Ағзам Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры
Алау Әділбаев
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл кітапта Ислам құқық мәзһабтарының көшін бастаған имам Ағзам Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры, ізгі қасиеттері мен өнегелі істері қамтылған. Деректер тарихи әдебиеттер мен Әбу Ханифаның өмірінен сыр шерткен еңбектерден таңдалып алынған. Кітап исламтанушылар мен дінтанушыларға, дін саласының қызметкерлеріне, имам Ағзамның өмірімен танысқысы келген оқырман қауымға арналған.
Алау Әділбаев,
Имам Мади Түсіпхан
ИМАМ АҒЗАМ
ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ҒИБРАТҚА
ТОЛЫ ҒҰМЫРЫ
Алматы
ӘОЖ КБЖ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі «Әдебиеттердің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» Бағдарламасы бойынша шығарылды А. Әділбаев, Т. Имам Мади имам Ағзам Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры/ Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы» баспасы, 2015. – 144 б. ІSBN Бұл кітапта Ислам құқық мәзһабтарының көшін бастаған имам Ағзам Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры, ізгі қасиеттері мен өнегелі істері қамтылған. Деректер тарихи әдебиеттер мен Әбу Ханифаның өмірінен сыр шерткен еңбектерден таңдалып алынған. Кітап исламтанушылар мен дінтанушыларға, дін саласының қызметкерлеріне, имам Ағзамның өмірімен танысқысы келген оқырман қауымға арналған. ӘОЖ КБЖ
© «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығы
© «Қазақ энциклопедиясы», 2015
КІРІСПЕ Күллі ғаламның жаратушысы аса Рақымды, ерекше Мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Күллі мадақ пен мақтау жалғыз Аллаға ғана тән. Әлемнің рақым нұры, пайғамбарлар падишасы хазірет Мұхаммедке салауат айтып, сәлем жолдаймыз! Имам Ағзам жалпы алғанда, өзінің атымен аталатын ханафи ислам ойлау жүйесінің негізін сонау ерте заманда қалаған дарабоз ғалымдардың бірі. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Тирмизиден жеткен бір хадисінде «Ғұламалар – пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар соңынан динар немесе дирхам емес, ілім қалдырады. Кім соған қол жеткізсе, үлкен мәртебеге жеткені»1 дегеніндей, ақырғы пайғамбардан кейін пайғамбар келмейтін болғандықтан, оның нұрлы жолын жалғастырып, дамытатын, уақыттың талабына қарай адамдардың қажеттіліктеріне жауап беретін ғалымдар болмақ. Сондай ғалымдардың бірі – артынан өшпес із қалдырған имам Әбу Ханифа. Сондықтан да, қазіргі таңда дінді толық меңгермей жатып, әлгіндегідей жаңсақ пікірлерді таратып жүргендердің ұстанымдары бір қарағанда дұрыс сияқты көрінгенімен, ғылыми негіз бен тұжырымдардан мүлдем алшақ екені Ислам ілімінен хабары бар әркімге аян. Имам Ағзам Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмырын, ізгі қасиеттері мен өнегелі істерін оқып білу, дәстүрлі ұстанымды нығайта түсуге, аталған алыпқашпа сөздер мен жаңсақ пікірлерге орын бермеуге өз пайдасын тигізері сөзсіз. Пайғамбар сахабалары мен оны көрген буынның тәлімін алған, білімі артқан сайын, үкім айтып пәтуа беруден барынша бойын алыс ұстайтын, өз еңбегін жасырып, жеткен жетістіктері мен ие болған абыройын ұстаздарының табысы мен дәрежесінің арқасы деп есептейтін кішпейіл ғалымдардың өнегелі өмірін оқып-білудің тәрбиелік маңызы өте жоғары. «Ғұламалар пайғамбарлардың мұрагерлері» деп мадақталған ғалымдардың ілімінсіз алған ілімнің пайдасы болмасы анық. Өткенге салауат айтып, ғұламалары мен олардың мұрасын бағалай білмеген қоғамда дінбұзарлар мен теріс ағымдар, негізсіз пікірлер мен көзқарстардың етек алады. Жалпы Ислам дініндегі фиқһ ілімінің қалыптасуы, бір жүйеге келтірілуі мен кең жайылуы осы ұлық имам Әбу Ханифаның атымен тікелей байланысты. Оны «Имам Ағзам» (Ұлық имам ) деп тек сол мәзһабты ұстанушылар ғана емес, ілімдегі тереңдігін көрген замандас ғұламалары да атаған. Басты себеп, имам ның Ислам іліміне қосқан орасан үлесінде. Оның қалыптастырып кеткен дара жолы жер шарының Батысы мен Шығысына жетіп, шұғыласын әлі күнге дейін шашуда. Қолыңыздағы еңбек – ата-бабамыз сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан ханафи бағытының имам ы, мұсылман үмбетінің ұлы ұстазы имам Ағзам Әбу Ханифаның өнегелі өмірін жан-жақты қамтиды. Деректер тарихи әдебиеттер мен оның кезеңінде өмір сүрген ғұламалардың, Сан ғасырлардан бергі мұсылман әлеміне әйгілі тұлғалардың айтқандарынан іріктеліп алынды. Дәстүрлі исламды насихаттайтын діни қызметкерлер мен оқырман қауымның игілігіне жарауын тілейміз. Әділбаев А.Ш. 1 Нәуәуи, Нузхатул-муттақин, Риядус-салихин, ІІ т., 194-б. №1389. Бейрут, 2001.
ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ӨМІРІ Аты-жөні мен ата-тегі Әбу Ханифа һижра жыл санауы бойынша 80 жылы (милади 699 жылы) Куфа қаласында Омеядтар (Әмәуи) халифасы Абдул Мәлік ибн Маруанның халифалық тұсында дүниеге келген2. Ата-бабасы Кабулдан қоныс аударған. Өмірінің елу екі жылын Әмауилер кезеңінде, ал қалған он сегіз жылын Аббасидтер кезеңінде өткізді. Әбу Ханифаның әкесінің аты – Сәбит, атасының есімі – Зәута. Әбу Ханифаның ұлтын араб3, набатей, түркі4, т.б. дегендер кездескенімен, Әбу Захра оның дәулетті парсы әулетінен шықты деген көзқарасты көпшілік ғалымдар қолдайтынын айтады.5 Атасы Зәута Вавилонда туылған. Мұсылмандықты қабылдап, азаттығын алғаннан кейін аз уақыттың ішінде бұрынғы дәулеті мен беделіне қол жеткізген. Көпшілік ғалымдар Әбу Ханифаның шын аты ән-Нұғман ибн Сәбит ибн Зәута екендігін айтқан6. Лақаб аты: Араб елінде лақап атпен атау құрмет-сыйды білдіреді. Алып имам ның кең танымал лақабы – Әбу Ханифа. Әбу Ханифа сөзінің негізі «Ханиф» сөзінің муәннәс (әйел текті) формасынан тарайтын араб әдеби тілінде «Тақуа құл» деген мағынаға саятын «Ханифадан» келеді. Ал Ирак диалектісінде «Ханифа» деп жазу құралын атаған. Яғни, имам Ағзам үнемі қаламды беліне тағып алып жүргендіктен солай аталып кеткен деген де көзқарастар бар7. Сонымен қатар, Ханифа атты қызы болғандықтан осы лақаппен аталған деген пікірлер кездескенімен, оны ғұламалар құптамаған. Өйткені, онда Хаммадтан басқа ұл немесе қыз баласының болғаны жайлы нақты мәлімет жоқ8. Басқа да риуаяттарға зер салсақ, ғалымдардың айтуынша, «Әбу» сөзінің аудармасы «Әке» мағынасымен қатар, «иесі, өкілі, басшысы, жетекшісі», ал ханифа сөзі «хақ, тура жол» дегенді де білдіреді. Олай болса, Әбу Ханифа деген сөздің мағынасы «Хақ жолдың бастаушысы, тура жолдың жетекшісі» дегенге саяды9. Демек, Әбу Ханифа халыққа дұрыстығы әрі туралығымен танылғандықтан, қалың жұртшылық имам ға «Хақ дін, тура жолдың басшысы» 2 Имам Хафиз әз-Зәхәби, Манақибу имам Ағзам Әби Ханифа уә сахибәйхи Әби Юсуф уә Мухаммад ибн әл-Хасан, Ләжнәту ихяил-маарифи ән-Нумания, Бейрут, һижри 1419 ж., 3-басылым, 13-бет.; Хатиб Бағдади, ТарихулБағдад, Бейрут, жылы көрестілмеген, 13-т., 330-б. 3 Әрине, оны араб деу шындыққа жанаса қоймайды. Өйткені, оның мәуәлиден екені белгілі. Ал мәуәли деп араб еместерге қарата айтылған. 4 Түріктің кейбір ғалымдары Әбу Ханифаның атасы Зәутаның Термездік, ол кезде Термез аймағының түрік халықтарының көп шоғырланған аймақ екенін айта келе, түрік болуы ғажап емес дейді. 5 Әбу Захра. Әбу Ханифа, хаятуһу уә асруһу, арауһу уә фиқһуһу, Дарул-фикрил-араби, Каир, 1997; Батыр Р., Абу Ханифа жизнь и наследие, «Медина» баспасы, Н.НовгородЯрославль, 2007, 15-б. 6 Хатиб әл-Бағдади, Тариху мәдинәтис-сәләм, Бейрут, 2001, 15-т., 446-б.; әл-Мекки, Манақиб, 37-б. 7 Хайсами, Хайратул-хисан фи манақиби әл-Имамил-Азам Әби ХанифәтинНуман, Бейрут, 1983, 41-б., Р. Батыр, Абу Ханифа жизнь и наследие, 16-б. 8 И. Хаккы Үнал, имам Ебу Ханифенин хадис анлайышы ве ханефи фықһынын хадис методу, Анкара, 1994, 16-б. 9 Әбсаттар Қажы Дербісәлі, Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа, «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2007, 13-б.
деп лақап тағып құрметтеген. Осы айтылған анықтамалардың қай-қайсысы да имам Ағзам Әбу Ханифаға әбден лайықты. Әбу Ханифаның жалғыз ұлы Хаммадтың Омар және Исмағил деген екі ұлы болған. Әзірет Әлидің (р.а.) дұғасының кереметі Имам Ағзамның атасы Зәута Куфада төртінші халифа хазірет Алимен (р.а.) жолығып, Наурыз мейрамында оған мухаллаба (тәтті) сыйлағандықтан осы жиында хазірет Али (р.а.) Зәутаның қасындағы баласы Сәбитке ізгі ұрпақ нәсіп болуын тілеп, «Алла Тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына мол береке берсін!» деп дұға қылған10. Имам Ағзамның немересі Исмаил ибн Хаммад: «Біз осы дұғаның қабыл болғанына сенеміз»11, – дейді. Шын мәнінде, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұрпағын жалғастырған ілім дариясы хазірет Алидің дұғасы орындалып, барша мұсылман үмбетіне ізгі іс қалдырған Әбу Ханифа дүниеге келді. Бәлкім, Әбу Ханифаның пайғамбар ұрпақтарына деген терең сүйіспеншілігінің астарында да осы дұға жатқан болар, кім білсін. 10 Әбу Абдуллаһ Хусәйн ибн Али әс-Сәймиәри, Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи, Бейрут, 1985, 2-б. 11 Ибн Халликан, Уәфәятул-аъян уә әнбәи әбнәиз-заман, Бейрут, жылы көрсетілмеген, 5-т., 405-б.
ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ
Адамның өсіп-жетілуіне, кісілігі мен дүние танымының қалыптасуына әке-шешесі мен тай-құлындай тебісіп қатар өскен құрбы-құрдастарының, ең бастысы қоршаған ортасының да тигізер ықпалы зор. Әбу Ханифа және фиқһ мектебінің қалыптасуы мен ерекшелігін дұрыс түсіну үшін өскен ортасы мен сол кездегі тарихи жағдайға тоқтала кеткен жөн. Хижраның алғашқы үш ғасырында Ирак ғылыми орталыққа айналған шаһарлардың көбісін қамтыған ислами аймақтардың алдыңғы қатарынан көрінді. Олардың арасында Халифа Омар ибн Хаттабтың бұйрығымен, Ұтба ибн Ғазуан тарапынан хижраның 14-16 жылдары арасында құрылғандығы риуаят етілген Басра, Басрадан кейін бой көтерген Куфа, Уасыт және Бағдат секілді ең ірі орталықтарды айтуға болады. Бір айта кетерлігі, осы жаңадан бой көтерген қалалардың барлығы мұсылмандардың қолымен тұрғызылған. Әлемнің картасында жаңадан пайда болғанына қарамастан аталмыш шаһарларда ғылым басқа өңірлерге қарағанда шапшаң әрі қарқынды дамуымен ерекшеленді. Оған, бір жағынан, Аббаси халифаларының қолдап, демеуі қолайлы жағдай тудырса, екінші жағынан, бұған аймақтың көне мәдениеттердің бесігі болуы да өз әсерін тигізді12. Біз сөз етіп отырған ұлы ғалым Әбу Ханифаның туып-өскен жері – Куфаға тоқтала кетейік. Әу баста Куфа қаласы хазірет Омардың бұйрығымен Сағыд ибн Әбу Уаққас тарапынан һижра жыл санауы бойынша 17 жылы, ал милади жыл санағы бойынша 637 жылы әскери бекініс ретінде құрылған еді. Сондықтан, ол жерде көбіне әскери қосындар қоныс теуіп, жергілікті халықпен етене араласып кете алмады. Омардың (р.а.) халифалығының соңғы кезеңіндегі өзгерістерге орай бұл өңірге Мәдинадағы сахабалар да ағылып келе бастады. Олар жергілікті халықпен қоян-қолтық араласып, тез сіңісіп кетті. Бір жағынан, сол кезеңнің өлшемі бойынша орта дәулетті мұсылмандардың да қатары көбейе бастады. Жергілікті халық арасында мұсылманшылықты қабылдағандардың да қатары артты. Билік тізгіні ирандықтардан мұсылмандардың қолына өтті. Осылайша, Иракта түбегейлі өзгерістер орын алды. Мұсылман Халифатының аз уақыттың ішінде қанат жайып, кеңейгендігі сонша, көптеген өңір Ислам дінін қабылдағандықтан, барша аймақты мұсылмандардың алғашқы астанасы Мәдина қаласынан, бір орталықтан басқару қиынға соқты. 657 жылы төртінші халифа атанған Али ибн Әбу Талиб Куфаға өзінің резиденциясын құру мақсатымен келеді. Алғашында әскери бекініс ретінде құрылса да, бертін келе қөлөнершілер, саудагерлер мен бұқара халықтың көптеп қоныстануына байланысты қала өмірінде елеулі өзгерістер орын алды. Хорасан, Хижаз, Үндістан және Қытай секілді ірі мемлекеттермен сауда-саттық қатынастарын орнату нәтижесінде үлкен сауда орталықтары мен базарлар ашылды. Сөйтіп, қаланың экономикасына қан жүгіре бастады. Куфа көп уақыт өтпей Месопотамиядағы ең ірі сауда орталығына айналды. Куфада құрылған ірі базарлардың бірі Әбу Ханифаның жібек саудасымен айналысатын дүкені орналасқан Кунаса базары еді. Әбу Ханифаның дүкені орналасқан базардың осы бөлігі Куфа мешітінің дәл қасынан орын тепкен-ді. 12 К. Сандыкчы, Илк үч асырда Ислам жоғрафиясында хадис, Анкара, 1991, 125-б.
Базардың осы бөлігі әуелі ғылыми орталық қызметін атқарған. Бұл тек сауда емес, түрлі дін, ұлт өкілдері қатар орын тепкен дінаралық диалог пен қақтығыстардың, мәдени байланыстардың орталығына да айналды. Әбу Ханифаның алғашында ақида ілімімен айналыса бастауына түрлі дін өкілдері арасындағы таластартыстар себеп болған13. Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалыптасуына туған жері Куфа өз әсерін тигізді. Куфа көне мәдениеттердің бесігі болумен қатар, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларының да көптеп қоныс аударып, сол сахабалардың ілім кәусарынан сусындаған табиғиндардың өмір сүріп, ілім шырағын шартарапқа таратқан айтулы өңір болатын. Болашақ мұсылман үмбетінің шамшырағы Әбу Ханифа бала күнінен Құранды жаттап өсті. Құран ілімін атақты жеті қырағат ғалымы имам Асымнан үйренеді14. Құранға деген ыстық ықыласы сонша, рамазан айында Құранды 60 рет хатым еткендігі риуаят етілген15. Жас кезінде саудамен айналыса жүріп, хадис және фиқһ ғалымдарынан сабақ алды. Араб тілі мен грамматикасын, әдебиетін меңгерді. Әбу Ханифа ілім алумен қатар, ешкімге кіріптар болмау үшін әкеден қалған кәсібіне, яғни саудаға көбірек көңіл бөлемін деп, көбіне ілім алқаларына тұрақты қатыса алмайтын. Ғұламалардың біразы Әбу Ханифаның зеректігін, ақылдылығы мен ерекше алғырлығын байқап, мұндай зеректік, данышпандықтың сауда жолында ғана жұмсалуын обал санап, саудаға мән бергенінен гөрі ілімге бет бұрғанын қатты қалады. Солардың бірі – әш-Шағби еді. Әбу Ханифа бұл жайында былай әңгімелейді: «Бір күні әш-Шағбидің жанынан өтіп бара жатқан едім. Мені қасына шақырып алып: – Қайда барып жүрсің? – деді. – Базарға, – дедім. – Оны сұрап тұрғаным жоқ, қай ұстаздан ілім үйреніп жүрсің? – Ешқайсысының сабағына тұрақты барып жүрген жоқпын. – Білім алуды және білімді кісілермен жолығуды ешуақытта тастама. Сен зерек, ақылды да, ерік-жігері мол жігітсің, – деді. Оның бұл сөзі маған айрықша әсер етті. Содан бастап көп уақытымды ілім алуға бөлдім. Алла Тағалаға мың да бір шүкір, Шағбидің ақылы менің ілімге терең бойлауыма себепкер болды»16, – дейді. Осылайша, Әбу Ханифа ілімге біржолата ден қояды. Алайда, саудадан да қол үзбейді. Өмірінің соңына дейін өзінің сенімді серіктестері арқылы кәсібін жалғастыра берді. Ара-тұра досынан сауданың мән-жайын біліп, шариғатқа сай болуын қатаң қадағалайтын17. Куфа әскери, саяси һәм сауда орталығы болумен қатар ол жерде ғылым мен мәдениет те қоса дамыды. Куфа өзінен бұрынғы Хира дәстүрін жалғастырды. Мәдениет деңгейі жоғары саналған хиралықтар арабша, грекше, Ибрани (Көне 13 М. Сөйлемез // «Ебу Ханифенин иетиштиги шехир: Куфе», имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 1-т., 39-б. 14 Зәхәби, әл-Ибәр фи хабари мән ғәбәр, Кувейт, 1960, 1-т., 214-б.; Хәйсәми, Хайратул-хисан, 265-б. 15 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 30-б. 16 Мұстафа аш-Шака, әл-Имам Ағзам Абу Ханифа ан-Нуғман, Дәрул-КутубилМысрия, 1983, 10-б. 17 Сауда-саттықтағы әділдігі мен ерекше жауапкершілігі жайында келесі тақырыптарда тоқталамыз.
иврит), Арамей және Сурияни тілдерін де қолданатын. Сонымен қатар, Хира араб тілі мен әдебиетінің де орталығы саналатын. Бұл өңірде кейін бір-бір мектептің іргетасын қалаған Аша, Набиға, Үбәйд ибн Әбу Хазм, Амр ибн Күлсім, т.б. секілді әйгілі шайырлар шықты18. Куфада араб тілі мен әдебиеті, философия, медицина, сондай-ақ, көркем жазу (куфи) өркендеді. Куфа – мұсылман халықтары арасында ақида, фиқһ ұстаздары мен хадис мамандары, Құран және араб тілі ғалымдарының көптігі жағынан басқа өңірлерден оқ бойы озық тұрды. Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалыптасуында Сағыд ибн Әбу Уаққас тарапынан салынған Куфа мешітінің ерекше маңызы бар. Ол тек құлшылық мекені емес, сонымен қатар, университет қызметін де қоса атқарды. Куфа мешітінің ғылым ошағына айналуына әйгілі сахаба Абдуллаһ ибн Мәсғудтың (р.а.) сіңірген еңбегі зор. Ол Рижалул-Қур‘ан, яғни, Құран кәрімді мейлінше терең меңгерген және жатқа білген алдыңғы қатарлы сахабалардың бірі болатын. Олар уақыттарының көбісін Құран үйретуге бөлетін. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кім Құранды дәл Алладан түскендей етіп үйренгісі келсе, оны Абдуллаһ ибн Мәсғудтан үйренсін»19 деген хадисі және Омардың (р.а.) ол жайлы: «Білімі мол» деген лебізі оның сахабалар арасында қаншалықты абыройлы болғандығын көрсетеді. Халифа Омар өзі жақсы көріп, ерекше сыйлаған Абдуллаһ ибн Мәсғудты Құран кәрім мен дін негіздерін үйрету үшін Куфаға арнайы жіберген-ді. Ол осы мешітте отырып халыққа дәріс оқитын. Сол қажырлы еңбегінің нәтижесінде көптеген фиқһ ғалымдары, мұхаддис пен мүфәссирлер өсіп жетілді20. Али (р.а.) аталмыш шаһарда фиқһ мамандарының көптігіне таңырқап Абдуллаһ ибн Мәсғудқа : «Бұл елді білім мен фиқһтан кенде қылмадың» деген. Абдуллаһ ибн Мәсғудтың шәкірттері, шәкірттерінің шәкірттері 4000-ға жетті21. Жалпы алғанда, Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларының қарасы көп еді. Бірақ, олардың барлығы бірдей ғылыммен айналыспаған. Олардың кейбіреулері пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадистерін естігенімен, басқаларға жеткізбеген. Әр түрлі салада қызмет ете жүріп, жарық дүниеден озып кеткендері де аз емес. Пәтуа әрі үкім берген сахабалардың ұзын саны жүз отызға жуық. Ибн Қайм пәтуа айтуына байланысты сахабаларды бірнеше топқа бөлген. Бірінші топқа пәтуалары бір кітаптың көлеміндей білім қалдырған жеті сахаба, екінші топқа әр қайсысының пәтуаларынан шағын кітапша шығаруға болатын он үш сахаба, ал үшінші топқа бірнеше ғана пәтуа қалдырған сахабалар жатқызылған. Ибн әл-Қайим бұлардың саны 126-ға жететінін айтқан және олардың аты-жөндерін де ұмыт қалдырмаған22. Куфа қаласында хадистерді көп жаттаған бірінші топтан екі сахаба – Али ибн Әбу Тәліп және Абдуллаһ ибн Мәсғуд, екінші топтан Әнәс ибн Мәлік, Әбу Мұса әл-Әшғари, Сағыд ибн Әбу Уаққас және Салман әл-Фариси (барлығынан Алла разы болғай) секілді фиқһта танымал сахабалар болған және осы сахабалармен бірге Куфаға 1500-дей сахаба келген23. Халифа Омар (р.а.) Куфа халқына жазған бір хатында «Ислам орталығына» деу арқылы сол жерде ғұмыр кешкен сахабалар мен табиғиндардың мәртебелерін көрсеткен еді. Ибн Сағыдтың айтуы бойынша 18 Исфахани, әл-Әғани, ХІ, 266 19 Мустәдрәк, 2:318; әл-Исәбә, 2:369. 20 Әбу Исхақ әш-Ширази, Әбу Исхақ әш-Шәфиғи (476/1054) Табақатул-фуқаха (Тахқиқ И. Аббас), Бейрут, 1970, 81-б. 21 З. Кәусәри, Насбур-раия, 1973, 1-т., 30-б. 22 Ибн әл-Қайим, Иламул-муаққиғин ан Раббил-ааламиин, Дәрул-жил, Бейрут, 1973, 1-т. 10-11-б. 23 М. әс-Сибаи, әс-Сунна, 416-б
ол жерге Бәдір шайқасына қатысқан 70, ридуан сертіне қатысқан 300-ге жуық сахаба қоныстанған24. Куфаның әскери әрі биліктің басқару орталығына айналуы, көне мәдениеттердің бесігі, түрлі тілдер кең тараған өлке болуымен қатар сахабалардың барлық ілімін бойына жинаған Ибн Мәсғұдтың осы қалада қоныстануының да рөлі ерекше еді. Ислам әлемінің барлық аймағындағы ғылымның бастауы Абдуллаһ ибн Мәсғұд (32/652), Зәйд ибн Сәбит (45/665), Абдуллаһ ибн Омар (74/693) мен Абдуллаһ ибн Аббас (68/687) секілді ғалым сахабаларға барып тіреледі. Ирактағы Абдуллаһ ибн Мәсғұдтың ғылым саласындағы жетістігін бәрі мойындаған. Зәйд ибн Сәбиттің (р.а.) ілімі мәуәлиі болған Хасан Басри мен оған ұзақ жылдар бойы шәкірт болған Мұхаммед ибн Сирин арқылы Иракқа тарады. Абдуллаһ ибн Омардың ілімі Иракқа қоныс аударған, біршама уақыт сонда ғұмыр кешкен Уруә ибн Зүбәйр арқылы жетті. Ал Абдуллаһ ибн Аббастың өзі де біраз уақыт Иракта өмір сүргендіктен, ол жердегілер Абдуллаһ ибн Аббастың ілімінен сусындау бақытына бөленді25. Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.) Куфада рай мектебінің негізін қалады. Рай мектебі Хижаздағы (Мекке мен Мәдина) әхлул-хадиске қарағанда рационалдығымен ерекшеленді. Мұның өзіндік себептері бар26. Мәдинадағы өмір сүру салты көбіне сахабалардың пайғамбарымыздан естіп-үйренген немесе бір-біріне еліктеу арқылы қалыптасқан жүйеден тұратын. Ал, Мәдина қаласынан өзге өңірлерде әр түрлі қоғамдық-мәдени ахуалға байланысты туындаған мәселелерді шешу талпынысы нәтижесінде Құран мен сүннеттен жауабы табылмаған кей мәселелерде ғалымдар өз ақылына сүйенуіне тура келді. Мұның өзі Құран мен сүннеттен алыс кетпеген талпыныс болатын27. Ислам мәдениеті келместен бұрын көне мәденеиеттердің бесігінде тербелген бұл өңірлерде Суриянилердің мектептер ашқаны, Иран мен Грек философиясының да оқытылғандығы мәлім. Түрлі наным-сенімдегі адамдар бір-бірімен өзара пікірталастырып, қызылкеңірдек болып таласып-тартысып жатушы еді. Ислам діні келгеннен кейін де бұл әдеттері бірден тыйыла қойған жоқ. Куфадағы саяси тұрақсыздық пен қайнаған өмір жаңа ой-пікірлердің, түрлі діни топтар мен ағымдардың тууына да ықпал етті. Саяси, мәдени және құқық саласындағы қат-қабат күрделі мәселелерді шешудің жаңаша жолдарын қарастыруға тура келетін кездер аз емес болатын. Түрлі дін, тіл, мәдениет өкілдерін бір шаңырақтың астында айрандай ұйытып, басқару тың тәсілдерді талап етті. Әрине, Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалыптасуында біз сөз еткен осынау факторлар өз әсерін тигізбей қоймады. Хижаз аймағының жағдайына қарағанда 24 Ибн Сағыд, Табақат, 6-т.5-б. 25 М. Ердоган, 1-т., 317-341-б. 26 Бұл жайлы төменде кеңірек тоқталатын боламыз. Тағы бір ескерте кетерлік жайт, әрине, Куфаға келіп, ол жерде ғылымның өркендеуіне үлес қосқан үлкен табиғин ғалымдарының бәрі Ибн Мәсғудтың шәкірті емес еді. Олардың арасында Мекке мен Мәдинада тәлім алып, содан кейін Куфаға қоныс аударғандар да жетерлік. Олардың арасында жоғарыда аттары аталған Шурәйх ибнул-Харис, Ибраһим ән-Нәхәи, сонымен қатар Саид ибн Жүбәйр бар. 27 Ф. Арабажы, // Ханефилигин олушумунда жоғрафи еткенлер, имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 1-т., 352-б.; А. Әділбаев, // Әбу Ханифаның өскен ортасы және тарихи жағдай, Исламтану және араб филологиясы мәселелері. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (2010ж.), Алматы. Нұр-Мүбарак 2011,73-81-б.
өзгеше ахуал қалыптасқан өңірде Әбу Ханифаның бұрын-соңды кездеспеген мәселелердің түйінін тарқатуда қолданған өзгеше әдісін кейбір ғалымдар дұрыс түсінбей, ел арасында ғұлама туралы алып-қашпа сөздер желдей есті. Әбу Ханифа мұсылман үмбетінің мақтанышы Әбу Ханифа пайғамбармыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мақтаған ең жақсы ғасырда дүниеге келген. Нақтырақ айтсақ, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Исламның ең таза да, жақсы уақыты менің ғасырым, одан соң менің сахабаларымның өмір сүрген кезеңі, одан соң сахабаларды көргендердің өмір сүрген кезеңі»28 деген болатын. Ал имам Ағзам Әбу Ханифа осы сахабаларды көргендердің, яғни, табиғиндердің ғасырында өмір сүрді. Қаншама ғасыр өтті, мұсылмандар әлі күнге дейін Әбу Ханифаны дәріптеп, оның еңбектерін жата-жастана оқиды. Ұлы фиқһ ғұламасының өнегелі өмірі баршаға белгілі. Замандасы Фудайл ибн Иаз ол туралы мынадай естелік айтады: «Әбу Ханифа фақиһ, тақуа ғалым. Фиқһ ілімінде танымал, әрі өте білімді еді. Жүрген жерінде жақсылық жасауымен, күні-түні ілім үйренуімен жұрт аузына іліккен. Келгендер оның ілімін де, байлығын да керегінше пайдаланатын. Аз сөйлеп, көп ойланушы еді. Халал-харам мәселелерге өте мұқият қарап, тәптіштеп түсіндіруден жалықпайтын. Мемлекет басындағылардың мал-мүлкін пайдаланудан аулақ жүретін, сыйлықтарын қабылдамайтын»29. Бір кездері оған қарсы шыққан Бишрул Хафиге әл-Хурайби деген ғалым: «Әбу Ханифаға тек ақымақ пен қызғаншақ қана қарсы шығады»30 деп оның білімі мен адалдығын айтқан. Тіпті, білімін артық санаған Али ибн Асим да «Егер Әбу Ханифаның білімі мен сол кезеңдердегі ғалымдардың білімін таразы басына қояр болсақ, имам Ағзамның білімі ауыр тартар еді»31 деп, оның біліміне таңдай қаққан. Сондайақ, мәзһаб имам ы имам Шафиғи Әбу Ханифаның біліміне таңырқап, «Фиқһта Әбу Ханифа алып бәйтерек болса, ал былайғы жұрт енді-енді көктеп келе жатқан көк өскіндер тәрізді» десе, тағы бір сөзінде «Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Әбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ ілімін мүлдем білмегені» деп, оның білімінің телегей теңіз екендін мақтанышпен айтып кеткен. «Бес жыл бойы Әбу Ханифаның жанында болдым, ол секілді сағаттап ұзақ уақыт бойы үнсіз отыратын адамды өмірімде көрген емеспін. Әлдебіреу фиқһтан сауал қойса, ашылып, бауырын жазған, сауырынан моншақ шашылған тұлпардайын шабысы үдеп, сарқыраған өзендей ілімін төгетін. Оның сөзі жұрттың бәрінің көңіліне қона кетуші еді»32 дейді Жағфар ибн Рабиға. Иісі мұсылманға танымал «Асым қырағатын» алып келген танымал Құран қырағатының ұстазы имам Асым Әбу Ханифаға ұстаздық қылған. Кейіннен Әбу Ханифаға сауалдар қойып, оның ой-толғамына тәнті болып, өз шәкіртінен білім алады. Бірде Асым оған: «Алла саған жақсылығын берсін. Кішкентай кезіңде бізге келетін едің, есейгеніңде біз сенің алдыңа баратын дәрежеге қол жеткіздің» деген екен. Тағы бір замандасы Малиһ ибн Уақиғ: «Алла атымен ант етейін, Әбу Ханифа біреудің аманатына айрықша мән беретін. Жүрегі таза, ерекше тұлға. Барлық 28 Канзул-Уммал 12/35589, Бейрут, 1985ж. 29 Бағдади, Тарих, 8-т., 340-б. 30 әз-Зәхәби, Манақиб, 32-б. 31 әз-Зәхәби, Манақиб, 32-б. 32 Бағдади, Тарих, 8-т., 340-б.
нәрседен Алланың разылығын жоғары қоятын. Алла үшін бас кесіліп жатса, ол қуана басын қылыштың астына тосар еді. Алла Тағала оған разы болсын. Алла ізгі де, тақуа құлдарынан разы болғаны секілді одан да разы болып, мейіріміне бөлесін!» дейді. Ал Хасан ибн Салих: «Әбу Ханифа өте тақуа адам. Харамнан қорқатын. Харам болуы мүмкін деп күмәнданғанда бірнеше халалды да тәрк ететін. Өзін және білімін мұнша қызғыштай қорғайтын адамды көрмедім. Оның барлық дайындығы қабірге дейін еді»33 (яғни, дүние нәсібін емес, ақырет азығын қалайтын). Имам Ағзамның замандастарынан Әбу Сүлеймен: «Әбу Ханифа – таң қаларлық ғалым. Ол нағыз ғылымның дәлелдерінің бірі. Оның сөздерін қабылдағысы келмей бет бұрушылар – түсінуге қауқары жетпегендер»34 деп ілімдегі тереңдігін ерекше атап өткен. 33 Саймиари. Әбу Ханифа уа Асхабуһу, 23-б. 34 Хайсами, Хайратул-хисан, 35-б.
ҰСТАЗДАРЫ Әбу Ханифаның ұстаздарын тану оның ғасырлар бойы нұр шашып, көңілдерді шуаққа бөлеген ілімінің қайнарларының бастауының қайда жатқанын көрсетеді. Бұл жайында өзі: «Мен ілім мен фиқһтың қайнаған ортасында өстім. Ғұламалармен бірге жүріп-тұрдым. Фиқһта ең білгір деген ғалымнан білім алдым» деген35. Әбу Ханифаның бұл сөзі оның нағыз ілім ордасында өскенін көрсетеді. Көптеген ғалымдармен жолығып, белгілі бір салада тереңдеп, танымал болғандарынан сабақ алған. Солардың арасында Ирактағы фиқһ саласының көрнекті ұстаздарының бірі Хаммад ибн Әбу Сүлейменге шәкірт болып, одан ілім үйренген. Әрине, ол Хаммадтан ғана сабақ алумен шектелмеген. Имам Ағзам Әбу Ханифаның ұстаздарына деген құрметі де ерекше болатын. Одан Әлқама мен Әсуадтың қайсысының дәрежесі жоғарырақ екендігін сұрағанда, ол: «Аллаға ант етейін, менің қолымнан келері тек оларды ардақтап, мақтанышпен еске алу ғана. Олардың дәрежесін саралайтын мен кіммін соншалықты?!» – деген.36 «Тарихул-Бағдат» кітабында Әбу Ханифаның кімнен ілім алғандығы жайында былай делінген: «Әбу Ханифа бір күні Халифа Мансұрдың жанына барады. Халифаның жанында Иса ибн Мұса да бар еді. Бұл тақуа, сопы ғалым Иса ибн Мұса халифа Мансұрға бүгінгі әлемнің бірегей ғалымы осы деп, имам Ағзам Әбу Ханифаны көрсетті. Сонда Мансұр: – Ей, Нұғман, ілімді кімнен үйрендің? – дегенде Әбу Ханифа: – Хазірет Омардан білім алғандар арқылы Омардың, хазірет Алиден сабақ алғандар арқылы Алидің, Абдуллаһ ибн Мәсғудтан ілім үйренгендер арқылы Абдуллаһ ибн Мәсғудтың білім кәусарынан сусындадым. Иә, өз кезеңінде Ибн Аббастан асқан ғалым жоқ еді, – дейді. Осыны естіген Мансұр: – Сен өте дұрыс істегенсің, білімді түп-тамырынан алған екенсің»37, – деп мақтайды. Осы жерден байқағанымыздай, Әбу Ханифа ілімінің бастауын ілім мен фиқһы жағынан танымал осы төрт сахабаға апарып негіздейді. Шынында да, Әбу Ханифа мен оның мәзһабының ілімінің қайнар бұлағы пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жарық дүниеден өткеннен кейін, Куфаға қоныс аударған Али ибн Әбу Тәліп пен Абдуллаһ ибн Мәсғуд еді. Осы сахабалардан ілім алған Мәсрук ибн Әжда (қ. 63 һ.ж.)38, Алқама ибн Қайс (қ. 62 һ.ж.)39 және Шурәйх ибн әл-Харистан (қ. 80 ж)40 Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби (қ. 104 ж.)41 мен Ибраһим ән-Нәхәи (қ. 96 ж)42 сабақ алған. Олардан Хаммад ибн Әбу Сүлеймен (қ. 120 һ.ж.) арқылы Әбу Ханифа ілім үйренген43. Сонымен қатар, Абдуллаһ ибн Аббастың құлы Икрима (қ. 105 һ.ж.) мен Абдуллаһ ибн Омардың азат етілген құлы Нафи (қ. 117 һ.ж.) арқылы осы екі аты аталған сахбалардың ілімдерінен 35 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 62-б. 36 Кердерлік Ханафи ғұлама, 89-бет. 37 Бағдади, Тарих, 8-т., 334-б. 38 Зәхәби, Тәзкирәтул-хуффаз, Дәру ихяит-турасил-араби, Хай-дарабад, 1956, 1-т., 4950-б. 39 Бұл да сонда, 1-т., 48-б. 40 Бұл да сонда, 1-т., 59-б. 41 Бұл да сонда, 1-т., 79-88-б. 42 Ибн Хажар әл-Асқалани, Тәхзибут-тәхзиб, Бейрут, 1968, 2-т., 154-155-б. 43 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 68-б.
сусындаған. Меккенің фақиһы Ата ибн Рабахтан (қ. 114 һ.ж.) ұзақ жылдар бойы сабақ алған44. Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көзі тірісінде дүниеге келген, әйгілі сахабалардың ілім каусарынан сусындап, Куфа мектебінің негізін қалаған табиғиндардың бірі – Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи (қ. 62/681). Ол пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Ілімнің қақпасы» деген марапатына бөленген, өзінің ұрпағын жалғастырушы хазірет Алиден нәр алған. Төрт халифамен қатар жүздеген сахабадан хадис риуаят еткен Алқама Ибн Мәсғудпен Куфада бірге өмір сүріп, одан сабақ алған. Куфалықтар Ибн Мәсғудты пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ең қатты ұқсайтын сахаба десе, жұртшылық Алқаманы да тақуалығы, ілімі мен түр-әлпеті жағынан Ибн Мәсғудқа қатты ұқсататын. Алқамадан кейбір сахабалардың өзі білмегендерін сұрап үйренгендігі айтылады. Ибн Мәсғуд «Менің білгендерімді Алқама да біледі»45 деп, оның ілім дариясы екенін айтып кеткен. Өз кезегінде Әбу Ханифа Әузағимен Меккеде кездесіп, бір мәселенің шешіміне қатысты өзінің келтірген дәлелінің де негізсіз емес екенін көрсету үшін «Хаммад Зухриден, Ибраһим Сәлімнен, ал Алқама сахаба болмаса да Ибн Омардан деңгейі төмен емес» деген кезде, Әузәғи оның уәжіне жығылған46. Ол пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүннетін сақтауға зор үлес қосқан алып имам дардың бірі. Одан көптеген табиғин имам дары хадис алған. Ол Куфада Әсуәд ән-Нәхәи, Ибраһим ән-Нәхәи, Хаммад ибн Әбу Сүлеймен секілді ғұламаларды тәрбиелеп жетілдірген кемеңгер тұлғалардың бірі. Осы орасан еңбегіне орай оны Куфа медресесінің құрушысы десек қателеспейміз. Мәсруқ ибн Әждә. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниемен қош айтыспай тұрып, Йеменде Ислам дініне өткен Мәсруқ ибн Әждә Хамадани (қ. 63/682) Әбу Бәкірдің халифалығы тұсында Мәдинаға келген. Әбу Бәкірдің артында тұрып намаз оқыған, Әбу Бәкір, Омар, Осман, Али, Мұғаз ибн Жәбәл (Бәрінен де Алла разы болғай) секілді сахабалардан ілім үйренген. Айша анамыз да оған ерекше құрмет көрсеткен. Кейін Куфаға қоныс аударып, Ибн Мәсғудтан сабақ алған. Тақуалығымен қатар ілімге деген құштарлығымен де ерекшеленген тұлға еді. Біраз уақыт қазылық міндетін де атқарған Мәсруқ жайлы «Қады Шурәйхтан да білгір ғалым еді» делінген47. Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби (104/722). Әбу Ханифа – сахабалардың пәтуаларын талмай іздестіріп, оларды бір-бірімен салыстырып, зерттеген ғалым. Ол табиғиннің жасы үлкендерінен фиқһ ілімін үйреніп, олардан хадис риуаят етті. Әбу Ханифаға білім берген табиғиндер түрлі саланы меңгерген ғалымдар еді. Солардың ішінде Куфада өмір сүріп, хадис ілімінде танымал болған ғалым – Шағби. Ол Омар ибн Хаттабтың кезінде дүниеге келген. Абдуллаһ ибн Мәсғудпен бірге тілдік мәселелерді көп талқылаған оның ең фақиһ шәкірті еді. Тіпті табиғин болғанына қарамастан, сахабалардың арасында отырғанда адамдардың оған сауал қоюы білімінің қай деңгейде болғандығынан хабар береді. Соған қарамастан ол әр мәселеде пікірін білдіруден сақтанып, кейде «Оны Ибраһим ән-Нәхәиден сұраңдар»48 дейтін. Әбу Ханифаның түбегейлі ғылымға бет бұруына әсер еткен осы Шағби еді. 44 Бүл да сонда, 68-б. 45 Ибн Сағыд, Табақатул-Кубра, Бейрут, 1968, 6-т., 86-87-б.; Бағдади, Тарих, 2-т., 98-б. 46 М. Е. Кылычер, Ислам фыкхында рай тарафтарлары, Анкара, 1961, 32, 35-б. 47 Ибн Сағыд, Табақат, 6-т., 76-б.; Кылычер, 33-б. 48 Бұл да сонда, 6-т., 106-б., 250-б.
Ибраһим ибн Язид ибн Қайс ән-Нәхәи (қ. 95/714). Нәхәи Йеменнің Мәзхиж аймағында тұратын пайғамбарымыздың кезінде мұсылмандықты қабылдап, Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұғасын алған үлкен елдің атауы болып табылады. Олар кейін Куфа аймағына қоныс аударған. Осы елден «Нәхәи» лақабымен аталатын ғалымдар көп шыққан. Солардың арасындағы ең танымалдарының бірі Ибраһим ән-Нәхәи – имам , хадис хафызы, өз кезеңінде күллі Ирак аймағының ең білгір фиқһ ұстазы еді. Аталмыш аймақта көптеген ғалымдар өмір сүргенімен, ақылдылығы мен алғырлығының арқасында он сегіз жасының өзінде ілім үйрететін кісілердің дәрежесіне жеткен. Сахабаларды көзі көрген, бірақ, олардан хадис риуаят етпеген. Ол өзінің ұстаздары секілді Құранға ерекше мән беретін, өзі қари әрі тәпсірші болатын. Шағби, Әбуд-Духа және Ибраһим үшеуі хадистерді бірге талқылайтын. Мәселе пәтуа беруге келіп тірелгенде барлығы да осы Ибраһимнің аузына қарайтын. Жарық дүниемен қош айтысқан кезде қай жағынан алғанда да оның орнын жоқтатпайтын адам шықпады49. Ханафи фиқһының қалыптасуында оның орны бір төбе. Шах Уәлиуллах Дәхләуидің «Ханафи фиқһының қайнар көзі» деп атаған Ибраһим ән-Нәхәи Әбу Ханифаның ұстазы Хаммадтың көзқарасы мен ғылыми әдісінің қалыптасуына ең үлкен ықпал жасаған ғалымдардың бірі.50 Әбу Ханифаның шәкірттерінің еңбектеріне үңілгенде Ханафи мәзһабының пәтуаларының көпшілігінің Ибраһим ән-Нәхәидің хадистері мен пікірлеріне негізделгені байқалады51. Икрима (қ. 105 ж). Икрима Абдуллаһ ибн Аббастың ілімін бойына сіңірген мәуласы (азат етілген құлы), фиқһ ғалымы. Ұстазы Ибн Аббас оның білімінің кемеліне келгенін көргенде: «Бар, халыққа пәтуа айт!» деген. Бір күні Саид ибн Жабирге: «Сенен асқан білімді кім бар?» деп сұрағанда ол: «Икрима» деп жауап берген екен. Икрима қайтыс болғанда халық ол жайлы: «Ең фақиһ ғалымымыз дүниеден өтті» деп қайғырып, қара жамылған болатын. Ал әл-Уақиди оны «Мекке мүфтиі» деп атаған52. Әбу Абдуллаһ Нафи. Нафи (қ. 117 һ.ж.) Абдуллаһ ибн Омардың ілімін өз бойына жинаған оның мәуласы, табиғин ғалымы. Көптеген сахабаның көзін көріп, олардан пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүбарак хадистерін жеткізген, дінді терең меңгерген имам еді. Хадис ілімінде оның сенімділігі мен дәрежесінің жоғарылығын ғұламалар бірауыздан мойындаған. Тіпті, имам Бұхари мен имам Мәлік Ибн Омардан Нафи арқылы жеткен тізбекті ең сенімді деп қабылдаған. Халифа Омар ибн Абдулазиз осы терең білімділігін ескеріп, оны Мысыр еліне хадис үйрету үшін арнайы ұстаз ретінде жіберген. Ол 117 жылы Мәдинада дүние салған53. Көптеген ғұламалар Нафиды бір көрсем деп армандайтын. Әрине, Әбу Ханифа бұдан тыс қалмақ емес54. Әбу Ханифаның «Муснадындағы» (хадис жинағы) хадистердің көпшілігі имам Нафи арқылы келіп жеткен. Ата ибн Әбу Рабах. Әбу Ханифа тек қана Куфаның ғалымдары емес, сонымен қатар, Хижаздың ғалымдарынан да ілім алған. Солардың бірі – Меккенің фиқһ 49 Бұл да сонда, 6-т., 332-б. 50 Бұл да сонда, 6-т., 284-б.; Әбу Захра, Әбу Ханифа, 90-91-б. 51 М.Ө. Арас, 59-б. 52 әл-Мукрим Мұхаммед ибн Жалалуддин, Табақатул фуқаһа, Бейрут, Лубнан, 1970, 1-басылым, 1-т., 70-б. 53 М. М. Әбу Зәху, әл-Хадис уәл-мухаддисун, Бейрут, 1984, 194-195-б. 54 М.әш-Шака, 47-48б.; Р. Батыр, 46-б.
маманы болған Ата ибн Әбу Рабах55. Ол пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ардақты сахабаларының бірі, Құран білгірі Абдуллаһ ибн Аббастың ілімінен сусындап өскен белгілі табиғин ғұламаларынан. Тарихи дереккөздерде имам Ағзамның елу бес рет Меккеге қажылыққа барғандығы айтылған56. Әрине, мұнда әсірелеу болғанымен, бұл оның өмірінде қажылыққа жиі барғандығын көрсетеді. Әбу Ханифа Меккеге әр сапарында Ата ибн Әбу Рабахпен жолығып тұратын. Ең алғаш мәрте жолыққан кезде араларында мынадай әңгіме өрбіген. Ата одан: – Сен қайдан боласың? – деп сұрайды. Әбу Ханифа: – Куфа қаласынанмын. – Ә-ә, әртүрлі дінді ұстанып, сан алуан топтарға бөлінген жерден де! – Иә, сол жерден. – Қай топтансың? – Мен сәләфқа (сахабалар мен табиғиндер) тіл тигізбейтін, тағдырға сенетін, біреуді күнә істегені үшін кәпір санамайтын топтанмын, – деп жауап берген екен57. Ілімінің тереңдігі мен тақуалығына тәнті болған Әбу Ханифа «Атадан артық адам көрген емеспін»58 деген. Мәлік ибн Әнас. Әбу Ханифа хадистер әлі толықтай жинастырылып, жазылып, жүйеленбеген уақытта өсіп-жетілді. Ол өз аймағында ғана ілім алумен шектеліп қалмай, Ислам әлемінің әр түрлі орталықтарындағы білгір ғалымдармен кездесіп, солардан ілім алуға тырысқан. Оның хижаз мектебінің көрнекті өкілі Мәлік ибн Әнаспен (қ. 179 һ.ж,.) ұзақ уақыт бірге жасаған ғылыми тәжірибе алмасуына қатысты мәліметтер тарих кітаптарында егжей-тегжейлі берілген. Имам Мәлік ибн Әнас – мәліки мәзһабының құрушысы, ең алғаш жинақталып, хадисшілердің сенімінен шығып, жоғары бағаланған «Муатта» атты хадис кітабын жинастырған ғалым. Оның хадис ілімінде, Құран мен хадистерден үкім шығарудағы білгірлігін замандас ғұламалары түгел мойындаған59. Әбу Ханифа қажылық уақытында имам Мәлікпен фиқһ мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасатын. Осы ұлық имам Әбу Ханифаның білгірлігіне таң қалып: «Мен пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахих хадистерін толық білуде және оны түсіндіруде имам Ағзам Әбу Ханифадан артық жанды кездестірмедім» деген екен60. Олай болса, Әбу Ханифа өзінің ұстазы Хаммадпен бірге басқа да фиқһ және хадис ұстаздарынан сабақ алуды тоқтатпаған. Кейбір кітаптарда ұстаздарының саны төрт мың деп беріледі. Әрине, мұнда біраз әсірелеу бар екені байқалады, дегенмен, бұл оның бір ғана ұстаздан сабақ алмағанын көрсетеді. Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалыптасуында ерекше әсер еткен Куфа медресесінің негізін қалаушы Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи, Мәсруқ ибн Әждә, Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби, Ибраһим ибн Язид ибн Қайс ән-Нәхәи, Ата ибн 55 Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа фи фәдәилис-сәләсәти әл-әиммәтил-фуқаһа, Бейрут, ж.к., 158-б. 56 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 91-б. 57 Бұл да сонда, 67-б. 58 Бұл да сонда, 67-б. 59 Әбу Зәху, әл-Хадис уәл-мухаддисун, 245-253-б.; Т. Кочигит, Хадис ыстылахлары, Анкара, 1980, 214-218-б 60 Ә. Б. Жүнісов. Ханафи мәзһабының маңыздылығы мен рөлі және қазіргі заман // имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және қазіргі заман атты халықаралық ғылымитәжірибелік конференция материалдары, Алматы, «Атамұра» 2009, 29-бет.
Әбу Рабах, Икрима, Әбу Абдуллаһ Нафи, Мәлік ибн Әнас секілді әйгілі ғалым сахабалар61 мен табиғиндарды ерекше атауға болады. Ал енді Әбу Ханифаға ең алғаш ұстаздық қылып, оның ғылыми тұлғасының қалыптасуына тікелей себепкер болған Хаммад ибн Әбу Сүлейменге аз-кем тоқтала кетейік. Куфалық Хаммад ибн Әбу Сүлеймен әл-Әшғари фиқһ ілімін хазірет Али (р.а) мен Абдуллаһ ибн Мәсғудтан (р.а.) үйренген табиғин ғалымы. Әбу Ханифаның фиқһ ілімін жақсы көріп, сол ілімге терең бойлауына ықпал жасаған ең негізгі тұлға. Оның әкесі әйгілі сахаба Әбу Мұса әл-Әшғаридың мәуласы (азат етілген құлы) еді. Куфада туып-өсіп, Ибраһим ән-Нәхәиден фиқһ ілімін үйренді. Оның көзқарастарын терең меңгергендердің әрі Куфа фиқһына райды кіргізгендердің алғашқыларының бірі еді62. Тек Нәхәиден ғана емес, сонымен қатар, заманының хадис ғалымы Шағбидан да фиқһ ілімін үйренді. Сахаба Әнәс ибн Мәліктен хадис тыңдап, одан хадис риуаят еткен. Омар ибн Хаттабтың мәуләсы Абдуррахман ибн Сағыд, Ибн Аббастың мәуласы Икримадан және т.б. табиғиндардан хадис риуаят еткен63. Хаммад – дәулеті шалқыған, парасатты кісі болған. Мал-мүлкінің бір бөлігін өзінің маңдай терімен саудадан тапса, біразы әкесі мен туғандарынан мұраға қалған. Тарихшылар оның ілімі терең, жақсылық жолында дүниесін аямаған, қолы ашық, көңілі кең дархан кісі болғанын жазады64. Осы жағынан да Әбу Ханифа ұстазы Хаммадқа ұқсаған. Хаммад Ибраһим ән-Нәхәидан дәріс оқып, оның фиқһын ең жақсы меңгергендердің бірі еді. Ұстазы Ибраһим ол жайлы өзіне келген Мұғираға «Оның етегіне мықтап жармасыңдар. Былайғы жұрттың ішінен маған ең көп сауал қойған сол» десе, өзінен кейін кімнен пәтуа сұрау керек дегендерге «Хаммадтан» деп жауап берген65. Хаммад ибн Әбу Сүлеймен ұстазы жарық дүниемен қош айтысқан кезден бастап, (96/714) Куфа мешітіндегі фиқһ дәріс алқасына ұстаздыққа өтеді. Ол осы мешітте табаны күректей жиырма төрт жыл ұстаздық етсе, оның сабақтарына ең ұзақ қатысқан талантты да, алғыр шәкірті Әбу Ханифа еді. Хаммад ибн Әбу Сүлейменнен фиқһ ілімін жиырма екі жасынан қырыққа келгенге дейін оқып, он сегіз жыл сабақ алған. Ұстазы Хаммад қайтыс болғанға дейін (120 һ.ж.) одан сабақ алуды тоқтатпаған. Осы он сегіз жылдың ішінде Әбу Ханифа ілімді толық игердім деп ойлап, ұстазынан бөлек өзі жеке дәріс алқасын құрғысы келген кезі де болған екен. Бұл жайында Әбу Ханифаның шәкірті имам Зуфар ұстазының мына сөзін жеткізеді: «Он жыл Хаммадтан сабақ алдым. Содан кейін өзім жеке дәріс алқасын құрсам ба деп ойладым. Осы ниетпен бір күні үйден шықтым. Мешітке кірдім. Ұстазымды көрген сәтте оны қимайтынымды, одан қол үзіп кете алмайтынымды түсіндім. Жанына отырдым. Осы кезде ұстаздың Басрадағы туыстарынан бірінің қайтыс болғаны жайлы хабар келді. Ол туысы, мал-мүлкін (мұрасын) ұстазымызға тастап кеткен екен. Ұстаздан басқа мұрагері жоқ болса керек. Сол жерге баруына тура 61 Абдуллаһ ибн Мәсғуд пен Али ибн Әбу Тәліп жайлы төменгі бөлімдерде тоқталамыз. 62 Ф. Сезгин, Gescіhte Der Arabіchen Schіrіftumms, Leіden, 1967 (Араб тіліне аудархан Мхмуд Фәхми Хижәзи, Фәхм Әбул-Фадыл,), Тарихут-турасил-арабия, Мысыр, 1-т., 2-б.; М. Ө. Арас, Ебу Ханифенин ходжасы Хаммад ве фықхи гөрүшлери, Баян баспасы, Стамбул, 1996, 70-71-б. 63 М. Ө. Арас, 71-б. 64 Бұл да сонда, 75-80-б. 65 Ибн Сағыд, Табақат, 6-т., 633-б.; М. Арас, 81-82-б.
келді. Маған өзінің орнына отырып сабақ жүргізуімді бұйырды. Осыны айтып ол Басраға аттанды. Ұстаз кеткеннен кейін дәріс алқасының басына отырғанымда бұрын-соңды естімеген сауалдар қойыла бастады. Мен оларға жауап айтып (жазып) отырдым және сол жауаптарымның дұрыс-бұрыстығын ұстаз келгеннен соң өз аузынан сұрап білгім келді. Қойылған сауалдар мен берілген жауаптардың ұзын-саны алпысқа жетті. Ұстаз келгеннен кейін сауалдар мен оның жауаптары жазылған қағазды алдына тостым. Қырық мәселенің жауабына келісті, ал қалған жиырма мәселе бойынша екеуіміздің көзқарасымыз екі түрлі болып шықты. Мен өле-өлгенше оның қасынан кетпеймін, одан айырылмаймын деп сөз бердім. Сөзімде тұрып, дүниеден озғанша оның қасынан ажырамадым»66. Тағы бірде Әбу Ханифа былай дейді: «Бір күні Басраға келдім. Қандай сауал қойылса да жауап берермін деп ойладым. Маған күрмеуі қиын күрделі сұрақтар қойылды, мен жауап беруге қиналдым. Сол кезде Хаммад ұстазымнан ешқашан айырылмауға ант еттім. Осылайша, он сегіз жыл бойы оның шәкірті болдым»67. Ол ұстазы Хаммад қайтыс болғаннан кейін ғана өз біліміне сүйеніп сабақ беруді бастаған. Тумысынан зерек Әбу Ханифа Хаммадқа келгенге дейін сол кездегі түрлі ағым өкілдерімен талқыға түсе алатындай деңгейде болатын. Оның ұстазына терең құрметпен қарағаны бір бөлек, ғылыми мәселелерді әбден жан-жақты талқылап, санасына құйып алғанға дейін тыным таппайтын. Ұстазы оның бұл қасиетіне түрлі мәселелерді талқылау барысында-ақ көз жеткізген-ді. Ақиқатқа жету үшін ұстазымен қаншама рет қызу пікір алмасса да, екеуі бір-бірінен айырылғысы келмейтін. Әбу Ханифа мен ұстазының арасында терең сүйіспеншілік орнаған еді. Хаммад шәкіртін туған баласынан артық жақсы көретін. Осыған қатысты Хаммадтың баласы Исмаил әкесінің бір сапарға шығып едәуір уақыт өткен соң қайтып оралған кезде, әкесінен кімді қатты сағынғанын сұраған кезде ол: «Әбу Ханифаны. Егер көзімді одан айырмауға шамам жетсе, бір сәтке де одан көз алмас едім»68 деп жауап берген екен. Әбу Ханифа Хаммадтың ең жақсы көретін шәкірттерінің алдыңғы сапында тұратын. Ол ұстазынан естігендерін бірден қағып алатын асқан зеректігімен ерекшеленетін. Басқа достары қателесіп, жаңылысып жатса, ол естігендерін санасына құйып алатын. Сондықтан, ұстазы оны дәріс алқасының ең алдында өзімен бір қатарға отырғызатын, басқаларына мұндай сый-құрмет көрсетпейтін69. Хаммад шәкіртін жан-жақты тәрбиелеп әрі оның біліміне көңілі толып: «Мендегі барлық нәрсені бойыңа толықтай сіңіріп, бұлақтың көзін суалттың»70 деген-ді. Тағы бірде шәкіртінің ілімге деген терең ықыласына сүйсініп: «Мен жарықтың күндізге дос болып, қараңғыны нұрға бөлегеніндей ілімнің Нұғманға жан жолдас екеніне толық көз жеткіздім»71 деген-ді. Өзін жақсы көрген ұстазын Әбу Ханифа да қатты жақсы көріп, оны мақтан тұтатын. Бірде ол былай дейді: «Мен Хаммадқа кенеше жармастым. Менің оған жармасқанымдай ұстазына басыбайлы байланған ешкімді көрмедім. Оны сауалдардың астына алатыным соншалық, кейде ол шыдай алмай: «Әй, Әбу 66 Саймиәри, Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи, Бейрут, 1985, 6-б.; Бағдади, Тарих, 13-т., 333-б 67 Бағдади, Тарих, 13-т., 333-б. 68 Саймиәри, Ахбару Әби Ханифа 20-б.; Бағдади, Тарих, 13-т., 334-б. 69 Бағдади, Тарих, 13-т., 333-б.; Мекки, Манақиб, 51-б. 70 А. Әмин, Духаул-ислам, Каир, 1964, 2-т., 182-б. 71 Сәймиәри, 9-б.
Ханифа, миым ашып, кеудем қысылып кетті» дейтін»72. Өйткені, ол өзінің ұстазының сахабалардың көзқарастары мен ілімін бойына жинаған дария екенін жақсы білетін. Өз кезегінде ұстазы Хаммад та білімге құштарлығының арқасында ұстазының бойындағы бар білімін барынша қалдырмай қақтап, сарқып алмайынша көңілі көншімейтін. Әбу Ханифа ұстазын жақсы көргені соншалық, ұстазы бақилық боп кеткеннен кейін де ұмытпай, әрдайым дұға тілеп отыратын. Бір сөзінде ол: «Хаммад қайтыс болғалы бері әр намаздан кейін ата-анаммен бірге Хаммад үшін де дұға етіп, Алланың рақымына бөленуін тілеп келемін. Өзімнің ілім үйреткен шәкірттеріме де әрдайым дұға тілеймін», – дейді73. Ұстазы Хаммадты құрметтегені соншалық, «Хаммадтың үйі мен менің үйімнің арасында жеті бірдей көше кесе көлденеңдеп жатқанына қарамастан, ол жаққа қарай аяғымды созған емеспін» деген. Хаммад дүние салғаннан кейін Омеядтар (Әмәуи) халифатының әділетсіздігі мен пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұрпақтарына жасаған зұлымдықтарына қарсы шыққандықтан Омеяд әкімдері оған қысым көрсетіп, жазалаған болатын. Әбу Ханифа Куфадағы әділетсіздіктерге шыдамай, Меккеге қоныс аударып, онда алты жыл тұрады. Әрине, жастайынан ілімге құштар Әбу Ханифа ол жерде қарап жүрмей Хижаздың ғалымдарымен кездесіп, ілімін шыңдай түскен. Ол өзі сабақ бере жүріп, Ибн Аббастың білімінен сусындаған табиғин ғалымдарынан білім алып, Құран, фиқһ бойынша ілімін тереңдеткен. Ұстаздарының арасында шиға имам дарынан Зәйд ибн Али (қ. 122 һ.ж.), Мухаммед әл-Бакир (Зәйнүл-абидин) (қ. 114 һ.ж.), Жағфар Садық (қ. 148 һ.ж.) пен Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Хасанның (қ. 145) аттары да аталуда. Бірақ, Ибн Тәймия Әбу Ханифа Жағфар Садықпен құрдас болғандықтан, одан дәріс алмағандығын, Жағфардың әкесінің көзі тірісінің өзінде Әбу Ханифаның пәтуа беріп жүргенін, керісінше өзінен жасы үлкен Ата Ибн Әбу Рабах пен өзінің ұстазы Хаммадтардан дәріс алғандығын, бұл айтылғандардың шындыққа жанаспайтынын айтуда74. Ғылымға құлай берілген имам Ағзам тек Ирак аймағының ғалымдарынан ғана емес, Мекке-Мәдина аймағындағы білгір табиғин ғалымдары мен пайғамбармыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әулетінен шыққан ғұламалардың көпшілігімен жолығып, олардан өзіне керекті білім алған. Яғни, Әбу Ханифа өз заманындағы білімдарлығымен аты шыққан ғұламалармен кездесіп, өзіне қажетті мәліметтерді алудан тартынбаған. Пайғамбармыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұраға байлық емес, ілім қалдырғандықтан, Әбу Ханифа да бұл ілімді, яғни, Құран мен хадисті толық меңгеруге тырысып, өмірін хақ дінге қызмет етуге арнады. Ғылымға терең бойлауының сырын білгісі келген біреу «Фиқһты санаңа тасқа қашағандай сіңіріп, оған терең бойлай түсу үшін қандай тәсіл қолданасың?» дегенде: «Бүкіл ынта-жігеріммен сол істі қолға алу арқылы» дейді. Әлгі кісі жадағай берілген жауапқа қанағаттанбайды. Сонда Әбу Ханифа «Тек зәру 72 А. Әмин, 2-т. 182-б. 73 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 62-б. 74 Минхажус-суннадан, 5/531-532 И. Хаккы Үнал, имам Ебу Ханифенин хадис анлайышы ве ханефи фықһынын хадис методу, Анкара, 1994, 19-б.; Жағфар Садықтан Суфиян Сәури, Суфиян ибн Уяйнә, имам Мәлік секілді ғалымдар сабақ алған, ілімі терең, пайғамбарымыздың ұрпақтарынан тараған кісі. Сондықтан қатарлас болса да имам Ағзамның одан сабақ алуын жатсынудың қажеті жоқ. Ж. Садық жайлы кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз. Әбу Захра, Тарихул-мәзәһибил-исламияти, Дарул-фикрил-арабии, Каир, 1996, 669-706-б.
жағдайда қажеттісін алып, басқа еш нәрсенің соңына түсіп, алданып кетпеген жағдайда ғана бұған қол жеткізесің» деген екен. Ол тынымсыз еңбек пен қажырқайрат арқылы ғана ілімге қол жеткізуге болатынына сенетін. Жалқаулыққа қаны қас ғұлама «Фиқһ пен фиқһ маманының қадірін, дәріс алқасына қатысып көрмеген, жайбасар жалқаулар біле алмайды»75 деген. Әбу Ханифаның сабақ бере бастауы және шәкірт тәрбиелеуі Әбу Ханифа жиырма екі жасынан бастап, он сегіз жыл бойы Хаммадқа шәкірт болды. Ол қырыққа аяқ басқанда ұстазы, Куфа елінің атақты ғалымы Хаммад дүниеден озды. Оның жолдастары ұстаздыққа ұлы Исмаилді өткізуді ұйғарды. Шәкірттерінің арасында Әбу Ханифадан басқа да үміткерлер бар еді. Алайда, сол кезге дейінгі Әбу Ханифаның өзін көрсетуі мен дарындылығына қанық достары бұл ойларынан бас тартып, ұстаздыққа Хаммадтың ең қабілетті шәкірті имам Ағзамды бір ауыздан лайық деп тапты. Имам Ағзам да ілімнің абыройын бәрінен жоғары қойып: «Мен ілімнің жоғалып кеткенін қаламаймын» деп, ол ұсынысты қабыл алды76. Шын мәнінде, ол ұстазының ілімін терең меңгерген, ұстаздық етуге нағыз лайық тұлға еді. Уақыт өте келе оның атағы шартарапқа жайыла бастады. Шәкірттерінің саны көбейіп, мешіттегі дәріс алқасы сол кездегі ең үлкен алқаға айналды77. Әбу Ханифаның сабақ беру тәсілінің ең негізгі ерекшелігі – кез-келген мәселені шәкірттерімен терең талқылап, көзқарастарын ашық айтуына мүмкіндік беруінде еді. Муаффақ әл-Мекки бұл жайлы: «Әбу Ханифа мәзһабын шәкірттерімен кеңесуге негіздеген. Олармен ақылдаспай, өз бетімен діни ижтихад жасамаған. Алла үшін, пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін және мұсылмандар үшін насихат айтқан кезде шектен шықпайтын. Ол кез келген мәселені әуелі ортаға салып, шәкірттерін тыңдайтын. Мәселенің түйінін шешу үшін кейде бір ай, тіпті одан да ұзақ уақыт өзара ой бөлісетін. Осы мәселелерге қатысты қай көзқарас басым бола бастаса, Әбу Юсуф оны бір негіз ретінде белгілейтін. Мәзһаб осы негіздерге сүйене отырып құрылды. Ең дұрысы және шындыққа ең жақыны да осы тәсіл болса керек. Бұл – адамдар үшін қанағаттанарлық жол. Жалғыз өзі ижтихад жасап, тек өз көзқарасын ғана дұрыс деушілердің мәзһабынан әлдеқайда абзал»78 деген. Әбу Ханифаның шәкірттерінің бірі Әли (Алла рақымына бөлесін) бір оқиғаны былай еске алады: Мәжілісте отыр едік Абдулла ибн Мүбарак(Алла рақымына бөлесін) имам нан: «Ет асылған қазанға бір құс келіп түсіп өлсе, етті жеуге бола ма?» – деп сұрады. Имам шәкірттеріне бұрылып: «Сіздер қалай жауап бересіздер», – деді. Шәкірттері: «Бұл мәселені Ибн Аббастың көзқарасы бойынша қарастырсақ, қазандағы суды төгіп, етті жуып жеуге болады», – деп жауап берді. Имам : «Дұрыс, бірақ мынаны ескеру керек, егер қазан қайнағаннан кейін түсіп өлген болса, сорпасын төгіп, жуғанмен тазармайды. Өйткені, құстың денесіндегі нәжіс етке тарап кетеді. Ал, қазан қайнамай тұрып түскен болса, сіздер айтқандай сорпасын төгіп, етті жуып қайта қайнатып жесе болады», – деді.79 Әбу Ханифа 75 Нуайм әл-Исфахани, Хилятул-әулия./Ибнул Жәузи, Сыфатус-сафуә, түрік тіліне аударып, толықтырғандар: (С. Айкут, У. Гүненч, Я. Атак т.б.) Сахабеден гүнүмүзе Алла достлары, Шуле баспасы, Стамбул, 1996, 4-т., 274-275-б. 76 Сәймиәри, 7-б. 77 Бұл да сонда, 21-22-б. 78 Мекки, 391-б., И. Х. Үнал, 21-б. 79 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 202-203-бет.
шәкірттерін осылай еркін пікір алмасуға баулып, бұрыс кетіп, жаңылған жерлері болса, түзетіп отыратын. Кейде өзінің ойына келмей қалған нәрселерді шәкірттері ескеріп, есіне салып отыратын. Осылайша көптеген түйткілді мәселелер бірінен соң бірі нақты шешімін тауып жататын. Келісіп пішкен тон келте болмайды деп осыны айтса керек. Оның өзі ұстаздарына қандайда бір мәселеге қатысты ойын ашық айтып, басқа үкім шығарған кездері аз болмағаны секілді, өзінің шәкірттерінің де оның пікірлеріне қарсы ой айтқан кездері аз емес. Имам Ағзамның дәрісін өзі ғана сөйлеп, оқушылары тыңдау түрінде емес, қазіргі заманда үйретудің ең тиімді тәсілдерінің бірі саналған интерактивті тәсілде жүргізетін. Осылайша, шәкірттерінің білім көкжиегін кеңейтіп, өз ойларын еркін айтып, дәлелдей алатын дәрежеге көтеруді мақсат ететін. Осының арқасында көптеген шәкірттері мүжтәхид деңгейіне жетті. Негізінде, бұл тәсіл алғашқы кезеңдегі мұсылман ғалымдарына тән ортақ ерекшелік болғанымен, Әбу Ханифа бұл салада оқ бойы алда тұрды. Әбу Ханифаның тағы бір ерекшелігі, бір пікірде алған бетінен қайтпай қоймай, өзінікінен де шынайы дәлел табылса, ойынан бас тарта алатындығы еді. Кез келген адамнан ондай батылдықты күту қиын. Әсіресе, ғылым мен технология шарықтап дамыған, ілімнен келген тәкәппарлық жайлаған қазіргі заманда өзін маманмын деген ғалым әлде бір пікір білдіре қалса, сонысын өзгелерге мойындатқанша асығады. Ал, өзгелер оның пікірінің қате екенін айтса, оны жау көріп, жағасына жармасады. Әбу Ханифа мұндай жат әдеттен аулақ еді. Осының барлығы имам Ағзамның еркін ойшылдығы мен парасат-пайымының қаншалықты жоғары екендігін көрсетеді. Әбу Ханифа ғылымға терең мән берумен қатар, барлық ынта-ықыласын ғылымға арнасын деп шәкірттерінің қажеттіліктерін өтеуді де ұмытпайтын мейірімді ұстаз еді. Ол мұқтаж шәкірттеріне ақшалай жәрдем беріп тұратын. Үйленетін жасқа келгендердің жағдайлары төмен болса, қаржылай көмектесіп, кейде қалың малды да өзі көтеретін. Бұл туралы Шурайх былай дейді: «Білім үйреткен шәкіртіне, тіпті, оның жанұясына көмектесетін. Шәкіртіне ілім үйреткеннен кейін: «Сен халал мен харамды үйренумен ең үлкен байлыққа жеттің» деп жылы сөздермен қуантатын. Бірде Ибаһим ибн Үйәйнә төрт мың дирхамнан астам қарызға батады. Ибраһимнің достары бұл ақшаны ел арасынан жинап Ибраһимді құтқарып алмақ болады. Мұны естіген Әбу Ханифа елден жиналған ақшаны кері таратып, қарызды толығымен өзі өтеген екен. Шәкірттерінің жан дүниесіне ерекше көңіл бөлетін. Оларға әрдайым жақсылық қалайтын. Олардың арасынан тәкәппарлыққа, өркөкіректікке, нәпсінің қармауына түсе бастағандарды сезсе, дереу ескерту жасап, әрдайым ұстаздан сабақ алу керектігін түсіндіретін. Осыған байланысты мына бір оқиғаны айта кетуге болады. «Болдым-толдым» деп ойлаған шәкірті Әбу Юсуф бір күні, енді өзім шәкірт тәрбиелей берсем болады деген оймен өзге шәкірттерден бөлініп, мешіттің бір бұрышында өзгелерге дәріс оқыта бас-тайды. Әбу Ханифа оның сабақ беруге білімінің әлі де жеткіліксіздігін түсіндіру мақсатымен жанындағы біреуге Әбу Юсуфтың сабақ алқасына қатысып, одан әлдебір сауалдың жауабын біліп келуді тапсырып: «Әлдебір адам екі дирхамға киімін тазалату үшін тазалаушыға береді. Киімін алуға барғанда тазалаушы киімді алғанын мойындамайды. Арада біраз күн өткеннен кейін қайта соғады. Тазалаушы киімін таза қып қайтарады. Осы жағдайда тазалаушының
ақысын беру керек пе, жоқ па? Егер ол ақысын беру керек десе, немесе бермеу керек десе, оның осы екі жауабының да дұрыс еместігін айт», – дейді. Осылайша, Әбу Ханифаның адамы айтылған мәселенің жай-жапсарын Әбу Юсуфтан сұрайды. Сонда Әбу Юсуф: – Иә, ол ақысын алуға лайықты, – дейді. Сонда ол: – Дұрыс емес, – дейді. Әбу Юсуф сәл ойланып: – Жоқ, ол ақысын алуға лайықты емес, – деп алдыңғы жауабына кереғар жауап береді. Ол бұл жауаптың да дұрыс еместігін айтады. Сонда ақылды да, тапқыр шәкірт бұл сұрақтың түп-төркінінің қайдан шыққанын сезіп, орнынан тұрып, Әбу Ханифаның дәріс алқасына келеді. Әбу Ханифа Әбу Юсуфқа: – Сенің келу себебің, тазалаушының ақысына байланысты ма? – дейді. – Иә, – деп жауап қатады шәкірті. Сонда Әбу Ханифа: – Осындай қарапайым мәселені шеше алмаған адам қалайша батылы барып Алланың діні жайлы фиқһтан сабақ бере алады? – деп ескертеді. Сонда Әбу Юсуф: – Осы сауалдың жауабын білгім келеді, – дейді. Әбу Ханифа мәселенің төркінін: – Ең бастысы, майды қылшығынан ажыратқандай ақтан қараны айыра білу керек. Егер тазалаушы киімді алғанын мойындамағаннан кейін тазалаған болса, ақысын ала алмайды. Өйткені, мойындамау арқылы ол келісімді бұзған болып саналады. Сондықтан, киімді өзі үшін тазалаған болады. Егер киімді алғанын мойындамай тұрып тазалаған болса, онда ақысын алуына болады. Өйткені, ол киімді ақы алу үшін тазалады80, – деп, айшықтап түсіндіріп береді. Әбу Ханифа шәкірттерімен мәселелерді талқылай отырып, оларды да фиқһ іліміне етене араластырып, пәтуа беруге үйрететін. Уақыты келгенде ұстаздыққа жіберетін. Міне, осының арқасында олар тек тыңдаушы ғана емес, ханафи фиқһының құрылуына мол үлес қосқан тұлғаларға айналды. Терең тақуалығымен қатар Ислам құқығы саласындағы мәселелерді талдаудағы ерекше сұңғылалығы мен терең пікірлерін жұмсақ тіл, жылы шыраймен түсіндіріп жеткізе алғандықтан, аз уақыттың ішінде оның дәрісіне қатысушылардың қарасы көбейіп, алды әлемнің түкпір-түкпірінен келген шәкірттерден босап көрген емес. Бір сөзбен айтқанда, ашық ілім ордасына айналды81. Имам Ағзам шәкірттеріне: «Бір кісі дүние үшін ілім алса, ілім оның бойында рухани күшке айнала алмайды да, оның ешкімге пайдасы болмайды. Ондай ілімнің ешқандай берекеті де болмайды. Егер кімде-кім ақырет үшін ілім алса, оның ілімі кеудесіне күш болып орнап, берекетті болады әрі көптің игілігіне айналады», – деп тәлім беретін 82. Имам Ағзам Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтан кейін шамамен отыз жылдай Куфа секілді ілім орталықтарында сабақ берді. Оның сұхбаттары мен сабақтарына қатысып, ілім алған шәкірттерінің саны төрт мыңға жетіп жығылды. Мұндай Ұлы ұстазбен шәкірттерінің саны жағынан фиқһ саласындағы ешбір ғалым иық теңестіре алмаған83. Кейінгі дәуірде келген хадис имам дары имам Ағзамнан сабақ алып, ілімін жетілдірген 800-ге жуық шәкіртінің болғанын, қырық шәкіртінің ижтихад жасайтындай дәрежеге жеткендігін айтады. Шәкірттерінің жартысы Куфа, Басра және Бағдаттан, ал қалғандары Ахуаз, 80 Ибн Хажар Хайсами, Хайратул-хисан, 22-б. 81 А. Өзтүрк, имам Ағзам Ебу Ханифе ве есерлери, «Шамил» баспасы, 3-басылым, Стамбул, 2010, 11-б. 82 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 75 бет. 83 Хайсами, Хайратул-хисан, 53-б.; Әбу Захра, Әбу Ханифа, 272-б.
Исфахан, Хәмадан, Рей, Журжан, Мәру, Бұқара, Самарқанд, Хорезм секілді Ирактың шығысындағы маңызды қалалардан келсе, Мысыр, Сирия, Мәдина, Йемен, Бахрейн, Мусул секілді Ислам діні өркен жайған қалалар мен аудандардан келген шәкірттерінің саны аз еді. Тіпті, олардың аты-жөндері мен қайдан келгендері әдебиеттерде атап айтылған84. Әбу Ханифа өз шәкірттерін де жақсы көретін. «Сендер менің жүрегімнің қуанышы, көңілімнің жұбанышысыңдар» – деп оларға жүрек жарды сөздерін арнайтын. «36 шәкіртімнің білім-білігі жоғары, 28-і қазылыққа қабілетті. Олардың арасында 6-уының пәтуа беруге білім-білігі толық жетеді, ал Әбу Юсуф пен имам Зуфар әрі қазылыққа, әрі пәтуа айтуға лайықты» деп шәкірттерін бағалаған екен85. Әбу Ханифаның шәкірттерінің 50-ге жуығы Куфа аймағында, ал өзге көптеген шәкірттерінің көпшілігі түрлі аймақтарда қазылық лауазымын атқарған. Имам Ағзам Әбу Ханифаның мәзһабын жайған, өздерінің ижтихадтары мен көзқарастары арқылы кеңінен түсіндіріп «ханафи» атты мәзһабтың қалыптасуына өте зор үлес қосқан Әбу Юсуф, имам Мұхаммед, Зуфар, ибн Зайд деген төрт шәкірті болатын. Ендігі кезекте солар жайлы сөз қозғайық. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы (Әбу Ханифаның танымал шәкірттері) Әбу Ханифаның ислам іліміндегі орны мен үмметтің бағына берген бірегей тұлға екендігін оның соңынан ерген мұсылған үмметі және аты ислам әлеміне танымал шәкірттері арқылы салмақтап-ақ түсіну қиын емес. Өзінен кейін мұрасын жалғап, ізін басқан белгілі шәкірттеріне аз-кем тоқтала кетейік. Әбу Юсуф Толық аты Ибраһим әл-Ансари. Куфада 113/731 жылы дүниеге келген. Харун әр-Рәшидтің билігі кезінде бас қазы (жоғарғы сот) қызметін атқарды. Ислам тарихында алғаш рет «Қадиул-қудат» деген сипатты иеленген де осы Әбу Юсуф86. Хижра жыл санауы бойынша 182 жылы (798 ж.) қайтыс болған. Имам Ағзамға шәкірт болмастан бұрын, кедей отбасында дүниеге келгендіктен күнкөрістің қамымен кетіп, ғылыммен шұғылдануға жағдайы келе бермейтін. Білім алуға деген ынтасы мен ерекше құлшынысын байқаған Әбу Ханифа оған қаржылай көмек беріп, өз жалақысынан айлық тағайындаған. Осыдан кейін білім жолына түсіп, ханафи мәзһабының таралуына үлкен қызмет еткен. Ибн Жарир әт-Табари «Қазы Әбу Юсуф фақиһ әрі хадис ілімінде білікті ғалым еді. Хадистерді жатқа білетіндігімен танымал болған. Хадис ғұламаларынан сабақ алған. Бір сабақтың өзінде елу, алпысқа дейін хадис естіп, мәнін терең ұғуға тырысатын. Сабақ бітісімен хатқа түсірткізетін» дейді87. Әбу Ханифа шәкірттерінің ішінде Әбу Юсуф пен Зуфардан үлкен үміт күтті. Екеуінің құқықтық мәселелерді қалай шешетініне ерекше мән беріп, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасап, бақылап отыратын. Бір күні Әбу Ханифаның оң жағынан орын алған Әбу Юсуф пен сол жағына жайғасқан Зуфар әлдебір мәселе 84 Бәззәзи, Манақибул-Имам Ағзам, 490-б. 85 Бұл да сонда, 125-б. 86 Зәхәби, Ғубәр, 1-т., 284-б; Мұхаммед ибн Жалалуддин әл-Мукрим, Табақатул фуқаһа, Бейрут, Лубнан 1970 1-басылым, 1-т.,134-б. 87 Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 172-б.
жайлы таласып қалады. Әбу Юсуф не айтса да, Зуфар оның сөзін жоққа шығарып, өз пікірін білдіріп отырды. Зуфардың дегендерін Әбу Юсуф терістеп отырды. Талас бесін намазына дейін созылды. Азан шақырылғаннан кейін Әбу Ханифа Зуфардың бүйірінен түртіп: «Әбу Юсуф тұрғанда төрелік айтамын деп ойлама» деп, бұл таласта Әбу Юсуфтың мерейінің үстем түскенін білдірді88. Зуфардың Әбу Ханифаның сол жағында, Әбу Юсуфтың оң жағында отыруының өзінен оның имам ның ең алғыр шәкірті, оң қолы болғандығын аңғарамыз. Аммар ибн Әбу Мәлік «Әбу Ханифаның достары арасында Әбу Юсуфке тең келері жоқ. Әбу Юсуф болмаса, Әбу Ханифаның да Ибн Әбу Ләйләнің де тарихта аттары аталмас еді. Осы екеуінің көзқарасын шартарапқа жайған – Әбу Юсуф»89 деп, оның Ханафи фиқһына қаншалықты еңбек сіңіргенін баяндайды. Имам Ағзамның өзі көзі тірісінде оны қазылыққа лайық көрген екі шәкіртінің бірі еді. Ол райды шебер қолданумен қатар хадис ілімінде де жүйрік болатын90. Оның Ислам мәдениетіне тарту еткен саясат, ел басқару, қаржы секілді салаларды қамтыған «әл-Хараж» атты еңбегінің маңызы зор. Сонымен қатар, өзімен қатарлас уақытта қазы қызметін атқрған Ибн Әбу Ләйла мен Әбу Ханифаның келіспеген тақырыптарына арналған «Ихтиләфу Әби Ханифа уә Ибни Әби Ләйла» атты кітабы да бар. Ибн Надим оның бұдан басқа да «Китабус-салат», «Китабуз-зәкәт», «Китабус-сиям», «Китабул-фарайд», «Китабул-бую», «Китабулхудут», «Китабул-уасайа», «Китабус-сайд», «Китабуз-забайх», «Китабул-ғасб» және «Китабул ихтилафил-амсар», «Ар-радд ала Мәлік ибн Әнәс», «Китабулжәуәми, имлә» деген кітаптарын атайды91. Имам Зуфар ибн Хузәйл (һ.ж. 110 – 158 / 728 – 774 ж.) Имам Зуфар – куфалық, әкесі араб, анасы ирандық, әкесі жағынан да, шешесі жағынан да осы екі елдің ерекшелігін өз бойына дарытқан ғалым еді. Әбу Ханифаға шәкірт болмастан бұрын өзі хадис хафызы еді92. Ол – Басра қаласына қазы болып тағайындалған Әбу Ханифаның қиястағы93 ең мықты шәкірті. Әбу Ханифа дүние салғанына сегіз жылдан кейін қырық сегіз жасында қайтыс болды. Тарихул-Бағдат кітабында әл-Мәзни мен Ирак фақиһтары жайлы сұраған бір кісі арасында өрбіген мынадай бір оқиға келтірілген. Әлгі кісі Мәзниден: – Әбу Ханифа жайлы не айтасың?,– дегенде ол: – Олардың басшысы, негізін салушы. – Әбу Юсуф ше? – Хадиске ең көп жақын болғаны. – Мұхаммед ибн Хасан ше? – Құқықтағы тармақ мәселелерді ең көп білетіні. – Зуфар ше? – Қиястағы ең мықтысы, – деп жауап берген94. 88 Саймиари, 95-б. 89 Бағдади, Тарих, 14-т., 242-246-б. 90 Бағдади, Тарих, 13-т., 333-б. 91 Ибн Надим, Фиһрист, 286-б. 92 Ибн Халликан, Уәфәятул-аъян, 2-т., 318-б. 93 Қияс – Құран мен сүннеттен табылмаған, алайда, туындаған мәселеге орай оған ұқсас жағдайды қарастыра отырып үкім шығару. Мысалы, есірткі шөптерді діндегі үкімі бар араққа салыстыра отырып үкім беру. Екеуі де ақылдан адастыратындықтан – харам. 94 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 245-б.
Имам Зуфардан ешқандай еңбек қалмаған. Өйткені, ұстазы Әбу Ханифа дүние салғаннан кейін небәрі сегіз жыл ғана өмір сүрді. Ал Әбу Юсуф пен имам Мұхаммед одан кейін ширек ғасырдан аса өмір сүрді. Осылайша, олардың Ислам тарихында тамырын тереңнен алатын танымы биік дүниелерді арттарына мұра етіп қалдыруға мүмкіндіктері болды. Зуфар Әбу Ханифаның көзқарастарын хатқа түсіріп кетпесе де, ауызша жеткізген. Ибн Абдулбәрр «әл-Интиқа» атты кітабында былай деген: «Имам Зуфар Басраға қазы болып тағайындалғанда Әбу Ханифа оған: «Басралықтармен арамыз жақсы емес. Көре алмаушылық, қастық, бәсекелестік бар. Саған оңай соқпайды», – деп жұмысының жауаптылығын ескертеді. Басра қаласына қазы болып тағайындалғанда білімді де, білікті адамдар айналасына жиналып, имам Зуфармен фиқһқа қатысты мәселелерді өзара талқылауды әдетке айналдырады. Имам Зуфардың келтірген дәлелдерін ақылға қонымды, қисынды көріп, көзқарасын құптап, уәжіне жығылатын болды. Мұны сезген имам Зуфар: – Бұл Әбу Ханифаның сөзі, – дейді. – Әбу Ханифа осындай терең ілім иесі ме еді? – дейді Басралықтар. – Иә, оның бұдан да терең, бұдан да нақты көзқарастары бар, – деп жауап береді имам Зуфар. Ол Басра ғалымдарына келтірген әрбір дәлелін Әбу Ханифадан алғанын әдейі айтып отыратын. Басралықтар да оның аузын бағып, Әбу Ханифаның білгірлігіне таң қалысатын. Осылайша, Басра ғалымдарының Әбу Ханифаға деген күндестігі мен жаулықтарын тыйып, керісінше оған деген сүйіспеншіліктерін оятты. Әбу Ханифаны танымай тұрған кездерінде теріс ойда жүрсе, уақыт өте келе пікірлері өзгеріп, оның атына жылы лебіз білдіретін болды95. Имам Зуфар Әбу Ханифаның орнына келсе, қайтыс болғаннан кейін оның орнын Әбу Юсуф басады. Ғылым мен ғибадатты ұштастырған тақуа, ғалым Зуфар қырық сегіз жасында бақиға аттанды. Мұхаммед ибн Хасан әш-Шайбани (132 -189 һ.ж./ 749 – 804ж.) Аты – Мұхаммед, әкесінің ныспысы – Хасан әш-Шайбани. Куниясы – Әбу Абдуллаһ. Һижри 132 жылы дүниеге келіп, 189 жылы қайтыс болған. Әбу Ханифа қайтыс болған уақытта ол небары 18 жаста еді. Әбу Ханифадан біршама уақыт сабақ алды. Ұстазы қайтыс болғаннан кейін Әбу Юсуфтан білім алып, фиқһ саласын терең меңгерді. Суфиян Саури мен Әузағи сынды танымал ғалымдардан да сабақ алды. Мәлік ибн Әнәстан хадис пен риуаят ілімін үйренді. Мәліктің жанында үш жыл тұрды. Ұстазы Әбу Юсуф секілді бас қазы қызметін атқармағанымен, Харун әр-Рашид кезеңінде қазы лауазымына тағайындалды. Тіл мен әдебиетті жетік меңгерді. Имам Мұхаммедтің сөзге ағып тұрған шешен, майын тамызып сөйлетіндігі жайында имам Шафиғи сынды ірі ғалым: «Ол адамдардың ең сөзге ұста, ділмәр шешені. Ол сөйлегенде былайғы жұрт Құран оның тілімен түскендей ұйып, елітіп тыңдайтын»96 десе, тағы бірде: «Мен одан атан түйеге жүк боларлықтай ілім алдым», «Талас тудырған мәселелерге қатысты сауал қойылған кезде іркілмей жауап беретін басқа адамды көрмедім»97 деп білімділігіне таң қалған екен. 95 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 192-б. 96 Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 174-б. 97 Мұхаммед ибн Жалалуддин әл-Мукрим, Табақатул-фуқаһа, 1-т.,135-б.
Білімділігімен қатар сұлтандармен қарым-қатынаста да ілімнің абыройын сақтай білген. Хатиб Бағдадидің кітабында бұл жайлы мынадай оқиға келтірілген: «Бір күні Харун әр-Рашид келген екен. Адамдардың барлығы орындарынан тұрып, құрмет көрсетеді. Ал Мұхаммед ибн Хасан міз бақпайды. Сарай қызметшісі Мұхаммедті халифаның құзырына шақырады. Достары оның ендігі жағдайы қалай болар екен деп алаңдайды. Имам Мұхаммед қайтып оралған бетте оны сауалдың астына алады. Сонда имам : – Халифа маған «Халықпен бірге сен неге орныңнан тұрмадың» –, деді. «Сен өзің мені білімді адамдардың қатарына қосасың. Мен оған «Бұл деңгейден қызметшілердің деңгейіне түсуді хош көрмедім» –, дедім»98 деген екен. Осылайша, білімнің абыройы мен дәрежесін көтергенімен қоймай, оны халифаның өзіне де жасқанбай айта білген. Мұхаммед ибн Хасан Әш-Шайбани Әбу Ханифаның хас шәкірті Әбу Юсуфтан басқа ешкімге нәсіп бола бермейтін қасиеттер мен біліктілікті бойына дарытты. Мұхаммед ибн Хасан Ирак фиқһын Әбу Юсуфтан қазылық міндетін атқарғаннан кейін барып алғандықтан, оны толық үйренді деуге болады. Ал хадис фиқһын Мәдинаның ұстазы имам Мәліктен, Шамның ұстазы Әузағиден үйренді. Қандай да бір мәселе туындаса, оның шешімін таппай қоймайтын әрі есепқисапқа да жүйрік болатын. Сөзге ұста еді. Қандай мәселені қозғаса да жеңіл, әрі ұғынықты етіп түсіндіретін. Қазылық міндетке тағайындалуы оны шыңдап, білімін жетілдіре түсті. Сонымен бірге, оқып үйренген фиқһ теорияларын іс жүзінде қолданып көрді. Имам Мұхаммедтің кітап жазуға деген ынтасы ерекше еді. Негізінде, Ирак фиқһын кейінгі ұрпаққа жеткізген де осы – имам Мұхаммед. Мұнымен қатар, Муатта кітабын толығымен имам Мәліктен риуаят етіп, қағазға түсірген. Имам Мұхаммед – Ирак ғалымдарының арасындағы ең танымалы. Фиқһта «Рай фиқһы» мен «Хадис фиқһын» бір арнада тоғыстырып, мәселелерді осы екеуінің негіздеріне сүйеніп шеше білген ғалым. Оның көзқарастары шындыққа, туралыққа ең жақыны болып саналды. Әрине, бұл фиқһтың барлығын Әбу Ханифадан алды деп айта алмаймыз, өйткені, Әбу Ханифа дүниеден өткенде оның жасы бар болғаны он сегізде еді. Әбу Ханифаның фиқһын оның ең жақсы шәкірттерінен, әсіресе, Әбу Юсуфтан үйренді. Имам Мұхаммед кейбір кітаптарында Әбу Юсуфтың риуаяттарын атап өтеді. Имам Мұхаммедтің «Жамиус-сағир» атты кітабындағы риуаяттардың барлығы – Әбу Юсуфтың риуаяттары. Аталмыш еңбектің әр тарауын жазғанда «Бұл Әбу Юсуфтың риуаяты» деп айтып, атап кетеді. Бұл тараудың барлығы Әбу Юсуфтан дегенді білдіреді. Бірақ, «Жамиул-кабир» атты кітабында алдындағы секілді Әбу Юсуфтың риуаяты деп айтпайды, өйткені, онда басқа риуаяттар да бар болатын. Имам Мұхаммедтің кітаптары ханафи фиқһының ең басты қайнар көзі болып табылады. Имам Мұхаммед осы еңбектерінде риуаяттарды мейлі Әбу Юсуфтан алсын, мейлі Ирак фиқшыларынан алсын, барлығының негізі бір. Имам Мұхаммедтің жазған еңбектері сенімділік жағынан бірдей емес. Ғұламалар оның еңбектерін сенімділік жағынан екіге бөліп қарастырған: Біріншісі: Мутауатир жолмен, яғни, сенімді шежіремен жеткен кітаптар. Бұлар: «Мабсут», «Зиядат», «Жамиус-сағир», «Жамиул-кабир», «Сиярул-кабир», «Сиярус-сағир». Аталмыш еңбектер имам Мұхаммедтен сенімді ғалымдар арқылы жеткен және бұл еңбектерді «Заһирур-риуая» деп атайды. «Китабул-асар» еңбегі де осы топқа кіреді. Бұл кітапта Әбу Ханифаның дәлелдері мен келтірген 98 Бағдади, Тарих, 2-т., 173-б.
хадистері жазылған. Ханафи фықһы осы бірінші жолмен жеткен «Заһирурриуая» кітаптарында қамтылған деуге болады Екіншісі: Науадир кітаптары. Бұл еңбектер «Заһирур-риуая» кітаптары секілді сенімді жолмен жетпеген. Нақтылық жағынан маңызы кем деп есептеледі. Бұған «әл-Кайсаният», «әл-һаруният», «әл-Журжаният», «әр-Руқият», «Зиядатуззиядат» жатады99. Имам Мұхаммедтің фиқ пен қатар хадис білімі де жоғары еді. Ғалымдардың айтуына қарағанда ол хадисті райден жоғары санайтын100. Хасан ибн Зияд әл-Луълу (қ. 204 һ.ж.) Тумасынан куфалық Хасан ибн Зияд ұзақ жылдар Бағдатта тұрған. Әбу Ханифаның таңдаулы шәкірттерінің бірі. Ұстазының райды қолданғанын сынағандарға қарсы ұстазын қызғаштай қорғаған. Көптеген хадис риуаят еткенімен, мықты хадисшілердің қатарына кірмейді. Әбу Ханифаның сабақтарда айтқан хадистерін жинап, «Муснәду Әби Ханифа» жинағын жазған101. Осы аталған фиқһ мамандарынан бөлек ілімінің тереңдігі әрі құлшылығымен аттары шыққан Дәуіт әт-Тәий, Абдуллаһ ибн әл-Мүбәрәк, Исмаил ибн Хаммад ибн Әбу Сүләймен, Мұсғаб ибн Иса, Уәки ибн Жәррәх, Әбу Амр Әсәд ибн Бәжәли, Афиә ибн Иәзид әл-Әудий, Қасым ибн Мағын, Яхия ибн Зәкәрия, Юсуф ибн Халид әс-Сәмти, Али ибн Мисхәр мен өзінің баласы Хаммадты да Әбу Ханифаның ілімімен сусындаған ғалымдардың санатына жатқызуға болады102. Әбу Ханифа табиғин ба? Кейбір кітаптарда Әбу Ханифаның сахабалармен жолыққандығы және олардан хадис риуаят еткендігі жазылған. Кейбір қайнаркөз кітаптарда «Әбу Ханифа өзімен замандас ғалымдар яғни Суфиан Саури, Әузағи, имам Мәлік секілді жолдастарынан табиғин болу құрметімен озып кетті», – делінеді103. Тарихи дереккөздерде Әбу Ханифаның ұзақ өмір сүрген сахабалармен жолыққандығы жайлы мәліметтер келтірілген. Мысалы, олардың арасында һижра жыл санауы бойынша 93 жылы дүниеден озған Әнас ибн Мәлік, 87 жылы қайтыс болған Абдуллаһ ибн Ауф, 85 жылы қайтыс болған Уасила ибн Асқия, 88 жылы қайтыс болған Сәхл ибн Сайда және ең соңғы болып 102 жылы Меккеде көз жұмған Әбу Туфайл Амр ибн Уәсила секілді сахабалар бар104. Міне, осылар секілді ұзақ өмір сүрген сахабалармен жолығуы әбден мүмкін. Бірақ, олардан хадис риуаят етіп-етпегендігі жайлы түрлі пікірлер бар. Ғұламалардың біршамасы Әбу Ханифаның сахабалардан хадис риуаят еткендігін растап, ол хадистерді атап айтқан. Бірақ, хадис ілімінің мамандары бұл риуаяттардың әлсіз екендігін алға тартады. Енді осы ретте «Әбу Ханифа табиғин бе?» деген сауал туындайды. Ғұламалар «Табиғин» сөзін түсіндіруде түрлі көзқарас білдірген. Кейбір ғұламалар «Табиғин» сөзін түсіндіргенде, «сахабамен жолығу жеткіліксіз, онымен сөйлесіп, одан 99 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 233-233-б. 100 Ф. Сезгин, 1-т., 318-б. 101 Ф. Сезгин, 1-т., 433-б. 102 Сәймиәри, 90-152-б. 103 әз-Зәхәби, Манақибу имам Әби Ханифа, 14-бет. 104 Мекки, Манақибу Әби Ханифа 1-т., 24-б.; Ибн Хажар Хайсами, Хайратулхисан, 23-б.
хадис риуаят еткенде ғана табиғин болады» деп, жолығумен қатар риуаят етуі де шарт деп есептеген. Бұл көзқарасқа сүйенсек, Әбу Ханифа табиғин санатына жатпайды. Ал басқа бірқатар ғалымдардың көзқарасы бойынша, сахабаны көрген кісі олардан хадис риуаят етпесе де, табиғин санатына қосылады105. Олай болса, осы көзқарасқа орай Әбу Ханифа сахабаны көргендіктен табиғин саналады106. Әрине, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мақтаған ізгі ұрпақ табиғин санатына қосылу Әбу Ханифа үшін үлкен мақтаныш болары сөзсіз. Бірақ, оның имам Ағзам деген абыройға бөленуі тек табиғин болғандығында емес, мұсылман үмбетіне жасаған ұшан теңіз еңбегінің нәтижесінде екенін ескерген жөн. Пайғамбарымыз Әбу Ханифаның келетіндігін сүйіншілеген бе? Имам Ағзамның ғибратқа толы ғұмыры туралы айтылғанда Әбу Ханифаның келетіндігін сүйіншілейтін хадистерді кездестіреміз. Осы хадистерді шынымен де пайғамбарымыз айтқан ба? Әрине пайғамбармыздың Алладан келген аянға негізделіп, болашақты болжап айтқан хадистері жетерлік. Бірақ дәл мәзһабымыздың негізін қалаған имам Ағзамға қатысты хадисі бар жоғын біреу білсе, біреу біле бермейді. Әуелі мына мәселені ескерген дұрыс. Имам Ағзамдай мәртебелі имам ның келетіндігін сүйіншілеуі немесе сүйіншілемеуі – пайғамбарымыздың пайғамбарлығына да Әбу Ханифаның ислам әлеміндегі орны мен беделіне де ешқандай нұқсан келтірмесі анық. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың болашақта болатын жағдайлардың барлығын сүйіншілеп кетуі керек дейтіндей бір қағида жоқ. Әрі мұның пайғамбарлық міндетке жатпайтындығын да естен шығармаған жөн. Хадистерінде имам Ағзамның атын атап айтақан айтпағандығын ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені, пайғамбарымыздың айтқан сөздері бізге толығымен жетті десек те, жүз пайыз хадис жинақтарына енген деп айту да қиын. Қысқасы пайғамбарымыздың айтқанын айтпады деу – айтпағанын айтты деумен бірдей. Ал, хадистердің дәрежесін анықтау сол кезеңде өмір сүрген үлкен хадис ғұламаларының еншісінде болғандықтан солардың сөзіне жүгініп көрейік. Имам Ағзамның келетіндігін сүйіншілейтін хадистің ең маңыздысы әрі нақтысы ретінде Бұхари мен Мүслим және Әбу Нуғайм әл-Исфаһанидың Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын), Ширази мен Табарани Қайс ибн Сағд ибн Ғубададан (Алла оған разы болсын) және Табаранидың Абдулла ибн Масғуттан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен мына хадисті айтуға болады: «Ілім аспандағы үркер болса да парсы ұрпақтарының бір тобы оған жетеді»107. Хафиз Жалалуддин ас-Суюти бұл хадисті Әбу Ханифаның келетіндігін сүйіншілейтін хадистердің ішіндегі ең сенімдісі әрі тізбегі дұрысы екендігін айтқан. Риуаяттар арасында аздаған өзгешеліктер болғанымен, мағыналық жағынан бәрі бірдей. Имам Мүслим бір риуаятында « » (ілім) деген сөздің орнына « » (имамн) деп келтірсе, аш-Ширази « » (үркер жұлдызында) деген сөзден бұрын « » (ілініп тұрса да) деген сөзді қоса риуаят еткен. Табаранидың Қайс ибн Сағдтан жеткізуінде «Ілім үркер жұлдызында болса, оған 105 Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 158-б. 106 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 88-б. 107 Сахих әл-Бұхари, китаб тафсир әл-Құран, 4633; Сахих әл-Мүслим, китаб әлФадаил 4746;
арабтардан бұрын парсы әулетінен шыққан бір тобы жетеді», – деп келеді. Аталған хадис имам Мәлик пен имам әш-Шафиғиды тұспалдайды деп есептелетін мына хадистерге ұқсайды. Имам Мәлик туралы «Адамдар ілім іздеуде желмаяның өкпесін өшірердей жанталасады. Бірақ, Мадинаның ғалымынан асқан білімдарды таба алмайды», – деген хадис айтылса, имам әшШафиғи туралы «Құрайышқа тіл тигізбеңіздер, өйткені олардың ғалымы жер бетін ілімге толтырады» деген хадис айтылады. Бұл хадистердің де дәрежесі хасан болып, әртүрлі риуаяттармен жеткен. Хадис ғалымдарының арасында бұл хадистерді әлсіз дегендер болғанымен, көпшілігі пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)«Мадина ғалымы» деп имам Мәликті, «Құрайыш ғалымы» деп имам әш-Шафиғиды айтқысы келген деп есептеген. Имам ас-Суютидың танымал шәкірттерінің бірі былай дейді: «Ләу кана аддин...»108 деп басталатын хадис Әбу Ханифа туралы айтылғандығын ұстазымыз қадап айтқандықтан, басқа күман туындамауы керек. Өйткені алтын ғасырдан109 кейін парсы елінен шыққан Әбу Ханифа мен оның шәкірттерінің ғылым деңгейіне жеткен ешкім болмады. пайғамбарымыз көзі тірісінде сахабаларының барлығы араб тайпаларынан бола тұра, әлі де ғылым ошағына айналмаған Бағдат, Басра және Куфа қалаларынан шығатын ғалымдарды, парсы жұртынан шығатын Әбу Ханифа сынды мұжтаһидттер туралы хабардар етуі үлкен мұғжиза болып табылады. Жалалиддин ас-Суюти: «Сахихтығына сын жоқ осы «Ілім аспандағы үркер болса да...» деген хадис тұрғанда Әбу Ханифа туралы басқа хадис айтудың қажеті шамалы», – деген. Сонымен қатар ол Әбу Ханифа туралы ойдан шығарылған хадистерді де атай кетеді. Олар: «Үмбетімнен аты Нұғман, лақаб аты Әбу Ханифа деген бір кісі келеді. Ол үмбетімнің шамшырағы», «Алланың дінін менің сүннетімді жандандыратын менен кейін Сәбитұлы Нұғман лақаб аты Әбу Ханифа деп аталатын біреу келетін болады», «Үмбетімнің әр ғасырда ғылымда бір көшбасшысы болады. Әбу Ханифа да өз заманында ғылымның көшін бастайды» деген хадистер. Сондай-ақ Ибн Аббастың сөзі ретінде де айтылатын немесе Ибн Сирин айтты делініп жүрген бірқатар сөздер де кездеседі. Соңғы аталған хадистер мен деректер ойдан құрастырылғандықтан, хадис ғалымдарының көзімен қарағанда құнсыз болып есептеледі. Бұл хадистерді Ибн әл-Жаузи өзінің «Маудуғат» атты еңбегінде айтып өткен. Имам аз-Заһаби мен Ұстаз Жалалуддин ас-Суюти кітабының ықшамдалған нұсқасында Ибн әлЖаузидың айтқандарын орынды деп есептеген. Ибн Хажар әл-Асқалани «Лисан әл-мизан» атты еңбегінде де дәл осындай көзқарас білдірген. Өз кезінде ханафи мәзһабының үлкен имам ы атанған Шейх Қасым әл-Ханафи да жоғарыдағы имам дарды қуаттаған. Егер аталған хадистер дұрыс деп саналатын болса, Әбу Ханифаның өнегелі өмірі жайлы сүбелі еңбектер жазған Әбу Жағфар ат-Тахауи мен «Табақат әл-ханафияның» авторы Мұхиддин әл-Құраши секілді ғалымдар бұл хадистерді еңбектеріне енгізуге басқалардан артық мән берер еді. Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмыры мен мінез-құлқы, тұлғалығы мен асыл қасиеттерін қамтитын еңбектерді оқығаннан кейін оның беделін көтеруге мұндай құрамалы мәтіндер мен хадис делініп жүрген сөздердің қажеттілігінің шамалы екендігін білуге болады. Әсіресе баста айтылып өткен «ілім аспандағы үркер болса...» деп басталатын хадисте айтылған парсы жұртынан шығатын ғалымдар арасында дін ғылымында Әбу Ханифаның дәрежесіне жететін ешкімнің болмауы бұл хадистің соған арналғандығын анық көрсетпей ме?! 108 Сахих әл-Мүслимның бір риуаятында хадис осылай келеді. 109 Ғаср ас-сағада – пайғамбарымыз бен сахабалар кезеңі.
ТҮР-ТҰЛҒАСЫ МЕН ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТТЕРІ Әбу Ханифа көрген кісінің көзі тойғандай көрікті, ұстамды, киген киімі жарасымды, әр ісінде ұқыпты болатын. Басынан қара түсті «қалансуасын»110 тастамайтын. Бірде Куфа қаласында Әбу Ханифаның киім киісі мен үстінен аңқыған әтірдің хош иісінен көңілі жадыраған Ибн Мұғир: «Куфа мешітінде адамдарға пәтуа беріп отырған, басында қалансуасы бар шейхті көріп, айналамдағылардан «Бұл кім?» деп сұрадым. Олар «Имам Әбу Ханифа» деп жауап қатты. Мен Әбу Ханифаны осылай таныған едім», – дейді . Бәкир ибн Мағруф былай дейді: «Кімде-кім имам ды көрсе ер азаматтың тұртұлғасы қандай болуы керек екендігін көргені. Ілімінің тереңдігін айтып жеткізу мүмкін емес. Іс-әрекетіндегі сақтығы мен қырағылығында шек жоқ болатын. Ижтиһады (үкім шығару қабілеті) соншалықты қуатты еді. Имам ды бір көрген адам оның ерекше ізгілік үшін жаратылғандығын байқайтыны сөзсіз».111 Әбу Ханифа сапалы матадан тігілген киім киетін. Әрдайым әтір қолданатын. Алланың таза әрі халал қылған рызықтарын пайдаланатын. Ол достарының да жақсы киінгенін қалайтын. Адамның өңін ашатын сапалы сәнді киім таңдауына көмектесетін. Намаз оқитын кезде Алланың құзырында тұрғанын терең сезініп, әрдайым ең әдемі киімдерін киіп, жұпар аңқыған иіссу себетін. Баласы Хаммад әкесін былайша сипаттайды: «Әкемнің түр-тұлғасы келіскен сымбатты, үстінен хош иіс аңқып тұратын. Оның келе жатқанын алдымен үстіне сепкен әтірдің иісінен сезуші едік», – дейді. Әбу Ханифа Алла алдында да, адам алдында да адал еді. Бір кісідей жомарт, қара қылды қақ жарған әділ кісі болған. Алда-жалда қолына ақша түсе қалса, алдымен білім жолында жүрген кедей шәкірттеріне беріп, барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысатын. Бір күні шәкірттерінің бірі: «Ұстаз, бұлай киінуіңіздің сыры неде?» – деп сұрайды. Сонда имам Ағзам: «Барлығы маған қарап білімге талпынсын деп жақсы киінемін, әйтпесе, бұлар мені күнәға жетелер жүк емес пе», – деген екен. Бір күні Әбу Ханифа үсті-басы алқам-салқам біреуді көреді. Оның қолына мың дирхам ақша беріп тұрып: «Үсті-басыңды дұрыста, жөні түзу киім ал» деп құлағына сыбырлайды. Бірақ, әлгі адам: «Маған бұл ақшаның қажеті жоқ, мен онсыз да баймын» деп ақшаны алмай қояды. Сонда Әбу Ханифа: «Сен пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Алла берген нығметін құлының бойынан көргісі келеді»112 дегенін естімеп пе едің?» деп таза, жинақы киініп, халыққа үлгі болардай мұсылман болуға насихаттаған. Аңқылдаған ақ көңіл еді. Аз сөйлейтін, аз күлетін, көп ойланатын. Сөйлескенде орта жолды ұстанатын. Өзіне сауал тастамайынша, тіл қатпайтын Әбу Ханифа әрбір істі тиянақты істейтін. Біреулермен пікір таластыра қалса, қарсыласы оған ауыр сөздер айтса да, сабырлы қалпынан айнымайтын парасатты ғалым еді. Бір күні халифа Харун әр-Рашид жанындағылардың Әбу Ханифаны сөз етіп отырғандарын естіп: «Алла Әбу Ханифаға мейірімін төксін. Басқаларының көздерімен көре алмағандарын ол ақыл көзімен көреді»113 – деп Әбу Ханифаның парасатын айтып өткен екен. 110 Бас киім, тақия 111 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 224-бет 112 Бағдади, Тарихул-Бағдат, 13-т., 361-б. 113 Курт, Ауни, имам Ағзам Әбу Ханифа хайаты, Анкара, 32-б.
Әбу Ханифаның дәулетті болуы да оның өмірінде маңызды рөл атқарған. Дін мен білім жолында шәкірттерінің басына қандай да бір іс түссе ешқашан аянып қалмайтын. Шәкірті имам Мұхаммед осы Әбу Ханифаның мектебінен тәлім алып, кейіннен әйгілі ғалым, мүжтәхид болды емес пе? Алланың берген байлығын дін жолында жұмсап, білімнің мәртебесін үстем еткен ғалымдардың бірі еді. Көркем мінезі Ибн Абдул Мажид Микаил әл-Баратқини (736-793) имам Ибн Мүбарактан былай риуаят етеді: «Сөз арасында Суфян ас-Сауриге: «Имамның біреу туралы сыртынан сөйлегенін көрген емеспін. Ол тіпті дұшпандарын да ешкімге жамандаған емес», – деген едім. Суфян: «Әрине, имам өте кемеңгер адам. Сауаптарын текке кетіретін істерге қалай жол берсін», – деді».114 Имам Ағзамның ең танымал шәкіртінің бірі Әбу Юсуф: «Имам Ағзамды Алла Тағала ғылым, амал, жомарттық, адамгершілік және қайырымдылықпен көркейтіп, мінез-құлқын Құранмен әсемдеп қойған», – дейтін.115 Әбу Ханифаның салмақтылығы мен сыпайылығы да ерекше болатын. Ол өзіне қаншалықты дөрекі сөздер айтылса да байсалды бейнесінен ауытқымайтын. Бір пікірталас кезінде сөзге шыдамаған біреу оған «Ей, бүлікші, дін бұзар! Ей, дінінен тайып, жолдан адасқан пенде!» – деп өте ауыр сөз айтты. Сонда ол: «Сені Алла кешірсін! Менің ондай емес екенімді Алла біледі. Өйткені, мен Алламды таныған күнімнен бастап одан бір сәт алыстамадым. Тек Алладан кешірім тілеп, соңымды қайырлы етуін тілеймін», – деген. «Соңымды» деген сөзді айтқанда көзі жасқа толып кеткен. Әлгі адам қателігін түсініп: «Артық кеткенім үшін мені кешірңізші!» – деп жалбарынады. Әбу Ханифа: «Білместікпен мен туралы жаман сөз айтқандардың бәрін кешірдім. Бірақ, ғалымдардың бірі мені жамандаған болса оның жағдайы қиын. Себебі, ғалымның ғайбаты артында із болып қалып кетеді», – депті.116 Бір кісі Әбу Ханифаға: «Суфян әс-Сәури сізді жамандап жатыр», – дегенде, ол: «Жамандағаны рас болса, Алла кешірсін. Мен оның жақсылығын білгенім үшін, оны мақтап, дәріптеуге мәжбүрмін», – деген екен. Имам Ағзам достарымен, жора-жолдастарымен жақсы қарым қатынаста болуға да көбірек көңіл бөлетін. Тіпті олардың үсітіне келіп қонған шыбыннан өзі мазасызданып отыратын. Бір күні шәкірттерінің бірі дуалдан құлап қалады. Мұны естіген имам ның көңілі босап, жанашырлығын жасыра алмай үйіне барып көңілін сұрап отырып: «Әттең, сенің жаныңа батқан жараны өзіме ала алсам етті!» – деген болатын. Ол осылайша әлгі шәкірті жазылғанға дейін, әр күні таңертең кеште көңілін сұрап тұрған еді117. Бір күні дәріс беріп отырған имам ға бір кісі әдепсіз сөздер айтып, орынсыз айыптай бастады. Имам оның сөзіне мән бермей дәрісін жалғастыра берді. Шәкірттерінің шыдамы таусылып әлгі адамға бір нәрсе демекші болып еді. Ол бұған да рұқсат етпеді. Дәріс аяқталды. Әлгі бейәдеп соңынан ере сөйлеп, әлі де тіл тигізуін қоймады. Имам Ағзам үйіне де таяп қалған болатын. Имам сонда да ашу шақырмай оған бұрылып: «Мен енді үйіме кіріп кетем. Айтарың болса айтып 114 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 218-бет 115 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 257-бет. 116 Әбу Заһра, 77-бет. 117 Мауаһиб ар-рахман, 242-бет.
ал, ішіңде қалмасын», – депті. Имам нан мұндай сабырлылықты күтпеген әлгі адам өзінің ітеген ісінен қатты ұялып,үн-түнсіз тұрып қалды118. Көршісімен қарым-қатынасы Имам Ағзамның ән айтып жүретін өнерпаздау келген бір көршісі болатын. Ол ымырт жабыла ішімдікке масайып алып үнемі айқайлап тұрып мына өлеңді айтатын: Соғыста үш қабат қамал боларлық жігітті, Жоғалтып алды олар, жоғалтып алды. Олардың арасында мен бір тексіз сияқтымын, Менің тегім Омарға баратынын білмейтіндей. Әбу Ханифа оны тыңдап үндемей отырып қалатын. Ол Әбу Ханифадан қорыққандықтан бақырып-шақырып өлең айтпайтын. Оның осылай өзінен қымсынып жүргенін білетіндіктен оған көп ашуланбайтын. Әбу Ханифа алыстап кеткеннен кейін әнге басатын. Бір ара екі-үш күн оның дауысы шықпай қалады. Сұрастырса оны тәртіп сақшылары апарып қамап қойыпты. Әбу Ханифа абақтыға өзі барды. Қызметкерлер оны жақсы қарсы алып, асты-үстіне түсіп құрметтейді. Ол көршісі үшін кешірім сұрап оны шығаруды өтінді. Олар өтінішін жерге тастамайды. Тәртіп сақтаушы оған: «Уа, Мұсылмандардың имам ы! Шәкірттеріңіздің бірін жіберген болсаңыз да болар еді, өзіңіз әуре болып шаршамай», – деді. Шығып келе жатып, көршісі де оған рахыметін айтып, ризашылығын білдіріп жатты. Әбу Ханифа: «Қане! Сені жоғалттық па?» – деп еді. Ол өзінің әндерін Әбу Ханифаның естігенін біліп қатты ұялды. Істеген істеріне тәубе келтіріп, Әбу Ханифаның шәкірттерінің қатарына қосылды.119 Тақуалығы Әбу Ханифа тақуалықты ту етіп өмір сүрді. Мұхаммед ибн Хаммад ибн Мүбәрак «Әбу Ханифаның өмірбаяны» атты кітабында Иазид ибн Кумайттың мына бір әңгімесін келтірген. «Әбу Ханифаға бір кісі келіп, «Алладан қорық» дейді. Сол-ақ екен, Әбу Ханифаның өңі боп-боз болып кетеді. Жел өтінде қалған күзгі жапырақтай қалтырап үнсіз тұрады да: «Алла саған разы болсын. Бұл сөз адамдарды қалай тәубесіне келтіретінін білсең ғой!» деп ризашылығын білдіріп, рахметін айтқан екен». Әбу Ханифа таза мұсылман отбасынан тәрбие алған. Кішкентай кезінен Құран жаттап өскен. Бұрын-соңды өткен мұсылмандардың арасында Құранды ең көп оқығандардың бірі десек, қателеспеген болар едік. Кейбір адамдардан бұл кісінің Ораза айында Құранды алпыс мәрте хатым еткені риуаят етіледі120. Оның тақуалығына мына оқиға дәлел болса керек. Бірде Куфа қаласының маңындағы әлдебір ауылды қарақшылар шауып, қораларына түсіп, қойларын алдына салып айдап әкетеді. Болған жайды имам Ағзам Әбу Ханифа естіп, қатты налиды. Қолды қылған қойларды қарақшылар қалаға алып келіп сатып, пайда көруі мүмкін, егер мен оны байқаусызда сатып алсам, біріншіден, оларға жәрдем берген боламын, екіншіден, харам малдың еті өңешімнен өтіп кетіп жүрер деп бір қойдың орташа өмір сүру жылын есептеп, жеті жыл бойы қой етін аузына алмаған екен121. 118 Мауаһиб ар-рахман, 243-бет. 119 Кердерлік Ханафи ғұлама, 96-бет. 120 әз-Зәхәби, Манақиб, 22-б. 121 Хәйсами, Хайратул-хисан, 152-б.
Мәкки ибн Ибраһим, Хасан ибн Салих, Надр ибн Мұхаммед және Язид ибн Һарун секілді ғалымдардан жеткен деректерге қарап отырсақ, Олар имам Ағзамның өмір бойы барлық күманды нәрселерден бойын алыс ұстағандығын дәріптеп отырған. Бұл сол кезеңдегі мыңдаған ғалымдардың арасында тақуалықта алдына жан салмағандығын көрсетсе керек.122 имам Ағзамның белгілі шәкірттерінің бірі әрі хадис ғалымы Хафс ибн Ғияс (қ. 812) былай дейді: «Имамның мәжілісінде отыз жыл болсам да ешуақытта оның ішкі жан дүниесіне теріс іс істегенін көрмедім. Көңіліне ұялаған бір күдікті сейілту үшін керек болса, бар мал-мүлкін садаға етуге дайын тұратын. Саудадағы серіктесіне бір тауардың айыбын көрсетіп сатуды ескерткенде, серіктесі біреуінің ғана мінін жасырып сатқаны үшін сол саудадан түскен ақша араласқан 30 мың дирһамын түгелдей садақаға беріп, серіктесімен сол күннен бастап келісімшартын тоқтатқан еді».123 Ибн Һарун (Алла рақымына бөлесін) Әбу Ханифаның тақуалығы мен сақтығына таңданысын былай білдіреді: «Бір кісінің есігінің алдында шыжыған күннің астында тұрған Әбу Ханифаны көріп бұрылып барып сәлем бердім. Есіктің алдындағы көлеңкені нұсқап, «Күннің астында тұрмай мына көлеңкелікке неге отырмадыңыз?» – деп едім. Ол: «Бұл үйдің иесінен алатын қарызым бар еді. Сондықтан оған міндетсінгендей болып көлеңкелігін пайдаланғанды жөн көрмедім. Бұл оның мүлкінен пайдалануға жататын болса, рибаға (өсімге) жатуы мүмкін ғой. Негізінде адамдардың бәрі осыншалықты тым сақтықшыл болуы керек деп есептемеймін, десе де халыққа жөн көрсететін ғалымдар қарапайым адамдарға қарағанда әлдеқайда сақтыққа мән беріп, осы тұрғыда ұстамды болуы керек деп ойлаймын», – деген еді». Бұл оқиғаны шафиғи мәзһабының үлкен имам дарының бірі Әбул-Қасым әл-Құшайри үмбеттің ізгі жандарын сөз ететін «әрРисәлә» атты құнды еңбегінде де жазған.124 Тақуалығына қатысты Язид ибн Харун «Бір күні Әбу Ханифаны біреудің есігінің алдында, күннің астында отырғанын көрдім. «Әй, Әбу Ханифа! Көлеңкеге барып отырмайсың ба?» дедім. Ол «Үйдің иесінен алашағым бар еді. Сондықтан, оның ауласындағы көлеңкеге отырмауды жөн деп таптым» десе, екінші бір риуаятта өзінің берген қарызынан бір пайда табуды ойлағандай болмайын деп үйдің дуалының көлеңкесін саялауды жөн көрмегендігі айтылады. Негізінен, ол осыншалықты тақуа болғанымен, өзгелерден де дәл сондай тақуалықты талап етпейтін. «Ғалым кісі адамдарға пәтуа бергенде өзгелерден бұрын өзі үлкен жауапкершілікті мойнына алуы қажет» деп, ғалым кісінің тақуалыққа айрықша ден қою қажеттігінің үлгісін көрсеткен болатын125. Оның тақуалығы пәтуасынан асып түсетін. «Егер қарайып қаламын-ау деп қорықпағанда ешкімге пәтуа бермес едім. Пәтуа адамдарға пайдалы, тура жолға бастауы тиіс. Оның жауапкершілігі ауыр» деп пәтуаны адамдардың игілігі үшін беретінін қадап айтқан болатын126. Бірде имам Ағзам байқаусызда бір баланың аяғын басып кетеді. Бала: «Оу, ақсақал! Қиямет күні жауабын берем деп қорықпайсың ба?» – дегені сол-ақ екен, имам біраз есеңгіреп барып, өзіне келді. Жанында тұрғандар: «Баланың бір ауыз сөзі не үшін сізге соншалықты ауыр тиді?» – деп сұрап еді, ол: «Бұл сөзді Алла Тағала айтқызып тұр ма деп қатты қорқып кеттім», – деген екен.127 122 Мауаһиб ар-Рахман 185-бет. 123 Мауаһиб ар-Рахман 187-188 бет. 124 Мауаһиб ар-Рахман 190бет. 125 Мекки, Манақиб, 85-б. 126 Самиәри, Ахбару Әби Ханифа уа асхабиһи, 34-б. 127 Мауаһиб ар-Рахман 166-бет.
Өзіне ұсынылған қазылық пен қазына басшылығын қабылдамауының негізгі себебі де осы терең тақуалығынан туындаған-ды. Өйткені, басшылардың заңсыз әрекеттерін көріп, оған көз жұма алмады. Ақыретте берілетін жазадан гөрі, осы дүниенің жазасын артық санап, ақыры жәбір-жапаның нәтижесінде шейіттіктің шәрбатын ішкен-ді. Ол өте жұмсақ мінезді еді. Иазид ибн Харун былай дейді: «Әбу Ханифадан асқан биязы адамды көрмедім. Мыңдаған ғалымнан білім алдым, ілім үйрендім. Алланың атымен ант етейін, Әбу Ханифадан асқан тақуа, тілін жамандықтан қорғай алған ешкімді көрмедім»128. Тәубем қабыл болған шығар Али ибн Мұхаммед ибн Хасан әл-Карабиси имам Әбул-Хасаннан естуі бойынша былай дейді: «Имам күрмеуі қиын мәселелерге тап болғанда шәкірттеріне: «Мәселенің қиындауы – күнәнің көбейгендігінің белгісі», – деп, Алладан көмек сұрап, кешірім тілейтін. Кейде дереу орнынан тұра салып намаз оқуға кірісетін. Сонда әлгі қиын мәселелер өздігінен шешіле кететін. Имам бұған қуанып: «Мүмкін, тәубем қабыл болған шығар», –дейтін. Мұны естіген Фудайл ибн Ғияз көзіне жас алып: «Бұл имам Ағзамның күнәсінің аздығын көрсетеді. Имам нан басқа ешкімде мұндай қырағылық жоқ шығар сірә!» – деген екен».129 Ибн Ғияз сол кездегі құлшылыққа беріктігімен, аса тақуалығы мен ел аузында аңызға айналған адам болатын. Имам Ағзам бұл ісі құрандағы «Кімде-кім Алладан қорықса, (Алла) оған шығар жол тауып береді»130, – деген аятына сай келгендей. Язид ибн Кумайт131: «Имамның тақуалығы, Алладан қорқуы ерекше болатын. Бір күні құптан намазында Әли ибн Хасан «Зілзала» сүресін оқыған болатын. Жамағат шығып кеткенде мешітте имам жалғыз отыр екен. Әлде бір нәрсені ойлап, қамығып отырғанын байқадым. Ыңғайсызданып қалмасын деп менде мешіттен шығып кеттім. Шамда да аз май қалған болатын. Таң ағарғанда келсем, имам әлі мешітте екен. Ол сақалын ұстап тұрып: «Зәредей жақсылық жасағанға сый беріп, зәредей жамандық жасағанға өз жазасын беруші Раббым. Нұғман құлыңды азаптан құтқара гөр, тозақ отына жақындата көрме, қиямет күні өз рақымшылығыңа бөлей гөр!» – деп дұға тілеп тұр екен. Мені көріп: «Шамды алуға келдің бе?» – деп сұрады. Мен: «Таң намазының азанын шақыруға келдім», – дедім. Таң атқанын сонда барып білген ол: «Көргеніңді ешкімге тіс жарып айтушы болма, бұл менің сырым соны сақта», – деді. Сөйтіп екі ракағат сүннет оқып, құптан намазындағы дәретімен бізбен бірге таң намазын оқыды». Ол осылай құптанда оқылған «Зілзала» сүресінің мағынасына терең бойлап, Алладан кешірім тілеп таң атырған.132 Бір күні Харун әр-Рашидтің алдына Әбу Ханифаның шәкірті Әбу Юсуф келеді. Халифа Әбу Юсуфтан ұстазын сипаттап беруін сұрайды. Сонда Әбу Юсуф: «Алланың атымен айтайын, харамнан аулақ, дүниеден алыс, көбіне үнсіз, ой үстінде жүреді. Егер әлдебіреу өзін толғандырған мәселеге қатысты одан кеңес сұрай қалса, білгенінше жауабын беретін еді», – деп былай жалғастырады, 128 Бұл да сонда, 23-б. 129 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 214-бет 130 Талақ сүресі, 2-аят. 131 Куфада көп жылдар бойы имам Ағзамның муаззины болған, хадисші ғалым. 132 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 243-бет.
– Ей, мұсылмандардың әміршісі, мен Әбу Ханифаны танығалы бері нәпсісі мен дініне өте сақ екеніне куә болып келемін. Егер біреу жайлы айтар болса, тек жақсы жағын қозғайтын». Мұны естіген Харун әр-Рашид: «Бұл ізгі адамдардың бойынан табылатын қасиет» деп сүйсінген екен133. Күндердің бірінде бір кісі Әбу Ханифаға келіп «Әй, бидғатшы, зындық» деп дүрсе қоя берді. Әбу Ханифа сол адамға қарап: – Алла сені кешірсін. Менің бидғатшы да, зындық та емес екенім бір Аллаға аян. Өйткені, мен Алла Тағаланы танығалы бір сәт болса да онымен байланысымды үзген емеспін. Тек қана Алланың кешірімін тілеймін. Тек қана содан қорқамын» деді де, көзіне жас алды. Кіршіксіз көңілден бастау алған мына сөздерден кейін әлгі адам қатесін түсініп, кешірім сұрады. Сонда Әбу Ханифаның айтқаны мынау еді: – Надандардың мен туралы білмей айтқан барлық сөздерін кешірдім. Ал ілім иелерінің қайсысы болса да, жоқ нәрсені маған таңып жала жапса, олардың күні қараң болсын. Өйткені, ғалымдардың ғайбаты артынан өшпес із қалдырады134. Мұхаммед ибн Мулиһ ибн Уакиғ Иазид ибн Кумайттың былай дегенін айтады: «Бір адам Әбу Ханифаға тіл тигізіп, ол туралы жағымсыз сөздер айтып «Әй, кәпір, дінсіз!» дейді. Сонда Әбу Ханифа: «Алла сені кешірсін, сен айтқандай емес екенімді Алла біледі» деп сыпайы жауаппен ғана шектелді». Ахмет ибн Мансұрдан естігенін Абдур Раззақ былай деп әңгімелейді: «Әбу Ханифа өте жұмсақ мінезді адам еді. Бірде мешітте бірге отырған едік. Бір адам келіп әлдебір мәселе жайында Әбу Ханифадан пәтуа сұрайды. Әбу Ханифа оған түсіндіріп береді. Сонда әлгі адам: «Хасан Басри былай деген еді» деп, Хасан Басридің көзқарасын айта жөнеледі. Сонда Әбу Ханифа: «Хасан Басри бұл жерде қателесті» дейді. Осы оқиғадан кейін көп өтпей Әбу Ханифаға бір адам келіп: «Әй, пәленшенің баласы, Хасан қателесті деп жүрген сен бе?» деп ай-шайға қарамай айқайға басады. Сонда Әбу Ханифа сабырлы қалпын сақтай отырып «Хасан Басри қателесті, ал Ибн Мәсғуд дөп басты» деп әлгі кісінің сұрап келген мәселесін дәлелдерімен, тәптіштеп түсіндіріп береді. Иә, Әбу Ханифа көзі өткір зергердей ғалымдардың көзқарастарын салыстыра отырып, дұрыс шешім қабылдай алатын, талғамы биік, тағлымы мол ғалым еді. Тығырыққа тірелмейтін Пайғамбар ұрпақтарына деген сүйіспеншілігі мен жақындығына байланысты Халифа Мансұр Әбу Ханифаның басқан-тұрғанын аңдып, ізіне адам салатын. Халифаның айналасындағылар да оған тісін қайрап жүретін. Бірақ, ақиқаттың ақ жолынан жаза баспайтын Әбу Ханифаның істеген ісінен кемшілік, бойынан мін таппай жүретін. Әлгі тіс қайрап жүргендер халифа мен арадағы қайшылығын пайдаланып, халифаның алдында сүріндіруге тырысса да оларынан ешнәрсе шықпайтын. Бір күні Халифа Мансур Әбу Ханифаның шақырады. Әбу Ханифаны аяғынан шалғысы келетіндердің бірі халифаның қабылдау ісіне жауапты Рабиғ деген адам сөз арасында: – Мүміндердің әміршісі! Айтарым бар еді. Әбу Ханифа сіздің атаңыздың сөзін жоққа шығарады. Абдулла ибн Аббас (Аббаси әулетінен): «Бір мәселеге байланысты ант етіп, бір немесе екі күн ішінде бір нәрсені антының ішінен ерекшелеп алуына болады», – деген. Ал, Әбу Ханифа ондай ерекшелеу ант кезінде айтылса ғана ескеріледі дейді. Сонда Әбу Ханифа: 133 әз-Зәхәби, Манақибу ибн Әби Ханифа, 17-б. 134 Мекки, Хайратул-хисан, 40-б., Әбу Захра, 53-б.
– Уа, мүминдердің әміршісі! Рабиғ бұл сөзімен сіздің билігіңізді қабылдап ант еткен сарбаздарыңыздың антын жарамсыз деп есептеуде, – деді. – Ол қалай болғаны? – Өйткені сіздің көзіңізше ант қабылдайды, үйіне қайтып барғаннан кейін мен ант еттім бірақ халифаның билігін мойындамаймын деп анттарын бұзуына болады деген сөз. Мансұр күліп: – Рабиғ, есіңді жи! Әбу Ханифаға тисуші болма! – деді. Халифа шығып кеткеннен кейін, Рабиғ терең күрсініп Әбу Ханифаға: – Менің қанымды төгуге шақ қалдың ғой! – деді. Әбу Ханифа: – жоқ ондай ниетім болған жоқ. Керісінше, сен менің қанымды төккің келді. Мен сені күнәдан, өзімді өлімнен сақтадым, – деп жауап берді.135 Хатиб әл-Бағдади өз еңбегінде тағы бір қызықты оқиғаны келтірген. Әбу Аббас ат-Тусидың Әбу Ханифамен тіл табыса алмай жүрген кезі болатын. Халифаның алдына келеген бір күні ішіней «бүгін тұзаққа оңбай түсерсің» деді де топ ішінде Әбу Ханифаға қарап: Әбу Ханифа, мынаны айтшы, мүминдердің әміршісі арамыздағы бірімізге бір адамдардың басын алуды бұйырады. Ол адам себебін білмесе, әлгі ададардың басын алуына бола ма? – деп сұрайды. Әбу Ханифа ойланбай-ақ: – Мүминдердің әміршісі әділдікпен бұйырық бере ме, әділетсіз бұйырық бере ме? – деп сұрайды. Ат-Туси шарасыз: – Әділдікке бұйырады, – деді. Әбу Ханифа: олай болса, әділдікті жүзеге асырған болады. Оның несін сұрайсың? – деп жауап береді де жанындағы кісіге: ол мені торға түсіргісі келді, бірақ мен оны жіпсіз байлап қойдым, – деді136. Ол осылайша көре алмайтын, патшаға жағымпазданып өзін орға жыққысы келгендердің ойын ашып салатын. Бір күні имам Ағзам таң намазынан кейін көптеген мәселені қарастырып, оның жауаптарын айтып отыр еді. Бір кісі тұрып: «Мына уақыт Алланы зікір ететін, қайырлы сөз айтатын уақыт емес пе еді?» – деп сынай сұрақ қойды. Сонда имам: «Мынау халал, мынау харам деп діни үкімдерді айтудан артық қандай қайырлы сөз болады? Алла Тағаланы ұлықтау жолын түсіндіріп, адамдарды күнәлі істерден сақ болуға шақырудамыз. Бұл Алланы зікір етуге жатпай ма? Қоржынында азығы қалмаған елсіз жердегі жолаушының аман қалмайтыны секілді, ілімі жоқ құлшылық иесі де еңбегінің жемісін көре алмайды», – деген екен137.
Шәкіртті қабылдауы мен қоштасуы Юсуф ибн Халид ас-Самғани өзінің имам Ағзамға шәкірт болып келген кезін былай еске алады: «Басрадағы ең фақиһ деп есептелетін Осман әл-Бәттиден дәріс алып жүретінмін. Ол Хусейн әл-Мұғтазили мен Ибн Сириннің мәзһабын ұстанатын. Куфаға барып ғалымдармен жүздесіп, пікір алмасып қайту үшін рұқсат сұрадым. Куфаға келгенде хадис саласында танымал ғалым деп Сүлеймен әл-Ағмашты көрсетті. Кейбір хадистерге байланысты ойымда жүрген біршама сұрақтар бар еді. Мұхаддис дегендердің өзінен сұрақтарыма ешкім жауап бере алмады. Мұны мен әл-Ағмаштың мәжілісінде отырғанда айтқан едім. Сөзімді әлАғмаш естіп мені шақыртыпты. Ағмаштың алдына бардым, ол: «Сіз, Басраның ғалымдары Куфалық ғалымдарға қарағанда әлде қайда білімді деп ойлап қалған сияқтысыз. Әсте олай емес. Біз білетін Басрадан көбінесе түс жоруға шебер, 135 ӘбуЗаһра. Әбу Ханифа, 60-бет. 136 Әбу Заһра, Әбу Ханифа, 60-бет. 137 Мауаһиб ар-рахман, 251-бет.
аңыз-әңгіме мен әдебиет майталмандары мен ірі саудагерлер көп шығады. Аллаға ант ете айтайын, Куфада басқа ғалым көп болмағанымен, бір өзі бәріне татитындай бір араб емес ғалым бар. Оның беретін ілімін Хасан әл-Мұғтазили мен Ибн Сирин де, Қатада мен Осман әл-Бәтти де білмейді», – деп қатуланғанда қолындағы аса таяғымен ұрып жіберер ме екен деп қымсынып отырдым. Ол мені нұсқап жанындағыларға: «Құдай үшін мынаны Нұғманның мәжілісіне апарыңдар. Нұғманның енді білім ала бастаған шәкірттерінің өзі әлем халқының сұрағына жауап бере алатынын өз көзімен көрсін», – деп зілденген сөзін естігенде, жүрегімде жаза бастым-ау деген қорқыныш сезім пайда болды. Бұл үрейім тек Аллаға ғана мәлім еді. Бір шәкіртімен бірге мешіттен шықтық. Ол маған: «Менің сізбен бірге имам Ағзамның отырған жеріне бара алмайтындай бір тығыз шаруам болып тұр, сұрай-сұрай тауып аларсыз», – деп жол көрсетіп жіберді. Мен сұрастыра жүріп аталған жерге де жақындап қалған болатынмын. Екінті намазының уақыты болып қалған кез, алдымнан келбеті келіскен, жарасымды киінген жанында өзіне ұқсайтын жас жігіт бар бір кісі алдымнан шыға келді. Маған сәлемдесті де, мұнараға шығып азан шақырды. Бұл кісінің имам Ағзам Әбу Ханифа екендігін бірден ішім сезді. Мұнарадан түскеннен кейін екі ракағат намаз оқыды. Намаз оқуы Хасан Басри мен Ибн Сириннің намаз оқығанына ұқсайды екен. Шәкірттері жиналғанда қамат түсіріліп, имам дыққа шықты. Имам дығы да Басра имам ына ұқсас. Намаз біткенде жамағатқа қарай бұрылып отырды. Намаздан кейін шәкірттерінің жағдайын бір-бірлеп сұрай бастады. Кезек маған келгенде ол: «Сен Басрадан келген бейтаныс қонақ екенің анық. Біздің қатарымызға қосылуға бел буып келіп отырған секілдісің, солай ма?», – деді. Мен: «Иә, дәл солай», – дедім. Менің аты-жөнімді, ата-тегімді, жөн-жағдайымды, туған жерім мен өскен ортам, қазіргі тұрып жатқан жерім туралы және айналысатын жұмыс-шаруам мен тұрмыстық жағдайыма дейін бәрін түгел сұрады. Мен сұрақтарына тегіс жауап бердім. Ол тағы: «Әл-Баттидың мәжілісінде болдың ба?» – деп сұрады. Мен оның мәжілісіне қатысқанымды айтып едім, ол: «Әл-Батти менің алдыма келсе, көптеген көзқарастарынан бас тартар еді... Көкейіңде не болса тартынбай бәрін айта бер. Бойыңда біраз өгейсу бар сияқты. Алдымен шәкірттерімнен бастап жақын аралас», – деді. Ал мен имам нан шешімін таба алмай жүрген сұрақтарымды сұрап, толық жауабын алдым. Осыдан кейін ақшам намазын оқыдық. Ақшамнан кейін олар құптанға дейінгі уақытты намаз оқумен және зікір-тәсбихпен өткізді. Құптан намазы да оқылды, парызынан кейін орнынан жылжып тағы екі ракағат нәпіл намаз оқығаны да назарымды аударды. Намаздан кейін далаға шығып бара жатыр едім, жанасалап келіп білегімнен ұстап тұрып: «Қай жерде тұрып жатырсың?» – деп сұрады. Мен тұрып жатқан жерімді айтып едім: «Ол жерден шығып, менің үйіме жақын жердегі тұрғындар жайына орналас. (Шәкірттеріне қарап) Тұрып жатқан жеріне бірге барыңдар. Жағдайын біліп көмектесіңдер. Бір күні біреуің, екінші күні басқа біреуің жанында болыңдар. Көршілерімен таныстырып, мен айтқан үй-жайға орналастырыңдар», – деп тапсырды да, бізбен қоштасып үйіне қарай беттеді. Әлгі шәкірттері менімен бірге тұрып жатқан үйіме дейін келіп, имам ның айтқандарын түгел орындады. Келесі күні кітаптарым мен керек-жарақтарымды көтерісіп, имам ның көрсеткен үйіне әкеліп орналастырды. Алғаш келген күні екінті уақытында жанынан көрген жас жігітім ұлы Хаммад екен. Ол маған бір дорба дирһам мен киім-кешек, азықтүлік әкеліпті. Хаммад үнемі осылай менің және шәкірттердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қызмет ететін. Имам дүйсенбі, бейсенбі және жұма түндері ақшам мен құптан және таң намаздарын мешітте оқитын. Оның ерекше
қасиеттерінің бірі таң намазынан кейін түске жақындағанға дейін дәріс оқитын. Одан кейін екінтіге дейін үйінде, екінтіден кейін мешітте сабақ беретін. Бесін намазын асықтыра оқытып, құптан намазын кешіктіріңкіресе, таң намазын да әбден жерге жарық түскенде оқитын. Сенбі күні сабақ бермейтін. Өзінің жеке жұмыстарымен айналысатын. Ол күні базарға да шықпайтын. Базарға барған күндері көп отырмайтын, сәскеден бесінге дейін ғана отыратын. Әр жұмада шәкірттерін үйіне шақырып дастархан жайып қонақ қылатын. Бізге жемісжидектің түр-түрін әкелетін. Бізбен бірге тамақтанбайтын, тек бірге сусын ішетін. Ол: «Менен қысылып, тартынбаңдар мен бөлек отырып тамақтанайын», – дейтін. Имам ның алдында дәріс алып жүрген барлық шәкіртімен жақын дос болдым. Олар қайтыс болғаннан кейін олардың балалары да достарымадай болып кетті. Осылайша уақыт сырғып өте берді. Бір күні Басраға қайту үшін имам нан рұқсат сұрадым. Имам маған: «Саған уақыт тауып айтатын сөзім бар. соны сабырлықпен тыңдап ал. Қоғамда жоғарғы және төменгі таптағы халықтың бәрімен бірдей жақсы қарым-қатынаста бол! Ілім иелерін жете бағалап, нәпсіңді тәрбиеле. Өйткені, халықпен санаспасаң, әкең мен шешең болса да теріс айналады. Саған айтар тағы біраз сөзім бар. Тағы екі күн сабыр ете тұр», – деді. Екі күн өткеннен кейін мені оңаша шақырып алып ақыл-кеңесін айтты: «Басраға барғаннан кейін Басра ғалымдарымен пікірталасып, өзіңе абырой жинайсың. Ешкімнің ісінде шаруаң болмай, өз алдыңда бір бағыт ұстайсың. Ешкіммен сұхбаттаспай, бәрін тастап қоясың, олар да сені ысыра бастайды. Олардың қателігін аяусыз беттеріне басасың, олар да сені сынына алады. Аямай сынаудың ұяты бізге тигенде, ол жерден қашып басқа қалаға кету керек болады. Егер осылай болатын болса, қателесесің. Өйткені, көркем мінезділік көрсете алмаған адам ақымақ. Басраға барғанда сені халық күтіп алып, саған амандасып келетін болады. Сенің қаншалықты дәрежеде ілім алғаныңды бағалайтын болады. Сен де олардың ішіндегі атақ-даңқы барларын жақсы қарсы алып, ғалымдарына құрмет көрсет. Жасы үлкендерді құрметпен күтіп ал, адамдардың бәріне жақсылық жасап, сыпайы бол. Саудагер-көпестермен ынтымағың жақсы болсын, салихалы тұлғалармен көбірек жүздесіп тұр. Ешкімді кемсітіп, кінә артпа. Сыр сақтай біл. Танымайтын адамның сөзіне сенбе. Арнайы шақыруларға барма. Жан рахатын ойлайтын, ойын-сауыққа құмар адамдармен бірге отырма. Сыйлық беруші туысқаның болса да орынсыз қабылдама. Жылы шырайлы сабырлы болуға тырысып, жайлы мінезді болуды әдетке айналдыр. Өзіңнің жеке қажеттіліктеріңе уақыт шығарып отыр. Отбасыңның жағдайын сұрап, оларға әдепті болуды үйрет. Өзіңдікін жөн санап, үнемі жазғырып сөге бермей, жұмсақтық танытып, жақсы сөз сөйле. Үздіксіз намаз оқы. Бала-шағаңның ырыздығын мол ұста. Бір кісіні халық арасындағы сен туралы пікірді біліп, хабарлап тұруға тағайындап қой. Хабаршы саған көреалмаушылық туралы хабар жеткізсе, дереу жағдайды ретте. Мақтаулы хабар алып келсе, сен де қарымтасын қайтарып жақсылық жасап отырасың. Саған жамандық жасағандарға кешіріммен қара. Жақсылыққа үндеп, жамандыққа тосқауыл бола біл. Пайдасыз істерден қашық бол. Мұсылмандардың ақыларын беруге асық бол. Шынайы достарың мен науқастарының көңілін өзің барып сұра. Таспен ұрғанды аспен ұр. Қуанышқа қауышқандарды құттықтап, басына іс түскендерге басу айтып, қайғысын бөліс. Сенен көмек сұраған әр адамға шама-шарқың жеткенше қол ұшын бер. Халыққа деген сүйіспеншілігіңді білдіруге күш сал. Кімге де аман-сәлемің түзу болсын. Ғұламалармен бір кеңесте немесе бір мешітте бас қоссаң, бірден оларға қарсы сөйлеме. Тек «бұл мәселеде мынадай да көзқарас бар, өйткені дәлелі мынау» деумен шектел. Сөз қадірін білсе
саған жүгінетін болады. Айналаңа жиналғандарға өздеріне лайықты ілім үйретуге тырысып бақ. Ілімге және өзіңе құрмет көрсетуі үшін шәкірттеріңнің көңілін жадырататын сөздерді айтып, серпілтіп отыр. Кейде оларды қонаққа шақырып, шамаң келгенше қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыр. Кейбір қателіктеріне көзжұма қара. Уайымыңды көп айта берме. Өзіңді солардың бірімін деп сана. Өзіңе нені тілесең, халқыңа да соны тіле. Ешкімге үстемдік жасап, ешкіммен жанжалдаспа. Саған зұлымдық жасап, қиянат етсе де сен ол адамға зұлымдық жасап, қиянат көрсетпе. Садақа беруде кейінге қалма. Әрдайым тақуалықтан тайма. Адамдардың жағдайына қарай мәміле жаса! Менің осы айтқандарымды орындасаң, сау-саламат боласың. Сенімен қоштасу маған оңай тиіп тұрған жоқ. Сенің ой-түйсігіңе разы болған едім. Жиі хат жазып хабарласып тұр. Бір қажеттілік туындап жатса маған хабарлас». Ол сөзін осылай қимастықпен аяқтап, маған біраз динар мен киім-кешек сыйлап, шәкірттерімен бірге атпен Фрат өзнінің бойына дейін шығарып салды. Ослыйша имам Ағзам және шәкірттерімен қош айтыстым. Басраға келгенде имам ның айтқандарын есімнен шығармай орындап отырдым. Көп уақыт өтпей жатып, бүкіл басралықтар менімен дос болып, бәрі менің мәжілісіме жиналды. Басқа ағымдардың мәжілістері өздігінен ығысып, жоқ болды. Имам Ағзамның мәзһабы Куфада етек жайғаны секілді, Басрада да кеңінен тарады. Хасан Басри мен Ибн Сириннің мәзһабтары осы мәзһабқа сіңіп кетті. Имам Ағзам қайтыс болғанға дейін хат-хабар мен сыйлық жолдауын тоқтатқан жоқ. Міне, Алла Тағала бізге осындай салихалы, ғұмыры ғибратқа толы ұстаз нәсіп еткен. Алла Тағала оның рухын шаттыққа бөлеп, жүзін жарқын етсін!»138 Әділдігі Бір күні Халифа Әбу Ханифаны шақырып алып: «Бостандықтағы ер адамға неше әйел алуға рұқсат бар?» – деп сұрады. Ол: «Төртке дейін», – деді. Халифа әйеліне: «Әй, әйел алуыма қалай қарайсың?» – деп айқай салды. Сонда Әбу Ханифа ашығын айтып: «Ей, мүминдердің әміршісі! Саған тек біреуге ғана рұқсат етіледі», – деді. Халифа қатулана: «Жаңа ғана төртеу деген жоқсың ба?» – деді. Әбу Ханифа: «Ей, мүминдердің әміршісі! Алла Тағала: «Әйелдерден екі, үш немесе төртеуге дейін некелесіңіздер, бірақ әділетті болудан қорқатын болсаңдар, біреуі де жетеді»,– деген.139 Сенің әйеліңе айтқан сөзіңнен-ақ әділетті бола алмайтындығыңды байқадым. Сондықтан біреуге ғана рұқсат етілетіндігін айттым», – деді. Әбу Ханифа кеткеннен кейін ханның әйелі оған мың дирһам жолдады. Оны мақтап, рахметін айтып хабаршы жіберді. Әбу Ханифа ол ақшаны қабылдамай қайтарып жіберді. Шабарман арқылы халифаның әйеліне: «Мен сен үшін айтқан жоқпын. Алла ризалығы үшін айттым. Менің сыйымды Алла берер», – деп айтуды тапсырды.140 Халифа имам Ағзамның пәтуә беруіне бір уақыттары тыйым салды. Бір күні баласы Хаммад бір мәселенің пәтуасын сұрайды. Имам жауап бермейді. Сонда Хаммад: «Халифа тыйым салды деп маған да жауап бермейсіз бе? Біз ешкім естімейтін оңашада отырмыз ғой», – дейді. Сонда имам : «Халифа мен тыйым салғаннан кейін пәтуа бердің бе деп сұраса, өтірік айтайын ба?» – деді. 138 Хафизуддин әл-Баззази әл-Кердери, «Манақиб имам Ағзам Әбу Ханифа», қолжазба 97-101 бет. «Mіllet genel kütüphanesі» қолжазба қоры, Carullah № 1630 139 Ниса сүресі, 3-аят. 140 Кердерлік Ханафи ғұлама, 88-бет.
Бұл оқиғаны Надр ибн Мұхаммед жеткізген.141 имам Ағзам осы ісі арқылы бір жағынан отбасындағы бала тәрбиесін көрсетсе, екінші жағынан отбасылық істерде болсын басшыға бағынудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетсе керек. Халид ибн Абдулла әл-Қасридың Умауилер тарапынан Куфаға әкім болып тағайындалған кезі болатын. Шаһардың жаңа уәлиі жұма күні уақытын кітап оқумен өткізді. Ол осы қағазға үңіліп отырғанда екінті намазының уақты шығуға да таяп қалған еді. Бір кісінің «Намазға! Намазға!» деген дауысы естілді. Халид: «Бұл дауыстаған кім?» – деп еді біреулер «Нұғман» деп жауап берді. Халид: «Оны ұстап алып келіңдер» деп бұйрық берді. (Бұл саяси биліктегі алмағайып кезең болатын. Билік басына қарсы топтың өкілі деп ойласа керек) Алдына келгенде оған: «Не себепті бұлай дауыстадың», – деді. Имам Ағзам: «Намазды күттіріп қоюға болмайды. Әрі Алла Тағала Құранда: « » – «Намазды доғарып, нәпсісіне ерді», – деген емес пе? Басқаларға қарағанда Құранға сіз бірінші болып ұюға тиістісіз», – деді. Халид: «Құдай үшін айтшы, шынымен намазды ойладың ба?» – деп сұрап еді, имам : «Әрине», – деп жауап берді. Жауабына мойынсал болған уәли имам ды босатты. Имам Ағзамның шәкірттері бұл жағдайды былай түсіндіреді: негізінде ғылым мен билік тұрғысынан өзінен мәртебесі жоғары адамға кез-келген адамның «намаз уақыты болды» деп ескертуі орынсыз. Әрине, бұл намаздың уақыты әлі бар болған жағдайда. Ал, намаз уақыты өтіп бара жатса, намаз оқуды ескертуі әбден орынды. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ақшам намазының уақытында Арафаттан түсіп келе жатқанда, Усаманың (Алла одан разы болсын) «Намазға! Намазға!» деп дауыстағанын естіп: «Намаз уақыты әлі болған жоқ», – деді. Бірақ, оның бұл ісін айыптамаған болатын.142 Әбу Ханифа алдымен өзі амал қылатын Имам Ағзам Әбу Ханифа жұма күндері Куфаның орталық мешітінде уағыз айтатын. Бір күні жұма уағызынан кейін әлдебір құл келіп: «Ұстаз, сізден кішігірім бір өтінішім бар еді» деп келесі жұмада құл азат етудің пайдасы жайлы уағыз айтуын сұрайды. Мүмкін қожайынының көңілі жібіп өзін азат етер деп үміттенген шығар. Әбу Ханифа «Мақұл, сенің дегенің болсын» деп келісімін береді. Әне-міне дегенше келесі жұма да келіп жетеді. Бірақ, имам уағызын басқа тақырыпқа арнайды. Тағы бір апта өтеді. Құлдың өтініші тағы орындалмай қалады. Үшінші жұмада ғана имам Ағзам құлды азат ету және оның мән-маңызы мен артықшылығы туралы тартымды да, әсерлі уағыз айтады. Жұма хұтпасынан соң әлгі құлдың қожайыны келіп: «Ұстаз, куә болыңыз, Алла разылығы үшін құлымды азат еттім», – дейді. Әбу Ханифа «Алла сізден разы болып, істеген ізгі амалыңызды сауаптан жазсын!» деп бата береді. Бостандық алған құл имам Ағзамға келіп рахметін айтып, таңғалыспен: «Ұстаз, бір сұрағым бар. Екі апта бұрын айтқан өтінішімді неге бүгін ғана орындадыңыз?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: «Ол күні құл азат етуге жететін ақшам жоқ еді. Сол үшін екі апта бойы жұмыс істеп ақша жинадым. Базардан құл сатып алып, оны азат еттім. Содан рухани жеңілдік пен әлдеқандай рахатты сезіндім. Бұл амалды өзім істемей тұрып басқаға айтсам, ешқандай әсері болмас еді. Қожайының да саған азаттық бермес еді», – деген екен143. «Мың мысалдан бір мысқал» демекші, бірде балды көп жейтін баласын осы 141 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 224-бет. 142 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 209-бет 143 Ә. Дербісәлі, Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа, 17-б
әдетін тыйғысы келіп өзінен ақыл сұрай келген әке-шешесіне қырық күннен кейін балаңды қайта алып кел дегені бар. Қырық күннен кейін балаға «Балды көп жей берме» дейді бар болғаны. Сонда баланың әке-шешесі: «Құдай-ау, осы сөзді айту үшін қырық күн күттірдің бе?» дегенде, Әбу Ханифа: «Сендер балаларыңды алдыма әкелген кезде мен де бал жейтін едім. Содан бастап бал жеуді тоқтатып, енді ғана айта алдым», – дейді. Әбу Ханифа Құрандағы «Ей, иман еткендер! Өздерің істемеген нәрселерді өзгелерге (істеңдер деп) қалай айтасыңдар?»144 деген аятына амал қыла отырып, қандай да бір істің орындалуын өзгеден талап етпес бұрын, оны өзі іске асырғаннан кейін ғана барып басқаларға айтатын. Әке-шешені құрметтеуде көрсеткен үлгісі Анасының бетіне жел боп тимеді. Анасына деген құрметі шексіз еді. Кейде анасы Әбу Ханифаның айтқан пәтуасына көңілі толмай, басқа бір ғалымды іздейтін. Әбу Ханифа анасының айтқанын орындап, анасын разы қылу үшін алыс жердегі мешіт имам ына алып барып, сол имам ның артында анасына намаз оқыттырып, пәтуасын тыңдатқызатын. Бір күні имам өзіне сауал қойған Әбу Ханифаның анасына: «Ең танымал ғалым сіздің жаныңызда жүргенде мен сізге қалайша пәтуа айтамын» деп, жауап беруден бас тартқан еді145. Имам Ағзам ұлы Хаммадпен бірге тарауық намазын оқуға Омар ибн Зарраның мешітіне барып жүретін. Бір күні имам Ағзамның анасы бір мәселенің шариғаттағы үкімін білгісі келіп, Омар ибн Заррдан сұрап келуді тапсырады. Имам Ағзам Омар ибн Заррадан сұрағанда, ол: «Сен бұл мәселені менен жақсы білесің ғой», – деді таңдана, сонда имам : «Мен анамның айтқанын орындауым керек қой», – деді. Омар мәселенің үкімін имам Ағзамның өзінен сұрайды. Имам Ағзам анасы сұраған мәселенің үкімін түсіндіргенде ол: «Енді, анаңа бұл мәселенің үкімі былай болады деп айтып бар», – деп өзінің жауабын өзіне қайта айтқан екен.146 Анасына деген мұнша құрмет ол кісіні жақсы көргендіктен, оны разы қылуға барынша талпынғандығынан, діннің рухын жан-тәнімен сезіне білгендіктен туындап жатқан-ды. Әбу Ханифаға кезінде дүре де соғылып, түрмеге де қамалып, қиыншылықты да тартқан еді147. Алайда, «Бұл қиыншылықтар анамды ренжіткеннен ауыр емес»148 – деп, көрген қорлығына емес, анасының осыны естіп қиналатынына қынжылыс білдірген екен. Дегенінен қайта білу – кемеңгерліктің белгісі Негізінде ақиқатты мойындап, шындықтың алдында бас иіп, өз көзқарасынан бас тарта білу аса кемеңгерлік пен ұлылықтың белгісі болса керек. Тура жолдан тайып, ақиқаттан адасу – пайдалы істі көздеудің орнына, өз дегенін жөн санап, бар ынтасын сөзінің дұрыстығын дәлелдеуге талпынудан туындайды. 144 «Саф» сүресі, 2-аят 145 әз-Зәхәби, Манақибул-Имам Ағзам, 13-19-б. 146 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Исмаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 75-бет. 147 Кеңірек мәлімет үшін осы кітаптың 95-бетіне қараңыз. 148 Бұл да сонда, 26-б.
Имам Ағзамның бұрын айтқан кейбір көзқарастарынан бас тартуы туралы сөз қозғалғанда сахабалардан Әнәс ибн Маликтің көзін көрген Табиғин Абдулла ибн Ғаун былай дейді: «Міне бұл ұлылықты көрсетеді. Имам ның ерекше қасиеті мен тақуалығына осыдан артық дәлел бола ма? Иә, ол кейде мұсылман жұртшылығына пайдалы іске келгенде тура әрі қисынды көзқарасқа жүгінетін. Өзі жіберген қателік-кемшіліктерін мойындай білетін. Адамда ынсапты болудан артық кемеңгерлік болмаса керек»149. Әбу Ханифаның саудадағы ерекше сипаттары мен жомарттығы Әбу Ханифа саудагер отбасында туып-өсті. Содан болар, өмірінің соңына дейін саудадан қол үзген жоқ. Сондықтан, Исламдағы сауданың қыр-сырын меңгеріп, саудаға қатысты көптеген мәселелерге пәтуа да беріп отырды. Пәтуа бергенде өз ойынан емес, кез келген мәселеге қатысты қандай да бір үкім айту үшін ол алдымен Құран мен сүннетке сүйенетін. Егер бұл мәселенің шешімін осы екі негізгі қайнаркөзден таппаса, халықтың салт-дәстүріне үңіліп, шариғат өлшемдерінен қия баспауға жанын салатын. Әбу Ханифа саудада мына төрт қасиетімен ерекшеленген. Осы төрт қасиетімен халыққа танылып, сенімді саудагер атанған. 1) Ынсапты, дархан еді. Кейбіреулерді кедей қылған тойымсыздық секілді тоғышарлықтың ине жасуындай ұшқыны байқалмайтын. Мүмкін, бұның себебі, иманының кәмілдігі мен бай отбасынан шыққандығынан болар. 2) Аманатқа қиянат жасамай, өзгенің дүниесін өз затындай көретін. 3) Өте жомарт, қолы ашық, сараңдыққа жаны қас болатын. 4) Діндар, тақуа, әр сәтін құлшылықпен өткізуге тырысатын. Күндіз ораза ұстап, түнде намаздан бас көтермейтін. Ол ғұламалардың арасында беделділігімен қатар, саудада да алдыңғы қатардан көріне білді. Жеке басындағы осы төрт қасиет оның саудадағы айнымас ұстанымы болатын. Саудагерлер оған қайран қалатын. Замандастары оны хазірет Әбу Бәкірге (р.а.) ұқсататын. Өзі де Әбу Бәкірді (р.а.) үлгі тұтып, соған ұқсағысы келген деседі. Біреуге сататын затын өзі тұтынатындай мұқият тексеретін. Бір күні Әбу Ханифа әлдебір әйелден жібек сатып алмақ болады. Бұрын сауда жасап көрмеген әйел болса керек, жібегін тым арзанға сатып тұр екен. Жүз дирхам дейді. Әбу Ханифа жібек құнының бұдан әлдеқайда қымбат екенін айтып, көбірек берейін десе де, әйел жүз дирхам деп тұрып алады. Өйтіп-бүйтіп әйелді төрт жүзге өткізуге көндіреді. Бірақ, бұл да арзан еді. Ақыры Әбу Ханифа басқа бір саудагерді алып келіп жібекті бағалатады. Жібек бес жүз дирхам шығады150. Әбу Ханифаның әділдігі осындай болатын. Өзінің қалтасынан бұрын сатушының пайдасын ойлайтын. Сатушының аңқаулығын пайдаланып, пайда көру деген ол кісінің түсіне де кіріп шықпас еді. Керісінше сатушыға тура жолды көрсететін. Жарлы-жақыбайлар немесе өзінің туыстары келсе, затты оларға өз бағасымен сататын. Тіпті, тапқан табысын сыбағаң деп сыйлап та жіберетін. Ол әр жылы Бағдаттағы сауда-саттықтан түскен қаражатын хадис ғалымдарының қажеттілігіне арнайтын. Ішпек-жемек пен киім-кешек сатып алып, қалған ақшаны дәрежелеріне қарай араларында үлестіріп, оларға былай дейтін: «Мыналарды қабыл алыңыздар, қалағандарыңызша жұмсап, Аллаға ғана шүкіршілік етіп, Алланы ғана мадақтаңдар. Сіздерге бергендерім шынында 149 Мауаһиб ар-Рахман 165-бет. 150 Хайсами, Хайратул-хисан, 44-б.
менің мал-мүлкім емес, сіздердің несібелеріңіз ретінде менің қолыммен беріліп отырған Алланың сыйы».151 Шақиқ ибн Ибраһим әл-Балхи (қ.810) имам Ағзамның жомарттығына куә болған бір сәтін былай әңгімелейді: «Имам Әбу Ханифамен бірге жолда келе жатыр едік, бізге қарай беттеген бір кісі екеуімізді көре салып, жалт беріп, тасаға қарай айнала берді. Оны байқап шақырып алып, себебін сұрап еді, ол: «Сізге он мың дирһам қарыздар едім. Уақытында бере алмай қатты қысылып жүр едім. Сізбен жүздесуге бетім шыдамай бұрылып бара жатқанмын», – деді. Имам : «Құдайым-ау! Сенің бұлай қиналып жүргеніңді білмедім ғой, ендеше осы арадағылар куә болсын алашағымды кештім. Енді алаңсыз бол, бірақ бүгінге қиналып жүргеніңе қынжылып тұрмын. Ыңғайсыздыққа түсіргенім үшін кешірім сұраймын», – деген еді».152 Имам Ағзам ұлы Хаммадқа күнде он дирһам беріп, оған нан алып кедей көршілеріне беруді, қалғанын есік алдынан өткендерге садақа ретінде таратуды тапсыратын.153 Имам Әбу Юсуф былай дейді: имам ға «Біз сізден жомарт адамды көрмеген шығармыз» делінгенде, ол: «Ұстазым Хаммадты көрсеңдер ғой, шіркін! Мені отбасыммен бірге жиырма жыл асыраған еді. Оның бойында мақтауға тұрарлық қасиеттің бәрі бар еді», – деген еді. Бір күні бейтаныс кейуана келіп: – Мен кедеймін, маған мына киімді өз бағасына сат! – дейді. – Төрт дирхамға ал! – дейді Әбу Ханифа. – Әзіліңді қой, – дейді қарт әжей, – сататын болсаң өз бағасына бер, әйтпесе сенімен әзілдесіп тұратын уақытым жоқ. Сонда Әбу Ханифа : – Әзіл емес, шыным сол. Бұл киімнен екеу сатып алған болатынмын. Біреуіне ақша қосып сатқанымда, екеуіне кеткен ақшаны төрт дирхам жаппай қалып еді. Сол төрт дирхамға саған-ақ берейін, – деп су тегінге беріп жіберген екен154. Тағы бір риуаят бойынша Әбу Ханифа саудадағы серігі Хафс ибн Абдурраһманды әлдебір заттарды сатып келуге жұмсайды. Бірақ, тауарларының ішінде сапасында кінәрат кездесетін бұйым да бар болатын. Әбу Ханифа Хафсқа жаңағы затты сатып алғысы келген адамға кемшілігін ескертуді тапсырады. Бірақ, Хафс Әбу Ханифаның тапсырмасын ұмытып кетеді. Келгеннен кейін ғана есіне түеді. Қас қылғанда, кімнің сатып алғанын да есіне түсіре алмайды. Әбу Ханифа сол жолғы саудасынан түскен табыстан бір сабақ жіп қалдырмай садақа етіп таратып жіберген екен155. Имам Ағзам білімімен қоса саудамен де айналысты. Күндіз мешітте бесін уақытына дейін шәкірттеріне сабақ берсе, бесіннен кейін саудасына қарайтын. Бір күні шәкірттеріне сабақ беріп отырғанда бір адам мешіттің есігінен айқайлап: – Әй, имам , тауар артып келе жатқан кемең суға кетті, – дейді. Имам Ағзам аз ғана бөгеліп «Әлхамдулиллаһ» дейді де, сабағын жалғастыра береді. Біраз уақыт өткеннен кейін дәл сол адам қайтадан келіп: – Әй, имам , айыпқа бұйырма, қателесіп кеткен екен, батқан кеме сіздікі емес көрінеді, – дейді. Имам Ағзам бұл жаңалыққа да «Әлхамдулиллаһ» дейді. Хабарды жеткізген кісі таң қалып: 151 Мауаһиб ар-Рахман 182-бет. 152 Мауаһиб ар-Рахман 185-бет. 153 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 254-бет. 154 әз-Зәхәби, Манақиб, 42-б. 155 Бұл да сонда, 8-т., 358-б., әз-Захаби, Манақибу имам Әби Ханифа, 41-б.
– Уа, имам , кемең батты деп хабар жеткіздік. «Әлхамдулиллаһ» дедің. Батқан кеме сенікі болмай шыққанын айттық. Тағы «Әлхамдулиллаһ» дедің. Бұл шүкіршілік (хамд) не үшін? – дейді. Сонда имам Ағзам: – Сен кеме батты деп айтқаныңда жан дүниеме, жүрегіме үңілдім. Дүние мал-мүлік үшін қамықпағаным үшін Аллаға шүкіршілігімді білдірдім. Маған батқан кеме менікі емес екенін айтқаныңда тағы да жүрегімді тыңдадым. Дүние байлығының қайта оралғанына титтей де қуаныш сезбедім жүрегімнен. Сол баяғыша, бірқалыпты екен. Байлыққа, дүниеге құштарлық болмағаны үшін, Алланың берген осы жүрегі үшін тағы да оған шүкіршілігімді білдірдім, – деген екен. Аузына бір түйір харам ас салмаған, азды-көпті табысына қанағат қылып шүкір еткен тақуалығынан болар, Алла Тағала да оған байлықты ниетіне қарай үйіптөгіп берген еді. Көбіне білім жолында жүргендерге көмектесетін. Бағдадидің айтуына қарағанда, жылдық табысын жинап, ұстаздарына, хадис ғұламаларына керек-жарақтарын алып беретін. Артылғандарын да соларға қалдыратын. «Бұларды қажет жерге жұмсаңдар. Аллаға көп шүкіршілік қылыңдар. Өйткені, бұл табыстарым менікі емес, Алла Тағала сендердің несібелеріңді менің қолыммен жеткізіп жатыр»156 дейтін. Саудадан тапқан табысын ілім жолында жүргендердің қажеттілігіне жұмсап, шәкірттерін ешкімге кіріптар етпеді. Осы әрекетімен ғылымның абыройын сақтап қалды. Имам Ағзам сонша байлығына қарамастан өте қарапайым күй кешкен. Имам Ағзамның шәкірттерінің бірі Сәхіл ибн Мүзәһим әңгімелейді: Әбу Ханифаның үйіне барғанымда үйден төсеніш орнына төселген қамыстан басқа ештеңе көрмедім. Осыншама үлкен әулеті бола тұра не байлықты, не атақты қабылдамайтынын айтқанымда имам «Зәрият» сүресінің 22-аятын оқып маған былай деген еді: – «Аспанда сендерге бұйырылған ризық та бар, сендерге уәде етілген жұмақ та та бар». Отбасым үшін Алла маған жетіп артылады. Маған бір айда күнкөрісіме екі дирхам жетеді. Алланың есеп алатын нәрселерін не үшін жинай беруім керек. Адам баласы жиған малын шариғат шеңберінде жұмсаса да, қисық жолда жұмсаса да Алла одан есеп алмай қоймайды. Бәріміздің ризығымызды Алла өзі бермей ме? Құлшылығы Имам Ағзам Әбу Ханифаның түнгі намазын қиямда тігінен тік сағаттап ұзақ оқитындығына байланысты былайғы жұрт оны «Діңгек» деп атаған. Бұл жайлы көптеген риуаяттар бар. Солардың бірінде Әбу Асим Набил: «Әбу Ханифа намазды ұзақ оқитыны сонша, оны білетіндер «Діңгек» деп атап кетті» деген157. Әбу Ханифа өзі туралы жақсы ойлап, жағымды пікір қалыптасқандардың сөзін жалғанға шығармау үшін олардың сенімінен шығып, лайықты әрекет етуге тырысатын. Әбу Юсуфтың мына бір сөзі соған дәлел. «Әбу Ханифамен бірге кетіп бара жатқан едім. Анадай жерде екі адам өзара сөйлесіп тұрған. Кенет, біреуі екіншісіне: «Әбу Ханифа түнде ұйықтамайды» дегенін құлағымыз шалып қалды. Мұны естіген ұстазым: «Аллаға ант етемін! Ешкім де менің істемеген ісімді айтпайды» деп, елдің өзі жайлы оң пікіріне лайық болу үшін сол күннен бастап түнгі уақытын намаз оқумен, Аллаға дұға етумен, құлшылықпен өткізетін болды». 156 Бағдади, Тарихул-Бағдат, 8-т., 360-б. 157 әз-Зәхәби; Манақиб, 21-б.
Басқа бір риуаятта Яхия әл-Химани деген кісі әкесінің былай дегенін естіген: «Мен Әбу Ханифамен алты ай бойы таң уақытында бірге болдым. Ол құптан намазының дәретімен таңғы намазын оқитын және әр түні таңға дейін Құранды толық хатым ететін»158. Ал Ибн Мубарактың Әбу Ханифа жайында «Бір дәретпен бес уақыт намаз оқыған» дегені де бар. Бұл риуаяттар Әбу Ханифаның құлшылыққа барынша берілгендігін көрсетеді. Ол ел жастыққа бас қойғанда тынығып алудың орнына құлшылық еткенді жөн көрген. Шамасы келсе, аз ұйықтап, көп құлшылық етуге тырысқан. Оның құлшылық еткен уақыты ұйқыға жіберген уақытынан көп. Әбу Ханифаның баласының тәрбиешісі былай дейді: «Әбу Ханифаны танып-білгелі оның бар түнді толық ұйқымен өткізгенін көрмедім. Жаз мезгілінде бесін мен екінті намаздарының арасында ұйықтайтын. Ал қыс мезгілінде түннің алғашқы уақытында мешітте көз шырымын алатын», – дейді. Абдуллаһ ибн Муқри: «Егер сен Әбу Ханифаның намаз оқып жатқанын көрсең, оның бар тіршілігі тек намаз оқу шығар деп қаласың» деп159, Әбу Ханифаның намазға деген ықыласының қаншалықты жоғары болғандығын айтады. Әбу Ханифа Құран аяттарының мән-мағынасына бойлап, зер сала оқитын еді. Нәпіл намаздарында аяттың мағынасына бойлаған сайын айрықша толқитыны сонша, кейбір аяттарды оқығанда көзінен жас тоқтамай, таң ағарып атқанға дейін құлшылық ететін. Бұл жайында Қасим ибн Муғин: «Әбу Ханифа тахажжуд намазында « » «Әлбетте, оларға уәде етілген қиямет күн өте үрейлі, әрі тым ащы бір мезгіл»160 деген аятты оқығанда еңкілдеп, Аллаға жалбарынып, таң атқанға дейін осы аятты қайталаумен болды» дейді. Имам Әбу Дамара Әбу Ханифаның үздіксіз әрі басқалардан көбірек ғибадат ететіндігіне таңырқап: «Имам Ағзамның көптеген жұмысы бола тұра, соншалықты көп ғибадат етуге уақытты қалай табатындығына қайран қаламын»,161 – дегендігін Ирактың Әнбар өңірінен шыққан әйгілі хадисші ғалым Исхақ ибн Бахлул (қ.164һ)162 хабардар етеді. Сәлим ибн Ясар былай дейді: «Меккеде Хасан ибн Мұхаммедтің ғылыми мәжілісінде болдым. Оның былай деп жар сала сөйлегеніне куә болдым: «Уа, мұсылмандар! Пайдалы ілім алуға құлшыныңдар, Ұлы Алла Тағалының құрметі үшін айтайын, имам Ағзамның ілімінен артық пайдалы ілім бар деп айта алмаймын. Сіздер де одан ілім үйреніңіздер. Аллаға ант ете отырып айтайын, мен өз өмірімде имам Ағзамдай фақиһ әрі құлшылығы мол адамды кездестірмедім. Өйткені, оның сөзі – ісі мен амалына сай болатын. Маған өте сенімді бір кісі: «Имам Ағзам Меккеге келгенде алты ай бойы менің қонағым болды. Сол алты айдың ішінде оның түн баласы ұйықтағанын көзім шалмады. Оның не намаз оқып жатқанын көрем, не қасиетті кағбада тауапта жүргенін көретінмін», –деген еді».163 Имам ас-Саймари имам Ағзамның дәріс алқасында болған кездерін еске алып былай дейді: «Имам дүниеден озған шағына дейін дәрісіне үзбей қатыстым. 158 Бұл да сонда, 21-б. 159 Бұл да сонда, 22-б. 160 «Қамар» сүресі, 36-аят 161 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 93-бет.
http://lіbrary.іslamweb.net/
163 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 247-бет
Оның күндіз тамақ ішкенін, түнде жатып ұйықтағанын көрген емеспін. Тек түсте біраз тынығып алатын. Ал, пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Кімдекім үздіксіз ораза тұтса, ол ораза тұтпағанмен бірдей болады», «Дененің өзіндік азықтық ақысы бар, әйеліңнің де сенде өзіндік ақысы бар(уақыт бөлу керек)», «Мен болсам, ұйықтап демалам, намаз да оқимын, ораза да тұтам. Сондай-ақ, аузым ашық күндер де болады» деген хадистерін қалай түсінуге болады деген сұрақ туындаса, үздіксіз ораза тұтуға тыйым салудың сыры – бұған әркімнің бір шамасы келе бермейтіндіктен, рақымшылықпен қарағандық болып табылады. Әйтпесе, қатаң тыйым салынбаған. Адамның жаратылудағы мақсатының өзі ғибадат бола тұра, оған қалай шектеу қойылсын. Фақиһтар үздіксіз құлшылық жасауды табандылық пен ерекше төзімділіктің белгісі деп білген».164 Түндері намазды ұзақ оқитындығы соншалық оны ел-жұрт тірек деп ойлап қалатын. Имам Ағзам қайтыс болғаннан соң көрші үйдің баласы «Ата көршінің үйінің ортасында бір тірек тұрушы еді, сол тірек құлап кетіпті ғой»,– деген немересіне «Е, балам, ол тірек емес сол шаңырақтың иесі – имам Ағзам Әбу Ханифа ғой. Ол күнде аяғынан тік тұрып, таңға дейін намаз оқитын еді. Міне, ол кісі енді бақилық болды»,– деп терең күрсінген екен. Имам әл-Халаби Мұмаммед ибн Ләйстің былай дегенін айтады: «Куфа қаласына аяқ басып кіргенде бұл өңірдегі ең көп құлшылық ететін адамның кім екенін білгім келді. Сонда, «Имам Ағзам» деген жауап алдым. Біраз уақыт өткеннен кейін ең фақиһ кім екендігін сұрастырдым. Тағы да «Имам Ағзам» деген жауап алған едім». Хатиб әл-Бағдади өз еңбегіне Суфян ибн Ғуяйнаның және Әбу Мұтиғтың былай дегендерін жазады: «Қаситті Меккеге имам Ағзамнан артық көп намаз оқитын адам келген емес», «Меккедегі кезім болатын күндіз де, түнде де қай уақытта Кағбаны тауап етуге барсам, Әбу Ханифа мен Суфянды көретінмін». Хатиб әл-Бағдади еңбегінің тағы бір жерінде Яхия ибн Әюб, Нәфс ибн Абдуррахман Әсәд ибн Амр секілді ғалымдардың сөзіне сүйене отырып былай деп жазды: имам түні бойы ұйықтамай ғибадат ететін, ол отыз жылдың түнін әр екі ракағатта Құранды бастан аяқ хатым етіп намаз оқумен өткізген. Ол түнімен құлшылық қылатыны соншалық қырық жыл бойы құптан намазындағы дәретімен таң намазын оқыған. Баласы Хаммадтың айтуынша, имам қайтыс болғанда оны жуындырып, арулап жатып Хасан ибн Аммар: «Алла Тағала сені рақымына бөлесін. Отыз жыл бойы үздіксіз ораза тұттың, қырық жыл бойы жамбастап жатпадың. Япыр-ай! Сенен кейінгілердің жағдайы қалай болар екен», – деп мұңайған.165 Бұл сырттай қарағанда мүмкін еместей көрінгенімен, оның шәкірттері имам Ағзамды үнемі құлшылық еткенін көргендіктен кейде 20 жыл, кей жерлерде 4045 жыл бойы түнімен ғибадат етті дегендерін кездестіруге болады. Демек, осыған қарап сол қырық жылдың ішінде түнін құлшылыққа арнамаған күндерінің өте аз болғандығын пайымдауға болады. Бүгінде жылдың бір түнін толық ғибадатпен өткізбейтін, намазда Құранды толық оқығанды былай қойғанда Рамазан айында тарауық намазының 20 ракағат оқылуын артық көріп, сегіз ракағатына зорға шыдас беретін кейбір бауырларымыз өздерінше «Әбу Ханифа да пенде болған», «ол да біз сияқты адам» деп менменсиді. Осыны білместік пен құрметсіздік демеске не шара? 164 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 240-бет 165 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 241-бет
Әбу Ханифаның үкім шығарудағы ерекше қабілеті Ғұламалар арасында орны бір төбе имам Ағзамның бойында жақсы қасиеттер жетерлік еді. Ол бәрінен бұрын хақ пен ақиқатқа жаны ғашық ғұлама болатын. Әрдайым туралыққа жету үшін жанын салып, ұзақты барлай алатын зеректігімен, тапқырлығымен ерекшеленетін. Әбу Ханифа күрделі мәселелерде оңтайлы әрі әділ шешім шығару қасиетімен ерекшеленіп, құқықтық мәселелерге қатысты үкім шығаруда да зеректігімен танымал болған. Әбу Юсуфтың айтуы бойынша, біреу екінші бір адамға «Иә, ибнәз-зәниәйн» (Әй, зинақордан туған бала!) деп тіл тигізді әрі баланың әке-шешесі дүние салған делік. Бұл жағдайда Әбу Ханифа: «Оған бір ғана жаза (дүре соғу) беріледі. Өйткені, айтылған сөз біреу-ақ» деп өз үкімін білдірген. Әбу Юсуф бұл туралы «Біз осыны ұстанамыз. Ол сөзді бөліп-бөліп айтса да, бірге айтса да оған бір ғана жаза беріледі» дейді. Ал Ибн Әбу Ләйла: «Бұл жағдайда екі жаза бір мезгілде беріліп, бір жерде орындалады» деп, ол жазаны мешітте бергізген166. Имам Сарахси бұл оқиғаны кітабында кеңірек баяндап былай дейді: Куфада ақыл-есі ауысқан бір әйел бар еді. Біреу соған зорлық көрсетіпті. Әлгі әйел оған: «Иә, ибнәз-зәниәйн» (Әй, зинақор ата-анадан туған бала) дейді күйіне сөйлеп. Әйелді сол кездегі сот төрағасы Ибн Әбу Ләйланың алдына алып келеді. Әйел айтқандарын мойнына алады. Сот төрағасы оған жазаның бір түрін екі мәрте тағайындайды. Бұл жағдай Әбу Ханифаға жеткенде ол: «Жеті жерден сүрінген екен» деп, сот төрағасының қателіктерін былайша тізіп шығады: 1. Үкім ақыл-есі дұрыс емес әйелдің мойындауына негізделіп берілген. Алайда, оның мойындауы қабылданбайды. 2. Ақыл-есі дұрыс емес адамға жаза берілген. Ақыл-есі дұрыс еместер жазаға тартылатындардың қатарына жатпайды. 3. Екі бірдей жаза берген екен. Бірақ, бір адам көпшілікке жала жапса да, оған бір ғана жаза беріледі. 4. Екі жазаны бірдей орындаған екен. Егер екі жаза беру үкімі шыққан күннің өзінде де, бірдей екі жаза бір мезгілде, яғни, бірінен кейін бірі іле-шала орындалмайды. Әуелгі дүре соғылған жердің жарасы жазылғанда ғана барып осындай жаза қолданылады. 5. Дүрені мешітте соқтырған екен. Негізінде, басшының дүрені мешітте соқтыруға хақысы жоқ. 6. Тұрғызып қойып дүрелеген. Әйел адамға дүрені отырғызып қойып соғады. 7. Дүре соғылған кезде оның уәлиі (қамқоршысы: әкесі немесе оның басқа туыстары) қасында болмаған. Әйел адамға дүре соғылған кезде қасында қамқоршысы болуы тиіс. Өйткені, киімі түріліп тәні көрініп қалған жағдайда, ашылып қалған жерін қымтап отырады». Міне, осы оқиға Куфада «Әділ қазы жеті жерде қателескен үкім» деген атпен ел аузында кеңінен тарап кетті167. Әбу Ханифаның шығарған үкімі нақты, ақылға қонымды болатын әрі қалаған мәселеде өз көзқарасын айтып, иіп әкеп соған иландыратындай қабілетті еді. Мысалы : Ибн Әби Ауаманың сөздерін Мұхаммед ибн әл-Хасан былай жеткізеді: Әбу Ханифа Бағдатта жүргенде оның шәкірттері Әбу Юсуф, Зуфар, Асад ибн Амр 166 Әбу Юсуф, Ихтиләф, 164-165-беттен И. Хаккы Үнал, 23-б. 167 Әбу Юсуф, Ихтиләф, 164-165-беттен И. Хаккы Үнал, 23-24-б.; Бағдади, Тарих, 13-т., 351-б.
және басқа да фиқһ ғұламалары жиналып, әлдебір мәселенің дәлелдеріне қатысты ортақ шешімге келіп, оның дұрыс немесе бұрыстығын Әбу Ханифадан сұрайды. Олардың сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдаған имам асықпай жауап береді. Бірақ, имам ның жауабына олар қанағаттанбайды. Арасынан біреуі: «Әй, имам , бөгде елде жүріп санаң сарғаяйын деген бе? Не деп отырсың өзі?» деп, Әбу Ханифаға дүрсе қоя береді. Имам оларға: – Тынышталыңдар, сендер не айтып отырсыңдар өзі? – дейді. – Мәселенің жауабы бұл емес, – дейді аналар дүрлігіп. – Сендердің жауаптарың дәлелмен бе, дәлелсіз бе? – Әрине, дәлелмен. – Олай болса, қане, дәлелдеріңді айтыңдар! Олар өз уәждерін айтады. Әбу Ханифа оларды бұл жолы да мұқият тыңдап, соңында қарсы дау айтады. Өзінің ойын дәлелдеп, ақыры жеңіп шығады. Шәкірттері қателіктерін түсініп, имам ның жауабының дұрыстығын мойындайды. Сосын Әбу Ханифа, кенет, мынадай тосын сауал қояды: – Егер біреу сендерге алғашқы айтқан жауаптарың дұрыс, Әбу Ханифаның айтқаны қате десе, не дейсіңдер? – Айдан анық дәлел тұрғанда сіздің пікіріңізді кім теріске шығара алсын? – Жоқ, – дейді Әбу Ханифа, – негізінде сендердің алғашқы айтқандарың дұрыс, – деп, шәкірттерінің айтқан ойын дәлелдеп шығады. Шәкірттері аң-таң болып: – Уа, ұстаз, бізді әрі-сәрі күйге қалдырдыңыз ғой, – дей берді. – Егер сендердің де, менің де айтқанымды әлдебіреулер жоққа шығарып, басқа бір тұжырым айтса қайтесіңдер, – деп имам және бір сауал қояды: – Бұның енді басқалай жауабы болуы мүмкін емес, – десті шәкірттері. Солақ екен, Әбу Ханифа үшінші бір нұсқасын ойлап тауып, оны да дәлелдеп шықты. Шәкірттері бұл жолы да оның уәжін еріксіз мойындап, ең дұрысы осы деп тапты. Бірақ, көкейлеріндегі сауалды да жасырып қала алмады: – Уа, имам , бізге жалғыз өзіңіз үш бірдей көзқарасты дәлелдеп бердіңіз, енді осыны өзіңіз тарқатып бермес пе екенсіз? – Бұл мәселенің ең дұрыс жауабы сендердің алғашқы айтқандарың. Себебі, мынау, – деп жан-жақты түсіндіріп берген соң, «Бұл мәселенің үш түрлі жауабы бар. Әр жауаптың да фиқһта өзіндік орны бар. Ең дұрысы, сендердің алғашқы айтқандарың, соны ұстаныңдар, ал қалғандарын ұмытыңдар», – дейді168. Мұндай дара, кез келген мәселеде көзқарасын таңып, оған былайғы жұрттың көзін жеткізе алатын зерек те ақылды ғалым ғана настардан (Құран мен хадистен) үкім шығаруға лайықты еді. Үкім шығарумен қоса дәлелі һәм түсіндіру тәсілі де нақты болатын. Әбу Ханифаның осы қабілетіне тәнті болған имам Мәлік: «Егер бұл кісі тастан жасалған мына тіректі алтын десе, оның алтын екенін дәлелдеп шығады» деп ағынан ақтарыла мақтаған екен. Һижри 148 (милади 765) жылы Мусул елі басшыларына қарсы шығады. Мұндай көтеріліс бұрын да бірнеше мәрте болған еді. Бұл жолғы көтеріліске халықты харижиттерден Хасан ибн Мужадил бастап шығады. Мұны естіген Халифа Мансұр ең танымал деген фиқһ ғалымдарын жинап, оларға өзінің шешімі туралы айтады: – Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқандай «Имандылар өздерінің міндеттерін толық орындау керек» еді. Бірақ, Мусул елі өз міндеттерін орындамай отыр. Бағынамыз, қол астыңа кірдік деп кезінде сөз бергенімен, бүгін, 168 Мұстафа әс-Сыбаи, әс-Сүннету уа маканатуһа фи ташриғил-исламиати, Дамаск, 1978, 442-б.
міне, орынбасарыма қарсы шықты. Амал жоқ, қандарын төгуіме тура келіп отыр, – дейді. Сол жерде отырған фиқһ ғалымдарының бірі: – Билік өзіңдікі, кешірсең де өз елің, жазаласаң да ел сенікі, – дейді. Жауапқа қанағаттанбаған Халифа Мансұр сол жерде отырған Әбу Ханифаға қарап, оның да ойын сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: – Олар саған құқылары жоқ нәрсеге (қандарының төгілуі) сөз берді, сен де оларға құқың жоқ нәрсеге (олардың қанын төгуге) сөз бердің. Сенің құқың жоқ дейтінім, мұсылманның қанын төгу үш жағдайда ғана рұқсат етілген: адам өлтіргенде, мұсылман болғаннан кейін діннен шықса және үйленгеннен кейін зина жасаса. Ал егер осы жағдайлардан тыс олардың қанын төксең, шариғатқа қайшы келері анық. Алланың заңын аяқ асты етуге болмайды, – дейді де, былай деп сұрақ қояды: – Егер әйел ер кісімен некелеспестен мен саған халалмын десе, онымен жақындасуға бола ма? Және бір адам басқа бір адамға мені өлтір десе, ол адамды өлтіру халал бола ма? Халифа Мансұр бұл екі сұраққа да «жоқ» дейді. Осыдан кейін Әбу Ханифа нақты үкімін айтады: – Мусул еліне тиіспе, оларды өлтіру саған халал емес. Халифа Мансұрға Әбу Ханифаның бұл жауабы ұнамады, әрине. Барлығы тарағаннан кейін халифа Әбу Ханифаны өз бөлмесіне шақырып алып: – Айтқандарыңның бәрі дұрыс! Бірақ, бұдан былай бұл жерден кеткенің жөн. Мынадай пәтуаларыңды ел естімесін. Әйтпесе, басшылардың айыптарын ашып, елдің көтерілуіне мүмкіншілік жасап берерсің169, – деген екен. Имам Ағзам Әбу Ханифаның зеректігі Бірде Аббасидтер әулетінің «даңқы төске өрлеген» әділ әрі тақуа патшасы Халифа Харун Рашидтың алдында имам Ағзамның аты аталғанда ол: «Әбу Ханифа басқалардың екі көзімен көре алмаған нәрсесін, ақыл көзімен көретін парасат иесі болған», – деген. Язид ибн Һарун: «Мыңдаған ғалымды көрдім. Бірақ, Әбу Ханифадан асқан ақыл-парасатты, тақуа әрі ізгі жанды көрмедім», – десе, имам аш-Шафиғи: «Дүниеге Әбу Ханифадай зерек ұрпақ әкелген ана жоқ болар сірә!» – деген екен.170 Мұхаммед ибн Абдулла әл-Ансари: «Имам Ағзамның ақыл-парасатының деңгейі топ ортасында сөзінен, жүріс-тұрысынан барлық іс-әрекетінен-ақ байқалып тұратын». Абдулла ибн Мүбарак өзі куә болған бір оқиғаны былай еске алады: Екі кісі ақшаларын бірге ұстауға уәделесіп, біреуі бір дирһам екіншісі екі дирһам шығарып бір жерге сақтайды. Аяқ астынан әлгі ақшадан екі дирһамы жоғалып кетеді. Екеуі қалған бір дирһамға таласып қалады да, бөліске сала алмай әркімнен бір төрелік сұрайды. Сонда біреулер жоғалған дирһам екеу болғандықтан, бір дирһамы міндетті түрде екі дирхам иесінікі болады, ал қалған бір дирхам екеуінің қайсысынікі екендігі белгісіз. Сондықтан, теңдей екіге бөлсе ғана әділдік болатындығын айтады. Әбу Ханифаның жауабы бәріне ұқсамайды. Ол: «Бір дирһам қосқан кісі үштен бірін алады, ал, екі дирхам қосқан кісі үштен екісін алады», – деп шариғат талабы бойынша әділ төрелігін айтқан екен.171 169 әл-Кәмил фит-Тарих, 5-т., 25-б.; Бәззәзи, Манақибу имам Ағзам, 2-т., 17-б. 170 Мауаһиб ар-Рахман 192бет. 171 Мауаһиб ар-Рахман 204бет.
Тапқырлығы мен шешендігі Имам Ағзам жас шағында Басра қаласында бір мәжусимен кездеседі. Қалаға сауда жасау мақсатымен келген мәжуси «Мен отқа Алла деп табынамын. Өйткені, ол отты көремін. Ал сендердің Аллаларың жоқ. Бар болса маған көрсетіңдер, әрине, сендер көрсете алмайсыңдар. Ғалымдарыңды, ұстаздарыңды шақырыңдар, маған көрсетсін» деп халықты қатты састырады. Аспаннан түскендей елдің құтын қашырып мазасын алған мына неменің аузын жабу үшін жұрт бір жас баланы шақыртпақ болады. Егер оны жеңсе ұстазын шақыртпақ. Бірақ, мәжуси «Менің майда-шүйделермен дауласып отыратын уақытым жоқ» дейді. Ақыры не керек, ертеңінде ел болып жиналып мешітте белгілі уақытта жолықпақшы болады. Келесі күні келіскен уақытта мешіт іші лық толып жас жігіт пен мәжусидің пікірталасын тамашаламақ болады. Мәжуси ерте келіп ап орындыққа жайғасып, жас жігітті күтеді. Бірақ, белгіленген уақыт әлдеқашан өтіп кетсе де жас жігіт Әбу Ханифа кешіге береді. Ол кешіккен сайын мәжуси «Оқымыстыларың қорыққанынан келмейтін болды» дейді көтеріле түсіп. Халық та мазасыздана бастайды. Біраз уақыт өткеннен соң Әбу Ханифа алты айрығынан тер ағып жетеді: – Айыпқа бұйырмаңыз, ағайын! Кешігіп қалдым. Өзеннің арғы жағалауынан бер жағына өтетін көлік іздеп тұрғанмын. Ешкім көрінбеді, сіздерден ұят болдыау деп, не істерімді білмей тұрғам, кенет басыма бір ой сап ете қалды. Өзеннің жағалауындағы ағаштарға «Әй, ағаштар, бірің қайық, бірің ескек болыңдар, мен өзеннің арғы жағына өтейін» дедім. Айтып ауыз жиғанымша болған жоқ, сіздерге өтірік, маған шын, ағаштар әп-сәтте бірі қайық, бірі ескек боп мені көзді ашып-жұмғанша бергі жаққа алып өтті, – дейді. Сол-ақ екен, орындықта отырған мәжуси қарқылдап тұрып күлсін кеп. – Ғалым деп алып келгендерің мынау болса жетіскен екенсіңдер, – дейді, – айналайын-ау, ағаштың өз-өзінен қайық болғанын қай атаңнан көріп едің? Дәл осыны күткен Әбу Ханифа дереу: – Ағаштың өз-өзінен қайық болмайтынына сенбейсің де, мынау үлкен ғаламды жаратушысыз болуы мүмкін дейсің бе? – дегенде, мешіт іші қуаныштан тәкбір айтып, шулап қоя береді. Орындықта отырған мәжуси: – Олай болса, неге сендердің Құдайларың көрінбейді. Егер бар болса көрінуі керек емес пе? Ол жоқ болғандықтан көрінбейді, – дейді. Әбу Ханифа мәжусиге: – Сенің ақылың бар ма екен осы? – деп қарсы сұрақ қояды. «Бар» дейді мәжуси. – Олай болса, ақылыңды көрсет бізге, – дейді мәжусидің өз сұрағын өзіне қойып. «Оны көрсету мүмкін емес» деген мәжусиге Әбу Ханифа рух, ақыл секілді кейбір бар нәрселердің де көріне бермейтінін айтқанда жамағат дереу тәкбір айтып, қатты қуанады. Әбден тығырыққа тірелген мәжуси ашуланып: – Басы мен соңы болмайтын біреудің болуы мүмкін бе екен? – деді. Сонда жас жігіт имам Ағзам Әбу Ханифа саспастан: – Сен санау білесің бе? – дейді. – Білемін, – дейді мәжуси. – Бірдің алдында неше бар? – Бірден бұрын сан жоқ. – Дәл сол сияқты Алланың да алдында ешқандай жаратылыс жоқ.
«Жығылған күреске тоймас» дегендей мәжуси осы жерде мына сұрақты қояды қырсыға түсіп: – Жарайды, Алланы бар дейік, онда ол қай жаққа қарай бағыт алып барады? Бұл сұраққа имам Ағзам хазірет: – Шамды жаққанда оның жарығы қай жаққа бағыт алады? – дейді. – Барлық жаққа жайылады, – деп жауап береді мәжуси. Сонда имам Ағзам: – Шамның жарығы барлық жерге тарайды екен де, жер мен көктің нұры Алла Тағала барша жерді қамти алмай ма екен? Мұны күннің өзі дәлелдеп тұрған жоқ па? – дейді. Жеңілгенін біле тұра ақтық рет амал қылып қалайын дегендей былай дейді: – Сендер Алланы барлық жерде бар деп ойлайсыңдар. Осыны қалай түсіндірер едің? – дейді. Сонда Әбу Ханифа бір кесе сүт алдырып. Мәжусиге қарап : – Май сүттің қай жерінде? – деп сұрайды. – Май мұның барлық жерінде, – деді мәжуси. Әбу Ханифа Алланың бұл әлемнің барлық жерінде бар екенін оның ұғымына шақтап түсіндіріп береді. Мәжуси соңғы сұрағын қояды. Бірақ, басындағыдай емес, алғашқы арыны басылып даусы бәсең шығады: – Сендердің Аллаларың дәл қазір не істеп жатыр, соны айтшы. Әбу Ханифа мәжусидің орындығынан түсуін сұрап, орнына өзі отырып алады да: – Қазір Алла Тағала сен секілді ақымақ біреуді орнынан түсіріп, мен секілді жас баланы әлемге ғибрат болсын деп басқалардан бір саты биікке көтерді, – дейді. Сөзге тоқтаған мәжуси имам Ағзам Әбу Ханифаның ақылы мен зеректігіне таң қалып, рахметін айтып, дереу сол жерде тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болады172. Тағы бір жолы имам Ағзамның құзырына бірнеше адам келген еді. Имам ға дауыс көтеріп, анадайдан айқайлап жатты. Әбу Ханифа намазда «Фатиха» сүресін оқыса, артында оған ұйыған жамағат оқымайды деген еді173. Сөздің төркінін түсінбеген жамағат имам Ағзамға қарсы шықты. Мынау келгендер де сол дауды айтып, имам ды қате үкім бердіге санап келген екен. Имам Ағзам қаптаған мына адамдарға қарап: – Мен қазір сіздердің барлықтарыңызбен қалайша бір уақытта сөйлесемін. Араларыңыздан бір өкіл тағайындаңыздар, сол маған барлық мән-жайды түсіндіріп берсін, әйтпесе мен түк те түсініп тұрған жоқпын, – дейді. Олар имам Ағзамға араларынан біреуін таңдап көрсетті де, мына кісі бәріміздің атымыздан сөйлейді деп бір адамды алға шығарды. Сонда имам Ағзам: мен осы кісімен сөйлессем, баршаңызбен сөйлескен боламын ғой, солай ма? – деді. – Иә, бәріміздің сөзімізді осы кісі жеткізеді, – дейді. Имам Ағзамға да керегі осы, жұлып алғандай: – Өз сөздеріңізді өздеріңіз қайшы келесіздер. Дәл қазір мына кісі сіздердің орындарыңызға барлығын маған айтады. Намазда да дәл осылай емес пе? имам ның оқуы жамағаттың оқығанымен тең, – дейді. Жамағат мұндай салыстыру 172 Мекки, Манақиб, 155-б. 173 Ханафи мәзһабында имам жамағатпен намаз оқығанда «Фатиха» сүресін оқиды, ал имам ға ұйығандар оқымайды. Жамағаттың оқуы макруһ болады. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Имамның оқуы жеткілікті» деген және артындағы сахабалар оқымаған.
тәсіліне таңырқап, имам Ағзамның пәтуасының дұрыс екенін мойындады174. Мұғира Әбу Ханифаның зеректігіне өзінің таңданысын былай білдіреді: «Әбу Ханифамен бірге ұстазымыз Хаммадтың дәріс алқасында ілім алдық. Бірақ, оған ашылған ілім есіктері бізге ашылмады». Әйгілі ғалым Маулана Хусамаддин ас-Сығанақи бір дерегінде мынадай бір оқиғаны баяндайды: Бір кісі имам Ағзамға келіп: «Бір уаумен ( )وбе, әлде екі уаумен бе?» – деп сұрайды. Сонда имам : «Екі уаумен», – деп жауап береді. Әлгі кісі: «Алла Тағала сізді екі лә ( )الберекеттендірген нәрсесіндей мерейіңді үстем етсін», – дейді де жүріп кетеді. Имам Ағзамның айналасындағылар еш нәрсе түсінбей аң-таң болады. Сонда Әбу Ханифа: «Ол менен (ат-Тахиятты) бір уаулы тәшаһһудты оқиын ба, екі уаулысын оқиын ба деп сұрады. Мен екі уаулысын оқы дедім. Ол маған Құрандағы батыс пен шығыста теңдесі жоқ ағаш сияқты ( ) мерейің үстем болсын деп дұға тіледі», – дегенде барып отырғандар түсіне бастайды.175 Бұл оқиғаны біз әлі түсінбегендейміз оны түсіндіру үшін бізге имам Ағзамның сөзін одан ары түсіндіре түсуге тура келіп отыр. Ибн Аббас пен Ибн Масғудтан176 намазда оқылатын «ат-тахият» дұғасының екі түрлі риуаяты кездеседі. Бірінші риуаят « » деп бір «уау» әріпі арқылы әрі бастапқы сөздері сәл өзгешелеу келеді де бұны ғалымдар «бір уаулы тахият» деп атаған. Екінші риуаят Ибн Масғудтан риуаят етіліп, « » деп екі уаумен келеді. Бұл «екі уаулы ат-тахият» деп аталса керек.
имам Ағзамның осындай ұшқыр ойлылығына қарапайым халық емес танымал ғалымдардың өзі қайран қалатын болған. Мирасты есептеуі Имам Халаби әйгілі ғалым Уакиғдан мынадай бір оқиғаны естіген: Бір күін имам Ағзам дәріс беріп отырғанда бір әйел келіп: «Менің бауырым қайтыс болып еді. Оның артында қалған мұрасынан маған тек бір динар ғана бөліп берді», – деп өз наразылығын білдіреді. Имам мирасты кім бөлгендігін сұрады. Әйел: «Мирасты Дауіт ат-Тайи бөлді», – деді. Имам іркілмей: «Түсінікті, демек мұраға 600 динар қалған болды ғой. Қайтыс болған кісінің екі қызы, шешесі және әйелі болған. Өзі ұлдан он екі ағайынды болып, қыздан сен ғана болғаның ғой. Үште екісі 400 динар екі қызына, алтыда бірі 100 динар шешесіне, сегізде бірі 75 динары әйеліне, әр ағайынына екі динардан бөлінсе, саған бір динар қалған», – дегенде әйел бөлістің адал болғандығын мойындап, мұның бәрін қалай біліп қойғандығына таң-тамаша болды.177 Осы оқиғадан имам Ағзамның ел ішіндегі 174 Мекки, Манақиб, 175-б. 175 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 157-бет. 176 Сахих мүслим, китаб ас-сала, баб ат-ташаһһуд №649; Сахих әл-Бұхари, Жұма кітабы, намаздағы амалдар бабы, № 1159. http://sonnaonlіne.com/ DіsplayResultsSearchSarfі.aspx?path=35fa49d14c823bb090da3528536c9167245db7f6\14 54207603a682164f4917b54ae505745483eec9 177 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 202-203-бет.
қазылардың деңгейін біліп қана қоймай, қас-қағым сәтте қиын есептеулерді шешетін зеректігін аңғару қиын емес. Адам өмірінде әртүрлі жағдай кездеседі. Әсіресе, шариғат үкімімен айналысатын үлкен имам дарға адамның ойына келмейтін мәселелер мен сұрақтар тіпті көптеп кездессе керек. Әбу Қасым ибн Али Хамдан ар-Рази былай дейді: «Бір кісі имам ға келіп: «Бір адам қайтыс болды. Артында бір әке-шешеден бауыры болса да барлық мирасты қайнысы (әйелдің бауыры) алды. Бұл қалай болғаны?» – деп сұрады. Имам ойланбастан: «Қайтыс болған кісі бір әйелге үйленген. Ал, қайтыс болған адамның ұлы әйелдің анасын алған. Олардан бір бала болған. Ол – қайтыс болған кісіге немере әрі әйелдің бауыры болып келеді. Бірінші баласы сосын өзі қайтыс болған. сөйтіп барлық мирас әйелінің інісіне қалған (немересіне қалған). Міне осылайша өзінің інісіне мирас берілмеген», – деп жауап берді»178. Бұлай болатыны мирас мәселесінде осындай жағдайда ғана жоғарыдағыдай үлестіру болады. Шариғат талаптары бойынша, баласы немесе немересі болған жағдайда, қайтыс болған адамның бауырларына мирас бөлінбейді. Хасан ибн Зияд әл-Лулу бір қызықты оқиғаны былай әңгімелейді, Бір кісі өзінің тапқан-таянған қазынасын үйінің маңында бір жерге көміп қояды. Күндердің күнінде керек болып іздесе әлгі көмген жерін таба алмай дал болады. Не істерін білмеген ол аптығып имам Ағзамға жетеді. Болған жәйді айтып, бір шарасын табуын өтінеді. Сонда имам : «Үйіңе бар да бүгін түнімен таңға дейін намаз оқы. Сонда көмген жерің есіңе түседі», – дейді. Ол дереу үйіне қайтып бара салып намаз оқуға кірісе бастайды. Бастамай жатып-ақ, түн жарымына бармай, қазынасын көмген жері есіне түсе кетеді. Намазды тоқтата салып қазынасын тезірек тауып алуға ұмтылады. Әлгі түнімен құлшылық ет деген тапсырма өз жайында қалады. Таңертеңінде имам ға келіп, айтқанындай қазынаны көмген жерін есіне түсіргендігін айтады. Имам : «Не үшін түні бойы намаз оқымадың?», – деп сұрап еді ол: «Мұны қалай біліп қойдыңыз?» – дейді таңданып. Имам : «Өйткені Құран Кәрімде: «Оны еске түсіруімді тек шайтан ғана ұмыттырды», – делінген. Ұмыту шайтаннан болады. Шайтан сенің түнімен құлшылық қылуыңа тосқауыл болу үшін, өзі ұмыттырған нәрсені ертерек есіңе түсірген болар», – деген екен.179 Июдейге қызыңды берер ме едің? Сол уақыттарда Куфада дәулетті біреу хазірет Османды (р.а.) яхуди дейді екен. Ғалымдар қаншама рет олай айтып, былай айтып, оны пасық ойынан қайтара алмайды. Ешқандай нәтиже шықпаған соң келіп жағдайды Әбу Ханифаға жеткізеді. Әбу Ханифа байға барып: – Саған құдалыққа келдім. Алланың әмірі, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шешімімен қызыңды айттырамын, – дейді. – Кімге? – дейді бай күтпеген «құдаға». – Өте тақуа бір адамға. Дәулет десе дәулет бар, білім десе білім бар. Өзі Құранның хафызы. Жомарттығында шек жоқ. Түні бойы ғибадаттан бас алмайды. Алладан қорыққаны соншалық, бір сәтке де көздері жастан құрғамайды... – Жетер-жетер. Осы қасиеттердің бірін ғана иеленген адамның өзіне қызымды қазір беруге дайынмын. 178 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 210-бет 179 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 216-бет
– Бірақ, бір кемшілігі бар, – дейді Әбу Ханифа, – июдаизм дінін ұстанады. – Құдай сақтасын! Басқа адамды таппағандай менің қызымды қайдағы бір яхудиге бермек болдың ба? Мені кім деп тұрсың өзің? имам ның да күткені осы еді. Жұлып алғандай байға былай дейді: – Сен бір қызыңды яхудиге бермегенде пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі бірдей қызын яхудиге қалайша бермек? Осыны ойладың ба? Бай сөздің төркінін сонда ғана түсініп, тәубе еткен екен180. Шәкірттеріне айтқан ғибратты өсиеттері Имам Әбу Ханифа өз шәкірттерін де жақсы көретін. «Сендер менің жүрегімнің қуанышы, көңілімнің жұбанышысыңдар» – деп оларға жүрек жарды сөздерін арнайтын. Енді имам Ағзам Әбу Ханифаның өз шәкірттері имам , қазы Әбу Юсуф пен Юсуф ибн Халид әл-Басриға айтқан өсиеттерінен кейбір үзінділер келтірейік. Білім-ғылым іздеуге ерекше мән берген имам Ағзам шікірттеріне ерте үйленуге рұқсат бере бермеген. Осыған қатысты ол: «Әуелі білім ізден! Кейін адалдан мал жина! Содан кейін ғана үйлен! Егер білім ізденетін шақта, мал жинаудың соңына түссең білім ізденуге шамаң жетпей қалады...Осылайша білім алудан бұрын, дүние және әйелдермен әуре болып, уақытың зая кетеді. Бала-шағаң көбейіп, солардың тіршілігін реттеймін деп жүргеніңде білімді тәрк етесің. Ойың, жүрегің таза, жастық шақта білімнің соңына түс! Білімнен кейін ғана қолыңда дүние-мүлік болу үшін мал жина! Себебі бала-шағаның, дүние-мүліктің көп болуы адамды әбігерге түсіреді. Мал-мүлік жинап алғаннан кейін ғана үйлен!»,– дей келе білім іздеуден ешқашан қол үзбеуге шақырып: «Он жылдап кәсіпсіз, азықсыз ғұмыр кешсең де білімнен сырт айналып кетпе! Білімнен сырт айналсаң өміріңнің, тұрмысыңның ауыртпалығы арта түседі. Білімге деген қызығушылықтарын арттыруың үшін әрбір шәкіртті балаңдай көріп, білім беруге күш сал! Алған біліміңнің дүниеде және ақіретте қызығын көремін десең, жақсылықтан қол үзбе! Талабың таудай болсын! Себебі талабы кішірейген адамның мәртебесі де төмендей береді»,– десе (Әбу Юсуфқа өсиетінен) Ғылымның берекетінен құр алақан қалмау үшін: «Ғалымдарды қатты құрметте!»,– деп ерекше ескертеді (Юсуф ибн Халид әл-Басриға айтқан өсиетінен) Ғалым адамның өзге адамдармен қатысты мәмілеге қатысты маңызды мәселелерге тоқталған. Елдің алдында абыройды сақтау үшін: «Көпшіліктің алдында орынсыз күлімсірей берме!»,– деп ескертеді. Бұл өз кезегінде ғалымның абыройын түсіріп, салмақты ойларын жай мәселеге айналдырып жібереді. Содан барып халық діни мәселелерге атүсті қарауға үйренуіне жол ашады. Осыған қатысты тағы да: «Көп күлуден аулақ бол! Себебі ол жүректі өлтіреді. Әрдайым байсалды, салмақты кейпіңнен айрылма!»,– деп кеңес береді (Әбу Юсуфқа өсиетінен). Әбу Ханифа ғылымға терең мән берумен қатар, барлық ынта-ықыласын ғылымға арнасын деп шәкірттерінің қажеттіліктерін өтеуді де ұмытпайтын мейірімді ұстаз еді. Ол мұқтаж шәкірттеріне ақшалай жәрдем беріп тұратын. Үйленетін жасқа келгендердің жағдайлары төмен болса, қаржылай көмектесіп, кейде қалың малды да өзі көтеретін. Бұл туралы Шурайх былай дейді: «Білім үйреткен шәкіртіне, тіпті, оның жанұясына көмектесетін. Шәкіртіне ілім 180 әт-Тәмими, 1-т., 111-112-б.
үйреткеннен кейін: «Сен халал мен харамды үйренумен ең үлкен байлыққа жеттің»,– деп жылы сөздерімен қуантатын. Имам Ағзам ғылыммен қатар тақуалыққа да ерекше мән беретін. Өйткені Алла Тағала Құранда: «Алла алдында сендердің ең ардақтыларың, абыройлыларың – ең тақуа болғандарың» («Хужурат» сүресі, 13) деу арқылы негізгі құндылықтың сыры тақуалықта екенін баян еткен. Тағы бір аятта: «Шындығында, Алладан тек қана ғалым болғандар ғана қорқады» деп тақуалық үшін ілімнің де жеткілікті болу керектігін көрсетеді. Сонымен қатар, пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) : «Кімді адамдардың ардақтысы болу қуантатын болса, Алладан қорықсын» дейді (Қуртуби, әл-Жами ли ахкамиль-Қуран, Бейрут, 1988, 16-т., 345-б.). Ибн Аббастан жеткен «дүние абыройы – байлық, ақырет абыройы – тақуалық» деген ғибратта үлкен мән жатыр. «Даналықтың бастауы – Алладан қорқу» екенін жақсы білетін ол шәкірттерін тақуалыққа тәрбиелеген. Ол: «Тақуалықтан ешқашан айрылма. Уәдеңе берік бол!»,– дейді (Юсуф ибн Халид әл-Басриға айтқан өсиеті). «Өзіңнен өзге жандардың жасап жүрген құлшылықтарынан артық құлшылық жасауға ғана разы бол! Себебі қарапайым жандар, өздері жасап жүрген құлшылықтан артық құлшылық жасайтыныңды көрмесе, олардың санасында сен туралы құлшылыққа құштарлығы аз деген ой қалыптасады… Сыртқы көрінісіңде Алламен қандай болсаң, ішкі жан дүниеңде де дәл солай бол! Себебі ішкі жан дүниені сыртқы көрініспен тең ұстамайынша, ғылым қонбайды. Сенен біреу кеңес сұраса, өзіңді Алла Тағалаға жақындатады деп білген кеңесті бер! Құран-кәрімді үзбей оқып жүр!Адамдардың арасында Алланы зікір етуді арттыр. Адамдар сенен мұны үйренуі тиіс.
Өлімді жадыңнан шығарма. Намаздарыңа берік бол!»,– деп тақуалықты ту етуге шақырған (Әбу Юсуфқа өсиетінен). Жат жерге барғанда ілімнің абыройын сақтап, пайдалы білімді халыққа дұрыс жеткізе білу үшін байсалды, байыпты болу керек екенін шәкірттеріне негізгі қағида ретінде үйретіп отырған. Осыған орай: «Ғұламалары бар қалаға, аймаққа жолың түссе, (ғылымым олардан артық деп ойлап) ол жерді билеп-төстеп кетпе! Олардың даңқына, атағына қызықпайтындығыңды білу үшін солардың бірі ретінде көрінуге күш сал. Бұлай жасамасаң, саған барлығы бірауыздан қарсы шығады. Ұстанған мәзһабыңды айыптайды. Оларға еліктеген қалың көпшілік те саған қарсы шығады. Ғалымдарының қараған көзімен, саған көпшілік те қарай бастайды. Осылайша ешбір пайдасы жоқ, айыпталған жанға айналып кетесің. Ғылыми мәселелерге қатысты сенен келіп пәтуа сұраса, олармен дереу тартысып, дауласып кетпе! Оларға қандай-да бір мәселе жайында сөз қозғасаң, дәлелі анық, айқын мәселелерден сөз қозға! Қарапайым көпшіліктің бірімен немесе базардағы (сауатсыз) саудагерлермен ешқашан тартыспа! Себебі тартысатын болсаң, абыройың төгіледі»,– деп маңызды мәселелерге қатысты өз тәлімін береді (Әбу Юсуфқа өсиетінен). Күнделікті тұрмыста жеке басқа қатысты ұстану қажет болған мынадай өсиеттерін де айтады: «Ешкімге мұқтаж емес екеніңді, қанағатшыл екеніңді көрсетіп жүр! Кедей болсаң да, оныңды елге сездірме! Аманатқа қиянат жасама! Жалпы қалың көпшілік немесе дара тұлғалар болсын насихат айтудан тайынба! Адамдарды кемсітпе! Әуелі өзіңді құрметте. Өзгелерге де құрмет көрсет.
Адамдардың қателігін іздеме! Керісінше дұрыс жақтарын ізде! Көршіңнің бойынан көрген (жағымсыз, теріс) іс-әрекетті жасыр! Себебі ол аманат. Адамдардың құпия сырларын ашпа! Жасы үлкендерге құрмет көрсет! Кішілерге ізет көрсет! Қалың көпшілікке жақын бол. Бұзақы адамдардың да тілін таба біл! Саған жақсылық жасаған кісіге де, жамандық жасаған кісіге де жақсылық жасауға ұмтыл! Саған дұшпандық жасағанды кешір! Сені жамандап тіл тигізгендерге жақсы сөздеріңді арна! Шарапаты аздау, нашар жандар болса да, сәлемді жаюға тырыс! Өзіңе қалай жақсы мәміле жасалғанын жақсы көрсең, адамдарға дәл солай мәміле жаса. Адамдар жайында әрдайым дұрыс ниетті бол! Бәз біреулер сені алдаса да, сен біреуді алдама! Саған кейбір жандар қиянат жасаса да, сен аманатқа қиянат жасама! Басқа діндегілер саған қалай мәміле жасаса, сен де соларға дәл сондай мәміле жаса!»,– деп (Юсуф ибн Халид әл-Басриға айтқан өсиеті) шәкірттеріне әрдайым ұстаздық ақылдарын айтып, жанашыр әкедей қараған. Ұстаздарынан осындай жылылық көріп өскен шәкірттері алған ілімдерін халыққа таратып, соның нәтижесінде ханафи мәзһабы әлемнің шартарабына тарады. Бұл өсиеттер қашан да маңыздылығын жоғалтпақ емес. Ойының ақылының жүйріктігі Бір күні Куфа қаласына әйгілі мұсылман ғұламасы Қатада келіп айналасына жиналған елге қарата: «Маған Алланың елшісі әкелген шариғаты жайлы сұрақ қойыңдар»,– дейді. Бұл жағдайды ел имам Ағзамға жеткізеді. Әбу Ханифа атақты ғұламаға сұрақ қоюға құлықсыздық танытқанымен, қалың жұртшылық ұстаздарына қиылып, ғұламаның ұсынысына жауап беруін өтініп, соңында оны көндіреді. Сонда имам Ағзам Қатададан: – Ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен ер кісінің әйел оны өлдіге санап, басқа бір кісіге тұрмысқа шығып кетсе. Бірінші күйеуі қайтып келіп: «Әй, зинақор, көзімнің тірісінде қалайша күйеуге тимексің?» деп байбалам салса. Бірақ соған қарамастан әйеліне жақындап қойса. Сосын екінші күйеуі келіп: «Әй, оңбаған зинақор, сен күйеуге тиіп қойған екенсің ғой», деп шу шығарса. Бірақ соған қарамастан ол да әлгі әйелге жақындап қойса, мәселені қалай шешу керек?,– дейді. – Мұндай жағдай болған ба өзі?– деп Қата да таңдана сұрайды. – Болған жоқ, алайда орын ала қалса ше? – Мұндай сұраққа мен жауап бере алмаймын. Менен Құранға қатысты сұрақ сұраңдар. – Жарайды. Құранда: «Кітап туралы ілімі бар бір адам: «Оны сен кірпік қаққанға дейін-ақ алып келемін»,– деді»181,– деген. Бұл аяттағы ілімі бар адам кім еді? – Ол Алланың Ұлық есімін білген Дәуіттің бір баласы, Сүлейменнің бауыры жайында айтылған аят қой. – Ал Сүлеймен (а.с.) ол есімді білген бе? – Жоқ. – Субханналла. Демек әлгі адам ардақты пайғамбарлардың бірінен де артық білімге ие болған ғой?! 181 «Нәміл» сүресі, 40
– Құран аятының мұндай тәпсіріне қатысты ештеңе айта алмаймын. Менен иман мәселесіне қатысты сұрақ сұраңдар. – Сіз иман келтірушісіз бе? – Иншалла, муъминмін деп ойлаймын. Сонда имам Ағзам: – Неге сіз Ибрахим пайғамбардың Хақ Тағалаға «Сен иман келтірмеймісің?. (Ибрахим) Әрине, сенемін»182 деп айтқанындай нақты жауап бермейсіз?,– деген кезде Қатада не дерін білмей, қатуланып: – Мені бұл жерден алып кетіңдер. Аллаға ант етейін, енді бұл қалаға аттап баспаспын,– деген екен сөзден жеңіліп183. Аузағидің имам Ағзамды бидғатшы деп кейін райынан қайтуы Фақиһ Мисар ибн Қидам имам Ағзамның сабақтарына қатысып, нәр алу үшін өз шікірттерін тастап кеткен екен. Сонда ұстаздарының бұл ісіне наразылық танытқан шәкірттері: «Біз сізден хадистер туралы сұрадық. Ал сіз болсаңыз бидғатшыларға барып қосылып кеттіңіз»,– дегенде ұстаздары: «Егер қажылардың арасынан олардың ең жасының өзі шығар болса, ол білім тұрғысынан олардың бәрінен асып түсер еді»,– деп жауап береді184. Қосымша әңгімелер: Сұңғылалығы Имам Ағзам сұраққа жауап беруде сұңғылалығымен ерекшеленетін. Ол қойылған сұраққа дұрыс жауап берумен қатар, аяқ астынан жауап тауып кететін. Осыған қатысты мысырдың ғұламасы Ләйс ибн Сағыд: «Аллаға ант етейін. Оның жауабының дұрыстығымен қатар тездігі де таңқалдырады!»185,– деген екен. Ибн Мубарак: «Ол туралы ел не деп мақтаса да, ол сол мақтаулардан да артық еді». Язид Ибн Харун: «Мен көптеген адамдарды кездестірдім. Алайда, одан артық, ақылды және құдайшыл адамды көрген емеспін»186. Имам Ағзам ел арасында өзінің білімдарлығы, тақуалығы, қайырымдылығымен абыройға бөленді. Қолынан келгенше елдің мұқтаждықтарын өтеуге тырысатын. Олардың қиын сұрақтарының түйінін шешіп, араларындағы даулы мәселелерге қатысты әділ төреліген беріп отыратын. Имам туралы ел: «Хақ тағала оның бойына барлық ізгі қасиеттерді дарытты»187,– дейтін. Осылайша қалың жұртшылықтың ыстық-ықыласына бөленіп, елдің бәрі оны ұлықтап жатты. Өйткені ол өзгелердің қолынан келмейтін нәрселерді жасады. Бұл өз кезегінде қызғаншақтардың көреалмаушылықтарын арттырып, дұшпандарының санын көбейтті. Адал жолмен тапқан дүние иесін табады Бір күні Әбу Ханифаға бір ауқатты адам келіп, өзіне Алла Тағаланың малмүлік бергенін, садақа бергісі келетінін, бірақ берген садақасын алған адамдардың жағдайын бақылап көргенде дұрыс адамдар емес, садақа алуға лайықты болмай шығатынын айтады. Әбу Ханифа өз қалтасынан бірнеше дирһам беріп, оны 182 «Бақара» сүресі, 260 183 Саймари. 23-24-б. 184 Жунди. 60-б. 185 Әбу Захра. 54-б. 186 Саймари. 30-б. 187 Хайсами. 109-б.
таң атпай үйден шыққанда ең бірінші кездескен адамға беруді тапсырады да: «Қайтып айналып маған кел, сол кезде жауабын беретін болам», – деп жолға салады. Ол айтылған бойынша бірінші кездескен адамға бермекші болады. Бірақ оның бейнесі жағдайы нашар адамға ұқсамайды, киім киісі ауқатты адамдардай көрінеді. Садақаны берсем, ол ашуланып жүре ме деп екі ойлы болады да, ақыры тәуекел деп оған әлгі садақаны береді. Ол басын төмен иіп, садақаны үндемей алып алады. Садақаны алушының қайда баратындығын білу үшін соңына түседі. Бір ескі үйлердің орнына келгенде бір жапырақ етті алып лақтырып жібереді. Мұнысы несі екен деп, сұрамауға шыдамы таусылып, оның жанына келіп мәнжайды сұрайды. Ол басқа елден келіп адасып қалған жолаушы екен. Жолда аштыққа шыдамай бір өлген жануардың етін тауып содан жан шақырады, еттен біраз алады, таңға дейін тағы ішіп-жейтін нәрсе табылмаса, әлгі етті жемекші болады. Сөйтіп әрең дегенде ауыл шетіне ілініп, бір нәрсе табылар деген оймен келе жатқаны екен. Болған істі Әбу Ханифаға келіп айтады. Сонда Әбу Ханифа: «Есіңде болсын! Жаман жолмен табылған мал-мүлік, дұрыс адамға қол болмайды. Мал-мүлкіңнің ішінде бір арамдық немесе бір күмәнды нәрсе бар. Сондықтан, ол тиісті орнын таппайды. Егер сенің мал-мүлкіңнің бәрі түгел халал жолдан келген болса, менің әлгі ақшам сияқты тиісті орнын табар еді. Өйткені, мен адал жолмен мал табам. Көрдің бе қалай ойламаған жерден лайықты адамға жеткенін. Сен кеше келгенде дәл осылай жауап берсем, саған мұншалықты әсер етпейтін еді», – деді.188
188 Кердерлік Ханафи ғұлама, 86-бет.
ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ФИҚҺ ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ Шындығында, Әбу Ханифа Ислам тарихында аты әмбе жұртқа танымал көрнекті тұлға. Барлық мұсылман үмбеті оны үлкен ғалым екендігін бірауыздан мойындаған. Имам Зәхәби кітабында «Әбу Ханифа діни мәселелерді терең білуші фақиһ һәм имам ...Риуаяттарды үйренуге ерекше мән берген. Осы мақсатта сапарға да жиі шыққан. Фиқһтағы терең мәселелерді зерттеу бойынша алдына жан салмаған рай саласында шоқтығы биік тұлға. Бұл салада адамдар оған тәуелді»189 десе, тағы бір жерінде «Әбу Ханифаның фиқһ пен оның терең мәселелерін талдауда имам екендігін барлығы мойындайды. Бұл – зәредей күмәнсіз ақиқат»190 деген. Әбу Ханифа фиқһ ілімін қалыптастырып, жүйелеген, фиқһ мәселелерін алғаш бабтарға бөліп, классификация жасаған, парасат-пайымы биік ғұлама. Ол фиқһ негізін қалап, Ислам әлеміне үлкен еңбек сіңірген әрі ұлы танымал ғалымдарды тәрбиелеген. Осыншалықты ілімді берген Алла оны мұсылман үмбетінің бақытына берген. Ас-Самғанидың айтуы бойынша әйгілі хадис ғалымы әлАғмаш бір күні имам ға: «Егер білім талаптану арқылы келетін болса, мен сенен әлдеқайда ғалым болар едім. Бірақ, білім – Алланың беретін сыйы»,191 – деген. Ислам құқық саласы өзіндік тарихи даму кезеңдерін басынан өткізді десек, оған ерекше үлес қосқан тұлғалар көп. Дегенмен имам Ағзамның алатын орны ерекше. Ғұламалардың арасында бұл туралы мынадай бір тамаша сөз айтылады: «Фиқһ ілімінің дәнін Абдулла ибн Масғуд екті, имам Әлқама өніп шыққан егінді суарды, Ибраһим ан-Нахағи піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны дирменге тартты, имам Әбу Юсуф оны қамыр етіп иеледі, имам Мұхаммед одан нан пісірді. Міне, барлық халық осы күнге дейін имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған нанды жеп келеді».192 Әбу Ханифа іліммен терең айналысуымен қатар сауда-саттығын сенімді досы арқылы жүргізіп отырғаны белгілі. Сондықтан, оған тұрмысқа, саудаға байланысты сан алуан сауал қойылған да болатын. Сансыз сауалдарға шариғат өлшемдеріне сай жауап бере білу үшін де ижтихад жасауына тура келген. Әбу Ханифаның фиқһ тармақтарына қатысты жасаған ижтихадтарының көптігі сонша, кейбіреулер оның санының милионнан асып жығылатындығын айтады. Мәселенки, әлБаберти Мұхаммед ибн Мұхаммед Акмалуддин өзінің «Әл-иная фи шарһил Һидая» атты еңбегінде Әбу Ханифаның ижтихад жасаған мәселелерінің саны бір милион екі жүз жетпіс мыңнан астам екендігін жазған193. Әбу Ханифаның үкім шығарған мәселелерінің саны қанша екені нақты белгісіз. Дегенмен, басқа фиқһ имам дарымен салыстырғанда әлдеқайда артық екендігі рас. Ол сабағын ерекше тәсілмен жүргізетін. Бір жағынан, өткен-кеткен жағдайларға қатысты үкімдердің жай-жапсары түсіндіріліп жатса, екінші жағынан, төбе көрсеткен оқиғаларға қатысты үкімдердің қалай шығарылуы керектігі сөз болатын. Болып өткен және осы заманғы жағдайларға байланысты үкімдерді түсіндіріп талдау барысында болашақта орын алуы ықтимал мәселелердің де шешімін табуға тырысатын. Сондықтан, оның сабақтарында 189 Зәхәби, Сияру Ағламин-нубәлә, 6-т., 390-б. 190 Бұл да сонда, 6-т., 403-б. 191 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 105 бет. 192 Ә. Дербісәлі, Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа, 6-бет. 193 З.Кәусари, Нукатут-тарифа фит-тахаддус ан рудуди Ибн Әби Шәйба ала Әби Ханифа, Каир, 1945, 5-б.
өткен мен қазіргі шақпен шектеліп қалмай, болашақта бой көрсетуі мүмкін мәселелер де қарастырылып, сол арқылы фиқһтың негізгі қағидалары қаланған еді. Ханафи мәзһабының құрылып, кең таралуының басты себептерінің бірі – Әбу Ханифа мен шәкірттері-нің жинақтаған фиқһтық тәжірибелерінің сол кезеңдердің өзінде хатқа түсіп, одан кейін де жалғасын табуында жатқан болатын. Әрине, кейбір пәтуалардың Әбу Ханифаға дейін де, мәселенки, қазы Шурәйх, Ибраһим ән-Нәхәи мен Хаммад ибн Сүлейменнің фиқһтарында кездесетіні ақиқат, десе де, Куфаға телінетін Ирак фиқһының ең алғаш Әбу Ханифа кезеңінде жүйелі түрде хатқа түсе бастағаны белгілі. Профессор М. Хамидуллахтың атап өткендей, әр бір мәселе «Фиқһ академиясы» және «Кодификация тобы» деп аталған қырық адамнан тұратын арнайы топтың талқысына салынған. Бұл алқаға басқа шәкірттер мен халықтың қатысуына рұқсат берілмеген. Әрбіреуінің көзқарасы «ішек қырындысына» дейін талқыланып, пісірілгеннен кейін барып қана үкім шығарылып, жазбаша бекітілген. Сол алқаға қатысқан он кісінің арнайы хатқа түсіруімен ханафи фиқһының үкімдері жинастырылған194. Ибн Әбил Аууам Әсуадтың баяндағанындай, Әбу Ханифаның білім мәжілістерінде әлдебір мәселенің шешіміне қатысты пікірлер талқыға салынар кезде әуелі кезегімен түрлі пікірлер айтылып, жауаптары берілетін. Соңында шәкіреттері Әбу Ханифаға жүгінетін. Әбу Ханифаның жауабы да олардың айтқан жауабынан алыс кетпейтін. Яғни, Әбу Ханифаның көзқарасы көпшіліктің көзқарасына сай келетін. Фиқһ ілімінегі орны туралы ғалымдардың айтқандары
Надр ибн Шұмайл былай дейді: «Адамдар фиқһ ілімінің не екендігін ұмытып, бұл тұрғыда терең ұйқыға кеткен еді. Әбу Ханифа осы ілімнің бағыт-бағдарын белгілеп, жүйесін құра отырып халықты күшпен оятып алғандай болды». Суфян ибн Ғуяйна (Алла рақымына бөлесін): «Пайғамбар өмірбаяны мен жүріп өткен жолын білгісі келген адам Мадинаға, қажылық ғибадатының орындалуын толық меңгергісі келген адам Меккеге, ал фиқһ ілімін игеруді көздеген кісі Куфаға баруы керек. Куфада Әбу Ханифаның шәкірттерінен алыстамауы тиіс», – деген. Абдулла ибн Мүбарак былай дейді: «Ижтиһадқа байланысты мәселелерде имам Малик пен Суфян әс-Сәуридің сөздеріне жүгінуге болады. Алайда, Әбу Ханифа бұл екі кісіден де асқан фақиһ әрі көзқарастары анағұрлым орынды еді. Фиқһ іліміне терең бойлап, ақиқатына жеткен болатын. Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен табылмаған мәселелерге қатысты имам Әбу Ханифаның сөзі хадистің орнына жүретін». Суфян әс-Сәури «Әбу Ханифадан дәріс алып келе жатырмын» деген кісіге: «Демек, жер бетіндегі ең фақиһ кісінің алдынан келе жатырсың деген сөз», – десе, тағы бір сөзінде: «Әбу Ханифаға қайшы келетін адамның дәрежесі одан жоғары әрі ілімі тереңірек болуы керек. Бірақ, бұл заманда ондай адам жоқ қой!» – дейді.195 Ахмад ибн Ханбал (Алла рақымына бөлесін): «Әбу Ханифа тақуалық пен сақтықта, 194 Али Жума, Мадхал иләл-мәзәһибил-фиқһия, «Дәрус-сәләм» баспасы, Каир, 2004, 90-91-б.; Ахмет Өзел, Ханефи мезхеби, Ислам ансиклопедиси, Стамбул, 16-т., 3-б. 195 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 155-156бет.
ақыретті таңдауға келгенде ешкімнің бағындырмаған биігіне жеткен. Қаншама қысым мен сес көрсетуіне қарамастан Халифа Мансурдың ұсынған Бас қазылық лауазымын қабылдамаған», – дейді.196 Әл-Хатиб әл-Бағдади ислам ғұламаларының былай дегенін жазады: «Мұсылмандар бес уақыт намаздан кейін Әбу Ханифаға дұға тілеуі керек. Өйткені ол фиқһ ілімі мен сүннетті қорғап қалды». Ол тағы бір сөзінде: «Әбу Ханифаға құрмет көрсете алмайтындардың бір тобы көре алмай іштарлық ететіндер болса, бір тобы надандық пен білместіктің жетегіндегілер. Екінші аталғандардың жағдайы басқаларына қарағанда жеңілдеу. Надандық пен білместіктен құтылып, фиқһ ілімінің дәмін татқысы келетіндер ханафи фиқһ кітаптарын үздіксіз оқуы керек», – дейді.197 Имам Әбу Юсуф былай дейді: «Әке-шешемнен бұрын ұстазым имам Ағзамға Алладан тілек тілеймін. Ол өзі де ата-анасынан бұрын ұстазы Хаммадқа дұға тілеуші еді. Ілім мен көркем мінезділіктен бойымызға не сіңірсек, бәрін содан үйрендік. Өйткені, оның тұла бойы Алла берген ілім мен шынайы құлшылық, жомарттық пен қанағатшылдық секілді Құранда аталатын барлық көркем мінезге тұнып тұрғандай еді. Өзінен алдыңғы буынның салып кеткен ізін өте жақсы жалғап еді. Өкінішке орай, қазір оның ізін дәл солай жалғайтын ешкім жоқ сияқты болып тұрады маған». Яхия ибн Адам Ағмаштан: «Нұғман ибн Сәбит туралы жағымсыз сөздер айтатындар туралы не дер едіңіз?» – деп сұрағанда ол: «Бұның себебі өте анық. Ғылымның қыры мен сырын табу былай тұрсын, өз айтқанын өзі түсінбейтіндер не айтпайды дейсің? Оған таңданатын несі бар», – деген екен. Бұл туралы Әсәд ибн Хаким де бір сөзінде: «Әбу Ханифаға құрмет көрсетпегендер – не білімсіздер, не бидғатшылар», – деген.198 Хадис ғұламаларының сенімді өкілі Әбу Асым ән-Нәбил Даххак ибн Мұхаллад: «Мен үшін Әбу Ханифа Ибн Журайжден де фақиһ. Үкім шығаруда одан асқан ешкімді көрмедім», – дейді.199 Абдулмалик ибн Абдулғазиз ибн Журайж – танымал сахабалардан хадис тыңдаған әйгілі фақиһ әрі тәпсірші тәбиғиндардың бірі.200 Осман ибн Аффан ас-Сижистани имам Ағзамның ғұламалар арасындағы жоғары беделін былай еске алады: «Ирақта қаншама ғалым болса да, күрмеуі қиын мәселелерге тап болғанда өз ойларынан ешнәрсе айтпайтын еді. Имам Ағзамның пәтуасына қайшы келіп қалудан қорқатын. Өйткені, имам Ағзам шариғат мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, негізгі дереккөзден дәйегін табатын. Бүгінге дейін оның пәтуаларының бірде бірін дәлелсіз деп тапқан ешкім болған емес». Мұхаммед ибн Мұзаһим Абдулла ибн Мүбарактың былай дегенін айтады: «Ел халқының ең көп құлшылық ететін ғабиты Абдулла ибн Әбу Рауад болатын. Дүниенің қызығын тәрк ететін заһидтердің ең алды Фудайл ибн Ғияз еді. Ең үлкен ғалым Суфян әс-Сәури болса, шариғат заңын терең меңгерген ең фақиһ имам Ағзам Әбу Ханифа болатын. Одан асқан фақиһ көрмедім». Абдулла ибн Дәуіт бір сөзінде: «Тақуалық іздесең Суфян ас-Сауриге бар. Ілімнің тереңдігі мен нәзік тұстарын көргің келсе, Әбу Ханифаның соңынан 196 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 158-бет. 197 Мәуаһиб ар-Рахман,159-бет. 198 Мауаһиб ар-Рахман 166-бет. 199 Мауаһиб ар-Рахман 166-бет. 200 ТДВ Ислам энциклопедиясы, İBN CÜREYC, İsmaіl Cerrahoğlu, ХІХ 405-бет.
ер. Ал, үмбетке сүннет пен фиқһ ілімін үйреткені үшін, имам Ағзамның жолын ұстану мұсылмандарға уәжіп», – деген.201 Әбу Ғубайд (770-839)202 имам аш-Шафиғидың: «Кімде-кім фиқһ ілімін үйренгісі келсе, имам Ағзам мен оның шәкірттерінің соңынан ерсін. Өйткені, басқа адамдардың барлығы фиқһ (ислам құқығы) саласында Әбу Ханифаның бала-шағасы тәрізді», дегенін өз аузынан естіген. Имам аш-Шафиғи «Имам Мұхаммедтен алған іліміне сүйене отырып, бір түйеге жүк боларлық кітап жаздым» деп бекер айтпаса керек. Омар ибн Хаммад имам Ағзамның шәкірті Әбу Юсуфтың былай дегенін естіген: «Мен үшін Әбу Ханифа мен Ибн Әбу Ләйланың ғылыми мәжілісіне қатысуға құштарлығым соншалық, маған осыдан асқан ұнамды нәрсе жоқ еді. Әбу Ханифаға жететін фақиһты, Ибн Әбу Ләйлаға тең келердей қазы көрмедім». Аты ислам әлеміне танымал Абдулла ибн Мүбарак: «Алла Тағала мені Әбу Ханифа мен Суфян әс-Сәуридің ілімдері арқылы жарылқамағанда, мен көптің қатарында қала берер едім», – деген.204 Хатиб әл-Бағдадидың дерегі бойныша, Исраил ибн Юнус былай дейді: «Әбу Ханифа өте кемелді кісі. Оның сақтау қабілеті өте жоғары. Фиқһқа байланысты хадистерді түгел жаттаған. Әрі ол хадистерден үкім шығарудың тәсілін ешқандай кемшіліксіз, жоғары деңгейде жүйелеген де сол болатын», – деген205. Ханафи мәзһабының негізі қандай? Әйгілі ғалымдар Әбу Ханифа мен оның шәркірттерін «рай және қиясты жақтаушылар» деп атағанымен, «өз көзқарастарын пайғамбарымыздың сүннеті мен сахабалардың сөздерінен жоғары қояды» деген мақсатта айтпаған. Егер бұлай дейтін болса, жала жапқан болады. Имам Ағзам мен оның шәкірттері ондайға бармайды. Әбу Ханифаның өзінен көптеген риуаяттар арқылы жеткен деректерге сүйенсек, ол Құран аяттарынан таба алмаған үкімдерді сүннеттен, сүннеттен табылмағанын сахабалардың сөзінен іздейтін. Егер бір мәселеде сахабалардың көзқарастары әртүрлі болса, Құран мен сүннетке ең жақынын алатын. Ал, ол мәселе туралы сахабалардың сөзінен үкімін таппаса, табиғиндардың бірінің пікіріне қосыла кетпей, олар секілді ижтиһад жасайтын. Фудайл ибн Ғияз (Алла рақымына бөлесін) былай дейді: «Имам Ағзам Әбу Ханифа қандайда бір мәсел де сахих хадис болса сонымен амал ететін. Сахабалар мен табиғиндардан нақты бір дерек келмейінше бұған қарсы келмейтін. Осыдан кейін қиясқа сүйенетін. Бірақ, қияс жасау тәсілін өте жақсы білетін». Имам Ағзам бір сөзінде былай деген: «Кейбіреулер бізді «өз көзқарасымен пәтуа береді» дейтін көрінеді. Мен бұған таңданамын. Бір мәселенің үкіміне байланысты аят-хадис (әсар) бола тұра мен қалай өз сөзіммен пәтуа бере алам?! Құран мен сүннетке, сахабалардың көпшілігінің құптауына өз ойымен қарсы келуге ешкінің де қақысы жоқ. Ал, сахабалардың сөзі әртүрлі болған жағдайда ғана ижтиһад жасап, кітап пен сүннетке қайсысы жақын болса соны таңдап аламыз. Кейде сахабалар арасында үкімі айтылған нәрселермен салыстырамыз. Ижтиһад жасай алатын ғалымдардың әуел бастан ұстанымы осылай». 201 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 43-бет. 202 Қасым ибн Сәлләм әл-Хауарири. Әйгілі фақиһ, хадистанушы әрі тәпсірші ғалым. 203 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 90-бет. 204 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 122-бет. 205 Мауаһиб ар-рахман, 255-бет.
Имам Шафиғидың жақын досы имам Музани (қайт.264һ/878ж) имам Шафиғидың үнемі: «Барлық фақиһтар қияс жасауда Әбу Ханифаның бала-шағасы іспеттес болып қалады», – дейтінін айтады. Ханафи мәзһабындағы қиясқа деген шеберлік пен сақтыққа байланысты имам Музани әрдайым ханафи ғалымдары жазған кітаптарды оқып, терең зерттейтін. Сол себепті, бұрын шафиғи мәзһабында болған оның жиені Әбу Жағфар ат-Тахауи кейін ханафи мәзһабын таңдаған. Мұхаддитер арасында Ибн Хайи деген лақаппен танылған Хасан ибн Салих имам Ағзамды былай еске алады: «Әбу Ханифа аят-хадистердің насх және мансухтарын өте мұқияттылықпен қарайтын. Куфалықтардың риуаят еткен хадистерінің барлығын тізбектерімен жатқа білетін. Амал-құлшылықтардың сәләф ас-салих кезеңіндегі адамдардың өмір сүруіне сай болуына аса көңіл бөлетін. Бір күні Әбу Ханифа бір мәселенің үкіміне байланысты қиясты біреуге түсіндіріп жатыр еді, екінші біреу: «Осы қияс дегенді тастау керек қой, себебі, ең алғаш қиясқа жүгінуді бастаған қарғыс атқыр Ібіліс емес пе?» – деген еді. Әбу Ханифа ашуланып: «Өй, надан! Ібіліс қияс жасап Алланың әміріне қарсы шығып, кәпір болды. Ал, біз қияс арқылы Алланың әміріне бойсұнуға талпынудамыз. Осыны да парықтамайсың ба? Шешімі табылмаған мәселеде Алланың кітабы Құранға, пайғамбар сүннетіне және дін ғұламаларының сөздеріне сүйене отырып шешуге тырысудамыз. Біздің Алланың әміріне бойсұнуға деген осындай еңбектенуімізді Ібілістің әрекетімен салыстырп қияс жасауды қандай ар-намыс көтереді?» – деп зекіп тастаған болатын. Әлгі адам осыны естігенде: «Жаздым, жаңылдым. Айтқандарым үшін тәубеме келіп, Алладан кешірім тілеймін. Менің көңілімдегі күдікті сейілтіп, көкірек көзімді ашқаныңыз үшін рахмет. Алла сіздің жүрегіңідің нұрын арттырсын», – ризашылығын білдірген еді»206. Әбу Ханифаның кезеңінде өмір сүрген ғалым Ибн Әбу ихақ Иса ибн Юнус асСабби: «Әбу Ханифа туралы жаман ойлайтындардың сөзін құптаушы болмаңдар. Аллаға ант етейін мен Әбу Ханифадан асқан шарапатты әрі фақиһ адамды көрген емеспін», – деген207. Имам Ағзамның басқа имам дардан ерекшеліктері Ол сахабалармен жүздесіп, пайғамбарымыздың «Мені көргендер мен мені көргендерді көргендер және оларды көргендер қандай бақытты» деген сүйіншілі сөзі арналған бақытты жандардың қатарында. Ол «Ғасырлардың ең қайырлысы – менің ғасырым. Одан кейінгі қайырлысы менен кейінгілердің ғасыры» деген хадисте айтылған мақтаулы шақта дүниеге келген. Ол – алдыңғы қатардағы ғұлама табиғиндердің кезінде ижтиһад жасап, пәтуа берумен айналысқан. Бір риуаятта әйгілі хадис ғалымы Ағмаш қажылыққа барарда Әбу Ханифаға адам жіберіп, қажылық рәсімдерін жазып беруді өтінген. Әрі басқаларға: «Қажылыққа байланысты үкімдерді Әбу Ханифадан үйреніңдер. Себебі, парыздар мен нәпілдерді одан артық білетін ешкім жоқ», – деген. Замандасы танымал ғалым Амр ибн Динар Әбу Ханифадан хадис риуаят еткен. Тарихта имам Ағзамның шәкірттеріндей шәкірт тәрбиелеген бірде-бір имам болмаған. Имам Уакиғтың жанында бір кісі әдептен аттап: «Әбу Ханифа пәлен мәселеде қателескен», – депті. Сонда Уакиғ әлгі адамның бұл әрекетін қатты сөгіп: «Мұндай сөзді айтқандарға «күдіксіз олар » дегеннен басқа сөз жоқ болар сірә», – деген екен. Ол ислам ілімдеріне де ерекше маңызға ие фиқһ және ақида ілімінің негізін 206 Мауаһиб ар-Рахман, 141-143-беттер. 207 Мауаһиб ар-Рахман, 160-бет.
қалап, оның жинақталуына, қағаз бетіне түсіп, жүйеленуіне түрткі болған. Оған дейін жүйеленбеген сенім мен шариғатқа байланысты үкімдер ауыздан ауызға таралып келген. Осы қайраткерлігін ғалымдар Әбубәкір Сыддықтың(Алла разы болсын) Құранды жинақтауға бастамашы болуына ұқсатады. Оның мәзһабы дүниеге кең тарылғаны соншалық басқа мәзһабтар таралмаған шалғай аймақтарға жайылған. Пайғамбарымыздың сүйіншісіне қауышқан әйгілі Осман мемлекетінің сұлтандары да осы мәзһабты ұстанған208. Имам Ағзам үкім шығаруда қателесе ме? Имам ан-Нәсафи Ахмад ибн Мұхаммед әл-Бағдадидан жеткізген дерегінде былай делінген: «Яхия ибн Мұғиннан Әбу Ханифа туралы (кейбір жаңсақ көзқарастарға байланысты) сұраған едім. Ол маған: «Оның әділ әрі сенімді екендігін (сиқа) Абдулла ибн Мүбарак пен Уакиғ нақтылап айтып кетті емес пе? Осыдан кейін қалай күдіктенуге болады?!» – деген еді». Бұл деректі имам Әбу әл-Мағали Нажих ибн Ибраһимнен естігендігін айтады.209 Муаффақ әл-Мекки: «Әбу Ханифа мәзһабы тек өзінің көзқарасынан ғана тұрмайды, ол шура (кеңесу) негізінде құрылған», – деді210. Яғни, Әбу Ханифа мәзһабының негізгі қағидалары қарамағындағы шәкірттері әрі танымал ғалымдардың көзқарастарымен санасу арқылы қалыптасқан. Осыған орай, Зәхид әл-Кәусәрий «Әбу Ханифа өзінің мәзһабын (шәкірттерімен) ақылдасыпкеңесу арқылы қалыптастырған. Ол (діни мәселелерде) шәкірттерінің пікіріне құлақ аспай, өз білгенімен үкім шығарған емес. Бұл оның дінде ижтихад жасау және Аллаға, елшісіне және мүміндерге ерекше шынайылық таныту жолын ұстанғандығын білдіреді. Ол діндегі көптеген түйінді мәселелерді ортаға салып, шәкірттерінің пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын айтып, бір ай көлемінде немесе одан да көп уақыт бойы бір тұжырымға келгенше олармен ой бөлісетін еді. Соңында шәкірті Әбу Юсуф түйіні шешілген мәселені әдіснамаға енгізіп қоятын. Осылайша, ол әдіснаманы толық хатқа түсіреді. Әрине, бұл мәзһаб (жол, ұстаным) негізін бір ғана адам қалаған, соның ғана көзқарасына құрылған мәзһабқа қарағанда ақиқатқа ең жақын және көңілге қонымдысы»211 деген. Ибн Каррама былай деді: Бір күні Уакиғ ибн Жаррах әл-Куфидің жанында тұрған едік. Бір кісі келіп: «Әбу Ханифа қателесті» деді. Уакиғ оған: «Білмейтін адамдар ғана осылай дейді. Керек десеңіз, адасқан адамдардың айтатын сөзі бұл. Бұлай беталды сөйлеуіңе жол болсын! Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді фиқһ имам дары, хадис маманы Яхия ибн Әби Зайд, Хафс ибн Ғиас, Хиббан ибн Али мен Мундал, араб тілі ғалымдары Қасым ибн Мағын, тақуа Дәуіт әт-Таий, Фудайл ибн Иаз секілді әрбіреуі өз алдына бір төбе, шоқтығы биік ғұламалар қасында жүргенде ол қалайша қателеседі? Осындай достары бар адам қателесе ме? Егер ол қателессе, достары қатесін түзетер еді ғой?», – дейді212. Әрине, бұл имам Әбу Ханифа ешқашан қателеспейді деген сөз емес. Бірақ, кез келген мәселені осынша білгір ғалымдардың талқысына салып барып шешім шығарған, сахабалардың кезеңін «өкшелеген» уақытта өмір сүрген және Алланың дінінде зеректігі һәм парасаттылығымен танылған Әбу Ханифа секілді имам ның қателесу ықтималы басқаларға қарағанда қандай болатынын өзіңіздің де ішіңіз 208 Мауаһиб ар-Рахман, 144-153-бет. 209 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 91-бет. 210 З. Кәусәри, Хуснут-тақади, 12-б. 211 З. Куәсәри, Хуснут-тақади, 11-б. 212 Хайсами, Хайратул-хисан, 108-б.
сезіп отырған шығар. Жалпы, ақылдасу – Исламның бекіткен негізгі ережесі. Әбу Ханифаның кеңесуге басты мән беруі – шариғаттың өлшемдерінен қия баспаудан туындаған терең жауапкершілігінің айқын көрсеткіші. Ханафи мәзһабы деген атау қалай пайда болды? Әбу Ханифа сахабалар мен табиғиндер кезеңінде бай мәдени мұрасы бар әрі ой еркіндігі үстемдік құрған Ирак аймағында жаңалықтарды ұстаздары әрі етене араласқан ғалымдар арқылы тану мүмкіндігіне ие болды. Айналасындағы дәріс алқасындағы таңдаулы, зерек шәкірттері де өздерінен бұрын қалыптасқан мол мәдени мұраны қайта қарастырып, фиқһтық мәселелердің көбеюіне қарай оларды жүйелеген үлкен ғылым алқасын, яки, академиясын құрды. Әуел баста аталмыш аймақтағы фиқһ Ибраһим ән-Нәхәиден бастап (қ. 96/714) «Ирак фиқһы» деп аталды. Ғалымдардың арасында Ибраһим ән-Нәхәидың ықпалының күштілігіне байланысты оның фиқһының Нәхәидің фиқһынан ерекшелігі жоқ деушілер де кездеседі213. Десе де, Ибраһим ән-Нәхәидің фиқһын ұстазы Хаммадтан алумен қатар, тек онымен шектеліп қалмай, көптеген ғалымдардан ілім алып, зейінінің күштілігі мен үкім шығару қабілеті, шәкірттерінен құралған академиясы арқылы өзіндік жүйе дамытқан мүжтәхид ғалым екені күмәнсіз214. Ханафи фиқһының алғашында Мәдина мектебі секілді аты шықпаса да, бертін келе Әбу Ханифа кезеңінде жұлдызы жана бастады. Хижри ІІ ғасырда (8-ғ.) Ирак фиқһының ішінде Әбу Ханифа және шәкірттерімен қатар Осман әл-Батти, Ибн Шүбрүмә, Ибн Әбу Ләйлә секілді фиқһ ғалымдарының да көзқарастары бар еді. Осы кезеңде Иракта жинақталған фиқһтық тәжірибелердің бертін келе Әбу Ханифаның атымен байланыстырылып, «Ханафи мәзһабы» деп аталуы имам Ағзамның өз замандастары мен шәкірттері алдында білгір ұстаз ретінде көрініп, көзқарастары мен қолданған әдісінамасының салмақтылығына тікелей қатысты215. Оның қажыр-қайраты мен жетілдірген түлектерінің арқасында мектебі «Ханафи мәзһабы» деп аталып кетті216. Имам Ағзам дамытқан керемет әдістемесі, қыруар еңбегі мен ижтихады кез келген мәселенің түйінін тарқатып, соның нәтижесінде жинақтаған фиқһ мәліметтері арқылы мұсылмандардың ғибадаттары мен басқа да амалдарын Ислам рухына сай атқаруына мүмкіндік беретін сара жол салып кетті217 Әбу Ханифаға не үшін сын айтылды? Әбу Ханифаның Ислам фиқһына сіңірген қыруар еңбегіне қарамастан, имам көзі тірісінде де, дүниеден озғаннан кейін де осыған қатысты дау-дамайдан құтылмаған. Осылайша, бұл дау ғұлама дүние салғаннан кейін де толастамады. 213 Ш. У. әд-Дәхләуи, Хужжәтул-лаһил-бәлиға, Мысыр, һ. 1332, 1-т., 534-б., 214 Әбу Зәхра, Әбу Ханифа, 198-202-б. 215 А. Бардакоглы, // Ханефи мезхеби, Ислам Ансиклопедиси, ТДУ, 16-т., 1-б. 216 Бұхара мен Самарқанд аймағында ІІІ/ІХ ғасырда Ирак фиқһының ханафи фиқһына ауысуында әуелі Әбу Ханифаның жеке басының қасиеттері мен Мұхаммед ибн Хасан әш-Шайбанидің 6 еңбегі маңызды рөл ойнады. Қараңыз: А.Муминов. «Роль и место ханафитских улама в жизни городов Центрального Мавараннахра (V-VІІ/VІІІ-XІІІ вв.)», Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук, Ташкент-2003, 20-б. 217 А. Әділбаев, Әбу Ханифаның Ислам құқығы (фиқһ) саласындағы орны // Қазақстандық халықаралық құқық журналы, № 1 (41), Алматы, 2001, 3-9-б.
Сол пікірлердің кейбір сарқыншақтарының әлі күнге дейін сақталуы өкініштіақ. Осындай ірі тұлға имам Ағзамға жабылған жалалардың негізгі себептеріне қысқаша ғана тоқтала кетейік. Әбу Ханифаның өзгешелігінің бірі – қияс тәсілін жиі қолдануда. Оның себебі, жоғарыда атап өткендей, ол Хижаздан мүлде бөлек, әрдайым түрлі толқулар орын алған орта мен дәуірде өмір сүрді. Фиқһтық мәселелерді әр түрлі қырынан алып талқылағандықтан, сол кезде орын алған жағдайлармен қатар болашақта орын алуы мүмкін деген ахуалды да қарастырып, ижтихад жасаған. Әрине, бұл әхлулхадистің ұстанған әдісінен өзгеше еді. Оның қиясты жиі қолданғаны ақиқат. Бірақ, осы әрекетіне бола оны сынға алудың ешқандай да жөні жоқ. Өйткені, сахабалар кезеңінің өзінен бастап-ақ, мұсылман ғалымдары осы әдісті қолданғаны мәлім. Ал имам Ағзамның ерекшелігі – қиясты белгілі бір жүйеге салып, реттей отырып, туындауы мүмкін-ау деген мәселелерге жауап табуда қолданғанында еді. Өйткені, Ирак аймағының өмір шарттары қандай да бір мәселе туындаған жағдайда үнсіз қалуды емес, сол мәселенің шешімін шариғат өлшемдеріне сәйкестендіре отырып, мұсылмандарға жол көрсетуді талап етті. Оны «Аят-хадис тұрғанда қиясты таңдады және ахад хадистерді дәлелге санамады» деп сынаудың ешқандай да ғылыми негізі жоқ218. Әлі орын алмаған мәселелерді қозғау кейбір білімді кісілерге аса ұнай қоймады. Олар мұндай тәсілге «Босқа уақыт жоғалту», «Пайдасыз істермен халықтың миын ашыту» деп қарады. Мәселен, Зәйд ибн Сәбиттен қандай бір мәселе жайында сұрала қалса «Бұл болған жағдай ма?» деп сұрайтын еді. «Әзірге бола қойған жоқ» десе, ол: «Болмайынша оның жауабын іздеп, әлекке түспеңдер» деп жауапсыз қалдырғанды жөн көретін. Ал мүжтәхид имам саналған Әбу Ханифа бұлай ойламайтын. Халыққа дұрыс бағыт сілтеп, жол көрсету үшін болашақта туындауы мүмкін деген мәселелердің шешімін табуға тырысқан219. Орайы келгенде мына бір оқиғаны айта кетейік. Қатада Куфа қаласына келген кезде Әбу Ханифа оған мынадай сауал қояды: «Уа, Қатада! Егер бір кісі бірнеше жыл қарасын көрсетпей кетті делік. Әйелі оны өлдіге санап, басқа біреуге тұрмысқа шығады. Сол сәтте алғашқы күйеуі қайтып оралып, өзінің қалың малын талап етеді. Мұның үкімі қандай?» деп сұрағанда, Қатада: «Бұл өмірде болды ма өзі?» деп өзіне қайыра сауал қояды. Әбу Ханифа: «Жоқ» деп жауап берді. Қатада: «Сен неге әлі болмаған мәселелерді қозғайсың?» деді. Сонда көреген Әбу Ханифа: «Басымызға қиындық келмей тұрып, қамдануымыз қажет. Осындай жағдай орын ала қалған кезде, одан шығудың жолын да білетін боламыз» деп жауап қайтарады220. Әбу Ханифа қалай үкім шығаратын еді? Әбу Ханифа өзінің үкім шығарудағы ұстанымына қатысты «Мен алдымен Алланың кітабындағы үкімді аламын. Одан таппасам, пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүннетінен іздеймін. Егер бұл екеуінен де таппасам, сахабалардың сөздеріне үңілемін. Сахабалардың сөздерінен таңдағанымды аламын. Сондай-ақ, Ибраһим ән-Нәхәи, Шағби, Ибн Сирин, Хасан Басри, Ата, 218 әз-Зәбиди, Уқудул-жәуәхирил-мунифә фи әдилләти мәзһаби имам Әби Ханифа, Стамбул, һ. 1309, 1-т., 45-б. Әбу Ханифаның ахад хабарларды қабылдау шарттарына келесі тарауда кеңірек тоқталдық. Қараңыз: 263-б. 219 Бағдади, Тарих ,13-т., 348-б. 220 Бағдади, Тарих, 13-т., 348-б.; М. әс-Сыбаи, әс-Сүннету уа маканатуһа фи ташриғил исламиати, 440-б.
Сайд ибн Мусайяб секілді мүжтәхидтер қалай ижтихад жасаған болса, мен де тап солай ижтихад жасаймын»221 дегені көпшілікке мәлім. Әбу Ханифаның бұл сөздерінен алдымен Құран мен сүннетке жүгінгенін, егер іздеген жауабын бұл екеуінен таппаса, сахабалардың көзқарастарынан (фиқһта негіз ретінде белгілеген шартына сай) таңдап алғанын, ал егер бұлардан да таппаса, кейінгі ғалымдардың көзқарастары мен өзінің әдіс-тәсілімен салыстыра отырып, ижтихад жасағанын ұғамыз. Ижтихад жасауының негізсіз еместігін мына дәлелден көреміз. әлБағауидің Мұғаз ибн Жәбалдан риуаят еткен хадисінде: пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мұғазды Йеменге аттандырған уақытта былай деген: – Егер қандай да бір мәселенің шешімі жайлы сұраса, қалай үкім шығарасың? Мұғаз (р.а.): – Алланың кітабына сүйене отырып, – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Егер Құраннан таба алмасаң ше? – Алланың елшісінің сүннетінен іздеймін. – Сүннеттен таппасаң ше? – Өз көзқарасыммен ижтихад жасаймын, кешіктірмеймін (Яғни, аятхадисте белгілі үкім кездеспесе, қол қусырып отырмай мәселені өз бетімше шешуге тырысамын), деді. Сонда РасулАлла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мұғаздың (р.а) арқасынан қағып: – «Алланың пайғамбарының елшісіне, Алла пен расулының көңілінен шығатын жауапқа (іске) қол жеткізуді нәсіп еткен Аллаға мадақ!»222 – деді. Олай болса, ижтихад жасауға, ижтихад деңгейінде білімі бар адамға рұқсат берілгендігін түсінеміз. Шындығында, Әбу Ханифаның әдіснамасын зерттеген кезде осы мәселелерге ерекше мән бергені анық байқалады. Жоғарыда айтылғандай, бірінші имам Ағзам кітап, сүннеттен дәлел іздейтін. Егер бұл екеуінен таппаса, сахабалар ижма жасаған ба, соған қарайтын. Бұл турасында Мекки: «Әбу Ханифа насих пен мансух223 болған оқиғаларды егжейтегжейлі қарастырған. Қандай да бір хадистің пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп жеткендігі растала қалса, сонымен амал қылатын. Куфалықтардың риуаят еткен хадистерін жақсы білетін. Көпшілік ғалымдардың бірауыздан келіскен пікірін құптайтын»224 – деп, көпшілік ғалымдардың тоқтамына да келісетіндігін айтқан. Әбу Ханифа сенімді ой-пікірді таңдап, күмәнділерінен бойын аулақ ұстайтын. Амалдардың дұрыс және пайдалы болуына мән беретін. Мәселелерді қияспен өлшейтін, егер қиясқа сай келмесе, истихсанға жүгінетін. Егер истихсанға сай келмесе, ғұрыпқа (мұсылмандардың амалдарына) қарап, соған сай шешім қабылдайтын. Сәһіл: «Әбу Ханифаның дәлелі де, көпшіліктің дәлелі де осы» деген225. Міне, қысқаша Әбу Ханифаның фиқһтағы әдіснамасы: 1.Кітап, 2. Сүннет, 3. Сахабалардың сөздері, 4. Ижма, 5. Қияс, 6. Истихсан, 7. Әдет-ғұрып секілді қағидаларға негізделеді. 221 Бағдади, Тарих, 13-т., 368-б. 222 Әбу Дәуіт, Ақдия, 11; Тирмизи, Ахкам, 3; Ибн Мажә, Мәнәсик, 38 223 Насих – үкім жойушы, мансух – үкімі жойылған. 224 Мекки, Манақиб, 89-б. 225 Бұл да сонда, 82-б.
Имам Ағзамның өміріндегі Құранның орны Имам Ағзам Әбу Ханифа жастайынан Құран кәрімді жатқа білген. Құран кәрімге деген ықыласы терең болған. Оның өмірбаяны жайлы жазылған кітаптарда өмірінде 7000 мәрте Құранды аударып хатым еткендігі жазылады226. Ахмет Ибн Юнус былай естігендігін айтады: «Әбу Ханифамен бірге оның мешітінде құптан намазын оқыдым. Жамағат тарқады. Ол мешіттің ішінде қалғанымды байқамады. Ел тарады-ау деген уақытта мен оған өзімді толғандырған сауалымды қоймақ болып оқталып едім, Әбу Ханифа намаз оқи бастады. «Алла бізге жақсылық жасап, жалындаған тозақ отынан сақтады»227 аятына дейін оқыды. Мен намазын тәмамдайтын шығар деп ойлаған едім. Бірақ, ол бұл аятты қайта-қайта оқыды. Осылайша, таңғы намаздың уақыты кіріп, азан шақырылғанша намазда тұрды»228, – дейді. Харижа ибн Мұсғаб Құранды бір рәкәтта толығымен оқып бітетін төрт имам бар, олар: Осман ибн Аффан, Тәмим әд-Дари, Саид ибн Жубәйр және имам Ағзам Әбу Ханифа ...»229 деген. Имам Әбу Юсуфтың айтуы бойынша имам Ағзам Әбу Ханифа жалғыз ұлы Хаммад алғаш Құран үйреніп, «Фатиха» сүресін жаттағанда оның ұстазына бес жүз мың дирһам жібереді. Ұстазы: «Мұншалықты көп ақша жіберетіндей қызмет көрсеткен жоқ едім ғой», – дегенде, имам Ағзам: «Ұлыма үйреткен Құранды аз нәрсе деп ойлайсыз ба? Қазірше жанымда бары осы болды. Әйтпесе, Құран Кәрімнің құрметіне бұдан да көп берер едім», – деген екен.230 Міне, сондықтан болар Әбу Ханифа өз сөзінде: «Шариғаттың негізі – Құран мен сүннет. Бұл екеуінен ауытқуға болмайды», – деген231.
Үкім шығаруда сахабалардың сөзі мен ісіне көбірек жүгінетін Фиқһ ғалымдарының анықтамасы бойынша сахаба – пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көзін көрген, оған иман келтірген және онымен көп уақыт бірге болған достарына берілетін атау232. Осы анықтамаға орай әділетті төрт халифа, пайғамбарымыздың жұбайлары, Әбу Хұрайра, Абдуллаһ ибн Мәсғұд, Абдуллаһ ибн Аббас, Зәйд ибн Сәбит секілді Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) иман келтіріп, онымен ұзақ уақыт бірге болған, іс-қимылдарын, ғибратты ғұмырына куә болған, сөздерін көкейлеріне тоқып, ізгі қасиеттерін бойларына сіңірген мұндай адамдар сахаба233 деп аталады. Сахабалар – пайғамбарымыздың көзін көрген, оған ең жақын адамдар. 226 әз-Зәхәби, Манақиб, 24-б. 227 «Тур» сүресі, 27-аят 228 Сәймиари, Ахбару Әби Ханифа уә асхабиһи, 43 б 229 Сәймиари, Ахбару Әби Ханифа уә асхабиһи, 43-б.; әз-Зәхәби, Манақиб, 23-б. 230 Мауаһиб ар-Рахман 182-бет. 231 Әбу Захра, Әбу Ханифа 266-б. 232 Хадис мамандарының анықтамасы бойынша, олардың пайғамбарымызбен ұзақ уақыт бірге болуы шарт емес. Пайғамбарымызды бір рет көріп, оған иман келтірген кісілерді сахаба деп атаған. Кейбір фиқһ ғалымдары да осы көзқарасты қолдағанымен, көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша мұндай кісі сахаба болып саналмайды. Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі, 53-60-б. 233 Араб тіліндегі жекеше түрі сахаби, көпше түрі сахаба. Тілімізде сахаба деу әдетке айналғандықтан жекеше түрдегі сахаби сөзінің орнына көпше түр формасындағы сахаба сөзін жекеше түрді білдіру мақсатында алдық.
Олар – пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге болып, уахидің түскеніне куәлік етіп, шариғаттың негізгі мақсаттарын ең жақсы түсінгендер. Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадисінен кейін ең сенімді сөздер соларға тән. Олардың қияспен амал еткен қандай да бір көзқарасы біздің тереңнен толғап, алыстан сермеген ойымыздан артық. Өйткені, сахабалар – Ислам фиқһын кеңінен таратқан ең алғашқы ұстаздар. Олар – жер әлемге Ислам нұрын шашқан жұлдыздар шоғыры. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабалар жайында: «Сахабаларым аспандағы жол көрсететін жұлдыздар іспетті. Олардың қайсыбіріне ілессеңдер, хақ жолын табасыңдар»234 – деп, олардың тура жолда болатындықтарын қадап айтып кеткен. Және басқа бір хадисінде «Ғасырлардың ең жақсысы – менің ғасырым» деп өз ғасырында өмір сүрген иманды сахабалардың дәрежесінің жоғары екендігін білідірген. Құран аятында Алла Тағала «Мұһажирлер мен ансарлардан алғашқы иман келтіргендерге және жақсылықта оларға ергендерден Алла разы болды»235 деген. Алла Тағала мұһажирлер мен ансарларды және оларға ергендерді мақтап, мадақтауда. Сахабалар жайында имам Шафиғи бір сөзінде: «Олар ілімде, тақуалықта, ижтихадта, ақылда және барлық жағынан дәрежелері жоғары. Олардың көзқарастары біздің көзқарастарымыздан абзал»236, – деген. Имам Әбу Ханифаның сахабалар көзқарастарын алып, солардың айтқан өлшемдерінің шеңберінен шықпай жүруі, оларға сеніп, құрмет етуі үкімдерінің тек қана өз ойынан шықпағандығын көрсетеді. Имам Ағзам Әбу Ханифа діни үкім шығаруға қатысты өз сөзінде: «Мен ең әуелі Алланың кітабымен, сосын пайғамбарымыздың сүннетімен амал етемін. Одан кейін әуелі сахабалардың келіспеген тоқтамдарынан бұрын бірауыздан келісімін берген байламдарына үңілемін. Содан кейін барып қана қияс жасаймын»237 деген Әбу Ханифа осы дәстүрден ауытқымаған, дәлелдерге ерекше мән берген, діни мәселелерге үлкен жауапкершілікпен қараған мүжтәхид болатын. Осылайша, Әбу Ханифа сахабалардың сөздерін дәлел деп тапқан. Әрине, сахабалардың бәрінің дәрежесі бірдей емес еді. Олардың арасында дінді терең меңгеріп, үкім шығаруда ерекше қабілеттерімен танылғандары да бар еді. Осыған орай, фиқһ ғалымдары сахабалардан келіп жеткен пәтуалардың Құран, сүннет, ижма мен қияс секілді діни үкімнің негізі саналып-саналмайтындығына қатысты түрлі пікір білдірген. Жалпы, рай және ижтихад жасау арқылы анықтауға келмейтін мәселелерде оның дәлелге саналып, онымен амал ету қажеттігіне барлық ғалымдар келіскен238. Үмбеттің ортақ шешімін жоғары бағалайтын Әбу Ханифа өзінің фиқһ әдіснамасында қандай да бір мәселе жайында сахабалар бірауыздан келіскен нақты бір ойы бар болатын болса, олардың сол ойын дәлел ретінде алатын. Ал қандай да бір мәселеге байланысты сахабалар түрлі көзқарас білдірсе, ижтихад жолымен терең ізденіп, қиясқа сай келетінін таңдап алатын. Сондықтан, сахабалардың ижмасы нақты дәлел, яғни, мутауатир хадис деңгейінде саналған. Осыған қатысты Мекки өзінің «Манақиб» атты 234 Мүнәуи, Фәйзул-Қадир, 4/76 235 «Тауба» сүресі, 100-аят 236 Ибн Қайим, Иламул мауаққиғин, 2-т.,143-б. 237 Бағдади, Тарих, 13-т., 368-б. 238 З. Шағбан, Усуслул-фиқһ, 184-185-б.
кітабында: «Қандай да бір елді-мекеннің тұрғындары өздерін толғандырған мәселеге қатысты бір тоқтамға келіп, бірауыздан келіссе, Әбу Ханифа соған ден қоятын»239 деп, Әбу Ханифаның ижмаға бойсұнатындығын айтқан. Сәхіл ибн Музаһим да Әбу Ханифа жайында: «Әбу Ханифа сенімді риуаятшылардың сөздерін алып, сенімсіздерінен бас тартатын. Халықтың қарым-қатынасын саралап, тура жолда жүріп, туралықта біріккендердің істерін қабылдайтын»240, – деген. Осы айтылғандар Әбу Ханифаның нас (Құран мен хадис) кездеспейтін мәселелерде көпшіліктің бірауыздан келіскен ижмасын негізге алатындығына дәлел.
Қиясты өте шебер қолдана білген Фиқһ әдіснамасында қияс – Құран аяттары мен хадистерде және ижмада ашық үкімі жоқ қандай да бір қалыптасқан ахуалды Құран мен хадисте сөз болған қандай бір жағдаймен салыстыра отырып, ұқсастығына қарай шешім шығару241. Қияс нақты бір негізге сүйенгенде ғана дұрыс саналады242. Алдыңғы бөлімде де айтып өткеніміздей, имам Ағзам қандай да бір мәселе шыға қалса, оның жауабын әуелі Құран мен сүннеттен және сахабалардың сөздерінен іздейтін, егер олардан дәлел таппаса, сонда барып ижтихад жасайтын. Мәселенің жай-жапсарын жан-жақты зерттеп, кейде қияс жасайтын, кейде истихсанға жүгінетін. Халықтың игілігін көздеп, «Дінде ауыртпашылық жоқ» деген қағидаға ерекше мән беретін. Қияс жасаған кезде халықтың мәмілесіне, әдет-ғұрпына сәйкес келмесе, истихсанмен амал етуге пәтуа беретін. Қиясқа жүгінсе де истихсанға барса да, адамдарға қиындық тудырмау жағына айрықша ден қоятын. Әбу Ханифа қиястағы тапқырлығымен көпшілікке танымал болған. Имам Ағзам аят-хадистерді терең талдай білгендіктен, замана талабына қарай Құран мен сүннет және ижмадан дәлелі табылмаған жағдайлар жиі орын алғандықтан, осыған қатысты мәселелерде қияс амалын қолдануға мәжбүр болған. Өйткені, Ислам діні – ең соңғы дін, Құран – соңғы кітап, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) –соңғы елші, бұдан былай ақыр заманға дейін басқа дін келмейді. Сондықтан, Ислам діні тек бір-екі ғасырда орын алған күрделі ахуалдардың шешімін ғана емес, келешекте туындауы мүмкін-ау деген барлық мәселенің шешімін қамтитын қайнар көз болуы қажет. Ал адам баласы өмір болған соң, мүлдем беймәлім жағдайлармен бетпе-бет келіп жатады. Олардың жауабын беретін, үкімін айтатын бір қайнар көздің болуы сөзсіз қажеттілік. Ал бұрын-соңды кездеспеген, кездескен күннің өзінде ұмыт қалған әрбір жағдайдан шығудың жолын табу үшін Құран мен хадистердің мағыналарын толық менгеріп, олардың ішіндегі үкімдердің қандай мақсатпен айтылғандығын біліп, соны бас қылтитқан мәселелермен салыстыра отырып, жауабын табатын қағида – қияс. Имам Ағзам осы қиясты да өте шебер қолдана білген. Ол құқық нормалары мен өмір шындығын өзара сабақтастыра білді Мүжтәхидтің қандай да бір мәселеге қатысты, осыған ұқсас екінші бір мәселеге үкім берерде Құран, хадис, ижма, зәрулік, жасырын қияс, әдет-ғұрып секілді дәлелдерге сүйеніп, алғашқы үкімді тастап, одан күштірек екінші бір 239 Мекки, Манақиб, 1-т., 89-б. 240 Бұл да сонда, 1-т., 82-б. 241 З. Шағбан, Усулул-фиқһ, 126-б. 242 Х. Караман, Ислам хукукында ижтихад, 18-б.
үкімді алуын айтады243. Мысалы, әлдебір діни мәселе жалпылықты білдіретін аят-хадистердің бірінің немесе фиқһта, яки, кейбір мәзһабтарда қалыптасқан негізгі қағиданың аясына кіреді. Бірақ, осы мәселеге қатысты жалпылама мәнмағынаны қамтитын насс пен өздері бекіткен негізгі қағидаға қайшы үкім беруді қажет еткен насс, ижма, зәрулік, әдет-ғұрып, маслахат (елдің игілігі) сияқты дәлелдер табылған жағдайда мүжтәхид ғалымның осы секілді мәселелерде әрдайым шешуші күші басым үкімінен бас тартып, жекелеген жағдайға қарай үкім беруі осы истихсанға жатады244. Хижра жыл санауы бойынша ІІ ғасырдан бастап, истихсан мұсылман құқығында арнайы әдіс ретінде қолданыла бастаған болатын. Зерттеушілердің көбісі фиқһта ең алғаш осы истихсан терминін Әбу Ханифа қолданғандығын айтады245. Имам Ағзам истихсанды өте тиімді қолдана білген. Бұл жайында имам Мұхаммед Әбу Ханифаның истихсан тәсілін қолдануда асқан сұңғылалық танытқанын былай жеткізеді: «Онымен бірге қияспен шешілетін мәселелерді талқылайтынбыз. Ақиқатқа жету үшін имам Әбу Ханифаға шәкірттері тарапынан түрлі дәлелдер ұсынылатын. Бірақ, Әбу Ханифа «Мен истихсан жасадым» деген уақытта ешкім онымен тартыса алмайтын, әрқайсысы өздерінің ұстанған дәлелдерін, көзқарастарын тастап, оның көзқарасымен келісетін»246. Бұдан біз оның қиястан кейін истихсанды қолданғандығын көреміз. Тіпті, истихсан тәсілін қабылдағысы келмеген, оған қарсы шыққан имам Шафиғидің (һ. 204) өзі: «Былайғы ғалымдар қияс пен истихсан мәселесіне келгенде Әбу Ханифаның қасында әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған сарыауыз балапан секілді»247 деп, оның бұл мәселеде алдына жан салмаған ғұламалығын мойындаған болатын. Мұнымен қоса, қандай да бір мәселені шешуде адамның басты тірегі – білім болғандықтан, имам Мәлік: «Истихсан – білімнің оннан тоғызы»248 деген екен. Олай болса, истихсан – адам өмірін қиындатпау үшін жасалатын ижтихад. Истихсанға қиястың сай болуы да шарт емес. Жабайы құстарға қарағанда үй құстарын ұдайы қадағалап, бақылап отыру қиын. Ауызсуды бірде болмаса бірде ластап кету қаупін ескерген ғалымдар истихсан ережесіне сүйенген. Әбу Захра имам Ағзамның истихсанды қалай қолданғаны жөнінде: «Әбу Ханифа дәлелдер бір-біріне қайшы келген жағдайларда аса сақ әрекет ететін. Ол бір мәселені шешуде қиясқа әрі қалың жұртшылықтың әдет-ғұрпына қайшы келген үкімді алмайтын. Хадис бар кезде қиясқа жүгірмейтін. Өз еліндегі ғұламалардың бірауыздан келіскен тоқтамдарына ден қоятын. Мұндай дәлел тұрған кезде де қиясты негізге алмайтын. Міне, осы әдісті ханафи ғалымдары истихсан деп атады», – дейді249. Қорыта келе мынаны айтуға болады. Кейбір ғалымдар Әбу Ханифаның құқықтық мәселелерді шешу барысында истихсан әдісін шебер пайдаланғандығын, бұл тәсілде ешкімнің онымен бақ таластыра алмағандығын айтқан болатын250. Осы 243 З. Шағбан, 181-б. 244 Х. Дөндүрен, Делиллерииле Ислам илмихали, «Әркам» баспасы, Стамбул, 1991, 34-б. 245 А. Баккал, «Ебу Ханифенин истихсан анлайышы», имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 1-т., 273-б. 246 Саймари, Ахбар, 12-б ; Мекки, Манақиб, 1-т., 81-82-б. 247 Саймари, Ахбар, 112-б 248 Ю. Қардауи, Мадхал лидирасатил шариғатил исламииати, 155-б. 249 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 302-б. 250 Саймиәри, Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи, 11-12-б
қасиетіне байланысты талай фақиһ оны қолдап пікір білдірсе, кейбір ғалымдар басқаша сөйлеп, ол туралы теріс көзқарас білдірген. Осыған орай, «Кәшфуләсрар» кітабының авторы «..Истихсанды дұрыс түсінбегендер оны қаралап, ілімін түкке алғысыз етіп сынады. Негізінен, аса қадірлі, діндар, тақуа Әбу Ханифа секілді ғалым аузынан шыққан әрбір сөзін дәлел-дәйексіз сөйлемеген. Шариғи тұрғыдан дәлелі жоқ мәселеде истихсан жасап, онымен амал етуден ол мейлінше аулақ...»251 дейді. Ислам құқығының динамизмін сақтайтын әдіснаманың бірі – осы истихсан. Жалпы, «Истихсан» – құқық нормалары мен өмір шындығын өзара сабақтастыра талдайтын айрықша әдіс. Егер діннің шарттарына сай келетін қатарынан бір емес, бірнеше үкімнің орындалу мүмкіндігі болса, сол үкімдердің ішіндегісінің қайсысы діни шарттың талаптарына мейлінше толық жауап берсе, соны таңдауды білдіреді252. Әбу Ханифаның пәтуа берудегі сақтығы Имам Мәлік, Иахия ибн Сайд, Ибн Аббастан «Шындығында, барлық сұралған мәселелерге оңды-солды пәтуа бере берген адам – есінен адасқан адам» деген253 және бұл жайында Сахнун ибн Сайд: «Пәтуа беруден қорықпаған адамның әдетте көзқарасы шектеулі, білімі таяз келеді» деген және басқа бір риуаятта «Пәтуа беруден өзін тыйған адам ой-өрісі кең, білімді адам» дейді254. Кез-келген сауалдың жауабын нақты білу қажет. Жауабы шариғатта бола тұра оны ескермей, өз ойымен пәтуа беру – фиқһ қағидасына қайшы. Пайда болған тығырықтан шығудың жолы шариғатта бар болса, соның негізінде жауап береді, ал егер шариғаттан шешімі табылмаса, пәтуа беру үшін мүжтәхид дәрежесіндегі ғалым болуы тиіс. Бір мәселенің төңірегінде түрлі пікір айтылса, оның ең дұрыс дегенін айту да мүжтәхидтің ісі. Бұл жайында Сахнун ибн Сайд: «Мен қандай да бір мәселе төңірегінде 80 білімді кісінің 80 пәтуасын жадыма тоқыдым. Олай болса, мен олардың арасынан ең абзалын таңдап алмай тұрып, қалайша бірден үкім беруге асығамын» деп қойылған сауалға тыңғылықты жауап беру үшін аталмыш мәселе жайында айтылған ғұламалардың пікірлерін алдымен зерделеп алатын. Содан кейін ғана солардың айтқандарының ең абзалына тоқтап, жауап беру керектігін түсіндірген255. Әбу Ханифаға қандай да бір сауал қойыла қалса, білгенін айтатын, не болмаса сол бір сауал үшін түнімен кірпік ілмей көз майын тауысып, Құранды бастан-аяқ сүзіп шығатын, яғни, оның жауабын Құраннан іздейтін. Ал егер Құраннан таба алмаған жағдайда сүннеттен, іздегенін одан кезіктіре алмаса, сахабалардың сөздері мен істеріне үңілетін. Олай болса, жүрегі иманға толы ғалым ешқашан «Мынау − халал, ал мынау − харам» деп кесіп-пішіп өз ойынан пәтуа айтпасы анық. 251 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 307-б. 252 А. Баккал, 1-т., 303-б. 253 Ибн Абдулбәрр, Жамиғул-баянил илм, 2-т., 164-б., Иғламул-мауаққиғин, 2-т., 64б. 254 Ибн Абдулбәрр, Жамиғул-баянил илм, 2-т., 816-817-б., Иғламул-мауақиғин, 2-т., 65-б. 255 Ибн Абдулбәрр, Жамиғул-баянил илм (2211)
Әбу Ханифа неге қазы болудан бас тартты? Әбу Дәуіттің «Сунан» кітабында Әбу Хұрайрадан риуаят етілген хадисте Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім қазылық қызметті қалап, ойындағысы орындалар болса және берген үкімдерінде әділдігі әділетсіздігінен басым түссе – жаннаттық. Ал егер айтқан шешімдерінің әділетсіздігі басым түссе – тозақтық болады»256 деген. Қазылық – күрмеуі көп қиын іс. Әр үкім үлкен парасат-пайымды қажет етеді. Әйтпесе, елге қиянат жасайды. Ал ақыретте қиянаттың жазасы ауыр болмақ. Муслим ибн Иасардан Әбу Хұрайра жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мен айтпағанды айтты десе, тозақтан өзіне бір үй тұрғызған болады. Кімдекім білімсіз пәтуа берсе, күнәсі пәтуа бергенге қалады, кім ақиқатты біле тұра басқа жол көрсетсе, қиянат жасаған болады»257 деп, білімге сүйенбей пәтуа берудің ақыры ауыр азапқа душар ететіндігін айтқан. Өйткені, кез-келген пәтуа – тікелей дінге қатысты мәселе. Бір күні халифа Әбу Жағфар әл-Мансур Әбу Ханифаны, Суфян әс-Сәури және Шәрикті алдына шақырды. Олар халифаның құзырына келгенде, Суфянға: «Басра қаласының қазылығына сені тағайындаймын, сол міндетті атқару үшін сол жерге бар!», – деді. Шәрикке: «Куфаның қазылығына сені тағайындаймын. Сол міндетті атқар!» – деп бұйрық берді. Әбу Ханифаға: «Сен осы мен тұрған қала мен аймақтың қазысы боласың, осы міндетті мойныңа аласың!» – деді. Мансур қорғаушыларына: «Оларды қадағалайтын адамдарды тағайындаңдар. Кімде-кім қабыл етпесе, жүз дүре соғыңдар!» – деп жарлық түсірді. Шәрик қазылықты қабылдады. Суфян әс-Сәури Иеменге қашып құтылды. Әбу Ханифа қазылықты қабылдамады. Оған жүз дүре соғылып, қайтыс болғанға дейін қамауда болды. Халифаның күндегі талабын күнде қабылдаудан бас тартады. Үшінші күні халифаға: «Ей, Мұсылмандардың басшысы! Менің қазылық ету құқығым жоқ. Егер мен дұрыс айтып тұрған болсам, құқығы жоқ біреуді қазылыққа тағайындау сізге сын. Ал, өтірік айтып тұрсам, өтірікшіні қазылыққа итермелеген саған тағы сын», – деді. Халифа бұған қатты ашуланып, ұрып, соғып қамауға алуды бұйырды. Ол сол күйі қамауда қайтыс болды.258 Лайс ибн Надр Әбу Ханифаның қазылықты қабылдамауына байланысты көрген қысымын еске алып былай дейді: «Әбу Ханифа бас қазы болуға деген ұсынысты қабылдамай қамауға алынған болатын. Онымен қоймай халифа қала көшелеріне шығарып, масқаралаған болатын. Оның аянышты хәлін көрген Ибн Шұбрама: «Мына бейшараға не болған? Қазылықты қабылдай салса, бір нәрсе болатындай сірә», – деп, қағытқанда Әбу Ләйла: «Ол қазір сен екеуімізге бейшара көрінгенімен, ақыретте екеуімізден дәрежесі әлдеқайда жоғары болары анық», – деген еді». Заһир әл-Ислам әл-Марғинани Хумайриден ол әкесінен мынадай бір оқиғаны естігенін айтады: «Халфа Мансур имам Ағзамды Бағдатқа апарғанда мен де бірге бардым. Имам халифаның алдына кіріп шыққанда, өң-түсі өзгеріп кеткендігін байқап не жағдай болғандығын сұрадым. Ол былай деген еді: «Халифа менің Бас қазы болуымды талап етті. Мен қазы болардай қабілетім мен құзіретім жоқ екендігін айттым. «Менде сенің және жақындарың мен балаларыңның сөзін сөйлеп, жоғын жоқтайтындай батылдық тіптен жоқ» дедім. Ол: «Менің жіберген тарту-таралғыларымды неге қабылдамағансың?» – деп шүйлікті. Мен: «Мемлекет 256 Әбу Дәуіт, Сунан, 3575. 257 Әбу Дәуіт, Сунан (439/2) 258 Кердерлік Ханафи ғұлама, 86-бет.
қазынасынан жіберген сый-сияпатты қабылдайтын мен соғыс ардагері емеспін, одан үлесім болатындай кедей де емеспін. Сонда оны қалай қабылдамақпын?» дедім. Ол маған: «Жүре бер! Бірақ есіңде болсын, қазылар үкім шығаруда тығырыққа тірелсе, сенің төрелігіңе жүгінетін болады», – деді».259 Асым ибн Абдулжаббардан риуаят ете отырып Мұхаммед ибн Хасан әлХалаби былай дейді: «Абдулла ибн Мүбарактың жанында болатынмын. имам Ағзам туралы біраз сөз қозғалды. Бір кезде Ибн Мүбарак: «Сіздер кім туралы сөз қозғап отырғандарыңызды білесіздер ме?! Ол - төрткіл дүниенің салтанатынан бас тартқан адам», – деді».260 Шынымен де жарты әлемге билігін жүргізіп тұрған Аббаси мен әмауи мемлекеттері тұсында бас қазы болу оңай абырой емес еді. Қазы имам Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Али ад-Дамғани былай дейді: имам Ағзамға қазылық қызметі ұсынылған. Қабылдамаған соң ұрылып-соғылды, ол сонда да қабылдамады.261 Ерекше тақуалығы болмаса ондай лауазымды қызмет ұсынылса, кез-келген адам қуана қарсы алары сөзсіз. Оның жауапкершілігі мен ауыр жүгі, саяси билікке бүйрегі бұрылмай әділ үкім шығарудың мүмкін болмайтындығы ойына да кіріп шықпас еді. Имам Марғинани былай дейді: «Имам Ағзамның әрі көршісі болып келетін шәкірттерінің бірі өзі куә болған бір істі былай еске алады: «Рамазан айының түндерінің бірінде түс көріппін. Түсімде имам Ағзам пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірінің жанына барып, оның қабірін ашып, топырақтарын оңды-солды шашып жатыр екен деймін. Айналадағылрдың ешқайссы еш нәрсе демейді. Оянғанда бұл түсімнен қатты қорықтым. Сол кезде түс жорумен атағы шыққан Басрадағы Ибн Сиринге барып жорытуға бел байладым. Сөйтіп, Ибн Сиринге келіп түсімді айтып, жорып беруін өтіндім. Ол: «Түсіңде көрген кісі фақиһ па?» – деп сұрады. (Түс жорытушы имам Ағзамның атын айтпаса керек) Мен: «Иә, дәл солай», – деп жауап бердім. Ибн Сирин: «Олай болса, көрген адамың ешкімнің жете алмаған биігіне көтеріліп, пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)іліміне қол жеткізіп, оны төркіл дүниеге таратады екен», – деді. Басрадан Куфаға қайтып келгенімде имам менен: «Көрінбей кеттің ғой, қайда барып келдің», – деп сұрады. Мен: «Басраға барып келдім», – дедім. Ол: «Сонша алыс сапарға шығып келгеніңді маған неге айтпадың», – деді таңданып. Мен «Мені Басраға апарып келген сіз болдыңыз», – дедім де болған оқиғаны баяндап бердім. Ол асықпай тыңдап, түстің жоруын естігенде жаны жай тауып кеңіп қалғандығын байқадым». Көршісінің имам үшін, оған білдірмей 120 фарсах (шамамен 500-600 шақырым) қашықтықтағы жерге барып келуі бізге имам Ағзамның көршілерімен қандай қарым қатынаста болғандығын көрсетсе керек».262 Әбу Ханифаға қазылық не үшін ұсынылды? Әбу Ханифа өз көзқарасына сәйкес келмегендіктен Куфа қазыларының берген үкімдерінің дұрыс емес тұстарын ашық айтып, сынға алып отыратын. Ешкімге бүйрегін бұрмай әділдігін айтатын. Ал, бұған қазылар сын түзелмей мін түзелмейді деген оймен емес, пендешілікпен қарап, кек сақтайтын. Олардың бұл істері кейде әміршілердің алдында Әбу Ханифаны жамандауға дейін апаратын. Мысалы сол кездегі Куфа қазысы Ибн Әбу Ләйләнің шағымымен біраз уақыт Әбу Ханифаның пәтуа беруіне тыйым салынған. Айтуға қарағанда мәселе 259 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 231-бет 260 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 232-бет 261 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 230-бет 262 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 238-бет
былай болған: Ақыл-есінде сәл кемістігі бар әйелді бір кісі ашуландырса керек. Әйел: Сен, екі зинақордан туғансың! – деп қойып қалады. Әлгі кісі бұған қатты намыстанып, Куфаның қазысы Ибн Әбу Ләйләға шағымданып барады. Қазы істі қарап, әйелді жазалауға үкім шығарады. Әйелге мешітте тікесінен тұрған күйі, әкесіне және шешесіне тіл тигізгені үшін екі рет дүре соғылған. Мұны естіген Әбу Ханифа: Қазы бұл жерде алты түрлі қателік жіберген. Біріншіден мешітте кінәлі адамды жазаға тартуға болмайды. Екіншіден, әйелді түрегеп тұрғанда жазаға тартуға болмайды, ол отыруы керек. Үшіншіден, әкесі үшін бір, шешесі үшін бір рет бөлек бөлек дүре жазасы берілген. Егер ол көп адамға тіл тигізген болса ше? Төртіншіден, екі дүре жазасын қатарынан қолдануға болмайды. Бесіншіден, ақылында ауытқуы бар адамды жазаға тартқан, ол негізінде жауапкер болып саналмайды. Алтыншыдан, жоқ адамдарға тіл тигізбеген, қазыға келіп шағымданған олар емес еді, – дейді. Осы ескертулер мен сынды көтере алмаған Ибн Әбу Ләйлә әміршіге шағым түсірді. Сөйтіп, Әбу Ханифаның пәтуа беруіне бір мезет тыйым салынды. Әбу Жағфар әл-Мансур Әбу Ханифаға қазы болуды ұсынып, ол қабылдамағасын «қайтсем де сені көндіремін» деп ант етті. Әбу Ханифада «қабылдамаймын» деп ант ішті. Халифаның қызметкері Рабиғ: – Сен халифаның ант ішкенін көрмей тұрсың ба? – деп еді. Ол: – Анттың каффаратын өтеуде маған қарағанда халифаның мүмкіндігі жоғары. Ақыры қабылдамағасын тағы зынданға тасталды. Осындай күндердің бірінде Әбу Ханифа: Алладан қорқып, қазылық аманатын Алладан қорқатын біреуге міндетте. Мен өзіме сенбеймін. Егер маған Фрат өзеніне тұншығып өлу мен қазылықтың бірін таңда десең, мен суға батып өлуді таңдаймын. Сенің айналаңда мансапқұмарлық бар. Біреуден сыйлық дәметіп тұрады. Мен бұған лайық емеспін, бұл қолымнан келмейді, – деген, халифа: – Өтірік айтасың, сен бұл міндетке лайықсың! – деп қаһарланады. Сонда ол: – Өзің айтып тұрсың ғой, өтірік айтасың деп, ондай адамға қалай қазылық қызметті міндеттемексің, – депті.263 Әбу Ханифа жайында танымал ғалымдардың көзқарасы Имам Мәлік, Әузағи, Абдуллаһ ибн Мубарак және т.б. ғалымдардан Әбу Ханифа жайында айтылған сөз − «атылған оқ» боп, бізге, біздің дәуірімзе жетті. Алайда, әл-Хатиб әл-Бағдадидің «Тарихында» осы ғалымдардың бірде Әбу Ханифаны жерден алып, жерге салып жатып кеп жамандаса, басқа бір жерде мақтағандықтары жазылған. Осынау пікір қайшылығының түп төркіні неде? Біріншіден, Әбу Ханифаны кейде даттап, кейде мақтап ол туралы пікірін өзгертуі ақылға сыймайды. Олай болса, бұл еңбектегі сенімсіз адамдардың аттары аталатындықтан, ұлы тұлға жайындағы жағымсыз пікірлердің дені солардың аузынан шықты дегенге кім сенеді? Екіншіден, жоғарыда келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, Әузағи секілді кейбір ғалымдар имам ның әдіснамасын дұрыс түсінбегендіктен, әуелі қарсы шығуын шыққанмен, оны жақыннан танығаннан кейін көзқарастарын өзгерткен болуы кәдік. Ең бастысы, оны қарапайым халық емес, заманының хадис пен фиқһта танымал болған ғалымдар мақтап, өз лебіздерін білдірген болатын. Әбу Ханифа 263 Әбу Заһра, 66-бет.
55 мәрте қажылық жасаған, Меккеде, Мәдинада және Басра мен Бағдатта қаншама ғалымдармен жолығып, оларға өз ойын айтып, ижтихадының негізгі қағидаларын түсіндірген. Осының арқасында ғалымдар Әбу Ханифаның ижтихадындағы әдістерін және кейбір хадистерді алмау себептерін ұғып білді. Осылайша, оның фиқһының өзінен бұрынғы ғалымдардың жолынан өзгеше емес екендігін көптеген ғалымдар мойындаған болатын. Қади Иад «әл-Мадарик» атты еңбегінде мына бір оқиғаны келтіреді. «Әбу Ханифа мен имам Мәлік бір күні Мәдина қаласында жолығып, бірнеше мәселелерді талқылайды. Содан соң имам Мәлік ол жерден үсті малмандай болып, терлеп шығады. Ләйс ибн Сағыд имам Мәлікке: «Қара терге түсетіндей не жағдай болды?» – деп сұрағанда, имам Мәлік: «Әй, мысырлық! Әбу Ханифамен тілдескендіктен осындай күйге түстім. Күмәнсіз, ол – нағыз фиқһ ғалымы» деп, Әбу Ханифаның фиқһтағы терең ілімін мойындаған екен. Имам Мәлік Әбу Ханифаның кітаптарын (шәкірттері арқылы жеткен еңбектерін) оқығандығы жайында Ибн Әбил Ауам әс-Сағди, Әби Абдуллаһ ибн Али әс-Саймиари, әл-Муаффақ әл-Харезми және басқалары сахих тізбекпен жеткізген. Имам Мәлік Әбу Ханифаның егжей-тегжейлі зерттеген алпыс мыңға жуық мәселелерін жинаған екен. Олай болса, хадисте танымал, фиқһ ілімін терең меңгерген ғалым имам Мәлік Әбу Ханифаның еңбектерін оқып, біліміне таңырқап бас шайқаса, былайғы жұрттың ол туралы жағымсыз пікір қалыптастырды дегенге кім сенеді? Мәзһаб имам ы Ахмед ибн Ханбәл да Әбу Ханифаның көзін көрмеген, бірақ, Әбу Ханифаның өзінен болмаса да, оның шәкірті Әбу Юсуф арқылы еңбектерін оқып, ижтихад жасаған мәселелерінен көп нәрсе үйренген. Бұны имам Ахмедтің өзі: «Үш жыл ішінде Әбу Юсуфтан үш кітап толы еңбек жаздым» деп, оның ілімінің мол екендігін тілге тиек еткен. Сонымен қатар, Әбу Ханифаның тағы бір шәкірті имам Мұхаммедтің де еңбектерін оқыған. Имам Ахмедтен мұндай егжей-тегжейлі мәселелерді қайдан алғандығын сұрағанда: «Имам Мұхаммедтің кітаптарынан»264 деп жауап берген. Әбу Мұғауя ад-Дарир имам Ағзамның ғұламалар арасындағы орны туралы былай дейді: «Үлкен ғалымдарымыз имам ды ерекше құрметтейтін. Бір жағынан одан (ілімінен) именетін. Берген пәтуалары имам Ағзамның пәтуасымен бірдей болып шықса, жандары-жай тауып, ерекше қуанатын. Олардың бірі Ағмаш болатын».265 Имам Жарир Ағмаштың былай дегенін естіген: «Менен қандай да бір мәселені сұрап келгендерге имам Ағзамның дәріс алқасына барып қосылуға нұсқау беретінмін. Өйткені, оның ғылым мәжілісінде шешілмейтін мәселе болмайтын».266 Суфян әс-Сәури қалай бағалады? Әбу Заида былай дейді: «Суфянның алдына барған кезімде, оның бас жағында тұрған кітапқа әлсін-әлсін қарап отырғанын көрдім. Одан рұқсат сұрап, оның қандай кітап екенін көргім келді. Қарасам, имам Ағзамның «Раһн»267 кітабы екен. 264 Кәсәри, Танибул-Хатиб, 180-б. 265 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 3-бет. 266 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 3-бет. 267 Өзінің алған қарызын уақытылы төлеп тұратынын растау үшін берешек адамның қарыз берушіге өз қорақопсысын немесе мал мүлкінің бір бөлігін белгілі бір мерзімге дейін, яғни алған қарызынан құтылғанша беруі.
Мен таңдана: «Сізде имам Ағзамның кітабын пайдаланасыз ба?» – дедім. Ол: «Әттең, оның кітаптарының бәрі болғанда ғой! Ол ғылымның шыңына шыққан адам. Бірақ, біз оны жете бағалай алмай жүрміз», – деген еді».268 Сондықтан да имам Әбу Юсуфтың: «Суфян әс-Сәури имам Ағзамға менен де көбірек ұйыйтын еді», – деген болатын.269 Имам Харис бір күні ас-Самғанидың былай дегенін айтады: «Суфян менің имам ның ілім мәжілісіне қатысып жүргенімді жақсы білетін. Алдына келгенімде ол менен үнемі: «Бүгін қандай мәселе талқыланды?» – деп сұрайтын. Мен оған көтерілген мәселені, оның қалай талқыланып, қандай шешім шығарылғандығын айтқанымда, ол таңданысын жасырмай: «Ізгілік пен ілімнің жолын осы кісі ашты», – дейтін еді».270 Халифа мансұр қалай бағалады? Басрада араб тайпаларының арасында қырғи қабақтық өрши бастаған тұста Халифа Мансұр тайпалар арасында дұрыс мәміле орнату үшін бітімгершілікке үндейтін кітап жазуды бұйырды. Содан Ибн Әбу Ләйлә мен Ибн Шұбрама ұзақ уақыт кітап жазуға кірісті. Жазылған кітап халифаның көңілінен шықпады. (Халифаның да білім деңгейі жоғары болатын) Кеңесшілерінің бірі Мансұрға: «Куфада фиқһ ілімін терең меңгерген бір жас ғалым бар. Ол мұндай күрделі мәселелердің шешуін табудың шебері. Сол кісіні шақыртайық қаласаңыз», – дейді. Бұл ұсынысты Ибн Әбу Ләйлә мен Ибн Шұбрамаға айтқанда, олар: «Негізі мұндай мәселелердің маманы деп айта алмаймыз. Бірақ, адамдар арасында пікірталаста, кәләм іліміне шебер көрінген», – дегесін, Халифа оларға кітапты қайта жазуды тапсырды. Кітап дайындауға тағы бірталай уақыт кетті. Халифа қайта жазылған кітапты көріп тағы да ұнатпай: «Ілім мен оның иелері жоғалып бара жатыр екен», – деп кейістік білдіреді. Халифаға әлгі ұсыныс қайта айтылады. Осыдан кейін халифа имам Ағзамды құзырына шақыруды бұйырды. Алдына келген имам ға бірқатар сұрақтар қойып сынады. Жауаптарына қарап, өз ойлағанынан әлде қайда қабілетті екендігіне көзі жеткендей болды. Ол Ибн Әбу Ләйлә мен Ибн Шұбраманың жазған кітабын имам ға тексертті. Имам оқып шығып: «Ішіндегі Алла Тағала мен пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөздері қатесіз жазылған. Бірақ, қалғандары тым орынды деп айта алмаймын», – деді. Халифа: «Олай болса, бітімгерлік кітабын сен жаз кәне!» – деді. Имам табан астында кітап жазуға кірісіп кетті де көп өтпей Халифаға тапсырды. Халифа кітапты қарап шығып, Ибн Әбу Ләйлә мен Ибн Шұбрамаға берді олар ары-бері парақтап: «Айтарлықтай кемшілік көре алмадық», – деді. Халифа екі ғалымды имам Ағзамға көмекші етіп бекітіп, ал имам ға сарайда қызмет етуді бұйырды. Сарайдағы имам ның мәртебесіне сүйінген жұрттың сөзі ел ішінде желдей есті.271 Имам ад-Дайлами риуаятында Абдулғазиз ибн Әбу Рауад былай дейді: «Имам Ағзамға келіп, мені халифа сарайға шақырып жатыр. Оған кейбір шариғат әмірлері мен тыйымдарын айтып ескертіп отыруым керек. Маған осы тұрғыда шариғат талаптарын ескерте алатын, әрі оның шамына тиіп, ашуына ілікпейтіндей кеңес берсеңіз», – дедім. Имам : Халифаның құзырында болады екенсің, ең әуелі орынсыз беталды сөйлемеуге, үндемеуге әдеттен. Өйткені, 268 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 9-бет. 269 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 156-бет. 270 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 11-бет. 271 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 15-бет.
сөз соларда. Сенен қандай да бір мәселе туралы сұраса, нақты жауабын бер. Бірақ оған: «Уа, Мүминдердің әміршісі! Дүниеге адам үш себепке байланысты қызығады. Біріншісі – абырой. Бұған келсек, сіз ата-тегіңізбен атақ-абыройлы пайғамбар ұрпағысыз. Екіншісі – мансапқа келер болсақ, сіз араб және басқа да мұсылман халықтардың құрметті патшасысыз. Үшіншісі – дүние-мүлік, байлық. Оған келсек, Алла Тағала сізге шексіз байлық берген. Олай болса, сізге тек Алладан қорқып, өзіңізді түзеуге талпыну ғана қалғаны. Алла Тағаланың тыйым салған нәрселерінен бойыңызды аулақ ұстасаңыз, сонда дүние мен ақыретіңізді тең ұстаған боласыз» деп насихат айтқаның орынды, – деген еді».272 Имам Малик Әбу Ханифаны қалай бағалаған Мадинада пайғамбар мешітінде, Халифа Омар (р.ғ.) кезінде үмбеттің мәселелерін талқылап шешкен құтты орында жылдар бойы дәріс оқыған әйгілі ғалым, Мәлики мәзһабының негізін қалаған имам Мәликтен (712-795) ілім алып жүрген имам Шафи (767-820) бір күні «Сіз Әбу Ханифаны көрдіңіз бе?» – деп сұрайды. Сонда имам Мәлик жауап ретінде былай дейді: «Ол мына бағананы (жанында тұрған бағананы нұсқап) алтын десе, сөзіне сендіріп, дәлелдей алатындай дарын иесі еді». Кейбір хадистанушы ғалымдар арасында имам Мәликтің осы сөзіне бола, «Бұл сөзімен өзінің сенімділігін жоғалтты. Имам Мәликтей тұлғаның бұлай айтуы орынсыз», – деп қарсылық білдірушілер болған. Көптеген хадистанушы ғалымдар осыған байланысты мынадай жауаптар берген: «Мұндай сөздер көркем әдебиетте, бейнелеу өнерінде қолданылады. Тіпті, Құран Кәрімде Алла Тағала: «Түйені иненің көзінен өткізбейінше олар (кәпірлер) жаннатқа кірмейді (мұсылман болып, сенбейді)», – деген.273 Міне сондықтан ол Әбу Ханифаның асқан даналығын бағалап, әдебиеттік тіл қолданған. Имам Мәликтің сенімділігін жоятындай ештеңе жоқ. Ол өте ұстамды ғалым».274 Имам әл-Әузағи: имам Ағзамның ақыл-парасатына қайран қалдым Абдулла ибн Мүбарак өзі куә болған бір оқиғаны былай әңгімелейді: «Имам әл-Аузағиды көріп, онымен сұхбаттасу үшін Шам аймағындағы Бейрутқа бардым. Бірде ол маған: «Жаңашыл бағытта аты шығып жүрген Куфалық Әбу Ханифа деген кім екенін біліп кел!» – деді. Мен үйге қайтып келіп үш күн бойы кейбір күрделі мәселелерді жазып алып бардым. Имам ның (Әбу Ханифаның) айтқан сөздерін де жаздым. Мешітке барсам азан шақырылып қойыпты енді намазға тұрайын деп жатыр екен. Жазғандарымды әл-Аузағиға көрсеткенімде, ол оншалықты мән бермей намаз бен қамат арасында бірнеше қатарын ғана оқыды. Сол аралықта намаз да басталып кетті. Намаздан кейін жазғандарымның бәрін оқып шығып, «Нұғман ибн Сәбит былай деді» деген сөздерге үңіліп, Нұғман дегенің кім? – деді маған. Өзіңіз айтқан Әбу Ханифа деген кісі, – дедім мен. Мәселелер үсті-үстіне күрделене түсті. Кейін біз Әбу Ханифамен Меккеде кездестік. Аталған мәселелер төңірегінде талқылау жүріп жатты. Имам Әбу Ханифа имам әл-Аузағиды өзінің терең ілімімен мойындата берді. Кейін ол кісіден: Әбу Ханифаны қалай бағалар 272 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 72-бет. 273 Мүминун сүресі, 50-аят. 274 Хафизуддин Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Шиһаб әл-Баззази әл-Кердери. Манақиб әл-имам әл-Ағзам, Хайдарабат, Даира әл-мағариф ан-Низамия әл-Кәина. 1321һ. 1-том, 39-бет.
едіңіз, – дедім. Ол: «Бұл кісінің ақыл-парасатына қайран қалдым. Ол туралы ойларымда үлкен қателіктерге бой алдырыппын. Сол үшін, Алладан кешірім тілеп, тәубеге келдім», – деді». Имам әл-Әузағидың асқан парасат иесі имам Ағзамды (р.х.) мойындап, ілім мен кемеңгерлік алдында бас июі оның даналығын көрсетсе керек. Ал, ғалымдар арасында өзара түсіністікке тамаша себепкер бола білген Абдулла ибн Мүбарактың көрегендігін айтпай кету мүмкін емес. Бұл оқиға Хасан мен Хұсейннің (р.ғ.) үлгілі істерін еріксіз еске түсіреді. Бір күні Фрат өзенінің жағасында бір қария дәрет алып жатқанын, бірақ шарттарына сай алмағандығын байқайды. Жасы үлкен адамға мынау қате деп айтса, ол одан әрі қателікке ұрынып, кінәлі болып қала ма деп: «Көке, сіздің жасыңыз үлкен көпті көрген адамсыз, біз болсақ жаспыз. Дәрет алу мен намаз оқуды бізден жақсы білесіз. Біз сіздің алыдыңызда дәрет алып, намаз оқиық. Қате-кемшілігіміз болса, түзетіңіз», – дейді де аталары пайғамбарымыздан (с.ғ.у.) көргендеріндей дәрет алып, намаз оқиды. Сонда әлгі қария өз қателігін түзетіп, тәубеге келеді.275 Ғұламалар мен әйгілі адамдар басқалардың қателігін түзетуде міне осындай әдепті болатын. Әбу Юсуф: имам Ағзам барда менің сөзімнің еншқандай мәні жоқ Имам Әбу Юсуф өзінің ұстазы имам Ағзамды жоғары бағалағаны соншалық, имам бар жерде менің сөзімнің ешқандай құны жоқ. Өйткені, ілімді мен сол кісіден алдым. Бір кісі менен былай бір сұрақ сұрады: «Өзен жағасында дәрет алып жатқанда жоғары жағымнан шарап күбі шағылып, өзенге шарап төгіліп кетсе, дәрет алуға бола ма, болмай ма?». Бұл сұраққа жауап беруден тартынып, имам Ағзамға келіп сұрадым. Имам : «Егер шараптың дәмі мен исі білінсе, дәрет алуға болмайды. Ал, ондай белгілер болмаса дәрет ала беруіне болады», – деп жауап берген еді. Кирманидың Мұхаммед ибн Сәлама және ас-Саймаридан жеткізуі бойынша имам Әбу Юсуфтың басынан өткен бір оқиғаны былай баяндайды: Бір күндері имам Әбу Юсуф қатты науқастанып, күннен күнге сырқаты асқына түседі. Ұстазы имам Ағзам әлденеше рет көңілін сұрауға барған болатын. Бір күні оның ауруының бірталай ауырлағанын көріп: «Менен кейін мұсылмандардың сүйеніші болар деп үміттенуіші едім. Бұл шәкіртім дүниеден озса, ілімнің қайнаркөзін өзімен бірге ала кететін болды-ау!» – деп мұңайған еді. Біраз уақыттан кейін имам Әбу Юсуф сырқатынан айығып, айтарлықтай сауығып кетеді. Имам Ағзамның әлгіндегі сөзіне арқаланып, қанаттана түссе керек өзі жеке үкен ғылым мәжілісін ашып, төңірегіне шәкірт жинай бастайды. Бұл жағдайдан хабар тапқан имам Ағзам бір кісіні арнайы жұмсап, Әбу Юсуфтан мынадай бір мәселенің үкімін сұрауды тапсырады: «Бір кісі киім жуатын адамға киімін жудыруға берсе, сұрай келгенде жуушы мен алған жоқпын десе, кейін райынан қайтып киімін жуулы күйінде әкеліп берсе, ақысын беру керек пе? деп сұра. Ақысын береді десе де, бермейді десе де «дұрыс емес» деп айт». Әлгі кісі айтылғандай сұрақтың жауабын Әбу Юсуфтан келіп сұрағанда ол қалай жауап берерін білмей қатты абыржиды. Ол дереу орнынан тұрып имам Ағзамға жөнеледі. Имам Ағзамның алдына келгенде имам : «Сені бұл жерге киім жуу мәселесі әкелген болар. Бір кісі дін ғылымдарын үйретем деп мәжіліс құрады. Бірақ, жалақы төлеудің үкімін білмесе, қалай болмақ?» – дейді Әбу Юсуф әлі сөзін бастамай жатып. Әбу Юсуф: «Мен бұл мәселені шынымен түсінбедім. Маған 275 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 40-бет.
жауабын айтыңызшы», – дейді. Имам : «Егер тазаламай тұрып, алған жоқпын деп жалтарған болса, кейін өзі үшін тазалаған болады да оған ақы төленбейді. Ал, жуып тазартқаннан кейін ойы бұзылып, иесіне беруден бас тартқан болса, онда ол киімнің иесі үшін тазартқан болады да еңбекақы төленеді», – деп жауап береді.276 Ибн Касирдің айтундағы имам Ағзам Хафиз Ибн Кәсир деген атпен танылған әйгілі ғалым Әбул-Фида Исмил ибн Омар ибн Кәсир «әл-Бидая уа ан-ниһая» атты көлемді еңбегінде хижраның 150 жылы қайтыс болған кісілерді айта келіп, Әбу Ханифа туралы былай дейді: «Имам Ағзам да осы жылы қайтыс болды. Оның шын аты Нұғман ибн Сәбит еді. ат-Тайм тайпасынан шыққан. Куфада ғұмыр кешкен ол – ислам имам дарының алды, Ирак аймағының фақиһы, мәзһаб имам дарының бірі болған. Мәзһаб имам дарының арасында ең алғаш қайтыс болған сол кісі еді. Өйткені ол сахабалардың көзін көрген. Әнәс ибн Мәликті және бірнеше сахабаны көргендігі айтылады. Кейбіреулер оның жеті сахабадан хадис риуаят еткендігі жайлы дерек келтіреді. Әл-Хакам, Хаммад ибн Әбу Сүлеймен, Сәләма ибн Кухайл, Амир аш-Шағби, Икрима, Ата, Қатада, аз-Зуһри, Ибн Омардан азаттық алған Нафи, Яхя ибн Сағид әл-Ансари және Әбу Исхақ ас-Сәбиғи қатарлы көптеген ғалым табиғиндерден хадис риуаят еткен. Әбу Ханифаның ұлы (Хаммад) Ибраһим ибн Тахман, Исхақ ибн Юсуф әлАзрақ, Қазы Әсәд ибн Амр, Хасан ибн Зияд әл-Лулу, Хамза аз-Зайяд, Дауут атТаи, Зуфар, Абдурразақ, Әбу Нұғай, Мұхаммед ибн Хасан аш-Шайбани, Хушайм, Уакиғ ибн әл-Жаррах, Қазы Әбу Юсуф бастаған бір топ ғалым Әбу Ханифадан хадис риуаят еткен».277 Аты ислам әлеміне танымал Абдулла ибн Мүбарак: «Алла Тағала мені Әбу Ханифа мен Суфян әс-Сәуридің ілімдері арқылы жарылқамағанда, мен көптің қатарында қала берер едім», – деген.278 Аз-Заһабидың берген бағасы Аз-Зәһаби өзінің «тәзкират әл-хуффаз» атты еңбегінде Әбу Ханифа, имам Малик, Әузағи мен Суфян әс-Сәурилер (Алла оларды рақымына бөлесін) туралы көлемді мәліметтер бере келе, олардың өмір сүрген кезеңін – ислам ілімдерінің ерекше қарқын алып, дәурендеген заманы деп есептеген. Зәһабидың еңбегінде келген деректерден қысқаша мынадай қортынды шығады: 1. Әбу Ханифаның (Алла оны рақымына бөлесін) ілімі Құран, хадис, фиқһ және тіл білімдерін терең қамтығандығы. 2. Әбу Ханифа (Алла оны рақымына бөлесін) хаидс іліміне белсене кірісіп, тіпті хадис жинау үшін ұзақ сапарларға да шыққан. Ол кезеңде фиқһ ғалымдарының Құран мен хадис ілімінен басқа айналысатын саласы болмағандығын да айта кету керек. 3. Әбу Ханифа Куфадағы Әли ибн Әбу Талиб пен Ибн Масғудтың (Оларға Алла разы болсын) ғылыми мұрасын ең жақсы сақтаған тұлға. 4. Әбу Ханифа – сол кезеңдегі әйгілі он ғалымның бірі болатын. Олар: Әбу Ханифа, имам Малик, әл-Әузағи, әс-Сәури, Ләйс, Ибн Ғуяйна, Мағмар, Шуғба, Хаммад ибн Зайд, Хаммад ибн Сәлама (Алла оларды рақымына бөлесін) секілді Құран мен сүннет ілімдерін терең меңгерген әйгілі ғалымдар еді. 276 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 160-161бет. 277 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 121-122-бет. 278 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 122-бет.
5. Әбу Ханифа – өз кезеңіндегі Фиқһ саласының шыңына көтерілген бірден бір ғұлама әрі мұжтаһид ғалымдардың алды болатын. Бұл – қатардағы қарапайым ғалым емес, әйгілі ислам тарихшысы, хадис саласының ғалымы әрі сыншысы имам әз-Зәһабидың берген бағасы.279 Әбу Ханифа туралы Ибн Тәймия не деген? Қазіргі кезде имам Ағзамға құрметсіздік білдіріп, кейде ауыр сөздер айтудан да тартынбайтын кейбір бауырлардың әрекеті дініміздің өркендеп, ауызбіршіліктің нығаюына зиянын тигізуде. Олардың ұстаз тұтып, сөздерін Құран сөзімен қатар қоятын белгілі тұлғалары арасында Тақиюддин Әбу әлАббас Ахмад ибн Абдулхалим әл-Харани Ибн Тәймия да бар. Сол Ибн Тәймия өзінің «Минһаж ас-сунна» атты еңбегінде сахаба және табиғиндардан шыққан үмбетке танымал ғалымдарды атай келіп, Әбу Ханифа мен шәкірттері Әбу Юсуф пен Мұхаммад ибн Хасанды «Дін жолында күндіз-түні бір тынбай ізденген, жамандыққа жаны қас, шариғат мәселелерінде кейде бір сахабаның кейде екінші бір сахабаның көзқарасын дәлел ретінде алатын ғалымдар», – деп атаған. Ол аталған еңбегінің бір жерінде: «Әбу Ханифа және шәкірттері ақиқат жолына бастайтын тура сөзді ғұламалар», – десе, тағы бір бөлімінде алдыңғы буын ғалымдарын санамалай келе: «Бұл ғалымдардан кейін, жан-дүниесі кіршіксіз таза, ақыл-парасаты мен білімі арқылы жалпақ жұртқа танылған Сағид ибн Мұсайб, Хасан Басри, Ата ибн Абу Рабах, Ибраһим ан-Нахағи, Алқама, әлАсуад, Ғабида ас-Салмани, Тауус, Мұжаһид, Сағид ибн Жұбайр, Әбу Шағса, Жабир ибн Зайд, Али ибн Зайд, Али ибн Хасан, Ғубайдулла ибн Абдулла ибн Утба, Ғуруа ибн Зұбайр, әл-Қасым ибн Мұхаммед ибн Әбубакір, Әбубәкір ибн Абдуррахман ибн Харис ибн Хишам, Мұтарриф ибн Шиххир, Мұхаммед ибн Уаси, Хабиб әл-Ағжами, Малик ибн Динар, Макхул, әл-Хакам ибн Ғубайда, Язид ибн Әбу Хабиб сынды ұзын саны бір Аллаға ғана мәлім ғұламалар буыны өмір сүрді. Олардан кейнгі буын Әюб ас-Сахтияни, Абдулла ибн Ғаун, Юнус ибн Ғубайд, Жағфар ибн Мұхаммед, Зуһри, Амр ибн Динар, Яхия ибн Сағид әлАнсари, Рабиға ибн Әбу Абдуррахман, Әбу Зинад, Яхия ибн Әбу Касир, Қатада, Мансур ибн әл-Мұғтамир, әл-Ағмаш, Хаммад ибн Әбу Сүлайман, Хишам ибн Дастуаи, Сағид ибн Әбу Ғуруа секілді ғалымдар. Олардан кейін ислам ілімдерінің туын тігіп көшін бастағандар Малик ибн Әнәс, Хаммад ибн Зайд, Хаммад ибн Сәлама, Лайс ибн Сағд, әл-Әузағи, Әбу Ханифа, Ибн Әбу Ләйлә, Шарик, Ибн Әбу Зиб және Ибн әл-Мажишун секілді ғалымдар», – дей келе, Әбу Ханифа және оның шәкірттерін кейде «бағдар беруші имам дар» десе, еңбегінің тағы бір жерлерінде олар «Ислам көшбасшылары», «діни ілімге бар жігерін арнаған ғалымдар» деп ерекше атап кеткен.280 Имам әш-Шафиғидың құрметі Бірде имам әш-Шафиғи Бағдатқа имам Ағзамның қабірін зиярат ете келгенде екі ракағат намаз оқиды. Намаз ортасында қолдарын көтермейді, таң намазын оқығанда күндегіше құныт дұғасын оқымайды. Яғни намаздарын ханафи мәзһабы бойынша оқиды. Сонда жанындағылар бұған таңданып, бұлай істеуінің 279 Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 56-бет. 280 Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 58-бет.
мәнісін сұрағанда, ол: «Мына қабірдің иесі имам ның айтқанына сәйкес, алдында әдептілік танытып, оған қайшы әрекет етпеуді жөн санадым», – деген екен. Осы тұста ерекше назар аудара кететін бір мәселе имам әш-Шафиғи құрметін тек жалаң сөзбен айтып қана қоймай, ісімен де көрсетті. Негізінде құр сөзбен айтудан гөрі, оны өз ісімен көрсетудің ықпалы күшті болып табылады. Имам Ағзамның қадірін жете бағаламай жүргендер немесе білсе де мойындағысы келмейтіндерге әйгілі имам әш-Шафиғидың ісі – құрмет көрсету мен әдептілік танытуда үлгі ретінде ерекше маңызды.281 Имам Шафиғидің Әбу Ханифа жайында жағымсыз сөздер айтуы мүмкін емес, өйткені ол Әбу Ханифаны жолықтырмаған, тек, оның шәкірттерін ғана яғни, Мұхаммед ибн әл-Хасанды ғана жолықтырды. Осы шәкірті арқылы Әбу Ханифаның кітаптарын оқыған. Имам Шафиғидің Әбу Ханифаны жамандауы мүмкін емес, өйткені, имам Шафиғидің өзі Әбу Ханифа жайында: «Әбу Ханифа – фиқһ саласында адамдардың атасы» деп мақтаған282. Имам Ағзамды ұнатпайтындар кімдер? Меккенің әйгілі фақиһы Абдулмажит ибн Әбу Рауадтың әкесі, өз дәуірінде асқан тақуалығымен, дарындылығымен танылған283 Абдулғазиз ибн Әбу Рауад: «Әбу Ханифа біз үшін халық арасында бір сын тезіне ұқсайтын. Кім Әбу Ханифаны жақсы көрсе, оның әһлі сүннеттен екендігін білетінбіз. Ал, кім оны жақтырмаса, оның бүлікші топтан (әһлі бидғаттан) екендігін бірден сезетінбіз», – дейді.284 Әбу Ханифаның қандай да бір көзқарасы мен пәтуаларына сын айтушылар мұндай қадамға не сол мәселедегі имам Ағзамның алға тартқан дәлел-дәйектерін толық білмегендіктен, яки, оның терең талдауларына қабілеті жетпегендіктен барары сөзсіз. Алдыңғы және кейінгі буын өкілдерінің (сәләфтар мен халафтар) барлығы дерлік оның білімі мен тақуалығы, құлшылығы мен кемеңгерілігі және ерекше қабілеттері туралы тек мақтаудан басқа айтары болмаған. Сондықтан да білместік пен қызғаныштардан туындаған кейбір алыпқашпа сөздер мен жабылған жала, жағылған күйелердің титтей де мәні жоқ екендігін білген абзал. Бұл туралы әйгілі ғалым Абдулуаһһаб аш-Шағрани былай дейді: «Ислам құқығындағы рай мектебі мен мәзһаб имам дарын сынау мәселесіне келер болсақ, олардың ешқайсысы да шариғат шеңберінен шықпаған. Олардың арасында көзқарастары ең қисындысы – имам Ағзам. Оған сын айтып, жала жапқандар ақырет күні жүздестіргенде қалай масқара болар екен деп ойлаймын. Жүрегінде нұры болған адам имам дардың ешқайсысына әдептен аттап тіл тигізбесе керек. Мұхиддин әл-Араби «әл-футухат әл-Маккия» атты еңбегінде жеткізген адамдардың тізбегімен бірге Әбу Ханифаның: «Алланың дінінде өз ойларыңыздан бір нәрсе айтудан сақтаныңыздар. Кімде-кім сүннеттің шеңберінен шығытын болса, адасады», – деп айтқандығын жазады». 285 Имам аш-Шағрани аталған еңбегінің тағы бір жерінде пайғамбарымыздан (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бері бізге ислам шариғатын жеткізіп, шығарған үкімдеріне қарсы сөз айтуға, жоққа шығаруға қақымыз жоқ екендігін, әсіресе, 281 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 51-бет. 282 М. әс-Сыбаи, әс-Сунна, 474-476-б. 284 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 91-бет. 285 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 134-бет.
Әбу Ханифаның көзқарастарын терістеу тіптен орынсыз екендігін, өйткені, имам Ағзам имам дардың көшін бастаған ең ұлық имам әрі мәзһаб имам дарының ең алғашқысы екендігін ескере келе, хадистерді пайғамбарымыздың кезеңіне ең жақын ғұлама табиғиндардан естігендігін тілге тиек етеді. Ол: «Біз секілділердің имам Ағзамға қарсы келуі мүлде орынсыз. Оның тақуалығы мен діндегі сақтығы, Аллаға құлшылығын үзбеген жоғары дәрежесі жұртшылыққа аян. Аллаға ант ете айтайын, мұндай қарсы келушілік тек көкіректегі көрсоқырлықтан ғана туындайды», – деген.286 Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмырынан сыр шерткен кейбір тұлғалар Фудайл ибн Ияз ат-Тамими – Хижаз аймағының белгілі ғалымы, үлкен тасаууф шейхтарының бірі. Құшайридың «Рисәлә» атты еңбегінде оның өнегелі өмірі мен ғибратты сөздері туралы бірқатар мәліметтер бар. Фудайл фиқһ ілімін имам Ағзамнан үйренген. Ал, өз кезінде имам әш-Шафиғи Фудайлдан хадис тыңдап, риуаят еткен. 187 (803) жылы 80 жасқа қараған шағында Меккеде дүние салған. Абдулла ибн Мүбарак әл-Маруәзи – имам Ағзамның белгілі шәкірттерінің бірі. Хорасан аймағында діни ілімнің жандануына үлкен үлес қосқан хадис хафиздарының бірі әрі ел ардақтысы атанған танымал тұлға. Басра хадисшілерінің беделді өкілі Әбу Сағид әл-Маһди ол туралы былай дейді: «Ибн Мүбарактің білімі Суфян әс-Сәуриден де терең болатын. Оның көптеген адамгершілік пен ізгі қасиеттерін айтпағанда, дін дұшпандарына қарсы аянбай жанын сала күресетін қайсарлығын да ерекше атауға болады», – десе, имам аз-Заһаби: «Зуһд пен тақуалықта, ғибадат пен ілімде, әдебиетте және көркем сөзділікте алдына жан салмаған ол имам Ағзамнан ілім алып, ол туралы үлкен мінберлерде үнемі құрметпен еске алатын», – дейді. Ибн Мүбарактың сырға тұнған деректерін оқып, одан нәр алғысы келген адам оның «Табақат ат-Тамими» атты еңбегіне үңілгені дұрыс. Аталған еңбекте Фудайл ибн Ияздың (Алла одан разы болсын) да ізгіліктеріне керемет тоқталған. Надр ибн Шамил әл-Мазани – араб тілі мен әдебиетінің майталманы. Халил ибн Ахмадтың танымал шәкірттерінің бірі. Арғы тегі Хорасандық болғанымен Басрада білім алып, сол жерді мекендеп қалған. Сол кезеңдегі таңдаулы ғалымдардың бірі болса да Басрада оны өз деңгейінде бағалаған ешкім болмаған соң, Мервке қоныс аударады. Халифа Мамун да осы қалада болғандықтан тығыз қарым-қатынаста болып, араларында талай маңызды жүздесулер болғандығы тарихи әдебиеттерде көптеп кездеседі. Хадистерде орын алған бір ғана сөзді түсіндіру мақсатында күрделі тілдік мәселенің шешімін тапқаны үшін Халифа Мамуннан 50 мың күміс дирһам сыйлық алғандығы айтылады. Бұл оқиға әл-Хариридің «Дурра әл-ғауас» атты еңбегінде келген. Оның ғылыми еңбектері де көп болғандығы туралы «Тарих Ибн Халликан» атты кітапта егжей-тегжейлі көрсетілген. Ол 204 (820) жылы Мервте қайтыс болған. Әбу Ханифаның ғибратқа толы ғұмырына арналған еңбектер Манақиб – сөздікте «мақтауға тұрарлық іс-әрекет» деген мағынада қолданылады. Ал, ислам терминологиясында жеке тұлғаның ізгі қасиеттері 286 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 135-бет.
немесе бір қаланың ерекшеліктері мен артықшылықтарына қатысты еңбектердің атауы ретінде қалыптасқан. Бұл сөз термин ретінде ІІІ (ІХ) ғасырда қолданыла бастаған. Мысалы: Хадис жинақтарында пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалардың ізгі қасиеттері туралы арнайы бір бөлімнің атауы «китаб әлманақиб» деп аталған. Жеке тұлғаларға арналған ең алғашқы әдебиеттерден Ибн әл-Жазаридің «Әсна әл-маталиб фи манақиб Әли ибн Абу Талиб» атты еңбегі мен Ибн Шаһаршубтың (?-588/?-)«манақиб Әли ибн Абу Талибын» атауға болады. Мәзһаб имам дарының ішінде манақиб еңбегі ең алғаш имам Ағзам Әбу Ханифаға қатысты жазылған. Ал, қасиетті орындарға арналған еңбектерден «Манақиб әл-Макка әл-Мукаррама», «Манақиб әл-Қудус аш-Шариф» секілді шығармаларды айтуға болады. VІ (ХІІ) ғасырдан кейін «манақиб» сөзінің орнына «мақамат», «Нафахат», «Рашахат» деген атаулар да қолданылған287. Осы атау түркі жұртына кең тарап, кейде оны «манақибнама» деп те атаған. Осылардың қатарында Қарахан әулетінің сұлтаны Сатуқ Бура ханға арналған «Тәзкара Сатуқ Буғра Хан» және ас-Сығнақидың «Манақиб Ахмед Яссауи» атты еңбетерін де атауға болады288. Тарихи әдебиттерге көз жіберсек, жер-су атаулары мен жеке тұлғалардың өмірі мен еңбектеріне байланысты деректерді зерттеуде манақиб жинақтарының айтарлықтай пайдасы тигендігін көруге болады289. Имам Ағзам Әбу Ханифаның асыл қасиеттері туралы жазылған әдебиеттер (манақибтар) Ханафи мәзһабының дамуы мен таралуы барысында имам Әбу Ханифаның өмірі мен оның ізгі қасиеттерін қамтитын еңбектер өте көп жазылған. Катиб Челеби өзінің «Кашф аз-Зунун» атты еңбегінде осындай әдебиеттердің отызға жуығын атап өтеді. Кейінгі кезде де осы тақырыпта жазылған кітаптар аз емес. Солардың арасынан зерттеушілер үшін басты дерек ретінде саналатын имам Ағзам Әбу Ханифаның асыл қасиеттерін баяндайтын еңбектердің ең негізгілерін атап өтпекпіз. Басылып шыққан әдебиеттер қатарында: 1. Әбу Юсуф Яқуб ибн Ибраһим әл-Ансаридың (?-799) «Ихтилафу Әби Ханифа уә Ибн Әби Лайла» атты еңбегі 1938 жылы Каирде басылған. 2. Әбу Бакр ибн Әбу Шайбаның (?-850) «Рудуд ала Әби Ханифа» атты еңбегі. Мұхаммед Заһид әл-Кәусари баспаға дайындауымен 1941 жылы Каирде басылған. 3. Хусайн ибн Али ас-Саймаридың (?-1045) «Ахбару Әби Ханифа уә асхабиһ» атты еңбегі. 1974 жылы Хайдарабадта, 1976 жылы Бейрутта басылған. 4. Ибн Абдулбарр ан-Намари әл-Қуртуби әл-Маликидың (979-1071) «әлИнтиқа фи фадаил ас-саласа әл-аимма әл-фуқаһа» атты еңбегі. 290 5. Муаффақ ибн Ахмад әл-Макки әл-Хорезмидың (1092-1173) «Манақиб Әби Ханифа» атты еңбегі. 1904 және 1908 жылдары Хайдарабадта, 1981 жылы Бейрутта басылған. 6. Хафизуддин Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Баззази әл-Кердери (1092287 Хашим Шаһин. Манақибнаме, TDV İslam ansіklopedіsі, 29-том. 112-113 бет. 288 Нежат Тосун. Ахмет Ясауинин менакиби, Ислам зерттеулері журналы, ІІІ-том, 7381 бет, Стамбұл, 1988. 289 ТДВ Ислам энциклопедиясы, Ебу Ханифе, Али Бардакоғлу, ХХІХ-том, 112-114бет. 290 ТДВ Ислам энциклопедиясы, Ебу Ханифе, Али Бардакоғлу, х-том, 145-бет.
1173) «Манақиб Әби Ханифа» атты еңбегі. 1904 және 1908 жылдары Хайдарабадта басылған. 7. Иса ибн Әбу Бакр ибн Әюбтың (?-1227қ.) «ас-Сахм әл-мусиб фи рад ала әл-Хатиб» атты еңбегі. 1932 жылы Каирде басылған. «Китаб ар-рад ала Әби Бакр әл-Хатиб әл-Бағдади» деген атпен 1985 жылы Бейрутта басылған. 8. Сибт ибн әл-Жаузидың (?-1256) «әл-Интисар уа ат-таржих ли мәхһаб ас-сахих» атты еңбегі. Мұхаммед Заһид әл-Каусаридың дайындауымен 1941 жылы Каирде басылған. 9. Аз-Заһабидың (1275-1348) «Манақиб Әби Ханифа уа сахибайһ» атты еңбегі. 1947 жылы Каирде басылған. 10. Әл-Баззази әл-Кердеридің (?-1424) «Манақиб имам Ағзам Әби Ханифа» атты еңбегі. әл-Маккидың еңбегімен бірге 1904 жылы Хайдарабадта, 1981 жылы Бейрутта басылған. Мұхаммед ибн Омар әл-Халаби Осман түрікшесіне аударған. Қолжазба нұсқалары Түркия кітапханаларында сақталған. 11. Ас-Суютидың (1445-1505) «Тәбииз ас-сахифа фи манақиб имам Әби Ханифа» атты еңбегі. 1900 және 1916 жылдары Хайдарабадта басылған. 12. Мұхаммед ибн Юсуф аш-Шамидың (?-1536 қ.) «Уқуд әл-Жұман фи манақиб Әби Ханифа ан-Нұғман» атты еңбегі 1979 жылы Меккеде басылған. 13. Ибн Хажар әл-Һайтамидың (1504-1566) «Хайрат әл-хисән фи манақиб ан-Нұғман» атты еңбегі. 1887, 1894, 1908 жылдары Каирде, 1983 жылы Бейрутта басылған. 14. Али әл-Қаридың «Манақиб имам Ағзам» аты еңбегі 1332 (1914) жылы Хайдар абатта басылған. 15. Мұхаммед Мұртаза аз-Забидидың «Уқуду әл-жауаһир әл-мунифа фи әдиллә мәзһаб имам Әби Ханифа» атты еңбегі, 1873 жылы Александрияда, 1892 жылы Стамбұлда басылған. 16. Нұриддин Мұстафа ибн Мұхаммед Әмин әл-Хусейни, «әл-Маталиб әлмунифа фи забби ан имам Әби Ханифа», Бағдат, 1990 жыл. 17. Мұхаммед Заһид әл-Кәусәридың «ән-Нуқта ат-Тағрифа фи тахаддус ан рудуд ибн Әби Шайба ала Әби Ханифа» атты еңбегі Каирде 1946 жылы, «Ақуам әл-масалик фи бахси риуаяти Мәлик ан Әби Ханифа» деген еңбегі 1941 жылы Каирде «Тәнбиһ әл-Хатиб ала ма сақаһу фи таржамати Әби Ханифа мин әлАказиб» деген еңбегі 1942 жылы Каирде, 1981 жылы Бейрутта басылған. 18. Абдуләууәл әл-Канпури, «ан-Науадир әл-мунифа би Манақиб әл-имам Әби Ханифа» 1893 жылы Канпурда басылған. 19. Мұхаммед Али ибн Ғулам Мұхаммедтің «әл-Жауаһир әл-арбаға» 1856 жылы Үндістанда басылған. Бұл еңбек парсы тілінде жарық көрген. 20. Абдулқуддус әл-Қадири әл-Бенгалуридың «Тазкират ан-Нуғман» атты еңбегі 1894 жылы Бенгалурда басылған. 21. Ахмад Рашид Паша, имам Ағзамның сияси Тержумеи хали 1910 жылы Стамбұлда басылған. 22. Шамсуддин Сиуаси, «Манақиб имам Ағзам» (дастан), Стамбұл 1874 жылы Стамбұлда басылған. 23. Зафар Ахмад ат-Таханауи, «Әбу Ханифа уа асхаб әл-мухаддисун». Иғлаус-сунан атты еңбегінің 1-томына енген. Қолжазба күйінде сақталғандары да жетерлік. Дегенмен кең таралып, көп нұсқасы сақталғандарының арасынан мына еңбектерді атап өтуге болады: 1. Абдулла ибн Хусейн ән-Насихи, «әл-Мухталаф байна Әби Ханифа уа аш-Шафиғи».
2. Әбу Исхақ аш-Ширази, «әл-Мухтасар фи мухталаф фиһи Әби Ханифа уа аш-Шафиғи». 3. Әбул-Фадл Бакр ибн Мұхаммед аз-Заранжири, «Манақиб Әби Ханифа». 4. Садруддин Муаффақ ибн Мұхаммед әл-Хасси, «әл-Ибана фи ар-рад ала ман шаннаға ала Әби Ханифа». 5. Шамс әл-әимма әл-Кердери, «Жамғ әл-Манақиб уа әл-манғ әл-масалиб». 6. Абдулғазиз әл-Бұхари, «Рисала фи тахтиғат әл-имам әл-Ғазали Әба Ханифа». 7. Бабарти, «ан-Нуқат аз-зарифа фи таржих мазһаб Әби Ханифа». 8. Әбул-Қасым Абдулғалим ибн Абу Қасым, «Қалаид ад-дурар уа әл-иқян фи манақиб Әби Ханифа ан-Нуғман». 9. Али әл-Қари, «Рисала фи ар-рад ала ман зайяфа мазһаб Әби Ханифа». Бұл еңбек имам әл-Харамайн әл-Жуайнидың Ханафи мәзһабын сынауына қатысты жауап ретінде жазылған. 10. Шаһабуддин Ахмад ибн Мұхаммед әл-Хамауи, «Тазһиб ас-сахифа би нусрати әл-имам Әби Ханифа». 11. Абу Жағфар Ахмад ибн Абдулла аш-Ширази, «Рисала фи әл-жауаю әлиғтиразат әл-мухалифин ли Әби Ханифа». 12. Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Билал, «Рисала фи таржих ма заһаба илайһи Әби Ханифа». 13. Ибраһим ибн Хусейн ибн Ахмад Пирзада, «Рисала фи мәзһаб әл-Имам». 14. Мұстақимзада Сүлеймен Сағдуддин ибн Мұхаммед, «Манақиб имам Ағзам». 15. Әбул-Аббас Ахмад ибн Салт әл-Химмани, «Фасл фи манақиб Әби Ханифа». Бұл еңбек – Әбу Ханифа туралы жазылған ең алғашқы манақиб деп есетелінеді. 16. Атиқ ибн Даут әл-Ямани, «Китаб әл-Баян уал-Бұрһан фи жумалин мин фазаил имам Ағзам». 17. Хатиб әл-Бағдади, «Манақиб әл-Имам Ағзам». 18. Әбул-Хасан ад-Динуари, «Манақиб Әби Ханифа уа асхабиһ». 19. Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Нақиб, «Манақиб имам Әби Ханифа». 20. Әбу Лайс Мұхаррам ибн Мұхаммед аз-Зайлағи, «Манақиб Әби Ханифа уа сахибайһ Әби Юсуф уа Мұхаммед». 21. Нұх ибн Мұстафа ар-Руми, «ад-Дурар әл-мұназзам фи манақиб имам Ағзам». 22. Абдулғафур ибн Хусайн ибн Али әл-Әлмағи, «Манақиб Әби Ханифа». Жоғарыдағы әдебиеттердің жазылған кезеңдеріне қарап отырсақ манақиб еңбектерінің жарық көруі сонау имам Ағзамның заманынан бері үзілмей жалғасып келе жатқанын көреміз. Осы үрдіс соңғы кезеңдер де жалғасқандығын мына еңбектерден байқауға болады: 1. Сейд Афифи, «Хаяту имам Әби Ханифа», Каир. 1931 ж. 2. Абдулхалим әл-Жунди, «Әбу Ханифа батал әл-хуррия уа ат-тасамух фи әл-ислам», Каир, 1945ж. 3. Мұхаммед Әбу Заһра, «Әбу Ханифа хаятуһу уа асруһу уа фиқһуһу», Каир, 1947ж, 1965ж. 4. Мұхаммед Юсуф, «Әбу Ханифа уа қиям әл-инсания», Каир, 1957. 5. Мұхаммед Шибили Нұғмани, «Сират ан-Нұғман», Урду тілінде. Нию Дели, 1988 ж.
6. Омар ибн Исхақ әл-Һинди, «әл-Ғуррат әл-мунифа фи тахқиқ әл-имам Әби Ханифа», Бейрут. 1986. 7. Мұхаммад Рида әл-Хакими, «Levle’s-senetân le-heleke’n-Nu’mân». 1985. 8. Хатиб Ахмад Кирнауи, «Әбу Ханифа уа асхабуһ», Бейрут, 1989. 9. Уаһби Сүлеймен Ғауажи, «Әбу Ханифа ан-Нуғман имам әимма әлфуқаһа», Дамаск 1987. 10. Ғинаятулла Иблағ, «әл-Имам әл-Ағзам Әбу Ханифа әл-Мутакаллим», Каир, 1987ж. 11. Мұстафа аш-Шакға, «әл-Имам әл-Ағзам Әбу Ханифа ан-Нуғман», Каир, Бейрут 1983. Сондай-ақ, Араб елдері мен Түркияда да осы тақырыпта бірқатар диссертациялар қорғалған. Айта кететін бір нәрсе, тарихи деректерде аталып, қолжазба қорлары мен кітапханаларда нұсқалары сақталмаған көптеген әдебиеттер бар.291 291 ТДВ Ислам энциклопедиясы, Ебу Ханифе, Али Бардакоғлу, х-том, 145-бет.
МӘЗҺАБЫНЫҢ КЕҢІНЕН ТАРАЛУЫ Әбу Ханифа мәзһабы ұстанушыларының көптігімен және дүние жүзінің түкіпір-түкпіріне дейін кеңінен тарауымен ерекшеленеді. Әлемдегі мұсылман үмбеттің үштен екісі осы мәзһабты ұстанады. Қағаз бетіне түсіріліп, жүйелеу тұрғысынан алғанда алғаш қалыптасып, ерте дамыған мәзһаб болып есептеледі.292 Иракта туып, орталығы Куфада болған ханафи фиқһының шартарапқа таралуының тарихи кезеңдері мен қоғамдық, діни және әлеуметтік көптеген себептері бар. Солардың бірі, оның айналасында жиналған ижтихад шурасы (үкім шығару алқасы) мен фиқһ академиясының өздерінен бұрынғы сахаба және табиғиндардан келіп жеткен Құран мен хадис мұрасын, олардың көзқарастары мен ижтихадтарын терең зерттеп, бойларына сіңіре отырып, өмірдің барлық салаларын қамтитындай етіп кең көлемде дамытуында жатыр. Осылайша, фиқһты жеке адамның қажеттіліктерін өтейтін, қоғам мен басқару тәсілін оңтайландырған біртұтас әрі бай дәстүрге айналдыра алулары да ерекше рөл ойнады. Сонымен қатар, табиғиндар кезеңінде рай мен ижтихадтық маңызы Ислам территориясының кеңейіп, жаңа мәдениеттермен араласуы нәтижесінде арта түсті. Осының нәтижесінде мұны белгілі бір жүйеге түсіріп, реттеу қажеттілігі туындады. Өйткені, жөні-жобасы белгіленбеген, тек қана қарсы реакцияға негізделген дінді өз көзқарасына сүйеніп, түсіндіру нәтижесінде Құран мен хадистен бастау алған діни мұраны жоққа шығарып, үмбетті бөлшектеу қаупі де туындаған-ды. Әсіресе, басқа мәдениеттердің ықпалы күштірек сезілген Ирак аймағында осындай қауіптің белең алуы табиғи құбылыс еді. Бұл аймақта елеулі салмағы болмаса да, хадиске сүйенген фиқһ көбіне сыртқы ықпалға көп ұшырамағандықтан, қоғамдағы өзгерістер мен туындаған күрделі мәселелерге жауап беруге қауқары жетпеді. Міне, осындай кезеңде Әбу Ханифа мен шәкірттерінің аят-хадиске сүйенген дәстүрлі діни түсінікті көңілге қонымды етіп түсіндіру арқылы, насс (аят-хадис) пен ақылдың арасында тепе-теңдік орната отырып, дамытқан фиқһ әдіснамасы нәтижесінде жүйесіз ойлауға негізделген түсінік тізгінделді. Осындай ерекшелігінің арқасында, сол әрі одан кейінгі кезеңдердегі ғалымдар мен мүжтәхидтер арасында беделге ие болып, көпшілік ғалымдар фиқһтың осы бағытта дамығанын құп көрді. Әбу Ханифаның ақида саласында сәләф деп аталған ең алғашқы ғалымдардың түсінігіне ие болуы да ғалымдар арасында сенімділікке бөленуіне оң ықпал жасады. Әуелгі кездері әр аймаққа жіберілген мүжтәхид деңгейіндегі қазылар (сот, жоғарғы сот) сол аймақтың діни мәселелерін шешіп отырса, шекараның ұлғаюына байланысты әр аймаққа мұндай мүжтәхид-имам жіберу мүмкін болмай қалды. Ал қоғамдағы бірлік пен тұтастықты сақтау үшін ел билеушілеріне бір амал қарастыру қажеттілігі туындады. Аббаси билеушілерінен Харун әр-Рашидтің кезеңінен бастап, мемлекет осы бағытта тиісті шаралар қарастыра бастады. Осындай ортада Әбу Ханифа мен шәкірттері дамытқан ирак фиқһына жеке адам мен мемлекет деңгейінде осы мақсатты жүзеге асыру жолында маңызды бір мүмкіндік туды. Ханафи Фиқһының кең жайылуының ең басты себептерінің бірі – шәкірттерінің қажырлы еңбектері мен атқарған қызметтері. Әу баста айтып кеткендей, Әбу Ханифа өзінің ерекше дәріс беру жүйесі арқылы көзі тірісінің өзінде қырыққа 292 Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 66-бет.
жуық мүжтәхид ғалым әрі төрт мыңға жуық шәкірт тәрбиелегендігі тарихи кітаптарда келтірілген. Имам Ағзамның және оның ең хас шәкірттері Әбу Юсуф, имам Мұхаммед, Зуфар, Хасан ибн Зияд секілді мүжтәхид шәкірттерінің жетілдірген түлектерінің Хорезм, Батыс Түркістан, Хорасан мен Мәуараннахр секілді жаңадан мұсылман болған аймақтарда белсенді қызмет атқарулары ханафи фиқһының ел арасында тарауына өзіндік ықпалын жасады. Мәселенки, Бәззәзи өз шығармасында Әбу Ханифаның 800-ге жуық шәкіртінің аты-жөндерімен қатар қай жерден келгендіктерін де келтірген293. Оның шәкірттерінің көпшілігі Ирактың Куфа, Басра, Бағдат секілді орталықтарынан, қалған көпшілігінің Ахуаз, Исфахан, Хамадан, Мәру, Бұқара, Самарқанд, Балх, Хорезм секілді Ирактың шығысындағы қалалардан екендігі байқалады. Сонымен қатар, аз да болса Мысыр, Сирия, Мекке, Мәдина, Йемен, Бахрейн, Мусул секілді қаладан келгендері де бар еді. Осы шәкірттері өз елдерінде дәріс алқасын құрып, шәкірт тәрбиелеген немесе қазы қызметіне тағайындалу арқылы ханафи фиқһын сол аймақтарға жайған. Мысалы, Абдулазиз ибн Халид – Термезде, Мұхаммед ибн Халид әл-Ханзалидың – Әстарабадта, Хұсайн ибн Хафс әл-Хамаданидың – Исфаханда, Исмаил ибн Әлиаса әл-Киндидің – Мысырда, Абдуллаһ ибн Фәррухтың – Мысыр мен Солтүстік Африкада ұстаздарының көзқарасы мен Ирак фиқһын насихаттап, кең таратқандықтары тарихи кітаптарда келтірілген294. Фиқһ кітаптарының жазыла бастауы Ханафиліктің таралуының тағы бір негізгі себептерінің бірі – ханафи фиқһ кітаптарының Әбу Ханифа мен шәкірттерінің кезінде жазыла бастауында. Алдыңғы бөлімде айтып өткеніміздей, фиқһтық мәселелер әуелі қырық кісілік арнайы алқада әбден талқыланып, ой сүзгісінен өткеннен кейін мына Зуфәр ибн Хузәйл, Әбу Юсуф, Дәуіт ат-Таий, Әсәд ибн Амр әл-Бәжәли, Юсуф ибн Халид әс-Сәмти, Әбу Мутғи әл-Балхи, Нұх ибн Әбу Мәриям, Мұхаммед ибн Уәхб, Аия ибн Язид секілді фақиһтар оларды жинап, жүйелеп хатқа түсірген295. Бұлардың арасынды Әсәд ибн Амр әл-Бәжәли, Нұх ибн Әбу Мәриям, Әбу Юсуф пен қатар имам Ағзамның дәріс алқасына отыз жыл қатысқан Яхия ибн Зәкәрияның ханафи фиқһының жазылып, жинақталуында белсенді түрде атсалысқандықтары айтылады296. Әбу Юсуфтың біздің заманымызға дейін келіп жеткен төрт шығармасы, имам Мұхаммедтің «Захирур-риуая» кітаптары тобының арасындағы алты кітабы мен «Надирур-риуая» кітаптары сол кездегі Ирак фиқһын танытатын негізгі әрі сенімді қайнаркөз кітаптар болып табылады. Әбу Ханифаның алғашқы шәкірттерінің шәкірттері саналған Исмаил ибн Хаммад, Әбу Сүлеймен әл-Жузжани(Журжәни), Әбул Хафс әл-Кәбир, Бишр ибн Ғияс, әл-Мәриси, Иса ибн Әбан, Ибн Сәмаа, Бишр ибн Уәлид әл-Кинди, Яхия ибн Әксам, Хиләлуррай секілді ғалымдар да фиқһтың әр түрлі салаларында еңбек жазу арқылы ханафи фиқһының кең тарап, күшеюіне маңызды үлес қосқан. Сонымен қатар, ханафи фиқһының жинастырылып-жазылуына халифа 293 Бәззәзи, Манақиб, 491-518-б. 294 Мекки, Манақиб, 1-т. 63-б.; А. Өзел, Ханефи фықых алимлери, Түркия Диянет Вакфы баспасы, Анкара, 2006; Бардакоглы, 3-б. 295 Сәймиәри, 2, 107-б.; Мекки, 1-т, 66-б. 296 Бардакоглы, 3-б.
Мәмун кезеңінде қағаздың ойлап табылып, кең қолданыла бастауының да өзіндік ықпалы болды. Алғашқы бір-екі ғасырдағы ханафи фиқһының жинастырылып-жазылуы мәзһабтың құрылуы мен танылуына жол ашса, кейінгі кезеңдерде һижра жыл санауы бойынша ІV, біздің жыл санауымыз бойынша Х ғасырдан басталған кітаптарды жинастырып жазу ісі мәзһабтың қалыптасуы мен дәстүрлі түсінігінің орнығуына жағдай жасады. Қазылық және ресми мәзһаб тәжірибесі Аббастықтар әулетінің халифасы Харун әр-Рәшидтің Әбу Юсуфты қадиулқудат (қазылардың қазысы, жоғарғы сот) міндетіне тағайындауы және барлық қазыларды тағайындау ісін соған тапсыруы сот істерінде жүйе мен біркелкілікті қамтамасыз ету ел аумағында құқықтық тұрақтылық пен сенімділік ортасының құрылуы жолында жасалған маңызды қадам болумен қатар, әсіресе кейінгі дәуірде мұсылман билігінің қол астына өтіп, халқы жаңадан мұсылман болған елдерде ханафи мәзһабының танылуы мен таралуына елеулі ықпал етті. Ресми тағайындаулармен қатар, басқа аймақтарға жіберілген қазының білімділігі мен біліктілігінің де рөл ойнағаны анық. Баста Әбу Юсуфпен қатар Әбу Ханифаның шәкірттерінің көпшілігі қазылық міндетін атқарған. Олардың көпшілігі фиқһты ижтихад жасайтындай дәрежеде игеруіне байланысты Ирак, Иран, Хорасан, Батыс Түркістан аймақтарында Ирак (ханафи) фиқһы аясындағы құқықтық дәстүрдің қалыптасуына, халықтың сүйіспеншілігіне бөленуіне үлес қосты. Ханафи ғалымдарының белсенді түрде қызмет етуінің арқасында мемлекеттің қолдауы азайған кезде де ханафи мәзһабының ықпалы жалғаса берді. Ал ғалымдар әлсіз болған аймақтарда мәзһаб кең тарай алмады297. Әбу Юсуфтың кезінен бастау алған қадиул-қудаттық практикасы Аббасидтер халифалығы кезеңінде ханафилардың пайдасына қарай шешілгенімен, тарихта орын алған түрлі оқиғалар көрсеткендей, қадиул-қудаттың қазы тағайындау ісі әрдайым сол мәзһабтың өкілдерін тағайындамағанын, әр түрлі аймақтың ерекшелігіне қарай басқа да мәзһабтың имам дарының тағайындалғанын көреміз. Жалпылай алғанда, ханафи мәзһабы Ирак пен оның шығысындағы аймақтарда, Мәлікилік Хижазда, шафиғилік Мысырда, ханбәли мәзһабы бертін келе Бағдат пен Хижазда таралған. Әр түрлі тарихи кезеңдерде Андалуссиядан бастап, Үндістанға дейінгі аймақтарда әрбір мәзһаб кейде жақсы дамыса, кейде бәсеңсіп отырған. Осыған орай, қалалар мен аймақтарға әр түрлі мәзһабты ұстанушы қазылар тағайындалған. Мысалы, Мәдинаға алғашында шафиғи қазылар жіберілсе, кейіндері Мәліки мен Ханафи қазылары тағайындалған. Тарихшы Мақдисидің мәліметі бойынша һижра жыл санауы бойынша ІІІ (милади ІХ) және ІV (милади Х) ғасырда Нишапур, Шаш, Тус, Нәсә, Бұхара, Исфәрәйн секілді кейбір қалаларда шафиғилардың көбеюі салдарынан, ол жерлерге шафиғи қазылардың тағайындалғандығы, кей жағдайларда ханафи әрі шафиғи екі қазының бір уақытта қызмет атқарғандықтары да айтылады298. Аббасидтер әулеті кезеңінде Мысыр елінде ханафилер болғанымен, ол жерде шафиғи және Мәлики мәзһабының ықпалы күшті еді. Өйткені, имам Шафиғидің өзі Мысыр елінде болатын. Сонымен қатар, имам Мәліктің Ибн Уәһб және Ибн Хакам секілді шәкірттері де Мысырда болғандықтан, осы екі мәзһаб кең тарады. Фатимидтер әулеті Мысырды басып алғаннан кейін ресми мәзһаб ретінде 297 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 402-408-б. 298 Мақдиси, Ахсанут-тақасим, 311-б., 323-б.
шииттердің исмаилия мәзһабын жариялады. Бірақ, бұл шара төрт мәзһабты жоя алмады. Халық ғибадаттарын өз мәзһабтарына қарай орындауын жалғастыра берді. Осы Фатимидтер кезеңінде ханафи мәзһабы қатты қысым көрді. Өйткені, Фатимидтер Аббаситтерге қас болатын. Ал ханафи мәзһабы Аббасидтердің ресми мәзһабы еді. Мысырда Әйюбидтер мемлекеті құрылғаннан кейін Сирия мен Мысырда шафиғилер мен ханбәлилердің ықпалы қайтадан күшейді. Осы екі мәзһабтың ғалымдарына арнайы медреселер салынды. Өйткені, Салахаддин Әйюби өзі шафиғи мәзһабын ұстанатын. Бірақ, Сирияда Нуреддин Шәһид Зәнги (XІІ ғасыр) билік басына келгенде бұл жағдай өзгерді. Өйткені, ол ханафилікті ұстанатын. Осылайша, ханафи мәзһабы Сирияда кең тарап, артынан Мысыр еліне де бірте-бірте жайыла бастады. Осы кезден бастап ханафи мәзһабы Аббасидтер кезеңіндегі секілді тек қана үкіметтік ресми мақамдарда қалмай, халық арасында кең тарады299. Халық арасында ханафилер көбейгеннен кейін Салахаддин Әйюби Каир қаласында ханафиларға арнап «Суюфия» медресесін салғызды. Мұның нәтижесінде ханафи мәзһабы ел арасында кеңінен жайылды. Мәмлуктар кезеңінде әуелі Каир қаласында 659 жылы (1261) шафиғи ғалымдарынан Тәжуддин Абдулуаһһаб ибн Бинтил-иаз қадиул-қудат ретінде тағайындалды. Бірақ, бұл жердегі халықтың арасында түрлі мәзһаб өкілдері өмір сүргендіктен, халықтың арасында наразылық туып, басқа үш мәзһабтан қазылар тағайындалды. Тарихшы Мақризидің мәліметі бойынша атамыз Сұлтан Бейбарыстың Мысыр елінде шафиғи, мәліки, ханафи және ханбәли мәзһабтарынан төрт қазы тағайындауынан кейін (1266 ж.) мұсылман елдерінде осы төрт мәзһаб бойынша білім беріліп, сот істері жүргізілген. Яғни, оның айтуы бойынша осы кезден бастап, Ислам әлемінде төрт мәзһаб бойынша амал ету мәселесінде үмбет арасында ижма (бір ауыздан келісім) болған300. Алайда, оныншы ғасырда өмір сүрген Мақдиси шығармасында өз кезеңінде Ислам әлемінде фиқһ саласында ханафи, Мәлики, шафиғи мен дәуіди (захирилер) секілді төрт мәзһабтың болғанын айтқан301. Сунниттер арасында захирилердің шафиғи мәзһабының бауырында бірте-бірте еріп жойылуы мен ханбәли мәзһабының шығуынан кейін XІ ғасырда осы төрт сунни мәзһаб қалыптасқан. Ал Аббаси халифаларынан Насыр Лидиниллахтың қазы тағайындаған кезде төрт мәзһабпен шектелуі осы төрт мәзһаб бойынша амал етудің жоғарыда аталған кезеңнен (1266 ж.) бұрын басталғанын көрсетеді302. Фиқһ мәзһабтарының дамуы мен таралуы қарсаңында ханафи мәзһабы ең аз таралған аймақ Солтүстік Африка мен Андалусия болды. Мысыр Османлы мемлекетінің билігіне өткеннен кейін, қазылық ханафи мәзһабы бойынша жүргізілді. Ғылым үйренушілердің арасында ханафи фиқһын оқып-үйренуге деген қызығушылық артты. Нәтижесінде, ханафиліктің беделі күшейіп, Аббасидтер кезеңіндегі секілді ресми мәзһабқа айналды. Мехмет Али паша (1849 қ.) Мысырды өзіне қаратқан кезде жалғыз ханафи мәзһабын ресми етіп жариялаған. Бұл 20-ғасырдың басына дейін жалғасты. Ханафи мәзһабы Мысырдан әрі қарай батысқа (Мағрибке) тарала қоймады. Тек 299 Қурәши, әл-Жәуәхирул-мудиия, 3-т., 439-440-б.; А. Тәймур Паша, Назар тарихия фи худусил-мәзәхибил арбаа, Каир, 1351, 15-б., 300 Хытат, 2-т., 344-б. 301 Мақдиси, Ахсанут-тақасим, 37-б. 302 А. Бардакоглы, Ислам ансиклопедиси, 16-т., 6-б.
қана Әсад ибн әл-Фурат (қ. 213 һ)303 кезеңінде мағриб еліне өткенімен, ұзаққа созылмаған. Өйткені, ол жерде мәлики мәзһабын ұстанған Ағлабилер әулетінің беделі күшті еді. Міне, сондықтан Мағриб пен Андалуссида жалғыз мәлики мәзһабы кең тараған. Сирия мен оның аймағында да ханафи мәзһабының таралғанын көреміз. Сирия мен Мысырдағы кейбір басшылар ханафи мәзһабының беделін азайтқысы келгенімен, халық арасында кең жайылғандықтан, мақсаттарына жете алмады304. Ханафи мәзһабыны кең таралуында Сәлжұқтар мен Осман мемлекетінің рөлі ерекше. Сәлжұқ билеушісі Тұғрыл бей Нишапур, Исфахан, Хамадан секілді ханафилік аз таралған жерлерге ханафилерден қазылар мен имам дар тағайындауының нәтижесінде ханафилік күшейді. Османлы мемлекеті кезеңінде 16-ғасырдан кейін құқықтық мәселелердің ханафи мәзһабы бойынша жүргізілетіндігі ресми түрде жарияланған. Анадолы мен Румелиде ықпалы артса, Мекке, Мәдина, Халеп, Қудыс, Каир секілді елдімекендерде халықтың көпшілігінің басқа мәзһабты ұстануына байланысты бас қазының көмекшілері өзге мәзһабтан тағайындалып, мәселелерді өз мәзһабтарына қарай шешуіне жағдай жасалған. Негізінде, мемлекеттердің ресми мәзһаб ұстанымдары құқықтық бірлік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шара еді әрі өзіндік пайдасын да тигізді. Бұл өз кезегінде мәзһабтардың бір елде тарауының сырт көзбен қарағандағы негізгі себептері секілді көрінгенімен, сол аймақтардың ерекшеліктеріне сай келгенін де есепке алған жөн. Мәселен, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрыптардың белгілі бір мәзһабты қабылдауда жағымды немесе жағымсыз рөл ойнағандығы белгілі. Мұсылман арабтардың қол астына өткен парсылар өздерінің қарсылықтарын ақида және фиқһ алаңында имам ия, жағфария, зәйдия түрінде білдірсе, Солтүстік Африкалықтар Хижаз фиқһын өз орталарына сай келгендіктен жылдам қабылдаған болатын. Мәуараннахр305, Хорасан, Үндістан, Батыс Түркістан және Ислам мемлекетінің қол астына өткен араб емес өзге ұлттардың ханафи мәзһабынының өздерінің әдет-ғұрыптары мен қоғамдық өмірлеріне сай келгендіктен қабылдағандықтары да әбден мүмкін306. Ханафи мәзһабының шариғатқа қайшы келмеген жағдайда, жергілікті әдет-ғұрыпты дәлел ретінде санауының бұған тигізген ықпалы мол. Өз кезегінде ханафи мәзһабы өмірсалты, мәдени-саяси жағдайы хижаз аймағынан мүлде бөлек аймақта туып, кең етек жайған-ды. Шариғаттың кең өлшемдерін бір ғана аймақтың ерекшелігімен шектемей, хадистердің сыртқы мағынасына ғана қарамай, мәселелерді кең түрде талқылап, негізгі мақсатты басты назарға алуының өзге ұлт өкілдерінің де Исламды қабылдауын жеңілдеткені анық. Орталығы Куфада болған Ирак фиқһының таралуында Әбу Ханифаның тұлғалық қасиетінің де рөлі ерекше. Сондықтан, бұл мәзһаб ханафи мәзһабы 303 Ол хижра жыл санауы бойынша 142 жылы Қайрауанда дүниеге келген. Әуелі имам Мәліктен ілім алып, кейін Бағдатқа келіп Әбу Ханифаның шәкірттерінен дәріс алған. 181 жылы еліне қайта оралған Әсад ибн әл-Фурат білгір фақиһ ретінде көзге түседі. Ол Қайрауанға қазы ретінде тағайындалып, ханафи мәзһабын Тунис пен Алжирде жаюға тырысқан. 213 жылы Сицилияға қарсы жасақталған әскерді басқарып, жолда оба ауруына шалдығып қайтыс болған. 304 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 406-б. 305 Ханафи фиқһының Мәуараннахрда қалай таралғанына қатысты А.Муминовтың «Роль и место ханафитских улама в жизни городов Центрального Мавараннахра (V-VІІ/VІІІ-XІІІ вв.)», Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук, Ташкент-2003 306 А. Бардакоглы, Ислам ансиклопедиси, 16-т., 7-б.
деп аталды. Терең ілімі, зеректігімен ерекшеленген және діннің шынайы рухын жақсы меңгерген Әбу Ханифаның мәзһабы арабтардың тысындағы түркі және парсы халықтарының арасында кең жайылды.. Ақылға негіздеп қисынмен ойлау әрі Исламның негізіне сай жеңілдік дәстүрін ұстануы бұл мәзһабтың кең тарауына жол ашқан себептердің бірі. Осы ұзын-сонар тарихи кезеңдердің нәтижесінде, ханафи мәзһабы Түркия, Балқан елдері, Босния-Герцоговиня, Украина, Қырым, Әзірбайжан, Кавказ, Орал, Сібір және Орталық Азия, Қытай, Манчжурия, Жапония, Ауғаныстан, Хорасан, Тайланд, Үндістан, Пәкістан секілді елдерде ханафи мәзһабы кең тарады. Йемен, Хижаз, Мысыр, Палестина, Алжир мен Туниста ханафилар аз, ал Эфиопия, Сирия мен Иракта айтарлықтай күшке ие.
ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ХАДИС ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ Фиқһ ілімінің негізін қалап, әлемге кең тараған мәзһабтың имам ы, мұсылман ғалымдары сөзсіз мүжтәхид деп бірауыздан қабылдаған имам Ағзам жайлы бастапқы кездері түрлі себептермен қарсы шыққандар кездескені секілді қазіргі таңда да сол негізсіз қаңқу сөздердің шығу төркінін оқып-білмей жатып, асығыстықпен «Имам Ағзамның хадис ілімі таяз болған, сахих хадистер тұрғанда оларды ескермей қиясты негізге алған, әлсіз хадистермен амал еткен...» деген секілді жарға жығатын жаңсақ пікірлерді тарату арқылы ірі тұлға Әбу Ханифаның беделін жұртшылық алдында кішірейтіп, оның орнына басқаларды зорайтып көрсетуге тырысушылар да қоғамымызда ұшырасып жатқаны өкініштіақ. Бірақ, «Жарқырап тұрған күнді балшықпен сылай алмайсың» дегендей, оны жұрт алдында кішірейтуге тырысқанмен, ол бұған кішірейіп қалмайды307. Әбу Ханифаның хадис риуаятының кең тараған берекелі Куфа аймағында ғұмыр кешіп, одан нәсібін алмауы мүмкін емес. Қайта, керісінше, риуаяттың көп тарауына байланысты әр естіген хадисін ала бермеген. Фақиһтардың хадисшілерден ең үлкен айырмашылығы да, міне, осында. Хадисшілердің бір бөлігі әр естіген хадисін жинап, онымен амал етуге болып-болмайтынына қарамай, тіпті кейбіреулерінің хадистерде не айтылғанын да түсінбей, басқаларға жеткізуге тырысқаны көптеген кітаптарда келтірілген308. Кейбір деректерде Әбу Ханифаның үйінде жазбаша түрде сақталған сандық толы хадистердің болғаны, олардың аз бөлігін ғана риуаят еткендігі айтылады309. Осы мәселеге қатысты белгілі тарихшы Ибн Халдун: «Кейбір шектен шыққандар мен көреалмаушылар мүжтәхид имам дардың кейбірінің хадис ілімі жеткіліксіз, сондықтан хадис риуаяты аз екенін айтуда. Үлкен имам дар жайлы бұлай ойлау орынсыз. Өйткені, шариғат заңдарының Құран мен хадистен алынатыны әмбеге аян. Дінді сахих (сенімді, дұрыс) негіздерден және оның үкімін жеткізушіден ала білу хадисте жүйрік болуды талап етеді. Ал пәтуа беру, қазылық ету хадис ілімі таяз адамдардың қолынан келетін іс емес. Ал хадис риуаяты аздарға келсек, олар өздеріне жеткен хадистердегі (хадис жеткізушілердегі) кейбір кемшіліктерге байланысты хадис риуаятын азайтқан... Міне, Әбу Ханифа да риуаят пен хадис жеткізуге қатаң талап қойып, асқан жауапкершілікпен қарағандықтан, хадистерді аз риуаят еткен...Ол біле тұра хадис риуаят етуден қашпаған. Мәзһабының хадис имам дары арасында сенімді деп табылуы, риуяттарды қабылдау не алмауға қатысты қойған талаптарының орындылығы, оның хадис ілімінде алып мүжтәхидтерден екендігін көрсетеді»310 дейді. Сиқа311 хадисшілердің бірі Исраил ибн Юнус «Нұғман − қандай ұлы тұлға. 307 имам Ағзамның хадис іліміндегі орнына қатысты бұның алдыңғы кітабымызда кең көлемді түрде тоқталғандықтан, бұл жерде көбіне ғалымдардың ол жайлы айтқан пікірлерімен шектелеміз. Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: А. Әділбаев, Ш. Әділбаева. Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы. Алматы: 2011 ж. 308 Бұған қатысты мысалдарды білгіңіз келсе, мына кітаптарға қараңыз: Ибн Құтайба, Тәуил, 8-12-б.; Ибн Қайим әл-Жәузий, Тәлбис, 111-113-б.; Ф. Рази, Манақиб, 242-248-б. 309 Мекки, Манақиб, 85-б. 310 Ибн Халдун, Муқаддима, 4-басылым, 1978, 444-445-б. 311 Бір адамға сену, хадис әдіснамасындағы мағынасы: бойын-да әділдік пен дабт (естіген хадистерін көп жылдар өтсе де басқаларға өзгеріссіз, айна қатесіз жеткізе алатындай есте сақтау қабілетінің күштілігі) сипаты бар хадис жеткізушісі. Кеңірек мәлімет үшін қараңыз: М. Угур, Ансиклопедик хадис теримлери сөзлүгү, ТДУ баспасы, Анкара, 1992, 359-б; Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі (тарихы және әдіснамасы), Нұр-Мүбарак баспасы, Алматы,
Фиқһ кездесетін хадисті одан жақсы білген, одан терең зерттеген, ондағы фиқһтық үкімді одан жақсы аңғарған ешкім жоқ»312 деп, оның өзге хадисшілер секілді тек хадис риуаят етіп қана қоймай, үкім шығаруға болатын сенімді хадистерді дәлел ретінде қабылдағандығын айқын көрсетеді. Алауиддин Әбубәкір ибн Масғуд әл-Касани өзінің «Бадаиғ ас-санаиғ фи тартиб аш-шараиғ» деген еңбегінде: «Әбу Ханифа хадис майталмандарының бірі болатын. Ол ахад болса да хадисті қиястан жоғары қою керек деген қағиданы ұстанатын. Бірақ, хадис жеткізушілердің әділдігі мен адалдығы нақты болуы шарт деп есептейтін», – дейді.313 Бұхаридің шейхтарынан Яхия ибн Әдәм «Нұғман аймағындағы барлық хадистерді жинады. Пайғамбардың аузынан не айтылса, соның бәрін егжейтегжейлі зерттеді»314 десе, Сахих Бұхари рауиларынан Хасан ибн Салих та «Әбу Ханифа насих пен мансухты ерекше мән беріп зерттеген, Куфалықтардың хадистерін ең жақсы білетін, жамағаттың ұстанған жолына беріктігімен көзге түсіп, өз аймағына жеткен хадистер мен әсәрды315 жадына тоқитын»316, – дейді. Мұжтаһид, шейх әл-ислам Әбу Исхақ аш-Ширази аш-Шафиғи (Алла оған разы болсын) «әл-Лума фи усул әл-фиқһ» атты еңбегінде жарх және тағдил іліміне байланысты сөз қозғай келе былай дейді: «Қортындылай айтқанда, хадис жеткізуші әділ немесе пасық яки кім екендігі белгісіз бейтаныс адам болуы мүмкін. Сахабалар мен Хасан Басри, Ата, Шағби және Ибраһим ан-Нахағи секілді танымал табиғиндер мен имам Малик, Суфян, Әбу Ханифа, имам әш-Шафиғи, Ахмад ибн Ханбал және Исхақ секілді алдыңғы қатарлы үлкен имам дардың жеткізген деректерін күмәнданбастан қабылдау керек. Ол кісілердің әділдігін тексеру артықтық болар». Әйгілі ғалымдар мен хадис хафыздары Мүфти Тақиюддин Әбу Амр Осман ибн Салахиддин аш-Шаһразури, Әбубакір Хатиб, Ибн Хұмам,ат-Тахауи, әлЛәкнауилер ислам ғұламалары арасында танымал тұлғалардың хадис саласындағы әділдігі талассыз екендігін айта келіп, олардың арасында Әбу Ханифаны да ерекше атап өткен.317 Шәмс әл-әимма ас-Сарахси «Усул әл-фиқһ» атты еңбегінде: «Имам Әбу Ханифа өз кезеңіндегі хадисті ең жақсы білетін адам болатын. Бірақ, өте күрделі шарттар арқылы ғана хадис риуаят етуді ұстанатындықтан көп хадис риуаят етпеген», – дейді. Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен оның сахабаларынан жеткен сөздер мен деректерді қамтитын сенімді алты үлкен хадис жинақтарының хадис жеткізушілер тізбегіндегі ғалымдардың барлығы дерлік Әбу Ханифаны дәріптеп, құрметпен еске алған. Олар Әбу Ханифаның ғалымдар арасындағы беделі мен абыройына дақ келтіретін титтей де кемшілігін атамаған. Міне бұл кейінгі кезеңдерде оған тіл тигізіп, жала жабуларының негізсіз екендігін анық көрсетсе керек. Шам өңірінен шыққан әйгілі хадисші ғалым Хафиз Юсуф ибн Заки Абдуррахман Әбу Хажжаж Жалалуддин әл-Миззи «Тәһзиб әл-камал» атты еңбегінде Әбу Ханифаның ілімдегі дәрежесіне егжей-тегжейлі тоқталған. Ал, 2010, 151-б. 312 Сәймәри, 23-б. 313 Касани, Бадаиғ ас-санаиғ, V, 188. 314 Таханәуий, Әбу Ханифа, 12-б. 315 Әсәр – сахаба және табиғиндерге телінген сөз бен іс-амалдар 316 Таханәуий, 12-б. 317 Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 60-64-бет.
Миззидің кім болғандығын аз-Зәһаби «Тәзкират әл-хуффаз» атты кітабында оған арнаған мақтауға толы сөздерінен аңғаруға болады. Ол аталған еңбегінде: «әлМиззи – рижал ілімі саласының туын ұстап, көшін бастаған ғұлама. Ондай ғалым бұл әлемде бұрын-соңды болмаған», – деген. Әбу Ханифа туралы сүбелі еңбек жазған ғалымдардың бірі Абдулқадир әлҚұраши «әл-Жауаһир ал-мудия фи табақат әл-ханафия» атты кітабында былай дейді: «Имам Әбу Ханифа жарх және тағдил саласындағы маңызды тұлғаның бірі. Жарх және тағдил ғалымдары саналатын Ахмад ибн Ханбал, әл-Бұхари, Ибн Мағин, Ибн әл-Маданилер Әбу Ханифаның шәкірттері арқылы Әбу Ханифадан ілім алғандар. Бұл – Әбу Ханифаның ілімі мен дәрежесінің қаншалықты екендігін түсіндірсе керек»318. Хатиб әл-Бағдадидың айтуынша Суфян ибн Уяйна бір сөзінде былай деген: «Мен алғаш Куфаға келгенде хадис үрену үшін дәріс алқасына отырғызған адам Әбу Ханифа болатын. Ол мені адамдарға «Амр ибн Динардан жеткен хадистерді ең жақсы білетін осы кісі» деп таныстыратын».319 имам Ағзам әйгілі хадис жеткізуші ғалымдардың өзін бағалап, оларды осы хадис саласына бағыттауы оның хадис ілімндегі дәрежесінің қаншалықты екенін көрсетсе керек. Әбу Ханифаның абройлы дәрежесін мақтаулы сөздерімен еске алған әйгілі ғалымдар әл-Миззи, әз-Зәһаби, Хусейни, Бұрһан әл-Халаби секілді ғалымдар арасында ислам әлеміне танымал мұхаддис Шиһабуддин Әбул-Фадл Ахмад ибн Хажар әл-Асқалани де бар. Ол өзінің «Тәһзиб әт-тәһзиб» атты еңбегінде имам Ағзамның өмір жолын әңгімелеп, оның хадис саласындағы орны мен беделіне нұқсан келтіретін бір ауыз сөз айтпаған. 320 Ибн Хажар Әбу Ханифаға арнаған тақырыбын: «Имам Әбу Ханифаның асыл қасиеттері өте көп. Алла өз разылығына бөлеп, фирдаус жаннатына жайғастырғай!», – деген ақ тілектерімен аяқтаған.321 Атағы әлемге әйгілі осындай ғалымдар имам Ағзамға сын айта алмағанда, екі сөздің басын құрай алмайтындардың Әбу Ханифаны сынап, оның мәзһабынан мін іздеуі ақылға қонымсыз дүние. Бұл – ғылым мен ғалымның қадірін білмейтіндерге сөз тиіп, тіл мен жағына ерік берген бейәдептік. Мұны қазақ би жоқта құл жүреді жораға дейді. Бұл хадис маған бәрінен қымбат сый болды Ғаурак әл-Куфи былай дейді: «Бір жолы имам Ағзамға арнайы сыйсияпатымды алып, үйінде қонақ болып түстім. Қайтарда маған әкелгенімнің екі есесіндей сыйлық тарту етті. Мен: «Мұншалықты тарту-таралғы беріп, әуре боларыңызды білгенде сыйлық әкелмес едім ғой», – дедім қысылып. Имам : «Сыйлықты бірінші кім берсе, саупты сол алатынын білмейсің бе? Һайсамның Салихтан жеткізуінше пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сізге біреу жақсылық көрсетсе сендер де оның қарымтасын қайтарыңдар. Сыйлай қоятын ешнәрсе таппасаңдар оны құрметтеп, қошеметтеп жақсы сөз айтыңдар», – деген ғой» – деді менің көңілімді жұбатып. Мен: «Бұл хадис маған бәрінен қымбат сый болды», – дедім».322 318 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 84-бет. 319 Мауаһиб ар-Рахман, 134-бет. 320 Макана имам Әбу Ханифа фил-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 101-102-бет. 321 Макана имам Әбу Ханифа фил-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 144-бет. 322 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 74-75 бет.
Хадис зергері Хасан ибн Салих «Әбу Ханифа хадистер арасындағы насих пен мансухты, яғни хадистің үкімінің жойылып-жойылмағандығын бір-бірінен дұрыс ажырата білу керектігіне қатты көңіл бөлетін. Егер қандай да бір хабар пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бен сахабалардан сенімді рауилер арқылы келіп жетсе ғана дәлел ретінде қабылдайтын. Ол Куфа хадисшілері риуаят етіп жүрген хадистердің бәрін де білетін. Ол Куфалықтардың фиқһын да жақсы білетін. Сонымен қатар, өз өңіріндегі тұрғындардың әдет-ғұрыптарына да мән беретін» дейді. Хадис саласының маманы саналған шәкірті Әбу Юсуф: «Қай мәселеде болмасын, Әбу Ханифаға қандай да бір қарсы пікір айта қалсам, артынан ойға қалып, оның көзқарасының тура бағытқа бастайтынына көз жеткізетінмін. Мен хадистермен де көп шұғылдандым. Бірақ, ол хадистің сахихын маған қарағанда тез аңғаратын. Бұл мәселеде оның зейіні терең еді» дейді323. Тағы басқа сөздерінде Әбу Юсуф: «Әбу Ханифаға хадистерді жеткізетінмін. Кейбіреулерін қабылдап, кейбіреулерін қабылдамайтын. Бұл сахих емес немесе мағруф (көпшілікке мәлім) емес», «Хадистердегі ешкім байқамайтын кейбір нәзік мағыналарды көріп, түсінуде имам Ағзамнан асқан терең ойлы ғалымды көрмедім», – деген324. Бұл өз кезегінде имам Ағзамның хадис мәселесінде қаншалықты майталман маман болғандығын көрсетеді. Әбу Захра осы ойларды қуаттай отырып: «Замандастарының бірі «Хадисті дәл сол кісідей терең түсінетін адамды көрген емеспін» деген. Өйткені, ол сөздердің мағынасынан, сөз тіркестерінің мазмұнынан және сол оқиғаға орай үкімнің себебін анықтауда алдына жан салмайтын асқан шебер еді. «Бұл үкімнің себебі не, неліктен бұл оқиға осы үкімді қамтыған» деген секілді сауалдарының жауабын тез табатын. Сөздердің тек сыртқы мағынасына емес, түпкі мағынасына үңіліп, бір-біріне ұқсас оқиғалардың ортақ тұстарын тауып, оқиғаларды олардың негізгі себептеріне назар аудара отырып, үкімді мықты бір қисынмен бекітетін. Бұны жасаған кезде насстағы (аят-хадис) үкімді негіз етіп алады. Соған ұқсаған басқа жағдайлардың да үкімін соған орай беретін»,325– дейді. Әбу Ханифа хадис хафизі болатын Хадис саласында танымал хафиз ғалымдардың өмірі туралы арнайы еңбек жазған мұхадди ғалымдар Әбу Ханифаның өздерінің қатарында атаған. Солардың бірі аз-Заһаби «тазкират әл-хуффаз» атты еңбегінде Әбу Ханифаның өміріне тоқталып, оған мақтаулы сөздер арнаған. Әз-Зәһаби еңбегінің кіріспесінде дәл былай деп жазады: «Бұл – пайғамбарымыздан жеткен ілімді арқалаған әділдігі мен сенімділігі, әлсіздігі мен нақтылығы анықталған, жалғандығы анықталған адамдар туралы мәлімет беретін бірден-бір еңбек». Әз-Заһаби секілді ханбали мәзһабының әйгілі ғалымы, мұхаддис, хафиз Зунун Шәмсуддин Мұхаммед ибн Ахмад ибн Абдулһади әл-Мақдиси де «әл-мұхтасар фи табақат ғулама әл-хадис» атты еңбегінде Әбу Ханифаның өнегелі өмірін сөз етіп, мадақтанысшпен еске алған. Ол аталған еңбегінің басында былай дейді: «Бұл шағын еңбек, пайғамбарымыздың сахабаларынан, табиғиндар мен олардың 323 Алла достлары, 4-т., 276-б. 324 Мекки, 95-96-б. 325 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 52-б.
ізін басқан атбағ-табиғиндерден шыққан хадис хафиздары туралы. Хадис ілімімен айналысқан адамның осы кісілер туралы мәліметтерді білмеуі дұрыс емес». Шафи мәзһабының көрнекті өкілі Ибн Насруддин деген атпен танылған әйгілі ғұлама имам , Шам елінің атақты тарихшысы, хафиз Шәмсуддин Әбу Абдулла ибн Әбубәкір өлең жолымен жазылған «Бадиғат әл-Баян ан маут әл-ағян» атты кітабында Әбу Ханифа туралы көлемді мәлімет берген. Бұл еңбек хадис хафиздарын бірінен кейін бірін жіпке тізгендей атап шыққан326. Хадис хафиздарының соңғысы, әйглі ғұлама имам Жалалуддин ас-Суюти де өзінің хадис ғұламаларына арнап жазған «табақат әл-хуффаз» атты еңбегінде Әбу Ханифа туралы біраз сөз қозғаған. Ас-Сютидан кейін имам Ағзамды хадис хафиздарының қатарында атаған танымал мұхаддис Мұхаммед ибн Рустум әл-Хариси әл-Бадахши болатын. Ол «таражим әл-хуффаз» атты еңбегінде атап өтеді.327 Әбу Ханифадан жеткен хадистің дәрежесі Хадис саласындаға бірегей тұлға, әйгілі ғалым Ибн Хажар әл-Асқалани «шарх нухбат әл-фикар фи мусталах әһли асар» атты еңбегінде былай дейді: «Машһур, азиз, ғариб деген түрлерге бөлінетін ахад хадистердің ішінде дәйекке ең жарамдылары келесідей ерекшеліктері бар хадистер: 1. Мұтауатир дәрежесіне жетпеген, бірақ, Бұхари мен Мүслим риуаят еткен хадистер. 2. Әртүрлі жолмен жетіп, тізбегі мен мәтінінде ешқандай кемшілік пен әлсіздік болмаған машһур хадистер. 3. Сенімді хадис хафизі имам дар тізбегі арқылы жеткен хадистер. Себебі мұндай хадистер ғариб деп есептелмейді». Ғылыммен және хадис риуаят етумен айналысқан имам Мәлик секілді имам дардың риуаятының сенімділігін тексерудің қажеті жоқ. Ал, имам Мәлик жеткізген сол хадисті екінші бір сондай имам риуаят еткен болса, бұл хадистің дәрежесі одан сайын арта түседі де, жеткізушілердің қателесу қаупін тіптен азайтады. Имам Әбу Юсуф арқылы имам Ағзамнан немесе имам Шафиғидың Мұхаммед арқылы Әбу Ханифадан риуаят еткен хадистері де дәл солай. Себебі, мұндай хадистерде жоғарыда аталған ерекшеліктердің бірі хадис хафизы саналатын имам дар тізбегі бар. Тіпті кейде имам дар тізбегі арқылы жеткен хадистер Бұхари мен Мүслимдегі хадистерден дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Ибн Хажар жоғарыда аталған еңбегінің тағы бір жерінде былай дейді: «Кейде дәрежесі төмен хадистер белгілі себептерге байланысты жоғары деңгейге көтеріледі. Мәселен, Мүслимнің сахихында келген бір хадис машһур болғаныме, мутауатир дәрежесіне жетпеген хадис, белгілі септермен қатар келуіне байланысты нақты дерек қатарына еніп, Бұхаридегі жекелеген хадистен дәрежесі жоғары болады». Міне сондықтан, имам Мәликтің Ибн Омар арқылы имам Нафидан жеткізген хадистері Бұхари мен Мүслимдегі ең сахих жолмен жеткен хадистерден жоғары тұрады. Сондайақ, Әбу Ханифаның Нафи, Ибн Омар, Ата ибн Әбу Рабахтардан немесе ұстазы Хаммадтан жеткізген хадистері де дәл солай.328 326 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 68-71-бет. 327 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 73-бет. 328 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 99101-бет.
Мұндай ғалым әлемде біреу ғана Әбу Ханифа ғылым-білімге барын салып ізденгендіктен, басқалар жете алмаған белестерді бағындырған. Бір күні Әбу Ханифа халифа Мансурдың алдына барғанда сарайдағы әйгілі ғалым Иса ибн Мұса халифаға: «Қазіргі уақытта мұндай ғалым әлемде біреу ғана», – деген329. «Ас-сират аш-шәмсия» атты еңбектің авторы шафиғи мәзһабының танымал ғалымы, имам Шамсуддин Мұхаммед ибн Юсуф ас-Салихи ад-Димашқи «Ғуқуд әл-жұман» атты еңбегінде былай дейді: «Имам Әбу Ханифа – хадис хафиздарының алдыңғы қатардағыларынан саналады. Себебі, танымал хадис ілімінің сыншы ғалым Әбу Абдулла әз-Зәһаби «әл-Мумтиғ уә табақат әл-хуффаз әл-мухаддисин» деген кітабында Әбу Ханифаны хадис хафиздарының қатарында атаған. ӘзЗәһаби өте дұрыс айтқан. Себебі, имам Әбу Ханифа хадис хафизы болмаса, соншама фиқһ мәселелерінің үкімін айтпас еді. Ол дәлел дәйекке сүйеніп үкім шығаруға бастамашы болған адам». Даңықты мұхаддис шафиғи ғалымы Исмаил әл-Ажлуни ибн Мұхаммед Жаррах Әбу Ханифа туралы кең көлемде мәлімет бере келе, оның хадис саласында көш бастайтын ғалымдар қатарында екенін айтады. Сондай-ақ, шариғат үкімдерін қарастыратын адамның міндеті хадис риуаят ету емес, үкім шығарумен, ижтиһад жасаумен айналысу. Мұжтаһид ғалымдардың бәріне отақ ерекшелік осы екендігін жазған. Әбу Ханифаны сынайтындар оның теңдесі жоқ ғалым екендігін, хадис іліміндегі орнын да жақсы біледі. Олар оның ілімінен сын таппағандықтан оны райға көбірек сүйенеді деп айыптаған. Негізінде сәләф ас-салихтың кезеңінде «рай» шариғат үкімдерін мәтіндерден шығару жолы ретінде қаралатын. Мәтіндерді түсіну, оны терең зерттеу ижтиһадсыз, райсыз болуы мүмін емес330. Бұл жоғарыда аталған әл-Ажлунидің жасаған тұжырымдары. Ұстаздан шәкірт озар Әбу Ханифа хадис зерттеу мәселесінде, тіпті, өзінің ұстаздарын басып озған көрінеді. Зәхәби «Манақибу Әби Ханифа» атты еңбегінде имам Мисар ибн Қидамның «Әбу Ханифамен бірге хадис үйрендім. Бірақ, ол бізді шаң қаптырып кетті. Тақуалық жолға түстік. Соның өзінде бізден оқ бойы озық тұрды. Содан кейін фиқһ ілімін үйренуге кірістік. Бұл саладағы жетістігі болса да белгілі» дегенін жеткізеді331. Өз кезегінде имам Мисар ибн Қидам хадис саласында есте сақтау қабілеті мен тақуалық жағынан Ирактың мақтан тұтар тұлғаларының бірі әрі Әбу Ханифаның ұстазы еді332. 329 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 76бет. 330 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 79бет. 331 Зәхәби, Манақиб, 27-б. 332 М. Абдуррәшид ән-Нұғмани, Мәкәнәтул-Имам Әби Ханифа фил-хадис, Бейрут, 1416. Бұл еңбек түрік тіліне аударылған. Қараңыз: М. Абдуррәшид ән-Нұғмани, имам ы Ағзам Ебу Ханифенин хадис илминдеки йери, (ауд. Ә. Йылдырым,), Стамбул, 2004, 19-б.
Ілім иелері – Әбу Ханифаның шәкірттері Яхия ибн Мағин, Али ибн Мадаини, Ахмад ибн Ханбал және Зуһайр ибн Харб қатарлы бір топ ғалымдар белгілі ғалым Язид ибн Харунның мәжілісінде отырғанда бір кісі келіп Язидтен имам Ағзам шешімін шығарған бір мәселе туралы пәтуа сұрайды. Сонда ол: «Ілім иелерінен барып сұра», – деп жауап береді. Мәжілісте отырған Али ибн Мадаини: «Сонда бұл жерде ілім иелері жоқ па?» – деп таңдана сұрайды. Язид: «Ілім иелері – тек Әбу Ханифаның шәкірттері», – деп жауап береді. Ирактың Уасит аймағынан шыққан Язид ибн Харунның білімі мен тақуалығына, көптеген ізгі қасиеттеріне хадистанушы ғалымдар бас иген танымал тұлға.333 Менің хадисті көбірек меңгергім келеді Мұхаммед ибн Язид әйгілі хадисшілердің бірі Амрдан білім алып жүреді. Ұстазы оған имам Ағзамның кітаптарын ерекше көңіл қойып оқуға кеңес береді. Сонда Ибн Язид: «Менің хадисті көбірек меңгергім келеді. Әбу Ханифаның кітаптарының не керегі бар?» – дейді. Сонда Амр: «Мен алпыс жыл бойы хадис оқыдым. Бірақ, Әбу Ханифаның кітаптарын оқығанға дейін истинжаның қалай болатынын нақты білмеген едім», – деген.334 Ей, фақиһтар, сіздер дәрігерсіздер Имам ас-Саймаридың айтуы бойынша Абдулла ибн Омар (Алла олардан разы болсын) бір сөзінде былай дейді: «Имам Ағзам мен Ағмаштың кездесулерінің біріне куә болған едік. Ағмаш фиқһқа байланысты көп сұрақ қойды. Имам бәріне жауап беріп жатты. Соңында Ағмаш: «Бұл жауаптарды қандай дәлелдерге сүйеніп беріп отырсың?» – деп сұрады. Имам Ағзам ондаған хадисті «Сен маған пәлен-пәлен деген кісілерден былай деп хадис жеткізгенсің» деп, жеке-жеке хадистерді өзінен естігендей тізбегімен айтып бергенде, Ағмаш: «Менің жүз күнде риуаят еткен хадистерімді өзіме бір сағаттың ішінде риуаят еттің. Сені бұл хадистермен амал етеді деп ойламаған екенмін. Ей, фақиһтар, сіздер дәрігерсіздер, біз хадисшілер дәрі-дәрмекпен айналысушы дәріханашымыз. Әбу Ханифа, сен екеуіне де қабілеттісің!», – деп имам ның білгірлігіне таң қалған еді335. Ибн Абдулбәрр осы айтылғанға қатысты Әбу Юсуфтың былай дегенін жеткізген: «Ағмаш екеуміз оңаша қалған бір сәтте ол маған сауал қойды, мен білгенімше жауап бердім. Ол: «Ей, Әбу Юсуф, бұл жауабыңның қайнар көзі қайда?» деп сұрады. Мен «Сенің маған айтқан хадисіңде» деп оған хадисті айтып бердім. Содан кейін ол: «Ей, Әбу Юсуф, мен бұл хадисті сенің әке-шешең қосылмай тұрып, (яғни, сен дүниеге келмеген кезден) білетінмін. Бірақ, оның мағынасын енді ғана сенен түсіндім» деп, өзі жеткізген хадистің мағынасын фиқһ маманы Әбу Юсуфтан үйренгенін айтады. Басқа бір риуаятта Әбу Юсуф былай дейді: «Ағмашпен бірге отырған едім. Әлден уақытта біреу келіп, Ағмаштан әлдебір мәселенің жай-жапсарын сұрады. Ол оның сауалын жауапсыз қалдырмады. Айналасын шолып Әбу Ханифаны көзі шалады: «Әй, Нұғман! Мына бір сауалға жауап берші» деп, жауабын Әбу Ханифадан сұрады. Әбу Ханифа: «Мұның жауабы былай...» деп түйген ойын айтады. Сонда Ағмаш: «Бұл жауапты қайдан алдың?» 333 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 97-101 бет. 334 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 105 бет. 335 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 205 бет.
деп таңдана сұрайды. Әбу Ханифа: «Сенің бізге жеткізген хадисіңнен» деп жауап қатады. Бұдан кейін Ағмаш: «Біз дәріханашымыз, ал сендер дәрігерсіңдер»336 деп, Әбу Ханифаның хадисті терең түсініп, орынды қолданғанын мойындаған екен. Олай болса, хадисші болу бір басқа да, оны түсініп, үкім шығара білу бір басқа, бұл фиқһ мамандарын қажет етеді. Кімде-кім хадис үйреніп, оның тәпсірін үйренбесе, еңбегі зая кетеді Фадл ибн Атыйя имам Ағзамнан дәріс алып жүретін. Бір күні имам : «Ұлың қайда? Кімдерден ілім алып жүр?» – деп сұрады. Ол ұлының мұхаддистерден хадис ілімін алып жүргендігін айтты. Имам оның ұлын шақыртты. Имам ның алдына келген жас жігіттің қолындағы кітаптың сыртында « » «Зинадан туылған бала үшеудің кесапаты» деген сөздерге көзі түсіп: «Бұл не деген сөз?» – деп сұрады. Әлгі жас жігіт: «Бұл кәдімгі хадистегідей мағынада», – деді. Имам : «Бірақ, бұл сөз Құран мен хадиске қайшы ғой. Алла Тағала Құранда: « » «Біреудің күнәсы біреуге артылмайды»,337 « ْ» «Істеген жақсылығы өз игілігіне, жамандығы сорына»,338 « » «Егер бір жақсылық жасаған болсаңдар өздеріңе жасадыңдар, ал, жамандық қылсаңдар ол да өздеріңе»,339 « », «Тек істеген істеріңнің қарымтасын ғана көресіңдер», – деген жоқ па?!. Бұл мәселеге байланысты тағы көптеген аяттарда айтылған», – деді. Фадыл: «Олай болса, хадистегі мағына нені білдіреді?» – деп сұрады. Имам : «Бұл хадис белгілі бір себепке байланысты ғана айтылған. Зинадан туылған бір бала өсе келе, балиғат жасына жеткенде әкесі секілді ұрлық істеп, зина жасап, соңында өзіне қол салған болатын. Осылайша ол аталған үш түрлі күнаға барғандығы себепті солай айтылған», – деп жауап берді. Ибн Атыйя: «Міне, ілім деп осыны айт!» – деді разы болып. Имам Ағзам оған: «Кімде-кім хадис үйреніп, оның тәпсірін үйренбесе, еңбегі зая кетіп, өзіне үлкен мін арқалайды», – деді. Осыдан кейін Ибн Атыйя имам Ағзамның дәріс алқасына үздіксіз қатысатын болды.340 Яхия ибн Мағиннен бір кісі «Хадис жаттаған адам сол жаттаған хадистерін риуаят етуіне бола ма?», – деп сұрағанда, ол: «Әбу Ханифадан естуімше хадисті жаттап, оның мән-мағынасын түсінген адам ғана риуаят етуі керек» 341, – деді. Демек имам Ағзам хадис жаттаудан бұрын оның мән-мағынасын түсінуге айырықша мән берген. Хадис оқисыңдар, бірақ мағынасын түсінбейсіңдер Ғылым мәжілістерінің бірінде Уакиғ бір хадиске байланысты бір мәселенің шешуін таба алмай қиналды. Ол терең күрсініп: «Әттең, өкінгенмен пайда жоқ. Әттең арамызда имам Ағзам болғанда, мәселеміз әлдеқашан шешіліп қояр еді. Уа, жұртшылық! Хадис оқисыңдар, мағынасы мен тәуилін түсінбей өз өмірлерің мен діндеріңе зиян келтіресіңдер. Менде ең құрығанда Әбу Ханифаның ілімінің оннан бірі болғанда ғой», – деген екен. 336 Ибн Абдулбәрр, Жамиу баянил-илм, 2-т., 131-б. 337 Әнғам сүресі, 164-аят. Исра 15, Фатыр 18, Зүмар 7, Нәжм 38. 338 Бақара сүресі 186-аят. 339 Исра сүресі 7-аят. 340 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 108 бет. 341 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 220-бет
Әбу Ханифаның көзқарасы демеңдер, хадисті тәпсірлеуі деңдер Имам әт-Таханәуи хадисшілердің хадис риуаят етуде хадисті аз да емес, көп те емес, орташа риуаят еткендердің қатарынан саналған хазірет Омар, Али, Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р. анһум) секілді, сахабаларды хадиске сүйенген көзқарастарының көптігіне байланысты муксирун (мыңнан артық хадис риуаят еткен сахабалар) қатарынан санауға болғаны секілді хадистерге сай, түбінде соларға негізделетін мыңдаған көзқарас пен үкімі бар Әбу Ханифаны да көп хадис риуаят етушілердің қатарына қосуға болатынын айта отырып, осыған дәлел ретінде Абдуллаһ ибн Мүбарактың «Әбу Ханифаның көзқарасы демеңдер, хадисті тәпсірлеуі деңдер»342 деген сөзін келтіруде. «Уқудул-жуман» кітабының авторы Мұхаммед ибн Юсуф әс-Салихи да осы мәндес ойын былай келтіреді: «Әбу Ханифа хадис хафыздарының алдыңғы қатарлы ғалымдарынан еді. Егер хадистерді терең білмегенде шариғат үкімдерін шығаруы оңайға соқпас еді. Зәхәбидың оны «Табақатул-хуффаз» (хадисті көп жаттаған хафыздар) кітабына кіргізуі орынды-ақ. Ол былай дейді: «Хадисті көп білгендігіне қарамастан көбіне фиқһтық үкім шығарумен шұғылданғандықтан, Әбу Ханифадан риуаят аз жеткен. Имам Мәлік пен Шафиғиден риуаят етілгендер де естігендерінен аз болған. Дәл осы секілді көп білгендеріне қарамастан, Әбу Бәкір мен Омар секілді үлкен сахабалардан өздерінен төмен дәрежедегі сахабаларға қарағанда риуаяттар аз келген»343. Имам Сарахси сахабалар мен табиғиндардың хадис риуаят етуде мұқияттылық танытқандығын, әр естігенін пайғамбарымыз айтты деп айта бермегендігіне қатысты көптеген мысалдарды344 бере отырып: «Міне, осы секілді көптеген оқиғалар хадисшілерге мәлім. Сондықтан Әбу Ханифа хадис риуаят етуді азайтты. Сондықтан да, кейбіреулер оған хадис білмейді деп жала жапты. Алайда, ол олардың ойлағанындай емес еді. Керісінше, өз дәуірінде хадистің ең білгір ғалымы еді. Кәміл дабт (есте сақтау) шартын ұстанғандықтан, аз риуаят етті», – дейді345. Сонымен қатар, оның хадисті аз риуаят етуінің тағы бір себебі, өзі өмір сүрген кезеңіндегі Ирактың нағыз хадис шығарудың орталығына айналып кеткендігіне барып тіреледі. Ол кезде Ирак ислам елдерінің арасындағы төнкеріліс пен түрлі қозғалыстардың орталығы еді. Міне, сондықтан жалған хадис айтушыларға Иракта қолайлы орта қалыптасты. Осы себептен Әбу Ханифа хадисті сахих деп қабылдау үшін, хадис риуят етушіге қатал шарттар қойды. Тек сенімді, әділдігімен танымал риуятшылардың мәшһүр (көпшілікке мәлім) хадистерін ғана қабылдады. Осылайша, Әбу Ханифа хадис зерттеп, оның дұрыстығын қадағалауда хадис ғалымдарынан да асып түсті. Хадисшілердің шарттарына қарай хадис дұрыс деп саналса, Әбу Ханифа үшін ол хадис әлсіз болып қалды346. Имам Ағзамның хадис риуаят етудегі әдісі мухаддистердікінен өзгеше еді. Хадисшілердің негізгі міндеттері көбіне хадистерді жаттау, өзгелерге жеткізуден тұрғандықтан, фиқһи мәселелерді егжей-тегжейлі біле бермеген. Сондықтан 342 Таханәуи, 17-б. 343 Салихи, 25-беттен И. Хаккы Үнал, 61-б. 344 Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Кімде-кім менің атымнан жалған сөз айтса, жаһаннамдағы орнына дайын-дала берсін» деген хадисін негізге алған сахабалар хадисті мейлінше аз риуаят етуге тырысқан. 345 Сарахси, Усул, 1-т., 350-б. 346 И. Хаккы Үнал, 59-б.
хадис маманы үшін фиқһты білу маңызды болып саналған. Бұл жайында Әбу Ханифа былай деген: «Фиқһ саласын білмейтін хадисшінің мысалы дәрілерді жинап алып, қай науқасқа қай дәрінің қолданылатынын білмей, дәрігердің келуін күтетін дәріханашы тәрізді. Осы секілді хадисшілер де фиқһ маманы келіп түсіндірмейінше, хадистің мағыналарын толық ұға алмайды»347. Дегенмен, Әбу Ханифаның иснадтарымен (хадис айтушылардың тізбегімен) риуаят еткен хадистері де аз емес. Әбу Ханифа хадисшілер секілді хадистерді бір кітапқа топтастырмаса да, айтқан хадистерін шәкірттері 10-нан астам мүснадтарында (хадистер жинағы) жинақтап, хатқа түсірген. Таханәуийдің де атап көрсеткеніндей, хадис хафыздарының жинастырған Әбу Ханифаның муснадтары, имам Мұхаммедтің «Китабул-әсәр әл-марфуа», «Муатта», «Китабулхужжа», «әл-Асл», «Зиядат», «әл-Жәмиғус-сағир», «әл-Жәмиғул-кәбир» мен «әс-Сиярул-кәбирі», Әбу Юсуфтың «Китабул-Әсар», «Китабул-харадж» және т.б. кітаптары, Уәқи ибн Жәррахтың «Муснәды», Абдурразақ пен Ибн Әбу Шәйбаның «Мусаннафтары», Хакимның «Мүстәдрәгі» мен басқа да кітаптары, Ибн Хиббанның «Сахихы», «Сиқаты» мен т.б. кітаптары, Бәйхақидің «Сунәні», Мәліктің «Ғараибы» мен тағы басқа кітаптардағы Әбу Ханифаның риуаяттарын жинаса, көлемді еңбек болатынын айтқымыз келеді348. Қадиул-қудат Әбу Муайяд Мұхаммед ибн Махмуд әл-Харезми бұлардың көпшілігін «Жамиғул-Масанид» атты еңбегінде хадистерді фиқһи тарауларға бөліп, топтастырып, қағазға түсірген. Аталмыш кітаптың кіріспесінде: «Шам қаласында кейбір жаһил (сауатсыз) адамдардың Әбу Ханифаның дәрежесін түсіріп, «төмендеткендерін» естідім. Хадисті аз мөлшерде біледі деп жала жабуда. Бұған дәлел ретінде имам Шафиғидің «Муснады», ал имам Мәліктің «Муаттасы» барын, ал Әбу Ханифаның бірде-бір муснад жазбағандығын айтқан. Бұларды естігеннен кейін Әбу Ханифаның білімін елге танытуды діни борышым деп біліп, ең танымал ғалымдардың Әбу Ханифадан естіп, жазған 15 мүснадтың арасынан жинақтап бір кітап шығаруды ұйғардым» деген. Аталмыш кітап 800 бет көлемінде басылып шықты. Мүснадты оқып, риуаят еткен және хадис жазған Шам қаласының ең танымал хадисшісі – Хафиз Шамсуддин ибн Тулун және Мысыр елінің хадисшісі Хафиз Мұхаммед ибн Юсуф әс-Салихилер еді. Әс-Салихи «Уқудул-жуман» атты еңбегінде: «Әбу Ханифа ең танымал хадис ғалымдарының бірі. Егер Әбу Ханифа хадистерді терең түсінбегенде құқықтық үкім шығаруға шамасы жете қоймас еді, әрі имам Зәһәбидің «Табақатул-хуффаз» (хадис хафиздары) атты еңбегінде оны хафиздардың арасында атауы өте орынды» деген349. Муаффақ әл-Мекки Әбу Ханифаның үкім шығаруда риуаят еткен хадисінің төрт мыңды құрағанын, оның екі мыңын ұстазы Хаммадтан, қалған екі мыңын басқа ұстаздарынан алғандығын, ал «Әсәрда»350 сүйенген дәлелдерін қырық мың хадистен таңдап алғанын жеткізген351. Оны қалайша хадис білмеді деуге болады? 347 әл-Мекки, Манақиб, 2-т.,91-б. 348 Таханәуий, Әбу Ханифа, 18-19-б. 349 М. әс-Сыбаи, әс-Сунна, 490-б. 350 Әбу Ханифаның фиқһ дәрістерінде қолданған хадистерін шәкірттері жинастырған кітап. Кейбір деректерде ол «Китабул-әсәр» деп те аталады. 351 Мекки, 84-85-б.; Нумани, «Китабул-Әсардың кіріспесінде», (аударған: М. Өзшенел), Сакария университеті Илахият факультетінің журналы, 1 нөмір, 1996, 236-б.
Ол дәстүрлі түсініктегі хадис маманы ретінде саналмаса да, хадис іліміндегі «Жәрх уә тәғдилде»352 өзіндік орны болғанын «әл-Жәуәхирул-мудия» кітабының авторы: «Имам Әбу Ханифа – жәрх пен тәғдил мәселесінде сөзі өтетін ғалымдардың бірі. Осы ілімнің маңдайалды мамандары қалайша имам Ахмед, Бұхари, Ибн Маин, Ибнул-Мәдәни және осы саланың басқа да шейхтарының жәрх уә тәғдилге қатысты көзқарастарын алып, онымен амал етсе, Әбу Ханифаның да көзқарастарын қабылдап, онымен амал еткен. Бұл оның абырой-беделін, ілімінің тереңдігін көрсетеді»353 деп баяндайды. Оның жәрх пен тағдилге қатысты хадис жеткізушілер туралы айтқан көптеген мәліметтері қайнаркөз кітаптарда кездеседі. Абдуллаһ ибн Мүбарак Әбу Ханифаның хадис білмеген деп жүргендерге берген жауабынан да оның осы ілімдегі орнын бағамдауға болады. Ибн Мүбарак: «Оны қалайша хадис білмеді деуге болады? Одан кепкен құрма мен кептірілмеген құрманы айырбастауға болып болмайтындығына қатысты сұрағанда: «Мұнда тұрған ештеңе жоқ»,– деді. Оған Сағыд жеткізген хадис айтылған кезде: «Ол – шәзз (қайшылығы бар) хадис. Зәйд Әбу Аияштың риуаятын алуға болмайды» деп жауап берді. Айтыңдаршы, хадис білмеген адам осылай жауап бере алады ма?»,354 – дейді. Осыншама біліміне қарамастан Әбу Ханифаның хадис білімі таяз деудің негізгі себептерінің бірі − мәзһаб таассубынан (яғни, фанатиктігі, бірбеткейлігі) және қандай да бір мәселеге қатысты басқа күшті дәлел табыла қалса, өзге мәзһабтағылардың хадистерін дәлелдік жағынан әлсіз деп табуы да сырт көзге қарағанда хадиске қайшы әрекет секілді көрінгендіктен. Әйтпесе, оның жасаған ижтихадтарына үңілгенде, олардың үкімдік сипаты бар жүздеген хадистерге сай екендігін көреміз. Әбу Ханифа осы мәселеге қатысты «Пайғамбарымыздан Құранға қайшы келетін қандай да бір хадис риуаят еткен адамның сөздерін қабылдамау пайғамбарымызды қабылдамау немесе оны жасынға шығару деген сөз емес. Бұл – пайғамбарымыздан қате риуаят еткен адамды мойындамау болып табылады. Күмәнге ұшыраған пайғамбар емес, жалған хабарды бізге жеткізген адам»355 деп, хадистерді қабылдаудың кейбір өлшемдерін айтып кеткен-ді. Хадисші ғалымдарға құрметі Имам әл-Халаби әл-Ғаскари мен ас-Саймаридан сөздеріне сүйене отырып, Мисғардың былай дегенін айтады: «Имам Ағзам өз үй іші отбасына керек-жарақ сатып алса, хадис имам дарына міндетті түрде одан жақсырағын алатын. Өзі мен жанұясындағылардан гөрі хадис ғалымдарына көбірек жақсылық жасап, қаражат жұмсайтын. Оларға ерекше ілтипат көрсететін».356 Алла елшісінен жеткен барлық нәрсе мен үшін көзімнің қарашығындай! 352 Хадис ілімінің бір саласы. «Жәрх» хадис жеткізушінің бойындағы кешіліктерді (есте сақтау қабілетінің нашарлығы, өтірікші, сенімсіздігі, пасықтығы, т.б.) анықтаса, «тағдил» рауидің бойындағы жақсы сипаттарын анықтап, сенімділігін дәлелдейтін ілім саласы болып табылады. 353 Қурәши, 1-т., 59-б. 354 И. Хаккы Үнал, 66-б. 355 Имамы азам Ебу Ханифе ве есерлери (аударып, түсініктеме берген А. Өзтүрік), Шәмил баспасы, Стамбул, 2010, 73-б. 356 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 256-бет
Хадис пен сүннеттің шариғатта ең негізгі қайнар көз екенін қабылдауда Әбу Ханифаның өзге мүжтәхид имам дардан ешқандай өзгешелігі жоқ. Осыған қатысты ол: «Мен кітаппен амал қыламын, егер одан таба алмасам, Алла елшісінің сүннетінен аламын...»357 – деп, алдымен Құранға, екінші кезекте хадиске қарайтынын ашық айтып, хадистен аттап кетпейтіндігін көрсеткен-ді. Тағы қастерлі бір сөзінде: «Алла елшісінен жеткен барлық нәрсе мен үшін көзімнің қарашығындай»358, – дейді. Осман әл-Баттиге жазған хатында: «Біліп қой! Үйренген және басқаларға үйреткен нәрселердің ең абзалы – сүннет»359, – деген. Алла елшісін мойындамаған адам − Алланы мойындамағанмен тең Әбу Ханифа пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сөздері мен амалдарына деген ықыласын қаншалықты ыстық екендігін мынадан байқауға болады «әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында: «Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) айтқан барлық сөздерін естісек те, естімесек те, оған деген құрметіміз шексіз. Біз оған сенеміз және оның айтқандарының айдай ақиқат екендігіне куәлік етеміз»360 – деп, өз сезімін білдірген. Тағы осы кітабында «Хазірет Мұхаммедті (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) мойындамаған адамның нендей жағдайда болатындығын сұраған шәкіртіне Әбу Ханифа: «Алла елшісін мойындамаған адам − Алланы мойындамағанмен тең» деп, бұл сөзіне дәлел ретінде Құраннан: «Жоқ, раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені төреші қылып, сонан соң сенің берген үкіміңе іштей ауырсынбай, толық бойсұнбайынша шынайы иман еткен бола алмайды»361 деген аятты оқыған. Әбу Ханифа өзгелердің өзі жайында хадиске қарсы келеді деген жаласына сол кезде-ақ жауап берген. Бір риуаятта: «Қандай да бір мәселеге қатысты хадиске қайшы көзқарас айтқандығы жайлы оған хабар берілгенде, ол өзінің сүйенген хадисін дәлел ретінде келтіре отырып: «Аллаға және елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайшы көзқараста болған адамды қарғыс атсын! Алла бізге оны сый ретінде жіберіп, бізді құтқарды»362, – деген. Бір күні араларында Әбу Ханифа да бар, хадис оқылып жатқан бір мәжіліске келіп қосылған Куфалық біреу «хадис айтуды қойыңдар» деген кезде, имам : «Егер хадис болмағанда, ешқайсымыз Құранды дұрыс түсіне алмас едік»363 дейді. Тағы бір сөзінде «Араларында хадис оқып-үйренушілер бар кезде бұқара тура жолдан ауытқымайды, хадиссіз ілім үйренген кезден бастап бұзылады»364 деп, хадистің діндегі орны мен маңызын атап көрсеткен-ді. 357 Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 143-б., 358 әз-Зәхәби, Манақибу имам Ағзам, 33-б; Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 144-б., 359 Әбу Ханифа, Рисала ила Осман әл-Батти, 69-б. 360 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-Мутааллим (Имам Азамның беш әсері, М. Өз,) Стамбул, 1981, 27-б. 361 «Ниса» сүресі, 65-аят 362 Ибн Абдулбәрр, 141-б. 363 Шағрани, әл-Мизан, 1-т., 47-б. 364 Шағрани, 1-т., 48-б.
Әбу Ханифа қиясты365 хадистен жоғары санаған ба? Құқықтық мәселелер туындағанда Әбу Ханифа сүннетті қаншалықты дәлел ретінде ұстанғандығы жайында фиқһ ғалымдарының арасында түрлі пікірлер бар. Тіпті, «фиқһи мәселелерді шешкенде қиясты хадистен артық санайды» деп, Әбу Ханифаға күмәнмен қарағандар кездесіп жатты. Мұны толық түсіну үшін оның фиқһтағы әдіснамасынан хабардар болуымыз қажет. «Риуаят етілген хадис жайында оның фиқһи көзқарасы қандай, оның фиқһи көзқарасы хадиске сай ма, жоқ қайшы ма? Егер пәтуасы хадиске қайшы келсе, себебі неде? Мүмкін хадис оған жетпеді ме жоқ әлде ол Құранға немесе мәшһүр хадиске сүйене отырып айтты ма?» деген сауалдардың жауаптарын білу Әбу Ханифаның құқыққа қатысты қағидаларының негіздері мен тармақтарын зерттеп шығуды қажет етеді. Әбу Ханифаға көзі тірісінде де «Сүннетке қайшы келді» деген жала жабылған. Қайтыс болғаннан кейін де оның атақ-абыройын көре алмағандар жала жапқандарын қоймады. Негізінде, Әбу Ханифа пайда болған мәселенің шешімі табылуына ықпал ететін хадис кездессе, ешқашан оны былай ысырып, қиясқа себепсіз жүгінбеген. Бұл жайында: «Біздің қиясты настан (Құран, хадис және ижма) артық санағандығымызды айтушылар бізге жала жабуда. Егер наста мәселенің жауабы табылса, қиясқа жүгініп неміз бар?»366 – деп, өзінің ұстанымын ашық айтқан. Тіпті, имам Ағзам қиясты басқа амал қалмаған жағдайда ғана қолданатындығын тілге тиек етіп: «Біз аса зәру болғанда ғана қияс жасаймыз. Алдымен біз пайда болған мәселенің шешімін Құраннан, сүннеттен немесе сахабалардың пәтуаларынан іздейміз. Егер бұлардан дәлел таба алмасақ, наста болған мәселемен салыстыра отырып, қияс жасаймыз»367 деген. Ибн Аууам Әбу Юсуфтың былай дегенін жеткізеді: «Әбу Ханифа пайда болған қандай да бір ахуал жа-йында сұралғанда: «Сізде бұл мәселеге қатысты қандай хадистер бар?» деп алдымен сүннетке ден қоятын. Сонда біз білгенімізді айтатынбыз, Әбу Ханифа да өз білгенін айтып, екі көзқарастың қайсысының дәлелі басым түссе, соған тоқтайтын. Ал егер екі көзқарастың дәлелдері тең түссе, жағдайға қарай біреуінің көзқарасын таңдайтын»368. Әбу Мұтғи әл-Бәлхий былай баяндайды: «Куфа мешітінде Әбу Ханифаның қасында отырған едім. Ішке Суфиян әс-Сәури, Муқатил ибн Хаиян, Хаммад ибн Сәләмә, Жағфар әс-Садық бас сұқты. Келген бойда Әбу Ханифаға «Естуімізше, сен дінде қиясқа жиі жүгінетін көрінесің. Сенің жағдайыңа алаңдаймыз. Өйткені, ең алғаш қияс жасаушы – Ібіліс» дейді. Өзінің көзқарасын дәлелдеу үшін Әбу Ханифа жұма күні таң атқаннан түс мезгіліне дейін олармен пікірталастырады. Соңында «Мен ең әуелі Алланың кітабымен, сосын пайғамбарымыздың сүннетімен амал етемін. Сосын әуелі сахабалардың келіспегендерінен бұрын бірауыздан келіскен тоқтамдарына үңілемін. Содан кейін барып қана қияс жасаймын» деді. Оның жауабына көңілдері толған әлгі ғалымдар оның қолын сүйіп, құрмет көрсетіп «Ғұламалардың төресісің»369 деп, ілімділігін мойындаған екен. Осы мәселеге қатысты Әбу Ханифаның ғибратты ғұмыры жазылған манақыб 365 Құран мен хадисте болмаған заманауи бір мәселені Құран мен хадистегі ұқсас бір мәселемен салыстыра отырып шешім шығару 366 Имам Шағрани, Мизанул-Кубра, «Дарул-фикр» баспасы, Бейрут, 19951 т. 15 б. 367 Имам Шағрани, 1-т., 15-б. 368 З. әл-Кәусәри, Танибул-Хатиб, 86-б. 369 Шағрани, Мизан, 1-т., 53-б.
кітаптарында мынадай қызықты оқиға кездеседі. Әбу Ханифа пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) немересі – Мұхаммед Бакирмен алғашқы рет Мәдина қаласында жолыққанда, Мұхаммед Бакир: – Сен Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дінін, хадистерін қиястан төмен санайды екенсің, солай ма? – деп сұрайды. Әбу Ханифа : – Құдай сақтасын, бұлай болуы мүмкін емес? – дейді. Сонда Мұхаммед Бакир: – Мүмкін өзгерткен шығарсың? – Мұндай жаладан Аллаға сыйынамын. Сіз өзіңіздің деңгейіңізге лайық орынға отырыңыз, мен де өз орныма отырайын. Шын мәнінде, мен сізді сахабалар өз арасында атаңызды (Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қалай құрметтеп сыйлағанындай құрметтеп, сыйлаймын» деп құрмет көрсетті. Осыдан кейін Мұхаммед Бакир тізе бүкті. Әбу Ханифа оның алдында жүрелей отырып оған: – Сізге үш сұрағым бар, соған жауап бересіз бе? – деп оның келісімін алған соң сауалдарын қойды. – Әйел әлсіз бе, жоқ еркек пе? Мұхаммед Бакир: – Әйел. – Әйелдің атадан қалған мұрадан үлесі қанша? – Ер кісі екі пай алса, әйел бір пай алады. – Бұл атаңыз пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сөзі емес пе? Егер мен дінбұзар болсам, қияс жолымен ер кісінің үлесін бір, ал әйел кісінің пайын екі есеге арттырар едім. Өйткені, әйел заты әлсіз, табыс табу мүмкіндігі аз, ал ер кісінің әйел затына қарағанда күш-қуаты мол. Еңбек етіп, мол табыс таба алады. Бірақ, мен қияс жасамаймын, аят пен хадис болса, осылармен амал қыламын. – Ең абзалы намаз ба, әлде ораза ма? – Намаз. – Атаңыздың айтқаны осылай. Егер мен оның дінін бұзған болсам, әйел хайыздан (етеккірден) тазарғаннан кейін намазының қазасын өтеуге әмір берер едім. Оразасының қазасын өтеттірмес едім. Бірақ, мен осындай жолмен, яғни, қияспен өзгеріс енгіздім бе? – Зәр лас па, әлде ұрық па? – Әрине, зәр лас. – Егер мен атаңыздың дінін өзгерткен болсам, зәрмен былғанған денені бастан-аяқ жуындырып, ғұсыл алуды, ал ұрық бөлінген адамға тек дәрет алуды бұйырар едім. Бірақ, мен хадиске теріс көзқарасымды таңып, қияспен Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дінін өзгертуден аулақпын. Дінде мұндай өзгеріске жол беруден Алла бізді сақтасын – дейді. Осыдан кейін Мұхаммед Бакир орнынан тұрып, Әбу Ханифаны құшақтап, маңдайынан сүйді370. Осы әңгімеден байқағанымыздай, Әбу Ханифа «нас» (Құран мен хадис және ижма) бар жерде қиясқа жүгінбейтіні анық еді. Хадисті қабылдау шарты қатаң болғандықтан, көптеген хадистерді сахих санамағандықтан, (Құран мен хадистің жалпы үкіміне қарай) қияс пен райды жиі қолданды. Алланың Әбу Ханифаға берген қабілеті мен зеректігінің арқасында ол секілді ешкім қиясты көп қолдана алмады. Осылайша, Әбу Ханифа бір жағынан хадисті қабылдауда сақтық танытумен өзге хадисшілерден ерекшеленсе, екінші жағынан, қиясты «там-тұмдап» қолданатын фиқшылардан оқ бойы озық шығуымен ерекшеленетін. Ибн Абдулбәррдің кітабында имам Мұхаммедтің былай дегені риуаят етілген: Білім төрт түрлі болады: 370 Мекки, Манақиб, 1-т.,168-б.; Хайсами, Хайратул-хисан, 177-б.
1. Алланың кітабында болғаны және ұқсасы; 2. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадисінде болғандар және ұқсасы; 3. Сахабалардың бірауыздан келіскен пәтуасы және осыған ұқсасы; 4. Сахабалар әлдебір мәселеге түрлі көзқарас білдірсе, фиқһ ғалымдары да осылардың біреуінің көзқарасын алып, туындаған мәселелерді соған салыстыра отырып шығарған пәтуасы371. Имам Сарахси осынау төрт білім жүйесінің төрт сатыдан тұратынын айта келіп, төртіншісі туралы «Мұсылмандардың дұрыс деп санаған мәселелері және осыған ұқсағандары» деп ой түйеді. Олай болса, Әбу Ханифа да осы төрт жүйеден тысқары кетіп, үкім шығармаған. Оның қиясы (салыстыру тәсілі) хадистен артық дегендерге Әбу Ханифаның Шағранидің «әл-Мизан» атты еңбегінде былай дегені жазылған: «Алла атымен ант етейін! Бізді қиясты настан артық санады дегендер жалған сөйлеп, бізге жала жабуда», «Егер қандай да бір мәселеге қатысты нас (Құран немесе хадис) кездесіп жатса, қиясқа жүгінудің қандай қажеттілігі бар, біз тек басқа барар жер, басар тауымыз қалмаған зәру жағдайда ғана қиясты қолданамыз. Қандай мәселе болмасын, алдымен Құраннан, сүннеттен және сахабалардан дәлел іздейміз. Егер бұлардан ешқандай дәлел таба алмасақ, үкімі болмаған мәселені үкімі бар мәселемен салыстырамыз (қияс жасаймыз)», «Алдымен Құранда болғанды, содан кейін сүннеттен кездескенін аламыз. Бұлардан кейін сахабалардың амал қылып, келіскен мәселелеріне біз де келісіп, сонымен амал қыламыз. Егер олар қандай да бір мәселеде ортақ келісімге келе алмай пікір қайшылығына ұрынса, қияс (салыстыру тәсілі) арқылы шешім шығарамыз». «Алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеткен барлық нәрсе біз үшін барлығынан артық, әке-шешем ол үшін құрбан болсын, біз оған қарсы шығуымыз мүмкін емес. Сахабалардан жеткендерді таңдаймыз. Олардан басқалары болса, олар да адам, біз де адамбыз372. Бір сөзінде Әбу Ханифа «Алланың дінінде райдан (жеке көзқарас бойынша үкім беру) сақтаныңдар. Сүннетке бағыну – міндет. Кім бұдан бас тартса, адасады»373 деген-ді. Олай болса, оның бұл жазбасынан түсінетініміз, Әбу Ханифа қиясты сахих хадистен басым санамаған. Тіпті, Ибн Хазм, Ирак еліндегі фиқһ ғалымдарының әлсіз хадистердің өзін қиястан жоғары санауда бірауыздан келіскендігін айтқан. Осы ойды Ибн Қайим да қуаттап, «Иьламул-муаққиғин» атты еңбегінде: «Әбу Ханифаның шәкірттері, ханафи мәзһабында әлсіз хадистердің қияс пен ижтихадтан артық саналатындығына және бұл мәзһабтың негізгі қағидалары осы негізге құрылғандығына бірауыздан келіскен. Мысалы, «Намазда күлу жайындағы», «Сапарда құрманың шырынымен дәрет алу жайындағы», «Он дирхамнан аз ұрлық жасаған адамның қолын кеспеу жайындағы», «Хайыз уақытының ең көбі он күнге созылатындығы жайындағы» және «Жұма намазы міндетті түрде адам көп шоғырланған қалалық жерде атқарылуы керектігі жайындағы» хадистер әлсіз болғанына қарамастан, қияс пен ижтихадтан артық саналған. Және әлсіз деген сөз оларды хадис қатарынан шығарып тастау дегенді білдірмейді, әлсіз хадистер өзіндік тізбегі бар хадистердің бір шоғыры, ол ол ма, хронологиялық шежірелік негізі жоқ жазылған көптеген тарихи еңбектерден әлдеқайда сенімді, объективті болып келеді. Әлсіз хадис христиандар мен еврейлердің киелі кітаптарында келтірілген кейбір дәлелдерден нақты болып саналады. Ғалымдар назарында әлсіз саналуына пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадисті 371 Ибн Абдулбәрр, Жамиул баянил илм, 2-т.,36-б. 372 Шағрани, әл-Мизан, 1-т., 15-б. 373 Бұл да сонда, 1-т., 47-б.
жеткізушілердің бойындағы кемшіліктері себеп болған. Негізінде, алдыңғы буын ғалымдар мен кейінгі ғалымдардың «әлсіз» хадистің терминдік мағынасын түсіндіруі әр қилы. Алдыңғы буын ғалымдары қандай да бір хадисті «әлсіз» деп ат қойып, айдар тақса, кейінгі ғалымдар ол хадисті «хасан» деп, үкім берген. Әбу Зәхра «Мынаны нақты айта аламыз: Әбу Ханифаның мәзһабы ешқашан қиясты хадистен жоғары санаған емес. Керек десеңіз, мұсылман фақиһтарының ішінде ешкім қиясты сахих хадистен жоғары қоймаған. Егер қандай да бір риуаятты қабылдамаса, ол Құранға және діннің негіздерінің біріне қайшы келгендіктен туындаған. Бірақ, бұл хадисті ұмытып, қияспен амал ету деген сөз емес. Бұның себебі, нақты бекітілген діни үкімдерге немесе фиқһ әдіснамасының басты ережелеріне сәйкес келмейтін риуаятты алмауда жатыр. Өйткені, ине жасуындай болса да күмән тудырған дәлел нақты дәлелдің алдында ақырғы үкімге өз ықпалын «жүргізе» алмайды. Ғалымдар үкімі нақты хабарды айғақ ретінде алып, күмәндісін қолданбаған»374. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – Әбу Ханифа мәзһабында егер қандай да бір мәселе, яғни, оған тікелей немесе жанама қатысы бар хадис табылса, қияс пен ижтихадты бас-көз демей қолдана бермеген. Міндетті түрде әуелі хадиске мән берген. Осыған орай, Таханәуи, көпшіліктің «Әбу Ханифа қиясты тым көп қолданған» деп айтып жүргеніндей емес, қайта керісінше қиясты ең сирек қолданған мүжтәхидтердің бірі екендігін атап өткен375. Әбу Ханифа үкім шығару мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарап, былайғы жұрттың зердесі жете бермейтін дәрежеде парасат-пайымы кең, кез келген жағдайды жан-жақты талқылай алуымен ерекшеленген ғалым еді376. Пайғамбар сүннеті мен сахабалар жолын қорғаудағы ерекше ыждағаты Шафиғи ғалымы Ибн Хажар әл-Һайтами өзінің «Мауаһиб ар-Рахман фи манақиб ан-Нұғман» атты еңбегінде имам Ағзамның ислам тарихындағы алмағайып кезеңде әһлі сүннет жолын сақтап қалудағы еңбегін былай бағалайды. Құран мен хадистен үкім шығаруда сахабалар мен табиғиндерден жеткен деректер мен дәйектерге сүйенбеген адамдардың өз ойлары мен нәпсінің ырқына еріп қате жорамалға ұрынатындығы анық. «Жүректерінде қыңырлығы барлар бүлік шығарып, өз ойларындағыдай жорамалдау үшін (аяттардың) ауыспалы мағыналары барларына құмартып тұрады»377 деген аятта айтылғандай тура жолдан тайғандар – мұсылмандардың қатарында жүргендей болып көрінгенімен, (өз айтқандарын жөн санап бұрмалау үшін) тура жолдан адасып кететіндігі меңзелген. Осы жағдайды дөп басқан пайғамбарымыз «үмбетім көптеген топтарға бөлінеді...» деген хадисінде солардың ішінен суырылып шығып, жеңіске жетіп, мерейі үстем болатын топты «Олар менің және сахабаларымның жолын ұстайтындар» деп атап, басқалардан ерекшелей айтқаны белгілі. Міне, осы мәселеге орай екінші буынның (әтбағу табиғин кезеңінің) соңына қарай қайшылықтар шиеленісіп, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар мен бидғаттар көбейе бастағанда ғалымдар діни кітаптар жазуға бар ынтасымен кірісті. Осы кезеңде сүннеттен таймаған сахабалар мен табиғиндердің ұстанымдары мен өмірлік деректері егжей-тегжейлі толығымен қағазға түсіп жатты. Өйткені, діннің 374 Әбу Зәхра, 289-б. 375 Таханәуи, Иғлаус-сунән, 1-т., 11-12-б. 376 М. әс-Сибаи, әс-Сунна, 470-б. 377 «Әли-Имран» сүресі, 7-аят.
туын көтерген алғашқы буын сахабалар пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) берекелі мәжілістерінен сусындап, дәл сол ортада өмір сүргендіктен Құраннан басқа кітап жазуды қажетсінбеді. Хадистерді де Құран секілді жаттап, кейінгі буынға жеткізіп отырды. Ол кезеңде көзқарас түсініктерінде айтарлықтай қайшылықтар болмағандықтан әрі саны жағынан да аз болғандықтан ғұламалардың төрелігіне жүгіну аз болатын. Пайғамбарымызбен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) қатар өмір сүріп, уахи мен мұғжизаға куә болған, көңілдерінде ешбір күдік жоқ, имандары берік, дүниенің қызығынан бет бұрған ақ жүректі сахабаларға жаңадан пайда болып жатқан қайшылықтар нық сенімдеріне селкеу түсіріп, кері әсер ете алмағандықтан оларды аса уайымға да сала қоймады. Кейбір оқиғаларға байланысты ижтиһад жасаған ғалымдардан қателескендері де болды. Бірақ, ақиқаттың ақ жолын іздеудегі қателігі болғандықтан, оларды ешкім айыптамайды. Дегенмен мұсылмандардың көпшілігін «әһлул-хал уа әл-ақд» (билік пен келісім иелері)378 деген атқа ие болған үмбеттің беделді тұлғалары мен сүннет жолын ұстанған қалың жұртшылық құрайтын еді. Бұлар пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Үмбетім адасушылықта бас қоспайды», «қалың көпшіліктің соңына ілесіңдер» деген сахих хадистерінде айтылған ешқашан «шариғатқа қайшы істі жаппай қолдап кетпейтін қалың қауым» осы. Сондай-ақ, үмбеттің ижмағының дұрыстығын көрсететін Құран аяттары тура жолдан тайғандардың қауіпті бағыттарға түсіп, бидғаттар мен нәпсіге негізделген жалған мәзһабтары сырт көзге қаншалықты дұрыс болып көрінгенімен, ақиқаттың ауылынан мың көш алыс жатқанын дәлелдейді. Бірақ адам баласы өзі дінге ұюдың орнына дінді өз ойы мен еркіне бейімдеп алғысы келеді. Әрі оны бір тартымдылық пен ерекшелік деп есептейді. Шынтуайтында Алланың заңы үнемі нәпсі мен адамның қалауларын, мінез-құлқы мен әрекеттерін тезге салып отыру үшін жіберілгендігін білмейді. Бұл туралы Құранда: «Егер шындық олардың еркі мен нәпсілеріне ерсе, жер мен көк және ондағы нәрсенің бәрі быт-шыт болар еді. Оларға үгіт болатын нәрсе әкелдік. Олар болса, сол үгіттен теріс айналады»379, – делінген. Шындық осыншалықты жария әрі түсінікті болса да, өкінішке орай шындыққа шақырғанда құлақ аспаған топтарды шайтан аздырып, әртүрлі жолдарға түсіріп, бидғат шыңырауына құлатуда. «Алла тура жолға салғаннан кейін, шайтан иектеп, сандалғандардың айтатынындай «Біз жақтағы тура жолға кел!» дейміз бе?»380, «Міне, осы – тұп-туара жолым. Осы жолға түсіңдер. Алла жолынан адастыратын жолдарға түсуші болмаңдар!»,381 – деген аяттарда көрсетілген нәпсілерінің жетегінде кеткен дінбұзар топтар шығып, бұрынғы өткен ұлы тұлғаларды айыптай бастағанда, діннің негізі мен сахабалардың сара жолын сақтап қалу үшін жаратылған, дін ғұламаларының көшін бастаушы тұлғалардың бірі, өмірі ғибратқа толы кемеңгер ғалымдардың ең беделдісі – Әбу Ханифа анНұғман. Әбу Ханифаның сүннетті сақтап қалуда, діни үкімдерді қалыптастыруда теңдессіз еңбек сіңіргенін дәлелдейтін деректердің бірі ретінде – ақиқат шыңына көтерілген әйгілі тариқат шейхтарының бірі Сәһл ибн Абдулла Тустаридың: «Мұса (Оған Алланың сәлемі болсын) мен Иса(Оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбарлардың үмбетінің 378 Ижтиһад жасайтын ғалымдар мен саяси билік иелері. 379 Мүминун сүресі, 71-аят. 380 Әнғам сүресі, 71-аят. 381 Әнғам сүресі, 153-аят.
арасында Әбу Ханифадай бір кісі болғанда олар не иудей, не христиан болып кетпес еді», – деген сөзін айтуға болады.382 Бұл мәліметтер сүннетті сақтауда алдыңғы өткен буында Әбу Ханифадан асқан тұлғалар болмаған дегенді білдірмейді. Әрине, олардың исламның қалыптасуына қосқан үлесі мен қалдырған мұралдарының орасан зор екендігінде дау жоқ. Бірақ, алғашқы кезеңде имам Ағзамның кезіндегідей түрлі жат ағымдар мен адасушы топтар соншалықты белең ала қоймағандықтан діни ілімге аса қауіп төне қоймаған еді. Қорытындылай келе, былай деп тұжыруға болады. Әбу Ханифаның мүжтәхид ғалым екендігін оған қарсы көзқараста жүргендер мен оны жақтағандардың барлығы тегіс мойындаған. Мүжтәхид болу үшін оның үкім шығаратындай көлемдегі хадистерді жетік меңгеруі шарт. Ал үкім шығарылуы керек хадистердің саны өте көп. Олай болса, кейбіреулердің айтқанындай, «Әбу Ханифа 15 немесе 150 хадис қана білсе» қалайша мүжтәхид ретінде танылады?! Қалайша басқа ғалымдар Әбу Ханифаның үкімдерін дұрыс санайды, фиқһымен шұғылданады, оның айтқандарын осы күнге дейін сақтап, оқып талқылап келеді? Әрине, бұлай болуы ақылға сыймайтын жайт екендігі анық. Әбу Ханифаның мәзһабын оқығандар оның берген жүздеген пәтуаларының сахих хадиске сай келетініне көз жеткізе алады. «әл-Қамус»383 атты еңбектің авторы Мұртаза әз-Забиди Әбу Ханифаның сүйенген және оларды Кутубу ситтаның384 ғалымдары да дұрыс деп құптаған хадистерін «Уқудул-жауһарил мунифа фи адиллати Әби Ханифа» атты кітабында жинақтап жазған. Егер кейбіреулердің айтып жүргеніндей, «Әбу Ханифа тек қана 17 немес 50 немес 150 хадис қана біліп, (олардың айтқанындай) «олардың жартысы қате болса» онда қалайша жүздеген ижтихадтары сахих хадистерге сай келген? Әрине, бұлай болуы мүмкін емес. Ол өз заманындағы хадистердің көбін білгендіктен, соған қарай мәселелерді шешіп отырған. Жалпы алғанда, білімнің қадірін білген, танымал ғалымдардың Әбу Ханифаны дәріптен, хадисшілер секілді тек хадиспен шұғылданып, хадис жинақтамаса да, оның барлық айтқан үкімінің мазмұны мен мағынасы хадис пен Құранға барып тірелетіндігін мойындаған. Тіпті, оны хадис ғалымдарының қатарына қосқан385. Әсілі, Әбу Ханифаға қарсы шығудың себептерінің бірі, өзгелердің оның ижтихад жасау тәсілін түсінбегендіктен туындап жатты. Осының нәтижесінде ол жайында жағымсыз сөздер айтылып, желдей есіп, кейбір білім жолындағы ғұламаларға да барып жетті. Мұнымен қатар, Әбу Ханифаның айтқан пәтуасы басқа ғалымдардың көзқарастарына қайшы келіп те жатты. Алайда, ол туралы жаман ойда болғандар Әбу Ханифамен жолыға қалғанда, оның ойын, пікірін біліп, оның діндар, тақуа екендігін, оның әр мәселеге егжей-тегжейлі қарайтындығын байқап, ол жайында айтылған жағымсыз сөздердің жаңсақ айтылғанын түсініп, дереу өзгеріп, оны мақтап ала жөнелетін. Бұған қатысты «Хайратул Хисан» атты кітабында Мекки былай дейді: 382 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбул, 2009. 25-30-беттер. 383 «Тажул-арус мин жауаһирил қамус» деп аталатын еңбегі 40 том болып жарық көрген. 384 Хадисте ең танымал болған алты кітап: Бухари, Муслим, Тирмизи, Әбу Дәуіт, Ибн Мажә, Насаи. 385 М. әс-Сыбаи, 445-б.
«Әбу Ханифа білімімен танымал бола бастағанда, Әузағидің санасында ол жайында жағымсыз пікір қалыптасады. Бірақ, екеуі ол уақытқа дейін жолықпаған болатын. Тіпті, бір мәртесінде Әузағи Абдуллаһ ибн Мубаракқа: – «Әбу Ханифа» деген лақап ат тағылған Куфадан шыққан бидғатшы кім өзі? – деген еді. Сонда ибн Мубарак оған Әбу Ханифаның атын айтпастан, өте күрделі мәселелерді түсініп-талдауы, оларға берген пәтуалары жайында сөз қозғайды. Сонда Әузағи: – Бұл пәтуаларды айтқан кім? – деп сұрады. Ибн Мубарак: – Иракта жолықтырған бір ұстаз,– деді. Әузағи: – Олай болса, ол үлкен ұстаздардың бірі, оған барып тағы да білім ал,– деп өсиетін айтады. Сонда ибн Мубарак: – Ол кісі – Әбу Ханифа,– дейді. Әрине, мұны естіген Әузағи таң қалады. Көп ұзамай Әузағи Меккеде Әбу Ханифаның өзімен жолығып, Ибн Мубарактың айтқан мәселелері жайында сөз қозғайды. Сонда Әузағи Әбу Ханифаның расында үлкен ғалым екендігін мойындайды. Кейін Әузағи Ибн Мубаракқа: – Бұл адамның білімі мен парасат-пайымына қызықтым. Ол мен ойлағаннан мүлдем басқа адам болып шықты, – деп386, ол жайында түйген пікірінен айнып, естіген жерде оның есімін құрметпен еске алатын болды. Жоғарыда да айтып өткеніміздей, имам Ағзам хадисті шариғи дәлел ретінде қабылдауда қатаң талаптар қойған. Сол талаптарға сай келген хадистерді ғана қабылдаған. Біле-білсек, Әбу Ханифаның хадисті аз риуаят етуін кемшілік емес, қайта хадис риуаят етудің ауыр міндет әрі ақыреттегі жауапкершілігінің ауырлығын сезінуі деп ұққанымыз жөн. Бұл – нағыз тақуа дін ғалымының бойынан табылатын артықшылық. Сондықтан, хадисті аз риуаят етуі – оны даттауға емес, мақтауға тұрарлық амал. Үлкен бір мәзһабқа жол салып, жүз мыңдаған сауалдарға аят-хадистерден дәлел келтіре отырып, жауап бере білу Құран мен хадис ілімін терең білмеген кісінің қолынан келетін іс емес. Әрі жаңа тәсілдерді дамыта отырып, өзіне тән жаңа бір мәзһабтың негізін қалау оның Құран мен хадис ілімін терең меңгергенін нақты көрсетеді. Жоғарыда да атап өткеніміздей, Әбу Ханифаның ілім алған тізбегі атақты табиғиндар арқылы Омар ибн Хаттаб, Али ибн Әбутәліп, Ибн Мәсғуд секілді ғалым, фақиһ сахабаларға барып тіреледі. Сондықтан, оған хадисті аз білген деп жала жабу орынсыз387. Әрине, Әбу Ханифаға барлық хадистер тегіс келіп жетпегені де жасырын емес388. Бірақ, ол хадистердің арасындағы насих пен мансухты жақсы білгендіктен, 386 Хайсами, Хайратул-хисан, 33-б. 387 Әбу Ханифаның хадис іліміндегі орнына қатысты кең мәлімет алу үшін қараңыз: әнНұғмани, М. Абдуррәшид Мәкәнәтул-Имам Әби Ханифа фил-хадис, Бейрут, 1416 388 Осы мәселеге қатысты М. әс-Сыбаи былайша ой түйеді: «Әбу Ханифаға кейбір хадистердің жетпей қалуы немесе оның білмей қалуын жоққа шығармаймыз. Өйткені, сахабалар дінді жаю үшін тарыдай шашырап жан-жаққа тарауы себепті кей өңірге жетпей жатады. Сондықтан, сахабалар, табиғиндер немесе одан кейінгі келген ғалымдардың ешқайсысы хадистердің барлығын білетіндігін жар салып айтқан емес. Бұған мысал: Бір күні Шағби жанында діни сұхбат беріп жатқан бір жас жігітке: «Біз бұл айтқаныңды естімедік» деп тоқтатады. Сонда жас жігіт: «Білімнің барлығын естідің бе?» деп, Шағбиге сұрақ қояды. Шағби: «Жоқ» деді. Жігіт: «Жартысын естідің бе?» Шағби: «Жоқ», деді. Жас жігіт: «Олай болса, бұл айтқанымды естімеген жартысынан деп біл» деп бізге жетпегенін, білетінімізден білмейтініміздің көп екендігін түсіндіреді. Алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге болған сахабалар да хадистердің барлығын біле бермейтін. Мысалы: Хазірет Омар (р.а) мәжусилерден (отқа табынатындардан) салық алмау жайында және оба ауруы жайындағы хадистерді
Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірбаяны мен хадистерді алдыңғы немесе соңғы айтылғандарына қарай отырып, әсіресе, пайғамбарымыздың соңғы кезеңде айтылған хадистерін негізге алған. Әбу Ханифа бір-біріне мән-мағынасы қайшы келген хадистерді өзара біріктіруден гөрі, соңғы үкімдердің алдыңғыларды жойған деген пікірді ұстануы оның «Фиқһтық үкімдер өмірдің өзгеруіне қарай өзгереді» деген пікірінің нәтижесінен туындаған. Өзі пәтуа берген мәселеде егер дәлелдігі күшті сахих хадис табылған жағдайда өз көзқарасынан қайтып отырған. Тіпті, ол мүрсәл хадистердің өзін дәлел ретінде қабылдаған389. Әбу Ханифа мен оның ізбасарларын әхлур-рай деп сынаудың астарында мәзһаб пен ғұрып айырмашылығы жатқанын, соңғы кезең ғалымдарынан Жамалуддин Қасыми «Кейбір мухаддистердің, әхлур-рай имам дары жайында жазғандарын жинастыруды былай қойғанда, оқуға дәтің шыдамайды. Оның себебі, әркімнің өз мәзһабын дәлелдеп, өзгелердің көзқарастарын жоққа шығаруды көздеген түсініктен туындап жатты. Бәлкім, мәселеге тереңірек үңілсе, ақиқатты табар ма еді, қайтер еді. Өйткені, ақиқат үнемі тек белгілі бір топтың жағында болып, өзгелерді тәрк етуі мүмкін емес. Нағыз әділ адам – барлық түсініктерді аяғына дейін зерттеп барып, үкім беруші адам»390 дейді. Әбу Ханифаны сынға алғандардың шектен шыққандығы соншалықты, мұның әділетсіздігін мойындаған өзге мәзһаб ғалымдары оны ақтап алуды міндетіміз деп біліп, ол жайлы қалам тербеді. Мәселен, Жәләлуддин ас-Суюти (қ. 911 һ. ж.) секілді ірі шафиғи ғұламасы «Тәбидус-сахифә фи мәнәқибил-Имам Әби Ханифа» атты кітабын, тағы бірқатар шафиғи ғалымдары Шихабуддин Ахмад ибн Хажар әлХәйтәми (Хәйсәми) (қ. 973 һ.ж.) өзінің «Хайратул-Хисан фи мәнәқибил-ИмамилАғзам Әби Ханифа Нұғман», Зәхәби (қ. 748 һ.ж.) «Мәнәқибул-Имам Әбу Ханифа уә сахибәйхи Әби Юсуф уә Мухаммад ибн әл-Хасан», Мұхаммед ибн Юсуф әсСалихи (қ. 942 һ.ж.) «Уқудул-жуман фи мәнәқибил-имам Ағзам Әби ХанифәтинНұғман», Абдулуаһһаб әш-Шағрани (қ. 973 һ.ж.) «Мизан» атты кітабын жазды391. Ол жайында Мәліки мәзһабының өкілі Ибн Абдулбәрр «әл-Интиқа фи фәдәилиссәләсәтил әиммәтил-фуқаһасын», ханбәли мәзһабынан Жәмалуддин Юсуф ибн Абдулһади «Тәнуирус-сахифасын» жазған. Міне, осылайша оны хадис саласы бойынша сынап-мінеу хижра жыл санауының 9-ғасырынан кейін бәсеңсіді. Негізінен, Әбу Ханифаға қарадай өшігіп, қарсы сөз айтып, пікір білдірудің негізгі себебі, оны терең танымаудан туындап жатты. Яғни, оның үкім шығару тәсілі мүлдем өзгеше болғандықтан, уақтысында көбі дұрыс түсіне алмады. естімеген, бұл хадистерді оған Абдурахман ибн Ауф жеткізген еді. Сол секілді Аммар және басқалары білетін тәйәммүмға қатысты хадисті хазіреті Омар мен (р.а) Абдуллаһ ибн Мәсғуд естімеген болатын. Хазірет Әли мен Хузайфаның білетін мәсіге мәсіх тарту жайындағы хадисін, Айша (р.а.), Омар (р.а) және Әбу Хұрайра (р.а.) естімеген болатын. Сахабалардың арасында мұндай мысалдар өте көп. Бұл білместіктерін айтып, ешкім оларды сөге жамандамаған. Хадистерді білмедің деп олардың ешқайсысына кінә тағып, кемсітпеген. Хадистерді білмей тұрып бұл хадистерге қайшы үкім берген жағдайлары да болды. Олай болса, сахабалардың арасында болған жағдайды дұрыс қабылдап, Әбу Ханифаға келгенде айыптау орынсыз болары сөзсіз». М. әс-Сыбаи, әс-Сунна уә маканатуһа фит-ташриил-исламияти, 488-489-б.; Қосымша: Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл, Алматы, 2010, 23-б. 389 Ләкнәуий, әр-Рәфу уәт-тәкмил, 23-б.; Сонымен қатар Әбу Ханифаның хадис іліміндегі орнына қатысты орыс тілінде мәлімет алу үшін қараңыз: Статус имам а Абу Ханифы в Науке «Хадис» http://laysajamіl.wordpress.com/2010/12/26/abuhaneefa-іnhadeeth/ 390 Ж. Қасыми, әл-Жәрх уәт-тағдил, Муәссәсәтур-рисәлә, Бейрут, 1985, 32-б. 391 Алла достлары, 4-т., 280-б.
АҚИДА ІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ Имам Ағзам ислам тарихының мұсылман әлемінде сеінмдік тұрғыдан бірбірімен қырықпышақ болған топтар тарих сахынасына шыққан ең дүрбелең кезеңдерінде өмір сүрді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеден өткен соң, халифалық мәселесі төңірегіндегі жанжалдар шииттердің шығуына түрткі болды. Кейіннен, 656 жылы үшінші халифа хазірет Осман (р.а.) шейіт болғаннан кейін, мұсылмандар өзара қақтығысып, Жәмәл оқиғасы, артынша 657 жылы Сыффин қарулы қақтығысы орын алды. Осы соғыстарда адам өлтіру, әсіресе мұсылманды мұсылман қолымен өлтіру әрекетінің ақыры үлкен күнәлармен аяқталды. Осындай жағдайда «Үлкен күнә істеген пенденің халі не болмақ?» деген сұрақтар туындады. «Иман мен күпірдің аражігі қалай ажыратылады, сонымен қатар адамның қалау еркіндігі мен еркіндіктің шегі қандай?» деген бірқатар мәселелер де өз шешімін талап етті. Бұл мәселелер төңірегінде түрлі көзқарастар айтылып, ақырында мұсылмандар арасында мүржия, харижиттер, қадария, муғтазила және жәхмия секілді мәзһабтардың шығуына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, Ислам халифатына қарасты аймақтарда түрлі дін мен мәдениет өкілдерімен мұсылмандардың қарым-қатынас орнатуы, пәлсапалық түсініктердің Ислам әлеміне жайыла бастауы секілді сыртқы ықпалдар да сенімге қатысты мәселелерде түрлі көзқарас пен топтардың тууына бірден-бір түрткі болды»392. Һижра жыл санауы бойынша І ғасырдың соңы мен ІІ ғасырдың басында осы иман негіздері саласындағы дүниетанымдық қозғалыстарға байланысты мұғтазила мәзһабы пайда болды. Муғтазила ғалымдары өздеріне пікірі қарама-қайшы келген, кейбір адасқан топтармен және өзге дін өкілдерімен күресу жолында көптеген еңбектер жазды. Осы ғасырларда жазылған ақидаға байланысты еңбектердің мазмұны негізінде Алланың сипаттары, тағдыр, үлкен күнә істегеннің жағдайы, имам дық (халифалық) мәселесі төңірегінде өрбіді.
Имам Әбу Ханифаның ақида ілімімен айналысуына осы жағдайлар өзіндік әсерін тигізді. Ол саналы ғұмырын осындай дінбұзарларға қарсы күресіп, Ислам дінінің дұрыс сенімін қалыптастыру жолында жұмсады393. Ол харижилер мен қадарияларға қарсы әхлус-суннаның (суннидтік бағыттың) көзқарастарын қорғау мақсатымен жиырмадан астам рет Басраға барып, білімділігі мен білгірлігін дәлелдеген394. Фиқһ ғалымдарынан ақидаға байланысты алғашқы еңбек жазған имам Ағзам Әбу Ханифа (қ.767 ж.) болып табылады. Ол фиқһ пен ақида саласын бірдей жетік меңгеріп, бір жағынан ханафи фиқхының мектебін, ал екінші жағынан әхлус-сунна уәл-жамағаттың ақида мектебінің де негізін қалап кетті. Әбу Ханифаның қысқаша жүйелеген иман негіздері сол кездері қызу пікрталасқа жол ашқан мәселелер еді. Оның осы тақырыптарды терең түсінігі арқылы белгілі бір жүйеге салуы өзінен кейін келген ахлус-сунна уәл-жамағат иамамдарына 392 С. Сейтбеков, Иман негіздері, «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2010, 27-28-б. 393 Әбу Ханифа – адасқан ағымдарға ең алғашқы болып қарсы соққы берген имам . Абдулқахир әл-Бағдади өзінің «Усулуд-дин» атты кітабында оның фиқһ ғалымдары мен мәзһаб имам дарының арасында алғашқы болып қадария ағымына қарсы кітап (Фиқһулакбар) жазғандығын атап көрсеткен. Қараңыз: Бағдади, Усулуд-дин, 307-беттен Ғауижи, 299-б. 394 Бәззәзи, 137-б.; Хәйсәми, 55-б.
(Мысырда имам Тахауи (ө 321 ж) негізін қалаған тахауия, Иракта құрылған әшғария (Имам Әшғари (ө. 324) және Орта Азия кең тараған матуридия (имам Матуриди (ө. 333 ж) ықпал етті395. Ол фиқһ ғалымдары арасында жүйелі ойлау принциптері мен әдіснамасын басшылыққа алып, сол әдістерді иман негіздері мен діни үкімдер шығаруда шебер қолданған ақида саласының алғашқы ғұламағалымы. Міне осы ерекшелігіне орай Әбу Ханифа мен шәкірттерін рәй мен қияс жақтастары деп атап кеткен396. Әбу Ханифаның фиқх пен ақида іліміндегі беделінің биік болғаны сол суннидтердің тысындағы мұғтазилидтер мен мұржия секілді ағымдар оны өздерінің бағытынан етіп көрсетуге тырысқан. Атеистерге қарсы Алланың бар екендігі, Құранда негізі бар ақли дәлелдерді (кейіннен ихтыра немесе инаят деп аталған) алғаш рет қолданып, ғаламның «лә шәй», яғни жоқтан жаратылғанын айтқан. (әз-Зәту әл-Иләһия) Алла Тағаланың Өзі мен сипаттарының айырмашылығын көрсетіп, иләхи сипаттарды алғаш рет Аллаға ғана тән Өзіндік (зати) және фиғли (Алланың қалауына қатысты) сипаттар деп бөліп, барлығының қадім (бастауы жоқ, мәңгі) екендігін қорғап, сол арқылы жахмия мен мұғтазиләның сипат ұғымын қабылдамай, хабари сипаттарға сөзсіз иман ету керектігін айтып, сәләфтарға басшылық жасап, кейбірін астарлап, кейбірін ашық жорамалдап, тәшбих (Алла Тағаланы жаратылғандарға ұқсату) пен татил (Алланы пәктейміз деп діни мәтіндерде айтылған сипаттарды толықтай жоққа шығару) ақидасына балама көзқарас ұсынған. Құранның жаратылғандығы хақында жахмия397 мен хашуия398 арасындағы орта көзқарасты қорғап, кейіннен әхлі-сүннет кәламшылары іске асырған лафзи және нафси кәлам ерекшелігіне орта дайындаған. Тағдырға сенудің қажеттілігін біліп, адамның өз еркімен іс жасайтындығын мойындап, жәбрия мен мұғтазиланы сынаған. Адамның мүмин кезде кәпір, кәпір кезде мүмин бола алатындығын айтып, жәбр (фатализм) түсінігінен бойын алшақ ұстаған. Иманды тасдиқ (жүрекпен бекіту), мағрифат және иқрар (тілмен айту) шарттарына сүйеп, иман үшін мағрифатты жеткілікті санаған жахмияны және тек қана тілмен айтуды жеткілікті деп білгендердің ұғымын қабылдамай, амалдың иманнан бөлек екенін, сол себепті, оның артып, не кемімейтінін айту арқылы салафия, мұғтазила мен харижиттерден өзгеше пікірде болған. Осылайша, ол ақиданың негізгі мәселелерінде астамдық пен нұқсандыққа бармай, орта жолды ұстанған сенім жүйесінің негіздерін қалап, басым көпшілік ұстанатын сунниттік ақиданың қалыптасуына жол ашқан. Анығында, иманның артып-кемуі, иман мен исламның ара-қатынасы, иманда ерекше жағдайлар секілді ұсақ мәселелерден тыс Мәлік ибн Әнас, Шафиғи, Ахмед ибн Ханбәл Әбу Ханифаның көзқарасын құптаған. Имам Ағзам Әбу Ханифа Ислам әлемінде туындаған саяси, дүниетаным және сенім бойынша «қырықпышақ» болып бөлінуі нәтижесінде, әуелі Құран кәрімге, екіншіден, оған қайшы келмейтін сахих хадистерге сүйене отырып, Ислам ақидасын анықтауға тырысқан ерте кезеңдегі мұсылман ойшылдарының көшбасында тұрған тұлғалардың бірі болып табылады. Аят-хадистер мен ақылды қатар пайдаланып, сенім мәселелерін түсіндіру үшін ақыл тұрғысынан қияс жасап, көзқарастарын Құран кәрім, сахих хадистер және алдыңғы қатарлы сахабалардың 395 Кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: А. Жошкун, Ислам итикадында Ебу Ханифенин тесири ве имам Матуриди, Иени умит, журналы, 2002 ж., Шілде-Тамыз, 57-сан; 396 М. М. Шәриф, Ислам дүшүнжеси тарихи, (түрік тіліне аударған: А. Үнал), Стамбул, 1990, 1-т., 281-б. 397 Жәбрия ағымының өкілі Жәхм ибн Сафуанның артынан ергендерге берілген атау. 398 Ислам энциклопедический словарь, «ал-Хашавииа», 277-б.
түсініктеріне негіздегендіктен, пәлсапалық ойлардың ығында кетпеді. Ислам ақидасының негізгі мәселелері төңірегіндегі көзқарастары ғалымдар арасында үлкен беделге ие болды. Матуридия мәзһабынан бастап, сәләфия (алғашқы буын ғалымдары) әшғария ғалымдары тарапынан жалпы мағынада қолдау тауып, әрі қарай дамытылған399. Имам Ағзам Әбу Ханифаның ақида іліміне қаншалықты ықпал жасағанын имам Шафиғи (һ. 204 ө.): «Халық тәпсірде Мұқатил ибн Сүлейменге (һ. 150 ө), өлеңде Зубайр ибн Әбу Сулмаяға (һ. 609 ө.), ал ақида саласында Әбу Ханифаға мұқтаж», – деп көрсеткен400. Ендігі кезекте имам Әбу Ханифаның өмірінде ақида мәселелеріне қатысты орын алған ғибратты оқиғаларына тоқтала кетейік.
Шектен шыққан рафизиге жауап Бір күні шектен шығушы рафизидің бірі имам Ағзамға келіп: «Адамдардың ең күштісі кім?»,– деп сұрайды. Сонда ол: – Біз үшін әзірет Әли (р.а.), ал сендер үшін әзірет Әбу Бәкір (р.а.). – Қалайша? – Себебі әзірет Әли халифалықтың Әбу Бәкір сыддықта болу керектігін білді. Мойындап, соған табыстады. Ал сендердің көзқарастарың бойынша әзірет Әлиден халифалықты тартып алған Әбу Бәкір сыддық. Өйткені Әли билікті қолына алу үшін еш нәрсе жасай алмады,– деп рафизидің аузына құм құйған екен401. Хақ тағаладан ғана пана тілеушілерденбіз Харижиттер Куфаға басып кірген кезде имам Ағзам шәкірттеріне сабақ өтіп жатқан болатын. Әбу Ханифа шәкірттерін қорықпауға шақырып сабағын жалғастыра береді. Сол кезде харижиттер сабақ жүріп жатқан мешітке бас көктеп кіріп келіп: «Сендер кімсіңдер?»,– деп сұрайды. Сонда имам именбестен, сасқалақтамастан: «Біз Құдыреті күшті Хақ тағаладан ғана пана тілеушілерденбіз. Алла Тағала: «Егер мүшіріктердің бірі сенен пана тілесе, Алланың сөзін тыңдауы үшін оған пана бер. Сонан соң оны қауіпсіз оынға жеткіз» («Тәубе» сүресі, 6),– деген»,– деп жауап бергенде харижиттер оларға тиіспей шығып кеткен екен402. Ол Куфалықтарды құтқарып қалды Куфаны басып алған харижиттердің басшысы Даххак барлық еркек кіндіктілерді өлтіруді бұйырады. Мұны естіген имам Ағзам: – Сен неге адамдарды өлтіруге бұйрық бердің?,– деп сұрайды. – Өйткені олар діннен безгендер,– дейді. – Сонда олардың ұстанған діндері қазіргі ұстанып жүргендей ме әлде басқа ма еді? – Казіргідей,– дейді өз қатесін мойындаған Даххак. Осылайша 399 С.Абжалов, Ханафи мәзһабының діни-философиялық негіздері, Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2008, 20-б. 400 Ибн Халикан, «Уафаятул ағиян», Бейрут, 1978, 5-т., 255-б 401 Хайсами. 103-104-б. 402 Ибн Абдулбарр. 161-б.
Куфалықтардың басына төнген қылыш қайтадан қындарына салынып, жандары аман қалды403. Тәубеге кел Тағы бір жолы мынадай бір оқиға орын алған екен. Харижиттер Сыффин оқиғасында әзірет Али мен Мұғауия (екеуіне де Алла разы болғай) арасындағы келіспеушілікке қатысты қазының берген пәтуасымен келіспейді. Ал қазының шешімін қабылдаған екі жақты да үлкен күнә істеді деп санайтын. Омеядтар заманында бас көтерген харижит Даххак ибн Қайс Куфа мешітіне шабуыл жасады. Олардың ойынша, харижиттерден басқа үкімге разы болған мұсылмандардың қанын төгу күнә саналмаса керек. Олар Әбу Ханифаның алдына барып «Тәубе ет» дейтін көрінеді. Әбу Ханифа «Не үшін тәубе етуім керек» дейді. – Не үшіні несі? Али мен Мұғауия арасындағы оқиғаға берілген үкімге разы болғаның үшін. – Мені өлтіресің бе, әлде менімен айтысасың ба? – Сенімен айтысамын. – Ал екеуміздің арамызда кім төрелік етеді? – Қалаған адамыңды ата, – дейді харижит. Әбу Ханифа харижиттердің бір адамын шақырып алып айтысқа төрелікке қойды да, қарсыласына қарап: – Сен осының сөзіне тоқтайсың ба? – деп сұрады. Харижит «иә» деген еді. Сонда Әбу Ханифа: – Міне, сен де біз құсап төрелікке разы болып отырсың, – дегенде Даххак аузына құм құйылып, мешіттен шығып кете барған екен404. Құдайды жоққа шығарушымен пікірталас Құдайды жоққа шығарушы дахрилердің бір тобы имам Ағзамды өлтірмекке бекінеді. Жаман пиғылдарына жүзеге асырмақ ниетімен имам Ағзамның қасына баса көктеп кіріп келген дахрилерге ол: – Тоқтаңдар. Әуелі мына бір мәселенің басын шешіп алайық. Содан соң қалағандарыңды жасай беріңдер,– деп тоқтатады. Дахрилер ұсынысты қабыл алады. Имам Ағзам оларға: – Мына бір адамның жағдайы туралы не дейсіңдер?,– деп сұрақпен бастады да сөздерін әрі қарай былай деп сабақтады: – Ол сендерге буырқанған теңіздің ортасында, жал-жал толқындарға қарамастан, жүкке толы кеменің шебер басқарушысыз өздігінен, бағытынан жаңылмай жүзіп бара жатқан айтса бұл қаншалықты ақылға қонымды? – Әрине ондай болуы мүмкін емес. Бұл ақылға сыймайды. – Субханалла! Егер қарапайым бір кеменің басқарушысыз дүлейлі теңіздің ортасында өздігінен жаңылмай, батып кетпей жүзуі ақылға сыймаса, қалайша күн ғаламшарында аспан денелерінің бір-бірімен соқтығыспай, белгілі бір бағытта қозғалады?!. Ендеше, аспан денелерін мінсіз басқарып тұрған, бәрін білетін, бәріне құдіреті жететін Жаратушысыз өздігінен қозғалады деу де дәл 403 Хайсами. 106-б. 404 Тақиуддин ибн Абдулқадир әт-Тәмими, Табақатус-сәниә фи тәрәжимилханафия, Дәрур-руфаи, Рияд, 1983, 1-т.., 151-152-б.
солай қисынсыз. Имам Ағзамның уәжіне жығылған дахрилер не істерін білмей, райларынан қайтады405. Шектен шығудың жазасы – Имам Ағзамның үйі орналасқан көшенің бойында шектен шыққан бір шиит тұрады екен. Ол сүнниттерді мазақ ету үшін өз есектерін Әбу Бәкір және Омар деп екі халифаның атымен атаған екен. Күндердің бірінде есектердің бірі әлгі шиитті қатты теуіп өлтіріп қояды. Мұны естіген имам Ағзам: «Оны Омар деп атаған есегі теуіп өлтірген болар»,– дейді. Құдайдың құдыреті имам ның айтқаны айдай келіп, шиитті дәл сол есек теуіп өлтірген болып шығады406. Ол тегін адам емес Қазақ халқының дана би-шешендерінің астарлап сөйлеп, жай ғана сөзбен даналық ойларды білдіретін данышпандары секілді тапқыр сөз бен жүйрік ойлылық имам Ағзамның өмірінде де көптеп кездеседі. Бір күні имам Ағзам мешітте отырғанда бір адам кіріп келіп: – Менің бір сұрағым бар, жауап бер, – дейді. Сосын имам ды күтпей өзі сөйлеп кетеді: – Жұмаққа кірем деп үміт етпеймін, әрі тозақтан қорықпаймын, көрмегеніме куәлік етемін, өлексенің етін жеймін, Құдайдан қорықпаймын. Рүкүғсыз, сәждесіз намаз оқимын. Ақиқатты жек көремін, бүлікті ұнатамын. Осыған пәтуаңды айт. Мұндай сорақылықты естіген имам ның жанындағы шәкірттері бұған қатты ашуланады. Бірақ имам оларға: – Бұл тегін адам емес, ғұлама болса керек, өте дана сөз айтты. Бұл адамның «Мен жұмаққа кіруді үміт етпеймін әрі тозақтан қорықпаймын» дегені жұмақтың Жаратушысы Алладан ғана үміт күтіп, тозақтың иесі бір Алладан ғана қорқатындығын меңзегені. «Көрмегеніме куәлік етемін» деуі оның Алла пен ақырғы пайғамбарын (с.а.с.) көрмесе де иман еткенін білдіргені. «Өлексенің етін жеймін» деуі оның балық жейтіндігін айтқаны. «Құдайдан қорықпаймын» дегені Хақ тағаланың өзіне қиянат жасап, әділетсіздік таныптпайтындығын меңзегені. Себебі, құранда: «Кім игі іс істесе өзі үшін, жамандық істесе де өзіне. Алла пенделеріне әділетсіздік етпейді»407, – делінген. «Рүкүғсыз, сәждесіз намаз оқимын» деуі әрдайым пайғамбарымызға салауат айтып, жаназа намазын оқитындығын меңзегені (Өтйкені жаназа намазы рүкуғсыз және сәждесіз орындалады). «Ақиқатты жек көремін» деуі үздіксіз Хақ тағалаға сыйынуды жақсы көргендіктен өзгенің бәрі жалған, хақ болған өлімді жек көретіндігін меңзегені. Өйткені Хақ тағала Құранда өлімнің келуін «шындық, ақиқат» деп атаған408. Әбу Бәкір Сыддық бұл аятты «Шындықтың мастығы өлімде келеді» деп оқыған. Ал «бүлікті жақсы көремін» дегені бала-шағасы мен дүние-мүлкін меңзегені. Өйткені Алла Тағала: «Анығында мал-мүліктерің мен бала-шағаларың сендер үшін фитнә, (сынақ, алданыш)409,– деген. Себебі, бұлар дүниенің қызығы, адамға алданыш болады», – деп сөздің мәнін түсіндіріп берген екен410. 405 Хайсами. 107-б. 406 Шибли. 76-б. 407 Фуссилат сүресі, 46-аят. 408 Қаф сүресі, 19-аят. 409 «Тағабун» сүресі,15; «Әнфәл» сүресі, 28 410 Саймари. 26-б; Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 157-бет.
Иман-ислам анықтамасы «әл-Фиқһул-акбарда» және басқа да еңбектерде келтірілген деректерге орай, Әбу Ханифаның қөзқарасында «Иман тілмен айтып, жүрекпен бекітуден тұрады»411. Иман толық саналу үшін бұл айтылғандардың біреуін елеусіз қалдыруға болмайды. Мәселен, құр тілімен ғана кәлима келтіріп, ділімен иланбаған екіжүзділердің және хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шын пайғамбар екендігін біле тұра пайғамбарлығын мойындамаған әхлі-кітапты мүмин деп қабылдау керек еді. Анығында, Құранда ақиқатты мойындамауда табандап тұрып алған екіжүзділер мен әхлі-кітап кәпір ретінде қабылданған412. Бұған қоса, Құранда шындықты тілімен мойындаудың бір өтеуі ретінде, әхлікітаптан кейбіреулерінің жаннатпен сүйіншіленгендігінің білдірілуі413 тілмен айтудың иманға қажетті талаптардың бірі екендігін көрсетуде414. Адамдар мақұлдау-мойындау тұрғысынан 3 дәрежеге бөлінеді: 1. Алла Тағаланы әрі Одан келген нәрселерді һәм тілімен һәм жүрегімен мойындайды; 2. Жүрегімен қабылдап, тілмен айтпайды; 3. Тілімен мойындайды, бірақ жүрегімен бекітпейді. Кім һәм жүрек һәм тілімен мойындаса, ол Алла Тағаланың әрі адамдардың алдында мүмин. Жүрегімен мойындап, тілімен айтпағандар Алланың алдында мүмин, адамдардың алдында кәпір. Бұл кісінің жүрегімен иланғанына қарамастан, тақия жасау арқылы, яғни өзіне келетін зияннан сақтану үшін иманын жасырып, тілімен күпірлікті айту жағдайына қатысты415. Жұрт иманын жасырғандықтан, оны кәпір санағанымен Алланың алдында мүмин болып табылады. Ал тілімен айтып, жүрегімен бекітпегендер мұсылмандардың алдында мумин саналдғанымен, Алла Тағаланың алдында кәпір416. Әбу Ханифа «әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында «Иман жүрекпен бекіту, мағрифат (дәлелмен білу) және оны тілмен айтудан тұрады. Ал Ислам – пенденің Алланы Жаратушы Ие деп танып, тілмен айтуы, Оған терең иманмен илануы. Бұлар сөздік тұрғыдан әр түрлі болғанымен, екеуінің мағынасы бір. Оның мағынасы – иман. Өз кезегінде Ислам «берілу» және Ұлық Алланың бұйрықтарына мойынсұнуды білдіреді»417, – дейді. «әл-Фиқһул-акбарда» сөздік тұрғыдан иман мен Ислам бір-бірінен бөлек дегенімен, имансыз Исламның, ал Исламсыз иманның мәні жоқ. Ал дін – иман, Ислам мен шариғаттардың барлығына берілген ортақ атау418. Осы мәселені анығырақ түсінуіміз үшін Әбу Ханифаның Жәхм ибн Сафуанмен әңгімесіне зер салайық. Бірде Жәхм Ибн Сафуан Әбу Ханифаға былай дейді: – Уа, Әбу Ханифа, сенімен сөйлесетін бір-екі мәселелерім бар еді. 411 Фиқһул-акбар, Хайдарабад, 10-б. 412 «Мұнафиқун» сүресі, 1-аят, «Бақара» сүресі, 146-аят, «Әнғам» сүресі, 20-аят. 413 «Маида» сүресі, 85-аят. 414 Бәззәзи, Манақиб, 2-т., 201-202-б. 415 Бұған Аммар ибн Ясирдің мысалын беруге болады. Өйткені оны мүшріктер қинаған кезде тілімен күпірлікті айтқан болатын. Пайғамбарымыз оның жүрегіндегі иманының беріктігін білгендіктен бетіне басып, сөккен жоқ. 416 Беязизаде, имам ы Азам Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, 119-122-б. 417 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мұтааллим. 11-б.; Ибн Хазм, әл-Фасл фил-миләл уәлахуа уән-нихал (баспаға дайындаған Мұхаммед Ибраһим Наср-Абдуррахман Ұмайра), Жидда 1982, 3-т., 227-б. 418 Фиқһул-акбар, 11-б.
– Уақытымды босқа өткізгім келмейді. Сенімен айтысу өз еркіңмен отқа түсумен тең, – дейді оған Әбу Ханифа. Сонда Жәхм: – Айтар сөзімді тыңдамастан, неге мен жайлы бұлай үкім бересің? – дейді. – Сен жайлы небір сөздерді есіттім. Меніңше, мұсылман адам бұлай сөйлемес болар. – Ел не демейді, жұрттың сырттай мен туралы айтқанына сеніп шешім қабылдауға бола ма екен? – Сен жайлы айтылғандардың ел ішіне тарағаны сонша, халықтың білімдісі де, білімсізі де түгел естіген. Мен осыған қарап үкім беріп отырмын. – Уа, Әбу Ханифа, мен сенен көп нәре сұрамаймын, тек иман жайында ғана сұраймын. – Осы уақытқа дейін иманның не екенін білмеуші ме едің? – Білуін білдім ғой, бірақ аздаған күмәнім бар. – Байқа, иманда күмән күпірлік болып саналады. – Күпірліктің маған қай жақтан келгенін айтуың керек. – Сұра, айтайын. – Біреу Алланы біледі. Оның бір екенін, серігі мен теңі болмағанынан хабардар. Сипаттарын таниды. Бірақ, тілімен айтпастан қайтыс болады. Бұл адам мұсылман болып қайтыс болды ма, жоқ әлде кәпір болып қайтыс болды ма? – Кәпір болды, жүрегімен білген нәрсені тілімен айтпаған адам тозақтық болады. – Алланы сипатымен біле тұра неге мұсылманға жатпайды? – Оныңа да жауап берейін. Егер Құранға сенетін болсаң, Құранмен жауап берейін, ал егер Құранға сенбесең, оны дәлел ретінде санамайтын болсаң, мұсылман еместерге бергенімдей жауап берейін. – Құранға сенемін, оны дәлел ретінде қабылдаймын. – Олай болса, тыңда. Алла Тағала Кітабында жүректегі иманды тілмен де қатар мойындау қажеттігін мына аяттарда білдірген: «Олар пайғамбарға түсірілгенді тыңдағанда шындықты танығандықтарынан көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: «Уа, Раббымыз! Иман келтірдік, бізді куә болушылардан жаза көр» – дейді. Аллаға, әрі өзімізге келген шындыққа неге иман келтірмейміз? Өйткені, Раббымыздың игі елдермен бірге етуінен үміт етеміз. Сонда Алла оларға бұл айтқан сөздері үшін астарынан өзен ағатын, сол жерде мәңгі болатын бақшаларды бағыштады. Жақсылықтың бодауы осы»419. Бұл аятта Алланы тану мен қатар тілдерімен де айтқандықтары үшін адамдардың жаннатқа кіргендіктері айтылған. Жүректерімен сеніп, тілдерімен растап отырғандары үшін мұсылмандардың қатарынан саналған. Тағы бір жерде Алла Тағала: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға, әрі Ибраһим, Исмайл, Ысқақ, Жақып және ұрпақтарына, Мұса мен Исаға берілген нәрселерге, сондай-ақ, Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтірдік. Әрі олардың араларын бөлмейміз және біз Аллаға бойсұнғандарданбыз» деп айтыңдар. Егер олар сендер секілді сенсе, онда рас тура жол табар еді»420 деген. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтып, екі дүниеде де табысқа жетіңдер» дейді. Олай болса, табысқа жету жолы, тек Алланың сипаттарын танып қана қою емес, осы сөзді айтуда жатыр. Тағы бір хадисінде Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Кімде-кім Алладан басқа тәңір жоқ» десе, және жүрегінде де осындай сезім болса, тозақтан құтылады» 419 «Маида» сүресі, 83-84 420 «Әли Имран» сүресі, 84
дейді. Яғни, Алланы таныған тозақтан шығады демейді, тілмен айтқан шығады дейді. Егер тілмен айту керегі жоқ болып, тек Алланы танып білу жеткілікті болғанда, тілімен Алланы жоққа шығарғандар мен Аллаға қарсы шыққандар жүрегімен Алланы танығаны үшін мұсылман болып саналар еді. Тіпті, Ібіліс шайтан да мұсылмандар қатарынан саналар еді. Өйткені, ол Алланың жаратушы, жан алушы, қайта жан беруші Раббысы екенін жақсы білетін. «Мені оттан жаратқансың, ал оны (адамды) балшықтан жараттың» деп оның жаратушы екенін мойындаған. Кәпірлер Алланы танығанымен, тілдерімен Оны жоққа шығарды, міне, сондықтан олар мұсылман болып саналмайды. Бұл жайлы Алла Тағала: «Нәпсілері бұларды мойындағандарына қарамастан, оны мойындамады»421 деген. Алла Тағаланы танығандарына қарамастан, тілдерімен оны мойындамағандықтарынан оларды мұсылмандардан санамаған. Және Алла Тағала былай дейді: «Олар Алланың бергендерін біледі, сонда да мойындамайды. Олардың көпшілігі кәпірлер»422. «Айт: Жер мен көкте рызық беруші кім? Есту мен көруге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні шығарушы кім? Барлық істі жүргізуші кім? Күмәнсіз олар «Алла» дейді»423. Мойындамағандықтан олардың танып білгендері өздеріне пайда бермейді. «Өз ұлдарын қалай таныған болса, оны да тап солай таниды»424. Бірақ, Алланы мойындамағандықтан, олардың Алланы танып білгендіктері ешқандай пайда бермеді. Бұларды тыңдап ұғып алған Жәхм: «Маған көп нәрсе түсіндірдің, кейін саған тағы да келіп көкейімдегі сауалдарымды қоямын»,– дейді425. Иманның артып-кемуі Иманның артып-кемімейтіндігін, сенген адамның «Шынайы мүминмін» деуі керектігін, бүкіл мүминдердегі иманның бір-біріне ұқсас екенін айтқандығы үшін, Әбу Ханифа сәләф ақидасын ұстанатын хадис ғалымдары тарапынан қатты сынға ұшыраған. Тіпті, кейбір деректерде «Әбу Ханифа Ибн Әбу Ләйлә, Суфиян әс-Сәури т.б. секілді ғалымдар тарапынан екі рет күпірден тәуба етуге шақырылған-мыс», «Бидғатшы болғандықтан, оның пікірлеріне құлақ асу жөн емес» деген секілді риуаяттарға да орын берілген. Оны кейде жахмияға, кейде мүржияға тән әрекетке барды деп айыптаған. Әбу Ханифаның кейбір сөздеріне қарағанда, жүрекпен қабылдау иманның негізгі талабы болғандықтан, иманның артып-кемуі турасында сөз қозғаудың өзі ақылға сыймайды. Негізінен, иманның артып-кемуі таза теориялық мәселе. Өйткені, имам Әбу Ханифа пайғамбарлар мен періштелерді де қосқанда мүминдердің иманы бір-біріне ұқсас деумен қатар араларында айырмашылық бар екенін де атап көрсетеді. Осыған байланысты «әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында өз ойларын: «Иман амалдан бөлек болғандықтан артып-кемімейді. 421 «Нәхіл» сүресі, 14-аят 422 «Нәхіл» сүресі, 83-аят 423 «Юнус» сүресі, 31 424 «Бақара» сүресі, 146 425 Мекки, Манақиб, 1-т., 145-148-б.
Олай болса, біздің иманымыз періштелер мен пайғамбарлардың иманымен бірдей. Өйткені, біз Алла Тағаланың жалғыз даралығын, Оның Жаратушылығын, құдыретін, Оның жіберген барлық үкімдерін періштелер мен пайғамбарлардың бізге айтып, растағанындай растаймыз. Сондықтан, иманымыздың періштелер мен пайғамбарлардікіндей екенін айта аламыз. Өйткені, біз періштелер мен пайғамбарлардың көзбен көріп, иман келтірген, Алла Тағаланың ақылмен танып-білу қиын ақиқаттарын көрмесек те, толықтай иман келтіреміз. Бірақ, мына негіздерге орай бізге қарағанда олар Алладан тереңірек қорқып, көбірек мойынсұнады: 1. Олар пайғамбарлық сипаттарымен өзгелерден артық болғаны секілді, Алладан қорқу, Оны сүю және басқа да асыл қасиеттер тұрғысынан өзгелерден артық ерік-жігер танытқан; 2. Олар біз көрмеген, адам санасы мен періштелерді де таңқалдырған кереметтерді көрген; 3. Олар жамандық жасағандардың басына келген жазаның түрлерін өз көзімен көрді. Осы жайт оларды күналардан барынша алшақтатады. Алайда, имандары мен құлшылықтарының сауабы тұрғысынан бізден артық...» деп түйіндеген426.
Амал иманның бір бөлігі ме? Анығында, Әбу Ханифа амалды иманның талабы ретінде емес, оны иманнан бөлек қарастырғаны белгілі. Әбу Ханифа бойынша амал иманнан кейін келеді. Адам намаз оқып, ораза ұстағандығы үшін Аллаға және пайғамбарына иланбайды, қайта Аллаға және пайғамбарына сенгендіктен құлшылық етеді. Құранда да алдымен иман ету, содан кейін барып амал ету мәселесінің айтылуы да амалдың иманнан бөлек екендігін көрсетеді427. Хайыз бен нифас жағдайларында әйелдердің кейбір парыздардан босатылуы да осы мәселеге дәлел. Өйткені, мұндай күйдегі әйелдер құлшылық жасамағанына қарамастан, мұсылман болып қала береді. Әбу Ханифа бойынша күнә істеу мүминді иманнан ажыратпайды. Өйткені, Құранда зина жасап, кісі өлтіргенді имансыз демеген, бір түйір жақсылық жасаушыға да сауабы берілетіндігі білдірілген. Әзірет Али де өзіне қарсы соғысқан Шамдықтардың мүмин екендігін айтқан. Егер күнә жасау адамды діннен шығаратын болса, ширктен кейінгі күнәның ең үлкені кісі өлтірушіні хазірет Али кәпір деп атаған болар еді. Бұл бір жағы сахабалардың да осы мәселеге деген көзқарасын ұқтыруда428. Олай болса, күнәкар адам да мүмин ретінде қабылдануы тиіс, ал күнәсіне ақыретте жауап беру мәселесі – Алла Тағаланың еркіндегі іс. Қаласа, жазалайды, қаласа, кешіреді. Осыған орай, тек пайғамбарлар мен насстарда үкімі айқын айтылғандардың ғана тікелей жұмаққа баратындығын айтуға болады429. Енді осы мәселені имам Ағзамның өз аузынан тыңдасақ. Ол «Уасияда» былай дейді: «Иман дегеніміз – тілмен айтып, жүрекпен бекіту. Жалғыз тілмен ғана айту, иманның кәміл болуы үшін жеткіліксіз. Егер тілмен айтудың бір өзі кәміл (толыққанды) иман болса, екіжүзділердің барлығы момын саналар еді. Сол сияқты 426 Беязизаде, 131-132-б. 427 «Мәида», сүресі, 9-аят; «Мүмин» сүресі, 40-аят. 428 Әбулхайр, Ақидатул-Ислам уәл-имам әл-Матуриди, 190-б. 429 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мутааллим, 18-б. Матуриди, Китабут-таухид, 615616-б.
Алланы ғана танып қою да иманның толыққанды кемеліне келуі үшін жеткіліксіз. Өйткені, танып қана қою толыққанды иман болса, онда Кітап иелерінің (христиан мен иудилер) бәрі да момын саналар еді. Екіжүзділер жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Сондай-ақ Алла Тағала расында екі жүзділердің мүлдем өтірікші екендігіне куәлік етеді»430, – деп бұйырады. Сондай-ақ, Кітап иелері жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Өздеріне кітап бергендеріміз Оны (Мұхаммедті) ұлдарын танығандай таниды»431 , – деп бұйырады. Иман көбеймейді де, азаймайды. Өйткені, иман азайса – күпірліктің артқаны. Ал көбейсе – күпірліктің азайғанын білдіреді. Ал енді бір адамның бір уақытта момын әрі имансыз (кәпір) болуы мүмкүн емес. Момын ғана шынайы момын, ал дінсіз тек қана дінсіз бола алады. Күпірлікте күман болмағаны сияқты, иманда да күмән болмайды. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Міне солар, шынайы момындар»432, – десе мына бір аятта: «Міне олар анық кәпірлер»433, – деп бұйырады. Сонымен қатар, Хақ Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбетіндегі күнәһарлардың барлығы мұсылман, олар кәпір емес. Құлшылық иманның бір бөлігі емес, сол секілді иман да құлшылықтан емес. Бұған дәлел, кей жағдайда момынның мойнынан құлшылық жасау түсіріледі (яғни орындау міндет болмай қалады), бірақ, «Одан иман түседі» деп айтылмайды. Мысалы, етеккірі келген әйелден Алла Тағала намаз оқуды алып тастады, бірақ «Одан иманды түсірді, иманды тастауға бұйырды деп айтуға болмайды. Шын мәнінде Хақ Тағала оған (етеккірі келеген әйелге) «оразаңды тоқтат, кейін өтейсің» деді емес пе? Алайда, «иманыңды қоя тұр, кейін өтеп бересің» деп айта алмаймыз. Сол секілді, кедейге зекет беру міндетті емес» дей алғанымызбен, ендеше оған иман келтірмесең де болады деу дұрыс емес434. Алла Тағала парыз етілген нәрселерді мүминдерге дінді мойындағаннан кейін ғана (орындауды) әмір еткен. Хақ тағала: «Иман келтірген құлдарыма: «Намаздарын толық оқысын», – деп айт»435, «Әй, иман келтіргендер, сендерге қысас парыз етілді..»436, «Әй, иман келтіргендер, Алла Тағаланы көп еске алыңдар!»437, – деген аяттар мен осы мәндес басқа да аяттар аталған мәселені айқындауда. Егер парыз етілген нәрселер иман саналса, онда ол істерді жасамай тұрып Алла оларды муъминдер деп атамас еді. Хақ тағала иман мен іс-әрекеттерді (парыз етілген құлшылықтарды) бір-бірінен бөлек қарастырған. Осы орайда Алла Тағала: «Иман келтіргендер және ізгі амал жасағандар»438, – деген және мына аятта: «Олай емес, кім жүзін Аллаға бұрып, жақсылық жасайтын болса»439, яғни (жақсылық жасап) иман келтірсе деген. Тағы да: 430 «Мұнфиқун» сүресі, 1-аят. 431 «Барақа» сүресі, 146-аят. 432 «Әнфәл» сүресі, 4-аят. 433 «Ниса» сүресі, 151-аят. 434 әл-Уасия 435 «Ибрахим» сүресі, 31-аят. 436 «Бақара» сүресі, 178-аят. 437 «Ахзаб» сүресі, 41-аят. 438 «Асыр» сүресі, 2-аят. 439 «Бақара» сүресі, 112-аят.
«Ал кім муъмин ретінде ақыретті қаласа және сол үшін тырысса..»440,– деген. Осылайша иман мен іс-әрекеттерді бір-бірінен бөлек еткен. Демек, мұсылмандар Аллаға имандары болғандықтан намаз оқиды, ораза ұстайды, қажылыққа барады және Алланы еске алады. Әйтпесе, намаз оқып, ораза ұстап және қажылыққа барғандығы үшін Аллаға иман келтірмейді. Бұл олардың әуелі иман келтіргендіктерін, сосын барып құлшылық жасағандықтарын көрсетеді. Олардың имандары парыздарды орындағандықтан емес, керісінше парыздарды орындаулары имандарына қатысты жүзеге асқан441.
Әбу Ханифа және мүржия мәселесі Кейбір деректерден Әбу Ханифаға сын айтқандардың бірі – Бұхари екенін көреміз. «әл-Жамиус-сахих» атты еңбегінің тақырыптарында «Кейбіреулер былай депті» деген тұспалмен атын атамастан, Әбу Ханифа және оның жақтастарын сынап отырған. Тағы бір еңбектерінде Әбу Ханифаның Ислам дініне кесір тигізуге тырысқан мүржияға тән адам екендігі жайлы мәліметтер келтірген442. Хадисшілерден Ибн Хиббан Әбу Ханифа жайлы әлсіз риуаяттар жеткізгеннен кейін сол жайлы адамның түсіне енген жағымсыз көріністерді тілге тиек етіп, оны сенімі дұрыс емес етіп көрсетуге тырысқан443. Басқа да хадисшілердің осы тектес сөздер айтқаны мәлім. Негізінен, хадисшілердің өтірікші деп танылған рауилардың риуаяттарына сүйеніп, Әбу Ханифаны жамандауы өз ұстанымдарына қайшы. Бұл тұста түске сүйенуі де ғылыми негізге жатпайды. Кәусәри бұл риуаятты Әбу Ханифаға қарсы бидғатшылардың ойлап тапқанын, солардың әрекетімен жайылғанын айтады444. Хадисшілердің оған сын айтуына аят-хадиспен қоса ақылға да жиі жүгінуі көбірек ықпал жасауымен қатар, жоғарыда атап өткеніміздей, иман түсінігінің де ықпалы аз емес. Әбул-Хасан әл-Әшғари Әбу Ханифаны мүржияның тоғызыншы тармағының құрушысы ретінде көрсетіп, Нәубахти мен Әбу Хатим әр-Рази де оны мүржияның Амр ибн Қайс әл-Масыр (немесе Мазыр) негізін қалаған Масырия (немесе әл-Мазырия) тармағына тән адам ретінде танытқан445. Әбу Ханифаның мүржияға қатысы барын сол мәзһабтың адамы Ғассан әлКуфидің айтқан риуаятына апарып тірегені секілді, мұны Әбу Ханифаның иман көзқарасымен байланыстырғандар да болған. Екінші топ бойынша Әбу Ханифа күнә істегендердің мүмин екендігін қорғап, нәтижесін ақыретке қалдырғандықтан немесе Алланың қалауына қалдырғаны (иржа) себепті, алғаш рет Нафи ибн әлӘзрақ атты харижи, кейінірек, мұғтазила ғалымдары тарапынан мүржия ретінде аталып, осы себепті мәзһаб тарихшылары да оларға еріп, оны мүржия деп көрсеткен. Шәхристани Әбу Ханифаны ерте кездегі мәзһабтар тарихын жазушылардың мүржия деп танытуының 2 себебін атап көрсетеді: «1. Әбу Ханифа алғашқы кезеңде шыққан қадария мен мұғтазилиттерге қарсы еді. Мұғтазилиттер өз кезегінде 440 «Исра» сүресі, 19-аят. 441 әл-Алим уәл-мутааллим 442 Бұхари, әт-Тарихул-кәбир (баспаға дайындаған: Абдуррахман ибн Яхья әл-Ямани және т.б.) Хайдарабад, 1941-1960, VІІІ, 81; 443 Ибн Хиббан, Китабул-мәжрухин минәл-мұхаддисин уәд-дуафа уәл-мәтрукин (баспаға дайындаған Махмұд Ибраһим Зайеди), Халаб, 1975-1976, 3-т, 63-72-б. 444 З. әл-Кәусәри, әт-Тәрхиб би нақдит-тәниб, Бейрут, 1981, 299-б. 445 Нәубахти, Фирақуш-Шиа, 7-б.; Әбу Хатым әр-Рази, Китабуз-зина (баспаға дайындаған Абдуллаһ Сәллум әс-Самерраи әл-Ғулуу уәл-фирақул-ғалия), Бағдат, 1982, 269-б.
тағдыр мәселесінде өздеріне қарсы шыққандардың барлығын мүржия дейтін. Міне, имам Ағзам мен оның ізбасарларына қатысты мүржия деу осылардан келіп шыққан. 2. Имам Ағзамның көзқарасы бойынша иман тілмен айтып, жүрекпен бекіту әрі иманның артуы немесе кемуі деген болмайды. Міне, сондықтан кейбіреулер имам Ағзам амалды иманнан кейінге ысырып қойды деп жаңсақ ойлаған. Өйткені, имам Ағзамның тән арқылы жүзеге асатын құлшылықтарға қаншалықты жауапкершілкпен қарағандығы әмбеге аян. Құлшылықтарды орындауға қатысты ерекше ыждағаттылығы да кітаптарда жазылған. Олай болса, бұл жала мұғтазилиттер мен харижиттерден шығуы бек мүмкін»446. Анығында, Әбу Ханифаның ақидаға қатысты рисалелерінде иржа термині күнә істегендердің ақыреттегі жағдайын иләхи қалауға қалдыруы мағынасында қолданылған447. Алайда, бұның мәзһабтар тарихы кітаптарында ұғымы берілген әрі иман еткен кісіге күнә істеудің еш кесір тигізбейтіндігін негізгі көзқарас ретінде ұстанатын мүржиямен үш қайнаса сорпасы қосылмасы ақиқат. Егер солай болған болса, ондай көзқарасты шәкірттері де жақтар еді. Шындығында, олар керісінше, мүржияны сынға алған. Әбу Ханифаның күнә істегеннің діннен шықпайтындығын, мүмин болып қалатындығы жайлы көзқарасы сәлафтарды да қосқанда бүкіл әхлі-сүннеттің көзқарасына айналғанын назарға алсақ, оны мүржияға тән деп қарау ол дәуірде мәзһабтарға қатысты ұғымдардың әлі қалыптаса қоймауынан болса керек. Негізінде, Әбу Ханифа кезеңінде жаңа қалыптаса бастаған әхлі-сүннет үшін бұл атау әлі қолданыла қоймағандықтан, ақида мәселелерінің әрбіріне қатысты әхлі-сүннет ғалымдарына түрлі атаулар берілгені белгілі. Мәселен, мұғтазила ғалымдары иләһи сипаттар жайындағы көзқарастарына орай әхлі-сүннет ғалымдарын мүшәббиха, адамдардың іс әрекеті мен тағдырға қатысты пікірлері себепті мұжбира немесе жәбрия деп атаған448. Матуриди де адамның дербес қалауы мен іс-қимылға, өзіндік қарым-қабілеті жоқ деп санап, адамдардың бүкіл әрекетін иләхи қалау мен құдіретке қалдырғандарды мүржия деп атаған449. Әбу Ханифаның иман түсінігін сынға алған Ибн Хазм оны мүржияның ішіндегі әхлі-сүннетке ең жақындардың бірі ретінде қабылдаған450. Шахристани да Әбу Ханифаның күнә істеу мүминге кесірін тигізбейді деген, иман етудің жеткілікті екендігін алға тартқан мүржиядан еместігін, қайта күнә істеген кісінің Алланың азабынан қорқуы керектігін жақтағандықтан оны әхлісүннет мұржиясынан деп санаған451. 446 Шахристани, әл-Миләл уән-нихал (баспаға дайындаған М. Сәйид Килани), Каир, 1961, 1-т., 141-146; Ибн Әбулизз өзінің «Шарх әт-Тахауия» атты кітабында мүржияның мағынасының тереңдігін, оны қалай түсіну керектігіне қатысты бір-біріне қайшы түрлі көзқарастың бар екенін айта отырып, Әбу Ханифаны мүржия деуге болмайтындығын тілге тиек етеді. Өйткені, Әбу Ханифаның сөздері амал етудің де маңыздылығына, мұсылман кісінің ізгі амалдар жасуы қажеттігіне, үлкен күнәлардың харам екендігіне, оларды жасаушылардың күнәһар саналып, ақыреттегі жағдайларының Алла тағаланың еркіне қалдырылатындығына қатысты мәселелерде әхлус-суннаның тұжырымдарына қайшы емес. Сондықтан, Әбу Ханифа мен оның ізбасарларын өзге мүржиялардан, әсіресе, олардың арасындағы шектен шығушы ғұлат пен жахмиядан ажырату үшін «муржиятул-фуқаха» деп атаған. Қараңыз: http://www.іslamweb.net/ver2/...; Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі, 113-116-б. 447 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мутәаллим, 24 б. 448 Қады Абдулжәббар, Шәрхул-усулил-хамса (баспаға дайындаған: Абдулкарим Осман), Каир, 1965, 75 б. 449 Матуриди, Тәуилату әхлі сүннә (баспаға дайындаған: М. Мұстафизуррахман), Бағдат, 1983, 98-б. 450 Ибн Хазм, әл-Фасл, ІІ, 228, 265. 451 Шахристани, әл-Миләл уән-нихал, 1-т., 141-146-б..
Әбу Захра ғалымдардың Әбу Ханифаның мүржияға қатысты көзқарастарын қорытындылай келе: «Менің ойымша, Әбу Ханифаны мүржия деуге келмейді. Әйтпесе, пасықты (күнәхар) мумин қатарына қосқандардың бәрі қаласаңыз да, қаламасаңыз да мүржиядан саналатын болады. Алла Тағала күнәһарлардың кейбіреуін кешіреді. Оның кешірімін «шектеуге» болмайды. Олай болса, тек Әбу Ханифа ғана емес, мұғтазиланың тысындағы барлық фиқһ ғалымдары мен хадисшілер мүржияның санатына кіріп кетеді. Бұл мүмкін емес», – дейді452. Әбу Ханифаны мүржияға таңғанындай, оны жәхмияға таңу да дұрыс емес. Өйткені, мүшәббиха мен хашуияға қарасты ғалымдардың иләһи сипат мәселесінде тәнзихті жақтайтындардың барлығын жәхмияға қосақтайтыны белгілі. Анығында, Әбу Ханифа жәхмияны қатты сынға алғаны анық деректермен мәлім453. Алайда, Әбу Ханифаны кейбір сунниттік кәламшылар мен салафияға тән хадис ғалымдарының сынға алған бидғатшылықпен кінәлауы оның рационалды мәліметтерге көңіл бөлетін, сенім мәселелерінде осы мәліметтерді қолданып настарға рационалдық көзқарастар білдірген Исламның ерте кезеңдеріндегі жаңашыл ойшылдардың алғашқыларынан болғанын көрсетуде. Соған қарата айтылған сындарды басқаша жорамалдау қиын. Неге десеңіз, сенім көзқарастарының кейіннен қалыптасқан сунни кәлам саласынан матуридияға бағыт беріп, әхлі-сүннет түсінігімен үйлесетіндігі белгілі. Мүржияға қатысты Әбу Ханифаның өзі әл-Фиқһул-әкбарда: «Мүржиялар секілді «Жақсылықтарымыз қабылданған, жамандықтарымыз кешірілген» деп айтпаймыз. Керісінше, басы ашық мәселе болғандықтан, «Кімде-кім ісәрекеттерін дін үкімдеріне сай, ізгі амалын бұзатын кемшіліктерден сақтана отырып жасаса, өз кезегінде оны күпірлік пен діннен шығу арқылы жойып алмай, дүниеден мүмин ретінде өтсе, Алла Тағала оның амалдарын зая кетірмейді. Оны қабыл алып, сауабын береді» дейміз»454 деген. Өзіне мүржия деп жала жапқандарға жауап беру үшін Осман әл-Баттиге жазған хатында «Әлгі мүржия сөзіне келер болсақ, бидғатшылардың оларға бұл атты танатындай шындықты айтқан адамдардың не жазығы бар? Олар – әділ және әхлі-сүннет. Бұл атауды оларға көреалмаушылар таңған»455, – деп жауап беруі ұстанымының жағымсыз мағынада қолданылған мүржиядан емес екенін анық көрсетеді. Мұсылманды күпірлікпен айыптау (тәкфир)
Әбу Ханифа бойынша, адамдар өз сөздеріне қарай, ғибадат түрлеріне және діни рәміз болып табылатын киім киістеріне қарай кәпірге саналатын456. Мүмин екенін айтумен қатар, иләһи сипаттарды жоққа шығаратын немесе жаратылыстардың сипаттарына ұқсататын, тағдырға сенбейтін, Құранда ашық белгіленген үкімдерді мойындамаған, күнә істеуді халал санаған, Құранның бір әрпін болса да мойындамаған адам кәпір болып табылады. Алайда, Құранды тәпсір немесе тәуил (жорамал жасап түсіндіру) жасау арқылы үкім шығаратын немесе пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тән деп айтылатын хадистерде келген кейбір сенім негіздерін қабылдамаған адамды кәпір санауға 452 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 156-157-б. 453 Ибн Хиббан, Китабул-мәжрухин, 3-т., 15-б. 454 Фиқһул-әкбар, 9-б. Хайдарабад басылымы 455 А. Өзтүрік, имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве есерлери, Шәмил баспасы, Стамбул, 2010, 114-б. 456 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-мутааллим, 24-б.
болмайды457. Әбу Ханифаның «әл-Фиқһул-әкбар» кітабында осыған сай мынадай сөз бар: «Мейлі үлкен күнә істесе де, ол істеген үлкен күнәсін халал санамайынша, оны кәпір деп айта алмаймыз. Мұсылман деген атты одан алып тастай алмаймыз. Біз оны мүмін деп атаймыз». Олай болса, кәлима шәһадат айтып жүрген мұсылманның ең үлкен қателігі – күнә ісі үшін мұсылман бауырын діннен шығарып, оны кәпір санауы. Мына төмендегі оқиға имам Ағзамның иман түсінігінің қандай болғанын көрсетеді. Бір күні Әбу Ханифа мешітте отырғанда «Күнә жасаған мұсылман кәпір болып мәңгілік тозаққа түседі, мұсылман саналмайды» дейтін харижиттердің458 бірі қаруын асынып, баса-көктеп Әбу Ханифаның үстіне кіріп келеді де былай дейді: – Мешіттің алдында екі мәйіт жатыр. Бірі арақтан өлген ер кісінікі, екіншісі зина жасаған әйелдікі. Жүкті болып қалғанын білгеннен кейін асылып қалған. Бұл екеуіне қатысты не айтасыз? Әбу Ханифа олардан: – Бұл екеуі иудей ме? – деп сұрайды. – Жоқ, – дейді харижит. – Христиан ба? – Жоқ. – Пұтқа табына ма? – Жоқ. – Сонда қай үмбеттен? – «Алла Тағаладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» дейтін өзіміздің мұсылман, – деп жауап берген харижитке: – Куәлік кәлимасы иманның қаншасын құрайды? Үштен бірі, төрттен бірі, мүмкін бестен бірі шығар? – деп сұрайды. – Иманның үштен, төрттен, бестен бірі болмайды. Иман біртұтас, ол бөлінбейді. – Иманның қаншасы сонда? – Тұтасы. – Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың мұсылман екенін айттыңдар, – деп Әбу Ханифа өз ауыздарымен олардың мұсылман екенін айтқызады. Артынша жауап таба алмаған Харижиттер: – Сен мұны қой. Олар жаннаттық па, әлде жәһәннәмдық па? – деп, Әбу Ханифаны сүріндірмек боп бастырмалай береді. – Бұл жайында айтарым мынау, – дейді имам Ағзам саспастан, – Ибраһим (а.с.) бұл екеуінен де зор күнә істеген қауымы үшін Алладан: «Уа, Алла Тағалам! Маған мойынсұнғандар менен. Маған қарсы шыққандарға Сен кешірімді әрі рақымдысың»459 – деп кешірім тілеген. Иса пайғамбар (а.с.) да: «Уа, Алла Тағалам! Егер оларды азапқа салсаң, олар Сенің құлдарың. Егер кешірсең, Сен мейірбан әрі рақымдысың»460, – демеп пе еді. Сендерге оларды соншама айыптайтындай не көрінді? – деген екен. Осылайша, Әбу Ханифа оларға мәселенің шешімін Құран кәрімнің дәлелдерімен егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Орынды уәжге жығылған харижиттер қаруларын тастап, кейін қайтты461. 457 Әбу Ханифа, әл-Фықхул-әбсат, 37-38 б. Баязизаде, сонда. 105-106, 149, 200, 278, 307-б. 458 Ислам дініндегі шектен шыққан ағым 459 «Ибраһим» сүресі, 36-аят 460 «Маида» сүресі, 118-аят 461 Әбу Захра, 36-б.
Өзін кәпір санаған адам жайлы да жағымсыз ой айтпайтын «әл-Алим уәл-мутааллим» атты еңбегінде шәкірті: «Сізді кәпір деп куәлік берген адамға сіздің куәлігіңіз қандай болмақ? Соны түсіндіріп берсеңіз»,– деп сұрағанда имам Ағзам былай деп жауап берген: «Мен оның өтірікші екендігіне куәлік етемін. Осы сөзі үшін оны кәпір демеймін. Алайда өтірікші деп атаймын. Өйткені харам екі түрлі болады: 1. Алланың алдында тыйым салынған харам, 2. Алланың құлдарының алдында тыйым салынған харам. Алланың алдындағы харамдар – Аллаға серік қосу, жалғандау және күпірлік. Адамдарға қатысты харамдар – пенделердің өз араларында бір-біріне қарсы жасаған әділетсіздіктер. Алла мен Оның елшісін жалғанға шығарған адамның жағдайы мені жалғанға шығарған адамдай бола алмайды. Өйткені Алла мен Елшісін жалғанға шығарған адамның күнәсі бүкіл адамдарды жалғанға шығарғаннан да ауыр. Мені кәпір деген адам мен үшін өтірікші болып табылады. Оның мен туралы өтірік айтуы, менің ол туралы өтірік айтуымды халал етпейді. Өйткені Жаратқан Жаббар иеміз: «Бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке итермелемесін. Әділ болыңдар! Өйткені ол – тақуылыққа ең жақын іс»462,– деген. Яғни Алла Тағала бізге өзге елге деген дұшпандықтың оларға әділ болуға кедергі келтірмеуі керектігін айтуда463. Фитналы сұрақтардың жауабы Имам Зуфар былай дейді: «Имам Ағзамнан мүминдердің әміршісі Әли мен Мұғауия туралы, олардың арасында орын алған оқиғалар мен қақтығыста қаза болғандарға байланысты сұралғанда, имам : «Алла Тағала мені өз міндеттерім бойынша жауапқа тартады. Олардың істерін менен сұрамайды. Олай болса, ондай сөздерге құмартпаған абзал», – дейтін. Тағы бір сөзінде ол: «Алла Тағала біздің қылышымызды ондай қанға бояудан сақтаған екен, енді біз тілімізді қанға боямайық», – десе, кейде ондай сұрақтар қойылғанда: «Олар өткен бір үмбеттер, олардың істеген істері өздеріне, сіздердің істеріңіз өздеріңізге тән. Олардың істегендерінен сендер сұралмайсыңдар»464 деген аятты оқумен ғана шектелетін.465 «әр-Рисалада» имам Ағзам сахабалардың арасында орын алған қиын мәселеге қатысты былай деген: «Ал енді пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сахабаларының арасындағы қайшылыққа келер болсақ, олардың жағдайын Алла Тағала бәрінен артық біледі. Сіздің Қыбыла иелеріне қатысты ойыңызда осылай деп ойлаймын. Өйткені, пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сахабаларының арасындағы мәселе – сүннетті, фиқһты жақсы білушілер ғана пікір айта алатындай күрделі. (Діндегі) Бауырыңыз Ато бин Әби Рабахқа (Алла оны рақымына бөлесін!) бұл істі суреттеп бергенімізде ол: «Бұл – пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сахабаларының мәселесі» – деп жауап берген болатын. (Діндегі) Бауырыңыз Нәфиғ та осылай ойлаған бірақ, (Абдулла) Ибн Омардың көзқарасы басқаша еді. 462 «Мәида» сүресі, 8-аят. 463 әл-Алим уәл-мутааллим 464 Бақара сүресі, 134-аят. 465 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 74-бет.
Және Сағид бин Жубайрдың сөзіне сүйенген Сәлім: «Бұл – пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сахабаларының ісі» – деген. (Діндегі) Бауырыңыз Нәфиғ та осы жайлы: «Бұл – Абдулла ибн Омардың (Алла оларға разы болсын) мәселесі» – деген. Бұған қатысты Абдул Кәрім Тауыстан, ол өз кезегінде Ибн Аббасқа (Алла оларға разы болсын) сүйене отырып: «Бұл оның (Абдулла бин Омардың) өзінің мәселесі»466, – деген. Сәләфқа тіл тигізбейтін Әбу Ханифа Меккеге әр сапарында Ата ибн Әбу Рабахпен жолығып тұратын. Ең алғаш мәрте жолыққан кезде араларында мынадай әңгіме өрбіген. Ата одан: – Сен қайдан боласың? – деп сұрайды. Әбу Ханифа: – Куфа қаласынанмын. – Ә-ә, әртүрлі дінді ұстанып, сан алуан топтарға бөлінген жерден де! – Иә, сол жерден. – Қай топтансың? – Мен сәләфқа (сахабалар мен табиғиндер) тіл тигізбейтін, тағдырға сенетін, біреуді күнә істегені үшін кәпір санамайтын топтанмын, – деп жауап берген екен467. Ілімінің тереңдігі мен тақуалығына тәнті болған Әбу Ханифа «Атадан артық адам көрген емеспін»468 деген. Алла Тағаланың аршыға истиуасы Хақ Тағаланың Аршыға ешбір мұқтаждықсыз әрі оған орнығусыз истәуә469 қылғанына иман келтіреміз. Әсілінде Алла Тағала Аршыны да, одан басқаны да сақтаушы әрі оған мүлдем мұқтаж емес. Егер Хақ Тағала Аршыға мұқтаждық танытса, жаратылған жаратылыстың деңгейіне түсіп, әлемді жаратуға, басқаруға шамасы келмес еді. Егер Хақ Тағала оған отыруға, орнығуға мұқтаждық танытса, Аршы жаратылмай тұрып Алла қайда еді? Хақ Тағала мұндай кемшіліктерден пәк, әрі ұлы.
Құран жаратылмаған Құранның жаратылғандығы мәслесі (Халқул-Құран) – Ислам әлемінде мұсылмандардың арасында кейбір жағымсыз жайттардың орын алып, көптеген ғалымдардың қуғын-сүргін көріп, азап тартуына себеп болған тақырыптардың бірі470. 466 Әр-Рисәлә 467 Бұл да сонда, 67-б. 468 Бұл да сонда, 67-б. 469 «Истәуә» сөзі араб тілінде «меңгеру», «орнығу», «отыру», «басқару», т. б. бірнеше мағынада қолданылады. Халаф ғалымдары осы сөздердің ішіндегі Алланың сипатына лайықты мағынасын алып, астарлап түсіндірген. Тауил таухид ілімін терең пайымдай бермейтін жалпы халықты қате ұғымнан, ойлардан сақтау үшін жасалады. 470 Хижраның 212 жылы халифа әл-Мәмун Құран кәрімнің жаратылғандығы туралы пікірді алға тартқан муғтазилилердің ықпалына еріп кетеді. Ол ортодоксалды мұсылман ғалымдары мойындамаған көзқарасты қолдап, оны тіпті, мемлекеттің ресми идеологиясы ретінде жариялайды. Бұл жайт ғалымдардың келіспеушілігіне әкеліп соққандықтан, халифа әл-Мәмун бұл көзқарастарды мәжбүрлі түрде енгізуге әрекет қылады. Нәтижеде, ол пікірін қолдамаған ғалымдарды қудалай бастады. Оның жолын кейін халифа болған
Бұл тақырып Әбу Ханифаның кезеңінде әлі терең талқыға түспегенімен, кейбір кісілер «Құран махлұқ», яғни жаратылған, деген әңгіме тарата бастаған. Олар: «Құран пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизасы, бірақ, Алланың жаратқаны (махлұқ)», – деді. Бұны тарихта алғаш айтқан адам – Жағд ибн Дирхам. Оны Хорасан әкімі Халид ибн Абдуллаһ өлім жазасына кескен. Имам Ағзамға өз кезеңінде дұшпандары жала жауып, Құран махлұқ, яғни, жаратылған деген көзқарасы үшін екі рет тәубе етуге шақырылған деген секілді жалған хабарлар тараған. Әбу Захра бұл хабарларды оның дұшпандарының таратқандығын, алайда, бұл мәселеге қатысты басқа сенімді кісілер арқылы келіп жеткен хабарлардың дұрыс екенін айта отырып, мына екі мысалды береді. Біріншісінде – «Тарихул-Бағдатта» «Әбу Ханифа, оның достары Әбу Юсуф, Зуфар, Мұхаммед және басқалары да халқул-Құран мәселесіне қатысты еш нәрсе демеген. Құранның жаратылғандығы мәселесіне қатысты Бишр, Мәриси, Ибн Әбу Дуад секілді кісілер көзқарастарын білдірді. Міне, осылар Әбу Ханифаның достарына күйе жақты»471. Екіншісінде – Ибн Абдулбәррдің «Интиқа» атты кітабындағы бір мәліметті келтіреді. Ол бойынша Әбу Ханифа жоқ кезде бір кісі келіп Құран жайлы сауал қойып, шәкірттері әр түрлі пікір айтып, ақыры әлгі кісіге ұстаздары жоқ кезде ешқандай нақты жауап бермеуге бекінгендіктерін айтып, шығарып салады. Әбу Ханифа келген соң бастарынан өткен жағдайды баяндап, ұстаздары жоқ кезде қандай да бір ой-пікір білдіруден тартынғандықтарын айтқан кезде ол: «Алла жақсылығын берсін. Менің өсиетімді құлақтарыңа құйып алыңдар. Бұған қатысты, ешнәрсе демеңдер де сұрамаңдар да. Бірақ, мынаны да біліп алыңдар. Құран – Алланың сөзі деп айтыңдар. Басқа ештеңе демеңдер. Мұсылмандар бұл мәселені қозғаған сайын қоздап, ертең сөндірілуі қиын өртке айналады»,– деп, бұны қозғай бермеудің жөн екенін айтқан әрі өзі де бұл мәселені көп қаузамаған472. Әбу Ханифа Құранды дыбысқа салып оқудың махлұқ екенін алғаш айтқан болар, алайда, оның бұл сөзі «Құранды махлұқ» деді дегенге бұрмаланған. Егер Әбу Ханифа Құранды махлұқ деген болса, Бұхари осы тақырыпқа жазған «Һалқу әфғалил ибад» атты еңбегінде мұны сөз еткен болар еді. Әшғари да «Мақалатында» Құранның махлұқ екенін айтушылардың кімдер екенін атағанымен, олардың арасында Әбу Ханифа көрсетілмеген473. Имам Ағзам осы тақырыпқа қатысты «әл-Фиқһул-акбар» мен «әл-Уасияда» өз көзқарасын «Құран – ұлық Алла Тағаланың сөзі. Ол жаратылған емес... Кімде кім Алланың сөзін махлұқ десе, Алла Тағаланы жоққа шығарған болады»474 деп, кесіп айтқан. Ендігі кезекте әл-Уасяидағы көзқарастарын толық келтіре кетейік: «Құран – Хақтың сөзі, ол жаратылмаған, Құран – Алланың уахиы және түсірген Кітабы деп иман келтіреміз. Ол – қағаз беттеріне жазылған, тілмен оқылатын, жүректерде жатталатын Хақ Тағаланың сөзі, кітаптарға, жүректерге, тілдерге байланысты жоқ, Хақтың сипаты. Сиясы, қағазы, жазылуына келсек, бауыры әл-Муғтасим (218-227) жалғастырды. Осы үрдіс одан кейінгі кезеңдерде әлУәсиқтің (227-232) халифалығы тұсында да жалғасын тауып, халифа әл-Мутәуәккилдің (232-247) билігі кезінде аяқталған болатын. Бұл оқиға ислам тарихында «михнат» деген атпен орын алды. Ахмед ибн Ханбәл сынды көптеген танымал мұсылман ғалымдары жапа шекті., Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі, 103-104-б. 471 Бағдади, Тарих, 13-т., 377-378-б. 472 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 160-161-б. 473 Ю. Шевки Явуз, Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери ве сунни келамын олушумуна еткилери, имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 2-т., 146-б. 474 Беязизаде, 98-б.
олардың барлығы жаратылған. Өйткені ол нәрселер пенденің істеріне жатады. Хақ Тағаланың сөзі жаратылмаған, ал жазу, әріптер, сөздер, аяттар бұл нәрселерді пенде қажет қылғандықтан Құранның дәлелі болып есептеледі. Алла Тағаланың сөзі өзіне тән сипатарының бірінен, оның мағынасы осы нәрселердің көмегімен түсініледіі. Ал енді кімде-кім Хақ Тағаланың сөзі жаратылған десе, ол діннен шығады. Құлшылық қылу мәңгі өзгермейтін Алла Тағалаға ғана бағытталады. Алла Тағаланың сөзі оқылып, жатталса да, Оның сипатынан ажырамайды»475.
Әбу Ханифаның дүниеден өтуі Әбу Ханифаның һижра жыл санауы бойынша 150 жылы қайтыс болғандығын тарихи құжаттар растағанымен476, нақты қалай қайтыс болғанына қатысты мәліметтердің дені әр түрлі. Дауіт ибн Рашид осыған байланысты былай дейді: «Халифа Әбу Ханифаға қазы болуды ұсынған еді. Ол бұл ұсыныстан бас тартқан болатын. Сол үшін оны азаптағанын көрдім. Әр күні зынданнан шығарып, 10 дүре соғылатын. Осылайша, 110 дүре соғылды. Оған «Қазылық лауазымды қабыл ал» деді. Бірақ, имам «Мен мұндай лауазымға лайық емеспін» деп бас тартады. Дүре соғылып жатқанда ол ақырын дауыстап: «Алла Тағалам! Құдіретіңмен мені олардың жамандығынан сақтай көр» деп жалбарынатын еді. Қазылық лауазымға отырмайтынын білгендіктен оның тамағына у қосып өлтірді»477. Ал Ибн Баздауи Әбу Ханифаның түрмеге қамалып біраз уақыт қысым көргенін, кейін Мансұрдың туыс-тары өзара ақылдасып, Әбу Ханифаны абақтыдан шығарып алғанын айтады. Бірақ, пәтуа айтуға, халықпен жолығуына тыйым салынады. Үйінен шығуға рұқсат бермейді. Өмірден озғанша үйқамақта болады478. Басқа бір риуаятта Әбу Ханифа түрмеде жатып, халифадан, тіпті, ас-ауқатты да қабылдамағандығы айтылады. Осылайша, ол баласына: «Балам, айына тамағыма 2 дирхам жұмсаймын. Мен қия басып шыға алмаймын. Маған ас-ауқатқа қаражат тауып жеткізіп бер»479 дейді. Сөйтіп, Әбу Ханифа Халифа жіберген ауқаттан бас тартып, тек Куфадан алдырылған адал асымен күн көреді480. Әбу Ханифа түрмеден шыққаннан кейін Бағдатта 15 күндей төсек тартып жатып, қайтыс болғандығы да айтылады481. Халифа Мансур ұсынған Шайх әл-ислам және Бас қазылық лауазымды қабылдамаған соң тұтқынға алынып, соңында арнайы бөлмеге қамалды. Екі-үш күн өтпей жатып, ауыр қысым көрсетіле бастады. Он бес күн өтпей жатып қайтыс болды. Қайтыс боларын алдын ала сезіп, сәждеге құлай кетіп, сол күйі Алланың рақымына қауышады. Имам әш-Шафиғидың үлкен ұстаздарының бірі Хижаз аймағының фақиһы Абдулмалик ибн Журайж имам Ағзамның қайтыс болған хабарын естігенде: «Бәріміз де Алла жаратқан пендеміз, ертелі кеш қайтамыз» деп дұға оқып 475 әл-Уасия 476 Ибн Сағыд, Табақат, 6-т., 368-369-б.; Сәймиәри, 94-б.; Бағдади, Тарих, 13-т., 330-б. 477 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 69-б. 478 Манақибу имам Ағзам 2-т, 15-б. 479 Хайсами, 87-б. 480 Р. Батыр, Әбу Ханифа жизн и наследие, 106-б. 481 Бағдади, Тарих, 13-т., 330-б
артынша: «Кемелдігін суреттеп, сөзбен жеткізе алмайтын бір ғалымнан айрылдық ау!» – деп өкінішін білдірсе, хадис саласында «әмир әл-муминин» деген атаққа ие болған имам Шұғба: «Бәріміз де ұлы иеміз Алланың алдына барарымыз ақиқат. Бұл – Куфа маңына сәулесін шашқан жарық нұрдың сөнгені. Бұдан кейін Әбу Ханифадай тұлғаны адамдар көре алмас», – деген екен.482 Қорыта келгенде, бұл риуаяттардың барлығында оның қазылық лауазымынан бас тартып, абақтыда ауыр азап көргендігі, түрмедегі дүре жазасынан немесе уланып қайтыс болғаны айтылады483. Нақты өліміне не себеп болғанын білмесек те, өлім оны мына дүние азабынан құтқарады. Ол өз ойынан қайтпай, әделетсіздікке көз жұма алмайтынын көрсетіп, мемлекеттік қызметке бармай, ілімнің абыройын сақтап, сол жолда шейіттіктің шәрбәтін ішті. Халық қара жамылып, Бағдатта қаралы күн туды. Білімді, діндар, тақуа, көркем мінезді, парасатты Әбу Ханифа халық алдында сыйлы да ардақты еді. Сондықтан, Ирак фақиһының, ұлы имам ның жаназасына барша Бағдат халқы қатысты. Қала көшелері онымен қоштасуға шыққан адамдарға сыймай кетті484. Жаназасына 50 мың адам жиналғандығы, адамның көптігіне байланысты 6 рет жаназа намазы оқылып, сол күні асыр намазынан кейін ғана жерленгендігі айтылады485. Мүрдесі өзінің өсиетіне орай Бағдаттағы Хайзуран зиратының шығыс жағына қойылды486. Кейін Шәрәфулмүлк Әбу Саид әл-Мустәуи 1067 – жылы кесене тұрғызып, маңынан медресе салғызады. Қабірі қазіргі Бағдат қаласында өзінің атымен аталатын Ағзамия ауданында орналасқан487. Абдулла ибн Мүбарак Бағдатқа ат басын тірегенде алдымен имам Ағазамның қабірін іздейді. Қабірінің басына барып: «Имам Нахағи қайтыс болды, орнына Хаммадты қалдырды. Хаммад қайтыс болды ізбасары етіп сені қалдырып кетті. Сен де бақилық болдың, бірақ, ізіңді жалғайтын дәл өзіңдей адам енді қалмады», – деп жылаған екен.488 Хакам ибн Майсара былай дейді: «Өз заманының әйгілі тәпсіршісі әрі имам ы Мұқатил ибн Сүлейменнің алдында дәріс алып отырған едік. Арамызда бір кісі түсін айтып: «Түсімде аспаннан ақ шапан киген бір кісі түсіп, Бағдаттағы ең биік «Мұсайб» мұнарасында тұрып: «Мына халық не жоғалтқанын білесің бе?» – деп дауыстап тұр екен», – деді. Сонда Мұқатил: «Егер шынымен осындай түс көрген болсаң, адамдар арасындағы ең ғалым адам қайтыс болады екен», – деді. 482 Мауаһиб ар-Рахман 259бет. 483 Яқуб ибн Шайба Ибн Мубарактан «Халифа Мансұр Әбу Ханифаның қазы болғанын қалады, ол бас тартты. Халифа Мансұр «сен боласың» деп ант етті. Әбу Ханифа «болмаймын» деп ант етті. Сонда Рабиғ ибн әл-Хажиб Әбу Ханифаға қарап «Халифа Мансұр ант етіп тұр, көрмейсің бе?» дейді. Сонда Әбу Ханифа «Халифа Мансұр антының каффаратын өтеуге шамасы жетеді, деп өзі антын бұзудан бас тартады. Содан кейін оны түрмеге қаматып, сол жерде қайтыс болады. Хайзуран деген жерде жерленеді. әз-Зәхәби, 26-б. 484 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 52-б. 485 Саймиәри, 93-б.; Хәйсәми, Хайратул-хисан, 208-209-б.; имам Ағзам қайтыс болар кезде өзін үкіметтің біреулерден заңсыз алып қойған жеріне емес, ешкмнің таласы жоқ адал жерге көмуін өсиет еткен екен. Сонда бұл өсиетті естіп, өзіне қысым көрсеткен халифа Әбу Жағфар тақуалығы мен адалдығына таң қалып: «Тірі яки қайтыс болған кезінде Әбу Ханифаға көрсеткендерімнен мені кім құтқара алар дейсің?!» деген екен. Әбу Захра, Әбу Ханифа, 49-б. 486 Сәймиәри, 93-б.; Зәхәби, Манақиб, 30-б. 487 Ю. Шефки Явуз // Әбу Ханифа, Ислам Энцилопедиясы (Түркия Дианет Уақфы), 10-т. 133-б., Стамбул, 1994 488 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 113 бет.
Келесі күні таң атқанда имам Ағазамның қайтыс болғандығы туралы хабар келді. Қаралы хабарды естіген Мұқатил қатты егіліп жылады».489 Имам Ағзам қайтыс болған күні денесі жуылып болмай жатып, қаптаған қалың адам жаназа оқылатын жрге лық толды. Сәлден кейін алдын ала хабарлап айтылып қойғандай Бағдат халқы түгел жан-жақтан ағылып келе бастады. 6 рет қайталап оқылған намазға шамамен елу мыңнан астам адам қатысқан болатын. Өзінің өсиеті бойынша Бағдаттың шығысындағы Хайзуран мазарлығына жерленді. Аруланғаннан кейін ақшамда әрең дегенде жер қойнына берілген болатын. Жерленетін орынды өсиет етуінің себебі, ол жер мүліктік жағынан басы ашық таза жер болатын.490 Әбу Ханифаның замандасы Абдуллаһ ибн Мубарактың «Білімнің миы» деген491 даналықтың дариясы Әбу Ханифа артынан мұсылман үмбетіне өшпес із қалдырып, жарық дүниемен қош айтысып кете барды. 489 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 114 бет. 490 Мауаһиб ар-рахман, 258-бет. 491 Хайсами, Хайратул-хисан, 32-б.
ҚОРЫТЫНДЫ Құран мен сүннетті жетік меңгерген дін ілімінің жарық жұлдызы имам Ағзам Әбу Ханифа – фиқһ ілімінің негізін ғана қалап қоймай, фиқһ мәселелерін алғаш рет тарау мен бапқа бөліп жүйеге келтірген. Ислам дүниесіне сүбелі үлес қосқан имам. Көрген жанның мейірі қанатындай білікті де білімді, шариғатқа келгенде алмастың жүзіндей өткір, парасат-пайымы биік тұлға. Имам Ағзам Әбу Ханифа пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жарық дүниемен қош айтысқаннан небәрі 66 жыл өткен соң дүниеге келді. Бұл кезеңде пайғамбарлық естеліктердің ыстық табы көзі қарақты, діні мен діліне берік мұсылмандардың жадында мұрты бұзылмаған күйі сақталып тұрған болатын. Ислами ілімнің негізін қалаған берекелі буын табиғин кезеңінде өзгелерден оқ бойы озып шыққан имам Ағзам парасат майданында шашасына шаң жұқтырмай, дүйім елді аузына қаратып, әлем мұсылмандарының жартысын құрайтын сара жолдың соқпағын сол кезде-ақ салып кетті. Ол – өзі жетілдіре түскен дәйекті дәлел келтіру әдіснамасы арқылы Ислам әлемінің ауқымды бөлігіне ықпал жасаған ақылы мен тақуалығы жарасқан заманның заңғар ғұламасы. Сәулеті мен дәулеті келіскен ауқатты отбасында дүниеге келген Әбу Ханифа бала кезінен зеректігімен танылып, Куфаның белді-белді ғалым-ғұламаларының алдынан хадис, фиқһ ілімімен сусындап өседі. Ес біліп, етек-жеңін жинай бастаған шағында Исламды бұра тартып, бүйректен сирақ шығарған, адасқан ағымдарға қарсы күресіп, Ислам құндылықтарын иманындай күтіп, өмірінің ақырына дейін Ислам әлемін гүлдендіруге ат салысты. Ислами ғылымдардың арасында өзінше бір төбе саналатын фиқһ ілімінің қалыптасуы, бір жүйеге келтірілуі мен кеңінен тарап, тереңге тамыр жаюы осы біртуар ілім иесі имам Әбу Ханифаның атымен тікелей байланысты. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді дана халқымыз. Ұлық имам Әбу Ханифа да бұл жағынан кенде емес. Әділетті Ислам әлемінің әуезін әспеттейтін, діннің діңгегін құлатпауға бар күшін салып, еңбектерімен танылған шарапатты шәкірт тәрбиелеу жұмысында да заманында онымен ешкім иық тіресе алмаған. Іліммен қатар сауда ісін де жүргізуі мұсылман қоғамының тұрмыстық өміріндегі нақты мәселелерін жақыннан танып-біліп, сол мәселелердің жауабын табуға тырысқандықтан, оның парықты пәтуалары көпшіліктің көкейінде сайрап тұрды. Сол кезде орын алған мәселелермен қатар болашақта орын алуы мүмкінау деген мәселелерге жауап іздеп қалдырған тұшымды пікірлері мен пәтуалары қазіргі заманның тамырын дәл басып тұр десек, артық айтпағандығымыз болар. Сонымен қатар, оның әр түрлі дін мен мәдениет өкілдері қатар өмір сүрген Ирак секілді космополит аймақта өсіп-жетілуі ғылыми танымының қалыптасуында елеулі рөл ойнады. Хижаз аймағынан мүлде бөлек қоғамның күрделі мәселелері оны жаңаша ой өрбітіп, жаңаша салмақты пәтуалар шығаруына итермеледі. Ғибадатпен қатар ақидаға, яғни сенімге қатысты ой-толғамдары әшғарилік, тахауия және матуридилік секілді сүнниттік бағыттың негізін қалауға септігін тигізді. Араға қаншама ғасырлар салып келсек те, Әбу Ханифаның кемеңгерлік көзқарастары құлшылық, қоғамдық-әлеуметтік салада әлі күнге дейін маңызын жоғалтпағаны, мәзһаб маңайындағы мұсылмандар қарасының күннен-күнге артуы осының айғағы болса керек. Оның құрған ғылыми әдіснамасының қазіргі заманға дейін келіп жетуі ұстанымының дұрыстығына бірден-бір дәлел болып табылады.
Халық көңілі хош көрген ханафи мәзһабының ең әуелгі ерекшелігі ақылдасу мен ортақ кеңесуге негізделуінде. Діни үкімдер «фиқһ академиясы» деп аталған қырық ғалымнан құралған арнайы топтың талқысына ұсынылатын. Бұл алқаға басқа шәкірттер мен халықтың қатысуына рұқсат берілмейтін. Пікірлер әбден талқыланып, пісірілгеннен кейін барып қана үкім шығарылып жазбаша бекітілген. Осылайша оның айтқан пәтуалары жеке адамдардың пәтуаларына қарағанда, өмір шындығына бір табан жақын болды. Ханафи мәзһабының араб емес ұлттардың арасында кең таралуының негізгі себептерінің бірі – әр аймақтағы халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, мұсылмандықты ұстануға ерік беруінде. Сонымен қатар діни мәтіндерді сөзбе-сөз, тек тікелей түсінуден бұрын оның астарындағы арнасының көзін ашып, зерттей отырып, ақылмен шешуге тырысуы, дініміздегі жеңілдікті ту етіп ұстануы – басқа дін өкілдерінің, соның ішінде ата-бабаларымыздың да сонау ықылым заманда осы мәзһабты қабылдауына жол ашты десек қателеспеген болармыз. Иракта пайда болған ханафилік – Аббасидтер, Сәлжұқтар, Хорезмшахтар мен Османлы секілді Ислам мемлекеттерінің ресми мәзһабы еді. Бүгінгі күні бұл мәзһабтың әлемге кең тарауында Әбу Ханифаның ілімге баулыған шәкірттердің рөлі зор болғанын да естен шығармаған абзал.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: С.Абжалов, Ханафи мәзһабының діни-филосо-фиялық негіздері, Философия ғылымдарының кандидаты, ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2008 Али Жума, Мадхал иләл-мәзәһибил-фиқһия, «Дәрус-сәләм» баспасы, Каир, Р. Алтынташ, Ебу Ханифенин келам методы ве «әл-Фиқһул-екбер» адлы есерине иөнелтилен базы итиразлар, Ислами араштырмалар журналы, Ебу Ханифе өзел сайысы, 15-т., №1-2, Анкара, 2002 Ф. Арабажы, «Ханефилигин олушумунда жоғрафи еткенлер», имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005 М. Ө. Арас, Ебу Ханифенин ходжасы Хаммад ве фықхи гөрүшлери, Баян баспасы, Стамбул, 1996 М. Әбу Захра, Әбу Ханифа, хаятуһу уә асруһу, арауһу уә фиқһуһу, Дарулфикрил-араби, Каир, 1997 Әбу Захра, Тарихул-мәзәһибил-исламияти, Дарул-фикрил-арабии, Каир, 1996 М. М. Әбу Зәху, әл-Хадис уәл-мухаддисун, Бейрут, 1984 Әбул-Хайр Мухаммад Әйюб Али, Ақидатул-Ислам уәл-имам әл-Матуриди, Докка, 1983 Әбул-Фәтх әл-Баянуни. Рисале. Стамбул, 1997 Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит, әл-Фиқһул-әкбар, (Имам Азамын беш есери) Түрік тіліне аударған: М. Өз, Калем баспасы, Самбул, 1981 Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит, әл-Фиқһул-Әбсат, (Имам Азамын беш есери) Түрік тіліне аударған: М. Өз, Калем баспасы, Самбул, 1981 Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит, әл-Алим уәл-Мутааллим, (Имам Азамын беш есери) Түрік тіліне аударған: М. Өз, Калем баспасы, Самбул, 1981 Ә. Б. Жүнісов. Ханафи мәзһабының маңыздылығы мен рөлі және қазіргі заман. Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және қазіргі заман атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Алматы, «Атамұра» 2009. А. Әділбаев, Орта Азиядан шыққан ғұлама – Матуриди// Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (2006 ж.), Алматы, «Нұр-Мүбарак», 2006 А. Әділбаев, Әбу Ханифаның Ислам құқығы (фиқһ) саласындағы орны// Қазақстандық халықаралық құқық журналы, № 1 (41), Алматы, 2011 А. Әділбаев, Құран мен сүннет үндестігі және дінде дәлел болуы// Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (2007-2008 ж.), Алматы, «Нұр-Мүбарак», 2008 А. Әділбаев, Әбу Ханифаның өскен ортасы және тарихи жағдай//Исламтану және араб филологиясы мәселелері. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік материалдары (2010ж.), Алматы. Нұр-Мүбарак 2011 А. Әмин, Духаул-ислам, Каир, 1964 әл-Асғади Мұхаммед Убайдуллаһ, әл-Мужаз фи усулил-фиқһ, Дарус-салам, Каир, 1998 әл-Бағдади Хатиб, Тариху Бағдат, Бейрут, жылы көрестілмеген әл-Бағдади Хатиб, Тариху мәдинәтус-сәләм, Бейрут, 2001 А. Баккал, «Ебу Ханифенин истихсан анлайышы», имам ы Ағзам Ебу
Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 1-т. А. Бардакоглы, Ханефи мезхеби, Ислам Ансиклопедиси, ТДУ, 16-т., Стамбул, 32 т. 2006. Бартольд В.В., Работы по истории Ислама и Арабского халифата, повтор. Издат. Москва, 2002 Большаков О. Г. История халифата (633-656), 1993. Р. Батыр, Абу Ханифа жизнь и наследие, «Медина» баспасы, Н.НовгородЯрославль, 2007 Бәззәзи, Мәнәқибу Әби Ханифа, Бейрут, 1981 Беязиззаде Ахмед Эфенди, Ишаратул-мәрәм мин ибаратил-имам (жариялаған Ю. Абдурразақ) , Каир, 1949 Беязизаде Ахмет Эфенди, имам -ы азам Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, баспаға дайындап аударған І. Челеби, Стамбул, 2000 Р. әл-Бути, Салафия, Ансар баспасы, Москва, 2008 И. Гольдциер, Захирилер, систем ве тарихлери, (түрік тіліне ауд. Ж. Тунч,), Анкара университеси илахият факултеси иайынлары, Анкара, 1982 Ғауижи Уәһби Сүлеймен, Әбу Ханифа ән-Нұғман, имам ул-әиммәтил-фуқаһа, Дәрул-қалам, Дамаск, 7-басылым, 1993 Ш. У. әд-Дәхләуи, Хужжәтул-лаһил-бәлиға, Мысыр, һ. 1332 Ш. У. әд-Дәхләуи, әл-Инсаф фи бәяни әсбәбил-ихтиләф, (түрік тіліне аударған: Мұса Хуб), Йени академи баспасы, Стамбул, 2006. Ә. Дербісәлі, Ұлық имам имам Ағзам Әбу Ханифа, «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2007 Х. Дөндүрен, Делиллерииле Ислам илмихали, «Әркам» баспасы, Стамбул, М. Ердоған, «Ибн Месудтан Ебу Ханифейе рей мектеби», имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 1-т. Қ. Ержан, Куфа қаласы – имам Ағзам Әбу Ханифаның туып-өскен жері// «Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Алматы 2009 Ess, Josef Van, Ислам келамынын башлангыжы, (аударған Ш. Али Дүзгүн), A.Ü.İ.F.D, Анкара, 2000 Қ. Жұмағұлов, «Имам Әбу Ханифаның өсиеті», Ислам және өркениет газеті, №10 (226), 1-10 сәуір, 2011 Қ. Жолдыбайұлы, Дін мен діл, Алматы, 2010 А. Жошкун, Ислам итикадында Ебу Ханифенин тесири ве имам Матуриди, Иени умит, журналы, 2002 ж., Шілде-Тамыз, 57-сан Замахшари Жаруллах Әбуллқасым Махмуд ибн Омар, Әсәсул-балаға, «Дәруссадр» баспасы, Бейрут, 1965, әз-Зәбиди әс-Сәиид Мухаммед Муртаза әл-Хусәйни, Уқудул-жәуәхирилмунифә фи әдилләти мәзһаби имам Әби Ханифа, Стамбул, һ. 1309 Зәркәши Мухаммед ибн Абдуллаһ Бәдруддин, әл-Ижәбә ли ирәди мә истәдрәкәтһу Аишәту алас-сахаба, (Тахқиқ С. әл-Афғани), әл-МәктәбәтулИсләмия, 3-басылым, Бейрут, 1980. әз-Зәхәби Шәмсуддин Әбу Абдиллах Мухаммад б. Ахмад б. Осман, Манақибу имам Ағзам Әби Ханифа уә сахибәйхи Әби Юсуф уә Мухаммад ибн әл-Хасан, Ләжнәту ихяил-маарифи ән-Нумания, 3-басылым, Бейрут, һижри 1408 ж.
әз-Зәхәби, әл-Ибәр фи хабари мән ғәбәр, Кувейт, 1960 әз-Зәхәби, Сияру Ағламин-нубәлә, Муәссәсәтур-рисәлә, Бейрут, 1982 әз-Зәхәби, Тәзкирәтул-хуффаз, Дәру ихяит-турасил-араби, Хайдарабад, 1956, 1-т., 49-50-б. А. Зәйдан, Фиқһ усулу, (түрік тіліне аударған: Р. Өзжан), Мармара университеті баспасы, Стамбул, 1981 Ибн Абдулбәрр Әбу Омар Юсуф ибн Абдиллаһ, әл-Интиқа фи фәдәилиссәләсәтил-фуқаха, Дәрул-кутубил-илмия, Бейрут, жылы көрсетілмеген, Ибн әл-Қайим әл-Жәузия, Иламул-муаққиғин ан Раббил-ааламиин, Дәрулжил, Бейрут, 1973, Ибн Құтайба, Тәуил мухталифил-хадис, (Тахқиқ М. Зухри ән-Нәжжәр), Каир, 1386 һ., (Түрікше аударған М. Хайри Кырбашоглы,), Хадис мүдафаасы, Стамбул, 1979, Ибн Сағыд, Табақатул-Кубра, Бейрут, 1968 Ибн Хажар әл-Асқалани, Шихабуддин Әбул-Фадыл Ахмад ибн Али, Тәхзибуттәхзиб, Бейрут, 1968 Ибн Хазм Әбу Мухаммед Али ибн Ахмет, әл-Ихкам фи усулил-ахкам, Матбаатыс-саада, Мысыр, 1326 һ., Ибн Халликан Әбул Аббас Шәсуддин Ахмад ибн Мухаммад ибн Әби Бәкр, Уәфәятул-аъян уә әнбәи әбнәиз-заман, Бейрут, жылы көрсетілмеген М. Игит, Илк дөнем ханефи кайнакларына гөре Ебу Ханифенин усул анлайышында сүннет, «Из» баспасы, Стамбул, 2009, М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, «Нұр-Мүбарак» баспасы, Алматы, 2008 Ислам энциклопедический словарь, Москва, «Наука», 1991 әл-Исфахани Нуайм, Хилятул-әулия./Ибнул Жәузи, Сыфатус-сафуә, түрік тіліне аударып, толықтырғандар: (С. Айкут, У. Гүненч, Я. Атак т.б.) Сахабеден гүнүмүзе Алла достлары, Шуле баспасы, Стамбул, 1996 Х. Караман, Ислам хукукында ижтихад, Анкара, 1975 З. Кәусари, Нукатут-тарифа фит-тахаддус ан рудуди, Ибн Әби Шәйба ала Әби Ханифа, Каир, 1945 З. Кәусари, Тәнибул-Хатиб ала мә сақаһу фи тәржәмәти Әби Ханифа минәләкәзиб, 1-басылым, Каир, 1942 З. Кәусари, Насбур-раия, 1973 Т. Кочигит, Хадис ыстылахлары, Анкара, 1980 Ю. Қардауи, Мадхал лидирасати әш-шариатил-исламияти, Каир, 2001 Қ. Құрманбаев, Хадис ілімі (тарихы және әдіснамасы), Нұр-Мүбарак баспасы, Алматы, 2010 А. С. Кылавуз, Акаид, Ислам ансиклопедиси, ТДУ, Стамбул, 1989, 2-т М. Е. Кылычер, Ислам фыкхында рай тарафтарлары, Анкара, 1961 М. Е. Кылычер, Ехлур-рәй, Ислам энциклопедиси, ТДВ, Стамбул, 1994, 10-т. Ж. Қасыми, әл-Жәрх уәт-тағдил, Муәссәсәтур-рисәлә, Бейрут, 1985 Матуриди, Китабут-таухид (баспаға дайындаған Бекир Топалоғлы – Мұхаммед Аручи) Анкара, һ. 1423 Мәзһаб туралы таным, (құрастырғандар: Т. Түгелұлы, Б. Тұрғанбекұлы), Алматы, 2011 Мекки Муаффақ ибн Ахмет, Манақибу Әбу Ханифа, Дәрул-китабил-араби, Бейрут, 1981 әл-Мукрим Мұхаммед ибн Жалалуддин, Табақатул фуқаһа, Бейрут, Лубнан,
А.Муминов. «Роль и место ханафитских улама в жизни городов Центрального Мавараннахра (V-VІІ/VІІІ-XІІІ вв.)», Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук, Ташкент-2003 А. Өзел, Ханефи мезхеби, Ислам ансиклопедиси, Стамбул, 16-т. А. Өзел, Ханефи фықых алимлери, Түркия Диянет Вакфы баспасы, Анкара, А. Өзтүрк, имам Ағзам Ебу Ханифе ве есерлери, Шамил баспасы, 3-басылым, Стамбул, 2010 М. Абдуррәшид ән-Нұғмани, Мәкәнәтул-Имам Әби Ханифа фил-хадис, Бейрут, 1416 К. Сандыкчы, Илк үч асырда Ислам жоғрафиясында хадис, Анкара, 1991 әс-Сәймиәри Әбу Абдуллаһ Хусәйн б. Али, Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи, Бейрут, 1985 Сарахси Әбу Бәкір Мухаммед ибн Әбу Сәхл, Усулус-Сарахси, (Тахқиқ Әбул Уәфә әл-Әфғани), Стамбул, 1984 Ф. Сезгин, Gescіhte Der Arabіchen Schіrіftumms, Leіden, 1967 (Араб тіліне аудархан Мхмуд Фәхми Хижәзи, Фәхм Әбул-Фадыл,), Тарихут-турасил-арабия, Мысыр, ж.к. С. Сейтбеков, Иман негіздері, «Көкжиек» баспасы, Алматы, 2010 Е. Селим, имам ы Азам Ебу Ханифе, «Ышык» баспасы, Стамбул, 2006 М. Синаноглы, Мәуәли, Ислам ансиклопедиси, ТДВ, Анкара, 2004, 29-т. М. Сөйлемез, «Ебу Ханифенин иетиштиги шехир: Куфе», имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 1-т. М. әс-Сыбаи, әс-Сүннету уа маканатуһа фи ташриғил-исламиати, Дамаск, әс-Суюти Жалалуддин, Тәдрибур-рауи, Дәрул-хадис, Каир, 2004 А. Тәймур Паша, Назар тарихия фи худусил-мәзәхибил арбаа, Каир, һ. 1351 әт-Тәмими Тақиюддин ибн Абдулқадир, Табақатус-Сәния фи тәрәжимилханафия, Дарур-руфаи, Рияд, 1983 М. Угур, Ансиклопедик хадис теримлери сөзлүгү, ТДУ баспасы, Анкара, 1992 Е. Р. Фығлалы, Чағымызда итикади ислам мезхеплери, Селжук баспасы, 6-басылым, Стамбул, 1993 Хайсами, Шихабуддин Ахмад ибн Хажар Хайратул-хисан фи манақиби әлИмамил-Азам Әби Ханифәтин-Нуман, Бейрут, 1983 И. Хаккы Үнал, имам Ебу Ханифенин хадис анлайышы ве ханефи фықһынын хадис методу, Анкара, 1994 М. Хұдари, Тарихут-тәшриғил-исләмии, Мат-баатул-истиқама, 5басылым, Каир, 1939 Катиб Челеби, Кәшфуз-зунун, Анкара, 1941 И. Челеби, Ебу Ханифенин келамжылыгы, итикада даир рисалелери ве бунларын отантик олуп олмадыклары меселеси, конференция метериалдары, 2-т. З. Шағбан, Усулул-фиқһ (түрікше аударған И. К. Дөнмез, Ислам хукук илминин есаслары), ТДУ баспасы, Анкара, 1990, Шағрани Абдулуаххаб, Мизанул-Кубра, «Дарул-фикр» баспасы, Бейрут, 1995 М. аш-Шака, әл-Имам ағзам Абу Ханифа ан-Нұғман, Дәрул-Кутубил-Мысрия,
әш-Шатыби, әл-Муафақат фи усулиш-шари‘а, (түрікше ауд. М.Ердоган), Стамбул, 1999 Шахристани Мухаммед ибн Абдулкәрим, әл-Миләл уән-нихал (баспаға дайындаған М. Сәйид Килани), Каир, 1961 Ж. Шахт, Ислам хукукуна гириш, (түрікше аударған М. Даг-А. Шенер), А.У. Илахиат факультеті баспасы, Анкара, 1977 М. М. Шәриф, Ислам дүшүнжеси тарихи, (түрік тіліне аударған: А. Үнал), Стамбул, 1990, 1-т. А. Шенер, Қияс, Истихсан, Истислах, Анкара, 1974 И. Челеби, Ебу Ханифенин келамжылыгы, итикада даир рисалелери ве бунларын отантик олуп олмадыклары меселеси, имам ы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005 Ю. Шефки Явуз, Әбу Ханифа, Ислам Энцилопедиясы (Түркия Дианет Уақфы), 10-т. Стамбул, 1994 Ю. Шевки Явуз, Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери ве сунни келамын олушумуна еткилери // имам ы Азам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 2-т. Статус имам а Абу Ханифы в Науке «Хадис» http://laysajamіl.wordpress. com/2010/12/26/abuhaneefa-іn-hadeeth/ Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Исмаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. Ибн Аабидин Мұхаммад Әмин ибн Омар, Рад әл-мұхтар, дар әл-кутуб әлаламия, 1992ж. Имаммади Түсіпхан. Кердерлік Ханафи ғұлама, Алматы, баспалар үйі, 2015ж. Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. Хафизуддин Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Шиһаб әл-Баззази әл-Кердери. Манақиб әл-имам әл-Ағзам, Хайдарабат, Даира әл-мағариф ан-Низамия әлКәина. 1321һ. Хафизуддин әл-Баззази әл-Кердери, «Манақиб имам Ағзам Әбу Ханифа», қолжазба 97-101 бет. «Mіllet genel kütüphanesі» қолжазба қоры, Carullah № 1630
МАЗМҰНЫ Кіріспе............................................................................................................3 Әбу ханифаның өмірі ...................................................................................5 Әбу ханифаның өскен ортасы......................................................................7 Әбу ханифа мұсылман үмбетінің мақтанышы.........................................11 Ұстаздары....................................................................................................13 Түр-тұлғасы мен ерекше қасиеттері..........................................................30 Әбу ханифаның фиқһ іліміндегі орны......................................................59 Мәзһабының кеңінен таралуы...................................................................88 Әбу ханифаның хадис іліміндегі орны ....................................................94 Ақида іліміндегі орны..............................................................................114 Қорытынды................................................................................................134 Пайдаланылған әдебиеттер:.....................................................................136
Редакторы Н.К.Мауытов
Корректоры А.Төлеу
Дизайнері Қ.Мүбарак
А. Әділбаев,
Т. Имам мади
ИМАМ АҒЗАМ ӘБУ ХАНИФАНЫҢ
ҒИБРАТҚА ТОЛЫ ҒҰМЫРЫ
«Қазақ энциклопедиясының»
Директоры
Ж.Н.Тойбаева
Басуға 09.07.2015 ж. қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 9
Таралымы 2000+150 дана. Тапсырыс №
«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру