афинаның өзі оны мол ақылға ие еткен; Қолөнерін ғана емес, айланы да көп білген Ахейлердің əйелі бұрын естіп көрмеген. 120. Баяғы өткен Алкмена, алтын бұрым Тиро да, Патша қатын Микене – білмей кеткен бір о да Неше түрлі айланы Пенелопа шығарды Сорымызға біздердің. Бірақ өнбес одан іс; Біздер сенің үйіңді талауымызды қоймаймыз. 125. Егер шешең əлі де бұл кəсібін тыймаса; Құдайлардың өздері осы ақылды сыйласа – Артар, бəлкім, даңқы оның; бірақ сенің дəлерің Шашыларын біліп қой. Ешқайда да бекер біз Пенелопа күйеуді таңдағанша кетпейміз». 130. «Уа, Антипой, – деді оған Одиссейдің баласы, – Ешкім қумас үйінен өзі туған анасын, Асыраған сүт беріп; əкем алыс жақта жүр; Өлі ме, əлде тірі ме – ол арасын білмеймін. Икарий шалмен есебім қиын болар ғой деймін 135. Пенелопаны үйімнен əсте зорлап кетірсем. Əке рухы кектенер, қарғар мені өз шешем, Эринилерді қаһарлы жазалауға шақырып.

Боларым жоқ масқара, мен ондай сөз айта алман, Ер болсаңдар егерде – айнымаған ант-арман 140. Босатыңдар үйімді, басқа жерге тойлаңдар Ез болсаңдар егерде – тонауларың қоймаңдар Жалғыз үйдің дəулетін. Шақырамын онда мен Бүкіл құдай əулетін. Зевс маған болысып, Қаһар төгер басыңа, онда сендер соғысып 145. Өзді-өзіңмен – өлерсің, ажал тауып тегіннен. Түк қалдырмай тонаған шыға алмастан үйімнен», – Деді солай Телемах. Сол мезетте күркіреп Найзағай Зевс жіберді қос бүркітті биіктен. Əуелі олар жел айдап, қалпыменен шүйліккен 150. Қатар ұшып жүрді де, қанаттарын кең жайып, Дауылдатып келді олар, көздерінен от шашып, Беріп қырсық хабарын, содан кейін бір-бірін Шоқып, тістеп, қырқысып, оңтүстікке кетті ұшып. 155. Таң қалған жұрт құстарды тұрды көзбен ұзатып. Жаман ырым белгісін көп көңілі өзі айтып. Алиферс қария – баласы ер Мастордың Алға шықты, қашанғы қатарында алғыр, зор Құстың тілін болжайтын енді қалған айтқыр сол. 160. Кемеңгер ойдың иесі келістіріп ой айтты: «Тыңда мені халайық, Итакидің əз халқы, Келтірейін əуелі күйеулерді ақылға Қырсық төнер басыңа, алыс емес, жақында, Көп қалған жоқ Одиссей үйінің дəмін татуға. 165. Жасырынып келді ол осы таяу бір жерге. Əзірленіп жатыр ол кек алатын күндерге. Əлек болар əлі-ақ тез Итакидің жұртына. Ақыл салып көрелік көндіруге бұларды; Жə, болмаса өздері бітісер де тынар-ды.

  1. Пайдалысы сол болар. Сөйлемеймін тегін мен, Талай болжап айтқаным тапжылмастан келінген. Ахейлердің кемесі аттанғанда Трояға Кеткен кезде Одиссей, сонда да бір болжағам Болар ауыр жағдайды – көрініп ед ол маған. 175. Серіктерін жоғалтып, жат киімін жамылып, Жиырма жылдың жүзінде, оралады сабылып Ол үйіне – білемін. Осы айтқаным – ақиқат» Жауап берді Евримах – Полибидің баласы: «Ертекшіл шал, үйіңе қайтқаның дұрыс шамасы, 180. Əулелігіңді айтарсың балаларыңа өзіңнің. Сенен гөрі Пайғамбар мынау істе – өзіммін. Көк аспанның жүзінде, Гелиос нұры астында Ұшқан құсты көп көрдік – бəрі соның – Ал патша Одиссей – қайтып келер құп емес, 185. Айдалада өлген ол. Сен де өлуің керек ед. Сонда келіп біздерге сөз айтпас ең керемет. Əлденені шатасың, Телемахты қоздырып. Онсыз да өзі құтырған, əлденені дəметіп Тұрсың ба əлде антұрған – ас қылуға дəм етіп? 190. Алайда сен тыңдап ал, келеді дəл айтқаным, – Ескі-құсқы ойыңмен айналдырып баққаның, Бұл баланың басына жабыспасын сор болып, Кек алам деп жүргенде, өзі кетіп қор болып, Жүрмесін тек жалғыз ол түк бітірмес зор болып. 195. Ақылсыз шал, өзіңе бəле тілеп аласың. Сандалтамыз сені біз, тозағыңа жанасың, Телемахқа жақсы ақыл: шешесіне айтсын ол, Үйіне барсын – əзірлеп қалыңдықтың жасауын Қарт Икарий қойсын тез тілер болса бас сауын. 200. Дегеніміз болғанша – бəрібір маза бермейміз, Үркеді деп ойлама Телемах айтқан сөзге біз.

Пайғамбарлығың өзіңе бас ауыртқан қарт мылжың; Ол үйдің бар дəулетін асқа, тойға шашамыз Құда түсіп тынғанша көңіліміз қашан біз. 205. Бірімізді таңдап ол уəдесін бергенше, Тұрады өзге қалыңдык таңдау кезек келгенше» Одиссейдің ақылды баласы айтты жайымен: «Уа, Евримах, жəне өзге белгілі бекзат күйеулер, Айтып болдым сөзімді, барлық жайды біледі ел. 210. Сендер маған кемемен жиырма ескекші сайлаңдар, Теңізбен тез жүзетін əбден əккі мамандар. Спарт пенен Палсқа барып қайтқым келіп тұр. Қандай хабар бар екен менің сүйікті əкемнен. Не қауесет естимін алыстағы жат елден? 215. Не дер екен абыздар Зевс сөзін əмəнда Жеткізетін қайталап жердегі бар адамға? Тірлігі мен аман-сау ораларын естісем, Бір жыл күтем мен оны, қиындыққа төзем де; Кеткен болса таралып өлді деген сөз елде 220. Ата-баба мекенге дереу қайтып оралам, Табыт-Төбе үйем де, ас беремін мен оған. Пенелопаны күйеуге ти деп сонда көндірем», – Деді дағы үнсіз ол орнына кеп отырды. Сол уақытта ер Ментор жұрт алдына кеп тұрды. 225. Мінсіз патша ежелгі Одиссейдің серігі ол. Лаэрт қартты тапсырған кетерінде сеніп ол Бар ақылын жиып ап, əлеуметке сөйледі: «Сөз тыңдауға шақырам, Итакидің ерлері; Асылы таяқ ұстаған бұдан былайғы жердегі 230. Ешбір патша момақан болмасы белгілі, Жүрегінен шындықты қуып шығып ендігі бар білгенін істесін, заңсыздыққа бассын ол,

Одиссейдей бола алмас, халық сүйген қайрымды, Ұмытсаңдар амал жоқ, ұмытқандай Ай, Күнді. 235. Күйеулерді бұзақы айыптайтын жайым не, Билеп-төстеп тыюсыз жалмап жатқан бəрін де. Бастарымен ойнаған, жаман пиғыл ойлаған Одиссейді өлді деп. Ал сендерді халайық, Итакидің ел-жұрты ұялтуым лайық. 240. Отырсыңдар түк демей, бостан босқа жиналып мынау бұзық аз топқа амал таппай қиналып». Эвенордың баласы айқай салды Пеокрит: «Алакулік ақылсыз Ментор қалай сөйлейсің? Жуасытпақ ойың бар көпшілікке көн дейсің. 245. Бірақ оларда біздерге қой дейтұғын шама жоқ. Той үстінде дау-шарға басатын салт жəне жоқ; Итакиді билеуші – Одиссейің кенеттен Бізді қуса келе сап, тойлап жатқан үйінде, Əйеліне де оншама абырой болмас тегінде: 250. Өз асылын табар ол, мұнша көппен айқасса; Текке ақымақ сөз айтып ақылыңнан алжаспа. Ал көпшілік, тарқаңдар шаруаларыңды істеңдер. Алиферс Ментормен Одиссейге адал-ақ, Телемахты сапарға дайындасын солар-ақ. 255. Бірақ, менің ойымша, хабар күтіп құр жатыр, мүмкін іске аспауы ол ойлаған бұл сапар», – Деді де ол өзінше билеп елді тарқатты. Бірте-бірте алыстап, жұрт үйіне тарқаған; Одиссейдің үйіне күйеулер келді қайтадан. 260. Жағасына теңіздің жалғыз келді Телемах Қолын шайды тұз сумен, Афинаға сөз арнап: «Үйіме келдің кеше сен, тұманды теңіз өріне

сапарға шық деген ең, өлі-тірі хабарын жақсы əкенің біл деп ең, сенсің ақыл табарым. 265. Құдай қызы, жəрдем ет. Жол бөгемек ахейлер, Əсіресе, күйеулер күш көрсетіп кеу-кеулер» Осыны айтып болғанша, ашып көзді жұмғанша Жетіп келді Афина, қос қанатты періште Көрген қалпы кешегі Ментор кескін келісте. 270. Əрі ақылды, Телемах, əрі батыл баласың, Сөзің мен де ісіңмен толысасың, толасың. Бейне өзіңнің əкеңдей ойлағанын істеген Мақсатыңа жетесің, оң болады сапарың, Бірақ менің бар еді саған ашық айтарым. 275. Одиссей мен егер сен Пенелопадан тумасаң, Онда үміт жоқ. Бұл ісің жол болады құр сарсаң, Сирек тартар əкеге ұл. Көбі кем боп туады, Аз-ақ болар артығы. Дегенменен туады Телемах, Ақыл менен батылдық саған түбі келер-ақ. 280. Одиссейдің күшінен құралақан емессің, Бастаған істің аяқтар көрем сенен дəмесін. Мейлі саған күйеулер ойлай берсін арамдық, Өз обалы өзіне, көздеріне қан толған Көре алмайды шындықты кілең дүлей антұрған. 285. Сыбағасы алдында тартатұғын сазайын; Сапарыңды қамда да тез арада бол дайын; Дос болған соң əкеңмен əзірлеймін кемеңді Ерем сенің соңыңнан; күйеулерге барғайсың, Жол азығын əзірлеп, сусындарын қамдасын; 290. Шарап аузын тығындап, тері қапқа ұн салсын, Теңізшінің тамағы азбайтындай құнтталсын. Ескекшілер тобын мен өзім таңдап жинаймын;

Итакиде сушыл ел. Ескі, жаңа кеме көп, Таңдап алам ішінен, оған уайым жеме көп. 295. Дереу соны əзірлеп, түсіреміз теңізге». Зевс қызы Афина осыны айтып лезде Жағалаудан Телемах кете барды кідірмей. Жүрегіне шер толып, үйіне келсе оралып, Ешкілерді күйеулер жатыр сойып, қолға алып. 300. Енді бірі шошқаны отқа қақтап пісірген, Келді жақын Антипой кекесінді пішінмен. Атын атап, қолын ап, оған сонда сөйледі: «Ашуланшақ жас жігіт, ащы тілді Телемах, бетімізге біздердің сөзбен, іспен келмей бақ. 305. Бұрынғыдай одан да, ойна да күл, сайранда, талабыңды ахейлер екі еткізбей орындар, ескекші де, кеме де – бəрін таңдап аласың. Тез жетесің Пилосқа, білесің əкең хабарын». Одиссейдің ақылды баласы сонда назарын 310. Төмен салып сөйледі: «Жоқ, Антипой, сендердей, Жосықсыздармен отырып, алмаспын мен серуендеп, Мен жасыма жеткенше тонағандарың жетеді Мүлкімді шашып ең жақсы; Енді міне ержеттім. Ақылын алып үлкеннің, тартты бойым сергек тым. 315. Жаза иесі – Таркты мойындарыңа мінгізем, Барайын мейлі Пилосқа, мейлі осында қалайын. Бір амалын табармын. Жүруім, бірақ тағайын Үлессем де біреумен; Өйткені сендер арнайы 320. Қырсықтырып қойдыңдар ескекшіні, кемені», – деді дағы қол тартты, бойын ыза кернеді. Ол заматта күйеулер, ас-тамаққа тойып ап, Əрлі-берлі сөйледі, жүрегін оның жаралап, Жаудырып оның басына сөгіс, ғайбат, балағат.

  1. Шынымен бізді құртпаққа сайланыпты Телемах; Пилосқа барып, бəлкім, ол көмекші алып келер-ақ. Спарттан əкелер, ойы оның қауіпті; Шалғайдағы Эфирдің бай жеріне барар ол Адамдарды қыратын уды да тауып алар ол; 330. Сөйтіп біздің біржола көзімізді жояр ол», – Десе бірі, екінші біреулері жəне зор Кекесінге басады: «Кім біледі, əкесі Одиссейдей өлер ол теңізде жұрты қаңғырып, Тағы бізді азаптап, басымызды даң қылып. 335. Олай болған күнде біз барлық мүлкін бөлеміз, Үйін таңдаған күйеуімен Пенелопаға береміз», – Десті шулап күйеулер; Тұрды дағы Телемах Əкесінің барды ол қазына сарай үйіне, Бəрі де онда бар еді алтын, жезді дүние. 340. Иіс майлы киімдер, қос-қос шапан тіктірген. Талай жолғы шараптар, орын алған түкпірден, Сазды салқын құмыралар, Одиссейдің əдейі Келеріне сақтаған, алыс жолдан азапты, Қос есікпен жабылған – беріктігі ғажап-ты. 345. Сол сарайдың қос кілті. Кілтішісі де талапты тəжірибелі жан еді, күндіз-түні қарайды жіті көзбен сығалап, барлығы да тəртіпті, Певсенорий Опстың Евриклея қызын сол Шақырып алды Телемах: «Құтыларға етіп мол 350. Шарап толтыр аңқыған, ешкім əлі татпаған «Келеді» деп Одиссей баяғыдан сақтаған. Он екі амфор ыдысты толтыр дағы тас бекіт, Сосын тері қапшықты дайында көп жақсы етіп. 355. Ұнмен толтыр оларды, əрқайсында жиырма өлшем, Мұның бəрін өзің біл, ешкімге сыр берме сен.

Бір тасаға үйіп қой; Кешке келіп əкетем Пенелопа жататын бөлмесіне кеткенде; Спарт пенен Пилосқа, алыс жатқан шет жерге 360. Сапар шегу ойым бар білуге əке хабарын». Евриклея күтуші жаспен жанарын Қоя берді еңіреп: «Неге ғана, қарағым, Мұндай ойды қылдың? Жалғыз біздің жұбаныш, Кім ед сені айдаған жат жеріне тым алыс. 365. Сол алыстан үйіне оралмаған əкең де. Қаза тапты ақыры жау жерінде, жат елде. Сен алыста жүргенде, мұндағылар үлестіріп Байлығыңды əкетер, жақсы еді ғой қалғаның; Текке азапқа түскенше, дауыл, теңіз жан-жағың». 370. Одиссейдің ақылды баласы сонда тіл қатты: «Күтушім, досым, қамықпа, құдайлар солай ұнатты Қимылдаман оларсыз. Бірақ маған бер антты Мұны шешем білмесін он екі күн өткенше 375. Əлдебіреу біліп қап, құпиямды ашқанша, Тозады ғой ажары, жылап төгіп жас қанша». Евриклея ант етті бар құдайдың атымен; Антын айтып болған соң, ыдыстардың ішіне Шарап құйды толтырып, тиянақты ісіне; 380. Тері қапшық талысқа ұн толтырды нығырлап, Күйеулерге содан соң қайта оралды Телемах. Афинаның көңіліне бір ақылды ой келді: Телемахтың кейпіне түсті дағы, қаланы Кетті аралап, шақырды қаланың бар адамын 385. «Кешке жақын кемеге келіңдер» деп қалмастан. Өзі сосын Неомонға барып ақыл жалғасқан Фронийдің ұлы еді ол содан кеме сұрады;

Келісті оған Неомон. Осы кезде күн батты, Айнала, жол бəрін де қара мақпал түн жапты. 390. Жеңіл кеме түсіріп тұзды судың бетіне, Керек-жарақ тиеді жол бойына жетуге, Қойды сосын апарып, теңіздегі қолтыққа. Жиналысты адамдар, əрқайсының бойына Жігер құйды ол, содан соң тағы бір іс ойына 395. Келе қалды, барды да Одиссейдің үйіне Күйеулерді ұйықтатпақ шарап ішкен күйінде Тұмандатты миларын, олар сосын тарқасты Ұйқы жеңіп қажытып. Бара сала ұйықтасты. Зевс қызы осы кез Телемахқа сыр ашты. 400. Шақырып алып ас үйден, кескінімен Ментордың: «Уақыт болды, Телемах, білдім жайын мен жолдың Жолсеріктер əзір тұр ескектері қолында, Сені ғана күтуде, ал жүрейік, сапарды Кешіктіру жарамас, – деді дағы аттанды 405. Алға түсіп Афина, соңына ерді Телемах Күтіп тұрған кемеге келді олар жағалап. Жол серіктер кездесті бұйра шашты кілең бір. Аруақты ер Телемах сөз сөйледі оларға: «Ал қымбатты бауырлар, ұзын-ұзақ жол алда, 410. Азық-түлік жинаған біздің үйде тұр əзір, Шешем бұдан хабарсыз, соны барып біз қазір Тез алайық, білдірмей, естіген жоқ күндер де. Бір-ақ əйел білетін» – деді дағы бастады Серіктерді үйіне, дүние-мүлік, ас-дəмді, 415. Керегінше тез алып, кемеге əкеп тиеді Одиссейдің сүйікті «тəуекел» – деп ұлы енді Өзі мінді кемеге Афинаның соңынан;

Орналасты қыз-құдай тұмсығына кеменің, Қасында оның Телемах, ескекшілер еруіл 420. Енді арқанды босатты, орындарға жайғасып. Зевс қызы жайтаң көз аспанменен жалғасып Жел тұрғызды оңынан, зефир-самал есті де Толқындарды тулатты, бұйрық берді Телемах: Қарағай мачта-тіреуді қондыруға сыналап, 425. Ұясына енді оны орнықтырып болғасын, Жан-жағынан арқанмен керіп тартып байласын; Өрме қайыс белбеумен ақ желкенді шандыды; Толтырды оны жел кеулеп, сонда желкен шаншылды; Суыл қағып толқындар, қабырғаға шапшыды. 430. Енді кеме жүйткіді көк толқынның үстімен. Кемешілер желденіп жүйрік кеме күшімен, Тостағандар толды бір балдай тəтті шарапқа, Құдайларға мəңгілік, өлу білмес ешқашан Құрбан айтып сыйынды рахмет, алғыс айтып сап. ҮШІНШІ ЖЫР Күн де шықты теңізден күмбезіне аспанның Нұр шапағын шашуға Құдайлардың, басқаның Қыбырлаған жердегі пенделердің бəріне Теріп жеген жемісін. Сол уақыттар болғанда Салтанатты Пилостың төсі толы қорғанға 5. Нелей деген шаһары жайнап көзге шалынды. Кеме келіп тоқтады, қағып қатты дабылды. Посейдонға мұндағы ел ылғи қара бұқаны Құрбандыққа шалып бір жағалауда əкеліп Тоғыз қатар орындық, əрқайсында жетерлік 10. Бес жүз адам жайғасқан, бəріне дəм толтырған Қабырғаларын өгіздің отқа жағып отырған

Құдайларға құрметі – сыйынудың салтымен Жұрт үстіне жолықты жолаушылар кеп біздің. Арқандарын лақтырып, қазықтарға жеткізді. 15. Шықты бəрі жағаға, байлаған соң кемені Қыз-құдайдан Телемах қалмай еріп келеді. Айтты сонда Афина: «Одиссейдің баласы, Енді саған ұялшақ болмайтұғын кез жетті. Теңіз кештік осынша білсең нендей себепті. 20. Тағдыр айдап əкеңді қайда апарып тастады, соны білу еді ғой – біздің мақсат бастағы. Асау атты үйреткен Нестор ерге жақын бар. Батыл сұра сен одан, айтсын түгел шындықты Жалған сөзге жаны жат кісі еді ол бір мықты». 25. Одиссейдің ақылды баласы сонда сөйледі: «Қалай барам қасына? Не айтамын мен?» – деді. Үйренбеген сөйлесіп, ой білдіріп көсемдік. Үлкендердің алдында сұрау беріп белсеніп. 30. Асыл қызы Зевстің нұрлы көзді Афина деді оған: «саласың көп шаруаны ақылға, білмегенің біразын Демон еске салады. Тəңірлерден лұқсатсыз жаралмаған баласың, Тəрбиең де жетеді, бір амалын табасың». 35. Алға түсіп Афина тез-тез басып жөнелді. Бетіне алып тойлаған жағадағы көп елді. Отыр Нестор ортада балалары қоршаған, Малайлар жүр əбігер отқа бітеу ет қақтап, Жолаушыларды көрген соң шықты алдынан жұрт қаптап. 40. Қол берісіп оларға, төрден орын ұсынды ең, Писистрат Нестордың ұлдарының ішінен Бірінші боп қарсы алды, қолдан алып екеуін Отырғызды апарып жайған төсек теріге. Фрасимед кенже мен қарт жайғасқан жеріне.

  1. Тəтті дəмнен татырып, құйды құты толтырып, Бал шараптан тағы да, тіл қатты сонда отырып, Афинаға нұрлы көз, құдіретті Зевс қызына: «Уа, жолаушым, сен енді Посейдонға жүгін бір, Құрметіне біз соның той жасадық бүгін бір; 50. Салт бойынша ежелгі құдайы беріп сыйынып, Серігіңе қастағы тұрсын шарап құйылып, – Тəңірінің сусыны, алыңдар да, қаныңдар. Пəндеміз ғой бəріміз, құдайларға құлшылық ететұғын жөніміз. Серігіңнің кішілік 55. Жас ыңғайы шамасы, меніменен құрбылас. Алдыменен сондықтан саған қойдым ықылас», – Деді дағы шарапты Афинаға ұсынды. Жас баланың ақылды мынау ісі қалды ұнап, Посейдонға тіл қатты дауысымен қаттырақ: 60. «Уа, падиша-Посейдон, жердің əмір тұтқасы, сыйынамын мен саған, пəнделердің дұғасын Қабыл ет сен мұндағы. Ең алдымен Нестордың Даңқын артқыз, əуелі балаларын жарылқа. Пейіліңмен ризық бер осындағы бар жұртқа. 65. Көзіңді сал содан соң Телемах пен маған да, Аман-есен қайтуға шаруамызды тəмамдап, Үйімізге кемемен», – деді дағы дұғасын аяқтады құдай-қыз; қос тағанды құтыны кезегімен əкеліп Телемахқа ұсынды. 70. Одиссейдің сүйікті құлдық етті баласы. Қызметшілер ұсынды семіз өгіз жаясын. Үлестіріп дəм-асын той дүрілдеп жөнелді. Қарын тойып алған соң сусын менен тамақтан. Геренейдің батыры – Нестор жұртты қаратқан: 75. «Уа, құрметті қонақтар, болар енді маған да Жөн сұрамау ыңғайсыз; қарап болып тағамға

Отырған соң айтайын – өздеріңіз кімсіздер? Қай тараптан жүрсіздер? Сулы жолды басыпсыз Жұмыс бар ма маңызды əрі тығыз, асығыс? 80. Əлде олжа аңдыған, теңіз бетін шарлаған Тағдырымен ойнаған, жүрген жері зарлаған Қарақшылар боларсыз?» Сонда алды ширығып Одиссейдің кемеңгер ақылды туған баласы: (Жігер берді Афина, ашып ақыл, санасын, 85. Алыстағы əкесін сұрауға жөнін Нестордан, Жəне даңқын білуге ел-жұрт сүйіп ес қылған) «О, Нелейдің баласы, ахейлердің панасы – Нестор, даңқыңды асырған, біздің жөнді сұрасаң, бар шындықты айтайын, жасырмайын ешқашан. 90. Көк орманды Нейоннан, Итакиден едік біз: Дей алмаймыз бұл сапар ел ісімен келдік біз. Жеке жұмыс біздікі; əкем үшін ел кездім, Одиссейдің хабарын естіген кім, білген кім? Иллионның қаласын бір шабысқан екенсіз 95. Естуімше мен жұрттан, қарсы ұрысқан Троймен Ер біткеннің сондағы айдалада бəрі өлген; Соның бəрін жасырған Кроннон біздерден; Менің əкем қайда өлді – білмейді ешкім əлі күн, Жер үстінде өлді ме, тоздырып жау қаруын, 100. Əлде оның болды ма көк теңізде қазасы, Амфитрита толқыны айтты ма оның азасын. Жалынамын мен сіздің тізеңізді құшақтап, Жасырмастан айтсаңыз сорлы əкемнің тағдырын, өз көзіңіз көрді ме, əлде естіп анығын 105. Алдыңыз ба біреуден, қалдырмаңыз барлығын, Аямаңыз ащы сөз, мұңайды деп мен бүгін Көрген көзде жазық жоқ. Ақылы артық Одиссей

Ерлігі мен ісімен жері бар ма болысқан. Сонау қиын күндерде Троямен соғысқан 110. Көп қырылған Ахейлер қасіретке ұшырап. Соның бəрін есіңе ал, баян етіп жақсылап». Геренейдің батыры – Нестор жауап берді оған: «Салдың, балам, есіме, қырсық күнді несіне, Сондағы бір басынан Ахейлердің кешірген. 115. Сергек батыр Пелидтің бастауымен көреген Бір бөлігі əскердің суда жүйткіп кемемен Қараңғы теңіз өрінде жүрген едік олжалап, Бір бөлігі əскердің жаулап Приам қаласын Қырқысып жатты қамалда қиын жаумен таласып. 120. Аяулы ердің бəрі өлді: қаза тапты Аякс, Ахилес өлді содан соң, бойына біткен ақыл-күш Құдайлармен пара-пар – Потрокл көз жұмды. Менің ұлым Антилох, сəби батыр жел аяқ, Еңіреген ер еді, қалмайтұғын жан аяп, 125. О да қалды сол жерде. Кештік талай қырсықты, Айтып оны тауысар қайдан шешен тіл шықты? Тыңдап жəне бітпейсің бес-алты жыл арнасаң, Ахейлердің ол сапар бастан кешкен сұмдығын. Тоғыз жылға созылған екі жақтың қырғынын. 130. Баспақ болды Кроннон əдіс-айла күшімен. Озған ешкім жоқ еді екі аяқты кісіден Одан ақыл-айламен. Патша Одиссей өзі де Сан шарғыны білетін адам миы жетпейтін. Сенің мына кескінің көкейімнен кетпей тұр. 135. Баласы болсаң – боларсың, сөз сөйлеуің тартыпты. Осынша жас қалайша ақылымен артық-ты, Таңданамын мен оған. Бүкіл соғыс бойында,

Бар жиында, кеңесте, топты алқада нелер сан Сөзді бірге сөйлестім Одиссеймен əрқашан; 140. Ортақ еді ойымыз. Табушы едік бір шешім Сөктірмеуге жауына Ахейлердің іргесін. Ұлы Приам қаласын біз құлатып болғасын Оралғанда кемеге құдай бізді ажыратты; Ахейлерге қырсықты Кроннон сайлапты. 145. Тегіс пиғыл жұртта жоқ, емес елдің бəрі əділ, Қаһар соқты сол үшін – азғырды бір əзəзіл. Құдай қызы Афина Атридтердің ішінен Дау туғызды өнбейтін. Ерегісті екі жақ, Кеш батқанда шарапқа əбден қанып ішіп ап. 150. Кеңес ашпақ болар ма, қай тараппен қайтуға. Талап етті Менелай теңізбенен тартуға Оған ерген аргиптер; Агамемнон көнбеді: «Ең алдымен ахейлер құрбан шалсын», – деді ол. «Құдай қызы ашуын қайтып алсын», – деді ол. 155. Қайран шіркін балалық! Қайдан білсін құдайдың Енді ашуы қайтпасын? Ол тəңірлер оңай бір Ойларынан өзгермес. Сөйтіп əлгі екі жақ Қатты сөзге келісті, екі туыс көніспей, Шуға басты ахейлер екі ұдайда беріспей. 160. Ол түнді біз өткіздік пікір оймен кереғар, Зевс сонда біздерге əзірледі бір азар. Ертеңінде бір тобы шықты жойқын теңізге, Кемелерге тиеп ап қынама бел қыздарды Ахейлердің жартысы жағалауда ол қалды. 165. Агамемнон патшамен сан халықтың басшысы Жүйіткідік біз кемемен қуырып жол апшысын. Құдай бізге болысты жұмсақ толқын төсеумен.

Тенедосқа келген соң, құрбан шалдық жақсылап Құдайларға жалбарып, елге қайтар бақ сұрап. 170. Қатыбас Дию алайда жолымызды кідіртті. Екінші жаулық орнатып, араға сөз жүгіртті. Патша Одиссей бөлінді соңына ерген тобымен, Көп ескекті кемесін кері салған бойымен Қайта қайтты, Атридті Агамемнонға жолымен 175. Бас идіріп берем деп. Мен содан соң асықтым, алға тарттым тобыммен, білдім барын қырсықтың. Тидейдің кесір баласы ол да шықты жұртымен; Алтын айдар Менелай сəл кешігіп жүзді елге, Қуып жетті Лесбоста, қаңтарылған біздерге: 180. Қай жолменен кетуді елімізге біле алмай; Бай Хиостың құздарын басып өтіп бірыңғай Сол қол жақта қалдырып, Псираға беттемек Болсақ па екен, əлде біз Хиостан сəл қиыстау Жүрсек пе екен Мимантпен – азынаған желбет тау? 185. Дию-періге жалбардық аян бер – деп біздерге, Аян берді ол теңіздің ортасымен жүзуге». 320. Сатқын шеше, сұм Эгист жəне тағы жерледі, Дəл сол күні азулы ер Менелай да келгені. Қазына тиеп кеме кетті сыйғанынша бəріне, Енді, балам, ұзақ жүрме отаныңнан алыстап Үй ішіңді, бар мұраңды жауыздарға табыстап. 325. Жалмауыздар түріп шапқан сіздің үйдің іргесін, Бұл сапардың бір саған пайдасы жоқ білгейсің. Менелайға жолық бірақ (кеңесім де талайым), Жаңа оралған еліне алыстағы шет жұрттан, Жалпақ теңіз, дауыл айдап шыққан адам сол тұстан. 330. Қаптың тірі келуі мүмкін емес жер еді ол. Ұшқан құс та жете алмас кешсе дағы жылдық жол.

Ол сұмдық жер шек-шетсіз иірімдері жалмауыз, Серіктермен бұл жерден кетесің бе теңізбен. 335. «Баламды да қосайын жол көрсетсін ол саған, Лакедемон шаһарына мұнаралар самсаған. Алтын шашты Менелай құрған сонда патшалық Менелайдан жөн сұрап, асықпастан білгейсің, Жалған айтпас, ақылды адам еді ол кісің», – 340. Деп бітірді сөзін ол да. Қас қарайды, күн батты, Несторға арнап жайымен Афина қыз тіл қатты: «Уа, қария, сөзің оң. Кешікпелік біз енді, Тіл кесетін кез келді. Құдайлармен бас қосып, Шарап ішіп Посейдон масаттанар ас тосып. 345. Күн кешкірді, аялдап бізге отыру жараспас, Болудың да реті жоқ құдайлармен табақтас», – Деді сонда құдай қызы, бəрі соны тыңдады. Құлдар тұрып қонақтардың қолдарына су құйды. Балалар тосқан бал шарап қолдан қолға сырғиды. 350. Салт бойынша оң жақтан үлестірді шарапты. Тіл лақтырып отқа сап, дұғаға бет қаратты. Құлшылық қып болғаннан соң, сусындатты тағы да, Қанша ішсе де ықтияры Афина мен Телемах Қоналқаға кемеге болды енді жиналмақ. 355. Нестор сонда қонақтарды кідіртіп сөз сөйледі: «Мəңгі Зевс, өзге құдай бұларыңды жөн деуі Мүмкін емес. Түн ішінде кеме үстіне қонудың реті жоқ. Төсек-орын осында да бар шығар. Қайыршы бізді деппеңдер жұрттан дүние, мал сұрар?» 360. Жұмсақ төсек, ұйқыға рахаттанып батуға Жетеді орын менде де, қонағыма жатуға, Одиссейдей ер ұлын кемесіне түнетіп

Отыратын жəйім қайсы? Ұлдарымды мен дағы Бірге тұрып үйреткем сыйлау үшін қонағын». 365. Жауап қатты Зевс қызы, нұрлы жанар Афина: «Уа, қария, айттық сөз жарасатын ақылға. Орындасын тілегіңді екі қылмай Телемах; Қалдырамын мен оны шатырыңның астында Ораламын кемеге адамдардың қасына. 370. Мен олардың мəн айтып, көтерейін беделін, Келгендердің ішінде жасы үлкен мен едім. Телемахтың құрдастары бірге өскен бəрі жас Өз еркімен бұл жолға серік болып ергендер. Ертең ерте ер халық – Кавкондарға мен жөнер. 375. Ретім бар, ондағы ел көптен бергі қарызын Төлеу керек маған да. Телемах та парызын өтеп, түнеп шыққан соң, ертең сенің ұлыңмен Өз қолыңнан арба алып, аттандырып саласың. 380. Аттары оның белді де, болсын жүрдек ыңғайлы», – Осыны айтып Зевс қызы енді жолға жиналды. Қыран болып ұшып кетті, таң қалдырып халықты Бұл ғажапқа қайран боп қалды Нестор де Телемахты қолдан ап, қаратты оны сөзіне: 385. «Достым, сенің күшің зор, жүрегіңнің түгі бар, Серік болса жасыңнан дəл мынадай құдайлар. Асыл Олимп тұрғыны – өлмейтіндер ішінен Жаңа көрген Дию қызы – Тритогена болмас па, Қалың аргив ішінен əкеңді алған жолдасқа. 390. Олай болса, құдай-қыз, бізге дағы даңқ бер, Бала-шаға, əйелге бақ, абырой алып кел! Еркін жүрген жайлауда, басына ноқта тимеген Қасқа бұзау шалайын қазір əкеп осында, Алтындатып мүйіздерін, күміс шашып басына», –

  1. Деді дағы, жалбарды, естіді оны Паллада; Алға түсіп жөнелді өзі, ұлдары да қалмады, Күйеулер де ұлағатты ерді оның соңынан. Кірді үйіне Нестор ер, Геренейдің батыры, Жақсы орынға жайнаған ел жайғасып отырды. 400. Келген жұртқа қарт өзі құйды шарап толтырып. Он бір жылдай ашытқан шарап екен, мол тұнық, Кеспектердің ауызы ашылғаны осы еді Алтын құты алдымен өзі бастап қолға алып Əмірші Зевс қызына ол жалбарынды қол жайып. 405. Қанғанынша бал ішіп, құлшылық қып болғасын, Үйді-үйіне тарасты ел ұйқы қамын ойласып. Тыныштық тілеп қонаққа Геренейдің батыры, Патша Одиссей ұлына кең бөлмеден орын сап, Писистрат кеніне ұлын, Найзагерді ол жұмсап. 410. Қасына əкеп жатқызды көп ұлының ішінен Үйленбеген бойдағы ед, елге мəлім күшімен. Өзі сосын ішкі үйге жары салған төсекке Барып жатты. Түнектен шықты бір кез Таң сұлу – Інжу-маржан жүзіктері жарқыраған паң сұлу. 415. Тұрды Нестор төсектен Геренейдің сабазы. Шықты дағы бөлмеден, босағадан əрі озып, Тас тұғырға отырды жұмырлаған тегістеп, Қонғандай-ақ жылмағай бейне үстіне май жағып, Бұрын онда Нелей ер отырушы ед жайланып. 420. Енді жоқ ол. Ертеде-ақ о дүниелік болған-ды. Ахейлердің иесі – Несторға мұра сол қалды. Балалары келіп оған бөлмелерден жиналып Ехефрон, Стратпон, Персей жəне Фретос, Сұлулығы құдаймен тең Фрасимед аршын төс. 425. Писпотрат кенжесі – алтыншы ұлдың өзі сол. Одиссейдің ұлына Нестордан соң берді жол.

Келген жұрттан кезек ап Геренейдің батыры. «Балаларым əмірімді қабылдауға қам жаса, Афинаның қайырымына үміт артам мен аса». 430. Кешегі ұлы құрбандық – тойда бірге отырған, Сол-ау деймін. Өрістегі бұзауды əкеп, шал құрбан. Өзгелерің Телемахтың кемесіне барыңдар, Əкеліңдер жігіттерді, тек екеуін қалдырып, Үшіншіден зергерді – Лаэркосты алдырып. 435. Алтынменен атпаңдар сол бұзаудың мүйізін, Қалғандарың басқарып күндер менен үй ісін. Даярлаңдар орынды үлкен асқа лайықты. Отын қамдап, беріңдер нұрлы судан біздерге». Сөй деді ол. Жұрт кетті тойдың бабын іздеуге. 440. Бұзауды да əкелді, Телемахтың жандары келді олар да. Кемеменен кешкен ауыр жолдарды Келді алтын ұстасы, тас, балғасын қолына ап. Келді Афина құрбандық алу үшін қырындап, Нестор сонда зергерге берді таза алтын ап. 445. Ол қақтады бұзаудың алтынменен мүйізін. Бар өнерін аямай, құрбандыққа нұр жүзін Құдай қызы бұрсын деп. Қос мүйізден ұстады Стратпон мен Ехефрон. Ілегенді гүлге орап, Қолдарына олардың су құюға даярлап. 450. Алып шықты Аретос бір қолына сауытты сұлы салған ішіне. Фрасимед даңқты алып күштің иесі, өткір балта қолында құрбандыққа таяды; Персей тосты тостаған, Осы кезде ер Нестор, асауға құрық тастаған. 455. Қолын шайып алды да, сұлы шашты бұзауға, Басынан қылшық жұлып ап, отқа салды, сұрауға Афинадан лұқсат, құлшылық қып құдайға.

Өзгелер де сұлымен көмді бұзау денесін. Фрасимед пəрменді сілтеп қалды шүйдесін. 460. Қиып түсті айбалта, жерге бұзау гүрс етті, Қалыңдықтар, қыз-қырқын сонда үрей көрсетті. Патша əйелі шошынды жүрегі əлсіз кісі екен, – Еврикийдің ең үлкен сұлу қызы еді сол. Құлап жатқан бұзауды сойды келіп осы жол. 465. Писпатрат асыл тек. Арам қаны сарқылып, Жаны шығып болған соң, сіңірлері тартылып, Мүше-мүше, бой-бой ғып дереу бөліп тастады. Қабырғасын қақыратып, майлап сыртын майменен, Қанды сұр ет қаптатып, белгілі салт жайменен. 470. Нестор отқа қақтады, шарап құйып себелеп. Бес тармақты шанышқы қабырғаларды кебелеп Іліп əкеп өртеді. Шек-қарыннан дəм татып, Өзге еттерін пісірді тегерішпен аунатып, От-жалынға тосқылап, қонағына арнатып. 475. Кіші қызы Нестордың – Поликаста ол ма Телемахты ертіп кеп, шомылдырды моншаға. Жеңіл-желең кигізіп, жұпар сумен ысқылап, Бастағанда жігітің шыға келді жарқырап, Зерлі шапан үстінде, құдайларға тартып-ақ. 480. Халықтардың қамқоры – Нестордың кеп қасынан Отырды ол жайланып, əзір болған асынан. Дəм татарға кірісті, алтын құты шарапты Қолға алысып, сіміріп, ел тоғайып алғасын Нестор тағы сөйледі – Геренейдің ағасы. 485. «О, балалар, жегіңдер қою жалды аттарды Қос дөңгелек арбаға. Жолға керек ас-дəмді Кілтші əйелдер қамдасын. Патшаларға лайық

Бағамындағы Зевстің болсын тағам əдемі-ақ». Жарқылдаған күймеге ырғып мінді Телемах. 490. Қатарына кеп тұрды Писистрат Нестордың, Көсем ұлы – кенжесі, салтанатты кескіні, Əлеуетті қолымен алды дағы тізгінді, Ысқыртты кеп бишікті жүйріктердің жонына. Зымырады сонда аттар түсіп сапар жолына. 495. Асыл шаһар Пилос та көзден таса болды енді. Заулады аттар күн бойы, сыңғырлатып күйменің Ықыршағын сілкілеп. Бір уақытта күн батып Түнек басты маңайды. Жетті бұлар Феруге, Ортилохтан Алфеймен туған ұлдың жеріне. 500. Диоклес атты сабаздың түсті келіп үйіне. Қонақтарын қондырып, сыйлады ол сүйіне. Атты жайлап жаңа таң түн түнектің ішінен Жолаушылар қайтадан мініп асыл күймеге, Шықты заулап қақпадан, қарап сұлу дүниеге. 505. Зымыратты аттарын келген бабы, күйіне. Бидайлары жайқалған басып əсем биіне Бір ойпатқа жетті де, тəмамдады жолды олар, Белді аттардың күшімен келіп шыққан тезірек. Күн батты да сол уақыт, қарауытты төңірек. ТӨРТІНШІ ЖЫР Патшалы қала Лакедомон жағалай дөң қоршаған, Атрид Менелай патшалық еткен ол соған, Той жасап жатқан қалың туысты жиып ап, Ұзатып қызын, ұлына бай қалыңдықты айттырып, Жан-жаққа жарлап, салтанатты салт құрып. 5. Жау жайратқыш Пелидтің Троянның жерінде Жүргенде құда түскен ол – ұлына қызын беруге.

Некесін қиды құдайлар; Алуан күйме, ат сыйлап, Шал артына Мирмидон патшалық құрған күйеуге Жөнелтуге əзірлеп жатты қызын бүгінде. 10. Спартта жəне ұлына Алектр қызын айттырған, Ол ұлды соңғы жылдары жас күңмен ойнап таптырған. Есімі оның Мегапент. Бəйбішесі Елена Құдайлары қош көрмей, қалды перзент көтермей, Бір қыздан соң, ажарын Афродитаға теңердей. 15. Салтанатты сарайдың палаталарын толтырып, Той жасауда Менелай дос, туыспен отырып. Шабытты жыры əн шырқап, күмбірлетті күй төгіп, Ортаға кеп ойнақтап, екі биші би теуіп. Текті туған Телемах Писистрат екеуі. 20. Патша үйіне кеп түсті, ат доғарып аулада. Елден бұрын Этеон қарсы алды кеп қаумалап, Менелайдың құрметті қызметшісі қашаннан. Атридке жөнелді хабарлауға мейманды; Дəл қасына жақын кеп, қанатты бір сөз салды. 25. «Уа, падиша Менелай, сүйікті ұлы Зевстің, Жатжұрттықтан екі адам – қос жолаушы кеп түсті. Дий елінен болу хақ. Бұйырасың не маған? Доғарайын ба аттарын? Яки кейін қайтартам? Басқа жерден іздеуге қоналқа мен дастарқан?» 30. Алтын шашты Менелай ақырды кеп сонда оған: «Воэф ұлы Этеон, кезің жоқ ед сандалған, Жоқ сөз айтып ешқашан. Бала болып кеттің бе? Сапар жолда жүргенде сый-құрметті көрмеп пе ек, Өз үйімізде отырмыз, реттіміз тəубе етпек. 35. Доғарыңдар аттарын; Қонақтардың өздерін Шақырыңдар осында, көрсін қызық көздері», –

Деді осылай Менелай. Сонда Этеон жөнелді Өңшең құлды соңынан аула жаққа шұбыртып. Ақ көбікке боялған шешті аттарды тұқыртып. 40. Қамыттарын ағытып, жемге қойды суытып, Арпа, сұлы төкті де азын-аулақ жібітіп. Күн жағына ауланың сүйеп қойды күймесін. Биік еңсе сарайға меймандарды кіргізді. Сүйіктісі Зевстің патша қадірін білгізді. 45. Мынау келген екеуге: Жан-жақ түгел жарасқан, Аспандағы Күн мен Ай көркіне таласқан. Менелайдың мекені – даңқы əлемнен əрі асқан. Көз тойдырып алған соң көрініске ғажайып Шомылуға кірісті жолдың шаңын бір шайып. 50. Жуындырды күңдері əтір сумен ысқылап, Селдір жұқа ішкиім, желең жауып үстіне ақ. Киіндіріп болған соң Менелайдың қасына Екеуі кеп отырды, күміс леген алдыртып, Алтын құман шүмектен қолдарын бір шайдырды. 55. Стол əкеп алдына; Үстіне нан қойдырды, Жеміс төкті жағалай əкеп патша қорынан. Ет əкелді аспазшы табақтарын көтеріп, Ылғи алтын тостаған қатар тізіп тастаған, Сəлем жолдап оларға патша сөзін бастаған: 60. «Ас алыңдар, достарым, амандыққа, саулыққа, Алғаннан соң ішіп-жеп, жөн сұраса қалдық та. Ата-баба тектерің жүздеріңнен көрінген, Патшалардың баласы – өзі сүйген Зевстің, Əмір таяқ ұстаған, екеуің де келістім», – 65. Деді де ол ұстатты бір-бір кесіп сан еттен, Өзі баптап қуыртқан арнаулы асын əдеппен. Ұсынысты қолдарын, қанағатпен қабылдап,

Асқа тойып болған соң, шарап ішіп дамылдап, Мойын бұрып досына жақын келіп Телемах. 70. Өзгесі естіп қалмауға айтты ақырын сыбырлап: «Нестор ұлы Писистрат, досым менің тым қымбат. Өңшең жездің көрдің бе тұрғандарын сыңғырлап. Алтын, күміс жағалай, жарқыраған маржан кіл, Піл сүйегі дейсің бе – асқан дəулет жаннан бұл. 75. Олимптегі Зевстің тек өзіне біткендей. Есім танып отырмын. Сəн-салтанат бұл нендей!» Алтын айдар Атрид Телемахты естіп қап, Екеуіне тіл қатты сонда даусын көтеріп: «Балаларым, Зевспен салыстыру бекерлік, 80. Өйткені оның үйі де, дүниесі де мəңгілік. Пенде болса бір сəрі салтанат пен сəн құрып Таласатын менімен. Əлем кезіп, қаңғырып, Сан апатқа ұшырап, кемелерім қирады, Сегізінші жыл дегенде елге келді құр жаным. 85. Кипр бардым – Финикян жұртын дағы көрдім мен, Египетке жол тіреп, Эпиоптарға ендім мен. Эренб, Сидон ел көрдім. Ливияға жол тарттым, Мүйізді болып туатын агнцвлардың əулетін Араладым, жылына үш рет құрбан, тəубе етіп. 90. Қойы қоздап, үш рет лақтайтын ешкісі, Ол арада ет-сүттен тапшылық көрмес еш кісі, Кедей болсын, бай болсын – яки мырза-бақташы. Жыл бойына сиыры саудырады суалмай. Сол алыста жүрдім мен, дүниені жидым бай. 95. Осы кезде елімде сүйікті бауырым мерт болды, Опасыз қатын айласы айықпайтын дерт болды. Содан былай бұл байлық, дүниеден суындым.

Оның бəрін, əрине, əкелерің айтқан да, Əлде естіп қалдыңдар жақыннан да, жаттан да. 100. Талқандалған, таланған өз үйімді көргенде, Қайран жүрек тілініп, болдым қапа шерменде. Қандай еді шіркін-ай байлығы мен базары! Қолда бардың бүгінгі өзім үштен біріне Етер едім қанағат – қайран ерлер бүгінде 105. Тірі болса сондағы қалған Троян жерінде. Арғымақты баптаған Аргостың алыс елінен Жиі еске алып соларды еңірегенде, омырауым Жасқа толып, отырмын жүректі мұңмен асырап, Шер тарқатып үйімде – жыласаң қайғы басылмақ. 110. Бірақ соның бəрінен, ойымнан əсте шықпайтын Бір қайғым бар ең мықты – кезімде де ұйықтайтын, Көз шырымын алмаймын – тағамды да татпаймын Сол есіме түскенде, – Ахейлердің ішінде Одиссейден азап-сор тартпағанды ешкім де, 115. Қалың бейнет, қайғы-мұң шегуге ол жаралған. Əлі күнге үйіне жүргені оның оралмай Қатты батар жаныма – ешбіріміз білмейміз – Өлі ме ол, тірі ме; Байғұс əке – Лаэрт шал Қасірет-құса шегуде. Пенелопа қайран жар, 120. Ол кеткенде жөргекте қалып еді Телемах», – Деген сөзбен байқаусыз алды жанын жаралап Телемахтың мына шал. Əке есімін есту мұң, Кетті жасы сорғалап. Қос жеңімен қалқалап, Сүртті көзін жалма-жан, Атрид те жалт қарап. 125. Ұға қалды мəністі, бар жүйесі босаған Үнсіз ұзақ отырды ол – енді мына жас адам Өзі айтар ма деген ой – əке жайлы бір хабар,

Əлде мұның өзінен суыртпақтап сыр тартпақ? Отырғанда осы оймен кетіп көңілі сан саққа. 130. Шыға келді Елена хош иісті төргі үйден. Алтын найза ұстаған Артемиданың өзінен Айнымай-ақ қалыпты. Адреста жалма-жан Ұсынды орын оған тез зергер соғып арнаған. 135. Аяғына төседі жұмсақ кілем Алкиппе; Фило əкеліп ұсынды өрнекті бір сандықша Полиб патша əйелі Алькандра сыйлаған Египеттің жерінде – қазыналы мекенде Екі күміс құмыра, Атридке кетерде. 140. Алтын астау сыйлаған – үш аяқты, үш таған. Жəне оның əйелі Еленаға сыйлаған Алтын ұршық ойықты корзинасымен қоса Күміс еді корзина шетіне алтын жүгірткен. Корзинасы сол еді Фино əкеліп үлгірткен. 145. Іші толы зерлі жіп тоқу үшін құрғатқан. Толқынданған торқа жүн ол да мүлік бір жатқан. Отырды кеп Елена орындыққа асып сап Көсулі көркем балтырын, сосын ынта көңілімен Менелайға бет бұрып, сұрады бір сөз ерінен: 150. «Уа, Атрид ардақты, сүйікті ұлы Зевстің, Кім екенін білдің бе, біздің мына үй ішін Жарқыратқан, жатжұрттан келіп тұрған меймандар? Əлде əбес бұл сөзім, əлде дұрыс – білмеймін, Айт деп соны зорлайды əлденеге жүрегім. 155. Таңырқанып қараймын: не əйелден, не ерден Болмас мұндай ұқсастық – бұл дүниеде мен көрген. Біздің қонақ аумайды – Телемах атты жас өрен Одиссейдің ұлынан. Қалып еді емшекте Кеткен кезде əкесі Троянға, ең шетке

  1. Құнға тұрмас мен үшін аттағанда ахейдің Өңшең ері қырғынға, əкесіне жат елдің». Менелай патша тіл қатты Еленаға нұр сипат: «Шынында сенің, əйелім, мына сөзің жөн екен, Неткен ғажап ұқсастық! Айтуы жоқ бір бөтен. 165. Аяқ, қолы – бəрі ұқсас. Көзінде де сол қарас. Айнымайды басы да, дəл сонау бір бұйра шаш. Одиссейді айтқанда азап тартқан мен үшін Кетті жасы сорғалап, көрдім көзін жеңімен Сүртіп, дереу жатқанын – бір мəністі сезінгем». 170. Сонда сырбаз Писистрат Менелайға тіл қатты: «Уа, даңқты Атрид, құдай айтқан сымбатты Алықтардың басшысы, менің мынау серігім – Дəл Одиссей өз ұлы. Айтуыңыз орынды. Сыпайылық сақтады ол – мінезі де момын-ды. 175. Сөзіңізді тамаша естен бізді тандырған Бөлмейін деп отыр ол – осынау бір балдырған. Менің əкем – қарт Нестор Лакедемонға бұл ерді Ағартуға төтемен мені қосып жіберді Сізге ақыл берсін деп не істеу керек дегенді. 180. Əкесіз өскен үйінде баладан сорлы бар ма екен. Жолдасы жоқ, досы жоқ – ақылға да зарлы екен. Одиссейдің осы ұлы. Əкесі жүр жат жерде Жалғыз басы бүгінде қауіп пенен қатерде». Жауап қатты Менелай Писистрат жас ерге: 185. «Уа, Құдайлар тəуба! Сүйікті менің досымның Азап шеккен мен үшін өз көзіндей осы ұлын үйіме менің əкелген. Ахейлердің бəрінен Одиссейді көрем деп үміт оздырған жан едім, Жүйткігенде кемелер кешіп теңіз əлемін. 190. Найзағай атқыш Кроннон жол ашқанда еліме; Оған арнап Аргестан сарайлы қала сəнімен

Салар едім жайнатып, Итакиден алдыртып Өзін де, дəулет, жұртын да; Əулетімнен босатып Жаңа бір өлке берер ем тұру үшін ол шалқып. 195. Көрші болып алған соң көрісер ек жиі біз, Ешкім бізді айырмай, жарасып əн күйіміз. Қара бұлты ажалдың үстімізден төнгенше. Қырсық құдай амал не, ол тілекті бермеді Бақытсыз байғұс үйіне оралу сəтін көрмеді». 200. Осылай деп Менелай қамықтырды баршасын, Дийдің қызы Елена тыя алмады көз жасын, Одиссей ұлы жылады, Атрид көзі суланды. Писистрон өрен жас көзін жаспен бұлады, Есіне түсіп Антилох, өз ағасы – қыраны. 205. Нұр сəулелі Деница баласы оны өлтірген. Атридке ол тіл қатты сол жылаған бетімен: «Ақылды патша Менелай – адамнан асқан данасың. Осылай деп қарт Нестор – əкем ылғи айтатын Сені еске алған кезінде жиып əулет алқасын. 210. Ақылды патша сен енді мені біраз тыңдап ал; Беймезгілде, кешкі аста жылап-сықтау бізге обал. Боздақтарды шəһид болған жоқтау, əсте, кінə емес Біз білетін құрмет сол: ащы жаспен бет жуу, Бұрым кесу азамен, молаларға шаш жұлу. 215. Мен ағамды жоғалттым. Аргивтердің айқаста болмап еді сорлысы, көрді көзің байқастап. Өзім оны білмеймін, кездескем жоқ тірлікте Бірақ жиі естідім. Жаннан асқан ер ед деп, Жүйріктігі ересен, аяғы бір жел ед деп». 220. Алтын шашты Менелай жауап қатты сонда оған: «Досым, сөзің орнықты. Сенен жасы егде адам Бұлай сөйлер біреу бар. Сірə өзім де байқаймын

Əкеңе тартқан ұлсың сен. Тегі бөлек ерлерді тану қиын болмайды, Кроннон берген-ді. 225. Некелі де, тұқымда ондайларға бақытты Несторға да берген ол алтын жылдар, уақытты. Қартайсын деп көңілді ұлдарының қасында Əрі ақылды, найзагер. Жылауды енді тыялық, Жасымызды құрғатып, ойын-сауық құралық. 230. Содан кейін Телемахпен бүгін айтқан кеңесті Ертеңгісін жалғастырсақ – ол кешігу емес-ті», – Деді ол, сонда Асфилнон – жəрдемшісі патшаның – Атағы асқан Менелайдың; даярлады қолға су, Басталды енді содан былай асқа, дəмге жалғасу. 235. Асыл туған Еленаға бір ой келді тамаша Шарап толы құтыларға Соктан аздап тамызса, Ол тамшының қасиеті – басады адам қайғысын, Күні бойы күліп-ойнап, жылауға ырық бермейді. Ойда жоқта айрылса да ата-анадан ол мейлі, 240. Əлде бауыры, əлде ұлы қаза тапса оқтан да, Болмас оның ықтияры жылауға да, жоқтауға. Сондай ғажап дəру тамшы Дий қызында ғана бар. Египетте Полидамна, Фоон патша əйелі Сыйға тартқан оған оны əдейі. 245. Ол өлкеде нелер дəру – қасиетті шөп өскен, Елдің іші бəрі дəрігер – қай кісімен кездессең. Бəрі оқымыс-жəй адамнан айырмасы олардың Сол даруды шараптарға тамыздырып бір қолдан 250. Елена ханым тағы да өзі меймандармен кеңесті: «Менелай патша, сүйіктісі биік тəңір Зевстің, Жəне атақты жақсылардың перзенттері – бəрін де, Жақсы, жаман жазмышты бұйыртатын Дий өзі Бəрі соның əмірінде – тағдырыңның мінезі.

  1. Көтеріңдер көңілді бір кешкі тағам, ас алып, Қалсын тəуір кеңес, сөзбен жүректерің жасарып. Ал мен өзім өткен істен бір азырақ қозғайын, Əрине, оның бəрін қайдан мен есіме сақтайын, Одиссейдің өзім білген бір ғажабын айтайын. 260. Троянның өлкесінде қырсық шалған сендерді Сол өжет ер бір тəуекел сұмдық ойға келген-ді. Өз денесін өзі осқылап, жонып, қандап шығып, Бейнесінде тұтқын жанның жау қалаға кірді ол Қайыршы боп, жыртық киім, кірлі қол. 265. Ол осылай жасырынды Трояндардың ішінде. Олар аңқау балалардай ештеңе жоқ есінде. Бірақ оның кім екенін танып қалдым мен бірден; Сұрақ қоя бастап едім – тайқи берді жауаптан, Сосын оны жуындырып, əлденеше қабаттан 270. Əтір сеуіп, иығына шапан жауып, ант еттім, Тірі жанға білдірмеске ортасында жау көптің. Кемелерге қайтпас бұрын бүйірлері сопиған, Ахейлердің зымиян ойын берді ол түгел баяндап. Троянның көбін қырып қылышымен тəмамдап, 275. Жау қаланың бар сырын, құпиясын біліп ап, Аман-есен қосынға оралды ол бір күнде-ақ. Трояндық сан жесір қалды талай зар жылап, Мен ішімнен қуандым, қайран жүрек қашаннан Ел сағынып жүр еді, сəтін күтіп босанған. 280. Афродита кінəсі – Троянға кеткенім, Ақ төсегін некенің – бəрін тəрік еткенім, Тастап балам, жарымды – ақылы асқан дарынды». Менелай патша тіл қатты Еленадай жарына: «Əйелім, дұрыс келтірдің əңгімені бабына. 285. Талай жақсы жандардың ақылын, ойын аңғардым, Бұл жасаған жасымда, талай жерді шарладым.

Кездестіргем жоқ өзім, мұнша берік тас төзім, Қиындыққа қыңқ етпес Одиссейге тең ерді. Мен де қосып айтайын көзімменен көргенді. 290. Басшылары ахейдің ат қарнына тығылған, Сол арада Одиссей өз ісіне жұмылған. Жаңағыдай айламен іске асырды дегенін. Жауға өлім даярлап, ажалымен тағалап, Сол мезетте келдің сен бізге ақырын жағалап. 295. Бұйрығымен Демонның Трояндарға болысқан. Денфот келіп соңынан, сол арада тоғысқан. Ат сауырын үш рет шыр айналып шықтың сен, Қабырғасын сыйпалап, ат жетердің есімін Атап-атап шақырдың, аз болса бұл кесірің. 300. Əйелдерінің даусына айнытпай-ақ салып ең. Жасырынып отырған ат ішінде қарны кең Диомедпен екеуміз жəне патша Одиссей Естіп таныс үніңді, баласымен Тидейдің Сыртқа шыққым келіп ед, ұмытып бəрін үрейдің. 305. Одиссей бірақ қапышыл ұстап қалды біздерді. Өзге жəне ахейлер үндемеске төзген-ді. Антиклес тек қана үн қатуға қалғанда, Əлуетті қолымен ақымақтың ауызын Жаба қойды Одиссей – ажал деген жауыздың. 310. Қолынан бізді сақтады. Алысты жəне онымен Кеткеніңше сен ұзап, Афинаның жөнімен». «Уа, қайрымды Атрид, халықтардың қамқоры – Деді оған сол кезде Одиссейдің баласы – Ауыр болды-ау екі есе – сұм тағдырдың азасы. 315. Сөйтсе дағы ол содан құтылар жоқ шарасы, Жүрегі темір дегенмен – болды қанша пайдасы?.. Жə, уақыт болыпты ұйықтауға жатуға,

Күні бойы шаршаған тəн-мүшеміз дем алсын». Сөйдегенде, Елена, аударып көзқарасын 320. Күтуші əйел, күңдерге қабағымен бұйырды, Кереуеттер қойылып, жауып асыл бұйымды. Кілемдерді жайдыртты, түгі жұмсақ желеңдер Жамылуға тастатты, ұстап бір-бір шырақты Күңдер сосын тарқасты; жаршы келіп ұзатты 325. Қонақтарды орынға. Қалды ұйықтап біржола Одиссейдің ұлы мен Писистрат мырза да. Сосын ішкі бөлмеде, Еленаның қасында, Ұзын қаптал үстінде, жамылғышы мол бəрі Алтын айдар Атрид көзін жұмды ол дағы. 325. Түнектен шықты нұрлы Эос – жарқ-жұрқ етіп

балғын таң; Оянды патша Менелай – қанды айқасты шақырған. Алдаспанын асынып, киім киді асылдан, Аяғына байлады жер баспайтын жақсы ұлтан, Шықты сосын бөлмеден тəңіріге ұқсас нарсұлтан. 330. Телемахтың қасына сəлемдесіп отырды, Сұрады одан содан соң: «Кешіп шексіз толқынды, Лакедоман айбынды шаһарына патшалық, Не себеп бар, Телемах, келуіңе жол салып? Не мұқтаждық бар еді? Əлде мұңы халықтың? 335. Айт шыныңды жасырмай». Одиссейдің сүйікті Баласы сонда тіл қатты, сөзден алып билікті: «Құдіретті патша Атрид – халықтардың панасы, Одиссейдің тағдырын білмек едім мен сенен. Мүкəммалым шашылды, жерім азды өлшеген, 340. Түсті талан-таражға үйім-күйім түк қалмай, Барлық малым қырылды – кіл аждаһа жұтқандай;

Пенелопа шешемді сөз салумен қинады. Аяғыңа жығылып, өтінемін сенен мен Айтшы əкемнің тағдырын өзің көрген, не елден 345. Естігенің бар болса. Анасынан туған ол Өмір бойы кешуге қайғы менен азап, сор. Мені аяма – тілегім, сөзіңді де жұмсартпа, Айт барлығын жасырмай – куə болған жайыңды. Менің əкем Одиссей – достарына қайрымды. 350. Не сөзімен, ісімен тиіп пе еді пайдасы Сонау қиын күндерде, Трояның айқасы Кездерін де сенімен бірге болған шағында, Қырсық шалған Ахейлер – көп қырылған шағында, Есіңе алып соларды – баяндап бер бабында». 355. Алтын шашты Менелай мінді сонда қаһарға: «Уа, ессіз хайуандар! Барды дəті батырға Қалайынша қасиетті, құдыретті сабаздың Ақ некелі жарына сөз салуға, төсегін Оңай тартып алуға өңкей сорлы кещенің! 360. Қараңғы орман ішінде үңгіріне қабыланның Елік келіп қонса егер емек сорған балаларын, Өзі сосын қаңғыртып, дала кезіп кетсе егер, Сол уақытта арыстан үңгіріне оралса, Жақсы болмас қауқарсыз байғұстардың халі онша. 365. Табар жаза мыналар Одиссейдің қолынан. Уа, Дию, жай-атқыш! Уа, Феб Аполлон! Уа, Афина! Куə бол! Қалың жұртты Лесбоста Филомилед дəуменен жекпе-жек сол айқаста Алып соққан ер еді – Одиссей батыр нарқасқа. 370. Ахейлердің мерейін көтеріп ед сол шақта. Сондағыдай сол күймен келсе Одиссей бұл жаққа Күйеусымақтардың көрер ек тартқызғанын сазайын.

Сұрағыңа сенің мен дұрыс жауап табайын Мен танбайын шындықтан – етпе сен де уайым. 375. Теңіздің теңсіз Абызы – əулие шалдың айтқанын Жеткізетін саған мен – көргені мен баққанын. Египеттен еліме қайтар жолда құдайлар Бөгеп бақты жолымды – құрбан шалу кəдесін Орындамағаным үшін де – алған бізден уəдесін. 380. Əдеті еді олардың қатал талап ететін, Египеттің қарсысында телегей теңіз тентектің. Ортасында бар еді Фарос дейтін бір арал, Тұрған кезде жел оңнан – осынау оңтайлы арадан Бір-ақ күннің ішінде өтетін кеме бəрі аман. 385. Пристаны сенімді, шығатын теңізге арқырап, Одан талай кемелер ауыз суды артып ап. Құдайлардың əмірі – жиырма күндей бөгелдім, Аттануға бірде бір желім тұрмай оңынан, Жүзгіштердің қашанда серігі сол қорыған. 390. Жол азығы таусылды, жолаушылар қалжырап Қалған кезде, болысты, болды бізге жаны жақ. Эйдофем құдай-қыз – көк теңіздің иесі – Перзенті еді қу шалдың. Қалмайтындай түк иесі Икемделді маған ол – жүрегімен тиесі, 395. Жалғыз кезіп жағаны келе жатқан бетімде, Серіктерім қаңғырып, бет-бетімен күнелтуге балық аулап қармақпен, бас қайғы боп кеткенде, Сонда маған құдай-қыз жылы жүзбен жақындап: «Уа, мұның не, жолаушым? Балалықты мақұлдап, 400. Яки жүрек жасқаншақ болғандықтан жүрсің бе? Əлде қырсық жалқаулық? Əлде бейжай түсің бе? Өз қайғыңмен өзің боп, шықпай біздің аралдан

Шырмалуға не себеп? Яки істер амалдан Қалмады ма ештеме? Достарың да тараған?» – 405. Деді маған құдай-қыз. Жауап қаттым мен оған: «Кім болсаң да, тəңірім, шындық сөзден тайынбан. Өз еркіммен бөгеліп жүрген жоқпын, сірə, мен, Өшіктірдім, білмеймін құдайды қандай кінəммен, Шетсіз-шексіз əлемді өзі ғана билеген. 410. Соның бəрін айту маған (құдайлар білмес дүние жоқ), Өлместердің ішінде, денемді құрсап, кісендеп, Кім еді менің байлаған кейін қайтар жолымды?» Деп сұрадым тағы да, жауап берді ол бір жөндеп: «Түк қалдырмай айтайын, бар шындықты біл сен, – деп – 415. Осы жаққа келетін бар теңіздік дана қарт, Өлместерге тепе-тең египеттік Протей – Посейдонға қарасты теңізді жүрген аралап, Менің əкем – сол – дейді, егер соны амалдап, Бағынтып алсаң өзіңе – береді бəрін баяндап. 420. Балығы көп теңізбен қанша уақыт жол кешіп Оралдықты айтады үйіңе жетіп, бел шешіп. О, құдайдың сүйіктісі, көңілің соқса тағы да, Үйіңде не жақсылық, не жамандық болғанын Сан теңізді бұл жақта шарлап жүрген шағында». 425. Осылай деді құдай-қыз, тағы да оған мен айттым: «Алдымен өзің бізге үйрет алуын əккі сол қарттың, Пиғылымызды біздің ол біліп қойып жүрмесін. Адамның қиын жеңуі – құдайлардың жолы қатты», – Дедім оған, құдай-қыз сонда тұрып тағы айтты: 430. «Бəрін де айтам анықтап, бар шындықты білсе де, Гелнос көктің жағалап жартысына жақын келгенде Дəл осы жерде күн сайын, кеудесін тосып əр желге,

Су аятын тастап сұңғыла қарт шығады толқын белдерге, Жатар сосын дем алып терең шатқал үңгірде; 435. Жан-жағы толы итбалық – Алосимда баласы, Бауырынан өрбітіп көк шылаудың арасы – Ұйлығып сонда ұйықтар сасық бір исі теңіздің, Мұрынды атып жағалай жайылғанда жар асты Эос келер сол шақта, табамын сонда мен іздеп 440. Бір орынды жасырын итбалықтар ішінен, Ал сен сонда ең мықты аты шыққан күшімен Үш жолдасты таңдап ал, кемеге мініп жетсін тез; Шалдың жасар не сиқыр берейін хабар ісінен. Алдымен санап шығады итбалықтарды көзбенен. 445. Санап шығып бес-бестен, ең соңында өзі кеп Арасында солардың болады бір көз ілмек Табындағы малшыдай. Ұйқыға шомған кезінде Бар күштерің жинап ап, бас салыңдар бір демде, Жанұшырып бұлқынар – босатып алып жүрмеңдер, 450. Ал сонда мың құбылып, əр кескінге айналар, От та, су да болады ол, құмырсқа боп жорғалар. Қорықпаңдар бірақ та, қысып ұстап алыңдар, Кеудесінен бір кезде адам даусын шығарар, Баяғы өзі ұйықтаған қалпына кеп оралар. 455. Нақ сол кезде босатып, қолдан үзіп тастаңдар, Босанғанын көрген соң бір сұрақты бастаңдар. Қай құдайдың өзіңе өшіккенін ол айтар, Сұра сен одан: қай кезде өз үйіңе шығар Қай теңізбен, қай кезде – бəрін дағы сол айтар». 460. Соны айтты да құдай-қыз теңізге барып жоғалды. Кемелерге оралдым жатқан торып жағаны, Неше түрлі көңіліме ойлар келіп толқыдым.

Кісілерімді кешкі асқа жинап алып содан соң Меңіреу түннің ішінде амал іздеп отырдым. 465. Жағаға ұрған толқынның шуы астында ұйықтадық. Эос шықты түнектен жүзінен қызыл нұр тамып, Құдайларға тізерлеп бір сыйынып алдымен, Сықыр-сықыр құм басып, тартып кеттім құрсанып. Манағы айтқан үш бірдей мықты деген қосшы алып; 470. Ал бұл кезде құдай-қыз су астынан, тереңнен Төрт итбалық терісін алып шықты ірілген Жаңада ғана тері екен. Алдамақ боп əкесін Жағадан үңгір дайындап, бізді күтіп түнімен Отырған екен, табылдық төртеуміз де сол жерден. 475. Шұңқырға əкеп жатқызып, тас қып жауып тастады, Үстімізді терімен, күтіңдер деп келгенше; Сасық исі терінің тұншықтыра бастады, Тірі адамның мүмкін бе жата беруі өлгенше? Эйдофея алаңда жəрдемдесті өзінше 480. Мұрнымызға хош иіс май жіберіп, дем беріп, Хайуандардың иісінен қалдық біраз жөнделіп. Күттік дейсің сол жерде сəскеге дейін сарғайып, Шықты-ау əрең дегенде итбалықтар сенделіп, Жатты төрт тыраңдап, жағаға кеп шалқайып. 485. Талма-тал тұс болғанда шал да шықты теңізден. Итбалықтарын санады жүре алмайтын семізден. Қоса кеттік ішінде біз де осынау санаудың Байқаған жоқ ештеме – итбалықтан неміз кем? Жата кетті содан соң, пышылдатып танауын. 490. Айқай салып ұмтылдық. Маужыраған шағында Күшін қолмен шыңғыртып бастық келіп тақымға. Сол арада шалың да сиқырлыққа қамданды.

Арыстанға айналды от ойнаған жалында, Айдар боп шапшыды, елестетті қабыланды; 495. Ағын су боп тасыды, орманға да айналды. Одан сайын өшіктік, кетпестей боп байланды. Білді сосын сиқырдан ештеме де өнбесін Маған қарап тұншығып, тіл қатпаққа ойланды: «Қайсысы екен бұл саған ақыл берген өлместің 500. Айтшы маған кəнекей, асыл туған Менелай? Ал тілегіңді айта бер, келіп едің не қалай?» – Ол сұрады, мен айттым – несіне шал білгенді Білмегенсіп сұрайсың? Азап шегіп жағалай Мен жоғалттым емес пе талай ай мен күндерді? 505. Бар амалым таусылып, жүректі дерт қаусырып, Жолдастарды мұң басты, көрсете алмай қарсылық. (Құдайлардың көзіне дүниенің бəрі анық) Өлместерден кім маған осыншама қадалып, Кесел еткен үйіме қайтуыма оралып?» 510. Мен сұрадым солайша, жауап берді ол былайша: «Кемелеріңді əуелі сапарға алыс бұрмайша, Зевске жəне өзге де құдайларға құрмалдық Керек еді шалуың, аман-есен ырғалып Қайту үшін еліңе! Енді сөзде құн қанша! 515. Айтатыным тек саған – енді қайтып көру жоқ, Жақыныңды, жарыңды, туған мекен, ошақ, от сəніңді де, бəрін де, сонау қалған Египет Қияметі көп сапарға – сен қайтадан жолық тек, Барған бойда құрбан шал, уəдеңе болма шет! 520. Шексіз көкті билеген риза қыл Зевсті. Онсыз саған көру жоқ өзің туған жер үстін». Деуі шалдың мұң екен, қайран жүрек жыртылды,

Тағы бастан бір кешіп тұманды теңіз мың түнді. Египетке шет қиян бару дозақ мен үшін! 525. Ақтығында тіл қатып, былай дедім мен шалға: «Айтшы маған енді сен, олай-бұлай бұлтарма, Не істер ем мен екеуміз айрылысқанда Трояда Қирап қалған ахейлер бірі қырда, бірі ойда, Жетіп пе еді аман-сау бала-шаға отанға? 530. Қырсық шалған байғұстар орта жолда қалды ма? Əлде көзін жұмды ма достарының алдында? Дегенімде айтты ол жауап қатып сөзіме: «О, падишам Менелай! Сұрағың ауыр өзіңе, Өзіңді қинап, мені де жүрекке қаяу салдырма! 535. Егер айтсам мен бəрін көзіңнің жасын тыймассың, Енді олардың көбі жоқ. Бары да көп, расым; Аргивтердің жез сауыт екі бірдей көсемі Ажал жолын кескені – қайтады елге деседі, Бірін өзің білесің, айқаста елдің – есебі. 540. Үшіншісі тірі əлі – еріксіз теңіз қаңғысы. Дауылды толқын үстінде, кемелерінде сан кісі, Ойлейдің ұлы Аякс қаза тапты теңізде; Посейдон бəрін лақтырды жартысына Гирейдің, Суырып судан алып ед Аякстың өзін де. 545. Тірі қалатын бейбақ ед, бар пəле тілі, сөзінде Афинаның дəл сол бір ызыланған кезінде «Құдайларсыз-ақ құтылам» деп мақтанса болар ма; Оны естіген Посейдон мінді дағы қаһарға, Үш тармақты айырын сілтеді бір долдана. 550. Қақ айырды жартасты, жартысы қалып орнында, Аякс тұрған бөлігі құлады барып толқынға, Күмп берді де жоғалды қайнап жатқан тереңге,

Қаза болды солайша сорға батқан қалпында. Сенің ағаң əуелде қашып сондай тағдырдан, 555. Кемелерімен аман-сау жетіп еді жағаға Əмірші Гера əйелдің жəрдемімен сонда да, Жан аяғы баспаған жартасына Малейдің Барып-ақ қалған шағында кездесті бір дауылға, Күңіренді теңіз іш тартып құшағында дүлейдің. 560. Лақтырды дауыл оны кеп мекеніне Фиестің, Патшалығы тұрған жер Фиестің ұлы Эгистің. Дегенменен ұзамай басылды теңіз ойнағы, Оңынан жел тұрғызып, құдайлар да қолдады, Отанына оралды ақыры болып жолдары. 565. Агамемнон қолбасшы басты атамекенін Топырағын сүйіп сондағы көрсең жасын төккенін. Қарауыл төбе басынан күзетшісі Эгиптің Көріп қалды Атридтің аман-есен жеткенін. Білмеді ол Эгистің зымиян ойға кеткенін. 570. Жолын оның аңдытқан бір жыл бойы үзбестен, Қара жолдың бойында қарақшыдай кездескен, Күзетші де жеткізді бұл қайырсыз хабарды. Дайындығы тың сұмдық – айла аспайды Эгистен, Жиырма жігіт жинады күшін сынап егескен. 575. Қонақасы беретін үй маңына жасырды, Күйме жегіп алтындап, үйіп-төкті асылды. Қарсы алуға жөнелді сонда Атрид патшаны, Оңаша үйге кіргізді, көңілді той басталды, Жиырма жігіт бас салды, кесілді де бас қалды. 580. Өлтірді оны солайша бейне өгіздей бауыздап. Бəрін қырды серіктің – аямады жауыз жақ». Баяндады шал солай, естігенде бұл кепті

Қоя бердім еңіреп, тілкемдедім жүректі, Содан қоймай жыладым жер бауырлап мен ұзақ. 585. Ақыры мені жұбатты теңіз шалы данышпан: «Өзіңді өзің мұқатпа, о, Менелай, арыстан, Көргенім жоқ ешқашан көздің жасын болысқан. Одан дағы еліңе тез қайтудың қамын қыл. Бəлкім, бауырың тірі ме, кез бола ма қауышқан. 590. Əлде Орестің қолында қаза тапса ендігі, Үлгірерсің жерлеуге жинап шапшаң еңсені». Шал осыны айтқанда, қайта міндім қайратқа, Қайта соқты жүрегім қайғым қатты болса да, Сөз тастадым дауыстап Протейге мен сонда: 595. «Жайын айттың сонымен екі бірдей көсемнің. Үшіншісін айт жəне нешеме жыл, неше күн Тұтқынында теңіздің босана алмай сорлаған Əлде ол да құрыды? Жасырмай айт сен маған Қаншама ауыр болса да қайғысына төземін». 600. Дегенімде, Протей жəне маған тіл қатты: «Ол – Лаэрттың баласы – тəңірідей ардақты, Итакидің иесі. Жолықтым бір аралда, Калип соның мекені – құдайлардың құдайы Қол астына алыпты қарауылдап ұдайы. 605. Жолын құртып қыстаған, қайтуына жоқ амал, Кеме де жоқ, серік жоқ көк теңізден жол табар. Ал сен болсаң, Менелай, құдайдан өзге сыбағаң. Өлмейсің де өшпейсің, бірақ сенің сұраған Тағдырың болмас, дəм тартпас жылқылы сонау Арбостан; 610. Жөнелтер сені көп құдай қайдағы жердің түбіне, Елпсендің даласы – көз тоймайды түгіне. Алтын айдар Рамадант – өзінің тұрған өлкесі

(Қайғысыз-мұңсыз, адамның арыз айтпас) Нөсер менен боранның болмайтұғын бірі де, 615. Зефирдің тəтті самалы, мұхиттың жасыл өркені Аймалайтын адамды – секілді бір еркесі. Өйткені сен біліп қой, Еленаның жарысың, Күйеуісің Зевстің – осы айтқаным – бəрі шын!» – Деді дағы əлгі шал тереңге сіңіп кетті өшіп. 620. Серіктерімді ертіп мен болсам кемелерге беттедім. Ойлар тұнып тұр еді көкейіме кеп менің, Кемелерге келген соң достарымды жинадым Кеш түскенде бəріне тағам беріп сыйладым, Сыбырымен ұйықтадық толқындардың көк теңбіл. 625. Эос шықты түнектен қызыл маржан жарқырап, Суға салдық кемені жүктерімізді артып ап. Тіреулерді тікейтіп, желбіретіп желкенді, Кілең шебер теңізші ескек сілтеп жөнелді, Толқын жатты төменде көбіктері шашырап. 630. Кемелерді заулаттым Египетті бетке алып. Құдайларды риза ғып, құрбандықты көп шалып, Ағам елін ап баурыма топырақ үгіп, күмбез сап, Елге тартып жөнелдім, жел де оңынан кеп қалып, Аман-есен оралған отаныма осы шақ. 635. Ал сен енді, Телемах, майманым бол, тынық жат, Он, яки он екі күн өткенше еш жөнің жоқ қозғалмақ. Одан кейін мен сені аттандырам сыйлықпен, Жегіп берем күймеге үш желаяқ арғымақ, Ұстатамын құмыра зергер соққан оюлап. 640. Құдайларға құлдық қып, содан шарап татасың, Есіңе алып мені де, кəрі шалдың батасын». «О, Менелай падишах, – деді Одиссей баласы, –

Ұстамаңыз мені ұзақ, үйіме тез баратын ретім бар. Əрине, жыл жатсам да болар ед Хикая естіп не ғажап, адамның жоқ таласы. 645. Алайда анау Пилоста күтіп жатыр серіктер, Қимасаң да, соларға тез жетуге ерік бер. Сыйлық та бер үйімде сақтауыма қолайлы; Итакиге ат сүйреп апаруға болмайды, Оларыңмен өзің-ақ өз жаныңа көрік бер. 650. Шөбі шүйгін жағалай құнарлы өлке жерің бар, Онда бидай, жемістің неше түрі жолығар. Ондай алқап, сірə да, Итакиге бітпеген, Ешкі тұяқ болмаса, ат тұяғын күтпеген, Бай ғой сенің аралың, не тілесең бəрі бар». 655. Үндемеді содан соң. Ер Атрид жымиып, Сипады оның бетінен, ойға кетті тұңғиық. «Байқап тұрмын сөзіңнен қасиетті тегіңді, Ат орнына онда мен берем саған бір бұйым, Оған жетер байлығым, қазынаға толы үйім. 660. Берем ғажап дастарқан күміспенен қапталған, Алтынменен аптаған, салтанатқа сақтаған. Гефес құдай өзінің қолыменен жасалған; Оны маған бекзада Ведим еді сыйлаған, Спидондардың патшасы – үйіне дəулет сыймаған. 665. Соны менен аласың қайтарыңда еліңе». Олар солай отырды сыр шертісіп əлі де. Үйге толды сол кезде шақырылған қонақтар Əкелгені қой-ешкі, небір дəмді шараптар, Сұлулардың қолынан піскен наны жəне бар, 670. Солайынша Атрид күтті мейман сарайда. Одиссейдің үйінде дəл осынау орайда.

Күжілдесіп күйеулер күш сынасып, өңшең бір Зілдей ауыр доп атып, масайрасып жатты ойнап, Тасырлатып ерігіп тас төсеген алаңда. 675. Алайдағы Антиной Евримахпен аяулы Отырысты оңаша, ерлер еді таңдаулы Күші басым өзгеден. Фрон ұлы Неомон Таяп келіп оларға, қойды тосын сұрауды: «Екеуіңнің, Антиной, айтқандарың қайсың жөн, 680. Қашан қайтар Телемах сонау құмды Пилостан? Кемемді алып кетіп ед, беріп едім қимастан. Керек боп тұр өзіме, Элидағы кең жайлау Барып қайтсам деп едім, онда менің үйір қосқан Он екі бием бар еді, бəрі тағы, бəрі асау. 685. Соның бірін ұстап ап, бас білгізсем деп едім». Таңырқасты күйеулер, нендей жауап берерін Біле алмады табанда; Ойларында болмаған Ол Пилосқа кетті деп. Жəй əшейін ойлаған Шаруасында жүр ғой деп, шолып өріс келемін. 690. «Шындап айтшы бізге сен: Қашан кетті ол жаққа? Серіктері кім екен? Əлде жұртты жалдап па? Соның бəрін пəтшағар қай уақытта үлгірген? Сен жасырмай баянда, біз мағлұмат алмаққа. Сұраған соң бердің бе? Əлде күш пе, салмақ па?» 695. Фрон ұлы Неомон Антинойға тіл қатты: «Өзім бердім дедім ғой, өтінген соң тым қатты. Көңілі жарым жігітке кім болса да берер ед, Қайтаруға тілегін, сірə, бізден ұятты. Серіктері кіл жастар, ылғи жайсаң, қуатты; 700. Өлместердің ішінен Ментор еткен басшылық. Əлде Ментор кейпінде киінген бір жас жігіт.

Аңғарғаным сол менің. Ажарына таң қалдым, Өйткені мен Менторды кеше көріп қалғанмын. Басқа кеме мінсе де, əдейі көзге бастырып». 705. Соны айтты да жөнелді. Əкесінің үйіне ол Антиной мен Евримах қасіретке шомды мол. Ойындарын қоя сап, барлық күйеу жиналды, Отырысты қоралап. Евпент ұлы Антиной Кекке толды кеудесі, ашу қысып, сөз алды: 710. «Ал, қайнады сорымыз! Бастапты бір Телемах Біз білмеген зор істі; Сапар шегіп, жол қарап. Одан күткен жоқ едік өжеттікті біз мұндай. Мықты кеме тауып ап, жігіттерді ызғындай Серікке алып жөнелген, талабы да – талап-ақ! 715. Азап, апат бəрі де – кенді содан келер-ақ! Бірақ оның сазайын Зевс өзі берер-ақ Бізге жолы жеткенше! Ал дайында бір кеме, Жиырма ескекші əзірлеп, көк теңізді жағалап, Мен тосайын алдынан тар қолтықта, жүлдеде 720. Итаки мен анау бір Зам қиясы тұсында. Əке іздейтін неменің жанын қылдық ұшында Шыңғыртайын бұйырса, жəһаннамға жөнелсін!» – Деді ол сонда. Өзгесі мақұлдасты, қол алды, Одиссейдің үйіне сосын қайтып оралды. 725. Пенелопа алайда күйеулердің бұл арам пиғылдарын – өлімге Телемах басын бұйырған Көп ұзамай естіді. Медонт еді оны ашқан: Сөйлескенде кеше олар арасында бұл тұрған, Пенелопа жатқан сарайға ести сала ұмтылған. 730. Пенелопа сұрады босағаға жақындап: «Айтшы, Медонт, күйеулер тағы нені шарт қылмақ?

Нендей хабар əкелдің? Патша Одиссей күңдері Өзге істерін қоя сап, берсін дей ме ас бапты? О, жасаған, бұл сұмдар қашан менен бас тартпақ! 735. Қашан бұлардың сорақы думандары тыйылар?! Қашан құзғын-жендеттің желкелері қиылар? Аздырдыңдар-ау үйімді, таладыңдар малымды, Телемахқа сақтаған қазынамды, барымды Құрттыңдар-ау, күн бар ма иесіне бұйырар? 740. Күндеріңде балалық əкелеріңнен ақылды Естімеппеңдер ешқашан Одиссей жайлы нақылды. Одиссей жайлы мақтауды, жазығы жоқ ешкімге Істегені қайырым, соларға сыры сарқылды, Қадірі оның қисапсыз халықтың əлі есінде. 745. Патша болып, өзгені жəбірлеп еш көрмеген, Жазалай да білмеген, жазғыруға көнбеген. Сол секілді сабаздың аруағын ластап, Көргенсіздік не деген, ұятсыздық не деген? Жақсылыққа жамандық көретінім сендерден». 750. Ақылды Медонт сонда бір Пенелопаға айтқаны: «Осымен бітсе жақсы ғой, бұл қырсықтың арт жағы, О, құдіретті ханшам! Керемет бір кесепат Ойлады мына күйеулер. Зевстен болсын сақтауы, Өткір алмас қылышпен Телемах басын бір шаппақ, 755. Күтіп тұрып жолынан қайтарында сапардан. Əкенің іздеп хабарын ол Пилосқа аттанған. Патшалық қала – Лакедомон. Құдайдай көркем

шаһардан», – Дегенде ол. Ананың шықпай да жаны шақ қалған. Көзіне қанды жас толып, жүрегі жылып ақтарған. 760. Аздан соң есін жинады ол, байланған тілі босанып: «Не айдады екен, Медонт-ау, баламды менің соншалық.

Су аттары жүйткіген меңгерді қалай кемені? Кімге, неге сенді екен, алыс, қиын жол салып? Болды ма одан да атым өшсін дегені?» 765. Қайырымды Медонт тіл қатты мына сөздің соңынан: «Білмеймін оны, құдай ма жетектеген қолынан, Əлде өзінің жүрегі бағыттаған Пилосқа? Əкесінің хабарын білу үшін, жолынан Лақтырды деп тағдыры қай тарапқа, қай тұсқа?» 770. Медонт соны айтты да, патша үйінен жөнеді. Пенелопа уайымнан өртенді енді өзегі; Тастап тақыт, тұғырды, бөлмелерді жайнаған, Босағада отырды ол жылап, соры қайнаған. Күңіренген дауысқа күң жиналған кез еді; 775. Үлкен-кіші үдеріп, бəрі келіп қоршады. Пенелопа сол кезде мұңды күймен сөз шалды: «О, сүйкімді жарандар, жара салды жаныма Олимпия Зевсі – замандасым тағы да; Жарым өлді əуелі – зор қайғыны сол салды. 780. Арыстан жүрек сабаз ед даңқы кеткен алысқа, Данайлардың ішінде Эллада мен Аргосқа. Енді міне қасымда ұлым да жоқ аяулы; Құйын-дауыл қуалап əкетті оны əр тұсқа, Білмей қаппын мен бейбақ – онсыз көңіл қаяулы. 785. О, ақылсыз байғұстар, бейғамсыңдар не деген, Біреуіңнің ойыңа мені ояту келмеген! Білгенсіңдер бəрің де ол алысқа кетерін, Əзірленіп сапарға, аттанғанын кемемен. Не қалар ед жолынан, не өз басым өлер ем. 790. Шақыртыңдар ал, маған Долнон шалды тезірек, Əкем оны бір кезде қалыңға қосып беріп ед. Менің адал қызметшім – бақ, жанымды қарайтын.

Өзі барсын Лаэртке, айтсын болған жайды айқын, Лаэрт сосын халыққа мұңын шақсын еңіреп. 795. Немересін өлімге қия ма шын мына жұрт? Одиссейдің баласын құдай тектес бір алып?» Евриклея ежелден тəрбиеші ана еді, Патша-ханым өзіне сөз арнады қиналып. «О, жарығым, падишам, менің кінəм бар еді, 800. Өлтірсең де аямай, кетсең дағы өзің біл. Енді айтайын жасырмай, көрген менің көзім бұл, Жиналарда сапарға, əзірлеткен азығын, Ауызымнан серт алған – айтсам менің жазығым, Он екі күн өткенше; бар байласқан сөзім бір. 805. Айтпа деген онда да, сұрамаса анашым, Солдырады жылаумен қос көзінің қарасын – Деп өзіңді аяды ол. Ал сүйікті падишам Жуын, таза киім ки, табар бойға жарасым. Бөлмелерге жоғарғы күңдеріңмен барасың. 810. Оның сонда Зевстің тəңіріндей қызына, Құлшылық ет, жалбарын, қарат дəм мен тұзыңа. Сол құтқарар ажалдан даладағы балаңды; Шал байғұсты мұңайтпа онсыздағы жаралы. Көңілі көп құдайдың қойған жоқ əлі бұзыла. 815. Əулиетіңе қасиетті – Аркесиад ұрпағы, Əлі олардың қолында – патша үйінің бір тағы. Итакидің байлығы – даласы мен жайлауы». Евриклея жұбатты, көздің жасы құрғады, Енді ақылын алуға жалбаруға сайланды. 820. Бөлмесіне жоғары көтерілді күңдермен. Дəн толтырып аяққа, сыйынды ол бір деммен: «О, құдіретті Зевстің сəби қызы, Афина,

Қасиетті Одиссей малын шашып, сый берген Қызметін есіңе ал, лайықты атыңа. 825. Құтқара гөр, сақтай гөр енді соның баласын, Жəне доғарт мынау сұм күйеулердің таласын». Жалбарынды осылай, ескерусіз қалмады, Ал күйеулер бұл кезде думандарын жалғады, Кейбіреулер арнады мазағы мен жаласын. 830. «Біздің ханша-патшамыз жасап жатыр той қамын, Баласына білместен не даярлап қойғанын», – деп даурығып мəз болды, шынында да өздері Болжамаған, білмеген көретінін ойранын Сөз сөйледі Антиной, жинап алып ол бəрін. 835. «Ау, тентекбас жігіттер, ондай сөзді тыйыңдар, Жарым болса егерде жағдайларың қиындар. Үндеместен тарқайық, уəделі іске көшейік». Жиырма жігіт халықтан таңдап алып дəлме-дəл Кеме жаққа жөнелді ол. Құмда тұрған теңселіп 840. Кемені тартты теңізге. Керіп байлап желкенді. Ұзын-ұзын ескекті тұзақпенен көмкерді. Жиналғанда қарулы өңкей жігіт өлермен Отырысып кемеге, көк теңізге жөнелген. Батар күннің алдында ас ішуді жөн көрді. 845. Пенелопа бұл кезде биік төсек мекенде Жатты сұлық қайғырып. Қарамастан не дəмге, Барлық ойы – баласы, құтыла ма ол мүскін, Əлде қаза табар ма жау қамалап келгенде. Арыстандай қансырап, оқ жаудырып мергендер? 850. Осы ойынан ол шошып, қалтырады денесі Ұйқы келді соңынан, өшіп ойдың елесі. Қайырымды Паллада бір жақсы ойға бекіді:

Нұр кескінді Иортима – Икарий шал қызынан, Құдіретті Евмелмен ақ некесі қиылған, 855. Фессал Фера патшасы – айнымайтын нақ содан Бір кескінді жасады ол. Соны енді жұмсаған Пенелопа үйіне, сүрт деп жасын бұлаған, Қайғы-мұңнан арылт деп, тілегін бер сұраған. Барды соған əлгі елес, жолды тауып турадан. 860. Есік байды қозғамай, кірді жайлап бөлмеге. Бас жағында тұрып ап былайынша сөйлеген: «Жатсың ба ұйықтап, тыныш жəй, Пенелопа, сіңлім? Қапалы ма жүрегің? Өңшең бейғам құдайлар Жылауға да, өксуге саған лұқсат бермеген. 865. Телемағың есен-сау оралады ұзамай, Құдайларға ол жазықсыз. Басыңды көтер жыламай». Мынау апасымаққа Пенелопа тіл қатты, Құшағында ұйқының жатып алып тым тəтті: «Қайдан келдің бауырым? Көптен сені көрмедім. 870. Кеттің алыс мекендеп. Қалайынша сен менің Қасіретіме сенбедің? Қапаланбай, жыламай, Қалай ғана шыдармын? Ерім өлді арыстан, Атағымен батырлық Эллада ен Аргостан Кең өлкені таңдантқан, намысына шыдамай, 875. Енді бүгін қасымда сүйікті ұлым жоқ ол да, Кеткен шығып теңізге, ізі-түзі жоғалған. Əлі сəби жас еді, көргені жоқ дүниядан, Күйеуімнен гөрі де, қу жаныма сол батты; Нендей күйде екен деп жүрек сорлы тулаған. 880. Қай теңізде жүзді екен? Қай халыққа барды екен? Менің үйім ал мұнда – еткен ылғи жау мекен. Өңкей залым адамдар жолын аңдып баланың

Өлтірмекші ойлары, не құндары қалды екен?» Елес сонда сыбырлап, Пенелопаға қарады: 885. «Азаптама жүректі, бос жүдеме, сабыр ет, Серігі бар балаңның, аспайды одан құдірет. Ондай жанға кім болса – аз тағдырын тапсырар. Афинаның дəл өзі ол. Оған бəрі бас ұрар. «Көңлін жұбат бар дағы, айт баласы тірі деп» 890. Маған солай бұйырған соның өзі – білгейсің». Пенелопа ақылды əлгі елеске тілдесті: «Құдай болсаң егер сен, құдай даусын естісең, Жалынамын, баламның күйін айтшы, сен білсең, Қай жерде жүр ол байғұс? Қандай қиын күн кешті? 895. Əлде, бəлкім, жөнелді өлкесіне Аидтың – Оралмастың жолына – тумайтұғын қайтып күн?» Пенелопаға тағы да сыбырлады əлгі елес: «Одиссейдің жайынан жарытпаймын айтып мен, Өлі ме ол, тірі ме – оның еркі менде емес», – 900. Сөйдеді де, есіктің саңылауынан зып берді, Бейне желдің лебіндей көрер көзге жоқ белгі. Пенелопа оянып, тұрды сонда төсектен, Жадырады жан-жүрек. Пайғамбардай бейнені Шапағатты тəңірі көз алдына көрсеткен. 905. Бұл уақытта күйеулер кемемен су тілгілеп Телемахтың өлімін шын көңілмен жүр тілеп. Итаки мен сонау бір таулы Замның ортасы – Тұзды теңіз ішінде – тұратын бар жартасы, Өзі де бір қанды жер – сезетұғын сұм жүрек. 910. Атер еді аты оның, көлемі онша зор емес, Кеме тоқтар жері бар – екі жақтап ерте-кеш Келіп жатыр жүргінші. Айқайла да, атой бер, Естілмейді ештеме. Күзетте тұрған Ахейлер.

БЕСІНШІ ЖЫР Тұрды Эос тым ерте – таң құдайы төсектен, Тамаша Тифон тағынан дүние нұрын көрсеткен. Жиналды өңкей құдайлар мəжіліс – ұлы кеңеске, Найзағай атқыш Зевсті өздеріне басшы еткен, Құдіреттісі бəрінің – шыдамас бірі егеске. 5. Одиссейдің азабын Афина айтты оларға, Еріксіз ұзақ шырмалған Калипса атты аралда, Айбынды Зевс, біздердің əкеміз əрі əмірші, Жəне өзге құдайлар, енді осынау заманда Таққа мінген еш патша əділ емес əманда. 10. Бола алмайды енді олар қайырымды да, момын да, Мойындамай шындықты жүрегі тұрып орнында. Заңсыздықты жасасып, адамдарды қысымға ап, – Ал сендер ше, құдайлар, Одиссейді ойыңда Ұмытсаңдар шынымен, өзінің патша тұсында. 15. Əділ болған халқына, əкесіндей бəрінің. Қу аралға тап болып, қырсығымен дауылдың Кешкені анау азап-сор, Калипсоның патшасы Құдай-қыздың тұтқыны – жолы оның жабылды, Серігі жоқ, кеме жоқ – құрыды оның баршасы. 20. Олар болса қасында шығар еді жол тауып, Таудай толқын ішінен, жартастардан жал тартып. Енді оның жаулары жас Телемахты өлтірмек, Жолын тосып баланың қаратасқа қаңтарып, Барып еді ол Пилосқа əкесінің бір білмек 25. болып содан хабарын. Лакедемон шаһарға», Бұлт байлаушы Кроннон келді бір тіл қатарда: «Қызым, сенің аузыңнан сөз шықты ғой қапылыс. Сен емес пе ең бір кезде, елдің бəрін қайтарда Қырады деген Одиссей? Не жөні бар айтарға?

  1. Телемахты сен қорға, соқтықтырмай қырсыққа, Сақтықпенен алып өт. Өзің қарап жүр сыртта. Оралсын ол аман-сау туған атамекенге; Жаулары да қайтсын тез қолы бармай сұмдыққа». Сөйдеді де, қарады Эрмиге ұлан-ұл тұтқа: 35. «Эрмий, қамқор хабаршым, алтын шашты Нимфаға Құдайлардан сəлем айт, көңіл толы қапаға. Одиссейдің отанын көрер кезі жетті де; Кедергісіз ешкімнен шықсын елге сапарға, Берік мықты сал жасап, жүзсін теңіз бетінде. 40. Өтіп қауіп-қатерден, дəл жиырма күннен соң Схеридің көк майса жағасын ол көрген жөн. Құдайлардың туысы – Феакийлер мекені, Өлмес құдай тұтынып, оған құрмет етеді Кеме беріп еліне, серік қосып ерлерден 45. Алтын, күміс арттырып, киім-кешек берісер, Қазына алып қисапсыз, басылады көңіл шер. Ондай олжа ол, сірə, Троядан тапқан ба, Алғашында еліне аман-есен қайтқанда? Тағдыр жазып міне енді туыстармен көрісер», – 50. деді Зевс, содан соң көп тұрмады хабаршың, Алтын ұлтан аяққа байлап алып, арасын Аспан, жердің гулетіп, жел қанаты көтеріп, Толтыратын ұйқыға сергек көздің шарасын. Сиқыр таяқ қолға алып, таңғы ауада кетті еріп. 55. Өлтірушісі Августин деп жұртқа аты жайылған, Пиерийге жетіп кешікпей, теңізге бетін қайырған; Қанатты балықшы кейпінде жүйткіді толқын үстімен Балықтарды қақшып жеп үңгірден яки айдыннан, Шығады тұзды сулардан қанатының күшімен. 60. Теңіздің жеңіл құсы боп терең құздан секіріп, Арман болған аралға алыстағы бет бұрып.

Судан шығып, табаны қатты жерге бекініп, Жағалаумен қараңғы бір үңгірге тоқтады – Алтын шашты Нимфаның еді мекен отауы. 65. Көрді оның өзін де. Бүкіл арал тұр екен Хош иіспен бұрқырап, балқарағай – гүл көркем, Қасиетті өмір ағашы – жалын лаулап ошақта, Отыр екен құдай-қыз даусы əсем əндеткен, Кесте тігіп өрнектеп, алтын оқа зерлеткен. 70. Жан-жағында үңгірдің емен, терек, қарағай, Рахат сепкен жаныңа кипаристер жағалай; Бұтақтарға ұя сап, ұзын қанат құстар жүр, Қарға, үкі, шағала судан жемін ұстап жүр. Жүзім ағаш шырмауық жеміс толы шарадай. 75. Суы мөлдір судырап қатар аққан төрт бұлақ Бірін-бірі жеңімен ойнағандай тартқылап. Жағалауы көк шалғын, дəн егісі балқыған, Кіріп келсе құдай да – таңырқаған қалпынан Танбай ұзақ қалғандай – жүрегі аттай шапқылап. 80. Құдайлардың жыршысы – өз жендеті Аргустың Бұ да танды есінен көріп жұмсақ сəн ішін. Кірді ақыры үңгірге, бір қараған сəттен-ақ Құдай-қыздың құдайы қонағын сонда танып қап, Назарын салды. Тұрағы қанша алыста-ақ 85. Болса да, өлмес құдайлар, танымау əсте бір-бірін Мүмкін емес нəрсе ғой, Əйтсе дағы əркімнің Дəл осы үйдің ішінен Одиссейді көрмеді; Ол сонау құз басында жасын тыймай көздегі Жылап отырған шағы еді, жалғыз толған жан күйін. 90. Ару Нимфа Эрмиді өз төріне шақырды, Орындықтар жағалай əшекейлі, алтынды,

Жарқыраған шыраймен ынталана сұрады: «Айтшы, Эрмий сүйкімді, алтын таяқ ұстаған, Бұрын-соңды бұл жаққа едің, сірə, ұшпаған. 95. Келдің нендей іспенен, келдің нендей тілекпен? Қолдан келсе атқарып, қабылдайын жүрекпен. Ең алдымен бірақ та дəм-тағамды қабыл ал», – Сөйдеді де құдай-қыз стол жайды ниетпен, Шарап қойды ал қызыл аса тəтті нəрі бар. 100. Алды əртүрлі тағамнан қайырымды хабаршы – Ажалшысы Аргустың – құдайлардың дəм-асы Жақты оның көңіліне, содан кейін тіл қатты Алтын шашты аруға: «О, құдай-қыз, сымбатты, Сұрадың ба сен менен бар деп қандай шаруасы? 105. Жасырмастан айтайын шаруамды мен саған, Өз еркіммен келгем жоқ, Зевс мені жұмсаған. Шетсіз-шексіз теңізді кімдер құмар өлшеуге Адамы жоқ келер ме қу далаға қаңсыған. Біз құрбан берерге қолындағы дəм-судан? 110. Айтқандарын алайда құдіретті Зевстің Қайтаратын құдайлар арасында жоқ ешкім. Сол Диюге əйгілі, сен жасырған бір ер бар Соры қалың, алайда еңбек еткен ел үшін, Тоғыз жылдай соғысып, көрсеткен ол зор айбар. 115. Прнам шабар түбінде; алып болып қаланы Оныншы жыл дегенде, елге қайту талабы Ойында еді, амал не, Афинаны ренжітті. Жолына оның құдай-қыз дауыл-толқын жөңкітті. Серіктерден айырылып, болмай жасар амалы, 120. Жалғыз қалған жайсаңды осында əкеп қамады. Енді саған жолдаған құдайлардың талабы –

Соны кері қайтару бөгеусіз де тоқтаусыз. Мүмкін емес қалуы – себебі оның отансыз; Көру керек ошағын, əйел, бала-шағасын. 125. Тағдыр солай жазылған», – деді сонда елшіңіз. Құдай-қызы, Калипса, сөзге келді ең тығыз, Даусы қатты саңқылдап қанатты бір леппенен: «О, қатыгез құдайлар, қызғанышы кетпеген, Біз ұрғашы құдайлар іс жасасақ ептеген 130. Өлген ерді құшақтап, оны күйеу тұтынсақ – Соны дағы қызғанып, шабасыңдар қиқу сап. Таң иесі – Эос та дəл осылай орныңды Таңдап еді бір кезде, оны да сендер қуғыштап Артемиданың оғына Ортигиде болды тап. 135. Қолаң шашты Деметра Яснонды таңдаған, Ақ жүрекпен аялап, көк далаға аунаған, Зевс құдай соны естіп, көзін құртты оның да. Енді бүгін маған да өштерің бар арнаған Құтыл кеме тақтаның, дауылдың еріп соңына. 140. Түпсіз қара тереңге батар болған кезінде, Құтқарғаным – жазығым. Зевстің ыза көзінде. Найзағай атып қиратқан оның ғажап кемесін Мен сыйладым мəңгілік бөлеп жастық сезімге Бақтым-қақтым мəпелеп, нұрмен жауып денесін. 145. Əміршісі əлемнің – Зевстің бірақ кесімін, Екі ететін болмайды құдайлардан ешбірің. Егер солай десе ол – шын тілесе Кроннон Аямайтын қатыгез теңізді тағы кешуін Жəрдем етем дей алман ол байғұсқа бұдан соң. 150. Кеме де жоқ, адам жоқ теңіз ісін білетін, Жал-жал толқын үстімен адаспастан жүретін.

Ақыл-айла қосармын – бар қолымнан келері Қайтсын атамекенге, рұқсатымды берейін», – Деген сəтте сөз алды тауып елші ретін: 155. «Зевс сөзін тыңда да, дереу оны аттандыр, Əйтпесе, тағы көресің құдайлардан қаһар бір» Соны айтты да жөнелді өлместердің елшісі. Одиссейге беттеді нұрлы Нимфа-елшісі Хабаршы да естіген Зевс сөзін ең тəуір. 160. Жағалаудағы жартаста отыр еді ол жалғыз, Көзінде жасы сорғалап кескініне салған із. Сағыныштан сарғайып, тамшыдай күні азайып. Құдай-қыздан жерінген, бірге түнеп амалсыз Қараңғы мына үңгірде құшақ ашып, қол жайып. 165. Күндіз қонып жартасқа, көзін сүзіп алысқа Күрсініспен күні өткен, жүрегі дерт, жан құса. Құдіретті Нимфа-ару келді жақын қасына: «Көзіңді сүрт, сор бейбақ, тəтті өмірде сен, сірə, Қасіретке қор қылып, қайғыменен тауыспа. 170. Босатамын мен сені. Жуан-жуан бөрене Жез балтамен кесіп ал. Керек салға – кемеге, Кендірменен нық шандып, қанаттарын қабыстыр. Болсын əбден қауіпсіз, түссе қара тереңге Нан, тұз, су мен шарапты мен өзіме табыс қыл. 175. Жабдықтаймын бəрін де. Көрмей жолда кемтарлық, Күн кешуге лайық. Киім-кешек, бар жабдық Жеткілікті беремін отаныңа сау-аман Оралуға жарайтын. Құдайлардың қалаған Тілегі болсын. Олармен теңдесуге жараман». 180. Солай деді ол. Одиссей ылғи соры қамаған Мына сөзді есітіп, тұрғанында жаны аман,

Дүр сілкінді сонда бір. Сонда даусын көтеріп, Сөз сөйледі аруға көңілімен самғаған: «Қамың емес ару қыз кетерімді ойлаған, 185. Басқа ойың бар секілді. Қалайша мен салменен Кешем асау теңізді? Кеменің өзі жан дəрмен Жеңеді қара тереңді, Зевс берген жəрдеммен. Жоқ, құдай-қыз, ешқашан шықпан мына сапарға, Ант етпесең, енді мен баспаймын деп қаһарға!» 190. Құдай-қыздардың құдайы – Калипсо ару жымиды Естігенде бұл сөзді: «Айтсам саған шынымды, Қу екенсің сен де бір, ақылың, ойы өте сақ. Айттың бірақ бекер сөз – əдетіңмен бұрынғы. Ант етемін мен саған – жемісі мол жерді атап, 195. Аспанды атап кең байтақ, терең теңіз, суды атап, Құдайлардың өзі де мұндай антқа тұрмас-ақ. Еш қастандық қылмасқа, ойламасқа жамандық. Басыма егер менің де сендей күндер туған шақ Өзім солай жасар ем, тіршілікті арман ғып. 200. Маған да қымбат сол шындық; Мен де темір емеспін, Менде дағы жүрек бар, ешкімнен кем сүймеспін», – Деді дағы құдай-қыз, алға түсіп жөнелді. Соңына ерді Одиссей, тым асығыс ол енді. (Өлмес жан мен өлешек – екеуі де теңесті). 205. Келді терең үңгірге ішіне сəн толтырған, Орындыққа жайғасты мана Эрмий отырған. Ару Нимфа Калипсо əзірлетті дəм-сусын Адамдардың кəдімгі таңсық асын татырған, Өзі отырды қарсыға осылардың артынан. 210. Күңдер шарап тасыды жұпар исі аңқыған, Астабаққа қол созды, отырысты татып дəм.

Болғаннан соң ішіп-жеп, алғаннан соң қанағат, Сөз сөйледі Калипсо Одиссейге қарап ап. «О, Лаэртид, Одиссей, əрі ақылды, батыр жан 215. Талап қылдың қайтуға енді атамекенге, Кешір, мынау соңыңа мені тастап кетерге, Егер сенің жүрегің қашан үйге жеткенше Анық сезер болса ғой – бейнет, азап көп кеше Шаршарыңды сен сұмдық, шыққаныңды бекерге. 220. Қалмассың ба онан да мынау тыныш жəйда бір, Айналар ең біздердей сен де өлмес жанға бір. Жүрегіңмен төзгісіз жар сағынған жайың бар, Көрді көзім қалпыңды – шегудесің қайғы, зар. Бірақ сенің жарыңнан кем емеспін, ойлай жүр 225. Не көркіммен, сəніммен, не денеммен бұралған, Құдай-қыздармен, шынында, жерде өлуге жаралған Жер сұлу тең бе екен, озбақ па екен ажардан?» Зор ақылды Одиссей білдірді оған қарсылық «Қалма Нимфа, қапа боп, ызаланып, ашынып. 230. Мен де білем, əрине, Пенелопа көргенді, Қанша сұлу болса да, адам ғой ол жердегі. Мəңгі-бақи көрікті сұлулармен көктегі Не ажармен, мүшемен қиын ғой тең келмегі. Алайда мен күндіз-түн мүлдем мазам жоқ, тегі; 235. Армандаймын ерте-кеш бір көрсем деп үйімді, Қауышудың аман-сау қуанышы тиімді. Рахаттап өзге бір құдайлардың дер ем мен, Көмектессе біреуі мұздай қара тереңнен Шығуыма есен-сау – соны бақыт көрер ем. 240. Не қиынды кешкен мен, тіреп мынау кеудеммен. Теңізде де, соғыста күшімменен меңгерген,

Өз бағымды сынармын тағы алдағы күндерден», – Деп бітірді ол, бұл шақта ұясына күн батып Айналаны күңгірттеп, шұбатылды түн келген. 245. Кетті сіңіп екеуі терең үңгір қойнына, Түні бойы елікті махаббаттың ойынына Оңашада сүйісіп, омыраулары түйісіп. Бір кездері болғанда алтын айдар аң туды. Тұрды орнынан Одиссей, киім киіп сан түрлі – 250. Ауадай жеңіл желең сап, саф күмісті жалатқан Киді иыққа құдай-қыз, алтын белбеу қынатқан. Аш беліне буынды түсірді бет-пердесін. Дайындады жолға бір Одиссейдей пендесін. Берді оған жез балта қолға шақтап ұнатқан. 255. Екі бірдей жүзі бар алмаспенен суарған, Сабы сəнді жеп-жеңіл, əшекейлеп шығарған. Өткір қашау от ауыз жəне беріп қолына. Одиссеймен содан соң түсті аралдың жолына, Қара терек, үйеңкі – кірді ағаштың молына. 260. Көк тіреген қарағай қатып піскен ыстыққа Жүзуіне жеп-жеңіл. Тоғаны бар ту сыртта Соны оған көрсетіп, құдай-қызы Калипсо Үңгіріне өзінің кірді үйіне барып сол. Ал Одиссей ағашты кесіп болды бұл шақта; 265. Кесті жиырма бөрене, оны жонып ағартты. Ішін үңгіп қашаумен, тегістеді, тазартты. Сол мезетте Калипсо ұңғыш алып ол жетті. Ұңғып, қаузап, қуыстап, астау жасап қажетті Бұрандалы болттармен басын қосып тастатты. 270. Қайық-салдың табанын жайпақ етіп жасатты Кəдімгі кеме шебері əдісіне ұқсатты.

Саудагерлер дүниесін артып алып жүретін Мынау жайқын теңізде толқыныңда күш қатты Емен ағаш сырықпен ернеулерін ұстатты. 275. Емен тақтай төсетті палубаның өзіне Мачта-діңгек орнатып, кіргізіп оның көзіне, Көлденең сайғақ тастады, бекітіп алғы тұмсыққа Кемені бұрып тұратын, теңізден болар қырсыққа. Кедергі-пана болсын деп, жас шыбықтың тезімен. 280. Жағалай салды қоршады, ауырлық-салмақ ретінде Əртүрлі затты тастады кеменің түпкі шетіне. Бір мезетте Калипсо берік желкен əкелді Толып жатқан бау-шумен кендір артқан келтіре 285. Байлап желкен беркітті. Неше бапты құралды Қозғалысқа келтіріп, теңізге бет бұрады. Төртінші күн болғанда аяқтады жұмысты, Бесінші күн дегенде жол қамына кірісті. Құдай қызы Калипсо əтір сумен жуады 290. Одиссейдің денесін, моншаға əкеп түсіріп. Судан киім кигізіп, балдай сусын ішіріп Калипсо-Нимфа кеме əкелді төрт үш қаптың – Біреуі – мес, түп-түгел толы шарап, ішкілік. 295. Біреуінде бұлақ су, біреуінде толы – нан. Тағы тəтті жеміс бар аямаған жолынан. Бəрін салып болған соң, шақырды жел оңынан Қуанышты Одиссей бұрды соған желкенін, Ал жүзуді бастады күш таймаған қолынан. 300. Еркін билеп рульді, басты сергек қимылға, Тығылмауға көзге ұйқы аласапыран қиында Жанталасты ол. Плеяд, одан кейін Вооттың Жұлдыздары туғаннан көзін ілмей, қиырда Жеті қарақшыны көрді ол арасында көп оттың.

  1. Күйме-жұлдыз аты бар, шыр көбелек айналған Мəңгі-бақи айрылмас үлкен жұлдыз Орионнан, Еш уақытта мұхиттың суына түсіп көрмеген, Сол жұлдызға құдай-қыз сəйкестеуге бұйырған Өзінің жолын Одиссей көк теңізде көлбеген. 310. Əрқашанда ол жұлдыз сол жағыңда тұрсын деп, Он жеті күн жол жүрді ер жүрегі дүрсілдеп. Он сегізінші дегенде, өр толқынның үстінен Феакия жерінің көрінді көзге біртіндеп Тас қиялы таулары көк мұнардың ішінен. 315. Сөйткенінше болмады, жер қозғаушы Посейдон Эфиопия өлкесін тастап шығып кесел жон, Биігінен Солимнің көрді Одиссей қарасын: Таныды оны қатесіз, ал бұрқанды содан соң Шайқап-шайқап жіберіп күрең бұйра ол басын. 320. Қаһарлана сөйледі: «О, өлермен, жан қайсар! Мен Эфиопияда жүргенде өзге құдай қалайша Келіскен де тойлаған, көмектесуге ойлаған Сапарына Одиссей? Феакияға барғанша Барлық азап бітеді деп олар да болжаған; 325. Үлгірермін мен бірақ, тартар сазай оңбаған!» Сөйдеді де ол қаптатты қара бұлтты аунаған, Айырымен үш тармақ суды келіп сапырды. Қара дауыл тұрғызды, жел шақырды сарнаған, Су мен жерді қарайтып, кетті əкеліп батырды. 330. Эвр, Зефир, Нот бəрі, Эфирден туған Борей де Жабылып келіп теңізді айналдырды үрейге. Зəресі ұшты Одиссей, қалтырап барлық денесі Жүрегімен сөйлесті – серігі жоқ бір емге: «Сорлап қалдым! Мен көктен бар екен ғой көресім! 335. Басқа түсті, сездім мен құдай-қыздың болжамын. Сен еліңе жеткенше көрер азап мол, жаным,

Деп еді ғой, келді сол бəрі менің басыма. Зевс көкті торлады, бұлт үйіріп долданып, Қаһарланып, шақырып қарсы желді қасыма. 340. Енді ажалым келгені. О, үш рет, жүз рет Бақыттысың Данайлар! Трояда өзі кеп Ажал тапқан сендерді Атридтарға жағынып. Өлсем сонда мен дағы абыроймен кезім кеп, Тағдырымды қарсы алып, барлық семсер жабылып. 345. Қадалғанда денеме, өліп қалған Пелидтің Отырғанда үстінде; жаназамды беріп бір, Келісер ед құрметтеп, риза болып ахейлер, Енді міне даңқсыз, құнсыз ажал келіп тұр». Сол мезетте бір толқын өршеленген дөкей-өр 350. Кеудесімен басты кеп, басына соғып шашылды. Қайғы қатты үйірілді; жаңағы толқын ашулы Жұлып алған бойымен қайықтан суға лақтырды. Қалды айырылып рульден, діңгегі де шарт сынды. Қарсы келген екі жел соқтығысып, шақ тынды. 355. Босатпады тұңғиық, тереңде ұзақ алысты, Су бетіне шыға алмай, дене қысып жабысты. Калипсоның кетерде сыйға берген көйлегі Шықты-ау үске ақыры, əрең билеп ағысты Жұтқан суы аузынан ақтарылып, өрледі. 360. Сақалынан сорғалап, бұйра шашын тұз қаптап Жанталасып жүргенде мұздай суда ызғақтап Есіне түсті қайғы, алысқа кеткен сырғақтап, Қуып берді соңынан, қуып жетіп жабысты, Мінді үстіне асылып, əйтпесе ол шым батпақ 365. Тағы теңіз түбіне, ерсіл-қарсыл қайықты Лақтырады тау-толқын. Борей желі қауіпті. Кең даламен жүргендей домалатып дөңбекті

Қайық солай желменен тағы аунады, тағы ықты. Борейге Нот дем беріп, одан Зефир ермекті 370. Жалғастырған секілді – өршеленді жел біткен. Ерке қызы Қадмның-Левкотея бойжеткен, Əуелінде ол дағы өлмекші пəнде болатын, Сəлемші Ино атанған, құдайлыққа қол жеткен, Қалған мəңгі теңізде өзгерткен де ол атын. 375. Одиссейді аяды қатал дауыл айдаған, Жеңіл қанат періште сүңгіп шықты жалма-жан, Ырғып мінді қайыққа əлі берік шегені: «О, бақытсыз, бейбағым, жер толқытқан Посейдон Неге саған өшікті? Болмады ма дегені? 380. Əйтсе дағы ол сені құрта алмайды, қаншама Тырысса да өңмеңдеп. Өзіңе сен, шаршама. (Ақылың бар секілді); Сыпыр барлық киімді Қайығыңды желге бер, қанша қимас болса да, Сосын қарғы толқынға, жалда терең иірімді. 385. Жалдап қолмен жет жүзіп Беакия жеріне. Құтыласың сонда сен, желмен жабам, жеңіне Сиқыр моншақ тағылған, соны ки де кеудеңе, Қорықпа да қамықпа батамын деп тереңге, Судағы бұл сапарды аяқтадым дегенде. 390. Сыпыр дағы шапанды лақтыр теңіз өріне, Қара жерден алысқа. Жөнел сосын жөніңе». Сөйдеді де құдай-қыз берді шешіп желегін. Шулап жатқан теңіздің бетке алып тереңін Ғайып болып жөнелді, қайтты өзінің еліне. 395. Құдай құлық Одиссей ойға кетіп сонда бір Жүрегіне толғанып, етті сонда сəл күбір: «О, қасірет! Құдай-қыз нендей сұмдық ойлады,

Менің басым жұтатын іздеді не айланы? Қайығыңды таста деп айтқаны оның не сиқыр? 400. Жоқ, ол тілін ала алман, байқап тұрмын сонадан, Қолмен жалдап өтуге əлі алыспын жағадан. Күтем əдейі ақырын, қайық берік тұрғанда Қабырғасын көк толқын қайта-қайта ұрғанда Сынар, бəлкім, ол дағы, асып кетіп шамадан. 405. Сонда ғана түсермін, сонда жүзіп кетермін, Одан басқа мен қазір айла тауып кетермін», – Деп тұрғанда дал болып, ақыл, жүрек қобалжып, Жер теңселткіш Посейдон тау толқынды қопарып, Жамырата соқты кеп, көкесіндей кеселдің. 410. Құйын-дауыл көтерген шөп-шаламдай үйінді Сатыр-сұтыр кеменің жел баулары қиылды. Бөренесі быт-шыт боп, қалған содан бір тақтай Ұстап алып Одиссей патша мініп үйірді Сол арада шешіп ол Калипсо берген киімді. 415. Алжапқышпен сиқырлы жапты сосын кеудесін. Керіп, жайып құлашын, жүзуге ерік бергесін. Күмп берді ол толқынға. Посейдон мұны көргесін Айқай салды артынан, басын шайқап, сөйледі: «Ал жүзе бер еркіңде, мынау сапар – ерге сын. 420. Қатал құдірет – Зевстің қарауындағы адамдар Сені сыйлы құрметпен күнге шейін қабылдар, Жолың болсын. Маған да өкпең болмас айтатын», – Деді де ол, зымыратты ұзын жалды аттарын, Эгиясына сонау бір ылғи сарай сары алтын. 425. Қайырымды Паллада ойға кетті жақсы бір: Жолын бөгеп көп желдің желіктерін басты бір. Лұқсат етті тек қана құтырынған Борейге.

Тұншықтырды толқынды, Феокия жеріне Жету үшін Одиссей, ұшыратпай үрейге – 430. Өлім менен қауіпке. Жүзе берді ол енді Екі күн, солай екі түн толқындарға бөленді. Талай рет ажалдың қаупі төніп басына, Үшінші күн болғанда, оттай жайнап көлемі Эос көкке шыққанда, қалды дауыл басыла. 435. Жел тыншыды теңізде, сəулеленіп бар маңай, Қарады да алдына – жерді көрді жағалай. Əкесінің ажалдан құтылғанын көргенде, Жаман дерттен айығып, қуанатын баладай Одиссей де қуанды – құдайлар келіп жəрдемге. 440. Көріп жаға, орманды жанталасып малтыды. Жерге аяғым тисе деп құлаштады, шарқ ұрды. Бірақ əлі құрлығың дауыс жетер жер еді. Арасынан жартастың жəне белдеу тартылды – Шулады-ай кеп, ұлыды – асты толқын қарқыны. 445. Биік тасқа қарғыды жүгіріп кеп толқындар, Тұзды көбік, су жұтып, Одиссейің алдында ол. Не тегіс бір қолтық жоқ, бұғазы жоқ шығатын Шаншылған кіл жартастар – төрт терең тіке жар. Зəресі ұшып Одиссей, жүрегіне айтты зар: 450. «О, қасірет! Зевстің несі бұлай айдаған, Қараң қалған бір жерге? Əлде қастық ойлаған? Қияметін теңіздің сонша бастан кешкенде Осы ма еді көрерім? Сыбағам ба сайлаған? Еш шығатын жері жоқ, кілең тайғақ-тас кеуде. 455. Ұстауына жоқ тұлдыр, биік-биік қабырға, Етегінде көк теңіз тулап жатқан тағы да. Біреуінде болсайшы аяқ тірер тиянақ

Сəл тоқтасам аялдап жəне толқын қағып ап Əкетеді теңізге – қайран жанға қиянат. 460. Тасқа соғып немесе денем бүкіл қирамақ, Тағы жүзіп ілгері қолайлы жер қарамақ. Болсам егер, сонда да толқын мені ұрлап ап Тапсырады теңізге, яки жаулық ойлаған Амфитрита диюы жан-жағымнан жұлмалап. 465. Тартар теңіз түбіне, балықтарға жем етіп, Кеткенінде білемін Посейдонның кегі өтті». Жүрегімен, миымен ол толғанып тұрғанда, Лақтырды оны жартасқа асау толқын кеп жетіп, Денесінде сүйектің күл-талқаны шығар ма? 470. Егер құдай-Афина қолын оның жалма-жан Іліктірмесе бір тасқа, салбырап тұрып сол жардан Қарады тағы толқынға жанап өткен жанынан. Қайтарында бірақ ол оны ұшырып түсірді, Берді қайта теңізге аласұрып жынданған. 475. Тасқа шыққан бұтақты түбірімен қопарсаң, Ұсақ тастар қиыршық домалайды тым шапшаң. Дəл сондай жыртылған қолдарының терісі Əрең-əрең ілініп, тасқа келіп жабысқан. Тағы да айдап теңізге толқындардың тебісі. 480. Құрыр ма еді Одиссей егер оның құдай-қыз Жүрегіне бір жігер бітірмесе күш нағыз. Бүйірлеп шығып толқыннан, алға қарай ұмтылған, Көзімен тінтіп қолайлы жер табуға құлшынған Күніменен тағы да жағалады амалсыз. 485. Кенет суы мөп-мөлдір көрді алдынан өзенді. Осы деп ол ойлады бір оңтайлы кезеңді Ол жерде жоқ найза тас, желден жəне ықтасын.

Құдайына өзеннің жалбарынды тез енді. «Кім болсаң да, құдіреттім, енді мені сақтарсың. 490. Посейдонның қаһарлы теңізінен алып шық. Мəңгі өлмес құдайлар əдеттенген болысып. Жолаушыға қашанда кім болса да – бəрібір Мына мендей күн кешкен қасіретпен алысып. Сен де маған, дүнием, қол ұшың бер тағы бір». 495. Жалбарынды солайша. Сонда құдай өзеннің Ағыстарын жуасытып, толқындарын тежеді. Одиссейге жол ашты осынау бір тұмсықтан Бірақ оны аяғы талып біткен кез еді, Жүрегі де шаршаған көрген талай қырсықтан. 500. Ісіп кеткен денесі, атып ауыз, мұрнынан Ащы судың көбігін, сонда талып жығылған. Қара жердің төсіне, мүлде танып есінен Біраз уақыт болғанда, ақыл есі жиылған, Құдай-қыздың абуын енді үстінен шешінген 505. Сəт еді ол. Лақтырды оны өзеннің суына Ол қосылып жөнелді иірімнің шуына. Қайтып алды құдай-қыз. Содан кейін Одиссей Судан шығып, қамыстың жасырынды ығына Қайран жердің жығылды топырағын иіскей. 510. Жүрегіне тағы да қайғыланып тіл қатты: «О, қасірет! Көк аспан тағы қандай сынақты Төндіресің басыма? Ұйықтап қалсам мына сыз Жағалауда түн бойы, ылғи тұман тұрақты, Таңғы шықта киімсіз жəне жылы панасыз. 515. Өліп кету мүмкін ғой, судан соққан өкпек жел. Шықсам сонау төбеге, онда орман көкпеңбек Арасына тығылсам, түнгі салқын ұрмас ед,

Ұйықтап тыныш алар ем, соған барып жетсем тек, Бірақ онда жыртқыш аң мені аяп тұрмас ед». 520. Ол солайша толғанды; қолайлады соңғысын, Көк орманға беттеді, бір шыбындай жан үшін Бұтақтары айқасқан екі ағаштың түбіне, Келіп тұрды дем алып, бірі берген жемісін, Біреуі бұл қу ағаш – қарап тұрса түріне. 525. Бұл арада жел де жоқ, жəйлі орын ық екен. Жаңбыр жауса оты енді – күннен жəне көлеңкең. Паналады Одиссей жапырақ төсеп астына Мамық төсек секілді қураған шөп бір өңкей. Мекендеуге болатын қыс түссе де осында. 530. Кірді ішіне Одиссей қуанғаннан күмп беріп, Елсізде бір екінші жанған отын жылт беріп. Қоламта ғып осылай сақтау үшін көметін. Дəл сондай-ақ Одиссей қуанғаннан бүктеліп Жата кетіп жылынды, қызығы бар көретін. 535. Жылынған соң бой енді, құдай-қызы Афина Жапты оның кірпігін, тəтті ұйқыға тартты да. Алу үшін күш жинап, ұйықтап кетті Одиссей Əлсіреген денесі жан рахатын тапты да. АЛТЫНШЫ ЖЫР Солайынша Одиссей көргені ылғи сор-бейнет Жатты батып ұйқыға. Сол уақытта көлбеңдеп Ұшып жетті Афина Феакияндар ордасы – Əсем сəнді қалаға – Гиперейлер ертерек Замандардан орнаған кең өрісті мекендеп. 5. Əрі тағы, бұзақы – циклоптар жұртымен Көрші еді олар ежелден, жауығудың ғұрпымен

Жанжалдасып күні өткен, ел еді бір күші өктем. Ақырында Навсифой, Феакияндар көсемі Елін алып, кең жайлау Схерияға көшеді. 10. Қала салып сол жерге, қорған соғып жағалай, Салды зəулім храмдар риза болар бар құдай. Бөліп берді қонысқа даланың əр пұшпағын Бірақ өзі бұрыннан, əмір келіп тағдырдан Аид жерінде тұратын – татып содан тұз-дəмін. 15. Құдай тектес Алкиной онда патша болатын. Келді Афина Паллада қағып жеңіл қанатын Сол Алкиной үйіне, Есіл-дерті Одиссей Ердің қамы баяғы – болсын елін табатын. Отауына жас қыздың келіп кірді білдірмей 20. Келбетімен ұқсатып құдайлардың қызына Жатыр еді ұйықтап, жаңа таңдай сызыла Невсикая періште – Алкинойдың еркесі, Зевс өзі қолдаған; Есігінің аузында Екі бірдей қызметші – қыз баланың нəркесі 25. Хариттарға ұқсаған. Ұйықтап жатыр қаперсіз Есіктерін бекіткен. Жеңіл басып секемсіз Жетіп келді Афина, патша қыздың үстіне Теңізші Димант қызы боп, айналып бір мүсінге Мына қыздың жолдасы болып айна қатесіз. 30. Невсикаяға Афина осы күйде тіл қатты: «Қамсыз, аңқау қыз етіп анаң сені толғатты, Невсикая, шамасы! Талғамайсың сəн киім; Қалды тойың жақындап, ұзатылу бір сəті, Міндеттісің қамдауға жасауыңның барлығын. 35. Күйеуге ертіп баратын нөкерлерді жасандыр; Адам сəні киіммен – соны ойыңа алсаң бір. Ата-анамыз қуанар – көркімізге көз қанып.

Невсикая оян сен, кір жууға қамдан бір Барып өзен суына, мен де бірге қозғалып 40. Көмектесем сендерге. Енді тойың ұзамас, Баяғыдай күнің жоқ, күйеу келмей, қыз бармас. Жігіттер көп бір саған аламыз деп таласқан. Небір атақты əулеттен жаратылған өңшең жас, Сірə, сендей қыз болмас ажары мен бағы асқан. 45. Бар да əкеңе тілек айт – арба берсін өгізбен Кір киімдер тиейтін – керекке сай дегізген. Жəне өзің де мінетін көлік керек емес пе? Жаяу жүргені жараспас сендей патша баланың Жəне барар су да алыс қорғанынан қаланың». 50. Соны айтты да жалтаң көз асыл қызы Зевстің Олимпқа, өзінің мекеніне тез ұшты, Ол Олимпті құдайлар өзі соққан қолынан. Ол арада жел де жоқ, жауын жаумас жер үстін, Болмайды онда боран да, бұлт үйірілмес жонынан. 55. Ашық аспан жайнаған, жасыл сəуле айналаң; Күн өткізген құдайлар – асыр салған, ойнаған. Патша-қызға кеңес сап кетті Афина сол жаққа. Алтын тақты таң – Эос қызды оятты сол уақта, Көрген түсін қызықтап, енді айтуға ойлаған. 60. Əке менен шешеге барды кіріп сабырсыз Олар жатқан бөлмеге. Отыр екен бəрі үнсіз Ошақ басын коршалап, күндерімен шешесі. Жаңа жуған жіптерін кептірісіп кезде осы. Енді ашылған есіктен əкесі де кездесті. 65. Бара жатқан беті екен билерімен кеңеске. Невсикая таяп кеп əкесімен тілдесті: «Сүйікті əкем, əмір ет – əзірлетсін бір арба

Доңғалағы жеп-жеңіл, кір жууға шығарға Жуылмаған көптенгі, жуылмаса – дүние ескі. 70. Өзің дағы ойлашы барарыңда кеңеске Болу керек киімің, болу керек ерекше. Тəрбиелеп бес ұлды, тап-таза ғып өсірдің, Кетті үйленіп екеуі, енді үшеуі ержетсе, Таза болса киімі – тойда абырой емес пе? 75. Соның бəрін осы үйде ойлайтұғын мен ғана», – Деді қызы, бірақта неке тойға қамдана Бастап анық айтқан жоқ, ұялады қыз бала. Айтқызбай-ақ білді əке, сөз сөйледі толғана: «Қызым, бəрін істеймін, ештеңеге болма алаң, 80. Əмір етем құлдарға, арба берсін үлкен бір, Сандық берсін жəне де шашылмасқа үйген кір», – Деді дағы құлдарға əмір етті табанда, Бұйрықтарын екі етпей, дайын болды арба да. Өгіздерді тез жекті, əзірленді жіп-кендір. 85. Кірді əкеліп қоймадан, сандықтарға салдырды, Тиеп бəрін арбаға – жұмысына тап кірді. Анасы да тынбады тамақ, сусын əзірлеп, Шарап берді мес толы, тəтті салып əртүрлі. Мінді арбаға патша-қыз, болсын жолға мəзір деп, 90. Иіс майдан шашты кеп, алтын сауыт ұстатты: «Сол майменен кірген соң, денеңді ыс қатты!» Невсикая қолға алды жарқыраған божыны, Қамшы басты өгізге, жүргіншідей тіс қақты Кете барды желдіртіп, жүрсе бітер жол құны. 95. Серік қыздар, күндермен ерді қаптап соңынан, Сағасына өзеннің келіп жетті жолынан. Шұқыр қазып əр жерден ішін суға толтырды

Ылайлардан тазартып, құйды мөлдір толқынды. Өгіздерді ағытты қамытынан соғылған. 100. Жиналсын деп соныға, нəр алсын деп шалғыннан. Кір заттарды алып кеп нар астауға салдырған, Сабын суға малынтып, балтырлары жарқырап, Табанымен таптады, кіл бəсеке, антұрған. Өлеңдетіп кір шайқап, сосын суын сарқып ап, 105. Теңіз суы шапшыған жағалауға кең байтақ Жайды апарып қаптатып, енді өздері сайран сап, Шомылды кеп өзенге. Денелерін жұпарлап Бір құрғатып алған соң, отырды кеп жағалай Дастарқанға дайын ас, түскі дəмге қол жалғап. 110. Кеуіп, құрғап жағада кірлер жатты күн жайлап, Нөкерлерін тойдырып, патша-қызың нұр жайнап, Доп ойнауға шақырды, бастан шешіп орамал; Невсикая күміс шаш өзі бастап əн шырқап. Дəл осылай сауықшыл Артемида аң құмар 115. Найза шыңды Тангет пен Эфимантты тіке жар Аң атушы ед аралап, бұғы, марал, қабандар Табушы еді ажалын; Жер тұтқасы – Зевстің Өңкей қызы перизат – көңілі жоқ алаңдар Мына қызбен салды ойнақ – күн шуақты алаңда. 120. Латона да сүйсініп қарап тұрды оларға; Бойы биік бəрінен, ойы биік одан да. Аса сұлу Олимптің көз жанарын тұндырған Құдай-қызын ешкім де болмас танып аларға. Үйлеріне жиылды енді қайтып барарға. 125. Артып жүкті арбаға, сандықтарды тиеді. Осы кезде Паллада ойлады істің бір ебін, Болды Одиссейді оятпақ, мынау патша-қызбенен

Жолықтырып қалуға, Феакияға іздеген Жіберуге жол сілтеп, көрсетуге қыз елін. 130. Невсикая қыздарға доп лақтырып, ол добы Тимей бірақ оларға, қаңғып барып бұл жолы Афинаның қолымен, көк толқынға күмп берді. Дауысынан қыздардың жағалауды шу көмді. Оянды сонда Одиссей, тұрды орнынан, тіктелді. 135. Көрген бойда шошынып, тағы өзіне тіл қатты: «О, сорым-ай! Адасып, жолықтырған қай жақты? Қай халыққа келгенмін? Болар ма бұл тағы жұрт Адам тілін білмейтін? Əлде бұлар ар-ұятты Ел ме екен бір құдайшыл, қайырымды жаны жұп? 140. Жаңа ғана жақыннан қыз дауысы шыққандай. Əлде мына таулардың исі əдемі жұпардай, Көк жайлаудың, ырғыған бұлақтардың иесі – Нимфалардың даусы ма ойын ойнап шыққан жəй? Əлде ақыры таптым ба адамдарды тиесі, 145. Тіл білетін мекенді? Қай баратын енді мен Пешенемді сынайтын, буатын да белді мен». Осыны айтып Одиссей шықты бұта ішінен. Жас жапырақ жұлып ап, қалыңдау бір жерінен, Жапты жалаң денесін, қолмен басып үстінен. 150. Шықты сыртқа содан соң, бейне тауды жайлаған Өркөкірек арыстан жел мен құзға болмаған, Ол шыққанда жазыққа қой мен өгіз сорлаған. Ормандағы бұғылар жолын кесіп торлаған, Не болмаса малшының ұсақ-түйегін қоймаған. 155. Дəл сондай бір Одиссей қолаң шашты қыздарға Бармақ болды жалаңаш, жазған құлда жүз бар ма Ұялайын деген сол – амалы жоқ, ойлы еске.

Сұмдық еді түрі оның, теңіз шөбі кептескен Үсті-басы алапес, суық еді мұздан да. 160. Қашты қыздар шошынып құзды жарды жағалап, Алкинойдың қызы тек қалды орнында қарайлап. Жүрегіне күш берген Афина еді үркітпей. Тұрды алдында қасқайып, састы Одиссей ой ойлап, Не істерге білмеді, томағалы бүркіттей. 165. «Құшсам ба екен» деді ол қос тізесін арудың, Əлде алыстан жалбарып, төгіп жасын, зарын, мұң. Айтса ма екен, киім мен пана сұрап, жол сұрап? Ойлап-ойлап соңғысын таңдады ол, топшылап, (Тізесіне қол тисе – қыз шамданып қалуы). 170. Жылы-жұмсақ сөзбенен патша-қызға тілдесті: «Құдай-қызсың əлде сен, əлде құдай пендесі, Жайдым саған қолымды. Зевстің ұлық қызымен, Артемидамен тек қана сұлулығың теңдесті, Ажалдының біздердей бірі болсаң, егер сен, 175. Онда сенің ата-анаң жандар екен армансыз, Туыстарың да бақытты – туғанына мұндай қыз. Үй ішінің жайнаған көркі болып, гүл шашқан, Саған қарап мəз болып, мауықтарын бір басқан. Əлде думан ішінде би билесең тынбастан, 180. Рахатқа батар-ау, бірақ олардан бақытты Болар жігіт сені алған, абыройы артық-ты. Жердің бетін басатын екі аяқты пендеде, Сендей сұлу көрмедім осы жасқа келгенде. Қарай берем таңырқап, тауысамын дəт тіпті, 185. Аполлонның алтары – қағбасы орнаған Сонау қала Делоста, бұл дүниеде болмаған Көріп ем бір пальманы, жап-жас биік сұңғақты, (Кіргем храм ішіне, қасымда бар көп адам, Осы азапты жолымда жанға батқан тым қатты).

  1. Сол пальманы көргенде кеткен жүрек тебіреніп, Ондай жайсаң ағашты тұрған қара жерге өніп. Дəл сондай-ақ таң қалдым сені дағы мен көріп. Сонда дағы тізеңді құшақтауға қол батпас, Мен де байғұс пендемін кешкен азап сенделіп. 195. Жиырма жыл өткенде, кеше ғана құтылдым Шырмауынан теңіздің: мазағы боп, тұтылдым Құтырынған дауылдың, Огигийдің аралы Шыққан жерім – жол басы; Құдіретімен бір жынның Ұшырадым қырсыққа – көрешегім бар əлі; 200. Құдайлардың, шынында, көрсетпегі көп маған. Ая мені патша-қыз, жолымда кеп тоқтаған Бірінші рет жолықтым, мұңымды айтып мен саған. Сенен басқа бұл жерде емес таныс еш адам; Берші маған жол сілтеп, қаланы қалай мен табам? 205. Үске киер киім бер болса да ескі шүберек, Көлігіңнен бұйым бер, маған сəндік не керек. Тілегіңді ондасын мəңгі өлмейтін құдайлар. Бақ-дəулеті арылмас, жолықтырсын жұбайға, Тату-тəтті өмір кеш! Бақытты бол, мұңайма! 210. Үй ішіңнің бірлігін, көрсе дұшпан күйінсін, Жар-қосақты мадақтап, ақылды дос сүйінсін», Алкинойдың еркесі Одиссейге тіл қатты: «Біліп тұрмын, жолаушым, жан екенсің қымбатты, Нəсілің де жақсы екен, ақылыңның бары шын. 215. Дий əмірші Олимптен жақсыға да, жаманға Көңілі келсе болғаны, бақыт берер əмəнда Талғамастан бірін де; Ол не берсе – құлдық ұр, Көнбістікпен қабыл ал. Енді басың аманда Біздің жерге жетіпсің – бұл да жақсы бір ғұмыр. 220. Киім де бар, өзге де сұрағаның табылар, Жолаушының азапты жайын күтер заңы бар.

Елміз ғой біз кəдімгі, қаламызды көрсетем. Адамдарын айтамын, жадыңа сен қағып ал. Феакия халқы бар – жер иесі – құт мекен. 225. Өзім болсам қайырымды патша Алкиной қызымын. Феакияндар сыйлайды əміршісін өзінің». Сол арада патша-қыз серіктер мен күңдерге Сəл дауыстап сөйледі: «Қайда қашып безіндің, Адам көрмегендей боп, не боп кеткен сендерге? 230. Бұл қаскүнем кісі емес; Үрейленер жоқ рет; Бұрында да, қазір де, болашақта болар деп. Феакияндарға қаскүнем, ойламаймын өз басым. Сүйер бізді құдайлар, тұрағымыз елден шет Көк теңіздің тулаған құтты мекен жағасы. 235. Келетін бұл жаққа, қашандағы жан сирек. Келіп қалған қаңғырып осынау бір жолшы тек. Зевс өзі жіберген қайыршы мен жүргінші Бізге жəрдем берсін деп, тілегені болсын деп. Ас əзірлеп қойыңдар, ең əуелі жуынсын. 240. Аулағырақ ағыстан жер табыңдар ықтасын», – Деді ол, қыздар содан соң, жақындады нық басып, Невсикая айтқандай, тауып алып жайлы орын Отырғызды мəпелеп, қызметінде бəрі оның, Берді əдемі жамылғыш, əзірледі жұптасып, 245. Алтын сауыт жұпарды қойды əкеліп жанына, Содан кейін шақырды таза судың маңына. Шын əдепті Одиссей бірақ одан бас тартты: «Жақсы қыздар, жан риза, қызметке бастапқы, Мен өзім-ақ жуынам, оңашарақ қалуға 250. Бір мүмкіндік беріңдер, жұпарды да жағынып, Рахаттанам, қалыппын жақсы иісті сағынып.

Көздеріңше сендердің жалаңаштануға ұялам; О, қолаң шаш арулар!» дегеніне бағынып, Кетті қыздар аулаққа жібек етек шұбалаң. 255. Тасқын суға Одиссей кірді белден шешініп, Шылау басқан арқасын, иықтарын езініп. Жазды ұйысқан шашын да салқын ылғал саулатып, Иіс майдың шипасын рахаттана сезініп, Патша-қыздың желеңін киді үстіне жайнатып. 260. Зевс қызы жайсаң қыз – Афина өзі əдейі Ер тұлғасын зорайтып, көрсетті бір əдемі. Шашын əсем бұйралап, оған асыл түс беріп, Дəл осылай шын шебер ақ күмістің беделін Саф алтынмен көмкеріп, шығаратын күш беріп. 265. Өзінің қиын ісіне Паллада мен Гефестің Жəрдемі тиіп сонда бір жасаушы еді нұр кескін, Таңдандырып сан жұртты. Дəл сондай-ақ құдай-қыз Одиссейді құлпыртты, жағалауда құм кешіп, Отырды ол ерлігі өрлігімен бірлесіп. 270. Патша қызы таңқалды. Қолаң шашты қыздарға Қарап сосын сөйледі: «Құлағың сал тыңдарға Ақ білекті достарым, жолаушыны осынау Құдай біткеннің бəрі емес қуған айдап бұл маңға Феакия жеріне – мəнісі бар тосындау. 275. Ол маған бір алғашта жəй адам боп көрінген, Енді таныс секілді құдайлардың бəрімен. Жар бұйырса, шіркін-ай, маған да бір осындай, Осы жерде қалатын мəңгі-бақи менімен! Дəм беріңдер мейманға. Енді дереу тосылмай», – 280. Деді сонда патша-қыз, құрбылары «ə» деспей, Дəм мен сусын əкелді, ал кірісіп Одиссей

Қалған əбден ашығып, алды тойып, шөл басып. Патша қыздың ойына жақсы пікір кірді ашық: Салды арбаға жүктерін, құрбылары жинасып. 285. Өгіздерін жектіріп, отырып ап арбаға Одиссейді шақырып, сөз сөйледі жəй ғана: «Тұр орныңнан жат кісім, біз барамыз қалаға, Сен бізбенен ере жүр, əкем үйін көрсетем, Жақсыларды көресің – оның өзі дос еткен, Феакиялық сабаздар ие болған бағаға. 290. Бірақ өзің əуелі кеңесімді тыңдап ал; Бара жатып даламен топырағын құмдаған Қыздарменен бірге жүр, еріп менің арбама, Өзім алға түсемін, кіреміз солай қалаға Қамалының жан-жағын зеңбірекпен қорғаған. 295. Кеме кірер мүйіс бар екі бірдей тұсында. Тұрар қаптап кемелер көрер көздің ұшында. Посейдонның храмы тұрған сауда алаң бар Таспен төсеп тастаған, ондағы кең сарайлар Ылғи кеме жабдығы – сапарына даярлар. 300. Феакийлық біздерге қажет емес оқ-садақ, Желкем болса ескекпен көңілді бір тоқ санап Жүргеніміз бəріміз, кемелермен ғажайып Теңіз кешсең сайрандап, одан артық жоқ сағат. Жұрт көзіне түспейін – қыз балаға ол айып. 305. Əлдекімдер өсекшіл, аузы жеңіл елде бар, Бірге жүрсек екеуміз əзіл-қалжың сөз қылар: «О, патша-қыз, досың кім тауып алған даладан? Қайдан келген мынау ер, өзі сұлу, өзі нар? Күйеу-жігіт болар ма көзге түскен манадан? 310. Əкелді ме жел айдап алыс-қиыр бір жақтан, (Көршілес ел жоқ еді бұл өлкеде біз жатқан).

Əлде сенің күні-түн тілегіңмен зарлаған Құдай болып жүрмесін бізге қарай зырлаған. Сонау көктегі Олимптен – бақытына қыз қаққан? 315. Артық еді ханшаның күйеу іздеп жат елден Өзі барып тапқаны, Феакийдей өлкеден Табылмады бір күйеу – көп болса да нар жігіт», – Деп айтуы ықтимал көре алмаушы көптеген, Олай деуі қорлық қой, бостан босқа жазғырып. 320. Өзім болсам қайтер ем? Мен де солай дер едім, Орындамай ақылын, ата-ананың дегенін. Ақ некесі қиылмай, ертіп жүрсе еркекті Сондықтан да алғайсың ақылымды сен менің (Сонда сенің жолыңа əкем жəрдем бермекті – 325. Тез табуға еліңді): Ылғи қара теректен Афинаның тоғайы жиегінен жол өткен. Көк шалғынға сол жерден ерке бұлақ құйылар. Алкинойдай патшаның сол арада үйі бар, Алуан мəуе жемісті аса көркем бақ өскен. 330. Алшақтығы қаладан дауыс жетер жердей-ақ, Сол арада отыр сен, жеткенше ше біз таяп. Кіргенге ше қалаға, бөлмелерге патшалық Біздер кірді-ау дегенде, тұр орныңнан бой салып, Кір қақпаға содан соң сұлу, сыпа қыздай-ақ. 335. Кездескеннен жөн сұра – Қайда Алкиной патша? – деп. Үйін оңай танисың – тіл білмейтін жас бала, Сонда саған жол нұсқар, еш адамда мекен жоқ Алкинойдың жайындай, салтанаты өткен жоқ, Еш адамның дəл ондай, сəл именіп жасқана 340. Алға адым басқайсың, өтіп сосын албардан Толы құрылыс жан-жағы, шапшаң жүріп жалма-жан

Патша əйелдің залменен бөлмесіне өткейсің. Отты көріп, жағалай отырған бір көп адам 345. Əсем жіптер иіріп, көресің зер төккенін Ылғи күмбез сомдаған бағаналар етегін Қатар-қатар қоршаған күндерінің ішінде Орындықта оңаша, ішіп шарап ермегін Көзің сонда түседі отырған бір кісіге. 350. Ол – патшаның дəл өзі. Қасынан сен өтіп кет, Менің қымбатты анама жалбарын да тілек ет, Отаныма қайтуға бере көр деп бір көмек. Егер сенің оныңа құлақ асса ханша, Онда үміттене бер жуық шақта көрем деп 355. Отаныңды, үйіңді, жақын-туыс жандарды». Невсикая соны айтып, əсем қамшы қолға алды. Өтті өгізді шықпыртып, кетті желіп жағадан; Соңынан ерді – жаяулар, қалмасын деп тым одан Арттағылар, тізгінді отырды қыз шамадан 360. Асырмастан сəл іркіп. Ұясына күн барды Жеткен кезде бұлар да тоғайына Паллада. Қалды Одиссей сол жерде, мұңын айтып жалбарды Құдіретті Зевстің күн дидарлы қызына: «Жер тұтқасы Зевстің асыл қызы айбарлы, 365. Бұл сөзіме құлақ сал, бұрын ұққан жоқ едің Сен зарымды. Теңіздің кешіп шексіз көлемін Зор қаһарға ұшырап», – деп тұрғанда өлейін Феакийдің жұртынан ықылас бер, пана бер, Көңілің болса көрсетер шын жақсылық сен егер!» – 370. Деді сонда жалбарып: Естіді оны Паллада; Бірақ оның қасына енді келе алмады. Ағасынан қорықты, қуғындаған əуелде Одиссейді сол еді, аса басым аруағы Білсе, ерді жеткізбес отанына алдағы.

ЖЕТІНШІ ЖЫР Құдай теңдес Одиссей жалбарынды осылай. Патша-қызды өгіздер тоқтамастан жолшыбай Қаласына жеткізді жарқ-жұрқ еткен қақпасы. Кірді келіп албарға, аға-інісі кеп қарсы, Арбасынан түсірді – жастар еді жасындай; 5. Өгіздерді доғарып, киімдерді кіргізді. Патша қызы жөнелді бөлмесіне күндізгі Евримедуса күңі оның жағып берді шырағын. (Бір заманда Эпибден алып келген бұл қызды Алкинойға сыйлыққа – атағымен жер жарған 10. Феакия патшасын құрметтеген белгісі Невсикая аруды бағып-қаққан сол кісі). Кемпір еді бұл кезде, əзірледі ол ас-тағам Осы сонда Афина қалың бұлтпен қоршаған. 15. Көрсетпеуге ешкімге. Феакийліктер кіл бұзық Мүмкін еді қорлауы оған тілін тигізіп. Қамалына кіргенде бұл керемет қаланың Жолықты оған Афина – Зевс құдай нұр қызы Феакийлік бір қыздың бейнесінде беймəлім. 20. Құдай теңдес Одиссей осы қызға тіл қатты: «Айтшы қызым, көрсетші əміршіңнің сымбатты Тұратұғын мекенін – Алкинойдың сарайын. Мен бір келген жолаушы кешіп азап талайын, Қиын тағдыр айдаған, көрмегенмін бұл жақты, 25. Танымаймын ешкімді, тұрғындарын қаланың. Бейнеттенген яки шаруасындағы даланың». Жалтаң көзді Афина – ерке қызы Зевстің: Жауап берді сонда оған: «Ықыласыммен келістім Жол нұсқауға мен саған, серігіңе жарармын.

  1. Ер соңымнан үн-түнсіз, өзім алға түсемін, Кім жолықса да үндеме, олар сені білсе – мұң. Жат кісіні жақтырмас біздің халық əдеті. Емес олар қонақжай – білмес мейман кəдесін Бар кəсібі – кемемен кеше беру су шегін. 35. Қақпа ашқанда Посейдон – кемелері жел қанат Жедел жүйткіп ағады қиялындай сорғалап». Осыны айтып Афина алға түсіп жөнелді, Көшелерден өткенде, жөңкітетін кемеңді Феакийліктің бірінің назарынан қорғалап. 40. Тіл қатпады ешкімге, ешкім оны көрмеді. Көргізбеген, əрине, Палладаның еңбегі. Тұмандатып жан-жағын, алып жүрді түнекпен Көріп қатты таңқалды кемелердің керуенін, Халықтың кең алаңын, қабырғасы сірескен. 45. Қамалдардың тұратын сыртын таспен қалаған. Алкинойдай патшаның даңқы əлемге тараған Сарайына келгенде – Зевс қызы Афина Оған, тоқтап, тағы айтты: «Келдік міне жақындап Сен іздеген мекенге, Зевс сүйген, қалаған 50. Алкинойды көресің қалың мейман ішінен, Ас-тағамы жайнаған дастарқанның үстінен. Қаймықпастан кіріп бар; Ержүректі еркекке Кім болса да мейлі, жат болса да түсірген Құдай өзі мейірін, сескенбе де, селк етпе, 55. Кірген бетте бөлмеге. Патша-əйелге жақында, Аты оның Афета; айтсам нəсіл хақында Арғы атадан тарайды Алкиноймен сүйегі Болса дағы қазір ол құдіретті күйеуі Ең алғашта Невсифой дүниеге ұл-тұлға 60. Посейдонның күшімен Перибея сұлуға Қосақталған еді ол, күн тұтылған нұрына

Қыз біткеннің көркі еді, Евримедой батырдың Кенже қызы аяулы; көсем болған бұрында Алыптардың жұртына, басқа түсіп ғапыл күн. 65. Құртты ақыры бір кезде ол өзін жəне халқын да; Қызын оның Посейдон, жерді басқан тақымға Өзі сүйіп қалады. Туды олардан Невсифой; Феакийлердің ең тұңғыш ие болған тақытына Еді патша Навсидой, Ренсонор мен Алкиной 70. Содан туған екеуі: Ренсонордан ұл болмай, Аполлонның ақыры қаза тапты құрбандай Күміс садақ оғынан, ерегісте бір тойда. Жетім қалды Афета, соған кейін Алкиной Үйленді де, қосты бас, жасады да үлкен той. 75. Содан бері сыйлайды көріп оны жанындай, Əйел жоқтай əлемде дəл өзінің жарындай. Балалары да анасын əулиедей көреді Феакийліктер, сірə да, өткен емес табынбай. Көше аралап шыққанда, соңынан қаптап өреді, 80. Шапағат тілеп бір содан, əрі нəзік, қайырымды Əрі ақылды жаралған, шешкен əділ дауыңды. Егер сенің зарыңа құлақ асса ханша Ақталады үмітің, арманың да барынша Өз үйіңді көресің, сүйіктіңмен қауыша». 85. Сөйдеді де жөнелді Зевс қызы ғайыпқа. Схериядан аттанып жүйткіп теңіз жазықта. Марафонға кеп жетті, кірді барып қақпа ашып, Патша Ерехтей үйіне; Одиссей ол уақытта Сарайына Алкиной жақындады тез басып. 90. Атша тулап жүрегі, жез тұтқалы есікке Тұрды келіп баяулап, болмас ешкім кеміткен Салтанатын сарайдың. Ай мен Күндей ажары

Құдіретті Алкиной ықылас көрген Зевстен Босағасы басталған жез қабырға ғажабы 95. Төбеге барып тірелген. Қызыл болат жиектеп, Нық көмкеріп тастаған, алтынменен тиектеп Жарқылдатқан есікті, күміс топса жап-жаңа Оңда, солда шығыршық алтын, күміс балдағы Гефест құдай жері қойған солай реттеп. 100. Екі жақта қос төбет құйған алтын, күмістен, Алкинойдың үйінің, ықылас көрген Зевстен Күзетшісі секілді, өмір-бақи өлмейтін, Қартаймайтын сірə да, Одан əрі өрлейтін Босағадан басталып, кіріп ішке, еңіске 105. Шебер соққан сəкілер; Оның түгел үстіне Төсеніштер жайылған қызыл-жасыл түс кілем Өнерімен тоқылған балды бармақ қыздардың Орналасқан соларға қаладағы күштілер Патша қолдан дəм татып, шарап ішіп қызарып 110. Жатыр батып рахатқа. Сонау биік басқышта Шалынады көзге бір кілең жайсаң, жас нұсқа Қолға шырақ ұстаған, бөлмелерді жарық қып, Жұртқа сəуле түсіріп, салтанатты бұл тұста Ұзын саны елудей қыз деген бір жарықтық. 115. Қызмет қылған иіліп, алып келген күңдікке, Үккен алтын бидайды қол диірмен-кіндікке. Жіп иіріп біреуі, тоқып оны біреуі – Салып ұзын өрмекке қолдарымен жіптіктей Жапырағындай теректің дірілдейді тіреуі. 120. Матасының тінінен май аты естей тып-тығыз, Меңгеретін кемені ерлеріндей мүлтіксіз. Əйелдері де шебер-ақ мата тоқу ісіне, Жеткен өнер шыңына. Кең албардың ішінде Гүл жайнаған бағы бар күзетшісіз, күдіксіз

  1. Қолөнері ісіне Афина бəрін үйреткен, Нелер əдіс-айламен саусағынан нұр төккен. Əлгі бақтың ішінде сан жемісті ағаш бар, Алма, алмұрт, гранат, құрма, шие дəмі асқан. Қысы, жазы – бəрібір, алып жей бер бір шеттен. 130. Ылғи соғып тұрады жеңіл қанат жылы жел, Бірі өсіп жаңадан, бірі оянып, тірілер Жəне жүзім бағы бар жемістері сірескен Күн көзіне кептіріп, түйірлерін тіркескен Кейбірінің сабағы жаңа ғана тұр кескен. 135. Кейбіреуін жайнатып шанақтарға толтырған Тұр мəуелеп кейбірі шырындары балқыған. Одан бергі желекте егін еккен атыздар, Онда көктат сан түрлі – қауындар мен қарбыздар, Жыл бойына қурамас – жемісі əсем тартылған. 140. Қос бұлақ бар ол жерде: бірі бақты ораған, Бірі патша мекені – кіреберіс қорадан. Сусып ағып жатады, жұрт су алар одан кеп. Соның əрі құдайдан Алкинойға қараған, Таңырқады Одиссей содан көзін алмай көп. 145. Ол таңырқап болған соң, босағадан аттады, Батыл-батыл адыммен, ішке қарай өтті əрі. Феакийлік көсемдер, игі жақсы жайсаңдар. Жендетіне Аргустың, оқтан өткір жанары – Құлдық айтып алысқан қолындағы шарабын. 150. (Ол құдайың бұл жұрттың ең соңынан ұйықтайтын) Құдай теңдес Одиссей топ бөлмеден өтті айқын. Аретаға тұп-тура жақындады, содан соң Патша Алкиной алдына реті бар тоқтайтын Патша əйелдің тізесіне келе құшып болған соң 155. Өзін жапқан манағы тылсым тұман сейілді Үнсіз қалып бəрі де, салды бұған зейінді

Бұл керемет батырға көз құмарын қандырып Аретаға сол жерде ер Одиссей бейілді Беріп, сонда тіл қатты: «Өлместердің мəңгілік 160. Өзімен тең Рексенор қызы – Арета, мен сенің Аяғыңа жығылдым жəне патша, көсемім, Той тойлаған сенімен, оған дағы бас ұрдым. Қайғылы мен – жолаушы – таусылмаған жол шегін Бақыт күндер кетпесін екеуіңнің басыңнан. 165. Балаларыңа мирас боп қалсын бақыт, дəрежең Биік дəулет, билігің халқың берген əр кезең Алыстағы еліме аман-есен жетуге Көмек-жəрдем тілеймін, қырсық шалып əзелден Сол елімнен айрылған, қатал тағдыр өтінде», – 170. Деді, сөзін тəмамдап, от-ошаққа келді де Отырды күл үстінде, əлі бірі елдің де Үн қатқан жоқ бұл сəтте; Созылды ұзақ тыныштық Жақсы нəсіл атаның ақсақалы Ехеней Жасы үлкені бəрінің – айтқаны ылғи дұрыстық, 175. Шешен еді бал таңдай, көпті көрген көне қарт Сөз сөйледі сол енді Алкинойға бір қарап: «О, падишах Алкиной, мін болмай ма басыңа, Мынау келген мейманың отырып күл қасында, Оған дағы біздерге бұл отырыс обал-ақ! 180. Əміріңді күтеміз бұған құрмет жасауға, Күл үстінен тұрғызып, күміс тұғыр бер, сауға Ортамызға алайық, алтын шарап ұсынып Өзің соған лұқсат ет, біз отырмыз қымсынып, Жай ойнатқыш Зевске əзір құлдық бастауға». 185. Ол солай деп оятты Алкинойдың рухын. Ойға батып отырған Одиссейдің бұл бітім

Бағын ашқан секілді, алды дағы Алкиной Одиссейдің қолынан, арасынан күл-түтін Орнынан тұрғызды, ер сергіді жазып бой – 190. Отырғызды қасына, орындыққа əдемі Лаодама сүйікті ұлы отырған əуелі. Орын еді ол – сен оны бұл қонаққа бер деді Сəнді ілеген əкеліп жолаушыға төрдегі Қол жуғызды құманмен алтындаған зерлері. 195. Қойды стол алдына, жайды тағам сан түрлі Қызметші-кілтшісі, нелер тəтті дəм тұрды, Алып содан Одиссей, сусынын да қандырды, Понтанайдай жыршыға Феакия патшасы Əмір етті сол кезде: «Құмыраңның аш басын, 200. Шарап толтыр ыдысқа, қонақтарға үлестір, Жай ойнатқыш Зевске, ықыласын келістір. Бəрі соны мақтасын, жолаушылар қамқоры» Ол осыны айтты да, құйды шарап тегіс бір Күміс мойын құмырадан бұрқыраған бал-қоры 205. Пантенойдай жыршыңыз үлестірді бəріне Патша Алкиной сөйледі – жасың дағы, кəрің де Бұл сөзіме құлақ сал, Феакия ерлері Не бұйырса соны айтам ақыл, жүрек мендегі Аяқталды біздің той, тарқатамын сендерді. 210. Үйлеріңе қайтыңдар, ертең ерте тағы да Жиналыңдар осында, жолаушының бағына Ас беремін əйгілеп, шаламын да құрбандық Белгілейміз содан соң аттанатын уағын да, Қорған болып біз оған, қалау үшін шырмалып. 215. Қиын қыстау жолынан, ойнап-күліп дін аман Жету үшін еліне көрмей ұзақ шыдаған.

Бар амалын істейміз. Құтқарамыз азаптан Жолаушыны əдетте қаптай тұғын жан-жақтан Құтқарамыз біз оны пəле-құзғын жаладан. 220. Аман-есен жеткен соң көп сағынған еліне, Маңдайына жазылған. Көрешегі енді не Тағдырының өрмегі қай бағытқа өрілер, Өзі білсін құдіреттің, біз емес оны белгілер Егер оның кейпінде байқатпастан келді ме 225. Өлместердің біреуі, ондай болса – білмедік Ойында оның не барын. Бізге ашық жүр келіп Құдайлардың бəрі де, біз құрмалдық шалғанда, Алаңсыз-ақ тойларын өздеріндей бір көріп Шен-шекпен мен дəреже – ешқайсысы жоқ бізде. 230. Тіпті кейде олардың алмағайын біреуі Феакийлікпен кездессе – жасырынбай-ақ жүреді Туысқаны секілді, Циклоптар дəулері Қандай жақсы көрсе олар – бізге сондай тілегі», – 235. Деп бітірді сөзін ол. Жауап берді Одиссей: «Патша Алкиной олайша мазаланба сен іштей Құдайларға мəңгілік, қожасына аспанның Кескінім мен денеммен ұқсамаймын мен əсте Мен жəй ғана адаммын, я емеспін періште! 240. Өздеріңдей мен дағы, жер пендесі белгілі, Қуғын көрген бейбақпын – бір басымда ер мұңы. Бəрін соның қалдырмай баяндауға бармын мен Одан асқан азап пен мен секілді шерліні Көре қоймас еш адам, өлместердің кəрінен. 245. Айдау көрген байғұспын, аштық батты бəрінен Одан артық сұмдықты білген жоқпын əлі мен. Сағат сайын төбеме төнген қауіп – жалғыз сол Қалтырайды бар денем. Соның ғана зəрімен Барлық кешкен бейнеттер – соның ғана күші зор.

  1. Əлі зəремді алып тұр ас тілеген аш құрсақ Ертең Эос оянып, жаңа бір күн туған шақ. Мен секілді бейбақтың отанына жол ашып Беріңіздер кідіртпей, туған үйді жалғыз сəт Көріп өлсем – арман жоқ, байырлармен жалғасып. 255. Дəулетіммен кездесіп, құлдарыммен қолдасып». Аяқтады сөзін ол, мақұлдасып, жолдасып, Айтқанына риза боп, азапты ерді еліне Əзірлесті қайтуға; ас қайырып болғасын, Сусындасып шараппен, қайтты бəрі үйіне. 260. Асыл туған Одиссей аялдады ас үйде, Патша Алкиной, Арета – олар дағы сол күйде Отырысты кетпестен. Дастарқанды тез жинап, Ыдыс жуды күңдері. Арета ару ақ саусақ Кеңес құрды қонақпен жақынырақ келді де. 265. Таныды оның көйлегін жан-жағына зер шеккен Мұның өзі қолымен, күңдеріне көрсеткен Сосын оған тіл қатты сəл көтеріп дауысын: «Уа, құрметті жолаушы, сұрағым бар бір сенен, Жауап берсең сен соған əрі адал, əрі шын. 270. Қайдан келдің? Кімсің сен?

Қайдан алдың киімді? Тасқын айдап əкелген айтып едің жөніңді» «Маған ауыр, падишам, бəрін бастан баяндау Деді сонда Одиссей, ақылына сенімді – Бейнетімді жасырып, ойымда жоқ жəне алдау. 275. Қарт Ураннан жаралған құдайлардың қасиетті Ырқыменен осынша шеккен сансыз қасіретті Сонау шалғай теңізде – Огнения дейтұғын Бір арал бар, Атлант өзі құдай құдыретті Калипсоның тек жалғыз қызы мекендейтұғын.

  1. Патша қыздың патшасы – ол, алтын бұрым, бұйра шаш Адам түгіл құдайдың бірі де оған жуымас. Жалғыз сорлы мен ғана қырсық пері еркімен Сол аралға тасталған, Зевс жайдың өртімен Тас-талқан ғып кемемді, серіктерді жым-жылас 285. Шашыратты теңізге. Оларды алдым жоғалтып. Қирап қалған кеменің тақтайына қол артып, Тоғыз күндей толқында жаңқадай боп мен қалқып, Оныншы күн дегенде аралынан Огнигай Бір-ақ шықтым, тұратын Калипсо қыз көркі артық. 290. Паналатып ол мені игі ниет, көңілмен Асын тосты сыйлады, асырады сонымен. Бермек болды мəңгі өмір өлмейтіндер жолымен. Жүрегімді бірақ ол үлгірмеді сиқырлап Жеті жылым жоғалттым көз жасымның көлімен. 295. Соныменен шыланды Нимфа берген көйлекте Сегізінші жыл болды, ауды уақыт өрнектен Таста деді аралды – келді де қыз кенеттен Əлде өзі ме, білмеймін, қорықты ма Зевстен, Жел қайыққа отырдым ұзақ жасап, бекіткен. 300. Азық-түлік берді қыз, хош иісті шараппен, Шірімейтін киіммен жəне қару-жарақпен Жел тұрғызды оңынан, он жеті күн мінекей Мен жүзгелі теңізде; кенет көрдім қарап мен Он сегіз күн дегенде – аралдарды бір өңкей 305. Сіздің жердің қарасын; қайран жүрек тірілді. Қалжыраған азаппен, Алайдағы сүрінді Тағы үмітім, не керек, дайындапты Посейдон Тағы маған көп қырсық, теңіз қатты бүлінді Жолды бөгеп тастады долы дауыл, толқын жон.
  1. Сал-қайықты меңгеру болды қиын тым аса, Дауыл оны сындырды, əкетті айдап қияқша Жүзіп бердім енді өзім – толқын мені үйіріп Жағаңызға сіздердің лақтырды кеп тымақша Кетпекші еді сол жерде қайран өмір қиылып, 315. Долы дауыл, өр толқын тастағанда тасқа ұрып Айтып-айтып не керек, көретін бар жақсылық Қырын жүзіп келдім бір сағасына өзеннің Жартас та жоқ ол жерде – орын екен қасы ық. Алдым шығып жағаға, талды сонда өзегім, 320. Құлап түстім қалжырап, түні келді тəңірінің, Күшіменен толқыған құдай Зевс əмірінің Аулақтадым тасқыннан, қалың ағаш паналап, Жапырақты жамылып, таусылғаны əлімнің. Шомдым ұзақ ұйқыға – рахаты жанымның. 325. Түні бойы ұйықтап, шерлі жүрек тыныстап, Келесі күн болғанда, күн ауғанда қиыстап, Дауысынан ояндым жағадағы қыздардың. Патша-қыздың нөкері екен олар, дұрыстап Жуған киім-кірлерін – қоршаған қыз маңын. 330. Нимфа-қыздарға ұқсаған салып ойын-серуен. Патша қызға мұң шағып, жалбарынып көріп ем. Патшаның жас еркесі, ондай қыздың көбінен Ақылы асқан жан екен, ойлау аз ғой жастарда Жасады да жақсылық, татырды ас-дəмінен. 335. Киім берді лайықтап – осы менің мəн-жайым», – Деп бітірді ол. Алкиной алды сөздің ыңғайын: «Е, жолаушым, əрине, жақсы болар реті ғой Өзі əкелсе үйіне ертіп қызым, ылайым Өйткені сен өтініш соған айтқан едің ғой». 340. Ақылы артық Одиссей оған қарсы айтты уəж: «Қайырымды падишах, жазғырудың реті аз,

Ақылды туған ханшаны; Дегені рас маған ер, Қарсы болдым бірақ мен – Шақырғанға болып мəз Қызға еруім ұят қой; жəне сосын мені егер 345. Қызбен бірге көрсеңіз баспайсыз ба ашуға; Əзір тұрар пендеміз ашуға біз, расында». Патша Алкиной көнбестен Одиссейге тіл қатты: «О, жолаушым, жүрегімде əлсіздікке басуға Ешқашанда жоқ ерік, сыпайылық қымбат-ты 350. Барлық істің қалпында. О, жайтартқыш, Дий құдай! Уа, Феб Аполлон! Уа, Афина! Дəл сондай Күйеу табылса қызыма, Невсикая жер етер Ойы теңдес менімен, қалса бірге ол мұнда Өзім бармын бақытым, байлығымды сарп етер. 355. Қалсаң егер, əрине, өз еркіңмен сен мұнда, Жат жерлікті біз бірақ зорламаймыз қалуға, Зевс оны ұнатпас. Сапарыңды мен өзім Реттеймін ертең-ақ; жақсы бір дем алуға Бар жағдайды жасаймын – екі еттірмес мінезім. 360. Желсіз тымық айдында жақсы ұйқыда маужырап, Атамекен жеріңе жетесің сен сол жырақ. Ең болмаса Эвгейге жетсең болды, əр қарай Ештеме жоқ қауыпты. Жүзгіштердіц сөзі хақ Алтын шашты Радамантпен анада бір жол құрап, 365. Барып келген солар ғой. Жердің ұлы – Титиймен Қанша алыс болса да теңіз ұлып, жел тиген. Оп-оңай-ақ бір күнде аман-есен барып келген, Сонау əлгі Эвгейге. Өзің дағы білесің Жүйрік біздің кемелер теңізшіге бақ берген. 370. Жəне шебер жігіттер толқыныңды бөктерген», – Деді патша, Одиссей жүрегіне леп келген. Қуанышты сабазың сөз сөйледі екпінмен:

«Дий əкеміз, шапағат! Алкинойдың бір маған Уəдесін қабыл ет, жолы болсын болжаған. 375. Өз жерінде аяулы аса берсін даңқы оның! Енді атамекенге түссін менің ақ жолым!» Отырысты солай деп, олар тəтті кеңесті Ол уақытта Арета күңдерімен кездесіп, Əсем кереует қойдырды, үстін жауып кіл торғын 380. Жібек көрпе-жастықпен, асыл кілем төсетіп, Тастап жылы жамылғыш, зор байлықты көрсетіп. Шырағданды қолға алып, күндер дамыл таппады Жұмсақ əрі серпінді ер төсегін баптады, Одиссейге жақын кеп, Сонда олар тіл қатқаны: 385. «О, жолаушы, бар да жат: дайын болды төсегің», Қажу ерге қашанда дем ала ғой десе мұң. Рахаттанып кетпей ме, тəтті ұйқыға шомылып Деген ойдың ұстаған жіберместен меселін Саңғырлаған бөлменің, əшекейі неше мың 390. Ішіндегі кереуетке жата қалып, кетті ұйықтап. Патша Алкиной онымен қоштасты да бір дұрыстап, Барып жатты ол дағы бөлмесіне ішкергі. Туған айдай жарының рахаттай түстегі Қолаң шашын бір сипап, ақ білегін бір ұстап. СЕГІЗІНШІ ЖЫР Шықты жинап түнектен алтын балдақ жаңа күн – Қасиет күші де оянды Алкинойдай дананың. Құдай еркесі Одиссей ол да тұрды ұйқыдан. Патша Алкиной алаңға ертіп шықты қонағын. 5. Ол алаңға жиналған Феакийліктер кемеден Қатарласып жайғасты тас қаланған кемерден.

Сол уақыттар болғанда Афина қыз Паллада Патша жаршы киімін киіп алып жөнелген Көше біткенді аралап, Одиссейге жаны ада 10. Болыспақшы сезіммен оралтуға еліне. Жар салды ол халыққа жарқ-жұрқ етіп келді де. «Феакия ел-жұрты, уа, көсемдер, əкімдер, Жиналыңдар алаңға асқан қызық көруге Алкинойдың үйіне кеше келді батыр, ер 15. Жатжұрттықтан, шет елден дауыл айдап əкелген. Құдай болмаса, табылмас ажарына тең пендең». Осылай деп халықтың ынтызарын қоздырды. Ығы-жығы адамның аяғы тас тоздырды Отырған да, тұрған да – ерсіл-қарсыл жөңкілген. 20. Баласына Лаэрттің қадады ел жанарын Шегін тартып таңқалып көргенде оның ажарын. Бас-аяғын əсемдеп қойған оның Паллада Феакийлықтар салсын деп ықыласпен назарын, Көрсетпекші өнерін, ойын-сауық базарын. 25. Мынау халық алдында тұнып тұрған алапта Сөз сөйледі Алкиной даусы жетіп тарапқа. «Уа, Феакийлік халайық, құлағың сал сөзіме Мынау қонақжай жұрттан – танымаймын өзім де Келді ме əлде шығыстан, əлден батыс танаптан. 30. Бізден көмек тілеп тұр – еліне жету арманы, Етейік біз қолқабыс – ежелгі салт салмағы. Үйіме келген шет жерлік зарламаған ешқашан, Қолдамаған жері жоқ Алкинойдың аруағы Қара бүйір кемені қасиетті суға салармыз 35. Əлі теңіз көрмеген, əлі суда жүзбеген. Елу екі ескекші нағыз батыр біз деген Тандап сонда алармыз. Қазынасынан патшаның

Тездеп азық-түлікті дайындасын жолына, Бəрін үйге шақырам, дəм татыссын қолымнан. 40. Оларға осыны айтыңдар, ал өздерің кіл жайсаң Əмір таяқ ұстаған əулиең мен би, мырзаң. Үйіме менің келіңдер, ас беремін мейманға Болмасын еш бас тартқан; Алдыртыңдар əм жаңа Демодоктой жыршыны көмейінен бал тамған», – 45. Деді дағы жөнелді алға түсіп өзі енді, Еріп оның соңынан игі жақсы жөнелді. Демодокты шақырып əкелуге Понтоной Сонда дереу жүгірді. Көк теңізді кешпекші Сол мезетте жиналды елу екі ескекші. 50. Жағалауда теңселген қара бүйір кемеге Келді бəрі жақындап, көтерді мачта-бөрене, Қайыс белдеу бекітіп, ескектерін орнатып, Желкемдерін көтерді сонау биік сөреге Шығанаққа шығарды көк теңізге қаратып. 55. Ал содан соң жиналды Алкинойдың үйіне – Ордасына патшаның, құрметіне сүйіне Орналасты бəрі де, кəрі-жасы қалмастан Он екі қой сойғызып, екі өгізді жəне асқан. Сегіз шошқа сойғызды келіп тұрған күйіне; 60. Берді солай Алкиной қонақасы бір ғажап, Понтоной да кеп жетіп жыршыға кеткен «мұндалап», Жақсылық пен жамандық бəрін қамтып жырлаған Қайран өлең сайраумен жағы да бір тынбаған, Жұрттың көзін сиқырлап, елдің көзін мұнарлап. 65. Отырғызды Понтоной əулесіне Мұсаның Орындыққа бір əсем күмістеткен жан-жағын. Тіреп қойып арқасын бағанағы күмбезді,

Мына көптің алдында құдайдай боп бір өзі Соқыр жырау отырды шақырмаққа аруағын. 70. Бас жағына ілді оның домбырасын дағардай, Сыйпаласа тауып ап қолы оны қағардай. Қойды əкеліп алдына шарабы мен тағамын Мезгілінде қалаған өзі таңдап алардай Сонда дəмге қол созды бар жиналған адамың. 75. Тояттаған заманда ішіп-жеген халайық, Əуен тапты домбыра жыршыға бір лайық. Мадақтайтын сол тұста ел – деп туған ерлерді – Патша Одиссей, Ахилла жайындағы шерлерді Жыршы бастап жіберді бір хикая-сыр жайып. 80. Құрбан шалған кұдайға бір үлкен той үстінде Ахилла мен Одиссей жан тең келмес күшіне Жанжалдасып қалыпты, катты-қатты сөзге кеп, Агамемнон олардың бұл ісіне сүйсіне Мəз болыпты сонда бір басқалардан өзгерек. 85. Атақты қос ахилық ұстасқанын қызықтап, Храмында Пифийдің бұл жағдайды сезіп қап, Аполлонның əулиесі – болжап айтқан сөзі анық, Бұл жаулықтың түбінде жақсылық бар болатын – Деген екен. Ол бір тұс – кезі қырсық соғатын – 90. Данайлар мен Тройлар – екі жұрттың басына – Деп бастады Демодок; Одиссей ер ал сонда Жалт-жұлт еткен желеңін басына дереу жамылып, Жасырды жұрттан кескінін. Көзіне келген жасына Аудармасқа назарын Феакийлік қалың жұрт. 95. Бал таңдайлы қарт жырау тауысқанда хиссасын, Шешті Одиссей пердесін, құрғатты да көз жасын, Өлместердің рухы үшін сарқып ішіп шарабын

Тағы да айтты Демодок, Феакийліктер ықыласын Қайтармастан орындап тілегі мен талабын. 100. Тағы бүркенді Одиссей көздің жасын жасырып Байқамады оны жұрт тыңдап қалған қалшиып. Бірақ патша Алкиной ұқты оның мəнісін, Отырғанын Одиссей анда-санда «аһ» ұрып, Сүртіп қойып көзінің ащы, сирек тамшысын. 105. Ескек сүйгіш Феакийлік ел-жұртына ол енді Тебіреніп сол кезде бір сөз бастап жөнелді: «Уа, би мен мырзалар, сөзге құлақ салыңдар, Тəтті тағам, бал сусын, іштің, жедің, алдыңдар, Əн мен жырға қандыңдар, күш сынасар жол келді. 110. Той алаңға шығалық, ердің бағын сыналық. Құрметі үшін қонақтың күрес, сайыс қылалық. Айтып барсын еліне, жұдырыққа келгенде Озбайтынын жалғанда мына бізден сірə, жұрт», – Сөйдеп бастап жөнелді, ерді халық шұбалып. 115. Домбырасын жыраудың шегеге іліп қойды да, Демодоктың Понтоной жедел алып қолынан Демеп сыртқа шығарды; ілесіп ед соңынан Жөнелісті екеуі, көрмекке ойын-сайысты, Анықтайтын алаңға жеңетінін қай күшті. 120. Ығы-жығы мынау топ кең алаңды кернеген, Ылғи жайсаң жігіт талапқа қол сермеген. Акроней, Окпал, Элатрей Невтимен, Прореон, Понтеймен белбеулерін шарт түйген Атфиал мен Фоон бар жамбасы жер сүймеген. 125. Немересі Тектонның – Полинийдің баласы, Жас Эвриал, Нваболит Афеймен бар таласы. Феакийліктің бəрінен асар еді көркі оның

Егер Лаодам болмаса – мынау сəби ерке ұл Шықты олар да мінекей – алыс емес арасы. 130. Клитонеон, Галионт, ең соңында Лаодам – Алкинойдың үш ұлы бірге туған анадан. Түсті жаяу жарысқа. Үшеуі де қаз-қатар Жарыс шаңы бұрқ етті тұра ұмтылған шамадан. Клитонеон сабазың жарыс отын маздатар. 135. Артқа тастап лезде екі інісін, зымырап, Қарақшыға кеп жетті зымырандай бұлдырап. Өзгелері түсті енді балуан бəйге-күреске Бəрін жеңді Эвриал ер еді бір тіресте. Секіруден Ахиал болып шықты мықтырақ. 140. Ауыр темір қалақты лақтыруға келгенде Озып шықты Эретмей, өжет еді өр кеуде. Жұдырықтасу бəйгеден келді жігіт Лаодам, Асып туған бір асыл Алкинойдай данадан. Жұрт жарысқа қарқ боп, енді болдық дегенде, 145. Алкинойдың баласы сөз сөйледі Лаодам: «Ұят болмаса, үміт бар қонаққа бір сауалдан. Қай сайыста өнерін көрсетуге бар екен, Бір кісідей бойы бар, бұлшық еті таралған. Жауырыны қақпақтай балуандыққа жаралған. 150. Жасы да онша кəрі емес, тек қатыгез тағдырдан Таяқ жеген болмаса. Теңіз деген антұрған. Азабы ауыр – пəле ғой. Қандай ерді қажытқан». «Бұл ақылды сөз екен» – деді сонда Эвриал Жақында да қонаққа – кезегінді өзің ал!» 155. Алкинойдың кіші ұлы Эвриал сөзін тыңдап ап, Алға бір аттап шықты да, Одиссейге бір қарап, Сөз сөйледі: «Өтіндіксізден, əкей шетелдік,

Біз, əрине, білеміз өнеріңіз жетерлік, Енді соның біреуін көрсетіңіз таңдап ап. 160. Сергек ерге қашанда мына жердің бетінде Табылмайтын даңқ жоқ, бəрі оның еркінде. Желі тұрса аяқта, күші тұрса білекте Қимылдаңыз кəнекей, мұнды қуып жүректен, Алыс емес жолыңыз, кеме дайын кетуге», – 165. Деп бітірді сөзін ол. Сонда Одиссей тіл қатты: «Досым, сенің жаныма мына сөзің тым батты! Ойын менің не теңім; жаным толы қасірет, Көрмегенім жоқ менің – тартқан бейнет, тақсірет, Алдарыңда тұрмын мен сағыныштан əлсіреп, 170. Аңсап алыс отанды, əулетіңнен тілеймін Жеткізіндер үйіме, күтіп отыр мені елім». Тағы да айтты Эвриал сəл кекесін кескінмен: «О, жолаушы, байқаймын, білінбейді өнерің, Ұқсамайсың батырға, артығың жоқ ешкімнен; 175. Адамысың кəсіптің теңіз шарлап күнелткен Сауда-саттық іс істеп, қаңғырумен күні өткен. Тауар артып кемеге пайда тауып жүрген жан». Қабағының астымен қарады оған, əдеппен Сонда дағы Одиссей сөз сөйледі жай еппен. 180. «Сөзің ауыр, шырағым, жансың ба əлде зұлымдау. Тəңірім бəрін пендеге бере беру қиындау. Ақыл, көрік, күш-қайрат – бірден бітпес ешкімге, Көрер көзге қораш жан бермес сөзден дес мүлде Ғажап шешен болса егер, айту қиын оған дау. 185. Ол көңілін кетеріп қалың топты мəз етер, Күш жетпеген жеріңе оның өткір сөзі өтер. Ол – мəжіліс көркі ғой, көреді оны құдайдай

Төбесіне көтеріп, оған абырой сол жетер. Ал біреулер көркімен көрінеді күн, айдай. 190. Айтқан сөзі бірақ та – көңілді жүдетер. Сол сияқты сенің де ажарыңнан кім өтер? Сендей сұлу баланы жасай алмас Зевс те. Ақылың жоқ алайда, сөзің шала кеміс те, Жүрегімді ауырттың мына жолы сен бекер. 195. Алайда мен өнерден құр алақан емеспін, Жас кезімде жалынды, енді ол да елес күн, Қатарымның алды едім ішінде күрес, егестің. Қайрат қайтты бұл күнде арпалыспен, азаппен Аман қалған түрім сол құрып кете жаздап мен. 200. Сонда дағы көруге күшім сынап, əзірмін; Сөзің батты, шырағым, əлде шының, əзілің». Осыны айтып орнынан тұрды шешпей желеңін, Үлкен тасты алды бір, əлденеше еседей – Зор еді оның манағы доптарыңнан көлемі, 205. Сіңірлі қол сықырлап лақтырды кеп дегейсің. Зуыл қағып ұшты тас алып жұрттың зəресін... Бұғып жатыр талайлар, ал анау тас зырылдап Қайда артты қалдырды өзге доптың мəресін, Барып-барып, топ етті, шаңға көміп денесін. 210. Сол мезетте Афина қарт кейпіне түсті де Сөйледі оған: «Жолаушым, қайда дерсің күш міне, Бəрінен де сен оздың, жатыр тасың аулақта Соқыр танып алардай сыйпалап та, қармап та» – Осынау сөзден Одиссей мінді тағы қайратқа. 215. Осынша көптің ішінен əділ төре тапқанға Қуанып тұрып сөз айтты: «Ау, жігіттер, мақтанба, Жеткізіп ал сол тасқа енді сендер лақтырып,

Жеткізсеңдер, мен тағы екіншісін таптырып, Лақтырамын алысқа, одан əрі шарт қылып. 220. Жүрегінің түгі бар талаптылар шығыңдар. Намысыма тидіңдер, күлкі-мазақ қылдыңдар. Қол жұдырық, күрес пе, жарыс, əлде жүгіру – Бəріне де шақырам, ерегісте бүгін дəл Жекпе-жекте өкініп, болмас менде жығылу. 225. Тек айқасқа шыға алман жалғыз ғана Лаодаммен, Қонағымын мен оның. Мені сыйлаған адаммен Алысуым жөн емес. Жатжұрттықта жүргенде Жақсы ғой деп ойлаймын жақсылықты білген де, Ол болмаған жағдайда тым ұятқа қалам мен. 230. Ал өзгемен ешқашан ашу-кегім жоқ менің, Адалыммен айқасам əрбіреуін деп теңім, Төс тіресіп көремін бақ-талайын күшімнің Бəріне де əзірмін жарыс-сайыс ісіңнің – Садағыңның жұмсағын, мейлі тіреу бекемін. 235. Аямастан бере бер, тұңғыш оқпен жайратам Таңдап салған қарсымды, қаласаңдар тағы атам, Қалған жайдың бəрін де. Өйткені мен кезінде Дос пен қастың ішінде тең көрмеген өзіме Филоктеттен басқаны. Содан ғана тайсалғам. 240. Сонау Троя соғысында. Содан ғана жеңілгем Ахейліктер өзара əркім өзі теңімен Тартысқанда садақты. Сондықтан да бəріңе Айта аламын сеніммен, бұл өнерде менімен Пар келетін адам жоқ дей аламын əлі де. 245. Бұрынғылармен таласпан, ерлерімен өткеннің, Геракл мен Еврит заманына дөн келді, Құдайлармен сайыста күш салысып көп көрді

Осы жолда Еврит тапты ақыры қазасын, Көп жасамай, ұзартты үй ішінің азасын. 250. Жекпе-жекке шақырып Аполлонды, күнəһар Болды дағы, өзі өлді, соқты да оны бір қаһар Өзгелердің жебесі жеткен жерге, найзамды Лақтырып-ақ жеткізем; Фракийлерді біреуі Бірақ мені жарыстан жеңуі мүмкін – ол заңды. 255. Өйткені мен толқындар асырымен алысып, Тауыстым қуат-күшімді, көрмедім ұзақ дəм ішіп, Көрмедім жəне көз іліп, сəтке тыныш таппадым. Он екі мүшем қозғалмай қалды менің қарысып», – 260. Деп бір тынды Одиссей. Төңірек бəрі тұрды үнсіз Одиссейге Алкиной жауап берді еш зілсіз: «Уа, жолаушым, сөзіңмен ренжіткің жоқ бізді, Тек мақсатың күшіңді көрсету ғой қалтқысыз; Ренжіп қалдың сөзінен бір баланың қапысыз. 265. Бірақ өзге кісілер ақыл, ойы билеген Не сөйлесе халыққа сол ақылмен сөйлеген. Кемітпейді басыңды; мені тыңда сен енді Оралғанда аман-сау көптен бері көрмеген Ошағыңның басына, еске аларсың кеудемді 270. Кернеген бұл сөзімді; еске аларсың жəне сен Біздің жұрттың ерлігін қалған сонау Зевстен, Қалған ата-бабадан мұра болып біздерге Жұдырық соғыс, күрестен, əлде иін тірестен, Озып көрген жоқпыз біз расын айтсам бүкпестен. 275. Ал жарыста жүйткіген, жүлде бермес жүзуден, Көк теңіздің бетінде, бар жігіттер жүздеген. Ас тəуірін жейміз біз, əн, музыка, билеуден Бірінші орын біздікі; Киімді оңдап киеміз Моншаға да кұмармыз, жұмсақ төсекке үйренген.

  1. Ал, кəнекей, Феакийдің бишілері қайдасың? Көрсін мейман көзімен бұл өнердің пайдасын, Теңіз бойлап жүзуден, əн салудан, жарыстан Көрсетіңдер үлгіні, оралғанда алыстан Айтып барсын еліне хикая етіп əммəсін. 285. Демодоктың алдыртқыз домбырасын, лирасын, Біздің үйдің бірінде қалған еді мирасың», – Деді Алкиной, жаршысы айтқан сөзін қағып ап Жөнелді ішкі сарайға. Тоғыз адам би сайлап, Төрешілік ойынға, заң-тəртібін қабылдап. 290. Дайындады би орнын алаң алдын кеңітіп Жыршы əкелді лираны, жаршыға жал жел бітіп, Сайрады топ алдында. Оң жақтан да, солдан да Шықты биші жігіттер халайықты желпінтіп. Кетті билеп ырғалып əні лайық болғанда. 295. Жарқ-жұрқ еткен аяқтар қалқығандай ауада, Таңырқады Одиссей көңілі биге дауалап. Тəтті сазы лираның, шабыты асқақ Демодок Бабыменен шырқады. Киприда керемет Сұлу жайлы жəне де Арей-құдайды даралап. 300. Əмірші Гефес үйінде кездескенін олардың, Бар байлығын шығындап, сұмдығын жасап обалдық Ер Гефестің төсегін былғағаны жайында Қырағы көзді Гелпос осының бəрін баяндап, Білдіргенін Гефеске, андып жүріп оны əр күн. 305. Гефес сұмдық кектеніп, дүкеніне ұстаның Төс темірді қойдыртты жасайтындай іс қамын, Темірден тор соқтырды жиектерін шынжырлап Мызғымайтын ешқашан, ала алмайтын қол сұрап Осыны істеп болған соң, төргі үйге кірді ұрлап. 310. Тұрған жерге төсегі, кереуетті жағалай Əлгі тормен шырмады, етек жағын қоралай,

Түсірді ұшын төбеден өрмекшінің ауындай. Жіңішкесі соншалық, көзі түгіл пенденің Құдай көзі шала алмас оның құрған өрмегін. 315. Болды солай кек алмақ өз жауынан Гефес ер Ісін істеп болған соң, кезек күтіп кектесер Кеткен болды өтірік Лемнос деген қалаға, Қалалардан артық деп, көңілі соны қалаған. Алтын түгіл Арей де өзін бағып қараған 320. Суретшінің атақты жолға шығып кеткенін Ақ некелі Киприда жалынынан өртеніп, Ғашық оты билеген Арей сонда үйге енді. Олимпте, биік тұрақтағы Зевс əкеге жолығып, Құдай қызы бұл сəтте бойын сылап, шомылып 325. Отыр еді дем алып, Арей кіріп қол алып, Атын атап ғашықтың, сөз сөйледі толғанып: «О, сүйіктім, іске сəт, жүр баралық төсекке, Кетті Гефес алысқа, Лемносқа жол салып. Синтиядағы бір жұртқа жетті енді деп есепте. 330. Киприда төсекке жатты барып еркімен. Бірте-бірте балқумен көзі ұйқыға кеп кірген. Кенет əлгі Гефестің құрған торы айламен Үстеріне құлады, сол кұлаған екпінмен, Қалды шеңбер тас қатып, алғызбастан бойға дем. 335. Қол-аяқты құрсады, отырғызбай, тұрғызбай, Құтылмасын ұқты олар сау денесін бұзғызбай, Жарты жолға бармастан Гефес кері бұрылды. Кірді үйіне ақсаңдап, əдетімен бұрынғы Қырағы көз Гелиос жағдайды айтып үлгірді. 340. Ақылы артық Гефестің мұңлы күйде жүрегі Қалды ашып есікті, кетті қайнап бір кегі Басты айқайға ақырып, естісін деп бар құдай:

«Дүние иесі – Дию-пері, өлмес құдайлар қайдасың, Көріңдер мына сұмдықты, жанға ұят, арға – сын! 345. Мендей ақсақ байғұсты қор қылды ғой талтүсте Зевс қызы мазақтап, Афродита періште Деп жүргенім Арефмен жатыр міне төсекте. Аяғы бүтін, əрине, мендей емес, сұлу ол Ақсақтығым, кемдігім – болғаны ма сорым сол. 350. Кінəлі мен бе оныма? Кінəлі оған ата-анам. О, қасірет, қасірет! Бүйткенше, өлім, кел маған, Қараңдар, əне, екеуі құшақтасып, айқасып, Төсегімде жатқанын денелері ап-ашық. Шыққыр, көзім, шықсайшы, мұны көрген оңбаған! 355. Білем, бірақ, екінші бұлар жатпас дəл бұлай, Қанша ғашық болса да, енді ұйқыға жарымай, Өтер болар екеуі, мен торымнан босатпан. Қалың малым қайтарып бермейінше əкесі Арсыз қызға төленген. Дəл осынау арудай 360. Болмас сұлу, бірақ та жүрегі оның опасыз», – Деді ол. Осы мезетте, шамалары он ба, жүз Жиналысты құдайлар мыс қабырға сарайға Жер тұтқасы – Посейдон, сыйдың пірі – Эрмий мен Садақ тартқыш Аполлон – бедел болған талайға. 365. Əдеп сақтап бірақ та құдай-əйелдер келмеді, Есік ашып бəрі де төрге қарай өрледі. Айласына Гефестің ешкім ойлап таппаған Мəз болысып күлді олар, өздерінше сөйледі: «Зұлымдықта – мəніс бар ойлағанда сақтаған, 370. Пысықты бұл жерде жеңген екен баяулық, Гефес ақсақ болса да, жаратса да кемтар ғып, Құдайлардың ішінде ең жүйрігі Арейді Қалас ұстап алған ол ақыл-есін делдал ғып?! Асқан екен айласы, неке бұзған ал енді

  1. Сотқарларға, сірə да, жаза екен бұл лайық», – Десті бəрі кеңесіп, сөзін айтып құдайлық. Зевс ұлы Аполлон сонда Эрмийге тіл қатты: «Кроннонның баласы құдайларға қымбатты Айтшы кəне шыныңды, ықыласпен тыңдайық, Жатар ма едің сен дағы мына тордың астында 380. Алтын шашты ақ ару – Киприда қасында?» Аргусты құртқан бұл ерің Аполлонға сонда бір Жауап берді былайша: «Уа, Аполлон, сол тəуір Бұл тəтті шақ, дүние-ай, келсе менің басыма. 385. Берер едім рұқсат, көнер едім мен соған Жатар едім үш қабат торында да қоршаған, Келсе кіріп сонда бір кілең кұдай самсаған Көздерімен біздерді! – деді ол ерің шынымен. 390. Күлді мəз боп жағалай өлу білмес құдайлар Тек Посейдон күлмеді, көңілінде бір ой бар – Құтқармаққа Арейді, мың айлалы Гефеске Қарап тұрып сөйледі, əдемі сөз түсті еске: «Сен бұларды азат қыл, Арей үшін кепіл ал! 395. Өңшең құдай алдында айыбыңды атап айт Соның бəрін төлесін, райыңнан өзің қайт!» Посейдонға сол кезде ақсақ Гефес тіл қатты: «Жер иесі – Посейдон, қойма ондай талапты Орынсызға болысу, білесің ғой, жарамайд. 400. Болмас онда əділет, құдіреттім, мен сені Қалай ғана көндірем, қалмасын деп меселі Арейді мен босатсам, қашып кетсе ол, тегі Айып-құнын төлемей, сен төле деп айтам ба, 405. Ұялмастан мен саған?» Жауап берді Посейдон: «Егер Арей құдіретті тордан босап алған соң, Айып төлеуден бас тартып, қашар күн болса,

Онда өзім-ақ төлеймін, бар керегің құн болса» – Ақсақ Гефест айтты оған: «болсын сенің сөзің жөн, 410. Онда ержүрек Посейдон – қарсы болмас еркіңе» – Деді, торды сындырды бір сілтеген бетінде Бірі ұрғашы, бір еркек – екі кұдай босап ап Көкке ұшып жөнелді, Фракийге кетуге Бел байлады еркегі, Кипр жағын тасалап, 415. Киприда жөнеді. Сылқым-сері күлкімен Орманында Пафостың хош иісті гүл кілең Оған арнап соғылған алтын алтарь болатын, Шомылдырып сонда оны, тек кұдайлар жағатын Маймен сылап денесін, сайлап киім, мүлкімен. 420. Жайнатып бір шығарды жалаң иық желеңмен» – Деп жырлады жыршыңыз. Көңілі өсіп, елерген Ер Одиссей тындады ықыласпен сол жырды. Ескек сүйгіш, теңізшіл, Феакийдің ел жұрты Олар да сүйсініп, лəззат алды өлеңнен. 425. Галионтқа Алкиной: «сендер Лаодам екеуің Би биле» деп бұйырды, бұл өнерде жететін Оларға ешкім жоқ еді. Қолы шебер Полидий Өзі арнап тоқыған бар еді деп əсем тым, Соны алып Лаодам, ертіп Галионт інісін 430. Шықты тегіс алаңға. Лақтырды кеп шалқалап Əлгі допты бұлт жаққа; лақтырғаны сол-сол-ақ Оның ұшқан бетінде қағып алды Галионт Жерге аяғы тиместен, содан кейін алқалап Тұрған топтың алдында – би биледі. Сан тарап 435. Жас жігіттер гулесіп, аяқтарын тебісті Жаңғырықты кең алаң, шаңға батып шөп үсті. Ұзақ қарап Одиссей тұрды олардан көз алмай

Алкинойға тіл қатты: «Патша ағзам, Алкиной, Рас, биден сіздерге ешкім алмас жеңісті 440. Айтқан сөзің шын екен. Өз көзіммен қанықтым Таң-тамаша қалдым мен» – дегенінде анық тым. Алкинойдың көңілін биледі бір мақтаныш Феакийлердің патшасы сонда жұртқа сөйледі: «Сөзіме менің құлақ сал, уа, əмірші, жат-таныс, 445. Біздің мына мейманның ақылы көп, ойы асыл, Сый-сияпат, таралғы, тарту менен қой əзір. Бəрін соған ұсынам – біздің солай салтымыз Өлкемізді он екі – бар əмірші билейтін Он үшінші мен болам – бағынатын халқымыз. 450. Енді соның əрқайсы дайындасын шен-шекпен, Алтындатып олардың жағасына зер шеккен. Бəрін жинап əкеліп шетелдікке ұсынсын, Сый тағамын əзірлеп, шарап құйсын кеспектен, Ал сен болсаң, Эвриал, айыбыңды кешірсін. 455. Алдына оның бас иіп, сыйлығыңды тартқайсың Ауыр сөзді қайтып ап, татулық сөз тапқайсың», – Деп еді ол, өзгелер бəрі соны қоштады Жыршыларды жұмсады түгендеуге бас-басын, Алкинойға Эвриал сонда бір сөз тастады. 460. «Феакийлердің қожасы, арыстаны еркектің Сенің əлгі сөзіңді келмес менің екі еткім, Мен мейманға тартамын алтын балдақ қылышты, Соққан түгел күмістен, өзім қолдан істеттім Піл сүйектен қынабын. Соны берсем – дұрыс-ты. 465. Осыны айтып ол сабаз шешіп белден қылышын Содан кейін дауыстап, тастады сөз бір үшін Баласына Лаэрттің: «Қуан, əкей, жатжұрттық! Менің айтқан сөзімді жел əкетсін қаңғыртып, Құдай қолдап еліңді, табасын сен үй ішін», –

  1. Деді, тынды. Одиссей кезек алып сөйлесін: «Сен де қуан, ұланым, кұдай саған дем берсін. Қамықпасын жігерің қылышымды бердім деп, Адамзатқа қимайтын сөзіңді сенің жөндесін, Кешірім еттім мен дағы бəтуаға келдім деп». 475. Сөй деді де асынды ол алмас семсер иыққа, Күн де батты сол кезде, алған заттар сыйлыққа Бір ортаға үйілді; асығысты жаршылар Алкинойдың үйіне ол заттарды жимаққа, Патша-ағзам ұлдары сыйлықтарды қарсылап 480. Алды дағы бəрін де Арестадай ақылды Шешесіне тапсырды. Ал мейманды шақырды Өз үйіне Алкиной, соңынан топ жəне ерді, Биік-биік орынға орналасты ел енді Ал содан соң патшаңыз Арестаға сөйледі: 485. «Алдымызға, əйелім, əкеліп қой ең əсем Астаулардың асылын, сал ішіне жəне сен Сырт киім мен желенді, отқа үлкен қазан ас, Сақырлатып су қайнат, біздің мейман шомылсын. Сыйлықтарын саралап, көңілі тасып отырсын. 490. Біздер менен дəм ішіп, əн мен күйге құлақсап, Қоштасарда мен оған сыйлық берем бір асқақ Алтын құты тартамын, үйіне аман барғанда Бала-шаға қасында құдайы-құрбан шалғанда Зевсті де, бізді де есіне алсын дұрыстап», – 495. Деді. Сонда Ареста күңдеріне бұйырды, Үш бұт қазан қойылды, ішіне су құйылды. Лауылдатып от жағып самырсынды самсатты, Қазан бауыры кызарып, су сарқылдап қайнады. Ол заматта Ареста тамаша астау сайлады. 500. Əкеп ішкі бөлмеден, салды оған сыйларды Алтын, күміс, тон-шекпен – бəрі тегіс жиналды.

Феакийлықтар ұсынған. Оған қосты жəне де Жібек желең, сырт киім, сосын өзі сөйледі Одиссейге бір қарап, сөйлегенде бүй деді: 505. «Тығыз жауып күпшекті, құрмет шандып таста сен, Біреу ұрлап жолшыбай қызықпасын затқа əсем, Сен ұйықтап қалғанда қара бүйір кемеде». Құдай тектес Одиссей азабы жоқ көрмеген, Бұл ақылды естіген, жүгін мықтап теңдеген. 510. Аузын астау бекітіп, жіп-арқаның күрмеген, (Қалай түйін түюді Цирцеядан үйренген. Қызметші əйел бұл шақта шақырды оны моншаға, Аяқ, қолын жібітіп, құйынуға суменен Бұл жағдайға Одиссей қуанғаны соншама 515. Калипсодан шыққалы бұл рахатты көрмеген, Онда сұлу Нимфалар жұпарымен емдеген. Иіс маймен сылаған батыр туған денесін. Мұнда да енді күң əйел жиғызды бір ер есін Сылап-сипап, жуынтып, шықты жайнап желеңмен. 520. Асыл киім жамылып, жақсы сергіп моншадан Залға кірді, жамырап жатқан іші сонша адам Невсикая патша-қыз – сұлулықтың құдайы Тіреу-баған түбінде көзін салып ұдайы Қарап қалған жайы бар кескінімен таңданған. 525. Мына ғажайып мейманға, содан кейін қыз-патша Даусын əнтек көтеріп, болар деді тіл қатса: «Тəубе қыл сен, жолаушым, кезде үйіңе оралған Мені есіңе аларсың, борыштысың сен маған, Кездеспесең менімен, саған жоқ ед бұл заман». 530. Сонда ақылды Одиссей патша қызға тіл қатты: «О, Невсикая, ару қыз жаннан артық сымбатты Əлпештеген еркесі – Алкинойдай патшаның,

Жай ойнатқыш Кроннон – жары сұлу Гераның Берсе маған мүмкіндік – бұйырса елге оралу, 535. Сені күнде есіме отырар ем алып мен, Құлшылық қып құдайдай, басқа бұрмақ салып мен, Кездескенге сенімен борыштымын əрқашан», – Осыны айтып отырды Алкинойдың қасына Ет те келді, шарап та дастарқанның басына. 540. Ел еркесі Демодок кіріп келді жыршымен, Биік-биік бағынды жарық залдың жаршымен, Жүріп келіп, отырды қарсы қарап халыққа, Тіреп қойып арқасын, семіз өгіз омыртқа Жонның етін қолға ұстап (көбін өзіне алып қап) 545. Сөз сөйледі Одиссей Понтонойға бет бұрып: «Мынау сыйлы мүшені – өзге жоннан ет-жілік Демодокқа беріңдер, оны мұнда мен дағы Бек сыйлайтын кісі еді. Əнші деген ел бағы, Мұса өзі қолдаған елге құрмет еттіріп, 550. Əншілердің əулеті – қасиеттен жаралған», – Деген кезде жаршы да көз ілеспей кеп алған Демодокқа жеткізді, Ол риза боп қалды оған. Енді бəрі кірісті дəм алуға жағалай Ел ішіп-жеп болған соң асқанынша қанадан, 555. Қырық айлалы Одиссей Демодокқа сөз айтты: «Жұмыр басты пенденің басып жүрген аяқты Бəрінен биік қоямын, о, Демодок, мен сені Дийдің қызы Мусаның яки Фебтің еңселі Өзі үйреткен өнерге, көзбен көрген сияқты. 560. Баяндайсың ретімен баяғы Трой соғысын, Ахейлердің қырғынын, басын жəне соңғысын. Енді сен əлгі ағаш ат, Эпсос тұлпар жайында

Паллада қыз жаратқан, бір хикая дайында. Арқасында Одиссей сол ат толық бабында. 565. Қалай келіп кіргенін көсем толы қалаға, Қасиетті Илионды ұшыратқан қазаға Сол көсемдер болатын. Сен осының бəрін де Шындықпенен жырласаң, бəріне елдің мəлімдеп, Айырып жүрем əрқашан құдай берген дарын деп». 570. Сөйдегенде, Демодок, шырқады-ай кеп арындап, «Ə» – деп, əуел бастады кемелерін дайындап. Данайлардың теңізге кеткенімен тез жүзіп, Өртке тастап қосынын құрбандыққа шалып-ақ. Одиссей бар ішінде топ батырды бір тосын. 575. Қалдырғанын Тройда ағаш арттың ішінде Тройлықтар сол атқа – қулық барын түсінбей, Ашып берген Илионның тас бекулі қақпасын, Қалаға кеп тұрды ат; əбден басы қатқасын. Тройлықтар қалды ойға – мынау тылсым күшінде 580. Жез найзамен шанышпақ болды бірде күйретіп Апармақ та болды бір замұққа дейін сүйретіп Сонсоң жардан құлатпақ, ортасында Илионның Қалдырмақта болды ойда, белгісіндей кұрбанның, Құдайларға шалынған – қас жауларын қырған күн. 585. Соңғысына тоқтасты, жазмыш солай жазылған Құлауына Илионның ағаш атқа қамалдан Қақпа ашатын несі бар, ахейлердің бастығы Ішіне барып тығылған. Тройларға ажалдан Құтыла алмас бұл жолы қара қырсық қадалған. 590. Жыршы жəне жырлады – ахейлердің қалаға Лап бергенін содан соң, ат ішінен далаға Атып шығып бəрі де, өңкей өшті бөрілер

Қаланы кеп талады. Үйіне кеп Дейфтің Арейге ұқсап, Одиссей салды ойран, желікті. 595. Қаһарынан қар жауған Менелаймен қосылып. Қырғын соғыс жүргізді (кетті жыршы жосылып). Жеңді ақыры ол жауын Палладаның күшімен Жырлады солай Демодок ахейлерді өсіріп, Тебіренді Одиссей кірпікке жасы қосылып. 600. Жесірлер солай жылайтын өлген күйеу басында Қанды айқастың үстінде, бар туыстық қасында Жоқтау айтып, зар илеп. Өйткені ол ерінің Көрген ғажап қайратын, сорға батқан елінің Адамдарын қорғаумен, алысқанын сұм жаумен. 605. Жау көп болса, амал не, жығылғанда қайран ер Төсін сүйеп денеге жылаған сол сорлы əйел. Қылыш шауып иығын, тұтқындалып өзі де Кете барса жат жерге, жасы толып көзіне, Ұзақ шерге ұшырап, күңшілікті ол көрер. 610. Одиссей де дəл солай жылады бір қаладан, Бірақ оның көз жасын көп адам жоқ байқаған. Білді патша Алкиной. Сол жанымен түсінген Одиссеймен тізелес отырған соң – күрсінген Оның үнін естіген – естіп басын шайқаған. 615. Ескекқұмар Феакийдің баршасына сөйледі ол: «Төре, əмірші, би-қазы, бəріңе айтар сөзім сол. Енді біздің Демодок домбырасын тоқтатсын. Көңілімізді көтермес ол жырлаған қырғын жол, Кештен бастап айтқалы жырдың сұлу тақтасын. 620. Мынау біздің жолаушы күрсінеді тынымсыз. Шерлі шығар жүрегі, қаны суық, жаны сыз. Тынсын жырау сондықтан, ортақтасып бəріміз

Көтерейік көңілді – жолаушы да, біз дағы; Қуанышқа желінсін ең ақырғы тұз-дəмі. 625. Əлдеқашан дайын тұр жолаушының жол қамы, Сыйлары да тұр əзір біздер берген қолдағы, Шын мінəжат қылған ер туғаныңнан кем болмас, Ал, қонағым, жақынсың, бізге сондай сен дағы. 630. Ештеңеңді жасырмай, мен сұрасам – айтып бер, Істің жақсы ашығы; сені туған қандай ер, Болып еді анаң кім жəне де өзге қаланың Жақсылары батагөй кімдер еді сен сенер? Болмай қоймас есімі тірі жүрген адамның. 635. Бəрінің де аты бар; Оған туған сəтінде-ақ, Мейлі кедей, мейлі бай – ат қояды мақұлдап. Əкесі мен шешесі, тағдыр берген сыйындай, Туған жерің, қалаңды, халқыңның да атын айт, Кейін біздің кемеміз зымыраса құйындай. 640. Білсін барар бағытын, Феакийлік кемені Əшейінгі қорымшы басқармайды өйткені. Рулі жоқ бұратын бізде ешбір кеменің Орындайды өздері-ақ кемешінің дегенін Ойын, сырын біліп-ақ, зеректікте жоқ теңі. 645. Табады олар айтпай-ақ адамдардың мекенін, Ата-жайлау қонысын, толқындардың жетегін. Өздерінше бағыттап, өздерінше тегістеп, Қалың тұман ішінен жүрер жолын көрсетпек; Қорықпайды дауылдан, иірімдерден өтеді 650. Аман-есен, пəлесіз. Дегенменен есімде Невсифоя əкемнің, балалықтың көшінде Жүрген кезімде айтқаны – Ұлы құдай Посейдон Ашулы екен біздерге – адамдарды көрінген Тасиды деп теңізге, мұхиттың да төсінде.

  1. Ешбір қауып ойламай. Тағы бір кез айтыпты Жолаушыны, кезбені ету үшін бақытты Өз жеріне жеткізіп, апарып сап қайтарда, Феакийлік кемені қиратам деп Посейдон Қаласын да төңкеріп тастаймын деп қорқытты. 660. Ол айтқанын істей ме, істемей ме Посейдон, Не болса да еркі ғой – айтқанының бəрі жөн. Солай енді, жолаушым, қалдырмай айт бəрін шын, Қай теңізде қаңғырдың? Қайда, қандай жұрт көрдің? Бəрін түгел суретте. Қай қаламен таныстың? 665. Ішінде де олардың бар ма ала-құласы, Жауызы мен қаталы, жалғаны мен расы? Жиһанкезге, жолшыға тілектестер бар ма екен? Құрбан айтып құдайға, үзілмейтін дұғасы? Жəне айт неге қамығып, төгіледі көз жасың? 670. Данайлардың соғысы, өлген Трой туралы Сөз естисің, жылайсың, жүзіңде мұң тұрады. Қаза берген оларға, жаза берген оларға Құдайлардың өзі ғой, кейінгі ұрпақ жыларға Ерліктерін еске алып, əнге қосып жырлауға. 675. Əлде сонда кетті ме күйеу балаң, қайын атаң? Илионның түбінде қас жаулары жайратқан Бізге олар да жақын ед, қандас еді сүйікті Жүрегіміз туласқан, тулап біте қайнасқан. Əлде сен бір айрылдың үзеңгілес жолдастан? 680. Əйтеуір бір бар себеп бұл жылауда əрине, Ер жігіттің жолдассыз бұл өмірде сəні не, Жолдас деген кейде артық туған іні-ағаңнан, Болысатын сол келіп жау алғанда жағаңнан. Ақыл берер сол жəне бітер істің бəріне», –

ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫР Деді. Сонда Одиссей жауап қатты толғанып: «Патша Алкиной Феакийдің мейірімі мол халық, Ерлеріңнің көсемі ықыласымызды аударған, Құлақ құрышын қандырған, əншілердің жаңғырған. Əсем үнін естірткен пейіліңе жан құрбан. 5. Бүкіл ел боп əн айтқан, құрған сауық, серуен, Əр үй толы қуаныш, той кетпеген төрінен. Арылмаған мейманы, дəмге толы дастарқан Ағылғандай тарабы бейне бұлақ көзінен Көбік атқан қолында сусыны мол тостаған. 10. Мұндай жұрттан армансыз айналмасаң бола ма?! Бəрі жақсы, бірақ та қолқаңыздан садаға. Болар едім, мен мұңлық сұрадыңыз жағдайын Жаралы бұл жанымды тағы басып саруайым, Қаламын ғой қан жылап, қайғы төгіп санама! 15. Қайсын саған айтайын, басын яки аяғын? Көп құдайдың есіркеп қайсы мені аяды, Қырсықтарын қаптатып төкті менің басыма Əуелі атымды айтайын, менің өмірбаяным Мəлім болсын бəріңе, кəрі менен жасыңа. 20. Соңғы күнге дейін мен қонақ болдым құрметті Менің атым – Одиссей, баласымын Лаэрттің, Даңқы шыққан əлемге мың айлалы өнермен, Елдің бəрі аңыз ғып, мақтап көкке көтерген Күн сəулелі Итаки болам сонау мекеннен. 25. Онда Нерион көрінген əр тұсынан теңіздің, Орманды тау-шыңы бар ең биікте ең ұзын; Бір-біріне тым жақын орналасқан аралдар, Дулихий мен Зам жəне ағаш басқан денесін Закинфтың аралы – қатар жатқан соған дəл.

  1. Ең бастысы Итаки теңізбенен қоршалған, (Бір жағынан Ай сүйіп, бір жағынан Күн шалған); Топырағы тастақтау, ер туғызған бірақ та Итакиден сүйкімді жер қайда бар қу жанға? Құдай қыздардың кұдайы – Калипсо қыз жырақта 35. Мені текке ұстады қол астынан босатпай, «Маған үйлен, мені ал» деп, оған дағы жан сатпай Шығып кеткен кезімде, əміршісі Эяның – Цирцея қыз ол да арбап, айтып алтын, аянын Жар бол деді өзіне, ол да ұстап шаршатты-ай. 40. Айласына олардың шырмалмады жүрегім; Айырбасқа береді кім отанын, кім елін? Жүрсең дағы жат жердің көріп қызық, рахатын Ата-анаңнан алыстап оң болмайды тілегің Айтайын мен алайда, болса соған рұқсатың. 45. Ауыр сапар жолымды енді етейін мен баян Зевс басқа іс салып, жүзіп шықтым Троядан. Сонау Илион түбінен бізді дауыл жел айдап Қаласына Кикионның, келіп жеттік Исмарға Тас-талқанын шығардық, бізге шыдар күш бар ма? 50. Тұрғындарын түгелдей қырып-жойып тастадық, Əйелдерге тимедік, мал-мүлкіне бас салып. Тонап алдық қазынасын, сол арада бөлістік. Айтқаныма көнбеді кіл ақымақ, мас халық 55. Тойлай берді жағада өгіз сойып, қой шалып, Қаладан қашқан кикондар, қайта келіп жиналып. Көрші, іргелес тұратын туыстарына хабарлап, Қара құрттай қаптады атқа мініп, жаяулап. 60. Олар еді жауынгер ат үстінде, жерде де, Жапырақтар жауды кеп, тоқтамастан кермеге.

Сонда барып сездік біз Кроннонның қырсығын Əзірлеген біздерге. Жақын тұрып кемеге Бастап кеттік айқасты, қылыш шаншып кеудеге, 65. Лақтырыстық найзаны. Таң атқанша, күн шығып, Беріспедік, қорғанып, шамадан тыс күш қылып, Күн арбасы сырғанап көкжиекке барғанда Ахейлерді Кикондар қамап-торлап алғанда, Таптық тағы жеңіліс, қашуға енді бет бұрдық. 70. Əр кемеден алтаудан жойқын ерді жоғалттық, Өзгелері ажалдан өйтіп-бүйтіп сау қапты, Жүзіп кеттік əр қарай, өлгендерді жоқтаумен Жүрек қарс айрылды, құрметтедік аруақты Сау қалғанда өзгеміз көп шүкірлік, көп тəубең 75. Кемелерді жағалаудан əзір əкетпей тұрдым мен, Батырлардың бізге жеткен ежелгі салт-ғұрпымен. Шейіт болған жолдастардың үш қайтара есімін Атап айтып шыққанша. Осы кезде Борей – дауыл бұлты Зевс бізге жіберді күркіреген кесірін. 80. Көкала бұлт сатырлап жерді шайқап, теңізді Сапырды-ай кеп, түн түнек қырсықтарын өргізді. Өңшең кеме жөңкіді толқын сүзіп тұмсығы, Үштен-төрттен жел-арқан əлденеше үзілді, Желкендерді жинап ап, кеме ішіне кіргізді. 85. Өршеленген дауылдың ашуынан сескеніп, Ескекпенен демедік ықтасынға бет беріп, Жағалауға жақындап, сол арада тұрдық біз. Екі күн жəне екі түн шарасыздан кептеліп, Əлсіреген, əл кеткен, жүрегіміз дерттеніп. 90. Үшінші күнді əкелді жарқыратып алтын таң; Діңгектерді бекітіп, желкендерді қалқытқан.

Керіп тастап жағалай, кемеге кеп жайғастық, Зуылдады кемелер ескен желге бағыттан, Атамекен, елге біз жетпек едік жалғасып 95. Толқымаса көк теңіз. Борей-дауыл соқпаса, Адастырып ақ жолдан; Қатарласа, қаттаса Өтпек едік Малейден, алыстатып Киферден Əкетті ғой дүлей күш. Тоғыз күндей қатерден Босай алмай бостық біз, бізге сол кез батты аса. 100. Оныншы күн дегенде Лотофагтар жеріне Əрең келіп іліктік, еріп теңіз желіне. Аяғымыз жер басып, ауыз судан қор жинап. Жеңіл тамақ əзірлеп, алдық біраз əл жинап. Ал содан соң екі бір пысық жігіт жөн білер 105. Таңдап алдым қосыннан (Үшіншісі жаршы еді), Біліп қайтуға жібердім – келген жұрттың қайсы елі. Бізге дəмі бұйырған сонау алыс қиырдан Лотофагтар елі екен, бейбіт жатқан момақан, Елшілерге тимепті, қайта оларға жөн айтқан. 110. Тағамдары жейтұғын теңізге өскен гүл екен, Содан жақсы дəм жасап, өздерінше сый еткен. Тəттілігі соншалық, оны жеген тамсанып, Əлгі елшілер бəрі де, басы айналып құрметтен, Қайтқылары келмепті. Мекеніне бір кеткен 115. Ақыры олар оралды, жиналысып кемеге, Отырып ап сəкіге, келгеннен соң кемеге, Көк теңізді көпіртіп ескек есіп жөнелдік, Əрі қарай жүзумен тағы жеттік бір елге – Ол дəулердің елі екен, жаратпаған төмен ғып. 120. Өркөкірек, жанжалқой, өңшең дүлей қатыбас, Еркелетті құдайлар, шындықпенен жаны қас,

Екпей, сеппей, жер жыртпай шыға берген егіні, Қара бидай, тары ма – дүниенің тегіні. Салбыраған жүзімі – ала берсең, таусылмас. 125. Кроннон оларды суаратын, баптайтын, Ел екен бір жиналыс, кеңесіңді ұнатпайтын. Қараңғы үңгір немесе тау басында өркендеп Жатады өзі бұтақтап, əйелдері қақпайтын 130. Ердің бетін ешқашан, өзі қожа, өзі бай, Өзгелерде ісі жоқ, бола берсе өзі ұдай. Сол жерде бір иесіз, құлазыған арал бар, Құшағында теңіздің жалғыз оқшау қараңдар. Алыс та емес, жақын да дейтұғын қол созымдай 135. Ол дəулердің елінен; Онда тағы ешкілер Мыңдап өріп жүреді, жоқ та шығар ешбір жер Ондай адам аяғы жетпеген де, баспаған; Ит жүгірткен аңшы да тау мен тасты шарлаған Ол аралға бармаған, оған аяқ салмаған. 140. Топырағына, сірə да, соқа түсіп көрмеген, Табын-табын малдары еркін тауға өрлеген. Онда адам жоқ өйткені, қорқу-үрку білмеген. Жалғыз көзді дəулерің кемеден жоқ хабары Кеме жасай алатын өнері жоқ, амалы. 145. Егер ондай болғанда ел аралап, жер көріп, Теңіз кешіп кетер ед, нелер істі меңгеріп, Сонда мынау аралды гүлге бөлеп қояр ед Жалғыз көзді дəулерің, топырағы кұнарлы Не ексең де шығатын, болашақта көп əлек. 150. Беткей жағы теңіздің қалың шалғын жайқалған, Одан əрі бал құрақ жапырағынан май тамған, Сол араға, шіркін-ай, ексе жүзім ағашын,

Қара бидай ол дағы аспан жердің арасын Тірейтіндей өсер ед – əр көктемнен, əр таңнан. 155. Сонда сайлы бұғаз бар кеме тоқтап тұратын, Зəкір тастап жатпайсың, арқанды да ширатып, Қажеті жоқ байлардың қалтылдаған қайықты Ойламайсың қауіпті жел кетер деп құлатып Қашан жүзгіш өзі кеп жөнелткенше зулатып. 160. Ең басында бұғаздың атқылаған бұлақ бар, Суы сондай мөп-мөлдір, жағасында құла тал. Самал есіп үңгірден, сая берер жаныңа Кірдік осы бұғазға кемелермен қаз-қатар; Қараңғыда жол нұсқап, қолдап бізді аруақтар. 165. Өйткені арал тұлғасын көру мүмкін емес-ті; Тұмая қоршап алғанда кемелердің денесін, Биік аспан-көгінен ай түсірмей сəулесін, Қамап алған қалың бұлт оның аппақ сəлдесін, Көре алмадық солайша аралдың біз сүлдесін. 170. Тіке жарға шапшыған ұзын-ұзын толқынның Тек дыбысы болмаса, түнегінен ол түннің Көре алмадық оны да; тірелгенше кемеміз Келіп жардың басына; желкендерді жинап ап Ұйықтап кеттік қалжырап, жылынды да денеміз. 175. Таң атып, күн шыққанша ашық аспанға еркелеп, Кеттік кесіп содан соң жартастарға өрмелеп, Карап шықтық аралды ғажабына таңырқап, Кұдай Зевстің қыздары – қайырымды Нимфалар, Ешкілерді əкелді алдымызға кермелеп, 180. Асқар таудың басынан, азық еттік соны біз, Садақ, найза аңшылық босай қалса қолымыз, Кемелерден əкеп ап, қару-сайман жарақты,

Бөлініп ап үш топқа, бастап кеттік ойранды Құдай бізге олжа сап, үйдік азық-тамақты, 185. Он екі бірдей кемеге; Əрқайсында тоғыздан Ешкі тиді үлеске; Оны өзім бауыздап Сыбағама қалдырдым. Күні бойы дəмді ет жеп, Тəтті шарап іштік біз, өлеңдеттік, əндеттік, Бүкіл аралда өзіміз-өзімізбен жалғыз қап. 190. Кикондардың қаласын шапқан кезде баяғы Олжаланған бар еді кемеде алтын шарабы. Босап қалған ыдысқа соның бəрін толтырдық Ауылынан дəулердің түтін көріп отырдық, Дауыстарын естиміз дірілдеткен ауаны. 195. Қой, ешкісі маңырап, оларды да естідік, Күн еңкейіп бұл кезде, келді дереу кеш кіріп, Жарға соққан толқынның əлдиімен ұйықтадық, Атты жайнап Эос-таң, серіктерді жиып алып, Кеңес құрдым: «Жолдастар, сендер мұнда шеп құрып, 200. Күтіп жата тұрыңдар, азын-аулақ кісі алып, Мен барайын шолуға, неғылған ел, қай халық. Жайлайды екен бұл жерді, біліп қайтып оралам. Мінездері қандай жұрт, тентек ел ме есалаң, Əлде ел ме қайырымды. Көп құлшылық жасаған. 205. Болдым дағы соны айтып, міндім келіп кемеге, Достарымды шақырдым. Отырғызып кемеге, Арқандарды шешкіздім, бəрі отырып алған соң, Сəкілерге жайғасып, жөнелді есіп ескекті Көк толқынды сапырып, екпінінен ес кетті. 210. Жақындағы жағаға кемемізді тоқтатып, Көрдік үлкен үңгірді, көбіктерін көкке атып Жатқан толқын ұрғылап, бір жартастың түбінен Шырмауық шөп қоршаған əлгі үлкен үңгірден Бақсақ, іші толған мал, кім қамаған, кім кірген –

  1. Бізге жұмбақ о жағы. Одан əрі тұр қамал Шомбал тастан қалаған, ішінде оның қора бар, Биік терек, қарағай қоршап қойған қорған дəл. Сұмдық биік денесі тұрады екен бір еркек, Бағады екен тек өзі ешкі, қойды іріктеп, 220. Қатысы жоқ ешкіммен. Жабайы адам секілді Оған сот та, заң да жоқ – тұрған бойы – еркіндік. Түрімен де, бойымен алатындай зəреңді, Ұқсамайды адамға, осынау бір бəлеқор Мақұлық десе болғандай – заты, əйтеуір, еркіндік. 225. Пəндеге емес, ұқсайды таудың тағы шыңына, Тұла бойын түк басқан үндемес бір миғұла. Серіктерге айттым мен – қалыңдар деп жағада Алыстамай кемеден, көз айырмай қарауға Осынау бір пəледен. Өзім сосын жидым да 230. Он екі адам серікті нағыз батыр, сенімді ер, Меске шарап толтырдық, өзі түгіл демі – жел Ішсең қаның тасатын. Сыйлап еді бізге оны Марон атты данышпан – Аполлонның жолдасы, Еванфейдің баласы, сөз сөйлеуге ерінер. 235. Əулие атын сыйлап біз – кеше Исмарды шапқанда Əйелі мен баласын өлтірмек боп жатқанда Аман алып қалып ек, сыраға бал, сыйға сый Дегендей-ақ, риза боп, тарту етіп ол сонда. Аполлонның тоғайы – əлі есімде сондағы үй. 240. Сыйлап мені ерекше, жеті талант-құйма алтын Тазаның да тазасын тек шеберлер сомдайтын Берді маған жəне де соққан шара күмістен, Он екі ожау ішіне шарап құйды ғажайып Құдай сусыны секілді арманы жоқ бір ішкен, 245. Оның дəмін татқанның. Үйінде жүрген құлдар мен Күңдердің бірі білмейді оның қайда тұрғанын.

Тек өзі мен əйелі, сенімді кілтші болмаса, Бұл шарапты осынау сирек тəтті дəмі аса Рахаттанып кімде-кім ішемін деп ойласа – 250. Сүзіп, құйып шараға, жиырма тамшы су қосып, Ішеді оны шарадан оны құйған бір хоштық Иіс аңқып тұрады, сол иісті сезгенде-ақ Ішпей дəтің шыдамас, бар тəбетің қозғалмақ Сол шарапты біз меске толтырып ап, дəм-тамақ 255. Алдық тағы молынан, əлгі дəуге жөнелдік, Ашуы қатты долы жан, еш түрі жоқ көрерлік, Салт-жөніңді, əдепті танымайтын, білмейтін. Жақындадық үңгірге, бірақ өзі жоқ екен, Қой-ешкісін өргізіп жуық маңда жүр еркін. 260. Кең үңгірді аралап көріп шықтық сол тұрған, Көп ірімшік жағалай себеттерде тоқыған. Қамап қойған қозы-лақ – жас-жасымен бөлшектеп, Бер жағында олардың айран толы кеспектер Ақыл берді серіктер, осы арадан кетсек деп. 265. Айран менен ірімшік дереу бəрін жиып ап, Қозы-лақты қапшыққа төрт күйде түйіп ап, Кетейік те кемеге, əрі жүзіп қашайық, Десті олар, не керек, қырсық басым, көнбедім. Сол дəуіңді көзіммен мақсат еді көрмегім. 270. Бəлкім, бізді қонақ қып, сыйлық берер деп едім, Қуанышқа жазбады, оны менің көргенім. Ошағына от жағып, құрбан шалып отырдық, Анау-мынау тамақпен ішімізді толтырдық. Сосын күттік біз оның үйіне қайтып келгенін. 275. Бір кезде отын арқалап кешкі асына жағатын Келіп кірді ол, еденге дүрс еткізіп қап, затын Қойды дағы, қарады жан-жағына үңіліп,

Жаман қорқып қуысқа қалдық біздер тығылып, Тойған əбден от оттап қой, ешкісін үйіріп, 280. Кіргізді əкеп қораға, ұрғашысын бірыңғай, Еркектерін бірыңғай – саралады жұбындай. Саулықтарын кіргізіп, қошқар, теке – өзгесін Сырт қорада қалдырды. Есігінің ауызын Бітеу үшін тасты алып, дəл өзіндей дəу, ұзын 285. Көтерді кеп, ал енді үлкендігі соншама Жиырма екі арба көтермес қос алабы болса да Бейне таудың өзіндей. Бітеді үңгір есігін, Соныменен бастырып. Сосын қой мен ешкіні Саууға кеп кірісті, емшегіне қол сала. 290. Өзі сауып болған соң, қозы-лақты теліді Енесіне əкеліп, иіп тұрған желіні. Құйды сүтті кеспекке, айналсын деп іркітке Майлы ірімшік жасауға; Қалған сүтін құйды əкеп Бөлек-бөлек ыдысқа, не азанда, не түсте 295. Не кешкі астың алдында өзі ішуге қолайлап, Келгенінде жайылымнан сусап, шөлдеп, мал айдап. Жайғастырды шаруасын көңілі жай болғасын Лауылдатып от жақты, бізді көрді содан соң, Гүж ете қап, тіл қатты: «Ей, кезбелер, қайдансың? 300. Қаңғып келген кімсіңдер су жолымен мұншама? Нендей шаруа, нендей іс? Əлде əшейін жəйша ма? Ерсіл-қарсыл ерігіп, теңіз бетін шимайлап, Жансыңдар ма жүрген тек, ажалына бас байлап, Ел біткенді шулатып, арасына дау сала?!» – 305. Жан шошынар үнімен осылайша сөйледі, Көріп тұрып тажалдай бұл сұрапыл бейнені Мен де оған тіл қаттым: «Ахейліктер едік біз,

Жүзіп шыққан Тройдан; Жел қуалап кемені Тура жолдан адастық, Атамекен жердегі 310. Елімізге беттеп ек, ықтияры ғой Зевстің Бізді осылай сандалтқан, себебі бар əр істің. Агамемнон патшаның – Атридтің əскері Қызмет етер орнымыз; мекен еткен жер үстін, Жұмыр басты пенденің бəрінен артық қастері. 315. Даңқы кеткен ер еді ол. Ұлы шаһарды қиратып, Талай жауын жаусатқан бала-шағасын шулатып. Дізе бүгіп алдыңда, жалбарынып сұраймыз, Мекеніңе паналат жəне бізге сый тартып, Шығарып сал демекпіз, ескі салтпен мына біз,

  1. Қаңғып қалған жандарды қайрымыңнан айырма, Баспана бер біздерге, өтінішті қайырма. Аспандағы Кроннон – қонақжайлық құдайы Қаһарына кезікпе – ықыласыңды дайында. Мына біздей пақырға көзіңді сал ұдайы», – 325. Деуім менің мұң екен, кереметтей долданды Жалғыз көзді əлгі дəу, шамырқанды, шамданды: «Келген кезбе алыстан жансың өзің есуас, Құдайларыңнан мен сенің қорқады деп ойладың. Жалғыз көзді дəулерге оларыңның бəрі пəс. 330. Түспейді ешбір ісіміз Зевсіңе де, өзгеге; Нəсіліміз, сірə, артық қай уақыт, кезде де Оларыңның бəрінен. Жай ойнатқыш Зевстің Қаһарынан мен қорқып, кешірім қылам не үшін, Сендейлерге қаңғыбас əрі есуас кезбеге? 335. Не істесем де өз еркім, бəрі өзімнің ыңғайым, Енді айтыңдар, кəнекей, мен сендерден сұрайым, Кемелерің қайда тұр жүзіп келген бұл жерге? Алыс па, əлде жақын ба? Білгім кеп тұр осыны?» – Деді, өзі қу екен. Сұрағының тосыны.
  1. Қулығына қулық сөз дайындадым мен дағы: «Жер қозғағыш Посейдон – ашуының зардабы Кемемді менің қиратты, шалғай емес бұл жерден Жартасқа əкеп соқты да, сынықтарын күйреген Толқын айдап əкетті, ештеңесі қалмады. 345. Азын-аулақ адаммен өзім əрең құтылдым», – Дегенімде еш жауап айтпастан ол құтырды. Ашулы аңдай ар етіп, созып ұзын қолдарын, Серігімнің екеуін бір-ақ мытып, күшік құрлы Көрместен ол көтеріп алды дағы, тасқа ұрды. 350. Бас сүйектер быт-шыт боп, жерге миы шашылды. Екеуін де бөлшектеп, асындай-ақ асулы Отыра қап, сұмдық-ай, жей бастады мыжғылап. Бəрін түгел жеп қойды, сирағы мен басын да, Ішек-қарыны, бауырын тықты аузына жүз бұрап. 355. Мұндай сұмдық жауыздық куəсі болған біз бейбақ Жыладық сонда Диюға, қол жайдық та ойбайлап, Ақыл-естен айырылдық, миымызды мұң жайлап; Тойып алып адамның сүйегі мен етіне, Сүтін ішіп соңынан, ықылық атып кекіре 360. Адам жегіш жалмауыз, азын-аулақ есінеп, Қойларының ішіне жата кетті көсіліп. Осы кезде мен оған, жүрегім ғажап өшігіп, Тез жақындап келдім де, көкірегін тесуге Жалаң қылыш сермеуге енді қалған кезімде 365. Бір ой келді басыма, қалған кезде қол барып, Мына үңгірдің есігін ол болмаса, біз анық Ашуымыз қиын-ақ, əліміз жоқ қозғарлық, Жабылсақ та бəріміз. Олай болса – біз де өлдік. Не де болса ақ таңның атуына тез көндік.
  • * Түсті ымырт. Түсті шөпке Түнгі күміс қалың шық. Жол шетінде тұрмын жалғыз Тұрмын талға жабысып. Түседі үйдің төбесіне Айдың жалпақ сəулесі. Ту алыстан бұлбұл салған Бой балқытқан əн есті. Қандай жылы қыста пештің Отырғандай түбінде. Ақ қайыңдар ақ шырақтай Жарқырайды түнінде. Сонау жақта, арғы бетте Əлден шапшаң таң күтіп, Ұйқылы-ояу жүр күзетші Тоқылдағын жаңғыртып. «С.Есенин шыармалары» кітабынан 1967 жыл
  • *

Күп-күрең Шығыс, Күн туған мына шақ қандай! Қып-қызыл сумен Суарып бақша жатқандай. Қасқиған қайың қабықтан ыстық бу шығып, Көкпеңбек желін Енесін еміп тұр шыбық. * Қыс «əу» десе, қарағай – Үн қосады жағалай, Қою орман елтиді. Қалың қайғы жамылып, Алыс жұртқа сабылып, Бурыл бұлттар жөңкиді. Албар іші ақ құйын, Біреу қолмен ақырын Жібек төсеп жатқандай. Байғұс торғай титімдей, Бейне сорлы жетімдей, Шырылдайды дəт қалмай. Қайсар боран, қалың қар, Балапандар, балғындар Қалғиды мұздың үстінде, Қайран көктем күндерін, Сайран салып жүргенін Көреді ылғи түсінде.

ƏНГЕ ЕЛІКТЕУ Ат суардың ауыздығын алмастан, Ақ қайыңдар балтырыңа жармасқан. Терезеден тұрмын қарап, тұрмын мен, Сөйлесуге сəулем сендей құрбыммен. Ақ айдынның жағасында ерніңнен – Ауыртып бір сүйіп алсам дедім мен. Еліктіріп, езу тартып тұрдың да, Аттың басын асығыстау бұрдың да; Су шашып қап, кете бардың бұлдырап, Асыл жүген жездерімен сыңғырап. Алтын күндер шашағынан зер тоқып, Қайран уақыт шапшаңырақ кетті өтіп. Мен тағы да терезеге келгенде, Сені əкетіп бара жатты жерлеуге. Жоқтау, зарлау, қалың жиын кісіден, Қаралы шырақ, қазалы топ ішінен. Қайта көріп кескініңді сол күлген, Сол сыңғырды естігендей болдым мен.

  • * Жағасында өзеннің Қайық жамап мен жаттым. Сақинасын еркемнің Көк толқынға жоғалттым. Қайын енедей қатыбас, Келді қырсық қат-қабат. Қолдан түсті сақина, Болды ғайып махаббат. Таптырмады сол балдақ, Жыладым жер тепкілеп; Өзен етті сор-мазақ: «Еркең жатқа кетті!» – деп. Тоғай бармас болдым мен,– Əзілі ортаң ел қудың. Одан-дағы толқынмен, Кетуге ағып бел будым. ҒҰМЫРЫМ Ғұмырым менің тарылғандай құсадан, Қайда барсам қайғы торлап тұсаған. Рахат, қызық бəрі тарқап кеткендей, Байғұс жүрек жарыларға ұқсаған. Қалайынша қасірет қана сыбағам, Бұл қырсықтан қайтсем, қалай шыға алам? Əлден көрген михнат-сорым аз емес, Жүрек мықты осыншаға шыдаған.

Енді білдім алдамшы өмір сұмдығын, Өкінбеймін еткеніме шын бүгін. Ешкім ортақ болмаған соң қайғыңа, Қасіретіңнің ұға берсін кім құнын?! ӨТКЕН ҚАЙТЫП ҚАЙРЫЛМАС Қайта келмес енді сол бір самал түн, Еш көрінбес енді жарым сол алтын, Енді естілмес шын рахат сонау əн Бақ ішінде бұлбұл сайрап салатын. Айта алмадым «көктем түні етпе!» – деп, Айта алмадым «жарым тоқта, кетпе!» – деп, Күңгірт аспан күздің күні басталды, Үсті-үстіне қара жауын төпелеп. Зымырады қайран дəурен, қайран жас Шат-қызықтан жаның əсте айрылмас. Қан суынып, сезім салқын тартқанда Өкінсең де өткен қайтып қайрылмас. * Тəңірі сынамақ боп пенделерін, Ол жайлы білгісі кеп кім не дерін, Киімін қайыршының киіп алып, Аралап келе жатты ел көшемін. Тоғайдың алаңқылау жерінде сəл, Томардың омырылған түбінде осал,

Малжаңдап қатып қалған қабық шайнап, Қиқайып қызыл иек отырды шал. Тəңірі келді жақын, кескіні ызғар: Ойлады: «Қайыр қылар не түрі бар!» Деді шал: «Мə, мынаны тісіңе бас, Қаужаңдап, аз да болса бекініп ал!» «КЕСТЕ» Кесте тігіп отыр қыз, ерді еске алып, Кестесіне семсер мен крест салып, Жатыр майдан ерлері өліп қырда, Кеудесінде қып-қызыл гүлдер жанып. Нəзік жібек батырды тоқиды еппен, Қыз жүрегін бір кезде тұтқын еткен. Мерт болған ер, меңіреу ұйқы басқан, Қаны тамып қамысқа сіңіп кеткен. Бітті кесте. Шамның да майы азайып, Еңкейді ару, көзінің мұңы ұлғайып. Бір заматта солқылдап жылады қыз, Аппақ сүйрік саусағын түнге жайып. Бұлт тарқатып қайғылы қара шашты, Бұрымының ішінде Ай адасты. Терезенің түбінде аң жамылып, Аруақтай қыз отыр төгіп жасты.

  • * Айхай, Русь, айналайын, Қай бұл тұсың, қай маңайың, Қайда басың, қайда аяғың – Біле алмай мен таңқаламын. Бір құдайы мейманыңдай Соғам саған, көрем сені. Қолын бұлғап тұрады ыңғай Көк теректер көлеңкелі. Алма-баудың аңқып исі, Ақ шіркеулер күмбір қаққан. Сырнайлатып, тартып күйші, Жөнеледі-ау би бір жақтан. Жүгіремін қырды аралап, Жасыл шалғын қоршап мені, Сыңғыр-сыңғыр сырғалардай Қыз күлкісі қарсы ап мені. «Таста Русьті, жұмаққа бар!» – Десе маған əулиелерің, «Жұмағыңды өзің-ақ ал, Отанымды бер!» – дер едім.
  • * Қап-қара, тер сасыған қайран далам, Сен демеу, сені сүймеу қайда маған? Көкпеңбек көлге келсем кешкісалым Ұмытпан рахатын, əсте сəнін. Тұрады-ау қамыс қостар ұршықтай-ақ, Бүлкілдеп құрақ түбі тыншықпай-ақ. Қызыл от қазан астын қандатқандай, Астында аяғыңның Ай жатқандай. Шөпшілер қойып назар, ықласын Тыңдайды шалдың ескі хикаясын. Түбектен, əлде қайдан дауыс шығар, Əн айтып, маужыраған балықшылар. Қарасаң, қалайыдай көл үстін сен, Қайғылы əн, қасіретісің орыстың сен! БОЙЖЕТКЕН ƏНІ Сарафанның етегіне гүл бүрген, Қыдыруға қызыл көйлек кидім мен. Шақырыңдар гармонисті, қыздар, тез, Қоштасуға мендей қайран құрбыңмен. Күйеу байғұс қызғаншақ та ашушаң, Болар сұмдық бозбалаға көз салсам. Жетім құстай мұңданайын, жылайын, Тепші қатты, тепші биді, теп шапшаң!!!

Қыз дəуренмен ажырасу қандай дерт, Еркелейтін, еркіндейтін қалды əдет. Күйеу мені сыртқы есіктен шыға сап, Тексереді «қыз намысың бар ма» – деп. Айхай, қыздар, қалдым өлмей ұяттан, Жүрегіме содан былай мұз қатқан. Жақсы екен-ау одан дағы бақсыз боп, Бұл өмірді күйеусіз-ақ ұзатқан. * Мибатпақ айналам, Төбемде көк аспан. Сары орман жайнаған Күй шертіп сырласқан. Шымшықтар пəк үнін Орманға төккенде, Шалғышы дабыры – Шыршаға жеткендей. Шалғынмен шұбартып, Керуен өтеді. Иісі тұр аңқып Қураған жөкенің. Жел соғып кетеді, Шіліктер ұйып тұр... О, меңіреу мекенім! Отаным сүйікті...

  • * Қуаңшылық қуратты да алқапты, Арпа-бидай тартты ауыр зардапты. Дүғалық қып, жалбарынуға жас қыздар, Ұбап-шұбап кетті қаптап жан-жақты. Жиналды жұрт қоршап биік бір дөңді, Қақ жарғандай қайғы-мұңы кеудеңді. Көкке қарап күңіренді поптары: «Сақта құдай, ая тəңірім, пендеңді!» Ашылғандай аспан-көктің есігі – Айқайлаған поптың даусы естілді. «Ал, ағайын, тілегіңді айтып қал, Тəңірім нұрын төге гөрсін бізге сəл». Əнші құстар сайрап, тілеп əлінше, Үлестіріп поп садақа, сан мүше, Жерге түспей қарғалары қарқылдап, Болды бəрі бір жаңбырды шақырмақ. Тоғайдан сырт күн сəулесі толқындап, Бұлттар кешті алатайдай ол тулап. Бұталардың арасымен бұлдырлап, Өзен ағып жатты жайлап былдырлап. Бөріктерін аспанға атып мұжықтар Жалбарынар жасағанға айтып зар. «Егін байғұс шығып еді-ау шығуын, Қу аңызақ құртып кетті – не амал бар». Қара бұлттар – қара арғымақ секілді Кектің жазық жолында ойнап секірді, Жас жігіттер жаңғырта бір жар салып, «Жауын, жауын, жауа гөр!» – деп өтінді.
  • * Аспанның көк табағында Сарғыш бұлттар – сары бал. Бəрі ұйқыда, түн бабында, Ояу менмін – ойым зар. Бурыл орман бу жұтады, Бұлттың төсін сүзгілеп. Саусақ созып қыр жатады, «Есіркей гөр бізді!» – деп. Құтан судан құрт аулайды, Қанаттары қамшыдай. Жалғыз жұлдыз жылтырайды, Көкте қалған тамшыдай. Сол жұлдыз боп, не нажағай, Орманды отқа жақсам мен. Сəуле болып қызыл арай Қыдырсам бір аспанмен. ТІЛЕНШІ ҚЫЗ Терезенің дəл алдында бір қыз бала тұр жылап, Үй ішінен естіледі тəтті күлкі сыңғырлап. Күзгі суық ызғырық жел ышқынып дым бүркеді, Дір-дір етіп жылап тұрып көз жасын қыз сүртеді. Жəбірленіп, жапа шегіп көздің жасын бұлап тұр, Зар еңіреп, қайыр тілеп, бір тілім нан сұрап тұр. Шадыман жұрт шат күлкісі шайқалтып тұр сол үйді, Естіртетін емес мүлде жылағанын сəбидің.
  • Тағы да келіп тұрмын жұрт, ұяма, Жан тоймас, жарықтық жер құпияңа. Жап-жарық ымырттарың сонау қырдан Қолдарын созғандай-ақ маған жылдам. Бұлтты күн бұйра шашы желкілдеген Көшеді булы жердің бетіменен. Қою кеш сол баяғы, сол мұңменен Жанымды əлі менің əлдилеген. Басынан күміс күмбез шіркеулердің Көлеңке құлағанын көп көргенмін. Бір кезде асыр салған құрдас-құрбым, Мен бүгін орыныңды сипап тұрмын! Келмеске кетті жылдар, болып ұмыт. Сендер де болдың ұмыт қыз бен жігіт. Тек қана баяғыша сумен сылдыр Қанаты диірменнің қағар бұлдыр. Кеш болып айналаға түскен де ымырт – Мен басқан шіліктердің басы сынып, Еңкейіп есіл жерге мұң шағамын Оңаша өткенді ойлап, жасым сығып. Жерідім, жерсінбедім өлкемді мен Бір кезде туып-өсіп, өркендеген. Ойым бар жаман үйді жатқа тастап, Ел кезбе ұры болып көрсем деген.

Сұр тұман, сұрғылт кеште жолға шығып Жүрсем мен қоналқа іздеп аласұрып. Досым да қонышына пышақ жанып, Алуға тұрар əзір маған сұғып. Көрінсе көктем кезі жол сағадан Басатын мен де дəрмен, болса қадам, Жарымды жан деп сүйген барсам іздеп, Бостырып, ол да қуар босағадан. Сол кезде қайта үйіме жөнелермін, Рахатқа біреу көрген кенелермін. Жеңімді жыртып сонда есіп алып, Асылып жасыл кеште мен өлермін. Құрметі болмас, сірə, бұл өліктің, Жылайды қаңғыбасқа күңіреніп кім? Денемді жуылмаған көмер олар Шаңқылдақ дауысымен үрген иттің. Ай жүзер баяғыша көл бетімен, Мəз ғылып төңіректі келбетімен. Русь та жасай берер баяғыша Жылап ап, би билейтін əдетімен. * Қыр кезіп, қызыл шілік ішін қулап, Қыдырған күндер қайда аунап-қунап! Сұлыдай сусылдаған сұлу шашың Көңілімнен көрген түстей көшті зулап. Əдемі ең, əсем едің бүлдіршіндей, Батысқа байып батқан күн түсіндей, Қан күрең сəуле ойнаған алма бетте, Ақ тəнің қардан соққан бір мүсіндей. Танадай көз моншағың тайып нұрдан, Есімнен енді есімің ғайып болған. Алайда ақ шəлінің бүктеуінде

Бал исі бармағыңның қалып қойған. Таң мезгіл, маңай жым-жырт, тыныш сəтте, Келеді құлағыма дыбыс тəтті. Сені айтып су перісі жыр жырласа, Жабысып жаным содан тыныс тапты. Көкшіл кеш сыбырлай бер маған арнай, Ол шіркін қыз еді деп əн-армандай. Қай сиқыр қиялынан тудың рас, Кермиық, кербез мұнша жаралғандай?! Қыр кезіп, қызыл шілік ішін қулап, Қыдырған күндер қайда аунап-қунап. Сұлыдай сусылдаған сұлу шашың Көңілімнен көрген түстей көшті зулап. ИТ ТУРАЛЫ ЖЫР Туған жерде күзгі ерте Қара бидай дəн пісіп. Тапты қаншық таң ертең Жеті бірдей сар күшік. Кешке дейін күшігін Жатты жалап қорғалап. Қызуына ішінің Қардың суы сорғалап. Кеш болған соң, нақ сыртқа Шықты иесі, ол енді, Жетеуін де қапшыққа Салып алып жөнелді. Еріп бұл да жүгірді Тоқтамастан тыным ап...

Көпке дейін жылымның Беті жатты шымырлап. Əрең-əрең басты алға, Қайтар жолда жүгірмей. Көрінді Ай аспанда Күшігінің біріндей. Көзі көкке асылып, Қарай-қарай төрт болды. Тұра тұрмай асығып, Ай да жым-жырт жоқ болды. Еткендей жұрт ақымақ, Нан орнына тас беріп, Иттің көзі жарқырап Қар үстіне түсті еріп. ТАБЫН Шелектей танаулардан шеңбірек атып, Жүйткиді жануарлар желмен аңқып. Кісінеп шыға келіп көк иықтан Жалдары төңкеріліп, кері зытқан. Суатқа ағып келіп бас қойғанда, Жондары жуан тартар астаудан да. Су жұтар сүгірет бас қалт-қалт етіп, Ай аунап, күміс жүген жалт-жалт етіп. Өзі үркіп өзі түсірген көлеңкеден Қағады қамыс құлақ елең-селең.

Күн ойнап,

жарғақ құлақ сəулеленіп, Масадан күндіз безбей, көңілденіп. Кешкісін көк шалғында маза қашып, Шыбындап, құлақтарын əзер қасып. Тұяқтан күндізгідей сыңғыр ұшпай, Тек қана маса қаққан бір дыбыстай. Тек қана толқын ойнап жұлдыз қауып, Су бетін күлдей шыбын кетер жауып. Сөніп күн, сөніп дыбыс көк орайда, Бақташы сырнайлатар əлдеқайда. Тыңдайды қалың табын сонда елеріп, Қасқиып, маңдайларын желге беріп. Сүйетін күн, түніңді балаң менмін, Туған ел, осы жырды саған бердім. * Құпия тылсым қоршаған Анау бір жақта дала бар. Мейманмын мен де, жер, саған, Мезгілсіз келіп мазалар. Қайтейін орман, қырыңды Қанаттыларды көргем мен. Ғасырың менен жылыңды Зымырап өткен күн көмген. Тағдырым жоқ сенімен, Менімен сен де туыспа,

Жаңа жол ашып жөнелем Батыстан бастап шығысқа. Келе сап жарық дүниеге Қараңғы болған баспанам. Сондықтан ертең жүрерде Ешкімге мұра тастаман. Алайда сенің бір маған Жарығың үшін көрсеткен, Сонау бір биік шұғыладан, Нажағай қалғып, нұр сепкен. Жағармын ғажап қос шырақ Көрінер көктен қос айдай. Тұрар ол мəңгі жарқырап Көкірегіңнен көз алмай. * Оятшы ерте мені, сабырлы анам, Кезімде қатты ұйықтап дамылдаған. Жалғанда бір қызық қой, жолға шығып Қадірлі мейманыңды қабылдаған. Мен бүгін арасынан көк алаптың Арбиған ізін көрдім доңғалақтың, Шайқалса алтын доға ақ самалға, Ойнайды үстінде оның жорғалап күн. Өтеді ол ертең зулап осы арадан, Өтерде ай-қалпағын басады əмəн. Алаптан қызыл құйрық шаншып тастап Арынды асау бие асады əрмəн. Оятшы ерте мені, анам алтын, Бөлменің шамын жақшы таңға жақын.

Ұзамай боласың деп жұрт айтады Орыста аты шулы ғажап ақын. Жырлармын сонда сені жазып дастан, Пешіңді, тауығыңды қалдырмастан. Ақ сүті арнап сауған сиырыңның Құйылар өлеңіме сарқылмастан. * Батар күннің өшіп қызыл қанаты, Мүлгіп шарбақ тұр тұманның ішінде. Жабықпа сен, үйім, жанның панасы, Тағы жалғыз қалдық-ау деп күрсінбе. Төбедегі судырлаған қамысқа, Ай тұр сүртіп көкшіл жиек мүйізін. Мен шығарып салмай қалдым алысқа, Ол сапарға жалғыз кетті жолы ұзын. Білем, жылдар қам көңілді жұбатар, Сол жылдардай дерт айығып, тыншығар. Пəк жаны мен тəтті ерінін ол сақтар, Сақтар дағы жат адамға ұсынар. Əлсіз адам көрінгеннен бақ сұрар, Мықты кісі күшке сенер жалықпай. Ол жат адам жаныштар да лақтырар – Жеге-жеге тер шіріткен қамыттай. Деме маған: тосқаның тек сол тағдыр, Өшпендікті көп ойлаудан не қиын, Соғар біздің мекен-жайға тағы бір Жылытуға қойнындағы сəбиін. Шешер тонын, шешер тағы шəлісін, От басына менімен бір мекендеп. Еркелер де, айтар маған таныс үн: – Менің балам саған тартқан екен, – деп.

  • Ойнар ма жасын бекерге, Бекер жел есіп өтер ме? Əлдекім ғайып арайын Жаныма құйған екен де. Елжіреп содан кей шақта, Көгілдір мұнар, бейуақта Аңсадым шалғай жат жерді Бар-ау деп жəннат сол жақта. Не тəйірі, міз бақпастан, Мүлгіген жұлдыз, түнгі аспан, Бұл дүниені һəм бақиды Хош алған жанмын əу бастан. Бəрін де киелі деп білем, Күдіктенсем де тіпті мен. Құлады көлдің төсіне Шапағы таңның күп-күрең. Егінді кешіп, жон асқам Тың теңеу тілге орасқан: Жалап тұр қызыл бұзауын Əлгіде туған көк аспан. Кеттім үйімді ұмытып, Көкшіл Русь аймағын. Тұр аққайың жылытып, Қайғылы анам ойларын.

Ай тұнық су бетінде – Кескіні алтын бақаның. Алма бүршік секілді, Ақ шалды əкем сақалын. Оралман тез, оралман! Айтсын зарлап боран əн. Тұр күзетіп Русьті Қарт үйеңкі бір күшті. Жапырағының нəрін мың Бақытты ғой жұтса адам. Сондықтан сол кəрінің Басыма басы ұқсаған. * Мынау көше таныс маған, Мынау тапал үй-жайым. Бүркеп кеткен қамыс-салам Терезелер маңдайын. Өтті құйын жылдар ауыр Тартып аза күйлерін. Еске түсті қайран ауыл, Қайран сəби күндерім. Атақ аңсап қаңғыман көп, Атақ іздер бар ма күй! Көзім жұмсам – алдыма кеп Тұрады ылғи туған үй. Көрем – əне көк жасыл бақ, Арша албар ішінде.

Салады асыр құстар шулап Үйеңкілер үстінде. Сүйем осы үйімді ағаш, Бөренесін кірлеген. Жаңбырлы түн, үнмен оғаш Пеш өңеші гулеген. Бірде зарлап, еңкілдеген Жоқтағандай өлікті. Кірпіш түйе секілденген Осынау пеш нені ұқты! Көре ме əлде түйе болып Түсінде алыс елдерін. Ауғанстан кешіп жорық, Бұхар тартып келгенін! Шіркін, алыс сол елдерге Түсті маған жол бір шақ. Аттың басын туған жерге Енді бұрар болды шақ. Бірақ ерке өтті уағым, Қайтып сəби болмас күй. Қош, даланың көк құрағы, Қош, туған үй – ағаш үй!

ПУШКИНГЕ Орыстың туа қалған бір бағына Қиялым қызыққандай бұл дарынға, Өзіммен өзім болып, сөйлеп іштен Твердің тұрмын мына бульварында. Ақ шабдар аңғарамын келбетіңді, Аңыз ғып əсерлеген ел бетіңді. Болыпсың, Александр, сен де делқұл, Бүгінгі бір хулиган мен секілді. Бірақ ол еріккен жас, алтын дəурен, Кемімес одан сенің асыл сəулең. Даңқтың мыс-жезіне оранып ап Басыңды сілкесің сен асау сəнмен. Мен тұрмын, əулиемдей қарап əрең, Əлімше жауап беру саған дəмем. Маған да дəл осындай тағдыр берсе, Бақыттан өлер едім табанда мен. Алайда, жүрген басым қуғындалып, Сайрармын ұзақ-ұзақ күнім бағып, Менің де қайран жырым, бір алаңда Мыс болып тұру үшін сыңғыр қағып. * Алтын тоғай жырын жырлап тынды бар, Сыңғырлайтын, сиқырлайтын үні жоқ. Бара жатыр ұшып мұңды тырналар Енді аяйтын, жан қимайтын түгі жоқ.

Кімді қимай, кімді аяудың жөні бар! Бəрінің де келер, кетер жолы бар; Бəрі мейман бұл дүниеге, жерде шөп, Аспандағы ай да айтқызбай соны ұғар. Айдалада тұрмын жалғыз мұнда мен, Тырналарды қуады алыс жел айдап. Жас күнімді есіме алып тұрғанмен, Өткен іске өкінбеймін мен ойлап. Жылдарды да жоқтамаймын босқа өткен, Жанымның да іздемеймін гүл шағын. Бақ ішінде жанса да алау жас өртпен Ешкімнің ол қыздыра алмас құшағын. Өзі қызыл жеміс күйер демеңдер. Сарғайғаны – өлгені емес шөптің де. Жапырағын жайлап үзген емендей, Мен де жайлап шертем мұңлы дертімді. Уақыт бір күн жел жапырақ үрлеген Үйер болса, керексіз деп егер шын. Алтын тоғай аяулы бір үнменен Асыл əнін айтып тынды дегейсің. ПАРСЫ САЗДАРЫ * Жазылды жара, көне дерт – Жүректі мастық у жеген. Жатырмын шаймен мен емдеп, Тегеран текті гүлменен.

Даяшы жылмаң жүр мына Орысты бейне таң қылып, Арақ пен шарап орнына Қан күрең шайға қандырып. Сыйлай бер, қожам, ерге сын, Бағыңда гүлдер көп неден! Қайырып қара пердесін Қараған көзді «тек» – демен. Ресейде де өсірген Қыздарды итше байламай. Сүюді тегін үйренген Қызғанып қанжар қайрамай. Ойпыр-ау, мына сылқым-сал, Бұраң бел, көзі танаға, Хорасан салы орамал, Ширазы кілем садаға! Құйшы бір тағы, маздайын, Айтпаймын əсте мен жалған. Өз басым үшін сөз дайын, Сен үшін жауап бере алман. Есікті бақтың сен несін, Өзге де қақпа таныс бар. Қайырып қара пердесін Қараған көзде мəніс бар. 1924 – 1925

  • Ақша айырбас жасайтұғын адамға Ағалап кеп мен жалындым бүгінде: – Қалай айтам хаса сұлу Лалаға «Сүйем» деген сөзді парсы тілінде! Ақша айырбас жасайтын бір адамға Арнап келіп, бүгін тағы жалындым: – Жеткізеді хаса сұлу Лалаға «Сүйіс» деген тəтті сөздің мəнін кім? – Айтшы, – дедім оған тағы, – жан аға, Қалмай қойды жүрегімде түк шыдам. Қалай ғана хаса сұлу Лалаға «Менікісің» деген сөзді ұқтырам! Айтты делдал сонда мені түсініп: – Махаббат та тілсіз болар бақыттай, Тек ол жайлы іштен ғана күрсініп, Жанар болар екі көзің жақұттай. Сүйіс деген – білмейді ат, есімді, Таңба да емес табытқа əкеп тағатын. Сүйіс деген – гүлдің лебі секілді Ерініңде рахат исі қалатын. Махаббатқа болмас ешкім кінə артар, Азабы да, бақыты да – ерге сын. «Менікісің» деген сөзді қол айтар Аша білген қыз бетінің пердесін. Шаганэ, жаным, Шаганэ, Терістік сонау дала əне, Астында айдың толқыған Теңіздей бидай, қара, əне, Шаганэ, жаным, Шаганэ. Сол жақта тудым, содан ба Жүз есе үлкен Ай онда.

Сұлу ғой Шираз, алайда Рязань қайда, ол қайда! Сол жақта тудым,

содан ба! Даламды жырлап берем шын Алтындай шашым бидайдан Айнымай қалған дегейсің, Саусағыңды орап, ойна əбдəн Ауырды десем не дерсің, Даламды айтып берем шын. Шашымды көр де, есіңе ал Айлы түн, алтын бидайды. Əзілде, ойна, өшіңді ал, Ойыма салма, қинайды Айлы түн, алтын бидайды. Шаганэ, қалқам, Шаганэ, Айнымай қалған дəл сенен. Солтүстік жақта бір қыз бар, Шақырды мені ол əне, Шаганэ, қалқам, Шаганэ. 1924 – 1925 * Дедің-ау маған – Сағади сабаз Сүюші ед қыздың төсінен ғана. Сабыр ет, қалқам, сабыр ет сен аз, Салғаның осы есіме жаңа. Дедің-ау маған, сірə, заңнан Құранда жазған айныман, айнам.

Болған соң өзім Рязаннан Ол сөздің мəнін ұғайын қайдан. Шырқадың маған: «Ефрат жақта Гүлдер бар артық періштеден!» Болса егер менде байлық та, бақ та, Ол əннің сөзін теріс дер ем. Ол гүлдер бəрін жояр ма түгел – Қызығым жалғыз көзіме басқан. Жалғанда сұлу болмасын біреу Шаганэ, қалқам, өзіңнен асқан. Қинама мені əдетпен, заңмен Заң жоқ қой мен де,

заңға мен олақ. Ақын боп тудым, ақындық жанмен Сүйемін сені, білерім сол-ақ! 1924 – 1925 * Болғам жоқ əсте Босфорда, Сұрама менен ол жағын. Көзіңнен теңіз асқан ба, Көзіңде сенің көк жалын. Керуен тартып Бағдаттан Керемет жібек алғам жоқ. Тізеңді сенің құшақтап, Демалып жатсам арман жоқ. Сонау бір шалғай Ресейде Мен керемет ірі ақын –

Осыны ұқшы десем де, Жайың жоқ сенің ұғатын. Естимін елден əр дыбыс – Ай астында үрген ит. Айтшы, өлкемді, фарсы қыз, Қайтпаймысың бір көріп! Ерігіп мұнда келгем жоқ, Еріксіз өзің арбаған. Аққу білек еркем боп, Қанат бердің самғаған. Тыныштық табу – бар қалпым, Берілмей ескі уайымға, Айтшы маған, ақ жарқын Асыл өлкең жайында! Əлдилеші жанымды, Жолықтыр қызық сəтке сен, Солтүстік сонау аруды «Сағынбай, аз күн жат» десең. Болмасам да Босфорда, Болғандай-ақ болжармын. Көзіңнен теңіз асқан ба, Көзіңде сенің көк жалын. 1924 – 1925

  • * Кеші ғажап нұрлы мынау өлкенің, Гүлдер үнсіз жарысқандай даламен. Шырқашы əнге, шырқа сұлу еркем бір Қайда һаям айтып кеткен сол əуен, Гүлдер үнсіз жарысқандай даламен. Бар Ширазды ай сəулесі орап ап, Көбелектей көктен жұлдыз тамшылар. Қыздары мен келіншегін фарсылар Перде астында ұстайтыны обал-ақ, Бар Ширазды ай сəулесі орап ап. Əлде сонау мыс тəрізді денесін Күн балқытып жіберген бе күйдіріп! Дей ме əлде жүзіме күн тимесін Қою үшін ынтықтырып, сүйдіріп, Бүркей ме екен мыс тəрізді денесін! Асыл сəулем, пердеге үйір болмай бақ, Осы азғантай ақылымнан бас тартпа. Онсыз-дағы мына ғұмыр шоп-шолақ, Үлгірмейсің бақытыңды бастап та, Осы азғантай ақылымнан бас тартпа. Ажарсыздық – ол да бұйрық тағдырдан Жүреді олар сенің бағыңды асырып. Бар əлемнің жанарының алдынан Əсем бетті қою күнə жасырып, Жаратылыс жаратқан соң асыл ғып. Гүлдер үнсіз жарысқандай даламен Шықпас түстен сонау туған ел деген. Мен шырқайын, менде де бір бар əуен Омар Һаям өмірі айтып көрмеген, Гүлдер үнсіз тербеледі желменен. 1924 – 1925
  • Дүние шіркін жап-жарық, Орманға кірем мен барып, Көк жиекке беттейсің, Жолаушым, шөлге жетпейсің, Дүние шіркін жап-жарық. Жасыл бақты бойлайсың, Жастық шақты ойлайсың, Жата қалып бет жусақ, Жағалай гүл, көк жусан, Жасыл бақты бойлайсың. Тыңдайсың үн қозғалмай, Сағади жазған саздардай. Əсемдік өрнек əйгілі Көзіңе түсер ай нұры, Сағади жазған саздардай. Перизаттың үндері Сыбызғының тілдері, Қатты қысқан құшақта – Дыбыс болмас бұ шақта, – Сыбызғының тілдері. Осы ғой рахат аңсаған, Жолаушыға шаршаған. Жұпарын жұмсақ желдің мен Жұтамын жұқа ерніммен, Осы ғой рахат аңсаған. 1924 – 1925 Сəулесі айқын бейнесі алтын айдың да, Жұпар сепкен жаннат мекен жай мұнда. Тыныштыққа еркелейсің, кезесің Көңіл риза көк өлкенің қойнында.

Шаһразада əнін шырқап тауысқан, Сонау Бағдат бұлдырайды алыстан. Ол сабаздың енді кəзір үні өшті, Ол жайлаған бақтың-дағы бағы ұшқан. Алыс мекен, ескі тұрақ елес боп, Қалған өшіп молалардай дөңес боп. Уа, жолаушы, тас қабырға табынба, Өлгендерге керегі жоқ əуес боп. Төңірекке қара-дағы, сүйсін көп, Гүлдер тұр ғой: «ерніңді əкел, сүй-сүй!» – деп. Жаумен-дағы шын жүрекпен татулас, – Ол да сонда қадіріңді түсінбек. Сапырып өт дəурен баста тұрғанда, Сұлудан да, сұңқардан да құр қалма, Өліктерге исең басыңды өзің и, Өзгелерді ол кəсіппен былғама. Айтпас мұны Шаһразада бекер, –

деп, Гүлдер соны растайды еркелеп. Бұл дүниеден еш мұқтажы жоқ жанды Аяу керек шын мүсəпір екен деп. 1924 – 1925 * Көкпеңбек ғажап елі Фирдоусидің, Сенемін, сенің мəңгі жадыңдамын. Ұмытпа бұл орыстың берген сыйын, Жайдары жанары мен жалын жанын, Көкпеңбек ғажап елі Фирдоусидің. Жақсысың, уа Персия, білемін мен, Гүлдерің шамшырақтай жанады-ау бір. Алыс ел ашық, жарқын күндеріңмен Қайта кеп түседі еске қайран дəуір,

Жақсысың, уа Персия, білемін мен. Жұтамын жұпарыңды ақырғы рет Құнығып, мас сусындай мауқым басып. Азабын айрылудың тартып жүрек, Сенің де, қайран Шаға, арыздасып, Даусыңды естимін мен ақырғы рет. Бірақ мен əсте сені ұмытпаспын, Жүрсем де жаһан кезіп, күн-түн қатып, Бəріне жат пен жақын, туыстастың Өтермін есіміңді тынбай айтып, Уа сені, əсте сені ұмытпаспын! Қайғыңнан қорықпаймын, о, несі бар. Кездессе кесір сағат, саған тар күн, Қалдырдым Русь жайлы əн естіп ал, Айт-тағы соны, əмəн мені есіңе ал, Сонда мен өлең болып үн қатармын. 1924 – 1925 * Хорассанда бар-ау шіркін қақпалар, Босағасын гүлге бөлеп тастаған. Тұрады онда кіл перизат, қалқалар. Хорассанда бар-ау шіркін қақпалар, Əттең өзім соның бірін ашпағам. Бар қолымда бірсыпыра қайратым, Шашымның да алтын, жезі мол мүлдем. Перизаттың даусы жанға майда тым, Болса-дағы қолда біраз қайратым Сол есікті бір аша алмай қойдым мен. Кімге қажет менің сонша ерлігім, Кімге қарап əн шырқаймын мен бүгін, Егер Шаға қызғануын ұмытса, Егер есік аша алмасам мен бүгін, Кімге қажет махаббатым, ерлігім!

Мезгіл жетті оралатын Русьқа, Уа, Персия! Сені тастап кетем бе! Бұл айрылу – мəңгі кету дұрыс па! Жаным ғашық болғандықтан өлкеме, Мезгіл жетті оралатын Русьқа! Қош болып тұр, уа перизат, бол есен, Есігіңді аша алмастан барамын. Бердің маған бір қасірет сен əсем, Елімде айтып жүретұғын сол əнім, Қош болып тұр, уа перизат, бол есен! 1924 – 1925 * «Ақын болу не?» деген бір бар сұрау, Шындықты егер болса міндет жасырмау Өз жаныңнан үңгіп, сарқып, нəр алып, Өзгелердің жан-жүрегін асырау. Ақын болу – үлестіру, жолдасым, Табиғаттың артық берген олжасын. Бұлбұл сайрар – бұлбұл тозып, мұқамас, Айтатыны бір-ақ өлең болғасын. Дауысы ұрлық қолға ұстаған көп құстың, Байғұс жердің жаңғыртады текке үстін. Дүниеге керек сенің өз үнің, Тым болмаса бақа ғұрлы жоқпысың! Ішімдікті құранға əкеп байлаған Ол Мұхаммед жаман қулық ойлаған. Ал бəрібір азап-бейнет шегер де Ақын шарап сіміруін қоймаған. Сүйген жарын келген аңсап, арнап тік, Төсегінде жатса біреу аунатып. Байғұс ақын ақтан жаны жаралған Бəтшағарға пышақ салмас ол батып.

Сөйтсе-дағы қанда қайнап қызғаныш Айтар бір сөз, кетер сосын түзге алыс: «Азар болса қаңғыбас боп өлермін, Ол да пəнде маңдайына жазған іс». 1924 – 1925 * Қалқам қолы – қанат қаққан қос Аққу Алтын шашым айдынына сүңгіген. Махаббатты адам жырлап, қанша айтты, Соның бəрін қайталаған, бұл білген. Мен де бір кез айтып едім жыр біліп, Кəзірде де шырқарым сол мың балқып. Өн бойына сүйкім, назды сіміріп, Сол сөз бүгін тұр кеудемнен үн қатып. Егер жанды сарқып сүйер болсашы, Жүрек кесек алтын болып қалатын. Тегеранның ай сəулесі онша тым Жаздырмайды қайран əннің қанатын. Не істерімді тағы білмей дағдардым, – Өткен күнді ойлауда құн бар қанша! Қалсам ба екен құшағында Шағаның Қашан жаным жанып бітіп болғанша! Бірі құлақ, бірі көзге ұнасар – Əр нəрсенің өзіне тəн күй жазған. Егер парсы əнді жаман шығарса, Онда оның тумағаны Шираздан. Ал мен үшін осы əнге де шүкір ет, Жұрт көзіне жария етіп, жасап шу: – Бұдан көркем, бұдан да əсем шырқар ед, Əттең, оны құртты ғой, – деп, – қос Аққу. 1924 – 1925

  • Хорассанның гүл бағына дуалсыз, Түседі екен ай сəулесі неге əлсіз! Жүргендеймін даласында орыстың Аспан асты аяқ бассаң тұман, сыз! Деп сұрадым мен, аяулы Лалажан, Кипаристен түнге үнсіз қараған. Бірақ олар маған жауап қатқан жоқ, Тұрды күйі бұлтпен басын ораған. Ай сəулесі неге мұнша түнерген! – Деп сұрадым тоғайдағы гүлдерден. Олар айтты: «Райхан гүлдің бақтағы Біледі оны жапырағы күңіренген! Райхан сонда маған достық ойлап-ақ, Шертті сырлы құпиясын жай ғана-ақ. «Шаганэң сенің жаттың жанын қуантып, Шаганэң сенің жатты жатыр аймалап. Деді ол: «Орыс байқамайтын жөні бар Жүректе əн. Əнде тəн мен өмір бар». Сол себепті ай сəулесі азайып, Сол себепті ай тұтылып, қорынар. Көрген ай ғой опасыздың талайын Көздің жасын, көргенсіздің сазайын. .............................................................. Сөйтсе-дағы пəнде сүймей қоя алмас Қызғылт түн мен қызғылықты жаз айын! 1924 – 1925 Есуас жүрек соқпа енді Бақыт бізді алдаған. Ештемесі жоқ пенде Есіңе ал деп жалбарған, Есуас жүрек соқпа енді!

Сап-сары салқын сəулесін Ай себелеп тұр төмен. Лаланың жібек пердесін Бетіме мен де бүркенем. Есуас жүрек соқпа енді! Кейде бір жансыз баладай Əп-сəтте күліп, жылаймыз. Қуаныш, қайғы жағалай Бəрін де баспен сынаймыз. Есуас жүрек соқпа енді! Алуан талай ел көріп, Іздедік бақыт қалыңнан. Қалсам да қаусап енді өліп Сыбағамды іздеп сабылман, Есуас жүрек соқпа енді! Кеткен жоқ өмір мүлде алдап, Жаңа күш бойға жинамақ. Жүрегім, енді сен аздап Дізесінде қалқаның, Жатпайсың ба демалып! Кеткен жоқ өмір мүлде алдап. Бəлкім, толқын бұл тағдыр Тастамас құр бос, бізді жай, Махаббат сыйлап тағы бір Сайратар, бəлкім, бұлбұлдай. Есуас жүрек соқпа енді! 1924 – 1925

  • Торғайлардың дауысы Бейне теңіз шуындай. Аппақ сүттей жер үсті, Болмас жарық түн мұндай. Жан-жақ толы тегіс үн Бейне теңіз шуындай, Болмас жарық түн мұндай. Шіркін айдың жарығы, Сол жарықта суға түс. Болмас жанның дамылы Бұл ауада көкшіл түс. Шіркін айдың жарығы, Сол жарықта суға түс. Сəулем сен бе! Сенбісің! Ернің тəтті мен үшін. Осы ерніңнен тұр қарап Рахат-өмір сорғалап. Сəулем сен бе! Кім, кəне! Сыбырлаған гүл ме əлде! Өзім білмен, не тостым, Бір сыбызғы үн қосты. Əлде алыстан, жақыннан Қай аршын төс шақырған! Салқын кеште шалқып əн, Сыбызғы оған үн қосты, Өзім білмен, не тостым! 1924 – 1925 Көкпеңбек көңілді өлке, сағым белім, Жыр десе құрбандық қой жаным менің. Ақ самал ақырын соқ, естимісің,

Шақырып жатыр бұлбұл гүл еркесін! Ол үнге майысады гүл еркелеп, Ол əнге елтіп тыңдар жүрек керек. Ақ самал ақырын соқ, естимісің, Шақырып жатыр бұлбұл гүл еркесін! Несіне мен таласып, егес етем, Дəл сондай өзім де ақын емес пе екем! Ақ самал ақырын соқ, естимісің, Шақырар бұлбұл жайлап ескі досын! Қымбатты Ғалияжан, кешір маған, Гүл көп қой көз ұрлаған, ес ұрлаған. Гүл көп қой иілетін, бүгілетін, Біріне-ақ соның жаның жүгінетін. Жақсы дос, қуанайық сен де, мен де, Осындай сүйікті елге, көркем елге. Ақ самал ақырын соқ, естимісің, Шақырып жатыр бұлбұл ескі досын! Көкпеңбек кеңілді өлке, сағым белім, Жыр десе құрбан ғұмыр, барым менің. Шын құмар Ғалияға ұқсап маған, Шіркін-ай бұлбұл гүлді құшақтаған. 1924 – 1925 * Таң ғашығын шақырғыштап, Түтіндейді сар дала. Кəрі шешем, осы бір шақ Ойлайтыным сен ғана. Сол баяғы бір таяғың, Шығасың да сар жонға, Қарайсың сен көл аяғы – Айдан түскен ақ жолға.

Қарайсың да, жас аласың, Өзіңді өзің іштен жеп. Ұлым, туған босағасын Шығарды ғой естен, – деп. Аралапсың қабір басын, Тұлабойың батқан шер. Менің іні-қарындасым, Бауырларым жатқан жер. Өткір болып өссек те өңшең Қыздар көркем майдай боп. Енді бекер жас төкпе сен, Өкінгеннен пайда жоқ, Жетер енді! Жыламаш тағы, Болмас өмір көп қонақ. Ағаш екеш, ағаш тағы Жапырағын жоқтамақ. Таңғы көктем күмбірінше, Қуаныш сирек, не етейін, Бұтағымда шірігенше, Желге-ақ қурап кетейін. * Əлі сөзбен айтылмаған, əрі жасыл, əрі əсем, Жауыннан соң, дауылдан соң өлкеме бір қара, сен, Дəл сондай-ақ жаным менің дархан дала, кең жазық, Гүл иіскеп, бал жаласып отыратын бел жазып. Қайтты қайрат. Жеңді жылдар, өз дегенін істеді, Ол күнімді қарғамаймын, таланға сол түскені.

Бейне құйын, тұяғы жел үш ат жеккен күймедей, Өте шықты-ау өмір шіркін, қадірі жоқ түймедей. Қалды шаңдақ, опыр-топыр жерді қазған кеп тұяқ. Құлақ жарған от ысқырық қайда дейтін жоқ сұрақ. Енді қазір бар теңірек тынышталған, ес білген, Жапырақтың қурап жерге құлағаны естілген. Қайда қоңырау? Қайда ұзаққа кетіп жатқан жаңғырық, Жұтқандайсың бəрін соның, көкіректі қандырып. Тоқта, көңілім, кеттік өтіп белгілеген жерінен, Еркелік те, есерлік те жарасатын шегінен. Енді байқап қарармыз-ау қайта жолдың аңғарын, Туған елде нелер болып, нелер орнап қалғанын. Кешірерміз, күні кеше еткен істің жоқ құны, Жазықсыз да, жазықты да біздер жеген соққыны, Алдым қабыл болғанын да, болмағанын кінəнің. Əттең, бірақ, отыз жасқа деп тұрғанда шығамын, Естен танып жүріп ылғи ішінде анау кабактың Жастық шақтан аларымды алып қана қалмаппын. Жас терек те жаза шексе, жара алмастан бүршігін, Жасыл шөптей жапырылып, көрер тағдыр қырсығын. Ойхой, жастық, қайран жастық, кетіп қалған ілгері-ай, Құйын кеуде, жел көкірек, желік басты күндер-ай! * Қош бол, Баку, көре алмаспын мен сені, Жан үрейлі, жапты қайғы еңсені. Қарапайым «дос» деген сөз күшін мен – Жүрегімнің дүрсілінен түсінем. Қош бол, Баку! Қош түріктің өлкесі! Қан суынып, қажыды ақын жүйкесі.

Өле-өлгенше бақытыма балаймын, Каспий толқын, Балаханның Май айын. Қош бол, Баку! Қош, өлеңдей жайдарым, Қош бол, досым, құшағыңды жай, кəні! Көк тұманда алтын гүлдей шайқалып, Басыңды изеп қала берсең болғаны! ЖЕР КАПИТАНЫ Планетаны Ешкім əлі Билеп дара көрген жоқ. Ешкімге арнап, Мақтау толғап бергем жоқ. Тек қана – ол, Қолын биік сермеп қап, Деген: «Дүние – Бір семья, бəрі ортақ». Елікпеймін Ер атына Айтқан мақтау жырға мен. Сілікпеймін Қан тамырым Қанша тулап тұрғанмен, Бақыттымын Сонау сұрғылт күндерде, Онымен мен Ойым да бір, Сезімім бір, Жаным да бір жүргенге.

Оған жақын, Қасыңдағы біз түгіл, Таңданар ед Таңдай қағып өңшең піл. Симбирск қаласынан Қарапайым бір бала – Өз елінің тағдырына Ие болса ол сол ғана. Қалың толқын Шулы толқын ішінде, Өзінің бұл Зор тазарту ісінде Аздап қатал, Һəм сүйкімді кісі де. Марксше ол Кеп ойланды, Ленинше өмірді Өзі жасай түсті де. Ақылмен мол, Ерлігі зор, Рульге аздап басты ол. Деді-дағы – Өр толқындар Корабльге ашсын жол. Ол – рулевой, Ол – капитан. Ол бар жерде Үрейлі емес толқын-жар. Барлық елден Матростар-батырлар. Ол матростар Меңгереді Теңіз сынды алыпты,

Материкке жазу үшін Жол сілтейтін жарықты. Бірақ сонда Мына кəрі мен емес, Өзге ғажап Тағдырдың бір ақыны Жазар жарқын Жолдарын бұл зор күрес, Жеңіспенен тынған Біздің ақыры. Айтар олар: «Ең ғажайып жүзгіш сол,– Кім жеңіспен Орната алса шындықты, Кім əлемге Ашып берсе Жас материк, құрлықты!»

«Кіші халықтарға үлкен қанжар, керек» – мұны 1841 жылы Шамиль айтқан. «Кіші халықтарга үлкен достар керек» – мұны 1941 жылы Əбуталып айтқан. – Кішкентай ғана кілтпен үлкен сандықты ашуға болады, – дейтін кейде менің əкем. Ал шешем болса неше түрлі ертегі айтар еді: «Теңіз үлкен бе? Үлкен. Ол қайдан пайда болған? Кішкентай ғана құс мүлде кішкентай тұмсығымен жерді түрткен екен, бұлақ атқылап қоя берген. Ол бұлақтан зор теңіз пайда болған». Кейде мен ұзақ ойыннан қалжырап, танаурап, бусанып келгенде, шешем: «Деміңді ал, ең болмаса аспанға лақтырған бөркің жерге түскендей мерзім болса да, тыныс ал, отыр», – дейтін. Халықтың да білетіні сол – бір аңызды жыртып болған соң, екінші аңызды бастарда, аралық межеде тізе бүгіп, біраз отыр дейді. Екі кітаптың арасы да сондай меже емес пе? Мен сол жерде дамылдап қалып ем, жұрт айнала жүріп көріп өтіп, маған қарап: «Е, диқан шаршаған екен, ұйықтап кетіпті», – десті. Менің межем екі ауылдың арасындағы жазық жерге немесе екі жазықтың ортасындағы төбеде тұрған ауылға ұқсаушы еді. Менің межем Дағыстан мен өзге дүниенің арасындағы шекара болатын. Мен сол өз межемде жатқаным рас, бірақ ұйықтаған жоқпын. Менің жатысым, маңайында құр жайылып жүрген соң, соны аңдып жатқан ақ қылшық кəрі түлкінің жатысындай еді. Бір көзімді жартылай ашып, бір көзімді жартылай Р.амзатовты

«МЕНІ" ДАЫСТАНЫМ» кітабынан 1987 жыл

жұмып жатқам. Бір құлағыммен бір табанымды бүркеп, бір табанымды бір құлағыма асып қойғам. Соңғысын анда-санда елеусіз көтеріп қойып, тың тыңдаймын. Бірінші кітабым жұртқа жетті ме екен? Оны олар оқыды ма екен? Не десіп жатыр екен?» – деймін. Үйдің төбесіне шығып алып, дауыстап əр түрлі жарнама айтатын ауылдың жаршысы да қашан алғашқысын жұрт естіп болмайынша, екіншісін айтпайды ғой. Көшеде келе жатқан таулық алдындағы бір үйден əуелгі қонақ қабақ шытып, ренжіп шықса, ол үйге бұл кіре ме? Сөйтіп мен кітап пен кітаптың арасындағы межеде жатып, жұрттың алғашқы кітапты əртүрлі қабылдағанын естіп қалдым. Ол – əрине, белгілі жəйт: біреу алманы ұнатады, біреу жаңғақты дегендей. Алманы жер алдында қабығын сыпырады, жаңғақты жарып жейді. Қарбыз бен қауынның шопағын аршиды. Сондай-ақ əр кітапқа əртүрлі талғам болмақ. Тоқпақтың орнына жаңғаққа пышақ ала жүгірмейсің ғой. Сол секілді хош иісті əдемі алмаға тоқпақ жұмсамайсың. Кітап оқыған əр адам одан өзі білген кемшілігін табады. «Ондай-ондай хан қызында да болады» дегендей, менің кітабыма не жорық! Қайткенмен де, енді менің демалысым бітті, екінші кітапты жаза бастаймын. Оқырманның нешеуіне бола жазамын, оны мен білмеймін. Тираждың саны ол жайында лəм демейді. Жүз мың тиражбен шығатын кітаптар бар, бірақ оларды ешкім оқымай, дүкендер мен кітапханалардың сөресінде жайына жатады. Ал керісінше кітаптың жалғыз данасы қолдан-қолға көшіп, көп адам оқиды. Маған оның ешқайсысының керегі жоқ, кітабымды бір-ақ адам оқыса, соған да мəзбін. Мен сол кісіге өзімнің шағын да болса, өр, тəкаппар, əрі кең пейіл өлкемді баяндағым келеді. Ол қай жерде, оның тұрғындары қай тілде сөйлейді, не туралы сөйлейді, қандай жыр шертеді – міне осылар. Бəрін бірдей, əрине, айту қайда. Қарттардың айтқан насихаты бар: «Бəрін тек барша жұрт айтар болар. Сен өзіңдікін айт, сонда өзгенікі түгел болады. Əркім өз үйін салады, сонымен ауыл құралады. Əркім өз жерін жыртады, сонда бүкіл жер жыртылып болады», – дейді.

Міне мен ерте тұрдым. Бүгін менің алғашқы бораздамның күні. Жаңа аңыздың жаңа бораздасының күні. Ескі дəстүр бойынша мұндай күнде дастарқан үстінде кез келген əріппен басталатын жеті түрлі зат болу керек. Мен де өз столымның басына көз жүгіртсем, соларды көрем. Олар: 1. Кагъат – қағаз (таза) 2. Карандаш (ұшталған) 3. Карточка (шешемнің суреті) 4. Карта (елімнің картасы) 5. Кофе (қара, қою) 6. Коньяк (Дағыстандыкі, бес жұлдыз). 7. «Казбек» (папирос) Енді осындайда жазбағанда, ол кітапты қашан жазасың? Ошақ тұтанды. Асылған қазан қайнай бастады. Сыртта селдір жауын арасынан күн жарқырайды. «Мұндай күнде таудағы аңдар кемпірқосақтың үстіне шығып алып, билейді екен», – деседі. Осындай күндер болғанда, шешем айтатын. «Аспан жаңбырдың жібімен тігілгендей, инесі – күннің сəулелері», – дейтін. Бүгін тауда көктем шықты, көктемнің алғашқы күні туды. Ол да мен құсап бірінші бораздасын бастады. Дағыстан көктемі, кез келген əріппен басталатын жеті бірдей сыйлықтың атын айтшы, кəне? – Иə, ондай сыйлық бар менде, – дейді көктем, – оны маған сыйлаған Дағыстан. Мен атап-атап шығайын, сен саусағыңды бір-бірлеп бүгіп санап тұр. 1. Ціа – от. Өмір үшін. Махаббат пен өшпенділік үшін. 2. Ціар – ат – есім. Ар үшін. Ерлік үшін. Адамды шақыру үшін. 3. Ціам – тұз. Өмірдің дəмі үшін, өмірдің өлшемі үшін. 4. Ціва – жұлдыз. Асқақ арман, асыл үміт үшін. Биік мақсат, тура жол үшін. 5. Ціум – қыран. Үлгі үшін, өнеге үшін. 6. Ціумур – қоңырау. Бар адамды бір жерге жинау үшін. 7. Ціалкіу – елек, сүзгі. Маңызды дəнді қауыздан тазартып, аршу үшін.

Дағыстан! Осынау жеті зат сенің төртпақ балуан терегіңнің жеті бұтағы болар. Соларды сен өз ұлдарыңа үлестір, біреуін маған да бер. От пен тұз, қыран мен жұлдыз болғым келеді, қоңырау мен елек болғым келеді. Адал атым, ақ есімім болсын деймін. Жоғары қарасам, күн мен нөсерден тоқылған, от пен судан өрілген аспанды көрем. «Ұйқыда жатқанда «Дағыстанның өзі от пен судан жаралып шыққан екен», – дейтін шешем. АТА МЕН АНА. ОТ ПЕН СУ «Отпен ойнама!» – дейтін əкем. «Суға тас лақтыра көрме», – деуші еді шешем. Əркім өз шешесін өзінше еске алады ғой. Ол менің ерте де, түс те, кеш те есімде. Ертеңгісін ол құмырасына су толтырып алып, бұлақтан қайтып келе жатады. Ол сонда бір баға жетпес қазына көтеріп келе жатқандай болар еді. Тас басқышпен көтеріліп, су толы құмырасын жерге қойып, ошаққа от тұтата бастар еді. Оны да бір киелі, қасиетті заттай тұтар еді. Əлде қауіп, əлде қуаныш сезімі аралас қараушы еді оған. Қашан от тұтанып, жанып кеткенше, бесікті тербетеді. Оны да бір өте аяулы, қастерлі заттай тербетер еді. Күндіз шешем бос құмыраны алып, бұлаққа су алуға кетеді. Сосын от тұтатады, сосын бесік тербетеді. Кешкісін шешем тағы да су əкеп, бесік тербетіп, от жағады. Осылай ол кектемде, жазда, күз бен қыста Құдайдың құтты күнін өткізер еді. Соның бəрін баппен, асықпай, керемет керекті, қастерлі жұмыстай істер еді. Суға барады, бесік тербетеді, от жағады. От жағады, суға барады, бесік тербетеді. Бесік тербетеді, от жағады, суға барады. Мен мамамды осы күйде еске түсірем. Суға барарда ылғи маған: «Отты қарап тұр», – дейді. От жағып жатып: «Байқа, суды төгіп алма», – дейді. Ал енді мені жұбатқанда, əлдилегенде айтары: «Дағыстанның əкесі – от, шешесі – су». Біздің таулар шынында да тасқа айналып қатып қалған отқа ұқсайды.

Жə, енді от туралы əңгіме болсын. Тасты тасқа соқсаң – от ұшқындайды. Жартасты жартасқа соқсаң – от ұшқындайды. Алақаныңды алақаныңа соқсаң – от ұшқындайды. Сөзді сөзге соқтығыстырсаң – от ұшқындайды. Зурнаның саусағыңмен шегін шертсең – от ұшқындайды. Зурнашы мен əншінің көзіне қара – от ұшқындайды. Тіпті таулықтың қозы терісінен тіккен папағының өзінен от сəулесі жылтылдап тұрады, əсіресе, қолыңмен сипаған шақта. Таулық сондай папах киіп, үйінің төбесіне шыққанда, көрші таудың басындағы қары ери бастайды. Қардың өзі де ұшқын атады. Таң арайында тау өркешінің үстіне шығып тұрған тау өгізінің мүйізінен де от ұшқындайды. Күн батар алдында да жартастар қызыл отқа шомылып тұрады. Тау елінің мақалында да от бар, тау əйелінің көз жасында да от бар. Мылтықтың аузында да, қынаптан суырылған қылыштың жүзінде де от бар. Алайда, ең сүйкімді, ең қайырлы от ананың жүрегі мен əр сакляның1 ошағында болмақ. Таулық өзі жайында жақсы бір сөз айтқысы келсе, мақтанғысы келсе: «Əлі күнге ешкімнен қыдырып от сұрап көргенім жоқ», – дер еді. Сол таулық əлдебір жек көретін, ыңғайсыз адамы болса: «От басынан ұшқан түтіні қаптесердің құйрығынан да шолақ», – дер еді. Таулықтың екі əйелі бірімен-бірі ұрсыса қалса: «Отың жанбағыр», – деп, екіншісі: «Жанған отың өшкір», – деп қарғасады. Ал, егер біреудің батылдығын мақтаса: «Адам емес, жанып тұрған от қой!» – дейді. Бір жас жігіттің жасық, нашар өлеңін тыңдап болып, менің əкемнің: «Өлеңіңнің бір қарағанда бас-аяғы түгел секілді. Мысалы, үй де бар, ошақ та бар, отын да бар, қазан 1 Сакля – таулықтардың үйі.

да бар, тіпті қазанда ет те бар кезі болады ғой. Бірақ от жоқ. От болмаған соң, үй суық, қазан қайнамайды, еттің дəмі жоқ. От жоқ жерде тіршіліктің дəмі жоқ. Сенің өлеңдеріңе де от керек!» – дегені бар еді. Бірде Шамильден сұраған екен: «Имам, сауалға жауап берші, жартылай аш өзек, өзі бір жапырақ Дағыстан ғасырлар бойы құдіретті мемлекеттердің күшіне қалай қарсы тұрып, тіресіп баққан? Күшінде қисап жоқ ақ патшамен табаны күректей отыз жыл бойына қалай соғысқан ол?» Шамиль оған: «Əрине, егер көкірегінде махаббат пен өшпенділіктің лаулаған жалыны болмаса, Дағыстан мұндай айқасқа шыдамас еді. Нелер кереметті жасаған да, нелер ерлікті туғызған да – сол от. Сол от – Дағыстанның жаны, яғни Дағыстанның нақ өзі». – Ал енді мен кіммін, – деген Шамиль əрі қарай, – Ғимра деген шалғай ауылдың бағбанының баласымын. Өзгелерден бойым да биік емес, жауырыным да жалпақ емес. Бала кезімде, тіпті, айта берсең, əлжуаз, қағанақ бас бірдеме боппын. Түрімді көргендер: «Мынауың адам болып, оңбас», – дейді екен. Менің əуелгі атым Əли еді. Мен ауыра берген соң, ауру сонымен кетсін деп, атымды өзгертіп, Шамиль деп атапты. Ұзап шығып, ұланасыр дүниені көзім көрген жоқ. Үлкен қалаларда тəрбие алғам жоқ. Асқан дəулет, байлық та біткен емес. Өз аулымдағы медреседе ғана оқыдым. Əке-шешем есекке шабдалы тиеп, соны сатуға мені Темірхан-Шораның базарына жіберетін. Сол есекпен таудың тас соқпағын басып көп жүрдім мен. Бір күні мынадай бір оқиға болды: Қашан, баяғыдағы оқиға, бірақ мен оны ұмытпаймын, ұмытқым да келмейді. Өйткені, дəл сол минутта менің рухым оянды, отым жанды. Мен сол минутта Шамиль болдым. Темірхан-Шораға жуық бір жерде, бір ауылдан шыға берісте, бір топ тентекбас бала маған кездесе қап, əуре қылмасы бар ма. Біреуі папағымды ала қашты, мен соны қуып кеткенде, өзгелері есектің үстіндегі жүгімді аударып тастап, жеміс салған кəрзеңкелерге жармасты. Не істерге білмей, дал болған мені мазақтап, ал кеп күлсін бəрі. Маған олардың тəлкегі батып кетті, сол кезде бұрын білмеген бір от кеудемде лау ете түсті. Ақ сүйек сапты қанжарымды қынынан суырып алдым. Папағымды алып қашқан баланы ауылдың дəл

қақпасына жете бере ұстадым. Батпақ арыққа шалқасынан салып қойып, тамағына қылышты таяп қалғанда, əлгі бас салып жалбарынбасы бар ма. «Сен отпен ойнама!» Баланы босатып жіберіп, жалт қарадым. Əлгі жемісімді шашып жатқандар, өздері жан-жаққа тым-тырақай зытып барады. Мен таяу тұрған бір үйдің тебесіне шығып ап: «Ей, есуастар! Қарындарыңды қанжарымның оты шарпымай тұрғанда, затымның бəрін орнына қойып беріңдер», – деп айқай салдым. «Қалжыңбастарым» сөзімді қайтара алмады. Сол күнгі базарда мен шалдардың аузынан өзім туралы: «Мына баланың атын əлі талай еститін боламыз», – дегенін естідім. Мен папағымды көзіме түсіре киіп, қайрымды есегімнің жалынан иіскеп қойып, əрі қарай кеттім. Төбелес тілейін деген мен бар ма екем? Олардың өзі ызамды келтіріп, жүрегімнің отын жарқ еткізген. Одан кейін көп жыл өтті. Бір күні таңертең бақтың ішінде жұмыс істеп жатқам. Білегімді сыбанып ап, төменнен тастың басына қара топырақ тасып, əр ағаштың түбіне төгем. Басымда көнетоз папағым бар. Ол уақытта менің денеме əлденеше жарақат түсіп үлгірген еді. Мен оларды əртүрлі айқастан тапқам. Сөйтіп жүргенде, маған бір алыс ауылдан таулықтар жиналып кеп: «Атыңды ерттеп, қаруыңды тақ», – десті. Менің қаруланғым келмеді, көнбедім. Өйткені, соғыстан гөрі бағбандықты жаным сүйетін еді. Сол кезде таулықтар маған былай деді: «Шамиль, біздің бұлақтан жаттың аты су ішіп жатыр, біздің шырақтарды өзгенің аузы үргілеп жатыр. Атқа өзің мінесің бе, жоқ, біз көмектесейік пе?» Баяғы басымнан бөркімді ала қашып, жемісімді шашқан балалардың кезіндегідей тағы да менің кеудемнен бір от лау ете түсті. Дəл сол от, одан да күштірек. Бағымды да, басқаны да ұмытып кетсем керек. Содан қайтып міне жиырма бес жыл бойына мені таудан-тауға зырлатып келе жатқан сол отты ешқандай жауын-шашын, қарлы боран, қақаған үскірік өшірмек емес. Ауылдар жанып, өртеніп, ормандар түтіндеп,

айқас түтінінің арасынан от жарқылдайды, бүкіл Кавказ лаулап тұр. От дегенің – əнекей, сол!» Баяғы заманда, егер жау Дағыстан шекарасынан өтсе, таулықтар ең биік шыңның ұшар басына биік мұнарадай ғып ұран отын жағады екен дейді. Оны көре сап, барлық ауыл өз оттарын жағады. Таулықтарды дереу жорық атына мінгізетін, зор «аттан», тығыз əмір сол болса керек, Əр ауылдан салт аттылар ағылып, сап түзеледі екен. Аттылы, жаяу сол оттың шақырған жағына ағылады. Ауылда қалған бала-шаға, кəрі-құртаң жаудың əлі Дағыстаннан кетпегенін сол үнемі жанып тұрған оттардан біледі екен. Алаулар сөніп біткен шақта қауіптің кеткені, ата-баба қонысына тыныштық қайта орнағаны білінсе керек. Тау жұрты тау басына ұзақұзақ жылдар от жаққан ғой. Бұл оттар жорықтың жалаулары болған, əмір-бұйрық болған. Олар осы күнгі радио, телеграф, телефонның міндетін атқарған. Таулардың беткейінде осы күнге дейін, құдды алып Зеңгі-баба жатқандай, жалаңаш алаңдар ұшырайды. Таулықтар айтады: «Нағыз жайлы орын – қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі», – дейді. Сол от ошақтан шығып, таулардың шыңында жанса, онда қынабынан суырылмаған қылыш – қылыш емес, отының басында отырып қалған еркек – еркек емес. Дағыстан қойшыларының өзара бөлісіп алған міндеттері болады, олар оны берік сақтайды. Бірі қойды күндіз бақса, енді біреуі түнде күзетіп, қасқырға абай болады. Алайда, олардың ішінде қоймен де, қасқырмен де айналыспайтын бір адам болады. Ол – ошақтағы отты сақтап, өшірмеуші кісі. Ол – оттың сақшысы. Оны от сақтауыш, от иесі деп атайды. Бір адамның ылғи от сақтап тұруын, əрине, мамандық деп айтуға болмас. Алайда, кеш батысымен қойшылар сондай адамды таңдап тағайындап, отты сол кісіге сеніп тапсырады. Қажетті де, қиын да жұмыс! Тамақ пісіру, жылу беру, құрғақ киім, жарық, сол жарықтың сəулесінде шылым шегіп, кеңес қозғайтын кəдімгі ерге жарасар қылықтың өзі сол отқа байланысты ғой. Қойшылардың қостарында ошақ болмайды. От дегенің сыртта, далада жатады, сондықтан ол көп сақтықты, ұқып-

тылықты тілейді. Жаңбырдан, қардан, бораннан отты олар алақанымен, папағымен, шапанының етегімен қалқалайды. Ал енді батырларды, ақындарды, жырауларды, бишілер мен əншілерді де от сақтаушылар деп айтуға болмай ма? Олар бізде көп: жүрегінің түбінде поэзияның отын, аңызхикая отын, отанға деген махаббат отын – мəңгі отты аздырмай сақтап, келесі ұрпаққа жеткізушілер бізде сан алуан. Сол бір мəңгі шырақтың ұшқынын мен өз жүрегімнен де сезем. Сол ұшқынды сөндірмеу борышын да сезем. Соны лаулатып жағып, жарық бергізіп, жылу таратып, соңымнан келе жатқан біреуге аманат етіп тапсырып: «Əрі қарай жалға», – деуім керек менің. Өзге жай, сыртқарғы, əшейінгі тура мағнасындағы оттардан өзіңді сақтағаныңдай, кеудеңдегі отыңды да сақтау керек. Ауылдағы тойларда əдетте əннен кейін əзіл айтылады, музыка мен биден соң, əңгіме шертіледі. От жайындағы асқақ толғаудан кейін, енді біздің Дағыстаннан қар адамын қалай іздегенін айтуға көшейік. Əлдебір ғылым қызметкерлерінің қар адамын іздеуге кеп, таулықтарға əжептəуір ермек тауып берген оқиғаның мен өзім де куəсі болдым. Аварлар оларға: «Даргиндерге барыңдар, іздеп жүргендерің солардан табылады», – дейді. Даргиндер өз кезегімен лактарға, лезгиндерге, лезгиндер құмықтарға, құмықтар даладағы ноғайларға, ноғайлар табасаранға сілтесіп, ғалымдар Дағыстанды шарлап жүрді де қойды. Əбден сілелері қатып, шаршап, олар алып Дəуіміз Осман Əбдрахманов тұратын Кикуни деген ауылға келеді. Бұл жолдарды оқып отырғандардың кейбіреуі, бəлкім, Османды «Қазына аралы» киносынан көрген болулары керек. Онда ол бірден үш адамды көтеріп алып, палубадан мұхитқа лақтырады ғой. Ғалымдар мінген автомобиль Кикунидің түбіндегі бір кішкене өзекшеде тұрып қалады. Бəрі жабылып машинаны ілгерілі-кейінді итергенімен, түк шығара алмайды. Бұл кезде Осман өз саклясының төбесінде отыр екен. Машинаның маңында құнжыңдаған адамдардың түк өндіре алмай жатқанын көрген ол жерге түсіп, алып адымымен жай аяңдап олардың қасына келеді.

Ол машинаны май жаққан шараның ішіне түсіп кетіп, шыға алмай, тырбаңдап жатқан тарақан құсатып, көтеріп ап, құрғақ жерге қоя салады. Ғалымдар өзара сыбырласа кетіп, «мына көмекке келген сол қар адамының езі емес пе екен» дегендей болады. Осман олардың əңгімесін түсіне қап: – Сендер текке əлек боп жүрсіңдер. Біз, таулықтар, қардан емес, оттан жаралғандармыз. Егер менің ішімде от болмаса, сендердің батып жатқан машиналарыңды қалай алып шығар едім? – дейді. Соны айтып, ол асықпай темекісін орап, асықпай шақпағын алып тұтатып, аузынан аппақ түтінді бұрқ еткізеді. Сонда барып түтінмен бірге Османның аузынан күннің күркіріндей бір дыбыс шығады. Ол – оның күлкісі еді. Таудан қар құлағанда, тасты домалатып су шапшығанда, жер қозғалғанда дəл сондай болатын еді. Бұл тарихты естіген Əбуталып: «Түкке тұрмайтын нəрсемен айналысқан адамдардың машинасы батпаққа батпағанда қайтуші еді», – деген. Мен Үндістанда от мейрамына қатыстым. Адамдарда сондай мейрамның бары қандай жақсы еді, шіркін! Маған онда жанып тұрған шырағдан сыйлады, мен оны алыс елдің менің тас жұмағыма айтқан сəлеміндей көріп, Дағыстанға алып келдім. Əшейінде өзіміз де айтып жүрмейміз бе! «Жалынды сəлем!» деп. «Оларға жалынды сəлем айтыңдар!» деп Бəлкім, адамдардың сөз сəлемінің орнына от, жалын жолдаған кездері де болған шығар. Бейбіт жалын. Өрт пен соғыстың жалыны емес, ошақтың жалыны, жылылық пен жарықтың жалыны. Бізде салт бар, қыстың алғашқы күнінің кешінде (кейде көктемнің алғашқы күні кеште) тау ауылдары шыңдардың басына «амандық», «сəлем» алауларын жағады. Ауыл басына бір алау. Олар алыстан көрінеді. Ауылдар аңғар, шатқалдардан асыра бір-бірін қыстың, не көктемнің басталуымен құттықтасады. Отты сəлем, отты тілек! Мен өзім де талай Цада аулының үстінен төнген Хамирхо жартасының басына осындай отты жаққам. Дағыстандағы бірінші заводты «Дағыстан оттары» деп қоюы тегін емес. Енді сол алауларға жаңа оттар қосылды.

Құстар жарық беретін бағандарда, ағашта отырғандай отыра береді. Жартас үстінде жанған шамдардан көгершіндер қорықпайды. Мен бірде Каспий теңізінің жанғанын көрдім. Бір жеті бойына толқындар оны сөндіре алмай қойды. Бұл Избербаш қаласының маңында болып еді. От бірте-бірте бəсеңдеп, сөнген кезде, батып бара жатқан кеменің кескінін елестетеді екен. Теңіз сөнуі мүмкін, бірақ Дағыстан кеудесіндегі от ешқашан сөнбек емес. Адам кеудесіндегі от судан қорқушы ма еді? Ол қайта суды іздемей ме, сұрамай ма. Кеуіп, жарылып, ішкі өрттің алауына қуырылған ерін, əдетте: «Су, су!» деп күбірлемес болар ма? Демек, су мен от бір-біріне серік. Менің шешем айта беруші еді: «Ошақ – үйдің жүрегі, бұлақ – ауылдың жүрегі», – деп. Таулар от сұрайды, ойпаттар су сұрайды. Дағыстан – таулар мен ойпаттар ғой. Ол отты да, суды да сұрайды. Егер біреу жолаушы шығып бара жатып, немесе содан оралып келе жатып, ауыл шетіндегі бұлаққа айнадай тұтынып, үңілер болса, ол – жүрегінде махаббатты, отты алып жүргені. Солай деген елде наным, сенім бар. Ал барлық Дағыстан өзінің айнасындай Каспий теңізіне қарамай ма? Ол судан жаңа шығып тұрған сұлу тұлғалы жас жігітке ұқсамай ма? Бейне бұлаққа үңілген таулықтай Дағыстан Каспийге төніп тұр, соған қарап бой түзетеді, мұрт ширатады. «Бұлақты ластаған адамның аты арам қатсын!» деген тау қарғысы бар. Жəне тағы «Үйіңнің айналасындағы бұлақ біткен құрғап қалсын» дейтіні де бар. «Мына ауылда қалыпты ел бар екен-ау, бұлағы мен моласын күтіп ұстайды екен», – деп мақтар еді. Шаһит болғандарға арнап бізде көп бұлақ, көп құдық қазылған, олардың соларға аттары қойылған. Мысалы: «Əли бұлағы», «Омар бұлағы», «Хаджи-Мұрат құдығы», «Махмуд бұлағы». Ертеңгісін, кешкісін құмырасын иыққа салып бұлақтарға қыздар ағылғанда, сол жерде көз қырын сап, қалыңдық таңдауға жігіттер де жиналады. Бұлақ басында қаншама махаббат сезімі оянып, болашақ отаудың қаншама уығы шаншылады десеңші!

Білемісің, кімге əнімді жырлаппын? Білгің келсе, басына бар бұлақтың. Осылай деп, біздің Махмуд ақын жазған. Бір жолы тауға шығып бара жатып, Гоцатлин бұлағының басына тоқтадым. Қарасам, бір жолаушы еңкейіп, алақанымен су ұрттап ішіп: – Рақат-ай, рақат-ай, – деп жатыр. – Кружке берейін, – дедім мен. – Қолғап киіп тамақ ішпеуші едім, – деді ол. Əкем ылғи: «Жаңбырдың шуы мен өзеннің шуынан тəтті дыбыс болмайды», – дейтін. Судың шуын тыңдаудан, ағысына қараудан тоймайды ғой кісі. Жазғытұрым тауда қар ери бастағанда, менің шешем сай қуалап аққан ағыстан көзін алмай, бірнеше сағат тұруға бар еді. Суағарға тосып, жаңбыр суын жинау үшін ағаш күбісін қыстан қамдап қоюшы еді. Менің ең сүйікті кəсібім жалаң аяқ шалшықты кешу болатын. Жаңбырды елең қылмастан, судың жолын бөгеп, бұлақтарды тосып алып, бір көлшікке ағызушы едік. Тас тостағандардан жаңбыр суын ішкенде, құстардың қандай рақатқа бататынын білем. Шамиль өз əскерлеріне айтады екен: «Жау, мейлі, ауылды, бүкіл жерімізді алып қойсын, бірақ бұлақ əлі бізде, біз жеңеміз!» Қатал имам, жау жасағы шабуыл бастағанда, өз адамдарына: «Алдымен бұлақты қорғаңдар!» – деп əмір етеді екен. Ал өзі жауға шапқанда: «Алдымен бұлағын алыңдар», – дейді екен. Қанды кекшілдер біреуі бірінің суға түсіп жатқан үстінен шықса, ол оған қашан судан шығып, қаруын таққанша тимейді. Бірақ менің есіме жиі түсетін нəрсе – басқа бір, бейбіт, суға байланысты өзге салт бар. Ол «Жаңбыр есек» деп аталады. «Шаңқай түс, жазығында Дағыстанның» деп тегіннен-тегін айтылмаған. Бізде талтүстің, кезі керемет кебір, қаталаған шақ болады. Жер шытынап жарылып, тастардан балқыған пештің лебі есіп тұрады. Ағаштар еңкейіп, далалар құрғап

кетеді. Жаңбыр суын, аспан ылғалын аңсаған мақұлықты көресің – өсімдік, құс, аң, қой, əрине, адамдар. Сонда ауылдың бір баласын индеецтер құсатып əлемтапырық киіммен жасандырып, қурап кеткен шөптермен қаптап қояды. «Жаңбыр есек» дегеніміз – осы. Оны өзіндей балалар ауыл айналдыра жетелеп кездіріп жүріп, тілек өлең, біздіңше, жарапазан айтады: Жасаған-ау, жаңбыр бер, құрғатпа шын, Жер мен көктің арасын су қаптасын! Шүпілдесіп астаулар, сыңғырласын, Алла бізді жаңбырдан құр қылмасын! Бұлттар, бұлттар, аспанға жиналыңдар, Жауып-жауып өзенге айналыңдар, Қайырымды жер қалсын да бір жуылып, Жомарт дала көгерсін гүл құбылып! Ауылдың ересектері далаға жүгіре-жүгіре шығып, «Жаңбырлы есекке» жақындап кеп, біреу құмырадан, біреу ілегеннен су шашып, балаларға қосылып өлең айтып: «Аумин, аумин!» – деседі. Бір рет мен де «Жаңбырлы есек» болғаным бар. Менің үстіме сол жаңбырдың жартысындай су құйылған шығар. Бірақ аспан біздің жырымызға жарытып құлақ асқан жоқ-ау деймін. Күн күйдірген үстіне күйдірді. Ол біздің Дағыстанды ыстық үтікпен үтіктеп тұрғандай еді. Күн қайғы, қапа шектірді. Біз оны «Мұңды күн» деп атайтынбызды. Сол мұңды күннің астында жер жүздеген, мыңдаған жыл жатты. Егер жалпы Европаны алсақ, күн көзінің көп түсетін жері – Дағыстанның Гуниб ауылы. Менің аулым Цада да одан қалыспайды. Басқа ауылдар да солай. «Ындыны кепкендер» деп оларды босқа атамаған. Арқасында бір құмыра, қолында бір құмыра судан талықсып əзер жететін шешемнің кескіні əлі көз алдымда. Су ауылдан үш шақырымдай алыс еді. Жаңбыр жауып, жер ылғалданып, астауларға су жүгіріп, кеспектер шүпілдеп толған кездегі шешемнің мəз-мейрам кескіні де есіме түседі.

Əбден қартайып, белі бүкірейген Хабибат кемпір де есімде. Ылғи таңда қолына қазғыш темірін ұстап, ауылдың сыртына барып, о жер, бұ жерді шұқылай беретін. Оның су іздеу деген дерті болатын, соны табам деп жүргені ылғи. Оның текке əуреге түсетінін жұрттың бəрі де білгенмен, ештеме айтпайтын. Тек əлі есі кірмеген мен ғана бір күні: – Хабибат апа, текке əуре боп жүрсіз, бұл жерде ешқандай су жоқ, босқа əлектенесіз, – деппін. Əкем маған қатты ашуланды сонда. – Е, енді онда шынында да су жоқ қой. – Кейбіреудің наны болмай қалады. Соған күле ме екен кісі? Есіңде болсын, балам, жоқтыққа күлмеу керек, су іздегенге күлмеу керек. – Əлгі инквачулиндіктер суды өздеріне көбірек ағызу үшін, көпірді ұзартқаны жайлы қалжың өлеңді жазған өзің емес пе едің? – Ол – іштей жылап тұрып күлген күлкі. Жастар оны түсінбейді. Сен əлі Дағыстанға судың не екенін ұққан жоқсың. Жоқ жерден су іздеу үшін Хабибат апаның қиялы қандай болуы керектігін ұғамысың сен? Онан да үнді қой, жаңбыр жауды. Шынында да нақ осы кезде майда ғана жаңбырдың суылы естілді. – Құстар, таңда неге үнсіз отырсыңдар? – Жаңбыр жауды, біз соны тыңдап тұрмыз. – Ақындар-ау, неге үнсіз жатырсыңдар? – Жаңбыр жауды, біз соны тыңдап тұрмыз. Əкем: «Менің өмірімдегі ең үлкен қуанышты күнім – алыстағы таудан аулыма құбырмен су келген күн шығар», – дейтін. Оған дейін əкем жұртпен бірдей қайламен құбырға арық қазысқан болады. Мен ол су келген күнді жақсы білем. Су аға жөнелгенде, əкем оған гүлді де тастатпады. Ауыл адамдары орталарынан алғашқы құмыраны толтырып алу үшін, жүз жасаған əйелді сайлап шығартты. Таудың кəрі əйелі суды толтырып алып, құмырасынан бірінші тостаған суды менің əкеме құйып берді.

Талай орденді де, сыйлықты да алған əкем: «Мұндай қымбат сыйлықты өмірі алғаным жоқ» – деді. Сол күні ол су туралы өлең жазды. Ол: «Құстар, сендер мақтанбаңдар, суды біз де сендерден кем ішпейміз, – деп жазды. – Не бір той, думандардан да су сылдырындай тəтті əуенді естіп көрмедім», – деді. Су алуға келе жатқан əйелдің жүрісіне, аяқ басысына, қандай мақтаулы жорғаның да жүрісі тең келмейді деп сендірді жұртты. Ол қайла мен күрекке, су құбырына, революцияға алғыс арнады. Ол баяғыда қазанға қарды ерітіп, судан қор жинайтын күндерін еске алады. Ылғи ауыртпалық көтеріп, үнемі су жинағаннан тау əйелдерінің белі мезгілінен бұрын еңкіш тартатын. Иə, ол күн əкем үшін ұлыстың ұлы күні еді. Махачқаланың июльдегі бір ыстығы есімде. Əкем хал үстінде, докторлар қоршап, дəрі-дəрмек көбейген. Əкем: «Халім ауыр-ау менің. Ондаған қысқаш бүріп, тістеп, денемді жан-жаққа тартып жатыр», – дейді. – Енді ішкенмен, түк пайдасы жоқ, – деп, ол дəріні де ішпей қойды. Пайдасы жоқ деп, жастығын да түзетіп салдырмады. Іс мүлдем жаманға ойысқанда, ол мені қасына шақырып алып айтты: – Бір ғана дəрі қалды енді. Соны ішсем, жеңілейер ем. – Қандай? – Буцраб қойнауында бір кішкене құдық бар... Бастау... Мен көзін өзім ашып ем. Содан бір жұтым болса... Келесі күні бір тау əйелі сол бастаудан бір құмыра су əкеп берді. Əкем көзін тарс жұмып, сіміріп салды. – Рақмет, емшім менің. Оның кімді айтқанын біз сұрастырмадық: суды ма, əйелді ме, алыс аңғардағы бұлақты ма, əлде сол бұлақ туған жерді ме? «Əркімнің өз сүйген бұлағы болу керек», – дейтін шешем. Ол: «Егін орған адамның маңайында сылдырлап аққан бұлақ болса, əсте шаршау білмейді», – дер еді. Елде аңыз бар: «Жаз кезі екен, Шамиль ұстазы МагомедҒази екеуі Ғимра аңғарында қарауыл мұнарасында тұрып, жаудың қоршауында қапты. Шамиль жау найзасының ұшына биіктен қарғып түсіп, қанжармен жол ашқан екен. Сол

жолы ол он тоғыз жерден жараланыпты, бірақ ұстатпай, тауға қашады. Таулықтар оны өлдіге жориды. Ол ауылға жетіп келгенде, ендігі қара жамылып үлгірген анасы қуанып, əрі таңырқап: – Балам-ау, Шамилім-ау, қалай аман қалдың? – деп сұрайды. – Тауды аралап жүріп, бір бұлаққа кез болдым, – деген Шамиль. Таулықтар кейін өздерінің имамы, кəрі Шамиль арабтың шөлінде түйеден құлап өліпті деп естігенде: – Əттеген-ай, қасында Дағыстанның бұлағы болмадыау, – десіпті. Мен Хаджи-Мұраттың Нұхтағы бейітінде болып, құлпытастағы жазуын оқыдым: «Бұл жерде Дағыстанның арыстаны жерленген», – депті. Мен сол арыстанның кесілген басын да көрдім. – Сен, бас, денеңнен қалай айрылып қалдың? – Дағыстанға барар жолда шырмалып-шырғалып қалдым ғой, отаныма, бұлағыма жете алмадым. Менің аулым бір таудың етегіне орналасқан. Оның алдында теп-тегіс жазық жатыр, содан алыстағы Хунзахтың қамалы көрініп тұрады. Қамалды əредік-əредіктен ауылдар қоршаған. Қамалдың тұс-тұсында аңырайған апан ауыз зеңбіректің ұя тесіктері бар. Олар айбар көрсетіп, сұс нұсқап, абай боп тұрғандай. Олардан дегбірсіз де бағыну білмейтін таулықтардың оқтары жан-жаққа талай зуыл қаққан. Сол зуылдан менің аулым Цаданың көгершіндері талай рет үркіп ұшқан. «Нағыз қауіпті, үрейлі көз, нағыз айбарлы дауыс кімдікі?» – деп сұрайды екен де, таулықтар: «Ол – Хунзах қамалыныкі», – деп жауап береді екен. Алайда менің кезімде Хунзах қамалының айбыны тек аңыздар мен ауыз əңгімеде қалып қойған еді. Біз, мектеп балалары, оның тесіктерінен алманың тұқылы, немесе қар лақтырысып ойнайтынбыз. Маңайдағы шыңдардың басынан біз де көгершін үркітіп, сол тесіктерден пионер горнын тартатынбыз. Иə, Хунзахта мен жеті жыл оқыған мектеп бар еді. Қазір енді қайда сапар шексем де, қай жерде жүрсем де нелер жаңғырған симфония, нелер би ырғақтарының арасынан сонау бір балалығымның күміс əуенін, мектеп қоңырауының

көңілді сыңғырын, əсіресе, соңғы сабақ бітерде көңілді боп кететін үнін естимін де жүрем. Мен оны қазірдің өзінде естіп отырмын, ол енді сондағыдай коридорға, көшеге, мектептен тыс жерге шақырмай, қайта сол мектептің ішіне, класқа, жатақханаға шақырғандай болады да тұрады. Біз бір класта отыз едік. Айында бір рет біздің əрқайсымыз сабақтан босап, су тасушы болатынбыз. Істеген айыбың үшін кейде екі күнге де қойып қоятын. Ал мен кінəлі болмасам да екі күн қатарынан су тасушы едім, өйткені мені ауыстыратын Абдулғапар Юсупов деген досым кезегі келгенде ылғи ауырып қалатын. Əлі есімде, менің күндерім əр айдың 7 – 8-інде келетін. Бұлақ қамалдың сыртында еді. Оған бару оңай: біріншіден, шелек бос, екіншіден, соқпақ жол төменге тік түсетін. Қайтар жолда жағдайдың күрт өзгеріп кетері айтпаса да, белгілі. Оның үстіне шүпірлеген балалар қалайы кружкаларын ұстап, тар қуыста мені күтіп тұрады. Олар шөлдеп, су ішкілері келеді. Менің шелегіме тарпа бас салып, жартысын ішіп, жартысын төгіп-шашып əлек қылады. Олардан құтылу оңай болып па. Мен болсам суды мектепке жеткізуім керек. Бұл бұлақ жайында көп аңыз бар. Солардың əкем айтқан біреуі мынау: Қамалдың қабырғасын оқ тесіп, шұқыр-шұқыр қылған. Оның мұнарасында талай рет жасыл жалау, қызыл ту алмаса берген. Азамат соғысының күндерінде ол қолдан-қолға көшіп тұрған. Бірде ақтар, бірде қызылдар, біресе Гуцинский, біресе Мүсілім Атаевтың партизандары мекендеген. Партизандар қамалды ақтардан алты ай бойы қорғаған. Бірақ күнде атыс екі сағатқа тоқтайтын болған. Бұл сағаттарда қорғаушылардың əйелдері қорғанның қабырғасынан шығып, суға баратын еді. Бір күні полковник Аюханов полковник Жафаровқа былай деген: – Əйелдерді бұлаққа жібермейік. Атаевтың отряды шөлден қырылсын. Полковник Жафаров: – Егер су алуға келе жатқан əйелдерді ататын болсақ, онда бүкіл Дағыстан теріс қарап кетеді бізден, – дейді. Сөйтіп қашан əйелдер бұлақтан қайтқанша екі жақ та бұл үнсіз келісімді сақтап тұрған.

Ол кезде шешем сырқат еді, оған кеп: «Балаңа Лениндік сыйлық берілді» – дегенде, шешем бір күрсініп алып: «Жақсы хабар екен. Бірақ мен балам бір нашарға, немесе жетімге көмектесіпті десе, көбірек қуанар ем. Ол ақшасын бір шөлдеп отырған ауылға су кіргізіп беруге жұмсасын деңдер. Сонда оны халық мақтайды. Оның əкесі сыйлық алғанда, бар ақшасын жаңа бұлақтар іздестіруге жұмсаған. Бұлақ бар жерде – жол бар, соқпақ бар жерде – жол бар. Ал жол бірге де, көпке де керек. Жолсыз адам үйін де таба алмайды, құздан құлап кетеді», –деген екен. Менің əкем мен Дағыстанда бірінші канал қазылғанда туғанымды айтып қоймайтын. Оны Сулактан Махачқалаға дейін тартыпты. Тақтаға жазылған ұранды канал қазушылар көтеріп жүрсе керек. Су! Құдды біреудің құдіретті қолы сығымдап шығарғандай, тастан су сіркіреп тұрады. Əне тасқындар таудан құлдилап, тастан-тасқа секіріп, жартастан құлап, жаралы аңдай шатқалда шыңғырып, жасыл алқапта қозыдай жамырап, ойнақ салады. Менің Дағыстаным төрт күміс белбеу буынған. Ол – төрт Қойсу. Сулак пен Самур оларды ағайынды қыздардай қарсы алады. От пен су – халықтар тағдыры. От пен су – Дағыстанның əкесі мен шешесі. От пен су – біздің бар мүлкіміз сақталған қоржын. Біздің Дағыстанда қартайған, немесе жалғызілікті адамдардың шаруасына қолқабыс ету үшін жігіттер мен қыздардың келіп тұратын əдеті бар. Олар ең алдымен не істейді? Отын жарып, құмырамен су əкеледі. Қара қарғалар қайдан сезетінін кім білсін, қай сакляның түтіні шықпай қалса, соған ұшып кеп, қарқылдай бастайды. От пен су – міне Дағыстанды алғаш жарату келісіміне қойылған қос қол, куəлік бейнесі – осылар. Дағыстан ертегілерінің тең жартысы айдаһарды өлтіріп, елге жарық пен жылу үлестіруге от тауып əкелген жігіт туралы болып келеді. Енді сол ертегілердің екінші жартысы айдаһарды айламен ұйықтатып, елге сусын, жерге ылғал болу үшін су алып келген ақылды қыз жайында болады.

Батыл жігіт, ақылды қыздың қолынан өлген айдаһарлар қазіргі таулар, қоңыр тасқа айналған жоталар болса керек. Дағ – тау деген сөз, стан – ел. Дағыстан – таулар елі, тау – ел, таулы ел, таудай тəкаппар ел – Дағыстан. Сəбидей əліппесін ежелеген, Күбірлеп айтарым сол – танбастан мен. Да-ғыс-тан, Дағыс-тан. Кім мен не? Дағыстан. Кім жайында? Дағыстан. Бөлісем немді болса Дағыстанмен. Сол кішкентай халық қолынан от пен суды шығармау үшін айдаһардың талайымен алысып бақты ғой. Өзендер қазір жарық береді, су отқа айналады. Ең алғашқы екі арна бір тоғысқан кез. «Ошақ» пен «бұлақ» – таулықтың ең ардақты сөздері. Ер жігітке «Адам емес, от» дер еді. Езге, қуыс кеуде жан иесіне «Сөніп қалған шам» дер еді. Мүлде жаман кісіге «Бұлаққа түкіретіннің нағыз өзі» дер еді. Шарап толы тостағанды көтеріп тұрып, біз де айтамыз: Тірліктің қос тұтқасы – ошақ, бұлақ, Соларды өткен жанның қосып жырлап Даңқы артсын! Үш мəртебе артсын даңқы Жосылған күрегінен су сылдырлап, Жаққан жан өз қолымен жалғыз шырақ. Қарт таулық жас жігіттен: – Сен өз өміріңде отты көрдің бе, көрсең, содан өтіп көрдің бе? – деп сұрайды. – Мен оған суға қарғығандай қарғығанмын. – Айтпақшы, сен мұздай суды көргенің бар ма, көрсең, соған қарғығаның бар ма? – Отқа қарғығандай қарғыдым. – Е, онда есейіп қалған екенсің. Атыңды ертте, мен сені тауға алып кетем. Керісіп қалған екі таулық бір-біріне:

– Менің шаңырағымнан шыққан түтінім сенің түтініңнен сорлы болып па? Мен жұрттан қарызға су сұрап па екем? Егер солай десең, анау жартастың сыртына барып, бетпе-бет сөйлесейік, – дейді. Мен бір есіктің сыртындағы жазуды көрдім: «Ошақта от жанып жатыр, қонақ болыңыз». Шіркін-ай, Дағыстанның сондай бір үлкен қақпасының жоқтығын-ай, əлгібір сөздерді соған да жазып қояр ек: «Ошақта от жанып жатыр, қонақ болыңыз». От шынымен жанып жатыр. Əзіл үшін емес, əсіре қызыл сөз үшін емес, шынымен шақырамыз: Қысылмаңдар, жоғары шығыңдар, ошақта от жанып жатыр, бұлақтың суы таза, мөлдір, хош келдіңіздер! ҮЙ Авардың «Ригь» деген сөзінде екі мағына бар: бірі – жасаған жас, бірі – үй. Мен үшін бұл екі мағына бір тоғысып кетеді: Жас – үй. Жасың жеткен екен – үй болуың керек. Егер осы мақалды (мұндай мақал шынында да бізде бар) аварша айтсаң, аударуға келмейтін жаңылтпаш сөз шығады: «Ригь – ригь» жас – үй. Несі бар, Дағыстан баяғыда-ақ кəмелет жасына келген, сондықтан күн астында өзінің заңды да, орнықты да орны бар. Мен шешемнен ылғи: – Дағыстан қайда? – деп сұрайтынмын. – Сенің бесігіңнің ішінде, – дейтін ақылды шешем. – Сенің Дағыстаның қайда? – деп сұрапты бір андийліктен. Ол сасып қап, жан-жағына қарапты. Мынау төбе – Дағыстан, мынау шөп – Дағыстан, анау өзен – Дағыстан, мына таудағы қар – Дағыстан, ал ана төбедегі бұлттар ол Дағыстан емес пе? Олай болса үстіміздегі мына күн де Дағыстан болмай ма? – Барлық жерде менің Дағыстаным! – депті андийлік. 1921 жылы азамат соғысынан кейін біздің ауылдар жоқшылыққа ұшырап, аштық түсіп, енді қандай күн боларын білмей, дағ-

дарыста қалды. Сонда таулықтардың делегациясы Ленинге аттанады. Лениннің кабинетінде Дағыстанның елшілері, əуелі ештеңе айтпастан, əлемнің үлкен картасын жая бастайды. – Бұл картаны неге əкелдіңдер? – дейді Ленин таңырқап. – Сіздің əр түрлі халықтар жөнінде жасап жатқан жұмысыңыз көп, қамыңыз ұшан-теңіз, кімнің қайда тұратынын есіңізде ұстай бермеуіңіз мүмкін, біз сізге Дағыстанның қайда екенін көрсетпек едік. Алайда, қаншама іздегенмен, үлкен картадан шатасып, таулықтар өздерінің туған кішкентай өлкесін, жердің бір шағын пұшпағын таба алмай қалады. Сонда Ленин ойланып тұрмастан, олардың іздеп жатқан жерін бірден тауып береді. – Міне сіздердің Дағыстаныңыз, – дейді де, рақаттанып күледі. «Бас деп осыны айт!» – деп таулықтар ойланып қалады да, Владимир Ильичке бұдан бұрын наркомда болғанын, оның Дағыстан қайда деп сұрай бергенін əңгімелейді. Наркомның қызметкерлері əртүрлі жорамал жасаса керек. Біреулері: «Ол Грузияда», – деп, біреулері: «Түркістанда», – дейтін көрінеді. Тіпті біреуі: «Мен дəл осы Дағыстанда басмашылармен соғыстым», – дейді. Ленин онан сайын шегі қата күлсе керек: – Қайда, қайда, Түркістанда дей ме? Ғаламат екен. О, ғажап! Сол сəтте ол телефон трубкасын алып, əлгі наркомға Түркістанның қайда екенін, Дағыстанның қайда тұрғанын, басмашылардың қайда болғанын, мүридтердің қайдан шыққанын əдемілеп түсіндірсе керек. Ленин бөлмесінде, Кремльде Кавказдың үлкен картасы əлі күнге ілулі тұр. Қазір Дағыстан – республика. Үлкен бе, кіші ме, мəселе онда емес. Болғанынша болып тұр. Енді қазір біздің елде Дағыстан Түркістанда дейтін ешкім жоқ шығар, бірақ бір алыс елде мынадай түсініктеме беруіме тура келгені бар: – Сіз бізге қай жерден келдіңіз? – Дағыстаннан. – Дағыстан... Дағыстан... Қайда еді ол? – Кавказда. – Шығысында ма, батысында ма?

– Каспий теңізінің жағасында. – Ə, Баку ғой! – Жоқ, Баку емес! Сəл терістікке қарай. – Сіздердің көршілеріңіз кімдер? – Россия, Грузия, Азербайжан. – Е, ол жерде черкестер тұрмаушы ма еді? Біз черкестер дейтінбіз. – Черкестер Черкесияда, дағыстандықтар Дағыстанда тұрады. Толстой... Хаджи-Мұрат... Толстойды оқыдыңдар ма? Бестужев–Марлинский... Лермонтов...» Шаңқай түс, жазығында Дағыстанның...» – Эльбрус жағында ма? – Эльбрус – Кабардин-Балкарда, Казбек – Грузияда, ал бізде... бізде Гуниб ауылы... Цада бар. Осылай кейде бір алыс елде түсіндіріп айтуға тура келеді. Келініне ұқтыру үшін мысықты жамандайтын əдет бар емес пе. Сондай-ақ Дағыстанда черкес тұрады дейтін, немесе түк те білмейтін бір таскөз бізден де табылуы мүмкін ғой. Талай алыс-алыс жерлерге барып, неше түрлі конференция, конгресс, симпозиумдарға қатысып жүрмін. Əр түрлі құрлықтан адамдар жиналады. Азиядан, Еуропадан, Африкадан, Америкадан, Австралиядан. Жұрт құрлыққа бөлініп жатқанда, мен бəрібір Дағыстанмын деуімді қоймаймын. Сіз Азияның өкілісіз бе, Европаныкісіз бе, анығырақ айтыңызшы, – деп өтінеді маған.– Сіздің Дағыстаныңыз қай құрлыққа жатады? – Менің бір аяғым Азияда, бір аяғым Европада. Кейде аттың жалына екі еркек бірдей жармасатыны болады, біреуі бір жағынан, екіншісі екінші жағынан. Дəл солай, Дағыстан тауларының жотасына екі құрлық бірдей қол салып тұр. Ол қолдар менің жерімде айқасқан – мен соған разымын. Құстар мен өзендер, тау сиыры мен тау түлкісі, тағы өзге аңдар Еуропа мен Азияға бірдей ортақ. Маған солар Еуропа мен Азияның бірігу комитетін құрғандар секілді боп көрінеді. Мен өз жырларыммен сол комитеттің мүшесі болуға əбден келісім берер едім. Алайда кейбіреулер менің намысыма тиіп: «Амалың болса, қыл, сен азиятсың», – дейді. Немесе, керісінше, Азияның

алыс түкпіріне барсам: «Сенен не қайыр, сен еуропалықсың», – дейді. Мен олардың ешқайсысына да үндемеймін. Бəрі де дұрыс. Бір сапар сүйіспеншілік сөзін айтып бақсам, əйел басын шайқап: – Əй, қанша дегенмен əккі сиқыр Шығыссың ғой! – дейді. Кейде, керісінше, Дағыстан меймандары мінезімізден бірдеме байқап қап, бастарын шайқайды. – Əлгі, кəдімгі Еуропаның қылығы ғой мынау! Несі бар, Дағыстан Шығысты сүйетіні рас, Батыс та кет əрі емес. Ол екі құрлықтың топырағына тамырын жайған ағаш секілді. Кубада мен Фидель Кастроға біздің буркамызды сыйға тарттым. – Түймесі неге жоқ мұның? – деп таңданды Фидель. – Керегінде дереу шешіп тастап, қылышқа жармасу үшін. – Нағыз партизанның киімі екен, – деп қоштады өзі партизан Фидель. Дағыстанды өзге елдермен салыстырып жатудың мағынасы жоқ. Оның өз орнында тұрғаны жақсы. Төбесінен су ақпайды. Қабырғасы қисайған жоқ, есігі шиқылдамайды, терезесінен жел гулемейді. Тауда жер тар болғанмен, кеудеміз кең. – Сен менің жерім кіші, өзіңнің жерің үлкен демексің бе? – деп таласады бір андийлік бір кісімен.– Онда бəстесейік: жерімізді қайсымыз тез аралап шығар екенбіз. Сен біздің шыңымызға қалай көтерілер екенсің, жартасымызға қалай өрмелер екенсің, шатқалдарымызда қалай еңбектер екенсің, құздарымыздан қалай құлдилар екенсің – мен соған қарайын да тұрайын! Мен Дағыстанның ең биік шыңына шығып, жан-жаққа көз жібердім. Шалғайға жолдар жүйткіп, алыста оттар жылтырайды, одан əріректе бір жерде қоңырау даусы естіліп, жер көгілдір мұнарға жасырынады. Табаныңның астында өзіңнің туған жерің боп, дүниеге көз салғанға не жетсін. Адам дүниеге келгенде ол Отан таңдап жатпайды – қолына тигені ғой. Дағыстандық боласың ба деп менен де ешкім сұраған жоқ. Жер шарының басқа жерінде, басқа ата-

анадан туған күнде-дағы, мен үшін мен тууға тиісті жерден артық жер болуға тиісті емес. Менен сөйтіп сұраған жоқ. Ал егер қазір сұрай қалса, не деп жауап берер ем? Естіп тұрмын, алыста пандур ойналып жатыр. Таныс əуен, таныс сөздер. Бұлақтар сағынады теңіз басын, Теңіз де неге бұлақ сағынбасын! Бір жүрек бір уысқа сыйғанымен Сыймайды бір жүрекке бүкіл əлем. Өзге ел де жақсы шығар туыс жанға, Біз үшін не жетеді Дағыстанға! Пандурашы емес, оның аузынан Дағыстан өзі сөйлеп тұрғандай. Маған кеп, көңілі болса орта ғана, Үйіне қайта берсін, қолқалама. Ескі салт бойынша, қыстың ұзақ түндерінде жастар бір кең сакляға жиналып алып, түрлі ойын ойнар еді. Мысалы, столға бір жігітті отырғызып қояды. Соны айналып жүріп, қыз өлең айтады. Сосын қызды отырғызып, жігіт қыдырып өлең айтады. Ол өлеңдер күлдіргі, частушкалардың нақ өзіне ұқсамайды, бірақ жуықтау келеді. Əн айтысы, əнмен кезектесу – бұл. Өткір сөзге одан да асырып өткір сөз қайтару, қиын сұрауға тапқыр жауап айту керек. Жарыста кім озса, соған тостаған, мүйіз толы шарап ұсынады. Осындай ойындар біздің үйде де, төменгі қабатта болып еді. Мен онда бала едім, ойынға қатынасқам жоқ, тек тыңдап отырғам. Əлі есімде, ошақтың аузында көбігі бұрқыраған шарап пен қолдан істеген шұжық жатып еді. Бөлменің ортасына үш аяқты орындық қойған. Қыз бен жігіт кезектесіп жатты. Əртүрлі өлең-əңгіме айтылды. Ақтығында кезектесу əні Дағыстанға ауысты. Сұрау-жауапқа бəрі де қосылып қатынасты. – Дағыстан, сен қайдасың? – Биік құздың басында, Қойсу өзен қасында. – Не істеп жатсың, Дағыстан?

– Мұрт ширатып отырмын. – Сен қайдасың, Дағыстан? – Қойнаудан, ізде жазықтан. – Онда не істейсің, Дағыстан? – Құшақ-құшақ сұлы алдым. – Дағыстан, кімсің сен? – Ет тураған қанжармын. – Сен кімсің, Дағыстан? – Өзеннен су ішкен маралмын. – Сен кімсің, Дағыстан? – Мен өзенмін, марал суарып жатырмын, – Сен қайдасың, Дағыстан? – Мен кішкентай, бір-ақ уысқа сиямын. – Сен қайда аттандың, Дағыстан? – Көбірек бірдеме табуға. Жастар бір-біріне жауап беріп, осылай шырқап еді. Кейкейде маған менің барлық кітабымда да осындай сұрақжауап бар секілді көрінеді. Тек айнала жүріп əн шырқайтын орындықта қыз жоқ. Өзімнен өзім сұрап, өзім жауап қайтарам. Сəтті жауап табылмаса, мүйізбен шарап əкеп тосатын да ешкім жоқ. – Сен қайдасың, Дағыстан? – Менің барлық таулықтарым қайда болса – сондамын. – Ал таулықтарың қайда еді? – Ə! Олар қайда жоқ дейсің қазір! – Əлем – бір үлкен табақ, сен кішкентай қасықсың. Ондай табаққа ол қасығың кіші соқпай ма? «Кішкентай ауыз үлкен сөзді де айта алады», – дейтін шешем. «Кішкене ағаш үлкен бақтың көркі болады», – дейтін еді əкем. «Кішкентай оқ үлкен кемені тесер болар», – деген Шамиль. «Кішкентай жүрек үлкен дүние мен үлкен махаббатты сыйғызады», – деп сен өзің де айтқан едің ғой. – Неге сен бокал көтерген сайын «Жақсылық үшін!» – дейсің? – Өйткені, өзім жақсылық іздеймін. – Үйіңді неге тау мен тасқа саласың?

– Жұмсақ жерімді аяймын. Аз да болса астық себуші ем. Мен оны тіпті үйімнің жазық төбесіне де егем. Менің астығым, наным сондай. ДАҒЫСТАННЫҢ ҮШ ҚАЗЫНАСЫ Тау халқының қашанғы салты – жолаушылап жүру. Бірі байлық, дəулет іздеп жол шексе, бірі бақ, абырой қуып. Енді бірі əділет қайда бар деп сапар кешеді. Сонау байлық іздегендер байлығын тауып оралып, сапарының сəтіне мəз боп жатыр. Ал атақ, даңқ қуғандар ойлағандарына олар да жетіп, бақса, соның бəрі құр əурешілік екенін біліп, босқа кеткен еңбектеріне өкініп, өмір азайтуда. Енді əлгі əділет, шындық іздегендердің сапары əлдеқайда ұзақ, таусылмайтын жол болып шықты. Шындық іздегендер сонымен үнемі жолаушылап жүруге душар болды. Тау тұрғыны жолға шыға қалса, есегін ала жүреді. Бұл қайрымды жануардың арқасына таңылған, əдетте, үш түрлі жүгі болады: əлденелерді толтырып алған үлкен қап, соның қасында байланған торсық жəне шағын құмыра. Тау кісісі жүздеген жыл бойына жол шегіп, бір ауылдан бір ауылға, бір өлкеге ауысып жүргені. Алдында мимырттаған сол баяғы есегі, есегінің үстінде қапшығы, торсығы мен құмырасы. Бір бай, дəулетті жерге келгенде, иесі есегінен аулақ кеткен екен, қарны тоқ еріккен біреулер есек байғұсты əбігерге салыпты. Есекті істікпен піспектеп, о жер, бұ жерін шұқылап, оған есек мөңкісе, бұл бізге билеп жатыр деп ұқса керек. Тау кісісі өзінің адал серігіне қиянат жасағандарды көріп, қанжарын суырып алады. «Тау адамына тигенше, аюға тидім десеңші!» – деп ақырған екен. Əлгі есерлер зəрелері қалмай қорқып, кешірім сұрап, жалынып-жалпайып əзер дегенде мұның қанжарын қынабына қайта салдырыпты.

Əңгіме енді сабасына түсіп, татулыққа кешкенде, жас жігіттер: – Есегіңе артып алғаның не нəрсе? Бізге сатсайшы! – деседі. – Мұны сатып алуға сендердің алтындарың да, күмістерің де жетпейді. – Əуелі бағасын айтсайшы, сосын көреміз ғой. – Бұған баға жетпейді. – Ау, баға жетпейтін соншама не нəрсе ол? – Менің туған жерім, менің Дағыстаным. – Туған жерін есекке артып алған! – Жігіттер қарқ-қарқ күледі – Кəне, кəне, көрсет туған жеріңді?! Тау адамы қапшығын шешсе, тиеп алған кəдімгі топырақ екен. Топырақ болғанда жай топырақ емес, жартысынан көбі тас. – Ие, осы ма бар болғаны? Осы ма сенің əлгі қазынаң? – Ие, бұл менің тауымның топырағы. Менің əкемнің алғашқы дұғасы, менің анамның тұңғыш көз жасы, менің алғашқы антым, атамның маған тастаған ақтық мұрасы, менің немереме ақтық тапсырар аманатым. – Ал мынауың немене? – Əуелі қапшығымды қайта буып алайын. Қапшықтың аузын буып, есектің үстіне жайластырған соң, тау адамы құмырасының аузын ашты, ашса, жай су. Тек оның айырмасы – кермек дəмі бар екен. – Ау, сен мүлде ішуге де жарамайтын суды неменеге артып жүресің? – Бұл – Каспийдің суы. Ол теңіз – Дағыстанның кескінін күнде көретін айнасы. – Ал мына торсығыңдағы немене? – Дағыстан үш түрлі тектен жаралған: бірі – жер, бірі – теңіз, үшіншісі – өзге қалғандары. – Ие, торсығыңдағы сонда өзгелері ме? – Ие, солай. – Ал бұларды артып жүргеніңе жол болсын? – Отаным өзіммен ылғи бірге жүрсін дегенім ғой. Алдажалда сапар үстінде көз жұмсам, молам осы топырақпен жабылсын, құлпытасым осы сумен шайылсын дегенім.

Тау адамы бір уыс топырақ алып, алақанына салып үгітті де, қолын құмырадағы сумен шайып тастады. – Е, оның не? – Харекетсіз пенделермен жұғысқан қолды тек осылай тазартар болар. Тау адамы тағы да жолға шықты. Ол қазір де жол үстінде. Сөйтіп Дағыстанның үш қазынасы бар: тауы, теңізі жəне басқалары. Тау адамының өлеңі де үшеу. Діндарларының дұғасы да үшеу. Жолаушының да үш мақсаты бар: дəулет, даңқ, дұрыстық. Бала күнімде шешем айтып қоймайтын: «Дағыстан деген бір құс бар, қанатында қасиетті үш қауырсын бар», – деп. Ал əкем айтатын: «Біздің Дағыстанды үш шебер үш қазынадан тігіп жасаған», – деп. Əрине, Дағыстанның бойындағы зат шынында да əлдеқайда көп қой. Мен оны өз басымнан кешкен істерімнен білем. Осыдан жиырма жылдай бұрын маған Дағыстан жайында киносценарий жазу тапсырылды да, мен оны жазып та шықтым. Талқылау басталды. Онда көп сөз айтылды. Біреулер: «Гүлдері жоқ екен», біреулер: «Бал арасы қайда?», енді бірі «Ағаштары жоқ», – десті. Əрқайсысы əйтеуір бір жоқты тауып жатты. Біресе өткен тарих аз көрсетілген, бүгінгі күн неге мəз көрсетілмеген деген сияқты, Ақтығында «Сценарийде есектің ұрғашысы мен қодығы айтылмаған, онсыз Дағыстан Дағыстан бола ма» дегенге көшті. Егер сондағы айтылғанның барлығын керсете берсе, фильм осы кезге дейін түсіріліп жатар еді. Қалай дегенмен, Дағыстан үш нəрседен тұратыны анық: таулар (жер), теңіз (Каспий) жəне басқалары. Иə, жер – ол таулар, аңғарлар, тау соқпағы, жартастар. Не десе де, бұл ата-бабаның маңдай тері мен қанына суарылған ата мекен, туған, жер емес пе?! Қан ба, тер ме – қайсысының көп төгілгені белгісіз мұнда. Ұзақ-ұзақ соғыстар, қысқақысқа қырқыстар, қанды кек алыстар... Ғасырлар бойы тау адамының белінен түспеген қанжар тек сəн үшін емес-ті. Халық өлеңінде айтады:

Үш қадақтай дəн сепкен жерде, Он жігіттің қаны бар деп біл. Пұтқа жақын дəн сепкен жерде Жүз жігіттін, қаны бар деп біл. Біздің жер жайында əкемнің де жазғаны бар: Бұл жерде көмілгендер көп қой аса, Көбісі өлді өзінің ажалынан, Одан көп қаза тапты жау қолынан. Жағрафия оқулығында «Біздің жердің төрттен үш бөлігі ештеме өнбейтін жақпар тас боп келеді» деген қысқа ғана мəлімет берілген. Ол жайында мен де жазғам: Ол жерде ойпаттардың қуқыл түсі, Мүйіздей қатып қалған ағаштары. Бурадай бұзық біткен бет бұрысы, Таулардың толқынменен таластары. Қасқырдай қойға шапқан аран ашып, Толқыны долы өзеннің арылдаған. Көбігі күркіреуік аспанға асып, Бұлақтар құс көзіндей дамылдаған. Жол шыққан жартастардың арасынан Жатқандай тастан туып, тастан өріп. Жолығып əннің əсем баласымен, Қаласың қалтарыстан аса беріп. Радио таңертең сөйлегенде, Хунзахта қар жауып тұр, Ахтахта жаңбыр, Дербентте өрік гүлдеп тұр, Құмықта əуе айналып жерге түскендей ыстық деп хабарлайды. Алақандай Дағыстанда бір мерзімнің өзінде қыс, күз, көктем мен жаз қатар келіп тұрады. Осынау «жыл маусымдарын» бір-бірінен бөліп, шақпақ тастай жалтырап, кейде үнсіз, кейде дүріл көтеріп, қыран тектес таулар тұр.

Авар тіліндегі «меэр» сөзі екі мағынаға ие: меэр – тау, меэр – мұрын. Əкем сол сөзді ойнатқан болып: «Таулар дүниені иіскеп тұр, əр оқиғаны, əр кезді ауа райының құбылысын иіскеп біледі», – дер еді. «Ойпат жер өзіне келе жатқан кім екенін қарау үшін, биік көтерілген», – деседі. «Сонан таулар пайда болыпты-мыс». Мұны айтқан Хаджи-Мұрат. Ана баласының бесігіне асылып отырып: «Таудай бол», – деп сыбырлайды. Тау өзеннің ерке, тентек сулары, Мұнда келмей, неге теріс ағасың? Сенсіз шөлден қақыраған шыңдарым, Қадір білмес жаққа неге барасың? Ау, жүрегім, жүрек сені қайтейін, Сені сүйген жанды неге сүймейсің? Неге жатқа ынтық болдың сен тегі, Олар бізді керек етпес – білмейсің! Құмыра, тостаған жəне өзге бұйымдарды сатып жүрген балхарларды көргенде менің анам айтушы еді: «Соншама жерді, топырақты көздері қиып қалай ысырап етеді екен? Заты, жерді сатқан адамды көрмесем екен!» Əрине балхарлықтар – айтулы шеберлер ғой, алайда, топырағы онсыз да аз тау жұрты сол құмыралардан жай жердің өз бағасы қымбат деп есептейтін. Баяғы заманда ауылға хабаршы келіпті. Еркектер бұл кезде мешітте намаз оқып жатса керек. Хабаршы аяғындағы шарығымен (қойшы болса керек) мешітке кіріп келіпті. – Ей, дін бұзар надан, – деп ақырады молда, – мешітке кірмей тұрып аяқ киіміңді неге тастамайсың? – Менің шарығымда туған жерімнің топырағы бар. Ол сенің мына кілеміңнен қымбат қазір, өйткені ол жерге жау шапты, – деген екен. «Алыстан келген қонақ қымбат», – дейді Əбуталып. Қонақ алыстан тегін келмейді, не бір үлкен қуаныш, не асқан сүйіспеншілік, əлде бір зор қасірет қана сонша жерден оны айдап келетін. Жайша жүрген кісі алыстан келмес болар.

Жəне көне салт та бар: «егер үйіңде бір затың ұнап, қонағың оны қоймай мақтай берсе – ішіңнен қимай тұрсаң да, оны соған бер». Бір жігіт қонағына бұлақ басында кездесіп, ұнағаны үшін өзінің қалыңдығын да берген екен деген əңгіме бар. Бірақ анау жомарт жігіт таулық болғанда да мүлде асырып жіберген таулық екен. Арсыз қонақ біздің ескі салтымызды сөйтіп қатты пайдаланатыны бар. Тау адамдарының да кейін ақылы кірейін деді бірақ. Тəуір дүниесін кісі көзінен аулақ ұстайтын болды. Сол айтқандайын, баяғыда біздің ауылға Құмықтан бір қонақ келіп, үйдегінің бəрін мақтап ала жөнеліпті. Көзі түскенінің бəрін сыйлапты оған. Алайда, есіктен шығарып бара жатып, етігіне жабысқан топырақты тазартып тастап кетуге мəжбүр етіпті. «Жерді, топырақты сыйға тартпас болар, жер өзімізге де жетпейді. Келгеннің бəрі етігіне жұқтырып əкете берсе, астық егетін топырақты кайдан аламыз», – деген екен таулықтар. Шет елден келген біреу біздің жерімізді тас қапшық деп атапты. Ие, онысының да жаны бар. Тау ішінде ағаш сирек. Біздің таулар мүридтің тақырлап қырған басына ұқсайды, немесе пілдің тықыр мойынына да келеді. Егістік жер мүлде аз, оған шығатын өнім де мардымсыз. Бұрынғылар айтқан екен: «Бұл байғұстың егіні көршісінің танауын да толтырмас», – деп. Рас, тау адамының мұрны да анау-мынау мұрын емес, сұрапыл мұрын ғой. Баяғыда дұшпандар таулықтардың ұйықтап жатқанын əлдеқайдан қорылынан естіп, қапылыста шабады екен. Əбуталып бетінде қорасан дағы бар кісіні көріп: «Менің əкемнің бар егіні мынаның бетіне кіріп, батып кеткен екен», – депті. Таулықтардың жері əрі құнарсыз, əрі аз ғой. Бұл туралы аңыз да бар. Оны жұрт талай естіген болар, өйткені бір тілден бір тілге ауысып, жер бетіне тарап кеткен əңгіме ғой. Бірақ оны қазір айтпасқа менің де шарам жоқ. Естіген адам сөге берсін.

«Бір таулық өзінің жерін жыртпақ болыпты. Ол жер ауылдан алшағырақ екен, сондықтан ертеңгі жұмысқа ерте кірісу үшін бүгін кештен аттанады екен. Сөйтіп ол жыртатын жеріне жетіп, буркасын (тері шекпен) төсеп, ұйқыға кетіпті. Таңертең тұрып жыртайын десе, жері жоқ. Ұштыкүйлі, зым-зия жоқ. Əлдебір күнəсі үшін құдай тартып алып қойды ма, жоқ əдейі азапқа түсіріп, əлегін шығарайын деп, жын көтеріп əкетті ме? Істер амал қалмады. Əрі-бері қамығып болған соң, үйге қайтпақ болады. Шапанын көтеріп алса, о, құданың құдіреті, əлгі жері шапанның астынан шығады!» Енді бір əңгіме айтайын, ол аңыз емес, болған жайт. «Еліміздің бар жеріндегідей таулықтар арасынан да колхоз ұйымдастыра бастаған кез. Ол кезде толып жатқан толқулар, неше түрлі қауесет, алып қашты сөздің көп кезі. Малды да алды-артына қарамай, сойып-сойып тастаған: кісі түсінбейтін колхозға бергенше, өзіміз жейік деп. Əсіресе алыс қиырдағы таулықтар көнбей, көп тартысқан. «Сенікі – саған, менікі – маған. Бізден алашағың не сонда? Менікі де саған болсын ба?» Бір кішкентай ауылға екі жүз өкіл келген, одан түк шықпаған. Бірсыпырасы тығылып, көзге көрінбей қойған да, біразы көрінеу айтысқа түскен. «Дүниеде ортақ зат аз ба екен, – дейді олар, – аспан – ортақ, күн – ортақ жаңбыр, қар, көктем, өзен, жол – бəрі ортақ емес пе? Жетеді ортақ нəрсе. Қалған дүниені өзімізге қалдыр, өзіміздікі болсын». «Колхозға машина береді» дегенде, таулықтар бастарын шайқап, түлкі туралы бір аңызды естеріне алады. Түлкі шатқалды бойлап келе жатса, жол үстінде жатқан қойдың май құйрығын көреді. Жүгіріп барып, жеп алайын ба деп қалады да: «Қой, – дейді ол, – бұл не қылған батпан құйрық, тегіннен тегін жатқан құйрық? Бір пəлесі болып жүрмесін». Таулықтарға: «Колхоз үшін төменнен кең өріс беріледі, жазықтан жайлау бөлеміз», – дейді. Сонда бір шал таяғына сүйеніп тұрып: – Дүниенің бар жазығына біз таудағы ұямызды айырбастамаймыз. Біздің кем бағалы жерімізді, қисық соқпағымызды бермейміз. Ол жерді біз жүз жыл бойына ауру баладай күтіп,

бағып келеміз. Біз ол топырақты биік құздарға да тасыдық, алақандап жайып төседік. Сосын оған су тасып құйдық. Астық бізде там-тұм ғана, ал оның əр дəніне баға жетпейді. Сондықтан да біздің жақтың адамдары қолына нан ұстап, ант береді... Сөйткенмен əлгі қыңыр ауылдың өзінде де колхоз ұйымдасты. Сонда қараңғы таулықтарды қалай көндірген десеңші? Олар келе-келе жердің бəрі колхозға кетпейтінін біліп алады. Азынаулақ бөлігін жеке пайдалануға рұқсат барын естиді. – Ол рұқсат беретін жерлерің көп пе? – Ауылшаруашылық артелінің уставына сəйкес жиырма бес сотыхтан. – Сотығың немене, түсіндір бізге. Өкіл оның мəнісін түсіндірген екен, бəрі бір ауыздан: – Ой, онда жаз колхозыңа бізді де, оған дау бар ма? – деседі. Бақса, əр таулықтың меншігіндегі жер сол рұқсат етілген үлестен əлдеқайда аз боп шығыпты. Айт-айтпа, сол бір биік таудағы тастақ жер, өмірге тірнегі аз болса да, таулықтар үшін қымбат-ақ. Сонау тау беткейіне ойдым-ойдым етіп жапсырып тастаған бөлдек жерді көріп, тас арасынан өніп, жайқалып тұрған бақтарды, құлама жардың жағасына асылған жіп-жіңішке жолдарда жайылған қойларды, бейне арқан үстінде жүрген ойыншылардай жануарларды көріп, өткен-кеткен жолаушылар қайран қалады. Осының бəрі көзге көркем көрінгенмен, тек жырлау үшін жаралғандай болғанмен, тұрмыстануға, қоныстануға, бейнеттенуге бұл жердің көнуі қиын-ақ. Алайда, тау адамына: «Ойпатқа, қазірше айтсақ, жазыққа көшіп, қон», – десең-ақ, ол пікіріңді зəбірдей көреді. Бірде қаладан оқып келген баласы əкесін көшейік деп азғыра бастаса керек. «Олай дегенше, сен менің қарнымды қанжармен қақ тілсең етті», – депті кəрі əкесі. Бұл үлкен толғақты мəселе екені рас, бірақ оның шешілуі оңай емес. Көп жыл бойы тасталған ұран да бар: «Тас қапшықты тастап шығып, гүлденген көк кілемге оранайық!» деген.

Бұл ұран əлгі колхоз ұйымдастыруға екі жүз өкіл баратын қиқар ауылға да жетсе керек. Колхоз ұйымдастырғанда да, бұл көші-қон жайындағы ұранды естігендей, зор айқай болмаса керек. Ауылдың əр адамы бұл жайында өз сөзін айтып бағыпты. Солардың бірнешеуін айтайық. «Бұғаулап апарсаң да, бармаймыз тегісіңе!», «Біз мына қия жартасқа мық шегедей қағылғанбыз. Бізді ұямыздан ешкімнің суырып алуға қақысы жоқ», «Біз қонысты тастап көшер болсақ, ата-бабамыздың қабірі қақырайды», «Өз жастығым өз басыма жайлырақ. Өзгенің мамық төсегіндегі ұйқыдан гөрі тасымды жастанған ұйқым тəттірек», «Сонда мен итке лақтырар тасты қайдан табам?», «Ойға барып пешке арқа сүйегенше, тауда қалып ошағымның түтінін иіскегенім артық. Қарын қамын ойлаушылар ойға барсын, жүрегін ойлағандар тауда қалсын», «Біз ешкімді өлтірген жоқпыз, ешкімнің үйін өртеген жоқпыз, қуғындайтын не жаздық? Машиналар осында да істеуіне болады. Баған қақсаң, мұнда да басында шам жанады. Телефон осымен соқсаң да барады». «Маса шыбын-шіркейге жем болуға жаралған жоқпыз», «Бензиннің иісінен тезегімнің иісі артық», «Таудағы гүлдің көркі артық», «Құбырыңның суының қасында бұлағымның суы – зəмзəм», «Біз бұл жерден ешқайда кетпейміз» Сөйтіп əлгі «Тас қапшықты тастап шығып, гүл кілемге жайласайық» деген ұранға əр таулықтың берген жауабы осы. Таулықтар «Көшейік пе, көшпейік пе» деп ақылдасуға əкеме де келген болатын. Əкем ақыл қосуға қорықты. «Қал деп кеңес берсең, төменде тұрмыс жақсы болғанын естіп, мені кінəлайды. Ал көше ғой десең, ондағы оңбай жатса, тағы мені ғайбаттайды. Өздерің ойлаңдар», – деген сонда Ғамзат Цадаса. Уақыт өзгерген сайын, өмір де өзгереді. Тек бас киім ғана өзгеріп қойған жоқ (папахтың орнына фуражка), сол бөріктің астындағы жас жігіттердің ойлары да өзгерді. Əртүрлі қан араласты, əртүрлі əулет, нəсіл, əртүрлі халық тоғысып кетті. Біздің ұлдарымыздың бейіті де ата қонысынан бірте-бірте аулақта қалып барады. Тастар, құлпытастар, үлкен тастар, кіші тастар, домалақ тастар, сүйір тастар. Ол тастарға бірдеме өсіру үшін топырақты төменнен корзинамен тасиды. Күз бен қыста шөп өсетін беткейлерді өртейді, келесі

жылдың өркені қалың болсын деп. Осынау таудағы қалың оттар əлі есімде. Бірінші жыртылған аңыз қыртысын да есіме алам. Көктем. Шалдар бір-біріне уыстап топырақ атысады. Бейнетқор адамды бізде «Талай тау мен белесті асқан кісі» деседі. Ал əрекетсізді «Кетпенді тасқа бір сілтеп көрмеген» дейді. «Егінің бітік болсын!» – біздегі ең асыл тілек. «Жерің қуарып қалсын!» – ең ауыр қарғыс. «Жерімнің атымен ант етемін!» – ең күшті ант. Біреудің жеріне түскен есекті құнсыз-ақ өлтіре салады. Бір таулық айқай салған екен: «Хаджи-Мұраттың есегі болса да, жеріме түссе, аярым жоқ!» – деп. Əр ауылдың өз заңы бар. Бірақ қайсысында болса да жерге түскен үшін айып қатаң алынып отырған. Тіпті Дағыстанның өзін барымталағаны үшін біздің таулар тарихы қатаң жазаланған жоқ па. Шешемнің сөзі есімде: «Дағыстанның тауларында Иранның шахы Нəдір жеңіліске ұшырап, арада бітім жүре бастағанда, таулықтар елшілікке нағыз түрсіз, өзі жарлы, өзі ақсақ бір шалды өзіндей бір мүсəпір, нашар қашырға мінгізіп жіберіпті. – Аварлар маған жіберуге сенен гөрі бір білікті, дұрыс адам таппаған ба? – Менен біліктісі де, биліктісі де мың-мың, – дейді сонда қарт. – Бірақ білікті кісілер əлдеқайда маңызды істермен шұғылданып жатыр. Сен секілді адамға мен секілді де жарар, – деп жіберген ғой. – Қашырың қанша жаста? – дейді шах. – Шах пен қашырдың жасын айыру қиын ғой, – дейді қарт. – Сендердің қолбасыларың кім? – дейді келгінші. – Қолбасыларымыз, əне, анау тұрғандар, – дейді қарт саспастан, құлашын кең жайып, жағалай қоршаған жартастарды, тауларды, беткейдегі далаңқай мен молаларды нұсқап. – Солар – бізді бастаушылар. – Сендердің қояр шарттарың не? – Шарт біреу – таулық жерін таулыққа қалдыр. Ал өзің теріс қарап, арқаңды көрсет, бізге сенің бетіңнен гөрі арқаң ұнайды.

Шах амалы жоқ, кері бұрылып, өзінің Иранына қайтыпты. «Сені де, сенің əскерлеріңді де еліне біздің жеңісімізді айтып барсын деп тірі жіберіп отырмыз. Хабаршы болсын деп қалдырдық сені. Келесі жолы бəріңді де түгел бауыздаймыз. Біздің салтымыз сондай!» – деп ескертіпті дейді шахқа. 1859 жылғы августа Гуниб тауының басында Имам Шамиль атынан түсіп, ұлы тұтқын ретінде князь Барятинскийдің алдына келіп тұрған екен. Сол аяғын сəл алға басып, тастың үстіне табанын тіреп, оң қолымен қылышының сабын тұтып, жағалай тауларға мұнартқан жанарын тігіп, Шамиль сөйлей жөнеліпті. – Сардар! Осынау таулар мен тау перзенттерінің ар-намысы үшін жиырма бес жыл бойына арпалысып бағып ем. Денемдегі он тоғыз бірдей жарақат сырқырап барады, олар жазылу білмес ешқашан. Мен енді мойын ұсынып, тұтқынға түсем, бердім жерімді сенің қолыңа! – Өкінуін, шіркін. Жерінің тастан басқа түгі жоқ! – Сардар, өзің айтшы, мына соғыста қайсымыз əділ ек? Жерім тамаша еді деп, сол үшін өліскен біз əділ ме, жоқ жерің жаман деп, сол үшін тағы да өліскен сендер əділ ме? Тұтқын Шамильді Петербургке бір айда əрең жеткізіпті. Петербургке келісімен, император сұрау қойыпты. – Жол қалай көрінді саған? – Үлкен ел екен. Өте үлкен ел екен. – Айтшы, Имам, егер менің мемлекетімнің мұншама алыптығын, құдіретін бұрын білген болсаң, осыншама ұзақ соғысар ма едің, жоқ, ақылға келіп, кезінде берілген болар ма едің? – Өзі кішкентай, өзі əлсіз ел екенін біле тұра, бізбен осынша ұзақ соғысқан сіздер емес пе! Менің əкемде Шамильдің бір хаты сақталып қалыпты, хат емес-ау, өсиеті. Ол мынау: – «Менің таулықтарым! Жалаң, жайдақ болса да сонау бір жартастарыңды жақсы көріңдер. Олардың сендерге жасаған қайыры да аз шығар, дегенмен, оларсыз сендердің жерлерің өздеріңдікі болмас еді, ал жер болмайынша таулықтардың еркіншілігі болмақ емес. Сол жер үшін қырқысыңдар да,

сақтаңдар оны. Біздің семсердің сыңғырын естіп, мəңгі ұйқым тəтті болсын менің». Таулықтар одан былай басқа мақсатпен соғысса да, олардың сілтеген қылыш салдырын кейін Шамиль сан рет естіді. Дағыстандықтардың отаны кеңейді. Олардың даңқы, есімі тау елінің шенінен əлдеқайда алысқа кетті, олардың қабірлері Украинаның, Белоруссияның, Москва төңірегінің, Венгрия, Польша, Чехословакияның, Карпат пен Балкан тауларының өңірінде, тіпті Берлиннің түбінде жатыр. Жəне біздің Дағыстан шыңдарының басында да біздің таулардың азаттығы үшін айқасқан орыс, венгр коммунарларының, өзге көп елден келген революция солдаттарының аттары қашап жазылған. Олардың өзімдікі деген жырлары ортақ жырға айналып, біздің ортақ жырымыз олардың төл жырындай болып кеткен кезі бар... – Бір ауылдың адамы бұрын неге бола қырқысты екен? – Екі таулықтың арасындағы бір қарыс жер үшін, шағын ғана беткейдің бұрышы үшін, тасы үшін. – Көрші екі ауылдың адамы не үшін соғысқан? – Екі ауыл арасындағы бір аттам жер үшін. – Ал Дағыстан не үшін өзге халықтармен соғысты? – Дағыстан шекарасындағы бір сүйем жер үшін. – Ал кейін Дағыстан не үшін соғысты? – Ұлы Совет елінің шекарасындағы бір сүйем жер үшін. – Ал қазір Дағыстан не үшін күресіп жатыр? – Дүниенің тыныштығы үшін. Шамильмен бірге оның екі ұлы да тұтқынға түскен. Олардың тағдыры əр қалай болды. Кіші ұлы Магомед Шафи патша генералы дəрежесіне жетті. Үлкені Магомед Ғази Түркиядан барып шықты. Бір күні маған түрікше киінген едəуір жастағы əйел келді. Грузин қызы жасында түрікке ерге шығып, қырық жылдай Стамбулда тұрған екен. Кейін күйеуі қайтыс болып, жалғыз қалған əйел Грузияға оралады. Сол енді маған келген екен. Келу себебі былай: Стамбулда тұрғанда Шамильдің кіші баласының нəсілдерімен ол араласып тұрады. – Қалай екен тұрмыстары? – дедім мен.

– Нашар. – Неге? – Дағыстаны жоқ болғандықтан. Олардың елін қалай сағынғанын білсеңіз сіз! Жергілікті əкімдер олардың жерін күнде тартып алам деп қоқаңдайды. «Алсаң, ал, – дейді оған Имамның ұрпақтары. – Дағыстан біздің қолымызда бəрібір жоқ, ал жаттың жері бізге дəру емес». – Менің еліме қайтып бара жатқанымды білген соң, – дейді грузин əйелі, – олар маған: «Дағыстанға барып, Шамильдің туған аулында, тауларында, соғысқан жерлерінде бол, сосын Сізді тауып жолық», – деп еді. Олар маған мынау бір орамалды беріп: «Сіз соған Дағыстанның топырағынан бір уыс алып, орап салып жіберсін», – деді. Мен орамалды жазып қарадым. Онда арабша «Шамиль» деп жазылған жазу бар екен. Грузин əйелінің əңгімесі менің жүйемді босатты. Топырақты салып жіберуге уəде бердім. Бұл жайында бірталай қарттармен кеңестім де. – Жат жерде жүрген жандарға жерімізді жіберіп қажеті қанша? – Өзгелер болса қажеті де болмас еді, ал Шамиль нəсілдеріне жіберсең, жібер, – деді шалдар. Бір қарт Шамильдің аулынан бір уыс топырақ əкеп берді, біз оны ат жазылған орамалға түйдік. Шал айтты: – Біздің топырақты сен жібер оларға, бірақ айтып тапсырғайсың – мұның əр түйірі асыл. Жəне бұл жердегі өмір, тұрмыс өзгерген деп жаз, жаңа заман туды де. Осылардың бəрін жаз, біліп жүрсін. Бірақ маған жазуға тура келмеді. Ұзамай өзім Түркияға сапар шектім. Əрине, əлгі қымбат сыйымды өзіммен бірге ала бардым. Мен Шамильдің ұрпақтарын іздестіріп таптым, бірақ өздерін көре алмадым. Имамның шөбересі Мекеге деді ме, əйтеуір бір жаққа кетіпті, ал шөбере қыздары Нажауат пен Нажият шақырғаныма шықпай қойды. Біреуінің басы ауырып қапты, енді біреуінің жүрегінің дерті ұстап жатса керек. Енді мен жерімнің топырағын кімге берем? Онда да аварлықтар болды, бірақ олар – Дағыстанды өз еркімен тастап кеткендер.

Мен сонда ғана олардың Шамилі мен менің Шамилімнің екі басқа екенін білдім. Міне сөйтіп мен алыс Түркияда өз Дағыстанымның бір уыс топырағын қолыма алып тұрмын. Сол бір уыс топырақтан мен біздің ауылдардың бейнесін көрем: олар – Гуниб, Шіркей, Ахты, Құмық, Хұнзах, Цада, Цунта, Чарада. Бұл – менің жерім. Ол жайында көп жаздым, жаза да берем. Оны енді баяғы күлкі əңгімедегі құсап буркаңмен жаба алмайсың. Дағыстанның екінші қазынасы – теңіз. Москва мен Гунибтің арасында мынадай бір телефонмен əңгіме естисіз. – Алло, алло! Гуниб? Омармысың? Мені естіп тұрсың ба? Күн қалай, көңілің қалай? – Естіп тұрмын. Біздің жақ жақсы боп тұр. Бүгін таңнан бері теңізді көріп тұрмыз! Немесе: – Алло, Гуниб? Фатима сенбісің? Хал қалай, көңіл қалай? – Жай, əшейін. Тұман. Теңіз көрінбейді. – Теңізді көре алмай тұрмын, əке, – деген екен Шамильдің ұлы Жамалутдин. Ол сол кезде кісі-барымта ретінде патшаның қолында тұрса керек. Кадет корпусында тəрбие алып, еліне қайтқан ол əкесі мен таулықтардың ақ патшаға қарсы күресін қолдамаған. – Көресің, балам, – депті Шамиль, – тек қарағанда менің көзіммен қарағайсың. Гуниб тауынан теңізге дейін жүз елу шақырым жер. Соншама жерден «теңізді көріп тұрмын» деу үшін теңіз қандай шаңқан көк, анық болуы керек, тау қандай асқар биік болуы керек десеңізші! Тіпті теңізді мүлде көру мүмкін емес алыс ауылдың өзінде көңіл-күйің қалай деп сұраса, көңілім ғажап, құдды теңізді көріп тұрғандаймын деп жауап берер еді. Мынадай сұрақ бар: Каспий теңізі Дағыстанның көркі ме, жоқ, Дағыстан Каспийдің көркі ме? Таулықтар теңізді мақтан тұта ма, жоқ теңіз таулықтарды ма?

Теңізді көрсем, бар əлемді көргендеймін. Теңіз тебіреніп жатса, дүниенің ауа райы бұзылып, тыныштық таппай жатқандай болады. Ол тыныш жатса, бар жер тыныштық құшағында секілді. Мен оған алғаш келгенде бала едім, əрі бұралаң, əрі тік тау соқпағымен келіп ем. Содан былай менің үйімнің терезесі теңізге қарап ашулы тұрады. Ол ол ма, Дағыстанның өз терезесі де теңізге қарап тұрған жоқ па? Теңіз шуын естімесем, ұйқым шала болады. – Дағыстан, сен неге ұйықтамайсың? – Теңіз шуламаса, ұйқы жоқ. Ашық бояудың түсін айтсақ та, теңіз сияқты екен дейміз, қатты шу шықса да, теңіз сияқты дейміз. Қалың біткен қара бидай даласын көрсек те, теңіз сияқты дейміз. Тіпті таза аспанның өзін теңіздей екен дейміз. Біздің үйдің сиыры сүтті көп берген күні шешем: «Теңізім ғой менің», – дейтұғын. Балконда, қолына құмыра толы қаймақ ұстап тұрған шешем елестейді. Айналасында томпаңдап жүрген бізді тамақтандыру үшін май былғар еді ол. Сол құмыраның мойнында теңіз қабыршақтарынан тізген алқасы бар еді. «Май көп түссін деп тағам, – дейтін шешем, – əрі көлденең көздің сұғынан сақтауға жақсы». Дағыстанның тас омырауы да сол теңіз қабыршақтарынан алқа тағынған, жағалау тастары мен тасқын олжаларынан алқа тағынған. Дағыстан солай Каспий толқындарының шуына бауыр басқан, тыныштық кезде ұйқы жоқ, теңізінен айрылса мүлде ұйықтамай да қоюы мүмкін. Аппақ жалды толқындар, көл-көсірлер, Айтшы маған қай тілде сөйлейсіңдер? Шулайсыңдар шатқалдың тап аузында, Базар болып жатқандай тау аулында. Ол базарда қырық тіл қиқу салса, Жарытпайды аллаң да ұғып сонша.

Күн өткен соң, есте жоқ есірік бір, Көк майсадай жатасың есіліп бір. Солқылдайсың кей кезде толықсып сəт, Өлген ұлын жоқтаған анаға ұқсап. Кейде шалдай көз жасын бұлап жұтқан, Кейде аттай толқынға құлап, ыққан. Кейде майда күлкі ойнап кескініңде, Сөйлейсің сен, о теңіз, өз тіліңде. Бірақ менің жүрегім ұқсас саған, Сені ұғатын өзімдей жоқ басқа жан. Менің-дағы жүрегім бұрқанбай ма, Толқындары тас соғып, жатқан жайға. Сонда сонау жағалау көсіліп жай, Сүйіп, жалап жатпай ма өз ұлындай? Сенде сыр көп, дер сені кім меңіреу, Қуаныш та, қайғы да – бізде біреу. Москвадан шыққан поезд Махачқалаға таң алдында келеді. Дəл осы келердегі түн – мен үшін нағыз түн. Түн ортасында тұрып ап, қараңғы терезеге қараймын. Терезе сыртында əлі дала созылып келеді. Поезд саңғырап, жел гулеп вагон жақтауына соғады. Екінші рет тағы тұрып қараймын – тағы да дала. Ақыры үшінші рет тұрып терезеге үңілсем, теңізді көрем. Яғни, бұл – менің Дағыстаным. Рахмет саған, көк теңіз, көгілдір айдын! Менің үйге келгенімді елден бұрын хабарлайтын сенсің. Əкемнің дағдылы сөзі бар: «Кімнің теңізі болса, соның дəулеті мол. Теңізден көркем тек тау болуы мүмкін. Оның өзі бізде бар». Бұл екі шал – əкем мен Əбуталып ылғи да уəделеспейақ, кездесе қалса, теңізге тартатын. Олар портқа келіп жатқан кемелер анық көрінетін төбеге беттейтін. Сол жер-

ден шалдардың мұрнына балықтың, тұздың иісі келеді. Тек теңіздің ғана тілін тыңдап, олар күн ұзаққа отыратын. Теңіз ғана сөйлесін, сен үндеме, Қуаныш яки қайғының шертпе бірін, Ұлы Данте үнсізге көндім деген, Теңіз сөйлеп жатқанда, тістеп тілін. Жағалауда жұрт көп пе, мейлі, жоқ па. Дауыс қоспа теңізге тигенде өлең, Ұлы шешен Пушкин де өзі тоқтап, Теңіз сөйлеп жатқанда үндемеген. Əкем айтатын: «Теңізді тыңдап тұрып, оның не дегенін ұғып үйрен. Ол көпті көрген, көп біледі». – Айтшы, теңіз, суың тұзды неліктен, – Толқыныма көздің жасы көп сіңген. – Айтшы, теңіз, неге мұнша көрікті ең? – Тереңіме маржанды көп төктім мен. – Айтшы, теңіз, неге толқып тынбайсың? Қойынымда қаза тапқан боздақ көп. Бірі өлді арылтпақ боп тұздан шын, Бірі өлді маржанымды алмақ боп. Таудың екі ақ бас қарты, екі ақын, бейне қос қарт қыранға ұқсап төбе басында отыр. Қозғалмастан, үнсіз, теңізді тыңдап отыр. Теңіз шулайды, өзіне мінезі тартқан шулы өмірді ойлауға шақырады, ол өмірдің мына жағалауынан ана жағалауына, қандай қауіпке кез болмасын, қақ жарып өтіп, жүзіп шығу керектігін ойлауға шақырады. Теңізден өмірдің айырмасы – онда тынық айлақ, келіп дем алар шығанақ жоқ. Тек соңғы айлақ, соңғы тыныстар ғана шығанақ бар. Шулайды Каспий, шулайды кəрі Атырау. Оған өзендер құяды: бір жағынан Еділ мен Жайық, бір жағынан Кура, Терек, Сулак. Олардың бəрі араласып, ұласып кеткен, енді бір-бірінен айыра алмайсың. Олар үшін теңіз де – өзінше бір ақырғы аялдама, соңғы тоқтау. Бірақ олардың суы өшпейді, өлмейді, тынбайды, əлі де ұзақ көк толқын болып жүйткімек

олар. Олардың сол толқынында əлем түкпірлеріне аттанған кемелер жүзе бермек. Таулықтар, Дағыстан перзенттері-ау, сендердің тағдырларың осынау өзендерге ұқсамай ма осы? Біздің ұлы туыстықтың ортақ теңізінде сендер де ұласып, ұшқасып, қосылып кеткен жоқсыңдар ма? Шулайды Каспий. Екі бірдей ақ шашты адам, екі бірдей ақын, үнсіз əлі тұр. Қастарында мен де бармын. Əбуталып əкеме үн қатты: – Сенің балаң жігіт болып қалыпты. Бүгін ол көп сезім үйренді-ау! – Біздің тұрған орнымызда ешкім де кіші болмауы керек, – деді Əбуталыпқа əкем. Қазір теңіздің жағасына келген сайын əкемнің қасында тұрғандай болам. «Каспий жыл санап тартылып барады», – десіп жүр. Бір кезде толқын асыр салған жерде қаланың жаға үйлері тұр. Тартылғаны рас шығар. Бірақ мен теңіз-теңіз болмай қалады дегенге сенбеймін. Ол тартылар, бірақ тайызданбас, ұсақтамас. Менің жұртқа əмəнда айтарым – саның аз болса да, ұсақтама. Ғалым басын шайқайды, ақын жүдеп, Жазушының жаны да соған ауған, Каспий қайтып, шегініп барады деп, Баяғы ескі жартасты жағалаудан. Сенерім жоқ, қаншама айтып бақса, Каспий тайыз болар деп оған ішім. Кей адамның ақылы тайыз тартса, Менің жаным ашиды солар үшін. Махач та теңіз туралы айтып кеткен. Ол Дағыстанның бірінші ревкомы болған, біздің республиканың астанасы соның атымен аталады. Бұрын ол порт Петровск аталатын. Азамат соғысының кезінде Махач оны алынбас қамалға айналдырған. Жə, сонымен Махач теңіз жайында былай деген:

«Жау қанша кеп болса да, бəрін теңізге лақтырамыз. Теңіз терең, түбінде орын жетеді». Таулықтар мешіт қасына, яки кəрі бəйтерек түбіне өміртұрмыс қамын ақылдасуға жиналады. Оны бізде годекан деп атайды. Сол годеканда таулықтардан: «Жандарыңа ең жағымды дыбысты айтыңдаршы», – деп сұраса керек. Таулықтар сəл ойланып, кезекпен айта бастайды: – Күмістің сыңғыры. – Аттың кісінеуі. – Сүйген жардың үні. – Тасқа тиген тағаның дыбысы. – Баланың күлкісі. – Ананың бесік жыры. – Судың сылдыры. Бір таулық тұрып: – Теңіздің шуы. Өйткені сол шуда айтқандарыңның бəрі бар, – депті. Тағы бір кезектегі годеканда тағы сұрақ қойылады: «Қандай түс жанға жағымды?» деген. Таулықтар ойланып, айта бастайды. – Ашық аспан. – Таулардың қарлы басы. – Ананың көзі. – Баланың шашы. – Гүлдеп тұрған сандал. – Күзгі тал. – Бұлақтың суы. Бір таулық тұрып: – Теңіздің түсі. Өйткені онда сендер айтқан түстің бəрі бар, – депті. Сондай годекандарда тағы иістің түрі, сусынның түрі, тағы да сондайларды сұрағанда, əмəнда əңгіме теңізбен тəмамдалады екен. Халық ертегілерінің көбісі де теңіз əсерінен туған. Мысалы: жас жігіт пен теңіз патшасы қыздың хикаясы, тұмсығымен түрткен жердің бəрінен бұлақ саулаған көгілдір құстың əңгімесі.

Əрине, годеканда əркім өзінің жүйрік атын мақтасады. Өзімнің Каспий теңізімді мақтап отырған мен де соларға ұқсаған жоқпын ба екем? Кейде маған: «Каспийі бар екен бір, ол теңіз емес, керек десе, үлкен көл ғана. Нағыз теңіз – Қара теңіз», – деседі. Ол рас, Каспий – Қара теңіз, Адриатика немесе əлгі Ион теңізі секілді барқыттай майда, жұмсақ ерке емес. Бірақ оларға жұрт дем алуға, шомылуға барады ғой. Ал Каспийге көбіне жұмысқа барады. Ол теңіз – балықшы, ол – мұнайшы, ол – еңбекқор. Сондықтан да оның мінезі қатқылдау. Амал қайсы, əр бұқаның өз əдеті, əр еркектің өз мінезі, əр теңіздің өз кескіні, өз əрекеті бар. Дағыстанның таулары өз тұрпаты, қасиетімен Грузия, Абхазия жəне өзге таулардан айрылмай ма екен? Дегенмен, маған, шынымды айтсам, бар теңіз атаулы ұқсас секілді көрінеді. Қара теңізде жүзе қалсам, Каспийді есіме алам, ал Каспийде жүзсем, тіпті мұхитты елестетем. Біздің теңіз ешкімнің теңізінен кем емес. Оған да жұрт келіп, келесі кездесуге ырым ғып, күміс теңге тастайды. Əкем айтатын: «Егер теңіз адамға сүйкімсіз керінсе, онда оның өзі сүйкімсіз болғаны, – деп. Бір күні Əбуталыпқа біреу: – Бүгін теңіздің шуы ерсі, – десе керек. – Сен менің құлағыммен тыңдап көрші. Сонымен Каспийді Дағыстанның көзімен қарау керек, сонда ол əсем көрінеді. Су асты сайыскері, екінші дəрежелі капитан, Дағыстанның Мегеб деген аулынан шыққан Магомед Ғаджиевтің асқан ерлігі бүкіл соғыс-теңіз флотына əйгілі. Ол Балтық, Теріскей, Баренц теңіздерінде соғысқан. Оның торпедасынан тұңғиықтың түбіне кеткен фашист корабльдері аз емес. Оның сүңгуір қайығы Отан соғысының тарихында бірінші рет фашист эскадрильясымен ашық айқасқа шыққан. Ғаджиевтің бір əдеті – қашан фашист кемесінің бірін суға батырғанша, əсте, мұртын алмайды екен. Мен Магомед Ғаджиевті бір-ақ рет көрдім. Онда Бұйнақтағы Абашилов атындағы педучилищеде оқитынмын. Магомед Ғаджиев демалысқа келген, біз оны педучилищеге шақырғанбыз.

– Тау-тастың арасында өскен адам қалай теңізші болды? – деп сұрадық сонда одан. – Бала кезімде бір биік шыңның басынан Каспий теңізін көріп, өз көзіме өзім сенбедім. Теңіз мені шақырғандай болды, ертіп кетті. Шақыруына көнбесіме күшім болмады. Совет Одағының батыры, тау жігіті Магомед Ғаджиев Баренц теңізінде қаза тапты. Махачқаладағы оның атындағы заводтың алдында тұрған ескерткіші Каспийдің көк айдынына қарап тұр. Североморск қаласында оның атында мектеп бар. Теңізге нағыз ер жүректер аттанады, бірақ бəрі бірдей аман орала бермейді. Сондықтан да таулықтар көктемнің алғашқы гүлін теңізге лақтырады, бұл – өлгендерді еске алу. Менің де көп гүлім теңіз толқынында қалқыған. Баренц теңізінде Ғаджиев пен оның жолдастары қаза болған орынға корабльдер тоқтап, рухына құрмет етеді. Каспийде мынадай тəртіп бар. Кемелер тоқтап, үш минут қаза болғандарды үнсіз еске алады. Біздің Махачқала нақ кемедей шығанақтың аузында тұр. Жағалаудағы парктен Пушкин қарап тұр, одан сəл əрегіректе Сүлейман Стальский, ал бульвардан Каспийге менің əкем қарайды. Бағзы заманда теңіздің орнында шөл дала болған екен дейді. Дала тауларды көріп, қуанғаннан тасып кетіп, дəл солардың етегіне кеп көгілдір жайқынға айналыпты. Бағзы заманда таулар төбелесіп жатқан айдаһарлар екен дейді. Олар теңізді көре салып, таңданғаннан мелшиіп тас болып қалыпты. Шешем менің бесігіме төніп отырып, əндетуші еді: Өсші, менін, бөбегім, Асқар таудай зор болып, Өсші, менің бөбегім, Атыраудай мол болып, Жас жігітке қыз айтушы еді. Асқар тауда тудың ба, Жел бітетін кеудеңе,

Тəкаппарсып құрбыңа Қарамайсың сен неге? Таудың əсем қызына жігіт айтатын: Шықтың ба су түбінен Ақ маржанның көзіндей? Көрген жоқпын, тегі, мен Қас сұлуды өзіңдей. Бір мəжілісте мен мынадай əңгіме естідім. – Неменеге, осы біз кілең теңіз де тау, тау да теңіз дей береміз? Бізде өзге тау мен теңіз бар емес пе, соны да айтпаймыз ба? Лезгиннің теңіздей бау-бағы бар, көл-көсір мал бар, тау боп үйілген жүн əнекей. Бірақ бір жөн айтылған сөз бар ғой: «Үш өлеңді өзің айтпай, бізге біреуін қалдыр. Үш намазды түгел өзің оқымай, бізге біреуін қалдыр». Сөйтіп мен Дағыстанның екі түрлі басты қазынасын айтып өттім. Ал үшіншісі тағы басқалары. Жол, өзен, ағаш, жөнінде де айтсаң, аз əңгіме бола ма ол? Барлығын қалдырмай айтуға ғұмыр жетпейді. Өлең де сондай. Дүниеде үш өлең бар: бірінші – ананың өлеңі, екіншісі де – ананың өлеңі, үшіншісі – қалған өзге өлеңдер. Таулықтар қонаққа кісі шақырғанда, былай дейді: «Бізге келіңдер. Біздің тауларымыз, біздің теңізіміз, біздің жүрегіміз сендердікі. Бізде жер – жер, үй – үй, ат – ат, адам – адам. Олардың арасында үшінші бөтен нəрсе жоқ». Адам мен азаттық авар тілінде бір-ақ сөз: «Узден» – адам, «узденльи» – азаттық, сондықтан адам деген мағынасында қолданған «узден» азат адам екенін айтқаны боп шығады – «узденльи». Құлпы тастағы жазу: Данышпан аты шықпаған, Батыр аты шықпаған, Бірақ басыңды іи бұған, Адам болған адам.

Қанжардағы жазу: Жортуыл, əмəн жолға шыққан шақта, Қаларсың жаумен, доспен жолығып та. Оның да адам екенін еске сақта, Қанжар байлап жүргенде, соны ұмытпа. Таулық адам сапарда ұзақ жүріп, еліне оралғанда одан сұраған екен жұрт: – Барып келген жерің нендей жер екен, қандай заңы бар екен? – Е, олар да пəнде екен, – депті таулық. Хаджи-Мұрат Шамильмен араз күндерде кейбіреулер Наибқа жақпақ болып, Шамильді жамандай бастапты. Сонда қолын қатулана сермеп қалып, Хаджи-Мұрат айтқан екен: – Қойыңдар ондай сөзді. Ол – адам. Дау-дамайымызды өзіміз-ақ жөндеп аламыз. Хаджи-Мұрат кейін Шамильден мүлде кеткенмен, Гуниб тауының басындағы ақтық айқаста өз Наибының асқан ер жүректігін есіне алып, Шамиль айтса керек: – Ондай адамдар енді жоқ. Ол – адам еді ғой деп. Таулықтар тау ішінде талай ғасыр өмір сүрді, сол кездің бəрінде де олар шын адамға зəру боп келді. Адам керек. Адамсыз болмайды. Таулықтың серті – адам боп тудым, адам боп өлем! Таулықтың шарты – жеріңді, үйіңді сат, бар мүлкіңнен айрыл, бірақ адамдығыңнан айырылма. Таулықтардың қарғысы – əулетінде адам да болмасын, ата да болмасын. Біреудің нашар бір қылығы, ұсақтығын, ездігін айтып сөз қылғанда, таулықтар дереу əңгімені бұзып: – Бұған неменеге сөз шығын қылып отырсыңдар. Мынауың адам емес қой, – дер еді. Ал бір жаңылыс кеткен, оқыс басқан, кемістік болған жайда тағы да əңгімені беліп: – Ол – адам, оған мұны кешіруге болады, – дейді. Ал тағы да берекеті жоқ, қиқым өсек, алауыз ауылды сөз қылса: – Адамы жоқ, – дей салады.

Енді ағайын тату, шаруасы бүтін ауылды айтса: – Онда адам бар, – дейді. Адам – ең бірінші қажеттілік, қазына-байлық ғажайып құбылыс. Дағыстанда адам қайдан пайда болды, таулықтардың осынша өзгеше нəсілдері қалай шықты, мұның түп негізі қайда жатыр? Бұл жайында əңгіме көп, аңыз-ертегі толып жатыр. Бала кезімде соның бірін мен де естігем. Жер бетінде əртүрлі аңдар мен құстар пайда болып, олардың іздері сайрап жатқанда, олардың ішінде адамның даусы жоқ еді. Жер адамсыз тілі жоқ ауызға, жүрегі жоқ кеудеге ұқсас еді. Бұл жердің аспанында бүркіттер, ержүрек күшті құстар шарықтап жүрді. Бұл əңгіме болғалы келе жатқан күні ғажап бір қар жауды, құдды жер үстінің бар құсының қауырсынын жұлып, желге шашқандай еді қардың ұшқыны. Аспанды бұлт торлап, жерді қар басып, аспан қайсы, жер қайсы екенін айырып болмауға айналды. Осы кезде бір бүркіт ұясына оралып келе жатты. Оның қанаты семсерге, тұмсығы қанжарға ұқсайтын еді. Ол биікті ұмытты ма, биік оны ұмытты ма, əйтеуір ол сорғалап келген бойы жартасты омырауымен соғып түсті. Аварлар бұл оқиғаны: «Гунибте болған», – деседі, лактар: «Турчида болды», – дейді. Қалай да жартастың аты жартас, бүркіттің аты бүркіт қой. Ел тегін айтпаған: «Құсқа тас атсаң да, құс өледі, құсты тасқа атсаң да, құс өледі». Жартасқа соғылып өлген құс жалғыз бұл емес шығар. Бірақ мына қанаты семсер, тұмсығы қанжарға ұқсаған бүркіт соғылғанмен, өле қойған жоқ. Қанаттары сынғанмен, жүрегі соғып, өткір тұмсығы, болат тұяқтары аман қалыпты. Енді, амал жоқ, өлмеудің қамын істеу керек. Қанатсыз тағам тауып жеу қиын, жауларынан қорғану да қиын. Күн санап ол бір тастан бір тасқа секіріп, бір құздан бір құзға көшіп, жоғарылай-жоғарылай бір кезгі өзі қонып, жан-жақты шолып отыруды сүйетін жартасқа жақындады. Қанатсыз тамақ табу қиынға түсті, биіктен барып ұя соғу, қорғану тағы солай. Осыншама қиындықтың тұсында бүркіттің бұлшық еттері өзгеріп, сырт тұлғасы да танымастай түрге енеді.

Ұя салынып болған соң қараса, ол ұя емес, сакля, ал қанатсыз бүркіттің өзі таулық кісі боп шығады. Ол сөйтіп аяғынан тік тұрып, сынған қанаттарының орнына қол бітіп, тұмсығының бір жақ жартысы кəдімгі мұрынға айналады. (Рас, тым үлкендеу). Ал екінші жартысы таулықтың белінде үнемі жүретін қанжар боп қалады. Тек жүрек қана өзгермейді, ол бұрынғы бүркіт жүрегі болып қала береді. – Көрдің бе, балам, – дейтін шешем əңгімесін аяқтап, – бүркіт тау адамына айналғанша қаншама қиындық көрген. Сен осыны бағалауың керек. Солай болды ма, жоқ па, қайдам, тек талассыз бір нəрсе: қанатты құстың бəрінен таулыққа қымбаты – бүркіт. Батыр, ақ жүрек адамды бүркіт деп атайды. Ұл туса, əкесі: «Бүркітім болды», – деп қуанады. Əлдеқайдан қызы үйіне тез оралып келе қойса, анасы: «Менің бүркітшем келді ғой», – дейді. Ұлы Отан соғысының тұсында Дағыстан батырлары жайлы кітап жазылды, оның аты «Тау қырандары» болатын. Ескі үйлердің есігінде, балалардың бесігінде, қанжарларда нақышпен ойып жасаған бүркіттің суреті болады. Əрине, жалғыз бұл емес, басқа да аңыздар бар. Бұл дүниенің алуан қилы құбылыс, хикметтерін ойлап кеткенде, отанынан алыс қиырда қаза тапқан ұлын əкесі еске алғанда, онда олардың «таулық бүркіттен шыққан жоқ, бүркіттен таулықтар шыққан» десетіні де бар. – Бүркіттер, тау мен өзен шарлағандар, Тегіңді айт, туысыңда қандай қан бар? – Көп өлді жас балапан, түлегіміз, Солардың қанат қаққан жүрегіміз. – Тұратын түнде көзді тартып əмəн, Жұлдыздар, кім едіңдер жарқыраған? – Көп өлді тау қыраны, көздерміз біз, Соларды жоқтап жылап тұрған үнсіз. Міне, сол себепті де дағыстандықтар аспанға аса бір мархабатпен, асыл үмітпен көз салады. Олар ұшып келіп, ұшып кетіп жатқан құстарға да солай қарайды. Таулықтар көк аспанды тəуір көреді-ақ!

1942 жылды есіме алам. Фельдмаршал Клейстің əскерлері Кавказдың кейбір шыңдарын басып алды. Авиация Грозныйдың мұнай өндірісін бомбылап жатты. Өрт түтіні Дағыстан шыңдарынан көрініп тұрды. Ол күндерде Грозныйда барлық Кавказ халықтарының жастарынан өкілдер жиналды. Дағыстан делегациясының ішінде мен де бар едім. Митингте белгілі ұшқыш, Совет Одағының Батыры лезгин Валентин Эмиров сөз сөйледі. Оның сол трибунадан айтқан сөзін де, кейін митингіден соң жасаған қысқаша кеңесін де ұмытар емеспін. Кетіп бара жатып ол, көзімен көкті мезгеп: – Анда асығып барам. Жерден гөрі, мен онда керектімін, – деп еді. Екі жетіден соң оның қаза болған хабары келді. Дағыстанның даңқты ұлы солай қаза тапты, өртеніп кетті. Бірақ əрқашан таңдайын таусап, үстімнен қыран ұшып өткен сайын, оның денесінде Валентиннің асау жүрегі барына сенемін. 1945 жыл. Москва. Біз, студенттер, күн сайын Дағыстанның тұрақты өкіліне барамыз, ондағымыз таулардан, Махачқаладан хабар білеміз. Республика бұл кезде өзінің жиырма бес жылдығын тойлағалы жатқан. Бір күні мен өкілдікте Нəби Аминтаевты кездестірдім. Ол кезде Дағыстанда бұл лак жігітті білмейтін адам болмайтын. Аспан жігіті, осынау сыпайы жас жігіт жау жеріне талай рет парашютпен түсіп, ылғи аман-сау қайтып жүрді. – Енді соғыс жоқ қой, Дағыстанға қайт, – деймін оған. – Аспан қалды ғой орнында. Бірнеше күннен соң «Правда» газеті оның суретін басып шығарды. Астында жазу бар: «Нəби Аминтаев – парашютпен қарғудың дүниежүзілік рекордсмені. Ол өзінің рекордын Дағыстанға арнайды... Біраз күннен соң Нəбиді тағы кезіктірдім. – Дағыстанға жүреміз бе? – Аспан күтіп тұр. Аспансыз тұра алмаймын. Алайда өмір деген қысқа емес пе. Парашют бір күні істемей қап, сонау бір қанаты қайрылған бүркіттей қайран Нəби қаза болды. Одан бері көп жыл өтті, бірақ тұмсығы

сақылдап аспанда бүркіт көрінсе, сол бүркітте Нəбидің ыстық жүрегі бар-ау деп ойлаймын. Есіме тағы да Резеде сұлу түседі. Дағыстан аспанынан ол Гуниб тауына секіріп түсіп еді. Оның терезесінің түбінде сонда сандаған пандуралар сарнап еді-ау! Оған өлең арнамаған жас ақын қалған жоқ. Бұйнақ қаласындағы кішкене кірпіш үй, сенің терезеңе үңілмеген көз қалды ма! Хунзахтан, Гунибтен, Құмықтан сонау бір сала құлаш бұрымды аруды алып қашпақ болып, қаншама жүйрік ерттелді десеңші! Амал қайсы, Ленинградтан біреу келді де, біздің Резеданы самолетке отырғызып алды да кетті. Жерде қалған көп ғашыққа биіктен қолын бұлғап кете барды. Біздің ақындар аузын ашып, соңынан ұзақ қарап қалып қойды да, соңынан бүркіт ұрлаған көгершін жайында өлеңдер жазды. Соғыс басталғанда Резеда Ленинградта еді. Ол хатында:«Бұл қалада енді ақ түндер жоғы былай тұрсын, күндізінің өзі қара түнекке айналды. Ленинград от ішінде. Мен де от ішіндемін. Түтін мен оттың арасынан сығалап аспанға қараймын. Аспанда да соғыс. Менің күйеуім Саид жау тылына əлденеше барыпты. Қазір оның дүниеде жоқ екені жайлы үш бірдей қара қағаз алдым. Ол десантдəрігер еді. Оның өлімнен құтқарған адамдары маған келіп тұрады». Резеда Дағыстанға оралды. Оның туған аспанынан оған бүркіттің шаңқылы естілсе, онда Саидтің жалынды жүрегі бар деп ол да ойлайды. Менің Ақылшы деген ағам! Сен аспанда емес, жерде, ауылшаруашылық институтында оқып жүр ең. Бірақ сен соғыста аспанды таңдап, ұшқыш болдың. Сен Қара теңіз үстінде қаза таптың. Жиырма екі-ақ жаста едің. Сен туған сакляңа енді қайтып оралмайсың, оны мен білем. Бірақ əрқашан төбемнен бүркіт саңқылдаған сайын, маған туысқандық хабар айтып тұрған Ақылшы бауырымның жүрегі деп сенем. Дағыстан аспанында қырандар қалықтап жүр. Олар көп. Алайда, Отан үшін бас берген ерлер саны да аз емес. Бүркіттің əр саңқылында ерлік, қаһармандық жайында хабар бар. Əр саңқылдау – айқас дабылы, айқас жыры.

Сол бір əсем ертегінің мен ойдан шығарылғанын білем. Жұрт оның шындық болғанын тілейді. Бірақ мен бір тым биіктеп кеткен біреуге андилік кісінің айтқанын естіп ем: «Тіпті бүркіттердің өзі адам болу үшін жерге түскен. Сен де биігіңнен төмен түс. Адам атаулының бəрі осында, жерде. Таулықтың таулық деп аталуы – ол тау адамы, жер адамы болғандықтан. Өлеңде, аңызда адамдар, мейлі, көкке ұша берсін. «Ұшу» деген сөзді біз жақсы көреміз. Атқа шапқан адамды да ұшты дейміз. Əн шырқап ұшады. Біздің əндеріміздің көбі қырандар жайында». Мені жырларында бүркітті жиі айтады деп көп сынаған. Енді өзгесінен маған сол құс ұнап тұрса не амалым бар. Өзге құстар күйбеңдеп, шыр-шыр етіп тарының, жемнің айналасында жүрсе, бүркіттер алыс қиянда самғайды. Олардың дауыстары да зор, айбынды. Өзге құстар сəл суық түсті дегенше-ақ Дағыстанды тастап, басқа жаққа кетіп отырады. Ал бүркіттер қанша үскірік соқса да, қанша оққа байланса да, туған биігін тастамайды. Оларда курорт жоқ. Өзге құстар үнемі жерге жабысып, бір үйдің төбесінен келесісіне қарғып, бір трубадан бір трубаға қонақтап, бір жерден бір жерге ұшып қонып жүргені. Біз ең кішкентай жартасты «құстыкі» дейміз. Ал үлкен жартасты «қыран жартас екен» дейміз. Дүниеге туған əр адам – əлі адам емес. Ұшып жүрген құстың бəрі – қыран емес. ТАУ ҚЫРАНДАРЫ Туған жер – ұлылық пен күш ұясы, Көңілді əн базары – құс ұясы, Құстардың құдайындай қырандары – Мекені асқар таудың тас қиясы. Дауылда ақ боранда айнымастан, Сақшыдай темір қанат қайрылмастан. Қияны шалу үшін биік таңдап Қақшиған орын теуіп қара тастан.

Кей-кейде бірі шырқап, алыс шарлап, Тұманды қанатымен тілген самғап. Кей-кейде тобыменен көтеріліп, Қайтады көк мұхитты көзбен барлап, Кетеді жерден шалғай жүзіп биік, Жетеді қайда салсаң көзі жүйрік. Олардың саңқылдаған даусын естіп, Қарғалар тоз-тоз болып, кетер жидіп. Баяғы бала күндей қазірде мен, Көруге сабаздарды əзірленем. Сандаған сағат бойы, тұрам қарап, Қырандар қиқу салған кезінде мен. Біресе тау күзетіп жеке қалар, Біресе дала шарлап кетеді олар. Кісіні ер жүректі, менің елім Теңемес тау қыранға бекер олар. Жапондықтардың ең сүйікті құсы – тырналар. Олардың айтуынша, егер сырқат адам қағаздан мың тырнаның суретін қиып жасаса, сауығып кетеді. Жапондықтар тырналардың ұшуын, əсіресе олардың Фудзияма аралының үстімен ұшуын келер қуаныш, не қайғы, айрылысу мен кездесу, арман, үміт, асыл естеліктермен байланыстырады екен, яғни соған жориды. Тырналарды мен де ұнатам. Əйтсе де, жапондықтар менен қай құсты жақсы көресің дегенде: «Мен бүркітті жақсы көрем», – деп едім, ол оларға ұнамай қалды. Рас, ұзамай, біздің балуан Əли Алиев Токиодағы жарыста дүниежүзінің чемпионы болып еді, бір жапон досым маған: – Ə, сіздің бүркіттер жарайды, жаман құстар емес екен, – деді. Біздің таулықтарға мен Түркия аспанында бүркіттер мен көкқұтандардың сұрапыл айқасы болғанын əңгімеледім. Мен бұл айқаста бүркіттердің жеңілгенін айтқанымда, таулықтар «ол қалайша» деп, тіпті ренжіп қалғандары да болды. Шынында да менің сөзіме сенгілері келмеді. Дегенмен, болған іс болған ғой.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙