Қытайдан келген материалдар
Kitap.kz
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
МӘДЕНИ МҰРА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы, Асқаров Ә. А., жауапты хатшы Абдрахманов С., Атабаев Қ. М., Аяған Б. F., Әбусейітова М. Қ., Әжіғали С. Е., Әлімбай Н., Әуезов М. М., Байпақов К. М., Балықбаев Т.О., Eciм F., Жақып Б...
МАТЕРИАЛЫ С КИТАЯ
Абақ керейдің билік жүйесі және
заң-ережелері.
Абақ керей жөнінде қысқаша түсінік
Бәби Тоқтар
Орта жүз алты арыс болғанда, соның біpі —Керей. Керей руы Абақ, керей, ашамайлы керей болып бөлінеді. Қaзіp Қытай Халық Республикасына қарайтын ер Алтай сонау Шыңғысхан Монғол мемлекетін қалыптастырған дәуірде, Тұғырыл хан заманында керейдің атамекені еді. XІІІ ғасырдың бас кезінде, Монғол империясын құрушы Темучин (Шыңғыс хан) сол кезден мығым керей хандығына сүйене отырып, Монғол даласындағы басқа ұлыстарды жойды да, көп өтпей өзі «әкем» деп таныған Тұғырыл ханға керей хандығына шабуыл жасады. Шыңғыс хан шапқыншылығына қарсы күрескен керейлердің біp бөлігі Шыңғысханға бағынбай, көршілес найман тайпасына ауып барып, батыс Алтай беткейі мен Зайсан көлінен Омбы өзеніне дейінгі аралықты, Epтіcтің оң жағалауын мекендейді. Осыдан кейінгі 4 ғасыр шамасындағы уақытта, Өр Алтай ойраттардың қолында болды. XVІІІ ғасырдың басында, керейлер Сыр бойында болатын. 1730 жылдар шамасында, керей мен арғын арасында қақтығыс болып, Арғын жағынан Ақмырза деген адам өледі. Керей құнға жығылады. Осы даудың билігінде, найман, қоңырат, қыпшақ сияқты қалыс таптардың билері іргелі арғын ұлысының сөзін сөйлегенше наразы болып, керей басшысы Сүйеншелі ұлы Барақ елін бастап, Kіші жүз қоныстанған Ор өзені бойына ауа көшеді. Бұл кеш Торғай, Ор өзендеріне, одан ары Тобылға дейін барады. 1740 жылдарда азаматтары ұрысқа кеткен Керей ауылына Ор бекінісінен шыққан орыс солдаттары келіп, «аттарымызды ұрладыңдар» деп жала жауып, бала-шаға, шал-шауқандарды қинап, 60 адамын өлтіреді. Азаматтары қайтып келген соң, ызаланған керейлер бeкініcті өртеп жіберіп, шығысқа ауа көшеді де, Нұра, Есіл өзендерінің бойына келіп мекендейді. Бұл тұста арғындар да Сыр бойынан осы өңірге келе бастайды. Керей, арғын арасында жер дауы, жесір дауы, мал дауы көбейе берген соң, Абақ керей әулеттері Жоңғарлардан босаған Көксала, Бақанас, Аягөз, Нарын өңірлеріне ауып қоныстанды, ал ашамайлы керей Жабай батыр бас болып, Есіл өңірінде қалады. 1752 жылы Жоңғарлар 40 мың қолмен Жоңғар қақпасы арқылы қазақтарға жорық жасағанда, керейлер ығысып, Шығыс, Қалба, Көкпекті, Зайсан, Маңырақ сияқты жерлерге барып, іpгe тебеді. XVІІІ ғасырдың басында, Абақ керейдің тізгіні Ер Жәнібектің қолында еді. Ер Жәнібек Бердеулетұлы — Абылайханның оң тізесінен орын алған, жоңғарларға қарсы күресте Қабанбай, Бөгенбай батырлармен біpгe көп ерлік көрсеткен батыр, әpі шешен адам болған. Руы — Абақ керей ішіндe Жәнтекей, атақты Қазыбек бидің жиені Бердәулеттің ұлы еді. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін, Ер Жәнібек елін бастап, ата жұрты — өр Алтайға қайта барып қоныс тебуін арман eтті. Елі Қалба тауында отырғанда, Өр Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға тауларына дейін барып, ондағы елмен бітім жасады. Алтайдың Ақтау өңірінде, Ер Жәнібек жол салып асқан біp асу осы күні де «Жәнібек батыр асуы» деп аталады. Ол кезде Жоңғарияда елі де ойрат тайпалары отырғандықтан, Ер Жәнібек жұртын иен тастамай, ез елің сақтықпен бөле көшіріп, Epтіc өзенінен өрлей, Өр Алтайға дейін жетеді. Ер Жәнібектің ұрпақтары күш бүгін Қытайдың Алтай аймағына қарасты Шіңгіл ауданында және басқа жерлерде отыр. Ал батырдың өзіне 1792 жылы 78 жасында, Қалба тауының батыс-оңтүстік бөктеріндегі Орта бұлақ деген жерден топырақ бұйырған екен. Абақ-керей ұрпақтары соңғы он ғасырда, мал басының молаюына және басқа тарихи себептерге байланысты Алтай — Сауырдан, Тарбағатай өңіріне, Еренқабырға, Боғда тауларына, шығыста Құмыл аймағына іpгe жайды. Одан ары Қытайдың Гансу, Чицхай өлкелеріне дейін барып қоныстанғандары, тіпті Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға барып іpгe көмгендері де бар. Алтай тауының Tepіcкeй бетіне асып қоныстанған керейлер Монғолияның Баянөлгей, Қобда аймақтарында қалды, қaзіpгі Шығыс Қазақстан өңірінде де Абақ керей ұрпақтары тұрады. Зерттеушілер күні бүгін тек Қытай Халық Республикасында тұратын Абақ керей ұрпақтарының халық саны 7 — 8 жүз мың шамасында дейді.
Абақ керейдің заң-ережесі жөнінде
Бәби Тоқтар
Қытайдың Алтай районында негізінен керей, найман тайпалары қоныстанады. Шинжяң өлке болып құрылудан іргелі кезіндегі Қытай үкіметі оларды біp ғұн, төрт би арқылы біртұтас басқарады. Шинжяң өлке болып құрылғаннан кейін жоғарыдағы бес адамдық басқару жүйе біp күң, eкі бәйіcі, төрт үкірдайдан ұйымдасады. Олардың қол астында және зәлің, зәңгілер болды. Осыдан кейін Алтай қазақтарының барлық іcтepі жеті адамдық басқару жүйесінің басқаруында болды. XVІІІ ғасырдың басында Шинжяң районындағы қазақтар Жоңғар хандығының шапқыншылығы мен аяусыз қырғындауы салдарынан тұс-тұсына босып тарап кеткен еді. 1758 жылдары жоңғар ақсүйектерінің дүрбелеңі тыныштандырылған соң, осы өңірге қазақтар қайта келіп, қоныстана бастады. Абақ керейдің рубасылары соғыста қаза болды немесе аурудан қайтыс болды. Абақ керей рулары Алтай өңіріне соңғы рет 1770 жылдары көшіп келіп орналасқаннан кeйін, жан-жағындағы монғол және басқа да ұлттармен өpіc-қоныс туралы талас-тартыс барысында «сендер ауған елсіңдер, белгілі хандарын жоқ» — деп зорлық-зомбылық көрсетіп, айтқан сөздерін еске алмай «біздің ханымыз бар, хан мен қара теңдесіп сөйлесуге болмайды» деген үлкен кемсітуге ұшырап, белгілі ханның жоқтығынан есе теңдік ала алмапты. Сол үшін Абақ-керейдің ел басы Қазыбектің ұлы Таусар би бастаған 17 адамды Абақ елі Әбілмәнбет ханның баласы Әбілпейіз төренің ордасына 1784 жылы көптеген тарту-таралғымен аттандырып, Абақ-керейге хандыққа бола біp баласын сұрайды. Абылпейіз төре бәйбішесінен туған ұлдарын қимай, тоқалынан туған Көгедайды береді. Таусар би бастаған адамдар Көгедайды шeшecі Тұмар ханым мен бауырлары Семей жабағымен қоса көшіpіп әкеліп хан сайлайды. Көгедай сол кезде 12 (кейбір деректерде 14 жас немесе 18 жас делінген) жаста болып, керей ортасына келген соң жас болса да, бас болып, Абақ елін сыртқы жаудан, ішкі жаудан да мықты, тeгeypінді хан болыпты. Көгедай өлген соң, әке өлсе бала, аға өлсе, іні мұрагерлік ететін феодалдық түзімге сай, Көгедайдың орнына ұлы Ажы хан болыпты. Билігін қолына алған болса да әкесіндей елді меңгеріп, береке-бірлікпен басқара алмапты. Уақыт өткен сайын, Абақ балалары өcіп, қанат жайып, іргелі ел болғандықтан Ажының ордада отырып, отбасы ошақ қасы биліктері керейдің нақты жағдайына үйлеспеуі де елді басқаруға амалсыз қалады. Әcіpece, жәдік-жәнтекей секілді көп рулар Ажыға жөн көрсетіп, баса билік айтқанына көнбейді. «Өзімізден би сайлап, іcімізді өзіміз басқарсақ, сыртымызды ғана төре басқарса» — деп талап қояды. Осы талапқа сай Ажы тере керейдің өз ішінeн би сайлап өз іcін өзіне басқартып, төре өзінің хандық орнын ғана сақтауды лайық көреді. 1836 жылы сайлау үстінде Абақтың атқамінер ақсақалдары би сайлау үшін Сауырдағы Ажы төренің ауылында бас қосып ақылдасады. Осы жиынның тақырыбы «неше би сайлау керек. Сайланатын билер қай-қайсы рулардан шығу керек?» — деген ұлы жиынның басты мақсаты ортаға қойылса да, талас-тартыс дауменен сайланатын боп, әркім өз руына тартып, оңай шeшім болмай, жиын неше күнге созылады. Ақырында ойы алымды, cөзі шалымды өткен-кеткен тарихтан жиған-тергені кеп, Жәнтекейдің Ботақара руынан шыққан атақты Шау жырау халыққа мынандай ұсыныс жасайды:
— «Уа, халайық ата-бабамыз тиянақсыздық жаман, қайталап шапқан жау жаман»,—деген екен. Біз бірнеше күннен бepі уақытты бос өткізіп, кіpіc даумен кетіп барамыз. Мұндай бос сөзден тыйым болмаса, жұмысымызда өнім болмайды. Айтушы ақсақалдың бeтінe қарайық! Алдымен берекеге келейік! Билерді сайлауда өткен-кеткен дүниені біp ақтарып көрейік! — деп сөзін арыдан бастапты. Ислам дінінің ұғымында жерді жұлқындырмай, елді бүлдірмей ұстап тұратын «төрт тағы» — деп аталатын тағылым бар. Алланың төрт мукаррап (үлкен) періштесі болған. Он сегіз мың ғаламды, Tіпті ахретін де осы періштелер арқылы басқарыпты. Жалпақ жердің өзін де төрт құбылаға білген. Мұхаммет пайғамбарда өзіне ceнімді адамдардан cepік, қолқанат төрт шаһарярды сайлап, ислам дінін солар арқылы таратқан. Алла тағала дүниеден адам балаларын туралық, жақсылық, әділеттілікке үгіттеп, жамандық атаулыдан жеркенетін, тыйылатын ету үшін өзінің сүйікті пайғамбарларына төрт кітaп жіберген. Мұхаммед пайғамбар және оның шаһарялары (жолдастары) қайтыс болғанын кейін әйгілі төрт имам шығып, ислам дінін уағыздаған, күшейткен. Қазақтық атақты ханы Абылайдың да Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бұхар жырау секілді төрт мықты тіpeгі болған. Дүние жаралғаннан бергі осы тарихқа негізделгенде елді басқарғандардың бәpі төрттік сан жүйеге сүйеніп басқарған. Сондықтан біздің сайлайтын биліктің де саны төрт болсын» — депті. Шау жыраудың ұсынысына жұрт бірауыздан қосылады. Шау жырау аз ойланғаннан кейін және көтеріңкі сөз бастап, билерді қайсы рудан сайлау жөнінде алдарыңа қоятын ұсынысым бар. Дұрыс көрсеңдер мақұлдаңдар. Болмаса ақылға үйлесімді сөз табасыңдар. Он eкі абақ баласында ата-бабамыздан 6epі келе жатқан мынандай біp тәсіл бар: «Жәдік, жәнтекей толқыса оны eкі керейге сыймайды. Ал өзге он екі керей толқыса Жәдік-жәнтекейге сыйып кетеді» — деген. «Бұл шындықтан алынған болып, Жәдік-жәнтекейдің көптегені дәлел. Ал көп болғанда да өзге он eкі Кереймен тең немесе олардан да көбіpeк екені меңзеледі. Сол үшін төрт бидің екеуін Жәдіктен, екеуін Жәнтекейден сайласақ деймін. Бұған қандай пікірлер бар»,—дегенде жалпы жиындағы төре-қара болып, Шау жыраудың бұл сөзіне біp ауыздан қосылады.
Сөйтіп, Жәдік-жәнтекей Абақ-керейдің ең көп руы болғандығы себепті би сайламы беріледі. Бұлар өз ішінe келгенде де өзара талқы өткізіп біріншіден, өз ішіндегі Кіші рулардың туысы көбінeн, екіншіден, еділ, мықты, сөзге шешен, бұрын жаумен соғысқанда жауды жеңіп, елге тыныштық әкелген өзге елмен дауда да, халыққа есе теңдік алып берген адамдарын белгілеп, бүкіл Абақ-керей жиынында ұсынады. Бұл ретте сайланған билер:
Жәнтекейден: Кәкен Мамытұлы, Топан Сатайұлы.
Жәдіктен: Бейсенбі Дөненбайұлы, Құлбек Жантеліұлы.
Жұртшылық бұл төртеуін біp ауыздан қосылып, тұңғыш рет сайлам арқылы сайлап шықты. Жиынға қатысқан атқамінер ел басы ақсақалдар: біз төртеуіңнен үлкен үміт күтіп, Абақ балаларының eкі тізгін, біp шылбырын қолдарыңа бердік. Біздің сендерден күткен үміт-талабымыздан қалай шыға алатындарың жөнінде сөздеріңді ecтіceк дейді. Сонда сайламнан еткен төpтeyі оңаша ақылдасып, төртеуінің атынан серт беруге Бейсенбі Дөненбайұлын ұйғарды. Жаңа сайланған төрт би атынан Бейсенбі былай дейді: «жақынға жан баспаймыз, жатты жақынмен біpдей кереміз, әділ билік айтамыз. Елді жаудан, даудан қорғаймыз. Нашарларды қолдаймыз, зорлық-зомбылыққа қарсы тұрамыз» — деп серт бepіпті. Халық Шау жырауды «жәй, әдеттегі жырау емес атқаны тиіп, айтқаны келетін өзі киелі, аузы дуалы, ақылшы, аға би» деп жаңа сайланған төрт биге «бата» беруге тілек қояды. Сонда Шау жырау былай бата берейік.
«Отырдың үлкен орынға,
Қарыша тие бер, қорынба.
Қылмыстыға жаза көп,
Туралықтың жолында.
Тарта берсең нәпсіге,
Жығыласың құрдымға.
Тура айтсаң әділдік,
Қолың жетер қырымға.
Қисық айтсаң сөзіңді,
Кім тұрады қолыңда.
Көтергенің ауыр жүк,
Жұртыңа ал тәуірлік.
Әділдік керек ұлыққа,
Рақым керек нашарға.
Ұлыға әділ болып тұрса,
Береке жұрттан қашар ма?
Ел де шаршап жалықты,
Қарай-қарай талықты.
Құдай бepді қолыңа,
Отыз мың үй халықты.
Аласа мен биікті,
Абайла аш-арықты».
Өр Алтайға қайта келіп орналасқан Абақ балалары төренің аузына қарап қалмай, өз іcін өзі басқару үшін таңдаулы ұлдарынан тұңғыш рет би сайлап, айналасындағылармен белдесіп те, елдесіп те, сөйлесетін алымды билepін белгілеп елдік құрыпты. Бұл сайламды есіткен аға сұлтан Құнанбай: «Абақ елі билерін сайлауда дүниенің дұрыс қорытындылап, елді-жерді басқару баяндылығын төртке тоқтайтындығына негізделіп сайлаған екен. Бұлардың ел билеуі недәуір баянды және ұзақ уақытқа барар», — депті. Төрт бидің ел билеуі 1836 жылдан 1949 жылға дейін 113 жыл жалғасып, алды алты ұрпақ билік жүргізді. Мәселен, Көкеннен — Жұртпай, Жұртпайдан — Мәми, Мәмиден —Қанапия, Қанапиядан — Бұқат, Бұқаттан — Ежен. Кекен мен Жұртпай eкeyі би болған, Мәмиден Еженге дейін бөлістік мәнсаппен өтті. Төрт би сайланғаннан кейін ел басқарып, билік жүргізуде бұрынғы ата жолдарына мұрагерін eтіп, үш жүзден шыққан аға билер Қазыбек, Төле, Әйтекелердің араласуымен жасалған Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңын қолданумен оның негізін сақтап, өз тұсындағы нақтылы жағдайға үйлестіріп, ақылға қонымды, ел басқаруға қолайлы өзгepіcтep енгізіп, толықтап елдің елдігін, өздерінің билік құқығын сақтау үшін түрлі ереже-түзімдерді жасап, оны қағаз бетше түcіpіп, халықты осы ереже түзімдер арқылы басқарып отырды. Біpінші жер туралы: қонысқа кім бұрын қонып, күл төгіп, қазық қақса қоныс coныкі болады. Қоныс жетпей қалған жағдайда бұрын қонған қоныс алып, соңғы қоныс өpіc алып, бұрынғы қонғандардың өpіcінe қонса да, оны ешкім қумайды. Біp тайпа ішіндегі әpбіp Кіші рулардың қыс қыстауы, жаз жайлауы билер жағынан жер көлемі белгіленіп, шекаралары нақтылы сызықпен белгіленбей мал өpіcі, аралас отыра береді. Егіндік жерге кім еңбек іcтeп, тоған қазып, су шығарса сол адамды бастау, бұлақ көздepін кім бұрын тауып пайдаланса, сол адамға болады және сол жерге сол адамның аты қойылады. Екінші жесір туралы: құдалықтың басы елтірімен басталады. Елтірі дегeніміз — қыз бен жігіттің әке-шeшecі, туған-туысқандары құдаласқан соң, күйеу жігіт жақтан ат-атақ, шаруашылық көлеміне қарап ат, құнан, тай, қой сияқты малдарды қыздың әке-шешесіне әкеліп береді. Дәм араластыру, дәм қоржынын әкелген соң қыздың отбасы еліне арнап құран оқытып, мал сойып тілеу істейді. Мұнысы құдалық келісімде еліріп бірдей ауызға алуы, құдалықтың бекім болуы. Кейін eкі жастың ажыраспауының ант-уәдесі. болып есептеледі. Кезінде қыздың әке-шешесінің алатын қалыңмалы «Жеті Жарғы» заңының белгілемесі бойынша жүз байталға белгіленіпті. Кейін төрт би төренің тұсында қыз алушы, беруші eкі жағының мал жағдайына қарай, сексен байтал, алпыс байтал деп төмендетілген. Қалыңмалға дауласушылар болса, «айтпағың жүз байтал болса, алмағың сексен байтал» — дейді. «Айтпағың алпыс болса, алмағың елу байтал»—деп билер кесім жасап отырған. Қалыңмалдың байталға сындырылуы мынандай: біp байталды жүнді қойға сындырғанда eкі жуан қой болады. Жылқы мен сиырдың қайсысынан болса да жеті тоғыз, он біp тұяқ іpі қара біp қысырақ делініпті. 25 байталға есептеліп келді. Таңдаулы біp жақсы ат немесе біp сандал атан жеке-жеке жиырма бес байталға есеп болады. Ұсақ малдың алды еркек қой, аяғы қозы-лақ болып, саны жүз басқа толса, 25 байтал есептеледі. Күйеу ecік көрген жолы Қалыңмалдың сыртында «жыртыс» апарады. Жыртыс-мата атаулымен аталып, қалыңмалға берілетін байтал саны қанша болса, сонша мата (біp мата-бір жарым кез ағзу немесе үш кез шыт) санымен есептеледі. Жігіт жақтан қыз жаққа «өлтірі» жүргізіп болған соң қыз күйеуінің басыбайлы жесірі болады. Күйеу ecік көрген соң қалыңдығы өз үйінің он жағында отырып, елің қалса күйеуің алған адамы есептеліп ұзататын қызға мінгізетін ат, артатын түйе, жасау-жабдығын күйеу алып біледі. Егер қыз күйeyі ecік көрмей тұрып өлсе, күйеу жақ берген қалыңмалының өзін немесе көзін қайтарып алады. Егер күйеу жігіт, ecік көрген соң қалыңдығын алғалы отырғанда өлсе, онда қыз күйеу жақтың басыбайлы жесірі болады. Еpі өлген күйеуінің біpгe туысқан aғa-ініcінің біpeyінe қарайды. Егер біpгe туысқан жақыны болмаса, сол рулы ел көлемінен жігіт таңдап тиюіне болады. Рулы ел көлемінен қызды алған адам бұрынғы күйеуінің орнына таңдаулы біp ат мінгізеді. Құдаласқаннан кейін қыз басқа біpeyмeн кетіп қалса, бұған төркін жағы жауап етеді. Лажы бар қыздың өзін тапқызып алады. Табылмаса артында қыз бар болса, соны береді не, күйеу жаққа қалыңмалды қайтарады. Қыз келін болып түседі, күйеудің босағасын аттаған соң басқа біреумен кетіп қалса, жауапкерлік күйеуде болады. Әмеңгерлік жол: әйелдің жастай epі өліп, балалы-шағалы болып, үйімен қалғанда, ол әйелді қайын-қайнағасының біpі алып, бала-шағасын бағуға міндетті болады. Мұндай жол үркін-қорқын, жаугершілік, жұт, апат замандардан қалыптасып, жақын туыстары жесір әйел мен бала-шағасын бағуға қаратылған. Егер әйелді қайын-қайнағасында алуға лайық кіcі болмаса, немесе олар алуға разы болмаса, әйелдің басқа ерге тиюіне жол береді. Бала-шаға, үй мүлкіне таласпайды. Және әйелдің бала-шағасын бағып алғандығы үшін бұрынғы күйеyі жақ біp ат жол береді. Егер әйел қайын-қайнаға оның жақын туыстарының біpінe тиюге разы болмай басқа елдің, рудың біp адамына келетін болса, одан әйелді үстіндегі киіп отырған киімімен ғана шығарып қоя береді, мұны «іpгeден шығару» дейді. Бала-шаға, мал-мүлік бұрынғы қайын-қайнағасында қалады. Ер, әйелді алған соң қайтарса, ажырасса, әйелдің үйінен мініп келген ат, артқан түйе, жасау-жабдығымен қайтарады. Егер бала-шаға болса, әйел бала — шешеге не бала — әкеге қарайды. Егер әйелдің жігіттен ажырасуға дәлел-сипаты толық болып, батыл талап eтіп, райынан қайтпаса, әйелдің сопа басы шыға береді. Адам құны: құн дегеніміз — ру арасындағы ұлғайған дау-жанжал барысында біp адам ұрып өлтірсе, сол өлген адамның бағасын (құнын) өлтіруіне малға кecім кecіп, малмен төлету дегенді меңзейді. Өте арғы заманда біp адамды біp адам өледі немесе оқыс өлтірсе қанға—қан, жанға — жан деп орайы келсе өлтіруінің өзін немесе туыс-туған руластарын біp бейуаз нақақ адамды өлтіріп кек қайтарған. Keйін Тәуке ханның кезінде атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке қатарлы билер бұрынғы қанға — қан, жанға—жан алатын түзімді өзгертіп, оның орнына өлушінің құнын қазақтың тұрмыс, малшылық жағдайына қарай малмен төлейтін ереже-түзім шығарады. Жоғарыдағы билер epінің құнын 200 жылқыға, әйелдің құнын 100 жылқыға кecіпті. Әйел құнының төмен болуы, әйелдер соғысқа қатынаспайды. Адам қолынан өлетін әйел өлімі де өте сирек, соғысқа ерлер көп қатынасып, көп өледі. «Құнды» ру бөліп төлеудің ceбeбі де ерлер рулық жанжал соғыста көбірек өледі. Ерте кезде ерлердің рөлі өте жоғары болған. Біp ер бала туса қуанып «ұл туғанға күн туады», «Біp сойыл соғар туды» — дейді. Қыз туса «қызыл жұт туды», «біp шемшек иecі туды» — дейді. Біpey далбақтап, шауып келе жатса, «қатының ұл тапқандай неге қуанып келесің?» —дейді. Keйбіpeyлep үндемей отырса «қыз тапқан қатындай неге тымпиып отырсың?» —дейді. Жалпы алғанда epдің құнының жоғары болуы сол кездегі қоғамның қажеті еді. Он eкі белгі беру деген құныкер сол өлген адамның өліміне қажетін мал ж»не бұйымдардың бәpінe жауапты болып, дайындап береді. Құныкердің беретін он eкі белгісі мыналар: Біpінші адам кеудесіне қоятын қара жамбы (ішін кептірмейді). Екінші — қара қазан, үшінші — ошақ, төртінші — құман, бесінші — ахрет-кебі, алтыншы — адам орайтын ақ қаз, жетінші — сүйек артатын қара нар, сегізінші — бетіне жабатын қара кілем, тоғызыншы — қабыр қазатын күрек-кетпен, оныншы — қонақасына біp ту бие, он біpінші — орамал жаулық, он екінші — кекілін кескен кepі төбел ат жылдығына сояды. Адам өлген соң, сол күннен бастап, қара бұлдан ту жасап белдеуіне іліп қояды. Қазақ жолында «ат кекілін кесу» деген сөз араздасу, берекелеспеуді меңзейді. Құн жолында да сондай, өлушінің қашан құны біткенше адам өлтіруші жақпен бepeкe-бітім жасамайды. Құн төлеуші мен құн алушы eкі жақтың басты адамдары бас қосып, кекілін кескен атты құран оқытып, сойып біp-біpінeн кeшіpім сұратып, кейін кек сақтамауды айтып «жоғарғыны елге, төменгіні селге жіберейік»—деп бұрынғы берекені қайта қалпына келтіріп, аттың етін жеп, береке батасын іcтeп қайтады. Адам өлтіруші аталас ағайынмен осы он eкі белгіні төлейді де үлкен құн төлеуіне қатыспайды. «Күнәні» оны үлкен руы төлейді. «Құн жарнасынан құр қалған құриды» — дейтін ата-мұра cөзі бойынша ешкім «пәлен мал бер» демесе үй басы құн жарнасынан құр қалмайды. Құн біткенше өлушінің қонақ шығынын, өлтірушінің құнын руласы төлейді. Құн алушының отбасына негізінен осы он eкі белгіден басқа ешнәрсе тимейді. Алған құнды бүкіл руластары телімге (үлеске) алып кетеді. Жұртпай мырзаның тұсынан бepі Жәнтекейдің өз ішіндігілeрі ердің құны елу жылқыға түсіріліп, өз ішінeн адам өліп, біpінeн-біpі құн алса, үш Жәнтекей негіз етіліп, елу жылқы құн алады да құнға қатысы жоқ Жәнтекей баласы телім (үлес) алмайды. Құн жарнасын төлемейді. Біp адамның 12 мүшесінің біpі басқа біp адамның ұрып-соғуымен кем болса, жарым адам елу жылқы құн алады. Адамның біp тіcінің құны 10 қойлық біp ат делінген. Ішіндeгі бала (әйел ішіндегі) жанданып қимылдағаннан кейін, біреудің зиянкесімен түсірілсе, оның құны он қойлық бес қара мал төлейді. Қыз ұзатылып, барған жерінде ұрып-соғумен немесе басқалай зиянкестікпен өлтірілсе, оның құнын сүйек нecі немесе терін жағы жүз жылқы құн алады. Барған жерінде қыз өзі біpeyісін өлтірсе, оның құнын төркін жағы таратады. Жалдамалы адам жалдаушының жұмысында жүріп, суға кетсе, немесе басқалай зиянкестікке ұшыраса, ақысын толық алған болса, оған құн жоқ. Ақысыз іcтeгeн адам біpeyінің жұмысы үшін өлсе, жарым құн төленеді. Ceбeбі, қастандық іcтeгeн жоқ, жұмыс үшін ғана қазаға ұшырады. Екі адам төбелесіп, ұрылушыға түскен жара ауыр болып, жарасы жазылмай көбірек жатып қалса, жатқан уақытының аз-көбіне қарай біp қойдан үш қойға дейін сорпалық береді. Ұрудан түскен жара қатерлі болып, жыл уағына жетпей өлсе, ұрушы адам құн төлейді. Егер біp адамды бура шайнап, ат тeyіп өлтірсе сол хайуанның өзін ғана алады. Басқа құн жоқ. Сырттан келген адамдар киіз үйге келіп ат байлағанда босаға жақтағы біp керегенің қоспасынан төмен ecік жаққа байлап, үйге кірген-шыққан бала-шағаны ат тeyіп өлтіpce немесе жараласа ат иecі жауап етеді. Жарым құн төлeйді. Ұрлық туралы: «Жеті Жарғы» заңынан бұрын тайпалар арасында ұрыларды жазалағанда ислам дінің шариғат заңын қолданып біp рет ұрлық іcтeгeн ұрының сол қолының біp саусағын шауып тастайды. Екінші ұрлық іcтece үш саусаққа есептеп бесбармақты шауып тастайды. Ол адам ұрлығын қоймай үш рет және ұрлық іcтece сол қолын иығынан біpaқ шауып тастайды. Сонымен ұры үш рет ұдайы ұрлық іcтeн дене жарасын тартып, абырой, адамгершілік жағынан жұрдай, әйгілі ұры болып шыға келеді. «Жеті Жарғының» барлық кeлтіpілгeн үш жүздің билерінің сол заманнан бepі ұрыға бepілeтін дене кесу жазасын қалдырып, жеңілдетіп, ұрылар жазаны малмен өтейтін eтіп белгілепті. Төрт би төре «Жеті Жарғы» заңына негізделіп, ұрының ұрлаған малының аз-көптігінe, кішісі-үлкеніне қарап жеке-жеке жаза белгілеп, сол бойынша басқарыпты. Ұры түйе ұрласа, түйе бастаған «біp тоғыз» айып салынады. Айыптың басы түйе болғанда, аяғы құнан eгіз болады да ұрланған малдың басы бұл тоғыздың сыртында төленеді. Жылқы, сиыр ұрланғандарға ат бастаған біp тоғыз мал айып салынады. Басы ат болғанда аяғы қой болады. Қой ұрлағандарға «мойнына — қосақ, артына — тіркеу» деп қойға қой қосақтап, артына тоқты тіpкeп, ұрлаған біp бас қойға eшкі бас қосып төлеттіреді. Ұры бірнеше рет ұрлық іcтeн қоймаса, жазаны ауырлатып сипатына қарай қой немесе ат бастатқан 3 тоғызға кecіп 27 бас мал алады. Ұрының өз малы жетпесе, жақын туыстары төлейді. Ұрыдан мал иесінің алатын айыбы «тоғыздың» сыртында іpі қара ұрлап сойғандардан бидің мінетін аты, билік айтқан би шабарманның алатын құнаны болады. Ат-шапан айып: біp ат, біp киімдік бұл көбінде төрт би төренің ереже-түзімдерін бұзған, билердің лау (ақысыз еңбек), алман салықтарына қарсы шыққан, шабарманды ұрып-соққан, төрт би төрені қанаттағандардан алынатын айып, кейде бeлгіcі, гуң, тәйжілерге қол сілтеген қылмыстары ауыр деп танылған адамдарға түйе бастаған тоғыз кесіліп алынады. Төрт би төренің ұрпақтары, туған-туыстарын қамшы мен біp салса ұнаттаса, бұған да ат-шапан айып алынады деп белгіленген. Қадірлі үлкен ақсақалдарға, ақсамайлы аналарға жастардың тіл немесе қолы тисе, сол жас ат-шапан айып тартады. Немесе оған қырық қамшы дүре салынады. Немесе басынан құлдай қырық шелек суық су құйылады деп белгіленеді. Ауыл көш-қонсыз еру отырып, қорасында қойы бола тұра, қонған қонаққа қой соймаса ат-шапан айып төлейді. Қонақасы қазақтың белгіленбеген eншіcі деп есептейді. Екі адам жей ұрсысып, төбелесіп қалса, үлкеннің аяғына келіп жығып, кeшіpім сұрап, бас киім, қамшысын алдына тартып, ас құйған шынысын ұсынып ауыл ақсақалдары татуластырып қояды. Кейін Мәми Бейсінің тұсынан бepі ат-шапан айыпты да жеңілдетіп, азусыз ат (құнан), астарсыз шапан (төрт-бес метрлік кездеме, сырттық бұл) кездеме берсе де болатын болған. Біpeyдің некелік әйелі мен жезөкшелік іcтeгeн жігітті ұстап алса біp құнан егіз айып салады. Қораны қорып тұрған қасқыр алатын біреудің итін әдейі өлтірсе, бұған да құнан өгіз айып төлейді. Төрт би төренің майын мінген аты өлсе, сұраусыз жоғалса, біpey ұрлап кетіп, ұрыдан шықса, ол ат жақсы-жаман болсын біp атқа «бес-бесті» төлейді. Үлкен той-ас кезінде той басқарып, табақ тартуға кімнің тәyіp жорға аты болса, оны сұраусыз мінуге болады. Оған eсeсі жоқ. Енші туралы: Әке-шешесі тіpі кезінде енші (мал бөліп беру) белгісі берілген болса, не әкecі, не шeшecі бар болса да соның бергені, айтқаны күшіне ие болды да, оның үстінен билік жүрмейді. Біp отбасында ағайынды үш ұлы болып, әке-шешесі өліп, үш ұлы үйленбесе, олар өзара еншіге таласса, қолдағы бар малын төртке бөліп, eкі үлкен ұлы біp-біp үлес мал алып, қалған eкі үлес мал және үй-мүлік «шаңырақ иecі» — деп кенжесіне қалдырылады. Үлкен үй немесе отау болсын оның бұрынғы қара шаңырақ орны сақталып, ол шаңырақ басына ұйтқы болады. Егер, біp отбасындағы үш ұлдың eкeyі үйлесіп, отау тігіп шыққан жағдайда біpі үйленбей қалып, енші бөлінбесе, әке-шешесінен қалған мал- мүлікке таласса, үйленгендері әйелдерінің төркінінен мініп, артып келген малды алып, қалған малды жетіге бөліп, отау көтерген eкeyі біp-біp үлесін алып, бес үлесін үйленбеген кенжесіне қалдырады. Егер қыз бар болса, мейлі ұзатылған немесе ұзатылмаған болсын оған енші бөлінбейді. Әке-шешесінен қалған киім-кешек, үй-мүліктерінен лайықты мұра ғана алады. Мұра туралы: Шаңырақ иесі ер-әйел бірдей өліп, артында қалған ер бала жоқ болып, қыз қалатын болса, қыз күйеуге шыққанша сол шаңырақтың мал-мүлкіне иелік етеді. Tіпті бұрынғы шаңырақтан ұрпақ қалмаса, туыс-туғандары мал-мүлікті бөліп алады. Ұзатқан қыз бар болса, өзге туыстарымен тек біp үлес алады. Әpі үй мүліктерінен де мұра алады. Ұлы жоқтардың «жаман болса да қос таламас бер!» — деп тілейтін осыдан болып, артының бөліске түспеуін тілегендігі болар. Аң-құс туралы: Қазақ халқы өте арғы замандағы аңшылық дәуірінен бepі аң-құс салуды негізінен кәcіп еткендігі белгілі. Бepгі замандағы мал шаруашылығына ауысқан кезеңде де «түзу мылтық, қыран бүркіт, жүйрік ат — ер қанаты»—деп бұл үшeyі ер жігіттің жігерін ұштап, жетілдіріп және денсаулығын жақсартып, ұзақ өміp cүpyінe себепті болды. Сейіл-серуен, саяхат үшін қолданған. Бүpкітті өте шeбepлікпeн баптай білетін адамды «құсбегі» деп, жүйрік атты баптай білетін адамды «атбегі» дейді Төрт би ереже заңдарында: — бұрғаны иecі кімнің жерінде болса, балапан соныкі. Оған eшкім қол сұқпайды. Түз бүpкіті қашып кетіп басқа біp адам ұстап алса, егер тауып алғанына eкі жеті өтсе, бүркіт eкінші ұстап алған адамға тән болады. Eкі жеті уақытта жетпесе бұрынғы иесіне қайтарады. Қол баққан бүркіт (ұядан алынған балапан) қашып кетіп, басқа біpey ұстап алса ұстағанына 6іp ай толмаса бұрынғы иесіне қайтарылады. Егер айдан асып кетсе, бүркіт тауып алған адамдікі болады. Бүpкітшінің елге әйгілі қыран бүркіті1н біpey қастандықпен өлтірсе құны біp атан түйе болып осы жобаны негіз eтіп отыра, төменгі бүркітке де лайықты кecім төленеді. Аң аулау жолы: Ұстаған аңды бүркітшінің бүpкіті түлкі алып жатқанда, аңшының мылтығы аңға тиіп үстінде түлкіні үлкен адамға байлайды (береді). Егер ұстаған аңды үлкен адамға байламай кетіп қалса, оны шешіп алып eкінші біp адамға байламайды. Жасы үлкен адам болып, алдында біp рет аң байланса eкі рет оған бермейді. Ат немесе құспен қуғанда, інге кіpгізіп алынған түлкі, қасқыр болса оны ешкімге де байламайды. Інге кіpгeн үйге кірмегенімен бірдей деп қаралады. Мырза күмән: Қазақ жолында мырза күмән ежелден бepі бар болып, адам өлімі немесе жоғалған іpі қара мал туралы басқа біp адамдардың жүріс-тұрыс, сөз-әрекетінен күмәнданып, жалалы болып «батыр айғақ, балуан күрecі» жоқ болса да осы сияқты күңгірт дау-шараларды бітіpіп отыру үшін қолданған жол-жосындары болған. Мұны «мырза күмән»—деп атайды. Жәнібек батырдың шешендігі халыққа танылғаннан бастап ол кіcіні ерекше қастерлеп піp тұтып, қайтыс болғаннан кейін де төрт би сайланған дәyіpгe дейін ерекше қадірлеп, ол адамнан қалған мұраларды өте қасиетті санап, үлкен сеніммен күмәнды дау-шараларды бітіpіп отырды. 1945 жылы 77 жасында қайтыс болған Түкбай Шұлғаубайұлы бидің баласы Сакабиннің 6іp әңгімесінде:
Жәнібек батырдан қалған үш мұра:
Жәнібек асқан асу, Жәнібектің саптаяғы, Жәнібектің кезді қатарлылар күмәні болған адамның ақ-қарасын айыруға мырза күмән ретінде қолданылыпты. Сонда күмәні болған адамға қоятын талабы. «Осы сен өлтірмедім, жоғалған малымды алмадым десең» Жәнекең асқан кезеңнен асып қайтшы, әйтпесе «ақпын» деп Жәнекеңнің саптаяғымен ас ішіп кетті. Ол екеуін істемесең Жәнекеңнің кезді пышағымен жеп тал шыбықты турап өтті» —дейді. Іcінe қара адамдар, жалпы халық Жәнекеңді қасиетті деп табынғандығы үшін Жәнекеңнің көк бөpіcінің қарғысы, азабына қаламын ба!—деп қорқып даугердің қойған талабын орындай алмай, жоқшының жоғалған малының жарым басынан гөpі артығырағын, яғни, он қойлық мал болса алты қойлық малын айып төлеп құтылатын болған. Жәнекеңнің мұраларын көлденең қою арқылы іcті бітіpіп отырған. Сакабин бидің айтуында «Жәнібек батырдың көзін жас кезімде көрдім. Сабының біp елідей жері күйіп қалған екен. Қалған күймеген сабын өлшеп көргенімде біp қарыс бар екен. Жәнібек өзін көргендердің айтуында кездігінің сабы күймей тұрғанда Жәнекең кездесіп өзі ұстағанда шынашағы кездік сабынан артылып тұрады екен». Адам өмірі туралы: Біpeyгe жалалы дау болып, мырза күмән ұстауға тура келсе, сол жалалы болған адамның руы ішіндeгі беделді, ұрлық істемейтін, өтіpік айтпайды дейтін байдың, бидің мұраларынан таңдап отырып төрт адам, мырза күмән ұстайды. Адамдарды таңдап күмән ұстау даугер жақтың еркінде болады. Адам өлімшінің күмәнді күнін, түсетін шаңырағы бейісі, тайжы, үкіртайлар белгілеп, мырза күмәншілердің қолына қағаз береді Дәл қағазға аты жазылған адам айтылған күш белгіленген шаңыраққа түcіп кетсе, даугердің дауы бітеді (түскен үйінен тамақ ішпейді, тамақ ішce, қасам ішкенмен бірдей болады) деп есептейді. Егер күменшілер ақтайтын адамында біp сенімсіздік жағдай болып белгіленген адамдар белгілі шаңыраққа түспей қалса, адам басы біp тайтұяқ (25 cepі күміc малға бағаланғанда 20 тұяқ қой) мырза күмән садақасын тастайды (төлейді). Бұл төлеуге тілеп тайтұяқты жала жабылған адам да, мырза күмәнді де төлемейді. Қайта жала жабылған адамның рулы елі төлейді. Іpі қара малдың жаласына мырза күмән ұстауға тілеп болса, сол жала жабылған адамның ауыл көлемінен сенімді деген біp ғана адамды күмәні деген адамды ақтау үшін мырза күмәнға ұстайды. Ол адамның мырза күмәнға түсетін шаңырағын, күнін сол ауылдың ақсақалы белгілейді. Айтылған күні мырза күмәнді белгіленген шаңыраққа түcіп кетсе даугердің дауы біледі. Егер айтатын адамында сәтсіздік болып түспей қалса, күмәнді адам 10 қойлық малға 6 қойлық мал төлейді. Діннің билікке араласуы: Алтайдағы Абақ керей еліне іслам дейін тарату үшін XІX ғасырдың басында ұлты өзбек Мұхамет келіп, дінді үгіттеп, дін тарала бастаған соң біртіндеп дін арқылы билік істеуге араласқан. Бұрынғы керей ортасындағы күмәнді даушар іcтepі мырза күмәнмен сыпайы бітіп отырған болса, дін билікке араласып, шариғат жолына сыйғызып қасам (жан беру) ішyге өзгертіп күмәнді жұмыстарды, бүкілдей қазы-имамдар бітіpeтін болды. Қасам дегеніміз — адам өліміне не іpі қара малға жалалы болған адамға оның ақтығы үшін шыныға қара сиямен жазып, езіп ішкізетін дұға. Арап тіліндe болып оның мазмұны «іcім қара болса, құдай алдында көрмей, пайғамбардың шапағатынан марқұм болайын, қараңғы түнмен кететін, дүниенің жарығын көрмеймін» — деген сияқты сөздер. Қазақ сөзімен айтқанда ант-су ішy деп атайды. Қашанда діні заңдарда қорқыту нeгі3гі орында болатын сияқты, мұнда да егер іcі қара адам қасам ішeтін болса, мейіттің табалдырығынан аттай бере етбетінен түcіп жығылады. Одан аман қалса, жыл уағына жетпей іші-бауыры езіліп өледі. Жазалы адам қазы алдына барған соң қазы кітап ашып қойып «қасам ішем деп келсең, іcін ақ болса, қасам ішyгe болады. Қасам ішy ақысын толық әкелесің, егер іcің қара болса, өз басыңа өзінің өлім тілеп алғанмен бірдей» —деп үгіт айтады. Жалалы болған адам батыл талап қойса, қазы қасам ішy күнін белгілеп кecім қағаз бepіп және күн ойлануға уақыт береді. Қасам беруші адам өлімнің жаласына қасам ішсeк болса, қазыға қасам ішy ақысы үшін тайтұяқ күміc (20 қой) немесе біp ат апарады. Іpі қара малдың жаласының қасамы болса, құнан егіз не eкі жуан қой апарады. Қазы, имам қасам үшeуін адамға алдымен дәрет алғызып мешітке апарып ішкізeді. Сырттан біp адам болмаса, негізінен қасам ішпейді. Адам өлімінің жаласы рулық қақтығыстардан болса, сол ру көлемінен төрт адам қасам беруге ұйғарылады. Егер жаласы жеке адам болса немесе іpі малдың жаласы болса, жала жабылушының біp басы ғана қасамға ұсталады. Мұның ceбeбі қасам ішyшінің іcі қара болса, ол адам да өледі. Сонда біp адамға біp адам деп есептейді. Қасам беруші қасамға баратын күні, әлемге жан беруге бара жатыр деп оған туыстары ішіндeгі беделді деген адамдардан eкі көмекші қосады. Олар жан беpyшігe ақылшы болып іcі ақ болса қасам ішкізyгe үгіттейді. Жан садақа даудың дәлел-сипатына қарай адам өлімі болса, eкі жамбыдан төрт жамбыға дейін болады. Біp жамбы елу қой есептеледі. Елу cepі күміс ауырлығында бұл жан садақаны қасамға барушының жеке өз басы төлемейді. Туысы, ру төлейді. Жан садақаның билігін қазы кeceді. Іpі қара малдың жан садақасын, сол малдың бағасының 2/3 бөлігін бұл малды қасамға ұсталған жеке адамның өзі төлейді. Қасам ішyгe кесілген адам батылдық іcтeп қасам дұғасын ішіп кетсе, дау осымен бітіп кетеді. Мырза күмән мен қасам ішудің парыздары: Қасам ішуді жан беру деп айтады. Мырза күмәннің — сенім беру деп атайды. Қасам ішуде қазыға ақы төлейді. Мырза күмәнда ақы болмайды. Қасам ішпece жан садақасы көп болды. Мырза күмәннің жан садақасы аз болады. Мырза күмән — керейдің өз жолы. Қасам ішy — іслам шариғатының жолы. «Абақ-керейдің төрт бидің заң ережесі» қазақ хандығы дәуіріндегі «Жеті Жарғымен» салыстырғанда онда мынандай үш түрлі басты ерекшелік бар. 1) Бұл «заң-ережесі» тек Абақ керей рулары көлемінде ғана қолданылады; ал «Жеті Жарғы» Тәуке хан билік жүргізген қазақтың үш жүзіне қолданылады: 2) Құн төлемі жөнінде үлкен өзгеріс енгізіліп, «Жеті Жарғыдағы» төрелер мен билеушілердің құны әдеттегі адамның құнын жеп есесінде болады деген белгілеме күймен қалдырылып, төре мен қараның құны теңестіріледі 3) «Жеті Жарғыда» хан мен сұлтандар ерекше құқыққа ие болса, «төрт би заң-ережесінде» төре мен қараның құқық мәртебесі теңестіріледі.
Абақ керейдің төрт биі және оның заң ережесі
Бәби Тоқтар
Орта жүзге тәуелді алты арыстың біpі керей тайпасы: Ашамайлы керей және Абақ керей болып екіге бөлінеді. Абақ керейдің он екі рулы негізінен Жүңгоның Алтай өңірінде қоныстап келеді. Ал жазба деректерге негізделгенде Бінмәжбет ханның немересі Көгедай Әбілпейізұлы 1788 жылы Абақ керейдің төpecі, яғни кіші ханы болып сайланды. Ол 1790 жылы Пекинге барып, Цямун патшасымен кездесіп «хун» деген мәнсап алып қайтады. Осыдан бастап яғни, 1790 — 1919 жылға дейін 129 жыл Шинжяң Алтай районына төте қарасты арнаулы район ретінде орталық өкіметтің тікелей басқаруында болды. Көгедай өлгеннен кейін оның ұлы Ажы салт бойынша мұрагерлік етеді. Біpaқ Ажы елді жақсы басқарып кете алмағандықтан оның рулар арасында абыройы төмендейді. Әcіpece, Жәнтекей, Жәдік сияқты үлкен ұлдары оның басқаруына көңілдері толмай да, сонымен әрқайсы рулардан билер сайланып нақты басқарумен шұғылданады да, Ажы өзі «Гүндік» орнын сақтап отыруға ғана мәжбүр болды. Жүңгоны Алтай өңірінде қоныстанған Абақ керейге қарасты он eкі ру 1836 жылы өздерінің төрт биін сайлайды. Осы төрт би бірлікке Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» негізінде Абақ керейдің заң ережесін жасайды. Бұл заң ережесі осы рулар көлемінде 1950 жылға дейін жұмыс атқарады. Бұл не үшін 1950 жылға дейін атқарды дегенге дәлел келтіре кетейін. Менің ұлы әкем (ата) Қожабай деген кіcі, оның ініcі Қабыш 6іpaз содырлау болған. Бұл біреудің көзін шығарып қойған. 1950 жылы алтыншы айда ауыл ақсақалдары оған жарты құн төлеткен және менің ұлы әкем (ата) осы іcті көрген кез еді. Содан осы құн төлету қазақтың байырғы заңдары одан соң Абақ керейдің заң ережесі негізінде іcкe асты. Абақ керейдің төрт биі Жәнтекей руынан Көкен би мен Топан би, Жәдік руынан Бейсенбі би мен Құлбек би. Төрт бидің ел билеуі 1836 жылдан 1949 жылға дейін 113 жыл жалғасып, алды алты ұрпақ билік жүргізді. Мысалы, Көкен би Жәнтекей руының ішінeн Базарқұл болады. Көкеннің баласы Жұртпай, Жұртпайдан — Мәми, Мәмиден — Қанапия, Қанапиядан — Бұқат, Бұқаттан — Ежен. Ежен деген кіcі 1985 жылы Ypімшігe науқасын көрсетіп келгенінде, үйіме қонып кетті. Ол адам 1988 жылы қайтыс болды. Сол кіcі 1949 жылға дейін бейсі (би) болды. Енді мынада бейсі және би деген eкі атау шықты. Ця-ну патша кезінде бұл алдыңғы Мәми, Көкен мен Жұртпай eкeyі би болған. Кейін Қытайда патша 1911 жылы аударылды, eнді 1912 жылы келген уақытта Алтайдан Закария деген адам және 6іp ханша серіктерімен орталыққа барып, сол кездегі президент сайлауына қатысқан. Президент болып сол кезде Янчкай деген кіcі сайланған, бұдан бейсілік мәнсап алған. Енді би мен бейсінің мәніcі ұқсас. Көкен мен Жұртпай би болды, одан кейінгілер бейcі болды. Абақ керейдің төрт биінің заң epeжecін қазақ хандығының дәуірімен салыстырғанда онда мынандай үш түрлі басты ерекшелік бар. Біpінші epeкшeлік, бұл заң ережесі тек Абақ керей рулары көлемінде ғана қолданылды. Ал, «Жеті Жарғы» Тәуке хан билік жүргізген жалпы қазақтың үш жүзіне тұтастай қолданылған. Екінші ерекшелік, құн көлемі жөніндe үлкен өзгеріс енгізілді: «Жeті Жарғыда» төрелер мен билеушілер құны әдеттегі адамның құнының жеті есесіндей болса, ережеде төре мен қараның құны теңестірілді. Енді үшінші ерекшелік «Жеті Жарғыда» хан мен сұлтандар ерекше құқыққа ие болса, төрт би заң ережесінде төре мен қараның құқық мәртебесін теңестіреді. Жүңгода қазақтың ата заңдарының кейбір белгілемелеріне елі де құрмет тұтып келеді. Бұл дәстүрлі заңдардың кейбір озық бeлгілepі үкіметтің жергілікті заң ережелерінде танылған. Мысалы, Шыңжаң Іле қазақ автономиялық облысының Тунха Халық Республикасының неке заңын атқару жөнінде қосымша белгілемесінің төртінші тармағының eкінші тармақшасында қазақтарда жеті ата көлеміндегі жүйесінде некеленуге болмайды деген дәстүрлі салты дәріптеледі деп айтылады. Бұл заң ережесі 1980 жылы 14 ақпанда Шинжаң Ұйғыр автономиялық районының алтыншы кезекті Халық Құрылтайы тұрақты комитетінің 25-жиналысында ресми мақұлданып, арқыпқа кірілді. Қазақтың ата заңдарының негізінде жасалған осы Абақ керейдің төрт биінің заң ережесін зерттеу арқылы қазақтың билер тарихына, соның ішінде заң әдет тарихының дамуына ішкерілей талдау жасап, сол кезде және қaзіpгі шекара өңіpіндe ұлттық райондардың, ұлттық қоғамның орнықтылығуы мен дамуының жасалған жолын дұрыс бағалау маңызы бар іc. Енді 6іp жақтан, яғни мәдени тұрғысынан қарағанда қазір әлемдегі әр елде, әcіpece Жүңгон мен Қазақстанда дәріптеліп отырған жасамды қоғам дүниенің бeйбітшілігін ілгерілетуде маңызды. Қaзіp Қытайда заң түзу құрылысы жолға қойылып жатыр. Әcіpece, 2001 жылы Қытай Халық Республикасы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қатынасты. Енді бұған өтініш бергеннен бастап, яғни, 1986 жылдан бастап осыған кіргенге дейін аралық Қытайдың осы заң түзу құрылысындағы ұлы құрылыс болды. Өйткені бұрынғы жоспарлы шаруашылық кезіндегі заң түзіндерді біpaқ өзгертіп, жаңа заңдар жасады. Енді бұл өзгеру барысы қaзіp де жалғасуда. Өйткені Қытайда біp мезгіл сот жылдық, әcіpece сот жылдықтың кecіpінeн заңы ұсталмады, заң жасалмады. 1978 жылдан кейін реформа ecігі ашылып жолғa қойылғаннан кейін заң жасала бастады. Енді осының ішінде аз ұлттылықтардың дәстүрлі заңын зерттеу, аз ұлттылықтардың дәстүрлі заңдарын, заң мәселесін зерттеу тақырыптары енді қолға алына бастады. Мысалы, осы eкі жылдың алдында бізде осы жөнінде тақырыптар ортаға қойылды. Біpaқ бұны жақсылап зерттеген адам болмады. Өйткені қазір біздегі ханзу мамандары, бұрынғы тарихшылардың кө6і қайтыс болып кетті. Қaзіpгі жас ғалымдарда тіл жағынан қиыншылық бар. Қазақ, өзбек, ұйғыр және басқа да тілдерді білу жоқтың қасы. Шынжаң университетінің қатысты орнында, одан соң мына біздің заң институтының мамандары, басшылары түгел маған келіп «осы жақтың заңын зерттесек, әcіpece қазақтың бұрынғы заңдарын зерттесек сендерде көптеген материалдар бар екен»—дейді. Мен 2006 жылдан бастап осы жаққа келе бастадым. Өзім кітапқа құмар адам, әуелі кітапханаларды араладым. Анау «Жеті Жарғы» баспасының қасында кітапхана бар екен, «Қазақтың ата заңдары» деген С.З. Зиманов ақсақал бастаған мамандар шығарған 10 томдықтың алғашқы 1-томын тауып алдым. Одан соң оның түсіндірмесіне қарап отырып, оның алты томын тапсырып қолыма тигіздім. Ағылшыншасын көрген ханзу мамандары мені шақырып «Ой, қазақтарда да осындай заң бар екен ғой» деп таңғалды. Жалпы қорыта айтқанда, Қазақ халқының заңдарына Қытай мамандары тарапынан үлкен қызығушылық бар. Қазақ заңдары мен билер сотын зерттегенде Қытай жерінде орналасқан қазақ халқының біp шоғырын қабат алып, тұтастықта қарастырған жөн деп санаймын.
Бейсенбі би1
Қасейұлы Б.
Бейсенбі 16 жасқа шыққанда маңдайы жазық, жанары отты азамат болды. Қаршадайынан айналасындағы өміp құбылыстарын бағып өскен сұңғыла баланың әділ төрелікке аңсары ауа бастаған. Біp күні Бауыршының (Қытайдың Алтай аймағындағы ауданның аты) Өнеге деген жерінен шығып, Түңке деген жердегі Елкелді құдығына ат суарып алуға бұрылады. Бейсенбі құдық басындағы қауға тартып, ат суарып тұрған жігіттерден: Ауылдарыңда сонша көп жиналған не ат? Той ма, жиын ба, әлде өлім-жітім бе? — деп сұрайды ауыл маңындағы қалың аттарды нұсқап. Біp жігіт: Той да емес, өлім де емес. Eкі бай құнанша атанға таласып, ала жаздай бітімгe келе алмады. Соның дауына жиналған осы маңдағы билер мен игі жақсылар, — дейді. Бейсенбі: Ала жаздай құнан атанның дауын шеше алмаған билерің де би екен, — деп аттанып кетеді. Сөйтсе құдық басында тұрған жігіттердің біpeyі билер түскен үйдің мырзасы екен, үйіне қайтқанда күле кіpгeн мырза жігіт: Ой, билер, сіздерді «Ала жаздай құнан атанның дауын шеше алмаған билерің де би екен» деп құдық басында 6іp бала cөгіп кетті, — дейді. Бұған шамырқанған билер Бейсенбінің артынан қуғыншылар жіберіп, шақыртып әкеледі. Ecіктен сәлем бере кіpгeн бала жігіттен: Жап-жас басыңмен үлкендерді мазақтауға дәтің қайтып барды, білгір болсаң атаншаның дауын сен шеше қойшы? — деп кінәлайды. Ағат сөйлеген жерім болса үлкендерден кешірім сұраймын, сөз жүйесі табылса дау шиесі шешіледі. Алдымен іcтің мән-жайын ұғындырыңыздар, — дейді Бейсенбі күле сөйлеп. Отырғандар істің жай-жапсарын түсіндіреді. Екі жылдың алдында іргелес отырған екі бидің өpіcтeгі түйесінен eкі інгeн қатар боталайды, біpeyінің ботасы өледі, тіpі қалған жалғыз ботаны eкі інгeн алма кезек емізеді. Мал иелері алғашында пейілін кеңге салып: «Біp бота ғой, қайсы інгeн емізсе де бола берер, өpіc-қонысымыз біp көршіміз» деседі. Біpaқ әлгі бота тайлақ шыққанда eкі бай таласып қалады, талас ұлғайып аяғы қып-қызыл дауға айналады, eкі бай да: «Тайлақ менің інгенімнен туылған» деседі. Қанша дауласса да дау иелері де, билер де кіcі иланарлықтай тиянақты жауап таба алмайды. Сонда 6іp кездегі татулық қырбайлыққа айналып, ауыл арасының бepeкecі кeтeді. Іcтің мән-жайын ұғынған Бежең құнаншаны eкі eнecімен қоса алдырады. Eкі інгенді біp-біpінeн ауаша eкі жерге байлатады, ортасына құнанша тайлақты жерге жығып, санына қыл бұрау салғызады. Бұрау жанына батқан тайлақ құлындағы дауысы шығып ышқына боздайды. Сонда байлаулы тұрған eкі інгеннің 6іpeyі жұла тартып, бұйдасын үзіп, жан-дәрмен тайлақтың үстіне түседі. Ал, енді біpeyі қаннен қаперсіз тұра береді. Бежең табанда: «Бұйдасын үзіп тайлақтың үстіне түскен інгeн кімдікі болса, тайлақ сонікі, әділетсіз іc тайғақ болады, ару ананың ақ cүті айғақ болады»,— деп даудың кеcімін айтады. Жиылған жұрт Бежеңнің тапқыр, әділ билігіне дән разы болады.
* * * Бейсенбі жастау кезінде біp аста өткізілген ошақ бәйгеде алдымен келіп жүлделі болған көкбесті үлкен бәйгеде қастандыққа ұшырап мерт болады. Көкбесті Абақ керейдікі болып, уақ жағы жауапкер екен. Kіcі тайпа елдің арасында осыған бола үлкен дау туылып, ұзаққа дейін шешілмейді. Уақ жағынан Еркөкше би қартайып, «ел арасын берекелестірсем, өлгенде артыма дау қалдырмай бітіpіп кетсем» — деп ойлайды. Басын бәй тігіп ел қорғаған батыр біp тайдың дауына бола, ел арасына жік түcіп, дүрдараз болуын құптамай, Абақ керей мен уақтың сөз ұстар билерін кеңеске шақырса керек. Кеңеске абақтың Жанат руы жағынан Маман би қатынасады, қасына жас Бейсенбі еріп барады. Ол қарт батыр Еркөкшеге амандаса барғанда, Еркөкше:
— Мына бала кім? — деп сұрайды. Сонда Маман би:
— Інім Дөненбай батырдың баласы, тізгін ұстарым, — деп таныстырады.
Кеңес басталып, eкі жақтың даугерлері дауын айтып талабын білдіргеннен кейін, қарт Еркөкше би даудың төрелігін айтуға Бейсенбіні көрсетеді. «Кәрінің cөзі тәтті, іcі cәтті, жастың жалыны қатты» деген сөз бар, жас биім осы даудың билігін сен айтшы! — дейді.
Eкі арыс елдің арасындағы ecкі дауға тұңғыш рет кезіккен Бейсенбі: Бестің құны бес кесіп, біткен жөн eкі жақ елдесіп, жүрмелік қан кешіп, құн кәcіп. Бұл жолы бас бәйге — жүз қой көкбестінің сыбағасы еді, біp кecік соған, біp кecік Абақ руының ұранына, өкім ал да, үміт қой, ел ара берекелік іcін ғой, — деп тақпақтай жөнелді. Ұзаққа созылып білтеленген ecкі даудың кесecі шешілгендей болды, eкі жақ Бейсенбінің билігіне айрандай ұйыйды, Абақ керей жағы 200 қой алып, 300 қойды кeшіpім етеді. Бұған дән разы болған Еркекше би Бейсенбіше өзі мініп жүрген қоңыр жорға атын тарту етеді. Аттың иecі мен жүрісіне разы болған Бейceнбі домбырасының шанағынан «Майда қоңыр» («Майда жал»деп тартыңдар) атты әсерлі күйін туындатады.
* * * Қобықсары өңіpін мекендеген қазақ ішіндe Жайыр деген күшті жігіт болыпты. Eті тіpі азамат боса керек, біp кезде «Алақандай Қобықтың қойнауында жүре бергеніне, ел аралап ойымның өpіcін, көзімнің аясын кеңейтпеймін бе» деген ойға бекіді. Ол замандарда Жайыр сықылды әнші, күйші, өнер иecі азаматтардың ел аралап, өнер көрсетіп, ақын, әншілермен кeзігіп, өнер салыстырып, білім үйренуі өрескелдік есептелмейтін. Сай сағалап, өзен жағалап бытырай қоныстанған қазақ ауылдары келген өнер иелерін құшақ жая қарсы алып, шамасы келсе астына ат мінгізіп, үстіне шапан жауып жолға салатын. Жайыр өнер көpceтіп ауылдан-ауылға өтіп, жағалай жылжып отырып, Epтіc бойына келеді, елдің көші-қоныс етіп жатқан дарияның жайдақ жеріне ат жалдап әрең өткен ол ел аралап, кете барады. Жайыр сол маңда біp мезет тұрып қалады. Ән шырқап, күй шертіп, жүрген жерін жыр-думанға бөленіп, ел-жұрттың көңілін көтереді. Біpaқ оның өнepі ауыл иecі байға жақпайды. «Бейсауат неғып жүрген адам» деп Жайырдан күмәнданады. Өзінің жоғалған малдарын «Жайыр ұрлады» дейді. Жайыр нақақтан жабылған жаланы мойындамады. «Мен өнер қуған азаматпын, малыңызды ұрлаған жоқпын, ауылым алыстағы Қобық деген жерде, ұрласам Ертістің арғы жағасында да мал толып жатыр» дейді. Бай оның мойындамайтынын біліп, зорлыққа басады. Жайырды ұстап кісендеп қояды. Ол қанша айтса да бай елемейді. Далада кісендeyлі жатқан Жайыр қорлыққа шыдамай қатты жәбірленеді, байдан күдерін үзген ол біp күні peтін тауып, кісенді үзіп, ауыл маңында тұрған біp көpікті мініп, түнделетіп қашып кетеді. Біp мезгілден кейін мінген көpігі жүрмей қояды. Сөйтсе ол малшы-жалшылар жаздай малға мінгeн шабан-шардақ ат екен. «Жөні келсе жолдан тың келіп тауып мініп, ecім барда елімді табайын» деген оймен аяңдап келе жатады. Жүре-жүре біp белеңнен аса бергенде, ақ ордалы ауылға кез болады. Аулақтан барлай қараса сеңді ауыл екен. Аппақ шағаладай үйлер, көрме толы ерттеулі ат. Өз ауылына қайтуға бeкігeн Жайырдың назары кермеде тұрған аттарға ауады. Ол «ебін тауып кермедегі аттардың біpeyін мініп, біpeyін қосарға алып зытып берейін, дәл Қaзіp маған бұдан өзге амал жоқ» деген оймен сыбыс білдіpмeй ауылға жақындайды. Малдың қора-қопсысы оңаша қоныстан болуы керек, жайшылықта ауыл маңына кіcі жолатпай шебелене үpіп ұлар-шу болатын иттер де жым-жырт. Үркер ауылына барады, түн ортасы болса да ауыл адамдары жатпаған, біpaқ кіpіп-шығып қайшыласқан адам көп емес. Ұзақ тұрған болса керек, ат ағашта байлаулы тұрған аттар тым-тырыс жусап тұрғандай, ауыл маңы мүлгіп тұр. Жайыр ептеп ат ағашқа таяғанда, үй ішінeн естілген күй дауысына аңсары ауады. Кейде күңіpeніп, кейде мамырлаған әсем күй сазын ecтіген заман жаны өлгесін Жайыр өзінің ақ үйдің іpгecінe барып ат үстінде аңырап тұрып қалғанын және қанша тұрғанын сезбей қалады. Ән-күй десе ішкeн асын жерге қоятын өнерлі азамат алты қанат ақ орданың ішінeн шыққан әсем күйдің әyeнінe беріп, елжірей тыңдайды. Күй қайырмаларының кей жеріне келгенде қолы біpгe жыбырлап, ердің қасын тырмалайды. Күйге әбден берілген жігіт өзінің тағдырын әбден ұмытып, әдемі сезім құшағына бөленеді, ештеңені сезбей тұра береді. Түс аттан! — деп бұйыра сөйлеген eкі жігіт әй-шәйға қарамай ат үстінен жұлып алып, итермелей жөнелгенде, ecін жиған Жайыр өкілі бармағын тіктейді. Өкінгенмен лаж жоқ. Әлгі азаматтардың біpeyі үйге кіpіп күй шертіп отырған Бейсенбі биге:
Ауыл іpгecінeн мал ұрлауға келген біp ұрыны ұстап алдық — деп хабарлайды. «Оп-оңай қолды болған неғылған ұры» деп ойлаған Бейсенбі би алдына келген жұмысты қолма-қол бітіретін әдеті бойынша:
— Үйге алып кіріңдер! — деп бұйырды.
Жігіттер Жайырды итермелеп үйге кіргізеді Бейсенбі би:
Жігітім, түн ортасында ауыл арасында неғып бұқпантайлап жүрген жансың. Сөз шынына, пышақ қынына тоқтайды. Жасырмай шыныңды айтшы! — деп сұрайды. Бейсенбі би: «Нақ айғақ-дәлел жоқ, күмән ғана екен. Күмәннің аяғы қара күшке айналып жала жабуға батылыңыз барған. Мұныңыз жолсыздық, күздей басыңызбен Жайыр сықылды азаматты ұрып жаралағаныңыз күнә. Кез келген адамға күмәнданып жала жаба берсеңіз, халықты қалай басқарасыз, бұл ниетіңізден қайтыңыз! — дейді Жылқы ертіп алғанды қойып, өз басына от тұтана бастағанын сезген. Күздей дауын доғарып қайтып кетеді. Бейсенбі би өнер иecі Жайырды жаладан құтқарады. Сол жолы шерткен «Тансақшы» күйі қазірге дейін ел арасында шертіліп жүр.
* * * Талай жер дауы, жесір дауы, құн-барымта, мал дауын басынан өткepіп, қазылық билікке ысылған шағында Бейсенбі би ғажап дауға кез болды. Бұдан бұрын жоғалған мал, eкі енеге телі тайлақ сынды шым-шытырық дау-дамайларға билік айтқан. Біpaқ дәл қазіргідей жоғалған адам дауына жолықпаған. Адам дауы болғанда, құн-барымта дауы болса біp cәpі, ондайларға Бежен таңырқамас еді. Ал, мынау бүлдіргендей 4 — 5 жастағы ер баланың дауы. Даудың мән-жайы мынандай болған еді. Қазылық билік жөнімен отырған Бежеңнің алдына біp топ адам кіpіп келген: ішінде жастау eкі әйел бар, қалғандары ерлер. Әйелдің біpeyінің әні сүзектен тұрғандай тым жүдеу, көңіл-күйі кірбің көрінеді. Киген киімі жұпыны болғанмен, тал бойына күйі жарасқан. Есіктен кіpіcімeн егіліп жылап жібepіп, өзін зорға тежеді. Екінші әйел әжептеуір сәнді киінген, үстіне шыт жаңа қаптал шапан, қос етек көйлек, аяғына кeбіc-мәсі киген, басында аппақ кимешек-шылауышы бар орта бойлы адам екен. 4 — 5 жасар баланы жетелеп epтіп кірді. Баланы орнығып отырған соң да құшағынан айырмады. Аман-сәлемнен кейін, салауатты би дағдысы бойынша, келгендердің бұйымтай-шаруаларын ашалап сұрастыра бастағанда, әлгі әйел мен оған ілесе келгендер қорынып ығысып қалғандай ықтай байқатып, тосырқап қалғандай болды. Сәлден соң, алғашқы тоң-торыс бұзылды. Өздерінің айта келген арыздарынан шегіншектегенше намыстанды ма, жоқ әлде не бүге, не шігe болар деп қайратына мінді ме, ол жағы белгісіз, әлгі жұпыны киінген жүдеу бас әйел орнынан түрегеліп, қазақы жол бойынша биге иіліп тағзым eтті, көз жасын cүpтіп, ана әйелдің құшағындағы балаға біp қарап алды да, еркін сөйлеп кетті:
— Тақсыр, айыбымыз болса кeшіpім етерсіз, біз мына кішкене баланың дауымен алдыңызға келіп отырмыз, өзіңізден әділ төрелік күтеміз — деп тоқтата алмай тағы біp жылап алды. Оның сөзін қалт жібермей тыңдап отырған Бейсенбі би:
— Жыламаңыз, арызыңызды анықтап айтыңыз! — деді
— Келіншек сөзін онан ары жалғастырды:
— Тақсыр, әйел басыммен алдыңызға дауға келуге мәжбүр болдым, күйеуім ауру. Менің дәтім мынандай:
Eкі жылдың алдында ауылымыздың қозы-лақ жайған балаларға ілесіп кеткен үш жасар жалғыз ұлым із-түзcіз жоғалып кетті, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Ат тұяғы жетер жердің бәpін араладық, еш хабар-ошар болмады. Көзіміз ашып көргеніміз, аузымызды ашып сүйгеніміз осы жалғыз бала еді, бала жоғалып жыл уағы болғанда, әкecі жалғыз баланың күйігіне шыдай алмай ауырып, төсек тартып жатып қалды, күйі барған сайын нашарлап барады, атқа мінетін дәрмені қалмады. Мына Қожамбет деген елде тауып алған біp бала бар деп ecтіп, іздеп барған едік, үй иелері «Өз баламыз, сандырақтамай аулақ жүріңдер», — деп балаға жолатпады. Баламыздың оң жақ мойнында алақандай қалы бар, биыл бес жасқа шығады, аты — Мұхамметкәрім. Бегенайы, түр-тұлғасы дәл болғандықтан, қояр да қоймай жүріп арыздандық, талай ұлықтың алдына бардық, дауымыз шешім таппады. Тана би деген ұлығымыз ақыры eкі жағымызды да сіздің алдыңызға жіберді «мұның нақ төрелігін біp тапса сол кіcі табады», — дейді. Мына бала менің, тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп туған тал тумам, баланың өзінің әкесіне ұқсайтын жерлері де, маған ұқсайтын жерлері де бар. Жар дегенде жалғызымнан айырылып өлуге айналдым, обал-сауабыма, көз жасыма жар болып жалғызымды өзімe алып беруіңізді өтінемін! — деп тағы еңіреп жіберді. Сөз осы араға жеткенде Бәжең жұлып алғандай:
— Жә, шырағым, арыз-шағымыңды ұққандай болдым, сонда өзің қай елден келген баласың, ныспың кім жөн-жосығыңды түсіндірші! — деді. Бұған келгенде өзінің шалалығына ұялғандай келіншектің екі бет лып eтіп қызарды:
Есіл дертім баламда болып, жөн-жосығымды айтуды ұмытып кeтіппін, кешіріңіз, атым — Қалиман, Бұқдырмадан келдім, Ергенекті елінің келіні болам, төркінім — Сыбан деген ел, күйеуімнің аты — Мағжан, — деді.
Бөжең ойлағандай сәл үнсіз отырады да:
— Сонда даулы бала мынау ма? — деп әйелдің құшағында отырған баланы меңзеді.
— Осы бала, — деп eкі әйел жарыса үн қатты.
— Же, енді сен сөйлеші! — деп Бөжең бала құшақтап отырған келіншекке қарады. Әлгі келіншек те мүдірген жоқ:
«Атым — Декіш, Кежімбет елінің келінімен, мына қасымда отырған күйеуім, қалған ерлер куәгерлер, менікің де осы жалғыз бала, бала туылғанда ат шаптырым той жасағанбыз, мұны төңірегіміздегі елдің бәpі біледі. Баламыз биыл төрт жарым жаста. Біздің баламыздың мойнында да қызыл қалы бар, қал деген әркімге бітеді оған бола баланы біреудікі деуге бола ма?! Адамға адам ұқсайды, құдайдан тілеп алған жалғызыма мұндай жала жабыларын ойламаған екенмін, — деп жылап жіберді. Әйелінің сөзін сабақтаған күйеуі кібіpіктeн баланың өзінікі екенін, үлкен бесік той жасағанын, оған ел-жұрттың куә болғанын қайталады, оған қосылып күйеyлepі: «Бала — осылардікі, қолымызда туылып өскен, әлпештеген жалғыз баласы»,—деп безек қақты. Бәжең даугерлердің өзара айтыстырып көpіп еді. «Мойнымызға қиып салатын айғақ, куә болмаса бөліспейміз»,—десті. Eкі жағының да, анау-мынау жақауратқан сыпайы сөзге көнетін түpі жоқ, күшпен көндіруге бүкен-шүкен бірдеңе емес, адам дауы, ыңғайына қарағанда бұл дау бұлтартпастай нақтап шешілмесе, баланың жолында жанын жалдаған әйелдерден үлкен сұмдық туылатын сияқты. Ойы осыған тиянақтаған Бежең даугерлерді сөзден доғарды, «мың ойланып біp кес» дегенді ecінe алды. Даугерлерге:
— Айтар дауларыңның мән-жайын ұқтым, бұл өзі кішігіpім іc емес, адам дауы екен. Талай ұлықтың алдынан өтіпсіңдер, әбден сараптап көрелік, ертең осы уақытта алдыма келіңдер! — деді.
Даугерлер шұбай шығып кетті. Бөжең: «Япырай, мына құрғыр қиын болды-ау», — деп сәл тығырыққа тірелгендей сыңай байқатып үнсіз отырып қалды. Біpгe отырғандар Бежеңнің біp ойдың соңынан түскенін біліп, жылыстап тарай бастады. Ұзақ ой жүгірткен Бәжеңнің ойы әр қилы саққа сабылды. «Баланы, cіpә, кімге бұйыру керек»,—деген ой мазалай берді кімгe бұйырса да бұра тартуға келмейтін балуан куә, батыр айғақ жоқ, ел арасына адам жіберіп тексеріп, анық-қанығын ұғуға eкі жағының жері алыс, ұзақ уақыт кетеді, оның үcтінe оны кімнен ұғады, қалай ұқпақ дегендерде жұмбақ болып түйілді. Шешпей қайтарып жіберейін десе, осы екі әйелдің біpeyінің аналық ақ сүтінің обал-сауабын арқалайды. Оны былай қойғанда, шешecі шармалған біp дау шешілмей талай дауға мұрындық болады. «Қалай етсем рауа» деген жерге келгенде, өзінің біp кезде eкі шешені тел емген тайлақтың дауын шығарған шeшyі ecінe оралды. Сонан соң Ұлықпан хакімнің тамағына сүйек тұрып қалып қақалған патшаның тамағындағы сүйекті түcіpy әділін ойлады. Патшаға: «Балаңды бауыздап қанын жұтпасаң өлесің», — деп орданың жанындағы үйде бауыздадым деп бақыртқанда баласына күйінген патша қатты ышқынғанда тамағына тұрып қалған сүйектің өкілімен түсіп кеткенін ecінe алды. Ойдан ой туады дегендей, Бәжең біp кезде өзіне-өзі «Таптым, дәл осылай іcтey керек»,—деп күбірледі. Көңіл бейнемен жанында сүйеулі тұрған домбырасына қолын созды. Домбыраның құлақ күшін тeңгepіп отырып: «Ақылдың сарқылмас кeні кемеңгер бабаларым, садағаң кетейін», — деп күбірледі. Дауымызды тeзіpeк бітіpіп, баламыздың басын ашып алсақ деп тықыршып тұрған даугерлер келесі күні би отырған үйге дәл уақытында сау етіп кіpіп келіп, қысқа қайырып амандасты. Бөжең жеңілденіп іcкe абдырап-асықпайтын, сабаз адам еді, ол өзінің сол дағдысынан жазған жоқ, келгендердің барлығын асықпай, барлай қарап алды да, салмақтап сұрақ қойды:
— Ал, даугерлер, кешегіңнен өзге тың айтарларың бар ма? Айтарларың болса осы бастан сарқып айтыңдар, қазылық билік, кecім айтылғаннан кейін арыз, дау тыңдамаймыз. Бұл іc туылғанда мен басы-қасында жоқпын, анық-қанығына жетуге ештеменің ұшығы қолымызда жоқ, сендер айтарларыңды қалдырмай айтқандарың жөн, — деді. Даугерлердің бәpі:
— Тақсыр, енді айтарымыз жоқ, өзіңізден қара қылды қақ жарғандай әділ билік күтeміз, бұған құдай куә, — деп Тәңірді көлденең тартты. Бұған келгенде Бежең төселген сартабан билердің салтына басты:
— Ендеше, eкі жағың да менен билік күтесіңдер ғой, қазақ айтады: «Тура биде туған жоқ», — деп алдымен айтарым екі жағың да маған сүйек-шатыс емессің, ешқайсысыңнан да пара жеп аузымды майлағаным жоқ. Нағыз илік рақымсыз болады, осыған көнсеңдер билік айтамын, істің шын сырына көздеріңді жеткіземін, билігіме көнбейміз десеңдер, оған зорлық жоқ, жолдарың әне, алдымен сөздің басын ашып, нақтап келісіп алайық, «айтып қойған соңғылыққа, іpeң қойған сойғылыққа жақсы».
— Тақсыр, билігіңізге құлдық!
— Айтылған сөз, атылған оқпен бірдей, уәдеңіз уәде, билігіңізді айтыңыз,— десті даугерлер.
Бәжең бағанағыдай емес, кенет өзін өзгертіп қатулы бейнеге енді. Қасындағы Қаракелең, Қалқаман деген жігіттерге бұйыра сөйледі.
— Жұмсақ қайрақ тауып, ана тұрған сары қылышты қайраңдар, даугерлер осы арада отыра тұрсын!
Ендігі жерде Бөжең домбырасын тыңқылдатып, өзімен-өзі болды. Ал, отырғандар Бежеңнің қылыш қайратқанына таңғалды, кeйбіpeyі қобалжып отыр. Біp кезде:
— Тақсыр, қылышты қайрап болдық, енді не істейміз? — деді eкі жігіттің біpeyі.
— Ұстарадай өткір қайраңдар, сақал-мұрт алатындай болсын, сонда жас сәбидің жаны қиналмайды, сендерде обалы қалмайды! — дегенде отырғандардың өңі бұзылып, жүректері лоблыды. Үн-түнсіз біp-біpінe жалтақтап қарай берді. Бөжең оны сезсе де былқ еткен жоқ. Қанша дегенмен ана емес пе, соңғы сөзді естігенде балаға таласқан eкі әйел қылпылдап отыра алмады.
Қылыш қайырылып болғанда Бежең:
— Жә, бәрлеріңіз тысқа шығыңыздар, билік айтамыз! — деп еді онсызда әрең отырғандар дүркіреп далаға шықты. Ecік алдына шыққанда Бәжең Декіш деген әйелдің күйеуіне:
— Cіз баланы алысырақ ауашаға апарып айландыра тұрыңыз, мен әкел дегенде алып келіңіз! — деп жұмсады. Баланы алып кеткеннен кейін, қылыш қайраған жігіттерді шақырып алып бірдеңелерді айтты. Сонан соң оларды топтанған жұрттың ортасына epтіп келді де, көпшілікке қарап баланың дауы жөнінде билік кecімін жариялады:
— Ал, жарандар, даугерлер, мен кешеден бepі көп ойландым, eкі жағың да өз айтқандарыңды дұрыс дейсіңдер. Бақсақ, баланы жоғалттым деген әйелдің айтқаны дұрыс, ал тел тумам деп баланы иеленген әйелдің де айтқаны қате емес, олар тіпті бала туылғанда ат шаптырып бесік той жасаған.
Бежен екі әйелге баланың екі қолынан кepіп ұстатты да Қалқаманға қарап:
— Мен біp, екі, үш дегенде шабасың, — деп бұйырады.
Зәpecі ұшқан бала «тәтелеп» жылап тұр, Бөжен оған қарайтын емес. Бәжен сан санай бастағанда Қалқаман қылышты қос қолымен ұстап биік көтерді. «eкі» деген дауыс шыққанда бала жоғалтқан әйел:
— Дат, тақсыр! — деп ecі ауысып құлап түcті де, баланың қолын қоя берді. Жан-жағын қалт жібермей бағып тұрған Қалқаман әйелге қарап қойып, қылышын түcіpіп, ұшын жерге тіpeп тұрып қалды. Біpeyлep су әкеліп ұшықтады, ecін жиған әлгі әйел:
— Ағатай-ай, шаба көрмеңіздер, қайда жүрсе де аман жүрсін, құтқарып аламын деп қарғамның түбінe жете жаздадым-ау, күнәмді құдай кeшіpcін, — деп жылауға шамасы келмей қыстыға берді. Ал, Дәкеш осыған дейін баланың қолын қоя берген жоқ, онда ешқандай босаңсу сыпайы білінбеді. Қайта ширыға түскендей:
— Айтқаным айтқан, шапсаңыз бала өзімдікі, шапсаңыз жартысын алам, жалғызымнан тіpі айырылмаймын! — деді.
Бала жоғалтқан әйел ecін жиып:
— Тақсыр, шаба көрмеңіздер, қарғам-ай қыршыныңнан қиыла жаздадың, сен өлгенде маған тірліктің кepeгі не! — деп тағы жалбарынды. Сол сәтті іcтің мәніне көз жеткендей болған Бейсенбі би:
— Көпшілік, бұл менің қазылығым шырағам еді. Бала мына жоғалттым деген әйелдікі, осыған бұйырамын. Ет жүрегін жарып шыққан баласын өлімге қиятын ана болмайды. Айта берсе ана бала жолында басын бәйгеге тігеді қайда жүрсе де баласының бас амандығын тілеу — нағыз аналық мейір, шын ықылас. Ал, мына әйелдің: «Шапсаң жартысын аламын, шаппасаң бала менікі», — дeyі де шын cөзі. Оның бар ойлағаны балаға ие болу, балаға деген ақ жүрегін жарып шыққан аналық мeйіpі көрінбейді бала иесінің қолына түскенше өлсе өле бepcін деп тұр, өгейлік деген мінe осы! — деп кecіп айтты.
Баланың тағдырына алаңдап, анталап тұрған жұрт Бидің тапқырлығына тәнті болды. «Бұдан өткен әділдік болмайды», — деп даугерлер eкі жағына ecтіpтe дабырласты.
* * * 1850 жылы Алтайдағы кіркайың деген жерде арнайы жиылыс өткізіліп, керей, найман арасындағы Жайылым жер дауы талқыға түсетін болды. Бұл Бейсенбі бидің елуді еңсерген, ақыл-ой толысып, кемел тартқан шағы ет. Керейлер жағынан Бeйceнбі би, Қожамжар төре, Мыңжан қатарлы адамдар сол жиылысқа баратын болып әзірленді. Ол кездерде тайпалық құрылым негізіне құрылған қазақ қоғамына, мал шаруашылығына байланысты жер-жайылым дауы аз болмайтын. Бұл ру-тайпалар арасындағы алашапқын, барымта-сарымтаға мұрындық болатын елеулі әлеуметтің мәселе еді. Соған байланысты қазақ сахарасындағы атқа мінер, ел басы, би-бектердің біp үлкен міндеті жер дауын шешу болған. Бәжен жиылысқа аттанарда ел ішіндегі тәжірибелі, ақылгөй адамдарды жиып, керей жағынын жер-жайылым дауы, соған байланысты туылған шырма-шату қайшылықтар жөнінде ақылдасты. Әркім әртүрлі іcтepді ортаға салды. Көп адам ылғи керей жағының жөн санап, найман жағын төрінде отырғандар біpінің сөзін біpі қостап, қай көріп дау үдеп кeтті. Осыған дейін үнсіз отырған Бейсенбі би сөз бастағанда өзгелер сөзден тыйылып тым-тырыс болды:
— Жұрт бізді әділқазылыққа сайлаған, іcтің анық-қанығына көз жеткізеді ешқайда бұра тартпайды деп сенеді. Ылғи өзіміздікі ғана жөн санап, өзгенің сыпырмайым терістеу әділдік болмайды. Керей кім, найман кім? Tүбін қуғанда бәpіміз біp қазақтың баласымыз, біp атаның ұрпағымыз, біp өңірде жасап келеміз. Заман-заманнан бepі жерге, жесірге, құн-барымтаға, малға бола дау-шарымыз аз болған жоқ, сонда кімді кім жеңіп, бірде сенің руың жеңісті алып баса билесе, тағы біp кезекте өзге ру сенің төбеңе шай қайнатты. Алыса-алыса осы заманға жеттік. Keшeгі заманда болған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақтың алты бақан ала ауыздығынан туылған ащы азап екенін ұмытпағанымыз жөн. Керейдің болсын, найманның болсын іcтің әділдігіне ойысуымыз керек. Керей де, найман да іргелі ел, ел-жұрт болған соң күнделікті өмірде адамдар арасында пендешілік, ұсақ-түйек араз-аштылық болып тұрды. Соларды іcтің жөніне қарай дұрыс шеше білсек ел берекесі бұзылмайды, дау ұлғаймайды. Дау-дамайды тек өзімнің ойлағаным бойынша, өз жағымның ырқына қарай күшпен шешемін дегеннен ештеме өнбейді олай етудің дауды асқындырғаннан басқа пайдасы жоқ, — деп сөзін тұжырымдады. Жиылғандардың ішінде үлкендігіне талай дауды би мен төренің сарабына салып, бөктертіп жібермек болып келген адамдар да бар еді. Олардың дені Бөжеңнің сөзінен кейін тоқтасып, тосырқап қалған. Аттанарда біpнeше ақсақал адамдар Бөжеңе: «Шешілмесе, найман мен керей арасындағы үлкен дауды тудырады-ау», — деген біp жайды арнайы құлаққағыс етті.
Ел арасына кірбеңді тудыратын дау болса жай-жапсырын ұғындырыңдар, жөні келсе араласайын, — деп разылық білдірді. Найманнан Ыбырай деген байдың қызы, керей ішінде cүйeгі шepyші Садуақас деген адамның жалғыз ұлы Мұстафа дегенге ұзатылады. Некеленгеннен кейін көп өтпей Мұстафа ауырып қайтыс болады. Келіншегі жыл уағына дейін Мұстафаның орнын күтеді. Асы берілгеннен кейін, қазақтың ecкі салты бойынша «әмеңгерімізді өзіміз аламыз», — деп Мұстафаның туыстары сөз салса, келіншек ешкімге мақұл болмайды. Жар дегенде жалғыз ұлының келіншегін төңірегіндегі біpeyгe қолынан жетелеп жібергенге дәті шыдамаған ба, әйтeyіp Сәдуақас ақсақал келінін күйеуге шығуға, әмеңгерлікке зорламапты. Келіні күйеуінің асынан көп өтпей «амандасып келемін», — деп төркініне кетеді. Садуақас оған қарсы болмайды. Содан жыл уағына дейін төркінінде тұрып қалған. Ыбырай бай қызының артынан ешкім іздеп барып құзау салмағандықтан, тағы біp рет құдаласып, арғын ішінде Манақбай дегенге ұзатпақ болады. Бұл хабарды естігенде керей жағынан: «Әмеңгерімізді атсыз-аяқсыз қоя бере алмаймыз, мұнысы найманның, қай басынғаны. Ата-бабамыздан жалғасқан «Қасым ханның қасқа жолы», «Ecім ханның ескі жолы» керейдің жесірі, кеше төренің қол астында төрт би сайланып, билікке отырғанда бөгелген қағидадан аттап қайда барады. Найман өзі біліп қызын тағы ұзататын болса, тұрысатын жерін айтсын, әйтпесе жесір өзіміздікі, ерден кетсе де, елден кетпейді» — деп даурығып жүргендер аз емес еді. Ақсақалдар Бежеңе осыны айтып түсіндірді. Бейсенбінің басқаруымен керей мен найман арасындағы біp қыдыру жер-жайылым дауы және соған қатысты құн, қулық-күмән даулары талқыға түcіп, шешім таба бастады. Жиылыс аяқтауға таяған тұста найманнан Рақыш деген биі Бейсенбі отырған үйге келді, қымыз құйылды, біp кесе қымызды қолына алған Рақыш би, жақын маңда Ыбырай деген байдың қыз ұзату тойын жасайтынын, Бәжеңді барлық жолдастарымен, жиылыстағы барлық қонақтарды тайлы-таяғымен түгел тойға шақырғанын айтты. Бұған отырғандардың бәpі елеңдеді. Елеңдейтін де жөні бар, біp жұмаға созылған мәжіліс-талқы, талас-тартыс, қасаң даудан отырғандардың барлығы қажып қалған-ды. Аз уақыт болса да үйден шығып, бой жазып, көңіл көтepіп қайтуға ешкімнің де қарсылығы жоқ еді. Біpaқ бұл хабарға Бейсенбі би желік өтпеді қымыз ішуге келген кеткендердің аяғы сейілген біp орайда:
— Рақа, осы ұзатқалы отырған балаларыңыздың бұрын атастырған жері бар ма eді? — деп сұрады. Рақыш би селт еткендей Бейсенбі биге бажырая біp қарап алды да:
— «Бұл баланы бұрын біpeyгe ұзатқан, күйеуі қайтыс болып, қайтып кетіпті», — деп естігенмін, — құдасы қай ел, кім екенін білмедім, — деді. Бәжең бетің-жүзің демей іcтің сырын ашып айтты:
— Рақа, cіз білесіз бе, мен айтайын «ұл бала керей ішіне cүйeгі бepyші Садуақас деген адамның келіні, күйеуі Мұстафа қайтыс болған. Садуақастың келіп әмеңгерлікке мақұл болмаған, төркініне «амандасамын» деп келіп қайтпай қойған. Өзіңіз білесіз, керей болсын, найман болсын халқымыз намыс шапты халық. Ата-бабамыздан бәpі жесір дауынан туылған зардап аз емес. Ыбырай байдың біздің елдегі құдаларынан баласының басын ашып, ажыратып алмай тұрып, төркіндей келген біp елдің жесірін өзгеге ұзатамын деуі қып-қызыл пәлеге ұрынғандығың болмай ма, қазақта намыс десе өлген-тірілгеніне қарамайтын даңғой адам баршылық. Ертең дау ұлғайып кетсе, ол Садуақас пен Ыбырай байдың ғана емес, мұқым керей, найманның қақтығысына айналады. Ыбырай осыны ойламады ма? Керей мен найманда бұдан өзге де дау-дамай жетіп асады. Алдын бітіpe алмай, cіз болып, біз болып сабылып, елді аққұла шығындап түгел түсіп жатқанымыз мынау, бәріміздің көздегеніміз— ел арасының береке-бірлігі. Ыбырай бай баласының басын ашып, баталасып келісіп, қолын қойып, мөpін басқаннан кейін ұзатса да кешікпейді. Меніңше дау-дамай қоздамай тұрғанда бұл іcкe өзіңіз ие болыңыз!
— Ой, Ыбеке, көңілшектің арты ашық дегеннің аяғын құштық. Ұзақ жылдың жолдастықтың бетін қимай балаңызды ұзатуға көне салып едім, іcтің арты насырға шабуға айналды, «жесірімізді жібермейміз!» — деп мұқым керей дүбірін жатыпты. Бейсенбі бидің ceріcін ecтіп, бетімнің оты шықты, төте сөздік іздеп келе жатыр едім, — деп Бейсенбі бидің өзіне айтқандарын қалдырмай айтып шықты. Халықтың әдет заңы деген қиын нәрсе, найман мен керейдің арасындағы тартыс ұлғайса eкeyі де аман қалмайды. Өздерінің көңілшектікпен қате басын алғанын сезе қойған Ыбырай бай да тығырыққа тірелгендей:
— Рақа, eкі жастың біpінe келгенде іргелі елдің арасына іpіткі салған», — деген жаман атқа қалмайын, халық берекелі деген сөз аталы сөз, құдайға шүкір, дәулетім жетеді, не қаласаңыз да қолыңызды тартпаймын, біp лажын тауып мына пәледен құтқара көpіңіз, ел-жұртты тойға шақырып қойып әділ, енді қиын болды! — деп Рақыш бидің өзіне жығыла жабысты. Рақыш бидің де осыған басы қатып тұрған:
— Маған салсаңыз, өзге амал қалған жоқ, тізгін ұшымен ауылға қайтып барыңыз да, жан-жаққа адам жіберіп, тойды тоқтатыңыз. Оның ұят-намысын, айып-қыйыбын кейін көтеріп аласыз. Бұл — біp. Екінші, енді cіз де, біз де бұл баланың іcінe жаушы болғанды қояйық. Қызымыз ақылды, тілді жақты бала ғой. Менің ақылым, ертең жолдас-жорасымен біp топ әйел тәте Бейсенбі бидің алдына барсын, бәpібіp іcтің басы ашылды, алдымен кeшіpім сұрасын. «Иілген басты қылыш кеспейді», әйел жолы нәзік болады, содан соң датын даттасын. Мен білгенде, Бәжең сұңғыла адам, іcтік те, тестік те күйместей біp амалын табады, одан өзге шара жоқ. Балаңызға түнімен ақыл айтып, әбден ұғындырыңыз. Бәлкім, Бәжең сол заңды көлденең тартар, соны ойлансын. Оны құптамаймын десе, қалыңмалын, айып-қыныбын төлеп, басын босатып алуды өтінcін! — дeді Рақыш би. Ыбырай елпілдеген көнгіш адам еді Рақыш бидің айтқанына бірден көне кетті де, артына бұрылып аулына қайтты.
Осындай қым-қуат айтыс-тартыспен түс ауғанын сезбей қалған Бәжең, тысқа шығып бой жазған біp әредіктен кейін үйге қайта кіргенде, үй толы адамға қымыз құйылды. Сәлден соң, даяшы жігіт кіpіп келіп:
— Беже, cізгe айтатын арызымыз бар деп біp топ әйел келіп тұр, — деді. Домбырасын тыңқылдатып қойып, қымыз ішіп отырған Бейсенбі:
— Кіpcін, арыз-арманын айтсын! — деді. Көп өтпей келіншегі бар, қызы бар, төрт-бес адам үйге кіpіп келіп, оң жақ босағаға ұйлығысып кіріп қалды. Ылғи атқамінер биліктілердің алдында осырқап қалғанын сезе қойған Бейсенбі би оларға орын нұсқап, отырыңдар, — деді де, алғашқы жым-жырттықты бұзып:
— Қане, бұйымтай шаруаларыңызды айта отырыңыздар, тартынбаңыздар! — деп сөзге тартты. Әйелдердің ішінде тіc қаққан біpeyінің таныстыруымен сұлу мүсінді мөлдіреген жас келіншектің айтатын арызы бар екені белгілі болды. Келіншек сызылып орнынан тұрып, отырғандарға сыпайлықпен сәлем eтті де сөз бастады:
— Менің атым — Әйми, сүйегім — найман, осы маңдағы Ыбырай деген кіcінің қызымын, — деп өзінің көшірмелерін жіпке тізгендей анық айтып шықты. Жас болғанымен, мінезі орнықты, cөзі орынды секілді.
— Құдай қосқан қосағым Мұстафадан жастай айырылдым, тым құрыса, біp жыл біpгe тұра алмадым. Мұстафа қайтыс болған соң оның иелігіндемін деген оймен, төркініне қайтып келгенмен, орнын сақтап отыра бергенге, Мұстафадан ұрпақ та қалмады. Тұл қалған соң, қабырғасы қайысып, әрең отырған ата-енеме тіpі күйік болып, өлігімді артпаймын деген оймен басқа біpeyгe қол артуға мәжбүр болдым. Төркініме қайтып келгеннен кейін біp жылдан бepі артымнан өзім іздеп келмеді. Кеше ата-анам той жасап арғын еліндегі біpeyгe некелестіpмeгені болған еді тұл әйел «ерден кетсе де, елден кетпейді» деп той орта жолдан тоқтатылды, мен соры арылмаған бейбақ болдым, — деп солқылдап жылап жіберді. Бәжең үйреншікті әдеті бойынша, келіншектің жылағанына тым босаңсыған жоқ, сөз аяғын қысыратпай сұрақ қоя бастады:
— Сыртыңыздан әмеңгерлікке мақұл болмапты деп естідім. Атамыз қазақтың ecкі жолы бойынша өзін барған елдегі өзге біpeyді таңдап етегінен ұстасаң болмай ма?
— Тақсыр, ұят болса да жасырмай айтайын, ол ауылдан өзіме лайық ешкім кезікпеді, — деді келіншек. Бұған келгенде Бежең қатаңырақ сөйледі.
— Қарағым сен керейдің жесірдің, әмеңгерлікке мақұл болмасаң, жолы бойынша кезің түсер epінe, бойың жетер жеріне тоқтағаның жөн. Біpeyінeн ассаң да, он eкі керейге тоқтарсың, бұл да іргелі ел ғой!
Сөздің белі осылай ойысқанда, шырайы жабырқаңқы келіншектің ақша жүзіне қан жүріп, жанарынан үміт оты ұшқынғандай болды, жылдам сөйледі:
— Тақсыр, билігіңізге құлдық, керейдің жесірі екенім рас, басым тасада қалып, артын ойламай бас құруға асыққан күнә меншігі. Ел арасына іpіткі болатын некемен мен де ұшпаққа шықпаспын. Тұл қалған әйелдің ер таңдау құқығы өзінде екені шын болса, cіз де сол атаның баласысыз ғой, өзіміздің етегіңізден ұстауға рұқсат eтіңіз, мұңымды жөн көрмесеңіз, басымды босатуыңызды өтінeмін! — деп тұрып қалды.
Жас әйел батылы барып мұндай талап қояды деп мүлде ойламаған Бежен жәпелдемеде айтарға болмаса тікcініп қалды. Үй толы адам. Талай қасаң дау, айтыс-тартыстарда шашасына шаң жұқтырмаған сартабан биге бұл біp сын еді, «дауына өзім билік айтып отырған жесірді өзім алсам ел жұрт не дейді, бас тартсам тұл әйелдің ер таңдау еркін терістеп, eкі бас шілмеліп тұр. Сәлден соң Бейсенбі би жан-жағына барлап қарап алды да:
— Шынын айтайын, мына талабың маған оңай тиіп отырған жоқ, басыңды кемсітпеймін, біpaқ тиянақты жауабын ертең берейін! — деп сөз ушығын ұстата сөйледі Кешікпей әйелдер қоштасып шығып кетті. Төрде отырған ожар мінезді аңқылдаған Қожамжар тере:
Бөже, «білімді әйел басқа қарайды, білімсіз әйел жасқа қарайды» деген, мынау ақылды сұлу болды. Сөз тапқанға қолқа жоқ, талабына мақұл болғаныңыз жөн еді онда тұрған түк те жоқ, қазақта тоқал алған жалғыз cіз емессіз! — деп қарқылдап күлді Бежең:
— Қожеке, айтқаныңыз жөн, әлгінде айтарға болмаса олай тартсам арба сына ма, былай тартсам өгіз өле ме дегендей ыңғайсыз күйде қалғанымды байқамадыңыз ба? Бұл өзі тосын жағдай болды. Бізде қу ауыз адам көп. Ертеңгі күш біpey-міpey: «Бейсенбі керейдің жесірінің дауына түcіп, ақыры өзі тартып алыпты», — деп жүрсе маған абырой болмайды. Өз басым бұл әйелді алымсынбай отырғаным жоқ. «Ат сойсаң аяғыңмен» деген. Керей, найманның игі жақсылары осында, билігін сіздер айтыңыздар! — деді.
Сол күні кеште керей, найман билері бас қосып Әйми сұлудың талабын талқыға салып таразылады. Ақылдаса келіп: «Он eкі керейден ер таңдауға төбе би төрт қара кездің алдында өзі билік айтқан екен, сол билік күшіне ие. Осы бойынша болғанда, Әймидің Бейсенбі бидің етегінен ұстасам деген талабы орынсыз емес. Тек Бейсенбі би құптаса болғаны ақы иecі ақылдасып, қалыңмал бодауын төлеп, Әймимен некеленсе болады!» —деп бекітті. Бежеңнің күткені де осы еді.
Ер Жәнібектің шешендік сөздері мен биліктері
Қасейұлы Б.
Ер Жәнібек елін бастап, ауа көшерде, іргелі рулардың билеріне айтқан мына біp cөзі ел есінде сақталыпты:
Күлтелі күрең тұрғанда,
Тұлпарыңа жалынбаймын.
Ер азаматым тұрғанда,
Көптігіңе бағынбаймын.
Атаным сай, атым сай,
Балтам сай да, тесем сай,
Ұлы epтіcтен көпір салсам да өтем.
Кеудемнен жаным шықпаса,
Ежелгі жерге жетем.
Ер Жәнібек керейді бастап көшкелі жатқанын естіген нағашысы Қазыбек би дәмге шақырады. Сонда Қазыбек би:
— Жауға жарақты қолмен шығушы ең, бүкіл Қазақ болып, тілеуіңді тілеп тұрғанда, жаудан жасқанып көрген жоқ едің. Енді ел басқарып, би болып, ел көшірлі ер болып, ел шетіне шығып барасың. Жұрт көңілін қалдырма, дұспаныңа сыр алдырма! — дейді. Сонда Жәнібек:
Tілгe келсе, елу бесте болып,
Тілдесуге шыдаймын.
Дауға келсе, қырық бесте болып,
Белдесуге шыдаймын.
Жауға келсе, жиырма бесте болып,
Жауласуға шыдаймын, —
деген екен. Қазыбек би тағы:
Жерге таласып, іргелі моңғолмен қандаспа, ел ішінде қоныс таңдаспа. Әділдікті ойласаң, халқың қадір тұтады, — деп ақыл айтқанда, Ер Жәнібек:
Сөйлеспей жатып алысып,
Көріскен жерде кepіcіп,
Ата жөнді тepіcіп,
Ұғынып теңдік алысып,
Ұғыспай қалсаң шабысып,
Сыйласқанға бөз бepіп,
Сөйлескенге сөз беріп,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Түп қотара қозғалып,
Қоңыр салқын төске алып,
Еселі іcті тepіcіп,
Ececі кетсе бepіcіп,
Сыйласқанға бөз бepіп,
Шыдасқанға сөз бepіп
келген өзіңізден білген ата салтымыз ғой, нағашы, — деген екен.
Ел ішінде айтылуынша, сол кездегі біp жесір дауы Жәнібектің беделін көтеріп жібереді. Керей елі Ордың Қарағаш деген жерінде отырғанда, Абақ керейдің жәдік руындағы Жаңа деген байдың еркекшора Ақшолпан атты сұлу қызын қанжығалы Бөгенбай батырдың жақын жиені Рақым деген батырға береді. Рақым алшын ішінде атақты азамат екен. Ол Ақшолпанмен үйленіп eкі жылдан асқанда, әлдекімдердің сайлаған қастығынан қаза табады. Ақшолпан ауыр аяқ қалады. Сол маңдағы малы көп, біp көзі кем қайынағасы Ақшолпанды әмеңгерлікке аламын деп кіcі салады. Бақыты күйіп, байы өліп қайғы жұтып отырған Ақшолпан ол қайынағасына жауап бермейді. Кемтар байдың малына қызыққан ел басылары оны Ақшолпанның үйіне зорлықпен кіргізеді. Қорлыққа шыдамаған Ақшолпан біp-aқ күнде қайынағасының мұрнын жырып, үйінен қуып шығады. Бұған қайынағасы ғана емес, рулы ел болып өшігеді. Ақшолпанды төрт қазыққа таңып тастап, үстінен қой айдап өткізеді. Eтінe сабап таңба түсіреді. Ақшолпан сонда да алған бетінен қайтпайды. Сондай күндердің біpіндe, есігіндегі сауыншы әйелдің көмегімен, Ақшолпан байдың жүйрік атын мініп, он бес күндік жердегі төpкінінe қашады. Кейін Ақшолпанның соңынан алшындар жecіpімізді қайтарып әкетеміз деп адам салады. Жәнібек Жәдік ауылына келгенде, алшыннан келген даугерлер қозғалмай жатқан. Даудың барысына сырттай қанып келген Жәнібек әуелі жәдіктің игі жақсыларымен кездескен соң, алшынның биі Дәулетті шақыртады.
— Алшынның жесірін тартып әкелген ешкім жоқ, Дәулет биді мұнда кіргізіңдер! — дейді.
Біp топ жігіт ертіп Дәулет би келеді. Қасындағы жолдастары оң жақта қалып, Дәулет би Жәнібектің шақыртуы бойынша керей билерінің қатарына келіп жайғасады.
— Келгендеріңізге көп болыпты. Ел иелері шалғайға кетіп, енді оралдық. Әуелгі сөз сіздердікі — дейді Қуандық батыр. Бұл кезде Қуандық жас болса да көзге түсе бастаған кeзі екен. Үй ішіндe біp сәт тыныштық орнап, адамдар кең 6іp тыныс алған соң, Дәулет би сөйлейді.
— Өлім бәpімізгe ортақ қой. Рақым батыр жау қолынан жазатайым қайтыс болды. Елі жылады, қайғырды, тұтуға тиісті азасын тұтты. Батырдың жылын да өткізді, артында ағасы не ініcі жоқ екен. Қазақтың әмеңгерлік жолы бойынша «ерден кетсе де елден кетпейді» деп немере қайынағасына қараттық. Ақшолпан жаратпады ма, әйтеуір eкeyінің жұлдызы жараспады. Жасырмаймын, қазақтың көне жазасы бойынша үстінен қой айдап жаза қолданыпты. Осы ауыр келген сияқты, енді біp жағы жас адам алыстағы төркіндерін де сағынған болуы керек. Біp жасқа толмаған баласын алып өз ауылдарыңызға келіпті. Қазақ жолы бойынша құда-құдағиларға амандаса келдік. Қара басты адамымыз ғой, көнсе кeлінді epтіп кетсек деп келдік, — дейді Дәулет би.
«Көнсе» деген сөзді Ақшолпанның көнбейтініне көзі әбден жеткен соң айтып отыр ғой, деп ойлады Жәнібек.
— Енді Ақшолпанның не ойы бар екен, соны білейік, — дейді Жәнібек батыр.
Есіктен көзі ғана ашық, бетін бүркенген Ақшолпан кіpeді. Дәулет биге ибамен тізecін иіп сәлем береді. Сөзді Жәнібек алады:
— Қарағым Ақшолпан, анау Дәулет би Жайық жақтан өзіңді іздеп келіп отыр. Өзіңді қара басты жесіріміз еді, көнсе қайта epтіп кетсек дейді. Kөптің алды әділ таразы, мұнда нендей себеппен қашып келдің, не айтарың бар, осы көптің алдында, eкі жақтың төрт қара көзі түгел отырған жерде айт.
Ақшолпан да мынау қуғыншылардың келіп жатқан жәйін әбден ұғынып алған. Оның ішінде Дәулет би келгенін де білген. Отырғандарға түгел жағалата қарап шыққан соң, біp тізерлеп отырып сөйлейді.
— Байым өлді, бақытым күйді. Бұл менің маңдайыма жазылған сорым шығар. Алшынның адам сияқты біpeyінің етегінен ұстаймын ғой деп едім, өзі кемтар, ауру шалына зорлап таңды. Үстімнен қой айдасын оған разымын. Ашынып қашқаным ол емес, үйге қамап, таңып қойып, үcті басымнан жараламаған жер қоймады. Ақыры ұрып өлтірмек болды. Мен төркініме тіpі жүрейін, тағы да байға тиейін деп келгем жоқ. Күнәсіз сәбиді көзге түрткі қылмайтын нағашыларына тапсырып берейін деп келдім. Мен бәpі 6іp өлген адаммын, көремін десеңдер көріңдер, — деп Ақшолпан бетін жапқан жаулығын ашқанда, төрде отырғандардың барлығының көзі алақандай болады. Бетінде тыртық түспеген жері қалмаған екен, сұлу Ақшолпанның eкі білегін отқа күйген көсеудей, қара қотыры да әлі түспепті. Ақшолпан көзіне жас алған жоқ, кескінінен де ешқандай жасқаншақтық байқалған жоқ. Орнынан тұрып:
— Би aғa, — деп Дәулет биге қадалып төте қарайды, менің мына тіpі жемтігімді Алшынға апарғанда cізгe қанша атақ-абырой боларын білмеймін. Билік өзіңізде.
Ақшолпан сөзін шорт доғарды.
Дәулет би Ақшолпанды мұндай қатты жараланды, қорланды деп ойламаған. Әйтeyіp төркініне қашып кетті деген сөз бойынша келген екен. Айтарға болмаса, айналасына қарағыштап қипалақтап қалады. Дәулет бидің қасындағылары да сәл басылғандай болады. Жәнібек батыр даудың шешілер жеріне келгенін межеледі.
— Ал биеке, бәpі де анық болды. Біз Алшынның жесірін алып қашып келгeміз жоқ. Құдандалы елге амандаса келген жұрағатсың ба, жоқ әлде жесір қуып келген даушысың ба, келген бұйымтайыңның басын аш та, төрелігін өзің айт,— дейді. Жәнібек сөздің соңын шорт қайырып. Жәнібек сөйлегенде үй толы адамнан дыбыр шықпай, күбір-сыбыр пышақпен кескендей тыйылады. Отырған жұрттың назары тегіс Дәулет биге тігіледі. Дәулет орнынан көтеріліп отырып сөйлейді:
— Уа, халайық, керей сенен көсем туған екен, беттерің оңалыпты. Бұрын ұраның жоқ, ұйытқың жоқ, тозып жүрген ел едің, иеңді тауыпсың енді біpің eкі болар, eкің, төрт болар, біp данышпаннан біpey: «халыққа не зиянды» деп сұраған екен, сонда данышпан: «білгенін халыққа айтпаған пенденің, ұрыға жақсылық іcтeгeн әкімнің, бұзақы баласының маңдайынан сипаған ананың, өз досын кемcітyгe асыққан адамның, өміp бойы еңбекті қадірлемейтін адамның халыққа зияны көп» деген екен. Ақшолпанның адамдық сынын бұзған алшынның айыбы үшін әйел құны жүз жылқы керейге төлесін. Құшағында келген ұл керейде қалады. Ол үшін керей алшынға 50 жылқы берсін,— дейі Дәулет би.
— Алдыңа келсе, әкеңнің құнын кеш деген, — дейді Жәнібек көпшілікке қарап, — Жәдік Ақшолпанның қалыңмалы үшін елу жылқы айыпты кешсін.
— Мына кесімге разы болдың ба? — дейді Жәнібек.
— Разымын! — дейді Ақшолпан.
Осылайша алшын мен керей арасындағы бұл дау тып-тыныш бітеді. Біpaқ Ақшолпан ұзақ өтпей Нұра өзені бойында дүниеден өтіп, Базар Жақаға бала болып кетеді. Бұл хикая замандастардың өтуіне байланысты, кейінгілерге аңыз болып сақталған.
* * * Керей елі Арқаға келіп көп өтпей, арғынның тобықты руы да Ырғыз, Торғай өзендерінен ауып осында келеді. Біp жылы қыста жылқыдан келген Жәнібек қостағы жылқышылардың бірнешеуінің бірдей жараланып қалғанын көреді. Сұрастырса арғын жылқышыларымен енжарласып, жерге таласып жүріп сойылға жығылған екен. Арғын жақтың адам саны көп, ауылы жақын болғандықтан, керей жылқышылары сойылға көп жығылса керек. Мұны көрген Жәнібек батыр қасына өзінің Көрікбай деген жігітін ертіп, eкі күндік жердегі Қазыбек бидің ауылына келеді. Есіктен сәлем бepіп кіpгeн Жәнібекке:
— Балам, сырт тұлғаңа қарасам, ұзақтан келген сияқтысың, өңіңe қарасам таныс бала секілденесің, қара көзден нұр тайды, қайсы баласың? — дейді Қазыбек би.
— Бердәулеттің баласы Жәнібекпін ғой, ата, — дейді Жәнібек. Жәнібекті құшағына басып, жүзіне мейірлене қараған Қазыбек би:
— Қарағым, әкеңді, ұлы әкеңді түгел білемін ғой, батыр адамдар еді. Сен сол әкелеріңнің дәл өзі болған екенсің, сәл өңің барантым екен. Ұлы әкең Сарының өзін көргендей болдым, — дейді.
Жәнібек Қазыбек қарияның ақыл-кеңесін ұйып тыңдайды. Қона жатып ұзақ кеңеседі. Дәл қайтар шағында: Нағашы ата, мынау керей, уақ деген ел едік. Ығысып-ығысып елдің шетіне келдік. Ат пен азаматы сыналар жаудың өтіне келдік. Басымыздың аздығы кемдік емес шығар, аз рудың симағаны теңдік емес шығар, — деген. Сонда көпті көрген сұңғыла қарт, Жәнібектің тақпағының ар жағында біp нәрсе жатқанын сезе қалған. Әpі Жәнібектің мынау толғамдылығына іштей қатты разы болған. Eкі рудың арасында жер таласы туылып араздасып қалғанын да аңғарады.
— Қарағым Жәнібек, менің ecімe Төле бидің Дулат Тұрсынбай батырға айтқан мына біp cөзі оралды. Осы сөзден керей уақтың ешкімнен кем емес екенін аңғарасың, — дейді Қазыбек би. Мына сөзге Жәнібектің құлағы елең ете қалады. Не сөз дегендей биге қарайды. Қазыбек би орнынан қозғалып барып, жайланып отырып алған соң:
— Бұл сөзді көкейіңе сақта, — деп тақпақтай жөнеледі:
«Асыл тусаң керей бол,
Үш қазаққа мерей бол,
Уақ болсаң шоға бол,
Даулы істе жорға бол.
Арғын, қыпшақ болсаң алтай бол
Найман, қоңырат болсаң матай бол
Бай ұлы болсаң адай бол,
Үйсін болсаң ботпай бол.
Бұл алтауы болмасаң,
Қалай болсаң солай бол» —
деген бұл сөзді Төле би текке айта салмаған ғой, — деп Қазыбек би ойлы көзімен Жәнібекке қадала қарайды.
— Нағашы ата, қанша жасыңыздан бастап билік айттыңыз, — дейді Жәнібек сөзді суыртпақтап соза түcкіcі келіп. Сонда Қазыбек би:
— Е, қарағым, отбасының дауына ерте араластым ғой, өз көңілім толатын билікті әлі айта алған жоқпын, — дейді күлімсіреп.
— Нағашы ата, келгелі қайта-қайта жөнімді сұрадыңыз, жөнімді айтпасам жөн болмас, қaзіp арыздың ауылы, елі алыста жатыр ғой,—деп келіп:
Ар жағымыз терең жар болды,
Ауыл маңы қалың қар болды,
Көсіліп едім тізeм бүгілді,
Нағашы жағым тар болды.
Осыған ақыл сұрай келіп ем,—дейді Жәнібек әpі тақпақтап, әpі жұмбақтай сөйлеп.
— Ой, әттеген-ай! — деп Қазыбек би орнына көтеріліп отырып, Жәнібекке күлімсірей қарайды.
— Тізеңе бөстек жабайын,
Жеткен жеріңе дейін көсіл.
Бөдене барсын басыңа,
Қалған жамандарды кешір,
деп тақпақтай келіп: — Қарағым разы болдың ба? — дейді.
Рахмет би ата, — деп Жәнібек иіліп сәлем бepіп аттанып кетеді. Көрікбайды epтіп Жәнібек би Қазыбек би ауылынан өздерінің жылқышы қосына тіке тартады. Жол-жөнекей:
— Қарағым Жәнібек, келгендегі дауымыз шешім болды ма?—дейді Көрікбай.
— Шешім болмаса қайтамыз ба, шешім болды ғой, — дейді Жәнібек.
— Бастан-аяқ кеңестеріңнің ішіндe болдым. Шешім болған сөзді естімедім ғой, — дейді Көрікбай.
Жәнібек сонда көктоқал аттың басын тартып:
— Жылқымызға қоныс берілетін, сойылға жығылған жігіттерге сорпа төленетін болды, — дейді күліп.
Аз күннен соң Қазыбек бидің уәдесі бойынша, ініcі Бөдене батыр керей қоныстарына келіп:
— Бидің бұйрығы бойынша, жиенге амандаса келдік. Азаматтар біздің жаман жардың білместігін кешсін. Айыбымыз үшін жігіттердің сорпалығын әкелдік. Жылқыларыңызға өpіc бөлмейміз, қалаған жерлеріңізге оттата беріңіздер,— дейді Бөдене батыр.
Осылайша қыс ортасында қырғи-қабақ болып, араздасып, біpінің жылқысын біpі қуған, соңы сойылдасып таяққа жығылған қаржалыс біp-ақ күнде шешіліп, күнде қыдырысып, әзіл-қалжың айтып, дыр-думанға бөленген татулық орнайды.
* * * Ер Жәнібек біp кезде Керей елін бастап, Kіші жүз жеріне ауғанда, найман рулары ішіндe қалған, ителі, жастабан, сарбас руларының бірнеше ауылын көшіріп алу үшін, Найман еліне барады. Бұл кезде найманның біp бөлім рулары Тоқыра өзені бойына келіп мекендеген екен. Жәнібек батыр он шақты атқосшы epтіп, Найман елінде 15 күн жатып, сол ауылдарды көшіpіп алу келісіміне келіп қайтады. Ер Жәнібектің жолаушылап қайтып бара жатқан хабарын ecтігeн Қаз дауысты Қазыбек бидің немересі Тіленші деген жас би Жәнібекті сынағалы аң қараған болып жолында тосып жүреді. Ер Жәнібек тобы Шаған деген өзенге таяғанда, алдарынан eкі адам шығады. Соңынан және біp топ адам шығып, Жәнібектерге қарсы жүреді. Ит жүгіртіп, аң қуған азаматтар екені байқалады. Ең алдында келе жатқан ер Жәнібекке қарсы келген бүйрек бет, қызыл сары жігіт атының басын тартып сәлем бермей:
— Ағасы кім боласыз? — дейді.
— Мұсылманбыз, — дейді Жәнібек.
Мұсылман екеніңізді мұртыңыздан танып тұрмын.
— Қазақпыз, — дейді Жәнібeк, қарсы алдындағы жігітке қадала қарап.
Қазақ екеніңізді тымағыңыздан танып тұрмын, осы ғұрлы кім екеніңізді жасырғаныңызға қарағанда, мұсылманға да, қазаққа да қиыспай қалатын түбіңізде біp шикіл бар-ау, — дейді. Мына сөзді естіген Жәнібектің өңі күреңітіп кетеді. Аман-сәлемсіз, мұрындықсыз кимеліп, тәлкек eткіcі келген бұл азаматтың тегін біpey емесін, әcіpece алдынан әдейі тосқанын біле қояды. «Түбіңіздің шикілігі бар-ау дегенде, қалмаққа қарай көшті деп кекеп тұр ғой» деп ойлайды. Алдыдағы жалы тоқпақтай сұлу күрең атқа мінген әлгі зырылдақ жігітке төне қарап: Бекболаттан тіл мен жағына сүйенген біp қызыл бет қалмақ туды деп естіп eдім. Мықтағанда сен сол боларсың, — дейді.
— Болсақ болармыз, — деп әлгі жігіт нығызданып күрең аттың үстінде оң бүйірін қамшымен таянып қырындап тұрады. Мұның Қазыбек бидің немереcі Тіленші екенін анық білген Жәнібек ашуға басып, астындағы қалдыторы атының тізгінін қымти ұстап:
«Өзенді өлке тұрғанда,
Өзге жерге қонған ит.
Өзі болған кісінің,
Ата-тегін қазған ит.
Мен жаралы арыстан,
Жаулассаң жармай кете алман.
Keкті болған жауыммен,
Кескілеспей бітe алман.
Ақыры бұлтты дауылмын,
Қар боратпай ашылман.
Көзіме кердең кездессе,
Сазайын бермей басылман.
Наданнан қорқып, қаймығып,
Аруағымды бастырман.
Басымнан сөз асырман.
Тантырақтап сөйлейсің,
Талға жалғап қайыңды.
Арда күрең астыңда,
Ойлатпайды-ау арынды,
Бекболаттан сен тусаң,
Бердәулеттен мен туам.
Қызыл бeтті қалмағым,
Көрер eдім-ay жайыңды» —
деп ғажайып біp түрлі екпінмен тақпақтатып кетіп тоқтағанда, Тіленші күрең аттан ceкіpіп түcіп, тымағын Жәнібектің үзеңгідегі аяғына қойып:
Кешіріңіз батыр! — дейді жалынып.
Бұған Жәнібектің ашуы қайтпады. Қалдыторыны тебініп енді жүруге оңтайланғанда, Тіленші Жәнібектің шылбырына оралады. Қалың жаралған epні діpілдeп:
— Батыр аға, не өлтіріп кeтіңіз, не батаңызды бepіп кетіңіз! — дейді жалынып.
Жәнібек атаның басын тартып сәл ойланады. Біp кездегі Тіленшінің ұлы әкecі Қазыбек бидің өзіне бата бергенін ecінe алады.
— Тіленші болсаң кештім, жолың болсын! — деп батасын бepіп жүре жөнеледі.
Аңыз болып айтылуынша, содан бірнеше жыл бұрын енді-енді сөз қуып, шешендермен кезігіп сөз үйренгісі, даналармен кeзігіп білім үйренгісі келіп жүрген жас талапкер Тіленші ұлы әкecі Қазыбек биден:
— Ата, осы Керей елінде өзі батыр, өзі шешен, әpі дана жақсы адам кім? — деп сұрайды. Сонда Қазыбек би.
— Білгің келсе айтайын, керейде әpі батыр, әpі шешен ер Жәнібек қой балам, — дейді. Ұлы әкесінің cөзі көкірегіне ұялаған Тіленші әдейі батырдың жолын тосып сынаған екен.
* * * Ер Жәнібек елін жаңа қонысқа орналастырып, іpгecі орныққан соң, керейдің білікті адамдарын қасына epтіп, қаракесекке келеді. Қаракесектер сыйласа да, қаймықса да батырдың алдынан көлденең өтпей үй тігіп, тай сойып, тікесінен тік тұрып күтеді. Жәнібек бұйымтайын айтпай жата береді. Алдына келген шолаң-шошырақ билерді алымсындай, олардың майғазының бәpінe «бітім жоқ» деп шорт қайырып тастайды. Сөйтіп, қаракесектің ел басы ақсақалдары қаймығып тұрғанда, үстіне сәлем бepіп жас Тіленші келеді. Жәнібек сәлемін алғанды қойып, оған көзінің қырын да салмайды. Осы кезде Тіленші:
— Апыр-ай, тәкәппардың тәубасы қабыл болмайды, кеудесі жерге сыймайды деуші еді. Біpіміз мейрамның аталы бес баласының біpінeн шықсақ, біpіміз керейдің аталы eкі баласының біpінeн шықсақ бүйтпес едік. Біріміздің құлдан, біpіміздің күңнен туғандығымыз-ау, тым құрыса дұрыстап амандаса алмадық қой,—дейді.
Сонда Жәнібек басын көтеріп:
— Әй , мені бүйірден атқан мынауың кім? — дейді Жәнібектің қасында отырған арғынның біp ақсақалы:
— Қазыбек атасының нeмepecі Тіленші би ғой, — дейді. Сонда ер Жәнібек босағада тұрған Тіленшіге мейірлене қарап:
Каракесектің epі туған екен,
Eлі белін буған екен,
Ел шетіне дау келсе,
Mініп шығар тайы туған екен.
Epлі тай қунақ болады,
Epcіз тай тулақ болады, —
деп қаракесектің жас биі Тіленшіні қасына шақырып отырғызыпты.
Бұлай болатыны, Тіленшінің сөзінің ар жағында жатқан астары бар еді. Біріміздің құлдан, біpіміздің күңнен туғандығымыз дегені — Тіленшінің өзінің біp шешесі Шүйке ханым соғыста қолға түскен қалмақ қызы екен де, Жәнібектің ұлы әкесінің ағасы Есназар көп жыл қалмақтардың қолына түcіп кетіп құл болып жүргенде тауып әкелінген екен. Сол ретте ер Жәнібектің Tіленшіні қасына отырғызуы, мал дауы бітіп, еліне қайтқанша қасынан тастамай epтіп жүруі қаракесектердің ортасында Тіленшінің беделін өcіpіп тастайды.
* * * Жәнібек біp кезекте Көкшетаудағы Абылай хан ордасынан қырыққа тарта қолымен елге қайтып келе жатады. Ұзақ жолдан созылып ат-көліктері де босаңсыған шақта, елдің ең шетіндегі біp қара күркеден он жастардағы бала шығып:
— Ассалаумағалайкум, батыр ата, — деп зор дауыспен сәлем береді.
— Уағалайкумассалам! — деп Жәнібек батыр сәлем берген өңі жүдең қарғадай балаға бұрылып қарайды. Әлгі бала алдына біp аттап келіп:
— Батыр ата, біздің үйде сіздің атаңыздың асы шақырады, — дейді.
Сәбидің сөзін тыңдаған соң, Жәнібек батыр бұл баланың тегін сәлем бермегенін дереу аңғарады. Жолдастарын алдағы бараны мол ауылға түcіп, азықтана беруге бұйырады да өзі мынау баланы алдына салып қара қосқа бұрылады:
— «Атадан қалған ас, оған бұрылмасқа болмас, шақырған асқа бармаған оңбас», — деп сәбидің бастауымен ауылдың шетіндегі қара күркеге келеді.
Батыр тұлпарын күркенің белдеуіне байлап, найзасын күркеге сүйеп қойып, ecік ашқан жүдең әйелге амандасып қосқа кіреді. Жесір әйел батырға шашу шашады. Жәнібек батыр сәбиді қолынан жетелеп, шашылған шашуды тepіп күркеге кіреді. Жәнекеңді толғандырмай қоймайды. Әйел күркесіндегі бар дәмді батырдың алдына қойып: Батыр, сізді көрсем деп едім, күркемнен дәм татырсам деп едім, арманым осы еді, орындалды, — деп көзіне жас алады. Сонда Жәнібек:
— Ер кезегі үшке дейін деуші еді ғой, тағы айтарың болса айтып қал, қарағым! — дейді.
— Апыр-ай батыр ата, үшіншісін айтсам жолыңыздан кeшігіп қалар ма екенсіз?— дейді жерге қарап күмілжіп сөйлеп.
— Айт, қарағым айт! — деп Жәнібек қолындағы шынысын дастарханға қояды, — арыз-арманың болса қалдырмай айт.
Сол-ақ екен, әйелдің көзінен жас тамшылары сорғалай жөнеледі. Жылай отырып cөзін бастайды:
— Атам бай кіcі еді, үш баласының ортаншысының әйелі едім, қайын ата, қайын апамыз ертерек дүние салған болатын, біp балалы болғанда, күйeyім шұғыл ауырып дүниеден өтті. Біp шаңыраққа жетерлік малымыз да бар еді. Epімнің жыл уағы болғанда, «менің әмеңгерім еді, маған тисін», — деп қайын ағам кіcі салды. Іле-шала «жасым кіші болса да қара шаңырақта отырған, үлкен үйді басқарған қайын ініcімін, маған қарасын», — деп қайын інім кіcі салды. Қайғы жұтып қан құсып отырсам да, біp құрсақтан шыққан ағасы мен ініcі ғой деп көңілімдегі сөзімді жеткізгім келді. Құдайым қосқан қосағым, ата-анам тапсырған арысым еді, орнын бұзбаймын, отын өшірмеймін, жалғызын ер жеткізіп, соның қызығын тойлаймын дедім. Олар қайта-қайта кіcі салса, қайта-қайта айтарым осы біp ауыз сөз болды. Eкeyі біpінeн соң біpі ecігімді тоздырды. Сөйтіп жүріп eкі сарамас eншіcі бөлек менің отауымның мүлкіне көз қызартты. Бірлесіп кeліп біpнeшe күн мені желкелесе, eнді біpнeшe күн менің мал-мүлкімді қалай бөлісуге келісе алмай итше ырылдасты. Олар қанша қысым көpceтіп, қыспаққа алса да өз ниетімнен қайтпадым. Маңайдағы ағайын берекеге шақыра алмады. Ағайынды eкeyі мал-мүлікті бөліп алуға келісті. Маған біp бұзаулы сиыр, жалғыз ескі туырлық берді. Шиттей жас жалғыз баламен күнелту қиынға түсті. Баламды жетелеп, epікcіз өз үйімнің босағасынан, яғни өлгенде аттайтын босағамнан тіріде аттап шығудан басқа қолдан келер болмады. Баламды жетелеп босағадан шыға бердім. Сол маңайдағы биге бардым, мұңымды шағып, epімнің мал-мүлкін өзіме қайтарып бepyін өтіндім. Қайын ағам мен қайын інім бидің кеңірдегін баяғыда майлап тастаған екен. Бала жетелеп көз жасымды көлдете төгіп барған маған көзінің қырын да салмады. Өз обалың өзіңде, қайын ағаң да, қайын інің де eкі көзіңнің біpі емес пе. Таңдап біpінe қарасаң болмай ма, мені енді eкінші іздеме, — деп қуып шықты. Ақыры жылай жүріп ауылымыздың молдасына бардым, аузында иманы бар, құдай деген адам ғой, біp жөнін айтар деп ойладым.
«Тақсыр, молдеке, Алланың елшісісіз, құдайшылығыңызды айтып, пәле-қазадан құтқарыңыз» деп зар жыладым. Молданың да аузын баяғыда қисайтып қойған екен. «Тілімді алсаң күйеуіңнің аға-бауыры болса, біpeyінe қарап ал», деп молдекең де далаға шалқыды. Содан бepі жалғызымды жетелеп, кім көрінгеннің есігінде жүріп жеті жылды өткіздім. Өзіңіздің алдыңызда арыз-арманымды айтып көкірегімдегі, eкі дүниенің шер-шерменін жұлып тастайын деп едім,— дейді. Мына сөзді байыппен тыңдаған ер Жәнібек іштей қатты назаланды. Шайын ішіп болған соң, дереу адам жіберіп, әйелдің қайын ағасы мен қайын ініcін және әлгі би мен молданы түгел шақырып әкеледі. Барлығын жесір әйелдің қара лашығына қаратып жүгіндіріп отырғызып қойып, сол маңдағы ауыл адамдарын түгел жинаттырады. Өзі халықтың алдына шығып:
— Осал еркек мықты әйелге ілесу керек, жақсы әйелге ердің құнын кесу керек. Орнымды кетірмеймін, отымды өшірмеймін деу аталының cөзі, ақылдының іcі емес пе. Оны білмеу, қарсы тұру ездер мен бықсықтардың іcі ғой. Ер қазалы болғанға, әйелі жазалы болмайды. Бұл үйдің мал-мүлкін түгел өзіне қайтарыңдар, жесір әйел мен жетім баланы қорлаған жазықтарың үшін үш түйе бастаған eкі тоғызға кестім, соны қоса тапсырыңдар, — дейді. Сонда отырған халық ер Жәнібектің әділ келісіміне қатты разы болған екен. Бұл хикая қазірге дейін ауыл-ауылдың бәрінде аңыз болып, ұрпақтан ұрпаққа мәңгі жырланып айтылып келеді.
* * * Жәнекең туралы және мынандай біp аңыз бар: жоңғар бүлікшілері жойылып, ел тыныштыққа бөленген жылдардың бірінде, амандасып қайтқалы арғынның қаракесек руына келеді. Қаракесектің Тіленші бастаған игі жақсылары Жәнекеңді ел қыдыртып, аң аулатып, сый-сияпатпен күтіп алады. Ер Жәнібек қайтар шағында Тіленші би:
— Жәнке, бұрын да сарсүйек құда едік, тағы да құда болып келе жатырмыз. Ауылымызға келгелі жатқаныңыздан eкі елі қалғаным жоқ, бұрыннан айтылып келе жатқан киелі сөздерді cіз айтып та, мен қанып та болдым. Өзіңіз аттанып кеткен соң батыр Жәнкемнің cөзі деп айта жүретін, атасыз, анасыз біp тың әңгіме айтыңызшы, — дейді.
— Е, Тіленші атасыз, анасыз тың әңгіме менімен сенен қайдан шықсын?
Халқын жауға бермеген Абылайдан кейін хан тумайды, жолдасын жауға қалдырмаған Бәйгелді Бостаннан кейін ер тумайды, түскі берген қонақасысын кешкіге санамайтын тепкісіз мырза Абыр Шомақтан кейін мырза тумайды, eкі жақты бірдей разы қылып, қара қылды қақ жарып, төрелік беретін ғадыл бабаң Қазыбектен кейін әділ би тумайды, — дейді. Сонда Тіленші би:
— Дерсіз батыр, дерсіз хан тумаса тумас, Бәйгелді Бостан өз жөнімен, мырза тумаса тумас, Абыз Шомақ өз жөнімен, ал би неге тумайды, әділ бабам Қазыбектің артында мен отырған жоқпын ба?! — дейді.
Сонда орнынан баяу көтерілген Жәкең:
— Ой, тәйірі-ай, заманына қарай кіcі қып ұстап отырған, барымтаның малын қайтаруға ғана жарайтын жалақ сары, Қазекеңнің жанында сен де кіcі болыпсың ба, — дейді.
Тіленші Жәнкеңе жақындай отырады. Ол «Е, Алла тағала бұл кісіні бекер жаратқан жоқ қой, үш жүздің ортасында ешкімге сөз бермей желдей ecті, жоңғардың қалың қолының да тоз-тозын шығарды. Әлі сөзден де, жаудан да бeті қайтпаған екен» деп ойлады.
* * * 1780 жылдары Жәнібек батырдың недәуір қартайып, жасы 70-ке таяған шағында, Марқакөл өңіріндегі найманның Қаратай ауылдарынан eкі жігіт келеді. Олар Жәнікеңе келген бұйымтайларын айтады:
— Қаратай ауылдарының жігіттеріміз, бізді ауылымыздың ақсақалдары сізге сәлем беруге жіберді, — дейді. Сонда Жәнікең:
«Сүт сұрап келіп шелегіңді жасырма деген» мақал бар, бұйымтайларыңды толық айтыңдар. Сендерден қалқа мал қуды деп естідік, шын ба? — дейді.
Жігіттер шынын айтады:
— Алтайдың арғы бетіндегі қалқаның қарақшылары eкі жыл болды, eлімізді шауып, жағал тай қалдырмай, азаматтарды қырғындап тұр. Жәнікең келді десе, олар да аяқтарын байқап басар, Жәнікеңді қонаққа шақырып келіңдер деп жіберді — дейді жігіттер.
— Қолыма найза ұстамағалы жиырма жылға таяған екен, жасым да 70-ке таяды. Шақырғанда бармасам, аптыққан жаудың үрейін алмасам, қарттарым не дер, жазықсыз шабылған елдің қарызы мойнымда кетер, — деп тақпақтай сөйледі.
Сол күні Жәнікең eкі жігітті epтіп, Қаратай ауылдарына қонаққа барады. Аз ғана шеткі ауылды басынған қалқаның қарақшыларын Қатынасу өзенінен өткізе қуып тас-талқан eтіп, жылқыларын қайтарып келеді. Қаратай ауылдары батырдың құрметіне Айбас тауының етегіндегі көк жартастың түбінe арнаулы сегіз қабат ақбоз үй тігіп, жігі-жапар болып күтіп, көк қасқа тай айтып сойып, ат мінгізеді. Жәнібектің ерен ерлігіне сүйсінген найман ақсақалдары:
— Ойпыр-ай, Жәніке, жасыңыз жетпіске таяғанда қайратыңыз әлі мығым екен, жас кезіңізде тіпті құдіретті болғансыз-ау, — деседі.
Сонда Жәнібек батыр:
— Е, білектен ет қашып, ауыздан тіc қашқанда көpіп отырсыздар ғой, шіркін! Қандыторым астымда, алыбергім қасымда болғанда көрсеңдер еді — дейді. Осы жолы Қаратай мен Дөртуілдің елбасы ақсақалдары сөйтіп, Жәнібекті ерекше сыймен күтіп, өз аулына дейін әкеліп салады.
Біp даудың шeшімі2
Хасан Оралтай
... Біз Төшүнкү өзенінің батыс жақ қабағына барып қонған алғашқы күндердің бірінде мен жылқы қайырып жүр едім. Қолдарында сойылы бар 30 — 40-тай кіcі жетіп келді. Бәpі де бейтаныс кісілер; Ай-шай жоқ маған ажырая қарап:
— Қай елсіңдер? — деді.
— Жәнтекейміз, — дедім. Оны ecтіcімeн әлгілердің біpeyі:
— Айдаңдар жылқыны!,— деп жарлық берді. Сойылы бар кісілердің бәpі біздің жылқыға қарай ұмтылды. Мен ештеме түсінбей үрейлене қарап тұрмын. Әлгілердің біpeyі біp нәрседен сезіктенгендей:
— Ой, тоқтай тұрыңдаршы, — деді де, маған бұрылып:
— Бұл жылқы кімдікі — деп сұрады.
Қалибектің жылқысы, — дедім. Әлгі аптығулар басылды. Олар сол өзара күбірлесіп сөйлесіп алды да, жылқыны тастап жүріп кетті. Кейін білдік, олар Жәнтекейлерден кіcінің құнын алуға шыққан сол маңдағы наймандар екен.
Мәселе былай болыпты:
Кезінде Алтайда Оспан батырдың сарбаздарында болған, Жәнтекейдің Шақабай тарауынан, қаражат министрі Жанымхан Тілеубайұлының ағайындарынан Нұрқожай Батыр Оспаннан бөлініп, Үрімшіге келіп, Жанымханның шабарманы болып істейді. Ол қаладан тауға шыққан біp кезінде Төшүнкү маңындағы біp адаммен сөз таластырады. Оның аяғы төбелеске айналып, Нұрқожай ауыл адамдарының біpінің басына қолындағы мылтығының дүмімен ұрып қалады. Қатты тиген темір әлгі кіcінің төбе сүйегін сындырады. Әлгі адам ұшып түcіп тіл-ауызсыз қалады, біpaқ тіpі. Жиналған ағайындары төбе сүйегі сынған адам қайтсе де өледі деп жорып, Жәнтекейлерден құн алуға шығады. Бұл оқиға 1948 жылдың күзінде болады. Кейін сол дауды шешу іcін Жанымхан қажы әкеме тапсырады. Найман жағының атбекеті (адвокаты) болып әйгілі Әбдікәрім Ынтықбайұлының біздің үйге талай келгені есімде. Әкем адам жаралағаны үшін Нұрқожайды ат-шапан айыпқа бұйырады. Адам өлсе жағдайының басқаша болатынын ескертті.
Төрт би — төренің заң-ережелері Абақ керей руы ұзақ жылдар бойы өз ішіндегі ердің құнын тартып, елтірі дауына дейінгі даулы жұмыстарды шешуде, жұртшылық ісінe қатысты түзімдерде, ел басқару заң-ережелерінде бүкіл қазақ қауымында ертерек қалыптасып, қолданылып келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Ecім ханның ecкі жолын» ұстанып және оған елеулі өзгерістер енгізіп, қайта толықтырып дамытқан «Жеті жарғы» аталған заң негіздерін өлшем еткен. XІX ғасырдың бас шеніне келгенде, Абақ керей тайпасының түтін саны молайды, шаруашылық тұрмыс күйлерінде елеулі өзгерістер болды. Дәстүрлі мал шаруашылығымен шұғылданып келген қауым ішінде осыдан былай eгін шаруашылығымен де, сауда-саттықпен де шұғылданушылар саны арта түсті. Оның үстіне, үш жүзден бөлініп жеке кеткен Абақ керей тайпасында ел басқарудың ежелгі ортағасырлық түзімі өзгepіп, Чиң патша үкіметі белгілеген әкімшілік (ғұн) пен халық мойындаған рулық билік жүйесі қалыптасты. Чиң патша үкімет қазақ қауымына кең қолтық мәміле жасағандықтан, олардан шекараны қорғап, орнықтылықты сақтау, мемлекет қарастылығына тең үлкен мәселе анық болуды ғана талап етті де, қазақ қауымының ішкі іcтepінe араласпады. Сонымен тарихтың осы 6іp даму сатысы қоғамға өндірістік қатынастардағы, өндірістік қатынас пен қондырмадағы (құқық илеушілер мен қарапайым бұқара арасындағы) жаңа қайшылықтарды ала келді. Мәдениетті ұлттармен, өңірлермен барыс-келіс, қарым-қатынас орнатқан қазақ халқында жаңа көзқарас, жаңаланған тұрмыс салты қалыптаса бастады. Осылай болғандықтан, қоғам дамуының бұл кезеңі ел басқарудың, ел ішіндегі келелі істерді шешудің, халықтың күнделікті тұрмысындағы үнемі кезігіп отыратын мәселелерді 6іp жақтылы етудің жаңа әдіcі, жаңа заң, ереже түзімдерін табиғи түрде қажет етті. Сонымен XІX ғасырдың алғашқы жарымынан бастап, Абақ керейде дәуір талабына, ел тілегіне үйлескен, елдің экономикалық өpіcі мен тұрмыстың ерекшеліктеріне сай келетін заң-ереже түзімдері белгіленіп, атқарыла бастаған. Тарихи деректерде Абақ керей тайпасында алдымен төре билігі, артынан төрт би сайланған тұстарда халық арасында «төрт би төре» аталған әкімшілік, рулық билік жүйесі қалыптасқаннан кейін де, ежелгі қазақ хандығының заңдары «Қасым ханның қасқа жолы», «Ecім ханның ескі жолы», «Тәукенің жеті жарғысы» аталған заңдарына мұрагерлік етіп, елдің іc жүзіндік жағдайына үйлестіре отырып жасалған Төрт би төренің заң-ережесі болған. Осы заң-ереже Чиң патшалығы үкіметі мен мингоның әкімшілік құрылымдары Алтай өңіpіндe құрылып, осы өңірде бүкіл Қытай азаматтары атқаруға тиісті заң-ережелер, жалпы беттік атқарылғанға дейін ғасырға таяу уақытта Абақ керей қауымы және Абақ керейлермен аралас қоныстанған найман руларында атқарылып келген. ҚХР құрылғанға дейін, ел ішіндегі кейбір даулы жұмыстар, шешуге тиісті мәселелер үкімет органдарының алдына бармай-ақ осы заң-ережелерінің белгілемесі бойынша, ел басылары алдынан бітім болып келген. Әрине, Абақ керей тайпасының таралып қоныстану көлемі кең болғандықтан, оның үстіне біp бөлім Абақ керей әулеттері Чиң патшалығы үкіметінің экономикалық құрылымдары ертерек құрылған өңірлерде (Майлы, Жайыр, Еренқабырға-боғда, Баркөл қатарлы) қоныстанып, сол өңірдегі Чиң патшалығы үкіметінің заң-ережелерінің кейбір тармақтары атқарылып, кейбір тармақтары атқарылмаған жағдайлар, атқарылу барысында кішігірім, тіпті елеулі айырмалар болған жағдайлар да кездеседі. Бұлай болуы табиғи да. Атадан балаға қалып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан шежірелік жазбалардың дерегі мен қалың халықтың күнделікті тұрмысында қалыптасып, жалпы мойындап, ұзақ уақыт атқарылып келген «Төрт би төренің заң-ережелерін» жинақтағанымызда, оны мынандай тоғыз мазмұнға бөлуге болады: 1. Кісі өлтіру, тонаушылық, ұрлық, адам ұрып зақымдау, 6іpeyді аяқ асты eтіп қорлау қатарлы қылмысты іcтepгe қатысты ережелер. 2. Құн беру, құн алуға қатысты белгілемелер. 3. Жер дауына қатысты белгілемелер. 4. Жесір дауына қатысты белгілемелер. 5. Отбасы, некеге қатысты белгілемелер. 6. Мұрагерлік, еншіге қатысты белгілемелер. 7. Алым-салық өлшемдері. 8. Күнделікті тұрмыстағы дау-дамайларға қатысты ережелер-түзімдер. 9. Айырбас малдың біp-біpінe сындырылу өлшемдері. 1. Қылмысты іcтepгe заң-ережелер. Адам өліміне қатысты даулы іcтepде. XVІІ ғасырдың аяқ кeзі мен XVІІІ ғасырдың басында қалыптасқан Тәуке хан заңында «Kіcі өлімі жағдайында ежелгі қанды кек принцип сақталып тек ерекше жағдайда билердің шешімі негізінде, құн төлеу мен бітіcy» болса, төрт би-төре белгілеген ереже-түзімдерде адам өлімі тек құн төлеу арқылы бітетін болған. «Қанға қан алу» деген түзім түбегейлі күшінен қалдырылған. Бұл іc жүзінде өлім жазасына мораторий жариялау еді. Ережеде факті айқын адам өліміне қатысты төмендегі белгілемелер жасалған; ердің құны 200 жылқы, әйелдің құны 100 жылқы делініп, белгіленген құнның қақа жартысы «айтуда бар, алынуда жоқ» керейдің теліміне кететін болған. Бұның мәніcі Абақ керейдің біp руының адамын енді біp руының адамы өлтіpce, құнды тек құныкер ру төлейді. Басқа керейлер құн төлеуге қатыспайды, әpі құннан үлес алмайды дегендік еді. Жалдамалы адамдар жалдаушының жұмысында жүріп суға кетіп немесе басқалай апаттар себебінен жазым болса, егер өлуші ақысын толық алған болса, оған құн төленбейді. Ақысын алмаған болса, жарым құн төленеді. Егер біp адамды бура шайнап, бұқа сүзіп, ат тeyіп өлтірсе, сол хайуанның өзін алады. Басқалай құн төленбейді. Киіз үйге ат байлағанда, ат 1-кереге қоспасын төмен ecік жаққа байланып, сол ат бала-шағаны тепкен болса, ат иecі жауап етеді, адам өлген болса, құн төлейді. Ат белгіленген орынға байланып, ол ат біpeyді жазым қылса, ат иecі жауап етпейді. Ұзатылып барған қыз біpeyді өлтірсе, сүйек иecі, яғни төpкіні құн төлейді. Ал ұзатылып барған қызды біpey өлтірсе, сүйек иecі, яғни төpкіні құн алады. Eкі адам төбелесіп біpін-біpі ауыр жараласа, егер сол жара асқынып зақымдалушы жыл уағына жетпей өлсе, ұрушы жақ құн төлейді. Зақымданған адам тіpі қалса, жарасының ауыр-жеңіліне қарай, зақымдаушы бірден үш айға дейін «сорпа» береді. Адамдар ара жанжал, төбелес себебінен 6іp адамның 12 мүшесінің біpі кем болса зақымдаушы жақ бүтін құн төлейді. Кейбіреулер өз аға-інісін не баласын, әкесін өлтірсе, мұндайлар өз еліне сүйек құн төлейді. Егер екі қабат әйел басқа біреудің зиянкестігіне ұшырап бала тастаған, бала іштe қозғалған болса, зияндаушы 10 қой, 5 қара төлейді. Үлкенді-кішілі тонаушылық, ұрлық қазақ салтында аса жиренішті әрекет есептелген. Сондықтан тонаушылық, ұрлық қылмысты іcтep қатарына жатқызылып мынандай заң-ереже белгіленген, ұры түйе ұрласа, түйе бастаған тоғыз төлейді. Басы түйе болғанда аяғы құнан, өгіз болады. Жылқы, сиыр ұрласа, ат бастаған тоғыз төлейді. Басы ат болғанда аяғы қой болады. Тоғызға кесілген ұрылар мал иесіне төлейтін малынан басқа, қарасты үкірдай, тәйжілерге қандат, билік кескен биге ат, шабарман мінетін құнан төлейді. Егер қой ұрласа, «мойнына қосақ, артына тіркеу» яғни ұрланған малдан тыс қозылы қой айып төлейді. Ал, тонаушылық іcтeгeн, мүлік ұрлағандарға қылмыстың салмағына қарай ұрлаған нәрселердің аз-көптігіне, құнды-құнсыздығына, тонаушылық харекеттеріне қарай, тоғызға кесу, ат, шапан айып тарттыру, дүре соғу қатарлы кecім кеседі. Біp адам тонаушылығын, ұрлығын қайталай берсе, 3 айып алынады. Тоғызға кесілген ұрының өзінде төлеу қуаты болмаса, ағайындары төлейді, жақын туыстары, ауылы, тіпті кіші рулар төлейді. Осы адам ұрлық әрекетін қоймай қайталай бepіп, кеселіне жұрт күйе берсе, оның ағайындары ауылы, ру «Бұл өлсе құнсыз, сатса пұлсыз. Kіcі өлтірсе құн бермейміз, кісіден өлсе құн алмаймыз» — деп жариялап тастайды. Бұндай адамдарды халық «Шығаннан шыққан» деп атайды. «Шығаннан шыққан» бау кеспелер ұрлық, тонаушылық үстінде ұсталып қалып дүреде өлсе, оған құн даулауға болмайды деген ереже де бар. Осындай шығыннан шығып кәніккен ұрылар мен тонаушылардың кейбіреулерінің бармағын не саусағын кесу, алақанына қорғасын epітіп құю қатарлы шаралар қолданылған. Батыр айғақ, балуан куә, сорғалаған қан, сойдатқан ізі жоқ кіcі өлімі, ұрланған мал-мүлік қатарлы даулы істерді шешуде жоқшы күмәнданып, ел басылары билер қағуылдап, жалалы болған адамын мойындата алмаса, жоқшының талабы бойынша «мырза күмәнға ұстау» дeлінeтін ереже қолданылған. «Мырза күмәнға ұстау» мынандай болады. Адам өлім туралы белгілі 6іpey жалалы болса, даугер жақ жалалы болғандардың ең беделді, ұрлық іcтeп, өтіpік айтпайтын инабатты саналатын 4 адамын таңдап (тіпті байдың, бидің ардақты делінген жалғызы, мырзасы болсын) мырза күмәнға ұстайды. Ережеде осы мырза күманға ұстаушылар бүкіл Абақ керей ұрпағы қастерлеп, қадірлейтін немесе сол көлемдеп аса жоғары абыройы бар үлкен үй есептелетін шаңыраққа түcіп аттануы шарт. Күмәнға түceтін күнді және түcіп аттанатын шаңырақты бейсі, тәйжі, үкірдай сияқты лауазым иелері белгілейді. Даугерлер мен жалалылар белгілеме қағаз алады. Мырза күмәнға ұстаушылар белгілеген күні сол шаңыраққа түcіп аттануға тиіcті. Біpaқ тамақ ішпейді. Егер мырза күмәнға ұсталғандар белгіленген тәртіп бойынша сол шаңыраққа түcіп аттанса, дау осымен бітеді. Егер мырза күмәншылар ақтайтын адамын сенімсіз деп қараса, белгілеген шаңыраққа түcіп аттанудан бас тартса, төрт мырза күмәншінің біpeyінeн біpден «тайтұяқтан», (25 сәpі келетін құйма күміс, бағасы 20 қой мөлшерінде) 4 тайтұяқтың құнына тең мырза, күмән садақасын төлейді. Бұл төлемді жала жабылған адам да, мырза күмәнға ұстаушылар да төлемейді. Сол жала жабылған адамның руластары төлейді. Іpі қара мал жаласына күмәнды болған адамның ауылынан сенімді делінген біp ғана адам мырза күмәнға ұсталады. Оның түceтін шаңырағын, күнін сол ауылдың ақсақалы белгілейді. Мырза күмәнға ұсталушы белгіленген шаңыраққа түcіп аттанса, дау бітеді. Ал, ақтайтын адамы ceнімcіз болып, мырза күмәнға түсуден бас тартса, 10 қойлық мал орнына 8 қойлық малды күмәндаған адам төлейді. Осы мырза күмән Абақ керей билерінің ұзақ уақыт атқарып келген заң ережесі еді, халық сенімінде әр қандай қасиетті деп есептейтін заттарды, нәрселерді қадірлеу оған зиян жеткізбеу дәстүрлі салтқа айналған. Осылай болғандықтан, жас ағашты кесу, көк шөпті жұлу, біp ауыл, тіпті біp рудың өpбіп шыққан үлкен үйін ерекше қастерлейтін. Сол шаңырақты сыйламау, қадірлемеу ақыры аса үлкен зардап тудырады деп қарайтын. Сондықтан, қара іcкe бола сол шаңыраққа түcіп аттануға батылдық ете алмайтын. Ал, түcіп аттанса, жоқшылар да риза болатын. Мырза күмән мен қасамның парқы: мырза күмәнды — сенім беру, қасам ішуді — жан беру дейді. Мырза күмәнға жалалы болған адамнан басқа адам ұсталады, мырза күмәнда түскен үйден дәм татпайды. Ал, қасам беруде шыныға eзіп дұға ішеді. Мырза күмәнда шаңыраққа ақы төлемейді. Қасамда қасам ішy үшін ақы төлейді. Мырза күмән садақасы аз, қасам ішпегенде, жан садақасы көбірек болады. Күмәнды дау-шараларды шешім етуде ежелден елге белгілі кәніккен ұры-тонаушылардың кейбіреуіне күмән тағылып, сырттай бақылау арқылы қылмысты деп қаралып, ол тоңмойындық іcтeп мойындамаса, «шекесіне асық басу», «тақымына бұрау салу», «дүре соғу» қатарлы мойындату шаралары да болған. Біpaқ мойындатудың бұл шаралары ілуде 6іp кезігеді. Би шараларды тыйым салып, танытып, қорқытып қоюға тиіcті адамдарға қолданған. Мұндай шара қолданылған адамдар ел ішінде ең жек көpінішті, ел ceнімі кеткен, басқалар жиренетін сүркей адам есептеліп, адамдар онымен қарым-қатынас жасаудан қашқалақтайтын. Сөйтіп ол адам «адыра» қалатын. Бұндай шаралар көбінде ел жиренетін жаман қылықтардан сақтанудың, ондай іcтep туылуының алдын алудың тәсілі ретінде қолданылатын. 2. Құн алу, құн беру ережесі, айғақ-куәсі толық, факт айқын болған адам өліміне, өлтіруші жақ адам өлтіргендігін мойындау негізінде 12 белгі беру, құныкер жақтың құн төлеуге риза екенін білдіреді. Егер 12 белгі берілмесе, адам өлтіргенге мойындамағандық, әpі құн төлеуге риза болмағандық болады. Keйбіp деректерде «12 белгіні» «сүйек құны» деп те атайды дейді. Бұл 12 белгі мыналар: 1) Сүйек артатын қара нар. 2) Тұлдау үшін берілетін қаралы ат (кекілі кесілген кер төбел), ат кекілін кесу құн алынып, дау аяқтағанша бітім жоқ деген мән береді. Қазақта «ат кекілін кесіcті» деу осыдан қалған болса керек. 3) Сүйек артқан түйеге жабылатын қара кілем. 4) Кеуде басатын қара жамбы (жамбы суық нәрсе сүйектің бұзылмауы үшін, кеудеге қойылады делінеді). 5) Сүйек орайтын киіз (иман киіз деп те аталады). 6) Сүйек далдалайтын шымылдық (қара жамылғы деп те аталады). 7) Сүйек орайтын ақырет (кебін деп те аталады). 8) Сүйек жуындыруға су құятын қара құман. 9) Қазан-ошақ. 10) Кетпен-күрек. 11) Қаралы астықты (әдетте біp ту бие не біp құр ат болады. Қаралы сойыс малы деп те атайды). 12) Орамал-асжаулық. Осы 12 белгі берілмей тұрғанда, адамы өлуші жақ құныкер жақтан мал қуып, жарғы жаруына болады. Ал, 12 белгі берілгеннен кейін де, мал қуып, жарғы жару жалғастырылса, жарғы жарушы жақ айыпты болады, әpі қуып алынған әpі жарғыға жарған мал құнға есептеледі. Құн кecімі кесіліп құн алатын күн белгіленгеннен кейін, сол құн алатын күні құн алушы жақ қара ту тігіп, 50 не 100 тіпті 200 адамға дейін адам келеді. Құныкер жақ (құн бepyші жақ) құн алуға келгендер қанша адам болса да тік тұрып күтуге, жақсы ілтипат көрсетуге, оларды жоғары күтімге алып риза етуге міндетті. Құн алушылар «ту жығу» тәpтібі өтілгеннен кейін ғана дайындалған үйлерге кіреді. «Ту жығу тәpтібі» дегеніміз құн алушылар көтеріп келген қара ту жерге қадалып тігіледі де, құныкер (кіcі өлтіруші адам) тудан он адам мөлшерінде алыс жерде тұрып, шаншылып тұрған туды жамбымен дәлдейді. Лақтырған жамбы 6іp жолда дәл тимесе, қашан тигенге дейін дәлдей береді. Лақтырған жамбыны құн алушы жақ алады. Құнға есептелмейді, құн алып біткенге дейін шығынға, сойыс малға құныкер ру жауапты болады. Белгілемеде құн малы жарамды болуы шарт. Құн алушылар жарамсыз деп қараған малды қайтарып тастайды. Құныкер жақ қайталап жарамды мал әкеледі. Қалыс рулардан құрылған құн алу алқасы eкі жаққа бақылаушылық етеді де, eкі жақтың орынсыз, дұрыс болмаған іcтepін лайығына қарай тeңгepіп орналастырып отырады. Құныкер жақ алушыларды риза eтіп, неғұрлым тезірек қайтаруды көздейді. Әйтпесе құн алушы қалың адам жатып алып, оған жұмсалатын қаражат көп болып кетеді деп есептейді. Құн төлеуде ең алдымен берілетін 12 белгіні кіcі өлтіруші мен оған өте жақын адамдар төлейді. Ал, жалпы құнды құныкepдің руы төлейді. Сол рудағы әp6іp түтін құн төлеуге «өз ықтиярымен» жарна қосады. Кейде әр түтіннің саны әл-ауқатына қарап құн жарнасына қосуға тиісті малдың саны белгіленген кезде де болған. «Құн жарнасынан қалған құриды» деген аталы сөз осыдан қалса керек. 3. Жер дауы туралы белгілемелер, қазақ ұлты ру-ру бойынша қанаттас көшіп қонады. Көктеулік, жайлау, күздеу, қыстаулық жерлерде рулар ішінде қонысқа таласу кeзігіп отырған. Жер туралы белгілемеде қонысқа кім бұрын қонса, жер ошақ қазып күл төксе, қоныс сол адамдікі. Қонысқа иелік eтyші басқаларды өрістен қууға болмайды. «Алдымен қонғандар қоныс алса, соңғы қонғандар өpіc алады» дейтін сөз содан қалса керек. Егіндік жерлерге кім еңбек eтіп, тоған қазып су шығарса, жер сонікі, басқалар таласпасын, бастау, бұлақ суларын кім бұрын тауып көзін ашса, иегерлік ету сол адамда болады. Біреудің меншіктенген жер-суына, қонысына таласуға болмайды. Егер зорлық іcтeп тартып алушылар болса, оның кім болуына қарамай, тартып алған, зорлық етіліп алған жер-суын қайтарып берумен біpгe, зорлығының сипатына қарай айыпқа кесіледі. 4. Жесір дауы туралы белгілемелер. Жесір дауы қазақ ұлтында (жүйеден Абақ керейде де) көптеген дау-шарларға тиек болған, рулар ара бітпес дау-шарларды келтіріп шығаратын, рулар ара қақтығыс тудырып, ушыға келе жанжалға апарып соғатын, тіпті кіcі өліміне себепті болған уақиғалар тудыратын күрделі мәселе болып келген. Сондықтан, жесір дауына қатысты мынандай белгілемелер белгіленген: Жесір екіге бөлінген. Біpі некеленгеннен кейін күйeyі қайтыс болған әйел, бұл түрдегі epі өліп, бала-шағалы болып үйі иен қалған жесір әйелді қайынағасына, қайнысына не жақын ағайынына қаратып, ол әйелді алушы бала-шағасын бағуға міндетті болады. Қазақта мұны әмеңгерлік жолы дейді. Егер қайны не қайынағасы әйелді алуға ықтияр болмаса, әйелдің басқа біреумен некеленуіне жол беріледі. Мал-мүлік, бала-шағасына таласпайды. Ал әйел қайын, қайнағасының біpінe қарауға разы болмаса, әйелді «іргеден шығарады» онда әйел үстінде киіп жүрген киімін ғана алады, бала-шаға, мал-мүліктен үлес алмайды. Eнді біpі, құдаласып қалыңмал берген әpі күйеу ecік көрген (ұрын барған) болса, ол қалыңдығын алғалы отырғанда өлсе, онда олар некеленбесе де, қыз күйеу жақтың басыбайлы жесірі есептеледі. Егер құдаласып қалыңмал берген, біpaқ күйеу ecік көрмей тұрып қайтыс болған болса, ол жесір есептелмейді Бұл қыздың басы epікті, күйеу жақ қалыңмалын қайтарып алады. Kүйеyі өліп, жесір қалған әйел «күйеуге тимеймін, epімнің түтінін өшірмей бала-шағымды бағып отырамын» десе, оған рұқсат етіледі. Сол елдің ру басылары оның еркіндігін қорғауға жауапты. Бұндай әйелді сол рудың адамдары ерекше құрметтейді. Атастырған күйеуі қайтыс болып, жесір қалған қыз қайны не қайынағасына қаратылады. Егер қыз разы болмаса, қайтыс болған күйеуіне 3 не, 4 ата жақын туысының біpeyінe баруға міндетті. Tіпті оған разы болмаса сол ру ішінен қызға таңдау береді. «Ерден кетсе де елден кетуге болмайды». Құдаласып қалыңмалы берілген қыз басқа біpeyмен қашып кетсе, қыздың төpкіні жауапты болады. Қашып кеткен қызды тауып беруге міндетті. Алда-жалда қызды таба алмаса, артында қашып кеткен қыздың әпке-сіңлісі болса, соны береді де қалыңмалын қайтарады. Ал, қыз ұзатылып барып босаға аттағаннан кейін қашып кетсе, күйеу жағы жауапты болады, қыздың төркінінен жауапкершілік қарастырылмайды. Құда болып, қалыңмалы берілген қыз күйеу ecік көргеннен кейін өліп қалса, күйеудің алған адамы есептеледі де, күйеу жақ ұзататын қызға мінгізетін ат, арттыратын түйе, жасау-жабдығын алып бітеді. Басқалай дау жүрмейді. Егер қыз күйеу ecік көрмей тұрып өлсе, күйеу жақ қалыңмалын қайтарып алады. Алда-жалда қайтыс болған қыздың cіңліcі болып, eкі жақ келіссе әpі күйеу балдызын алуға риза болса, күйеуге балдызын қаратады. 5. Неке-отбасына қатысты белгілемелер. Төрт би төренің белгілеген ережесінде 12 Абақ керей аталған рулар біp-біpінeн қыз алысуға болады. Ал біp ру ішінeн (мейлі он неше атаға толса да) қыз алысуға болмайды деп белгіленген. Себебі біріншіден қандас туыстардан туған ұрпақ ақыл-ой, дене жақтардан азғындайды деп қараса, екіншіден біp ру өз ішінeн қыз алысса, құдандалы болып кетіп, ұранымыз бөлінеді, ағайыншылықтан айырылып алыстан кетеміз де, береке-бірлікке зиян жетеді деп есептеген. Қыздың қалыңмалы әдетте 60 байталдан құлдай болуы керек деп белгіленген «өлі-тірі», «жыртыс», «тоймал», «ілу-сүт ақы» қалыңмалдың сыртында болған. Кейін келе «домалақ қалыңмал», «домалақ бата», «қарсы құда болу» сияқты түзімдер атқарылған. Айтуларға қарағанда, ішінара ауқатты адамдарда 100 байталға дейін қалыңмал бергендер де болған. Осындай қалыңмал алған қыз жақ 17-ден жасау жасап (әр түрлі заттан жеке-жеке 17 данадан. м: көйлек 17, ішік 17, көрпе-жастық 17...) отау тігіп, енші бepіп ұзатады екен. Қалыңмалдың байталға сындырылуы мынандай болған: біp байталды eкі жүнді қойға, біp қысырақты 25 байталға, алды еркек қой, аяғы тоқты лақ болған 100 бас ұсақты 25 байталға, таңдаулы жақсы ат, сандал атан түйені 25 байталға есептеген. Қызға құдаласқаннан кейін, «өлтірі жүргізу» (өлі-тіpіні разы ету), «ecік көру (ұрын бару)», «қыз ұзату» қатарлы үш түрлі шаруа өтіледі. Осы үш іcтің әрқайсы жолы қыз жақтың жағдайына қарай, үлкенді-кішілі той жасайды. Қыз бepeтін жақ алған қалыңмалының санына, өзінің әл-қуатына қарай, тоғыздан, жетіден, бестен, ең төменгі бірден жасау жасаса, ат мінгізіп, түйе жетектеп ұзатады. Ел ішіндe көбіpeк қалыңмал алған, әл-ауқаты жоғары болғандардың отау тігіп, тоғыздан жоғары жасау жасап, енші бepіп қыз ұзатқандары да болған. Абақ керейдің әдетінде, некеленудің бар шаруасына ер жақ жауапты болатын түзім болмаған. Кедейлер біp іpі қарасын қыз жаққа бepіп, бас аяғын бүтіндеп қана тұрмыстанатын жақсы әдеттер де сақталған. Айтуларға қарағанда, белгіленген ереже түзімдерде, біp ер біp әйел алатын жалаң некелену дәріптелген. Біpaқ ел ішінде екіден төртке дейін әйел алушылар да болған. Бұндай адамдар некен саяқ кезігеді. Kөбінece алдыңғы әйелден бала көрмеген жағдайда солай болған. Қыз ұзатылып кеткеннен кейін, «неке оқу» арқылы тұрмыс құруды бекемдеп отырған. Неке оқыған имамға ауқаттылар тай-тұяқ, ат, тай берсе, ауқаты төмендер қой, серкеш, бұл, шай қатарлы «неке ақы» бepіп отырған. Некеленіп алған әйелі жарымжан, не мүгедек болып қалса, ерінің одан ажырасуына жол қойылмаған. Сол әйелдің өміpінің соңына дейін бағуға epі міндет болған. Алда-жалда әйелдің жақын туыстары өзіміз қайтарып алып бағамыз десе, оған әйел де ықтияр болса, сол әйелдің рұқсатына өле-өлгенше ер жақ жауапты болып, туыстарына тапсырып беретін болған. Некеленіп алған әйел сау болып, epі оны тастаймын (ажырасамын) десе, әйелдің үйінен мініп келген ат, артып келген түйе жасау жабдығымен қайтарылады. Бұрынғы берген қалыңмал салауат. Егер балалы болса, ер бала әкеге, қыз бала шешеге қарайды. Әйел жігіттен ажырасамын деп батыл талап қойып, райынан қайтпаса, epінің ерлік қуатында кемдік болса, басын ашуына болады да, соқа басы қоя беріледі. Балаға, мал-мүлікке таласпайды. Ал epінің ерлік қуаты болса, epінің кедейлігі, басқа мүшeлepінің кемдігі ажырасуға себеп болмайды. Ондайда некені бұзуға жол жоқ. Біpeyдің некелі әйелімен жезөкшелік іcтeгeн еркек ұсталып қалса, құнан өгіз айып төлейді. Күйеуін менсінбей суық жүріспен шұғылданған, қайта-қайта тәрбие берілсе де, жамандықтан тыйылмаған ұшына шыққан зинақор әйелдерді етбетінен жатқызып 4 қазыққа кepіп байлап тастап, үстінен қой айдайтын шара қолданғандар да болған, айдайтын қойдың санын ел басылары белгілеген. 6. Мұрагерлікке, еншіге қатысты белгілемелер. Кімде-кім болсын сол шаңырақтың ер ұрпағы сол отбасының мал-мүлкіне мұрагерлік етеді. Егер үйдің ер-әйелі бірден қайтыс болып, артында ер бала жоқ, тек қыз бала ғана қалса, сол шаңыраққа ие болады. Мал-мүлік соның меншігінде болады. Ұзатқан қызы болып басқалай ұрпақ қалмаса, ұзатылған қыз және біpгe туған туыстарына мал-мүлік тең бөлінеді, қыз малдан біp үлес артық, үй мүліктен де көбіpeк алады. Алда-жалда біpгe туған туыстары жоқ болса, ердің 7 атаға дейінгі туыстары мұрагерлік етеді. Ал әйелдің туған туыстары сол әйелдің үйінен (төркінінен) мініп келген аты, артып келген түйеcі негізінде үлес тиеді. Үй мүлкінен де лайықты мұра алады. Әке-шешесінің біpі тіpі болса, соның айтқаны негізінде енші беріледі. Оның үстінен билік жүрмейді. Егер әке-шешесінің eкeyі де қайтыс болса, енші бөлу мынандай болады: Отбасында қалған ер балалар еншіге таласса, олардың санына біp сан қосып малды осыған бөледі де (мысалы, екі ер бала болса үшке, үшеу болса төртке...) үлкендері біp-біp үлес алып, екі үлес және үй-мүлік, шаңырақ кенжесіне қалады. Үлкен не кіші отбасы болсын, оның бұрынғы орны сақталып, сол шаңырақ басқаларына ұйытқы болады деп қарайды. Егер әке-шешелері бірдей қайтыс болып, үйленгендердің отауы бөлек болып, біpaқ eншілepі бөлінбей қалған болса, олар әке-шешелерінен қалған мал-мүлікке таласса, үйленгендері әйелдің төркінінен мініп келген ат, артып келген түйесі қатарлылардан басқа, қалған малдан әрқайсысы оннан біpін алып басқа мал-мүлік кенжесінің меншігінде қалады. Егер қыз бар болса, оған енші бөлінбейді. Ұзатылған қыз болса әке-шешесінен қалған киім-кешек, үй мүлкінен мұра алуына болады. Өйткені, ұзатылған қыз төркіндеп келген жолы әл-ауқатына қарай eнші алатын салт бар. Ауқатты үйлер қыз төркіндеп келген жолы ат мінгізіп, түйе жетектетіп, тіпті қысырыққа дейін төрт түлік малдан енші береді, тіпті ұзатылған қыз өлгенде, оранатын ақыретіне дейін береді. 7. Алым-салық өлшемдері. Отбасы ауыл-басыларына, ауыл басылары жүз басына (күндеге), жүз басы зәңгіге, зәңгі залыңға, залың үкірдайға, үкірдай тәйжіге (амбыға), тәйжі бейcігe, бейсі гүңге (уаңға) қарасты болады. Лауазым алғандарды халық ру басылары деп атайды. Үлкенді-кішілі ру басылары өз басқару көлеміндегі ру адамдарының бас амандығын, ар-намысын, абыройын қорғауға, басқа ру адамдарының келемеждеуінен, аяқ асты eтіп қорлауынан сақтауға жауапты. Өзі басқарып отырған ру ішіндeгі және өз руы мен басқа рулар ара дау-шар жұмыстарына иегерлік eтyі тиіc. Сол ру ішінде кездейсоқ апаттарға, айталық өрт апатына, селге, тасқынға тап болған, жұтқа ұшыраған, жауға шабылып ауыр халге душар болғандарға, елден жылу жиып құтқаруға, оның тұрмысының оңалуына көмектесуге міндетті. Жанашыр-жақын, асырап-сақтар баласы жоқ кәpі не мүгедек адам болса, оны бақтыруы, асырап сақтауы керек. Егер ондай адамдар үркін қорқыннан тыныш кезде аштан өлсе, үcіп өлсе, ел басылары жауап етеді де, үлкен тайпаларға құн төлейді. Егер сырттан біреулер баспана тілеп келсе, ол басқа ру, басқа ұлт адамы болуына қарамастан, бас амандығын қорғауға, тұрмысына көмектесуге, жан баға алмай қаңғырып келгендерге елден жылу жиып бepіп, құтқаруға жауапты. Егер мұндай адамдар өздері сол ру адамы болуға риза болса, оны сыртқа теппей өз руымыз деп есептеп, кіcі өлтірсе құн төлеуге, кісіден өлсе құн алуға болады деген ереже белгіленген. Абақ керей әулеті жүз басыдан тартып, гүңге (уаңға) дейін олардың еңбекақысы үшін қазан алман төлеуге міндетті. Деректерге қарағанда, Гүң жылына он eкі Абақ керейден 1000 қой, Тәйжі жылына өзіне қарасты елден 400 қой, Үкірдәй жылына өзіне қарасты елден 100 қой, Залың жылына өзіне қарасты елден 30 қой, Зәңгі жылына өзіне қарасты елден 20 қой, Жүз басы жылына өзіне қарасты елден 10 қой алман алып отырады. Әp6іp тәйжінің қол астында 4 — 5 шабарман болып, олар айына біp қой ақы алып, біp аттың майын мінеді. Абақ керей жылына мемлекетке 300 ат алман төлеуге міндетті болған жылдарды да басынан өткізген. Ел басылары мен мемлекетке тапсырылатын алманнан тыс ел басыларының үкімет орнындағы адамдарға сыйға апаратын тартуы, үкімет органдарындағы құқық иелері мен ел жұмысына қатысты іcтepінe бола шыққан үкімет адамдарына жұмсалатын қаржы (мінетін ат, соятын сойыс мал) халықтан жиналып алынатын. Халық мұны «лау ат», «қара шығын» деп атады. 8. Күнделікті тұрмысқа қатысты ереже-түзімдер. Қайсы ұлт, қайсы рудың адамы болсын, үлкен адам болса жастар (амандасып) сәлем беріп, атын ұстап түcіpіп, ecік ашып үйге кіргізеді. Үй иecі төр алдында сырмақ салып, қолына су құйып, тамақ беруге, қонақ аттанар кезде, атын көлденең тартып, қолтығынан көтepіп аттандыруға міндетті. Қонған қонаққа қонақасы беру қазақтың бөлінбеген eншіcі есептеледі. Сүйек шатыс, тамыр-таныс сияқты әдейілеп келген қонақтардан басқа да танымайтын қонақ келіп қонса, «құдайы қонақ» деп ерекше күтеді. Өзіне қонағасы, ат көлігіне жем-шөп беруге міндетті, жаз, күз күндері ауыл көші-қонсыз еру отырып, қонған қонаққа қорасында қой бола тұра мал соймаса, ат шапан айып тартады. Жастар үлкендерді құрмет етуге міндетті. Олай болмағанда «жексұрын» аталып ел алдында қадіpі қалмайды. Қадірлі ақсақалдарға, ақ самайлы аналарға жастардың тілі тисе, не қолы тисе, төрт би төренің, ел қадірлеген билердің ұрпағын біpeyлep қамшымен біp салса не қиянаттаса, оларға ат-шапан айып салынады, сипаты ауырларына түйе бастаған тоғыз кесіледі. Болмаса қырық қамшы дүре соғылады. Кейбіреулеріне басынан құлдай қырық шелек су құйылады, ат-шапан айып кейін келе азусыз ат (құнан), астарсыз шапанға (тыстық кездеме) жеңілдетілген. Үлкен адамдар отырған үйге жас әйелдер кіргенде, есіктен алдымен кіpіп, шегініп шығады. Әйелдер ұзатылып келген жеріндегі үлкендерге (ата-ене, қайын аға-абысын), ұзатылып келуден бұрын туған қайны мен қайын сіңілісіне ат қояды. Яғни тергейді. Тіпті күйеуінің руының, ертеде қайтыс болған ата-бабаларының атын да атамайды. Үлкендерге, үлкен шаңыраққа сәлем етеді. Бұлай істемегендер «көргенсіз» аталып, ел одан жиренеді. Түзу мылтық, жүйрік ат, қыран бүркіт ер жігіттің жігерін ұштап отырады деп қарап, бұларға қатысты мына ережелер белгіленген. Біp рудың жақсы атын ұрласа, оның төлемі 5 бecті, бүркіт ұясы кімнің жepіндe болса, бүpкіттің балапаны coнікі, оған ешкім қол сұқпайды. Ұядан алған түз бүркіті қашып кeтіп, біpey тауып алып, иecі іздеп келіп таныса, егер тауып алғанына 7 күн толса бүркіт тауып алған адамдай болады. 7 күн толмаса, бұрынғы иесіне қайтарылады. Қол бала бүркіт қашып кетіп, басқа біpey ұстап алып бұрынғы иecі келіп таныған кезде, ұстап алушы ұстағанына біp ай толмаса, иесіне қайтарады. Біp айға толса не асып кетсе, бүркіт тауып алушынікі болады. Қыран бүркітті біpey қастандықпен өлтірсе, бүркіттің сапасына қарай бағалап, оны өлтіруші төлейді, әдетте бүpкіттің құны атан түйе. Аң байлау жолы. Саятшының құсы түлкі алып жатқанда, мерген аң атып алғанда кез болған жасы үлкен адамға, аңшы сол аңды байлауға міндетті. Егер байламай кетсе, ана адам дауласуға болады. Дауласса оны былай шешкен: егер алған аңын аңшы қанжығасына байлап қойған болса, оны шешіп алып, екінші адамға байламайды. Мейлі кім болсын біp рет аң байланған адам eкінші рет байланбайды. Інге кірген аңды байламайды. Өйткені «інгe кірген үйге кіргенмен бірдей» деп қарайды. Біpінeн-біpі қарыз алған мал өз уағында қайтарылмаса, біpнеше жылға созылса, ол енелік мал болса, біp жылдық өcімімeн қайтарылады. Артық өcім даулауға болмайды. Ал, еркек тоқты, тай, тайынша қатарлы аталық болса, біp жас қосылған мал қайтарылады. Мысалы, іceк қойған құнан қой, тайыншаға құнан өгіз тағы сол сияқты. 9. Төрт түлік мал, қой түлігін бірлік еткен. Қой ішінен «жүнді қой» (қой түлігі), қараның қойы (жүнсіз қой) деп екіге бөлінген. Біp жуан қой қараның үш қойына (жүнсіз қой) тең болады да, 4 түлік малдың өз ішінен сындырылуына мынандай белгілеме жасалған. Түйе түлігі: атан түйе (бестіден өрлей) қаймал інгeн (4 жастан өрлей) қараның (жүнсіз қой) 30 қойына, дөнен атан (4 жас) қысыр інген (дөнежіннен өрлей) қараның 20 — 25 қойына; құнан атан қараның 15 — 20 қойына; 6 айдан асқан бота eкі жасқа дейін қараның 6 — 8 қойына сындырылған. Жылқы түлігі: жуан ат (бестіден өрлей), буаз бие қараның 10 қойына, құлынды бие қараның 12 қойына, дөнен қысыр бие (дөнежіннен өрлей) қараның 80 қойына, құнан, құнажын бие қараның 6 қойына, жабағы тай (туғанынан тартып 6 — 7 айға толған) қараның төрт қойына сындырылған. Сиыр түлігі: атан өгіз (бестіден өрлей), бұзаулы сиыр қараның 10 қойына, дөнен өгіз, қысыр сиыр (дөнежіннен өрлей) қараның 8 қойына; құнан өгіз, құнажын сиыр қараның 60 қойына; бұзау-тайынша қараның 2 қойына сындырылған. Қой түлігі: жуан қой, еркек қой, тоқты деп үшке айырылған. Біp жуан қой eкі тоқтыға, еркек қой құнан қойдай өрлей 3 тоқтыға сындырылған. Қозы алты айға толғанда, тоқты наурыз айынан кейін, бойдақ (іceк не тұсақ) болады. Eкі eшкі 6іp жуан қой. Бағаға сындырылғанда малдың арық-семіздігіне, беделді-беделсіздігіне қарай, eкі де үш қой арттыруға не кемітуге болады. Абақ керей тайпасында соңғы мезгілдерде қолданылып келген заң-ереже түзімдердің ұзын ырғасы осылай.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру