Мазмұнға өту
Home

Жан қобдиындағы жақұттар

Жұмабай Құлиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жан қобдиындағы жақұттар

Авторы: Жұмабай Құлиев

Ж. Құлиев ÆÀÍ ҚÎÁÄÈÛÍÄÀҒÛ ÆÀҚҰÒÒÀÐ Алматы “Жазушы” Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Жан қобдиындағы жақұттар Құлиев Ж. Жан қобдиындағы жақұттар. – Алма ты: “Жазушы”, 2015.– 136 бет. ISBN 978-601-200-508-0 Жинаққа ақынның кейінгі жылдары жазылған лирикалық өлеңдері, толғаулары енген. Автор бұл өлеңдерінде туған жер, өскен өлке, сағыныш, махаббат тəрізді мəңгілік тақырыптарды тың теңеу, бейнелі образбен барынша айшықтап, тебірене жырлайды. Ойы ұшқыр, көңіл көзі сергек ақынның өрнекті толғаныстары жыр сүйер қауымды бей-жай қалдырмасы анық. © Құлиев Ж.., 2015 © “Жазушы” баспасы, 2015 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді УДК 821.512.122-1 ББК 84 (5Қаз)-5 Қ 75 ISBN 978-601-200-508-0 УДК 821.512.122-1 ББК 84 (5Қаз)-5 Қ 75

Ж. Құлиев АДАМ НЫҢ КЕЙБІР КЕЗДЕРІ Тіршіліктің жоқ шығар мəңгі шегі, Гүлдер қаулап, даланың жанды шоғы. Күншуақ кеп, түскенде терезеге, Қатып қалған шыбынға жан бітеді. Күшін байқап кішкене қанатының, Тазалады шаң басқан қарашығын. Аяз көрмей, бораған қарды көрмей, Ұшып кетті қайтадан қара шыбын. Ұмытайын дау-дамай, жаласын да, Қазағымның кең байтақ даласында Демалайын кішкене, қажет кезде, Күншуағым, оятып аласың ба? Жолыққанда жаным-ай, жолға кедір, Берілесің қайдағы ойға небір. Өкпелеумен жүргенде кетер өтіп, Бір-ақ рет берілген қайран өмір! Қысқа күнде қырық рет жай салысып, Бір құласам талпынып қайтара ұшып, Бой тасалап қалғанша жүрмеймін бе, Шарасынан тірліктің шайқап ішіп...

Жан қобдиындағы жақұттар НАРАЗЫЛЫҚ Су болса егер құтыңда толғандай лық, Керек емес шілдеде қалған байлық. Қара нөсер шіркін-ай өте шықты, Көрші қонған шопанды малмандай ғып. Керімсалдан тəн ысып, таңдай кепті, Жалағандай күй кештім таңғы əйнекті. Табиғаттың осынау ризығы, Дəл қасымнан ысылдап тамбай кетті. Түрлі-түске бүйірін бояпты аспан, Көршім отыр шөл қанық, тоят басқан. Бір ғажабы жаңағы шопанменен, Екеуіміздің арамыз таяқ тастам. Аңтарылып шұғыла жолағына, Тарттым үнсіз мініп ап шолағыма. Тез иісінгіш інгеннің желініндей, Сыйың неге тағдыр-ай, ала-құла?!

Ж. Құлиев * Бала кезде жоқ адамның аласы, Жүре ілінер барлық күнə, бар айып. Ұяда аппақ кара құстың баласы, Ұшар кезде кетеді екен қарайып. Аттамастан ала жіпті ғұмыры, Мейлі, тағдыр берсін саған аз-аздан. Болсаң-дағы көрінетін сіңірі, Қандай жақсы тіршілікте таза ождан. Ана жылғы оқиға боп əр іңір, Қап-қара түн сияқты бір тау іші, Жаңғырығып жатқызбайды бəрібір, Зар жылатып кеткен жанның дауысы. Жөңкілу мен көктем өтсін, жаз өтсін, Ұмыт болып қалмассың сен кең жерде. Айтыңдаршы, жарандар-ау, не жетсін, Ақ кебінге аппақ болып енгенге...

Жан қобдиындағы жақұттар * Іргемізден ағатын тасқынды өзен, Жағасында отырып жас күнде мен. Дидарыңды сар далам сенің ғажап, Алғаш рет өлеңмен кескіндегем. Өзіңде өтті бал күнім, бал сағатым, Ей, күндестік, бұл жерде алшақ атың. Шығып қырға – мінберге жыр оқысам, Саршұнақтар қаз тұрып қол соғатын. Аунап-қунап гүліне, торқасына, Армансыз бір қонақтап жартасына. Астанаға содан соң ұшып кеттім, Өңшең дүлдүл шайырлар ортасына. Бірден – бірге азая түсті ажарым, Елестетті бұл қала құс базарын Бір-бірінің мұңдарын естімейді, Кетеді екен лағып, тысқа зарың. Босқа еткізбей осынау кезімді алтын, Деген оймен келіп ем, сөзім қалсын. Мейірімге тапшы боп бара жатсам, Туған далам тосатын өзің барсың.

Ж. Құлиев ШАЛКӨДЕДЕГІ КӨКТЕМ

Ə.Қабаевқа Қалай ғұмыр кешкенбіз бөлек кетіп, Жүргің келсе жанарда елестетіп. Көргің келсе жұмақты, дүрбіңді ал да, Мамырдағы сəскеде белеске шық. Ызы-қиқы, етекте гүрлейді ауыл, Қалай жатсың, қорымнан түргел, бауыр. Шəуешектен келуге хабар алып, Таудан асып барады бір көк дауыл. Ұшар басын сəуле мен нұрға малып, Сəлем бердік, миллион жыл тұрған алып. Шығып кеткен ауыздан соңғы демдей Бір шөкім бұлт баурыңда жүр қамалып. Көз алмаймыз ішіп-жеп күз, қырыңды, Енгендейміз əлемге біз бұрынғы. Жасыл шалғын үстінде шабыт тілеп, Азынайды айғырлар қыз бұрымды. Неткен көркем жер едің сын бұзбаған, Əнге қосты қаншама жұлдыз балаң. Сияқтысың Шалкөдем шекпенімнің, Мойнындағы құлпырған құндыз жағам. Отырайық, қашпайық от ала сап, Мұқағали орнына бата жасап. Жұмекен-ай, дүниеден сен де кеттің, Əкете алмай бір шыңды жотаңа сап.

Жан қобдиындағы жақұттар Соған келіп ғашық боп, күйге елеңдер, Қатал тұрмыс қажытып, илегендер. Сан ұрпақтың тұра бер көзін арбап, Жаттың қолы, табаны тимеген жер!

Ж. Құлиев * Өтірік десең өзің айт ақ-төресін, Біреулердің лықытып бақ кересін. Бір жақсыны көп іздеп тапсам болды, Көзің қимай тағдыр-ай, шап бересің. Куəсі боп санадан өшкен кездің, Кетесің-ау, біріне тас пен жездің. Үздігеміз, қия алмай мөлдірейміз, Арасында қоштасып қас пен көздің. Азынайды көп ойлар, көп барабан, Ортасында мен тұрмын көкпар адам. Сені қалқам, əп-сəтте пойызыңмен Жұтып қойды қара түн, қап-қара аран. Сапар – алыс, əлі айнам сан кешем жол, Жаным таза сен үшін сенбесең, көр. Жер – домалақ, дəм жазса жолығармыз, Қарындас-ай, амал не, енді есен бол!

Жан қобдиындағы жақұттар ЖҰБАТУ Шешенді шешен қылған таңдай екен, Батырды батыр қылған маңдай екен. Күннің қалай атқанын көргенім жоқ, Бұ дүниенің жарығы қандай екен? (Туғалы соқыр адамның өлеңі) Көрмедің-ау, төккенін арай қалай, Жалықтың ба түнекке қарай-қарай. Мына біздер бəрін де көріп тұрып, Аша алмадық жаңалық обалдағы-ай! Қарасаң та дүниеге шың басынан, Сімірсек те туған жер тұнбасынан. Желді күнгі түтіндей жер бауырлап, Аса алмадық бəрібір ши басынан. Күйбеңдемей, ұмытып оты-басын, Қиял кешіп мəңгілік отыратын. Жарық күнді дəл сендей сүйе алмаспыз, Сен артықсың бəрінен соқыр ақын. Неге ауса да жанарың тесіп өтсін, Керегі жоқ, əйтпесе есіл оттың. Сыйып тұрған одан да бүкіл ғалам, Бітелмесін көздері көкіректің.

Ж. Құлиев * Зырлар уақыт желмаямен ай табан, Өз ырқыңды өзіңе де билетпей. Бір құласаң ұша алмайсың қайтадан, Майға қонып, үйелеген үйректей. Қадір түннің көре алмадым ақ нұрын, Жетер жерге жете алмадым сор қайнай. Шыр-шыр етер менің байғұс тағдырым, Тентек бала қолындағы торғайдай. Сөйтіп жүріп жастық өтер, не қалар? Кеткенің бе айтылмастан күмбір əн. Көз алдымда бəрі, бəрі жоғалар, Сияқты боп жерге сіңген құмжылан. Каршадайдан жыр жолына түсіп ем, Талай түнде нала жасым тамаған-ды. Ертең елім көп тұяқтың ішінен, Тани алмай қала ма деп таңбамды...

Жан қобдиындағы жақұттар КЕЛДІ МЕНІҢ КӨКТЕМІМ Қар астында қыс бойы азап шеккен, Өсімдікті, жəндікті оят, көктем! Мен де күттім өзіңді бір адамдай, Ескен жаққа жылы жел қарап көптен. Жібітетін тасты да асыл күш-ай, Құдіретіңмен гүл шығып, тасиды – сай. Сонау күзде келсеңші ұшып кеткен, Махаббаттың алғашқы жасыл құсы-ай! Жүйрік уақыт тізгінді тарта тұршы, Ойлардың да түйіні тарақатылды. Бұл өзіңмен қарағым, кездеспеген, Көктем еді япырмау, қаншасыншы! Өткен күнді болмайды ескірген деу, Еске салар көкжиек, көкшіл белдеу. Ешбір жанға қажетің болмаса да, Заңдылық қой дүниеден кеткің келмеу. Көктем сайын жанымыз қалар байып, Жылғаларға жіберіп қағаз қайық. Көз алдыңнан қылтылдап жоғалатын Сол қайықтай бəрі де болар ғайып. Лапылдаумен, қайнаумен бұрқылдаумен, Өтесің-ау бір күні шіркін, дəурен! О, Жаратқан алсаң да көктемде алшы, Аттандырсын табиғат мың сырнаймен.

Ж. Құлиев ЕРТЕГІ Жаңа-жаңа құрған кезде қоғамды, Бабалардан осынау бір қалды аңыз. Кеңеспекке қасына алып адамды, Мал біткенді шақырыпты Алламыз. Құп алсаңдар мынау еді түйгенім: Барлығыңнан пысық жəне зейінді Адам болмақ ұланғайыр дүниенің, Əміршісі мына менен кейінгі. Сүттеріңді сусын қылып ішеді, Бірақ, бəрің білмейсіндер есіңді. Сендерді олар асырайды, күтеді, Жейді жəне етіңді. Тамағына тақағандай кездікті, Бəрі бірдей жиырыпты денесін. Депті Алламыз, хайуандарым, сөз бітті, Барлығың да осы айтқанға көнесің. Абдырапты төбесінен жай түсіп, Бастарынан күллі биік көшкесін. Өздері боп ұзақ-ұзақ айтысып Ақырында келісіпті, не істесін? Алламыздың түзу шығып есебі, Ұзақ жасап, міне, осылай болдық паң. Тек қана ешкі көне алмапты деседі, Бауыздарда бақыруы сондықтан. Ашып көзді, жер басқалы осы біз, Өзің айтшы не тындырдық көктетіп? Байғұстардан жиып алған жасымыз, Бара жатқан жоқ па, құрбым, текке өтіп?

Жан қобдиындағы жақұттар * Ғашықтықтың бастан кешіп безгегін, Оңашада мұңға баттым өзді-өзім. Сені сырттай меншіктедім бау тағып, Не құдірет екендігін сезбедім. Сен де бала, мен де бала, бала едік, Тірлік дəмін үлгермеген əлі еміп. Сонда да біз жаңа туған сезімді, Махабаттың бесігіне бөледік. Жаңа-жаңа сүттен қаймақ түзіліп, Келе атқанда қалды бəрі үзіліп. Бала күнгі көңілдер-ай кінəмшіл, Бір-ақ күнде жүре бердің бұзылып. Кетті жылдар алып бізден еншісін, Бал күніңнің жоғалтып ап емшісін. Кете бардың араласып сағыммен, Қала бердім айыра алмай өң-түсін. Қайда сол бір өліп-өшіп сүйген күн? Қазір соны ойламауға үйрендім. Шыдамның да жанармайы таусылып, Сені қиып басқа жанға үйлендім. Кетсең-дағы мəңгі-бақи көріспей, Анда-санда ақ дидарын көр іштей. Қиын екен ең алғашқы махаббат, Жүрегіңе қатып қалған беріштей.

Ж. Құлиев * Сезім жайлы жырлар жазу парыз-ды, Талай кеште өртеді рас, жалын мың. Бірақ жердің тарту күші тəрізді, Мені де ылғи тарта берер калың мұң. Байлық ойлап жанталасқан бай емен, Абыржыған алтын тығып оқпанға. Қалай ғана жаза аларсың жəй өлең, Ғалам мынау ықылық атып жатқанда. Айқұш-ұйқыш жыртып қойған аңыздай Адымдатпас шекаралар – сызықтар. Құлағыңа кіріп кеткен қоңыздай, Дүниені дүбірлетер бұзықтар. Зырлар уақыт қанатын тез қақтырып, Қандай бақыт əкеледі туар Ай. Тағдырларын адамзатқа тапсырып, Суда итбалық, тауда алаңсыз құралай. Сенесің бе, Күн де, Ай да тұр толқып, Бірақ, бəрі баяғыдай сызылды. Кесірткенің құйрығындай бір шоршып, Қаншама арман сағағынан үзілді? Ғасыр мұңын талай-талай сезді ер де, Жасын ойнап, аспан мынау күркірлі. Дəл осындай алмағайып кездерде, Сезім жəйлі жырлар жазу біртүрлі...

Жан қобдиындағы жақұттар РОССИЯ, СЕН БІЗГЕ РИЗАСЫҢ БА? Менің жұртым еркіндеу халық болатын, Өмір сүрген əндетіп кең өлкесінде. Россия жайғанда алып қанатын, Қала бердік сол елдің көлеңкесінде. Амал қанша сан ғасыр жылап та жүрдің, Зəбір көрдің, жатпадың тоң-теріс болып. Түсті саған сəулесі Ұлы Октябрьдің, Жарылқады япырмай төңкеріс келіп. Аман қалып тағы да сілкіндің құздай, Тағдыр қанша сойса да сояу тіспенен. Халқым менің ешқашан шырқыңды бұзбай, Арадағы достыққа қаяу түспеген. Сорып жатыр, жалап-жеп, қалдырмай түгін, Кеткендей-ақ мұра қып арғы аталары. Арып-ашып келгендер қор жинайтұғын, Далам менің бұл күнде бордақы алаңы. Тойынғандар қазақтың жасыл бағынан, Теріс қарап күледі, есінеседі. Бəленбай жыл тоналған есіл қазынам, Бəрі келер ұрпақтың несібесі еді. Сол дəуренді бұл күнде жоқтаған бəрі, Қайда кетті кешегі тола қазына? Аралымның тулаған ақ сазандары Отын болды-ау, бір кезде паравозыңа.

Ж. Құлиев Берсең-дағы таратып қолыңдағыңды, Орындалып көрді ме бір сұрағаның? Көтерейін деді де сенің бағыңды, Эрмитажға жөнелтті жылтырағанын. Назар салсаң жаужүрек жетер ұл менде, Ақтарайын көңілдің талай қатпарын. Өз жерімнен сонша жұрт көтерілгенде, Бір қазақты ғарышқа маңайлатпадың. Бітті шыдам апарам қолды ауыздыққа, Алдымдағы барымды көсеп кетесің. Кім төзеді осынау жалмауыздыққа, Кезең келді амалсыз есептесетін. Еншісі де бір еді, жинаған теңі, Қалар болса түбінде бір үй қасыңда. Ол да қазақ болар-ау, қимаған сені, Россия, сен бізге ризасың ба?

Жан қобдиындағы жақұттар ОЯТУ Біздің ұрпақ, жаманның жайрат бəрін, Ұшқын атқан, о, менің қайрақтарым. Барлығың да қазақша қауқылдасып, Тұрар ма екен желбіреп байрақтарың? Батырлар-ау, ойланар келді күнің, Заман болды қыны жоқ белдігінің. Елші ағылған кешегі оқ ордалар, Белгісі екен халқымның елдігінің. Буырқанды бүгінде тамам дала, Селт етпей ме сонда да санаң бала? Мешіттерің жатқанда опырайып, Шіркеулер тұр аспандап, анаң қара! Кешкен бастан көп қырғын, көп ғажапты, Қалай алдап соқты екен сақ қазақты? Біреу мініп жүр əне лақса ғып, Ата-бабаң сыйлаған ақ боз атты. Құртар бізді түбінде төзімділік, Жауды ықтырып, досыңа көзің күліп. Бес қаруың бойыңда, баяғыдай Тұлпарыңды жүрсеңші өзің мініп...

Ж. Құлиев ТЫЛСЫМ КӨКПЕН ТІЛДЕСУ Қысылғанда сен болдың сүйенгенім, Мылқау ғарыш, өзіңді кием дедім. Мына жалған біткесін қайда барам, Ақыл берер қайдасың ием менің? Қанша күттік ғаламат бөтен үнді, Көре алмадық қандай жан екеніңді. Бір өзіңе айтатын мұңымыз көп, Жаратқан-ау, айтсаңшы мекеніңді? Не келмейді, не кетіп қайран басқа, Жым-жырт түндер қоймайды ойланбасқа. Көкке қарап көз ілмей телміргенмен, Көре алмадык жұлдыз бен айдан басқа. Жарқ еткенде қараймыз жырғай, өріп. Қадір түнгі осынау нұрға жорып. Үндемейсің бəрібір қасақана, Сүйекшілер секілді сырға берік. Қас-қағымдық ғұмырын көпке балап, Саған налып кетсе де өкпелеп-ақ. Неге адамдар бірдеме дəметкендей, Өлгенде де жатады көкке қарап? Бұ дүниеден көшеміз ал, біз шырақ, Жаман-жақсы артымда қалды із шұбап. Мөлт-мөлт етіп көзімде жалғыз тамшы, Көкейімде кетеді-ау жалғыз сұрақ.

Жан қобдиындағы жақұттар БЕУ, ТАБИҒАТ Жібек самал омырауды өпкенде, Тұла бойы кетеді екен күш тасып, Тасқа дейін құлпырады көктемде, Бетін əсем мүк басып. Көкжиектің көлегейлеп аржағын, Сұлу сағым, көзімді арбап сылаңда. Ін аузына тастап қысқы жарғағын, Түледі əне, жылан да. Тамашаға батырдың-ау, бізді еппен, Түс көргендей қылып қойдың ояуды. Шеберсің-ау, өзің айтшы қыз-көктем, Қайдан алдың осыншама бояуды? Уакыт шіркін санаспайды алтынмен, Тоқтамайды дүниенің пұлын сат. Дір-дір етіп дəл осынау қалпыңмен, Көз алдымда тұра тұршы, шырын сəт! Аяқталып қуғыны мен сүргіні, Ғұмыр тозып, таусылғанда амалым. Мəңгілікке қисаярмын бір күні, Қойныңа кеп туған жерім, жамалым!

Ж. Құлиев * Деуші едім тағдыр тауып қосқан ба? Сұраған бұзбай батаны. Көктем кеп дүние зауықтасқанда, Бізді де бір күш матады. Кете жаздайтын қалқам сүйгенде, Шаттықтан кеуде қақырап. Қисаятынбыз салқам түндерде, Жамылып түйе жапырақ. Жүрсем ғой деуші ем қалыңдық ойнап, Көзіңнің енді сұғын іш. Бағымды қуып, қолымды байлап, Не мұрат таптың, ібіліс? Қайтарамын деп арындап көрдім, Бұйырмай кеттің құрмағыр. Мың-миллион мынау қара ілгектердің, Ішінде сенсің – бір лағыл. Қарашы, кімнің дүркін-заманда, Тұр дейсің алшы асығы? Қартайсаң да ыстық біртүрлі адамға, Жастықтың ғашық-машығы. Сол кездің қымбат елесі маған, Етермін талай талғажау. Қамықпа жаным, келесі ғалам, Тағы да бізді жалғар-ау!

Жан қобдиындағы жақұттар ОТЫРАР Жоқ бұл жерде жиын, дүбір, Талқан қылған құйын ғұмыр. Ұлы Отырар дегеніміз – Жаншошырлық үйінді бұл! Көп долбармен жанаспаған, Сенде сыр көп жан ашпаған. Тасбақадай бұғып алмай, Тіл қатсаңшы көне астанам. Кенттерімді қиратты есіл, О, Шыңғысхан, зиратта өкір! Сен жасаған күнəлардан, Сықырлайды сират көпір. Қаза болдық кезде өрімдей, Жап-жас едік өздеріңдей. Жеп құмыра сынықтары, Сөйлейді ару көздеріндей. Дір еткізіп ет-жүректі, Естіледі мұңлы тырау. Кəрі тарих өтті-кетті, Бізге қалды түрлі сұрау. Талай ақын толғар, қалқам, Шапағатың қолдар дархан. Топырағын бойтұмар ғып, Тағайықшы кел, Қалдархан! Мейірленіп барқыт күзге, Қала бердің қалқып түзде. Беу, Отырар, жібердің-ау, Бар мұңыңды артып бізге...

Ж. Құлиев * Оралсам ғой сол бір жиырма жасыма, Қарамастан жиын-тойға, асына, Барлық жиған-тергенімді көтеріп, Тартар едім жайлаудағы қосыма. Əттең, бəрі басымызға кеш енді, Ей, Алматы, кезбей босқа көшеңді Бір-ақ күндік көбелектей асығып, Уақыттардан қайтарар ем есемді. Бұл дүние көңілдерін талайдың, Еліктірер базарындай Алайдың. Тұлпар – күндер арбасында даңғырлап, Бос бөшкедей ойсыз жүрдік талай күн. Енді міне, отырғаным майрылып, Күндіз – күлкі, түнде ұйқыдан айрылып. Қаза болған намазына түбінде, Молдалардай бір соғатын қайрылып...

Жан қобдиындағы жақұттар * Кетті мұнтаз балалық гари-гакка, Тыпыршисың толғасын балиғатқа. Меңдегенде денеңді сайқали-күй, Сен де бір күн енерсің шариғатқа. Келген кезде жалынға орандық мың, Қара шапан жамылып жалаңбұт түн. Асыл менен масылды айыра алмай, Ұйығына баттым-ау харамдықтың. Кейінгілер тілдеме, тиеді оғаш, Біздің жолға соқтықпа, қиялап ас. Ақзон киіп сапарға шығып едім, Быт-шыт қылды қаптаған күйелі ағаш. Тағдыр бізді осылай жаратты, жə, Мына ғажап қоғамға қорашпын, ə? Болса-дағы күнəм көп, Яссауидей, Түсе алмадым, қайтейін, жер астына...

Ж. Құлиев * Бес жасымда түс сияқты көргенім, Кемпірлердің үзіп ойнап, өрмегін. Күні бойы топай болды ермегім, Сонда менің қані, шыққан мүйізім? Он жасымда бардым мектеп-мешітке, Балалығым қала берді есікте. Дауа бар ма Алла жазған несіпке, Сонда менің кані, шыққан мүйізім? Он бесімде шақша ұстадым сүйектеп, Қыз ұсынды орамалын жиектеп. Солқылдатты акындық жын иектеп, Сонда менің қані, шыққан мүйізім? Жиырма жаста əр тарапқа бой салып, Сылаң жорға сияқты боп тайпалып. Шайырлардай шарап іштік шайқалып, Сонда менің кані, шыққан мүйізім? Жиырма бесте болмасам да Күлтегін, Арман-тауға мен де қанат сілтедім. Ашылмаған сыр сандықтың кілті едім, Сонда менің қані, шыққан мүйізім? Міне, бүгін отызға да іліндім, Бəйіт жаздым жеткенінше тілімнің Басын шалдық талай-талай ілімнің, Сонда менің қане шыққан мүйізім?

Жан қобдиындағы жақұттар Жүз жаста да шықпайды екен мүйізің, Абыздардай ойға баттым күні ұзын. Ыңырсыған қалың дүбір шақырып, Құлағымнан кетпей қойды бір ызың. Заман мынау, қатпай сынды бұғана, Там-тұм өмір болар кімге жұғана. Келер күннің көген көзі бізді де, Еске аларсың, қосып бір кез дұғаңа!

Ж. Құлиев ЖІБЕК ОҢБАС БОЛСАЙШЫ... Менің де бір сұлу ботам бар еді, Онсыз маған жаһан ғалам тар еді. Бала – мүсін қол бұлғайтын қиуадан, Көздері оның ін түбіндей қара еді. Осы қалпың тұрса деуші ем бұзылмай, Қарау қиын толқынданбай, қызынбай. Шалқан маймен шашын тарап шыққанда, Жұмақтағы мисал хордың қызындай. Əуеніңе əуелетіп қостым əн, Қуаныштан болар маңай тас-тұман. Жолбарыстың бауырындай ақ үлпек, Сүйген кезде тамағыңның астынан. Нұрдың қызы сені əкетті тарау із, Есейдің бе... балапан ең сарыауыз. Сəл көрмесек өліп-өшіп сағынып, Жүректерден тамшылайтын балауыз. Ағын судай кетті жылдар гүрілдеп, Енді сол кез тек санада тірілмек. Көк шілтерлі терезеңнің алдында, Тұрушы едім ғаси жүрек дірілдеп. Сұлулыққа уақыт деген таза жау, Сүйгендерді қоспай мəңгі жазалау, Бірте-бірте ашудастай ақ денең, Піте түскен ақ киіздей тозады-ау.

Жан қобдиындағы жақұттар Бір үзілсе адамдардың асылы-ай, Жан едің бір жүрегіме жаны сай. Айтып-айтпа енді бəрі мəкру, Дейміз-дағы: “Бізді ойлай жүр таныс-ай”!..

Ж. Құлиев ҚЫС КЕЛДІ МІНЕ... Құлазып маңай, азды мекенім, Тұрсам да налып, бəрін құптадым. Біздер отырған жазғы кафенің, Қар басып қапты орындықтарын. Майхана жақка барайық бүгін, Айығам ойдан басқанда үймелей, Көкжиекпенен орағытты күн, Алапестерден қашқан күймедей. Мейрамдар біздің тойланып болған, Жып-жылы бақтар, ұйықтар қайда? Қаланы қимай айналып қалған, Ұқсаймын мен де суық торғайға. Күтемін сені кеш келер бақыт, Шашымның мынау көбейсе де ағы. Тоқтасам болды ешкіемер уақыт, Жастық күнімді жебей сауады. Естелік көшін жалғаймын сосын, Құлаққа келер үзіккен үндер... Құлазығанмен болмайды досым, Сол жаздан қалған қызықпен күн көр!

Жан қобдиындағы жақұттар БІЗДІҢ ТІРЛІК Бара жатыр күн сайын үміт деген ғажайып, Қой жалаған дамылсыз, қара тұздай азайып. Сүлде сынды көлеңке иектейді ел жатпай, Аманаттар анталап, сығады кеп толғақтай. Ешкімге де пайдам жоқ, опат қыппын көп күнді, Босағаға жабысқан арам шеміршек – сынды. Көрінсін деп көтерді ел, біз шықпаған қырқадан, Айдын мұзда таймайтын азамат боп нілтабан.

Жасаймын деп бір ерлік, көктем алдап, қыс алдап, Туған елім саған да болыппын-ау мысалдат. Бір Алланың қолында, тағдырымның бұйдасы, Туу, өлу озалдан фəни-дүние мирасы. Жанарымды шел басты, түк көрмеймін тозаңнан, Жүгерідей шоршимын, шыға алмаймын қазаннан. Ғаламшардың жаншиды, бар қайғысы жиылып, Ж. Құлиев Отырамын түндерде марту басып бұйығып. Салалаймын ұстап ап, сылқым ойдың елесін, Күзенге ұқсап іңірде, аттың жалын өретін. Шығам арман арқалап, əрбір таңда ататын, Кешке қарай құлаймын, жетпей қалып шақатым. Аламандар шуласып, жүрер жолға кілем сап, Өлтірмесең əйтеуір, бір келерсің шүлен – сəт.

Жан қобдиындағы жақұттар БАУЫРЖАН ҚАЗАСЫН ЕСТІГЕН КҮН Жетті хабар. Досым өлді. Қош мəңгі, Қандай кесел жайратты екен қасқаңды. Қанша мезет тыпыр етпей отырдым, Жынды адамның халін кешіп естанды. Жанарыңды жаспен була, булама, Жұтып тынды бауырымды құлғана. Поэзия қорымында тағы бір, Балғын қабір пайда болды су жаңа. Нелер келіп, нелер кетті ойыма, Бірте-бірте ымырт түсті жайыла. Ай да сонау жанып тұрған бір шамдал, Білте салып өлгендердің майына. Бір əлемет үрей сыйлап борық түн, Таңға жақын сен жайлы ойдан сорықтым. Кеткендейсің əруаққа айналып, Суретіңе қарауға да қорықтым! Біздің көлге қонар ма енді сірə, қу, Қандай жаман шарасыз боп құлазу. Отыз тісім отыз досым еді ғой, Ойда жоқта опырылды бір азу. Дəлу – нала, қан жылайды, мұздайды іш, Қарсы алатын болды-ау мен кіл қайғы іс.

Ж. Құлиев Түсіп қалған азуымның орнын, Жалай берер қайта-қайта тіл байғұс. Аманат боп қалды өлең-жыр, лағыл əн, Соған-дағы шүкір етем, не қылам? Сені еске алып шырқаймыз біз егіліп, Арамыздан ерте кеткен оғылан...

Жан қобдиындағы жақұттар ТОҚТАР ҰШҚАНДА Қойнауында сиқыр жолдар жосылған, Аспан елі жеткізбейтін алыс төр. Зеңбірекке тірі салып атылған, Байзақ датқа ең бірінші ғарышкер. Қаның ысып, бойды кернеп ақжарма əн, Жөнің бар-ау көкдауылдай паңданар. Қазақ көгі қағанағын қақ жарған, Екіншісі – Тоқтар ноян сен болар. Қалғып кеткен санамызды бір іркіп, Жирендердің басып желік, байызын. Көні кепкен ұлы ерлікті тірілтіп, Мұсылманның қандырдың-ау айызын. Дүниені шайқап өткен аймаңдай, Ерлер аз ба біздің байтақ Тұранда? Егер маған билік берсе ойланбай, Есіміңді жазар едім құранға.

Ж. Құлиев ҚОНАЙҒА Шама келсе қос қанатты кең жайып, Ей, Қонайжан, қатар түсіп самғайық – Сайрандатып қояр дейсің қашанғы, Болар бір күн дидар ғайып, дəм ғайып. Күпінеміз, дейміз алып терекпіз, Кім біледі, қай орынға керекпіз? Мына өмірден кетеміз бе дариға-ай, Шыңғысханның моласындай дерексіз. Қайда бүгін тау жығардай от екпін, Жүрміз əлі шөбін шалып етектің. Көз ұшында омыртқадай тізіліп, Кетер біздің басымыздан мəтөк күн. Жүк пойызы құлағанда адырдан, Шойын жолың айырылар сабырдан. Келер күннің салмағынан зілмауыр, Сықырлайды кос арысың, қабырғаң. Күнпаякүн жақындаған сияқты, Көзі азайған көп асылдың тұрақты. Оғыландыға, Бекет – атам басына, Бəрін тастап болсақ па екен шырақшы? Етігіңнің мыжырайып сірісін, Митыңдаған кəнден – тірлік құрысын. Болсын ертең Мəңкүр – Нəңкүр алдында, Өз-өзіңді ақтап алар бір ісің...

Жан қобдиындағы жақұттар КЕШІР БІЗДІ, БАБАЛАР Боздай-боздай жат жерде, атандардай тізделген, Асылдарым қаншама үйде туып, түзде өлген. Бұрынғылар батырын бал толтырып күбіге, Айлап жүріп əкелді-ау Қожа-Ахмет түбіне. Қатар түсіп тірлікте бір жеңіліс, бір жеңіс, Бағыланды Сырымдай алып қалды Үргеніш. Мəскеудегі ер Ғани, Ташкенттегі Төле би, Айдалада қап қойған сияқты бір бөлек үй. Құрманғазы дегенде елжіремес қай жүрек, Қоңыр күйге құшағын дала түгіл жайды көк. Əлі күнге сабазым, Қажы-Тархан мекенін, Жатырсың ба əйгілеп қазақ жері екенін? Маңдайына жыр жазып, таңдандырып сын көзді. Бастарыңа көтерсе бір-бір мазар күмбезді. Бірақ ондай ұл қайда, аман болсын өз басың, Он ғасырлық зиратқа жетесіздер жазды атын. Басы қайда шекпеннің, ал біз болсақ етегі, “Кедей күні осылай кіжінумен өтеді....”

Ж. Құлиев ШАРАСЫЗДЫҚ Бір ғажап күш айдауда елпілдетіп, Бəріменен дегендей қал тілдесіп, Бізді қимай барады жортпаш-сағым, Көкжиекте көз жасын көлкілдетіп. Күн кешеміз ой жайлап, қия жайлап, Мелшиеміз болжалсыз жүйені ойлап. Əуел бастан бұқұдай кеткен бізге, Құпиялар есігін шие байлап. Жаналғышың төнсе де най басыңа, Асыл сүйек шоралар, ау жасыма. Сен кетсең де бойдағы əз-өнерің, Бір соғады түбінде заузатыңа. О, дүниеге жасаймыз ойша жорық, Үзілеміз жақсы əнді айта беріп... Жер астына бір батып шыққан күндей, Жүр ме екенбіз жиһанға қайта келіп. Ертең тағы шығады ол ұясынан, Жазылуда тағдырлар... сиясы-қан. Мына бізден бұрын да осыны ойлап, Талай дүрдің сенделіп, миы ашыған. Еншімізге шоп-шолақ өмір арнап, Көп сұрасаң үндемес саңырау хақ. Е, Жасаған ием-ай, айтпадың-ау, Қайда əкетіп барасың омыраулап?

Жан қобдиындағы жақұттар БОЛСАМ-АУ ДЕУМЕН... Батыр да болдым ойша мың, Сыбанып топта білекті. Талайдың қаққан шайтанын, Нағимдай берен жүректі. Ел кезіп жүрсе елесім, Шарласа даңқым алысты. Əнші де болғым келетін, Əсеттей бипыл дауысты. Баста үкі, гүлдер өңірде, Жанарда керім маздап шоқ. Жүргім де келді өмірде, Ақандай кінəз, бекзат боп. Қаққанша жауым кірпікті, Қалпақтай қылсам көш жерден. Болсам-ау шолақ мылтықты. Құныскерейдей қас мерген. Жырменен қырсам халқымды, Аламан тойда қым-қуыт. Болсам деп көңіл талпынды. Мұраттай төкпе, тұңғиық. Ас болмас саған сылдыр сөз, Жоқшылық талай терлетті. Болғым да келді мен бір кез, Шам, Талпақтардай дəулетті.

Ж. Құлиев Түстерін жоймай жалқын көк, Тасқа айтып бітпес арманын. Толқын да толқын, толқын боп. Жоғалды талай тарланым. Дүниенің құрдым аяғы, Тыншимын кейде тоқ басам, Толқындарыма баяғы Жете алмайды екем ешқашан.

Жан қобдиындағы жақұттар ƏКЕМ СҰПЫҒАЛИҒА Тірлігіңе күз кіргенде, Түпсіз ойлар қажайды иен, Кəрілікке тізгін берме, Қажыма, əке, əз-əулием! Жасар едім ғани-сəби, Сұм уақытқа келмейді əлім. Мына бізді жани-жани, Таусылдың ба, шар қайрағым? Құмар болмай жайдарманға, Тіккен мəңгі жырға басын. Сен арналы сай болғанда, Мен едім ғой бір қолатың. Көңіл алаң, күпті жүрек, Көздей ме деп мерген жасын. Жол көп əлі жықпылы көп, Сен жығылма, керуен басым!

Ж. Құлиев * Қасымда отыр сылқым бір қыз, Ұшар көкке сезім гөйлеп. Жарқырайды шолпан жұлдыз. Шадырқайдың безіндей боп. Күйіп барам тынысыңа, Бұл от шарпыр талай маңды. Қалқам, көңіл шынысына, Түсірме көп қолайнаңды. Ер жігіт тап сақылардай, Қайтем күнім, мазаңды алып. Шүлен жазда жапырақ жай, Сен де гүлдей тозаңданып... Біздер тіккен құлама ту, Тоқтамасын жан сағатың. Алдымызда ұлан асу, Ат аритын, тон тозатын. Бақи тірлік жаңбырлары, Талайлардың шаяды өңін. Көңіліңнің əн-қырманы, Тарқамасын аягөзім. Ұмыт болсаң кеңшілікте, Еске салар қоңырау күн. Жүрер мəңгі кеңсірікте, Исі жұпар омыраудың.

Жан қобдиындағы жақұттар Түсер басқа небір құрық, Болған кезде жылуға зар. Жазам сонда егілдіріп, Өзіңе арнап сұлу ғазал...

Ж. Құлиев АҚАН СЕРІ Талай-талай бұл дүние нарды көрді, Өнер десе салатын бар жігерді. Ақанды мен əйтеуір жақын тұтам, Өнерпаздар ішінен арғы-бергі. Татып жүрген асқақ əн, ойдан сусын, Жан емес ол саудаға пайдам тисін. Аңғардағы бүріскен бес-алты үйге, Ақан сері жыл бойы қайдан сыйсын? Сықып əнге кеуденің көл кесесін, Қалың елге жолшыбай селдететін. Қызыл-жасыл киініп, бұлттар құсап, Ілесіп-ақ маңитын желге сосын. Əділетсіз заманда тасыр-дүбір, Бойға жинап елде жоқ асылды кіл. Тай-тапыраш көрсе де тіршілікте, Ақандікі бəрібір жасын ғұмыр. Мəңгі жастық, өтпейтін жазды армандай, Төгілетін ойнақы саздар қандай. Басарала, Көкжендет қоса біткен, Үш тоты мен Құлагер аз болғандай. Жүрегіне талайдың шоқ маздатқан, Əніменен əуеде ақ қазды атқан. Қарап қалар көз алмай мұжықтар да, Шақшасына алтынмен кавказдатқан.

Жан қобдиындағы жақұттар Қайран қылған қызын да, мырзасын да, Алуан өнер бар еді-ау бір басыңда. Жүрісіңе салам деп сенің дүлдүл, Таңы айрылған талайдың қыр басында. Қарсы алдыңнан сан арқан керіліпті, Місе тұтпай бойдағы кəрілікті. Сенің ғана қолыңнан келетін іс, Өле-өлгенше тастамау серілікті. Жалтармайтын тұрса да тозақ алдан, Қыран едің дəм татқан таза қолдан. Сауық құрып Біржанмен бір-екі жыл, Қайтып келсе жұбайы қаза болған. Жортып кеттің бетке алып тағы түнді, Қайран серім тыймадың шабысыңды. Мына бір заң дəуірлеп тұрған заман, “Қатын өлсе – қамшының сабы сынды”. Тұрған кезде көмейі, көрігі аман, Бар қазақтың дайын ғой төрі де оған. Ортасынан жүз қыздың өткізгенде, Ертіп кеткен жартысын сері бабам. Арпалысып, тағдырға көнбей малша, Шын асылдар өлмесе, сөнбей қалса. Мына жалпақ ғаламды шайқар еді-ау, Па, шіркін-ай, бар қазақ сендей болса!

Ж. Құлиев Ол кездерде дала жас, көл де жасаң, Əнге балқып күй кешті ел де масаң. Ақан сері қазақтың аспанына, Атын жазып кетіпті-ау əлдеқашан. Қасың бұғып, əніңді досың қостап, Туған жердің тербелдің төсінде асқақ. Бар жігітке арман боп көз ұшында, Сен барасың жастықтың көшін бастап..

Жан қобдиындағы жақұттар АҒАҒА СЫР Несін айтам, кездер болды тарыққан, Жол таба алмай, таңдай кеуіп, талаурап. Аға, сонда қол бұлғадың алыстан, Орысқазған оттарындай алаулап. Аулақ бізден жымысқы əдет, көлгірлік, Саналы жан қарау керек əліне. Мен, мысалы, төмендегі селдір бұлт, Ал, ол болса – қазбауыр бұлт – əріде. Арамызда құпия бір дірілдің, Бары да рас, соны мəңгі қалдырғай. Сен қайда ақсаң, мен де солай бұрылдым, Су астында жасыл бұрым балдырдай. Бықсымадық түтініндей су қидың, Сапар шексең күтіп жүрдім жол қарап. Төрге шықсаң құман алып су құйдым, Аңға шықсаң, қағушың боп қолғанат. Дүние шіркін жұқ бола ма жұмырға, Бізді бұдан басқа затпен еліктір. Сақи-тағдыр, енді қалған ғұмырда, Осы ағаммен жақсылықта жолықтыр.

Ж. Құлиев * Ғұмыр қайда кілең бақпен өрілген, Мезгілдерім сағымдардай бос ақты. Нөсерден соң көкжиекте керілген, Көрдің бе сен жарты кемпірқосақты? Сəулеленіп жетіқат көк шатыры, Көрінер ол барлық бұрыш, тараптан. Сол менмін гой сені күтіп ақыры, Бұл жалғаннан жалқы кетіп баратқан. Сарғалдағым, сені көрем түсімде, Бұл дерт тіпті қанға сіңді, айт емін. Сылқып аққан ғұмыр-дария ішінде, Сенің шөбің ілікпесе қайтемін? Ойға алғанның бəрі біткен, шағылған, Не қыламын қыздырманы, базарды? Күн өткізем көз жасына шомылған Қаудыраған оқып еске ғазалды...

Жан қобдиындағы жақұттар * Бұл өлкеде тау да жоқ заңғар асқан, Талай шайыр бірақта əнге қосқан. Жүрек құрғыр шымырлап, тыпыршиды, Отарбамыз асқанда Қандыағаштан. Қиял байғұс самғасын, шығандасын, Естеліктің ағыттым бұрандасын. Думан құрған ту тігіп, жəннатым-ай, Əнімдесің, ақ Сағыз, дұғамдасың. Адастырмас түнде де, шүкір, алау, Айналасы көк орай, сыпыра бау. Айналайын, Шернияз атам жатқан, Жымыңдаған оттары Мұқыр анау... Төгіп-төгіп барымды айтқым келді, Сан сапардан сағынып қайттым кері. Туған далам, сенде өткен əр сағатым, Сияқты бір мен үшін айт күндері. Шыққандай боп зынданнан таң қаламын, Кескініне түндегі маң даланың. Көкжиекте ұйиды қызыл ноқат, Жарда езілген қанындай қандаланың. Шығарса да жындарды тереңдегі, Бейнеткеш ел, еңбегің еленбеді. Оңды-солды от лаулар мұнарадан, Хош иісті шамдалдай гаремдегі.

Ж. Құлиев Түсіріппіз бетіңе шындап айғыз, Дала, сенің мұңыңды тыңдамаймыз, Баратқанын есіңе өмір өтіп, Күндіз – көкек, салады түнде байғыз. Көз көргеннің болыпты-ау көбі ғайып, Далам, мəңгі жасауға сен лайық. Ойлап үнсіз осынау ертеңіңді, Кұмсағыздай отырмын қоңырайып...

Жан қобдиындағы жақұттар * Тез өтуде жастығым – жасыл жайлау, Күндердің де сырлысы, суқиты бар. Сен кеткесін ақырын жақындайды-ау, Күйті қайтқан малдардай усиқы хал. Топыр-тоғыт дүниеде бəрі ауысар, Жұлқи тартқан сеземіз зор тынысты. Кəріліктің орманы қарауытар, Мүттəйім бақ секілді қорқынышты. Төбесінен ар деген мұнараның, Талай рет өзімді сығаладым. Түсіреді-ау бейуақта қара терге, Арғы-бергі жасаған күнəларың. Тап боласың дүниенің ылаңына, Тура жолдан сəл ғана бітті тайсаң. Күні-түні сыбырлап құлағыңа, Бой бере ме өргізде – ішкі шəйтан. Екі дүние сыңайын көре білмей, Қисаярмыз əркіммен жағаласып. Апат болған ұшақтың дерегіндей, Қалар бізден күнəлі қара жəшік. Келген кезде осынау толайым жай. Қарай алмай ұяттан көзім ашып, Талқыға сап, ешкімге таба қылмай Иə, Аллам, оқырсың өзің ашып.

Ж. Құлиев Кешу сұрап əл-қуат бар шағында, Өз-өзімді армансыз жазалайын. Іш тазартқан адамдай қайтарында, Енді біраз кеудемді тазалайын...

Жан қобдиындағы жақұттар БƏРІ КЕТТІ... Беу, бала шақ, қойсам да асылға орап, Пейіш құстай жоғалдың жасыл қанат. Қайда сол бір аналар күншуақта, Бір-бірінің жүретін басын қарап. Сүйретіліп мүрденің шетін сүйеп Келдім екен қорымға нешінші рет... Көп жақсыдан айрылып қалдым жолда, Бекеттердің шамындай жетімсіреп. Кең дүнием, сен неге күрт тарылдың, Іштім қайғы сорпасын, ұрттап удың. Оңашада жас шыпшып жанарымда, Шыдай алмай бетімді сыртқа бұрдым. Көктем өтті, барамын жолға асыға, Аяқ артып мезгілдей жорға атыма. Қайсыбірін айтайын, адамдар-ай, Түскен кезде ұқтым-ау өз басыма...

Ж. Құлиев * Кім айтар бізге төрелік? Мысалдат еді дегізбе. Адал сүт емген нар едік, Туғандар елу сегізде... Қиындық көрсек əр уақта, Топтанып шықтық жата алмай. Тоғыттан шығып жел жаққа, Саулап бір тартқан отардай. Тойларда қолға гүл алып, Биледік қызбен аққудай. Аязды түнде бұралып, Қотаннан шыққан ақ будай. Көшпелі қызыл алтындай, Жырымыз жүрсе ел кезіп, Шауыттап ақша алқынбай, Нағыз бір бақыт – сол дедік. Қалмады түгі екшеліп, Кешегі біздің көп арман. Басына қауға кептеліп, Басы ауған жаққа жоғалған. Жайқалып қырда өсіп ек, Шалғы да тиді-ау шалғынға. Сан құрдас кетті шетінеп, Дауа жоқ ажал – малғұнға!

Жан қобдиындағы жақұттар Асау құс едік жым болдық, Қағамыз алға текірек. Алаңсыз сол бір күндерді, Аңсайды ене көкірек...

Ж. Құлиев КӨКТЕМ, СЕНЕН ТІЛЕРІМ... Ұстатпаған бұлқынып, шоршып көптен, Сол қытықты əкелді ертіп көктем. Жан тамырдан ақырын жыр тамады, Емшектей бір тырсиып, дертіп кеткен. Көз алдында құлпырар байтақ сонда, Шіркін көңіл мұндайда жай тапқан ба? Насыбайды бір жылдай тастап кетіп, Елтитінсің осылай қайта атқанда. Кеткің келер алысқа кіндік үзіп, Бір нəрсені іздейсің шын бұзылып... Қайран тірлік, қойныңа тартасың-ау, Инеліктің көзіндей мың құбылып. Боқ жимадым жасымнан жандай ғұсыл, Күл-қоқырдан ақ арман самғай құтыл. Күнгейіңнің қыз көктем, көрсет бəрін, Қалған жаман дүниеде қанбай құшыр. Қарлығаш мұрт жігіттей май түбітті, Сен келгенде аққұсым қайтып ұшты. Тастатпашы жел беріп тоқсанда да, Дарқан жүріс, салқам күй, сайқылықты.

Жан қобдиындағы жақұттар БІЗДІҢ ӨМІР Тау мен тасқа соққылатып басымды, Бойда желік жүруші еді жасырын. Мезгіл желі лүп еткенде басылды, Қайнаған сүт көбігіндей ақырын. Тосты мені маңдайыма жазылған, Қыл көпірлер өмір, өлім жігіндей... Соны ойласам дір етеді нəзік жан, Өрмекшінің белгі берер жібіндей. Құрбан болам дейтін менің жолымда, Əке-шешем кетті қайтпас орынға. Бөгелектің сіркесіндей жабысып, Кетіп барам уақыт сенің жалыңда. Қайда, барам, бармын ба əлде, жоқпын ба? Еш дыбыс жоқ, даусым жатты жаңғырып. Тұрдым талай жұлдызды аспан астында, Балшық басып шыққан аттай мəңгіріп. Кірдің суын еміп өскен күлдікте, Айналып өт қасиеті жоқ гүлден. Ылғи жолым болмағасын тірлікте, Бірте-бірте ырымшыл боп кеттім мен. Сəби өңді бұзды жылдар киқалап, Ғұмыр өтті жалғыздықта, аулақта. Біздің өмір елеусіздеу күйтабақ, Əр нəрсені еске салар бейуақта...

Ж. Құлиев ЕСКІ БАЗАР Балалықтың кеттік-ау қиып төрін, Ыстыққа да, суыққа тиіпті ерін. Біздер үшін бір кезде клуб пенен Базар еді Сағызда сүйікті орын. Ішпей-жемей сол кезге тоям бүгін, Қызық тірлік, жоғалдың баянды күн. Гуілдеген сол базар мына бізге, Жəрмеңкесі сияқты ед Қояндының. Сол базарға тұс-тұстан ағылатын, Бар тамаша осында неғыласың. Үлбіреген қыз да бар, қауын да бар, Соған келсек жоғымыз табылатын. Бала қыздар ер көріп, қара көріп, Қалтамызға шемешкі, салады өрік. Күлімдейтін құрғырлар, еркелейтін, Шешесінің көздерін ала беріп. Осы жерде сұлулар сырға тағар, Осы жерде айтылар жыр – баталар. Айранының бетінде жеңгейлердің, Жүзетұғын көсіліп құрбақалар. Шөлдегеннің жанары шамдай жанып, Бал айранға қол созар қанбай қалып. Сіміретін кей орыс ағайындар, Риза боп бақаға таңдай қағып.

Жан қобдиындағы жақұттар Жүйрік жылдар сар желіп аңқыды да Даламызға тартылды сан шұғыла. Талай нəрсе өзгерді, жер бетінде, Сол базардың жоқ бүгін тамтығы да. Содан бері қаншама өшті назар, Аулымызға біршама қостық ажар. Өткен сайын қараймын орынына, Қайта қызып кетердей ескі базар... 1980 ж.

Ж. Құлиев ҚОШ БОЛЫҢДАР, ҚОМ СУЛАР! Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда а-ай! (халық əні) Туған жердің білеміз жатсынбасын, Ошағыңды, сағынып оттың қасын, Балалығың жоғалып қалған жерге, Əйтеуір бір бұрасың аттың басын. Қанша жерге япырмау тайғанаппыз, Есіңе алшы сол кезді айдан ақ қыз. Екеуміз де Сағызға таңдай қағып, Одан үлкен су барын ойламаппыз. Шөлін басып аймақтың, кезеді қыр, Өзен еді бұл да бір өзегі жыр. Əлмисақтан арымай келе жатқан Бабалардың қалдырған көзі еді бір. Ойхой, дəурен, бір шеттен көрінер Жем, Кемпірқосақ арада керілер кең. Көкпеңбек боп шұбалып жатушы ең дер, Түсіп қалған белбеудей серілерден. Жытқыр жылдар жоғалды бұрылмастан, Бағың тайып бұл күнде сұрың қашқан. Балдырлардың астында жылтырайсың, Сияқтысың ауру көз ірің басқан. Үңілемін шалшыққа, сортаңға кеп, Сең жүретін қайдасың сойқанды өзек. Шортандарың жататын көкке шоршып, Шабақ түгіл бұл күнде сайтан да жоқ.

Жан қобдиындағы жақұттар Төгіп-шашып жоғалды талай масыл, Қалай ғана жүрегің қараймасын. Біздің өлке ғажайып ару еді, Сол арудың сындырдық шар айнасын. Ей, Табиғат, арнасын толтыр, көкем, Өзеніме көмектес өлтірмесең. Қарасаң да кай жаққа қараң қалғыр Ала шаңдақ, ақ тақыр, кемпір бет өң. Жоғалттық біз осынау мырза күнді Қайран өзен бұздық-ау ырғағыңды. Ақ Сағыздың бойынан əнші жігіт, Енді мəңгі таппассың сырғалыңды. Енді сені кім жазар байлап, емдеп, Жаратылыс жасаған қайран еңбек! Менің алтын өзенім, бас жағыңда, Шыр айналып жүрермін пəруанаң боп... 1980 ж. Ж. Құлиев

  • * Дүние байтақ, мен бір жəй ергежейлі, Жүрген сайын көрмеген жер көбейді, Аяғымды ауылдан аттап бассам, Арт жағымды ақ сағым перделейді. Уақыттар-ай, жорғадай тайпалаған, Мен жетпеген жерлерге айта бар əн. Бəрін көргің келеді, ғұмыр қысқа, Ауылыма сағынып қайта оралам. Қарамастан аптап пен борасынға, Соғып əрбір бекетке, қарасынға. Жел көтерген парақтай кетіп барам, Мезгілдердің мұнары арасында. Жүгіргенмен алдымнан сағымды айшық, Мен де бір күн солармын, қазым кайтып. Соңғы делде сыр ашар жер тар болар, Осы кезде қалайын назымды айтып...

1979 ж.

Жан қобдиындағы жақұттар КҮЗДІҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ Елең қылмай даланың тасқын үнін, Қартаң қойшы санайды тасбиығын. Сол тасбиық сияқты тізіліп ап, Төбелерден тырналар асты бүгін. Жыл құстары бағытқа ұшты алуан, Дала жатты көз алмай құштарынан. Көкжиекке сіңгенде қоштасады, Қанатының бір сүйіп ұштарынан. Алыстарға шақырып бозаң ғалам, Жандарды ойлап бір кезде көз арбаған. Əлем кезгің келеді қойды тастап, Жан дүниең болады азан-қазан. Келеді ойлар жаныңды найзалаған, Кешір далам, жасымнан аймалаған. Ата-баба серігі малды тастап, Сені тастап туған жер қайда барам? Қандай қиын тағдырдың жолы мына, Мұхит арман көлдердің балығына. Суға салған көсеудей шыж-быж етіп, Қайта келіп түсесің қалыбыңа. Жүрген адам байқайды кіл, далада Ең соңғы рет денесін нұрға мала Өрмекшілер кішкене парашютпен, Ұзақ-үзақ қалқиды күзгі ауада.

Ж. Құлиев Кім біледі... тағдыр-ай, көп қой бəлең, Ылғи осы асығам көктемге мен. Туған елдің үстімен тамашалап, Əйтеуір бір қалықтап өтсем деп ем. 1977 ж.

Жан қобдиындағы жақұттар ЖҰМАТАЙҒА Не бітірдік тұрғанменен топталып, Дауасыз ғой ажал деген – бұл жасын. Көз алдымда өлең-жырдың кетті алып, Тағы да бір шаңырақ мүйіз құлжасын. Талай дарын күте-күте тозды ағып, Жақсыларды шығармадың төрге бір. Тағы да бір бұлбұлыңнан көз жазып, Ізде енді берекетсіз сорлы өмір! Самсоз күйде тұнжырайды жиі бақ, Енді сені əкелмейді жол мұнда. Өңшең бала шайырларды жиып ап, Ата қаздай жүретінсің алдында. Дейтінсің сен: “Саған айтам ей, інім, Мұны да бір көңіліңе қой жазып”. Сол баяғы ағыл-тегіл пейілің, Білмеппіз ғой жүргеніңді бой жазып. Сен азатсың, қалды бізге пенделік, Ағаңды еске ал, қолдарыңды жəй, қозым... Қоңыр кешке самаладай өң беріп, Қош бол енді, ағып кеткен ай бозым!

Ж. Құлиев * Сан өртейтін шыққанша бір дерегі, Қол жетпесті көрмеген оң асылы. Қарсы алдымда билеп басып келеді, Хауа ананың ғажап сұлу нəсілі. Күрсінесің, қарайсың да тайсақтай, Көп қарама, құмыр болып өлерсіз. Дала аруы нұрға бөгіп байқатпай, Бой жетеді шөл қарбыздай елеусіз. Солмаса екен келатқанда қылтиып, Қандай арыс болар екен панасы. Тұр əнеки, омырауда бұлтиып, Ертең келер сəбиінің мамасы. Қолжаулық боп есіл сезім ғашықтық, Жер бетінде қаншама əбжіл құзғын жүр. Сені маған қосып қойса нəсіп қып, Тамұқта да жатар едім жүз мың жыл. Ғафу етсең қысып тұрып қойынға, Былқылдақты гүлдеріне орар ем, Көз суырар абайсызда мойынға, Тамып кеткен қимайыдай қара мең. Осы жерде сен тұрар ма ең жайтаңдап, Қайран Ақан, жігіттіктің жойқыны. Қайтсін мені, өте берді қайқаңдап, Ой қуалап, түн күзеткен шайхыны.

Жан қобдиындағы жақұттар Жаратқанның тыңдамайтын бұйрығын, Кім бар дейсің қартаймайтын тұрақты. Мəңгі – бақи ұстатпайтын құйрығын, Сол бойжеткен шəйтан – дүние сияқты...

Ж. Құлиев АҚЫН – ҒҰМЫР Шын ақында қуат бар жайды ұстарлық, Сенде жоқ па, таппайсың Айға ұш қарғып. Теңемейік оларға өзімізді, Біздікі тек өлеңге жəй құштарлық. Қуғаным жоқ əуре боп құр сағымды, Жаным рас, кейде алау жыр сағынды. Кешірмеймін жандарды мүлгіп жүрген, Өмірді мен жек көрем бір сарынды. Айналамда ұстатпай қаққан бұраң, Оңашада ойларға қақпан құрам. Мəз боламын жолықса нəрлі теңеу, Осы менің тірліктен тапқан мұрам. Содан кейін тілге кеп сыр сымдарым, Сал ғұмырдың аралап тылсым бағын Кете барам қалықтап басқа Əлемге, Шабытты шақ, ғажап қой шіркін дəмің! Бір төгейін келдің бе зарықтырып, Қауырсынды көз жасқа малып тұрып. Осы кезде шарғыдай жеткізбеген, Арманыңды құшасың салып құрық. Құлпырады сəуле ойнап көзіме мың, Қараңғының түсірем өзіне күн. Таңға жақын қисайып бара жатып, Ең бақытты адамдай сезінемін.

Жан қобдиындағы жақұттар * Жеті қат көк құпияң көп бөктерген, Біздің ғұмыр тамсанумен шектелген. Қараса да дүрбісімен сиқырлы, Талай бейбақ тілдесе алмай текке өлген. Қайтем енді, көз суарып арбағын, Біріне де ілінбеді қармағым. Тас-төбемнен өтесің-ау мазақтап, Миллион жұлдыз – менің миллион арманым. Көкке қарап дəметумен өтті өмір, Қайрат бермей, қиял берген жетпегір. Сыңсып аққан жұлдыздарды қағып ап, Билік тисе лақтырар ем көкке бір. Барар жерім жарық па, əлде қараңғы? Шіркін көмей шырқатып бір сал əнді. Достарыммен қол ұстасып жүрсем-ау, Шыр айналып он сегіз мың ғаламды. Сапарыма тəтті үмітпен шығып ем, Орта жолда жынданармын түбі мен. Бəрін көріп отырсың ба, Тəңірім, Қарақошқыл тұңғиықтың түбінен. Бізді қайда апарады жол түбі, Жатқызбайды сан сауалдар солқылы. Шарасыз боп күн кешкенше əу баста, Жақсы екен ғой болып туған делқұлы...

Ж. Құлиев ДОМБЫРА Бес қару мен домбыра ерге мақтан, Кілеміне іледі төрге қаққан. Көрдік талай сұлаған алыптарды, Күй – шанақты көрмедік жерде жатқан. Ағаш емес қос ішек ұстай салған, Ойыншық емес шанағын тыстай салған. Осы аспаптың сазымен, жерде тұрып, Құрманғазы əуеде құс қайтарған. Өтті халқым қаншама соқпақтардан, Бəрі соның бүгінде сап-сап болған. Бабаларым сияқты Нұқ пайғамбар, Домбырасын, ұрпағын сақтап қалған. Өтті осылай кезекпен өмір маусым, Басты адамдар сенімен көңіл мауқын. Қанша ұрпақтың жүрегін дірілдетіп, Құлағында кетті екен қоңыр даусың. Тыпыршытып ханның да, хақтың да ойын, Серігі боп жалшының, бақтың қойын, Заманалар көшінің алдын бастап, Сайрашы енді, домбырам аққу мойын!

Жан қобдиындағы жақұттар САҒЫНЫШ Самала кеш. Күмбірлеп маздайды үнің, Көпке балап тірліктің аз байлығын. Тас-төбемде бір топ қаз қол ұстасып, Ұзақ-ұзақ қалқыды жазбай жұбын. Қанаттары жылтылдап, зерге тұнып, Армансыз бір бой жазды-ау тербетіліп. Мен қаздардың алғаусыз тірлігіне, Қызғанышпен қарадым жерде тұрып. Ақ қаздар-ай, көңілге жай лақтырдың, Естеліктер нуына бойлап кірдім. Құсбегіден құтылған кептерлердей, Тарап кеткен достарды ойлап тұрдым. Кеттік біздер шашылып, тармақталып, Əркім сүйген суына қармақ салып. Үй көрмейтін баяғы серілердей, Сəлем берсем бəріңе арнап барып. Оралыңдар кеткендер алыс қашып, Отырайық бірауық солық басып. Сонау кездей қайта бір жүрейікші, Ақ Сағыздың бойында қол ұстасып. Бұл тірліктің білем деп мағынасын, Жүргеніңде құриды жары жасың. Сондай кезде оңаша отырып ап, Ақзон көйлек достарды сағынасың.

Ж. Құлиев Жүріп келем өзіңе сеніп, өмір, Алтын деген нəрсемнің дені көмір. Беу, достар-ай, бейуақта жетіп келіп, Кетсеңдерші желпінтіп мені де бір! 1980 ж.

Жан қобдиындағы жақұттар * Мақпал түн маздақ ойдың шырайысың, Көңілдің келтіресің райысын. Осындай сирек келер сəттерінде, Ақынға тыныштық бер құдай үшін. Мініп ап қиялыңның кораблін, Ұққың кеп аспан сырын, дала жырын. Енді ене бергеніңде басқа əлемге, Қаптайды маса, шіркей қарағұрым. Дүниеде көп қой мына өте ептілер, Дəл санын айта алмайды есепшілер. Шалдығып жантайғанда мазаңды алған, Масалар – сияқты бір өсекшілер. Айналаң гулей түсер қасақана, Не істейді жалғыз адам тас ата ма. Ондайда ең қызығы ойға батып, Жата бер кұрып ал да масахана. Ел бар ғой ақ – қарасын аңғаратын, Сен оған күйіп-піспе аңғал ақын. Қыр жақтан салқын самал лүп еткенде Ызыңдар ғайып болар таңға жақын. Төгілді алғашқы арай, жанды іреңің, Сезесің өміріңнің мəндірегін. Шашылған айналаңда ақ парақтай, Жатарсың аппақ болып жан-жүрегің...

Ж. Құлиев ҚАП-ҚАРА ТҮНДЕР ҚАЖЫТЫП... Жоғалды күн көкжиектен əрі қарай, Міне, тағы аспан мен жер астасты. Тас-төбемнен жұлдыз ақты сорғалай, Тағы бір жан дүниемен қоштасты. Тіршіліктің арман-мұңын арқалап, Бүкіл ғалам демін алып, ойда тұр. Бесіктегі жас сəбидей шалқалап Жұлдыздарға қарап қойып Ай жатыр. Тағдыр жолы аумалы да, төкпелі, Жолын сəтті қыла гөр деп жаратқан. Күбірлеймін самолетке көктегі, Қызыл шамы жарқ-жұрқ етіп баратқан. Батырсынып, кергігенмен өтірік, Өн бойыңды қарып өтер бір ағын. Айдалада қой күзетіп отырып, Жалғыздықтан шыңылдайды құлағың. Ой құдығын алмағасын бір сарқып, Сыр бөлісер адам таппай маңайдан. Отырасың бүкіл денең зіл тартып, Шимұрын боп елестейді қарайған. Секемдердің құлай бермей тезіне, Қайран көмей əн салып бір егілдір. Бүкіл отар қарап қалсын өзіме, Көздерінен сəуле шашып көгілдір.

Жан қобдиындағы жақұттар Осы арада тұсалғандай көрініп, Өмірімнің еске түсіп сор – бағы. Ойым онға, санам санға бөлініп, Тыпыршимын көгершіндей тордағы. Сан арманның қанаттары сынды өрде, Жылдан – жылға жылжиды үнсіз жасым да. Əр түрлі ойлар иектеген түндерде, Қара болған қандай жақсы қасыңда.

Ж. Құлиев МƏҢГІ ӨЛМЕЙТІН КЕТЕЙІК МЕКЕН ІЗДЕП Жылдар бойы ерінбей əлдекімді, Күтеді ұзақ сарылып, мөлдіреп көл. Мен де сенің көргім кеп келбетіңді, Тұрмын сайда аяулым тезірек кел. Жасырынбай, тезірек басшы бұқпай, Күткізесің, несіне баптанасың. Жауын күнгі жай сызған ақ сызықтай, Бір жарқ етіп құрдымға аттанасың. Ай нұрымен құбылып, шырайланып, Ағып жатыр əнеки, əжімді айдын. Ақырғы рет төбеңнен шыр айналып Біле алмайсың ұшарын қазың қай күн. Енді ешқашан көрместей еміреніп, Сүйіп жатыр толқындар қойтастарды. Басқа əлемге көрмеген өмірі еніп, Кетейікші, кел жаным айқас мəңгі. Кетті талай тірлікте есеміз көп Көшкен құмдай бір жаққа сусуда адам... Мəңгі өлмейтін кетейік мекен іздеп, Жоқтамайды біздерді у-шу ғалам. Бізде көктем, ал жерді тұмшалар күз, Қалар бəрі тағдырдың желі етінде, Туған жерге қайырлып бір соғармыз, Миллиондаған жылдардың əлетінде.

Жан қобдиындағы жақұттар Айлы түнде даусыңды қылғиды əлем, Тілегіңді бұл құдай атырған ба? Дəл осылай ойлаймын ылғи да мен Сені күтіп, елеңдеп отырғанда.

Ж. Құлиев АРМАН Алға қарай зырлауыңды доғарып, Жытқыр жылдар парағыңды кері үйші. Бір көрейік кеткен шақты жоғалып, Омырауынан шығатұғын жер иісі. Біздерге де келіп уақыт жарлығы, Алыстадық сол бір ыстық аралдан. Менің қазір жазғанымның барлығы – Бал күндердің арманынан жаралған. Болсын деп ем өзіме тəн жол, арнам, Не мегзедім, халқым бірден ұғар-ау. Корабльдің отынындай сол арман, Мені біраз самғататын шығар-ау! Қою шаңы сейілмейтін кешкі іздей, Жүректерде қалып қайса бір сазым. Жұмекендей ешбір жанға жеткізбей, Жер түбіне алып кетсем жыр тəжін. Қайта-қайта шабысынан жаңылған, Азабы көп аралықтан өткенше. Армандарым, қалма менің жанымнан, Жұлдыздармен араласып кеткенше...

Жан қобдиындағы жақұттар ЖҰМЕКЕНГЕ Жыр аңсасаң жолаушым, шақта тұнжыр, Мылқау қала жаққа сен ат басын бұр, Күзетеді қасында қарт Алатау, Жақсылар мен жайсаңдар жатқасын кіл. Шайқалтса да тірліктің күйі бұраң, Көз сатпаған жылтырға бұйығы жан. Дəл қасына тоқтай қап, бет сипарсың, Күліп тұрса бір мүсін миығынан. Сұрамастан танырсың кім екенін, Ескі досың, ол сенің Жұмекенің. Айтып кеткен ажалдың сұм екенін, Дүниенің сырғытпа құм екенін. Əсемдікпен дедің бе бірлесе өнсін, Қоңыр бояу əкелген жырға сенсің. Мұз құрсанған балықтай, енді бүгін Жер астынан шыға алмай жүр ме екенсің? Сені əкетті алысқа сарқырама, Жырың қалды жүректе жарқын аға, Сарқырама ішінде жаңқадай боп, Мына біз де кетерміз артын ала... Тимегенмен дəл байлап арпалыста оқ, Оқыс кеттің, өкіндік алты арыс боп. Бəрін көрдің, сезіндің бұл өмірде, Сенің көзің түспеген қалтарыс жоқ.

Ж. Құлиев Аттағанмен бақилық босағасын, Көктем сайын бір аунап жасарасың, Өлкесіне қадалған өлең жырдың, Биіктей бер, бедерлі мосы ағашым!

Жан қобдиындағы жақұттар ДАЛА – МЕНІҢ ОТАУЫМ Отау тіктім баспана көп жүдеткен, Керегесі көз жетпес көкжиектен. Ірге жақтан тұрсын деп самал соғып, Орап қойдым дірілдек ақ жібекпен. Аспан – ойға түнімен батайын деп, Туырлығын жасадым тотайын көк. Түндігі жоқ, түндікті каламадым, Ай нұрымен жыр жазып жатайын деп. Отау болды бұл өзі ел тікпеген, Шалқымасам “Адайды” шертіп бəлем. Құндыз таймен бір түні алып қашып, Сені күнім, осында ертіп келем. Бұлбұлдарым əн салар күмбір керім, Байқатпайды өткенін күн дүрмегін. Теріп əкеп алдыңа қоям үйіп, Жер-ананың жуасын, бүлдіргенін. Бері өтетін жалықсаң, əрі өтетін, Бар ғой менің сүйікті парашютім. Акша бұлттар апарар бізді алысқа, Көрсетейін сағымды дала шетін. Сені сезім батырар тереңіне, Шаттық толқып соғар-ау кемеріне. Дерсің сонда алдымда күліп тұрып, Басқа заттың біздерге керегі не?

Ж. Құлиев ТҮНГІ ОЙЛАР Тып-тымық түн, кезең ғой бұл балшекер, Өзен жатыр түк дыбыссыз ағылып. Шоршып шығып қайта суға шолп етер, Алабұға ай нұрына шағылып. Көз алдыңнан көлбей өтіп неше ылау, Ғасыр жаса, көрінгенмен тым ірі. Дəл осындай қас-қағым сəт екен-ау, Тарих үшін бір адамның ғұмыры. Алғаш рет ой себездеп санаңда, Тал ат мініп, қамшы өрерсің қоғадан. Шегің тартып мынау жасыл ғаламға, Қарарсың бір сыпырылып томағаң. Сырыңды айтып аспандағы жұлдызға, Ел кезерсің, жалықтырып үй маңы, Екі арада үйленерсің бір қызға, Ақ бетіне үйірілген иманы. Қыбырларсың дамыл таппай бір дем де, Тіршіліктің дариясынан ау тартып, Бірде жанып, бірде суып жүргенде, Ак беренім, қаласың-ау шау тартып. Тас – төбеңнен құтқармайтын төнді елес, Бір сен үшін тəмам болып толған дəм. Дəл осы бір аралықта сен де дос, Бақилыққа жоғаласың жалғаннан.

Жан қобдиындағы жақұттар Міне, міне күншығыс та ағарды, Ех, тіршілік саған байлық тати ма, Алабұға секірді де жоғалды, Су бетінде қалды шеңбер, сақина...

Ж. Құлиев КӨРДІМ БƏРІН ОТЫЗДЫҢ БИІГІНЕН... Көлігімді сапарға жегіп қашық, Үш қыр астым отырмын көбік басып. Əр сəті алтын осынау қысқа өмірдің, Отыз жылын өткіздім төгіп – шашып. Тұрмын міне, таусылып амалдарым, Түксиеді міз бақпай қамалдарым. Алтын айға селебе білеп тұрып, Қақыратып қасқа жол сала алмадым. Шырылдайсың ішінде топан көптің, Белгісізсің, дүниеден қашан кеттің. Айдай əлем таныған отызында, Қандай сұлу өмірі Махамбеттің. Қиян – кескі сыналар майданда алмас, Майдан қайда, дүниеге тойғандар мас. Біздерге де бір күні жақындайды, Мысықтабан жүріспен пайғамбар жас. Өмір бойы алынбай бекінісі, Жығар оны іштен жеп осынысы. Қарап тұрсаң қашанда шаш-етектен, Əлсіздердің арманы, өкініші... Ойлағанмен сарылып ғұмыр жайлы, Бақыт маған құшағын қыңыр жайды. Алыс алау сияқты келер күндер, Соларды ойлап жүрегің шымырлайды...

Жан қобдиындағы жақұттар Тұңғиық-ой, салыңа жиі мінем, Базары да көп екен, күйігімен... Қайран өмір жықпылың, қуысыңды, Көрдім бəрін отыздың биігінен. Ж. Құлиев ЖАҚЫНДАШЫ, ЖҰЛДЫЗЫМ Зереге Түн келгенде далаға қарауытқан, Көк төсінде маздайтын балауыз шам. Сен ғарышта, мен жерде ымдасамыз, Бас айналар осынау аралықтан. Құлағыма жетпейді өз дауысың, Кінəлама қолымды созған үшін. Таң атқанша аңдимын сол жұлдыздың, Қас – қабағын, қимылын, қозғалысын. Алыстасың, қайтейін ұяң бала-ай, Жалғыздыққа мен сені қиям қалай. Уақыт болып бір күні ақсаң егер, Ғашығыңды жердегі құла аймалай...

Жан қобдиындағы жақұттар ЖАСТЫҚ ШАҚ Түспеді атым тарихтың тақтасына, Ғажап кезең, сен бірақ қашпа асыға, Мен бір затқа қуанам – жастық шақсыз, Мына бізсіз дүние – бос сахна. Жер бетінде дəуірдің əр шағында Ойнақ салған тұғырың, тарпаңың да. Барлығы да егіліп жастық шағын, Есіне алар дүниеден қайтарында. Жүре берсек бала боп ойламай дым, Бірақ оған қарай ма найзағай күн. Жарқ етер де жоқ болар сондықтан да, Қатты құшып мен сені аймалаймын. Қылпылдаған тот басар ұстараны, Айналаңнан тиылар құстар əні Кемпірлердің бір тұтам бұрымындай, Алау күнім білемін, қысқарады. Сен кетерде көрсетпей жасық қылық, Бар əлемге əн салам есіттіріп. Содан кейін амалсыз қоштасармын, Белуардан ақ қарды кешіп тұрып. Жер кепенің түбінде жыл санаған, Бола алмаймын бəрібір біртоға жан. Қуанарсың бауырлар бір күндері, Шыға келсем шырқатып қырқадан əн...

Ж. Құлиев ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАҒА Күйді дене тағдырдың шырасына, Бұл пəниде кім жеткен мұратына? Ішім удай ашыды, сонда-дағы, Болады-ау деп қу өмір рəсуа. Айналама қарадым көп мұңдана, Қыбыры жоқ сияқты шексіз дала... Осы жылдар ішінде жəмиғаттан, Хал сұраған, қол созған тек сіз ғана. Қаншама жыл, Бекет-ау, сусып өткен, Сол жылдармен мəтөк күн, күлкі кеткен. Сыңсыған əн, зіл қайғы, сағыныштар, Енді мені шырмап ап уһілеткен. Обалым жоқ, ойнақтап есер жандай, Жұқтырдым-ау бойыма кеселді оңбай. Қалдым жалғыз көктемде қора алдында, Жайылатын тізерлеп мешел қойдай. Қала бердім басымды шайқап сонда, Бақыт құсы ұшарын байқатқан ба? Ұшып кетті япырмай, құлатар ма ем, Көптеу салып дəрісін қайта атқанда... Уақыт деген – ғұмырдың құлғанасы, Бəрін іштей сезеді қыр баласы. Ұрыса бермей, апатай, маған да бір, Жақсысымен көзіңнің бір қарашы...

Жан қобдиындағы жақұттар ЕРСАЙЫН ЖАПАҚОВҚА Жаза бассам көз алдыма сен келер, Мынау сұрқай тіршілікке өң берер. Дəл өзіңдей жүрген шығар əр жерде, Шыбынға да қастығы жоқ пенделер. Ала жібін аттамадың бөтеннің, Демедің сен “жалғызбасты екенмін”, Құмырсқа да зауықтасып жатқанда, Ұят қой деп үйленбеген əпендім. Қу қарынның тапсаң да əрең кебегін, Жағаң жайлау, төбең қыстау, көк егін. Жалмауыз бен жəдігөйлер ішінде, Сен де жүрсің күліп-ойнап, бөбегім. Көлеңкеде киіз төсеп шалқалап, Біз жатқанда сырамызды орталап. Жүретінсің қара тер боп шілдеде, Кіл міскінді, кембағалды арқалап. Опа берген алтын менен күш кімге, Əуел бастан нұрлы жолға түстің де... Сен бейіштің адамысың ертеңгі, Күліп тұрар сират көпір үстінде.

Ж. Құлиев ІНІМ ТАБЫЛДЫ ДОСЫМОВҚА Бір сағыныш жылт етті тереңдегі, Бөлді жылдар əйтеуір сенен мені. Тар бөлмеде жатушы ек қойындасып, Қиюласқан тақтайдай едендегі. Бір қисайсаң тағдырың жүндер демде, Сені іздедім денсаулық сыр бергенде. Аман-есен жүр дейді ұзынқұлақ, Мың естіген татымас бір көргенге. Күтуші едім түнімен таңды асыға, Ажал деген бой бермей алдашыға. Айналсоқтап жүрдің-ау, қарағым-ай, Тесілгенде тары сап жамбасыма. Жасымыз Сағыз, Жайық арасындай, Сонда да қатар тұттым баласынбай. Не жазсаң да тұрушы ең айқындалып, Жаңа туған төлдердің аласындай. Қанат қақтың Қаройдан, текті ұядан, Мен сені күтуші едім көп қиядан. Бордай езер, егілтер естігенді, Туғызар деп азбайтын ақсүйек əн. Қаққан шығар талай түн басың даңғыр, Сілте қолды бəріне... ашыл, жаңғыр. Қасиетті мылтықтан құлдыр-мамай, Сен де жаным, жалғыз оқ атылған бір.

Жан қобдиындағы жақұттар Артымызда жақсылық, жаманат қап, Біз де өтерміз, заманнан заман аспақ. Аша алмаған көздерін аз мұрамды, Саған ғана кетермін аманаттап... Ж. Құлиев ҚАЙТА ҰШАСЫҢ СЕН ЕРТЕҢ...

Ернар Тайжанға Қарау қайғы аласұрып, Талайларға ішкізді ірің. Бар өмірде қара сызық, Толғай тартқан түпсіз жылым... Тағы бірін тұсады əне, Бұл тірлікте жоқ тамаша əн. Жылы ұяңнан ұша бере, Майып болдың ақ балапан. Қинама өмір, нағыласың? Ернарымды жолға шақыр. Айналайын, жазыласың, Іштей гүлдеп сəл жата тұр. Бітіп қалар пəни демде, Біл, жалғанның балдай дəмін. Көрінгенді жани берме, Сақта төзім – шарқайрағын. Шыңыраудан жар басына, Шығасың сен, жүр босамай. Сұм тағдырдың қауғасына, Ере шыққан құрбақадай...

Жан қобдиындағы жақұттар БІЗДІҢ ҰРПАҚТЫҢ ҮНІ Жоқ балалық. Күмбір өшті. Іздедік бар індігешті Таба алмадық көздің жасы моншақтап. Əлем – жəлем сурет болып, Алдымыздан иректеліп Пойыздардай өте шықты əп-сəтте-ақ. Бізді қайтсін нар ағамыз, Балағына ораламыз Мəз боп сордық сенен қалған тұқылды, Есіл шақты құрбан етіп, Əркімдерден бір дəметіп. Жетілдік-ау жетім бала сықылды. Жойылмайтын мəңгі күші, Бəрін, бəрін ең дұрысы Табиғаттан үйренгенің шипалы-ау. “Қызыл ілім” тот баспайтын, Зат екен ғой боққа аспайтын Алған білім болып шықты мипалау. Орындарсың бəрі-сынды, Азаматтық борышыңды Біз көргенге сен жолықпа текті інім. Антын алды... жоқ күшіміз, Амал қанша кепті ішіміз. Ести-ести шенділердің боқтығын.

Ж. Құлиев Кірді барып ойланбады, Қан-қасапқа Ауғандағы Талай досым киіп солдат кителін, Ағайын, жар, туыс қалып, Бесік болып мырыш табыт Бұйырды ғой айдалада ит өлім. Шопан болдық байғұс тату, Қой төлдету, қой қыстату Жыл он екі ай жер иіскемей құйрығым. Жұтамасын халық, халық, Дедік те біз қол ұстасып Орындадық перғауындар бұйрығын. Біз де таттық құлдық дəмін, Тұман тарқап білдік бəрін Көсемдердің бөсті көбі, алдады. Көзсіз сенген қайран көңіл, Барады өтіп арманда өмір Бүгіннен де ертең нұрлы болмады. Келе жатқан əлі тірі, Тауыс құстай жаны сірі Жастайынан тəнін тілген жасындар, Тағы шықтық қолда байрақ, Зұлпақырды белге байлап Уай, жақсылар, енді бізге не сын бар?

Жан қобдиындағы жақұттар ҚАРАШАЛАР ҚАЙТҚАН ТҮН Қыс хабарын сезді ме, көлдерге де тоқтамай, Қайтып жатты қиқулап қарашалар түнімен. Тыңдағанмен құлақ сап, ұқпаймыз ғой əттең-ай, Не айтты екен осынау түсініксіз тілімен? Қайту керек қалай да, жазу солай не істесін? Аман болшы жыл құсым, риза бол аз-барға Əндетеді хорменен, естілсін деп хош-хошым, Төсектегі науқасқа, қорадағы каздарға. Неге ояттың енді мен жарытпаспын көз іліп, Парақтайын жылдарды кезден бастап шыр еткен. Білмейсің ғой жыл құсым, жаттым бəрін сезініп, Сағыныштан өртеніп, сарғыш тартқан жүрекпен. Толқып-толқып қоясың, көздің сығып сорасын, Жаралғасын қанатсыз ойға бату – бар ермек Міне, тағы өлкеден қотарылып барасың, Дүниенің баянсыз екендігін дəлелдеп.

1990 жыл.

Ж. Құлиев БҮГІНГІ КҮННІҢ СУРЕТІ Ұлықтан кетті қанағат, Армансыз күйттеп өз басын. Жер болып талай азамат, Ұрланып сүртті көз жасын. Ұтылап ұрып қасқайтты, Теперіш көрдік жаманнан. Сүйегім жасып, бет қайтты, Мына бір сұрқай заманнан. Күтпеп ек мезгіл біз мұндай, Кей арам сідік, арам қан. Қарыны тойған құзғындай, Мосыағашта əне, таранған. Болғасын пиғыл, ой ала, Шүңейтке тартар ындыны. Көп салған дəрі қоя ма, Жарады бір күн ұңғыны. Жұбаттық калай жұртты біз? Бойыңда мысқал күш қалмай. Айналып келіп құртмүйіз, Бас сүйегіңді қысқандай... Шаяла, семір кіл мықтым, Шыдай тұр, түспе қақпанға. Көрерміз ертең шындықтың, Көгалаң таңы атқанда...

Жан қобдиындағы жақұттар МЫСЫҚ Шуласа да өштестім, Ниетімен қарғап бар. Жолымды да көп кестің, Көмір қара көрбақтар. Тік қарамай адамға, Мұртын сылап мүлəйім Мəйіт көрсе табанда, Ұмытады құдайын. Қойныңа алып қанша бак, Аңдыр талмау кезіңді. Жей бастайды өлсең-ақ, Өз мысығың өзіңді. Қойдым, бала болдым ба, Сөз ғып мысық түскірді. Сөйтіп жүрген малғұнда, Жақсы өнер бар үш түрлі. Қайсар ұрпақ жоқ даяр, Бастағанда балалай Кеміс туса жеп қояр, Обалына қарамай. Қайтсін бір бас кемір де, Күш жок жанын күйттерлік. Кембағалдың өмірде, Көретіні итқорлық. Сүйретіліп мөлмеңде, Қайда саған сый, атау...

Ж. Құлиев Мысық бұған келгенде, Адамнан да зият-ау! Көрші жəне таң қалмай, Екінші бір таза ісін. Ұяты бар жандардай Көмер өзі нəжісін. Үшіншісі барыстан, Қалған ғажап ептілік Айқасқанда шаң ұшқан, Екі көзін шоқ қылып. Дəу төбетке дүрегей, Атылғанда айхай, тік Отырып ап жүрелей, Соғар шерің қайқайтып. Түрің жаман сазарған, Көп сырың бар құмбылсың... Өлген тəнге озалдан, Ғашықсың ба кім білсін? Дүние деген – бай теңіз, Бұйырмаған мəнді өмір. Жаратқанның қайтеміз, Жемісісің сен де бір. Сан құбылды ойым да, Күшті болсаң аршып ал Жауыздың да бойында, Əз – қасиет бар шығар?!

Жан қобдиындағы жақұттар ҚҰСТАР ОБАСЫ Құлсарыдағы Теңіз кенішіндегі өрт салдарынан 1988 жылдың көктемінде Атырау өңіріне қайтып келе жатқан жыл құрстары өте көп мөлшерде қырылған. (Газеттен) Көктем бойға дəруін таратқанда, Алғыс айтып дүниеге, Жаратқанға. Жанарымыз жасаурап қараушы ек қой, Тырна көші тыраулап баратқанда. Алакайлап, асқанда барқын қырдан, Қауырсыны жаралған алтын нұрдан Жатыр құсың əнеки, быт-шыт болып, Бір кездері қияға талпындырған. Көз алдымда сұлулық жоғалды оңай, Келеді өлім қашанда хабарламай... Күйелеш боп өртенген аққу, қаздар, Жауып кетті өлкені обалдағы-ай! Əлі талай қанша құс жол үсті өлер, Денелерін құм басып, тегістелер... Атыраудай өлкесін құлай сүйген, Қош болыңдар, қанатты періштелер! Мынадан соң сенімі күйер, семіп, Түбі бəрі кетпесін жиіркеніп. Құлсарыда қырылған құспен бірге, Түсімде ылғи жүремін жиі өртеніп...

1986 ж. Ж. Құлиев АҚЫН ДОСҚА

Əуезханға Ақын боп кеше көшке ілескенде, Күмбірлеп кеуде-күйшанақ. Сөз де естіп талай естімес пенде, Күндер де кештік бисағат. Бір досты бейнет қинаса сүйеп, Беттедік алыс кермеге. Үйшігіне иттер жинаса сүйек, Ой жидық біздер кеудеге. Үстіне мініп көңіл кеменің, Түн қаттық жанды аямай Зыр етер демде өмір дегенің, Қып-қысқа баяндамадай. Арам шөптердей алқара шашқа, Түседі жайлап ақ қырау Бой жасап тұрып қарқара шақта, Іздерміз сені жастық-ау! Шен-шекпен қолын басқаға жайсын, Олардың бөлек ұсқыны Біз деген мезгіл тот сала алмайтын, Үндінің асыл ұстыны. Арман бар бізде иланасың ба? Не керек босқа қиқулап. Су ілген қыздың иінағашында, Жырымыз жүрсе бір шумақ.

Жан қобдиындағы жақұттар Тірліктің уын досым-ай талмай, Сіміріп едік өртеп кек. Өлсек те біздер сасымай, тамбай Жатамыз мəңгі сартап боп.

Ж. Құлиев ХАЛҚЫМ, САҒАН НЕ ДЕЙІН... Жарқырап айқас салар жалаң төсі, Батырлар жасып қалды – ел еркесі. Төбемнен екі басты қарақұстың, Түседі кең далама көлеңкесі. Сен қалдың, алға шықты жаттың көші, Халқым-ай, намысыңды өткірлеші. Үңгіген Жайық суы Сарайшықтай, Мүжіліп бара жатқан жоқсың ба осы? Кешегі озбырлардың сұмдығы есте, Іс қылмай, айналдырдың күнді кешке. Өткеннен сабақ алмай əлсін-əлі, Тығасың аяғыңды індігешке. Əлі де күпті жүрек, алаң көңіл, Жабырқап, жалтақтайсың əлемге құр. Ұлы елім, кібіртіктеп айта алмайсың, Əйтеуір, құзырың бар денеңде бір... Жапырған заман мынау от құйындай, Қажыған, абыржыған кескініңді-ай. Обырлар маңайыңа қаптап кетті, Тап болар мал сойғанда көк шыбындай... Жарылқап алаяқты, аспан астын, Жаһилдер кезі жетті тақ тоятын. Қайтейін, болмадың-ау мысық құрлы, Баласын шала туған жеп қоятын...

Жан қобдиындағы жақұттар * Он үште соңына ердім арман жырдың, Сенімен əуейленбей қайран құрбым. Жасаған қолдан алтын алхимиктей, Азапты рахатқа айналдырдым. Кеудеге зор талапты шірітіп көмбей, Табыстым ұлылармен үркіткендей. Ой-санам жарқырады қара үңгірге, Тесіктен төбедегі күн түскендей. Үлде мен неғылайын бүлдені мен, Құладым өлең саған шын бейілмен. Қаңғырып, дара кетіп жайылатын, Сақтаған сары майдай күнгейім ең. Бейуақта пері қыздар жайып құшақ, Ой шіркін шымырлайды Жайық құсап. Нөсердей тартып алған желді өзіне, Ғажап қой түнгі жым-жырт шабытты шақ! Білемін, құйғыта алман, шабысым жəй, Қуамын осы аяңмен тағы тынбай. Қайран жыр, жүрегімді жылыта бер, Алланың гольфстрим ағысындай...

Ж. Құлиев ТƏУЕЛСІЗДІК БІР СЕН ҮШІН ЖАН ҚҰРБАН... Халқым көрген қасіреті, мазағы, Құлаққа кеп зар илеген озаны. Тарихымды жіпке тізіп отырып, Сол жауларға ескі кегім қозады. Бейқам болу, бес қаруды сайламау, Ессіздік қой, өткеніңді ойламау. Топыраққа ақтарылған қышқылдай, Қаным менің талай бұрқ-сарқ қайнады-ау! Бабаларым ішін нала құр жалап, Тісін қайрап, төбемізден тұр қарап. Білесің бе, неге айрылды басынан, Кенесары, Махамбет пен Құлбарақ?! Көсеу болды ер серігі көк семсер, Зая болды Отан үшін төккен тер. Тыпырлаймын ине жұтқан иттей боп, Жүрегімде қордаланды кек пен шер. Бауырлар-ау, тоқтық тартып шайланған, Ызалы аруақ айналаңда айналған. Жатса-дағы селт етпейсің бауыздап, Мал секілді підияға байланған. Сол ескі жау қасыңда жүр, қалғыма. Бастан билік кетсе бəрі даңғыра. «Ох, дүние-ай» деп ұмытыларсың, кеш бірақ , Өтіңді алып құйған кезде аузыңа!

Жан қобдиындағы жақұттар Пана болып жарытпайды бет-перде, Айтып өтем суынғанша от кеуде. Алай-дүлей жанталасқан сəтте бір, Мылқаудың да тілі шығып кетпей ме! Өмірімді жалмады ғой көп күйбің, Бірақ күнін кеше алмадым тоқ құлдың. Бірде суып, бірде қайнап жасыдым, Мына мен де тұқымы едім өткірдің. P.S: Кəпір зая күндерді ойлап туған ел, Дабыл қағып бара жатқан жоқшымын...

Ж. Құлиев НАРШӨККЕН ТАҢЫ Алакөбең. Дала жатыр мөлдіреп, Шаттық кернеп, кеудең тартар шеңбірек. Тұратынмын көрген жандай пейішті, Қолда жүген, бөз көйлегім желбіреп. Күншығыс жақ қызарғанда алаулап Отарым да жайылатын сонарлап. Атты арқандап, жасыл шалғын ішінде, Жатушы едім алабұртып ой аулап. Айнадағы қалған шаңдай сүртілмей, Бозаң мұнар көлбеп жатыр кілкілдей. Анау қырдан бөртіп шықты қызыл күн, Балғын қыздың емшегінің үрпіндей. Біреуді аңсап көрінбейтін жүзі анық, Жатқаныңда қиял жібі ұзарып. Шырт-шырт етіп секіреді шегіртке, Күн тимеген ішкі саны қызарып... Жер ананың ылғал тартып жөргегі, Жанға жайлы жібек самал тербеді. Таңғы шақта кемпірқосақ тəрізді, Құбылады бүйілердің өрмегі. Монтияды əудем жерде бүрлеп қыр, Көкірегімде тыпырлайды түйдек сыр. Шақырғандай мені де бір вальске, Дəл қасымда жасыл дəуіт билеп тұр.

Жан қобдиындағы жақұттар Бес қыр астым, келді міне боқырау, Ой шіркінде болмайды екен тоқырау. Талай түнде түсіме ендің жазирам, Наршөккенім, толықсыған тотым-ау! Əуезімен қылып қояр мəңгі шат, Жалғыз мəрте құйқылжыған əн құсап. Қастеевтің суретіндей көкейде, Тұрып қалды дəл осы бір таңғы шақ...

Ж. Құлиев * Алыстайды аралдардай жүзбелі, Өмірімнің көктем, жазы, күздері. Мынау көздің құйрығында көп сызық, Жас күндегі сайқылықтың іздері. Егіліп бір жұмыртқадай жүрегі, Кемсең қағып ителгідей иегі. Туған жерде қалды орамал бұлғаумен, Ең алғашқы махаббатым киелі. Сен күлгенде тартатын-ды оң қабақ, Нілдей қара көздерің-ай монданақ. Зекетім-ай, жүр екенсің қай жерде, Миығыңнан мейірімің сорғалап. Сартап сезім сіңер түбі сүйекке, Естігенде кеткенімді түнекке. Құм былауға сүңгіп кеткен құлықтай, Сендік жүрек сəл ғана бір дір етсе...

Жан қобдиындағы жақұттар ТУҒАН ЖЕРГЕ БАРҒАНДА Асыл мекен, ете келдім тағызым, Ой-санамда көп қайнаған мағызым. Жазы аптап, қысы ақ боран, бірақта, Көктемі мен түні сұлу Сағызым! Қой бағуға болмағасын ебім де, Ерік беріп алабұртқан сезімге. Сені тастап Алматыға кетіп ем, Түбіт иек, бота тірсек кезімде. Екендігін білмеппін ғой сағыныш, Тік көтеріп əкететін долы күш. Мен сияқты дедектеген шығар-ау, Туған жерге беттегенде дəруіш. Өзің едің кіші-гірім астана, Уа, киелі топырағым даттама. Таң алдында түскен кезде пойыздан, Кеңсірікті жарып өтті тəтті ауа. Тосырқайды бейтаныс бір адамдар, Өтеді уақыт, оған қандай амал бар? Жүдеу ауыл, ағылады үстінен, Мұнай артқан миллиондаған вагондар... Бұрынғыдай кім шұрқырап елейді, Көп қартым жоқ, өксік бітер көмейді. Үлкендерге көрісуші ем жағалап, Қазір маған көріскендер көбейді.

Ж. Құлиев Бағыландар ат суарған ертемен, Алты алашқа əйгілі еді-ау əуселең. Енді сені қайдан табам Жем-Сағыз, Құмға сіңіп жоғалыпты ерке өзен. Жыршы ұлыңды ескере жүр байтағым, Əлі саған таусылған жоқ айтарым. Оңашада аңырап бір жылап ап, Мауқым басым, Алматыға қайтамын...

Жан қобдиындағы жақұттар ЕСКІ МАҚАТ. КЕШҚҰРЫМ. Жебей сауып тəніңді, төсті тырнап, Талай дəурен басыңнан көшті шулап. Келбетіне Мақаттың қарап тұрсам, Көз алдыма келеді ескі тулақ. Мұнарлар басында оттар жанған, Күнелтуде ел түбінде жоқтан-бардан. Май шыққан жер алыстан қараяды, Қалған киіз күйектей қошқарлардан. Бай елміз деп салғанмен жаһанға жар, Мол несібе білмеймін қашан тамар. Орындалар жарлығың «құп тақсыр» деп, Шұлғиды үнсіз бастарын качалкалар. Түсе қалды қалайша жолға мұндай, Салмағы жоқ қаңбақтың салмағындай. Құрақ ұшқан осы бір качалкалар, Партократ қазақтың шалдарындай... Бозмаясың суалған сен бір жуас, Талай қырды аяңмен желдіртіп ас. Қабірінде мұңайып қарт мұнайшы, Не айтып тұр осынау зер құлпытас?!

Ж. Құлиев КЕЛБЕТ ҚЫЗЫМА Жанымызды аруларға емдетіп, Естен шығып кəкір-шүкір, кем-кетік. Кеше біздер КазГУ деген айдында, Жүруші едік балқып-шалқып, əндетіп. Бір топ едік, мұң-сырымыз ортақ-ты, Жігіт-желең ажырамас жар тапты. Сиқыршыдай алдап-сулап ақыры, Уақыт бізді шартарапқа тарқатты. Жұпары əсем біздер жүрген гүл бақтың, Енді соны сен арала, сымбаттым. Сен курстың тұңғыш көрген перзенті, Төлбасы едің, сондықтан да қымбатсың. Мезгіл мыстан айғыздады түрімді, Ұрпақ өсті, көңіл соған сүйінді. Сен, Келбетжан, қимас сəттің көзісің, Дəл осыдан жиырма бес жыл бұрынғы... Жан қобдиындағы жақұттар ЖҮРСІҢ ЫЛҒИ ЖАНАРТАУДЫҢ ІШІНДЕ...

Балтабек Қуандықовқа Оңайлықпен жеткізген жоқ сонау төр, Жету үшін төктің талай қамау тер. Арасында жортып жүріп ер жеттің, Мақат, Доссор, Кенбай, Сағыз, Жамансор. Апай төсін шиырлаған мың сан із, Ен далада күнге пісіп құйқаңыз. Сыйлаған да шығарсың-ау сан қызға, Шағылдардан қазып алып құмсағыз. Қырларында сағым ойнап көгілдір, Ызыңдаған небір аңыз, небір жыр. Қасиетті əулиелерге сиынып, Орыстар да бет сыйпаған өңір бұл. Қыр баласы келеді ылғи құс ұйқы, Ұйықтатпайтын шығар бəлкім құт иісі? Киізіңнің дəл астында жатыпты-ау, Мұнай деген жарықтықтың мұхиты. Дейтін шалдар: «Ұғынып ал, құлдығым, Тесе бермей жер ананың кіндігін Күні-түні күзетеді мұнайды, Сор иесі, теріс аяқ шимұрын...» Қазынаның болар, рас, киесі, Жат жұрттықтар кимелеуде бұ несі? Шимұрын да, басқа да емес, Құдай мен, Мына өзіміз емес пен едік иесі?!

Ж. Құлиев Сен білесің кəрі Атырау мəн-жайын, Өзіңді аға, тұлға тұтты сан дарын. Тамыршыдай кен бар жерді дөп басып, Түйіледі кере қарыс маңдайың. Симпозиумнан, жер-жаһандық қиядан, Сені көріп тебіренем, қуанам. Ақтады-ау деп туған жердің дəм-тұзын, Дəл өзіңдей атанжілік бір ағам...

Жан қобдиындағы жақұттар АРМЫСЫҢ, АЛТЫН ҰЯ (Сағыздағы Кенбай орта мектебінің 70 жылдығына) Туыстың қасына еріп байсалдырақ, Аттап ем есігіңнен сəл қалтырап... Қандырған рухани шөл қатамды, Сен едің ең алғашқы кəусар бұлақ. Қалай тұрар жас жүрек алабұртпай? Сырттағы кең дүниеге қарағыштай. Көнетоздау партаңда отырушы ем, Балақ баулы талпынған бала құстай. Дүбірлейді кеудемде тулаған əн, Өз мектебін ақын жоқ жырламаған. Тілеу тілер жүрсем де қай қиырда, Тəріздісің батагөй туған анам. Қабырғаңда ұштала түсті арманым, Болмаса да кіл алтын, мыс қармадым. Түсімде əлі жүреді сабақ беріп, Көздің шелін сыпырған ұстаздарым. Жетпіс жылда шынардай көк тіредің, Алыстарға самғады көп түлегің. Енгенімде киелі босағаңнан, Елжірейді қазір де ет-жүрегім. Ой-санамда ақылдың дəні піспей, Бал нəріңді кетіп ем қанып ішпей. Мешітіне соғатын анда-санда, Мен де саған оралдым дəруіштей.

Ж. Құлиев Атой салып мың елес қиялымда, Жез қоңырау үні тұр құлағымда. Ал, есейдік, не таптық, қайтар жол жоқ, Жүріппіз-ау дүниенің жұмағында. Көкірегімде қалдырдың тозбас үлгі, Тас төбемде жұлдыздай қозда түнгі. Өмір бақи мен сенің шəкіртіңмін, Иіп өтем мəңгілік боз басымды... Жан қобдиындағы жақұттар ТҮРКІСТАННАН ТҮЛЕП ҰШҚАН ТАСТҮЛЕК

Сайлау Жылқайдаровқа Геолог бола алмайды кім көрінген, Айлар бойы жоламас үйге мүлдем. Болашаққа бал ашар сұңғыладай. Жандар ғой бұл ісіне шын берілген. Жарық шашып жапанға қара түнек, Мұнаралар басында жанатын от. Сол жерде талай жылың өтті-ау сенің, Үйіңді ойлап ұшарға қанатың жоқ... Қоштасарда қия алмай толқып халық, Сол өлкеге тұрар ма ең қайтып барып? Қайран жастық мұз шайнап, жалын бүріккен, Маңғыстауда қалды ізің айшықталып. Жұмысқа кірісесің кіл сайланып, Жүре алмадың бақ қуып, шырқ айналып. Ленинде сыйлық та, орден де жоқ, Сен де сондай бір ерсің Жылқайдаров! Қолтаңбаң бар елімнің картасында, Құдай берген дарынның арқасында. Ұлы Қаныш бастаған сен келесің, Геологтар көшінің ортасында. Түркістанда туған ұл арымады, Тағдыр сені сан атты, дарымады. Əлі күнге құлатпай келе жатқан, Сол ұлы əулиелердің демі-дағы.

Ж. Құлиев Е, Сəке, құр бекерге қамығасың, Мамансың Жер-Анаға жаны жақын. Мұнай жайлы сөз болса, қай кезде де, Аталмай қалмасы анық сенің атың...

Жан қобдиындағы жақұттар ЖЫР – ЖҮРЕКТІҢ БҰЛБҰЛЫ Сойған қойдың аузында шөбі қалар, Күйшінің көкейінде сазы қалар. Мендегі тұңғиыққа көз салсаңшы, Көп өлеңші-толқынның көбігі олар... Түсіретін зор қысым, санаға күш, Өлең жазу – азапқа барабар іс. Біздегі сар желісті байқадың ба, Қалай екен інішек, аяқ алыс? Құр қиқу, кіл ыржаққа елікпестен, Ойдың нəрін келемін теріп көптен. Əр сапардан жыр жаздым, құстай болып, Қонған жерге мамығын төгіп кеткен. Болар түбі жастықтың көші ғайып, Кел, мұңдасым, бой жазып отырайық. Бара жатыр онсыз да өмірімнің, Үріккен қойдай бір шеті опырайып... Бақылайтын бір жан бар жолымды игі, Соны ойласам көңілім абыржиды. Тортасынан айырған сары майдай, Ұсынам деп шаршадым лағыл жырды...

Ж. Құлиев ШЫНДЫҚ ЖАЛҒЫЗ, СҰМДЫҚ МЫҢ Құдайдан көп сұрамаңдар, кейін қайта руы қиын болады. Ванга. Империяны келмеске жөнелтті хақ, Жұртым жаңа биліктен дəметті ұзақ. Б олмағасын наланы сора-сора, Қатып қалды жүрек те цемент құсап. Осынау ел-халқымды азын-аулақ, Барады қайыршылық омыраулап. Білмеймін, соғыс та жоқ, аштық та жоқ, Келеміз иман ұшып, а, құдайлап! Бауыр ыстық, қашан да туыс тəуір, Алалаған алайда дұрыс па бұл? Тəулік бойы сілтемей, жылқыдай боп, Алпауытым, бір ауық күйіс қайыр. Кетті бойдан қажыр мен отты қайнар, Таптады оны бүгінгі көп «құдайлар». Қарайласып жүретін нашарына, Тентіретпей кешегі текті байлар. Сайран тірлік қысар-ау бір күн артын, Тақағанда зауалың бұлқынарсың. Сират көпір үстінде ішің тырнап, Ине жұтқан иттей боп қыңсыларсың. Жақындады-ау мінер күн кер бестіні, Бейқам билік сезбей жүр жөндеп мұны. Ел ширығып, сұрапыл айқайдан бір, Қозғалса егер қайтеміз қар көшкіні?!

Жан қобдиындағы жақұттар ЗЫРЛАЙДЫ ҒҰМЫР КҮЙМЕСІ Қимаймын, өткен күндер өкпеге енді, Қиратпай арман атты ақ кемемді. Елуге мен де келдім сылтып басып, Көзбен жеп кейде қолым жетпегенді. Көрген жоқ тағдыр мені еркелетіп, Құрыққа сырық жалғап, арқан есіп. Жүргенде қайран жастық өте шықты, Жазындай тундраның шолтаң етіп... Мына баста сан ойлар сайрап салды-ау, Шығарғам жоқ жанымнан жалған толғау. Тойдан – тойға жүретін қыдырыстап, Киіттің киімі сияқты арзанқолдау. Не ойлайды осынау сабаздарым? Бас кекжиіп, көтеріп танауларын. Елу деген тоғыттан өтіп кетті, Ғарифолла, Əбілхан, анау Ғалым... Мен де бір саяқ жортқан дара аттымын, Қасыма қауіп-қатер жанапты мың. Шумақтап шылбырымды ойға баттым, Түбінде елуінші қарақшының. Күз келді. Ойнақ салдық ала жаздай. Тұра ма бір орнында заман озбай. Темір жол тұйығында қалар ма екем, Күні өтіп, қаңтарылған паравоздай...

Ж. Құлиев Түспесін тек санаға сызат, таңба, Зерікпесін ой деген бұлақ барда. Ұйқы қашса, естелік қопарармын, Жамбасым шіритіндей ұзақ таңда. Шал-шауқанға əйтеуір барлығы жау, Қаһарлы қыс алапат, алды қырау. Күнə қысып, бір жақтан ауру меңдеп, Əй, қиын-ау, кəрілік, əй, қиын-ау!

Жан қобдиындағы жақұттар ЕСЕНБАЙҒА Інім едің алыс кетсең сағынтар, Өсе берді көз алдымда өрім тал. Сенің жаның иіс-қоңысты сүймейтін, Жібек құрттың піллəсіндай сезімтал. Сұмдық боп тұр кер заманның сылайы, Кетпесін тек əсем əннің шырайы. Шалдыр-шатпақ бұралқы иттей қаңғырып, Болашаққа жетер сөздің құмайы. Дарынсың ба, дара қонған байғызсың, Өзге шөптен оқшау өскен жалбызсың. Ағайының көп болғанмен қасыңда, Көркемөнер тоғайында жалғызсың... Алғашында беріп жүрдім сыртымды, Бірте-бірте келтірді өзі қисынды. Сөйтсем, əнің оркестрдің ішінде, Мондалина дыбысындай сүйкімді. Ал, ендеше, Есенбайым, тартынба, Аламаның шулап жүрсін артыңда. Жаңбырдан соң таза ұстайтын толқынды, Радио секілді бір саңқылда!

Ж. Құлиев БАСТАРЫҢА ЖАҒАЙЫНШЫ БІР ШАМДАЛ Төбеде тұрды толған ай, Қадірін қалдық аңдамай. Топтанып жүріп перронда, Шырқаған түнгі əндер-ай! Ойладық өмір жеңіл деп, Алладан кенет əмір кеп. Мерт болды Қонай, Боранхан, Балмұхан менен Өмірбек. Бəрің де марқұм, жарықтық, Жігіт едіңдер жаны ыстық. Аунақшып магнит тасындай, Те бістік, қайта табыстық. Кезі өтті елтең-селтеңнің, Мұңымды кімге шертермін. Сендерді жоқтап елсізде, Тебірене бір теңселдім. Торғайды қуған тұйғындай, Қу тірлік есті жиғызбай. Бей, өмір, біз де сиредік, Таң алдындағы жұлдыздай. Армандарыңды құлыптап, Жатырсың бəрің ұйықтап. Жандарыңа да жетермін, Текеметімді тұйықтап...

Жан қобдиындағы жақұттар ЖҮРЕ АЛМАДЫҢ ҚАСЫМДА АСЫЛ ЕРКЕМ Жылда келіп жасырын құс ұялар, Екеу ғана бұл жайды түсіне алар. Көкіректер – сияқты ескі зындан, Онда қанша шіриді құпиялар... Сағынышты үйіп ап бір басыма, Жүргенімде жолықтым қимасыма. Қас-қағымда кеудемнің шанағынан, Көтерілді ескі əуен ширатыла. Сан ағыннан іздеген, аласұрған, Шегеленді миыма бала тұлғаң. Еріндерің əлі де өзгер мепті, Қауызындай бидайдың жаңа ашылған. Сыр қып айтпай ешкімге, думандатпай, Көп жыл жүрдім ауызын буған қаптай. Кездескенде жанарың жарқ ететін, Қазір алған дариядан су моншақтай. Мол арманды сұм тағдыр тұйықтады, Түкпірімде қалды ғой ұйып табы. Көзіме оттай басылды, қарағым-ай, Торғай түнек шұқырың миықтағы. Біреу көріп қойғандай ұрлығымды, Күйге түстік бет қызып, біз бұрынғы. Қаңбақ көрсе жүгірген қой екен деп, Елегіздім қошқардай күзді күнгі.

Ж. Құлиев Сабаса да уақыттың ұр, тоқпағы, Өшіргем жоқ алауды құрсақтағы. Төрт-бес қырдан ассаң да зекетім-ай, Сүйген жүрек өзіңнен мін таппады. Енді қалған ғұмырдың іргесі жар, Болдың екен ақ сəулем кімге сыңар? Анда-санда тұрғайсың жолықтырып, Бірде мұнар дүние-ай, бірде тұмар... Жан қобдиындағы жақұттар ҚАЙТА ТУҒАН КӨКМЕШІТ

Жауғашты Нəбиевке Уа, туған жер, жамалым, Арайлы аймақ, алабым. Қопарса түбі жеткізбес, Шежіре, аңыз, сорабың... Құба қыр, айлы түндерің, Түсіне кірер баланың. Жасай бер, жаса, баба өлке, Қақпақты қара қазаным! Иə, кешегі бір күндерде, Ақ Сағыз жатты сарқырап. Сəулесін шашып шалғайға, Иманның нұры жарқырап. Абдолла хазірет салдырған Көкмешіт болды шамшырақ. Ат басын тірер бай – манап, Сойысын нарға артып ап. Қарық боп ғаріп – қасерлер, Жататын шіркін ел шұбап. Бұхара, Қазан, Уфадан, Хазіреттер хабар алысқан. Не ғұламалар бұл жерде, Шариғат айтып жарысқан. Шибұлақтағы Көкмешіт, Медеу боп жанға тарыққан. Көгілдір сонау күмбезі, Қол бұлғаушы еді – ау алыстан.

Ж. Құлиев Мамыржай дəурен бұзылды, Төкті ғой заман бұрқағын. Ақ пен қызыл қамады, Байұлының бар ұрпағын. Көкмешітті де қиратты, Құдайсыз, тексіз ұлтаның. Жетпіс жыл жатты типыл боп, Үстінен жортып құр сағым. Шетінен асып, атса да, Көрсе де түрме құрсауын. Хазірет атам Абдолла, Əшір ахун, Бейшекем, Жанұзақ қажы, Молдаш ер, Адайдың ханы Тобанияз, Уəли менен Ахметнияз Кешегі өткен Сұпекем Қиналса – дағы кеудеден, Сөндірмей өтті нұр шамын, Тастамай кетті мойнынан, Дін – исламның бұршағын. Серкелерінен айырып, Елімді түтті жұлмалай. Обалы кімге, не дейін, Есалаң қылған жылдар – ай! А, құдайлап, алға астық, Көздің де жасы құрғамай, Азаттыққа да кезіктік. Бəріне төзген қу жан – ай... Өзі өлсе де бұйрық боп, Күлден қайта жаралған.

Жан қобдиындағы жақұттар Феникс деген бір құсқа, Қарайтын жұрт болып таң. Сол сияқты құдірет, О, Көкмешіт киелім, Алтын айың жарқырап, Бой көтердің ғайыптан. Өзіңнен тумай ұл болмас, Жылдарға жылдар жалғасты. Абыздар кетіп келмеске, Жаңа бір ұрпақ алмасты. Алтын құрсақты қайран ел, Ер туғызбай қоймас – ты, Ол мына тұрған ардағым, Жоланның ұлы Жауғашты. Қай еңбегіңді айтайын, Батасына елдің кенелдің. Сақилығыңда қисап жоқ. Бүгінгі мына ұрпағың, Алғыс та берер келер күн. Мұрасын қолға тигіздің, Досмұхамедұлы Халелдің. Сыңсиды құмның астынан, Бабалар жазған мұрағат. Жаңадан туған Көкмешіт, Көрмесін енді қиянат. Сират көпірді ұмытып, Жолға да түстік кіл ағат,

Ж. Құлиев Кеш, Алла, біздей бейбақты, Етейік енді мінəжат. Əуселең биік туған ел, Тек шаттық болсын құрмаңда. Еңсеңді көтер, Алланың, Шапағатынан құр қалма. Пəлекет, шайтан, оба, дерт, Жоламас енді бұл маңға. Бес мезгіл азан шақырып, Құдайдың үйі тұрғанда! Əумин

МАЗМҰНЫ Адамның кейбір кездері ..........................................3 Наразылық ...............................................................4 «Бала кезде жоқ адамның аласы...»........................5 «Іргемізден ағатын тасқынды өзен...» ..................6 Шалкөдендегі көктем .............................................7 «Өтірік десең өзің айт ақ-төресін...» ....................9 Жұбату ......................................................................10 «Зырлар уақыт желмаямен ай табан...» .................11 Келді менің көктемім ..............................................12 Ертегі ........................................................................13 «Ғашықтықтың бастан кешіп безгегін...» .............14 «Сезім жайлы жырлар жазу парыз-ды...» .............15 Россия, сен бізге ризасың ба? .................................16 Ояту ..........................................................................18 Тылсым көкпен тілдесу ..........................................19 Беу, табиғат ..............................................................20 «Деуші едім тағдыр тауып қосқан ба?..» ..............21

Отырар ......................................................................22 «Оралсам ғой сол бір жиырма жасыма...» ............23 «Кетті мұнтаз балалық гари-гакка...» ...................24 «Бес жасымда түс сияқты көргенім...» .................25 Жібек оңбас болсайшы ...........................................27 Қыс келді міне... ......................................................29 Біздің тірлік ..............................................................30 Бауыржан қазасын естіген күн ...............................32 Тоқтар ұшқанда .......................................................34 Қонайға .....................................................................35 Кешір, бізді балалар ................................................36 Шарасыздық .............................................................37 Болсам-ау деумен.....................................................38 Əкем Сұпырғалиға ..................................................40 «Қасымда отыр сылқым бір қыз...» .......................41 Ақан Сері ................................................................43 Ағаға сыр ..................................................................46 «Ғұмыр қайда кілең бақпен өрілген...» .................47 «Бұл өлкеде тау да жоқ заңғар асқан...» ................48 «Тез өтуде жастығым – жасыл жайлау...» .............50

Бəрі кетті.. ................................................................52 «Кім айтар бізге төрелік?..» ...................................53 Көктем, сенен тілерім .............................................55 Біздің өмір ................................................................56 Ескі базар .................................................................57 Қош болыңдар, қом сулар! ......................................59 «Дүние байтақ, мен бір жəй ергежейлі...» ............61 Күздің соңғы күндері ..............................................62 Жұматайға ................................................................64 «Сан өртейтін шыққанша бір дерегі...» .................65 Ақын – ғұмыр ..........................................................67 «Жеті қат көк құпияң көп бөктерген...» .................68 Домбыра ...................................................................69 Сағыныш ..................................................................70 «Мақпал түн маздақ ойдың шырайысың...» .........72 Қап - қара түндер қажытып ....................................73 Мəңгі өлмейтін кетейік мекен іздеп ......................75 Арман .......................................................................77 Жұмекенге ................................................................78 Дала –менің отауым ................................................80

Түнгі ойлар ..............................................................81 Көрдім бəрін отыздың биігіне ................................83 Жақындашы, жұлдызым .........................................85 Жастық шақ..............................................................86 Фариза Оңғарсыноваға ...........................................87 Ерсайын Жапақовқа ................................................88 Інім Табылды Досымовқа .......................................89 Қайта ұшасың сен ертең .........................................91 Біздің ұрпақтың үні .................................................92 Қарашалар қайтқан түн ...........................................94 Бүгінгі күннің суреті ...............................................95 Мысық ......................................................................96 Құстар обасы ............................................................98 Ақын досқа...............................................................99 Халқым, саған не дейін... ........................................101 «Он үште соңына ердім арман жырдың...» ...........102 Тəуелсіздік бір сен үшін жан құрбан... ..................103 Наршөккен таңы ......................................................105 «Алыстайды аралдардай жүзбелі...» ......................107 Туған жерге барғанда ..............................................108

Ескі Мақат. Кешқұрым. ..........................................110 Келбет қызыма .........................................................111 Жүрсің ылғи жанартаудың ішінде... ......................112 Армысың, алтын ұя .................................................114 Түркістаннан түлеп ұшқан тастүлек ......................116 Жыр – жүректің бұлбұлы........................................118 Шындық жалғыз, сұмдық мың. ..............................119 Зырлайды ғұмыр күймесі ........................................120 Есенбайға .................................................................122 Бастарыңа жағайыншы бір шамдал .......................123 Жүре алмадың қасымда асыл еркем ......................124 Қайта туған Көкмешіт. ............................................126

Жұмабай ҚҰЛИЕВ ЖАН ҚОБДИЫНДАҒЫ ЖАҚҰТТАР Редакторы Сəндібек Жұбаниязов Техникалық редакторы 3айра Бошанова Суретшісі Нұрлан Тазабеков Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова Жан қобдиындағы жақұттар Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй. Е-mail: Zhazushi@mail.ru Теруге 25.05.2015 жiберiлдi. Басуға 11.08.2015 қол қойылды. Қа лы бы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Times New Roman». Бас па табағы 8,5. Шартты баспа табағы 7,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № .

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙