Микробиология, өндірістік санитария және гигиена негіздері
С.С. Горохова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Осы оқу құралында сауда саласы мен қоғамдық тамақтану мамандарын даярлау мақсатында тамақ өнімдерін тұтынушыларға сату кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «құзіретті тәсілдемесін пайдалану ұсынылады. Микроағзалардың морфологиясы мен жіктелуінің негіздері, оларға сыртқы ортаның т...
C . C . Г О Р О ХО В А ,
КӘСІПТІК
Н . В . К О СО Л АП ОВ
БІЛІМ БЕРУ
А, Н . А . П Р О К ОП ЕН
КО
С
МИКРОБИОЛОГИЯ,
ӨНДІРІСТІК
А
САНИТАРИЯ
ЖӘНЕ ГИГИЕНА
НЕГІЗІ
У
«Білім беруді дамытудың федералды институты»
федералдық мемлекеттік мекемесі бастауыш
кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын
Д
білім беру мекемелеріне оқу құралы ретінде
Ұсынылған
6-шы басылым, стереотиптті
Мә ске у
«Акаде мия» баспа орталығы
2016 жыл
ӘОЖ 658.6/.9(075.9)
КБЖ 51.23я721
Г703
«Кәсіптік білім беру» сериясы
П і к і р б е р у ш і л е р :
М едицина ғылымдарының докторы, профессор,
Ростұтбақылаудың Ф.Ф.Эрисман атындағы федералдық
гигиена ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері
М . М .Сайфутдинов;
Федералдық білім беруді дамыту
институтының аға ғылыми қызметкері
В.Д.Иваненко
Горохова С. С.
Г
Микробиология, өндірістік санитария және
7 гигиена негіздері: оқу құралы / С. С. Горохова, Н.В.
0 Косолапова, Н. А. Прокопенко. - 6-шы басылым.,
3 стер. – М. : «Академия» баспа орталығы, 2016. -64 б. - (Сауда).
ІSBN 978-5-4468-3013-8
Осы оқу құралында сауда саласы мен қоғамдық тамақтану
мамандарын даярлау мақсатында тамақ өнімдерін тұтынушыларға
сату кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
құзіретті тәсілдемесін пайдалану ұсынылады.
Микроағзалардың морфологиясы мен жіктелуінің негіздері,
оларға сыртқы ортаның тигізетін әсері, патогендік ағзалар
қоздыратын тағам аурулары қарастырылған. Т ағамдарға жұғатын
микроағзалардың көздері, тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен
санитариясы сипатталған.
Оқу құралын ОП.04 «Санитария жән гигиена» - «Сатушы,
бақылаушы-кассир» мамандығы бойынша пайдалануға болады.
Азық-түлік тауарлары тауартанушыларын, сатушылар, аспаздар,
даяшылар, бармендерді даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін көтеруге
пайдаланылады.
Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде қолдану ұсынылады.
ӘО
Ж
6
5
8
6
9
0
7
5
9
К
Б
Ж
5
1
2
ғының
м еншігі болып табылады және
оның көшірм есін құқық иесінің
кел ісімінсіз кез кел ген тәсіл м ен
алуға тыйым салынады.
О
с ы б а с ы л ы м н ы ң т ү п н ұ с қ а м а к е т і «
А
к а д е м и я » б а с п а о р т а л ы
Оқырман назарына
Сауда кәсіпорындарының қызметкерлері Тамақ өнімдерінің бұзылуына
әкеліп соғатын микроағзалардың таралу сұрақтарын жақсы ұғынулары, азық-
түліктер жұқпаларының көздерін, тағамнан адамға жұғатын ауруларды,
сатылатын азық-түлік тауарларының микробиологиясы мен санитариясын
білулері тиіс.
Осы оқу құралының арқасында сіздер келесілерді білетін боласыздар:
микроағзалардың негізгі түрлерін; ■
тамақ өнімдерін сақтау кезінде микроағзалардың тіршілік әрекетін
реттеудің мүмкін болатын жолдарын;
жұқпа көздері мен жұғу көздері және зарарлы тамақ өнімдерінен келетін
қауіп-қатерді;
тамақ өнімдерінің микробиологиясын.
Осы оқу құралының арқасында сіздер келесі дағдыларды игересіздер:
колданыстағы
санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер
мен
нормативтердің негізінде сауда кәсіпорындарында тамақ өнімдерін
жеткізу, сақтау және сату кезіндегі санитарлық-микробиологиялық
тәртіптің ахуалын сауатты бағалауды;
кәсіби қызметті атқару кезінде жеке гигиена және өндірістік санитарияның
ережелері мен талаптарын қатаң сақтауды;
қандай да бір тағам өнімінің санитарлық-микробиологиялық қауіп-
қатеріне білікті түрде баға беруді.
1Микроағзалардың морфологиясы және оларды жүйелендіру негіздері
1.1
Микроағзалардың тірі табиғаттағы орны
Тіршілік әлемі бағзы заманнан бері өсімдік және жануарлар патшалығына бөлінген. XІX ғ. дейін микроағзалар жанды табиғаттың ең ұсақ тіршілік иелері
ретінде қарастырылған. XІX ғ-дың екінші жартысында барша микроағзалар
«Протист» патшалығына жатқызылды. XІX ғ-дың соңында микроағзалардың
жасушалық құрылысының ерекшеліктері ескерріле отырып, олар екі кіші
патшалыққа бөлінді: жоғары сатыдағы протистер (эукариоттар) және төменгі
сатыдағы протистер (прокариоттар).
Прокариоттарда ядро, мембрана болмайды; генетикалық материалы
нуклеотидте шоғырланған. Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) сақинаға
тұйықталған бірегей тізбекті құрайды. Жыныстық үдеріс орын алмаған. Прока-
риоттарға бактериялар, соның ішінде актиномицеттер мен көк-жасыл
балдырлар жатады.
Эукариоттар - ядролық мембранамен қоршалған нағыз ядросы бар ағзалар.
Генетикалық материалы ДНҚ мен ақуыздар тізбегі бар хромосомадан тұрады.
Эукариоттарға ядросы ауыспалы түрде қосылатын қарапайым жыныстық үдеріс
тән; олар кейде ұрықтанбай-ақ көбейе береді. Эукариоттарға бір жасушалы және
көп жасушалы микроағзалар жатады - ең төмен сатыдағылар, саңырауқұлақтар,
балдырлар (көк-жасыл балдырлардан өзгелері). Прокариоттармен салыстырғанда,
эукариоттардың құрылысы едәуір күрделі.
Тірі ағзаларды бес патшалыққа бөлу сызбасы 1969 жылы ұсынылды. Тірі
ағзаларды жіктеудің негізіне олардың жасушалық дамуының үш деңгейі
алынған: монера -прокариоттық (ядроалды) ағзалар; протиста -эволюция
үдерісінде эукариоттық ядролық жасушалар пайда болған микроскопиялық бір
жасушалы тіршілік түрі; эукариоттар - үш патшалықты өсімдіктер, жануарлар
мен саңырауқұлақтарды біріктірген, қоректену әдістері бір-бірінен өзгеше көп
жасушалылар. Алтыншы патшалық вирустар - өзінше тіршілік ететін жасушасыз
тіршілік түрі.
Микроағзалар (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, ең төменгі
сатыдағылар) ұқсастықтары, айырмашылықтары, өзара қарым-қатынастары
бойынша белгілі бір тәртіпте топталған. Бұл сұрақтармен арнайы ғылым –
жүйелендіру ( систематика) айналысады .
Микроағзалардың жіктелу қағидасын зерттейтін жүйелендіру тарауын
таксономия деп атайды .
4
1
Микроағзалардың морфологиясы және оларды жүйелендіру негіздері
Тарау
Таксон – қандай да бір таксономиялық санаттың аясында бірыңғай қасиеттері
бойынша біріккен миероағзалар тобы. Таксономияның негізін микроағзалардың
морфологиялық, өсірінділік, физиологиялық және басқа да қасиеттері қалайды.
Негізгі таксономиялық санат – түр. Басқа тек өкілдерінен айырмашылығы
жоқ, ұқсас қасиеттерімен біріккен дербес ағзалардың жиынтығы.
Микробиологияда «штамм» деген термин жиі қолданылады. Бұл түр түсінігімен
салыстырғанда, тар ұғым. Штамм деп зертхана жағдайында түрлі орталардан
(субстраттардан) бөлініп алынған бір түрдегі микроағзалардың таза өсірінділерін
атаймыз. Штаммға жақын клон - бір микроб жасушасынан өсірілген
микроағзалардың жиынтығы. Түрге тән қасиеттерден ауытқыған бактерияларды
түрше деп атайды .
Микробиологияда қабылданған ережелерге сәйкес, микроағзаларға атау латын тілінде беріледі және ол екі сөзден тұрады: біріншісі ағза жататын текті,
ал екіншісі - түрді білдіреді. Тек атауы бас әріптермен, түр атауы кіші
әріптермен жазылады. Мәселен, Streptococcus lactіs қанттың ашып, сүт
қышқылына
айналуының
нәтижесінде
сүттің
ашуын
туындататын
бактерияларға жатады. Streptococcus -тектің атауы, lactіs -түрдің атауы. Сібір
жарасының бацилласы Bacіllus anthracіs деп, ал ішек таяқшасы Escherіchіa
colі деп аталады .
Микроағзалар XVІІ ғ. соңында ашылды. Оларды бір қосдөңес линзалы
қарапайым микроскопты ойлап тапқан голландиялық Антони ван Левенгук (1695)
ашты. Қазір қолданылып жүрген күрделі микроскоптарды шығару және оларды
жетілдіру үшін, микробиология мен ғылымның сабақтас обылыстарында да екі
ғасырға жуық зерттеулер қажет болды. Қазіргі таңда фазоконтрасттық (фазаның
кереғарлық), ультракүлгін, флуоресценттік және т.б.микроскоптар бар. XX ғасырдың ең ірі жетістігі - микроәлем туралы адамзат көзқарасының өзгерісіне алып келген
электрондық микроскопты жасау болды.
1.2
Бактериялар
Бактериялар - көпшілігі бір жасушалы микроағзалардың (1 600 түрлерге
жуық) үлкен тобы. Олар прокариоттарға жатады. Пішіні бойынша олар шар тәріздес (кокктар), таяқша тәріздес (бациллалар, бактериялар, клостридиялар),
ирелеңді (вибриондар, спириллалар) деп бөлінеді.
Ш а р т ә р і з д е с бактериялар (кокктар) әдетте шар пішінді болып келеді. Бір біріне қатысты орналасу сипатына қарай олар келесідей бөлінеді (1.1 сурет): микрококктар - ретсіз орналасқан дара жасушалар; диплококктар - жұпты тіркеспе жасушалар; стрептококктар - тізбекпен біріккен жасушалар; тетракокктар - төрт-
төрттен тіркескен жасушалар; пакет тәріздес кокктар немесе сарциндер - бір
бірінің үстінде екі қатар болып орналасқан сегіз қатарлық пакеттер.
5
1.2
Бактериялар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1.1- сурет. Бактериялардың негізгі түрлері:
1 - стафилококктар; 2, 3 - диплококктар; 4 - стрептококктар; 5 - тетракокктар; 6 - сарциндер; 7 - 9 - таяқшалардың әр түрлері; 10 - вибриондар; 11 -спириллалар; 12 - спирохеталар. Бір шоқ жүзім ді елестететін, пішіні теріс шар тәріздес жасушалардың шоғыры -
стафилококктар да кездеседі.
Т а я қ ш а т ә р і з д е с бактериялардың ұзындығы мен қалыңдығы әртүрлі
болады. Олар дара немесе жұптасып бірігеді (диплобактериялар), ал үш-төрттен және одан астам тізбектелгендер - стрептобактериялар. Ұсақ бактерияларды кейде коккобактериялар деп атайды (бруцеллез қоздырғышы). Микобактериялар - бүйірлік
өсінділері бар таяқшалар (туберкулез қоздырғышы). Коринебактериялар
микобактерияларды еске түсіреді, бірақ ұш жағының жуандауымен және
цитоплазмадағы түйіршіктердің қосылуымен ерекшеленеді (күл таяқшасы).
И р е л е ң д і түрдегі бактерияларды ұзындығы, диаметрі және ирелең
санына қарай анықтайды: вибриондардың түр-пішіні үтірге ұқсайды;
спириллалар
- ирелеңді түрде,3... 5 ирелеңді болады (штопор тәріздес); спирохеталар - жіңішке,
ұзын, көптеген ирелеңдері бар бұралған таяқшалар.
Бактериялардың көлемдері. Олар 0,01-ден10 мкм.-ге дейін тербеледі. Бұл
микроағзалардың көлемдерін көзге елестету үшін, бір тамшы суға бірнеше
миллиондаған немесе миллиардтаған микроағзалардың сиюы туралы айтсақ та
жеткілікті.
1
Микроағзалардың морфологиясы және оларды жүйелендіру негіздері
Тарау
6
1.2
- сурет Бактериялық жасушаның
құрылысы (сызбасы):
1 - шырышты қабат; 2 - қабық;
3 - ядро; 4 - цитоплазмалық мембрана;
5 - көлденең шымылдық құрылуының бастамасы
6 - эписомалар; 7 - талшық;
8 - қосылулар ; 9 - РНҚ бөлшектері;
10 - перифериялық денешік; 11 - спора
Бактериялардың құрылысы. Бактериялық жасуша (1.2 сурет) қабықтан,
цитоплазмадан, нуклеотид пен басқа да құрылымдардан тұрады.
Қ а б ы қ бактерияға белгілі бір пішін береді, қоршаған ортаның зиянды
әсерінен қорғайды, ол арқылы жасушаның тірішілік етуіне арналған заттар
түседі. Қабық жасуша қабырғасы мен цитоплазмалық мембранадан тұрады.
Жасуша қабырғасы жасуша мен қоршаған ортаның арасындағы зат
алмасуында маңызды рөл атқарады. Цитоплазмалық мембрана бұзылған кезде
жасушаның тіршілікке қабілеттілігі жойылады. Ц и т о п л а з м а - жасушаның
қабықсыз бөлігі. Ол су, ақуыз, нуклеин қышқылдарынан тұратын коллоидтық
жүйені құрайды, құрамында дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) бар.
Н у к л е о т и д (ядро) -ДНҚ-ның жұпты тізбегінен тұратын
бактерияның ортасына орналасқан тығыз хроматинді тәжісі. Нуклеотид
цитоплазмадан мембрана арқылы оқшауланбаған бір алып хромосома түрінде
берілген. Тұқым қуалайтын ақпаратты беруге қатысады. Нуклеотидсіз жасуша
тіршілікке қабілетті бола алмайды.
К а п с у л а - бактериялық жасушаның айналасында шырышты қабат
түзуге қабілетті бактериялар болады. Капсула бактерияларды неше түрлі
факторлардан сақтай отырып, қорғаушының рөлін атқарады. Капсуланың пайда
болуы микроб түрінің белгісі болып табылады. Өз көлемі бойынша капсула
көбінесе бактериялық жасушадан әлдеқайда үлкен болады. Жасуша
қабырғаларының шырыштануы кейде қатты болатыны соншалықты, жеке
жасушалардың капсулалары бактериялық жасушалармен дақтанып, шырышты
массаға (зоогельге) біріктіреді. Шырыш құраушы бактериялар сұйық
субстраттарда көбейген кезде оларды біртұтас шырышты массаға
айналдырады. Осы көріністі қант өндіру кезінде қызылшадан алатын қантты
сығындыдан байқауға болады. Сақтау шарттары бұзылған жағдайда көптеген
өнімдер (ет, шұжық, сүзбе) шырыштануға тап келеді; сүттің, тұздықтың,
ашытылған көкөністердің, сыра мен шараптың созылымдығы байқалады.
Бактериялардың қозғалғыштығы. Шар тәріздес бактериялар әдетте
қозғалыссыз. Таяқша тәріздес бактериялар қозғалысты да, қозғалыссыз да бола
береді. Имек және спираль тәріздес бактериялар қозғалыста болады.
7
1.2
Бактериялар
1.3
- сурет.
Бактериялардың
талшықтары:
1 - монотрихтар; 2 - амфитрихтар;
3 - лофотрихтар; 4 - перетрихтар
Көптеген бактериялардың қозғалысы талшықтары арқылы жүзеге асады. Кейбір
бактериялар сырғанау арқылы; миксобактериялар - реактивтік сырғанау түрінде
шырыш лақтыру жолымен орын ауыстырады Т а л ш ы қ т а р - жіп тәріздес түтіктер. Өз осімен қимыл жасай отырып, олар
бактериялық жасушаның орнын кеңістікке ауыстырады. Талшықтарының саны
мен орналасуы бойынша қозғалысты бактерияларды монотрихтарға (ұшындағы
бір талшықты) (1.3 сурет); амфитрихтарға (екі полярлы орналасқан талшықты;
лофотрихтар (ұшында талшықтар шоғымен); перетрихтар (жасушаның бүкіл
бетіндегі талшықтарымен) бөледі. Талшықтары жоқ бактерияларды атрихиялар
деп атайды. Талшықтардың болуы, саны мен орналасуы бактерия түрінің белгісі
болып табылады және олар диагностикалық маңызға ие .
Бактериялардың көбеюі. Бұл үрдіс жасушаның қарапайым көлденең
екіге бөлінуі арқылы жүреді. Жасушаның бөлінуі әдетте ядро бөлінген соң,
бірнеше уақыт өткеннен кейін басталады. Үдерістің жүру жылдамдығы
бактериялар көбеюінің ерекшелігі болып табылады. Кейбір түрлердің
жасушаларының бөлінуі әрбір 15...20 мин. сайын орын алады. Бұндай бөліну
кезінде бактериялардың саны орасан санға жетеді. Бұл тағамдық өнімдерде
орын алады: шіріткіш бактериялардыңкөбеюі нәтижесінде ет пен балықтың тез
бұзылуы; сүтқышқылды бактериялардың көбеюіне байланысты сүттің тез
ашуы.
Споралар және споралардың түзілуі. Бактериялардың кейбірлері тіршілік
етудің жайсыз шарттарына аса төзімді споралар деп аталатын түрлерді құрайды. С п о р а -жасушаның ішінде орналасқан жалтылдақ домалақ немесе сопақ өсінді.
Спораларды түзетін таяқша тәріздес бактериялар бациллалар деп аталады (гр.
Bacіllus немесе қысқаша Bac.), споралар түзбейтін атауы - бактериялар (гр.
Bacterіum немесе қысқаша Bact.). Кокк түрлері арасында спораның түзілуі
ерекшелік ретінде қарастырылады.
Споралар - бацилла дамуындағы тіршілік сатысының қозғалыссыз кезеңі
(анабиоз ахуалы), түрдің сақталуын қамтамасыз ететін сыртқы ортаның
ауыспалы шарттарына табанды бейімделу болып табылады. Бациллалардың
споралар түзуі қоректік субстраттың сарқылуы мен жағымсыз факторлардың
әсері кезінде байқалады. Споралардың түзілуі кезінде бактериялық жасушаның
протоплазмасы ақырындап қоюланып, жасушаның белгілі бір бөлігінде
жиналады да, тығыз қабық жамылады.
8
1
Микроағзалардың морфологиясы және оларды жүйелендіру негіздері
Тарау
Жасуша құрамының осындай тығыздығы кезінде судың айтарлықтай мөлшері
жоғалады және бұл ретте оның қалдығы 40 %-тен аспайды. Тек тығыз қабық пен
судың минималды құрамы сырттың зиянды әсеріне деген спораның жоғары
төзімділігін қамтамасыз етеді. Споралар тіршілікке қабілетті ахуалда ондаған
және жүздеген жылдар бойы сақтала алады. Олар кептіру, химиялық
зарарсыздандыру құралдарына ерекше төзімді.
Спора жасушаның ішінде қалыптасады (эндогенді түрде). Әрбір
жасушада тек бір ғана спора (эндоспора) түзіледі.
Спора жағымды жағдайкезінде, споралық түрденбөлек, микроб
тіршілігінің вегетативті түрі деп аталатын бактериялық жасушаның ішінде
өседі.Баяндалған деректер негізінен шынайы деп аталатын бактерияларды
сипаттайды. Шынайы бактерияларданкейбір белгілерімен ерекшеленетін басқа
да бактериялар бар.
Актиномицеттер - тармақтануға бейім бір жасушалы микроағзалардың
тобы. Актиномицеттер табиғатта кең таралған. Олардың арасында паразиттер мен
сапрофиттер бар. Паразиттер негізінен жануарлар мен адамның (актиномикоз)
ауыр созылмалы аурулар коздырғыштарына жатады. Актиномицеттер азық-
түліктердің де бұзылуына әкеліп соғады. Азық-түліктер жер түсті болып кетеді.
Көптеген актиномицеттерді антибиотиктердің продуценттері: стрептомицин,
тетрациклин және т.б. ретінде қолданады.
Сонымен бірге бактериялар қатарына жіп тәріздес бактерияларды,
простекобактерия, миксобактерияды, риккетсиялар мен микоплазмаларды
жатқызады.
1.3
Вирустар мен фагтар
Вирустар (лат. vіrus - у) - құрамында тек бір ғана нуклеин қышқылының
түрі болатын -ДНҚ немесе РНҚ (рибонуклеин қышқылы), ақуызды синтездейтін,
жасушалық құрылылысы жоқ, өте ұсақ микроағзалар.
Вирустардың
морфологиясы
мен
құрылымын
электрондық
микроскоптың көмегімен зерттейді, себебі олардың көлемдерін тек
бактерияның қабығымен салыстыруға болады. Ең ұсақ вирустардың бірі -
полиомиелит вирусы (20 нм-ға жуық), ең ірілері -табиғи желшешек вирусы
(около 350 нм-ға жуық). Вирустарды орыс ботанигі Д. И. Ивановский 1892 ж.
темекі плантацияларына айтарлықтай зиян келтіретін темекінің мозаикалық
ауруын зерттеу кезінде ашқан. Д.И. Ивановскийдің ашқан жаңалығы жаңа
ғылымның - вирусологияның негізін қалады.
Вирустар - ең төмен сатыдағы тірі табиғаттың нысандары; тіршіліктің
жасушасыз түрі, жоғары ұййымдасқан тіршілік иелерінің жасушаларына еніп,
өзіне ұқсас түрлерді өндіреді. Тірі жасуша ағзасынан тыс жерде вирус енжар,
бұндай ахуалда ол ұзақ уақыт сақталады.
9
1.3
Вирустар мен фагтар
Вирустың өмірі тек тірі жасушаға енген кезден басталады. Оларда басқа
микробтарға тән (бөліну, бүршіктену) көбею әдістері болмайды. Вирустардың
көбеюі цитоплазмада немесе жасушаның ядросына жүреді. Вирус қысқа
уақытта жасуша ішінде өзінің көптеген көшірмесін өндіреді (көшірмелейді).
Қалыптастырылғанвирус бөлшегі вирион деп аталады. Вирионның пішіні
әртүрлі болуы мүмкін: таяқша тәріздес, оқ тәріздес, сфералық және т.б.
Қарапайым күйдегі вирустарда (1.4 сурет) нуклеин қышқылы капсид (лат.
capsa -футляр,қалташа,қап) деп аталатынақуыз қабығыменбайланысады. Капсид
қайталанатын суббірліктер - капсомерлерден тұрады . Күрделі күйдегі
вирустарда капсид тағы липопротеидті қабық - суперкапсидпен қоршалған.
Капсид пен суперкапсид вириондарды сыртқы ортаның әсерінен қорғайды.
Вирустар жануарларды, адамды, өсімдіктер мен бактерияларды
зақымдайды: адам аурлары -желшешек, тұмау, қызылша, полиомиелит және
басқалары; жануарларда -құтыру, аусыл, оба; өсімдіктерде -«мозаика» және
басқалары. Соңғы жылдары адамдар мен жануарларда ауру туғызатын жаңа
вирустар табылған. ЖИТС, АИТВ-1 және АИТВ-2 вирустары, маймылдардың,
ірі қара мал және басқа да жануарлардың иммундық тапшылық вирустары
кеңінен танымал.
Вирустар кептіру мен төмен температураны өте оңай көтереді, бірақ ультракүлгін сәулелерге радиоактивтік сәулеленуге, антибиотиктерге төзімділігі
төмен. Фагтар - бұл микроағзалардың вирустары, бактериялық жасушаларға ену
және олардың ыдырауын (лизис) тудыру қабілетіне ие. Бактериялардың вирустарын б а к т е р и о ф а г немесе жай ғана фаг деп, актиномицеттерді - ант и н о ф а г
, а л саңырауқұлақ вирустарын - м и к о ф а г деп атайды.
Бактериофагтың ашылу тарихы 1917 ж. дизентериямен ауырған науқастың
үлкен дәретінен бөлінген бактерия лизистерін анықтаған канадалық ғалым
Ф.Д’Эреллдің атымен байланысты.
Фагтар суда, топырақта, азық-түлікте, адамдар мен жануарлардың
бөлінділерінде, яғни бактериялар кездесетінжерлерде болады. Фагтарды, басқа
да вирустар сияқты, тек электрондық микроскоптың көмегімен табу мүмкін.
Фагтар пішіні, құрылымдық ұйымдасуы, нуклеин қышқылының түрі және
жасушамен қарым-қатынасының сипаттамасы бойынша ерекшеленеді. 1.4
- сурет. Вирионның құрылысы
(капсомерлік): 1 - капсомер лерден тұратын капсид;
2 - нуклеин қышқылы; 3 - суперкапсид
10
1
Микроағзалардың морфологиясы және оларды жүйелендіру негіздері
Тарау
Қазіргі таңда фагтар медицинада бірқатар жұқпалы аурулардың
диагностикасында, емдеу және аурулардың алдын алуда қолданылады,
мәселен, дизентерия, тырысқақ.
Фаголизис - микроағзалар ұрықтарын еріту - пайдалы микроағзаларды
пайдаланатын
өндірістерде
байқалады.
Өндірістік
микроағзалардың
ұрықтарындағы фагтардың дамуы олардың мезгілінен бұрын болатын лизисіне
алып келеді және олар қажетті заттарын синтездеп үлгере алмайды. Бұл
кәсіпорындарға экономикалық зиян келтіреді. Қышқылсүт өнімдеріне арналған
ашытқының құрамына кіретін сүтқышқылды бактеряларды көбінесе фагтар
лизистейді. Бұндай ашытқылар қолдануға жарамсыз болып қалады.
1.4
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтарды (Mycora немесе Fungі) 120 мыңнан асатын әртүрлі
өсімдік ағзаларының кең ауқымды тобына жатқызады. Саңырауқұлақтар бір
жасушалы да ашытқы түрінде, көп жасушалы да ашытқы түрінде де берілген -
үлкен жауыншыл, «улы саңырауқұлақ». Саңырауқұлақтарға өңезді (зең) - ылғалды органикалық материалда (нанда, теріде, іритін өсімдіктерде және т.б.) өсетін
микроскопиялық саңырауқұлақтар, піскен жеміс-жидектердің, ашыған шырындарда
молынан пайда болатын бір жасушалы ашытқылар және ақұнтақ, қара күйе мен
тат шақыратын көптеген өсімдік паразиттерді де жатқызады. Белгілі бір даму
жағдайларында адам мен жануарлар үшін уытты заттарды - микотоксиндерді
өндіретін саңырауқұлақтар да бар. Патогенді саңырауқұлақтар кейбір аурулардың
қоздырғышы болуы мүмкін. Көптеген саңырауқұлақтарды тамаққа пайдаланады,
органикалық қышқылдар, дәрумендер, ферменттер, антибиотиктер алу мақсатында
қолданады.
Саңырауқұлақтарға үш негізгі белгілер тән: спорамен көбею; мицелий
түріндегі вегетативтік дененің болуы; хлорофиллдың болмауы. Табиғатта
саңырауқұлақтар түрлі субстраттарда, топырақта, суда болады. Олар
табиғаттың заттар айналымында маңызды рөл атқарады.
Саңырауқұлақ денесінің құрылысы. Көптеген саңырауқұлақтардың
вегетативтік денесі тарамдалған жіптерден - г и ф т е р д е н тұратын
саңырауқұлақтар жіпшесі немесе м и ц е л и й түрінде болады. Бұндай
саңырауқұлақтарды м и ц е л и а л д ы н е м е с е ө ң е з д і деп атайды.
Саңырауқұлақтың гифтері сырт пішінімен, қабырғасының құрылысымен,
қалыңдығы және беткі рельефімен ерекшеленеді. Гифтерінің диаметрі 2-ден 25
мкм-дан астам тербеледі.
Кейбір саңырауқұлақтардың мицелийі болмайды. Бұл төмен сатыдағы
саңырауқұлақтардың өкілі, сонымен қатар ашытқы. Бұл саңырауқұлақтардың
мицелийлері жасушалы болып келеді. Гифтері қалқа (септ) арқылы жасушаларға
бөлінген, олар көбінесе көп ядролы; басқа саңырауқұлақтардың мицелийі
саңырауқұлақ мицелийлері жасушалы емес, гифтарының қалқалары
11
1.4
Саңырауқұлақтар
б
1.5
– сурет. Саңырауқұлақтың мицелийі:
а - жасушасыз; б - клеткалық
жоқ және бүкіл мицелий ядроның көп санымен бірге бір алып жасуша болып
қалыптасады. (1.5 сурет). Ол ішінде көбею органдары орналасқан,
саңырауқұлақтардың жемісті денесі деп аталатын гифтердің тығыз
өрімдерінен тұрады.
Жасушаның құрылысы. Саңырауқұлақтар құрылысы жағынан басқа
өсімдік ағзаларының жасушаларына ұқсас эукариотты жасуша түрін иемденген,
дегенмен бұл саңырауқұлақтардың пластидалары болмайды. Көптеген
саңырауқұлақтардың жасушаларында көп қабатты жасуша қабырғасы; ішінде
құрылысы мен қызметтері әртүрлі сан түрлі құрылымдары бар цитоплазма;
ядро (немесе бірнеше ядродар) болады.
Көбеюі. Ол саңырауқұлақтарда вегетативтік, жыныссыз және жынысты
болады. Вегетативтік көбею кезінде мицелийден оның бөлшектері бөлініп
шығады да, о и д и л е р (артроспоралар) мен х л а м и д о с п о р а л а р
түзіледі. Артроспоралар гифтердің қысқа жасушаларға шашырауының
нәтижесінде пайда болады. Хламидоспоралар шамамен осылайша пайда
болады, бірақ жасуша қабырғасы жуандау болғандықтан, олар сыртқы
факторлардың әсеріне төзімділеу болып қалыптасады.
Жыныссыз
көбею
споралар арқылы
жүзеге асады.
Кейбір
саңырауқұлақтардың споралары гиф сыртқы ұштарында пайда болады, яғни
экзогенді жолмен (ашық). Бұндай спораларды к о н и д и й деп, ал оларды
тасып жүретін гифтерді –к о н и д и й т а с ы м а л д а ғ ы ш деп атайды (1.6
сурет). Конидий арқылы жыныссыз көбею қалталы, базидиалды, жетілмеген
және кейбір төмен сатыдағы саңырауқұлақтарда байқалады.
Басқа саңырауқұлақтарда споралар эндогенді - гифтердің ұшында дамитын
жолмен құралады. Бұл жасушалар - споралардың кең орны - спорангиялар деп
аталады,ішінде орналасқан споралар -спорангиоспоралар, ал спораларымен бірге
спорангийлерді тасымалдаушы гифтер - спорангий тасымалдаушы деп аталады.
Саңырауқұлақтардың ж ыныстық көбеюі кезінде споралардың пайда болуы
алдында жыныстық жасушаларының қосылу үдерісі жүреді. Оның соңынан
ядролары
бірігеді.
Нәтижесінде
мамандандырылған көбею
органдары
қалыптасады. Қалталы саңырауқұлақтарда (жасушалы мицелиймен) жыныстық
үдеріс споралы сөмке, ал базидиалдыларда - споралы базидиялардың пайда
болуымен аяқталады.
С ө м к е ( а с к у с ) ішінде аскоспора депаталатын споралар (көбінесе
сегіз) орналасқан цилиндрлік жасушалар түрінде болады. Аскоспоралар түрлі
пішінде, түссіз немесе боялған болып келеді.
1
Микроағзалардың морфологиясы және оларды жүйелендіру негіздері
Тарау
12
1.6
– сурет. Саңырауқұлақтардың жыныссыз көбею органдары:
а - оидилар; б - конидий тасымалдаушы (1) со стеригмамен (2) и конидиямен (3);
в - спорангийлі спорангий тасымалдаушы (4) және спорангиоспорамен (5)
Жасушасыз мицелийлі саңырауқұлақтарда жыныстық үдерістің
нәтижесінде бір спора - зигоспора немесе ооспора пайда болады. Олардың
қабықтары жуан, құрамында көптеген қоректік заттары бар және жағымсыз
жағдайларда ұзақ уақыт сақталуға бейім.
Көбею әдістері мен көбею органдары құрылысының ерекшеліктерін
саңырауқұлақтарды тану кезінде қолданады. Бұл ерекшеліктер олардың
жіктелу негізінде жатыр.
Барлық саңырауқұлақтар екі бөлімге бөлінетін Mycota патшалығына
біріктірілген: шырышты (Myxomycota) және шынайы
(Eumycota)
саңырауқұлақтар.
Ш
ырышты
саңырауқұлақтар
(миксомицеттер).
Бұл
саңырауқұлақтар тобының құрылысы жасушасыз. Олардың вегетативтік
денесінің цитоплазмасы саны үлкен ядролардың шырышты массасы түрінде
болады. Ол даму кезеңінде споралы жемісті денелерді қалыптастырады. Осы
топтағы саңырауқұлақтар тобының арасында қурап қалған өсімдіктерде
дамитын сапрофиттер тобы да бар, дегенмен олардың паразиттік түрлері де
болады.
Ш ынайы саңырауқұлақтар (эумицеттер). Олар жеті жіктелімге
бөлінген: хитридиомицеттер, трихомицеттер, оомицеттер, зигомицеттер,
аскомицеттер, базидиомицеттер және дейтеромицеттер (жетілмеген). Бірінші
төрт жіктелім нің саңырауқұлақтары төменгі сатыдағыларға, қалғандары -
жоғарғы сатыдағыларға жатады. Саңырауқұлақтарды жіктеудің белгілері
мицелийінің құрылысы мен көбею типтері болып табылады.
Хитридиомицеттер (Chytrіdіomycetes). Саңырауқұлақ мицелийлері нашар
дамыған немесе мүлдем болмайды. Олардың жасушалық қабығы жоқ,
вегетативтік денесі жалаңаш протопласт түрінде қалыптасқан. Жыныссыз
көбейеді .Спораларын бір жіпшемен - зооспорамен құрайды. Хитридиомицеттер
негізінен су саңырауқұлақтары; олардың көбісі төмен және жоғары сатыдағы
өсімдіктердің жасушаішілік паразиттері. Өсімдіктердің зақымданған органдары
мен жасушаларында паразит қозғалыссыз жасуша - қалың қабықты цистаға
айналады. Осы жіктелім өкілінің бірі синхитриум саңырауқұлағы болып
табылады.
13
1.4
Саңырауқұлақтар
( Synchutrіum endobіotіcum) - картоп обырын қоздырушы. Зақымданған
түйнектің көзшелерінде жөкеге (губка) ұқсас дөңесті өсінділер (ісіктер) пайда
болады. Бұл ауру өсімдіктің тамырынан басқа барлық бөліктерін зақымдайды;
соның нәтижесінде өнім толығымен құриды немесе айтарлықтай төмендейді.
Оомицеттер (Oomycetes). Мицелийі жақсы дамыған. Ол бір жасушалы,
көп ядролы. Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Осы жіктелімдегі
көптеген саңырауқұлақтар - жоғары сатыдағы өсімдіктер паразиттері. Олардың
ішінд е фитофтора мен плазмопара кең тараған.
Фитофтора (Phutophthora іnfestans) немесе картоп саңырауқұлағының
фитофторозын қоздырушы болып табылады. Ол картоптың жапырақтарын,
сабағын, түйіндерін зақымдайды.
Плазмопара (Plasmopara vіtіcola) -м и л ь д ь н е м е с е ж а л ғ а н
а қ ұ н т а қ деп аталатын жүзімнің ауру қоздырғышы. Саңырауқұлақ жапырақтары
мен жидектерін зақымдайды. бетін саңырауқұлақтың спора тасымалдаушысынан
тұратын үлпілдек жамылғы басқан жидектер жиырылып, түсіп қалады. Бұл ауру
ылғалды ауа райында көрініс береді. Саңырауқұлақ ооспоралары көптеген жылдар
бойы топырақта өз өміршеңдігін сақтайды.
Зигомицеттер (Zugomycetes). Мицелийі жасушасыз, жақсы дамыған.
Көбеюі – жыныссыз және жынысты. Осы жіктелімге табиғатта кеңінен м у к о
р (Mucoraceae) саңырауқұлақтары жатқызылған. Олардың көбісі түрлі тамақ
өнімдерінің бұзылуына әкеліп соғады. Олар азық-түліктерде ақ үлпілдек немесе
сұр масса түрінде дамиды. Мукор саңырауқұлақтарының ішінен мукор мен
ризопус ерекше қарастырылады. Ризопус тегінің саңырауқұлақтары «жұмсақ
шіруді» қоздыра отырып, жеміс-жидектерді зақымдайды.
Кейбір мукор саңырауқұлақтары адам мен жануарлар ауруларының
қоздырғышы болып табылады. Басқа мукор саңырауқұлақтарын органикалық
қышқыл, ферменттер өндірісіне, қантты этил спиртіне ашытуда қолданады.
Кейде мукор және ризопус текті саңырауқұлақтарды ашытқылармен қатар
алкоголь ішімдіктері мен ашытылған соя бұршақтарынан алынатын айрықша
өнімдерді әзірлеу кезінде пайдаланады. Мукор саңырауқұлақтарының арасында
ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерін жоюға арналғандары да бар.
Аскомицеттер (Ascomycetes).
Қалталы
саңырауқұлақтар.
Бұл
саңырауқұлақтардың көбісінің мицелийі жасушалы. Аскомицеттерге мицелийі
жоқ, дербес бүршіктенетін жасушалы саңырауқұлақтар жатады. Олардың
көбею жолы – жыныссыз және жынысты.
Аскомицеттер табиғатта кеңінен тараған. Олардың кейбіреулері дақылды
өсімдіктерде паразиттік тіршілік етсе, басқалары адам мен жануарларда дерт
туындатады. Олардың арасында тамақ өнімдерін бұзатын қоздырғыштар
көптеп саналады. Олардың кейбіреулері өнеркәсіп саласында антибиотиктер,
алкалоидтар,
ферменттер мен
дәрумендердің
өндірушілері
ретінде
пайдаланылады.
Аскомицеттерге жататын, тамақ өнімдері, өнеркәсіп бұйымдары мен
материалдарды бүлдіретін (өңездететін) а с п е р г и л л ю с (Aspergіllus) тегі және
п е н и ц и л л и у м (Penіcіllіum) (1.7 сурет) тегінің саңырауқұлақтары кеңінен
таралған қоздырғыштар. Кейбір аспергиллалар дерт туындататын топқа жатады:
олар адамның тыныс жолдарын, көздерін, терісі мен басқа да дене мүшелерін
зақымдайды.
Пенициллдардың жеке түрлері антибиотиктерді, атап айтқанда, пенициллин
өндіреді.
14
1
Микроағзалардың морфологиясы және оларды жүйелендіру негіздері
Тарау
a
б
в
1.7
- сурет. Саңырауқұлақтар:
а - PenіcіUіum; б - Aspergіllus; в - Mucor
Склеротиния (5. sclerotіnіa) -жеміс пен көкөністерді сақтау кезіндегі сұр
шіріктің қауіпті және кең қоздырғышы.
Спорынья (Clavіceps purpura) -нан және мал азығы дақылдарының паразиті
(1.8 сурет). Саңырауқұлақтар қатты денелер - мүйізге ұқсайтын қою-сия түсті
склероцияларды құрайды. Өнімді жинау кезінде олар бидайға түседі.
Склероциялардың қаупі - олардың құрамындағы адам мен жануарлар үшін уытты
алкалоидтың болуында.
Базидиомицеттер (Basіdіomycetes). Бұл жоғары дәрежеде дамыған
жасушалық мицелийлі саңырауқұлақтартар. Оларда жыныссыз көбею сирек
байқалады. Базидиоспоралы базидийлар жыныстық органдар арқылы көбеюге
қызмет етеді. Бір саңырауқұлақтарда базидийлар бір жасушалы болса,
екіншілері
- көп жасушалы болады..
Бір жасушалы базидий саңырауқұлақтары топырақта, өсімдік қалдықтары
мен ағаштарда тіршілік етеді. Осы топ құрамына қалпақты және дің
саңырауқұлақтары кіреді.
Қалпақты саңырауқұлақтар қалпақ пен аяқтардан тұратын бір жылдық
етті жеміс денесінен тұрады. Көптеген қалпақты саңырауқұлақтар жеуге
жарамды (ақ саңырауқұлақ, сазқатпа, қайың саңырауқұлақ және т.б.).
Саңырауқұлақ деп аталатындарын тамаққа пайдалануға болады, сонымен бірге
жемістілері де бар. Саңырауқұлақ алаңдары топырақта тіршілік етеді. Кейбір
қалпақты саңырауқұлақтар улы болады.
Біздің елімізде және басқа да мемлекеттерде жеуге жарамды
саңырауқұлақтарды – қозықұйрық пен аспа саңырауқұлақтар - өнеркәсіпт ік
өсірумен айналысады.
Қытай және Жапонияда басқа да қатпарлы саңырауқұлақтарды өсіреді.
Дің саңырауқұлақтары тірі ағаштармен қоса құрылыстағы ағаштарды да
талқандайды. Дің саңырауқұлақтары «үй саңырауқұлақтары» деген атаумен
белгілі. Олар ғимараттардың, қоймалардың ағаш бөліктерін, ағаш сөрелер мен
шарап жертөлесіндегі ағаш бөшкелерді зақымдайды. Нағыз үй саңырауқұлағы
(5erpula lacrіmans) нағыз зиянкес болып саналады.
15
1.4
Саңырауқұлақтар
Оны
табиғатта
табу
мүмкін
емес.
Айтарлықтай зиян келтіре отырып, олар тек
құрылыстарды мекендейді.
Көп
жасушалық
базидиялы
базидиалдық саңырауқұлақтар. Олардың
кең өкілдері -паразиттік қара күйелі және
татты саңырауқұлақтар.
Қара күйелі
с а ң ы р а у қ ұ л а қ т а р - гүлді өсімдіктер
мен дәнді дақылдардың паразиттері. Қара
күйе деп аталатын ауруды қоздырады. Бұл
саңырауқұлақпен
зақымданған
өсімдіктің
органдары күлденген, күйген сияқты болып
көрінетіндіктен, саңырауқұлақтың ауруы да
осылай аталған.
Т а т т ы с а ң ы р а у қ ұ л а қ т а р жоғары
сатыдағы өсімдіктерді, соның ішінде дәнді
дақылдарды зақымдайды.
Өсімдіктердің
а
б
зақымданған бөліктерінде татты дақтар немесе 1.8
жолақтар пайда болады. Дәнді дақылдардың
- сурет.
татпен зақымдануы олардың толық жетілмеуіне,
Саңырауқұлақтың
масақтарының пайда болуын
хламидоспоралары мен
склероциялары:
кідіртуге, ал кейде
а -хламидоспор а; б -склероция
сәйкесті өнім мөлшерінің
спорыньи
төмендеуі
не және
бүлінуі
не
әкеліп
соғады.
Дейтер
омице
ттер
немесе
жетілм
еген
саңыра
уқұлақ
тар
(Deuter
omycete
s).
Жетілмеген саңырауқұлақ өкілдерінің көбісі
жыныстық
қатынасқа түсу
қабілетінен
айырылған
аскомицеттер
немесе
базидиомицеттер болып табылады. Олардың
ішіндегі ең көп және азық-түлікті бүлдіретін
қауіпті қоздырғыштар: фузариум, ботритис,
альтернария,
оидиум,
монилия,
фома,
кладоспориум.
Ф у з а р и у м (Fusarіum) «фузариоз»
деген жалпы атаумен жемістер мен
көкөністердің түрлі ауруларын қоздырады.
Адам үшін улы заттарды өндіретін түрлері де
бар. Б о т р и т и с (Botrytіs) саңырауқұлағы
алма, алмұрт, көптеген көкөністер мен әсіресе
жидектерді зақымдайды. Жемістер мен
көкөністердің беткі жағын үлпілдек сұр тозаң
басып, тіндері суланады, қоңыр түстеніп,
жұмсақталып
О и д и у м (Oіdіum) тегінің
кетеді.
Ботритис
саңырауқұлақтар түрінің бірі - Oіdіum lactіs -
басқа
сүт өңезі. Жиі жағдайда ашытқан көкөністер
саңырауқұлақтар
мен қышқылсүт өнімдерін сақтау кезінде
мен
бірге
түйнектерін
олардың бүлініуіне әкеліп соғатын барқыт
16
1
Микроағзалардың морфологиясы және оларды жүйелендіру негіздері
Тарау
сақтау кезінде
үлдір түрінде жиі дамиды.
қант
қызылшасының ш
о қ а ш і р і г і н
қоздырады.
Олардың бетінде
дамып
келе
жатқан
саңырауқұлақтард
ың
мицелийі
өсірген
түрлі
түстегі
тозаң
пайда болады (ақ,
сұр,
қара,
жасылтым).
Түйнектің
зақымданған
бөліктері
саңырауқұлақ-
патогеннің түріне
қарай
құрғақ,
тығыздалған
немесе кептірілген
(мацерленген),
шырышталған
болып
қалыптасады.
Сақтайтын
орынның жоғары
температурасы
мен
ылғалдығы
шіріктің қозуына
әкеліп соғады.
А л ь т е р н
а р и я (Alternarіa)
альтернариоз
деген
атаумен
белгілі
саңырауқұлақ
көптеген
ауылшаруашылық
дақылдарының
ауруларын
қоздырады.
Альтернария тағам
азық-түліктерінде
дами
отырып,
оларда батырылған
қара дақтарды
құрайды.
Өңез сары майда, ірімшікте және басқа да азық-түліктерде кездеседі.
М о н и л и я ( Monіlіa) тегінің саңырауқұлақтары жемістерді бүлдіретін
белсенді қоздырғыш болып табылады.
Ф о м а (Phoma) тегінің саңырауқұлақтары көкөністерді сақтау кезінде
(қырыққабатта, сәбізде, қызылшада) құрғақ шіріктің (фомоз) пайда болуын
қоздырады.
К л а д о с п о р и у м (Cladosporіum) тегінің саңырауқұлақтары
тоңазытқышта сақтау кезінде түрлі тамақ азық-түліктерінде қара-зәйтүн түстес
(қара түске дейін) барқыт дақтар түрінде анықталады.
1.5
Ашытқы
Ашытқы
мицелийсіз,
хлорофилл
құратын
бір
жасушалы
саңырауқұлақтар. Сырт пішіні бойынша бұл едәуір ірі (10 мкм. дейін)
сараланған ядролы, сопақ немесе домалақ. Олар қозғалыссыз күйде, көбеюі
жыныссыз және жынысты болады.
Ашытқы табиғатта кең тараған,
өсімдіктердің
жемістері мен
жапырақтарында көптеп кездеседі (жүзімнің, жеміс-жидек ағаштарының
сабағында). Ашытқының спирттік ашыту қабілетіне қарай өнеркәсіпте кеңінен
пайдаланады.
Бүршіктену ашытқының ең кең таралған көбею әдісі. Дамыған
жасушалардың бетінде, цитоплазма мен ядроның бір бөлігі өтетін, бір немесе
бірнеше дөңестің (бүршіктердің) пайда болуымен сипатталады. Аналық және
еншілес жасушалардың арасындағы орын қайта тартылып-кішірейеді (тарылу
орны), еншілес жасуша бөлініп шығады да, өз бетінше өмір сүре бастайды.
Жыныстық көбею кезінде екі жасушаның қосылуы жүреді. Ұрықтанған
ядро бөлініп, төрт немесе сегіз аскоспора қалыптасады. Бұндай жасуша а с к
атты қалтаға айналады (споралы сөмке).
Ашытқылардың арасында сапрофиттер мен паразиттер болады.
Сапрофиттер ашыту өнеркәсібінде және ақуыз көзі ретінде мал
шаруашылығында пайдаланылады. Бластомикоз паразиттері малдардың ауруын
қоздырады.
Ашытқы қалталы саңырауқұлақтар (Ascomycetes) класының мицелий
түзбейтін жалаңаш қалталы кіші тобына жатады. Ең үлкен қызығушылықты
оятатын сахаромицес (Saccharomyces) тегі. Оның құрамына өнеркәсіпте
қолданылатын ашытқының табиғи және өсірілген түрлері жатады. Олардың
жеке түрлерімен қантты ашытады. Ц е р е в и з и я с а х а р о м и ц е с і
ашытқысы кеңінен қолданылады. Түрлі әдіспен пресстелген және кептірілген
ашытқы коммерциялық өнім болып табылады. Тағам ашықтылары азық-түлік
өнімдеріне қосымша зат түрінде пайдаланылады. Ашытқыны өндірісте инвертаза ферментін, этил спиртін өндіруде, квас қайнатуда, нан пісіруде және
сыра қайнатуда қолданады. Әрбір үдеріс үшін ашытқының өз түрі қажет.
17
1.5
Ашытқы
С а х а р о м и ц е с в и н и ( Sacch. vіnі) ашытқысы шарап жасауда қолданылады.
Дегенмен ашытқының аталған және Saccharomyces тегінің басқа да түрлері
бағытталған даму үдерісінсіз құрамында қанты бар тамақ өнімдерінің бұзылуын
қоздырады. Оларда быжу мен ашу басталады.
Спораларды түзетін ашытқылардан басқа споралар құрмайтын аспорогендік
ашытқылар да болады. Оларды жетілмеген саңырауқұлақтарға жатқызады.
Олардың ішінде кандида (Candіda) және торулопсис (Torulopsіs) тектестерінің
маңызы зор. Олар табиғатта кең тараған, көбісі спирттік ашуға қабілетсіз, азық-
түліктің бұзылуын шақырады.Торулопсис тектес ашытқылардың жеке түрлерін
қымыз бен айран өндіруде пайдаланады. Кандида тектес ашытқылардың кейбір
түрлері ашытқан көкөністердің, алкогольсіз сусындар мен көптеген басқа азық-
түліктердің бұзылуына себепболады. Қант пен этил спиртін органикалық қышқыл
немесе көмірқышқыл газға және суға қышқылдандыратын және шарап, сыра,
наубайхана ашытқыларын бұзатын ашытқының түрлері бар. Адамдарда ауру
қоздыратын, ауыз қуысының және басқа органдардың шырышты қабықтары
зақымдайтын түрлері - кандидоздар болады. Родоторула (Rhodotorula) тектес
кейбір ашытқылардың түрлері малдарға арналған А дәруменінің көзі ретінде
малазықтық ақуыз-каротиноидтық препараттарды шығаруда пайдаланылады.
2Микроағзаларға сыртқы орта факторларының әсері
2.1
Микроағзаларға сыртқы ортаның әсер ету
факторлары
Микроағзалардың, басқа да тіршілік иелері сияқты, дамуы мен тіршілік
етуі олардың мекендеген сыртқы ортасымен тығыз байланысқан.
Микроағзаларға сыртқы ортаның әсер етуінің негізгі факторлары - абиотикалық
және биотикалық факторлар.
Абиотикалық факторды осы ағзалар тіршілік ететін сыртқы ортаның
физикалық және химиялық шарттары деп түсіну керек. Биотикалық факторлар
әртүрлі тірі ағзалардың бір біріне өзара ықпал етуі түрінде көрініс береді. Микроағзаларға сыртқы орта факторларының ықпал етуін зерттеу азық-түліктерді
бүлдіретін және улайтын қоздырғыштардың өсуін шектейтін
немесе
болдырмайтын шарттарды анықтауға мүмкіндік береді.
2.2
Абиотикалық факторлар
Ортаның ылғалдығы микроағзалардың дамуында маңызы зор. Микроб
жасушаларының негізгі массасын су құрайды. Олардағы судың құрамы 75-тен
85
%-ға дейін тербеледі. Спораларды су азырақ: 30-дан 50 %-ға дейін. Судың вегета- тивтік түрлерінде су еркін ахуалда болады, ал спораларда - байланған.
Бұл олардың құрамындағы кальций мен магнийдің үлкен мөлшеріне
байланысты. Микроағзалардың жас түрлерінің құрамында су көбірек,
ересектерінде аздау.
Микроағзалардың арнайы ас қорыту органдарының болмауына
байланысты, жасушаға қоректік заттар сыртқы ортадан еритін су қосындылары
түрінде келіп түседі. Сумен бірге жасушалардае зат алмасу өнімдері сыртқы
ортаға шығарылады. Ылғалды барынша аз тұтыну көлемі бойынша
микроағзалар ылғалсүйгіш - гидрофиттерге, орташа ылғалсүйгіш -
мезофиттерге және құрғақсүйгіш - ксерофиттерге бөлінеді. Бактериялардың
көбісі гидрофиттер. Мицелиалдық саңырауқұлақтар менашытқы негізінен
мезофиттер. Микроағзалар тек еркін суға ие субстраттарда және олардың
дамуы үшін белгіленген деңгейден төмен болмайтын санда дамиды.
19
2.1
Микроағзаларға сыртқы ортаның әсер ету факторлары
Бұл ретте судың абсолюттік мәнін емес, «су белсенділігі» немесе
aw деп
белгіленетін оның микроағзаға қол жетімділігі ескеріледі.
Азық-түлікті сақтаудың
мерзімін ұзартуды олардағы судың
белсенділігін жасанды бәсеңдету жолымен жүзеге асыруға болады. Бұған
азық-түлікке суды байлайтын заттарды қосу арқылы қол жеткізеді. Қоспа
заттардың мөлшерін санитарлық нормалар анықтайды. Оларды қосу өнімнің
сапасына жанама әсерін тигізбеуі тиіс.
Кең азық-түлікті құрғату әдісі оларды ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігін береді.
Дегенмен кейбір
микроағзалар, оның ішінде патогендіктер құрғақ азық-
түліктерде тіршілік қабілетін жоймайды.
Сүзектік және қышқылсүттік бактериялар, көптеген стафилококктар мен
микрококктар құрғақ күйде айлап сақталады; кейбір ашытқылар, мицелиалдық
саңырауқұлақтар және әсіресе бактерия споралары бірнеше жылдар бойы
тіршілікке қабілеттілігін сақтайды. Сілтіқышқылды бактериялар топырақ суын
жоғалтқан кезде лезде құриды.
Құрғақ азық-түліктің тұтыну сапасы сақтау шарттарымен қамтамасыз
етіледі. Оларды жинаған қоймаларда төмен температура болуы және ауаның
ылғалдығы 65 %-дан аспауы тиіс.
Азық-түлік су өткізбейтін қаптамалау ыдысына орналастырылады.
Азық-түлік төментемпературадағы вакуумда өңделгенкезде оның
тағамдық құндылығы жоғалмайды. Дегенмен сублимациялық құрғату азық-
түліктерде түрлі ауру қоздырғыштарының сақталуына кепіл бола алмайды.
Бұндай азық-түліктің, сондай-ақ басқа түрлерінің сапасын санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер бақылайды.
Ортаның химиялық құрамы (субстрат). Микроағзалар дамуының
негізгі факторларының бірі болып табылады. Микробтар өзінің қоректік және
энергетикалық заттарына деген қажеттілігін қанағаттандыратын ортада ғана
дами алады.Ортаға аранайы заттарды қосу жолымен микроағзалардың дамуын
басуға немесе тоқтата отырып, сол арқылы азық-түлік пен басқа өнімдердің
бұзылуына жол бермеуге болады. Микроағзаларғдың қырылуына әсер ететін
заттарды антисептиктер немесе дезинфекциялаушы/зарарсыздандырушы
заттар деп атайды. Зарарасыздандырғыш құралдардың әсері не
бактериалдық жасушаларды (бактерицидті) талқандауға немесе олардың
көбеюін тоқтатуға
(бактериостатикалық)
негізделген.
Мицелиалдық
саңырауқұлақтарға әсері тарайтын заттарды фунгицидтер деп атайды.
Зарарасыздандырғыш құралдарға
спирттер, қышқылдар,
ауыр
металлдардың тұздары, эфирлер, хлор әгі, газдар (күкіртті сутек, көмір
сутегінің диоксиді, көмірқышқыл газы, этилен тотығы), сутек пероксиді, калий
перманганаты, кейбір бояуыштар, йод препараттары және басқалары жатады.
Көптеген химиялық заттар ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, медицина мен
тұрмыста
ауру
қоздыратын микробтармен күресу
мақсатында,
зарарасыздандырғыш құрал ретінде қолданылады. Хлор мен оның қоспаларын
ыдыстарды,
саймандарды,
құрал-жабдықтарды,
ауыз
суын
зарарасыздандыруға
пайдаланады.
Азық-түлікті
консервілеу
кезінде
антисептиктерді қолдану санитарлық заңдылықпен қатаң қадағаланады. Біздің
елде біршама консерванттарды тек кейбір тағамдық азық-түліктерде аз
мөлшерде пайдалануға
20
2
Тарау
Микроағзаларға сыртқы орта факторларының әсері
рұқсат бар. Бұндай консерванттарға бензой қышқылы мен оның натрий тұзы
жатады. Оларды жеміс-жидек шикізатын, балықты, кета уылдырығын
консервілеуге пайдаланады. Алкогольсіз, алкогольді сусындардың, маринадтар
мен жартылай фабрикаттардың, аспаздық бұйымдардың консерванттары
ретінде сорбин қышқылы мен оның тұздары қолданылады. Қышқыл
мицелиалдық саңырауқұлақтардың, ашытқының және сальмонелла тобының
кейбір бактерияларына белсенді әсер етеді. Сорбин қышқылы азық-түлікке
бөгде дәм мен иіс бермейді, адам үшін зиянсыз. Ол әсіресе қышқыл ортада
тиімді. Консервантты тікелей өнімге немесе орайтын материалдарға құяды.
Дегенмен басқа, мысалы, сүтқышқылды және сілтіқышқылды бактерияларға
сорбин қышқылы қолданылатын дозаларда (0,03... 1 %) әсер етпейді.
Пропион қышқылының тұздары нанның өңезденбеуі үшін қамырға
қосылады. Кейбір балық өнімдері үшін пайдаланылады консервант және
оларды бұзылудан сақтау мақсатында, орайтын қағазына сіңдіреді.
Жаңа піскен көкөністер, жемістер мен олардан жасалған жартылай
фабрикаттарды бұзылудансақтау мақсатында,күкіртті қышқыл мен оның тұздары
пайдаланылады.
Азық-түлік сақталатын орындарда көмірқышқыл газының үлкен құрамы
оларды бұзылудан сақтайды.
Көмірқышқыл газының ауада 20% шоғырлануы кезінде мицелиалды
саңырауқұлақтардың дамуын кідіртеді, ал 50.80% шоғырлануы кезінде
бактериялардың шіріткіш түрлері мен кейбір спора құратын анаэробтарды
басатын әсер береді.
Дегенмен атмосферада көмірқышқыл газының үлкен құрамы кейбір азық-
түліктің сапасын төмендетеді. Өндірісте оны өнімдерді суыта отырып қолданады, ал бұл еттің, құс етінің, шұжықтар мен басқа да азық-түліктің сақтау мерзімін 2...
3 ретке ұзартады.
Жемістер мен көкөністерді сақтау осы ұстанымға негізделген. Осы
мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорын жағдайында жасанды реттелетін газ
ортасы (ЖРГ) құрылады.
Жартылай ысталған шұжықтар, ірімшік, ысталған балықты тоңазытқыш
камераларға салардан бұрын, микроағзаларды жоятын әсері бар тотықтырғыш
ретінде, озонның (оттегінің үш атомынан тұрады, өзіне тән иісі бар, табиғатта
күн күркіреу кезінде пайда болады) аздаған дозасымен өңдеген жағдайда олар
ұзақ уақытқа дейін сақталады. Көкөніс сақтайтын қоймалардың ауасын
озондау түрлі көкөністердің сақтау мерзімін ұзартады.
Сонымен бірге ет және балық өнімдерін ыстау антисептика ұстанымына
негізделген. Ыстау кезінде өнімдер түтіннің немесе түтіннің орнына
қолданылатын ыстау сұйықтығының антисептикалық заттарын сіңдіріп алады.
Ыстау сұйықтығының түтіні микроағзаларға фунгицидтік және бактерицидтік
әсер беретін формальдегид, фенолдар мен органикалық қышқылдар болып
табылады.
Ортаның реакциясы (рН). Орта сілтілігінің немесе қышқылдығының
деңгейі микроағзалардың тіршілік етуіне әсерін тигізеді. Бұл оның құрамындағы
сәйкесті сутегінің Н+) және гидроксилдік иондардың (ОН-) қатысуымен
шартталады (сутегі иондарының шоғырлануы рН (сутегі көрсеткіші)
символымен белгіленеді.
21
2.2
Абиотикалық факторлар
Мысалы, рН-иондардың 7-ге тең шоғырлануы бейтарап реакцияға сәйкес келеді. Сұйықтықтарда рН-иондардар 7-ге тең болса - бейтарап, 7-ден аз болса, қышқыл
деп саналады. Ортаның реакциясы арнайы рН-метр құралымен, қарапайым түрі –
арнайы лакмус қағазымен анықталады.
Кез келген микроорганизмнің тіршілігі белгілі бір рН мәнінде мүмкін болады.
Мицелиалды ашытқының саңырауқұлақтары көбіне 5-ке тең қышқылы аз рН орта
жайлы болады. Бактериялардыңкөп бөлігі бейтарап немесе сілтісі аз ортада жақсы
өседі. Бактериялардың кейбір түрлерін қышқыл орта жояды, әсіресе ол орта
шіріткіш бактериялар мен тамаққа улануды қоздыратын бактериялар үшін аса
жайсыз. Сүт қышқылды бактериялар тірішілік ету кезінде өздері өңдеп
шығаратын қышқылынан өздері жойылады.
Ортаның өзгеру шарттарына бейімделуі бірегей микроағзалар да бар.
Сәйкес заттарды қалыптастыра және рН-ты өздеріне қажетті деңгейде ұстай
отырып, оны реттеуге қабілетпен тіршілік етеді. Кейбір мицелиалды
саңырауқұлақтар ақуызды ортада тіршілік еткен кезде субстраттың сілтілігін
арттыруға кедергі болатын қымыздық қышқылын өндіреді.
Шіріткіш бактерияларға қышқыл ортаның жайсыз әсері көптеген
өнімдерді ашытылған және маринадталған түрде сақтаудың негізінде жатыр.
Тотығу-тотықсыздану үдерістері. Олар микроағзалардың тіршілік
етуінде, атап айтқанда, олардың тыныс алуында белгілі бір маңызға ие болған.
Кейбір микроағзалар оттегісіз өмір сүруге бейімделген. Олар үшін ауаның
молекулярлық оттегі (О2) қажет болмай тұрмақ,улы болады. Оларды
анаэробтар («ауасыз тіршілік») деп атайды. Оттегіні тыныс алу үшін
пайдаланатын басқа микроағзалар аэробтар деген атауды иеленді.
Атмосфералық оттегіні толықтай немесе мүлдем талап етпейтін жағдайда өсетін анаэробтар о б л и г а т т ы қ (міндетті түрдегі) және ф а к у л ь т а т и в т ік - шартты болып бөлінеді. Олар оттегінің жағдайында да өмір сүруге қабілетті.
Сонымен бірге молекулярлық оттегісінің аздаған мөлшерінде дамитын
микроаэрофилдер (мысалы, Brucella bovіs - бруцеллез қоздырғышы) де бар.
Ортада қозғалыста болатын тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттей отырып,
микроағзалардың әртүрлі топтарының дамуын ккідіртуге немесе белсендіруге
болады.
Ортаның
температурасы.
Бұл
микроағзаларға
әсер
ету
факторларының бірі. Жануарлар және өсімдіктермен салыстырғанда,
микроағзалар температураның құбылуына едәуір бейімделген. Көптеген
сапрофиттер 20…35 °С шегінде дамиды. Көптеген патогендік микроағзалардың
дамуы үшін қожайынының дене
температурасына жақын температура
қажет. Микроағзалардың дамуында маңызы бар негізгі температуралық
аймақтар: оптимум, минимум және максимум. Температуралық оптимум
микроб дамуының физиологиялық нормасына сәйкес келеді. Мысалы, сібір
жарасының таяқшасы
37 °С температурада жақсы дамиды.
Минимум және максимум температуралары кезінде микроб дамуы мүмкін,
бірақ шектеулі көлемде, ал оның сыртында даму тоқтайды.
2
Тарау
Микроағзаларға сыртқы орта факторларының әсері
22
Микроағзалар температураға бейімділігі бойынша
психрофилд ер,
мезофилдер және термофилдер болып бөлінген.
Психрофилдер - суықты ұнататын микроағзалар. Олар 15-тен -30 °С
төмен температурада дамиды. Споралар түзбейді. Олар солтүстіктің
теңіздерінде, мұзыдтарында, тоғазытқыш камераларда байқалады. Тамақ
өнімдерін іріту мен балықтыңауруларын қоздыруға қабілетті микробтар да бар.
Мезофилдер (аралық) орта температурада дамитын микроағзалардың тобын
құрайды. Олар үшін дамудың оңтайлы температурасы 25... 39 °С. Олардың
қатарына кейбір сапрофиттер, шіріткіш бактериялар мен барлық патогендік -
жануарлар мен адам ауруларын қоздырғыш – жатады. Термофилдер үшін даму
оптимумы 50... 60 °С,
, ал кейбір түрлер үшін 70.80 °С температураны құрайды. Жылы минерал
арасандарында,топырақта, жануарлар мен адамныңас жолында кездеседі. Термо-
филдер мал қиын зарарсыздандыруда, мал жемін сүрлегенде бидай дәндері мен
сабанның өздігінен қызуын туындатады. Олардың қатарына Aspergіllus,
Penіcіllіum, Cladosporіum саңырауқұлақтарын жатқызады.
Ортаның оптималды температурасын көтеру, төмендетуге қарағанда,
мик- робтар үшін жайсыз. Айтарлықтайжоғары температураны көтеретін
микроағзалар термиялық тұрақты деп аталады. Жоғары температураға
әсіресе вегетативті жасушалар сезімтал, споралар төзімділеу. 47 °С
температурасы кезінде ішсүзек бактериялары 2 сағ. соң, 59 °С температурада
21 мин.соң өледі. Сүзек бактерисының споралары 100 °С температурада 20
мин.соң, 120 °С температурада 4 мин.соң жойылады. Сібір жарасының
таяқшалары 15 минуттық қайнатуды көтереді, ал ботулизм қоздырғышының
споралары – 6 сағатқа дейін шыдас береді. Спораларсыз бактериялар қайнатқан
кезде бірден құриды. Кептіру шкафтарындағы құрғақ ыстық160.180 °С
температура
кезінде
ыдысты
айтарлықтай
тиімді
және
сенімді
зарарсыздандырады. Ашытқы мен мицелиалды саңырауқұлақтар 5 0 . 6 0 °С
температура кезінде лезда өледі.
Микроб жасушасының тіршілігіне қажетті судың мөлшерін жоғалтуына
байланысты кептіру оның жойылуына әкеліп соғады. Кептіруге бактерия
споралары едәуір төзімді; оларда су барынша аз мөлшерде (40 % -ға дейін)және олар түрін сақтап қалуға ықпал ететін пішінге ие. Құрғақ ахуалдағы споралар кей
кездері ондаған жылдар бойы өміршеңдігін сақтар қалады. Спорасыз бактерияларсудың жеткіліксіздігіне әрқалай сезімталдық білдіреді. Бұл үдерісті
стафилококктар (екі жылға дейін), сүт қышқылды микробтар (бірнеше жыл),
ашытқы (жылдар бойы) айтарлықтай жақсы көтереді. Патогендік бактериялар
кептірілген ақуызды субстраттарда (қақырық,қан, тіндерде) бірнеше ай бойы,
мысалы, туберкулез қоздырғышы, сақталады.
Кептірілген бактерия жасушасында, судың жеткіліксіздігіне байланысты, тіршілік үдерістері кідіреді, ол не өлмейді, не дамымайды. Осыған байланысты, кептіруді тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, көкөністер, жемістер, сүт және
т.б.) консервілеу әдісі ретінде пайдаланады.
23
2.2
Абиотикалық факторлар
Тағам өнеркәсібінде микроағзаларға әсер ететін жоғары температураның екі
әдісі қолданылады: пастеризация немесе стерилизация.
Пастеризация - Тамақ өнімдерін (сүт, кілегей, сыра, уылдырық, жеміс-
жидек шырындары және т.б.) түрлі вегетативтік және споралар пішініндегі
микроағзалардан зарарсыздандыру әдісі. Өнімдерді 55... 90 °С температурада
20... 40 мин. бойы біркелкі қыздырып, соңынан 4... 6 °С-қа дейін салқындатады.
Қалған микроағзалардың зиянын жою үшін пастеризациялауды 3 -4 ретке дейін
жеткізеді.
Стерилзация (лат. sterіlіs -ұрықсыз) осы нысанда вегетативті
жасушалармен қоса олардың спораларын толық жоюды қарастырады. Барша
микроағзаларды жоюдың радикалды әдісі – автоклавтау. 112…120 °С
температура, 1,5…2 атм. қысым кезінде қаныққан бумен ысыту әдісі микробтың
спора түрлерін жояды.
Төмен
температура
әдетте
микроб
жасушаларының
жойылуын
туындатпайды, бірақ дамуын кідіртеді. Қатты суыту микроб жасушаларының
айлар бойы сақталатын, «жасырын тіршілік» деп аталатын анабиотикалық
ахуалын туындатады. Температураның көтерілуі оларды өмірге қайтарады.
Туберкулез таяқшалары 180 °С температурда 7…9 күн бойы тіршілікке
қабілетті болып қала береді.Бруцеллалар (бруцеллез қоздырғышы) 40 °С
температурада 6 ай бойы сақталған. Тамақ өнімдеріндегі микроағзалар
қоздыратын шіру үдерістері төмен температураларда кідіреді. Тамақ өнеркәсібі мен
тұрмыста
тоңызытқыш
қолдану
осы
ұстанымға
негізделген.
Тоңазытқышта сақтаудың екі әдісі белгілі: суытылған ахуалда 10… -2 °С
температурада және тоңызытылған түрде - көбінесе 12 -20 °С. температурада.
Мұздатылғанөнімдерге қарағанда, суытылған өнімдердің табиғи қасиеттері
гөрі жақсы сақталады. Дегенмен оларда микроағзалар болуы мүмкін.
Суытылған өнімдердің сақтау мерзімі ұзақ болмайды, сонымен қатар
орынжайдағы температураның тұрақтылығы мен микроағзалармен ластанудың
бастапқы деңгейіне байланысты болады. Суытылған өнімдердің сақтау мерзімін
озондау, атмосферадағы көмірқышқыл газының құрамын арттыру, ультракүлгін
сәулелерімен (УК) сәулелеуді жүргізу, сәулелеу, орынжайлардағы ауа
ылғалдығын төмендету жолдарымен ұзартуға болады. Тоңазытқышқа
микроағзалар өнімдер, ыдыс, кіретін ауа, сонымен бірге оған қатысты адамдар
арқылы түседі. Осыған байланысты тоңызытқыш камераларын таза ұстау,
ұдайы зарарсыздандыру және ұсынылған температуралық-ылғалдық тәртібін
сақтау қажет.
Мұздатылған өнімдер 12 °С-тан жоғары температура жағдайында
микробтың бүлдіруінен таза, айлар бойы сақтала береді. Мұздату кезінде
микроағзалардың бір бөлігі жойылады, бірақ көбісі, соның ішінде патогенділері, тіршілік қабілетін жоймайды. Осыған байланысты, мұзы ерітілген өнімдер лезде
бүлінеді. Оларды пайдалану алдында ғана еріту ұсынылады. Азық-түліктердің
тағамдық сапасын сақтауда оларды суыту, тоңазытқышта сақтау мен мұзын
ерітудің санитарлық-гигиеналық шарттарын орындаудың маңызы үлкен.
2
Тарау
Микроағзаларға сыртқы орта факторларының әсері
24
Сәуле энергиясы. Толқынының ұзындығы әртүрлі электромагниттік
тербеліс түрінде болады. Сәуле толқыны қаншалықты қысқа болса, энергиясы
соншалықты үлкен болады және осыған сәйкес микроағзаға көбірек әсер етеді.
Сәуле энергиясының әсері негізінде қоршаған орта мен микроағзалардың
жасушаларында жүретін химиялық және физикалық өзгерістер жатыр.
Сәуле эенергиясың көздері сан алуан.
Жарық толқынының ұзындығы 400... 780 нм. болатын электромагниттіік
сәуле болып табылады. Көмірқышқыл газының ассимиляциясы үдерісінде
жарық энергиясын пайдаланатын фотосинтездеуші микробтарға жарық қажет.
Фотосинтез жасауға қабілетсіз микробтар қараңғы жерде жақсы өседі. Тікелей
күн сәулесі көптеген микроағзаларға жою әсерін тигізеді.
Күн сәулесі өзендердің өз бетінше тазаруына ықпал етеді, топырақтың беткі
жағын да зарарсыздандырады. Ультракүлгін сәулелер – күн спектрінің
бактерицидтік әсерін шарттайтын ең белсенді бөлігі. Осындай сәулелердің
жасанды бактерицидтік шырақ көздері орынжайларды зарарсыздандыруда, суды,
сүтті стерилициялауда, әсіресе тез бұзылатын материалдарды термиялық стерилициялауда жемісті қолданылады. Бактерицидтік шырақтар етті ұзақ мерзім сақтау кезінде тамаұ өнеркәсібі мен саауда желілерінде қолданылады. Суытылған
ет пен ұсақ азық-түлікті УК-сәулемен сәулелеу олардың сақтау мерзімін 2…3
ретке ұзартады.
Сәуле эненргиясының көздеріне ладерлік сәуле, радиобелсенді сәуле және
радио толқындары жатады. Иондаушы сәулелерді пайдалану ауқымы кеңеюде.
Оларды картоп пен көкөністердің, азық-түліктің, кепкен жемістердің өнуін
тоқтатуға, бидайды зарарсыздандыруға немесе жемістер пісуінің кідірісін
жеделдетуге және басқа да мақсаттарға қолданады.
Ультрадабыс (УД). Бұл адам құлағы қабылдамайтын, серпінді ортаның
жоғары жиілікті механикалық тербелістері (20 000 секундына). Олар белгілі бір
аппаратурамен
дыбысталады. Ультрадыбыстық толқындар
сұйықтықта
микроағзалардың талқандалуына алып келетін үлкен қысым құратын энергияны
тасымалдайды. Ультрадыбыс туберкулез қоздырғышына, сальмонеллалар мен ашытқы жасушаларына және т.б. жою әсерін тигізеді. УД әсерінен таяқша түріндегі
нысандар лезде, ал шар тәріздестер баяу өледі. Онымен жеміс шырындарын,
шарап, ас содасы мен әйнек ыдысты – әдеттегі әдістермен тазара қоймайтын
ыдыстарды - стерилизациялауға болады.
2.3
Биотикалық факторлар
Микроағзалар
табиғи
жағдайларда
физикалық,
химиялық
емес,биологиялық қарым-қатынасқа түседі. Олар менбасқа да тірі ағзалар
арасында саналуан қарым - қатынас орын алады.
25
2.3
Биотикалық факторлар
Соның бірі симбиоз —микробтардың бірнеше түрлері немесе басқа да тіршілік
иелеріне маңызды пайда беретін, олардың өзара жайлы бірлесуі болып
табылады. Мысалы, сүтқышқылды бактериялар ашытқының өсуіне қажетті
сүт қышқылын субстратта түзеді. Ашытқының тіршілікке қажетті өнімдерін бір
мезгілде бактериялар да пайдаланады. Онымен қоса ашытқы, сүт қышқылын
пайдалана отырып, сүтқышқылды бактериялардың дамуына жағымды жағдай
жасайтын ортаның қышқылдығын төмендетеді. Осы микроағзалардың
симбиотикалық қарым-қатынасы сүтқышқылды азық-түліктерді (айран,
қымыз және басқалары) шығару кезінде қолданылады.
Паразитизм -әр түрдегі екі ағзаның арасындағы қарым-қатынас нысаны.
Бұл жағдайда бірі (паразит) екіншісін (қожайын) қоректену және (немесе) тіршілік
ету ортасы ретінде пайдаланады, бұл ретте екі ағза да бір бірімен кереғар
(антагонистік) қарым-қатынас құрады. Бұны мысалы фагия – фаг-вирустар мен
басқа да микроағзалар: бактериялар мен мицелиалды саңырауқұлақ арасындағы
қарым-қатынастардың бір түрі. Негізінен адам және жануарлардың жұқпалы
ауруларын қоздыратын паразиттер болып табылады.
Антагонизм (кереғарлық) -әртүрлі микроағзалардың биологиялық
үйлесімсіздігі. Сондай-ақ, антагонизм сүтқышқылды және шіріткіш бактериялар
сүтқышқылды азық-түліктерді әзірлеу мен көкөністерді ашыту кезінде тамақ
өнеркәсібінде қолданылады. Микроағзалардың антагонизмін пайдалануды орыс
ғалымы И. И. Мечников (1845 —1916) ұсынды. Ол сүтқышқылды ортаны адам
ішек-қарнының микробты құрамынреттеу және сол араданзиянды микрофлораны
ығыстыру мақсатында пайдалануды ұсынды. Микроб-антагонисттердің зиянды
әсері көбінесе ортаға ерекше биологиялық белсенді химиялық заттарды бөліп
шығаруымен байланысты. Бұл заттар антибиотиктер деп аталады.
Антибиотиктер (греч. antі -қарсы, bіos -өмір) -микроағзалардың өсуі мен
дамуын басатын, шығу тектері микроб, жан-жануар жән өсімдік заттар.
Антибиотиктік заттар саңырауқұлақтың әр түрінен, бациллалар, бактериялар,
сонымен қатар өсімдіктер мен жан-жанауарлардан өндіріледі.
Кейбір
антибиотиктер жасанды жолмен алынады. Ауылшаруашылық практикасында,
медицина мен ветеринарияда 100-ден астам антибиотиктер қолданылады.
Оларды тамақ өнеркәсібінде де пайдаланады.
Әртүрлі саңырауқұлақтардың тіршілігінің өнімдері болып табылатын
пенициллин, стрептомицин және тетрациклин антибиотиктері кеңінен танымал.
Грамицидин топырақтың бревис бацилласынан бөлініп алынған. Жануардан
алынатын антибиотиктерден лизоцим белгілі. Балық тіндерінен экмолин
алынады. Суықпен үйлестіре пайдаланатын көптеген антибиотиктердің әсері
тез бұзылатын
азық-түліктердің
микробтық
бүлінуін
кідірту
үшін
тамақ өнеркәсібінде қолданады. Балауса
балықты (камбала, пикша, нәлім, хек және т.б.) сақтаудың мерзімін
ұзарту үшін,
оларды мұзға орналастырудан бұрын
биомициннің ерітіндісіне батырады. Биомицинді тікелей мұзға қосу да тиімді
шара болып саналады. Бұл ретте балықтың сақталу мерзімі 7... 10 күнге артады.
26
2
Тарау
Микроағзаларға сыртқы орта факторларының әсері
Антибиотиктердің рұқсат етілетін құрамы қатаң қатағаланады.
Консервілеу мақсатында медицинада қолданылмайтын антибиотиктерді
пайдаланған жөн. Оларға сүтқышқылды стрептококк өндіретін низин жатады.
Ол анаэробтық ыстыққа төзімді бактериялардың өсуін тоқатады. Оны тек
консерв өнеәркәсібінде ғана емес, ерітілген ірімші, қойытылғаан сүт, уылдырық
әзірлеуде пайдаланады.
Жемістер мен көкөністерді ұзақ мерзімге сақтауға салған кезде оларды
трихотецин антибиотигімен өңдейді.
Фитонцидтер - жоғары сатыдағы өсімдіктердің биологиялық белсенді
заттары Олардыңсипаттамасын алғаш рет 1928 ж. орыс ғалымы Б. П. Токин
берді. Фитонцидтер өсімдік әлемінде кеңінен тараған. Олрадың антимикробтық
әсері эфир майлары, глюкозидтер, алкалоидтермен және басқа да
компоненттермен шартталған. Пияз, сарымсақ, ақжелкек, алоэ, мойылдың
жапырақтары және басқалар анық көрінетін бактерицидтік белсенділікке ие.
Көптеген фитонцидтерд і арша бұтасы бөліп шығарады. Оның бөліп
шығаратын фитонцидтері шіріт кіш және патогендік микроағзалардың өсуін
басады. Қияр мен қырыққабатты жақсы сақтау үшін, ағаш бөшкелерге ыстық
сумен шайылған арша бұтақтарын салады.
Ұыша майының құрамында болатын, қышаның дәндерінен өндірілет ін
аллилдің консервілеу әсері бар. Грек жаңғағы жемістерінің құрамында юглон
фитонциді болады. Оны химиялық жолмен алады. Түрлі азық-түліктердің тиімді
консервантына жатады. Алма мен сәбізді қылқан, шырша және қарағай, лавр
жапырағ мен эвкалипт, қалақай мен мыңжапырақ препараттарымен өңдеу азық-
түлікті жоғалтуды 15... 23 - ғ а қ ы с қ а р т а д ы .
Жусан, қарасора, түйінді пияз баданасының қабығы мен самырсын
қылқандарын ұсатылған түрде көкөніс сақтау қоймаларындағы
картоп
түйнектеріне себуге пайдалану олардың фомоз және құрғақ шірікпен
зақымдануын 5 . . . 1 4 % - ғ а т ө м е н д е т е д і .
Аренарин препараты (салаубастан алынады) қызанақтың сулы және төбе
шірігімен ауруын төмендетеді. Тамақ өнімдерн (ет, құс еті және т.б.) өңдеу
мақсатында, АҚШ пен Жапонияда түрлі дәмдеуіштерден алынатын микробқа
қарсы құрамдар пайдаланылады.
Тамақ өнімдерін сақтау кезінде
2.4
микроағзалардың тіршілік етуін реттеудің
мүмкін болатын жолдары
Халықты жоғары сапалы өнімдермен және қажетті көлемде қамтамасыз ету міндеті үлкен әлеуметтік- экономикалық мәнге ие. Дайындау, тасымалдау, сақтау
және сату ережелерін бұзылған кезде тамақ өнімдерін жоғалтудан қашып құтылу
мүмкін емес. Тамақ өнімдері адамға қажетті заттар мен энергияның
физиологиялық
мұқтаждығын
қанағаттандыруы
тиіс,
сонымен
бірге
органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерінің ұсынған талаптарына сай болуы, адамға зиян келтіретін химиялық, радиобелсенді, биологиялық заттар
мен олардың қосындылары, микроағзалар мен басқа да
Тамақ өнімдерін сақтау кезінде микроағзалардың тіршілік етуін реттеудің мүмкін болатын жолдары
27
2.4
биологиялық жолмен пайда болатын микроағзалардың рұқсат етілген құрамына
қойылатын бекітілген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Азық-түліктерді
сақтау
практикасында,
оларды
өндіріс
пен
тұтынушының
арасындағы
қозғалысының
барлық
кезеңдерінде
микроағзалардың дамуын кідіртетін жағдай жасау қажет. Қазіргі таңда
микроағзаларға әсер ететін түрлі әдістер кеңінен пайдаланылады. Осындай
әдіс-тәсілдерді өңдеу кезінде олардың тиімділігі, нысандармен үйлесімділігі, адамға, өнімдерге және қоршаған ортаға келтіретін зияны, өнеркәсіп ортасына,
технологиялық
үдерістердің
автоматизациясы
мен
механизациясына
жарамдылығы есепке алынады.
Азық түліктің биологиялық, физикалық және химиялық факторларын
(проф. Я. Я. Никитинскийдің сызбасы бойынша) назарға ала отырып, сақтаудың
қолдануға болатын әдістерін төрт топқа бөлуге болады: биоз, абиоз, анабиоз және
ценоанабиоз.
Биоздың ( б и о з - өмір) қағидасы тамақ өнімдері мен микроағзаларда,
оларда тіршілік ететіндердің өмір сүру үдерісін төмен деңгейде ұстауда жатыр.
Биозда жемістер мен көкөністерді жаңа піскен күйде ұстау оларды сақтайтын
орынжайлардың температурасын 5 °С-қа дейін төмендету және белігілі бір
ылғалдықты тұрақтылату жолымен сақтауға негізделген. Бұндай жағдайларда
микробтар өз дамуын баяулатады да, осылайша өнімдердің бүлінуіне жол
берілмейді.
Абиозға ( а б и о з - тіршілікті теріске шығару) бу стерилизаторларында
жасалатын жоғары температурамен (120 °С-тан жоғары) өңдеуден кейінгі ет және
көкөніс консервілерін сақтаудың негізі болып табылатын физикалық және
химиялық әдіспен қол жеткізіледі.
Микроағзалардың вегетативтік және споралық түрлері жойылады. Спора
түрлерін химиялық заттармен жоюға болады. Дегенмен термиялық әдіс азық-
түлікті адамға қауіпсіз ахуалда сақтау үшін айтарлықтай сенімді әдіс болып
табылады. Бұл әдіске азық-түліктерді түрлі сәуле энергиясымен,
ультрадыбыспен сәулелеу жатады.
Анабиоз (тіршілікті кідірту) азық-түлікті құрғату мен тоңазыту кезінде
іске асады. Осылайша балық пен ет өнімдерін, жеміс-жидектер мен
көкөністерді сақтайды. Еркін судың жеткіліксізідігі кезінде микробтардың
тіршілігі кідіреді. Ылғал мен жылудың артуына қарай микробтардың тіршілігі
қайта орнына келеді және осыған сәйкес азық-түлік бұзылыуы артады.
Микробтардың анабиозы азық- түлікті газ өте алмайтын қаптама
материалында, вакуум қаптамасында, азот атмосферасында сақтаған кезде де
орын алады.
Ценоанабиоз - негізінен өсімдік тағамдарын сақтау әдісі, бұл ретте
ашыту, тұздау, жібіту, шарап дайындау және тағам азық-түліктерін
дайындаудың басқа да әдістерінде консервілеуші затты (сүт қышқылы, спирт)
микроағзалар өздері өңдеп шығарады. Микробиологиялық үдерістің
нәтижесінде бастапқы шикізат қасиеттерінің өзгеруі жүреді және белгілі бір
күтілетін қасиеттері бар мүлдем жаңа өнім қалыптасады.
Тамақ
азық-түліктерінің
бұзылуының
алдын
алуға
бағытталғаншаралардың тиімділігі көбінесе өнімге микроағзалар ұрықтарының
бастапқы кезде түсу деңгейіне және сақтау, тауарлық өңдеу мен қайта өңдеудің
бекітілген тәртібін орындауға байланысты болады.
3Патогендік микроағзалар және олардан туындайтын тағам аурулары
Патогендік микроағзалар,
3.1
қоздырғыштардың берілу көздері мен
механизмдері
Көптеген микроағзалар үшін тамақ өнімдері тіршілік етудің жайлы ортасы болып табылады. Біреулері өнімдерді бүлдірсе, екіншілері ауыр дерттің себебі
болып шығады. Ауру қоздыратын микробтар мен олар туындататын
аурулардың пайда болуының алдын алу мен Тамақ өнімдерінің сапасын
кешенді бағалауды жүргізу олар туралы танымның негізін қалайды.
Эволюция үдерісінде микроағзалардың көптеген түрлері макроағзаға
зиян келтіре отырып, солардың есебінен арамтамақтыққа бейімделіп алған.
Бұндай микроағзаларды патогенді деп атаймыз. Солардың бірі - облигаттық
паразиттер. Басқалары – факультативтік, негізінен сапрофиттер сияқты тіршілік
етеді, бірақ белгілі бір жағдайларда ауру қоздырады. Оларды шартты-
патогенді микроағзалар тобына жатқызады.
Патогендік микроағзалар макроағзаға енуге, оның ішінде көбеюге және
оның қорғану қасиеттерін еңсеруге және оларға тән жұқпаларды қоздыруға
қабілетті. Микроағзалар улы заттарды - көбісі химиялық улардан белсендірек
және адамның белгілі бір органдарына әсер ететін токсиндерді өңдеп шығаруға
қабілетті. Токсиндер екі топқа бөлінген: экзотоксиндер және эндотоксиндер.
Экзотоксиндерді микроағзалар өмір сүру кезінде өндіреді. Тіпті аз мөлшерде
белсендлілік көрсететін бұл ақуыздан шығатын улы қосылыстар жоғары
температураға сезімтал болып келеді. Бұларға жатпайтындар қайнатуға төзетін
ботулиндік және стафилококктық
экзотоксиндер
болып
табылады.
Эндотоксиндер микробтың өімр сүруі кезінде қоршаған ортаға бөлінбейді. Олар
жасушалар талқандалған соң ғана бостандыққа шығады. Эндотоксиндер
қыздыруға төзімді: қайнатуға ғана емес, автоклавтауға да
төзеді.
Экзотоксиндермен салыстырғанда, олардың уыттығы кемдеу.
Жұқпаның екі түрі болады: қарапайым – қоздырғыштың бір түрі
туындатады; аралас – қоздырғыштардың екі немесе үлкен саны туындатады.
Жұқпалы ауруды бастан кешірген адам сол ауруды тасымалдағыш болып
қалуы мүмкін. Бұл құбылыс бактерия тасымалдау (бацилла тасымалдау)
немесе вирус тасымалдау деп аталады. Жұқпаның көзі (резервуары) науқас
адамдар мен жануарлар, сонымен бірге сыртқы ортаға патогендік микробтарды
бөлетін бактерия тасымалдаушылар болып табылады. Микроағзалардың
макроағзаларға ену жолдары немесе берілу механизмі әр түрлі.
Патогендік микроағзалар қоздырғыштардың берілу көздері мен механизмдері 29
3.1
Көбінесе алиментарлық жолын атап көрсетеді: микроб тағаммен бірге ішекке
түседі (іш сүзегінің, дизентерия және т.б. қоздырғыштары). Араласу кезінде
саңырауқұлақ жұғу - қоздырғыш тері арқылы енеді. Сонымен бірге ауа-тамшы
және ауа-тозаң жолымен ену (тұмау, туберкулез және т.б.) орын алған.
Жұқпаға адамның қарсы тұруына оның жасы, жынысы, физиологиялық
ахуалы, тамақтану сипаты, еңбек ету мен тұрмысының санитарлық-гигиеналық
шарттары және басқа да факторлар өз әсерін тигізеді, дегенмен микробқа қарсы
қорғанудың (иммунитет) айрықша механизмдері жүзеге асыратын иммундық
жүйе шешуші рөл атқарады. Ағзаға қоздырғыш енген сәттен бастап және аурудың
белгілері көрініс бергенге дейін инкубациялық немесе жасырын кезең деп
аталатын белгілі бір уақыт аралығы өтеді. Түрлі ауру кезінде оның ұзақтығы
бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылады. Жұқпалы аурулар жұқпалы
болып табылады, таралуға бейім және өзіне тән белгілермен сипатталады
(симптомдар).
3.2
Тамақ өнімдері арқылы берілетін аурулар
Алиментарлық (тағамдық) аурулар деп олардың пайда болуына
патогендік немесе шартты-патогендік микроағзалар жұққан тағам себеп
болған ауруларды атаймыз. Микроағзалар Тамақ өнімдеріне ластанған су мен
мұз тиген қызметкерлердің қолы, ыдыс және қаптама материалдары арқылы
ауа-тамшы немесе ауа-тозаң жолымен түсуі мүмкін. Ауру малдардан алынған
өнімдер (сүт, ет және басқалары) де қауіпті. Патогендік микроағзаларды
жәндіктер, тышқандар, атжалмандар таратады. Тағам ауруларын ас жұқпалары
және астан улану деп бөледі:
Ас жұқпаларына келесілер тән:
■ жұқпалы ауруларға жатады;
■ тағам азық-түліктерінде көптеген қоздырғыштар көбеймейді, бірақ өмірге
қабілеттілігін сақтайды;
■ тағам, су, ауа, тұрмыстық араласу жолымен таралады;
■ жұқпа туындататын микроағзалардың дозасы аз болуы мүмкін;
■ кейбіреулері токсиндер құрайды;
■ инкубациялық кезеңінің ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше аптаға
және одан астам болады.
Астан улануға келесілер тән:
■ жұқпалы аурулар қатарына жатпайды;
■ тағам өнімдерінде токсиндерді қалыптастыра отырып, қарқынды көбейеді.
Патогендік микроағзалар және олардан туындайтын тағам аурулары
3
Тарау
30
■ құрамында токсин бар жұқпалы тағамды пайдалану кезінде көрініс береді;
■ ауру тағамнан қоздырғыш пен оның токсидерінің айтарлықтай мөлшері
анықталған кезде пайда болады;
■ инкубациялық кезеңінің ұзақтығы бірнеше сағат.
Ас жұқпалары. Тағамға тірі қоздырғыштың аздаған мөлшері анықталған
кезде пайда болады. Тағам өз ішінде көбеймейтін, бірақ тірі қалатын патогендік
микроағзаларды
таратқыш
рөлін
атқарады.
Тамақтану
азық-түліктеріне
микроағзалардың
өз
ұрықтарын
тастауы
науқас
адамдар
(бактерия
тасымалдаушы), шыбын, тышқан, атжалмандар арқылы жүзеге асады.
Ас
жұқпалары – жұқпа аурулар. Олар оба сипатында адамнан адамға дезде тарайды. Ең қауіпті ішек жұқпалары: тырысқақ, ішсүзек, қылау (паратифтер), дизентерия, А вирусты гепатит А (Боткин ауруы). Бұл жұқпалардың көзі - адам; жұғу әдісі - ауыз арқылы; таралу жолдары - жұқпалы тағам, су. Бұл аурулар асқазан-ішек жолдарын, бауыр мен басқа да дене мүшелерін зақымдайды. Белгілері: құсу, іш өту, ағзаның
су тапшылығы, әлсіздік және түршігу. Оларды қоздырғыштарының өсу оптимумы
-37 °С-қа жуық температура. Негізінен олар
факультативтік анаэробтар.
Тырысқақты қоздыратын - тырысқақ вибрионы. Экзотоксин мен эндотоксин
өндіреді. Инкубациялық кезеңі -бірнеше сағаттан 2... 3 тәулікке дейін. Ішсүзек және
қылауды (паратифтер Salmonella) тегінің Enterobacterіaceae тұқымдас ішек
бактериялары қоздырады. Олар топырақ пен суда ұзақ уақыт сақталатын термиялық тұрақты эндотоксинді бөліп шығарады. Инкубациялық кезеңі - 1 0 . 1 4 т
ә у л і к . Бактериалдық дизентерия Shіgella тектес бірнеше қоздырғыш
туындатады, Зонне түрі кең таралған. Жоғары температурада сақталған сүт
өнімдері Зонне таяқшаларының көбеюіне қажетті субстрат болып шығуы мүмкін.
Мұндай өнімдерді пайдалану уытты жұқпамен улануға әкеліп соғуы мүмкін.
Бауырды айрықша зақымдауға қабілетті гепатит вирусын А вирусты гепатит деп
атайды. Инкубациялық кезеңі - 3... 4 апта.
Ішек жұқпаларын қоздырғыштар негізінен жоғары температура мен
зарасыздандырғыш құралдардың әсерін сезімтал. Аурлардың алдын алу: сауда
және тамақ кәсіпорындары жұмыскерлерінің жеке және өндірістік гигиена
ережелерін сақтау;қажет болған жағдайда дезинсекция мен дератизация жүргізу.
Жануарлардан адамға берілетін тағам жұқпаларына (ауру немесе бактерия тасымалдаушы) бруцеллез, туберкулез, сібір жарасы, аусыл. Бұндай аурулар, яғни
адам мен жануарларға ортақ, зооноза деп аталады. Оларға тән белгі – жоғары
жұқпалылық.
Қоздырғыштар ұзақ уақыт сыртқы ортада сақталады (сібір жарасының
бацилла споралары топырақта 100 жыл сақталады). Үй жауарларының (кейде
жабайылар) барлығы дерлік жұқтырады. Жұқпа көзі - ауру мал немесе одан
31
3.2
Тамақ өнімдері арқылы берілетін аурулар
алынған өнімдер. Жұқпа немесе ауру малдан (малды күтіп-бағу кезінде, ет
комбинатында жұмыс істеу және т.б.) немесе көп жағдайда алиментарлық жолмен
(сүт, ет және олардың өнімдері арқылы) беріледі. Көптеген қоздырғыштар
қыздыруға, күн жарығына, ультракүлгін сәулелеуге (УКС) және зарарсыздандыру
құралдарына сезімтал.
Бруцеллез қоздырғыштары -бруцеллалар -грамтеріс бактериялар,
аэробтар. Споралар құрамайды, бірақ белгілі бір шарттарда капсула
қалыптастырады, құрамында эндотоксин бар. Инкубациялық кезеңі -1... 3 апта.
Ауру тірек-қимыл, жүйке және жыныс жүйелерін зақымдайды.
Бруцеллез
бойынша
сәтсіз
шаруашылықтардың
сүтін
жоғары
температурада (70 °С) 30 мин бойы қайнатады немесе 5 минут
стерилизациялайды. Етті кішкене тіліктермен ұзақ уақыт қайнатады немесе
консерв өндірісіне жібереді.
Туберкулезді
сәулелі саңырауқұлақ тектес
Actіnomycetaceae
микробактериялар қоздырады. Инкубац..иялық кезеңі -бірнеше аптадан бірнеше
жылдарға дейін. Дене мүшелері мен сүйектер зақымданады.
Туберкулездің алдын алу мақсатында, ауру малдың сүтін тамаққа
пайдалануға рұқсат берілмейді.
Сәтсіз шаруашылықтардың тауық жұмыртқаларын Тамақ өнімдерін
жоғары температурада өңдеу шартымен кондитер өндірісінде пайдаланады.
Етті, зақымдану деңгейіне қарай, бірнеше сағат қайнатады, консерв жасауға
қайт өңдейді немесе техникалық кәдеге жаратуға тапсырады.
Сібір жарасын антрацис бациллсы қоздырады; қимылсыз таяқша
күрделі экзотоксин қалыптастырады, сыртқы ортаға ерекше төзімді капсула
мен спора қалыптастырады. Ауру адамның ішек, өкпе және терісінде
орналасады.
Сібір жарасының алдын алу сібір жарасына жоспарлы екпе салумен жүзеге
асырылады. Ветеринарлық және медициналық қызметтердің профилактикалық
шараларының нәтижесінде сібір жарасы ауруының жағдайлары сирек кездеседі.
Жұқпалы ауруларға қарсы,атап айтқанда,сібір жарасы менқұтыруға қарсы,
екпелердің негізін қалаушы - ұлы француз ғалымы Луи Пастер (1822 —1895)
болды. Бұл жаңалықтың адамзат үшін маңызы ерекше.
Аусылды сүзінді вирус қоздырады. Қар астындағы өсімдіктерде вирус 200
күнге дейін сақталады. Ірі қара мал мен шошқалардың еттерін тез тоңазытқаннан кейін олардың қанында вирус өзінің белсенділігін 40 күнге дейін жоғалтпайды, ал
суытылған сүтте 15 күн сақталады. Инкубациялық кезеңі -3...6 күн. Ауру ауық
қуыысыны шырышты қабығын, қол-аяқ терісін зақымдаумен, ішек жолдарының
бұзылуымен сипатталады.
Аусылмен ауырған немесе күдікті малдардың етін ұзақ уақыт қайнату
және шұжық, консерв дайындауға пайдалану ұсынылады. Аусыл бойынша
сәтсіз шаруашылықтардан алынатын сүтті тек пастеризациия немесе
қайнатылған соң пайдалануға болады. Аусылдың алдын алу малдарға
жоспарлы екпе жүргізумен шартталады.
32
3
Патогендік микроағзалар және олардан туындайтын тағам аурулары
Тарау
Астан улану. Микробтық және микробтық емес болуы мүмкін. Микроб
түріндегі улануды астың уытты жұқпалары және астан улану (токсикоз) деп,
шартты түрде бөледі.
Астың уытты жұқпалары токсикогендік микробтар мен олардың
токсиндерінің үлкен мөлшері бар ас пайдаланған кезде пайда болады. Тамақ
өнімінде қоздырғыштың көбеюі және уытты заттардың шоғырлануы жүреді.
Ішекке сіңген токсиндер улану шақырады.
Сальмонеллездер астың уытты жұқпалары (токсикоинфекция) астан
уланудың арасында жеткші орын алады. Қоздырғыштары - Enterobacterіaceae тектес бактериялар, Salmonella - грамтеріс таяқшалар, факультативтік анаэробтар.
Оңтайлы өсу 37 °С температура кезінде. Құрамында термиялық тұрақты
эндотоксин бар. Қоздырғыш қатарына тышқан сүзегінің таяқшасы да бар.
Сальмонеллалар төмен температура мен ас тұзының (NaCl) жоғары
шоғырлануына төзімді. Ысталған және тұздалған азық-түліктерде өміршеңдігін
бірнеше айлар бойы сақтайды, ал қайнатқан кезде бірден жойылады. Қышқыл ортада, у-сәулелеуге және УГС-ге сезімтал. Қысқа уақыт ішінде қысқа толқынды
пеште ас әзірлеу сальмонеллалардың жойылуын қамтамасыз етпейді.
Сальмонеллез қозуының негізгі көзі малдар (әсіресе бұзаулар) және суда
жүзетін үй құстары болып табылады. Адам үшін ең қауіптісі – ауру малдың
еті. Сау малдың етін бөлшектегенде, тасымалдаған және сақтаған кезде жұқпа
ұрығының түсуі ықтимыл. Өнімдерге салмонелла екінші қайтара құрал-
жабдықтар арқылы өңдеуден соң, ас құралдары, лас қолдар арқылы жұғуы
мүмкін. Қаз бен үйрек еті мен жұмыртақаларына көп жағдайда сальмонелла
жұғады, сондықтан суда жүзетін құстарды сатуға болмайды және кулинарлық
бұйымдарды әзірлеуде қолдануға болмайды. Лас суда ауланған балықта
көбінесе сальмонелла
болады.
Сүт ет, балық және көкөніс өнімдерінде сальмонеллез жиі кездеседі. Бұл
қоздырғыштың таралуына шыбын, тышқан, атжалмандар
араласады.
Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 3 күнге дейін. Ас уытты жұқпасы
(токсикоинфекция) асқазан-ішек жолдарын зақымдап жүреді. Ауырып тұрған адам
көбінесе бактерия тасымалдаушы болып қалады.
Ас уытты жұқпасын (токсикоинфекция) ш а р т т ы - п а т о г е нд ік б
а к т е р и я л а р қ о з д ы р у ы м ү м к і н . Олардың кейбіреулері адам мен
жануарлардың қалыпты ішек микрофлорасының құрамына кіреді, ал басқалар
үшін тіршілік ортасы – топырақ пен су. Осы топтың бактерияларын тағам азық-
түліктерінде қарқынды көбеіп, токсиндер өндіру мен астан улануды шақыратын
қабілеті біріктіреді. Олардың тіршілік ету үдерісінде арнайы емес уытты
мускарин, гистамин, кадаверин, путресцин және басқалары сияқты заттар түзіледі.
Осы уытты жұқпа тобының қоздырғыштарына протей жатады - Proteus тегінің
Enterobacterіaceae тұқымдас бактериясы. Бұл ұсақ грамтеріс таяқшалар
қозғалғыш, факультативтік анаэробтар. Өсуінің оңтайлы температурасы 25 ..
.37°С. Бес түрінің екеуі - P. vulgarіs и P. mіrabіlіs энтеротоксиндерін (ішек улары) өндіреді. Протей адам мен жануарлардың ішегін мекендейді, шіріген ақуыз азық-
түліктерінде және ағын суларда кездеседі.
33
3.2
Тамақ өнімдері арқылы берілетін аурулар
Enterobacterіaceae тұқымдас, Escherіchіa тектес, E. colі түріндегі
н т е р о п а т о г е н д і к і ш е к т а я қ ш а л а р ы пайдалы қызметтер
қатарын атқара отырып, адам мен жануарлардың ішегінде орналасады.
Олардың арасында адамның ішек ауруларын қоздыратын ішек таяқшаларының
нұсқалары бар. Олардың құрамында термиялық тұрақты эндотоксиндер немесе
экзотоксиндер бар. Ас азық-түліктерін ауру адамдар мен бактерия
тасымалдаушылар ластайды. Инкубациялық кезеңі - 4... 20 с.
Ц е р е у с б а ц и л л а с ы ( Bac. cereus) - топырақтың мекендеушісі.
Энтеротоксин өндіреді. Бацилланың споралары азық-түліктерде тек кулинарлық
өңдеу кезінде ғана емес, тіптен стерилизация кезінде де сақталады. Бацилла
құрғақ азық-түліктерде (сүтте, жұмыртқа ұнтағында, сорпа концентраттарында)
табылады. Бұл ретте азық-түліктердің органолептикалық сипаттағы өзгерістері
цереус бацилласы жасушаларының үлкен мөлшерін жинақтаған кезде де
байқалмайды. Инкубациялық кезеңі 4...16 с, аурудың ұзақтығы 1...2 тәулік.
П е р ф р и н г е н с (Clostrіdіum perfrіngens) -анаэробтық спора құрушы
бактерия,топырақ пен суда таралған, түрлі тамақ азық-түліктерінде (етте,ет азық-
түліктерінде, ұнда, жармаларда) табылады. Уытты жұқпалар қоздырғышының 6
түрінен A түрі ауру қоздырады. Споралары жоғары температураға төзімді,
қышқыл ортаға және ас тұзының жоғары шоғырлануына сезімтал.
Сонымен бірге астыңуытты жұқпасын қоздырғыштарға э н т е р о к о к к т а
р н е м е с е н ә ж і с т і ң с т р е п т о к о к к т а р ы , п а р а г е м о л и т и к
а л ы қ в и б р и о н (Vіbrіo parahaemolіtіcus), л и с т е р и я л а р жатады. Су мен
тамақ азық-түліктерде энтерококктардың анықталуы олардың ластану көрсеткіші
болып табылады. Парагемолитикалық вибрион теңіз өнімдерінде аһанықталады.
Вибрион қан эритроциттерін талқандайтын энтеротоксин мен гемолизин өндіреді.
Астан улану шикі балық пен моллюсктерді пайдалану кезінде пайда болады.
Бактерия тасымалдаушылық болуы мүмкін, әсіресе балық өнеркәсібі
жұмыскерлерінің арасында.
Листериялар (негізгі қоздырғыш Lіsterіa monocytogenes) адамның ауыр
дерті -л и с т е р и о з д ы қоздырады. Топырақта, суда, малдың мүшелерінде кездеседі. Жұқпа көзі сүт және ет өнеркәсібінің өнімдері болып табылады. Теңіз
өнімдерін пайдалану кезінде листериоз пайда болған жағдайлар да кездеседі.
Листериялар төмен температураға төзімді. Адам ағзасына түскен кезд е қанда
көбейеді және жалпы қанда жұқпа қоздыра отырып, барлық органдар ментіндерге
таралады. Ауру, әдетте, өлімге әкеліп соғады. Аурудан тұрғандар көбінесе
листерия тасымалдаушы болып қалады.
Астан улану (токсикоздар) бактерия немесе саңырауқұлақ токсиндері
(улары) қоздырады; тірі микробтардың қатысуы міндетті емес. Улану бактериалды
және саңырауқұлақтық (микотоксикоздар) деп бөлінеді.
Астан уланудың бактериалдық түрін Staphylococcus тектес алтын түстес
стафилококк (St. aureus) жиі қоздырады. Ол жұтқыншақты мекендейді, адам
терісінің іріңді ауруларын қоздырады. Тамақ азық-түліктерінде көбею кезінде энтеротоксин (ішек уы ретінде А түрі қауіпті) және ферменттер қатарынөндіред і,
кейбірі қан плазмасын ұйытады.
34
3
Патогендік микроағзалар және олардан туындайтын тағам аурулары
Тарау
Алтын түстес стафилококктар - факультативтік анаэробтар, өсу оптимумы - 30 ... 37 °С. температура. Түрлі факторлардың, атап айтқанда, ас тұзының, қант жоғары
шоғырлануы мен қыздыруға салыстырмалы түрде төзімді.
Тамақ өнімдерінің жұқпа көздері жұтқыншақ ауруларымен және терінің
іріңді зақымдануымен ауыратын адамдар болып табылады. Жұқпаның таралуы
ауа-тамшы,ауа-тозаңжәне араласу жолдарымен жүзеге асады. Сүтке стафилококк
маститке шалдыққан сиырлардан өтеді.
Түрлі ет, балық, кулинарлық бұйымдар, сүт және басқалары уланудың
себебі болуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі - 30 мин-тан 6 сағ. дейін. Сим-
птомдары: құсу, іш обылысндағы ауырсыну, әлсіздік. Уланудың алдын алу:
теріінің іріңді ауруларымен, жоғарғы тыныс алу ауруларымен ауыратын
адамдарды Тамақ өнімдерімен жұмыс істеуден алшақтату; маститке
шалдыққан сиыр сүтін сатуға тыйым салу.
Б о т у л и з м (лат. botulus -шұжық) - Clostrіdіum botulіnum (Bac.
botulіnus) бацилласының токсинімен астан ауыр улану. Бұл грамоңды таяқша,
анаэроб, негізінен субтерминалды орналасқан сопақ пішінді спораны түзеді,
теннис ракеткасына ұқсас. Микробтың патогендігі оның тамақ өнімдерінде
айрықша токсин түзуімен шартталады. Белгілі бактерия уларының ішінде бұл
токсин (у) ең күштісі деп саналады, ас қорыту сөлдеріне төзімді.
Ботулиндік улану бацилла токсин (у) өндірген ас (ет, балық және өсімдік
консервілері) қабылдау кезінде басталады. Ботулизм - тағаммен ағзаға түскен
бацилла спораларынан бөлінетін токсин (у) емес, тағамда қалыптасып үлгерген
экзотоксинмен уланудың нәтижесі. Консервілерде экзотоксин бірнеше айлар бойы
сақталады. Аспен бірге ішекке түскен токсин (у) қанға сіңіп, орталық жүйке
жүйесі мен жүрек-тамыр жүйесін зақымдайды. Инкубациялық кезеңі —2 сағ-тан
бірнеше тәулікке дейін. ботулизм қоздырғышы топырақта, суда, жануарлар мен
құстардың ішегінде орналасады.
Үй жағдайында ысталғанжәне тұздалғанбалық өнімдері ботулизмнің
себебі болуы мүмкін. Бұл шикізатты мұқият жумау, қате термиялық өңдеу және
сақтау температурасын қате таңдау салдарынан болады. Ботулизмнің алдын
алу: шикізатты қоздырғыштың түсуінен қорғау; консервілерді стерилизациялау
мен сақтау тәртібін бұзбау; балықты өңдеу, ыстау және тұздау кезінде
санитарлық- техникалық талаптарды сақтау.
Саңырауқұлақтан
жасалған
тамақ
өнімдерінен
улану
(микотоксикоздар) - өңез саңырауқұлақтардың микотоксиндер деп аталатын
уытты заттарымен улану. Қоздырғыштар термиялық төзімділік және жоғары
уыттылығымен ерекшеленеді. Ағза тіндерінің қатерлі жаңа жасалуын
туындатады. Микотоксиндер өндіретін саңырауқұлақтарға аспергиллдер,
пенициллдер, фузариумдер, қара күйе жатады. Микотоксиндер химиялық
табиғаты, сипаты мен әсер ету күші бойынша сан түрлі. Аспергиллалар өндірет
ін афлатоксиндер кеңінен танымал. канцерогендік және мутагендік қасиеттерге
ие, өсімдік және малдан алынатын азық-түліктерде анықталған.
35
3.2
Тамақ өнімдері арқылы берілетін аурулар
Ресейде тамақ азық-түліктерінде 5 мкг/ кг. В афлатоксинінің, ал М1
афлатоксині сүт және сүт өнімдерінде - 0,5 мгк/кг-дан аспайтын шектеулі
рұқсат етілген нормасы бекітілген.
3.3
Тағамнан туындайтын аурулардың алдын алу
Тағамнан туындайтын аурулар негізгі себептері: тамақ азық-түліктерін
әзірлеуге пайдаланылатын сапасыз шикізат; сапалы шикізатты қайта өңдеудің
технологиялық
және
санитарлық нормаларын
бұзу; даяр
өнімдердің
температуралық кестесіменсақтау мерзімдерін, тасымалдау және сату ережелерін
сақтамау болып табылады. Астан уланудың алдын алуға келесі шараларды
орындау жатады:
■ соғым малдарының ахуалына, сою шарттарына және боршалауға
ветеринарлық-санитарлық бақылауды жүзеге асыру;
■ тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарында
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
■ азық-түлік сақтауға арналған орынжайлар, тоңазытқыш камералар,
ыдыстар, құрал-жабдықтар, инвентарь және басқаларына кезеңді түрде
санитарлық өңдеу жүргізу;
■ шикізатты даярлаудың технологиялық тәртібін және оны жылумен өңдеу
кестесін сақтау;
■ азық-түліктің микроағзалармен қайта тұқымдануына жол бермейтін
сақтау, тасымалдау және сату шарттарын орындау. Жылумен өңдеуден
өткен өнімдерді шикі, әсіресе ет өнімдерімен араластырмау қажет;
■ тағам өнімдерімен аралас орналасатын технологиялық жабдықтар,
материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігі;
■ азық-түлік базарларында мал және өсімдіктен өндірілген өнімдерді сату
кезінде
санитарлық-эпидемиологиялық
ережелердің
орындалуын
қаматамасыз ету;
■ қоғамдық тамақтандыру, сауда орындары мен тұрмыста кеміргіштер,
тарақан және шыбындармен жүйелі түрде күрес жүргізу;
■ қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарының қызметкерлерімен
жеке тазалық сақтау мен мәдениет жайлы сұхбат жүргізу;
■ тамақ
өнімдерімен
жұмыс
істейтін
жұмыскерлерді
бацилла
тасымалдаушылыққа жоспарлы медициналық тексеруден өткізу. Терінің іріңді
жараларына, жоғарғы тыныс жолдары ауруларына шалдыққан тұлғаларды
жұмыстан босату;
■ микроағзалармен тұқымдануды болдырмау мақсатында, өнеркәсіп
кәсіпорындарында бөлініп салынған және қаптамаланған азық-түліктің
санын көбейту.
36
3
Патогендік микроағзалар және олардан туындайтын тағам аурулары
Тарау
3.4
Тамақ өнімдерінің сапасын
микробиологиялық бақылау
Тамақ өнімдерінің сапасын заңдылық тәртібі бойынша қолданыстағы
нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес органолептикалық, химиялық
және микробиологиялық көрсеткіштердің кешені бойынша анықтайды. Азық-
түлік тауарлары қауіпсіз және микробиологиялық төзімді болуы тиіс. Олардың
қауіпсіздігі химиялық және биологиялық негіздегі зиянды қоспалардың, соның
ішінде патогендік микробтар мен олардың өнімдерінің орын алмауымен
анықталады.
Тамақ өнімдерінің қауіптілігін микробиологиялық көрсеткіштер бойынша
бағалау мақсатында, оларды санитарлық-көрсеткіштік, шартты-патогендік,
патогендік микроағзалар мен бүлдіргіш микроағзаларға зерттеу жүргізіледі.
Санитарлық-көрсеткіштікке жатады: мезофилдық аэробтық және факультативтік-
анаэробтық микроағзалардың белгілі бір мөлшері (МАФАнБМ), ішек таяқшалары
тобының бактериялары - Enterobacterіaceae тұқымдас бактериялар, ІТТБ (колиформдар), энтерококктар. Шартты-патогендікке E. colі, St. aureus, Proteus. Bac.
cereus, Vіbrіo parahaemolіtіcu тектес бактериялар жатады. Патогендіктерге
сальмонеллалар мен Lіsterіa monocytogenes жатады . Бүлдіргіш микроағзаларға
ашытқы мен өңез саңырауқұлақтары, сүтқышқылды микроағзалар жатады.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сандық және сапалық микробиологиялық
көрсеткіштер бойынша бағалайды. Сандық көрсеткіштер белгіленген
массадағы микроағзалардың жалпы санын, әдетте азық-түліктің 1 г-нда (1 см3), көрсетеді. Басқа жағдайларда өнімнің сапасын 1 г (мл) өнімнен бөлініп алынған,
қоректік ортада колония құратын қоздырғыш бірлігінің, КҚБ /г, мл. деп
белгіленетін саны бойынша бағалайды.
Тамақ өнімдерінің микрофлорасы сыртқы ортамен байланысқан күрделі
динамикалық жүйені құрайды. Өнімдерді микроағзалардантолық тазарту
әрқашан сәтті бола бермейді. Осыған байланысты, көптеген азық-түліктерге
МАФАнБМ және КҚБ-ның нормасы беріледі, яғни өнімде тұтынушы үшін
қауіпсізд ік деңгейіне дейін кейбір микроағзалардың орын алуына жол
берілмейді немесе беріледі. Мезофилдық аэробтық және факультативтік-
анаэробтық микроағзалардың мөлшерін тек қана ұйытқының көмегімен
әзірленген азық- түліктерде анықтамайды.
Сапалық көрсеткіштер белгілі бір өнім массасындағы микробтардың нақты
түрлерінің жоқ немесе бар екендігін көрсетеді. Оларды өнім бұзылуының
болжамды түрлерін, сонымен қатар халық денсаулығы үшін өнімнің қауіпсізд ігін
пайымдау мақсатында, өнімнің микрофлорасын сипаттауда пайдаланады.
Тамақ өнімдері сапасының микробиологиялық көрсеткіштері өңделген
және Ресей Федерациясының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері бекіткен
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік
және тағамдық құндылығының гигиеналық
талаптары» (СанЕжН 2.3.2.1078—01) Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер
мен нормативтерінде көрсетілген.
4Тамақ өнімдеріне микроағзалардың жұғу көздері
4.1
Жалпы ережелер
Тамақ өнімдеріне микроағзалар жұғуының негізгі көздері сыртқы орта:
топырақ, ауа, су болып табылады. Тамақ өнімдерімен тоғысатын барлық
нысандар: құрал-жабдықтар, ыдыс, қаптама материалдары, қол және
қызметкерлердің арнайы киімдері және басқалар қауіп төндіреді.
Микроағзалар барлық жерге таралған. Олардың саны мен ара қатынасына
антропогендік факторлар белгілі бір әсерін тигізеді. Бұл адамның шаруашылық
қызметінің нәтижесінде қоршаған ортада жүретін, кей кездері жағымсыз салдарға әкеліп соғатын өзгерістер. Атап айтқанда, қоршаған ортаға кез келген қатты, газ тәріздес немесе сұйық заттардың, микроағзалардың, жылу және электромагниттік,
радиациялық және дыбыс энергиясының келіп түсуін ластану деп түсіну. Қоршаған ортаны ластау түрлері сан алуан: су ортасына келіп түсетін әр түрлі
өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар; атмосфераға бөлініп шығатын ластағыш заттар; мұнай өнімдері; егінжайларда кеңінен пайдаланылатын
пестицидтер; атмосфера мен гидросферада жылудың жинақталуы.
Химиялық ластану - қоршаған орта мен оны мекендеушілерге, соның ішінде
микроағзаларға жағымсыз антропогендік әсер ететін факторлардың бірі.
Қоршаған ортаға химиялық заттар, соның ішінде табиғи емес қосылыстар
тасталады. Осы ластаушылардың бірі табиғи жолмен ыдырамайтын болса,
екіншілері өте баяу ыдырайды (стронцийдің радиобелсенді изотопының ыдырау
кезеңі 200 жылдан астам). Олардың тамақ өнімдеріне түсу қаупін теріске
шығаруға болмайды.
Атмосфераның ластануы жаһанды сипат алуда. Оның салдарынан
климат өзгеруі мүмкін. Топырақтың антропогендік ластануы өнеркәсіп,
құрылыс,
қала
шаруашылығы мен
ауылшаруашылық
өндірісінің
қалдықтарымен байланысты.
Қоршаған ортаның антропогендік ластануын төмендету әдісіне
келесілерді жатқызуға болады:қалдықтарды жою, оларды қайталама шикізат ретінде пайдалы өнім алу мақсатында кәдеге жарату; өсімдіктердің зиянкестері
және ауруларымен химиялық құралдармен күресу әдісін биологиялық әдіске
ауыстыру; тазарту құрылыстарын тұрғызу және шаң-газ жинағыш сүзгіштер
орнату; отынның жаңа түрлері - энергия көздерін іздестіру.
4
Тарау
Тамақ өнімдеріне микроағзалардың жұғу көздері
38
4.2
Топырақ микрофлорасы
Топырақ түрлі микроағзалардың табиғи мекендеу ортасы және олардың
сақталуы үшін жайлы орта болып табылады.Топырақта микроағзалардың
тірішілігне қажетті барлық жағдайлар бар:қоректік заттар, ылғалдың жеткілікт і
мөлшері, күн сәулесінің жою әсерінен және кебуден қорғану. Топырақ –
микробтар су мен ауаға түсетін бас резервуар.
Топырақтың қалыптасуында микроағзалардың рөлі орасан зор. Олардың
арқасында топырақ тірі жүйенің қасиеттеріне ие болады. Мысалы, микроб
жасушаларының 3...5 т/га. биомассасы кезінде олар 1 г. қара топырақта ондаған
миллионнан бірнеше миллиардқа дейін болады.
Топырақта микробтар теңдей бөлінген: беткі қабатында көбірек және
өсімдіктерге жақын. Топырақ бетінен алыстаған сайын микробтар азаяды, ал
2...3 м. тереңдікте әдетте мүлдем болмайды. Қара топырақ пен сары топырақта
микробтар көп, сазды және құмды топырақта аз болады. Жаздың басында
және күзде микробтардың саны артады, ал басқа кезде азаяды.
Топырақта микроағзалардың сан алуан түрлерінің тіршілігіне байланысты
биохимиялық үдерістер ұдайы жүріп отырады. Бұл үдерістер өсімдіктердің
қалдықтары мен мал өлексесінің есебінен органикалық заттардың ыдырауын
жүзеге асырады және бұнымен қатар жаңа органикалық заттардың пайда
болуы жүреді.
Топырақта бактерияларды, актиномицеттерді, өңез, ашытқы мен
балдырларды кездестіруге болады. Топырақта кокк түріндегі сапрофиттік
бактериялар өте көп. Кокктардан бөлек топырақ микрофлорасының басқа да
түрлерін: спора тасушы аэробтар мен анаэробтар; кейбір топырақтың барлық
микрофлорасының 80...96 %-н құрайтын термофилдік, пигменттік және
бейпигменттік спора тасымалдамайтын бактериияларды ұдайы кездестіруге
болады. Микрофлораның құрамына топырақтың ылғалсыйымдылығы,
метеорологиялық, климаттық және басқа да факторлар әсер етеді. Топырақтың
микробтық пейзажы айтарлықтай өзгеріске түседі, ал кей кезде қосылған
тыңайтқыштар, пестицидтер, агротехникалық шаралар мен адамның басқа да
әрекеттерінен жақсы жаққа өзгерді деу қиын.
Патогендік микроағзалар топыраққа өлекселер, түрлі жұқпалы қоқыстар
және ағын сулар арқылы түседі. Көптеген жағдайларда топырақ кейбір патогендік
микроағзалардың, әсіресе споралардың резервуары болып табылады. Олар
қоздыратынжұқпалар топырақтық деп саналады. Олардыңқатарына сібір жарасы,
эмфизематоздық көршиқан, ботулизм кіреді. Топырақта басқа аурулардың
қоздырғыштары да ұзақ сақталады. Топырақта туберкулездің микобактериялары 2
жылға дейін тіршілігін сақтайды; бруцеллалар - 100 күнге дейін; іріңді кокктар
- 2 айға дейін. Патогендік ішексүзек және дизентерия бактериялары топырақта
апталап сақталады. Сондықтан тамақ өнімдерінің ластануы топырақпен
ластануы адам өміріне қауіп төндіреді.
39
4.2
Топырақ микрофлорасы
4.3
Су микрофлорасы
Теңіздер, өзендер, көлдер мен басқа су қоймаларында, сонымен бірге
жерасты суларының құрамында микроағзалардың айтарлықтай саны болады.
Судағы микробтардың таралу деңгейі көптеген шарттарға байланысты.
Олардың бірі микрофлора мен оның жеке түрлерінің дамуына ықпал ететін
болса, басқалары соңғысына зиянды әсер етеді. Микробтардың негізгі бөлігі
суға топырақтан, ал кейбір бөлігі басылатын шаңмен бірге ауадан түседі.
Санитарлық тұрғыда су қоймаларының (өзендер, тоғандар, құдықтар) түрлі
жуынды- шайындымен және өндіріс қалдықатырмен ластануы өте қауіпті.
Жерасты суларының микрофлорасы (артезиан, бұлақ және жерасты
сулары) белгілі бір дәрежеде су тасымалдаушы қабат қыртысының тереңдігіне,
оның сырттан ластанудан сақтануына байланысты. Үлкен тереңдікте жатқан
артезиан суында микроағзалар аз болады. Жердің беткі қабатының
қалдықтары өтетін қарапайым құдықтың суында бактерия мөлшері көбірек,
олардың арасында патогендіктер де бар. Жерасты сулары жер бетіне
қаншалықты жақын болса, олардағы микрофлора да көбірек болады.
Ашық суайдындардың суы (өзен, көл, су қоймалары және т.б.), яғни
беткі, микрофлораның көп, соның ішінде патогендік, түрлерімен сипатталады.
Елді мекендер арқылы ағатын өзендер қалдық түріндегі органикалық
заттардың үлкен массасының түсуі салдарынан қатты ластанады. Мысалы,
Мәскеу өзенінің 1 мл. суында микробтардың бактериялық жасушалар мөлшері
0,4 - 1,3 млн. дейін, ал Нева өзенінің суында 0,2 - 0,6 млн. дейін тербеледі. Орал
мен Волга өзендерінің 1 мл.суында микробтардың шамамен осы мөлшері бар.
Түрлі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауылшаруашылық қызметтің ағын
сулары табиғат пен адам үшін үлкен қауіп төндіреді. Бактериалдық және
биологиялық ластаушылар түрлі микроағзалар: ашытқы және өңез
саңырауқұлақтары, бактериялар, соның ішінде адамдар мен малдардың
бөлінділерімен бірге түсетін сүзек, қылау мен дизентерия қоздырғыштары
болып табылады. Бактериалдық массаның жалпы көлемі өте үлкен: әрбір 1 000
м 3 ағынды суға 400 л-ге дейін.
Су үздіксіз өзіндік тазаратын құнды қасиетке ие. Өзіндік тазару агенттері
бактериялар, саңырауқұлақтар және балдырлар. Бұл үдеріс жылдың жылы
маусымдарында қарқынды жүретін болса, қыста айтарлықтай бәсеңдейді.
Табиғи жағдайда ағын суларды тазарту «сүзу алаңдары және суару
алаңдары» деп аталатын осы мақсатқа арнайы бөлінген жер телімдерінде,
сонымен бірге билогиялық тоғандарда оларды топырақ қабаттары арқылы сүзу
жолымен жүзеге асырылады.
Топырақтың микроағзалары жан-жақтан сіңетін судың органикалық
заттарын қышқылдандырады, бейорганикалық қосылыстарға айналдыра, яғни
оларды минералдай отырып, суды тазартады. Органикалық қосылыстардан
бөлек ағын судағы бактериялардың 99 % топырақта қалады.
40
4
Тарау
Тамақ өнімдеріне микроағзалардың жұғу көздері
Топырақ арқылы өткен тазартылған ағын су ашық суаайдынына қарай
жүргізілген жинақтау дренаж құбырларына түседі.
Сүзу алаңдарының суару алаңдарынан айырмашылығы жер телімдерін ағын
суларды тазартуға пайдаланумен қатар ағаш өсіруге, шөп және басқа да дақылдар
отырғызуға пайдалану болып табылады.
Биологиялық тоғандар - бұл жасанды, ағын суды бұратын, бірізді
қосылған тоғандар. Оларда суды тазарту тоғандардың өзіндік тазаруы ұстанымы
бойынша жүреді.
Ағын суларды тазарту арнайы тазарту ғимараттарда жасанды түрде
биологиялық сүзгіштердің көмегімен және аэротанктерде жүргізіледі.
Биологиялық сүзгіштер - ірі түйірлі материалмен толтырылған (шлак, қиыршық
тас, пластмассадан жасалған кеуекті блоктар) резервуарлар. Тиелген
материалдардың қабаттары арқылы ағын суды сүзу жүргізіледі. Аэротанктар
тұндырылған ағын суды түрлі микроағзалардан тұратын белсенді деп
аталатын лайдың белгілі бір мөлшерімен бірге енгізетін бассейндер.
Аэротанктарға ауа беріліп, судың қоректік заттарымен микроағзалардың
араласуына және судың тазаруына ықпал ететін сұйықтықты қарқынды
араластыру жүзеге асырылады.
Таза судағы сапрофиттік бактериялардың ішінде кокктар, ал ластанған суда
– таяқшалар көп, соның ішінде – спора өндірушілер. Суда ұзақ уақыт сақталады.
Патогендік микроағзалар: бруцелла -72 тәулік, туберкулез таяқшасы -5 ай, кейбір
патогендік вирустар - 100 күннен астам. Суға малдардың асқазан-ішек жолының
құрамы түседі. Асқазан-ішек жолының тұрақты мекендеушісі -ішек таяқшасы.
Ішек таяқшасымен бірге суда анықтау мүмкіндігі әрқашан бола бермейтін жұқпа
ауруларды қоздыратын басқа да қоздырғыштар болуы мүмкін.
Ауыз су эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы, химиялық құрамы
бойынша зиянсыз және жақсы органолептикалық көрсеткішке ие болуы тиіс. Осы
талаптарды негізінен артезиан сулары қанағаттандырады, олардың көбісі
тазартуға мұқтаж емес.
Ашық суайдындары суының қасиеттерін жақсарту мақсатында, оларды су
бекеттерінде өңдейді және ауру қоздыратын микроағзалардан тазартады. Суды
зарарсыздандырудың кең әдісі – хлорлау. Сумен қамсыздандыру практикасына
суды зарарсыздандырудың басқа да әдістері енгізілген - озондау және бактерицидті
УК-сәулелермен сәулелеу.
Практикада судың ластануын анықтаудың жанама әдістері де жиі
қолданылады: микроб мөлшері, коли-титр, коли-индекс.
Микроб мөлшері - құбыр немесе артезиан суының 1 мл. қоректік ортада
Петри ыдысында 37 °С температурада 24 сағ. ішінде немесе жербеткі
суайдындарының су көлемі сол экспозицияда 37 °С температурамен қоса 20 °С-
та,бірақ 48 сағ. ішіндегі өсіп шыққан колониялар мөлшері. МЕСТ 2874—82
сәйкес ауыз суының (құбыр суы) микроб мөлшері 100-ден аспауы, шахта
құдықтарының мөлшері 400-ден аспауы тиіс.
41
4.3
Су микрофлорасы
Коли-титр -1 ішек таяқшасы анықыталатын миллилитрмен алғандағы
судың ең аз көлемі. Ауыз (құбыр) суының коли-титры 300-ден кем болмауы,
құдық суынікі -100-ден кем болмауы тиіс. Коли-индекс -1 л. судағы ішек
таяқшаларының мөлшері. Құбыр суында ол 3-тен аспауы, құдықтарда 10-нан
аспауы тиіс.
Суды санитарлықо-микробиологиялық зерттеу Ростұтбақылаудың
аудандық және қалалық орталықтарында жүзеге асады.
4.4
Ауа микрофлорасы
Ауа өзіне бірқатар себептер бойынша түскен микроағзалардың дамуына
жағымды ықпал етпейді. Олардың айтарлықтау бөлігі ауада қоректік заттардың
болмауынан, тікелей күн сәулесінен және кебуден жойылады. Дегенмен жер
бетіндегі ауаға шаңмен және су тамшыларымен микроағзалардың үлкен
мөлшері көтеріледі. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауа микробтардан
бос, ал сол уақытты жердің беті микробтармен қатты ластанған. Елді
мекендерден алыс жердегі егінжай, көгал, ормандар, сонымен бірге су
кеңістіктерінің үстіндегі ауа салыстырмалы тазалығымен ерекшеленеді. Ал
тағы фитонцидтер әрекет ететін тайганың ауасы кей жерлерде зарарсыз
болады.
Қаланың жасыл желектерінің рөлі орасан зор. Олар шаңның 90 %-на
дейін ұстап қалуының нәтижесінде микробтардың мөлшері 3... 9 ретке азаяды.
Қала атмосферасында өңез, споралар, пигмент түзуші таяқшалар, кебуге
төзімді кокктар кездеседі. Мәскеу қ-ның үстіндегі ауаднан өңез
саңырауқұлақтарының 20
%-нан бацилланың 15 %-ға дейін түрлері анықталған.
Ауаны зерттеу кезінде жалпы бактериялар көлемінің 1 м3 –ндағы
мөлшерін анықтау қабылданған. Олардың жоғары құрамы, әлбетте,
орынжайдың антисанитариялық ахуалының көрсеткіші болып табылады
-шаңның көптігі, нашар жуып-тазалау, нашар желдету. Тұрғынжайларда 1 м3-ғы
бактериялардың 500... 1000 құрамы ауа ластануының көрсеткіші болып
табылады.
Микробтардың көп бөлігі атмосферада тіршілік шарттарын таба алмайды
дегенмен ол тіршілік ортасы болып қызмет ететін микробтар да баршылық. Ауа –
патогендік микроағзалардың ауа-тамшы немесеауа-шаңжолыментарала отырып,
сол арқылы берілетін орта. Ауа жолымен тұмау, туберкулез, желшешек, сібір
жарасының споралары, өңез саңырауқұлақтарының және т.б. қоздырғыштары
таралады. Тамшы жолымен аусыл, жоғарғы тыныс жолдарының катары, тұмау
және басқа да аурулардың қоздырғыштары таралады. Ауаға патогендік
микроағзалардың жұғу көзі науқас адамдар мен жан-жануарлар, бактерия
тасымалдаушылар, түрлі қалдықтар мен қоқыстар.
42
4
Тарау
Тамақ өнімдеріне микроағзалардың жұғу көздері
Өндірістік орынжайларда ауа микрофлорасының сандық және түрлік құрамы
адамдардың шоғырлануына, орынжайлардың санитарно-эпидемиологиялық
ахуалына, оларды жуып-тазалау мен желдетудің кезеңдігіне, сонымен қатар
қайта өңделетін өнімдердің түрлеріне байланысты кең ауқымда өзгереді.
Түйнектер сақталатын тоңызытқыш камералардың 1 м3 ауасында мицелиалды
саңырауқұлақтың споралар саны бірнеше ондаған мыңға, ашытқы мен бак-
териялар саны бірнеше мыңға, ал алма салынған тоңазытқыш камерасының 1
м 3- нда бірнеше жүздеген бактериялар мен ашытқы анықталған.
Өндірістік орынжайларды өнімдерді сақтауға қойғаннан бұрын және
қоймаларды сақталған өнім қалдықтарынан босатқан соң зарарсыздандыру
ұсынылады. Өндірістік орынжайлардың ауасын озонмен өңдеуге ұқсас азоттың
қос тотығымен бактерицидтік және фунгицидтік жоғары әсерін беретін қысқа
уақыттық (10 мин.) өңдеу микробқа қарсы ауқымды әсер ету спектрін береді.
Орынжайларды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау кезінде ауадағы
жалпы бактериялық тұқымдануы (1 м3-тағы), микроағзалардың санитарлық-
көрсеткіштік құрамы, патогендік түрлер, ашытқы мен мицелиалды
саңырауқұлақтардың орын алуы анықталады. Жабық орынжайлардың 1 м 3-
нда микроағзалардың мөлшері 2 мың жасушадан, ал гемолитикалық
стрептококктар 10 жасушадан аспайтын болса, ауасы таза деп есептеледі.
Тамақ өндіріс цехтары ауасының 1 м3-нда бактериялардың құрамы 100-ден
асуына рұқсат етілмейді.
4.5
Ыдыстар мен қаптама материалдарының
микрофлорасы
Тұтынушыға бағыттаудың барлық кезеңдерінде тамақ өнімдері ыдыстар
және қаптама материалдармен тікелей жанасады. Сондықтан азық-түліктерді
сақтау мерзімдері оларға белгілі бір дәрежеде тәуелді болады.
Тамақ өндірісінің практикасында ағаш, қаңылтыр, полимерлік және әйнек
ыдыстар кеңінен таралған. Ыдыстардың микроағзалармен тұқымдануы
олардың беткі жағының құырылымына, пайдалану дәрежесіне, күтіп ұстау
шарттарына және басқа да факторларға байланысты. Қолданыста болмаған
жаңа ағаш ыдыстың 1 см2 бетінде мицелиалдық саңырауқұлақтардың бірнеше
ондаған спораларынан жүздеген ашықты және бактериялардың жасушалары
болады.
Қолданылған соң, ыдыстан ішек таяқшалары тобының бактериялары, ал
оның 1 см2 бетінен мицелиалдық саңырауқұлақтар спораларының миллионға
жеткен саны, ашытқы жасушаларының – жүздеген мың, бактериялардың
-ондаған миллион саны табылады. Ыдыстарды сақтау ережелерібұзылғанкезде
(ластанған, ылғал) олардағы микроағзалардың саны артады.
Бетіндегі опырағы жуылмаған көкөністерді таралау ыдысының
ластануын және олардға микроағзалар ұрық тастауының артуына әкеліп
соғады.
43
4.5
Ыдыстар мен қаптама материалдарының микрофлорасы
Жемістерді ыдысқа ораналстыру кезінде таза ағаш ыдыстың беткі жағына
микробтардың ұрық тастауы айтарлықтай өзгермейді, өйткені жемістер
микрофлорасының саны аз.
Қолданылатын қаптама қағазының 1 см2 бетінде жүздеген және мыңдаған
микроағзалар (мицелиалды саңырауқұлақтардың споралары, бактериялар
ашытқы) анықталады. Әсіресе өнімдерді ылғал ыдыстар мен қаптама
материалдарға орналастыру қауіпті. Оларда орналастырылған өнімге жұққан
мицелиалдық саңырауқұлақтардың дамуына жақсы жағдай жасалады. Мата
материалымен салыстырғанда, полимер қаптама материалының бетінде
микроағзалар 100 есе аз анықталған.
Қолданыста болған ыдысты
жуып-шайып, зарарсыздандырады.
Зарарсыздандыру үшін химиялық заттарды, ыстық су немесе буды, иондаушы
сәуле, озон және т.б. пайдаланады. Ыдыстарды азоттың қос тотығымен өңдеу
кезінде жоғары фунгицидтік және бактерицидтік нәтижеге қол жеткізіледі.
Осындай өңдеуден кейін ыдыстарда бөгде иіс болмайды, пішінін жоғалтпайды
және тамақ өнімдерінің тауарлық сапасынна теріс әсерін тигізетін
зарарсыздандырғыш құралдардың қалдықтары қалмайды.
Ең тиімді зарарсыздандырғыш құрал йодинол болып саналады. Онымен кез
келген материалдан, ағаш жоңқадан, полимер және мата
қаптама
материалдарынан жасалған ыдыстары өңдеуге жол беріледі. Зарарсыздандыруға
стандартты препаратпен бірге оның ерітіндісін де пайдаланады. Полимер және
мата материалдарынан жасалған теңдер мен рулондар, сонымен қатар бетінде
микроағзалар жиналатын бүдірлі және қисық-қыңыр ыдыстар радиациялық
өңдеуге жатады. Ыдыстардың кейбір түрлері үшін ыстық сумен (98... 100 °С
температурада) немесе аса ыстық бумен термиялық өңдеу жүргізіледі.
4.6
Адам денесінің микрофлорасы
Белгілі бір жағдайларда тамақ өндірісіне, өнімдерді өңдеуге, тамақ
өнімдерін даярлауға, оларды қаптамалауға, сақтау мен сатуға қатысы бар
адамдар азық-түлікке микроағзалардың жұғу көзі болып табылуы мүмкін.
Адам денесінің микрофлорасын қалыпты микрофлораға жататын тұрақты
мекендеушілер, сонымен қатар ауа, киім, су, тағам қалдықтары және басқа да
нысандардан келіп түсетін уақытша микробтар да құрайды. Қалыпты және
уақытша микрофлораның көрсеткіштері адам жасына және оның денсаулығына,
тамақтануына, айналысатын заттарына, гигиена мәдениетіне, шаршауына,
тұмауратуына және басқа да факторларға, әсіресе ағзаның қорғаныш
күштерінің ахуалына, яғни иммунитетіне, қарай өзгереді.
Тері микрофлорасы. Адам денесінің бетінде микроағзалардың үлкен
саны орналасуы мүмкін. Терінің тұрақты мекендеушілері -стафилококктар,
сарциндер,
стрептококктар
мен
ашытқы
және мицелиалдық
саңырауқұлақтардың кейбір түрлері.
44
4
Тарау
Тамақ өнімдеріне микроағзалардың жұғу көздері
Патогендік және шартты-патогендік микроағзалар болуы мүмкін. Микроағзалар
терінің тер және май бездерінің бөлінділерімен, эпителидің түлеген
жасушаларымен қоректенеді. Теріде түрлі іріңді ауруларды қоздыратын
стафилококк микрофлорасын табу өте қауіпті. Осыған байланысты,
жұмыскерлердің денесінде қоздырғышы алтын түстес стафилококк болып
табылатын шиқан мен абсцесс анықталған жағдайда, олардың тамақ
өнімдерімен жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Ауыз қуысының микрофлорасы. Адамның жасына, қызылиегі, тістері мен
көмекей безінің ахуалына байланысты. Ауыз қуысын тұрақты мекендеушілер
микрококк, стафилококк, диплококктар, вибриондар, спириллалар, спирохеталар
болуы мүмкін. Көмекей безі мен ауыз қуысының қызылиегі ауырған кезде патогенді
стафилококктардың мөлшері артады. Spіrochaeta mіcrodentіum тісжегіге әкеліп
соғады.
Тыныс алу жолдарының микрофлорасы. Оны стрептококк, стафилококи,
диплококктар мен бактериялар құрайды. Микрофлораның құрамы ішке
тартылатын ауаға байланысты. Микробтар негізінен мұрын қуысында
тоқталады, өйткені оның шырышты қабығы бактерицидтік заттарды (лизоцим,
муцин) өндіреді. Кейбір микроағзалар тыныс алу жолдарының жоғарғы
бөлмдеріне өтіп кетеді. Бронхиолалар мен альвеолаларда микроағзалар
болмайды.
Тұмауға, туберкулезге шалдыққан адамдар жұқпаны ауа-тамшы
жолымен таратуы мүмкін. Олар жөтелген және түшкірген кезде ауаға
шырыштың тамшыларды бөліп шығарады. Науқас адамдар тамақ өнімдерімен
жұмыс істеуден алшақтатылады.
Асқазан-ішек жолдарының м икрофлорасы. Ол түрлі учаскелерде саны
мен түрінің құрамына қарай бөлінеді. Сау адамның асқазанының микрофлорасы
мардымсыз. Асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы мен бактериялылығы оның
дамуына кедергі келтіреді.
Аш ішектің сілтілі ортасында негізінен қышқылтүзуші бактериялар мен
энтерококктар орналасады.
Тоқ ішек пен тік ішек бөлімдерінің құрамындағы микроағзалардың саны
үлкен. Адамның 1 г. үлкен дәретінде бірнеше миллиардтаған микроб жасушалары
болады: анаэробтық бактериялар - бифидобактерия (сүтқышқылдыларға жақын),
ішек таяқшасы мен онымен туыстас түлері, споралық анаэробтық бактериялар
Clostrіdіum perfrіngens және т.б.
Асқазан-ішек жолдарының зақымдануына байланысты ішсүзек, дизентерия,
сальмонеллез сияқты және басқа да жұқпалы аурлармен ауырған адамдар кейде
ұзақ уақытқа бактерия тасымалдаушы болып қалады.
Жеке гигиена ережелері сақталмаған кезде тек қана науқас адам емес,
сау адам да тамақ өнімдеріне шартты-патогендік және патогендік
микроағзаларды жұқтырудың себебі болып табылуы мүмкін.
5Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен санитариясы
5.1
Сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы
Сүт көптеген микроағзалар үшін жайлы қоректену ортасы болып
табылады. оның құрамына майлар, ақуыздар, көмірқышқыл газы, амин
қышқылдары, минералдық заттар, дәрумендер, сүт қанты және ферменттердің
көп саны кіреді. Сүт безінде сүт залалсыз деген ұғым негізссіз болып шықты.
Сиырдың желінінде аздаған, бірақ төзімді, тұрақты микрофлора: түрлі кокктар
болады. Желінге түскен микробтардың аздаған мөлшері сүтте де болады.
Әдетте олар сауынның бірінші бөлігінде көп және екінші бөлігінде аз болады.
Сүттің бірінші бөлігін, барлық сүттің және қоршаған ортаның ластанбауы
мақсатында, жеке ыдысқа сауып алу ұсынылады. Ары қарайғы сүтке
микробтардың ұрық тастауы сиыр желінінің, мал терісінің, адам қолының,
ыдыстың және басқа да заттардың тазалығы мен ахуалына байланысты
болады.
Желін терісінің сыртқы қабаты және оны сауу алды өңдеудің теріс әсері
назарға алынғанның өзінде де, мәшинемен сауу кезінде сүт микрофлорасының
басты көзі, сауу аппараттары, сүт өткізгіш, сүт ыдыстары болып табылады. Бір,
көп дегенде екі сиырдың желінін бір шелектен жуып-шаю 1 мл. суға
микроағзалардың бірнеше ондаған санынан жүз миллионына дейін түсуіне алып
келеді. Сондықтан желінді сауу алды өңдеген кезде шлангіден ағынды таза су
қолданылады, ал шелек қолданған кезде судың кірлеуіне қарай ауыстырып отырады
немесе осы мақсатта антисептиктер (Б хлорамині, бір хлор йод және т.б.)
пайдаланылады. Осы жағдайлардың бәрінде де соңынан желінді құрғақ с үлгімен
(таза майлықпен) сүртіп алу міндетті болып табылады.
Сауыншылардың кір қолдары, тіпті іріңді жара болуы, сүт микробтарының
ұрықтануын айтарлықтай арттырады, сонымен бірге сиырдың сүт бездерінің
мастит жұқтыруына және оны науқас сиырдан сау сиырға тасымалдауға ықпал
етеді. Сондықтан сауыншының қолдары таза, құрғақ, тырнақтары қысқа етіп
кесілген, іріңді жарасыз болуы тиіс.
Сүтке микробтар туберкулез, сальмонеллез, мастит, бруцеллез, аусыл
және басқа да ауруларға шалдыққан малдардан түседі.
Сүтке микробтардың ұрығы түсуінде шыбындардың атқаратын рөлі
үлкен. Олардың денесінің сыртында миллиондаған түрлі, соның ішінде
миллионға дейін патогендік микробтар болады.
46
5
Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен санитариясы
Тарау
Шыбындармен күресу мақсатында, сүт қабылдайтын бекеттер, фермалар мен
қоршаған аймақты мұқият тазалауды, жуып-шаюды, әктеуді, зарарсыздандыруды
жүргізеді.
Сүттегі микробтардың құрамы мен саны сүттің температурасы мен оны
сақтау уақытына байлан..ысты өзгереді. Жаңа сауылған сүттің бактериостаткалық
қасиеті бар (микроағзалардың дамуын кідіртеді). Сүттің микробқа қарсы
қасиеттерісақталатыносы уақыт кезеңі бактерицидтік кезең депаталады. Сүткеі
микробтар бастапқыда қаншалықты аз ұрық шашса және оны сақтау температурасы қаншалықты төмен болса, бактерицидтік кезең де ұзақтау болады. Аталған факторлардың әсеріне қарай бактерицидтік кезеңнің ұзақтығы 2 сағаттан (37 °С температура кезінде) 48 сағ.дейін (0 °С температура кезінде) тербеледі.
Сүттің осы қасиетін оны бастапқы өңдеу орындары кеңінен пайдаланады.
Алынған сүт дереу сүзіледі және суытылады. Сүтті сақтау үшін 4... 6 °С
температураның деңгейін сақтау кезінде суытудың оңтайлы кестесін ( 4 °С
темпетарура) қаматамасыз ететін тоңазытқыш құрылғылардың жұмысын
ұдайы бақылау талап етіледі. Микрофлораның дамуына жол бермеу шарасы
ретінде, кез келген сүт фермаларында сүтті суыту жылдың жылы маусымында
айрықша мәнді болады. сүтті сақтау үшін танк-суытқыштарды, сонымен қатар
түрлі танк- термос-резервуарлар қолданады. Сүтті тазартқыш, суытқыш,
тасымалдау мен сақтауға арналған сыйымды ыдыстарға әрбір өндірістік
циклдан және сүтті ағызғаннан кейін технологиялық нұсқауларға сәйкес
санитарлық өңдеу жүргізіледі.
Сүтті суыту ережелері сақталмаған жағдайда оның ішінде бір бірін
ауыстырып отыратын түрлі бактериялар дами бастайды. Бұл кезең
микрофлораның аралас фазасы деп аталады . Осы фазаның соңында негізінен
сүттің қышқылдығын арттыратын сүтқышқыл бактериялары дамиды. Сүт
қышқылының шоғырлануына қарай шіріткіш және басқа бактериялардың дамуы
басылады. Сүтқышқыл бактерияларының фазасы басталып, сүт ашиды.
Ары қарай ашытқы саңырауқұлақтарының өңез фазасы басталады. Ол сүт
қышқылын пайдалана отырып, ақуыздарды ыдырататын мицелиалдық және
беймицелиалдық саңырауқұлақтардың дамуымен сипатталады. Бұл ретте
шіріту үдерістері жүреді және өнім пайдалануға жарамсыз болып қалады.
Шикі сүттің негізгі сапа көрсеткіші - редуктазалық сынама бойынша
анықталатын оның құрамындағы жалпы бактерия ұрықтарының болуы.
Микробиологиялық және физика-химиялық көрсеткіштеріне байланысты сүт 1-
ші және 2-ші сұрыпты болып бөлінеді. Сүт зауыты шығаратынсүт микробтың
жалпы саны мен коли-титр бойынша А және Б деп екі топқа бөлінеді. Сүтті
сақтау мерзімін оған түрлі, жиі физикалық факторлар арқылы әсер ету жолымен
ұзартуға болады.
Пастеризация – 99,9 %-ға дейінгі микробтар түрлерінің жойылуына әкеліп
соғатын сүтті 63... 95 °С температурада зарарсыздандыру әдісі.
Ішетін сүттіәдетте 15...20 с. ұстап,76 °С температурада пастеризациялайды.
Сүтқышқылды
өнімдерді әзірлеу
мақсатында
пайдаланылатын
сүтті
пастеризациялау қатаңдау. Пастеризацияданкейін сүт 6...4 °С температураға дейін
суытылады, әйтпесе ол тез ашып кетеді.
47
5.1
Сүт және сүт өнімдерінің микробиологиясы
Сүттің қысқа уақыт пастеризациясын 72...74°С температурада 15...20 с ішінде; бір сәттік пастеризациясын 85... 87 °С температурада жүргізеді. Бір сәттік
пастеризация әдетте май шығаратын және сүт консервісі өнеркәсібінде
ұсынылады.
Стерилизация – микробтардың вегетативтік және споралық түрлерінің
толық жойылуына алып келетін, өнімді 100 °С-тан астам температурадақыздыру.
Ультрастерилизация – түтікті аппараттарға орналастырылған сүтке таза
химиялық буды тікелей енгізу жолымен 150 °С температураға дейін бір секунд
ішінде қыздыру.
Сүтті қ айнату әдетте 100 °С температурада үй жағдайында жүргізіледі.
бұндай сүтті сақтау бірнеше сағатты құрайды. Құтыдағы сүтті тамаққа пайдалану
алдында қайнатып алған жөн.
С т е р и л ь д е н г е н с ү т микробтық бүлінуге жатпай-ақ ұзақ уақыт
сақаталады, себебі стерилизация кезінде оның микрофлорасы жойылады.
Пастеризацияланған және стерилизацияланған сүттен бөлек қойытылған
(концентрацияланған) стерилизацияланған, қойытылған қантты сүт шығарылады.
Оларды өндріру банка консервілері түрінде ұйымдастырылған. Қойытылған
қантты сүтке стерилизация жүргізілмейді. Өнімнің тұрақтылығына қанттың
жоғары құрамы арқылы қол жеткізіледі.
Банка сүтінің кемшілігі - оны ұзақ уақыт сақтау кезінде шоколад-қоңыр
өңездің тірішілік ету нәтижесі ретіндегі түрлі түстегі тығыздықтардың –
«түймелердің» пайда болуы; банкалардың жарылуы.
Қ ұ р ғ а қ с ү т 4 -7 %ға дейін төмен ылғалды болады. сондықтан осы
күйде 3... 8 ай сақталады. Жоғары сұрыпты құрғақ сүтті герметикалық ыдыста
сақтаған кезде 1г.-да 50 мың, өнімнің сол массасының 1-ші сұрпында 70
мыңнан аспайтын бактерия құрамына рұқсат етіледі.
Сүтпен салыстырғанда балауса к і л е г е й г е (маңыз) микроағзалар
ұрықтарының түсуі аз болады. Олардың микрофлорасының құрамы шикі сүт
микрофлорасының құрамына ұқсас. Кілегейді 80... 87 °С температуратурада
пастеризациялау барша микробтарды жояды.
Сүтқышқылды өнімдердің құрамында ағзаға қажетті, жеңіл
қорытылатын қоректік заттар бар. Олардың кейбіреулері тек қана емдәмдік
емес, емдеу қаситттеріне ие болады. Сақтау кезінде олар сүтпен
салыстырғанда төзімді болады. Сүтқышқылды өнімдердің бұл қасиеті жоғары
қышқылдығы мен қышқылсүт бактериялары өндіретін антибиотик заттарымен
шартталады. Сүтқышқылды өнімдердің сапасы мен айрықша қасиеттері
сүтқышқылды ашуының қалыпты жүруімен анықталады.
Сүтті өнеркәсіптік жағдайда қайта өңдеп, олардан сүтқышқылды өнімдер
даярлау кезінде алдын ала пастеризация жүргізіледі, содан кейін сүтқышқылды
бактериялардың арнацы іріктеліп алынған таза немесе аралас ашытқылармен
ашытады. Белгілі бір химиялық және органолептикалық қасиеттері бар өнім алу
мақсатында, әр жағдайда арнайы ащытқы мен сүтқышқылды ашудың қалыпты
жүруін және сапасы жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін олардың өндіріст ік
технология кестесі сақталады. Ашу үдерісі баяулаған кезде ашытуға жатпайтын
микрофлора мен дайын өнімнің
түрлі кемшіліктерінің пайда болуына
жағдай жасалады.
48
5
Тарау
Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен санитариясы
Қо й ы т ы л ғ а н а й р а н ( к ә д і м г і п р о с т о к в а ш а ), к к і л е г
е й, с ү з б е н і ң құрамына сүтқышқылды стрептококктар (St. lactіs, St. cremorіs)
мен хош иістендіруші стрептококктар кіреді. Сүзбе әзірлеу кезінде ашықтымен қоса
мәйек ферменті де қолданылады. Сүтті термиялық өңдеу мен ашытқының
микрофлор құрамына қарай қойтылған айранның әр түрі шығарылады:
«Мечниковская, «Южная», майлы айран (ряженка), қою айран (варенец),
ацидофилдік және басқалары. Ацидофилдік өнімдердң емдік маңызы бар.
Ацидофил таяқшасы көптеген шіріткіш бактериялар мен ішек жұқпалары
қоздырғытарының дамуын басатын заттар өндіреді.
Ай р а н д ы дайындау кезінде айран саңырауқұлағына ашытылған, пасте-
ризацияланған сүт пайдаланылады. Айранның ашу және жетілу үдерісінде
сүтқышқылды стрептококктардың белгілі бір рөлі бар. Ашытқы мен сілті
қышқылды бактерияларға да мән берілген. Айран сүтқышқылды және спирттік
ашу өнімі. Өнеркәсіп шығаратын жалпы халық тұтынатын айранның құрамында
спирт пайызының жүзден бір бөлігі бар. Басқа да сүтқышқылды қымыз, айран,
чал, мацони, курунга өнімдері шығарылады:
С а р ы м а й д ы пастеризацияланған кілегейден өндіреді. Әдеттегі сары
майдан бөлек тұтынушыға тәтті, тұздалмаған сары май мен қышқыл сары май
ұсынылады. Олардағы бактериялар әдетте көп емес. Бұл термиялық төзімді
сүтқышқылды бактериялар,басқа бактериялардыңспоралары. Сары майды сақтау
мен микроағзалардың (көбінесе өңез саңырауқұлақы) тіршілік шарттары
бұзылған кезде майдың келесі кемшіліктері орын анықталады: дәмі ащы,
ашыған және қышқыл; өңезделген. Май өңезделуінің бетін қайтару үшінқаптама
материалын пропион немесе сорбин қышқылының ерітіндісімен өңдеу
ұсынылады.
І р і м ш і к өндіру үдерісі келесі шараларды іске асырады: казеин
қойыртпағын түзу мен оны өңдеу, ірімшік массасын қысымдау және оған белгілі
бір пішін беру, тұздау және жетілдіру. Ірімшік өндіру үшін пастеризацияланған
және шикі сүттіпайдаланады. Кемшіліктеріне ішек таяқшаларының бактериялары
туындататын ірімшіктің ісінуі; сүтқышқылды стрептококктардың ащы дәм беруі;
өңез туындататын қабығының ойықтануы; ірімшікті
әзірлеуге қажетті
сүтқышқылды бактериялар санының жетіспеушілігі кезінде терең көзшелердің
үлкен саны пайда болады.
5.2
Ет және шұжық бұйымдарының
микробиологиясы
Сау малды сойғаннан алынған етте әдетте микробтар болмайды. Сау
салдың бұлшықеттері зарарсыз. Науқас, аштықта болған, титықтаған малдың
49
5.2
Ет және шұжық өнімдерінің микробиологиясы
бұлшықеттерінде түрлі микроағзалар болуы мүмкін. Бұл етте эндогендік
(тірісінде) микроб ұрықтарының өсуіне жатады.
Етке микробтардың сыртқы ортадан э кзогендік ұрық тастауы малдың
терісін сыпыру және етін боршалау кезінде жүреді. мал терісінің микробтары
арасында бактерияи, бацилла, кокктар, саңырауқұлақтар, дерматомикоз
қоздырғыштары анықталады. Мал терісі етпен жанасқан кезде ет ластанады.
Еттің бетіне микробтар жабдықтардан, киім мен жұмыскерлердің қолдарынан
жұғады. Сондықтан тек тері ғана емес, мал союға арналған заттар да таза
болуы тиіс. ішектің жыртылып, оның ішідегілер етің сыртына түсуіне жол
берілмеуі тиіс. Қажет болған жағдайда мал етін тазарту жүргізіледі.
Жаңа өндірілген еттің микрофлорасы саны менқұрамы жағынан алуан түрлі.
Олардың арасынан ішек таяқшасын, жалған үшжұп желбезекқұйрықтын (вульгарный протей) анықтайды, саңырауқұлақ споралары да жиі кездеседі. Етке
токсигендік бактериялар да жұғуы мүмкін, мысалы, Clostrіdіum perfrіngens,
сальмонелламен, энтерококкпен. Микробтардың дамуына жол бермеу үшін, етті
тез суытады. Жайлы жағдайлар кезінде (қаны жақсы ағызылмаған етте, жоғары
ылғалдық пен температура) микроағзалар тек еттің бетінде ғана емес, оның ішіне
терең бойлайды.
Еттің бактериоскопиялық зерттеуін жүргізу оның балғындық дәрежесін
тез анықтауға мүмкіндік береді. ол үшін қалың еттенкішкентай тілік кесіп
алып, оның бетіне заттық әйнекті (препарат-таңба) басады. Балауса еттен
таңба көрінер- көрінбес болса, тұрып қалған еттен анық көрінетін таңбалар ізі
қалады.
Балауса еттің микроскопиясы кезінде микроағзалар анықталмайды
немесе бұлшықет тіндерінің шашырауы орын алмаған кезде бір түрдегі
бактериялардың бірлі-жарым жасушалары көзге түседі.
Балғындығы күдікті етте бұлшықет тіндерінің шашырау іздері көрінед і,
олардың сызықтығы біртегіс. Ет қырындысында 30-дан астам түрлі кокктар мен
таяқшалар саналады. Ядроларының толықтай шашырауы мен бұлшықет
талшықтарының жоғалуы көрініс береді.
Ет бұзылуының белгілері оның 1 г.-нда 107 ...108 немесе 1г.-нда 1 см2
бетінде бактериялар санының жиналуымен сипатталады. Микроағзалар
туындататын еттің кемшіліктеріне шіру, ашу, өңезделу, дақтану мен жылтырау
жатады.
Еттің шіруі аэробтық және анаэробтық микроағзалардың әсерінен пайда
болады. Еттің беткі жағы жайлап жұмсарып, езіле бастайды, түсі өзгереді,
жағымсыз иіс пайда болады.
Еттің ашуын сүтқышқылды бактериялар мени ашытқы туындатады,
соның нәтижесінде қышқылдар түзіледі. Еттен жағымсыз қышқыл иіс шығып,
түс сұрланады және консистенция жұмсарады.
Өңездену – еттегі Mucor, Aspergіllus, Penіcіllіum тектес және басқа
саңырауқұлақтардың тіршілік ету нәтижесі. Өңезденудің алдын алу үшін
50
5
Тарау
Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен
тазалық
сақтау,
тоңазытқыш
камераларды
зарасыздандыру
керек,
ал
тоңазытылған етті сәйкес ылғалдықта сақтау қажет.
Еттің дақтануы – еттің бетінде дақ түзетін бактериялардың даму салдары.
Еттегі дақтар қызыл, көк, сары, жасыл түсті болуы мүмкін.
Еттің жылтырауын тек балғын етте пайда болатын фотобактериялар
туындатады. Фотобактериялар еттің өзгеруін туындатпайды және өнім нің
балғындығының көрсеткіші болып табылады. Етте шіріткіш микробтар пайда
бола салысымен фотобактериялардың тіршілігі тоқтайды.
Суытылған етті сақтаудың тиімді шарттары 0 -1 °С-қа дейінгі
температура мен ауаның 85... 90 % салыстырмалы ылғалдығы болып
саналады. Осындай жағдайда ет 10...15 тәуліктен астам сақталады. 2. -3 °С
температурада еттің сақталу мерзімі бірнеше есеге ұзарады. Етті сақтау
кезінде тоңазытқыш камералардың температуралық-ылғалдық кестесін қатаң
сақтау қажет.
2...6 °С температурада сақтау мерзімдері:
■ ірі тілікті жартылай ет фабрикаттары - 48 с. асырмай;
■ нан үгіндісіне батырылмаған порциялық еттің жартылай фабрикаттары -
36 с. асырмай;
■ нан үгіндісіне батырылған еттің жартылай фабрикаттары - 24 с. асырмай;
■ ұсақ тілікті еттің жартылай фабрикаттары - 24 с. асырмай;
■ шабылған еттің жартылай фабрикаттары мен котлеттер - 12 с. асырмай;
■ ет өңдейтін кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтандырудың даярлау
кәсіпорындары өндірген табиғи ет қимасы - 12 с. асырмай;
■ сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өндірген табиғи ет
қимасы - 6 с. асырмай
Суытылған күйдегі етті сатуды арттырудың жалпы беталысында оның
едәуір санын мұздату өнімнің сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
Мұздатылған етті сақтаудың тиімді температурасы -10...-12 °С. Етті мұздату
барысында микробтардың басым бөлігі анабиотикалық ахуалға өтеді. Төмен
температура өнімді стерилизацияламайды, тек ондағы микробиологиялық
үдерістерді баяулатады. Мұздатылған етте өңезді саңырауқұлақтар, ашытқының
кейбір түрлері дамуы мүмкін. Етті еріткен кезде микробтар қайта жанданады. Етті
қолдану алдында етіру ұсынылады. Ерітілген өнімді ұзақ уақыт сақтауға
болмайды, оны бірден сату қажет.
Етті ұзақ сақтау үшін, өнімнің құрамындағы ылғалды азайту арқылы
микробтардың тіршілік етуіне жайсыз жағдай туғызуға негізделген кептіру мен
ыстау қолданылады. Еттің жоғары ылғалдығы кезінде олар белсенді ахуалға
өтеді. Құрғақ етті микробтардың сырттай жұғуынан алдын ала сақтайды және
оны сақтаудың температуралық-ылғалдық кестесін қатаң ұстанады.
Тамақ өнеркәсібінде етті жоғары температурамен консервілеу кеңінен
қолданылады (банка консервілері). Сапалы таза етті қаңылтыр банкілерге орна-
51
5.2
Ет және шұжық өнімдерінің микробиологиясы
ластырып, оларды ауа өтпейтіндей тығыздап жабады немесе 115... 120 °С
температурада стерилизация жасайды. Стерилизацияланған консервілерде спора
түзетін микробтар қалуы мүмкін. Консервілерді сақтау ережелері бұзылған
жағдайда (мысалы, зақымданғанда)) микробтардың дамуына жағдай жасалып,
олар токсин бөле бастайды. Микробиологиялық бомбаж деп аталатын банкілердің
жарылуы басталады. Бұндай банкілердің құрамы, әсіресе оларда ботулизм
токсиндерінің қоздырғышы болған жағдайда адам үшін өте қауіпті.
Шұжық өнімдерін әдетте тамаққа қосымша өңдеусіз пайдалана береді.
Осыған байланысты оларды әзірлеудің технологиялық үдерісіне жоғары
санитарлық талаптар қойылады. Өнімнің ұрықталған бастапқы көрсеткішімен
салыстырғанда, шұжыққа қайта өңделген еттің микрофлора көрсеткіші бірнеше
есеге артады. Етті ұсақтаған кезде микроағзалардың дамуына жайлылау
жағдай жасалатындықтан,
олардың саны
айтарлықтай артады.
Жұмыскерлердің қолдарынан, саймандардан, жабдықтар мен ауадан, сонымен
қатар қосымша материалдар мен дәмдеуіштертердің микрофлорасы есебінен ет
қимасы екінші қайтара ластанады. Шикі шұжық қимасының 1 г.-нда
микрофлора әдетте 105 ...107 бактерия болады; оның көп бөлігі грамтеріс
спорасыз таяқшалар; ішек бактериялары топтарының бактериялары, протеялар.
Қиманы қабығына тыққан соң, пісірілген және жартылай ысталған
шұжықтарды қуырады және пісіреді; жартылай ысталғандарын қосымша
ыстайды. Қуыру (40.45°С) менпісірудің (70.72 °С) қолданыстағы температуралық
кестесі шұжықтардың сетрилизациясына ықпал етпейді. Оларда, әсіресе шұжық
массасының тереңінде, көптеген микроағзалар сақталады. Әдетте бұл спора
түзейтін таяқшалар және төзімді микрококктар мен уыт түзуші бактериялар.
Шұжықты пісірген соң, оларда қалған қалдық микрофлораның көбеюін
болдырмау үшін суытады.
Ысталған шұжықтарды (шикілей ысталған, шикілей кептірілген) әзірлеу
технологиясы қабықтарына тығылған соң, қиманың жетілу үдерісін қарастырады.
Ол үшін шұжық батондарын бірнеше күн түрлі төмен оң температурадарда
ұстайды. Содан кейін шұжықты ыстайды және өнімнің 25 % ылғалдық шегіне
жеткенге дейін кептіреді. Қиманың жетілуі - физика-химиялық, биохимиялық
және микробиологиялық факторлар қарым-қатынасының күрделі үдерісі. Оның
жүруінің оң нәтижесі сүтқышқылды бактериялардың түзілуі болып табылады.
Бұл шіріткіш бактериялардың дамуына кедергі болады және еттің тінд ің
ферменттерін белсенділендіреді.
Шұжық өнімдерінің бактериялармен ұрықтануының рұқсат етілген
деңгейі нормаланған, олардың саны 1 г. өнімге 103 жасушадан аспауы тиіс.
Қолданыстағы
санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер
мен
нормативтерге сәйкес кесілген және вакуум астында полимер қаптамаға
оралған сосиски, сардельки, ет наны және пісірілген шұжық бұйымдарымен
қоса алғанда пісірілген шұжықтардың барлығында дерлік 1 г. өнімде ішек
таяқшасы тобының және алтын түстес стафилококктың, 25 г. өнімде
сальмонелланың бактериялары болмауы тиіс.
52
5
Тарау
Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен санитариясы
Шұжықтың барлық түрлері тез бұзылатын өнім деп есептеледі, оларды 2... 6
°С температурада сақтау 12 - 72 сағ. дейін тербеледі.
Құрамында судың аздығымен ерекшеленетін ысталған және жартылай
ысталған шұжықтар сақтауға төзімділеу. Шұжық өнімдерінің негізгі бұзылу
түрлеріне еттің бұзылуы сияқты ашу, шырыштану, өңезделу, ащылану, дақтану
жатады.
Шұжықтарды сақтау мерзімі төмен температураларда ғана емес,
тоңызытқыш камераларды озондау кезінде де; сақтау мен тасымалдау кезінде
атмосферада газ түріндегі азоттың болуынан артады.
Балық және балық өнімдерінің
5.3
микробиологиясы
Балауса балық. Ұсталғанбалық бірден ұйқыға кетеді. Ұйқыға кеткен
балық балауса, өлі балық деп аталады. Жаңа ұсталған балықтарды үсті үстіне
үйіп сақтауға болмайды, себебі олар жылынады ды, тағамдық құндылығын
жоғалтады. Науқас және зақымданған балықты сақтау қажет емес. Сақтауға
тек балауса және сау балық жатады.
Жаңа ұсталған теңіз және тұщы суда балықтарының үстіндегі
микроағзалардың саны 1 см2-та 102 до 107 жасушаға дейін тербеледі. Балық
микрофлорасының сапалық құрамы оны аулаған судың микрофлора құрамымен
анықталады. Судың экологиялық қалыпты жағдайында бұл микрофлораны
табиғи деп санауға болады. Кез келген енділікте, суық мезгілде ауланған
балықта Pseudomonas, Achromobacter, Fіavobacterіum тектес психротрофтық
және психрофилдық, спораларсыз, грамтеріс бактериялары болады.
Жылы мезгілде ауланған балықтың микрофлорасы микрококктар,
коринебактериялардан тұрады. Өзен және көл балықтарының
табиғи
микрофлорасы Aeromonas, Pseudomonas, Acіnetobacter, Mіcrococcus тектес
психрофилдік бактериялар болып табылады.
Санитарлық ахуалы қанағаттанарлықсыз суда балық ауланған кезде су
құрамынан адам үшін патогендік ішек таяқшалары тобының бактериялары:
сальмонелла, шигелла, листерия, алтын түстес стафилококк,
ботулизм
қоздырғышы және басқалары бөлініп алынуы мүмкін.
Жалпы осы ұрықтың тасталу дәрежесі балықтың сақтауға болжамды
қабілетін көрсетеді: қаншалықты жоғары болса, соншалықты балықтыңсапасы
тез төмендейді. Балықты беткі микрофлорасының санын 80....90 %-ға
қысқартатын ағынды сумен жуады. Ішектерін алып тастап боршалау да
балықтың микрофлора ұрықтарын қысқартады. Осы үдерістерден соң,
балықтың ұрықтануы 1 г. өнімге 1-104 бактериалдық жасуша көрсеткішінен
аспауы тиіс.
Суытылған балық. Балауса балықты шамалы мұздату оны сақтаудың
мерзімін 4...5 күнге дейін ұзартады. Мұздатылған ірі балықтың қалың
бұлшықеттерінің температурасы -7...-8°С жеткенде, ол ұзағырақ және
жақсырақ сақталады. Ол үшін құрамындағы микроағзалар бойынша ауыз суға
қойлатын талаптарға сай мұз қолданылады.
53
5.3
Ет және шұжық өнімдерінің микробиологиясы
Балықты тікелей мұзға қоймаған абзал,өйткені ол еритін мұздың4... 8% -ға
дейінгі суын тартып алады да, ісініп, өзінің тауарлық және тағамдық сапасын
жоғалтады. Вакуум
астында ауа өткізбейтін
полимер
қаптамадағы балықтың микробиологиялық ұрықтануы полиэтилен
қаптамадағы немесе мұзға қойылған балықпен салыстырғанда 10 есеге төмен.
Бұндай балықтың сақтау ме рзімі 10 тәуліктен аспауы тиіс. Ұзағырақ сақтау
мақсатында, балық мұздатуға, тұздауға,
ыстауға және маринадтауға жатады.
Мұздатылған балық. -12 °С-тан аспайтын температурада бұзылмай,
айлар бойы сақталады. Микробиологиялық ұрықтануы еріткен соң 1 г. өнімге
102 до 103 микроб жасушалары болып келеді. Ерітілген балықта бактерия, өңез
спораларын түзбейтін микрококктар анықталады. Ерітілген балықтың жалпы
ұрықтануы 1 г. өнімге 5-104 жасуша шегінде болады.
Тұздалған балық. Тұздау – балықты қор ретінде консервілеудің және
сақтаудың көне әдісі. Ас тұзының қаныққан ерітіндісінің түзілуіне және оның
балық тіндерінің жасушаларына сіңуіне қарай жасуша плазмаларынан суды
ығыстыру жүреді. Осы үдеріс тұздаудың мәні болып табылады. Жасуша
коллоидтарының тығыздануы микробтардың көбеюіне кедергі келтіреді.
Осының нәтижесінде
тұздалған балық бастапқы дәмдік сапасын
жоғалтқанмен, ұзағырақ сақталады.
Тұздалған балықта тұзға төзімді микрококктар, сүтқышқылды
бактериялар, ашытқы, өңез споралары көп болады. Бактериялар саны 1 см3
өнімде 103 - 106 дейн тербеледі. Өнімнің кемшілігіне таттану (қоңыр өңез
туындатады) жатады:
Өнімнің кемшілігіне тот басу (қоңыр зең тудырады); сабындалуы
аэробтық, суық пен тұзға төзімді тактериялар тіршілігінің нәтижесінде орын
алады; күю – арқа етінің қараюы немесе қызаруын Pseudomonas тектес
бактериялар туындатады.
Кептірілген және қақталған балық. Осы әдіспен өңдеу микробтардың
көбеюі үшін жайлы жағдай жасай отырып, балықтан судың айтарлықтай
бөлігінің буға айналдарады. Екі әдісте де консервілеу әсерін тұз береді.
Өңезделуге жол бермеу үшін балықты ауаның салыстырмалы ылғалдығы
70...80% суықта сақтайды.
Ысталған балық. Ыстау әдісі сақтау кезінде балыққа төзімділік қасиетін
береді. Түтіннің немесе ыстау сұйықтығының антисептикалық затта ры балыққа
консервілеу әсерін береді. Антисептиктермен қатар, ыстаудың ыстық әдісінде,
микрофлораға жоғары
температура жою әсерін, ал суық температурада тұз кептіру әсерін береді.
Түтіннің бактерицитік заттарына Pseudomonas тектес бактериялар сезімтал.
Ыстықта ыстылған балықтың микроағзалармен ұрықталуының рұқсат етілген
дәрежесі 1г.-ға1-103,, суық ыстау кезінде - 1-104. 1 г. өнімде ішек таяқшалары
мен алтын түстес стафилококк, ал 25 гр.өнімде сальмонелла болмауы тиіс.
Ыстықпен ысталған балықты сақтауды -2...+2 °С температурда 72
сағаттан асырмайды, себебі ол суықпен ысталған балықпен салыстырғанда,
ылғалдылау және ысталу уақыты қысқалау болады.
54
5
Тарау
Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен санитариясы
Сақтау шарттары бұзылған жағдайда ысталған балықта негізінен өңез
саңырауқұлақтары мен ашытқы дамиды. Ысталған балықты аз өткізбейтін
және полимер материалдан жасалған пакеттерде сақтайды. Пакеттерді
көмірқышқыл газымен толтырған тиімді. Сақтаудың осындай әдісі кезінде 0
°С-қа жуық температура өңез, ашытқы және басқа да микроағзалардың
дамуын басады.
Уылдырық – құндылығы жоғары өнім. Бекіре, арқан балықтан және
сирек жағдайда балықтың басқа түрлерінен әзірленеді. Тірі балықтың
денесіндегі уылдырық зарарсыз болады. Уылдырықтың микрофлорасы
негізінен табиғи деп саналатын психрофилдік микроағзалардан тұрады.
Уылдырықты даярлаудың технологиялық үдерісі өнімнің қайталап ұрықталу
қаупін тудыратын негізінен қол еңбегімен байланысты. Осыған байланысты
уылдырық өнімдерін өндіру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды
қатаң сақтау қажет: боршалау үстелдері, ыдыс, құрал-саймандар мен
жұмыскерлердің қолдары аса таза болуы тиіс.
Уылдырықты консервілеудің негізгі әдісі – тұздау. Уылдырық массасына 2,5...3 % тұз шығындалады. Тұздау үшін химиялық таза тұз немесе 150...160 °С
температурамен 2 с. бойы қыздырылған тұз пайдаланылады. Уылдырық -2 до -4
°С-қа дейінгі температурада өзінің жақсы қасиеттерін сақтайды. Уылдырықтың
бұзылуы оның ашыу мен дәмінің ащылануымен көрініс береді. СанЕжН 2.3.2.107801 негізінде 1 г. уылдырықта ішек таяқшалары, алтын түстес стафилококк, сульфат
өндіруші клостридий болмауы тиі; 25 г.-нда сальмонелланы қоса алғанда,
патогендік микроағзалар болмауы тиіс; 1 г. өнімде Vіbrіo parahaemolytіcus-тың
құрамы 10 жасушадан аспауы тиіс.
5.4
Жұмыртқаның микробиологиясы
Жұмыртқа өзінің химиялық құрамы бойыша жоғары бағалы тамақ өніміне
жатады. Жұмыртқа ақуызы мен сарысының сіңімділігі 9 6 . 9 7 % . Жұмыртқа
негізгі үш бөліктен тұрады: ақуыз (жалпы массасының 60 %-ға жуығы), сарысы
(30 %), қабықасты үлдірлі қабығы(10 %). Бұл бөліктердің пайыздық ара қатынасы
тұрақты емес. Жұмыртқаның қабығында оның ішкі бөліктеріне микроағзалар
өтетін тесіктері болады. Жұмыртқаның доғал бұрышында ауа камерасы немесе
пуга орналасқан. Ол туылған жұмыртқа суыған соң, қабық тесіктерінен ылғалдың
булануы мен жұмыртқа құрамыныңазаюына байланысты құралады. Жұмыртқаны
сақтау кезінде ауа камерасы ақырындап артады және осы көрсеткіш бойынша
жұмыртқаның балааусалығы бағаланады.
Сау құстың жаңа туған жұмыртқасында әдетте микробтар болмайды.
Жұмыртқаны зарарсыз сақтауда ақуызындағы бактерицидтік қасиеттері бар
лизоцим, овидин және басқа да заттардың маңызы айтарлықтай.
55
5.4
Жұмыртқаның микробиологиясы
Жұмыртқаның микрофлорасы
эндогендік
(тірісінде)
(туберкулез,
сальмонелламен
ауыратын
құстарда
ауру
қоздырғыштар
жұмыртқаның
қалыптасуы кезінде түседі, дегенмен негізінен экзогендік (туған соң) болады –
қабықтың сырттан ластануы. Жұмыртқаға микробтардың ену жылдамдығына
ауаның температурасы, ылғалдығы, жұмыртқаның балғындық дәрежесі ықпал
етеді. Жұмыртқа Pseudomonas, Proteus бактерияларымен, тышқан сүзегінің, ішек
таяқшаларының, мицелиалды саңырауқұлақтардыңқоздығыштарыменластанады.
Жұмыртқаның бұзылуы кезінде көбінесе ш і р у көрініс береді. жасыл, қара
және аралас шірік анықталады. Жасыл шірікті жасыл дақ құрайтын, жұмыртқаның
құрамына сәйкес түс беретін Pseudomonas тектес микробтар құрайды. Қара шірік
Proteus vulgarіs тектес және Pseudomonas-тің өкілдері көбейген кезде пайда
болады. Жұмыртқаның ішкі құрамы сұйылып, қоңыр немесе қара түстенеді.
Аралас шірікті E. colі, Staphylococcus aureus және басқа микробтар қоздырады.
Жұмыртқаның ақуызы сұйылып, сұр түстенеді және шірік иістенеді.
Жұмыртқаның өң е з д е н у і н жұмыртқаның бетіне топырақтан түсетін
өңез саңырауқұлақтары мен актиномицет туындатады. Төменгі плюс температура
және жоғары ылғалдық кезінде саңырауқұлақ споралары өсіп, жұмыртқа
қабығының тесіктері арқылы ішке енеді. Овоскопия кезінде зақымданған
жұмыртқада Penіcіllіum, Aspergіllus және басқа саңырауқұлақтар колониясының
қара дақтары көрінеді.
Жұмыртқа арқылы адам мен құстарға ортақ туберкулез, сальмонеллез,
ішсүзек, құс тұмауы және т.б. жұқпалар беріледі. Тек үйрек емес, тауық
жұмыртқаларына жұғатын сальмонеллалар арасында ең қауіптісі Salm.
typhіmurіum. Жұқпа қоздырғыштарын жою мақсатында құстардың барлық
түрлерінің жұмыртқаларын қайнаған суда 13...14 мин. ұстау ұсынылады.
Суда жүзетін құстар мен туберкулез және басқа да жұқпалар бойынша
сәтсіз шаруашылықтардың тауық жұмыртқасын тек кондитерлік бұйымдар
өндірісіне пайдалануға рұқсат етіледі. Жұмыртқаны сауда желісі және қоғамдық
тамақтандыру кәсіпорындары арқылы сатуға тыйым салынады.
Сау тауықтардан алынған, сырты ластанған жұмыртқаны бөлшек сауда
желісі арқылы сатуға жол берілмейді. Оларды тазалау үшін жуу және
зарарсыздандыру құралдары қосылған сапалы су қолданылады. Жуылған
жұмыртқаның сақтау мерзімін ұзарту үшін оларға үлдір қалыптастыратын
заттар жағылады.
Ұзақ мерзімге сақтауға арналған жұмыртқа консервіленуге жатады.
Кептіру мен мұздату әдісіқолданылады. Кептірген кезде құрамында 5... 9 % су
бар жұмыртқа ұнтағын алады, ал мұздату кезінде ақыуз бен сарысының
қоспасы- меланж алынады. Жұмыртқа ұнтағын 15 °С температурадан
аспайтын орында пергамент төсемелі қаңылтыр банкаларда сақтайды; меланж
-5...-10 °С температурада сақталады. Өнімдердің бактериялық ұрықталуының
нормасын СанЕжН 2.3.2.1078—01 реттейді: мезофилдік аэробтық және факультативтік- анаэробтық микроағзалар 1 г. өнімде 5-105-нан аспауы тиіс; 1 г.-
да ІТБТ-на (ішек таяқшалары бактерияларының тобы) рұқсат етілмейді; 1 г.-да
алтын түстес стафилококк пен протей; сальмонелла 25 г. өнімде болмауы тиіс.
56
5
Тарау
Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен
5.5
Жарма және ұн өнімдерінің микробиологиясы
Жарма. Жарма микрофлорасының сандық және сапалық құрамы өңделген
дәннің Микрофлорасымен анықталады. Дәннің микрофлорасы өз кезегінде
ботаникалық сұрыпқа, өсіру шарттарына, сақтау мерзімі мен жағдайына, өңдеу
әдісімен шартталады.
Сапалы 1 г. астық тұқымдас дәндерінде, күріш пен қарақұмықта бірнеше
мыңнан миллионға дейін бактериялар болуы мүмкін. Микрофлора құрамының 80
%-на дейін бактериялар құрайды, өңездің саны 5... 7 %-дан аспайды, ал
ашытқы бұдан да аз болады. Бактериялардың негізгі құрамын ( 90 % -ға дейін)
спорасыз шөп таяқшасы (Ervіnіa herbіcola құрайды. Ол бидай, арпа, тары,
сұлы және де басқа дәнді дақылдарының үйреншікті өкілі деп саналады. Осы
бактериялардың дәндердегі үлкен саны олардың сапасының жақсы көрсеткіші
деп санау қабылданған. Картоп пе сабан таяқшалары, микрококк,
сүтқышқылды бактериялар, пенициллдер мен аспергиллдер, ашытқы мен
актиномицеттер кездеседі. Дәндерді сақтау барысында оларда шөп
таяқшасының мөлшері азаяды да, «сақтау өңезі» деп аталатынпеницилл және
аспергилло саңырауқұлақтарының саны артады.
Тікелей өңделгеннен кейінгі жарманың микрофлорасы құрамы бойынша
дәннің микрофлорасына қарағанда кедейлеу. Дәндерді алдын ала өңдеу
(қабығын аршу, жылтырату) кезінде микробтардың саны азаяды.
Гидротермиялық өңдеуден өткен дәннен алынатын жармада буландырылмаған
дәннен алынған жармамен салыстырғанда, микроағзалар аз болады.
Буландырылмаған дәннен алынған жарманың бактериялық флорасы 70... 90 %
шөп таяқшаларынан тұрады, ал буландырылған дәннен алынған жармада спора
түзуші бактериялар ( 50% -ға дейін), микрококктар, бацилладан Bac. subtіlіs;
саңырауқұлақтардан - пеницилл, аспергиллдер және мукор саңырауқұлақтары
табылады.
Жарманы ұзақ уақыт сақтау кезінде ішіндегі микроағзалардың әсерінен,
әсіресе өңез саңырауқұлақтарынан бүлінеді. Бұған ылғал мен сақтаудың
жоғары температурасы ықпал етеді. Өңездің даму нәтижесінде өнімде
жиналған микотоксиндер болжамды түрде қауіп төндіреді. Органолептикалық
бағалау бойынша жарма таза, құрғақ (ылғалдығы 15,5%-дан аспайтын),
біркелкі, осы жармаға тән түсте, көгерген және шірік иісі жоқ, бөгде дәмсіз,
ащы, қышқыл дәмсіз (микроағзалар өндірілуі мүмкін) болуы тиіс. жармада улы
өсімдіктердің ұрықтары болмауы қажет.
Дәндер бастырылғаннан және кептірілгеннен кейін, ал жүгері собық
күйінде сатуға жіберіледі. Жарманы сату мен өңдеуге ластанған (ұрық пен
арамшөп бөліктерінің және масақтың қалдықтары және т.б. араласуы),
өздігінен қызған (олардағы термофилдік микроағзалардың болуы) дәндер
жіберілмейді.
57
5.5
Жарма және ұн өнімдерінің микробиологиясы
Жарманы және ұнды сату мендаярлауданбұрын дәндерді Clavіseps
purpurea
қара
күйесі
саңырауқұлақтарының
склероцияларымен
(мүйізшелерімен) зақымданғанын тексеред. Қара күйе жұққан дәндерден
әзірленген өнімдер улануды (эрготизм) туындатады.
Ұн. Дән мен жармаға қарағанда, микробтың бүлдіруіне төзімділігі төмен,
оның қоректік заттары микроағзаларға қол жетімділеу. Жоғары сапалы ұн ұсақ
тартылған, қолға құрғақ, түйіршіксіз болуы тиіс.
Ұнды дұрыс сақтау кезінде (салыстрмалы ылғалдығы 70 % - д а н
а с п а й т ы н ) микроағзалардың дамуы ондағы ылғал құрамының аз
болуымен қайтарылады. Ұнды сақтаудың шарттары бұзылған жағдайда о л
микроағзалардың дамуына жайлы ортаға айналады. Өңездену – ұн
бұзылуының кең тараған түрі. Ашу мен ащылану атап көрсетіледі. Ұнға
жоғары гигроскопиялық тән, сондықтан оны микробтардың бүлдіруінен сақтау
мақсатында, бекітілген ылғалдық- температуралық кесте сақталуы тиіс.
Макарон өнімдері. Олардың құрамындағы ылғалдың төмендігі (11...13%)
ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз етеді. Сақтау шарттарының бұзылуы, әсіресе
ылғалдықтың жоғарылығы, олардың бұзылуына әкеліп соғады. Макарон өнімдерінің қопсуы мен ашуы, өңездену мен алалануы атап көрсетіледі. Өңезделу
кезінде макарондардан аспергиллдар мен пенициллалар бөлінеді.
Нан. Нанның сапасы оны даярлайтын ұнның сапасымен анықталады. нана
зауыттарында ұнды Bacіllus subtіlіs спораларына – нанның созылымды ауруының
қоздырғышына микробиологиялық әдіспен немесе нанды сынақтық пісіру
әдісімен зерттейді.
Пештен шыққан нанның беті зарарсыз дерлік, бірақ оның жұмсақ ортасы
тек 93...98 °С температураға дейін қызады және оның ішінде әрқашан бактерия
споралары, бәлкім вегетативтік жасушалар да сақталуы мүмкін. Сақтау
шарттарының бұзылуы кезінде нанның ортасында споралары жасушаларының
өсіп-көбеюі нанның бүлінуіне әкеліп соғады.
Картоптың созылымды ауруын спора түзуші бактериялар, бір Bacіllus
subtіlіs түріне біріккен картоптың және сабанның таяқшалары туындатады. Олар
ұнда ұдайы болады. Жұқпаның көзі құрал-жабдықтар, өндіріс цехтарының ауасы
болуы мүмкін. Бактериялардың споралары нанда да болуы мүмкін. Жайлы
жағдайда олар өсіп, нанның бұзылуын туындатады. Нанның
ортасы
шырыштанады, қараяды және тым жабысқақ болыпкетеді. Нанда жемім иісі пайда болады. Нанның бұзылуын болдырмас үшін, оны пісрген соң, 10...12 °С-қа дейін
суытады және осы температурада жақсы желденетін орынжайда сақтайды.
Қамырға сірке, пропион және сорбин қышқылдарын немесе олардың тұздарын
сіңдіру ұсынылады.
Бұраң наннан сырттай бұзылу белгілері көрінбейді. Одан улану
фузариум саңырауқұлағының микотоксиндері арқылы жүреді.
Өңезденуді көбінесе пеницилл, аспергилл, мукор саңырауқұлақтары
қоздырады. Өңезденумен күресуге нанның немесе қаптама материалдарының
бетін консерванттармен өңдеу (этиловым спиртімен, пропион және сорбин
қышқылдарының тұзадырмен); қапталған нанды тоқтың жоғары жиілігім ен
стерилизациялау сияқты түрлі әдістер қолдданылады; нанды тоңызыту да тиімді.
5
Тарау
Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен санитариясы
58
Нанды тамаққа, әдетте, қосымша кулинарлық өңдеусіз пайдаланады.
Осыған
байланысты оны өндіру бойынша бекітілген
санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарды орындау бойынша нанды сақтау, тасымалдау
және сату ісіне ең қатаң шаралар алға тартылады.
Жемістер мен көкөністердің
5.6
микробиологиясы
Жемістер мен көкөністер, басқа да тамақ өнімдері сияқты,
микроағзалардың тіршілік ету көзі болып табылады. Жемістер мен
көкөністердің зақымданбаған сыртқы қабықтарында қоректік заттар
мардымсыз болады. Сондықтан микроағзалардың тек аз түрлері қабықтарда
эпифиттік микрофлора құра отырып, көбейеді. Беткі микрофлораның
айтарлықтай бөлігі жемістер мен көкөністерді бұзу үдерісіне қатыспайды және
енжар ахуалда болады. Эпифиттік микрофлораны негізінен сүтқышқылды,
сілтіқышқылды және
спора
түзуші
бактериялар,
ашытқы
мен
саңырауқұлақтардың споралары құрайды.
Саңырауқұлақ флорасы айтарлықтай сан алуан. Бұл саңырауқұлақтар
алтернариа, аспергиллюс, пенициллиум, ризопус, кладоспориум, фузариум тектес.
Жемістер мен жидектерді және көкөністердің барлығын дерлік зақымдайтын
полифагтепр
(мысалы,
Botrytіs cіnerea
және
Rhіzopus
nіgrіcans
саңырауқұлақтары )деп аталатын саңырауқұлақтар
да
бар.
Монофаг
саңырауқұлақтары жемістер мен көкөністердің белгілі бір түрлерін зақымдайды.
Phomo rostrupіі саңырауқұлағы тек сәбіздің бұзылуын туындатады.
Ашытқы флорасына көбінесе Candіda, Saccharomyces, Cryptococcus
тектестер және басқалары жатады.
Жемістердің бетінде дизентерия, іш сүзек бактериялары, сальмонелла,
стафилококк, ботулизм қоздырғыштары, яғни адамдар үшін
патогенді
микроағзалар болуы мүмкін (көбінесе құстар, жел, ыдыс және т.б. нысандар
арқылы қайта ұрықталу кезінде).
Сау жемістер мен көкөністердің 1 см2 бетінде кей кездері
микроағзалардың ондаған, мыңдаған санын анықтауға болады. Топырақпен
ластануына байланысты, көкөністерде көбірек саналады.
Жемістер мен көкөністердің ескіру үдерісі олар зақымданған кезде
жылдамдайды. Сондықтан жемістер мен көкөністердің сыртқы қабықтарын бүтін
сақтау мақсатында, жинау мен сату арасындағы қозғалысының барлық
кезеңдерінде оларға ұқыпты қарау – осы құнды азық-түліктің жоғалуын
төмендетудің басты жолдарының бірі. Бұл ретте оларды сақтайтын ыдыстарға да
көңіл бөлген жөн. Ыдыс таза, зарарсыздандырылған, жемістер мен көкөністерд ің
зақымдануына жол бермейтін ішкі беті біртегіс болуы тиіс.
59
5.6
Жемістер мен көкөністердің микробиологиясы
Ауру қабық бетінде саңырауқұлақ спораларының өсуімен басталады, одан
әрі олардың гифтерінің, жиі зақымдары арқылы, жемістер мен көкөністерд ің
тіндеріне енеді, сондықтан саңырауқұлақтар «жаралағыш паразиттер» деп
аталады. Саңырауқұлақтардың даму нәтижесінде жемістер мен көкөністер
шіріп, олардың тіндері шашырайды.
Саңырауқұлақтар бастаған жемістер мен көкөністердің бұзылуы түрлі
бактериялардыңәрекетімен ауырлай түседі. Соңғы аталғандары бактериоздарды
қоздыра отырып, жемістер мен көкөністерді зақымдай алады. Айрықша
қоздырғыштарға спорасыз бакетриялардың Pseudomonas, Erwіnіa тектес және
спора тасымалдаушы ( Bac. subtіlіs, Bac. polymyxa, Bac. macerans) түрлері жатады.
Бактериоз кезінде жемістер мен көкөністердің ортасы жұмсарады, қараяды, кейде
сұйылады. Жемістер мен жидектердің бұзылуын ашытқы мен вирустар
туындатады.
Картоп аурулары. Сау түйнектің беті құрғақ, таза, өсіндісіз, өнбеген және
жасыл түстенбеген болуы тиіс. Кескен кезде түйнектер қытырлайды,
консистенциясы тығыз және аздап солғындау. Ортасының түсі сұрпына қарай ақ,
сарғыш немесе қызғылт.
Фитофтора саңырауқұлағы (Phytophtora іnfestans) картоп шірігін (фито-
фтороз) қоздырады. Бұл картоп сабағы мен түйнегінің кең таралған ауруы.
Түйнектерді саңырауқұлақтарлың зақымдауы олардың түзде өсу кезеңінде және
жинау уақытында сабақтар жұқпа жұққан түйнектерменжанасқанда жүзеге асады.
Ауру түйнектерде қорғасын-сұр түсті, содан кейін қоңырқай түсті батырыңқы
дақтар пайда болады. Кесіп қарағанда шеттерінен ортасына қарай жылжыған
шірік тіндердің бөліктері көрінеді. Картопты зақымдауға кіріскен бактериялар бүлдіру үдерісін тереңдете түседі және оларды сулы шірік кезеңіне ауыстырады.
Саңырауқұлақтар түйнектер мен топфрақтағы өсімдік қалдыықтарында қыстап
шығады. Фитофтороз негізінен ылғалды жылдары көрініс береді.
Картоп обырын синхитриум (Synchutrіum endobіotіcum) саңырауқұлағы
қоздырады. Түйнек көздерінің тұсында (5.1.сурет) көлемдері үлкен –орман
жаңғағының көлеміндей - өсінділер пайда болады. Олар бастапқыда ақ түсті
болады. Кейіннен қарайып, жансызданған сияқты түсіп қалады. Олардың
орнында түйнектерде түрлі саңырауқұлақ мен бактериялар мекендеген,
талқандалған тіндер қалады. түйнектер шіриді де, тамақ мақсатына жарамсыз
болып қалады.
Картоптың құрғақ шірігі немесе фузариозды Fusarіum тектес бірнеше
саңырауқұлақ түрлері туындатады. Құрғақ шірік картоп түйнектерін, әсіресе
зақымданғандарын, сақтау кезінде зақымдайды. Түйнектер жиырылып, көлемі
жағынан кішірейеді, ал кесіп қарағанда құрғақ сарғыш-ақ түсті масса (крахмал
дәндерімен араласқан споралар) қуысы анықталады. Картопты ылғал жағдайда
сақтау кезінде картоп түйнектерін зақымдау сулы шірік түрінде жүреді.
Түйме шірік немесе фомозды Phoma tuberosa саңырауқұлағы туындатады.
Зақымданған түйнектерде қоңырқай түсті дақтар, сол дақтардың үстінде –қара
түсті ұсақ нүктелер (саңырауқұлақ колонияялары) пайда болады. Осы дақтар
арқылы түйнектің ішіне, оның шіріуін шақыра отырып, саңырауқұлақтар мен
бактериялар енеді.
Кәдімгі таз (қотыр) топырақтағы картоп түйнектерін зақымдайды:
олардың бетінде лас-қоңырқай түске айналып жарылатын, ақшыл, соңынан
қараятын дақтар. Уақыт өте келе дақтардың орнында жаралар пайда болады.
Олар ортасына түсіп, шеттеріне қарай биіктей отырып, сау тіндерден бөлек
орналасады («қатпарлы» картоп).
5
Тарау
Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен санитариясы
60
Қатты зақымданған түйнектер суланады. Ауру қоздырғышы – топырақ
актиномицеттері, жиі Strep- tomyces scabіens.
Картоптың сақина шірігін коринебактериум тектес бактерия
қоздырады. Түйнекті кескенде, алдымен сарғыш жұмсақ аралшықтар көзге
түседі, содан кейін олар бір бірімен топтасып, сұр-қоңыр немесе қара түсті
сақина құрайды. Кейде түйнектің ішінде қуыс кеңістік анықталады. Ауру
көбінесе жауын-шашынды жазда және картопты ылғал орында сақтағаннан
пайда болады.
Сулы бактериалдық шірік картопты лас-сұр немесе қара-қоңыр түсті, иісі
жағымсыз шырышты массаға айналдырады. Ауру қоздырғыштары - Pseudomonas
syrіngae және Ervіnіa carotovorа бактериялары.
Қырыққабат қауданының аурулары. Кең тарағандар: Botrytіs cіnerea
саңырауқұлағы қоздыратын сұр шірік. Қаудандардың беткі жақтарын үлпілдек сұр
тозаң басады. Осы белгілерден аурудың атауы шыққан. Саңырауқұлақтың дамуына
қарай жапырақтары қарайып, шырыштанады, талқандалады және жағымсыз иіс
пайда болады.
Sclerotіnіa sclerotіorum саңырауқұлағы қоздыратын ақ шірік қырыққабат
жапырақтарының шырыштануымен бірге жүреді. Көршілес қаудандарға тарайды.
Шырышты бактериоз кезінде (қоздырғышы Erwіnіa тектес бактерия) ауру сулы
шірік немесе өзек түрінде көірініс береді. Ең тез зақымданатын мұз ұрған және
зақымданған қаудандар.
Сәбіз бен қызылшаның аурулары. Сәбіз бен қызылшада сұр шірікті
Botrytіs cіnerea саңырауқұлағы қозыдарады. Ауру тамыр жемістердісақтау кезінде пайда болады. Олардың тіндері жұмсарып, ылғалданады және сұр түске айналады. Бетінде мол сұр өңез түзіледі. Суық ұрған және солған тамырлы жемістер аса тез
зақымданады.
Ақ шірік кезінде сәбіздің зақымданған бөліктерінде (5.2 сурет) ірі қара
түсті мақта тріздес өңез пайда болады және тамыр жеміс Sclerotіnіa sclerotіorum
саңырауқұлағының дамуына байланысты жағымсыз иісті бүтін шірік массаға
айналады.
Сәбіздің қара шірігін қоздырушы альтернария саңырауқұлағы (Alternarіa
radіcіna) болып табылады. Сәбіздің ұшы мен бүйірлерінде (5.3 сурет) қара-сұр түсті құрғақ дақтар пайда болады. Кесіндісінде ауру тін көмір-қара түсті, сау
тіннен күрт шектелген.
Сәбіздің құрғақ шірігі (фомоз) тамыр жемісінде қоңырқай, құрғақ, аздап
батырыңқы қоңыр түсті дақтардың түзілуімен сипатталады. Кесіндісінде ауру тін қоңыр түсті. Phoma rostrupіl саңырауқұлағы сәбізді түзде-ақ зақымдайды. Ауру
өнімді жоғары температурда сақтау кезінде қозады. Шала піскен және
зақымданған тамыр жемістер тез зақымданады.
Өзек шірігімен қызылша ұшынан бастап зақымданады да, тамыр
жемістің ішіне қарай тарайды. Phoma betae саңырауқұлағынан зақым алған тін
тығызданады, қараяды және пайда болған қуыстар ақ мицелийге толады. Ауру
сау тамыр жемістерге тарайды.
Bacіllus (Bac. betae, Bac. busseі, Bac. lacerans) тектес топырақ бактериялары
қызылшаның құйрық шірігін қоздырады. Зақымданған тін қараяды және
жұмсарады. Ауру ұш жағынан басталып, бүкіл тамыр жемісіне тарайды.
61
5.6
Жемістер мен көкөністердің микробиологиясы
5
Тамақ өн Т
ім а
д рау
ерінің микробиологиясы мен санитариясы
62
б
а
5.1 - сурет. Картоп обыры
5.2 - сурет. Сәбіздің ақ шірігі:
а - Sclerotіnіa саңырауқұлағымен зақымдану ; б,
в - склероций (сырт пішіні мен кесіндісі)
в
5.4 - сурет. Пияздың мойын шірігі (пияздың
5.3 - сурет. Сәбіздің қара шірігі
сол жағында саңырауқұлақтың қара
(альтернариоз)
склероцийлары көрінеді)
5.5- сурет. Жемістер шірігі:
а –зақымданған алма; б –конидиалдық спора тасымалдау
Пияз аурулары. Пияздың мойын шірігі ең қауіпті және кең тараған ауру
болып саналады. Botrytіs allіі саңырауқұлағы түйнекті пияздың (5.4. сурет)
мойнын, содан кейін оның пісірліген сияқты суланып кететін сөлді қабықтарын
зақымдайды.
Пиязды басқа да бүлдіргіш түрлер кездеседі. Sclerotіnіa sepіvorum деп
аталатын ақ шірік және Fusarіum тектес саңырауқұлақтар қоздырғышына жататын
фузариоз шірігі.
Қызанақ аурулары. Қызанақтың фитофтороз немесе сұр шірігін
Phytophtora іnfestans саңырауқұлағы қоздырады. Ауру кеңінен таралған.
Жемістердің бетінде қоңырқай түсті жайылған қатты дақтар түрінде көірінс
береді. Жемістердің зақымданған тіндері қатты, ақшыл-қоңырланады. Әсіресе
пісіп-жетілмеген жемістер зақымданады.
Қызанақ ауруларының ішінде қара теңбілдік жиі кездеседі (альтернариоз)
(қоздырғышы - Alternarіa solanі саңырауқұлағы); күлгін шірік ( Trіchothecіum
roseum саңырауқұлағы); сулы немесе ылғал шірік Erwіnіa тектес спорасыз бак-
териялар қоздырады.
Алма мен алмұрт аурулары. Алма мен алмұрт жемістерінің шірігі
немесе қоңыр шірік жемістердің сыртында қоңырқай-қоңыр түсті дақтарды
түзуменсипаталатын(5.5 сурет), іріленіп, бүкіл жемісті зақымдайтынқауіпті және кең тараған ауру. Жемістің бетінде сарғылт-сұр сүйел (жастықша) пайда болып,
алманың бет
жағында
шоғырлас
сақиналар түрінде
орналасады.
Саңырауқұлақтардың осы шоғыры Monіlіa fryctіgena –ауру қоздырғыштар. Жұқпа
сау жемістерге өтеді.
Алма мен алмұрттың қара обырға (қоздырғышы - Sphaeropsіs malorum
саңырауқұлағы) шалдығуы кең тараған. Сақтау кезінде алманы жұмсақ бозалаң-
жасыл шірік деп аталатын Penіcіllіum expansum саңырауқұлағы зақымдайды.
Alternarіa tenus саңырауқұлағы алманың қара теңбілдігін, Botrytіs cіnerea
– сұр жұмсақ шірігін туындатады.
Мазмұны
Оқырман назарына......................................................................................................................3
1 тарау. Микроағзалардың морфологияс ы мен жүйелендіру негіздері........................ 4
1.1. Микроағзалардың тірі табиғаттағы орны........................................................................4 1.2.Бактериялар..........................................................................................................................5
1.3.В
ирустар мен ф агтар . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .9
1.4.С
аңырауқұлақтар . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . .. . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11 1.5.Ашытқы.............................................................................................................................17
2 тарау. Микроағзаларға сыртқы орта факторларының әсері.................................... 19
2.1.М
икроағзаларға сыртқы орта факторларының әсері . . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .19
2.2.
Абиотикалық факторлар 19
2.3........................................................................................ .Б иотикалық факторлар 25
2.4.Тамақ өнімдерін сақтау кезінде микроағзалардың тіршілік етуін реттеудің мүмкін болатын жолдары.................................................................................................27
3 тарау. Патогендік микроағзалар және олардан туындайтын тағам аурулары....... 29
2.1. Патогендік микроағзалар, қоздырғыштардың берілу көздері мен механизмдері......29 2.2 .Тамақ өнімдері арқылы берілетін аурулар . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .30 2.3.Тағам ауруларының алдын алу . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . .36
2.4.Тамақ өнімдерінің сапасын ми кробиологиялық бақылау . . . . . . .. . . . . . .. . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37
4 тарау. Тамақ өнімдеріне микроағзалардың жұғу көздері........................................... 38
4.1.................................................................................................Жалпы ережелер
38
4.2...................................................................................... .Т опырақ микрофлорасы 39 4.3...............................................................................................Су ми
крофлорасы 40 4.4..............................................................................................Ауа микрофлорасы
42
4.5...........................................Ыдыс және қаптама ма
териалдарының микрофлорасы 43
4.6............................................................................Адам денесінің ми
крофлорасы 44
5 тарау. Тамақ өнімдерінің микробиологиясы мен санитарияс ы............................... 46
5.1..........................................................Сүт және сүт өнімдерінің м икробиологиясы 46 5.2......................................................Ет және шұжық ө німдерінің микробиологиясы 49 5.3...................................................Балық және балық өнімдерінің ми
кробиологиясы 53 5.4..........................................................................Жұмыртқаның микробиологиясы
55
5.5...................................................Жарма мен ұн бұйымдарының микробиологиясы
57
5.6......................................................Жемістер мен көкөністердің м икробиологиясы 59
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру