TELEGEI

Home

Поэмалар (Тұрсынхан Әбдірахманова)

Тұрсынхан Әбдірахманова

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Поэмалар (Тұрсынхан Әбдірахманова)

Тұрсынхан Әбдірахманова – өлеңдері бірнеше тілге аударылған ғалым. Ақын поэзиясына нәзік лиризм мен философиялық терең ой тән. Көркем аудармаға үлес қосқан ақын бірнеше шығармаларды қазақ тіліне аударған. Тәуелсіздік алғаннан кейін екі томдық шығармаларының жинағы жарық көрді.

СЫР

І

Шымқай қара мақпалға орап қаланы
Тұнжыраған түн ығысып барады.
Жібек самал желпіп қана ақырын,
Жас қайыңның қолаң шашын тарады.

Ақ желегін бір жамылып, бір алып,
Көкжиекте күлді Шолпан бұралып.
Ақ отаудың ашылғандай түндігі,
Рауандап таң ақ сәуле оранып.

Кеңсе алдында шамасы он бес қаралы
Сәйгүліктер қаңтарылып жарады.
Мәжілісі ауаткомның ұзаққа
Созылды да енді ғана тарады.

Ауаткомның хатшысы еді Толым жан,
Үздік жас ол өзі құрбы тобынан.
Тарады жұрт шамды өзі сөндіріп,
Кілттеп есік шықты елдің соңынан.

Асқан сұлу болмағанмен, сүйкімді
Тартымдылық бар бойында бір түрлі.
Жас болса да, білмеуші еді Толыш қыз
Кей біреудей артық ыржың күлкіңді.

Қызметімен жұрт көзіне көрінді,
Қандай істі тапсырсаң да сенімді.
Үлкенге «іні», кішіге «аға» мінезі
Сыйлат қызды көпке осы өрімді.

Толым жанды Ақан өкіл ұнатты,
Бірақ ойы адалдықтан жырақ.
Қайтарында жолын андып тұрды да,
«Қарындасым, мойын бұр» деп тіл қатты.

Көзін тігіп шолып алып маңайын,
Таза ауаға бір толтырып сарайын.
«Я, қарындас, тұрушы едің қай жақта,
Қорқасың ғой, мен шығарып салайын».

Деді дағы қолтығына жармасты,
Кездесуі болса дағы алғашқы.
Еліктейін кенет сыбыс естіген,
Ширығып қыз аяқтарын тез басты.

«Емес Ақаң әншейін бір көрінген,
Қызметі оның министрлік төрінен».
Осы ауданның әзірлігін ораққа
Уәкіл ол тексеруге бөлінген.

Көзге ілмей өзге жанды өзінен,
Нығызданып паң сөйлеген сөзінен.
Түйіп Толыш жүруші еді әрнені,
Қайта-қайта қарай берген көзінен.

Көпіршітіп көбік сөзді бастады,
Беп-белгілі тұрса дағы астары.
Лепіре кеп жөнелгенде есінен
Шығып кетті елуге аяқ басқаны.

— Аспирант ем, кітап жазып бітірдім,

Бір данасын баспаға да түсірдім.
Үй болуым сол кешігіп қалғанмен,
Дей алмаймын бірақ бұдан ұтылдым.
Бір повесті бастап қойдым өткен күз...

— Мұныңыз тым...

— Иланыңыз, сөкпеңіз.

Жас болған соң естілмеген болмасақ,
Мүшелікке әлдеқашан өткенбіз.
Алты мыңнан асып жатыр жалақым,
Қаламақым тағы да бар алатын.

Жалпы менде жетіп жатыр, қарындас,
Болсам дағы ақшадан үй салатын.
Қалқам Толыш, құлақ салшы сөзіме,
Мұның бәрін айтамын тек әзіңе.

Маған ғана лайықсың, Толышым,
Менің ғана бақытым түр көзінде.
Білем сенің оқуыңның кешеу,
Не қыласың езім табам есебін.

Институтқа өзің сүйген түсірем,
Қой демеймін бітірсең де бесеуін.

— Мұның бәрі әмірші ме жүрекке?

Қысылды Ақаң: — Ым... иә... жүрек пе?
Ол шіркінің менде, қалқам, ірі ғой,
Түсін мені, Толыштайым, жүдетпе!

— Мұндай сөзді естірмін деп ағадан,

Күтпеген ем аңқау басым манадан.
Дегендейін «әркімнің бар бір ойы...»
Оның үшін айыптыға санама.

— Ақтарылсын жүрегімнің дастаны,

Өлсем дағы сүймен сенен басқаны... —
Деген кезде зілді сөзбен ағасын,
Толыш мықтап бір тойтарып тастады.

— Жетер, ағай, ұят мүлде мұныңыз,

Жасыңызды сыйлап тұрмын ұғыңыз.
Бола алмаймын сіз қалаған жақсы жар,
Әуреленбей енді осымен тыныңыз.
Иілмейтін көрсетті қыз әлпетті,

Сезіп соны ағасынан ар кетті...
«Жаным, Толыш...» —дей бергенде сым саусақ
Жас шыбықтай иіліп кеп шарт етті.
Бойында ізі қалмай отты сезімнің

Жарқ етті де оты қысық көзінің,
Есеңгіреп, жағын сипап Ақаң
Қайда екенін қалды білмей өзінің.

ІІ

Қала көркі — саясы мол жасыл бақ,
Гүлден ойған түкті кілем, ақ сырмақ.
Дегендей - ақ күнге күйіп жүрмесін,
Баяу толқып судырлайды жапырақ.

Тыңдағанда тәтті лебі ән-күйдің,
Түсіреді еске ана әлдиін.
Бақ дөңгелеп құшағында вальс
Тарту етіп түр алдыңа бар сыйын.

Сейіл құрған серуендеп көп халық,
Кейде екеу, кейде нешеу топталып.
Бара жатыр кәрі демей, жас демей,
Бірі аяндап, бірі асығып кеш қалып.

Міне, бөбек жайраң қағып келеді,
Бірде ақырын, бірде бөлтең желеді.
Қызыл гүлге қыз белінде бұралған,
Жетіп барып, төне қалып көреді.

Көрінгенді жолындағы қызықтап,
Отыра қап гүлдің бірін үзеді ап.
Ұзап кетсе анасының соңынан,
Жүгіреді томпаң қағып дызылдап.

Қолтықтасып әзілдескен қыз-жігіт,
Қара көзін бір төңкеріп қыз күліп...
Естіп біреу қалды ма деп қарайды,
Не қылайық жастық сырын біз біліп.

Аузыменен атып суды аспанға,
Аққу—фонтан қызығын да тосты алда.
Тізе берсең тамашасын бұл бақтың,
Сияр ма екен көлемді бір дастанға.

Бірер жылдар өткеннен соң арада,
Оқу іздеп келген Толыш қалаға.
Ойда жоқта тап осы күн кездесті,
Көп лепірген сол бір «қамқор» ағаға.

«Қарындас» деп ұшып тұрды орнынан,
Жібермеді ұстап қызды қолынан.
Жалтақ – жалтақ қарай берді қайырылып,
Біреу андып жүргендей - ақ соңынан.

Ұшып-қонып орын беріп қасынан,
Азды-көпті өткенді айтып басынан.
Бола қалды ашық жарқын жақсы аға,
Япыр-ай бұл кездестік деп тосыннан.

«Көн етікті көрінгенмен көзге ілмей,
Көк етікті іздесек те кез келмей...
Соныменен жай осылай қарындас,
Өмір деген өтіп жатыр өзгермей» —

Деді де Ақан, мұңын шағып күрсінді,
Алқындырып жүрегінің дүрсілі.
Екі бірдей жас бала ерткен келіншек
Келе жатыр ашатындай бір сырды...

Жас бөбекті Ақанға әйел ұсынды,
Ақаң жаны жалтара алмай қысылды.
«Жүрсеңші бол желімденіп қалдың ба?»
Деді әйел, қыздар бәрін түсінді.

Киіп-жарып серуендегі көп елді,
Қазір - қазір деді де Ақан, жөнелді.
Толымжан мен қасындағы екі қыз,
Қарық болып күлкіге бір кенелді.

АНАР

(Қырым аңызы негізінде)
О, жараңдар, қараңдар, тас жылайды,
Тас жылайды аһ ұрып, жас бұлайды.
Қаттылықтың белгісі қара тасты

Қара түнек қаптады, басты қайғы.
О, жараңдар, қараңдар, тас жылайды,
Тас жылайды көзінен жас бұлайды.
Қарттың жанын егілтіп, саздай езіп,

Тауы әлі сынбаған жасты улайды.
О, жарандар, қараңдар, тас жылайды,
Тас жылайды маржан жас тамшылайды.
Тамған жерін ұдайын ойып түсіп,

Жан - жүйкеңді өртейді, осқылайды.
Тас жылады, қара тас қансырады,
Тас жылады, ал қайтып жан шыдады!
Ақ алмасты мұқалтқан меңіреу тас

Ақ тарыдай иленіп, жаншылады.
О, жарандар, қараңдар, тас жылайды,
Тас жылайды, егіліп жас бұлайды.
Қаттылықтың белгісі қара тасты

Не мүжіді, неліктен басты қайғы?

І

Тас дегенім, жараңдар, тастай адам,
Мәнін айтпай қалай шатаспай алам.
Қызыл тілім көсіліп көр кәнеки
Шығарайын жылаған тастан адам.

Шығарайын және де адамнан тас,
Хикметін айтайын адам нанбас.
Баяндасам бар кебін тас адамның
Тастан оны еш пенде айыра алмас.

Нәсілі оның Қырымның татарынан,
Қаттылығын асырған қатарынан,
Қырымгерей есімді хан өтіпті,
Тітіреген аймағы қаһарынан.

Қырғын салып, қан кешіп таққа келді,
Қай уақытта мұндай хан баққа келді!
Хан әкелген қырсық - сор өрттей өршіп,
Ел иығы езілер шаққа келді.

Халық қамы қашаннан бүтін еді?
Ханнан мейір ел қашан күтіп еді?
Аждаһадай ысқырған осы ханнан
Халық түгіл, қара жер тітіреді.

Көрінуден Герейге күн де қашқан.
Түнермеген сәті жоқ қабақ ашқан.
Адамдықпен алысып ата жаудай,
Қаттылығын асырды ол қара тастан.

«Герей» десе дән семіп қауыздағы,
Аңыз болды Герей хан ауыздағы.
Керегенің көгінен бойы келген
Ер баланы көгендеп бауыздады.

Болады деп күні ертең бақталасым,
Қырды осылай елінің жас баласын.
Жүрегінен адамның таспа тіліп,
Сүйегінен салдырды баспанасын.

Тіршілікте мағына қалмай тірек,
Қырым елі қарғады ханды жүдеп.
Қан шеңгелдеп анадан туған бейбақ,
Бар деймін адамдық десті жүрек.

Тас десеңіз одан да үн шығады,
Темір десең, одан да шың шығады.
Осы ханның жүрегі киіз болар,
Киіз ғана меңіреу тұншығады.

Осылайша елінде шығарған ат,
Шавхат, мейір дегендер Герейге жат.
«Киіз жүрек, қара тас Қырымгерей»
Аңыз болып әлемге кетті тарап.

Ал қаһардан қайтпады Герей тіптен,
Азбанқұлға айналды еркек біткен.
Бір ісінен асырды бірін Герей,
Желге кетті үміттер онан күткен.

Алдырылып гаремге сұлу біткен,
Амалы не соларды азбан күткен.
Ыза болып қалпына, қасақы іске
Не бір өрім қоштасты тіршілікпен.

Осындайда ауырлап адам жүгі,
Таразыда тұрмай ма адамдығы.
Су бетіне төгілген қара майдай
Көлкіп шығар лезде жамандығы.

Асып кейде Герейден қабандығы,
Әйгі болып ханына «адалдығы»,
Азбанқұлдан шығыпты сақ құлақтар,
Қайғысы—тек ішер ас, амандығы.

Хан ордасы өзі бір жатқан қала,
Алуан сарай, әр түрлі шеберхана.
Мәуелі бак, май гүлі, мөлдір бұлақ
Бұратылып ағады күліп қана.

Түйір шаңсыз көк шалғын ұйысады,
Жалғыз аяқ құм сүрлеу қиысады.
«Ізгілікке ғана орын болатын жер,
Зұлымдықпен қалайша сыйысады».

Деп ойлайсың ішінен, амал бар ма
Мекен бопты бұл аймақ қабандарға.
Ар билемей адамды, бар билеген,
Қолдан құдай жасалған замандарда.

Ортасында орданың биік сарай,
Салдырыпты шеберді жиып талай.
Хан көңілі табылу қиын болып
Бітті - ау қыршын желкені қиып талай.

Бұл сарайдың дейді екен атын Гарем,
Сарай емес, мен мұны түрме дер ем.
Көзі түсіп, көңілі ауып жүрмесін деп,
Терезесін салдырған кенереден.

Қамалдай бар қабырға биіктігі,
Өзінше бар оның да тұйық сыры.
Бір-біріне көз болып есік біткен,
Бірін өтеді қиғаштап, қиып бірі.

Сарайда бар әр түрлі алпыс бөлме,
Қайсыбірі малынған алтын зерге.
Алдырылған әр жерден арулардың
Мекені бұл Герейге болған пенде.

Дәл жанында бір биік мұнара бар,
Бөтен білмес бөгде сыр мұнда да бар.
Жылында бір мәртебе ең әдепті
Сұлу шығып аймаққа көзін салар.

Деп аталған ол қыран мұнарасы,
Қыранға ұя шынында ұшар басы.
Қан мен терін адамның тоя жұтып,
Содан шұбар болғандай әрбір тасы.

Бөлме сайын төрт әйел сағы сынық,
Қабағынан біреуін біреуі ұғып..
Азбанқұлдың алдында мысық тайын
Жорғалайды сорлылар тізе бүгіп.

Көн тулақтай тырысқақ, пейілі тар,
Жылан жүріс, зымиян Азбанқұлдар.
Надзиратель секілді, әйелдердің
Тындырарын анықтап, сол ұқыптар.

Жарығы аз бөлмеде ала көлең
Біреуі зер тоқиды, бірі кілем.
Көздің майын тауысып, қазықтай боп
Отырады байғұстар қалмай рең.

Қыбыр етсе Азбанқұл сұс қылады,
Жеген асын желкеден құстырады.
Сегіз өрім, бұзау тіс арқасында
Ирелеңдеп, жыландай ысқырады.

Отырмасқа сондықтан амалы жоқ,
Ханға ұнаған аз күнгі заманы жоқ.
Бір төсеніп тастаған болды көрпе,
Көз жасынан өзге айла табары жоқ.

Еркін жылап төге алмай көздің жасын,
Амалы не қу тағдыр қор қылған соң.
Торықтың деп ажалсыз жан шықпайды,
Алған артық Азбанқұл ықыласын.

Сан сұмдыққа ебі бар, пейілі тар,
Бұлардың да ішінде не түрлі бар.
Азбанқұлды басқыштап, жалбыз балап,
Ханға қолын жеткізбек кейбір мұңдар.

Осы оймен біреуін бірі күндеп,
Із аңдысып, тіс қайрап жүргендер кеп.
Азбанқұлдар болмаса алар да еді
Тауықтай ғып біреуін бірі жүндеп.

Міне, осындай ордаңыз қып-қызыл өрт,
Жанап кеткен жанына табады дерт.
Қап, әнеки дүлей күш тастады отқа,
Ақ балапан аяусыз болар ма мерт!

Үрей ұшты, көз тұнды, құлақ у-шу,
Жау келгендей жасанып, көтеріп ту.
Дүние тегіс селк етіп шошығандай,
Теңіз аунап бүктеліп, шулады су.

Тұнжырады асқар тау өр кеуделі,
Ақ қайыңдар тұншыға мөлтеңдеді.
Ұясына құс сүңгіп, аңдар қашып,
Аспан асты тұрғандай өртенгелі.

Күн ұялды, қараңыз, бетін басты,
Қайтсын ару қысылды, төкті жасты.
«Мен адамның сұмдығын көрмейін», —
Үңгіріне қорбаңдап аю қашты.

Дауылдатты найзағай шатырлады,
Соғысқандай аспанның батырлары.
Қарғыс біткен атылып бұршақтайын,
Орда үстіне төгіліп жатыр бәрі.

Құзғындардың айналмай олжасына,
Айығар ма түнерген сор басына!
Тағы да бір тағдырдың ойыншығы
Әбжыланның құлады ордасына.

Ақ балапан құлады, күйді ме әлде,
Арашаға тұра алар қандай пенде.
Кетер ме екен, япыр-ай, бірге өртеніп,
Сыңғырында күмістің сұлу ән де.

Үні шықса ауылды сөгіл,
Қам көңілді қайсыбір егілтетін
Бірге өртеніп кетер ме сым саусақтар
Сырнайдан күй толқытып, төгілтетін.

Мына меңіреу дүлейге тауып төзім,
Әлде аман қалар ма елік сезім.
Төңкергенде жіберер бірге аунатып,
Мөлдіреген мойылдай қара көзім.

Қайсар қайрат үлгеріп келіп батыл,
Дер ме қарсы жауыңа оқтай атыл.
Меңіреу күш меңгере бастағанда,
Арашаға түсер ме әлде ақыл.

ІІ

Ақ балапан — Анар қыз ашып көзін,
Қайда екенін аңғарып барлап өзін.
«Хан сарайы, жасаған, жазығым не!» —
Сынбаса да майысты берік төзім.

«Еркін құс ем, бұл торға қалай түстім,
Уысына тап болдым дүлей күштің».
Отырғанда ойланып, аң-таң қалып,
Елес берді ұшығы сұмдық істің.

Әзіл-сауық...
Жүректер жүр жарасқан жұбын тауып.
Бай мырзасы келіпті Мұса дағы,
Анар қызға жүретін көңілі ауып.

Анар болса міні жоқ тұлғасында,
Тоқсан өнер тоғысқан бір басында,
Ауыл болып аялап, әлпештеген
Ай - сынды қыз арайлы күн қасында.

Кездеспеген өмірдің азарына,
Бұралған ән, бұлбұл күй базарында,
Ақтиіндей алаңсыз ару Анар
Отыр ұқсап ақ таңның ажарына.

Қырсық іске бас болған осы кеште,
Себеп болды Анар қыз бір егеске.
Май құйғандай өршітіп жіберді өзі,
Тыйым салмай тұтанған ерегіске.

Мал буына семірген Мұса мырза,
Қарасын ба ыңғайлы, ыңғайсызға.
Әлімге кеп зілденіп сөз тастады
Төрде жақын отырған Анар қызға:

— Қашан болсын, япыр-ау, осы Әлім,

Көлденеңдеп жүресің білмей әлің.
Мынау орын менікі, қағыл былай,
Өрең жетпеске ұмтылма, жайың мәлім.

— Мұса мырза, білсеңші сөйлер сөзің,

Ерте туып, кеш қалып жүрген өзің.
Қыз біткенге ен тағып қойып па едің,
Өңмендейсің, өзеуреп, сүзіп көзің.
Саған қалған жәйім жоқ сынға салар,

Өзін, де ойла әліңді сынаса алар.
Сақтап едім қасымнан десе орын,
Өзі айтсын отыр ғой, міне Анар.
Байекеңе мына сөз тиді қатты,

«Бұлай деуге бұл малай қалай балы»,
Сөз таба алмай булығып қаны ойнап,
Мұса мырза тұтанып келе жатты.
Анар соны сезді де араласты:

— Мұндай керіс, жігіттер, жарамас - ты.

Мынау әнге үш ауыз өлең тауып,
Кәне қайсың айтасың табан асты.
Қисыны жоқ қиынға, салып өрге,
Бос тепеңдеп торымен түспей терге.

Ер намысы бар жігіт өнерімен
Өз мерейін асырып шықсын төрге.
Мақпал қыз, Мақпал қыз, —
Елі мақтар қыз,

Таразыңызға тең түссек,
Таласпай біз де тоқтармыз.
Мақпал қыз, қауым жақтар қыз,
Үмітін көптің ақтар қыз,

Өнерге иген өр басын
Өрімтал мынау топ бармыз.
Айтылмай қалса, сыр сөнер,
Сыр сөнсе, жүзден сын сөнер,

Ертелеп аяз ұрғандай
Қауызын ашпай гүл семер.
Секілді, сірә, болатта,
Хан тағы сынды қасыңа

Дөң астында қалатын
Мал маймаңдап шықса егер.
Үмітті өрге ұмтылтып,
Қасқайып төрге шықса өнер,

Риза көңіл қошын паш
Етер де мынау сырнайың
Секілді тоқсан құбылтып,
Ақының біздей жыр төгер».

Өлең тауып табанда шырқап әнін,
Бойында бар танытты жігіт нәрін.
Қолы қысқа болғанмен, жаны дарқан,
Жүретұғын келтіріп жиын сәнін.

Ал Мұса мақұрым ән мен күйден,
Ашу кернеп, түтігіп шықты үйден.
Шырпы дайын тұтанғыш, ызақор жан,
Атқармақты сұмдығын ішке түйген.

Өз басына Анардың болып кекті,
«Заржақ ит» деп Әлімді сыбап сөкті.
Үйіне кеп ат мініп, аял қылмай,
Қайдасың деп хан сарай жүріп кетті.

Жаңа шыққан жапырып жасыл қауды,
Жара шауып келеді Сабын тауды.
Екпінімен жер соғып, екіленіп,
Қуып келе жатқандай қалың жауды.

Қарақшыдай жамылып қара түнді,
Қара ниет барады, аяр кімді.
Жауыздыққа жәрдемші болмайын деп,
Түн тылсымға айналды, жел де тынды.

Қадам алға баспасын қарап алмай,
Ажал мейлі тілесе қойсын жалмай.
Түнек ойды тұнжыр түн тұншықтырсын,
Деді ме әлде ақ бетін бүркеді ай.

Басқа-көзге төпелеп теңбіл көкті,
Ақ көбікке малынтып терін төкті.
Зауал жолап көрген бе мұндайларға,
Түн жарымда ордаға келіп жетті...

Зұлымдыққа Мұсаны барады деп,
Ойламаған сауықтан тарады топ.
Үйіне кеп жайғасып жатты Анар,
Қара ниет, қара істен хабары жоқ.

Алынатын бардай-ақ қамал мұнда,
Төрт-бес кісі, Мұса бар топ алдында.
Шырт ұйқыда алаңсыз жатқан қызды
Жөнеді алып жұмарлап таң алдында.

Өңі ме бұл білмейді, әлде түсі,
Әлде зұлым біреудің қасақы ісі.
Арашасыз қыз байғұс кете барды,
Ес-түсі жоқ, аярлық халде кісі.

Ат үстінде көлденең, құйын жүріс,
Бас тұмшада, ала алмай бітті тыныс.
Әлсізге кім күшті емес, бұлқынғанға
Босатар ма қақпандай қолдар «құрыш».

Күш кімде, іс соныкі бәрі сыйған,
Теріс деп бұларды кім бар тыйған.
Шалажансар, өлімші сол бетінен
Тәулік жатып қыз есін азар жиған.

Оймен сезіп, міне, осы болған істі,
«Мұсадан», - деп түйді
Анар қайрап тісті.
Не де болса ақырын көрмек болып,

Ширап бойға жиды бар қайрат-күшті.
«Қандай тағдыр алдыма құрмақ тезін»,
Құйынша ұйтқып құбылып, жүйрік сезім
Жағадан ап, ой қамап отырғанда,

Біреу кірді өң менен қадап көзін.
Қабақтары түксиген шүңірек көз,
Дерсің түсін сандықта сарғайған без,
Майланбаған қайыстай қатып-семіп,

Тіл кескендей сазарып қатпайды сөз.
Ақ шапаны, басында сәлдесі бар,
Әлде жынды белгісіз әлде есі бар.
Атбегідей айналып керді Анарды,

Дерсің қояр апарып көрмесі бар.
Сатып алар мал дайын қарады кеп,
Шыдады Анар бұл қайтпек болады деп.
Обыр көзі тінткілеп тұла бойын,

Жұтардай боп тесіліп барады жеп.
Шығып кетіп бір кезде кайта келді,
Жібек шапан Анарға желек берді.
Бөтен көзден тасалап, ұрлық малдай,

Бетін бүркеп жетелеп жөнеп берді.
Жетектеді, қыз байғұс дедектеді,
Сайға тимей аяғы безектеді.
«Қайда барам, мына сұм не қылмақшы,

О, жасаған бере көр медет», — деді.
Келеді ол аяғын әрең басып,
Буындары дірілдеп, қаны қашып,
Қанша өжет болғанмен жүрексінді

Кіргізгенде сарайға есік ашып.
Тағдыр жазса, адамның келмес жері
Болмайды ғой пенденің көрмес кері.
Зергер шалдың қыш үйін берер ме Анар,

Бұл сарайға сәулетті зер кестелі.
Өтті Анар сарайды көзбен шолып,
Алтынға аптап, күміспен қойған өріп.
Шебер ойған сүйектен биік сәкі,

Хан тақыты болар деп қойды жорып.
Алтын шабақ шоршыған әдемі «көл»,
Шақырғандай шыраймен деп мені көр.
Ортасына сарайдың орнығыпты,

Көрініп тұр кеп маңдай төккені тер.
Иығына көтерген алтын құбыр,
Арудың тұр жүзінде өзгеше нұр.
Өшпес мәңгі өмірдің белгісіндей

Құмырадан мөлдір су төгіліп тұр.
«Көл» жиегін көмкерген ақ мрамор
Ақ мрамор—би орны аққұла бір.
Хан көңілін көтерер шақтарында,

Аққұба қыз киіктей ақты не бір.
Өзі көрген гүлдерден өзге мүлде,
Аңтарыла қарады қызыл гүлге.
Бір сәт қалпын ұмытып ерке көңіл

Қыз назары жүгірді бірден-бірге.
Осылайша әрнені көзбен шолып,
Мағынасын, мәнісін ойша жорып.
Жүрген Анар хан келіп қай уақыттан

Сезбей қалды тұрғанын мұны торып.
Қыз елестеп көзіне қызыл шоқ боп,
Хан жөнелді көргеннен көбелек боп.
Көңілі ауғанын меншіктеп үйренген жан,

Қызыл көрген қарғадай тиді өктеп.
«Кел, аруым»,—деді ол жайды құшақ.
Көптен бергі етене жанға ұқсап.
Жалт қарады Анар қыз сол қараспен

Ханыңызды тапжылтпай қойды тұсап.
Жаңа ғана арманы алға асқандай,
Хан көңілі ашықты айлы аспандай.
Ұшырасқан көздерден от шашырап,

Аждаһа мен ақтиін арбасқандай.
«Пай-пай, неткен көз еді алдаспандай,
Жан қысылып, қан ұйып, тер басқандай.
Не боп барам, қай жаққа қашты қуат,

Не сиқыр бар бұл қызда мен сасқандай.
Бұл не қылған, япыр-ау, өктем пішін,
Көзіменен барлатып маған ішін.
Қалай ғана бетіме келе алды», — деп

Хан сілкінді, суытып алды түсін.
Іздегенге сұраған, кел дескендей,
Қадалысқан көздері жер тескендей.
Айбат шегіп, барласып, ысқырысып,

Ізгілік пен зұлымдық белдескендей.
«Қайтсем екен қылығын мынау жанның,
(Кері қақты ұсынған қолын ханның.)
Алтын табақ ішінен шоршып түскен,

Ит басындай көрдің бе керін халдың.
Өмірімде көрмеген болды аза,
Ел білмеген рауа кессем жаза.
«Өлер бала зиратқа» дегендейін,

Кесірлігің басыңа жетер таза.
Шығарсам бақ үйдіріп, көзіңді ойып,
Жіберсем бе өзіңді мүлде жойып.
Күтушіге күтуші, күңнің күңі

Етейін бе табаның тіліп қойып.
Тағысындай тәкаппар иесіз құздың,
Кешірсем бе қылығын кесір қыздың».
Көк бауырдай көгеріп хан түтікті

Кескінінен ызғары есіп күздің.
Келді Анар осылай хан алдына,
«Хан осы ма шықпайтын жан алдына.
Ауылдағы ат бағар ғой бір,

Десем ерек пендеден жаралды ма.
Шығып кеткен көзін - ай шарасынан,
Жанды ықтырып осылай қарасынан
Үйренген - ау. Бар екен тұмсығы да

Айырғысыз қарғаның баласынан.
Ел ұятын, ұжданын жатқан тонап,
Осы екен ғой сиқырлы толмас қорап.
Ханымыз деп шоқитып тақыт беріп,

Қойған екен қабанды жібекке орап.
Амалың не осыған түссе күнің,
Алған екен сыртына салып түгін.
«Қырық кісінің ақылы ханда» дейді,

Рас болса білерміз танып бүгін.
Ақ ботаға қара нар салып жүгін,
Танытқан соң өзінің «алыптығын».
Бұраң еткен алдында бұраң белден

Дәндегенің білемін анықтығын.
Таққа келдің, қырсық - сор ала келдің
Оба дайын елге ойран сала келдің,
Саған пенде болғанша кесер басым,

Кірсін дағы койнына қара жердің».
Хан мен Анар осылай ұшырасты,
Қыздан шырай көрмеген, ықыласты.
Бір сәт Анар алдында айбарлы хан,

Бет пердесін сыпырды, шынын ашты:

— Күш жұмсасам уысқа алар едім,

Бір шерткеннен өзіңде қалар ма едің!
Қалауыма қасыма ап құшып, сүйіп,
Балапан қып бауырыма салар едім.
Аяулыңды бойыңнан алар едім,

Қызығыңа осылай қанар едім.
Басылған соң құмарым өлекседей,
Қара құлдың бауырына барар едің.
Сезесің мен бұған бармасын?

Қара түгіл, мені қай хан басыңды!
Жанға істеп көрмеген ықыласым,
Мен әкелдім алдыңа хан басымды.
Енді шыдар жәйім жоқ, кеш, аруым,

Бұдан ары кергісең кеш қалуың.
Әр асауға лайық тұсауым бар,
Мұны дағы алғайсың еске, аруым.
Бұл ұядан енді ұша алмасыңды,

Білесің ғой қайрылып бармасы.
Еркінменен қабылда хан иенді,
Кел, аруым, қоялы қарбасуды, —
Деп тағы да Анарға хан ұмтылды.

Қозғалмастан орнында Анар тұрды.
Кірпіктері найзалап, көзі от шашып,
Ханды қайта тағына алып ұрды.
Тізе бүкпей тұрды қыз имей басын,

Қабылдамай Герейдің ықыласын.
Хан тұтанып шақырды бір жендетін,
Қыздың сырын өңінен оқыған соң.
Иек қақты, ұры иттей жылмаң жүзді,

Кірген жендет жалаңдап бағып ізді.
Қозы арқалап қашқан дәл бөрідейін
Иығына жөнелді салып қызды.
Түнектей бір апанға алып кірді.

Хан зынданын қыз оймен танып білді.
Қажымасын сездіріп қайсар жанның,
Қара көзі от болып жанып тұрды.
«Хан жарлығын екі еткен жоқ-ты еркек...

Кінә өзіңнен, бойжеткен, сазаң сол»,—деп,
Тамақ кенеп, тамсанып сәл тұрды да,
Жапты есікті, жайына кетті жендет.
Хан қорлығын бойына дарытпастан,

Паң, тәкаппар қалды Анар қорықпастан.
Қыз назарын өзіне алды бұрып,
Тылсым зындан жасаған ойып тастан.
Қабырғасы теп-тегіс көк жалтыр тас,

Биігіне көз салсаң айналар бас.
Кенереден түскен бір әлсіз сәуле,
Қарау түгіл жақындап барып болмас.
Төргі жағы жақпар тас, ылди сыз,

Ысыл, сыбдыр, шиқыл бар бір белгісіз.
Тоңазыды бойы да, аяқталды,
Бір тасқа кеп шоқиып отырды қыз.
Сәуле әлсіреп, біртіндеп түнек басты,

Қалтырады, Анардан үрей қашты.
Бірі шоршып, жорғалап, бірі ыршып,
Жылан-шаян боп кетті аяқ асты.
Сезіп дене тітіреп Анар састы,

Ар үшін жан ажалға тікті басты.
Жан қиналса қарманбай қалар ма адам,
Аумақты бір тапты әрең тікше тасты.
Тасқа шығып тұрды Анар етпей қыбыр,

Шұбатылып жорғалап жыландар жүр.
Отыра алмай орнығып, тізе бүкпей,
Көзден атты керер таң, қыз шыдап тұр.
Зындан іші бозарды атты да таң,

Сәуле түсті сан даудан сыздықтаған.
Түні бойғы ысылдың сыры ашылды,
Мәні - жайын түнекте қыз ұқпаған.
Елестетіп ертекте қас алыпты,

Екі жылан ажалға қасқарыпты.
Өліспес беріспес қанды шайқас
Арасында бұлардың басталыпты.
Дегендейін өлтірмей қойман тірі,

Ұзын дене орап ап бірін-бірі...
Шиеленіп, күрмеліп, ширатылып,
Түйін жіптей домалап қалды міні.
Тас шыдамай домалап шақыр - шақыр,

Тіс пышақтай осқылап өтіп жатыр.
Жұлынған ет денеден кесек-кесек,
Бір - бірінің аузында кетіп жатыр.
Бірі өктеп азуын бата түйреп,

Бірі қатты жаралы дене күйреп.
Қызыл қаннан таспа жол із қалдырып,
Қашты әлсіреп денесін зорға сүйреп.
Жан иесі көрмейтін бар ма азап,

Өз әлінше тағдырға бәрі мазақ...
Әрең жетіп Анардың дәл алдына
Әлгі жылан құлады, міне, ғажап!
Мұны не деп сорлы қыз жорымақшы,

Қалайда да жыланның жолы қатты.
Маған деген жақсылық нышаны емес,
Деп қыз ойы теңіздей толқын атты.
Жеңген жылан өкшелеп келе жатты,

Қыз жанына оның суық сұсы батты.
«Маған келе жатыр» деп жалған ұғып,
Естен танып, қыз құлап түсті қатты.
Қорқатын атасаң жылан атын,

Үрейленіп жоғалтты қыз тағатын.
Анар тұрған тік тастың іргесінен
Сыздықтап бір болымсыз су ағатын.
Бетке алғанда тікше тас қыз панасын,

Су болатын жыландар нысанасы.
Бірі жетпей жолда қап, бірі жетті,
Қайдан білсін сорлы қыз бұл арасын.
Талықсыған титтей үн шығармастан,

Айырғысыз жатты Анар тілсіз тастан.
Қанша жатты кім білсін, көзін ашты,
Басында отыр хан сипап қолаң шаштан.
Жатқан жері жиһазды шағын бөлме,

Мамық төсек малынтып жайған төрге.
Елік орғып орнынан атып тұрды,
Қалай келдім дегендей мынау жерге.
Дүлей күшке сорлы қыз болған пенде,

Жан қысылып малынып қара терге.
Аяқ басып тұра алмай әлі құрып,
Қайта құлап, сылқ етіп түсті жерге.

ІІІ

Содан бері таң атып, күндер батты,
Жаны бар да жәйі жоқ Анар жатты.
Толқын бермей томсарған көк теңіздей
Шымырлаған тереңнен тұнып қатты.

Істер айла-амал жоқ, іштен тынып,
Не боларын тағдыры жатыр біліп.
«Хан шеңгелі белгілі кілтсіз қақпан,
Құтылу жоқ дүниеде тірі жүріп».

Жаннан безіп жастайын өлу киын,
Тірі жүріп қорлықты керу қиын.
Торлап, тұнжыр ой қамап тұмандайын,
Сорлы қыздың күн-түні жеді миын.

Жанашыр жоқ жанында берер кеңес,
Құдай аяп көз жасын көрер емес.
Айықтырып азаптан арашалап,
Ажал дағы оп-оңай келер емес.

Табыттағы мәйіттей жүзі суық,
Ылғи ойда жатады көзін жұмып.
Ажарынан түңіліп хан тұрады,
Тіл қатуға бата алмай келіп жуық.

Кейде шығады телміріп тұрып-тұрып,
Кейде ашулы бүркіттей алар бүріп.
Түйілсе де, түтуден ләззат қайсы...
Қылар қайран таба алмай, амал құрып.

Тағына кеп қомдайды ой канатын:
Ісі бопты - ау енді бұл ойланатын.
Қолын қағып кім мұның көрді бұрын,
Көзі түскен жүректе той болатын.

Бұл қақпаны сан ару ашатын,
Тосырқайтын, томсарып қашатын,
Тас зынданда үш түнеп шыққаннан соң,
Хан бүркіттей бауырына басатын.

Не болмаса тез суып үлгеретін,
Таңсық асын татпастан жиренетін.
Ит иіскемес хан түгіл, арам астай
Сорлы сұлу көз түртті күйге енетін.

Қайсыбірін күшпенен күйрететін,
Қайсыбірін ызбармен үйрететін.
Таза емес деп таңбалап, масқаралап,
Көнбегенін найзаға түйрететін.

Анар үшін мен бұған бара алмаймын,
Өз қолымды қылышпен қаға алмаймын.
Тыныс демім, жан жүйем секілді ол,
Сәл ұзасам қасынан алаңдаймын.

Бір қарасам көзімді ала алмаймын,
Қарамас күш бойымнан таба алмаймын.
Қара көзін төңкеріп қарағанда,
Бірге аунап бара жатқан адамдай.

Мен көрмеген Анар қыз асыл екен!
Жалбарынсам әнге жаны ашыр ма екен!
О, дариға - ай, кінәлі әлде мынау
Батар күндей еңкейген жасым ба екен!

Тұңғыш рет осылай торықты хан,
Қыздан бойын тия алмас болыпты хан.
Өзі сезіп - білмеген өмірінде
Оқшау, бөгде бір күйге жолықты хан.

Күш жоқ дейтін өзімнен құдіретті,
Хан қаһардан айырылды, күйі кетті.
Делбе жылқы секілді айналсоқтап,
Қыз қасына баруды жиілетті.

Хан өйтті деп қыз бері қарамады,
Асқынған дерт бойынан тарамады.
Құса жеңді, күннен - күн төмендеді,
Аяқ басып тұруға жарамады.

Сұлық жатқан қалпынан тұра алмады,
Нәр татпады не сусын сұрамады.
Науқас бір күн бұзылды әкесінің
Құлағына естіліп жылағаны.

Әлдекімнің көз алмай елесінен,
Бірде іздеп үзілген ән есімін.
Бірде: «Көке, мен мұнда, мұндамын»,—деп
Ұзақты күн сөйлесіп әкесімен.

Бірде елестеп көзіне құрбылары,
Ойран-асыр сән – сауық құрды бәрі.
«Бір ән салып жіберші, Анар», — десіп,
Ортаға алып қиылып тұрды бәрі.

Бірде елес береді ауыл-аймақ,
Бірде толқын төсінде салып ойнақ.
Бірде елестеп көзіне ата-анасы,
Ұмтылады жан көке, апатайлап.

Бірде түнек елестеп, бірде жылан,
Бірде азбан, бірде хан төніп тұрған,
Жаны шошып ышқына қысылады,
Жауыздыққа байланған сорлы құрбан.

Сандырақтап осылай үш күн сайрап,
Әлдекімге өшігіп, тісін қайрап.
Жатты да кеп жалынды әкесіне
«Мені дағы ала кет көкетайлап».

Өмірменен қоштасты, үзді мүлде,
Әлде разы, ұқсайды жүзі гүлге.
«Жүр»,—деді де манаурап кетті ұйықтап,
Әкесімен ақтық дем үзді бірге.

Міне, осылай өмірден өтті Анар қыз,
Анар десең анардай ақ манар қыз.
Қаршығадай қасқарып соңғы сәтін
Қабылдады қайратпен жапа-жалғыз.

...Анар қыздың әкесі зергер еді,
Қырықты өткеріп елуге келген еді.
Үш жыл бұрын жұбайын таза арулап,
Қимаса да «тәңірге» берген еді.

«Тірі болса қасымда жалғыз қызым,
Дүнием түгел, жанғаны бақ жұлдызым.
Аяулымнан ақ малтам қалған сарқыт»,
Деп дүкенде өткізген күндіз - түнін.

Жұлдызы өшті, жай түсті сорлы шалға,
Не өнеді Мұсаны күн-түн қарға.
Ақылынан алжасып кетті зергер,
Тағдыр дейді мұны да, амал бар ма!

Ылғи күтіп жүреді алаңдайды,
Ботам, Анар, Анаржан, баламды.
Тауға шығып келеді, дөңнен асып,
Бірақ сорлы Анарын таба алмайды.

Даттамайды жат қылып бар құдайды,
Үндемейді сабырын сарқымайды. Ылғи іздеу.
Көрдің бе Анарды деп,
Он кездессең күніне он сұрайды.

Дыбыс шықса сырнайдан жүгіреді,
Әркімнің бір бетіне үңіледі.
Бірде танып, сорлы әке бір танымай,
Тани қалса торығып, түңіледі.

Тыста болса, Анар деп үйге жетеді,
Үйде болса, Анар деп тысқа кетеді.
Байыз таппай, безілдеп, Анарды іздеп,
Таңы атып, сорлының күні өтеді.

Мұндай халде сорлыға күтім қайда,
Таза киім қалмады бүтін бойда.
Ұйқы ұйықтау, ас ішу болды ұмыт,
Тірлік қамы түгелдей қалды жайға.

Сорлы шебер ағаштан түйін түйген,
Сом темірден биязы жіп иірген.
Алып кеуде, апай төс — бүгін аруақ,
Жалғызым зар салып, жаны күйген.

«Ханға Анарды апарған көзі қиып,
Семірген ит арамнан дүние жиып», —
Деп ел-жұрты Мұсаны қарғап-сілеп,
Зергер қоса көзіне болды күйік.

Қақпақыл қып кездессе құрбылары,
Бұғалықтап, сөз тұзақ құрды бәрі.
Екі кісі бас қосқан жерге Мұса
Бара алмайтын мүсәпір жүрді халы.

Өзі ашушаң, ызақор, дөкір Мұса,
Одан бетер булығып болды құса.
Ел есіне түсіріп ербеңдеді,
Деп зергерден құтылмақ қалай қылса.

Осы оймен тұзақты құрды Мұса,
Қыбын андып зергердің жүрді Мұса.
Шалды байлап, төсекте тұншықтырып,
О дүниеге жіберіп тынды Мұса.

«Зыр жүгіріп жүретін күндіз-түні,
Бұл не болды шықпайды зергер үні», —
Деп іздеген қауымға тағы да бір
Сұмдық істің әйгілі болды шыны.

Жұрт жиылды жерлеуге зергер шалды,
Жүсіп атты ауылда кәрі бар-ды.
«Көп бейітке зергерді қою күнә»,

— Деп Қареке бұларға хабар салды.

«Күнәсі не, зергерде қандай жазық?» —
Деп кім батып сұрасын тергеп - қазып.
Бір төбенің үстіне жалғыз өзін
Қойды апарып қабырын терең қазып.

Бір ғажапты көрдім деп біреу анық,
Біреу нанбай жүреді, біреу нанып.
Бас жағынан зергердің жалғыз түп гүл
Күндіз өшіп тұрады, түнде жанып.

Он қолы өнер жан еді жас шағынан,
Момындығы басымды асқағынан.
Иманды екен бейшара күнәдан пәк,
Алла шырақ жағыпты бас жағынан.

Кеткен тарап аймаққа аңыз болып,
Гүлді осылай үлкендер қойды жорып.
Көрмек болып көзімен Мұса бір күн
Іңірден кеп қабырды жүрді торып.

Бет алған соң кештетіп моласына,
Күдіктеніп зергердің қазасына,
Жүретін ауылдың адамдары
Жасырынды жақын кеп дөң астына.

Дөң астында жатты олар бақылады,
Тапжылмастан Мұса да жатыр әлі.
Дана қарттың басындай бозқырау гүл
Бірте-бірте жанды да жарқырады.

Мұса мұндай ғажапты көрмегендей,
Тұла бойын ашу - кек кернегендей.
Бірде шырақ, бірде гүл, бірде Анар,
Мықты болсаң жақындап кел дегендей.

Қоңырау гүл құбылып алаулады,
Кемпірқосақ сызылып тараулары.
Зұлымдықтың киесі қонған Мұса
Жарылардай тұтанып, танаулады.

Бай кісіде қашанда өктем көңіл,
Бөгет бар ма ол үшін бәрі жеңіл.
Бөренені бұтадай көрер емес,
Жемін жеуге ауытқып кеткен көңіл.

Алай-дүлей кеткендей құздар құлап,
Гүріл үнді естіген тұнды құлақ.
Сабағына қол тие берген сәтте,
Ұшып түсті зұлымдық, жатты сұлап...

ІV

Абайсызда төсеген оққа маңдай,
Өтті Анар аяулы ақ маралдай.
Қара киіп Қырымның табиғаты,
Аза тұтып аруын жоқтағандай.

Бұлттан қара салынып күн күйінді,
Қырым тауы түсіріп тұрды иінді.
Қарауылда түнеріп қалың орман,
Түнек болып тылсымдай түн түйілді.

Бір мөлт етіп тынды да көл күрсінді,
Жылағандай тұншығып жел күрсінді.
Табиғаттың бұл күйі сұлулықтың
Азасына қойылған белгі - сынды.

Анар өтті, Герейге қайғы жетті,
Бойда қуат бор болып, қайрат кетті.
Темір де емес, тас та емес, киіз де емес,
Адам екен хан Герей ет жүректі.

Ет жүректің өзіне ұнайтыны
Болады екен қалайтын, сұрайтыны.
Қуанышы, кейісі, сүйсінері,
Қара тұтып қайғырса, жылайтыны.

Ханыңызға отыр бұл жаңа жетіп,
Тұңғыш рет кары еріп, мұзы кетіп.
Алпысқа аяқ басқанда туған айы
Батты ханды қайғыға душар етіп.

Себеп болды өзінің тас зынданы,
Қосымша боп айбары, тас ызғары.
Жауқазынды жайпаған хан жылайды
Тұңғыш батып өмірдің ащы зары.

Қалай ғана отырмын бұған төзіп,
Деген ой жеп Герейдің жанын езіп.
Жасы еңкейіп кеткенде жар сүюдің
Қиындығын ойланып, енді сезіп.

Ой хой, тіпті сол ғана болса етті,
Ақ балапан қолына қонса етті.
Көріп жүрер көпсініп көлеңкесін,
Қайран ару қазасы құса етті...

Бір соғыста тұтқын боп келген шеттен,
Күзгі шөптей сарғайып күні өткен.
Хан қолында құлдықта Омар дейтін
Шебер бар-ды он қолдан өнер төккен.

Хан шақырды! Зәресі кетті Омар,
Қалт-құлт етіп алдына жетті Омар.
Сенерін де сенбесін білмей қалды
Хан тағында отыр бір қатқан томар.

Салғандай - ақ басына темір тезді,
Сүйеп қолмен мүлгиді жұмып көзді.
Сорғалайды сақалдан алты тарам жас,
Ханның жайын түсінді Омар сезді.

«Жеңіс болып үнемі тойлағаның,
Хан басыңмен қары істі қоймағаның,
Қартайғанда басыңа жеткен екен», —
Деп Омар тұр айта алмай ойлағанын.

Ханда да адам қайғысы болады екен,
Жүзі дерттен сарғайып оңады екен.
Тұтқасынан тірліктің айрылса ол да
Ет жүрегі қансырап солады екен.

Ерте сөнген Анардай бақытына
Хан қапада отырып тақытында,
Көз жұмулы қалпында ені жарлық:
Ал шеберім енерің тағы сында.

Арнамақпын бір белгі ғашық жарға,
Ұқсамасын ел білген асылдарға!
Күллі әлемді күңірентіп, қайғымды алып
Барар болсын, шеберім, ғасырларға.

— Құп, хан ием! Арнайын қандай жанға?

Ару ма еді ұқсаған атар таңға?

— Оның қандай екенін сен білмейсің,

Оқыс сөйлеп, шеберім, тиме жанға.
Жастығы оның жауқазын гүлдей еді,
Ол кірпігін түсірсе, түндей еді.
Жалт қараса, жалт еткен жанары оның

Ақ шағырмақ көктемгі күндей еді.
Шынар тұлға, бұралған қыпша белі,
Ұяң жаны көгершін құстай еді,
Нәзіктігі жаздағы жібек самал,

Маржан дерсің төгілген шықса лебі.
Еркелігі күнәсіз жас баладай,
Мейірімі жаны ізгі жақсы анадай.
Тал бойыңды талдырып магниттей

Тартып тұрар ажары ақ танадай.
Хан еңіреп тауыспай Анарды айтып,
«Ондай жанды бұл енді табар қайтып...»
Омар ойда: «Япыр-ай сен жібісең,

Егілмей қара тас қалар кайтып. ..
Құдайым боп адамдық еркімді алдың,
Құл деп қорлап етіме таңба салдың.
Отанымнан айырып ел-жұртымнан,

Аяулыма айтқан ант - сертімді алдың.
Ұстамақ ең тұтқасын дүниенің,
Атақ-даңқтың, нәпсінің құлы едің.
Өзге түгіл қайрылмас ата-анаңа,

Темір емес, тас емес, киіз едің.
Адамдығымды ескерттім, қарсы баттым,
Айыптадың сол үшін қамшылаттың.
Саған ұқсап сорғалап жас төкпедім,

Жүрегімді жаралап, қансыраттың.
Сен жыласаң, бұл өмір кеңігені,
Сен жыласаң, сор кейін шегінгені.
Сен жыласаң, жайлаған бұл өлкені,

Тізе бүгіп, зұлымдық жеңілгені.
О, жылайды, күңіреніп хан жылайды,
Хан жылайды, қалайша тас шықпайды.
Қара тас хан жыласа, өзге жанда

Толқымай ма теңіздей ащы қайғы.
О, жыласын, жыласаң, хан жыласын,
Қара жүрек үзілсін, қансырасын.
Менің дағы қасірет - қайғымды айтып,

Қара мылқау, мелшиген тас жыласын.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа барар болсын,
Әр жүрекке өз жолын табар болсын,
Қаратас хан, Қыз Анар, Өнерлі Омар

Аңыз болып әлемге тарар болсын».
Өмірінде бір алқап «жаратқанды...»
Ыза-кекке қайралған болат жанды,
Сілкінді Омар қайғысы ханға көшіп,

Құзға қонар қырандай қанаттанды.
Жанды орар жанатқа, көзді көмер,
Сиқыр десең болар ма шіркін өнер!
Өнерлі қолында шырпайын

Бөрене ұшып, доп тайын тау дөңгелер.
Өнерлі қол өліге жан бермей ме,
Көріксіз көктемдей сән бермей ме.
Келістіріп қалауын, қар тұтатып,

Өлмес азық өмірге нәр бермей ме?
Міне, осындай шебер қол қан жылатып,
Көкірегіне зәр жасын тамшылатып.
Қара тасты егілтіп, елжіретіп,

Хан алдына әкелді қансыратып.
Ас үстелдей аумағы ақ мрамор,
Ақ мрамор бетінде аққұла сыр.
Жұп емес, тақ махаббат белгісі етіп,

Ойып салған бір ғана ақ қылаң гүл.
Гүлге ойып түсірген адам көзін,
Бейнелеген көз емес, мұңның өзін.
Мөлтеңдесе суырып жүрегіңді,

Дәтің шыдап таппайды жаның төзім.
Үнсіз аққан секілді жылым бұлақ,
Көрмек емес бұл көздің жасы құрғап.
Баяу жылжып ыстық жас бетін жуып,

Меңіреу тас тұрады мәңгі жылап.
Мұның дағы сыры бар, емес тегін:
Қорғасын жас құйылып аш өзегін
Өрт есінде, тамшылай тесіп өтсін

Хан қайғысы өтесін халық кегін.
Және баяу азапқа тамшы басым,
Күндіз-түні тынбасын, тамшыласын.
Ай да емес, жыл да емес, ғасырларға

Жетсін азап.
Жүрегін жаншылсын.
Деген шебер «аянбай ханы үшін»
Бір шетіне ұлудың салды түсін.

Ұлу—күдік символы. Күдік еніп,
Жегідей жеп, тырнасын ханның ішін.
Ол кейінге қомсынып қарар болсын,
Алдағысын күдікке алар болсын.

Тірі жанның алмаған ықыласын
Зая өмірі азапқа салар болсын.
Міне, осылай тындырды шебер ісін
Мақұлдады, ұнады ханға мүсін.

Сарайының төріне орнатқызды
Күнде көріп, еске алып жүру үшін.
Зар жылаған мүсінді жұртта ұнатты,
«Көз жасынан фонтан»,—деп берді атты

Қай уақытта қамауға өнер сыйған,
Бостандықтың қанатын Омар қақты.
Қырымда Бақшасарай хан сарайы,
Басынан өткерген жер ол талайды.

Аттасаң табалдырығын сол сарайдың,
Бетіңе жаутаң қағып мұң қарайды.
Бұл сарай сыр сөйлейді ғасырлардан,
Адамның еркіндігі асыл арман. Болған жер—

Күштіге ұя, күш сізге көр,
Қиянат тағдыр деген тосып алдан.
Сыр сөйлеп әр кірпіші сонау жылдан,
Арулар айуандыққа болған құрбан.

Қызығып маған,
Менің бақытыма
Секілді гаремінен қарап тұрған.
Баяндап барлық, жәйін біз не етелік,

Тарихта қалған жайлар ірге теуіп.
Күнәсін көне күннің көрген айғақ—
Азарға Бақшасарай тұр көтеріп.
Көз жасы фонтан соның бір куәсі,

Бұл күнде аңыз болған елге расы.
Әлі түр зар еңіреп сол сарайда
Құрғамай сан ғасырға көзден жасы.
Жылатып қара тасты зар илеткен,

Кім білсін өнер күшін құрмет еткен.
Әлі түр қос раушан тас төсінде
Кезінде ұлы ақын қойып кеткен.

ҚЫЗ КӨЛ

Көрдің бе ғажапты сен, сірә, мұндай,
Кавказдың ерке тоты шырағында Рица
Өзіміздің Есік көлдің
Бейнебір егізінің сыңарында.

Қарасаң таудың биік асқарына,
Шаншылған найза жақпар тастарына.
Келеді көз алдыңа Алатаудың
Шындары шалма ораған бастарына.

Айта алсам салыстырып нақ пайымдай,
Азабы Алатаудың Ақ сайында.
Бетінде жатқан мәңгі қар бейнесі
Апарып сүйей салған ақ қайыңдай.

Тәкаппар құз басында көк мөлдір көл,
Көк жалтыр қапшық сынды тас коридор.
Шыңырау—оның, солың—асау өзен,
Өтеді шың жағалап «қыл көпір» жол.

«Жібек жел бұлт жетелеп құзға» асылса,
Жиекте қарағайлар қыз қасында.
Сызылған ұяң жігіт тіл қата алмай
Телмірген тамақ кенеп құр қасында.

Қайсарлық, қаттылықта асау күші,
Істейтін соған орай азулы ісі.
Қаһарлы кәдуілгі Кабаниха
Шаншылған қайың ененің «азу тісі».

Секілді, міне, осындай бәрі таныс,
Есікті түсіреді еске алыс.
Айырма: теңіз, пальма, кипарис пен
Кавказдың бас-аяғын кезген аңыз.

Әр сайы, әр шоқысы толған аңыз,
Тыңдасақ ойланамыз, толғанамыз.
Рицхва—Рица қайдан шыққан жайлы
Жатқандай жоталарда сорғалап із.

Болғаны дей алмаймын күн кеше еді,
Нанымды тиді деген құз кеселі.
Кавказға аңыз болып кеткен Рица
Ақылды әрі сұлу қыз деседі.

Рица тұрған жерде абхаз аулы
Болыпты мекендеген қыс – жаз тауды.
Жігіті жанып тұрған оттай екен
Жерінен жүргізбейтін ешбір жауды.

Қыздары ел даңқына сай болыпты,
Келіскен сындар мүсін, ай көрікті.
Халқының ізгі асыл қасиетін
Ақылға тізіп кемел бойға өріпті.

Көрмеген кегі кетіп, сөзі қалып,
Дос үшін түсер орға өзі барып.
Мінезі Кавказдың әр табиғаты
Жеңілсе қайсар — жеңсе қатал халық.

Сайыссаң табуың кем осал кісі,
Ешкімнің бас идірмес азарлы ісі.
Тау елін тай салдырған, табындырған,
Тек қана табиғаттың асау күші.

Кавказ тау, қария тау, қадірмен тау,
Жап-жасыл қысы-жазы жамылған бау.
Халыққа ырыс-несібе болғанымен
Абайсыз аяқ бассаң, шын тілсіз жау.

...Деу киын мынау жылдың мынау айы,
Кеш батқан шақта күңгірт тау маңайы,
Алдында терезелер жүрді бір карт
Қонаққа ұқсайтын бір құдайы.

Жолаушы бір үйді өтіп, бір үйге асып,
Көңілін кейіс билеп, жаны жасып.
Аяндап ең шеткі бір үйге келіп,
Таңданды тұрғанына есік ашық.

Бұрыштай үй маңайы мұнтаз дайын,
Күтіпті оны ілтипат мұнда дайын.
«Қош келдің!»—деп иіліп бір ару тұр,
Еске сап таудың ерке құралайын.

Киімін шешіндіріп қартты күтті,
Жауқазын көңілінде жоқ қалтқы тіпті.
Өз туған әкесінде үйірілді,
Қыз нәрін бойындағы қартта ұқты.

— Өркенің өссін, балам! —

Шал алқады. —
Жан едім келіп жүрген қоналқалы.
Іңірден есік жауып, ерте қамдап,
Бұл несі ел дәстүрін жоғалтқаны?

— Сөкпе, ата, оның мәнісі бар.

Жайы бар ауылымызда ер сағы сынар.
Төменгі Ат қараға құныкер деп,
Жауапта тұр бір тентек жан үшін ар.
Ауыл боп қадірлейтін Сейіт деген,

Жігітті ешбір жанды кейітпеген.
Тентегі Ат қараның Алмас ханды
Өлтірді деген жала жайт пенен.
Міне, осы ауылымызда үш күнгі күй,

Іс мәнін енді, ата, өзіңіз түй.
Қай үйде екенін жау білмесін деп,
Сейітті жасырады күнде бір үй.
Сондықтан бекітеді ел есігін,

Түн асса қауіп әкеп келесі күн.
Кеш батса, жау жасырып әрбір ағаш,
Ызындап жел тасиды ер есімін.

— Өзің ше?

— Өзім, ата, затым әйел.

Әйелді жеңіп батыр шыққан қай ер!
Дәстүрі халқымыздың және бар ғой
Жұмсамас қару қасы болса әйел.
Атқара болса дағы қанша қызба,

Күш жұмсай алмас мендей жетім қызға.
Бір үйдің есігі ашық тұрмағаны
Мін болар деп ойладым салтымызға.

— Атың кім?

— Атым Шәмша, әкем Дауыр,

Білмеймін неге от қыз деп атайды ауыл.
«Шынардай шың жартасты жарып өскен
Жан екен»,—деп карт іштей көрді тәуір.

— Өлтірген кім, анықтап, жайын біліп,

Тынбаса, туатын үлкен бүлік.
Күдіктің құрбаны боп өлсе Сейіт,
Кетпей ме кескілескен ауыл құрып.

— Ауылың бұл тілекке жете алса,

Бұл жерден кету керек тілімді алса.
Түн ауа опат орны болмақ бұл жер,
Обал да білмей жұртың қапы қалса.
Тау құлап, орынынан мұз көшеді,

Жаратқан «алла» биік құз кеселі. —
Адамның кеселінен қиын соғып,
Әзірге бермей тұр ғой бізге есені.
Аңшымын несібесі тау мен тастан,

Бұл өңір маған мағлұм бала жастан,
Жүзген бұлт, жүгірген жел мәні аян.
Кей сырын бүге алмайды менен аспан.
Бір ғажап жаңбыр болды мана күндіз,

Мен білсем енді аздан соң құлайды күз.
Ұзамай осы маңнан жөнелмесең,
Жаныңнан, жақсы балам, күдеріңді үз.
Бұрылдым әдейілеп хабар тастай,

Қалайша айтпай мұны кетем қастай.
Қорқып ем білмей қапы қала ма деп,
Ауылың қойғаннан соң есік ашпай.
Бөгелме, енді белің байла, балам,

Жан қалар бір амалын ойла, балам. —
Болардай өмірге бір өзім тұлға,
Атай, ауылым тастап қайда барам.
Мың алғыс бұл хабарды бергеніңе,

Бұрылып жолдан алыс келгеніңе.
Ауылым қалса аман, өзім де аман,
Қолымнан кірісейін келгеніне.
Үйінен карт та шықты, қыз да кетті,

Әр үйге құстай ұшып хабар етті.
Атқара аңдушысы атқан оғы
Түбінен құлағының зулап өтті.
Дауыстап қыз оған да хабар берді:

«Бүйткенше аулыңа бар, хабарла елді.
Еліңді есерленбей, кеселден қақ,
Аман-сау тұрғанында құшпай жерді».
Әп-сәтте ауыл тұрды аяғынан,

Қауып та көбелек қой аялы жан.
Мұнда ешкім тілсіз жаумен ойнамайды,
Құз мәлім бұл өңірге баяғыдан.
Барарын қайда халық тапқанша ойлап,

Жөнелді нөсер құйып, жасын ойнап.
Дағдарған жұрт алдына шықты Сейіт,
Ширыққан арғымақтай салып ойнақ:

— Беттейміз Бүркітті мына жиын,

Амал жоқ болса дағы жолы қиын.
Қаруың жұмсайтын сабыр - қайрат,
Сол ғана көтеретін тағдыр сыйын.
Бүркітті бүйірде түр қаға беріс,

Тік жартас бергі беті, емес еңіс.
Болғанша түн ортасы жетіп алсақ,
Ойлаймын ауыл аман қалар тегіс.
Кәрінің, мүгедектің, жас баланың

Қамында болғансыңдар басқаларың.
Байлауда мал қалмасын босатындар,
Істейтін жоқ осыдан басқа амалың.
Түн тұман, нөсер мынау жер салбырақ,

Сондықтан ала алмаймыз көсеу, шырақ.
Жүреміз арқан бойлап тізбектеліп,
Ешбір жан кетпес болсын топтан жырақ.
Мұндайда ер тұра ма ел бастамай,

Шын ерді тұра алар ма ел қостамай.

— Ал кеттік! — Топ алдына түсті Сейіт,

Жан екен тау денелі бір қапсағай.
Амал не, бір жүз қадам шықпай жатып,
Атқара аңдушысы түсірді атып.
Арты опат, алды ажал, қыспақта ауыл

Ұйлығып шұбырған жұрт қалды қатып.
Жүрегін басып Сейіт түсті құлап,
Түнек түн тұнды еңіреп ауыл жылап...
Көтеріп басын Сейіт тілге келді,

Қайсар жан қайрат қылып, көрді шыдап.

— Қапыда нақақ кеттім, қайран елім,

Демеп ем сын сағатта сынар белің.
Тартыңдар аялдамай Бүркітті
Апаттан аман қалсаң, толар кемі.
Жас едім жана алмадым, ерте сөндім,

Төгілмей жал-құйрығым келте сөндім...
Қанжардай қайқы болат қақтығыспай
Қапыңа, қайран дүние-ай, жер төсендім.
Төгілген кіндік қаным ескен жерім,

Басынан талай сорды кешкен елім.
Тілейді кешу үміт ақтай алмай,
Арманда жау қолынан өшкен ерің.
Қиыспас аға-іні, құрбы-құрдас

Жерім жоқ ұя бұзып келген қиғаш.
Бақұл бол... Арман... кегім—аманатым...
Үзілді қапы кеткен қыршындай жас.
Үлкендер бетін сипап, жүзін жапты.

Тас ажал талмау жерден тиді қатты.
Жарқырап жаңа жанып тұрған шырақ
Лап сөніп енді, міне, күл боп жатты.
Зіл басып ел еңсесін қара түнек,

Сәт сайын үрей өршіп, қатер үдеп...
Күте алмай, не бара алмай бас сауғаға
Ұйлығып тұрғанында халық жүдеп.
Естілді бір нәзік үн түнді жарып,

Тыңдады Шәмша қызды қауым танып. —
Асығыс кетсем, жұртым, айып етпе,
Біріңнің аузындағы сөзіңді алып.
Барады іңір өтіп, түнге ауып,

Бұл жерде бұдан әрі қалу қауіп.
Егерде маған сеніп ерсеңіздер
Көрер ем мен бір төте жолды тауып.
Найзағай қамшы үйіріп, бұлтты қуып,

Жарқ етті, Қоңыр жүзін жаңбыр жуып.
Тұрған қыз жарлық күтіп үлкендерден
Иіліп тағзым етті келіп жуық.
Ауылдың ақсақалы Алпамыс қарт

Етті де жұрттың аман жетуін шарт;
Қыз сөзі көңіліне қонғаннан соң —
Тәуекел баста, балам, сол ізбен тарт, —
Деп өзі Шәмшаға еріп жол бастады.

Тәңірге шалып іштей боз касканы.
«Кеткенде қайрат қайтып, қуат кеміп,
Болғай да Бүркіттіні соңғы асқаны».
Сонымен ауыл қашты ғаламаттан,

Ешкім жоқ мал-мүлікке қарап жатқан.
Жан қоштап, үміт бастап жетеледі,
Алдағы тағдыр—тылсым, пана—«хақтан».
Барады Бүркітті шеру шұбап,

Сыйынып үлкен «хаққа» бала жылап.
Қиын жол, қадам сайын төнген катер,
Өткенше бас айналып, тұнды құлақ.
Жел беріп сумаң күдік үмітті,

«Қозғалдық бекер» дескен кей күпті де
Табылып, ел қобалжып, «қайтсақ» деген
Шақта әрең жетті бұлар Бүркітті.
Тағы да үлкендері басын құрап,

«Көрейік таң атқанша, — десті, - шыдап».
Бір кезде ауыл жақтан үн естілді
Жатқандай сол өңірге аспан құлап.
Долы жел құлақ жара ысқырғандай,

Кек жалтыр көне дүлей мұз сынғандай.
Солқылдап аяқ басқан жер қалтырап,
Тәкаппар тау теңселіп, ышқынғандай.
Толқыды көк теңізі шатырлады,

Белгісіз кімді көкке шақырғаны.
Сөгіліп тау көбесі опырылып,
Жаңқадай жартас ұшып шақырлады.
Бір гүріл бірте-бірте жақындады,

Тәрізді толқын көкке атылғаны.
Төңкеріп тауды, тасты домалатып,
Жөңкіліп қара тасқын лақылдады.
Бөктеріп боз шіліктей бөренені,

Көк топан көбік шашып барады әні.
Қазандай тас қалтырап су бетінде
Тәрізді кектен бұршақ борағаны.
Кеткендей тау топшысы опырылып,

Нән терек, дәу қарағай жапырылып.
Маусымдай маужыраған мәуелі өнер,
Жаралы жолбарысша жатыр ұлып.
Тас, топан мұз көшкіні араласып,

Бойынан Азабының барады асып.
Қиялап тау төсіне өрмелеген
Ақ шаңқан саты үйлерді ала қашып.
Біріне-бірін соғып домалатып,

Ауылды асық тайын барады атып.
Қимылы қас қаққанша тіпті бір сәт
Көз қырын болар емес паналатып.
Бірлі - жар мал біткенді шашау қалған,

Қылт еткен аң ба мейлі қия жардан.
Қағып ап қалт еткізбей бара жатыр,
Ашыққан қызыл көз дәл асау арлан.
Құлаған меңіреуден жойқын күш ең,

Жапырып жолдағы жөңкіген сен.
Қазықтай қағып мүлде жібергендей,
Нанғысыз бұл жерде ауыл болды десең...
Осылай аласұрып басылды жын,

Шың-құзға алтын оққа асылды шын.
Аспанның жел сыпырып ақ бүркейін,
Сәскеде шайдай болып ашылды күн.
Төңкеріп жердің бетін дүлей дауыл,

Бір түнде ғажайып іс кешкен ауыр.
Амалдап бір ажалдан қалғандай боп
Етекке Бүркітті ден түсті ауыл.
Жайраңдап күн күлген соң сейілді бұлт,

Табынған табиғатқа жиылды жұрт.
Әр халық ертеңіне күйзелмейтін,
Деп жатыр жылағанға «жасынды сүрт».
Бақыттан, ертеңіңнен үзіп күдер,

Қам ойлап, қамығарлық сәт пе жүдер!
Садақа бір-бір күрке, қалдық аман
Емес пе «басы аманның малы түгел».
Жігіттер, қайдасыңдар, тұрма қарап,

Жиындар кімде не бар, келтір шарап.
Басы боп Алпамыс қарт, тағы басқа
Үлкендер, ақсақалды етті талап.
Бір жерге жиып шарап кел теріс,

Мүйізге күмістелген толтырысты.
«Бас аман қалғаны үшін» десіп жатыр,
Үрейді, қуып аулақ қорқынышты.
Кәрі-жас жиып алып жұртты барша,

Шақырды өз қасына «Кел,—деп, — Шәмша».
Орнынан Алпамыс қарт тұрды жайлап,
Мәнді бір үлкен жиын ашар жанша.
Қауымды қыз алдында тік тұрғызды, —

Танып ал, — деді,—жұртым Шәмша қызды.
Ауыл боп «аруақтан» соң сыйларың бұл,
Апаттан алып қалған баршаңызды.
Қолың жай, Шәмша балам, бата берем, —

Кәрі-жас құлақ түріп, етті елең. —
Кейіссіз күндей күліп өт өмірден, —
Қуанды қыз кірпігі түсті төмен.
Қосылып қартқа халық жатыр алқап,

Шаттықта пенде көңіл кейіс тарқап.
Табиғат адаммен ғой масайрады,
Мамырдай маужыраған таулы алқап.

— Тәрізді аруана арда жалқы,

Бас исін саған бүкіл кавказ халқы.
Сұлулық тәңірісі боп табындырып,
Дариядай тасы, айдынды көлдей шалқы.

- Әумин,—деп үлгерді уыз ерні,

Тамсантып бата берген ұру елді.
Шын мейір, ақ ниетке балқып кетіп
Шәмша қыз көлге айналып жүре берді...
Рица опат орны сол бір күнгі,

Көркіне кез сүрінген көл бүгінгі.
Тұңғиық тереңдігі—қыздың сыры,
Тұнығы—қыз жанының мөлдірлігі.
Құз-қия, түпсіз шыңырау өтер жолы —

Қиыны қыз жолының, қатер молы.
Өрлігін жас жанының паш еткендей
Қарт Кавказ төбесіне көтерді оны.
Сымбаты қыздың әсем — найза тасы,

Қарағай—бұйра толқын қолаң шашы.
Ашық күн, айлы түн мен көгілдір көк—
Ақжарқын қыздың жаны, көңіл ашы.
Ақша бұлт—қыздың торғын орамалы,

Ойы боп кейде асқарын аралады.
Арудың назы болып қайсыбірде
Мойнына жел серінің оралады.
Айдыны—ару қыздың ақ айнасы.

Тазасы — пәктігі оның, ар айнасы.
Ақ емен — қарауылы сап түзеген,
Кипарис — жасыл жебе, ақ найзасы.
Сұр бұлт—томсарғаны, түксигені,

Толқыны — қыздың баяу күрсінгені.
Ойнақы шолп еткені қайсыбірде—
Жігітті шөп еткізіп қыз сүйгені.
Кейісі қыздың—батар кеш құрымы,

Ай жолы—алтын шашпау қос бұрымы.
Ішігі—тау төсінде қалың жыныс,
Болмайтын көнерім, ескір.
Теңгесі қолаң шашқа қойған өріп,

Алқасы, ақ моншағы — жүзім, өрік.
Шиесі қыздың ерні—қызыл лағып
Қызықпай өте алмайтын көзің көріп.
Даңқымен күллі әлемді сабыл,

Айдыны босамайтын сағым нұрдан.
Сұлулық тәңірісі боп көрген көзді —
Кавказда «Қыз көл» осы табындырған.

ҚАРАКЕР

Жаз.
Жайлау.
Осы мерзім қандай ғажап,
Жайлауда жадырамас бар ма қазақ!

Сезімі селт етпес бір жан болмаса
Жайлаудың құзырына көшер өзі-ақ.
Бұл бір шақ жылдың көркі, елдің сәні,
Кірген кез көз қуанта жердің де әрі.

Ғажайып құдірет бар жаз, жайлауда
Серпіліп, сергитін жанның бәрі.
Сейілер пәндәшылық өмір бұлты,
Шақ осы жарасарлық ойын-күлкі.

Балқымыз!
Шарап ауа!
Жұпар дала! — Тәрізді көтерілер көңіл кілті.
Ерулік,

Сыбағалар,
Қоныс майлар
Беріліп,
Жалғасатын ас пен тойлар.

Жаз, жайлау — бітпес мейрам қазақ үшін,
Созылып түгесілмес қаншама айлар.
Жайлауға алтыбақан жарасатын,
Асқақтап алты қырдан ән асатын.

Заманда арғы-бергі сал, серілер
Жырлап еш түгеспеген тамашасын.
Өмірдің белестерін жаңа асатын,
Жүректер жұбын тауып жарасатын.

Алатын жастық жалын өз дегенін,
Тілектер болашақпен жалғасатын.
Шығарып біреулердің жомарт атын
Біреуді ескі дерттен оңалтатын.

Осы шақ араздарды тату етіп,
Жан кірін, көңіл көзін тазартатын.
* * *
...Хан жайлау!

Қара бұжыр, Қалба сырты,
Жайлайтын жазда келіп матай жұрты.
Кең өріс түгін тартсаң, майы шыққан,
Кіргізген ел шырайын жердің құты.

Толқыған нұрға орап бар өңірді,
Тамылжып тұрған көктен күн көңілді.
Төсінде тірлік өрбіп, қаулап әмір,
Жамылған гүл бәйшешек жер көңілді.

Сылдырап сылқ-сылқ күліп су көңілді.
Жағаны жайлап құрақ—ну көңілді.
Әндетіп, шат оралған ұясына
Сұлуда құс төресі қу көңілді.

Қаз қонып, үйрек ұшып көл көңілді,
Мыңғырған малға толып бел көңілді. Төл аман.
Жер түгі мол.
Адамы тоқ, Тыныштық дау-дамайдан, ел көңілді.

...Нарбота аулы отыр Шынтемірде,
Ақсақал қадірменді бұл өңірге.
Жауырыны жерге тиіп көрмеген жан,
Бермеген қолдан намыс шақ өмірде.

Сай болған қайратына жүрегі де,
Сенетін ақылы мен білегіне.
Құтқарар қысылғанда қырсық, сордан,
Болыпты қалың Матай тірегі де.

Ұстаған бабыменен ат-тұрманын,
Жігіттің жүрегінде от тұрғанын. Ұнатқан
Ердің бір-ақ сөйлегенін,
Қорқақтың, кесір - кердең жоқ тұрғанын.

Сөйлесе, сөз көмейден ақтарылар,
Арқаның ашуында ақпаны бар.
Түсіріп тәубесіне
Талайлардың

Не керек, ақ сайтанын қаққаны бар.
Бұл күнде төрден орын тапқаны бар,
Болыпты қағылез бір ақсары шал.
Нареке не айтар деп келмегенге Килікпей,

Тыныш жатып баққаны ар.
Ал осы Нареке Қара кері
Атанған бір жүйрігі дара еді.
Шапса—құс,

Жортса — бөкен,
Желсе —мая,
Нареке Керін мыңға санап еді.
Мәпелеп жібек жалын тарап еді,

Жанына жалғыз соны балап еді.
Сүт беріп су орнына, жемге шәшке,
Баладай бағып Керін қарап еді.
Қаракер бұл еңбегін ақтап еді,

Матайдың абыройы, мақтаны еді.
Қазақта оған жеткен жылқы болмай.
Шаппай – ақ талай бәйге қаққан еді.
Серік еді талай ауыр жорықтарда,

Нареке Кер үстінде қорыққан ба!
Қашқанда құтылатын, қуса жетіп,
Көңілін көр көтеретін торыққанда.
Талай жыл Қаракері болды жолдас,

Жақсы аттай сенімді әсте серік болмас!
«Астында ат, жанындағы жарға сенбе»
Дегенге сенген жанның өзі оңбас...
Міне, осы Нареке Қаракері,

Бәйгеден қағылғандар «Қара пері!»
Дей тұғын қайран жүйрік көптен бері
Қартайып әбден қолға қарап еді.
Қан түсіп аяғына болды ғаріп,

Тіс тозып, жем жей алмай өзек талып.
Қор болған бұл күндері Қаракерді
Амалдап келіп еді жайлауға алып.
Белгілі кәрілікке ем болмайды,

Қазақта жүйрік сойған ел болмайды.
Үзілсін өздігінен демі бітсін
Дегенді аты қазақ ел қолдайды.
Сонымен Қаракер ат тұрды аулақта,

Тоқыған көлеңке қып тал шарбақта.
Арыса тұлпар тулақ деген рас
Айналды құндыз жоны көн тулаққа.
Мүлгумен күн бататын, таң ататын,

Тұра алмай аяғынан тек жататын.
Шәшкені шауып берген толғап жұтады,
Айла жоқ Кердің күйін оңалтатын.
Есіне түсе ме екен өткен күндер —

Адымын қуса аштырмай жеткен күндер,
Қарасын көрсетпей көзден ғайып,
Қашқанда жұлдызша ағып кеткен күндер,
Алдына жылқы түсіп көрмеген күн,

Иесін өкінішке бермеген күн.
Бөктеріп қан сонарда талай бөрі,
Ініне түлкі қайтып келмеген күн.
Шақтар - ай жылқы ішінде ойнақтаған,

Боларын мұндай ғаріп ойлатпаған.
Атағы аймақты алып, бағы жанып,
Той болса, Қаракерсіз тойлатпаған.
Мүсінін, құйрық-жалын желбіреген,

Көрген көз сүйсінгеннен елжіреген.
Қаракер жүлде алып, ел мерейі
Асқанда, ер қалып па сергімеген!
Күндер - ай тек тұнықтан жүзіп ішкен,

Тайсалмай талай қиын жолға түскен
Кекжите шұлғып басты сілкіп тастап,
Аяқты шеки басып, серпи ескен.
Опырған басқан жерін болат тұяқ,

Мүжіліп тозып бүгін болды қияқ,
Шығаннан шүйгін ғана шалған күндер
Тәрізді болмағандай мынау сияқ...
* * *

...Бола ма болжап жайды жар бастырар,
Немесе арманыңды алға асырар.
Не кемел ақыл мен ой әлемдегі
Тауып па амал мәңгі жап-жас тұрар.

Келмейді кімнің ғана жас болғысы,
Өмірден қуар кімді қай олқысы.
Мойындап кемдігінен кеткен бар ма,
Бата ма сауға аурудың жан толқысы.

Өмірдің жылжитын өз арнасы бар,
Себепсіз шықпас жанның жалғасы бар.
Тәтті - ащы татар дәмі таусылғанның,
Жалынсаң бұл дүниеде қалмасы бар.

Қартпын деп кім тастайды шыбын жанын,
Тастау ма!
Етеді ғой тірлік қамын.
Тек түстік өмірі бар пенде адам,

Тірнектеп жинайды ғой кештік малын.
Өмірдің беретін өз азасы бар,
Әр жастың, үр жаңаның тоза бар.
Мәңгі жоқ, мәңгілік жоқ жерден өзге.

Жететін жаны бардың қазасы бар.
Таңбасын кімге салмас ғұмыр мынау,
Неге дер уақытқа бар ма сұрау!
Қашанда соңы болмақ басталғанның,

Тек қана ұсақталмай керек құлау...
Қареке міне осы жатыр ойда,
Қарттықта адам — өзіне-өзі қойма,
Тінткілеп, аралайды өз сарайын,

Табылмас үйден, ой хой, күндер қайда!
Қанжардай қайрап қойған жігіт шағым,
Көрмеген көп алдында сынып сағым.
Күрессем жығып, жарыста озып шыққам

Шақтарым бұлдырайсың болып сағым.
Саралап, шағып берген істің ағын,
Шырқап ән таң атырған талмай жай
Дулатып, тойды тойға ұластырып,

Атанған жігіт гүлі өрлеп бағым.
Орталап алты асқар асқан шағым,
Дариға - ай, ол да кетті-ау жұлдыз
Қылымси қырындаған жас жігітті,

Алдынан аруларды кеткен жағым.
Жетпісі жорға мініп желіп жүрген,
Аралап ел-жұртымды көріп жүрген.
Дүние-ай, ол да ғайып, басқаны ма

Қозғалтпас қарттық деген келіп мүлдем.
Қырымнан шолар қайран қыран көзім,
Қылыштай қиып түсер қиғыр сөзім.
Жақұттай жарқыраған отыз тісім,

Бәріңнің орнында тек қалды-ау төзім.
Бірдей еді сермегенде оңы - солым,
Ойылып түсетін тисе жоның.
Бұл күнде қалақ құрлы қауқары жоқ

Қаққаннан қалдырмайтын қайран қолым.
Топ шеге табанымда тұрғандай - ақ,
Үзіліп сынып белім, баспайды аяқ.
Сындар бой, қаздаң басқан қайран күндер

Жүретін болдым зорға ұстап таяқ.
Жалт берер болса бір күн ақыл-сана,
Істейтін бұл тағдырға бар ма шара!
Тоймас көз, шексіз үміт, о, дариға,

Қалдың - ау көнермейтін көңіл ғана.
Бос шығын жібермейтін шашау сөзін,
Иесі ем отты жүрек, асау сезім.
Опаң жоқ, оқабың көп, фәни дүние-ай

Баянсыз атанғаның осы - ау сенің!
Той-топыр тез таптаурын еткен жұртты
Мерзім де жетіп еді алмастырар.
Басына қонбақ ауыл Айна көлдің —

Көк шалғын тұнған жидек - жұпар жердің.
Бірақ көш жер болса да жаңа жұртқа
Жетуі қиын болды Қаракердің.
Ауылдың адамдары басын құрай

Кеңесіп, бірі олай, бірі бұлай
Десті де, бабын таппай Қарекеңе
Келісті қайтеміз деп ақыл сұрай.
Қареке кеңес айтты қысқа ғана,

Көкірек - көзі ояуға нұсқа ғана.
Білікті, көргені мол қариясыз
Ержетіп, ер есейіп ұстара ма!

- Маңынан, — деді, — Кердің кетіңіздер,

Қауіпсіз ауылдарды етіңіздер.
Жылқыны қиқу салып, дүбірлетіп,
Алдынан қуа айдап өтіңіздер.
Ұшқары: «Қой, мұнысы қалай?» — деді

Тереңдер тебірене: «Ой пәлі - ай!»—деді.
«Тұйықтан талай алып өткен кемел
Пау, қайран даңғыл көкірек, дана - ай!»—деді.
Нарым деп тегіндіктен шыққан ба атың,

Кең ойлап, кесіп айтар асыл затым.
Керді де, елді дағы бос азаптан
Нарым - ай, болдың-ау бұл құтқаратын.
Сүйсініп осыны айтып отырысты,

Сөз етті тиянақтап ертеңгі істі.
Нар менен Кер әңгіме болып талай
Өмірдің қысқасына өкіністі.
...Малынып нұр жамылып жаздың таңы

Атқан соң жықты үйлерін ауыл дағы.
Теңделіп түйелерге дүние-мүлік
Қаңқайып қонды үстінен шаңырағы.
Бет түзеп Айна көлге жөнелісті,

Қалдырып жігіттерге келер істі:
«Қаптатып қалың жылқы дүбірлетіп,
Айдандар деген кезде салқын түсті».
Ауыл көшіп кете барды,

Дегенде Айна көлге жетті - ау алды,
Жігіттер сәйгүлікті ығай-сығай
Жылқыны қуа айдап, қиқу салды.
Тойынған қалың жылқы кең шүйгінде

Қумай-ақ желігу ғой бұл күнде
Тиген соң құлағына дүбір, шабыс
Елігіп, құйрық тігіп алды мүлде.
Шұбырып, құйындатып, дүбірлетіп,

Басардай бірін-бірі дүбірлетіп,
Көсіліп жер қыртысын турап тұяқ,
Алдынан Қаракер барады өтіп.
Қаракер көптен бері алған жатып,

Тулақтай тұла бойы қалған қатып.
Қайшылап қос құлағын көзі жайнап,
Орнынан пай жануар тұрды атып.
Не дүбір, қайда барады, етпей пайым,

Соңынан қалың жылқы құйындайын
Ұша кеп көсілгенде көрген көздер
Таң қалып ала алмады жинап бойын.
Білген кім қанша шапты, қанша өтті,

Сүлдері жатқан Кер, пау, қазда кетті!
Жануар құстай ұшып, құйындатып,
Жылқыны кейін тастап, ағып өтті.
Сол бетте озып алға кетті оқ бойы,

Ұзарып, бауырын жазып өсті бойы.
Төгіліп құйрық-жалы жел желпіген,
Тәрізді жеткізбеске кеткен ойы.
Қайрылмай, қара тартпай кете барды,

Астында қанша қырдың жылқы қалды.
Тер жауып басы-көзін кетсе дағы,
Ет қыза есіл жүйрік барын салды.
Алқынып қос өкпесі сырылдады,

Көріктей кеңірдегі қырылдады.
Қос қанат қолтығына біткендей - ақ
Ұмсына ұшқан бойы бұрылмады.
Сөйтіп ол Айна көлге жетіп қалды,

Биіктеу көл қасында төбе бар-ды.
Болғанша үй тігіліп сонда отырған
Нарбота нөкерінің көзі шалды.
Келеді сондайда жалғыз қара,

Дүбірі тұяғының жерді жара,
Кіші ұлы Нарботаның
Серік батыр Таныды:

— Ата, сонау Керді қара! —

Деді де орынынан тұрды атып,
Дем алмай отырғандар қалды қатып.
Көзді ашып-жұмғанша
Кер дөңге шығып,

Кілт тоқтай қалды шауып келе жатып.
Нарбота иек қақты баласына,
Серік те жетті дереу Кер қасына.
Кісінеп - кісінеп кеп жіберді де,

Құлады ілінген Кер қаңқасына.
Тостаған көз маңайын шолды қарап,
Туған жер, өскен өңір мынау танап—
Бәйгеге кетіп талай келген жері

Кезінде мейіздей боп алған жарап.
Кер озып осы дөңге талай келген,
Риза мыңдаған көз талай көрген.
Дірілдеп тұла бойы жатты дағы

Сол бетте көтермеді басын жерден.
«Япыр-ай, ғажап еді мынау қандай!» —
Қареке күйге түсті жылармандай.
Күңіреніп отырғандар кетті толқып,

«Жануар болды-ау Сізбен қоштасқандай», —
Десті жұрт,
Кердің дағы демі бітті.
Қазасы таңдандырды дүйім жұртты.

Көңілшек, жүйесі осал кейбіреулер
Япыр-ай, япыр - айлап көзін сүртті.
Нарбота төңірекке көз тастады,
Ойлана баппен баяу сөз бастады:

«Ғаламда жанды-жансыз жаралғанның
Болмайды мәңгі тұрар тозбас шағы.
Ақыры адамзаттың сен емессің.
Кетпейді дүниені теңдеп ешкім!

Адам боп жаралудың мәні сонда,
Осынау аз ғұмырды қалай кештің!
Гәп сонда, қазада емес, ғұмыр мынау
Түсіріп ер азамат атқа қылау.

Жұрдай қып, Әліңді алып,
Әріңді алып, Бұзылған обадай боп жатқанында - ау...
Берілер кімге болсын бір-ақ дүркін
Аз күннің азаппенен алмай шырқын,

Шын жүйрік шабысында, қыран құзда,
Өмірін ер намыста түйсе шіркін!..»

ЕКІ КЕЗДЕСУ

«Я не знаю ничего лучше, сложнее,
интереснее человека. Он — все».

М. Горький

Адам!
Адам ежелден ол —
өлеңге өзек, жыр көзі.
Жаһан дүние—алдындағы

Пенде адамның бір өзі.
Ізгілігі, зұлымдығы аударысып, алысып,
Кезектесіп жатқан ұлы табиғаттың мінезі.
Шуағы ма, самалы ма, дауылы ма бұрқаған,

Толқыны ма төңкерілген
Кері баспас бір қадам,
Жылымы ма, дариясы ма арнасынан аспаған.
Бәрі осының—жаһан дүние — әлгі пенде бір адам.

Бұл жаһанды түгел ұғып, түгел білген бар ма жан!
Адасып қап аппақ көңіл кім артынан қалмаған!
Тауды ақтар, теңіз төңкер, кез ғұлама орманды.
Ақ-қарасы бадырайған із таппасаң, кел маған!

Сырттай ұқсас бәрі дағы,
Екі аяқ, қос қолы бар.
Ұқсамайтын тағдыры бар,
Қалдырған із, жолы бар.

Қысы, жазы, қоңыр күзі,
Көктемі бар дегенмен.
Осылардың біреуде аз,
Біреулерде молы бар.

Қайшылықты, қарсылықты, жаңа келіп, ескі өліп
Жататын өмірде кім басады аяқ ескеріп.
Біреу арман айдынында қалса, мүлде адасып,
Біреу бәрін де үлгереді Бұл ғаламға кеш келіп...

Дүние ісі дүниеде қалатын заңы бар.
Дүние ісі дүниеде
Қайтатыны тағы бар.
Баға беріп, айдар тағып, айтқаныңмен сол пенде

Адамды өз ісі ұстап
Беретін шағы бар.
Адам!
Адам ежелден ол — өлеңге өзек жыр көзі.

Жаһан дүние алдындағы пенде адамның бір өзі.
Моп-момақан тылсым дүние не тартарын алдыңа
Білгізбейтін тәрізді ұлы Табиғаттың мінезі.

БІРІНШІ ТАРАУ

Қыс. Аяз.
Үскіріп тұр қарлы дала.
Қарайды терезеден Алтай бала.
Тарады каникулге күллі интернат

Әзірге қайтпай қалған Алтай ғана.
Фермада үйі Алтайдың. Жері қашық,
Жүрген жоқ зерделі жас мойып, жасып.
Сол жаққа қатынайтын біреу болса,

Ілесіп анасына жетуге асық.
Қыстаған ферма биыл Жосалыға.
Бұл өңір кездеспейсің осалына.
Қоңыр жел жазда жайлы, қыста кейбір

Түтейді аспан - жерді қосады да.
Колхоздың Жосалыда қара малы
Төрт табын екі-үш үйдің қарағаны.
Кәрі-жас мал қамында мынау шақта

Адамның бос селтеңге бар ма ары.
Бұл колхоз аталатын «Ленин жолы».
Өңірі — ойы - қыры малға толы.
Кең жазық аты әйгілі Арқадағы

Жібімей кей шілдеде жатар тоңы.
Колхоздың бастығына Алтай барды...

— Білесің, бар жылқыны майданға алды.

Көліктің реті жоқ,—деп тұрғанда,
Тәттібай—ферма бастық келе қалды.

— Тілеп ең көктен, бала, жерден берді.

Мінеки, Тәтті өзі келді.

— Салтпысың?

— Салтпын.

— Мейлің. Мінгестір де,

Ала қайт, — деді бастық, — мынау ерді.
Тәттібайды Алтай тағы үш күн күтті.
Кетіп қап жүре ме деп көңілі күпті.
Ел жата жасырынып кірді дағы

Ат тұрған шөп қораға түнеп шықты.
Тәттібайды осылайша андып жүріп,
Таңертең шықты алдынан жаймен күліп.

— Ал, аға, жүреміз бе? —

Үн қатпады ол.
Алғандай тілін жұтып, аузын буып.
Бір кезде кердең басып кайта шықты,
Шәй ішіп жайланыпты, киім мықты.

«Апама жетсем бүгін болды әйтеуір,
Мүлдем қал үндемесең мейлің тіпті», —
Деп іштей, Алтай атқа кеп мінгесті,
Белінен қапсырып ап үндеместі.

Астында тоқым да жоқ, жайдақ отыр,
Үстінде киім де онша жылы емес-ті.
...Қан соғыс жүріп жатыр үшінші жыл,
Әкесі Алтайдың да майданда жүр.

Колхоздан мойны қашық әрі пұл жоқ.
Баланың үйі бұл шақ күйзеуде тұр.
«Ет жақын және де жоқ, болар пана», —
Деп жайды кеңескенде Жамал ана,

— Оқығым келеді, апа, түсесің бе

Қасында отырғанда ажалға ара.
Өлтіріп уақытты неге керек?
Қасында құр отыру қандай көмек?
Ертең кеп «Қалқам, мұның қалай?» десе,

Көкеме айтшы жауап берем не деп? —
Деп Алтай болмай үйден кетіп еді.
Он үшке жасы биыл жетіп еді.
Орнықты, бөтен елтең - селтеңі жоқ,

Үлкендей әр ісіне бекім еді.
Колхоздан ертемен шықты бұлар,
Терісінен соққан аяз емес тынар.
Сықырлап, шаңытып күн құлақтанып,

Қысқанда, болды жердің тоңы сынар.
Арканың қысы кімге емес аян!
Тәптіштеп несін оның етем баян!
Терісіне шығып алып үскіргенде,

Жымында қатады ғой бұққан қоян.
Көсілген, күртік басқан қарлы дала,
Бір түйір ықтасын жоқ болар пана.
Қуалап, қойны - қоншы аяз кеулеп,

Бір кезде тона бастады Алтай бала.
Тәттібайға тоңдым деуді көрді ыңғайсыз,
Мұндайда қандай адам қалар ойсыз.
Бөктерген қоржын құрлы көрмей келеді.

Тоңғанда томырықтан не сұрайсыз!
Бала да сезіп мұны шыққан бақты,
Көңілінде қайсарлықтың отын жақты.
Суыққа қайрат жүрмей қамықтырып,

Не істеудің бабын білмей келе жатты.
Бұл өңір Алтайға да әбден қанық,
Әлі алда бірқатар жер бары анық.
Қау жағып, не жүгіріп жылынуға

Тәттібай ренжір деп қауып танып.
Келеді желе жортып, әлі жүріп,
Үстінде күрең кердің дауыл тұрып
Кеткендей, қызыл шұнақ қылыш жалап,

Баланы бет қаратпай жеңді үскірік.
Келгенде қорықтау бір жерге таман —
Тоқтаңызшы, аға,—деді Алтай оған –
Екі-үш түп жағып жылынайық

Шыдауға халым келмей тоңып барам.
Қайрақтай көкпеңбек сұр, діні қатты,
Тәттібайдан обал аулы аулақ қапты.
Балаға мыңқ етті де тебініп қап

Қарамай алды-артына тұра шапты.
Тұяқпен турап күрең күртік карды,
Тиген соң өкпеге өкше барын салды.
Сыртынан калош киген, қолдан тіккен.

Алтайдың аяғында байпақ бар-ды.
Сынбады аяз одан әрі қысты,
Аязға қоса Тәттібай құртты мысты.
Қоқиып қатып қалған калош басып,

Байпағы оң аяқтан сусып түсті.

- Ой, аға,—деді Алтай айтты жәйін,

Кездесті бір кереңге не қылайын.
Білдіріп бар қырсығын қимылымен
Күреңге көмді қамшы онан сайын.
Қоймады Алтай да оны төмпештеді,

- Үлкенге ізгілік жол емес пе еді! —

Деп біраз арын шымшып оятқанда,

- Шыда енді ауыл алыс емес,—деді.

Сонымен кете берді далбалақтап,
Баланың көңілін жығып кардан аппақ
Өмірде неше түрлі бар ғой адам,
Сын сәтте шыға келер ардан аттап.

Аяулы бала әп-сәтте болды ғаріп,
Темірдей оң аяғын аяз қарып...
Сонда да ағатайлап жалынбады,
Түйіліп алды іштей тек сазарып.

Шыдады бар қайратын жиып алып,
Аяғын қысқан сынды темір салып.
Сықырлап сыздап сүйек сынардай боп,
Жүрегін шымшыса да миын шағып.

Тісіне - тісі тимей сақылдады,
Баланың осы екен ғой пақыр халы.
Ызғарлы күз күніндей құбылмалы
Тағдырдың ащы дәмін татырғаны.

Бір кезде оң аяғы қызды жанып,
Аяз от келе жатқан мұздай қарып
Болды ма, батар күннің алауы ма
Айнала кеткен сынды отқа айналып.

Сәл өтті. Оң аяғын темір қарып
Алғандай тыз - тыз етіп қойды барып.
Бұдан соң сезінуден қалды
Алтай Қойды ма үскірген күн құлақтанып.

Әлде сол күйінде ме қақап тұрған,
Қатерді кім болжайды тақап тұрған!
Мынау не?
Ауыл ма?

Анау анасы ма?
Танып қап ақсарбасын атап тұрған!
Сары аяз.
Қарлы дала таңғажайып,

Өзгеріп...
Көкесі әне канат жайып.
Алдында күлімдейді... міне тағы.
Қыс.

Аяз.
Ата-ана болды ғайып.
Біресе колхоз...
Мектеп...

Жаңа жыл... Кеш...
Шырша да жасаныпты кетіріп ес...
Сурет көз алдынан тағы ауысты,
Әлдекім...

Әлденелер көрсетіп сес.
Жабысып кердің солай сауырына,
Кеулеген аяз іші - бауырына,
Есі ауып, құлар халге жеткен кезде

Зорға деп жетті Алтай ауылына.

ЕКІНШІ ТАРАУ

Күркіреп өтті күндей, бітті соғыс
Қайратын ер азамат күткен зор іс.
Алынды қолға ұлы құрылыстар!
Қалпына келіп қайта тынды әр іс.

Бейбіт күн заңыменен жылжыды өмір
Жас қала, жаңа теңіз туды небір!
Тау төсін тепкілеген жаңа
ГЭС - тен құралған түлеп қайта құлпырды өңір.

Жастарға болды мақсат оқу - өнер,
Мамандық меңгерілді қиын нелер.
Далама ғылым сеуіп, ғалым әнін...
Салтанат Академия құрды кемел.

Домалап тер төккеннің өрге тасы,
Бос белбеу бойкүйездер жоқтың қасы.
Береке-бірлік артып, ырыс-несібе,
Бақытқа толды әрбір оттың басы.

Жер бетін түгел кезсең, бар ма мұндай
Қиялы, көп елдердің арманында.
Жүздей ұлт қазақ жерін мекендейді,
Бір үйдің тату-тәтті жандарында.

Атақты, ұйымшылдық деген алып
Бастайды бізді бұған әлем қанық.
Көтеріп достық туын ұғынысқан
Жұмылса, жұдырық қой біздің халық.

Білмейтін қиындықтан именуді
Жастарға еңбек ән мен күйге өрілді.
Тұяғы малдың ғана тиген байтақ
Тың, даңқы жерді жара игерілді.

Ашылып дарқандығы, парасаты,
Жатқан жон құйын кезіп, жел асатын —
Көк жойқын дән мұхиты кіріп кетсең,
Таба алмай шегі - шетін адасасың.

Әлемнің көз тіккені Қазақстан,
Құйылған жас жігер күш әрбір тұстан.
Тоғысып түрлі тағдыр отау тігіп,
Күмбезі жас шаңырақ күнді құшқан.

Егіннен мұхит жасап, дәннен таулар,
Жаңғыртып Сарыарқаны «қарғам - аулар».
Қақпа ашып Байқоңырдан ғарыш астық,
Күңіренді іші күйген күншіл жаулар.

Мыңғырған далам дағы малдың молы
Белгілі қазір мүлде орта толы.
Тың далам миллиард татып
Ұлы Отанның.

Біз болдық шығыстағы астық қоры.
Көп елден кеттік озып терезе тең
Үшінші орын алып өндірістен.
Бүгінде Менделеев кестесіне

Сыймайды жерімізден шығатын кен.
Алыбы алыптардың Екібастұз
Жатқан ол кеше ғана еді бос түз.
Қазірде қас қағымда қайыстырып,

Тау жасап, тас көмірден үйеді құз.
Теміртау, Сарыбай кен, Рудный,
Аспанға Байқоңырдан атылып күй.
Санап мен түгесем бе бесжылдықтар

Перзентін атай салған алдында ылғи.
Байлыққа бөккен байтақ Сарыарқа,
Түледі бір жылынан бір жыл арта.
Жеткізбес жер шетінде жатқан жонда

Машина қайшыласқан жүйтки жорта.
Жүзеге асып арман іске ұласқан,
Жер түгіл алдық қолға кілтін аспан.
Арналып миллиардқа ән жазылып,

Ақындар қаламынан туды дастан.
Салынып мәрмәр сарай, үйлер алып,
Атағы жерді жарып, әлемді алып,
Алматы көз алдымда қайта түлеп,

Жиынның болды орны халықаралық.
Қаратты елді аузына азаматы,
Жетеді жер шетіне жазса даты.
Кешегі дала кезген көшпенді ел —

Танылды күллі әлемге қазақ аты.
Еңбеккер Отанымда бақыт құшты.
Күмәнсіз мойындайды жердің үсті.
«Отарба», «Тұлпар» деген пойыз қалып,

Адамдар лайнер мініп, құс боп ұшты.
Жыл сайын миллиард құйған несібімен,
Шашылған төрге ырыс есігінен—
Ұшыра бөркін бүгін әрбір қазақ

Мақтанады ғарыш асқан есімімен.
Осындай ақтара айтар,
мақтана айтар
Ісім көп.

Сынай қарап жат та байқар.
Жылда бір теңіз туып, алып тұрып
Жатпайды деп жауым да сақтана айтар.
Қақырап қарсы айырылып таудың төсі,

Нұр шашып әр өңірдің жаңа ГЭС.
Ауылдың қала менен айырмасы
Қалмай, тең болып келеді терезесі.
Күнде той!

Елім бүгін күнде думан
Жастарым ылғи жайсаң өнер қуған.
Емендей бойлап өсіп, ойлар өсіп,
Келеді

Қазақ жұрты қайта туған.
* * *
...Жас өсіп жатады ғой, жарлы байып,
Тәптіштеп тізіп айтып не қылайық.

СХИ - ды бітірген соң біздің де
Алтай Өмірден өзіне орын алды лайық.
Қосылды тың көтерген жас қауымға
Қабілет танылып іс бастауынан.

Партия сенім артып, тура келген
Оған да өрелі істер басқаруға.
Бұл күнде ең әйгілі шаруашылық,
Табысы, мәдениеті алға шығып,

Мерейін республика көтеріп тұр
Дән сепкен күннен бері алғаш құрып.
Атағын бұл совхоздың ел біледі,
Әрі мал, әрі астық өндіреді.

Жем цех, кірпіш зауыты, Мех цех бар.
СПТУ көп жаңалық өндіреді.
Білетін қалт жібермей шаруа тілін,
Әр іске даярлайды өз кадрын.

Совхоздан бір оқушы шашау шықпай,
Қайтады маманданып, алып білім.
Бұл совхоз—соғыс жылғы «Ленин жолы»
Колхозы

Іріленген, кемі толы.
Совхоз жоқ табысы ондай,
Директорын
Ғажайып іскер жан, — деп мақтайды елі.

Директор Алтай еді ел мақтаған,
Сенімін ақтап көптің ардақтаған.
Жүр еді Жосалыда шөп сүрлетіп,
Риза шаруасына алға аттаған.

Тұрақты мал қонысы осы аймақ,
Жаңадан тағы да үлкен база сайлап...
Кеңейтіп жем цехты да өнімдірек
Етерлік жатыр еді жұмыс қайнап.

Кеше кеш рация берді хабар,
Ойлана Алтай оған салды назар.
«Тәжірибе алмасуға көрші елден
Мамандар бармақ,

Алтай күтіп алар», —
Депті де секретарь қол қойыпты.
Әрине совхоз бұған лайықты.
«Қалауын тауып бұлар қар жандырып»,

Еселеп табыс көзі ұлғайыпты.
Енгізген өндіріске әрбір түрін,
Автомат атқарады мал күтімін.
Жастарға беріп істі маманданған,

Тынығып ақсақалдар алды тыным.
Дегендей бұл совхозға бақ қарады,
Шамалап ғылым сырын да ақтарады.
Бес герой, жеті аспирант, үш кандидат

Осында бәрі қызмет атқарады.
Еш жерде қолданбаған бұдан бұрын,
Жемнің де ойлап тауып жаңа түрін.
Салмағын әр бұзаудың тәулік сайын

Килолап өсірудің ашқан сырын.
Қалыспай бір-бірінен алар тәлім,
Жауапты етіп қойған жастар жағын.
Бәріне Алтай өзі ұйтқы болып

Келеді орындатып ойға алғанын.
Әрненің келістіріп жарасымын
Өскенін мәдениет саласының
Айтып тұр өзі-ақ түзу көшелерін

Көмкерген көкті тіреп ағашының.
Созылған бақ поселка іргесінен —
Микро тайға.
Мұнда кім көшірген!

Дерліктей, совхоз көркі — шағын қала,
Ертеңі танылып тұр кең көсілер.
Қонақ үй, атой берген зәулім сарай,
Берейін несін оның тізіп санай.

Тоғысып ғылым - еңбек жұмылған соң,
Жаңалық келіп жатыр талай-талай.
Мақтаныш бірі болмай қатардағы
Жаңашыл жастар совхозы атанғаны.

Мақсаты ауыл - қала айырмасын
Жоюға байқалады бет алғаны.
Халықтық театрға кешке қарай
Ағыла жиылады күллі маңай.

Музыка мектебі бар жеті жылдық,
Оркестр құрып алған, аты «Арай».
Негіз жоқ айтқанымды бекер дерге,
Ән сыйлай жүріп көрші мекендерге,

«Сарыарқа сазы» жастар ансамблі
Қайтады сапар шегіп шет елдерге.
Ұмытып барады екем спорт жағын,
Жастар жүр стадион десіп шағын.

Жоспар бар комплекс тұрғызуға,
Сынарлық өсер ұл-қыз алда бағын.
Өзенді ноқталаған өз ГЭС бар,
Наны бар,

Әні де бар.
Өзгесі бар...
Аралап шаруасымен танысқанда,
Алдымен шалынады көзге осылар.

Бұларға Алтай аздап ой жүгіртіп,
Саралап блокнотқа қойды түртіп.
Жоспарлап не көрсетіп, не қоярын
Белгілеп, қонақтарын алмақ күтіп.

Тапсырып шаруаны, үйге беттеп
Келеді, қысылмайды күйгелектеп.
Сапарға машинаны дайындап ап
Түс ауа орталыққа жүріп кетпек.

Отыр еді.
Келді бұған бір қапсағай Ақсақал.
Алтай басында абайламай...
Қараса, сонау жылғы Тәттібайы,

Емес-ті жүз көріскен содан былай.

— Ассалаумағалайкум!

— Аликсалам!

Иә, шырақ, дені - қар сау жүрсің бе аман?

— Шүкірлік.

Мұнда қайдан жүр едіңіз? —
Ұзатқан осында еді үлкен балам.
Қайтайын деп ем енді ауыл жаққа,
Жер қашық салт жүруге мынау шақта...

Ала қайт машинаңмен дей келіп ем,
Шырағым, кез келіпсің біздің баққа.
* * *
Арқаның көсілген кең даласымен,

Қара жол сырғып жылға арасымен,
Газ «төрт жүз алпыс тоғыз» жүйткіп келеді
Жарыса зымырап жер шарасымен.
Екі адам машинада ләм деспей

Келеді кеңесерлік сөз үйлеспей,
Бұл не айтпақ?
Ол не демек?... ой тізбегі
Жылжиды әр тарапқа көз ілеспей.

Атойлап әр қиырдан берген сәуле,
Әркім өз ойыменен өзі әуре.
Келелі іс келер күнгі белес Алтайды,
Тәттібай жол болғанға етеді тәубе.

Билейді көк майсада сағым қалқып,
Бәйшешек жаудырайды исі аңқып.
Жапырақ нұрға бөккен беті тершіп,
Бай дала ыңыранады былқып - балқып.

Жүзіңнен аймалаған қоңыр самал
Лебінен жан жадырап рахат табар.
Билеп ап жан жүрегіңді аймақ, ән сап,
Бой сергіп, көңіл өсіп, ой тұтанар.

Кей сәтте көкейіңе ән келеді,
Ақырын ыңылдайсың әлденені.
Құт мекен, құмар қанбас ұжмақ мекен,
Осылай баурайсың - ау жан денені.

Тек кейде бар болғаны қысың қатты...
Осылай Алтай біраз ойға батты.
Қан соғыс...
Қаһарлы қыс...

Қатыбас жан...
Біртіндеп көз алдынан өтіп жатты.
«Ақсақал, танисыз ғой мынау жерді?
Тепкілеп қос өкпеге күрең керді

Аязды жеңіп ек - ау сіз екеуміз,
Аяздай сіз де қысып тұрғанда елді».
Дей жаздап Тәттібайға тежеді ойын,
«Әлі өзі тік ұстайды қаңқа бойын.

Шалжиып нығыз жатыр шалқасынан
Мен бағып жүргендей - ақ мұның қойын».
Деп Алтай қолы рульде, өзі ойда...
Ақтарсаң, адам жаны жатқан қойма.

Тоғысып қилы тағдыр, қилы мінез
Тұрады дерсің қалай сыйып бойға...
Шалқиып машинада кең кесіле,
Ширатып селдір мұртын жейдесіне

Сия алмай келе жатып Тәттікеңнің де
Өткен күн адасар боп келді есіне.
Отты жыл... құрғамаған жасынан кез,
Опасыз жауға халық ашынған кез.

Тылдағы бөріктінің бәс артып,
Әйел деп кейбір құнсыз басынған кез.
Пасықтың ширатылған паңынан без,
Жылымдай жұтар маңның маңынан без.

Бірі еді сондайлардың бұл Тәттібай,
Парықсыз жақсы-жаман дарымас сөз...
Тімтініп Жамалға сан келгені бар,
Кескінді, есті әйел көргені бар.

Сөзімен, ісімен де дәметкіштің
Сазасын талай рет бергені бар.
Тәтті қызыл көздің өзі болған,
Жамал шын қылығынан мезі болған.

Басына келсап түсіп, мойнына ошақ
Ілініп, мұрны іскен кезі болған.
Сол үшін Жамалға бұл әлі кекті,
Кезеді шүңірек көз көкжиекті.

Алтайға көзі түсіп кетті дағы
Ойға алды шолып қойып төңіректі.
Қазына машинасы болмай місе...
Шалқып тұр «шайқап төгіп, үріп іше».

«Күн туады ұл туғанға» дегендейін
Атанды Жамал бүгін ақ бәйбіше.
Тәттікең келе жатыр күндеп қойып,
Паңсыған сырты, іші жүдеп, мойып.

Тағдырын қызға мырза қарғап-сілеп,
Қызғаныш отын іштей үрлеп қойып.
...Дөңгелеп қалып жатыр байтақ дала,
Ырғалып бәйшешегі мұрын жара.

Тәттібай қорық шиге келген тұста
«Жеңілдеп алмаймыз ба»,—деді, — бала!
Тоқтатып машинаны аялдады.
Тәттібай шиге қарай аяңдады.

Талайғы таразыға түсіп тағдыр
Алтайды толқытпай қоя алмады.
Сол бір қыс мынау дала қандай еді,
Ақпан да адамда өші бардай еді.

Құс қатып ұясында, қоян жымда,
Абайсыз аяз жалмағандай еді.
Ау ырды жылға жуық сонда үсіп,
Башпайлары оң аяқтың түгел түсіп,

Әкеден қара қағаз және келіп,
Неше күн жатты жылап жерді құшып.
Қабынған екі өкпе бірдей қысып,
Қиналды аяқ-қолдың буыны ісіп,

Зорға деп жас денесі жеңіп дертті
Қалды аман, қылған емнің сәті түсіп.
Қасында жан жоқ өзге анасынан
Шағында қызуы асып алас ұрған, Тәттібай:

— Жұмысқа шық,—деп Жамалға,

Келуші еді болмай белгі жаны ашыған.
Не керек өткен күннің белгісі жоқ,
Болса да Тәттібайды көргісі жоқ.
Бұл оның өресіне түсіп кайтсын,

Ұсақтап ішкі сырын бергісі жоқ.
Бір сәтке Тәттібайға кезі түсті,
Пенделік мұны да бір мінез қысты.
Дүние ісін ақыретке әкетпек пе!

Оқыс бір ой келді де, бастады істі.
Абайлап төңіректі шолып тұрып,
Ақырын миығынан алды күліп.
Отырып машинаға от алдырып,

Тәттібайды тастап, өзі кетті жүріп.
Ызғытып кетті, лезде белең асты.
Тәттікең апалақтап, жаман састы.
Манағы ширатылған сырбаздық жоқ

Жүгіріп айдалада құты қашты.
Біресе кейін қарай мойын бұрды,
Біресе ілгерілеп алға жүрді.
Түрлі ой келгенімен тұйықта қап,

Осқылап Тәттікеңді тоқтай ұрды.
«Осыған несіне ердім!
Құдай ұрды!
Ұмытпай жүр екен ғой сонау жылды.

Егесіп шешесіне қырсығып ем,
Сол кегін екі есе қып алып тынды».
Орта жол.
Жер шамасы бұған таныс.

Жаяуға алды да алыс, арты да алыс.
Жапан түз.
Бөрі жортқан бозша дала,
«Япыр-ай, неғып аяқ бастым шалыс.

Болам ба қартайғанда бөріге жем,
Елсізде, ай далада үзіліп дем.
Шыққандай ажал айтқан күн еңкейе,
Несіне усойқыға ілесіп ем».

Сан саққа түсіп солай жүйрік көңіл,
Тұрғанда, тоқтай алмай, ойлап небір
Қауіпті үрей билеп, өкпе қысып,
Тәрізді үзілердей болып өмір.

Көріңді жарқыраған алыстан от,
Машина фары екені белгілі боп...
Тәтті өмір Тәттібайға елес беріп,
Алдынан жүгірді кеп іркілген жоқ.

Алтай да оңтайлады есікті ашып,
Қорыққанын Тәттібайдың қаны қашып,
Таныды қаттылықтың қаһарманын,
Қушиып бір уыс боп қалған жасып.

Кім білсін бұдан ары қанша өтті,
Әйтеуір орталыққа келіп жетті.
Үйіне Тәттібайды жеткізіп сап,
Жәйімен өз жөніне Алтай кетті.

Бар ізет осы болды, әрі аспады,
Жол бойы бір-біріне жақ ашпады.
Әркім өз өресінен табылмай ма
Тағдырдың төнсе дағы қара аспаны.

Өмірден асыл да өткен, жасық та өткен
Жұпыны біреу шалқып, тасып та өткен.
Сонда да табылар ма пенделікке
Із салмай жалғыз рет асып кеткен.

Данышпан, бұқарадан тұрған дара,
Немесе ғұламаны ал мүлде дана.
Сонда да жақсы-жаман пендешілік
Ойласақ кездеспейді кімде ғана.

Сыйласпау, кешіріспеу, түсініспеу,
Кек тұту, ош алысу, кіші,
Жақсыға жаны таза жараса ма,
Құлдырап татымсыз ісін істеу?

Бойында күш-қуаты, жастық шағы
Тұрғанда әркім мықты өрлеп бағы,
Аяғын алшысынан басатын бар
Өзгенің есеп болмай сынған сағы.

Өзінше қайсы біреу болады зор,
Жүргенде салмағынан ойылып жер.
Ал соны ар-намысы, адамдығы
Сыналар кезі келген шағында көр.

Күншілдік, жағымпаздық, өтірік-өсек,
Сәл іске қысас қылу тұрып кесек,
Піл санау білімді емес, билікті —
Не керек, мынау дүние толған есеп.

Мұндайлар жүрсе дағы арамызда,
Күресіп, біз түгесе аламыз ба,
Дейміз де, көрмеген боп аулақтаймыз,
Аяғын пенделікке саямыз да!

Екі адам, бала мен қарт, екі тағдыр,
Уақыт, Екі кезең екі шақ тұр.
Қаз қойдым, қылықтарын, адамдығын,
Оқушым өзі оқып, өзі таныр.

* * *
О, адам!
Күрделісі ғажапсың ғой.
Анадан туғанда пәк, таза - ақсың ғой.

Өмірдің тұтқасы адам дейміз ғой, тек
Адам боп өмір сүру — өзі-ақ сын ғой.
Әрине, ақылды көп, адал да көп,
Мейрімді жаны таза адам да көп,

Сонда да ізгілік бар, зұлымдық бар,
Өмірге келіп өзі жаралған жоқ.
Ақыңды әркім өзін санайды ғой.
Өз ісін әділетке балайды ғой.

Жақсылық жаманшылық егіз өрбіп,
Өзінен адамдардың тарайды ғой.
Жетпейтін ғұмыры бар бір ғасырға,
Ісі бар өлмейтұғын мың ғасырда.

Түнегі,шуағымен бүкіл дүние —
Тоғысқан пенде адамның бір басында.

1932

(Публицистикалық поэма)

КІРІСПЕ

Ал қолда, өлең пірі, шалқы шабыт,
Жатқанда партия өзі дабыл қағып.
Менде де ақтара айтып, ашар сыр бар
Көңілдің қоймасында қойған қалып.

Бетбұрыс, қайта құру, жариялық
Тереңнен ой қозғайды дария қып.
Ақиқат сонау жылғы айғай салып,
Еткендей өзің қылмыс ар ұялып...

Пысықтар, мансапқорлар онды сол қып,
Қай күнде бүлдірмеген елді көр қып.
Айтатын билікті қылықтарын
Кез болған сыбырменен үркіп - қорқып.

Жастықта түсіне алмай мәнін жөнді,
Ойладым халық бұған қалай көнді...
Табыстан бас айналса... мүмкін – ау деп,
Пәк көңіл ақиқатты мәңгі көмді.

Шүбәсіз мен солай деп сеніп едім,
Қатені мойындау деп келіп едім.
«Қалмаған аша тұяқ» сонау жылда
Халықтың күйзелгенін көріп едім.

Бала едім алаңы жоқ жүрген ойнап,
Мектепке енді ғана баруды ойлап.
Құйыны құбылма өмір соққан сонау
Жылдар тұр көкірегімде әлі сайрап.

Кергенін адам жаста ұмытпайды,
Тұрғанда ай - күн аман түсіп қайғы.
Өлгенін көме алмай ел күңіреніп,
Жатқанда бала нені қызықтайды?

Айтайын соны, оқушым, баяндайын,
Жария етіп кепке аяңдайын.
Колхозға қатысы жоқ жұмысшы жұрт
Ашығып қасіретке түскен жәйін.

БІРІНШІ ТАРАУ

Қазақтың ұланғайыр даласы бар,
Даланың сан атауы, саласы бар.
Солардың бірі — Қал, Қара бұжыр
Дейтін жаралмас дарасы бар.

«Қалбаның қалың келер қарағаны,
Бәйге аттың сұлу келер жарағаны» —
Дегізіп боз теректей боз қараған
Ән болып байтақ елге тарағаны.

Болмаса, көпке әйгілі көңіл баурар,
Атағы жоқ орманы барыс аулар.
Тұлпардай сырты қораш, іші ғажап,
Қараған, тобылғылы қоңыр таулар.

Әр сайы сылдыраған мөлдір бұлақ
Жататын ақпанда да қатпай тулап.
Көмкерген жағалауын бұйра жалбыз,
Тізеден келген жасыл мақпал құрақ.

Құба тал өзен бойы күрең шілік,
Көкпеңбек тұма тастай суы тұнық
Жіңішке Беке мен Шар әсте құрғап
Қалмайды болса қандай құрғақшылық.

Ойнаған сағым билеп жасыл белі,
Боз жусан, жібек көде, бетегелі
Үзілмей қысы-жазы аймалайды,
Жүзіңді баяу ескен қоңыр желі.

Әр тұста үй орныңдай айна көлдер
Алыстан көңіл баурап мұнда көлдер...
Су шапшып бота көзден мың сан тебен
Инедей микро фонтан аспанға өрлер.

Жағасы жайған кілем—жасыл құрақ
Ұласып көкжиекпен көз бұлдырап
Иісі мұрын жарған лағыл жидек,
Теруге шығатынбыз демей жырақ.

Шыбыннан, маса, сона кетпес мазаң,
Түгендеп тізіп айтып несін созам.
Жұртымның өзі қандай, жері сондай,
Болмайды тал шөбінде түйір тозаң.

Табиғат мінезінің асылы бар,
Мінездің тасуы бар, басуы бар
Десең де қанша момын болады ғой
Бұрқайтын оқта - санда ашулылар.

Сол сынды кейде ашулы ақ бораны
Даланы апта бойы ақтарады.
Мал түгіл, адам шашау шыға қалса,
Жұтып-ақ жіберуге шақ қалады.

Тау толы тағысы бар түлкі, қарсақ,
Жылғада көкше қоян кетпей жаңсақ
Қаға алған аты жетіп аңшылықтың
Батады қызығына жүрсе аңсап.

Шұбырып тау-тасында арқар өріп,
Жүреді құрық тастам жерге келіп.
Ала бер бұғалықтап асау құлжа
Тұрғанда желге қарап төсін керіп.

Ақкісін, қыр құндызын, суыр, күзен
Тәптіштеп санап бәрін несін тізем.
Ашулы,
Қаршығалы

Арқар атқан
Өзі айтып өз байлығын тұр деп білем.
Ықтасын қоңыр таулар қысы жайлы,
Түгінен сүт саулаған жазы майлы.

Тырбанып, тіршілік қып егін салған
Бұйырған несібінен құр қалмайды.
Қаптаған қалың жылқы бел-белесі,
Арқардай ақтылы қой әр төбесі.

Өлкені өрлей өрген қара малы
Осындай болар – ақ - ау жер төресі.
...Асылға туған жерін баламайтын
Пенде жоқ аяулы ана санамайтын.

Әйтседе бұл ғана емес, ел алдында
Қалбаны, Қара бұжыр даралайтын.
Бас қосса әңгіме етер кәрі-жасы
Қалба мен Қара бұжыр сөздің басы.

Сиынып, сүйініп те еске алары
Ризық болған елге қазынасы.
Шыбынсыз жаз боп тұрар өмір бар ма?
Ауыспай бар мен жоғы жылжыр ма алға.

Қазақтың мол байлығы бір-ақ жұттық,
Түспей ме малы кетсе мүшкіл халға.
Сондай бір қиын күнде елге келген,
Несібе тергенде ел іздеп жерден

Бұрқ етіп алтын шығып туған өлке,
Халқына қазынасын иіп берген.
Несіне мәймөңкелеп майдалайын,
Тұрады еңбексіз мал қайда дайын.

Аштықтан талай алып қалған осы
Туған жер топырағыңнан айналайын.
Деп халық сан естідім күңіренгенін,
Толқып бір жан тебінер күйге енгенін.

Азамат бұл өңірде жұтамас мал,
Білемін жерден тауып үйренгенін.
Құт мекен, міне осындай ата мекен,
Бауырынан елге ризық шашады екен.

Сондықтан мың айналып жүз толғанар
Халқына қадірі оның алабөтен.
...Бір ғасыр мұнда алтын шыққанына
Өндіріс мәнін елдің ұққанына,

Мал бағып, бір жағынан шахтада істеп,
Қажетін тауып халық тұтқанына.
Кез болған еңбек еткен ағылшынға,
Айтқаны ағылшынның шығып шынға.

Ертекте естігені үй жанынан
Табылып, өзек болған аңыз-жырға.
Алдында Октябрьдің игере алмай,
Шеткері орталықтан жатқан шалғай

Кен көзін жалға беріп патша өкілі,
Қызығын шет елдіктер көрген талай.
Бөкеде «Китайский», «Колорада» —
Шахталар бұған дәлел бола алады.

Революциядан соң Совет орнап,
Жұмысын кен көздері жаңалады.
Инженер, мамандар кеп орталықтан,
Кеңейтіп өндірісті мол дамытқан.

Жаңадан шахта ашып, зауыт салып,
Байыту фабрикасын сол танытқан.
Шақырған ұлы еңбекке өсер елді
Ұраны Октябрьдің есе келді.

Даланың жүрегіндей дүрсілдеген,
Движок фабрикаға қоса келді.
Халықтың көптен күткен атып таңы,
Жарқырап самаладай жайнап маңы.

Көргенді таңдандырып көз жауын ап,
Нұр төкті орталықта Ильич шамы.
Көз ашып халық жаңа жол таныды,
Бөкенің өсті солай орталығы,

Салынып мектеп, клуб, магазиндер
Ашылып наубайхана, жоқ табылды.
Осылай ел өмірін жаңалады,
Мектептен білім алып балалары.

Еңсесін көтеріп ел еңбек жанып,
Зейін сап әрнеге өсті саналары.
Нығайып әсіресе Ақжал, Бөке,
Атағы шығып шалғай елге жете

Бастады, әрбір тұстан көшіп келіп
Құлшынып қауым болып еңбек ете.
Бала жал, Қазан шұңқыр, Сынтас,
Дау бай Әйгілі кен көздері, өсіп қаулай,

Жөнелді ел боп еңбек сіңірген соң
Оларда болашағы еді таудай.
Қашанда бастық көп қой үлесі мың...
Сақтайды есінде оның кім есімін.

Әйтеуір ең үлкені Ақжалда оның—
Өкілі Алтай алтын тресінің.
Қарайды соған осы кен көздері,
Аралап келіп жүреді кейде өздері.

Жиілеп қатынайды әсіресе
Шығыны өтелмеген кей кездері.
... Ашылып «Красный» жаңа шахта,
Дүрілдеп «Беке» осылай тұрған шақта.

Өскемен, Риддерге төтеміз біз
Сөзіңе сиям мейлің қалай мақта.
Дейтін кейбір өжет жүмысшылар,
Түзелген табысы өсіп тұрмысы бар.

Өткізіп техминимум маманданып
Алғандар, жоқ-ау тіпті түр қысылар.
Жұмыстың рудникте түрлері көп,
Кетеді ерінбеген ілгерілеп,

Қажетін өтеп тұрса, еңбек жанып,
Бас тартып ен пайдадан кім керілмек!
Байырғы жұмысшылар табысы өсіп,
Істейді жер астында, үсте кәсіп

Еткендер жүр тас күреп, бұрғы тасып,
Әркім әр бұйырғанын етіп нәсіп.
Болған соң қанша өсірсе еркі өзінде,
Малданып алғандары НЭП кезінде

Шартпенен жалданады фабрикаға.
Кен тасып жеткізуге дер кезінде.
Мойымай қиынына біреу төзіп,
Құрады геолог тік тау-тас кезіп.

Үйреніп алған алтын көзін танып,
Тұрады қайда оның барын сезіп.
Осындай кісі еді Әлмұқа ата,
Үйінде алмайтын жан қарап жата.

Сан рет қиын кезде шахта ашып,
Халыққа несібе етіп алған бата.
Қарамай қыста боран, жаз жауынға,
Кен іздеп жүретін-ді ол тауында.

Ашқаны үшін талай алтын көзін
Ордендер жарқырады омырауында.
Жүретін бір жағынан арқар ата,
Шиті ден тиіп оғы кетпей қата.

Құн жандап қалатын жұмысшы ауыл
Жаз болса бермейтін қызылдата.
Бола ма еңбек жанса қиын кәсіп,
Смена арасында тиіп-қашып

Жабылған шахтаны ашып, артель құрып
Қосымша табыс табады ұйымдасып.
Кей ауыл азаматы, аты сайлы,
Жұмысқа қыстауынан қатынайды.

Көктемде жақынырақ келіп қонып,
Малын бұл, мұны малы асырайды.
Сонымен бір жағынан малын бағып,
Шахтада бір аяғы тұрғын халық.

Тарықпай отыратын өндірістен,
Қант - шәйін, киім-кешек, бұлын алып.

ЕКІНШІ ТАРАУ

Осылай халық түсіп жаңа жолға,
Алғанда жаңа істерді енді қолға.
Ал, ура!
Кіші Октябрь! — деген науқан

Құйындай үйірді елді оңды - солға.
Бұрын - соң тымақты түрін анық
Көрмеген килікті кеп киіп-жарып.
«Елінде Совет те жоқ,

Октябрь жоқ,
Қызыл ту көрмедіңдер қолыңа алып.
Сондықтан, мен жасаймын Октябрьді!» —
Төгілді, Голощекин ақтарылды, —

Күн кешкен қаңбақ болып сорлылар - ай
Көзіңді мен ашамын, бақтарыңды.
Сендерді ел етемін тарихта жоқ
Болады қас та жоқ, ғарып жоқ!

Колхозға ұйыстырам, жұрт боласың
Тұрмысың болады өзге халықта жоқ.
Ғажайып гүлдендірем бұл даланы,
Лепірген түгесілмей бұлғалаң...»

Ауызы Ленин!— деп ісінде өзі
Лениндік қағиданы бұрмалады.
Тек ешкім бұрмаладың дей алмады,
Жұмысшы жұрттың кеше оянғаны...

Бостандық!
Азаматтық! — дегенді естіп,
Арнаға жаңа түскен ой-арманы.
Бастықтар креслода құты қалып,

Бөлініп бүйректей боп нығызданып,
Ыңыранып отырғанда «тағын» қимай
Ұрандап бұл құзырын жүргізді анық.
Тәсіл бар ежелгі бөліп алып,

Өсіріп алауыздықты іштен шалып.
Билей бер, өз тізгінін өздеріне
Берген боп... ақ патшадан тәлім алып...
Айтылмас бұл ішкі есеп болуына,

Іс себеп ақын бұлай жоруына.
Жұртымның көрген азап, қазасы ғой
Мұндай ой келіп қоңсы қонуына.
Іс пе бұл көктен келген, көппен көрген?

Өзге қай ел қырылып аштан өлген?
Сталин ызғарынан ығысқан жұрт
Айта алмай ішке терең көптен көмген.
Сонымен қандай елсің, біліп, танып

Көрмеген тарихы рухтанып
Көшіңді түзеп, жолға салмақ болып
Бастады Голощекин «туыңды» алып.
Қашанда жасады іліп алып

Жөнелер мінезіңді біліп алып.
«Ұранын Кіші Октябрь дүрілдетті»,
Құп! — деген Сталиннен құрық алып.
Колхоз боп ұйымдасу оттай қозып,

Бірінен бірі асып, оқ бойы озып.
«Жоспарды белсенділер орындады»,
«Ұзаққа келелі істі жатпай созып».
Пысықтар іс тетігін тапқаннан соң,

Арқаға Голощекин қаққаннан соң.
Шаруаның күн көрісі жер қайысып,
Мыңғырып өзі келіп жатқаннан соң.
Болды да қырат басы күнде майдан

Танаулап белсенділер қырып, жойған...
Қала сап киіз үйден көше орнатып
«Проспект Голощекина!» атын қойған.
Шаруаның барлық малын тартып алып,

Келеке етіп, қорлап беріп жарлық
Қайдан тап, онан тапсаң... киіз, мүйіз,
Тұяқтан, тері-терсек салып салық.
Қарамай ұрда - жықтар айға - шайға,

Мұндайда деп жүрмей ме пәле қайда?
Қосыла кегі жолдан жырыңды
Жатпай ма даурығудан тауып пайда.
«Асыра сілтемей де, аша тұяқ

Қалдырмай...» деген ұран бастыққа ұнап...
Қайталап, мәз боп заңдастырып берді,
Не ісі бар жатқанында халық жылап.
Үкімет айтқанынан артық алу,

Бермесе, көне - кернеу тартып алу.
Әдетке айналған іс, өзін дағы
Ұмытпай, ертеңі үшін қарпып қалу.
Ар-ұят адамшылық жайға қалып,

Әр істе белсенділер майдаланып...
Халықтан көнді ауғанын алып жатыр
Билігін біраз күндік пайдаланып.
Біреуге жала жауып, өтірік үйіп,

Қорқытып жүйрік мініп, ішік киіп.
Ұпайын кей белсенді түгелдеген.
Күйеу боп текті жерге, сұлу сүйіп.
Асыра сілтеулердің түрі солай

Молайып, деушілер жоқ мұның қалай?
Қараңғы үй—жақ ашқанға жаза дайын,
Кеткендей тарих көші кері қарай...
Салмады бөлінуге ешкім тыйым,

Қашаннан әділеттің жолы қиын...
Береке, бірлік болмай Крайкомда
Өрістеп түрлі «щина»1 күнде жиын...
Бұрынғы ұлттың қамын ойлағандар,

«Измдер»2 тереңіне бойлағандар
Жалт беріп бүгін таптың мүддесі деп
Асыра сілтеп қана қоймаған бар...
Май құйып, отты үрлеп, көсей түсіп,

Қолпаштап кей бастықты көсемсініп,
Мырзаға екі бірдей кызмет етіп,
Қай күнде жүрмеген бар үстем түсіп.
Ондайға неге керек халық қамы

Болса аман болды отырған биік «тағы»
Ойлантпай «...измдермен» өз жұртының.
Бетіне кетпестей ғып салғандағы.
Есеп пе ел-жұртының тарыққаны

Өзінің өссе болды жанып бағы.
Бір саты жоғарылап орын алса...
Халықтың сөз бе екен тарыққаны.
Осылай кресло бағып «кемеңгерлер»,

Отырды ел үміт қып сенген «ерлер».
Қолында малы қалмай, күн көре алмай
Ауылға аштық келіп салды шеңгел.
Жайға қап уәделер, әдемі сөз,

Басқаға малдан өзге жұмылды көз.
Аш-арық сахараға сыймай шұбап
Ақыры ауыл біткен болды тоз-тоз.
...Қайран ел көңілі жаз, жаны дарқан,

Малы бос, есігі ашық жатқан бейқам.
Өзінің кең сахара мол жеріндей
Жайылып жүретін алқам-салқам.
Қонақжай, қолы ашық, алық-берік

Сапырып жататын алып-беріп.
Тәубешіл, барға разы момын қазақ,
Мүсәпір күйге түсті аштық келіп.
Бұл жұртқа бұрын-сонды келмеген көр,

Ақ тақыр жұтта мұны көрмеген ел.
Қалғаннан шабандап күйі жаман,
Намысын жауына әсте бермеген ел.
Тоқтықта әркім білер ар бағасын,

Не дерсің аштық келіп әр бағасын.
Демей ме арсыз тамақ... кім төрелеп,
Беруге бата алады ер бағасын.
Бола алмай пана, тірек сүйген жарға,

Ата-ана аштан өліп күйген жанға
У сеуіп жарасына аш кісіні
«Соқаға шық» деп теуіп тигенде арға.
Билеген болмаса да қалың елді,

Тізгінін ауыл болып берген белді.
Азамат ардың құлы қасқа - жайсаң,
Аштыққа қоса намыс буып өлді.
Маңдайдан ащы терін төгіп жүріп,

Жинаған үйі толы қалды мүлік.
Қаңғып ел қалаларға қайыр тілеп,
Сипай шықты алды аштық бүріп.
Сөзім шоқ жаралғанға жаны күйрек,

Тұратын оты лаулап, қаны билеп.
Аяулы асқақ намысты азаматты,
Қор етті Голощекин жаншып, илеп.
Пәктігі, адалдығы арға аманат

Адамды биіктеткен ақ махаббат.
Қос ғашық құшақ жазбай қоса кетті,
Балдырған бөбек болды аштан ғарап.
Көмегі болмаса да ауылына,

Қарамай тағдырының ауырына,
Аштыққа өзін құрбан етті ару,
Жәрдем қып ата-ана бауырына.
Жамайтын жер жыртығын сүмең – тік

Айламен аман қалған малын іркіп.
Қимайтын ақ патшаға аяулы ару,
Амалсыз соған төсек салды сілкіп.
Барма деп бұл қорлыққа сұрай алмай,

Не өзі бас қосып үй құрай алмай.
Адасып ақылынан кетті қаңғып,
Азамат бұл күйікке шыдай алмай.
Адамның биік те мол ой-қиялы,

Сонда да аштық неден бой тыяды.
Болғанмен өмір ащы, жан тәтті ғой,
Өмірін өздігінен кім қияды.
Сұм аштық есін алып, өзек талып,

Әл бітіп, қарайғанда көзі анық.
Кеткен бар дала кезіп, жәндік аулап,
Ас болған үй хайуаны күндер қалып.
Қырылды халық аштан ұшып өлді,

Жұқпалы ауру дағы қысып келді.
Көзіне шыдай алмай сәбиінің,
Құдыққа сорлы ана түсіп өлді.
Азаптан кім құтылар басқа келген,

Табиғат қаттылықты тасқа берген.
Нәресте қазасына кім шыдайды,
Алдында сорлы ананың аштан өлген.
Жұртым-ау, мынау халге нанасың ба?

Көрген көз айтпай мұны қаласың ба?
Жеткенде өлер халге қайран ана,
Қоң етін берді асып баласына.
Не дейін санап бәрін мұның, жұртым,

Қай күнде болғаны бар іргең бүтін...
Бүгінгі зерделіге арман әлі
Қосылып басың, болу бірге түтін...
Осылай Голощекин халық көшін

«Түзеді» өзі ғана алып шешім.
«Жүзеге асты мінсіз Кіші Октябрь», -
Деді ол Сталинге қағып төсін.
Мақсаты Голощекин: қоғам мынау,

Көгерсін емес әсте оған ұнау,
Керек қой Сталинге іскер басшы,
Атанып ойлағаны — жоғарылау.
Сталин іс мәнісін етпей пайым,

(Қайтеді түземді ойлап жәйін).
Құптады:
«Голощекин, жарадың», — деп
Ет пен май вагон - вагон барған сайын.

Алды-артын Голощекин көп алдады,
Елім тоқ, қайыршым жоқ деп алдады.
Шет жұртқа қаңғып барған аш-арықты
Көшпенді ел көшіп жүр деп амалдады.

Сахара қазақ елі сайран дала,
Сары жайлау, самалды өлке қайран дала.
Ішінде екі жылдың өрт жалаған,
Болды ғой өлік сыймай ойран дала.

Махамбет, Ыбырай, Шоқан, Абай елі
Қаңғырып сынды үзіліп нардай белі...
Қаратау, Шыңғыс, Шұбар, Қарқаралы
Қан бөкті ел қазақтың сүйген жері.

Сарыарқа халық сыймас босап қалып,
Елінің тең, жартысын аштық алып...
Күңіреніп сырын айтқан Сәкен аға
Кетті ғой «Қызыл атқа» қосақталып.

Ел зары жанын езіп, жара салып,
Бет келіп Сталинге, таласа алып...
Тұрардай халық ұлын бүкіл қазақ
Жоқтасақ болар бүгін қара салып...

ҮШІНШІ ТАРАУ

Крайкомда керіс, айтыс өңкей «щина»,
«щиналар» іс атқарды сыймас миға,
Кім білсін қай «щинадан» келді жарлық
Жұмысшы жұрттың енді малын жина.

Белсенді, шала сауат шолтаң шолақ,
«Ал»,—десе, лап қояды, бары сол-ақ.
Қанша адам бір түтінде нені қорек
Етеді жұмысы жоқ, жатыр тонап.

Мақсаты Кіші Октябрь үшін дейді
Онысын өзі де әбден түсінбейді.
Табындап айдап кетіп жатыр халық
Құптасын, құптамасын ісін мейлі.

Таңданам халқымыздың момынына,
Демейді жөнсіз ісің сенің мына.
Кім білсін бір белсенді алып жатыр
Ішіп-жем, әлде кімнің соғымына.

Жоқ, ондай арамдықты ойламайды,
Адал да әділетті ой қамайды.
Ақ көңіл, аңқау жұртым ақтан өлер
Бұл ғажап қасиетің ол да қайғы.

Болды ғой қасіретің амал қайсы,
Қай күнде келіп көрдің кімге қайшы...
Ежелгі ел ең, көпке белгілі еді
«Тойшы атың болмағанмен атың тайшы».

Бермен деп жалғыз сиырын таласпайды,
«Үкімет»—дегеннен соң жақ ашпайды.
Мүгедек, панасыз ба, баласыз ба.
Онымен белсенділер санаспайды.

Деп кімсің? Жарлық кімнен? сұрамайды,
«Адалдың несібесі құрамайды,
Құдай, бай береді» деп отырғанда,
Мал қалмай шаруасы тұралайды.

Дейтін «біз жұмысшы» бұлар емес,
«Коллектив шаруа үшін» деп құрар егес.
Олай деп таласқанмен Голощекин,
Басқаша істің бетін бұрар емес.

Халық дал, әрекетсіз, таппай ақыл,
Жоқ ешбір мынау заңсыз деген батыл.
Арқалап ер тоқымын жұмысшылар
Тұғырсыз жүген ұстап қалды ақыр.

Тігерге тұяқ қоймай таза тақыр...
Сусынсыз таңдай кеуіп, өзі пақыр...
Айрылып айран - сүттен бала-шаға,
Ата-ана, кәрі-құртаң азар отыр.

Малымен боп отырған қоңы тәуір,
Жау шауып кеткен сынды жұмысшы ауыл.
Үңірейіп желі, көген орны жатыр
Қаңсып бос қара саба қалыпты ауыр.

Көлік жоқ шаруаға пайдаланар,
Белгісіз отын-суды қайдан алар,
Мұң болды карға адым жер кәрі-құртаң
Панасыз, баласыздар қайда барар.

Жоқ деуге жоқ болса да именген ел,
Жарып жеп жарты дәнді үйренген ел.
Сындырып ердің сағын, ару бағын
«Баспақшыл басқа түссе» күйге енген ел.

Өлшемді қаптан өзге білмейтін ел,
Жораға аяқ, табақ жүрмейтін ел.
Деген ғой «түстің, жұтқа түстің»
Деп көзге пұдтың өзін ілмейтін ел.

Қарады килограмм, граммдарға,
Сұңғыла сұрамай-ақ сыр андар да...
Асқабақ консервісі көк тас қазған
Ас па екен ақ май жеген бұландарға...

Амалсыз ашаршылық ауыр халдан
Ағайын жәрдем күткен бауырлардан
Өндіріс... паегі бар... деп шұбырып,
Аш-арық басты келіп ауылдардан.

Нағашы болса бірі, бір жиен,
Бөлісіп қолда барын бұрын шүлен,
Боп қалған әдетімен ағайындар
Күн көрді граммдармен қолға тиген.

Шұбыру, жұмыс сұрау тыйылмады,
Жұмыс аз, жұмысшы көп қиын халы.
Қараған карточкаға тақ-тұқ болып,
Жағдайы рудниктердің қиындады.

Тағдырдан құтылар кім қайда қашып,
Жұт болып жеті ағайын тайталасып,
Жыл келді 1932,
Есігін бар қазақтың айқара ашып.

Қыс қатты болып кірді, маза кетті,
Көліксіз отынның да азабы өтті.
Алдымен ұшар арық - тұрақ сынды
Азықсыз ауруларға қаза жетті.

Тоқтықта ел үстінен күнін керген
Бір сиыр, аз ұсағын бағып берген
Кем-кетік, жетім-жесір, панасызға
Бұл аштық қаза болды анық келген...

Барады қайда сорлы көзін сатып,
Сияды барғанымен кімге батып.
Төзімді жаралған кей діні берік,
Ақыры суық үйде қалды қатып.

Осылай отап аштық араласты,
Кейбіреу кетті ойлап қара басты.
Еңсеріп, ес жиғызбай, есеңгіреп,
Боп кетті жұмысшы жұрт қаза басты.

Түскенде күллі халық мұндай жайға,
Құрметпен қою, оны жоқтау қайда...
Сан боздақ қара басын ханға бермес,
Көмусіз қалды ғой сан жолда, сайда.

Сонымен тоқ күні жоқ, аш күні көп.
Тағдырдың әлсіздерге қастығы кеп.
Ел аман, жұрт тынышта қойдай қырды,
Қазақтың Голощекин қасқыры боп.

Жұмысшы жұрттың малын тартып алып,
Қазына малы деген айдар тағып.
Бос қалған қыстауларды «точка» атап,
Түбінде рудниктердің тұрды бағып.

Қазақтай халық бар ма діні берік,
Бар малын қолындағы жиып беріп.
Алсам өз малым ғой деп әкеп сойып,
Жемейді жатса дағы аштан өліп.

Бұл мінез халқымды ерек тұлға лайды,
Енді ойлап отырмын ғой «бұл қалайды».
Бұл күнде ток министр қымқырады,
Ол күнде аш жұмысшы ұрламайды...

Әрекет етпей жанын бере ала ма.
Жеткенде үзілер өлі араға,
Ақтарып тау мен тасты алтын іздеп
Жалынды енді халық жер анаға.

Жиылып бұлар қанша артель ашты,
Шахтаға түсті ескі тігіп басты.
Жетілген құрал-сайман болмаса да,
Таниды елге ризық болар тасты.

Табылып алтын өзегі Ақтұмсықтан,
Ақ діңгек шахтасынан да алтын шыққан.
Қырық грамм тоннасынан «Красный» беріп,
Қуанды шығамыз деп халық қыстан...

Жер ана айналайын жаралысы
Бөлек қой, үзілерде тарамысы,
Халыққа несібесін аямады
Күткенге бола ма атар таң алысы.

Сонымен артель болып алтын қазып,
Күнкөріс өлмейтіндей тауып азық.
Таратып жеуге әлі бар аш-арыққа,
Біраз жұрт аман қалды тағдыр жазып.

* * *
...Бұл жылды көріп... бүгін еске алғанның
Түйнеліп тамағына ескі арман, мұң
Тұрады...

Қақ жартысы аштан өлген.
Халықты жоқтап кеше еске алған кім?
Жұртым-ау, бұл ұмыт боп қалар жай ма?
Үш миллион халқымыздың қабыры қайда?

Көр екеш көр бұйырмай даласынан,
Көмусіз қалмады ма әрбір сайда.
Ендеше ойланайық, ел болайық,
Емеспіз мешеу, мешел, қозғалайық.

Үш миллион аштан өлген халқымызға
Салуды бір ескерткіш колға алайық.
Шақырам халқым соған, бұған бойсұн.
Көмілген көкіректе шерді жойсын.

Қабірін білмейтіндер әкесінің
Осы деп танып, келіп гүлін қойсын.
Бұл өтер ел алдында қарызымыз,
Адамдық, азаматтық парызымыз.

Көл-көсір ел ішінде сөз боп жүрген
Жиналсын сол орынға аңызымыз.
Алмайық, мемлекеттен сұрамайық,
Жинайық қалтамыздан, құралайық.

Төрінен астананың орын беріп,
Ақ нұрлы айға жүзін туралайық.

ЕЛІМ-АЙ

(Публицистикалық поэма)

КІРІСПЕ

Адамсың,
Көрер көзің, ойлар миы
Орнында сезер жүрек тұлғаң дүйім.
Парықтап дүниені, қоғам күйін,

Салмақтап, саралайсың өмір сыйын.
Тергейсің, тексересің тарихы,
Аямай қиынға сап жан итінді,
Танисың сонар болып жатқан ізден

Темірдей жүрегіңді қаритынды.
Ойлайсың, барлап бәрін бағалайсың,
Адалдық аулын танып жағалайсың.
Кім бұзды, қоғам көшін кім түзеді,

Ауқымы себеп-салдар саған айқын.
Барыңды басқа жұртпен салыстырып
Байқасаң, безбен басын шалыс қылық
Басады тіленіп кеп... тор менікі,

Дейтін әділеттен алыс қылық.
Торынан тәуелділік шығармаған
Танымай тәсілдерді тұрар ма адам...
Жерің де ырыс-несібең жатқан бөгіп

Қорлық қой өзің билік құра алмаған.
Қорлық қой тепсініп сес қыла алмаған,
Тізгініңді өзің ұстап тұра алмаған.
Отырып бәрін көріп, түгел танып,

Қорлық қой туынды ұстап шыға алмаған.
Тұрасың айтпай қалай мұның бәрін,
Отырса одақтастық бұзып заңын.
«Қорқытса көп, тереңі батырар» деп

Қайнайды бармақ тістеп зығырданың.
Жүректі езіп жатқан запыран зәрі
Наза көп, айта алмай жүрсің әлі...
Ел азған, жерің тозған қалпың мынау,

Жұртым-ау, ойлайсың ба кім кінәлі?

БІРІНШІ ТАРАУ

Жер бетін мекендейді түрлі халық
Ұлт дейміз тілі арқылы тегін танып.
Қамы бір қаны бірдің тірлігі бір
Болған соң дараланып тұрары анық.

Солардың бірі біздің қазақ халқы,
Өз ұлттық бар ерекше дәстүр, салты.
Кейпімен, кең пішілген келбетімен,
Мінезі жағынан да тұрар жалқы.

Жарынан жақынынан ары биік,
Намыста шүберекке жанын түйіп,
Шығатын туын ұстап жүрегі бар,
Достыққа жалғыз атын кетер қиып.

Ақ көңіл аңқылдаған дарқандығы,
Шаруаға ертеңшілі, бейқамдығы.
Әрқайда айтылып жүр, жазылып жүр
Қырғынға қысылмай сан барғандығы.

Шет елдер аузында жүр дастарханы
(Қай ұлы сыйласудан бас тартады?)
Көне жұрт, шежіре жұрт көпке қанық
Ойында — ел ертеңі, жастар қамы.

Сұңғыла, терең ойлы көсемдері,
Жез таңдай сөз сомдаған шешендері.
Үйренген сөзге тоқтап хан - қарасы,
Шегінген ақылынан кесел кері.

Түйінді талай қиын сөзбен шешкен,
«Таласар аталы сөзге арсыз» дескен.
Адал да әділ айтқан жүйелі сөз,
Тоқтатып елді, ердің құнын кешкен.

Шынында малын емес, жерін баққан,
Малы анық өзі өсіп, еркін жатқан.
Алдымен елін қорғар азаматын
Баулыған батыр, балуан бағып-қаққан.

Санасам соларды айтып түгесе алма,
Кісілік, кесек ісіне ілесе алған.
Жоқ бүгін
Қабанбайлар,

Бөгенбайлар
Махамбет,
Саурық ел деп күресе алған.
Бас иіп өскен соларға ұрпағы бар

Сөйлесем тіл ұшында тұр тағылар...
Кешегі Ахаң, Мағжан тағдырыңдай
Маған да дап-дайын түр мін тағылар.
Оларды атау үшін қаулы керек,

Қаулысыз саналады даулы дерек...
Өз ойың, өз пікірің болғаны үшін,
Бәрібір шағылады тауың ерек.
Қонысы байтақ жатқан даласы бар

Атырау Алтай менен арасын ал.
Созылған Қызылжардан Қаратауға
Қазақтың жері кімнің таласы бар.
Бабамның мирас еткен мұраларын

Көзім бар, көрмей қалай тұра аламын.
Жаралған тауқыметке қайран елім,
Қайтейін көз алдымда тұраладың.
* * *

Саясат сырына арғы кім үңілген
Ұлыққа бас изедің көлгір күлген.
«Патша ағзам...» деп келген соң қара орныңды
Босатып бердің сорлап, сөгілді іргең.

Тағдырың содан бері күнде дауыл
Сахара кең даланда сиреді ауыл.
Созылдың резеңке секілденіп,
Келгеннің босаға аттап «бәрі бауыр...»

Айдалған, сотталғанның, жер ауғанның
Сен болдың келер жері, көңілі ауғанның
Айналып ата қоныс мекеніне
Келімсек кебін киіп кері аунадың.

Бет келмес, ұлық десе тосар ығын
Мінезің әттең, осы осалдығың...
Түбіңе жетіп болды сенбегенің
Туысқа түбі бірге қосар жігің.

Содан да бөліп-бөліп билей берді,
Құлдай қып иемденіп илей берді.
Болыстық жемін тастап, ала көз ғып
Тұтастық, туыстығың сирей берді.

Жүргізді ұлық солай үстемдігін,
Сен болдың тәуелді оған түскен күнің.
Ертістің жағасынан тал қия алмай
Көбейді өмір уын ішкен күнің.

Түсінбей, мән де бермей қапы қалып,
Жатқанда ата мекен аты қалып...
Мәз болдың бөтен қолдан тапқаныңа
Байлығын өз жеріңнің сатып алып.

Қаптаған «миссионер», «жиһанкездер»
Көмегім дей келіп өз қамын көздер...
Ер мақтай қанішерін дәсерсітіп,
Көтерді төбесіне қай өзге елдер.

Атанып бұратана көрдің қорлау,
Азамат қатарында Отан қорғау
Үлесі тимей окоп қазуға айдап...
Көндіге сонда ғана түсті қозғау...

Еркіңмен бодан болып патша ағзамға,
Осылай таптың өріс қысылғанда.
Жеріңнің шұрайлысын бөліп беріп,
Бағындың басынды иіп барша заңға.

Ұлтыңның аты болды қырғыз-қайсақ,
Аталған дейсің бе бұл жәй бір жаңсақ.
Жақсың жаманатқа қиып, қорлап
Шығарған есімі ғой кейбір найсап.

Осылай, аңқау жұртым, арандадың,
Кінәм жоқ.
Өзге қайла таба алмадың,
Ойында орыс,

Қырың Жоңғар болып,
Қос қыспақ бірін тандап амалдадың.
Қала ма деп ойладың іргем бүтін,
Шығарып қонысыңнан ұлт боп түтін.

Кіндік қан тамған ата жұртты сақтап,
Ақтадың рақмет ана сүтін.
Жаралмас жамандығы емес тектің,
Жіберген тауқыметі де емес көктің.

Шаша алмай көпке топырақ тұраладың,
Қайтейін аздығыңнан азап шектің.
Мыңғыртып мал өсіріп, етіп кәсіп,
Опаттан, от пен судан өтіп, асып

Бабалар, аруағыңнан айналайын,
Жерінді ұрпағыңа еттің нәсіп.

ЕКІНШІ ТАРАУ

«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды»,
Ер өссе, колға қалай ту алмайды.
Ер бастап ел намысын қуар болса,
Қалайша елдің басы құралмайды?!

Болмаған қазақ кенде намысты ұлға,
Ту алып шыққан талай арыс тұлға
Осынша жерге ие боп, қорғап оны
Қалғанда кімді алыпты жалдап пұлға.

Иелік жасап қорғап қалған өзі
Ел деген ерлер қамал алған кезі.
Ғасырлар асып жыр боп ұласты кеп
Қобланды, Батыр Баян жалғап сөзі.

Ой салып ағайынды қарындасқа,
Өнеге, үлгі ұсынып қалың жасқа.
Әлихан, Ахаң сынды зиялылар
Кеше жар салмады ма алты алашқа.

Сахара, сайран дала, самал дала
Далаңды қоршап алған қамал қала.
«Қақтықпа, қалың жұртым, әрекет қыл,
Ел болар қамыңды ойла, амал қара».

Деп Мекен Жүсіпбектер шықпады ма?
Астарын алтын жастар ұқпады ма.
Арналған ел қазаққа аталы сөз
Көтерді ту ғып жастар құптады да.

Осының өзі де ерлік барлағанға,
Тереңде тырбанып тал қармағанда.
Жүрегі жылаулы ақын, жаны жара
Кісенде қол, қызыл тіл зарлағанда.

Әр дәуір, әр кезеңнің батырлары
Жерінде ізі сонар жатыр әлі.
Амалға алғызбаған қамал нәрі —
«Қорқытып көп, тереңі батырары».

* * *
...Әліби, Тоқаш пенен Сәкен, Тұрар,
Қиынға ел деп белін буған бұлар.
Халқымның намысты ұлы көтеріл деп

Таңдаған күрес жолын елдік құрар.
Сондықтан жармасты олар қызыл туға,
Қаймықпай түсті елім деп от пен суға.
«Азамат жүнжіме бос, тізе қос» кел,

Туынды жықпайтын бар деп тұлға.
Шаша алмай көпке топырақ тұраладың,
Қайтейін аздығыңнан азап шектің.
Мыңғыртып мал өсіріп, етіп кәсіп,

Опаттан, от пен судан өтіп, асып
Бабалар, аруағыңнан айналайын,
Жерінді ұрпағыңа еттің нәсіп.

ЕКІНШІ ТАРАУ

«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды»,
Ер өссе, колға қалай ту алмайды.
Ер бастап ел намысын қуар болса,
Қалайша елдің басы құралмайды?!

Болмаған қазақ кенде намысты ұлға,
Ту алып шыққан талай арыс тұлға
Осынша жерге ие боп, қорғап оны
Қалғанда кімді алыпты жалдап пұлға.

Иелік жасап қорғап қалған өзі
Ел деген ерлер қамал алған кезі.
Ғасырлар асып жыр боп ұласты кеп
Қобланды, Батыр Баян жалғап сөзі.

Ой салып ағайынды қарындасқа,
Өнеге, үлгі ұсынып қалың жасқа.
Әлихан, Ахаң сынды зиялылар
Кеше жар салмады ма алты алашқа.

Сахара, сайран дала, самал дала
Далаңды қоршап алған қамал қала.
«Қақтықпа, қалың жұртым, әрекет қыл,
Ел болар қамыңды ойла, амал қара».

Деп Мекең1, Жүсіпбектер шықпады ма?
Астарын алтын жастар ұқпады ма.
Арналған ел қазаққа аталы сөз
Көтерді ту ғып жастар құптады да.

Осының өзі де ерлік барлағанға,
Тереңде тырбанып тал қармағанда.
Жүрегі жылаулы ақын, жаны жара
Кісенде қол, Қызыл тіл зарлағанда.

Әр дәуір, әр кезеңнің батырлары
Жерінде ізі сонар жатыр әлі.
Амалға алғызбаған қамал нәрі —
«Қорқытып көп, тереңі батырары».

* * *
...Әліби, Тоқаш пенен Сәкен, Тұрар,
Қиынға ел деп белін буған бұлар.
Халқымның намысты ұлы көтеріл деп

Таңдаған күрес жолын елдік құрар.
Сондықтан жармасты олар қызыл туға,
Қаймықпай түсті елім деп от пен суға.
«Азамат жүнжіме бос, тізе қос» кел,

Туыңды жықпайтын бар деп тұлға.
Осылар бастап, халық Октябрь деп
Ұрандап, Октябрь — ат таңым деп
Үн қосып, ел жөңкіді жаңа жолмен

Қыспақта қысылғанда тапқаным деп.
Түсіріп көлеңкелі жыраққа нұр,
Жарлыны мінгізем деп пыраққа бір,
Жандырып әр кеудеде үміт отын

Даланды дүбірлетті Ұлы Октябрь.
Беремін деп тұрса кім ұмтылмайды.
Ойланып ал дегенді кім тыңдайды?
«Өкімет өзіңдікі, билік сенде!» —

Деген соң қай кеудеде тұрсын қайғы.
Бірақ кеп күткен үміт ақталмады,
Рәсуа жиған мүлік баққан малы...
Күнде айтыс, күнде науқан... тарылды өріс,

Болмады тиімді жол тапқандары.
Ежелден билік деген қызыл көз бар,
Биліктің аузында ылғи қызыл сөз бар.
Билікпен білім емес, бедел жинау

Дейтін жалған намыс керіс қозғар.
Басшылар басы содан құралмаған,
Қандай іс қалай тынбақ, ұға алмаған.
Білгенге билік бермей, өзі білмей,

Күнде айғай «жасасын деп» ұрандаған.
Алыстап аты алаш қауымынан,
Бөлініп руым деп бауырынан...
Билікке іліккеннің бір ауруы —

Аспанды жақсылығы ауылынан...
Аудандар орталығын қайдан ашу,
Сол екеш сол да керіс, тайталасу.
Аққу мен шортан, шаян секілденіп,

Арасы Сыр мен Қырдың айнала шу.
Осылай өлкедегі ығай-сығай,
Отырып кресло бағып, басын құрай
Алмады, бөлінгенді бөрі жеді,

Айтқаннан не өнеді бүгін сынай.
Керіскен кесірлердің таласынан
Жем түсіп екі қарға арасынан...
«Қазақты, Голощекин, жарылқа» деп

Сталин жіберіпті «жаны ашыған».
Келе сап Голощекин алаулады.
Ұраны «Кіші Октябрь» жалаулады.
Берекең сүттей іріп жүре берді

Ел сынды малы - жаны талаудағы.
Астында жайма-шуақ арайлы аспан
Өсіріп мал, жаныңа қарайласқан
Ағайын - туғаныңды бай деп, жау боп,

Жұртым-ау, берекеміз қалай қашқан.
Күн санап аранды ашып, қырсық жайлап,
Менде жоқ, сенде неге бар деп, байлап
Жібердің бар боп, мол боп тұрғаны үшін

Тартып ал малын, өзін шығанға айдап.
Елдікті, туыстықты қойдың жиып,
Мәнісін барлап біліп алмай түйіп,
Қолқаңа қол жібердің жаны ашымас,

Отырған бұтағыңды өзің қиып.
Осыдан мейірімге сызат түсті,
Мойныңа шешілмейтін тұзақ түсті.
Ұласып қара шалдың зарыменен,

Рухың, дініңе еніп ұзақ түсті.
«Алаш боп бірігейік, қазақ болып,
Келеміз көрінгеннен азап көріп.
Тең ұстар терезені болайық та,

Кетпесін келешегің тозақ болып.
Дәл қазір отырықшы бола алмаймыз,
Халықты біле тұрып неге алдаймыз?
Мал бағу көші - қоңсыз болмайтын іс,

Иіріп бір жерге мал баға алмайсыз.
Конфиске жасау дағы әзір ерте,
Әдейі боп тұрғам жоқ іске керте.
Мал кетсе ажалынан бұрын өледі,

Білмейтін малдан өзге кәсіпті өлке».
Дегенді тыңдайтын құлақ қайда?
Керістен Голощекин құрап пайда...
Қосылса оған өлке басшылары,

Бара алсын сорлы қазақ жылап қайда.
Жағынбай әділ сөйлер азшылықта,
Ондайлар ілігер ме басшылыққа.
Тұрарға, Сәкендерге «щина» тіркеп,

Ұйғарды «елім» десе қас қылыққа.
Сөз бітті. Филипп айтты бұдан әрі,
Мақұлдап, қусырып қол қойды бәрі...
Біреуге он боп қарсы шыға алмай

Барды екен елім деуге қалай ары!
Филиппке еріп түрлі «изм» келді,
Аузыңнан шыққан сөзді тізіп, терді.
Қорыққаннан жан қалғаны жоқ қашанда

Бәрібір омыртқанды үзіп берді.
Іргеңді солай «изм» бұзып берді,
Жұлынын жақ ашқанның үзіп берді.
Жақсың, жанашырлық жасайтынды

Көгендеп Голощекин тізіп берді.
Бұдан соң жиып түгел малынды алды,
Малдан соң ойла қандай халың қалды?
Жыл келіп отыз екінші, аштық жайлап,

Шыбындай қырып жарты жаныңды алды.
Ақыры қаңғып, шұбап, тоз-тоз болдың,
Бойына өлік сыймай қара жолдың...
Жалғасы Голощекин, соңы емес,

Құрылған қазақ үшін қара тордың.
Геноцид деген бұған бағаны айтам,
Зердеңе түй деп, қауым, саған айтам.
Жүз емес, мұнда емес, миллиондап

Қырылса, басқа еді деп қалай айтам!
Жұртыңның бар болмысын білмеген соң,
Бұл да бір халық деп көзге ілмеген соң.
Қайтеді тұраламай қайран елің

Ербең бай елсіз келіп билеген соң.
Жырлаппыз Октябрь де Октябрь деп,
Халықтың бағына атқан ақ таңы деп...
Жұртыңның қақ жартысын жұтқандарды

Мақтаппыз жел ауыздар мақтады деп.
Октябрь берген жеміс жоқ демеймін,
Қадалған кеудеңе ылғи оқ демеймін.
Тергіштеп, тізіп санап не қылайын,

Алғаның аз, бергенің көп пе мейлің.
Талпынып, тапты ұл-қызың оқу - өнер,
Ортаңнан талай дарын шықты кемел.
«Қызыл от қысырамас» дегендейін

Ел болса өнері өспей қалай сөнер!
Дамыған сол өскеннің бірі — ғылым,
Қазақтың қолы жетпей келген бұрын.
Әзірлеп әкеп берген емес әсте,

Тер төккен — өз ұлдарың, өркендерің.
Бұдан соң жер байлығың себеп болды,
Барладың, тауып, қазып бердің молды.
Иелік, билігің жоқ, үлесіңе

Қалдырдың экологиялық қалың сорды.
Жоқ еді театрың, ол да болды,
Жеткіздің талай жоққа шындап қолды.
Мектептер, институт, университет

Көрсетіп жеткіншекке берді жолды.
Ұмтылып әлемдегі ақыл-ойға
Бойладың нәсіп болды талай қойма.
Дүние мәдениетінің қоршауында

Кеше ме ең сіңіріп нәр жимас бойға...
Ендеше танығаның, тапқаныңа,
Ешкімнің ортағы жоқ мақтаныңа.
Апатта экологиялық құрып кетпей,

Шүкірлік ел боп келе жатқаныңа.
Артында жылап жетім бала қалды
Панасыз ақ шашты қарт ана қалды.
Шаңырақ ортасына сынып түсіп,

Қаңырап қара орны бос пана қалды.
Әрине, кім өмірге мәңгі кепті.
Өкініш өртейтін көкіректі...
Жаусың деп Сәкенді атты өз қолынан

Орнатқан азап шегіп өкіметі.
Айдалып сүйген жары Алжир шықты,
Бала өліп, бұлақ анар тандыр шықты...
Гүл қойып рухына басынды иер

Қабыр жоқ, қал ай ғана тағдыр мықты.
Түрмеде Тұрар көзін ашпады ма?
Бір қадам жоқ-ау шалыс басқаны да.
Сыймады, сорлы қазақ, маңдайыңа

Ұлдарың жұлдыз болған аспаныңа.
Түрме мен лагерь болды байтақ далаң,
Күйзелген басшы оған байқалмаған.
Карлаг, Алжир, Гулаг—темірден тор

Күзетші қара шекпен тайтаңдаған.
Қалғандар аман,

—Жаса Сталин! — деп

Жырлаппыз бақыт жолын нұсқадың деп.
Жарқын жаз жалын атқан жастығымыз
Болашақ туын қолға ұстадым деп.
Көргенің бұдан әрі тағы нәубет,

Килікті Гитлершіл нағыз жау кеп.
Отанмен қатар қойдық Сталинді
Ту етіп, тілек тілеп бол сау деп.
Жеңісті Армия емес, күттік содан,

Ең адал халқымызға санап қорған.
Қиынға қара нардай шыдай білдік
Отан мен Сталин үшін жан деп құрбан.
Моторлы соғыспенен алыс мәні

Бұрын - соң болмасада тыныс қаны.
Естіліп әр майданнан ерлік даңқы
Белгілі қазақ адал соғысқаны.
Бас имей рухына, ауызға алмай

Күнә ғой өтсем ерді Бауыржандай.
Көз жұмды қадамай жалғыз жұлдыз
Зая боп бар ерлігі бағы жанбай.
Демеймін фашистерді біздер жойдық...

Болған жоқ бізде әсте екі ұдайлық...
Жұлдызын Қайсенов көпе-көрнеу
Басқа алды, бұйырмады дедік,қойдық.
Қыз шықса Әлия мен Мәншүктей боп

Бұлданар жерге сыймай нәнсіп кей топ.
Советтік Шығыстағы екі – ақ жұлдыз
Екеуге бір ескерткіш жоқ, тек ой көп.
Беу жұртым кімнен кейін қалып тудың,

Түбіне барып тұрдың алып тудың.
Саның аз болсаң дағы, сапаң артық
Өз қандай, ерлік қандай танып тудың.
Сонда да ескерілмей еленбейсің,

Тоймаған сары уызға көнбе дейсің.
Түйме алып түйе беріп, жаутаң көз боп
Құлдай боп қой соңында пен дейсің.

ҮШІНШІ ТАРАУ

...Тың жерге бір кез шуладық салдық түрен деп.
Темір тұлпарды мінді деп қыздар жүгендеп.
Құйылды - ай келіп табыс құмарлар жан-жақтан,
Сұрадық па екен. Жәрдемші досым кім өңдеп?

Кім келсе құшақ айқара ашып жайдық та,
Кенелте қойдық ұшан-теңіз мол байлыққа.
Ата мекендер атын жаппай көп өзгерттік,
Ғасырлар асқан тарихын әбден жойдық та.

Келімсек кесір жатқанын білмей не істеп,
Мәшһүр Жүсіптің, қабірін бұзып тегістеп...
Уралап жүріп у ішкеніңді байқамай,
Кеудеңді кердің Миллиард! —

Міне жеңіс! — деп.
Жайылым қалмай, мал баға алмай сорладық.
Ата кәсіпті ұмыттық, әбден қорладық.
Ұлттық тағамды білмейді жасай келіңдер.

Химиясы жоқ ас ішер әсте болмадық.
Даурығып жүріп мансұқтап туған тілінді,
Игеріп түгел алғандай-ақ бар білімді...
Қазақ мектебін күйрете жойып бар жерде,

Өсірдің ұрпақ, өшіріп келер күніңді.
Сорақы қылық бұл деуге кімдер жарады?
Жарамсақтардың мұндайда бағы жанады.
Министр болып құзыры жүрген дүмбілез

Ұсынып өзін осы үшін орден қадады.
Сүмеңдеп келіп тайраңдап шығып төріңе.
Жүргізіп әмір билеп-төстеді көрінеу
Жамылғы болды тың деген тексіз тентекке

Иесіз санап ие боп алды жеріңе.
...Ал бүгін барлап ішіңе үңіл, ішіңе.
Саралап қара атқарған кеше ісіңе.
Адамың, аспан, жер – суың қандай күйге енді,

Қызғалдақ қалпы кіре ме кәзір түсіңе?
«Бізде де, ой хой, атом қаруына қол жетті...
Американың қауіпті күні енді өтті» —
Деп, бөркі аспанға атып, масайрап,

Мәз болып есте дүрліктірген күн жер-көкті.
Тереңдеп мұның мәніне бара алдың ба?
Сездің бе қандай сор күтіп тұрды алдында?
Ядролық қоқыс күресініне айналдың

Құлдық қамытын киюге өзің бардың да.
Мақтандың бар деп космодромым жерімде,
Арқаңнан қағып, дегенге ғажап тегің де...
Уланып бүгін жатырсың, қайран аңқауым,

Аңқиып қарап, аспаннан жауған темірге.
Қасиет құны түспеген қалды не ғана?
Бабаңнан мирас мекенің, байтақ кең дала.
Қиянат, қорлық жәбірден азып-тозды әбден,

Топырағы сор, торқасы дал-дал, не шара?
Көгінде озон қырық тесік, шоқпыт шұлғаудай.
Ай орынында тұрғанда аман күн аумай.
Жұтым таза ауа қат болды қала-далаңда

Бейшаралық жоқ қазіргі қалпың, тұлғаңдай!
Сарыарқа қайран ойласаң болар жан қасым,
Омырауын ойып, суырған сынды қолқасын.
Ашық шахтадан алып жатыр кен—ұранды

Ұшырып шаңын жаңқадай атып жартасын.
Ұлы Абай, ұлы Шәкәрім, Мұхтар мекені,
Әлемге аян не күйде бүгін екені.
Көрер көз соқыр, еститін құлақтас керең

Қасіретті халық зарына деген «жетеді!»
Халықтық бүкіл қозғалыс «Семей - Невада»,
Талабы шағын— тынықсын мынау ел ана!
Тыңайсын тозған тозаңы шыққан жер ана!

Тырнақтай назар жоқ бұған, жұртым, не шара!
Он үш жыл ұзақ, он үш жыл ашық жарылыс,
Өткерді біліп, зиянын барша танып іс.
Қазақтар қайда, полигон сонда, жұртым-ау!

Дегендей мынау арнайы удан қанып іш.
Қырық жыл жердің астында жүрді жарылыс
Бұл қасіреттен болар ма екен арыл.
Бос жатқан Арал, тайгаға барса полигон,

Жұртым-ау, сірә, кете ме күйреп, жанып іс?
Қырық жыл міне, қырық жыл жарты ғасыр ғой,
Адасып ақыл, жер болып жігер, жасыды ой
Геноцид демей не дейміз мұны, жұртым-ау,

Зілзала мынау төбеңнен түскен жасын ғой.
Балада үрей, үлкенде ақыл қалмады,
Жарымын елдің жарылыс мынау жалмады
Ел болып енді қаларың шүбә, қасірет

Бүгінге қоса, болашағыңды да қармады.
Қасақылық па қастық па, жұртым, құлақ сал!
Айғайлап дауыс жетер ме бұған жылап зар.
Семейдің кебін киіп сорлаған Ақтөбе —

Байғанин елі Темір мен Ырғыз, Мұғалжар.
Бұл да бір қазақ отырған қалың орталық
Алған ғой біліп қасиетіңді мол танып...
Басынды иіп, тізеңді бүгіп, шұлғитын

Мінезің айқын...қайтеді сұрап, қолқа қып.
Несібе болған баршаға Балқаш, Арал - ай,
Жәйі бар бүгін жанына батқан жарадай.
Келімсек доғал дүмбілездердің құзыры

Құрытып берді іс мәнін білмес саралай.
Кешегі талай ақынның болған сырласы,
Сырлас ақынның Сыр еді жазар жыр басы.
Ажары кетіп, құстары тарап, тұз басып,

Сор татып суы қалды бүгін құр сұлбасы.
Есіңе келсе, ескі боз болған Сарыөзек
Сыздайды келіп сары шемен сынды жара өзек.
Екі құрылық асырып әкеп қоқысты

Осында жойған, қорлыққа қалай жан төзеді?
Асыл кендердің қоймасы Алтай, Өскемен!
Кеудені қағып Өскемен дедік өсті ерен.
Атомдық қоқыс көметін бүгін күресін —

Ертіс пен Үлбе ырысың, дарқан қос берен.
Төріңді беріп... есіктен өзің сығалап...
Жетпіс жыл бойы іргеңді ашып, сыналап
Сыйғызып алып, ата малындай семіртіп

Сүлдерің қалып, отырсың міне тұралап.
Иелік бермей жеріңнен шыққан байлыққа
Ата жұртыңдай - ақ, билеп-төстейді қаймықпай.
Түйеңді алып, түйір татырмай қолыңа

Тиын салады құлына берген шайлықтай.
Құдды бір отар өзге деуге әсте болмайды,
Өйтпесе неге тек сенің халқың сорлайды?
Ол жерде жапса, бұл жерден ашып полигон,

Мәңгүрт сен бір алдағаны - ақ қорлайды.
Солай, ағайын, сорыңа сор мол қосылды,
Билеген күнің болмады өзің қосынды.
Кім келіп бұйрық берсе де «ләббай, тақсыр» деп

Қақыңды қорғап білмедің бір сөз қосуды.
Сондықтан да ғой нән сымақ аз күн отырып,
Жүргізген құзыр күл шашып көпке от үріп.
Бөлді де берді үш аудан — ата жерінді

Таңды наныңдай оп-оңай ғана опырып.
Қырық жыл тынбай еңбек қып, елден келгенге,
Бойынан бар күш—қайратын сарқып бергенге,
Рақмет деуге жарамай орнын — ордаңды,

Босатып бердің қуыс кеудесін кергенге.
Неліктен бұлай? — білуге шыққан жастарды
Айыптап, қорлап
«Әдейі бүлік басқарды»

Деп айдар тағып, халықты барша кінәлап...
Қанды жол көптен болмаған қайта басталды...
Азаматыңды тепкілеп, қорлап құзырлы...
Шашынан сүйреп түрмеге жауып қызыңды

Япыр – ау қандай айыбы үшін жазалы
Деп сұрай алмай...іздеусіз...ізі үзілді.
Ұлтыңды әсте мақтан ғып шыға алмадың,
Терезең тең ел болу — ол жетпес арманың,

Зығырдан қайнап запыран жайлап жаныңды.
Түнеріп жаумай тараған бұлттан аумадың.
Дей аламыз ба ел күткен үміт ақталды?
Тарихқа кіріп «Желтоқсан!» деген ат қалды.

Болашақ ұрпақ ұмытар ма екен, кешер ме
Келімсек есер қорлаған осы шақтарды!
* * *
Бұл ғана болса еді-ау азап - сорың,

Рухани азып-тозу жәйді торын.
Талғамай тәлім алдың келімсектен
Тұлғаңа тұрса дағы таппай қоным.
Интернационалист сенен асқан

Болмады
Ақ жаулықты жұлып бастан
Тастай сап кимешектер
Қызыл борлат

Байлады жаңалығы — қадам басқан.
Бостандық әйелдерге желеу мықты
Болды да дереу тізгін алып шықты.
Борт кесіп қос бұрымын қыз атаулы

Белгісі мәдениеттің сол деп ұқты.
Бұдан соң «сүйдім ойбай күйдім» шықты,
Жаман салт жастарыңа майдай жұқты.
Махаббат бостандығын әсірелеп

«Қырық үйден тыйым...» деуді қойдың тіпті.
Өзінде жоқтың бәрін алтын санап,
Жаманы қалдың бірін мыңға балап.
Эталон — күллі батыс бәрі әулие,

Түзедің отбасыңды соған қарап.
Ұмыттың ата дәстүр, ғұрпы,
Ойласам, сату мен тең ұлы тынды...
Айтамын ашынған соң, кешір, жұртым,

Ақтапты қай бір басшы үмітіңді.
Мақтаныш ете алмайсың ұлтыңды,
«Надансың» деп жерлеумен қырың сынды.
Дей алмай қазақ,

Қазақстан дейсің
Қай уақта измдердің жыры тынды?
Жетпіс жыл міне осы алды қарқын,
Мансұқтап тілің, дінің, ата салтың

«Шапқанда байдың ұлы, тоқтағанда
Еске алып», енді ойлап жүрміз артын.
Жоғалды ұл-қызында бауырмалдық,
Аударып кірме есімдер тауып алдық.

Көбейді «қарттар үйі», «сәбихана»
Көңілге енді ғана қауіп алдық.
Зарлайды «қара шалдар», қара кемпір,
Қалпыңды көз алдыңа, жұртым, келтір,

Өзінде жоқ, өзгеден жұққан дерт бұл.
Алдында үміттенер енді нең тұр?
Қайырылып ата-анаға қарамаса,
Парыз деп ұрпақ қамын санамаса,

Аққа абыройын айырбастап,
Қыздарың қонақүйді жағаласа...
Мейірім аяқасты болып жатса,
Туыстар қайырымнан қалып жатса,

Кезі ашық оқыған қыз бауырымен
Соттасып түйме даулап алып жатса.
Емес пе арзандату адам арын,
Жыртқышта тастамайды балаларын...

Жегі көп әлі бойыңды үңгіп жатқан
Кім білсін қазақтықтан не қаларын!
Жүргеннің несі қазақ құс,
Дәстүрін, ата жолын ұстамаса.

Тілі жоқ, тірлігіңде қазақтық жоқ,
Қайтемін қылпылдауын ұстарадай.
Кейбіреу бұлдап тегін, қара көзін
Кеудесін қағып қазақ санайды өзін.

Несімен қазақ жаны, жүрегінде
Болмаса қазақ дерлік түйір сезім.
Беу, жұртым, кешір сен деп айтқан сөзім,
Кінәла мені емес, өмір тезін...

Бабасы ту ұстаған біз де елміз
Дейтін ойлап едім келді кезің...
Қалпыңды бұл күндерді ұға алмадым,
Арысы талап қойып шыға алмадың.

Намысың аяқ асты...өзіңді елеп
Жатқан жоқ, болашағың — мұнар сағым.

ТҮЙІН:

Кең даласын ен жайлап өскен елім,
Қоңыр желі жан сая ескен елім,
Найза ұшында намысын ту ғып ұстап,
Ардан жаным садаға дескен елім.

Белшеден сор сан қайта кешкен елім,
Сан түйінді сөзбен - ақ шешкен елім,
Шұбырынды «алқа көл сұламада»
Қазақ атың жоқ еді өшкен елім.

Аямаған адалын достан елім,
Дос деп ірге іркілмей қосқан елім,
Голощекин қаңғыртып қойдай қырып,
Тарап бүкіл әлемге босқан елім.

Содан аман қалып ес жиған елім,
Жүздеген ұлт баурына сыйған елім,
Көлі құрып, теңізі тартылса да,
Сабыр сақтап, көз жасын тыйған елім.

Тағы ашылмас кезіктің сорға елім,
Сор — полигон түсірген торға өлім,
Үзілермен болып тұр болашағы,
Қалармын ұрпағың қорғап елім.

ЕЛТҰТҚА

БОЛЖАМ

Анаңның жүрегінің астында - ақ
Танытқан тәтті қылық, сәби талап
Теңгедей өкше, титтей жұдырықтар
Бұлқынып назар бөлген мен мұндалап.

Жансың - ау, бар тұрпатың соны айтады.
Қалпыңа көңіл бұрып талай тағы.
Сезінгіш сергек зейін, алғыр ақыл,
Кемеңгер келбетің ой молайтады.

Аяқты басқанда - ақ апыл-тапыл
Танытқан аңғарғыштық қалмас ғапыл
Кез келген кедергіден сәби сезім
Өттің - ау тәсіл тауып берік, батыл.

Ой бөлген шақта да аңдап дүниеге,
Іздері алғырлықтың біліне де.
Бастаған болар әрбір қылығыңнан
Саятын болашаққа мен иеге.

Дәл болжап тауып қойған есіміңді —
Әрі Нұр, әрі Сұлтан әсер ұлды.
Танытып айтып-ақ тұр сын мен сымбат
Мейірімді, мамыр мінез, кешірімді.

Ауылдың балалары маңында ылғи,
Бәріне басшы, үлгі ой мен ылди
Мәнісін бұрын андап зерек зейін
Әрекет етті - ау дереу мінез қырғи.

Кез болған шығар анаң сақтанатын,
Ақтілек Тәңірге арнап ақтаратын.
Болжаған күн келерін ел қазақтың
Нұрсұлтан есімімен мақтанатын.

Дегем жоқ көрінейін беріп баға,
Ой түйдім тұрпатыңа қарап қана.
Кеп жылдан көз алдымда елім деген
Күллі ісің түсірмеген алға қара.

БІРІНШІ ШЕГІНІС

— Балаң, Әбеке, сұлу-ақ тіпті, әрі өткір.

— Көзің тиеді.

— Тимейді көзім.

Тіледім Тәңірден деп тезірек ер жеткер.
Шын айтқан екен
Мефодий Шаповалов, көрші,
Халықтың бүгін

Нұрсұлтаны боп ол ерек тұр.
Жеті жасында осылай алғырлығымен танылған.
Жері жоқ әсте ісі оңбай тауы шағылған.
Украиндық Погорелов та оқушы Нұрсұлтанына

Премьер-министр болады деп ағынан ашық жарылған.
Әке балаға сыншы деген той дана қазағым.
Әбіш ағада аудара жүрген назарын
Нұрсұлтанның үңіліп мінез-құлқына

Байқап жүріпті ақыл-парасатының ғажабын.
Жігіт шақта да жері жоқ жолдан жаңылған,
Кенде қалмаған ән мен күй, өнер - дарыннан.
Халықтың ұлы тұңғыш Президенті ол қазақтың

Қашанда ел-жұрт мүддесінен дәйім табылған.
Алла өзі қалап жаратқан ерен боздағым,
Нықтап іргесін ел көшін ілгері қозғадың.
Тәуелсіз ел боп бет бұрса бүгін ғарышқа

Ертең-ақ көрерміз аршындап алға озғанын.
Назары бүгін, халықтың сенде тілегі,
Санайды сені өзінің ұлы тірегі.
Періштең болып жебесін сені, Ел тұтқам,

Миллиондардың өзің деп соққан жүрегі.

ТАЛАП

Басталды ең қызық шақ жиған зерде,
Қалған ба шын ұмтылса талап жерде.
Бағынған ерік - күші ақылына
Хас жүйрік танылмай ма қашанда өрде.

Өмірді зерделеумен он жыл өтті,
Риза еткен ұстаздарды, дүйім көпті.
Жастықтың жалынының қанатында,
Самғады талай қиял шарлап көкті.

Кеудеде алтын медаль жарқырады,
Мамандық деген арман шарқ ұрады.
Қазақтар ала алмайды деген биік,
Намысын Нұрсұлтанның қамшылады.

Жоқ дейді ол жетпес мақсат ұмтылғанға,
Қазақтың намысы өлмес мен тұрғанда.
Ұлы ұлт өзі ала алмас қиынды алам,
Таң қалар талай Ваня Нұрсұлтанға.

Деп іштей тайталасып түсіп дауға,
Аттанды ол көп жиналған Теміртауға.
Әр ұлттың жастары жүр ығай-сығай,
Болат қып жас жігерді құрыш тауға.

Келді де қалың топқа араласты,
Жаңғырып Теміртаудан арман асты.
Тындырмас ойға алғанын Нұрсұлтан ба!
Парықсыз ісі қалар аяқ асты.

Бастады тағдырменен тайталасты,
Есігін көп мамандық айқара ашты.
Көк құрыш, хас болатты қолдан жасау
Құмар қып құлшындырды өсер жасты.

Днепродзержинскіге жетеледі,
Қайтпады алған беттен, төтеледі.
«Қазақтың қолынан келмейді деп көкіген,
«Көрегеннің» сыбағасы өтеледі».

Деді де құлшына кеп кірісті іске.
Тайталас басталды гәп кірмес түске.
Әрі оқу, әрі жұмыс, спорт және
Талап сол — жігеріңе жігер үсте.

Әрине, бастапқыда бәрі қиын,
Жігіттер болды кейіп түскен иін.
Мамандық түгіл, зауытқа үйрене алмай
Бос кезіп ой кетеді болып құйын.

Тарс-тұрс сатыр - сұтыр құлақ тұнып,
Үстіңе от жаңбырын лақтырып.
Шашалтып, тынысты алып газбенен шаң
Болмайды бір орынды тұрақ қылып.

Екі мың градус ыстық домналардан
От борап өн бойыңды жалын шалған.
Бой тоқтап үйренгенше талай атпал
Кез болды нән жігіттер құлап қалған.

Суша ағып арықтағы балқып шойын,
Таң қалып ойынына толқиды ойын.
Тозақты мамандық қып ғұмыр бойғы
Алуға үйренеді қалай бойың.

Мамандық жетіп жатыр бұдан өзге,
Айналып неге оралады тозақ - тезге.
Жетелеп ой бұрылып келе береді,
«Малдардан металлург шықпас» деген сөзге.

Бұл сөздер талай цехты аралаған,
Жүрегін Нұрсұлтанның жаралаған.
Жанынан ары қымбат ел ұлының
Бойынан намыс әлі тарамаған.

Не өлем, не игерем бұл қиынды,
Бағынды күллі әрекет бір түйілді.
Маңында жүрген қара көздерді де
Бағыттап осы мақсатқа иірді.

Байлады комбинатқа намыс қайнап,
Өткерді іс ел-жұртының қамын да ойлап.
Ар бастап, ақыл қостап, Алла жебеп,
Көмекке келді ерік - күш, жігер, қайрат.

Металлургия комбинаты үйі болды,
Зерттеді күн-түн шықпай жүріп жолды.
Іздеді екі мың градус от көлінен,
Зердеге іс тетігі түйінделді.

Ай өтіп, жылжып жатты жылдар жайлап,
Жас та өсті қойған алға мақсат сайлап.
Металлург мамандығын ұзатпай-ақ
Игеріп қанжығаға алды байлап.

Соңына сонда дағы түсті айлап,
Тану керек жатқанда металл қайнап.
Құрамын химиялық шыңдалғанын
Шын шебер дөп басуы керек ойлап.

Нұрсұлтан мұны игерді көптен бұрын,
Қалмады болат ашпай бұған сырын.
Тұмсықтан сүртті сөйтіп көп даңғойды
«Малдар» деп көкіп сырттай келген қырын.

Шыңдалды өзі дағы құрыш болып,
Сомдалып бойы өсіп, дене толып.
Азамат жайсаң, жарқын, жарау тұлпар
Оралды Теміртауға ырыс болып.

ЕКІНШІ ШЕГІНІС

Сындарлы бой қандай,
Шынардан ойғандай.
Парық парасатын,
Көріп көз тойғандай.

Даналық деп таныр
Кең дала — ай маңдай.
Ай маңдай ай нұрын,
Аймаққа жайғандай.

Ызғары, сесі жоқ,
Жүзінен нұр есіп,
Әркімдер мейірім
Тұрады үлесіп.

Еркіндігі елінің
Еді асыл арманы
Қол жетті, қуанышын,
Жасыра алмады.

Асқақтата әнге өріп.
Әлемге жарлады.
Тәуелсіз Қазақстан
Жер бетін шарлады.

Елім деп егіліп,
Шүберекке жан түйіп
Қайда ол бармады.
Айтулы мәмілегер —

Қай қиынды алмады.
Ұлы ісі ұлының —
Елінде тыныштық,
Бірлік пен береке

Сондықтан әр күн той,
Әр күні мереке.
Жүз ұлт — бір жанұя,
Ың-шыңсыз тұрады.

Құрметте әр ұя,
Күзетте ұланы.
Қазақтың кең-байтақ
Даласы тұрағы —

Бәрінің Отаны,
Маздаған шырағы,
Береке мен бірлік —
Бәрінің ұраны.

Байырғы жас қала —
Су жаңа Астана.
Күн сайын түледі —
Астана—бас қала.

Гүлдене өркендеп
Барады алға озып.
Өркениетке ұласып,
Қаймықпай қасқара.

Аспаны, көгі — нұр,
Көкорай — жері гүл.
Адамы ардақты
Қазақтың елі бұл.

Елбасы — жүз ұлтқа,
Қазаққа, ел-жұртқа.
Бүгінгі—Абылай,
Нұрсұлтан — Елтұтқа.

ИГЕРІЛГЕН БИІКТЕР

Бітті оқу. Бір биік шың игерілді.
Өміріне металлург тік мәңгі өрілді.
Көп бейнет, тартқан азап енді игі іс боп
Алдынан Еңбек атты күн көрінді.

Оралды зор мақсатпен Теміртауға,
Жас жігер жетеледі талап тауға.
Тайталас қиындықпен тағы айқасты,
Домна емес, күтіпті оны бетон қауға.

Оған да төзді. Жүрді бетон құйып,
Мұның да мол сиқырын ойға түйіп.
Бұл да өнер, «үйрен дағы жирен» деген
Халықтық даналықты бойға жиып.

Алпыстың мың тоғыз жүз шілдесінде,
Тарихи күн Сұлтанның әлі есінде —
Ең тұңғыш Домна пеші қосылды іске
Орталық Қазақстанның нақ төсінде.

Нұрсұлтан барды төртінші горновой боп,
Сталевар болу мақсат, басқа да ой көп
Мұнда да тұрды айтулы қиындықтар,
Жігітті істе сынар толағай топ.

Шеберлер шақырылған көрші елдерден
Жігітке сынай қарап жанап келген.
Таныт деп қабілетіңді жымияды
Күткендей үлкен үміт талапты ерден.

Днепродзержинскіде көрген азап
Оралды екі есе артып болып тозақ.
Не керек, от қақтап, көк жалын орап
Кимеген асбест халат күндер аз-ақ.

Шықпады. Жігер жекті. Тапты төзім.
Ұстады айтқан сонау ант қып сөзін.
Ақыры болат құю хас шебері
Айтулы сталевар боп танытты өзін.

Көрген бе ол екі сөйлеп серттен қайтып,
Сөз мәнін саралайды іске сай қып.
Болаттың дайын болған құрамын ол
Таратып дәл пайызын береді айтып.

Ұшқыннан шашыраған қайнап қатты,
Болаттың дәл сапасын оймен тапты.
Келгенде лабораториялық сараптама
Көргендер көзі жетіп, таңдай қақты.

Оралдық Яговитов соның бірі,
Ол болат құюшы еді ғажап ірі. —
Мен тақтан түстім,—деді, мойындады,
Нұрсұлтанның айтқаны дәл келген күні.

Сөйтіп Сұлтан мақсатқа жетіп тынды,
Айтулы сталевар—кадр құнды.
Мақтаны комбинаттың, ел қазақтың,
Делегат қайда керек, сонда жүрді.

Өмірде тек еңбекті қылған тірек,
Қорқытып, үркітпеген қайла, күрек.
Шығандап биікке алып шықты оны
Ел деген азаматтық үлкен жүрек.

Осылай байтақ өмірге араласты,
Сатылап биіктерге қадам басты
Аяқтан өзі тұрды. Өзін-өзі
Жетелеп нән есіктерді айқара ашты.

Ақылды ағылшында бір нақыл бар,
«Жасадым өзімді өзім» дейтін кей нар.
Жасады Нұрсұлтан да өзін-өзі
Көмекке келді дәйім намыс пен ар.

Еңбекпен алғы шепке араласты,
Сатылап тек биікке қадам басты.
Кемел ой, кең толғайтын алғыр ақыл
Жетелеп барған төрі—Таққа ұласты.

ҮШІНШІ ШЕГІНІС

Елдің ұлы — ардың құлы,
Зердесі биік бауырым,
Ел бірлігін ту қып ұстап,
Аспандатқан қауымын.

Қазақ деген тәуелсіз ел.
Бүгін әлем аузында.
Дос қуанып қабылдады,
Мойындады жауың да.

Қазақ десең Нұрсұлтан деп,
Таниды елдер бүгінгі.
Азулы әйгі Арыстандар,
Тең тұтып кеп жүгінді.

Көп ісінді құптай келіп,
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Еліне сай Елбасы деп
Кемелдікке ұйыды.

Ел тұтқам деп отырғам жоқ
Жай мақтанып мен босқа,
Әлем куә Алматыға
Дүркірей келген Давосқа.

Алыс-жақын айтулы елге
Ғажап сенің өтімің.
Алматыда табысты өтті
«Еуразия—2000».

«Риджент Алматыға» өтті,
Жасадың кемел батылдық.
Күллі әлемге ұшты ұран боп,
«Бейбітшілік—татулық!»

Көк туымда тек тұрмапты
Қанат керіп хас түлек.
Сені мегзеп тұр әлемге —
Мұз балағым Тастүлек.

Елбасым деп өзі атап,
Халқың сені зор тұтқан.
Ардың құлы — елдің ұлы
Абылай — Ел тұтқам.

ТЕКТІЛІКТІҢ ТӨРКІНІ

Текті болу тектен ғана тумайды,
Мен ерекше сөз етемін бұл жәйді
Мата атымен өтетін бор бөздер бар.
Ата атымен кей бор өзін бұлдайды.

Тегі қара, өзі дана хандар бар,
Сұңғыла, сөз төркінін андаңдар.
Нұрсұлтанды қаз қойып көр алдыңа,
Талай текті ондай болуды армандар.

Тегі оның қара қазақ кәдімгі,
Тектіден ғана үйренбейді тәлімді
Нұрсұлтанның парасаты, пайымы
Көк қозыдай көгендеді нарынды.

Әкесі оның қарапайым шаруа,
Анасы да сай қосылған жарына.
Ұл сүйіп, қыз өсірген жәй кейуана,
Жоқты іздемей, риза болған барына.

Ел болғалы қазақ талай таң атты,
Санап болмас көрген қорлық, азапты.
«Елі майлап жыламасын» деп Алла.
Нұрсұлтанды қазақ үшін жаратты.

Ту ғып ұстап ел қазақтың намысын,
Қазақ үшін деп бастады ол әр ісін.
Қаршадай тәуекелді таянып,
От оқпанға барды қазақ қамы үшін.

Қазақ үшін көк болатпен алысты,
Қазақ үшін жақындатты алысты.
Қазақ үшін көп Арыстан елдермен.
Мәміле тауып, мәнді өткерді әр істі.

Айтпа әсте бос дәріптеп бекер,
Күткен үміт Нұрсұлтаннан өтелді.
Ұлы Одақ күйреп түскен шағында,
Құлатпай қазақ шаңырағын көтерді.

Қазақ жамырап жүрген шақта тарыдай,
Елім дейтін ел басына жарымай.
Орда бұзып ұйытпақ боп үш жүзді
Шығып еді ел туы—хан Абылай.

Терең барлап жақын менен алысты,
Абылай көрші екі елменен табысты.
Ал Нұрсұлтан екі құрлық — Еуропа мен Азия
Елдерімен жақындаса жарысты.

Бұған қалай назар бөлмей қоя алам,
Аласапыран бүгін дүние ой алаң.
Шақта өзі кеп орыс, қытай басшысы,
Нұрсұлтанмен кеңесіп көп ой алған.

Нұрсұлтанның тағы да бір ұлы ісі —
Бүгін оның жоқ «ағасы, інісі».
ТМД елдер терезе тең — көршілер
Деп таныған татулықта ел ырысы.

Мұны бүгін әлем болып құптады,
Пау. Нұрсұлтан қай көңілден шықпады.
Азия елдері басшылары бас қосып
Алматыда татулықты нықтады.

Әлемге әйгі Қазақстан бүгінгі
Жүз ұлтты ел. Көр арқанда жүгіңді.
Ұйып тыңдап ақылына тәнті боп
Елбасы деп Нұрсұлтанға бүгілді.

Сапарластар жасырмапты көргенін,
Қайран қалып ерек назар бөлгенін.
Қабіріне Мұхаммедтің құран оқып Нұрсұлтан
Шыққан сәтте нөсер кұйып бергенін.

Медине жұрты таңдай қағып, таң қалып,
Кілт өзгеріп тәкаппар паң қалып
Құтты қонақ ауыздардан түспепті
Дұға оқылып бұл жайға әдейі арналып.

Елімізге аңыз болып ертіп із
Бұл жетіпті, ой толғап сыр шертіңіз.
Пайғамбардан бастап Сұлтанды еске алып,
Қалай жорып түсінсеңіз еркіңіз.

«Болат құю ел ұстаудан кеп жеңіл, —
Дейді Сұлтан істерді ойлай кеп небір!
Алқымнан ап қиын-қыстау сән сәттер,
Тығырықтан шыққан күндер жансебіл.

Жан садаға қазағымнан, халықтан,
Қиындықта шыдамдылық танытқан
Жоққа төзіп, барды ұқсатып, ұйысып,
Уақыттың бар мәнісін жаны ұққан».

Қазағым деп туған айтулы азамат —
Қара қазақ кәдуілгі таза нақ.
Күш-қайратын көзбен көрдік—
Хан ісі, Ел тұтқам деп алтынға ойып жазар ат.

Дейді халық: алып туады анадан.
Бар мұратын Ел бағына балаған.
Ендігі тек Нұрсұлтан деп басталып,
Ұран болар ел қазаққа тараған.

Ел мойыңдар тектіліктің тәркіні —
Ер ісінде түспей қоймас ел күні.
Ерім бастап, Елім қостап, қазақта
Беки түсер ұлтым деген ел тін.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙