TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 3 том

Әзібаева Бақытжан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 3 том

«Бабалар сөзі» сериясының үшінші томына «Қисса Шеризат», «Қарқабат», «Құлқаныс—Зеберше», «Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир» атты хикаялық дастандар енді. МАЗМҰНЫ Құрастырушыдан ................................................................5 Мәтiндер Қисса Шеризат ....................................................................9 Қарқабат ...................................................

Астана

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Мағауин М.М.
Мәмбеев С.
Нұрпейісов Ә.К.
Рахмадиев Е.Р.

Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

БАС РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҚАСЫ

3 том

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Хикаялық дастандар

ББК 82.3 (2 қаз) Б12 «Мәдени Мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Тұрғанбаев А. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әзібаева Б. (жауапты редактор), Елеукенов Ш., Қасқабасов С., Рақышева Ж. (жауапты шығарушы) Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындаған: Әзібаева Бақытжан, филология ғылымдарының докторы Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2004. Т. 3: Хикаялық дастандар.—2004.—328 бет, суретті.

ІSBN 9965-619-63-8 «Бабалар сөзі» сериясының үшінші томына «Қисса Шеризат», «Қарқабат», «Құлқаныс—Зеберше», «Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир» атты хикаялық дастандар енді. Б 00(05)—04

ББК 82.3 (2 қаз)
ІSBN 9965-619-63-8 (т. 3)
© Әдебиет және өнер институты, 2004

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2004

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жариялана­ тын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. «Бабалар сөзі» сериясы—ғылыми басылым. Оның негізгі принципі—шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыс­ тыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары жарияланады. Әрбір том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелерді және олардың табылған варианттары жөнінде мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кіреді. «Бабалар сөзі» атты серияның үшінші томы алғашқылары тәрізді хикаялық дастандарға арналған, олар: «Қисса Шеризат», «Қарқабат», «Құлқаныс—Зеберше», «Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир». Дастандық эпостың маңызды, көлемді, бай бөлшегін құрайтын, оқиғасы қызықты болып келетін хикаялық дастандар тақырып жағынан сан алуан. Мысалы, әйелдің аярлығы, даналығы мен адалдығы туралы, асқан ақыл мен айланы дәріптейтін, достық пен даналық, алдауыштар мен аярлар туралы, тарихи кейіпкерлердің кеңдігін, зейінділігін, жомарттығын, қайырымдылығын және басқа да тұлғалық қасиеттерін суреттейтін дастандар, т.с.с. Сонымен бірге біраз хикаялық дастандардың негізгі сарыны—махаббат тақырыбы. Мұнда да екі жас ғашықтық аңсары үшін күреседі, көп қиындық көреді, әр түрлі ситуацияға түседі. Бірақта кейіпкерлердің осы жолдағы іс-әрекеттері міндетті түрҚҰРАСТЫРУШЫДАН

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

де хикаялық сипатта болады; олар кедергі-қиындықтарды ақыл-
айла, өмірлік тәжірибе, тапқырлық, зейінділік арқасында же-
ңеді. Бұл шығармалар күлкілі, нанымсыз эпизод, мотивтерге
толы. Томда жарияланып отырған дастандар негізінен сол үлгіде.

Хикаялық дастандардың сюжеттері көбінесе шығыстық болып
келетіні белгілі. Мысалы, томға ұсынылып отырған, тақырыбы
бір болғанымен арасында айтарлықтай айырмашылығы бар «Қис-
са Шеризат» пен «Қарқабат» және «Қисса Гүлшаһра дохтари сұл-

тан Кашмир» дастандарының дүниеге келуіне орта ғасырларда
өте кең тараған, көбінесе қара сөз үлгісінде әңгімеленген парсы-
лық қисса, хикаяттар себепші болған. Ал «Құлқаныс—Зеберше»
дастанында ұлттық эпосымызға тән құдалық салтына негізделген

архаикалық сюжет новеллалық үлгіде дамып, дастан фабуласы
көптеген хикаялық мотив, оқиға, эпизод, көріністермен байыған.
Томды дайындау барысында ХІХ ғасырда араб әрпінде жазылған
қолжазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін кітап болып шыққан дү-

ниелерді дұрыс тану үшін мәтіндерге мұқият талдаулар мен сарап­
тау жұмыстары жүргізілді. Түпнұсқада қате жазылған сөздер қазақ
тілінің жалпыға ортақ жазу нормаларына және контекске сәйкес тү-
зетіліп отырды, ал кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғау-

лар түсіп қалған жағдайда қажетті сөздер жақшаға алынып берілді.
Жарияланып отырған мәтіндерде байырғы жалпытүркілік сөз-
дер мен грамматикалық формалардың, қазір қолданыстан шығып
ұмытыла бастаған көне қазақ сөздері мен жергілікті [диалект]

сөздердің жиі ұшырасатынын атап айтқан жөн. Олар түпнұсқалық
түрінде берілді, демек шығармалардың сөз қолданысы толық сақта-
лады. Ал бір топ парсы, араб тілінен ауысқан сөздер қазақ тіліне
аударылып, томның соңында арнайы сөздікте топтастырылды.

«Қарқабат» пен «Құлқаныс—Зеберше» мәтіндері Кеңес
дәуірінде бір рет ғылыми-көпшілікке арналған жинақта біраз
түзетулермен, редакцияға ұшырап жарияланған. Томда ол
мәтіндер түпнұсқадан дайындалып, еш өзгеріссіз беріліп отыр.

«Қисса Шеризат» дастаны 1870 жылғы қолжазбадан еш өзгеріс-
сіз дайындалып, қалың оқырманға алғаш рет ұсынылып отыр.
«Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир» 1901 жылы Қазан
қаласында араб әрпінде басылып шыққан кітаптан дайындал­

ды. Мәтін бірінші рет оқырманға ұсынылып отыр.
Томның көлемі—20,5 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Қисса Шеризат
Болыпты бұрынғыда бір бай патша,
Бек әділ, есімі оның Көркін патша.
Нәсілі Киян руы, өзі көркем,

Жүзі гүл, бойсын бойлы ағзи патша.
Биназир әділетті, сияһ көрген,
Құп жігіт саясында және ерген.
Шын, Машын шаһарында мекені еді,

Өтіпті солардан да дүние шіркін.
Жеті жұрт болып тұрды фарманында,
Ғейіш-ғишрат миллатлар әуладында.
Сөйтсе де перзенті жоқ, қаралы екен,

Зарланды отырып бір күн тақытында.
Сөйтті де жұртын жиды зар-зар жылап,
Қайыр беріп, құрбандық тағы шалып.
Патшаға арыз бірлән халайықтар

Жыласты бір Құдайдан перзент сұрап.
Тілегі пақырлардың қабыл болды,
Тілеген тілеулерін Құдай берді.
Иләһим жарылқаса құдіреті үлкен,

Қатыны падишаның буаз болды.
Буаздығы падишаға болды аян,
Халқына қуанышты етті баян.
Үшбуның шаттығына қуанысып,

Той қылып, қайыр беріп, қылды сайран.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шашу шашты сонда лағыл, жауһар,
Қызыққа қанық болды һәрбір шаһар.
Ұлық-кішік баршасы қызмет етіп,
Ғамләрінің күндері болды шадлар.

Күндерде бір күн патша ой ойлайды,
Құрайын сейілдікті деп ойлайды.
Қасына нөкерлерін ертіп алып,
Баршасы сахараға жөнелді енді.

Жөнелді көп сепаһи жолдас илән,
Кез болды алдарынан қалың орман.
Ағаштан шығып ұмтылды падишаға,
Патшаға қастық қылып бір арыслан.

Падиша семсерімен басқа ұрды,
Аты үркіп, патша жығылып жаман састы.
Ақырып-бақырып арыслан падишаға,
Жығылған падишаға болды қасты.

Патшаға салды үлкен бір жарақат,
Жарасы қатты болды бек қабағат.
Семсерінің ұруынан өлді арыслан,
Мұндай күн душар қылды Хақ Құдірет.

Патшаның қанын сүртті жолдастары,
Жиылды көп шаһардың жарандары.
«Құдайым, қайыр бер» деп есенлігін
Шаһының тілеп тұрды жанның бәрі.

Шаһыны дәргаһына алып барды,
Зарланып көп нөкері хабар берді.
Патша өлер халге ерүшкен соң,
Әділдік жұрттарынан сонда сұрды.

—Мен қалдым құтылмастай мехнатқа,

Бұ жанды даярладым ахиратқа.
Кім өлмей дүнияда кім қалады,
Қайтейін, аһ, дариға, мен де арманда.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

* Бір сөз танылмады.
Арманда болғандығым: перзентім жоқ,
Қапалы мен байғұста уайым көп.
Иләһим мұндай халге ерүштірді,

Ойлаушы ем атым жаһаннан кетпейді деп.
Көп жұрттар зар-зар жылап нала қылды,
Зарлығы жеті аспанға есітілді.
Аспандағы қызметкер—періштелер,

Қамығып олар дағы зар еңірейді.
Жұртына патша айтты: –Жыламаңыз,
Көл қылып көздің жасын бұламаңыз.
Пайда жоқ жылағаннан, уай, достарым,

Айтайын арызымды, құп тыңласаңыз.
Арызым—зағифамыз хамла тұрұр,
Ұғыл ма, қыз ба туар Алла білүр,
Ұғыл болса тақтымды анға сақта,

Сіздерді ренжітпей билеп тұрұр.
Рухым разы болар сізге сонда,
Қайтейін, қайғы берді Құдауанда.
Менен сонда халас сіз боларсыз,

Өсиет ақылымды жақсы тыңда.
Сонда дұшпан қаптар һәр тараптан,
Алыңыз сіздер ұғып мұны әбден.
...* халайықтар қабыл қылды,

Тілекке ерүштірсін …* Ханнан.
Бір уәзірі бар, аты—Фарұхзат,
Ол тұтты сол заманда көп әділет.
Патша оған тағы көп сөз айтты,

Бұл сөзді қабыл көрді көп жамағат.

—Сен Фарұхзат, тұтқайсың тақытымды,

Әділдікпен ұстап тұр тақытымды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Менен ұғыл дүнияға келмегенше,
Тұрғайсың шадыман қылып уақытыңды.
Дүнияға ұл келген соң оған берсең,
Оң қолы ұлық уәзір өзің болсаң.

Иншалла, ұғылым жаман болмас,
Ата орнына ата боп нақыл қылсаң.
Фарұхзат бір бас ұрып тағзым қылды,
Жиылған халайықтар қабыл көрді.

Әр күнше аманат деп ер Көркін шаһ,
Тақтыны Фарұхзатқа сонда берді.
Тапсырды көп мүлкін, қазынасын,
Алтынды сарай менен дафинасын.

Сөйтті де жан тәсілім қылды патша,
Қайғырып жұрты кепті падишасын.
Зарласты «аһ, дариға» деп енді жұртлар,
Жоқтады падишаны көп ғауратлар.

Аспанға бұ зарлықтар есітілді,
Қырық күн азаматтар қылды зарлар.
Қырық күннен соң патшаның асын берді,
Жиылған жамағаттар көп қайғырды.

Бұйрығын падишаның тәрік етпей,
Сол заман Фарұхзатты хан көтерді.
Фарұхзат патша сонда дәурен сүрді,
Жеті ықылым үстінен патша болды.

Әділет, өсиет білгенінше,
Фарұхзат һәр тарапқа бұйрық қылды.
Сонда бір күн Фарұхзат ой ойлайды,
Түбіне ойдың сонда жете алмайды.

Саудасына бір шайтан кіргеннен соң,
Ой түбіне жетпес іс болмайды.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

* Бір сөз танылмады.
Ойлайды: «Патша болдым қиянатсыз,
Атыспай, шабыспайын һеш ...*
Ұғылы падишаның туа қалса,

Халайық алып берер ықтиярсыз.
Онан да хайланы мен қылайын,
Бала тумай ханымын өлтірейін.
Өзім түгіл, әулетім патша болар,

Биіктеніп ғұмырым мен тұрайын».
Бір уәзірі бар еді Фарұс атты,
Данышпан, өзі әділ, ер сипатты.
Фарұхзат соныменен сөйлеспекке

Тәуекел деп ойлайды бір ниетті.
Фарұсқа сонда берді көп инғамдар,

—Айтайын арызым бар, құп тыңласаңдар.

Бұл инғам білән кескенім тіліңізді,
Білмесін бұл сырымды һеш адамдар.
Фарұс сонда бас ұрды құллық даю:

—Лазым емес біздерге жұртқа жаю.

Не ерік бар менде, тақсыр, құлмын,—деді,
Байлауда ойын үйренген мен бір аю.
Сөйлейді патша сонда әндишәсін:

—Әй, Фарұс, келтір,—деді,—көңіл нәшін.

Келтірсең бұ бұйрықты бажайыңа,
Түседі сонда саған ықыласым.
Іс дегенім бір ғаурат хамла тұрұр,
Хатуны Көркін шаһ өзі едүр.

Егер де ұғыл туса Құдай беріп,
Хандығын халайықтар оған берүр.
Мен сонда бос қалғаным зар-зар жылап,
Қылсаңыз бір жақсылық өзің аңлап.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сізді мен де қояйын уәзір ағзам,
Әдейі жұрттан алдым сізді таңлап.
Болмаса өзіңіз де өкпелеме,
Артынан кешіріңіз деп опық жеме.

Сөзімді менің айтқан ұнастырып,
Уәзір ағзам болсаң көп бола ма?
Ойлайды Фарұс байғұс ғажап мүшкүл,
Істерге мұнан жаман өзі түшкүл.

«Егерде бұйрықтарын келтірмесем,
Падиша қаһарланып мені өлтірүр».
Сонда уәзір үйіне қайтып барды,
Қасына он қара бас құлын алды.

Үйіне падишаның барды дағы,
Ханымның қол-аяғын байлап алды.
Ханымның қол-аяғын байлап алды,
Ішіне қалың орман алып барды.

—Ханымды өлтірсеңіз, әй, құлдарым,

Сіздерді азат етем,—деп бұйрық қылды.

—Ханымды өңештен өлтіріңіз,

Хабардар азаттықтан сіз болыңыз.
Әмірін падишаның тәрік етпей,
Ханымның басын кесіп келтіріңіз.
Сонда құлдар ханымды өлтіреді,

Көңілін Фарұхзаттың тындырады.
Бастарын азат қылам дегеннен соң,
Ханымның басын кесіп келтіреді.
Ханымның басын көрді Фарұс сонда,

Бұндай іс басқа түсті, Құдауанда.

—Таһарат алып уәзір келем деді,

Құлдарға тұра тұр деп айтты сонда.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Бұған таман уәзір жетіп келген,
Өліп жатқан ханымды көзі көрген.
Бір ұл бала ханымнан туып жатқан,
Кеудесіне шешесінің өрмелеген.

Мұны көріп ер Фарұс зар жылайды,
Мейірі түсіп ер Фарұс қолына алды.
Бір бөзге біткен малдың бәрін салып,
Қалта қып ішіне он гауһар салды.

Тұмар қылып мойнына тақты сонда,
«Сақтай көр бұ байғұсты, Құдауанда».
Құлдарға зар-зар жылап жетіп келсе,
Құлдарды бір арыслан жеген сонда.

Уәзірі сол арада жаман састы,
Сөйтті де үйге қарай қадам басты.
Ханымды өлтіргенін барып айтып,
Патшаны шаттандырды, ақылдасты.

Сонда бұған көп инғам патша берді,
Сөйлеген һәрбір сөзін қабыл көрді.
Өзіне уәзір ағзам оны қылып,
Ғейіш-ғишрат, салтанатқа мәшғұл болды.

Сөйтіп олар дәурен сүрді дейді,
Һәр түрлі қызық илән тұрды дейді.
Ханымнан туып қалған жас баланы
Асырап бір арыслан тұрды дейді.

Емізіп бір арыслан тұрды дейді,
Бала боп арысланға жүрді дейді.
Шер деген сөз арабша арыслан екен,
Шеризат деп оның атын қойды дейді.

Ханымын Көркін шаһтың патша өлтіртті,
Көңілі тынып жеті жұртқа хүкім йүртті.
Сол кезде падишаның перзенті жоқ,
Құдайым бір қыз бала рұзи қылды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Онан соң хош хал болды шаһы, ханым,
Он күн ойын, қырық күндей қылды тойын.
Борышты шерлілерін азат етіп,
Босатты дарқан қылып жанның бәрін.

Білісті бұ қуанышты Құдайдан деп,
Ғұлама, молда, ишан, жиылған көп.
Қайырлы сағатында халайықтар
Балаға ат қояды Күлшатхан деп.

Құп болды атасының тәрбиесі,
Сүйінді қуанғаннан ата-анасы.
Он бесте туған айдай жүзі көркем,
Данышпан болды патшаның бұл баласы.

Патша сонда бір күні түс көріпті,
Һәрбір түрлі себепті іс көріпті.
Түсінде бір ақсақал бұған келіп,
Һәр түрлі жұмыс илән ақыл беріпті.

Сөз айтты бір ақсақал бұған келіп,
Бұл сөзді қабыл алды көңіл қойып:

—Жақсылық Күлшатханнан сен көрерсің,

Һәр басқан қадамдары құтлұқ болып.
Сол үшін сен жасатсаң бір үлкен үй,
Құдайым оған берер бір жақсы күй.
Құданың әмірі-дүр саған берген,

Жарлығым үшбу айтқан көңілге қой.
Ұйқыдан сонда патша түрегелді,
«Келсін» деп уәзіріне хабар берді.
Патшаның әмірін тәрік етпек қайда,

Патшаға Фарұс уәзір жетіп келді.
Екеуі уәзірімен ақылдасты,
Қандай үй саламыз деп көп кеңесті.
Сөздерін бір орынға қойды дағы,

Алтын үй салдырмаққа шебер жиды.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Іздесіп һеш үйші таба алмайды,
Һеш адам алтын үйді сала алмайды.
Бір келген Қытай, Хотан шаһарынан
Саудагер падишаға жетіп келді.

Саудагер падишамен ақылдасқан:

—Қытайда үйші бар,—деп,—жұрттан асқан.

Сол салар сіздің үйді, ей, падиша,
Аты Тифур, һәр іске араласқан.
Тифурға сонда патша хабар салды,
Хабарды естіп ер Тифур қабыл алды.

Һәр түрлі саймандарын тегіс алып,
Шын, Машын шаһарына жетіп барды.
Келіп Тифур падишаға сәлем берді,
Сәлемін Фарұхзат патша қабыл алды.

Үй салуға бір жақсы жер таппаққа
«Келсін» деп көп әскерге хабар салды.
Жер таппай іздеп-іздеп көп жер барды,
Бір жерге ақырында сонда келді.

Хош һауалы мұндай жер жаһанда жоқ,
Сол жерге үй салмаққа белгі қылды.
Алтын білән күмістен салды үйін,
Қорғаны өрт келмеске салды шойын.

Жаһанда оның тек үй һеш болмаған,
Падиша қырық күндей қылды тойын.
Безетті гауһар тастан тағы шарбақ,
Һәрқашан оның ішінде ойын болмақ.

Һәр түрлі гүлдері бар бейішке ұқсас,
Бір шеті дәрет үшін салған шарбақ.
Фердауси деп қойған оның атын,
Алтын, күміс, гауһардан қылды затын.

Ұжмақтың бақшасына бекзас екен,
Жалғанда айтып болмас һеш сипатын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Күлшатқа мекен қылды сонда мұны,
Жамағат, құлақ салып тыңда мұны.
Күлшат кірді үйіне қырық қызбенен,
Жолдастыққа қойыпты уағданы.

Қырық қызбен Күлшат жүрді ойнап-күліп,
Өзіне дәл алпыс қыз жолдас қылып.
Күндерде бір күн қызға Күлшат жауап айтты,
«Келелік бақша барып сейіл құрып».

Атлас лабас киіпті, хале тонын,
Шығыпты айға теңеп жарық жүзін.
Бұралып тал шыбықтай Күлшат сұлу,
Бәрінен сол қыздардың бойы ұзын.

Киіскен алтын, жауһар білезігін,
Күлшаттан есітерміз сөз нәзігін.
Жаһанда ондай сұлу жан көрмессіз,
Шығады жарқыратып алтын жүзін.

Ішіне Фердаус бақша келді дейді,
Баршасы ойнап сонда жүрді дейді.
Жүздері толық айдай жарқыраған,
Жігіттер бір топ көркем енді келді.

Ішінде бір жігіт бар шырын сөзді,
Он бестегі туған айдай жүзі нұрлы.
Құдайым ондай асыл жанды жаратпаған,
Жарасқан һәрбір түрлі ақыл ойлы.

Күлшат қыз бұл жігітке ғашық болды,
Есі ауып сол арада биһұш болды.
Құданың құдіретіне шара бар ма,
Аздан соң есін жиып ақыл кірді.

Күлшаттың бір жолдасы қасында бар,
Қожа сарай есімді ол адамлар.
Есі кіріп сөйлескен Күлшат оған:

—Кім болды бұл жерлерде, әй, ағалар.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Ай жүзді жігіттер кімдер бұлар,
Бәрі бірдей жас жігіт қайда барар?
Жаңа жерлік жігіт екен және олар,
Патша ма, баласы ма, қайда тұрар?

Ішінде бір жігіт бар түрі бөлек,
Жүздері қараңғы үйді қылып жарық.
Кім екен сол жігіттің есімі, заты,
Кім екенін, әй, қожа, кел анық біліп.

Қожа сарай бұл сөзін қабыл алды,
Қасына жігіттердің жетіп келді.
Падиша жүзі жарық жігіт екен,
Алдына тағзым білән сәлем берді.

Сәлемін ол ақсақал қабыл алды,
Сонда ақсақал бұларға сөйленеді:

—Барасыз, әй, жігіттер, қайсы жерге,

Келесіз қайдан шығып, қайсы жаққа?
Ұқсайды падишаға айдай көркің,
Белгісіз бізге тағы не жерліксің?
Нағылып бұ сапарда сіздер жүрсіз,

Болар ма мүмкін болса атыңыз кім?
Сонда жігіт сөйлейді сөзін айтып:

—Шаһарым тұрған менің Бағдат,—деп.

Саудаменен жүр едік бұл сапарда,
Атын тағы білдірді Шеризат деп.
Өзім жетім, әкем жоқ, сері емеспін,
Бай дәулетті елімдемін, төре емеспін.

Әлім жоқ, Құдай деген бейшарамын,
Тобынан асып жүрген ер емеспін.
Сұралық енді сізден біздер жауап,
Сауалға жауап берсең болар сауап.

Сіздер де кім боласыз, не жерліксіз,
Не себепті бұл жерде қылдың сауық?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сонда қожа сөйлейді:—Шеризатым,
Қызы еді сейіл құрған Фарұхзаттың.
Есімі оның Күлшатхан, жұрттан асқан,
Көрдің бе әне тұрған үй сипатын.

Үйінің түрі мәнзар-ау, алтын-күміс,
Шойыннан қорғандары бәрі тегіс.
Көрген жан ішінен шыға алмайды,
Ғаламнан асып тұрған есімі Фердаус.

Сондай бар оңдылығы бағы Ирам,
Көрген жан таңға қалып болар қайран.
Бұларды есіткен соң батыр Шеризат,
О дағы Күлшат қызға ғашық болған.

Күлшаттың сарайына бұлар келді,
Жолығып екі ғашық ойнап-күлді.
Қасында жолдастары қайтып кетті,
Бірігіп Шеризатпенен Күлшат тұрды.

Дүнияның міне осындай жалғаны бар,
Өзгенің бір Құдайдан арманы бар.
Ішінде үй шарбақтың төре болған,
Қасында Күлшатжанның бағбаны бар.

О дағы Күлшат қызға ғашық болған,
Сарғайып зағыпырандай жүзі солған.
О дағы Күлшат қызбен бірге жүріп,
Бұл істің мазмұнына қайран болған.

Сөйтті де Күлшат қызға қаһар қылды,
Шеризатқа қосылғанын анық білді.
Бейшараға бір істі қылайын деп,
Келді де падишаға арыз қылды.

—Қызыңның үйінде бар бір адамзат,

Білмеймін кім екенін, аты Шеризат.
Қатысып күндіз-түні бір жатады,
Ашына болып кетті бек қабағат.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Патша есітіп бұларға ашуланды,
Қайғыдан жүректері от боп жанды.
Бар еді Алмас, Қоймас екі алып,
«Келсін» деп баршасына хабар салды.

Келеді Алмас, Қоймас қаһарланып,
Төрт көзі сегіз болып оттай жанып.
Қасына тағы жүз батыр берді,

—Кел,—деді,—Шеризатты ұстап алып.

Жазасын өзім берем келгеннен соң,
Кім екен оның затын білгеннен соң.
Не жұмыспен бұлар мұнда келген екен,
Сипатын анық білем көргеннен соң.

Келеді Алмас, Қоймас күркіресіп,
Үйіне кіре алмайды есік ашып.
Түбінде алтын қақпа тұрды дағы,
Шақырды «кісі бар ма?» деп айғайласып.

Шығады сөйлескелі сонда бір қыз,
Жүрегі қорыққаннан болады мұз.
Сипатын Алмас, Қоймас көргеннен соң,
Дірілдеп айта алмайды бір ауыз сөз.

Бұл қызға Алмас, Қоймас айғайлайды,
Айғайын қаһарланған һеш қоймайды.

—Патша «алып кел» деп бұйрық қылды,

Шеризатты жылдам мұнда шығар,—дейді.
Күлшатқа байғұс бала жетіп келді,
Болғанын мұндай халдің айтып келді.
Алыптан Алмас, Қоймас қауіптеніп,

Қыз Күлшат Шеризатқа сөйлейді енді.

—Атам сізден хабардар болған екен,

Хабарды бағбаннан алған екен.
Сіз сонда тасаланып отыра тұр,
Атама мен бармасам болмайды екен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Зираки бір зияны тиер сізге,
Сіз мұнда жоқ боларсыз, ойбай, бізге.
Атама өзім барып жалынамын,
Салыңыз бұл сөздерді зейініңізге.

Сонда Шеризат күледі үшбу сөзге:

—Неге Шеризат атандым осы кезде,

Бұларды баһадүр деп ойламаймын,
Бір қызық көрсетейін бүгін сізге.
Қасыма олар менің келе алмайды,
Мені жылдам байлап ала алмайды.

Қуанышым, көзім нұры, көңілім-ай,
Еш қайрат бұлар маған қыла алмайды.
Шеризат найза, қалқан даярлады,
Бір зиян тигізер деп ойламады.

Қыз Күлшат алтын кесе қолға берді,
Шеризат ас ішуге оңтайланды.
Шеризат қызға сөйледі:—Әй, перизат,
Қабыл көрсең, алдыңда айтамын дат.

Тамаша қып соғысқа шығар болсаң,
Бір соғыс болғалы тұр бек қабағат.
Көп қызбенен Күлшат шықты айдалаға,
Тамаша қып қарайды марданаға.

Сол кезде Алмас, Қоймас айқайлайды:

—Нағылып шықпайды,—деп,—бұл майданға.

Шеризат жауап бұған һеш айтпайды,
Шарабына асықпай-ақ тойып алды.
Тұр екен ішкерірек Қоймас батыр,
Алмас та қаһарланып Қоймасқа айтты:

—Нағып тұрсың ішкері, Қоймас, барсаң,

Шеризаттың қол-аяғын байлап алсаң.
Өзің алып қарасың бір кісіге,
Күркіреп көктей оған қаһар қылсаң.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Сонда Қоймас Шеризатқа жетіп барды,
Шеризат бала қолына қылыш алды.
Екеуі бірін-бірі салғанында,
Қоймастың тау денесі қақ жарылды.

Құдайым қуат берген Шеризат ерге,
Көп қыздар тамаша қып мұны көрді.
Қоймасты екі пара қылды дағы,
Шығады әсемдетіп майдан жерге.

Шеризат шықты Алмасқа қаһарланып,
Алмас бұған келеді һайбаттанып.
Қаруларын тастасып бұлар жерге,
Бір-бірін көтерісті белден алып.

Бірін-бірі белдесіп жыға алмады,
Күрес тастап қаруларын қолға алды.
Алмас Шеризатты шапқанында,
«Иә, Алла» деп басына қалқан салды.

Басына «иә, Алла» деп қалқан салды,
Құдайым сақтап мұны аман қалды.
Қаһарланып ер Шеризат салғанында,
Алмасты қақ басынан екі бөлді.

Шаттанып Күлшат бұған қарап тұрды,
Шеризаттың қайратына таңға қалды.
Аш бөрі қойға кірсе қандай қылар,
Әскерін Фарұхзаттың сондай қырды.

Әскерін бәрін қырып үйге қайтты,
Шаттанып арғымағын бек ойнатты.
Көңілі Шеризат ердің ашылсын деп,
Ғазалды бұ йазылмыш қыздар айтты.

—Бұ жаһан ғаламда сендей әділ сұлтан болмағай,

Сұнмаған бексің һәр кез мұсылман болмағай.
Жеті ықылым үстінде патша көп болар,
Болғушы бәрі де жер жүзінде хан болмағай.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дүнияда бустандар көп болар,
Мұндай бустан һеш әлемде болмағай.
Әй, жамағат, көп оқыдық түрлі-түрлі қиссалар,
Қисса Күлшаттай әлемде дастан болмағай.

Екі кісі әскерден қалған екен,
Қашып Фарұхзат патшаға барған екен.
Батырлығын Шеризаттың баян етіп,
Қайғыны падишаға салған екен.

Сонда патша Фарұспен ақылдасты,
Екеуі ақылдасып көп кеңесті.
«Нақақтан әскер қанын төкпейік»,—деп,
Ашуын ашуланған бұлар басты.

«Қандай ер балуан-ау біздің Алмас,
Қоймас пен жүз батыр бәрі де бас.
Соларды бір шыбындай көрмей қырды,
Бұл бала соғыссақ та бізді қоймас.

Онан да біз өзіне жалыналық,
Не мұрады бар екен сұраналық.
Қыз түгіл, дүния малын сұраса да,
Біз содан құтылуға аямалық».

Сонда Фарұс Шеризатқа жетіп барды,
Бұралып жас балаға сәлем берді.
Бір ақсақал Шеризаттың қасында отыр,
Сәлемін Фарұс уәзір әлік алды.

Атын сұрасаң, ақсақал қожа Сайад,
Шеризатты орман ішінен алған асырап.
Бала қылған Шеризатты сол ақсақал
Фарұсқа «кімсің?» деді жөнін сұрап.

Фарұс айтты:—Патшаның уәзірі едім,
Елші болып елімнен мұнда келдім.
Жеті жұртқа әділдік атым шыққан,
Қайырылған ғаріп-пақырға Фарұс ермін.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Сонда ақсақал кисәсін қолға алды,
Екі гауһар ораған қағаз алды.
«Үшбу қағаз, гауһарды танырсың»,—деп,
Гауһар менен қағазды бұған берді.

Уәзір Фарұс со жерде жаман састы,
Отырып өзіменен ақылдасты.
«Қағаз жазып гауһарды жазып кеткен,
Әуелде мен қылғанмын бұл бір істі».

Фарұспенен көрісті Шеризат сонда,
Екеуін жолықтырды Құдауанда.
Зарласып көріседі екі ғаріп,
Зар илейді екен қуанғаннан.

Амандасып уәзірі үйге қайтты,
Бұл ахуалдың баршасын патшаға айтты.
Анық Шеризат екенін білгеннен соң,
Қайғысы Фарұхзаттың болды қатты.

Сонда Фарұхзат келеді Шеризат ерге,
Боларын бір сұмдықтың енді білді.

—Қанымды бір қасықтай кешіңіз,—деп,

Хан басын құллық даю жерге қойды.

—Алыңыз, міне, менен патшалығың,

Халайық, һәрбір түрлі қазыналығың.
Алтын тақ атаң берген тұр аманат,
Алтын тәж және міне алтын тағың.

—Тегіс пе атам берген аманатым,

Жоқ па екен аманатқа қиянатың?
Аманат атам берген анам қайда?
Һеш қабыл болмас менде айтқан датың.
Деді де патша Шеризат ашуланды,

Төрт болып екі көзі оттай жанды.

—Мың түрлі азап илән өлтірейін,

Жаһаннам күйсін,—деді,—шыбын жаны.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бәлеге енді Фарұхзат қалды дейді,
Жендетке Шеризат әмір қылды дейді.
Дарға асып Фарұхзатты өлтірмекке
Зынданға сол күн түнде салды дейді.

Бір қайғы сонда түсті Күлшатына,
Ақылы жұрттан асқан данышпанға.
«Атамды өлтірме» деп жалбарынып,
Сөйлейді медет арыз Шеризатқа.

Айтады Шеризат сонда:—Әй, Күлшатым,
Гүлім нұры, перизат, шекер бәндім.
Сұрама ашуымды, шекер бәндім,
Болмайды бұл жағынан һешбір датың.

—Жарайды, ашуыңды берме,—депті,

Ақылмен қисса сөйлеп алдайды енді.
Өлтірем деп атасын келгенінде,
Хайламен қисса сөйлеп алдайды енді.
Фарұхзат өзі тапты пейілінен,

Күлшат қыз сөйлейді ерінбеген.
Күн сайын бір қиссадан оған сөйлеп,
Ашуын шығарады көңілінен.
Тоқтатты хайламенен дәл отыз күн,

Есітті хайламенен хикаятын.
Екеуі сахарада жүрді дағы,
Ішіне Фердаус бақша келді бір күн.
Отырды сауық қылып шарап ішіп,

Һәр түрлі ғазал сөйлеп ойнап-күліп.
Жер бауырлап жылайды Шеризат бала,
Өлгені анасының еске түсіп.
Жылап сөйлейді Шеризат Күлшатханға:

—Сен дағы қапаландың аһ ұрғанға.

Не себептен өлтірді анамды атаң,
Лайық-ау қандай жаза антұрғанға.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

—Шариғат хүкімі білән обалы жоқ,

Көзім қиып берейін сізге не деп.
Бір қасықтай атам қанына қызыққанша,
Айтайын сіз тыңдасаңыз бір жақсы кеп.
Сонда Күлшат сөйлейді,

Бұлбұл дауысын күйлейді.
Күйлегенде бүй дейді,
«Өлтірме,—деп,—атамды»,
Зар илеп еңірейді.

Шығарар деп көңілінен
Еске түскен анасын,
Күлшат бұған жырлайды.

—Туып қалдың анаңнан,

Айырылдың-ау панаңнан.
Мехнат көрмей, опа жоқ,
Мына дәурен айналған.
Бәрі Құданың құдіреті,

Ауыр келген бір заман.
Өлсең өзің өлер ең,
Пәсте қалған жас бала,
Ашуға күйген жас бала,

Сен дағы қалдың дін аман.
Бендеде һешбір күнә жоқ,
Не жақсылық берсе де,
Жаратқушы Құдадан.

Және қалдың орманда,
Қанағат Құдай бергенде,
Арымадың, ашмадың,
О дағы Құданың құдіреті.

Арыслан асырап жүргенде,
Бес жасыңа келгенде,
Құдайды бір білгенде,
Қожа Сайад алғанда,

Жылы қойнына салғанда,
Бала болып тұрғанда,
Ғылым дүкенін құрғанда,
Дәл он алты жас болғанда,

Сіз Фердаусқа барғанда,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Менің саған тигенім,
Жүзіңнен өбіп сүйгенім.
Хабардар атам болғанда,
Жұртына хабар салғанда,

Намыс қылып баршасы,
Жүз батырды ертіп ап,
Алмас, Қоймас келгенде,
Майдан жерде жүргенде,

Көзім қорыққан көргенде,
Қуанғанмын сол жерде,
Жиылған әскер өлгенде.
Һеш мүйізің болмаған,

Сондай қолды қырғанда.
Жақсылық та Құдайдан,
Жамандық та Құдайдан.
Кәне, екі болғаның,

Жақсылық Құдай бергенде.
Атекемде жазық жоқ,
Құдай әмір қылғанда,
Қатесіз бенде бола ма,

Себепкер Құда болғанда.
Сойып жеген жоқ әкем,
Сатып келген жоқ әкем
Анаңыздың дүниясын.

Құдай өзі алғанда,
Өлмейтұғын жан бар ма?!
Аманатын Құданың
Бермейтұғын жан бар ма?!

Өзіміз де өлерміз,
Шолақ дүния жалғанда.
Жетім қалған жас бала,
Аңмен өскен пәс бала,

Сен дағы болдың падиша
Құдіретімен Құданың.
Бұ дағы берген заманда
Ата орнына атамын,

Ана орнына анамын.
Халалда жұфұтың және мен,
Атекемді өлтіріп,

ҚИССА ШЕРИЗАТ

* Бір сөз танылмады.
** Екі сөз танылмады.
Мені де қылма арманда.
Сарғайып тұрған жүзімді,

Зарлап тұрған сөзімді,
Қаны аққан көрдің бе
Екі ғана көзімді.
Мен байғұсты сөйлетіп,

Зарландырып еңіретіп,
Бір хикаят сөйлетіп,
Шат қылайын өзіңді.
Күлшатқа Шеризат қылды бір ғифаят:

—Сөйлейін деп едің ғой бір хикаят.

Кем көңілім ашылғандай болсаңыз,
Айтайын сонда атаңа бір жақсы ниет.
Тұрып Күлшат енді айтты бұлбұл әуез,
Айтты Шеризатқа бұл қисса сөз.

Такаллам тотыдай ғұнчә-да ...*
Бисмилла бірлә кел асып чамандан.
Дейді Рұм елінде бір патшаһи,
Ниһаятсыз оның ләшкер сепаһи.

Бар еді бір қызы Маһимәнзар,
Жүзі гүл, бойы сүмбілі … ...** .
Шеризатқа Күлшат қыз һәр сөз жақтар,
Құдайым һәр бендесін тек өзі сақтар.

Жаһанда жоқ оның тек жүзі нұрлы,
Анға да ғашық екен ғаяр Ахтар.
Бір патша қызы екен Маһимәнзар,
Алтын, гауһар салдырған патша үйлер.

О жаһанда болмаған мұндай афзал,
Көрген адам бәрі де бұған таңлар.
Сол үйде тұрады екен осы бала,
Артық өнер берген Хақ Тағала.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сыртынан ғашық болған ханзадалар
Безіпті жандарынан боп пәруана.
Көп қыздар жүреді екен жолдас болып,
Бірігіп алтынды үйде ойнап-күліп.

Қыздары қасындағы бәрі әйбат,
Сипатын бітіре алман айтып болып.
Маһ руи, сүнбілі, шырын зебан,
Болмайды қосылған соң соған арман.

Алтынды үйдің ішінде Маһимәнзар
Һәр күнде сейіл құрып ойын қылған.
Күндерде бір күн қыздар сейіл құрды,
Үстінде алтын үйдің ойнап-күлді.

Он бесте туған айдай тұрғанында
Сол уақытта Ахтар ғаяр көзі көрді.
Мәнзарға сонда ғаяр ғашық болды,
Өртеніп жүректері биһұш болды.

Һеш опа хор ғашыққа таба алмады,
Айналып алтынды үйді босқа жүрді.
Қасында жолдасына сөйленеді,
Жолдасы сөйлегенмен не бұл біледі.

Болған соң өзі ғаяр аясын ба,
Бір хайла қылайын деп ойланады.
Күн сайын ой ойланып аңдып жүрді,
Ішкері қарауылшы жібермеді.

Алушы[ны] аңдушы жеңеді-ай деп,
Азғана Ахтар ғаяр хабар қылды.
Сол күнде бір падиша тағы болған,
Тебриз уәлаятын билеп тұрған.

Бар еді жалғыз ұғылы падишаның,
Бір күні Маһимәнзардан хабар алған.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Сұрасаң аты оның Миһірасар,
Бала еді дәл [сол] кезде он бес жасар.
Есітіп Маһимәнзарға ғашық болып,
Жүрмекке ләшкер тартып сайман жасар.

Екі жүз нар түйесін алды дейді,
Қазына алтын тамам болды дейді.
Жер жүзін тұрғандай алтын алып,
Рұмның шаһарына жүрді дейді.

Қасында бір ақсақал басшысы бар,
Екі жүз дәл өзіндей қосшысы бар.
Салтанат саймандары жаһанда жоқ,
Жүз қазан, һәр қазанда жүз кісі бар.

Баршасы падишаға болды мейман,
Іздеген жұмысының бәрі аян.
Бойлап Миһірасар басшысыменен,
Бермекке Маһимәнзарды қабыл қылған.

Той қылуға падиша оңтайланды,
Халқына жиылсын деп хабар салды.
Әйнектен күйеуін Мәнзар көріп,
Бұ дағы Миһірасарға ғашық болды.

Зарланды көріскенше екі ғашық,
Бір күліп ойнамады мауқын басып.
Тимекші бір-біріне болғаннан соң,
Жүздері айдай болды көңілдесіп.

Той қылған шартараптың бәрін жиып,
Іштілер шәрбат, боза сауық қылып.
Үйіне Маһимәнзардың ғаяр келді,
Жатқанын шәрбат ішіп анық біліп.

Келсе, құлдар баршасы мас боп жатыр,
Мастықпен бір-біріне қас боп жатыр.
Құлдардың басын кесіп қызға келсе,
Ішінде құрулы отыр алтын шатыр.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сонда ғаяр жанына қолын салды,
Ораулы бір қағазға заһар алды.
Тұтатып қыз мұрнына иіскеткенде,
Биһұш боп Маһимәнзар талып қалды.

Киімін үстіндегі бәрін шешті,
Қуанып шаттықпенен шәрбат ішті.
Һәр түрлі жаман киім киіндіріп,
Шаһардан жапан түзге алып шықты.

Бір жерге үш күннен соң бұлар келді,
Сол жерде асын ішіп демін алды.
Түн ортасы болғанда, Пәруардигар,
Маһимәнзар есін жиып өзін білді.

Бұл жерге алып келді Жаппар, Кәрім,
Сағынды Маһимәнзар ынтызарын.
Үйімде жатырмын деп ойына алды,
Шақырды дауыс беріп қызметкерін.

Шақырса үндемейді һешбір адам,
Маһимәнзар баршасына ашуланған.
Ертең бәріңнің жазаңды берейін деп,
Ойына салды алып сабыр қылған.

Бір себептен ойлайды түсім бе деп,
Көзін ашып қарайды өңім бе деп.
Көзін ашып көреді бір адамды,
Шақырды өзімнің бер киімімді деп.

Шақырғанда келеді Ахтар ғаяр,
Бетінен сүйемін деп аузы даяр.
Бәленің болғандығын біліп Мәнзар,
Жылайды «сақтай көр,—деп,—Пәруардигар.

Болғанын бір бәленің білді енді,
Бір хайла қылайын деп оңтайланды.
Білгеннен соң құтылмасын бұл бәледен,
Амалмен Маһимәнзар сөйленеді.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

—Айырылдым ата-анамнан, ел-жұртымнан,

Тілегің жұфұтлық қой сенің менден.
Сені мен сахарадан тез көремін,
Құдайым айырмасын сені менен.
Мен бұрын замандардан ғашық ердүм,

Сырымды білдірмедім сасып ердүм.
Жеткізді ақырында мені Құдай,
Мен сізге әуел бастан ғашық ердүм.
Нанады алдағанға Ахтар ғаяр,

Бірігіп алдап жүрді Маһимәнзар.
Һәр жерден сөйленеді ғаярын көп,
Береді күннен-күнге Мәнзар жауап.
Сол уақытта ойланып Ахтар айтты:

—Хилаф шаһарын келейік бір аралап.

Мәнзар айтты:—Жарайды, барайын,—деп,
Құданың не салғанын көрейін,—деп.
Білмесін менің әйел екенімді,
Киімін еркек адам киейін,—деп.

Жүргізбей қызды жаяу, арқалады,
Жаяулап күндіз-түні көп жер барды.
Демалмай бұл сапарда екі жаяу,
Бір үйге ақырында сонда келді.

Еркек жоқ, әлгі үйде бір кемпір бар,
Талығып ұйықтап қалды Ахтар ғаяр.
Қарыны ашып жүдеген соң, кемпірге
Жылап сөйленеді Маһимәнзар.

—Жол жүріп жүдеп келдім, жан шешеке,

Дәм татпаған дәл бес күн, жан шешеке.
Қарыным ашып барады, көңілім бей-жай,
Ас берсең Құдай үшін, әй, шешеке.

—Базарға ерім кетті ұн алам деп,

Бір жерге жұмыс қылып қиналам деп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қазірде дәмім бітіп қалып еді,
Келтірсе,—кемпір айтты: берейін,—деп.
Мәнзардың қарны ашқанын ғаяр білді,
Өзіне-өзі сөйлеп қайран болды:

«Бұл патшаның қызы еді, өзім ғаяр,
Қойғаным мұны аштыққа жарамайды».
Сөйлейді Маһимәнзарға Ахтар ғаяр:

—Бір қосты екеуімізді Пәруардигар.

Келейін Хилаф шаһарын бір аралап,
Тағамдар болмас па екен бізге даяр.
Патшасы шаһарын кезіп жүргенінде,
Бір адам қастық қылған жандарына.

Кетіпті падишаны бауыздасып,
Қалыпты қарауылшы дауыстасып.
Көшеде келеді екен Ахтар ғаяр,
Алады «сен кімсің?» деп мұны ұстап.

Ұрыны іздеп-іздеп таба алмаған,
Һеш хайла табуға қыла алмаған.
Өлтіргенін Ахтардың көрмесе де,
Жала қып бұ байғұсқа қасад қылған.

Бір адам жаһан кезіп бұған келді,
Айналдырып Ахтарға қарап көрді.
Талай жерде ол мұны көрген екен,
«Қарақшы—мынау ғаяр Ахтар»,—деді.

Зынданға жасауылдар мұны салды,
Бәлеге құтылмастай енді қалды.
Қыз түгіл, шыбын жаннан бұл түңіліп,
Ішінде зындан үйдің зар еңірейді.

Бұл жалғанда қандай жан зарланбаған,
Не зарлық болса дағы Құдай қылған.
Арманда боп дүниядан патша өткен,
Артында тағын ұстар ұл болмаған.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Падиша білген екен өлетінін,
Құданың аманатын беретінін.
Өзінен туып қалған перзенті жоқ,
Халқына айтып кеткен өсиетін.

—Далаға жұрттың [бәрін] жисын,—деген,

Ұрғашы, еркек, кәрі, жас болсын,—деген.
Жақсы, жаман болса да бәрі бенде,
Сап тұтып қатар бәрі тұрсын,—деген.
Құдайдан жақсылық та, сіздер білсең,

Шариғаттың хүкімін қабыл қылсаң.
Алтын зәнжір атымды бисмилла деп
Майданға алып барып қоя берсең.
Майданға бисмилла деп қоя берсең,

Құдайдан тауфиқ тілеп бәрің тұрсаң.
Бір адамды өреклеп енді иіскейді,
Дәл осы кім де болса патша қойсаң.
Өсиетін билері қабыл алған,

Жиылсын деп халқына хабар салған.
Ұрғашы, еркектері бәрі сонда,
Адамға сары дала әбден толған.
Мұндай халдің болғанын білген екен,

Қалаға қарай Маһимәнзар жүрген екен.
Кешігіп Ахтар ғаяр келмеген соң,
Майданға бұл байғұс та келген екен.
Алтын зәнжір сүйреткен бір арғымақ,

Ойнақтап Маһимәнзарды қылды жақтап.
Келді де мойнын салып тұра қалды
Етегін Маһимәнзардың енді иіскелеп.
Сонда жұрттар жиылып бұған келді,

Алдында тағзым етіп қызмет қылды.
Мұның да қыз екенін адам білмес,
Үстінде алтын тақтың патша болды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Алтын тақтың үстінде патша болды,
Алтын тәжін басына тағы киді.
Құдай артық жаратқан Маһимәнзар,
Үстінен жеті жұрттың хүкім иүртті.

Мехнат, машақатсыз патша болды,
Тілеуін Маһимәнзардың Құдай берді.
Үшбуның шаттығына шүкір қылып,
Зынданнан тұтқындарды азат қылды.

Зынданнан азат болды өңкей ғаріп,
Қуанды Ахтар ғаяр жүрек жарып.
Асығып Мәнзарды көрейін деп,
Барады мекеніне тамақ алып.

Келсе, Маһимәнзар көзіне көрінбейді,
Кемпірден көрдің бе деп көп сұрайды.
Һәр жерден зар еңіреп қарап жүріп,
Һеш жерде Маһимәнзар көрінбейді.

Ізденіп Ахтар ғаяр көп жер барды,
Һеш жерден Маһимәнзарды таба алмады.
Пида қып шыбын жанын соның үшін,
Жапанда үйге қайтпай қарап жүрді.

Патшаның сауық илән тойы болған,
Мәнзардан той біткен соң хабар алған.
Маһимәнзар ғайып болды дегеннен соң,
Миһірасар есі ауып талып қалған.

Қайғырып қапаланды «иә, Алла» деп,
«Иләһим, бере көр өзің медет».
Қайғылы қапасынан ғашық жарының
Кетеді Миһірасар диуана боп.

Жидырды бақсы менен балгерлерді,
Бір жас бала ішінде сөйленеді.
Балдамасын көтеріп ол жас бала:
«Әкеткен мұны Ахтар ғаяр»,—дейді.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

Миһірасар әлі келмес сөйлемекке,
Тірі қалар жар болған оларға еп пе.
Баһадүр жүз жігітін ертіп алып,
Жөнелді тәуекел деп іздемекке.

Аттанды жүз жігітпен Миһірасар,
Алдынан жалғыз киік болды душар.
Жақындап бұлар бұған келгенінде,
Зарланып байғұс киік сонда қашар.

Сол жерде Миһірасар ырым қылды,
Тәжірибе бұл ырымды бұрын білді.

—Егерде қуып жетіп мұны тұтсам,

Қолыма Маһимәнзар пайда болды.
Аяңдап, жолдастарым, сіз барыңыз,
Тұтсам соны Алладан ырым қылыңыз.
Бұрыннан біліп жүрген бар тәжірибем,

Қуайын бұл киікті өзім жалғыз.
Жапанда жалғыз киік қуып кетті,
Басына бір бұлақтың келіп жетті.
Құданың берген бағы кем бола ма,

Миһірасар сол киікті сонда тұтты.
Тыңдасаң, Миһірасардан сөз келеді,
Көңіл біліп жақсыны көз көреді.
Бұлақтан оралып Миһірасар келе жатса,

Алдынан бір бейшара кез келеді.
Бір адам отыр екен дәруіш болып,
Сөйлесті Миһірасар бұған келіп.
Қасына сол дәруіштің келеді енді,

Жүрейін деп ойланды демін алып.
Сөйтті де ұйықтап қалды ол бейшара,
Ісіне Құдіреттің не-дүр шара.
Миһірасар байғұс оны білмейді екен,

Ғаяр екен дәруіш болған жүзіқара.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сонда ғаяр жанына қолын салды,
Ораулы бір қағазға заһар алды.
Мұрнына Миһірасар тұтқанда,
Бейшара дәруіш болып талып қалды.

Ойлайды бауыздайын мұны жылдам,
Қолына сұмдықпенен пышақ алды.
Тағы ойлайды нақақтан қан төкпекті,
Жақтырмас Жаратқушы өзі мұны.

Келгеннен киік атып маған берді,
Бейшара ғаріпсің деп тұтып тұрды.
Нақақтан бұл байғұсты өлтіргенше,
Ағашқа Миһірасарды байлап кетті.

Сөйтті де киімдерін мұның киді,
Сәнденіп киімін киіп атын мінді.
Орнына Миһірасар патша болып,
Айдалада құба жонға жөнелді енді.

Бірқатар ғаярынан сөз келеді,
Хайлалы оның сөзі тез келеді.
Сәнденіп атқа мініп келе жатса,
Жолдасы Миһірасардың кез келеді.

Таныды Миһірасардың аты мен тонын,
Сұрайды және ғаярдың бұлар жөнін.
Сұрайды бұлар сонда:—Қайдан алдың,
Иесі қайда,—деді тағы,—мұның?

Бірқатар таяқ жеді сонда ғаяр,
Қысылған соң шығады ғаярдан тер:

—Мен байлап оны ағашқа кетіп едім,

Өзің біл не қылсаң да, әй, ағалар.
Көрсет деп ғаярын да алып жүрді,
Ағашқа Ахтар ғаяр алып келді.
Ағашқа келсе—жылап байлаулы тұр,

Миһірасар бұл қылыққа қайран қалды.

ҚИССА ШЕРИЗАТ

* Қолжазбаның соңғы беттері табылмады. Дастан аяқталмаған.
Сөйтті де рауа болды сапарына,
Байлаулы Ахтар ғаяр ол да бірге.
Жар салып талай жерге іздеп-іздеп,

Маһимәнзар жақындады шаһарына.
Сол кезде Маһимәнзар сейіл құрған,
Жапанда бектері білән ойын қылған.
Жапанда сауық етіп жүргенінде,

Алыстан көп кісінің шаңын көрген.
Қасында бегіне айтты:—Барыңыз,—деп,
Кімдер-дүр сұрап жөнін біліңіз,—деп,
Не себептен бұл жақта жүрген адам,

Тезірек мұнда біліп келіңіз,—деп.
Миһірасар әскеріне бұл бек кетті,
Көп жастар ақсақалға сәлем берді.

—Кімсіздер, қайсы жерге барасыз?—деп,

Ақсақал Миһірасарға сөйлейді енді.

—Рұм шаһарынан шықтық бізлер,

Жоқ іздеп һәрбір жерге салдық ізлер.
Жоқшымыз ғаріп болған дүнияда,
Айтайын арызымды, құп тыңласаңлар... *

Қарқабат
Бұрынғы өткен заманда,
Ілгері өткен адамда
Шаһарында Үрімнің

Патша өткен Қарқабат.
Әділдеп үкім жүргізген,
Болмаған ешкім заразат.
Жетім, жесір, міскінге

Көп қылған екен мархабат.
Бір перзенттің зарынан,
Қапалы болды қабағат.
Жас иісін көре алмай,

Болмады құрсан, көңіл шат.
Бір күн патша түс көріп,
Жинады жұртын сол замат.

—Айтайын түстің мазмұнын,

Тыңлағын,—деді,—жамағат.
Әлқисса, патша түс көріп, түсінде түрлі іс көріп, жұртын
жинап алып айтып жатқан жері еді.

—Құлақ сал, жұртым, уәзірім,

Бір түрлі бүгін түс көрдім.
Бәріңе баян қыламын.
Көп жылдан бері қураған,
Есігімнің алдында

Байлапты мәуе шынарым.

ҚАРҚАБАТ

Біреуін алып жейін деп,
Мен ғаріп әуес қылғаным.
Көтерілді жоғары,
Болмады ила шығарым.

Жеткізбей кетті аспанға,
Құрыды шөлдеп дәрменім.
Біреуін алып жей алмай,
Тарқамай қалды құмарым.

Жақсылыққа жорыңдар,
Арт жағын қайғы қыламын.
Әлқисса, патшаның екі уәзірі болады, бірінің аты Дана, екін-
шісінің аты Зұлмат еді. Дана уәзірі оң жағында тұрушы еді. Бұл

Дана патшаның сенімді уәзірі еді. Екінші уәзірі Зұлмат патша­
ны жаман көруші еді. Патша өлсе, мен тағына ие боламын деп
тілеу тілеп жүріп еді. Дана Зұлматтан бұрын мен жориын деп,
Дананың патшаның түсін жорып тұрған жері еді.

—Рас па, тақсыр, белгіңіз,

Жорылық мұны енді біз.
Байласа мәуе шынарың,
Бір ұл табар қатының,
Сүйінші, шаһым, беріңіз.

Әуелгіңнен сүйініп,
Кейінгіңнен күйініп,
Қапалы боп тұр көңліміз.
Мәуені қалсаң жей алмай,

Бола ма қысқа өміріңіз.
Тәуелдер болып залымға,
Тартармыз жапа көбіміз.
Мәуеңіз піссе түсіңде,

Ер жетер өсіп ұлыңыз.
Ұзап кетсе алысқа,
Ажырар ұлдан шегіңіз.
Перзентің қашан өскенше,

Сандалар мекен-еліңіз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Зарығып жүріп ақыры,
Ұлыңа тиер орныңыз.
Өз балаң сұрар орныңды,
Осыған келді жөніңіз.

Осылай деп патшаға,
Дананың айтқан нақылы.
Жалғыз-ақ патша өзі еді,
Жанашыр жоқ жақыны.

Халыққа патша боп еді,
Болған соң басым ақылы.
Тілеуі сол әркімнің,
Бәнденің болсын ақыры.

Тілеуін беріп патшаның,
Болыпты жүкті қатыны.
Жылап жүрген кезінде,
Көз жасын Алла көреді,

Тілеуін беріп патшаның,
Қатыны жүкті боп еді.
Екіқабат қатынды,
Патшаның көзі көреді.

Қуаныш кіріп ішіне,
Кеуліне шаттық енеді.
Іштегі жатқан нәресте
Патшаның жалғыз көзі еді.

Жанашыр жоқ жақыны,
Жалғыз-ақ патша өзі еді.
Жоруы келіп Дананың,
Патшаға ауру кегені.

Кеселінен шошынып,
Данаға хабар береді.
Шақыртқан соң патшаның
Алдына Дана кеп еді,

ҚАРҚАБАТ

Дананы көріп патшаның
Тапсырып айтқан сөзі еді:

—Сенен басқа кісіге

Сенбеймін, Дана,—деп еді.
Жылап тұрып патшаның
Данаға айтқан сөзі еді:
«Көре алмай кеттім ұлды»,—деп,

Осыны айтып еңіреді.
«Кетпедім,—деп,—иіскеп»,
Көзінің жасын төгеді.
«Ұл тапса мұны таққын»,—деп,

Бес мысқал гауһар береді.

—Патша болдым Үрімге,

Тиген жоқ жанға залалым.
Мен болсам енді дүниеден,
Данажан, қайтып барамын.
Өзім болсам жалғыз ем,

Қызығын көрмей ағаның.
Не інім жоқ артымда,
Көрмедім рәтін баланың.
Данажан, сен де жалғыз ең,

Уәзір маған боғаның.
Көре алмай сен де бір перзент,
Қайғысын тарттың жараның.
Зұлмат болса қас еді,

Істей ме қайдам залалын.
Перзентімді көре алмай,
Ішімде кетті арманым.
Аймалап иіскеп сүйе алмай,

Тістеулі кетті бармағым.
Көзіңнің қырын сала жүр,
Көрмесін қорлық алалым.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Данажан, саған тапсырдым,
Жетімнен босын хабарың.
Көз түрткі боп жүрмесін
Шешесі мен қарағым.

Осылайша дегенде,
Дананың көңілі бұзылды.
Көзінің жасы сорғалап,
Етегіне шұбырды.

Осыны айтып патшаның
Жалғаннан көзі жұмылды.
Әлқисса, Қарқабат патшаның орнына патша сайлауға Үрім ша-
һарының халқы тегіс жиналды. Қарқабат патша басқа жақтан ке-

ліп, Үрім шаһарына ақылының данышпандығымен жалғыз басты
болса да халыққа патша болған еді. Дана да Үрімге басқа елден
ауып келген еді. Сөйтіп Дананың да перзенті жоқ еді. Жанашыр
туысқандары да жоқ, жалғыз басы еді. Ағайынның көптігімен

Зұлмат патша болды. Дананың қолы жете алмай қалды. Зұлмат
зорлықпен патша болып алған соң, халыққа былай деп жарлық
таратады:

—Бәріңе жарлық етемін,

Үлкен-кіші теңдесім.
Басыңды қосып бәріңнің,
Ортаға салған кеңесім.
Амалдарлар қол қойып,

Мөріңді басып бересің.
Қатынның сөзін сөйлесең,
Кімде-кім босаң өлесің.
Өлген патша әйелі

Ұл бала тауып жүрмесін.
Баласы өсіп бір күні,
Жүрмесін істеп егесін.
Ата-мұрас тағымды

Өзіме бергін демесін.
Екіқабат қатынды
Өлтіріп маған бересің.

ҚАРҚАБАТ

Өлтірсем деймін, халайық,
Мұнымды қалай көресің.
Осылайша дегенде,
Дананың көңілі бұзылды.

Қабыртқасы сөгіліп,
Омыртқасы бүгілді.
Ренжіп, қапа боп,
Дананың жүні жығылды.

«Өлтіргін,—деп,—қатынды»,
Зәңгілерге бұйырды.
Зәңгілер ұрып төбелеп,
Көрсетті жаман қиынды.

Шарасы жоқ, зар еңіреп
Бейшара қатын күйінді.
Зарын айтып жалынып,
Қойнына жасы құйылды.

Артынан іздеп бармаққа,
Өлімнен алып қалмаққа,
Тілләні беріп өлімнен
Ажыратып алмаққа,

Сол уақта ер Дана
Санады тіллә, тиынды.
Зәңгілер ұрып қатынның
Екі қолын байлады.

Арт жағынан тепкілеп,
Алдына салып айдады.
Жанынан шошып жалтақтап,
Қатынның көзі жайнады.

Ұрып, соғып төбелеп,
Аулаққа алып барылды.
Сонда қатын зарланып,
Зәңгілерге жалынды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Айналайын, зәңгілер,

Айтайын, тоқта, зарымды.
Бір жылша ғана күтсеңші
Қарқабат патша жарымды.
Еш айыбым жоқ еді,

Жүктеме босқа қанымды.
Сіздерден сауға сұраймын
Шыбындай жалғыз жанымды.
Осыны айтып өтінді,

Бұны естіп зәңгілер,
Ашуланып есірді.
Тұншықтырып қатынның
Жоғалтып үнін өшірді.

Пышақпен жарып тастады,
Кінәсіз әйелді өлтірді.
Болысар бұған адам жоқ,
Қорлықпен кеткен секілді.

Әлқисса, зәңгілер әйелдің ішін жарып, жапанға тастап кет­
ті. Дана барайын деп, әйелді өлімнен ажыратып алайын деп,
зәңгілерге тіллә беріп, жалынып қарайын деп артынан келіп
қараса, әйелді жарып зәңгілер өлтіріп кетіпті. Дана бейшара

патшаның қаһарынан қорқып әйелді көме алмай лажсыз жы­
лап-жылап үйіне қайтып кетті. Сол күні түсіне еніп, әйел[дің]
Данаға мына сөзді айтып тұрған жері еді:
Данаға аян берді қатын келіп,

Жүруші ед тірісінде жақын көріп:
«Ә, Дана, шыныменен көмбедің бе?
Ерімнің жолдас болған ақыл беріп.
Жүзімді жасыруға жарамадың,

Қолымнан тұз татқыздым, тағам беріп».
Оянса Дана шошып, түсі екен,
Көмбекке көңіліне алды мақұл көріп.

ҚАРҚАБАТ

Қатынды көмейін деп сонда Дана,
Қасына қарап тұрды жақын келіп.
Әйелдің өліп қалған бауырында
Емшегін бір нәресте жатыр еміп.

Дана баланы көріп, мынаны айтып жатқан жері екен:
Ханша, сізден айырылып,
Қапалы болдым қабағат.
Өзіңді қайтып көргенше,

Жасырып жүзің көмгенше,
Қыла алмай жүрдім еш тағат.
Ақ ісі қара болмайды,
Тауыпсың бір ұл саламат.

Перзентіңді көрген соң,
Болып тұр құрсан, көңіл шат.
Аман болсаң нәресте,
Табарсың деді дәражат.

Осыны айтып ер Дана,
Бір жарды кеулеп ләззат
Бауырына салды баланы,
Тапсырдым деп аманат.

Емшегінен аққан сүт
Сорғалап жатыр қабағат.
Аққан сүтті көрген соң,
Боларсың деді саламат.

Үңгірден тесік істеді,
Көрсін деп жарық аламат.
Әлқисса, баланың аман-есен қалуына мынау себеп екен: сол
күні айы бітіп, күні бітіп, толғағы жетіп, туатұғын сағаттың мез-

гілі екен. Зәңгілер қатынның ішін жарып тастағанда, баланың
денесіне пышақ дарымастан анасынан туғандай болып бала сау-
саламат қала берген екен, тырбанып емшегін еміп жатыр екен.
Бала туылған күні Зұлмат түс көріп, түсінде өзіне қауіп іс

көріп, түсін айтып жатқан жері еді:

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Түсін айтып падиша, Халыққа қарап отырып. —Жиылып келген халайық, Ояндым бүгін шошынып. Түсімде бала жолбарыс Қалама кірді зорсынып, Әскерді жинап ұрыспаққа, Алдынан шықтым тосынып. Ұрысуға әскер жарамай, Айбатына шыдамай, Шаһардан қашты жосылып. Қолымда мада жолбарыс Ұмтылды соған талпынып. Ұрысар деп босаттым, Тұрған соң күшпен жұлқынып. Аузын сүйіп аймалап, Қуанды оған қосылып. Әлгі бала жолбарыс Өзіме қайта ұмтылды, Әскерімді қомсынып. Қолымда мада жолбарыс, Көлденең тұрды ол шығып. Араға түскен ұқсады, Көзінің жасы жосылып. Сыйлады соны шамада, Тұрып ем жаман қорқынып, Дақ салмай кетті жайына, Ойлап ем белді опырар. Жақсылыққа жорыңдар, Көрмесем еді қоршылық. Әлқисса, Дана халыққа: «Патша ашуланбаса, мен жоримын»,—деді. Сонда халық шу ете қалды: «Дана, көңіліңе тура келген жерін жоры»,— деді. Жұрт Данаға сеніп, патшаның түсін тура жорып тұрған жері еді:

ҚАРҚАБАТ

—Рас па, тақсыр, шыныңыз,

Жориық енді мұны біз.
Жолбарыс көрсең түсіңде,
Болмайды жақсы түбіңіз.
Бір бала сізбен соғысар,

Сізге айтқан, патша, сырымыз.
Сол бала сұрар орныңды,
Осыған келді түріңіз.
Әскерің қашса жосылып,

Жау болар сізбен жұртыңыз.
Араға түссе түсіңде,
Жолбарыс мада гүліңіз,
Аузын сүйсе аймалап,

Қосылар соған қызыңыз.
Өлімнен қызың ап қалар,
Ойланып мұны жүріңіз.
Айыпқа, патша, бұйырма,

Кетпесін ұстап жыныңыз.
Әлқисса, жар үңгірде жатқан өлген әйелдің бауырындағы
баладан хабар алайық. Бір-екі жолбарыс—бірі мада, бірі арлан
үңгіршеде жатқан баланы көріп, мұны жеп біз ауқаттанайық

деп балаға төніп тұрған уақытта мада жолбарыс арлан жолба-
рысқа былай деп тұрған сөзі еді:

—Перзент іздеп екеуміз,

Көңіліміз жүрді бұзылып,
Күндіз-түні тиыш таппай,
Тау мен тасты қыдырып.
Ап кетелік үңгірге,

Балаға тұрмын қызығып.
Арланы да ұнатты,
Түксиген жүні жығылып.
Ала жөнелді арқалап,

Тұрмады тоқтап кідіріп.
Қуанып кетіп барады,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Неше түрлі құбылып.
Аяғы жерге тиместен,
Ұмтыла басып жүгірді.
Жас баланы арқалап,

Үңгірге алып барады.
Дүние тәтті мәуеден
Алдына төгіп салады.
Ата-анадан он есе

Тәрбие етіп бағады.
Баланы бағып шерілер,
Жата тұрсын үңгірде,
Айтайын Мысыр қаланы.

Шаһарында Мысырдың
Мүшкүлат деген бар еді.
Дүниесі қисапсыз,
Патша қатар жан еді.

Дүниемен ісі жоқ,
Ойлағаны бала еді.
Жылауменен қамығып,
Бір перзентке зар еді.

Қайғысымен перзенттің,
Мүгедек боп қап еді.
Үрімге бір күн шықпаққа
Көңіліне қиял ап еді.

Бір мың түйе шығарып,
Бәріне басшы боп еді.
Жүз жігітті қасына ап,
Үрімге қарап жүреді.

Бірнеше күндей жол жүріп,
Аз ғана емес, мол жүріп,
Үрімге жетіп келеді.
Бұрынғы өткен Қарқабат,

Мүшкүлдің досы сол еді.

ҚАРҚАБАТ

Мүшкүлат пен Қарқабат
Жан қимастай досты ер еді.
Бірін-бірі көрмесе,
Дүниенің жоқ керегі.

Татулығы соншалық
Жанын да қиып береді.
Қарқабат патша өлгелі,
Мұның да осы-ақ келгені.

Моланың келіп қасына,
Құран оқып басына,
Көзінің жасын төгеді.
Алтын, зер алып, сауда қып,

Үрімнен қайта жөнеді.
Дүниеде қисап жоқ,
Артқаны алтын, зер еді.
Доғаба, шәйі, атлас,

Қымқаптан мақпал көп еді.
Ашып-арып сусады,
Биабан дала шөл еді.
Еріндері кезеріп,

Көздері әбден көгеріп,
Бір тауға жақын келеді.
Өзі биік құзар тау,
Көк ала тау дер еді.

Көк ала тауды қақ жарып,
Сарқырап аққан өзені.
Титығы құрып керуендер
Келе жатқан жері еді.

Суы мөлдір күмістей
Бұл өзенді көреді.
Сусыны қанып су ішіп,
«Аллаға шүкір» дер еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Майсаңға жүгін түсіріп,
Жатуға көңіл бөледі.
Бұлар жатсын демалып,
Шеріден хабар берелі.

Шерілердің қолында
Қарқабат ердің көдегі.
Баланы қандай бақты екен,
Шерінің жайын көрелі.

Жолбарысқа жас бала
Дәл бір жаста кезікті.
Аузына салды емшегін,
Тартынбай бала еміпті.

Сұсы басым болсын деп,
Айдаһар өтін беріпті.
Жүректі, күшті болсын деп,
Аузына шашты көбікті.

Жүзі сұлу болсын деп,
Алтынға булап көміпті.
Еркелетіп баланы,
Өзіне берді ерікті.

Алма, алша, жүзімді,
Алдына қойды өрікті.
Дүние түрлі миуадан
Балаға теріп беріпті.

Денесінен шыққандай,
Баланың көңілі сеніпті.
Күн ыстық боп сол күні,
Екі шер сусап зерікті.

Тынық су тауып ішпекке,
Көңілдері желікті.
Жас баланы арқалап,
Атша жортып желіпті.

ҚАРҚАБАТ

Үстінде—адам баласы
Жаһанда асқан көрікті,
Керуен жатқан өзенге
Екі шер жетіп келіпті.

Саудагерді байқамай,
Су жаққа көңіл бөліпті.
Су ішіп жатқан шеріні
Саудагерлер көріпті.

Үстінде адам баласы,
Керуендер байқаса.
Сегіз бен тоғыз шамасы,
Реңі жас баланың,

Жиырмадан үлкен қарасы.
«Арқан кер» деді Мүшкүлат,
Солардың үлкен ағасы.
Бір ауыз ғана жол еді,

Тас өзеннің жағасы.
Қуанып кетті Мүшкүлат,
Кеткендей қайғы-сәнасы.
Арқан керді жол тосып,

Адамдар шулап баршасы.
Жаңғырып кетті дауыспен
Тау мен тастың даласы.
Арқанды керіп жүз кісі,

Қашатын жолын шамалап.
Жан қамын ғып екі шер,
Жөнелді тасты паналап.
Балаға арқан соқтықты,

Түсірді жерге орап ап.
Ұстатпай жүр шырқырап,
Тұтқынға алды қамалап.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Теуіп бала аяқпен,
Екі қолмен сабалап.
Шыңғырып жүр айқайлап,
Біресе жұлып тырмалап,

Киімдерін талқандап,
Бет-аузын қойды жаралап.
Ата-анадан ажырап,
Қайғырып бала еңіреді.

Шеріні жоқтап зар еңіреп,
Көзінің жасын төгеді.
Қол-аяғын бекітіп,
Керуендер алып жөнеді.

Бала қылып алғын деп,
Мүшкүлатқа береді.
Қарқабат пен Мүшкүлат
Жан қимас тату ер еді,

Мүшкүлатқа кезікті
Қарқабат ердің көдегі.
Досының ұлы жолығып,
Мүшкүлдің болды дегені.

Керуендер қуанып,
Ортаға алып келеді.
Мысырға келіп Мүшкүлат,
Халқына той ғып береді.

Бұрында той ғып Мысырда
Озғаны бұдан жоқ еді.
Дүние түрлі жеміс пен
Палауды жұртқа төгеді.

Халықтың бәрін жинап ап,
Түрлі ауқат беріп бөгеді.
Патша қатар Мүшкүлат
Адам еді мард ойлы.

ҚАРҚАБАТ

Қой, сиырдан қисап жоқ,
Ту бие, құр ат сойды.
Ырза болып тойына,
Кәріп-қасар халық тойды.

Балаға атты қоюға
Жиналды жас пен қарт ойлы.
Шерінің сүтін емген деп,
Шерқуат деген ат қойды.

Әлқисса, Мүшкүлаттың Шерқуаты тоғыз жасқа кезікті. Ал­
тынсары деген биесі Ақкекіл құлын туды. Мұны да Шерқуатқа
бәсіре етіп, ен сап берді. Арада төрт жыл өтті, баланың жасы он
үшке келді. Ақкекіл дөнен болды. Сол уақта бала атасына ба­

рып: «Е, ата, аң аулап, құс салып тамаша еткім келді»,—деді.
Атасы: «Болады, шырағым»,—деп, сауыт-сайманын, ер-тұр-
манын тұлдап, қасына қырық жігіт қосып жөнелтіп тұрған жері
екен:

Баланы тұлдап жасады,
Ақкекіл тұлпар мінгізіп.
Су жүргізіп гауһардан,
Тілләдан жабдық тұрғызып.

Оқ өтпесін деді де,
Болаттан сауыт кигізді.
Семсерді берді қолына,
Алмастан қылыш ілгізіп.

Қырық жігіт қосты қасына,
Сәулетпенен жүргізіп.
Әр шаһарды танытты,
Білмегенді білгізіп.

Ит қосты арқар, елікке,
Ұйтқытып бөкен қуғызып.
Дуадақ, қаз, үйрекке
Салды құсын қуғызып.

Қыз, жігіт аймаласқандай,
Бәрінен болды бұл қызық.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құрсан қылды жолдасын,
Қызық сөз айтып күлгізіп.
Жолықты бір топ керуенге,
Сөзге алды бала тұрғызып.

—Ассалаумағалейкүм,

Ағалар, болсын жолыңыз,
Алыс емес ауылға,
Меймандар, жүріп қоныңыз.
Әңгімеңді айта кет,

Көреміз жақсы соны біз.
Өтінеміз сіздерден,
Бір күнше бізбен болыңыз.
Керуендер айтты:—Шырағым,

Асығыспыз көбіміз.
Мейман бол деп өтіндің,
Жақсы ғой тіпті оныңыз.
Қона алмаймыз үйіңе,

Ұзақта әлі жолымыз.
Рахмет, жан балам,
Көңіл қойып біздерге,
Құлағыңды сал, балам.

Үрімнен шығып келеміз,
Сөзіме айтқан қан, балам.
Шаһарында Үрімнің
Зұлмат деген бар, балам.

Тоздырыпты өз жұртын,
Істеген ісі жап-жаман.
Соны көріп таңырқап,
Ақылым айран, дал, балам.

Бұрынғы өткен патшасы
Қайырлы екен Қарқабат.
Жетім-жесір міскінге
Көп қылған екен мархабат.

ҚАРҚАБАТ

Соны айтып жұрты шулайды,
Болмаған екен заразат.
Дүниеден көшіпті,
Қарқабат тауып зор опат.

Қалыпты жүкті қатыны,
Тапсырған екен аманат.
Өлтіріпті Зұлмат,
Бекерге істеп қиянат.

Залым екен патшасы,
Зар еңіреп отыр жамағат.
Зұлматтың бұл күнде
Бір перзенті бар екен.

Айыбы қыз демесең,
Артықша туған жан екен.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Нәзік белді, шырын сөз,

Жұрт мақтаудай-ақ бар екен.
Қыздың аты—Құндызша,
Нөкері бар көрінді,
Ойнап жүр бауда қырық қызша.

Алтындай, жақұт, гауһардай,
Жалтылдап отыр жұлдызша.
Жазық маңдай, ақ қабақ,
Толықсып отыр үр қызша.

Кеуліңде титтей шер қалмас,
Жалғанда соны кім құшса.
Дүниені тәрк етер,
Өзіңдей жігіт бір тұрса.

Кейінгі тұрған біріміз
Езуінен су ағып
Ыржаңдап кетті жындыша,
Бір түйе зерді жоғалтты

Көргендей таныс құрбыша.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Теп-тегіс сұлу көрінді
Сайрайды ән сап бұлбұлша.
Әлқисса, қырық жігітке қоштасып Үрімге баруға бала талап­
танып, қырық жігіттен әкесіне сәлем айтып жатқан жері еді:

—Қасымда нөкер қырық жігіт,

Жоқ еді ешбір жаманың.
Біраз күн болды менің де,
Сіздермен жолдас болғаным.
Риза бол жолдас ақыңа,

Ешқайсың қапа болмағын.
Үрімнен шыққан керуеннен
Есіттім залым хабарын.
Ашуым келіп өзімді

Тоқтата алмай барамын.
Зорлықшыл екен есіттім,
Залымға ойран саламын.
Алла нәсіп әйласа,

Қызы мен тағын аламын.
Тағдырым бітсе егер де,
Сол жерден келмей қаламын.
Атама дұғай сәлем де,

Сол үшін туған баламын.
Бір барсын іздеп әскермен,
Болады қандай заманым.
Көңіліме қайғы етемін,

Атамның жалғыз қалғанын.
Осыны айтып Шерқуат,
Үрімге қарап жөнеді.
Түйеменен жүргенге

Отыз күндік жол еді.
Салт атты тынбай жүргенде,
Жиырма күндік жол еді.

ҚАРҚАБАТ

Ақкекілге қамшы ұрады,
Қолтығын созып кереді.
Тұлпарға қамшы басады,
Сүйегі тұлпар Ақкекіл

Есінеп аузын ашады.
Тұяғына тас тисе,
Артына оқтай атады.
Екпінімен тұлпардың

Ұша алмай құстар жатады.
Қос танауы желбіреп,
Аузынан көбік шашады.
Жақындап қалды Үрімге,

Ағарып таң да атады.
Келе жатыр тұлпары
Аяқтары тарсылдап,
Тұяғынан шыққан от

Шақпақ тастай жарқылдап.
Ақкекіл тұлпар ойнақтап,
Нақышты сулық сақылдап,
Орнатқан гауһар құйысқан

Сауырына сартылдап.
Алмас қылыш жанында,
Сауытқа соғып шақылдап.
Бауда жүрген қырық қызға

Шерқуат келді жақындап.
Қырық қыз көріп байқамай,
Нағып жүр дейді жалпылдап.
Толықсып бала бұралып,

Қыздарға келді жарқылдап.
Қырық қыз сонда тамсанып,
«Бала екен,—дейді,—татымды-ақ».

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құндызша айтты қырық қызға:

—Шулама сіздер саңқылдап.

Қасына таман барайық,
Сәулеті бар бала екен,
Аңғарып сөзін қарайық.
Тасаға атын байлаңдар,

Көрмесін ешбір халайық.
Жақтырсақ егер қырқымыз,
Біреуміз ер қып алайық.
Кім айтса егер басқаға,

Желкесін қиып алайық.
Тісіңнен сөз шығарма,
Бір ауыз ғана болайық.
Сонда қырық қыз айтты:

—Құндызша, бала емес бізге лайық,

Өзіңіз ер ғып ала бер,
Сөзіңде айтқан тұрайық.
Тілләдан ою бастырған
Шұға көрпе жабайық.

Екі асылды бір қосып,
Тамашаңа қарайық.
Осылай қырық қыз деп еді,
Балаға Құндыз келеді,

Келген соң былай деп еді:

—Бекзадам, болсын жолыңыз,

Ордаға кірдің сұрамай,
Көрмелік айып оны біз.
Сіз сықылды жұлдызға
Жетер ме созсақ қолымыз.

Сауыт-сайман жарағың,
Қалайша келген порымыңыз.

ҚАРҚАБАТ

Сұраймыз, айып көрмеңіз,
Қай шаһардан келдіңіз?
Сүйегің таза бала екен,
Патшаға ұқсас белгіңіз.

Келе жатып бет алып,
Баудағы бізді көрдіңіз.
Аңсарың ауып көрген соң,
Біз жаққа тартты көңліңіз.

Ата-анаң кім болар,
Қалайша, қалқам, жөніңіз?

—Мысырдан шығып келемін,

Бір жақсы қыз ізденіп.
Күндіз-түні ұйқы жоқ,
Биабан дала түз көріп.
Тынбастан күн-түн жол жүріп,

Дәл түсте тұрмын кез келіп.
Аттың басын бұрып ем,
Баулардан сізді мен көріп.
Жай-мәнісім осындай,

Жүр едім жұрттан қыз көріп.
Теңімді тауып берсеңіз,
Ықтияр және сізде ерік.
Теңіміз егер болмаса,

Әуре боп босқа жүрмелік.
Мені лайық көрмесең,
Басқа елден тағы ізделік.
Осылай деп Шерқуат,

Қылықсып назбен бұралды.
«Шіркін-ай» деп қыздардың
Аузынан суы шұбады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір мақсатты ойланып,
Құндызша сөзді шығарды:

—Қырық қыз отыр алдыңда,

Жақтырмай тұрсыз бұларды.
Біреуін де менсінбей,
Боп отыр көзің мұнарлы.
Жастық дәуір аз-ақ күн,

Ешкім де тоқтап тұрмады.
Тілімді алсаң, бекзадам,
Құмармын сізбен тұрғалы.
Ордада бүгін бір жатып,

Тарқатсам деймін құмарды.
Ақкекіл атты көрсетпей,
Сарайға таса қамады.
Жем ілді кілем дорбамен,

Жоңыршқа таза салады.
Ертіп жүрді ордаға
Шерқуат сынды баланы.
Бір ілгері, бір кейін

Қылықсып басып қадамы.
Күйеулерше сызылып,
Толықсып кетіп барады.
Біреуді біреу көрмейтін,

Боп еді құптан қараңы.
Жібек кілем, атлас,
Шәйі көрпелер салады.
Аспазы ауқат дайындап,

Алдына әкеп қояды.
Әзілдесіп дәм жесіп,
Баланың мейірі қанады.
Сол уақта Шерқуат

Құндызға назар салады.

ҚАРҚАБАТ

Сыпайы сөзбен әзілдеп,
Күлімсіреп қарады.
«Құндызша, бері келші»,—деп,
Қолынан тартып алады.

«Не айтасыз, жаным»,—деп,
Қасына Құндыз барады.
Құндызша келді қылықсып,
Мойнына қолды салады.

Буыны босап балбырап,
Толықсып кетіп барады.
Аймаласып, иіскесіп,
Мейірі таза қанады.

Ұйқының қамын істеуге
Жайына қырық қыз тарады.
Қымбатты асыл шәйіден,
Шұға көрпе жабады.

Мәпия деген сақау қыз
Көрінбей бұғып қалады.
Қырық қыздардың ішінде
Ұрысқақ осы жаманы.

Қутыңдаған қу тілді,
Күлдіргі еді шамалы.
Орнынан тұрды жұлқынып,
Тас-талқан болып қалады.

«Патшаға барып айтайын», –
Деп айқайды салады.
Ашуланып, бұрқылдап,
Патшаға жетіп барады.

Алдына келіп патшаға,
Былай деп айтқан хабары.
Оқиғасын қызының
Алдына келіп салады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Әдейі келдім, тақсыр-ау,

Алдыңызда болғалы.
Бір жігіт келді Мысырдан,
Шырайлы екен ажары.
Бір күннен асты, ей, шаһым,

Қызыңмен бірге болғалы.
Жүгіріп келдім ашумен,
Қызыңа тиді залалы.
Қырық қыз да құрметтеп,

Қызыңа қосты баланы.
Ұйықтамай аңдып жатып ем,
Қызыңыз жылап қалғаны.
Үлкен емес, кіші емес,

Орта ғана бойлы екен.
Жылатып қойды қызыңды,
Адыраңдаған сорлы екен.
Нәзік белді қызыңның

Қандай ғып жанын қойды екен.
Әлпештеп баққан қыз еді,
Қай жерін, тақсыр, ойды екен?
Мұны есітіп падиша,

Көңілі қапа болады,
Қайғыға іші толады.
«Балаға қосып құртайын,
Жоқ,—дейді,—қыздың обалы».

Екі зәңгі босатты,

—Бала мен қызды жегін,—деп.

Денесін жеп той,—деді,
Кәлласын алып келгін,—деп.
Далаға басын тастама,
Қолыма ап кеп бергін,—деп.

Өлтірген белгің сол болсын,
Көз көріп көңілім сенсін,—деп.

ҚАРҚАБАТ

Бағып жатқан патшаның
Зәңгілері көп еді.
Әсіресе, ішінде
Алтауы оның зор еді.

Қарқабаттың зайыбын
Өлтірген алтау сол еді.
Босатты патша екеуін,
Шерқуат, қызға жөнелді.

Ордасына Құндыздың
Зәңгілер жетіп келеді.
Келе жатыр ақырып,

—Қайдасың, бала, өлдің,—деп.

Ажал айдап, жүгермек,
Бұл жерге нағып келдің,—деп.
Қарсы жүрді Шерқуат,

—Келсең кел, мен де ермін,—деп.

Ақырғанмен айбат қып,
Жүрегім үрікпес менің,—деп.
Қорқатұғын адамың
Мен емес, зәңгі, сенің,—деп,

«Сөйлеме» деп балаға,
Зәңгілер жетіп барады.
Албастыдай екі дәу
Ортаға алды баланы.

Жас баланың басына
Зәңгілер гүрзі салады.
Гүрзісін қағып жіберді,
Шерқуат ердің амалы.

Жіберді атып садақты,
Семсерін тартып қалады.
Қылышпен шауып жіберді,
Зәңгілер тапты қазаны.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Менменсіп келген екі дәу
Сол жерде опат табады.
Екі дәуді жайратып,
Шерқуат құрсан болады.

Екеуі өлді алтаудың,
Төрт дәуден хабар алалы.
Мәпия сақау жүгіріп,
Патшаға жетіп барады.

Осы бойы Мәпия
Патшаға келді жүгіріп.
Апырақтап асығып,
Тоқтамады кідіріп.

—Қу баланың күшіне,

Жанымнан кеттім түңіліп.
Жіберген екі дәуіңнің
Ап қойды мойнын суырып.
Сөйлерге әлі келген жоқ,

Апшысын қойды қуырып.
Кеудемде жаным қалмады,
Қарады маған бұрылып.
Қу баладан шошындым,

Жолбарыс шері порымды.
Бүйте берсе бұл бала,
Бөгейді сіздің жолыңды.
Қызыңызды қылжитып,

Қайнатып қойды сорыңды.
Әлпештеп баққан қызыңа
Ойласпай істед тойыңды.
Несіне тақта отырсың,

Аяулы жерің ойылды.
Мәпия осылай дегенде,
Патша қапа болады.

ҚАРҚАБАТ

Сақаудың сөзін есітіп,
Есінен патша танады.
Сасқалақтап Зұлмат,
Болмады сабыр-қарары.

Екі дәу нашар еді деп,
Төрт дәуді таңдап салады.
Үлкендігі төрт дәудің
Төбеден үлкен қарамы.

Піл сияқты терісі,
Үңгірге ұқсас қабағы.
Қомды түйе сыйғандай
Кеңдігінің тамағы.

Жарлық етіп Зұлмат,
Төрт дәуге барғын деп еді.
Мұны есітіп зәңгілер,
Шерқуатты іздеп жөнеді.

Жер-жаһанды жаңғыртып,
Бала мен қызға келеді.
Сұсы жаман айбатты
Төрт дәуді бала көреді.

Көмегі жоқ баланың,
Жалғыз-ақ қуат өзі еді.
Он үш жасар бала ем деп,
Көңіліне қайғы енеді.

Есіне түсіп жалғыздық,
Көзінің жасын төгеді.
Бармағын тістеп қайғырып,
Ертпедім жолдас деп еді.

Айыбы бала жастығы,
Күшіне бірақ сенеді.
Құндызша қыз зарланып
«Сақтай көр, Алла»,—дер еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Баланы, Егем, сақтай көр,

Толмаған жасы кем еді.
Кесірім менің тиер ме,
Біреудің жалғыз көдегі.
Естуші ем Мүшкүл де

Перзентке зарлы неме еді.
Қайырлы жетім-міскінге,
Қайыры тиген ер еді.
Жолбарыстан айырып,

Асырап алды деп еді.
Мысырдан шығып бір өзі,
Үрімге жалғыз кеп еді.
Өтірік пе, рас па?

Менімен жұпты боп еді.
Мұхаммед, жәрдем етпесең,
Бейшара жетім өледі.
Батырлардың пірі еді,

Әлидің тигей көмегі.
Егер жәрдем етпесең,
Құндыздан өлу себебі.
Осылай деп зарланып,

Айтты жылап наланы.
Зәңгілер сонда ақырып,
Қақпаға жетіп барады.
«Дарбазаны ашқын»,—деп,

Айқай-сүрең салады.
Ашпады Құндыз есікті,
Талқандап кірді қақпаны.
«Жүгермек, нағып жүрсің?»—деп,

Ортаға алды баланы.
Төрт жақтан тиіп зәңгілер,
Шерқуат ерді қамады.

ҚАРҚАБАТ

Алмас қылыш, семсерді
Шерқуат қолға алады.
Толмаған жасқа Қуатты
Жабылып төрт ит талады.

Найзамен түйреп Шерқуат,
Қылышпен сермеп шабады.
Ыңғайына кеп қалса,
Семсерді тартып қалады.

Жас балаға төрт төбет
Бой беретін болмады.
Әлсіреді Шерқуат,
Титықтап шаршап шамалы.

Жас бала енді шаршады,
Бойында қуат қалмады.
Тұла бойы дірілдеп,
Буындары талады.

Сыр бермей жүр сонда да,
Зәңгілермен алысып.
Шошқаға тиген бүркіттей,
Зәңгілерге жабысып.

Ар-намысты ойланып,
Денесін ұстап қарысып.
Омыртқа талды ойысып,
Қабыртқасы қайысып.

Тізеге тізе соғысты,
Бақайшағы майысып.
Құлауға бала айланды,
Екі аяғы шалысып.

Әлқисса, Құндызша баланың жығылатынын байқап, палуан-
дарды ақымақ қылып мақтап тұрған жері еді. Бұл төрт балуан-
дардың аты: Қопал, Қопалмен бір туған екіншісі—Сапал еді,
үшіншісі—Айпар, төртіншісі—Айпармен бір туған Жайпар

еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құндызша сұлу сол уақта
Бір ақыл тапты ойланып.
«Құртайын,—деді,—төртеуін,
Есебін тауып айла қып».

Киінді асыл киімін,
Үр қызындай сайланып.
Бетіне тұтып пердесін,
Бұрала басып толғанып.

Зәңгілерге айтты Құндызша:

—Күшіңе тұрмын таңғалып.

Үрістем, Дастан, Әлі де
Пар келмес, аға, сізге анық.
Олар да шыдап тұра алмас,
Болса да Салсал, ер Мәлік.

Жамандай берді баланы,
Өтірік жылап зарланып.
Үш күн болды келгелі,
Кет десем кетпей сандалып.

Етер деп залал қорқамын,
Ашуы келсе шамданып.
Аштан өлсін қорлықпен,
Зынданға таста апарып.

Пердесін алып Құндызша,
Көрсетті жүзін сонда анық.
Ақылын алдап алмаққа,
Құндызша бетін ашады.

Іреңін көріп зәңгілер,
Есі кетіп сасады.
Ақылдан мүлде адасып,
Бұлардан дегбір қашады.

Гауһардай көзі жарқырап,
Құндызша нұрын шашады.

ҚАРҚАБАТ

Қиғаш қасы сызылып,
Тартқандай сымға жасады.
Қара көз, кірпік сүрмедей,
Нұрына нұрын қосады.

Адамзаттан бөлекше,
Үрі мен пері болмаса.
Ақылдан адам адасар,
Бетіне күліп қараса.

Үлбіреген тамағы,
Бұғағы аппақ тамаша.
Екі иығы тақтайдай,
Қып-қызыл беті алмаша.

Салалы мойны жұп-жұмыр,
Тұлғасы біткен жараса.
Меруерттей тістері,
Пішімі келген рас, ә!

Оймақ ауыз, күлім көз,
Нәзік белді, шырын сөз,
Бәрі де ғашық ұнаса.
Ойласады зәңгілер:

—Алайық,—деді,—қаласа.

Құндызша, болсын айтқаның,
Десең де бізге араша.
Зынданға өзің тастай ғой,
Қолыңа бердік болмаса.

Өлтірді деп өзің айт,
Әгарда атаң сұраса.
Біреумізді таңдап ал
Күйеу деп, атаңа ұнаса.

Құндызша тапты ақылмен
Зәңгілердің айласын.

—Палуан, сіздер көріңдер,

Мазақтап қырық қыз байласын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Текешікті бақыртып,
Құйқасын қырық қыз шайнасын.
Аямас қыздар өшіккен,
Шықпайтын етіп жайласын.

Бақылдаған текешік,
Есіне түсіп ойласын.
Арт жағына тепкілеп,
Өздері қыздар айдасын.

Төрт батырдың күштерін
Құтырған жетім байқасын.
Құндызшаның сөзіне
Мақтанып дәулер күледі.

Құндызшаның әдісін
Теп-тегіс қыздар біледі.
Ортаға алып ұрғансып,
Зынданға қарай жөнеді.

Теп-тегіс халық ұйқыда,
Ортасы түннің кезі еді.
Ишаратпен Құндызша
Былайша бұйрық береді:

—Зынданға барған жерінде

Бекітіп байла,—деп еді.
«Байлағын» деген бұл сөзі –
«Бос қойғын оны» дегені.
Зеберлес деген бір қызға,

Құндызша соған сенеді.
Бекітіп байла дегенін
Зеберлес қыз да сезеді.
Сол қырық қыздың ішінде

Зеберлес еді зерегі.
Құндызша мен екеуі
Достасып тату боп еді.

ҚАРҚАБАТ

Шерқуатты босатып,
Жайына қырық қыз жөнеді.
Бекітіп байлап салдық деп,
Дәулерге хабар береді.

—Құрсаулап темір шегемен,

Қалады-ау өліп,—деп еді.
Құндызшаға ыржақтап,
Басылмай дәулер елеңі.
Көзін қысты Зеберлес,

Құндызша мұны біледі.
Шерқуат қайтып білдірмей
Сарайға келіп кіреді.
Тесіктен қарап паналап,

Дәулерді көріп тұр еді.
Құндызша сөзге сап отыр,
Түсініп бала біледі.
Зәңгілер айтты сұлуға:

—Біліңіз біздер кім,—дейді.

Төртеуміз де палуан,
Жөнімізді біл,—дейді.
Айбаттанып ақырсақ,
Қыламыз талқан-күл,—дейді.

Құндызша, бір сөз айтамыз,
Жалған емес шын,—дейді.
Төртеумізді ұнатсаң,
Біреумізге таңдап ти,—дейді.

Құндызша айтты:—Мақұл-ақ,
Шартыма айтқан тұр,—дейді.
Ортадан әйел етуің,
Батырлар, ұят бұл,—дейді.

Сыпайылап сөз айтсаң,
Ақымақ, надан білмейді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мұныңды атам естісе,
Сіздерді жақсы көрмейді.
Бәрің де асқан шерісің,
Қандай қыз, сірә, тимейді.

Біреуің арнап алыңдар,
Таласқаның сын,—дейді.
Күресіп жығып алыңдар,
Тиейін соған мен,—дейді.

Жыққаның байла бекітіп,
Сендерге шартым сол,—дейді.
Жығылған жатсын байланып,
Бұзбаған шартты ер,—дейді.

Осындай шарт істесу,
Бұрыннан қалған жол,—дейді.
Ұнатты сонда зәңгілер:

—Осы айтқан сөзің жөн,—дейді.

Кім жығар екен байқап тұр,
Көзіңмен, айым, көр,—дейді.
Әлқисса, Қопал мен Сапал бір туған, Айпар мен Жайпар бір
туған еді. Қопал мен Айпар, Сапал мен Жайпар күресіп тұрған

жері еді.
Құндызша сұлу бұларға,
Қалыс боп сынап тұрады.
Сол мезгілде шамасы

Жарым түн ауған уағы.
Екі жұптан сайланып,
Күреске дәулер шығады.
Айпарды Қопал көтеріп,

Астына басып ұрады.
Сапалды Жайпар серейтіп,
Шоқпардай атып жығады.

ҚАРҚАБАТ

Біреуінің ағасы, біреуінің інісі,
Екеуі намыс қылады.
Шарт бойынша бекітіп,
Аяқ пен қолын буады.

Байланған көріп Айпарды,
Намыс қып Жайпар қызарды.
Сапалды көріп Қопал да
Реңі қашып қуарды.

Егеске түсті палуандар,
Сабыры шыдап тұрмады.
Ыза кернеп денесін,
Іштерін ашу тырнады.

«Дәу арсалаң» деген сол,
Арт жағын пайым қылмады.
Ұстаса түсті белдесіп,
Қопалды Жайпар сығады.

Жайпар мінді үстіне,
Зорсынған Қопал құлады.
Қол-аяғын тас байлап,
Аузына сабан тығады.

Үшеуі тас боп байланды,
Жалғыз-ақ Жайпар қалады.
Өзді-өзін ептеп құрттым деп,
Құндызша іштен қуанды.

Кіргізіп ішке Жайпарды,
Сұлу қыз маймыл қылады.
Әлқисса, Жайпарды ішке кіргізіп Құндызшаның Жайпар­
ды мақтағаны:

Құндызша айтты Жайпарға:

—Табылды сіздей қатарым,

Жер жүзіне жайылды
Балуан Жайпар атағың.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұлар да сізден жығылды,
Зорсынған Қопал, Сапалың.
Астыңа басып екеуін,
Бір өзің байлап-матадың.

Сіз сықылды ер тұрғанда,
Басқамен қайтып жатамын.
Текешік өңкей балаға
Басымды қалай шатамын.

Төсенсем төсек болады,
Жүнделек қалың сақалың.
Аузыңа сүйсең сиямын,
Даласындай апанның.

Езу қалай келіскен,
Жағасындай шапанның.
Мұрныңа сондай құмармын,
Қырындай сүңгі жотаның.

Сақал-мұртың келіскен,
Қамысындай ну қопаның.
Танауың жақсы таңқиған,
Айналайын ботамның.

Аспаз да мұндай соқпайды
Асатын қазан-ошағын.
Тісің де ірі айқасқан,
Пар келмес тісі шошқаның.

Ернің де үлкен көрнекті,
Қақпағындай тоспаның.
Сіздің белің жіңішке,
Қопал, Сапал боқ қарын.

Үш күнде неке қиялық,
Рұқсатын алып атамның.
Атадан рұқсат болмаса,
Таяғы тиер батаның.

ҚАРҚАБАТ

Үш күнге шыда, батырым,
Некелеп сізбен жатамын.
Қылықсып назбен бұралып,
Осылай Құндыз деп еді.

Арсалақтап Жайпар ер
Қасына қыздың келеді.

—Құндызша, сенің жолыңа,

Бір жаным құрбан,—дер еді.
Сен сүйсең, мен де сүйемін, –
Деп үстіне төнеді.
Шақ келмес маған еш бәнде,

Қарсылық қылса өледі.
Осы да маған жетер деп,
Шашының ұшын өбеді.
Жақындатпай айламен,

Құндыздың айтқан өлеңі:

—Тұлғасы келіспес ер бола ма,

Ерлерді түсінбейтін дер бола ма?
Езбелер ердің ісін істей алмас,
Төбешік асқар таумен тең болар ма?
Ішіне жайын балық жүзе алмаса,

Тоқтау су шұқырдағы көл болар ма?
Деуші еді батыр адам ел қорғаны,
Батырсыз еш уақта ел болар ма?
Ар да бар, батырларда ұят та бар,

Ойлаудан ондай кісі кем болар ма?
Қосылсақ асығыспен некеленбей,
Есіткен елге, батыр, жөн болар ма?
«Асыққан—шайтан ісі» деген сөз бар,

Ешқандай шайтан жүрмес жер болар ма?
Үш күнге, сүйген жарым, шыдай тұрғын,
Есітсе басқаларға сөз болар ма?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Осылай Құндыз дегенде,
Мәпия жетіп келеді.
Мәпия сақау Жайпар мен
Құндызшаны көреді.

—Сорлы Жайпар, ыржақтап,

Отырсың несін,—дер еді.
Бұл сияқты арсалаң
Алдауға тез-ақ көнеді.
Біліп қой, ақымақ,

Тұзаққа түсіп өледі.
Осыны айтып сақау қыз,
Тыраңдап қаша жөнеді.
Құндызша қыз: «Сақауды

Ұстаңдар, қырық қыз»,—деп еді.
Осылайша дегенде,
Қырық қыз жапты қақпаны.
Қырқы да тегіс жүгіріп,

Қашатын жолын ап қалды.
Жайпар да жетті ұмтылып,
Сақауды бүріп бас салды.
Құйрығына шапақтап,

Сау жерін қоймай дақ салды.
Құндызшаның алдына
Сақауды сүйреп апарды.
Патшаға айтып қояр деп,

Оны да байлап тастады.
Әлқисса, Құндызша Жайпар дәуге: «Сіздің күшіңізге ырза
болдым, мына дәулерді қалай байладыңыз, менің де аяқ-
қолымды байлаңызшы, көрейін. Осы уаққа дейін біреудің аяқ-

қолын байлап көрмедім, болмаса қол-аяғымды байлатып та
көрмеппін»,—деп Құндызша Жайпарға қарап күлімдеп, бір
өлең айтып тұрған кезі еді:

ҚАРҚАБАТ

Ашығын ашық жары сағынады,
Сіздей жар қайдан маған табылады.
Әйелден алтын басты еркек артық,
Еріне әйел кісі бағынады.

Бет келсе қатын адам ер піріне,
Тозаққа ақыретте салынады.
Тамаша оңашада етейік деп,
Күлімдеп палуанға жалынады.

Көрмеуші ем қол-аяғы байланғанды,
Қалайша байланғандар таңылады.
Байлаңыз, менің қол мен аяғымды,
Дақ түсер азар болса не қылады.

Әлқисса, Жайпардың есі кетіп есінеп: «Е, сәулем, аяқ-
қолыңа дақ түссе және үш күнге жіберіп сілемді қатырарсың.
Сенің қол-аяғыңа дақ түскенше, менің бетіме дақ түссін»,—деп
қалбырақтап арсалақтап тұрады.

Құндызша айтты:—Ерімсіз,
Асқар тау биік белімсіз.
Шын жүрегім сүйетін,
Арыстан туған шерімсіз.

Байламаймын қолыңды,
Болады күнә, пірімсіз.
Басқа қыз келіп байласа,
Көреді қандай көңліңіз.

Балдыздарың байласын,
Қызығын ойнап көріңіз.
Көтеріліп қалмай ма,
Қыздармен ойнап беліңіз.

Қайбірін ойнап сүйсең де,
Білерсіз, ерім, өзіңіз.
Әлқисса, Жайпар зәңгі арсалақтап Құндызшаға қарап:
«Ақыл-ізетіңе әзір өлсем де ырзамын, қыздардың бәрі де кел­

сін, жездесін көрсін»,—деп қолын созып, аяғын бүгіп, «байлай

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

беріңдер» деп, байлатуға ықтиярын беріп жата берді. Құндызша
қырық қызға: «Жездеңнің қасына келіп, қол байласу ойнап
құмарларыңды тарқат»,—деп, қырық қызды жездесіне жапты.
Сонда Зеберлес қыз Шерқуатқа қыздың киімін кигізіп қырық

қыздың ішіне қосып қойған еді. Отыз тоғыз қызды қасына
қосып, Шерқуатпен қырық қыз етіп, палуанның қол-аяғын
байлатуға жіберіп тұрған кезі еді.
Зеберлес қыздың амалы,

Өнері асқан көп еді.
Ақылы артық қырық қыздан,
Білімді және зерегі.
Қырық қызды бастап Зеберлес,

Жездеге қарай жөнеді.
Киімін киіп қыздардың,
Шерқуат бірге келеді.
Сақал-мұрттан белгі жоқ,

Бойжеткен қыздай реңі.
Араласып қыздармен,
Ішкері бала кіреді.
Қып-қызыл беті алмадай,

Қыздан да артық көрнегі.
Қыздарға қарап ыржақтап,
Жездесі Жайпар күледі.
Сөзі қопал, сиқы жоқ,

Ақылсыз, есі кем еді.
Қыз түгіл, қатын көрмеген,
Жабайы өскен неме еді.
Кісілік иісін сезбейді,

Қырық қыз байқап біледі.
Әзілдесті Жайпармен,
Қызық сөз айтып не түрлі.

—Сөйлемей неғып отырсың,

Шығарғын, жезде, дертіңді.

ҚАРҚАБАТ

Дәулерді байлап тастапсыз,
Орындап, жезде, сертіңді.
Құмарланып кеп тұрмыз,
Көрмекші болып көркіңді.

Әзілдесіп Жайпармен,
Ортаға алған секілді.
Жездеміз, сізбен ойнаймыз,
Тыңдамаймыз кепіңді.

Жабылды қырық қыз жұлмалап,
Жездеге салды топырды.
Құлағын дәудің созғылап,
Мойнына шығып секірді.

Құндызша айтты Жайпарға:

—Тұлғаңыз шері порымды,

Бірдей қып Алла жаратқан
Алды-артың, оң мен солыңды.
Айтайын бір сөз сізге, ерім,
Көрмеңіз айып онымды.

Уәде сізбен етіп ек,
Десеңіз егер орынды.
Мен де қызық көрейін,
Қыздырды қыздар көзімді.

Болмаса айып сізге, ерім,
Байласын аяқ-қолыңды.
Жайпар айтты:—Айымжан,
Қылмаймын екі сөзіңді.

Әсіресе, қырық қыздың
Біреуі жаман көрінді.
Белімді ойнап қысқанда,
Көрсетті жанға көзімді.

Ойнауынан шошыдым,
Жіберме, қалқам, соныңды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сынды ма, қайдам, жаны жоқ,
Ойнады қысып қолымды.
Егер оған байлатсаң,
Тыңдамас бары-жоғыңды.

Сізден мені айырып,
Қайнатар, жарым, сорымды.
Әлқисса, Құндызша Шерқуатқа қарап: «Әй, қыз, сен
тәртіпсіз екенсің, бұзық ойнағанша, қызық ойна, жездеңнің

есінен шықпайтын етіп ойна, бүлдіріп ойнағанша, жездеңді
шек-сілесін қатырып, күлдіріп ойна. Енді осы ойын ақырғы
ойын, бұратала мен қуанатындай тындырып ойна»,—деді.
Бала түсініп: «Мақұл, жездеме көрмеген қызықты көрсетіп ой­

наймын»,—деп күлді. Құндызша да түсініп білді.
Осылай деп сол уақта,
Орнына қырық қыз тұрады.
Опыр-топыр жездемен

Тамашаны істеп құрады.
Әсіресе, бір балдыз
Жезденің жанын шығарды.

—Қандай қыз күші мол,—дейді,

Менен де бұл қыз зор,—дейді,
Қыздардан Жайпар сұрады.
Күшті балдыз жездесін
Көтеріп жерге ұрады.

—Ойының жаман екен,—деп,

Тоңқая жезде құлады.
Қырық қыздар қалды жайына,
Жалғыз-ақ балдыз жығады.
«Жездежан, жайың қалай?»—деп,

Қол-аяғын буады.
«Әзілдеймін, жезде,—деп,
Құмартып қапсың сен де»,—деп,
Сілкілеп мұртын бұрады.

ҚАРҚАБАТ

«Жас жігіт болғын, жезде»,—деп,
Сақалын түтіп жұлады.

—Балдыздың ойыны құрысын,

Құндызша, кел,—деп жылады.
Мұндай балдыз құрысын,
Қыздардың ісін қылмады.
Қой десем де қоймайды,

Керең бе, қайдам, құлағы.
Қыз да болса күшті екен,
Жолбарыстай сияғы.
Алалым, өзің келмесең,

Мынау қыз жазым қылады.
Таңға таяу боп еді,
Сабах садық уағы.
«Әзілім ғой, жезде»,—деп,

Өкпесін қысып сығады.
Ойнаймыз деп «түйебас»,
Үстіне қыздар шығады.
Қол-аяғы байлаулы,

Көтеру қайда бұларды.
Опырылып омыртқа,
Қабыртқа қирап сынады.
Ойынның арты шын болып,

Жайпар дәу көзін жұмады.
Балдыздардың ойнынан
«Жездесі» өліп тынады.
Тастады қырық қыз шұқырға,

Үш дәуден баян қылалы.
Қопал, Сапал байлаулы,
Айпар да жатыр қысылып.
«Қызбенен Жайпар кетті»,—деп,

Қапа жеп, қайғы шегіп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір жарым күн байланып,
Бәрі де кеткен ісініп.
Қырық қыз келді топырлап,
Білмекке көріп жүгіріп.

Бір-бір қылыш қолында,
Келді қыздар жұтынып.
Өлтірмекке үш дәуді
Сайланып келген күтініп.

Шерқуат бала ішінде,
Әскерше басып құтырып.
Шерқуат еркек порымда,
Зәресін қойды ұшырып.

—Өлтірме, жанды қалдыр,—деп,

Бас изей берді өтініп.
Сізге, ерім, бізді айдаған
Зұлмат патша тықсырып.
Бармаймыз десек қоймады,

Айдаһардай ысқырып.
Құндызға Жайпар айланып,
Қарамай кетті пысқырып.
Шынжырмен байлап тастады,

Үзе алмай қойдық ышқынып.
Құндызшаға таластық,
Тер қысып бізді ұшынып.
Құндызша бізге шарт қойды,

«Жыққаның ал,—деп,—іс қылып».
Несіне айта береміз,
Өзің де тұрсың түсініп.
Өлгенше сізге біз серік,

Жалындық қолды қусырып.
Егер бізге нанбасаң,
Зынданға қойғын түсіріп.

ҚАРҚАБАТ

Жанымыз қалса болады,
Өлгеннен жақсы тіршілік.
Мейірі түсті баланың,
Еткен соң жылап мұңшылық.

«Байланған дәуді өлтірсем,
Болмайды,—деді,—кісілік».
Дәулерді бала босатты,
Уайым қылмай тіксініп.

—Өздерің білгін, дәулерім,

Дұшпандық етсең күш кіріп.
Осыны айтып тұрғанда,
Таң атып қалды күн шығып.
Әлқисса, зәңгілер сонда Шерқуатқа шын көңілмен ырза

болып: «Патшаны көрмейміз, айтқанына көнбейміз, сенімен
бірге патшаға қарсы соғысқа шығамыз»,—деп, Шерқуаттың
қасында жата береді. Таудағы ата-анасы—екі жолбарыс бала­
дан ажырап, қапаланып қайғы жеп, жылауда болады. Сол бала­

ны іздеп тауып алалық деп, екеуі Үрімге қарай бет қойып кетіп
бара жатқан жері еді:
Ата-анасы—екі шер
Баланы ойлап еңіреді.

Ойланса іші өртеніп,
Көзінің жасын төгеді.
Жинады күшін жолбарыс,
Арыстан, қабылан, шер еді.

Ауыздары он қарыс,
Қайтпайтын жаудан ер еді.
Ата шері жол бастап,
Үрімге тартып жөнеді.

Жер-жаһанды жаңғыртып,
Үрімді басып кіреді.
Келеді екі жолбарыс,
Көзінің жасын төгеді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Оқтын-оқтын өкіріп,
«Перзентім қайда?» дер еді.
Сүтін емген Шерқуат
Түсініп сөзін біледі.

Сүт емізген анасын,
Атасын бала көреді.
Тағаты тоқтап тұра алмай,
Сабыры бала шыдамай,

Шерқуат жетіп келеді.
Құрметтеп ата-ананы,
Қол қусырып иіліп,
Шерқуат жетіп барады.

Ата-анасы—шерілер
Көзін ашып қарады.
Ақырып келіп арсаңдап,
Аймалай берді баланы.

Жарыла жаздап жүрегі,
Қуанды өте шамалы.
Мекіреніп ыңырсып,
Үстіне түсіп барады.

Бетіне басын сүйкелеп,
Қалмады сабыр-қарары.
Адасқан қой мен қозыдай
Жамырасып қалады.

Жолбарыс жатсын табысып,
Мүшкүлден хабар қылалы.
Әлқисса, Мүшкүлат Мырзалық деген бір жігітті жүз жігітке бас-
тық етіп, мың түйені Мысырдан Үрімге шығарып, Шерқуаттың ха­

барын сұрастыра кел деп жұмсаған еді. Жолбарыстармен Шерқуат
табысып жатқан кезде, Мырзалық керуенімен қасынан өтіп бара
жатқанын Шерқуат көріп қалып, «тоқта» деп шақырып тұрған жері
еді:

Қасынан өтіп барады
Сол уақта Мырзалық.

ҚАРҚАБАТ

Жүгіне кілем жаптырған,
Асыл мал таза ыңыранып.
Артқаны—алтын, гауһар тас,
Нарлары аруан қызбалық.

Шерқуат сонда шақырды:

—Тоқтағын, мырза, сұралық.

Ол жігіт айтты Қуатқа:

—Қайттым,—деп,—алтын, зер алып.

Көрген заман алғашта-ақ
Шерқуат қалған бұл танып.
Жолдас болған бұрынғы
Қырық жігіттің бірі екен,

Құшақтай алды бұл барып.
Мырзалық айтты:—Шерқуат,
Атаңнан баян қылалық.
Үрімге балам кетті,—деп,

Зар еңіреп атаң жыланып.
Іздеймін деп баламды,
Жинады әскер қамданып.
Есепсіз әскер патшадан,

Даяр боп қалған қолға алып.
Кеп қалған шығар жақындап,
Қап еді шықпақ боп жиналып.
Осыны айтып болғанша,

Кеп қалды Мүшкүл сонда анық.
Екі жүз мың әскермен
Аспанға шаңы шұбалып.
Баланы қорғап шерілер,

Айлана қоршап ыңыранып.
Аузын ашып есінеп,
Көрсетіп күшін қырланып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қапал, Сапал, Айпар да
Демалып қалды тыңланып.
Патшаменен ұрыспаққа,
Қапал мен Сапал сұрланып.

Жайпардан Айпар айрылып,
Бұ да ашулы жынданып.
Әлқисса, Мүшкүлат пен Шерқуаттың табысып жылап жатқа-
ны еді:

Шерқуат жетіп барады,

—Атажан, көзің ашқын,—деп.

Іздеген балаң мен,—деді,
Күдер үзіп қапсың,—деп.
Құшақтай алды Мүшкүлат,

—Адасқан қозым таптым,—деп.

Жылап жатыр шағынып,
Ойламай мені жаттың,—деп.
Қартайғанда атаңды
Бір қызға бола саттың,—деп.

Айтатұғын сақтаған,
Ішімде арман-дертім көп.
Ойыңа тіпті алмадың,
Қайғыда қалды қартым деп.

Ата-анаң болса меңдеген,
Не болар екен артым деп?
Жастығыңды ойға алмай,
Істеймін батыр салтын,—деп.

Келмеді ме ойыңа,
Сарсаң боп қалар халқым деп.
Бара жатқан керуеннен
Есіттің қыздың дерегін.

Ашықтықтың дертінен,
Сол қызды іздеп жөнелдің.

ҚАРҚАБАТ

Жалғыз, он үш жаста ем деп,
Уайым-қайғы жемедің.
Жасың жетсе ер жетіп,
Мұнша уайым жер ме едім.

«Жүргенде де» дейтұғын
Перзенті көп шал мен бе едім.
Бір баланың дертінен,
Қайғысы асқан шерлі едім.

Жаным қайтіп шыдасын,
Ағайыны сайлы сен бе едің.
Өзіңмен туған бала жоқ,
Соны ойлап шаршап меңдедім.

Бетіңнен сүйіп алайын,
Мауқымды басып қанайын.
Қасыма жақын кел,—деді,
Болмады сабыр-шыдамым.

Бетіңді, қалқам, бер,—дейді,
Атасы ашты қойынын.
Еркелеп келіп Шерқуат,
Құшақтап алды мойынын.

Сағынып көрген құшақтап,
Аймалап жатыр ай-күнін.
Үйірінен адасқан
Табысқандай тай-құлын.

Мүшкүлат жатсын табысып,
Данадан хабар берелі.
Сағынып жүрген ер Дана,
Ішінен қайғы жер еді.

Баланың қайда кеткенін,
Біле алмай еңіреп жүреді.
Жас иісті көре алмай,
Зарыққан ердің бірі еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әлқисса, Дана уәзір баланы қойған жерден жоғалтып, таба
алмай зарлап жүр еді. Қайда кеткенін білмей, зарлап таба ал­
май жүргенде, «қалаға бір жас палуан бала келіпті» деген ха­
бар естиді. «Сол менің адасып қалған көрдегі Қарқабаттың ба­

ласы шығар» деп, Зұлматқа көрінбей балаға келіп, Қарқабатқа
ұқсатып, ақиқат баланы танып, сонда Дана[ның] баладан аты-
жөнін, «кімнің баласысың?» деп сұрап тұрған жері еді:

—Адасып қайдан жүрсің, жаным балам,

Ынтызар болып келдім мен де саған.
Жүзіме жылы жүзді көрінесің,
Кім болар сені өсірген ата-анаң.

—Кісінің сіз сияқты баласымын,

Көзінің ағы менен қарасымын.
Білмеймін ата-анамның кім екенін,
Жетім қап жас кезімде адасыппын.
Үлкейдім жолбарыстың сүтін еміп,

Ер жетіп дұшпандармен таласыппын.
Сіз де, ата, жөніңізді түсіндіргін,
Бас қосып сізге бүгін жанасыппын.

—Шырағым, мен атаңның Данасы едім,

Сасқанда ақыл қосқан һәм есі едім.
Қарқабат сенің атаң әділетті,
Жұмысын жүргізетін кісісі едім.
Патша боп сенің атаң өткен еді,

Жалғаннан опат тауып кеткен еді.
Қолыма бір гауһарды өзі беріп,
Тапсырып аманат деп кеткен еді.
Қатыным бір ұл тапса, таққын,—деді,

Ай-күні шешеңнің де жеткен еді.
Орнына залым Зұлмат патша болып,
Өлімге анаңды үкім еткен еді.

ҚАРҚАБАТ

Өлтірді анаңызды зақым беріп,
Өлімнен алсам деп ем алтын беріп.
Артынан жеткенімше жарып тастап,
Көме алмай қорыққанымнан кеткем жылап.

Кетіппін жылап жатып ұйқыға еніп,
Жатыр ем шырт ұйқыда қапаланып,
Сөйлесті меніменен қарт анаң келіп.
«Е, Дана, шыныменен көмбедің бе,

Жүруші ем тірі күнде жақын көріп.
Жүзімді жасыруға жарамадың,
Еріме жолдас боп ең ақыл беріп».
Оянсам сонда шошып, түсім екен,

Көмуді ойыма алдым мақұл көріп.
Анаңды көмейін деп сол уақытта,
Қасына қарап тұрдым жақын келіп.
Анаңның өліп қалған ақ төсінде

Емшегін бір нәресте жатыр еміп.
Сен едің емшек емген, көрдім,—дейді,
Қасыңа жақынырақ келдім,—дейді.
Тапсырған атаңыздың аманатын,

Мойныңа гауһар тағып бердім,—дейді.
Бес мысқал мойныңдағы жарқыраған
Гауһарың—менің таққан белгім,—дейді.
Құлыным, енді өлсем арманым жоқ,

Таба алмай жүрген едім, көрдім,—дейді.
Басайын жүрегімді бір құшақтап,
Аңсадым беттен сүйгіз, келгін,—дейді.
Құшақтап жатыр аймалап,

Перзентсіз еді бұл ғаріп.
Мұны естіп Шерқуат,
Бұзылды көңілі сұрланып.
Топтап әскер майданға,

Зұлмат жатыр шығарып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қайратқа мінді Шерқуат,
Асынып жарақ қолға алып.
Жер-жаһанды жаңғыртып,
Шерлер шықты ыңыранып.

Арыстандар ақырып,
Қайратын жиды қырланып.
Мүшкүлат айтты қолына:

—Шығыңдар, тоқтап тұрмалық.

Құндызша қыз баланың
Өмірін шындап сұранып.
Не болар деп заманым,
Көз жасын төгіп бұл ғаріп.

Шерқуат мінді тұлпарға,
Найза мен қылыш қолға алып.
Мүшкүлаттың әскері
Бұлар да шықты қамданып.

Қасына алды Шерқуат,
Жолбарыстарын шақырып.
Шерқуат сонда жөнеді,
Ақкекіл атқа қамшы ұрып.

Шерқуаттың соңынан
Шерілер кетті зар ұрып.
Шерқуаттың соңында,
Кеткен жоқ босқа қаңғырып.

Шерқуат айғай салғанда,
Жолбарыстар да ақырып.
Шерқуат кімге ұмтылса,
Бұлар да соған қарсы ұрып.

Талқандап кетіп барады,
Қиратып жауды жапырып.
Лақтырса бір тістеп,
Қадаған тастай атылып.

ҚАРҚАБАТ

Қапал, Сапал, Айпар да,
Бұлар да шықты ақырып.
Мүшкүлаттың әскері,
Тұрған жоқ бұлар тартынып.

Зұлматтың әскерін
Үрімнен қуды қашырып.
Мұны көріп Зұлмат,
Қарсы жүрді жылап аһ ұрып.

Шерқуаттың алдына
Зұлмат келді бас ұрып.
Әлқисса, Зұлматтың Шерқуат балаға жалынып, бір сөз ай­
тып тұрған жері еді.

—Айналайын, шырағым,

Алдыңа келіп жыладым.
Аяғыңа жығылып,
Алдыңа келіп құладым.
Өтіпті менен білместік,

Айтқаныңа тұрамын.
Тағым да, бағым сенікі,
Жанымды сізден сұрадым.
Әлқисса, патшаның айыбын бетіне басып, Шерқуаттың сон-

дағы сөзі:

—Алдыма нағып келдің, келмес патша,

Дүниеден өз ойыңша өлмес патша.
Жыласа жайын айтып жүкті қатын,
Көз жасын шыбын құрлы, көрмес патша.
Не себеп, жақсы көрдің мені нағып,

Не жайлы өлтірмеймін сені нағып.
Жалынса жүкті қатын аямап ең,
Жетімге жалынасың енді нағып?!
Менің атам бұрынғы

Қайырлы екен Қарқабат.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жетім-жесір, міскінге,
Көп еткен екен мархабат.
Дүниеден кетіпті,
Сол атам тауып зор опат.

Қалыпты жүкті анамыз,
Тапсырған екен аманат.
Жүкті анамды өлтіріп,
Істепсің, зұлым, қиянат.

Өлген анам ішінен
Туыппын тірі, саламат.
Өлтірмекке бұйырдың,
Тумаған күндеп баласын.

Залымдықты істедің,
Ойланбай ақ пен қарасын.
Жолықпас ең бұл күнге,
Істесең істің сарасын.

Жолбарыс бақты жасымнан,
Көрмедім ажал қазасын.
Мүшкүлат бақты бала ғып,
Мысырдың көрдім қаласын.

Мінгізді тұлпар саймандап,
Жабдықтың сайлап тазасын.
Тіллә сауыт кигізді,
Алтыннан салып жағасын.

Ит жүгіртіп, құс салып,
Дүниенің шақтым мазасын.
Сол күндеген жетім—мен,
Келмесін, патша, зейілің.

Тумаған күндеп баланы,
Тар болды неге пейілің?
Мүсәпір әйел жалынса,
Түспеді қалай мейірің?!

ҚАРҚАБАТ

Осылайша дегенде,
Құндызша жетіп келеді,
Келіп сөйлей береді.
Жорығаны Дананың,

Осындай анық келеді.
Өмірін сұрап зұлымның,
Құндызша былай дегені:

—Айналайын, Шер,—дейді,

Өкінгенмен өткен іс
Орнына қайтып келмейді.
Ұстап алған олжаңды
Бір сапар, жарым, бер,—дейді.

Жылап тұрған зарланып
Шерқуат көрді Құндызды.
Көзі түсіп кеткен соң,
Қимайды тағы құрғырды.

Лажы жоқ ешқандай,
Әйелсіз, сірә, кім жүрді.
Өлтірер еді зұлымды,
Қимайтын нәрсе бүлдірді.

Сонда Шерқуат Құндызшаға қарап:

—Сен үшін, Құндыз, кешірдім,

Етпейін тарлық мен,—дейді.

Құлқаныс–Зеберше
Бисмилла сөзді бастадым,
Һәр мақұлық ойлар бас қамын.
Қауіп-қатері көп болар

Бір Құдайдан басқаның.
Әзиз қып Алла жаратқан
Әр түрлі жанның бастарын.
Қадірі бірдей жанының

Маса мен тышқан, арыстанның.
Әр мақұлықты көресіз,
Өлімнен, білсе, қашқанын.
Біреуді алып жасынан,

Біреуді етек астынан,
Біреудің өмірін ұзақ қып,
Асырып жүзден жастарын.
Уақтымен күнді шығарып,

Әлемге нұрын шашқанын.
Шапшытып бұлақ ағызып,
Қақ жарып таудың тастарын,
Қаласа жазды қыс қылып,

Таң қаларлық іс қылып,
Қолынан бұл іс келе ме
Құдайдан жалғыз басқаның!
Қарында жатқан балаға,

Тұрғанда шықпай далаға,
Есебін тауып дем беріп,
Жеткізген ауқат-астарын.
Жауынды бұлттан жауғызып,

Сүт қылып қаннан сауғызып,
Ризығын берген баршаның

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Құдіреттің көргін данышпанын,
Қамқоры жалғыз Құдайды
Халқының жер мен аспанның.
Ұлық аты—бисмилла

Жаратқан жалғыз Патшаның,
Бейбисмилла аузымды
Сол себептен ашпадым.
Жақсылар, егер ұнатсаң,

Көңіл қойып тыңласаң,
Аз хикая қылайын
Құлқаныс-Зебер дастанын.
Құбыл деген шаһарда

Бір падиша бар еді,
Әділ еді артықша,
Өтенше атын дер еді.
Ордалы деген бір шаһар

Апталық бұған жол еді,
Падишасы Әппақша
Әділеті мол еді.
Өтен мен Әппақ бір-бірін

Жанындай жақсы көреді,
Тату өскен тең еді,
Һеш перзенті жоқ еді.
Бір перзенттің зарпынан

Көңлінде қайғы көп еді,
«Перзент көрер күн болса,
Болайық құда»,—дер еді.
Жасы елуден асқанда,

Қайғымен жүдеп сасқанда,
Қабыл болып тілегі,
Екеуінің бір жылда
Болыпты жүкті әйелі.

Сүйініп күнін санады,
Тоғыз ай, тоғыз күн өтіп
Әйелдері туады.
Әппақшаның әйелі

Туыпты еркек баланы,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қырық күн ұдай той беріп,
Зеберше атын қояды.
Әйелінің Өтеннің
Қыз болыпты туғаны,

Өзгеше сұлу жамалы.
Атын қойды Құлқаныс,
Той беріп қырық күн бұ дағы.
Көдектердің күн сайын

Құлпырды гүлдей шырайы.
Әлпештеп өте бағады,
Бір жыл өтіп арадан,
Екі жасқа шығады.

Бір күндері Әппақша
Өтенге жаушы салады
Қызына құда болғалы,
Өтен де мұны ұнады.

Сән-салтанат, сыйлықпен
Құда болды екеуі,
Сертімен айтқан баяғы,
Барша халық біледі.

Жері шалғай жол еді,
Қатынасы кем еді.
Арада неше жыл өтіп,
Еңбектеуден ер жетіп,

Құлқаныс пен Зебердің
Он үшке жасы келеді.
Сұлу болды артықша,
Тандырып естен көргенді.

Алыстағы жерінің,
Қатынасы болмай елінің,
Құлқаныс, Зебер бір-бірін
Есітіп һешбір білмеді.

Жайсан дейтін шаһардың
Падишасы Қауас дер еді,
Бір мақтаншақ неме еді.
Төлен дейтін оның да

Жалғыз ұлы бар еді.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Өтен мен Әппақ патшаның
Есітіп жайын біледі.
Бір күні қызды көреді,
Құлқанысқа таңданды,

Байқамай бұрын жүр еді.
«Осы қызды әперіп,
Үйлентсем,—деп,—Төленді»,
Қауас ханның бір күні

Көңіліне қиял келеді,
Әппақшаны жамандап,
Айнытсам деп Өтенді.
Құлқанысқа жаушы ғып

Жіберді Қауас біреуді.
Сөзге шешен неме еді,
Өтеншеге Қауастың
Сонда жазған сәлемі:

«Өтенше, аман жүрмісің,
Жайлы ма, қалай тұрмысың?
Саулығыңа Құдайдан
Тілеймін тілек сіз үшін.

Һарон Рашид патшадай,
Әділ ердің бірісің.
Сырттан тату болсақ та,
Түспеп еді жұмысым.

Қайт қылмас деп ойлаймын,
Түсіп тұр сізге бір ісім.
Қымбатты патша Өтенім,
Қадіріңе жетемін!

Шырағы дейді перзентті
Әке менен шешенің.
Бағасына жетпейді
Татпаған дәмін шекердің.

Бастамай тұрып әр істі,
Ойлаған жақсы не екенін.
Жазым қылар ақыры,
Алмасаң алдын жөтелдің.

Зерек ерлер табады
Әр істің ойлап есебін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әппақшаның ұлына
Қызыңның білдім кетерін.
Ақылдың диқан кені едің,
Білетін парқын нешенің.

Қылмақшы күйеу болыпсың
Әппақшаның тентегін.
Ойлағын, оған қыз берсең,
Жылаумен күні өтерін.

Жаным ашып айтамын,
Деп ойлама әзілі.
Жарамас аңға деуші еді
Жетектеп жүрген тазыны.

Әппақтың ұлы нақұрыс,
Жаман еді тәрізі.
Ұлдан зият қызың бар,
Өтеннің дейтін жалғызы,

Бір жаманға таңатын
Бар еді қандай жазығы?!
Кедейлерше үнемсіз
Таусылып тұрған азығы,

Қыз бермесең болмайтын
Бар ма еді сізде қарызы.
Зебершеге баруға
Қызың да өте наразы.

Ұялғаннан әрең жүр,
Айта алмай сізге арызды.
Көре тұра жылатсаң,
Қыздың да ұрар жазыры.

Ойлағын өзің пайымдап,
Мақсатым емес айырмақ.
Әппақша жегжат болмайды,
Қойғанмен сізге шайырлап.

Атасы да ұры еді,
Қай істен өзі тайынбақ!
Өзің біл бірақ, Өтенім,
Сүймеуші ем өзін жайында-ақ.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Туысқаннан артықша
Көруші ем жақсы өзіңді.
Болуға құда ынтық боп,
Өссін деп жүр ем қызыңды.

Қызыңа Төлен лайық
Ақыл мен ойға сезімді,
Жібердім жаушы, жаманға
Килігіп қалған кезіңде.

Зеберді қызың қаламай,
Жүргені жылап сезілді.
Ұялып бірақ айтпайды,
Қыла алмай төмен жүзіңді.

Әділетті патша едің,
Жайылған атың бүгінде.
Теңіне бермей қызыңды,
Жылатқаның өлім-ді!

Төлен мен қызың бір-бірін
Сүйетұғын көрінді.
Құдалықтың кәдесін
Істелік жылдам тезінде.

Жаушымнан барған хабар бер,
Жөн көрсең осы сөзімді».
Қағазын алып Қауастың
Елшісі жүріп кетеді,

Өтеншенің еліне
Аман-есен жетеді.
Сәлемін беріп Қауастың
Мән-жайын баян етеді.

Өтенше бұған нанады,
Жаушыны күтіп алады.
«Болайын құда, мақұл»,—деп,
Қауасқа қағаз жазады,

«Өтірік патша айтпас»,—деп,
Қызына ақыл салмады.
Тездеп жүріп жаушысы
Еліне қайтып барады.

Өтеншенің қағазын
Қауасқа келіп береді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тоғыз үйір жылқымен,
Таралғы-тарту мүлкімен,
Тамаша ойын-күлкімен,
Көшкендей елі-жұртымен

Іздеп келіп Қауас хан,
Өтенге құда болады.
Екі құда сүйісіп,
Біріне-бірі ұнады.

Тұлпар мен зерден киіт қып,
Мәртебесін биік қып,
Ізетін жұрттан асырып,
Қайтарды Өтен құданы.

Білсе де Әппақ есітіп,
Болмады дұшпан өшігіп,
Зеберге де, елге де
Білдірмеді бұларды.

Аман болса Зебершем,
Алар деп ақыр біреуді,
Көңліне қастық алмады.
Құлқаныстың сол кезде

Он төртке жасы шығады.
Ашылған гүлдей жайнаған,
Көргеннің ауды құмары.
Оймақ ауыз, күлім көз,

Нәзік белді, шырын сөз,
Пісте мұрын, қалам қас,
Ақ тамақ балғын, сүмбіл шаш,
Тоты құстай сыланған,

Қылығына жан тоймас.
Әйелде ондай сұлу жоқ
Есіткен жерде шамалы.
Ақыл, өнер, есіне

Көрген жан қайран қалады.
Іштегісін адамның
Айттырмай оймен табады.
Сол уақытта Құлқаныс

Он төртінші айдай толады,
Дәулетімен атаның

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Көңлінде қаяу болмады.
Зеберді бұрын есіткен,
Есітті және Төленді,
Зебер менен Төленнің

Білдірмей жайын сұрады.
Бәрін де білді анықтап,
Астыртын жұмсап адамды,
Қарсы болды Төленге,

Зеберше өте ұнады.
Қырық қызға тегіс бұйырып,
Еркек порма киініп,
Тұлпардан таңлап ат мініп,

Жол жабдығын шақ қылып,
Зебершені көруге
Бір күні аңға шығады.
Құлқаныс ертіп нөкерін,

Зебердің кетті еліне.
Келіп жетті Әппақтың
Киікті деген көліне.
Зебершедей шаһзаттың

Аң аулап шығар жеріне,
Шығатын аңға Зебердің
Келген екен кезінде.
«Жолықсам» деп Зеберге

Аң аулап жүрген жерінде,
Қарауылдап көл жақты
Алыстан қыздар жүр еді.
Бір уәзірін Әппақтың

Атын Кәміл дер еді.
Патшадан артық ақылы,
Парасатты ер еді.
Ойға жетік, сөзге ұста,

Әр өнері көп еді.
Аң аулауға ұқыпты,
Қолынан әр іс келеді.
Аңға шықса Зеберше,

Басшы ғып соған ереді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қырық нөкері қасында,
Өңкей тұлпар астында,
Басшы қылып Кәмілді,
Зеберше аңға кеп еді.

Алыстан келген бұларды
Қыздардың көзі көреді.
Зебершені Құлқаныс
Ақылмен танып біледі.

Бәрі де қыз боп киініп,
Пормасына енеді.
Жақындап келіп оларға,
Иіліп сәлем береді.

Құлқаныстың Зеберге
Сондағы айтқан өлеңі:

—Шаһзада, жүрсіз бе аман, сәлем бердік,

Естуші ек атағыңды, бүгін көрдік.
«Түңілме түсі игіден» дегендей-ақ,
Шаттандық бір қуаныш көңілге еніп.
Зәрурат бір жұмыспен келіп едік,

Сізге бір қайту үшін белгі беріп.
Түнеріп тілсіз жандай жүрген жөн бе,
Тұрғанда дәурен баста, қолда ерік!
Қызығы дүниенің бар ма, сірә,

Тең тауып қосылғаннан өмір серік.
Сыртыңнан атағыңды естуші едік,
Әрдайым жүрмесек те бұрын көріп.
Өтенше—атам аты, шаһарым—Құбыл,

Болғалы атам патша бірнеше жыл.
Құлқаныс—өзім атым, атамызда
Болмапты менен басқа қыз бен ұл.
Не пайда хан мен патша болғанменен,

Көңілге қаяу түсіп, шалынса кір.
Ілгергі жас кездегі болған істен
Бір нәрсе құлағыма шалынып жүр.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Періште әуелгі істі бастар деген,
Келіп ем алдыңыздан өтуге бір,
Бұл жерде сөйлесудің реті жоқ,
Арада бар болса да бір терең сыр.

Мәрт адам сүйгені үшін отқа түсер,
Сөзімде қата болса кешірім қыл.
Дүниеде жақсы да көп, жаман да көп,
Не демес көз көргенше бұл қызыл тіл.

Тістіге шайнап берген ас болмайды,
Шаһзада, ендігісін өзіңіз біл.
Ашықтық бар мен жоққа қарата ма,
Білінбей саналы адам тек жата ма!

Арғымақ қашан болса бір қалыпта,
Семірсе жабы жанды жолата ма?
Сайрайды бұлбұл құс та гүлге қонып,
Сасыр мен тікенекке тіл қата ма?

Қырымнан қанат қағып қыран шабар,
Жапалақ жардан шықпас бұратала.
Түсінер есті кісі ишаратқа,
Жөн сөзді жаман адам жарата ма!

Жақсының жалғыз сөзі дертке дауа,
Жаманмен жолдас болып таң атар ма?!
Осыны айтып Құлқаныс,
Атының басын тартады.

«Қайыр, қош» деп айтады,
Бөлініп кейін қайтады.
Бұл сөзді Зебер байқады,
Кәмілге Зебер сөйлейді:

—Осы қыздың мәнісін

Білесіз, көке, сіз,—дейді.
Әлгі айтқан сөзінің
Мәнісін айтып бер,—дейді.
Кәміл айтты:—Қарағым,

Қатардан артық талабың.
Ашық боп іздеп келгені,
Көрсеткелі жамалын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Соңына сені ертпекші,
Байқадым қыздың амалын.
Балауса өскен манабым,
Алды-артыңа қарағын.

Сол қыздың айтқан сөзінен
Қалмады сабыр-қарарың.
Бейтәртіп болар осындай
Қыздары Дәшті даланың.

Өнері қыздың көп еді,
Шынымен айтқан жоқ еді.
Аңғырттар сөзге ереді,
Айтқанды рас көреді.

Тәртібінің жоқтығы –
Өзінің іздеп келмегі.
Кәмілдің айтқан бұл сөзін
Зеберше ауыр көреді.

Қамшы ұрып атқа жөнеді,
Қыздарға жақын келеді.
Құлқанысқа жақындап
Сондағы айтқан өлеңі:

—Екі ашық бірін-бірі сұрайтұғын,

Болса да қандай жұмыс ұнайтұғын.
Бір ауыз жүрегіме от тастадың,
Қалмады сабыр-тағат шыдайтұғын.
Құлқаныс, арызым бар, тоқтағын тез,

Кәмілге бір-екі ауыз сөйлеңіз сөз.
Сөйлесіп, ақылдасып ажыралық,
Қаңбақтай жел аударған келгенде кез.
Арбамен асықпаған қоян алар,

Не демес ауыз батыр, көргенше көз.
Киініп өңкей порма топтанған қыз,
Күміске, алтынменен шоқтанған қыз.
Сырыңның бастан-аяқ мәнісін айт,

Көңілге келеді деп ап қалмаңыз.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Қашық жер шаһар Құбыл оқпандыңыз,
Пікірмен қандай жедел аттандыңыз.
Сөзіңді әлгі айтқан анықтап айт,
Ауызға [келген] сөзді қайтармаңыз.

Қылмайды ақты қара Жаппар Кәрім,
Бірақ та жалған айтып мақтанбаңыз.
Не жайлы сонша жерден сапар шегіп,
Жұмысқа қайсы түрлі қайттың келіп.

Жұмысың менде болса сұрап қалғын,
Кетейін керек болсам соңыңа еріп.
Әуелі ашық болып іздеп келсең,
Ақыры не себептен қайттың жеріп!

Сұрайтын өзіңізден сұрауым сол,
Көңілдің пәрін ашқын жауап беріп.
Зеберше солай деп еді,
Сөйледі сонда Құлқаныс:

—Сөзімде жоқ-ты бұлтарыс,

Мұратқа жанды жеткізер
Сабырменен қылған іс.
Сабыр қылмай асығып,
Біткенге қайрат тасынып,

Сындырған екен аяғын,
Айға шауып жолбарыс.
Бір зәрурат ісім бар,
Болмаймын бекер құр таныс.

Мақсатты кейін шешерміз,
Жас болсақ толып өсерміз,
Болайық әзір бір таныс.
Жақсылықтың белгісі –

Сөзінің айтқан жөндісі.
Тұлпар да түбін табады,
Иесі күдер үзбесе.
Бейхабар мейлің жата бер,

Сіз үшін біреу іздесе.
Әкеңнің қылғын өрнегін,
Сөзімді айып көрмегін,
Танысқалы сіздермен

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қиял етіп келгенім.
Тұрайын мұнда несіне,
Алмасаң өзің есіңе.
Жақсыларға қарыз деп,

Іздедім бірақ кешіге,
Болатұғын жұмыстың
Ертесі не, кеші не?!
Жүгіргенмен болмайды,

Қылмаса Құдай несібе.
Құлқаныс солай деп еді,
Жақындап Зебер келеді.
Танысудың алды деп,

Қолының ұшын береді.
Дидарласып екі ашық,
Бірін-бірі көреді.
«Жүрейік, қайыр, мырза»,—деп,

«Қош боп тұр енді ырза»,—деп,
Сөйлесе алмай күрделі,
Енді қыздар жөнеді.
Зеберге қайта бұрылып,

Құлқаныс сонда сөйлейді:

—Іздеген адам табады,

Шыққанды қуса дерегі.
Бейнетсіз қайда рахат,
Көп сөздің не,—деп,—керегі.
Шетке шығып Қаныстың

Зеберге айтқан өлеңі:

—Басқаның бәрі жұп-ай, Құдай сыңар,

Ақылмен ойлағанға солай шығар.
Атамыз әзірет Адам салған жолы –
Әр уақыт еркек іздеп әйелді алар.
Кемесіз дарияны кешкенменен,

Жаманға өнерлі деп болма құмар.
Азаптан ат жақсысы ап қалады,
Кісіні ат жаманы жарға жығар.
Баққанмен тәрбиялап ат бола ма,

Есекке тағып қойып алтын тұмар.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Талпынып нұсқа көрер кезген адам,
Табады деректіні сезген адам.
Түбінде дарияның гауһар шам бар,
Жанынан оны да алар безген адам.

Сөзімде осы айтқан жалған бар ма,
Бейнетсіз рахатты алған бар ма?!
Түсінер есті кісі ишаратқа,
Сезбейді қанша айтсаң да надандарға!

Патшаның қыдырғанмен қазынасын,
Керегін ессіз кісі таба алар ма?
Соңына лашын құстың түскенменен,
Жемтігін қара қарға ала алар ма?

Алыстан дәме қылып жүрген түлкі
Шерінің жемтігіне бара алар ма?
Көңілде қаяу болса хан болғанмен,
Мұратқа жеткен болып саналар ма?!

Бермейді жыламаса анасы емшек
Қарны ашқан құндақтағы балаға да.
Айрылған төл атынан ерге намыс,
Болмайды бит шыққандай жамандарға.

Дүниенің қызығының бір белгісі,
Білмейді өз пайдасын жаман кісі.
Жол тауып жаман адам ала алмайды,
Біреуге зап-зайыр боп кетсе ақысы.

Әр уақта бейқам ұйқы, арсыз тамақ,
Жаманның бар өнері болар сол-ақ!
Сырыңды түсіне алмай көпке жаяр,
Сөйлесіп бір-екі ауыз кетсең жолап.

Түсінген дұрыс сөзді жала дей ме,
Асығып ер тамағын шала жей ме?
Жабының жалы бар деп жауға мінбес,
Қоғаны тоғайдағы пана дей ме.

Ақылды өзі ойлар мінәсарын,
Жамандар үлгі сөзді сана дей ме.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Көреді оғын қымбат жаман мерген,
Алдына аңды ата алмас қарсы келген.
Жаманға оттың басы үш айлық жол,
Табады Меккені де іздей берген.

Зәрурат бір жұмыспен шығып едім,
Ерігіп жүргенім жоқ құрып серуен.
Күңдерше бұта түбі сөйлеспеймін
Құлменен кездескендей тезек терген.

Ордама іздеп бар да сонда сөйлес,
Шынымен шаһзат болсаң үлгі көрген.
Осыны айтып Құлқаныс,
«Қайыр, қош!» деп жөнеді.

Қапа болып Зеберше
Нөкеріне келеді.
Тағат қылып тұра алмай,
Келе сөйлей береді:

—Айтқан тілді алмаса,

Нөкерді ертіп не керек!
Сілтеген аңды алмаса,
Тұйғынды салып не керек?!
Жабыдан озып шықпаса,

Арғымақ мініп не керек.
Болғанда жігіт желігіп,
Қыз сөзінен жеңіліп,
Көңілге қаяу түсіріп,

Тірі боп жүру не керек!
Қыз сөзі кетті қыздырып,
Дүниеден үміт үздіріп.
Қырық жігіт, қалай көресің,

Іздесек соны біз жүріп?!
Қиын-қыстау тар жерде
Көрсетер ерлер өнерін,
Тағдырда жазған жұмыстың

Көрмейді пенде нелерін!
Ойда жоқ жерде кез қылып,
Таңғаларлық сөз қылып,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Түс көргендей қып қойды,
Құдіреттің көргін шеберін!
Болсам да жалғыз кетемін,
«Барасың қайда?» демегін,

Құлқанысты іздеймін
Есіткен бүгін дерегін.
Атасы дұшпан болса да,
Сөйлесіп қызбен көремін.

Таусылған болса несібем,
Жатсам да үйде өлемін!
Күтпеймін жаннан жақсылық,
Құдайға жалғыз сенемін.

Адамға қиын жалғыздық,
Өзіне лайық Егенің.
Жолдас қылсам деп едім,
Тимесе де көмегің.

Не болса [да] ашып айт,
Қалады көңлі демегін!
Қинамаймын ешкімді,
Болмаса өзім жөнейін!

Зебер солай деп еді,
Ешбірі пәлен демеді.
Жалғыздық түсіп Зебердің
Көңліне әр ой келеді.

Кететін болды бір өзі,
Әппақтың жалғыз көдегі.
Сүйеу болған туысқан,
Аға-інісі жоқ еді.

Нөкерімен қоштасып,
Сондағы айтқан өлеңі:

—Аман бол көргенімше, іні-аға,

Сіздерді дос көруші ем ішінара.
Күн жақсы көріскенше, құрбыларым,
Сақтасын панаһында Алла Тағала.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Достықтың ешкім жетпес қадіріне,
Іс болды опасыздай, әттегене!
Бастасаң егер бірің ерер едім,
Болса да қандай іске көнер едім.

Себептен жолдас болған жастайымнан,
Жолыңда басымды да берер едім.
Көрмесем ата-анама қиын болды,
Ерке өскен жалғыз ғана көдегі едім.

Сұранып осыншама өтінсем де,
Ешбірің пәлен-түген демегенің.
Соғыссам әскер жиып Өтеншемен,
Жазықсыз көптің қанын төгер едім.

Сауапты обал менен білу керек,
Қылмаймын арсыз ісін өлерменнің.
Өмірі әрбір жанның өзіміздей,
Деп жүрмін мен де үміт қып көгерермін.

Жазықсыз бекер төксем көптің қанын,
Пендемін мен де ақыры не көремін.
Айтып ем зорлық емес, жолдастықпен,
Құрбылар, үлкен аға, елемедің!

Артынан Құлқаныстың көп кешікпей,
Дұрысы енді менің жөнемегім.
Ешкімге айтпаңыздар кеткенімді,
Көремін аман келсем беттеріңді.

Атамның көңлін ашып қызметін қып,
Басқаға аудармаңдар ниеттеріңді.
Балаңның шығып кетіп қолдан құсы,
Сұраса, қудық деңдер барлық кісі.

Болған соң аты жүйрік кетті озып,
Біз қалдық көріне алмай бір белгісі.
Үш күндей көп іздедік, дерегі жоқ,
Лажсыз келгеніміз деңдер осы!

Ай күтер атам мені, апта күтер,
Жар салып барлық жаққа хабар етер.
Оңдаса барған жерден Құдай істі,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Менің де қайтып келер уақтым жетер.
Алдына аман-есен келсем қайтып,
Күнәмнің бейәдептік бәрін де өтер.
Осындай амалменен бармасаңдар,

Падишадан бәріңе де зиян жетер.
Осыны айтып Зеберше,
Мықтап тартып тартпасын,
Тәуекел деп Құдайға,

Сапарға бұрды ат басын.
Бір ердің жалғыз көдегі,
Патша Құдай сақтасын!
Ашық болды Зеберше,

Құлқанысқа қайғырып.
«Барсам,—деп,—қызға ертерек»
Бөлінді топтан айырылып.
Дұшпаннан зиян жетер деп,

Қайтпады серттен қаймығып.
Қия алмай қатар құрбысын,
Тоқтады және жай жүріп.
Тағы да айтқан өлеңі,

Артына қарап қайырылып:
Сіздерден білдім жалғыз кетерімді-ай,
Сау болсам Құлқанысқа жетерімді-ай!
Болып ек жастан жолдас, ажырастық,

Тұз-дәмді патша Құдай көтеріп-ай!
Үлкенді аға, кішіңді іні деуші ем,
Дариға-ай, бүгін білдім бөтеніңді-ай!
Бір туған бауыр болса өстер ме еді,

Ұрысып кектескенмен неше бір-ай!
Қуанар әркім жолдас табылғанда,
Жолдас табар ердің ері жаңылғанда.
Сөзімді бірің қабыл етпедіңдер,

Сіздерге жазып едім не қылғанда?!
Кешіңдер жақсы-жаман қатам болса,
Кетпесін арман іште сағынғанда!

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Осыны айтып Зеберше,
Атына қамшы басады.
Артынан ешкім ермеді,
Бір кезеңнен асады.

Зеберді кетпес деп еді,
Енді Кәміл сасады.
Нөкерлерін жиып ап,
Тез мәслихат жасады.

Ақыл айтып оларға,
Былай деп сөзді бастады:

—Жалғыз кетті жас бала,

Қайтпайтынға ұқсады.
Зеберге мен ерейін,
Салғанын Хақтың көрейін.
Шаһзададан айрылып,

Патшаға барып не дейін!
Бәрімізге әбүйір
Болар еді өте бір,
Сол қызды алып Зеберше,

Үстем қылса мерейін.
Қырық жігіт, маған рұқсат бер,
Соңынан мен де жетейін!
Тілектес болып тұрыңдар,

Ермедің сендер демейін.
Естеріңнен шығармай,
Сақтаңдар бірақ сөзімді.
Аузыңа бәрің ие боп,

Ұстаңдар бекем өзіңді.
Мұны білсе падиша,
Сағынған бізді кезінде,
«Ермепсің,—деп,—соңынан»

Бәріңнің ояр көзіңді.
Патша Құдай сақтаса,
Келерміз үш ай кезінде,
Сақтықпен істе ісіңді,

Қылмаңдар төмен түсіңді.
Сейіл қып жүр дегейсің,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Білмесін патша бұ сырды.
Әскер жиып аттанып,
Жердің жүзін ақтарып,
Қаһарланса падиша,

Көрсетер елге қысымды.
Ауызыңа ие бол,
Өлерсің найза ұшында.
Осылай Кәміл деп еді,

«Мақұл» деді нөкері.

—Сізден хабар болғанша,

Басқаға айтып нетелі!
Қол алысып қоштасып,
Шаһарға бұлар кетеді.
Кәлендерлік киімнен

Артына Кәміл бөктерді.
Бір тұлпарды жетелеп,
Зеберге қуып жетеді.
Қасына жақын келеді,

Келе сөйлей береді:

—Бұйрық берсең, біз түгіл,

Соңыңнан жұртың ереді.
Қысылған жерде жігіттің
Бір Құдай болсын көмегі!
Ел-жұртың мен атаңның

Күш-қуаты сен еді.
Алдына барып атаңның,
Алғаның рұқсат жөн еді.
Бір өзі түзден кетпес деп,

Ермегенім сол еді.
Не де болса өзің біл,
Ақылың терең мол еді.
Талап қылдың бір іске,

Тәуекел, енді жөнелі!
Сіздерменен қосылып,
Үш атаға келіп ем.
Жастайымнан патшаға

Ар-намысқа серік ем!

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұмытайын қандай ғып,
Көп жақсылық көріп ем.
Патшаны қайтіп көрейін,
Жіберіп жалғыз сені мен!

Бұл күнде атаң жау еді
Өтеншенің елімен.
Әуелде атаң құда боп,
Со қызды саған теліген.

Қауаспен де өштестік,
Таласқан қызға жөнінен.
Зерек екен Құлқаныс
Қатар-құрбы, теңінен.

Көруге сені келгені,
Күдерін үзбей өзіңнен.
Осылай еді баяны,
Ол қыздың келген сияғы.

Бұрын айтпай жүр едім,
Көңілге осы аяны.
Ишаратпен айтпаса,
Қыз сырын қайтіп жаяды.

Байқасам деген сырласып,
Сол шығар қыздың қиялы,
Әдейі іздеп келгені
Даңқымен ата баяғы.

Тәуекел, енді жөнейік,
Бір Құдайдан тілелік!
Еш адамға білдірмей,
Қыздың сырын білелік,

Өзіміз жатып аулақта,
Астыртын адам жіберіп.
Осылай деп екеуі,
Атының басын төгеді.

Ынтызары—Құлқаныс,
Күн-түн қатып жөнеді.
Аспанменен таласқан

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Неше күдер бел еді,
Бірнеше күн жол жүріп,
Көп бейнетті көреді.
Шаһар Құбыл қалаға

Бір күн жақын келеді.
Осы Кәміл уәзір
Ақылдың диқан кені еді.
«Шырағым Зебер, тыңла»,—деп,

Сондағы айтқан өлеңі:
Зебержан, сабыр қылып ақыл ойла,
Ел қалды қанша жерде, келдік қайда!
Иншалла, нәсіп болса, жолығармыз

Құлқаныс Өтен қызы осы жайда.
Әбүйір берсе Құдай, түсер қолға,
Жем болған бөденедей тұрымтайға.
Амалмен артын ойлап іс қылмасақ,

Жанашыр бізге адам жоқ бұл маңайда.
Ел кезіп, бір қыз үшін пенде болдық,
Жан едік шалқып жүрген кең сарайда.
Бір үйге саудагер боп біздер түсіп,

Қылалық тәуекелді бір Құдайға.
Сонда Зебердің айтқаны:

—Қамқорым, сүйенішім, жаным аға,

Қош көрдім айтқаныңды сенің, аға.
Бұл жерде не қылсаң да ерік өзіңде,
Ерікті сізге бердім сеніп, аға.
Жүргенде арып-ашып біз ғаріпті

Бастағай оң жолына Алла Тағала!
Қанысты тым болмаса бір көрсетші,
Көңілім осы күнде бітеу жара.
Осынша жау ішінде келдік қаңғып,

Болғай да біз ғаріпке Құдай пана!
Әр қалай сізде ерік, бізде сөз жоқ,
Ерікті сізге бердім сеніп, аға!

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Осы сөзді айтысып,
Шаһарға бұлар келеді,
Бұрын келіп көрмеген,
Бір шетіне енеді.

Сол уақта Зебердің
Дүрсілдеп кетті жүрегі,
Шаһардың халқы көп еді,
Күнде базар жер еді.

Әкелген аты сатылып,
Дайындалды керегі.
Бір үйге кешке келеді,
«Сөйлес!» деп дауыс береді.

Бір кемпір шықты далаға,
Аз күтіп сабыр қып еді.

—Түсіңдер,—деді,—шырағым,

—Қонақпыз, шеше!—деп еді.

Сөздерін кемпір ұғады,
Мейман қылды бұларды.

—Жүрсіңдер қайдан, балам?—деп,

Мәні-жайын сұрады.

—Келдік,—деп,—Әппақ елінен,

Саудагерлік жөнімен.
Осылай деп жай ғана
Сонда Кәміл жай бәзір
Кемпірге баян қылады.

Еркін жатып дем алып,
Сахармен ерте тұрады.
Кәміл айтты:—Жан шеше-ау,
Бір сұрауым бар, шеше!

Құлқаныс қыздың ордасы
Қайсы шенде болады?
Кемпір айтты:—Шырағым,
Не үшін оны сұрадың?

Қандай ісің бар еді,
Ордасы жақын шамалы.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Кәміл айтты:—Жан шеше,
Сөзіме құлақ сал, шеше.
Бір әжетті шығарып,
Құлқанысқа бар, шеше!

Алты тіллә берейін,
Оны өзің ал, шеше.
Көп кешігіп жүрмеңіз,
Жауабын алып қайтып кел.

Әр қилы асыл бұйым бар,
Аламын десе айтып кел.
Әппақшаның елінен
Келді де екі саудагер.

Ерттеп жатыр аттарын,
Асығыс деп хабар бер.
Сонда кемпір қуанды,
Алты тіллә пұл алды.

Ордаға қарай жөнелді,
Қалдырып үйде бұларды.
Жүгіре басып жөнеді,
Ордаға жетіп келеді.

Анадайдан кемпірді
Қыздардың көзі көреді.
Кемпірге қыздар қарады,
Жауапқа алды маманы.

Қалжыңдап қыздар күледі,

—Құлпыруын қара!– деп,–

Көргендей жортпаш баланы.
Кемпір айтты:—Қыздарым,
Ентіктім шаршап шамалы.
Саудагердің сәлемін

Келіп ем баяндағалы.
Әкелген екен саудагер
Торғын мен мақпал, алтын зер,
Сұрап едім, нәсілі –

Әппақшаның адамы.
Қамқа мен зер—кигені,
Алтыннан қару-жарағы,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тазадан өңкей киімі,
Патша мен ханның қалауы,
Сымбалдап атқа артқаны
Өңкей қымбат бағалы.

Бөлекше жұрттан түрлері,
Көрмедім ондай пендені.
Саудасы бар ма қыздардың,
Хабар бергін деп еді.

Патша мен бектер болмаса,
Басқаның әлі келмейді.
Өмірімше көрмеп ем,
Көрнекті екен түрлері.

Алтын мен жақұт, асыл тек,
Дүрі, гауһар, меруерт,
Сипаттау қиын сөзбенен,
Өзің барып көр,—деді.

Жылдам бар—деді,—кешікпей,
Жүргелі атын ерледі.
Асығып жылдам барсын деп,
Тағы да кемпір сөйледі:

—Гауһар шамнан орнатқан

Алтын мен күміс білезік.
Лағыл-жақұт көздері
Сақина мен көп жүзік.
Бағасы да арзан,

Тұрған жоқ сарттай сіресіп.
Керегіңді, Құлқаныс,
Алып қал сатып үлесіп.
Тез асығып бармасаң,

Менсінбей затын жүргенсіп,
Кетеді жүріп саудагер,
Бармасаң маған ілесіп.
Осылай кемпір деп еді,

Құлқаныс пәлен демеді.
Сиясатпен бұйырып,
Нөкеріне сөйледі:

—Намыс болды кемпірдің

Үстімді басып келгені.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Жамандардың осындай
Болдық па, қыздар, ермегі.
Дарбазаның аузына
Бекітіп, байлап кел,—деді,

Таң атқанша босатпа,
Өлігін өлсе көм,—деді,
Қоя берсек зиянсыз,
Күлкі қылар ел,—деді.

Бұйрықты қыздар ұғады,
Орнынан бәрі тұрады.
Ерігіп тұрған қырық қыз
Кемпірді тұра қуады.

Қыздар қуды жүгіріп,
Жөнелді кемпір түрініп,
Есі-түсі қалмады,
Жанынан кемпір түңіліп.

Түсіп кетті дамбалы,
Әбүйірі көрініп.
Киюге қайта шама жоқ,
Құлады кемпір сүрініп.

Есінен кемпір танған соң,
Таңқайып көті қалған соң,
Баруға қыздар ұялып,
Тоқтады кейін шегініп.

Кейігенсіп Құлқаныс,
Шошыды жаны түршігіп.
Тыпырлап құлап жатқанда,
Көйлек те кетті жыртылып.

Шегініп қыздар қалғанда,
Жөнелді кемпір ыршынып.
«Ал, ұста» деп қырық қыз,
Тағы да түсті соңына.

Сасқаннан кемпір көйлегін
Жұлып алды қолына,
Әбүйірін басуға
Пана қылды оны да.

Таңданды қыздар кемпірдің

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұятының жоғына,
Шапақтап кетіп барады
Қолымен екі қоңына.
Ұялғаннан қырық қыз

Қуғанды қойды соңында.
Қашып шықты сытылып,
Қала жаздап тұтылып.
Қатты қуды кемпірді,

Еріккен қыздар құтырып.
Әрең жетті үйіне,
Ентігіп зорға жұтынып.
Киімін әлі киген жоқ,

Алғандай біреу сыпырып.
Есі шығып кетіпті,
Қарайып өңі түтігіп.
Әрең жетті үйіне,

Өліп-талып құтылып,
Аузынан көбік шашылып,
Әбүйірі ашылып.

—Жаман екен қу қыздар,

Қорлады,—деді,—басынып.
Зебер мен айтты Кәмілге:

—Барып келдім қыздарға,

Көкпар бола жаздадым,
Құтырған өңкей қу қарға!
Мас болған өңкей шұнақ қар,
Айтқанымды тыңлар ма!

Айтып едім, ұмтылды.
«Саудагерің қайда?»—деп,
Бұйрық берді Құлқаныс:
«Қарамаңдар жайға»,—деп,

Дарбазаның аузына
Ұрып-соғып байла,—деп.
Байлаулы жатсын түнімен,
Сырыңды халыққа жайма,—деп.

Таң атқан соң кемпірді
Ордаға қарай айда,—деп.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Тұра қашып замғадым,
Түршікті қорқып жандарым.
Дос адамнан біреу жоқ,
Қарасам, дұшпан жан-жағым.

Пәрменімше жүгіріп,
Түсіп кетті дамбалым.
Келмеді шамам жиюға,
«Өлдім ғой» деп ойладым.

Аяғыма оралып,
Етпетімнен құладым.
Ары-бері тырмысып,
Тұрайын деп қамдандым.

Домалап жүріп байқадым
Көйлектің боршаланғанын,
Ауыр көрдім денемде
Көйлектің де салмағын.

Жеңілденіп қашуға
Оны да қолға алғаным.
Киімі құрсын, құдайы,
Айтсаңшы жанның қалғанын!

Мас болған өңшең шұнақ қар,
Ай-шайыңа қарамас.
Қыздардың түссем қолына,
Айырып ешкім ала алмас!

Тәтті екен қу жан бәрінен,
Құтылдым қашып жалаңаш!
Жан қысылған кезінде
Ойыма түсті әрнеме.

Өліп қала жаздадым,
Екінші оған бар деме.
Бір мүсәпір кісімін,
Қыздарға мені теңеме!

Оларды алма аузыңа,
Барайын айтсаң өңгеңе.
Кемпірдің сөзін есітіп,
Зеберше қатты тарықты.

Айласын қыздың есітіп,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қуанып Кәміл қалыпты.
«Бүгінше мейман болсақ»,—деп,
Кемпірге қолқа салыпты.
Кемпір айтты:—Шырағым,

Қайт болмасын сұрағың.
Желіккен қыздар сезбесін,
Даусыңды пәсең шығарғын.
Тас жарады—үкімі

Құтырған шұнақ қу қардың.
Зеберше қалды аңырып,
Ақылынан жаңылып.
Кемпірден мұны есітіп,

Келгеніне налынып.
Алдаған екен Құлқаныс,
Келіппіз босқа сабылып.
Болармыз күлкі деп,

Бір жаман ат тағылып.
Кәмілге қарап айтқаны,
Қайтсақ деп елге жалынып.

—Қыздардан қорқып қашып мама келді,

Пейілі Құлқаныстың жаман келді.
Тұрмайық енді мұнда, Кәміл аға,
Бір қиял қайтсақ деген маған келді.
Сонда Кәмілдің айтқаны:

—Бересің не сүйінші, Зебер, маған?

Ақылмен данышпан қыз хабарлаған.
Кемпірді дарбазаға байла депті,
Ақылмен түсінер деп шаһизадам.
Қарағым, ел жатқан соң сонда барғын,

Айтқаным келмейді деп болма алаң!
Айтқаны дарбазаны ишарат қып,
Нөкерім сезбесін деп амалдаған.
Алдында дарбазаның күтіп тұрсаң,

Құлқаныс жолығады шығып саған!

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Кәміл дана Зебердің
Осылай деп көңілін жуатты.
Ас-су ішіп ел жатты,
Уәденің болды уақыты.

Енді Зебер жөнелді,
Кәмілден сұрап жауапты.
Кемпір де ұйықтап қап еді,
Білмеді ешкім бұ кәпті.

Іс бітпей күрделі,
Жатса да ұйқы келмеді.
Құлқаныстың ордасын
Туралап Зебер жөнеді.

Кемпірден сұрап сыртынан,
Бұрыннан көрген жер еді,
Дарбазаның аузына
Жасырынып келеді.

Қыбырлаған еш жан жоқ,
Шеніне һешкім келмеді.
Ары-бері отырды,
Болмады қыздың дерегі.

Қисайып енді Зебердің
Көздерін ұйқы жеңеді.
Ұйықтап кетті бейхабар,
Балалығы көп еді.

Ұйықтап жатыр Зеберше,
Құлқаныс тұрып кеп еді.
«Әзілменен оятсам,
Әлде деп қандай көреді.

Тимейін өзі тұрмаса,
Мінезі қандай неме еді».
Көпке дейін ойланып,
Қиялын осы ой жеңеді.

Оянар деп үміт қып,
Күдерін үзген жоқ еді.
Таңға жақын боп қалды,
Жарым түнде кеп еді.

Шыдатпады ашықтық,
Сыр бермейін деп еді.
Жан-жағына жалтақтап,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Үстіне жақын төнеді.
Зебершенің бетінен
Үш қайтара өбеді.
Құлқаныстың сүйгенін

Шақты ма маса демеді.
Қапа болып Қаныстың
Сондағы айтқан өлеңі:

—Жаманға ұйқы—жолдас, тамақ—тамыр,

Көріп ем бір көргеннен сізді тәуір.
Сәулетін сыпайының түзде көр деп,
Шынымен болғаның ба бір оңбағыр!
Деуші еді «адамзатқа ұйқы—дұшпан»,

Сүйгенім, кеттің бе екен жаңылып бір.
«Жазық жоқ жаңылғанда» деген сөз бар,
Талайлар асығыстан тартқан зәбір.
Көрейін не де болса сабыр қылып,

Ақиқат шыққанынша бір терең сыр.
Арбамен асықпаған қоян алар,
Құдайдың мың бір аты, бірі—сабыр.
Жаманға ұйқы жолдас басқадан да,

Ақылы өз басынан аспағанға.
Ойланбай қылған істің түбі ойран,
Сары алтын—сабыр түбі саспағанға.
Әр істің артын ойлап байқа,—депті,

Асыққан бақ-дәулетін шайқар,—депті.
Бірінші—пәтуалы кітаптарда –
Бастайды асығысты шайтан,—депті.
Ұстаған екі кеме суға кетер,

Көңілді әр тарапқа қойсаң,—депті.
Осыны айтып Құлқаныс
Жайына қайтып жөнеді.
Балалығың бар екен,

Әттеген-ай дер еді.
Еш адам мұны сезбеді,
Қыз жайына келеді.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Денесі мұздап Зебердің
Бір кезде басын көтерді.
Жан-жағына қарады,
Қасында ешкім жоқ еді.

Асығып қайтып жөнеді,
Таңға жақын кезі еді.
Ашуы келіп Зебердің
Кәмілге айтқан сөзі еді:

—Бекер екен, жан көке,

Кешегі айтқан тілдерің.
Айтқаныңды істедім,
Һеш нәрсені білмедім.
Орынсыз жұмсап аранға,

Өлтіргелі жүр ме едің!
Қыз түгіл, онда шайтан жоқ,
Бәрін де тінттім іргенің.
Жаурадым өте қалтырап,

Есімнен шықпас түндегім!
Бізге де қылар Құлқаныс
Кемпірге істеп жүргенін.
Дарбазаны баққандай,

Бар ма еді жазам бір менің!
Ашық боп едім әуелде
Көрген соң қыздың түрлерін,
Мекерлікпен жүр екен,

Байқадым қыздың бұл жерін.
Алдаған екен Құлқаныс,
Сөзіне енді кірмегін.
Есігін қыздың бақпайық,

Қор болып күтіп жатпайық,
Қайтайық енді, жан аға,
Берсе де қызын дүниенің.
Кәміл айтты:—Шырағым,

Бір атадан сыңарсың.
Сол қызға өте құмарсың,
Баланың ісін қыларсың.
Құлқаныс саған келгенде,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұйықтап қалған шығарсың.
Бүгін тағы қоналық,
Қош көріп кемпір құп алса,
Жалынып қызға жұмсалық,

Егер де кемпір тіл алса!
Қанша да болса берейік,
Баратын болып пұл алса.
Алдамайды Құлқаныс,

Арада кемпір жүре алса.
Ол қыздай ешкім болмайды,
Басқаға көңілім толмайды,
Өкініші жоқ еңбектің,

Есесін Құдай шығарса!
Ойына түсіп қылығы,
Білдірмей Зебер жылады.
Ашықтығы тағы бар,

Есітті және мынаны.
Һеш нәрседен белгі жоқ,
Көңілі қашан тынады?!
Ойланып бұлар жатқанда

Намаздың болды уағы.
Асығып Кәміл киініп,
Орынынан тұрады.
Неше түрлі дәм беріп,

Сыйлайды кемпір бұларды.
«Арызым бар, шеше»,—деп,
«Ырзамыз сізге өте»,—деп,
Ат үстінде отырып,

Сөз басын Кәміл шығарды.

—Нәсіп айдап бұл жерге,

Келіп едік алыстан.
Ойда жоқ жерде кездесіп,
Жолымыз осы танысқан.
Артық болды қызметің

Құда-жегжат, таныстан.
Артықша болды мұныңыз,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Үлкен болсын ұлыңыз!
Қолыңыздан жамғарып,
Қайырды бүтін қылыңыз!
Ісіміз сізсіз бітпейді,

Ақиқат осы шынымыз.
Дүниеде түгіл, пайдалы
Ақыретке мұныңыз.
Әр түрлі асыл бұйымнан

Келіп ек артып мұны біз.
Құлқанысқа біз үшін
Және бір барып келіңіз!
Келмесе айтар бір жауап,

Есітелік соны біз.
Ұқсамайды жаманға
Қарағанға түріңіз.
Хақ Мұстафа пайғамбар

Әлиге айтқан сөзі бар,
Бес-алты ауыз айтайын,
Ойланып пайым қылыңыз.
Отырып бір күн айтып өсиетті,

Әлиге Расул Алла былай депті:

—Ізетпен құрмет қылып атын байлап,

Тоқтаусыз мейман келсе, қондыр,—депті.
Азардан әр уақта Тәңірім безер,
Мейманның мұддағасын қылғын,—депті.
Орындап қолдан келсе айтқандарын,

Қайым боп қызметінде тұрғын,—депті.
Болғанға мейман ырза, Құдай ырза,
Аянбай қызметінде жүргін,—депті.
Мейманның қызметінде бір күн тұру –

Тең болар ибадатпен мың күн,—депті.
Дәм айдап үйіңізге болдық қонақ,
Әзелден нәсіп екен мейман болмақ.
Келтіріп айтқан сөзді орынына,

Әр түрлі беріп тұрсыз тәтті тамақ.
Ыбыраһым пайғамбардан қалған мирас –
Мейманның не десе де тілін алмақ.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Он екі қызыл тіллә пұл берейін,
Жан шеше, көңілім үшін алғын санап.
«Саудагер атқа мінді, жүреді»,—деп,
Ол жерден айғайлап айт қашығырақ.

Өзіне Құлқаныстың есіттіріп,
Қайтадан жүре бергін бермен қарап.
Сөздерін Құлқаныстың анық тыңлап,
Бұйырса айтып келгін бізге бірақ.

«Бұл жерге бір кеткен соң қайтып келмес,
Бар,—деңіз,—інжу айна, гауһар тарақ».
Қашқан соң өзің қорқып, қуалайды,
Еш нәрсе оныменен қыла алмайды.

Көңлінің Құлқаныстың шаттығы үшін
Қырық қыз оған қарсы тұра алмайды.
Қуып жүр тамашаға ермек үшін,
Бейжауап падишадан ұра алмайды.

Күнәңіз қыздар қуса төгіледі,
Һеш нәрсең оныменен қурамайды.
Осылай деп ер Кәміл,
Шаттандырды маманы.

Сонда кемпір нанады,
Он екі тіллә алады.
Жүгіре басып жөнеді,
Сарайға жетіп барады.

«Бөтен адам жоқ па?»—деп,
Жан-жағына қарады.
Дауысын пәсең шығарып,
Былайша жауап қылады:

—Біздің үйде саудагер

Жүрейін деп қамданды.
Қымбат баға артып жүр,
Патшаға лайық малдары.
Көріп қалғын, Құлқаныс,

Кеткен соң қылма арманды.
Өмірімде көрмеп ем
Меруерт, таза маржанды.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Алтыннан екен инесі,
Жақұттан екен түймесі.
Бір қоржынның ішінде
Мемлекеттің дүниесі.

Қымбат баға гауһары,
Көргеннің болмас сүймесі.
Әкелген заты өте көп,
Болмаса да түйесі.

Тас моншақты таққанша,
Күмісті саудырлатқанша,
Дәулетінде әкеңнің
Гауһар мен жақұт тақсаңшы!

Гауһардан қылған тарақ бар,
Алмасаң да қарап қал!
Лағыл, жақұт көздері
Алтын мен күміс шолпылар,

Гауһар шамнан орнатқан
Әр түрлі сәнді сырғалар,
Гауһар кесе, інжу айна,
Жақұт қасық тағы бар!

Дүниеде жоқ заттардың
Олардан бәрі табылар!
Бір қоржынның ішінде
Мемлекеттің малы бар.

Жылдам барып, Құлқаныс,
Керегіңді алып қал!
Тез асығып бармасаң,
Кетеді жүріп саудагер!

Мейманым жүдә асығыс,
Ертерек, қыздар, хабар сал! –
Осылай кемпір деп еді,
Құлқаныс бұған ермеді.

Ашуланып айқайлап,
Қыздарға бұйрық берді енді:

—Мұндай кемпір көрмедім,

Осынша жасқа келгелі!
Күн сайын тынбай келеді,
Болдық па біздер ермегі?!

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жай айтқанды білмейді,
Жүрмесе келіп өлгелі.
Бағы майдан ішінде
Бір зор райхан бар,—деді.

Түбіне соның апарып,
Кемпірді таңып кел!—деді.
Көрсетіңдер кемпірге
Өлімнен бергі өңгені.

Таңулы тұрсын түнімен,
Үйренсін әдеп-жөндерді.
Ыбырат алсын осыдан,
Әдепсіз болса шендегі.

Тірі қалса келмесін,
Бұл жерді қайтып көргелі!
Қырық қыз сонда жүгірді,
Жанынан кемпір түңілді.

Буындары бұлтылдап,
Бастады кемпір қимылды.
Жөнелді кемпір ағылып,
Қыздар да қуды жабылып,

Бір кезде кемпір жығылды,
Аяғы тасқа қағылып.
Домалап кетті жығылып,
Кеп қалды қыздар жүгіріп.

«Ұстаңдар!» деп айқайлап,
Құлқаныс тұрды бұйырып.
Тулады кемпір секіріп,
Аузынан көбік көпіріп.

«Қолына түссем қыздардың,
Тастайды-ау,—деп,—өлтіріп».
Қалмады үрей кемпірде,
Көрмегенге өтірік.

Көйлек пенен дамбалын
Қолына алды шешініп.
Түрін көріп кемпірдің,
Ұстауға қыздар батпады.

Қандай шырын шыбын жан,
Кемпір де қарап жатпады!

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Қарғып тұрып орнынан,
Жүгіріп жылдам аттады.
Жауырыны құрысып,
Борбайлары тырысып,

Топталып қыздар қалғанда,
Жөнеді кемпір жылысып,
Құтылып кетті мамаңыз,
Қыздар да қалды күлісіп.

Енді кемпір жөнеді,
Үйіне жетіп келеді.
Киімдерін киеді,
Келе сөйлей береді.

Зебер мен Кәміл жолығып:

—Не болды, шеше?—деп еді,

—Кездесіп өңкей жойқанға,

Жолықтым үлкен сойқанға,
Айтқаныңды айтып ем
Құтырған өңкей шайтанға.
Ашуланса хан қызы,

Айтқанынан қайтар ма?!
Бұйрық берді Құлқаныс
Қияңқы өңкей байталға.
«Бар ғой,—деп,—үлкен райхан,

Кәдімгі бағы майданда.
Кемпірді соған байлаңдар,
Апарып бағы майданға.
Жеткенше ұрып, сабаңдар,

Келмесін тілі ойбайға!
Су құйыңдар үстіне,
Өледі деп ойланба!
Көрмесін,—деді,—басқа адам,

Түнімен тұрсын байлауда!»
Есітіп жаным шошынып,
Әр нәрсе түсті ойларға.
Мастардың өңкей үстіне

Мені Құдай айдар ма!
Еріккен қыздар өлтірмей,
Қолына түссем ойнар ма?!

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қыздардың естіп дүбірін,
Ентігіп қаша жүгірдім!
Аяғым тасқа қағылып,
Үш домалап жығылдым.

«Ұстайды-ау қыздар енді», деп,
Шыбын жаннан түңілдім.
Оңай ма қолдан жан беру,
Шешіппін бәрін киімнің.

Білмеймін сонда өзім де,
Болғанын қандай түрімнің.
Құтылыппын, әйтеуір,
Үйге келіп киіндім.

Сіздер үшін, жан қонақ,
Бәлеге сондай іліндім.
Есімнен кетпес белгісі
Қыздардан алған сыйымның.

Сөзіңе енді ермеймін,
Құлқанысты көрмеймін!
Күміс түгіл, алтынмен
Берсең де мыңын сайрдың.

Кәміл айтты:—Жан шеше,
Жақсының тиер пайдасы.
Қорқытқалы өзіңді,
Қыздардың қылған айласы.

Шындап қуса сүйте ме,
Ақылмен өзің ойлашы!
Барсаң қашып келесің,
Қуғанын қыздар қоймайды.

Бар шығар, мүмкін олардың
Сұрайтын ісі ойдағы.
Қашып жүрген шығарсыз,
Жанасса жауап алғалы.

Одан зиян көрмейсіз,
Таппасаң қайта пайданы!
Екі рет бардың осымен,
Келесіз өңкей шошумен.

Шынымен қыздар өшіксе,
Кәнеки, жұртқа жайғаны!

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Балаларша ойлайсыз
Болмайтын істі қайдағы!
Көрсетші бізге, жан шеше,
Қай жерде бағы майданы?

Шошыпты жаман жаныңыз,
Кетіпті ұят-арыңыз,
Жақсы-жаман болса да,
Бір көрерміз бәріміз!

Сұрайтын сізден сөзім бар,
Құлағыңды салыңыз!
Қай жерде бағы майданы,
Бізді ертіп барыңыз.

Сыртынан бізге нұсқаңыз,
Шаппаса егер тәбіңіз.
Сонда кемпір ұнады,
Екеуін ертіп шығады.

«Анау тұр бағы майдан», деп,
Қолымен ым қылады.
Кемпір қайтты үйіне,
Қалдырып сонда бұларды.

Бағы майдан қасына
Жақындап бұлар келді енді.
«Ұмытпа,– деп,—қарағым!»
Зеберге Кәміл сөйлейді:

—Анау тұрған қызыл гүл,

Райхан деген сол,—дейді.
Анықтап, байқап белгілеп,
Адаспайтын бол,—дейді.
Ел жата келіп түбіне,

Ұйықтамай күтіп тұр,—дейді.
Артықша екен өнері,
Құлқаныс анық келеді.
Қасыңа өзі келгенше,

Сөйлесіп дидар көргенше,
Уәдесін анық бергенше,
Ұмытқын ұйқы дегенді!
«Мақұл!» деді Зеберше,

Осылай Кәміл деп еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кемпірдің келді үйіне,
Демалып, ауқат жегелі.
Ел жатар уақыт болғанда
Зеберше тағы жөнеді,

Зеберше келді бір өзі
Бағы майдан ішіне.
Көрген жерге орнықты,
Көрінбей ешбір кісіге.

Қарамайды ашықтық
Үлкен менен кішіге.
Қалағаны Құлқаныс,
Басқаменен ісі не?!

Қарайғанның бәріне
Қарайды «қыз» деп тесіле.
Зебершенің бір кезде
Бұл қиял келді есіне.

«Қарап-ақ кеше безіп ем,
Кемпірге қылған ісіне.
Құлқаныс мұнда келмейді,
Кірмесе егер түсіме.

Таңға жақын боп қалды,
Отырмын енді несіне?!
Телміргенмен болмайды,
Қылмаса Құдай несібе!

Барғанмен әзір Кәмілге,
Көрмес-ті мақұл мұнымды.
Қорқақ екен дегізіп,
Алдырмайын сырымды.

Таңға жақын барармын,
Алайын біраз тынымды».
Осыны айтып Зебердің
Ұйқыға көзі ілінді.

Түн жарымы кезінде
Құлқаныс тұрды орнынан.
Тұрмаған бұрын себебі –
Нөкерінен қорынған.

Қорықпағанмен ойлады
Ерер деп өсек соңымнан.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Бағы майданға жөнеді,
Ешкімді ертпей соңынан.
Айтқан жерге келеді,
Келтір деп істі оңынан!

Түбіне райхан келеді,
Зебершені көреді.
Ұйықтап жатыр сүйгені,
Еш нәрсені сезбейді.

Оятуға жұлмалап,
Тағы да жөні келмеді.
Құлқаныстың өлеңмен
Сондағы айтқан тілі еді:

—Қалыпсың тағы да ұйықтап не қылайын,

Осы ма, Зебер шырақ, әлі-жайың.
Әр түрлі адам ұлы қиял ойлар,
Басына дәулет пен бақ қонған сайын.
Болады адамдықтың бір белгісі,

Тақ тұрып уәдеге болса дайын!
Туылған қаршығадан тұйғын деп ем,
Болдың ба сен де осындай, қалқатайым!
Ұйқымен есті кісі қас болады,

Шыдайды бір күн түгіл, әр түн сайын.
Мәртебе жақсыменен бір күн түнеу,
Жаманмен жүргеніңше мың күн дайым.
Сүйгенім, өз білгенің осы болса,

Ұйқыңды мен де бөліп қозғамайын!
Бейғамның жан жолдасы—ұйқы, тамақ,
Болмайды көңілінде басқа талап.
Деген бар «жаман достан зерек дұшпан»,

Болмайды жамандарды еске санап.
Баласы қазанаттың жабы туып,
Көңілім болар ма екен алап-жалап.
Масқара екі мәрте болып қайттым,

Келгенде тұрмаған соң алдымды орап!
Бұл болса бейшараның әлі-жайы,
Келіп жүр нағып іздеп далбасалап!

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұйқысы неткен мырза ашылмаған,
Балалық, еркелігі басылмаған.
«Сабырсыз,—Расул Алла,—шайтан» депті.
Әр істі бір нәубеттен асырмаған.

Бұл істі Алла білсін, мен білейін,
Іс еді әшкере боп шашылмаған.
Шеніне сыпайының келіспейді,
Әрқалай дос айыбын жасырмаған.

Бәйгеден суымаған ат келмейді,
Бапталып тұлпар едің қосылмаған.
Мырзаға бүгін тағы білінбейін,
Ояуда өзі душар болсын маған.

Қайыр қош, осыменен екі келдім,
Ойыңа бір алмастай нетіп едім?!
Сағынып келгенімде ұйықтап қапсың,
Азғана сол жеріңе өкінемін!

Жолыңда өз басымды берсем деп ем,
Таймауға айтқан серттен бекінемін.
Өзіңді әдейі арнап іздеп барып,
Бой тастап «келер-ау» деп кетіп едім.

Өмірін Зебершемнің ұзақ қыл деп,
Құдайдан ертеңгі-кеш өтінемін.
Ойымнан келер деген тура шығып,
Ер болып, уәдеге де жетіп едің.

Шақырсам қаршыға деп қарға шығып,
Қолыма қона алмастай нетіп едім?!
Үзбейін күдерімді бір сөйлетпей,
Тайғаны судан ұят шешінгеннің.

Осылай деп Құлқаныс,
Бұзылды көңілі қамығып,
Қапа болып тарығып,
Жылады өте налынып.

—Зебержан,—деді Құлқаныс,

Жұбайым едің теліген.
Даңқыңды естіп аттанып,
Іздеп барып көріп ем.
Ашық боп ем өзіңе

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Көрген жерден сені мен.
Шамалап ем артық деп,
Қатар-құрбы, теңінен.
Риза боп ем және де

Іздеп келген жөніңнен.
Екі мәрте жолығып,
Отырдым күтіп түнімен.
Ұйқы дұшпан кесір ғып,

Татпадым шекер тіліңнен!
Қиын екен ашықтық,
Жабығып көңлім бүлінген.
Жатырмысың сынауға,

Болмаса ұйықтап шынымен.
Құтыламын қандай ғып,
Қайғылы осы күнімнен.
Ашықтық ісі қиын-ды,

Әркімді қылар есірік!
Қапа болды Құлқаныс,
Сөйлесе алмай шешіліп!
Оянбайтын көрінді,

Отырғанмен кешігіп.
«Өтемін бе, дүние-ай,—деп,
Сүре алмай дәурен қосылып!»
Қайтып кетті лажсыз,

Ары-бері отырып.
Біраздан соң керіліп,
Зеберше басын көтерді.
Жан-жағына қарады,

Көрмеді басқа бөтенді.
Ұрыларша қаймығып,
Шығармай даусын жөтелді.
«Кәміл мені алдапты,

Келмегі қыздың бекер-ді!»
Деді де тұра жөнеді,
Жайына қайтып келеді.
Таң білінген кезі еді,

Ашуы қатты кеп еді,
Құлқанысты көрмеді,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Екі мәрте түнеді.
Жетіп келді Кәмілге,
Сондағы айтқан сөзі еді:

—Шошыдым сенен, Кәмілім,

Кім білер Хақтың әмірін!
Қызметіңде атамның
Өтіп еді өмірің.
Өлтіріп құнымды алмаққа

Ауған екен көңілің.
Өлімге қайтіп қиясың
Әппақтың жалғыз құлынын.
Екі түн ұйқы көрмедім,

Кетпесе көзім ілініп.
Өлтіртпей патша қояр ма,
Біреуге қалсам білініп.
Бағы майдан бұрышының

Қарадым бәрін түрініп.
Қыз түгіл, онда шайтан жоқ,
Жүріппін босқа бүлініп!
Достығыңды көре алмай,

Сізден де қалдым түңіліп!
Кәміл айтты:—Саспағын,
Сабыр қылғын, арыстаным!
Өмірімді өткіздім

Қызметінде патшаның.
Өзіңнен кінә болған-ды,
Ұйықтап қалып, данышпаным.
Не деп айттың бұ сөзді,

Жолыңа құрбан бастарым.
Өтірік айтар қыз емес,
Мінезін сынап ашқамын.
Тағы да жауап алайын,

Өзім ертіп барайын.
Құлқаныс егер келмесе,
Өлтіріп мені тастағын.
Ерегісте ер өлер,

Ойлайды жаман бас қамын.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Ақылыңды тауыспа,
Сөзіне еріп басқаның.
Өнерліден құтылмас
Құсы да ұшқан аспанның.

Әбүйірмен қайталық,
Бір істі өзің бастадың.
Бұл істің өзі сын болды
Данышпан Кәміл данаға.

Жолыққанша Құлқаныс
Пәруана болды арада,
Басшы болды достық қып,
Жол көрмеген балаға.

Жақсының тиер пайдасы,
Жаманнан көмек бола ма!
Қыздан жауап алуды
Ойлады Кәміл және де.

Кәмілдің сонда айтқаны
Ертемен тұрып мамаға:

—Құлақ сап, шеше, тыңдаңыз,

Сөзімді айып қылмаңыз!
Үлкен де болсаң, көп көрдік
Қызметіңді, ырзамыз.
Нәсіп айдап кеп қалдық,

Келмеуші едік жылда біз.
Сізге айтар зарымыз –
Құлқанысқа барыңыз!
Менің айтқан сөзімді

Құлағына салыңыз.
Көңлімізді қайтармай,
Және бір олжа алыңыз.
Он алты тіллә берейін,

Пұл алдың, сірә, демейін.
Шаттанып мейман аттанса,
О да сенің мерейің!
Сонша жерден келген соң,

Патшаның қызын көрейін.
Сауда-саттық іс болса,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ақыңды тағы жемейін!
«Саудагерлер жүрді»,—де,
«Атына әзір мінді»,—де,
«Арманда боп қаласың,

Заттары көп түрлі»,—де.
Кемпір айтты:—Барайын,
Қорлықтың көрдім талайын.
Бейнетсіз қайда рахат,

Тілләңізді алайын.
Сақтанып тұрып қыздарға
Алыстан айқай салайын.
Осылай деп кемпір көнеді,

«Барайын, мақұл» деп еді.
Он алты қызыл тілләні
Кемпірге Кәміл береді.
Қандай ыстық дүние,

Бүкшеңдеп кемпір жөнеді.
Әне-міне дегенше,
Сарайға жетіп келеді.
Шамалы жерге жақындап,

Құлқанысты көреді.
Баруға тура бата алмай,
Айқай сала береді:

—Саудагерлер аттанып,

Жүруге әзір кезенді.
«Саудасы бар ма қыздардың,
Хабарын бергін»,—деп еді.
Табылады олардан

Адамзаттың керегі.
Бармасаң құр қаласың,
Асыл бұйым көп еді.
Саудагерім табады,

Қаласа нені көңіліңіз.
Жақұттан қабын ойыпты,
Алтыннан істеп шаңқобыз,
Гауһарға қиып саптаған.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Алмастан істеп кесте біз,
Інжу, гауһар, меруерттен,
Моншақтан түйме неше жүз.
Қандай шебер істеген,

Тамаша өте, көрсеңіз!
Иіс сабын, әтірін
Мақтауға жетпес айтып сөз.
Басқа да бұйым өте көп,

Атауға аты белгісіз.
Арманда қалма, Құлқаныс,
Көріп қал, жылдам барып тез!
Осы сөзді айтты да,

Сақтанды кемпір тезіне.
Ашуланды Құлқаныс
Кемпірдің айтқан сөзіне.
Нөкеріне бұйырды:

—Көрсет,—деп,—жанын көзіне!

Осыменен үш келді,
Обалы енді өзіне!
Ұстаңдар қоймай қамалап,
Аямай жасын бағалап.

Тандырыңдар есінен,
Таяқпен ұрып сабалап.
Келеке-мазақ қылатын
Кім деп жүр бізді шамалап.

Халыққа теріс болмаймыз,
Өлтірсек те жазалап.
Жасының қайтқан кезінде
Айдаған оны қай азап?!

Несін алған жеңгелік,
Жүрген ғой айдап ажалы-ақ!
Тыңламаңдар қашқанын,
Қылса да кемпір бас қамын!

Қуыршақ деп ойлай ма
Жалғыз қызын патшаның.
Ұрып-соғып апарып,
Ішіне майдан бақшаның,

Жағасына хауыздың

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бекітіп байлап тастағын!
Тірі қалса көрейік,
Бұл жерді қайтып басқанын.
Сонда қырық қыз ұмтылды,

Бүкшеңдеп кемпір сытылды.
Қашып кетіп барады,
Бұлтаңдап екі мықыны.
Пәрменінше жүгіріп,

Мамаңның таңы жыртылды.
Алыстан қашып бұ жолы
Құтылып кеткен сықылды.
Қашып келіп Кәмілге

Кемпірдің айтқан кеңесі:

—Түрі жаман қыздардың,

Енді барғын демеші!
Күніге болып зор талап,
Өзім де болдым өлесі.
Қош келіпсіз, мейманым,

Бергенім жауап: жөнеші!
Құдай деген кәріп ем,
Құлқанысқа барып ем,
Сіздің айтқан сөзіңді,

Құлағына салып ем.
Құлқаныс қатты кейіді,
Шошыдым өте кәрінен.
Бұйрық берді қыздарға:

«Талдыр,—деп,—ұрып әлінен,
Бақ майданда хауызға,
Қойыңдар байлап түнімен.
Терісін ертең ал,– деді,

Тірідей тұрған жерінен».
Шошыды жаным түршігіп,
Өлдім деп енді шынымен.
Қырық қыз қуды жабылып,

Жөнелдім мен де ағылып,
Ажалымның жоғынан
Сытылып шықтым мен әрең.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Кәміл айтты:—Жан мама,
Бұ сөзіңе наналық,
Біз үшін тарттың көп бейнет,
Кетпейміз сізді нала қып.

Егер де мақұл көрсеңіз,
Бүгінше мейман болалық.
Құлқанысқа барғын деп,
Аузымызға алмалық.

Кемпір айтты:—Әйтеуір,
Сақтады Құдай саламат.
Жасымның қайтқан кезінде
Есіткен жұрттан жүдә ұят.

Құлқанысқа барғын деп,
Айтпағын енді, жан қонақ.
Өзгеде болса жұмысың,
Тұрайын бәрін орындап.

Қызғанбайын үйімді,
Маған десең он күн жат.
Кемпірдің айтқан бұ сөзі
Кәмілді қатты қуантты.

Бір мезгілде күн батып,
Ас-су ішіп ел жатты.
Зеберді Кәміл ертіп ап,
Болды деп енді уақты.

Бағы майдан хауызға
Көруге қызды жол тартты.
Қасына келді хауыздың,
Сөзімен айтқан бір қыздың.

Патшалы жұртта екеу-ақ,
Панасы Құдай жалғыздың.
Зеберге Кәміл білдірді
Жобасын айтып әр сөздің,

Көп отырды екеуі,
Көрмеді басқа бөтенді.
Қисайып еді, Зебердің
Көзі ұйқыға кетеді.

Жан-жаққа Кәміл қарады,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Көреді жалғыз қараны.
«Басыңды көтер жылдам»,—деп
Оятты Зебер баланы.
Көзін ашып манаурап,

Көтеріп басын алады.
Кәміл айтты:—Зеберім,
Келе жатыр керегің.
Сөзге сынық болмағын,

Қасыңнан енді жөнейін.
Құлқаныс сенен әр жерде
Асырмақ болар өнерін,
Артын ойлап сөз сөйле,

Аузыңа айтпай кегенін.
Мені көріп сескенсе,
Ұят болар келіннен.
Күдік келер көңліне,

Үйреткендей сені мен.
«Әттеген-ай» деген сөз
Ауыр тиер өлімнен.
Тілекті берсе бір Құдай,

Қосыларсың теңіңмен.
Уәдені бекітіп,
Барарсың өзің кейіннен.
Егер де білсе мініңді,

Әзілден тілің қысқарар.
Ұят күшті өлімнен,
Басыңа қиын іс болар.
Ішінен қыздар сүйсе де,

Әзілмен ерге өш болар.
Алдырма қызға сырыңды,
Шығарма естен мұнымды.
«Үш күн ұйықтамай,

Көп күттім,—дегін,—жолыңды.
Риза боп кеп ем жолыңда,
Алса да ат пен тонымды.
Ордаңды неше айланып,

Әл-дәрменім құрыды.
Ашық деп сені кім айтар,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Алмадың еске сонымды.
Сендікпін, егер келсең деп,
Алғаның қайда қолымды.
Уәдеңмен келіп ем,

Көрмедім рахат орынды.
Жарқыным, аман жүрмісің?
Сергелдең болдым сен үшін,
Шықпаған соң дерегің,

Өлді ме деп ем өзіңді!
Қайтып келдің ұялмай
Көрсеттің,—дегін,—жүзіңді».
Ол қыздың артық амалы,

Сынайды сені шамалы.
Келген жерден сөзбенен
Алды-артыңды шалады.
Өзінен бұрын тіл қатып,

Сөйлегін сөзді жоғары.
Сыпайылықтың нышаны
Осылайша болады.
Осыны айтып Зеберге

Енді Кәміл жөнеді.
Сол жерде Зебер қалады,
Жан-жағына қарады.
Қыз емес басқа адам деп

Көңліне күдік алады.
Тұла бойы дірілдеп,
Қалтырап кетіп барады.
Майдалап басып Құлқаныс

Жақындап еді шамалы.
Жүре берді Зеберше,
Қалмады сабыр-қарары.
Баланың қорыққан жайынан

Құлқаныс хабарланады.
Қасына жақын кеп еді,
Тоқтамай қашып жөнеді.
Балалығы бар екен,

«Әттеген-ай!» дер еді.
Тоқтайтұғын болмады,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ойланар тоқтап деп еді.
Қуалап ұстап алудың
Реті және келмеді.
Дыбыс беріп Зеберге,

Сондағы айтқан өлеңі:

—Тоқтағын сабыр қылып, саспа, мырза,

Көргеннен жан сауғалап қашпа, мырза.
Баласы адамзаттың мен де өзіңдей,
Аң емес, аю емес басқа, мырза.
Сақтанып қызды көрсең қаймыққандай,

Маңдайың тиіп пе еді тасқа, мырза.
Бойыңнан балалығың кетпепті әлі,
Келсең де осыншама жасқа, мырза.
Бірнеше бізден бұрын ашық өткен,

Болатын мағшұғы үшін жаннан ырза.
Не түспес ер басына шайқасуда,
Белгісі зеректіктің—байқасуда.
Белгісі батырлықтың тәуекелшіл,

Ер болсаң берген серттен қайтасың ба?
Жөн емес уәде беру байқамастан,
Жұмыстың боларын да, болмасын да.
Табады зерек кісі амалменен,

Ісінің істеп жүрген жобасын да.
Ойласаң уәдеге жетпесіңді,
Келіп ең нағып іздеп о басында.
Айғырын таңлап салсаң ат туады,

Болмаса оқыс жері анасында.
Жаманға жазатайым ісің түссе,
Қаларсың ар-намыстың жаласына.
Бұл жерге не жұмыспен келген едің,

Мен сені асқар тауға теңгеремін.
Әр қалай ишарат қып айтсам дағы,
Түсініп жалғыз ауыз сөйлемедің.
Аузында дарбазаның бірінші түн

Бойыңа ұйықтап қалып теңгермедің.
Ішінде бағы майдан екінші түн

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Ұйықтап қалған жеріңде келген едім.
Төрт бөліп түн ұйқымды бір сен үшін,
Құдайдан не тілесем сен деп едім!
Кез кеп ем ояуыңда тұра қаштың,

Көңлімді қапа қылды сенбегенің.
Падиша сенің де атаң, менің де атам,
Өзіме әсілі-нәсілің тең деп едім.
Тоқтағын, сөйлеселік, қорықпағын,

Борсықтай іннен қашқан жорытпағын,
Бірінші, екінші түн қамсыз едің,
Қалайша бүгін пысық болып қалдың?
Көрмесін менен басқа қашқаныңды,

Жортақтап шыр айланып сасқаныңды.
Алады жаннан безген гауһар шамды,
Ойласаң неге келдің бас қамыңды!
Шырағым, балалығың әлі бар ма,

Бейнетсіз еш рахат табылар ма?!
Ер жігіт намысы үшін өлімге ырза,
Қамы үшін бір басыңның тарынар ма?
Жақсы адам өзі ойлап іс қылады,

Жаманға жәрдем бер деп жалынар ма.
Әркімнің сүйгені бар өзіне ыстық,
Есінен шықпайтұғын жаны барда.
Жүреді серіктерін мият қылып,

Құрт-қоңыз, бақа-шаян, жануар да.
Осылай деп Құлқаныс,
Зеберге жетіп барады.
Қыз екенін білген соң,

Ұялды Зебер шамалы.
Баладан жауап болмады,
Төмен қарап тұрады.
Қалды ма деп көңілі,

Кетеді қыздың шыдамы.

—Келдің бе,—деп,—саламат,

Әппақшаның ұланы?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Өтінсе де Құлқаныс,
Зеберше жауап қымады.
Қылығынан ұялып,
Төмен қарап тұрады.

Әрі-бері ойланып,
Таппады Зебер иланы.
Кәмілдің айтқан сөздерін
Айтайын деп ойланды.

—Пайда деп таптым зиянды,

Ойлап па ем мұндай қиялды.
Осыменен үш келдім,
Һеш дерегің болмады.
Күтемін келсең деп едің,

Осы ма сертің сондағы?!
Осыны айтып Зеберше,
Теріс қарап тұрады.
Құшақтап алып Құлқаныс,

Өксіп-өксіп жылады.
Шыдатпады ашықтық,
Сөйледі сонда мынаны:

—Тыңлағын, Зебер, шырағым,

Қалмады сабыр-шыдамым,
Көңліңе қатты тиді ме,
Еркелеп әзіл қығаным?!
Не жазығым бар еді,

Жылы жауап қымадың?!
Жатсам-тұрсам Құдайдан
Сұрауыңды сұрадым.
Лаулап жанған шырағым,

Болайын құрбан лағың.
Аман-есен келдің бе,
Негізі тұлпар жабағым,
Ешкімге назар салмадым,

Бір өзіңе қарадым.
Мені қайтіп ұмыттың,
Айдан аппақ жамалым!
Сынамаққа айтып ем,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Өкпелеме, қарағым.
Ақылыңмен ойлашы,
Сүттен таза алалым.
Әзіл сөзге араз боп,

Қылмағын ісін баланың.
Бізден өтсе мәәзүр,
Қылығын қылма жаманның.
Келдің бе аман-саламат,

Жаннан асқан манабым.
Мың айлансам өзіңнен,
Табылар ма амалың?!
Бір өзіңдей көрмеймін

Дүниенің барша адамын.
Ашық оты ішімде,
Күйіп-жанып барамын.
Сөйлеші, қалқам, шыныңды,

Болмаса өліп қаламын!
Осыны айтып Құлқаныс
Құшақтай алды баланы.
Ашуланды Зеберше,

Көңлінің болмай қалауы,
Итеріп қызды тастады.

—Сөзіңнің жоқ,—деп,—керегі,

Аулақ жүр,– деп жекірді,–
Көрмеймін енді бетіңді!
Масқаралап қуыпсың,
Жіберсем саған кемпірді.

Уәдесі жоқ екен деп,
Байқап ем сонда-ақ ниетіңді.
Келмей жатып кекетіп,
Көрсеттің және өкімді.

Балалықпен келіппін,
Жинадым жаңа есімді.
Үйреніп қалған құсайсың
Жекіріп жетім-жесірді.

Қош боп тұр, қорықтым, қайтайын,
Жармасаң егер өтімді.
Ішінен жақсы көрсе де,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қызға сырын бермеді.
«Жоғары сөйле қыздан»,—деп,
Кәмілдің айтқан тілі еді.
Айтып еді сондықтан,

Ниетін қыздың білгелі.
Қаныстың кетті шыдамы,
Егіліп қатты жылады.
Ойына түскен сөздерін

Айтуға шама келмеді,
Аяғынан сүйіп, өбеді.
Босап кетті Зебер де,
Сыр бермейін деп еді.

Құшақтап алып бір-бірін,
Аймаласа береді.
Жатыр екен сүйісіп,
Жақындап Кәміл кеп еді.

Ұялар деп көрінсем,
Баспалап үйге жөнеді.
Екі ашық қосылып,
Бір-біріне сенеді.

Жасырайық несіне,
Бұрынғының жолы еді.
Соларды айтқын сүйген деп,
Сағынып ойлап-күйген деп,

Бір мезгілдер болғанда,
Құлқаныс жатыр күлмеңдеп,
Жиек алған сұңқардай,
Зеберше жатыр имеңдеп.

Құлқаныс айтты Зеберге:
«Ар жағына тиме»,—деп,
Оған Зебер болмады,
Жіберді бәрін түйрелеп.

Ышқынып сұлу ыршыпты,
Өлдім деп даусы бір шықты.
Ашықтығы құрысын,
Жолықтым қандай күйге деп!

Сол бір кез баста тұрсайшы,
Опасыз жалған, дүние боқ.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Бір-біріне зар еді,
Кездесіп бүгін жолықты,
Екі ғашық қосылып,
Көңілдері толыпты.

Ақылменен ойланып,
Жан-жағын тегіс шолыпты.
Сай қосылып екі жас,
Дегеніне жетіпті,

Аймаласып, сүйісіп,
Көп тамаша өтіпті.
Келер күн түнде келуге
Уәдені берік бекітті.

Көп отырды сырласып,
Бөліне алмай бір басып,
Бір мезгілдер болғанда
Көзі ілініп кетіпті.

Бұ сөз тұрсын мұнымен,
Қасым деген бар еді,
Өтеннен бұрын хан еді.
Өзі өліп басында,

Панасы болмай басында,
Кәлен деген палуан
Жалғыз ұлы бар еді,
Жігіт еді ер көңіл,

Бір атадан тақ еді.
Жастайынан патшаның
Қызметін қылған бала еді,
Әскербасы сардар боп,

Өтеннен орын ап еді.
Хан қызына жасынан
Кәлен де ғашық боп еді,
Көнбеп еді Құлқаныс,

Бес рет жаушы сап еді.
Жүруші еді айланып
Сол қыздың алды-артында.
Қаламап еді Құлқаныс,

Шықса да аты халқында.
Қаланы кезек күзету –

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Міндет болған жалпыға.
Күзетте Кәлен жүр еді,
Нөкерін ертіп қасына.
Бақ майданға кеп еді,

Ат мінбей жаяу астына,
Басқа елден келген зәреде
Жоқ па деп кісі осында.
Құлқаныс, Зебер кез болды

Ұйықтап жатқан қалпында.
Құлқанысты таныды,
Кәлен аң-таң қалады.
Бұрыннан қызда өші бар,

Бас салып байлап алады,
Қол-аяғын бекітіп,
Зынданға әкеп салады.
Қарауыл қойды «сақ бол!» деп

Сенімді үш-төрт адамды.
Жайына кетті ер Кәлен,
Келемін деп ертемен.
Енді баян қылалы

Құлқаныс, Зебер баланы.
Ендігі сөзді айтайын
Әппақшаның ұлынан,
Өтеншенің қызынан.

Қосыла алмай зар болып,
Ынтық боп жүрген бұрыннан
Екі ашық кездесіп,
Қосылдық деген шынымен.

Салыққан екен Құлқаныс,
Ұйықтамай үш күн-түнімен,
Зеберше болса бұрыннан
Ұйқыға диқан тығылған.

Көптен ынтық екі жас,
Кезінде көңіл тынылған,
Ұйқы дұшпан оларды
Шығарды ақыр жолынан.

Бір бәлеге кез болды
Ойда жоқ жерде қырымнан.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Өкініш жоқ өткенге,
Бермейді пайда жұлынған.
Ақырын Құдай оңласын,
Еңбегі зая болмасын!

Құлқаныс, Зебер екі жас
Зынданда қалды сонымен.
Түбіне зындан жеткен соң,
Адамның бәрі кеткен соң,

Құлқаныс пен Зеберше
Жинады есін көптен соң.
Құлқаныс сонда сөйлейді:

—Жаңылмай естен асығып,

Бермеді деп тілекті,
Қылмайық Хаққа қарсылық.
Екі-үш сағат болса да,
Өмір сүрдік қосылып.

Тағдыр жетсе өлерміз,
Ертең дарға асылып.
Оңласа Құдай шығармыз,
Қойғанмен тасқа бастырып.

«Босат» деп енді Кәленге,
Болмайық құлдық бас ұрып!
Құдай әділ Падиша,
Қыла алмас ешкім қарсылық.

Көрмейтін Хақтың жері жоқ,
Қойғанмен пенде жасырып.
Рақымы жоқ ит екен,
Кәленнен өзім жерідім,

Не жақсылық күтеді
Қолынан адам бөрінің.
Бір тиындай көрмеді
Екі жастың өмірін,

Бүлдірер жаман іс болды
Атамның менің көңілін.
Атаңа сенің айтуға
Қашықтығы жеріңнің.

Жапа-жалғыз келіпсің
Баласындай перінің.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Есітсе іздеп келетін,
Қолының ұшын беретін,
Бұ шаһардың ішінде
Жоқ па еді таныс серігің?

Зеберше сонда сөйлейді,
Құлқаныс солай деп еді:

—Бірді-екілі бұл жерге

Келгенім бұрын жоқ еді,
Өзің қуған кемпірдің
Әзипа атын дер еді.
Үйінде соның жолдасым

Кәміл деген ер еді,
Жол бастап ертіп кеп еді.
Хабар айтар жан болса,
Біздерді келіп көреді.

Уәзірі еді атамның,
Ақылдың диқан кені еді.
Жолығар түні өзіңмен
Сақ болғын өте деп еді.

Айтпай-ақ өзі білетін,
Бір істің шықса дерегі.
Осы күйде жатқанда,
Кім оған хабар береді?

Болса да жалғыз жан қиып,
Біз үшін қайғы жер еді.
Уаллаһу әләм, құтқару
Қолынан соның келеді.

Құлқаныс мұны есітіп,
Артықша қатты қуанды.

—Қарауыл!—деп зынданнан,

Айғайлап даусын шығарды.
Қарауыл келіп тыңлады,
Ер еді о да шыдамды.
Құлқаныс сонда сөйлейді:

—Тыңлағын,—деп,—жан аға,

Бұйрық болса Құдайдан,
Қашқанмен пенде қала ма?!

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Ойлаймыз болсақ бала да,
Іс қылмай-ақ күнәлі,
Барамыз күйіп жалаға.
Біз де адамның баласы,

Туды деп аңнан санама.
Әзипа деген кемпір бар
Тұратын осы қалада.
Көрініп тұр үйі де,

Қашық емес және де.
Амалдап, көке, хабар айт
Сондағы өкіл ағама.
«Құлады Ай мен Күніңіз,

Жер жарылып бағана».
Осыны айтып жүре бер,
Алды-артыңа қарама!
Орамалға түйіп бес тіллә,

Лақтырды деп:—Ал, аға,
Аз да болса несібе,
Ауқат қыл қатын-балаңа.
Әзірге осы барымыз,

Жолыңда басым садаға.
Қарауыл сонда көнеді,
Қызыққан пұлға жоқ еді,
Уыздай екі балаға

Рақымы келеді.
Таңға жақын кезі еді,
Тығызын істің сезеді,
Үйін сұрап кемпірдің,

Жүгіре басып жөнеді.
Кемпірдің үйін көреді,
Асығып жылдам кіреді,
Төр алдында бейхабар

Кәмілді жатқан көреді.
Қарауылдың Кәмілге
Сондағы айтқан сөзі еді:

—Жақсы жігіт, тұрыңыз,

Сөзімді бабар қылыңыз!
Қақ жарылып қара жер,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құлады Ай мен Күніңіз!
Орнады түнек басыңа,
Дауасын ойлап біліңіз.
Айтуға келем әдейі,

Қош болып, қайыр тұрыңыз!
Айтқан сөзі бұл еді,
Басқаға тілі келмеді.
Кәміл қалды орнында,

Қарауыл қайтып жөнеді,
Өзінің келді орнына,
Бұл сырды һешкім білмеді.
Боп қалды таңның уақты,

Байқады Кәміл бұ кәпті.

—Тұрыңыз,—деп,—шешеке!

Кемпірді Кәміл оятты.
Жіберді Кәміл маманы,
Бір есекті табады.
Керек затты даярлап,

Қоржынына салады.
Ақ киімді киеді,
Басына сәлде орады.
Мойнына тағып тәсбісін,

Қолына аса алады.
Кәрі кісі десін деп,
Шайырлап сақал жамады.
Қараңғыдан қардай ғып,

Ағартып борды жағады.
Танымайтын боп қалды,
Көрсе де кісі жаңағы.
Осылайша Кәміл ер

Зынданға жетіп барады.
Қарауылдың сол кезде
Кәмілді көзі шалады.
Адам ба деп зиянды,

Қасына келді шамалы.
Түрін көріп Кәмілдің,
Тамаша қайран қалады.
Бір әулие екен деп,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Көңіліне күдік алмады.
Сонда Кәміл «Алла» деді,
Зынданға келді тура енді,
Қарауылдар тік тұрды,

Сонда Кәміл сөйлейді:

—Аман-есен, балларым,

Жүрсің бе тегіс саламат!
Мал-бастарың аман-сау,
Денің сахат, көңлің шат.
Ғаріпке қылса жақсылық,

Кем болмас деген адамзат.
Келіп ем мұнда жақындап,
Ибадат қып ел ақтап.
Себеп болып бір жұмыс,

Кеп қалдым көріп кәрамат.
Дені сау болса адамның,
Тірлікте қызық көргені.
Бала-шаға менде жоқ,

Қыдырғаным ел,—деді.
Мүсәпір екі бар екен
Зынданда сіздің, ер,—деді.
Жақын жерге қонып ем,

Түнімен маза бермеді.
Жылағанда егіліп,
Түнімен ұйқым келмеді.
Келіп едім соларға,

Қолымнан қайыр бергелі,
«Рас па екен түсім» деп,
Көзіммен және көргелі.
Іздегенім—шапағат,

Ойламаймын өңгені.
Зынданға түсіп шығуға
Маған рұқсат бер,—деді.
Алты тіллә берейін,

Қоймайын құры сендерді.
Қарауылдар ойлады,
Бір дуана кісі деп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Түссе түссін, қайтеді,
Кімде бар мұның ісі,—деп,
Қас болғанмен не етеді?!
Жетеді кімге күші»,—деп,

Санап алды алты тіллә,
Олжамыз әзір осы деп.
Дуананың сөзіне
Қарауылдар таң қалды.

«Кім еді,—деп,—нәсілің?»
Ешбір жауап алмады.
Сөйлесуге уақыт жоқ,
Таң атуға айланды,

Оңай түскен олжа деп,
Тілләға көңлі алданды.
Көңілдері қош болып,
«Құп, тақсыр!» деп ұнады.

—Дереу түсіп шығыңыз,

Біз осында тұралы.
Падиша көрсе өлтірер,
Болмаса басың күнәлі.
Қарауылдар үш-үштен

Кезектесіп тұрады.
Ауысатұғын кезектің
Жақындап қалды уағы.
Сыбырласып өзді-өзі

Сөйлеген сөзі сондағы:

—Үшеуміз де өлеміз,

Білдірсе біреу мынаны.
«Сұраусыз дарға асқын» деп
Падиша өкім қылады, –
Дегенді айтып сырласып

Сабыр-тағат қымады.
Бұл қарауыл үш еді,
Зәресі сүйтіп ұшады.
Арқан байлап Кәмілді

Зынданға салды үшеуі.
Есекті қойып далаға,
Зынданға Кәміл түседі.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

«Шығыңыз,—деді,—ертерек,
Жауапты сізден күтелі».
Бір мезгілде зынданның
Түбіне Кәміл жетеді.

Ақыл айтып баллармен
Аз әңгімелеседі.
Ойланбай тапты амалды,
Айласы көп кісі еді.

Аяқ-қолын босатып,
Киімдерін шешеді.
Кигізді қызға киімін.
Ойлағаны осы еді.

Құлқанысты шайхы ғып
Өнері жұрттан асады.
Құлқаныс, Зебер Кәмілмен
Үшеуі ақылдасады.

Істейтін істің жағдайын
Бұларға Кәміл нұсқады.
«Қайт,—деді,—жылдам, келінжан,
Есекке мініп тыстағы».

«Қайыр қош» деп Құлқаныс,
Арқаннан енді ұстады.
Арқанды сілкіп ер Кәміл,
Тартқын деп белгі жасады,

Қарауыл қызды шығарып,
Есегін даяр тосады.
Айтуымен Кәмілдің
Құлқаныс мінді есекке.

Қиын-қыстау тар жерде
Ұят деген есеп пе?!
Ақылымен Кәмілдің
Ілінбеді өсекке.

Ордаға келіп қауіпсіз,
Жатады кіріп төсекке.
Зеберге Кәміл кигізді
Құлқаныстың киімін,

Өзі алып киінді
Зебердің барша бұйымын.
Бір өзі шешті ақылмен

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Барлық істің түйінін,
Өткізген қайсар ер еді
Тұрмыстың талай қиынын.
Барша жұрты ертең жиылар,

Падиша нені бұйырар,
Көрейік түрін Кәленнің
Патшадан алған сыйының.
Бұ сөз тұрсын мұнымен,

Берді деп Құдай шынымен,
Қуанғаннан ер Кәлен
Алмады дамыл түнімен.
Бір мезгілде таң атып,

Сүбхі садық білінген.
Ертеңменен ертелеп,
Баладай жүрген еркелеп,
Патшаға Кәлен барады,

Елден бұрын ертерек.
Нан піседі деміне
Тапқандай алтын ентелеп.
Падишаға айтқаны

Асығып сөзді келтелеп.

—Тәжідар әділ падишам,

Келіп ем хабар бергелі.
Ақтұйғынға тиіпті
Балықшы құстың шеңгелі.
Қожа менен құл тең бе,

Бақа мен аққу көлдегі?!
Мүсәпір екен қаңғырған
Құлқаныстың әңгелі.
Сүйгенін қара қызыңның,

Қаламаушы еді өңгені.
Бағы майдан іші екен
Ойнайтұғын жерлері,
Құшақтасып жатқанда,

Кезімнің тура келгені.
Әлемге мағлұм падишам,
Білмейтін жан жоқ шендегі.
Жүзіңді төмен қылғаннан,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Жақсы еді оның өлгені.
Әбүйірің бар екен,
Дұшпаның басқа көрмеді.
Көрсін дедім көзіңіз,

Қиын деп айтсам сенбегі.
Шаһзадаларды сүймейтін
Сүйгені соны жөн бе еді!
Мұны қалай көресіз,

Зынданға салдым мен,—деді.
Мұны естіп патшаның
Сөйлеуге тілі келмеді,
Жай соққандай төбеден,

Қысылып жаны терледі,
Күйінбеген кісідей
Кәленге сырын бермеді.
Сабыр қылып сөз бастап:

—Бәрекелді, ер!—деді,

Бүгін хабар шашайын,
Жиылсын барша ел,—деді.
Ертең осы мезгілде
Алдыма өзің кел!—деді.

Әшкере қылма һешкімге,
Уағында көр,—деді.
Ыбырат болсын өңгеге,
Ырзамын саған мен,—деді.

Жіберемін өзіңді,
Байлап алып кел,—деді.
Патша болмай кетсем де,
Өлтірткенім жөн,—деді.

Жұрт жиналып келгенше,
Ешкімге айтпа, Кәленім.
Бір-ақ білсін халайық
Қандай жұмыс екенін.

Ақылыңа тәнтімін,
Болады сенің дегенің.
Түрінен мынау хабардың
Құрыды,—деп,– амалым.

Ішінен патша тынады,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Болды,– деп,– қандай заманым.
Бір қырсыққан іс екен,
Жаратқан артын оңғарсын!»
Осыны айтып патшаның

Құбылып түсі түнерді.
Есіткен соң бұл сөзді,
Қызынан үзді күдерді.
«Ертең кел!» деп Кәленге,

Жауап беріп жіберді.
Сонда Кәлен қуанып,
«Құп, тақсыр!» деп жөнелді.
Үйіне патша келеді,

Демалып ауқат жемеді.
Тез шақыртып айымын
Бір адамды жіберді.
Әйелі жетіп кеп еді,

Падиша сөйлей береді.
Екеуі-ақ еді оңаша,
Бөтен адам жоқ еді.
«Жалғыз қызың қайда?»—деп,

Падиша жасын төгеді.
Түсіне алмай бұл іске
Әйелі пәлен демеді.
Бір сұмдық болған екен деп,

Оның да кетті реңі,
Талып қалды падиша,
Әйелі қызға жөнеді.
«Түсті,—деп,—не іс басыма,

Қор болды деген осы ма?!»
Омырауы сел болды
Көзінен аққан жасына.
Жетіп келсе ордаға,

Сүрініп-құлап асыға,
Сейіл қып жүр Құлқаныс,
Қырық нөкері қасында.
Шешесі қайта жүгірді,

Қыздардан бойын жасыра.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Есінен танып падиша,
Жатыр еді жығылып.
Кіріп келді қатыны,
Көзінен жасы шұбырып.

Басын сүйеп отырды,
Падишаға үңіліп.
Қатыны сонда сөйлейді,
Ерінен көңлі түңіліп:

—Басыңды көтер, байым,—деп,

Кетіп қапты-ау жайың,—деп,
Осынша неге қысылдың,
Көңліңде бар ма уайым,—деп.
Бір кезде патша тұрады,

Ашып жауап қылмады.

—Қызың! ... қызың...—деді де,

Айта алмай тағы жылады.
Сабыр қылып қатыны,
Мәні-жайын сұрады.
Қатынына патшаның

Сондағы айтқан жауабы:

—Қызың бір іс бастапты,

Басымды топқа қоспапты.
Бір жігітпен жатқанын,
Зынданға Кәлен тастапты.
Рас шығар айтқаны,

Нағып айтсын қоспақты.
Лаулап жанған бір өртті
Ордаға Құдай нұсқапты.
Өмірімде өзімнің

Көрмеп ем мұндай қыспақты!
Перзентім—жалғыз қызым-ды
Қылыпты төмен жүзімді.
Жасымның қайтқан шағында

Дұшпандар басты ізімді.
Осындай сөзді есітіп,
Көңілім жаман бұзылды.
Жан айтса да нанбас ем,

Татқандар айтты тұзымды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатыны айтты патшаға:

—Дұшпанның сөзі немене,

Алдағанға азғырып,
Жақсы адам тілге ере ме?!
Қыз да болса, жалғызым,
Ондай атқа теңеме!

Осы сөзім рас деп,
Айтқандар жанын бере ме?!
Ордада жүр Құлқаныс,
Көрсетем, көңілің сене ме.

Сонда патша жылады:

—Ондай заман, кәне!– деп.

Қыз да болса, жалғызым,
Пешенемде бары,—деп.
Дұшпандықпен көре алмай,
Жүрген болса әлі деп,

Өлтірер ем Кәленді,
Қырық та болса жаны,– деп.
Сабыр-тағат қылмады,
Орынынан тұрады.

Қалтыратты патшаны
Қатынының жауабы.
Жан-жағына жалтылдап,
Денелері қалтылдап,

Қорыққанмен бірдей қуанған,
Көзінің жасы тамшылап.
Әл-дәрмені құрыды,
Үш сүрініп жығылды.

Қатынына сүйеніп,
Ордаға қарай жүгірді.
Деп еді қатын алдамыш,
Өзгерілмес болған іс.

Жетіп келсе ордаға,
Жүр екен қамсыз Құлқаныс.
Қуанғаннан жылады,
Етпетінен құлады.

—Түсім бе бұл іс, өң бе!—деп,

Һешбір тағат қылмады.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Күлімдеп, жайнап құлпырып,
Көргеннің көңлін толтырып
Жүр екен бауда Құлқаныс,
Қасында қырық қыз қосылып.

Көрген соң көңлі орнықты,
«Уһ» деп патша отырып.
Күлімдеп назбен керіліп,
Еркелеп сәнмен ерігіп,

Құдай берген екі аяқ
Бір басуға ерініп.
Патшаға келді Құлқаныс,
Қалған соң көзге көрініп.

Не дерін патша біле алмай,
Қарап тұрды телміріп.
Патшаның жетпей шыдамы,
Бұзылып көңлі жылады.

Ақылменен Құлқаныс
Болған істі сынады.

—Айналайын, ата,—деп,

Неге болдың қапа?—деп,
Осынша неге қамықтың,
Қылды ма біреу жапа?—деп,
Өтініп қызы сұрады,

О да бірге жылады.
Патшаның сонда бұлтарып,
Қызына айтқан жауабы:

—Сағындым сені, шырақ!—деп,

Маңлайынан сипады.
Бармады аузы айтуға,
Ішінен қатты қуанды.
Кейін бе ұлдан бұ дағы,

Өмірде көрген шырағы!
Кәленнің сөзін ойласа,
Көзінен жасы шығады.
Ызаланып патшаның

Қалмады сабыр-шыдамы.
Падиша қайтты үйіне,
Артынан қыздар шұбады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Атқа мініп падиша,
Әдетіменен тұрады.
«Жиылсын ертең тегіс»,—деп,
Халқына хабар қылады.

Жар шақыртып әр жерге,
Есепсіз адам жияды.
Кәлен де келді уәдемен,
Уәзір мен сәркар бұ дағы.

Жиналды Құбыл қаласы,
Халқының асыл данасы.
Ашылар екен қандай боп
Өтірік-шынның арасы.

Падишаның сол уақта
Жұртқа айтқан намасы:

—Ойласып қылған жұмыстың

Болмайды кемдік-шаласы.
Ақиқат қылса әр істі,
Білінер ақ пен қарасы.
Бір істің басын ұстап тұр

Қасым ханның баласы.
Өзгеде емес, Кәленнің
Бір өзімде жаласы.
Құлақ сап, халқым, тыңлаңыз,

Келер ме екен жобасы?
Ер Кәлен татқан тұзымды,
Бір іске көңлі бұзылды.
Аяқтан өрге тырмысып,

Зынданға сапты қызымды.
Рас болса айтқаны,
Күнәсі қыздың тізілді,
Өлтірейін дарға асып,

Қылыпты төмен жүзімді.
Әкелгін қызды, Кәленім,
Жаңа талап ер едің.
Рас болса айтқаның,

Өзіңнің болсын дегенің!
Орындайын мүддеңді,
Дүние болса керегің,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Дүние түгіл, қолымнан
Тақтымды да берейін!
Таққа мініп тәж киіп,
Атаңның қылғын өрнегін.

Сонда Кәлен жөнеді,
Қасына ертіп нөкерін.
Қайырылып айтты патшаға:

—Сөзіңді сынап көрермін,

Ойнасымен қосақтап,
Қызыңды алып келермін!
Куә болсын көп халық,
Тәж-тақытың болса берерің.

Ер Кәлен түсті жолына,
Нөкерін ертіп соңына.
Халық сұраған патшаны
Қор қылдым деп ойында.

Бір олжаға батуға,
Ел сұрап еркін жатуға,
Тарттырған дәм-тұз патшаның
Бәлеге басын шатуға,

Сәулетпенен ер Кәлен
Зынданның келді қасына.
Қарауылдар алдынан
Қол қусырып шығады.

«Түгел ме еді пенделер?»
Олардан Кәлен сұрады.
Қарауылдың сондағы
Оларға айтқан жауабы:

—Құтылсын қайда бұларың,

Не себепті сұрадың?
Сенбейтіндей көңіліңіз
Бар ма еді бізде күмәнің?
Жан жолатпай зынданға,

Сақтықпенен тұрамын.
Беймезгіл жүрген жан болса,
Патша да болса ұрамын.
Қаталық бізден болар деп,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кетпесін, батыр, шыдамың.
Бұдан былай болмаса,
Әзірше аман, шырағым.
Нөкерімен зынданға

Жиылды Кәлен үймелеп,
Бір адамды түсірді,
Киімдерін түймелеп.
Шығарып алды пендені,

Арқанмен тартып сүйрелеп.
Кәміл менен Зеберді
Патшаға алып жөнелді,
Қолдарын байлап артына,

«Жүргін,—деп,—жылдам!» кимелеп.
Ұрып-соғып келеді,
Көп азапты тартқызып,
Болсын деп күлкі халыққа,

Бетіне күйе жаққызып.
Қарамады анықтап,
Сенімді жерге баққызып.
Сөйлетпеді һешкімге,

Бір ауыз сөз қатқызып.
Халықтың жоқ деп озары,
Кәленнің көңлі жоғары.
Төбесі көкке жеткендей,

Теңселіп кетіп барады.
«Өзге түгіл, еттім,—деп, –
Патшаны да жазалы».
Өлең айтып ерігіп,

Әр түрлі әнге салады.
Бетіне келер адам жоқ,
Барша жұрт шошып ығады.
Келе жатып Кәленнің

Сондағы айтқан өлеңі:

—Дүниені ой шолғанда шағымданып,

Өзіме тең табуға құмарланып,
Болғанға бетің жылтыр саған арнап,
Жібердім неше жаушы жүзім салып.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Өз теңің үлкен орын нәсіп болмай,
Бермеп ең жылы жауап ырзаланып.
Қолыма бір себептен түссе деуші ем,
Көңлімді қайтарғанға қатты налып.

Келтірдім кезегіңді пенде қылып,
Мінеки, дегеніме жеттім анық.
Алуға енді сені арланамын,
Қылмасам қызметкер сұрап алып.

Желкеңді бидайықтай қидым, міне,
Дегенде жаңа жеттім өліп-талып.
Кетсем де бүгін өліп арманым жоқ,
Еркесін падишаның қылдым ғаріп.

Осылай деді ер Кәлен,
Көңілі өсіп шаттанып.
Ісіп-кеуіп мақтанып,
Іштегісін ақтарып,

Жалғызына патшаның
Қор қылдым деп дақ салып.
Сөйлеген сөзі сондағы
Өтеншеге ап барып:

—Алдияр тақсыр, падишам,

Алып келдім пендені,
Айтқаныма нанбас ең,
Көзіңнің жақсы көргені.
Ақсұңқарға тиіпті

Балықшы құстың шеңгелі,
Қаршығаның тұйғыны
Қарғаның бопты жемдері.
Дейтұғын болды ұры-қар

Падишаның өрнегі.
Өтірік-өсек демесін,
Халықтың жақсы көргені!
Ендігісін өзің біл,

Ұстыны ең, халықтың тірегі.
Әлпештеген қызыңның
Қолынан осы келгені.
Реңі қызыл болғанға,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мен де бұрын жөн көрдім.
Жаушы салдым неше рет,
Жылы жауап көрмедім.
Тұлпардан туған жабы екен,

Тауыпты ақыр теңдерін.
Обалы, патшам, өзіңе,
Теңі келсе бермедің!
Жақсыменен қосылса,

Үйретер еді жөндерін.
Хан қызы деген аты бар,
Қызы да емес өңгенің.
Қисынсыз сақтап қызыңды,

Сорыңның қара жеңгенін!
Әр түрлі салдың өнерге,
Бермекші ең әуел Зеберге,
Одан айнып ажырап,

Бермек болдың Төленге.
Дәулеті халықтың бұйырмай,
Жұғысты болды төменге.
Әлпештеген жалғызың

Әбүйірді төгер ме!
Өзіңнен десем бұл жұмыс,
Көңіліңе, патшам, келер ме!
Қандай өкім қылар ең,

Басқа адам болса егер де.
Патша едің әділ, өзің біл,
Атағың шыққан көп елге.
Сонда патша сөйлейді,

Кәленнің тыңлап сөздерін:

—Жамағат, әуел қараңдар,

Кім екен байқап өздерің.
Ордада жүр Құлқаныс,
Болмаса қызы өңгенің.
Осылай деген халыққа

Патшаның болды жауабы.
Ортаға алып пендені,
Барша халық тұрады.
Ақиқатын білгенше,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Қалмады жұрттың шыдамы.
Сонда халық Кәмілден
«Нәсілің кім?» деп сұрады.
«Не айтар» деп ентелеп,

Сонда Кәміл былай деп,
Әл-жайын баян қылғаны:

—Айлана халық торлады,

Айтпасам сырды болмады.
Елімнің аты—Ноғайлы,
Шаһарымыз—Ордалы.
Көрмедім рахат, жақсылық,

Ер жетіп адам болғалы.
Осы да естен шыға ма,
Маңлайдың бітіп сорлары.
Еліміздің патшасы

Әппақша деген хан еді.
Маңлайымда перзентім,
Жалғыз қызым бар еді.
Бұл қызымның күйеуі

Мүсәпір жетім бала еді.
Жоқ еді ата-анасы,
Алуға келмей шамасы,
«Аламын» деп қызымды,

Талайдың болды таласы.
О да маза бермеді
Әппақшаның баласы.
Қызыма сырттан таласып,

Жауласты халықтың арасы.
Басқаға берсем қызымды,
Жетімнің ұрар наласы.
Осында қашып келіп ем,

Басымның болмай панасы.
Әділ деп сізді есітіп,
Артық деп ақыл-санасы.
Айтайын деп ем жайымды,

Қорғауға келсе шамасы.
Әділдігі артық деп,
Әр жерден шықты дерегің,
Алып қашып қызымды,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сол себептен кеп едім.
Деп ойлап ем саяңда,
Жетімнің ақын берейін.
Бейшара сондай ғаріппін,

Арып-ашып талыппын.
Неше күндей жол жүріп,
Әбден шаршап шалықтым.
Ордаңа жетпей түн болып,

Бір шарбаққа жолықтым.
Ұйықтап кетсем қисайып,
Зынданға түсіп қалыппын.
Ұрып-соғып айдалып,

Алдына келдім халықтың.
Осынша бізді қысқандай,
Біреудің несін алыппын!
Еңбегім келген еш болды,

Панасы деп ем ғаріптің.
Әділдігің осы ма,
Бейкүнә бізді налыттың!
Осылай Кәміл деп еді,

Бүлінді Кәлен сасқалы.
Жүрегі қорқып суылдап,
Ойлады қулық қашқалы.
Ебін тауып қашуға,

Былай деп сөзді бастады:

—Мүсәпірмін дегені,

Айтып тұрған бас қамы.
Ұстағаным—Құлқаныс,
Білмеймін бе басқаны?!
Танымасын дегені,

Именіп бетін басқаны.
Осының өзі Құлқаныс,
Іздеме бау мен бақшаны.
Ықтият боп тұрмасақ,

Қит етсе ләзім қашпағы!
Анықтап тексер, халайық,
Орасан бір іс басталды.
Ордада жүр деп Құлқаныс,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Өтірік патша қасқарды.
Әкеліп қызын көрсетсін,
Десе де әділ патшаны,
Іс бір жақта болғанша,

Асығып енді саспалы.
Кәлен солай деп еді,
Патша мақұл көреді,
Көңіліне қулық кірмеді,

Сонда патша сөйлейді:

—Құлқаныс есін білгелі,

Жиынға кірген жоқ еді.
Сол себептен ұялып,
Бұл жерге қиын келмегі.
Сыртынан топтың көрінсін

Біреуің ертіп кел!—деді.
Сенбесең егер, Кәленім,
Өзің де барып көр!—деді.
Бұл сөзге Кәлен қуанды,

Ойлағаны сол еді.
Бір жігіт ертіп соңына,
Ордаға Кәлен жөнеді.
Орда мен жиын арасы

Үш шақырым жер еді,
Адыр-өзен, сайы көп,
Ағашы да мол еді.
Басын бұрып атының,

Бір сайға Кәлен енеді.
Жолдасына:—Жүре тұр,
Жетемін қуып мен!—деді.
Кете берді жолдасы,

Ойламай бөтен-өңгені.
Жасауыл ұзап кеткен соң,
Кәлен де қашып жөнеді.
Көп күтті қарап жасауыл,

Артынан Кәлен келмеді.
Қайырылып қайта кеп еді,
Қарасын анық көрмеді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Кәлен қашып кетті»,—деп,
Ханға хабар берді енді.
Қуғыншы шығып артынан
Қарады талай жерлерді.

Таба алмады еш адам,
Білінбей кетті дерегі.
Өтеннен енді сөйлейін,
Бара тұрсын ер Кәлен.

Таба алмады Кәленді,
Кеш болды қарап ертеден.
Қулығын білмей Кәленнің,
Ойлаған екен келтеден.

Құлқанысты шақыртып,
Келтірді патша жиынға.
Көрген жанды таңлантты,
Міні жоқ титтей бойында.

Падиша айтты жұртына,
Шығарып дертін сыртына:

—Кәленнің салған жаласы,

Ойпырым-ау, соқты-ау қиынға.
Ыза боп қатты жыладым,
Есітіп тағат қымадым,
Көзіңмен, жұртым, көріңдер

Кәленнің салған ылаңын.
Дарға астырып өлтіріп
Тарқамады құмарым.
Уәзірлер айтты патшаға:

—Алдияр, тақсыр, ханымыз,

Бір бұзықтың зарынан,
Қысылды-ау жаман жаныңыз.
Ақтай күйіп жалаға,
Шайқалды-ау ұят-арыңыз.

Қандай сұмдық болды деп,
Күйзелдік біз де бәріміз.
Түзеуге келмей әліміз,
Қалмады сәулет-сәніміз.

Жазасын мықтап бере алмай,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Алданып бір-ақ қалдыңыз.
Көптен қоян құтылмас,
Ұстармыз әлі-ақ оны біз.
Падишалардан кем емес,

Зерек екен қызыңыз.
Аман болса мұныңыз,
Болмас-ты төмен жүзіңіз.
Кәлен айтып тұрғанда-ақ

Дегеміз бекер мұны біз.
Бір жаман ит үрді деп,
Болмасын қапа көңліңіз.
Істің жөнін айырды,

Патша жұртын қайырды.
Билер мен бегін шақыртып,
Қонақ қылды Кәмілді.
Жұрт алдында ер Кәміл

Патшаға қылды арызды:

—Тәжідар әділ падишам,

Келіп ем естіп намыңды.
Қызымды қойып қолыңа,
Іздеп барып аулымды,
Күйеуімді ертіп кеп,

Өтесем деп ем қарызымды.
Басқаның сізден бұл жұмыс
Қолынан келмес тәрізі.
Сүйтіп бір жәрдем етпесең,

Аяйтын жан жоқ жалғызды.
Паналар торғай бұтаны,
Отырмын айтып зарымды.
Кәміл солай деп еді,

Падиша мақұл көреді.
«Құлқаныс не дер екен»,—деп,
Қызына адам жіберді.
Алдына қызы келеді,

—Не айтасыз, ата?—деп еді.

Құлқанысқа патшаның
Сондағы айтқан сөзі еді:

—Көзімнің нұры, қарағым,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Белдегі қару-жарағым,
Айтып отыр бір арыз,
Құлыным, құтты қонағың.
«Аз күнге,—дейді,—аманат,

Қызымды сізге қоямын».
Бұ сөзін өзім ұнаттым,
Көреді қалай қиялың?
Лайық көрдім ойымша

Өзіңмен бірге тұрарын.
Нөкерің емес, бұл мейман,
Қабағына қарағын,
Басқа қыздың бәрінен

Жоғары мұны санағын.
Ілінбесін өсекке,
Зияны тиіп даланың.
Қатты тиіп көңіліне,

Қылмағын ісін баланың.
Айтайын деп ем осыны,
Шақырған сені себебім.
Қыз айтты:—Ата, әміріңді

Жан-ділмен қабыл аламын.
Ешкімнен зиян тигізбей,
Қадірлеп өзім бағамын.
Бейғам болсын қонағың,

Қылмаймын ісін жаманның.
Осыны айтып Құлқаныс,
Ертіп кетті Зеберді.
Қош айтысып патшамен

Кәміл де енді жөнелді.
Өзі көрген кемпірдің
Үйіне жетіп келеді.
Жата берді «Құдай» деп,

Ойламай қайғы көп енді.
Кәміл жатсын осымен,
Кәленнен болсын сөз енді.
Неше күн-түн жүреді,

Қауас ханның аулына

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Аман-есен келеді.
Қауас хан да зор патша,
Салтанаты мол еді.
Өтеннің Қауас құдасын

Данышпан өте дер еді.
Қауас ханның баласы
Төлен деген ер еді,
Едіреңдеген неме еді.

Қарсы боп Кәлен Өтенге,
Қолынан түк те кемеді.
Азғыруға Қауасты
Әдейі Кәлен кеп еді.

Жақсылары ол елдің
Кәленді тегіс біледі.
Алдына келіп Кәленнің
Қол алып сәлем береді.

Жамандықпен келді деп,
Ойлаған ешкім жоқ еді.
Сөйледі сонда ер Кәлен,
«Құдалар қалай?» деп еді:

—Сұрама, Қауас, құдаңды,

Бір сұмдық құдаң қыған-ды,
Бауырына тартты Құлқаныс
Қойнына кірген жыланды.
Зынданға салдым ұстап ап,

Ете алмай бұған шыдамды.
Халықты тегіс шақыртып,
Айтып едім бұларды.
«Өтірік» деп сөзімді,

Өзіме жапты күмәнді.
Ар-намысқа шыдамай,
Ішім толған тұман-ды.
Масқара қып халыққа,

Көңлінен сені шығарды.
Таңлап болған құдаңыз
Сүйтіп салды ылаңды.
Өтенше, сені кемітіп,

Бермеуге теңлік сыбанды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір жаңғызды қаңғыртып
Етуге күйеу ойланды.
Тірі боп көніп қорлыққа,
Сақтайсыз қайда бұ жанды!

Мұны естіп Қауас хан,
Ашуланып түнерді,
Құдадан үзді күдерді.
«Жиналсын,—деп,—көп қосын»,

Халқына хабар жіберді.
Ашуланып, шаңқылдап,
Денелері қалтылдап,
Дірілдеп кетті жүрегі.

—Қылайын,—деді,—бір сойқан,

Өтенше кімге күледі?
Обалы енді өзіне,
Танымай мені жүр ме еді.
Құрал сайлап, күш қосып,

Жиыла берсін ел, –деді.
Елеусіз Төлен бір өзің,
Жалғыз барып біл,– деді.
Рас болса бұл жұмыс,

Жылдам қайтып кел,– деді.
Анығын білмей, қосынмен
Барғаным болмас жөн,– деді.
Атасы солай деген соң,

Ойланбай Төлен көп енді,
Жүріп кетті бір өзі.
Басқаға көңлі сенбеді,
Бірнеше күн жол жүріп,

Құбылға жетіп келеді.
Жалғыз келген күйеуді
Жеңгелері көреді.
Атын ұстап түсіріп,

Қыздарға хабар береді.
Мейман қызбен қырық бір боп,
Құлқаныс та кеп еді.
Алып барды қоршалап

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Ортаға бәрі Төленді.
Әр түрлі дәмнен даярлап,
Төленге ауқат береді.
Ойын-күлкі тамаша,

Әр түрлі қызық көп еді.
Мүны көріп Төленнің
Көңліне күдік келмеді.
Жамандыққа келгенін

Ақылмен Қаныс біледі.
Еткенсіп әзіл кекетіп,
Төленге айтқан өлеңі:

—Сүйген жар, ашық болған айға теңеп,

Жоқ еді жуысқалы сізден дерек.
Жүрмісіз аман-есен, молда Төлен,
Келіпсіз шақырусыз өзің елеп.
Сұраған бір шаһарды хан баласы,

Жетелеп бес-он жылқы келер деп ек.
Жұмысың, шаһизада, қанша асығыс,
Қасыңа, жалғыз кепсің, ертпей көмек.
Күтініп жолың тосып тұрар едік,

Кез болдың қамсыз жерде елден ерек.
Болғалы сіз азамат талай болды,
Болдық па, шаһизада, бүгін керек.
Біреуі қырық қыздың—қалыңдығың,

Танып ал, дана болсаң, ақылың зерек.
Шын ашық мағшұғын танып алар,
Өзінің боп жүрмесе көңілі бөлек.
Құлқаныс солай деп еді,

Ер Төлен пәлен демеді.
Қызылгүл деген жеңгесі
Қасына жақын келеді.
Төленді көңлі ұнатып,

Сыбырлап айтты тіл қатып:

—Не қыласың, бикешжан,

Күйеудің көңлін қабартып.
Түн жарымы боп қалды,
Дембе-дем қалар таң атып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жұмыс қылғын, қарағым,
Тегіңе ата мінәсіп.
Құлқаныс айтты:—Жеңеше,
Мінезің еді өзгеше.

Әл тастап әзіл қыламын,
Пәлен-түген демеші!
Өліп кетпес бір түнге,
Күндегі күні көресі.

Қандай екен деп тұрмын
Қауас ханның төресі.
Мен де тәуір көремін,
Болмаса сенен он есе.

Әзіл қылып отырмын
Ақыл-есін байқарға.
Бар ма екен сана-сезімі,
Қайырып жауап айтар ма?!

Артық болса теңінен,
Халыққа жақсы айтарға.
Баласы жылап бара ма,
Төрт-бес күн жатып қайтар да.

—Мақұл!—деді Қызылгүл, –

Олай десең, өзің біл!
Қауастың бұ да жалғызы,
Көңліне тимес жұмыс қыл.
Сүйдіретін, бұзатын

Жігіт пен қызды—қызыл тіл.
Қылма деп қапа болған соң,
Барар жерің ақыр бір!
Үйіне қайтты жеңгесі,

Үйретіп қызға көп ақыл.
Ұялып қыздан ер Төлен,
Ешбір жауап қымады.
Отырды Қаныс асыла,

Мейман қыз шайды құяды.
Төленге Қаныс білдірмей
У қосып шайға қояды.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Шайды ішіп болған соң,
Бәрі де төсек салады.
Құлқаныс, Зебер, Төленмен
Оңаша үйге шығады.

Біраздан соң есі ауып,
Төлен талып құлады.
Асығып ешбір саспады,
Қыздарды басқа қоспады,

Ақылменен Құлқаныс
Осындай бір іс бастады.
Қара ниет залымды
Ебін тауып ұстады.

Құлқаныс пен Зеберше
Шақырмай ешбір басқаны,
Алып шығып Төленді,
Боқханаға тастады.

Салмақпен Төлен гүмп етіп,
Көрінбей кетті бастары,
Асырды сүйтіп өнерді,
Өткізбей уақыт көп енді.

Еркектің киіп киімін,
Кәмілге Зебер жөнелді,
Бастан-аяқ сөйлейді
Өлтіргенін Төленді.

Мұны естіп Кәмілдің
Шаттыққа көңлі бөленді.
Ендігі сөзді тыңлаңыз
Құлқаныстан, ал енді.

Бір мезгілдер болғанда,
Таң бозарып білінді.
Жеңгесіне Құлқаныс
Нөкерін ерте жүгірді.

Құлқаныс сонда сөйледі,
Келтіріп әрең тілін де:

—Жеңеше, болдық масқара,

Шынымен жұмыс бүлінді.
Қатты ұйқымнан шошынып,
Түн жарымы шенінде,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мейман қыз бен Төлен жоқ,
Оянып ашсам көзімді.
Мейман қызды Төленнің
Қашқаны алып сезілді.

Мақтап болған Төленің
Қып кетті төмен жүзімді.
Жетім қыздан жаман боп,
Көріндім жұрттың көзіне.

Көп ұзаған жоқ шығар,
Атама білдір тезінде.
Сасып қалды жеңгесі,
Құлқаныс солай деп еді.

Тез асығып киініп,
Ордаға жетіп келеді.
Қызылгүлдің патшаға
Сондағы айтқан тілі еді:

—Алдияр, тақсыр, ханымыз,

Құлағыңды салыңыз!
Күйеуіңіз кеп еді,
Пида болды жанымыз.
Қызметін қып тік тұрып,

Алдында болдық бәріміз.
Таңға жақын ұйықтап ек,
Мейман қыз бен күйеу жоқ,
Бұ не деген болды кәп,

Болады қандай халіміз?
Күйеуіңіз алдапты,
Мейманды алып замғапты.
Жақын жерде дерек жоқ,

Қарадық тегіс жан-жақты.
Айтар сөзге сынық қып,
Бикешті жаман зарлатты.
Шөптей болып Бикештің

Реңі тіпті қалмапты!
Сүйіп болған күйеуің
Жетім қызды таңлапты.
Пенденікі—далбаса,

Құдай қылар һәр гәпті.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Бойдақ екен ол қыз да,
Біреудің екен жесірі.
Өзі кетсе һеш гәп жоқ,
Тимесе елге кесірі.

Әдейі сізге келіп ем,
Айтайын деп осыны.
Мына сөзді есітіп,
Патша жаман шошыды,

Қырық жігітін жинап ап,
Сөйледі тегіс бұ сырды.
Төленді іздеп жан-жаққа
Қуғыншылар жосылды.

Қайтып келді бәрі де,
Білінбей ешбір жосыны.
Лажын таппай патшаның
Қалмады сабыр-шыдамы.

Алтын тақтан құлады,
Маңлайына ұрады.

—Қойып едім аманат,

Қайтеміз,– деп жылады.
Күйеуім еді бұрынғы
Әппақшаның ұланы.
Әзәзіл боп араға,

Қауастың тиді ылаңы.
Ақ батаға ұрындым,
Кесірі соның бұ дағы.
Аманатқа қиянат

Қылғандай болдым мен тағы.
Оңламаса бір Құдай,
Ақыры немен тынады.
Тездеп қуып таппаса,

Салды ғой,– деп,– ылаңды.
Жіберді жаушы жан-жаққа,
Һеш хабары болмады.
Шын масқара болдық деп,

Көзінің жасын төгеді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Осылайша падиша
Есін жиған жоқ еді.
Қасына ертіп Зеберді,
Ордаға Кәміл кіреді.

Қол қусырып әдеппен
Падишаға келеді.
Әдеппен Кәміл тағзым қып,
Патшаға сәлем береді.

Амандасып арыз ғып,
Сондағы айтқан сөзі еді:

—Жүрсіз бе, патшам, саламат,

Өте сізге көңлім шат!
Қолыңызда аман-сау
Отыр ма қойған аманат?!
Тағыңда ағар, падишам,

Шығардың үлкен бір әжет!
Күйеуім осы бала еді,
Өсіп-өнген жан еді.
Пәтре тауып өзгесі,

Жалғыз өзі қап еді.
Ағайынның ішінде
Бір атадан тақ еді.
Өзі сағыр жетімше,

Жанашыры жоқ еді.
Мен бердім ауқат, киімді,
Өлер жерге кеп еді.
Сонда патша сөйлейді,

Осылай Кәміл деп еді:

—Көрмеймісің, мейманым,

Құдайдың бізді атқанын.
Мақтанып алып мерт болып,
Ұятты сізге боп қалдым.
Талай жерді ақтардым,

Һеш дерегін таппадым.
Мен сорлыға көп екен
Сақтағаны Жаппардың.
Пешенемде ұлым жоқ,

Жалғыз қызым бар еді,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Сол қызыма әуелден
Әппақша құда боп еді.
Суық сөз түсті араға,
Ажырағым жоқ еді.

Жайсаң дейтін шаһарда
Қауас деген хан еді.
Әппақтан күдер үзген соң,
Құда болған сол еді,

Қауас ханның баласы
Төлен деген ер еді.
Болғаным сырлас жоқ еді,
Едіреңдеген неме еді,

Қызыңды алып кетіпті,
Сол неме түнде кеп еді.
Аманатқа қиянат,
Қайтейін, бір іс болды енді.

Талай жерді қарадым,
Білінбейді дерегі.
Ақылымнан жаңылдым,
Осынша Хаққа нағылдым?!

Назасына қалдым-ау
Ақы иесі сағырдың.
Дос-дұшпанға мат болып,
Бір өсекке таңылдым.

Не керек ханның мырзасы,
Сау болса егер бір басы,
Осы жетім баланың
Оңдырмас мені көз жасы.

Қызымды алса берейін,
Жетім екен демейін!
Құтты болсын бойына
Төленнен алған олжасы!

Осылай патша деп еді,
Кәміл де мақұл көреді.
«Тез келсін» деп падиша,
Қызына адам жіберді.

Құлқаныс сонда келеді,
Өте солғын реңі.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тұлымын сипап қызының,
Патшаның айтқан сөзі еді:

—Көзімнің нұры, қарағым,

Байқадым солғын түсің де.
Кіріптар қылып өсекке,
Оңғармапты ісіңді.
Таңлапты Төлен со қызды

Осынша қыздың ішінде.
Жүзіңді төмен қылғанға
Көрсетсін Құдай қысымды!
Бұ не деген аламат,

Есіткен жұртқа жаманат.
Істегендей боп қалдым
Аманатқа қиянат.
Әбүйір еді бізге де,

Мейманның болса көңлі шат.
Шақыртып ем өзіңді,
Көңлімде болып бір мақсат.
Залым патша екен деп,

Күлмесін дұшпан жамандап.
Әділеттік жұмыста
Болмайды һешбір ар-ұят.
Көрдім деп қорлық кетпесін,

Нала боп мейман жабырқап.
Самалын Құдай оңғарса,
Бітпейді кімге мал мен бақ!
Қатасыз-кемсіз бір Құдай,

Айыпсыз болмас адамзат.
«Жақсы әйел құлды хан қылар»,
Өткеннен қалған нақлият.
Бар еді сана-сезімің,

Ойлайтын істі пайымдап.
Дос-дұшпанға мат қылма,
Айтқанымды орындат.
Қосайын деп ем жетімге,

Қош көрсең, қалқам, сен ұнап.
Патша солай деп еді,
Көнбесін қызы неге енді.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Уәзірлері, сәркары,
Бөтен адам жоқ еді.
Құлқаныстың патшаға
Сондағы айтқан өлеңі:

—Жан ата, жастайымнан асырадың,

Басым сипап, арқамды қасыладың.
Бұйырсаң қандай іске, жоқ демеймін,
Орнына келтіргенше асығамын.
Басымды бір өлімге берсең дағы,

Жоқ демей, ырза болып қосыламын.
Берсең де білімі жоқ құлға қиып,
Әркімнен мәртебесін асырамын.
Орнына бір жайлы боп іс келгенше,

Жамандар қылар күлкі, жасырамын.
Тірлікте адам басы не көрмейді,
Іс болды қиын-қыстау, шошынамын.
Шерінің жемтігіне түлкі бармас,

Алғанын қарға ала ма қаршығаның.
Мақтаншақ әулекіні көңлім сүймес,
Қолынан іс келермен ашынамын.
Дембе-дем Қауас ханмен жауласарсыз,

Әппақты елші салып қосып алғын.
Құлқаныс солай деп еді,
Атасы ырза болады.
Теңеліп көкке талабы,

Еліне хабар салады.
Жетім демей, күйеу деп
Әлпештеді баланы.
Есепсіз халықты шақыртып,

Жинады сансыз адамды.
Қырық [күн] ұдай думан ғып,
Даңғыра-дабыл қағады.
Жердің жүзін күңірентіп,

Жаңғыртты Құбыл қаланы.
Несібесі жетімнің,
Бұ да деп халықтың қалауы.
Құдайдың қылған ісіне,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Пенденің бар ма амалы.
Халқына сонда Өтенше
Сөйледі айтып мынаны:

—Сыйлаңдар, халқым, қадірлеп,

Күйеуді келген жаңағы.
Жетім де болса перзентім,
Хан ұлынан бағалы.
Қатарының алды боп,

Ілгері болсын талабы.
Бұйрығы Хақтың осы екен,
Әркімнің бары—базары.
Молдаларды шақыртып,

Қызына неке қияды.
Араға адам жүргізіп,
Күйеуден Өтен сұрады.

—Тәж-тақытымды берейін,

Өз ұлымдай көрейін.
Ырза боп күйеу ордамда
Болатын болса тұрағы.
Жат жұрттық, рас, қыз бала,

Халықтың салты бұ дағы.
Қайтамын десе еліне,
Көңлінің болсын ұнауы.
Сұраңдар,—деді,—күйеуден,

Қайсысын талап қылады.
Мұны естіп жетімше,
Қайтуды елге сұранды.
Мақұл көріп Өтенше,

Саранжамын шақ қылды.
Торғын мен мәуіт, барқыттан
Сексен түйе арттырды.
Аруана түйеге

Алтыннан қоңырау тақтырды.
Шаң болар деп жүргенде,
Бұхары кілем жаптырды.
Сәулетін жұрттан асырып,

Жібектен арқан тақтырды.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Жетпіс құл, жетпіс күң қосып,
Қызына мұны нәп қылды.
«Жау-жарағын түзетіп,
Шығарып сал,—деп,—күзетіп»,

Басшы қылып уәзірін,
Бес жүз әскер шақ қылды.
Осындай сәнді-сәулетпен
Зебердің көші шығады.

Шығарып салды бұларды
Шаһардың барша адамы.
Екеу еді келгенде,
Рулы ел қосып шығарды.

Алған жоқ жеңіп күшпенен,
Істерін Құдай оңғарды.
Бірді жығар білекті,
Білімді мыңды жығады.

Ақылмен ойлап іс қылып,
Кәмілдің болды себебі.
Қауастан енді сөйлейін,
Шығарып жолға бұларды.

Хабар салып халқына,
Үш мың әскер жияды.
Келуіне шақ болып,
Төленді күтіп тұрады.

«Жоғалыпты Төлен»,—деп,
Есітті бір күн құлағы.
«Қастықпен қылған Өтеннің, –
Деп айтты Кәлен,—ылаңы.

Қамданбасаң ертерек,
Басыңа тиер зияны».
Шағыммен Қауас асығып,
Жөнелсе деп қиялы,

Қауастан бұрын Кәленнің
Өзінің кетті шыдамы.
«Шығыңыз,—деп,—ертерек»,
Әппаққа Кәлен жөнеді.

«Бергін,—деп,—жәрдем соғысқа»,
Оған да хабар қығалы.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұл сөз тұрсын мұнымен,
Күтінді Қауас жиналып.
«Төлен менен жоғалған
Жетім қыз бірге ұрланып,

Құлқанысты Өтенше
Жетімге берді ырза ғып,
Бес жүз әскер қасында,
Ұзатты қызын шығарып».

Деген сөзді Қауас хан
Есітті бір күн тіл барып.
Мұны естіп Қауастың
Ашуы келді долданып.

«Қылайын,– деді,—бір сойқан,
Келетін көшіп жолды алып.
Ертерек алдын орайық,
Дұшпаннан ғапыл қалмалық!

Алайық,—деп,—пенде ғып,
Тас-талқанын шығарып».
Әскерін ертіп жөнеді,
Ұрғандай пері жынданып.

Үш мың әскер соңында,
Асығып Қауас жөнеді,
Кездесіп жапан далада,
Көрсетпек болды өнерді.

Келе тұрсын Қауас хан,
Зұлымдыққа әуес хан.
Жақсылар, енді айтайын
Құлқаныс, Кәміл, Зеберді.

Өнерпаздар көп еді,
Ойнап-күліп келеді.
Жолығар дұшпан жолда деп,
Көңілінде қиял жоқ еді.

Құбылдан бұлар шыққалы
Төрт-бес күндей боп еді.
Түс мезгілі болғанда,
Жазыққа көзді салғанда,

Елсіз жапан далада
Шұбалған шаңды көреді.
Зеректікпен Құлқаныс

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Жау екенін біледі.
Құлқаныстың қосынға
Сондағы айтқан өлеңі:

—Алыстан шұбатылған шаң көрінді,

Түзетіп сіздер жүрсің сәндеріңді.
Бұл жерге жау болмаса ел келмейді,
Шақ болып шамалаңдар әлдеріңді.
Батырлар, жау санасып ұрыспайды,

Әзірле белдесетін жерлеріңді.
Адамның отбасында бәрі батыр,
Сынармыз осындайда ерлеріңді.
Күн туып ер басына екіталай,

Дұшпанмен ат құлағы теңгерілді.
Талапты тауды бұзар дегендей-ақ,
Жол табар қиын күнде ер көңілді.
Тайынбай ебін тауып ұрыс қылса,

Қиратар жалғыз адам неше мыңды.
Қорғалап қашқанменен жан қалмайды,
Бітірсе егер Құдай түз-дәміңді.
Болғанда досқа күлкі, дұшпанға мат,

Сақтайсың қайда барып бұл жаныңды.
Сіздердей жігіт болсам өстер ме едім,
Дариға-ай, кімге айтайын арманымды!
Құлқаныс солай деп еді,

Ешбірі пәлен демеді.
«Жау жағы көп, біз аз» деп,
Әскердің қашты реңі.
Зеберше де ішінде

Шамалап бәрін жүр еді.
Айдағанмен еріксіз,
Тимейтін болды көмегі.
Мінген атын Зебердің

Аққұс тұлпар дер еді.
Бекітіп мініп тартпасын,
Кәмілге Зебер келеді:

—Біз де адамның баласы,

Қарсыласып көрелі,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қайратымды сынайын,
Рұқсат бер, көке,–деп еді.
Баланы қимай Кәмілдің
Сөйлеуге тілі келмеді.

Дұшпан жағы көп еді,
Қашуға лажы жоқ еді.

—Барсаң барғын, шырақ!—деп,

Бір ерден едің жұрат,—деп,
Жылаймын Хақтан сұрап,—деп,
Ер Кәміл бата береді.
Жақындап дұшпан келеді,

Жер қайысқан қол еді,
Қауастың үш мың әскерін
Ақиқат танып көреді.
Араласты Зеберше,

Мылтықтан шыққан оқтай боп.
Жапырып кетіп барады,
Қамысқа тиген шоқтай боп.
Бір аралап өткенде,

Қырылып қалды топтай боп.
О йағынан бір шықты,
Бұ йағынан бір шықты,
Шапқан шөптей жапырды,

Көргеннің жаны түршікті.
Қалмады өлмей шапқаны,
Есепсіз қырғын тапқаны.
Сол уақта Қауас хан

Алды-артын жинап тоқтады.
Кейін қайтты шегініп,
Ұрысуға батпады.
Ешбір жара түспеді,

Зеберді Құдай сақтады.
Зебер де қайтты қосына,
Әбүйір беріп Жаппары.
Құдайға Кәміл шүкір ғып,

Көңілі құрсант боп қалды.
Құлқаныс та қуанып,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Артықша өте шаттанды.
Алдынан шығып келеді,
Батырға сауға дегелі.
Күндей жайнап күледі,

Зеберге айтқан тілі еді:

—Зерек екен пайымың,

Дұшпанның аштың айыбын.
Қолыңнан әр іс келерін
Шамалап мен де айырдым.
Сансыз қолмен алысып,

Дұшпанның бетін қайырдың.
Басқа жерден мінің жоқ,
Ұйқың қатты—айыбың
Болмаса алтын тегің,—деп,

Шаттанды өте көңлім,—деп,
Атаңның қылдың өрнегін,
Енді келді жөнің,—деп,
Іс бітірмес көп жаман,

Мақтанып босқа семірмек.
Ерлерше болды бұл ісің,
Істедің мұны біз үшін!
Естен шықты, қарағым,

Бұрынғы мүлтік жұмысың.
Арыстандай айбатың,
Үрістемдей ірісің,
Енді анық сенемін,

Әппақтың жалғыз ұлысың.
Қайғыңда қатты жүдедім,
Тілегіңді тіледім.
Сыныңа сырттан тойсам да,

Сырыңа қанбай жүр едім.
Қуанып бұгін мұныңа,
Жарыла жазды жүрегім.
Артықша екен өнерің,

Мұныңа енді сенемін.
Аяққа бастың кеудесін
Зорсынған талай неменің.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сұлтаным, сауға сұраймын,
Не нәрсе, қалқам, берерің?
Үндемеді Зеберше,
Түнеріп түсі өзгеше.

Ұйқың қатты дегенге
Ыза боп қалған білемін.
Екі иығын қомданып,
Араз болып томсарып,

Құлқанысқа пәлен деп,
Сөйлемеді тіл қатып.
Зебердің қапа болғанын
Ақылмен Қаныс білді анық.

Ашуы келді батырдың,
Қылар деп бір іс ұялтып,
Сондағы айтқан өлеңі,
Зебердің көңілін жұбантып:

—Бәйгеге көкпар аты жарамайды,

Шын жүйрік шапса басын бұра алмайды.
Алыстан жолбарысқа ат қойғанмен,
Үстіне ешкім басып бара алмайды.
Әзілмен айтқан сөзге ашуланбас,

Көңілі шын жақсының баладай-ды.
Болмаса сүйген жардың көңлі бөтен,
Жасырып іштегісін қала алмайды.
Күлкі үшін ашық жардың айтқан сөзі

Көңілге кекті болып саналмайды.
Зебержан, бұл сөзімнің бәрі сүйіс,
Көңліңді қандай қылып жаралайды?!
Жабыны қанша жүйрік дегенменен,

Айғырын таңлап салсаң ат туады,
Солай деп бұрынғылар жобалайды.
Құлқаныс солай деп еді,
Гүлдей жайнап реңі,

«Оны қайдан білдің?»—деп,
Зеберше күліп жіберді.
Ақылдасып, сырласып,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Кәмілге бұлар келеді.
Жақын жерде жаулардан
Һешбірі қалған жоқ еді.
Шығарып салған бес жүзге

Қайтуға рұқсат береді.
Бес жүз әскер бөлініп,
Қайтуға даяр боп еді.
Айтайын деп сырымды,

Қанысқа қиял келеді.
Уәзіріне Өтеннің
Қаныстың айтқан сөзі еді:

—Бізден жауап ал, көке,

Елге аман бар, көке!
Біз барар жер әлі ұзақ,
Сіздерге жақын жол төте.
Күйеуіңіз қазанат,

Сіздер көпсіз, біз жеке.
Ата-анама сәлем де,
Қылмасын қайғы өте көп.
Шықпасын ұзап далаға,

Қауас хан қояр жалаға,
Қауас хан қылса зорлықты,
Жіберсін елші араға.
Жетімше емес тигенім,

Өзімнің орным, жан аға.
Ата-анам қайғы жемесін,
Көрдің бе күшті бағана?
Қауас хандай жауларың,

Шеніне шыдап бара ма!
Сүйегі болса кірленді,
Шылығып ісі және де,
Болып қалар бір қатер

Жақында Құбыл қалаға.
Қауас хан қылар ұрысты
Ашынып Төлен балаға.
Тездетіп жетсін елшісі,

Қауас хан келсе зәреде.
Жетімше емес тигенім,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Өзімнің бардым орныма,
Төленнен бұрын атамның
Атастырған жолына.
Ата-анама сәлем де:

Әппақтың бардым қолына.
Біздің елмен жауласса,
Қауас ханның соры да.
Бұзықтық жетіп түбіне,

Ойланар ақыр соңында.
Жан атама сәлем де,
Бейхабар бізден болмасын,
Патша Құдай оңласа,

Бастадым бір іс саласын.
Абат қылып беремін
Ноғайлының қаласын.
Асырамын беделін,

Қауастың жойып жаласын.
Қапияда сөз салмай,
Жан атам қапыл қамасын!
Құлқаныс солай деп еді,

Шаттанды жұрттың көбі енді.
«Қайыр хош!» деп қоштасып,
Бес жүз әскер жөнеді.
Ертерек елге жетсек деп,

Зор беріп жүріп келеді.
Күндік жерге келгенде,
Құтылдық деп сенгенде,
Қауас ханның әскерін

Бұлардың көзі көреді.
Қыздың көшін жеңе алмай,
Қауаста қайғы көп еді.
Әскердің елге қайтатын

Жолдарын тосып жүр еді.
Ат қойып айқай салады,
Ортаға қамап алады.
Қарсыласу, қашуға

Келтірмеді шаманы.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Пенде қылды барлығын,
Өтенге хабар бармады.
Бұларды Қауас еліне
Жаяу айдап барады.

Жан-жаққа адам шапқызып,
Халқына хабар айтқызып,
Керней-сырнай тартқызып,
Қызыққа жұртты батқызып,

Пенделерін қинады,
Көп азапты тартқызып.
Көп азап көрді бастары,
Зынданға бәрін тастады.

Жинады Қауас бар халқын,
Қатындардан басқаны.
Іріктеп алды ерлерді
Жиырма мен қырық бес жастағы.

Қауас хан ертіп жөнелді
Жүз жиырма төрт мың әскерді,
Осынша қолмен Қауас хан
Қамады Өтен патшаны.

Көп күндер жатты қамалып,
Дарбазасын ашпады.
Өтен де жиды әскерін,
Қорқып о да саспады.

Бұлар тұрсын мұнымен,
Кәленнен енді басталы.
Неше күн жүріп салықты,
Әппаққа бір күн барыпты.

«Осындай бір іс болды»,—деп,
Құлағына салыпты.

—Өтеннің әуел сізбенен

Болғаны құда анық-ты.
Дұшпанның қылған табасы,
Момынға салған жаласы.
Зеберден соңғы күйеуі –

Қауас ханның баласы.
Бір түнде оны өлтіріп,
Келген соң жетім падашы,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құлқаныс соны сүйді деп,
Білемін, берген, шамасы.
Күлкі қылып сіздерді,
Қылған ісін қарашы!

Құбыл қала әуелі
Орны еді Қасым патшаның.
Ажалы жетіп ол өліп,
Мен атадан жас қалдым,

Қызметін қылдым Өтеннің,
Аузымды қарсы ашпадым.
Өтенше маған қарсы боп,
Істеді ісін дұшпанның!

Патшамыз залым болған соң,
Істедім мен де бас қамын,
Қауас пен сізді мият қып,
Бері қарай қашқаным.

Менің қылған бар күнәм –
Айыптыны баспағым,
Ойнасын ұстап қызының,
Әбүйірін ашқаным.

Ұрысқалы жөнелді
Қауас хан ертіп әскерін.
Намысын ойлап халықтың,
Ар-намыспен тарықтым.

Өлтіремін десе де,
Өз басым қорқып саспадым.
Әппақша, қалай көресің,
Осы еді менің дастаным.

Атыңыз шыққан арыстан,
Қалмаңыз құры намыстан.
Сүйекке таңба іс болар,
Ап кетсе біреу қалыстан.

Келінің еді Құлқаныс,
Бұйрық боп әуел шалысқан.
Тым болмаса күң қылғын,
Дұшпанды нықтап қағысқан.

Барсаңыз жесір аласыз,
«Сәлем де» деді Қауас хан.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Намысты қолдан бермеңіз,
Падиша едің данышпан!
Соғысып Қауас жатқанда
Ат қойғын сен де алыстан.

Сонда патша сөйледі,
Тұруға әлі келмеді.

—Кәміл менен Зеберді

Жылдам ертіп кел,—деді,
Кешікпей біз де шығамыз,
Жиылсын барша ел,—деді.
Бір уәзірі келеді,

Былайша жауап береді:

—Зеберше мен Кәміл аң аулап,

Кеткелі екі ай боп еді,
Қайғырар деп естісе,
Айтқанымыз жоқ еді.
Талай жерді қарадық,

Білінбейді дерегі.
Мұны естіп патшаның,
Қалмады қорқып реңі.
Мұндай сөзді ешкімнен

Естіген бұрын жоқ еді.
Жалғыздың ісі қиын-ды,
Не болар күнім дер еді.
Сабыр-тағат қымады,

Патшаның кетті шыдамы.
Патшаға тұрып айтқаны
Кәленнің тұрып мынаны:

—Көп тиіп тұр, падишам,

Өтеннің елге лаңы.
Ойда жоқ жерде ғайып боп,
Қауастың өшті шырағы.
Сау болса Кәміл, Зебердің

Келетін бопты уағы.
Ойламауға бола ма,
Ақыры немен тынады?!
Оңаша жерде жүргенін,

Есітіп Өтен бұларды,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жәллеттерін жіберіп,
Істеген шығар зиянды.
Ендеше, қайда кетеді,
Осындай бір іс боған-ды.

Жаралған екен Өтенше
Жер жүзін ойран қығалы.
Бүйте берсе, біртіндеп
Бәрімізді қырады.

Үш патшаның елдерін
Мақсаты оның сұрауы.
Келіп едім әдейі
Айтайын деп соларды.

Ақылдасып күш қосып,
Бір ынтымақ қылалы.
«Әскерін жиып келсін» деп,
Қауас хан сізден сұранды.

Барып қалды Қауас хан,
Ертерек біз де шығалы.
Бұ сөзге енді нанады,
Ақылынан танады.

Ашуланып Әппақтың
Қалмады сабыр-қарары.
«Жиылсын,– деп,– көп қосын»,
Халқына хабар салады.

Екі күннің ішінде
Сексен мың әскер жияды.
Тұлпардан сайлап ат мініп,
Жау-жарағын шақ қылып,

Керней-сырнай тарттырып,
Сапарға бұлар шығады.
Қауастан енді айтайын,
Шығарып жолға бұларды.

Неше күн-түн қамады,
Ала алмады қаланы.
Қапа болып Қауастың
Қалмады сабыр-қарары.

«Келеді,—деп,—Әппақша»

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Есітті бір күн құлағы.
Артықша қатты қуанды,
Алдынан қарсы шығады.
Амандасып, көрісіп,

Әл-жайын баян қылады.
Әппақшаға Қауастың
Сондағы айтқан жауабы:

—Амансың ба, Әппақша,

Көрмегелі көп болды.
Мият қып адам жібердім,
Бір түнде балам жоқ болды.
Келер-ау деп кешікпей,

Жолыңда көзім төрт болды.
Сіздің де балаң жоқ екен,
Бұ не деген кеп болды?!
Өтеннің қылған қылығы

Жүрекке түскен өрт болды.
Сізге қылған жаласы
Маған да бүгін тап болды.
Сүйісіп болған құданың

Біздерге сыйы оқ болды.
Бұдан бұзық һеш адам
Жер жүзінде жоқ болды.
Сырын білмей жұғысып,

Дұшпанға басым мат болды.
Біздерді қорлап Өтенше,
Бір жетімге жақ болды.
Бірігіп іс қылмасақ,

Қылуы мазақ ақ болды.
Ашуланды Әппақша,
Есітіп мына хабарды.

—Менің де балам жоғалды,

Осындай бір іс боған-ды.
Бастайық қырғын ұрысты,
Бермейік бұған аманды.
Алдауменен жеңетін

Тапқан екен жаманды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тағы да әскер келсін деп,
Шаптырды елге адамды.
Қауас пен Әппақ қосылып,
Бастай тұрсын ұрысты.

Зеберден баян қылалы,
Айтармыз кейін бұл істі.
Жауларын жеңіп қашырып,
Көңілдері тынысты.

Жолдастарын жөнелтіп,
Еліне қарай жылысты.
Кәміл дана бас болып,
Жосылып көші жөнеді.

Өздеріне берілген
Қызметкер де көп еді.
Ойын-күлкі тамаша,
Неше күн жолда түнеді.

Бір күндері болғанда
Сәулетпен елге келеді.
Падишаның орнында
Бір уәзірі қап еді.

Ауылда қалған кәрі-жас
Ер-азамат жоқ еді.
Бұларды күтіп түсіріп,
Әр түрлі дәмнен береді.

Елінің көріп жағдайын,
Жайласып тағам жемеді.
Сөйледі сонда хан, уәзір,
«Бұ қалай?» Кәміл деп еді.

Амансың ба, Кәмілім,
Сау-саламат келдің бе?!
Зебержан, сен де, бауырым,
Сендерді іздеп сандалып,

Дұшпандарға алданып,
Сарсаңға түсті ауылың.
Келдің бе аман, қарағым,
Өмірің, қалқам, ұзақ боп,

Құтты болсын алғаның!

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Жоғалды деп сендерді,
Жердің жүзін қарадым.
Болмайды екен көрмеуге
Пендесі Хақтың салғанын.

Қайғырар деп естісе,
Атаңа хабар самадым.
Кәлен деген сұм келді,
Табармын деп ем амалын.

Падишаны қорқытып,
Бастады басын жаланың,
Һәр істің берсін барарын.
Әппақша кетті аттанып,

Шаһардың жинап адамын.
Кеше келіп бір адам
Әкетті жинап қалғанын.
Өтенмен соғыс бастапты,

Сөзінің көрсем ажарын.
Орасан қате іс болды,
Ықпалын білмей жазаның.
Өтенге қауіп төніпті,

Бермесін Құдай ажалын!
Мұны естіп Құлқаныс,
Қайғырып қатты жылады.
Зебер менен Кәмілге

Шығарып ақыл салады.
Жау-жарағын асынып
Кәміл мен Зебер шығады.
«Жетіңіздер жылдам» деп,

Аттандырды бұларды.
Шаһардан түнде шығады,
Демалып дамыл қымады.
Құлқаныстан айтайын,

Бара тұрсын бұ дағы.
Атасын ойлап Құлқаныс,
Қалмады сабыр-шыдамы.
Анасынан Зебердің

Әдеппен рұқсат сұрады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қолын қойып көксіне,
Сондағы арыз қылғаны:

—Арызымды тыңла, жан ана,

Күйіпті атам жалаға.
Атастырған жасымнан
Қосылып ем балаңа.
Ол Айың болса, мен—Шолпан,

Мені де бөтен санама.
Кәлен деген бір бұзық
Әзәзіл бопты араға.
Кегімді содан алмасам,

Құмарым, ана, қанар ма?!
Екіталай іс бопты
Атама менің және де,
Көңлімнен кетпес бұл арман,

Көре алмай қалсам зәреде.
Қанша пысық болғанмен,
Бұйрықты адам қала ма?
Шынымды анық айта алмай,

Кетіп ем қамсыз далаға.
Һеш жазығы жоқ еді,
Айналды ағы қараға.
Атамды барып көрейін,

Жазасын жаудың берейін.
Сізден рұқсат ала алмай,
Қалып ем ермей бағана.
Анасы сонда сөйлейді:

—Айналайын, келін!—деп,

Пешенемде жалғызым,
Сүйіп тиген теңің,—деп,
Менің де кетті шыдамым,
Есітіп істің жөнін,—деп,

Ақты қара қылмас-ты,
Келтірер Құдай ебін,—деп,
Жалғыз қайтіп барасың,
Алыс екен елің,—деп,

Қаламаймын жаманның
Жолдастыққа көбін,—деп,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Рұқсат берді енесі,—
Шырағым, қалар көңлің!—деп.
Енесі рұқсат берген соң,
Құлқаныс мінді атына.

Еркек порма киінді,
Алмады жолдас қасына.
Әкесі берген тұлпарды
Жабдықтап мінді астына,

Қару-жарақ асынып,
Дулыға қойды басына.
Анасынан бата алып,
Жөнелді таңға жақында.

Өтеннен енді айтайын,
Құлқаныс келсін асыға.
Дұшпанның көңлі бұзылды,
Қоршады шаһар Құбылды,

Қамсыз жерде кездесіп,
Шаһарға Өтен тығылды.
Күзетші қойды көп әскер
Дарбазаның түбінде.

Бірнеше күн қамалып,
Әскерден ауқат үзілді.
Қамалып құры жатқанмен,
Бітпеуі істің білінді.

—Тәуекел!—деді Өтенше, –

Бір бәле басқа ілінді.
Ұрысқа мен де шығайын,
Әскерім алса тілімді.
Ақылдасып көрейін,

Ұнатса халқым мұнымды.
Іс бір жақты болғанша,
Алдырмайын сырымды.
Ашығып халқым қиналар,

Өткізсем бекер күнімді.
Осыны ойлап Өтенше,
Халқына ақыл салады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Құлыңбыз,—деп,—падишам»
Аузына халқы қарады.
Қамқоры әділ патшадан
Кім аяп жанын қалады?!

Даңғыра-дабыл қақтырып,
Керней-сырнай шалады.
Таң бозарған кезінде
Шаһардан тысқа шығады.

Он бес күндей боп еді,
Қоршауда бұлар қағалы.
Мұны көріп Қауас хан,
Көңліне қиял алады.

—Әскерім көп, қару сай,

Дабысым жерді жарады.
Қолымнан дұшпан құтылмас,
Қашқанда қайда барады?!
Ақиқат түгіл, еркім бар,

Жапсам да егер жаланы.
Өтен де келіп, мінеки,
Пенде боп қолға қарады.
Ықтиярым өзімде,

Қылсам да қандай жазалы!
Осыны айтып Қауас хан,
Әскеріне мақтанды.
Келеді деп пенде боп,

Саясатпен баптанды.
Елу мың кісі Өтенше,
Шаһардан ол да аттанды.
Жарық боп дүние сол кезде,

Күн шығар мезгіл боп қалды.
«Қылған ісің жала»,—деп,
«Анығына қара»,—деп,
«Ақылды едің дана»,—деп,

Қауасқа Өтен хат жазды.
«Болдыңдар ма жынды»,—деп,
«Алдайсыңдар кімді»,—деп,
«Айтқызармын шынды»,—деп,

Елшіні Қауас боқтады.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Мұны естіп Өтенше,
Жақынға келіп топтанды.
Әділдікте бас құрбан,
Қауастан қорқып бұқпады.

—Шығыңдар!—деп,—ұрысқа,

Түзеді Өтен сапарды.
Қабатын иттей Қауас хан
Өтенге мұрынын шүйіріп,
Айқайлады ашумен

Әскеріне бұйырып.

—Жалаң аяқ жарлының

Тұрғанын қара жиылып!
Ерініп тұр келуге,
Ұсқыны жаман қиылып.
Астырайын шәңгекке,

Айдап кел бері иіріп.
Қауастың барлық әскері
Соғысқа шықты жөңкіліп.
Елу мың кісі Өтеннен

Килікті о да бекініп.
Қырғын соғыс басталды,
Барлық әскер қосылып.
Жердің бетін жасырып,

Қызыл қан ақты жосылып.
Ұрысқа ұрыс жалғасты,
Жер мен көкті шаң басты,
Күңіреніп кетті жер беті,

Үріккендей денең шошынып.
Қазасы жетіп не ерлер,
Құлады аттан өкіріп.
Үсті босап талай ат,

Кетіп жатты секіріп.
Қылышқа қылыш қағысып,
Талайы қалды кетіліп.
Тірі жан естен жаңылды,

Көз көрмесе өтірік.
Түс қайтқанша ұрысты,
Қайтпады бірі серпіліп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мұны көріп Қауас хан,
Шошыды қорқып шамалы.
Әскерімен Әппақша
Сыртынан басқан қаланы.

Әппақтан жәрдем сұранып,
Қауас хан жазды қағазды.
Тығызын істің түсініп,
Олар да тұра шабады.

Екі қосын қосылып,
Өтенді қысып қамады.
Жау жағы көп, бұлар аз,
Келтірмеді шаманы.

Үш жүз батыр жабылып,
Өтенді ұстап алады.
Ұсталған соң Өтенше,
Әскері қалған тарады.

Ұрып-соғып Өтенді,
Көп азапқа салады.
Кәлен менен Әппақша
Үстіне келіп қалады.

Ақырып Кәлен Өтенді
Қамшымен о да сабады.
Әппақ айтты:—Сұрайық,
Айырып ақ пен қараны.

Ақиқатын білгенше,
Етпеңдер,—деді,—залалды.
Қауас пен Әппақ Өтеннен
«Шыныңды айт» деп сұрады.

Өтеншенің сондағы
Бұларға берген жауабы:

—Сабыр қылғын, Кәленім,

Ақтай шықты әлегім.
Татулықтан әуелі
Әппақпен құда боп едім.
Уәдеден Әппақ тайған соң,

Одан көңлім қалған соң,
Қауас хан жаушы салған соң,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Оған да «мақұл» деп едім.
Құдай қылды, қайтейін,
Қиянат қылған жоқ едім.
Бір жетімше кез болды,

Білмеймін әлі дерегін.
Бір күні келіп қоныпты,
Қауас хан, сенің Төленің.
Айтайын сөзді төтелеп,

Қондырды күтіп мәпелеп.
Уақтынша біреу қыз қойып,
Қарызын еді өтемек.
Алып қашып кетіпті

Сол қызды Төлен жетелеп.
Аманат қызды жоғалтып,
Ұялдым жұрттан өте көп.
Күйеуі оның кеп еді,

Қызымды бердім некелеп.
Менің көңлім ақ еді.
Һеш жазығым жоқ еді,
Елімді қырып Қауас хан,

Үйімді болды өртемек.
Халық алдында қамшы ұрып,
Қоймайды Кәлен ентелеп.
Жазықсыз жәбір қылғанша,

Одан да өлтір ертерек.
Омыраулап отыр Қауас хан,
Тартқалы дарға кимелеп.
«Куәлерін тапқанша, –

Әппақша отыр: Тиме!»—деп,
«Қалайсың,—деп,—қожекем?»
Жұлқиды Кәлен сүйрелеп.
Төңіректеп қарап тұр,

Барша халық үймелеп.
Ел жатқаннан басталып,
Таң атқанша сотталды.
Қалың топты қақ жарып,

Кәміл мен Зебер кеп қалды.
Ойда жоқ жағдай кез келіп,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір тамаша боп қалды.
Ұстайын деп Кәленді,
Қалыңға Зебер оқталды.
Ұмтылды Зебер ілгері

Жүрегін жаудың тілгелі.
Еркек порма киініп
Құлқаныс та кеп еді,
Қалыңға о да кірді енді.

Кәміл мен Зебер білмеді,
Зеберден бұрын Құлқаныс
Кәленге қылыш сермеді.
Заты әйел болса да,

Намысты қолдан бермеді.
Қылышпенен қақ жарып,
Кәленді құртып жерледі.
Шешілді істің түйіні,

Әскердің сансыз жиыны,
Әскерінің Қауастың
Көк екен өңкей киімі.
Барша жұрт қайран қалады,

Арыстандай көріп баланы.
Сол уақта Құлқаныс
Жан-жағына қарады.
Көзіне түсті көк-жасыл

Қауастың жиған адамы.
Ар-намысы тұтанып,
Көзі оттай жанады.
«Мат қылма,—деп,—дұшпанға»

Құдайға қылып наланы.
«Қолдай көргін, пірім!»—деп,
Жад етіп Алла Тағаланы.
Тұтасқан қалың әскерге

Жақындап келіп шамалы,
Суыра алмас қылышын,
Қамшыдай жауды сабады.
Оңды-солды сермеді,

Жапырып кетіп барады.

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Сол уақытта Зеберше,
О да атына қонады.
Екі бөрі қосылып,
Қырғынды қатты салады.

Екі шердің істері
Біріне-бірі ұнады.
Бір-бірін сырттан сүйсе де,
Сөйлесіп жауап қымады.

Жапырылды қоғадай
Қауас ханның адамы,
Быт-шыт қылып қырады,
Топталып болса қалғаны.

Көзін ашса Өтенше,
Қасында адам қалмапты.
Қауас ханның әскерін
Қырып кетіп барады.

Қауас та кетті аттанып,
Өзінің шығып әлегі.
Намыстанып Әппақша
Әскерін жиып құрады.

Қауасқа жәрдем беруге
Майданға о да шығады.
Осы қырғын ішінде
Кәміл уәзір кездесіп,

Әппақтың қолын алады.
Әппақша естен танады.
Әппақ айтты:—Кәмілім,
Қай жақтан қалдың қосылып?!

Зебер мен сені жоғалтып,
Қалып едік шошынып.
Шырағым, аман келді ме,
Көруге тұрмын асығып.

Қауасты қырып барады
Екі бала басынып,
Набыт болды көп адам,
Қызыл қан ағып жосылып.

Екі бала шері екен,
Көрсетті қайрат асырып!

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әбүйір ешкім таба алмас,
Оларға қылып қарсылық.
Кәміл айтты:—Сүйінші,
Біреуі—сіздің Зеберің!

Екіншісін білмеймін,
Қай тараптан келгенін.
Кім де болса ер екен,
Асырды қайрат өнерін!

Дос адам деп ойлаймын,
Көрген соң берген көмегін.
Бейтаныс батыр, әйтеуір,
Жоқ еді бұрын көргенім!

Қыла ма деп бір зиян,
Бетіне тіке кемедім.
Аллаяр, тақсыр, тыңлағын,
Сөзімнің байқап ырғағын.

Алып бардық ауылға
Өтеннің жалғыз қыздарын,
Соны алды Зеберің,
Құлқаныс сұлу дегенін.

Барған соң сізді сұрап ек,
Бұ йақтан шықты дерегің.
Өтенді жазым қылар деп,
Асығыстап жөнедім.

Сүйінші, патшам, сұраймын,
Айтқалы соны кеп едім.
Көңліңіз, патшам, жайлансын,
Ұсталып Қауас байлансын!

Бүлікті салған сол аяр,
Білмеппіз сұмдық айласын.
Өтенше анық ер екен,
Басынан бағы таймасын!

Әділ екен артықша,
Көп көрдік өте пайдасын.
Ауылға барды келінің
Сексен түйе зерімен,

Жетпіс құл, жетпіс шорымен,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Көшкендей жұрты елімен.
Құтты болсын, падишам,
Қоңсылы болдың сонымен.
Әппақша сонда жылады,

Атынан түсе қалады.
Ақыл-естен танады,
Үш түрегеп құлады.
«Рас па,—деп,—айтқаның!»

Қайта-қайта сұрады.
Қорқыныш пен қуаныш
Есірік қылар адамды.
Шыр айлана береді,

Селкілдеп кетіп барады.
Есін жиып алады,
Жан-жағына қарады,
«Уһ» деп демін алады,

Буыны бекіп шамалы.
«Қуанттың,—деп,—Кәміл ер,
Не қаласаң ала бер!»
Шешіп берді белінен,

Бар еді гауһар кәмары.
«Аларсың,—деп,—ордадан,
Қалауың болса тағы әлі».
Зебершені сағынып,

Қалмады сабыр-қарары.
Кәмілге ақыл салады:

—Қасындағы Зебердің

Біліп кел,—деп,—баланы.
Дұшпандардың бірі боп,
Жүрмесін тиіп залалы.
Бұ сөзді Кәміл ұғады,

Майданға кетіп қалады.
Кеткен соң Кәміл, Әппақша
Өтенге өзі барады,
Қабынып оттай жүрегі.

«Кешіңіз,—деп,—күнәмді!»
Өтеншеге сондағы

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әппақтың айтқан сөзі еді:

– Кезімде жаннан түңілген,

Есіттім жаңа бүгін мен.
Құдам едің, Өтенше,
Құдай десіп ілінген,
Жамандық сенен шығар деп,

Ойламаушы ем тірі мен.
Адам қылмас іс қылдым
Әзәзілдің тілімен.
Айыптымын, Өтенше,

Масқара болдым шынымен!
Есімді жаңа жинадым
Кәмілдің айтқан сырымен.
Өлгенім менің жақсы еді,

Бүйтіп жүрген түрімнен.
Өтенше айтты:—Әппақша,
Жемегін қайғы ұялып.
Шүкір қып жасты тыялық!

Ер қадірін ер білер,
Осындайда сыналып.
Мен де болдым масқара,
Қауаспен жасап құдалық.

Адам қылмас іс қылдым,
Өтірікке иланып.
Солардың тартып тәзірін,
Сау қалдым өлмей қиналып.

Жазылған шығар бұл жұмыс,
Туғаннан әуел жаралып.
Адамды шайтан азғырса,
Қоймауы бұзбай жүдә анық.

Аман-есен табыстық,
Басымыз жаңа құралып.
Жасытпаңыз сүйекті,
Өткен істі ойланып.

Бұлар тұрсын мұнымен,
Майданға Кәміл барады.
Екі шерге таңырқап,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Көз салып сырттан тұрады.
Құлқаныс бәрін танып жүр,
Аянбай соғыс салып жүр.
Бетіне қарсы келе алмай,

Дұшпаны жылап налып жүр.
«Қайдан келген батыр?» деп,
Көрген жан қайран қалып жүр.
Танысым екен дегендей,

Жаны ашып Зебер барып жүр.
«Бір патшаның ұлы-ау» деп,
Көңіліне қиял алып жүр.
Танысы жоқ бұл жерде,

Боялып қанға нағып жүр?!
Өліктер болды қырмандай,
Қауынды қазан ұрғандай,
Дұшпандар танды есінен,

Жер тітіреп тұрғандай!
Бет-бетімен қашып жүр,
Қойларды қасқыр қырғандай!
Қырғынды қатты салады,

Дұшпандар қылды наланы.
Тиген жерін екі шер
Жапырып кетіп барады.
Қызыр Ілияс жар болып,

Болған жоқ әлі жаралы.
Екеуінен һешкімнің
Аспады қайрат, амалы.
Екі батыр бір-бірін

Дос көріп жүр шамалы.
Сынасқан жоқ сабасып,
Һеш нәрсеге таласып.
Құлқанысқа бір кезде

Кеп қалды Кәміл жанасып.
Сонда Кәміл сөйлейді:

—Жан сауға, батыр, шырағым,

Сүйінтті бізді артықша,
Асырып қайрат қылғаның.
Тілектес боп сыртыңнан,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сұрауыңды сұрадым.
Алсаңыз, міне, басым деп,
Дұшпан деп қиял қылмағын.
Ат-жөніңді білгенше,

Қалмады сабыр-шыдамым.
Нәсіліңді, қалқам, білдірші,
Деп еді патшам сұрағын!
Осылай Кәміл деп еді,

Құлқаныс жауап бермеді.
Төмен ұстап қылышын,
Бетіне тұтты пердені.
Қолын қойып көксіне,

Бір ауыз пәлен демеді.
Аз кідіріп тұрды да,
Соғысқа тағы жөнеді.
Көрмеді жүйе тұрысын,

Қыла берді ұрысын.
Кейін қайтты ізінше,
Түсініп Кәміл мұнысын.
Әппаққа Кәміл келеді,

Былайша жауап береді.

—Сұрап ем жөнін батырдың,

Һешбір жауап бермеді.
Төмен ұстап қылышын,
Бетіне тұтып пердені,
Қолын қойып көксіне,

Бір ауыз пәлен демеді.
Аз кідіріп тұрды да,
Соғысқа тағы жөнеді.
Келініңіз білемін,

Ақылы ойды бөгеді.
Артықша қатты қуандым,
Көңілім енді сенеді!
Қылышын төмен тұтқаны –

Келініңмін дегені.
Көксіне қолын қойғаны –
Әдеппен берген сәлемі.
Перделеп бетін басқаны –

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Ұялғанның жөні еді.
Еркек порма киініп,
Артымыздан кеген-ді.
Кетіп еді шыдамы,

Шыққан соң жаудың дерегі.
Құлқаныстан басқада
Мұндай талап жоқ еді.
Уаллаһу ағлам, сол шығар,

Көп еді ақыл-өнері!
Мұны есітіп Кәмілден,
Әппақша қатты қуанды,
Қайғыдан көңлі жуанды.

Құлқанысты дұшпан деп,
Қылып еді күмәнді.
Кәмілдің айтқан бұл сөзі
Қайғысын іштен шығарды.

Екі бала бас қосып,
Салып жүр жауға ұранды,
Һешкім қарсы шықпады
Тоқтатуға бұларды.

Қауастың қырып әскерін,
Тас-талқанын шығарды.
Әппақша мен Өтеннің
Әскері бөтен жиналды.

Айбаты қатты екі шер
Оларға зиян қылмады.
Әппақша мен Өтенге
Қауас хан келіп жылады.

«Жәрдем бер» деп жалынып,
Сөйледі сонда мынаны:

—Палуан екі жас бала

Бізді қылды масқара!
Екеуінен һеш адам
Құтылар емес қашса да.
Бір өзіме өшікті,

Тимейді, сірә, басқаға!
Арыстандай екі баланы
Суғарған қанмен даланы.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұйғармаймын қараға,
Болмаса хан мен патшаға.
Айналайын, Әппақша,
Мені оқшау тастама!

Өзімді аман алып қал,
Елімді түгел шапса да.
Айныды заман сияғы,
Бір ердің еді тұяғы.

Жазықсыз жаза көрсетіп,
Кәленді де қоймады.
Жиырма бес мың әскерді
Қырса да көңлі тоймады.

Шаршайды десек, зорлайды,
Біздер—тышқан, ол—мысық,
Лақтырып ойнайды.
Қалтырап бүйтіп қорықпас

Қасқырдан қашқан қой дағы,
Қаһарымен қалтырап,
Қалмады қайрат бойдағы.
Қандай болды бұ заман,

Біз қырылдық, сіз аман!
Құса болып жарылып,
Өлер болдым ызадан.
Үшеуіміз тату ек,

Бір туғандай анадан.
Досы отқа күйгенде,
Жақсыға жөн бе шыдаған.
Көздерің қайтіп қияды,

Көрдім ғой қорлық мынадан.
Жәрдемге маған берсеңші,
Тым болмаса, жүз адам!
Ұят жаман өлімнен,

Семірмек азып көңілден.
Өлтіріп Өтен Төленді,
Шекістім соның жөнінен.
Досым деп қимас, Әппақша,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Шақырдым сізді сеніммен.
Бір жетімше бар екен,
Өзіңнің шыққан еліңнен.
Дәл осындай бір зорлық

Жақында содан көріп ем.
Мықты екен деп ойлап ем,
Қатар-құрбы, теңінен.
Біреуі мұның сол-ау деп,

Кетпейді күдік көңлімнен.
Біреу емес, бұл екеу,
Қосылыпты теңімен.
Екеуінің зияны

Саған да тиер кейіннен.
Күшпенен басып ордаңды
Сені де қуар жеріңнен.
Әскер жұмсап ертерек,

Түсірмесең демінен.
Әппақ айтты:—Қауасхан,
Бөтен екен көңілің.
Дос деп жүрсем өзіңді,

Жүр екен тиіп бүлігің.
Ойлашы қылған ісіңді,
Басылар ма екен желігің?
Екі бала біздікі,

Отырмыз сұрап өмірін.
Зебержаным—біреуі,
Құлқаныс—бірі келінім.
Өзіңнен көңілім торықты,

Оларға күшті сенімім!
Басқа жауап айтпады,
Қорыққанынан Қауас хан,
Тұруға қарсы батпады,

Ауытқып есі тоқтады.
Жан-жағына жалтылдап,
Денелері қалтылдап,
Түрін көріп бұл істің,

Қашайын деп оқталды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әппақша айтты:—Қауасхан,
Көрмедім сендей сотқарды,
Жүрісі жоқ айғырдан
Байталдың жақсы жортқаны,

Жөнге жүрмес жаманнан
Есек жақсы ноқталы.
Қажыры жоқ еркектен
Әйелдер жақсы топтағы.

Лаңың сенің шығарды
Қайдағы ойда жоқтарды.
Қырдырып қанын жүктедің
Жазықсыз жатқан халықтарды.

Барша жұрт саған ашулы,
Ойлама енді қашуды,
Көп алдында солардың
Жазасын тұрсың тартқалы!

Сол уақта дүние қызарып,
Күн батар мезгіл боп қалды.
Иегін қақты Әппақша,
Қырық жігіт тегіс аттанды.

Қауас ханның лезде
Алды-артын қоршап ап қалды.
Бас бұрғызбай батырлар,
Мойнына тұзақ сап қалды.

Ат үстінен аударып
Со зәлім Қауас патшаны,
Соятұғын тоқтыдай
Бекітіп, байлап тастады.

Жауды жеңіп, қашырып,
Тірісін таудан асырып,
Басын бұрып атының
Ойланды Зебер қайтқалы.

Көмек берген батырдың
Ісінен оқыс таппады,
Таныса алмай соғыста,
Жүр еді сыры сақтаулы.

«Дос болсам,—деп Зеберше,
Ер екен,—деп,—мақтаулы!»

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Жақын барды қасына,
Болғын деп қонақ айтқалы!
Құлқанысқа Зебердің
Сондағы тұрып айтқаны:

—Ассалаумағалейкум,

Амансың ба, батырым!
Ақылынан тандырып,
Самсыған жауды жапырдың.
Үрістем, Дастан сияқты,

Бір өзің мыңға татыдың.
Жәрдемін сіздей көрмеп ем,
Жат түгіл, туыс-жақынның.
Танысуға өзіңмен

Соғыстың күттім ақырын.
Шүкір қылдым Құдайға,
Жеткіздің деп ата ұлын.
Мұсылманнан құсайсың,

Нәсілінен емес кәпірдің.
Етпесең айып, сұраймын,
Болады қайдан нәсілің?
Баһадүрлік болмаса,

Жай емес шығар кәсібің.
Үш патшаның халқынан
Өнеріңді асырдың.
Әппақтың мен де ұлымын,

Сырым жоқ сізге жасырын.
Дос болайын өзіңмен,
Қызметіңе бас ұрдым.
Мархабат қып қосқа жүр,

Мейманға сізді шақырдым!
Сөйлейді сонда Құлқаныс,
Осылай Зебер деп еді:

—Адамға қиын жалғыздық,

Өзіне Хақтың жөн еді.
Бір ердің сіз де жалғызы ең,
Дұшпаның өте көп еді.
Жалғыз ем мен де атадан,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Туысқан, бауыр жоқ еді.
Жоқтың жайын әр кезде
Жоқ біледі дер еді.
Қауас ханның әркімге

Қиянаты көп еді.
Сіз бен біз жауласқан,
Білінген соң дерегі,
Асығып келіп мен сізге

Бергенім көмек сол еді.
Осы шаһар өзіме
Туып-өскен жер еді.
Әкемнің аты—Өтенше,

Патшаның әділ бірі еді.
Қауас хан салды бүлікті,
Қиянаты жоқ еді.
Сіздің ауыл бұл жерден,

Едәуір алыс жер еді.
Танырсыз, төрем, жарыңды,
Сүйсеңіз анық егер де,
Өзіңіз бұрын келгенде,

Жетім деп барша қап еді,
Дұшпаннан кекті қайырдық,
Құдайдың болып көмегі.
Танытып елге қайтыңыз,

Өзіңіз мейман боп енді.
Мұны есітіп батырдан,
Ұялып Зебер тоқтады.
Құлқаныстың жүзіне

Таңырқап назар сап қалды.
Жары екенін таныды,
Көңілі өте шаттанды.
Бірін-бірі білісіп,

Әзілдесіп күлісіп,
Патшалардың алдына
Құлқаныс, Зебер кеп қалды.
Зебер айтты иіліп:

—Кешіңіздер, аталар,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Ашықтықтың жөнінен
Осындай бір іс боп қалды!
Аттан түсіп Құлқаныс,
Иіліп сәлем береді.

Әппақ пен Өтен перзентін
Аман-есен көреді.
Күнәларын кешіріп,
Беттерінен өбеді.

Шүкір қылып Құдайға,
Шаттықпен сонда түнеді.
Ақ жалау тігіп азанда,
Бейбіттік белгі береді.

Қырылып қашқан қосынға
Қайтсын деп елші жіберді,
Жиылып барша келеді.
«Бастаған осы қырғынды,

Сұмның,—деп,—мынау бүлігі»
Қауас ханды көрсетіп,
Жиылған барша көп елге,
Болған істің бәрін де

Сөйлейді Өтен со жерде.
Өліктерді жидырып,
Санатып бәрін көмеді.
Отыз мың кісі өліпті,

Жаралы да көп еді.
Қауасты барша қарғады,
Шаһарға қарай айдады.
«Босанып қашып,—жұрт қорықты,

Жүрмесін,—деп,—бұл тағы».
Зынданға салып апарып,
Бекітілді жан-жағы.
Өзгесі аман табысып,

Көңілдері жайланды,
Ордасына түсіріп
Құда-жегжат, мейманды.
Өтенше халыққа қырық күндей

Той беруді ойланды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шақырды барша әлемді,
Өтеннен бұйрық таралды.
Әр жерден келді көп халық,
Есітіп мына хабарды,

Талай би, бек пен датқалар,
Төре мен сұлтан жарамды.
Кісіні бес жүз уәзірімен
Зынданға Қауас салған-ды.

Қырық жігітін жіберіп,
Шығартып тойға оны алды.
Төрт түліктің бәрінен
Сансыз мал тойға жаралды.

Халықты бөгеп төрт күндей,
Тартқызып тұрды палауды.
Керней-сырнай тартқызып,
Бәйге мен көкпар шапқызып,

Ақынға өлең айтқызып,
Салтанатын асырып,
Күңірентіп барша әлемді.
Алтынмен Зебер бөледі

Қонақ қылған маманы.
Той тарқаған кезінде
Қауастан жауап сұралды.
Мойнына ісі қойылып,

Күнәлі басы саналды.
Сол екені білінді,
Бастаған барша лаңды.
Қауас ханды көп халық

Дарға асуын сұранды.
Қауастың сүйтіп ақыры
Арқанда басы бұралды.
«Ақты нақақ қылмаймын»,

Деген ғой Алла Құранда,
Қауас ханнан құтылып,
Қалған халқы қуанды.

—Падишамыз енді сіз бол,—деп,

Сайлады патша Зеберді,
Татуласып, табысып,

ҚҰЛҚАНЫС–ЗЕБЕРШЕ

Шаттықпен барша тарады,
Өткенге айтып салауат,
Қалғанға айтып ұранды.
Сый-сауқатпен Өтенше

Құдасын жолға шығарды,
Еліне барып шаттықпен,
Әппақтың көңілі жайланды.
Айтпаса да ер Кәміл

Сұрауды дүние жек көріп,
Көңілін тапты Әппақша,
Алтын мен гауһар зат беріп.
Көрген жан қайран қалатын

Бір ғимарат сап беріп,
Тағдырын өзің шешкін деп,
Қолына сеніп халық беріп.
Әлемге жарлық таратып,

Мөр басып бұйрық хат беріп,
«Кәміл дана» болсын деп,
Кәмілге қоса ат беріп.
Өтеншені шақыртып,

Әппақ та қатты сыйлады,
Той қылып қырық күн бұ дағы,
Жердің жүзін жинады.
Әппақша мен Өтенді

Білмеген патша қалмады,
Атағы шығып кезінде,
Шошытты жауды намдары.
Үш шаһарда үшеуі

Әділдік үкім құрады.
Ақ еді ісі, мұратқа
Жеткізді Құдай бұларды.
Осындай қып қуантсын

Жаратқан Құдай әр жанды.
Бүлікті салған сол еді,
Қауастың өшті шырағы.
Біреуді біреу қорласа,

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Өзінің сағы сынады.
Біреуге біреу ор қазса,
Өзін жарға жығады.
Біреуге біреу құм шашса,

Өзінің көзі шығады.
Құдай әділ Падиша,
Ақты нақақ қылмайды.
Ілгергіден қалынған,

Жақсылар, нұсқа бұ дағы,
Ұзайта беріп нетелі,
Осыменен тамам қылалы.

Қисса Гүлшаһра дохтари
сұлтан Кашмир
Жазайын қалам алып қисса сөзді,
Тахсилде бұ қисссаға салдым көзді.

Насыр сөзден аударып өлең қылсам,
Жамағат, айып етпе енді бізді.
Біздерден талай халық бұрын өткен,
Һәрбіреуі һәр түрлі тамаша еткен.

Сол өткеннің ішінде бір падиша
Кашмир деген шаһарды мекен еткен.
Ноғайша қисса екен мұның өзі,
Тамашалы нәрсе екен һәрбір сөзі.

Ұғлы-қызы жоқ екен ол патшаның,
Қожаның өлең қылар келді кезі.
Бір күні патша отыр еді мәжіліс құрып,
Үйіне бір мүсәпір келді кіріп.

«Мал пұлым жоқ дүнияда ғаріппін»,—деп,
Бір қайыр сұрап тұрды жылап келіп.
Ол мүсәпір жалынып тұрды қатты,
Ғаріптік дүнияда мұңын айтты.

—Не хажатың дүнияда бар еді?—деп,

Пақырға ханым тұрып жауап қатты.
Пақыр айтты:—Тыңлаңыз, тақсыр ханым,
Жоқтықтан шығар болды ғаріп жаным.
Жүз ділдә қарызым бар қысып жүрген,

Осы еді мұқтаж болған сыры-халім.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

* Әлемнің билеушісі ретінде Алла Тағаланы атаған.
Ханым сонда жүз ділдә санап берді,
Мүсәпір қолына алып қарап тұрды.

—Дүнияда сізде хажат жоқ па екен?—деп,

Мүсәпір ол ханымдан жауап сұрды.
Ханым айтты:—Хажатым бар-дүр менім,
Әй, бейшара, бітті ме көңлің сенің.
Айтуға көп ішінде ұяламын,

Айтуға хажатымды сізге, жаным.

—Әй, тақсыр, ұялмаңыз бізден,—деді,

Мен көрдім көп жақсылық сізден,—деді.
Ханым айтты:—Бір перзент хажатымыз,
Бала үшін әр кетті жүзден,—деді.
Сонда пақыр қол көтеріп дұға қылды,

Падиша қатынымен «әумин» деді.

—Құдай-а, рахматың көп Падишасың*,

Бір перзент бұл ханымға бергіл,—деді.
Мүсәпір дұға қылып шығып кетті,
Құдайым ол дұғасын қабыл етті.
Сол түні қатынымен сұхбат қылса,

Ол ханым онан кейін болды жүкті.
Тоғыз ай, он күн бітіп бір қыз тапты,
Падиша қуанады жаман қатты.
Шақырып байлары мен ғұламасын,

Бір үлкен той жабдығын құп түзетті.

—Ел-жұртым, мені өзің билеңіз деп,

Бәріңіз тамашаға келіңіз деп.
Сіздерден дүния-мүлкімді аямайын,
Кеңесіп бір үлкен той қылыңыз деп.
Сондан соң аузын ашты қазынасын,

Аямай шашу қылып мал мен басын.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Һәркімге ат пен шапан сыйлау беріп,
Байытты байлары мен ғұламасын.
Бір тамаша той қылды неше күндей,
Падиша қуанбаған, сірә, мұндай.

Падиша қуанғаннан судай тасып,
Жидырды қол астында талай жанды-ай.
Падиша қуанғаннан қылды тойды,
Бұрынғы қапалықтың бәрін жойды.

Шаһардың ғұламасын жиып алып,
Гүлшаһра ол қызының атын қойды.
Гүлшаһра жеті жасқа келіп жетті,
Сабақ оқып білсін деп молдаға елітті.

Жеті жылдай оқытып Гүлшаһраны,
Ғылымы талай жаннан асып кетті.
Ол қыздың молдалығы болды асқан.
Өзі сұлу, ақылды, бір данышпан,

Жүзін көрген адамдар бір талады,
Мінезі көркіменен құп жарасқан.
Келгенсін он жасқа кәміл болды,
Өзі зерек, біледі һәрбір жолды.

Неше-неше шаһзада іздеп келіп,
Жете алмай маңайына қайран болды.
Талай патша баласы келді сұрай,
Падиша жауап айтпас қыздан бұлай.

«Өзімнен артық жанға тиемін»,—деп,
Жауабын жаушыларға берді солай.
Қыз айтады:—Көп сөзге күйем,—деді,
Қандай жанды дүнияда сүйем,—деді.

Ақыл, көркі, мінезі, сұлулығы
Өзімнен артық жанға тием,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мұны естіп келді патша балалары,
Келеді ақылы асқан даналары.
Бірі келіссе, біреуі келіспеді,
Алуға һеш келмеді шамалары.

Гүлшаһра он төрт жасқа келіп жетті,
Дүнияның төрт бұрышына даңқы кетті.
Талай патша баласы іздеп келіп,
Гүлшаһра сүймегенсін қайғы жұтты.

Сол уақытта Бағдаттың падишасы
Бар еді он бес жаста бір баласы.
Бұл хабарды есітіп ошал бала,
Бармақ болды ертіп көп жолдасты.

Патшаның бір уәзірін қасына ертті,
Жүз түйеге алтын мен күміс артты.
Қасына және тағы қырық кісі алып,
Кашмирдің шаһарына сапар етті.

Кашмир шаһарына келді дейді.
Шаһардан барып хабар білді дейді.

—Не хабар, не деген сөз, кеңес бар?—деп,

Сұрады:—Бұл не деген ел-ді?—дейді.
Бір жігіт сөйлесіпті бұл арадан:

—Жауап берші, білсеңіз бұл шаһардан.

Сонда жігіт сөйлейді Гүлшаһраны,
Гүлшаһраны сөйлейді һәрбір адам.
Шаһзада мұны естіп болды күпті,
Жүрегі жарылұрға жақын жетті.

Гүлшаһраның аттарын естіген соң,
Адасып ақылынан талып кетті.
Шаһзадаға ғашықтық дерті түсті,
Ғашықтық бұрынғыдан болды күшті.

Шаһардың маңайына жақын келіп,
Бір жерге шатыр тігіп жайланысты.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Ол жерге рахаттанып жатты барып,
Ғашықтықпен сарғайды бала ғаріп.
Уәзірменен шаһзада ақылдасты,
Қызға таныс бір кемпір тауып алып.

—Әй, ана, бізге қиын осы жұмыс,

Әлің келсе, айтайын сізге бір іс.
Гүлшаһрадан бір жауап алып берсең,
Берейін тойғаныңша алтын-күміс.
Мақтайды Гүлшаһраны жұрттың бәрі,

Ханшаңыз бір көрмекке болды дәрі.
Бір көруге лажы болар ма екен,
Қандай екен бұ елдің айтқандары.
Кемпір мұны есітіп қуанады,

Кемпірдің кей мінезі дуана-ды.
Ол қыздан сізге жауап ап берем деп,
Алғансын алтын-күміс қуанады.
Уәзірге уағда қылып жүріп кетті,

Тез заманда сарайға барып жетті.
Диуана боп есікке ақтап келіп,
Ханшаға көрісем деп хабар етті.
Кемпірді жариалар шығып көрді,

Шықты да ханышаға қайтып кірді,

—Дуана кәрі кемпір келіп тұр,—деп,

Рұқсат сұрап тұр,—деп айтып кірді.
Ханша рұқсат беріп, «кірсін» деді,

—Хабарын көрген-білген берсін,—деді.

Бүгін қонып, үйіне ертең қайтар,
Біздерге тамаша қып берсін,—деді.
Ол кемпір «алдияр» деп тұра келді,
Иіліп тағзым бірлән сәлем берді,

«Мархаба, қыз шаһзада, сұлтаным»,—деп,
Ханшаның келіп қолын өбіп тұрды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Жүрмісіз, шаһизада, саламатты,

Қыздарда сіз едіңіз кереметті.
Құлыңызды, шаһзада, көре ме екен,
Мен көрдім бір шаһзада ғинаятты.
Ханыша мұны естіп сонда күлді,

—Қандай патша тең келер маған,—деді.

Тырнағымнан садаға, жібергенмін
Талай-талай менменсіп келгендерді.
Сонда кемпір шаһзаданы мақтады көп:

—Ойладым: өз көңілімде тең екен деп

Ғылым, көркі, ақылы жаннан асқан,
Дүнияда, ойладым, жоқ екен деп.
Бір шаһзада Бағдаттан келген екен,
Қасына қанша жолдас ерген екен.

Ақылын һәм ғылымын, көркемдігін,
Құдайым жарастырып берген екен.
Жайнаған жақұттайын екі көзі,
Маһидай іш күйдірген қызыл жүзі.

Дүнияда ондай бала көргенім жоқ,
Татиды бал-шекердей айтқан сөзі.
Таусылмас айта берсем аның сөзі,
Әй, тақсыр, Құдай айдап келді кезі.

Құдай Тағала сіздерге нәсіп қылса,
Сізге тең бір асылзат мұның өзі.
Қыз есітті кемпірдің айтқан сөзін,
Ғашық болды көруге оның жүзін.

Ішіне ғашық оты түсіп кетіп,
Тоқтатты сабыр қылып өзі-өзін.

—Таныр ем шаһзаданы көзім көрсе,

Өнерді ғажап емес Тәңірім берсе.
Нәсіп болса, соған мен тиер едім,
Айтқаныңның бәрі де рас келсе.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Әй, ана, тауып берсең, бір ақыл сөз,
Анықтап аулақ жайда көрелік біз.
Ішіме ғашық оты түсіп кетті,
Көруге бір ақылды табыңыз сіз.

—Оның жайын айтайын, тыңла, жаным,

Жолында пида болсын ғаріп жаным.
Бір саудагер той қылады деп естіп едім,
Көресіз шаһзаданың сонда халін.
Аз күнде той қылады бір үлкен бай,

Қыз ұзатып шақырар тамам жанды-ай.
Сізді де шақырады деп естідім,
Шақырса ошал тойға, бар аянбай.
«Құп, тәуір» деп хан қызы бұған күлді,

Көрем деп шаһзаданы күлімдейді.

—Шаһзаданы кім маған көрсетеді,

Мен қайтіп топ ішінде білем?—деді.

—Шаһардың жиылады тірі жаны,

Бір барып тамаша етсең көріп аны.
Тамам жұрттың бәрінен құрметі артық,
Көрмесең де танырсың шаһзаданы.
Кемпір сөзін бітірді соныменен,

Ханшаның ғашық болған жөніменен.
«Той қашан болады?» деп сабыр қылмай,
Ұйықтамастан шығады түніменен.
Таң атқансын ол кемпір кетті жүріп,

Осындай ханышаға уағда беріп.
Неше түрлі хайланы ойына алып,
Қасына шаһзаданың келді кіріп.
Уәзір менен шаһзада құрметтеді,

Шаһзада қайран болып сөйлемейді.
Жайланысып қасына отырғансын,

—Не қылдың, кәне, кемпір,сөйле,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сонда кемпір сөйлейді мәні-жайын,
Шаһзада жаны кіріп айтқан сайын.

—Той болады деп өтірік айтып кеттім,

Мал қисаңыз, бір тойды қылғыл дайын.
Кемпір айтты:—Жұмсадың қызға бізді,
Баян қылдым барғансын қызға сізді.
Сипатыңды баян қып айтып едім,

Көруге ғашық болды өзіңізді.
Шаһзада жалғыз біткен шынар дедім,
Оған тисең көңілің тынар дедім.
Талай сіздей қыздарды жақтырмаған,

Өзіңдей бір асылға құмар дедім.
Атасы жердің жүзін билеген хан,
Аузына қарап тұрған бірталай жан.
Құдай білер қалай деп мін тағарын,

Көруге іздеп келген дедім саған.
Сонда қыз:—Өз көзіммен көрсем,—деді,
Сөзіңе өзім көріп сенсем,—деді.
Айтқаныңдай ол жігіт рас болса,

Арман жоқ, қызметіңде өлсем,—деді.
Бір тойды жалған айттым болады деп,
Бір саудагер үлкен той қылады деп.
Қыз тойы екен, сізді де шақырады,

Сонда көрсең көңілің тынады деп.
Шақырса, қыз тойына келмек болды,
Ол тойда, тақсыр, сізді көрмек болды.
Өз көңілі ұнатса көрген шақта,

Разылық сонда сізге бермек болды.
Мұны естіп шаһзада қуанды бек,
Тойға келсе өзім де көремін деп.
Уәзірге айтты:—Бір байға ақылдасқын,

Бір тойды ханша үшін қыламын деп.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Бір байды шақырып алды қасына енді,
Ауызын қазынаның ашып енді.

—Бір той қылып беріңіз бұл шаһарға,

Аямай мал-пұлнама шашып енді.
Ол саудагер бұ сөзді мақұл көрді,
Мал-пұлды аямастан оған берді.
«Бір жұмадай үлкен той қыламын»,—деп,

Шаһарға ол саудагер хабар берді.
Шаһарға «той қылам» деп хабар салды,
Бұл хабарды шаһардың бәрі білді.
Неше түрлі тағамдар әзірлетіп,

Неше жариа, құлдарды таяр қылды.
Алуа, шекер, шараптар әзірлетіп,
Алтын жабдық үй ішін құп түзетіп.
Неше түрлі асыл тас табақтары,

Қарайтын көрген кісі тамаша етіп.
Гауһар, лағыл, жақұт тас табақтары,
Зүмрәт, мәрмәр, зүбәржат аяқтары.
Алтын қымқап жайдырып үйге кілем,

Хәзір болды һәр түрлі шараптары.
Төрт түліктен көп қылып малын сойды,
Бек қызық тамашалы қылды тойды.
Ханшаны осы үйге кіргізем деп,

Бір үйді алтынменен безеп қойды.
Қасына бір үй салды оған қосып,
Түбінде терезенің қылды тесік.
Хан қызына даярлап алтын тақыт,

Шаһзада тұр терезеден көзі тесіп.
Осы үйге кірсінлер деп тамам қызды,
Шаһзада қараңғы үйден салсын көзді.
Ол үйдегі көрмейді шаһзаданы,

Баланы сондай жерге отырғызды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір арба даярлады алтын жапқан,
Гауһардан әр жеріне шеге қаққан.
Алты қара ат парлады ол арбаға,
Һеш нәрсе қалдырмады салтанаттан.

Алтыннан терезелі күймелеген,
Шатырын гауһарменен түймелеген.
Екі бала міндіріп көшіріне,
Тамам жұрт тамашаға үймелеген.

Осындай бір күймені жабдықтатып,
Әсемдеп порымдарын қылып артық.
Гүлшаһраға жіберді осы атпен,
Шақырып той болды деп хабар айтып.

Екі бала Гүлшаһраға келді дейді,
Қапқада тағзым қылып тұрды дейді.
«Тойға шақыра келдік,—деп,—ханышаны»,
Жауапты жариаларға берді дейді.

Сөйлесті жариалар есік ашып,
Көңілі Гүлшаһраның отыр тасып.
«Сізді тойға шақыра жүр екен»,—деп,
Ханшаға айтып кірді жауаптасып.

Шашын алтын тарақпен тарайын деп,
Той болса тамашаны қарайын деп,
Неше түрлі үстіне киім киіп,
Мақұл көрді ол тойға барайын деп.

Көрмеген неше түрлі асыл киім,
Үстіне інжу, жауһар киді киім.
Басына жасыл жақұт тәжін киіп,
Үйден тысқа шықпағы болды қиын.

Бетіне алтын перде шықты салып,
Жарығы бұ шаһарды кетті алып.
Жарқырап шамшырақтай тұрды балқып,
Жүзін көрген адамдар қалды талып.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Бір уақта тысқа шықты қадам басып,
Құрметтеп жариалар есік ашып.
Аяғының астына кілем төсеп,
Басына інжу-маржан шашу шашып.

Ертіп қырық қыз алды өз қасына,
Жарасқан салтанатпен жолдасына.
Оң-солдан көтеріп Гүлшаһраны,
Мінгізді алтындаған арбасына.

Арбаға жайланысып мініп алды,
Қасына он бес қызды бірге салды.
Һәр түрлі салтанатпен ойын қылып,
Ол тойға Гүлшаһра қыз жетіп барды.

Жалтылдап Гүлшаһра қыз келді жетіп,
Бұлар да мұнтазар боп тұрған күтіп.
Жібек кілем төсетіп басар жерге,
Көтеріп алды арбадан құрмет етіп.

Тамам жұрт құрмет[пен] амандасты,
Қарасып тамашаға жабырласты.
«Мархаба, дохтари сұлтан, қош келдің»,—деп,
Басына інжу, маржан шашу шашты.

Алдына басшыларын жүргізеді,
Құрметін ханышаға білгізеді.
Гүлшаһраның кіретін орны осы деп,
Зейнетті алтын үйге кіргізеді.

Ол үйге алтын тақыт құрған еді,
Төрт қыздар қызмет үшін тұрған еді.
Ол тақытқа ханыша кеп отырады,
Өзгеге күміс үстел орын берді.

Отырды алтын таққа әуел бастап,
Көп қыздар амандасты қолын ұстап.
Амандасып сөйлесіп қыздарменен,
Отырды бүркеншігін кейін тастап.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қарады мойнын бұрып жан-жағына,
Сөзінің ғашық болған салмағына.
Ол үйге шаһар қызы бәрі келген,
Һеш бірі тең келмейді тырнағына.

Бұл үйде ойын ойнап сөйлесті қыз,
Мағшұғын ғаріптердің келтірсін кез.
Бұлар мұнда сөйлесіп тұра тұрсын,
Енді патша баладан айталық біз.

Шаһзада терезеден салды көзін,
Көреді Гүлшаһраның нұрлы жүзін.
Ақылы кейде кіріп, кейде шығып,
Шаһзада білмей тұрды өзі-өзін.

Шаһзада қайран болды есі кетіп,
Көрінген ай секілді бір жарқ етіп.
Бұрыннан жүзін көрмей ғашық еді,
Көргенсін әрең тұрды сабыр етіп.

Шаһзада қызды көріп болды мұңлы,
Ішіне ғашықтықтан қайғы толды.
Отырды жамалына қайран қалып,
Ғашығы бұрынғыдан жаман болды.

Отырды жамалына қайран қалып,
Жүрегі ғашықтықтан оттай жанып.
«Ауызменен сипат қылып бола алмайтұн
Екен-ау»,—деп ойлады көзін салып.

Тұрып сонда қыздар тамақ ішті,
Біраздан соң қайтуға жақындасты.
Жүреміз деп орнынан тұрған шақта,
Бірталай шаһзадаға қайғы түсті.

Гүлшаһра қыздарменен қалды кетіп,
Көзінен ғайып болды жарқ-жұрқ етіп.
Ақылы кейде кіріп, кейде шығып,
Шаһзада сабыр қылар енді нетіп.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Гүлшаһра шаһзаданы көре алмады,
Сандалып ғашықтықтан жүре алмады.
Кемпірге ишараттап сөз сөйледі:

—Әй, кемпір, балаң нағып келе алмады?

Ол кемпір ақырындап келді жаңдап,
Құллық деп сөз сөйлейді қызды алдап.

—Бір амал кешке барып үйретем деп,

Артыңнан барам,—деді,—ісін аңлап.

—Әй, ана, кешке бізге келгіл,—деді,

Хабарын шапшаң келіп бергіл,—деді.
Не себептен шаһзада көрінбеді,
Мәнісін соның сұрап білгіл,—деді.
Гүлшаһра жүрді сонда қадам басып,

Барша жұрт қош айтысты шуылдасып.
Гүлшаһраның басына күміс шашты,
Пақырлар теріп жатыр жабырласып.
Ғиззаттап Гүлшаһраны келгізеді,

Лайықты құрметтерін көргізеді.
«Мархаба, сұлтанымыз, қош келдің»,—деп,
Көтеріп арбасына мінгізеді.
Жөнелтті Гүлшаһраны құлдық айтып,

Қыздарға қош айтысты езу тартып.
Алты қара ат парлаған арба[менен],
Сәулетпен Гүлшаһра қыз кетті қайтып.
Алты атының шілия қамыт, жабдығы алтын,

Асырып бұл шаһардан салтанатын.
Үйіне Гүлшаһра барғаннан соң,
Артынан кемпір келді кешке жақын.
Қақпаға сонда кемпір келіп тұрды,

Жариалар ханышаға хабар берді.
Ханышадан рұқсат болғаннан соң,
Аяңдап қыз қасына келіп кірді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Гүлшаһра ол кемпірге сөйлейді сөз,

—Көрем деген шаһзада келмеді кез.

Кемпір айтты:—Ұялды топ ішінде көрінуге,
Бір жауап көретұғын айтайын тез.
Атаңа көремін деп хабар салсаң,
Шақыртып шаһар халқын жиып алсаң.

Шақыр деп шаһзаданы зияпатқа,
Анаңа айтып патшаға арыз қылсаң.
Атаңа сен айтқан сөз дәрі деймін,
Жиылсын халайықтың бәрі деймін.

Шаһзаданы көресіз тағы анықтап,
Келгенсін жасы менен кәрі деймін.
Бір үйден өзің тұрып салғыл көзді,
Қарағым, ұғып алғыл осы сөзді.

Өз еркіңше көресің сонда келсе,
Басқа іске жұмсама енді бізді.
Гүлшаһра мақұл көрді кемпір сөзін,
Көрмекке шаһзаданың нұрлы жүзін.

Бір жауапты атама айтайын деп,
Шақыртып анасының алды өзін.
Бұл сөзді бек ұқтырған даясына,
Даясы айтты келгенсін анасына.

—Шаһзаданы көрем деп ойлайды екен,

Шаулан беріп Кәшмирдің қаласына.
Балаңыз бір зияпат берсін,—деді,
Шақырған халайықтар келсін,—деді.
Шаһзаданы шақырсын қалдырмастан,

Атам да өз көзімен көрсін,—деді.
Бұ сөзді ханым сонда мақұл көрді,
Даясы айтқаннан соң естіп білді.
Зияпат атаңа айтып қылдырам деп,

Қасына падишаның қайтып келді.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Ханым айтты:—Құлақ сал сөзге,—деді,
Балаңыз арыз айтты сізге,—деді.
Бұ сөзді жақтырсаңыз, тақсыр ханым,
Ашу қылып жүрмеңіз бізге,—деді.

Патша айтты:—Сол еді жалғыз қызым,
Мен неге жақтырмайын оның сөзін.
Қызым айтқан сөзіне ашу қылып,
Соқыр болып кетпей ме екі көзім.

Ханым айтты қызының айтқан сөзін:

—Бір шаһзада іздеп келген балаң өзін.

Патшазада асқан деп естігенсің
Көрсем деп ойлайды екен оның жүзін.
Сөзіме менің құлақ салсаң,—деді,
Шақыртып шаһзаданы алсаң,—деді.

Балаң разы болады, тақсыр, сізге,
Тамаша бір зияпат қылсаң,—деді.
Падиша мына сөзді қабыл алды,
Шақыртып халайыққа хабар салды.

«Бір зияпат тамаша қыламын»,—деп,
Даярлап түрлі тағам әзірлетті.
Даярлап неше түрлі алтын аяқ,
Сарып қылды дүниені аямай-ақ.

Меһманхана сарайға отырсын деп,
Кілем, көрпе жайдырды санамай-ақ.
Неше түрлі тағамдар әзірлетті,
Отыратын жайларын құп түзетті.

Қонаққа біздікіне келсінлер деп,
Шақыртып шаһзаданы хабар етті.
Шақырып шаһзаданы біреу келді,
«Қонаққа патша сізді келсін»,—деді.

Бұ хабарды есітіп бек қуанды,
Сандалып не қылам деп отыр еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ішіне қайғы толып ғашықтықпен,
Ұйықтамай, тамақ ішпей күні өткен.
Уәзірімен кеңесіп отырғанда,
Шақырып падишадан хабар жеткен.

Ғашықтық қиын жұмыс адамзатқа,
Ұқсайды іште тұрған жанған отқа.
Көңліне ғашық дерті түскен адам
Дүниелік қарамайды салтанатқа.

Ұмытып дүниенің салтанатын,
Мағшұқтың көңліне алып махаббатын.
Падиша шақырады дегеннен соң,
Бұйырды ерлегін деп арғымағын.

Істеген ер-тоқымын алтындатып,
Қарайтын көрген адам таңға қалып.
Уәзірін қасына ертіп келе жатыр,
Падишалық тондарын жарқылдатып.

Жасауылдар қоршаған екі жағын,
Патшалық киіп алды бар жарағын.
Перизаттай бұралып шаһизада,
Секіртіп келе жатыр арғымағын.

Осындай салтанатпен жетіп келді,
Қолтықтап атын ұстап түсірді енді.
Шаһзаданың орынын даяр қылған,
Құрметтеп барша халық отырғызды.

Лебізі шаһизада[ның] шекер-балдай,
Жүзін көрген адамдар естен танды.
Бәрі де халайықтың қайран қалды,
Құдайым жаратпаған қандай жанды.

Жайнап тұр екі көзі шам-шырақтай,
Екі беті албырап гүл-жапырақтай.
Нәзік белі бұралып үзіліп тұр,
Тігілген кірпіктері атқан оқтай.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Шаһзада жиылғанның көрді бәрін,
Көңлінен шығармайды ғашық жарын.
Падиша, уәзірменен амандасып,
Сұрасып отырдылар ахуалдарын.

Уәзірлер сөйлеп отыр тілін безеп,
Шаһзада сөйлемейді бойын тежеп.
Мәжілісте сөйлесіп отырғанда,
Шаһзада сөйлейтұғын келді кезек.

Әуелі сөйлеместен езу тартты,
Ол сөзге бек тиісті жауап айтты.
Лебізі сары алтынның буындай боп,
Естіген адамдарды таңырқатты.

Тыңдады айтқан сөзін жанның бәрі,
«Бәрәк Алла» деседі жас пен кәрі.
Ақыл, көркі, ғылымы асқан ғой деп,
Бұлардың шаһзада боп ынтызары.

Қайран болды қыз іздеп келгеніне,
Тамаша етті құп жауап білгеніне.
Сөз сөйлемей әуелі күледі деп,
Гүлшаһра мін тағады күлгеніне.

Гүлшаһра айтты:—Әуелі күлді,—дейді,
Жауабыны «Бәрәк Алла» білді,—дейді.
Ақымақтарға ұқсайды бұ мінезі,
Несіне аралап жүр елді,—дейді.

Мен мұндай ақылсыздың теңі емеспін,
Білемін бұ күлкінің жөн емесін.
Бірталай мен байғұсты әуре қылған,
Мақтаған кемпір ақымақ неменесін.

Қалайша тең боламын мен мұндайға,
Ұқсайды көркемдігі туған айға.
Ақылсыз ғылым обал адамзатқа,
Әуелі ақыл керек жарлы, байға.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ғылымға, патшалыққа ақыл керек,
Ғылым да ахиратқа болар тірек.
«Ақылсыз адам—хайуан» деген сөз бар,
Кісіге лайық емес болмай зерек.

Гүлшаһра мұны айтып тамам етті,
Сол жерде мәжіліс тарқап қайтып кетті.
Шаһзада өз орнына барғаннансын,
Шыдамай ғашықтықтан қайғы шекті.

Отырды уәзіріне ақыл салып,
Көзінен жас ағызып қайғыланып.
Бір кісі падишаға табыңыз деп,
Кемпірден сөз сұрайды шақырып алып.

—Әй, кемпір, қарап тұрмыз сізге,—деді,

Бұл істің айтшы жөнін бізге,—деді.
Кемпір айтты уәзірге оңашалап:

—Көңілі Гүлшаһраның өзге,—деді.

Шаһзададан жауап сұрды жиылған көп,
Күлгені сол уақытта болмады еп.
Гүлшаһра соның үшін жақтырмады,
Басында сөз сөйлемей күледі деп.

Шаһзада ғаріп болды осы жаста,
Кісі жібер патшаға ақылдас та.
Анықтап падишаға жаушы жібер,
Ақыл жоқ сізге айтатын мұнан басқа.

Той қылғызған шақырды уәзір байды,
Қалдырмай бастан-аяқ айтты жайды.

—Жаушы болып патшадан жауап әпер,

Білесіз біз айтпай-ақ осындайды.
Ол байды жіберді де қайтып келді,
Бұ сөзін шаһзадаға айтып келді.
Бір сөзді мен айтсам, әй, шаһизада,

Айып қылып жүрмеңіз маған деді.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Сабыр қыл, әй, шаһзада, айтқан сөзге,
Құдайым ақыл берген өзіңізге.
Осы қызға ғашық боп зар жылайсыз,
Һеш сұлу көрмеп пе едің мұнан өзге.

Шаһзада мұны естіп ойлайды ойды,
Ойламаған дәнеме һеш қоймайды.
«Мұрадымша жоқ екен-ау қыздан жауап,
Мұндай сөзді айтқаны»,—деп ойлады.

—Әй, уәзір, сұрадыңыз мұндай сөзді,

Гүлшаһра жақтырмап па дейді бізді.
Құдайым маған нәсіп қылар ма екен,
Дүнияда һеш көрмедім мұндай қызды.
Уәзірім, ақылдасар жан жолдасым,

Қор болды-ау бұ қыз үшін ғазиз басым.
Ішімді өртеп барады ғашықтық,—деп,
«Аһ» ұрып шаһизада төкті жасын.
Жіберген бай патшаға барды жетіп,

Үйіне кіріп барды тағзым етіп.

—Тақсыр-ау, қаһар қылма келгеніме,

Арызға келіп едім көңлім кетіп.

—Арыз айта келсеңіз бізге,—деді,

Құлақ салып тұрайын сөзге,—деді.
Қабыл қылып арызымды тыңласаңыз,
Бір шаһзада жіберді сізге,—деді.
Әй, тақсыр, мақұл көрсең сөзімізді,

Айыпқа бұйырмасаң өзімізді.
Бағдаттың патшасының ұғылы екен,
Сұратты Гүлшаһра қызыңызды.
Ақылы, көркі артық талай жаннан,

Һеш адам артық болмас, сірә, мұндан.
Өзің де көріп едің, тақсыр, оны,
Осы еді келген ісім көңілге алған.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша айтты:—Бұ болса келген ісің,
Мен де лайық көріп ем оның түсін.
Гүлшаһрадан рұқсат сұратайын,
Білейін қызымның да көңіл хошын.

Мен сұрайын қызымның көңлін біліп,
Қосылсын жақсы көрсе ойнап-күліп.
Сұратып жауабыңды ап қояйын,
Жауабын есітіп кет ертең келіп.

Мақұл деп барған кісі қайтып кетті,
Падиша Гүлшаһраға хабар етті.

—Бір кісі жаушы келді шаһзададан,

Не дерсіз шаһзадаға берсем,—депті.
Қызы айтты:—Әй, ата, айтпа мұны,
Мәжілісте отырғанда көрдім оны.
Сөз сөйлемей күледі ақымақтарша,

Ақымаққа бар дегеннің келмес жөні.
Патша ұғылы болса да зерек емес,
Білемін, қорықпайтұғын жүрек емес.
Сөзден бұрын күледі қатындарша,

Біздерге ондай ақымақ керек емес.
Атасы бұған жауап айта алмады,
Падиша қыздың сөзін қайтармады.
«Әй, балам, өзің білгіл»,—деді дағы,

Бөтен сөзді айтуға бата алмады.
Кешегі бай патшаға келді сонда,
Патшаға кіріп сәлем берді сонда.

—Шаһзаданың жауабы не болды?—деп,

Әдеппен тағзым етіп тұрды сонда.
Падиша айтты қызының айтқан сөзін,

—Мен де лайық көріп ем оны өзім.

Қызым разы болмаса амал жоқ,—деп,
Сарғайтты шаһзаданың нұрлы жүзін.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Бұ сөзді естіп барған бай қайтып келді,
Уәзірге оңашалап хабар берді.
Гүлшаһраның айтқанын баян қылып,
Шаһзаданы жақтырмас деді енді.

Сонда уәзір мұны естіп болды қайран,
Жылауда екі көзі болды гөриан.
Шаһзада қайтіп сабыр қылады деп,
Қайғырып талай істі көңілге алған.

Қайғырып уәзір сонда ойлайды көп,
Қалай деп шаһзадаға айтамын деп.
Естірмесем болмайды тағы мұны,
Естірсем диуана боп кетеді деп.

Мұны ойлап шаһзадаға келді жақын,
Уәзір ойлап қайғырар жолдас ақын.

—Мен бір жауап айтайын, әй, шаһзада,

Есітіп сабыр қылып шыдап баққын.
Бұ жаққа мүсәпір боп шықтық саяқ,
Тәңірім бақты берген соң аямай-ақ.
Мен бір байды патшаға жіберіп ем,

Айтайын мен сырымды бастан-аяқ.
Шаһзада тыңлап отыр құлақ салып,
Мағшұқтың махаббатын көңліне алып.
«Сізді қыз жақтырмапты» деген шақта,

Шаһзада есі кетіп қалды талып.
Көтеріп бір уақта алды басын,
Ағызып қасіретпенен көзден жасын.

—Құдайым салғаннан соң бұ қайғыға,

Қор болды бұ сапарда ғазиз басым.
Көңілім ғашықтықтан болды мұңлы,
Көзіме жас, көкірегіме қайғы толды.
Тірілік, дүния маған болды зындан,

Бір ылаж болар ма екен бұған енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дүниядан өмірім өтті қайғыланып,
Барамын бұ жауапқа қапаланып.
Шаһзаданың қасіретін естіген соң,
Уәзірі жылап отыр құлақ салып.

Шаһзада бұ қайғыдан болды дертті,
Ас ішпей, ұйқы көрмей күні өтті.
Һеш ылаж бұ шаһарда болмағансын,
Ауру боп өз еліне қайтып кетті.

Шуласып шаһар халқы жылап қалды,
Болмады шаһзадаға қыздың мейілі.
Өз жұртына шаһзада қайтып кетті,
Өткізіп екі арада бірер жылды.

Бір күні қыз ұйықтады алтын тақта,
Шаһзада өз еліне барған шақта.
Түсінде шаһзаданы көрді бұ қыз,
Аралап жүрген екен бақ-шарбақта.

Шарбақта аққан бұлақ, шыққан ағаш,
Көрінді су түбінде һәр түрлі тас.
Жемісі көп ағашында алуан-алуан,
Көргенсін қайран қалып болады мас.

Көрмеген ол шарбақта жемістері көп,
Біреуіне ұмтылды татайын деп.
Алтын тақтыда шаһзада жатыр екен,
Ойлайды қасына бірге жатайын деп.

Гүлшаһра келе жатыр қадам басып,
Зейнеті шаһзаданың хәдден асып.
Хәрир көрпе жамылып жатыр екен,
Қарады Гүлшаһра бетін ашып.

Бетін ашып қасына тұрды барып,
Нұр жүзі бақ-шарбақты қылған жарық.
Бұ қызға ілтипат қып қарамайды,
Гүлшаһра тұрды сонда қайран қалып.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Шаһзада айтты:—Әй, ақымақ, неге келдің,
Менің ақымақтығымды қайдан білдің?
Бұ жерге қаңғып келдің не жұмысқа,
Алып кет садақасын тамам елдің.

Деді де көрпеменен жапты бетін, –
Әй, ақымақ, саған бітсін менің дертім.
Ахиратқа барғанда сөйлесерміз,
Осындай күйге салды ғашық отың.

Гүлшаһра мұны көріп оянады,
«Бұ түсім қалай түс?» деп ойға алады.
Ішіне ғашық оты пайда болып,
Біреуге мұны айтуға ұялады.

Оянып ұйқысынан көзін ашты,
Ғашық от пайда болып төкті жасты.
Енді елге айтқанша өлейін деп,
Өлімге байлап тұрды ғазиз басты.

Һешкімге сөйлемеді неше күндей,
Ас ішпей, ұйқы көрмей күндіз-түндей.
«Ақымақтықпен жаратпай жіберіппін,
Табылмас маған жігіт, сірә, мұндай».

Отырды қайғыменен бірнеше күн,
Қараңғы зындан болды күн менен түн.
Түн ортасы болғанда түрегелді,
Артынан оны іздеп [мен] кетейін.

Мұны ойлап қару-жарақ киіп алды,
Қоржынға алтын-күміс, азық салды.
Еркектің порымынша киім киіп,
Ерттеп бір жүйрік ат мініп алды.

Жөнелді түн ішінде «иә, Құдайлап»,
Беліне алтын кәмәр, қылыш байлап.
Шаһарда һешбір адам білмей қалды,
Қайғы-дерт келе жатыр қоймай айдап.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Гүлшаһра жол үстінде жүрсін мұнда,
Айтайын шаһзаданы анда-санда.
Қасында жолдасымен аман-есен,
Ауру боп шаһарына барды сонда.

Алдынан қарсы шықты ата-анасы,
Ата-анасын көргенсін ағып жасы.
Шаһизада ауруын көргеннен соң,
Қайғырып жылап тұрды кәрі-жасы.

Барғансын елі-жұрты амандасты,
Қайғырып ата-анасы зар жыласты.
Неше түрлі тәбиптер ап келсе де,
Һешбіреуі бір дауа қыла алмас-ты.

Бір күні нашарлықтан кетті талып,
Енді есі кірмеді қайта айналып.
Бір күн жатып өкпесі соқпай қалды,
Өлді деп шуылдады ойбай салып.

Сол уақта күдер үзіп жапты бетін,
Жығылып көтере алмай ғашық отын.
Өлді деп шаһар халқы көп жылады,
Тарттырып ата-анаға қасіретін.

Жылады тамам жұрты ойбай салып,
Білмеді не қыларын барша халық.
Баласы дүниядан кеткеннен соң,
Ата-анасы қайғымен қалды талып.

Жылады біреу анда, біреу мұнда,
Көшеде адамдар жүр анда-санда.
Шаһардың бәрі бірдей қайғыланып,
Жыламаған адам жоқ тірі жанда.

Шаһарға сол уақтыда қыз кеп кірді,
Біреуге жылап жүрген сәлем берді.

—Бұ шаһарда не хабар бар?—деп еді,

Ол адам сөйлеместен жүре берді.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Екінші жолығады бір адамға,
Жылап жүрген адамға қалды таңға.
Ол адамнан сұрады тағы барып,

—Жылаған не болған,—деп,—барша жанға.

—Айтайын бұ шаһардың жылағанын,

Көл қылып көздің жасын бұлағанын.
Бар еді патшамыздың жалғыз ұғылы,
Білмесең шаһзаданың не болғанын.
Кашмирге патша қызын іздеп барды,

Қызына ғашықтықтан ынтызар-ды.
Мұндай бала тумайды адамзаттан,
Ол қызы жақтырмаған пейілі тар-ды.
Ауру боп ғашықтықтан қайтып келді,

Кеселін бұл шаһардың бәрі білді.
Қанша дауа қылса да оңалмастан,
Ол бала бүгін түнде опат болды.
Жылады шаһар халқы соның үшін,

Күйіп тұр менің дағы ішім-тысым.
Мен айтып шаһзаданы бітіре алман,
Бітпеген һеш пендеге ондай пішін.
Есітті мұның сөзін құлақ салып,

Не дерін білмей тұрды қайран қалып.
Енді қайтіп тірі боп жүремін деп,
Гүлшаһра аттан түсіп қалды талып.
Ол кісі мұны айтып жүріп кетті,

Естіді Гүлшаһра мұндай кепті.
Бір күн, бір түн тамам жұрт жылап-жылап,
Падиша таң атқансын әмір етті.
Патша шақырып алды жұрттың бәрін,

Қойыңдар, қайтып келмес, жылауларың.
Жудырып жаназалап көмдіреді,
Оқысып барша халық намаздарын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сағана қылды көрін алтындатып,
Төрт кісі бақтыруға әзірлетіп.
Жыласып түн болғанша отырды да,
Халайық түн болған соң кетті қайтып.

Қыз ойлайды бір жерде жатайын деп,
Бұ жерде сабыр қылып байқайын деп.
Күзетшілер ұйықтап қалған шақта,
Бір көріп шаһзаданы қайтайын деп.

Мұны ойлап бір жерге барып жатты,
Қайғы-дерт бұрынғыдан болды қатты.
Түн ортасы болғанда келіп көрсе,
Күзетші бәрі бірдей ұйықтап қапты.

Күмбезге барды сонда қадам басып,
Кіргелі сағанаға есік ашып.
Күзетшілер оянып дыбысыменен,
Ұстады ұғры екен деп жабырласып.

Байлады ұрып-соғып ұғры екен деп,
Залымның көр аңдыған бірі екен деп.
Сүйретіп зынданшыға алып келді,
Алтынын ұрлағалы жүр екен деп.

Зынданға ұрып-ұрып салды байлап,
Күзетшілер қуанды «иә, Құдайлап».
Жолығып бір қасіреттен бір қасіретке,
Гүлшаһра не болам деп жатыр ойлап.

Патшаға таң атқан соң хабар берді,
Сонда патша шақырды уәзірлерді.
Алып кел деп жіберді жасауылдар,
Мойнына арқан тағып алып жүрді.

Патшаға жасауылдар алып келді,
Көңілі ғаріп жаннан қалып келді.
Ашуланып уәзірге ақылдасты,
Не жаза қыламыз деп бұған енді.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Уәзірлер арқан тағып алып жүрді,
Шаһарды құрым іліп айландырды.
Шаһзаданы алғалы жүр екен деп,
Айғайлап тамам жұртқа біліндірді.

Бір уақта жұртты жиып асты дарға,
Жазасы ұрлық қылған пейілі тарға.

—Сүйегі қурағанша тұрсын,—деді,

Жесін,—деп,—етін мұның құзғын-қарға.
Дараға Гүлшаһраны қойды асып,
Барша жұрт «әй, ақымақ» деп шуылдасып.
Мойнына арқан тағып байлап қойды,

Бұлқынып тулап тұрды жанталасып.
Барша жұрт біраз [тұрып] кетіп қалды,
Қасына күзетшіге біреу қалды.
Бір өлікті күзетіп не қылам деп,

Бір жерге аулақ барып жатып қалды.
Гүлшаһра байлаулы тұр ағашында,
Дұшпанның қалып байғұс табасында.
Ол шаһарда бір үлкен көл бар еді

Дар құрған ошал көлдің жағасында.
Түнде қой жусатады ел ішінде,
Күндіз қойды жаяды шөл ішінде.
Ел жатқансын қойларын айдап келіп,

Ол көлден суғарады түн ішінде.
Бір қойшы суғарғалы қойын айдап,
Ол көлге жақын келді «иә, Құдайлап».
Қойшы кеп дар ағашқа қарап тұрса,

Бір кісі басында тұр қойған байлап.
Ол қойшы келіп тұрды қасына енді,
Ағашқа сүйеп тұрды басын енді.
Ол ағаш қимылдайды дір-дір етіп,

Ол дарға қойған кісі асып енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қойшының қалды сонда зәресі ұшып,
Бір нәрсе келе ме деп көлден түсіп.
Осы адам екенін білгенненсін,
Түсірді байлап қойған жібін шешіп.

Ол байғұс жерге түсіп талып жатты,
Һәр жері шала-жансар қимылдапты.
Аузына су құяды алып келіп,
Су ішіп сонда есін жиып апты.

Есін жиып көтеріп алды басын,
Қан аралас ағызып көздің жасын.

—Не қылған жан едің?—деп сөз сұрайды,

Өлімнен құтқардың деп замандасым.
Құданың құдіретіне болды қайран,
Халайық сені дарға асып қойған.
Бұ жерде сөз сөйлесіп болмас деді,

Қойшымын бұ шаһарда қойды жайған.
Қойшымен қойды айдасып кетті сонда,
Қойшы барып өрісіне жетті сонда.
Аулақ барып бір жерге отырғансын,

—Бейшарам, жайыңды айт,—депті сонда.

Гүлшаһра сырын айтты бастан кешкен,
Ғашықтық отыменен күйіп піскен.

—Өзіме менмендікпен өзім қылып,

Ақырында ғаріп боп отқа түскем.
Қойшы есітті бұ қыздың айтқан сөзін,

—Бір бейшара ғаріппін менің өзім.

Маған дағы тимесін сенің бәлең,
Аулақ кет менен енді сенің өзің.
Екеуі амандасып айрылады,
Ол қойшы Гүлшаһраға қайрылады.

Гүлшаһраға көрсетті аулақ жолды,
Қыз байғұс жолға түсіп зар жылады.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Қойшының айтқанымен жүре берді,
Таң ата бір шаһарға тағы кірді.
Бір бәледен құтылып зорға байғұс,
Шаршап келіп бір жерге жатады енді.

Бейшара демі құрып шаршап қапты,
Демін алып жатқансын ұйықтап қапты.
Оянып сәске уақты болған шақта,
Тұрғансын төгерекке көзін сапты.

Қараса, біреу жатыр кеудесімен,
Басы жоқ өзі жатыр тәнәсімен.
Жүрейін деп тұрғанда жолға қарай,
Жүгірді күзетшілер көрісімен.

Келді де күзетшілер ұстап алды,
Пәлеге құтылмастай тағы қалды.
«Кешегі ұғрыны бүгін ұстадық»,—деп,
Алдына падишаның алып барды.

Естіген халайықтар келді жетіп,

—Келдің бе бүгін тағы, кеше кетіп.

Өлтірмей қояды деп һеш ойлама,
Уәзір ұғлын кетіп ең шаһид етіп.
Ұрып-ұрып аяқ-қолын байлап алды,
Алайын деп келдің бе бүгін тағы.

Уәзірдің баласын сен өлтірдің,—деп,
Зынданға сүйреп келіп салды тағы.
Ол жерге бұрын ұғры келген екен,
Уәзір ұғлы ұғрыдан өлген екен.

Бүгін тағы келер деп ой ойласып,
Аңдытып күзетшілер қойған екен.
Бейкүнәһ байғұс қызды алды ұстап,
Зынданға күзетшілер кетті тастап.

Менмендіктен осындай азап көрді,
Һәр іске жүрген екен Құдай бастап.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уәзірге қарауылшылар келді дейді,
Ұғрыдан келіп хабар берді дейді.

—Ұғлыңызды өлтірген кешегі ұғрыны

Байладық, не бересің енді?—дейді.
Алғалы келген екен киімдерін,
Һәр түрлі қару-жарақ бұйымдарын.
Зынданға ол ұғрыны салып келдік,

Біз алдық қалтасынан тиындарын.
Уәзір білді бұлардың айтқан сөзін,
Жас қылған қайғыменен екі көзін.
Өзім бекітіп қояйын қашып кетер,

Маған ап кеп беріңдер оның өзін.
Уәзірге байғұс қызды ап кеп берді,
Келгенсін уәзір оны көзі көрді.
Қол-аяғын тас байлап алып келіп,

Берді де күзетшілер жүре берді.
Бұрыннан қылған екен темір үйді,
Уәзір байғұс ұғлы үшін жаман күйді.
Темір үйге кіргізіп Гүлшаһраны,

Құлпысын есігінің салып қойды.
Есікке құлып салып тас бекітті,
Кілтін уәзір өзі алып кетті.
«Баламызды өлтірген қу ұғрыны,

Ұстадық»,—деп қатынға баян етті.
Қатыны баласы үшін жылап еді,
Ағызып көзінің жасын бұлап еді.
«Саған да көрсетейін» деді уәзір,

Байынан көрейін деп сұрап еді.
Екеуі келді сонда қадам басып,
Көрсетті қатынына есік ашып.
Қатын көрсе, бір сұлу жігіт екен,

Қалғандай бейнетпенен көңлі жасып.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Қатын ойлар:—Бар ма екен кінәсі деп,
Мен секілді біреудің баласы деп.
Мұны өлтіргенмен тірілмес менім ұғлым,
Жылайды-ау мендей болып анасы деп.

Өлтіріп бұ байғұсты не қылам дер,
Бұ өлгенмен һеш тоймас сұм қара жер.
Мұны енді өлтірмей қоя берсем,
Өліп қалған балама сауап тиер.

Мұны ойлап байымен қайтып кетті,
Есігін бұрынғыдай тас бекітті.
Түн болып уәзір ұйықтап қалған шақта,
Кілтін ұрлап алып жетіп кепті.

Қатын келсе, күзетші ұйықтап қалған,
Есік ашып ол қатын жетіп барған.
Жетелеп түн ішінде алып шығып,
Кілтін бұрынғыдай қайтып салған.

Жетелеп бір бөлмеге келді алып,
Сыртынан бекітіп қойды кілтін салып.
Кілтін орнына қойды дағы,
Төсегіне жатады қайтып барып.

Таң атқан соң патшаға уәзір барды,
Мағлұм қылды өзінің көргендерді.
«Не қылған жүрек жұтқан жан еді» деп,
Падиша есіткен соң қайран қалды.

Ақылдасты дарға асалық деп,
Ақымақтың жәһіл көңлін басалық деп.
Жасауылдар жіберді алып кел деп,
Өлтіріп дарға асып тасталық деп.

Қарады жасауылдар кілтін ашып,
Падиша бұйырған соң асып-сасып.
Есік ашса, ол үйде дәнеме жоқ,
Бұл үйде қойған кісі кеткен қашып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша[дан] келген жігіт қайтып барған,
Ол үйге қойған жігіт кетіп қалған.
Шыққаны һеш жерінен білінбейді,
Есікке қалыбындай құлып салған.

—Әй, тақсыр, жұмсаған соң мұнан бардық,

Зынданның барып ашып құлпын алдық.
Ол үйдің қалыбында бәрі бүтін,
Біле алмай қайда екенін қайран қалдық.
Падиша естіген соң болды қайран,

Қарасын бұл шаһарды жиылған жан.
«Жын ба екен, адам ба екен, пері ме екен,
Бұл үйден қалайынша кетіп қалған?!»
Ұғрыны іздеп-іздеп таба алмады,

Кеткенін қайда қашып біле алмады.
Таба алмай бұлар мұнда тұра тұрсын,
Гүлшаһра сабыр, айла қыла алмады.
Гүлшаһра жатты сонда бірнеше күн,

Қараңғы зындан болып күн менен түн.
Көркейді күннен-күнге тәуір болып,
Ол қатын жақсы қылып күткеннен соң.
Тұрады ауық-ауық тағам беріп,

Гүлшаһра отырады қасын керіп.
Қашқан, қуған мехнаттан құтылған соң,
Оңалды бұрынғыдан өңі кіріп.
Бір күні Гүлшаһра ой ойлады,

Ойламаған дәнеме һеш қоймады.
«Менмендіктен осындай күйге түстім,
Бұл азап өзіме аз ғой,—деп ойлады.
Бір күнде жатушы едім алтын тақта,

Сан кісі қызмет қылып һәр тарапта.
Менмендіктен Әзәзіл шайтан болған,
Әуелі өзіме аз ғой бұл азап та.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Айрылып салтанаттан болдым пақыр,
Мұнан да жақсы маған өлім ақыр.
Бойыма тірі жанды теңгермеуші ем,
Бір-бірлеп ол кесірім келе жатыр.

Ойламай ахиретті болдым менмен,
Жиылған қызметімде бірталай жан.
Боламын ахиретте әлде қандай,
Күнәһымды кешер ме екен Қадір менің».

Бұрынғы істерінен тәубе қылды,
Шаһзада еске түсіп бүгілді енді.
Сиынып бір Құдайға зар жылайды,
Бұрынғы салтанаттан түңілді енді.

Жалынып тәубе қылды бір Құдайға,
Бұрынғы жаман ісі түсіп ойға:

—Көре алмай шаһзаданы арманда өлдім,

Тіріліп келер ме еді, уа, дариға.
Гүлшаһра қайғы-дертті болып жатты,
Ғашықтық көңліне алып махаббатты.
Құдайға көп мінәжат тәубе қылып,

Кішкене тыныштық алып ұйықтап кетті.
Ұйқыда бір түс көріп оянады,
Бұ түсім қалай түс деп қуанады.
Мехнаттан құтыласың депті біреу,

Ол түсін өзіне айтып жуанады.
Шаттанып отырғанда қатын келді,
Сипатын бұрынғыдан артық көрді.
Ақылы кейде кіріп, кейде шығып,

Жүзіне Гүлшаһраның қарап тұрды.
Ол қатын сонда көріп болды ғашық,
Көңілі ғашықтықтан судай тасып.
Дүнияда мұндай көркем болар ма деп,

Отырды сабыр қылып көңлін басып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Асылы жүзін көріп болды күпті,
Бұрынғы ұғрылығы ойдан кетті.
Сабыр-қарар қылуға халі келмей,

—Дүнияда сіздей көрікті бар ма?—депті.

Бек артық көрінеді көркің сенің,
Маған енді баян қыл асыл тегің.
Жүзіңді бүгін көріп ғашық болдым,
Көңілім қайран болды енді менің.

Құдайым ғашық қылды саған мені,
Өзіме білінбей тұр сөздің жөні.
Менің де тілегім бер, замандасым,
Өлімнен құтқарайын енді сені.

Қалмады көңілімде сабыр-қарар,
Кәсібім жоқ сізден басқа көңілге алар.
Қападан құтыларсыз, әй, шырағым,
Ойнасаң меніменен енді бірер.

Қыз айтты:—Мақұл көрдім бұ сөзіңді,
Көргенсін саламатты ақ жүзіңді.
Біраз күн рұқсат бер енді маған,
Қуатты қып күтейін мен өзімді.

Неше күн мехнат көріп жүрдім қашып,
Қайғы-қасірет көңлімді жүрген басып.
Біраз күн тәрбиелеп күтпейінше,
Сізге қызмет қыла алман мауқың басып.

Мағшұғым,не айтасыз мына сөзге,
Айып қылмай мақұл де сөзімізге.
Біраз күн ауқаттанып алғаннан соң,
Жақсы боп қосылайын өзіңізге.

Бұ сөзді қатын сонда мақұл көрді,
Ол қызды тәрбиелеп баға берді.
Неше алуан тағамдар әзір етіп,
Ол қатын уәзір жоқта күтіп жүрді.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Бір күні уәзір келді патшадан кеш,
Шаршап келіп ұйықтап жатты тыныш.
Ол қатын ұйықтаған соң түрегелді,
Қатынның не қылғанын білмеді һеш.

Қатыны Гүлшаһраға келді жетіп,
Ойын-күлкі, тамаша үміт етіп.
Кіріп барса, Гүлшаһра ояу отыр,
Тез келгін дегендей-ақ жолын күтіп.

Көрген соң Гүлшаһраны жауап еткен:

—Ұйықтамай отырсыз не себептен?

Көңіліне ғашық оты түскенен соң,
Ғарібің ғейіш-ғишрат үміт еткен.
Қыз айтады:—Өртеді ғашығың сенің,
Қасіретті сол себептен көңлім менің.

Көзіме сол себепті ұйқы кірмес,
Тыныштығы болмаған соң ғаріп тәннің.
Бұл сөзді қатын естіп болады шат,
Қылмаққа үміт етіп ғейіш-ғишрат.

Құшақтасып ойнасып отырдылар,
Біреуі еркектей боп қылып сұхбат.
Екеуі отыр еді қалжыңдасып,
Оянды уәзір сонда көзін ашып.

Қатынын жоқтайды қасындағы,
Келмеген соң қарады асып-сасып.
Қарады уәзір тұрып үйінің ішін,
Сандалып қайран болып қатыны үшін.

Бөлмелерін қарады қалдырмастан,
Сөйлескен есітеді бұл дабысын.
Сөйлескен даусын естіп тыңлап тұрды,
Үйіне уәзір сонда қайта жүрді.

Қолына қылыш алып белін буып,
Үстіне екеуінің келіп кірді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатынын қылышпенен салып қалды,
Қатыны бір салғанда өліп қалды.
Гүлшаһраға ұмтылды шабайын деп,
Гүлшаһра сонда бөркін жұлып алды.

Емшегін көрсетті киімін шешіп,
«Мен қызбын» деп жалынды жаннан шошып.

—Қатыныңды өлтірдің бекер,—деді,

Күнәһым болса өлтіргін басым кесіп.
Уәзір сонда бұл іске болды қайран,
Жүрегі қатыны үшін болып ойран.
Гүлшаһрадан сұрайды:—Кім едің?—деп,

Бұл жерге келмеуші еді һеш тірі жан.
Сонда сырын сөйлейді бастан кешкен,
Ғашықтық отыменен күйіп-піскен.

—Атым менің Гүлшаһра, шаһзадамын,

Құданың құдіретімен мұнда түскен.
Бұ сөзді сонда естіп білді дейді,

—Құданың құдіреті болды,—дейді.

Маған енді қатын бол, әй, шырағым,
Сені ап кеп Құдай Тағала берді,—дейді.

—Әй, тақсыр, мақұл,—деді,—айтқан сөзің,

Бұл істі ойлап едім менің де өзім.
Сізден мен қашамын ба бөтен жаққа,
Құдай айдап келген соң менім өзім.
Екеуі мақұлдасып айтады сөз,

Құдайым келтірді деп бұ қызды кез.
Көп білдірместен ол қатынын
Ары-бері шапшаңдатып көмеді тез.
Қосылды уәзір менен некаһ қылып,

Сұхбат қылмақ тіледі жақын келіп.
Жайым келмей жүр еді бұ күнде деп,
Ғаріп жалынады «тұра тұр» деп.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

—Пәктеніп түзелейін азырақ күн,

Қызметіңде тұрамын күн менен түн.
Мен сізден қашамын ба бөтен жаққа,
Құдайым нәсіп қылып қосқаннан соң.
«Мақұл» деп сонда уәзір рұқсат берді,

Қызметін ерге лайық қылып жүрді.
Бұрынғы қатынымнан артық қой деп,
Қуанып уәзір байғұс күлімдейді.
Бір күні уәзір ұйықтар шаршап келіп,

Патшадан кеш қайтыпты жұмыс болып.
Гүлшаһра түн ішінде түрегелді,
Қолына қылыш алды шапшаң келіп.
Уәзірдің қылышпенен кесті басын,

Аһ ұрып қайғыменен төкті жасын.
Астына бір арғымақ мініп алды,
Салып ап алтын-күміс, гауһар тасын.
Ғаріп қыз түн ішінде жүріп кетті,

Уәзірге қатынымен ажал жетті.
Жолында ғашықтықтың ғаріп болып,
Таң атқан соң Бағдатқа келіп жетті.
Гүлшаһра келіп кірді бұ шаһарға,

Атын қойды аулаққа бір пәтерге.
Атын тастап Гүлшаһра жаяу келді,
Дұға қылған кісі боп қабірлерге.
Әуелі тыстан тұрып дұға қылды,

Күмбезге есік ашып кіріп келді.
Кебінін бетіндегі ашып тастап,
Жүзіне шаһзаданың қарап тұрды.
Көреді шаһзаданың нұрлы жүзін,

Шығарды қасіретті зарлы сөзін.
«Шаһзада, халің қандай?» деген екен,
Сол уақта жарқ еткізіп ашты көзін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Гүлшаһра төгіп тұрған көздің жасын,
Өлімге нағып қисын замандасын.
Қасында Гүлшаһраны көргеннен соң,
«Иә, Алла» деп көтеріп алды басын.

Қарады жан-жағына көзін салып,
Отырды көрді көріп қайран қалып.
«Япырмай, бұ немене?» деген шақта,
Гүлшаһра жөнеледі көтеріп алып.

Гүлшаһра арқасына арқалайды,
Сүйкесіп құмарлары тарқамайды.
Арқалап шаһзаданы келе жатыр,
Гүлшаһра жүгіргенмен шаршамайды.

Келеді пәтер үйге жүгіре басып,
Үйге келіп отырды көңлін басып.
Аулақ үйге екеуі келгеннен соң,
Екеуі көріседі құшақтасып.

Қарайды шаһзадаға көзін салып,
Шаһзада бес күн жатты талып қалып.
Бірін-бірі көргенге шүкір қылды,
Бір-бірінің жүзінден пүсе алып.

Гүлшаһра сырын айтты бастан кешкен,
Ғашықтықтың шәрбатын тоя ішкен.
Басында менмендікпен ғапыл қалып,
Ақырында [сол] үшін отқа түскен.

—Жауапты жарамайтын бердім,—деді,

Соңыңнан ғаріп болып ердім,—деді.
Бастағы менмендіктің сазайысынан,
Азапты Құдай салған көрдім,—деді.
Кашмирден әуре болып елге қайттың,

Он бес күн ғашықтықпен өліп жаттың.
Құдайға мың шүкірлік, әлхамдулла,
Қайғының мен де бір ай дәмін таттым.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Келіп едім жүзіңді көрейін деп,
Бір жауап тірі болсаң берейін деп,
Тірі болмай шыныңмен өлген болсаң,
Мен дағы соңыңыздан өлейін деп.

Дұғамен мінәжат қып жүзіңді аштым,
Көзім жасын үстіңе судай шаштым.
Шыныңмен өлдің бе деп жылағанда,
Сол уақта бисмилла деп көзіңді аштың.

Айтқан соң шаһзада естіп білді халін,
Енді көрді мағшұқтың құп жамалын.
Құдайға мың шүкірлік тәубе қылып,
«Аһ» деп еді аузынан шықты жалын.

Көрген соң ғашық жарын көңлі бітті,
Көп көріп ғашықтықпен қайғы-дертті.
Аузынан қызыл жалын шыққаннан соң,
Ауруы шаһзаданың сонда кетті.

Жазылды кеселінен тәуір болып,
Мағшұқтың уәсифін көріп көңлі тынып.
Қыз әкесін қылайын біраз кеңес,
Екеуі жата тұрсын ойнап-күліп.

Бір күні отыр еді [алтын] тақта,
Уәзірлер мәжіліс қылып һәр тарапта.
Бір падиша жіберген бір жасауыл
Хат алып жетіп келді сол уақытта.

Айтыпты жазған хатта салтанатын,
Білмейміз кім екенін өзі атын.
«Некаһ қылмақ сүннет деп шариғатта,
Қызыңыз болсын,—депті,—бізге қатын».

Мұны айтып отырғанда бір қыз келді,
Ағызған көздің жасын қылып сел-ді.

—Білмейміз Гүлшаһраның қайда екенін,

Айырылдық бүгін түнде ғайып болды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сарайдың бәрін қарап таба алмадық,
Көрініп алыс жерге бара алмадық.
Сізге хабар бергелі мұнда келдім,
Айырылып Гүлшаһрадан алаңдадық.

Патша естіді бұ сөзді құлақ салып,
Бұ сөзге барша халық қайран қалып.
«Гүлшаһра ғайып болды» деген шақта,
Жығылып алтын тақтан қалды талып.

Уәзірлер сүйей берді келіп басын,
Ағызған бәрі шулап көздің жасын.
Дәрігерлер тез тұрғызды дәру қылып,
Тақтына отырғызды падишасын.

Падиша есін жиып нала болды,
Ағызып көздің жасын зала болды.
Жағасын дал-дал қылды күйіп-жанып,
Үстіне киген киім ада болды.

Жандырды жүрегінде қасірет отын,
Енді қайтіп көрем деп елдің бетін.
Тамам жұртқа жар салып іздетеді,
Қарады қанша адамдар елі-жұртын.

Жар салды қызын сұрап тамам жұртқа,
Жіберді қанша кісі шартарапқа.
Ата-анасы зар жылап баласы үшін,
Хабар салды қыз іздеп һәр тарапқа.

Көп іздеп Гүлшаһраны таба алмады,
Қайда кетіп қалғанын біле алмады.
Жылаумен күні-түні ата-анасы
Бір уақыт сабыр-қарар қыла алмады.

Зар болды ата-анасы жылай-жылай,
Кеткенін жан білмеді, сірә, қалай.
Қыз тараптан сөйлелік енді біраз,
Сұлтан Кашмир қыз іздеп жүрсін былай.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Шаһзада дерті кетіп тәуір болды,
Қосылып мағшұғына көңлі толды.
Бір жақсы пәтер алып бұл екеуі,
Біраз күн сол арада ойнап-күлді.

Пәтерде рахаттанып алды жатып,
Қызыққа күндіз-түні жатыр батып.
Жасырынып іздеуге қыз шаһарын
Екеуі бір арғымақ алды сатып.

Екеуін біле алмады һешбір кісі,
Бұ қызды танымайды шаһар іші.
Сан кісі сан пәтерге түсіп жатыр,
Кімнің бар кімнің менен кімнің ісі.

Шаһзада үйден шықпас бойын жазып,
Қоржынға шамаменен салды азық.
Бір түнде бұ шаһардан шығып кетті,
Екеуі ғашықтықпен жүрген азып.

Қару-жарақ, саймандар алды қолға,
Он бес күн жүреді орта жолда.
Жол бейнетін тартысып бейшаралар,
Кашмирдің шаһарына барды сонда.

Барған соң атасына хабар салды,
Біреу барып патшадан сүйінші алды.
«Қызыңыз келе жатыр» деген екен,
Падиша қуанғаннан талып қалды.

Көтеріп енді патша алды басын,
Ағызып қуанғаннан көздің жасын.
Мінді де арғымаққа шапты патша,
Көргелі келе жатыр ол баласын.

Көргенде ата-анасын аттан түсті,
Патша көріп қуанды мұндай істі.
Шаһзада мен Гүлшаһра тағзым етіп,
Патшаның аяғына жығылысты.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Падиша көріседі баласымен,
Көрісіп амандасып анасымен,
Шаһзадаменен көрісіп тағы патша,
Қуанды күллі шаһар қаласымен.

Жыласып ата-анасы амандасты,
Сөздерін амандасып тамамдасты.
Шаһзада әдеппенен тағзым етіп,
Патшаның аяғына қойды басты.

Патша айтты:—Жарқыным, көтер басың,
Сізді іздеп қуып барған замандасың.
Құдайым нәсіп қылып қосты сізге,
Жылаған қабыл қылып көздің жасын.

Сонан соң шаһарына ертіп келді,
Барша жұрт тамаша қып жиылды енді.
Гүлшаһра шаһарына келгеннен соң,
Көргенін бастан-аяқ баян қылды.

Бұл істі тағдыр етіп жазған Құдай,
Жазғанын салмай қоймас пендесіне-ай.
Басы ренжу, аяғы рахат болған,
Нұсқада жазып кеткен сөзі осылай.

Падиша енді мінді алтын таққа,
Бір елші жібергелі Бағдат жаққа.
Елінде Гүлшаһраның көргендерін,
Баян қып бірін қоймай жазды хатқа.

Бағдатқа Гүлшаһраның барғандарын,
Азапты Гүлшаһраға салғандарын,
Дарға ұғры ғой деп асқаннан соң,
Айырылып дар басындан қалғандарын.

Көргенін бастан-аяқ айтты бәрін,
Зынданға екі түскен ахуалдарын.
Арада бірнеше күн сапар жүріп,
Ертіп мұнда келді деп ғашық жарын.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Хатты алып бір жасауыл жүріп кетті,
Он бес күнде Бағдатқа барып жетті.
Патшаға тағзым етіп кіргеннен соң,
Хатты алып падишаға тәсілім етті.

Падиша оқып көрді жазған хатын,
Білдірген сұлтан Кашмир салтанатын.
Падиша қайран қалып оқып отыр,
Оқыпты Гүлшаһра деген атын.

Жазыпты Гүлшаһраның көргендерін,
Бағдатта ғаріп болып жүргендерін,
Жазықсыз ұғры екен деп байлаған соң,
Уәзірдің қатынымен өлгендерін.

Ұғлының ғашық отымен өлгендерін,
Өлді деп білмей көрге көмгендерін,
Дауасы ғашық жардың даусын естіп,
Тіріліп мұнда бірге келгендерін.

Ғашық оты шаһзадаға батқан екен,
Өкпе, жүрек сол отқа қатқан екен.
«Гүлшаһрасыз дүнияны көрмеймін»,—деп,
Тәрік қылып бұ дүнияны сатқан екен.

Қыз сүймеді дегенге ғасы болып,
Әдейі-ақ өлейін деп жатқан екен.
Падиша хатты көріп қуанды бек,

—Ұғлым өлді деген тірі екен,—деп.

Көріп шапшаң қарашы бірің барып,
Қосылып мағшұғына жүр екен,—деп.
Көргелі қабіріне біреу барды,
Қаратты күзетісіп жүргендерді.

«Тіріліп кеткендігі шын екен»,—деп,
Қуантты патша менен жарандарды.
Құдайға һәрне қылса қиын емес,
Құдірет қылса қолынан не іс келмес.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бар-жоқ қылмақ Тәңірінің өзіне оңай,
Һеш пенденің көңілі жетіп болмас.
Қуанып енді патша ойлайды ойды,
Ұғлын іздеп бармаққа қылды тойды.

«Баралық, жабдықтанып жүріңдер»,—деп,
Ауызын қазынаның ашып қойды.
Патша іштен шығарды сәналарын,
Қасына ертіп алды уәзірлерін.

Неше нарға алтын мен күміс артып,
Падиша іздеп шықты балаларын.
Патша көп жолдасымен жүріп кетті,
Орынын бір уәзірге беріп кетті.

Бірнеше күн жол жүріп ата-анасы,
Кашмирдің шаһарына барып жетті.
Келген соң шаһарына берді хабар,
Кашмирге хабар берді жасауылдар.

Кашмирдің шаһарынан олар шығып,
Көрісті амандасып падишалар.
Жыласты амандасып бәрі тамам,
Көргенсін балаларын есен-аман.

Бағдат шаһқа Гүлшаһра тағзым етіп
Жығылды, әдеппенен қылды сәлем.
Гүлшаһра әдеппенен тағзым етті,
Атасы ұғлын көріп көңлі бітті.

Жыласып шаһзаданың ата-анасы,
Құшақтасып ұғлының жүзін өпті.
Қуанып сонда патша судай тасты,
Қуанғаннан көзінен төгіп жасты.

Гауһар, жақұт, зүбәржат, інжу-маржан,
Ұғлы мен Гүлшаһраға шашу шашты.

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ СҰЛТАН КАШМИР

Шаһарға екі патша келді дейді,
Хабар беріп жидырды елді дейді.
Бір жұмадай жабдығын түзеп алып,
Кеңесіп бір үлкен той қылды дейді.

Көп қылып һәр түрліктен сойды малын,
Сайратып бақ ішінде бұлбұлдарын.
Қазынаның ауызын ашып қойып,
Байытты молдаларын, пақырларын.

Сыйлауы падишаның күн-түн асып,
Ауызын қазынаның қойды ашып.
Бірнеше күн той қылып шаһар елге,
Қызық қызмет қылады жабырласып.

Тарқатты қырық күннен соң қылған тойын,
Қосылып аршын төс пен алма мойын.
Екі шаһзада жеттілер мұрадына,
Тамаша неше түрлі қылып ойын.

Ғашықтар мұрадына енді жетті,
Қосылып екі бекзат көңлі бітті.
Ойын-күлкі тамаша қызықпенен
Кашмирде тұрып бұлар бір жыл өтті.

Қосылып екі бекзат дәурен сүрді,
Бір жылдай тамаша етіп қызық көрді.
Әкесі Гүлшаһраның опат болып,
Тамам жұрт қайғы қылып жылап тұрды.

Әкесі Гүлшаһраның дүние салды,
Тақтысы өзі өлген соң иесіз қалды.
Орнына шаһизада патша болды,
Кеткен соң артқа тастап жиған малды.

Шаһзада тақты мінді жарлық айтып,
Әділетпен тұрады елді байытып.
Бұ шаһзада Кашмирге патша болды,
Ата-анасы Бағдатқа кетті қайтып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шаһзада әділетке белін буды,
Бұрынғы әділдердің ісін қуды.
Қара қылды қақ жарған әділ болып,
Бірталай Гүлшаһрадан бала туды.

Сөз табылар қолыма қалам алсам,
Сөзімде ғибрат көп, құлақ салсаң.
Тәкаппарға шығарған қисса болды,
Айып етпе, осымен тамам қылсам.

Менмендікке ғибрат қып жаздым мұны,
Кішіклік қыл, жарандар, күні-түні.
Әзәзіл менмендікпен шайтан болды,
Жарандар, һәр уақта ойла соны.

Гүлшаһра не көрмеді менмендіктен,
Шығарма көңіліңді кішікліктен.
Қиын сөзден аударып өлең қылып,
Аяғын бұ Жүсіпбек тамам еткен.

Сейітзада қожа-дүр асыл затым,
Көп жұртқа мәшһүр болды жазған хатым.
Дұға қыл мен ғаріпке, оқыған жан,
Сұрасаң, Шайхыслам атам атын.

Шығардым көңілімнен талай нұсқа,
Өлеңді көп ойлаған ақылым қысқа.
Өлсем де атым жоғалмас, иншалла,
Жайылды кітаптарым һәрбір тұсқа.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

ШЕРИЗАТ–КҮЛШАТҚА АРНАЛҒАН ДАСТАНДАР

Қазақ дастандарының сюжеттік бітімі, көбінесе, сырт ел­
ден ауысып, халықаралық үлгілер негізінде дамығанмен,
олар қазақ арасында төлтума шығарма ретінде қабылданып,
сіңісіп кеткен. Сондай шығармалардың жарқын үлгісі ретін­

де әрі батыр, әрі асыл текті, арыстанның сүтімен ауызданған
Шеризат пен оның сүйгені, өзінің әкесіне деген шексіз пер­
зенттік махаббатымен даңқы шыққан Күлшат туралы дас­
тандарды айтуға болады.

Шеризат—Күлшатқа арналған дастандарды жырлап,
халық арасына таратқандар—М.Ж.Көпеев, Ә.Найманбаев,
Н.Нысанбайұлы, Е.Құнанбаев, К.Әлімбетов, т.б. Шығарма-
лардың таралу шеңбері де мейлінше кең. Мәселен, ең алғашқы

нұсқаларының бірі Солтүстік Қазақстаннан табылса, Н.Ны-
санбайұлының үлгісі оңтүстікте жазылып алынған. Ал Семей
өңірінде Ә.Найманбаевтың осы тақырыпқа шығарған даста­
ны кеңінен тараған. Сондай-ақ, бұл дастан Қытайда тұратын

қазақтар арасында да айрықша мәлім болды.
Шеризат және Күлшат туралы сюжеттің қазақ даласы­
на қай кезде тарағанын тап басып айту қиын. Алайда, өлең
үлгісіне түсіп, қағаз бетіне іліге бастаған кезі—ХІХ ғасырдың

70-жылдары. Қазіргі кезде осы тақырыптас, атаулары әр
түрлі болып келетін, фольклор мен жазба әдебиет шеңберінде
жырланған бір-бірінен бөлек сегіз шығарма белгілі. Олардың
барлығы да парсылық нұсқаны тірек етеді. Белгілі дәрежеде

олардың қай-қайсысы да түпнұсқадан ауытқымауға, оның са­
рынын сақтап отыруға тырысқан. Алайда, осыған қарамастан,
бұл дастандардың әрқайсысы өз алдына дербес, бір-біріне
ұқсамайтын шығарма болып келеді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Солардың ішінен осы томға фольклор шеңберінде жырланған
«Қисса Шеризат» пен «Қарқабат» атты екі нұсқа ұсынылып отыр.
Бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар Шеризат
пен Күлшат туралы қазақ дастандарына арқау болған орта

ғасырлық парсылық хикаят ХVІІІ ғасырдың басында ел ау­
зынан жазылып алынған. 1862, 1863, 1871 және 1988-жылы
хикаят орыс тіліне аударылып, Мәскеуде жарық көрген. Сон­
дай-ақ, ағылшын тілінде 1926 жылы Лондонда кітап болып

шықты. Орта Азияда бұл шығарма қазақ, өзбек және тәжік
тілдерінде кең тараған.
Бірнеше ақын-жыршылардың, соның ішінде Ә.Найманбаев
пен М.Ж. Көпеевтің назарына ілініп, алты дастанға арқау бол-

ған бұл сюжет бізге несімен қымбат, несімен бағалы? Оның
құндылығы, ерекшелігі неде? Мұны ең алдымен сюжетке
байланысты деп пайымдауға болады. Сондықтан оқырманға
сюжеттің негізгі бөлшектерін талдап ұсынуды жөн көрдік.

ШЕРИЗАТ, КҮЛШАТ ТАРИХЫН БАЯНДАЙТЫН

ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ҚҰРАМЫ.

1. Жазықсыз қуғындалғандар туралы сюжет (Сюжет о не­

винно гонимых).
Шеризат пен Күлшат туралы парсы хикаяттарының және
қазақ дастандарының негізгі арқауы—Шығыс пен Батысқа кең
тараған «жазықсыз қуғынға ұшыраған жандар туралы сюжет».

Көптеген жағдайда бейкүнә кейіпкер анасының құрсағында
жатқанда өлімге бұйырылады да, алуан түрлі себептермен (кө-
бінесе аңдардың немесе басқа да көмекшілердің арқасында) тірі
қалады. Ерекше ерлігімен көзге түсіп, өзінің кім екенін таны­

тады. Сөйтіп, ақыр аяғында еліне оралып, дұшпанында кет­
кен кегін қайтарады. Жеңілген жауының қызына үйленеді де,
әкесінің тағына отырады.
Барлық халықтардың дерлік эпикалық жырларында бас

кейіпкер ерекше жағдайда туылады. Болашақ қаһарманның
дүниеге келу тарихын баяндайтын эпизодтар фольклортану ғы-
лымында «ғажайып туу мотиві» [мотив чудесного рождения]
деп аталады. Олар көптеген жырларда көлемді әңгімеге ұласып,

эпикалық шығарманың үлкен бір бөлігін құрайды. Ертегі, эпос,
дастандарда «ғажайып туу мотиві»—кейіпкерді әсірелеу [идеа­
лизация] үшін пайдаланылатын көркем тәсілдердің бірі.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 1 Пропп В. Я.Фольклор и действительность.—М., 1976.—С.206.; Пропп В. Я. Морфология сказки. М., 1969; Веселовский А. Н. Историческая поэтика. Под ред. В.М. Жирмунского. М. Л., 1940.; Қасқабасов С. А. Ертек пен эпостың сюжеттік ти­ пологиясы //Қазақ фольклорының типологиясы.—Алматы, 1981.—235–265 б. Дегенмен, бұл поэтикалық тәсілдің пайда болуы алғашқы қауымдық наным-сенімдерге, тарихи-этнографиялық көзқарастарға байланысты. Қоғамдық сана дамыған сайын за­ ман талабына сәйкес «ғажайып туу мотивінің» түрлері мен көріністері өзгеріп, әр қилы болып келеді. Сондықтан феодализм дәуірінде «ғажайып туу» мотивінің бірінші, яғни, ең көне «ғайыптан туу» формасы күрделі өзгеріске ұшырайды да, «ерекше жағдайда туу» мотиві болып өзгереді. «Ерекше жағдайда туу» мотивінің түрлі көріністерінің бірі—болашақ кейіпкердің төтенше жағдайда туылуы, мысалы: баланың әкесі дүние салады, я болмаса, ата-анасы қуғында жүреді, күтпеген жерден жау шабады, шешесі өліп, бала өлі шешеден туылады, т.б.1 Осындай ерекше жағдайда жаратылған кейіпкердің алдында тұрған қиындықтарды жеңетіндігі, оның ерекшелігі, құдіреттілігі тыңдаушының да, оқырманның да көңілінде ешқандай күмән туғызбайды. Талқыланып отырған дастанның кейіпкері Шеризат—көптің тілеп алған ардақтысы. Әкесі бұрынырақ дүние салған. Ал әкесінің дұшпандары өліп кеткен патшаның заңды мұрагерінен құтылу үшін екіқабат патшайымды өлтіруге ұйғарады. Бала өлі анадан туылады. Яғни, кейіпкер төтенше, өте қайғылы, ерекше жағдайда жаратылады. Мұндай ерекше жағдай-оқиғалар аз болғандай, өлі анадан туған баланы арыстанның ұрғашысы емізіп, балаға арыстанның күш-қуаты, айбаттылығы дариды да, оған Шеризат есімі беріледі. Демек, Шеризаттың дүниеге келу тарихын баяндайтын әңгімеде ертеректе, ана еркі дәуірінде пайда болған тотемдік культтердің қалдықтары мен одан көп кейін феодализм за­ манында қалыптасқан «ерекше жағдайда туу мотивінің» ең қайғылы көрінісі араласып, сабақтасқан. Кейбір шығармаларда төтенше жағдайда жаратылған кейіп­ кер жазықсыз қуғынға ұшырайды, сондықтан қашып құтылуға мәжбүр. Амалсыздан жат елде, бөтен адамдардың қолында өседі, т.б. Кейін туған еліне оралып, әке-шешесін өлтірген, өзін қуғындаған, елін күйзелткен жауынан кегін алады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

2. Ғажайып көмекшілер мотиві.

Ертегілік эстетика бойынша «жазықсыз қуғындалған» кейіп-
кер әдетте өз мұратына жетіп, дұшпанынан өш алады. Мұндай
жағдайға ол, көбінесе, «ғажайып» көмекшілерінің арқасында
жетеді. Байырғы фольклорда «ғажайып» көмекшілер ретін­

де табиғаттың алуан түрлі күштері, киелі жануарлар, желеп-
жебеуші аруақтар, кейінірек әулие-әнбиелер көрінеді. Ерте­
гілік негізге құрылған Шеризат туралы дастандарда кейіпкерді
арыстан емізеді. Жолбарыс бейнесі дүние жүзі халықтарының,

соның ішінде, әсіресе, Азия мен Еуропа халықтарының ми­
фологиясына, фольклоры мен өнеріне тән екені белгілі. Қазақ
фольклорында, парсының байырғы және классикалық әдебиеті
мен халық дастандарында, Орта азиялық эпостарда арыс­

тан мен жолбарыс бейнесі—кейіпкердің батырлық тұлғасын
танытуда ұдайы қолданылып отыратын теңеулердің бірі.
Яғни, жолбарыстың айбаты мен қайраты, жүректілігі мен
жеңімпаздығы тұқым қуалайтын рулық қасиеттің символы­

на айналған. Сонымен бірге, байырғы түркі әдебиеті мен иран
халықтарының фольклорында арыстан мен жолбарыс бейне-
сіндегі ғажайып та мейірімді, қамқор да көмекші кейіпкерлер
туралы сюжеттер аз емес.

Жолбарыс бейнесі көптеген халықтардың шығармашы-
лығында байырғы заманда-ақ пайда болып, оның өзі әр түрлі
символдарды, міндет-мақсаттарды, ұғым-түсініктерді білдіріп
отырған.

Алматы маңынан табылған алтын адамды, оның жауынгер­
лік жабдықтарын зерттеу нәтижесіне қарағанда қазақтардың
арғы тегі—сақтардың мифологиясы мен өнерінде жолбарыс
бейнесі ерекше орын алған. Бұл жөнінде А.Ақышев былай деп

жазады: «Тигры и тигрогрифоны иссыкских композиций вы­
полняют функцию оберегов, они защищают создаваемое про­
странство со всех сторон. Такое осмысление тигра распростра­
нилось по всей Азии… Зверь этот яростен, силен и страшен. По

логике магического сопричастия, эти качества передавались
воину и его оружию… Появлению образов «витязей в тигровых
шкурах», чьи славные подвиги воспевали эпосы и искусство,
многие народы Средней, Центральной и Западной Азии обя­

заны, вероятно, сакской традиции. 126 изображений тигров,
львов, тигрогрифонов и пантер на одежде Иссыкского вождя

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР 2 Акишев А. Искусство и мифология саков.—Алма-Ата, 1984.—С. 47–48. доказывают исключительное значение образа тигра в военной идеологии кочевников Семиречья»2 . Сондай киелі қасиеттерімен көрінетін жан-жануарлардың санатында жолбарыспен қатар көкжал бөріні, қасқыр қаншығын, түз елігін, т.б. атауға болады. Мысалы, түркілерде көкжал бөрі рудың аталық негізі, ал қаншық рудың аналық негізі ретін­ де көрініс табатын аңыздар кеңінен тарағаны белгілі, ал ерте­ гілік эпостардың бірі «Мұңлық—Зарлықта» басты кейіпкерлер Зарлық пен оның қарындасы Мұңлықты шешелерінің күндесі мен мыстан кемпір тағдыр тәлкегіне ұшыратып, иесіз далаға апарып тастағанда, оларды түздің елігі емізіп асырайды. Ғажайып көмекшілер болып көрінетін жан-жануарлардың рөлі типологиялық тұрғыда бір тектес—олар адам перзентін емізіп, кейде болашақ тағдырларына көмек көрсетеді. Тәрізі, жан-жануарлар образының бұлайша бейнеленуінде терең мән болса керек: байырғы адамдар өзін құдіреті күшті табиғаттың бір бөлшегі деп есептеген. Яғни, эпосты түзуші ежелгі адам­ зат жабайы аңдар адамның жауы ғана емес, қысылған шақта көмекке келетін табиғаттың бір бөлшегі екенін түсіне біл­ ген. Басқаша айтқанда, ертедегілер хайуанаттардың адамға жаулығы мен көмекке келуге даярлығы тәрізді бір-біріне кереғар екі қасиетінің үндестігі мен тепе-теңдігін сезіне білді. Сол жан-жануарлардың әрекет-қылығындағы адам баласына деген зәбір мен шапағатқа бірдей ден қойды. Әрине, бұл сияқты «философиялық» танымның өзегінде байырғы тотемдік миф­ тер мен «симпатиялық магия» деп аталатын ұғым-түсініктің жатқаны аян. 3. Мотивтердің кірігуі: сырттай ғашық болу, ата жауының қызына ғашық болу, қаһармандық үйлену. Дастанның бас кейіпкері Шеризатқа Күлшат қыздың сұлулығын, ол үшін салынған ғажайып бақшалы сарайды ұзақ сапардан қайтып келген көпестер әңгімелеп береді. Шери­ зат қызға сырттай ғашық болады да, дереу жолға шығады. Ғашығының еліне келген соң қызбен кездесіп тіл табысады, бірақ та қыздың әкесі бұларға қарсы болады. Шеризат қыздың әкесі бастаған қалың әскерді жеңіп, өзінің ғашықтық жолын күшімен орнықтырады. Алайда, оның бұл сапары ғашығына

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

қосылуымен тынбайды. Кешікпей-ақ, кейіпкер өзінің шеше-
сін өлтірген ата жауы Күлшаттың әкесі екенін және бақ пен
тақтан айрылуына да сол себепші болғанын біледі. Мұндай
жағдайда, дүние жүзі халықтарының ертегілері мен эпоста­

рына тән канон бойынша, Шеризат әділдіктің мерейін үстем
етіп, зұлымдықтың тамырына балта шабуға тиіс. Себебі, «Долг
кровной мести, согласно обычаю, и восстановление законной,
признанной народом власти лежат на сыне погибшего [или

погибшей]»3.
Патша баласы заңды билікке кешікпей-ақ қол жеткізеді.
Өйткені, Гургин шаһтың баласы екенін білген және ерлігі­
нен қаймыққан Фарухзат дереу Шеризатқа тақты босатады.

Алайда, анасының кегін қайтаруға келгенде, шешуі қиын
тығырыққа тіреледі. Себебі, жоғарыда айтылғандай, кек қай-
тармақшы болған ата жауы өзінің ғашығы Күлшаттың әкесі
болып шығады. Қысқасы, әлемнің көптеген халықтарының

эпосына тән, сондай-ақ түркі халықтарының, оның ішінде
қазақтың да батырлық эпостарына ортақ романтикалық мо­
тивке ата жауының қызына сырттай ғашық болу мотивінің
ұласқанын көреміз. Аналық биліктің жойылып, аталық би-

ліктің бел алған кезінде пайда болған бұл мотив, сөз жоқ, бір
кездері нақтылы өмірде болған жағдайды арқау етіп, дәстүрлі
фольклорда бейнеленгенде ғашықтық сезімінің ширыққан сәті
көрініс тауып, кейіпкер болып отырған әйел заты не әкесі, не

ағасы сияқты етжақындарын құрбан етеді. Мұндай мотивтердің
ең бір көркемдік шешіммен түйінделген, классикалық үлгісін
«Қобыланды батыр» сияқты ұлттық эпостан көреміз.
Бұл мотивтің біз сөз етіп отырған шығармада күрделірек

келу себебі, Шеризаттың ғашығының әкесі—оның шешесін
өлтірген, тақты тартып алған және халықты қанаған адам.
Классикалық эпостарда, сөз жоқ, мұндай қылмыскерге жа­
засын тартқызар еді. Ал мұнда кейіпкер өзінің ата жауына

кешірім жасайды. Бұл түсінікті де, себебі хикаят дүниеге кел­
ген ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда шығыстық үлгідегі феодализм бел
алып, көптеген байырғы сюжеттердің қайта қарала бастаған,
гуманистік рухта тұжырымдауға ден қойған, сезімді ақыл би­

лей бастаған, пендешілік аңсарды сана жеңе бастаған кезең бо­
3 Жирмунский В. М. Тюркский героический эпос.—М., 1974.—С. 94.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

4 Гринцер П. А. Древнеиндийская проза (обрамленная повесть).—М.,

1963,—С. 3.

латын. Байырғы сюжеттердің бұлайша сарапталуы—жалпы
дастандық туындылардың дәстүрлі эпостан айырмашылығын
аңғартады.
Сонымен, талдауымызды тұжырымдай келгенде, айрықша

атап өтетін жағдай, бұл сюжет өзінің болмысы жөнінен халық-
аралық сюжет болып табылады. Сондай-ақ, ол өз бойына көп-
теген халықтардың фольклорына тән қосымша мотивтерді де
жинақтаған. Ол мотивтер, дастанның бүкіл сюжеті сияқты,

әлеуметтік мәнге ие. Сонымен бірге дастан жанрының аясында
көне, дәстүрлі мотивтерді белгілі бір дәуір шындығының ру­
хына сай әр түрлі түсініп, жаңаша пайымдау да жоқ емес.

ШЕРИЗАТ ЖӘНЕ КҮЛШАТ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚ

ДАСТАНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Композициялық ерекшелігі. Шеризат пен Күлшат туралы

қазақ дастандарына негіз болған парсы хикаяты композициялық
құрылымы жағынан аралық тоғыз әңгімеден тұрады. Ал, осы
әңгімелер өзегі хикаяттың негізгі арқауымен шендесе бермейді.
Дей тұрғанмен, хикаят өзегінен әңгімелер өрбіп, тұтастық таны­

тады. Яғни, алғашқы сюжеттің өзегі шығарманың тақырыбын
саралап, әңгіме сюжеттерінің іштей тұтастануына себепші
болған. Шығыс әдебиетінде мұндай әдіс жиі кездеседі4.
Парсы хикаяттарында бұл сияқты тоғыз әңгіме бар. Бас

кейіпкер—Күлшат ұзақ уақыт бойы Шеризатқа әңгіме айтады.
Ондағы мақсаты—әкесінің дарға асылуын кешеуілдету, патша
баласының ашуын жұмсартып, кешірім алу.
Қазақ дастандары өзінің түп-төркінінде сатылы компо-

зицияға құлықты емес. Аралық әңгімелердің ішінде алаяқ
Ахтар ғаяр туралы бірінші әңгіме ғана «Қисса Шеризатта»
пайдаланылған. Оның өзі ақырына дейін баяндалмағандықтан,
жыршы қалған сегіз әңгімені пайдаланғысы келді ме, жоқ

әлде Ахтар ғаяр оқиғасымен шектеуді межеледі ме, ол жағы
беймәлім.
Келтірілген мысалдар қазақ дастандары өзінің құрылымы
жағынан түпнұсқаны қайталамайтынын көрсетеді.

Сонымен бірге, түпнұсқа фабуласын құрайтын, шығарманың
бүкіл мағынасына арқау болатын, сюжеттік дербестік пен сөз-

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР 5 Аль-Фараби. Философские трактаты.—Алма-Ата,1970; Аль-Фараби. Соци­ ально-этические трактаты.—Алма-Ата,1973; Таукелев А. Н., Сапаргалиев Г.С. Государственно–правовые взгляды. Аль-Фараби.—Алма-Ата,1975 и т. д. 6 Аль-Фараби. Философские трактаты.—Алма-Ата,1970.—С. 183. нақыс жүйесін саралайтын негізгі, ең маңызды мотивтер, бөлшектер, элементтер Шеризат пен Күлшат туралы барлық қазақ дастандарында сақталған. 2. Ұқсас жерлер [общие места]. Дастан жанрына, соның ішінде Шеризат—Күлшатқа арналған шығармаларға тән жал­ пы типологиялық, ұқсас сарын, ұқсас ерекшеліктердің бірі— психологизмнің айқын көрініс табуы, кейіпкерлерге мүмкіндігінше жеке-дара қасиеттер дарыту. Образдарды психологиялық тұрғыда шыңдауды мақсат еткен жыршы-жыраулар әр түрлі ситуацияға түскен кейіпкерлердің көңіл-күйін сипаттауға, олардың жан дүниесіне көбірек ден қояды. Бұған жалпы дастан жанрына ортақ болып табылатын «қарапайым реализмге» бару, кейбір фактілер­ ге айрықша мән беру, нақтылай түсу, қайсыбір эпизодтар­ ды бейнелеуде тәптіштеп айту тәсілі де өз септігін тигізеді. Нәтижесінде тыңдаушы мен оқырманға эмоциялық әсер ету құдіреті күшейе түседі. Шеризат туралы қазақ дастандарының тағы бір ерекшелігі—оқиғаны өрбіту барысында кейбір мотивтерді баса көрсету. Мысалы, әділ билеуші мотивіне айрықша мән берілген. Жалпы, әділ әмірші туралы утопиялық ұғым құтқарушылар туралы әлеуметтік-утопиялық аңыздармен үндеседі. Халық ұғымында заңды билеуші қашанда әділ, жағымды. Бұл сияқты құдіреті күшті монарх туралы ұғым-түсініктің прагматикалық негізі, тәрізі, байырғы адамдардың өмір тура­ лы ұғым-түсінігінде жатса керек (мысал үшін, дүниенің жара­ луына байланысты аспан, жер беті және жер асты деп келетін үштік ұғымды еске алуға болады). Патша (хан, шаһ)—билік шыңының ең басында тұрған адам, сондықтан да ол құдірет иесі, яғни әділдік пен ақиқатқа да сол ие. Бұл тақырыптың қазақ қоғамы үшін (әрине басқаларға да тән) әр кезде айрықша мәнді болғаны белгілі. «Мемлекетті би­ леу өнерінің» әр түрлі мәселелері әйгілі Әл-Фараби еңбектерінде гуманизм тұрғысынан жан-жақты талданған5. Ол «парықсыз билеуші әсте монарх болуға тиіс емес»6 деп есептеген. Бұл өз

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

заманы үшін айрықша озық ой болып еді. Ел билеу ісіндегі
ақыл-парасат пен әділдік мәселесі қазақ ақын-жырауларының
шығармашылығындағы ең бір мәнді мәселелердің бірі болып
отырғаны белгілі. Сондай-ақ, бұл шығармаларда антқа адалдық,

шыншылдық пен құлай берілгендік сияқты тақырыптарға да
ерекше көңіл бөлінген.

3. Бас кейіпкер бейнесінің трансформациялануы. Дәстүрлі

эпос кейіпкерлері эпикалық тағдырының сын сәттерінде, бел­
десу үстінде немесе белдесер алдында аруақтарға, ғайып-ерен
қырық шілтенге, Алла Тағалаға, мұсылман әулие, әнбиелеріне
сиынады, жауға өз руының ұранын айтып кіреді. Ақырында,

оған теңдесі жоқ қуат дариды. Талдап отырған дастандарда
мұндай сәттер мүлде жоқ: кейіпкерге арыстанның ұрғашысы
демеу болады. Сонымен, дәстүрлі эпос кейіпкерін өзі шыққан
ру-тайпасының аруақтары қорғап, сол ру-тайпаның киесі демеу

болса, дастан кейіпкері табиғи күштің құдіретімен мақсатына
жетеді.
Кейбір нұсқаларда Шеризат әкесінің тағынан бас тартып,
оған әкесіне адал берілген, кезінде өзін ажалдан құтқарған

уәзірді отырғызады. Кейіпкердің бұл сияқты қылық-қасиеті
аталық, рулық қоғамның этика мен мораліне сай келмейді.
Оның үстіне, дәстүрлі эпос кейіпкерлері әдетте дұшпанмен
жекпе-жек шығып, оны өзі өлтіреді. Ал, мұндағы шешім

басқаша: ол ант бұзған уәзірді зынданға салады, я оған кешірім
жасайды.
Демек, қазақ ақындары бас кейіпкердің барша жауынгер-
лік айбарын көрсете жырлап, дәстүрлі үлгіде сомдауға тырыс-

қанына қарамастан оны классикалық эпостардағы батырлар­
мен шендестіруге болмайды.

ТОМҒА ЕНГЕН НҰСҚАЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1. Қисса Шеризат. Дастан желісі жоғарыда талқыланған

парсы хикаятының сюжетінен еш ауытқымайды, эпизодтар-
дың реті сақталған, кейіпкерлердің аты-жөні дәл берілген,
т.б. Сонымен бірге жыршының енгізген өзгерістері де жоқ
емес. Мысалы, парсылық түпнұсқада патшаға бау-бақшалы

сарай салу жөнінде кеңесті саяхатшы берсе, мұнда ондай ақыл
беруші—қарт ақсақал. Бұндай ауыстыру әрі түсінікті, әрі
қисынды. Өйткені, қазақ фольклорында ақсақал—дәстүрлі

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

тұлға; ол ақыл-кеңес беруші және қамқоршы, ал саяхатшы
болса онша үйреншікті тұлға емес.
Дастан аяқталмаған. Жыршысы, айтушысы белгісіз. Хатқа
1870 жылдары түскен. ӘӨИ-дің қолжазба қорында сақтаулы:

Ш.193, 2-дәптер, 13 парақ, 26 бет; ақ қағазға араб әрпінде арпа-
дан күйдіріп жасаған қара сиямен, құс қанатымен жазылған.
Қолтаңбасы—Мұртаза Жолақұлынікі.
Қолжазбаны 1960 жылы ӘӨИ ұйымдастырған Омбы экспе-

дициясы әкелген. Экспедицияны басқарған Т.Сыдықов бұл қол-
жазбаны Омбы облысы, Шарбақкөл ауданында тұратын Шор­
мановтардан алған.
Мәтінде қазақ тіліне аударылып сөздікте топтастырылған

араб, парсы сөздерімен қатар біраз көне түркі сөздері және
көне грамматикалық тұлғалар [формалар] кездеседі: хүкім
иүртті, не-дүр, кім-дүр, түшкүл, өлтірүр, құтлұқ болып, бек­
зас, үшбу, бек, тұтты көп әділет, едүр, аңға, білүр, берүр,

тұрұр, сөйленеді, иазылмыш, т.б.
Дастан 2001 жылы шағын таралыммен шыққан ғылыми
басылымда жарияланған, демек қалың оқырманға бірінші рет
ұсынылып отыр.

2. Қарқабат. Бұл вариантты халық ауыз әдебиеті үлгісінде

бірінші жырлаған халық ақыны Нұралы Нысанбайұлы. Ақын
кірме сюжеттің негізгі желісін сақтағанмен оны дәлме-дәл
қайталамайды, біраз өзгерістер, жаңалықтар енгізеді. Мысалы,
мұнда барлық кейіпкерлердің есімдері басқаша: патша есімі—

Қарқабат, мұрагерінің аты—Шерқуат, қыз есімі—Құндызша.
Түпнұсқадағыдай қайғылы аяқталатын аң аулау көрінісі мұн-
да жоқ, патша өз ажалынан өледі.
Бұлардан тыс айтарлықтай жаңалық—жыршының кейіп-

кердің сенімді серігі ретінде ат бейнесін енгізгені. Дастанда ат
бәйгесі суреттеледі. Ол классикалық батырлық эпос үлгісінде
берілген. Сондай-ақ, Шерқуаттың алыс жолға шығуға қамдануы
да эпикалық дәстүрге сай көрініс табады. Демек, дастанның бас

кезінде кейіпкерді батырлық рухта бейнелеуге ден қойылған:
а) оның батырға тән аты бар; ә) әділдік орнату үшін жалғыз өзі
аттанады; б) екі зәңгімен бірдей шайқасқан ол жеңіске жетеді.
Алайда, мұнан әрі дастанның стилі күрт өзгеріп, хикаялық сарын-

ға көшеді. Бас кейіпкер өз сүйгенінің айла-шарғысы жүзеге асу
үшін белсене кірісіп, қаһармандық дастанның рухына, логикасы­

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

на сай келмейтін қылықтар көрсетеді. Мәселен, әйел киімін киіп
қыз бейнесіне түсуі, қыздардың көмегімен төніп тұрған ажалдан
құтылуы, қыздармен бірге апыр-топыр болып алысуы, т.б.
Яғни, Шерқуат образында логикалық сабақтастық жоқ;

әуелде оның тұлғасында хас батырға тән нышандар мен
қасиеттер аңғарылғанымен, сюжеттік желінің даму барысын­
да ол ерлік қасиеттерін айқын таныта алмайды. Сонымен бірге
Шерқуат пен Құндыз образдары таза романтикалық сарында

бейнеленген деп айтуға да толық негіз жоқ. Өйткені, мұнда
кейіпкерлердің махаббат сезімі жалаң суреттелінген, олардың
жан дүниесі, сезімдерінен гөрі іс-әрекеттері, қимылдары
айқынырақ және толығырақ баяндалған.

Демек, жыршы бұл дастанды дәстүрлі қалып аясында
жырлағанмен, сюжетті шығармашылықпен өрбіткен, алайда,
кірме сюжеттің мазмұны мен құрамын түбегейлі өзгертпеген.
Сонда да Нұралы Нысанбайұлының батыл түрде енгізген жа-

ңалықтарының арқасында дастанның екінші бөлімінде кірме
сюжет новеллалық рухта дамығанын аңғару қиын емес.
Жинаққа еніп отырған мәтінді дастан айтушыларының бі-
рі—халық ақыны Б.Бектұрғановтан жазып алған З.Сейітғаппа-

рова. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында сақтаулы: Ш.309,
кирилл әрпінде. Оның көшірмесі Орталық ғылыми кітапханада
сақтаулы (Ш.1145). Н.Нысанбайұлынан шәкірті Тілеуқабыл
ақын жазып алған нұсқа А.Оспанұлы мен Қ.Махановта

сақтаулы.
Дастан 1990 жылы ғылыми-көпшілікке арналған жинақта
біраз түзетулермен, редакцияға ұшырап жарияланған.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқадан алынып

дайындалды.
ҚР Білім және ғылым Министрлігі ОҒК мен ӘӨИ-дің
қолжазба қорларында осы тақырыптас өзге де шығармалар
сақтаулы. Олар сараптау және текстологиялық жұмыс бары­

сында пайдаланылды. Қаралған қолжазбалар туралы мәлімет
әдебиеттер тізімінде берілді.

ҚҰЛҚАНЫС—ЗЕБЕРШЕ

Дастанды бірінші жырлаған Нұралы Нысанбайұлы. Одан
шәкірттері үйреніп әрі қарай таратқан. Шығарманың сюжеті
төмендегідей:

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құбыл қаласында—хан Өтенше, Ордалы қаласында—хан
Әппақша. Олар бұрыннан достасып келген, бірақ екеуі де ба­
ласыз, егер балалы болған жағдайда бір-бірімен «болайық құда
дер еді». Әппақ ханнан ұл туып, оның атын—Зеберше, Өтенше

қызының атын Құлқаныс деп қояды. Ата-аналары құда түсу
салтын жасайды. Содан соң қалыңдықтың әкесі келіскен шар­
тын бұзып, қызын басқа біреуге күйеуге беруге уәде береді.
Бірақ жастар ғашықтық аңсары үшін күресіп, ақырында көп

уақиғаларды басынан өткізіп, қосылады.
Дастанның тақырыбы мен идеясы, басталуы, әсіресе бала-
сыздық мотиві, болашақ кейіпкерлердің әке-шешелерінің әлеу-
меттік жағдайы мен қарым-қатынасын суреттеу, тілеп алған

балалардың бір уақта дүниеге келуі, ата-аналарының құда
түсуі дәстүрлі ғашықтық эпосты, әсіресе «Қозы Көрпеш—Баян
сұлуды» еске түсіреді. Бірақ екеуінің арасындағы принциптік
өзгешеліктер бірден көзге түседі. Мысалы, «Құлқаныс—Зебер­

шеде» құдалықтың бұзылу себебі мынадай: Жайсан қаласының
билеушісі Қауас хан Құлқаныстың көркем келбетін көрісімен
оны ұлы Төленге алып бергісі келеді. Сол мақсатпен Зебер­
шені жамандап, қызын өз ұлы Төленге беруін сұрап Өтенше

ханға хат жазады. Жала жабылып, келісім бұзылады. Демек,
құдалықтың бұзылу себебі дәстүрлі емес, өзгеше. Сондай-ақ
ата-аналарының бекіткен уәдесі жөнінде, ол уәденің бұзылуы
туралы бірінші Құлқаныс хабардар болады да, Зебершені іздеп

өзі алыс сапарға шығады. Аңда жүрген Зебершемен кездеседі,
бірақ оған өзін білдірмейді, тұспалдап жауап береді де, ордасына
қайтады. Кейін іздеп келген Зебершені түрлі сынақтан өткізеді.
Ал күйеу өз қалыңдығы туралы Қозы секілді кездейсоқ емес,

Құлқаныстың өзінен біледі, т.б.
Тереңірек зерттеу барысында жоғарыда айтылған ұқсастық
сыртқы, формальды үндестік екені, екі жырдың тек сюжеттері-
нің жалпы сырт көрінісі, қаңқасы ғана ұқсас екені анықталды.

Әрбір сюжеттің қозғаушысы—шығарманың бас қаһарма-
ны, оның қызметі, қимылы мен іс-әрекеттері екені белгілі.
«Құлқаныс—Зеберше» дастанының бас кейіпкері Құлқаныс—
хикаялық типтегі кейіпкер. Сондықтан қазақ эпосына тән,

құдалық салтына негізделген архаикалық сюжет хикаялық
үлгіде дамып, дастан фабуласы көптеген түрлі хикаялық мотив,
оқиға, эпизод, көріністермен қанығады.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Бір-екі мысал келтірейік. Зеберше уәзірімен Құлқаныстың
жеріне келіп, бір кемпірдің үйіне саудагер атанып пәтерге
түседі. Уәзір кемпірді Құлқанысқа жібереді. Кемпір сарайға
келіп, қызға екі саудагер өте қымбат бұйымдар сатуға келгенін

айтады. Ханның қызы кемпірді қақпаға байлап, таңға дейін жі­
бермеуін бұйрық етеді. Кемпір қашады, қырық қыз оның арты­
нан қуады.
Кемпір әрең дегенде үйіне жетеді. Оны көрген Зебершенің

көңілі босайды. Бірақ уәзір Құлқаныстың, кемпірдің жұмысын
түсініп, берген жұмбақ жауабының мәнісін бірден ұғады: Зе-
берше оны түнде қақпаның алдында күтуі керек. Бірақ кезде­
суге аттанған жігіт қалыңдықты күтпестен ұйықтап қалады.

Уәзір кемпірді тағы да сарайға жібереді. Бұл жолы да Құлқаныс
кездесу орнын жұмбақтап белгілейді. Зеберше тағы да ұйықтап
қалады. Кемпір үшінші рет сарайға барады. Үшінші рет те
Құлқаныс жауабын жұмбақпен жеткізеді. Осы жолы уәзір хан­

задамен бірге барып, оған ұйықтауға мұрша бермейді.
Сонымен күйеу жігіт пен қалыңдық кездеседі және бірін-бірі
аймалап ұйықтап қалады. Оларды Құлқанысқа ғашық болып,
оның әкесіне қызмет ететін Қален деген біреу көреді. Жастарды

байлап, зынданға салады. Сонда Құлқаныс жолын тауып: «Құ-
лады Ай мен Күніңіз, Жер жарылып бағана» деп уәзірге хабар
береді. «Түнімен түсіме кіріп шыққан бақытсыздарға садақа бе­
рем» деген сылтаумен диуана боп киінген уәзір күзетшілерден

рұқсат алып зынданға түседі. Құлқанысқа өзінің киімін киді-
ріп, зынданнан шығуына көмектеседі.
Жоғарыда келтірілген мысалдардың бәрі таза хикаялық
мотивтер санатынан. Сюжеттің одан кейінгі тармақтары да но-

веллалық рухта дамиды.
Құлқаныс—дәстүрлі эпостың әйел кейіпкерлері тәрізді сәби
күнінде атастырылған күйеуіне шын берілген; ата-анасының
адал перзенті, олардың құдалық ант-уәдесін орындау үшін

аянбай күреседі. Оның негізгі қаруы—тұрмыстық даналық,
пысықтық, қулық. Шынтуайтқа келгенде, екі жас мақсат-арма­
нына тек Құлқаныстың ақыл-айла, тапқырлығының арқасында
жетеді.

Рас,
дастанның
соңғы
тарауларында

Құлқаныс
архаикалық жырлардың кейіпкері—батыр қыз [дева-воитель­
ница] кейпінде көрінеді. Бірақта ол эпизод қыздың тұлғалық мі­
нездемесіне әсер етпейді. Сайып келгенде, Құлқаныс—өте бел­

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР сенді, ақылды, айлакер, тапқыр, шешім қабылдағыш, жүйрік, пысық, хикаялық типтегі қаһарман. Ал Зеберше өз қимылында белсенділік танытпайды. Оның есесіне тапқыр, ақылды уәзір-көмекшісі бар. Сонымен бұл дастанда екі емес, үш бас кейіпкер бар. Уәзір ертектегі кейіпкер қызметін атқарады. Бірақ оның көмегі ертегідегідей сиқырлы не фантастикалық түрде емес, оның әрекеттері, кеңестері тұрмыстық даналыққа негізделген. Ал Зеберше, жалпы алғанда, тек қалындық пен уәзірдің айтқанымен жүреді. Бұл— хикаялық дастандарда жиі кездесетін жағдай. Дастан фабуласында көрініс тапқан хикаялық мотив, сарындардың басым көпшілігі—шығыстық. Олар Азия халықтарының кітаби әдебиет үлгілерінде, фольклорында, әсіресе ертегілерінде жиі кездеседі. Мысалы, 1870 жылы В.В.Радлов жариялаған «Қаракөз сұлу»7 атты ертегінің мазмұны «Құлқаныс—Зебершеге» өте жақын. Дастанның мынадай жазбалары бар: 1. Әппақ батыр. ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы: Ш.923. Жинаушысы—Жақсыбай Жантөбетов. ХХ ғасырдың басында Жамбыл облысында араб әрпінде жазылып алынған. 2. Зеберше мен Құлқаныс қиссасы. Айтушысы—Бағлан Мұратбекұлы. ОҒК, Ш.860. Көлемі—35 бет, кирилл әрпінде. 1942 жылы, Шымкент төңірегінде жазылып алынған. 3. Құлқаныс—Зеберше. ӘӨИ, Ш.309, 4-дәптер, кирилл әрпінде. Айтушысы—Белгібай Бектұрғанов; ол жырды Нұралы Нысанбайұлынан үйреніп жырлаған. Жинаушысы—Зүбайра Сейітғаппарова. 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас станциясында жазылып алынған. Осы мәтіннің машинкаға басылған көшірмесі ӘӨИ-дің 86 папкасында сақтаулы. 4. Қисса Құлқаныс—Зеберше. Айтушысы—Нұралы ақынның шәкірті Болат Сафиев. 1962 жылғы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған Оңтүстік Қазақстан экспедициясы кезінде Б.Сафиевтен жазып алып, кейін машинкаға бастырып институтқа тапсырғандар— Рахманқұл Бердібаев, Еркінбек Тұрысов. ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы (Ш.393), кирилл әрпінде. Көлемі—116 бет. 7 Радлов В. В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи.—Часть 3, СПб., 1870.—С. 79–82.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

5. Зебер мен Құлқаныс. Жыршысы—Н.Нысанбайұлы.

1995 жылғы «Түркістан қазақтарының ауыз әдебиетін жинау»
экспедициясының мүшесі Б.Әлмаханұлы жинап, машинкаға
бастырып, ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған (Ш. 920/14).
Көлемі—115 бет.

Томға Б.Бектұрғановтың айтуынан жазылып алынған нұс-
қа ұсынылып отыр. Бұнда араб, парсы тілінен ауысқан сөздер-
мен қатар қазір қолданыстан шығып, ұмытыла бастаған көне
қазақ және жергілікті [диалект] сөздер кездеседі. Олар томның

соңында арнайы сөздікте топтастырылды.
Мәтіннің соңғы 4901-4935-жолдарында келтірілген де­
ректерге қарағанда, Б.Бектұрғанов орындаған бұл дастанды
әуелі хатқа түсірген Төлен атты азамат. Бірақ та ол мәтінде

«Балалықпен қалдырып, Жазыпты Төлен көп жерін, Қатары-
нан жаңылып, Бұзыпты сөздің көп жерін» (4906-4909-жол­
дар). Сол себептен Б.Бектұрғанов Т. Сұлтанбекұлы Тұрлыбекке
жөндеп көшіруді тапсырған тәрізді. Т.Сұлтанбекұлы ол тап­

сырманы 1951 жылы орындайды.
1953 жылы Тіл және әдебиет институтының қызметкері
З.Сейітғаппарова «Құлқаныс—Зеберше» дастанының қол-
жазбасын Б.Бектұрғановтан алып институтқа тапсырған. Бұл

нұсқа 1990 жылы ғылыми-көпшілікке арналған жинақта бі-
раз түзетулермен, редакцияға ұшырап жарияланған.
Томға мәтін түпнұсқадан дайындалды [ӘӨИ, Ш.309, 4-дәп-
тер].

ҚИССА ГҮЛШАҺРА ДОХТАРИ

СҰЛТАН КАШМИР

Дастанның тақырыбы осы томға еніп отырған басқа да
шығармалардың тақырыбымен үндес, ол—ғашық болған екі
жастың махаббат тарихы. Дастанның бүкіл мазмұнын екеуінің
ғашықтық аңсары үшін күресіп сол жолда көрген сан қилы

таңғажайып оқиғалар құрайды. Шығарманың бас кейіпкері
Гүлшаһра өзінің тәкаппарлығының себебімен ғашығынан ай­
рылып қалады. Қатты өкінеді де, ғашығын іздеп алыс сапарға
шығады, махаббат жолында мехнат шегіп, түрлі қиындық

көреді, мысалы: зынданға салынады, дарға асылған жері­
нен кездейсоқ біреу босатады; жігіт порымында жүрген оған
«уәзірдің жалғызын өлтірдің» деген жала жабылады; кейін оған

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

қаза болған баланың анасы ғашық болады; ол туралы хабардар
болған уәзір әйелін өлтіреді; Гүлшаһраның сыры ашылып—
ол қыз екенін білген соң оған үйленгісі келеді; Гүлшаһра оны
өлтіріп, сарайынан қашып шығады, т.б. Ақырында сүйгенімен

қосылады. Көріп отырғанымыздай, дәстүрлі сюжет хикаялық
үлгіде дамып, дастан фабуласы көптеген хикаялық мотив,
оқиға, эпизод, көріністермен қанығады.
Дастанның сюжеті парсы әдебиетінен ауысқан. Нақтылай

айтқанда, Иранда кең тараған көлемі жағынан шағын, мазмұны
өте қызықты, тақырыбы әр қилы, сюжеті шытырман боп ке­
летін қара сөзбен айтылатын қисса, хикаяттардың бірі. Мұндай
қисса, хикаят, әңгімелер кез-келген жинақтарда кездеседі.

Мәтінде араб, парсы сөздерімен қатар біраз көне түркілік
формалар кездеседі, мысалы: бірлән, ошал, бар-дүр, аны, сон­
дан соң, менім, келсінлер, т.б. және кейбір сөздер қалыптасқан
формадан өзгеше жазылған: даяр деген сөз таяр деп, тән сөзі

тәнә деп, сазайынан—сазайысынан, алмайтын—алмайтұн боп
жазылған, т.б.
Дастан 1901, 1902, 1911 жылдары Қазан қаласында
араб әрпінде жарық көрген. Ел арасында айтылып жүрген

нұсқаны жөндеп, редакциялап алғаш кітап етіп бастырған
Ж.Шайхысламұлы. Мәтіннің соңғы 1451-1513 жолдарында
Шайхысламұлы Қазан қаласында жариялаған кітаптарын
атап өтеді, шыққан тегін баяндайды.

Томға еніп отырған мәтін 1901 жылы Қазан қаласында араб
әрпінде жарық көрген кітаптан еш өзгеріссіз дайындалды.
Кирилл әрпінде бірінші рет оқырманға ұсынылып отыр.

Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және
қиямет-қайымды жаратушы, Ислам дінінің баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: Алла—жалғыз, Алла—мәң-

гілік, ол тумайды да туылмаған, әрі оған ешкім тең емес*.
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла

барлық өлгендерді тірілтеді де, пәниде істеген қылықтарын та­
разылап, біреулерін—жұмаққа, басқаларын—тозаққа жібереді.
Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мез­
гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Атап айтқанда, Мұса

(Моисей) мен Иса (Иисус) осындай өкілдер болды. Мұхаммед—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құра-
ны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен 23 жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те

емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккедегі
Қағба болып саналады: онда аспаннан Алла тарапынан жіберіл­
ген деп есептелетін қасиетті қара тас бар.

Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымды-
лығын, т.с.с. басқа өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз
тамаша есімдері көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең
жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақым-

ды), Халық (жаратушы), Шәріф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Са-
мад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді), т.б.
Алланың атын зікір ету рәсімі 34 рет Аллаһу Акбар, 33 рет
Сұбхан Алла, Әлхамдулиләһи деген мадақ сөздерді іштей кү-

бірлеп, тасбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.

МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ

ДІНИ ЕСІМДЕР

* Құран Кәрім. 112- «Ихлас» сүресі.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Адам ата—діни аңыздар бойынша Алла Тағала топырақ-
тан жасаған алғашқы адам. Балшық-мүсін ұзақ жылдар жан­
сыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан кіргізеді. Со­
нан соң адамның қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында

екеуі періштелер қатарында болып, олардың арасында «бе­
делді», «құрметті» орынды иемденеді. Періштелер Алланың
жарлығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді.
Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тар­

тады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді.
Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш
алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның сөзіне
иланып, алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жейді. Осы

күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, Көктен
Жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды.
Әзәзіл—діни аңыздар бойынша «Адамға сәжде қылыңдар»
деген Алла Тағаланың бұйрығын орындамаған Ібілістің бұрын-

ғы есімі; азғырушы, жолдан тайдырушы.
Әли—Османнан кейін билік басына келген төртінші «әділет-
ті халиф». 656-661 жылдары Мекке қаласында тұрып, мұсылман
жұртына басшылық жасаған. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғам-

бардың немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу
баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли орасан, алып
күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын
болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның «зұлпықар»,

«қамқам», «самсам» деген үш қылышы болғаны айтылады. Әсі-
ресе, Әли «зұлпықарын» сілтегенде бірнеше жүз кәпірді ша­
уып түсіреді. Әлидің есімі көптеген шығыс қиссаларында, оның
ішінде діни дастандарда жиі ұшырайды. Әдетте, хазірет Әли сол

қиссалардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың
қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарма-
ны ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты
Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.

Хазірет Әлидің атына «шаһимардан», «қайдар», «арыстан»,
«шері», «мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп
отырады. Әлидің астындағы аты «Дүлдүл» де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ аттың

нышанына айналған.
Әлидің бірнеше әйелінен он сегіз баласы болған. Олардың
бәрі де әкесімен бірге әскери жорықтарға қатысып, Ислам

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР * Ә. с.—Әләйһиссалам /а/—оны Алла жарылқасын! Пайғамбарлардың аты­ на жалғаса айтылатын сөз. ** Расул Алла—[Расул /а/—елші]— Алланың елшісі. мақсаттары жолында жан аямай соғысады. Әсіресе, Әлидің Ха­ сен, Хұсайын, Мұхаммед-Ханафия секілді ұлдары ғазауат май­ дандарында ерекше көзге түсіп, түрлі діни аңыздардың сюжет­ теріне басты арқау болғаны белгілі. Хазірет Әли Мұртаза ибн Әбу Тәлиб 661 жылы Куфа мешіті­ не кіре берісте хауариждердің (хариджилер) атқан оғынан жа­ раланып, көп ұзамай қайтыс болды. Бір айтатын нәрсе, хазірет Әли мен Осман халифтің туыста­ ры мен Расул Алланың жесірі—хазірет Айша, сондай-ақ, ха­ риджилер арасында болған соғыс қимылдары Исламның екі тармаққа—суннит және шиит (шиға-жақтастар)—ағымдарына бөлінуіне әкеп соқтырады. Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтарының көпшілігі қазіргі Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір бөлігінде өмір сүреді. Киян руы, киянидтер—көне Иранды билеген әулеттің аты. Күлшат—дәл мағынасы «қуаныш гүлі». Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, Ислам дінінің негізін са­ лушы. Мұхаммед (ә.с.)* 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел­ местен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал, анасы Әмина Ра­ сул Алла** алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (ә.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң ата­ сы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жер­ дегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—Исламды уағыздай бастайды. Мұхаммед (ә.с.) Ислам дінін жария еткенде арабтардың ба­ сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мұхаммед Мұстафа (ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қа-
ласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»

(Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар.
Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх
пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған.

Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су
оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша жер бетін
топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен
алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адам­

дар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі ке­
меге мінгізеді, осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман
қалып, өмір қайта жалғасады.
Рүстем—Ежелгі Иран аңыздарының әйгілі батыры, «Шаһ-

наме» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс халықтарында
қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Салсал, Ермәлік—діни дастандардың кейіпкерлері.
Һарон Рашид [763–809]—Аббас әулетінен шыққан бесінші

халиф. Һарон Рашид тұсында арабтардың ұзақ уақытқа созыл-
ған Византияға қарсы күресі одан әрі жалғастырылды, соны­
мен бірге халифатта ауыл шаруашылығы, қолөнер, сауда және
мәдениет едәуір дамыды. Сондықтан болар тарихи тұлға—Һарон

Рашид есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен ертегі-жырға ай­
налып кетті. Шығыс халықтары ертегілері мен аңыздарында ол
әділ билеуші, халық қамқоршысы бейнесінде суреттеледі.
Шаддад—оңтүстік Араб елдерінің жартылай аңыздық,

жартылай тарихи билеушісі. Құран хикаяларының бірінде
айтылғандай, ол жер бетінде жұмақ орнату мақсатын көздеп,
Ирамбақ деп аталатын керемет бау-бақшалар мен сарайлар
салғызды. Құдіреті күшті Алла оны қиратты, себебі, жер бетін­

де жұмақ болмайды, жұмақ Алланың иелігінде ғана. Шығыс
халықтарының фольклоры мен әдебиетінде Ирамбағы ғажайып
бақтың символы ретінде айтылады.
Ыбраһым—пайғамбар, Құран кейіпкері, Құдай жолын алғаш

уағыздаушы, арабтар мен еврейлердің ортақ атасы, Інжілдегі Ав-
раам. Ең көп тараған аты—халил Алла (Алланың досы).Ол жастайы­
нан-ақ өзінің тайпаластары мен әкесі Азар табынған пұтқа сенудің

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР мағынасыздығын түсінеді. Ыбраһым әуелі күнге, айға, жұлдызға сенеді, содан соң бір Аллаға деген сезімі оянады. Ыбраһым өзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды; сонан соң қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды да, келген­ дерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз сөзіне сенім­ сіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ оның уағызын олар түсінбейді. Ыбраһымды патшаларына алып барады, ол оны өртеп жіберуге бұйырады. Алайда Алла Тағала өзінің пайғамбары, оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып, Палестинаға апарып орналастырады. Бірде Ыбраһымға Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ыбраһымға өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын болжайды. Ыбраһым өзінің ұлы Ысмайылмен бірге Меккедегі әл-Қағбаны салады. Бірде оған түсінде Алла Тағала өз ұлын құрбандыққа шалу жөнінде аян береді. Ыбраһым да ұлы да бұған әзір еді, бірақ Алла олардың сыннан өткендерін ескеріп, құрбандықтың қажет емес екендігін білдіреді. Ыбраһым Алланың өзінің өлімге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла Тағала шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді. Алла Тағала Ыбраһымды әр кез жебепжелеп отырады, оған бірнеше пайғамбар шыққан ұрпақ сыйлайды. Ыбраһым есімімен әл-Қағбаға тәжім ету ғана емес, қажылықтың барлық рәсімі байланысты. Ібіліс—діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Алланың ақ жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімі. Ібілісті басқаша—шайтан, «Алланың жауы» немесе жай ғана «дұшпан» деп атайды. Құран Кәрім бойынша Ібіліс Алланың тілін алмаған, Адам атаның алдында тізе бүгуден бас тартып, «Мен одан артықпын; Сен мені оттан, оны топырақтан жаратқансың» деп қарсы шыққан. Міне, осы әрекеті үшін ол көктен қуылып, тозақ оты­ на түсуге ұйғарылды. Алайда, Ібіліс Алладан жазасын қиямет қайымға дейін кешіктіруін жалбарынып сұрады және ол өзіне іштей Аллаға жерде қастық істеуге және адамдарды теріс жолға азғыруға уәде берді. Раджим—«таспен атқыланған» (күнәлі немесе ақ жолдан тайған)—Құранда жиі кездесетін Ібіліске байланысты қолданылатын эпитет. Шеризат—дәл мағынасы: арыстаннан туған.

СӨЗДІК* * Мәтіндерде басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Сол сөздер кейде ауыспалы мағынада да қолданылған. Сондықтан біз ұсынып отырған дастандарда кездесетін осындай сөздердің мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Абад, абат /а/—халқы жиі қоныстанған қызу, думанды, базарлы жер, елді мекен; бай, берекелі орын. Ағзам /а/—ұлы, атақты; аса құрметті Ағзи /а/—ұлы мәртебелі, өте қадірлі, құрметті Айран—қайран Айым—әйел, қосақ; жаным, жұлдызым Ақ болу—шын болу Алал—халал деген сөздің х әріпі түсіп қысқартылған түрі: халал /а/—шариғат бойынша рұқсат берілген; заңды; некелеп алған жұбай, некелеген; таза; адал Аламат—әлем; ғаламат; таңғажайып оқиға Амалдар /а/—үкімет адамдары Аңға /т/—оған Аңлау /т/—түсіну, білу, сезу Ауашалап /диалект/—оңаша, оңашалап Афзал /а/—ең лайық, ең жақсы, абзал Ахират, ахирет /а/—ақырет күні. Діни ұғым бойынша,бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық сезіледі. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабыр азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы Ашық, асық /а/—ғашық, ғашықтық, махаббат; сүйікті Әд, хәд /а/—шек, шекара Әжет шығару—көмектесу

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Әзел /а/—мәңгілік, бақилық
Әйла /т/—жасау, істеу
Әлқисса /а/—сонымен; қысқасы, қысқаша айтқанда
Әлхамдулла, әлхамдулилла /а/—Даңқтың бәрі Аллаға! Бұл

сөз тіркесі «Аллаға шүкір» деген мағынада да қолданылады.
Әмма, һәмма—бәрі, барлығы
Әндишә /п/—ой; қорқыныш; сыр
Әңгел—әумесер, есуас

Әсірет—қасірет
Әулад /а/—үрім-бұтақ, ұрпақ, әулет
Бабар қылу—тыңдау, байыбына бару
Бад /п/—жаман

Бад ықыраж /п/—салық, алым-салық
Бадарғы /п/—тура жолдан тайған
Бақи /а/—мәңгі
Батпан, батман—ежелгі шығыс елдерінде қабылданған

салмақ өлшемі. Әр елде өлшем әр түрлі. Көне Бұхарада бір бат­
пан 8 пұтқа тең, ал кейбір жерде 4 пұтқа тең. Ферғанада—2 пұт
деп саналған. Қазақ өлшемінде—ауыр салмақ, үлкен, көп деген
мағынада қолданылады

Баһадүр /п/—батыр
Бәзім—қуаныш
Бәндім—менің
Бәрәк Алла /а/—бәрекелді

Бей /а/—болымсыздық жұрнағы, мысалы: бейжауап—
жауапсыз, бейкүнәһ—күнәсіз, бейбисмилла—бисмилласыз
Бейқарар—ессіз
Бек /т/—өте, аса, тым; феодал, ел билеуші бай

Бекзас [беңсар] /т/— ұқсас
Бенде—пенде
Биабан /п/—құлазыған шөл дала, жапан түз
Биназир әділетті /п., а./—өте әділ, шексіз әділетті адам

Бисмилла /а/—Алланың атымен. Мұсылмандар әрбір игі
істі, әрекетті осы сөзбен бастайды
Биһұш болу /п/—естен тану, ессіз құлау; көңілсіз болу
Болды танлар—таң қалу

Бустан /п/— бақ
Білән, бірлән, бірлә, илән /т/—мен; бірге
Білүр /т/—білер

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Біт қып—толтырып
Гөриян болу /п/—мұңды, қайғылы болу
Гүрзі, күрзі /п/—шоқпар
Ғадалат, ғадалет /а/—әділет, адалдық, турашылдық

Ғадиса /а/—әдиса, таңғажайып оқиға
Ғазал /а/—шығыс поэзиясында негізінен кемі үш, көбі он
екі бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар өлең.
Ғазиз, әзиз /а/—қымбатты, ардақты, аяулы

Ғам /а/—қам, уайым
Ғамләр —қайғылы, көңілсіз; сорлы
Ғапыл /а/—қапы қалу, білмеу, байқамау, сезбеу, аңқаулық,
аңғалдық

Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін
Ғасы /а/—күнәһар, шариғатқа қайшы істер жасаған кісі
Ғаурат /а/—әйел, зайып; хор қызы
Ғаяр /а/—аяр, айлакер, қу, алдаушы

Ғейіш-ғишрат /а/—сауық-сайран; қызық; қызойнақ
Ғиззаттау—құрметтеу, ізет көрсету
Ғинаятты /а/—мейірімді, рақымды
Ғифаят /а/—кешірім, мейірімділік

Ғұнчә—гүл
Дақина /а/—дүкен
Дафина /а/—қазына
Дая, даяшы—қожайынның жарлығын орындап отыратын

басыбайлы қызметші
Дәпін, дәфін ету /а/—жерлеу, көму
Дәражат /а/—дәреже, бедел
Дәргаһ /а.,п./—Құдай құзыры; салтанатты сарай; хан са­

райы
Дәркар, дәркер /п/—керек, керекті
Дәруіш /п/—суфизм ағымын ұстанушы; дүние қызығынан
безген адам.

Диқан—ұйқыға диқан—ұйқышыл
Диуана, дуана /п/—ризығын Алладан тілеп, кәсіпсіз
жүретін адам; дәруіш
Дегбірі қашу—берекесіздену

Доғаба—матаның бір түрі
Дост /п/—дос, жолдас
Дохтари /п/—қыз

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Дүр жігіт: дүр /а/—інжу, гауһар (бұл жерде кейіпкер
дүрге, яғни, інжу, гауһарға теңеліп отыр)
Ділдә, тілла, тіллә /а/—алтын ақша; кейде алтын, зер
мағынасында пайдаланылған

Едүр /т/—еді
Егем—Ием: Ие; Жаратушы, Алла Тағала
Ердүм /т/—едім
Ерүшкен соң /т/—кездескен соң, жеткен соң

Ерүштірсін—жеткізсін, берсін
Ерүштіру /т/—кездестіру, жеткізу
Ерүшү /т/—кездесу, тап болу
Жабал /а/– барлық, жаппай, күллі

Жад ету /п/—еске алу, есте ұстау
Жазыр—наза
Жай бәзір—мәні-жайын
Жаллад, жәллет /а/—жендет, бас алғыш

Жамал /а/—келбет, дидар, көрік, жүз; сұлу, әдемі
Жамғару—атқару
Жан тәсілім етті—жанын тапсырды, дүние салды
Жаппар /а/—Құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 өзіне

ғана лайықты есімінің бірі
Жаратқушы /т/—Құдай
Жариа /а/—күң; күтуші; кәнизак, нөкер қыз
Жауаһыр—жауһар сөзінің көпше түрі

Жәһіл /а/—оқымаған, надан, білімсіз
Жеті
ықылым—мұсылман
елдерінің

орта
ғасырлық
пәлсапасы бойынша жер-жаһан жеті қабаттан тұрады деген
географиялық түсінік болған. Мәтіндерде патшаға бүкіл әлем

бағынды деген мағынада қолданылған.
Жосын—дерек
Жуату—жұбату
Жұптылық—ерлі-зайыптылық; серіктік

Жұрат—тұқым, нәсіл
Жұфұт /п/—зайып, жұбай; жұп
Жүдә /п/—өте, артық; бөлек, өзге
Зағиф, зағифа /а/—зайып, жұбай, жұп; соқыр

Зала /а/—өкініш
Залал /а/—зиян
Замат—уақыт, кез, мезгіл; лезде, тез, шапшаң, жылдам

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Зап-зайыр—зая кету
Заразат—зарар; зиянды, залалды; шығынды
Зарлық әйлау /т/—зарлау, еңіреу
Зарпы /п/—қайғы

Заһар /а/—у
Зәнжір—шынжыр
Зәңгі—зор, үлкен; қара түсті адам; дастандық шығармаларда қа-
һарманға қарсы тұратын сүйкімсіз кейіпкерлер кейде зәңгі аталады

Зәреде—егерде
Зәрре /а/—тамшы; бөлшек; кішкентай
Зәрурат—зәру, тығыз
Зебан /п/—тіл

Зейнетті /а/—көрікті, әдемі, сымбатты
Зейіл—көңіл, ниет, ықылас, ынта
Зекет /а/—мұсылманның бес парызының бірі; нысапқа
жеткен бір жылдық мал-мүлкінің қырықтан бірін беру.

Зираки /п/—өйткені, себебі
Зияпат /а/—біреудің немесе бір нәрсенің құрметіне бері-
летін қонақасы, салтанатты кеш; банкет; құрмет; сый-сияпат.
Зият /п/—артық, жақсы

Зұлмат /п/—қараңғылық, қара түнек; зобалаң
Зүбәржат, зүмрәт /п/—жасыл түсті асыл тас
Йазылмыш /т/—жазылған
Иақ /т/—жақ, тұс

Ибадат /а/—құлшылық ету
Изһар ету, болу /а/ —таныту, көрсету; нық, ашық; ауыспа­
лы мағынада: қайтыс болу
Ила—айла, амал, әдіс

Илалау—айла қылу, алдау, арбау
Иләһ /а/—Құдай, Құдірет, Тәңір
Иләһи /а/—Құдайым
Инғам /а/—тарту, сыйлық

Иншалла /а/—Алла қаласа
Ирам /а/—байсалдылық; тыным
Ирамбақ, бағы Ирам—шығыс классикалық әдебиеті мен
фольклорында керемет ғажайып бақтың бейнесін осы атаумен

беру қалыптасқан. Аңыз бойынша, Ирамбақ—Оңтүстік Ара­
бия әмірі Шаддадтың жер үстінде жұмақ орнату райынан туған
мәуелі бақ

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Кардан /п/—қалта
Кәлендер—бастапқыда Орта Азиялық Календарийе туыс-
тығының мүшесі, соған берілген адам деген мағынада қолданыл-
ған. Кейінгі ортағасырлықта кез келген ел аралап жүретін тақуа

жанды осылай атайтын болған; дәруіш, диуана; алба-жұлба
Кәлла /п/—бас
Кәмар, кәмәр /а/—оюланған, асыл таспен әшекейленген
белбеу

Кәрім /а/—жомарт, мейірімді; Алла Тағаланың 99 өзіне
ғана лайықты есімінің бірі
Кәріп-қасар—кемтар, мүсәпір адам
Кәп, кеп, гәп /п/—оқиға; хикая; сөз, ірі әңгіме; бір нәрсенің

сыры, мәні; бір істің, нәрсенің себеп-салдары, тетігі
Кәрамат—керемет
Кәттә—үлкен
Кемеді—келмеді

Кисә /а/—дорба, қап, кішкентай қоржын
Көдек /п/—бала
Көксі /п/—кеуде, көкірек
Көңлін қабарту—жабырқату, көңілін қалдыру

Көңіл нәші—көңіл күйі
Көшір /о/—ат айдаушы, делбе ұстаушы
Кішіклік /т/—кішілік
Қабағат /п/—орасан, керемет; өте; ірі, үлкен, мол

Қадір /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Қайсы шенде—қай шамада, қай жерде
Қайт қылмау—айтқанын орындау, қайтармау
Қайым /а/—тұру, тік тұру

Қайыр, хайыр /а/—жақсылық, шапағат
Қамсыз дала—алыс, шалғай
Қаст, қасад /п/ –дұшпандық, зиянкестік, жаулық, қастық
Қасты болу /а/—қас болу

Қар /п/—сорлы, бейшара
Қарамы—көлемі, үлкендігі, саны, мөлшері, шамасы
Қарар /а/—шешім; келісім; тыныштық
Қисса /а/—тақырыбы әр қилы, сюжеті шытырман, қара

сөз үлгісінде айтылатын шығарма. Қисса көптеген шығыс
халықтарының әдебиеті мен фольклорында кездесетін жанр
Құдайы—садақа

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құдауанда /п/—Құдай, Тәңірі
Құдірет /а/—керемет күш, ғажайып қасиет; Құдай, Алла,
Жаратушы, Тәңірі
Құллық даю /т/—құлдық деп: құлдық ұрды, құлдық етті

Құп /п/—мақұл, дұрыс, жарайды, жақсы
Құрдам /п/—қуанышты
Құрсан, құрсант /п/—шат-шадыман, қуанышты
Құтлұқ /т/—құтты

Қымадым—қылмадым
Қымқап—алтынды, күмісті жіп араластырып тоқылған қа-
лың жібек мата
Лабас /п/—киім

Лағыл —лал, қызыл түсті асыл тас
Лазым /а/—керек, керекті, лайық, дұрыс
Ләб /п/—ерін
Ләшкер—әскер

Мағлұм /а/—мәлім, белгілі
Мағұрып /а/—батыс; батыста орналасқан елдер
Мағшұқ /а/—ғашық, сүйікті
Мада /п/—жолбарыстың ұрғашысы

Мажал /а/—күш-қуат, әл-дәрмен
Мал—бұл сөз мәтінде ақша мағынасында қолданылған
Мама /п/—жасы үлкен әйелге қарата айтылады; асыраушы
Манап—ақсүйек, бай; билік иесі

Мард, мардан /п/—ер жүрек, батыр
Мас болу, маст болу—мәтіндерде көбінесе бірдемеге қуа-
нып, я қайғырып есінен айырылып, естен танып деген мағынада
қолданылады.

Мат болу—күлкі болу, таба болу; дүние салу
Махфұз, мақпұз, мағбұз /а/—сақталған, жадында ұсталған;
тағдыр, пешене; Құран Кәрім бойынша адамдардың тағдыры
жазылып тұрған орын; Лаухул Махфуз [лаух /а/—тақта]—

Құранның 85-«Буруж» сүресінің 22-аятында көрсетілгендей
Жерде болған және болашақта болатындардың бәрі жазылған,
барлық қасиетті кітаптардың түп негізін сақтаған жазба, тақта.
Машұрық /а/—шығыс; шығыста орналасқан елдер

Маһ, маһи /п/—ай
Маһ руи /п/—ай жүзді, ай секілді
Мәәзүр /а/—кемшілік; қателік

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Мәнзар /а/—керемет сұлу көрініс
Мәслихат /а/—кеңес, әңгіме, сұхбат
Мәуе—миуа, жеміс
Мәшғұл /а/—іспен айналысу

Мехнат /а/—бейнет, азап, қиындық
Миллат /а/—халық, ел, ұлт
Мият /п/—көңілге медеу, тірек, сүйеніш
Мүзіке /о/—музыка

Мүшкүл /а/—мүшкіл, қиындық, ауырлық, қыспақ, қауіпті
жағдай.
Мұддаға /а/—тілек; ой; мақсат, арман; мүдде
Мұнтазар /а/—күту, тосу, зарыға күту

Мінәсар /а/—жөн, лайықты, үйлесімді
Мінәсіп /а/—лайықты, жарасымды.
Міскін /а/—бейшара, мүсәпір, мүскін
Набут /п/—жоқ болып кеткен; жойылған; өлтіру, құрту; өлген

Набыт болу /а/—қырылу
Нағыра /а/—ұрыс барабаны
Най —музыка аспабы
Най уәзір—бас уәзір

Найып /а/—орынбасар
Нақлият—нақыл сөз
Нала қылу, нала айту—дауыстап жылау, зарлау
Нам, нама, намы /п/—кісі аты, есім; жазылған сөз, хат;

әңгіме; атақ, ат
Намарт /п/—тексіз, нашар
Наслихат—насихат
Насыр сөз—проза, қара сөз

Науа—егер
Науша /а/—бақытты, қуанышты; әдемі, жақсы; қатты, мықты
Нәйүміт—үмітсіз
Нәп қылу—беру

Нәш—нақыш, ырғақ, мәнер, қисын, сән
Некаһ—неке
Ниһаят /а/—шек, шекара
Оң қолы ұлық уәзір—шығыс билеушілерінің ең кемінде екі

уәзірі болған. Әдетте оң жағында отыратыны бас уәзір боп сана­
лады.
Оның тек /т/—ол тәрізді, оған тең

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ошал /т/– осы, бұл
Өлтірүр /т/—өлтірер
Өреклеу /т/—тоқтау; тынышталу
Падашы /п/—сиыр бағушы

Панаһы—панасы
Пәнже /п/—бес саусақ
Пәрмен /п/—бұйрық, әмір
Пәруана /п/—түнде ұшатын көбелек. Шығыс әдебиетінде

пәруана бейнесі поэтикалық образ ретінде қолданылады.
Пәруардигар /п/—Тәңірі, Құдай
Пәрі ашу /п/—көңіл көтеру, масаттану
Пәс /п/—биік емес, аласа; нашар, кем; жаман ниетті, жексұрын

Пәсең—бәсең
Пәтре табу—қайтыс болу
Пәтуалы кітап—[пәтуа /а/—түсіндіру]—мәтінде шариғат-
тың кейбір тарауларын түсіндіретін кітап мағынасында қолда-

нылған.
Пешене—тағдыр
Пешет /о/—мөр
Порма—киім

Пұл—ақша
Пұрсат /а/—мұрсат, сәт, орай
Пүсе алу /п/—өбу, сүю
Пырақ /а/—жарқыраған; найзағайдай жүйрік ат, сәйгүлік

Расул /а/—елші; негізінен Мұхаммед [ә.с.] пайғамбарға
байланысты айтылады
Рауа бану—жөн, орынды деп санау
Раушан /п/—түсінікті, анық

Рахмат /а/—жақсылық
Рәт /п/—қызық, қуаныш
Руи /п/—жүз, келбет
Рұзи қылды /п/— сыйлық беру, жарылқау мағынасында

Сабах садық /а/—таң, нұрлы таң; таң намазының уақыты
Сағыр /а/– кішкентай, кішкене
Сайр /а/—керуен; ақша
Сақи /а/—жомарт, кеңпейілді

Салығу—шаршау, зорығу
Саранжам /п/—жиһаз, үй жабдықтары, отау; жасау; дүние
Саспалы—саспалық

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Састап /о/—состав
Сахара /а/—кең жазық, мидай дала
Сахат /а/—дені-бастың саулығы
Саяқ—жеке, дара, сайдақ

Сәбит /а/—көрсетілген; айтылған; дәлелденген; берік
Сәна /а/—ой; қайғы
Сәркар /п/—мырза; бақылаушы, басқарушы
Сепаһи /п/—әскер, жауынгер

Сиясат /а/—ақыл-ой; өнер; әдіс; алаң, ашық жер; кейбір
мәтіндерде үкімет орны деген мағынада қолданылады.
Сияһ көрген /п/—дүниенің жақсы-жаманын көрген
Сулық—ауыздықты жүгенге шығыршық арқылы жалғас-

тырып тұратын темір
Сұнмаған—мойынсұнбаған
Сұрау—билеу
Сұрауыңды сұрадым—амандығыңды тіледім

Сүбхі садық /а/—таң
Сүнбіл—сүмбіл
Сүннет /а/—Мұхаммед пайғамбардың істеген іс-әрекеттері
және ол құптаған жағымды қасиеттер; жол; дәстүр; әдет-ғұрып

Сымбал—буылған тең, асыл бұйым
Тағала /а/—өте жоғары; Алланың 99 есімінің бірі
Тағат /а/—құлшылық; шыдам, төзім, сабыр
Такаллам /а/—сайрау, сайраған

Тақыт—ою өрнектеліп безендірілген, арқасы және жақтауы
бар мүлік (қазіргі диван тектес); патшалар отыратын орын, тақ.
Таңға қалу—таң қалу
Тасбих, тәсбі /а/—33 моншақ тастан тұратын тізбек. Тас­

бих тарту—моншақ тастарды тере отырып 34 рет «Аллаһу Ак­
бар», 33 рет «Сұбхан Алла», 33 рет «Әлхамдулилла» деп Алла
Тағаланы мадақтап сиыну
Тауфиқ /а/—жәрдем, көмек; табыс; бақыт

Тахсил /а/—табу, алу; оқып білім алу кезеңі
Таһарат /а/—дәрет алу, тазалану. Құран Кәрімді оқырда,
намазға жығылар алдында жасалынатын бірден-бір шарт—та­
залану, яғни дәрет алу. Сумен үсті-басты, денені жуып қана

қоймай, рухани ойды тазалау.
Тәб—ықылас, көңіл
Тәбип /а/—дәрігер, емші

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Тәжідар—тәж иесі Тәзір—қасірет Тәліп /а/—үлгі, сабақ, мысал Тәнсін—таң қалу Тәрік ету /а/—ұмыту, елемеу; орындамау Тәсілім ету—тапсыру Төгерек—төңірек Тұтату /т/—жағу, тамызу Тұтқайсың тақытымды—тағымды ұста, тағыма отыр, тағыма ие бол Тұтсам /т/—ұстасам Тұтты көп әділет—әділ болды, әділдігімен мәшһүр болды Тұту /т/—ұстау Түшкүл /т/—түсер Тіл бару—жасырын бару Уаллаһу ағлам /а/ –Аллаға аян Уафық /а/—опық Уәлаят /а/—аймақ, өлке, өңір Уәсиф /а/—сипат, түр, бейне Ұғры /т/—ұры Ұғыл /т/—ұл Ұстын /т/—үлгі Үр—[хор деген сөздің фонетикалық өзгеріске түскен түрі]— діни наным бойынша жұмақта болатын мәңгі жас, өте сұлу қыздар Үстінде алтын үйдің ойнап-күлді—ортағасырлық шығыс елдерінде үйдің төбесі көбінесе жазық, шатырсыз болған; үй іші сонда демалып, бос уақытын өткізетін болған. Үшбу /т/—осы Фазыл /а/—көрегенді, өнегелі, абзал; артық, ең жақсы; адам аты Фарман /п/—билік, әмірлік, үстемдік; қол астында; пәрмен Хажат /а/—қажет Хайла—айла Хақ /а/—шындық, күмәнсіз, ақиқат; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі. Халал /а/—шариғат заңы бойынша рұқсат берілген; неке­ ленген; таза, адал; заңды; жарамды Халас /а/—құтылу, бос болу; құтқару, тыю Хале тон /п/—құрметті шапан, тон

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Хамла тұрұр /а/—жүкті, аяғы ауыр болу
Ханнан /а/—мейірімді; Алла Тағаланың 99 атының бірі
Хараж /а/—шығын, шығындану; салық
Харам /а/—шариғат бойынша тыйым салынған, яғни ішіп-

жеуге, қолдануға жарамайтын нәрсе [Құран Кәрімде бұл түсінік
71 жерде қолданылған], таза емес; заңсыз
Харами /а/—арамза, жауыз, жүзіқара
Хасыл /а/—нәтиже, қорытынды; пайда болу; дегеніне, ар­

манына жету
Хатун /т/—ханның әйелі; ханым
Хауыз /а/—бассейн, су қоймасы
Хәд—шек, шекара

Хәрир /а/—жібек
Хикаят /а/—фольклордың және жазба әдебиеттің жанрлық
түрі
Хош—жақсы, дұрыс

Хүкім йүртті—биледі, үстемдік жүргізді
Һауа—ауа
Һәр, һәрбір, һәрне, һеш—әр, әрбір, әрне, еш
Чаман /п/—көгал

Шадлар, шадлы, шадыман /п/—қуанышты, көңілді, бақытты
Шайхы /а/—ақсақал; қария; ғалым; тайпаның, рудың ақса-
қалы, көсемі; діни көсем
Шарбақ (шарбағ) /п/—тура мағынасы «төрт бақ». Мәтінде

үлкен мәуелі бақ деген мағынада қолданылған
Шаулан—салтанатты той
Шаһзат /п.т./—шаһзада, шаһизат
Шаһид /а/—шейіт. Алла жолында құрбан болған адам­

ды шаһид деп атаған. Құран Кәрім бойынша шаһид о дүниеде
жұмақтың төріне барады.
Шәңгек—дар
Шені—қасы, маңы, айналасы; уақыт мөлшері

Шер /п/—арыстан
Шоры—күң
Шырын зебан /п/—шырын сөзді
Шілия—бір жақ ұшы қамыттың құлақ бауына байланып,

екінші жақ ұшы арба не шанаға бекітілген, оны сүйрету үшін
қажетті жуан қайыс
Ыбырат /а/—ғибрат

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы тілінің
«бага»– Құдай, «дад»– берген, яғни «құдай сыйы» сөздерінен
шыққан)—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің астанасы.
Тигр өзенінің екі жағасын бойлай салынған.

Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген
атпен халифа Мансур 762 жылы салдырған. Бағдат—орта
ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған
қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары [Нас-

реддин Туси, Әл-Фараби, т.б.] оқып, білім алған.
Дешті дала—[дешті /п/—дала]—мәтінде «Дешті Қып-
шақ»—көшпенділердің жері, мекені деген мағынада алынған.
Кашмир—Үндістан мен Пәкістанның шекарасында орна-

ласқан үнді уәлаяты.
Қытай—Орталық және Шығыс Азияда орналасқан ірі мем­
лекет.
Машын—Орта Азия, Иран, араб елдері орта ғасырларда

Қытайдың оңтүстік уәлаяттарын, Шығыс Түркістанды осылай
атаған.
Мекке—мұсылмандардың
Хижаздағы

басты
қасиетті
қаласы. Мұхаммед пайғамбар осы қалада туып, өмір сүреді
және өзінің уағызын айта бастайды. Мұхаммед (ә.с.) Мекке­

дегі Исламға дейінгі пұтқа табынушылардың ғибадатханасы
болып келген Қағбаны Исламның ең қастерлісі деп жария-
лап, оған барлық мұсылмандардың қажылыққа баруын өсиет
етті. Қағба Меккедегі Масжид Харам деп аталатын бас мешіт­

те орналасқан. Жыл сайын Меккеге қажылыққа әлемнің әр
түпкірінен миллиондаған адам келеді.
Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы
Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша атауы.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Ордалы, Құбыл, Жайсан—эпикалық шығармаларда жиі
кездесетін эпикалық атаулар.
Тебриз—Иранның солтүстік батысында орналасқан қала.
Үрім, Рұм—шығыс халықтары орта ғасырларда Визан­

тияны осылай атаған. Сол халықтардың фольклоры мен
әдебиетінде Рұм атауы өте алыс, ғажайып өлкенің символы
ретінде қолданылған.
Фердаус—дәл мағынасы: жұмақ бағы. Құран Кәрім

бойынша жұмақ бірнеше бөліктен тұрады. Біреуінің атауы—
Фердаус. Бертін келе мұсылман елдерінің фольклоры мен
әдебиетінде «Фердаус» сөзі мәңгі гүлдеп тұратын мәуе бақтың
символына айналған.

Хилаф (Халап, Халеб, Қалаб, Қаллап)—қазіргі Сириядағы
Алеппо қаласының ескі атауы.
Хотан—Шығыс Түркістанда орналасқан көне қала.
Чин, Шын—Орта Азия, Иран, араб елдері орта ғасырда Қы-

тайды «Чин» деп атаған. Бұл—біздің дәуірімізге дейінгі 221
жылдан бастап Қытай елін билеген Цинь династиясының өзгер-
тілген атауы.

ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДЫ ЖЫРЛАУШЫ,

АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ

МӘЛІМЕТ

Бектұрғанов Белгібай (1894-1967)—белгілі жыршы, ха-
лық ауыз әдебиеті үлгілерін орындаушы, Н.Нысанбайұлының
шәкірті. Туып-өскен жері—Оңтүстік Қазақстан облысы. Ол
эпикалық туындыларды халық дәстүрі аясында шығарма-

шылықпен орындаған.
Томда жарияланып отырған «Қарқабат» дастаны Бектұрға-
нов Белгібайдың айтуынан жазылып алынған.
Жолақұлы Мұртаза—Омбы өңірінде туып өскен. Ауыз

әдебиет үлгілерін жинаған. Мұсылманша сауатты болған. Томға
енген «Қисса Шеризат» дастанын 1870 жылы қағазға түсірген.
Нысанбайұлы Нұралы (1857-1930)—белгілі жырау, жыр­
шы, айтыс ақыны. Туып-өскен жері—Оңтүстік Қазақстан об­

лысы.
Нұралының шығыстық сюжеттерге ден қоя отырып, сол сю­
жет-желіні қазақ топырағында нәзиралық дәстүрмен жаңғыр-
та жырлай білген ақындық шеберлігіне оның репертуарында-

ғы «Қарақұл», «Жетім Құбыл», «Сауда ишан», т.б. дастандары
дәлел. Нұралы—томда жарияланып отырған «Қарқабат»
дастанының бірінші жыршысы.
Шайхысламұлы Жүсіпбек (1857-1937)—ақын, ауыз әде-

биетінің жинаушысы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ау-
даны, Қожатоғай аулында, қожа әулетінде дүниеге келген.
Нағашылары—Ұлы жүз, Албан руынан. Медресе бітірген Жү-
сіпбек қожа Жетісуда тұрып, ел арасынан жыр-дастандарды,

айтыстарды, т.б. жинап, редакциялап, Қазан қаласындағы Хұ-
сайыновтар баспасына жіберіп отырған. Оның қазақ фолькло­
ры шығармаларын жинап бастырудағы еңбегі ерекше. Өмірі-
нің соңғы жылдарын Шығыс Түркістанның Іле аймағында

өткізіп, сонда қайтыс болған.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Қ—Қазан қаласы
ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб
о—орыс

п—парсы
т—түркі
тат—татар

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде жарық
көрген кітаптар

1. Шеризат—Күлшат. ОҒК, Ш.763, 3-дәптер, араб әрпінде.

Қолжазбаның бірінші бетінде «Бұл өзі қиыншылық көп
көрген, адам баласын жолбарыс асырады дейтұғын әңгімеден
бір дастан түзеп, жинап, құрастырған—Байболұлы» делінген.
Қорға 1938 жылы түскен.

2. Қисса Шеризат—Күлшат. ӘӨИ, Ш.621, 1-дәптер, араб

әрпінде. Халық ауыз әдебиеті үлгісімен жырланған. Ақын,
жыршы, әнші Н.Нысанбайұлының шәкірті—Көпбай Әлімбе-
товтен фольклортанушы Н.Төреқұлов жазып алып, институт-
қа 60-жылдары тапсырған. 1965 жылы жинаушы Қ.Майлы-

баев осы дастанды К.Әлімбетовтен тағы да жазып алған: ӘӨИ,

Ш.900.

3. Көркемше. ӘӨИ, Ш.132. Жинаушысы—Нұрғазы Омаров.

1958 жылы Семей облысы Георгиевка селосында хатқа түсіріл-
ген.

4. Мәшһүр сөзінен Күлшат пен Шеризат. М. Ж. Көпеевтің бұл

шығармасының екі нұсқасы белгілі. Бірінші нұсқасын қағазға
түсірген автордың баласы Пазыл Жүсіпұлы (1890-1969). Бұл
нұсқаның аты—«Мәшһүр сөзінен Күлшат пен Шеризат», араб
әрпінде, 13 парақ, 26 бет. Қолжазба ақынның немересі Қуандық

Мәшһүр Жүсіптің үйінде сақтаулы.
Екінші нұсқасы «Күлшат—Шеризат қиссасы» деп аталған,
жинаушысы М.Ж.Көпеевтің жиені—Жолмұрат Жүсіпұлы, ол
ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы: Ш.1173 (а), араб әрпінде.

5. Шеризат. Авторы—Ә. Найманбаев. ОҒК, Ш.1628, араб

әрпінде. Қолжазбаның соңғы бетінде «шығарушы Әсет ақын,

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

жаттап алып, көшіріп жазушы—Ахмеджан Мұхамеджанұлы,
Семей облысы, Мақаншы ауданының тұрғыны» делінген. Қол-
жазбаны 1960 жылы фольклортанушы Б.Адамбаев әкелген.

6. Шеризат. Авторы—Ә. Найманбаев. 1914 жылы хатқа түсір-

ген Есенсары Құнанбаев. 1949 жылы ОҒК-ның Қолжазба қорына
өзі тапсырған. Қазір сонда сақтаулы (Ш.695), араб әрпінде.

7. Шеризат. Авторы—Ә. Найманбаев. Жинаушысы—Қ. Нүп-

баев. ӘӨИ, Ш.741, араб әрпінде. 8. Шеризат. Авторы—Ә. Найманбаев. Жинаушысы—Т. Ди-

башұлы. ӘӨИ, Ш.682. 9. Әппақ батыр. ОҒК, Ш.923, араб әрпінде. Жинаушысы—

Жақсыбай Жантөбетов. ХХ ғасырдың басында жазылып
алынған.

10. Зеберше мен Құлқаныс қиссасы. Айтушысы—Бағлан

Мұратбекұлы. ОҒК, Ш.860, кирилл әрпінде. 11. Құлқаныс—Зеберше. ӘӨИ, Ш.309, 86, кирилл әрпінде.

Айтушысы—Белгібай Бектұрғанов, жинаушысы—Зүбайра
Сейітғаппарова.

12. Қисса Құлқаныс—Зеберше. ӘӨИ, Ш.393, кирилл әрпінде.

Айтушысы—Нұралы ақынның шәкірті Болат Сафиев. 13. Зебер мен Құлқаныс. ӘӨИ, Ш. 920/14. Жыршысы—

Н. Нысанбайұлы. 14. Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмирдің хикаясы.

Қ., 1901. Жариялаған—Ж. Шайхысламұлы.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

15. Акишев А. Искусство и мифология саков.—Алматы, 1984. 16. Аль-Фараби. Философские трактаты.—Алматы, 1970. 17. Аль-Фараби. Социально-этические трактаты.—Алма-

ты, 1973. 18. Брагинский И. С. Из истории таджикской и персидской

литератур.—М., 1972. 19. Гринцер П. А. Древнеиндийская проза (обрамленная по­

весть).—М., 1963. 20. Дастандар. Қазақ халық әдебиеті. 1-том. Құрастырып,

алғы сөз, түсініктерін жазған Б. Әзібаева.—Алматы: Жазу-
шы, 1990.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

21. Жирмунский В. М. Тюркский героический эпос.—

М., 1974.

22. Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина. Сос-

тавление и комментарии С. А. Каскабасова, Н. С. Смирновой,
Е.Д.Турсынова.—Алматы: Ғылым, 1972.

23. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 4-том.—

Алматы: Ғылым, 1985. 24. Қасқабасов С. А. Ертек пен эпостың сюжеттік типология­

сы //Қазақ фольклорының типологиясы.—Алматы, 1981. 25. Кобланды батыр. Составители тома, авторы ис­

следования и комментариев Н. В. Кидайш-Покровская и
О.А.Нурмагамбетова.—М., 1975.

26. Материалы по казахскому обычному праву.—Алматы,

1948.
27.Плутовка из Багдада. [Сборник персидских хикая­
тов]. Переводы, составление и комментарии Ю. Е. Борщевс­
кого.—М., 1963.

28. Пропп В. Я. Фольклор и действительность.—М., 1976. 29. Туманович Н. Н. Обрамленные повести и хикаяты пер­

сидско-таджикского фольклора //Вступительная статья к
сборнику персидских анонимных повестей «Девять встреч».—

М., 1988.

30. Чистов К. В. Народные традиции и фольклор.—М., 1986. 31. Шеризат—Күлшат. Ғылыми басылым. Құрастырып,

кіріспе мақала мен ғылыми түсініктемелерін жазған Б. Әзі-
баева.—Алматы, 2001.

32. Ыбыраев Ш. Эпос мотивтерінің жіктелу жүйесі //Қазақ

фольклорының тарихилығы.—Алматы, 1993. 33. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. 1-2 том. Құрастырған

Н. Оңдасынов.—Алматы, 1989. 34. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—

М., 1968.

35. Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 36. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 37. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчи­

ка. І-ІІ т.—М., 1970.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова МОН РК
продолжает работу по подготовке и изданию томов стотомной
серии «Бабалар сөзі», выполняемой в рамках государственной
программы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).

Третий том серии включает в себя следующие дастаны но­
веллистического содержания: «Қисса Шеризат», «Қарқабат»,
«Құлқаныс—Зеберше», «Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан
Кашмир».

Дастан—один из популярных жанров фольклора и литера­
туры многих народов Востока, в том числе казахов. Особый ин­
терес представляют произведения, основу которых составляют
международные сюжеты, разрабатывавшиеся в русле фольк-

лорной традиции, в большинстве случаев, с очень большой до­
лей оригинального творчества.
Одним из них является сюжет о храбром и благородном Ше­
ризате, вскормленном львицей и его возлюбленной Кульшат,

прославившейся безграничной любовью к отцу.
Дастан о Шеризате и Кульшат—один из самых популярных
у казахов. Среди создателей, сказителей и носителей его—
М.Ж.Копеев, А.Найманбаев, Н.Нысанбайулы, Б.Бектурганов,

Е.Кунанбаев, К.Алимбетов и др. Ареал распространения его
очень широк, например, один из самых ранних списков обна­
ружен на севере Казахстана, вариант Н.Нысанбайулы записан
в Южно-Казахстанской области. Создателем другого вариан­

та является А.Найманбаев—народный акын из Семипалатин-
ской области. Очень популярен дастан и среди казахов, прожи­
вающих в Китае.
Своим происхождением значительно отличающиеся друг

от друга казахские дастаны о Шеризате и Кульшат обязаны од­

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

1 Чистов К. В. Народные традиции и фольклор. М., 1986.—С. 114.
ному из сюжетов прозаической персо-таджикской литературы
средневековья, который, по всей видимости, был записан со слов
рассказчиков и оформлен как художественное произведение в

ХVІІ - начале ХVІІІ в. В Средней Азии это произведение было
известно на таджикском, узбекском и казахском языках. Еще
в прошлом веке повесть эта была переведена на русский язык и
издавалась в Москве в 1862, 1863, 1871, а также в 1988 г.; изда­

валась она и в Лондоне в 1926 г. на английском языке.
Основу персидского хикаята и всех казахских дастанов сос-
тавляет древний, широко известный на Востоке и Западе ска­
зочный сюжет о невинно гонимом. Он развивается согласно ка­

нонам архаического сюжета, т.е. обреченный на смерть сирота
спасается, остается жив благодаря чудесной помощи львицы,
вырастает необыкновенно храбрым и мужественным, узнает
правду о своем прошлом, возвращается к себе на Родину, восста­

навливает справедливость, занимает отцовский трон и женится
на дочери своего врага.
Сюжет персидского хикаята включает в себя следующие мо­
тивы: мотив необычного рождения героя, соединенный с моти­

вом убийства беременной царицы; мотив чудесных помощников
в образе львицы; контаминацию мотивов: заочная любовь + ге­
роическое сватовство + любовь к дочери своего врага и т.д. То
есть, как уже и отмечалось, сюжет является международным по

своему характеру, типичным для фольклора многих народов.
В настоящее время выявлено шесть самостоятельных, неза­
висимых друг от друга, иногда имеющих разные названия про­
изведений о Шеризате и Кульшат. Надо отметить, по отношению

друг к другу дастаны о Шеризате и Кульшат не варианты в тра­
диционном понимании этого слова, так как тексты эти «Хотя
и соотносятся друг с другом как реализация одной модели, в то
же время не являются вариантами одного и того же словесного

текста,.. ибо текст как стереотип, который должен передаваться
по традиции, при этом не существовал»1.
Из них в том подготовлены два фольклорных, независимых
друг от друга варианта, в том числе текст, записанный в 1870 г.

в Северном Казахстане и текст, записанный на юге Казахстана,
созданный в рамках позднефольклорных традиций.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

«Құлқаныс—Зеберше»—известное в шести записях, один
раз публиковавшееся в 1990 году в научно-популярном сборни­
ке, объемное, в 4935 строк произведение.
Содержание его укладывается в следующую схему: в г. Ку­

быле—хан Отенше, в г. Ордалы—хан Аппакша. Они издавна
дружны, но бездетны, в случае рождения детей решают посва­
таться («Болайық құда дер еді»). Рождаются дети: мальчику
дали имя—Зеберше, девочке—Кулканыс; родители совершают

обряд сватовства. Затем отец невесты нарушает договор и дает
обещание выдать дочь за другого. Но жених выезжает на поиски
и, в конце концов, после многочисленных приключений, наре­
ченные жених и невеста соединяются.

Завязка действия дастана очень близко напоминает эпос
«Қозы Көрпеш—Баян Сұлу». Однако имеется несколько разли­
чий принципиального характера. Например, причина наруше­
ния договора в «Құлқаныс—Зеберше» следующая: Кауас хан,

правитель г.Жайсана, увидев несравненную красоту Кулканыс,
вознамерился взять ее в жены своему сыну Толену. А для того,
чтобы расстроить прежнюю помолвку, пишет Отенше хану пись­
мо, где охаивает Зеберше и предлагает ему выдать дочь за Толе­

на. Клевета удается, договор нарушается. То есть причина раз­
молвки абсолютно нетрадиционная. Кроме того, жених узнает
о своей нареченной не случайно, как Козы, а от самой невесты.
В дальнюю дорогу Зеберше выезжает не один, у него хороший

советник и помощник—визирь.
В дальнейшем же древний эпический сюжет сватовства ма­
лолетних детей развивается в новеллистическом духе. Приве­
дем два примера.

1. Зеберше и его верный визирь, прибыв на родину Кулка­

ныс, останавливаются у некой старухи под видом купцов. Ви­
зирь посылает старуху к Кулканыс. Придя во дворец старуха
расписывает прибывших из страны Аппак хана двух купцов,
торгующих очень богатыми товарами. Ханская дочь приказы­

вает привязать старуху к воротам и не отпускать до утра. Ста­
руха бросается восвояси, сорок девиц за ней. Следует яркими
мазками натуралистически выписанная картина погони.
Старуха еле добирается до дому. Зеберше расстроен. Но визирь в

радости, ибо он понял: Кулканыс разгадала миссию старухи и дала
иносказательный ответ: Зеберше должен ждать ее ночью у ворот.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Но, отправившийся на свидание жених, не дождавшись невесты, засыпает. Еще раз визирь отправляет мамку во дворец. И в этот раз Кулканыс назначает свидание в иносказательной форме. Зеберше опять засыпает. В третий раз старуха отправляется во дворец. И в третий раз Кулканыс назначает свидание в иносказательной форме. Но в этот раз визирь идет вместе с ханзадой и не дает ему заснуть. 2. Наконец-то встретившиеся суженые жених и невеста соеди­ няются и, утомленные ласками, засыпают. Тут их увидел некто Ка­ лен, безнадежно влюбленный в Кулканыс и состоящий на службе у ее отца. Связав молодых, он бросает их в зиндан. Но умная, лов­ кая Кулканыс и здесь находит выход: в иносказательной форме со­ общает об этом визирю («Құлады Ай мен Күніңіз, Жер жарылып бағана»). Прибывший визирь разыгрывает из себя святого (әулие). С разрешения стражи спускается в зиндан, якобы для того, чтобы дать подаяние несчастным, которые, якобы, снились ему всю ночь, переодевает Кулканыс в свои белые одежды, и она уходит восвояси. Оба вышеприведенных эпизода имеют ярко выраженный но­ веллистический характер. Что же касается дальнейших звеньев сюжета, то все они также развиваются в новеллистическом духе. Интерпретация традиционного сюжета в новеллистическом аспекте неизбежно ведет к изменению сущности центральных персонажей. Например, в отличие от героев богатырского эпоса, а также героев романических и религиозных дастанов, добиваю­ щихся своей цели в одиночку, Зеберше имеет помощника—ви­ зиря, мудрого и находчивого. То есть, в этом дастане не два, а три главных героя. Визирь выполняет функцию сказочного по­ мощника. Он заменяет герою волшебный предмет, при помощи которого тот добивается искомого. Однако его помощь не вол­ шебно-фантастического плана. Все его советы и поступки осно­ ваны на сметливости, проницательности, житейской мудрости и, конечно же, преданности. Особо надо сказать о героине. С самого начала повествования Кулканыс активна, умна, сметлива, где надо решительна, тер­ пелива, порой коварна. Основная черта ее характера—житейс­ кая мудрость, хитроумие, смекалка, другими словами, Кулка­ ныс—самая натуральная плутовка. Ведь, по сути дела, очень во многом, благодаря именно ее уловкам было осуществлено ее воссоединение с женихом, с которым она была помолвлена в ма­ лолетстве.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Таким образом, архаический сюжет раннего обручения детей в
этом дастане разработан в новеллистическом духе, причем новел­
листические по сути и развязке мотивы и сцены, эпизоды и детали
искусно вплетены в древний сюжет. Заметим, все новеллистичес­

кие мотивы этого дастана имеют восточное происхождение.
Дастан «Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир» представ­
ляет собой типический образец новеллистического дастана, где
традиционный любовный сюжет, так же как и в предыдущих

произведениях, решен в новеллистическом духе, а фабула дас­
тана насыщена многочисленными эпизодами и мотивами при­
ключенческого характера. Сюжет дастана восточного проис­
хождения. Он встречается во многих прозаических восточных

сборниках новеллистического содержания.
Многотомный свод «Бабалар сөзі»—научное издание. Публи­
куемые тексты даются в первоначальном, адекватном первоис­
точнику виде, то есть исключается любое вмешательство в текст.

Том снабжен научными приложениями, которые включают
в себя: сведения о публикуемых текстах и их вариантах; крат­
кий историко-фольклористический и текстологический анализ
текстов; данные об исторических и религиозных деятелях, име­

на которых встречаются в текстах; словарь древнетюркских,
арабских и персидских слов, терминов и понятий, а также гео­
графических названий; сведения о сказителях, собирателях и
публикаторах; список использованной литературы; резюме на

русском и английском языках.
«Қисса Шеризат» подготовлен для печати с рукописи 1870
года, хранящейся в рукописном фонде Института литературы и
искусства им. М.О.Ауэзова МОН РК. Ранее он публиковался в

2001 году в научном сборнике, изданном очень малым тиражом,
то есть широкому кругу читателей предлагается впервые.
«Қарқабат» и «Құлқаныс—Зеберше» публиковались один
раз в научно-популярной серии (1990 г.) фольклорных произве­

дений с искажениями и редакторской правкой. В том эти текс­
ты подготовлены с рукописей адекватно оригиналам.
«Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир» предлагается
вниманию читателей впервые. Он подготовлен с книги 1901 г.,

изданной в Казани на арабской графике.
Объем тома—20,5 п.л.

SUMMARY M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art, Mіnіstry of Educatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the volumes of multі volume serіes «Babalar sozі» undertaken іn the frame of the governmental program «Madenі mura» («Cultural legacy»). The treed volume іncludes the followіng dastans of novelіstіc content: «Kіssa Sherіzat», «Karkabat», «Kulkanys-Zebershe», «Kіssa Gulshahra dohtarі sultan Kashmіr». Dastan - one of the popular genres of folklore and lіterature of many Orіental people іncludіng Kazakhs. The works based on іnternatіonal plots developed іn the frame of folklore tradіtіon mostly wіth a very bіg share of orіgіnal creatіon are of specіal іnterest. One of them іs a plot about brave and noble Sherіzat fed by a lіon and hіs beloved Kulshat who was famous for her great love to her farter. Dastan about Sherіzat and Gulshatіs one of the most popular іn Kazakh people. Among іts creators, narrators and carrіers— M.Z. Kopeev, A. Naіmanbaev, N. Nysanbaіuly, B. Bekturganov, E. Kunanbaev, K.Alіmbetov etc. Area of іts dіssemіnatіon іs very wіde, for example, one of the earlіest lіsts was found іn the North of Kazakhstan, versіon of N.Nysanbayuly was recorded іn the South of Kazakhstan. Creator of the other versіon іs A. Naіmanbaev— natіonal akyn from Semіpalatіnsk oblast. Dastan іs very popular also іn Kazakh people lіvіng іn Chіna. The orіgіn of the Kazakh dastans about Sherіzat and Gulshat that dіffer sіgnіficantly from each other, іs related to one of the plot of the prosaіc Persіan—Tadjіk medіeval lіterature that was recorded from the words of the narrators and arranged as an artіstіc work іn

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР XVІІbegіnnіng of XVІІІ century. Іn Central Asіa thіs work was known іn Tadjіk, Uzbek and Kazakh languages. Іn the last century thіs novel was translated іnto Russіan and publіshed іn Moscow іn 1862, 1863, 1871 and іn 1988; іt was also publіshed іn London іn 1926 іn Englіsh. Persіan hіkayats and all Kazakh dastans are based on the ancіent, well known іn the Orіent and the West tale plot about іnnocent persecuted. Іt develops accordіng to the canons of archaіc plot і.e. doomed to death orphan saves and іs alіve thanks to the wonderful help of the lіon, he grows very brave and courage , learns truth about hіs past, returns back to hіs motherland, restores truth, occupіes hіs father’s throne and marrіes the daughter of hіs enemy. The plot of the Persіan hіkayat іncludes the followіng motіves: motіve of the unusual bіrth of the hero, related to the motіve of murder of pregnant queen; contamіnatіon of motіves: dіstance love+ heroіc proposal + love to the daughter of the enemy etc. So how іt was noted the plot has іnternatіonal character, typіcal for folklore of many peoples. At present tіme sіx іndependent works about Sherіzat and Kulshat have been іdentіfied, sometіmes they have dіfferent tіtles . Іt should be noted that іn relatіon to each other the dastans about Sherіzat and Kulshat are not the versіons іn tradіtіonal understandіng of thіs word because these texts аlthough are related as realіzatіon of one model, they are not consіdered to be the versіons of one and the same word text, because the text as a stereotype that should be transferred accordіng to the tradіtіon, dіdn’t exіst. Of them two folklore іndependent versіons are prepared to be іncluded to the volume, іncludіng the text recorded іn 1870 іn the Northern Kazakhstan and the text recorded іn the South of Kazakhstan created іn the frame of the late folklore tradіtіons. «Kulkanys—Zebershe»—іs a famous work іn sіx records, once publіshed іn 1990 іn the scіentіficpopular collectіon іncludіng 4935 lіnes. Іts content can be put іnto the followіng scheme: іn Kubіl—khan Otenshe, іn Ordaly town—khan Appaksha. They were frіends but had no chіldren and decіded іn case of chіld bіrth to arrange a match for them («Bolajіk kuda der edі»). The chіldren born: the boy was

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР named –Zebershe, the gіrl—Kulkanys; parents arranged matchіng rіtual. Then the brіde’s father broke the agreement and promіsed to gіve hіs daughter to another person. But the brіdegroom started search for the brіde and finally they joіned. The begіnnіng of the actіon of the dastan іs very lіkely the epos «Kozy Korpesh—Bayan-Sulu». However there are several prіncіple dіfferences. For example, the reason of breakіng the agreement іn «Kulkanys—Zebershe» іs the followіng : when Kauas khan the ruler of Zhaіsan town saw the beauty of Kulkanys, he decіded that hіs son Tolen should marry her. Іn order to cancel the prevіous matchіng, he wrote a letter to Otenshe khan іn whіch he crіtіcіzes Zebershe and proposed hіm to let hіs daughter marry Tolen. The slander works out and agreement brakes. So the reason of dіsagreement іs absolutely non tradіtіonal. Apart from thіs the brіde groom learns about hіs іntended not occasіonally as Kozy but from the brіde. Zebershe goes to a far trіp not alone but wіth hіs good advіsor and assіstant—vіzіer. Further the ancіent epіc plot of matchіng of the young chіldren develops іn novelіstіc way. For example, 1) Zebershe and hіs devoted vіzіer came to the motherland of Kulkanys, stop at one old woman’s house as іf they were merchants. The vіzіer sends the old woman to Kulkanys. When the old woman came to the palace she descrіbed two merchants who came from Appak khan’s land and were sellіng rіch goods. Khan’s daughter orders to tіe the old woman to the gates and not let her go untіl mornіng. The old woman runs away and forty gіrls follow her. Then comes a pіcture of chase. descrіbed іn the brіght, natural colors. Old woman hardly reaches her home. Zebershe іs frustrated. But vіzіer іs joyful because he understood: Kulkanys solved the old woman’s mіssіon and gave allegorіc answer: Zebershe should waіt her іn the nіght near the gates. But the brіde groom goіng to the date, falls asleep. Once agaіn the vіzіer sends old woman to the palace. Thіs tіme Kulkanys dates іn allegorіc way. Zebershe agaіn falls asleep. For the thіrd tіme the old woman goes to the palace. For the thіrd tіme Kulkanys appoіnts date іn allegorіc form. But thіs tіme the vіzіer goes together wіth the khanzade and prevents hіm from sleepіng. 2. At last the іntended brіde and brіde groom joіn and fell asleep as they were very tіred by cares. Someone by the name Kalen saw them who was іn hopeless love wіth Kulkanys and served her

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР father. He tіed them and threw іnto the pіt. But smart and cunnіng Kulkanys found a solutіon: she іnformed vіzіer іn allegorіc way ( «Kulady Aі men Kunіnіz, jer jarylyp bagana»). The arrіved vіzіer pretended as іf he was a holy person. Wіth the permіssіon of the guards, he went down to the pіt as іf to gіve charіty to the mіserable people whom he saw іn hіs dreams all nіght, Kulkanys put hіs whіte cloths and went away. Both abovementіoned epіsodes have sharply expressed novelіstіc character. As for the other unіts of the plot, they all develop іn novelіstіc way. Іnterpretatіon of tradіtіonal plot іn novelіstіc aspect leads to the change of the essence of central personages. For example, іn comparіson wіth the heroes of bogatyr epos and heroes of romantіc and relіgіous dastans who achіeve theіr goals alone, Zebershe has an assіstantwіse and resourceful vіzіer. Іt means that іn thіs dastan there are not two but three maіn heroes. The vіzіer performs functіon of a tale assіstant. He replaced faіry subject for the hero and he achіeved hіs aіm wіth іts help. However hіs assіstance іs not faіry-fantastіc. All hіs advіce and behavіor are based on wіt, іnsіght, wіse and devotіon. We should especіally mentіon the heroіne. From the very begіnnіng of narratіon Kulkanys іs actіve, іntellіgent, quіck, tolerant, sometіmes іnsіdіous. The maіn sіgn of her character— wіse, cunnіng, so Kulkanys іs a real lіttle rogue. Thanks to her trіcks she and her brіdegroom have joіned, wіth whom she was matched from the chіldhood. So, archaіc plot of early matchіng of chіldren also іn thіs dastan іs developed іn novelіstіc aspect, and novelіstіc motіves and scenes, epіsodes and detaіls are skіllfully plaіted іnto the ancіent plot. All novelіstіc motіves of thіs dastan have orіental orіgіn. Dastan «Kіssa Gulshahra dohtarі sultan Kashmіr» represents typіcal sample of novelіstіc dastan where tradіtіonal love plot as well as іn the prevіous works, іs presented іn novelіstіc way and the plot of dastan іs saturated by numerous epіsodes and motіves of adventure character. Dastan plot іs of orіental orіgіn. Іt occurs іn many prosaіc orіental collectіons of novelіstіc content. Multіvolume collectіon «Babalar sozі»—іs a scіentіfic edіtіon. Publіshed texts are presented іn orіgіnal, adequate to the prіmary source і.e. any іnterventіon іs excluded.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР The volume іs supplіed wіth scіentіfic annexes that іnclude: іnformatіon on the publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcal-folklore and textologіcal analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous figures, whose names are met іn the texts; vocabulary of ancіent Turk, Arabіc and Persіan words, terms and concepts as well as geographіc names; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. «Kіssa Sherіzat» іs prepared for publіshіng from the manuscrіpt of 1870, that іs kept at the manuscrіpt foundatіon of M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art, Mіnіstry of Educatіon, Republіc of Kazakhstan. Earlіer іt was publіshed іn 2001 іn the scіentіfic collectіon, publіshed іn small cіrculatіon, і.e. іt іs offered to the wіde cіrcle of readers for the first tіme. «Karkabat» and «Kulkanys—Zebershe» were publіshed only once іn scіentіfic-popular serіes (1990) of folklore works wіth dіstortіons and edіtor’s correctіons. These texts are prepared from the manuscrіpts adequate to the orіgіnals. Dastan «Kіssa Gulshahra dohtarі sultan Kashmіr» іs offered to the readers’ attentіon for the first tіme. Іt was prepared from the book of 1901, publіshed іn Kazan іn Arabіc graphіcs. Volume -20,5 pp.

МАЗМҰНЫ Құрастырушыдан ................................................................ 5 Мәтіндер Қисса Шеризат .................................................................. 9 Қарқабат ......................................................................... 40 Құлқаныс—Зеберше ........................................................ 96 Қисса Гүлшаһра дохтари сұлтан Кашмир ...............................................................229 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме ....................................277 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ..................293 Сөздік .............................................................................298 Жер-су атаулары ..............................................................310 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет ......................................312 Шартты қысқартулар .......................................................313 Пайдаланылған әдебиеттер ................................................314 Резюме ...........................................................................317 Summary .........................................................................322

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 3 том НОВЕЛЛИСТИЧЕСКИЕ ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Тұрлынова Редакторы Ұ. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Н. Мұрсалимова Компьютерде беттеген М. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 1516 Теруге 15.06.04 жіберілді. Басуға 22.07.04 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 20,5. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №422. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Регис СТ—Полиграф» ЖШС баспаханасында басылды

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙