TELEGEI

Home

Материалтану (О.С. Моряков)

О.С. Моряков

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Материалтану (О.С. Моряков)

Оқулық «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша орта кәсіби білім берудің Федералды мемлекеттік білім стандарттарының, «Материалтану» ББ талаптарына сәйкес құрастырылған. Оқулықта машина жасау құрылысында өнімдерді дайындауға арналған қазіргі заманғы құрастырмалы, құралды металдар мен қорытп...

КӘСІБИ  БІЛІМ

О.С.МОРЯКОВ

МАТЕРИАЛТАНУ

ОҚУЛЫҚ

«Білімді дамытудың федералды институты» Федералды мем- лекеттік мекемесі орта кәсіби білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу үдерісінде пайдалану үшін оқулық ретінде ұсынылған

Рецензияның тіркеу нөмірі 355, 22 маусым 2009 ж.

«ФИРО» ФММ

8-басылым, стереотипті

ACADEMІA

Мәскеу
«Академия» баспа орталығы

2015

ӘОЖ 620.22(075.32) КБЖ 30.3я723

М809

Р ец ензенттер: «Мытишинск машинақұрастыру техникумының» ОКБ МБМ-нің оқытушысы О.И.Калашникова; «Циклон» ОҒЗИ» ААҚ метрологиялық қызметінің бжетекшісі, техн.ғ.канд., доц. В.С.Громов

Моряков О.С.

М809

Материалтану: орта кәсіби білім беру мекемелеріне арналған оқулық / О.С.Моряков. – 8-басылым, стер. – М.: «Академия» баспа орталығы, 2015. – 288 с.

ІSBN 978-5-4468-2478-6

Оқулық «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша орта кәсіби  білім  берудің  Федералды  мемлекеттік  білім  стандарттарының,

«Материалтану» ББ талаптарына сәйкес құрастырылған.

Оқулықта машина жасау құрылысында өнімдерді дайындауға арналған қазіргі заманғы құрастырмалы, құралды металдар мен қорытпаларға, ме- талл емес материалдарға сипаттама берілген. Металдардың механикалық және техникалық сынақтардан өткізу, термиялық және химия-термиялық өңдеу тәсілдері сөз етілген. Материалдарды кесу, қысу, полимеризация- лау, желімдеу, әртүрлі тәсілдермен балқыту (электрлі-сәулелі, плазмалық, лазерлік, аргонмен имектеп пісіру, ультрадыбысты т.б.) тәсілдеріне сипат- тама жасалған.

Орта кәсіби білім мекемелерінің студенттеріне арналған.

ƏОЖ 620.22(075.32)

КБЖ30.3я723

Берілген баспаның түпнұсқа-макеті «Академия» баспа орталығының жекеменші- гі болып табылады, оны құқық иесінің рұқсатынсыз кез келген тәсілмен көбейту- ге тиым салынады.

© Моряков О.С., 2008
© білім беру-баспа орталығы «Академия», 2012

ІSBN 978-5-4468-2478-6

© Рәсімдеу.  «Академия» баспа орталығы, 2012

Құрметті оқырман!

Бұл оқулық «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің бір бөлігі болып табылады. Оқулық жалпы кәсіби «Материалтану» пәнін меңгеруге арналған. Жаңа буынның оқу-әдістемелік кешендеріне жалпыбілімдік және жалпыкәсіби пәндер мен кәсіби модулдерді меңгеруді қамтамасыз ететін дәстүрлі және инновациялық оқу материалдары кіреді. Әрбір кешеннің құрамында жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді, оның ішінде жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, меңгеруге қа- жетті оқулықтар мен оқу құралдары, оқыту және бақылау тәсілдері

кірген.

Оқу басылымдары электронды білім беру ресурстарымен то- лықтырылады. Электронды ресурстар интерактивті жаттығулары мен тренажерлер, мультимедиялық нысандар, Интернеттегі қосым- ша материалдар мен ресурстарға сілтемелері бар теориялық және практикалық модулдерден тұрады. Мұнда оқу үдерісінің негізгі па- раметрлері: жұмыс уақыты, бақылау және практикалық тапсырма- ларды орындау нәтижелері белгіленген терминологиялық сөздік пен электронды журнал ендірілген. Электронды ресурстар оқу үдерісіне жеңіл кірігіп, әртүрлі оқу бағдарламаларына бейімделе алады.

Кіріспе

Материалтану – материалдардың құрамы, құрылысы және қа- сиеттері, олардың механикалық, жылулық және басқа да сыртқы ықпалдар әсерінен өзгеру заңдылықтары арасындағы байланысты қарастыратын ғылым. Маңыздысы – өңделетін материал ғана емес, осы өңдеуге қажетті қондырғылардың (механизмдер мен машина- лар) материалдарының, мәселен, кесу, қысу, балқыту т.б. іс-әрекет- тері туралы ілім. Машиналардың немесе механизмдердің құрылысын, олардың жұмыс істеу шарттарын біле отырып, осы қондырғылардың оңтай- лы ұзақ мерзімді жарамдылығын қамтамасыз ететіндей қажетті ма- териалдарды таңдауға болады. Машина жасау материалдары өнер- кәсіп өнімдерінің бүкіл көлемінің төрттен бірін құрайды. Машина жасау – қорғанысқа арналған өнімдер мен тұтынушылық заттарды, еңбек құралдарын дайындайтын өңдеу өндірісі салалары- ның кешені. Ең маңызды салалары – білдек жасау (металл кесетін, ұсталық-баспақтау, құю жабдығы т.б.), транспорттық машина жасау (жер үстіндегі, ауадағы, судағы, ғарыштағы және басқа да транс- порттық құралдар), энергетикалық машина жасау т.б. Машина жасайтын негізгі материалдарға ауыр индустрияның негізі болып табылатын – металлдар мен қорытпалар

1

жатады. Оларсыз халық шаруашылығының бірде-бір саласы дами алмайды. Алайда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану қажеттігі металлдан жасалмаған құрастырмалы материалдардың пайда болуына түртк іболды. Бұндай материалдар бүгінгі таңда техниканың әртүрлі сала- ларында кең қолданыс тауып келеді. Мысал ретінде пластмассаны

1

Бұл жерде металл қорытпалары туралы айтылып отыр. Металл қорытпалар – жоғары температурада екі немесе одан да көп металлды немесе металлдарды металл емес заттармен ерітіп, қорыту нәтижесінде алынған материалдар (қорытпаның металлдық қасиеттер кешені болады, оның атауы құрамындағы негізгі металлмен аталады).

атауға болады. Пластмасса дәстүрлі материалдардың кейбір қаси- еттерінен асып түсетін қасиеттерге ие. Пластмассаларды қолдану машина жасауда, жеңіл және тағам өндірісінде, құрылыста, автомо- биль-, ұшақ- және зымыран жасау өндірісінде туындаған көптеген техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, пластмассаларсыз телефония, радиоэлектроника, электртехникалық өндіріс пен басқа да салалардың дамуы мүмкін болмайды. Техниканың қазіргі замандағы дамуы көптеген жаңа материал- дарды ойлап табуға ынталандырып келеді. Жаңа материалдардың қасиеттері техникалық талаптарға толық жауап беруде. Композици- ялық материалдардың заманауи жаңа тобы ғалымдардың пікірінше, өнеркәсіптің ары қарай қарқынды дамуына сеп болады. Материалдарды өңдеу саласында металлдар, пластмассалар, күй- іктастарды ең жаңашыл тәсілдерімен құю, сондай-ақ қысым арқылы өңдеу және жаңашыл жоғары дәрежеде қатты материалдарды құрал- дар ретінде пайдаланып, кесу кең қолданыс тауып отыр. Материал- дарды өңдеудің құю тәсілі – ең үнемді тәсіл болып табылады, себебі құю кезінде материалдарды қайтарылмайтын жоғалту дәрежесі ба- рынша аз, ал өнімділігі –жоғары болады. Ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктері көптеген шеберлер, инженерлер мен ғалымдардың еңбектеріне сүйенеді. Ке- меңгер ойшыл, ғалым М.В.Ломоносов өзінің 1763 жылы жарық көр- ген «Металлургия мен кен істерінің бастапқы негіздері» еңбегінде металлургиялық үдерістердің физикалық және химиялық табиғаты- на ғылыми түсініктемелер беріп, металлдарды қорыту мен өңдеудің технологиялық үдерістерін құрастыру бойынша маңызды практика- лық нұсқаулықтар берген. М.В.Ломоносовтың металлургия саласындағы идеялары шетел- дік металлургияның көп жылдық теориялық зерттемелерін басып озып, орыс ғалымдары мен инженерлерінің кейінгі зертеулеріне не- гіз болған. ХІХ ғасырдың басында орыс инженерлерінің шығармашылық бастамалары, әсіресе, қару-жарақ жасайтын орал және тула зауытта- рында кең қолданыс тапты. Ұлы орыс металлургы П.А.Аносов Зла- тоуствойский қару-жарақ зауытында жоғары сапалы болат дайындау және өңдеу, атап айтқанда, отбақырларда темірлерді тікелей це- менттеу арқылы құйма болаттарды алу, газдық цементтеу тәсілінің негізін қалаған-ды. 1937 жылы А.А.Аносов шойыннан болат алу

5

тәсілін Францияда П.Мартен қолданғанға дейін 30 жыл бұрын ойлап тапқан болатын. П.А.Аносовтың металлтану мен қыздырып өңдеу бойынша еңбектері оны металлограцияның негізін салушы ретінде танытты. П.А.Аносовтың «Болаттар туралы» атты кітабында болат- ты өндіру мен зерттеу бойынша маңызды нұсқаулықтар келтірілген. П.П.Аносовтың еңбектерін оның шәкірті – Петербургтегі Обу- ховский зауытының негізін қалаған талантты инженер М.Обухов жалғастырды. Обуховский зауытында танымал ғалым Д.К.Чернов та жұмыс жасаған-ды. Оның металлтану бойынша еңбектері металл- дар мен қорытпаларды меңгеру бойынша білімді жетілдіріп, болат- ты ыстық механикалық және қыздырып өңдеу ісін ғылыми негізде-

уге сеп болды.

Д.К.Черновтың идеялары академик Н.С.Курнаковтың еңбектерін- де ары қарай дамытылды. Н.С.Курнаков – металлдар мен қорытпа- лардың физика-химиялық талдамасының құрастырушысы, қорытпа- лардың кристалдық құрылыс, құрылым мен қасиеттері арасындағы байланысты көрсетуші. Ғалым-металлург А.А.Байков металлдар мен қорытпалардың хи- миялық құрамы мен қасиеттерін зертетудің металлургиялық үдері- стері мен тәсілдері теориясының негізін қалаған. А.А.Байковтың «Жоғары сапалы болат және оның сипаттамасы», «Металлдарды қалпына келтіру және тотықтандыру» т.б. еңбектері қара металлур- гияның дамуына сүбелі үлес қосты.

Материалтанудың дамуына Ю.А.Бринелль (Швеция), С.П.Ро- квелл (США), А.Мартенс (Германия) т.б. секілді шетелдік ғалымдар зор үлес қосқан.

МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

І

БӨЛІМ

7

Тарау 1. Материалдар туралы жалпы мәліметтер Тарау 2. Материалдарды химиялық- қыздырып өңдеу және сынақтан өткізу тәсілдері

1-тарау

МАТЕРИАЛДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1.

КРИСТАЛДЫ ЖӘНЕ АМОРФТЫ ЗАТТАР

Техникалық материалдарды сипаттау үшін олардың физикалық, химиялық, технологиялық және механикалық

қасиеттерін пайда- ланады .

Физикалық қасиеттері (тығыздығы, жылу өткізгіштігі, балқу температурасы, қызулық ұлғаюы, магнитті сипаттамасы, жылу-, электрөткізгіштігі т.б.) материалдардың жылу, гравитациялық, элек- трмагнитті және радиациялық өрістердегі іс-әрекетін сипаттайды.

Химиялық қасиеттері тотығу, газдардың енуі және басқа да зат- тармен өзара әрекетке түсу қабілеттерін сипаттайды.

Технологи- ялық қасиеттері қысым, кесу, қыздыру арқылы ыстық және суық өңдеуге түсу қабілеттерін сипаттайды. Материалдардың

механика- лық қасиеттері олардың әртүрлі қуаттардың ықпалына түскендегі іс-әрекеттерін сипаттайды. Материалдардың құрылысының белгілі бір зерттеу тәсілдері арқылы анықталып, агрегаттық күйін айқын- дайтын ерекшеліктері құрылымы деп аталып, құрылымдық тығыз- дығын сипаттайды. Машина жасау материалдарының құрылымын бағалау барысын- да заттардың (қатты, сұйық, газ тәрізді) мінсіз

агрегаттық күйін негізге алады . Алайда нақты материалдарға, әдетте, қатты мен сұй- ық арасындағы шекаралық аралық типті күй тән болады. Атап ай- тсақ, аморфты (шыны тәрізді), сұйық кристллды және кристалды. Материалдардың осы аталған әрбір күйінің қалыптасуы белгілі бір сыртқы физикалық жағдайларға байланысты жұзеге асады. Бұл жағдайларды термодинамикалық факторлар деп атайды. Термоди- намикалық факторлар – басты құрылымы болып табылатын ми- кробөлшектер (заттардың табиғатына байланысты атомдар, иондар мен молекулалар) дененің көлемінде ретсіз (аморфты заттар) неме- се қатаң тәртіппен ретті орналасатын (кристалл заттар) әрбір заттың

тән температурасы мен қысымдары. Аралық сұйық кристалды күй де болуы ықтимал. Мәселен, бұл күй кейбір органикалық заттардың ұзын таяқша тәрізді пішінді молекулаларынан қалыптасады. Осы молекулалардан сұйық кристалдан түзіледі, себебі олардың басты қасиеттері – әрі сұйықтық (аққыштығы), әрі кристалдық заттарының болуы (тұрақты құрылым). Кристалдық құрылымы бар материалдарды пайдаланғанда, олар- дың кристалды торларын – бөлшектердің (атом, ион немесе молеку- лалар) кристалдағы дұрыс орналасуын анықтау керек. Қатты дене- дегі әрбір бөлшектердің күйі – өзгермейді және кейбір тепе-теңдік нүктелеріне қатысты жылулық ауытқуларға тұрақты. Мұндай нүкте- лер элементарлы кристалл ұяшықтарының түйіні ретінде қарасты- рылады. Бұл түйіндерді бірнеше мәрте қайталанғанда, үш шамада да кристалды толығымен алып, құрастыруға болады. Мұндай ұяшықтағы бөлшектердің жанасуы олардың бір-бірін өзара тебілісімен ғана шектеледі. Себебі бір заттағы бөлшектердің зарядтары біртекті болады. Бірақ әрбір бөлшектің өз көршісі бола- ды, көршілері сол бөлшекпен бірдейленіп кетеді. Былайша айтқан- да, қатты кристалдарға алыс реттілік, немесе тұрақты құрылым тән болады. Көпшілік қатты заттар кристалды болып келеді. Кристалдағы бөлшектердің арасындағы типті арақашықтық 0,2...0,5 нм (1 нм = 1 Кристалл сияқты қатты дене элементарлы торларының атомдары, иондары немесе молекулаларының алыс орналасу реттілігі болған- да ғана, өмір сүре алады. Реттілігі бұзылса, бөлшектер арасындағы тепе-тең арақашықтықтар өзгереді (мәселен, қыздыру барысында ұлғаяды) және қатты дене (кристалл) не балқып кетеді (сұйықтыққа айналады) немесе ұшып кетеді (газ түріндегі күйге түседі). Қатты күйінде заттың түрі өзгеруі мүмкін, қасиеттері әртүрлі бола алады. Алайда бұл жағдайда кристалл топ да өзгеріп, басқа түрге еніп (мо- дификацияланып), басқа аллотропты күйге түсуі тиіс. Көпшілік зат-

тар әртүрлі аллотропты пішінде болуы мүмкін. Көміртектің еркін күйдегі ықтимал түрленуіне – графит жәна алмаз түріне екі мысал келтірейік. Сену қиын, бірақ графит (табиғаты – қаттылық дәрежесі төмен, жұмсақ минерал; өндірісте – күй және құрым, яғни ағаш не- месе тас көмірді, антрацитті жаққан кезінде түзілетін жұмсақ қара ұнтақ) мен алмаз (қаттылық дәрежесі – өте жоғары, ерекше гауһар текті бедерлер жасалғаннан кейін – жалтыраған бағалы тасқа айна- лады) – бір ғана элементтің – көміртектің атомды кристалдары бо- лып табылады. Графит барынша жоғары температурада жұмыс жа- сауға арналған отбақырларды дайындау үшін отқа төзімді материал ретінде қолданылса, алмаз ашық отта жылдам жанып кетеді. Металл қатарына жатпайтын графит металлдарға тән кейбір қасиеттерді (электрөткізгіштік) көрсете алады. Графиттің құрылымы дұрыс ал- тыбұрыштардың түйініндегі көміртек атомдарының параллель қа- баттарынан құралған. Қабаттар біреуінен кейін қайталанып отыра- ды, әрбір қабатты екіншісін орнынан жылжытып отырады. Мұндай кристалды торды гексагоналды деп атайды. Тығыз алмаздың торла- ры – куб түрінде болады (а = 0,354 нм), кубтың ортасындағы әрбір қырының, сондай-ақ кубтың түйіндерінде көміртек атомдары орна- ласады (мұнда торды гранецентрлік кубты тор деп атайды). Осылай- ша, зат ретіндегі еркін көміртектің екі түрлі атомды кристалды торы болады. Әрбір кристалды затты бір-бірінен кристалл торына қарай ажы- ратуға болады. Металлдардың барлығы және олардың қорытпалары- ның кристалдық құрылымында металды кристалды торлары бола- ды: оның ерекшелігі – түйіндерінде зарядталған иондар (катиондар) мен жартылай еркін атомдар орналасады, ал түйіндер арасындағы аралықта атомдардың сыртқы орбиталарында орналаспайтын, бірақ металлға қатысты болған электрондар еркін қозғалады. Бұл элек- трондар қоғамдық деп танылады, олар металдардың зат ретінде қа- сиеттерін айқындайды (атап айтсақ, жылу-, электрөткізгіштігі т.б.). Металдардың негізгі кристалл торлары машина жасауда кең қол- даныс тапқан. Олар:

көлемдік-центристік кубтық

– КЦК (

сурет 1.1 , а

) мен
гранецентристік кубтық

– ГЦК (сурет 1.1.,

б

) және алтыбұрышты призма түріндегі
гексагоналды
(сурет 1.1.,

в

) болып бөлінеді.

КЦК-да сегіз атом кубтың жоғары жағында және біреуі – орта- сында (бұл атом, мәселен, Fe темір құрамында төменгі температура- да болады, яғни а-темір, Cr хром, W вольфрам, Mo молибден) орна-

Сурет 1.1. Негізгі кристалл торлардың типтері а

– көлемдік-центристік кубтық,

б

– гранецентристік кубтық,

в

– гексагоналды

ласады. ГКЦ атомдары алмазда ғана емес, кубтың жоғары жағында және әрбір шетінің ортасында орналасады (бұл Al алюминий, Cu мыс, Au алтын және γ-темірге тән). Гексагоналды кристалл тор Zn цинк пен Mg магний құрамында болады. Металдар, металдардың металдармен және металл емес заттар- мен қорытпалары ерітілген (сұйық) күйден суу барысында қатты күйге айналуы барысында кристалды құрылымға ие болады. Кейбір металдар, мәселен темір мен кобальт әртүрлі температурада қатты күйінде аллотропты өзгеріске түсіп, соның барысында кубтық тор гексагоналды торға ыңғайланады. Айталық, темір 1400 о

С-қа суы- тылған кезде (
сурет 1.2
) екі модификацияда болады: 1392 және 768

о

С-та аллотропты өзгергеннен кейін γ-темір (ГЦК-тор) және α-темір (КЦК-тор).
Қисық суытудан көретініміз – α-темір 911

о

С-тан төмен температу- рада, сондай-ақ 1392 о

С-та балқыту температурасына дейін (1539 о

С) термодинамикалық тұрақты болып келеді. 911...1392 о С температу- ра арасында γ-темір тұрақты болып келеді. Қисық суыту кезіндегі 768 о С-тағы температуралық баспалдақ темірдің магнитті қасиет- терін білдіреді: бұл температурадан жоғары болса, темір магниттілі- гінен айрылады, ал төменгі температурада – магнитті қасиеттерін айқын көрсетеді.

Магнитті емес, яғни 911...768 о С температурасы арасындағы α-темірді β-темір деп атайды. Ал оның 1539...1392 о С арасындағы жоғары температурадағы модификациясын δ-темір деп атайды (көлемдік-центристік кубтық тор). Орталықтың кристалдар түзілген барлық жағындағы балқытпа- ны бірмезетте суытқан кезде кристализация әрекеті дамиды. Саны

Сурет 1.2. Қисық суытылған темір: α (δ), γ, α – темірдің кристалл торларының аллотропты өзгерістері; суыту барысы

көп кристалдардың өсуіне қарай бір кристалдар екінші кристал- дарға кедергі келтіре бастайды. Нәтижесіндже геометриялық дұрыс көпқырлы  кристалдар  орнына  дұрыс  емес  бұзылған  пішінді  де-

формацияланған кристалдар түзіледі. Оларды материалтанушылар
кристалиттер
немесе
түйірлер

деп атайды. Кристалиттердің көп мөлшерінің металды құрылысын
поликристаллды

деп атайды. Өң- делген кесіктерін микроскоп астында мұқият қарағанда, оның түй- ірлері дұрыс емес пішінді, ал көлемі әртүрлі (мәселен, 0,1-ден 1,0 мм-ге дейін) болып келетіні анықталды. Егер кристалл заттардың физикалық қасиеттері әртүрлі бағытта- рында біртекті болмаса, бұл заттарды

анизотропты
деп атайды.

Химиялық өңдеу кезінде анизотропты заттар әртүрлі жылдам- дықта тапталады, сондықтан олардың мехникалық қасиеттері де бір- текті болмайды. Егер материалдардың барлық бағыттағы физикалық қасиеттері біркелкі болса, оларды

изотропты
деп атайды.

Поликристалды құрылысында анизотропия кристалды құрылымға қарағанда аз болады. Себебі металдың түйірлері біртек- ті, ұсақ болып, қасиеттері жағынан изотропты материалдарға жақы- рынақ болып келеді.

Ақиқат кристалдарда құрылысында
ауытқулар

байқалады. Кри- сталдардың құрылысындағы кемшіліктер кристалл топтағы бөл- шектердің периодтық орналасуының бұзылуына байланысты. Кри- сталдардағы ауытқулар төрт топқа бөлінеді: нүктелі (нөл-өлшемді), желілі (бірөлшемді), үстірт (екі өлшемді) және көлемдік (үш өл- шемді).

Нүктелі ауытқулар өлшемдерге шаққан өте аз мөлшерлі болып, бар-жоғы бірнеше атомдық диаметрлер түрінде көрініс бе- реді. Оларға вакансиялар, түйінаралық атомдар, қоспалар атомдары мен олардың кешендері жатады.

Желілі ауытқулардың атомдық өлшемдері екі өлшемді болып, ал үшіншілері – кристалдың ұзын- дығымен бірдей өлшемді болып келеді.

Үстірт ауытқулар (түйір- лердің шектері) тек бір ғана өлшемде аз болып, атомдарды топтауда кемшілік бар екенін көрсетеді.

Көлемді ауытқулар (кристалдардың кемістіктері) – жарықшақтар, тордың басқа типтеріне қосымшалар, бос қуыстар мен қабыршақтар. Кристалдардағы ауытқулар материалдардың механикалық қа- сиеттеріне (бұзылу, пластикалық деформация, рекристаллизация, ескіру т.б.), сондай-ақ кристалдардың физикалық қасиеттеріне (жар- тылайөткізгіш техникада)  айтарлықтай ықпал етеді.

Аморфты күй

– қатты заттың физикалық күйі. Мұнда кристал- ды заттарға қарағанда, қатты заттың бөлшектері ретсіз орналасып, изотропты қасиетке ие болады, яғни барлық бағыттары бойынша

физикалық қасиеттері бірдей болады. Аморфты заттардың белгілі бір балқыту температурасы болмайды, олар

табиғи
(кәріптас, шай- ыр) және
жасанды
(шыны, пластмасса, желім) болып бөлінеді.

Өзінің құрылысы жағынан, аморфты қатты заттар мен сұй- ықтықтар қатты және газ түріндегі дене арасындағы аралықта тұра- ды, оның жақын тәртібі болады (тек көрші бөлшектерінің орнала- суында ғана келісімділік байқалады). Қатты заттаржың бөлшектері секілді аморфты заттардың бөлшектері де тепе-теңдік күйінде жылу- лық тербеліс жасайды. Алайда егер қатты денеде олар өзгермейтін болса, аморфты денеде белгілі бір уақыт өткен соң бөлшектер жаңа күйге өтіп, аморфты заттардың жабысқақтық және аққыштың қаси- етін көрсетеді. Бір ғана зат әрі кристалл, әрі аморфты түрде кезде- се алады. Алайда заттың аморфты күйі кристалл күйге оңай ауыса алады (мәселен, шыны). Мұндай ауысу суыту жылдамдығына және заттың жабысқақтық қасиетіне байланысты.

Бір күйден екінші күйге өз бетімен өту мерзімдері әртүрлі болады

– бірнеше айдан (қант, шыны) миллиондаған жылдарға дейін (тас).

Аморфты қатты металл болмайды. Тіпті қалыпты жағдайларда сұйық күйінде кездесетін сынап -40°С суықта қатып, кристалдана- ды.

1.2.

ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Қатты заттар мен байланыстар.

Қатты денелер оң (электрондар) және теріс (атомдардың ядрола- ры) зарядтардың өзара байланысының есебінен өмір сүреді. Бұндай байланыстар барысында туындаған

тартылыс күші осы аталған бөлшектерді (электрондар мен ядролар) өзара жақындастырады. Тартылыс күшімен бірге

тебіліс күші болады. Бұл күш бөлшек- тердің бірігуіне кедергі келтіреді. Тебіліс күштері біртекті заряд- талған бөлшектердің белгілі бір арақашықтықта жақындауы кезін- де туындайды. Тебіліс күшінің туындауы барлық қатты заттар үшін біркелкі болып келсе, тартылыс күші – әртүрлі әрі қатты дененің пайда болу табиғатына байланысты туындаған. Тартылыс күші ион- ды, ковалентті және металл байланыстарды, сондай-ақ молекулярлы өзара әрекеттесу күшін (Ван-дер-Ваальс күші) туындатады.

Байланыстың иондық типі

– химиялық байланыстың бір түрі және біртекті заттардың өзара әрекеттесуі кезінде туындап, хими- ялық бір қосылыстарға тән болып, иондардың күшті бірігуін туды- рады. Ионы бар қатты денелердің ішінде шыны мен ас тұзын атауға болады. Шыны – әртүрлі элементтердің оксидтерінен тұрады.

Байланыстың коваленттік типі

– мықты химиялық байланыс түрі, ол екі атомдарға ортақ электрондардың жұптары арқылы туын- дайды. Бұл жағдайда біртекті (мәселен, сутектер, хлорлар, кристалл алмаздардың молекуласында) немесе әртекті (су, кристалды карбо- рунд молекулаларында т.б.) атомдар байланыса алады.

Органикалық қосылыстардың молекулаларындағы негізгі бай- ланыстардың барлығы ковалентті деп танылады. Атомдық торлары мен коваленттілік байланысы бар кристалдар баяу балқитын тығы- здығы жоғары және тозуға төзімді материалдарды түзеті (мәселен, боразон). Молекуларалық өзара әрекеттесу күші диполдардың электроста- тикалық өзара әрекеті нәтижесінде туындайды. Дипол дегеніміз – мөлшері жағынан тең, бірақ зарядтарының белгісіне қарай бір-бірі- не қарама-қайшы екі нүктелі электр зарядтарының  жиынтығы. Бұл күштер коваленттілік күшкке қарағанда әлсіз, алайда алыс арақашықтықта пайда болады. Егер зат полярлы молекулалардан тұрса (су), олар бір-біріне қатысты өздерінің әртүрлі аталатын заряд- талған шетіне қарай бейімделіп, соның нәтижесінде бір-біріне өзара тартылады. Егер зат полярлы емес, бірақ поляризацияға икемді мо- лекулалардан тұрса (көміртек диоксиді), индукцияланған диполдар туындайды. Молекулалар поляризацияланып, туындаған индукция- ланған дипол өз кезегінде көрші орналасқан молекулаларды поляри- зациялайды: молекулалар бір-біріне өзара тартылады. Механикалық байланыс 80% химиялық элементтерге және көп- теген металл қорытпаларына тән болады. Бұлар қалыпты жағдайда жоғары жылу- және электрөткізгіштігімен, созылмалығымен, иіл- гіштігімен, металлдық жарқылымен және басқа да қасиеттерімен ерекшеленеді. Металлдардың мұндай қасиеттері олардың кристалл торларында атомдық ядролармен әлсіз байланысқан қозғалмалы электрондарының көп мөлшерде (1 см

3

-де 1022 – 10

23

) болуына бай- ланысты.
Қорытпалардың құрылымы

. Қазіргі заманғы ғылым мен тех- никаның талаптарына толық жауап беретін қорытпалардың көпте- ген түрлері бар. Қорытпалар жұмсақ, қатты, электркедергілері төмен

немесе жоғары, магнитті және магнитті емес, қышқыл дарымайтын, ыстыққа төзімді, жеңіл, ауыр т.б. болып бөлінеді. Қорытпалардың барлығына тән қасиеттер – механикалық қоспаларға бөлінуі, қатты ерітінділер мен химиялық қосылыстар (сурет 1.3).

Қоспалар (механикалық қоспалар) сұйық күйден қатты күй- ге өткен кезде бір-бірінің құрамында ерімей, өзара әрекеттеспейтін компоненттерді түзеді. Қоспаның құрамындағы әрбір компонент өзінің қасиеттері мен кристалл торларын, олардың компоненттерінің көлемі бойынша теп емес бөлшектену қасиетін сақтап қалады. Мұндай қоспаларда ендірілетін қатты ерітінділер және аз мөл- шерде орын алмастыратын қатты ерітінділер болады (

сурет 1.3 , а ). Компоненттердің сандық арақатынасын өзгерте отырып, механика- лық қоспалардың әртүрлі қасиеттеріне қол жеткізуге болады. Кейде механикалық қоспаларды

жалғанқорытпалар
деп атайды.
Қатты ерітінділер

– біртекті кристалл немесе аморфты заттар, олар арақатысы өзгергенде өздерінің біртектілігін сақтап отыратын бірнеше компоненттен тұрады. Қатты ерітінділер бір компонент (еріткіш) өзінің кристалл торын сақтағанда, ал екіншісі оның құра- мында өзінің атомдарын орналастырғанда түзіледі. Егер компонент- тің атомдары жартылай ерітіндінің кристалл торларының атомда- рымен орын алмасса, мұндай ерітіндіні

орын алмастыратын қатты ерітінді деп атайды. Егер компоненттің атомдары кристалл торларының ішінде жартылай орналасса, оларды

ендірудің қатты ерітіндісі
деп атайды (сурет 1.3,

б ). Айталық, мыс пен никельдің қосындысынан туындаған орын алмасудың қатты ерітіндісінде ни- кельдің атомдары мыстың кристалл торларының түйіндерінде ор- наласады. Ендірудің қатты ерітіндісінде металл емес заттардың атомдары металл атомдарының арасындағы аралықта орналасады. Ендірудің қатты ерітіндісінің типтік үлгісі – темірдің құрамындағы көміртектің қатты ерітіндісі. Қатты ерітінділер – болат, қола, көпте- ген шынылар, минералдар – дала шпарттары т.б. Химиялық қосылыстар әртүрлі кристалл торлары мен олардың атомдары бар элементтер түзеді. Химиялық қосылыстар металдың металмен және металл еместің металл еместерді түзе алады. Түзіл- ген қорытпалардың ерекшелігі – балқыту температурасы тұрақты, қаттылығы мен сынғыштығы жоғары, өзіндік кристалл торлары бар және құрамындағы компоненттердің қасиеттерінен өзгеше болып келеді. Металдың металмен химиялық қосылысының байланыстық металды типі болады. Оны интерметаллидтер деп атайды. Алл ме-

талдың металл емес затпен химиялық қосылысы – байланыстың иондық типі болып, металл еместің түріне қарай аталады (оксид, карбид, нитрид т.б.). көміртектің темірмен химиялық қосылысының атомдық-кристалл торы 1.3, в

– суретте көрсетілген.

Ақиқат қорытпалардың микроқұрылымы – қосылыстардың бір- неше типтерінің комбинациясын білдіреді. Мәселен, химиялық қо- сылыстар мен қатты ерітінділердің механикалық қоспалары.

Металдардың кристализациясы . Сұйық металдың кристали- зациясына балқытпадағы қоспаларды суыту жылдамдығы мен мөл- шері тікелей ықпал етеді. Суыту көбірек байқалған жерде

дендрит- тер

– ағаш тәрізді кристалдар түзіледі. Мұндай кристалд біртіндеп қалыптасады. Алдымен бір-біріне перпендикуляр орналасқан кірес

Сурет 1.3. Қорытпалардың құрылысы а

– механикалық  қоспа;

б

–  қатты  ерітінді;

в

–  химиялық  қосылыс;

А, Б

– балқытылатын компоненттер;

І

– орын алмастыратын ерітінді;

ІІ

– ендірілетін ерітінділер

түріндегі өсінділері бар негізгі өс пайда болады. Бұл өс пен өсінділер- де сұйық күйде тұрған металл кристализацияланып, бостықтардың орны толтырылып, біртіндеп суи бастайды. Нәтижесінде үлкен бір кристалл пайда болады. Құймақалыптың қабырғаларымен үйкеле отырып, металл жыл- дам суып, қыртыс түзеді. Қыртыстар ұсақ кристалдардан құралады. Себебі жоғары жылдамдықта суығанда олар үлкен мөлшерге дейін өсіп үлгермейді (кристализацияның бірінші аймағы). Құймақалып- тардың өсінің бағытына қарай балқытпаларды суыту баяу жүзеге асады, нәтижесінде құймақалыптың қабырғаларына перпендикуляр, дұрыс бейімделген ірі бағана тәрізді (радикалды) кристалдар пайда болады. Мұндай кристалдардың мөлшері барынша аз болғаны дұрыс, себебі құйманы ары қарай өңдегенде (соққанда және жұқартқанда), олардың үйкелу жазығының бойымен металда жарықтар пайда бо- лады. Осымен кристализацияның екінші аймағы аяқталады. Одан ары металл құйманың өстік бөлігінде кристалданады. (кри- сталлизацияның үшінші аймағы). Ірі теңөстік ретсіз орналасқан кри- сталдар түзіледі. Оның себебі – суыту жылдамдығының төмендеуі және жылудың берілу бағытының өзгеруі. Кристаллизацияланғанда, металл көлемі азаяды,  түбінде  тұн- ба түзіліп, нәтижесінде металдың қатайған қабатының қалыңдығы ұлғайып, құйманың ортасындағы сұйықтық мөлшері азаяды. Құй- маның жоғары бөлігінде орнығатын қабыршақ пайда болады. Оған қалдықтар түсіп отырады. Құймалардың ауытқуларға орнығатын және газ түріндегі қабыр- шықтар (бостықтар мен көпіршіктер), металл емес қосындылар мен айыруды жатқызуға болады. Газ түріндегі қабыршықтар пештің ат- мосферасында сұйық металл жұтылып, реакцияларда металл жұқа- рып, соның салдарынан қайнап тұрған металл ауаны қармап, немесе тіпті басқа себептермен пайда болады. Металл емес қосындылар металдың (болат) қалыңдығында марганец, алюминий және крем- ний диоксидінің оксидтері тотыққанда пайда болады. Яғни металдар балқытпаның үстіңгі бетіне қалқып шығуға үлгермей қалады. Айы- ру (сегрегация) – құймадағы металдың біртекті емес құрамы. Ай- ырудың түзілуіне құйманың қатаюы кезіндегі күкірт, фосфор және көміртектің болуы тікелей әсер етеді. Айыруды қорыту арқылы және вакуумға металды құю арқылы төмендетуге не азайтуға болады. Әрбір затқа (металға) белгілі бір термиодинамикалық жағдай- ларда  атомды-кристалды  құрылым  сәйкес  келеді.  Кейбір  заттар,

мәселен, темір, көміртек, кварц температура мен қысымның әртүр- лі интералдарында салмағы бірдей әртүрлі кристалл құрылымға ие болады. Қатты заттың екі немесе одан да көп кристалл құрылымда өмір сүру қабілетінің болуы полиморфизм (аллотропия) деп ата- лады. Полиморфизмнің мысалы ретінде алмаз бен графитті, яғни көміртектен тұратын, кристалл торлары әртүрлі және қасиеттеріне қарай оңай ажыратылатын заттарды жатқызуға болады. Кристалли- зация заттың фазалық ауысуының тәсілі ретінде жылуды бөле алу қасиетімен жалғасын тауып отырады. Кристаллизация белгілі бір жағдайларға – балқытпаның қайта суытуға қол жеткізгенде бастала- ды. Балқытпа қайта суытылғанда бірнеше ұсақ кристалдар түзіледі. Оны кристаллизация ортасы деп атайды (

сурет 1.4 , а-г ). Кристалдар балқытпаның жаңа атомдарын біріктіргенде, көбейе береді. Кри- сталлдың қырларының өсуі қабаттар бойынша жүзеге асырылады. Кристаллизацияның өсу шарттары мен суу жылдамдығына  тіке- лей тәуелді болуы кристалдардың құрылымы мен формаларының әртүрлілігіне әкеп соқтырады (көпқырлы, пластикалық, ине тәрізді,

Сурет 1.4. Кристаллизация сызбасы а-г

–  ұсақ  кристалдардың  түзілуі  немесе  кристаллизация  ортасы;

д

– кристалдардың формасының өзгеруі;

е

– түйірлердің пайда болуы.

дендритті т.б.). кристалдар бір-бірімен шексіз кеңістікте түйіскен- де, олардың формасы өзгереді (сурет 1,4, д ). Кристаллизацияның ең соңғы сатысы – түйірлердің, немесе кристаллиттердің түзілуі (сурет 1.4, е ). Металдардың кристаллизациясы фазалар ережесіне – термоди- намика мен физикалық химия заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл заң бойынша фазалардың мөлшері, тепе-тең жүйедегі компо- ненттері мен еркіндік дәрежелерінің арасында тәуелділік анықта- лады. Біркомпонентті жүйе бірнеше фазалардан тұруы мүмкін. Су – тең салмақты термодинамикалық жүйе, ол үш фазадан тұрады – мұз, су және судың буы. Судың термодинамикалық диаграммасында үш қи- сық бір нүкте бойында жуысады. Оларды үштік деп атайды. Үштік 611 Па қысымында термодинамикалық температураны – 273,16 К есептеудің бастапқы (реперлі) нүктесі. Фазалық тепе-теңдік дегеніміз

– тұйықталған термодинамикалық жүйе, ол қысымы, температурасы мен химиялық мүмкіндігі біртекті екі немесе одан да көп бірігіп әре- кет ететін фазалардан тұрады. Бір фазадан екінші фазаға, мәселен, балқытылғанда, кристализацияланғанда және буланғанда фазалық ауысу (фазалық өзгеру) жүзеге асады. Бұл жағдайда энергия, энтро- пия (жылу алмасудың өсу бағыты) және басқа да термодинамикалық функциялар қарғу арқылы өзгеріске түседі. Оған температура мен қысымның тұрақтығы жағдайында фазалық ауысудың жылуын жи- нақтап немесе бөліп отыру керек. Мысал ретінде барлық агрегаттық өзгерістер мен кристалдық модификациялық өзгерістерді - металдар мен қорытпалардың балқу және суу үдерісін келтіруге болады.

Екі реттік қорытпалардың кристаллизациясы, солидус және лик- видус желілері, доэвтективті, эвтективті және заэвтективті болаттар туралы қосымша мәліметтер 2.1-тараушасында сөз етіледі.

Нақты кристалдардың ауытқулары.

Нақты кристалдардың құрамында ауытқулар болады. Бұл ауытқу- лардың мөлшері мен типтері кристалл заттардың кейбір қасиеттері- не ықпал етіп отырады. Кей жағдайларда бұл ықпал күшті болса, осы құрылымдық ұасиеттердің кейбіреулерінің практикалық маңы- зы өте жоғары болады (мәселен, металды нығайтады). Нақты кри- сталдардың құрылымындағы ауытқулар әртүрлі болады. Оларды нүктелі, сызықтық және үстірт ауытқулар деп бөлуге болады. Қара-

пайым және маңызды ауытқу –
нүктелі ауытқу

– тордағы бос түй- індер немесе вакансия (бос орындар) (сурет 1.5,

а

) және түйіндер арасындағы атомдар.

Мұндай ауытқулардың болуы тордағы жекелеген атомдар немесе иондарда оны берілген температурадағы орташа мәнге айналдыра- тын энергиясының болатындығына байланысты. Мұндай атомдар басқаларға қарағанда қарқынды тербеліп, бір орнынан екінші орынға, мәселен, тордың түйінінен түйіндер арасына оңай ауыса алады. Түйіннен шыққан атомды

дислокацияланған
(орналасты- рылған) деп (сурет 1.,5,

б ), ал оның бұрынғы орналасқан орнын ва- кансия деп атайды. Кез келген сәтте вакансиямен көрші орналасқан атом сол вакансияның орнына тұрып, өз орнын басқа атомдарға не- месе жаңа вакансия үшін босатып бере алады. Сөйтіп, вакансия бір орыннан екіншісіне ауысады. Нүктелі ауытқулар жартылай өткізгіш материалардың қасиеттеріне үлкен әсер етеді.

Құрылымдағы
сызықтық ауытқулар

дислокациялар
деп аталады. Дислокацияның ең қарапайым түрі –
шектік дислокация

деп аталады. Шектік дислокация тордағы басы артық жазықтықтың (экстражазықтық) шегі (сурет 1.5, в ). Дислокациялар кристалдардың түзілуі мен өсуі барысында туындайды. Сақтық шараларын барын- ша мұқият сақтағанда да, өсіп жатқан кристалдың құрамында дисло- кациялардың мөлшері жеткілікті болады. Сондай-ақ, олардың мөл- шері механикалық күш түскенде көбейе береді. Бұл кристалл құрамында ішкі кернеудің туындауына әкеп соқты- рады. Нүктелі ауытқулар секілді дислокациялар  қозғалмалы бола-

Сурет 1.5 Кристалдардың ауытқулары а

– вакансиялар;

б

– дислокацияланған атом;

в

– шеткі дислокация

ды. Олардың қозғамалығы әсіресе металды кристалдарда көбірек көрінеді. Металдардың механикалық қасиеттері дислокациялардың тығыздығына (яғни көлеміндегі бірлігінің мөлшеріне) және кри- сталл құрамында орын алмасу қабілетіне тікелей байланысты. Үстірт ауытқулар кристалл дененің үстіңгі бетінде немесе кри- сталдардың шекараларында болады. Бұл ауытқу әртүрлі нүктелі және сызықтық ауытқулардың көп мөлшердегі жиынтығын біл- діреді.

Металдардың құрылымын зерттеу . Металдардың құрылымын зерттеу – визуалды, ешқандай аспапсыз немесе микроскоптар, үлкей- тетін (10 есеге дейін) шынылар мен басқа да құралдарды пайдалана отырып, жүзеге асырылады. Оны

макроталдау деп атайды. Мәсе- лен, лупаның көмегімен балқыту арқылы жасалған бөлшектердің сынықтарының сипатын, олардың түйіршіктілігін, жарықтарының, бөгде қоспалардың, бос орындардың болуын анықтап, қалыптау арқылы дасалған бөлшектерде қылаулар, жарықтар, созылмалар, жылжу, тесіктер т.б. болуы мен өлшемін анықтауға болады. Бұны, міне, макроталдау деп атаймыз. Сонымен қатар, металдың құрылымы мен құрамындағы айталық, күкірттің болуын фототаңбалар арқылы анықтауға болады. Бұл үшін үлгінің болат тілімтасын дайындайды. Тілімтас алдымен ысылып, содан кейін тегістеледі. Одан ары оның жазықтығын сақтай отырып, майын кетіріп, сосын күкірт қышқылының әлсіз ерітіндісін қоса отырып, жарық түсірілген фотоқағазды бекітіп, біраз уақыт шет- ке қойып қояды. Фотоқағазда тілімтастың құрылымының таңбасы не ізі түседі. Осындай тәсілмен үлгінің үстіндегі күкірт пен оның қоспаларын анықтауға және орналастыруға (айыруға) болады. Се- бебі фотоқағаздың үстінде күкірт қара дақтар түрінде көрінеді. Үлгіні дайындау тәсілін өңдейтін құрал-жабдықтың белгілеріне қарай анықтауға болады. Микроскоп арқылы металдарды мұқият зерттеу барысында орын- далатын терең зерттеулер

микроталдаулар деп аталады. Мұндай зерттеулерді арнайы үлгілерде – сәйкес материалдардан жасалған

тілімтастарда жүзеге асырылады. Ол үшін үлгінің жазық дайын- дамасын тегістеп, барынша жылтыратады (

R

α кедір-бұдырлық пара- метрлері – 0,100 мкм), сосын майдан тазартып, микроскоп арқылы мұқият зерттейді. Зерттеліп отырған металдардың микроқұрылысы химиялық белсенді заттармен өңдеп (алдын ала өңделгеннен кейін),

микрорельефті құрып және құрылымдық компоненттерін әртүрлі түске бояп, оларды жарықта сәулеленетін нысандарға айналдырып, зерттейді. Лабораториялық жағдайларда жарыққа сәуле түсіріп, микроскоп- тың көмегімен металдың құрылымын және оның жылулық, механи- калық, басқа да әсерлерден кейін өзгеруін мұқият қарастыруға бо- лады. Мұндай микроскоптың арнайы сәуле түсіретін жүйесі болады және металдар мен қорытпалардың микроқұрылымын көп дәреже- де үлкейтіп (2000-ға дейін) суретке түсіріп, зерттеу кезінде қолда- нылады. Электронды микроскоп миллион есе үлкейтуге қабілетті.

Спектралды талдау зерттеліп отырған объектіні шығару спектрі (эмиссиялық талдау), сіңіру (адсорбциялы талдау), жарықты комби- нациялық шашырату мен люминесценциялау бойынша сапалы және сандық бағалауға мүмкіндік береді. Спектралды талдау басқа талдау түрлерінен жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді. Сондықтан өн- дірістің әртүрлі салаларында қолданылады.

Рентгеноспектралды талдау рентген сәулелерінің дифракци- ясына негізделіп, металл, қорытпалар мен минерлардың кристалл торларының типтері мен сипатты өлшемдерін, сондай-ақ олардың ішкі кернеу құрамында орналасу қалпын анықтауға мүмкіндік бе- реді. Рентгеноспектралды талдаудың көмегімен талшықты матери- алдардың, аморфты және сұйық денелердің құрылымын зерттеп, ге- терогенді (біртекті емес) жүйелердің сандық және сапалық фазалық талдауын жүргізіп, олардың құрамындағы әртүрлі кристалл фаза- лардың мазмұнын анықтауға болады.

Электронды-оптикалық талдау электрондарды заттармен шашырату, бейнелеу және сіңіруге негізделіп, электрондардың шоғырының көмегімен 10

6

есеге дейін үлкейтілген, ең үлкен энерги- яға дейін (30...100 кэВ-ке дейін) объектінің бейнесін бақылауға және суретке түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жекелеген атомдық жазықтықтардың бейнесін алып, зерттеуге және металдар мен қо- рытпалардағы, кристалл құрылымындағы дислокацияларды анықта- уға болады. Басқа зерттеулер мен сынақтар (мәселен, металдардың қат- тылығын Бринелл тәсілімен анықтау) 2.4-тараушада сөз етілетін бо- лады.

1.3.

МОНОКРИСТАЛДЫ МАТЕРИАЛДАР

Қазіргі заманғы техникада өздерінің қасиеттері жағынан өте жоға- ры деңгейдегі (дәстүрлі материалдармен салыстырғанда) жаңа мате- риалдарды қолдану талабы күшейіп келеді. Мұндай материалдарға үздіксіз кристалл торлары бар бірлі-жарым кристалдар түріндегі монокристалды материалдарды жатқызуға болады. Монокристал- дар

табиғи
және
жасанды

болып бөлінеді. Табиғи монокристал- дарға кварц, тасты тұз, флюорит т.б. монокристалдары жатады. Та- биғи қорлар монокристалды материалдарды талап етілген сапа мен көлемге сәйкес жеткілікті деңгейде заманауи өндірілуін қамтамасыз ете алмайды. Табиғи монокристалдар өте қымбат әрі қолжетімді болмайды. Ғалымдар монокристалдарды жасанды жолмен өндіру тәсілін ойлап тапты. Бұл тәсілдің ең негізгілері – балқытпалар мен ерітінділерден монокристалды материалдарды алу тәсілі.

Балқытпалардан монокристалдарды өндіру технологиясына шолу жасап өтелік. Балқытпадан кристалл алу үшін затты балқы- тып, содан кейін суыту керек. алайда металдарды өндірістік жағдай- да дәл осылайша балқытады: металды балқыту немесе құюдың бар- лық үдерістері – балқытпадан поликристалды металды алу арқылы кристаллизациялау тәсілі болып табылады. Монокристалды алу үшін кристаллизация балқытпаның бүкіл көлемінде емес, тек аз ғана бөлігінде жүзеге асуы қажет. Оның есесі- не, өсу жылдамдығы сағатына бірнеше сантиметрге жету керек. Үл- кен монокристалдарды өндірудің бірнеше тәсілі белгілі. Олардың ішінде жиі қолданылатынын ғана қарастырып көрелік. Яғни қажетсіз қысым мен біртектілікті болдырмау үшін отбақырды қолданбастан, өңдеу тәсіліне назар аударалық. Бұл жағдайдың өзінде монокристал- дарды көпқырды етіп өндіру мүмкін емес, себебі айналу, жылудың бөлінуі мен басқа да себептер оған еркін өсуге кедергі келтіреді. Балқытпалардан металдардың монокристалдары, жартылай өт- кізгіштер мен оптикада пайдаланылатын мөлдір кристалдар т.б. өн- діріледі. Бұл жағдайда салмағы 80 кг әбден жетілдірілген, біртекті, таза монокристалдар алынады. Техникада қолданылатын қарапайым металдардың құрылымы – поликристалды болып келеді. Бірақ, заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен монокристалды металл өндіруге үйренді. Поликристал- дарға қарағанда, монокристалдар мықты, оңай деформацияланып,

жылдам сына қоймайды, химиялық әсерлерге әлдеқайда төзімді ке- леді. Монокристалдардан құймалар, пластиналар, трубалар, сымдар, ленталар мен басқа да кәсіби өнімдер жасалады. Молибден мен вольфрамның монокристалдарын пайдалану электрвакуумды аспап- тардың қызметін он немесе жүз есе күшейтуге сеп болды. Темір, молибден, вольфрам мен магнийдің жетілдірілген және таза монокристалдары жоғары икемділік қасиетке ие. Бұл түйін- дердің қалың металл өзектерін байлауға мүмкіндік береді. Алюми- ний, цинк, висмут, қорғасын, темірдің монокристалдары атомды техникада монохроматорларды өндіру және нейтрондарды поля- ризациялау үшін қолданылады. Газ турбиналы авиациялық қозғал- тқыштардағы турбинді қалақтар күрделі жағдайларда жұмыс жа- сайды: газ ағынының жоғары және күрт өзгергіш температуралары, күрт ауысып отыратын қуатты қысым. Бұл жағдайда поликристалл материалдан жасалған қалақтар салыстырмалы түрде жылдам бұзы- лады. бұзылу түйіршіктердің шекараларынан басталады. Монокри- сталды қалақтар поликристалды қалақтармен салыстырғанда, 6-7 есе мықты әрі төзімді болып шықты. Алайда монокристалды материалды бұрыннан таныс тәсілдер- мен (кесу, қалыпқа салу, жұқарту т.б.) өңдесе, оның салмағының көп бөлігі қалдыққа кетіп, қолдану тиімділігі айтарлықтай төмендейді. монокристалдарды дайын өнімдер түрінде өндіру тәсілі ұсынылды. Бұл тәсіл ары қарай өңдеуді қажет етпейді. Аталған тәсіл бастапқы заттың 5-түтікшенің үстіне тесіктері бар тілімше пішінді 4-түтік- ше қойылады (

сурет 1.6 ). Тілімше материалдары балқытпамен өза- ра әрекетке түспейді, ал тесігінің формасы мен өлшемдері 3-түтік- шенің тесіктерінің мөлшері мен көлемі секілді болашақ өнімге сай болады. Балқытпа түтіктің ішінде тұтасу күші арқылы сақталып, түтікше көтерілгенде оның артынан созылып, 2-мұздатқыштың ай- мағына түсіп, қатаяды. Яғни 1-өнімге айналады. Осылайша 10 м/сағ жылдамдықта монокристалды және поликристалды кескінделген өнім өндіріледі. Осы тәсілмен металдан басқа лағыл, жақұт, корунд секілді зат- тар өндіріледі. Оның негізі – алюминий оксиді. Ұсақталған корунд түрпілі материал ретінде, қызыл лағыл сағаттардың тірек тастарын, хронометрлер мен аналитикалық таразыларды т.б. жасау үшін қол- данылады. Қызыл лағыл лазер дайындауда қолданылады. Мұнда ол сәулелі шоғырды энергияны сақтау заңын бұзбастан күшейтеді. Се- бебі сәулелі шоғыр хром құрамындағы атомдардың қоспаларының

лағылдың кристалдарындағы электронды ауысу арқылы күшейеді. Қазіргі заманауи лазерлердің қуаты миллиард ваттқа дейін көтеріліп, сәулелі шоғырды ғаламшарларға жіберуге, одан ары ғарыш кемелері мен серіктерге бақылау жасап отыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ лазер металдар мен басқа да материалдарды өндірісте өңдеу үшін қолдануға мүмкіндік берді. Лағылдың кристалдарынан басқа лазер- лерде влюорит, анартас, галиий арсениді т.б. пайдаланылады.

Лағылдың кристалдары балқытпалардан
Вернейл тәсілі бойын- ша

тік типті қондырғылардың түтіндерінде өсіріледі. Алюминий оксидінен алынған опа түріндегі ұнтақ үздіксіз жіңішкелеп оты- рып, температурасы 2 000°С-тан жоғары шатырлауық газға (суте- гі мен оттегінің қоспасы) араластырылады. Мұнда ұнтақ балқып, ұсақ тамшыларға айналады. Балқытпаның тамшылары түтікшеге түсіріліп, қатып, кристаллизацияланады. Дәл осылайша, ұзындығы 1 м-ге және салмағы бірнеше килограмм болатын жақұттың, лейко- жақұттардың (бояғыш қоспаларына қарай) кристалдары да дайын- далады. Көлемі үлкен лағылдардың кристалдары кристаллизация тәсілімен өсіріледі. Қаттылығының жоғары деңгейі, жалтыратуға қабілеттілігі мен мінсіз құрылымына қарап, жақұтты жартылай өткізгіш аспаптарды өндіруде әртүрлі үлдірлерді өсіру барысында төсеніш ретінде пай- даланады.

Сурет 1.6 Кескінделген кристалдарды өсіру

1

– өнім;

2

– мұздатқыш;

3

– түтік;

4

– тілікше пішіні;

5

– бастапқы заттың балқытпасы,

– тілікше пішіннің айналу бағыты;

– кристалдарды тарту бағыты.

Кварцтың (тау хрусталы) кристалдары да арнайы қондырғылар көмегімен жасанды жолмен өсіріледі. Бұл материалдың бірқатар құнды физикалық қасиеттері бар, ол көзге көрінетін және көрін- бейтін ультафиолетті (УФ) сәуле астында мөлдір түсті береді. Сон- дықтан, мөлдір кварцтан линзалар, призмалар мен басқа да опти- калық аспаптар жасалады. Кварцтың пьезоэлектрлік әсері (егер кварцты қатты сығып немесе өрістің бағытына қарай созылғанда, оның қырларында электр зарядтары туындайды) жоғары. Кейде кері пьезоэлектрлі әсері болуы да мүмкін (электр өрісін қосқаннан кей- ін кварцтың кристалдары сығылып немесе өрістің бағытына қарай созылады). Кварцтың тілікшелеріне ауыспалы электр зарядтарымен әрекеттестіру барысында кері әсерді пайдалану кезінде ол мерзімді түрде сығылып, созыла бастайды, яғни тербеледі. Тілікшелерге кварцты қосқанда, ультрадыбысты (УД) жиілік тербелісіе УД-гене- раторлар түседі. Оның жиілігі УД-тоқындар аз сіңіріліп, суда жыл- дам бөлшектенуімен тиімді. Осылайша эхолот жасалады. Оның көмегімен суасты нысандары табылып, олардың тереңдігіне дейінгі арақашықтық, суасты тереңдігі өлшенеді. Пьезоэлектрлі әсер тек кварцта ғана емес, басқа да кристалл зат- тарда байқалады. Мәселен, сегнет тұзында, барий титанатында, ка- лий дигидрофосфатында, аммонийде т.б. байқалады. Пьезоэлектрлі тілікшелері бар аспаптар қабылдау және хабарлау радиостанцияла- рының жиілігін тұрақтандыру үшін радиотехникада пайдаланыла- ды. Олар қысымның өзгеруін жылдам әрі нақты белгілеп, дыбысты жарыққа шығару, жазу және беру үшін кеңірек пайдаланылады. Кварц – табиғаттағы кең таралған минералдардың бірі. Оның әра- луан түрлері – яшма, жылтыр тас, шақпақтас, күлгінтас, халцедон және тау хрусталы. Алайда табиғат бүгінгі техниканы кварцпен қа- жетті мөлшер мен сапаға сай жеткілікті деңгейде қамти алмайды. Кварц қалыпты жағдайда суда, қатты еріткіштер мен қышқылдар- да ерімейді. Ерігіштік қасиеті тек қана температураны жоғарылату арқылы арттыруға болады. Ал су ерітінділерде атмосфералық қысым барысында оны тек 100°C-қа дейін жоғарылатуға болады (жоғары температурада су қайнап, буланып кетеді). Сондықтан, кварц кристалдары гидротермалды тәсілмен өсіріледі. Ол 300...350°С тем- пературада және 200 МПа-ға дейінгі (2 тыс. атм) қысымда

2

тәулігін- де бірнеше ондыққа дейінгі жылдамдықта жүзеге асырылады. Бұл

2

Па = 10 5 бар = 9,81 ■ 10 6 атм; 1 бар = 1 ■ 105 Па = 0,98 атм = 0,1 МПа.

табиғаттағы үдерісіне қарағанда айтарлықтай жылдам өрбиді деген сөз. Бастапқы шикізат ретінде ұсақталған не ұнтақталған кварцты пайдаланады. Ол ыстық сілтіде еріп, буланып, суытылған кезде квар- цты түтік ретінде түбіне шөгеді. Нәтижесінде кварцтың кристалда- ры кез келген мөлшерде, әрі таза және біртекті болып өсіріледі.

1.4.

СҰЙЫҚ КРИСТАЛДАР

Сұйық кристалдар (СК) – кейбір органикалық заттардың ерекше күйі. Олар сұйықтықтың реологиялық қасиеттеріне (созылыңқылық) ие болады, бірақ молекулаларын орналасуы ретті, әрі кристалдарға тән кейбір қасиеттерінің анизотропиясы байқалады. Сұйық кристал- дар молекулалары ұзартылған таяқша тәрізді пішінді болып келген, сызықтық және циклдың атомдық топтамасы бар заттарды түзеді. Молекулалардың мұндай формасы олардың өзара төсеніштерінің параллелдігін анықтайды. Бұл СК құрылымының негізгі белгісі бо- лып табылады. Аталған күй тек молекулалары күрделі кейбір орга- никалық заттарға тән болады. Мәселен,

холестерилбензоат синтети- калық зат.

Көпшілік заттар тек қана үш агрегатты күйде бола алады: қат- ты, сұйық және газ түріндегі. Сұйық кристалдар – заттың агрегат- ты аралық (қатты кристалл мен сұйықтықтың қасиеттері) ерекше күйі. Кейбір заттардың сұйық кристалды күйі (

мезофазалар ) олар балқығанда байқалады. Нәтижесінде кристалдың балқу температу- расынан сұйық кристалды фазаға кәдімгі сұйықтыққа өтудің жоғары температурасына дейінгі аралығында сұйық кристалды фаза қалып- тасады. Балқу барысында сұйық кристалды фазаның түзілуі – СК- дың қалыпты сұйықтықтардан басты айырмашылығы болып табы- лады. Кәдімгі сұйықтық секілді СК созылыңқылық қасиетіне ие бо- лады. Олар өзі құйылатын ыдыстың формасын қабылдайды. Бұл – оларды баршаға таныс кристалдардан ерекшелеп тұратын қасиет. Алайда оларды сұйықтықпен біріктіретін осы қасиетіне қарамастан, СК кристалдарға тән қасиеттерге ие бола алады. Бұлар – кристалл түзетін

молекулалардың кеңістікте ретті орналасуы . Ол кәдімгі кристалдардағыдай толыққанды болмаса да, СК-дың қасиетіне әсер етіп,  кәдімгі  сұйықтардан  осылайша  ерекшеленіп  тұрады.  Бұдан

шығатын қорытынды – СК-да қатаң кристалл торлар болмайды, сон- дықтан СК-дар кәдімгі сұйықтық секілді болып, сұйықтықаққыштық қасиетке ие болады. СК-ды кәдімгі сұйықтыққа ұқсататын қасиеттердің бірі – мо- лекулалардың кеңістікте бейімделуінің реттілігі. Мұндай реттілік, мәселен, СК молекулаларының ұзынша формасының ұзартылған өсі біркелкі болып бейімделуінен көрінеді. Молекулалардың бөлінуінің басқа да күрделі нұсқалары болуы мүмкін. СК молекулаларындағы өстердің бейімделу түріне қарай мынадай түрлері жіктеледі: немати- калық, смектикалық және холестеринді.

Нематикалық СК -дың құрылысы ретті болады, олардың моле- кулалары – параллель болғанмен, өзінің өсінің бойымен бір-бірі- не ерікті арақашықтықта орналасады.

Смектикалық СК
-дың мо- лекулалары қатпарланып орналасады.
Холестеринді СК

өзінің құрылысына қарай нематикалық СК-ға ұқсайды, бірақ олардан мо- лекулаларының ұзын өсіне перпендикуляр бағытта шиыршықталып орналасуына қарай ерекшеленеді. Олар техникада СК-дың қасиеттерінің сыртқы әсерлерге тәуел- ділігіне қарай қолданылады. Қазіргі таңда СК-дары бар қондырғылар ақпаратты бейнелеу аспаптарында кең қолданылады. Осындай қондырғыларды жаппай ендіру басымдықтары зерттеу шараларына қарай және мезаморф- ты фазаларының (мезофаза) игерілуіне қарай әрқилы және кең мас- штабты (термометрлерден теледидарларға және басқа да аспаптарға дейінгі) болып келеді.

Сурет 1.7 Оптикалық ұяшық

1

– шыныдан жасалған тілікшелер;

2

– изоляторлар;

3,5

– мөлдір электрод- тар,

4

– сұйық кристалл

СК-ды техникада пайдалану жолымен таныса отырып, біз көпте- ген қондырғыларға индикаторлық элемент болып табылатын опти- калық ұяшықты қарастырайық. Оптикалық ұяшық дегеніміз –

4

СК қабаттарынан тұратын (
сурет 1.7
), бір-бірімен екі изолятор

2

және шыныдан жасалған тілімшелері

1

арқылы біріктірілген қондырғы. Диэлектриктен (шыны, полимер) дайындалған тілімшелерге тоқ өткізгіш мөлдір бірікпені (қалайы диоксиді) жағады. Егер екі тілік- шенің де

3

және

5

мөлдір электродтары болса, мұндай ұяшық әлсіз сәулеленіп, екіншісі мөлдір болмаса, бейнеленіп жұмыс жасайды. Сағаттарда цифрлық индикациясы бар СК-да жүздеген оптика- лық ұяшық болады. Олардың электродтары цифр түрінде орындала- ды, ал белгілі бір цифрларының ендірілуі электр сигналдарын беру кезінде ұяшықтарының комбинациясына сай жүзеге асырылады. СК-дағы индикаторлардың басқа типтерден айырмашылығын бай- қап көрелік. Егер әдетте, ақпаратты бейнелейтін қондырғыларда, мәселен, кәдімгі теледидардың экранында, оның орналасқан жерінде сәуле әлсіз болса, беретін бейнесі де айқындала түссе, СК-дардағы қонды- рғылар керісінде болады. Экрандағы ақпарат жарықтандыру жоғары болған сайын жақсырақ көрінеді. Сондықтан СК теледидарларды жарық бөлмеде көре беруге болады. Электр сигналдарын бір немесе жүздеген ұяшықтарға жеткізу қиындық тудырады. Алайда миллиондаған оптикалық қяшықтар қолданылатын теледидар экраны үшін әрбір оптикалық ұяшыққа басқарушы қысымды жеткізу – қиын мәселе. Әрине, шешімі та- былды. Ғалымдар бір емес, бірнеше ұяшықтарды басқарудың тоқ өткізгіш арналарын ойлап тапты. Параллель және өзара перпенди- куляр өткізгіштер арқылы әрбір оптикалық ұяшықты жалғастырған- да, квадрат тор түріндегі қондырғы немесе матрица –

матрицалық дисплей
құрастырылды (
сурет 1.8

). Матрицалық жүйе басқарушы өткізгіштердің мөлшерін азайтуға айтарлықтай әсер етті. Сөйтіп,

1

дисплейдің миллиондаған ұяшықтарын басқару үшін екі миллион өткізгіштердің орнына небәрі екі мың жеткілікті болады. Бір-бірімен шиыршықталып жатқан өткізгіштер – электродтар арқылы берілетін басқарушы сигнал ұяшықтар өздерінің күйін екі электродқа да қысым жіберілгенде ғана өзгереді (сурет 1.8, а

). Ма- трицаның сипаттамасын

2

микросызбаның әрбір сұйық кристалды элементтерін рет-ретімен қосу арқылы жақсартуға болады.

Сурет 1.8 Матрица: а

– микросызбасыз;

б

– микросызбасы бар;

1

– дисплейдің ұяшықтары; 2 – микросызбалар

Бұл жағдайда ондаған микросекундқа дейін қосқанда, ал өшір- генде миллисекундқа дейін жеткізгенде жылдам әрекет байқалады. Теледидар экрандарынан басқа СК компьютерлердің монитор- ларын, электронды ойындардың дисплейлердің, калькуляторы бар сағаттар мен сөздіктерді, қажетті ақпараттардың үлкен жиынтығы бар оятқыш сағаттарды т.б. құралдарды дайындау барысында пай- даланады. Айталық, дәнекерлеушінің бетпердесін (қалқаншасын) жұмыс кезінде пайдалану – өте ыңғайлы. Себебі бетпердедегі күңгірт шы- нының орнына аралық қабаттары бар екі жарық СК пайдаланыла- ды. Электр доғалар ысыған кезде СК молекулалары фотоэлементтің сигналына сай айналып, тіптен сәуле өткізбей қалады. Дәнекерлеуші доғаға үйреншікті күңгірт шыныдан қарағандай қарайды. Дәнекер- леу аяқталған соң фотоэлементтің сигналы бойынша СК молекула- лары бастапқы күйіне оралады. Яғни бетпердедегі шыны не терезе мөлдір болады. Қараңғыдан жарыққа шығу және керісінше небәрі жүзден бір секундқа созылады. Көз үшін бұл – бір сәтттік. Жарықты әрекет етіп тұрған сұйық кристалды ұяшықтардың мөлшерін өзгер- ту арқылы реттеп отыруға болады. СК көбінесе жарнама қондырғы- ларында пайдаланылады.

1.5.

МЕТАЛДАРДЫҢ КЕЙБІР ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Металдардың ортақ (физика-механикалық) қасиеттері – негізінен бүкіл материалдарға тән қасиеттер: тығыздығы, балқу температура- сы, сызықтық (немесе көлемдік) кеңеюінің температуралық коэффи- центі, жылу өткізгіштігі т.б.

Тығыздық

– заттардың көлемінің салмақ бірлігі, ол килограммен кубтық метр арқылы (кг/м

3

) өлшенеді. Тығыздығына қарай жеңіл металдарға – магний (1 740 кг/м

3

), бериллий (1 820 кг/м

3

) және алю-
миний (2 700 кг/м

3

), ал ауыр металдарға – платина (21 499 кг/м

3

алтын (19 500 кг/м

3

), вольфрам (19 300 кг/м

3

) және ең ауыр осмий (22 500 кг/м

3

) жатады. Қалған металдар тығыздығына қарай жеңіл және ауыр материалдар арасында тұрады. Металдың тығыздығын оның техникада қолдану, сондай-ақ алу мен өндіру ерекшелігіне қарай анықталады. Сөйтіп, мұндай металдар мен қорытпалар ави- ақұрылысында кең қолданылады. Себебі бұл құрылыста бұндай ме- талдардың салмағы – минималды болады. Алтын мен платина та- биғатта таза күйінде кездеседі және тығыздығы жоғары болып, шаю арқылы алынады. Тығыздығы арасында айтарлықтай айырма бола- тын металдардың қорытпалары кейбір қиындықтарымен ерекшеле- неді. Себебі жеңіл металдар қорыту кезінде қалқып шыққыш болып, компоненттерін бөлудің тепе-теңдігі бұзылады.

Балқу температурасы

– ысытылған материал қатты күйінен сұйық күйге өтетін температура. Осы температура қату температу- расы болып саналады.

Сызықтық (немесе көлемдік) кеңеюдің температуралық коэффи- центі – 1°C ысыту кезінде дененің ұзындығына немесе көлеміне қа- рай ұлғаюы. Бұл коэффицент сызықтық немесе көлемдік болуына қарай, жылулық кеңеюге сипаттама беру кезінде

а, К -1

сызықтық кеңеюдің температуралық коэффицентін (СКТК) пайдаланамыз.
Жылуөткізгіштік

– заттардың жылуды өткізу қасиеті, λ, ВТ (м ∙ К) жылу өткізгіштік коэффицентімен сипатталады.

Жылусыйымдылығы

– заттың 1°C-қа ысуы үшін қажетті жылу мөлшері. Жылусыйымдылығы ысыту температурасының өзгеруіне қарай өзгеріп отырады. Сондықтан анықтамалықта әдетте жылу- сыйымдылықты белгілі бір температура интервалын белгілеу үшін сипаттайды.

Газ сіңіру қабілеті

– металдың сұйық күйінде газты сіңіру және еріту қасиеті. Металл суыған кезде газдың ерігіштік дәрежесі төмендейді, алайда газдың кейбір мөлшері металдың қатпарларында қалып қойып, газ тесіктері, қабыршақтық пен басқа да ауытқулар пай- да болып, материалдың сапасы төмендейді. газдарды тазарту және сұйық металды (қорытпа) тотықтыру үшін оған тотықтандырушы металқоспалар (металл алюминий) ендіріледі. Олар оттегі мен азотқа өте жақын болып келеді.

Реакция нәтижесінде металға қарағанда тығыздығы азырақ оксидтер мен алюминий нитридтері түзіліп, қоқысқа айналады. Мыс пен мыс қорытпалар фосфордың оттегіне өте жақындығын негізге ала отырып, фосфорлы мыс құрамында тотығады. Бұл – өте маңызды, себебі қалыпты тотыққан мысты қысыммен барынша аз қалдық шығара отырып, өңдеуге болады. Тотықтандыру оксидтерін металмен салыстырғанда қалдық түрінде жеңіл қалқып шығу нәтижесі деп айтуға болады.

Электрлік кедергі

– электр шынжырындағы электр зарядтарының қозғалысындағы қарама-қайшылықты көрсететін шама.

Материалдардың
магнитті қасиеттері

– ең алдымен, олардың магниттелу қасиеті арқылы анықталады.

Сонымен қатар, металдарды сипаттау үшін олардың
электронды құрылымының

ерекшеліктерін ескеру керек. Атап айтсақ, сыртқы электрон қабатындағы электрондардың аз мөлшерін (көптеген металдардың атомындағы 1-ден 3-ке дейінгі электрондар); осы электронды тұрақты күйге өтуі үшін пайдалануын және соның салдарынан, ерекше хиимиялық құрамы –

металдық байланысын (көбінесе валентті электрондардың металл заттың бір-бірімен байланысқан атомдарынан және метал мен қорытпалардың құрылысына әсер ететін металды кристалл торлардың түзілуінен көрінеді).

Механикалық қасиеттері

– материалдың созылу, сығу, қисайту және басқа да күштерге қарсы тұра алу қасиеттерінің жиынтығы. Оларды статикалық, динамикалық, циклдық, мерзімді деп бөледі. Ең басты механикалық қасиеттер – қаттылығы, иілгіштігі, мықтылығы, соққыға тұтқырлығы.

Әрбір металдың өз түсі болады. Басқа металдардан ашық-қызыл түсімен мыс және сары түсімен алтын ерекшеленіп тұрады. Басқа металдарды бір-бірінен  тек  арнайы  дағдыларды  иемденгенде ғана ажыратуға болады. Мәселен, қола мен бериллий қоласы түсі

жағынан алтынға ұқсайды, бірақ біртүрлі қызғылтық реңкі болады. Жезді алтынмен шатастыруға болады. Ақ түсті алтын, платина, кадмий, сынап, сүрме – көкшіл-ақ түсті, висмут – ақшыл қызғылт түсті болса, қорғасын мен күшәннің түсі – қоңырқай болады. Көптеген металдар ауада тотығып, қарая алады. Алтын, платина, күміс секілді металдар ауада тотықпайды. Күміс күкірттің қасында қалса, күңгірттеніп кетеді. Алюминий мен оның қорытпалары ауада жұқа оксидті қабыршаланып, ұзақ уақыт бойы қоңырқай түсін сақтай алады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

2-тарау МАТЕРИАЛДАРДЫ ТЕРМИЯЛЫҚ, ХИМИЯ-ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ ТӘСІЛДЕРІ

2.1.

ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ КҮЙІНІҢ ДИАГРАММАСЫ

3

Өндірісте  қолданылатын  металдардың  көпшілігі  қорытпалар немесе қоспалар болып табылады. Машина жасау құрылысының негізгі  материалдары  –  темірдің,  ең  бірінші  кезекте,  болаттың қорытпалары. Болат – темірдің көміртекпен және құрамында 2% көміртек  болатын  басқа  да  элементтермен  қоспасы.  Көміртек  – болаттың маңызды қоспасы. Оның мөлшерінен болаттың тығыздығы, мықтылығы, қаттылығы мен икемділігі тікелей байланысты. Темір мен көміртектен басқа болаттың құрамына кремний, марганец, күкірт пен фосфор кіреді. Бұл қоспалар әдетте болаттың құрамына балқыту барысында  түсіп,  оның  маңызды  әрі  ажырамас  компоненттеріне айналады.  Қорытпаның  жекелеген  компоненттерінің  қасиеттерін біле тұра, оның қасиеттерін дөп басып айту қиын. Қорытпалардың ортақ физикалық және химиялық қасиеттері мен белгілі бір нақты жағдайларда  қолдану  мүмкіндіктері  туралы  қорытпа  қатқаннан кейін типі мен құрамына талдау жасау арқылы сипаттама беруге болады. Температура мен құрамына қарай қорытпада орын алатын өзгерістерді        көрнекі                дәлелдеу                үшін        қорытпалардың        күйінің диаграммасын қолдануға болады. Мәселен, қазіргі таңда техникада 12 мыңнан астам темір қорытпалары, әсіресе, болаттар қолданылады. Құрамында        2,14%        көміртек        болатын                темірге        негізделген қорытпалардың  бірі  –  шойындар.  Әсіресе  құрамында  3...3,15% көміртек  болатын  шойындар  кең  қолданылып  жүр.  Қорытпада 6,67%  көміртек  болса,  FE C  химиялық  қосындысы  –  цементит (темір карбиді) түзіледі. Ол шойынның маңызды компоненті болып табылады.  Сондықтан,  темірдің  әртүрлі  қорытпаларына  зерттеу жасау үшін темірдің күйінің диаграммасы – көміртек пайдаланылады.

3

3

Диаграмма көміртекпен қорытпаны түгел қамтымайды, тек 6,67% көміртектен тұратын қорытпаларды сипаттайды. Себебі басқа қорытпалардың практикалық маңызы төмен болады. Қорытпаның құрамының өсінде әдетте, екі шкаланы келтіреді: көміртектің қорытпадағы салмақты мөлшері – 0...0,67% (сурет 2.1) және қорытпа құрамындағы цементиттің мөлшері – 0...100% FE C, яғни диаграм- маның сол жақтағы өсі таза темірге (100% FE), ал оң жақтағы өсі – таза цементитке (100% FE C) сәйкес келеді.

Fe 0,83
2,14

4,3

Рис. 2.1. Диаграмма состояния сплавов железо-углерод:

3

α γ

нии ограничения области твердого раствора углерода в a-железе (Fea) соотγ

вет¬ственно при высоких и низких температурах;

AHJECF, ABCD

— кривые темпе¬ратур начала плавления твердых сплавов и кристаллизации жидкого сплава;

NJESG

— линия, ограничивающая область аустенита

А

— твердого раствора углерода в Fe ;

А, s, L

— стандартные точки диаграммы;

Ж

— жид- кий расплав;

А

— аустенит;

Ф

— феррит;

Ц

— цементит;

П

— перлит;

Л

— ледебурит

Қалыпты температурада болат мынадай құрылымдық бөлшектерден тұра алады: Эвтетика мен эвтектоид – мағынасына қарай бір-біріне ұқсас ұғымдар (грек тіліндегі

eutektos
және
eudos

– тез балқитын

) болғанмен, эвтектика – балқытпадан (сұйық ерітінді) түзілетін тез балқитын қоспа болса, эвтектоид – қатты ерітінді. Диаграммадан көріп отырғанымыздай, эвтектиттік өзгерістер шойынға қатысты, ал эвтектоидті өзгерістер болатқа қатысты. Болатқа айналу үдерісін оның 0,83% көміртектен тұратын балқытпасын ақырындап суыта отырып қарастырып көрелік. Балқытпаның қатуы (кристализациясы)

1

нүктесінде басталады (сурет 2.2) да, аустенит кристалдары түсіп қалады. Оның құрамын

2

нүктесімен белгіледік. Балқытпаның құрамының өзгеруі

ВС

сызығымен, ал кристалдардың құрамының өзгеруі

JE

сызығымен жүзеге асады. Кристалдардың құрамы

3

нүктесіне жеткенде, кристаллизация аяқталады. Қатты ерітінді түзілгенде, бір мезетте қатты күйдегі диффузия үдерісі белең алады. Соның нәтижесінде баяу суытылғанда бүкіл кристалдардың құрамы бірдей не біртекті болып шығады.

S

нүктесі үшін (
сурет 2.2

) аустенит өзгеріссіз суыса, 727°С температурада құрамы Ф феррит пен Ц цементит тілімшелері- нен тұратын эвтектоидті ыдырау жүзеге асады. Феррит пен цементит өңделген тілімтаста перламутр секілденіп жалтырайды. Сондықтан бұл құрылым «перлит П» деп аталады. 1147°С температурада 4,3% С-тан (С нүктесі) тұратын балқыт- падан А аустенит мен Ц цементиттің қоспасы түрінде эвтективті қорытпа шығады. Оның кристаллизациясы бір әрі тұрақты темпера- турада басталып, аяқталады. Осы эвтектиканың түзілуі (ледебурит) шойынды қақтауға төзімді етеді. Бірақ оны төменгі балқыту темпе- ратурасы жоғары көміртекті қорытпалардың (шойындардың) құйма материалдар ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Осылайша, темір – көміртек қорытпалары күйінің диаграммасын

Сурет 2.2 темір – көміртек қорытпасының күйінің диаграмма- сындағы EJBC үзіндісі

1, 2, 3

– қорытпаның қату, аустениттің кристалдарының түсуі және кристал-

лизацияның аяқталу нүктелері;

ВС

– көміртекпен байытылғанда, қорытпа- ның құрамының өзгеру сызықтары;

JE

– кристаллизация барысында кри- сталдың құрамының өзгеру сызықтары.

мұқият зерттегенде, мынадай маңызды қорытынды жасауға бола- ды: бөлме температурасында теміркөміртекті қорытпалар әрдайым екі құрылымдық элементтерден тұрады: жұмсақ иілгіш феррит пен қатты цементит. Бұл екі элемент қорытпаны нығайтады. Аталған құрылымдық элементтер механикалық қоспа түзеді немесе еркін күйге өтеді. Теміркөміртекті қорытпаларды суыту барысында орын алатын құрылымдық өзгерістер қайтымды болады. Ысыту барысын- да кері құбылыстар байқалады. Диаграммада тек арнайы қоспала- ры жоқ дәстүрлі құрамдағы қорытпаларды баяу суытқанда немесе ысытқанда жүзеге асатын үдерістерді көрсетеді. Қорытпаларды балқыту таза металдардағыдай белгілі бір темпе- ратурада емес, температуралар интервалында жүзеге асатыны және құрамындағы компоненттерді балқылау сипаты күрделі болатыны белгілі. Одан ары қарай күміс – мыс қорытпаларының жай-күйінің диаграммасын қарастырып (

сурет 2.3
), оны ұғынуға қажетті кейбір терминдерге түсініктеме береміз.
Солидус сызығы

ADCEB

қисығы, оған қорытпалар толығымен қатаятын жоғары температура сәйкес келеді. Ал

ликвидус сызығы

АСВ

қисығы, оған қорытпалар толығымен балқып кететін төменгі

Сурет 2.3 Күміс – мыс қорытпасының күйінің диаграммасы

А, В, С

– күміс, мыс және эвтекті қорытпаның балқау температурасының нүктелері;

АСВ

– металл толығымен бақлып кететін төменгі температураның сызығы (ликвидус сызығы);

СЕВ

– металл толығымен қатып қалатын жоғары температураның сызығы (солидус сызығы)

температура сәйкес келеді. Таза күмістің (

А

нүктесі) балқыту температурасы

960°C, ал таза мыстың (

В

нүктесі) балқыту тем- пературасы – 1083°C құрайды. Эвтектикалық қорытпасының құрамында (

С

нүктесі) 72 % Аg + 28 % Cu болып, 779°С температуда (Ag – Cu қорытпаларын балқытудың ең төменгі температурасы) сұй- ықталады. Мұндай құрамның ПСр72 дәнекері болады. Басқа құрамдағы қорытпалар (эвтикалық емес) жоғары темпе- ратурада толығымен балқып кетеді. Мәселен, 50% Ag және 50% Cu-дан тұратын қорытпа 1 нүктесінде 779°C-та балқиды, ал 2 нүктесінде 867°C температурада толығымен сұйықталады (солидус пен ликвидус температуралары). Солидус (қисық

ADCEB

) пен лик- видус (қисық

ACB

) сызықтарының температуралары арасындағы айырманы – балқу интервалы деп атайды. Температуралардың осы интервалында қорытпаның сұйық және қатты фазалары бір мезетте жүзеге асады.

2.2.

МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫ ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ

Термиялық өңдеу

– металдар мен қорытпалармен жұмыс жасай- тын барлық өндіріс орындарының технологиялық үдерісіндегі ең маңызды бөлігі. Технологиялық үдерістерге металдар мен қорытпа- лардың құрамы мен қасиеттерін өзгерту мақсатында оларды жылу- лық өңдеу және белгілі бір температураға дейін жеткізу, осы тем- пературада біршама уақыт ұстау, одан ары берілген жылдамдықта суыту секілді әрекеттер жатады. Термиялық өңдеу

аралық

– оның көмегімен металдардың өңдеушілігін жақсартатын;

ақырғы

– дайын өнімнің талап етілген механикалық, физика-химиялық қасиеттеріне қол жеткізетін – деп бөлінеді. Термиялық өңдеудің негізгі түрлері – босаңдату, шыңдау, жұмсарту, тозу т.б.

Босаңдату

– болатты белгілі бір температураға дейін қыздыру (

сурет 2.4 ), осы температурада бірнеше уақыт ұстап тұру, одан ары баяулатып суыту (әдетте пешпен бірге) үдерісі. Босаңдатудың түр- леріне нормализация мен изотермиялық босаңдату жатады. Толық босаңдату ұсақ түйіршікті құрылымды алу, қаттылығын төмендету, өңдеушілігі мен тұтқырлығын жақсарту, ішкі қысымды болдырмау, құрылымдық әртектілік пен түйіршіктігін азайту, сон- дай-ақ болатты одан ары өңдеуге дайындау үшін қолданылады. Әдетте,  толық  босаңдатудан   қысыммен   өңделгеннен   кейін- гі (көлемдік қалыпқа салу, ыстықта қақтау т.б.) және беріктілік қасиетіне өткен өнімдер жіберіледі. Босаңдату үшін оларды ал- дымен 30...50°C температурада

GSK

сызығынан жоғары деңгейде қыздырып, бірнеше уақыт осы температурада сақтап, содан кейін пешпен бірге суытады. Нәтижесінде қаттылық дәрежесі төмен ақырғы құрылымға қол жеткізеді: феррит – перлит. Құйманы бірінші реттік кристаллизациялау кезіндегі ластанудың (бөгде заттардың қосылуы) біркелкі емес бөлінуі босаңдату арқылы жойыла қоймайды (тазаланбайды). Сонымен қатар, жоғары дәрежеде қыздырылса, болат тотықтандыру ортасында күйіп кетуі мүмкін. Егер болат күйіп кетсе, оны қайта қалпына келтіру мүмкін болмайды. Оның үстіне, суыту жылдамдығының маңызы да соншалықты зор. Егер құрамында 0,2 % -ға дейін көміртек бар болат өте баяу суытылса, түйіршіктерінің шекараларында еркін цементит түзіліп, үлгілерді 90°-ға бұрғанда, тесіктер пайда болып, соққы тұтқырлығы төмендеп

Сурет 2.4 Темір-көміртек қорытпаларының күйінің диаграм- масынан үзінді (босаңдату, шыңдау мен нормализациялау температурасын көрсете отырып)

АВ, НВ, NJ, GS, JE, SE, PSK, GPQ

– фазалық өзгерістердің сызықтары

кетеді. Құрылымы қалыпты (феррит пен перлит) болатта мұндай құ- былыс байқалмайды. Қыздырғаннан кейін

GSE

сызығында болатты өте жылдам суыту, яғни пештен алып суытқанда, болаттың құрылы- мы ұсақ түйіршіктеліп кетеді. Мұндай құрылымды өндірісте

сорбит

деп атайды. Суыту жылдамдығын 50°С/с-қа ұлғайтса, одан да ұсақ (майда) құрылымға қол жеткізуге болады. Оны

троостатит
деп атайды.

Әбден қақталған болаттың ұсақ кристалды құрылымы мен икемділігін қайта қалпына келтіру тек белгіленген температурадан төменгі температурада қыздырып, босаңдатқанда ғана мүмкін бо- лады. Құрылымын қайта қалпына келтірудің мұндай үдерісі

рекри- сталлизация
деп аталса, осы үдеріс жүзеге асырылатын термиялық өңдеудің түрі –
босаңдату арқылы рекристаллизациялау

деп ата- лады. Босаңдатудың мұндай тұрі тек 450...700°С температурада ғана жүзеге асырылады.

Нормализация

– болатты

GSE

сызығынан жоғары 30...50
°С-ға дейін қыздыру (
сурет 2.4

), осы температурада біршама уақыт сұтап тұру және одан ары ауада суыту үдерісі. Нормализация кезінде бо- латты суыту жылдамдығы толық босаңдату мен пеш ішінде суытуға қарағанда, әлдеқайда жоғары. Нәтижесінде перлит пен ферриттің түйіршіктері жұмсарып, қорытпаның құрылымы тепе-тең болып шығады. Сондай-ақ, нормализацияланғаннан кейін болат қатты әрі мықты бола түседі. Бұл қасиеттер өңделіп жатқан болаттың құра- мындағы көміртектің мөлшеріне және суыту шарттарына байла- нысты. Болат құрамында көміртектің мөлшері көп болған сайын, суытқан кезде ол қатайып, одан дайындалатын өнімнің қалыңдығы жұқсарып, қыздырғаннан кейін жылдам суып, қаттылық дәрежесі жоғарылай түседі. Көміртек мөлшері (0,25%-ға дейін) төмен болаттың соққы тұтқы- рлығы нормализацияланғаннан кейін жоғарылайды және болатты қосымша өңдеу қажет болмай қалады. Көміртек мөлшері көп, сон- дай-ақ құрамында қоспасы көп болаттар (күрделі пішінді өнімдер дайындалған) нормализацияланғаннан кейін ішкі қысымды төмен- дету не жою үшін жұмсартылуы керек.

Изотермиялық босаңдату

– болаттарды босаңдату температура- сына дейін қыздыру және жоғары жылдамдықта екі сатылық суыту үдерісі. Бірінші саты – 600...670°С-қа дейін суыту және осы темпера- турада ұстап тұру. Екінші саты – бөлме температурасына дейін жыл- дам суыту. Белгіленген температурада ұстап тұру уақыты, сонымен қатар суыту жылдамдығы металдың құрылымы мен талап етіліп отырған құрылымға байланысты тәжірибелі жолмен белгіленеді.

Шыңдау

– металды аустенит құрылымы шыққанға дейінгі, яғни

GS

және

SK

сызықтары бойынша өзгеру температурасынан

да жоғары температурада қыздыру және бөлме температурасында жылдам суыту үдерісі. Нәтижесінде металдың құрылымы біркелкі емес күйге (шыңдалған) түседі. Оны металдың атомдарының қозғалмалығын өзгертпестен, тепе-теңдік күйге ауысуы үшін бөлме температурасында ұзақ уақыт сақтайды. Жоғары температурада қыздыру металдың құрылымын аустенит күйіне ауыстыру үшін қажет. Қорытпаны жаңа күйге өтуі үшін осы температурада айтарлықтай жеткілікті уақыт ұстайды. Шыңдау барысында жылдам суыту 600...400°C температуралық диапазоннан тез өтуге септігін тигізеді. Бұл диапозонда аустениттің перлитке айналып кету қаупі болады. Бұл жағдайды барынша болдырмау керек, себебі шыңдау өнімнің қаттылығы мен мықтылығын жоғарылату үшін мартенсит құрылымын алу мақсатында жүргізіледі. Суытудың жылдамдығы минималды болғанда, суытылған аустениттің негізгі бөлігі жартылай немесе толығымен мартенситке айналады. Оны шыңдаудың

ең соңғы
(не ең күрделі)
жылдамдығы

деп  атайды. Бұл жылдамдық металдың біртекті құрылымы түзілетіндей жылдамдықтан да асып түсуі керек. Шыңдау үшін қыздырылған болатты жылдам (диффузиялық емес) суыту барысында аустениттің

мартенситке ауысуы

– g ^ а торының типінде ғана өзгере алатындығын, ал аустениттің торындағы алдын ала еріп кеткен көміртектің барлығы ферриттің торында қалып қой- ып, диффузияланып үлгермейтіндігін білдіреді. Сөйтіп, шыңдалған болаттың өте қатты құрылымы – мартенсит пайда болады.

Мартенсит

– көміртектің а-темір құрамындағы барынша қатты ерітіндісі, себебі g-теміріеің торлары металды бөлме температура- сына дейін суытқанда қайта өзгеріп үлгереді, ал көміртек одан диф- фузияланып үлгермейді.

Болатты толық шыңдау оны

GSK

сызығынан жоғары деңгейде 20...30°С температурада ұсақ бөлшектерге және 50...75°С темпера- турада ірі өнімдер үшін қыздыру нәтижесінде жүзеге асырылады. Суда 150...200°С/с жылдамдықта жылдам суытылғаннан кейін ау- стенит 300...200°С-қа дейін өзгеріссіз қалады. Тек одан ары суытыла түскенде ғана оның жаңа құрылымы – перлит емес, қиылысқан ұсақ инелер түріндегі, қаттылығы өте үлкен, сынғыштығы өте жоғары құрылым – мартенсит қалыптасады. Мартенситтен басқа шыңдалған болаттың құрылымында аз ғана мөлшерде аустенит болады. Оның мөлшері болаттың құрамын- дағы көміртек қаншалықты көп болса, соншалықты жоғары бола-

ды. Болат құрамында марганец, никель, хром секілді қоспалар бол- са, шыңдалған болаттың құрамындағы аустениттің көп мөлшерін сақтап қалуға болады. Тіпті аустенитті құрылым, яғни магнитті емес болат құрылымын алуға болады. Себебі ол магнитке тартылмайтын болады.

Маргенситтің салыстырмалы көлемі

3

аустениттің және болаттың құрамындағы басқа да құрылымдардың салыстырмалы көлемінен жоғары болғандықтан, болат шыңдалғаннан кейін көлемі жағынан ұлғайып, қысымы артып, дайын болған өнімнің мөлшері өзгереді. Көміртекті болаттармен жұмыс жасау кезінде бұл құбылысты мін- детті түрде ескеру керек. Сонымен қатар, мартенсит үшін СКТК аустениттің СКТК-не қарағанда бір жарым есем аз болғандықтан, болаттың суыту барысындағы ішкі құрылымдық қысымының дәре- жесін ұлғайтып жібереді. Осының бәрі өнімнің әбден шыңдалды де- геннен кейін өзгеруі мен шытынауына әкеп соқтырады. Шыңдаудың сапасына суытуға арналған сұйықтықтың тигізетін әсері зор. Суыту қабілеті өте жоғары сұйықтық – су болып табы- лады. Суға кейде суу жылдамдығын арттырып, қақты жою үшін тұз қосып пайдаланады. Ағын суды мен шыңдалып жатқан өнімнің қозғалысы судың суытылып жатқан өнімнің үстіңгі бетіне барынша жетуіне кедергі келтіретін бу қаптамасының түзілуін болдырмайды. Құрамында қосындысы мен көміртек мөлшері өте көп болаттан дай- ындалған пішіні күрделі жәге қабырғалары өте жұқа өнімдер әдетте, май ішінде суытылады (бірқалыпты суыту тәртібі). Шыңдаудың басты мақсаты – болаттан 60...67 HRC дейінгі дәре- жедегі жоғары қаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз ететін мартен- сит құрылымын алу. Болаттың шыңдалғанын есепке ала отырып, мартенсит құрылымының қалыптасу тереңдігін ескеруге, ондағы жоғары қаттылықты алуға (әсіресе ауыр өнімдерді дайындау ба- рысында маңызды) мүмкіндік туады. Көміртекті болаттардың бөл- шектері қалыңдығы 20 мм болып бөлініп алып, шыңдалады. Оған қоспа элементтерді (марганец, хром, никель, молибден т.б.) қосу термиялық өңдеу қабатының қалыңдығын айтарлықтай қалыңдатып жібереді.

Осы айтылғандардан шыңдалушылыққа мынадай анықтама бе- руге болады:
шыңдалушылық

– болат немесе басқа да қорытпалар- дың белгілі бір тереңдікке дейін шыңдалу қабілеті. Шыдалған қа-

3

Заттың массасының бірлігімен орын алған көлем, яғни заттың тығыздығына кері шама (1/р, м3/кг).

баттың қалыңдыңы жұқса болған сайын, шыңдалушылық қабілеті де жоғары болады. Тез кескіш болаттар ерекше термиялық өңдеуден өтеді. Яғни температураны 1 250... 1 320°С-қа дейін жоғарылатып, қыздырып, 540.580°C температурада екі немесе үш реттік жұмсартылады. Төзімділік дәрежесін жоғарылату тез кескіш болатты 520.580°C температурада циандау арқылы жүзеге асырылады. Үстірт шыңдау дайын өнімнің қаттылығы мен жабысқақтық ортасын алу қажет болғанда ғана жүргізіледі. Мұндай шыңдау машина жасау құрылысында кең қолданыс тапқан. Әсіресе болаттан жасалған бөлшектердің тез шаршап қалатын мықтылығын жоғарылату үшін белсенді пайдаланылады. Шыңдау үшін өнімдерді қыздырудың екі тәсілі жиі қолданылады: газды жалынмен және жиілігі жоғары токпен (ЖЖТ).

Бірінші тәсіл

– өте қарапайым, әрі далалық жағдайларда да пайдалануға әбден болады. Бұл үшін газ баллондары бар оттекті-ацетиленді жанарғы мен өңделетін бөлшектерді қажетті температураға дейін біртекті қыздыру тәжірибесі болса жеткілікті.

Екінші тәсіл

– стационар- лы жағдайды қажет етеді, себебі ЖЖТ бөлшектерін қыздыру үшін жиілігі жоғары генератор (ЖЖГ) мен сусалқындатқыш индуктор қажет болады. ЖЖТ-ны қыздыру және соған сәйкнс үстірт шыңдау- дың біршама артықшылықтары бар, оның ең бастылары – жабысқақ ортасын сақтау, қыздыру мен суыту кезінде деформация дәрежесін төмендету, тотықтыру мен көміртектен айырудың болмауы, сондай- ақ термиялық өідеуді жүргізу барысында шығынның азаюы.

Үстірт шыңдауға әдетте, көміртек мөлшері 0,34...1,24% құрай- тын көміртекті болаттардан жасалған өнімдер жіберіледі. Көбінесе 40...45 болаттары (МЕМСТ 1050–88) кең қолданылады. Олардың шыңдалғаннан және жұмсартылғаннан кейінгі қаттылығы – 40...50 HRC құрайды, ал шыңдалған қабатының тереңдігі – 3...4 мм болады. Жиілігі жоғары шыңдауға құрамындағы қоспасының мөлшері аз болаттардан жасалған өнімдер жіберіледі (40Х, 40ХС, 40ХН және т.б.). Шыңдалғаннан және жұмсартылғаннан кейін олардың қат- тылығы – 54...64 HRC, шыңдалу тереңдігі – 6...8 мм құрайды. ЖЖТ-да қыздырылғаннан кейінгі қоспасы бар болаттардан жасалған өнімдерді шыңдаудың қиындығы мынада: олар қыздыру температурасының өзгерістеріне тым сезімтал, құрамындағы көмтеген  қоспа  элементтер  аустениттің  түйіршіктерінің  өсуіне

кедергі келтіреді, яғни қыздырудың  минималды температурасының артуына әкеп соқтырады. Бұл жақсы нәтиже бере қоймайды. Шыңдаудың танымал тәсілдерінің ішінде бейнит болат алуға септігін тигізетін изотермиялық шыңдауды атауға болады.

Изотермиялық шыңдау

– болатты 300... 350°С температураға дейін жылдам суыту және осы температураны суыту барысын- да сақтап қалу үдерісі. Белгіленген температурада болат біршама уақыт аустенит күйінде тұрып, жеткілікті дәрежеде иілгіш келіп, өз- геріске түскен бөлшектерді сындырмастан, қайта қалпына келтіру- ге болады. Одан ары оның құрылымы мартенситке ауысады, бірақ әдеттегіден де иілгіш (былайша айтқанда,

бейнит ) болып шығады. Изотермиялық шыңдаудың артықшылықтары – ара, серіппе, құбыр- лар, қалыптар жасайтын элементтер мен басқа да бөлшектерді өңдеу барысында шытынау мен өзгеруді болдырмау болса, кемшіліктері – суыту үшін арнайы қондырғыны талап етуі және термиялық өңдеу- дің бұл үдерісінің уақыттық ұзақтығы. Кей жағдайларда (мәселен, қажетті қондырғылар жоқ, құрал-сай- мандарды шұғыл жөндеу керек, бөлшектердің партиясы аз т.б.) ма- манның қыздыруға жеткілікті температураны белгілей алу тәжіри- бесі жеткілікті болса, көміртек құрылымды болаттардың қақтау, босаңдату, нормализациялау және шыңдау деңгейін қызарған түсі- не қарап анықтауға болады. Себебі болаттың қызарған түсіне бел- гілі бір температура сәйкес келеді. Сонда, қошқыл-қызыл түс – бо- латтың 650...730°C температураға дейін, сары-қызыл түс – 900...1 050°C температураға дейін, ал ашық-сары түс – 1150...1250°C температураға дейін қыздырылғанан білдіреді. Осыған ұқсас жағдайларда шыңдалған бөлшектерді жұмсартуға жіберуге болады. Ол үшін 400°C температураға дейін болаттың түрлі түске енуіне ескеру керек. қыздырылған бөлшектің түсі суыту кезінде өзгерсе, белгілі бір температураны білдіреді деген сөз. Мәселен, көк түс (көктікен түсті) – қыздыру температурасы 300°C екенін, ақшыл сары-алтын түс – 225°C температура екенін көрсетеді. Бөлшектің үстіңгі бетін қажетті түске жеткеннен кейін өнімді суыта бастайды. Мұндай жұмсартуды арнайы қыздырылып, шыңдалған бөлшекке, немесе шыңдалғаннан кейін 400...350°С температураға суытылған бөлшекке қатысты да жүргізуге болады. Яғни қажетті түстің пайда болуын күтіп, содан кейін өнімді шыңдайтын ваннаға қайтадан салу керек болады.

Термиялық өңдеудің сипатталған бұл тәсілі өрескел екені түсінік- ті, бірақ кейде пайдаланылып жатады.

Шыңдалған болатты
жұмсарту

– ең жоғары нүктеден төменгі температураға дейін қыздыру және белгілі бір жылдамдықта суы- ту. Жұмсарту ішкі қысымның дәрежесін төмендету, қаттылығы мен сынғыштығын төмендету, сондай-ақ болаттың белгілі бір деңгейге дейінгі жұмсақтығын арттыру мақсатында жүргізіледі. Жұмсар- тылған металл босаңдату кезіндегідей біртекті құрылымға жеткізілуі міндетті емес.

Жұмсарту төменгі, орташа және жоғары деп бөлінеді. Аспаптарды
төменгі жұмсартудан

өткізеді, яғни аспапты 150...200°С тем- ператураға дейін қыздыра отырып, қысымды жартылай азайтып, сынғыштығын төмендетіп, қаттылығы мен өзгермейтін көлемін сақтап қалуға болады. Суытылған кезде аустенит бөлшектерге бөлініп, жұмсартылған мартенсит құрылымы қалыптасады.

Орта- ша жұмсарту 300...400°C температурада жүргізіледі. Бұл жағдайда өнімнің иілгіштігі төмен, мықтылығы мен жалтырлығы жоғары дәрежеде болады. Жұмсартылған болат троостит құрылымына жетеді. Мұндай болатты рессор, серіппе, шалғы, ағаш кесетін ара т.б. құрал-саймандарын дайындау үшін пайдаланады.

Жоғары жұмсарту температураны 500...650°С жеткізіп, қыздыру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда болаттың механикалық мықтылығы өте жоғары болады. Қалыптасқан сорбит құрылымы троостит құрылы- мына қарағанда жұмсақ, бірақ перлиттен қатты болады. Болатты одан ары жоғары дәрежеде жұмсарту арқылы шыңдау барысында бөлшектердің көлденең қималары өзгереді, бірақ соққы тұтқырлығы жоғарылап, мартенситтің көміртекті болаттың құра- мында қалуына септігін тигізеді. Термиялық өңдеуден өткен болат- тардың геометриялық өлшемдерінің өзгеруін материалдарды таңдау және өнімдерді құрастыру не жасау кезінде ескеру керек. Жоғары жұмсарту арқылы шыңдауды

болатты жақсарту
деп атайды.

Болаттың әртүрлі құрылымының қаттылығы мына көрсеткіштерді береді: перлит – 160...200, сорбит – 270, троостит – 400, мартенсит – 720, аустенит – 155, феррит – 90, графит – 3 және цементит – 820 НВ.

Болатты суықпен өңдеу

– термиялық өңдеудің бір түрі. Әдет-

те бұл тәсілмен жоғары көміртекті, тез кескіш және цементтеліп шыңдалған болаттар өңделеді. Оларды 0°С-ден төмен температура- да (әдетте, -80°C) суытады.

Болаттарды ең төменгі температурада суыту – бөлме температу- расына жеткенде тоқтап қалған шыңдауды жалғастыру болып сана- лады. Қалған аустениттен қосымша мартенсит түзілуін жалғастыра береді. Мұндай өңдеудің нәтижесінде болаттың қаттылығы жоға- рылайды; құрылымы теңесіп, біртекті болады; өнімнің көлемінің тұрақтылығы жоғарылайды; кескіш қасиеттері (әсіресе, аспаптар үшін маңызды) жақсарады. Айта кететін жайт – мартенситке ауысқан аустениттің мөлшері шыңдала салып суытылса, максималды дәре- жеде болады. Болат құрамында 0,6% көміртек болса, суықпен өңдеу айтар- лықтай нәтиже бере қоймайды. Себебі мұндай болатта аустениттің қалдығы аз болады, әрі мартенсит қосымша түзіле алмайды.

Уақыт өте келе өнімдердің қасиеттері мен өлшемдері өзгереді.
Та- биғи жолмен тозу

дегеніміз – болаттан жасалған өнімдерді қалыпты жағдайларда ұзақ уақыт сақтағанда орын алатын құбылыс. Табиғи жолмен тозу кей жағдайлардат орын ала бермейді, мәселен калибрлар мен басқа да өлшеу құралдары өздігімен тоза қоймайды. Сондықтан, жасанды жолмен тоздыру тәсілі қолданылады.

Жасанды жол- мен тозу дегеніміз – болатты 200°C температураға дейін қайтадан қыздырып (төменгі жұмсартудан кейін), бөлме температурасына дейін баяу суыту. Нәтижесінде шыңдалу барысында болаттың құрамында түзілген мартенсит ақырындап көміртек бөліп, болаттың сынғыштығы азайып, тығыздалып, дәл аспаптардың бөлшектерінің мөлшері мен өлшемін тұрақты етуге септігін тигізеді. Жасанды және табиғи жолмен түзудің арасындағы айырмашылық – әдетте, үдерістің ұзақтығына байланысты. Айталық, шойын құймалар 6-12 ай ішінде табиғи жолмен тозады. Ал

500...550°C

температураға дейін қыздырып, осы температурада 1...8 сағат бойы (шойыннан жасалған өнімдерді қыздыру жылдамдығына, қабырғаларының қалыңдығына және химиялық құрамына байланысты) ұстап, пештің ішінде баяу суытса, небәрі бірнеше сағат ішінде жасанды жолмен тоздыруға болады.

Алюминий қорытпалары үшін тозу үдерісі дисперсиялық қатаю құбылысына – ерітіндіден өте ұсақ (дисперсті) кристалдардың химиялық қосылысының (силицид, алюминид т.б.) бөлінуіе байланысты. Шыңдау нәтижесінде алюминий құрамында қоспа элементтердің (мыс, магний, кремний, цинк т.б.) жеткілікті деңгейдегі ерітіндісі қалыптасады. Мұндай күйдегі қорытпаның тығыздық  дәрежесі  төмен  болады.  Егер  оны  жасанды  жолмен

тоздырса, ерітіндіден ұсақ дисперсті кристалдардың химиялық қосылыстары бөлініп, алюминий қорытпалдарының мықтылығы жоғарылайды. Дәл осылайша басқа да түрлі-түсті және қара түсті қорытпаларды (бериллий қолалары, коррозиялық төзімді болаттар) тоздыру барысында дисперсті қатаюға қол жеткізуге болады. Түрлі-түсті металдардың талап етілген қасиеттерін алу мақса- тында, оларды болат сияқты термиялық өңдеуден өткізеді. Дюра- люминия үшін қысыммен өңдегеннен кейін де жоғары механика- лық қасиеттерге тек шыңдау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ол үшін бұл металдарды қыздырады, мәселен, электр пешінде 520°C температурада, сосын біраз уақыт осы температураны сақтап (дайындаманың көлеміне қарай ұстау уақытын көбейтуге болады), содан кейін температурасы 10...15°C ағын су құйылған ыдысқа жылдам салып, суытады. Мұндай жылдам суыту қатты ерітіндіден нығайтушы дюралюминий қызметін атқаратын магнийдің кремниймен (силицид магнийі) және мыстың алюминиймен (мыс алюминиді) химиялық қосылысының бөлінуінің алдын алуға септігін тигізеді. Одан ары термиялық өңдеуге дейін дюралюминий табиғи жолмен тоздырылады – ауада 4...6 тәулік бойы ұстайды, нәтижесінде оның мықтылығы арта түседі. Дюралиминийді босаңдату үшін 340...400°С температура қажет, дайындамасының көлеміне қарай осы температурада ұстап, одан ары пеште баяу суытады.

Магний қорытпалары да шыңдатылып, тоздырылады. Алайда олардың тиімділігі алюминий қорытпаларын термиялық өңдеуге қарағанда, әлдеқайда төмендейді. магн температурада босаңдатып, 380°C температурада шыңдап, одан ары 8...16 сағат бойы ұстап, ауада суытып, механикалық және пластикалық қасиеттерін жоғарылатады. Металды 170...180°C температурада қыздыра отырып, тоздырып, ауада 16 сағат бойы суытады. Әсіресе титанның тығыздығы жоғары болады. Оны 600...650°C температурадағы вакуумда қысқа мерзімді босаңдату арқылы алады, ал 900...1000°С температурада қыздыру арқылы шыңдап, 100...300°C температурада тоздыра отырып, тығы- здығын барынша жоғарылатады. Мыс

– босаңдатылғаннан кейін жұмсақ әрі иілгіш болады.

Бе- риллий қоласы 325°C температурада шыңдалып, тоздырылады. Металдарды термиялық өңдеуден термиялық қондырғыларда (пештерде) өткізіледі. Пештің температурасы автоматты реттеу жүйелерінің көмегімен қажетті деңгейде сақталып тұрады. Әдетте, бұл   жүйелердің   тетіктері   ретінде   термоэлектрлі   өзгерткіштер

(терможұптар) мен кедергі термометрлері жұмсалады. Пештің жай-күйіне және белгілі бір температуралық деңгейіне қосымша бақылауды визуалды оптикалық пирометр арқылы жүргізіледі.

2.3.

ХИМИЯ-ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ

Химия-термиялық өңдеуді болаттардың көптеген қасиеттерін жақсарту мақсатында жүргізеді. Әсіресе, қаттылығы, тозутөзімділігі, қызутөзімділігі, шаршауға төзімділігі т.б. қасиеттерін жақсарту үшін жүргізіледі. Мұндай өңдеу өнімнің үстіңгі бетін көміртекпен (цементация), азотпен (азоттандыру), алюминиймен (алиттеу), бір мезеттекөміртекпеназотпен(цианирлеу), кремниймен(кремнийлеу), хроммен (хромдау), цинкпен (цинктеу) т.б. металдармен өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Машина жасау құрылысында кең қолданыс тапқан химия- термиялық өңдеу үдерістерімен жақынырақ танысалық.

Цементация (көміртектендіру) – көміртек мөлшері төмен болат- тардың үстіңгі бетін көміртекпен диффузды байыту үдерісі. Көмір- тектендіру тереңдігі әдетте, 0,5...0,2 мм арасында болады. Бөлшек- тердің тағайындалу дәрежесіне қарай. Цементазиядан кейін шыңдау мен жұмсарту қажет, себебі бөлшектің үстіңгі беті – қыртысы қажал- масы үшін қатты болуы керек. ал ортасы – созылғыш, динамикалық жүкті көтере алуы керек. Мұндай бөлшектерді тозғанша, майысты- рып, бұрап қолдануға болады. Көміртектің қайнар көзі (карбюриза- тор) – қатты, сұйық және газ түрінде бола алады. Қатты карюризаторда болатты цементациялау барысында бөлшектер металл жәшіктеріне салынып, үстіне ағаш көмірін (кокс) төгіп, жәшікті герметикалық қақпақпен жауып, оның үстіне өңделіп жатқан бөлшектердің маркасынан дайындалған материалдан жасалған шыбықтарды («куәгерлер») қойяды. Жәшікті пешке салып, 900...930°С температурада белгілі бір уақыт бойы ұстап, цементация жылдамдығын 0,10...0,15 мм/сағ-қа жеткізеді. Үдерістің барысын «куәгерлердегі» цементацияның қабатының қалыңдығы бойын- ша басқарып отырады. Бөлшектерді салар алдында оларды әртүрлі тәсілдермен цементацияланбайтын орындардан бөлек ұстайды. Бұл үшін майлап, мысқа айналдырып, тесіктерді тығындармен, әсіресе бұрандамен бекітіп, олардың күйіп кетуін болдырмайды.

Газды цементациялау барысында карбюзатор ретінде газдар (табиғи, кокс т.б.) немесе сұйық көміртектер (пропан, керосин, бен- зол т.б.) пайдаланылады. Олар үздіксіз жұмыс жасайтын пештің жұ- мысшы көлемінде еріп, өңделіп отырған өнімнің үстіңгі бетін көмір- текпен қанықтырады.

Сұйық ортада цементациялауға арналған ванна натрий карбо- натынан (негізі) және натрий хлориді мен карборунд қоспасынан тұрады. Цементацияның мұндай түрі ұсақ бөлшектердің үстіңгі бетін нығайту үшін қолданады. Үдеріс 870...900°C температурада өте жылдам жүзеге асады (көміртекпен қаныққан қабаттың қалыңдығы 40 минуттың ішінде 0,15...0,20 мм-ге жетеді).

Азоттандыру

– конструкциялық,  коррозиялық-төзімді, ыстыққа төзімді болаттардан, титан қорытпалар мен баяу балқитын металдардан (олардың тығыздығын, тозуға төзімділігін, коррозиялық беріктігін және шаршауға қарсы тұру қабілетін жоғарылату мақсатында) жасалған өнімнің үстіңгі қабатын (0,2...0,8 мм) азотпен диффузды қанықтандыру үдерісі. Үдерісті герметикалық аммиакты пеште 580...600°С температурада біршама ұзақ уақыт бойы (20...60 сағ) ұстау арқылы жүзеге асырады. Ең жақсы нәтижелер алюминий (35ХМЮА) қоспасы бар болаттан жасалған өнімдерді азоттандыру арқылы алынады. Айта кететін жайт – азоттандырылған өнімдерді өндіру барысы шыңдау мен жұмсарту азоттандыруға алып баратын- дай, яғни азоттандырғаннан кейін тек қалыпқа түсіру, жалтылдату және жетілдірілу әрекеттері ғана қалатындай етіп, жоспарланады. Өнімнің азотпен өңделген үстіңгі беті цементацияланған өнімге қа- рағанда қаттырақ болады, әрі оған ары қарай термиялық өңдеу қа- жет емес. Себебі цементацияланғаннан кейін өнімнің мөлшері мен пішіні өзгереді. Алайда азоттандыру – цементацияға қарағанда, әл- деқайда қымбат әрі ұзақ уақытты қажет ететін үдеріс.

Алюминдеу (алиттеу)

– болат не шойынның үстіңгі қабатын алюминиймен диффузды қанықтырып, олардың ыстыққа төзімділі- гін (отқаққа беріктігін, қызуға төзгіштігін) жоғарылату мақсатында әртүрлі тәсілдерді (диффузды, газ жалынды, плазмалық ыдырату, балқытпаға салу, вакуумды ыдырату және жағу) пайдалану үдерісі.

Осы аталған тәсілдермен алюминий өнімнің үстіне  жағыла- ды, содан кейін  оны  үстіңгі  бетінде  және  белгілі  бір  тереңдік- те орнықтыру (қыздырып жабындау) қажет болады. Осылайша, 800°C температурада диффузды қабаттың тереңдігі қыздырып жабындау температурасы мен ұзақтығына қарай   0,02...0,025 мм-

ге жетеді. Алюминий оксидтің жұқа қабыршағының арқасында алитті көміртекті болаттың ыстыққа төзімділігі үстінде жабыны жоқ болатқа қарағанда ондаған есе жоғары болады. Алитті қабат құрамында күкіртті сутек бар ортаның жоғары температурасына қарсы тұра алады. Осы тәсілмен ыстыққа берік болаттардың ыстыққа төзімділігін жоғарылатады. Балқытпаның ішіне салу тәсілі арқылы алынған алитті қабат металды коррозиядан қорғап, кейде цинктеу орнына пайдаланылады. Үстіне жағу алиттеудің басқа тәсілдерінен өзгеше болып келеді. Бұл жағдайда алюминий өнімге жұқарту барысында жағылады, яғни қорғалған қабатты бекіту механикалық қатаю есебінен жүргізіледі.

Циандау

– болаттың үстіңгі бетін көміртекпен және азотпен бір мезетте қанықтыру үдерісі. Бұл үдеріс газды ортада немесе тұзды ваннада жүргізіліп, тез кескіш болаттан дайындалған металл кесетін аспапты өңдеу үшін қолданылады. 850...900°C температурада жүргізілетін циандау барысында 1,5...2 сағат ішінде тереңдігі 40 мкм болатын цианданған қабат қалыптасады.

Цианданған қабаттың қызуға төзімділігі өте жоғары болады, ал қаттылығы 70 HRC-ге жетеді, аспаптың төзімділігін қамтамасыз етіп, цианданбаған аспаптың төзімділігінен 1,5...2 есе жоғары бола- ды. Болаттан жасалған бөлшектердің үстіңгі қабатын диффузды қанықтыруды басқа металдармен де жүргізуге болады – цинкпен, кремниймен, хроммен т.б. Айталық, цинктауды, әдетте, бекітпе бөлшектерді (бұранда, бұрама, сомын, тұғырық, еспе серіппелерді т.б.) дайындау үшін пайдаланады. Бұл үшін олардың үстіңгі бетін алдын ала оксидті кірден тазартады, майсыздандырып, флюстің ыстық ерітіндісінде өңдеуден өткізіп, кептіреді. Одан ары бөлшектерді цинктің ұсақтығы –75...300 мкм, салмағы бөлшектердің массасынан 5...10 есе үлкен ұнтақтарымен бірге герметикалық болатты барабанға салады. Барабанды қыздыру температурасы 350...600°C болатын электрпешке салады. Алынған бөлшектердің диффузды қабатының қалыңдығы пештің температурасына және бөлшектерді осы температурада ұстау ұзақтығына байланысты. Мәселен, термиялық қондырғының 350...400°С температурасында және 1 сағаттық өңдеу ұзақтығында алынған өнімнің қалыңдығы – 20 мкм-ге жетеді.

Кремнийлеу барысында болат бөлшектері кремниймен қанықты- рылады. Оның дереккөзі ретінде аммоний хлориді мен ферросили-

цияның ұнтақ тәрізді қоспасы пайдаланылады. 1100°С температура- да 10...24 сағат ішінде бөлшектердің қалыңдығы 0,8...1,0 мм болатын диффузды қабатын алуға болады. Кремнийлеуді газды ортада – ІV кремний хлоридінің буында жүргізуге болады. Бөлшектерді коррозиядан сақтау, тозып кеткен үстіңгі қабатта- рын қайта қалпына келтіру, қажетті үстіңгі беттік қасиет беру үшін өнімнің үстіне металданған жабындар жағады. Металлизациялау- дың бұл үдерісі әртүрлі металдар (көміртек мөлшері өте жоғары бо- лат, қола, никель, мыс, алюминий және т.б. арнайы металлизаторлар) көмегімен жүргізіледі. Өнімнің үстіне жабын жағу үшін пайдала- нылатын металл электрлі доға тәрізді болып қолданылады. Немесе газды оттықтың көмегімен балқытылып, сығымдалған газ өңделіп жатқан өнімнің үстіңгі бетіне жіберіледі. Жағылған металдың сапа- сы металлизатордың өңделетін үстіңгі бетіне дейінгі арақашықтығы- на, ыдыратылған бөлшектердің жылдамдығына (100...200 м/с) және бөлшектердің көлеміне (0,02...0,04 мм) байланысты болса, металли- зация үдерісінің өнімділігі орта есеппен алғанда 2,5...3,0 кг металға/ сағ байланысты болады.

Хромдау

– болаттан жасалған өнімнің үстіңгі бетін хроммен диф- фузиалды қанықтыру. Бұл жағдайда диффузант ретінде (хромның қайнар көзі) хромның металл ұнтағының, каолин мен аммоний хло- ридінің қоспасы пайдаланылады. Үдеріс 1000...1150°С температура- да 20...25 сағат ішінде жүргізіледі. Белгіленген уақыт ішінде хром- мен қанықтырылған диффузды қабаттың қалыңдығы – 0,02...0,10 мм-ге жетеді.

Болат немесе шойыннан жасалған өнімнің үстіңгі бетін хромдау нәтижесінде хромның қабыршағы коррозиялық төзімділігін, то- тығуға төзімділігін және қаттылығын, тозуға төзімділігін жоғарыла- тады. Сонымен қатар, өнімнің құрамындағы мыс пен никельдің қаба- тының үстіне жағылған хром өнімге әдемі түр береді. Мұндай тәсіл- мен хромдаудан автомобиль, мотоцикл және басқа да техникалар- дың бөльшектері өте алады. Хромдау шынылардың, айналардың, прожекторлардың бейнелеуге төзімділігін (бұл жағдайда хром алю- миний мен күмістің орнына пайдаланылып тотығуға қарсы жоғары төзімді болып келеді) жоғарылату; аспаптардың – пластмассалар, ре- зеңкелер, шынылар, керамика мен металдардан жасалған өнімдерді өндіру үшін пайдаланылатын қалыптардың, пресс-қалыптардың, құмай қалыптардың тозуға төзімділігін (қайта өңделген материал-

дардың жабысқақтығын болдырмай, пішін беретін қондырғылардың қабырғаларына жабысып қалуын төмендетуден басқасы) арттыру; іштен жанатын қозғалтқыштардың поршенді сақиналары мен ци- линдрлерін өндіру (қуыстық хромдау бос орындардағы майларды ұстап тұруға қабілетті қабатты қалыптастыруға мүмкіндік береді); әбден тозған бөлшектердің өлшемдерін қайта қалпына келтіру (бұл жағдайда қолдану мерзімін көбейту үшін қалыңдығы 500 мкм бо- латын әбден тозған термиялық өңделген өнімдердің түбіне тұнған «қатты хромды» жағып, одан ары қарай – механикалық өңдеуді өт- кізеді – қалыпқа келтіру, жалтырату керек. Хромды басқа металдар- дың үстіне жағын жағу тәсіліне ұқсас жолмен жаңады). Осы аталған тәсілдердің барлығы болат пен шойынды химия-тер- миялық өңдеудің нұсқалары болып саналады. Болат пен шойыннан жасалған өнімдердің химия-термиялық өңделмейтін орындары әртүрлі тәсілдермен бөлек алынуы тиіс (сылау т.б.).

2.4.

МЕТАЛДАРДЫ МЕХАНИКАЛЫҚ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

Металдарды механикалық сынақтан өткізу

– металл қоспа- лардың (қысқаша – металдардың) механикалық қасиеттерінің, жүк- тің әртүрлі түрлерін белгілі бір деңгейде төзу қасиеттерінің анықта- масы. Металға әсер ету сипатына қарай сынақтарды іштей бірнеше түрге бөлуге болады:

статикалық
(созу, сығу, майыстыру, бұрау),
динамикалық
(соққылы – соққы тұтқырлық, қаттылық),

шаршаңқы
(көп ретті циклды жүктелу),
ұзақ
(атмосфералық ортаның әсері, аққыштығы, релаксация) және

арнайы . Сынақтардың осында көп түрінің ішінде созу, қаттылық, соққы, майыстыру және т.б. сынақтар негізгісі болып табылады. ақ Металдарды созылыңқылығына қарай сынақтан өткізу барысын- да біріздендірілген үлгілер мен арнайы машиналар пайдаланылады. Сынақ барысында күш жұмсалған сайын металл үлгілермен жүзе- ге асатын өзгерістер координаталары бар диаграмма түрінде бел- гіленіп, тіркеліп отырады (

сурет 2.5 ): ордината өсі бойымен қуаты мен абсцисс өсі бойымен созылуы. Диаграмманың көмегімен про-

порционалдылық шегі О
, аққыштық шегі О
, максималды күш са-

у пр

лынуы – уақытша қарсылығы О
және ажырауы анықталады.

Сурет 2.5 Металдың созылу диаграммасы

o  , σ ,  σ
пц        т        в

Пропорционалдылық шегі

– ең жоғарғы күш (күштің үлгінің қиюласу ауданына қатысы), күш пен деформация арасындағы тіке пропорционалдылық сақталатын шек. Үлгі жүктемеге пропор- ционал деформацияланып, яғни күш бірнеше есе ұлғайғанда, үл- гінің ұзындығы бастапқы қалпына түседі немесе аз ғана ұлғаяды (0,03...0,001%). Бұл

иілгіштігінің шегі
болып саналады.
Аққыштық шегі

– созушы жүктеменің азын-аулақ ұлғаюынсыз үлгі деформацияланатын қысым (диаграммадағы көлденең аудан). Егер жүктемені азайтса, үлгінің ұзындығы мүлдем төмендемейді. Үлгіге жүктемені ұлғайтқан сайын үлгіні бұзатын созылу үшін жүк

в

түсіруге сәйкес келетін қысым пайда болады. Оны а

уақытша ке-

дергісі (

созылу барысында мықтылық шегі ) деп атайды. Одан ары үлгіні ұзарту үдерісі ұлғайып, үлгі үзіліп кететін мойын қалыптаса- ды. Созылу диаграммасы металдың бұзылмастан, деформациялану (созылу) қасиеті туралы айтуға мүмкіндік береді. Яғни металдың пластикалық қасиетін сипаттайды. Бұл қасиетті қатысымды ұзарту және үлгіні үзілу кезінде сығу арқылы көрсетуге болады (екі пара- метр де пайызбен көрсетіледі).

Қатысымды ұзарту

– үлгінің ұзындығын үзілер алдында баста- пқы ұзындығына дейін қайта өсіру.

Қатысымды сығ у – үлгінің көлденең қимасының үзілетін жерін- дегі аумағын азайтып, үлгінің бастапқы аумағына жеткізу.

Қаттылығына қарай сынақтан өткізу

– металдан жасалған материалдың (одан ары металдың қысқалығын) күрделі қысымды күйдегі мықтылығын тексерудің қарапайым және жылдам тәсілі.

Өндірісте Бриннелл, Роквелл, Виккерс т.б. тәсілдері пайдаланыла- ды. Сынақтан өтілген металдың үстіңгі қабаттарында ауытқулар (тесіктер, жарықтар т.б.) болмауы керек. Бринелл тәсілімен металдың қаттылығын (НВ қаттылығы) анықтаудың мәні мынада – болаттан шынықырып жасалған кішкен- тай шарды сынақтан өтілетін үлгінің (өнім) ішінде белгілі бір тәртіп- пен (жүктеменің шамасы, жүктеу ұзақтығы) қысу керек. Сынақ аяқталғаннан кейін кішкентай шардың іздері (шұңқыр) анықталып, сынақтан өткізілген үлгінің (өнімнің) іздерінің ауданына кішкентай шарды сығып, күш салу мөлшерін есептейді. Сынақтан өтілетін үл- гінің тәжірибеге сүйеніп жобаланған қаттылығын ескере отырып, диаметрі әртүрлі   (2,5; 5 және 10 мм) және жүктемесі 0,6...30 кН (62,5... 3 000 кгс) болатын кішкентай шарларды пайдалануға бола- ды. Тәжірибеде іздің диаметрін НВ қаттылығының санына аудару сызбасы пайдаланылады. Қаттылығын анықтаудың бұл тәсілінің бірнеше кемшіліктері бар: кішкентай шардың іздері өнімнің үстің- гі бетін бүлдіреді; қаттылығын өлшеу уақыты салыстырмалы түрде көп болады; өнімнің шардың қаттылығына сәйкес қаттылығын өл- шеу мүмкін емес (кішкентай шар деформацияланады); жұқа және ұсақ өнімдердің қаттылығын өлшеу қиынға соғады (олардың дефор- мациясы жүзеге асады).

Роквелл тәсілімен қаттылық дәрежесін анықтау барысында ин- дентор –

6

қатты ұшы – жүктің әсерінен сынақтан өткелі тұрған ме- талдың үстіңгі бетіне сіңеді (

сурет 2.6 ), алайда бұл жағдайда диаме- трі емес, іздердің тереңдігі өлшенеді. Үстел типіндегі аспаптардың

А, В, С

үш шкаласы бар

8

индикаторы болады.

Олар шкала бірліктерінің 20...50; 25...100; 20....70 диапозонының қаттылығын есептеу үшін пайдаланылады. Қаттылық бірлігі ретінде индентордың 2 мкм-ге өстік орналасуына сай келетін шама қолданы- лады.

А

және

С

шкалаларымен жұмыс жасау барысында ұш ретінде ең жоғарғы бұрышы 120° болатын алмазды конус немесе қатты қо- рытпадан  жасалған конус қолданылады. Алмазды конус қатты қорытпаларды сынақтан өткізу кезінде, ал қатты қорытпалы конус – қаттылығы 20...50 бірлік болатын бөлшек- тер үшін

В

шкаласымен жұмыс жасау кезінде индентор ретінде диаметрі

– 1,588 мм (V

16

дюйм) болатын кішкентай ғана болат шарды пайдала- нуға болады. В шкаласы салыстырмалы түрде жұмсақ металдардың қаттылығын өлшеуге арналған. Себебі қаттылығы жоғары кішкентай

Сурет 2.6 Қаттылығынөлшеуге арналған Роквелл ас- пабы

1

– жүкті босату тұтқасы;

2

– жүк;

3

пайдаланылады.

шар деформацияланып, матери- алға 0,06 мм тереңдікте ғана әлсіз сіңеді.

С

шкаласын пайдаланғанда, ұш ретінде алмаз конус жұмсала- ды. Бұл жағдайда аспап шынықты- рылған бөлшектердің қаттылығы өлшенеді. Өндірістік жағдайларда, әдетте,

С

шкаласы пайдаланылады.
Ұштарды тереңірек ендіру үшін белгілі бір дәрежеде күш керек.

А, В

және

С

шкалалары бойынша өлшеу кезінде жүк 600; 1000; 1500 Н болуы керек. Ал қаттылығы HRA, HRB, HRC шкаласымен белгіле- неді (оның шамалары өлшеусіз).

Роквелл аспабымен жұмыс істеу барысында сынақтан өтетін металдың үлгісін (

7

), үстелге (

5

) орналастырып, сермердің көме- гімен ( 3)

көтеру бұрандасымен (

4

) және жүкпен (

2

) ұшында (

6

талап етілген күшті тудырып, оның индикатордың ( 8) шкаласының бойымен орналасуын белгілеп алады. Содан кейін тұтқаның көмегімен (

1

) күшті сыналып отырған металдан түсіріп, қаттылығын өлшеу құралының (индикатор) шкаласы бойынша қаттылығының мәнін анықтайды. Виккерс тәсілі – материалдың қаттылық дәрежесін сыналып отырған өнімге алмаздан жасалған ұшты  (индентор  –  жоғарғы екі қырлы бұрышы 136° төрт қырлы дұрыс пирамида пішінінде- гі) қаттырақ басып кіргізу арқылы өлшеу тәсілі. Виккерс бойынша қаттылық дегеніміз – HV – жүктің инденторға іздің пирамидалды үстіңгі ауданына қатысы. Басып кіргізілетін 50...1000 Н (5. 100 кгс) өлшемді жүкті таңдау сыналып отырған үлгінің қаттылығы мен қалыңдығына байланысты. Металдардың қаттылығын анықтаудың басқа да тәсілдері бар. Мәселен,

Шор аспабымен және кішкентай шарды  динамикалық  кіргізу  жолымен  анықтау.  Шынықтырылған

немесе шынықтырылып, қалыпқа түсірілген бөлшектің қаттылығын өлшеудің ізін қалдырмай анықтау үшін әдетте, Шор аспабы пайдаланылады. Аспаптың жұмысы әлсіз серпуге – сыналып отырған дененің үстіңгі бетіне түскен жеңіл екпінді кері серпілістің биіктігін анықтауға негізделеді. Шор аспабымен қаттылығын анықтау алмазды ұштың серіппелі биіктігіне пропорционал бірлікпен өлшенеді. Бағалау – барынша жақындастырылған. Мәселен, жұқа тілімше мен  қалыңдығы үлкен ауыр бөлшектердің иілгіштік дәрежесі қаттылығы біркелкі болғанмен, әртүрлі болып келеді. Алайда, Шор аспабы ықшам болып келеді. Оны көлемі жағынан үлкен бөлшектердің қаттылығын бақылау үшін қолдануға болады. Көлемі үлкен өнімдердің (мәселен, илемді орнақтың біліктерін) қаттылығын анықтау үшін

Польди қол аспабын
пайдалануға болады (
сурет 2.7

). Оның жұмысы кішкентай шарды динамикалық кіргізуге негізделген. Арнайы шеңберде (

3

) белдемелері бар сынықтар (

2

) ор- наласқан. Сынықтарға серіппелер орнықтырылған (

7

Шеңбердің (

3

) төменгі бөлігіндегі В тесігіне болаттан жасалған кішкентай шар (

6

) мен қаттылығы белгілі эталонды тілімше (

4

) орналастырылады. Қаттылығын өлшеу барысында аспапты сына- лып отырған бөлшекке (

5

) өлшеу орнына және сынықтың жоғары
бөлігіне (

2

) кіріктіріп, орташа күшпен балғамен (

1

) бірнеше мәрте соғады. Содан кейін сыналатын бөлшектің ( 5)

және эталонды тілімшенің (

4

) шұңқыр- ларының сынақтарды қатты соққанда пайда болатын іздері өзара салыстыры- лады. Одан ары арнайы кесте бойынша сыналып отырған өнімнің қаттылық дәрежесі анықталады.

Осы        қарастырылып        өткен        қат-

Сурет 2.7 Польди қол аспабы

1

– балға;

2

– сынықтар;

3

– шұңқыр;

4

– эталонды тілімше;

5

– сыналып отырған бөлшек;

6

– кішкентай шар;

7

– серіппе, күшті сынықтарға қарай бағыттау.

тылығын өлшеу құралдарынан басқа өндірісте әмбебап шағын элек- тронды қаттылық өлшеуіштер ТЭМП-2, ТЭМП-3 пайдаланылады. Олар әртүрлі материалдардың (болат, мыс, алюминий, резеңке т.б.) және олардан жасалған өнімдердің (құбырлар, рельстер, тегершік- тер, құймалар, соғылмалар т.б.) қаттылығын Бриннелл (НВ), Роквелл (HRC), Шор (HSD), Виккерс (HV) өлшеуге арналған.

Қаттылықты өлшеуіштердің динамикалық жұмыс жасау жолы екпінге (

6

) (диаметрі 3 мм кішкентай шардың (

7

) соққының жыл- дамдығы мен кері серпілісіне негізделген (сурет 2.8). Бұл электрон- ды блоктың (

1

) үш өлшемді шамасына шаққандағы шартты қат- тылығына ауысып, сұйық кристалды (СК) индикаторда (

2

, мәселен 462) көрініс береді. Шартты қаттылықтың өлшенген шамасы бойын- ша ауыспалы кестелердің көмегімен қаттылықтың бұрыннан белгілі шкаласына сай келетін шамасы анықталады.

Осы тәсілмен қаттылық дәрежесін өлшеу үшін аспапты былайша дайындайды: (

1

) электронды блогында орналасқан итергішпен (

3

) тетікте тұрған (

5

) кішкентай шарды цангалы қысқышқа кіріктіріп, тетіктің жоғары жағында орналасқан (

5

) төмен түсіруші түймешік- тің көмегімен көтереді. Одан кейін тетікті тірек сақинамен (

8

) сына- лып отырған өнімнің (

9

) үстіне тығыз қысып жабыстырып, төмен түсіретін түймешікті басады. Екпін (

6

) сыналып отырған өнімнің үстіне соғылып жанасқаннан кейін СК-индикаторында шартты қат- тылықтың үш өлшемді шамасы түрінде нәтижесі шығады. Өлшенген шартты қаттылықтың ақырғы мәні –орташа арифме- тикалық бес өлшем. Жылына бір рет аспапты мерзімді тексеруден өткізіп отырады. Ол үшін қаттылықты өлшеудің үлгілік өлшемі пай- даланылады. Бұл қаттылық өлшемі қаттылық шкаласының екінші тобынан (Бринелл, Роквелл, Шор, Виккерс) төмен болмауы керек әрі нормативті шарттар қатаң сақталуы керек. Осы аталған аспаптардың көмегімен қаттылықтан басқа уақытша кедергі (созылуға берікті- гінің шегін) және аққыштық шегін анықтауға болады. Қаттылықты өлшеу құралдарымен бірге өндірісте материалдың қаттылық дәрежесін өлшеу үшін

бағаналы теңеспе егеулер
қолда- нылады.

Олардың көмегімен болаттан жасалған бөлшектердің қаттылығы өлшеуші құрал жоқ кезінде немесе өлшеу ауданы тіптен кішкентай болғанда немесе аспаптың инденторы сыймаса, сондай-ақ өнімнің мөлшері кішкентай ғана болған жағдайда өлшенеді. Бағаналы теңе- спе егеулер – қаттылығы бұрыннан белгілі, У10 болаттан жасалғаг

Сурет 2.8 ТЭМП-3 ықшам электронды қаттылық өлшеу құралы

1

– электронды блок;

2

– СК-индикатор;

3

– итергіш;

4

– төмен түсіретін түй- мешік;

5

– тетік;

6

– екпін;

7

– кішкентай шар;

8

– тірек сақина;

9

– сыналып отырған өнімнің үстіңгі беті

егеулер. Олар үш қырлы, квадрат және майда кертіктері бар дөңге- лек пішінді болады. Егеудің кертіктерінің сыналып отырған метал- мен ілінуі бақыланып отырған бөлшектің үстінде сызаттың іздеріне қарай анықталады. Сызат егеудің үстіңгі тістерін бүлдірмейді. Пай- далану кезінде егеудің тістерінің өткірлігін бақыланып отырған үл- гілермен (сақиналармен) ілінуін жүйелі түрде тексеріп отыру керек. Егеулердің қаттылығы екі топты болады: төменгі және жоғары шек- терінің қаттылығын тексеру. Бақыланушы сақиналар (тілімшелер)

қаттылығының 57...59; 59...61 және 61...63 HRC арасындағы үш түрі болады. Олардың қаттылық дәрежесі бақыланып отырған үлгілердің қаттылық шегіне сай болуы керек.

Соққыға төзімділігін сынау (соққымен майыстыру) – металдың мықтылығының динамикалық маңызды белгісі болып табылады. Әсіресе,соққыжәнеайнымалыжүктемеменәрітөменгітемпературада жұмыс жасайтын өнімдерді сынақтан өткізудің маңызы зор. Бұл жағдайда металл пластикалық деформациясыз соққының әсерінен оп-оңай бүлінеді. Оны

сынғыш метал деп атайды. Ал соққы жүктемесінен кейін бұзылған металл пластикалық деформациядан кейін –

иілгіш металл деп аталады. Статикалық жағдайларда сынақтан өтіп, жұмыс жасайтын металдар соққы жүктемесіне қарсы тұра алмай, бұзылатыны, себебі соққыға иілгіштік қасиеті жоқ екені анықталды.

Соққы иілгіштігін сынау үшін (материалды соққы жүктемесіне қарсы тұруы) Шарпи маятникті тоқпағы (сурет 2.9) пайдаланылады. Тоқпақпенарнайыүлгі– айырбастарбұзылады. тоқпақтөртбұрышты, ортасында U- немесе V-пішінді кертіктері бар болаттан жасалған қайрақ. Тоқпақтың маятнигінің белгілі бір дәрежедегі биіктіктен үлгінің кертікке қарама-қарсы орналасқан жақтарын соғып, оны бұзады. Маятниктің соққыға дейінгі және соққыдан кейінгі жұмысын белгілеп, оның массасы мен үлгі бұзылғаннан кейінгі түсу

Н

және һ көтеру биіктігін есепке алады. Жұмысының арасындағы айырманы үлгінің көлденең қимасының ауданына қатысты белгілейді. Бөлу барысында алынған бірлік металдың соққы төзімділігінің дәрежесін көрсетеді: тұтқырлығы төмен болған сайын, материал сынғыш келеді.

Майысқыштығын сынақтан сынғыш материалдар (шыныққан болат, шойын) өткізіледі. Олар азын-аулақ пластикалық деформа- цияға ұшырайды. Бұзылу сәтінің басталуын дөп басып айту мүм- кін емес болғандықтан, металдың майысқақтығын сәйкес иілгіштігі басталған сәтке сәйкес анықтайды.

Ширатылуына қарай сынақтан өткізу ең жауапты, ширату үшін барынша үлкен күшпен жұмыс жасайтын бөлшектер (иінді білік, шатун) дайындалатын материалдың пропорционалдылығын, иілгіштігін, аққыштығын және басқа да сипаттарының шегін анықтау үшін жүргізіледі. Осы аталып өткен сынамалардан басқа металдарды сынақтан өт- кізудің басқа да тәсілдері болады. Мәселен, шаршап қалу дәрежесін

Сурет 2.9 Шапри маятникті тоқпағы

1

– маятник;

2

– үлгі;

Н, һ

– маятниктің түсу және көтерілу биіктігі;

– ма- ятниктің қозғалу траекториясы

және ұзақ мерзімді мықтылығын сынау. Шаршаңқылық – материал- дың көп реттік айнымалы жүктеменің әсерінен бұзылғанға дейінгі күйінің өзгеруі. Оны шамасына немесе бағытына қарай, немесе әрі шамасына, әрі бағытына қарай өлшейді. Ұзақ уақыт қызмет еткен металл пластикалық күйден сынғыштық күйде өтеді, яғни шар- шайды. Шаршауға қарсы тұра білу

төзімділік шегі (шаршау шегі) арқылы сипатталады. Төзімділік шегі дегеніміз – материалдың қай- талама-айнымалы жүктемені ең жоғары циклдық қысымда бүлінбе- стен не бұзылмастан көтере алуы. Мәселен, болаттар үшін жүкте- менің 5 млн циклы белгіленген. Ал жеңіл құйма қорытпалар үшін

– 20 млн цикл белгіленген. Мұндай сынақтар арнайы машиналарда жүргізіледі. Ол машиналарда үлгі кезектеп сығымдалып, созылып, айнымалы майыстырылып, ширатылып, қайтадан соққыға түсіп және басқа да күш әсерлеріне ұшырайды.

Сырғыштық (жылжымалық)

– материалдың белгілі бір темпе- ратуда ұзақ уақыт жүктің әсерінен пластикалық деформациялануы. Пластикалық деформациялану өнімнің пішіні мен көлемін өзгертіп жіберетіндей шамаға жетуі мүмкін. Соның салдарынан өнім мүл- дем бұзылады. Сырғыштық – құрастырмалы материалдардың бар- лығы тап болатын құбылыс. Алайда болат пен шойын тек 300°C-тан жоғары температурада қыздырылып, температура жоғарылаған сайын ғана сырғи бастайды. Балқу температурасы төмен металдар (қорғасын, алюминий) және полимерлі материалдар (резеңке, каучук, пластмасса) үшін сырғыштық бөлме температурасында-ақ байқалады. Металдардың сырғыштығын арнайы қондырғыларда өлшейді. Бұларға үлгіні белгілі бір температурада массасы тұрақты жүкпен ұзақ уақытқа (мәселен, 10 мың сағ) салып қояды. Айта кететін жайт – дәл аспаптар арқылы деформацияның көлемі не мөлшері өлшенеді. Күшті ұлғайтып, температураны көтерген сайын үлгінің деформациялану дәрежесі де арта түседі.

Сырғыштық шегі

– 100 мың сағат ішінде үлгіні белгілі бір температурада тек 1%-ға ғана өз- гертетін қысым.

Ұзақ уақыттық мықтылығы не беріктігі – ұзақ уақыт ішінде сырғыштық күйінде тұрған материалдың мықтылығы.

Ұзақ уақыттық мықтылық шегі

– үлгіні белгілі бір температурада белгіленген уақыт ішінде бұзылуына әкеп соқтыратын қысым.

Материалдарды сынақтан өткізу ұзақ уақыт бойы бұзылмай не сынбай жұмыс жасайтын, әрі ең ауыр жағдайларда да апаттарға төзімді болып келетін сенімді машиналарды жасау үшін қажет. Бұл

– ұшақтар мен тікүшақтардың бұрандалары, турбиналардың ротор- лары, зымырандардың бөлшектері, бу құбырлары, бу қазандықтары т.б. құралдар.

Басқа жағдайларда жұмыс жасайтын қондырғылар үшін арнайы сынақтар жүргізіліп, олардың сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі анықталып, расталады.

2.5.

ЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЫНАҚТАР ЖӘНЕ СЫНАМАЛАР

Жауапкершілігі жоғары жағдайларда сатып алынған не әкелінген метариалды өндіріске пайдаланбас бұрын оның ілеспе құжаттармен кепілдік берілген қасиеттері шындығында қанағаттанарлық дәреже- де екенін анықтау мақсатында технологиялық сынақтар жүргізілуі

керек. Материалдарды сынақтары мен сынамалары оларға қойыла- тын талаптарға, өнімнің тағайындалуы және басқа да факторларға тікелей байланысты. Бұл материалдардан өнімдерді дайындаудың технологиялық үдерісіне белгілі бір талаптар қойылады. Машина жасау құрылысында және басқа да өндіріс салаларын- да жалпы қабылданған талаптарға өнімді дайындау үшін әкелінген металл типі мен сапасы жағынан қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін технологиялық сынақтар (сынама- лар) жатады.

Ұшқынды сынама

– болаттың типін белгілеріне және ұшқынның түсіне, сыналып отырған материал (өнім) айналмалы түркілі шең- бермен түйіскенде пайда болатын тізбектеріне қарай анықтау тәсілі. Бұл үшін өндірісте пайдаланылатын әртүрлі болаттар мен қайрағыш білдектің үлгілері болуы керек. болаттың типін анықтау үшін мы- надай

шарт орындалуы қажет: сынақтар білдек пен түрпілі шең- бердің жылдамдық белгілері тұрақты бір ғана қайрақта жүргізулі керек, тексерілетін бөлшектері таза, тот баспаған болуы шарт. Болат- тың типін ұшқынға қарай анықтау барысында ұшқынның түсі ғана емес, ұшқын тізбектерінің пішіні мен ұзындығы, саны, тізбектерінің ең шетіндегі жұлдызшалары мен тіліктерінің мөлшері өте маңыз-

Сурет 2.10 Ұшқынды сынама арқылы болаттың типін анықтау а

– көміртек мөлшері төмен;

б

– көміртек мөлшері орташа;

в

– көміртек мөл- шері жоғары, құралдық;

г

– тез кескіш;

д

– марганец типті болат

ды. Машиналар мен құрал-жабдықтардың бөлшектерін дайындауда пайдаланылатын болаттардың типтерінің саны шектеулі болса, аз ғана тәжірибеге сүйеніп, материалдың маркасын оңай әрі жылдам анықтауға болады. Егер күмән тудырса, салыстыру үшін үлгілерді пайдалану керек.

Кесте 2.1. Эриксен аспабы арқылы тексерілетін әртүрлі металдар үшін шұңқырлардың минималды тереңдігі (ені 30...50 мм ленталар үшін)

Материал, маркасы
Эриксен аспа- бындағы пуан- сонның радиусы, мм
Шұңқырдың тереңдігі, мм, лентасының қалыңдығына қарай, мм

0,10...
0,15

0,20...
0,25

0,30...
0,55

0,60... 1,1

1,2... 1,5

Мыс М1, М2, М3

10

7,5 8,0 9,0 9,5

10,0
Никель (күйдірілген

4

3,4 3,8 4,0

Болат 10 (жұм- сақ, күйдірілген

4

4,2

4,5.5,1
5,4.6,2

6,7

Тәжірибе көрсеткендей, көміртек мөлшері төмен (
сурет 2.10

, а ) болат – жұлдызшалары жоқ сары түсті ұшқынның шоғырын бер- се; көміртек мөлшері орташа (сурет 2.10, б ) болаттан жарық жұл- дызшаларының саны айтарлықтай көп шоғыры шығады; көміртек мөлшері өте жоғары құралды болаттан (сурет 2.10, в ) – ұсақ жарық жұлдызшалары көп ұшқынның қысқа ғана шоғыры берілсе, тез ке- скіш болаттан (сурет 2.10, г ) – ұшқынның шоғыры жұлдызшасыз, қошқыл-қызыл сызықтар түрінде беріледі; марганец типті болаттан (сурет 2.10, д

) – жұлдызшалы ақшыл-сары сызықтар шоғыры шыға- ды.
Жалпақ металдың суық қалыптау мен созылу қабілеті

кірік- тірілген шұңқырдың тереңдігімен анықталады: сақиналы үстіңгі беті сығымдалған тілімшелерде бірінші жарық пайда болғанға дейінгі аралықта шұңқыр терең болған сайын оның созылу қабілеті (жал- пақты қалыпталу) жоғары болады. Кіріспе бақылау кезінде бақыла- нып отырған шұңқырдың тереңдігі ілеспе құжаттарда (ТУ немесе

МЕМСТ) көрсетілген өлшемнен төмен болмауы керек (
кесте 2.1
). Шұңқырдың кірігу тереңдігі Эриксен аспабымен өлшенеді. Сына-
лып отырған материалдан кесіп алынған дайындама (

3

) бұрандалар (

5

) мен матрица (

4

) арасында қысылады. Одан кейін сфералық пуан- сонның үлгісіне (

2

) матрицада алғашқы жарықтар пайда болғанша кіріктіріледі (
сурет 2.11
). Бақылауды айнаның (

1

) көмегімен жүргі- зеді. Пуансонның орнын ауыстыру үшін сермер (

6

) пайдаланылады. Оның шкаласы бар (

7

) барабаны болады. Барабан шұңқырдың те- реңдігін 0,01 мм дәлдікпен өлшеуге арналған.

Созылыңқылығы

– қатты денелердің механикалық әсерлердің салдарынан қалпына қайта келмейтінде деформациялану қасиеті. Деформациялану үдерісі қатты денелердегі кейбір атомаралық бай- ланыстардың үзілуінен және жаңа атомдардың түзілуімен айқында- лады. Созылыңқылығының арқасында материалдарды қысыммен өңдеу мүмкіндігі туады – соғу, жұқарту т.б.

Майысқақтығын сынау

– еш бүлінбестен қажетті көлем мен мөлшерге дейін майыса алу қабілетін анықтау үшін металдың үл- гісін суық немесе қызған күйінде сынақтан өткізу деген сөз. Майы- су мен бүгілу металды

90°-та қарама-қарсы жаққа ширату арқылы жүзеге асырылады. Металдың үлгісі сынақлғаннан кейін бүлінбесе

Сурет 2.11 Жалпақ металдың созылуға қабілеттілігін анықта- уға арналған Эриксен аспабы

1

– айна;

2

– пуансон;

3

– металл дайындамалары;

4

– матрица;

5

– бұран-

да;

6

– сермер;

7

– шкала

және жабын қабатында бұзылу байқалмаса, сынақтан өтті деп сана- лады.
Бүгілуін сынау

– металдың белгілі бір дәрежеде қайталама май- ыстыруға төзімділігін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай сынақтан дөңгелек сымдар, шыбықшалар, ленталар, жолақтар, табақтарды 90° бұрышқа майыстыру арқылы өткізіледі.

Құрал-саймандарды жасау құрылысында технологиялық сына- малар ретінде, айталық, мыс үшін «су ауруларын» анықтау, шыны- лар мен металдарға арналған СКТК-н бақылау жасау секілді тәсіл- дерді пайдаланады. Оттегісі жоқ мыстың құрамындағы «су ауруы» анықталуы керек. Себебі мыстың құрамында оттегі қоспалары бол- са, қыздырған кезде сутек ортада оттегі мен сутегі арасында реакция басталып, сулы булар пайда болады. Сөйтіп металдың ішінде бос орындар мен микрожарықтар пайда болады. Яғни мыстың вакуум- дық тығыздығы бұзылады. Мыстың қалыпты сұрыптары сутегі ор- тасында термиялық өңдеуден өткізілмейді. Оттегісі жоқ мыстың «су ауруының» болмау дәрежесін қалың- дығы 2 мм және ені 10 мм үлгіні бөліп алып, анықтау керек. Қыз- дырғаннан кейін сутегі ортасында үлгілер кем дегенде белгіленген бұрышта бүгіліп, шыдас беруі тиіс.

Шынының
сызықтық кеңеюінің температуралық коэффи- центі (

СКТК) әдетте екі қабатты жіп алу тәсілімен анықталады. Газ оттығының жалынының астында екі шынының дәнекерленіп бірікпесін дайындайды – эталонды және сынама үшін. Олардан ұзын жіп шығарады. Эталон мен үлгінің СКТК тепе-тең болғанда, жіп суытылғаннан кейін тіке қатып қалады, ал айырма болса – май- ысады не бүгіледі. Жіптің майысу дәрежесіне қарай үлгінің СКТК шамасын анықтайды. Планиниттің сызықтық кеңеюінің температуралық коэффицентін ТШ-на тіркелген кесте мен диаграмма бойынша никельдің жүрекше- дегі мөлшері мен мыс қабықшасының қалыңдығына қарай анықтай- ды. Ковар, керамика және басқа да материалдардың сызықтық кеңе- юінің температуралық коэффицентін айталық, кварцты дилатоме- трдің көмегімен анықтайды. Бұл принцип дененің мөлшерін жылу- дың әсерімен өлшеуге негізделген. Аталған өлшемнің сезімталдығы

– 10

-12

м-ге дейін.

Әмбебап дилатометр СКТК-ны материалды  абсалютті  неме- се дифференциалды кеңейту немесе сығу (қыздыру немесе суыту

кезінде) тәсілімен анықтауға мүмкіндік береді. Дилатометр авто- матты бағдарламалық қондырғының көмегімен үлгіні белгіленген жылдамдықта қыздырады. Сондықтан үлгінің кеңеюі уақытқа бай- ланысты тіркеліп отырады. дифференциалды тәсіл бойынша дила- тометрдің оптикалық қондырғысының көмегімен бақыланушы және эталон үлгінің белгіленген қыздыру температурасындағы әртүрлілі- гін анықтайды. Екі жағдайда да өлшеудің көрсеткіштері жарыққа сезімтал лентада жазылып отырады. Дилатометр төрт қондырғыдан тұрады: диламетрдің өзінен, оны орналастыру механизмі бар пештен, үстел-пульттан және белгіленген жылдамдықта температураны реттеп отыратын автоматты бағдар- ламалық қондырғыдан. Дилатометрдің басында негізгі оптикалық жүйеге арналған жарық көзі мен өлшейтін оптикалық-механикалық қондырғы болады. Эталон ретінде пирос қоспасынан жасалған үлгі іріктеліп алынады. Үлгі 0...1000°С температура диапозонында қы- здыру және суыту кезінде бастапқы қалпына кері қайтарыла алмау қасиетімен ерекшеленеді. Дилатометрдің оптикалық жүйесі қозғалмалы жалпақ және сфе- рикалық шынылардан тұрады. СКТК-ты абсалютті тәсілмен анықтау барысында сыналып отырған үлгінің шынылар жүйесі арқылы кеңе- юі жарыққа сезімтал айналмалы лентаға жазылады. Сондай-ақ лен- таға үлгінің кеңеюінің эталонның кеңеюіне байланысты көрсеткіші жазылады. Эталон кеңеюі бәріне таныс масштабта жазылған темпе- ратураға байланысты. Бұл температурада қисық сызық үлгі мен эта- лонның температураға байланысты кеңеюінің тәуелділік дәрежесін көрсетеді.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ІІ

БӨЛІМ

МАШИНА- ЖӘНЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

ЖАСАУ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР

70

Тарау 3. Құрастыруға арналған материалдар
Тарау 2. Құрастыруға арналған металды емес материалдар

3-тарау

ҚҰРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

3.1.

ТЕМІР ҚОРЫТПАЛАРЫ

Құрастыруға арналған материалдар – күш жүктемесін қабыл- дайтын қондырғыларды (машиналар,механизмдер, аспаптар, аппа- раттар, транспорттық құралдар т.б.) жасау үшін қолданылатын ма- териалдар. Бұл материалдар

металдық
(темір, мыс, никель, титан, алюминий және т.б. металдардың қорытпалары),
металды емес
(пластмасса, шыны, резеңке, керамика, ағаш т.б.),

композициялық
(талшықты, қатпарлы, ұнтақты т.б.) т.с.с. болып бөлінеді.

Металды материалдар қысқаша, әдетте металдар деп аталады. Олар іштей былайша жіктеледі:

қара (темір және оның негізінде- гі қорытпалар – металл өнімдерінің 95%-н құрайды) және

түрлі түсті
(темірден басқа барлық металдар мен қорытпалар): оның ішінде
жеңіл

– алюминий, магний, бериллий, титан, стронций, це- зий, барий, натрий, кальций мен калий;

ауыр

– мыс, никель, қорға- сын, қалайы, цинк, кобальт, сүрме, сынап, висмут, кадмий;

қиын балқитын

– вольфрам, молибден, тантал, ванадий, ниобий, рений, хром, цирконий, гафний;

асыл (бағалы)

– алтын, платина, күміс және платиноидтер (палладий, родий, рутений, осмий, иридий) т.б.

Біздің зерттеу жұмысымыздың нысаны – өндірісте құрастырушы ретінде қолданылатын металдар.

Шойын

– темірдің көміртекпен (2%-дан көп) және марганец, кремний, күкірт, фосфор мен басқа да элементтердің (2.1-тарауша- сын қараңыз) қорытпасы болып табылатын қара металл. Домна пешінде алынатын шойынның көп бөлігі болатты қайта балқыту үшін қолданылады. Мұндай шойынды

қайта балқытатын
деп атайды. Сондай-ақ
құйма шойын

мен

ферроқорытпалар

– крем- ний, алюминий, хром, ванадий, никель, титан мөлшері көп арнайы шойындар қорытылады. Ферроқорытпалар болаттарды тотықтан- дыру және қоспалау үшін пайдаланылады.

3

Шойынның құрамында С еркін көміртектің (графиттің) болуы сынықтарының сұр түсінен көрінеді. Бұндай шойынды

сұр шойын деп атайды. Егер көміртек байланысты күйде болса, яғни Fe C темір карбиді түрінде болса, шойынның сынығының түсі – ашық, жарқыл болады. Ондай шойынды

ақ шойын деп атайды.Сұр шойын – машина жасау құрылысында өзінің құймалық қаси- еті, аз ғана созылғыштығы, қыздыруға төмен дәрежедегі төзімділі- гінің арқасында кең қолданыс тапқан. Десек те, сұр шойынның мықтылығы мен тозуға төзімділігі аса жоғары емес. Мұндай шой- ыннан күрделі пішінді бөлшектер құйылады. Күрделі пішінді бөл- шектерге бедлгіленген габаритті мөлшерді сақтап қалу керек деген қатаң талап қойылмайды. Ал дайныдалған өнімнің қабырғаларының қалыңдығы мықтылығына қарай емес, өндіру технологиясына қа- рай анықталады. Мықтылығы төменгі дәрежедегі сұр шойындар мықтылығы жоғары сұр шойындарға қарағанда, құймалық қасиеті өте жақсы болады, механикалық қысымды аз пайдаланып, өзгеріске түсе қоймайды. Мықтылығы орташа сұр шойындардың құймалары машина жа- сау құрылысында білдектер мен машиналардың корпустық және тірек бөлшектерін дайындау үшін кең қолданылып келеді. Мұндай мақсатта СШ10, СШ15, СШ18 маркалы шойындар (мұндағы СШ – сұр шойын, ал цифрлар

4

– созылғандағы мықтылық шегі, кгс/мм

2

). Айталық, СШ18 маркалы шойын – созылғандағы мықтылығы кем дегенде 180 МПа болатын сұр шойын. Иінді біліктер, беріліс бөлшектері, айтарлықтай жоғары жүктілік, жылдамдық пен қысымдылық жағдайында тозғанша жұмыс жасай- тыг ауыржүкті тұғырлар мен бағыттаушылар мықтылық дәрежесі жоғары, СШ30, СШ35 (МЕМСТ 1412-85) маркалы сұр шойындар- дан жасалады. Сұр шойынның мықтылығын жасқасарту үшін майда жұқа қат- парлы графитті арнайы өңдеуден өткізу –

модификациялау арқылы біртекті бөлу мен орналастыру қажет. Шойындар қорытпаларға графиттелген қоспаларды (ферросилиций, силикокальций, силико- алюминий т.б.) ендіру арқылы модификацияланады. Бұл қоспалар графитизацияның қосымша орталықтарын қалыптастырып, нәтиже- сінде майда жұқа қатпарлы графит түзіледі. Мұндай шойынды

мо- дицикацияланған
деп атайды. Ол кәдімгі сұр шойыннан жарылуға

4

Күйдіру – қысым арқылы суықтай өңдеу жолымен металдан жасалған материал- дардың мықтылығы мен қаттылығын арттыру

жоғары дәрежеде төзімділігімен, жақсартылған құмайлық қасиет- терімен, құрылымының біртектілігімен ерекшеленеді. Оны отандық құймаларды (дизелді цилиндрлер, цилиндрлердің блоктары, жұды- рықшалы иінді біліктерді т.б.) жасау үшін қолданады.

Мықтылығы жоғары шойындар сұр шойынды магниймен (0,5...1,2%), кальциймен, цериймен т.б. модификациялау арқылы алынады. Бұл қоспалар шойын кристаллизацияланғанда, оның құра- мындағы графиттің шар түрінде қалыптасып, шойынға созылуға 1 ГПа-ға дейін (100 кгс/мм

2

) және 8...10% ұзартуға деген жоғары төзімділік қабілетін үстеуіне септігін тигізеді. Шар тәрізді графит- тері бар шойындікі секілді мұндай иілгіштік тіпті ұсақ жұқа қатпар- лы графиттері бар, ең сапалы деп танылған сұр шойындарда да бол- майды. Сонымен қатар, шар тәрізді графиттерінің арқасында шойын қажалуға қарсы жоғары төзімділікке ие болып, антифрикциялы қа- сиеттері жақсарады. Шойынның құрамы біркелкі құймаларының құрылымы құйма- ның қалыңдығына қарай әртүрлі болып келеді. Қалыңдығы әртүрлі құймалардың қажетті құрылымын қамтамасыз ету үшін олардың хи- миялық құрамын жақсы білу керек. Қабырғалары жұқа құймаларды құрамындағы 3,6%-ға дейін көміртек пен 2,8%-ға дейін кремний бар шойындардан дайындай- ды. Шойынның сұйық аққыштық қасиетін жоғарылатуға фосфор көмектеседі (алайда шойынның жұқа қатпарлы қасиеттерін фос- фор төмендетіп тастайды; шойынның жоғары жұқа қатпарлық қа- сиетін дамыту үшін фосфордың мқлшері 0,08%-ден аспауы керек). Қабырғалары қалың құймалар мен көркем құймалар үшін шойын- ның құрамындағы фосфор 1,2%-ға дейін бола алады. Құймалар- дың антифрикциялық қасиеттері никель мен хромның қоспаларын арттырып, кремний, күкірт пен фосфордың мөлшерін бір мезетте төмендетіп тастайды. Хром мен никельдің көп мөлшері шойынның ыстыққа және коррозияға төзімділік қасиеттерін жоғарылатады. Әбден тозғанша (тежегіш қалыптар, тас майдалағыш құралдар- дың қысаң тік жағалары т.б.), жоғары температурада (желтартқыштар т.б.), реагенттердің химиялық ықпалымен (сыйымдылық және агрес- сивті орталарға арналған арматура) жұмыс жасайтын өнімдер

ақ шойыннан құйма тәсілімен дайындалады. Илемдеу біліктері, вагон доңғалақтары, гидроцилиндрлер мен басқа да өнімдер

ағартылған шойыннан (үстіңгі беті ақ шойыннан, ал негізгі массасы сұр шой- ынның қасиеттері мен құрамына ие) жасалады. Ағартылған шойын

тозуға шыдас береді.
Ақ шойындар
қоспалы
және

қоспасыз деп бөлінеді. Ақ шой- ындардың құрамына никель мен борды қосу арқылы шойынды то- зуға төзімді етсе, хромды қосу арқылы оларды тозуға және жылуға төзімді етеді, кремний – тотығуға төзімділігін арттырады. Шойынның құрамындағы қоспа компоненттерінің атауына қа- рай, қоспа шойындарды никелді, алюминийлі, хромды т.б. шойын- дар деп атайды. Айталық, ЧН19ХЗШ никель қосылған шойынның коррозиялық шыдамдылығы, мықтылығы, иілгіштігі өте жоғары бо- лады, құрамында 17...20% никель, 2,5...3,5% хром мен кем дегенде 0,08% күкірт болады. Марканың таңбалануындағы «Ш» әрпі – осы шойынның құрамындағы көміртек (графит) шар тәрізді пішінде екендігін білдіреді. ЭАЧЮ-22 маркалы алюминийлі шойын ыстыққа және тозуға төзімді материал болып саналады («А» әрпі – антифрик- циялы деген мағына береді), 19...25% алюминий мен жұқа қатпарлы көміртек бар.

Чугаль қорытпасы

– құрамында 19...25% алюминий бар ыстыққа және коррозияға төзімді шойын. Одан күкірттің буымен жұмыс жа- сайтын босаңдату пештері мен алюминийді балқытуға арналған от- бақырлар т.б. жасалады.

Хромды шойындар (ЖЧХ1–ЖЧХ30 маркалы) ыстыққа төзімді (шойынның маркасындағы «Ж» әрпі), коррозияға төзімді және то- зуға төзімді құймаларды жасауға арналған. Хромды шойындардан жасалған өнімдердің (құрамында 13...16% хром бар) шекті жұмыс теппературасы – 900°С, ал хром мөлшері 20...30% құрайтын шойын- дардың шекті жұмыс температурасы – 1200°С.

Қақтауға төзімді шойын

– сұр шойынмен салыстырғанда, мықтылығы, иілгіштіші мен созылғыштығы жоғары шойындар. Қақтауға төзімді шойынды ақ шойынды арнайы термиялық өңде- уден өткізе отырып, алады. Нәтижесінде қақтауға төзімді шойын құрамында босаңдатылған көміртек (мақта пішінді ұлпа графит) қо- сылған таза феррит құрылымын беруі мүмкін. Мұндай шойынның созылғандағы мықтылық шегі – 0,35.0,4 ГПа (35.40 кгс/мм

2

) және ұзартылғандағы мықтылық шегі – 1,5.15% болады. Құрамында пер- лит негізгі қоспа ретінде болатын қақтауға төзімді шойынның со- зылғандағы мықтылық шегі – 0,5...0,6 ГПа (50.60 кгс/мм

2

) болады, алайда олардың ұзартуға төзімділік шегі небәрі 2...4% болып, құра- мында ферриті бар қақтауға төзімді шойынға қарағанда, соққыға

барынша төмен дәрежеде шыдас береді. Десек те, перлитті қақта- уға төзімді шойынның ферритті шойынға қарағандағы басты ар- тықшылығы – тозуға барынша жоғары төзімділігі. Қақтауға төзімді шойынның құрамында 0,5...1,6% көміртек, 0,3.0,5% марганец, 0,2% фосфор мен 0,1% күкірт болады. Қақтауға төзімді шойындар – шағын көлемді, бірақ пішіні күр- делі құйма өнімдерін жасауда пайдаланылатын ең арзан әрі ыңғай- лы материал. Олардан автомобильдердің, білдектердің, суқұбыр арматуралары, конвейерлер мен элеваторлардың бөлшектері құйма тәсілімен жасалады. Қақтауға төзімді шойынның артықшылығы – аққыштық шегінің мықтылық шегіне қарағанда жоғары болатыны, майыстыру мен бүгуге барынша шыдамды, құйылған үстіңгі беті коррозияға қарсы шыдайды, кесетін құралмен оп-оңай өңделеді, мықтылығы төмен. Қақтауға төзімді шойындарды атауына және кейбір механикалық қасиеттеріне қарай атайды. Мәселен, КШ40-4 және МШ60-8 мар- каларындағы «Ч» әрпі – шойын болса, «Қ» - қақтауға төзімді, «В»

Химиялық құрамы бойынша болаттарды
екі топқа жіктейді: қоспасыз (көміртекті) және қоспалы.
Қоспасыз
(көміртекті) болат

Тағайындалуына қарай болаттардың мынадай топтары жікте- леді:
құрастырмалы, құралдық, өртенгіш
және
қазандық

; теміржол транспорттарына арналған (
рельсті, доңғалақтар үшін
т.б.), мой- ынтіректі:
рессорлы-серіппелі, құбырлық

т.б.
Сапасына  қарай:
қарапайым  сапалы,  сапалы,  жоғары  сапалы
және

ерекше сапалы
деп бөлінеді.

Қарапайым сапалы көміртекті болаттар «Бл» (болат) әріп- терімен және 0-ден 6-ға дейінгі мықтылық дәрежесінің өсу ретіне қарай марка нөмірімен (марканың соңында тотығу тәсілін білдіретін әріптер болады: «бс» – байсалды, «жб» – жартылай байсалды, «қн»

Сапалы болаттар
қоспалы
және
көміртекті

болып бөлінеді. Қоспалы болаттардың маркаларын анықтау үшін олардың химиялық құрамын негізге алады. Алғашқы цифрлар, мәселен, құрастыруға ар- налған болаттар – көміртектің мөлшері орташа болаттар пайыздың жүздік үлесін, ал құралдық болаттар – пайзыдың ондық үлесін біл- діреді. Қоспалы элементтер орыс әліпбиіндегі мынадай әріптермен белгіленеді: азот (марканың соңындағы) – А, алюминий – Ю, бор Құрастыруға арналған сапалы көміртекті болаттар машина жасау құрылысында термиялық өңделетін және термиялық өңделмейтін әртүрлі бөлшектерді жасау үшін пайдаланылады. Мұндай матери- алдарды маркалау кезінде «болат» сөзінен кейін екі мәнді цифр – көміртектің орташа мөлшерінің пайыздық жүздік үлесі жазылады. Аталған болаттың маркалары: 08; 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; 45; 50; 55; 58; 60; 65; 70. Бұндай шынығу құрамында 0,30...0,35% көміртек бар болаттарда басталады деп саналады. Егер үстіңгі беті қатты және ор- тасы жұмсақ болғаны қажет болса, көміртек мөлшері төмен сапалы

болатты пайдаланады (мәселен, болат 20). Осы болаттан цемента- цияланатын және қаттылығы 60...64 HRC жетіп, шынықтырылатын бөлшектер дайындалады. Кейін олар ақырғы рет өңдеуден өтеді. Көміртек мөлшері орташа сапалы болат (айталық, болат 45) шыныға бастайды, бірақ қаттылығы 42.44 HRC тең болады. Жону автоматтары үшін жасалатын бөлшектер үшін құрамында фосфор мен  күкірт  мөлшері  көп  автоматты  болаттар   пайдаланылады. Бұл болаттар «А» әрпімен және екі мәнді санмен – көміртектің мөлшерінің пайыздық жүздік үлесі – белгілейді. Айталық, А12 автоматты болатының құрамында орташа есеппен 0,12% көміртек болады. Автоматты болаттардан жасалған бөлшектердің сыртқы ди- аметрі (мұндай болаттардың шыбықшаларын цангамен қысу үшін) калибрленген, кедір-бұдырлығы аз болып, кесу арқылы өңделіп, әдетте уатқанда майда жаңқалар шығады. Құрастыруға арналған болаттан қарапайым және үлгілімді сұрып- тық пішінді өнімдердің кең ассортименті жасалады: суықтай илем- делген (қалыңдығы – 0,05...3,6 мм), ыстықтай илемделген (2,2...3,6 мм) ленталар, жұқса (0,24 мм) және қалың (4...160 мм) табақшалар, жолақтар (4...8 мм) және кең жолақтар (6...60 мм), дөңгелек, квадрат және алты бұрышты қима өнімдер, бұрыштар (тең жақты және әр- жақты), швеллер, қоставрлар, үлгілімді прокаттар, құбырлар (элек- трдәнекерлеугі, жіксіз, сым тартатын) т.б. Құйма тәсілімен болаттан өнімдер жаса уүшін арнайы көміртекті болаттар пайдаланылады. Құйманығ қасиеттеріне қара йоларды үш топқа бөлеміз: І – қарапайым, ІІ – жоғары және ІІІ – ерекше саралы. Болат құймалар, әдетте, құрылымы нашар болып келеді, сәйкесінше, қысым арқылы жасалған болат өнімдерге қарағанда, механикалық қасиеттері төмен болады.

Қоспалы болаттар

– үйреншікті қоспалардан (көміртек, крем- ний, марганец, күкірт, фосфор) басқа арнайы қосылатын құйма эле- менттер немесе марганец пен кремний мөлшері шектен тыс болаттар. Қоспалы элементтерінің жиынтық мөлшері 2,5% болған болаттар

төменгі қоспалы
деп танылса, 2,5...10% –
орташа қоспалы
және 10%-дан көп –

жоғары қоспалы деп саналады. Қоспалы элементтер ретінде хром, никель, молибден, вольфрам, ванадий, марганец пен титан қолданылады. Қоспалы элементтеріне қарай оларды хромды, никелді, хромникелді, молибденді т.б. атпен атап, маркасында осы элементтерді міндетті түрде көрсетеді. Мәселен, құрастыруға ар-

налған 40ХН2МА маркалы жоғары сапалы хромникелді болаттың құрамында («А» әрпі марканың соңында тұр) 0,4 % көміртек, ша- мамен 1 % хром, шамамен 2 % никель және 1 % молибден болады. Коррозияға шыдамды болаттар да құрастыруға арналған матери- алдар ретінде жұмсалады. Олар өндірісте өте кең қолданыс тапқан.

Коррозияға шыдамды жоғары қоспалы болаттар дегеніміз – ауа атмосферасында, теңіз және өзен суларында да, сондай-ақ кейбір агресситі ортада коррозияға төзімді болаттар. Олардың ішінде кең танылғандар – хромды (құрамында 12...27% хром бар) және хромни- келді (18% хром мен 9% никель бар) болаттар. Олардың құрамында бұдан басқа да қоспалар болуы мүмкін, мәселен, титан мен алюми- ний. Коррозияға шыдамды жоғары қоспалы болаттарды тағайын- далуына қарай жіктеп, құрастыруға арналған, құралдық, тотығуға төзімді, ыстыққа төзімді, отқаққа берік (қызуға төзімді) материал- дар, сондай-ақ электр кедергісі жоғары болаттар деп топтайды. Со- лардың бірнешеуімен танысып көрелік. Коррозияға шыдамды болаттарды іштей тағы екі топқа жіктеуге болады: атмосфераға төзімді және тотығуға төзімді деп (агрессивті ортаға төзімді). Айта кететін жайт – атмосфералық әсерлерге бар- лық коррозияға шыдамды болаттардың барлығы төзе алады, алайда экономикалық мақсаттарда атмосфераға төзімді болаттар ретінде Х14, 20Х13, 30Х13, 40Х13, Х13Н4Г9 т.б. маркалы болаттар пайда- лана бастады. Осы аталған болаттардан турбиналардың қалақшала- ры, гидравликалық қысымның клапандары, тегершіктер, тұрмыстық қалдықтарға арналған заттар жасалады. 40Х13 маркалы болат хи- рургиялық,к есетін, өлшейтін құралдарды жасау үшін пайдаланыла- ды. Ол шынығып (көміртек мөлшері – 0,4%), магнитті үстел үстінде қалыпталады.

Тотығуға төзімді болаттар Х17, Х17Н2, Х25, Х28, 20Х18Н9, Х18Н9Т, Х18Н11Б т.б. маркалы болып, олардан азотты-қышқыл- ды зауыттарға арналған құрал-саймандар, шандар, құбыр желілері, жылу алмастырғыштар, абсорбциялы мұнаралар жасалады. Сон- дай-ақ Х17, Х17Н2 маркалы болаттардан асханалық, асүйлік, кон- сервілеу зауыттарына және үй тұрмысында қолданылатын заттар мен құрал-жабдықтар жасалады. Күкіртті, қайнатылған фосфорлы, құмырсқа және сірке қышқыл- дарына Х18Н12М3Т маркалы болат жақсы шыдас береді. Оларды осы аталған ортада қолданылатын құрал-жабдықтар мен құрылғы-

лар жасау үшін пайданалады.
Отқаққа берік болат

– жоғары температуралы газ атмосфера- сында әсер болғанда да, қақтың түзілуіне қарсы шыдай алатын болат.

Ыстыққа төзімділік

– қорытпаның қолданылу кезінде жоғары температурадағы (550°С-тан жоғары) газ ортасында да химиялық

бұзылуға ұшырауға қарсы тұра білу қабілеті.

Ыстыққа төзімді болат – жоғары температурадағы агрессивті ор- тада да өзінің механикалық қасиеттерін сақтай отырып, жұмыс істе- уге қабілетті болат. Бұл болаттың отқаққа және ыстыққа төзімділік қабілеттері бірін-бірі толықтырып, құрамындағы хром (30%-ға дей- ін) мен никельдің (78%-ға дейін) көп мөлшерінің арқасында кең та- нылғандығын ескере отырып, танысатын боламыз. Құрал-сайман- дарды жасауға арналған болаттардың ыстыққа төзімділік қасиетін арттыруда вольфрам мен молибденді қосу да септігін тигізеді. Кейбір ыстыққа төзімді болаттар – қызуға төзімді деп танылады, себебі олар агрессивті ортада және шектен тыс жүктемеде, жоғары температурада бірнеше уақыт бойы жұмыс жасауға қабілетті бола- ды. Айталық, Х18Н25С2 және Х25Н2С2 маркалы болаттар 1100°C температурада отқаққа, ыстыққа және тотығу мен қызуға төзімді болып келеді. Оларды шектен тыс жүктемеде жұмыс жасайтын өнімдерді, мәселен, пештің ленталарына арналған конвейерлерді жасау үшін пайдаланады. Мұндай конвейерлер термиялық өңделген көлемі үлкен өнімдердің қуаттылық әсеріне және жоғары температураға шыдайды. Х20Н14С2, Х23Н13 және Х23Н18 марка- лы болаттар 1000°C дейінгі температурада отқаққа төзімді, ыстыққа және тотығуға төзімді болады. Олардан қазандықтардың аспалары мен тіреуіштерін, газ пиролизіне арналған қондырғылардың бөлшектерін, дәнекерлеуші сымдар мен құбырларды т.б. жасайды. Мұндай болаттар, айталық Х9С2, Х12ЮС, Х14Н14В2М (МЕМСТ 20072-75) маркалы болаттар жоғары қысым мен жоғары температу- рада (800°C-қа дейін) жұмыс жасайтын газ және бу турбиналарын, бу ысытқыштарын т.б. жасауға пайдаланылады. Себебі олар қақтар- ды түзе алмайды және ыстыққа төзімді болып келеді. Тиектер, со- ташықтар, сорғыштар, құбырлардың жекелеген бөлшектері мен 650°C температурада күкірт қышқылының әсерлерінде жұмыс істей алатын басқа да өнімдерді Х6СМ және Х7СМ маркалы болаттардан жасайды. Х18Н9Т маркалы болаттан жасалатын бөшектер 600°C-қа дейінгі температурада жұмыс жасауға қабілетті. Болаттың бұл түрі

кристалитаралық коррозияға (түйіршіктерінің шекараларындағы коррозия) ұшырамайды, қыздырылғанда газ түзбейді, сондықтан оларды вакуумды жүйелерді жасауда пайдаланады.

Нитраллой

– ауыр жағдайларда жұмыс жасайтын бөлшектерлі жасауға арналған, сондықтан арнайы азоттандырылатын болаттардың (мәселен, 38ХЮ, 38ХМЮА маркалары) жалпы атауы. Мұндай болаттардың қоспалы элементтері – ұсақ кристалды қатты нитридтер түзіп, азоттандырылған қабаттың үстіңгі бетіне қаттылық (1200 HV-ға дейін) мен тозуға төзімділік қасиетін үстейтін алюми- ний, хром, молибден,  ванадий секілді заттар.

Хромансиль

– құрастыруға арналған орташа қоспалы болат, оның құрамында хром, марганец, кремнийдің бір пайыздық үлесі болады. Мұндай болаттар мықтылығымен және иілгіштігімен сипатталып, машина жасау құрылысында әртүрлі құрастыру бөлшектерін жаса- уда пайдаланады.

3.2.

МЫС ПЕН НИКЕЛЬ ҚОСЫЛҒАН ҚОРЫТПАЛАР

Маеріп көрелік. Түрлі-тү сті қорытпалардың қоспа компонент- терінің маркасын таңбалау темір қоспалары бар қорытпалардың таңб аларына қарағанда, айтарлықтай айырмашылығы бар. Темір қоспасы бар қорытпаларды белгілеудің бірнеше таңбаларын қара- стырайық: алюминий – А (АЛ), бериллий – Б, темір – Ж, кадмий Мыс

– өндірістік қорытпалар үшін маңызды элементтердің бірі, оның бастылары – жез, қола, мысты-никелді қорытпалар.

Жез – мыстың екілік немесе одан да күрделі қоспалары. Оның ба- сты қоспа элементі – цинк. Екілік (

қарапайым ) жездің қасиеттерін жақсарту үшін оған алюминиймен, қалайымен, кремниймен, темір- мен және қорғасын т.б. қосады. Алынған күрделі (

арнайы ) жездер оның құрамына қосылған цинк секілді қоспа элементтің атымен ата- лады. Өндірісте қорғасынды (қорғасын мөлшері – 1...2,5%), крем- нийлі (кремний мөлшері – 2,5...4,5%), марганецті (марганец мөлшері жездердің түрлері белгілі. Жездің маркалары «Ж» әрпімен таңбала- нады, одан ары қарапайым жезлдің цифрлары – құрамындағы мы- стың мөлшері мен пайызы белгіленеді. Күрделі (арнайы) жездердің маркаларында қоспалардың (қорғасын, темір, никель, марганец т.б.) әріптік таңбалары мен одан ары цифрлар дефис арқылы жазылады Жездерді қысыммен және құйма тәсілімен өңделетін деп бөледі. Жез құрамында әртүрлі компоненттердің болуы оның қасиетін өз- гертеді. Айталық, жез құрамына қорғасын қосылса, ЖҚ59-1 маркасы шығып, кескіш құралмен жақсы өңделетіндей етеді. Жез құрамында кремнийдің қосылуы механикалық қасиеттерін, кескіш құралдар- дың өңдеушілік қасиетін, құю кезінде сұйық аққыштық қасиетін жақсартып, оған қорғасын қоспасын қосса, антифрикциялы етеді. Марганецті жездің механикалық қасиеттері өте жоғары болып, кор- розия мен қызуға төзімді келеді. Жез құрамындағы алюминий оның мықтылығын және теңіз суына қарсы тұру қабілетін көтереді. Машина жасау құрылысында пайдаланылатын қарапайым жез- дердің құрамында 45% цинк, қалғандары – мыс болады. Арнайы жездердің құрамында мыс пен цинктен басқа басқа да элементтер болады. Мәселен, алюминийникельді және кремний-марганецті ЖАНКМц75-2-2,5-0,5-0,5 жездің құрамында алюминий, никель, кремний, марганец болады. Алайда құрамында мыстың мөлшері өте көп (88.97%, қалғаны – 10% цинк) жездер де болады. Оларды томпак (мыстың мырышпен қоспасы болып саналатын жез, Ж96, Ж90) деп атайды. Бұл жездер коррозияға жоғары дәрежеде шыдамды болып келеді. Оларды биметалды материалдар – болат-жез, конденсаци- ялық-мұздату құралдарын, сондай-ақ алтынмен сыртқы ұқсастығы- на қарай көркемдік өнімдерді (зергерлік және сәндік заттар) жасау үшін қолданады. Ж68 және Ж62 жездері кейде жонғыш білдекте дайындамаларды аралық босаңдата отырып, кіріктіру тәсілімен да- налай көлемі үлкен өнімдерді жасауда пайдаланады.

Мысты-цинкті қорытпалардың спецификалық ерекшелігі – күй- дірілген

5

бөлшектердің жылулық және атмосфералық жағдайлар- дың  әсерінен  бұзылуы,  былайша  айтқанда,  «маусымдық  ауруға

5

Күйдіру – қысым арқылы суықтай өңдеу жолымен металдан жасалған материал-
дардың мықтылығы мен қаттылығын арттыру

ұшырауы». Айталық, күшпен бастырылған жезден жасалған өнім- дер (ұштарында кескіштері бар түйреуіштер т.б.) өздігімен әрі күт- пеген жерден үзіліп қалуы мүмкін. Мұндай өнімдердің жұмыс жасау ұзақтығы күйдірудің дәрежесіне және қысымның концентрациясы- на байланысты бірнеше минуттан бірнеше күнге, тіпті бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Қола – мыс қосылған қорытпалар, әдетте қоспа ретінде (цинк пен никельден басқа) қалайы (басты қоспа элемент), алюминий, берил- лий, кремний, свинец, хром және басқа да элементтер жұмсалады. Ең ескі қорытпалар ретінде – қалайы қолалары мен кейінірек пайда болған қалайысы жоқ қолаларды атауға болады. Маркасын таңба- лауда екі әріп – «Қл» – қорытпаның түрі – «қола» деп белгіленсе, кейінгі орында компоненттерін көрсететін әріптер, сосын дефис арқылы цифрлар – олардың пайыздық мөлшері жазылады. Мәселен, ҚлОЦС6-6-3 – қалайы қоласының құрамында 6% қалайы, 6% цинк, 3% қорғасын, қалғаны – мыс болады. Қоладан өнімдер жасау үшін оларды кесіп немесе құю тәсілімен өңдейді. Қоланың құйма және антифрикциялық қасиеттері жоғары, сыртқы пішіні – сұлу, коррози- яға шыдамды болып келеді. Жез секілді, қоланы да қоспа элементтерінің (мыстан басқа) ата- уына қарай атайды. Айталық, қалайылы (құрамындағы қалайы мөл- шері – 2...7%), кремнийлі (кремний мөлшері – 2,75...3,5% және мар- ганец мөлшері – 1...5%), қорғасынды (мөлшері – 33%), алюминийлі (мөлшері – 8...12%) т.б. Ерте кезеңдерден бері қалайыдан жасалған қолалар кең танылып, техникада жиі қолданылған. Қалайының тапшылығынан қалайы қо- ласының орнын басатын заттар, мәселен, кремнийлі жез пайда бол- ды. Қалайы қолаларының құйма, антифрикциялық және антикорро- зиялы қасиеттері жоғары, кесу арқылы жақсы өңделеді. Сондықтан, оларды мүсіндер мен көркем құймалар жасауға жиі пайдаланса, тех- никада – тұщы су мен теңіз суында 2,5 МПа дейінгі қысымда жақ- сы жұмыс істей алатын арматураларды жасау үшін пайдаланады. Қалайы қолаларынан мойынтәрек жылжымалары жасалады. Бұл қо- ланың кемшілігі – оның қатуының арасындаңғы үлкен арақашықтық (150°C-қа дейін), бұл құмйларадың ішінде бос орындардың пайда болуына және герметикалық қасиетінен айрылуына сеп болады. Аталған кемшілік суыту жылдамдығын әртүрлі тәсілдермен (орта- сынан теуіп құю, металдан жасалған қалыптарды пайдалану, қолаға цинкті араластыру, қысыммен кристаллизациялау т.б.) жоғарыла-

тып, қол жеткізуге болады. Құймаларда пайда болған бітеулік емес қасиетін тек 650...700°С температурада кем дегенде 2 сағ босаңдату арқылы (қабырғаларының қалыңдығына байланысты) және өнімді пешпен бірге 300...350°C-ке дейінгі температураға суыту арқылы жоюға болады. Қалайының қола құрамындағы мөлшерін үнемдеу және қоланың кейбір қасиеттерін жақсарту мақсатында төмендету үшін оның құра- мына әртүрлі қоспаларды қосады. Цинкты қосу арқылы қоланың механикалық және құю қасиеттерін жақсартуға болады. Қорғасын құйма, антифрикциялық және антикоррозиялық қасиеттерін жақ- сартса, никель (1,5%)-ға дейін механикалық қасиеттерін жақсартып, қоланың құрамындағы қорғасынның жойылуына кедергі келтіреді. Кремнийлі қоладағы кремнийдің мөлшері оның иілгіштігін жақ- сартса, марганецтің қоспасы мықтылығы мен шынықтыру қасиетін арттырады. Мұндай қолалар серіппелер мен үлгілімді құймалар жасауда пайдаланылады. Қола электронды материал ретінде таныл- ды, оларды электрлік контактылы машиналар жасауда пайдалана басиады. Оларға

кадмийлі
(0,9...1,2% кадмий),
хромды
(0,4...0,7% хром),

никель-бериллийлі (1,4...1,6% никель, 0,2...0,4% бериллий және 0,05...0,15% титан) және басқа да қолаларды жатқызуға бола- ды. Аталған қолалар диаметрлері әртүрлі шыбықшалар, жолақтар, табақшалар, термоөңделген және темоөңделмеген күйдегі созылған және баспаланған пішінде шығарылады. Бұл қолалардың электрод- тарға қажетті қасиеттері болады. Қасиеттерінің ішіндегі ең басты- лары – жоғары электрһткізгіштігі мен қолдану кезіндегі жоғары температураға механикалық төзімділігі. Жоғары электрөткізгіштігі қоланың компоненттерінің есебінен, ал механикалық мықтылығы арнайы күйдіру немесе тойтарылып шегелену арқылы қалыптасады. Роквелл бойынша қаттылығы 61.64 HRB-ден төмен болмауы керек. Электродты қоланың әрбір маркасының өз тағайындалу орны болады. Айталық, ҚлНБТ типіндегі никель-бериллийлі қола коррозияға шыдамды болаттар, титандар т.б. металдарды нүктелі және жіктік дәнекерлеу электродтары үшін пайдаланылады. Қорғасын     қолаларының     құрамында     60%     қорғасын және   2,25...2,79%   никель   болып,   қалайы   қоласының   ор- нын  басатын  зат  ретінде  қалайы  мөлшері  жоғары  баббиттің

6

6

Баббит – тез балқитын антифрикциялы қорытпалар, басты компоненттері – иілгіш қалайы немесе құрамында қатты мыс, сүрме және никель қоспасы бар қорғасын.

орнына қолданылады. Баббит әдетте, мойынтіректің жылжымалы астарындағы болаттан жасалған ленталардың жабыны ретінде пай- даланылады. Қорғасын қоласының құрамындағы никельдің қоспа- сы қорғасын мен мыстың жойылуының алдын алып, қорытпаның мықтылығын жоғарылатады.

Мысты-никелді қорытпаларға
құрастыруға арналған қорыт- палар – мельхиор мен нейзильберлер жатады.
Мельхиорлар

– құра- мындағы басты қоспасы – мыс, 20...30% никель мен құйма темір мен марганецтің аз мөлшері бар қорытпалар.

Нейзильберлер

– басты қоспасы – мыстың 5...35% никельмен және 13...45% цинкпен қорыт- пасы. Су, әсіресе теңіз суының ішінде коррозияға шыдамдылық қа- сиетінің арқасында құрастыруға арналған мыстыникелді қорытпалар кеме жасау құрылысында, дәл техникалардың құрал-жабдықтарын жасауда кең қолданыс тапқан. Олардан медициналық құрал-сайман- дар, ыдыстар, көркемдік өнімдер, тиындар, сондай-ақ бу және сулы арматуралар жасалады. Мельхиорлар суықтай және ыстықтай өңде- уден жақсы өтеді. Нейзильберлердің деформацияланғаннан кейінгі мықтылығы мен иілгіштігі өте жоғары болады, суық және ыстық күйінде икемді келеді.

Сонымен қатар, мысты-никелді қорытпаның
копель

деп аталатын түрі (43% никель мен 0,5% марганецтен тұрады) кең танылған. Ол пирометрия

7

мақсатында хромелмен жұптасып кері термоэлектрод ретінде қолданылады. Мысты-никелді қорытпалардың ішінде ко- пельдің хромелмен жұптасуының термобуындағы термоэлектродты қуаты (термоЭДҚ) жоғары болады. Бұл қорытпа 600°С-қа дейін- гі температурада және 800°C температурада аз уақыт қана жұмыс істейді. Копельден өтемелік сымдар жасалады.

Манганин

– электртехникасында пайдаланылатын мысты- никелді қорытпа.

Никель

– құнды қасиеттердің кешенінен ие металл. Басты қаси- еті – мықтылық, жоғары иілгіштік, коррозияға шыдамдылық, жетіл- дірілген буының төменгі қысымы, жоғары балқау температурасы т.б. Соның арқасында никель машина жасау құрылысында, электр- техникасында, медициналық аппаратурада, құрал-саймандар жасау құрылысында т.б. техника салаларында кең қолданыс тапқан. Со- нымен қатар, никель антикоррозиялық және сәндік жабындар үшін,

6

Контактісіз тәсілмен температураны өлшеу, яғни пирометрдің әсері қыздырылған денелердің (біздің жағдайда - термоэлектродтардың) өз жылуын қолдануына негізде- леді (біздің жағдайда - термоэлектродтардың)

құйма және деформациялайтын қорытпалар мен қоспалы болаттар жасауға жиі қолданылады. Никелді қорытпаларды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге бо- лады: электртехникалық мақсаттарда төменгі қоспалы; термоэлект- роды (хромель, алюмель); коррозияға шыдамды (монель – металл), қызуға төзімді (нихром мен ферронихром). Никель қорытпаларын- дағы қоспа элементтер – алюминий, кремний, марганец, хром, мыс пен темір. Сөйтіп, алюминий никельдің термоэлектрлік қасиеттерін төмендетіп, электрлік қарсылық көрсету қабілетін және қызуға төзімділігін жоғарылатады. Кремний қызуға төзімділігін арттырса, марганец электрлік кедергілігін жоғарылатады. Хромның қоспасы қорытпаның электрлік кедергілігі мен жылулық қасиеттерін (қызуға және ыстыққа төзімділігін) ұлғайтады. Мысты қосу арқылы қорыт- паның коррозияға шыдамдылығы мен мықтылығын жоғарылатуға болады. Коррозияға шыдамдылығына қарай никельдің мыспен қорыт- палары никель мен мыстың бөлек-бөлек алғандағы құрамынан әл- деқайда мықты болады. Никельдің 30% мыспен қорытпасының тұщы, теңіз суына, ауа мен агресситі ортаға төзімділік қабілеті жоға- ры болады. Никельдің титанмен, темірмен және басқа да металдармен қо- рытпасының кейбір қасиеттеріне сипаттама беріп кетелік.

Нитинол

– никельдің (55%) титанмен (45%) қорытпасы, қалыпты сақтап қалу қабілетіне ие.

Нимоник

– ыстыққа төзімді (1000°C-қа дейін) никельді қорыт- па, құрамында хром, титан, алюминий, кобальт т.б. элементтердің қоспасы бар. Нимоник газ турбиналары, зымырандар мен басқа да қондырғыларды жасауға пайдаланылады.

Пермаллойлар

– никельдің темірмен қорытпасының топтары, олардың магниттік өткізгіштігі жоғары, коэрцитивті күші аз және гитерезис кезінде жоғалту деңгейлері төмен болады. Бұл қорытпа- ның екі тобы белгілі: никель мөлшері аз (40...50%) және никель мөл- шері жоғары (70...83%). Екеуі де магнитті жұмсақ материал ретінде есептеу техникасыны мен байланыс техникасының аспаптарын жа- сауда, радиотехникада кең қолданылады.

Перминвар

– магнитті жұмсақ материал, ол магнитті өткізгіштігі тұрақты және гистерезис кезінде жоғалтулары аз деңгейлі қорытпа. Никельдің (45...46%), темірдің (30%) және кобальттың (23...25%) бұл

қоспасын (70% никель мен 7,5% молибденнің қоспасынан жасалған перминвар да болады) радио- және электртехникасында трансфор- маторлар мен дросселдердідің тұрақтылығы жоғары жүрекшелерін жасау үшін жиі қолданады.

Перменорм

– магнитті жұмсақ материал, магниттілік қасиеті жоғары. 50% никель мен 50% темірдің (темірникелді пермалла) қоспасынан тұратын бұл қорытпа реленің, үстеме магниттеу арқылы жұмыс жасайтын трансформаторлар, дросселдердің бөлшектерін жасау үшін қолданылады.

Никельді қорытпаларға термобуларды құрастыру үшін пайда- ланылатын  қорытпалар  хромель  мен  алюмель  жатады.

Хромель

– никельдің хроммен (9...10%) және кобальтпен (1%) қорытпасы. Термобулардың оң электродтары мен өтемелік сымдар ретінде қол- данылады. Хромельдің электрлік кедергісінің үлесі – шамамен 1 мкОм • м, шекті жұмыс температурасы – 1000°C.

Алюмель

– никель- дің алюминиймен (1,8...2,5%), марганецпен (1,8...2,2%) және крем- ниймен (0,85...2%) қорытпалары, термобулардың кері электроды ретінде қолданылып, 1000°C.-қа дейінгі температурада жұмыс істе- уге қабілетті болады.

3.3.

ЖЕҢІЛ ҚОРЫТПАЛАР

Тығыздығы аз мөлшердегі металдарды жеңіл металдар деп атай- ды. Кең қолданылып жүрген жеңіл металдарға алюминий (тығыз- дығы – 2700 кг/м

3

), магний (1740 кг/м

3

), бериллий (2848 кг/м

3

) және титан (4505 кг/м

3

) жатады. Бұл металдардан жеңіл қорытпалар алынады. Сондай-ақ оларды басқа қорытпаларға құйма қоспалар ретінде пайдаланады. Жеңіл металдар мен қорытпалардан ауа және су транспорттарының құрастырма жұмыстарға арналған құрылғы- лары мен бөлшектерін жасайды. Жеңіл металдар мен қорытпалар- дың мықтылық үлесі өте жоғары болады, яғни механикалық қасиет- терінің тығыздығына қатысы жоғары болады. Мәселен, алюминий қорытпалары құйма күйінде үлесті тығыздығы жағынан басқа құйма қорытпалардан жоғары болады, ал деформацияланған күйінде тығы- здығы жоғары құрастыруға арналған болаттармен тең дәрежеде бо- лады. Құрастыруға арналған жеңіл қорытпаларға алюминий, бериллий, магний және титан қорытпалары жатады. Олардың үлесті тығыз-

дығы құрастыруға арналған басты қоспасы – темір немесе никель болатын басқа қорытпаларға қарағанда, жоғары болады. Тығыздығы бірдей дюралюминий қазандық болатына қарағанда 3 есе жеңіл, әрі оның үлесті тығыздығы болатқа қарағанда 3 есе жоғары болады. Алюминий – жеңіл қорытпалардың негізі, құймалы қоспалар (мыс, кремний, магний, цинк, марганец) кез келген металдың тығы- здығын жоғарылату мақсатында қосылады.

Алюминийдің негізгі қорытпалары

– дуралюминдер мен силу- миндер, авиация, автомобиль, кеме құрылысы, трактор өндірісі мен құрал-жабдықтар жасау құрылысында кең қолданыс тапқан. Бұл қо- рытпалар қысыммен өңделетін (деформацияланатын) және құйма деп бөлінеді.

Дуралюминдер

– алюминийдің 3,8...5,2% мыс, 0,4... 1,8 % марганец және 0,4...1,0% магнийдің қоспасы. Осы аталған элементтерден басқа дуралюминдерге механикалық қасиеттерін жақсартатын элементтер қосылады (айталық, никель).

Силуминдер

– алюминийдің кремниймен құю тәсілімен қорытпасы.

Алюминий құйма қорытпалары физикалық-химиялық қасиет- теріне қарай құрамындағы қоспа элементтеріне байланысты бірне- ше топтарға бөліне алады.

Кремний мөлшері көп алюминий қорытпаларының (5% және одан да көп) құйма қабілеті өте жоғары болады – шектен тыс сұйық аққыштығы, түбіне шөгу дәрежесі төмен, ыстық күйінде жарықтары жоқ т.б. (бұл АЛ2, АЛ4, АЛ9 және т.б. қорытпалары).

Құрамындағы магний мөлшері өте көп алюминий қорытпа- лардың (4% және одан да көп) тығыздығы қоспады алюминий қо- рытпаларына қарағанда өте аз және салыстырмалы түрде жоғары болады (бұл АЛ8, АМг5, АМг6 қорытпалар).

Құрамындағы мыс мөлшері өте көп алюминий қорытпалар (4% және одан жоғары) айтарлықтай ерекше қасиеттерге ие емес – қа- тысты тығыздық, коррозияға шыдамдылығы мен сұйық аққыштығы төмен. Сондықтан олар тағайындалуы аса жауапты емес өнімдерді жасауға ғана жарайды (бұл АЛ7, АЛ12, АЛ19 қорытпалары).

Цинк
(10...12%) пен
кремний
(6...8%)

мөлшері өте көп алюми- ний қорытпалары құйма қалыптарды жақсы толтырып, үстіңгі беті өте таза болып, арнайы термиялық өңдеуді қажет етпейді (АЛ11 т.б. қорытпалар). Гетерогенді (біртекті емес) және құрылымы тұрақты (АЛ1 типін- дегі қорытпалар) көпфазалық қорытпалар ыстыққа төзімді болып,

жоғары температурада жұмыс жасауға арналған бөлшектерді жасау- да пайдаланылады. Ыстыққа төзімділігі қаншалықты жоғары болса, қорытпаның технологиялық қасиеті соншалықты әлсіз болады. Деформацияланған алюминий қорытпаларының ішінен мәселен, қоспалығы төмен және термиялық мықты емес АМц, АМг типін- дегі қорытпаларды атауға болады. Бұл топқа темір мен кремний қоспалары тұрақты, кейде титан қосылып отыратын қорытпаларды жатқызуға болады. Құрамында 2...7% магний бар қорытпалар магно- лит типіндегі материалдардың тобын түзеді, олардың коррозиялық шыдамдылығы өте жоғары, иілгіш және жақсы балқитын болып ке- леді. Тығыздандырудың негізгі тәсілі – күйдіру. Аталған қорытпадан профильдер, құбырлар, табақшалар, шыбықшалар т.б. жасалады. Дюралюмин (Д16) типіндегі қорытпалар шынықтырылып, кейде то- здырылып қолданылады. Олар 200°C температурада жұмыс жасауға қабілетті. Сондықтан, аталған қорытпаларды жоғары температурада жұмыс жасайтын құрастыру бөлшектерін өндіру үшін пайдаланады. Осы материалдар тойтарма шегелер жасауға пайдаланылса, оларды сыртқы жамылғысын алып тастаған кезде аз уақыт жұмсалады. Дюралюминдер мен силуминдермен бірге қорытпалардың басқы қоспасы алюминий болып келетін басқа да түрлері пайдаланылады

– авиаль мен магналия.

Авиаль

– басты қоспасы алюминий болып келетін, құрамында 0,45% магний, 0,5...1,2% кремний, 0,2...0,6% мыс, 0,15...0,35% мар- ганец пен хром болатын қорытпа. Оның иілгіштік қабілеті мен ат- мосфералық коррозиялық шыдамдылығы өте жоғары болады. Тер- миялық өңдеу (шынықтыру және тоздыру) арқылы авиаль мықты бола түседі. Қорытпаның иілгіштігі жоғары және қысыммен жақсы өңделетін болғандықтан, олардан күрделі пішінді бөлшектер (тікұ- шақтардың винт қалақшалары) жасалады.

Магналий

– басты қоспасы алюминий болған, 1...13% магний қоспасынан тұратын қорытынды. Олар күрделі үлгілімді құймалар- ды жасау үшін құйма (...13% магний) және жақсы балқитын дефор- мацияланған (1...7% магний) деген түрлері болады. Олардың корро- зиялық шыдамдылығы мен иілгіштік қабілеті өте жоғары болады. Мұндай қорытпалар кеме жасау және зымыран жасау құрылысында пайдаланылады.

Бериллий мен бериллий қорытпалары

– арнаулы техникалар- дың (зымыран жасау, авиация, ғарыштық және судың терең түбінде

жұмыс жасайтын аппараттар мен басқа да қондырғылар) қарқынды дамуына байланысты бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие болып ке- леді. Себебі бұл материалдардың құнды қасиеттері көп. Бериллийдің тіпті аз мөлшері болса да, түрлі түсті металдарға не- месе болаттарға қосылатын болса, олардың қасиеттерін айтарлықтай жақсарады. Айталық, мыстың 1...5% бериллиймен қорытпасының (

бериллий қоласы
) тығыздығы басқа қоспа болаттарға қарағанда әл- деқайда, жоғары.

Таза бериллийге қарағанда, мұндай материал механикалық тәсіл- дермен өте жақсы өңделеді. Олардан қалыңдығы 0,1 мм ленталар дайындауға болады. Берилиий қоласы серіппелерді, рессорлар, амортизаторлар, мойынтіректер, тегершіктер мен жоғары тығыз- дықты, шаршауға және коррозияға төзімділікті, температуралардың кең интервалында иілгіштігін сақтау қабілеті талап етілетін басқа да өнімдерді жасауда пайдаланылады. Бериллий қоспасы қосылған болаттардың тығыздығы, коррози- яға шыдамдылығы мен балқығыштығы өте жоғары болады. Басқа болаттармен салыстырғанда, бериллий қосылған қорытпаның теңіз суының, мұнай, мазут және басқа да көміртекті отын түрлерінің әсеріне төзімділігі жоғары болады. Мұндай болаттар кеме жасау құрылысында және судың түбінде жұмыс жасайтын аппараттарды дайындауда кең қолданылады. Құрамында бериллий бар қорытпалар ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында, әсіресе ядролық физикада, авиацияда, зымы- рын жасау құрылысыгда, ғарыштық қондырғыларды, машина жасау құрылысы мен медицинада қолданылады. Айталық, ұшақтың берил- лий қоспсы бар қанатының салмағы болаттан жасалған дәл осындай қанатының салмағынан 60%-ға, титаннан жасалған қанаттың сал- мағы 30%-ға төмен болады. Бериллий қорытпаларын ұшақтарды, турбореактивті және тур- бовинтті қозғалтқыштардың, жоғары дыбысты ұшақтардың қанат- тарының алдыңғы бөлігінің жиектерінің бөлшектерін, лонжерондар мен доңғалақтардың тежегіш дискілері мен бұрамалы рулдерді орау үшін пайдаланады. Осы қоспаларды ғарыштық құрал-жабдықтар үшін пайдалану олардың жоғары үлесті тығыздығына және жоға- ры үлесті қаттылығының үйлесімділігіне байланысты. Бериллийдің қаттылығы икемді деформация шегінде құрастыруға арналған басқа материалдарға қарағанда 6 есе жоғары болады.

Металдардың қасиеттерін қорытпаларды алудың бастапқы саты- сында бериллийді қосу жолымен, сондай-ақ өнімнің үстіңгі бетін бе- риллиймен қанықтыру арқылы (цементацияға ұқсатып) жақсартуға болады. Технология аса күрделі емес: болаттан жасалған бөлшек- терді берилиий ұнтағына салып, 900...1100°С температурада 10...15 сағат бойы ұстап тұрады. Диффузия нәтижесінде болаттан жасалған бөлшектердің үстіңгі бетінде қалыңдығы 0,15...0,40 мм болатын бе- риллийдің темірмен және көміртекпен бірлігінен қабат түзіледі. Бұл қабат қорытпаны ыстыққа төзімді, теңіз суына және азот қышқылы- на шыдамды етеді. Оның үстіне, бұл қорытпалар тозғанша жұмыс жасайды. Бериллий талшықтары мен синтетикалық қағазды пайдалана отырып, жаңа композициялық материал дайындауға болады. Бұл

– ыстыққа төзімді арнайы қағаз (2200°C-қа дейінгі температурада жұмыс істейді). Қағаз термиялық соққыларға шыдас бере алады (температураның күрт өзгеруі), химиялық инертті және жылу-, ды- быс- және электртежегіш қасиеттері жоғары болады. Осы аталған қасиеттерді ескере отырып, бұл қағазды ғарыш кемелерін, реактивті қозғалтқыштарды, газ турбиналары мен зымырандарды жасау барысында қолданады.

Құнды материалдың бірі – бериллий оксидінен жасалған керамикалық материал (
брокерит, бромеллит

). Оның диэлектрлік және жылуөткізгіштік қасиеттері жоғары, тығыздығы жеңіл (2957 кг/м

3

тең), ал жылуөткізгіштігі – жылуөткізгіш мыстың 50%-н құрайды. Бериллийдің жылушығаратын қабілеті – өте жоғары, жанған кез- де 1 кг бериллийден 60000 кДж жылу бөлінеді, сондықтан оларды зымыран жанармайына қоспа ретінде пайдаланады. Металл берил- лийден басқа қоспа ретінде бериллийдің қосылыстары, айталық, бериллий гидриді мен кейбір бериллийорганикалық заттар пайдала- нылады. Осы жетістіктерінен басқа бериллий мен оның қосылыстары- ның кемшіліктері де бар. Олардың бастысы – жоғары уыттылығы (уландыру қасиеті). Әсіресе бериллийдің қосылыстарының ұсақ бөлшектерінің зияны шектен тыс жоғары болады. Дисперстілігі (ұсақтығы) майда болған сайын, олар улы бола түседі. Уыттылық дәрежесі бірігу температурасына – 1600°C температурада бірігетін бериллий  оксидіне  (бромеллит)  байланысты.  Алайда  ол  500°C

температурада түзілген дәл сондай материалға қарағанда, улы емес. Тірі ағзаға түсіп, бериллий сүйек және өкпе ұлпасымен бірігіп, оны бұза бастайды. Сондай-ақ, ол тердің ісіп қызаруын – дерматитті тудырады. Жұмысшылар үшін бериллий оксидінің ауадағы рұқсат етілген шекті концентрациясы (РШК) аз болып, бір куб метрге шаққанда микрограмманың мыңнан бір үлесін құрайды. Магний алюминиймен (11%-ға дейін) жән басқа металдармен (марганец 2,5%-ға дейін, цинк 2...3%-ға дейін, мыс – 0,25%, крем- ний – 1,5% және титан) қосылып, өте жеңіл қорытпаларды түзеді. Олардан жасалған өнімдер авиация өндірісінде 400...430°С темпера- турада қыздырып, құю арқылы қысыммен өңдеу жолымен алынады.

Магний қорытпаларды шынықтырып, тоздырады. Алайда тер- миялық өңдеуінің тиімділігі алюминий қорытпаларымен салысты- рғанда аз. Коррозиядан магний қорытпалары оксидтендіру және лак жағу арқылы қорғайды. Магний қорытпалары

құйма
және
деформа- цияланған
деп бөлінеді.

Құйма магний қорытпаларына МҚ2 (1...2% марганец), МҚ6 (9,0...10,2% алюминий, 0,6...1,2% цинк, 0,15...0,50% марганец пен т.б.), ал

деформацияланған магний қорытпаларына – МА1 (1,3...2,5% марганец), МА5 (7,8...9,2% алюминий, 0,15...0,50%

марганец, 0,2...0,8% цинк т.б.) жатады.

МҚ2 қорытпасының артықшылығы – коррозиялық шыдам- дылығы мен қайнау қабілеті жоғары, термиялық өңдеуге жіберіл- мейді. Осы қорытпаның құйма қасиеттері – төмен, сондықтан олар- ды бензобактарды, бензомайлы арматураларды және қарапайым конфигурацияның басқа да бөлшектерін жасау үшін пайдаланады. МҚ6 қорытпасының құйма қасиеттері жақсы, олардан құймалар- ды жерге құю арқылы емес, темірқорамға құю және қысым арқылы алады. МҚ6 қорытпасының қайнау қабілеті – қанағаттанарлық деңгейде, ал коррозиялық шыдамдылығы – басқа қорытпалармен салыстырғанда, төмен. Осы қорытпадан қозғалтқыштардың ауы- ржүктемелі бөлшектері дайындалады, себебі қорытпанығ аққыштық шегі жоғары болады. Құйма қорытпаларды құю үшін 700...800°C температураға дейін қыздырады. 600...440°C температура интервалын кристаллизацияланады, сызықтық кемуі орта есеппен алғанда 1,2...1,4% құрайды. Магнийлі деформацияланған қорытпалар термиялық өңделген және өңделмеген түріндегі табақшалар, шыбықшалар, профильдер, тілімшелер, шыңдалған темір табақтары түрінде дайындалады.

Титан жер қойнауларында алюминий, темір және магнийден кей- ін қолданылуы жағынан төртінші орында. Бұл жеңіл металл (тығы- здығы – 4540 кг/м

3

) 1660°C температурада балқиды, оттегі, азот, көміртекпен оп-оңай қосылыс – оксидтер, нитридтер, карбидтер түзеді. Олар қатты әрі қиын балқитын болып табылады. Қоспа ретінде көптеген металл материалдардың құрамына қосылып, ыстыққа төзімді қорытпалар түзеді. Ал оның карбидтері – ең қатты қорытпалардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Аталған металл кесу арқылы оп-оңай өңделеді, 900°С температурада қызды- рғанда, соғылады. Ал 1000°C температурада әртүрлі профилдер мен құбырлардың шыбықшаларына баспаланып, суық күйінде сырғиды. Алайда жылдам тығыздалып, вакуумда (гелий) жиі босаңдатылып, содан кейін иілгіш бола түседі. Титанды аргонды-доғалық қайнату арқылы балқытады. Өндірістік титан қорытпалардың құрамында 8% марганец, неме- се 4% марганец пен алюминий, немесе 2% темір, хром мен молиб- ден, немесе 3% алюминий мен 5% хром т.б. болады. Титан қорыт- паларының басты артықшылықтары – ыстыққа жоғары дәрежеде төзімділігі, қызуға төзімділігі, коррозияға шыдамдылығы, электр- лік кедергісінің жоғары дәрежесі мен үлесті тығыздығының жоға- рылығы. Осыны ескере отырып, титан қорытпаларды авиация өн- дірісінде пайдаланады. Титан қорытпаларынан фюзеляж, ұшақтың құйрығындағы жазық жерлер т.б. бөлшектері жасалады. Турбореак- тивті қозғалтқыштарда – мотор рамалары, дискілері мен компрес- сорларының қалақшалары, кернегіш сақиналар мен басқа да бөл- шектерді жасауға болады. Гидроұшақтардың қалтқылары теңіз суына төзімді титан қорыт- палардан жасалады. Суасты қайықтары мен судың терең түбіндегі аппараттар корпустары ескіш винттер, құбырлар, сорғыштар т.б. секілді титан қорытпаларынан жасалады. Титан химиялық (құбыр желілері, агресситі ортаға арналған резервуарлар), құралдық (қатты қорытпалары бар титан карбидтері), электртехникалық (электрлік кедергісі жоғары қорытпалар), медициналық (ішкі протездер) және өндірістің басқа да салаларында қолданылады. Құрастыруға арналған жеңіл қорытпаларды суық әрі ыстық күй- інде өңдеуден өткізуге болады. Суықтай өңдеу кезінде деформаци- ялау деңгейінің ұлғаюына қарай металдың қаттылығы мен тығыз- дығы түзіледі. Ары қарай деформациялау үшін тағы да күш жұмсау

керек. Бұл жағдайда металл тығыздалып, иілгіштігі төмендейді. Бы- лайша айтқанда, тойтарылады.

Тойтару
және
күйдіріп, бекіту
дегеніміз (нагартовка – немісше:

hart

– қатты) – қаттылығы мен мықтылығын жоғарылату құбылысы.

Сурет 3.1 Түрлі түсті металдар мен қорытпалардың ов тығы- здық шегінің тойтаруға байланысты өзгеру диаграммасы (бо- саңдату деңгейі)

1, 2

– алюминий және алюминий сауыттары;

3,10

– мыс пен никель;

4, 9

компоненттері әртүрлі никелиндер;
5, 7

– алюминді және фосфоритті қола;

6

– константан;

8

– жез

Ол металдың механикалық қасиеттерін қысыммен өңдеу (қалып- тау, құю, сырғыту, сүйреу, роликпен тегістеу, майдалау т.б.) арқылы жоғарылату әрекетімен бірдей.

Түрлі түсті металдардың тығыздығын тойтаруға қарай өзгерту

в

-суретте көрсетілген. Тойтару барысында о
ұлғайту алюминий

мен алюминий сауыты, мыс пен никель, құрамында әртүрлі компо- ненттері бар никелиндер, алюминий және фосфоритті қола, констан- тан, жез үшін көрсетілген.

3.4.

ҚОСПА ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Машина жасау құрылысында алюминий қорытпа түрінде, әрі таза күйінде электр сымдары мен басқа да мақсаттарда қолданылады. Құрастыруға арналған материал ретінде алюминий құрылыста, ави- ацияда, электртехникасында, электроникада (композиялық материал матрица ретінде қызмет етеді) пайдаланылады. Қоспа зат ретінде алюминий мыс, магний, титан, темір және басқа да материалдардың қорытпаларына қосылады. Алюминий оксиді –

корунд

– абразивті материал ретінде пайдаланылады.

Металды алюминий ұнтағы мен темір оксидінің қоспасы тер- митті материал түзеді, ол ірі габаритті құрылымдарды (

алюмино- термия ) қайнатуға арналған. Қайнату аймағында қайта қалпына келтіру үдерісі 3000°C-ға дейінгі температурада жүзеге асады. Дәл осындай ұнтақтар әскери мақсаттарда өртейтін материал ретінде пайдаланылады.

Бериллий

– қатты жарқыл ақ түсті металл, 1287 C температурасында балқиды, тығыздығы – 1841 кг/м

3

, жақсы соғыла- ды, ал қоспа қорытпалары олардың механикалық қасиеттерін жақ- сартады. Бериллий біраз техникалық маңызды қасиеттерге иеҮ ол алюми- нийден 1,5 есе жеңіл; тығыздығы – болаттың тығыздығынан 4 есе жоғары;, иілгіштік модулінің мықтылыққа қатысы басқа металдарға қарағанда, әлдеқайда жоғары; қаттылық дәрежесі – өте жоғары (шы- ныны кесе алады) – Бринелл шкаласы бойынша оның қаттылығы 10

9

Н/м

2

-ға тең; ыстыққа және коррозияға төзімді; иілгіштік модулі өте жоғары. Бериллий көптеген металдармен – алюминиймен, никел- мен, темірмен, хроммен, марганецпен, молибденмен және басқа да

металдармен бірге – қаттылығы жоғары, бірақ жеңіл қорытпаларды түзіп, авиациялық, газды, тау-кен өндірісінде ядролық физика т.б. мақсаттарда қолданылады.

Ванадий – күміс-ақ түсті жалтыр металл, 1929°C температурада балқиды, тығыздығы – 6110 кг/м

3

, қаттылығы жоғары, ауада тотығуға тұрақты, алайда қышқылдың (күкірт, азот, плавикова қышқылы және қышқылдардың қоспасында – азот пен түз қышқылы) ішінде ериді. Ваннадий арнайы және құралдық болаттарды өндіруде қолданыла- ды. Қоспа элемент ретінде ванадий тозуға төзімділікті, болаттар- дың созылыңқылығын, ұсақ түйіршіктілікті, жоғары температурада қаттылық пен беріктікті жоғарылатады, әрі олардың иілгіштігі мен сынғыштығын арттырады. Ваннадий титан қорытпаларының құра- мына кіреді.

Вольфрам

– ашық-қоңыр түсті, тығыздығы – 19300 кг/м

3

, қат- тылығы жоғары, басқа металдармен салыстырғанда балқу темпера- турасы өте жоғары (3420°C) металл. Вольфрам ауада тотықпайды, тек қана қызыл түске дейін қызартатын температурада ғана тотығады, қышқылдарға, оның ішінде азот пен тұз қышқылына берік, азот және плавикова қышқылының қоспасында ериді. Вольфрам арнайы қорытпаларды, тез кесетін болаттардығ шынықтыру жіптері, жа- рықтандыру шамдарын дайындау үшін қолданылып, жоғары темпе- ратурада қаттылығын сақтап қалады. Құрамында вольфрам мөлшері 20% болатын құралдық болат өздігімен шынығады. Вольфрам молибден, мыс, хром, никель, күміс, оксид мен карбиттерін қосып, қорытпалар түзеді. Осы қорытпалардың басты артықшылықтары – қыздырғанға барынша жоғары төзімділік, аз булануы, СКТК дәрежесі төмен. Вольфрам карбидтерінің тозуға төзімділігі жоғары болады. Вольфрамның кемшіліктері – бөлме температурасындадаиілгішкелуі.Вольфрамменоданбасқаөнімдерді дайындау өндірісінде әдетте, ұнтақты металлургия тәсілдерін басшылыққа алады. Вольфрамның қасиеттерінің арқасында оны ядролық энергетикада, космонавтикада, электртехникасында, электроника мен техниканың басқа да салаларында пайдаланады.

Темір

– күміс-ақ түсті металл, 1539°C температурасында балқиды және тығыздығы – 7874 кг/м

3

, ылғалдың қасында ауада жылдам то- тығады, сілтілер темірге әсер ете қоймайды. Барлық металдардың ішінде темір магниттік қасиеттері өте жоғары болады, көміртек, кремний, фосфор, күкірт, оттегімен оңай қорытылады. Машина жа-

сау құрылысында көміртекпен және басқа да элементтермен – болат- тар, шойындар мен ферроқорытпалар түрінде қолданылады. Құрамында темір бар материалдарды басқа барлық металдарды қосып алу үдерісінен 15 есе жоғары. Темірді өндірісте пайдалану үлесі – бүкіл металлургиялық өнімнің 93%-н құрайды. Темір мен оның қорытпаларын – қара металл деп, ал өндірісті – қара металлур- гия деп атайды. Темір иілгіш келеді, жақсы соғылып, сырғытылады, механикалық тәсілмен оңай өңделеді. Темірдің қасиеті қоспаларының мөлшеріне байланысты. Қатты темір құрамында көміртек пен басқа да элемент- тер ериді. Темір құрамында көміртектің 6,67% мөлшері болғанда, темір карбиді (цементит) түзіледі. Оның кристалл торлары күрделі болады, ал қаттылығы мен сынғыштығы алмаздың қаттылығы мен сынғыштығына ұқсас келеді.

Кадмий

– күміс реңкі бар ақ түсті металл, 321°C температурада балқиды, тығыздығы – 8650 кг/м

3

. Ауада кадмий тотықпайды, суда ешқандай реакция бермейді, себебі оның сырты оксидті пленкамен қорғалған. Кадмий күкірт және түз қышқылының ерітіндісінде баяу ериді. Кадмийді жеңіл балқитын және мойынтірек қорытпаларын, дәнекерлерін, қорғаушы жабындылар (кадмидтеу) дайындау үшін акумуляторлар мен ядролық энергетикада пайдаланылады. Кад- мий сульфиді бояу, шынының пигменті, керамика, фарфор ретінде пайдаланылады; ал оның қосылыстары пластмассаларды тұрақтан- дырғыш ретінде қызмет етеді. Кадмий баяу нейтрондарды қатты сіңіреді, сондықтан кадмий біліктерін ядролық реакторлар ретінде ұласпалы реакцияның жылдамдығын реттеу үшін пайдаланады. Суда және араластырылған қышқылдарда еритін кадмий қосылы- стары улы болып келеді, әсіресе кадмий оксидінің буы ауаға тараса, қатты уландырады.

Кобальт –
күміс-ақ түсті металл, тығыздығы – 8900 кг/м

3

, 1483°C температурада балқиды. Ол өте қатты, созылмалы қасиеті жоғары, темірге ұқсайды, магнитті қасиеттерге ие. Су, ауа менс ілті кобальтқа әсер етпейді, араластырылған қышқылда баяу ериді. Кобальт ыстыққа және қызуға төзімді материалдардың құрамына кіріп, тұрақты магниттерді (

альнико, магнико ) және кесуші құралдарды, керметтерді, сондай-ақ қышқылға төзімді және қатты қорытпалар- ды дайындау үшін қолданылады. Кобальттың қосылыстары шыныға күңгірт-көк реңк беріп, көркемдік шыныларды, мозайкаларды жасау үшін қолданылады.

Кремний

– табиғатта кең  таралған  элементтердің  бірі, еркін диоксид ретінде кәдімгі құмға ұқсайды. Кремний 1417°C температурада балқиды, тығыздығы – 2330 кг/м

3

құрайды.

Еркін кремний екі модификацияда кездеседі: кристалды және аморфты, бірқатар металдардың (мыс, темір, кальций, платина, висмут т.б.) құрамында еріп, олармен қосылыс (

силицид
) түзеді.

Кремний қышқылда ерімейді, бірақ сілті құрамында жақсы ериді. Кремний карбиді (

карборунд ) қаттылығы жағынан алмазға жақын әрі абразивті материал ретінде қолданылады. Кремнийдің металдармен қорытпасы серіппелі, қышқылға төзімді, трансформа- циялы және басқа да болаттарды түзеді. Ал кремниймен қанықты- рылған металдың үстіңгі беті (силицирлеу үдерісі) 800...850°C температураға дейін ыстыққа төзімді болады. Кремнийді қорыту барысында темірдің қорытпасы –

ферросилиция
түзіледі.

Кремнийорганикалық қосылыстар (силикондар) жақпа және қорғаушы материалдар ретінде қолданылады. Таза кремний – күңгірт-қоңыр түсті кристалды, металл жарқылы бар материал, оның торлары алмазға жақын, жартылай өткізгіштік қасиетке ие, қасиеттері оған қосылған қоспалар арқылы анықталады. Таза кремний жартылай өткізгіш аспаптар мен күн сәулесінен жұмыс жасайтын батареяларды жасау үшін қолданылады.

Марганец

– күміс түсті, жарқыл, қатты, сынғыш металл, 1245°C температурада балқиды, тығыздығы – 7440 кг/м

3

. Ауада марганец оксидті пленкамен қапталып, металдың ары қарай тотығуна кедергі болады. Марганец құрастырмалы және құйма болаттардың құрамы- на кіріп, олардың мықтылығын, қаттылығы мен шынықтырушылық қасиетін жоғарылатады. Ол сынғыштыққа қарсы қабілеттілікті жоғарылатады. Марганец жез және қоланың құрамында, алюмомар- ганецті құйма және деформацияланған қорытпалар, сондай-ақ элек- трлік кедергісі жоғары (

манганин ) қорытпалар құрамында пайдала- нылады. Қорытпаға 12...14% марганец қосылса, тозуға асқан төзімді қорытпа алынады.

Магний

– өте жеңіл, жалтыр ақ түсті металл, 651°C температурада балқиды, тығыздығы – 1740 кг/м

3

, соғуға қабілетті, қыздырғанда көп мөлшерде жылу бөле отырып, қызады (оксид түзеді). Суда марга- нец баяу реакцияланады, бірақ қышқыл құрамында жақсы ериді. Машина жасау құрылысында марганец жеңіл қорытпаларды дайын- дау үшін, алюминий, марганец және цинк қосылған қорытпаларға жоғары механикалық қасиеттер үстейді. Металлургияда марганец

әдетте, қорытпа құрамынан күкірт пен оттегіні жою үшін металдың ваннасына қоспа ретінде жұмсалады; титанды өндіру барысында қолданылады. Магний ұнтағының тотықтырғыш заттармен қоспа- сы жарықтандыру, өртегіш ракеталар мен снарядтарды өндіру үшін қолданылады. Магнийдің табиғи силикаттары –

асбест

– жылуды сақтайтын және жылуға төзімді талшықты материал ретінде пайда- ланылады.

Мыс

– жабысқақ пластикалық металл, тығыздығы – 8 920 кг/м

3

, 1083°C температурасында балқиды. Ауада мыс тотығып, күңгірт түске еніп, ылғалдың қасында жасыл реңкке енеді, 200...375°С тем- пературада қара түсті мыс оксидіне дейін тотығады. Мыс таза күй- інде де, әртүрлі қорытпалар түрінде де өндірісте пайдаланылады. Мыстың маңызды қорытпалары ретінде жез, қола, мысты-никелді материалдар мен дюралюминдер пайдаланылады. Өндірісте жоға- рыда аталған қорытпаларды алу үшін табиғатта өндірілген мыстың 30%-ы шығындалып, қолданылады. Электрөндірісінде балқы- тылған мыстың 30...40%-ы сымдарды, жылуалмастырғыштарды, мұздатқыштар мен плазматрондардың бөлшектерін дайындау және басқа да мақсатта пайдаланылады. Мыс тұзды, әдетте, улы тұздар- ды түзеді. Сондықтан, мыстан жасалған ыдыстарды қалайылап, улы тұздарды түзу мүмкіндігінің алдын алады.

Молибден

– күміс-ақ түсті металл, 2625°C температурада балқиды, тығыздығы – 10200 кг/м

3

. Бөлме температурасында молиб- ден ауада тотықпайды, ал қыздырғанда ақ түсті молибден триоксиді- не айналады. Молибден азотт немесе ыстық концентрациялы күкірт қышқылында ериді, басқа қышқылдар бөлме температурасында мо- либденге аса әсер ете қоймайды. Молибден арнайы және тез кескіш болаттарды, металды-кера- микалық қорытпаларды (оларға қаттылық пен  мықтылық  үстей- ді), сондықтан термиялық қондырғылардың ысыту элементтерін дайындау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, бұл металл реактивті қозғалтқыштар үшін ыстыққа төзімді қорытпалардың, ал химиялық өндірісте қышқылға төзімді қорытпалардың компоненті ретінде қолданылады. Молибден дисульфиді мойынтіректерді қатты майлау үшін пайдаланылады. Ықшамдалған молибден ең бастысы, ұнтақты металлургия тәсілімен, атап айтсақ, ұнтақты штапикке баспалап, одан ары біріктіру арқылы алынады. Молибден мен вольфрам кар- бидтүзуші элемент деп танылады, оның қаттылығы мен мықтылығы

жоғары температурадағы болаттың тығыздығы мен мықтылығынан әлдеқайда жоғары болып, болаттардың шынығуын арттырып, оларға ұсақтүйіршіктік беріп, жасыту морттығын болдырмайды.

Никель

– қоңыртай реңкі бар ақ түсті жалтыр металл, 1453°C температурада балқиды, тығыздығы – 8900 кг/м

3

, өте иілгіш (оңай соғылып, сырғытылады). Таза күйінде ауада тотықпайды және суда жемірілмейді. Сонымен қатар, никель магнитті қасиетке ие. Оны тығыз, ыстыққа төзімді, магниттілігі төмен, электрлік кедергілігі мен термоЭДҚ қасиетке ие қорытпалар мен болаттарды алу үшін қоспа материалы ретінде пайдаланылады.

Қалайы

– күміс-ақ түсті сынғыш металл, 232°C температурада балқиды, тығыздығы – 7295 кг/м

3

. Ауада және суда қалайы әрекет ет- пейді, бірақ қышқылдар мен сілтілер құрамында тез ериді. Ұзағырақ суытқанда, қалайы модификациясын өзгертіп, қоңыр қалайыға өтіп («қалайы ауруы»), ұнтаққа айналады. Қалайы өзінің қасиеттерін қайта қалпына келтіру үшін әлгі ұнтақты қайтадан балқыту керек. өндірісте қалайы қаңылтырды қалайылау үшін, сондай-ақ бірқатар қорытпалар – қола, баббит, дәнекер ретінде пайдаланылады.

Күкірт

– метал емес, 1119,3°C температурада балқиды, тығыздығы – 1960...2070 кг/м

3

, табиғатта металдармен қосылы- сында (
сульфидтер
) еркін күйінде, сондай-ақ күкірт қышқылының туынды қосылысы (
сульфиттер

) түрінде кездеседі.

Күкірт галогендермен (фтор, хлор, бром, астат, иод), сутегімен, оттегімен және көптеген металдармен өзара әрекеттеседі. Күкірттің мұндай қосылыстары, айталық күкіртті газ бен күкіртті ангидрид су- мен әрекеттескенде, күкіртті және күкірт қышқылын түзеді. Күкіртті резеңкені вулканизациялау үшін пайдаланады. Металдар үшін күкірт

– зиянды қоспа саналады: шойын құрамында күкіртті темір оның сұйық аққыштығын төмендетіп, сұйықтатады; газ қабыршақтары- ның түзілуіне септігін тигізеді; шойынның сынғыштығын артты- рады; графиттің бөлінуіне кедершгі келтіріп, шойынды ағартады; күкірттің қосылыстары бар болаттар құрамында балқиды (985°C) және материалдың қызусынғыштығын туыдырады (727°С-тан жоға- ры температурада соққы тұтқырлығын төмендетеді).

Титан

– болатқа тән жалтыры бар металл, 1665°C температурада балқиды, тығыздығы – 4500 кг/м

3

, яғни алюминийден 1,7 есе ауыр (тығыз), бірақ темірден 1,75 есе жеңіл (дәл осындай мөлшерде хром- нан жеңіл және никельден 2 есе жеңіл). Қалыпты жағдайларда ти-

тан ауа мен судың әсеріне төзімді келеді. Жоғары температурада титан белсенді болып, оттегімен, көміртекпен, күкіртпен, азотпен қосылып, тұзды, күкірт және азот қышқылында ериді. Титан арнайы болаттарды, қатты қорытпаларды, жоғары элек- трөткізгіш қолаларды, газ турбиналарының қалақшаларын, сүңгуір суасты қайықтары мен судың терең түбінде жұмыс жасайтын аппа- раттарды жасау үшін қолданылады. Басқа металдармен салыстырғанда, титан агрессивті ортаға төзімді келеді. Сондықтан құбыр желілерін, сорғыштар мен реактор- ларды жасау үшін пайдаланылады. Титанның газды сіңіру қабілеті өте жоғары болғандықтан, терең вакуумдарды алу үшін вакуумды техникада маңызды рөл атқарады. титан диоксиді эмаль, глазурь, бояу өндіруде пигмент ретінде, сондай-ақ резеңке, пластмасс өнім- дер мен қағаздарды өндіру барысында пигмент әрі толтырғыш зат ретінде жұмсалады.

Көміртек

– табиғатта кең таралған элементтердің бірі, ол орга- никалық және органикалық емес қосылыстар құрамында кездеседі. Еркін күйінде көміртектің аллотропты пішіндері – алмаз, графит, табиғатта сирек кездесетін карбин, сондай-ақ аморфты көміртек – ағаш көмірі. Көміртек шойын мен болаттарда міндетті түрде кезде- седі. Бірқатар элементтермен (хром, марганец, молибден, вольфрам, ванадий, титан, темір) бірігіп, карбид (қоспалы болаттардың құра- мына кіретін) түзеді. Ал темірмен қосылып, цементит (шойын мен болаттың құрылымдық бөлшегі) түзеді.

Графиттен электродтар, отбақырлар, мойынтіректер дайындай- ды; көміртектің қосылыстары цементация, цианирлеу, металл өнім- дерді борлау үшін пайдаланылады. Көміртектің мөлшерінің болат құрамында көп мөлшерде болуы оның қаттылығын арттырып, плак- тикалық деформацияға қарсылық дәрежесін көтеріп, иілгіштігі мен қайнау қабілетін төмендетеді. Техникалық көміртектің (күйе) тығы- здығы – 1800...1950 кг/м

3

диапозоны арасында.
Фосфор

– табиғатта қосылыстар – апатиттер, фосфориттер түрінде кездеседі. Таза фосфордың аллотропты үш модификация- сы болады – ақ, қызыл және қара түсті фосфор.

Ақ түсті фосфор

– тығыздығы – 1830 кг/м

3

, балқу температурасы – 44,14°C болатын кристалды зат, өте улы.
Қызыл түсті фосфор

– тығыздығы 2300 кг/ м

3

, балқу температурасы – 593°C құрайтын аморфты ұнтақ, шырпы дайындау өндірісінде пайдаланылады.

Қара түсті фосфор

– гра-

фитке ұқсайды, тығыздығы

2700 кг/м

3

, аса белсенді емес металл. Фосфорлардың ішінде ең белсендісі – ақ түсті фосфор. Фосфор әдетте, болаттың зиянды қоспасы (күкірт секілді), оны болат құрамынан ажырату операциясына ерекше ден қойылады. Түйіршік арасындағы кеңістікте орналасқан сынғыш қабаттары фосформен қаныққан болып, металдың пластикалық қасиеттерін төмендетеді, әсересе, төменгі температурада (

суыққа сынғыш бо- лат ). Фосфордың көміртекті құрастырмалы болат құрамындағы мөлшері 0,035%-дан, ал жоғары сапалы болат құрамындағы мөл- шері – 0,02%-дан аспауы керек. Десек те, автоматты болаттың құра- мындағы фосфордың (немесе күкірттің) мөлшері жаңқаның жеңіл шығуын қамтамасыз етіп, құрал-саймандардың қызуын төменде- теді. Фосфор мөлшері көп болғанда, болаттың қаттылығы артып, болат ірітүйіршікті сынықтар түзіп, суыққа сынғыш келеді. Осы бо- латтардан сомын жасайды. Фосфор кейбір қорытпалардың, мәселен, фосфорлы қоланың құрамына кіреді. Шойынды фоосфордың құрамында көміртекпен бірге фосфорлы эвтектика түзіледі. Ол қатты әрі сынғыш келеді, шойынды суықта сынғыш етіп, сұйық аққыштық қасиетін арттырады. Фосфорлы шой- ыннан үстіңгі беті таза және кемуі әлсіз байқалатын өте жұқа құй- малар алынадыү себебі қатқанк езде фосфоритті жвтектика көлемі жағынан ұлғаяды.

Хром

– қоңырқай ақ түсті, жалтыр, қатты металл, 1890°C температурада балқиды, тығыздығы – 7 190 кг/м

3

құрайды. Ауада тотығады, ең көп қолданылатын қоспа материал болып саналады. Араластырылған күкірт және тұз қышқылы хромды сутегіні бөле отырып, ерітеді. Суық концентрациялы азот қышқылында хром ерімейді, өңдеуден өткеннен кейін оның белсенділігі пассивтеледі. Болаттың құрамына хром қосылғанда, оның қаттылығы созыл- малық, шынығу, коррозияға шыдамдылық, қышқылға төзімділік және ыстыққа төзімділік қасиетін өзгертпестен, артады. Хром ме- талл өнімдерін коррозиядан қорғау үшін сыртқы жабын ретінде пайдаланылады (

хромизация үдерісі). Хром болаттарынан суасты кемелерінің корпустары мен химиялық аппаратураның бөлшектері жасалады. Хромның тұздары бояғыштар, тотықтандырғыштар, май- далағыштар ретінде қолданылады. Алайда хром қышқылдарының тұздары өте улы екенін естен шығармау керек.

Цинк

– көк түсті реңкі бар ақ түсті металл, 419,5°C температурада

балқиды, тығыздығы – 7130 кг/м

3

құрайды. Ауада цинк оксидті пленкамен қапталып, жалтырынан айрылады. Ал суда мүлдем ре- акция көрсетпейді. Цинк негізінен техникада қолданылады – жұм- сақ жұқа қатпарлы болатты және сымдарды

цинктендіру оларды коррозиядан қорғау үшін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, цинк басқа металдармен (жез, дәнекер, мойынтірек қорытпалары мен қысым арқылы құю жолымен алынған қорытпалар) қорытпа компоненті ретінде пайдаланылады. Цинк оксиді – жақсы сынғыш қабілетке ие, әрі резеңке өнімдерінің орнын толтыратын цинк белилдерін дайын- дау үшін пайдаланылады. Цинк – өте улы металл.

3.5.

СЫНҒЫШТЫҚ ҚАСИЕТКЕ ИЕ МАТЕРИАЛДАР

Сынғыштық қасиеті өте жоғары материалдар машина жасау құрылысында әртүрлі құрал-саймандардың сынғыш элементтерін

– серіппелер мен рессорлар жасау үшін пайдаланылады. Бұл эле- менттер сәйкес аспаптарда қуатты өлшеу үшін қолданылады: дәл орын ауыстыру кезінде саңылаулар (іріктемелер) болдырмау үшін; буферлер мен лифт қондырғыларында энергиялық соққыны сөндіру үшін; теміржол вагондары мен локомотивтер үшін; сағаттық меха- низмдерде энергияны жинақтау үшін; транспортты машиналарда вибрацияны болдырмау үшін; сүйкелуді беру үшін қуатты тұрақты түрде сығымдау немесе созу үшін; фрикциялық жалғастырғыштар- дың тежегіштері үшін; сақтандырғыш қондырғылар үшін т.б.

Сөйтіп, сынғыш элементтердің жұмысы – энергияны ары қарай беру немесе қажетті тұрақты күшті сақтау үшін жинақтау.

Серіппелер мен рессорлардың (
сурет 3.2

) көптеген конструк- циялары белгілі. Олар созу, сығу және ширату үшін (сурет 3.2, а-г ) жұмыс жасайды. Кең таралғандары – цилиндрлі пішінді созу және сығу серіппелері. Олар әдетте дөңгелек қималардың сымдарын өру арқылы дайындайды. Ширату үшін торсиондық біліктер (сурет 3.2, д ) жұмыс жасайды. Олар қозғалтқыштар ескекті бұрандаға қарай ай- налмалы сәтті беру үшіг аспа моторлардың қайықшаларында қолда- нылады. Рессорлар (сурет 3.2, е ) автомобильдерде майыстыру үшін жұмссалады. Үлкен жүктер мен аз ғана сынғыштық орын ауыстыру жағдайында  өсі  бойынша  табақшалы  серіппелер  пайдаланылады

Сурет 3.2 Серіппелер мен рессорлардың негізгі типтері
а, б, в

– созу және ширату арқылы жұмыс жасайтын еспе цилиндрлі серіппе- лер;

г

– жазық жұқа спиралды ширатылған серіппе;

д

– торсионды белдік;

е

– рессор;

ж

– сақиналы серіппе;

з

– табақшалы серіппе

(сурет 3.2, з

), ал амортизатор ретінде сақиналы серіппелер (сурет 3.2, ж

) қолданылады.

Серіппелер сымдарды суық әрі ыстық күйінде өру арқылы ала- ды. Суық өру арқылы алынған серіппелер, әдетте, термиялық өңдел- ген сымдардан алады, және олар өрілгеннен кейін босаңдатылады. Ыстық өру арқылы жасалған серіппелер құйма болаттардан дайын күйінде алынып одан кейін тек шынықтырылады. Кейбір серіппе- лер (статикалық және органикалық әсер ететін) «еріксіздендіреді», яғни бірнеше уақыт бойы сынғыштық шегінен жоғары жұмысшы таңбаның астында ұстайды. Серіппелерді орап, нәтижесінде қалдық деформацияға ұшыратады. Ол жұмысшы серіппенің үстіне қатпар- ланып, серіппенің ұстау қабілетін 20...25%-ға арттырады. Әдетте, суық өрме жасау үшін диаметрі 10 мм-ге дейін, ал ыстық өрме үшін Серіппелерге арналған материалдардың сынғыштық қасиеті уақытқа қарамастан, тұрақты болып келеді. Мұндай қасиетке белгілі бір дәрежеде көміртек мөлшері жоғары сапалы, марганецті, крем- нийлі, хромаванадийлі және басқа да болаттар ие болады. Айталық, 65, 70 болаттар өлшемі 15 мм орамдардың қималарын дайындауда

пайдаланылады. Себебі бұл болаттардың механикалық қасиеті жақ- сы әрі шынығуы жоғары болады. Ауыржүктемелі серіппелер үшін 50ХФА (МЕМСТ 14959-68) маркалы болаттар қолданылады. Олар- дың төзімділігі мен жылуға төзімділігінің шегі өте жоғары болады. Химиялық белсенді ортада жұмыс жасауға арналған  серіппе- лер қоланың әрқилы түрлерінен – бериллийлі (ҚлБ2), қалайылы (ҚлҚЦ4-3) (МЕМСТ 18175-78 және МЕМСТ 5017-74) түрлерінен жасалады. Қышқылдарды қотаруға арналған сорғыштарда серіппелі элементтерді дайындау үшін фторопласт қолданылады. коррозиядан қорғау үшін серіппелерді кадмийлендіріп, шашыратқыш полиэти- ленмен қаптайды. Транспортты құралдардың аспасының тегіс емес жолда соққыны жұмсартуға арналған сынғыш элементі – рессор болып табылады. Ол қалдық деформациясыз жұмысшы жүктемені ұстап тұра алады. Рессорлар табақшалы, торсионды және бұрандалы болып бөлінеді. Табақшалы рессорлар – транспорттық құралдарда пайдаланыла- ды. Оның иілгіштігін жоғарылату үшін оларды ұзындығы әртүрлі жалпақ қатпарларынан (сурет 3.2, е ) жинап алып, рессорды майы- суға төзімді діңгекке айналдырады. табақшалар арасында тығыз бай- ланыс болуы және біртекті кіріктендіру үшін қысқа табақшалардың бастапқы қисықтығын сақтап дайындайды. Табақшалар арасында үйкеліс туындағанда, рессорлар түзілген тербелісті өшіреді. Әдетте, рессорлар кремнийлі, кремний-никелді және хроммарганецті болат- тардан жасалады. Олар шаршау мықтылығын бытыралы ағынды өң- деу арқылы жоғарылату үшін пайдаланылатын қорытпалар. Торсион – серіппе немесе иілгіш белдік, айналдырмады сәттерді беру үшін және ширату үшін жұмсалады. Сынғыш элементтер металл емес материалдардан – резеңке, по- лимерден жасалады. Олар әдетте, сынғыш баллондарды өндіру үшін пайдаланылады. Мұндағы жұмысшы дене – ауа (пневматикалық рессор) немесе май (гидравликалық рессорлар) жұмсалады.

Тозуға төзімділік

– үйкелу жағдайында жұмыс жасайтын және тозуға қарсы тұра алатын материалдардың, машина бөлшектерінің қасиеті. Аталған қасиет қолдану кезінде немесе берілген тозу дәре- жесін алуға дейін қондырғылармен жұмыс жасау ұзақтығы бойынша стендте жазылған сынақтар барысында бағаланады. Бұл жағдайда өнімнің үстіңгі бетінің мөлшері, пішіні, массасы мен күйі өзгереді. Тозу  үйкелу  мен  үйкелетін  материалдардың  қасиетіне  байланы-

сты өрбиді. Тозуға төзімділкті құрастырмалық қасиетін жетілдіру арқылы арттыруға болады. Сондай-ақ қолдану шарттарын жақсарту (әбден жетілдірілген майлау құралдары мен материалдарын пайда- лану кезінде үйкелуді төмендетіп және абразивті әсерді қорғау бары- сында) арқылы арттыруға болады. Туындау механизміне қарай үйкелетін бөлшектердің тозуы бы- лайша классификацияланады: Арнайы тозуға төзімді болаттар ойлап табылған. Олар Г13 мар- ганецті болат, құрамында 1,0...1,3% көміртек және 11... 14% марга- нец болады. Әрі болаттың бұл түрінің тойтаруға қабілетті болады. Мұндай болаттың ерекшелігі – өзінің қасиетін қысым мен соққы жүктемесінің әсерінен үстірт тойтарма түзілгеннен кейін тозуға деген төзімді болу кезінде көрсетуі. Сондықтан, бұндай болаттан жасалған өнімдер (теміржол бағыттаушыларының бөлшектері, тасу- атқыш қондырғының қысаң тік жағалары, жер қазатын машиналар- дың шөміштерінің тістері) абразивті доңғалақпен құю арқылы өңдеу жолымен жасалады. Тозу деңгейін төмендету, демек, бөлшектердің тозуға төзіиділігін жоғарылату үшін машина жасау құрылысында мойынтіректер пай- даланылады. Айналмалы белдіктердің немесе әртүрлі қондырғы- лардың өсінің тіректері бола отырып, мойынтіректер ерікті айналу- ды (немесе томалау) әрекеттерін қамтамасыз етеді. Мойынтіректер белдіктер мен өстерді айнала қозғалатын айналмалы қондырғыларға

(тегершік, жалғастырғыштар, тісті доңғалақтар) демеу көрсету үшін сирек пайдаланылады. Демеулердің үйкелу түріне қарай сырғу (сы- рғу үйкелісі) және томалау (томалау үйкелісі) мойынтіректері деп бөлінеді.

Сырғу мойынтіректері – жалпы алғанда, төлке секілді болады (
сурет 3.3

, а ). Төлкеде белдіктің мойыны немесе өсі майлау қаба- тында айналып тұрады. Бұл мойынтіректер радиалды, өстік және си- рек жағдайда, радиалды-өстік жүктемелерді көтере алады. Мұндай мойынтіректердің қалыпты жұмыс жасауы үшін майлау қабаты үй- лесімді болып, қысымның астында үздіксіз үйкелу аймағына жүйелі түрде беріліп тұруы керек. Томалау мойынтіректерімен салыстырғанда, сырғыту мой- ынтіректері машина жасау құрылысында азырақ қолданыс тапқан. Алайда олар дәстүрлі түрде қолданылатын техника салалары бар: олар алмалы-салмалы мойынтірек-қосымшаларға (сурет 3.3, б ), ішкі жану қозғалтқыштарының иінді белдіктеріне, жылдам жүретін нақты аспаптардың тіректеріне және үлкен соққылар мен тербеліс жүкте- месіне ұшыраған дыбыссыз жүретін қондырғылардың тіректеріне, сондай-ақ суда, агресситі ортада және ластанған майлағыштарда жұ-

Сурет 3.3. Сырғу мойынтіректері а

– төлке түріндегі;

б

– алмалы-салмалы мойынтірек-қосымша;

в

– құймасы бар екі жартыдан жасалған

мыс жасайтын жартылай екі құймасы бар мойынтіректерге (сурет 3.3, в

) қатысты.
Құрылысына қарай

сырғыту мойынтіректері әртүрлі болуы мүм- кін: бірбүтін және алмалы-салмалы, өздігімен қондырылатын және топсалы, тұрақты және реттеліп отыратын саңылаулы, майламалы жырашықтары бар және жырашықтары жоқ, антифрикциялы қа- баттары алдын ала қондырылған және оны жинау барысында құй- ылған. Прециозды (жоғары дәлдікті көрсететін) қондырғыларда белдіктердің тіректері – сығымдалған ауа болуы мүмкін. Белдіктер минутына бірнеше мыңнан бірнеше ондаған мың айналма жасап, электромагнитті қондырғы арқылы әрекет ете бастайды. Мойынтіректердің жұмыс жасау қабілеттерінің арқасында ма- шиналар мен механизмдер ұзақ уақыт шыдас беретінін қатаң ескере отырып, мойынтіректердің материалдарына бірқатар қасиеттеріне сай жоғары талаптар қойылады: мойынтіректерің материалдар жүй- есіндегі төменгі үйкелу коэффиценті – белдіктің мойнының матери- алы – майланатын орта; жылуды жақсы өткізушілігі және матери- алдардың СКТК төмендігі; үйкелмелі материалдардың жеңіл түрде қосымша жұмыс жасауы және майланатын ортаның онымен мықты адгезиясы (тұтасуы); коррозияға төзімділігі және берік тірек сеппе- лері бар пластикалық негізінің антифрикциялы қабатының оңтайлы құрылымы.

Сырғыту мойынтіректерінің материалдары мынадай топтарға бөлінеді:
дар, бұл – ең алдымен,
баббиттер

– қорғасын, мыс, қалайы, сүрме т.б. негізіндегі антифрикциялы қорытпалар т.б. Мәселен, СОС6-6 маркалы баббиттер 88% қорғасыннан, 6% қалайыдан және 6% сүр- меден тұрады. Мұндай баббиттің шаршауға деген төзімділігі өте жоғары болады, белдіктердің мойындары аз тозады, себебі оның құрамында қатты бөлшектер болмайды. Кальцийлі баббиттер (негізі

Қорғасынды қолалар ҚрҚ-30 жоғары жылдамдықта, қысым мен ауыспалы жүктемелермен жұмыс жасайтын, сондай-ақ шаршауға деген төзімділіктің жоғары дәрежесін талап ететін мойынтіректерді дайындау үшін қолданылады. Айта кететін жайт – шетмойындардың (белдіктердің мойындары) қаттылығы жоғары, кедір-бұдырлығы төмен және жоғары сапалы майлармен майлануы міндетті.

Қолалардан басқа сырғыту мойынтіректері үшін
алюминий
және
цинк қорытпалары

пайдаланылады. Олардың құрамында дефицит- ті қалайы болмайды. Жүктемесі аса үлкен емес дыбыссыз жүретін машиналарға антифрикциялы шойындар қойылады, алайда олар соққы жүктемелеріне және майлау түрлеріне өте сезімтал болып ке- леді. Автомобиль қозғалтқыштарында полиметалды көпқабатты мой- ынтірек кең қолданыс тапқан. Олардың негізі – болаттан жасалады, қорғасынды қоланың қабаттарының қалыңдығы 0,25 мм болады (жылуды өткізгіштігі мен шаршау төзімділігі жоғары жастықша- лардың фукнциясын орындайды), никелдің өте жұқа қабаты неме- се мыстың цинкпен қорытпасы (қалайынығ болатты негізбен диф- фузиясыне кедергі келтіреді) және антифрикциялы үстіңгі бетінде қосымша жұмыс жасауға қабілетті қалайының қорытпасы болады

– қорғасын өалыңдығы 25 мкм.

Пісірілген материалдар

– құрама пісірілген антифрикциялы материалдар, олар металл мен графиттен құралып, ұнтақты метал- лургия тәсілімен алынады. Көп танылғандары – темірграфит және қолаграфит.

Темірграфиттің құрамында 95...98% темір, 2...5% графит бола- ды, кеуектілігі – 15...30% көрсетеді.

Қолаграфит

– металдың кристалдары арасында тепе-тең ор- наласқан қоладан (қола – негізі, қалайы 8,5...9,0%) және графиттің бөлшектерінің (1,5...3,0%) комбинациясы. Осы материалдардың бос орындарына май толтырылып, олардан сырғыту мойынтіректері көп жағдайда ешқандай күшсіз-ақ майланып, дайындалады.

Мойынтіректерді дайындауда қолданылатын
металл емес мате- риалдар

, бұл – пластмассалар, ағаштың қатты түрлері (емен, шам- шат, тасағаш т.б.), баспаланған ағаштар (лигностон), резеңке мен графит. Көпшілік мойынтірек жасауға арналған металл емес мате- риалдардың ерекшеліктері – олардың жылуөткізгіштігінің төмен бо- луы, сондықтан ең қолайлы майлау – су (жұмысшы сұйықтық) және қоршаған орта болуы мүмкін.

Металл емес материалдардан жасалған мойынтіректер белдіктің материалдарымен химиялық ұқсастығы болмаған жағдайда пайда- ланылады. Алайда олардың қосымша жұмыс жасау қабілеті жақсы (тез тозғыш жұмсақ өнімдер пайда болғанда), сумен немесе жұмыс- шы сұйықтықпен (батпалы сорғышпен сорып алынған) майлау мүм- кіндігі жоғары. Үстіңгі қабатында қоладан бос орындары бар, негізі – болат бо- лып табылатын, фторопласт-4 және қорғасынды сіңдіріп алған, графит және екікүкіртті молибден қосылған мойынтіректер кең та- нылып жүр. Мұндай мойынтіректердің антифрикциялы қасиеттері жоғары, өздігімен майланып, температураның кең диапозонында жұмыс жасауға қабілетті.

Текстолитті мойынтіректер мен

баспаланған ағаштардан жасалған мойынтіректер (жұмысшы ретінде үстіңгі беті қап- талған) жақсы жұмыс жасайды. Оларды ауыр машиналарда – шардан жасалған диірмендерде, блюминг пен ірі сұрыпты ыстықтай жұқар- татын жұқарту білдектері үшін пайдаланады. Мұндай мойынтірек- тердің ұзақтығы қоладан жасалған мойынтіректерге қарағанда, әл- деқайда көбірек.

Капроннан жасалған мойынтіректердің антифрикциялы қаси- еттері жақсы, тозу ұзақтығы – қоладан жасалған мойынтіректерге қарағанда, 3-4 есе төмен. Резеңкеден жасалған мойынтіректер (Гу- дрич мойынтіректері) судаға катерлердің ескек белдіктерінің тірек- тері ретінде жақсы жұмыс жасайды.

Графиттен жасалған мойынтіректер құрғақ үйкелудің коэф- фицентін 0,04...0,05-ке түсіріп, температураның  кең  диапозонын- да (-200-ден +1000°C-ға дейін) өзінің антифрикциялы қасиеттерін сақтап, жылуөткізгіштігі мен коррозиялық төзімділігі жоғары бола- ды. Сондықтан, оларды күрделенген майлау немесе майлау мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданады. Графит төменфрикциялы материал ретінде ауада майланатын жылдам жүретін қондырғылар үшін пайдаланады. Графиттен қорға- сын қосып жасалған мойынтіректер жақсы жұмыс жасайды.

Томалау мойынтіректерінің кейбір типтеріне радиалды шар секілді (
сурет 3.4

, а

); дара және екілі радиалды-тіректі (сурет 3.4,
б, в
), өздігімен қондырылатын сферикалық (сурет 3.4,

г

), дара тіректі (сурет 3.4, д

), конусты жәни ине секілді роликті (сурет 3.4,
е, ж
) мойынтіректер жатады.

Сурет 3.4 Томалау мойынтіректері а

– радиалды шар тәрізді;

б, в

– дара және екілі радиалды-тіректі;

г

– өзді- гімен қондырылатын сферикалық;

д

– дара тіректі;

е, ж

– конусты жәни ине секілді роликті

Томалау мойынтіректерінің сақиналары мен бөлшектерінің ба- сты материалдары ретінде арнайы шар типті мойынтіректік бо- латтар жұмсалады. Оларды «Ш» әрпімен таңбалайды. Мәселен, ШХ15, ШХ15СГ (МЕМСТ 801-78) маркалы болат – көміртек мқл- шері жоғары хром қосылған болат, құрамында 1,0...1,1% көміртек, шамамен 15% хром және кремний мен марганец қоспалары болады (ШХ15СГ).

3.6.
МЕТАЛДАРДЫҢ КОРРОЗИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ

Жаймалауыш құралдардың (жылына 100 мкм-ге дейін) механика- лық қасиеттерінің деградациясы (тозу) есебінен металдардың өзді- гімен бұзылу жылдамдығына қарамастан, жыл сайын, жобалау есеп- теріне қарасақ, металдың коррозиядан әлемдік жойылуы шамамен 20 млн тоннаға жетіп отырады. Металқұрылғылардың техникалық жай-күйіне негізінен оның табиғи тозуы емес, коррозияның әртүрлі түрлерімен байланысты негативті әсерлер зиян тигізіп отырады. автомобиль, кеме, хими- ялық өндірістердің аппаратураларының бөлшектерін жөндеуге (ал- мастыру) кеткен шығындар металдың негізгі бағасынан әлдеқайда көбейіп кетеді. Коррозиядан бұзылған құбыр желілерінен мұнай мен газдың шығыпк етуімен туындаған жанама шығындар да болады. Сондықтан, металдардың бұзылуымен күресу өте маңызды үдеріс, әрі материалды шығындарды талап етеді. Коррозия – металдардың химиялық және электрхимиялық фак- торлар салдарынан бұзылуы. Коррозия үдерісі металл оксидтерінің және соған сәйкес химиялық қосылыстардың түзіліп, одан ары ме- талдың құрылысының түгелімен бұзылуынан көрінеді. Әсіресе, атмосфералық коррозия кең таралған. Оның дамуына қарай метал- дардың бұзылуы үшін барлық шаралар қалыптаса бастайды. Атмос- фералық коррозияға негізінен қара металдар көбірек ұшырайды, олар – көміртекті шойындар мен болаттар. Түрлі түсті металдар мен көміртек мөлшері жоғары болаттардың әдетте, атмосфералық жағдайлар мен агресситі ортаға коррозиялық төзімділігі әлдеқайда жоғары болып келеді. Металдың коррозиясы, әдетте, біртекті дамымайды. Оның си- паты металдың құрылымы біртекті емес әрі оған әртүрлі қоспалар (феррит, цементит) қосылатынына, сондай-ақ үстірт ауытқуларға – сызаттар, қауіптер, әртүрлі орта (құрамдар мен электрөткізгіштігі) мен металдың металмен байланысынан туындайтын электрлік по- тенциалдар – байланысты. Электрлік потенциал метал сұйық элек- трөткізгіш ортаға, яғни тұз, қышқыл және сілті еріген суға түскен сәтінде туындайды. Металдың ерітіндіге иондар немесе адсорбция түрінде өтуі нәтижесінде металдың құрылымдар электрлік потенци- алдың әсеріне ұшырайды.

Бұл потенциалдың шамасын не көрсеткіштерін электрөткізгіш ортадағы екі металдың өзара әрекетін бағалау және химиялық реак- циялардың бағытын анықтау үшін пайдалануға болады. Әртүрлі екі металдың өзара әрекеті барысында потенциалдар да әрқилы болып, гальваникалық жұп түзіліп, оның құрамындағы кері потенциалы бар металл еріп, коррозияланады. Айталық, цинкті жабынның, темірге қарағанда, кері потенциалдық дәрежесі жоғары, сондықтан цинкті бұзылудан жақсы сақтайды. Ал никелді жабынның потенциалы оң деп саналады (кесте 3.1).

Кесте 3.1. Металдардың қалыпты потенциалдары
Металл
Қалыпты потенциал, В
Металл

Қалыпты потенциал, В
Натрий
-2,75
Хром

-0,71
Магний
-2,34
Темір

-0,44
Титан
-1,75
Кадмий

-0,40
Алюминий
-1,67
Никель

-0,25
Марганец
-1,05
Қалайы

-0,14
Цинк
-0,76

Мыс

+0,52

Металдармен салыстырғанда, теріс потенциал беретін сыртқы жабындарды
анодтар
деп аталса, оң потенциал беретін жабындар

катодтар
деп аталады.

Анод және катод жабындылары бар металдардың бұзылу (кор- розиясы) сипаты туралы коррозияның даму сызбасына (

кесте 3.5 )

Сурет 3.5 Коррозияның даму сызбасы а

– анодты (цинк) жабын;

б

– катодты (никель) жабын;

1

– коррозия нәти- жесі;

2

– ылғал;

3, 5

– цинкті және никельді жабын;

4

– болаттан жасалған өнім

қарап сөз етуге болады. Оны агрессивті ортада жұмыс жасайтын машиналар мен кез келген металл құрастырмаларды жасау кезін- де ескеру керек. Цинк жабындылары бар (

3

) болаттан жасалған (

4

) өнімдер ылғалдың (

2

) әсерінен (сурет 3.5, а

) никелді жабындылары бар (

5

) өнімдерге (сурет 3.5, б ) қарағанда, коррозияға төзімді келеді. Алюминий қорытпалардың тот баспайтын және арнайы болат- тармен, сондай-ақ мыс жәни никель қорытпаларымен әрекеттесуіне жол бермеген дұрыс. Магний қорытпаларының бөлшектерін алюми- ний, мыс, никель қорытпаларымен, ал болаттан жасалған бөлшек-

терді – мыс және никель қорытпалармен біріктіруге болмайды.

Әртүрлі металдар мен қорытпалардың коррозияға төзімділік дең- гейі біркелкі емес. Мәселен, натрий, калий, литий қалыпты жағдай- ларда да коррозияға төзімді емес, сондықтан техникада қолдануға болмайды. Ал хром, никель, алюминий, молибден, кобалть мен басқа да металдар коррозиялана бермейді. Темір, никель, магний, кадмий болса сілтілердің әрекетіне қарсы төзімді келіп, қышқылда ғана бұ- зылады. цинк, алюминий мен қорғасын нейтралды ортада мүлдем бұзылмайды, бірақ қышқылдар мен сілтілердің әсеріне ұшырап оты- рады. Әсіресе, жергілікті коррозияның қаупі жоғары болады. Әрине, ол көзге көріне бермейді әрі механикалық жүктемеден-ақ (

коррозиялы шаршау ) бөлшектердің бұзылуының себебі болып табылады. Өнім- дерді коррозиядан қорғаудың көптеген тәсілдері белгілі бір жағдай- ларда жарамды болғанмен, кейбір жағдайларда жарамсыз келеді. Соған байланысты, коррозиядан қорғауға кіріспес бұрын, бұзылу- дың туындау себебі мен шарттарын, қорғалатын өнімнің формасы мен мөлшерін, сондай-ақ экономикалық мақсатталығын жақсылап анықтап алу керек. Коррозиядан қорғаудың басты тәсілдері мыналар: коррозияға төзімді материалдарды алу; металдың үстіңгі бетінде оксидті плен- каны өсіру; металл жабындыларды жағу; протекторлар қолдану; ме- талды емес жабындарды пайдалану.

Коррозияға төзімді материалдарды дайындау оларға арнайы қоспа элементтерді (хром, никель, марганец т.б.) қосу арқылы жүзе- ге асырылып, металдың бұзылуға қарсылығын жоғарылатады. Оксидті пленкаларды өсіру – техникада болаттан, алюминий мен басқа да материалдарды дайындау барысында қолданылады. Бұл жағдайда екі негізгі тәсілді пайдаланады:  оксидтеу (күшті оксидті

ортада өңдеу) және анодтау (оксидті ортада анодты өңдеу). Оксидтеу кезінде көміртекті болаттардың үстіңгі бетіне қалыңдығы күңгірт (қара) түсті 1...10 мкм темір оксиді жағылады. Ол металды атмос- фералық жағдайдағы төменгі ылғалдылықта да сақтайды. Болатты көгілдірлендіру (оксидтеу) үшін болатты күңгірт түске дейін өзгер- генше қыздырып, осы түске енгенде суыған майда суытады. Әдетте, негізі алюминий болып табылатын қорытпалар қалың- дығы 5...25 мкм оксидті пленканы түзу долымен анодтайды, бұл металды коррозиядан қорғап, электрден қорғайтын қасиет үстеп, лакпен боялған жабындар үшін жақсы қабаттама ретінде жұмсала- ды. Коррозиядан марганец фосфаты мен темір фосфатынан тұратын, фосфаттау арқылы алынған пленканың төзімділігі өте жоғары бола- ды.

Металл жабындыны жағу бірнеше тәсілдер арқылы жүзеге асады: балқытпаға салу; гальваникалық жабын жағу; диффузионды тәсіл; жалату (бір металдың үстіне екіншісін жұқарту арқылы жағу не жалату).

Металл өнімдерін цинк, қалайы, қорғасын немесе алюминий
балқытпаларына салу

, әдетте, температуралық әсерге ұшырай қоймайтын материалдарды сақтауға септігін тигізеді. Бұл тәсілдің өндірушілік қасиеті жоғары, бірақ бүкіл өнімге түгел жағыла қой- майды. Коррозиядан қорғаудың

гальваникалық тәсілі техникада жиі қолданылады. Бұл жағдайда қалыңдығы 5...30 мкм материалдарды ұсақтүйіршікті бос орынсыз жағу керек. Бұл жабынның шикі (шы- нықтырылмаған) және шыныққан өнімдердің үстіңгі бетімен тамаша адгезиялана алады. Мұндай жабындар қорғаушы, декоративті және қайта қалпына келтіруші болып жіктеледі. Мәселен, цинк, кадмий мен никель қорғаушы жабын ретінде жұмсалса, никель, хром, күміс пен алтын – декоративті жабын болып табылады. Қатты хроммен жа- бындау тозғанға жұмыс жасайтын метал бөлшектерінің қаттылығы мен тозуға төзімділігін арттырады. Хромның көп көлемді қабатын (500 мкм-ге дейін) өсіру металл өнімнің тозып кеткен үстіңгі бетін қайта қалпына келтіреді.

Диффузды тәсіл

– қыздырылған металдарды цинкпен, алюми- ниймен немесе хроммен үстірт қанықтыру тәсілі. Бұл әдетте қатты немесе газды фазаларда жүргізледі. Алюминийді жоғары темпера- турада (1100°C) жұмыс жасайтын болаттан жасалған бөлшектердің үстіне жағады. Сонымен қатар, алиттеу (алюминдеу) бір-бірімен

әрекеттесетін өнімдердің «қатаюын» төмендетіп, тозуға төзімділі- гін арттырып, күкірт, азот және көміртек бар ортада коррозиядан қорғайды.

Жалату

– негізгі металды қыздырып, қорғалатын металдың үсті- не жағып, жалатады. Нәтижесінде биметадар мен триметалдар қа- лыптасады. Мәселен, темірді мыстың, коррозияға төзімді болаттың және алюминийдің жұқа жабынын жағып қорғауға болады. Бұл не- гізгі металды коррозиядан қорғауға септігін тигізеді. Аталған тәсіл тек қорғау мақсатында пайдаланылмайды. Айталық, жартылайөткіз- гіш материалдар өндірісінде никельді лентамен алтынның жолақта- рын жалатады. Одан жиектеме дайындалғаннан кейін кристалдар мен электродтар қосылып, бағалы металды айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізеді.

Протекторлар

– су ішіндегі металл құрастырмаларды (кеменің корпустары, сыорғыштар, құбыр желілері т.б.) бұзылудан қорғайды. Қорғау материалы ретінде әдетте, цинк жұмсалады. Цинк өздігімен тоза отырып, негізгі металды коррозиядан қорғайды (анодты бұ- зылу).

Цинктеу

– болат өнімдерін жабынмен қаптаудың ең көп таралған және тиімді тәсілдерінің бірі. Цинк темірге қарағанда, кері қалып- ты потенциалға ие. Атмосфералық жағдайларда коррозияға ұшырап, қорғалып отырған металдан бұрын бұзылып, тозады. Бұл жағдай- да анод – цинкті жабын ретінде, катод – жұқа қабатты болат жабын ретінде жұмсалады.

Цинктеу қалыңдығы – қолдану жағдайларына байланысты бо- лып, 3...30 мкм интервалында тұрады. Ал бұзылудың орташа жыл- дамдығы – жылына 1,0...1,5 мкм құрайды.

Қалайылау

– қорғаушы қабат, ауаға төзімді, бірақ сілтілер мен қышқылдарда жылдам ериді. Темірге қарағанда, қалайы – катодты жабын болып саналады, сондықтан қалайы механикалық қорғап қоймай, бос орындары болмаса да, қорғайды. Мыс пен оның қорыт- паларына қатысты қалайы анод ретінде жұмсалып, қорғау жабыны болуға қабілетті. Қалайымен жабындау қалыңдығы – тағайындалуы- на қарай анықталады және 1,5...8,0 мкм интервалында болады.

Кадмидтеу цинктеуден теңіз буымен және теңіз суымен қа- ныққан атмосфераның әсеріне асқан төзімділігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, кадмий қышқылды ерітінділерге шыдас беріп, сілті құра- мында ери қоймайды. Жабынның қалыңдығы әдетте, 9...45 мкм ара-

сында болып, қолдану жағдайларына байланысты анықталады.
Металлды емес жабындар

(лак, бояу, эмаль) – өнімді атмсофе- ралық әсерлерден қорғайтын кең танылған жабындар. Олар метал- дың үстіне жағылған органикалық заттар мен пигменттерден бір не- месе бірнеше қабатты пленка түзіп, кепкеннен кейін үздіксіз қорғау және декоративті жабын бола түседі.

Эмаль жабын

– шыны тәрізді жабын, ол кремний диоксидінің негізіндегі металды емес ұнтақтар жоғары температурада балқы- тылғанда түзіледі. Мұндай жабындар қолдануға жеңіл әрі қымбат емес, бірақ мерзімі ұзаққа созыла қоймайды. Себебі ылғал мен тем- ператураның әсерінен біртіндеп бұзыла бастайды.

Металл емес жабындардың бұл түріне, айталық, металдың үсті- не пластмассаны (полиэтилен) немесе термиялық өңделген (30 мин 90°C температурада, сосын 1 сағ 360°C температурада) фторопласт- тың суспензиясын шашырату секілді тәсілдер жатады. Металды гуммирлеуге (резеңкемен қаптауға) болады. Осы аталған қорғау тәсілдерінен басқа өндірісте фосфаттау секіл- ді тәсіл кең қолданыс тапқан.

Фосфаттау

– болаттың, шойынның үстіңгі бетінде «Мажеф» (Матеф) препаратының әсерінен фосфатты (суда ерімейтін фосфат- ты қосылыстар) қорғау пленкасын түзу үдерісі. Өзінің атауын пре- парат құрамындағы компоненттердің (марганец, темір, фосфорлы қышқыл) алғашқы әріптеріне қарай алған.

Фосфаттау – көміртек мөлшері жоғары және төмен маркалы бо- латтар мен шойындардың, сондай-ақ түрлі түсті металдардың (алю- миний, цинк, магний т.б.) бөлшектерін жаппай қорғаудың барынша үнемді, қарапайым әрі сенімді тәсілдерінің бірі. Фосфатты плен- каның қалыңдығы – өнімді механикалық өңдеудің түріне, жабын жағуға дайындау және фосфаттау тәртібіне байланысты 7...8-ден 40...50 мкм арасында болуы мүмкін. Фосфатты пленканың артықшылықтары мынадай: металмен мықты бірігіп, бос орындары бар құрылымды қалыптастырады; электризолятор ретінде сенімді; балқыған металдармен жібітілмей- ді; өртеу, майлау және органикалық майларының, бензон, толуол және күкіртті сутегіден басқа газдардың барлық түрлерімен әрекет- тескенде, коррозияға төзімді келеді. Химиялық, әрі электролитті (электр тогын іске қоса отырып) фосфаттауға болады. Бұл жағдайда қара, ашық, күңгір-қоңыр, түссіз пленкалар түзіледі. Аталған тәсілмен бекіткіш бөлшектерді, серіп-

пелерді, тегершіктерді, құбырларды және машина жасау құрылысы- ның басқа да өнімдерін қаптайды. Фосфатты пленканың қалыңдығы жабынмен қапталған бөлшектердің көлемін өзгертпейді. Сапалы фосфатты пленка фосфатты қабатқа жағылған лак-бояу жабындарының коррозияға төзімділігін 8-10 есе арттырады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

4-тарау

МЕТАЛДЫ ЕМЕС ҚҰРАСТЫРМАЛЫ МАТЕРИАЛДАР

4.1.

ПЛАСТМАССАЛАР

Пл астмассалар – жоғары молекулалы табиғи және синтетикалық қосылыстардың (полимерлер) негізінде алынатын, жылу мен қы- сымның әсерінен қажетті пішінді қабылдап, сақтап қала алатын пла- стикалық м

ассалар.

Полимерлер – молекулаларының біртекті буындары көп рет қай- таланып, құрамы мен құрылысына қарай мономерлерге ұқсайтын қосылыстар. Полимерлердің молекулаларының көлемі үлкен (мар- комолекулалар), олардың құрамында бірнеше ондықтан бастап бір- неше мыңға дейін химиялық біріккен буындар болуы мүмкін (сурет 4.1).

Полимерлердің молекулаларының құрылысы сызықтық (
сурет 4.1

, а

), бұтақты (сурет 4.1, б

), торлы (сурет 4.1, в

) және кеңістікті (үш өлшемді, сурет 4.1, г ) болуы мүмкін. Молекулалардың орналасуына қарай полимерлердің құрылысы әрі кристалды, әрі аморфты болуы мүмкін, бқл олардың қасиеттерін анықтайды. Металдарға қарағанда, кристалды полимерлер – буындар мен шынжырларының ретті (параллель) орналасуы. Ол 90%-ға жетіп, суыту және созылу жылдамдығының өзгеруіне қарай өзгере алады. Кристалл құрылымды полимерлердің қаттылығы, тығыздығы мен жылуөткізгіштігі жоғары болып келеді. Полимердің мықтылығы өс бойымен орналасқаннан кейін молекулалар бастапқы мөлшеріне қа- рағанда, он есе ұлғаюына қарай анықталады. Табиғи полимерлер – шыны, кәріптас, шайыр, ылғалды балшық т.б. Синтетикалық полимерлер екі тәсілмен алынады: полимериза- ция және поликонденсация. Полимеризация дегеніміз – мономерден қысқа байланыстардың ашылуы арқасында жоғары молекулалық қосылыстар – полимерлер түзілетін химиялық үдеріс (

сурет 4.2 , а ).

Сурет 4.1 Полимерлердің макромолекулаларының құрылы- сыны сызбасы
а, б, в, г

– молекулалардың сызықтық, бұтақты, торлы және кеңістікті (үш

өлшемді) құрылысы

Қозғаушының радикалы (R) – электрондармен бірікпеген бөлшектер. Олар полимеризациялауды қарқынды етуге септігін тигізеді. Жеке полимеризациялануға қабілетті

А

және

Б

екі (сурет 4.2,
б, в
) мономердің полимерлі құрылыс
үстеме полимеризация

деп аталады. Стиролдың (полистиролға жеке полимеризацияланады)

Сурет 4.2. Реакция сызбасы а

– полимеризация;

б

– жүйелі құрысы бар үстеме полимеризация;

в

– ретсіз құрылысы бар үстеме полимеризация;

г

– поликонденсация;

R

– қозғаушы- ның радикалы

металокрилді қышқыл эфирімен (полиметакрилатқа өздігімен полимеризацияланады – органикалық шыны) немесе хлорлы винилдің винилацетатмен үстеме полимеризациясы басқа да қасиеттерге ие материалдардың пайда болуына септігін тигізеді.

Үстеме полимеризация екі түрлі болады: жүйелі (сурет 4.2, б

) және ретсіз (сурет 4.2, в

) құрылысты.

Мономер полимермен өзара әрекеттескенде былайша айтқанда, привитті (қиюластырылған) үстеме полимер түзіледі. Ал әртүрлі полимерлер өзара әрекеттескенде, үстеме полимерлердің блогы қалыптасады.

Поликонденсация

–  нәтижесінде  реакцияға  түскен  А  және  Б (сурет 4.2,

г ) мономерлері кері қайтарылмайтын өзара әрекеттесу сал- дарынан жоғары молекулярлы заттар түзіп, жанама өнімдерді шыға- ратын химиялық үдеріс. Полимерлерді алу үшін белгілі бір тәртіп (температура, қысым), сондай-ақ катализаторларды, ерітінділер мен R қозғаушыларын т.б. қолдану керек. Бұлар жоғары молекулярлы қосылыстардың қалпына кері қайтарылмай өсуін қамтамасыз етеді. Полимеризация  мен  поликонденсация  арқылы  полимерлердің мыңнан  астам  түрлері  өндіріледі.  Алайда  олардың  ішінде  бар- жоғы   оннан   астамы   ғана   техникада   қолданылады.   Солардың негізінде әртүрлі маркалы және тағайындалу орны әрқилы жүздеген

пластмассалар құрастырылады.

Полимерлі қосылыстар мен оларға сай келетін пластмассаларды термореактивті және термопластикалық жеп бөледі.

Термореактивті пластмассалар

– бірінші рет қыздырылған-ақ балқымайтын өнімдерді тудырады. Сондықтан оларды қалпына келмейтін    деп    атайды.

Термопластикалық    пластмассалар Пластмассалар  күнделікті  тұрмыс  пен  техникада  барынша жиі қолданылып келеді. Себебі олар қасиеттеріне қарай дәстүрлі материалдардан (металдар, ағаштар, шыны  т.б.)  әлдеқайда жоғары. Пластмассалардың басты артықшылықтарын атап өтелік: шикізаттың қолжетімдігі (мұнай, көмір, әк, ауа т.б.); осы шикізаттар қорының таусылмайтындығы; пластмассаларды бұрыннан белгілі

тәсілдермен өңдеудің қарапайымдылығы; қысым, қалыптау, баспалау, экструкзия, бумен өңдеп үтіктеу т.б. арқылы құю (осы тәсілдердің барлығы өндірісті жоғары өнімді әрі арзан етеді); пресс-қалыптарды дайындау құнының арзандығы (ең күрделі бөлшектердің жұмыссыйымдылығы пресс-қалыптардың бағасына қарай анықталады, әрі осы өнімдерді механикалық жолмен дайындау құнына қарағандай әлдеқайда төмен). Айта кететін жайт Пластмасса өнімдерінің сыртқы пішіні – жабдықтау (пресс- қалып) сапасына және бастапқы материалдың түсіне байланысты. Оны пигменттерді қосу арқылы реттеп отыруға болады. Әдетте, өнімдер жарқыл, тегіс, қатты болып шығып, қосымша өңдеуді қажет етпейді (құйма жолдың іздерін тазалаудан басқа). Пластмассалардың  физика-механикалық   қасиеттері   әрқилы әрі кейбір жағдайларда резеңке, ағаш, металл және басқа да материалдардың орнын баса алады. Орташа есеппен, пластмассалар алюминийден 2 есе, мыс, қорғасын,  болат  т.б.  металдардан  5-7 есе жеңіл. Ультражеңіл әрі жылу өткізгіштік өабілеті нашар пластмасса түрлері – пенопласт және кеуекті пласт. Механикалық қасиеттеріне қарай пластмассалар металдарға жете қоймайды, бірақ шартты көрсеткіштеріне (мықтылығының мықтылық шегіне қатысы жағынан) қарасақ, пластмассалар болаттардың ең үздік маркаларынан да асып түседі.

Механикалық мықтылығына қарай арнайы сынақтар өткен пластмассалар –
соққыға майысуға төзімділігі

деп аталады. Алдын ала кесіп алынған немесе кесілмеген стандартты үлгілерді алып, арнайы аспап – маятникті дің не тоқпақ арқылы сыналады. Сынақтың қорытындысы бойынша, кесік үлгінің мықтылық көрсеткіші кесілмеген (полистирол, винипласт, полиамид) үлгіге қарағанда 8-12 есе төен болады. Целлулоид пен ұнтақты толтырушылары бар пластмассалар (фенопласттар, аминопластар) бұл көрсеткіш 3-4 есе төмен болады. Талшықты және қатпарлы толтырушылары бар пластмассалардың (текстолит, гетинакс, прессұнтақтардан алыған өнімдер) көрсеткіштері бірыңғай болады. Пластмассалар металдарға қарағанда коррозияға төзімді келеді, әрі атмосфералық әсерлерге қана емес, тіпті қышқылдарға, сілтілерге,

тұздар мен ерітінділерге шыдас бере алады. Әсіресе көптеген химиялық заттардың әсерлеріне фторопласт-3 мен фторопласт-4 шыдамды келсе, қатысты төзімділікке төменгі (ТҚ) және жоғары (ЖҚ) қысымды  полиэтилен ие болады. Пластмассалардың оптикалық қасиеттері өте жоғары болады. Айталық, органикалық шыны шамамен 73 % УФ-сәуле өткізе алады, силикатты шыны болса тек 1...3% сәуле өткізуге қабілетті. Сонымен қатар, полистирол, поликарбонат, органикалық шыны жарық сәуле- лерін толқындардың кең диапозонында да өткізе алады, олар түссіз, мөлдір және механикалық жағынан мықты болып келеді. Сондықтан машина жасау құрылысы мен оптикада жиі пайдаланылады. Электрлік қасиеттеріне қарай пластмассалар – электр тогын нашар өткізгіш ретінде танылады, яғни диэлектриктер (изолятор) саналады, жоғары жиілікті қондырғыларда жақсы жұмыс жасайды. Ал олардың физика-механикалық қасиеттерін ескерсек, радиотехника, байланыс құрылғылары, жоғары жиілікті ток генераторлары т.б. жасауда белсенді қолданылатынын айтуға болады. Пластмассалардың жылу өткізгіштігі металдардың жылу өткізгіштігіне қарағанда 500...600 есе төмен. Пенопластар пласмассалардың монолитті құймаларына қарағанда, жылуөткізгіштігі 10 есе төмен. Сондықтан, олар жылуизоляторлар ретінде өндірісте кең қолданыс тапқан. Жылуөткізгіштігін арттыру үшін пластмассаларға жылуөткізетін қоспалар (графит, металл ұнтақтары) қосады. Пластмассалардың қызутөзімділігі әртүрлі болады. Олардың көпшілігі -60 до +80°С (термопласттар) немесе +120°С (реакто- пластар) температурасының интервалында жұмыс жасай алады. Кремнийорганикалық негізді пластмассалардың жұмысшы темпера- турасы – 200°С-қа дейін және одан жоғары. Суыққатөзімді пластмас- салар – фторопласт-4, ол -269°C-қа шыдас бере алады. Ал винипласт және полипропилен секілді материалдар -20°С-тан төмен темпера- турада сынғыш келеді. Органикалық пластмасссалар – жанғыш келеді, алайда олардың жану температурасы мен қырқыны әртүрлі болады. Термореактивті пластмассалар ішінен, мәселен, фенопластар балқымайды, оңай- лықпен жанбайды, ал термопластикалық пластмассалардың ішінде полиэтилендер жоғары және төменгі қысымда көгілдір түсті жалын беріп, жанып, полимер балқып, ағады (ал иісі ыстық парафинді шам-

ның иісіне ұқсайды). Көптеген пластмассалар үйкелу мен тозу коэф- фиценттері төмен болып келеді. Сондықтан, айталық, қабатталған аңаш пластиктер мен капрон сырғыту мойынтіректерін жасау үшін пайдаланылады. Пласмассаларды фрикциялы және антифрикциялы қасиеттері бар полимерлерге жіктеуге болады.

Фрикциялы пласмассалар (абсест қоспалары бар фенопластар) үйкелу коэффиценті 0,3...0,8 көрсеткішті береді, олардың үйкелетін үстіңгі қабаттарының тозуы аса көп емес. Үйкелу коэффиценті көп пластмассалар тежегіш қондырғыларын жасау үшін пайдаланыла- ды.

Антифрикциялы пластмассалардың (фторопласт, полиамид, полиформальдегид) үйкелу коэффиценті – 0,14 майсыз және май не сумен майлағанда, 0,01 көрсеткіш береді. Пластмассалар тозуға төзімді келеді (мәселен, поливинилхлоридті қарамай негізді линоле- ум), ал капронның тозуға төзімділігі қола мен баббиттің майланған- дағы тозуға төзімділігінен 10-20 есе, және құрғақ үйкелу кезіндегі тозу төзімділігінен 100-160 есе жоғары. Ең тиімді антифрикциялы материал – металлфторопласт – қа- лыңдығы 1,2...2,5 мм, үстіңгі бетіне фторопласт пен қалыңдығы 0,02 мм молибден дисульфатынан құралған жабын жағылған, болаттан жасалған лента. Майыстыру тәсілімен бұл ленталардан төлкелер – сырғыту мойынтіректері жасалады. Пластмассалардан басқа техникада әртүрлі синтетикалық шайы- рлар мен компаундтар қолданылады.

Эпоксидті шайырлар

– эпи-, немесе дихлоргидриннің және екі- немесе полиатомды фенолдарын сілтілі ортада поликонденсация- лау арқылы алынған полимерлер. Эпоксидті шайырларға аминдер (полиэтиленполиамин) қосылса, ол бөлме температурасында қатып қалады. Эпоксидті шайырлар суық және ыстық қатайту желімдері ретінде көптеген материалдарды жабыстыру үшін пайдаланылады. Олардың негізінде құйма компаундтары, пресс-материалдар т.б. дай- ындалады.

Кремнийорганикалық шайырлар

– акрилхлорсиландарды поли- конденсациялау арқылы алынған полимерлер. Әдетте, бұл шайырлар сұйық, яғни резол күйінде болады; 150...260°С –қа дейін қыздырған кезде шайыр резит күйіне өтеді, яғни балқымайтын және ерімей- тін қатты күйде болады. Кремнийорганикалық шайырлар жоғары- термотөзімді электрқорғаушы лактар, су жұқтырмайтын  жабын- дар ретінде және жоғары термотөзімді өнімдерге құйып баспалау

арқылы өңделген пресс-материалдарды жасау үшін пайдаланылады.
Фенолформальдегидті  шайырла

р  –  фенолдың  немесе  оның қоспаларын (крезол, ксилол) формальдегидтермен қышқылды  не- месе сілтілі катализаторлар ортасында поликонденсациялау арқылы анылған  синтетикалық  полимерлер.  Фенолмормальдегидті  шайы- рдың  түрі  –  фенолформальдегидті  шайыр,  ол  пресс-ұнтақтарды,

желімдер, лактар т.б. жасау үшін қолданылады.
Пластмассалар мен компаундтар

– негізгі материал – полимер- лі қосылыстардан (шайырлардан) және қоспалардан (толтырушы- лар, қатырушылар, пластификаторлар, катализаторлар т.б.) құралған күрделі композиция. Пластмассалар негізгі материалдың типіне (по- лимер) қарай аталады, мәселен, эпоксидті, кремнийорганикалық, фенолды т.б. Олардың ішінде герметик ретінде өндірісте эпоксид- ті пластмассалар кең қолданыс тапса, ішінде кремнийорганикалық пластмассалар жоғары термотөзімділігімен ерекшеленеді.

Қорыта келе, кейбір пластмасса өнімдерінің қасиеттері мен өн- дірісте қолданылуына сипаттама беріп өтелік.

Плексиглас

– метилметакрилаттың полимеризациясы нәтижесін- де алынған қатты өнім, тығыздығы – 1190 кг/м

3

және жарықтымөл- дірлігі – 91% құрайды, ацетон, дихлорэтан, бензол ішінде тез ери- ді, жанғыш, бірақ су, сулы сілтілі ерітінділерге, неорганикалық қышқылдар, бензин және майларға шыдас бере алады. Бұл материал кесетін құралмен жақсы өңделеді, жақсы жабыстырылып, балқыты- лады, жұқа тілімшелер мен блоктар ретінде өндірістің әртүрлі сала- ларында қолданыс тапқан.

Органикалық шын ы – полиметилметакрилат, полистирол, по- ликарбонат негізді оптикалық мөлдір материалдардың техникалық атауы. Одан өндірілетін үшқабатты сынықтары жоқ шыны авиация, автомобиль және кеме жасау құрылысында құрастырмалы материал ретінде кең қолданылады.

Текстолит

– табиғи талшықтардан (мақта) және полимерлі бай- ланыстырушыдан (фенолформальдегидті шайыр) жасалған, тығыз- дығы – 1300...1450 кг/м

3

болатын қабатты пластик. Текстолит жұқа тілімшелер, серіппелер, құбырлар ретінде өндіріліп, тісті доңға- лақтар, тегершіктер, төлке, мойынтіректердің ішпектері, электртех- никалық бөлшектер ретінде қолданылады.

Гетинакс

– термореактивті байланыстырушы (фенолформаль- дегидті шайыр) мен қағаздың негізінде өндірілген қабатты пластик,

диэлектрик болып саналады, тығыздығы – 1200...1400 кг/м

3

. Гети- накс өндірісте тілімшелер мен цилиндрлі дайындамалар ретінде шығарылады, олардың үстіңгі беті мысты фольгамен (фольгалы ге- нитакс) немесе шыныматамен (шынылыгетинакс) қапталуы мүмкін. Радио-, телебөлшектерді және байланыс аппаратураларын жасау үшін, сондай-ақ қапмауға арналған декоративті материал ретінде пайдаланылады.

Фенопласттар

– фенолформальдегидті шайырлар негізді по- лимерлер. Мұндай материалдар өте мықты, жанбайды, коррозияға төзімді, жақсы диэлектиктер, өз қасиеттерін 200°C температураға дейін сақтап қалады. Пресс-ұнтақтар, қабатты пластиктер, шыныпластиктер  мен  пенопластиктер   ретінде   фенопластар тісті доңғалақтар, мойынтіректердің ішпектері, төлкелерді  жа- сау үшін машина жасау құрылысында; автомобиль құрылысында тұтату бөлшектері мен декоративті өнімдер ретінде; ал химиялық машина жасау құрылысында – құбырлар, сорғыштар т.б. ретінде пайдаланылады.

Полистирол

– тығыздығы –  1050  кг/м

3

құрайтын  стирол- ды полимеризациялау нәтижесінде алынған қатты өнім. Оның жылутөзімділігі мен мықтылығы айтарлықтай төмен, жақсы диэлек- трик, суға, араластырылған қышқылдар мен сілтілерге жақсы шы- дас береді, арзан. Сондықтан, өндірісте пенопластарды, радио- және телеаппаратураларының корпустарын жасау үшін жиі қолданылады. Аса сынғыш емес қасиетінің арқасында полистиролдың орнына тұр- мыстық өнімдерді өндіру барысында соққыға шыдамды полистирол қолданылады. Ол стиролдың бутадиенді каучукпен үстеме полимері саналады.

Винипласт

– құрамына 10% пластификатор қосу арқылы алынған винилхлоридтің поляризациясының қатты өнімі. Мұндай материал ылғалға, қышқылға, сілті және тұз ерітіндісіне, мұнай көмірсутектерге шыдас береді. Винипласт антикоррозиялы құбыр- лар, жұқа табақшалар, пленкалар жасау үшін, гальваникалық ванна- ларды қаптау үшін пайдаланылады. Винилхлоридтің кең танылған түрі – құрамында 100% пластификаторы бар пластикат. Бұл матери- ал өте иілгіш, суыққа төзімді, иілгіш тілімшелер, үлгілімді өнімдерді жасау және шоғырсымдарды қаптау үшін пайдаланылады.

Фторопласт-3

–    трифторхлорэтиленнің    полимеризация- сы  нәтижесінде  алынған,  тығыздығы  –  2090...2160  кг/м

3

құрай-

тын, 210...215°C температурада балқитын қатты өнім. Бөлме температурасында химиялық тұрғыдан органикалық ерітіндіде төзімді, қышқылдың, тотықтырғыш заттар мен сілті ерітінділерінің әрекетіне шыдамды, 130...150°С температурада хош иісті көмірсу- тектерінің ішінде ериді. Фторопласт-3 негізінен, құбырлардың, со- рғыштардың антикорриозды мен электр қондырғыларын қорғайтын жабын ретінде жұмсалады.

Фторопласт-4

– трифторхлорэтиленнің полимеризациясы нәтижесінде алынған, тығыздығы – 2130...2240 кг/м

3

құрайтын қат- ты өнім. Бұл материал химиялық төзімді, иілгіш, суықта аққыш, жақсы диэлектрик, 415°C температурада ыдырайды, жанбайды және суды сіңірмейді. Фторопласта-4-тен жасалып, алдын ала қалыптандырылған өнімдер 360...380°C температурада піседі. Аталған материал электртехникасында, радиотехникасында және химия өндірісінде құбырлар, қаптамалар мен шоғырсымдар ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, оны антифрикциялы материал ретінде де қолданады.

Полиэтилен

– тығыздығы – 913...978 кг/м

2

құрайтын, 102...137°C температурада балқитын, этиленнің полимеризациясы нәтижесінде алынған қатты өнім. Бұл материалдың көптеген оң артықшылықтары бар – созылғанда мықты, иілгіш, жақсы диэлектрик, сілтілі, тұзды, органикалық қышқылдардың ерітінділерінің әрекетіне, радиоактивті сәуленің әсеріне төзімді. Полиэтилен физиологиялық тұрғыдан зи- янсыз, хлор және фтордың әсерінен бұзылады, 80°C-тан жоғары температурада көмірсутек құрамында ериді. Өндірісте ол агрессивті сұйықтарға арналған пленкалар, ыдыстар мпен құбырларды жасау үшін, сондай-ақ изолятор ретінде жұмсалады.

4.2.

ТЕХНИКАЛЫҚ КЕРАМИКА

Техникалық керамика – әртүрлі оксидтер мен неорганикалық қосылыстардың бірігуі нәтижесінде алынған материал. Керамика атомды, электрвакуумды, электрехникалық, электронды, радиотех- никалық өндірістер мен басқа да өндіріс салаларында кең қолданыс тапқан. Керамикалық материалдардың көп түрлерінің ішінде ко- рундты (ВК94-1, ВК91-2) және бромеллитті (ВБ100-1) керамиканы қарастырып өтелік. Олар техникалық мақсаттарда кең қолданыла-

ды. Керамиканың маркаларын таңбалау барысында алғашты әріп керамиканың тобын (В – вакуумды), екінші әріп – басты материал- дың түрін (К – корунд, Б – бромеллит) көрсетсе, бүтінге дейін ық- шамдалған сандар – негізгі компоненттерінің номиналды мөлшеріне сай келеді (94 және 91% корунд, 99,5% бромеллит), ал дефистен кей- ін жазылған соңғы сан – өңдеу нөмірін көрсетеді.

Корундты керамика ВК94-1 94,40% корундтан (алюминий окси- ді, глинозем), 2,76% кремний диоксидінен, 0,49% хром оксиді мен 2,35 % марганец диоксидінен тұрады. Корундты керамикадан құй- ма тәсілімен әртүрлі конфигурациялы изоляторлар, технологиялық жабдықтар мен басқа да өнімдер жасалады. Біріктірілгеннен кейін бөлшектер керамикаға тән физика-механикалық қасиетке ие болып, қызғыл немесе ақшыл көк түске боялады. Корундты керамика ВК94-1 шынының ең үздік сұрыптары мен керамиканың басқа да түрлерімен салыстырғанда, механикалық тығыздығымен және вакуумдық мықтылығымен, термиялық және химиялық төзімділігімен, жиілік пен температураның кең диапазо- нында электр шығындарының аздығымен, бірігу температурасының арасындағы үлкен интервалмен, құрылымының тұрақтылығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, корундты керамика улы емес, ол үш фаза- дан тұрады: кристалды (мықты каркас түзетін негізгі баяу балқитын

компонентінің кристалдарынан – корунд Al O ), шыны тәрізді (шы-

2

ныфаза – корундтың минерализатор – MnO

3

— SіO —Cr O

бірігуді

2        2        2    3
реттеп отыратын компонент құрамындағы ерітіндісі); газ түріндегі

(мөлшері аз (0,02%). Барынша күйген күйінде корундты керамика – біріктірілген кристалл каркасты білдіреді. ВК94-1 маркалы корундты керамикадан басқа өндірісте ВК91-2 маркалы корундты керамика қолданылады. Ол 91,5% глиноземнен (корунд), 5,9% кремний диоксидінен, 0,5% магний оксидінен 1,2% кальций оксидінен және 0,9% цирконий диоксидінен құралады. ВК91-2 маркалы керамиканың диэлектлік өткізгіштігі мен диэлек- трлік шығынның тангент бұрышы ВК94-1 маркалы керамиканікі секілді, алайда электрлік кедергісінің үлесті көлемі 1000 есе аз, ал электрлік тығыздығы 5 есе аз.

Бромеллитті
немесе
бериллийлі керамика (бромеллит)

– BeO бериллий оксиді, ол изоляторлар, түптөсемдерді және басқа да аспаптардың бөлшектерін жасау үшін пайдаланылады. Бұл керамиканың   жылу,   электрлік,   химиялық   және   механикалық

қасиеттері ерекше. Сондықтан техниканың әртүрлі салаларындак ең қолданыс тауып келеді. Аспаптарды жасау өндірісінде бромеллитті керамика өзінің жылуөткізгіштігі мен электризоляциялық қасиеттерінің арқасында жақсы қолданылып келеді. Броммелитті керамиканың жылуөткізгіштігі 20°C температурада (1,67...2,52) • 10

2

Вт/(м-К) құрайды, бұл корундты керамиканың жылуөткізгіштігінен 7 есе жоғары болып, болат, алюминий мен қорғасынның жылуөткізгіштік деңгейіне сай келеді. Температура- ның жоғарылауымен бромеллиттің жылуөткізгіштігі жоғары дең- гейден түспестен, басқа керамикалық материалдар мен кейбір ме- талдардың жылуөткізгіштігімен салыстырғанда аз ғана төмендейді. Сөйтіп, 100°С температурада бромеллитті керамиканың жылуөт- кізгіштігі мыстың жылуөткізгіштігіне қарағанда, 2 есе төмен, бірақ корундты керамиканың жылуөткізгіштігімен салыстырғанда 120 есе көп болып, алюминийдің жоғары жиіліктегі жылуөткізгіштігіне жақынырақ. 1000...1500°С температурада броммелитті керамиканың жылуөткізгіштігі корундты жылуөткізгіштікпен салыстырғанда, 3-8 есе жоғары. Бромеллиттің жылуөткізгіштігі қоспаларының сапасы- на байланысты және олардың төмендеуіне қарай ұлғаяды, керісін- ше, қоспаның мөлшерінің ұлғаюына қарай азайып отырады. Тығы- здығының азаюымен бромеллитті керамиканың жылуөткізгіштігі төмендейді және 25,5% кеуектілігіне қарай оның деңгейі 26,5%-ға жетеді. Сөйтіп, бромеллитті керамика – жылуды өткізудің тамаша өткізгіш дәнекері болып саналады.

Бромеллиттің бөлме температурасындағы үлесті жылусыйым- дылығы 1,1 • 10

3

Дж/(кг-К) құрайды, бұл корундтың және басқа да металдардың (бериллийден басқа) жылусыйымдылығынан айтар- лықтай жоғары. Керамиканың басқа түрлерінің ішінде жылусыйым- дылығының жоғары дәрежеде болуына қарай бромеллиттің жылуды сіңіру қасиеті жоғары болады. Бромелитті керамиканың термотөзімділігі жоғары, ерекше жылуөткізгіштік қасиетке ие. Бромеллиттің балқу температурасы

– 2650°C, ал максималды температурасы 1500...2316°C диапазоны аралығында. Бұл керамика термоциклдендіру барысында жақсы жұмыс жасайды. Температура жоғарылағанда, бромеллиттің СКТК көрсеткіші жоғарылайды, айталық, 25...600°С температура интерва- лында 0,6 • 10

-6

К

-1

құрайды.
Броммелиттің  термотөзімділігі  мен  СКТК  көрсеткіші  назарға

алынуы тиіс ең маңызды параметр болып саналады. Бромеллиттің жоғары термотөзімдідігі жұмысшы температураның барлық интер- валында климаттық сенімділігін қамтамасыз етеді.

4.3.

ШЫНЫЛАР

Шыны техникада көптен бері қолданылып келеді, себебі ол өзінің құрамын әртүрлі компоненттерді қоса отырып, демек, қасиеттерін, өнімнің пішінін термиялық өңдеу тәртібін өзгерте отырып, өзгерте алады. Шыны оптикада, химияда, медицинада, тұрмыстық техника- да, құрылыста, электрвакуумда, электронжы және басқа да өндіріс салаларында пайдаланылады. Бұл өндіріс салаласында шыныдан басқа да өнімдер жасалынады. Қарапайым (неорганикалық) шыны – мөлдір сынғыш материал, ол шынытүзуші компоненттерінен – кремний оксиді, бор, алюминий, фосфор, цирконий, титан, сонымен қатар, металл оксиді – литий, ка- лий, натрий, кальций, магний, қорғасын т.б. құралған балқытпаны суытқаннан кейін алынады. Шынытүзуші компоненттерінің типіне қарай шынылар силикатты (кремний оксиді), борлы (бор оксиді), борсиликатты, алюминийсиликатты т.б. деп бөлінеді. Шыны – аморфты дене, ол қыздырылған кезде жұмсарып, сұйық күйге енеді. Ал суытқанда, қатайып, біртіндеп шынытәрізді күйге біртіндеп өте бастайды.

Тұрмыстық қолдануға арналған шыны

– пакеттер, шыны ыды- стар (ыстақан, бөтелке т.б.) жасалып, кремний диоксидімен балқы- тылған натрий силикаты мен кальцийден тұрады.

Кварцты шыны

– кварцты электр пештерінде балқыту арқылы алынады. Кәдімгі шыныдан жоғары температурада жұмыс жасауға, УФ-сәулелерді өткізе алуға қабілеттілігімен, СКТК көрсеткішінің аздығымен және өзгеріске түсе қоймайтындығымен ерекшеленеді. Соның арқасында шыны термиялық соққыға шыдас беріп, бірбүтін- дігін сақтап қалады. Кварцты шыны суық сумен әрекеттескенде де, шытынай қоймайды. Кварцты шыны 1700°C температурада жұм- сарады. Оның кемшіліктері – өңдеу қиындығы мен сынғыштығы. Соған қарамастан, кварцты шыны УФ-сәулелерін өткізетін сынапты шамдарды, химиялық және медициналық ыдыстарды жасау үшін пайдаланылады. Спектралды-таза кварцты шыны диффузды терми-

ялық қондырғылардың жұмысшы каналдарын дайындауда да пай- даланылады. Мұнда ол ұзақ уақыт 1300°C температурада жұмыс жасай алады. Шыныны (шыны массасын) футерленген отқатөзімді материалдарды әртүрлі типтегі, соның ішінде қыш құмыралы, ванналық, үздіксіз және жүйелі түрде жұмыс жасайтын электр пештерінде қайнатады. Қыш құмыралы пештердің сыйымдылығы

– 1000...1500 кг, олар арнайы шынылар мен хрустальдарды жасауға пайдаланылады. Сыйымдылығы тоннаға жететін басқа пештердің өндірушілік қабілеті тәулігіне 45 тоннаға дейін жетеді.

Осы кең танылған шыны өнімдерінен басқа өндірісте
шынытал- шықтары

пайдаланылады. Оларды жіптерді диаметрі 2...10 мкм болатын фильерлер (сүйретпелер) арқылы созып балқыту жолымен алады. Шыныталшықтарынан алынған өнімдер жанбайды, хими- ялық төзімді, сынғыш емес, жарғанда мықтылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, олардың жылу-, электр- және дыбысты оқшаулау қа- білеті өте жоғары болады. Әртүрлі полимерлермен араласа отырып, шыныталшықтарынан шыныпластиктер алынады.

Шыныпластиктер

– жаңа құрастырма- лы материалдар, олар болаттан 3-4 есе жеңіл. Кейде болаттың неме- се басқа да материалдардың орнына жұмсала алады. Мұндай шы- ныпластиктер коррозияға ұшырамайды, автомобиль, авиация және кеме құрастыру өндірісінде пайдаланады.

Шыныдан қалыңдығы 10...200 мкм
шыныпленкалар

жасалады, олар ауыр шыныға қарағанда, мықты болып келеді. Бұл пленканың көрсеткіші – электр қысымын өткізе алатын термотөзімді және ашықмөлдір материал. Пленка шынымассасын калибрлеуші қонды- рғы арқылы жоғарыдан төмен соза отырып, алады. Шыныпленка- ларды шыныпластиктерін, аранйы жоғары температуралық қағаз- дарды жасау үшін, сондай-ақ конденсаторлар мен басқа мақсаттарда да пайдаланады. Шынының түрлері – қатаюын басқара отырып, балқытылған шы- нымассасынан алынатын ситалл. Ситалл – шыныкристалды материал, ол балқытылған шыныға түтік-катализаторды кіріктіру арқылы алынады. Нәтижесінде балқытпаның ішінде кристаллизация орталары түзіліп, бір фазаның микрокристалдары өседі. Құрылымы жағынан, ситалл – кристал- лизацияланбаған шынының біріккен пленкаларының өте ұсақ кри-

сталдары. Олардың тығыздығы, қаттылығы, химиялық, термиялық төзімділігі жоғары болып, изолятор ретінде жұмсалады. Ситалдан электризоляторлары, электронды бөлшектер, химиялық аппаратура- лар т.б. жасалады.

4.4.

РЕЗЕҢКЕ. РЕЗЕҢКЕНІ ӨҢДЕУ

Резеңке (вулканизат)

– құрамында каучук, вулканизациялық не- гізі, толтырмалар, пластификаторлар, антиоксиданттары т.б. бар, вул- канизациялық композицияның өнімі. Құрастырам материал ретінде резеңке бірқатар ерекше қасиеттерге ие, солардың ең маңыздылары

– жоғары иілгіштік, немесе температуралардың кең диапазонында созғаннан кейін қайта қалпына келу деформациясына қабілеттілігі. Сонымен қатар, резеңке деформациялану барысында айтарлықтай энергия жоғалтып, соның салдарынан амортизатор ретінде жақсы жұмыс жасай алатын; жоғары диэлектрлі қасиеттерге ие; агрессивті ортаның әрекеттеріне түспейтін және тоза қоймайтын материал. Ре- зеңкенің осы аталған қасиеттері ең алдымен, каучуктың типіне бай- ланысты анықталады. Каучук – табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Каучуктың осы екі типін эластомер деп атайды.

Табиғи каучук

– қалыпты жағдайларда жоғары иілгіштік қасиет- ке ие, құрамында 91...96% көмірсутек бар, тығыздығы – 910...920 кг/ м3 болатын табиғи полимер. Каучук судың әрекетіне шыдас береді, көпшілік органикалық ерітінділер ішінде ерігіш, 10°C-тан төменгі температурада ұзақ сақталса, майда көпсиді. Ал созғанда кристал- лизацияланып, бос орындары толтырылмаған резеңкелерді созғанда (шамамен 30 МПа) жоғары мықтылыққа ие болады.

Табиғи каучукты пайдалана отырып, дайындалған рехзеңкелердің иілгіштігі өте жоғары болады (600...900%-ға дейін ұзартыла алады), суыққа және тозуға төзімділігі жоғары, бірақ атмосферада төзімділі- гі аса жоғары болмайды. Табиғи каучук негізіндегі резеңкелерді шиналар, конвейердің ленталарын, қозғалтқыш белдіктер мен амор- тизаторларды жасау үшін, сондай-ақ латекс ретінде пайдаланылады (полимерлердің сулы дисперсі).

Синтетикалық каучуктар , табиғи каучуктер секілді, қалыпты жағдайларда жоғары иілгіштігімен ерекшеленеді. Олар резеңкеге оңай өңделеді. Әдетте, синтетикалық каучуктар жалпы және арнайы

қолданысты деп бөлінеді. Алғашқылары каучуктың иілгіштігі басты назарда болатын өндірісте (шина, конвейер ленталары, амортизатор- лар), ал екіншісі – жоғары иілгіштігімен бірге, жылу-, май-, бензин-, суық-, қышқыл-, атмосфераға төзімділігі жоғары өнімдерді жасау үшін пайдаланылады. Синтетикалық каучуктер негізінде табиғи кау- чуктерді пайдаланғанда, қол жеткізу мүмкін емес кейбір қасиеттерге ие резеңкелер жасалады.

Вулканизацияланатын негіздер

– бүкіл резеңкелерге тән болады. Әдетте, күкіртті вулканизаторлы топтардың құрамында күкірт, вулканизацияны тездеткіш, тездеткіштің активаторы – цинк оксиді, цинк оксидінің диспергаторы – стеаринді немесе синтетикалық май қышқылдары болады. Вулканизациялайтын нешіздер ретінде басқа да заттар жұмсала алады.

Орнын толтырғыштар (толтырмалар) каучукке резеңкенің физика- механикалық және эксплуатациялық қасиеттерін жоғарылату және құнын төмендету мақсатында ендіріледі. Мұндай заттар ретінде техникалық көміртек, бор, каолин, липотон, синтетикалық ақ күйе, аэросил – резеңке қоспаларының жабысқақтығын, соған сәйкес дисперлігін  жоғарылатуға септігін тигізеді.

Пластификаторлар

– резеңке қоспаларының иілгіштігін жоға- рылататын және жабысқақтығын төмендететін жоғары дәрежеде қайнайтын сұйық заттар. Сонымен қатар, олар резеңкенің суыққа төзімділігі мен иілгіштік қасиетін арттырады. Пластификаторлар – мазуттар, битумдар, канифоль мен қарағайы шайыры. Бензинмайы- на төзімді каучуктерге синтетикалық пластификаторлар – дибутилф- талат, дибу- тилсебацинат т.б. қосылады.

Тоздырмайтын қоспалар резеңке құрамына резеңке өнімдерінің жарамдылық мерзімін ұзарту мақсатында ендіріледі. Мұндай тозды- рмайтын қоспалар – екіншілік аминдер, фенол негізді парафин не- месе балауыз. Түрлі түсті резеңкелер бояу қосу арқылы алынады, олар органикалық емес (пигменттер) және органикалық болып бөлі- неді. Пигменттер – суда ерімейтін боялған қосылыстар – титан ок- сиді, цинк, хром, темір т.б. Органикалық бояғыштар – қызғылт-сары түсті лак, мыс фталоцианины т.б. Ашық түстерді алу үшін резеңке алдымен ақ түске боялып, содан кейін бояу қосып, құбылтады.

Арнайы қолданыс компоненттері резеңкелерге арнайы қасиет- терді беру үшін қызмет етеді. Оларға кеуектілік тудырушылар, анти- пирендер, абразитер т.б. жатады.

Ингредиенттерден резеңке қоспаларын механикалық және жылу- лық әсер бере отырып дайындайды. Әсерлер берілгеннен кейін оны жабысқақ-созылмалы күйге жеткізеді. Айта кететін жайт – ингре- диенттер қоспаға бірден ендірілмейді, белгілі бір ретпен ендіреді. Араластыру процедурасы көптеген факторларды (өндіру масштабы, өнімнің күрделігі, сапасына қойылатын талаптар, құрал-жабдықтар, құрылғылар т.б.) ескере отырып, технологияға байланысты орында- лады. Резеңке қоспаларын өнімге айналдыру бірнеше тәсілдермен орындалады: экструзия (шприцтеу), баспалау, қысым арқылы құю т.б.

Экструзия

– қыздырылған резеңке қоспасын тесік арқылы, әдет- те, бұрамдық машина (

сурет 4.3 ) арқылы сығып, ұзын өлшемді дай- ындамаларды белгілі бір қалып бойынша жүйелі түрде қалыптау үшін пайдаланады. Бұл машинада резеңке қоспасы тиегіш құйғы (

4

) арқылы жіберіледі, оны бұрамдық ұстап қалады (

1

), цилиндрде деформацияланады (

2

) және айналмалы бұрамдық арқылы қалыпта- сқан бастиектен (

3

) шығып, дайын өнімге айналады.

Алынған өнімнің кесігіне қарасақ, қарапайым геометриялық фи- гура (квадрат, төртбұрыш, дөңгелек т.б.) пішінінде болады. Әзірге өзінің конфигурациясы жағынан жабдыққа (қалып, штамп) жақын жартылай фабрикат. Ола тек содан кейін ғана өнімге айнала- ды. Егер профилдің пішіні – тапсырыс берілген өнім болса, үздіксіз вулканизация жасалады, яғни тұздардың балқытпаларын, жоғары дәрежеде қайнайтын органикалық қосылыстарды ыстық ауада неме-

Сурет 4.3 Бұрамдық машинаның құрылысы

1

– бұрамдық;

2

– цилиндр;

3

– қалыпты бастиек;

4

– тиегіш құйғ: резеңке қоспасын жіберу

Сурет  4.4  Резеңке  қоспасын баспалау

1

– пуансон;

2

– резеңке қоспасы;

3

– матрица

се ысытқыш ыдыстарда, мәселен ВЧ-қондырғыларда қыздыра оты- рып, резеңкеге айналдырады.

Вулканизация

– резеңке қоспаларын 140...250°C температурасының интервалында термиялық өңдеу үдерісі. Нәтижесінде каучуктың макромолекулалары вулканизацияланған тормен бірігіп, көлденең химиялық байланыстар түзіледі. Вулканизация нәтижесінде резеңке мықты, қатты, иілгіш, жылу- және суыққа төзімді болып, органикалық ерітіндіде көпсиді.

Баспалау

– резеңке қоспасынан (

сурет 4.4 ) пішін алу тәсілі. Оны қысым, температура мен вулканизация әсерімен пластикалық де- формациялау арқылы жүзеге асырады. Нәтижесінде пресс-қалыпқа сай келетін, пуансон (

1

) мен матрицадан (

3

) тұратын өнім алынады.

Сурет 4.5 Қысым арқылы резеңке қоспасын құю

1

– жақындау механизмі;

2

– құйма қалып;

3

– пластификатор;

4

– инжек- торлы механизм;

күштің бағыты; => – материалды тиеу

Баспалауға қарағанда, қысым арқылы құю тәсілі (
сурет 4.5
) ба- рысында пластификатордан (

3

) инжекторлы механизм (

4

) арқылы (механизм сыға орналастырған (

1

) құйма-қалыпқа (

2

) сұйық резеңке қоспасын құяды. Әрі осында қоспа вулканизацияланады. Ауыр және жалпақ резеңке бөлшектерінен басқа кеуекті өнім- дер де жасалады. Қарапайым нұсқада, ол үшін резеңке қоспасын пресс-қалыпқа салып, газтүзуші затты (пороформ) қосады. Поро- формды резеңке қоспасына алдын ала қосуға да болады. Сығылған пресс-қалып қызған кезде, резеңке қоспасы газ көпіршіктерін шыға- ра отырып, көпіріп, қалып ішінде теңдей орналасады. Қалып вул- канизация температурасына (140...170°C) жеткенде, газ түзу үдерісі аяқталады. Кеуекті резеңкенің тығыздығы ауыр резеңкеге қарағанда әлдеқайда төмен. Мұндай материал жұмсақ, жеңіл әрі жылу өткіз- гіштігі төмен болып келеді.

4.5.

СҮРЕК ЖӘНЕ АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН ӨНІМДЕР

Сүректі өндірісте пайдалану олардың физика-механикалық қаси- еттерінің жоғары дәрежесіне, жақсы өңделетіндігіне, сонымен қатар ағаштың химиялық және механикалық өңдеу қасиеттерін өзгерту тәсілдеріне байланысты. Сүректің жылуөткізгіштігі аз, мықтылығы қатысты түрде жоғары, соққы мен тербелісті жүктемеге қарсы шы- дас бере алады, құрғақ ортада ағаш ұзақ сақтала алады. Сүректің артықшылығы – жақсы жабыса алуы, сыртқы әдемі пішін сақтап қа- луы, өрнектеуге оңай көнуі. Кемшіліктері – жылдам жанғыштығы, тез шіруі, жәндіктер мен зиянкестерден ықпалына жылдам түседі, жоғары гигроскопиялығы (ылғал тартқыштығы), соның салдарынан тез көпсіп, тез құрғауға қабілетті, жарықшақтанып, сынғыш. Сон- дай-ақ, сүректің биологиялық шығу тегінде оның сапасын төменде- тетін кемшіліктер мен ауытқулар болады. Сүрек пен ағаш – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Сүрек де- ген не екенін түсіну үшін ағаштың діңгегінен қима немесе кесіктер алып қарайды (

сурет 4.6
). бұл – өзек (

5

), ядро (

6

), жұқса сүрек қабат (ағаштың сырт қабығы астындағы қабықша (

1

), қабығы (

3

) және қа- бықшасы (

2

Өзек

– діңгектің тар орталық бөлігі, ол борпылдақ, диаметрі 2...5

Сурет 4.6 Сүрек діңгегінің қи- масы

1

– қабығы;

2

– қабығы;

3

– қабығы;

4

– жұқа сүрекқабаты;

5

– өзегі;

6

– ядросы

мм болатын қара дақ түріндегі тін. Діңгектің перифериясына жақын
ядро

орналасқан, ол әдетте, қара түсті және ағаштың тірі жасушала- рын өлуі есебінен пайда болады. Жас ағаштардың ядросы болмай- ды. Ядро уақыт өте келе қалыптасады. Көлемі жағынан олар әртүрлі болады – бір ағаштарда үлкен, басқа ағаштарда – кішірек. Ядродан кейін қабыққа жақынырақ

жұқа сүрек қабаты орналасады, ол ядроға қарағанда, ашық түсті бола- ды және су минералды заттармен бірге тамырынан жапырақтарына қарай баратын арна қызметін атқарады. Ал ядро діңгекке тек меха- никалық қаттылық үстейді. Жұқа сүрек қабаты сұйықтықты өткізе алады, сондықтан ол шіруге аса шыдас бере бермейді.

Қабық 1 ағашты сақина бойымен тұтас қаптап тұрады, ол екі қа- баттан тұрады – сыртқы –

қабық 2
және ішкі –
қабық 3

. Ішкі қабығы су мен жапырақ шығаратын органикалық заттарды діңгекке қарай бағыттап отырады. Қабық ағашты механикалық зақымданудан, температураның күрт өзгеруінен, жәндіктер мен қоршаған ортадағы басқа да зиянды әсер- лерден сақтайды. Түбірінен арамен кесіліп құлатылған және бұтақтарынан ар- шылған ағаштың діңгегі

шыбық
деп аталады.

Шыбықтарды сұрыптау барысында оларды іске жарамды және отындық деп бөледі. Іске жарамды бөлігі өз кезегінде тамырға тақалған, ортадағы, төбесі мен шыңы деп бөледі. Іске жарамды сүрек

– жоғары сапалы діңгектен алынған материал. Іске жарамды бөлі- гінің әртүрлі ұзындықтағы қимасының не кесігінің сапасына және қолданылуына қарай бөрене, дөңбек және ағаш кесінділері деп атай-

ды. Бөренеден пиломатериалдар кеміліп алынады; дөңбек фанера, шаңғы, қарындаш дайындамалары мен авиацияға т.б. қажетті дай- ындамаларды жасау үшін пайдаланылады; ағаш кесінділері әдетте, белгілі бір ұзындықта болып, ағаш өңдейтін білдектерде өңделеді.

Пиломатериалдардың басты түрлері – екі-, үш- және төртжиекті (сурет 4.7, а-в ) білеулер; кесіктелмеген, өткір және өтпейтін сүрек қырымен кесіктелген тақтай (сурет 4.7, г-ж ); қырлы бөренелер; ара- мен кесілген шет тақтай; арамен кесілген еденге арналған тақтай; кесіктелмеген шпал; кесіктелген шпал (сурет 4.7, з-м ).

Осы айтылғандарға сүйеніп, сүрекке анықтама берелік.
Сүрек

– өткізуші, механикалық, жинақтау функцияларын атқаратын және

Сурет 4.7 Полиматериалдырдың негізгі түрлері
а, б, в

– екі-, үш- және төртжиекті білеулер;

г, д, е, ж

– кесіктелмеген, өткір және өтпейтін сүрек қырымен кесіктелген тақтай;

з

– қырлы бөрене;

и, к

– арамен кесілген шет тақтай мен арамен кесілген еденге арналған тақтай;

л, м

– кесіктелмеген және кесіктелген шпал

ағаштың қабығы мен өзегінің арасында орналасқан әртүрлі өсімдік тіндерінен тұратын ағаштың (діңгек, түбір, бұтақ) негізгі бөлігі. Сүрек ағаштың түріне қарай

қылқанды
(шырша, қарағай т.б.) және
жапырақты

(емен, қайың т.б.) болып бөлінеді. Қырқылған ағаш өсімдік жасушаларының қабыршағының жиынтығын беретін сүрек түрінде болады. Бүкіл сүрек түрлерінің химиялық құрамы бірдей: 49...56% көміртек, 43...44% оттегі, 6% сутегі, 0,1...0,3% азот. Сүректің құрамында 39.58% целлюлоза, 17.34% лигнин және 15...38% ге- мицеллюлоза болады. Сүректің бүкіл қасиеттері әдетте оның ылғал- дылығына (12%) қарай анықталады. Бұл материалға қасиеттердің анизотропиясы тән, өн бойымен және көлденең талшықтарының механикалық қасиеттері бірнеше есе өзгеше болуы мүмкін. Жапы- рақты ағаш түрлері кейде қылданды ағаш түрлеріне қарағанда жақ- сы параметрлерге ие. Айталық, жапырақты ағаш түрлерінің соққыға иілгіштігі қылданды ағаш түрлерінің соққыға иілгіштігінен 2 есе жоғары. Тығыздығына қарай сүректерді үш топқа бөледі: тығыз- дығы төмен – 510 кг/м

3

-ге дейін (қарағай, шырша, терек, жөке, қан- дыағаш), тығыздығы орташа – 550...740 кг/м

3

(балқарағай, қайың, шамшат, емен, шетен, үйеңкі) және тығыздығы жоғары – 750 кг/м

3

(бозқараған, қызыл тал, қызылқайың).
Сүрек материалдар

– сүректерді, ағаш бөлшектерін, талшықтар- ды, буаттарды жоғары қысыммен және жоғары температурада, ал- дын ала синтетикалық шайыр, цементпен араластырып және жа- быстырып өңдеу арқылы алынған құрастырмалы, оңашалаушы ұсақ-түйек және композициялық материалдардың жалпы атауы. Мұндай материалдар кәдімгі сүректерге қарағанда жоғары эксплуа- тациялық қасиеттерге ие және төмен анизотропты болып саналады. Сүрек материалдарға ағаш пластиктер, ағаш-талшықты плиталар, ағаш-қатпарлы пластиктер, фанера, фибролит т.б. жатады.

Ағаш пластиктер

– аршылған буаттардан, ағаштың пресс-үгін- дісі немесе жаңқаларынан өңделетін, синтетикалық шайыр сіңдіріл- ген және жоғары қысым мен температурада жабыстырылған мате- риалдар. Ағашты қабатты пластиктер арматурланған, баспаланған және буаттар мен тіннен жабыстырылған, металл торлармен қуат- тандырылған деген түрлерге бөлінеді.

Ағаш-талшықты плиталар

– торда қарапайым, рафинерлі та- зартылған және майдаланған), дефибраторлы (тозған) және басқа да ағаш массаларынан екі тәсілмен «құю» арқылы өңделген материал-

дар: судың қатысуымен, яғни ылғалды және құрғақ (сусыз), бірақ 4... 8% синтетикалық шайыр қосып. «Құйылғаннан кейін» өнімді кептіріп, жұмсақ және оқшауланған плиталар алынады немесе жар- тылай қатты, қатты және жоғары дәрежеде қатты плиталарды бас- пақтайды. Механикалық тығыздығын, ылғалға қарсы төзімділігін, отқа төзімділігін, жәндіктерге шыдас беру деңгейін жоғарылату үшін плиталарға сәйкес шайырларды, гидрофибозды заттар мен ан- тисептиктер т.б. қосады. Жұмсақ плиталар сүректердің қиюластырылған талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар киіз текемет түзеді. Аталған плиталардың кеуектілігі жоғары, жылу- және дыбысты өткізу қабілеті төмен бо- лады. Оларды әдетте, қалыңдығы – 12...25 мм, ені – 1200...1700 мм, ұзындығы – 1200...3000 мм етіп дайындайды. Жартылай қатты және қатты плиталар – қалыңдығы 6...12 мм, қалың картон типіндегі материал. Оларды негізінен жтһаз дайын- дау құрылысында пайдаланады. Жоғары дәрежеде қатты плиталар дайындау барысында синтетикалық шайырмен немесе кептіретін майлармен сіңдіріледі. Содан кейін термиялық өңдеуден өткізіледі. Әдетте, олар қалыңдығы – 2,5...6 мм, сызықтық өлшемі (1000.2 140) х (1 200.5 500) мм етіп дайындайды. Олардың басты қолданылу ай- мағы – құрылыс.

Ағаш-қатпарлы пластиктерді талшықтарының бағытына қа- рай ретпен орналастырылған және синтетикалық желіммен жоғары қысымда қыздыру жағдайында жабыстырылған, аршылған буаттар- дың жұқа тілімшелерінен дайындайды. Мұндай материалдардың тығыздығы өте жоғары, авиа-, кеме- және машинажасау құрылысын- да пайдаланылады.

Ағаш-жаңқалы плиталарды ағаш жаңқаларын байланысты- рушы заттармен – карбамид- және фенолформальдегидті шайы- рлармен ыстықтай баспалау арқылы алады. Баспалау тәсілдерін жалпақ баспалау және экструзиялы немесе сығылған деп бөледі. Ағаш-жаңқалы плиталар құрылыста қолдануға икемді және жиһаз- дарды жасау үшін пайдаланылады. Сондықтан оларды ылғалға төзімді, биотөзімді, отқатөзімді, қырналған, буаттармен, қағазбен, синтетикалық пленкалармен т.б. қапталмаған және қапталған деп бөлінеді. Жалпақ баспалау арқылы алынған плиталардың қалың- дығы – 10...25 мм, ені – 1200...2440 мм және ұзындығы – 2440...5500 мм болады.

Фанераны  сүрек  материалдардан  дайындайды.  Оны
буат

деп атайды. Буаттар сүргіленіп, араланған және аршылған деп бөлінеді. Сүргіленіп, араланған буат – сүректердің жұқа қабаты болып са- налатын, діңгекті талшықтарының бойымен сүрлеуші білдек көме- гімен сүрленіп, аралау арқылы алады. Бұл материал фанераны, пли- таларды қаптау үшін және жиһаз бөлшектері үшін пайдаланады. Оны ағаштың жапырақты түрлерінен – жаңғақ, үйеңкі, алмұрт, алма, қайын т.б., сондай-ақ қылқанды ағаштардан – шілік, балқарағай, қа- рағайдан өңдеп, алады. Ағаштың түріне қарай сүргіленіп, араланған

буаттың қалыңдығы – 0,4... 1,0 мм болады.

Аршылған буат – сүректің лента түріндегі жұқа тілімшесі, ол ағаш кесінділерін арнайы білдекте аршу арқылы алынады. Кесіндінің ци- линдрлік пішіні айналып тұрады да, берілген қалыңдықты алу үшін арнайы қойылған пышақ айналмаға қарама-қарсы қозғалып, сүрек- тен ленталар тіліп алынады. Сүрекке иілгіштің қасиетін беру үшін ағаш кесінділерін 50...60°C температурадағы суда жібітеді. Мұндай буат қайың, қандыағаш, қарағай және ағаштың басқа да түрлерінен өңдеп алып, ағаш өнімдерін қаптау, фанера, фанера плиталарын, қат- парлы сүрек пен жиһаздың жабыстырылған бөлшектері үшін пайда- ланылады.

4.8-суретте сүргіленіп, араланған (сурет 4.8, а

) және аршылған (сурет 4.8, б ) буаттарды дайындау сызбасы көрсетілген. Буаттарды алу үшін дайындамалар ретінде діңгек (

1

) немесе ағаш кесіндісі (

5

) жұмсалады. Олардан пышақтың (

4

) көмегімен буаттың тілімшесі (

3

Сурет 4.8 Сүргіленіп, араланған ( а

) және аршылған ( б

) буат- тарды дайындау сызбасы сүректі оған қарама-қарсы қозғалта отырып, тіліп алынады. Қыса- тын сызғыш (

2

) сүректердің өздігімен сынуына кедергі келтіреді.
Фанера

– жапырақты сүрек материал, ол аршылған буаттың үш немесе одан да көп қатпарларын сүректің талшықтарына қарай ай- қастырып, жабыстыру арқылы алынады. Қатпарлардың саны әдетте, тақ болып келеді. Себебі буаттардың жұп қатпарларының орташа екеуі талшықтардың бағытына  параллель орналасады.

Пиломатериалдармен салыстырғанда, фанераның бірқатар ар- тықшылықтары бар. Олардың ең негізгілері – барлық бағытындағы мықтылығы біркелкі, сыну және жарылу деңгейі – төмен, бос тесік- тер (жарықтар) жоқ. Сондай-ақ, фанера қажет пішінге оңай түседі, транспорттауға икемді және көлемі үлкен. Фанераның максималды өлшемі – 2440 х 1525 мм және қалың- дығы – 18 мм. Фанераны тегістелген; тегістемеген; синтетикалық пленкамен, сұйық мөлдір материалдармен, мөлдір қағазбен жабы- стырылған; желіммен және басқа да материалдармен сіңдірілген етіп шығарады. Арнайы қолданысқа арналған фанераларға, айталық, бакелиттен- дірілген және авиациялық деген түрлерін жатқызады. Бакелиттен- дірілген фанераны аиршылған буаттың тілімшелерінен дайындай- ды, бірақ синтетикалық шайырмен жабыстырады. Нәтижесінде суға төзімділігі жоғары, мықты, атмосфераға төзімді материал алынады. Авиациялық фанера қайыңды буаттан алынады, оны бакелитті пленкамен жабыстырады. Бұл оған жоғары физика-механикалық қа-

сиет үстейді.

4.6.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖЕЛІМДЕР

Желімдер (адгезивтер) – органикалық және органикалық емес заттардың негізіндегі, әртүрлі материалдар мен олардың қосылы- старын (сүрек, қағаз, тін, тері, шыны, керамика, металл, резеңке, пластмасса) біріктіруге (жабыстыруға) қабілетті композициялар. Жабыстыру қасиеті желімді қаттама арасындағы адгезиялы (жабы- стырушы) және когезиялы (тіркестіруші) байланысына және үстіңгі беттерін біріктіруіне қарай анықталады. Басты органикалық желімдер ретінде негізінен, синтетикалық олигомерлер (шайыр, сұйық каустик, майлағыш майлар) және поли-

мерлер (фенолмормальдегидті, полиэфирлі, эпоксидті полимерлер, каучук т.б.) жұмсалады. Олар желімді пленка түзіп, нәтижесінде суытқан кезде (термопластикалық желім), қатырған кезде (терморе- активті желім) және вулканизациялағанда (резеңке желім) қатырып тастайды. Органикалық емес желімдерге алюмофосфатты, керамикалық (негізі – магний оксиді, алюминий, кремний, сілтілі металдар), си- ликатты (негізі – калий немесе натрий шынылары), металды (негізі

– сынап) желімдер жатады.

Физикалық қасиетіне қарай желімдер
сұйық
(эмульсия, суспен- зия, ерітінді) немесе
қатты

(шыбықты, ұнтақты, түйіршікті) болып бөлінеді.
Шығу тегіне қарай желімдер
табиғи
(жануар, өсімдік және ми- нералды),

синтетикалық
(керамикалық, силикатты, цементті),
по- лимерлі
(эластромерлі, пластомерлі) және

құрама
болып жіктеледі. Сыртқы тауарлық пішіне қарай оларды
қатты
(түйіршікті, ұн- тақты, пленкалы т.б.),

паста тәрізді
(герметикалық) және
сұйық

(полимерлі, эмульсиялы, мономерлі, олигомерлі т.б.) деп жіктейді. Қатыру шарттарына қарай желімдер

суық, ыстық
(термиялық)
қатыру, сондай-ақ
ылғалды

және
әмбебап
деп жіктейді.

Желімді материалдардың өміршеңдігін секундтармен, сағаттар- мен, айлармен және қатыруды реттеу арқылы анықтауға болады. Желімдер бір, екі және көп (оның ішінде бөлшекті) компоненттер- ден тұрады. Сонымен қатар, қолданылу қасиеттеріне қарай желім суға, май- ға, бензинге және басқа да химиялық заттарға, коррозияға, жарыққа, температураға т.б. төзімділігімен сипатталады. Жабыстыру кезінде физика-химиялық құбылыстар жүзеге асады, нәтижесінде мықты адгезиялы біріктіру түзіледі.

Резеңке желімдері

– органикалық еріткіштердегі («галош» бен- зині, этилацетат немесе басқа да қоспалар) каучуктардың немесе ре- зеңке қоспаларының ерітіндісі. Бұл желімдер резеңке және резеңке материалды өнімдерді (қайыс, аяқ киім т.б.) жабыстыру, резеңкені металға жабыстыру мақсатында қолданылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ІІІ

БӨЛІМ

МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

144

Тарау 5. Материалдардың магниттік, электрлік және жылулық қасиеттері
Тарау 6. Жартылай өткізгіштер мен олардың негізінде жасалған аспаптар

5-тарау
МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МАГНИТТІК, ЭЛЕКТРЛІК ЖӘНЕ ЖЫЛУЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

5.1.

МАГНИТТІК ҚАСИЕТТЕРІ

Ферромагнетиктер электртехникасында, элетроникада, радио- техника мен аспаптар жасау құрылысында кең қолданыс тапқан. Қыздырылған кезде никель, темір мен кобалть өздерінің магнитті қасиетттерінен (сәйкесінше 350; 759 және 1110°C температурада) айрылып, парамагнитті күйге өтеді. Материалдардың магнитті қасиеттерін, айталық, магнитті өткізуіне қарай (ауа үшін бірлік ретінде) анықтауға болады. Соған сүйеніп, мыс үшін магнитті өткізгіштік – 0,99; алюминий үшін – 1; темір үшін – 2 000...3000; никель үшін – 300; пермаллой үшін – 100000 бірлік болады. Ең жоғары магнитөткізгіштік қасиетке фер- ромагнитті металдар ие, олардың көрсеткіштері бірнеше жүздеген мыңдықтардан асады. Қорытпалардың қасиеттері құрамындағы қоспа компоненттердің қасиеттерінен әлдеқайда өзгеше болып келеді. Темір жақсы магнит- теледі, никель болса, оған қарағанда магнитті аз өткізеді. Бірақ ни- кель (25%), хром (2%) және марганец (18%) қосылған темір негізді қорытпа темірдің 25% никелмен қорытпасы секілді мүлдем магнит- телмейді, алайда кейде керісінше болуы да мүмкін, яғни магнит- ті емес металдар – мыс (66,5%), алюминий (11,1%) мен марганец (22,4%) магнитті қорытпа түзе алады. Магнитті қатты материал (магнитті тұрақты) материалдар – күшті магнитті өрісте магниттеліп және жоғары дәрежеде магниттелетін, коэрцивті күші мен магнитті қалдық индукциясы өте жоғары фер- ромагнитті материалдар. Техникада құймалар мен ұнтақты магнит- ті материалдар қолданылады. Олардың негізінде темір мен кобальт болады (басқа да заттардың қосындысымен, мәселен, жерде сирек кездесетін). Магнитті қатты материалдардан тұрақты магниттер алынады, олар өлшеу құралдарын, электрқозғалтқыштар мен басқа

да қондырғыларды жасау үшін пайдаланылады.
Ални

– темір негізді магнитті қатты қорытпалардың топтарының жалпы атауы, құрамындағы компоненттердің алғашқы әріптерінен қысқарту арқылы қалыптасқан: алюминий (11...18%) және никель (20...34%). Бұл қорытпалардың құйма элементтері – кобальт, мыс, кремний және титан.

Сондай-ақ, темір негізді
магнико

деп аталатын магнитті қатты материал қолданылады. Оның құрамында кобальт (24%), никель (14%), алюминий (8 %) және мыс (3 %) бар. Аталған қорытпаның магнитті қалдық индукиясы мен кэорцивті қасиеті өте жоғары. Маг- никоның магнитті қасиеттерінің анизотропиясын магнитті өрісте термиялық өңдеу арқылы алады. Тұрақты магниттерді магнитттелуге қабілетті және осы қасиетін сақтап қалатын материалдардан өндіреді. Электрмагниттерінің өзегі ретінде қосылған күйінде магниттеліп, өшірілген күйінде магнит- телмейтін металл пайдаланылады. Күшті магниттер темір – никель

– кобальт және алюминий (10... 12%) – никель (20...21%) – кобальт (5... 10%) (

альнико ) қорытпасынан құйып алынады. Бұл материал өте сынғыш болғандықтан, құймасын қырнау арқылы орындайды. Магнитті жұмсақ материалдар – қаныққанша магниттеліп, әлсіз магнитті өрісте қайта магниттелуге қабілетті ферромагнитті мате- риалдардан өндіріледі. Бұл материалдардың магнитті өткізгіштігі өте жоғары (10

2

...10

5

) және коэрцивті күші аса үлкен емес (магнитті өрістің толық магнитсіздендіру кернеулігі). Оларға кең танылған қо- рытпалар – темірникелді (пермаллой), теміркобальтты (пермендюр), аралас ферриттер, сондай-ақ электр машиналарына арналған элек- тртехникалық болаттар мен арнайы қолданысқа арналған термомаг- нитті қорытпалар және магнитті-стрикциялық материалдар жатады. Магнитті-стрикция және оның техникадағы қолданысы туралы тереңірек қарастырып көрелік. Магнитті-стрикция – дене не зат маг- ниттелгенде пішіні мен өлшемінің өзгеруімен байланысты құбылыс. Магнитті-стрикция ферромагнитті материалдарда өте жоғары бола- ды да, үлгінің ұзаруы магнитті өрістің бағытына қарай

бойлай
және магнитті өрістің бағытына перпендикуляр қозғалғанда,
көлденең

жү- зеге асады. Сонымен қатар, бұл әрекет кері қайтарылмайтын, яғни қайта  қалпына  келтірілмейтін  қасиетке  ие,  яғни  магнитсерпімді (Виллари әсері) болады. Демек, деформациялау кезінде үлніңі маг-

ниттелуі өзгеріске түседі.

Магнитті жұмсақ материалдарға, осы аталғандардан басқа, ни- кель, алфер, ферриттер мен кейбір жерде сирек кездесетін метал- дар және олардың қосылыстары мен қорытпалары жатады. Аталған материалдардан магнитті-стрикциялы түрлендіргіштер өндіріледі. түрлендіргіштің ауыспалы электрлі және магнитті өрістерінің энер- гиясы механикалық УД-тербеліс энергиясына немесе керісінше, маг- нитті-стрикциялық әсердің қайтымдылығының арқасында, түрлен- діргішке механикалық ықпал ете отырып, магнитті өріске айналады. Магнитті-стрикциялы түрлендіргіштері бар қондырғылар немесе құрылғылар УД-құрылғыларда электронды блоктарды тазалау, қат- ты және сынғыш материалдарды ажырату, әртүрлі құрылыстардың , радиотехникалық құралдардың фильтрлердегі және стабилизатор- дағы электрлік дірілін өлшеу үшін қолданылады. Электртехникалық болат магнитті жұмсақ материалдарға жата- ды. Оны екіге жіктейді: динамикалық (изотропты) және трансфор- матты (анизотропты). Аталған болаттың құрамында темірден басқа 0,1% көміртек, 0,3 ...6,0% кремний және 0,1...0,3% марганец болады. Термиялық өңдеуден кейін болатты жұқа тілімше етіп тіліп, тұрақты токпен жұмыс жасайтын трансформаторлар мен генераторлардың өзегін өндіру үшін пайдаланылады.

5.2.

ЭЛЕКТРЛІК ҚАСИЕТТЕРІ

Барлық материалдар электрөткізгіштігімен ерекшеленеді, оны олардың табиғатымен байланысты түсіндіруге болады. Яғни та- биғатынан материалдар қозғалмалы электр зарядтарымен – токтың тасушыларымен қанықтырылған болады. Осы тасығыштарының түріне қарай электронды өткізгіштік (электролиттер) және электрон- ды-ионды өткізгіштік (плазмалар) деп жіктейді. Үлесті электрөт- кізгіштігіне қарай барлық заттар шартты түрде үш топқа бөлінеді:

өткізгіштер
(үлесті электрөткізгіштігі – 10

6

См/м

9

жартылай өткізгіштер
(үлесті электрөткізгіштігі – 10

-8

...10

6

См/м) және
диэ- летриктер
(үлесті электрөткізгіштігі – 10

-8

См/м-ден төмен изоля- торлар).

Біздің зерттеу жұмысымыз ең алдымен өткізгіштерге ерекше ден қойып отыр. Оларға металдар, плазмалар және кейбір метал емес

9

Сименс (См) – электрлік кедергіге кері шама, яғни  См = 1 Ом-1-ге тең.

заттар жатады. Электрлік кедергі – қозғалмалы электр зарядтары бар электр тізбегі (өткізгіш) арқылы көрінетін қарсы әрекетті сипаттай- тын шама. Ол оммен (Ом) өлшенеді. Электрлік кедергі және элек- трөткізгіштік – бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар: электрлік кедергі жоғары болған сайын, электрөткізгіштік төмен болады және керісін- ше. Техникада өткізгіштігі мен кедергі қабілеті жоғары материалдар қолданылады. Мыс пен алюминий – барлық металдардың ішінде (күмістен басқа) электрлік кедергісі жоғары деп танылады. Сон- дықтан олар негізінен, электрэнергиясын жоғалту дәрежесі мини- малды болуы тиіс электр сымдарын жасау үшін пайдаланылады. Мыс – электр сымдарын жасауға арналған материал ретінде жылу мен электр тогын жақсы өткізе алу, механикалық тұрғыдан мықты және коррозияға шыдамдылығына қарай таптырмайтын метал. Таза алюминийдің электрөткізгіштігі – мыстың өткізгіштігінің шама- мен 60%-н құрайды. Алайда бұл алюминийдің мысқа қарағанда, мықтылығы екі есе төмендігімен-ақ орны толтырылады. Сондықтан алюминийден электр сымдары мысқа қарағанда, қалыңырақ болып жасалады. Электрөткізгіштігі, ұзындығы мен қалыңдығы бірдей алюминий сымдары мыстың салмағынан екі есе аз болады. Алю- минийдің кемшілігі – майысуға және бұралуға деген төзімділігінің төмендігі. Вольфрам, молибден, нихром, фехраль, хромаль т.б. секілді мате- риалдардың электрлік кедергісі өте жоғары, сондықтан электр энер- гиясын жарыққа немесе жылуға айналдыру қажет болған жағдай- ларда жиі қолданылады. Таза вольфрам сым түрінде шамдардың тізбектерін өндіру үшін (жоғары жұмысшы температурада (2200... 2500°C) шынықтыру арқылы) пайдаланылады. Вольфрамның үлесті электрлік кедергі көрсеткіші – 5,03 мкОм • м. Вольфрам мен мо- либден – қымбат әрі тапшы металдар. Сондықтан мүмкін болған жағдайда, олардың орнына басқа металдарды алмастыруға тырыса- ды. Өндірістікте пайдаланылуға арналған, үлесті электрлік кедергісі жоғары кейбір материалдармен танысып көрелік.

Константан

– мыстың никельмен (39...41%) және марганецпен (1...2%) қорытпасы, үлесті электрлік кедергісінің көрсеткіші – 0,48 мкОм-м, температураның өзгеруіне аса тәуелді емес. Бұл материал резисторлар, өлшеу құралдары мен жылу сезгіш элементтерді жасау үшін қолданылады.

Манганин

– 11,5...13,5% марганец пен 2,5...3,5% никельді құю арқылы алынған мысты қорытпа, үлесті электрлік кедергісі – темпе- ратура өзгерсе де, тұрақты болып қалады. Оның үлесті кедергі көр- сеткіші – 0,4 мкОм • м құрайды. Магнаниннен электрқыздырғыш аспаптардың сымдары мен ленталарын жасайды.

Нихром

– никельдің (65...80%) хроммен (15...30%) және кремний, алюминий мен басқа да элементтердің белгілі бір мөлшерін қосып, алынған қорытпасы. Оның үлесті электрлік кедергі көрсеткіші – 1,08 мкОм-м. қорытпа қызуғатөзімділігімен ерекшеленеді және электр пештерін қыздырғыштар, тұрмыстық құралдар, резисторлар мен ро- естаттар жасау үшін пайдаланылады. Никхромның 20% никель бар қорытпасы темірмен алмастырылып,

ферронихрон
деп аталады.
Хромаль

– темірдің хроммен (15...30%) және алюминиймен (4,5...6,0%), ыстыққа төзімді (1000..1400 °C) қорытпасы. Оның ұлесті электрлік кедергі көрсеткіші –1,3...1,5 мкОм-м. қорытпаның атауы «хром» және «алюминий» сөздерінен ықшамдалып жасалған. Х23Ю5Т және Х27Ю5 маркалы хромаль электр пештерінің кедер- гілерін қыздырғыштарды жасау үшін пайдаланылады. Хромальдың шетелдік аналогы –

канталь мен

мегапир.
Фехраль

– темірдің хроммен (8...12,5%) және алюминиймен (3,5..5,5%) ыстыққа төзімді (1100°C-қа дейін) қорытпасы. Үлесті электрлік кедергі көрсеткіші – жоғары – 1,1... 1,35 мкОм • м. Қо- рытпаның атауы «феррум», «хром» және «алюминий» сөздерінен қысқартылған. Фехраль техникада электр қондырғыларының эле- менттерін қыздырғыштарды жасау үшін пайдаланылады.

Молибден

– баяу балқитын металд, үлесті электрлік кедергі көрсеткіші – 5,17 мкОм-м, өндірісте электрмен жарықтандырғыш шамдар мен электрвакуумды аспаптарды, мәселен, азот пен сутегі атмосферасында жұмыс жасайтын  қақпақты пештер.

Электр пештерінің қыздырғыштары ретінде силитті серіппе- лер қолданылады. Оларды корборунд пен кремний ұнтақтарының қоспаларын біріктіру арқылы алады. Мұндай қыздырғыштар ұзақ уақыт бойы 2000°C-ке дейінгі жоғары температурада ауа атмосфера- сында жұмыс істеуге қабілетті. Кейбір материалдардың ерекше электрлік қасиеттері (өткізгіштігі) техникада, мәселен, температураны термоэлектрлік түрлендіргіштер мен кедергі термометрлері ретінде өлшеу үшін пайдаланылады. Термоэлектрлік        түрлендіргіштер        (жылу        сезгіш        элементтер

Сурет 5.1 Термопара (жылу сезгіш элемент) а

– жалпы түрі;

б, в

– жұмысшы ұштары: хро-

мель-алюминий  және  платинородий-плати- налы

немесе термопаралар) –200тен +2500°C- қа дейінгі аралықтағы температураны өлшеу үшін пайдаланылады. Олардың әрекетінің принциптері термоЭДК-нің температураға тәуелділігіне негізделеді. Термопаралар (сурет 5.1, а ) екі әртекті өт- кізгіштерден тұрады. Олар хромель-алю- минийді (сурет 5.1, б

) немесе платиноро- дий-платиналы (сурет 5.1, в

) бола алады. Термопараның   дәнекерленген   ұштары

ыстық
немесе
жұмысшы
деп, ал еркін ұштары –

суық ұштар
деп аталады.

Дәнекерленген ұштары қызған кезде жылу термопараның тізбектерінде термоЭДК есебінен электр тоғы пайда болады.     Бұл     құбылысты     былайша түсіндіруге болады. Әртүрлі металдардың еркін электрондарының тығыздығы  –  біркелкі  емес,  сондықтан  олардың  дәнекерленген

Сурет 5.2 Градустелген қисық сызықты термопалар а

– стандатты емес;

б

– стандартты;

1, 2

– вольфрам-ранийлі ВР5/20 және ВР10/20 маркалы;

3

– хромель-копелді ХК;

4

–хромель-алюмельді ХА;

5

– арнайы қорытпалардан жасалған НС;

6

– платинородий-платиналы ПП;

7

– платинородий-платинородийлі ПР30/6

жерінде электрондар тығыздығы жоғары металдан тығыздығы төмен металға диффузияланады және кері бағытта, аз мөлшерде диффузияланады.  Біріккен   жерде   пайда   болған   электрлік өріс осы диффузияға кедергі жасайды, ал электрондардың диффузиялық ауысының жылдамдығы олардың кері қозғалысының жылдамдығымен салыстырылады. Пайда болған электрлік өрістің ықпалымен қозғалмалы тепе-теңдік күйі қалыптасады.  Осы күйде әртекті металдар арасында потенциалдарының контактілі айырмалары туындайды. Еркін электрондардың тығыздығы ыстық дәнекерлеудің температурасына байланысты болғандықтан, әртекті өткізгіштердің кез келген температурада дәнекерленген жерінде термоЭДК туындайды. Оны өлшек үшін жылу сезгіш элементтің тізбектеріне өлшеу құралын қосу керек болады. Термопаралар өздері дайындалған материалдарына қарай оларды екі топқа жіктеуге болады: асыл және асыл емес металдар мен олардың баяу балқитын қосылыстары мен басқа материалдармен комбинациясы.

Сондай-ақ, термопалар
стандартты емес
(сурет 5.2,

а

) және градустандырылған қисық сызықтары бар
стандартты
(сурет 5.2,

б

) деп бөлінеді.
Стандартты емес термопаларға вольфрам-ранийлі
ВР5/20 және ВР10/20 маркалы (сурет 5.2,
а, қисық 1.2

); ал стандартты термопа- раларға – қалғандары: хромель-копелді ХК, хромель-алюмельді ХА, арнайы қорытпалардан жасалған НС (қараңыз: сурет 5.2,

3, 4, 5 қи- сықтары ) және бағалы металдардан: платинородий-платиналы ПП мен платинородий-платинородийлі ПР30/6 (қараңыз: сурет 5.2,

б; 6, 7 қисықтары
) жасалған қорытпалар жатады.

Термопараларды стандартты градустейдің техникалық сипатта- малары 5.1-кестеде суреттелген.

ТПП типіндегі платинородий-платиналы термопара

– техни- када кең қолданыс тапқан, градустендіруді жоғары дәрежеде жаңғы- рту және тұрақтылық қабілетімен ерекшеленіп, қышқылды ортада (ауада) 1200...1300°C температурасында жұмыс жасауға арналған. Жоғары шегіне дейін көтерілгенде, оның тұрақтылығын өлшеу қиындап, төмендейді. Ал ұзақ уақыт жұмыс жасағанда, родийдің платинородийлі термоэлектродан ұшқыштық қасиетінің салда- рынан термоЭДК азаяды.

Бұл термопараның кемшілігі – термоэлектродты материалдың құ-

152

Кесте 5.1. Стандартты градустеу термопараларының технологиялық сипаты

Термопара, тип

Градустеу
Термоэлектродтың химиялық құрамы
Қолданудың жоғары температуралық шегі,

°С

Сезімтал- дығы, мВ/°С
Жоғары шектің термо- ЭДК, мВ

Жұмысшы ортасы

Оң

Теріс
Ұзақтығы
Қысқа уақыттық

Платиноро- дий-платина- лық ТПП
S(nn)
Платинородий (90 % Pt, 10 %

Rh)

Платина (100
% Pt)

1 300

1 600

0,01

16,72
Қышқылды, вакуум
Платиноро-
дий-платиноро- диййлі ТПР

В(ПР)

Платинородий (70 % Pt, 30 % Rh)

Платинородий (94 % Pt, 6 % Rh)

1 600

1 800

0,01

13,92
Қышқылды, вакуум
Хромель-алю- мельді ТХА

К(ХА)

Хромель (89 %
Nі, 9,8 % Cr, 1
% Fe, 0,2% Mn)
Алюмель (94 %

N1, 2 % А1, 2,5

% Mn, 1 % Sі, 0,5
% Fe)

1 000

1 300

0,04

52,41 »

Хромель-ко- пельді ТХК хк

Дәл сондай
Копель (55 % Си, 45 % Nі)

600

800

0,08

66,40
Қышқылды, қалпына келтіруші вакуум
Арнайы қорыт- палардың тер- мопарасыТНС

НС

НК арнайы қорытпа
Арнайы қорытпа СА
1 000

0,02
13,39
Қышқылды, вакуум
Вольфрам-ре- нийлі ТВР

ВР5/20

Вольфрамның рениймен ар- найы қорытпа- сы (95 % W, 5
% Re)
Вольфрамның рениймен ар- найы қорытп (80
% W, 20 % Re)

2 200
2 500
0,01...
0,015

31,45
Қалпына кел- тіруші, нейтралды (инертті), вакуум

нының жоғары болуы және сезімталдық дәрежесінің төмендігі.
ТПР типіндегі платинородий-платинородий термопара

1200...1600°C арасындағы температураны өлшеуге арналған. Осы интервалда оның градустендіру дәрежесі әлдеқайда тұрақты болады. ТПР-тің градустендірілген қисығына сәйкес бұл термопараның термоЭДК 200°C-ке дейінгі температурада нөлге тең болады. Сондықтан, тем- ператураны оның еркін ұштары есебінен компенсациялау қажеттілі- гі жоқ. Басқа негізгі сипаттарына қарай ТПП және ТПР термопаралары бір-біріне ұқсайды. Олардың термоэлектродтарының жоғары құнына байланысты кіші өлшемді (диаметрі – 0,5...0,6 мм) етіп дай- ындап, бұл термопараларды тек 1000°C –тан жоғары температура- ны өлшеу үшін ғана қолданады. Себебі одан төменгі температураны өлшеу үшін құны арзанырақ термопараларды пайдалануға болады. ТХА типіндегі хромель-алюмельді, ТХК типіндегі хромель-ко- пельді және ТНС типіндегі арнайы қорытпалардың термопа- ралары бағалы емес металдардан жасалады. Олардың ішінде кең таралғандары ТХА және ТХК типіндегі термопаралар өндірістің әртүрлі салаларында белсенді қолданыс тапқан. ТХА типіндегі хро- мель-алюмелтді термопаралар, әдетте 1000...1100°С-дан төменгі температураны, және сирек жағдайда 1250...1300°C температураны өлшеу үшін пайдаланылады. Ауада жұмыс істегенде бұл термопалар қорытпа құрамындағы компоненттердің жануы есебінен өзгеріске түседі. Сонымен қатар, олардың тұрақтылығы жұмыстың ұзақтығына және термоэлектродтардың диаметріне байланысты болады. Сондықтан оларды мүмкіндігінше қалың етеді (3,2 мм-ге дейін). Көрсеткіштердің нақтылығына термопараның пешке салынған бөлігінің ұзындығы дәл ықпал етеді. ТХА типіндегі термопаралардың термоЭДК температурадан желілік тәуелдікте болады.

ТХК типіндегі хромель-копельді термопаралар 600°C-қа дейінгі температураны өлшеу үшін пайдаланылады. Құрамындағы копель ыстыққа төзімді болмағанмен, сезімталдығы ТХА типіндегі термеопараға қарағанда екі есе жоғары болады.

ТНС типіндегі термопаралар

– басқалардан ерекше формасына

– градустендірілген қисық – қарай ерекшеленеді. Ол температура- лардың 0...200°C арасындағы интервалында нөлге тең болады. Сон- дықтан суық (еркін) ұштарының суық   температурасының өзгеруі

термоЭДК-не оншалық әсер ете қоймайды. Бұл – осы термопаралар- дың көрсеткіштерінің жетістігі болса, кемшілігі – сезімталдығының төмендігіү ТНС типіндегі термопаралар 1000 C-а дейінгі температу- раны өлшеуге арналған. Температураның 400...1000°С арасындағы интервалында ТермоЭДК сызықтық температураға тікелей тәуелді болады.

ТВР типіндегі вольфрам-ренийлі термопаралар

– стандартты емес болып табылады, олар баяу балқитын металдардан жасалып, инертті атмосфера немесе вакуумда 2500°С-а дейінгі температура- ны өлшеуге арналған. қышқылды атмосферада бұл термопаралар тек қысқа уақыт қана (бірнеше ондаған секунд) жұмыс жасай алады. Кедергі термометрлері -260-тен +750°C-қа дейінгі температура диапазонын өлшеу үшін кең қолданыс тапқан, заттардың қыздыру температурасының   өзгеруіне   қарай   өзінің   электрлік   кедергісін өзгерту қабілетіне негізделіп, әрекет етеді. Кедергі термометрлерінің ішінде сезімтал элементі таза металдардан (платина, мыс, никель) дайындалған термометрлер кең қолданылса, сезімтал элементтері жартылай  өткізгіш  материалдардан  жасалған  аспаптар  өте  сирек қолданылады.  Сезімтал  элементтің  материалы  тотықпауы  керек және жұмысшы температуралар интервалынде электрлік кедергіні жандандыру қабілеті жоғары болуы керек, әрі температураларданк

едергілік тәуелділігі монотонды болуы шарт.

Осы аталған металдар ішінен ең жоғары талаптарға платина то- лық жауап береді. Себебі ол ауа ортасында тұрақты және ұзақ уақыт бойы градустеу қабілетін 750°C-қа дейін сақтай алады. Жоғары температурада (шамамен 1 00°C) платина ауаға ыдырап, булана бастайды. Платинаның кемшіліктері – бағасының қымбаттылығы мен сызықтық емес тәуелділігі. Платинадан жасалған кедергі термометрі шыныдан иіп жа- саған  трубкаға  орап  (

3

),  қорғаушы  гильзаға  орналастырылған (

1

)  сымды  платиналық  сезімтал  элементтен  (

4

)  тұрады   (
су- рет 5.3
). құрастырғаннан кейін гильзадағы ауа тесік (

2

) шыға- рылады, ал орнын гелиймен толтырып, герметизациялайды. Гильза сезімтал элементті механикалық қауіптер мен қоршаған ор- таның әсерлерінен қорғайды. Кедергі термометрлерінің жұмысының сенімділігі қондырғының жоғары механикалық мықтылығымен, гильзаның герметикалық дәрежесімен және сезімтал элементтің дайындалу сапасымен анықталады. Сезімтал элемент ұзын болса

Сурет 5.3 Платинадан жасалған кедергі термометрі

1

– қорғаушы гильза;

2

– тесігі;

3

– шыныдан иіліп жасалған трубка;

4

– пла- тинадан жасалған сымды сезімтал элемент

(бірнеше сантиметр) кедергі термометрі үшін температурасы те- пе-тең емес ортада белгілі бір деңгейдегі орташа температураны ғана өлшейді. Кедергі термометрлерінің артықшылығы – температураны өлшеу дәлдігі және өлшеу құралдарын стандартты градустеу шкаласына сәйкес шығару мүмкіндігі. Кедергі термометрлері логометрлермен, автоматты теңдестірілген көпірлер мен автоматты компенсациялық аспаптармен бірге қолданады. Оның шкаласы Цельсия градусымен градустеледі. Құрылғыны градустеу кедергі термометрін градустеу- ге сай келуі тиіс. Одан ары қарай ионданған газдардың электрлік қасиеттеріне си- паттама беріп өтелік.

Плазма

– жартылай немесе толығымен ионданған газ. Ол оң және теріс зарядталған бөлшектерден тұрады, жалпы заряд мөлшері

– нөлге тең. Плазма газ заңдарына толық бағынады, бірақ электр тогын келтіріп, магнитті өріс арқылы басқарылады. Газды плазма күйіне ауыстыру үшін электрондардың тым  болмағанда  аз  бөлі- гін атомдардан ажыратып, оларды иондарға айналдыру керек. бұл үдеріс

ионизация деп аталып, жылудың, сәулелендіру, электр заря- дының әсерімен жүзеге асады. Техникада плазманы алу үшін электр разрядтары жиі қолданылады. Газдың ионизациясы механизмі электрондар тасқынының түзілуінде. Бұл үдеріс ұласпалы реакция үдерісіне ұқсайды. Та- сқындар туындап, дамуы үшін газға әсер ететін электр өрісі элек- трондарға олардың еркін қозғалу жолында энергияның көп екенді- гін, сондай-ақ атомдардан кем дегенде тағы бір электронның қалай ажырауы керектігін хабарлап отыруы керек. Газ құрамында ерікті электрондардың аз мөлшері, яғни өрістің екпінінен кейін олар жаңа электрондарды шығаруына жеткілікті мөлшері түзілсе болды. Элек- трондардың мөлшері геометриялық прогрессияда ұлғайа береді.

Плазманы температурасы төмен немесе суық және темпера- турасы жоғары немесе ыстық деп бөледі. Плазманың энергиясын электроваольпен (эВ) есептейді. Алайда практикалық мақсаттарда плазманың ионды құрылысы бар температураны өлшеген ыңғайлы. Температурасы төмен, суық плазма – ионның құрылымының темпе- ратурасы 10

3

...10

4

К-ге тең, ал температурасы жоғары, ыстық плазма

– ион құрылымының температурасы 10

б

...10

7

К-ге тең плазмалар ата- лады. Техникада негізінен, суық плазмалар ғана қолданылады. Адам баласы күнделікті өмірде плазмамен жиі кездесіп отырады. Мәселен, кәдімгі алау оттың электрлік өткізгіштігі – біршама жоғары болады, демек ол аз мөлшерде болса да, ионизацияланған, яғни плаз- ма болып саналады. Солтүстік шұғыласы, жарнама шамдарындағы жарық шашып тұрған неон мен аргон – бұның бәрі плазма; қысқа электрлік тұйықталу мен найзағай – газды ионизациялап, плазма тү- зеді. Көзге көрінетін жарық сәулелерінен басқа суық плазма көзге көрінбейтін УФ-сәулелер шығарса, ыстық плазма, бұл – рентгент және инфрақызыл ИҚ-сәулелер. Аталған сәулелердің табиғаты бірде, бір-бірінен тек толқындарының ұзындығына (жиілігіне) қарай ғана ажыратылады. УФ-сәулелердің толқындарының ұзындығы –

400.10 нм, рентген толқындарының ұзындығы – 10 -5

...10

2

нм, ал ИҚ-сәуле- лері толқындарының ұзындығы – 7,4- 10

2

...2- 10 б

нм болады.

Сырттан тіркелкен электр өрісі газды ионизацияламайды, бірақ түзілген плазмада электр тоғын тудырады. Бұл үдеріс

газдың разря- ды деп аталады. Жиілігі жоғары газ разряды электродсыз бола ала- ды, себебі ауыспалы магнитті өрістерден қоздырылған индукциялы тоқтар газды ионизациялайтын еркін электрондарды жылдамдата- ды. Жиілігі төмен газ разрядтарында тоқ метал электродтар арқылы өтіп, электр өрісін тудырып, зарядтарды ыдыратып, плазманы поля- ризациялайды. Өзгеріп отырған тоқтың плазмасы арқылы өту үшін онда туындаған көлемді заряд сыртта жүзеге асып жатқан электрон- дардың орнын компенсациялауы қажет. Теріс зарядталған электрондар оң зарядталған иондарға қараған- да қозғалысты болғандықтан, өрісті қосқан кезде олар оң электрод- тар (анодтар) болып жиналып, электродтар арасындағы плазманың бағаналары оң зарядталады. Тоқты өткізуі үшін теріс электрод (ка- тод) электрондардың плазмасын шығаруы керек. Электродтар арасындағы кернеу төмен болса, электрондар эмис- сиясын қоздыру үшін катодқа қысқытолқынды сәулелендіру арқылы

әсер етеді немесе оны жоғары температураға дейін қыздырады. Нәтижесінде фотоэффект немесе термоэлектронды эмиссияның туындайды. Бұл жағдайда туындаған разрядты –

өз бетімен әрекет ете алмайтын деп атайды. Электродтар арасындағы кернеу жоға- ры болса, электрондардың эмиссиясының қарқындылығы шектеулі болады. Сондықтан катодтан алыс жерде плазманың бағандары оң зарядын сақтап,

оң баған
деп аталады.

Тығыз газдың катодтары жоғары қысымда қызып, иондары бір- бірімен соқтығысады. Нәтижесінде

ыстық
немесе
доғалы
деп ата- латын разряд түзіледі. Разрядталған газда

суық
немесе
солғын

деп аталатын разряд түзіледі. Соғын разрядтағы катодтар автоэлектрон- ды эмиссия салдарынан электрондар шығарып, металл катодының үстіңгі бетінде туындаған электр өрісі одан барлық электрондарды сорып алады. Солғын разрядтың туындауына екіншілік электрон- ды эмиссия да әсер етеді, яғни металл катодынан электронды оған соғылып жатқан иондар арқылы шығару.

Газдың кері ионизациялану үдерісін
рекомбинация

деп атайды. Үдеріс барысында иондар мен электрондардың нейтралды атомдар немесе молекулалар түзе отырып, бірігеді. Олардың энергиясы шек- тен тыс көп болып, екіншілік ионизация тудырады. Рекомбинация- ның үш реттік қақтығысу кезіндегі энергияны юеру және сәулелен- діру деген түрлерін жіктейді. Тығыз плазмада үш реттік қақтығысу арқылы рекомбинация жү- зеге асады: иондармен бір мезеттер екі электрон соқтығысады, оның біреуі ионға қосылады (

серпінсіз қақтығысу ), екіншісі артық энер- гияны жұтып алады. Разрядталған плазмада сәулелендіру арқылы рекомбинация жүзеге асады, бұл жағдайда жарықты кванттың шыға- ру энергиясы өте аз болады. Себебі қақтығысқан бөлшектер жан- жаққа ыдырап, бір-бірімен энергия алмасады (

серпінді қақтығысу ). Бөлшектердің  серпінсіз  қақтығысу  кезінде  кинетикалық  энер- гия қоздыру энергиясына айналады немесе қайта зарядталады. Егер кинетикалық энергия жоғары орбитада соқтығысуға қатысатын бір атомның (немесе молекуланың)        электронының өтуіне жеткілікті болса,  қоздыру үдерісі белең алып, жарықтың кванты сәулеленеді. Егер бұл жағдайда атом өзінің ионымен соқтығысып қалса, қайтадан зарядталу үдерісі басталады, яғни ион атомнан электронды тартып алып, атом ионға (атомды ион), ал ион – атомға айналады. Мұндай алмасу кезінде ештеңе өзгермейтіндей көрінгенмен, ақиқатында бәрі

басқаша.

Ион электр өрісінде жылдамдатыла алады немесе магнитпен ұста- лады. Жылдам ион атомнан электронды тартып алғанда, ол жылдам атомға айналады. Бұған магнитті өріс әсер ете алмайды. Ешқандай магниттік қақпан мұндай атомды ұстап қала алмайды, сондықтан атом ыдыстың газдар орналасқан қабырғаларына қарай жылжып, өзімен бірге электр өрісінде бірлесіп жатқан кинетикалық энергия- ны да ккетіп қалады. Қайта зарядталу барысында түзілген ион – баяу әрі жылдамдатуды қажет етпейді. Мұндай үдерістің ыстық плазма- ны түзу барысында маңыздылығы артады. Тек атомдар ғана емес, молекулалар да ионданады. Молекулалар- дан молекулярды иондар түзіледі, олар атомды иондарға және ней- тралды бөлшектерге диссоциацияланады. Плазмада қайта зарядталу басталып, иондар атмодармен соқтығысып, олардан электрондарды алып қойып, нәтижесінде иондар атомдарға, атомдар иондарға айна- ла бастайды. Осылайша, құрамында суы бар молекулалар өздеріне сутегі иондарын (протон) біріктіріп алуға қабілетті. Молекулярлы иондар тек зарядталған күйде болады. Айталық, метанның молеку- ласы СН ионына, ал сутегі молекуласы – Н+ ионына айнала алуға қабілетті. Плазманың температурасын, концентрациясы мен құрамын анықтау – эксперименталды физиканың басты нысандарының бірі. Плазманы зерттеудің көптеген тәсілдерінің ішінде кең таралғанда- ры – спектралды-оптикалық, оның ішінде эмиссиялы-спектралды, масс-спектрометрикалық және контактілі диагностика. Техникада суық празма кең  қолданыс  тапқан.  Мәселен,  плаз- ма газтрондар, тиратрондар ретінде, реактивті қозғалтқыштардың (РҚ) жұмысшы денесі ретінде, сондай-ақ жылу энергиясын электр энергиясына (магнитті-гидродинмаикалық (МГД) генераторларда) айналдыру үшін жиі қолданылады. Сонымен қатар, суық плазманы пламатрондарда (плазмалық генераторлар) алып, балқыту, үстіңгі бетті тазарту және басқа да мақсаттарда металлургияда пайдалана- ды.

5.3.

ЖЫЛУЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Жылудың температураның әртүрлі өзгерістеріне қарай бір кеңістіктен екіншісіне, бір денеден екіншісіне немесе дененің ішінде бір бөлігінен екінші бөлігіне өтуі жылуды беру немесе жылуалмасу деп аталады. Материалдардың жылулық қасиеттері жылуды анықта- удың кең танылған үш тәсілі арқылы анықталады: жылуөткізгіштігі, конвекция және сәулелендіру (сәуле шығару, радиация). Металдар- дың жылу беру және электр беру механизмі бірдей – еркін электрон- дар арқылы беріледі. Сондықтан, олар электрді жақсы өткізгіштер деп саналады. Металдардың барлығы белгілі бір деңгейде жылуды жақсы өткізеді. Металды емес материалдар ішінде мұндай заңдылық байқалмайды, себебі олардың жылу беру механизмі басқаша. Материалдардың жылулық қасиеттері бірнеше параметрлермен сипатталады – балқу температурасы, жылуөткізгіштігі, сызықтық (немесе көлемдік) кеңеюінің температуралық коэффицентімен т.б. Солардың кейбірімен танысып көрелік. Бақлу температурасына қарай металдар жеңіл балқитын, баяу балқитын және аралық орында тұрған деп бөлінеді.

Жеңіл балқи- тын металдар өндірісті пайдаланылады, оларға сынап (балқу тем- пературасы – 39°C), қалайы (балқу температурасы – 232°C), қорға- сын (балқу температурасы – 327°C), цинк (балқу температурасы 2 бөлігі (балқу температурасы – 327°C), кадмийдің бір бөлігі (балқу температурасы – 321°C) және қалайының бір бөлігі (балқу температурасы – 232°C) болады. Эвтектикалық        (жеңіл        балқитын)        қорытпалар        –        балқу

температурасы өте төмен белгілі бір компоненттері бар қорытпа. Мәселен, ПСр72 мысты-күмісті қорытпа 28% мыстан (балқу температурасы – 1083°C) және 72% күмістен (балқу температурасы

– 960°C) тұрып, балқу температурасы – 779°C эвтевтикаға ие бо- лады. Құрамындағы компоненттерінің балқу температурасынан әлдеқайда жоғары қорытпалар болады. Мәселен, 68,5% никельден (балқу температурасы – 1455°C) және 31,5% алюминийден (балқу температурасы – 660°C) қорытпа 1620°C температурада балқиды. Бұл қорытпалардың қасиеттері құрамындағы компоненттердің қасиеттерінен айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетеді.

Кристалда заттардың балқу температурасы мен қату температурасы – тұрақты әрі бір-біріне сай келіп отырады. Аморфты заттар үшін балқу температурасының нақты нүктесі жоқ. Мұндай жағдайда олардың жұмсату (еру) температурасы белгіленеді. Қатайған заттар – балқуға кері үдерістің нәтижесін. Қатыру кезінде шығарылатын жылу мөлшері осы заттарды балқытуға жұмсалған жылу мөлшеріне тең болады. Бұл жағдайда энергияны сақтау заңы сақталады. Қатайған кезде көп заттардың мөлшері төмендейді. Судың қатқан кездегі көлемі жоғарылайды (судың аномалиясы деп атауға болады). Дәл осындай аномалиялы қасиетке шойындар мен басқа да заттар ие. Балқытудың жасырын жылулығы – 1 кг заттың балқу температурасына сай сұйық күйге өтуіне қажетті жылудың мөлшері. Қатты денені толығымен балқытып, сұйық күйге өтуі үшін оны балқыту температурасына дейін қыздырып қоймай, дененің температурасын жоғарылтпастан, оның құрылымын бұзатын қосымша жылулық энергиясын шығындау керек болады. Бұдан шығатын қорытынды –балқу температурасына дейін қызған қатты зат осы температураны сұйық күйге өткенге дейін сақтап қалады. Жылу көзінің жоғары қуаттылығы балқу үдерісін жылдамдатып қоймайды, балқып жатқан заттың температурасы сұйық күйге өткенше, өзгеріссіз қалады. Жылуөткізгіштік жылуөткізу коэффиценті арқылы сипатталады. Бұл коэффицент жылуды джоульмен

10

(Дж) өлшеп, 1 с ішінде де- ненің бір нүктесінен екінші нүктесіне үлгінің бір-біріне қарама-қай- шы қырларындағы әртүрлі температурада өтеді.

10

Өлшем бірлігі 1 Дж/(с м К) = 1 Вт/(м ■ К), так как 1 Дж/с = 1 Вт

Металдардың ішінде жылуөткізгіштік коэффиценті жоғары – күміс 420 Вт/(м •К) болып табылады. Екінші орында мыс (395 Вт/ (м • К) тұрады. Металды емес материалдардан жылуөткізгіштік коэффиценті ерекше – бромеллитті керамика мен табиғи алмаздар саналады. Бромеллитті керамика (

бромеллит ) техникада жоғары жылуөткіз- гіштігінің және электр оқшаулау қасиетінің арқасында кең қолда- ныс тапқан. Бромеллиттің 20°С температурадағы жылуөткізгіштігі Бромеллитті керамиканың жылутөзімділігі – өте жоғары, оны оның жылуөткізгіштігімен түсіндіруге болады. Бромеллиттің балқу температурасы – 2650°C құрайды, ал максималды жұмыс температурасы – 1500...2316°C диапозоны аралығында. Бұл керамика термоциклдеу кезінде жақсы жұмыс жасайды. Температура жоғарылағанда, бромеллиттің СКТК артады, мәселен, 25...600 C температура интервалында бұл коэффицент 9,6 • 10 -6

К

-1

-ге тең бо- лады.

Қазіргі таңда кең танылған материалдардың ішінде жылуөткіз- гіштігі ерекше материал – табиғи алмаздар болып табылады. Олар жылуөткізгіштігі жағынан жылуды ең жоғары деңгейде өткізетін ме- талл – мысқа қарағанда, 2-6 есе жоғары.

Алмаздардың 20°С температурадағы жылуөткізгіштігі – 9Вт/(см

Сутектің қорғалған ортасында ірі алмаздар 1300...1400°C-қа дейін қызуға төзе алады, вакуумда 2000...3000°С температураға дейін қызғанда, алмаз графитке айналады. Бұл ауысу баяу жүзеге асады, бірақ 1000...1500°C жылдамдай бастайды. Кейбір металдар қыздырылған алмаз ішінде жартылай немесе толығымен еріп кетуге қабілетті болады. Мәселен, темірдің қатысуымен 800°С және одан да жоғары температурада қыздырғанда, алмаз еріп кетеді. Алмаздың жылуөткізгіштігі оның құрамындағы азоттың мөлшеріне байланысты. Азот аз болған сайын алмаздың жылуөткізгіштігі жоғарылайды. Жылуөткізгіштік коэффицентіне қарай барлық материалдарды жылуды жақсы өткізетіндер және гашар жылуөткізетіндер (жылуоқшаулаушы материалдар) деп бөледі. Жақсы жылуөткізгіштерге ең алдымен, металдарды жатқызады. Жылуоқшаулаушы материалдар (жылуизоляторлар) – жылуөткізгіштігі төмен, әдетте 0,02.0,20 Вт/(см-К) құрайтын, кеуек- тілігі 60% материалдар. Ең алдымен, оларға құрылыс материалдары жатады: органикалық (ағашты-талшықты плиталар) мен органика- лық емес (пеношынылар, минералды мақталар, асбест негізіндегі плиталар). Осылайша, кірпіш жылуизолятор ретінде бетонға қа- рағанда, әлдеқайда жақсырақ – бірнеше есе, ал ағаш кірпіштен 2-3 есе жақсы. Асбестің жылуөткізгіштік коэффиценті – 0,21 Вт/(м-К), шыны мақтаның коэффиценті – 0,05.0,12 Вт/(м-К), киіздің коэффиценті – 0,05 Вт/(м-К) құрайды. Салыстыру үшін қараңыз: кірпіштің осы па- раметрі – 0,7.0,9 Вт/(м-К)-ке тең. Жылуоқшаулағыштарды әртүрлі қолданысқа арналған пештерді құрастыру, бу қазандықтарын жылулық оқшаулау, жылу құбырлары желілерін жәге басқа да қондырғыларды жасау үшін пайдаланыла- ды. Өйткені, бұл қондырғылар үшін жылу шығындарын барынша азайту керек. Әртүрлі материалдардың сызықтық кеңеюінің температуралық коэффиценті – өте аз болып келеді (0°C температурада өлшенген бастапқы ұзындығының миллиондаған бөлшегі). Бірақ оларды құй-

ма өндірісінде немесе балқыту құрылғыларын жасауда ескеру керек. Себебі бұл жағдайда әртекті суыту салдарынан ішкі қысым туын- дап, жарықтар пайда болады. Әсіресе, СКТК өлшеу құралдарының, құрал-саймандар мен прециозды қондырғылардың дәлдігіне айтар- лықтай әсер етеді. Сенімді металшынылы дәнекерлерден тазалау үшін өнімнің жұмысшы температурасының диапазонының СКТК мәніне жақын материалдарды қолдану керек. Өлшеу техникасында құрамына 36% никель қосылған темір негізді ферромагнитті қорытпа (

инвар ) кең қолданылып келеді. Оларжың СКТК көрсеткіші -80...+ 100°С температурасы интерва- лында кіші және өзгеріссіз қалады, 1,5-10 -6

К

-1

-ге тең. Құрамында темірмен бірге 32% никель мен 4% кобальт қосылған
суперинвар

де- ген металл да болады. Суперинвардың СКТК көрсеткіші температу- ралар интервалында 1 • 10 -6

К

-1 -ге тең. Осы аталған қорытпалардың бөлшектері басқа материалдардың СКТК көрсеткішін анықтау ба- рысында дилатометрмен салыстыру эталоны ретінде қолданылады. Алмаздың 20°С температурадағы сызықтық кеңеюінің темпера- туралық коэффиценті – 8- 10 -7

К

-1

-ға тең, ал 100...900°С температура- да ол (1,5... 4,8) • 10 -4

К

-1

диапазоны арасында болады.

Қазіргі заманғы материалдарды өндіруде кең қолданылған диф- фузия құбылысымен қысқаша танысып өтелік. Диффузия – бір заттың бөлшектерінің екінші заттың бөлшектері- не (мәселен, газ, сұйықтық және қатты дене) ену үдерісі. Диффузия үдерісін сипаттау үшін техникада диффузия коэффиценті кең қолда- ныс тапқан.

Диффузия үдерісін сипаттау үшін Фиктің екі заңы жұмсалады:
Фиктің бірінші заңы

– диффузионалды атомдардың жекелеген та- сқыны мен олардың концентрациясының градиенті арасында сы- зықтық қатынасты белгілесе, Фиктің екінші заңы – концентрация градиентін уақыт ішінде өзгеруімен байланыстырады. Екі заң да дифференциалды теңдеумен сипатталады, оларды шеше отырып диффузия коэффицентін анықтауға болады. Диффузия коэффиценті уақыт бірілігіне аудан бірлігі арқылы концентрацияның бірлікті градиенті арқылы өтетін атомдар санын; осы үстіңгі беті арқылы атомдардың тасқынын; белгілі бір уақыт ішінде диффузияланған заттардың мөлшерін; құйма компоненттердің (қоспалардың) әрқилы концентрациясын көрсетеді. Соңғы көрсеткіш – концентрацияның әрқилылығы – диффузияның қозғаушы күші болып табылады: осы

айырма қаншалықты жоғары болса, қоспа атомдарының концен- трациясы жоғары аймағынан концентрациясы төмен аймағына өтуі қарқынды жүзеге асады. Диффузияның жылдамдығы температураға тікелей байланысты. Температура жоғары болған сайын, дененің кристалды торының диффузант (қоспа) атомдары соншалықты жоғары жылдамдықпен қозғалады. Оның үстіне, қоспаның ену те- реңдігі – диффузияның ұзақтығына байланысты болады. Диффузия қолданылатын ең танымал үдерістерінің ішінде бо- латты ыстық цинктеуді; алиттеу (алюминийдің болат және шойын- нан жасалған өнімдердің үстіңгі бетіндегі диффузиясы); қатты ме- талдың үстіңгі бетінің газбен қанығуы (азотталу, нитратталу) т.б. Осы аталған үдерістер жоғары температурада, яғни сұйық және газ тәрізді заттар қатты дененің үстіңгі қабатына енгенде жүзеге асады. Қатты дененің бөлшектері сұйық денеде де диффузиялана алады. Мұндай құбылыс болаттар мен қорытпаларды дайындау барысында көрініс береді, яғни қатты метал сұйықтықта ериді.

Жылулық кедергі

– бір-біріне жылулық контактіге тсүкен екі де- ненің шекарасындағы температураның олардың арасындағы қуат- тылығына қатысты өзгеруін сипаттайтын параметр. Бұл құбылыс өнімнің минималды мөлшерін жұмысқа қабілеттілігін сақтай оты- рып, максималды қуаттылығын көрсету маңызды болған жағдай- да, өлшенгенде, жүзеге асады. Демек, өнімнің жылулық кедергісі төмен болған сайын, оның жұмыс істеу шарттары да жақсара түседі. Айталық, шығаратын қуаттылығының жоғары деңгейін аспаптар- дың жылуөткізгіштігінің габаритті өлшемдерін сақтай отырып, алу жылуды әкететін құрылғылардың жоғары тиімділігін қажет етеді. Жылуды ең жақсы өткізетін материалдардың ішінде қазіргі таңда кең қолданыс тапқаны – алмаз болып саналады.

Алмазды жылу өткізгіштердің ішіндегі ең құндылары – СВЧ-тер- белісті генераторлары, яғни Ганни диодтары мен тасқынды-аралық диодтар (ТДА). Ганна диодында СВЧ-диапазонындағы шығу қуат- тылығы жоғары жұмысшы температурасымен шектеледі. Себебі өнімнің осы диодты пайдаланатын КПД көрсеткіші жоғары темпе- ратурада төмендеп, төменгі температурада жоғарылайды. Галлий арсенидінің жұқа кристалын шығаратын жылудың мөлшері – 10 кмк-ге тең, ол осы кристалл арқылы өтетін тоқ күшінің ұлғаюымен артады. Сондықтан, тоқтың үлкен деңгейінде (шығу қуаттылығы жоғары диодтар үшін) жылуды шашырату мәселесі туындайды. Ал-

мазды жылу шығарғыштары бар Ганна диодтарының (Па группасы- ның алмаздары) шығу қуаттылығы галиий арсениді үшін жұмысшы температурасын сақтау барысында 50%-ға көп болады. Олардың жылулықк едергісі салыстырмалы түрде екі есе төмен және 12... 13°С/Вт-қа жетеді. ЛПД-да жылуды шашырату мәселесі дәл сондай болып келеді. Бірақ Ганна диодтарына қарағанда әлдеқайда өзектірек. Себебі кремний кристалдары галиий арсенидінің кристалдарына қараған- да, жылуды жақсы өткізеді. Жоғары дәрежедегі металлизациясы мен минималды жылулық шығынының арқасында алмазды жылу шығарғыштары бар корпустардағы, ЛПД арқылы 6ГГц жиілікте дайындалған кристалдардың жылулық тәртібі жақсырақ болады. Алмазды жылу шығарушыларды қолдану жылулықк едергіні екі есе, яғни 8 ^/Вт-қа төмендетеді.

Сурет 5.4 Жылулық кедергіні өлшеуге арналған қондырғы- ның сызбасы

1

– қатты денелі лазер;

2

– жылу шығарушы;

3

– оптикалық жүйе;

4

ИК-объектив;

5

– модулятор;

6

– ИК-сәулелендіруді қабылдаушы;

7

– электр сигналдарын күшейту және түрдендіру блогы;

8

– фильтр;

9

– термостат;

10

– үш координаталы үстел;

11

– үлгі

Алмазды жылу шығарушылар ЛПД қызметінің мерзімін ұлғайта- ды, себебі мыстың мысты жылу шығарушыларынан жартылайөткіз- гіш құрылымға диффузиялануына кедергі келтіреді. Өлшеу барысында үлгінің қыздыру температуаасы мен үл- гімен контакт жасаған жылу шығарушының қызу температурасын анықтайды. Лазердің сәулелендіру қуатына қатысты температура- ның арасындағы айырма үлгінің жылулық кедергі жүйесі – жылу шығарушы – болып табылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

6-тарау
ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТЕР МЕН ОЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН АСПАПТАР

6.1.

ЖАРТЫЛАЙӨТКІЗГІШТЕР

Жартылайөткізгіштер, аты айтып тұрғандай, өткізгіштер (ме- талдар) мен диэлектриктер (изоляторлар) арасындағы аралық орында тұрған ұғым. Жартылай өткізгіштер металдарға қараған- да, мыңдаған, ондаған және жүздеген есе электр тоғын нашар өт- кізеді. Әрі олар жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі құрамындағы қоспалар мен олардың табиғатына тікелей байланысты болуымен ерекшеленеді. Металдарда мұндай тәуелділік байқалғанмен, дәре- жесі оншалықты көп емес. Қоспалардың үлесті пайызын жартылай өткізгіштерге ендіре отырып, оның электрлік кедергісін он немесе жүздеген мың есе өзгертуге болады. Қоспалардың мөлшері аз болға- ны сонша, оны үлесті пайызбен өлшеу қиынға соғады. Сондықтан, жартылай өткізгіштердегі қоспалардың мөлшерін олардың атомда- рының куб сантиметрдегі концентрациясымен өлшеп, анықтайды.

Егер тығыздығы жағынан, германий мен кремнийдің құрамын- да заттардың 1 см

3

-дағы (см

3

атомы) атомдарының 10

22

мөлшері бо- латын болса, құрамындағы қоспалар заттардың 10

12

атом/ см

3

-ынан көп болмаса ғана таза деп танылады, айталық германий. Қоспалар- дың заттардың 10

18

–10

19

атомдары/см

3

концентрациясын құра оты- рып, жартылай өткізгіштердің кедергісін таза кристалдармен салы- стырғанда, жүздеген мың немесе миллион есе төмендетуге болады. Қоспалардың мөлшерін заттардың

20

атомдары/см

3

есе жоғарыла- туға болмайды, себебі бұл ерігіштік шегінен асып кетеді. Монокристалдар, айталық, кремний қорытпадан мынадай тәсіл- мен өндіріледі: қыздырғыш құрылғыда дайындалған және тазар- тылған жартылай өткізгіш материал (

5

сурет 6. 1) жиілігі жоғары материалдан жасалған графитті отбақырда (

7

) балқытылады. Қорыт- паға (

6

) қажетті қоспалар қосылған жартылайөткізгіштерді қосады.

Сурет 6.1 қорытпадан кремний монокристалдарын өсіру

1

– түтік немесе қоспа элемент;

2

– вакуумды камера;

3

– құйма;

4

– қату шекарасы;

5

– қыздырғыш;

6

– балқытпа;

7

– отбақыр;

– отбақырмен түтіктің бағыты

Материалдың массасы мен отбақырдағы қоспаларды біле отырып, қоспаның концентрациясын есептеуге болады. Бұл концентрация дайын монокристалдан алынады. Монокристалдар өсірілгенде, от- бақырға элемент –кристалды торы бар жартылайөткізгіштің кіш- кене бөлшегін салады. Тең өлшемді қоспаларды алу үшін отбақы- рды айналдырып, ондағы элементті үздіксіз араластырады (

1

). Ал түтікше белгілі бір жылдамдықта отбақырға қарсы айналып, қорыт- падан ағып, өзімен бірше шекарада (

4

) қатып қалатын қорытпаны шығарып, түтіктің кристалды торының бейімделуін сақтап қалады. Біртіндеп отбақырдан бұзылмаған кристалды құрылымы бар құйма Жартылай өткізгіш аспаптарды жасау үшін жай монокристалл емес, өткізгіштік типі талапқа сай келетін – электронды (кері) п

не- месе тесікті (оң) р монокристалл қажет. Бұл үшін монокристалдар- ды өсіру барысында қорытпаға қоспа қосады, яғни оны қоспалайды.

Егер қорытпаға қосылған зат Д.И.Менделеевтің химиялық элемент- тердің периодты жүйесінің ІІІ-тобына қатысты болса, монокристал

өткізгіштіктің тесікті типі (

р-тип
) деп танылады да, қоспаны
акцепторлы

деп атайды. Егер жартылай өткізгіш Периодтық жүй- енің V-тобымен қоспаланса, монокристал

өткізгіштіктің электрон- ды типіне (

л-тип
) ие болып, қоспасын
донорлы

деп атайды. Екі жағдайда да жартылай өткізгіштік өзінің өткізгіштігінен айрылып, өткізгіштіктің тесікті немесе электронды типіне сай жартылайөт- кізгішке айналады. Жартылайөткізгіш құрамына қосылған қоспа- лардың концентрациясы заттардың 10

14

–10

19

атомдары/см

3

арасында өзгере алады, ал өькізгіштік жүздеген мың есе ұлғаяды. Монокристалдан жартылайөткізгіш аспап дайындар алдында ол бірнеше операциядан өтеді. Құйманың берілген кристаллографи- ялық бағыттар бойынша бейімделуін анықтап, содан кейін оларды пластиналарға тіліп, жалтыратып, бірнеше мәрте тазалап, басқа бір тәсілмен қоспаны қосып, өткізгіштіктің қарама-қайшылық типін құрып, оны фотолитография үдерісімен біріктіреді т.б. Соңғы опе- рация – белсенді құрылымы бар жартылайөткізгіш пластиналар- ды жеке кристалдарға бөлу, корпусында монтаж жасау, электродты шығарылымдарды біріктіру, электр параметрлерін герметизациялау және бақылау жасау.

6.2.

ЖАРТЫЛАЙӨТКІЗГІШ АСПАПТАР

Қорыта келе, жартылайөткізгіш аспаптармен, атап айтсақ, диод- тар, транзисторлар және микросызбалармен жақынырақ танысалық. Жартылай  өткізгіш  аспаптарының  негізінде  жартылайөткізгіш материалдардың кристалдары (жартылай өткізгіштер – германий, кремний, галиий арсениді т.б.) жатады. Мұндай кристалдардың бір немесе бірнеше электронды саңылау өтпелері болады.

Электрон- ды-саңылаулы өтпе дегеніміз – өткізгіштік дәрежесі әртүрлі жар- тылайөткізгіштерден – электронды л және саңылаулы – р – тұратын, тиекті қабарттар арқылы бір-бірінен ажыратылған, тасығыштармен біріктіліп,  өтпе  аймақтарының  шекарасына  жақын  диффузияның

әсерінен түзілген жүйе.

Кремний монокристалының электронды-саңылаулы өтпенің сыз- басы 6.2-суретте көрсетілген. Жартылай өткізгіштердің монокриста-

Сурет 6.2 кремний моно- кристалындағы электрон- ды-саңылаулы өтпенің сызба- сы

1, 2

– саңылаулы (

р

) және электрон-
ды (

л

) типті өткізгіштігі бар жарты- лайөткізгіштер

лының оң бөлігіне донорлы қоспаның өткізгіштіктің л-

типін құрай- тын, ал сол бөлігі – акцепторлы, өткізгіштіктің ртипін құрайтын біршама мөлшері ендірілген. Донор-атомдар мен акцептор-атомда монокристалдың құрылымында көршілес атомдармен белгілі бір байланыс орнатады. Донор-атомдар сыртқы орбитасында бес элек- трондары болғандықтан, олардың бірін оң иондарға айнала отырып, оп-оңай жоғалтады. Еркін электрондар тоқтың тасушысы ретінде жұмсалып, жартылай өткізгіштің осы аймағы лтипіндегі өткіз- гіштікке ие болады. Акцептор-атомдардың сыртқы орбитасында үш электрондары болады, монокристалдың көршілес атомжарының бір- бір электрондарын қармап алып, теріс иондарға айнала алады. Элек- трондарынан ажыраған монокристал атомдары оң зарядты иондарға айналады. Олардың құрамында электрондардың болмауы «саңылау» түзіп, тоқтың тасушыларына айналады. Жартылай өткізгіштің осы аймағы р-типіндегі өткізгіштікке ие болады. p -

және n типіндегі өткізгіштіктер арасындағы аймақтардың шекаралары – өтпе деп танылады. Тоқты тасушылар (электрондар мен саңыраулар) алғашында бірінші аймақтан екінші аймаққа еркін өтіп, өзара бір-бірімен байланысты немесе валентті электрондарға айнала отырып бірігеді (рекомбинацияланады), яғни тасушылардың диффузиясы жүзеге асады. Қозғалмалы бөлшектері концентрациясы жоғары аймағынан концентрациясы төмен аймағына диффузияла- нуға тырысады. Диффузия үдерісі диффузияланған заттардың кон- центрациясы тегістелмейінше, жалғаса береді. Электронды-саңы- лаулы өтпеде бұл әрине, жүзеге аспайды, себебі әрбір қоспалы ион (заряд) қозғалмайды. Тоқтың тасушылары (қозғалысты зарядтар) қозғала отырып, зарядтың қарама-қарсы таңбасының қозғалмайтын иондарын қалдырады. Олар біртіндеп жинақталып, өзінің жанында қозғалмалы зарядтарды ұстап қала алады. Сөйтіп, р-л-өтпесінің жа- нында әртүрлі таңбалардың тоқ тасушыларының тепе-тең концен- трациясы түзіледі.

Донорлар ретінде элементтердің Периодты жүйесінің V-тобы (фосфор, күшән, сүрме т.б.), ал акцепторлар ретінде – ІІІ-топтың элементтері (бор, алюминий, галлий т.б.) жұмсалады. Электронды-саңылаулы  өтпенің  басты  қасиеттері  –  тоқты  бір бағытта (тік) өткізу алу және оны басқа бағытта мүлдем өткізе алмау қабілеті. Басқаша айтқанда, электронды-саңылаулы өтпенің әрекетін жұмысындағы қалдыру немесе бекіту тәртібі деп атайды. Электрон- ды-саңылаулы өтпенің тікелей тоқты (тік бағытта) және кері тоқты (кері бағытта) қалдыру барысындағы жұмысын қарастырып көрелік. Егер біздің қорек көзіміздің оң электродын кристалдың саңыла- улы аймағына (сурет 6.3, а ), ал теріс электродты – электронды ай- мағына тіркесек, оң саңылаулар мен оң электрондар олармен аттас зарядталған электрондардан тебіліп, бір-біріне қарсы бекіту қабаты арқылы орнын алмастырады. Электронды-саңылаулы өтпе бойынша

тоқ кішкентай қысымда да белгілі бір мөлшерде жүреді.
Егер полярлығын кері бағытқа ауыстырса (сурет 6.3,

б ), қорек көзінің арядталған электродтары электрондарды бекіту қабатының саңылауларынан итереді. Ол зарядтармен одан сайын бірігіп, кері қысымды тіркегенге дейін кеңейе түседі. Электронды-саңылаулы өтпенің, яғни диодтың әрекетінің осы сипатталған мысалына қарап, ауыспалы тоқтың түзеткіші жұмыс істейтінін, синусоидтердің оң бөлігін өткізіп, кері бөлігін өткізбей- тінін көруге болады. Сөйтіп, бірінші тіркемеде электронды-саңылаулы өтпенің әрекет ету принципіне түсіндірме беруге болады.

Диодтар – ауыспалы тоқты түзетуге, бір жиіліктің электр тер- белісін басқа жиілікке ауыстыруға, сонымен қатар электр тоғы мен қысымын тұрақты етуге арналған жартылайөткізгіш аспаптар. Диод-

Сурет 6.3 Жұмыстың ашық ( а

) немесе жабық ( б

) тәртібіндегі электронды-саңылаулы өтпе сызбасы
1, 2

– саңылаулы (

р

) және электронды ( л

) типті өткізгіштігі бар жартылай-
өткізгіштер

тың р-л-өтпелері бір, әрі әртекті екі аймағы болады: базалық баста- пқы жартылайөткізгіш материалдар (мәселен, өткізгіштіктің

л-типі
) және құю барысында құрылған өткізгіштіктің басқа эмиттерлі типі (
р-типі

Транзисторлар

– электр тербелістерін генерализациялау және күшейтуге, қуаттылығын арттыруға, қысымды түрлендіруге, со- нымен қатар электронды қондырғылардың әртүрлі сызбаларында ауыстырып отыруға арналған жартылайөткізгіш аспаптар. Транзи- сторлардың екі

р-л

-өтпелері мен үш аймағы немесе
л-р-л

болады. Жартылайөткізгіш аспаптарда р-л-өтпелері және біртекті емес ай- мақтары өте көп болуы мүмкін. Тасығыштарының түріне қарай транзисторлар биполярлы (та- сығыштары – электрондар, және саңылаулар) және униполярлы (та- сығыштары – саңылаулар немесе электрондар) болып бөлінеді.

Биполярлы транзисторлар

р-л-өтпелерді жасауға арналған кәдімгі жартылайөткізгіш аспаптар, оларға жоғары сапалы монокри- сталды жартылайөткізгіш материал қажет.

Униполярлы
немесе
далалық транзисторлар

(аспаптың тоғын өзгертіп олар электр өрісін басқарады) диффузды далалық және ме- талл-оксид-жартылайөткізгішті (МОЖ-транзисторлар) деп бөлінеді. Далалық транзисторларда тоқ екі электродтар арасындағы жарты- лайөткізгіш арна арқылы өтеді – қайнар және суағар. Диффузды арналары бар МОЖ-транзисторлар (бекіту кезінде тоғының бол- мағанда да, тоқты өткізе береді, яғни қалыпты ендірілген) және ин- дукцияланған (бекіту қысымы жоқ болғанда, тоқты өткізбейді, яғни қалыпты өшірілген) болады. Арнаның еніне қарай басқарылып оты- ратын электродтарты

бекітпе
деп атайды.
Диффузды арнасы бар транзисторлар

біріктіру немесе қа- нықтыру тәртібімен (негізгі тасығыштардың келуі не төмендеп, не ұлғайып отырады) жұмыс жасайды, ал индукциялы арналары бар транзисторлар – тек қанықтыру тәртібінде жұмыс жасайды. Индуктивті арналары бар МОЖ-транзисторлары электрэнер- гиясын аса көп қажет етпейді, олардың кірме кедергілері жоғары болады (10

15

...10

16

Ом); сондай-ақ бекітпедегі нөлдік қысымда тоқ нөлге тең болады. Бұл транзисторлардың п-

немесе ртипіндегі ар- налары болады. Тоқтың басты тасығыштары – электрондар немесе саңылаулар. Орындау дәрежесіне қарай, МОЖ-транзисторлар бір түптөсемді, бөлінбейтін болып бөлінеді. Себебі олардың бекітпелері

түптөсемнен оқшауланған. Оқшауланған бекітпелері бар пленкалы далалық транзисторлар құрастырылған. Олар жартылайөткізгіштер материалдардың поликристалды пленкалары негізінде жұмыс жа- сайды.

Микросызбалар немесе интегралды сызбалар

– бір немесе бір- неше функционалды қондырғыларды (күшейткіш, мультивибратор т.б.) көрсететін жартылайөткізгіш аспаптар. Олар белсенді (диод- тар мен транзисторлар) және белсенді емес (резисторлар, ыдыстар, индуктивтер, тоқты өткізуші жолдар) компоненттерден тұрады. Бұл компоненттер бір блок (корпус) ішінде гетермизацияланады немесе пластмассамен құйылады (баспаланады).

Микросызбалар екі типті бола алады: жартылайөткізгішті және жұқапленкалы.
Жартылайөткізгіш микросызба

– жартылайөткізгіш кристал- дар түріндегі (белсенді және пассив компоненттері бір көлемде әрі барлығы да үстіңгі бетіне жағылған) монолитті, физикалық бөлін- бейтін құрылым.

Жұқапленкалы микросызба

– пассив және белсенді компонент- тері диэлектрикті түптөсемнің үстіне пленка түрінде жағылған мо- нолитті құрылым.

Сонымен қатар, жұқапленкалы микросызбалардың гибридті тех- нологиясы (шартты түрде, жұқа деп қалыңдығы мыңдаған микроме- трден бірнеше микрометрге жететін пленкалар есептележі) бүгінде кең дамып келеді. Гибридті микросызбаларда пассив компоненттер пленка түрінде диэлектрикті түптөсемдерге, ал белсенді компонент- тер – аспа дискретті түптөсемдер ретінде жағылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ІV

БӨЛІМ

ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

174

Тарау 7. Кесетін құрал-саймандарды жасауға арналған материалдар Тарау 8. Қалыптар, пресс-қалыптар және өлшеу құралдарын жасауға арналған материалдар

7-тарау
КЕСЕТІН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

7.1.

ҚҰРАЛДАР ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН БОЛАТТАР

Құрал-саймандарды жасауға арналған материалдар көміртекті, құйма және жылдам кескіш болаттар, қатты қорытпалы (металкера- микалық, пісірілген), минералкерамикалық, алмазды, алмазға ұқсас және жоғары дәрежеде қатты материалдар деп бөлінеді.

Құрал-саймандарды жасауға арналған болаттар

– қаттылығы, тозуға төзімділігі, мықтылығы жоғары, құрал-саймандар немесе олардың жұмысшы бөліктерін жасауға арналған болаттар.

Құрал-саймандық көміртекті болаттар құрамында көміртек мөл- шері 0,6... 1,3% арасында болады, олар құрал-саймандардың жұмыс- шы жиектерін 220°C-қа дейін қыздыра отырып, кесудің аса жоғары емес жылдамдығында (10 м/мин дейін) жұмыс істеуге арналған. Бұл болатты сапалы – К7, К8, К9, К10, К11, К12, К13 және жоғары сапа- лы – К7А, К8А, К9А, К10А, К11А, К12А, К13А (МЕМСТ 1435-74) деп бөледі. Маркасындағы «К» әрпі – көміртекті болатты білдірсе, кейінгі цифрлар – көміртектің пайыздың он үлесін білдіретін орташа көрсеткіш; ал марканың соңындағы «А» әрпі – жоғары сапалы болат немесе құрамында таза күкірт, фосфор (жиынтығы 0,05%-тен аспай- ды) мен қалдық қоспалар, металды емес қоспалар мен марганец пен кремнийдің шектеулі мөлшері. Кейбір металл кесетін құрал-саймандар 7.1-суретте сипатталды. Мәселен, мылтықтың бұрандасы (сурет 7.1, а ) – күрделі құрылым, тесікті теп-тегіс етіп және оны өсіне қарай дәл орналастыруға ар- налған. Үңгінің көптеген түрлері болады, олардың біреулері (сурет 7.1, б ) дайын тесіктерде конустық шұңқырлар жасау үшін жұмсала- ды. Дәлдікті қажет ететін тесіктерді теспес бұрын әдетте, центрлен- діруді жүргізеді. Ол үшін центрлендіруші бұрғы пайдаланады (сурет

Сурет 7.1 Металл кесетін құрал-саймандар а

– мылтық бұрандасы;

б

– конустық шұңқырларға арналған үңгі;

в, е

– центрлендіруші және спиральды бұрғы;

г, д

– ішкі сәйкес оймалар кесуге арналған цилиндрлік және конустық таңбалаушылар;

ж

– цилиндрлі ұңғы

7.1, в ). Осы бұрғымен дайындаманы өңдеу кезінде центрді ұстап тұратын тіреуіш (мәселен, жонғыш білдек). Машина таңбалаушылары (әдетте, білдектермен жұмыс жасауда пайдаланылады) ішкі және цилиндрлік (сурет 7.1, г

) және конустық (сурет 7.1, д ) кескіштер жасау үшін жұмсалады. Бұрандалы бұрғы әртүрлі материалдарды кесу арқылы өңдеуде қолданылады. Тесік- терді ақырғы рет әрлеп, қажетті өлшем мен кедір-бұдырлықты алу үшін цилиндр ұңғылар пайдаланылады (сурет 7.1, ж ). Ұңғылар не- гізінен, тесікті басқа жолмен тесу мүмкін болмағанда немесе мақсат- ты болмағанда, қолданылады. Жаппай өндірілген құрал-саймандар (бұрғы, үңгі, ойымдаушы, ұңғы, таңбалаушы, бұранда кескіш, егеу т.б.) құрал-саймандар жаса- уға арналған К12А маркалы көміртекті болаттардан, сирек К11А және К10А маркалы болаттардан жасалады. Өңдеудің жоғары жылдам-

176

дығы қажет етілсе, бұл құрал-саймандарды құйма арқылы алынған хром, вольфрам, ванадий, марганец пен болаттардың 9ХС, ХВГ, ХГ маркалы басқа да элементтерінен жасайды. Олардың жұмысқа қа- білеттілігі 400°C температураға дейін қыздырумен шектеледі. Металл кесуші құрал-сайман күрделі жұмыстар  жасайды, нақты жағдайларға байланысты сәйкес болаттан жасалған құрал- саймандарды таңдар алады. Жылдам кескіш болаттар металл кескіш құрал-саймандардың бүкіл ассортиментін жасауға жарамды. Себебі құрамында бағалы вольфрам, кейде молибден болады. Жылдам кескіш болат басқа металдармен ауыстыру мүмкін немесе мақсатты болмағанда, пайдаланған дұрыс. Бұл болаттан бұрғы, үңгі, фреза, таңбалаушылар, бұранда кескіштер, қашауыштар, тісқырғыштар, созғыштар, кескілер т.б. жасалады. Жылдам кескіш болаттардың ішінде Р6М5, Р6М3, Р18, Р9, Р9Ф5 маркалы болаттар өндірушілігі қалыпты құрал-саймандар, ал Р18Ф2, Р14Ф4, Р6М5К5, Р10К5Ф5 (МЕМСТ 19265-73) маркалы болаттардан жоғары өндірушілікті қамтамамыз етуге қабілетті құрал-саймандар жасалады. Жылдам кескіш құрал-саймандар 600°C-тан жоғары тем- пературада жұмыс жасауға қабілетті. Олар өзінің кескіштік қабілетін сақтайды, яғни қызутөзімдігі жоғары болады. Құрал-саймандарды жасауға арналған материалдардан дайын- далған аспаптардың барлығы термиялық өңдеуден (шынықтыру, жұмсарту) өткізіледі. Нәтижесінде көміртекті болаттан жасалған құрал-саймандардың қалыңдығы – 60...64 HRC, құйма тәсілімен жасалған құрал-саймандардың қалыңдығы – 62...67 HRC, ал жылдам кескіш құрал-саймандардың қалыңдығы – 63...65 HRC (өндірімділігі қалыпты деңгейдегі құрал-саймандар үшін) және 70...78 HRC (өн- дірімділігі жоғары деңгейдегі құрал-саймандар). 7.1-кестеде кең қолданыс тапқан құрал-саймандарды жасауға ар- налған болаттардың химиялық құрамы мен термиялық өңдеу тәртібі келтірілген.

178

Кесте 7.1. Құрал-саймандарды жасауға арналған болаттардың химиялық құрамы, шынықты- ру және жұмсарту температурасы

Болат- тың марка- сы
Химиялық құрамы, %
Термиялық өңдеу тәртібі

Көміртек

Марганец

Кремний

Хром

Воль- фрам

Ванадий

Шы- нықтыру темп-сы,

°С

Суыту ортасы

Жұмсарту темп-сы,

°С

Жұм- сар- тылған- нан кейінгі темпе- рату- расы, HRC

У8

0,75...0,84

0,20...0,40

0,15...0,35

0,20-ге дейін

790...820
Су немесе май

160... 170

60...62

У10

0,95... 1,04
0,15...0,35
0,15...0,35
0,20-ге дейін

770...790 су

160... 170
61...63

У12

1,15... 1,24
0,15...0,35
0,15...0,35
0,20-ге дейін

760...780 »

160... 170
62...64

ШХ15

0,95...1,10
0,20...0,40
0,15...0,35
1,30...1,65

835... 855 Май

160... 170
62...65

ХГ

1,30...1,50
0,45... 0,70
0,15...0,35
1,30...1,60

840... 860 »

160... 170
63...66

ХВГ

0,90... 1,05
0,80...1,10
0,35-ге дейін
0,90... 1,20

1,2... 1,6

820...840 »

160... 170
62...64

ХВ5

1,25... 1,50
0,30-ге
дейін
0,35-ге дейін

0,40...0,70
4,5...5,5
0,15...0,30
820...860

130... 150
64...67

9ХС

0,85... 0,95
0,30...0,60
1,20... 1,60
0,95... 1,25

840...870 »

160... 170
61... 65

Р18*

0,70...0,80
0,40-ге
дейін
0,40-ге дейін

3,80...4,40
17,5...
19,0
1,00...1,40

1 280... 1

300

550... 570
63...65

Р9*

0,85...0,95
0,40-ге
дейін
0,40-ге дейін

3,80...4,40
8,5...
10,0
2,00...2,60

1 230... 1

260

550... 570
63...65

Молибденді вольфрам есебінен ендіргенде, болаттығ маркасы Р18М және РЭМ болады

7.2.
ҚАТТЫ БАЛҚИТЫН ЖӘНЕ МИНЕРАЛЛОКЕРАМИКА ЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Қатты қорытпа – вольфрам карбидінің ұнтағынан, титан, тантал, молибден, ванадий немесе ниобийден және байланыстырушы – ме- талды кобальты біріктіру арқылы алынып, құралған, біріктірілген композицялық материал. Біріктіруге карбидтердің өте ұсақталған (өлшемі – 1...4 мкм) ұн- тақтары мен байланыстырушыны белгілі бір қатынаста араластыру, ұнтақтардың қоспаларын қысыммен (0,10...0,15 МПа (1...1,5 кбар) баспалау және 1390...1600°С температурада 1...2 сағат бойы (өнімнің көлеміне қарай) термиялық өңдеу сеп болады. Өндірісте қатты қорытпаларды қолдануда вольфрам карбиді, ти- тан, тантал мен оларды цементтеуші байланыстырушы – кобалть кең қолданыс тапқан. Сондықтан, олармен тереңірек танысып өтелік. Біріктірілген кезде кобальт жартылай балқып, вольфрам карбиді, ти- тан мен танталды ерітіп, монолитті қосылыс түзіп, қаттылық дәреже- сі (85...90 HRC) жоғары, тозуға төзімді және қызуға төзімді материал шығады. Ол 1000...1100°C температурада жұмыс жасауға қабілетті болып келеді. Қатты қорытпалардың кемшілігі – сынғыштығы, әсіресе аз ғана вибрацияға шыдас бермеуі мен құрамындағы негізгі компоненттерінің қымбат болуы. Қатты қорытпалар құрамына қарай үш негізгі топқа бөлінеді: ВК, ТК и ТТК (МЕМСТ 17163-82, МЕМСТ 25395-82, МЕМСТ 25396-82

және т.б.).
ВК тобындағы қатты қорытпалар

– біркарбидті, вольфрам- кобальтты (вольфрам карбиді, цементтендірілген кобальт түйір- шіктерінен тұратын) қорытпалар. Бұл қорытпалардан жасалған құрал-саймандар шойынды, түрлі түсті металды, қорытпалар мен металл емес материалдарды өңдеуге арналған. Осы топтағы қатты қорытпалардың маркасында «ВК» әрпі кобальттың қорытпа құра- мында,ы пайыздық мөлшерін көрсетеді. Мәселен, ВК8 қорытпасын- да 8% кобальт, 92% вольфрам карбиді болады. Марканың соңындағы

«В» әрпі (мәселен, ВК6В) қорытпаның ірі түйіршікті екенін (түйір- шіктерінің көлемі – 3...5 мкм), ал «М» әрпі (мәселен, ВК3М) – ұсақ түйіршікті (0,5...1,5 мкм) екенін көрсетеді.

ТК тобындағы қатты қорытпалар

– екікарбидті, титанволь- фрамкобальтты қорытпалар (олар вольфрам карбидінің титан карби- дінің қатты еретіндісіндегі түйіршіктерден және вольфрам карбиді, цементтелген кобальттың шектен тыс түйіршіктерінен немесе тек қана вольфрам карбидінің титан карбидіндегі қатты ерітіндісінің, сондай-ақ бір-бірімен кобальт арқылы біріктірілген түйіршіктерінен тұрады). Бұл топтағы қорытпалар болаттарды өңдеудің барлық түр- леріне арналған. Осы топтағы қорытпалардың маркаларын белгіле- генде, ондағы «Т» әрпінен кейін цифрлар титан карбидтің пайыздық көрсеткішін берсе, «К» әрпінен кейінгі цифрлар – кобальттың пай- ыздық мөлшерін білдіреді. Мысалы, Т10К15 қорытпасының құра- мында 10% титан карбиді, 15% кобальт пен 75% вольфрам карбиді болады.

ТТК тобындағы қатты қорытпалар

– үшкарбидті, титантан- талвольфрамкобальтты қорытпалар (титан карбиді, тантал, воль- фрамның қатты ерітіндісінің түйіршіктерінен, вольфрам карбидінің шектен тыс көп мөлшердегі түйіршіктерінен, бір-бірімен тығыз біріктірілген кобальттан құралады). Осы қорытпалардан жасалған құрал-саймандар болаттарды ауыр тәсілдермен өңдеу үшін пайда- ланылады. Аталған қорытпаның маркасындағы «ТТ» әріптерінен кейін титан карбиді мен танталдың пайыздық мөлшері көрсетілсе,

«К» әрпінен кейін – кобальттың пайыздық көрсеткіші белгіленеді. Мәселен, ТТ7К12 7% титан карбиді, 12% кобальт пен 81% вольфрам карбиді болады. Қатты қорытпаның әрбір маркасының өз қолданысы болады. Сон- дықтан, жоғары өндірушілікке қол жеткізу үшін қажетті құрал-сай- манды сауатты түрде таңдап алу керек. Айталық, В8 маркалы қо- рытпасы – жабысқақ және қатты болып келіп, шойынды, түрлі түсті металдар мен қорытпаларды кесу, соққы және вибрацияның өзгеріп отыратын жағдайларында қара түті және жартылай мөлдір өңдеу- ге арналған. Т5К10 маркалы қатты қорытпасы ВК8 маркалы қатты қорытпасына өзінің қасиеттері мен кесу шарттарына қарай өте ұқ- сас келіп, көміртекті және құйма болаттарды қара түсті өңдеуге ар- налған. Т30К4 маркалы қорытпасының пластиналарынан жасалған құрал-саймандардың қаттылығы жоғары, тозуға төзімді, бірақ өте сынғыш келеді. Сондықтан, болаттарды жоғары жылдамдықта кесу арқылы жұқа жаңқаларды үздіксіз ала отырып, өңдеуге арналған. Қатты  қорытпалы  пластиналардан  жасалған  құрал-саймандардың

қолданылу аясы 7.2-кестеде көрсетілген.

Өндірісте қатты қорытпалардың екі түрі қолданылады: біріктіріл- ген және құйылған (пластифицияланған).

Біріктірілген қатты қорытынды пішіні мен қолданылу әртүрлі пластиналар түрінде кесуге және өлшеуге арналған құрал-сайман- дарды, сондай-ақ қосымша өңдеуді қажет ететін (электржалынды немесе алмазды өңдеу арқылы оларды белгіленген қалыпқа кел- тірілетін) дайындамаларды (бұлар – матрицалардың пуансондары мен басқа да құрал-саймандар) жасау үшін қолданылады.

Құймалы (пластификациялы) қатты қорытпаны қажетті бөл- шекті біріктірілген дайындамалардан алу мүмкін болмаған жағдай- да, пайдаланылады. Осы жағдайдағы қорытпалар жұмсақ, иілгіш келіп, қағаз бетінде қарындаштың грифелі секілді із қалдырады. Одан металл кесуші қондырғы немесе құрылғылар арқылы қажет- ті бөлшектерді орналастыру және әдібін ескере отырып, өңдейтін құрал-саймандар жасалады. Ақырында олар алмазды құрал-сайман- дар арқылы қажетті кондицияға жеткізіледі. Көптеген құрал-саймандар металл өндіру кәсіпорындарында өз күштерімен жасалып, шығарылады. Оның бастылары – кесетін пла- стиналарды ұстағыштарда бекітудің технологиялық үдерісі (қатты қорытпалы, жылдам кесетін). Қатты қорытпалардан кескіштердің ұстағыштары арқылы жасалған пластиналардан дәнекерлер жалату жолымен құрал-саймандар жасаудың өндірісімен танысып көрелік (сурет 7.2).

Кескіштерді ұстағыштарда қатты қорытпалардан жасалған пла- стиналардан (

1

) пішіні мен көлемі бойынша оймақтар фрезермен өңделіп, алынады (сурет 7.2,
а, б

), қылауларын алып тастап, төрт хлорлы көміртек, бензин немесе каустикалық соданың ыстық ерітін- дісінің көмегімен майсыздандырады. Қатты қорытпалардан жасалған пластиналарды өзгерген, жа- рықтары, сарқыншақтары мен басқа да ауытқулары бар өнімдерді іріктеп, тазалай отырып, сырты пішініне қарай сұрыптайды. Дәне- керленетін пластиналардың үстіңгі бетін кремнийдің жасыл кар- бидінен жасалған абразивті доңғалақпен тегістейді немесе мысты купоростың ерітіндісінде химиялық өңдеуден өткізеді. Ал дәнекер- леу алдында оны тетрахлометанда майсыздандырады. Әдетте, пла- стиналарды майсыздандыруды флюсті жалата отырып, біріктіреді. Бұл үшін ВК пластиналарды 5...10 минутқа қайнат тұрған бураның

182

Кесте 7.2. Қатты қорытпалардың кейбір маркаларының қолданылу аясы

Өңдеу түрі
Өңделетін материалдарға арналған қатты қорытпалардың маркалары

Құйылған бо- лат және құй- маға арналған болат

Шойын (НВ <200)
Қақталған шойын  және ағартылған шойын
(НВ > 200)

Түрлі түсті металдар

Пластмасса

Шыны, фарфор
Қайрау:

Т5К10

ВК8, В Кб

ВК8, ВК6

ВК6, ВК8

В Кб

Соққы жүктемемен,

сыдырып

Айнымалы, сыдырып

Кесіктерді терең жасай

Т5К10, Т15К6

ВК6, ВК8

В Кб

ВК6

В Кб
ВК6, вкз
отырып, сыдырып

Т5К10, Т15К6

ВК6

В Кб

ВК6

В Кб
ВК6, вкз
Жартылай сыдырып

Т15К6

ВК6

В Кб

ВК6

В Кб
ВК6, вкз
Тазалап

Т15К6, Т30К4

ВКЗ, В Кб
В Кб

ВК6

ВК6, вкз
ВК6, вкз
Жұқалай

Т30К4

вкз

В Кб

ВК6

вкз вкз

Фрезерлеу: Сыдырып Тазалап

Т15К6, Т15К10 Т15К6

ВК6 ВК6

В Кб В Кб

ВК6 ВК6

В Кб вкз

ВК6, вкз

Жылдам кесіп, фрезерлеу

Т15К6, Т30К4

Сүргілеу Сыдырып тазалап

Т5К10 Т5К10

ВК8 ВК6

ВК8 В Кб

ВК8 ВК8

Бұрғылау

Т5К10, ВК8

ВК6, ВК8

ВК6

ВК6

В Кб
ВК6, вкз
Үңгіштеу

Т15К6, Т5К10

ВК6

В Кб

ВК6

Жаю

Т15К6, Т5К10

ВК6

В Кб

ВК6

Сурет 7.2 Қатты қорытпадан жасалған пластинадан кескіштің ұстағышын дәнекерлеу а

– дәнекерлеу арқылы жасалған кескіш;

б

– кескіштің дәнекерлеу бары-

сындағы қалпы;

1

– пластина;

2

– дәнекер;

3

– компенсатор;

4

– асбесті төсеме;

5

– ВЧ-индуктор

сулы ерітіндісіне салады, ал ТК пластиналарын – дәл осындай калий фторидтің ерітіндісіне салады. Пластиналарды ерітіндіден алғаннан кейін оларда флюстің жеткілікті қабаты қалып қояды.

Төсемдерді (компенсатор,

3

) қысымнан туындаған дәнекерле- уден әрі дәнекерлеу барысында, әрі кесудің өзгермелі жағдайында кескіштермен жұмыс жасау барысында босатады. Төсем ретіндегі материалдар – азкөміртекті болат, төменқұймалы болат, темір мен никельдің (пермалла) лента, фольга немесе тор түріндегі қорытпасы (қалыңдығы – 0,2...0,3 мм). Біршама артықша етіп кесіп алынған компенсациялық төсемдерді майсыздандырады, ал дәнекерлеу алдында флюс жағады. Дәл қатты қорытпалардан жасалған пла- стиналар секілді. Қатты қорытпалардан жасалған пластиналар дә- некерлермен (

2

) дәнекерлейді – мысты-никелді (жұмысшы темпе- ратурасы – 900°C-қа дейін) және мысты (жұмысшы температурасы

– 300...400°C), жез (жұмысшы температурасы – 150...200°C-қа дей- ін) т.б. Лентадан (фольга) алынған, қалыңдығы – 0,15...0,5 мм болған дәнекерлерді қатты қорытпадан жасалған пластиналардың пішініне қарай тіліп алып, қылаулардан босатып, дәнекер алдында майсы- здандырады. Басқа бөлшектерді дәнекерлеу үшін флюс жағады.

Қатты қорытпадан жасалған пластиналарды әртүрлі типтегі пеш- терде дәнекерлеугі оттықтар арқылы, электрконтактілі машиналар- да, балқытылған дәнекерлер немесе тұздары бар ванналарда, газ ат-

мосферасы бар термиялық қондырғыларда, ТВЧ қондырғыларында дәнекерлейді. Олар ең арзан, қарапайым және жоғары сапалы дәне- керлеуді қажет ететін өндірісте кең пайдаланылады. ТВЧ-да дәне- керлеу үшін ВЧ-генератор, суда салқындататын трубалы индуктор, иінтіректі (немесе басқа) пресс және термошкафтар болуы шарт. Дәнекерлеу үшін дайындалған және үстіне флюс (бура) қосымша себілген кескішті (қараңыз: сурет 7.2, а

) ВЧ-индукторға (5) салады (қараңыз: сурет 7.2, б

). Мұнда кескіш белгілі бір тәртіппен асбест төсемдерінде (

4

) дәнекері балқығанша, қыздырылады. Содан кей- ін кескішті индуктордан шығарып, қатты қорытпалы пластинаның дұрыс пішінін қолға прессті ұстап тұрып, белгілеп алады. Сосын кескішті жылуоқшаулаушы ортаға (шкаф) салып, баяу суытады. Құрал-сайманның белгілі бір түріне қатысты өзінің технологиялық үдерісі болады. Бұл үдерісте өнімнің ерекшелігі ескеріледі. Минералокерамикалық материалдар, немесе минералокерами- ка, керметтер – ыстыққа төзімді жасанды материалдар, керамика- лық (алюминий оксиді) және металды ұнтақтарды баспалау және біріктіру арқылы алынған агрессивті ортада жақсы жұмыс жасай- ды. Қатты қорытпалармен салыстырғанда, минералокерамиканың мықтылығы, қатты, жылуға төзімділігі жоғары, кесу қасиеттерін 1200°C температурада сақтайды. Бұл металды кесудің ең жоғары жылдамдығында да өңдеуге септігін тигізеді. Минералокерамикадан жасалған, мәселен ЦМ-322 маркалы пластиналардың кемшіліктері – тығыздығының 3-4 еселік шегі, төменгі жылуөткізгіштігі. Бұл қатты қыздырғанда және суытқанда жарықтардың пайда болуына, сондай- ақ оларды дәнекерлеу арқылы болат ұстағыштарға біріктірудің қиындығын тудырады. Себебі дәнекерлеу минералокерамиканы ылғалдандырмайды. Әдетте, мұндай пластиналарды механикалық тәсілмен бекітеді. Минералокерамиканы қатты қорытпаларды, шойынды, түрлі түсті металдарды және металл емес материалдарды жоғары кесу жылдамдығында (150... 500 м/мин) өңдеу үшін пайдаланылады. Минералокерамикадан жасалған құрал-саймандарды ірі бөлшектерді өңдеу үшін пайдаланған дұрыс. Себебі олар сынып, құрал-сайманның өніммен контаксінде кескіш жиектерінің кедергі және зиян келтіруіне сеп болады.

7.3.

АЛМАЗДАР МЕН АЛМАЗҒА ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР

Алмаздар мен алмазға ұқсас және жоғары дәрежеде қатты матери- алдар машина жасау құрылысында, авиация, электр- жән радиотех- никалық өндірісте, сонымен қатар өндірістің басқа да салаларында мүмкіндігі әртүрлі құрал-саймандарды жасау үшін қолданады. оны қазіргі заманғы машиналар мен құрал-саймандардың мықтылығы жоғары, тозуға төзімді және термотұрақты материалдардан жасалған бөлшектерін өндірудің сапасы мен дәлдігіне қойылған талаптардың өсуімен байланысты түсіндіруге болады. Материалдардың осы тобымен танысуды алмаздардың табиғи қа- сиеттерін қарастырудан бастайық. Табиғи алмаз – бағалы, асыл тастар класына жататын, таза көмір- тек түріндегі минерал. Алмаздар негізінен диалектриктер болып табылады. Олар жартылайөткізгіштер болуы да мүмкін. Сонымен қатар, алмаздардың қаттылық дәрежесі өте жоғары, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне шыдамды. Олардың тығыздығы – 3,47.3,55 г/см

3

- ге тең, әрі оған қосылған қоспалардың мөлшері мен сапасына тіке- лей байланысты болып келеді.

Алмаздардың механикалық қасиеттері өте бағалы. Жоғары қат- тылығынан басқа алмаздардың иілгіштік қасиеті де жоғары және бүкіл танымал табиғи материалдарды сығу коэффиценті өте төмен болады. Алмаздың есепті тығыздық дәредесі – 7,9- 10

4

МПа-ға тең. Алмаздардың үйкелі коэффиценті төмен (0,1) және тозуға төзімділігі

– өте жоғары.

Алмаз плавикалық, тұзды, күкірт және азот қышқылында тіпті үлкен концентрациясы мен жоғары температурада қыздырылғанда да, ерімейді. Азот пен тұзды қышқылдың қоспасы секілді қоспа- лар да алмазға әсер ете қоймайды. Алмаз тек балқытылған натрий немесе калий селитрасы мен содасында ериді, ал күкірт қышқылы- ның  калий  дахроматының  қоспасында  жартылай  ғана  тотығады. Балқытылған сілтілерідң карбонаттары 1000...1200°С температура- да алмазды көміртек оксидіне айналдырады. күкірт алмазбен 600°C температурада әлсіз ғана әрекеттеседі. Алмаз сумен ылғалданбайды, бірақ кейбір май құрылымдарына жабысып қалатын қабілеті болады. Алмаздың   кристалл   торларындағы   ауытқуларының   мөлшері мен орналасуына қарай алмаздар рим цифрларымен таңбаланған (І,

ІІ және ІІІ) топтарға бөлінеді. Әрбір топ шағын топтарға бөлінеді, оларды «а», «б» әріптерімен белгілейді. І топтағы алмаздардың жылуөткізгіштігі 20°С-та 9 Вт/(см-К)-ға, басқа топтар – 24 Вт/(см- К)-ке тең. Ал алмаздардың үлесті жылусыйымдылығы – орташа есеппен 6,2-10

3

Дж/(кг-К)-ке тең.

Алмаздардың жылутөзімділігі салыстырмалы түрде  аса  жоға- ры емес: ауада 800°С температурада қыздырылғанда, олардың бөлшектері графитттеледі. Қорғалған ортада (сутегі) ірі алмаздар 1300...1400°C температураға дейінгі ыстыққа шыдамды болады. Вакуумда 2000...3000°С температураға дейін қыза отырып, алмаз графитке айналады. Бұл өту немесе өзгеру баяу жүзеге асады, бірақ оның басталуы 1000...1500°C температураға жеткенде, байқала бастайды. Кейбір металдардың алмазды қызған кезде толығымен немесе жартылай еріту қабілеті бар. Мәселен, темір қызған кезде алмаз оның құрамында 800°C және одан да жоғары температурада ери бастайды. Алмаздың сызықтық кеңеюінің температуралық коэффиценті 20°С температурада 8-10 -7

К

-1

-ге тең болады, ал 100...900°С темпера- турада (1,5. 4,8) • 10 -6

К

-1

-ке жетеді.

Алмаздың диэлектрлік қасиеттері салмақты электрлік кедергісінің жоғары болуына қарай сипатталады. Бөлме температурасында ол 10

12

...10

14

Ом-см құрайды. Үлесті электрлік кедергісінің көрсеткіші әлдеқайда төмен алмаздар (көгілдір түсті) кездеседі. Жартылайөт- кізгіш-алмаздардың (Пб тобындағы) үлесті электрлік кедергісі 20°С температурада 10...1000 Ом-см интервалында өзгереді. 27°С темпе- ратурада және 3 кГц-ке дейінгі жиіліктегі алмаздардың диэлектрикті өткізгіштігі  – 5,6-ға тең. Алмаздардың жылуөткізгіштігі мен ИК- және УФ-сәулелерді өт- кізу қабілетінің арасында белгілі бір тәуелділік болады. Оны клас- сификациялауға негіз ретінде алуға болады. Алмаздардың жылуөт- кізгіштігі оның құрамындағы азот мөлшеріне байланысты: ол төмен болған сайын, алмаздардың жылуөткізгіштігі соншалықты жоғары болады. Осылайша, алмаз құрамындағы азоттың мөлшері мен ал- маздардың жоғарыда аталған сәулелерді өткізу (сіңіру) қабілетіне қарай алмаздарды іріктеп алуға болады. Яғни жылу шығарушылар ретінде қолдану үшін сұрыптап алуға болады. ІІІ топтағы алмаздар- дың ИК-сәулелерді сіңдіру қасиеті – төмен, оның құрамында шама- мен 0,02% азот болады. Сондықтан жылуөткізгіштігі жоғары болып, жартылайөткізгіш аспаптардың жылу шығарушылары ретінде пай-

даланылады.

Алмаздың осы аталған артықшылықтарымен бірге кейбір кемшіліктері де баршылық. Техникалық алмаздардың көлемі кіш- кентай болады (0,8...1 мм), ішінде және сыртында жарықтары көп (себебі олар сынғыш келеді), СКТК көрсеткіші – төмен. Басқа кри- сталл денелер секілді алмаздың анизотропты қасиеттері бар. Со- нымен қатар, алмаздар бағалы әрі қолжетімді емес, яғни тапшы ке- леді. Табиғи техникалық алмаздар көлеміне қарай сұрыпталады. Ұсақ алмаздар жүзі бар құрал-саймандарды, дәл өлшейтін құралдардың тіреуіштерін, абразивті доғалақтарды түзететін құрал-саймандарды, инденторлар (ұштықтар) жасау үшін жұмсалады. Одан да ұсақ кри- сталдар абразивті алмазды құрал-саймандар үшін ұнтақтарды дай- ындауға пайдаланаылады. Алмаздан жасалған кескіштер құрастырмалы материалдар, түр- лі түсті металдар, пластмассалар, антифрикциялы қорытпаларды тазалап қайрау үшін қолданылады. Оларды дайындау үшін октаэд, ромбододекаэдр т.б. формалды табиғи техникалық алмаздар пайда- ланылады. Алмаз кристалдардың құрылымы тығыз, жарықтары мен қоспалары жоқ болуы керек, ал массасы – 0,3...1,35 кар

11

құрауы тиіс.

Алмаздар алдын ала қасиеттерінің анизотропиясы қатаң ескеріле отырып, қырналып, содан кейін арнайы ұстағыштарға дәнекерлеу немесе механикалық тәсілмен бекітіледі. Қола, жез, мыс пен алюминийді алмаздан жасалған құрал-сай- мандармен кесу жылдамдығы 400...500 м/мин 0,01...0,03 мм бөль- шегін алып қана, өңдейді. Титанды 300м/мин кесу жылдамдығында егесе, пластмассаны 150 м/мин кесу жылдамдығында егейді. Алмаз- дан жасалған кескіштер 25...200 сағат интервалында ұштары әбден қажалғанша жұмыс жасап, 6-10 қайрауға шыдас бере алады. Табиғи алмаздармен бірге құрал-саймандарды өндіру барысында жасанды алмаздар да пайдаланылады. Оларды негізінен, абразивті құрал-саймандарды (тегістеуші доңғалақтар, қырлайтын пасталар), қатты металдарды (керамика, жартылай өткізгіштер, шыны (орта- сында және ішінде дөңгелек тесу) кесуге арналған құрал-саймандар- ды жасауға пайдаланады.

11

Карат – бағалы асыл заттар мен маржанның салмағының жүйеден тыс өлшем бірлігі, 1 кар = = 0,2 г = 200 мг.

Жасанды алмазды өндірістік синтездеуді 5,65... 16,5 ГПа (56,5... 165 кбар) қысым мен 3000°С-ға дейінгі температурада бірнеше ми- нут бойы жүзеге асырады. Шикізат ретінде құрамында көміртек, күйе, графит, ағаш көмірі т.б. бар кез келген материалды пайдала- нуға болады. Үдерісті катализатордың көмегімен жүзеге асырады. Катализатор ретінде кез келген металл пайдаланылады – хром, никель, темір, тантал, кобальт т.б. Себебі алмаздарды катализатор- сыз синтездеу үшін қысым 21,5 ГПа-ға (215 кбар), ал температура 3770°C-ден жоғары болуы керек. Синтетикалық (жасанды) алмаздар үш маркалы болып өндіріледі:  АСО,  АСП,  АСВ.  Бұл   маркалар   қалыпты,   жоға- ры және жоғары тығыздықта болады. Олар (СВ, карбонадо мен балластан басқасы), әдетте, өте ұсақ болып келеді, сондықтан кескіштер мен фрездерді жасауға жарамайды. Мұндай  алмаз- дао тегістеуші құрал-саймандарды өндіруге пайдаланады. Син- тетикалық    алмаздардың     кристалдарының     массасы,     әдетте, 1 кар-ға тең, сынғыш, үстіңгі бетінде табиғи алмаздарға қарағанда, кедір-бұдыры болады. Сондықтан мұндай кристалдар құрал-сайман- дардың құрамында байланыстырғыш элемент ретінде мықты бекиді. Бұдан алмаздың жоғары төзімділігін көреміз. Синтетикалық алмаз- дар байланыстырып немесе еркін күйіндегі ұнтақтан құрал-сайман- дарды дайындау барысында жиі қолданылады.

Алмазды өңдеудің кейбір нешізгі түрлерімен танысып көрелік.
Кескіш  құрал-саймандарды  қайрау

.  Кескіш  құрал-саймандар қатты қорытпалы және минералокерамикалық пластиналардан жа- салады. Оларды әртүрлі типтер мен формадағы абразивті доңға- лақтармен қаптайды. Бұл формалар мен типтер кеселер, тәрелкелер, бас т.б. түрінде тікелей профилді, пропрофилді болып бөліне алады. Қиын өңделетін материалдарда (шыны, керамика, гранит, ситалл т.б.)

тесік тесу

– әртүрлі құрылғылармен (ине тәрізді (2 мм-ге дей- ін бұрғылау), труба тәрізді (3...600 мм-ге дейін бұрғылау) және сег- ментті (трубалық құрылғылардың әрқилы түрлері) бұрғылау арқылы

жүзеге асады.
Жанып-ұштау

– алдында цилиндр, гильза, төлкелердің блокта- рын және тесігі бар басқа да бөлшектерді соңғы рет өңдеу жолы. Өңдеу аппараттың басына бекітілген ұштайтын қайрақтар арқылы жүзеге асырылады. Өңдеу барысында қайрақтар күрделі қоғзғалы- стар жасайды (айналмалы), нәтижесінде дұрыс геометриялық фор-

малы, кедір-бұдырлығы минималды әрі өңдеу дәлдігі жоғары ци- линдр алынады.
Супертегістеу

– әдетте, сыртқы цилиндрлік және конустық үстіңгі бетін, сфереларды, жалпақ тілімшелерді алмазды қабаттан жасалған қайрақтың көмегімен өңдейді. Қайрақтар өңделіп жатқан үстіңгі қабат бойынша күрделі қозғалыстар жасайды.

Кесу

– қатты және сынғыш табиғи және жасанды материалдар- ды, минералдарды, шыныларды, керамиканы, жартылайөткізгіш материалдарды бөлу операциясы. Әдетте, кескен кезде екі түрлі құрал-сайман пайдаланылады – ішкі және сыртқы кескіш алмазды жиектері бар доңғалақтар. Операцияны ірі айналмалар және қатты суықта жүргізу керек.

Тегістеу – қатты қоспалы бөлшектерді, керамика, кварц, шыны, жартылай өткізгіш материалдар мен өңделуі қиын материалдарды алмаздан жасалған абразивті құрал-саймандар көмегімен өңдеудің ең жиі қолданылатын үдерісі. Бұл үшін тегістеугі доңғалақтарды, ал- маз пасталарын, қайрақтарды, алмаз ленталары т.б. қоллданылады. Тегістеу әдетте, жазық-, дөңгелек-, ішкі-, профилдітегістеуші біл- дектерде, сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтарда жүзеге асырылады. Айталық, алмаз пасталары арқылы жартылайөткізгіш пластиналар тегістеліп, жалтыратылады. Олардың кедір-бұдырлығын минимал- дандырады. Алмазды ленталар металдардың қисық сызықты үстіңгі бетін (турбиналардың қалақшалары) өңдеуге өте қолайлы.

Сонымен қатар, алмаздан жасалған құрал-саймандар
фрезерлеу, жетілдіру, сылау, түзету
т.б. үдерістер кезінде қолданылады.

Қолдан жасалған құрал-саймандардың ең көп ассортименті син- тетикалық алмаздарды пайдалана отырып, жасалады. Оларға әртүр- лі профилдер мен көлемдегі қайрақтар, қылауықтар мен ұштықтар жатады. Бұлармен металл бөлшектерін тесіп немесе бұрғылай оты- рып, өңделеді. Мұндай құрал-сайман түйіршіктік дәрежесі – АС8– АС4 және АСМ40–АСМ10 болатын синтетикалық алмаздардың ұнтағынан жасалған органикалық, металды және гальваникалық байланыстырғыш ретінде жұисала алады.

7.4.

ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ҚАТТЫ МАТЕРИАЛДАР

Синтетикалық алмаздар негізінде жоғары дәрежеде қатты мате- риалдар (ЖҚМ) құрастырылады. Солардың ішіндегі ең танымалда- ры – баллас, карбонадо, славутич, СВ мен эпитаксиалды ЖҚМ.

Баллас

– жоғары дәрежеде қатты поликристалды материал, ол синтетикалық амаздың ұнтағынан алынып, әртүрлі мақсатта қол- данылаты құрал-саймандарды жасауға арналған. балластың поли- кристалдарының түсі қоңыр, массасы – аз (0,15...2,5 кар) болып, кескіштер мен созғыштар (фильер) жасау үшін кескіш пластиналар- ды дайындауға ыңғайлы келеді. Балластан жасалған кескіштердің мықтылығы қатты қорытпалардан жасалған құрал-саймандардың мықтылығынан 50-60 есе жоғары. Сондықтан алюминийді кесу үшін барынша жоғары жылдамдыққа қол жеткізуге (1500м/мин) мүмкін- дік берді. Бұл алмаздан жасалған кескіштің кесу жылдамдығынан 3 есе жоғары. Сонымен қатар, осы поликристалдардан ең маңызды бөлшектерді үстіңгі бетін тегістеуге арналған құрал-саймандарды жасап, олардың кедір-бұдырлық дәрежесін 2-4 есе төмендетіп, қат- тылығын айтарлықтай жоғарылатады.

Өңделіп отырған жоғары дәрежеде қатты материалдардың үстіңгі бетін тегістеу үшін олардың микрокедір-бұдырлығын пластикалық деформациялап, суық күйінде тығыздап өңдейді. Яғни былайша ай- тқанда, тойтарылады. Балластың созғыштарды (фильер) жасау үшін пайдаланылуына ерекше тоқталып өтелік. Фильерлер диаметрі 12 мкм-нен 3 мм-ге дейінгі сымдарды созып тарту үшін қажет. Баллас өндірілгенге дей- ін созғыштарды жоғары сапалы  зергерлік  алмаздардан  жасайды, ал ЖҚМ-дағы тесіктерді өңдеу үдерісіне лазер ендірілгеннен бері жіңішке жіптерді (желілерді) дайындау үдерісі айтарлықтай жеңіл- деп, арзандады. Созғыштардың жұмысшы тесігінің құрылымы – өте күрделі, ол кіріс бөлігінен (кіріс түтпелер), майлайтын және жұмыс- шы конустары, калибрлік аймақтар, өңдеуші конус мен шығыс бөлі- гінен (шығыс түтпелер) құралады. Созғыштардың қолданылу аймағы әртүрлі болып келеді: өте жұмсақ металдарды (алюминий, цинк, олардың негізіндегі қорыт- палар), жұмсақ (мыс, күміс, алтын, платина), жартылай қатты (жез, қола, никель, константан, манганин) және қатты (болат, нихром,

вольфрам, молибден) материалдарды суықтай созу үшін. Созыла- тын материалдың диаметрі мен қасиеттеріне қарай созғыштарды жасай үшін массасы 0,8...2,2 кар ЖҚМ сұрыпталып алынады. Бал- ластан жасалған созғыштардың мықтылығы, қатты қорытпалардан жасалған созғыштардың мықтылығына қарағанда, 250 есе жоғары. Сондықтан ұзындығы 17 мың км болатын сымды созып, тартуға мүмкіндік береді. Жұқа сым электр шамдарын, жартылайөткізгіш аспаптардың электродты түйіндері мен микросызбаларды, миниатюралы транс- форматорларды, көптеген аспаптар мен ғарыштық техника аппарат- тарының құрамына кіретін электрмагнитті релені және т.б. аспаптар, құрал-саймандарды жасау үшін қажет. Сонымен қатар, диаметрі 20 мкм микросымдар сеткографияда торлы трафареттер, сондай-ақ еле- утерді жаасау үшін кең қолданыс тапқан. Алайда созғыштар арқылы тек металдар мен қорытпаларды ғана созып, тартпайды. Жібек ма- таларды жасау үшін қажетті, парашюттерді тігуге арналған жібек жіптерді алмазды созғыштар арқылы өткізіп, калибрін диаметрінің бойымен оның теңдей болуына ерекше назар қойып, тегіс, тығыз әрі сырғыма жіптер алады. Осы мақсатта созғыштарды жасанды тал- шықтарды тоқуға арналған машиналардың ішіне орналастырады.

Карбонадо

– құрылымы – радиалды-сәулелі, бір-бірінің ішіне кіріктірілген кристалдары бар, қара немесе қоңыр-сұр түсті поликри- сталды синтетикалық алмаз. Мұндай алмаз қатты әрі мықты болып, кескіштерді жасауға жарамдыт келеді. Олар белгілі біо қатты ма- териалдарды өңдеуге арналған. аталған алмаздарға ситалла, лағыл, фарфор, германий, керамика т.б. жатады. Керамиканы 200...300 м/ мин, ал қатты қорытпаларды – 15... 30 м/мин кесу жылдамдығында карбонадоның көмегімен өңдейді.

Славутич

– жоғары қысымда қатты қорытпаның (ВК6) ұнтағы мен синтетикалық алмаздың ірі түйіршіктерін (400...500 мкм) қо- сып, біріктіру арқылы алынған жоғары дәрежеде қатты синтети- калық материал. Славутич 800°С температурада және  20  МПа (200 бар) қысымда жұмыс жасауға қабілетті бұрғылауға арналған құрал-саймандарды армиттеу үшін қолданылады. Алайда бұл мате- риал өлшеу құрал-саймандарын жасау үшін де пайдаланылады. Сөй- тіп, славутичтен жасалған өлшеу қапсырмалары 800 мыңнан астам өлшеуді, ал шынықтырылған болаттан жасалған қөлшеу құралдары 105 мыңнан астам өлшеуге шыдас береді.

СВ материалы

– табиғи дәне синтетикалық алмаздардың ұн- тақтарының қоспаларын жоғары дәрежегі қысыммен синтезді біріктіру арқылы алынған поликристалды жоғары дәрежеде қатты алмазды минерал. Ол кесетін пластиналар, созғыштар, бұрғылау құралдарын жасауға арналған. Аталған материал өте қатты, табиғи алмаздарға қарағанда, мықты, себебі оның құрылымы бір-біріне терең кіріктірілген кристалдардың өзара қиюластырылған жүйесін көрсетеді (карбонадоның құрылымына ұқсайды).

Эпиталсиалды ЖҚМ

– эпитаксия тәсілімен (төсемнің үстінде ретті өсіру арқылы) газды фазадан (метан) өндірілген пленкалы по- ликристалды материал. Үдерісті арнайы қондырғыда жүзеге асыра- ды, мұнда төсеме ретінде алмаз пайдаланылады. Оның құрылымы импульсты тәртіппен метаннан жоғары дәрежеде қатты пленканың құрылымына ұқсайды. Әбден қанықтырылған метанды айдаған кез- де жарық сәулелері жарқылдап шығады. Айнаның көмегімен олар қоспаның үстінде бектіліп, нәтижесінде алмаздың төсемде пленкасы пайда болады. Алмазды пленканы бұлайша өсіру жоғары дәрежеде үлкен қысымды, жоғары температураны және катализаторларды қа- жет етпейді. Жылдам кескіш бұрғы алмазды пленкамен қапталып, әдеттегіден 3 есе ұзақ уақыт жұмыс жасай алады.

Екі модификациялы – гексагоналды (ГНБ) және кубтық (КНБ) (бір-бірінен жоғары химиялық тұрақтылығы мен жылутөзімділі- гімен, сондай-ақ жоғары дәрежеде қаттылығымен және ыстыққа төзімділігімен ажыратылатын) бора нитриді негізінде бірқатар ЖҚМ-дар алынған. Бораның гексагоналды нитриді – ақ түсті ұнтақ, одан графиттен алынғандай, жоғары дәрежеде ыстыққа төзімді от- бақырлар, құрғақ майлағыштар т.б. жасалады. КНБ негізіндегі жаңа жоғары дәрежеде қатты алмазға ұқсайтын синтетикалық материал алмаздан кем емес, кей жағдайларда тіпті одан асып түсетін қаси- етке ие. Оны

барозон деп атайды. Барозон – бора (45,6%) мен азот- тың (54,4%) қосындысынан тұрады. Ол темірге қарағанда пассивті, ешқандай қышқыл, немесе оның қоспалары және басқа да сілтілер оған әсер ете қоймайды. Аталған синтетикалық алмазға ұқсас мате- риал алмаздан жылутөзімділігі (2000°C, салыстыру үшін қараңыз: алмаздың жылутөзімділік қабілеті – 800°C) жағынан асып түсіп, тек микротығыздығына (боразонның тығыздығы – 89...94 ГПа, ал алмаз- дың тығыздыығы – 100,6 ГПа) қарай ғана төмендей алады. Боразон- ды КНБ мен азоттан жоғары қысымда және жоғары температурада

катализатордың көмегімен алады. Боразон алмазға кристалды торла- рына қарай ұқсас келеді, бұл оның қасиеттерінің арасынла ұқсастық бар екенін көрсетеді. Боразонның кристалдары алмаздың көптеген кристалдарына қарағанда, өткізгіштігі жоғары болып келеді, ал түй- іршіктері – пішіні мен түсі жағынан әрқилы болып келеді. Алмаз сияқты боразонның абразивті қасиеттері ерекше, баршаға таныс тегістелген материалдардың қасиеттерінен әлдеқайда асып түседі. Әртүрлі зауыттарда өндірілетін боразонның сауда маркалары әдетте,

«кубонит» және «эльбор» деген атаулармен танылған.
Эльбор

– КНБ (85...90%), магний оксиді мен кальциден (5...2%) және баяу балқитын қосылыстардан (10...1%) тұратын жоғары дәре- жеде қатты синтетикалық материал. Бұл материал түйіршіктері 250 мкм құрайтын ұнтақ түрінде тегістелген құрал-саймандарды жасау үшін пайдаланылады. ЖҚМ өндіру бойынша жұмыстардың да- муымен эльбор-Р –тығыз цементтердірілген, бір-біріне кіріге өскен кристалдарының размері бірнеше микрометрге жететін кесетін эль- борға деген сұраныс арта түсті. Эльбор-Р диаматетрі 3,5...7,0 мм және биіктігі 4...6 мм цилиндр түрінде дайындалады. Мұндай мате- риалдың ерекшелігі – жоғары дәрежеде қатты (80...90 ГПа), терми- ялық және химиялық төзімді, темірге толығымен инертті, сондай-ақ металданған кескіш пластиналарын кескіштер мен фрездердің ұстағыштарына дәнекерлеудің сенімділігі.

Эльбор-Р-мен жылдам кесетін шынықтырылған болаттан жа- салған өнімдерді 100м/мин жылдамдықпен қайрағанда, қатты қорыт- палардың құрал-саймандар мен металокерамиканың қаттылығы он есе жоғары, ал төзімділігі 1,5 есе төмен болады. Мұндай кемкіштер- мен қалыптардың бөлшектерін жасау барысында қатты қорытпа- ларды өңдеуге болады. Эльбор-Р-дан жасалған кемкіштерді сандық бағдарламалық басқаруы бар білдектер мен автомат-білдектерде қол- дануға тиімді екендігі анықталды. Шамамен 1000°C температурада қыздырғанда, эльбор-Р-ден жасалған кескіштің кесетін жиектері тотығады. Алайда өнімнің үстіңгі бетінің кедір-бұдырлығы төмендей қоймайды. Зерттеу нәтижесінде, кескіш тегістеуші ретінде жұмыс жасайтыны, микрокедірлікті пластикалық деформациялайтыны анықталды. Эльбор-Р-дан жасалған бұрғылардың төзімділігі дәстүрлі материалдардың төзімділігінен он есе жоғары болады.

Гексанит-Р

– модифицияланған (соққы жарылыс толқы- нында қысқа мерзімді өңделген) ГНБ-дан алынған, 20 ГПа (200

кбар) қысымда және 1500°C температурада синтезделген жоғары дәрежеде қатты синтетикалық материал. Осы тәсілмен алынған поликристалдар – диаметрі 8,0; биіктігі – 2,5...3,0 мм және массасы

– 0,3...1,5 кар цилиндр түрінде болады, олардың құрылымы – жұқа түйіршікті, жабысқақтығы жоғары, қаттылығы – жоғары, темірге инерттілігі – толық келеді. Шынықтырылған болаттар мен шойын- дарды қайрау барысында жұмыс жасайтын, өнімнің үстіңгі бетін өңдеу барысында соққы жүктемесіне шыдас беретін металл кесуші құрал-саймандардың қосымша бөлшектерін жасауға арналған.

Зерттеу нәтижесінде кесу жылдамдығы 140 м/мин гексанит-Р-ден шынықтырылған шойыннан жасалған кескіш 3 сағат бойы үздіксіз жұмыс жасағанын көрсетті. Бұл қатты қорытпалы кескіштің мықтылығынан 10 есе асып кетті.

Белбор (белорустық бора нитриді) – катализаторларды қолдан- бай синтезделген (нәтижесінде ұнтақтар мен ірі поликристалдар алынған) ЖҚМ. Оның қаттылығы мен жылутөзімділігі – өте жоға- ры, шынықтырылған болаттар мен қатты қорытпаларды өңдеуде жиі қолданылады.

Исмит

– КНБ-ны басқа заттармен араластыра отырып алынған, жоғары дәрежеде қатты синтетикалық поликристалды материал. Ке- скіштер мен фрездердің кескіш қосымша бөлшектерін жасау үшін пайдаланылады. Қоспалы, шынықтырылған болатты 140м/мин жыл- дамдықта қайраған кезде оның 4 сағат бойы үздіксіз жұмыс жасаға- ны анықталды.

Дисмит

– жоғары қысымда металды катализатор көмегімен өң- делген, карбонадо немесе баллас типіндегі (шихта мен синтездеу шарттарына байланысты) кристалды торлары бар және алмаз бен КНБ-ның қасиеттеріне жақын синтетикалық алмаздың ұсақ ұн- тақтары (20...25%) мен КНБ-ны (75...80%) біріктіру арқылы алынған жоғары дәрежеде қатты поликристалды материал. Қиын өңделетін материалдарды – фосфорлы қола қайраған кезде кескіш үзіліссіз 12 сағат бойы жұмыс жасап, жалпы ұзындығы – 288 км жаңқалар шығарған.

Кибор

– боразонның (кубанит, эльбор) бір түрі ретінде 1400°C температурада өзінің жұмысшы қасиеттерін сақтап, синтетикалық алмаздан 20% мықтылығымен ерекшеленетін материал.

Әртүрлі материалдардан жасалған кескіштердің жұмысшы қаси- еттері 7.3-кестеде сипатталған.

Кесте 7.3. Әртүрлі материалдардан жасалған кескіштердің жұмысшы қасиеттері
Кескіштің материалы
Микроқат- тылығы, ГПа
Температуралық төзімділігі, °C

Кесу жыл- дамдығының шегі, м/мин
Болат: Көміртекті Құймалы
Шынықтырылған жыл- дам кескіш

— 14

200... 220
250... 350
610.670

3.5

10.15
30...40
Қатты қорытпалар
15...30

570...1000
150...300
Минералокерамика

93

300.1200
250...500
Алмаз

100

800...850
500...3000
Kарбонадо
90...100

1200...1300
500...3000
Эльбор-Р
80...90

1300...1500
500...3000

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

8-тарау
ҚАЛЫПТАР, ПРЕСС-ҚАЛЫПТАР ЖӘНЕ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН

ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

8.1.
ҚАЛЫПТАР МЕН ПРЕСС-ҚАЛЫПТАРДЫ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Құрал-саймандардың суық өңдеуге арналған қалыптарының ор- тасының жеткілікті дәрежеде жұмсақ болғанына қарамастан, тығыз- дығы жоғары, тозуға төзімді, майыстыру, сығуға шыдас бере алатын, жылуөткізгіштік дәрежесі –жоғары, соққыға төзімді т.б. қасиеттерге ие болуы керек. Суық өңдеуге арналған қалыптар негізінен, бір-біріне ұқсас ке- леді. Арасындағы айырма – жұмысшы құрал-саймандарында және өңделетін бөлшектерінде. Әдетте, кез келген қалыптың қалыпты блок, пуансон және матрицалары, алынғыш, итергіштері мен басқа да бөлшектері болады.

Қалыптың блогы

– екі параллель плитадан (үстіңгі және астыңғы) тұрады. Плиталар бағыттаушы бағаналары және қалыптың сырғымаларының көмегімен құйыршықтарының төлкелері бойымен қозғалуға қабілетті болады. Қалыптың плиталары әдетте, көміртек мөлшері төмен болаттар немесе шойыннан жасалады. Олар құйма тәсілімен немесе кесу арқылы жасалады.

Әбден тозғанша жұмыс жасайтын, белгілі бір дәрежеде қысымға сезімтал, сонымен қатар майысқақ

бағаналар мен

төлкелер жа- сау үшін 20 болатты пайдаланады. Оны алдымен цементтеп, тер- миялық өңдеуден өткізіп, содан кейін тегістеп, қосымша өңделеді. Бұл жағдайда бағаналар мен төлкелердің бір-бірімен қиюласатын үстіңгі беттері қатты болады. Олар майланғаннан кейін тозғанша жұмыс істеу жағдайында да жақсы жұмыс істей алады. Ал осы бөл- шектердің өзегі (ортасы) шынықтырылмаған, жабысқақ, майысып, сығылып жұмыс жасауға қабілетті күйде қалады.

Төсемелер, сұққыштар, арнайы бұрандалар мен басқа да қосым-

ша бөлшектерді жасау үшін 45 және 40Х болаттарын пайдаланады. Итергіштер, алынғыштар, қағып алғыштар, төсемелерді құрал-сай- мандар жасауға арналған көміртекті У10А болатынан жасауға бола- ды. Әдетте, осы аталған бөлшектер термиялық өңдеуден өткізіледі.

Пуансондар мен қалыптардың матрицалары шағын көлемді болады, олар қарапайым қалыптардың ұсақ бөлшектерін қалыпта- уға арналады. Оларды шауып алу, тесу, созу, майыстыру, кесу және орнықтыру арқылы әдетте, көміртекті У10А болатынан дайныдай- ды. Ескеретін жайт – көміртекті болаттар шынықтырылып, жұмсар- тылғаннан кейін өздерінің пішіні мен көлемін сынуы және құрылы- мының қайта құрылуы есебінен өзгертеді. Қалыптардың үлкен өлшемді бөлшектерін жасауға арналған қа- лыптардың жұмысшы құрал-саймандарының мұқалуына шыдайтын және тозып, ескіргенше жұмыс жасауы үшін әдетте, Х12М, Х12Ф1 маркалы құйма болаттарды пайдаланады (МЕМСТ 5950-73). Осы аталған болаттардың құрамындағы аустенит термиялық өң- деуден өткен соң, болаттарды жабысқақ және күрделі эксплуатаци- ялық жағдайларда жұмыс жасауға қабілетті етеді. Пуансандар мен матрицаларды жасау үшін 9ХС, ХВГ, ШХ15 маркалы болаттар қол- данылады. Олар сатылай шынықтырылғаннан кейін жабысқақтық дәрежесі жоғарылайды. Себебі бұл жағдайда олардың құрылымын- да аустениттің белгілі бір дәрежеде қалдығы сақталып қалады. Белгілі бір материалды пуансондар мен матрицаларды жасауға пайдалану өңделіп отырған материалдың қасиеттеріне, өндірілетін өнімдердің санына, олардың сапасына қойылатын талаптарға, өнімнің мөлшерлерінің арақатынасына (қалыңдығы мен минимал- ды мөлшерінің) қарай анықталады. Сорғыш және шабатын қалып- тардың пуансондары мен матрицаларын біріктіріліп, пластикалық тегістелген материалдардың қатты қорытпаларынан жасап, алмазды кескіш құрал-сайманмен өңдеген дұрыс. Бұл жағдайда қалыптарды дайындау құны – 3-5 есеге жоғарылайды, ал төзімділігі – он есе ар- тады. 8.1-кестесінде құрал-саймандарды жасауға арналған болаттар- дың химиялық құрамы мен термиялық өңдеу тәртібі келтірілген. Ыстық өңдеуге арналған қалыптардың құрал-жабдықтары суық өңдеуге қарағанда, әлдеқайда күрделі жағдайларда жұмыс жасап, 450...550°C-а дейін қызады. Термиялық өңдеу кезінде қалыптардың материалдарының механикалық қасиеттері жоғары, қажалу мен сы-

198

Кесте 8.1. Металдарды суық күйінде қалыптау мен кесуге арналған құрал-саймандарды жасауға арналған болаттардың химиялық құрамы және термиялық өңдеу тәртібі

Болаттың маркасы
Химиялық құрамы, %
Термиялық өңдеу тәртібі

Көміртек

Марганец

Кремний

Хром

Молибден

Вольфрам
Шынықтыру температурасы,

°С

Суыту ортасы
Жұмсарту температурасы,

°С

Жұмсартылғаннан кейінгі
қаттылығы, HRC

УЮ

0,95... 1,04
0,15...0,35
0,15...0,35
0,20-ке

дейін

780...800
Су немесе май
180...200
56... 59

ШХ15

0,95...1,10
0,20...0,40
0,15...0,35
1,30... 1,65

835... 855 Май

280... 320
54... 56

ХГ

1,30... 1,50
0,45... 0,70
0,15...0,35
1,30... 1,65

840... 860 »

280... 320
54... 56

9ХС

0,85...0,95
0,30...0,60
1,20... 1,60
0,95... 1,25

830... 870 »

250... 270
59...60

Х12

2,00...2,30
0,35-ке
дейін
0,40-ке

дейін
11,50...13,00

950... 1 000 »

210 немесе 415
58...62

Х12М

1,45... 1,70
0,35-ке
дейін
0,40-ке

дейін
11,00...12,50
0,40...0,60
0,65...0,80

975... 1 050 »

170 немесе 450
56...60

Х12Ф

1,30... 1,50
0,35-ке
дейін
0,40-ке

дейін
11,00...12,50

0,70...0,90
975... 1 050

170 немесе 450
56...60

6ХС

0,60...0,70
0,30...0,60
0,10...0,60
0,95...1,15

840... 860 »

150... 180
58...62

5ХВС

0,45...0,54
0,20...0,40
1.00...1,30

850... 900 »

200... 225
56...58

5ХВГ

0,55...0,70
0,90... 1,20
0,50...0,80
0,50...0,80

820...870 »

180...220
56... 59

нықтардың (жарықтардың) пайда болуына шыдас беруі, жылуөткіз- гіштіші мен кесу арқылы өңделу дәрежесі жоғары болуы керек. Суық қалыптауға қарағанда, ыстық қалыптауды (балғалау) жинақтық тәсілдермен орындайды. 40Х немесе 45 маркалы болаттардан жасалған қалыптардың (блоктардың) негізінде арнайы ұяшықтар жасайды. Оларға ыстық орнықтыру немесе үшкілдеу жоылмен жұмысшы құрал-саймандарды – пуансон және матрица, ақпа қосымшаларды бекітеді. Қосымшалар 5ХНМ немесе 5ХГМ, Х12М, 40Х, 45, У7А, 7Х3 және т.б. (МЕМСТ 5950-73, МЕМСТ 1435Бірбүтін балғалаушы қалыптар әбден тозып, тізімнен шыға- рылғанша 2-3 рет жөндеуден өтеді. Оларды 15-20 рет қайта қалпына келтіруге болады.

Пресс-қалыптарға арналған материалдарға ауыспалы термоме- ханикалық, физика-химиялық және механикалық әсерлерге жоғары дәрежеде шыдамды болу, термоөңдеу барысында барынша мини- малды деформация мен дайындау кезінде кедір-бұдырлықты барын- ша азайту секілді жоғары талаптар қойылады. Пресс-қалыптардың жұмыс жасау ерекшеліктері: балқытылған металдың жоғары температурасы, оны пресс-қалыпқа шашудың жоғары дәрежедег жылдамдығы (15...60 м/с) және металға қатты қысым беруі (1...10 МПа, мысты қорытпаларға – 30...100 МПа). Со- нымен қатар, қалыптардың материалдарының тамшы тескен орын- дары сұйық металмен қарқынды желініп отырады. Пресс-қалыптар әртекті қыздыруға шыдайды. Пресс-қалыптардың жұмысқа қабілеті жұмысты құрал-сайман- дарды жасау материалдарын дұрыс таңдау, минималды кедір-бұ- дырлығы, термиялық өңдеуі, жұмысшы көлемін тазалау мен май- лауына: плиталар, серіппелер, ішпектер, алюминий және мыс қорытпаларынан жасалған пресс-қалыптардың құймалар – байла- нысты анықталып отырады. Бұл үшін 3Х2В8, 5ХН21, 7Х3, 4ХВС маркалы болаттар, ал бағыттаушы бағаналар, итергіштер, төлкелер үшін 15, 20 және 40Х маркалы болаттар пайдаланылады. Құйылған өнімдерді алуды үдерісін жеңілдету үшін құйма қа- лыптардың үстіңгі бетін хромдап, мұқият тегістеп, бірқалыпты ауыстыра отырып, өңдейді. Жұмысшы үстін хромдау мүмкін бол- маған жағдайда, құрамында хром мөлшері көп материалдарды пай- даланған дұрыс.

8.2.
ӨЛШЕУІШ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Өлшеуіш құралдарды жасауға арналған материалдарға кескіш құрал-саймандарға арналған материалдармен салыстырғанда, қо- сымша талаптар қойылады. Олардың ең бастылары – СКТК көр- сеткішінің аздығы, минималды деформация және жақсы шынықты- рылуы, өнімнің үстіңгі бетінің кедір-бұдырлығын азайту, көлемдерін тұрақты сақтай отырып, термиялық өңдеуден өткізу, сонымен қатар коррозияға төзімділік. Металдарды кесу, сығу арқылы өңдеуге арналған әмбебап өлше- уіш құралдарын қолданылу аясы мен өлшеу дәлдігіне қарай сызғыш, штангенқұралдары, микрометриялық құралдар, калибрлер, плитка- лар т.б. деп бөлуге болады.

Сызғыш құралдар

– кәдімгі металды сызғыштар мен ұзындығы әртүрлі рулеткалар. Олардың үстінде бөліктер – арасы 1 мм болатын штрихтер өрнектелген.

Штангенқұралдар (штангенциркульдар) – екі еріншесі бар өлше- уіш құрал: біреуі – масштабты (бөліктері бар) сызғышпен (штанга) қозғалыспай біріктірілсе, екіншісі – нониусы бар сызғыштың бой- ымен қозғалады. Бөліктердің бағалаулары – 0,1; 0,05 және 0,02 мм арасында. Штангенинциркульдың бағалау бөліктері – 0,1 мм болып, тереңдікті өлшеуге арналған. Микрометриялық құралдар (микрометрлер) белдіктерді, тесік- тердің қалыңдығы мен тереңдігін 0,1 мм дәлдікпен өлшеуге ар- налған.

Калибрлер белдіктер мен тесіктердің бөлшектерінің өлшемдері бойынша брактау үшін жұмсалады. Сыртқы өлшемдерін бақылау үшін –

қапсырма
, ішкі өлшемдеріне –
тығын,
ал кесу үшін –

сақи- налар қолданылады. Калибрлердің екі өлшемі болады. Олардың арасында өнімнің ақиқат өлшемі көрсетіледі. Калибрлердің бірі –

өтетін
, ал екіншісі –
өтпейтін

болып табылады. Өтпелі өлшемді тығындарды, әдетте, өтпейтін тығындарға қарағанда, ұзынырақ етіп жасайды. Алдымен өңделетін өнімді калибрдің өтетін бөлігінен өт- кізіп, содан кейін оларды өтпейтін бөліктерімен үйкестіреді. Өтпей- тін бөлігінде өнім түгелімен өтпей, арасында біразы тұрып қалады.

Плиткалар

– өлшеуіш құралдарды тексеруге, берілген өлшемді, әсіресе  білдектерді  жөндеу  т.б.  барысында    белгілеуге  арналған

ұзындық өлшемдері. Олар өзара-параллель өлшеуіш жазықтықтары болады. Жазықтықтар жоғары дәлдікпен, минималды кедір-бұдыр- лықпен және номиналды өлшемдері әртүрлі етіп жасалады. Плитка- лардың маңызды қасиеті – біреуінің екіншісіне асқан мықтылықпен ысқылануы. Бұл плиткалардан қажетті өлшемді блоктар жасауға септігін тигізеді. Сапасына қойылатын жоғары талаптарына қарай өлшеуіш құрал- дары ХГ, Х, ХГС, ХВГ, 9ХВГ (МЕМСТ 5950-2000) құйма болатта- рынан, 38ХЮ, 38МЮА және 38ХВФЮ (МЕМСТ 1435-74), жоғары көміртекті У8А, У10А, У11А, У12А (МЕМСТ 1050-88) және төмен көміртекті 15, 20 (МЕМСТ 1050-88) маркалы болаттардан жасалады. ХГ және Х маркалы болаттардан термиялық өңдеуде аз дефор- мацияланатын өлшеуіш құралдары жасалады. Мұндай құралдарға тегіс, кескіш тығындар мен сақиналар, нұсқаушы калибрлер, штих- массалардың өлшеуіш серіппелері, үшбұрышты сызғыштар, сыз-

баүлгілік сызғыштар, жазықпараллельді плиткалар жатады.

ХГС жәге ХВГ маркалы болаттар кескіш калибрлерді, жазықпа- раллельді плиткаларды, яғни тербеліс күші жоғары дәрежедегі құралдарды дайындау үшін пайдаланады. ХВН маркалы болаттарын күрделі формалы сызбаүлгілер, сыз- баүлгілік сызғыштар жасалады. Реттеуші кескіш сақиналар, нұсқаушы калибрлер, сызғыштар 38ХЮ, 38ХМЮА және 38ХВФЮ (МЕМСТ 1435-74) маркалы болаттардан жасалады. Микрометрлердің микробұрандалары, штан- генциркульдардың штангалары, радиусты шаблондар, қозғалмалы штихмассалардың қосымшалары мен штангециркульдердің қозғал- малы аяқтарын т.б. құралдарды дайындау үшін У8А, У10А, У11А, У12А маркалы болаттар пайдаланылады. Бір-екі жақты далпақ тілімшелі қапсырмалар, өтпейтін және өтетін тығындар, қалыптар, шаблондар, ұшбұрышты сызғыштар- дың ұзын жақтары секілді құралдар үшін 15, 20, 15Х, 20Х маркалы болаттар пайдаланылады. Олар құрал-саймандар жасалғаннан кейін цементацияланып, одан кейін термиялық өңделеді. Өлшеуіш құралдарын жасауға арналған болаттарға сәйкес стан- дарттарда көрсетілген талаптар қойылады. Мұндай болаттарды балқытпалары металды емес қоспаларды (оксидтер, сульфидтер, сондай-ақ карбидтер – карбидті тазалау) тазарту деңгейіне қарай анықталады. Сонымен қатар, СКТК қажетті көрсеткішімен шектелу керек.

Асқан дәлді құрал-саймандарды жасау үшін жоғары сапалы ме- талдар (қоспасыз және тазартылған) пайдаланылады. Оны алудың кең таралған тәсілдерінің бірі –

электрқожбен қайта балқыту (ЭҚБ). Бұл үдеріс 1700...2000°C температурада қыздырылған ат- мосфералық қысыммен мысты катализаторда жүзеге асырылады. ЭҚБ тәсілі арқылы массасы 150...200 т құймалар алынады. Ал отқа төзімділігі болмағандықтан, осы марка үшін оңтайлы химиялық құрамды дұрыс таңдауға септігін тигізеді. ЭҚБ арқылы қайта балқы- тылған құйманың үстіңгі беті таза, шлактың жұқа қабатымен қап- талған болып шығады. Шлактан оңай тазартуға болады. Осы сипатталған тәсілдерден басқа қайта балқытаудың басқа да әдіс-тәсілдері баршылық. Мәселен, вакуумды индукциялы балқыту (ВИБ), вакуумды доғалық қайта балқыту (ВДБ), электронды-сәулелі қайта балқыту (ЭСБ), плазмалық-доғалық балқыту (ПДБ) т.б.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ҰНТАҚТЫ ЖӘНЕ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

V

БӨЛІМ

203

Тарау 9.  Жаңа материалдар Тарау 8.  Керметтер және
композициялық материалдар

9-тарау

ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

9.1.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Жаңа буынды материалдарға ұнтақты қорытпалар, керметтер және композициялық материалдар жатады. Оларды қолдану – маши- на жасау, құрал-саймандар жасау құрылысы, авиағарыштық техника мен техниканың басқа да салаларында біршама жеңілдіктер әкелді. Ұнтақтар – металдар мен қорытпалардың жеке бөлшектері. Олар- дың поликристалды құрылысы күрделі, 1...200 мкм диапазонында әртүрлі өлшемдері болады. Ұнтақтарды пайдалану арқылы ұнтақты материалдар – біріктірілген қорытпалар, біріктірілген материалдар мен керметтер т.б. алына бастады.

Біріктірілген қорытпалар

– металл ұнтақтарынан металлурги- яда ұнтақтау тәсілі арқылы алынған материалдар. Өндірісте воль- фрам, молибден, темір, никель, мыс, алюминий (мәселен, біріктіріл- ген алюминий пудрасы (БАП) мен ыстыққа төзімді және ыстыққа тұрақты өнімдерді жасауға арналған біріктірілген алюминий қорыт- пасы (БАҚ) секілді түрлері кең қолданыс тапқан.

Біріктірілген материалдар

– металл ұнтақтары мен металға ұқсас қосылыстардың, және олардың металды емес ұнтақтармен қоспаларынан ұнтақты металлургия тәсілімен алынған жартылай фабрикаттары.

Керметтер (атауы «керамика» және «металл» сөздерінің алғашқы буындарынан ықшамдалу арқылы жасалған) – керамикалық және металды ұнтақтарды ары қарай біріктіре отырып, қоспаларын бас- палау арқылы алынған материал. Керамикалық қоспалар ретінде баяу балқитын карбидтер, боридтер, силицидтер мен нитридтер, ал металл қоспалар ретінде – никель, хром, темір, вольфрам, молибден, тантал т.б. металдар және баяу балқитын металдар қолданылады. Керметтерден металл кесетін құрал-саймандар, авиациялық турби-

налардың бөлшектері мен жоғары жүктемелер мен температурада, сондай-ақ агрессивті ортада жұмыс істеуге қабілетті басқа да өнім- дер жасалады.

9.2.

ҰНТАҚТЫ БІРІКТІРІЛГЕН ҚОРЫТПАЛАР

Металды ұнтақтардан псевдоқорытпалар (грек тіліндегі:
pse udos

– өтірік, жалған

сөзінен аударылған) деп аталатын материалдар алынады.

Псевдоқорытпалар – қатты (молибден, вольфрам) және жұмсақ пластикалық (мыс, күміс) металдардың байланыстырушы ұнтақты қоспалары. Псевдоқорытпаларға тән қасиеттерді олардың құрамын- дағы компоненттердің арақатынасын өзгерте алып анықтауға бола- ды. Мыстың мөлшерін ұлғайтып, соған сәйкес молибденнің мөл- шерін азайта отырып,

молибденмысты (МД) псевдоқорытпа алуға болады. Оның СКТК көрсеткіші кең диапазонында өзгереді. Псевдоқорытпаның СКТК көрсеткіші мыстың концентрациясына тікелей байланысты болатыны эксперименталды дәлелденген. Оны псевдоқорытпа құрамында молибде мөлшері ұлғайғанда, молибден- ді каркастың түзілуімен түсіндіруге болады. Молибденді псевдоқорытпаның компоненттерінің мөлшеріне қа- рай температуралық кеңеюінің өзгерісі

9.1-суретте
көрсетілген. Ең үлкен кеңею – мыста (

1

), ал ең аз кеңею – молибденде (

8

) байқа- лады. Молибденді псевдоқорытпалардың қатысты температуралық кеңеюінің жалпы үрдісі мынадай – температура жоғарылаған сайын оның мөлшері ұлғаяды, ал қорытпадағы мыстың мөлшерінің аза- юымен температуралық кеңею 83,3-ден 14%-ға көбейеді (қараңыз:

сурет 9.1
, 2-7 қисықтары).

Мыстың өзіне ғана тән қасиеттері песевдоқорытпалардың басқа да қасиеттерінен көрінеді. Мәселен, МД30 маркалы псевдоқорыт- пасының үлесті электрлік кедергісінің өзгеруі – мыстың параме- трлерінің өзгеруіне ұқсайды. Десек те, бұл қорытпадағы молибден мөлшері бүкіл көлемінің 2/3 бөлігін құрайды. Бұл псевдоқорытпа- ның толық мағынада қорытпа еместігін және өзіндік ерекшеліктері бар екенін көрсетеді. Псевдоқорытпалардың қасиеттері оларды дайындаудың техно- логиялық үдерісіне тікелей байланысты. Бұл үдеріс ұнтақтардың қоспаларын баспалаудан, оларды ары қарай сұйық мыста қосымша

Сурет 9.1 Молибденмысты псевдоқорытпалардың компонент- терінің мөлшері мен температураға байланысты қатысымды температуралық кеңеюі 1,8

– мыс пен молибден;

2, 3

– 83,3% молибден және 70,2% мыстың псев-

доқорытпалар; 4,5

- 50,2% молибден мен 42,2% мыстың псевдоқорытпала-

ры;

6, 7

— 28% молибден мен 14% мыстың псевдоқорытпалары

қанықтырып, біріктіруден көрінеді. Псевдоқорытпалардың жолақта- рын (жалпақ тілімшелерін) алудың перспективті тәсілі – ұнтақтарды алдын ала қанықтыру. Бұл біріктірумен және одан ары қайтадан қа- нықтырумен байланысты өрбиді. Ұнтақтарды баспалау арқылы бел- гілі бір өлшемді дөңгелек қалыпшалар алынса, оларды тілімшелерге немесе ленталарға айналдыру әлдеқайда күрделі әрекет. Ұнтақтар- ды қанықтыру арқылы қалыңдығы 0,9...13 мм жолақтарды немесе тілімшелерді алуға болады. Псевдоқорытпалардан жасалған тілімшелердің жұқарту бағыты бойымен анизотропты қасиеті болады. Қасиеттері бірдей тілімше- лерді алу үшін әрбір дайындаманы сығып алғаннан кейін оларды жұқарту бағытын өзгерту керек. Бұл кәсіпорындардың өндірісте оңай үдеріс емес, сондықтан жарамсыз тәсіл болып саналады. Псев- доқорытпалардың қасиеттерін тұрақтандыру үшін барлық тілімше-

лердің қалыңдығы 90...95%-ға сығу деңгейіне қарай деформация- ланады. Бұл МД50 маркалы молибденмысты песведоқорытпаның тілімшелерінің жылулық кеңеюін ±5 • 10 -4 20...400°С температура арасында өзгертуге, ал жұқарту қалыңдығының СКТК көрсеткішін 10%-ға өзгертуге септігін тигізеді. Тілімшелердің деформациясы пседоқорытпаның тығыздығы, жылуөткізгіштігі мен механикалық қасиеттерін де өзгертеді. Мәселен, 50...60% деформациия бары- сында МД40 маркалы псевдоқорытпаның тығыздығы – 95...96%-ға жетіп, сығу деңгейін ұлғайтқан сайын СКТК төмендейді. Сығу барысында электр- және жылуөткізгіштігі мен механика- лық тығыздығы өте жақсы материалдың бірі – ұнтақты металлур- гия тәсілімен алынған әрі 70...80% вольфрам мен 30..20% мыстан құралған ВМ20 маркалы вольфраммысты псевдоқорытпа (эль- конайт). Вольфраммысты псевдоқорытпаның электрөткізгіштігі вольфрам мөлшері ұлғайған сайын төмендейді, ал мыстың мөл- шері жоғарылағанда, сызықтық заңдылыққа сай көбейіп отырады. аталған псевдоқоыртпаның Бринелл бойынша қаттылығы – күрделі және вольфрам мөлшерінің ұлғаюымен 28-ден 85%-ға ұлғайып, 1,0.3,4 кН/мм

2

арасында болады.

Псевдоқорытпалар қысым (соқу, жұмсарту), кесу (қайрау, фре- зерлеу, тесу, тегістеу) арқылы жақсы өңделіп, ұнтақты металлургия тәсілімен алынған молибденге қарағанда, жақсы созылып, кесіледі. Псевдоқорытпалардың созылуға деген қабілеті Эриксен аспабымен анықталып, компоненттерінің мөлшеріне және дайындау технологи- ясына байланысты болады. Псевдоқорытпалардан жасалған бөлшектерді химиялық және термиялық өңдеу барысында осы материалдың барлығы екіфазалық жүйе екенін, фазалары арасында айтарлықтай айырмашылықтары болатынын ескеру керек. Сондықтан псевдоқорытпаларді өңдемеген дұрыс. Себебі псевдоқорытпалар таңдамалы тәсілмен өңделеді.

Псевдоқорытпалардан жасалған бөлшектерді тазалау дегеніміз

– ыстық трихлорэтиленде майсыздандыру, ыстық деионизация- ланған суда ултрадыбысты әсер ету арқылы шаю және 950...970°С температурадағы сутегіде сығу. Қалыңдығы 20...30 мкм болатын гальваникалық никельдің қабатымен қапталған бөлшектерді ауада 400...450°С температурада термиялық өңдеуден өткізуге болады. Әрине, бұл біршама ұзақ уақытты қажет етеді. Сонымен қатар, псве- доқорытпалар жақсы хромдалады, ал химиялық тұнған никельдің қабаты болса, алтындалады.

Молибденмысты псевдоқорытпалардан жасалған бөлшектерді 1000° С-а дейінгі балқу температурасында кез келген дәнекерлер- мен дәнекерлеуге болады. псевдоҚорытпалардан жасалған бөлшек- тер сутегі құрамында ПСр75 маркалы дәнекермен дәнекерлеу үшін дәнекерлерді балқыту нүктесін 30°С-тан жоғарылатып, қыздыру ке- рек. дәнеердің псевдоқорытпалардан ағуын төмендету үшін оларды алдын ала қалыңдығы 10...15 мкм никельді қабатпен қаптайды. Егер мыстың балқу температурасынан да жоғары температурада қыздыр- са, жақсы өңделген және бір-біріне кіріктірілген бөлшектерді дәне- керсіз-ақ біріктіруге болады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

10-тарау

КЕРМЕТТЕР МЕН КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

10.1.

КЕРМЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕГІ ЖАБЫНДАР

Керамикалық композияциялық материалдар құрылымдық бел- гілеріне қарай дисперстік, талшықтармен немесе жіп тәрізді кри- сталдармен армиттелген және қатпарлы деп жкітеледі. Дисперсті материалдар дегеніміз – металлокерамикалық жасан- ды композициялар – керметтер. Олардың құрамында керамиканың

– ыстыққа төзімділік, отқаққа беріктік, металдың – жоғары механи- калық мықтылық, жабысқақтық, жылуөткізгіштік, электрөткізгіштік және термотөзімділік секілді ең құнды қасиеттері біріктірілген. Кер- меттердің карбидеттер, боридтер, нитридтер, силицидтер негізді түрлері белгілі. Олардың байланыстырушы элементі ретінде жақсы ылғалдандырушы металл жұмсалады. Біріктірілгеннен кейін мұндай керметтер өздерінің қасиеттері жағынан көптеген материалдарға дес бермейді. Басқа керметтердің негіздері – оксидтер болып саналады, оларды байланыстырушы элемент – аралық қабатты түзе отырып байланыстыратын, металдың балқу температурасынан төмен емес температурада қалыптасқан металдар.

Алюминий оксиді (корунд) пен оның металды хром немесе оның кейбір қорытпаларынан алынған байланыстырушылары секілді кер- меттің түрлері кең қолданыс тауып келеді. Оны металл мен керами- каның құрылымының ұқсастығымен түсіндіруге болады. Олардың арасындағы байланыс мықты екендігін білдіреді. Хромның балқу температурасы жоғары – 1890°С, жоғары температурада тотығуға қарсы тұру қабілеті жақсы. Корундтың арнайы тотыққан хроммен композициясының түйіршіктерін күйдірген кезде олардың қатты ерітіндісі – осы металды цементтендіретін байланыстырушы эле- мент түзіледі. Мұндай кермет 1280°С температурада қыздырғанда да тотықпай, 1050°С температураға дейін қыздырып, күрт суытқан-

да да 1000-нан астам циклға бұзылмастан шыдай алады. Сонымен қатар, 1300°С температурада корунд-хром керметті майыстырғанда да өзінің тығыздық шегін – 250... 300 МПа, ал созғанда – 50...130 МПа көрсеткішті бере алады.

Керметті – корунд-хромды дайындаудың технологиялық үдерісі мынадай операциялардан тұрады: ұнтақтарды дайындау, араластыру, баспалау және сығу. Хромның ірілігі 40...60 мкм құрай- тын металл ұнтақтарын электролитті тәсілмен алынады. Олар жұқа дисперсті, бірақ одан да ұсағырақ етіп майдалау қажет болса, шарлы диірмен, футерленген резеңке пайдаланылады. Оксидті ұнтақтарды корундты шарлы диірменде ылғалды ұнтақтап, майдалау арқылы алады. Одан кейін олар баспаланады, бірақ алдын ала ұнтақа пласти- фикацияланған органикалық қоспалар қосылады. Баспаланғаннан кейін 200...300 МПа қысымда оларды вакуум ішінде немесе қорға- ушы газда 1650°С температурада күйдіреді. Күйдірілгеннен кейінгі көлемі 15...20%-ға басылып, төмендейді. Композицияның құрамын компоненттерінің құрамын 30...70% арасында өзгерте отырып, өз- гертуге болады. Керметтерден басқа техникада керамикалық жабындар жиі қол- данылады. Олар негізгі материалдардың қасиеттерін өзгертіп, жақ- сартады.

Керамикалық жабындар жағу

– қара, түрлі түсті және баяу балқитын металдарды керамика қабатымен оларды белсенді ортада химиялық коррозиядан және жылудың әсерінен қорғау. Мұндай жа- бындар жұқа қабатты (бірнеше микрометр) және қалың қабатты (1 мм және одан да жоғары), бірфазалы, композициялы, қатты немесе кеуекті болып бөлінеді.

Жабындар жағудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың бастылары

– газды-жалынды, детонациялы және плазмалық. Керамикалық жа- бындар жалпы тәсілдермен жасалады. Яғни материалды балқыту, шашырату және металдің үстіңгі бетіне жағу, сонымен қатар қызды- ру және т.б. жағу тәсілдері.

Газды-жалынды жабындар материалға ұнтақ  түрінде  неме- се оттықтың ацетил жалынында серіппені балқытып жағылады. 50...100 МПа қысыммен балқытылған бөлшектер 100...150 м/с жыл- дамдықта металдың үстіңгі бетіне соғыла отырып, жағылады.

Детонациялық жабындар материалға жоғарыдыбысты жыл- дамдықты (750...1600 м/с) арнайы аппараттан толқынды жарылыс

секілді шашырап, жағылады. Аппараттардан ацетилен мен оттегінің белгілі бір пропорциядағы қоспасы шашылады. Нәтижесінде қысым күрт артып, үстіңгі беті пластикалық деформацияланып, металмен тығыз бірігеді.

Плазмалық жабындарды жаққанда, ұнтақты қыздырып, плаз- малық ағын секілді металл үстіне шашыратылады. Қыздыру тем- пературасы Цельсий шкаласы бойынша мыңдаған градусқа жетуі мүмкін. Балқытылған материал электрөткізгіш плазмалық ағыстың әсерімен үлкен жылдамдықта түптөсемге соғылып, онда деформа- цияланып, бірігіп, жабысып қалады. Жағылған жабындардың сапасы адгезиямен анықталады. Адге- зия балқытылған материалдың металдың үстіңгі бетімен, атомара- лық және химиялық өзара әрекеттесіп, механикалық жабысу күшіне байланысты. Жақсырақ жабысуы үшін түптөсемнің үстіңгі бетін ал- дын ала дайындап алады, оны жақсылап ылғалдандырады (әсіресе ұштарын сулайды), газ ортасымен өзара әркеттесуін болдырмайды немесе төмендетіп, соққы болған кезде металл бөлшектерінің ки- нетикалық энергиясы оңтайлы болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, СКТК шамасы бойынша бір-біріне жақын материалдар қол- данылуы керек.

10.2.

КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Композициялық материалдар әдетте, пластикалық негізден (ма- трица) тұрады. Матрица байланыстырушы материал ретінде жұмса- лады. Оның құрамында ұнтақтар, талшықтар, жіп тәрізді кристал- дар, жұқа жаңқалар т.б. түрінде әртүрлі компоненттердің қоспалары болады. Компоненттерінің мөлшеріне қарай композициялық матери- алдарды қажетті қасиеттеріне сай дайындауға болады.

Композициялық материалдар мынадай типтерге бөлінеді:
тал- шықты

– бор, көміртек, шыны талшықтары, ширатпа немесе ма- талармен армиттелген пластик; болат, бериллий жіптерімен ар- миттелген алюминий;

қатпарлы

– алюминий + мыс немесе мыс

– алюминийдің екі- немесе үшқатпарлы тілімшелері;

дисперсті-ор- нықтырылған

– торий диоксидінің дисперсті бөлшектерімен ор- нықтырылған никель.

Композициялық материалдар ең бастысы, ұнтақты металлургия тәсілімен, сонымен қатар балқытылған металдарды баяу балқитын

материалдардың (молибден, вольфрам) кеуекті қаркастармен сіңіру және т.б. тәсілдермен алынады. Осындай материалдарды өндірудің тағы бір тәсілі – псевдоқорытпалар болып саналады. Өндірістің әртүрлі салаларында өндірілген композициялық ма- териалдар өте көп. Жаңа композициялар жасалынып жатыр, себебі оларды қолдану жаңа машиналарды жасау, өнімнің жаңа түрлері мен нысандарды өндіру барысын әлдеқайта жылдамдатып, жақсартып, арзандатуға мүмкіндік береді. Олар материалдардың, оның ішінде керамика, металл, пластмасса, резеңке мен металл, аңаш пен метал- дың әртүрлі қасиеттерін бойына жинақтаған. Талшықтармен немесе жіптәрізді кристалдармен армиттелген композициялық материалдар «талшықты композициялар» деген ор- тақ атаумен аталады. Мұндай материалдарды игеру талшықтар мен жіптәрізді кристалдарды органикалық емес заттардан (баяу балқи- тын қосылыстардың оксиді) алу үдерісін ойлап табуға түрткі болды. Талшықты композициялар бейімделген және бейімделмеген поли- кристалды талшықтармен және жіптәрізді кристалдармен армиттеле алады. Бейімделген армиттелген талшықты материалдарғпа қасиет- тердің анизотропиясы тән болып келеді.

10.1-кестесінде
талшықтар мен жіптәрізді кристалдардың қасиеттері сипатталған.

Әдетте, матрица дегеніміз – металл, ал армиттелген компонент дегеніміз – талшық. Алайда матрица керамика болып саналатын сәттер болады. Керамиканың негізгі қуатты жүктемсін талшықты армиттелген компонент атқарады, яғни матрица тек қысым үстейді. Матрица талшықты қорғайды, сондықтан матрица мен талшық ара- сында тығыз байланыс болғаны дұрыс. Бұл байланыс аралық қабат пайда болғанда туындайды. Мұндай қабат матрица мен талшықтар- дың фазалары арасындағы химиялық және механикалық өзара бай- ланыс арқылы түзіледі. Аралық қабат қысым тудырып, осы қысым- ды талшықтар үзілгенде немесе жарықтар пайда болғанда, теңдей бөліп беріп отырады. Талшықтардың мөлшері 75% құрайды, кейде өндірілген материалдың қасиеттеріне байланысты болып келеді. Талшықты композицияны бұзудың сатылы сипаты болады. Бұл матрицаның белгілі бір қысым шегіне жеткенде, жарылуымен бай- ланысты басталады. Кейін біртіндеп отырып, талшықтар үзіледі. Талшықты композициялар талшықтарды матрицалық материал- дармен сіңдіру арқылы дайындалады. Сіңдіру қалыпты қысымда балқыту, вакуумда шашырату, қысым және комбинациялы тәсілдер-

мен жүзеге асырыла алады. Егер матрица ретінде керамика жұмсал- са, керамикалық нұтақ пен талшықты 10%-ға дейін араластырады. Содан кейін оларды тегістеп, түбіне түскен шөгіндіні кептіріп, бас- палауға және одан ары созуға дайындайды. Композицияларды кера- миканы күйдірген пештерде күйдіреді. Газ ортасын композициялық материалдың құрамына сәйкес таңдап алады.

Кесте  10.1. Талшықтар мен жіптәрізді кристалдардың қасиеттері

Материал
Балқу температурасы,

°С

Тығыздығы, кг/м3

СКТК, 10

-6

K

-1

Тығыздық шегі, МПа
Иілгіштік модулы, МПа
Талшықтар:

боралы көміртекті карборундты корундты

2 040
3 000
2 827
2 050

2 630
1 700

3210

3 960

6,3

1,0...1,8 4,7 8,0

250... 350
200... 300

200

210.260

3800.4200
2000.3000
4 600
5 000

Жіптәрізді кристалдар:

корундты Нитридалюми- нийлі карборундты

2 050

2 400
2 650

3 990

3 300

3210

5,9

2 800

1500

3 700

5 000

3 800
5 800

Қатпарлы композициялық матиалдар да техникада жиі қолда- нылады. Композициялық материалдар металл мен керамиканың жұқа пластиналарының (пленкалары) жиынтығы болып саналады. Сенімді қатпарды материалды алудың маңызды шарты – компонент- терінің СКТК шамасын сәйкестендіру. Өздерінің қасиеттеріне қарай қатпарлы материалдар – анизотропты болып келеді, олардың май- ыстыруға беріктігі айтарлықтай жоғары болып, 500 МПа-ға жетеді. Қатпарды материалдардан басқа түйіршік қатпарды композициялық материалдар да болады. Олардың соққыға жабысқақтық дәрежесі

– өте жоғары, майыстырғанда шыдас беріп, термотөзімділігі – қа- лыпты, ал тотығу дәрежесі – төмен болып келеді. Композициялық материалдардың көпқатпарлығы олардың бұзылуға деген төзімділі- гін айтарлықтай дәрежеде жоғарылатады. Себебі, қатпарлы матери- алдағы жарықтар қатпарлары бойынша жайылып кетеді.

Осы қарастырылғандардан басқа, материалдардың басқа да тір-

кесімдері   болады:   металлопластиктер,   металлополимерлер   мен көпқатпарлы металды материалдар.

Металлопластиктер

– болаттың тілімшелері, титан, алюминий мен олардың қалыңдығы 0,3...1,2 мм болатын бір немесе екі жақты жабыны бар, қалыңдығы 0,05...1,0 мм болатын поливинилхлорид, фторопласт, полиамид немесе басқа да полимерлердің қорытпала- рынан тұратын материалдар. Мұндай композицияларды полмер пленкаларды жабыстыру, тілімшені полимердің балқытпасына салу, паста жағу немесе ұнтақ тәрізді полимерді шашу арқылы алуға бола- ды. Металлопластиктер автомобиль кузовтарын, теледидарлардың корпустарын, кір жуу машиналарын жасау үшін пайдаланылады. Себебі бұл материалдар қалыптау арқылы қайта өңдеуден өтеді, де- коративті әрлеуді қажет етпейді, электроқшаулаушы қасиеттері бо- лады.

Металлополимерлер

– термопластиктер, синтетикалық шайырлар немесе каучуктер негізжі, темір, мыс, алюминий, күміс және басқа да металдар немесе болат, берилиий, молибденр, вольфрам мен титан талшықтарының орын толтырушыларынан тұратын материалдар. Мұндай материалдардың жылуөткізгіштігі жоғары, СКТК көрсет- кіші төмен, магнитті ленталарды, тоқөткізуші элементтерді диэо- лектриктер мен басқа да қондырғыларда дайындауда мойынтіректер ретінде қолданылады.

Компзиттер қазіргі заманғы өндірісте материалдар ретінде кең қолданыс тауып келеді. Мәселен, шыныпластиктердің коррозияға төзімдігі мен мықтылығы жоғары болады, ауыспалы жүктемелі жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті болып келеді. Оларды қуатты конструкцияларда, ұшатын аппараттардың қанаттары мен фюзе- ляждарының бөлшектерін, жоғары қысымды баллондарды т.б. жасау үшін пайдаланылады.

Органопластиктер

– монолитті, кеуектілігі жоқ құрылымы бар ең жеңіл композиттер, соққылар мен циклды жүктемелерге жақсы шыдас береді, тербеліске төзімді келеді. Олар- ды қаптау материалдары мен қаптамаларды дайындау үшін қолда- нады.

Көміртекті пластиктер

– тығыздығы мен қаттылық дәре- жесі өте жоғары, термо- және коррозияға төзімді, 300°С-қа дейінгі температурада жұмыс жасауға қабілетті, электрөткізгіш. Мұндай материалдар авиациялық, ғарыштық, автомобиль техникасында, со- нымен қатар спорттық мүкәммалдарды өндіру барысында кең қол- данылып келеді.

Көміртек матрицасы бар және көміртекті талшықтармен армиттелген композит жылусақтаушы жабындар ретінде жиі пайдаланылады. 2000°С температурада қыздырылғанда, тығыздық дәрежесі қысып, сыққанда белгілі бір шекке дейін жоғарылайды. Мұндай материалдар авиациялық тежегіштерді және химиялық тұрақты аппаратураларды қорғау үшін пайдаланылады. Металды матрицасы бар композиттердің иілгіштік модулінің мөлшері – жоғары, полимерлі композиттерге қарағанда, жоғары температурада да өзінің қасиеттерін сақтап қалады. Алюминий ма- трицалары бар композиттер немесе алюминий негізді қорытпалар боралы және көміртекті талшықтармен армиттелген технологиялық қасиеті жоғары композиттер ретінде кең қолданыс тапқан. Боралы талшықтармен армиттелген композит тығыздық шегіне қарай кон- струкциялық алюминийден (1 000...1 200 МПа) 2 есе жоғары, ал көміртекті талшықтармен армиттелгенде – алюминийге жақын ке- леді, ал болатты сымдармен армиттелгенде – тіпті алюминийден де асып түреді. Мұндай материалдар авиациялық өндірісте кең қолда- ныс тауып келеді. Көпқатпарлы металл материалдар техникада барынша кең қолда- нылып жүр. Көпқатпарлы металдарды дайындаудың бірнеше тәсіл- дері белгілі. Олардың ең бастылары – гальваникалық немесе тер- модиффузды жабынды жағу, балқытпаға салу, металлизация және плазмалық шашырату, бу фазаларынан конденсациялау, суық немесе қыздырған күйде жұмсарту және сырғыту. Жоғары сапалы көпқат- парлы металды вакуум ішінде немесе инертті ортада ыстық күйінді жұмсартып, сырғыту арқылы алады. Бұл тәсіл жалату деп аталады. Жалату металдарды тығыз біріктіріп, көпқатпарлы металл тілімше- лерді, жолақтарды, трубкалар мен сымдарды дайындауға, оларды дәнекерлеу, қайнату, сығу, қалыптау және басқа да термомеханика- лық өңдеуден өткізуге мүмкіндік береді. Көпқатпарлы материалдардың маңызды артықшылығы – олардың құрамында әртүрлі металдардың қасиеттерін жинақтау, ал оларды қолдану қымбат тұратын және тапшы металдарды үнемдеуге септі- гін тигізеді. Мәселен, ковардың СКТК көрсеткіші жартылайөткізгіш материалдардың СКТК көрсеткішіне жақын, соған қарамастан, ол жылуды нашар шығарып, коррозияға соншалықты шыдас бере ал- майды. Егер мыстың үстіне ковар жалатса, СКТК көрсеткіші мысқа қарағанда аз, бірақ жылуөткізгіштігі жағынан ұқсас келетін матери- алды алуға болады.

Триметалды лентаны – ковар – мыс – коварды ернемектер жасау үшін коварлы лентаның орнына пайдалану олардың қуаттылығын транзисторлар беретін қуаттан 2-3 есе жоғары жоғарылатты. Ковар- ды молибденмен және титанмен жалату, сонымен қатар оның анти- коррозиялы қасиеттерін арттырды. Болатты мыспен екі жақты жа- лату барысында жылуөткізгіштігі жоғары материал алуға мүмкіндік береді.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ

VІ

БӨЛІМ

217

Тарау 11. Құйма өндірісі
Тарау 12. Материалдарды механикалық және электрлік өңдеу
Тарау 13. Дайындау операциялары

11-тарау

ҚҰЙМА ӨНДІРІСІ

11.1.

МЕТАЛДАРДЫ ҚҰЮ

Құю

– машина жасау құрылысында қолданылатын өнімдерді жасаудың маңызды тәсілдерінің бірі. Құю арқылы өндірістік ме- талдардың 80%-дан астам көлемі қайта өңдеуден өтеді. Бұл тәсіл айтарлықтай арзан, күрделі конфигурациялы қуыс бөлшектерді дай- ындауға мүмкіндік береді. Яғни соғу, қалыптау немесе басқа өңдеу тәсілдерімен материалдарды өңдеу мүмкін болмағанда құю тәсілі жиі қолданылады.

Құю – балқытылған, қалыптың конфигурациясын қабылдап қой- май, содан кейін қалыпты сақтап, қатып қала алатын әртүрлі мате- риалдардан – металл, керамика, пластмасса т.б. құймалар (өнімдер) алу үдерісі. Құймалар (өнімдер, бөлшектер) бірнеше тәсілмен алы- нады. Олардың ең негізгілері – құмды қалыптарға, темірқорамдарға, қалқып шығатын моделдерге, қабықшалы қорамаларға салып құю, қысым және центрден теуіп құю арқылы сіңдіру.

Құмды қалыпқа салып құю

– әртүрлі қалыптарға салып құйма- ларды алу. Олар құмды-балшықты қалыпты материалдардан жа- салып, бір ғана өнім үшін бір-ақ рет пайдалануға арналған қалып- тарға салынады. Құюдың көнеден келе жатқан тәсілі – жерге құю, белгілі бір массалы (әдетте, бірнеше тонна) бір-екі құйма алу ке- рек болғанда ғана, мақсаттырақ болады. Қалып жасайтын матери- алдарға қызутөзімділік, газөткізгіштік, мықтылық және иілгіштігі бойынша нақты талаптар қойылады. Олар құймалардың барынша жоғары сапалы болуын қамтамасыз етуі керек. Құмды қалыптарға құю барысында үлгі, серіппелер, моделді плита, опока, сонымен қа- тар құйма жүйелерін құруға арналған бөлшектер болуы керек. Құй- ма жүйесінің бөлшектері – құйма тостағандарынан (

сурет 11.1 ,

1

), тікқұбырлардан (

2

), шлактарды ұстап қалушылардан (

3

), қоректен- діруші (

4

), шықпалар (

5

) және кірістері – түгел жинақталғанда, жүйе

Сурет 11.1 Жерге құю кезінде құйма жүйесінің бөлшектері

1

– құйма тостағандары;

2

– тікқұбырлар;

3

– шлактарды ұстап қалушы;

4

– қоректендіруші;

5

– шықпалар;

6

– өнім

өнім (

6

) жерге құюға дайын деп танылады.

Құйған кезде сұйық металл қалыпқа бір қалыпты ағыспен құй- ылғанына ерекше ден қою керек.

Құйма тостағандар құю кезінде металдармен толуы тиіс. Тығы- здығы металдардың тығыздығынан аз шлак пен құмдар оның үстіне ақырындап қалқып шығып, шлакты ұстап қалушы құрылғыда қалып қояды. Шықпалар арқылы қалыптардан газ бен ауа шығып, содан кейін құйманың алғашқы сәтінде құммен ластанған металл жарты- лай төгіліп, шығады. Болат пен түрлі түсті қорытпалар металл қатқан кезде астына шөгіліп, тұнады. Бұл тұнба қабыршықтардың түзілуіне сеп болады. Бұны болдырмау үшін кейде былайша айтқанда, кірістер қалдырылады. Кірістер – құймамен байланысты металды элемент- тер. Бұл элементтер арқылы қатқан өнімдер сұйық металды бойына сіңіреді. Егер суу барысында бөлшектерге құйма тостағандардың ішінде сұйық металл құйылса немесе құйманың конструкциясын және оны дайындаудың технологиялық үдерісін кірістерді қажет ет- пейтіндей етіп құрастырса, кірістерді жасаудың да аса қажеті жоқ.

Құйманың үлгісі

– құйма қалыпта болашақ құйма үшін жұмыс- шы қуыс алуға арналған құрылғы. Үлгілер әртүрлі материалдардан өнімінң мөлшеріне және өндіру ретіне қарай дайындалады. Барлық үлгілерде қатқан металды орналастыруға арналған әдіптер қатаң ескерілуі керек. Сонымен қатар, үлгіден қалыптаушы қоспаны оңай алу әрі қалыпты сұйық металмен толық толтыруды жеңілдету үшін

құйманы еңкейту және соған сай радиусты міндетті түрде ескеру керек. Оның үстіне, бөлшектерде ішкі қуыстар болса үлгіге арнайы дөңестер пайда болады. Бұл дөңестер қалыптың құйма серіппелері үшін тірек ретінде жұмсалады. Серіппелердің материалдарына қа- лып жасайтын материалдарға қойылатын талаптар ескеріледі. Олар- ды құмды-балшықты қоспалардан ауқымды құймалар алу үшін, сонымен қатар құмды-шайырлы және сұйық өздігімен қататын қоспаларды нақты өнімдерді алу үшін арнап жасайды.

Үлгілі плита (әдетте, металды) опокасы бар қалыптарды дай- ындау үшін құймалы жартылай қалыптарын түзетін үлгілерді бір- бірімен бекіту үшін жұмсалады. Үлгілі плита – ашық жәшік типінде- гі қатты рама (болат, шойын немесе алюминийден жасалған). Ол бір реттік құмды қалыптарды дайындау барысында, транспорттау және металды құю кезінде қалыпты қоспаларды сақтап тұруға арналған.

Темірқорамға құю

– металл қалыптарда (темірқорамдар) үл- гілімді құймалар дайындау тәсілі. Олардың жылуөткізгіштігі жоға- ры, шойыннан, болаттан, алюминий мен магнийден және басқа да қорытпалардан өлшемдері нақты мықты өнімдер жасауға мүмкін- дік береді. Құюдың басқа тәсілдеріне қарағанда, темірқорамға құю тәсілі – металл қалыптардың үлкендігімен ерекшеленеді (мәселен, танктің құйылған мұнарасының массасы бірнеше тоннаға жетеді).

Қалқыма үлгілері бойынша құю

– үлгілімді құймаларды асқан дәлдікпен алу тәсілі, одан ары қарай қосымша өңдеуді қажет етпей- ді. Бұл тәсіл кезінде қабықшалы адырамайтын газтүзуші қалып пай- даланылады. Қалып ыстыққа төзімді болып, үлгі қалқып шыққан- нан кейін (мәселен парафиннен немесе стеариннен) жұмысшы қуыстары пайда болады. Сұйық металды қыздырылған, содан кейін кептірілген ыстық қалыпқа құйылады. Металл қатқаннан кейін құй- маны алып, сыртқы қабықшасын алып тастайды. Құймалар ешқан- дай тігіссіз тегіс болып шығады, себебі мұндай қалыптың жалғағыш бөлшктері жоқ, сондықтан дәлдік көрсеткіші 25 мм ұзындықта ± 0,05 мм-ге, ал кедір-бұдырлығы

Ra 3,2...1,6 мкм-ге жетеді. Дәл осы тәсілмен болаттан, шойыннан және түрлі түрлі металдардан массасы бірнеше граммнан 50...100 кг-ға дейінші құймалар алынады.

Қабыршақты (қыртысты) қалыптарға құю – «қыртысынан» (металды үлгілерде тұрып қатқан құйма үлгілер)  дәл  құймалар алу тәсілі. Құйма қалыптарын бұлайша дайындау бетпердені алу үдерісіне қатты ұқсайды. 150...200°С температураға дейін қызды-

рылған металды үлгілері бекітілген металды плиталар мен құйма жүйесіне құмды-бакелитті (10%) қоспа жағылады. Бакелит балқып, үлгілі жүйенің металды үстіңгі бетін ылғалдандырады, содан кей- ін қалыңдығы 7...10 мм қоспаның қыртысымен бірге ыстық пешке (300...350°С) салынады. Мұнда 1...3 минут бойы үлгінің қыртысы қата бастайды. Одан ары үлгіден алынған қатты қыртыс (жартылай қалып) өзіне сай келетін басқа жартылай қалыппен бірге балқиды. Алынған қалып металды құюға дайын деуге болады.

Сіңіру (вакуумдау) арқылы құю

– қабырғалары жұқа, суды суы- татын металл қалыптарда құйма алу тәсілі. Бұл қалыптар – катализа- торлар балқытылған металмен оларды әртүрлі қысыммен (атмосфе- ралық және сұйылту) вакуумдау арқылы алынады. Құйманың басқа түрлерінен сұйылту қабырғалары жұқа құймалардың қалыптарын толтыру байсалды жүзеге асады. Яғни бұл тәсілмен құю барысында құймалардан металл ағып, тасымайды.

Қысыммен құю

– түрлі түсті металдардан және болаттардың кейбір маркаларынан өлшемі мен геометриялық қалыптардың асқан дәлдігімен құю тәсілі. Себебі балқытпаның қатуы арнайы құйма ма- шиналарында жоғары қысыммен жүзеге асады.

Центрінен теуіп құю

– қуыс денелі құймаларды (шойынды не- месе болаттан жасалған құбырлар, сақиналар мен төлкелер) центр- лік тепкіш күштердің әсерімен құйма алу тәсілі. Балқытпа металл толыққанды қатқанша, металды қалыптарда қысып ұстайды. Нәти- жесінде алынған өнімдердің сыртқы қабаттарының қаттылық дәре- жесі жоғары болады. Құйма қалыптардың айналу өсінің бағытына қарай құйма машиналар көлденең немесе тік болып бөлінеді.

Құйма қалыптар құйылған өнімдердің мөлшеріне қарай бір рет- тік, жартылай тұрақты және тұрақты болып бөлінеді.

Бір реттік қалыптар

– әрбір құйма алынғаннан кейін жойыла- ды (қажетсіз етіледі). Мәселен, құмды қалыптарға немесе қалқып шығатын үлгілерге құю тәсілдері.

Жартылайтұрақты қалыптар

– ыстыққа төзімді  массалар- ды 500...600°С температурада дайындайды. Бұл қалыптар бірнеше ондықтан бастап бірнеше жүздікке дейінгі құймаларға шыдайды (мәселен, қабыршақты қалыптарға құю тәсілі).

Тұрақты қалыптар – әдетте, темірқорамдарға құйылған металл қалыптар. Жеңіл балқитын металдардан (цинк, алюминий, қалайы, магний)  құймаларды  дайындағанда,  металл  қалыптар  мыңдаған

құймаға жетеді; шойыннан өнімдерді құйып алғанда, 1000-1500 құймаға; болаттан жасалған ұсақ бөлшектерді құйғанда – 600-700 құймаға жетеді (құймалардың саны өнімнің мөлшерінің ұлғаюымен азая береді).

11.2.

КЕРАМИКАНЫ ҚҰЮ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

Керамикалық өнімдердің қалыптарын құру үдерістерінің ішін- дегі кең танылғандары (құрғақ баспалау, мүштіктерді басып сын- дыру, пластикалық қалыптау) ішінде өндірісте шыланқұрамдарда құю, немесе қысыммен ыстықтай құю секілді тәсілдері кең қолда- ныс тапқан. Бұл тәсілмен көп орынды қалыптарда күрделі конфи- гурациялары бар, қасиеттері мен тығыздық дәрежесі бірдей, бірақ өлшемдері әртүрлі өнімдердің бірнеше түрлерін бір мезетте құйып шығаруға болады. Керамикалық өнімдерді қысым арқылы ыстықтай құюдың техно- логиялық үдерісі құйма шыланқұрамдарды дайындау мен бөлшек- терді құюдан тұрады.

Құйма шыланқұрамдары К94-1 (массасы) минералды ұнтақты шектеулі байланыстырумен (пластификатор) араластырып, одан ары ауаны шығару үшін вакуумдау арқылы дайындайды. Органикалық байланыстырушы элемент – әртүрлі заттардан (олеин қышқылы, балауыз) бірқатар қоспалары бар   парафин (балқу температурасы

– 52...56°С). Қоспалары, жеңіл ұшатын фракцияларының мөлшері аз және қатқан кезде тұнбалары аз болатын парафинді пайдаланған дұрыс. Олеин қышқылы мен балауызды қосу минералды ұнтақты парафинмен байланысын тудырып, шыланқұрамдардың ыдырап ке- туге беріктігін қамтамасыз етеді.

Әдетте, құйма шыланқұрамдар 89,4% минералды ұнтақтан (ВК94-1, үлесті үстіңгі бетінің салмағы – 5000 см

2

/г), 10% пара- финнен, 0,3% балауыз бен 0,3% олеин қышқылынан тұрады. Бай- ланыстырушы элементтің мөлшері ұнтақтың қасиетіне, дисперсті құрамына, үстіңгі бетінің салмағы мен басқа да шарттарына қарай өзгеріп отырады. Жоғары дәрежеде саз балшықты керамикалық материалдардан жасалған өнімдерді құюдың сапасы мен тұрақтылығы шыланқұрам- ның сапасына, құйма жабдықтарына, құрал-жабдықтар мен тәртібіне

(шойынқұрамның температурасы, қысымы, қоректендіру темпера- турасы, қалыпты қысыммен ұстап тұру ұзақтығы) тікелей байла- нысты. Жоғары дәрежеде тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін құрамы тұрақты шойынқұрамды пайдаланып, оның негізгі параме- трлерін сақтау керек: органикалық байланыстырушы элементтерінің мөлшері, балқу температурасы мен құйма қабілеті). Керамикадан жасалған бөлшектерді құю кезінде жаңа ғана дай- ындалған ыстық шойынқұрамды пайдаланып, оны құйма маши- насының жұмысжы багына құйып, бір ауысым бойы (келесі күнге қалдырмай) қайтадан өңдегенде, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатыны эксперименталды түрде анықталды. Шойынқұрамды бір ауысым ішінде бір-ақ рет вакуумдаса жеткілікті (түскі үзілістен кей- ін). Жиі вакуумдау мақсатты емес, себебі жиі вакуумданғанда, бай- ланыстырушы элементтің жеңіл фракциялары жойылып кетеді. Керамикалық бөлшектерді құрылымы, әрекет ету ұстанымы әртүрлі құйма машиналарда құйып, дайындайды. Әрине, оларды құю тәсілі бірдей болады.

Құйма жартылайавтоматтары (
сурет 11.2

) басқа машиналарға қарағанда, әлдеқайда жетілдірілген: олардың екі шойынқұрамды багы болады: қосымша (

11

) және жұмысшы (

16

). Бұл бактарда шой- ынқұрам электр қыздырғышпен қыздырылған (

9

) глицеринмен қыз- дырылады (

10

), содан кейін жлектрқозғалтқыштардың (

1

) көмегімен жұмыс істейтін араластырғыш құрылғымен араластырылады (

3

). Бактар бір-бірімен арнайы вакуум-сыммен (

4

) және дрюсселденген құрылғымен (

2

) біріктірілген. Олар суытылған кезде немесе қызды- рылғанда, шойынқұрамды тығын сияқты әрекет етеді немесе оны мүлдем жойып тастайды. Сөтіп бактарды шойынқұрамды біреуінен (қосымша) екіншісіне (жұмысшы) қотару үшін біріктіріп немесе ажыратып отырады. Бактар сығымдалған ауаның қысымында бола- ды немесе оларда механикалық вакуумды сорғыштың (

7

) көмегімен ыдырату (вакуум) үдерісі басталады. Вакуумды соғыш қақпанмен (

6

) жабдықталған.
Глицериннің температурасы автоматты түрде датчиктер (

12

) арқылы термореттеліп отырады. Жұмысшы бактың шойынқұрам деңгейлі датчигі (

15

) болады. Құйма қалып (

18

) жартылай автомат- тың үстеліне құйма тесігі арқылы төменге қарай орналастырылады. Басқарудың сәйкес органдарына әсер еткенде, шток арқылы (

19

) үстелге бекітіледі. Белгілі бір уақыт өткен соң айырғыш құрылғы

Сурет 11.2 Құйма жартылай автоматтың сызбасы

1

– электрқозғалтқыш;

2

– дрюсселдеуші құрылғы;

3

– араластырғыш;

4

– вакуум-өткізгіш;

5

– сығымдалған ауаның құбыр желілері;

6

– қақпан;

7

– механикалық вакуумды сорғыш;

8

– қотаратын шұралар;

9

– қыздырғыштар;

10

– глицерин;

11...16

– қосымша және жұмысшы шойынқұрамды бактер;

12...15

– температура мен деңгейлердің датчиктері;

13

– сулы мұздатқыш;

14

– шойынқұрамды соруға арналған құбыр желісі;

17

– қоректендіруші; 18

– құйма қалып;

19

– шток;

20

– цилиндр;

21

– үйлестіруші құрылғы

21

) арқылы сығымдалған ауа жұмысшы бакқа (

16

) жіберіледі. Ал шойынқұрам ауаның қысымымен жылыту қоректендіргіші (

17

) арқылы құйма қалыпқа түседі. Уақыт релесі автоматты түрде шой- ынқұрамның беру уақытын есепке алады. Осы уақыт аяқталған соң ауа атмосфераға «өңделеді», қысым «төмеедейді», ал шток құйма қалыпты қысудан босатады. Ауаны қалыпты қысу үшін беруден басталып, аяқталған сәтіне дейінгі цикл автоматты түрде жүзеге аса- ды. Цикл аяқталған соң құйма қалыптан құйма-науа мен құйылған бөлшектер алынады. Ал қалыптарды жинап алады да құю үдерісі қайталанады. Құйма қалыптың төрт изолятордан тұратын құрылымын қарасты- рып өтелік. Құйма қалыпқа құйылған соң шойынқұрамды арнайы пышақпен (сурет 11.3, а

) баса отырып, құйма плитасынан (

1

) құйма- жолды кесіп, шығарып алады. Содан кейін штифтпен топса арқылы біріктірілген (

11

) иінтірекке (

12

) әсер ете отырып, құйылған бөлшек- терді (сурет 11.3, б

) таңбаны ұстаушымен бекітілген (

5

) таңбалардан (
4, 6
) бағыттаушы және белгілеуші бағаналар (

8

) бойынша сырғыған

құйма плиталар мен матрица (

2

) арқылы шығарып алады (сурет 11.3, а

). Матрицада (

2

) қалып қойған құйылған бөлшектер (изоляторлар (

10

) басқа алғыш құралмен суырылады (суретте көрсетілмеген). Со- дан кейін қалыптарды жинап (қақпағына (

7

) матрица мен құйма пли- таны кигізеді), жұмысты ары қарай қайта жалғастырады. Керамикалық өнімдерді құю барысында анықталған брактың ба- сты түрлері – құйма қалыптардың толық толмауы және арасында бос қуыстардың қалып қоюы, сонымен қатар құйманың жұлынған жер- лерінің іздерінің қалуы. Қалыптарды толық толтырмау себептері – қалыптан ауа шығатын арналардың болмауы (қалыптың құрылысы мен дайындауындағы ауытқулар), жеткілікті дәрежеде жоғары температураның болмауы немесе шойынқұрамның төмен қысымы, құймаларды рационалды емес толтыру, олардың мөлшерінің аздығы немесе шектен тыс кө- беюі, сондай-ақ қалыптың жетілдірмей жасалуы және құйма қалып- тардың жұмысшы үстіңгі бөлігін өңдеудің сапасы.

Құйылған өнімдердегі
бос орындардың

мөлшері шыланқұрамдар- ды құяр алдында дайындау сапасына, сонымен қатар қалыптардың құралымы дайындау сапасына (ауа шығарылмайды, шойынқұрам- ның қарсы және құйын ағындары түзіліп, шойынқұрам қалыпты толтырғанда суып кетеді) тікелей байланысты. Құйманы құйылған керамикалық бөлшектерден ажыратудан қалған іздер мәңгіге қалып қояды. Бракталғанын айқындайтын белгілерге ұйғарынды мөлшер- ден асып түскен, яғни оларды ары қарай жоюға болмайтын іздерді жатқызуға болады. Брактың осы түрлерінің себептері – құйма қа- лыптардың құрастырылымдық ауытқулары, оларды дайындаудың төмен қасиеттері, сонымен қатар құймашы-жұмысшының біліктілі- гінің жетіспеуі. Корундалы керамиканы күйдіру, әдетте, алдын ала және ақырғы деп бөлінеді. Алдын ала күйдіру кезінде керамикадан байланысты- рушы элементті (мәселен, парафин) алып тастап, шикі керамикалық бөлшектерді балқыту мен деформациядан қорғап тұратын және бай- ланыстырушы элеиментте адсорбция ретінде жұмсалатын толтыр- маларды (мәселен, күйдірілген глиномез, каолин, күлдегі) бөлшек- терді қыздырады. Толтырма ретінде пайдаланылған глиномез бен каолиннің болар-болмас кемшілігі – оларды күйдірілген керамика- лық бөлшектердің үстіңгі бетінен, әсіресе қол жеткізу қиын болған жерлерді тазалаудың қиындығы. Толтырманы әдетте, механикалық

Сурет 11.3 Төрт изоляторды құюға арналған құйма қалып а

– жалпы түрі;

б

– изолятор (өнім);

1

– құйма плита;

2

– матрица;

3

– алынғыш;

4...6

– таңбалар;

5

– таңбаларды ұстаушы;

7

– қақпақ;

8

– баға- на;

9

– пышақ;

10

– изолятор (өнім);

11

– штрифт;

12

– тетік

жолмен тазартады. Толтырманы тазалаудың химиялық тәсілі де бар. Ол – керамикалық бөлшектерді қышқылдандырылған ерітіндінің ішінде қайнату. Арналы (газды) күйе толтырма ретінде пайдаланылады. Оның кемшілігі жоқ, күйдірген кезде ол толығымен күйіп түсіп, өнімдер

тазарып шығады. Күйені қолдануға оның кейбір кемшіліктері кері әсер етпей қоймайды, мәселен жарылу- және өртқауіпсіздігі, өн- дірістік гигенаны және өндірістік санитарлық нормаларды (угар газы түзіледі) сақтау қиындығы (лас үдеріс). Керамикалық бөлшектерді алдын ала күйдіру үшін капселдер- ге (алундты жәшіктер) орналастырылып, үстіне толтырмаларды құяды. Капселдерді соғыштары немесе скафандрлары бар арнайы шрафтарға салып, содан кейін кез келген құрылымды пешке орна- ластырады. Алайда пештің балқыту температурасы ±5°С дәлдікті көрсетіп, 1100...1200°С максималды температураға дейін біркелкі қыздырылуы керек. Керамиканы алдын ала күйдіру үдерісі ауада жүргізіледі, температураны белгілі бір тәртіппен көтеріп отырады. температураны 20-дан 250°С-қа дейін, яғни балқу (54°С), буланды- ру, адсорбция мен парафиннің жануы жүзеге асатын интервал ішінде көтеру жылдамдығы – қауіпті. Алдын ала күйдіру әдетте, 20 сағатқа созылады. Яғни осы уақыт ішінде кезекші міндетті түрде пештерге мұқият бақылау жүргізіп отыруы керек. Үшсатылы алдын ала күйдіру технологиялық үдерісі белгілі. Ке- рамиканы бір ауысым кезінде толтыру дегенді білдіреді. Оның мәні мынада – бірінші ауысым кезінде өнімді 20-дан 120°С-қа дейін қы- здырып, сосын пешті өшіріп қояды. Екінші ауысымда бөлшектерді 120°С-қа дейін жылдам қыздырып, содан кейін берілген тәртіп бой- ынша 120-дан 240°С-қа жоғарылатады. Осыдан кейін пешті өшіріп қояды. Үшінші ауысым кезінде керамиканы 240°С-қа дейін жылдам қыздырып, сосын берілген тәртіппен 1100°С-қа қыздырады. Керами- каны бұлайша үзіліссіз күйдіру жұмысты бір ауысым ішінде өткізуге мүмкіндік беретіндігімен ыңғайлы. Алдын ала күйдіруден кейін (1100°С-қа дейін қыздыру) кера- микада 0,1...0,4% байланыстырушы элемент қалып қояды. Кейбір жағдайларда алдын ала күйдіруде байланыстырушы элементті тол- тырмадан жартылай тазалау әдісі қолданылады (кішкентай бөл- шектерде байламның мөлшері – 1...3%, ал ірі бөлшектерде – 5...6% аралығында болады). Ол үшін бөлшектерді 260°С температурада қыздырады (температураны көтеру жылдамдығы – 8°С/сағ құрайды) да, 3 сағат ұстап тұрады.

Керамиканы толтырмасыз-ақ алдын ала күйдіруге болады. Оны шағынгабаритті бөлшектер үшін пайдаланады. Шағын габа- ритті бөлшектерді (күйдірілетін өнімдер жасалған дәл сол керами-

калық материалдан) жартылай күйдіріп жасалған (толтырма ішінде алдын ала күйдірілген) түптөсемдерге салып қояды. Керамикалық түртөсемдер байламды адсорбциялайды, олардың жартысы була- нып, сорғыш жүйе арқылы сыртқа шығып кетеді. Керамикалық түптөсемдерді пайдаланумен байланысты күйдіру тәсілі – айтар- лықтай қымбат. Сондықтан, олардың орнына жез немесе никельден жасалған, шағын ғана ұяшықтары бар торлар қолданылады.

Өнімді ақырғы рет күйдіру үшін оларды толтырмадан тазалап, керамикалық қайықшаларға орналастырылады. Жоғары сазбал- шықты керамиканы ақырғы рет күйдіру үшін температурасының жұмысшы арнасы 1700°С құрайтын газды (сутекті) пештер пайда- ланылады. Пештің құрылысына қарай ақырғы рет күйдіру бірне- ше сағаттан 12 сағатқа дейін, кейде одан да көп уақытқа созылады. Соған сәйкес өнімді итергіш пештерше итеріп апару уақыты да өз- гереді. Оны әдетте, тәжірибелі жолмен анықтап, 15, 30 немесе 60 минутқа созылады. Эксперимент жүзінде ақырғы рет күйдіру бары- сында температураны көтеру жылдамдығы әртүрлі болатыны, оны термиялық құрал-жабдықтардың мүмкіндігіне және керамикалық өнімнің сынғыштығына қарай анықталатыны дәлелденді.

Керамиканың сапасына жабық күйдегі ақырғы рет күйдіру (жабық күйдіру) тәсілі айтарлықтай әсер етеді: керамикалық бөл- шектер пешке жіберер алдында керамикалық түптөсемдерге орна- ластырылады (түптөсемдер әдетте күйдірілетін өнімнің материа- лынан жасалады) да, дәл сол материалдан жасалған қақпақтармен жабылады. Жабық күйдіру арқылы қоңыр түсті, ашық күйде күйдіру арқылы алынған, үстіңгі беті тегіс әрі жарқыл керамикалық бөлшек- тер алынады. Жабық күйдіру барысында керамикалық өнімнің шы- ныфазалары ашық күйдіруге қарағанда, 40...45% жоғарылайды. Керамиканың үстіңгі бетін шынымен (шыныфазамен) қа- нықтандыру мәселен, металдың қорытпаларының механикалық мықтылығын жоғарылатуға септігін тигізеді. Жабық күйдіру бары- сында шынының шектен тыс мөлшері оның булануы жүзеге аспа- уына байланысты (шыныфазаның балқу температурасы – 800°С, ал күйдіру температурасы – 1550...1650°С). Бөлшектермен толтырылған өлшемі кішкентай, жабық ыдыстағы парциалдық қысым жоғарылайды, содан кейін тұрақталады. Сон- дықтан шынының буланудан жойылу көлемі соншалықты көп бол- майды.

Керамиканы күйдіруге арналған жабық ыдыстар ретінде қолда- нылу мерзімі ұзақ, үстіңгі беті таза әрі тығыз, буланушы материалды адсорбцияламайтын молибденді қайықшалар пайдаланылады. Мо- либденді қайықшаларда керамиканы баса отырып, күйдіреді. Әдет- те, керамиканы ақырғы рет күйдіру сурегімен салыстырғанда 2,5 есе жоғары азотты қалыпқа келтіруші пеште жүргізіледі (шықтарына дейін ылғалдандырылған 30 ± 5)°С). Пештегі сутегінің көп мөлшері сүйдіру температурасын тұрақтандыру септігін тигізбейді. Оған күйдірудің азотпен салыстырғандағы, жоғары жылусыйымдылығы мен сутегінің жылуөткізгіштігі әсер етеді (сутегінің жылусыйым- дылығы – 13,6; ал жылуөткізгіштігі азоттан 7,15 есе жоғары). Жоғары температурада күйдіру барысында жоғары сазбалшықты керамиканың құрылымы соңғы рет өзгеріске түседі, яғни ол бел- гілі бір физика-химиялық қасиеттерге ие болады. Керамика қыз- дырылғанда, минерализатор – оның бірігуін реттеуші компонент

балқиды (ВК94-1 керамика үшін – бұл MnO – SіO – Cr O
оксидінің

2        2    3
қоспасы), алюминий оксидінің түйіршіктері еріп, бірігеді. Ал жоға-

ры температурада ұсталса, құрамы гомогенизацияланады. Біршама уақыт ұсталғаннан кейін керамикалық өнім – алюминий оксидінің біріктірілген, балқытылған шынымен толықтырылған каркасы секілді болады. Шынының СКТК көрсеткішінің әртүрлілігіне және алюминийдің кристалды оксиідінің нәтижесінде соңғысы суыған кезде шыныға қарағанда сығымдалып, оны керамиканың үстіңгі бетіне қарай шығарады. 800°С-тан жоғары температурада сұйық күйінде тұрып, шыны температураның төмендеуіне қарай қатып, оның қозғалысы тоқтап, қатты денедегі қысымының өсуі байқалады. Сөйтіп, шыны сығылады, ал кристалды каркас – созылады. Керамиканы механикалық өңдеудің басты үдерістері – тегістеу және кесу. Қажетті өлшемді және геометриялық пішінді керамика- лық өнімдер алу үшін оларды тегістеп, шынымен қаныққан үстіңгі қабатынан тазалайды. Бұл керамиканың метаомен жоғары сапалы бірігуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда қосымша қысым түзіліп, микрожарықтар пайда болады. Сондықтан, егер технологиялық үдеріс қажетті өлшем мен геометриялық пішінді керамикалық өнім- дерді алу үдерісін қамтамасыз ете алса, тегістеу қажет болмас еді. Өкінішке орай, қазіргі таңда керамикалық өнімді дайындаудың тех- нологиялық үдерісінен тегістеуді алыс тастау мүмкін емес.

Керамиканы  металды  өндіру  ісінде  қолданылатын  жазықтегі-

стеуші білдекте тегістейді. Көптеген эксперименттер нәтижесінде АЖП 250 х 15 х 5 х х 75-ЖСА12-М1-100% алмазды шеңберін пайда- ланғанда, үлесті өндірушілік қабілеті байқалады. Бұл шеңбер алмаз- ды қатпарлардың бір ғана мөлшерін тоздырғанға шыдайтын керами- каның 40 өлшемін алуға мүмкіндік береді. Шеңбердің маркарокасы былайша ұғындырылады: АЖП – алмазды жазық тік профиль; 250 М1 байламындағы ЖСА-ның синтетикалық алмаздарының шең- берін керамиканы 300 м/с жылдамдықта тегістегенде қолданған дұрыс. Себебі олардың үлесті өндірушілік деңгейі – табиғи алмаз- дардың шеңберіне қарағанда, 1,6 есе жоғары. ВК94-1 керамиканы тегістеу барысында мынадай тәртіпті ұсына- ды: тегістеу жылдамдығы – 28.30 м/c; үстелдің бойлық жылдамдығы Керамиканы синтетикалық алмаздар шеңберінен өңдеудің ең тиімді тәртібі өнімнің үстіңгі бетінің кедір-бұдырлығын Ra

0,80 мкм өлшемде қамтамасыз етеді.

Тегістеудің сапасына үстелдің көлденең берілуі мен өңдеу те- реңдігі, сондай-ақ керамиканың түйіршік кристалды фазасының өл- шемі (үстіңгі бетінің кедір-бұдырлығы түйіршіктің өсуіне пропор- ционал көбейеді), керамика мен шеңбердің сууы әсер етеді. Бұлар үдерістің соңына қарай минималды болуы керек. Әдетте суытушы сұйықтық ретінде техникалық соданың 2...3%-дық сулы  ерітін- дісі жұмсалады. Ол 20 л/мин шығынмен беріледі. Кесу аймағында суыған кезде де жоғары температура (шамамен 200 °С) пайда бо- лады. Сондықтан суыту жеткілікті болмаса керамикада микрожа- рықтардың пайда болу қаупі болады. Алмазды шеңберді дұрыстау жазықтегістеуші білдекте түйір- шіктерінің мөлшері 25-16 (негізгі фракция түйіршіктері – 315...160 мкмк) мкм, жасыл түсті кремний карбидін контактілі қайрау тәсілімен  орындайды.  Ол  үшін  қайрақтарды  білдектің  үстелінің

үстіне орнықтырады. Алмазды шеңбер 25...30 м/с жылдамдықта ай- налып, міндетті түрде суытылуы керек. Керамикадан үлкен әдіптерді алу үшін түйіршіктері азайған бір- неше алмазды шеңберді пайдаланған жөн. Мәселен, қара түсті тегі- стеуді АСВ25–АСВ16, ал тазалық тегістеуді – АСВ16–АСВ8 және түйіршіктері одан да ұсақ алмазды шеңберлерімен жасау керек. Цилиндрлі керамикалық өнімдерді тегістеу әдетте, центрсіз тегі- стеуші білдекте қалыңдығы 75...100 мм болатын жазық тік профиль- дің алмазды шеңберлерімен орындайды. Бұл профиль арнайы тапсы- рыспен жасалады. Өндірісте әдетте, қалыңдығы әртүрлі бірнеше шеңбердің жиынтығын пайдаланады. Жиынтықты арнайы жақтауда жинап, диаметрі бойынша дөңгелектегістешуі білдекте абразивті шеңбермен тегістеп, содан кейін центрсіз тегістеуші білдекке ор- нықтырады. Алмазды шеңберлерді центрсіз тегістеу білдектерінде түйіршіктері 25-16 болатын, қаттылығы СМ1-СМ2 құрайтын, жасыл түсті кремний карбидінің шеңберлері арқылы орындайды. Алмазды және абразивті шеңберлерді білдектің ортасындағы жақтауға орна- ластырады, соған сай 40...60 жылдамдықта 25...30 м/мин барынша суытады. Берілген өлшемді бөлшектерді алу үшін керамиканы арнайы біл- дектерде кесуші құралмен кеседі. Кесуші құрал – сыртқы кескіш жи- ектері бар алмазды кесінді шеңбер. Паспорттарыда алмазды шеңберлердің сыртқы кесуші жиектерін- де олардың өлшемдері, байлам маркалары, алмаздың клнцентрация- сы, оның караттық өлшемі, сонымен қатар түйіршіктігі көрсетіледі. Айталық: АОК100 х 0,3 х 5 х 20 шеңберінің маркасы былайша ұғын- дырылады: сыртқы диаметрі 100 м, қалыңдығы – 0,3 мм, алмазды қабатының ені – 5 мм және орнаықтыру диаметрі – 20 мм құрай- тын алмазды кесінді шеңбер. Әдетте, бұл шеңберлер 25...50 м/с кему жылдамдығында содалық ерітіндіде жақсы салқындатылып, жұмыс істейді. Тегістелетін керамикалық бөлшектер алдын ала металл жақтау- ларға жабыстырады. Ал кескен кезде жақтау мен керамика арасында шыныдан жасалған пластмасса орналастырылады.

11.3.

ПЛАСТМАССАНЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ

Пластмассалардан өнімдер дайындаудың кейбір тәсілдерін қара- стырып көрелік. Жылдан жылға пластмассалар өндіріс орындарын- да өздерінің құнды қасиеттері, әсіресе металдардың орнын баса алу қасиеттеріне қарай кең қолданыс тауып келеді. Термореактивті пластмассалар (реакпластар) негізінен, баспалау (қысып ыстық баспалау, пресс-құю) арқылы, ал пресс-материалдар ретінде пресс-ұнтақтар, түйіршіктер, пресс-үгінділер, талшықтар, пресс-массалар мен қатпарлы толтырушылары бар пресс-материал- дар қолданылады. Реактпластар тек бір-ақ рет қайта өңделеді. Реак- пластардың қалдықтары мен брактарын өндірісте пластмасса жасау барысында, тек қана жұқа майдаланған күйінде ғана толтырушылар ретінде пайдалануға болады. Реакпластардан өнімдерді дайындаудың технологиялық үдерісі таблеткалаудан, пресс-материалды алдын ала қыздырудан және бас- палаудан тұрады.

Пресс-ұнтақтарды таблеткалау

– эксцентрикті, айналмалы және гидравликалық пресстерде (машиналарда) жүргізіледі. Таблет- каларды баспалау үшін құрал-жабдықтарды таңдау таблеткалардың мөлшеріне, олардың сапасы мен өлшеміне қойылатын нақты талап- тарға, сондай-ақ қажетті өндірушілігіне қарай анықталуы керек. Осы аталған талаптарға жоғары дәрежеде айналмалы машиналар сай ке- леді. Эксцентрикті престердің өндірушілік дәрежесі төмен болған- мен, массасы нақты және мөлшері әртүрлі таблеткаларды алуға мүм- кіндік береді. Гидравликалық престерде ірі таблеткалар өндіріледі (диматетрі – 230 мм және биіктігі 100 мм-ге дейін). Пресс-ұнтақтар- ды таблеткалаудың артықшылығы – еңбек шартын жақсарту (шашы- рауы аз), өндірушілікті жоғарылату (қыздыру үдерісі жылдамдайды, баспалау циклы қысқарады, пресс-материалды  мөлшерлеу  бары- сы жеңілдейді т.б.), сапасының жоғарылауы және брак деңгейінің төмендеуі (материалдан ауа шығарылады, сондықтар қуыстар пайда болмайды).

Пресс-материалды алдын ала қыздыру баспалау циклын 1,5-2 есеге қысқартуға септігін тигізеді. Бұл тәсіл өнімді престен түсіру- ді жылдамдатып, пресс-материалдың пресс-қалыптан ағып кетуін жақсартады (баспалаудың салмақты қысымы төмендейді), өнімнің сыртқы пішіні, физика-механикалық және диэлектриктік қасиетін

жақсарып, пресс-қалыптың тозылу дәрежесі төмендейді.
Пресс-материалдар табиғатына қарай, алдын ала қыздыру
төмен
(80...120°С) және

терең (160...200°С) болып бөлінеді. Пресс-ма- териал барынша қысқа уақыт ішінде тепе-тең қыздырылуы тиіс. Себебі әртекті қыздыру әрі ұзақ уақыттық қыздыру баспалау жағдайын нашарлатады. Ең алдымен, баспаланатын материалдың сұйықаққыштығын нашарлатады. Қыздыру үшін ТВЧ генераторлары, термфошкафтар, инфрақы- зыл сәулелерінің қайнар көздері мен ыстық ауа пайдаланылады. Пресс-материалды  қыздырудың  талаптарына  ТВЧ   генераторла- ры толық жауап береді. Пресс-материалды (диэлектрик) ауыспалы электр өрісіне орналастырғанда, онда молекулалар поляризацияла- нып, олар генератордың бір жиілігінен екінші жиілігіне қарай тербе- ле бастайды. Пресс-материалдың молекулаларының тербелісі оның бір бөлшектерінің келесілеріне қатысты үйкелісін тудырады. Материалды қыздыру үдерісі ТВЧ генераторының қуатына және олар тудыратын электр тербелістерінің жиілігіне тікелей байланы- сты.

Сурет 11.4 Қысып баспалау а

– материалды салу;

б

– баспалау;

в

– дайын өнімді итеріп шығару;

1

– престің жылжымалысы;

2, 5

– пуансон мен матрицаның қыздырушысы;

3

– пуансон;

4

– пресс-материал;

6

– матрица;

7

– итергіш;

– баспалау күші

Қысып баспалау пресс-құймадан ерекшеленеді. Пресс-материал пресс-қалыпта қыздырылып, қысымның әсерінен пластикалық күй- ге еніп, пресс-қалыптың жұмысшы бөлігін толтырып, сонда қатады. Баспалауға  жіберілген  пресс-материалды  (

4

)  қыздырушы  (

2

) көмегімен  қыздырылған  матрицаға  (

6

)  ендіреді  (
сурет  11.4,

а

). Жылжыманы (

1

) преске түсіргенде және пресс-қалыптың жоғарғы бөлігін қыздырушы (

5

) көмегімен қыздырылған пуансонмен (

3

) қа- быстырғанда, төменгі бөлігінде баспалау үдерісі басталады (сурет
11.4,

б ).

Белгілі бір уақыт белгілі бір температура мен қысымда ұсталған- нан кейін баспалау үдерісі аяқталады. Престің жылжымасы арқылы пресс-қалыптың үстіңгі бөлігі пунасонмен бірге (

3

) көтеріліп (сурет 11.4, в

), дайын өнімді итергіш арқылы (

7

) пресс-қалыптан шығары- лады. Осымен өнімді дайындау үдерісі аяқталады. Баспалаудың технологиялық үдерісі бірнеше операциялардан тұрады. Солардың ең бастыларын қарастырып өтелік. Пресс-материалды мөлшерлеу салмақты (талшықтық, тексто- литті үгінділер үшін), көлемді (пресс-ұнтақтар үшін) және даналай (таблеткалар үшін) болып бөлінеді. Одан ары термошкафта немесе ТВЧ-да алдын ала қыздырып, пресс-материалды пресс-қалыпқа са- лады. Егер өнімді армиттесе, орнықтырылған бөлшектерді алдын ала орнықтыру керек. содан кейін пресс-қалыпты престің көмегімен баспалап, қысымды белгіленген тәртіппен және бірнеше мәрте цикл- ды баспалайды – пресс-қалыпты баспалау барысында туындаған газ- ды пресс-қалыптан шығара отырып, ажыратып, қосады. Баспақтау материалды қыздыруға септігін тигізіп, сақтау уақытын қысқартып, өнімнің сапасын жақсартады (жарықтар, көбіктер туындамайды, мо- нолиттілігі жақсарады).

Баспалау (ұстау) ұзақтығы дегеніміз – пресс-қалыпты қосудан бастап, престен босатуға дейінгі уақыт. Біраз уақыт ұсталғаннан кейін престің қысымы төмендетіледі, пресс-қалыпты ажыратып, итергіш арқылы автоматты түрде дайын өнімді жұмысшы, рәсімде- уші үстіңгі бетінен итеріп шығарады. Пресс-құйма (құю немесе трансферлі баспалау) қысып баспала- удан пресс-қалыптарды толтыру сызбасы мен оның құрылымына қарай ажыратылады. Толтыру камерасы (

6

) пресс-құйма тәсілінде пресс-қалыптың жұмысшы үстіңгі бөлігінен (

3

) бөлініп алынады. Бірақ онымен құйма арналары (

4

) арқылы бірігеді (
сурет 11.5

Сурет 11.5 Пресс-құйма

1

– пуансон;

2

–  пресс-қалыптың үстіңгі бөлігі;

3

– пресс-қалыптың рәсім- деуші бөлігі;

4

– құйма арнасы;

5

– пресс-материал;

6

– толтыру камерасы

Баспалау мынадай жолмен жүзеге асырылады: басында қысым пуансонға (

1

) алдын ала қыздырылып, жабысыпаққыш күйге дейін жетілдірілген пресс-материал (

5

) тұрған толтыру камерасынан жі- беріледі. Пресс-материал қысымның әсерімен құйма арналары бой- ымен пресс-қалыптың рәсімдеуші бөлігіне (

3

) түсіп, ол толғаннан кейін пресс-материал бір мезетте полимеризацияланады. Белгілі бір уақыт ұсталғаннан кейін пресс-қалыпты ажыратып, алмалы-сал- малы үстіңгі бөлігін (

2

) бөліп алып, дайын өнімді шығарады. Осы тәсілмен ұнтақты немесе талшықты толтырушылары бар пресс-ма- териалдар да қайта өңделеді. Сонымен қатар, ол арматурадан және орнықтырылған бөлшектері (кесу таңбалары, түйреуіштер, кебін- ділер т.б.) бар пластмасса өнімдерін құюға жарайды. Көпқабатты престерде табақшалы пластмасса өнімдері дайын- далады. Оларға текстолит, ынытекстолит, гетинакс, асботекстолит, декоративті қатпарлы пластик, ағашты-қатпарды пластик пен ви- нипласт жатады. Ол үшін мата, қағаз немесе ағаштан жасалған кіл- текті шайырмен сіңіріп, электрпештерінде кептіреді. Содан кейін шайырмен жеке-жеке сіңірілген қағаз парақтарын пакеттерге жинап, көпқабатты преске салып, олардың арасына тегістелген түптөсемдер мен қыздырылған плиталарды пакеттің үстіне және төменгі жағына кезектеп салып отырады. Одан кейін пакеттерді бірінің үстіне біріп қойып, белгілі бір күшпен қысып, бірнеше уақыт бойы және бел- гілі бір температурада ұстайды. Жекелеген парақтарды бір-бірімен монолит етіп жабыстырады. Сол сәтте шайыр да полимеризацияла- нады. Нәтижесінде гетинакс парақтары  жасалады. Дәл осы тәсіл-

мен басқа да пластиктер дайындалады. Мұндай пластиктердің негізі ретінде мата, ағаштар жасалған кертік және басқа да материалдар жұмсалады. Винипласты дәл осылай дайындайды, бірақ пакетті жеке-жеке пленкалы парақтардан жасайды. 11.6-суретте пакеттерге (

3

) баспа- ланған материалды көпқабатты преске (

5

) салады. Үдерісті престің қыздыру (

4

) плиталары (

2

) бар жайпақ табағында, пакеттерді беру құралында (

1

) жүргізеді.

Термопластикалық пластмассалар (термопластар) әртүрлі тәсіл- дермен өңделеді – қысыммен құю, экструзия, вакуумды қалыптау т.б. Термопластикалық материалдар ұнтақ, түйіршік, бисер және үгінді түріндегі синтетикалық және табиғи жоғары молекулярды қо- сылыстар негізінде дайындалады. Олардың барлығы бірнеше мәрте балқу қабілетін ие. Термопластарды қайта өңдеудің технологиялық үдерісі дайындау операцияларынан тұрады – толтыру, бояу, түйіршіктендіру, кептіру және ең бастысы – әртүрлі тәсілдермен құю.

Центрден теуіп құю тәсілі айналдыру денелі пішінге ие кей- бір өнімдерді – труба, тегершік, төлке, цилиндр т.б. дайындау үшін

Сурет 11.6 Көпқабатты пресс

1

– пакетті беру құралы;

2

– жайпақ табақша;

3

– баспаланған материалдың пакеті;

4

– престі қыздыру пакеттері;

5

– көпқабатты пресс

пайдаланылады. Мұндай тәсіл қабырғалары қалың әрі ірігабаритті өнімдерді көп мөлшерде дайындау үшін тиімді. Яғни құйма маши- наларын орнықтыру мөлшерінің көптігіне, пресс-материалды сығу және көпіршіктерінің түзілуіне байланысты қолдану қиын болған жағдайда аталған тәсілдің тиімдігі артады.

Экструзия

– жабысқақаққыштық күйдегі материалды берілген профильдің тесігінен экструдер деп аталатын құйма машиналары- на (бұрамдықты, иірмекті, иірмек-машина) үздіксіз қысып шығару (шприцтеу) үдерісі. Мұндай тәсілмен көптеген термопластар қайта өңделеді. Бұл жағдайда термопластардан профильді өнімдер, плен- калар, табақшалар, кабелді өнімдердің электроқшаулаушы жабын- дары т.б. жасалады. Өнімнің түріне байланысты экструдерлер алма- лы-салмалы құрал-жабдықтармен – экструзиялық ұштар, үрлеуші, суытушы, созушы, қаптаушы т.б. құрал-жабдықтар. Ендеше, осы құрылғымен және экструдердің жұмысшы бұрамдықтарымен таны- сып өтелік.

Қайта өңделетін материалды бункерге (сурет 11.7) салады. Онда оны бұрамдық (

6

) ұстап алып, қыздырушы қыздырғыш бойымен (

9

) цилиндрге (

2

) қарай жылжиды. Қыздырылған полимердің (

4

) қозға- луына қарай ол балқып (балқытылған полимер (

3

) жабысқақаққыш күйге өтіп, гомогенизацияланады. Одан кейін экструзиялық ұшта- ры (мүштік) арқылы құйма қалыптарға (

10

) өтіп, ол толғаннан кейін өнімге (

1

) айналады. Бұрамдықтың келіп түсуші және айналмалы

Сурет 11.7 Бұрамдық экструдер

1

– өнім;

2

– қыздырушы цилиндр;

3, 4

– балқытылған дәне қыздырылатын полимер;

5

– бункер;

6

– бұрамдық (иірмек);

8

– бұрамдықтың айналдыр- малы және келіп түсу қозғалыстары;

9

–  қыздырғыштар;

10

– құйма қалып

қозғалыстары

7

және

8

құрылғылар арқылы жүзеге асады.

Полимер бұрамдықты арна арқылы өткенде, оның тығыздығы мен көлемі өзгереді. Яғни сусымалы қатты күйден балқыған күйге өтеді. Оны құйма машиналарын құрастыру барысынде ескеру керек. Термопластар экструдерлер көмегімен қайта өңделеді. Мұндай машиналарда қысым арқылы құю үдерісі мына үдеріске сай ке- леді. Пресс-материал түйіршіктер түрінде бункерге салынады, одан бұрамдық дозатор-пластификатор арқылы бірдей және үздіксіз ұста- лып қалып, қыза бастайды да, пластификацияланып, қыздырушы цилиндрдің алдыңғы аймағына жіберіледі. Мұнда қыздырушылар- дың  жылуына  байланысты  ақырғы  рет  балқып,  жабысқақаққыш күйге енеді. Одан кейін балқытылған материал жүйелі түрде мүштік пен канал арқылы машинаға алдын ала майыстырылып, бекітілген пресс-қалыпқа итеріліп, түсіріледі. Пресс-қалып шашу арқылы жа- бысқақаққыш материал қысым арқылы толтырылып, біраз уақыт осы күйде тұрадыү осы уақыт ішінде қалып ағынс умен суытылады,

ал өнім суып, қата бастайды.

Содан кейін бұрамдық өзінің бастапқы қалпына қайтарылып, қа- лып ашылып, өнім қалыптан итеріліп шығарылады да, құйма үдерісі қайтадан басталады. Ұзынөлшемді профилді өнімдер мен табақшалар экструдерден, ұштарынан, суытушы, созушы, кесуші және қаптаушы құрылғы- лардан тұратын арнайы агрегаттарда дайындалады. Геометриялық дұрыс профильді алу үшін полимердің орналастырылуын, үстіңгі үйкелуінің әртүрлілігін, қималардың тік бұрыштарына қарай үйке- луін ескеру керек. Ішкі қысымдар өнімнің үстіңгі жағы мен ортасы- ның біртекті суымауына байланысты туындайды. Өнімнің дұрыс профилін алу үшін мүштік алдындағы және мүштіктегі кедергі жиынтығын ескеру керек. Ол әрбір массаның элементарлы ағыны үшін бірдей болуы тиіс. Бұл шартты мүштіктер- дегі тесіктерді орта бөлігіндегі көлденең ағынды қысу және оның шеттерін кеңейту арқылы құрастыру барысында қатаң ескереді. Сымдардың қаптамалары, құбырлар мен шлангаларды кез келген термопластардан экструзия арқылы дайындайды. Құбырлардың өн- дірісінде агрессивті ортаға шыдамды ВД және НД полиэтилендері, винипласт, фаолит кең қолданыс тапты. Олар коррозияға шыдамды, жеңіл балқып, жабысады, иілгіш келеді. Полиэтилен құбырлары су- дың қату температурасы мен гидравликалық соққыларға шыдас бере

алады. Құбырларды арнайы агрегаттарда өндіреді. Мұнда экструдер құбыр дайындамаларын, одан ары калибрлік құрылғылар, суытатын құрылғылар, өлшеуіш құралдар, маркалық құрылғылар, созылғыш ұстағыш, автоматты ара мен орнықтырушыларды шығарады. Нәти- жесінде берілген өлшемді, қималары мен геометриялық пішіндері алдын ала жоспарланған дайын құбырлар жасалады.

Осылардың ішіндегі маңыздысы –
калибрлік құрылғы

– ауалы, вакуумды деп бөлінеді. Олар сырттай және іштей қатты өзек темір- мен калибрлейді.

Шлангаларды қалыптау басқаларға қарағанда, әлдеқайда жеңілірек жүзеге асады. Поливинилхлоридті және басқа да амор- фты материалдардан жасалған шлангалар ыстық күйінде өздерінің пішіндерін сақтап, құрал-жабдықтарды (мүштік) калибрлейді. Оған суытушы құрылғының қажеті жоқ. Электрсымдарын қаптау шлангаларды экструзиялық ұштарды құрастыру арқылы өндіру жолынан қапталмаған сымдарды ұшына қарай жіберу құралының болуына байланысты ажыратылады. Өнімнің сапасы технологиялық үдерісті қатаң сақтаумен айқын- далады. Мәселен, тығыздығы бірдей құбырларды жасау үшін құбыр дайындамалары көлденең және ұзына бойымен созылады. Оларды созу бағыты 10...15%-дан аспауы керек. Суыту біртіндеп жүзеге асы- рылады. Себебі бұл жағдайда полимердегі кристалды фаза түзіліп, ішкі қысым төмендеп, құбырлардың мықтылығы артады. Экструдердің ұшындағы жоғары температураның салдарынан құ- бырлардың үстіңгі беті жарқыл әрі теп-тегіс  болады.

Біліктеу
және
бумен өңдеп үтіктеу

термопластардан табақша- лар мен пленкалар дайындау үшін қолданылады. Біліктерде масса материалдың бөлшектерінің ішкі үйкелісі нәтижесінде қарқынды қызады. Біліктеуге жіберілген материалды біліктердің бір жағынан береді, сол кезде ол үйкелу күшімен саңылауға қарай сырғиды. Біліктер арасынан өте отырып, материал қозғалады және білік- тердің толтырылған шеткі Біліктер арасынан өте отырып, материал қозғалады және біліктердің толтырылған шеткі бөлігіне қарама-қар- сы жаққа винтті қозғалыстар жасайды. Мұнда олар дұрыс емес пішінді, рулонға оралған парақшалар түрінде үздіксіз түсіп отыра- ды. одан ары рулон бумен өңдеп үтіктеледі – көпбілікті каландрда жазылады (біліктерінің диамтетрі 500 мм-ден жоғары, ал ұзындығы

– 1000 мм-ге дейін). Бумен өңдеп үтіктелу нәтижесінде белгілі бір

Сурет 11.8 Пленканы дайындау сызбасы

1

– бағыттаушы десте;

2

– қабылдаушы құрылғы;

3

– пленка;

4

– ұшы;

5

– экструдер;

6

– барабан;

–   барабанның айналуы;

- материалды салу

қалыңдықта және енді, үстіңгі беті жалтыр, тығыздығы жоғары (ма- териалдың молекулаларынан ауаны шығару және каландр бағытына қарай бейімдеу салдарынан) пленка немесе парақшалар алынады. Бумен өңдеп үтіктеу дұрыс емес болуы мүмкін. Ол үшін өңдеуге арналған материал рулонмен емес, бұрамдық машинаның тесікті ұштарынан жіберіледі. Біліктеу мен бумен өңдеп үтіктегеннен кейін пленкалар экструк- зия арқылы өндіріле алады. Мәселен, дайындамаларды сақиналы ұштарынан ары қарай пневматикалық созу (ісіру) арқылы итеріп шығару. Пленка (

3

) мынадай технологиялық сызба бойынша түзіледі (
сурет 11.8
): экструдерден (

5

) полимер жеңдік дайындама түрінде ұшының сақиналы тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Ұшының ер- кін тұрған шеті белдікті жүйелерден тұратын қабылдау құрылғысы- на (

2

) бекітіледі. Жеңдік дайындаманың пайда болуымен құрылғы- ның ұшының тесігінен белгілі бір шамада шектен тыс қысымы бар ауа айдалады.

Дайындаманың диаметрі ұлғаяды, қалыңдығы – төмендейді де, суып, қысқыш белдіктермен жабыстырылады. Жеңдерін барынша теңдей етіп суыту үшін оны үлкен қысымда сығымдалған ауамен сырттағы сақиналы қондырма арқылы қосымша суытылады. Қалың- дығы 0,06 мм полиэтиленді пленка үшін суыту ұзақтығы –пленканың шығу жылдамдығына қарай 30 с-тан бастап 10 м/мин-қа созылады. Пленканың қалыңдығы құрылғының ұшының сақиналы тесігінің қимасына және үрлегенде көлденең және қзына бойлай сору күшіне байланысты. Нәтижесінде екі қабатты пленка алынады. Оны бағыт- таушы белдіктер (

1

) бойымен рулон түрінде барабанға (

6

) орайды.

Канистрлар, бөшкелер, бөтелкелерлі құбырлық дайындамаларды пресс-материалдан қалыптарға арнайы агрегаттарда

пневматика- лық үрлеу арқылы жасайды. Бұл өнімдерді дайындау үдерісі жа- бысқақ-аққыш массаның алынуы, құбырлық дайындаманы бұрам- дық машиналарға итеріп жіберу, үрлеу арқылы өнімді қалыптау және қалыптан шығару секілді операциялардан тұрады. Кейбір пластмассалар (органикалық шыны, капролак т.б.) қалып- тарда полимеризацияланады. Органикалық шыныдан табақшалар, плиаталар мен блоектар алу үшін өндірістік қондырғылар пайда- ланылады. Ол үшін арнайы қоспа дайындалады – метилкратилдің полимеризацияның қозғаушы элементімен (бензин пероксиді) по- лимеризациясына, қалдықтар мен әртүрлі қосымшаларды айдаудан кейінгі өнімнен тұратын композиция. Аталған композицияны си- ликатты шыны немесе металдан жасалған қалыптарға құяды. Қа- лыптар арбаларда тұрады. Арбаларды 50...100°С температурадағы термокамералардан жүйелі түрде өткізіледі. Арбалар термокамера- лардан шыққаннан кейін суытады да, дайын өнімдерді қалыптардан шығарады. Блоктар мен капролактамнан жасалған дайындамаларды басқа технологиялық сызба бойынша алады. Алғашында  капролактам- ды 100...120°С температурада балқытады, содан кейін инертті газ- дың қысымымен сұйық каролактамды сүзгі арқылы 0,02%-ға дейін ылғалды жоятын аппаратқа салады. Реакцияның қозғаушысы – ка- лий (натрий) сілтісі немесе металды натрийі бар капролакт жұмсала- ды. Капролактамның сірнелік ангидридпен өзара әрекетінен ацелит- капролактам – реакцияны белсендендіруші алынады. Қозғаушы мен реакцияны белсендендірушіні мөлшерлеп отырып, оларды балқытылған капролактаммен біріктіріп, қалыптарға құяды. Қалыптар коорозияға шыдамды болаттардан жасалып, арбаларға ор-

наластырылады. Капролактамды термиялық пештерде 160...180°С температурада 1 сағат бойы полимеризациялайды. Органикалық шыныдан алынған әрлеу дайындамалары мен ка- пролактам одан ары механикалық тәсілмен (кесу) өңделіп, белгілен- ген пішін мен өлшемге келтіріледі.

Вакуумды қалыптау әдетте, табақшалы термопластикалық мате- риалдардан (полиэтилен, винипласт, винипроза т.б.) бір реттік қап- тамалар өндіру үшін пайдаланылатын тәсіл. Вакуумды қалыптау технологиялық тәсілі мынадай үш маңызды операциялардан тұрады:

Вакуумды-қалыпты   машина
11.9-суретте
көрсетілген.   Ма- шинаның табанында (

7

) төртбұрышты терезесі мен нығыздаушы түптөсемі бар (

10

) плита (

6

) периметр бойымен орналасады. Осы плитада қозғалмалы рамка (

4

) орналасады. Рамка – қозғалмайтын өсіне қатысты айналып, жоғары көтеріліп, төмен түсіп отыратын, машинаның артында орналасқан құрылғы. Төменгі орында қозғал- малы рамка плитаның нығыздаушы түптөсеміне мықты етіп орна- ластырылады. Дәл осы қалыпта ол арнайы ілмекпен бекітіле алады. Төменгі жағында қозғалмалы рамканың периметр бойынша ор- наластырылған нығыздаушы түптөсемі (

10

) болады. Ол плитканың тұптөсеміне және қозғалмалы үстелдің (

8

) нығыздаушы түптөсемі- не бекітіледі. Үстел арнайы құрылғы арқылы бағыттаушы арналар бойымен көтеріліп, төменге түсіріледі. Қозғалмалы үстелдің үстің- гі жалпақ беті тесіліп, вакуум-қалыпты (

3

) орналастыру және ауа- ны айдау үшін қызмет етеді. Қалыптастыру барысында полиэтилен пленканы (

5

) қозғалмалы рамканың (

4

), плитаның (

6

) және қозғал- малы үстелдің (

8

) арасында нығыздап орналастырады. Қалыптасқан жабық мөлшерді вакуумды кранның және шланганың көмегімен вакуумды  сорғышпен  біріктіріп,  оның  жұмысын  вакуумды  жүйе

арқылы басқарып отырады.

Арнайы қыздырғыш элементтері (

2

) бар қозғалмалы қыздырғыш (

1

) қызған кезінде қозғалмалы үстелдің және полиэтилен пленканың (

5

) үстіне түсіріліп, қыздыру аяқталғанда, бастапқы күйіне оралады. Қыздыру үдерісі уақыт релесі арқылы бақыланып отырады. Жұмыс жасау барысында вакуум-қалыпты машина қозғалмалы үстелдің тесігі бар үстіңгі бетіне вакуум-қалыпты (

3

) орналастырып, плиталары (

6

) мен қозғалмалы рамка (

4

) арасында мықтап қысып, содан кейін қыздырғышты (

1

) төмен түсіріп, пластмассаны қалып- тау термературасына дейін қыздырады. Қыздырғаннан кейін қызды- рғышты тік қаратып қойып, қозғалмалы үстелді – пластмассаның та- бақшаларымен түгелімен әрекеттесуіне дейін ұстап, оны вакуумды құбыржелісімен (

9

) сорғышпен біріктіріп тұрған вакуумды кранды ашады. Пластмассамен қыздырылған вакуум-қалыпты қонымды етіп тығыз орналастырғаннан кейін атмосфералық қысымның әсерімен вакуумды кранды жауып, қозғалмалы үстелді вакуум-қалыппен бірге төмен түсіріп, рамканы ілмектен босатып, пішінге ендірілген өнімді шығарып, қажетті көлемге дейін кесіп, тегістеледі.

Сурет 11.9 Вакуум-қалыптаушы машина

1

– қозғалмалы қыздырғыш;

2

– қыздыратын элемент;

3

– вакуум-қалып;

4

– қозғалмалы рамка;

5

– полиэтилен пленка;

6

– плита;

7

– табан;

8

– қозғалмалы үстел;

9

– акуумды құбыр желі;

10

– түптөсем;

– үстел мен қозғалмалы қыздырғыштың қозғалысы

Термопластикалық пенопласт дегеніміз – суспензиялы поли- стиролдан (оның құрамында газтәрізді изопентан болады) тұратын және ақ түсті, көлемі 0,3...2,5 мм құрайтын түйіршіктер (бисер) түріндегі ПС-Б пенополистирол (баспаланбаған пенополистирол). Бұл материалдар қаптама ыдыстарды, термооқшаулаушы панелдер мен басқа да өнімдер жасалынады. Пенопластан өнімдерді дайындаудың технологиялық үдерісі әл- деқайда жеңіл әрі қарапайым. Ол көбіктене бастаудан (жартылай көбіктену) басталады. Бұл үдерісті бисердің көлемін ұлғайту үшін қайнап тұрған су құйылған ваннада жүргізеді. Қайнап тұрған су мас- саның көлемін төмендетіп тұрады. Ваннаның түбіне тор салады. Тор үстіне бисерлерді (судың 1 м

2

үстіңгі бетіне шаққанда 200 г құрай- тын) салынады. Содан кейін 3...7 минут бойы көбіктендіре бастай- ды. Көбіктене бастау уақытын әрбір бисердің партиясы үшін тиімді тәжірибелі жолмен белгілеу керек. Кептірілген бисердің массасы үйінді түрінде болып, өнімнің көлемді массасына тең болуы керек. көбіктене бастау аяқталған соң, бисерлер салынған торды ваннадан шығарып, 30...40°С температурадағы кептіру шкафында 30...90 ми- нут бойы кептіреді. Өнімді дайындаудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі – оны сумен қыздырылған жиылмалы қалыпта ақырғы рет көбіктендіру. Дюралминийден жасалған қалыпты бисермен толты- рар алдында оның ішкі қабырғалары глицеринмен майданады. Яғни дайын өнім қалыпқа жабысып қалмауы керек. Содан кейін қалыпты көбіктене бастаған және кептірілген бисермен қағып-сілки отырып, нығыздап, толтырады. Одан кейін қалыптарды жауып, ыстық суға салып қояды. Уақыты тәжірибелі тәсілмен белгіленеді. Бисерді ақырғы рет көбіктендіру жиылмалы қалыптарда жүр- гізіледі. Жиылмалы қалыптар 102...110°C температурада 0,12...0,15 МПа қысымда ыстық су буында қыздырылады. Алдын ала қалып- тарды автоклавтарға салып қояды. Пенополистирол көбіктенгеннен кейін қалыпты алдымен 50...60°С температурада, содан кейін бөлме температурасында суық суда суытады да, оны ашып, ішінен дайын өнімді алып, ауада кептіріп, үстіңгі бетіндегі ылғалдан тазалайды. Пенопласттан жасалған өнімдер – өте жеңіл және сыртқы пішімі жақсы болып келеді. Шыныпластиктер – термореактивті композицялар негізіндегі материалдар. Олардың құрамына сұйық шайырлар мен қатты шай- ырлардың ерітінділері – эпоксидті, полиэфирлі т.б. ерітінділер мен

қатыратын, бояйтын, шыныталшықты толтырушылар (тегістеуші, шыныматалар мен шынытөсемдер). Шыныпластиктер ірігабаритті өнімдерді (қайықтар, катерлердің корпустары, автомобильдердің шанақтары т.б.). бұл үшін шаблон (үлгі) дайындалады. Үлгі бойымен жүйелі түрде қатпар-қатпармен, бірін екіншісі итере отырып, шыныматаларға желім жаға отырып, өнімді салады. Шыныматаның әрбір қабатын сыққанда, желімнің үстіңгі бетіне шығып отыруын қадағалайды. Дайын өнімді шығару- ды жеңілдету үшін шаблоннан алдыг ала нейтралды қатпарлар жа- салады. Бұл қабатта бірінші рет желім жағылғанда, шыныматалар жабыспайды. Пластмассаларды қайта өңдеуден басқа оларды дәнекерлеп, жа- быстыруға және әртүрлі материалдарға жағуға болады. Осы үдері- стердің кейбір тәсілдерімен тереңірек танысып өтелік. Дәнекерлеу біртекті пластмассалардың бөлшектерін, ең алдымен термопластарды (құбырлар, табақшалар, пленкалар мен кейбір өнім- дер) біріктіреді. Біріктіру үстіңгі беттерінің бөлшектерін өзара диф- фузиялау салдарынан жүзеге асады. Дәнекерлеу тәртібінің басты па- раметрлері – қыздыру температурасы мен қысым. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысқан, әрі тәжірибелі жолмен оңтайлы етіп ірік- телуі керек. Өндірісте дәнекерлеудің ыстық газбен, контактілі қы- здырумен, термоимпульсты, жоғары жиілікте және ультрадыбысты дәнекерлеу секілді түрлері кездеседі.

Ыстық газбен дәнекерлеу дегеніміз – дәнекерленетін бөлшек- терді және орнықтырылған шыбықшаны бірітірілетін элементтер жабысып қалатындай етіп қыздыру. Мұндай тәсілмен мәселен, гальваникалық ванналарды қаптау барысында винипластардың тілімшелері дәнекерленеді. Ыстық газдың қайнар көзі – электрлік дәнекерлеу оттығы. Оттық электр дәнекерлегіш аспап секілді бола- ды, мұнда газ қызып, алмалы-салмалы ұшынан сыртқа шығады. Газ- дың шығуын арнайы шүмектер арқылы реттеп отырады. Дәнекерле- удің мықтылығы дәнекерлеуші маманның біліктілігіне байланысты болып, 30...80% арасында болады.

Контактілі дәнекерлеу барысында біріктірілетін материалдар ыстық роликтермен немесе электрлік кедергісі жоғары материал- дардан жасалған ленталармен қыздырылады. Осы ленталар арқылы электр тоғы жүреді. Дәнекерлеу қаусырма жолымен жүргізіледі, се- бебі қыспақ бір- немесе екі жақты бола алады.

Термоимпульсты дәнекерлеу

– әдетте, құбырларды біріктіреді. Ол үшін диаметрі кішкентай құбырларға нихромды сымдарды орай- ды. Ал шиыршықтар мен құбырларға диаметрі үлкен құбырларды кіріктіреді. Шиыршыққа электрлі импульс берілгенде, құбырлардың дәнекерленетін шеттері қызып, бір-бірімен мықты бірігеді. Нихром- ды сымдар біріккен жердің ішінде қалады.

Жиілігі жоғары дәнекерлеу полярлы термопластар (поливи- нилхлорид, полиамид, полиметилметакрилат) үшін ғана қолданыла- ды. Осы материалдарды термопластың (элементарлы магнетиктер) тербелмелі полярды бөлшектерінің ЖЖ-өрістің әсерімен ішкі үй- келуі есебінен қыздыруға негізделеді. Дәнекерленетін материалдың ішіндегі жылудың мөлшері оның табиғатына, нақты айтсақ, диэлек- трлік шығынның бұрышының тангенс мөлшеріне және диэлектрлік өткізгіштігіне, электрлік өрістің жиілігі мен оның қысымына тікелей байланысты. Электродтар, әдетте тігітерінің пішініне қарай жаса- лады. Оларға ЖЖ-генератордан 30...70 МГц жиілікте қорек беріп, 0,2...2,0 МПа қысым қалыптастырады.

Ультрадыбысты дәнекерлеу барысында термопластардың дә- некерленетін үстіңгі беті УД-генераторлар тудыратын механикалық тербелістер әсерімен қызады. Нәтижесінде біріктірілетін үстіңгі беті пластикалық күйге дейін қызып, белгілі бір қысым әсерімен дәне- керленеді. Дәнекерлеу арқылы термопластар мен реактопластарды (біртек- ті және әртекті) бір-бірімен және басқа да материалдармен (металл, ағаш, мата т.б.) біріктіреді. Адгезивтер ретінде, әдетте, синтетикалық желім пайдаланылады. Синтетикалық желім дегеніміз – құрамында бірнеше жабыстырғыш полимерлері, еріткіштер, қатырушылары (термореактивті желімдер үшін), толтырушылары (қалың тігістер үшін), пластификаторлар (иілгіш тігістер үшін) және басқа да қоспа- лар  бар композициялар. Жабыстырудың технологиялық үдерісі жабыстырылатын үстіңгі беттерінен, желімді дайындау, оны біріктірілетін үстіңгі беттеріне жағу, бекіту арқылы біріктіру және белгілі бір қысым беру, желімді қосылыстарды термоөңдеу, сапасын бақылау (үлгіге сай) секілді операциялардан тұрады. Пластмассалар металдар, ағаштар, шынылар, маталар, қағаздар мен басқа материалдардың антикоррозиялы, декоративті, ылғалдан қорғаушы, тозуға төзімді және соққыға төзімді жабындары ретінде қолданылады. Металл үстіндегі полиэтилен, полипропилен, поли-

капролактам, поливинилбутриал жабындары ұнтақтар мен түйір- шіктер түрінде жағылады. Полимерлердің металдың үстіңгі бетінің балқуы барысында ағу қабілеті жақсы, адгезиясы жоғары және тер- мотөзімділігі қанағаттанарлық деңгейде болуы тиіс. Металға адгези- яны түзе отырып, жабындар жағу температурасы әртүрлі болып ке- леді. Олардың екі түрімен (құйын тәрізді және электростатикалық) танысып өтелік.

Құйын тәрізді жағу тәсілі бойынша металл полимердің балқу температурасынан да жоғары температурада қыздырылып, пласт- масса ұнтақтары салынған өлшенген (пседосұйылтылған) күйдегі ваннаға салынады. Металдың үстіңгі ыстық бетінде ұнтақ балқып, қосымша қыздырылған кезде ағып, қалыңдығы 0,...0,8 мм (салу ұзақтығына қарай (5...10 с) біртекті қабат түзіледі.

Электростатикалық тәсіл құйын тәрізді жағу тәсілінен айыр- масы – жабын жағылғанда, полимердің ұнтағы тұрақты тоқтың теріс полюсіне, ал өнім – қысымы 100...150 кВ құрайтын оң полюсіне қосылады. Ұнтаққа ауа ағыны арқылы аэродинамикалық қозғалыс үстейді. Нәтижесінде ұнтақ суыған өнімнің үстіне біркелкі қабат болып жабысып, онда мықтап бекіп қалады. Одан кейін полимерді қыздырып, балқытып, адгезиясы жақсы пленка түзіледі. Аталған тәсілдің артықшылығы – күрделі конфигурациялы өнімнің үстіне (сыртына әрі ішкі жақтауларына) жабынды жағу.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

12-тарау
МАТЕРИАЛДАРДЫ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛІК ӨҢДЕУ

12.1.

МАТЕРИАЛДАРДЫ КЕСУ

Кесу арнайы құрал-саймандар арқылы жүзеге асырылады. Ке- скіш құралдар кесу жұмыстарын орындау үшін

Р

күші арқылы материалға кіретін үшкіл зат болып табылады (
сурет 12.1
). Бұған материалдың үшкіл құрылғысының (

2

) қаттылығы өңделіп отырған материалдың қаттылығынан әлдеқайда асып түскенде ғана мүмкін болады. Үшкіл құрылғының материалға кіруі барысында кіргізілетін күш пайда болады. Бұл күштің әсерінен кіру үдерісі қарама-қайшы жақтарға қарай қозғалып, жұмсалған күштен бес немесе одан да көп есе жоғары болуы керек. Үшкіл құрал қаншалықты өткір болса, оның кіру күші Р күшін- дей болады. Үшкілдің бұрышын белгілі бір шамаға дейін төменде- туге болады, себебі бұл жағдайда оның мықтылығы да азайып ке- туі мүмкін. Алғашында кесу кезінде материалдың кесілген қабаты қысу күші материалдың микробөлшектерінің күшінен асып түспей-

Сурет 12.1 Кесу сызбасы

1

– жаңқа;

2

– үшкіл;

3

– дайындама;

а-д

– жаңқаларының тілімдері;

а’- д’

– осы аймақтар кесілгенге дейін;

Р

– үшкілдің кіру күші

інше, жоғары қысымды сезеді. Осы кезде өңделіп жатқан матери- алдан (дайындама

3

) а-д жекелеген тіліктерге кесіле бастайды. Осы кесіктерден (

1

) жаңқа жинақталады. Болатты кесу жазықтығының бұрыштары 145...155° құрайды. Алдында айтып өткеніміздей, кесу – өңдеудің ең көп таралған тәсілдерінің бірі. Кесуге арналған ең негізгі құрал-аспаптардың бірі Қиятын кескіштер жонғыш, сүргігіш, айналып тұратын білдектер мен жонғыш автоматтарда орналасады. Кескіштердің кесетін бөлі- гін жылдам кесетін болат немесе қатты қорытпадан дайындайды. Жонғыш автоматтарда дөңгелек кескіштер пайдаланылады. Егер жонғыш білдектердің екі суппорты болса, қарсы кескішті бір мезет- те екі кескіш арқылы орындалады. Кескіш құралдардың өндірушілі- гі мен мықтылық ұзақтығына қол жеткізу үшін кескіштердің ке- сетін бөліктерінің мөлшері кесетін материалдардың қасиеттеріне қарай ыңғайланған болуы керек. Олар алдыңғы g және артқы а бұрыштармен анықталады. Айталық, болаттар үшін алдыңғы бұрыш 25°-қа тең, ал басты артқы бұрышы – 8°-ге тең болады. Сынғыш әрі қатты қолалар үшін – сәйкесінше 0...5 және 6...8°. Сонымен қатар, қиятын кескіштердің жан-жақтарының үстіңгі беттерінің бұрышы

2

1

j  = = 1...2° және артқы бұрыштары – a
болып, жан-жақтарының

1

үстіңгі беттері a
= = 2...3-ға тең болады. Кесілетін материалдың

үстіңгі таза беттерін алу үшін кескіштің өткір жүзі – еңіс болуы керек

1

(j = = 8...15° – болат үшін және 20...25° – жұмсақ материалдар үшін).Кескіш құралдың ені – дайындаманың диаметріне байланысты. Сон- да, диаметрі 25 мм-ге дейінгі дайындама үшін кескіш құралдың ені 3...4 мм болуы керек. ал диаметрі 60...100 мм дайындаманың ені 5...6 мм-ге тең болуы керек. Р бұрышы

өткірлену бұрышы
немесе
қайрау бұрышы
деп аталады.

Металдарды қиятын кескіштермен бөлген кезде кесетін орынды (материал және құрал-аспапты) суытып, кескішті кесілетін мате-

Сурет 12.2 Қиятын кескіш
γ, α

– ең басты алдыңғы және артқы бұрыштары;

β

– өткірлену бұрышы;

1

2

1

артқы бұрышы

риалдың (қатты қорытпалы кескіштер үшін ортасынан 0,5...1,0 мм төмен) дәл ортасында ұстау керек. Әрі тереңірек кескен кезде ке- скішті төңкеріп ұстау керек. Материалдарды кесу арқылы механикалық өңдеудің ықтимал түрлері – қайрау, фрезерлеу, бұрғылау және сүргілеу.

Қайраған кезде
(сурет 12.3,

а ) дайындама өткізетін кескіште айналдырылады. Белгілі бір кесу тереңдігі мен күші бар өткізетін кескіш оңға қозғалып, жаңқаны түсіреді. Кескіш, әдетте, өңделетін дайындаманың ортасына орналастырылады.

Фрезерлеу
(сурет  12.3,

б

)  цилиндрлік  фрезамен  орындалады.
Фреза дайындаманың ортасына орналастырылады.
Бұрғылау
(сурет 12.3,

в ) шиыршық бұрғы арқылы орындалады. Бұрғы айналып тұрып, дайындамаға бір мезетте түседі. Шыққан жаңқаның сипатына қарай бұрғының дұрыс қайралғанын анықта- уға болады. Бұрғының екі кескіш жиектері бірдей жұмыс жасайды (көпшілік металдардың жаңқалары иірмелі болып келеді).

Сүргілеу
(сурет 12.3,

г ) сүргілейтін кескіш құрал арқылы орында- лады. Сүргіш құрал алға қарай қозғалғанда, жұмысшы қадам жасай- ды. Ал артқа қарай қозғалғанда, бос қадам жасайды. Осы сәтте ол артқа шалқайып, дайындама белгілі бір өлшемге қарай оңға бұры- лады.

Металдарды кесу арқылы өңдеудің әртүрлі тәсілдерінің ішінде кейбірімен ғана – тістерімен кесу, созу, тегістеу т.б. танысып көрелік. Тегершіктің тістері мен тісті доңғалақтары арқылы кесу әртүрлі тәсілдермен орындалады. Айталық, цилиндрленген доңғалақтар- дың тістермен кесу тәсілі – дискілі модулді фрезалар (сурет 12.4, а ) арқылы көлденең-фрезерлік білдектерде және саусақты модулді фрезалар (сурет 12.4, б ) арқылы тік-фрезерлік білдектерде бөлшек- тейтін ұштарын пайдалана отырып, жүзеге асырылады. Осы тәсіл барысында тістердің орындары құрал-саймандардың пішіні мен өл- шемдеріне (үлгі) сай келеді.

Тәсілдердің ішінде ең өнімдісі –
тістерді төселтіп кесу тәсілі
(сурет 12.4,

в ). Тәсіл барысында бұрамдық берлігі бір үлгідегі фре- за айналып жатқан дайындаманы төселтіп жүргізеді. Дайындама тістері толық кесілгенге дейін құрал-аспапқа қарай бағыттала кө-

Сурет 12.3 Кесу арқылы механикалық өңдеудің түрлері а

– қайрау;

б

– фрезерлеу;

в

– бұрғылау;

г

– қашау;

– құрал-аспаптың қозғалуы,

– өңделіп отырған дайындаманың қозғалысы

Сурет 12.4 Тістермен кесудің негізгі тәсілдері
а, б

– модулді дискілік және саусақты фрезалар көмегімен көшіру;

в

– бұрам- дық фрезамен төселту;

г

– тарақпен қашау; – құралдардың қозғалысы,

–  дайындаманың қозғалысы

теріледі. Тістермен кесу үшін көлденең-фрезалық білдектер немесе арнайы тісті кескіштер пайдаланылады. Бұрамдық фрезалар тістер- ден басқа оймақтарды, оймакілтектерді т.б. кеседі.

Тарақты тісті тегершікті қашау (сурет 12.4, г ) тәсілімен дайын- далады. Мұнда тегершіктің дайындамасы баяу айналады, ал тарақ дайындаманың жазық үстіне перпендикуляр жұмысшы жолдарын бос жолдармен кезектесе жоғары-төмен қозғалады.

Созу

– материалдарды дайындамаларының ішкі және үстіңгі бетін пластикалық деформациялау арқылы созатын білдектерді орындала- тын өңдеу тәсілі. Өңдеудің бұл тәсілі өзінің өндірушілігі мен жоғары дәлдікте өңдеу қасиетінің арқасында ірісериялы және ауқымды өн- дірісте кең қолданыс тапқан. Аталған тәсіл сүргілеу, қашау немесе фрезерлеу секілді тәсілдерге қарағанда, әлдеқайда жоғары.

Созу арқылы конфигурациясы әртүрлі, ішкі мөлшері 300 мм құрайтын тура тесіктер жасалады (сурет 12.5, а ). Созуға арналған дайындамаларды алдын ала бұрғылар немесе кескіштер арқылы тесіктер жасайды, олардың ұзындығы, әдетте, олардың диаметрінің үш есе мөлшерінен аспайды.

Созуға арналған құралдар ретінде созба (сурет 12.5, б ) – көпжүзді кескіш құрал жұмсалады. Олар әртүрлі профильді металдардың ішкі және сыртқы үстіңгі беттерін өңдеуге арналған. Өңделетін үстіңгі бетінің пішініне қарай созбалар жазық, жөңгелек және үлгілімді бо- лып бөлінеді. Созба – тістері бар, мөлшері біртіндеп ұлғайып отыра- тын, ал пішіні бастапқы пішінінен белгіленген пішініне дейін (мәсе- лен, дөңгелектен алтыбұрышты) өзгеретін білік. Сыртқы созбалар тегершіктер мен секторлардың, тік және винтті жырашақтардың, оймакілтектердің т.б. тік және шиыршық тістері арқылы созу жолымен жүзеге асырылады. Созба білдектер тік (сы- рттай созуға арналған) және бірсарынды жүруді қамтамасыз ететін, гидравликалық жылжымалары бар көлденең (ішкі созуға арналған) болып бөлінеді.

Өрістету

– цилиндр және конустық тесіктерді 100 мм кесілген- ге дейін металл кесетін құралдармен – ұңғылар көмегімен тазалай өңдеу тәсілі. Ұңғы өңдеудің дәлдігін 7-9 квалитетке дейін және кедір-бұдырлығын

Ra

0,100 мкм-ға  дейін  қамтамасыз етеді.  Бұл

Сурет 12.5 Созу арқылы ( а

), тарту арқылы ( б

) конфигураци- ясы әртүрлі тесіктер

жағдайда өңделіп отырған материалдың белгілі бір деңгейде кемуі (бірнеше микрометрлерге дейін) және үстіңгі қабатының жұқаруы байқалады. Өрістету дегеніміз – бөлшектердің тесіктері бұрғылар немесе үңгілер арқылы өңделіп, ақырғы рет өңдеу үшін сәйкес әдіп- ке орын қалдырады.

Қашама
(қараңыз,
сурет 7.1

, ж ) – көпжүзді кескіш құрал. Ол құрал-аспаптарды жасауға арналатын материалдардан дайындалып, нақты әрі ақырғы рет өңдеуге арналады. Қашаманың әдетте, жұп ті- стері болады (6-12). Бұл тістер тесіктердің жоғары дәрежеде тұрақты болуын, басқа бұрғылармен салыстырғанда қатты және тесіктерді асқан дәлдікпен жасауға септігін тигізеді. Қашама бағыттаушы ко- нустан, кесуші, калибрлеуші бөліктерінен, сонымен қатар мойны мен төртбұрышты құйрығынан тұрады. Қашама қолданылу тәсіліне қарай машиналық, бекітілу сипатына қарай – құйрықты және қонды- рмалы, құрылымына қарай – бірбүтін, жинамалы, алмалы-салмалы пышақтары арқылы реттеліп отыратын т.б. болып бөлінеді. Қатты және сынғыш материалдарды (шыны, керамика, жарты- лайөткізгіш материалдар) алмаздан жасалған құрал-аспаптармен – алмазды кесінді дискілер (доңғалақтар) және скрайберлеу құралда- рымен кесуге болады.

Алмаздан жасалған дискілердің екі типі бар – сыртқы және ішкі кесетін жиектері бар. Сыртқы жиектері бар алмаз дискілер дәл кел- тіру арқылы жасалып, дәлдігіне аса жоғары талап қойылмай, ал ма- териалдың бағасы аса жоғары емес болатындай кесу қажет болған жағдайда пайдаланады. Мұндай дискілер диаметрінің мөлшеріне қарай дайындамаларды құрал-аспаптың қалыңдығына сай (0,5...0,6 мм) 30 мм-ге дейін кесуге ммүкіндік береді. Алмазды дискілер дай- ындамаларды 2000...3000 мин -1 айналу жиілігінде және сумен неме- се басқа да арнайы суыту сұйықтықтарымен салқындатып кеседі.

Ішкі кесетін жиектері (

2

) бар, алмазбен дәл келтіре отырып жа- салған дискілер (

1

) арнайы білдектерді пайдаланып, қатты сынғыш материалдарды диаметрі 1500 мм-ге дейін тілімшелерге кеседі (

су- рет 12.6 ). Кесілген тілімшелердің қалыңдығы – 200...300 мкм (ке- скіштің қалыңдығына сай).

Скрайберлеу

– жұқа және сынғыш пластиналарды (айталық, керамика, ситалла, жартылайөткізгіштер) жеке бөліктерге бөлу тәсілі. Тәсіл екі кезеңнен тұрады – пластинада алмаздан жасалған кескіштермен (скрайбер) тереңдігі 10...15 мкм тілімдер жасау және

оның бойында жұмсақ тіреулер арқылы созып немесе жұмсарта оты- рып, ары қарай сындыру.

Тегістеу

– өнімдерді дайындау барысындағы металды өңдеудің (кесу) ең соңғы операциясы. Әдетте, термиялық өңдеуден өткен бөл- шектер тегістеледі. Бөлшектер белгіленген мөлшер мен кедір-бұды- рлыққа келтіріле отырып, тегістеледі. Өңдеу тегістеуші доңғалақтар арқылы орындалады. Бұндағы кескіш заттар – алмаздың түйіршік- тері, корунд, карборунд, бекітілген байламдар. Жұмыс барысында доңғалақтар өз бетімен қайралады: жұмыс жасай бастаған кесетін бөлшектер жегіліп, олардың орнына жаңалары жұмысқа дайын бо- лып, кезекке тұрады.

Тегістеу екі тәсілмен орындалады.
Сыртқы доңғалақ тегістеу

тәсілінің мәні мынада – бөлшек (1), әдетте, ортасында айналады және бойлай қозғалады. Ал абразивті тегістелген шеңбер (

2

) бөл- шектерге қарама-қарсы айналып, берілген тереңдікте бастапқы кесу үдерісін орындайды (сурет 12.7, а ).

Сырттай жазық тегістеу барысында бөлшектің (

1

) жазық үстіңгі беті (сурет 12.7, б

) тегістейтін шеңберлердің (

2

) перифериялық бөлі- гімен немесе қаптамалармен – айшанақтармен (

3

) өңделеді. Бөлшек- терді тегістей отырып, тегістеуші білдектің үстелі магнитпен ұста-

Сурет 12.6 Ішкі кесуші жиектері бар дискінің материалдарын кесу

1

– дискі;

2

– ішкі кескіш жиек;

3

– қатты сынғыш материал; дискінің қозға-

лысы, – кесілетін материалдың қозғалысы

лып тұрады, ал айналып тұратын тегістеуші шеңбер көтеріліп-түсіп тұрады. Ал дайындамалар білдектің үстелінің екі бағытта қозғалуы- на қарай беріліп отырады. Ішкі тегістеу тәсілі арқылы тура, қатаң, сатылы цилиндрлік және конустық тесіктер өңделеді. Тегістелетін бөлшекті (

1

) патронға (

4

) бекітеді. Патронмен бірге олар тілшіктің бағытына қарай қозғалады (сурет 12.7, в ). Тегістеуші доңғалақтардың сымдары болады. Осы сымдар арқылы ол өзінің өсімен айналады, алға-артқа қозғалып, өзінің айналу өсіне перпендикуляр орналасып, өңделетін бөлшекті кесе бастайды. Әдетте ішкі тегістеуге арналған құралдар абразивті доңғалақтан және жақтаулардан тұрады. Оларды тегістеуші ұшы (

5

) деп аталады.

Орталықтандырылмаған тегістеу цилиндрлік, әдетте теп-тегіс бөлшектерді автоматты бойлай беру арқылы сериялық және ауқым-

Сурет 12.7 Тегістеудің әртүрлі тәсілдері а

– сырттай шеңберлі;

б

– сырттай жазық;

в

– ішкі;

г

– орталықтандырыл- маған;

1

– бөлшек;

2

– тегістеуші шеңбер;

3

– айшанақ;

4

– патрон;

5

– те- гістеуші ұшы;

6

– пышақ;

7

– бастаушы шеңбер;

– тегістеуші шеңбердің қозғалысы;  дайындаманың қозғалысы

ды өндірісте кең қолданыс тауып келе жатқан әдіс. Орталықтан- дырылмаған тегістеу – өндірушілігі жоғары және тегістелетін бөлшектерінің мөлшері тұрақты болып табылатын тәсіл. Тегістеу барысында орталықтандырылмаған-тегістеуші білдекте бөлшек (

1

) абразивті шеңберлер – тегістеуші (

2

) және бастаушы (

7

) арасында өтіп (сурет 12.7, г

), пышаққа сүйенеді (

6

). Ал тегістелетін бөлшек- тің ортасы шеңбердің ортасынан әлдеқайда жоғары орналасады. Бастаушы шеңбер (

7

) өңделіп отырған бөлшектің үстіңгі бетінде 10...15 м/мин сырғу жылдамдығында айналады, ал тегістеу шеңбер (

2

) арқылы жүзеге асады, бұл шеңбер 30...35 м/с тегістеу жылдам- дығында айналады. Тегістеу барысында бастаушы шеңбер өсі тегістеуші шеңбердің өсіне еңкіш орналасуы тиіс. Бастаушы шеңбердің айналуы есебінен тегістелетін бөлшектер дөңгелеумен бірге бойлай қозғалады. Бой- лау орналасудың шамасы бастаушы шеңбердің еңкею бұрышынан әлдеқайда көп болуы керек. қсықа бөлшектерді тегістеу барысында осы бұрыш 1...2,5°, ал шыбықшаларды тегістегенде – 3...4,5°-ке тең болады. Тегістеуді бірнеше тәсілмен орындауға болады. Қара түсті тегі- стеу бір кезеңде 0,05...0,03 мм-ге төмендейді. Тегістеудің барлық түрлерінде өңделетін бөлшектер мен тегістеу шеңберлері арнайы сұйықтықтар арқылы суытылады. Сұйықтықтар кесу барысында шыққан қалдықтар мен абразивті шаңнан тазарта- ды.

12.2.

МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚЫСЫММЕН ӨҢДЕУ

Материалды қысыммен өңдеу

– дайындамалардың пішінін те- гістігін бұзбастан сыртқы күштердің әсерімен пластикалық дефор- мациялау нәтижесінде өзгертудің технологиялық үдерісі. Оның мы- салы – жұқарту, ыстық және суық қалыптау, соғу, экструзия, сүйрету т.б.

Қысыммен өңдеу ыстық немесе суық күйінде орындалады. Екі жағдайда да металл пластикалық деформацияға ұшырайды. Суық өңдеу барысында металдың деформация деңгейі көтеріліп, қат- тылығы мен мықтылығы артады. Алайда бұл жағдайда металл на- шар деформацияланады. Оның пішінін, өлшемін өзгерту үшін бел-

гілі бір дәрежеде күш қажет болады, сонымен қатар өңделіп отырған материалдың қксиеттері де біршама өзгереді. Металды пластикалық деформациялау барысында мықты ету тәсілі –

тойтару (тойтарып шегелеу) деп аталады. Жұқарту, соғу мен сырғыту барысында ме- талдың түйіршіктері деформацияланады – жалпаяды, мыжылады, созылады да, ретсіз орналасқан түйіршіктері деформацияның бағы- тына қарай бейімделіп, талшықты құрылымға айналады. Металға ары қарай өңделуі үшін қажетті иілгіштігін қайтару мақсатында оны өртейді. Өртеу арқылы тойтару төменделіп, иілгіштігі артып, қат- тылығы азайып, құрылымы жартылай қалпына келеді.

Жұқарту

– металды қысыммен өңдеудің үдерісі. Бұл жағдайда қыздырылған құйма (дайындама) жұқарту білдегінің біліктері ара- сынан өткізіледі. Жұқартылғаннан кейін металдың құрылымы, ме- ханикалық қасиеттері мен пішіні өзгереді. Болаттың химиялық құра- мы оны ыстық және суық күйінде өңдеуге айтарлықтай әсер етеді. Болаттың құрамындағы ең басты қоспалар – күкірт, фосфор, сутегі, оттегі, азот, хром, никель, ванадий, молибден, вольфрам, марганец пен кремний.

Болаттың құрамына міндетті түрде болуы тиіс элементтің бірі Болаттарға әртүрлі қасиеттерді үстеу үшін арнайы ендірілген қоспа элементтер оны ыстық күйінде қысыммен өңдеуге айтар- лықтай әсер етеді. Мәселен, хром болаттың қаттылығын, ал никель

Сурет 12.8 Біліктерде жұқарту а

– теп-тегіс (тілімшелер алу);

б

– профильді (бұлақты – сұрыпты металды алу);

1

– тегіс біліктер;

2

– бұлақтар

молибден мен вольфрам болаттың жабысқақтығын жоғарылатып, қаттылық пен жоғары температураға төзімді етеді. Марганец пен кремний болаттың иілгіштігін төмендетіп, өңделетін қоспа (марга- нец) және көміртекті (кремний) болаттың деформациялануға шыдас беру қасиетін жоғарылатады.

Сурет 12.9 Жұқарту профильдері
а, б, в

– төртбұрышты дөңгелек, кескінделген;

г, д, е

– бұрышты, қос таврлы және швеллерлі;

ж, з, и, к

– теміржол және трамай рельстері, таврлық және тығынды;

л, м н

– трактордың шындыр табанының тоспаларына, жүк авто- мобильдерінің доңғалақтарының тоғындарына және турбинді қалақшаларға арналған жолақтар.

Осы аталғандарды металдарды қысыммен жұқарту тәртібін өң- деу барысында ескерілуі керек. Яғни құйма (дайындама) біліктер арасынан өткізіледі. Ал біліктер қозғалып тұрған дайындаманың бағытына қарсы бағытта айналып тұрады. Жұқарту кещінде дай- ындаманың қалыңдығы жұқарады, ал ұзындығы артады. Теп-тегіс біліктерде (1) тілімшелер жұқартылады (

сурет 12.8 , а ).

Жұқартудың үлгілімді профилі оларды кішірейтетін ойықтары – бұлақтары (

2

) бар арнайы біліктерде жұқарту арқылы алынады (су- рет 12.8, б ). Дайын өнімді алу үшін бұлақтардың мөлшері минимал- ды болуы керек. Ал металл мұндай жұқартуды жүргізу үшін – ыстық әрі иілгіш болуы тиіс. Әртүрлі профильді жұқартылған өнімдер алудың өзіндік ерекшеліктері болады әрі белгілі бір технология бой- ынша орындалады. Жұқарту тәсілі арқылы жалпақ тілімшелер, жо- лақтар, үлгілімді профильдер (бұрыштар, швеллер, мәтке, рельстер, тығын т.б.) жасалады.

12.9-суретте жұқартудың кейбір профильдері көрсетілген. Айталық, төртбұрышты, дөңгелек және кескінделген (сурет 12.9, а-в

); бұрышты, қос таврлы және швеллерлі (сурет 12.9, г-е

); теміржол және трамай рельстері, таврлық және тығынды (су- рет 12.9, ж-к ); трактордың шындыр табанының тоспаларына, жүк автомобильдерінің доңғалақтарының тоғындарына және турбинді қалақшаларға (сурет 12.9, л-н

) арналған жолақтар.

Жұқарту арқылы басқа да өнімдер алынады. Әрине, олардың әрқайсысы сәйкес технологиялық тәсілмен орындалады.

Сурет 12.10 Тұтас құбырларды жұқарту
1, 2

– дайындау және көлденең жұқарту аймақтары;

3

– өңдеп жұқарту ай- ғамы;

4

– өзек темір;

– құбыр дайындамаларының қозғалу бағыты

Мәселен, тұтас құбырларды жұқарту үшін екі операция орында- лады – құбырлардың дайындамаларын алу және оны дайын өнімге айналғанша, жұқарту. Құбыр дайындамалары қисық жұқарту білдек- терінде алынады. Олардың біліктері бір-біріне белгілі бір бұрышта қисық орналасады. Әрбір білік қиюластырылған, бір-бірінің үстіне негіздер арқылы орналастырылған екі конус және шығып тұрған өңдеу шеттеріндегі цилиндр түрінде болады. Біліктер бір-біріне қа- рама-қарсы емес, бір бағытта айналады. Аталған жұқартудың ерек- шелігі – цилиндрлік құбыр дайындамалар біліктер ішінде айнала отырып, бір сызық бойымен қозғалып, үш аймақтан өтеді: дайын- дық (

1

), көлденең (

2

) және өңдеу (

3

) жұқарту (
сурет 12.10

Біліктер металды сығады. Яғни дайындаманы дөңгелек қима- дан доғал қимаға айналдырғанша, әрбір айналмада 90°-ға айнала отырып, деформациялайды. Өзгермелі созу мен металдың сыртқы қабаттарын сығу барысында онда қысым пайда болады. Осы қы- сымның әсерінен метал дайындаманың өстік аймақтарына қарай қа- рама-қарсы бағытта созыла бастайды. Нәтижесінде дайындамаларда өстік тесігінің пайда болып, метал үзіледі. Яғни құбырлы дайында- малар пайда болады. Құбырлардың ішкі жақтағы үстіңгі беттерін түзету үшін пайда болған тесікке жақтаманы кіріктіреді. Бұл жақтама – өзек темір (

4

) арқылы жұқарту барысы жалғастырылады (жұқарта түсу операция- сы). Сөйтіп құбыр дайындамаларының қабырғаларының қалыңдығы тегістеліп, темір өзектер арасындағы саңылаулар мен біліктердің шығып тұрған өңдеуші калибрлері арқылы өтеді. Калибрдің жұмыс- шы бөлігі аяқталғанда, толық емес калибрдің кіру тесігі ашылады. Арнайы механизм темір өзекті дайындамамен бірге алға итереді. Жұқартпаның кедір-бұдырлықтарын тегістеу үшін оларды 90°-қа бұрады. Одан ары қарай үдеріс қайталана береді. Құбырдың цилин- дрлік дайындамалары конусты біліктері арасында жоғары жағынан қосымша орнықтырылған үстіңгі білікпен ұсталып тұрады. Бұл білік жұқартылып жатқан металмен үйкеледі. Ал астыңғы жағында Құбыр дайындамаларын дайындау барысында да жұқарту қисық білікті білдекте орындалады. Бұл білдектің те үш аймағы болады: тескіш, көлденең жұқарту және өзек темірде өңдеу.

Ыстық қалыптау

– қалыпты қыздырылған металмен темір соға- тын машина көмегімен толтыру үдерісі. Дайындалатын бөлшектің

күрделігіне және технологиясына байланысты ыстық қалыптау бір немесе көпбұлақты болып, соған сәйкес дайындау және өңдеу қа- лыптарын пайдалана алады. Бір бұлақты қалыптау барысында бір ғана қалып қолданылады. Осы жағдайда дайындама ретінде еркін соғу арқылы алынған жартылай фабрикат немесе құймадан механи- калық тәсілмен кесіп алынған кесік пайдаланылады. Көпбұлақты қа- лыптау барысында жартылай фабрикаттар дайындау қалыптарында жеке-жеке дайындалады. Содан кейін оларды белгілі бір өлшемі мен пішіндегі бірнеше бұлақтары бар қалыпқа салады. Қалыптаудың бұл түрі өндірістің барлық түрлерінде (сериялы, ірісериялары және ауқымды) кең қолданыс тапқан. Дайындаманы қыздыру металдың иілгіштік қасиетін арттыру, қа- лыптау барысында күшті азырақ жұмсау және кейбір металдардың қысыммен өңдеу барысында қатпарланып кетуін алдын алу мақса- тында жүргізіледі. Айталық, көміртекті болатты ыстық қалыптау темір – көміртек жүйесінің күйінің диаграммасында көрсетілген

GSK

сызығынан жоғары температурада (
қараңыз
: сурет 2.1 және 2.4) орындалады.

Металды қысыммен ыстық өңдеу және оны рекристаллизация температурасынан жоғары температурада қыздыру барысында той- тару орын алмайды. Қыздыру температурасы оңтайлы, әрбір қорыт- па үшін арнайы таңдалған болуы керек; шектен тыс қыздыру қан- шалықты зиян болса (түйіршіктер жылдам өседі, мықтылығы мен жабысқақтығы төмендейді), жеткіліксіз қыздыру да соншалықты зиян (қасиеттері мүлдем өзгермей қалады). Қыздыруға арналған құрал-жабдықтар дайындаманың массасы мен өлшемдеріне, металдың түрлері, қажетті температураға қарай таңдалады. Оның жанармайы ретінде әдетте, көмір, мазут, газ және электрэнергиясы пайдаланылады.

Соғу

– металды ыстық күйінде қысыммен өңдеу тәсілі. Бұл жағдайда құрал-аспап дайындаманы бірнеше рет қатты соғады, со- ның нәтижесінде ол біртіндеп деформацияланып, қажетті пішін мен өлшемге енеді. Қалыптарда соғу аумақты өндірісте қолданылса, ер- кін соғу – бір реттік немесе кішісериялық өндірісте пайдаланылады. Соғу арқылы өнімдер соңғы қалпына түседі, яғни одан кейін қай- тадан өңдеу немесе тіпті аз ғана өңдеу де, тағы дайындама жасау қажет етілмейді. Соғудың басты операциялары – тұндыру, шығару, тесу, төселту, майыстыру, жайпақтау, созу.

Еркін соғу

– ысытылған дайындаманы темір соғатын машиналар- дың жайпақ тоқпақтарымен (механизмнің көмегімен немесе қол- мен) жүйелі түрде деформациялау үдерісі. Еркін соғу нәтижесінде жартылай фабрикат алынады, ол – соғылма темірдің ақырғы рет өң- деу (әдетте, кесу) үшін әдіптері болады. Бұл тәсіл аса тиімді емес, сондықтан жеке немесе кішісериялы өндірісте ғана пайдаланылады. Себебі өндірушілігі нашар, тағы да шыңдауды қажет етеді, металл механикалық өңдеуде біршама шығындалып, қалдық шығады (ме- талдың 2...3% мөлшері бірінші рет қыздырылғанда, 10...15% мөл- шері екінші рет қыздырылғанда, шығындалады).

Еркін соғудың артықшылықтары – әртүрлі операцияларды орын- даудың жүйелілігі – тұндыру, шығару, төселту, майыстыру, жай- пақтау, шабу.

Баспалау (эструдациялау)

– металды қысыммен өңдеудің тәсілі, оның мәні мынада – металды контейнердің жабық қуыстарын ма- трица (пішіні мен өлшемдері алынатын өнімнің қималарына (про- филь) байланысты анықталады) арналары арқылы итеріп шығару. Профильді көлденең қиюдың конфигурациясы жаппай және қуыс денелі (бос) болуы мүмкін. Өндірісте алюминий профильдерін алу үшін кең қолданады. Алюминий профилбдерінің сұрыптарының мыңдаған түрлері бар. Профильдерді болаттардан, магний, титан, мыс, никель және басқа да қорытпалардан баспалайды. Профиль- дерді қатты құрал-аспап (пуансон) немесе жоғары қысымды гидро- экструзия барысында сұйықтық арқылы итеріп шығарады (баспа- лайды). Сұйық жұмысшы күші ретінде су, май, балқытылған шыны, тұздар, 0,5...3,0 ГПа қысымда жеңіл балқитын металдар жұмсала алады.

Гидроэкструзияны екі типтегі қондырғыларда орындайды: сұй- ықтықтық бастапқы қысымын шығаратын және тікелей әрекет ететін. Бұл қондырғылардағы жұмысшы дененің қысымы контей- нерлерде нығыздалған пресс-штемпель көмегімен туындатылады. Экструдирлеу арқылы сымдар, шыбықшалар, қиын деформацияла- натын және баяу балқитын металдардан әртүрлі профильдер немесе металды кесетін құрал-аспаптардың (бұрғы, таңбалаушы, ұңғы т.б.) дайындамадары жасалады. Қалыптау құрал-жабдықтарының басты түрлері – екі әрекетті бу- ауалы балғалар (массасы – 0,6...16 т құрайды) мен массасы 0,5...2 т құрайтын фрикциялы балғалар. Сонымен қатар, қос иінді соғып-қа-

лыптайтын, қос иінді және басқа да қалыптау престері.
Сырғыту

– металдарды қысыммен өңдеу тәсілі, әдетте, сұйық күйінде орындалады. Бұл жағдайда ұзын өлшемді дөңгелек немесе үлгілімді профильді өнімдерді (сым, шыбықша, құбырлар) калибр- ленген тесіктер – сымдауыштар (фильер) арқылы созады. Тесіктің шығарушы қималарының ауданы дайындаманың қиюластырылған ауданынан төмен болады.

Сырғыту  барысында  дайындамалардың  кқлденең  өлшемдері қысқарып, өнімнің ұзындығы ұлғаяды. Металдарды өңдеудің бұл тәсілі үшін сүйретпелі білдектер пайдаланылады. Бұл білдектерде, мәселен сым бір мезетте әрі бірнеше рет фильер арқылы берілген өлшемге жеткенше, созылады. Сырғыту бір реттік болуы да мүмкін. Сырғыту арқылы өлшемдері мен профильдері әртүрлі материал- дардан шыбықшаларды (сымнан басқа), асқан дәлдікпен құбырлар- ды, сонымен қатар, өңдеудің басқа тәсілдерімен алуға болмайтын

құрылымы күрделі профильдерді дайындайды.
Мәселен, шыбықшаларды (

1

) және құбырларды ( 1’

) сырғыту (сурет 12.11, а-в ) әртүрлі білдектерде орындалады. Шыбықшалар- ды жасау барысында білдектің бір ұшында орнықтырылған сымда- уышқа (

2

) шыбықшаның өткір ұшын кіріктіреді. Оны сымдардың шынжыры арқылы ілмектермен біріктірілген күймешенің ерінше- лері арқылы қысады. Шынжырлар қозғалғанда, күймеше Р күші арқылы орнын ауыстырып, шыбықшаны тесіктер арқылы сымда- уышқа қарай тартады. Созу аяқталған соң күймешені босатып, дәл осы профильдегі ке- лесі шыбықшаны алу үшін сымдауышқа қайтарады. Шыбықшалар- дың барлық партиясын сырғыта отырып матрицаны кіші өлшемге дейін өзгертіп, үдерісті қайталайды. Сырғыту кезінде дайындама мен матрицаның үстіңгі беті жақсылап майланады. Айта кететін жайт – металды сымдауыштар арқылы бірнеше рет сырғыту той- тару құбылысының есебінен дайындаманың үстіңгі бетінің мықты болуына сеп болады. Сырғытылатын металдың иілгіштігін жоғары- лату үшін оны операцияаралық босаңдатады. Сырғытылып жатқан шыбықшалардың ұзындығы әдетте 6 м-ге дейін болады (8...100 мкм диаметріне (немесе қалыңдығына) қарай).

Құбырларды ( 1’ ) диаметрін немесе қабырғаларының қалыңдығы мен диаметрін қысқарту үшін сырғытады (қараңыз: сурет 12.11,

б, в
). Бірінші жағдайда (қараңыз: сурет 12.11,

б

) құбырларды шыбықша

Сурет 12.11 Тізбекті білдектерді сырғыту а

– шыбықшалар;

б

– қабырғалары жіңішкеленбеген құбырлар;

в

– қабырға- лары жіңішкеленген құбырлар;

1, 1’

– шыбықша мен құбыр;

2

– сымдауыш;

3

– жақтау;

Р

– сырғыту күші

секілді сырғытады. Екінші жағдайда (қараңыз: сурет 12.11, в ) ішке қарай созғанда, құбырларға болаттан жасалған серіппені кіріктіреді. Серіппенің ұшында тегістелген шынықтырылған хромды болаттан жасалған калибрлеуші жақтаулар (

3

) болады. Жақтаулар құбырларды сырғытқанда олардың ішкі диаметрін, демек, қабырғаларының қа- лыңдығын анықтайды. Серіппенің келесі ұшын арнайы құрылғымен қысады, яғни ол қысымды күйде болып, жақтауларды матрицаның сырғытпалы тесігінің ортасында ұстап тұрады.

Суық қалыптау

– қысыммен өңдеудің кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл жағдайда металдың ағымы құрал-аспаптың (қалып) жұ- мысшы үстіңгі беті арқылы күштеп шектеледі. Бұл тәсіл жоғары өн- дірушілікті қамтамасыз етіп, өнімдерді дайындау нақты етіп, сери- ялы немесе ауқымды өндірісте пайдаланылады.

Суық қалыптау арқылы әртүрлі өнімдерді дайындаудың басты опе- рациялары – кесу, шабу, тесіктер жасау, тесу, көлемді қалыптау т.б.

Сурет 12.12 Бөлшектерді кесу ( а

) мен созу ( б )

1

– пуансон;

2

– материал;

3

– матрица;

4, 5

– материалдағы матрица мен пуансонның кесуші жиектерінің аймағындағы жарықтар;

- қалыптау ба- рысында күш әрекетінің бағыты

Кесу

– материалды тұйық контур бойынша жалпы массасына қарай толық бөліп алу үдерісі. Шабу мен тесу – кесуге ұқсайтын операциялар, кескен кезде пуансон (

1

) материалға (

2

) белгілі бір те- реңдікке дейін кіріктіреді (бірінші кезең (сурет 12.12, а

). Матери- алды қарама-қарсы жағынан (матрица жағынан (

3

) деформациялау оның дөңес пішімінің қалыптасуына әкеп соғады. Пуансон одан да тереңірек кіріктірілген сайын жарықтар пайда болады. Жарықтар матрицаның кесуші жиектерінен (жарықтар

4

) пайда болады. Содан кейін пуансонның кесуші жиектерінен жарықтар (

5

) пайда болады (екінші кезең). Пуансондар ары қарай матрицада қозғала бастағанда, матрица мен пуансоннан пайда болған тесіктер бірігіп, кесіп алынған бөлшектер материалдың жалпы массасынан бөлінеді (үшінші кезең). Материалдың механикалық сипаттарына қарай пуансон 50...70%қа кіріктірілгенде жарылу басталады. Қашалатын үстіңгі бетінің тазалығы пуансон мен матрицаның арасындағы саңылауға байла- нысты. Саңылау кішкентай болса, қашалған үстіңгі беті таза бола- ды. Бірақ бұл жағдайда күш жоғарылап, кесу жұмысы да күшейеді. Саңылау үлкен болса, кесіндінің үстіңгі беті таза болып шықпайды. Кейде кесіндінің үстіңгі бетін аз ғана кедір-бұдырлы болып шығуы да мүмкін. Осы талаптарға сай пуансон мен матрица арасындағы саңылауды тегіс кесу және барынша минималды қылаулы болатын- дай етіп таңдау керек. Суық қалыптау барысында құрал-саймандардың (пуансон, ма- трица) мықтылығын ескеру керек. Құралдардың жұмысқа жарам- дылығын ұзартуға қалыптандырылатын материалға жағылған май- лағышқа да тікелей байланысты. Құралдардың мықтылығының дәрежесінің төмен болуының себептері – материалды механикалық және термиялық өңдеудің ауытқулары, таңдауда қателесу, қалыптың бөлшектерінің қималарының тым үлкен болуы т.б. шектен тыс жүк- телу, орталықтандырылмаған жүктеме құрал-саймандардың істен шығуына сеп болады. Қалыптың құрылғыларымен және олардың диск секілді қарапай- ым бөлшектердің дайындамалдарын кесу кезіндегі жұмысына си- паттама беріп өтелік. Бөлшектер әртүрлі типтегі арнайы механикалық престерде қа- лыптардың көмегімен дайындалады. Диск түріндегі үшқатарлы қа- лыпты пайдаланғанда, жұмысшы қалып-құрал ретінде пуансон (

8

) немесе матрица (

9

) пайдаланылады (сурет 12.13). кесілген бөлшек

тесік арқылы матрицаға итеріліп, ыдысқа түседі. Кесудің бұл тәсілі бөлшекті дөңес-ойысты пішінде алуға септігін тигізеді. Сондықтан жазықтығына қойылатын талаптар төмен бөлшектерді кесу үшін пайдаланылады. Кесу барысында қалыптандырылатын материалдың ленталары пуансон арқылы тесіледі. Лентаның қалдықтарын пуансоннан таза- лау үшін қатты алынғыш құрылғы (

6

) пайдаланылады. Кесілген бөл- шегі пуансонда қалып қалмауы үшін (ал мұндай жағдайлар бөлшек- тер қатты майланып кесілгенде, мәселен престің автоматты жұмысы орнатылады. Жолақтар түріндегі материалдар дайындамаларды кесу үшін науалардың (

7

) бағытына қарай жіберіледі.
Қалыптардың элементтері

– төменгі (

1

) және үстіңгі (

2

) пли- талардан, бағыттаушы бағаналары (

5

), төлке (

4

) және құйрықта- рынан (

3

) тұратын блок. Үстіңгі плита қалыпты жұмысы барысында тік бағытта орын ауыстырып, бағыттаушы төлкелер мен бағаналар арқылы сырғиды. Төлкелер үстіңгі плитаға, ал бағаналар – төменгі

Сурет 12.13 Диск түріндегі «шұңқыр» дайындаманы кесуге арналған үшқатарлы қалып

1, 2

– төменгі және үстіңгі плиталар;

3

– құйрықтары;

4

– төлке;

5

– бағыт-

таушы бағаналар;

6

– қатты алынғыш;

7

– бағыттаушы науа;

8

– пуансон;

9

– матрица;

10

– ажыратқыш

плитаға баспаланып орнатылған. Үстіңгі плитаның төменгі плитаға қарай қозғалуы престің жылжымаларынан бастап құйрықтың (

3

) көмегімен орындалады.

Үшқатарлы қалыптарда қалқып жүретін құйрықтары болады. Олар қалыпты преске бекіту және қалыптың жұмысшы құрал-сай- мандарына престің күшін беру мақсатында жұмсалады. Қалқып жүретін құйрықтың қозғалысы еркін болады. Сондықтан қалыптар мен престерді дайындау барысында кейбір кемістіктердің орнын өтеуге (үстіңгі плитаның төменгісіне қарай ауытқуын қосқанда) мүмкіндік береді. Себебі төменгі плита престің үстеліне мықтап ор- нықтырылады. Басқа қалыптарда қатты құйрықтар пайдаланылады. Олар қалыпты престің жылжымаларына қатты бекіту үшін қызмет етеді. Бұл жағдайда престегі күш қалыптың үстіңгі плитасына тіке- лей беріледі. Қалыптың жұмысшы құрал-сайманы үстіңгі және төменгі пли- таларға бұрандалар, штрифтар мен басқа да бекіту бөлшектерінің көмегімен бекітіледі. Бұл бөлшектер пуансондарды матрицаларға қарай алдын ала орталығына дәлдейді. Қалыптардың блоктары әдет- те екі немесе төрт бағыттаушы бағаналары бар болып жасалады. Бағаналар (екеу болғанда) плиталардың диагоналына қарай орналас- са, жақсы болады. Төрт бағаналары бар блоктар кейінгі қалыптаулар үшін де пайдаланылады. Қалыптаушы блоктарды дайындаудың барынша жетілдірілген, қалыптардың қызмет ету мерзімінің ұзақтығымен ерекшеленген технологиялық үдерісінің мәні мынада – бағаналар  мен  төлке- лер дайындау үдерісінің соңғы кезеңінде бірін екіншісіне алмазды паста көмегімен жаға отырып, жұптасып өңделуі. Майлағыш затты жақсарту үшін бағаналарда шеткі бунақтары бар тесіктер жасала- ды. Содан кейін бағаналар мен төлкелер қалыптаушы плиткаларға бекітіліп, үстіне эпоксидті компаунд құйылады. Нәтижесінде  қа- таң паралель плиталары бар қалыптаушы блоктар алынады. Олар- дың үстіңгі жағы төменгі перпендикуляр орналасқан төлкелер мен бағаналарға қарай люфтсіз қозғалады. Мұндай блоктардың сапасы былайша тексеріледі: қалыптаушы блоктың жоғары көтерілген (қол- мен) үстіңгі плитасы төменгі плитаға бірсарынмен түсіріледі. Жоға- ры сапалы қалыптаушы блоктардағы жұмысшы құрал-сайманның жұмыс қабілеті қалыптаушы плиталары тетіктердің көмегімен күш сала отырып, ажыратылатын блоктардың жұмыс қабілетіне қараған- да, жоғары болады.

Құрал-саймандарды тұрақты етіп бекітуге арналған осы сипат- талған қалыптаушы блоктардан басқа, жұмысшы құрал-саймандар- ды жылдам ауыстыруға арналған әмбебап қалыптаушы блоктар да болады. Оларды пакет-қалыптар деп атайды. Әмбебап қалыптаушы блоктар механикалық немесе электронды бекітілген болуы мүмкін. Сонымен қатар, дайындамаларды беруі грейферлік сипатта, полиэ- лементті қалыптарға арналған секілді түрлері болуы мүмкін.

Сору

– бір жағы ғана ашық, тұйық контур бөлшектерінің жалпақ дайындамаларын жасау операциясы. Өндірісте сору құрылғылары төменкөміртекті болаттардан, никель, мыс және ковардан бөлшек- тер жасау үшін пайдаланылады. Сору құрылғылары дайындаманың қалыңдығына қарай жіңішкелеп немесе жіңішкілемей орындала алады. Өлшемі мен пішініне қарай бөлшектер бір немесе бірнеше реттік сору операциялары арқылы дайындала алады. Әдетте, бірінші операция кезінде жалпақ дайындаманы белгілі өлшемді қуыс денеге қарай созады. Осы кезде аталған дененіің көлденең өлшемдері азай- ып, биіктігі арта бастайды.

Сорған кезде материалдан (

2

) жасалған жалпақ дайындама пуан- сон (

1

) арқылы матрицаға қарай созылады (сурет 12.12, б ). Нәтиже- сінде дайындаманың фланеці радиалды созылып, радиалды бағытға перпендикуляр қысылады. Қысу күші фланецте қатпарлардың пайда болуына сеп болуы мүмкін. Сондықтан, дайындаманы матрицаның үстіңгі бетіне бүрмеұстағыш арқылы қысады. Дайындаманың қа- лыңдығы сорылған кезде тек орта түбінде ғана сақталады. Түбінен қабырғаларына қарай өткен жерінде материал нығыздалады, ашық ұшынан бөлшек біршама қалыңдайды. Демек, сорылатын бөлшек- тердің жарылуы әлсіреп қалған қималарында орын алуы әбден мүм- кін.

Әрбір материалдың сору кезінде деформациялану дәрежесі сору коэффицентіне т

қарай сипатталады. Цилиндр бөлшектің
сору коэф- фиценті

– дайындалатын бөлшектің осы операция шін дайындама болып саналатын бөлшектің диаметріне қатысы. Бірінші операция

1

барысында сору коэффиценті т

бөлшектің диаметріне d

қатысты

1

тең болады. Бірінші рет сору операциясынан кейін жалпақ дайында-
маның диаметріне

D

дайындама
тең болады. Яғни осы

п

-операция үшін

былайша анықталады:

т n n

= d /D

n - 1
Әртүрлі материалдардың сору коэффиценттері мен операцияла- ры
12.1-кестеде

көрсетілген. Сору коэффиценті төмен болған сай- ын, материал соншалықты көп деформацияға қшырайды. Демек, ол соншалықты жақсы созылады деген сөз. Сору коэффиценті көп болған сайын бөлшек өзінің өлшеміне (диаметрі) қарай дайындама- дан өзгеше болады. Сору операцияларының санын қысқарту үшін барынша пайдалу сору коэффиценттерін таңдау алу керек.

Кесте 12.1 Кейбір металдарды сору коэффиценті
Материал
Операцияларға арналған сору коэффиценті,

m

Бірінші
Екінші және кейінгі
Никель
0,48.

,.0,53 Мыс

0,57..
.0,60
Болат 10
0,58.

.0,60
Ковар
0,65.
,.0,67

Бөлшектерді соруды дайындамалардан операциялы жолмен не- месе  ленталарда  ретті  жолмен  орындауға  болады.  Операциялық жолмен сору кезінде әрбір қалыпта бір ғана тесік жасалады. Ретті сору үшін әрбір қалыпта жүйелі түрде бірнеше сору тесіктері болуы керек. Ленталарда ретті сорудың өндірушілік дәрежесі жоғары бола- ды. Ретті сору үшін қымбат қалыптарды дайындау темір ұстасының жоғары біліктілігін талап етеді. Мұндай қалыптарды жөндеу опера- циялық сору қалыптарын жөндеуге қарағанда әлдеқайда күрделірек. Қалыптаудың металл бөлшектерін дайындаудың технологиялық үдерісіне өнімнің сапасына, құрал-саймандар мен жабдықтардың

дұрыс жабдықталуы секілді жоғары талаптар қойылады.

12.3.

МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ ЭЛЕКТРЛІК ТӘСІЛДЕРІ

Электрлік деп материалдарды (негізінен металдарды) өңдеудің электрмеханикалық, электрермиялық, электрхимиялық, электрги- дравликалық және басқа да тәсілдерді атайды. Электрмеханикалық тәсіл – өңделетін материалға электрлік және механикалық бірмезеттік әсер ету (электрконтактілі өңдеу) немесе

Сурет 12.14 Өңдеудің электрмеханикалық тәсілі

1

– диск;

2

– қызу аймағы;

3

– дайындама;

4

– қоректендіру көзі;

– дис- кінің қозғалу бағыты

электрэнергиясы кейбір физикалық тәсілдер нәтижесінде өзгеруінен (ультрадыбысты) туындайтын механикалық әсер ету тәсілі. Өңдеу- дің осы түріне сонымен қатар анодты-механикалық тәсілді жатқы- зуға болады.

Электрмеханикалық тәсіл металл дайындамаларын электр тоғымен олардың жылдам кесетін құрал-саймандармен үйкелу жерінде туындайтын жылудың есебінен балқытуға негізделген. Құрал-сайман ретінде металл дискіні (

1

) алуға болады (сурет 12.14). Ол әрі катод ретінде жұмсалады. Қоректену қайнарынан (

4

) үлкен ауыспалы кедергімен әрекеті арқылы шыққан электр тоғының әсері- нен диск-дайындамада қызу аймағы (

2

) пайда болады. Құрал-сай- ман айналғанда, дайындаманың балқытылған металл бөлшектерін тазалайды. Дискінің өзі айналып тұрып, балқып кетпесі үшін ол үлкен жылдамдықта айналуы немесе арнайы суытылуы керек. Осы- лай өңдеуде жылу көзі ретінде – импульсты доғалық разрядтар мен тұрақты әрі ауыспалы тоқтың контактілі қызуын алуға болады. Аталған тәсілді металды кесу, отқақтан тазарту, құрал-сайман- дарды қайрау, тегістеу, фрезерлеу, қажау, бұрғылау т.б. мақсаттарды қолданылады. Металл тілімшелерін ауада кесу барысында электрод- тардың қозғалу жылдамдығы 40...50 м/с, қысымы – 30...50 кПа құра- са, металдың кему қарқыны 1...2 см

3

/мин-қа жетеді, ал құралдың (электрон) тозуы жалпы массасының 10...15%-н құрайтын болады. Қайрау кезінде жұмысшы қысым – 1...2 В, тоқтың күші – 2000 А-ға дейін, электродтардың қозғалу жылдамдығы – 1...5 м/с, ал металдың кему қарқыны – 10...40 см

3

/мин-қа жетеді. Т15К6 қатты қорытпа-

Сурет        12.5        Тесіктерді        ультрадыбысты        тесуге        арналған құрылғы

1, 4

– суды жеткізі және бұру құралдары;

2

– вибратор;

3

– бекіту жүйесі;

5

– алмалы-салмалы жалғастырғыш тетік;

6

– ауыстырылатын құрал-сайман;

7

–  суспензия;

8

– дайындама;

9

– магнитті-стриктор;

– кері қайта- ру-алға жүру қозғалысы

лы кескіштен жасалған құрал-сайманның мықтылығы –70...80 мин құрайды.
Ультрадыбысты өңдеу

– ультрадыбыспен өңделетін өнімге әсер ету жолы. Ультрадыбыс дегеніміз – тербеліс жиілігі

20 кГц-тен 1 ГГц-ке жететін, белгілі бір аз механикалық энергия арқылы бағыт- ты түрле түйіндеп біріктіруге болатын нәзік толқындар. Ультра- дыбысты өндірісте қолдану әртүрлі металдарды өңдеудің біршама үдерістерін қарқынды етуге септігін тигізді. Мәселен, УД-әсердің көмегімен бір-бірінің құрамында өзара ери қоймайтын компонент- терден композициялық қорытпа алуға болады. Олар, қарапайым тілде

құйылған псевдоқорытпалар деп аталады. Ультрадыбыс қо- рытпалардан ұнтақтар жасауға, сымдарды, құбырларды сырғытуға, баспалауға, соғуға, қалыптауға, жұмсартуға, тоздыруға және метал-

дарды сығуға септігін тигізеді. Ультрадыбысты ванналарда элек- тронды және оптикалық техниканың әртүрлі өнімдерін тазалап, май- сыздандырады. Сонымен қатар, УД-әсерлер металл өңдеудің барлық үдерістерін қарқынды етуге қабілетті. Ультрадыбыстың көмегімен әртүрлі металдарды дәнекерлеп, қалайылап, балқытуға болады. Магнитті-стрикция мен УД-тербелістерді алу туралы 5.1-тараушада сөз еткен болатынбыз. Материалды өңдеудің осы түрімен танысу үшін тесіктерді ультрадыбысты тесуге арналған құрылғымен танысып көрелік (

сурет   12.15 ).   Ультрадыбысты   сынғыш   материалдарды   өң- деу барысында қолданған тиімді. УД-жиіліктің электрлік тер- белісі   арқылы   генератордан   магнитті-стрикциялы   вибраторға

12

2

) беріледі. Одан олар механикалық тербеліске айналып, магнит- ті-стриктор (

9

), алмалы-салмалы жалғастырғыш тетік (

5

) арқылы ауыспалы құрал-сайманға (

6

) беріледі. Өңделетін дайындамамен (

8

) үйкеліп, құрал-сайман өзінің тербелісін суспензияның (

7

) абразивті бөлшектеріне береді. Абразивті бөлшектер сансыз кішкентай ғана кескіштер ретінде берілген жиілікте қозғалып, жиектері арқылы дайындаманы (жартылай, құрал-сайманды да) бұзады да, біртіпдеп құрал-сайманмен бірге оның ішіне кіре бастайды. Солай тесік пайда болады. Магнитті-стриктор арнайы бекіту жүйесінде (

3

) ілініп тұра- ды. Магнитті-стрикциялы вибраторда суыту үшін жеткізу (

1

) және бұру (

4

) жүйелері арқылы ағын су жіберіледі.
Анодты-механикалық өңдеу

өнімнің металдарын анодтық еріту және электролиттегі ыдыраған өнімдерді механикалық тазалау мақ- сатында қолданылады. Өңдеудің осы екі тәсілі үшін кескіштер, сы- дырғыштар, профильді қайрағыштар, тегістегіштер, қашағыштар қолданылады.

Анодты-механикалық өңдеу принципі мынада: электролиттер (

3

) арқылы тұрақты тоқ ондағы дайындамаларға (анод,

1

) және электро- литте қозғалып отыратын катодтар (

4

) өткенде (сурет 12.16, а

), анод пленка (

2

) түзіп, ериді. Пленкалар механикалық тәсілмен аршылып, тазартылады. Дайындама (анод) дискіге орнықтырылған және айналып тұра- тын, катод ретінде жұмыс жасайтын арнайы құралмен (

5

) кесіледі. Кесу үдерісі тұрақты тоқтың (

6

) қайнар көзінен электролиттерді (

3

) үздіксіз бере отырып жүзеге асады.

12

Магнитті-стрикция – дене магниттелгенде пішіні мен өлшемінің өзгеруі.

Сурет 12.16 Металл дайындамаларын анодты-механикалық өңдеу а

– өңдеу принципі;

б

– құрылғының жүйесі;

1

– дайындама (анод);

2

– плен-

ка;

3

– электролит;

4

– катод;

5

– құрал-сайман (диск-катод);

6

– тұрақты тоқтың қайнар көзі; құрылғының элементтерінің қозғалу бағыты

Айталық, диаметрі 10...50 мм болатын болаттан жасалған дайын- дамаларды анодты-механикалық кесу әдетте, тұрақты тоқ арқылы электродта 20...22 В қысымда және тоқтың 200...500 А/см

2

тығыз- дығында, электродтардың 20.40 м/с жылдамдығында орындалады. Осы кесу операцияларын орындау ортасы – сұйық шынының сулы ерітіндісі. Өңдеудің электртермиялық тәсілі өнімдерді толық, жартылай не- месе үстірт қыздыру жолымен индукциялы, контактілі және басқа да тәсілдермен орындалады. Осы тәсілге электроэрозиялы өңдеу мен металдарды электролитте қыздыру тәсілдері жатады.

Металды
электроэрозиялы өңдеу

оған электродтар арасындағы импульсты электр тоғы арқылы жылулық әсер етуге негізделген. Электродтардың бастысы құрал – анод болса, екіншісі – өңделетін бөлшек – катод болып табылады. Эрозия нәтижесінде металл бұзы- ла бастайды. Электроэрозиялы өңдеуді электржалынды және элек- тримпульсты болып бөлінеді.

Электржалынды өңдеу
барысында айталық, керосинге (

2

) ба- тырылған бөлшектердің (

3

) үстіңгі бетіне қоректену қайнар көзінен

Сурет 12.17 Металды бөлшектерді электржалынды өңдеу

1

– құрал;

2

– керосин;

3

– бөлшек;

4

– қоректену көзі

қысқа жалынды разрядтар (

4

) беріледі (
сурет 12.17

). Оның әрекеті барысында жылудың үлкен мөлшерінің бөлінуі есебінен балқу, жар- тылай булану және металдың жекелеген бөлшектерінің жарылыс секілді бөліну үдерістері басталады. Бұл жағдайда металдың бөл- шектерінің бұзылуы пішініне қарай жүзеге асады. Пішін құралдың Электржалынды өңдеу тесіктерді және қалыптардың, пресс-қа- лыптардың жұмысшы ойықтарын өңдеу, қаттықорытпалы фи- льерлер мен металл кесетін құралдарды жасау үшін пайдаланыла- ды. Электржалынды өңдеуді кесудің бұрыннан танымал тәсілдері арқылы белгілі бір металды кесу мүмкін немесе қиын болғанда, қол- данған тиімді. Қалыптың матрицаларындағы қуыстар мен тесіктерді 5ХНТ бо- латтарынан жасалған құрал-саймандармен электржалынды тесудің бейімді тәртібі мынадай: үдерісті электродтардың 110...150 В қы- сымды тұрақты тоқпен, 11...28 А жұмысшы тоқпен және 600...1500 Гц импульсты жиіліктегі минералды майда жез құрал-саймандар арқылы орындалады. Мұндай өңдеу нәтижесінде тесіктің Ra

3,2.1,6

мкм кедір-бұдырлығы 8-9 квалитті дәлдікпен шығады. Металдың кему қарқыны 80...300 мм

3

/мин, ал құралдың қатысты тозуы 50...70% құрайды.
Электримпульсты өңдеу

электр доғаларындағы униполярлы (бір бағыттағы) импульстарға негізделген. Қалыптандырушы құрал

– анод, ал өңделетін қайнатпа ретінде – катод (кері полярлық) болып табылады. Электржалынды тәсілден бұл тәсілдің ерекшелігі – өңдеу тоқтың қзын импульстары арқылы жүзеге асады. Тоқтың ұзын им- пульстары машиналық импульсты генераторынан алынады. Мұндай жаңғыру нәтижесінде құралдардың тозуы төмендеп, өндірушілігі жоғарылайды.

Электролиттегі қыздыру тәсілі барысында металды өңдеу үшін электролитте жүріп тұрған разряды барысында катод пен элек- тролит және изотермиялық реакция арасында шығатын жылуды пай- далануға болады. Қоректендіру қайнар көзінен (

1

) бөлініп шығатын тұрақты электрлік тоқтың, электролит арқылы (

3

) электродтардың ванналары (анод,

2

) мен бөлшектері (катод,

4

) есебінен сәйкес қы- сым мен тығыздығына қарай бөлшектер белгілі бір жоғары темпера- тураға дейін қызады (

сурет 12.18
). Катодтың газ қабықшасында (

5

) экзотермиялық реакция туындайды. Бұл реакция қыздыруды күшей- теді. Электролиттегі қызу бөлшектерді ыстық орнықтыру, дәнекер- леу арқылы сығу және шынықтыру үшін пайдаланылады.

Электрохимиялық өңдеу

– өңделетін бөлшекке электр тоғы мен химиялық реакция арқылы әсер ету тәсілі. Бұл жағдайда металл бөл- шектері анодтың – электродтың үстіңгі бетінен анодты еріп, қорек-

Сурет 12.18 Электролитте материалдың қызуы

1

– қоректендіру көзі;

2

– ванна;

3

– электролит;

4

– бөлшек;

5

– газды қабықша

тену өзінің оң полюсімен бірігіп, ерітіндіге (электролит) айналады. Мұндай өңдеуді электртегістеу, тегістеу, қылауларды жою, тазалау, кескіш құралдарды қайрау, тесіктерді, қуыстарды жасау, жұқалтыр алу және тағы басқа мақсаттарда пайдаланылады. Айталық, жоға- рыкөміртекті және төменкөміртекті болатты электртегістеу электро- литте (70...80°С) ыстық күйінде орындалады. Электролит 12...14 В электродты қысымда, бөлшектің үстіңгі бетіндегі тоғының тығыз- дығында (40...60 А/дм) фосфорланған қышқыл, хромды ангидрид пен судан құралады. Металдың кему жылдамдығы – 7...10 мкм/мин, өңдеудің нақтылығы – жоғарылайды, ал кедір-бұдырлығы бастапқы қалпына түсіп, Ra

0,8.0,1 мкм интервалында болады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

13-тарау

ДАЙЫНДАУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

13.1.

МАТЕРИАЛДАРДЫ КІРІСПЕ БАҚЫЛАУ

Өндіріс орындарына келіп түскен маңызды қолданысты өнімдерді жасауға арналған материалдар мен қосымша материалдар техника- лық талаптарға (ТТ) немесе мемлекеттік стандарттарға (МЕМСТ) сәйкестігін анықтау мақсатында кіріспе бақылаудан өткізіледі. Алдымен ілеспе құжаттарының (сертификаттар) маркировка және биркаларға, тіркелген материалдарға, сонымен ұатар матери- алдардың техникалық талаптар мен стандарттарға: әдістемесі бой- ынша, қабылдау ережелеріне сәйкестігі тексеріліп, материалдардың геометриялық өлшемдері, олардың үстіңгі бетінің сапасы, химиялық құрамы, механикалық қасиеттері т.б. бақыланады. Кіріспе бақылау қызметі «сәйкес» деген қорытынды жасаса, сертификат жазылады. Сертификатта материалдың нақты (өлшемді) сипаттары жазылады. Осы мәліметтер техникалық талаптарға немесе стандарттарға сай болмаса, материал белгіленген тәртіппен «бракталған» деп таныла- ды. Негізгі материалдардың маңызды сипаттамаларын қарастырып көрелік. Бұл сипаттамаларды әдетте, кіріспе бақылау қызметі тек- середі.

Материалдардың геометриялық өлшемдері

– қалыңдығы, диа- метрі, ені, ұзындығы – әмбебап құрал-саймандар – штангециркуль, микрометр, индикатор т.б. аспаптар арқылы бақыланады.

Үстіңгі бетінің сапасы бақыланып отырған материалдың үл- гілерін эталон үлгімен салыстыру жолымен анықталады. Үстіңгі бетінің сапасы кедір-бұдырлығының шеткі жай-күйінің аясында, үстіңгі бетінің ауытқуларының түрлері (жапырылу, жарықтар, құ- былту түрлері т.б.) бойынша бақылау картасына сай тексеріледі. Ма- териалдың үстіңгі бетінің жай-күйі әдетте, сырттай бақылау арқылы бақыланады. Кейбір жағдайларда микрокедер-бұдырлықтың биікті-

гін анықтау үшін арнайы аспаптар қолданылады. Мұндай аспаптар
профилометр
немесе
профилограмма

деп аталады.

Машина жасау құрылысында пайдаланылатын құрастыруға ар- налған материалдар үшін, әсіресе, үстіңгі бетінің сапасы өте маңы- зды. Үстіңгі бетінде сызықтар, металды емес қоспалар, шөгінді ұяшықтар, бос орындар, кеуектілік, отқақ, тереңдігіне ұарай көмір- тексіздендіру секілді кейбір ауытқулар болмауы керек.

Материалдағы компоненттер мен қоспалардың мөлшері, және олардың бөлінуі химиялық, спектралды және металлографи- ялық талдамалар арқылы анықталады. Материалдардың басқа қасиеттері – белгілі бір өндіріс орында- рында басты сипаттамалар ретінде технологиялық қызметтері де кіріспе бақылау барысында тексеріледі. Немесе сәйкес технологи- ялық сынақтар (сынамалар) өткізіледі.

13.2.

МАТЕРИАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАМАЛАРҒА БӨЛУ

Дайындама

– ары қарай өңделуге арналған жартылай фабрикат. Одан дайын өнімдер жасалады. Дайындаманың минималды әдіп- тері, белгілі бір геометриялық пішіні мен кедір-бұдырлық дәрежесі болады. Ең бастысы – барынша минималды шығындар шығара оты- рып, жоғары сапалы өнімдер алу. Ол үшін оны өндірудің барынша оңтайлы технологиялық үдерісі құрылады.

Қайта өңделуге қажетті шикізаттар екі нұсқаға сай алынады – дай- ындама түрінде (өнімдерді қайта өңдеуге жарамды) немесе белгілі бір өлшемді материалдар түрінде (олардың дайындамалары тапсы- рыс берушілердің өндіріс орындарында алдын ала дайындалған).

Бірінші нұсқаны металды қысыммен (суық немесе ыстық қалып- тау) қайта өңдеу барысында қолданған тиімді. Бұл жағдайда белгілі бір өлшемді және ұзындықты сәйкес маркалы, термиялық өңделген немеме өңделмеген күйінде ленталар немесе жолақтарға тапсырыс беріледі. Екінші нұсқа бойынша тапсырыс берілген материал алдын ала қоймаға келіп түседі. Мұнда оны сұрыптарына (лента, жолақ, шы- бықша, төртбұрыш, сым, жайпақ тілімшелер т.б.) қарай сәйкес құрылымды стеллаждарға (тік, төртбұрышты, шыршалы т.б.) ор-

наластырылады. Материалдар орналастырылғанда, металдарды дайындау тәсілі мен жай-күйі (суық- және ыстық илемделген, күй- дірілген, күйік шалдырылған т.б.) ерекше назарға алынады. Әрбір стеллажда (егер ол біртекті материалдармен толтырылса) немесе жекелеген штангаларда (металды серіппелер, шыбықшалар т.б.) орнатылғаннан кейін материалдардың әрқайсысының шетіне оның маркасын, балқу номірін, жеткізуші-зауыттың ТББ (Техникалық бақылау бөлімі) бақылаушысының нөмірін көрсететін таңба қойы- лады. Сонымен қатар, жеткізуші-зауыттар өздері белгілі бір түсті маңдайшаларды пайдаланып жатады. Материалға тапсырыс бергенде, қоймада алдын ала сақтау үшін қажетті қорды құру және жұмысты үзіліссіз жалғастырып, жасау мақсатында экономикалық мақсаттылық басшылыққа алынады. Бұл материалдар – өлшемі үлкен (қойманың ауданына сай келетін), қысқа, өлшемді ұзындықта, қалдықтары да өлшемді ұзындықта бо- луы керек. Металды пішу барысында шыққан қалдықтар минималды немесе мүлдем болмағаны дұрыс. Ауқымды және ірісериялы өндіріс орындары үшін металдарды жеткізуші-зауыттарға стандартты емес профилді дайындамаларды – жартылай фабрикаттарды жеткізуге тапсырыс берілгені дұрыс. Материалдарды дайындамаларға кесу (шабу) тәсілдері көп. Со- лардың ішінде ең өнімділерін қарастырып көрелік: доңгелек және сегментті аралармен, кескіш дискілермен, әртүрлі типті қайшылар- мен, ленталық және пышақ тәрізді аралармен т.б. тәсілдермен, мәсе- лен, автогенді, электрдоғалы, электроэрозиялы, анодты-механика- лық кесу т.б. тәсілдерін жатқызуға болады.

Дөңгелек  аралар

–  басқаша  айтқанда,

фрезалар
(жонғыштар)

– қиып-кескіш (оймакілтекті) және кескіш фрезалар деп бөлінеді.

Қиып-кескіш фрезалар диаметрі 40...75 мм, қалыңдығы – 0,2...5,0 мм етіп, тістері қаттылығы – 61....64 HRC жылдам кескіш болаттар- дан ірі немесе ұсақ етіп жасалады. Бұл фрезалар металдарды және металл емес материалдарды кесу үшін, сонымен қатар бұрандалар- дың басындағы терең емес оймақтарды жасау үшін, терең және тар ойықтарды жасау үшін пайдаланылады.

Кескіш фрезалар (

2

) материалды (

1

) әртүрлі профилде және қи- маларда аралау үшін, сонымен қатар фрезерлік білдектерде орна- ласқан терең және тар ойықтарды жасау үшін пайдаланылады (сурет 13.1, а ).

Сурет 13.1 Арамен кесу тәсілдері а

– кескіш фрезамен (жонғышпен);

б

– пышақты арамен;

в

– ленталы тік арамен;

1

– материал;

2

– фреза;

3

– пышақты төсемдер;

4

– ленталы ара;

– кесетін құралдың қозғалу бағыты

Кескіш фрезалардың диаметрі – 60...200 мм, қалыңдығы – 1...5 мм, ортасы жұқа етіп жасалады. Ені (қалыңдығы) 2 мм-ден жоғары фрезалардың тістері бір жағына қарай бұрышты жүзді етіп, шахмат- ты тәртіппен орналастырылады. Мұндай қайрау кесілетін жаңқа- ларды кескіш ойықтардың қабырғаларына үйкелін төмендетіп, ара- ны оның бойымен дұрыс жүруін жеңілдетеді. Кескіш фрезаларды қиып-кескіштер дайындалатын болаттардан жасалады.

Білдекті аралар
пышақ типі (сурет 13.1,

б

) және ленталық, оның ішінде тік (сурет 13.1, в

) және көлденең болып бөлінеді.

Сегментті дөңгелек аралар материалдарды қасиеттеріне қа- рай, сондай-ақ өлшемі мен профильдеріне қарай кесуге арналған құрал-сайман. Аталған аралардың диаметрі 300...2000 мм, қалың- дығы – 5...15 мм болады. Аралардың артықшылықтары – тозғаннан кейін тісті сегменттерді (аралау тақтайларында тойтарма арқылы бекітілген) ауыстырғанға дейін пайдалану мүмкіндігі. Әрбір сег- менттегі тістер өлшемдеріне (ірі, орташа және кіші) қарай анықта- лады, ал сегменттер мөлшері араның диаметріне байланысты болып келеді. Тістердің профильдері кесілетін материалдардың қасиеттері мен кесу тәртібіне байланысты анықталады.

Дискті (роликті) қайшылар екі түрлі болады: параллель тік не- месе көлденең орналастырылған және өстеріне еңкейтілген. Парал- лель өсі бар қайшылар жалпақ тілімді материалды (

3

) жолақтарға және дөңгелек пішінді дайындамаларды кесуге арналады (сурет 13.2, а

). Материалдың қалыңдығы 30 мм-ге дейін жетеді. Дискілі

қайшылардың барлық параметрлері негізінен кесілетін металдың қалыңдығына байланысты. Қалыңдығы 5 мм тілімшелерге дискінің қайшыларының (

1, 2 ) қалыңдығы 125...130 мм, ал қалыңдығы 25...30 мм, арасындағы саңылау 0,5...0,6 мм болуы керек. Сонымен қатар, дискті қайшының жиынтығын пайдалана отырып, кесуге болады. Бұл жағдайда роликтердің жұптарының санына сай келетін біркелкі өлшемді бірнеше жолақтар алуға болады.

Еңкейген өсі бар дискілі қайшылар арқылы қалыңдығы 20 мм-ге дейінгі тілімшелерден дөңгелек (дискілі), сақиналы және қисықсы- зықты дайындамалар кеміліп алынады. Мұндай қайшылардың параметрлері параллеь өсі бар қайшы- лардың параметрлерінен біршама өзгеше болып келеді. Мәселен, қалыңдығы 5 мм материалдар үшіг қайшылардың диаметрі 100 мм, қалыңдығы 20 мм, арасындағы саңылау – 1,0...1,5 мм болып келеді. Дөңгелек дайындамаларды үстіңгі және төменгі пышақтардың көмегімен

пышақты қалыптармен
(сурет 13.2,

б

) кесіп алуға бо-
лады.

Кесілген және тегістелген металасбесті дөңгелектер әртүрлі ма- териалдарды кесу және тазалау үшін пайдаланылады. Орталықтан- дырылып дайындалған, сәйкес түстер мен таңбалармен белгіленген дөңгелектер әртүрлі болаттарды, оның ішінде шынықтырылған, әртүрлі қаттылықтағы (қалыңдығы 2 мм-ге дейін), сонымен қатар түрлі түсті металдар мен олардың қорытпаларын, жоғары сапалы болаттар, құймалар мен тастарды өңдеу үшін пайдаланады. Мұн- дай дөңгелектер металды стационарлы жағдайда арнайы білдектер

Сурет 13.2 Дискілі пышақтармен ( а

) және пышақты қалып- тарда ( б

) кесу
1, 2

– дискілер; 3 – материал;

4, 5

– жоғарғы және төменгі пышақтары;

дискілердің қозғалу бағыты

көмегімен, тіпті суытпастан-ақ кесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірісте электрлі қол құралдары – тегістелген бұрышты ма- шиналар пайдаланылады. Мұндағы металасбесті доңғалақтардың орнығу өлшемі (диаметрі) 22 мм, сыртқы диаметрі – 144 мм және қалыңдығы – 2...6 мм болады. Бұл құралдар – жоғары айналымды, айналу жиілігі – 10000 мин -1

-ке тең.
Абразивті дөңгелектердің

әртүрлі маркалы болаттарды шы- нықтырылған әрі шынықтырылмаған күйде, суық түрлі кесу үшін қолданылады. Оларды әдетте, диаметрі 80...400 мм, қалыңдығы – 0,5...5,0 мм вулканды немесе бакелитті байламды абразивті дөңге- лектерді пайдаланады. Кесуші құрал ретінде, әдетте, электркорундтан жасалған (шарт- ты таңбалануы – 25А) , түйіршіктері 36...46 с, қаттылығы СТ2–СТ1 және кесу жылдамдығы 45 м/с дөңгелектер пайдаланылады. Кесу кезінде абразивті дөңгелек үш қозғалыс жасайды: айналма- лы, берілетін (бөлшекке үстінен астына) және тербелісті (дайында- маға көлденең алға-артқа).

Үйкелу аралары (тіссіз аралар) металды әртүрлі профильді (бұрыш, шыбықша, қоставр, төртбұрышты т.б.) және өлшемді етіп, әрі тілімшелер мен құбырлар етіп кеседі. Үйлкеу араларының жұ- мыс принципі сұйық металды кесу аймағынан балқыту және таза- лауға негізделеді. Металл кесу аймағынан сұйық күйге қыздыры- лады. Металл сұйық күйге жылдам айналатын араның кесілетін дайындамаға үйкелуі барысында бөлініп шығатын жылу есебінен қызады. Үйкелу арасы дегеніміз – диаметрі 1 м және белгілі бір қа- лыңдықтағы диск (кесетін материалдың өлшеміне қарай). Дискілер төменкөміртекті болаттардан (құрамында 0,8...1,2% марганец бар) жасалады. Аралардың кесетін үстіңгі беті тегіс немесе тістері до- маланған немесе кертіктері бар болып дайындалады. Кесу үдерісі дискіні 70...100 м/с кесу жылдамдығында суытылып және суытыл- мастан, 40...50 м/с кесу жылдамдығында орындалады. Жылдамдық аса жоғары болғандықтан, дискілерді алдын ала теңгеріп алу керек. Шыбықшалар мен құбырларды кескенде, оларды айналдыру керек. Механикаландырылған қондырғылардан басқа өндірушілігі жоғары, диаметрі шағын қолды тартпасы бар қондырғы да жасалып, шыға- рылады.

Ленталы аралар (

4

) металдар мен әртүрлі сұрыпты және про- фильді металл емес материалдарды тік және аз (15; 30; 45°), әдетте

кесілетін материалдың (

1

) өсіне қарай бұрыштай отырып, кесуге ар- налған (сурет 13.1, в ).

Ленталық аралары бар (

4

) білдектердің тік немесе көлденең ор- наласқан аралары болады. Аралардың ені – 6...25 мм, ені – 0,6...1,4 мм болады. Тар аралармен дайындаманы қисықсызықты траекто- риялары бойынша кесуге болады. Радиусы аз болған сайын араның төсемдері соншалықты нашар болады. Мұндай жұмыстарды тік ор- наласқан аралары бар білдектерде орындауға болады. Аралардың материалдары, тістерінің профильдері, қалыңдығы, қозғалу жыл- дамдығы, берілуі мен суыту тәртібін нақты жағдайларға ссәйкес таңдалады – кесілетін материалдың қасиеті, оның сұрыптары, про- филі т.б. Осы аталған аралармен диаметрі 500 мм-ге дейінгі матери- алдарды кесуге болады. Ленталық аралардың негізі ретінде биметалды ленталық серіп- пелі болат жұмсалады. Оның тістері жылдам кесетін болаттан (құрамында көміртек, вольфрам, молибден, ванадий, кобалть және қаттылығы – 68...69 HRC) жасалады. Мұндай аралар жақсы кеседі, тозуға төзімді және ұзақ жұмыс жасайтыг болып келеді. Мұндай ара- ларды әртүрлі профильді және бірбүтін материалдарды кесу үшін пайдаланылады. Түрлі түсті металдарды, титан және титан қорытпа- ларын, құрал-саймандық, құрастыруға арналған, қышқылға төзімді, коррозияға шыдамды және ыстыққа шыдамды болаттар мен басқа да материалдарды кесуге арналған аралар болады. Мұндай аралардың ерекшелігі – тістерінің белгілі бір қадамдары мен профилі бар. Олар кесу шарттарын жақсарту үшін кейбір аралардың қадамдары өзгер- мелі және жүйелі түрде қайталанып отыруы керек. ленталардың ені мен қалыңдығы, профилі мен тістерінің қадамдары, кесілетін мате- риалдар мен олардың өлшемдері арасында тәуелді байланыс бола- ды. Қазіргі таңда ленталық-аралық білдектердің құрылысына ұқсай- тын сериялары болады. Олар ленталық аралар арқылы материалдар- ды кесуге арналған. Мысал ретінде кесу жылдамдығы төрт (23; 33; 45 және 65 м/мин), аралары – ұштары жоқ, төсемдері 2300 х 20 х 0,6 мм болатын; максималды өлшемі – 180 х 300 мм болатын білдекпен танысалық (

сурет 13.3 ).

Білдектің қорап пішінді шойын табандары (

15

) бар, май- лағыш-суытушы сұйықтыққа арналған резервуар ретінде жұмса- лады. Білдектің қозғалуы үшін дөңгелектер (

16

) пайдаланылады.

Сурет 13.3 Ленталы-аралы білдек
1, 3

– қысқыштарының қозғалмалы және қозғалмайтын еріншелері;

2

– сер- мер;

4

– ленталы араны ұстағыш;

5

– араның рамасы;

6

– созатын құрылғы- ның басы;

7

– созатын құрылғы;

8

– ленталық ара;

9

– шланг;

10

– қосу тетігі;

11

– сыналы-қайысты беріліс;

12

– электрқозғалтқыш;

13

– гидроци- линдр;

14

– гидроцилиндрді басқару тұтқасы;

15

– табаны;

16

– дөңгелегі

Табанның үстінде көлденең бағытта (

3

) қозғалмайтын қысқаштары мен қозғалатын (

1

) еріншелері болады. Қысқаштары мен ерінше- лерді қысқан кезде дайындамалар бұранданың көмегімен сермерді Ленталық  аралары  бар  рама  қысқыштардың  еріншелеріне  қа- тысты  45°  бұрыштықта  орналасқан.  Ленталық  араның  аймағы

Араның ашық тұрған аймағының үстінде шланг (

9

) орналасты- рылған. Шлангтың ұштықтарына майлағыш-суытушы сұйықтық беріледі. Сұйықтық білдектің резервуарында тұратын сорғы арқылы сорылады. Бұрышпен кесу үшін қысқыштың еріншелерінің сақи- налы ойықтары болады. Ойықтар қажет етіліп отырған бұрышты еріншелерін айналдыру арқылы белгілеуге мүмкіндік береді. Лента- лы арамен (

8

) кесу аяқталғаннан кейін араның рамасы қысқыштар- дың жазықтықтарынан төмен түсіріледі, білдек автоматты түрде өшіріледі. Себебі оны реттеп отыратын тірек тек ақырғы сөндіру кезінде ғана басылады. Араның рамасын түсіру жылдамдығы (

5

) кесу кезінде арнайы құралдармен реттеліп отырады. Құрал майдың гидроцилиндрде (

13

) ағу тесігінің қимасын өзгертіп отырады.

Ленталық араның қозғалу жылдамдығы сыналы қайыстардың ор- нын тегершіктер арқылы сыналы-қайысты беру (

11

) редукторында ауыстыру жолымен анықталады. Ұзын өлшемді материалдарды кесу үшін ленталы-аралы білдекке роликті контейнерді тіркеуге болады. Ленталы ара төртсатылы тегершіктері бар сыналы-қайысты берілу арқылы электрқозғалтқыштардың көмегімен әрекетке түсіріледі. Одан ары қарай қозғалыс тегершікке, төсем мен басты тегершіккке апаратын бұрамдықты редукторға беріледі. Бұл редуктордың тартпа қондырғысы болады. Кесу жылдамдығын сыналы-қайысты берудің қайыстарының орнын ауыстыру арқылы өзгертуге болады. Ал рама- ларды түсіру жылдамдығын гидроцилиндрдегі жиклерді көлденең қиюды өзгерте отырып, реттеуге болады.

Қол аралар
білдекті (қараңыз: сурет 13.1,

б ) және қолға арналған болып бөлінеді. Білдекті төсемдерді қоларалы білдектерде (механи- калық қолара) шыбықшалар, құбырлар мен басқа да профильдерді кесу үшін, әсіресе үлкен ұзындықта дайындама жасау қажет болған- да пайдаланылады. Қоларалы төсемдердің материалдары – Р9, Р18, Х6ВФ маркалы құрал-саймандар жасауға арналған болаттар немесе 62...64 HRC қалыңдыққа дейін термиялық өңдеуден өткен У10 марка- лы болат. Білдекті төсемдердің қалыңдығы мен ұзындығы кесілетін материалдың сипатына және өлшеміне қарай анықталып, 1,25.2,5 мм және 350.600 мм (сәйкесінше) арасында болады. Тістері, әдетте, пішініне қарай үшбұрышты болып келеді. Бүйірлі үйкелістерін бол- дырмау үшін қолара төсемдерінің тістерінде өрнектер болады. Қолға арналған аралардың төсемдері шағын өлшемді дайында- маларды (бөлшектерді) ұсталық операцияларды орындау барысын-

Сурет 13.4 Қайшылар а

– параллель;

б

– гильотинді;

в

– вибрациялық;

1

– қысқыш;

2

– үстіңгі пышақ;

3

– тіреуіш;

4

– материал;

5

– төменгі пышақ;

– үстіңгі пышақтың қозғалу бағыты

да кесуге арналған. Бұл төсемдер білдектер жасалған болаттардан жасалады. Олардың қалыңдығы – 0,8...1,6 мм, ұзындығы – 250...300 мм болады. Қоларалы төсемдердің тістері «өзінен ары қарай» бағы- тында кеседі. Егер өзіне қарай кесетін болса, бос жол жүрген бо- лып табылады. Механикалық аралардың жұмыс бағыты – бір ғана бағытта болады, содан кейін төсемдерді кері жаққа қарай көтеріп, бос жолды жүріп өтеді. Одан ары төсемдер белгілі бір қадамға дейін түсіріліп, кесу циклы қайталанады. Металды қатты суытқаннан кей- ін ғана кесу керек.

Қозғалтқыш қайшылар әдетте, материалды тілімше етіп кесу (шабу) үшін пайдаланылады. Тілімшелерді әртүрлі ұзындықта және қалыңдықта кесуге арналған қайшылардың бірнеше түрлері бола- ды: параллель (

сурет 13.4 , а

) және гильотинді (еңіс, сурет 13.4, б

). Үстіңгі пышағының (

2

) кесу бұрышы – 75...85°, қайрақтың артқы бұрышы – 2...3° (кейде 0°-ге түсіріледі) болады. Гильотинді қайшы- лардың жарма бұрыштары (үстіңгі (

2

) және төменгі (

5

) пышақтары- ның арасындағы бұрыш) болады.

Олар кесілетін тілімшенің қалыңдығына қарай өзгеріп отырады. материалдың қалыңдығы 4 мм-ге дейін болғанда, жарма бұрышы – 2,0...2,5°; қалыңдығы – 4...15 мм болғанда, 2,5...4,0° болады. Ал қа- лыңдығы 15 см-ден жоғары тілімшелердің жарма бұрышы – 4...6° болады. Кесу сапасы пышақтар арасындағы саңылауға байланы- сты: ол минималды әрі әрбір материал (болат, мыс, алюминий) үшін тілімшелердің қалыңдығына қарай жеке-жеке таңдалып алынуы керек. қалыңдығы 1 мм-ге дейінгі тілімшелер үшін материалының

түріне қарамастан, саңылау – 0,05 мм, материалдың қалыңдығы – 1,5...5,0 мм болса, 0,08 мм; мыс пен алюминий үшін – 0,05 мм болуы керек. айта кететін жайт – пышақтары арасындағы үлкен саңылау металды таза кеспеуге, ал шектен тыс кіші саңылау – пышақтардың жүзін бүлдіруге алып келуі мүмкін. Себебі бұл жағдайда бұзылатын металдың жарылу фазасы болмауы ықтимал. Шапқан кезде қысуға

Олардың пышақтары (

2

) минутына 1200...2500 қадам жасайды, пы- шақтарының қадамдарының мөлшері – 2...3 мм-ге жетеді. Пышақта- рының алдыңғы бұрышы – 6...7° және жарма бұрышы – 24...30°-ге тең болады. Үстіңгі (

2

) және төменгі (

5

) пышақтарының арасындағы саңылау кесілетін материалдың (

4

) қалыңдығына байланысты бола- ды.
Металды қалыптар

көмегімен кесу қозғалтқыш престер көме- гімен орындалады. Қалыптардың құрылымы әртүрлі болады, бірақ олардың ішінде метрицалық және пышақты қалыптар жиі қолданы- лады. Матрицалық қалыптар (жіптікөзді, төлкелі) калибрленген про- фильдерді – төртбұрышты, дөңгелек, квадратты т.б. кесуге арналған. Пышақты қалыптың қозғалмалы үстіңгі пышағы (

4

) үстінде тұрған- да, кесуге арналған материал (

3

) матрицаның тесігінен (қозғалмай- тын төменгі пышақ (

5

) өткізіледі. Үстіңгі пышақ (

4

) түсірілген кезде материалдың жартысы бөлінеді. Содан кейін жоғарғы пышақ баста- пқы күйіне оралады да, кесу үдерісі қайталанады.

Сурет 13.5 Буферге қыса отырып, пышақты қалыптар арқылы кесу
1, 3

– қозғалмалы және қозғалмайтын пышақтары;

3

– материал;

4

– буфер;

5

– қысқыш;

– қозғалмалы пышақтың қозғалу бағыты

Пышақты қалыптардың әрбір пышағында (

1

) жартылай тесіктері
Дәл кесік алу үшін пышақтардың (
1, 3

) арасындағы саңылаудың өлшемі дұрыс болуы керек (материалдың қасиетіне және өлшемі- не қарай). Әдетте, саңылаулар материалдың диаметрі (қалыңдығы) Қозғалтқыш пресс-қайшылар проифильді материалды – бұрыштар, швеллерлер, қоставрлар т.б. кесуге арналған. Олардың пышақтарының профильді тесіктерінің біреуі – қозғалып тұрады. Ол қозғалғанда, материал бөлшектеледі. Пышақтардың профильді тесіктерінің арасындағы саңылау аса үлкен болмағандықтан (бар- жоғы бірнеше милиметр), металдың кесіктері кедір-бұдырлы болып шығады. Құрал-сайманның бұл түрін даналап өнім шығару бары- сында пайдаланған дұрыс. Яғни, бұл құрал дайындамаларды аз ғана дайындау қажет болғанда, ал нақтылығы мен сапасына қойылатын талаптар – төмен болғанда, пайдаланған тиімді. Материалды дайындамаларға кесудің тағы бір жолы – қиғаш ке- скішті жонғыш білдекті пайдалану (қараңыз: 12-тарау). Материалдарды кесудің барлық түрлеріне белгілі бір талап қойы- лады: дайындамаларды дәл кесу, кесу сапасы, пішінінен ауытқымау т.б. Айталық, қалыпта кесілетін диаметрі – 1 мм-ге дейін, ұзындығы 300 мм-гедейін дайындаманың рұқсат етілген ұзындығы – ±0,6 мм, ал диаметрі 30...40 мм және максималды ұзындығы 600...1000 мм дайындама үшін рұқсат етілген ұзындық – ±1 мм болуы керек. Өн- дірістің масштабына, игерілген технологиялық үдеріске және басқа да факторларға байланысты олардың дайындау аймағының жұмы- стары толық механикаландырылған және автоматтандырылған бола алады. Ал территориясында материалдың екінші рет қолдануға бо- латын қалдықтарын қайта өңдеу орындары болуы мүмкін.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

– М.: Издательский центр «Академия», 2009. – 288 с.

«Академия», 2005. – 224 с.
«Академия», 2003. – 368 с.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе        4

І – БӨЛІМ. МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ

ҚАСИЕТТЕРІ

Тарау 1.        Материалдар туралы жалпы мәліметтер

8

Тарау 2.        Материалдарды химиялық-қыздырып
өңдеу және сынақтан өткізу тәсілдері

35

ІІ – БӨЛІМ.

МАШИНА- ЖӘНЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР ЖАСАУ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР
Тарау 3.        Құрастыруға арналған материалдар

71

Тарау 4.        Металды емес құрастырмалы материалдар

118

ІІІ-БӨЛІМ.

МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Тарау 5.        Материалдардың магнитті, электрлі және
жылулық қасиеттері

145

Тарау 6.        Жартылай өткізгіштер мен олардың негізінде
жасалған аспаптар

167

V-БӨЛІМ.

ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Тарау 7.        Кесетін құрал-саймандарды жасауға
арналған материалдар

175

Тарау 8.        Қалыптар, пресс-қалыптар және өлшеу құралдарын жасауға арналған материалдар

196

арналған материалдар        196

VІ-БӨЛІМ.

ҰНТАҚТЫ ЖӘНЕ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Тарау 9.        Жаңа материалдар

204

Тарау 10.        Керметтер мен композициялық материалдар

209

VІІ-БӨЛІМ. МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨҢДЕУДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Тарау 11.        Құйма өндірісі

218

Тарау 12.        Материалдарды механикалық және электрлік өңдеу

248

Тарау 13.        Дайындау операциялары

278

Моряков Олег Сергеевич
Материалтану

О. С. Моряков МАТЕРИАЛТАНУ

Оқулық

8-басылым, стериотипті

Редактор Л. А. Левченкова Техникалық редакторы Н. И. Горбачёва Компьютерлік беттеу  О.В. Пешкетова

Корректорлар С.Ю. Свиридова, Н.С.Потёмкина

Баспа №108108205. Баспаға қол қойылды 15.07.2015. Формат 60 х 90/16. Гарнитура «Балтика». Офсеттік баспа. Офсеттік қағаз №1. Усл. печ. л. 18,0. Тираж 1 500 дана. Тапсырыс №

ЖШС ««Академия» баспа орталығы».
www.academіa-moscow.ru
129085, Мәскеу қ., Бейбітшілік даңғылы, 101В, бет. 1.
Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.

Санитарлы-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. AE51. H 16679, 25.05.2015 ж.

Баспа «Саратов полиграфкомбинаты»
ААҚ-на ұсынған электронды тасығыштарынан басылған.
www.sarpk.ru
410004, Саратов қ., Чернышевский көш, 59.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙