Мазмұнға өту
Home

Көптомдық шығармалар жинағы: Өлеңдер 4 том

Ғали Орманов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Көптомдық шығармалар жинағы: Өлеңдер 4 том

Авторы: Ғали Орманов

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 О-69 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Орманов Ғ. О-69 Көптомдық шығармалар жинағы: Өлеңдер. / Ғали Орманов. – Алматы: «Қазы ғұрт» бас пасы, 2012. – 384 бет. Т. 4 – 2012 – 384 б.

ISBN 978-99-65-22-407-2 Халқымыздың белгілі қаламгері Ғали Ормановтың көптомдығы жыл аралатып жалғасын тауып келеді. Ақының биыл жарық көріп отырған бұл 4-ші томына 1960-1970 жылдар аралығында жазылған өлең-жырлары топтастырылған. Кітап көпшілік оқырмандарға арналады. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 ІSBN 978-99-65-22-407-2 (4 том) ІSBN 9965-22-220-7 © Орманов Ғ., 2012 © «Қазы ғұрт» бас пасы, 2012

ӨЛЕҢДЕР 1960 – 1970 жж. АНА АЛДЫНДАҒЫ СЕЗІМ Түу-түуден жеттім шырқап «Туға» мініп, Таң сызды, көкжиекке қылаң кіріп. Қиырдан қилы биік қылтылдады, Бір түрлі көңілімді қуандырып. Манаурап көрдім таулар оянғанын, Қырлары қызыл нілге боялғанын. Самсыған сахараның сəулетіндей, Суретін қанша көрсем, тоя алмадым. Қарайды біріне тау бірі асылып, Самғайды деңгейінде «Ту» асығып. Аңғарын алуан түрлі ашады тау, Алдыңда қалар емес түк жасырып. Қараймын көз айырмай мен де соған, Мен үшін ештеңе тең болмас оған! Əжімді бейнелері сонша жылы, Қадірлі қарт анамдай көп жасаған. Алдында кең дастарқан – байтақ дала, Көл-көсір толы несіп, байқағанға. Соларды сыбағаңа үйіп-төгіп, Сарыла сақтағандай саған бола. Сол жайы туған жердің ой салғандай, Толғанам, жеткізе айтар сөз таба алмай Сондай бір босаңдығым бар өзімнің, Қуанғыш ана десе жас баладай.

АЛЫПТЫҢ ТЫНЫСЫ Алдымда зəулім болат үй Алады тыныс бусанып. Жақындап келсем – сол ылғи, Жанымды лебі тұр шалып. Қояр ма, сірə, тербетпей, Жеріңде сондай туса алып! Жаңа бір көрген перзенттей, Телміртер сені құштар ғып. Қазақтың домна пеші бұл Жапанға жаңа орнатқан. Халқымның жүрген десі бұл Тасы да балқып өрге аққан. Жүрегіне ұқсап даланың Шалынар соның тынысы. Сүйсіне сезер оны əркім, Жарылқап жанын жылысы!

КҮН ШҰҒЫЛАСЫ Көріп пе ең Қарағандыда Қаулаған қара тауды анық? Жеті қат жерді алдыңа Тастаған тектес аударып. Қалғаны мұнша тау болса, Қаншасын онда қопарған? Еліңде күнде сол жанса, Ойлашы, қанша от алған? Көгінде дəйім маздаған Қызуын күннің кім өлшер? Жалынын ешкім жазбаған Ұқсайды соған жұмыскер! Шахтада көрдім соларды, Қасында ұзақ бірге боп. Көмірді қанша шығарды? – Көзінше бірақ білгем жоқ... Көбіне төне қарадым, Көңілге сырын түйгелі. Кенеліп талай оралдым, Көргендей тосын дүниені. Шыңырау, небір шалғайда Төңкерген тауын байқадым. Жалтылдап шамы маңдайда, Жеңіспен көрдім қайтқанын. Толғана шолдым тұлғасын, Жұртыма сонша қымбатты: Тереңнен күннің шұғыласын Əкеле жатқан сияқты!

ОТ ӨЗЕН Домнаға төне тықыршып, Қуана күттік қанша біз, Шықпады кімнен тер шып-шып, Шымырлап түгел арқамыз!.. Толқытпас сені жер қалай, Тағдырың телі жасыңнан! Ағытқан тұңғыш арнадай, Атқыса шойын тасыңнан! Дүрілдеп тұрған домнаны Біреулер ашты бұрғылап. Көмейден жоси заулады Лапылдап жоны бір бұлақ. Қып-қызыл жайқын арналы От өзен ол бір көрмеген. Жалтылдап жалын жалдары, Шалқыды жарға көлденең. Анталап тұрған адамды Алыстан лебі толқытты. Көзімізге үйір заманғы От емес таныс ол тіпті! Көргемін күннің шапағын Кейде бір кешпен, ертеңмен: Жиегін шарпи аспанның Секілді бұлттар өртенген. Таппайсың теңеу басқа одан, Қарбалас кезде тұтқиыл. Бөлініп түскен дəл содан Бөлшегіне ұқсас соның бұл.

Алдыңда соны шалқытып, Сапырса жұрттың өз қолы, Тасыңды тұрған балқытып Секілді тіпті өздері!.. Суреттен түгел күшті бұл Көзіңе қанық ежелгі: Арнада жоны қып-қызыл Аунайды оттар өзені... Қуаты күннің нұрындай, Көрінер ылғи маздап ол. Таусылмас өмір жырындай, Жаныңды дəйім қозғар ол!

КІЛТ ИЕСІ Биіктеп мұнар, сағымнан, Бұлдырап түгел аумағы, Көрінді кенет алдымнан Тобылдың жаңа таулары. Жапаның қайта жаралған Ертегі бұл бір кез бе екен? Өрнектер тартып сан алуан, Өңірін кімдер өзгерткен? Ойымды орап осылар, Қарадым келіп қабақтан: Сықаған түрлі асылдар Қойманы көрдім кең жатқан. Тереңі толы қоңыр тас Қайнасып біткен көптен бір. Тұрысы түгел тұп-тұтас Секілді шойын, сом темір... Қаруы қауырт машина, Адамдар көрдім кен бұзған. Қарайлай бердім қасында, Ала алмай көзді сол құздан. Жатыпты соны Сарыбай Жамбасқа дəйім төсеніп; Өтіпті бірақ жарымай, Желкелеп ылғи мешеулік... Шертеді соны жас маман – Қожамқұл қарттың кенже ұлы. Жерінің кілтін ұстаған Қожайын деп біл сен мұны!

Қалыңдап жапқан ғасырлар Ашылып жатыр қабаттар; Ақтарып жатыр асыға Алдыңда орыс, қазақтар. Қаласа, таулар орнатқан Қажымас ерлер өңшең бұл! Өнерін түзді маздатқан Жырлармын талмай, жетсе өмір... ҚАНАТТЫ ҚҰРЫЛЫС Қалықтаған таңертеңнен Қарап тұрсаң кранға, Ұясына жем əкелген Ұқсайды екен қыранға. Бұлтқа аралас зəулім биік Бұлдыраған қияда, О да осылай қанат шүйіп Сорғалайтын ұяға... Көрем ылғи қала сайын Қаулай ұшқан кранды. Сүйсінемін соған дəйім, Адамдай-ақ сыралғы. Ол шарықтап қақса қанат, Өседі үйлер қаз-қатар. Қарсы алдыңа қабат-қабат Орнайды бір ақ жақпар. Жарыстыра үй өркешін Өрге тартқан сол əне! Қуандыра, қала еңсесін Көтереді жоғары.

Шарықтата соны тынбай, Адам ойы қозғаған. Замананың қанатындай Елестейді ол маған! БАЛЖАН ƏЖЕҢ ПƏТЕРІ Биіктегі ұядай Балжан əжең пəтері. Терезеден күн мен ай Ұзақ қарап өтеді. Үйге аямай беріпті Сонша шуақ, сəулені. Көңілді де көрікті Əжеңнің бұл дəурені! Өзгені де солай деп Ойлайды əжең өзіндей. Оған сонау көп əйнек Қуаныштың көзіндей. АЛМАТЫ ƏСЕРІ Ірге жайып жан-жаққа, Қаулай өсті Алматы. Ұзамай-ақ аулаққа, Абайлаңыз тау жақты: Орнатқандай шың-құзға, Төскей толы терезе. Жалғасқандай жұлдызға Жая берсе кереге.

Сəулетінде жоқ ақау, Сап түзеді жаңа үйлер; Көкірегінен Алатау Төгілгендей əн-күйлер. Қала жайын түсінем, Қаулай өскен кездегі; Қуанғанын ішінен Танытып тұр кездері!.. ХИМИЯ ҚОЛЫ Ғажайып нəрсе химия, Тұңғиық сыры əр алуан. Жоғалып бір зат зым-зия, Жаңалап бірі жаралған. Табиғат төрі кең майдан Дамылсыз солар ауысқан. Жанасып кейі қай-қайдан Жаңа бір затпен қауысқан. Өмірдің бірақ керегін Осылар тауып берер ме? Табар ма ешкім дерегін, Телмірмей сірə тереңге? Адамның ақыл, өнері Аударса соған бар күшін, Ақтарып ғылым тереді Көмескі нелер алысын. Осыған дəйім кенелген, Өнерлі елдің күші артар. Химия қолы береген – Дəулеттің кілтін ұстатар.

Топырақ соған тоғайып, Құлпыра жылда көркейер. Береке тола жер байып, Жарылқар жомарт өлкелер. Өнерлі қолдар өсірген Кенелтер жібек-бүлдеге. Табылса солай несібең, Толқытпас сені бұл неге! ШЕБЕР Жіңішке жібі жібектен Созымды сонша бұл не екен? Өсімдік болса – кім еккен? Өзгеше, бəлкім, жүн бе екен? Аяқтағы əсем ботинкең Секілді тосын былғары... Жейдеңді шебер кім тіккен, Жаншылмас жаға қырлары? Киінсең: пальто, ішігің Сыпайы, жылы, жеп-жеңіл. Үстінде бұрын ешкімнің Бұйымым емес көрген бұл!.. Жарғағың жұқа қаңбақтай, Жауында сырғып су тайған. Бояуы оңып, күн қақпай, Киімің қалай құтайған? Сұқтанып досың осылай, Сұраса сенен қиыла, Дер едің оған қысылмай: – Шебері мұның химия!

ДƏРМЕН Жасымнан дəмін көп таттым Қыруар қиын дəрінің. Қынжыла жұтқан жас, қарттың Есінде шығар бəрінің. Көнесің бірақ дəміне, Көмейіңді өртеп кетсе де ол. Тынысың тек сол, əрине, Бермесе болды дертке жол! Қысылып кейде зертеңнен, Сүлдерім қалды аз өлмей. Химия келіп ертеңмен Болысты сонда əжемдей. Сүзілген не бір сырқаттан Күшімен соның оңалдым. Білемін, мені сол қаққан Аузынан талай ажалдың. Дауалы қолы емдеген Дəрменім болды əр жолы. Құбылтып шебер енді əжем Киім ғып маған берді оны. ҚАРАТАУ СЫЙЫ Қаратау қырға шөккен қара атандай, Көтерген қыруар жүкті талай-талай. Жонында жылдар көшіп өтсе де оның, Жатыпты көп аузында бір аталмай. Ол онда шөкті ме екен жүкті ауырлап? Таңсығы болмапты оның жұртқа бірақ.

Ол əлде қалыбынша қазына ма екен, Жасырып жаратылыс тыққан ұрлап? Көп заман жонын тосып көшпелі елге, Тың жатқан тылсым оңай дес берер ме! Түлігі түгін тартса, тойынған жұрт, Тауыңның қазынасын ескерер ме? Жаз сайын жайласа оны ел дуылдап, Жамыраса жартастары бірге шулап, Жаңғырып көкірегі көмескілеу, Жым-жырт тау соларға тек түрген құлақ. Өнерпаз бүгінгі өрен келді соған, Қаратау қалт қозғалды көп жусаған. Қопара қазынасын қарулы қол, Ағытты ағын алдын селге ұсаған. Қаратау көтеріле көшті бүгін, Күбітіп не заманғы ескі жүгін; Лек-лек поездармен тартты ырғалып, Қалың ел сүйсінгендей естіп үнін. Деме оның ендігі бет-жөні қай жақ, Қонысы қай-қайдағы егінді аймақ. Тозыңқы топырақты ол тойындырып, Түрлене толықсиды жерің жайнап. Ұмыт боп қуаң жылдар сонша қиын, Азыққа бар қазына, толса үйің, Аударған арқасынан жүгіне ұқсас Танисың Қаратаудың тартқан сыйын!

КӨКТЕМ ЖЫРЫ Мен өзім жыр жазғам жоқ көптен бері, Шіркіннің жылы-ақ еді төккен лебі. Жаңа өскен жапырағының сыбдырындай, Жіберді кенет қозғап көктем мені. Жарысып жан-жағымда түрлі бұлақ, Даусына сан құбылған түрдім құлақ: Төгіліп əн мен күйі тұр қасымда, Жатсашы, ең болмаса, бірі жырақ! Жаз, жаз деп жабылып тұр бəрі маған, Жас өрен, жапырақ, майса жамыраған; Көктемнің күн шуағын көрем ылғи, Сүйкімді түрлерінен балбыраған. Əсем жыр – қаулай өрген отар төлі, Жас егін – жасыл барқыт жапан толы! Елімнің ең аяулы өлеңіндей, Көргенше асығамын қашан соны! Жазбассың оны қалай жана жаздап, Жаныңда жақсы оттары жатса маздап! Оқушым, осы сөзім, кешірім ет, Сенің де бір ойыңды кетсе қозғап! КӨКТЕМДЕГІ ТАУ КӨРКІ Таңертең көрсең тау түрін, Қарамас едің, ойланбай; Шаңқиған əппақ шатырдың Іргесін түріп қойғандай. Қалқалап аспан көбесін, Биіктер перде құрғандай;

Шырқата күміс төбесін, Көтеріп құздар тұрғандай. Осылай қар мен бұршаққа Арқасын асқар тосады; Азайтпай мұзын бұл шақта, Жаңалап, қайта, қосады. Сусынын жаздың көтерген Қарайсың ғажап тауларға: Қайырып қарды бөктерден, Жуытпай тұрған бауларға!.. ҚАРҚАРА Келбетің əсем, Қарқара, Көкала жолақ кілемдей. Жатырсың жайнап ортада, Құшағың мəуе-гүл өңкей. Төріңде биік Мыңжылқы, Төбесі күміс – мұз, ақ қар. Көрмейді түнде түк ұйқы Төгіле өрген бұлақтар. Төменде жатқан Шөладыр Тастаған сырып көрпеңдей. Төбелер тізбек сонау бір Толқында жүрген желкендей. Оранған өңкей бүлдеге Қызықпас, шіркін, саған кім! Түтеген ыстық шілдеде Желпиді жұмсақ самалың.

Құбылып алуан толқыны Шалғының желге шалқиды. Ауаңа мас қып солғұрлы, Шөптерің жұпар аңқиды. Төсіңде түлік төлі өсіп, Тартыпсың жүлде өренге. Алдымнан ашқан кең есік Ұқсайсың түгел өлеңге. Дəулетке толы сай-сала Көңлімді күйше тұр аулап. Бауырымды төсеп майсаңа, Кетейін мен де бір аунап! ШАЛКӨДЕ Ленин колхозының председателі, қалаулы шопан Абдірахым Наурызбаевқа арнаймын. Жан-жағын таулар қаусырып, Төрінде жатыр Шалкөде. Табиғат солай жасырып Қойған ба, сірə, ертеде? Қапталда қалың орманы Секілді торғын шымылдық. Төгілте сəндеп соларды Шыңына қойған кім құрып? Алқабы балғын кең жазық, Көкорай шалғын төсеген. Қыдырсаң – байтақ, бой жазып, Тынықсаң – жұмсақ төсегің.

Ортада мөлдір көк өзен Ағады жоны бүлкілдеп. Қараймын ылғи соған мен Қуаныш толы күлкі деп. Шуаққа жүзген айналаң, Шоғында сөнбес нұр сақтап, Сəулетпен саған жайнаған Қарайды гүлін құшақтап. Құмары күннің Шалкөде, Құшады ұзақ аймалап. Телміріп қанша көрсе де, Төнеді түнде ай қарап. Өңірін сен де кезесің, Малшымен дəйім сырласып. Сөзінен ойын сезесің, Секілді соған тым ғашық. Қайрыла тұрып қарайды ол, Қаптаған қойға толқынша, Жайлауын сүймес қалай ол, Дəулетке алдын толтырса! Өзің де қалай өтерсің, Сəулетке сол бір бұрылмай? Қарай да қарай кетесің, Көңілде сақтап жырыңдай!

ТОБЫЛ ТӨСІНДЕ Толқыны торғын Тобылдың Төсінде тауып тыныштық, Сүйсіне мен де шомылдым, Қапырық кезде күн ыстық. Құшағы жұмсақ көк өзен Қуана сүйді аймалап. Мінезін ептеп сезем мен, Қала алсын қалай жай қарап! Дамылсыз жүзі дірілдеп, Бауырына баяу қысады. Көргенде көзі күлімдеп Анаң да солай құшады... Көлбеген жібек толқынға Ойнасам қанша оранып, Көнеді Тобыл ырқыма, Көңілшек ана ол анық. Рақатын бүйтіп көрмеп ем, Сүйсіне жүзіп ғұмыры: Сескенер емес ол менен Секілді сүйген бір ұлы!.. Қараймын Сырбай, Қасымға, Қарқылдап күлген жағада; Қалжыңы менің шашым ба, Секілді əппақ шағала? Кінəлі өзім, білем мен, Келмесем мұнда ертерек... Тобылдан бірақ егде емен, Кетейін мен де еркелеп!

ЖОМАРТ АНА Анама ұқсап, туған жер, Бар тұрғыны таныттың. Бауырыңда өстім толғап жыр, Сырыңа да қанықпын. Тартынғанға – тас емен, Талаптыға жомартсың, Ана біткен тап сенен Алды ма екен жорасын! Бабыңды кім білмесе, Бұрылмайсың мелшиіп. Бабың келсе, мың есе Жарылқайсың сен сүйіп. Күллі өлкеңді егінге Тағы сықап толтырдың. Көз жетпейді шегіне Көк ала жал толқынның! Бұлттан жаңбыр сабақтап, Тарттың күннің сəулесін. Көкірегіңе ардақтап Тақтың гүлдер мəуесін. Береріңе келгенде Берекеге толысың, Барлық қуат кеудеңде Бұрқырайды күндіз, түн. Қарық қылар шағында, Қалпын сезбес кім мұның? Құшағыңа тағы да Миллиард сыйып тұр бүгін.

Қауырт соған келген жұрт, Көрер түгел қызығын. Кідірте алмас түн мен бұлт, Толастамас қызу үн! Сапырылған қат-қабат Саябырлар көп жұмыс. Сонда тауып тек тағат, Дамылдарсың тым-тырыс… Қуанышты көзіме Кейде үңіле қарарсың; Алдағы бір кезіңе Мегзегендей боларсың! ҚЫСҚЫ ӨРІС Биіктер үкі қадаған Қызықпас шүйгін құмға кім? Жасымда жылы ораған Секілді солар құндағым. Төбеде дүзген томарлы, Түбекке жыңғыл, сексеуіл. Аралай жүрсең соларды, Құнарлы қоныс өңшең бір. Бұйраттар қызық қыдырсаң, Төсінде шимай қоян-жым. Тірелген изен, боз жусан Бітімі қою, қоймалжың. Малшыға күнде бір мерей, Соныға шықса қой қаптап. Күн ұзын жемде жүргендей, Бойдағы қайтса ойнақтап.

Қойшымен сонда кеңесіп, Оралдым бірге өрістен. – Ерінбес жанға көп несіп, Жер екен, – дедім – келіскен! Жолы да жалғас өңірге, Жабықсын жəне мұнда кім! Отырып қойшы төрінде, Əлемді мен де тыңдадым... ТҮЗ БОРАНЫ Төңіректі шырт бүркеп, Соғады түз бораны. Бұрқырайды ақ түтек, Көрсетпей үй, қораны. Қарайғанды жым-жылас Қымтайды қар астына... Сол боранға мызғымас Сүйсінесің малшыға. Үйге кірсең, жел дүлей Жұлқылайды есікті. «Соқыр, мылқау» əңгідей, Елемейді ол түкті. Арпалыса жүгіріп, Азынайды, ұлиды. Алай-түлей үйіріп, Қуады əппақ құйынды... Кенет ешбір жоқ дыбыс, Шаршағанға ұқсайды. Ақ жамылып, тым-тырыс, Айналаңа ұйқтайды...

ОТАР КЕШІ Кешкісін əн тыңдаймыз, күй тыңдаймыз, Думанның өзіміз бір жұртындаймыз. Сымсыз тіл жазатайым тына қалса, Жалтақтап жалғағанша, қылпылдаймыз. Тыңдайды қойшы да оны жарыменен, Жарылқап жан көңілін барыменен. Қалжыңын, əн үзілсе қосады əкеп, Кеткендей құлағына жағып өлең. – Оқимыз күнде осылай өмір жайын, Əн мен күй жеткізед ел үнін дəйім. Күпті етпей көңілімізді құм ішінде, Сақтаймыз қолымызда ауа райын... Бірақ ол демейді əсте қысын жайсыз, Ондай сөз, тəрізі оған тіпті ыңғайсыз, – Демеңіз қоныс шалғай, – деп күледі – Мұнда да еш нəрседен ұтылмайсыз!.. Доғарып сөзін кенет қойшы бірақ, Қосады радиосын қайта бұрап. Тым-тырыс құм ұйқысын селт еткізіп, Кетеді əн төгіліп, күй сылдырап. ӨРІСТЕГІ ӨМІР Қалың құм жон етегін шөккен тірей Жусаған түйелердің өркешіндей. Бұйраты былқып жатқан өріс екен, Түліктің төлдеп өсер өлкесіндей. Томары төбе, төбе кепкен сүрдей, Төскейде селеу, еркек бөрте ешкідей.

Жер екен шөбі шүйгін, берекелі, Сыртынан түңілгенмен жұрт менсінбей. Аралап сол өрісті жүрдім ұзақ; Көргем жоқ аязында бір күн мұздап. Тартпаса құлазыңқы үйренгенде, Суреті тосын көзге тым қызық-ақ. Шағылдар жатыр шөгіп жап-жалаңаш, Талайы тоқырайып тұр жалаң бас. Селдіреп кейбіріне бұта біткен, Шалайдың1 сақалындай болар-болмас. Қоймалжың қорабалы қойнау, түбек, Семірген жер жіпсісе, бойдақ түлеп. Шүйгіген сол соныға мал баласын Айтуың екіталай тоймапты деп. Қасында қой жайыстым Кемелбектің, Көз тастап кей биіктен, өлеңдеттім. Қыдырып қырқаларда кейде жаяу, Қоянды бұғып жатқан елеңдеттім. Танымас қойшы еңбегін өнер деп кім? Кім көрмес игілігін ол еңбектің! Өрістен солар жүрген өлең тердім, Бірі емес бұл жүрісім көп ермектің. Тотыққан көрдім талай қойшы жүзін, Түрлері түріне ұқсас сол бір түздің; Жел, жауын, жазғы аңызақ, қысқы суық Салыпты өңдеріне түгел ізін. Тілдесіп жер түгімен, түлік баққан, Секілді содан күнде білім тапқан; 1 Шалай – Шалықпай дейтін құрдасым.

Олардан өрісті айтса жеңілесің, Болсаң да қанша даңғыл, сен тіс қаққан! ...Қыздырып шопан үйін сексеуілге, Отырдым ортасында кешке бірге. Солардың түрлі əңгіме, қызығымен, Келген жоқ қала мен үй еске мүлде. Көрмейсің бірде-бір жан қажып талған, Бала да – беттерінен қаны тамған. Тып-тыныш түнде құммен қойындасып, Өреді мал дегенде бəрі таңнан. Солардың таттым құмда суын дəмді, Кенелткен адам түгіл, дүйім малды. Күн сайын мотор үнін гуілдетіп, Науаға қотарады ел шыңырауды. Болса да жауын-шашын бірге көрдім, Меймандос сонша жылы жүрегі елдің. Қылтылдап қызметің тұрмаса егер, Келеді арасында жүре бергің... Аттандым ақыры бір ашық күні, Болған соң Күңгей, Үлек қашық құмы. Жазылмай дəптерімде жатқан өлең Түрткілеп бүйірімнен асықтырды. Жабыла жарысты құм менен қалмай, Пілге ұқсап жатыр кейі алдымды орай. Ақыры, жазық жолға жеткенімде, Іркіліп қалды тұрып қарай-қарай. Кейде бір қоштасқанда көп төзе алмай, Тұрмай ма көз ұшында жұрт тарамай. Тұтасып бірте-бірте кетті құм да, Қойнына көргенімді қымтағандай...

ҚҰШАҚ Жатыр шалқып алдымда Өлең-жырдың теңізі. Жетпесем де маңына, Желпиді кеп лебізі. Келбетіне көкпеңбек Көп қараймын таңырқап. Бірақ мені бөтен деп Қымсынбайды жатырқап. Ашып-жұмып көзін тек, Əзір жым-жырт қарайды, Тартынбасам өзім тек, Толқынына ол орайды. Сабасына құйғандай Өлең-жырын жер жүзі. Соны бізге қиғандай, Тербер əлі-ақ ол бізді. Күндіз жүзіп күн бірге, Түнде бізге ай қарар. Теңіз бөлеп мөлдірге, Құшақтар да аймалар. ДҮРМЕК Шомылған жұрт теңізге, Тола қонған құсқа ұқсас. Түгел таңсық ол бізге, Теңізіңнен түк те ұқпас. Сушылдарды көресің, Жеп-жеңілтек, тым жүйрік.

Күнге күйген денесін Дегендейсің құдды үйрек. Көбі толқын жалында Бірге ойысып, ырғиды; Жабысқандай ағынға, Жарасымды бір қилы. Ұйтқиды оң мен солымда, Толқынға олар оранып. Мен де жүрмін тобында Шағаладай бозарып... ҚЫЗҒАНЫШ Қарауытқан іңірде Теңіз маңы тым-тырыс. Тек тоғайлы өңірде Сыңғырайды жыршы құс. Теңізде кім болды екен, Шалынады бір дауыс? Табысар жер сол ма екен, Өзгелерден қалтарыс? Жүр ме жүзіп не жігіт, Қасында ерке балғын қыз? Əлде суға шомылып, Ойнап жүр ме ай, жұлдыз? Қорығандай өңгеден Қара теңіз соларды, Толқып келіп көлденең, Жағалауды соғады...

  • * Тоғайы торғын Көкше құз Төніп тұр биік төбемде. Көкірегі ащы көк теңіз Дөңбекшіп жатыр төменде. Кемерді мəңгі кернеген Түрі бар – қашан көрсең де. Күрсінтіп маза бермеген Күйігін оның басар не? Төгіле таудың төсінен Құяды күміс бұлақтар. Сонда да бір тыныс естігем, Сабыр қып, сен де құлақ сал: Жарыса жеткен мөлдірге Жамырай толқын талпынып, Құмартып соның деміне, Құшады сонша алқынып... ТЕҢІЗ КЕШІ Күн сүңгиді теңізге, Қыза, қыза – шыдамай. Қып-қызыл боп сол кезде Көкжиектен шығады ай. Өрт секілді тым бөлек Сол бояуын көріп пе ең? Секілді үлкен дөңгелек Қызып шыққан көріктен. Құм жағада жолдағы Қайранға аунап жұп-жұмсақ,

Күнге күйіп ол дағы Шықты ма екен бізге ұқсап? Баяу өрлеп жоғары Бар өңірге қарайды. Манауратып жағаны Сəулесіне орайды. Шолса сонда су бетін, Толғанады ақындар: Допша қағып суретін, Ойнайды аймен толқындар. СЕВАСТОПОЛЬ СЫМБАТЫ Құмартып келдім мен саған Көрем деп берік тас қамал. Ойынша жоба жасаған Өзімдей шығар басқалар... Тұғырда тұрған қырандай Шалындың кенет сен бізге; Қиырдан көзін бір алмай, Қараған шетсіз теңізге. Алдыңда жатыр көк айдын, Жүзінде ойнап суретің. Көңілін тербер талайдың Келісті сенің бұл көркің. Жазылып жараң дақ қалмай, Жайнапсың қайта сап түзеп. Жандары рақат тапқандай, Жамырай өскен халқың көп.

Аралап өттім көшеңді, Тастары терең сыр түйген... Аңғардым биік еңсеңді, Аймалап ұзақ күн сүйген. Қаһарлы күндер көп өткен – Қырқысып дамыл көрмеген. Қуатың қайда болды екен Кеудеңді сонда кернеген? Байқасам, сол бір тұлғаңдай Ортаңда сонау Нахимов. Қасында бірге тұрғандай Қашаннан бергі батырлық. Тасына жазған ер ісін, Тарихың тектес қамалдар. Кеудесін тосып сен үшін Қырқысқан сонда адамдар. Жеңіспен солар орнатқан Қадірлеп бейбіт бұл күнді, Қасиет тұтып сен баққан Таныдым əдеп, Үлгіңді! Сүйсіндім балғын өміріңе, Өсірген қайта гүлге орап, Мейрімін төгіп өңіріңе, Биікте Ленин тұр қарап.

САБАН ТАУ АҢЫЗЫ Шаншылып биік қабақта, Шағылған күнге ақ діңгек. Тоғысады осы алапта, Алыстан күнде əркім кеп. Жеңістің ол бір шегесі Жеріне мықтап ел қаққан; Мызғымас ерлік белгісі Қырымға мəңгі орнатқан. Тұғыры берік Сабын тау, Сақтаған сырын ол есте. Осында қирап қалың жау, Қарасы өшкен келмеске!.. Түрік те бұрын сасыпты, Аттары өрде сабын боп; Жөңкіле кейін қашыпты, Жасағын отап жалын, оқ. Ауызда сол сөз əлі бар, Аужайы жауға тым қатал. Белгіден сонау танылар Қайыспас, қайсар сол қаһар! ЖЕҢІС БАҒЫ Қарайған ағаш, бұтаны Қарауылға іле жау бағып, Бекініс тұрған жотаны Тастапты түгел аударып. Жалаңаш, жалтаң төбеде Қалыпты жалғыз жас өрік.

Заманғы бақтан сол жерде Секілді қалған естелік... Ақыры жеңіс жарылқап, Жайнапты қала-қаһарман. Жамырап қайта жапырақ, Өсіпті жонда жас орман. Алыстан кімдер келсе оған, Көреді соны өрімдей. Өрік те сонау қоршалған Қалмайды саған көрінбей. Кезіксе солай қанша адам, Өтпейді бірі көзге ілмей: Тоқтайды келіп дəл соған, Апаттан қалған белгідей!.. Қадірлеп сен де сыйлайсың Балауса бағын жеңістің. Үзуге жəне қимайсың Мөлдіреп тұрған жемісін!.. АҚЫН СЫЙЫ Басылмай əсте алқының Аласың тыныс, Көк түбек. Жарыса ойнап толқының, Жағаңды жатыр тепкілеп. Кеудемді тосып лебіңе, Кенеле жұттым ауаңды. Қарпыды тынбай мені де Қайратты қолың дауалы.

Қабаққа қажу жоламай, Құйылды қуат денеме. Қоңырқай тарттым құладай, Байыдым қоса өлеңге. Толқының – жібек сипаған, Қайраңың – мамық төсеген. Тартуым болсын сыйлаған Жағаңда жазған осы өлең. Ежелгі екі босағаң Қаратау, кəрі Құм-қия, Айта алмас, сірə, ол саған: Кетті деп ақын зым-зия. ЖЫР АЗЫҒЫ Шалқыған Қара теңізді Жағалай жүріп не көрдім? Жарылқап нелер тергізді, Жадыма тынбай нені өрдім? Жаныма лəззат алғандай, Жалында жүрдім толқынның. Тереңнен терген маржандай Көңілге жырлар тоқыдым. Қаймықсам, толқын қаумалап, Жабыла мені тербетті; Қанатын жая сан қабат, Тереңге құлаш серметті. Жағаға шықсам, ну ағаш Басыма тікті көлеңке. Аралай жүріп соны алғаш, Өзімді сездім мен ерке.

Тауына барсам серуендеп, Кілемін жайды көк шалғын. Төменге түссем, кел-кел деп Теңізі жайды құшағын. Жағадан бір күн аттандым, Теңіз бен тауға қош айтып, Байқаусыз, бəлкім, мақтандым, Сырымды, сірə, қоса айтып: «Қуана қайттым өлкеңнен Жүгің жоқ деме салмақты. Қарқ боп елге кетем мен, Көтеріп түгел жан-жақты. Жылдарым азық қылғандай, Тояттап ұштым ұяңнан. Есімде ұзақ қалғандай, Қызықтар жидым қияңнан. Қарайды солар жолда, əне, Десе ме жайын айта жүр... Өзімді сезем олжалы, Жүгім көп менің, əйтеуір!..» ТƏЖІКСТАН ТҰЛҒАСЫ Тау мекенді Тəжікстан, Ортаңа мен келген сайын, Бұлдыраған көзге алыстан Келбетіңді сезем дəйім. Арқа тіреп көк аспанға Көрінеді таулар небір. Ұқсап бəрі тұр дастанға, Жеке-жеке, сеңгір-сеңгір. Тарихы ұзақ бүкіл елдей

Əрқайсының өлең-жыры. Осылардың бітіміндей Ойларыңды сезем ірі! Алыс емес сендерге мен, Айнымайтын болдым туыс. Ашсаң осы кеудеңді кең, Алам мен де бірге тыныс! КАФЕРНИГАН БОЙЫНДА Каферниган1 көк мөлдір Көлбей аққан алқапта. Көкірегінен төккен нұр, Жұлдыз қадап жан-жаққа. Жетегінде Тəжіктің Безеді екен ол қатты. Сусыны боп жазықтың, Кезеді екен бау-бақты. Күн қақтаған шөлдерге Бауырын төсей аунапты; Қайда келсе, сол жерге Балаусалар қаулапты. Албыраған анардың Мөлдірейді ол жүзінде. Аңғарады оны əркім, Көз жіберсе жүзімге. Ақ торқадан көз талар, Жағаларын шалса оның. Төбе-төбе мақталар Толқынындай дəл соның!.. 1 Ғисар алқабындағы өзен.

МАҚТА ТАУ Шертті жайын мақтаның Бізге Мəмедəлиев. Орындысын, мақтанын Өз сөзінен таниық: – Мекеніміз осы өлке Қызылсу мен Қияқты. Берекесін осы елге Құйып жатқан сияқты. Тұтаса өскен маңдайда Түгел біздің мақтамыз. Жүргендейсіз тоғайда Аралап бір бақсаңыз. Ақша бұлттай торқаны Алқап сайын көріңіз. Төгіп жатыр тоннаны Əрбір тамшы теріміз! ТЕРУШІЛЕР Шайы киіп құбылған, Тоты түсті қыз, келіншек, Мақта тере жиылған Кездері екен, біз келсек. Қызыл-жасыл топтары Жерге сəулет бергендай: Шоқтарынан мақтаның Күн сəулесін тергендей.

Сонша жылы жүрекке, Күлкі, сөзі жұп-жұмсақ; Торқа толы жүйекте Құбылады гүлге ұқсап. Қарай-қарай соларға, Сыр түйесің сен қанша; Асыл қымбат ба оларға, Тергендері сол болса! Дайындалған шағы да Шайы киер тұсқа бір... Жайы келген шағында, Сілкінбей ме құс та бір! ДОС ТОЙЫНДА Жамырап мөлдір өзені, Қарсы алды бізді Харангон1. Тоғысқан бұл бір кезі еді Қалаулы достар əр елден. Асыға күткен бізді аңсап Арада Мырза досымыз. Жырына жылда қуансақ, Тойында бүгін отырмыз. Қуатты сөздің лебізі Қиырға жетті Ғисардан. Əкелді мұнда сол бізді Асырып нелер асқардан. Алыстан достар əкелген Сыйлығын тартты əр қилы, Өлеңге жүлде əперген, Мейірге жаның балқиды. 1 Харангон – қонақ үйлі өзен аңғары.

Атақты өзбек ақыны Кигізді ала шапанын. Түйінін айтты ақыры: – Жолы, – деп, – осы атамның. Қоңырлап əсем күй төккен Қомызын тартты қырғыздар: – Тауыңда толғап бір шертсең, Жаңғырар десіп шың-құздар. Мырзаға мен де тапсырдым Қырмызы шапан бөркімен. Сүйсіне қарап аз тұрдым, Қазақты көріп көркінен. – Ат ерттеп, атан жетелеп Жетуге, Мырза, жол алыс. Алатау аса төтелеп Əкелді мұнда болат құс. Жабыла тігіп шеберлер Тойыңа шапан жөнелтті. Жамылсаң күнде мұны егер, Сезерсің жылы жүректі! Шапанды жауып Мырзаға, Қондырдым кəмшат басына. Тіледім тілек мен жəне Қадырлі, қимас досыма: – Жағасы жылда байыған Секілді жомарт Дүйсембі1, Жұртыңа дəйім жайылған Жарылқай берсін жыр сені! 1 Дүйсембі – Душəнбə – өзен аты.

ДАРИЯ СЫЙЫ (Түрікмен дəптерінен) Көлбеп жатыр Қарақұм, Көлеміне көз жетпей. Көп үңіле қарадым, Көкейтесті өрнектей; Толқын ба əлде өзге ме, Қозғамайды ол мені. Ынтығам бұл кезде мен Өзге сурет көргелі. Түрікмендер ақ папах Тұйғын құстай түйілген, Түрлерінде жоқ жалтақ, Тынбаса да түнімен... Қалың құмды қақ жарып, Канал тартқан төтелеп; Дария суын аударып Бара жатыр жетелеп. Бұлаңдаған толқынға Бұрлыға құм қарайды: Сүйкенеді салқынға Ынтығындай талайғы. Бар денесі жыбырлап, Толқынға өзін орайды. Бір жаңа күш шымырлап Өнбойына тарайды... Дария суы еркелеп Алқап сайын аунайды:

Тіршілікті ерте кеп, Сый тартқаннан аумайды! Келген шағын дария Арман еткен көрсем деп, Қуанады кəрия, Бір күліп, бір кемсеңдеп... АРЫЧМАН Қайнағандай тереңде, Қарғып жатыр Арычман. Медеу көріп сол жерге Келгендер көп алыстан. Бұрқыраған бұл əлі Көпет таудың күші ме? Бу атқыған бұлағы Сыймаған ба ішіне? Байқағалы, қолымды Создым суға мен-дағы. Шымырлатып солғұрлы Бар жүйкемді қозғады. Қоңыр салқын күзді күн Шомыла алман, не етейін? – Ең болмаса қызуын Жырыма алып кетейін!

МАҚТЫМҚҰЛЫ МЕКЕНІ Талай таудан көрнекті Түрікменнің Соң-дағы1. Көңілімді тербетті Көргендерім сондағы. Қолдан қырлап үйгендей Қилы жолақ төбелер. Өтпес едің бір көрмей, Жуық келсең сен егер. Кемпірқосақ құрғандай Құбылады со жерлер. Бояуында тұрғандай Пенде білмес көп енер... Сол сəулеті төбенің Сақталыпты ғасырға. Мақтымқұлы өлеңін Жазды ма екен осында? Белент-дағының2 басынан Көрді ме екен ол оны? Соның нұрлы тасынан Терді ме екен өлеңін?.. 1 Соң-дағы шет тау. 2 Белент-дағы – биік тау.

ТУЫСҚАНДЫҚ ТЫНЫС Туысқан достар, Берді аға, Тоғысқан тойлы бұл шақта, Шаттықтың шағы бір ғана Сыяр ма жайсақ, құшаққа! Түрікмен халқын түгел біз Көреміз бүгін сендерден: Папахты қарттар, ұл мен қыз Секілді келіп қол берген. Ортада өзі тұрғандай Атақты Мақтымқұлының. Қалың жұрт көңілін бұрғандай Сіңлісі Меңлі сұлудың. Жетелеп жəне жеттіңдер Қарақұм, Мұрғап каналын. Қандырып шөлін өттіңдер Жолдағы қыруар даланың. Тарттыңдар түрікмен жерінен Феруза, Алтын бұлақты. Жырларың бүгін төрімнен Төгіліп тұрған сияқты. Туысы бөлек тұп-тұтас Түрікмен жыры жан елтер: Тұрпаты қыран құсқа ұқсас Секілді теке-жаумиттер. Өлеңге ортақ енгендей, Небіт-дағ жəне Гурьев: Өркешті өңкей інгендей, Жағада қатар тұр иіп. Алыстан үзбей қарасқан Алатау, Копет-дағлары;

Баурайы майса жарасқан Қазақ пен түрікмен баулары... Қуанышымды айтар, Берді аға Қуатты сөздер таба алмай, Қолымнан келер сол ғана: Құшайын туған ағамдай! АСУ АҢЫЗЫ Шарлаған жерді жаһанкез Келіпті асып Кетпенді1. «Саудагер шығар!..» деген сөз Жайылып елге кеткен-ді. Теңдетіп жүгін есекке, Кетіпті ол ертең қияға. Таңса да əркім өсекке, Сапарын, сірə, қия ма! Білмепті ешкім ол елде: Биіктен сонда асқан кім? Жұлдыз ба өткен ол əлде Астына тақау аспанның? Шалкөде оны білмеген, Болар ма, бəлкім, жас ғалым; Сырласып байтақ дүниемен, Ғылымға қиған жас шағын? Аспанға астас төбесі Қарайсың кенет асуға: Шоқанның асқан жолы осы Сорабы өшпес ғасырға! 1 Кетпен – Шалкөде, Іле арасындағы биік тау.

АҚЫН ҮНІ Қоңылтақ, күні салқын қоңыр күзде, Құлазып, бояу оңған солғын түзде. Сарыла таң сəріден сапар тартқан Салт атты жолаушы едік сол күн біз де. Беттеген жыл құсындай жылы жаққа, Шықпады оқу іздеп кім жыраққа? Көлбеген көкжиекке қарай-қарай, Қалбаңдап қанат қақтық күн ұзаққа. Асыққан əужайың бар Алматыға, Əзірсің, ат жараса, түн қатуға. Қырқалар шұбатылған жолды қымтап, Талай тау қабат-қабат қалды артыңда. Арнасы мың иірілген баяу Быжы, Бір мезгіл жағасында дем алғызды. Сол тұста соңымыздан жетті біреу, Əзірше таныс емес маған жүзі. Жараған, жалы күміс, шабдар атты; Түйе жүн, боз шекпенді, сұр папахты. Қоңырқай, қыр мұрынды, кескіні ірі, Жіңішке қара мұртты, құз қабақты. Жігіттер кетті онымен шұрқырасып, Жамырап жатыр бəрі жөн сұрасып, Жасқаншақ балалығым жақындатпай, Жаутаңдап шеткерірек тұрдым жасып. Сұрады ол кенет мені қай бала деп, Мен оны көзге ілер деп ойлағам жоқ, Томпиған тон, шалбарлы тұрпатыма Қарады күлімсіреп айнала кеп... Деді тек Рахымға: «Көзі отты екен!» Сол сөзі секілденді өзек шерткен,

Жетіліп қапелімде қалдым соған, Дегендей; «еті тірі, өжет екен!» Болса да бала, шіркін, қанша зерек, Жылы леп жібітпей ме алса бөлеп. Сол сөзге арқаланған адал сезім Көңілімде ұзақ жылдар қалса керек. Бетім сол – туған үйден тұңғыш шыққан Мен онда білді дейсің кімді сырттан. Жаныма кімнің сөзі жылы тисе, Сол жақын көрінетін күллі жұрттан. Айтты оның Рахымдар атын маған: Осы деп Ілияс дейтін ақын ағаң. Білмеймін, қуандым ба, ес көрдім бе, Кеудемді сездім кенет қалтыраған... Ілгері кеттік жүріп осы тұста, Апыр-ай, сөзге Ілияс неткен ұста! Атқа əсем отырысы, бет бітімі Түп-түгел ұқсайды екен қыран құсқа. Аяңдап қарсы белге шықтық таяу, Жер жатыр құлақ түріп ұйқылы-ояу. Келді ме тербеткісі ақын соны, Толқытып əдемі əнін кетті баяу. Қозғады ол əнмен бірге əр көңілді, Елінде қалды ма екен əлдекімі? Күрсіне көкірегінен төгеді өлең, Келтірмей толғануға дəрменіңді. Есімде сонда салған «Қалаулімі», Ұмытпас деп ойлаймын далам мұны, Сол тұстан өткен сайын елеңдеймін, Тұрғандай құлағымда аяулы үні!

ОМАР АҚЫН АҒАҒА Тойыңызды торқалы Құттықтаймын, Ома екем! Қуанышқа ортаны Толтырған бір жолы екен. Жеріңіз – кен сықаған, Қыры астыққа толы екен. Жайыңызды ұқса адам, Қартайтпайтын сол екен. Соны бірге толғаған, Бақытыңыз мол екен. Ойлағаны орнаған, Арманыңыз жоқ екен. Сексен жаста сермеген Сіздей аға аз шығар. Жырда дамыл көрмеген Жаныңыз да жас шығар! ҚОШ, МҰҚА! Ауыр қазаң үстінде Айта алмадым сөзімді. Жалын жатты ішімде, Жасқа бұлап көзімді. От күйігі өлімнің Өртеді де өксітті. Шерін шертсем көңілдің. Жетер емес сөз тіпті!

Қалғып кеткен қалпыңды Қабырға да қимадым. Қамықтырып халқыңды, Қайран Мұқам, қинадың! Өзегім өрт, ішім шер, Ылажым не, қош, Мұқа! Жайымды жұрт түсінер, Жанын жайған достыққа. Ұмытпас ел көңілі, Күнде өзіңмен сырласар. Жылы бейнең өмірі Кеудемізде бір жасар. МҰҚТАР АҒА ЕСКЕРТКІШІ Ақылы дария көрінген Дидарың, Мұқа сұп-суық... Қуана құшқан жеріңнен Жөнелдің неге тым суыт? Қазаңның қайғы жасына Жүрегім қалай боялмас! Ұйқтаған адам ғасырға, Білемін, қайта оянбас. Өлімің, Мұқа, тым батты, Өзегін өртеп талайдың. Ізіңе сенің қымбатты, Егіле тұрып қараймын: Сияңмен салған суретін Сəулетті Қараш-қарашың, Жабырқау жаны бұл жетім, Түсіне ме екен жарасын?

Толғаған өзің жыр жазып Шалкөдең, самал Қарқараң, Көрінді бір сəт құлазып, Секілді тойы тарқаған. Көңліңде дəйім жыр болған Көрікті таулар асқары, Кеудесі бейне толы арман, Бозарып жатыр бастары!.. Сөзіңе тосып құлағын, Сарыла тыңдар асқарлар, Ағытып кейде бұлағын, Аңыра тұрып еске алар! * Аралай берсем өлкемді, Көремін қызық қилы өмір; Байыған жердей көктемгі Баулиды мені күллі өңір. Қараймын соған көз алмай, Жаным бір əсер алсын деп. Қағазға тізіп жазғандай, Жадымда қалсын бар сурет. Өмірде көзім көргенді Көңілім көре біл сен де. Тербетсін тынбай сол мені, Тобында кімнің жүрсем де. Соларды кенет ұмытып, Келмейін нейбет үйіме. Жанымды оты жылытып, Жарыса кірсін дүние.

Тұншығып солар кеудемде, Қалмасын жатып тым-тырыс. Қондырып түгел өлеңге. Алайын бірге мен тыныс. Жаңа бір жырдың жазбаған Желісін күнде жалғайын. Өмірдің отын маздаған Сезейін содан əрдайым! ӨМІР ӨЛЕҢІ Тым əсем жаздың бұлты өркеш-өркеш Көмкерген көкжиекті ертелі-кеш. Бастыра түйелерге жүгін артып, Шұбала ерге тартқан секілді көш. Сан оны шапағына орайды күн, Құбылтып алқызылға бояп жүгін, Көңліңді көрген сайын бір толқытқан, Жоқ оның қызығына тояр күнің! Ұқсайды кей суреті аңға, тауға, Сүйкімді тамашалап таңырқауға. Алдыңда жаратылыс бар қызығы, Жайың жоқ жазатайым жабырқауға. Сөнгенде кешкі шапақ күн салқындап, Төңірек түнергенде түн жақындап. Салбырай бұлт қабағы қарауытып, Қояды арасында от жарқылдап… Ойланып көп қараймын сол суретке, Құйғандай əлденесін көкірекке. Өмірі өлең толы сол сезімді, Кеудемнен өл-өлгенше əлсіретпе!

ҰЛҒАЙҒАННЫҢ ОЙЫ Жастықта шалқып жатқан жалын қандай! Алдыңнан не қаласаң табылғандай. Сезесің өзіңді өзің еркін сонша, Тіршілік түгел саған бағынғандай. Досың көп, дəулетің мол, дəурен қызық, Күп беріп ортасында жүрдің жүзіп. Қол созсаң қайдағыға – қарымың кең, Көрмедің көңілің қалып, күдер үзіп. Көп пе екен сонда жиған жол азығың? Соңыра сездірмесін ол аздығын!.. Оқыс кеп толы шараң төгілгендей, Деп жүрме: амалым не, жоқ жазығым!.. Алдыңды өмір сүрген пайымдамай, Болады қартайғанда жайың қалай? – Жалтаңдап жан-жағыңа, қиналарсың, Келгендей қыс айына дайындалмай!.. ҚАНЫШ АҒА БЕЙНЕСІ Дүниеге келер, кетер нелер адам, Кейі оның елге өмірін көп арнаған. Еңбегін ескірмейтін ескерткіштей Жыр етер бүгінгі күн, келер заман. Өмірің ойға толы, Қаныш аға, Ғажайып бəрі терең, бəрі жаңа. Өренді өрісіне тарттың соның, Нұр жайнап көрінгендей алыс жаға.

Əуелде өзің тапқан, ойлап алдын, Секілді таулар сенің қоймаларың. Қазынасын хатқа тізіп жаздың соның, Адамша өз қолыңмен қойған бəрін. Бітімін кенге сықап, толған соның Кейде бір терең ойлап, толғанса елім: Дидарың жанымызды жылындырып, Көрінер биігінде тұлғаң сенің! Заводтар от тынысты, түзге шөккен, Мəңгіге кен балқыта, ірге тепкен. Отыңдай өреніңе шалынар ол, Өшпеске өз жеріңе жағып кеткен. Шықсақ та қырқасына не бір жылдың, Жырындай сезілер ол өміріңнің. Көңілді қоса қозғап жүрер есте Сүйкімді жылы күлкің, қоңыр үнің!.. А...ҒА Жүзіңді күнде көріп тамылжыған, Жылынып жүрді көп жыл жаным бұған: Жалт еткен күлкің серпіп жіберетін Көңілімді жазатайым абыржыған. Шағым жоқ сауық іздеп, сағым қуған, Тартқан жоқ ауқымына дабыр-думан; Елестеп еркелеген бір мінезің, Еңсетіп қайда жүрсем сағындырған. Жас кезің жаралғандай жалын-нұрдан, Жар едің жан көңілін жалындырған. Қоңылтақ, көзге солғын тарттың неге, Айрылған кəрі ағаштай қабығынан?

Саяңда сайрасам да сан қонақтап, Көркіңді қалмағамын неге сақтап? Ақ шалған əр шашыңа жалтаңдаймын, Жаураған жыл құсындай жазын жоқтап. Көргенмен жаздың əсем бар мəзірін, Өкініп жазар, сірə, аз ба жырың? Маңайың қысқа қарай құлазыса, Білесің мəуе толы жаз қадірін. ӨМІР ЗАҢЫ Қартайдым деп кейде сен, Қайдағыны еске алып, Қабақ шыта сөйлесең, Жалтаңдаймын жасқанып... Қалтырауық сондай бір Қанға сіңген бар əдет; Қажаған сөз қазымыр Еткен бе əбден зəрезеп! Мен сарп етсем жақсыңды, Шағым болмай аяған, – Сонда өзімнің шашымды, Ойлашы, кім бояған? Желге ұшырсам желікпен Бар келбетті сендегі, – Қолдан келсе, неліктен Қорғамадың сен мені? Тіс сиреді біріндеп, Екі ұртымды суалтып; Көзімнің де нұры жоқ, Көп қараудан ұялтып...

Тоза берер көрінем, Төзе тұрмай ертеңге! Заңы, сірə, өмірдің Бірдей шығар екеуге!.. СЫНА Сіркеміз су көтермей, Суық тартқан келді шақ. Сиқымыз бар бөтендей, Табыспаймыз ел құсап. Түнді өткізбей мəз етіп, Жөнелтеміз жөтелмен. Жуып кетсек – баж етіп, Шытынақпыз шетеннен. Бір төсекке сыйыспай, Араздасқан жетті кез. Бір минутке қиыспай, Аймаласқан жоқ мінез... Қозғалысың, тынысың Жəне сонша жағымсыз. Ішіңде өшіп дыбысың, Жат тартқамыз неғып біз? Жылдар жолы тым ұзақ Қайда əкеткен алыс қып? Өкпелесіп жүріп-ақ, Отырушы ек табысып... Жалыныңды азайтып, Сығады екен жыл əрі, Араңа да алшайтып Қағады екен сынаны!

СЫНШЫ БАҒЫНДА Жатыпты бір күн сыншы өз бағында, Сынына сықап алар сөз қамында, Құлағын құп тербетіп сыршыл бұлақ, Сыбдырап жапырақтар өр жағында. Көз жұма, ойланыпты сыншы терең, Құйылып көкірегіне жыр мен өлең: «Осыны тамылжытып тартпай бізге, Құлағы ақындардың неге керең!..» Күн түскен бағына оның ала-құла... Сыншының қарай ма өмір қабағына! Əр қилы ала піскен алмаларды, Толтырып сала берген табағына. Соны алып сыншы кеткен өз бетіне, Тартуға оқушы атты «перзентіне»! Жұртқа əкеп жомарт сыншы үлестірген, Жоқ деумен мұндай жеміс жер бетінде!.. Сыншыға шалынбаған қара емендер, Қалқалы кəрі жазған нелер-нелер... Қарқ болып сыншы өзінше жөнелгенде, Қалтарыс қалып қойған сан өлеңдер. АТА СӨЗІ Қарадым саған, Жəмила, Секілді жазғы жауқазын. Тіледім саулық жаныңа, Мереке күні жампозым. Маздаған майдың жазындай Көңілің шалқып тұр ма екен?

Сақтаулы жатқан жазылмай, Көкірегің толы жыр ма екен? Шыным сол, айтсам, құлыным, Теңемен саған еш пенде. Жазбаған жырын ұлымның, Жазып бер өзің өскенде. Жадыңда сақта жалғыз-ақ Жалынған сөзін атаңның: Көрейін дейін мен ұзақ Қызығын сендей ботамның! АНА ҚАРЫЗЫ Мəпелейсің мені, анам, Қолыңдағы құсыңдай. Күнде көктеп, қуанам Құшағыңда, қысылмай. Үмітіңдей көзіме Көп қарайсың үңіліп. Еркелеген сөзімде Ертеңгіңіз тұр күліп. Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін. Айтқаныңды екі етпей, Ақ сүтіңді өтермін. Коммунизм мен елде Орнатысар болармын. Ай мен жұлдыз дегенге Қыдыра ұшып қонармын.

Біліп тұрсың, жан анам, Міндеті үлкен ботаңның. Күтері сол баладан Ана менен Отанның!.. ЖАРАСҚА ХАТ Алыстағы Жарасы Ойлай ма екен атасын? Атаның жоқ шарасы Жырламасқа ботасын. Жүр ме екен ол əуре етіп Мамасы мен папасын, Жөргегіне көлдетіп, Тоса, тоса жотасын? Апшып əлде көйлегі, Қалды ма екен ержетіп? Ата-анасы əлде оны Отыр ма екен тербетіп? Алматыға барам деп, Айта ма екен таласып? Барса, жолда боран боп, Кетем дер ме адасып? Аспан жүзі əсем жол, Жасқанбасын Жарас түк. Жастар үшін əсерлі ол, Жəне байтақ жəне ашық. Атасы мен əжесі Келеді деп Жарасын, Мезгілі деп дəл осы Көкжиекке қарасын!..

ТУЫСҚАН ТУРАЛЫ Туысқан деп, бауыр деп, Арқа тұттым талайды. Жатсаң жүгің ауыр кеп, Жалтаңдап сырт қарайды. Беті жылы, іші ызғар, Танытпас ол оңайға, Сақтағанша мұз бен қар, Аулақ жүрсе болмай ма?! Баяны жоқ, тым тайғақ, Байқасаң кей туысқан: Жақсы күнде жантайлап, Жаман күнде суысқан... Жайың қалай дегені – Жəй əшейін, ат өтті. Жақсы көрсе ол сені, Жасытпай-ақ қойса етті! ЕЛ МЕН АҚЫН Мен өзім ойламаймын қартайдым деп, Тұрсам да кейде шаршап, жантайғым кеп. Болмаймын еркелеткен елден егде, Құлпырам ол қаласа қайта, гүлдеп. Еркі оның десе маған етем жарлық, Ол мені жаратқан жоқ бекер жан ғып. Еңбегім емірентсе соның көңілін, Еркелеп құшағында кетем қалғып.

Жазы көп жаным майса жасыл белдей Тартылып қалман ерте тапшы көлдей. Жігітше жыр қызуын сезсем болды, Маужырап əлдекімше қаңсып өлмей! ДОСТЫҢ ҰЯСЫ (Дунай дəптерінен) Шарықтай ұшып Киевтен, Келеміз беттеп дос елге. Танылар емес биіктен, Шолайын шегін десем де. Жерінің қайсы жапсары? Жалғасып жатыр баулары. Төбеңде тұтас аспаны, Төменде тұтас таулары. Өреген өзен, көк теңіз Жатар ма жəне қосылмай? Жаралған жандар ма екенбіз, Жанымыз бірге осындай? Бухарест кенет көрінді, Маржандай үйі тізіліп. Көрмеген қала өмірі – Көзіме менің тым қызық! Ағайын елдей əуелден Аралас екен арамыз! Осынау жақын жер əудем, Болды екен бұрын неге алыс? Қалаға келіп қонарда, Қозғады ойлар осындай.

Құшағын жайды олар да, Қашанғы қимас досымдай! Жадымда қалар кездер көп, Жарастық толы жəне ыстық. Жалтаңдау жаттық сезгем жоқ, Жамырап ылғи табыстық. Жарасса солай дүйім ел, Жанымыз жайсаң демес пе! Жалғасқан шегі жұмыр жер – Жасаулы ұяң емес пе?!.. ТЕЛІ ӨМІР Тізіле бойлап Букуреш1 Тартыпты биік сымбатты. Иығын тосып бүкіл күш Көтеріп жатқан сияқты. Көрікті қала көзінде Қуаныш көрдім нұры көп. Аралай өткен кезіңде Қарайды бəрі күлімдеп. Құбылып кемпірқосақтай Құяды қилы фонтандар. Төгілген меруерт моншақтай Қалпына назар салсаңдар. Тартады саған көшелер Құшағы толы гүлдерін. Аңқыған əтір неше бір Табасың əсем түрлерін. 1 Букурешти (румынша) – Бухарест.

Қарақат көздей мөп-мөлдір Көресің нелер көл көркін. Төсінде солар тербеп тұр Қаланың сұлу суретін. Жерлерін қайта жаратқан Жайларын өзі байқар деп, Ғибадат сақтап қонақтан, Достарым маған айтқан жоқ. Айтпаса да аян ол саған, Айтыңдар мен де демедім, Заманды қайта жасаған Жадымда тұрды өз елім! ДОПТЯН МУЗЕЙІ Қалтарыс, шүңет түбекте, Қараса ізін жұрт таппас, Қашанғы ұқсап түнекке, Тұнжырап ескі тұр қапас. Меңіреу, жым-жырт түнерген Тұрпаты көзге тым суық!.. Оныңды бұрын кім көрген, Маңына барған кім жуық! Əдейі соққан азапқа Сол екен Доптян қапасы. Түсіпті жандар тозаққа, Жабылса шойын қақпасы. Тоқымдай аспан болмаса, Төңірек түгел тас қамал. Басыңды жендет алмаса, Табатын емес басқа ажал!

Көгерген, ылғал, қапырық, Қараңғы, қыспақ бөлмелер. Қайыспай сонда отырып, Қаһарман талай өлген ер. Құрсаулы бұғау, кісендер Қозғалтпас, сонша зіл-батпан, Тотымен қорып, көрсеңдер, Секілді бірге қан қатқан... Іліксе соған кім де кім, Қанатсыз, құса, сорлы екен!.. Басыңнан өткен күндерің, Румын халқы, сол ма екен? Қапасқа толы сол сурет Қашанғы сенің ізің бе? Қалпында əлем көрсін деп, Қалдырған тимей музейде? ОРТАҚ ҰЯ Синая таудың төсінде Сəулетті король сарайы. Түбіне барған кісіге Тым-тырыс ұзақ қарайды. Төстері тасқа жабысқан, Тырнағы түге болаттай. Ақсиған өңкей арыстан Алдында жатыр жолатпай!. Көз салсаң сала-салаға, Төгілген түгел көк орман. Кезінде король соларға Секілді жалғыз оранған.

Шарығы шанду шаруалар, Көйлегі күйе жұмысшы – Келмеген əсте мұнда олар, Көрмеген əсте бұл тұсты... Еркіңше енді іркілмей Кезесің əсем шың ішін. Туысы бөлек бүтіндей Сезесің өмір тынысын: Тым-тырыс сайлар толыпты Саяхат, курорт, серуенге. Иесі соның ең мықты Ұқсайды жаңа келгенге! Танырсың кімін түсінен Жұмысшы қайсы, шаруа кім? Көресің жақын ішіңнен, Бөтені саған бар ма оның! Сарайлар салған шырқатып Өнері қызық жастардың! Өзіне солар тұр тартып Сəулесін түгел аспанның! ДОСТЫҚ КӨПІРІ Жөңкіле суы көлбеген Сабасы толы көк Дунай, Арада жатып көлденең, Алғызған емес елге оңай. Аңсаған екі жағаны Жалғапты достық көпірі. Арманыңа ұқсас заманғы, Аңғара білсең, сол түрі.

Тіреулер өңкей құрыштан Көріп пе ең көпір сен мұндай. Сүйсіне қысып тұрысқан Румын, болгар қолындай. Дунайдың тұрып үстінде Суретін сол бір жыр еттім. Нұр болып құйған ішіме Жылуын сездім жүректің! БИКАЗ ҚАҚПАСЫ Аспандап Биказ тұр жалғыз, Шағылып күнге ақ басы. Алдында жым-жырт зəулім құз Секілді баққан қақпасы. Арқанша тартқан ирек қол Асыра Карпат белінен Əкелді соған бізді сол, Оралтып Лакул көлінен. Меңіреу сұрғылт жақпары Құйылған түстес темірден. Төменде туннель оқпаны Түнере суық көрінген. Адамға қалай дес берген Заманғы жабық жол аузы. Өтеді қазір сол жерден Ағыл да тегіл жолаушы. Солардың мен де бірімін, Өңірін кезген дос елдің. Желісін, бəлкім, жырымның, Араға мəңгі төсермін!

Қиынды қашап жол салған Қызықтым румын еліне, Адамға алды болса арман, Қарар ма құз бен зеңгірге! РУМЫН ҚЫЗЫ Арлус1 Советінің бас секретары, əдебиет досы Евген Роданға арнаймын Саусағы қылда бұлдырап Румын қызы тартты күй. Төгіліп əсем мұз бұлақ Толқыған сайын кетті ылғи. Құбылған күйдің сыры көп, Сөйлемес саған біркелкі; Қосыла қолмен дірілдеп, Кетеді сүйкеп жүректі. Қайырып кенет шашын қыз, Қарайды бір сəт қозғалмай; Қанатын қомдап лашын құс, Қарсыңа келіп қонғандай. Шүйіле біткен келбеті, Шынында сұлу құспен тең. Шақырып қызық жер беті, Шарықтап қайдан ұшты екен: Көрінген көңіл көгінен Алыс бір əлде түс пе екен? Тамылжи күйі төгілген Жаныңды тербер күш пе екен? 1 Арлус – Румын-Совет достығы Одағы.

Табасың рақат тағы да, Тербетіп кенет кетсе қыз. Толқиды түгел алдыңда Көк орай тау мен көл, теңіз... Қиялына ұқсап ақынның Шалқиды алыс сол бір қыз. Бақытына кейде халқының Тумай ма сондай бір жұлдыз! ТОРЫ АЙҒЫР АҢЫЗЫ Алдында жым-жырт жусаған Əйгілі биік Торы айғыр. Ерінбей кімдер шықса оған, Көрінер алыс талай қыр. Жонынан шұбап асыпты Қыруар заман, талай жыл. Солардан терген нəсіпті Қимасын бізге қалай бұл? Тым-тырыс тұрған түріне Түңілмей, достым, қарай жүр. Таусылмас шертсең бүгінге Табылар, бəлкім, талай жыр. Шиыры, бəлкім, жоқ шығар Торыға мінген шопанның. Сақтаған бірақ сол шыңдар Танырсың ізін Шоқанның!..

МАЙ ГҮЛІ Гүл бейнелі жетсе де жаз көктемі, Көк майсаға оранса да бөктері, Қар бүркеніп қарайды əлі Алатау, Өркеш-өркеш ақша бұлттай көктегі. Көзге салқын əппақ шыңдар шоғары, Шоқыларын шуақ сүйген жоқ əлі. Бауырына маздаған жаз келгенде, Қысың сырып əкеткендей жоғары. Білем, бірақ тартады енді тау жылы, Ол мінезі əркімдерге-ақ əйгілі. Күн қызуы көкірегін балқытып, Балғын шағы оралады дағдылы. Атырабы мəуелейді гүл атып, Бұлбұлдары əн шырқайды бұралтып. Сайларында сақ-сақ күліп бұлақтар, Жаз жырына қосылады құмартып. Алматыда тойға шықсақ май күні, Толғамайсың сен де, достым, жай мұны Бауларында, баурайында қаулаған Туымыз да секілді əсем май гүлі. Жас өренше жаз барады тауға өрлеп, Алуан гүлдер əшекейлі салды өрнек. Өмір күші өнбойына жүгіріп, Қар жамылған кəрі құз да көгермек!

МАХАББАТ БИІГІ Ертеден ел аузында Шұбар ағаш, Өсіпті қайың, терек шыңға аралас. Қарағай қара бұйра жағасындай, Сүйсініп суретіне кім қарамас! Алқапта Лепсі жатыр, толқып ұдай, Бітімі мөлдіреген көк шыныдай! Қосылып ырғағына торғын орман, Сызылып тартады ылғи бірге сырнай. Шыңы тұр соған төніп Қайыңдының, Алқаптың тыңдағандай дəйім үнін. Елжіреп осы тауға қарайды жұрт, Көргендей биігінен айын, күнін. Қарадым көз айырмай мен де соған, Бір ғажап бейне көріп ел жасаған: Шың тұтас Лениннің суреті екен, Аймақты түгел шолып тұрған содан. Қызықтым бақыт қонған тау жайына, Күн сайын аңыз болған маңайына. Қасқиып шуақ шалған шың қабағы Ильичтің сыйып кеткен маңдайына. Қандай қол өрген оны, қандай өнер? Бітімі қалай келген аумай шебер? Көсемін жанға өлшеген мініскер жұрт, Таппай ма ой өнерін нелер-нелер! Көтеріп Ленинді ел биігіне, Тартыпты таусылмас жыр бүгінгіге; Тіл жетпес мейіріммен қарайды оған, Жандарын төсегендей жылы күнге.

Жасаған махаббаттың белгісі деп, Кетпейді көз алдымнан сол бір сурет. Орнатқан ел жүрегін сезем оны, Қасында қашан болсын көргісі кеп! ЖЕЛІ САЗ Көк ала таудың төрінде Төгіле жатыр Желі саз; Қыдыра жүріп елінде Қызығын көрдім мен біраз. Жазығы жайған кілемдей Тоқуы түрлі термелі. Құбылған моншақ гүл өңкей Секілді соның өрнегі. Малшылар көрдім мойымас, Мыңғыртып малын өсірген. Қыруар түлік қым-қиғаш Өреді жайлау төсінен. Қайыса таудың қапталы Соныға жүзген қойлары. Торылы жылқы топтары Тобылғы түстес ойдағы. Аралап малшы өрісін, Əңгіме тердім күн ұзын. Асымды бірге бөле іштім, Сүйсіне жұттым қымызын. Желі саз шүйгін жер екен Бағына біткен бабаның. Береке, ырзық толы екен Қорындай үлкен сабаның!

ТАУ СЫЙЫ Көкірегі көк орай Көз жіберші тауыма: Көк шашақты қарағай Қандай ұқсас бауына! Сырғи аққан бұлағы Сыңғырайды күмістей. Судыраған құрағы Құбылады пүліштей. Желпи өскен самалы Жəне ұқсайды жібекке. Жан біткенге жағады, Дəрмен беріп жүрекке. Сен де сонда қыдырып, Дамылдауға шығарсың. Бұлағынан сіміріп, Бұлбұл əнін тыңдарсың. Күні күлген төбеңде, Тау тынысын байқарсың. Байығандай өлеңге, Бəлкім тасып қайтарсың! ӨЛЕҢ БӨЛМЕСІ Өзгеге кейде ой бөлмей Жазамын өлең жайлауда. Өңірі жайлы бөлмемдей Жазуға жəне ойлауға. Жамбаста майса көк кілем, Өрнегін шебер тоқыған.

Маздаған əсем көп гүлмен Қыюлап бетін толтырған. Бітімі жердің шоғындай, Мəуелер исі тұр аңқып. Қуана құшып соны ыңғай, Көбелек біткен жүр қалқып. Маңымда құстар жырлайды Əндерін алуан бұралтып. Əдемі сазын сырнайлы Төгеді кейі құмартып. Алдымда бұлақ асығып Ағады тынбай сылдырап. Шалғынға жонын жасырып, Барады қайда зымырап? Көзінде кейде күн ойнап, Күлімдей қарап өтеді. Танысаң саған бұл аймақ Тəрізді өлең мекені... ҚҰНАР КӨЗ Желі саз тері шоқпар тас – Секілді жайлау шоқтығы. Биіктер жатыр жапсарлас Көк орай сайлы, қоқтылы. Шоқыда тұрып бір мезет Суретін шолдым дағдылы: Бытырап жатқан көп өзек Секілді таудың тамыры.

Тарайды содан сан бұлақ, Жамырай өріп төменге. Үніне сен де сал құлақ: Ұқсайды əн мен өлеңге. Осыған қарап малшылар Деседі жомарт, тауын бай. Оларға шүйгін сол шыңдар Сарқылмас сүті сауындай. ҚЫРАН ҚҰЗЫ Аспанға бойлап қарайсың Атақты биік Асылбай. Қабаттап қалың орайсың Басыңнан бұлтты асырмай. Төсіне тұман түнеген Тартады көзді сұрғылт тас; Томсарып үнсіз түнерген Жалаңаш заңғар тұп-тұтас. Шарықтай өрлеп жоғары Шалқиды қыран құзыңда. Бауырын төсеп соларды Өсірдің бе екен мұзыңда? Қаратып қарсы дауылға, Баулыдың ба екен аямай? Дағдалтып нөсер жауынға, Ойнаттың ба екен нажағай? Көкпеңбек найза ұстаған Ұяңда жатыр жас қыран. Танитын болса құсты адам, Тайынбас, сірə қасқырдан.

Қып-қызыл отты көзінде Көргенін қоймас тұр уыт. Қиырдан шалған кезінде Қыранға бəрі жұп-жуық! Осылар өскен құзыңды Жайым жоқ қиын, қия дер. Нажағай, жауын, мұзыңды Маған да солай қия көр! ШОПАНДАР АЛДЫНДА Тойыңа келдім тағы да, Толқытып ойлар кеудемді: Қарайын дедім тауыңа, Көрейін дедім сендерді. Қалдыңдар кеше осында, Қалқалап көзден көк белдер. Жүргендей бірақ қасымда, Жүректе бірге кеттіңдер. Араңда аз күн бірге боп, Ағайын, дос боп кетіппін. Біріңді жат деп білгем жоқ, Аттарыңа əбден жетікпін. Шəлібек, Сүйін десем мен, Ерліктің көрем келбетін. Бəріңді бірдей төселген Шебері көрем еңбектің. Қоңырқай тартып тотыққан, Түрлерің бекем балғадай. Бақытына сендер жолыққан Халқымыз дəйім малға бай.

Еңбекте тынбай шайқасқан Ерлікке ырза болмас кім. Жандары жарқын, кең, жайсаң Сендерді ұмыта алмаспын! ЕР МІНЕЗІ Түнімен бізді тік тұрып Төреше күтті Омарбек. Тоңторыс өзін тұтса ұлық, Осынша сыйлы болар ма ек? Көрінер ме еді жаны оның Өзіне солай үңілтпей? Қомсынса келген қонағын, Жіберер ме еді түңілтпей! Əйгілі Еңбек Батыры Бəлсініп əсте сазданбай, Сырын да шертті сан түрлі, Санаңа түгел жазғандай. Абалап сыртта ит үрсе, Аралап қайтты қойын да. Көңілімді қозғап төтенше Отырды бір сөз ойымда: «Сеземін өзімді еркеңдей, Төріңде жатсам көсіліп. Елпілдеп күтсе ер сендей, Құрметтің несі ерсілік! Мəмлеміз қандай əдемі, Не керек даңқы өзгенің! Жарар ма, шіркін, кəдеңе, Жаныңды жылытса сөздерім?!»

Айтпасам да ашып онымды, Таныттым түгел қабақтан. Сол бір сөз қандай қонымды Шуағын үнсіз таратқан! Мейірім төгіп мейманға Жары да сонша тұр қылпып. Қабағын шытып қай жанға, Қарады дейсің кімге үркіп! Аттандық ертең қош айтып, Көңілде сақтап көздерін. Жеткізбен бірақ қанша айтып Сондағы жылы сөздерін... Төңірек түгел жуынған Түндегі қалың нөсерге. Тозаңсыз əсем сол бір маң Ұқсайды қандай осы ерге! ШЫНЖЫЛЫ ЖАҒАСЫНДА Ағайынды атақты шопандар Əубəкіревтерге арнаймын Иір-иір арқандай Арна тартқан Шынжылы. Сол арнада жатқандай Еліміздің мың жылы. Шағын өзен болса да, Шарлайды кең даланы. Шырқайды алыс соншама Шыңнан тартқан сабағы. Сырға толы ғасырдай Сүйінесің ағысқа.

Ел өмірі де осылай Жалғасады алысқа... Жағаласаң қыдырып, Жайылымы сонша кең. Шынжылыны сіміріп, Қанар əлі қанша өрен! Қойлар қызық суарған Түбектерге толып кей. Жиектерге жиналған Шоғар-шоғар көбіктей. Шопан інім, жер соны, Тойынта бер қойыңды. Өрісіңдей мал толы Байыта бер ойымды! Қой да сені шаршатпас Құйқылжыған көк дөнен. Көңілім қош, ойқастап, Өргізейін мен де өлең! ҚОЙШЫ АУЫЛЫ Асыда əсем жайлау Төрқарағай, Көсіле жатыр алқап кең көк орай. Биіктен сол суретке қарағалы Қарағай қаптай тартқан өрге қарай. Сай-сайда сансыз бұлақ күліп аққан, Көзінде күн сəулесі күлім қаққан. Сүйсініп өз көркіне өңір түгел, Секілді қуанышпен күліп жатқан.

Жағалай қонған соған қойшы ауылы, Тоғытып төңірегін көк шалғыны. Желкеннен көл бетіндегі айнымайды Кейде бір көз ұшынан шолсаң мұны. Оларға таныс жылдың жел, дауылы, Жел жақтың солардікі ең ауыры. Солармен бірге көшіп, бір түнейді Жайлаудың қалың нөсер, сел жауыны. Өріске көз тастаймын оқтын-оқтын; Секілді жайылған қой бейне толқын. Қаптаған алды іркіліп, арты сиреп, Қараймын суретіне əрбір топтың. Қойшы анау көк шалғынға жүрген жүзіп Өріске күн мен қойды бірге өргізіп. Жалықпай табиғаттың сырын түйген Өмірі секілді оның күнде қызық. Түрі бар сонша жетік өз ісіне, Қонады сөйлескенде сөзі ішіңе; Шертеді ол: осы қойды жая-жая, Жетерін коммунизм өрісіне! Шыны сол, қойшылыққа қорлансын кім! Тым қымбат көреді олар ол кəсібін. Өзім де қаршадайдан қозы баққан Солардың не бауыры, жолдасымын... Ауылда көрдім жəне той-думанын, Жел сөзге жеңіл-желпі ой бұрмадым. Асыны алақанда əлдилеген Балбырап тыңдай бердім Тойғұлы əнін. Кейде бір төгілгенде əсем күй кеп, Суырылып қыз, келіншек шықты түйдек;

Сағымша көк майсада толқыды олар, Төңірек теңселгендей бірге билеп. Көрдім мен өлеңін де, өнерін де Шалқыған Төрқарағай кемеріне. Жақсы бір өнегелер көрсетті жұрт, Жайлауын жалғағандай келер күнге... Сыр түйіп қойшылардан талай-талай, Аттандым тауларына қарай-қарай. Бұлт шалған биіктерде күн күркіреп, Жалтылдап көз ұшында тұр нажағай. ДАЛА ДƏРУІ Иіндеген сабаны Баққан екен ұқыптап. Иісі елтіріп барады Танауымды қытықтап. Мұндай қымызды ішуге Емес дейсіз кім құмар? Сабаңыздың ішіне Түсіп кетер түрім бар. Қотармай-ақ тегешке, Құйыңызшы сабадан. Қылқылдаған өңешке Қызу барсын даладан. Қарайғанын сүзбеңіз, Қыпық емес, жəй шығар... Көп піскеміз түнде біз, Кілкіп жүрген май шығар!

Байқайыншы бір жұтып, Сабаның бұл алды ғой... Маңдай терім бұрқ етіп, Жаным кіріп қалды ғой!.. Бұл қымызды ішуге Болмас дейсіз кім құмар. Түсіп кеткелі ішіне Талайлар-ақ қылғынар... ЖАМБЫЛ АҚЫН Күркіреп көкте бұлттың көкірегі, Өтсе де желпіндіріп жерді лебі, Жалт етіп нажағайлы қалар сөніп, Секілді дүниеде жоқ дерегі... Болып ең сен де нөсер, Жамбыл ақын, Даусыңа жалпақ дала жаңғыратын. Күркірей құйып-құйып жөнелсең де, Жалпылдап нажағайдай жатыр артың. Ортада көрінбейсің бүгін өзің, Сөйлеп тұр, бірақ сенің сырлы сөзің: Күн шалып қанаттарын, шалқиды жыр, Тұрғандай тұлғасында бұлбұл кезің. Аулында əсем өлең жатыр есіп, Алысқа тастағандай ашып есік Ұмтылып ұясында ұрпақтарың, Өзіңе отырғандай үнін қосып... Қараймыз біз де сенің күмбезіңе, Құрметтеп сөйлескендей күнде өзіңе: Жамылып сырлы сұлу дүниені, Жарқылдап қарап тұрсың күн көзіне.

Келбетің Алатаудан жоғарырақ! – Жап-жақын көрінбей ме оған жырақ? – Көп толқын кейінгі өрен өседі деп, Алыстан салғандайсың соған құлақ! ТАЙЫРДЫҢ ҚАЙЫҢЫ Балбыратқан жер бетін жылы көктем, Дүниеге май қандай нұрын төккен! Жібек құсап желпісе жерді желі, Күлімдейді масайрап күні көктен. Бақты аралап келемін əдейі мен, Саф ауамен сағынған аламын дем. Құлағымда көктемнің тұр тынысы, Құстың қилы құбылған əуенінен! Жамырап тұр жан-жақты жас қайыңдар, Жаз деміне бəрі де жастай құмар. Кенет тоқтап, біріне қалдым қарап, Еске түсіп өткен бір жақсы ай, жылдар. Тұрдым əбден жерінен танып оны; Сонда ақынның өзі еккен анық оны. Желге еркелеп желпінген жапырақтарын Сипағандай аялап Тайыр қолы. Тату едік Тайырмен біз ертеден, Арамыздан өмірі қыл өтпеген. Егіп едік сонда осы қайыңдарды Қиыспайтын бір-бірін жүрекпенен. Бірге соққан қашан да сол жүректей, Қатар түзеп өсіпті қайың өңкей. Еске алғандай қымбат бір шағымызды Қастарынан мен ұзақ тұрдым кетпей...

Көрсем де мен қалада талай қайың, Тайыр жайын есіме алам дəйім: Соның бəрі достардың көздеріндей Жазып кеткен мəңгіге сөздеріндей! ӨШПЕС СӨЗ Алматыдағы атақты құрылысшы Ойрат Млеевке Қаламызға орнаса үйлер зəулім, Сонда өнерің бірге жүр, білем бауырым. Сипатына қарасам кейбірінің, Ойнап-күліп сыйғандай нелер ауылың. Өрмекке ұқсас шытырман темір өріп, Неше қилы шығардың үй көмкеріп. Əйнек, тасты əсемдеп қиыстырып, Қаламызға ғажайып бердің көрік. Жаңа үйлерге көшкен жұрт ол бір толқын, Жүрмесең де ішінде сен ол топтың, Бөлмелерде жарқ етіп жанған оттар, Көзге түспей жағысқан сенің де отың. Соғар онда, қуанар қанша жүрек! Шіркін, солар оңай ғой айтуға тек: Тұтар қанша махаббат, гүлдер өмір, Құшағында қанша əлі өсер бөбек! Қызығында жүргенде көп жұмыстың, Білмесе де анықтап атыңды ешкім, Күнде күліп маздаған терезелер – Емес пе екен сенің сол қуанышың? Жанға əйгілеп жатпайсың өзіңді өзің, Жұрт біткенге белгілі ол мінезің.

Бірақ сонау самсаған сəулетті үйлер Білем, сенің өшпеске жазған сөзің! АҚЫН ЖОЛДАРЫ Арылмай жалыны əлі жастағы оттың, Алпысқа жеттің самғап, Асқар ақын. Қарпиды өлеңдерің ел көңілін, Баулиды жетілдіріп жас қанатын. Алдымда жатыр алыс ақын жолы, Жалықпай ұзақ жылдар тарттың оны. Суреті сабасы мол Сырға ұқсайды, Өңірі өмірінше жырға толы. Соның сен бойда сақтап күш-қуатын, Жылың көп жемісі мол құлпыратын. Өлеңің ой өлкесін көркейткендей, Ардақтап сені талай құшты халқың. Сен де ылғи өлеңге арнап өзіңді өзің, Келесің тынбай аршып соның көзін. Ұялап көкірегіңнен кетпейді əсте, Ел үшін ерінбейін деген сезім. Түн қатсаң толғана бір көзіңді ілмей, Сергисің жеңілгендей жүгің зілдей. Ойласақ, Асқар, соның қандай бақыт, Сілтеген қартаюға қолың тимей!

ШАБЫТ Құстарым, келдіңдер ме тағы маған? Сақтадым сендер үшін бағымды аман. Көрінбей қараларың кетсе кейде, Құлазып жабырқайды жаным жаман. Немене ақын күні сендер жоқта! Қаңғиды басы кенет ауған жаққа. Жарыса, жазатайым оралсаңдар, Жамырап жан кіреді бау мен баққа. Келіңдер, көкірегіме ұялаңдар, Көңліме сонда ғана күй оралар. Төгілер сырлар шертіп көк өзендер, Көрінер бұлтты серпіп қия-заңғар. Самғасақ сол өңірде бірге сайрап, Жаңғырар үнімізге түгел аймақ. Жан күйі кеудемізде тыныс алып, Күн төнер төбемізден күле жайнап. ҰМЫТПАС ҰЯ Өткіздім жиырма төрт жыл мен бұл үйде Болды бұл балғын кезде кең дүние. Жарыммен, жас баламмен, жаңа жырмен Жамырап сан мəртебе толды күйге. Қуантып туды осында тұңғыш балам, Құйды ылғи босағасы тың күш маған. Осында баламның да шықты тілі Өзіме өмірлік бір жырға ұқсаған. Ұмытпас өлеңді де жаздым мұнда, Жылынып жүздім ұзақ жазғы нұрға.

Жанымды жарылқаған жылдары көп, Сездірмей қоналқамның аздығын да. Толғанған тұстарым көп өлең ойлап; Қилы өмір, өлең туса, өреді ойнап. Жырғайды жақсы өлеңге жаның қандай, Күн шіркін көкірегіңде күле жайнап! Осы үйде жырыма сан алдым жүлде, Өмірдің отына да жандым бірге. Солардың қызығында, күйігінде Бояуым қуаң тартып қалды мүлде. Көрдім мен қоса мұнда мұң мен зарды, Ауырттым ең аяулым – сүйген жарды. Жүрегім жапырақша тітіреген Ұмытпас осында бір күндер қалды... Міне енді сол ұямнан барам көшіп, Аттанды босағадан балам да өсіп. Жылдарым жырларыма қуанғандай, Жаңа үйім жазар қандай маған несіп? Жанымды бөлейді сол жаңа күйге, Жақсы бір сырлар шертіп маған дүние! Ұмытпас жас күнімнің ұясындай, Қараймын қалған жəне жаман үйге1...

ОЙ СƏУЛЕСІ Көрмесе мейлі көрмесін Кеудесі биік кей достар: Көңілімді менің тербесін Көктеген балғын ағаштар.

Шыбықтар өсіп не түрлі, Жапырақ жайса жалтаңға, Жырымның жолы секілді Жеріме жазған сол таңба. Қыдырсам кейде бау-бақта Құбылтқан алуан мəуесін. Жарығын төккен жан-жаққа Көремін ойлар сəулесін. Жанары күндей маздаған Көшелер көрсем келісті, Жырымның əлі жазбаған Секілді жаңа желісі. Көздері күнде күлімдеп Көрінсе маған жаңа үйлер. Кеудемде кенет дүбірлеп Толқиды тосын əн-күйлер. Елестейді еңбек адамы Сарыла іске, сыр бермей, Орнатып ойы жаңаны, Оттарын жағып жүргендей. Сəулетке жерді толтырып, Соғады солар сарайды. Өңірде сонша құлпырып, Өмірлер жайнап қарайды. Отына соның толмаған Көрмейсің күн мен бос айлар. Жанымды менің толғаған Жарылқап дəйім осы ойлар!

ДЕМЕУ Таныр ма мені комсомол, Тобына тағы оралсам? Сырларын, бəлкім, ашар ол, Сыйласар жаны бола алсам? Келбеті ұқсас көктемге Кездері менің есімде. Жігіттік шағым өткенде, Жылысқам содан несіне? Кеудемде ұйым белгісі Көрінуші еді күшімдей. Күтуші ек соны əмісе, Жүзіне ақау түсірмей. Бусана бірге əн шырқап, Гулеуші ек жастық кешінде. Қарармыз деген жатырқап Келген бе, шіркін, есіме! Қасымда қыз бен бозбала Тұратын толып мүсіндей. Соларды ойым болған ба Көрінер деген түсімдей... Əлі де жастық сол шығар Кеудесін қуат кернеген. Орнатып жатыр осылар Сəулетті бұрын көрмеген. Сəулесі шығар солардың Түндерде сонау сөнбеген? Көрген де соны болармын Отырған өзім бөлмеден...

Өзімді содан сырт санап, Жөн шығар сірə бөлмеген. Аузыма, бəлкім, жұрт қарап, Төгілер əсем сонда өлең? Тобыңа тіпті қосып ал, Алыстап кеттік деме сен. Жаңа бір жырлар қосылар, Жанымды солай демесең! СЫРЛАСУ Кеңкиіп маған кейбір жас Қараса кейде шалсынып. Секілді сиқым бейне тас, Қаламын мен де қалшиып. Жүзімде тұрған ызғарды Жасырар ешбір жайым жоқ. Жібітіп сол бір мұз-қарды Ойлаймын сырласайын деп. Жалынған адам сияқты Жылбырау бірақ жоқ менде. Болмаймын өйтіп ұятты, Алпысқа жасым жеткенде. Жылтырап мені алдамай Жүрекпен келсе ол маған, Сіресіп жүзбен арбамай, Жайылып түсем мен де оған. Қатыбас қарттық тез жұмсар, Жүректер тапса жұғымды.

Қасыңда жастық нарға ұқсар Көтерген ауыр жүгіңді. Қараса бірақ ол саған, Қалшиып өзі болғандай. Жайлауың соны аңсаған Жатады иесіз, ел қонбай!.. ҚОЛ Туғанда тұңғыш көтеріп, Таяныш болған осы қол. Тірліктен талшық əперіп, Аяған алғаш досым ол. Анамның абзал жылысын Сездірген тұңғыш сол маған. Əлемнің əсем иісін Емізген бірге сонда анам. Жарымның ыстық жүрегін Жаныма тұңғыш сол басқан. Жалғанның сол бір лебін Сезбеген сірə болмас жан! Ұлыма Ленин есімін Жаздырған тұңғыш жəне сол. Алдыңнан өмір есігін Шаршамай ашқан – тамаша ол. Өмірде нелер қолдар жоқ! Өзімше көбін көрдім мен. Өнерін соның аңғар тек Өрнектер тартып төгілген.

Келеді көріп ғасырлар Египет салған тауларды. Орнатқан жерге осылар Ақ мəрмəр Тəжмахалдарды. Тіл жетпес, мүсін, сəулетті Осылар жерге жасаған. Не ғылым адам əулеті Келеді байып сонша оған! Ұшырған құсын ел-елге Өнердің қолдар ұясы. Өреннен жеткен өренге Өрнектен өшпей сиясы. Шекспир, Гейне, Пушкинді Жеткізген бізге осы қол. Не қилы жылы жақсы үнді Əкелді бізге қосып ол. Сиясыз тіпті кейі оны Жазыпты тербеп жүрекпен. Танисың дəйім сен оны Саздағы сұлу суреттен. Сырынан шебер жазудың Кем емес бізге бұл бірақ. Саусағы Құрманғазының Қалыпты шекте бұлдырап... Өмірде нелер қолдар жоқ. Аңғара білсек тек оны. Жүзікті мүсін қолдар көп Секілді жігіт өлеңі! Қараймын қазір мен бірақ Ғажайып өзге қолға бір.

Болса да кірлеу азырақ, Беделі түгел толған жыр. Түрі бар сонша көндіккен Топырақ, суға кеп түсіп. Көбесін аздап сөгілткен Соқтығып тасқа, отқа ысып. Кездесіп соның біріне, Сыныңа тартсаң өзіңнің: Шыныққан бекем түрінде Көркі тұр коммунизмнің. Үйлерде аспан тіреген Көресің оттар маздаған. Секілді солар жыр-өлең Жеткізіп əлі жазбаған. Космоста тірлік есігін Ашқызған тұңғыш сол жəне. Жерге егіп жұрттың несібін, Жеткізді қанша олжаға! Қуаныш оты сол жаққан Көрінер нелер ғасырдан. Шуағын үнсіз таратқан Не жетсін, шіркін, осыған!!

ӨЛЕҢ ОТЫ Кезімде кейбір сырқаған Деуші едім тосын дерт екен. Кеудемде сонда тұтаған Өлеңнің өшпес өрті екен. Осылар ойда қауласа, Табарсың қалай сен тыныш? Булыққан жаңбыр жаумаса, Алар ма балқып жер тыныс? Көңілден өлең төгілсе, Көтерер сені бір тың күш. Сонылар тауып өзіңше, Сілтейсің жолға не тұңғыш! Ойыңа өріс кеңейіп, Қарайсың кенет қырымға; Жазарың сонша көбейіп, Тартады желі жырыңа. Ендеше солар денемді Иектей берсін, жазылмай. Көремін ылғи мен оны Көктетер жерді жазымдай! АҒАЛЫҚ Ағалық абзал қазақта, Ініге борша босаған. Қарысып салмай қалжаққа; Қараймын сыйлап сонша оған. Ағаттық етсең алдында, Ақылын айтып, кешірер.

Жақсыңды өлшеп жанына, Жалықпай сені өсірер... Қашан да туыс, досындай Қарайды жұртқа жаны ашып. Қараса жəне осылай, Тұрады сонша жарасып. Қазақ та дəйім балаған Қимасын солай ағаға. Осы бір үлгі бабадан Келеді тарап балаға. Тұсында жұрты атапты Аға деп солай Абайды. Қырсықтан қилы сақтапты Кішілік мінез талайды!.. Ініге біткен ірілік Көнбейді кейде икемге. Шырқыңды бұзар бүлдіріп Шынымен қанша сүйсең де. Түгіңе бастықпағандай Танытар талай тарпаңдық. Тар жерде тасырқағандай Ағаға кейде артар жүк. Қалдырмай аға табаға, Түзесе соны əр күні. Өзім де сондай ағаға Болуға бармын мəңгі іні! Жүрісі шалыс жігітке Жөнелмей əсте қол сілтеп, Телмірген сонау үмітке Ағалар лайық болсын тек!

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ Жамырап тағы Жидебай Жаңғыра толды өлеңге. Жадырай қарап тұр Абай Жаны ашыр жақсы өренге. Жақыны, досы соқпаған Сəулетті сонау күмбезге Жаңа бір топ-топ жетті адам Сипаты, сыры мүлде өзге: Саптама етік, салпы етек Мұнда жоқ күпі, кір тұмақ. Демесең ұқсас салты тек, Өзгеше жандар, бұл бірақ. Соларға бойын көрсетіп, Алдына Абай шыққандай. Ақынын солай көрсе тек, Құшуға дайын жұрт қандай! Қуана қарап Абайға, Көресің көздер сүйсінген. Танытар саған қалай да Тынысын жүрек шын сүйген! Шешендер сөйлеп мінбеден, Желпініп алды жұрт біраз... Тербеліп кенет бір өлең, Тамылжи əсем төкті наз. Жүректі шерткен дауысы Абайдың Қаламқасы екен. Сақтаған қимай тау іші Аңсаған жарлар жасы екен!

Алдыңда ойлы ұлы Абай Елжірей қарап жаңа елге, Сəлемін жолдап тұрғандай Осынау қимас өренге. Алқапқа толы ел сонша Теңселіп кетті сол əнге... Осындай өлең болмаса, Жаныңа дəрмен болар не? Дауыс пен ырғақ не түрлі Толқытқан соны қосыла – Абайдың үні секілді Жаңғырып тұрған ғасырға!.. ОЙ ЖЕТЕГІ Байлаулы құстай талписың, Өзіңнен кейде ой озбай. Өмірде үстірт қалқисың, Өлеңге түбің саяздай. Жарықты көзің көргенмен, Жəрдемі тимес қараңның. Өрмесе сəуле кеудеңнен, Бəрі бір күнің қараң күн! Өзіңе қамшы ұрғанмен, Ойыңды сүйрей алмайсың. Талпынса, таппай түк жəрдем, Танауы біткен жандайсың. Жайыңды бірақ білдірмей, Жармасып, жоқты қармайсың. Жайына жүрген, дым білмей, Жандарды қоса алдайсың.

Өзіңнен өзің түңіліп, Өліп те қала жаздайсың. Төнгенмен қанша үңіліп, Өндіріп түк те жазбайсың... Көңілді кенет жарық қып, Келеді ойлар бір күні. Жаныңды сонша қарық қып Жатады маздап күн нұры. Өзіңнен солай ой озса, Тартасың сергек, жеп-жеңіл. Жаралған қайта адамша, Сілтейсің құлаш сонда бір. Аралап ойдың заңғарын, Қарайсың қиыр сан қырға. Сөнбейтін мəңгі шамдарың Жанады дəйім алдыңда. Құяды күшін көңілге Көрмеген жазың тұс келіп. Көрікті жырлар көгінде Ұшасың ылғи құс болып. Көгілдір, қиыр, торғын тау, Құшақтар жасыл белестер. Сонда əлгі күйбең – құр сылтау Көрінер түгел өрескел!

ЕҢБЕК КҮНІ Таңертең тартқан жұмысқа Көремін жұртты күнде мен. Секілді өрген құмырсқа, Несібе теріп дүниеден. Ертеңгі күннің сəулесі Өңірді қандай шалса егер, Осынау жұрттың зердесі Өмірге сондай нұр төгер. Солардың ақыл, ойымен Табылар сырлар білмеген. Солардың батыр қолымен Тартылар жолдар жүрмеген. Алдыңнан жайнап не қилы Ашылар есік кірмеген. Жамырап жастар оқиды Сырласып тосын дүниемен. Сарыла іздеп ғалымдар, Самғайды ойға сан қилы. Лебінде өшпес жалын бар Жаңа бір əндер шалқиды. Сарғая ұзақ отырып Сырыңды жазған дəптердей, Құшағын күндер толтырып Қоймайды сыйын əкелмей. Өздерін іспен тергейді Колхозшы, ғалым, жұмысшы. Бəрін де бірдей тербейді Өмірдің ұлы тынысы...

Сенің де отың қаулайды, Қуатың болса денеңде; Жаныңды қатты баурайды Жаңа бір жазар өлеңге! Ежелден еңбек күні сол, Жатпайды əсте жəй өтіп: Еліңмен бірге сені де ол Тастайды сонша байытып! ҚУАНЫШ Тілейтін қазақ ежелден Сүйініш ұзақ болсын деп. Мысалын соның сезем мен, Толғантса қазір кей сурет: Соғамыз үйлер бекемдеп, Қарасын ептеп селтитпей, Қатарда мүлде мекен жоқ, Қауашақ үйге тіп-титтей. Қалада қазір көрем мен Ғажайып үйлер неше алуан. Іргесін тартқан тереңнен, Қанаты тастан жасалған. Жамырап соған кірсе жұрт, Жадырап мен де қараймын. Тобынан қалмай бір күн сырт, Тойында болам талайдың. Қаққам жоқ соған бір шеге, Қойғам жоқ жəне бір кірпіш. Кім барып бірақ кірсе де, Соншалық жақын тартам іш.

Əйтеуір соған кіргендер Секілді өрен-жараным. Қуанып жатса үлкендер, Жаңғырады үні баланың! Сəулесін күннің толтырып, Сүйсінер онда қанша жан! Үйімде тіпті отырып, Қуанам қатты мен соған. Қосылар онда қанша жас, Табысар қанша жүректер! Қызықтан өмір шаршамас, Ұлғаяр талап, тілектер! Үзілмес жылша жалғасып, Ұласар өсіп қанша өрен! Қашан да жырға жан ғашық, Төгілер əлі қанша өлең! Жаны қош, жарқын сол көптің Шын сыры болғым келеді. Қуанып соққан жүректің Дүрсілі болғым келеді. Күлімдеп тұрған көздердің Ұшқыны болғым келеді. Салтанат құрған кездердің Күшті үні болғым келеді! Қуаныш деген сол-дағы, Түсінсең, достым, сен оны. Ақынның – сəні болғаны, Ауызда жүрсе өлеңі!

ЖҮРЕК СӨЗІ Қаламдас украин достарға Жанымыз бірге тыныстап, Жырладық ұзақ бірге біз. Жүректе екен туыспақ, Түсінсек терең тілге біз. Атақты кобзарь Шевченко Ауылды көріп ең алғаш, Болсын деп түзге көлеңке Егіпті содан верба ағаш. Айдауда жүрген ақынға Болыпты пана киіз үй. Еңсеген қазақ халқына Есіпті содан жыр мен күй. Қазақтар (қандай жаны ізгі!) Сақтапты соны жүректе. Қалыпты соның мəңгі ізі Шевченко салған суретте. Өрісі шалғай көшпелі ел Ұдайы соны бірге айтқан. Дүрілдеп дауыл, соқса жел, Далаға жайып ұлғайтқан! Достықтың ізі тек ол ма? Ұласып жатыр əр қайда. Қырқысқан кеше көгалда, Киев пен қыруар тоғайда. Қазақтар жауға жеңдірмей Қорғасып Киев атырабын,

Өзінің туған жеріндей Елжірей сүйген топырағын. Айдарда біздің Сайындар Шайқасқан қатты өзіңдей. Сонда бір əсем қайың бар Ақынның жазған сөзіндей! Жаудырап балғын ақ қайың Жанады түнде шамға ұқсап. Сақталар солай əр дəйім Өтсе де жылдар сан қисап! Жанымыз біздің осылай Жаралған бірге сендермен. Өзімнің туыс, досымдай Жандарды талай көргем мен. Жарасып үні тағы да Жырымыз бүгін бірге тұр. Ұласқан əлде шағы ма Ертіс, Дон, Іле, Днепр? Құшағы ашық алдыңда Қашан да біздей дос елдің. Дəулеті тасқын айында, Аяулы достым, қош келдің!

ХАЛЫҚ КӨҢІЛІ Қашан да халқың қымбат қимасыңдай, Алдыңда ақтарылған сыр жасырмай. Сен де одан селкеу тартып жүре алмайсың, Көлденең көршілерше сыйласып жай. Қиясың қымбатыңды ол қаласа, Жайың жоқ қайт етуге, қолқаласа. Жырыңды жүрегіңдей ұсынасың; Жақсы тек қалауына сол жараса... Қияды аяулысын ол да саған, Ақ көңіл, қайда жүрсең өз босағаң. Атыңды əрі ұмытпай əспеттейді, Адамдай арасында көп жасаған. Əмісе ардақтысы оның тек сен, Болғаны, жаны сүйген күйін шертсең. Көреді көгіндегі жұлдызындай, Көңліне жақсы өлеңнің нұрын төксең. Тапса егер жырларыңнан ақыл, көмек, Жалғанда сенен артық жақыны жоқ. Бар ма екен сірə сендей бақытты жан, Жаралған сондай елдің ақыны боп!

АРАСАН ДƏУІРІ Əдейі келдім Арасан, Армансыз қарап, жаз мені. Суыңа шипа орасаң, Жазылған жандар аз ба еді? Жарқылдап мен де қайтайын Кеудеме қонып жаз демі. Жаңа бір жырлар айтайын, Жарылқап соның жəрдемі. Түземей қоймас тез, ойым, Жүректің1 сірə қуаты. Жанымды жарқын сезейін Жасарып қайтқан сияқты. Бусанып дəрі бұлаққа Шомылып жатыр мендейлер. Суыңмен бірге шуаққа Жүздіріп дəйім емдей гөр! * Жүрсе де ойым ұзақ төмен бұғып, Өзіме қарамаппын терең ұғып. Бояуым түгел оңып ағарғанда, Қалды екен қай жеріме өлең жұғып? Əйтеуір сілкінсе тек көне денем, Сауылдап төгіледі өлең менен. Жүрегім жылдар бойы жылы сақтап Бар ма екен əлде несі көнермеген? 1 Жүрек – Қапал-Арасан төріндегі тау аты.

Немесе көңілі ме елдің қадір тұтқан, Қымс етсе ақыным деп үміт артқан? Əлде бұл заманымның қуаты ма, Жыр болып жүрегіме мəңгі жұққан? Қалжасы қанша екен деп бағып сырттан, Қарайлап мені іздеген таныс жұрттан – Енді сол жел ауыздар не дер екен Қарайтын не шығар деп осы қарттан? Мен бірақ оған бола етпен өкпе, Терлерін төге берсін мейлі текке... Жанымның жарық күнін сезем өзім, Сəулесін құйып тұрған көкірекке. ТАУ АЛДЫНДА Ұқсайсың күміс шатырға Алдымда биік шыңдарым. Шұбала өтіп жатыр ма Басыңнан ұзақ жылдарым? Төсіне тұман түнеген Бүркітті, Сайым бөлегім. Тасыңда бірге түлеген Жасымда менің өлеңім. Бұлақша жүзіп сырыңа, Баурыңда өстім марқайып. Байытып елді жырыңа, Келемін мен де қартайып. Жарыса өрген құзыңнан Қызығам қилы бұлаққа. Секілді өлең, қызық əн, Тиеді жылы құлаққа.

Қарай да қарай қалпыңа, Қайрылып талай толғармын. Қадырлі қимас халқыма Қалсын деп сыйы Жоңғардың. Тартынар əлі жоқ ойым, Тауларым маған тақпа айып. Жырымды төге берейін, Қалғанша қашан томпайып! ТУҒАН ЖЕР ТЫНЫСЫ Жолын тосып Ебінің Жатыр жайқын Алакөл. Ерлігіндей елімнің Елестейді маған ол. Ебі желі ежелден Екіленіп саулайды. Көл төсінде безерген Толқындар тек аунайды. Ышқынғанмен долы жел, Қалай оны жаулайды? Қасарысқан Алакөл Қалпынан бір аумайды!.. Жаңа келген шағымда Жатыр өзге сыр бермей: Жымың қағып алдымда, Жылы ұшырап күлгендей. Сен де соған толғанып, Дегендейсің жазармын. Табағына толтырып Тартады ол да сазанын.

Баламайды ол бөтенге, Келді екен деп алыстан. Қимағандай кетерде, Сығалайды қамыстан. ҰМЫТПАС ҮНДЕР Жамырай шықты алдымнан Сайларда бұлақ жарысып. Секілді қатты сағынған Көзіме соның бəрі ыстық. Асыға шапқан ентелеп Ағысы, шуы əр қилы. Айнала саған еркелеп, Аймалап, шулап қарғиды. Соңыңнан жəне жетпесе, Талпына ма екен жарды ұрып? Қараңды үзіп кеткенше Қалады үні жаңғырып... ГҮЛДЕР Көрінер сонша гүл əсем Көрікті бояу, иісімен. Өзім де соған, куə сен, Қызығып талай сүйсінгем. Бояуын бозаң топырақтың Бойына тұтас сіңірген: Бусанып, бүкіл атыраптың Жұпарын қоса сімірген.

Тынысқа соны əкелсең, Сезесің жердің иісін... Қолына қыздың əпер сен, Оның да көңілі сүйінсін. Теңесең солай гүлге оны, Қуаныш тауып бейқисап, Құлпырып сонша қыз өңі, Көрінер өзі гүлге ұқсап. Қалпынан сол бір табылар Қарасаң анық мəн беріп: Күндегі өшпес жалындар, Жердегі сəулет, бар көрік. Қаншама соны жырласақ, Тартады жылы сол ғұрлым. Келеді гүлдер мың жасап Көркіндей мəңгі өмірдің. Жүрекпен танып егерде, Сүйе алсаң гүлді сол үшін. Сезесің дəйім кеудеңде Талпынып тұрған жер күшін. Жаныңның күйін шерткендей, Жас інім, соны жырлай біл. Тамаша жазың өткенде Табылмас əсте мұндай гүл. Гүліңе құрбың тым ұқсас Құлпырып өскен бақшаңда. Таусылмас жүрек, жылы жаз Толғанып қанша жазсаң да. Қалпынан соның табылар Қарасаң терең мəн беріп: Күндегі өшпес жалындар, Жердегі сəулет, бар көрік!

ШЕБЕР СЫРЫ Қара тасқа жан беріп, Қашайды əлі қарт шебер. Отырады сол көріп, Таста тыныс жатса егер. Ойлы көзін жүгіртіп, Қолы соған жанасса, Сөйлейді тас тіл бітіп, Сырлар шертіп тамаша. Өлмес, өшпес өмірлер Тастан бізге қарайды. Ынтықсаңдар, көріңдер, Қозғайды қарт талайды: Тоқсан жасқа толса да, Тынбайды əлі қолы оның. Өлең-жырға соншама Төңірегі толы оның. Жүзіндегі əжімдер Жүріп өткен ізіндей. Жылдарына қазір де ол Желі тартқан үзілмей. Жанын еңбек жаңартса, Адам неге шаршасын. Не арманың бар, ағарса Осылайша əр шашың!

КҮРЕҢБЕЛ ЖЫРЫ Ақындар талай жыр еткен Алдымда жатыр Күреңбел. Көрмесе көркін суреттен, Көмескі сөзден білер ме ел! Мысалы тұсқа құрдыңыз Өрнекті, жолақ көк кілем. Төрінде тұрған зеңгір құз Аумайды содан деп білем. Төсіне тұтас төселген Масаты түрі күп-күрең. Толтыра гүлмен безелген – Күреңбел осы деп білем. Шығарма бірақ суреті, Шалғынға шөгіп бір жатпай: Самалға тосып жүректі, Сүйсіне соны бір жұтпай, Кеудеден өрген өлеңдей Төгіліп жатыр сан бұлақ. Сыртынан көріп жөнелмей, Сырына сен де сал құлақ. Ақындар бұрын жазғанмен, Өтіпті онша жанаспай. Біреулер алып жазда дем, Кетіпті мүлде жақ ашпай. Ойлай да ойлай осыны Өзімше жайын түсіндім: Күреңбел – көптің несібі, Меншігі емес ешкімнің! Жайлайды төрін қойшылар, Қонысы зерлі, мұз бұлақ. Сөзімді, бəлкім, осылар Жеткізер шырқау жылға ұзақ!

  • Өзгеге менің өкпем жоқ, Етпесем өзім жасыңтық... Қырлары жұрттың неткен көп, Құбылған жоқты кəсіп қып? Құбылса мейлі ол қалай, Қырқыспан бірақ ешкіммен. Қабақты сезгіш баладай, Қоямын түйіп ішімнен. Көңілге қаяу түсірмей, Сыйласар жəне түрім бар. Өздері бірақ тек жүрмей, Орынсыз кейде ұрынар. Ондайға жаның беттей ме, Көңілің қайтса маздаған: Жемісі жердің жетпей ме? Жарығы күннің аз ба оған? Жанымда жатқан нұрым бар, Жалындап оты сөнбейтін. Жайымды сол бір ұғыңдар, Жазбасам маза көрмейтін. Жұлдызым шығар ол əлде, Жарқырап ылғи өрлейтін? Жеткізер, бəлкім, белеңге, Өлеңдер мəңгі өлмейтін?..
  • Жалықпай еткен еңбегің Жаныңды дəйім жарылқар. Ерінбей егіп сен де егін, Есеңді, достым, алып қал! Күндегі күйбең өнімсіз Көңілге медеу түк бермес. Қалмаса шыдап нұрлы сөз, Жылдарға өзге тұт келмес! Қаракет, қорек – құр аужал, Жаныңа арқау аз күнге. Жалынды сөзге жоқ ажал, Жасайтын тек сол мəңгіге! Екі адам ер, əйелді отыр қатар. Өзгеше түктері жоқ көзді тартар. Көп іздер жүздеріне салыпты тек Сарылып ұзақ жылдар жүрген сапар. Қалжыңы, қалпында əлі əзілдері, Қажасқан, қар жаудырған жоқ зілдері. Біріне бірін бөгде көрсетпейді Беттегі бедер-бедер əжімдері.

Көргенде көп ойлаймын сондай жанды, Көңлімді маза бермей қозғайды əрі. Өзгерткен жарды жарға жат көрсетпей, Тартуы табиғаттың сол ғой мəңгі. Кешегі əсем жарың балдырғандай, Жан көзін жарқын жүзі талдырғандай. Сол бүгін маңайыңнан жылжып кетіп, Қасыңда құр сүлдесін қалдырғандай... Оны сен отырсаң да үзбей біліп, Селкеу ой сездірмейсің бір өкініп. Жалғанда жар көңліне қандай бақыт Тұрғаны махаббатпен жүрек күліп! ӨМІР ЫНТЫҒЫ Қой, ажал, кідіңдемей, аялдай тұр, Қыруар, қызығы көп шаруам жатыр. Əлі де атқармаған міндетім мол, Тындыртпай асыққаның обал ғой құр! Тоймайын дүниеге көзім барда, Төгілген көкіректе сөзім барда. Денемде əзір қияр ештеңе жоқ, Түсіріп титтей нұқсан түгімді алма! Тұрғанда ой орнында, сезім барда, Керексіз дүниеге кезім бар ма? Берген соң берерімді тіршілікке, Жүре бер, мейлің тіпті, өзімді ал да!..

  • * Баларақ кезде көп ойлап, Байыдым күнде қиялмен. Көзімді тартып көк аймақ, Көрінді байтақ ұям кең. Алыста таулар шалқиған, Алдыма тосты арқасын. Араша кездім бал жиған Алатау, Алтай ортасын. Қуатын құйдым өлеңге Құнарлы Ертіс, Үлбенің. Толқынын тарттым мен елге Тоғайлы Сыр мен Іленің. Далаға біткен мəуенің Жұпарын жидым жырыма. Үйреттім құстар əуенін Сайраған сай мен қырымда. Ораған жерді өрнегі Тынысын қостым еңбектің. Өлмейтін өмір бергелі, Жылысын қостым жүректің. Төсіңе түскен, туған жер, Жырымның тек сол жолдары. Өзіңде туған өлеңдер Өзіңе тартса болғаны!
  • * Ақынның жаны өксімей, Ағытып өлең жаза алмас. Сөзіне көңілі көншімей, Тербелер қатты ол алғаш. Жүректе жүгің жеңілер, Пернесін тапсаң кейде бір. Сылдырап өлең төгілер, Секілді түгел кеудең нұр. Жүзбесе жаның тереңге, Жылуы жетпес сөзге оның. Тартпасаң соны өлеңге, Сезімін шертпес өзгенің. Қозғамас жанды сірə өмір, Көзіңе кейде жас толмай. Кеудеге сен де кіре біл, Қалшиып өңкей тас болмай. ҚҰТ БҮЙЕН Бұрқырап өрген биіктен Буырыл жалды Бүйенім. Жанымды жырға шүйгіткен Жағаңды сонша сүйемін. Сарынын шалсам: шың-құзың Сапырып, саба піскендей. Сағынып соның қымызын Боламын дəйім ішкендей. Бұлттан, мұздан құралып Орғисың ойға үш Бүйен.

Жосысаң жоның бұралып, Жалыңды сипап күн сүйген. Толқымай қалай тыңдармын Үніңді өлке жырындай; Шалқая тұрған шыңдардың Қосыла шерткен сырындай. Суыңды сыйға балаған Сүйінсін мендей саған кім? Тамшыңды тынбай қараған Көзіндей көрем бабамның... Жарыса жетіп етекке, Тарайсың түзге сен барып. Суыңды шөлге жетектеп, Болады жылда ел қарық. Толтырып арық, тоғанды, Орайсың таудың бөктерін. Егінге жүзген сол маңды Аралап талай өткемін... Ғасырдың тартқан төрінен Өрісің сенің тым ұзақ. Сырласып қыруар өмірмен Жағаңда жүру қызық-ақ!.. Бұрқырап өрген биіктен Буырыл жалды Бүйенім. Жанымды жырға шүйгіткен Жайыңды сонша сүйемін.

ТУҒАН АУЫЛ ҮСТІНДЕ Жолаушы жүрсек бір жаққа, Жалығып жерді басқанға: Жеткелі жедел жыраққа Аламыз билет аспанға. Бүгін де солай қанша адам Келеміз самғап алысқа. Бесікше баяу шайқаған Сенеміз сонша Сарқұсқа. Қарайын дей ме анамша, Көлденең тұрған Ешкіөлмес? Құсымыз бірақ тым онша Көзге іліп оны ескермес! Қайрылып өзім жалғыз-ақ Қараймын қимас Қоңырға. Қадалам келіп тым ұзақ Жасымнан қанық сол қырға. Жағалай үйлер тізіліп, Тартыпты желі көшелер. Салар ем сурет не қызық Қолымда құрал болса егер. Жайым бар сірə сағынған Көрмеген көптен төркіндей! Үйлері күнге шағылған Жерімнің жаңа көркіндей! Кестелі жолақ қырына Келемін назар аударып. Қалқыған құстай қиырға, Биіктен бəрін аңғарып...

Бұлдырайды ойлар сағымдай. Үңілсем өзен, түбекке. Баяғы балғын шағымдай Соншалық жылы жүрекке. Тұқырып тұрған төменде Тартады көзді Сарбиік. Жасымда, шіркін, төбеңде Тұрып ем талай жарбиып! Қараңды, аулым, көргенде, Өтермін қалай қалқып жəй! Қарайын деймін сендерге Көзімнен əсте қалт қылмай! АУЫЛ ҚҰШАҒЫ Алдымнан жайып құшағын Күтіп тұр əне, Ешкіөлмес. Асығып мен де ұшамын, Өкінер жандай келсем кеш. Көміліп жүзі əжімге Қарайды қара күңгейлер. Алдырмайтұғын əзілге Қайда екен, шіркін, жеңгейлер? Əлі де солар көзіме Келеді үзбей елестеп. Алыстан келген кезімде Көрінуші еді белестен... Əрине, оның көбі жоқ, Таппайсың тінтіп тауыңды! Дегенмен əлі көңіл тоқ Көрем деп туған ауылды.

Балаша аулын аңсаған Бар шығар, бəлкім, мендейлер? Ұқсаймын өзім дəл соған... Ендеше, кəне, келмей көр! ӨЛЕҢ ЖОЛЫ Келеміз өрлеп өзенді Сынысқан терек, талдары. Жолы екен жұрттың ежелгі Жайлаған биік заңғарды. Жылғада қалған арқандай Шұбалып жатыр жол, əне. Сырғытып соны тартқандай Сызамыз ылғи жоғары. Қарайды тауға Ес-ағаң, Сырларын қозғап сан жылғы; Өзі де ұқсас тым соған Қабағы қатпар, əжімді. – Жүрмеген кімдер бұ жолмен, Өтпеген кімдер таңырқап! Сарқылмай соңы, білем мен, Сайрандар мұнда сан ұрпақ. Ырғайлы дəйім жол ашар Жоғары тартқан өренге. Жолымыз солай ұласар Жоғалмас мəңгі өлеңге!.. Жаңғырып сол бір төңірек Секілді бізге үн қосқан. Көгілдір көзі мөлдіреп Төбеден қарап тұр аспан.

  • * Көңілдің күйі келгенде, Толғайсың тосын сыр қозғап. Жарқырап жым-жырт бөлмеңде Жанады дəйім жыр маздап. Ойыңа кірпік ілгізбей, Ұйқыны серпіп тастайсың. Үйіңе түнді кіргізбей, Қаламмен қатты жасқайсың. Қараса мейлі қарайлап Қараңғы сыртта тұнжырап. Көмескі тартпай бар аймақ, Көрініп саған тұр бірақ. Қағазға ойың төгілмей, Өзің де дамыл алмайсың. Жарығын жырдың сөндірмей, Түніңді күнге жалғайсың. Барыңша қорып өлеңді, Бағасың солай қызғанып... Қуантса болды сол елді, Көңлінде өшпес із қалып! ӨТКЕЛ АУЫЗЫНДА Бөктерлей тарттық Барлықты, Шыңдарды қызық арбиған. Қарық қып суға халықты, Басына мəңгі қар жиған. Тұрмайды бұлтқа шырмалмай Көгілдір шыңдар тіреп көк.

Шомылып Барлық тұрғандай Құяды нөсер шүмектеп. Бүгін де көзден жасырды Барлықты түгел бұлт орап. Өзендер кенет тасыды Көбіктер ата, бұрқырап. Қарауыл хабар жеткізді: – Тасты да1 сонша қап-қара, – Қорқытты үйге кеп бізді: Өтуге ешбір жоқ шара! Əркімнің берген ақылы Алысқа жолды сермеді... Жағаға келдік ақыры Тастыны көзбен көргелі. Терең бе дей-дей ортасы, Бөгелдік тағы біз біраз. Бүлкілдеп кетсе жотасы, Десеміз: түбі сап-саяз. Тəуекел етер кезеңде Шофер да тізгін тартқан жоқ. Шошытқан сонша өзенге Дөңгелек тіпті батқан жоқ. Қалжыңбас достым кідіртпей Қайырды жауап аржаққа. Қорқытқан əлгі жігіттен Қаруын, бəлкім, алмақ па? – Ырзамыз, достар, сендердің Іркіліп қалғандарыңа. 1 Тасты – Барлық бауырындағы өзен аты.

Бола алсын кепіл селге кім?.. Қалмайық обалдарыңа!.. Өтпей-ақ енді қайтыңдар, Тілсіз жау – суды кім білсін! Жігітке сонау айтыңдар: Түссең-ақ суға сүңгисің! Қабақта бірге тұрдым мен, Досымды қостап ішімнен. Үдемей, кейде күлдім мен, Секілді бəрін түсінген: Қалың қол болып көрінер Қос атты кісі қорқаққа. Тұмада тасып төгілер Өмірді білмес шорқаққа! * Буда-буда кітапты Боқшасына толтырған – Бала маған қымбатты Барын сала оқыған. Қызғалдақтай көрінген Қызығамын сендерге. Сырласқандай өмірмен Жыр еседі кеудемде. Жаным күлген нұр жайнап Балғын шағым болса, мен Топтарында бірге ойнап, Оқыр едім Шоршамен.

Бірақ ұғып жатқан жоқ Тəңірберген, Ырыспай...1 Талқан үшін тарпаңдап Тарасайық ұрыспай! БАЛА ЗАҢЫ Күнде қаулап өсеміз Гүл-мəуедей бақшада. Бағымызды көрсеңіз, Секілді бір жақсы ана. Мейірімді, бала жан, Бағады ылғи аялап. Еркелейміз біз оған, Бауырына саялап. Бала сыры белгілі – Бəріне де ол жетік. Бізге дəйім үлгіні Отырады үйретіп. Бəрімізге бағалы Бірге өсірген бағымыз. Алаламас баланы Қандай жақсы заңымыз! * Мен өлеңді Құбылтқанды Онша көп Жек көремін. 1 Шорша, Тəңірберген, Ырыспай – құрбы-құрдастарым.

Тек тілеймін; Бір келелі Қызықтары Болса деп, Ол болмаса, Сөз оңбаса, Не керек, Аулақ əкет. Айтарым тек: Жақпас асты Тастасаңшы Ертерек. Көңілшектік Көрсетпес түк Игілік; Қинар қайта! Соны байқа: Шығармай сырт, Салмасын жұрт Қиғылық! ЖАН СЫРЫ Ауырып аяқ, қолым неше күндей, Аунақшып жаттым үйде көтерілмей. Көрінді өз төсегім өзіме жат Қолайсыз қонақ үйдің төсегіндей. Ақыры маза бермей ойлар маған, Əсем күй секілденді ойды арбаған. Қосылып дүрмегіне кеттім кенет, Кезіндей болмайын деп той тарқаған. Достарым, өлең солай туады екен, Көңілден көлеңкені қуады екен.

Жазылып кеттім дерттен сол келген соң, Жазғанның жүрген жері дуалы екен! Қазір мен сырқамаймын, ауырмаймын. Жұп-жұмыр шырын піскен қауындаймын. Кеудеме күй толтырып қойғанға ұқсас, Қол тиіп қозғап кетсе, сауылдаймын. Ұмыттым ұйқыны да, дамылды да, Маңымнан естімеймін дабырды да. Өзге бір дүниеден есік ашып, Кеткендей араласып жаным дуға! Адамдай ала қызған соған асық, Үніне елеңдеймін құлақ асып. Ұйқымнан өлеңімді қызғанғандай, Кетемін төсегімнен тұра қашып. Қағазға солар түгел төгілгенше, Отырам көкжиегі сөгілгенше... Мені бір мəжнүнге ұқсатар ең, Күндегі сол жайымды көзің көрсе. Өкпе ғып, елп етпеймін оған бірақ, Алдымда сылдырап тұр өлең-бұлақ. Жанымды жақсы əуезі тербеткендей, Түремін жалғыз ғана соған құлақ. Жатсам да дамылдауға таңға жақын, Жəне бір қызығым бар таң қалатын: Оянам е дегенше ұйқым қанып, Құйғандай əлдененің жан лəззəтін! Тəрізі, тағдырым бір осы өлеңмен, Ол келсе-ақ, шалыс баспай, төселем мен... Қойдым ба сыр айтам деп, шынымды айтып, Онымды, оқыс болса, кеше гөр сен!

  • * Көгілдір орман оранған Қанықсың көзге шың мен құз. Саялар тауып араңнан, Сүйгемін сенде сұлу қыз. Мойылдай шашым қап-қара Секілді ем түлек жас бүркіт. Тартыппын қазір, жоқ шара, Балапан түстес ақ үрпік. Жалындап тұрған жас түгіл, Жуымас жандар тоқтасқан. Қалпыма қаяу түсті бір Пышақша жүзін тот басқан. Биікте буын дірілдеп Бара алман енді қияңа. Қанатты құстай бұрын кеп Қонушы ем қиын ұяңа. Қараймын соған ойланып, Қашан бір көрген түсімдей; Танымас жерде оянып, Таңырқап тұрған кісідей... Он бесті қиял өткенмен Оралмас қайтып ол енді. Тыныстап тұрса тек кеудем, Жазайын тынбай өлеңді!
  • * Жерімнің жиһаз жүгіндей Жараса біткен тауларым. Сазы бай, сұлу үніңдей Сезілер орман, бауларың. Шағылған күнге найзадай, Шыңдарға көңлімді аудардың. Көзінде ойнап нажағай, Көрікті қандай жауған күн! Жанымның жазын көргендей, Төсіңде талай аунармын. Кеудемнен өрген өлеңдей Көгіңмен бірге қаулармын. Қыдырлы дала, тау мен тас, Өлкеңде өстік мекендеп. Қиялдап адам тауыса алмас Қызығың сенің неткен көп! Жүрекпен сүйсе жерін кім, Төгіліп тұрған бəрі өлең. Тере алсаң соны, еліңнің Есінде сен де қалар ең!.. ƏДЕТ КҮШІ Ойларым кейде маған тыным бермей, Кетемін темекі уын бұйым көрмей. Шылымды шиырылдыра тартамын кеп, Шүйкелеп көк түтінді иіргендей. Тұрса да кейде тіпті үй булығып, Қағаздан бас алмаймын ылғи бұғып.

Сарғайтып саусағым мен сарайымды Жатқанын елемеймін уы жұғып. Ол менің ой үстінде қорегімдей, Қимаймын кенет берген көмегін кей, Жұрт бірақ сырттан маған таңырқайды Зиянын жүр екен деп неге білмей? Əрине, ол кінəмді сезем өзім, Білемін улықтырған нелер кезін... Алайда соған бұрын ұмтыламын, Алдымнан ашатындай өлең көзін. Шағымда денеме уы жұғып болған, Десем де маңайына жуық барман. Қолыма қағаз алсам, соны іздеймін, Адамдай əлденесі ұмыт қалған. Осыны басынан кім көп өткерсе, Жайымыз жадыға ұқсас теңеп көрсе... Дегенмен азабына көнер едім, Ойлаған өлеңіме көмек берсе! АСАУҒА ТҰСАУ Балалар мені бір кезде Баласа кенет атаға, Құлағым көнбей бұл сөзге, Жорушы ем ылғи қатаға. Өрендер қоршап өрімдей, Отырсаң сол бір ортада, Көзіне жұрттың көрінбей, Бояуың бұғып жата ма?

Ақыры содан жеңіліп, Көңілің қоймас тоқтамай... Алады ақ шаш көндіріп, Басыңа киген ноқтадай. ЖЕР ҚЫЗЫҒЫ Былтыр да осы тауыңа Еркелеп ем бір аунап. Сондағыдай тағы да Əсем гүлдер тұр қаулап. Жер құлпыра жамылған Гүл өрнегі не түрлі, Тақияға тағынған Тана-моншақ секілді. Сол суретті көрмесең, Жазбас едің сен оны. Өсеріне сенбесең, Тумас еді өлеңі. Жер дегенің осылай, Жыр менен күй арқауы. Қызығы бір басылмай, Сонша өзіне тартады. Жатсаң кейде шалқаңнан Шалғынында мал жайған: Жер аймалап арқаңнан, Күн сүйеді маңдайдан. Сол қызуы сөнбейді Шағыңда да қартайған. Көңіліңді не тербейді, Жер қызығы қалса ойдан?!

ЖЕР ҚУАТЫ Туған жер! Сонша саған сүйінемін, Секілді саяң ылғи үйім менің. Төріңде аунасам да, ойнасам да, Шертесің көңілімнің күйін менің. Арнаған несібең көп, білем, маған Сан жылдар сақтағандай сүйген анам. Көңілі көп дəметіп, қолын созған Мен сенің секілдімін күнде балаң. Жазда бір шалғыныңа жатсам да аунап, Жанымда жамырайды жасыл бау-бақ. Талпынып сенің жылы көкірегіңнен Тұрғандай сезем ылғи өлең қаулап. Сүйсініп шомылсам да бұлағыңа, Жатады жыр жаңғырып құлағыма. Көздері көп өмірдің күлімдейді Күніңнің масайраған шуағында. Сынысқан, көк мұнарлы қарағайың Сызыла сыр шертеді маған дəйім. Көп үнді қилы сырнай қосылғандай, Күй төгіп сыңғырайды өзен, сайың. Кейде бір қылаңытқан қайың көрсем, Жарымның елестетем шағын əсем. Осылай жүрегімді тербетпесең, Сол ғұрлы сені сірə сағынбас ем! Сүйкімді маған тіпті шөп пен бұтаң. Көзге бір көрінбейсің кеусеп жұтаң. Түспеген жыл арқауы тұрпатына, Туған жер, сонша өзіңді арқа тұтам.

Қай заман сен əлемде жасағалы! Алдыңда алпыс тіпті жас-ау əлі!.. Сеземін өзімді мен сəбиіңдей, Десе де жұрт қаншама: шашы ағарды... Көрінсе көркің көзге жылда көктеп, Жасартса дидарыңды жұрт өрнектеп, Кеудеме күнде лебі қуат құйып, Жуырда қартайтпайтын мені сол тек. Келсем де алпыс түгіл тоқсан жасқа, Бекір ем жыр жазудан тоқталмасқа... Туған жер, жүрегіме дем бере гөр, Жанымның жазын əсте тот шалмасқа! ҮМІТ ОТЫ (Жас күнгі дəптерден) Көрінген өзім емес, құр сүлдерім, Көз сүзе тегін емес күрсінгенім. Жалт етіп жазатайым бір қарап кет, Кеудемде үмітімдей жүрсін менің. Өмірде өгей жанша селкеу тартпай, Өлеңге берілейін дамыл таппай. Өзіңді тыныс көрген қуанышым – Маздасын көкірегімде шамшырақтай. * Талғауым, маған көмек бер, Толғанып өлең жазарда. Қолымда дайын шелектер, Барайын мен де базарға.

Бағыдан базар белгілі, Бағалы нəрсе көп шығар. Кезіксе жеміс не гүлі, Біреуі керек боп шығар... Адамның бағы əйтеуір Сыналады осы базарда. Алдыма бəрін тарта гөр, Алайын таңдап жазарда. Ұялмай үйге келуге, Табайын тəуір жемісін. Жарасын жақсы деуіне, Шикіңді халық не қылсын! МЕНІҢ ТЕГІМ Тұғиян жоқ деп айтпаймын Тегінде біздің ол шалда. Өзіме қарап байқаймын: Қосылмас онша осалға... Шылғырған надан демесең, Сырында оның мін бар ма? Сыртыңды соған теңесең, Шырқыңды сірə бұзар ма? Əрине, ол ұзақ мал жайды, Бөлініп түзде түнгі ұйқы; Өзі де содан аумайды – Бітімі, түрі шіп-шикі! Кигені күпі, тон, тұмақ, Күнесте жүрген түйедей. Тұрмыста түбі солқылдақ, Секілді селкеу, тым өгей...

Алайда, əкем надан деп Қоярмын қайда жасырып? Шыдамды, қайта, адам деп Шырқаймын жұртқа асығып! Жырымның жылы жолынан Табылсын деймін аты оның. Қара үзе шығып тобынан, Жалғасты қайда арты оның? Сұраса кімдер тегімді, Айтарым менің тек осы. Көреген артық, кемімді, Оқушы оған төреші: Осал деп оны айтпаймын, Сабағым содан жалғанса; Өзіме өлшеп, байқаймын, – Болмаған осал шал да онша! Өңімде кейде, түсімде Боламын түрін көргендей. Күпінің сақтап ішіне, Көп ойын маған бергендей!.. СЫЙ Ала бер, достым, Əбділда, Арнаған сыйын тауымның. Коймады деме алдыңа Аңқытып Сырдың қауынын. Сабағын созған үзілмей, Бейілі бірдей ауылдың. Албырап қыздың жүзіндей Алмасы тұр ғой бауымның.

Арзан сөз, аптық неге сеп, Алдына ұқсас дауылдың! Көңілін жұрттың теңесек, Көліне ұқсас жауынның. Құнарлы нөсер белгілі, Құлпыртып жерді көгертер. Халқыңның жылы көңілі Азыңды үстеп көп етер. Ақындық көзің анықтар, Айнытпаушы едің, бауырым: Жаныңды сенің жарылқар Жүрегі мынау қауымның! ЕЛІМНІҢ ЕРКЕ СЕРІСІ Тойыңда тұрмын, Сері-аға, Толқытып ойлар кеудемді. Түседі сəуле санама, Толғансам ойлап сендерді. Өнері тойға ұласқан, Елімнің ерке серісі: Өмірің бітпес бір дастан, Өлеңнің ұзақ желісі. Күндерің сонау есімде, Көзіндей көне əкенің, Күпінің сақтап ішіне Өнерді бізге əкелдің. Ғажайып сол бір жүректі Халқымыз қалай ұмытар? Қызуы күндей құдіретті Қыруар жылды жылытар!

Жаныңмен жырлап жаңаны, Қаластың кірпіш өмірге. Жұлдызша шығып жоғары Жарастың өнер көгіне. Жүрегі, жаны ерекше, Теңемес сені кім күйге? Сендердей адам келмесе Құлазыр еді бұл дүние! Ініңмін деуден ерінбен, Болса да шашым күмістей. Құшайын, келші бері, мен, Құмарым қанбас сүйіспей! * Бетіне тіктеп қарамай, Сақтағам көңілін ағаның. Танимын дереу баладай, Тарынып шытса қабағын. Мұздаған бірақ ірілік Өзгенің бойын көрсетпес. Төркіні бөтен бұл қылық Жараспас жанға сіз тектес. Сүйкімді қандай қыз мінез Оранған ылғи жібекке! Жаныңды жебеп сол əр кез Жүреді жылы жүректе. Ағаның жаны болса ізгі, Жайың жоқ ешбір көрмеуге. Өзгертпей əсте мен сізді Сақтаймын солай кеудемде.

Айнымаса аға алдыңда, Ініге қандай зор мақтан! Сезесің дəйім жаныңда Секілді маздап жыр жатқан! * Ақынның күні тым қиын! Толғатқан жанша ол бейне. Толтырып ойға күнде үйін, Толғанып азап көрмей ме? Қиынға барып қайдағы, Қызықты сырлар термей ме? Өнерін төгіп ойдағы, Өлеңге сəуле бермей ме? Сарайлар соқса өрнектеп, Жайың жоқ əсем демеске. Жүректі жырмен тербетпек Содан да қымбат емес пе? Ақынның қызық мінезі, Жалғызбын бірақ демейді. Жырымен келіп бір өзі Жаныңды сонша жебейді. Ортада жүрсе үндемей, Өзіңдей ол да бір кісі. Онымен ақын кімге өгей, Жаралса ортақ мыңға ісі!

ҚАЙРАҚ Өзіңнен, достым, түңілмей, Жаныңа терең тез үңіл. Дақпыртқа бекер жүгірмей, Серпілсін деген сөзім бұл! Орынсыз оны қолпаштап, Өзіңді сонша қор тұтпа. Жүргендей қыран құс сақтап, Өзгені қоса қорқытпа! Көргені сенен көп пе оның? Білгені сенен бай ма əлде? Байқауға елдің өткенін Шықты екен ұзап қай белге? Бітімі шексіз теңіздей Есіңде тұр ғой не заман. Бейшара-ай, қайтсін дегізбей, Тезірек серме сен оған. Көңліңнің шамы жанса егер, Көрінер саған қайдағы. Сарылған солай сан шебер – Қажымас ерлік айғағы! Ал, анау қыран құсыңды Қоя тұр əлі қоқитпай. «Құйтулап» жүріп, осыңды Жіберсең жарар шоңқитпай!

АҚЫН МЕН АСҚАР Төменде тұрып кейбіреу, Түйеді тауға жұдырық... Биік деп өте сол тіреу, Тастайын дей ме жұлдырып! – Шыңдарың шырқау болса да, Шынында менен сен төмен. Ойларым озып соншама, Жұлдызды сүйеп тұр төбем!.. Əжімді жүзін тер басқан Арзымайды оған Алатау. Сырласы жалғыз көк аспан, Сылдырлақ сөзге самарқау. Ақынды биік көтеріп, Аймалап қимас анадай. Əдемі гүлдер əперіп, Құшады сəби баладай. – Жұлдызға жетсең, балам сен, Ұшырғам шығар ұямнан. Өзіңе құлап бар еңсем, Күндерің көп қой сый алған. Төскейім қыстау, төбем жаз, Сайладым сая саған мен... Жетердей осы шебер наз, Желпиді жібек самалмен.

ШЕБЕРЛІК Қорқытпа мені сен онша, Шеберлік жолы қиын деп. Жүрегім жылы жаралса, Алатын менің сыйым көп. Серейіп сыртта көрінбей, Сыбана кірсем ортаға; Өмірдің мен еріндей Тартармын сыйлық қолқаңа. Белшемнен жүзіп егінге, Соғармын бірге сарайлар. Жарасып соның төрінде Жарқырар маздап жаңа ойлар. Тербетер солай тек жүрек, Жеткізіп сырын не тілмен. Тебіренсе соған көкірек, Шеберлік осы деп білем. Болмаса сол бір қуаты, Жайың жоқ жəрдем берерлік. Айнығыш қыран сияқты Қайрылмас саған шеберлік. Жырыңның əрбір сөзінде Жаныңның оты жатса егер. Сезерсің оны өзің де, Жалғанда сенен жоқ шебер! Оты жоқ өлең сонша олақ, Үйріле бермес тілге де... Айтарым менің тек сол-ақ, Мейлің біл, достым, білме не!

АҒА ТІЛЕГІ Сөзімді, Хамит, сен екше, Сөйлесем қимас ағадай. Жайың бар жансың ерекше Жəне үлкен, жəне баладай. Елуге келдің ер жетіп, Еліңе салып көп олжа. Өлеңдер тартқан кенелтіп Өкпеміз болмас о жолға! Əкелдің арнап халқыңа Арқалап қыруар дастанды. Жетер ол жүлде тартуға Тізбей-ақ тіпті басқаңды. Тоғытып жырға далаңды, Тойыңа келсең сен биыл. Тоқтатпай сілтер қаламды Тосып тұр тағы не қиыр! Өлкелер бағып ойыңды, Өмірлер алуан тұр күтіп. Таныт бір тосын бойыңды Таппаған бұрын жігіттік! Өзім де бүгін тойыңды Құттықтап тұрмын сол оймен. Ағаша бағып жолыңды, Абзалдық дейім тілеймін. Көгалды жапқан ертеңгі Көрінер шықтай буырыл шаш. Көрікті сол бір өлкеңді Құшуға кімдер қызықпас!

ЫРЫС АРНАСЫ Жылы кеп жеріміздің тамашалы, Жырласақ қанша мақтап жарасады. Көз жетпес қиырына кең өлкеміз Тағы да ен дəулетке тола салды. Алатау, Алтай, Орал арасында, Қарасаң Қазақстан даласына; Шіпілдеп, шеңберіне əрең сыйып, Тұрғандай Мұхит толқып дəл осында. Кернеген кең жапанды теңіз егін Көмкеріп жатыр түгел көкжиегін. Шомылып толқынына, сүйсінгендей, Қарайды соған артып күн иегін. Қандай қол еккен мұны, қандай өнер? Сырлары жырға толы бар ғой нелер... Еңбегі ел аузында аңыз болып, Күн сайын осы өңірде туад ерлер. Сай өрген сонда бүгін саптар қандай! Сапырып сақараны қотарғандай. Күндіз-түн дала түгел дүрілдейді, Күркіреп көкірегі от алғандай. Тынысын тыңдай білген табиғаттың, Ырысқа жерді сықап салды, халқым. Өңірден өзің жүрген ағыл-тегіл Өңкей бір өзендерді ағызды алтын! Осыған өтер сірə кім үңілмей? Қырмандар мөймілдеп тұр иірімдей. Алдыңда сапырылып борайды астық, Саудырап сары алтынның түйіріндей.

Сəттерде сол еселеп құя түскен, Жан біткен өз мерейін ұғады іштен. Халқыңның қайтпас, тасқын ырысындай, Қарайсың сен де соған қуанышпен. Байқасаң туған жердің атырабын, Бəрі де ағытып тұр бақ бұлағын. Еліңді емірентіп жарылқаған Келеді сүйгің соның топырағын!.. БАЛА КҮҢГЕЙ Шағын тау Бала күңгей көк қияда, Бақ-дəулет ондай жерге көп сыя ма? «Табағы тар жаралған тапшы өңірге Тəңірім несібесін көп қия ма?» – Деуші еді осы өлкенің елі бұрын, Өзім де аралағам ойы, қырын. Тұмадан талшық алған титтей егін Тамызбай кетуші еді көбіне ырым. Көзімді тартады сол Бала күңгей, Жүзіп тұр бауыры егінге, адам жүрмей. Өмірбек, Омар неге кедей өткен, Осынау ен дəулетті ала білмей? Кеңейіп кеткен бе əлде алқап бүгін? Келемін көзге тосын байқап түрін. Толықсып егінді өңір шыға кепті, Қашанғы кəрі түбір тастап түгін. Жалғасып жатыр соның көкке шеті Өсірген бабын тауып кім біркелкі? Баяғы бабасының есесін ап, Елінің екті ме екен өз перзенті?

Құйған ба құтын соған елдің қолы? Кең өлке тіреліп тұр егін толы. Солардың арасында бұғынғандай, Көрсетпей жатыр ұшын керуен жолы. Жасырған жол сорабын жасыл өзек, Жан-жағын жалпақ егін жатыр безеп. Бидайлар буырыл тартқан мұртын сылап Қарайды маған ылғи басын изеп. Тұнып тұр егін түрі жаңа піскен, Бықып жүр комбайндар соған түскен. Лезде-ақ егіс шеті ығысыпты, Шыдамай сырғығандай сонау күштен. Дəулет сол құйып жатқан «Арасанға». Тым аң-таң Бала күңгей тамашаға... Астығы алдындағы төтеп жатыр, Ол түгіл өзге өлкені орасаң да! ДИҚАН СЫРЫ Сықасып байтақ алқапта, Сықырлап егін толқиды. Жазғандай өзі дəл хатқа, Сырларын диқан оқиды. Сабағы биік бидайдың Сипайды сұлу мұртынан. Танысын оны мұндай кім, Тынысын түйген сыртынан? Қауызды кернеп тырсиған, Санайды дəнді ерінбей. Елестей ме екен шіркін дəн Өзінің моншақ теріндей?

Жайына соның дағдылы Өзім де қатты қызығам: Судырап құйған дəн үні Секілді өлең, сұлу əн! МАХАББАТ ТІЛІ – ПАРТИЯ Сырыңды сенің, партиям, Келемін жете шерте алмай. Қағажу қалсам бар сыйдан, Батар ма жанға дəл сондай! Ойларын жұртқа Лениннің Жеткізе жырмен білмесем, Шертпесем сырын елімнің, Не керек бітеу құр еңсем! Қалтада қызыл билетті Қампитып жүру неге сəн? Кетікке дереу керекті Қаланар кірпіш болмасам? Сырыңды сенің, партиям, Жеткізіп солай айталмай, Көңілім талай тартты ұяң, Сынаған сəтте дəл сондай! Əреңмен бастым аяқты, Теңселген жанша мас болып. Өзіме соқтым таяқты, Көзіме кейде жас толып. Ойлаймын соны тағы да, Өлшетіп бəрін безбенге. Халқымның қарық шағында Ұқсаймын мен де сезгенге.

Жерімді түгел кернеген Осынау теңіз миллиардты, Кетпейтін жырдай кеудеден Кенелтіп сонша кім тартты? Ерлікті ел мұндай істер ме, Өлшеусіз саған сенбесе? Сезбеген бұрын еш пенде Қуат бар мұнда, ендеше! Өзіңше елін сүйсе кім, Жүрегін дəйім жылытар. Өмірлік нұрын құйса күн, Осылай жерді жарылқар! Жетсе тек осы махаббат, Жеткізбес биік жоқ білем. Айналам түгел мал мен бақ, Менің де сыйым көп білем. Ақын да шалқып сөйлейді Махаббат тілін тапса тек. Мені де шыңға сермейді Ойыңа сөзім тартса тек! * Кейде ақын ұзақ түнге жазад өлең, Демейді ол біткенше маза көрем. Көңлінде түйін болмай, төгілсе жыр, Көрінер қуанышы көп, азабы кем. Ондайда қараса оның кім түріне, Ұйқы ізі шалынбайды кірпігінде. Қаламмен қарауылда отырады, Қайырып түнді түздің түкпіріне.

Тынбайды ол таң білінбей, түн түрілмей, Бағады ой өлкесін кірпік ілмей. Өлеңін ұйқысынан көреді артық – Тербеткен төсегінде түк білдірмей. Түгендеп дүниені көңіл жүйрік, Қозғайды ақын күйін төгілдіріп. Осылай масайраған таңмен бірге, Қарайды өлеңінен өмір күліп. МАЙ САЗЫ Жарылқап жерімізді жылда осылай, Жүрекке жылы тиіп келесің май. Қараймыз тамылжыған тұрпатыңа, Тұрғандай өнбойыңа өлең сыймай. Күн көзің қуанышты күлім қаққан, Бұлақтар көмейіңнен күліп аққан. Сүйкімді бағымызда көрінеді Сан қилы жарастырып гүлін таққан. Осылай ашқанда сен өмірге есік, Келеді əнші, жыршың бірге ілесіп. Сілкініп жым-жырт орман шертеді күй, Жеріміз секілденіп жырға бесік. Уа, шіркін, дүниенің əнші Майы! Сен келсең, құлпырады жер шырайы. Күй өріп көкірегінен күллі өңірдің, Сайрайды тіршіліктің бар сырнайы. Бар ма екен дүниеде сенен жомарт? Демейсің, не қаласам, қолыңды тарт. Аларым ағыл-тегіл алдымда тұр, Соны тек толғай білу өзіме шарт.

Желікпей жеңіл-желпі құр сарынға, Қадалам қаулай өскен нышаныңа. Сені бір мейіріммен жырлайды жұрт, Тұрғандай қуанышы құшағында! БОРЫШ Алпыс жыл қиды күн маған Өзінің жылы жарығын. Кеудеме қалай жинағам Сыйғызып соның барлығын? Қызуын сол бір сыйлаған Жеткізе бермес сөз айтып. Ойласам кейде, ұялам, Қаруы соның аз қайтып. Теріңді төккен көп ісің Шеніне соның жетер ме? Бітер ме түгел борышың, Мойныңда, бəлкім, кетер ме? Алуың арзан болғанмен, Табуың қиын өтерде. Жаныңа салмақ салған жөн, Жалтаңдай бермей бекерге! Көңілді тербеп күнде өмір, Төгілсе тынбай бірге өлең. Жарығы күннің бірде-бір Дер едім тіпті сөнбеген.

АҚЫН ЖАЗЫ Құс көңілім құйқылжыған қайда менің? Төгілген көкірегімнен қайда өлеңім? Жыр толы жылдарымнан жырақ тартып, Жаңылыс жазатайым қайда келдім? Алпыс жас əкетіпті мені шырқап, Əрнеден алыстатып, жеңді бұл шақ. Жаз қайта, ақшалаған тау басындай, Əппақ қар қара шашты көмді шымқап. Соған тек тоңар емес көңіл мұздап. Жанымды жарылқайтын сол жалғыз-ақ: Басы қар Алатаудың құшағында Балбырап əсем жазы тұрмай ма ұзақ! Осыдан айнымайды көңіл кейде, Аңласақ, жер бітімі – өмір бейне. Қар жатқан биік шыңдай қарт ойынан Өлең де тас бұлақша төгілмей ме? ӨЛЕҢ ӨМІРІ Ауыл маңын қыдырсам ерте, кеш мен, Көз алмаймын ойланып Ешкіөлместен. Ұқсайды оның кескіні əлдекімге, Шашы ағармай бетіне əжім түскен. Қара барқыт тау басы қашан көрсем, Менің шашым көрінбейді ақ күмістен. Қандай ұрпақ келсе де бауырына, Қарсы алар деп ойлаймын сол тұрыспен. Тау түріне қызығып тұрдым бір шақ, Жасында оның жоқ шығар тіпті қисап! Осы өлеңді тасына жаздым барып, Бірге ұзақ жыл тұрсын деп өзі құсап.

ЖЫР ҚҰСЫ Сезбесең өлең күшін жаның жүзіп, Жүргенің қысыр сөзбен күн өткізіп; Жалтаңдап жыр маңына бара алмайсың, Тұрса да бір өзінде барлық қызық. Шертесің басқаша бір онда сырды: Мəз етіп əзіл сөзге жолдасыңды; Бос тұрған босағада əңгелектей, Жоқ жерге тығындайсың өз басыңды. Боласың жиыншыл да, думаншыл да; Барудан жалықпайсың бұған сірə. Сыртқа тек сыр білдірмей сызыласың Өлшеу жоқ секілденіп қуанышыңда. Сен солай көрінгенмен құр құбылып, Ішіңде жатады ылғи итің ұлып. Өзіңе өзің селкеу көрінесің, Жүрмін деп дүниеде не тындырып? Болса да тамағың тоқ, ұйқың қанық, Əлдене мазалайды тыншыңды алып. Секілді өгей бала құлазисың, Пендеге керегің жоқ сықылданып. Тарынып жүрген көшең, жұтқан ауаң, Таңырқап қарағандай күнде саған. Өзіңді өлеңі жоқ, өгей сезу Апыр-ай, дүниеде неткен жаман! Ойлайсың нелер қиял, тынып іштен... Асың да батпайды онша үйіңде ішкен. Өлеңге асығыңдай езеурейсің, Күтетін кездесер деп қай мүйістен.

Ұстатпай əурелейді ой ұшығы, Өлеңнің шабыт жоқта сол қырсығы. Кенет бір көрікті ойға тап келесің, Көргендей көктемдегі жыл құсыңды. Қонады көңілге кеп шабыт құсы, Нұр толы өнебойы – жарық түсі. Тұрғандай қанатынан өлең ұшып, Қараса бар бітімін танып кісі... Қолыңа қонғанда сол құсың күткен, Кеңейіп кетеді тез дүние біткен. Тарынбай балаңа да, жарыңа да Қарайсың елжіреген шын жүрекпен. Сезесің өзіңді əрі өзге жандай, Бар отың маздайды бір жүрген жанбай Өзгеден минутыңды қызғанасың, Ойыңда анекдотқа орын қалмай! Осылай шабыт құсы келгенде анық, Кетесің оңашаға өзіңді алып. Апыр-ай, ақын қайда жүр екен деп, Сұрайды достарың да қайран қалып. Жауапқа іркілмейді оған ақын: –Таниды ақын жанын менің халқым! Неғұрлым оңашарақ жазсам өлең, Солғұрлым өздеріне болам жақын! * Өлеңім үйлессін деп əнге менің Сөзімді құбылдырып əрлемедім. Жұрт ойын тербетсін деп жаздым оны, Сол ма екен ағаттығым əлде менің?

Оны сен жазбаған соң əнге əдейі, Дей ме екен əлденесі дəл кемейді. Жүректі жылындырар нұры болса, Өлеңнің əнге сірə бар ма өгейі? Жасымас, білем, бірақ жырым менің, Жалықпай шертсе болды сырын елдің. Болмайды өлең əсте əннен кенде, Халқыңның сақтай білсе жылы көңілін! Мейлі олар ете берсін мені мазақ, Біріне бүлк етпейтін мен бір қазақ. Жүрекке жүк қып соны жыя берсең, Жуырда арылмайтын ол бір азап. Ондайдан жаным алыс, көңілім азат, Шу, сылтың мұқата алмас мені қажап. Толқынды қанша соқса қақ айырған Жартастан жағадағы көрдім ғажап. Бөлшегі болсам мен де табиғаттың, Қалайша қажағанға тапжылмақпын? Сұқ сөзді суша жарып тұра алмасам, Сыртымнан сірə мені танымақ кім! Қартайдым деген əңгіме Көрінер, бəлкім, құр желеу. Жайымды бірақ əркімге Танытар мынау ақ селеу.

Шашыма бола сірə мен Сұраман жастық ешкімнен. Жазылып жатса жыр, өлең, Көктермін қайта ішімнен. Жүзіме жылдар із салса, Демеймін бойға оны мін. Самғаса болды құстарша Өлеңші ұшқыр көңілім. Жасымды жатса жыл ұрлап, Тұрмаспын жəне қартаймай. Жатпасам болды жалғыз-ақ Жантайып төрде атамдай! ЖЫР ТОЛҒАУЫ Қарайсың күліп көзіме, Не əкелдің екен Жыл маған? Жылдарым келген кезінде Төгіле талай жырлағам. Жүрекке жылы өлеңдей Тиесің, жылым, шын маған. Жалыны қайтпас өрендей Жанымды дəйім шыңдаған. Көзіңнен көрем сəулеңді, Шапағы жерді шырмаған. Ғажайып қызық дəуренді Секілді шерткен бұл маған. Жарығың шалса болғаны, Өзгені мен де сұраман. Қаруым барда қолдағы Есемнен ешбір құр қалман.

Кеудемде күнің күлімдеп, Жанымда жазың жарқырар. Түзімде көгің дүркіреп, Бауырында бұлақ сарқырар. Мөлтілдеп шыққан терімді Моншаққа балап төгермін. Береке иген жерімді Белшеден ырысқа бөлермін. Балқыған темір қызуын, Арынын асау өзеннің, Қажымас еңбек қызығын Өзім де түгел сезермін?.. Халайық қалап оқыса Ақынның сол бір өлеңін, Саған да менің осынша Тигені дермін көмегім. Жаратса жұртым жырымды, Жадына түймей нағылсын! Өлеңде тұрған нұрыңды Өзің де сонда танырсың. АЙДАҒЫ ТАС Аспанда жалғыз бозарған Қарадық айға қанша біз. Болса да білу оны арман, Арамыз жатты сонша алыс. Қиялға бөлеп оны тек, Қиырдан қостық өлеңге. Толғаған соны көп ертек Жайылды жыр боп өренге.

Адамның ақыл, өнері Анықтап бүгін көрді оны. Алдыңда айдың бедері Секілді таныс жер жоны. Қылтиған тастан беткейге Қиялай түскен көлеңке. Көңілден əсте кетпейді Көзімізге үйір сол өлке. Ағарып жатыр бытырап Алыста түрлі қойтастар. Айнала қанық атырап – Шұқанақ, дөңес, ойпаттар... Алыстан жерге қараған Аруды көрдік көзбенен. Жырлары жұртқа тараған Ақындар жазды өзге өлең. Сипатын айдың білгенге Қынжылмас сірə сұлулар. Сырлары жыр боп жүргенге Жандары, бəлкім, жылынар. Жасаған мəңгі жеріңдей Бітімін ай да жоғалтпас. Сақталар өшпес белгідей Көлеңке төккен сонау тас!

ЛЕНИН ЖАЗЫ Апрель айы – жаз алды Жасарар көктеп табиғат. Жырындай жердің заманғы Жаныңа жылы тым қымбат. Күлімдей төгіп күн нұрын, Құшады торғын жел есіп; Құнартып түгел ой-қырым, Қаулайды түзде төл өсіп. Балқытып көктем жылысы, Балауса тартса бар өлке; Қуатты еңбек тынысы Құяды жерге береке. Жайымыз жазғы осылай, Жанымыз жүзген үмітке; Жалыны бір сəт басылмай, Жалғасып жатыр тірлікке. Таусылмас өлең бұл саған, Қуаныш толы əр күнге. Жабыла соны жырлаған Жаңғырад аймақ жаңа үнге.. Замана жазын əкелген Лениннің туған айы бұл. Жалауша гүлін көтерген Көзіме ыстық дəйім бұл!

АСТАНА ӨРКЕШІ Сымбатыңды көрем де Сүйсінемін, астанам. Күнде толы өлеңге Көкірегіңді аш маған. Қанша аралап жүрсем де, Көрінесің жас маған. Күнде тосын көшеңе Кірем аяқ баспаған. Көрген сайын көркіңді Қызығады жас балам. Құдды өздері секілді Қаулап өсе бастаған. Аласа едің сен бұрын Ағаштардан аспаған. Аймалаған күн нұрын Жапырақпен жасқаған. Шымылдықша тоғайдан Сығалаушы ең, астанам. Тұрпатыңды ұлғайған Жасырғандай басқадан... Қабығыңды заманғы Шағыңда бұл тастаған, Жайнай кисең жаңаңды, Қызықпас жан жоқ саған.

Көзіңе ұқсас көп əйнек, Көрем тосын көркіңді. Көз жіберсем соған кеп, Түсіресің бөркімді. Сегіз қабат үй өріп, Шықты бойлап өркешің Көзің содан тұр көріп Алатаудың өлкесін. Сенің бойың өскенге Биіктеймін өзім де; Таңертең де, кешке де Жыр құясың сезімге. Шымылдықтан шыққандай Сыланасың, астанам. Жəне бір сыр ұққандай Жаңа есігіңді аш маған. Не десе де өңгелер Қарай алман бұған жай. Биіктегі бөлмелер Менің де ортақ ұямдай. Көркейе бер Алматым, Өркешіңе күнді орап. Сəулетіндей аймақтың Сол биіктен тұр қарап!

КӨЛДЕР КӨЗІ Көз тігесің үңіліп Мөлдіреген көлдерге. Көлдер көзі тұр күліп Қимасыңдай көргенде. Тас табаққа құйғандай Қалай əсем жасалған! Көлдер барын қиғандай Келсе де оған қанша адам. Сырлары ма дер едім Аймаласқан сылдыры. Шумағындай өлеңнің Құлағыңа жып-жылы. Көк тасты көл Қоғалы Көзге сонша сүйкімді. Қаламыздың қонағы Қызығады бір түрлі. Көл атын да ол анықтар Көре берсе су бетін. Көлдер көзі танытар Алматының суретін. КҮМІС ШЫБЫҚТАР Шығады терең шыңыраудан Шаншылып күміс шыбықтар. Секілді бүркіп күн жауған Лебіне жаның тым іңкəр. Теңейміз оны кейде біз Тізілген күміс уыққа.

Тартса да дымқыл жейдеміз Жүреміз ылғи жуықтап. Шалқиды желге қырынан Жаныңа самал ұрғандай. Тосады бетін сұлулар Қалампыр бүркіп тұрғандай. Ауаның шаңыт, тозаңын Алады қоса ол тартып. Лебізін ион, азонның Жұтамыз дəйім құмартып. Тамыздың қапырық ауасы Қымсынад одан тітіреп. Бабымен бірақ алғашқы Құяды фонтан сіркіреп... Қарауыл шалда тек жазық, Қолында соның бар тетік... Қаламыз кенет құлазып Құласа шыбық жалп етіп. Қозғайды бірақ Алматы Көңілдің жүйрік дөненін. Түсіреді еске əр қалпы Ақынның шумақ өлеңін: «Жүзіңді күнде жайната, Жасарттық қолдан сені жер. Жаралған күні сен қайта, Кеудеде бірге туды жыр!»

АҚҚУЛАР Қалқыған суда аққулар Ұқсайды жеңіл қаңбаққа. Айдынға үйір арулар Келді екен қалай бау-баққа? Əсем ғой аққу! Көрдің бе, Балалар да оған қандай шат? Бұтағын соза мөлдірге, Балауса бақ та тұр қоршап. Күлімдей, көлді жағалап, Қарайды əркім көп соған. Көгілдір көзбен сығалап Тұрады қарап көк те оған. Ағара бұлттар шашырап, Ақырын көкте жылжыған. Алыстан көзге қалтырап, Көрінеді ұқсап тым бұған. Балаға, бауға еркелеп Жүзеді көлде аққулар... Жырламай соны ертерек, Қайда екен, кəне, ақындар?! ОЙ ОРТАСЫНДА Анталап келеді ойлар жан-жағымнан: «Мені жаз, мені жазшы!» – деп жалынған. Арқаға бірін қағып еркелетсем, Сүйемін бірін сыйпап маңдайынан. Бəріне қағаз беріп алдандырам, Таратқым келмей тіпті маңайымнан.

Өйткені, ойлар өте қымбат маған, Ішімде олар барда сыр жатпаған. Көңіліме қуат тұтар несі бар деп, Көрмеген қырқаларын күнде ақтарам. Тапқандай тіршіліктен тынысымды, Жақсы ойға жаным байып, жырғап қалам. Сондықтан олар маған өте қымбат, Отырсам ортасында, көңілім шат. Өмірді өзегімде тербетуге Солардың бірі көмек, бірі мият. Ол жоқта, қарақұстай дөң басында, Қалбиып жүргенімді көрем ұят!.. Ой болса, өлең тусын өмірі ұзақ, Ол үшін өкінбейсің көрсең де азап. Жаныңды жазған сайын жарылқасын, Жалғанда тілейтінім сол жалғыз-ақ, Əйтпесе, жасығыңды жақтырмайды Əзілқой, жатып атар, сөзшең қазақ! * Ағаш басын сіліксе күздің желі, Жапырақтар саудырап үзіледі. Сол ағашқа мені де ұқсатып тұр Ақ шашым мен əжімдер жүзімдегі. Қашан көрсең, секілді мен бозқырау, Аша алмаймын жасқанып желге омырау... Өлең жазсам, жалғыз-ақ жылынамын, Суық тимес дуасы бар ма апыр-ау? Жібермейді, білем, ол күзді серпіп, Жазсам бірақ тастайды мені желпіп. Жанымды əсте жауратпай бағам солай, Жазыма ұқсас заманның күйін шертіп!

  • Ермек емес мен үшін өлең деген, Жаны бірге жаралған денемменен. Жұрт көңліне жылуын жеткізе алсам, Өзімді де тек сонда терең көрем. Ол болмаса, жыр жазу неге керек! Отсыз өлең ойы жоқ өле бермек. Өйтіп оны өнбеске қор қылғанша, Өзгеңмен-ақ көрсет сен елге көмек! Түрткілеп, тербеп жанымды Таптырма ойым түк маза. Бұлақша қайнап кəдімгі Төгілсін жырым тап-таза. Көңлімді билеп ағыны, Көрейін ылғи жағалап. Судырап жібек шалғыны Жайқалып тұрсын мені орап. Күлімдеп сəуле ойнаған, Қарайын бұлақ көзіне. Сазымдай əсте тоймаған Шалынсын үні өзіме. Сіміріп күнде мөлдірін, Қанайын дəйім мен одан. Қалдырмас, бəлкім, көңілін Қайрыла кетсе кім оған!
  • * Сен келгенге молайып Дүние тасып төгілмес. Сен жоқ болсаң, азайып Жəне түгі кемімес. Дүние деген бір теңіз Сабасында шалқыған. Қанша көпір жүрсеңіз, Айнымайды қалпынан. Одан сен де орныңды Өзіңе шақ аларсың. Жаның ынтық соғұрлы Жарыңды да табарсың... Тек өлмейтін сөзіңді Қоссаң, маздап жанарсың. Көрмесе де өзіңді Көп есінде қаларсың. КҮНДЕРІМ Жарығын қиған жалғанның Жаныма қымбат күндерім. Жасымнан содан алғаным Жадымда түгел тұр менің. Аямай жұмсап өзімді, Алдына мен де төгейін. Жесе де қағаз, көзімді, Жеңіледі екем демейін. Қайыры тиер еңбектің Қызығы сірə басылмас.

Əлі де нелер бермекпін, Күндерім бірін жасырмас. Солардың мен де көзіне Қарайын деймін ұялмай. Жиектен асар кезінде Қалайын деймін қия алмай! АПРЕЛЬ НҰРЫ Апрель тағы бөледі Өңірді гүл мен майсаға. Ағаштар бүрлеп көгерді, Жасарып жапан, сай-сала. Жаныңа жылы апрель Өмірге сонша күш берген. Өлкеңді безеп жатыр ол, Өрнектеп алуан түстермен. Жоғыңды қайта жаратып, Жарылқап жатыр ол сені. Қуатын жерге таратып, Құяды кейде нөсері... Адамның жазын əкелген Лениннің туған айы бұл. Құшақтап гүлдер көтерген Қуанышқа ұқсас дəйім бұл. Береке, дəулет басындай Сүйеді халық осы айды. Сүйгізіп өзін осылай Ильич те мəңгі жасайды!

КӨСЕМ КӨРКІ Құрғанда партияны Ленин дана, Дүниеге күш əкепті ол бір жаңа. Есесін еңбекшінің жоқтайды деп Жүктепті бар үмітін соған ғана. Өзі де кіріпті оған өзге құсап, Құрыпты құрыш текті өзге бір сап. Қажымай күреске оны үйретіпті, Данышпан ой, өнерін соған жұмсап. Ол оған өзім құрған ұйымым деп Етпепті еңбегінің бірін міндет. Қайта өзі мойын бұрмай бағыныпты, Мүшенің қатардағы бірімін деп. Жауынгер өз орнында тұрса бекем, Қамалға қалт етпейтін ұқсайды екен. Лениннің өмірдегі сипаты сол, Дүниеде оған, сірə күш бар ма тең! Ұйымның білмесе де жөнін мықтап, Қалапты сондай ұйым жұмысшы тап. Осынау тілекке Ильич саймыз ба деп, Қашан да партияға қарапты сақ. Ешкімді мақтандырмай, бұлдандырмай, Күреске көңілдерін бұрған ұдай. Ленин ақылымен де, ісімен де Көрінген көп алдында туларындай! Бер демей билетін де көптен бұрын, Алыпты кезегімен жеткен бірін... Ғажайып Ильичтің сол кішіктігі Сəуле боп төңірекке төккен нұрын!

РЕВОЛЮЦИЯ ШЬІРАҒЫ Күркеде саялаған Ленин барып Аңқиды пішен иісі мұрын жарып. Тоғайдың тұнжыраған түндерінде Сөнбейді күркедегі нұрлы жарық. Столы, орындығы – түбір, томар, Тым жайлы жұмысына түнде солар. Заулайды көсем қолы ақ қағазда – Алдында із түспеген ол бір сонар. Данышпан соған төне, қабақ түйіп, Жеңінің бірін кимей, бірін киіп, Сызады революция тосын жолын, Сипатын оймен көріп, жаны сүйіп. Сөнбейді жалғыз шырақ күркедегі, Тоғай да көрсетпейді бүркеп оны. Көлеңке көзден біраз қымтағанмен, Белгілі күннің ертең нұр төгері!.. Жалғыз шам Жайылмада жанған жырақ Жарығын аямапты жаннан бірақ. Сол шамнан өшпес мəңгі от алыпты Маздаған елімізде бар шамшырақ! ИЛЬИЧТІҢ КӨКЕГІ Көк шалғын көл секілді көлбеп жатқан, Екі адам белден жүзіп пішен шапқан. Тым-тырыс тамылжыған тыныштықта Шалғы үні сыңғырайды орай тартқан. Төңірек секілді үнсіз сырға батқан, Тек бұлақ сылдырайды тынбай аққан.

Құлақты оқта-текте селт еткізіп Шығады көкек даусы тоғай жақтан. Тігеді кенет құлақ соған Ильич, Жоқ шығар табиғатты одан білгіш! Үндері қалай ұқсас құйылса да, Ильичті жаңылтпайды адам мен құс. Тыңдайды ол, күлімсіреп ойлы көзі, Белгілі жолдасына ол мінезі. Дейді оған көңіліне дем бергендей; – Көкектің мына əншіңіз нағыз өзі!.. Шілдеде шырын тамған, қызығы көп, Шақырмай неге тынсын күндіз көкек. Солардың жамыраған арасынан Айнытпай таниды Ильич біреуін тек. Сүйкімді үн мүкісі жоқ, жап-жас ғана, Сонда да мегземейді ол басқаға... Көкекше көк орманды мекендеген Көзіне елестейді сарбас бала. Данышпан кілт тоқтатып шапқан шөбін Қайтқандай қандырғалы қосқа шөлін, Беттейді қалтарысқа; жау көзінен Халқының жасырғандай келешегін!.. Болғанмен ауызда аңыз, енді ертегі, Тұр еді еліміздің сонда ертеңі. Қауіптен соны бағып, хабарлаған Ильичтің есен бе екен сол көкегі?!

САҒАТ ТІЛІ Ленин сағаты туралы ой Көрсем де қашан келіп бұл сағатты, Толқимын өз-өзімнен сонша қатты, Қам көңіл күндеріміз түседі еске Қозғаған мұңы бірге адамзатты. Тым-тырыс ұзақ жылдар тұрған жүрмей Түріне өтер дейсің кім үңілмей! Қашан да ол халыққа ыстық сезіледі Лениннің дамылдаған жүрегіндей. Қалпы əлі айныған жоқ қарапайым, Қасына кеп тоқтайсың көрген сайын. Жүзіңе ұдайы бір үнсіз қарап, Таусылмас сыр шерткендей саған дəйім: Заманда сонау түнек осы сағат Жібермей минуты мен секундты ағат. Тақалған кəрі дүние алқымына Қалт қылмай тұрған шығар күнді санап. Ленин де қайда келсе, қайда жүрсе, Қалт етпей қадағалап мұны əмісе. Уақыттың қадамына дəл келтіріп Дұрыстап қойған шығар əлденеше. Данышпан бермей оқыс сөздерге дес, Дегенде: бүгін ерте, арғы күн кеш... Сағаттың сыртылдаған секундтары Мезгілді баққан шығар жаңылмай еш! Естіртіп Октябрьдің əлемге алдын, Дауысы жаңғырғанда «Аврораның»,

Сыртылдап тұңғыш осы соққан шығар Секундін жаңа туған замананың. Отанның ұлан-қиыр өңірінде Жер шалғай, жолы қиын сол бір күнде, Тіршілік секундінің тынысында, Ұдайы осы сағат болды бірге. Мезгілден жаңылған жоқ ол əр жолы, Қыруар күндер өтті жырға толы... Əлі де ол көзіңе ыстық көрінеді Басқандай жылы табын Ленин қолы. Бет түзеп тартқанда жұрт ілгеріге, Тобында туларындай Ленин бірге, Тағы осы шотша қағып тұрған шығар Елімнің еңбегін де, ерлігін де. Қырқыста халқымыздың қыры сынбай, Қызғанда жерімізде жұмыс тынбай, Секундін бірге соққан сездік оның Заманның еркін алған тынысындай. Көрген жоқ ұлы көсем бір күн тыным, Осымен өлшеп түгел жұмыс күнін, Мезгеген мезгілінен айныған жоқ Жүргенде ортасында жұмысшының. Сиғызды ол уақытының соған бəрін, Жұмысын кеңселердің, қоғамдардың. Жалғасып жылдарға ұзақ жатыр онда Жолдары Ленин сызған жобалардың... Бұзбаған сағат тілі əлі қалпын Бір түрлі жанымызға жылы, жақын. Ұрпаққа көрсетуге сақтар осы Көсемнің қалғып кеткен соңғы сəтін...

Белдерді нелер бұлың тастап артқа, Еліміз ең биікке тартқан шақта, Сағаты данышпанның алдындағы Секілді əлі айнымай тұрған сапта. Сағат па ол тоқтап қалған мүлде жүрмей! Бір сəтті күзетіп тұр күллі өмірдей. Сезілед оның осы тұрысы да Лениннің мəңгі сөнбес жүрегіндей! Көргелі келмес дейсің кімдер мұнда. Жалғасып жатар ұзақ жылдар жылға. Қайрылар қашан болсын Ленинге жұрт, Жұмыр жер айналғандай күн маңында. ҰРПАҚТАР ҰСТАЗЫ Ашпады дейсің кімге есік Горькийдің Университеті. Шықпады дейсің кім өсіп, Мысалы, Сəкен іспетті. Өзің де, бəлкім, осында Оқыған сірə боларсың. Жалықпас ұстаз досыңа Жаңылмай оны баларсың. Қалаулы жандай əр үйге, Қасында Горький бірге жүр. Қайрылса қимай, əрине, Көрінбес қымбат кімге бұл! Қажымас қамқор, досыңдай Баулиды бірге балаңды. Қашан да ұстаз осылай Өсірген тынбай адамды.

Ғасырға жасы толса да, Өнері оның жас əлі. Халқына қымбат соншама, Қалпында Горький қашанғы. Қанаты талмас дауылпаз Қасқарып алға заулайды, Əрі дос саған, əрі ұстаз, Жаныңды дəйім баулайды! ӨЛЕҢ ҰЯСЫ Қуана мен де жайластым Алматы қонақ үйіне. Тыңдасам, сірə, тоймаспын Төгілген тұңғыш күйіне. Сəулетін көрсе кім оның Қызықпас дейсің құмартып. Құлаштап аккордеонын Тұрғандай қала күй тартып. Телміре қарап тау да оған Тіге ме деймін құлағын. Күйінен соның аумаған Құйып тұр күміс бұлағын. Көпірі көлі қос арал Дірілдеп жатыр қоса оған. Жүзіңді желпіп тұр самал Тынысы жібекке ұсаған. Қаланы тербеп əсем күй, Ауада дəйім тұр шалқып. Көтеріп биік зəулім үй, Тыңдамас оны кім балқып?

Өзім де тұрмын қияда, Онысы қалай демеңдер. Қызығып биік ұяма Қонып жүр құсша өлеңдер! БАЛАЛАР МЕРЕЙІ Жанымда Жарас, Жəмилə Жайластым зəулім үйге мен. Жандарын əсем жаңа ұя Секілді қатты билеген. Биікте бірге шарқ ұрып Соғады қатар алақан. Ұяда тұрған талпынып Секілді бейне балапан. Алдында таулар жап-жақын Қолдарын созса жетердей. Ұмытар емен сол қалпын, Ұмтылса шырқап кетердей. Көздерін тіксе əр тұсқа, Қараймын бағып соларға. Қағатын, бəлкім, алысқа Қанатым солар болар ма? Қызықса мейлі тауларға, Ойларын неге тосайын! Қиырға бірге самғауға Жырымды мен де қосайын.

КӨГІЛДІР ҚИЫР Қашан да қызық көрінер Көгілдір қиыр көз тартып; Көңілің соған телмірер, Білуге сонша құмартып. Жасымда көрдім мен оны Белгілі биік тауымнан: Бұлдырап Быжы белеңі Сарайлар соқты сағымнан. Қызығып қанша қарадым, Қиялға тауып қилы азық. Қинады жетпей қадамым, Қиырда көңілім құлазып... Есейе келе, еңсетіп Қымтанды соған көз таныс. Қарасын ылғи көрсетіп, Қашан да жылжып тартты алыс. Жүйрікпен жүрсем желге ұқсас Жасаған жолда қол өріп, Көгілдір қиыр тұп-тұтас Толқыды шетсіз көл болып. Самолет мініп самғасам, Баурына бүктеп əуені, Бұлдырап тұрған əрқашан Алдымда көрдім тағы оны. Шықсаң да мейлі космосқа, Жетпессің деймін, сірə оған. Асығар бірақ сол тұсқа Арманы – қанат тірі адам!

Қаһарман қиял қажымас Самғайды соған, бұрылмай. Қызығы мəңгі таусылмас Менің де ол жазар жырымдай! ЕҢБЕК БАҚЫТЫ Қаласаң мейлі қандай үй Қиюлап тас пен шыныдан. Қашан да маған сол ылғи Секілді өлең, сұлу əн. Көзімді содан ала алмай, Қараймын күнде сүйсініп; Қызығып тұрған адамдай Қисынын жаңа түсініп. Өркешін биік көтеріп Өресің үйлер неше алуан. Өсірген сайын көмкеріп Секілді қала жасарған. Өнердің оты тұрғандай Ойыңда маздап əмісе. Қоймайды жайнап нұрланбай Қолыңа мейлі не берсе. Салсаң да зəулім үй қандай Шағың жоқ кейіп, шаршаған... Өмірі жанға бұлданбай, Бақыт қой солай жасаған!

ЫҚЫЛАС Білемін, достым, сені мен, Ісіңді көрдім сан алуан. Тегінде жаның сонымен Секілді бірге жаралған. Қолыңа нені алсаң да Істейсің ылғи шабытпен. Қалпыңа сенің қашан да Қараймын терең танып мен: Көресің жүрек сезіммен Алдыңа қандай іс келсе. Ұқыпты сенің көзіңнен Кетпейді шашау еш нəрсе. Жұмыстың жүйе, сыры көп, Жол үсті қиын есептеу... Солардың сенде бірі жоқ Көрінер қиыс, не селкеу. Бітімің момын болғанмен, Көңілің алғыр соғұрлы, Қарай да қарай соған мен, Сырыңды түйем сан қырлы. Сөзің де батым сөйлеген Жалтақсыз жарқын жəне үстем… Жүйрік те солай бəйгеден Келеді үдей шабыспен!

ОРТАҚ ҮЙ Қалада сəулетті үйлер сап түзеген Қаланды тұсымызда тек біздердің. Құжыған құйттай үйлер арылғанын Өренге түгел айтып жеткізер кім!.. Осынау зəулім үйлер жас адамға Сезілер салынғандай бос алаңға. Қалтиған қауашақтар қанша заман Тұрғанын қайдан білсін осы арада! Ендігі үй іргелі, ірі əрі шомбал, Ел көркін танытады кəзір солар. Өреннің ортақ өсер ұясындай Еңселі, өркеш-өркеш, шоғар-шоғар. Суы да тарайды оның бір шүмектен, Шамының сабағы да бірге біткен. Соның сен бейнесінен көргендейсің Еліңді өмір сүрген бір тілекпен. Оңаша үй өз басыма салсам егер, Шеберлер төксе де оған қаншама өнер, Тұруға құлазымай соған сыйып Түрім жоқ, байқауымша, онша сенер! Көп артық күнелткенім көппен бірге, Талпынып тату-тəтті ертеңгіге, Оңаша өзгелерден өмір сүру Қара үзіп қалпымыздан кеткен мүлде. Қуанам əсем үйге салған жаңа, Құшағы күлкісі мəз толған бала. Күй өрген күнде сенің көкірегің Сиғандай тыныс тауып соған ғана!

ЖАН КӨРКІ Үйіңе қашан келсем, қашан көрсем, Жайдары жақсы мінез ашам өңшең. Көңліңе көлеңкесіз жаным байып, Сеземін дүниені соншама əсем. Ешкімді жамандамай, ғайбат айтпай, Сөйлесең адастырар айла таппай; Алдымда асқар белдей көрем сені, Ойымды еш нəрсеге тайғанатпай. Көңілімді бақсаң солай кірарзытпай, Таусылмас сезем соны жол азықтай. Өмірдің қызығына жүзем ылғи, Жанымды жабырқап бір құлазытпай! * Кезесің кейде қалаңды Келбетін көзбен көргелі. Əсем бір үйлер жанары Кетеді қозғап кеудеңді. Өңірге не бір бос тұрған Əріпті үйлер өнерлі ел. Айнымайды екен осыдан Көңілде жүрген өлеңдер. Жаза алсаң егер соныңды Қағазға шебер түсіріп, Мерейің екен соғұрлы, Оқыса жұртың сүйсініп!

ШУАҚ ШУМАҚТАРЫ Қарық қыла салады жаз келгенде, Жан керегін табиғат аз берген бе? Шуағына сүйсінген рахатыңды Айта алмайсың жеткізіп жазғанмен де. Несібе көп адам тек тарынбаса, Күн көзінен алатын жалын қанша! Дүниенің қызығын сезгендейсің Құшағында жаның аз дамылдаса. Сонда мені сен əсте күндемесең, Мен де саған жақ ашып үндемес ем. Жаз рахатын жалықпай шертер едім, Жанымды ылғи жарылқап жырмен əсем. Жаз құшағы қашаннан толы соған, Қандай бақыт соны ортақ таныса адам! Жылы күнде суықтық сақтау іште Сүйегімнен кетпейтін намыс маған! ЖАЗ ДЕМІ Кім сүймейді шуақты Жазғытұры маздаған. Жылы өлеңдер сияқты Көңіліңді қозғаған. Масайрасып бала мəз Құшағында көктемнің. Төңірегің толы наз, Тамылжиды көкте күн. Жасаңғырап жер өңі, Жадырайды бусанып,

Жылы күндер демі оны Жарылқайды соншалық. Топырақ күші тарайды Тамырларға дым тартқан. Жаз жыпырлап қарайды Сансыз түбір, бұтақтан. Көгі майса тым балғын Көбеймеген қуаты; Жер бетіне құлағын Жаңа түрген сияқты. Төңірекпен танысып, Сырын баққан сездірмей; Мөлдіреген таңғы шық Қарап тұрған көзіндей... ҰШҚАН ҰЯ – Ешкіөлмес тауы əсем бе? Қараңдар Ізтай, Тұманбай. Қанықпын қанша десем де Қараған емен бұған жай. Тұғырым болса алғашқы, Тартпасын неге ол мені? Жөргегім болса жылғасы, Бесігім шығар белдері. Қойнауы жылы қырқалар Құшағы тектес кең жайған. Көзімді тартып тұр солар Кезімде тағы ұлғайған.

Ажымына ұқсас тауының Таныспын түгел тасына. Аңызына ұқсас ауылдың Жылдарым жатыр осында. Тасына басқан таңбадай Талайғы мұнда ізім бар: Сорғалап жасым тамғандай Сорабы суық тым ызғар... Əйтеуір аман ер жетіп, Бауырында өстім осының. Ақыры қанат серметіп Ұшырған мен бір құсымын. Қараймын тағы соларға Алпысқа жасым келгенде. Тербеткен, сірə, болар ма, Толқиды өлең кеудемде. Адырлар қызық соншама Жалғасқан жал-жал маядай, Күз айы тақап қалса да Бояуы қалың көк орай. Жерінде қырқа, қия көп Қозғаса ойды осылар. Ағамыз ұшқан ұя деп Сендер де жырға қосыңдар! * Сөйле деп маған сөз бердің Тойыңда, жұртым, қолқалап. Сыйлаған сонау көздердің Жанымды оты кетті орап.

Сөзімді халқым қаласа, Тартыну, сірə, жоқ маған. Кəдеңе жырым жараса, Өзгені мен де жоқтаман. Мысқалдап алтын қазғаннан Кем емес өлең жолдары. Тасқа ойып бірақ жазғаннан Жадыңда жақсы қалғаны! Қайрылсаң, жұртым, күнде оған, Қараған жандай үміт қып, Өлеңде ешбір жоқ арман, Жаныңды жатса жылытып. ШАЛДЫҚ ПЕН ШАТТЫҚ Тойыңа сенің, туған ел, Асығып жеттім құс болып. Қаққызды қанат тым жедел, Кеудеме ғажап күш қонып. Шақырсаң қандай қиырға, Шаршадым, сірə, демеспін. Құшағың сенің жылыда Шалдықты сезер емеспін! * Таудың қары əлі əппақ Қарайғанмен бөктері. Қыс жатқандай қонақтап Шыңды мекен еткелі.

Жатқанымен ол ұзақ Жылжымасқа тау құшып. Қоймайды оны жаз бірақ Күнде етектен тауысып. Сол түрткіні көп көрген Қар шыдасын қашанғы! Көтеріле бөктерден, Құз басына қашады... АШЫҚ ЖОЛ Құмармын сонша көктемге Қуатқа толы тынысы. Қуана күліп жеткенде Құшады дəйім жылысы. Көресің байтақ өңірде Қосылып жатқан көп өмір: Құлпыра өскен көгі де Секілді түгел өлең-жыр. Безеніп шыққан ел Майға Ұқсайды қандай көктемге! Дер едің жұртты ондайда Өзі де гүлдеп кеткен бе?! Жамырап бірге жас бұтақ, Ашыпты түгел бүрлерін; Жабыла о да құттықтап Сермейді шоқ-шоқ гүлдерін. Жапырақ жайған ағаштар Сүйкімді қандай, қарап көр. Жазыңа жомарт жол ашқан Секілді жасыл семафор...

САУЛЫҚ ҚАЛҚАНЫ Жалықпай жазда мекендеп Жатырмын «Аяқ қалқанда», Жазылып, бəлкім, кетер деп Аяғым сенің арқаңда. Құнарын, күшін аямай Сіркіреп суы тұр жауып. Құмартып күнде баладай Түсеміз соған бір ауық. Соғады сені жан-жақтан Серпіні күшті су ыршып. Сыртыңнан жаңбыр боратқан Сықылды бейне ши ұшық. Қуатын сезбес кім оның Қунатса тиіп жəрдемі. Аймалап сүйген суы оның Секілді жұмсақ жер демі. Құмы да саған бағалы Құшақтап жатса қыздырып. Көлі де сені бағады Күнінде неше жүздіріп. Солардың бəрін сүйем мен Жаныма рахат тапқандай. Сырқатты жүйе-жүйемнен Сыпырып тастап жатқандай. Шуаққа жүзем өңшең бір Сипатып күнге арқамды. Даруы дəрмен осы өңір Секілді саулық қалқаны!

ƏНШІ ТАУ Əдейі бардым мен оған Əніне құлақ салғалы. Сарыла жым-жырт қараған Биіктер екен жан-жағы. Қойнына қымтап қос Қалқан Бағыпты жанға көрсетпей. Секілді солай шет қалған, Маңайын ешкім баса өтпей. Қылыштың жалы қырындай Қарадым қызғылт жотаға. Иректеп сызған бірыңғай Ұқсайды қызық нотаға. Таңғы жел тауды желпиді, Пернесін кенет басқандай; Сыбызғы, сырнай не түрлі Сызылтып үнін қосқандай. Қилы бір күйлер қозғайды, Секундте неше өзгертіп. Кейбірі үзбей боздайды Кейбірі сыңси əндетіп. Маңына соның барса адам, Оралмас сірə тыңдамай... Қиянда сырлар сақтаған Жеріміз не еткен жырға бай! Тербетіп тынық ауаны, Төгіле түзде естілген, Ғажайып сол бір тау əні Кетпейді əсте есімнен!

САРҚЫТ Жолға шықсам кейде мен Қош айтысып, Алматы, Көз алмаймын бейнеңнен Саялаған бау-бақты. Анталаған əйнектен Қарай-қарай көзіңе, Əлденелер дəметкен Түсінемін сөзіңе... Қайта оралған шағымда Жамырайсың қарсы алып. Бұлағың да, бағың да Жатады бір əн салып. Жинап келген жырымды Мен де соған қосамын. Саздарыңа бұрынғы Жалғассын деп осы əнім. Не қиырдан гүл терген Араңа ұқсас жайым бар. Сарқытымды əкелген Сен де дəйім қабыл ал! ШАҒАН ТАУДЫҢ ТӨСІНДЕ Бөлекше тамам таулардан Шаңқиып Шаған тұр оқшау. Көңілді дəйім аударған Көрнекті биік тым жақсы-ау! Кем емес Ешкіөлмесімнен Қашан да маған Шағаным.

Баурыңда баулып өсірген Белгілі мен де балаңмын. Алдыңа қашан келсем де Аласың жылы құшаққа. Аналық мейірім тұр сенде Жеткізер ұлын ұшпаққа. Осынау қалың қырқалар Ұқсайды қилы кітапқа. Секілді маған жыр солар Таусылмас тартсам ұрпаққа. Тұрысың көзге тым ыстық Ұялап өскен түлектер. Төсіңе мені бір қысып, Төбеңе солай бір кетер. Алысқа содан самғайын, Ауыр деп алпыс қысылмай. Сезейін өзімді əрдайым Шабыты қайтпас құсыңдай! * Əсем тау, əнші дала тербе мені, Көңілдің қозғалсын бір пернелері. Төгілсін көкіректен көрікті өлең, Елге де сол емес пе ең керегі! Қалқиып қатарында бос жүргенше, Қаулайын қашан тозып, ескіргенше. Арқалап ақын атын неге керек, Дауысың күнде жарқын естілмесе!

Күн көріс, құр əйтеуір күйбең өмір Демей ме: дала көрмей, үйде көміл. Нұр жауар талаптыға деген сөз бар, Ендеше сен де содан үйрене біл! Өңірді өзің өскен жүрсең біліп, Сылдырап тұрған жоқ па жыр төгіліп? Соларға жүзе жүріп өлең терсең, Тынысын танымай ма жұрт өмірлік! ЖЫР САПАРЫ Əдейі, Сəке, келеміз Ауылға біздің жол тартып. Сөзімді селкеу демеңіз Қуанған кезде кетсе артық. Жарыса жатқан Алатау Жаяды бізге құшағын. Аралап жүрсем аман-сау, Ұмытпан əсте бұл шағын. Жібегін желпіп кеудеге Самалы соның тұр есіп. Көзімді тігем əр неге, Отырған жандай тілдесіп. Баяғы бала кезімде Осынау жолмен өткемін. Шалынбай жанның көзіне, Сағымға жүзіп кеткемін. Қараймын таныс белеңге Көрінген тағы мұнартып. Тартқалы сондағы ел-елге Келеміз өлең-жыр артып.

Қиялың жетпес өмірді Қызығып кімдер толғамас, Сабағы терең соғұрлы Сырлары кімді қозғамас! Баяғы бала қолы құр, Түгі жоқ жұртқа тартатын, Кеудесі қазір толы жыр – Қасыңызда отыр қарт ақын. Құшақтап құрбы, туғанша, Құттықтар əлі көп таныс. Жырына жұрты қуанса, Сізге де болар мақтаныш. Қызығын көріп күн ұзын, Ауылда дамыл алыңыз. Сіміріп ауа, қымызын, Тынығар, бəлкім, жаныңыз! Ұмытпас сыйлық тартқандай, Қуанар сізге жас, кəрі. Қонаққа келіп жатқандай Қазақтың роман, дастаны. ТОЙ ҮСТІНДЕ Алпысқа келген ақынды Сыйлады ауылым той жасап. Əсем бір əндер шалқыды Талайды қайта ойға сап. Əдемі қыздар жібектей Толғады соны ырғалтып. Өнерпаз биші жігіттер Алдымда құсша жүр қалқып.

Төгілген түрлі күй мен əн Тербеді тынбай Қоңырды. Осынау мінез сыйлаған Қозғайды мені соғұрлы. Жарым да балқып осыған, Жалғасты ма екен ойымыз? Екеуміз алғаш қосылған Осы ма, сірə, тойымыз? Есінде тұтып соны елім, Келе ме дей-дей мен қайтып, Кешіккен соның өлеңін Жатыр ма, бəлкім, енді айтып? Əлпештеп əлі баладай, Сыйласа жұртым жырымды, Барымды мен де аямай, Қиярмын түгел жылымды! КӨҢІЛ ЖҰЛДЫЗЫ Есімде менің Жерошақ1, Көгілдір өзек, қызғылт тас... Ойланып енді қарасақ, Өтіпті бір сəт ұмытпас. Көзімді тартып сымбаты Көріп ем сонда мен бір қыз. Көңілдегі үміт сияқты Күлімдеп еді көп жұлдыз. Қасымда текке жасқанған Қарауға батпай сол қызға. 1 Жерошақ – жер аты.

Қалтырап тұрған аспанда Қарап ем алыс жұлдызға... Сақталды ма екен көңілде Сағынышқа ұсап сол бір қыз? Көрінер ме екен көгімде Қарасам əлі сол жұлдыз?! ТУҒАН ЖЕР МАҚТАНЫ Ешкіөлмес, Сəке, осы тау, Өзені жеміс, алма ағаш. Айтатын бірақ жоқ сылтау, Көрінсе сырты жалаңаш. Демеймін сұлу тау мұны, Тоғай жоқ төсін ораған. Алайда құтты бауыры Өлеңдер үзбей тараған. Көлденең тартқан тұтқиыл Көнбессіз, бəлкім, сөзіме. Дəлелі болсын, тіпті бір, Қараңыз менің өзіме... Биік деп жəне мақтанбан, Орынсыз айтқан сөз арық. Басында қар жоқ сақталған Көрінер көзге бозарып. Алайда мұны көп адам Өтпейді əсте сөз қылмай. Тартады көзді сонадан Өлеңнің жылы жолындай!

Ешкіөлмес десе, ел біткен Алады еске Сараны. Осында туып, ержеткен Ақындар талай бар əлі... ШЫН КӨҢІЛ Алпысқа мені келді деп Ардақтап жатыр ел бүгін. Көрінер мақтан орны жоқ, Көтердім десем ел жүгін. Білемін, жүгім көп емес Алыстан мұнда əкелген. Асыппын нелер бел-белес Атақтар бірақ əперген... Не істедім сонда күбітіп? Тындырдым нелер өткенде? Жүрегін жұрттың жылытып, Тиді ме себім көпке əлде? Əйтеуір осы шын көңіл Ойлантты мені қаншама. Қуаттар қосты күнде бұл, Қыраудай шашым болса да. Ойласам толқып кетемін Азымды көптей көргенге. Аянбай қызмет етермін Аяулы жұртым, сендерге!

САЗ КҮШІ Кəрілікке қиып өзіңді, Қаужиып үйде жатпайсың. Көңілдегі ұшқыр сөзіңді Қайырған құстай баптайсың. Қаласаң, бəлкім, ол сені Қиырға талмай ұшырар. Көтерген биік еңсеңді Қанатың шығар осылар! Кеудеңде күшті сол барда Тірлікке жəне тоймайсың. Шықсаң да шырқау жолдарға Жуырда шаршай қоймайсың. Түгіне қаяу түсірмей Түрленте беруді ойлайсың. Қызыға жүзген кісідей Тереңге дəйім бойлайсың! ТОЙ ТҮЙІНІ Тілесіп саулық, көп өмір Құттықтап жатыр дос-жаран. Төгіліп тұрса өлең-жыр, Тілейін мен не басқа одан! Айтылған достық, шын көңіл Болысса болды жырыма. Таусылмас маған – сол өмір, Азық сол ұзақ жылыма. Кейі тек көзге даурықса, Ауыр жүк, білем, ол маған.

Жанымды қанша ауыртса, Жасыман бірақ мен оған. Достыққа бəрін жоримын, Долдансам біреу – қорқа ма? Өзімді солай қоримын, Жүруге ұзақ ортада! * Алпыс жас ауыр дегенде Аяр ма сені басқалар? Қайыры тиер өлеңге Қалауын тапса, жақсы олар. Əйтпесе саған не керек, Сарапқа салып жасыңды! Соларды қайта сен елеп, Тарта бер тынбай жақсыңды. Оты көп, білем, өнердің Ойыңды дəйім марқайтар. Қуаты жылы өлеңнің Жаныңды қалай қартайтар! Көзіңнің нұры сөнгенше Көңілдің оты басылмас. Өмірің ұзақ ендеше, Өрісің əсте таусылмас. Өлеңге байып осылай Ортада жүрсең жарасар. Өмірі қимас досындай Халқың да сыйлап қарасар.

ТУЫСҚАНДЫҚ ПЕН ТІЛЕКТЕСТІК Туғандығың сатулы болса маған, Текке жұмсап, тер болып шаршама оған. Жақындығы жанымды жарылқайтын Жүрген жоқ па қасымда қаншама адам! Солар барда, жалғыздық көрмеспін мен, Көмегі көп көңлімді күнде өсірген. Туғандықты таяныш санамаймын Түбі шірік, томырық мүлде ескірген. Жұртқа тарап дамылсыз жатса өлеңім, Жылы лебі тербетіп шалса көңілін, Саулығымды сыртымнан тілесетін Жақындарым, ойлашы, қанша менің! Өз үйіңнен бір қадам шықсаң сыртқа, Қадірің бар, байқашы, қанша жұртқа: Жүзіңді де жөнді ешкім танымайды Жолыққандай қымс етсе тек ымыртта... Отырсам да ұзамай үйімде мен, Сөйлесемін шегі жоқ дүниемен Тынбай тартқан соларға сыйларымдай Жатады ұшып кеудемнен дүйім өлең! АҚ НИЕТ Тыныштық, дамыл көрмеймін Балалар адам болсын деп. Толғанып күнде терлеймін Тұғырға солар қонсын деп. Олар да мені өмірі Ойламас деймін өлсін деп.

Өрекпіп тұрған көңілі Өкінтіп кенет сөнсін деп. Оларға мен де тілеймін, Тірлікте қызық көрсін деп. Жүрмін деп бірақ білмеймін, Өзімді солар көмсін деп. СҮТ МІНЕЗ Жастықша, тауым, жастанып, Төсенем торғын көрпемше. Телміріп тұрмай жасқанып, Төріңді кезем еркеңше. Əжімді қартаң жүзіңнен Аңғарам ылғи мейірім. Жүргенде сондай сезіммен, Өзгеге қалай кейірмін! Барыңды əсте жасырмай Алдыма түгел тартасың! Өсірген балаң осылай Өзіңе неге тартпасын! Үлгісін сенен үйренген Шығарсын ұлың неге ойдан. Сыйлармын жұртты өлеңмен Шағымда мен де ұлғайған...

ЖЕР МЕН ЖЫР Көк орай тауды сүйем мен Мүсəтір түстес мұз, қары. Біріне бірі сүйенген Секілді өлең құздары. Даланы сүйем сыры бай, Төсінде өзен жарысқан. Ақынның ұзақ жырындай Арналар тартқан алыстан. Сүйемін күміс бұлақты Құйылған ойнап төменге; Қиядан тіксең құлақты Ұқсайды үні өлеңге. Кестелі торғын белеңдер Көрінер көркем неше алуан. Жүрекке жылы өлеңдер Секілді содан жасалған. Қызығы жердің басылмай, Қосамыз ылғи өлеңге. Жырымыз сірə осылай Жаралған шығар əуелде. * Секілді шыңдар басы əппақ отау, Апарып қондырғандай көкке тақау. Қымс етсе ақша қардан үзік жауып, Сақтайды қалпын ұзақ жазда Алатау. Кеппейді шілдеде де тау ылғалы, Сорғиды шықтан əрең шалғын жалы.

Жүзесің көк жайлауда кейде соған, Келгендей əдейі іздеп шомылғалы. Ақ отау тұрғанымен күнге жақын, Алыстан көрінгенмен көзге жарқын. Иықтан ішігіңді түсіртпейді, Күн қайтса, тартады тау дереу салқын. Алайда елемейді малшы оларды, Бəрі бір, нөсерлетіп, жауса қары. Өрісте өлеңдетіп жүреді олар, Шүйгінде қай-қайдағы жатса малы. Еңбектің қызығы ынтық қылса сені, Өзің де елемес ең ешнəрсені. Өлеңнің өрісіне шықсаң солай, Жаныңды жауратар ма күшті əсері! Ешкімнен ойламаймын озамын деп, Оның да, озып алсаң азабы көп... Алдымда жетер өрім болса əйтеуір, Қолымды соған тынбай созамын тек. Осылай жеттім өрлеп алпыс жасқа, Жігіттер, ендігі ойым тіпті басқа: Осынау өзім шыққан биігімнен Аз демен, себім тисе артқы жасқа. Не пайда өлең жоқта құр атымнан, Сеземін айрылғандай қуатымнан. Мен елді, ел де мені естімейді, Танадай тым-тырыспын құлаққа ұрған.

Белгіге ұқсаса тек ұзақ тұрған, Торығып, күдер үзбес кім ақыннан! Қысылып, төсегімде дөңбекшимін, Кейде бір үнсіз жүрген ұятымнан… ЖАСТЫҚТЫҢ ЖАЛҒАСЫ Жастық жолда бұрылып, қалды ілеспей, Кете бардым қара үзіп жалғыз көштей, Дүрмегі көп, думанды қайран жастық Елестейді көзіме əлі түстей. Жасытпауға жанымды жазамын жыр, Жасартпасын білемін ол бəрібір. Күнде бірақ көңіліңді көркейтетін Өн бойында өшпейтін бар жылы нұр. Жаппаса да ақ шаш пен əжіміңді, Жарылқайды қуаныш əр жылыңды, Жұртқа сені телміртіп қоймайды əсте, Тауысып алған адамдай азығыңды. Өлең жазсаң, осының сəл жарығын, Көкіректе аз болмас қалған жұғын, Оқығанды өлеңің емірентсе, Ол да орныңды ортадан алғандығың. Онда саған болар ма жастық арман? Жаныңды əлі сол шығар асыраған, Жырыңды ылғи тамызып отырады Жылы оттары кеудеңе шашыраған!

ТЕҢІЗ ТЫНЫСЫ Елп етпей желдің лебі жым басылып, Жатады кейде теңіз сыр жасырып. Қыбырлап тұла бойы, тыншы кетіп, Кенет бір қозғалады тым асығып. Толқындар жал-жалымен ұмтылады Жарыса жағаларға құлаш ұрып, Көк теңіз қапелімде құмартқандай Қабақтан қарағалы бір асылып. Сыймаған сабасына толқындарын Тастайды оқта-текте бір асырып. Дөңбекшіп, дамыл көрмей алқынады, Кеудесі көтеріліп, бір басылып... Көп артық көрінеді осы қалпы Жатқаннан сабасында сірə сұлық!.. Сен де бір сол секілді тербелесің Толқысаң тереңдегі сырға сүңгіп... ҰЛЫЛЫҚ Не деген көнбіс қара жер? Тепкілеп күнде таптаймыз. Тарықсақ тағы сүйенер Таяныш ондай таппаймыз. Қысырап қалса кейде жер, Қиналып қатты даттаймыз. Болмаса сая сол егер Шыбынды қайда сақтаймыз? Қайырын үзбей тигізген Қайталап одан кім сұрар... Үндемей өзін сүйгізген Ұлылық, сірə, сол шығар!

ТАУ КЕШІ Жылжиды əрең кешкі бұлт Ұзақ көшкен керуендей, Таудан тауып жақсы жұрт, Дамылдауға келгендей. Жамырайды мұз бұлақ Маңайыңда жарысып; Маңырайды қозы, лақ Мал ішінде табысып. Одан өзге толас үн, Тау тым-тырыс, жел тынып. Соның бəрін шоласың Дөң басында сен тұрып. Биіктерде тұр шапақ Күн асарда жиектен. Қызыл арай, зер шашақ Ту сықылды шың біткен. Сол туларды көтеріп Жүргендейсің сен бірге. Жоғарырақ əкеліп, Ілгендейсің сеңгірге! * Жан-жағым орман кең қаптал Жайнаған жазғы үйімдей. Жарысып аққан бұлақтар Жамырап жатқан күйімдей. Кілемнің түрі секілді Құбылған алуан гүлдері.

Шертеді сырлар не түрлі Сыңғырап бұлбұл үндері. Жарқырай шығып бейуақта Жанады маздап жұлдыздар. Қарауылға ұсап жан-жақта Қарайды биік шың-құздар. Самалға шөлім қанғандай, Сүйсініп кеуде тосамын… Солардан теріп алғандай Жырыма жолдар қосамын. Қарайлап келген малшыға Оқимын оны кей уақыт. Қалаулы достар қасында, Бар ма екен сондай зор бақыт! ТАУ ТАРТУЛАРЫ Аспанға тіреу тауларым менің Қашан да жұрттың аударды көңлін. Шоқылар шырқау көтерген мұзды, Күміспен мəңгі көмкерген құзды. Аймалап шыңды құшады тұман, Шарықтап сонда ұшады қыран. Өреді төмен бұрқырап бұлақ, Тамшысы сырғақ сықылды сынап. Қапталда қалың қарағай, қайың Секілді шашын тараған дəйім.

Көріксіз бояу көрмейсің солғын, Шаңытсыз аспан көкпеңбек торғын Алқапта алуан өседі жеміс, Тамылжып жазда піседі тегіс: Қып-қызыл моншақ алша мен алуа; Аңқиды пісіп бақшаларда алма. Жайлауы толы жайылған малға; Баулары толы шырын мен балға. Толқиды тола бөктерде егін, Несібем осы көп терген менің. Секілді таулар құтымыз біздің, Сарқылмас мəңгі сусыны түздің. Шоқылар сонау шаңқиған əппақ Келеді соны салқында сақтап. Желпісе самал шілдеде сені, Жібекше жұмсақ тиеді демі. Көрмейсің əсте қапырық ауа, Сырқасаң ол да жақсы бір дауа. Аңқыған əсем қымызын ішіп, Шалқисың жазда қызығын құшып... Бəрі де соның тартуы таудың, Таусылмас сыйы мəңгіге, бауырым!

ТІРШІЛІК ЫРҚЫ Жұмыста кешке дейін сабылсаң да, Түбі жоқ, түгемейді ол не қылсаң да. Қаратпай келер күнге тындырғалы, Кешкісін қадаласың тағы шамға... Ойлайсың бір еңсеріп тастадым деп, Жаңасын жайымен-ақ бастармын деп. Түрткілеп төсегіңнен тұрғызғандай, Алады түп етектен басқа міндет. Келгендей кетер ме деп сен ұмытып, Тұрады тағы бірі кезек күтіп. Бəрі де тірлігіңнің тынысындай, Сен де əсте кейімейсің қабақ шытып. Шықса да түнде ұйқың тағы қанбай, Жаңасын қарсы аласың жаның қалмай. Шетінен бітіп жатса, сүйсінесің, Соншалық жан рахаты табылғандай! Тəрізі, тұра алмайды ол сені күтпей, Сен-дағы қынжылмайсың оған титтей. Өмірдей шегі оның да көрінбейді, Соңында, сірə, тіпті қалар бітпей! АҚЫН СƏЛЕМІ Оқыдық жастан бəріміз Абайдың жазған сəлемін. Секілді ортақ əніміз – Шертіпті сырын бар елдің. Қиырға қилы жетіпті Шырқаған əні Ордадан.

Сəлемін жолдап кетіпті Сендермен бірге ол маған. Шөлдерде сусын тапқандай Оқыдым қанша сол хатты, Өміріміз түгел жатқандай Ойлары қанша толғантты! Жырласын мейлі Тоғжанды, Хат жазсын Қаламқасына. Жалғапты жанын ол мəңгі Үзілмес ұзақ ғасырға. Жөнелткен жырақ Ордадан Жолықпас кімдер бұл хатқа. Сөздерін таныр арнаған Тұрғылас түгіл, ұрпаққа. Халқының жанын жарылқар Қашан да ақын өлеңі. Заманды нелер жаңғыртар Алыстан жеткен сəлемі! ӨШПЕС ӨМІР ОТТАРЫ Оттар көрем кейде бір Ескерткіште маздаған. Елестейді бейне бұл Өлеңімдей жазбаған. Есімдері ол ерлердің Ел көңілін қозғаған. Естеріңде сендердің Ертегідей аз ба адам?

Тамызғандай осыдан Төңіректе от тұр жанып, Тіршілікке қосылған Таусылар ма бұл жарық! Қаншама ердің аттары Содан өзін танытты. Өшпес өмір оттары Мəңгі лаулап қалыпты. Өз отыңды сенің де Солар шығар тамызған? Ерлер аты елінде Өшер ме əсте аңыздан! Жұрт аузына тараған Жыр деп ұғар оны əркім. Сонау самсап қараған Көзі болар солардың?! БАТЫРДЫҢ БЕЙНЕСІ Биік тұғыр басынан Көре өтеміз кейде оны. Қару-жарақ асынған Қайтпас батыр бейнелі. Қанат қаққан қиырға Ұқсайды əрі қыранға. Сол келбеті ғұмырда Көкейіңнен шығар ма! Жауды қуған бетінде Берлинге де барыпты. Қаһармандар кейпінде Қалт етпестен қалыпты.

Шинель киген қоладан Шеру тартса тозбасқа. Оранғандай ол оған Өмір-бақи тоңбасқа. Қарайды оған сан адам Жайын іштен ұққандай. Сүйсінесің сен оған Елің арқа тұтқандай! Ол да сырын жасырмай, Орнығыпты өлмеске... Еліміз де осылай Сақтайды оны мəңгі есте. ОКТЯБРЬ ӨРНЕГІ Қақ жарып көк мұнарды тұрған шымқап, Шарықтап жоғарыға шықтым шырқап. Баладай алақанда əлдилеген Тербейді аспанында мені бұл шақ. Биіктен жер бетіне көз жіберсем, Жыр түйем, жаным байып, көңілге өңшең. Жайылған аққу, қаздай топ-топ ауыл, Сүйкімді суреттері соғұрлы əсем. Толғанып көз алмаймын төңіректен: Жалғасып жатыр кесте көкжиекпен. Өңірде өзім өскен ұлан-қиыр Көремін заман ізін сол өрнектен. Сахара сыланғандай той алдында, Сан қилы тамылжып тұр бояу мұнда. Алқаптар сап-сары ала зерге оранған, Толғамай оны сірə қоярмын ба?

Жаралған қолдан қайта жапан біздің, Октябрь өшпес өрнек тартқан ізін... Қым-қиғаш қала, қыстақ қанат жайған Тынысын сездірмейді жалтаң күздің. Таулар тұр қабат-қабат, текше-текше; Олар да көзге жылы тіпті ерекше... Келеді еркелегім ел мен жерге, Қуанып құшағында жас бөбекше! СЫР ЕСІГІ Алдыңа, жұртым, келгенде Ағытпас сырды жоқ жайым: Жаңа бір оттар кеудемде Жанады маздап əрдайым. Соларды дəрмен көрмесем, Өлеңге сені қосар ма ем. Араңа əрі келмес ем Ағыл да тегіл осы əнмен. Отырар едім тоң-торыс Ортаңда тосын қонақтай. Қарар ең сен де тым-тырыс, Ойыңа онша жолатпай. Жөнелер едім сыр бермей, Көрмеген жанша ешкімді. Есігі жабық үйлердей Қалар ең ашпай ішіңді. Сөзімді бірақ қаласаң, Сыйыңнан маған сол артық. Сырыңа байып əрқашан, Аттанам ылғи соны артып.

Сондықтан сені толғамай Тежемен тіл мен жағымды. Жаным да сонда жырға бай, Сөзім де сонда жалынды! ІЛИЯС ЕСКЕРТКІШІ Ақын музейінде Арынды сенің Ақсуың Əкелді мені, Ілияс. Жаңғырған елге жақсы үнің Жан едің бізге тым қимас. Өмірің өшпес жыр өңкей, Ұдайы ұстаз тұтамын. Айнымас сол бір жүректей Қасыңда тұрсын кітабым! * Еліміз келген елуге Жиналдық түгел тойға біз. Тұрғандай соның төрінде Аламыз сені ойға біз. Ақсуша жазған ағытып Жырларың қозғар əркімді. Қоңыртау бауырын жаңғыртып Аттанар шырқап əніңді. Таңдарда талмай самғаған Ұмытпас ешкім үніңді. Толғамас сені бар ма адам, Торқалы тойда бүгінгі!

ІЛИЯС ҚАЛАСЫ Махметов Тұрсынға арнаймын Көлденең таудың белінен Көзіңді тігіп қарашы: Етекте самсып көрінген Ілияс ақын қаласы. Қоңырқай қожыр үйлері Сол еді бұрын Тас бекет. Демесең тұрған түйдегі Көбінің саны жоққа есеп... Суреті қазір қаланың Қиырдан көңіл бұрғандай. Қарасам, ылғи боламын Ертегі көріп тұрғандай. Жазыла жайып іргесін Апыр-ау, қалай тез өскен? Орнапты нелер үй əсем Көшеде өркеш теңескен. Жалғаса завод орнапты Шытырман темір құрсанып. Дүбірі сонша салмақты, Алады тыныс бусанып. Ақынның асау өзені Қадапты жұлдыз соларға. Қадірлі жұрты тез оны Қайырған сірə болар ма? Жұмысқа солай жұмылған Көресің ықылас осы елден.

Түрлері гүлдей құбылған Өседі бірге жас өрен. Солардың жарқын көңліндей Алдыңда жайнап тұр мектеп. Қаласа солар, ерінбей Толғар ең сен де жырмен тек. Баулыған, бағбан асырап Жайыпты желі бау-бағы, Жайқалса балғын жапырақ, Еседі самал таудағы... Жалаңаш түзге кешегі, Жарасқан жаңа ірге сап, Ілияс – қала осы еді Көрінген əсем жырға ұсап! ШОПАНДАР ТОЙЫНДА (Ақсу сапарынан) Тап болдым тойларыңа Үш төбеде, Мұндай той тұтқиылда тұс келе ме? Жасаған қазақ үйден қалаларың Кірмесін ертегідей түске неге? Кілемдей көк майсаға көміп аяқ, Қалаңды араладым мен де аяңдап. Маздаған маңдайшада алтын жазу Малшының мақтанышын тұр баяндап. Кеудесін дүбірлеткен талай-талай, Ертеде көрген шығар тойды Шадай1 1 Шадай – Ақсу бойындағы үлкен көк орай жазық аты.

Ат болса, ауқаттының тақымында, Көрді ме бірге қызық жарлы мен бай? Малшы алған тойда қазір төрден орын. Сүйсінер сымбатына көрген оның. Бітімі сахараның батырындай, Шытырман көкірегі толған орден. Осылай көре-көре тойда əркімді, Таныдым талмас талап, ойларыңды. Өзгеден еңбегімен озық тұрған Көрейін қашан болсын бойларыңды! ӨЛЕҢНЕН СОҢҒЫ ОЙ Бітірдім жаңа ғана бір өлеңді, Күлімдеп бір жас өмір түрегелді. Тыныстап өзге өлеңдер ортасында Масайрап ол да бірге жүрер енді. Тіршілік тартар сыйлық тағы қандай, Жылы оты жолдарынан танылғандай? Жанымды жарылқаса болды əйтеуір, Бір жоғым ойда жоқта табылғандай! Сондықтан шарқ ұрады көңіл қайтпай, Аялдап əлденеге сөзді ұлғайтпай. Өмірімді, бір ой қалса, көрем олқы, Сырының кеткен жандай көбін айтпай! * Қай заман қара шашты қар басқалы, Қылаулап қасыма да жармасты əрі. Тапсам тек сол өңірден жылы өлеңдер, Тастайды таңырқатып көп жастарды.

Күмістей ағарса да шашым тұтас, Көп оттар көкіректе жүргенге ұқсас. Беті қар, бойы жылы жер секілді Менің де жайым барын кімдер ұқпас. Көктеген қар астында бəйшешектей Жатар ма өлең оты бой көрсетпей; Нəр барған өзегіне өсімдікше, Жыр жазған шыдар ма əсте сыртқа теппей! Айтылған ой емес бұл сөзге орай тек, Қыстырған қысыр сөзді тілге оңай деп. Көңіліңнің қозғар ма екен пернесін бір, Оқушым, өлеңіме бір қарай кет! * Нөсерлетіп жауам деп мақтанбаймын. Тауда шөгіп бұлтым жоқ жатқан дайын. Күнім ашық, масайрап көрінсем де Бұлағым көп жамырап аққан дəйім. Көкірегінен өргізген асқар оны. Жасыл-жолақ, көк майса басқан жолы. Сол бұлақша төгіліп ағыл-тегіл, Бөктерімді тоғытып жатсам болды! Бұлақ тынбай тамырға көп таралса, Жаңа сабақ шыбықтар тартар қанша! Соңы үзілмей осылай аққан абзал, Жауармын деп кейін бір, тоқталғанша.

  • Қартаң тартқан кісімін, əрине, мен, Ауық-ауық ұйқысы əлдилеген. Жастайымнан жарасып бір жасасқан Жатырқамай алайда таниды өлең. Құсыма ұқсас ол менің қолға үйреткен, Қаратқамын алысқа сан биіктен. Шақыртқымдай қаламды қолыма алсам, Құйылғанын байқаймын көкжиектен. Қорлайды кейбір мінездер Жанымды қатты түңілтіп. Байқасаң етті бір мезгіл Ойыңды сен де жүгіртіп. Оңайға бойын көрсетпес Орайы жоқта ол саған. Өкінтпей түбі бос кетпес Алаңсыз сенсең сонша оған. Адымын əсте білдірмей Ақырын саған тор құрар. Сүйкеніп солай, тек жүрмей, Жаныңды қатты тоңдырар.

ШОПАН ЖҰЛДЫЗЫ Қозғайсың қашан болсын мені шопан, Көремін көңілге дем сені мақтан. Ізіңнен жүріп кеткен жыр теремін Секілді соның маған сыйың тартқан. Адамсың аймаққа аян өрісі кең, Мол алған сыбағаны жер үстінен. Тау мен ой, құм мен дала ыстық саған Бабаңның мұрасындай тері сіңген. Өлкенің оты, суы аян саған: Табасың жазы, қысы сая содан. Сүйсініп шопан рахат таба алар ма Тынысын түгел білмей, аянса одан! Сен оның жылы жазын, суық қысын Танисың, алған жанша құйып күшін. Біріне боран-шашын бүлк етпейтін Сүйенген жерге Антейше шын мықтысың! Болары күні қандай анық саған, Қабағы қыс пен жаздың қанық саған. Шығарын шөптің қалай сен білесің, Тумысы секілдісің таныс оған. Үйірмін жастайымнан мен де төлге, Бірге өргем, бірге жусап ержетерде. Сонда да сенен тəсіл үйренгелі Соғамын отарыңа əр көктемде. Сонысын жүзе оттаған шүйгін көктің Секілді қойдың алды бейне толқын. Жаңғыртып ен даланы маңыраған Қозыдай қызық төлді көрген жоқпын.

Байыптап қашан болсын соның бəрін, Қалт қылмай көзден кенже қозыларын. Жүресің қызығына күнде жүзіп, Тербетіп дала толы түрлі сарын. Тым ыстық жайың маған, батыр шопан, Шығарды сонша сенің атыңды Отан. Өмірін қой соңында өткізсе де, Көрген жоқ мұның бірін байғұс атаң. Сол атаң көрсе қазір ұл мен қызын, Өмірін таныр еді соғұрлы ұзын. Сөнбейтін соның жарық сəулесіндей Жарқырап көкірегіңде тұр жұлдызың! ӨРІСТЕ Көксеңгір бауры кең жазық, Жайылған ендеп көрем қой. Сапарда саған жол азық – Сарқылмас солар өлең ғой. Өрістер жайы, мал қамы Малшыға дəйім өнер ғой. Мақсұтына ұқсас алдағы Мəнісі сонша терең ғой. Түседі көзің шопанға, Көгалға қойын шүйгізген. Өрісте жүріп, Отанға Ұдайы көмек тигізген. Қолында соның ен байлық, Алдынан түлік көп өрген. Тағы да қойы молайып, Тобына қаулап төл ерген.

Қарайсың соған сəл тоқтап, Жырыңа желі тапқандай. Алдында жатыр қой қаптап, Көгінде шырқап бозторғай. Бұлдырап биік Көксеңгір Қарайды шырқау төбеңнен. Көктемде солай осы өңір Алады қарсы өлеңмен! ДАЛА БАТЫРЫ Хатшы əңгімесі Адасып түзде көп жүрдік Түтеген қатты боранда. Амалсыз кейде көмілдік Кездесіп кесе сол маңда. Түнерген түнге кейиміз, Түрткілеп сызат жол таппай, Білмесең, дала мейрімсіз, Қоймайды сені тоқтатпай. Машина суын ағытып, Түнедік түзге, қарын аш, Отырдың ұзақ таң күтіп, Төңірек тұйық жым-жылас... Көгілдір тартып қар өңі, Ақыры берді таң қылаң. Белгісіз ой мен белеңі, Ашылмай жатыр əлі маң. Сөйлейміз ширақ, мұқамай: «Жігіттер, жолды қараңдар!..» Қырқаға біткен бұтадай Көрінді қараң-құраңдар.

Естілді даусы шофердің: – Алақай, мынау жылқы екен!.. Аңғарып жайын мен тұрдым Қырқада түнде қар тепкен... Ертеңгі даң-дұң дабырға Құлағын тіккен адамдай, Көрінді біреу адырда Сопайып биік обадай. Тұмақты, тонды жылқышы, Шалқая мінген жалдасқа, Жан екен жылы өң-түсі, Мейірлі шығар жолдасқа. Жуықтап келіп тоқтады, Тұтқиыл бізден аты үркіп, Танытар мінез деп тағы, Атының басын тартты іркіп. Қалжыңдап бізге қарайды ол: – Қалжырап, тоңып қапсыңдар, Аягөз қайда, талай жер, Қарын да сірə аш шығар!.. Қайрылып барып əкелді Құрықтап күрең айғырын. Жанасып жалын көтерді: – Қымызды мынау ал бірің! Сыйлады түзде ол бізді Түгесе құйып торсықты, Жұтқан соң жылы қымызды, Маңдайдан тіпті тер шықты. Суықта қатып қалар деп Қымызын жалға байлапты.

Жылытар, қатса шараң жоқ, Солары бізді ойлантты. Қалжырап қарда бораған, Түнесек түзде жол таппай, Даланың сырын сол адам Алыпты жаттап кітаптай. Тұлғасын шолып тұрдым мен Қаусырма тонға оранған. Осынау кесек түрімен Қаймықсын неге бораннан! Алшая келіп қонды атқа, Ақыры бізбен қоштасып, Жылқысын түгел шолмаққа Қырқадан қайта кетті асып... ҚАЙНАР Қартаң тартқан кісімін менің өзім, Шарықтауға шабандау кейде сөзім. Шабытымды сонда да шақырғандай Шартараптан көремін өлең көзін. Сарай соқса сəулетті жұрт өмірлік, Сахараға сəн беріп, күлсе тірлік; Кеудесіне құйғандай күн қуатын Сылдырайды бəрінен жыр төгіліп. Көңілімді сол қозғайды дамыл бермей, Қартаюға, қажуға халым келмей, Жаным жүзіп соларға, өлең жазсам, Жасаңғырап қаламын кəдімгідей.

ЖЕР ИІСІ Аралап қайда барсаң да Жұтасың дəйім жер иісін, Əдетің соны қашан да Ауаға, гүлге жорисың. Қарайсың əсем гүлдерге Қызылды-жасыл құбылған. Маңына жуық жүргенде Қызықпас дейсің кім бұған! Сүйсіне соны құшақтап, Құмарта көкке аунайсың. Тұрса да бəрін жер сақтап, Ойыңнан əсте аумайсың. Қара жер, сірə, тек жатқан Сездірмес, бəлкім, саған түк… Үндемей иісін таратқан Бəрінен, шіркін, сол артық! КҮН НҰРЫ Турылған шымды алқапта Толқыта шашша тарайсың. Торғындай жұмсақ топыраққа Тоғытып дəнді орайсың. Кестесін жаяр кешікпей Келісті дала көк тартып, Кенелтер елді несіптей Көмкерер түзді көк барқыт. Ертеңгі шыққа оранған Егіннің əсем бұл кезі.

Қарайды саған солардан Күлімдеп қыруар күн көзі. Жайқалып жерді жасырған Жайына жаның күнде шат. Дəулетке үстеп қосылған Қарайсың ылғи бір жасап. Сыры бар алуан егіннің, Сүйсіне сезбес кім мұны? Күшіне ұқсас еліңнің Қауызы толы күн нұры. Кезінде соны оруға, Асықпай қалай төзерсің! Тұрғанын сол от қолында Өзің де дəйім сезерсің... КОСМОС ОТТАРЫ Қара үзіп тұңғыш рет жер бетінен Шырқауға жөнелді Юрий шек жоқ мүлдем. Космоста жым-жырт тылсым жүзді жалғыз Ұлындай құшағында тербетілген. Сырларын адамзатқа ашты көктің, Іздеген ынтығындай жас жүректің. Сезілді ол сонша жақын жанымызға, Бақытына жаралғандай барша көптің. Шырқады ол шыр айналып жұмыр жерді, Арзытпай асыраған ғұмыры елді. Сығалап саңлауынан кейде бұлттың Əжімді анаға ұқсас жүзін көрді:

Жер жазған көзге жылы, жанға тыныс. Космостан қарағанда тұр тым-тырыс. Кең əлем көрер болса, сенбес еді Осында бар дегенге алыс-жұлыс. Жер беті болса егерде шын осындай, Түгі жоқ тіресетін сірə симай. Сəулесін жалғыз күннің аймалаған Бақыттың бар бітімі ұясындай! Қарады соған Юрий көз ала алмай, Кей қылық кірсіз жанын қажағандай. Зымырап жұмыр жерді жүрді айналып, Қуанышын құшағына орағандай... Космосқа шықпақ еді ол əлі талай, Тағы да нелер сырын танытқандай: Əлі оның кең өрісі болмақ еді Сан жұлдыз көзге күңгірт, алыстағы ай… Жөнелді Юрий бірақ ортамыздан, Ғарышта ізі қалды алғаш сызған. Космостың көздеріндей маздар мəңгі Көп оттар көгімізде ол тамызған! ЖЕР ТЫНЫСЫ Жер қарт анаң өсірген сені асырап, Қашан да ылғи қарайды саған сынап. Бабын тапсаң, барын ол аямайды, Ала алмайсың еш нəрсе алдап-сулап. Сырын бүкпей сөйлейді саған ол шын, Жайын ашық айтады қашан болсын. Қайырыңды, қатеңді жасырмайды, Секілді бір жанашыр адал досың.

Көңлін тапсаң, қарықсың олжасына, Көк кілемі төсеулі жамбасыңа, Кешеуілдеп кезінде, кердең тартсаң, Кепіл емес қолың құр қалмасына. Қайырсызға қатігез, қайсар, қалша, Қайрылмайды саған да ол, көңілі қалса. Күні өткен соң қолыңнан түк келмейді, Бедірейіп алдыңда жатып алса. Бабы келсе, иеді ол ағыл-тегіл, Айналаңда шалқиды балғын өмір. Белде тұрып, бусана сүйсінесің, Берекеге толғандай барлық өңір! * Қайдасың күйі көңілдің, Көрейін тағы шақырып; Қауқарың бітіп соғұрлы, Қалмасаң мүлде сарқылып! Қарыштап кəрі қанатты Қағайын қатты талпынып. Жалықпай шарлап жан-жақты, Самғайын талмай шарқ ұрып. Көтерсең солай көгіңе, Көрінер қызық қилы өңір. Көмескі тартқан көңілге Құйылар, бəлкім, күнде нұр. Сылдырап өлең төгілер Сергіте сені сол кезде. Жаның да жайсаң сезілер, Сырың да сұлу, сөз де өзге.

Көмейі біткен бұлақтай Қуатсыз жолдар табылмас. Көгалын əсте қуратпай, Көрінер ылғи жаның жас! * Дүниеде өмір сүргенім Көбейтіп достар дүрмегін, Байыптай білген кісіге, Ермегім емес құр менің. Даламды кезсем, көремін Қызықты кесте түрлерін. Жырыма тынбай теремін Жерімнің əсем гүлдерін. Соларға нұқсан түсірмей, Баға алсам болды күнбе-күн. Əйтпесе, селкеу кісідей Неге сеп менің жүргенім? Жақсы иісін жұртқа таратып Тұрса екен деймін ол əр күн. Сіміре сонша құмартып, Сүйсе екен деймін оны əркім!

ГҮЛ МЕН КӨҢІЛ Гүл деген де – Табиғаттың сыйы бір, Жаратқандай Жүзіне ылғи құйып нұр. Қызыққаннан Иіскейсің сен де оны. Ұмытқандай Егделікті сол жолы. Жастығың да Елестейді сонда бір. Секілді онда Төңірегің толған жыр... Шыға бере Тағы ұмытып кетесің. Сірə неге Құлазымайды екенсің? Ұлғайған соң Тарттың ба əлде қатыбас? Ондай болсаң, Ауызға түк татымас!

ӨМІР – ШЕБЕР Қимасым, жүзің қазір өзге тіпті, Жыл қолы сонша қатты өзгертіпті, Жас күнгі жаудыраған əсем көркің Қинайды елестемей көзге тіпті. Отырып кейде оңаша, ойласам да, Қарасын көрсетпейді ол қашан да. Қиырдан қараң етіп кетеді бір Əлдекім саған ұқсас анда-санда. Тым құрыса суретіңді түсірмеген, Өкінем соған əлі ішімнен мен. Жанары жаутаңдаған қайран жастық Қайдағы болып кетті түсіммен тең... Апыр-ай, шіркін өмір неткен шебер! Ол құсап өзгертуге жетпес өнер. Сездірмей, сірə осылай тартпас сызық Ең шебер суретші де етпесе егер. Сен оны көрмеген соң тым жақында, Тұрғандай сезінесің бір қалпыңда. Білмейсің қадамыңды қалмай өлшеп Жүргенін көлеңкедей күнде артыңда. Суретші ол өз ісіне əбден машық, Өмірі құтылмайсың одан қашып. Бетіңе білдірмей бір бедер тартып Жатады күнде тіпті қойындасып. Бетімнен мен де соның көрдім көбін, Сонда да қалмайды одан көңілім менің. Осынау ұзақ салған суретін ол Тоқтатар біткен күні соңғы демің!

ЕГДЕНІҢ ЕСКЕРТУІ Ағамыз қартаң тартты деп Қатардан мені шығарма! Жартымсыз болсам, арты жоқ, Жаралғам несін, сірə, онда? Жалынды шағы өткенде Жарай ма деме өлеңге. Тартпай ма жасаң көктемде Қартайды деген емен де? Жапырақ жайған бұтағы Болмай ма ұзақ көлеңке? Араңда жүрсем мен тағы Жарармын талай керекке. Қажет деп білсең қалқамды, Бетіңнен əсте қақпайын. Аяма сен де ортаңды, Өзімді мен де сақтайын! ЖАҢА ӨРІСТЕР Қайранмын қашан болсын өзіме өзім, Көрмейді өз басымды неге көзім? Сыр бермей, сыртымды ірі көрсеткенде, Бар ма екен күнде өзгелер елер сөзім? Қызығам тауып айтқан кейде жасқа, «Білмейді дейтін сөзді менен басқа» Суырып солар дереу жазған кезде, Болмайды тереңірек ойланбасқа: Алалап таңдамайды ешкімді өнер, Ол жағын түсінгеннің іші білер.

Ойымен қапелімде шығады озып, Өзіңнен əлдеқайда «кішкенелер». Сондықтан көп сыйлаймын бұларды мен, Демеймін қағып бірақ жығар мүлдем. Тосын бір тұнық ағын табылғандай, Соларға үңілуге құмармын мен. Демеймін оны бірақ кемшілігім, Дей алмас сенсем ешкім ерсі мұның. Солардың шүйгініне жүздірейін, Қасыма, көңлің соқса, ерші бүгін! ЖЫР МЕКЕНІ Шыңғырлау жері кең дала Шірене шетсіз көлбеген. Көрерің жалғыз сол ғана. Төбе жоқ маңда көлденең. Шертеді соны жас ақын Сырына балап өзінің. Шығарса жұртқа жақсы атын, Теріс дер оның сөзін кім! Далада, құмда ашылмай Жабулы жатқан қашаннан, Асылдар, сірə, осылай Шықпай ма сыртқа неше алуан? Ақынды соған теңеймін Жырларын жаңа ақтарған. Ештеңе бірақ демеймін, Сақтағым келіп мақтаннан...

Орманды өңір, əсем тау Өлеңге сол тек мекен бе? Ойласақ, шалғай Шыңғырлау Жатпапты ол да бекерге!

САЯЗ БЕН ТЕРЕҢ СЫРЛАРЫ Үш Тентек туралы ой Басылды жаңа ғана нөсер құйып; Шомылып қалды суға нелер биік. Көпіріп кенет соған екі Тентек Тасыды арнасына əрең сыйып. Қып-қызыл сулары лай алас ұрған; Қарғиды аса жаздап сабасынан. Секілді түпсіз терең тұнжырайды Кей жерде көз жіберсең жағасынан. Ал, анау қатар аққан үлкен Тентек Көк күйі, лайланбай жатыр ол тек. Жарға ұрып жағаларда шырқ үйрілген Көбік те көрінбейді жентек-жентек. Жатыр ол бəріне ашып кең құшағын; Қос Тентек құтырса да суы шағын. Боламын ұқсатқандай əлденеге Осынау өзендердің сол бір шағын. Бірінің тынысы кең, суы терең, Жауынды жөбішенді қылмайды елең. Саязы сəл жаңбырда-ақ бұрқырайды Өңірде өзен жоқтай өзіне тең!..

САЛҒЫРТТЫҢ СЫРЫ Жетелеп біреу жүргендей, Қарасаң селқос жұмысқа. Қолыңдағы ісің бір өнбей, Көресің қорлық тұрмыста. Қимылың қырсау, құр күйбең, Аңыру, сылтау тұрыс көп. Жүргенде сырттап бұл күймен, Секілді саған жұмыс жоқ. Қашан да қалпың керғайзаң, Түртпесе ықылас, ынтықтық. Қарарсың ойлап сен қайдан, Жатса да бітпей іс бықып. Көңілсіз істе көрік жоқ, Кетеді мүкіс, көп селкеу. Белгілі бірақ көңілің тоқ, Көрінсе сырты тек бітеу... Секілді сенде жазық жоқ, Сықпыртсаң сөзді сырғақтап. Даусыңда айқай, бажыл көп, Басыңды солай күнде ақтап... * Əуелі оны көрдім мен Азырақ алыс шағында. Құбылып алуан көрінген Дедім бұл, бəлкім сағым ба? Алдымда қазір тұр міне Əдемі сұлу тіл қатпай.

Тануың қиын тым мұны Толқыған дəйім сынаптай. Əйтеуір сыры қараңғы, Айта алмас ешкім дəл сілтеп... Танимын десең адамды Көңліңнің көзі көрсін тек! ОЙ ҮСТІНДЕ Сүйікті ұлым Медетке Өмір бір таусылмас жыр күнде маған, Демеймін бірақ оңай күреп алам. Сондықтан əлденеге тас түйілген Түріме тұтқиылда күлме, балам. Өлеңді, ойға жүзіп, жазған кезде, Құлағым тарс бекиді бөгде сөзге. Өмірге өңірі бай кетем шүйгіп Көзіме көрінбейді одан өзге. Белгілі, ол бір өлке алқабы кең, Кезсем тек кеуде көре аламын дем. Шешіле сонда жəне сөйлесемін Елімнің алуан сырлы адамымен. Солардың білегі бір алып күші Қарпиды жерімізді жазы-қысы. Тұрғандай қолдарында сезем ылғи Тоғысып тіршіліктің бар тынысы. Тербейді кейде ойымды балғын аймақ, Түрінде тұр өмірдің бəрі жайнап. Көремін түгел соның келбетінен Таппайтын суреттерді сан жыл ойлап.

Тоғытқан түзді жомарт өзен көрсем, Тап келем тамылжыған өлеңге əсем. Өңірдің өшпес отты жанарындай Жұлдыздар көкірегінен өреді өңшең... Танысаң, өлең деген сондай өлке, Жетпейсің, жол тартпасаң оған ерте. Сен маған, оны ойласаң, таңырқама, Отыр деп бөлмесінде неге жеке! ШАБЫТ СƏТТЕРІ Шіркін-ай, өлең келді, өлең келді! Ұйқымды өлең тынбай бөлер енді. Шабыт жоқ, шаршауы көп мезгілдерім Тоқтатар жылы жауып бөлегенді. Төсекке тыныштықпен сыймас өлең, Жатпайын, өлеңдерім қимаса, мен. Осылай келе берсе алдыма олар, Айнымай мен де өмірі сыйласар ем. Амал не, кейде өлеңдер кетеді айнып. Көбіне шошытамын өзім лəйліп. Қорғалап көкіректе қалады ұзақ Көрсетпей қарасын да нелер байлық!.. Ойланып көп жүремін, көп іздеймін. Өңкиген олар жоқта өгіздеймін. Кенет бір өлең құсы оралғанда, Ақыным, шаршадың ба дегізбеймін. Шығамын шырқап дереу қағып қанат. Шіркін-ай, неткен бақыт сол бір сағат! Өлеңдер үсті-үстіне құйылады Таптырмай көңіліңе сабыр, тағат.

Білмеймін, басыңда бұл қанша жүрер? Жайың жоқ ол барында шаршадым дер. Сілтейсің қаламыңды қажу білмей, Секілді қабақ шытпас жан-себілдер... ЗАМАНДАС ТҰЛҒАСЫ Тасқынға ширыққан жұрт, шығын тартып, Өзінің сезгенде одан күшін артық, Тапқандай жер тұтқасын қозғады бір Кеудесін Алатаудың сықырлатып. Дүлейдің жолын мəңгі бөгегелі Шыңдарды не заманғы ұшырды атып. Тау мен тау табысқандай жаңғырығып, Бекітіп кең аңғарды қалды жатып... Болғанмен тілге жеңіл, айтуға оңай, Серпін бұл тосын вулкан атылғандай, Сезесің соған кенет ой жіберсең, Тартқанын тұлғасы ірі – халқың қандай! Қасыңда қарапайым адамдар жүр, Толғанса тауды жығар батырлардай. Солардан табиғаттың мылқау күші Тоқырап тұңғыш рет тартынғандай. Суретім осы менің кеше көрген, Еліміз қалай жедел өсе берген! Қолында құз біткеннің кілті тұрған Сөйлестім сыры терең неше ермен. Жаратқан табиғатты қолдан қайта Таңырқар осыларға өсер ерен... Аттарын ешкім бірақ атаған жоқ, Тұлғасын көрмесең тек осы өлеңнен! Сатпайды атын бізде ешкім бұлдап. Сақтайды өренге оны ісі бірақ.

ҰЛЫ АРНА Жетелеп көк Ертісті кең Арқаға, Жігіттер шеру тартып келді ортаға. Жағасын жаңа арнаның араласаң, Ұқсайды гуілдеген омартаға. Қауырт бір қимылдаған көресің жұрт Қайтқанша қас қарайып қоналқаға. Самсыған сабы үзілмей машинамен Тартады жерімізге солар таңба. Көрмеген көлдер жатыр көлбеп нелер, Қуана қарағандай келер таңға... Айтсаң да əсем оның бүгінгісін, Төсіне толтырыпты жылдың құсын. Солардың алуан түрлі əнін тыңдап, Жағада күтпес дейсің кім құрбысын! Мен үшін еліміз бен жерімізге Арналған ағыл-тегіл бұл бір сусын. Құлпырған жағасында гүл-мəуедей Ертеңгі елестетем жұрт тұрмысын. Сондағы қуанышты жүректердің Құлағым еркін естіп тұр дыбысын. Арқадан жатыр асып жаңа арнамыз. Жалғаймыз оны нелер заманға біз. Ұрпаққа өз тынысын ұластырған Өмірі жырға толы адамдармыз. Қайырып сан өзенді сахараға, Жасартқан жерді қайта мамандармыз. Алысқа көз жетпейтін кетіп жатыр Осынау терең түскен даламдағы із... Қуанышы күллі ұрпақтың ортақ бізге, Сол үшін жер бетінде жаралғанбыз!

НҰРМОЛДА ЕСКЕРТКІШІ Мекенін көрдім тағы Нұрмолданың, Жүрмеген Нұрекеңмен бірге онда кім? Кезінде ол өзі келген өңірлерге Өмірдің тартыпты өшпес тың жолдарын. Самсытып үй салдырса, жұрт көркейсе, Көріпті орындалған күнде арманын... Осынша елін сүйген ер жүрегі Сыяр ма құшағына бір қорғанның! Мейлің сен Шұбарда бол, Мұқыры кел, Жырлайды Нұрмолданы бүкіл бір ел. Осында өшпес мəңгі ізі жатыр Көргенді емірентер, күрсіндірер. Жаңа үйлер сап түзеген көшелер де Еңбегін ескірмейтін түсіндірер. Жылдарын Нұрекеңнің салады еске Осынау жасаң тартқан құлпырып жер. Өтерміз əлі талай осы тұстан, Қарасын көз шалғандай бар тұрмыстан. Жаңғырар құлаққа үні Нұрмолданың Қашан да қарсы алатын деп «туысқан!» Кезіміз кенет сонда түсер еске Қалжыңдап талай-талай отырысқан. Көзге тек күлімсіреп көрінбес ол, Жүргендей қолы тимей көп жұмыстан... Салдырған мектебі де тұр дүмбірлеп, Бағы да тамылжып тұр бірге гүлдеп. Өседі аясында бақытты өрен, Қаперсіз көздерінде күн күлімдеп, Қосады Нұрмолданы əнге осылар, Олардай жан лебізін кім білдірмек? Ең жақсы ескерткіштер сол емес пе, Сақтаса сүйікті атын күллі жүрек!

СƏТ САПАР «Октябрь туы», ал қабыл, Арнадым сəлем құттықтап. Сапарың қызық алдағы, Сайланып соған шық мықтап. Октябрь туы деген ат Ұқсайды үлкен үмітке. Қашанда жұртқа ол қымбат, Қашанда жылы жүрекке. Танитын жандар сөз нарқын Саған да солай қарасын. Əмісе шығып жақсы атың, Аймаққа солай тарасын. Оқушы жұрттың ашылып Сөйлесер күнде сырысың. Оқыса сені асығып, Сөзіңе жаны жылынсын. Тілегін көптің таба алсаң, Туысың сен де көтерген. Тұрғыңда сол бір бола алсаң, Таусылмас жүлдең əперген. Өңірге түгел ел жүрген Ұласар əрі жолдарың. Алакөл, Балқаш шені мен Аралар бауырын Жоңғардың. Басталды бірақ жаңа олар, Алдыңда əлі белес көп. Солардан туға бара-бар Тұрғайсың көзге елестеп.

Сан үміт тілек еткенмен, Сыйғызып айтар бəрін кім? Сөзіңе біраз от берген Сыйы де мұны кəріңнің! АҚЫН ТҰЛПАРЫ Шүу дейін, кəне, мініп көр дөненім, Көңліме кернеп бірге келді өлеңім. Кісідей қырсау мінген тепеңдемей, Жөн шығар бауыр жаза сермегенім! Сүйкімді көрінеді көзге түрің, Қалпың бар тұғырындай сөз көркінің. Жаратқан жақсы баптап жүйрігімдей, Жаныма жазы-қысы берме тыным. Жаңаның қашан болсын білем жайын, Жаныңды қамшылайды бұл əрдайым. Қиырға қалам ұстап аттанарда, Алдымда жаңа столым тұр дап-дайын. Өлеңге ұдайы бір шабыт түсіп, Тербетсін ойымды сол қатты қысып. Қанатын жаңа қаққан құстарымдай, Үстіңнен өлеңдерім жатсын ұшып. ҰТЫЛҒАННЫҢ ӨКІНІШІ Аяғым кейде ауырып, кетеді ашып, Тұрғандай болам ылғи тікен басып. Қиналып, соған қатты кейігенде, Өзімнен өзім қайда кетем қашып!

Улатып қан тамырды көк түтінге, Аунақшып мазам қанша кетті түнде. Денемде ине шаншар сау жерім жоқ, Сыртымды баламасаң тек бүтінге. Тірнектеп жылдар бойы жиған дерттен Сауығу қиын шығар бүгін-ертең. Ауырлап, аяғымды басам əрең, Адамдай дерт біткенді соңына ерткен... Тұрғанда балғын денең дерттен аман, Соңыңа соны қолдан ертпе, балам. Жұқтырсаң сау денеңе жоқтың татын, Ұқсауың қиын емес ертең маған! Ердім мен түрлі əуеске ерке адамдай, Жүргендей жұқтыратын дерт таба алмай Денемді шылым уы алды жеңіп, Не сорым екен соны ерте қоймай! ҚАҺАРМАН ХАЛЫҚ ҚАЙЫСПАС Тумысы қорыс, ну орман, Таулары түгел бұп-бұйра. Өзендер жатыр бұралған Теңізге беттеп тұп-тұра. Жазықтар тордың көзіндей Тоспалар түрлі тоқыған. Қиын деп соны безінбей, Дəулетке халқы толтырған. Қалалар салған самсатып, Орманның сырып іргесін. Алмаса өзі аршып тек, Орынды оған кім берсін!

Ежелгі Вьетнам жері сол Жапсарлас жатқан теңізге. Еңбегі еш көптен, тұзы сор Ел еді мəлім ол бізге. Өзіне өзін билетпей, Өзгеден зəбір көп керген. Қырқысқан қиын күнді өңкей Басынан бұл да өткерген. Есіркеп ері өз елін, Десе енді басын қосайық, Қорлады кімді сөзі оның? Қосылса халқы, несі айып? ҚУАТ КӨЗІ Қашан да қуат-күшімдей Көремін «Аяққалқаным», Керегін тапқан кісідей Кенеліп жылда қайтамын. Көліңде баяу тербетіп, Көмілте суға орайсың. Түрімді бозаң өзгертіп Қоңырға күнде бояйсың. Дауалы жылы деміңмен Шымырлап бойға тарайсың. Күшімді сиреп кеміген Толтырып қайта жамайсың. Құмыңның құла бітімі Қыздырған күнге денемдей. Бусанып соған бір түрлі, Күнім жоқ қайтқан кенелмей.

Төсеніп торғын көрпемше, Жатамын жəне жамылып... Асығып соған жеткенше, Келемін жылда сағынып! ЛЕНИН НҰРЫ КЕУДЕДЕ Халқымның көңілін аударды Қалпына бүгін Жетісу. Самсаған биік таулары Секілді тойға тіккен ту. Тұрысы өлең тұп-тұтас, Толғантпас терең ол кімді! Шұғыласын төккен күнге ұқсас Төсіне таққан ордені. Келбетін түгел көрем мен, Кернеген дəулет ой-қыры Толқынша қаптап қой өрген, Тоғытып түзін егіні. Шыңдары шырқау көрінген Көрікті таулар саласы! Сарқырап сулар төгілген Секілді байлық сабасы. Данышпан Ленин тапсырған Еліме сеніп өзі оны. Арнасы толып тасыған Ақсын деп дəулет өзені! Сыбаға тартып жылдардан, Жайқалтты түгел ел оны. Күресте, істе шыңдалған Жетілді бірге ерені! Ақтарып алуан асылды

Олжалар салдық Отанға. Ақ жалын асау тасқынды Ауната тарттық жапанға. Қашан да əділ, қырағы Партия көзі көрді оны! Жарқырап бүгін тұр əне Туымызда Ленин ордені. Жандарын шалып шұғыласы Шалқымас сірə кім бұған! Елімнің батыр тұлғасы Көрініп маған тұр бұдан. Осыдан жəне көрем мен Бəріңді, достар, сендердің. Қолынан дəулет көп өнген Танимын жүзін ерлердің! Ерлікте тізгін əрдайым, Тоқтатар бізді қай белең? Жұртымыз түгел тұр дайын Келуге күнде бəйгеден. Түйілдік десем соған біз, Терісі болмас сөзімнің! Самсыта сəндеп соғамыз Сарайын Коммунизмнің. Төсінде теңіз көлбеген Түрленер тағы бұл дала. Сəулетін ешкім көрмеген Салынар талай ну қала! Үдеткен елдің еңбегін, Партиям, саған мың алғыс. Төккендей нұрын жерге күн Мейірімің бізге құяр күш!

ӨШПЕС ЕСІМ Топырақ қымтап томпайып Тым-тырыс Тайыр қалған жоқ. Жалыны титтей ортайып, Жігерін ақау шалған жоқ. Қуатты үні саңқылдап Шалқиды өлең көгінде. Сүйсіне сөзін сан тыңдап, Тұтамыз медеу көңілге. Бүгінгі буын біз түгіл, Болашақ сүйер оны əлі. Өлеңі толы күшті нұр Самғатар оны жоғары. Дамылсыз даусы жаңғырып Жылдарға ұзақ ұласар. Жырларын тартып мəңгілік, Өренмен Тайыр сырласар. Көрмеген бізді, білмеген Жалғасар үзбей жас ұрпақ... Тайырға сол бір күнде де Қарамас ешкім жатырқап! ЕРТІС КҮШІ Құшақта мені, кəрі Ертіс, Толқының тұңғыш орасын. Бойыңа біткен өрен күш Маған да біраз тарасын. Бір кезде Шоқан, Сəкенді Осылай құшқан боларсың.

Өздерің сүйген өлкеңді Өтіпті толғап олар шын. Тербетсең солай сен мені, Көңілге жыр боп қонарсың. Толтырып ойға кеудемді, Сөзімде бірге қаларсың. Шағала құстай бозарып, Жағаңды мен де кезейін. Қалпыңнан ылғи сөз аңдып, Жайыңды терең сезейін. Арнаны кернеп тасыған Арының əсте басылмас. Жаңалап күштер қосылған Секілді мəңгі басың жас! Құшақта мені, кел, Ертіс, Толқының тұңғыш орасын. Бойыңа біткен өрен күш Маған да біраз тарасын! ТОМАР АУЫЛЫ Бұралып əппақ қайыңдар Сыбдырап желге, тұр билеп. Қызыққан соған жайым бар, Көңілді ойлар əлдилеп. Қасында Томар ауылы Кенеліп жырға өскендей. Ғажайып өлең дауылы Қаласа, күнде ескендей.

Əдемі қыздар гүлге ұқсас Тербелді бірге əн салып. Сырларын, сірə, кім ұқпас Шырқаған сені қарсы алып. Қазақтың əсем əндерін Жаңғыртты күллі тоғайға... Қайрылмас ондай əнге кім, Құлағы шалса маңайда? Тəрізі, туған өз елін Сырт тартып ешкім ұмытпас. Қуатын соның сеземін Көңілді əсте суытпас! Осылай Томар ауылы Сілтейді сені көп ойға. Шалқиды əндер дауылы Жаңғырып қалың тоғайға. ТОЙ ТОЛҒАУЫ Елуге келдің ержетіп, Егделік бірақ жоқ сенде. Көңілімді қатты тербетіп, Қозғайсың қашан көрсем де. Қалпыңнан сенің мəңгі жас Халқымның көрем келбетін. Қайраты құрыш сарқылмас Ғажайып сен бір перзенті. Өзім де болған ортаңда, Ойыма өшпес от алып. Өлеңдер тартқам Отанға Ақының алғаш атанып.

Қаласа халқым, тартынбай Қашан да болдың сен алда, Қасқайып ылғи батырдай Көріндің тұлға заманға. Қырқыстың кеше майданда Қып-қызыл жалын, от киіп. Қаймықпай бастың тек алға, Тұрса да түтеп оқ құйып. Шықсаң да шырқау космосқа Ерлікті дəйім таныттың. Тараттың солай бар тұсқа Дабысын туған халықтың... Қажырлы сол бір қолыңмен Қалайсың қыруар сарайды. Өңірде түгел сен жүрген Өмірлер қаулап қарайды. Қара үзбей сенен комсомол, Қуанам бірге мен соған. Тартсаң да əлі қанша жол Қартаю бірақ жоқ саған! Өрісің жатыр қашықта, Самғайсың соған талмастан. Өмірің толы жастыққа Өренге үзбей жалғасқан. Тойыңа бүгін келгенде Толғайын тынбай мен оны. Толқисың жыр боп кеудемде Лениннің ұлы өрені!

ЖЕР МЕЙІРІМІ Шыр етіп жерге түскеннен Сүйейсің арқа сен соған. Құрайды демей ештеңем, Қияды барын ол саған. Тепкілеп жатсаң төсінде, Тербейді сені үндемей. Тағарсың кінə несіне, Түгі жоқ бүгер түймедей. Ауасы дəйім аймалап, Шуағы балқи сүйеді. Төбеңнен түнде ай қарап, Жұлдыздан шоқтар түйеді. Бесікте, бəлкім, балбырап, Бірін де соның білмейсің. Баулиды тынбай жер бірақ Өзінің тосын иесін! АДАМ МАҒЫНАСЫ Ə, деп бір қолға алғалы Жалғасты жұмыс көп айға. Сарайды түрлі ондағы Тұрғызу түгел оңай ма? Жоғалып кеттің дейді анам Хатында маған өкпе айтып. Үйлерді самси бойлаған Жеткізу қиын көпке айтып. Заводтар қандай еңселі, Түрлері көңіл бұрғандай.

Өрлетіп бірге ол сені, Көтеріп көкті тұрғандай! Айта алмас деймін маған да Қайдасың, Жомарт деп ешкім. Көрінбей адам қалар ма Көркейтсе қолы жер үстін! Жеткізсем соны анама, Тербетер ойын көп елес... Берер де терең мағына, Ешкімді маған теңемес! * Туар деп тосын жаңа өлең Шығамын тауға қашанда. Өрісім шүйгін жəне кең Аралап қайда барсам да. Қош алды тағы ол мені Көгалын төсеп кілемдей. Төсінде гүлдер өрнегі Түсіңе сирек кіргендей. Сынайын дей ме тұтқиыл Алыстан келген кезімде, Нажағайлатып тіпті бір, Үңіліп өтті көзіме. Өзімше мен де сыр бермей, Жалына таудың жармастым. Ереңсіз мүлде жүргендей Аяқты ширақ, дəл бастым.

Өзгеріп Асы кеткен бе, Тартқам ба қартаң əлде мен? Асуға таман жеткенде Ауырлап кетті алған дем... Биік деп бірақ тау шыңын Баспауға қалай көнермін: Мекені жатыр малшының, Өрісі жатыр өлеңнің! Алуан түрлі өмірдің кітаптарын Жас күнімнен жалықпай күнде ақтардым. Ашқан сайын əр беттен алдым тауып Жалын толы өлеңнің шумақтарын. Қол үзбеймін сондықтан ол кітаптан Өрісім мен сол менің малым баққан. Соған шүйгіп, сонысын таба білсем, Секілдімін өзіме орын тапқан. Өмірді сен көп көрдің, көп өткіздің, Көрнектісін көп жерде сөзбен тіздің. Қайдағы ойлар көңіліңді қозғайды кеп Оқта-текте солардың көргенде ізін. Қалмайды шет, қалтарыс онда əр тұрғы, Жəне бітер жері оның жоқ ақырғы, Жырыңда тек жүргені сүйкімді тым: Үні, түрі, тынысы алуан түрлі. Өмір бірақ өтпейді күнде бірдей, Көрінгенмен көзіңе күндегіңдей...

Қайта оралмас шағыңды шашып алып, Қай жерде тек қалғанын жүрме білмей! СЫР СЬІЙЫ Сыртынан Сырға қарасаң, Сұлу деу оны тым қиын. Қамысы қалың орасан, Шеңгелі жыныс жіп-жиі. Жиденің иісін сезгенмен, Ойлайсың қоса масасын. Беттемей содан безгенмен, Жеріңнен қайда қашасың! Ежелден сонша қыдырлы Сыр суы жомарт енеңдей. Аралап өтсе қырыңды, Қоймайды елің кенелмей. Кенелген өңір белгілі: Келісті тартар көркі оның. Көзіңмен көр де сен мұны, Қызығын түгел шерт оның. Сүйсінген, бəлкім, ойыңнан Сылдырап əсем жыр шығар. Қыдырлы Сырдың бойынан Құйылып өлең тұр шығар! Аралап Асқар, Əбділдə Арылтқан жерлер осылар. Менің де бірақ алдымда Сақтаулы сыйы бар шығар!..

  • * Қыдырып біраз Сыр бойын, Өлеңдер жидым тірнектеп. Түгендеп бірақ қыр, ойын Жеткізу қиын суреттеп. Менің де қалды құмда ізім Секілді соны қайыған. Əңгіме тердім күн ұзын Əдейі Сырдың жайынан. Сыр бойы жомарт жер екен Алысқа даңқы жайылған. Өңірі диқан ел екен Еңбегі жанып байыған. Сапырып жатыр қырманда Саралап тау-тау күрішін. Сыбдыры соның бұларға Сылдыры тектес күмістің. Құйылған сайын еселеп Қырманды кернеп сол күміс, Қосылып жатқан есеп жоқ Секілді ол бір мол ырыс. Сезеді содан жұрт өзін Қырлары сынбас қуатты. Мені де демеп сол сезім, Өлеңдер тартқан сияқты!

ШИЕЛІ ЖЕРІНДЕ Ерлікке елдің еңбегін Балаймын ылғи Сырда мен. Аралай жүріп көргенім Секілді өңкей жыр да өлең. Тамыры тұтас жалғасқан Қопарып шеңгел, жыңғылды, Қайырып Сырды, жол ашқан Қатыгез шөлге мың жылғы. Жетелеп суды əркімдер Барады бірге жүгіртіп. Балауса күріш, егіндер Алдында соны тұр күтіп. Құныға жұтып толқынды, Қанады түгел Сырға олар. Қауызын дəнге толтырып Дақылдар түрлі ырғалар. Байыптап бəрін Ыбырай Тынысын тыңдар солардың. Даланың дастан жырындай Шалынар көзге ол əр күн! ЖЕР ДƏМІ Тудырған түрлі əңгіме, нелер аңыз Сыр бойын сіз де бірге аралаңыз. Бақшада бадырайып тартады көз Теңкиген торлы қауын, ала қарбыз. Қарбыздар қарш айрылар пышақ салса, Қауындар сыяр емес құшаққа алса.

Солардың жан сүйсінткен əсем дəмін Сіз-дағы құмартарсыз бір татқанша. Томырылып қантқа ұқсайды қарбыз іші, Аңқиды аймағына қауын иісі. Сыртынан сықырлата сыға ұстап, Шерткенде-ақ шырындарын таныр кісі. Бағумен өседі екен соның бəрі, Көп екен, күте білсе, бағу мəні... Алайда осыларға көп қараймын Тұрғандай Сыр бойының барлық дəмі. СОҢҒЫ СƏТ Аттанар күнім еді бұл Қоштасып «Аяққалқаннан». Сағатым еді соңғы бір Дəместік борышты атқарған. Əдейі келдім ертерек Күндегі түсер мезгілден. Алқына құшқан еркелеп Суының демін сездім мен. Кідірмей кетіп қалар деп Қысылды ма екен асығып; Жып-жылы толқын маған кеп Жабыла кетті асылып. Естіліп айқын дыбысы Сүйеді сонша аймалап. Жолыңда тіпті жоқ ісі, Құшаққа мүлде алды орап...

Сүйсіне мен де шомылдым Құмарым əбден қансын деп, Елесі жүрген жолымның Есімде ұзақ қалсын деп! Ерекше терең сездім тек Айрылу сырын сол күні. Қоштасар сəттер соңғы рет Ыстықсың неге сол ғұрлы! * Атамын күнде осылай таңмен бірге, Тарайды таң сəулесі бар өңірге. Сағалап сол сəулені келем бе екен Қалыспай қарағалы мен де өмірге? Бітті екен қанша жұмыс осы түнде? Жанды екен қанша шырақ жер үстінде? Жылтырап сол шырақтың біреуіндей Көрінген қандай жақсы көп ішінде? Кезімде өлең жазып таңды күткен Өзіме керегімді алдым ба екен? Сəулесі түнді түрген таңға ұласып Өшпейтін бір шырағым жанды ма екен? Жазсам да қаншама өлең көзімді ілмей, Тапсам да өлеңдердің сөзін мірдей, Секілді өшпес шырақ бар ма бірі – Келемін өмірімше соны білмей. Жо-жо-жоқ, оны тіпті білмейін мен, Оларды білмегенге дым кейімен. Тынысын таңдарымның сезсе болды – Оқыса өлеңімді кім кейіннен!

  • * Кезімде баспалдақпен көтерілген, Текшеге тоқтай-тоқтай өтемін мен. Алқынып аяғымды басам əрең, Тұрғандай біреу тартып етегімнен. Тыңдаймын жүрегімді дүркін-дүркін, Лүпілдеп жүргізбейді емін-еркін. Ақырын арт жағыма қарап қоям, Жармасып жатыр ма деп кəрілік шіркін! Кеудемнің шуына да түрем құлақ. Жатқандай біреу күліп, біреу жылап... Сыпырып сырт киімді тастағандай Сытылып кете алмаймын не лаж бірақ! ЖОЛ СЫРЫ Бөктерлей тартқан бұ жолмен Жасымнан бері сан жүрдім. Кей жері өшіп үлгерген Іздері жатыр сан жылдың. Көңліне қанық жер еді Бəрі де кəрі Жамбылдың. – Осында, – жырау дер еді, Жылымның көбін қалдырдым. Алысқа беттеп сол жолмен Соңынан талай мен де өткем. Суретін сонда мен көрген Соғұрлы қалай өзгерткен? Қисығын қырқып көп жердің Тартыпты желі төтелеп.

Тарпы жоқ талай белдердің, Қосқаны жəне өте көп: Жарыса жалғап көшелер Орнапты қыстақ, қанша ауыл. Бөгде бір жандар келсе егер, Көрінер таңсық сонша бұл. Жалаңаш жолды жағалай Егілген жал-жал қанша ағаш. Өсіре білсең аянбай, Табиғат та əсте шаршамас. Шыққандай жолда жарысқа Машина қайшы алысқан. Біреуі тартса алысқа, Келеді бірі алыстан. Арқаңды төсеп, ұзын жол, Ілгері бізді тарта бер. Жоныңа түскен ізім мол, Жоғалтпай соны, айта көр. Асыққан ылғи жасымнан Алысқа мені бастай бер. Көкжиек көзден жасырған Сырыңды, кəне, ашпай көр! АСПА ЖОЛ Зымырап өрге тұйғындай Заулайды вагон-қауғамыз. Қапырық, шаңға ұрынбай, Келеміз шырқап тауға біз.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙