TELEGEI

Home

Дария жағасындағы қала

Ы. Қалиев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Дария жағасындағы қала

Дария жағасындағы қала. Ы. Қалиев

ӨТКЕНГЕ КӨЗ ЖІБЕРСЕК...

ХІХ ғасырдың бас кезінде қазақтың қазыналы бай өлкесіне қызыққан іргелес жатқан Қоқан хандығы езінің иелігіндегі жер көлемін кенейтуді көздеп, Сыр езені бойымен Арал теңізіне дейін өрлей түсті. Жағалауларға бірнеше бекініс салды. Солардың ішіндегі ең берігі Ақмешіт болатын. Соған бекініп алған басқыншылардың зорлық-зомбылығына карсы Сыр қазақтары талай рет бас көтеріп отырды. Бұл кезде ағылшындар да Орта Азияға отаршылдық мақсат көздеп экспедициялар жіберіп тұрған еді. Сыр өзенінің екі жағына коныс тепкен қазақтар Қоқан мен Хиуа хандарының азабынан кұтылатын амал Россияға арқа сүйеу, соған ез еріктерімен қосылу екенін жақсы түсінді. Отаршылдық мақсат көздеген патшалық Россия мемлекеті сыр бойы қазақтарының өтінішін қабылдап, Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы В. А. Перовскийге Сыр қазақтарын «қорғау» жөнінде патша тапсырма береді. В. А. Перовский бұйрықты алып жорықка әзірленеді... Генерал-губернатор В. А. Перовский полковник И. Ф. Бларамбергті шұғыл шакыртады. Тапсырма қоқандыктардың қол астындағы Ақмешітті алу еді. Полковник И. Ф. Бларамберг үш жүз елудей қарулы солдатпен оған қоса біраз қазақ жігіттерімен Ақмешітке беттейді. Бірақ корғанды ала алмайды.Ақмешіт бұл кезде қоқандықтар мен хиуалықтардың Сырдариядағы ең берік камалына айналған еді. Олар осы қорғаннан айырылса Сырдария жағалауындағы қазақтарға үстемдігін жүргізе алмайтындығын жақсы білді. Ақмешітті ала алмаған соң В. А. Перовский үш мыңға жуық әскермен 1853 жылдың жаз айында Арал корғанына жетеді. Бүл жерде әскерлерін тынықтырып, Акмешітке қарай тағы да бет алады. Сөйтіп, алдын ала жасалған жоспар бойынша кауырт қимылға кіріседі. Қорғанның жеті жеріне батарея орнатып, қоршап, шабуыл жасар алдында бас әміршіге хат жазып, елші жібереді. Хатта былай делінген: «Ақмешіт корғанының әміршісіне Орынбор генерал-губернаторы Перовскийден»! «Бүкіл Ресей императоры патша ағзамымыздың бұйрығы бойынша мен қоқандықтардың орыс жеріне, біздің кол астымыздағы қазақтарға қысым көрсету үшін салған Акмешіт қамалын алуға келдім. Сіздер Ақмешіттің ішінде отырғанмен де, біз бұл қамалды алдық деп есептейміз. Өз адамдарымның бірін де шығын қылмай, сіздерді тегіс қырып жіберу қолымнан келетінін көріп отырсыздар. Қамалдың бұзылған жерін босқа түзеп әуре боласыздар! Ақмешітке мен қақпа арқылы кіремін, өйткені қамалға ешкім де дуал арқылы кірмейді». В. А. Перовский хатына жауап келер деп үміттенгенімен хаты жауапсыз калады. Бұдан әрі генерал-губернатордың шыдамы таусылып, араға күн салып Ақмешітке қыспақты шабуылын бастайды. Күшті шабуыл мен зеңбірек оғының дүмпуінен Ақмешіт қорғаны құлап, қоқандықтар тым-тырақай бас сауғалап, қорғанды тастап қашуға мәжбүр болады. Сырдарияның бойын жайлаған қазақтар Қоқан ханының ауыр езгісінен кұтылғанымен жағдайларын өзгерте алмады. Әлі де болса үміттерін үзбеген қоқандықтар қарақшылык жасап қазақ, ауылдарының берекесін алып, басқыншылықтарын тоқтатпайды. Қоқандықтардың жауыздық әрекеті қазақтардың да, орыстардың да ыза-кегін туғызады. Ақмешітті алу Россияның бұл өңірдегі саяси жағдайын ғана емес, стратегиялық жағдайын да жақсартты. 1853 жылы август айының басында Перовский бір батальон жаяу әскерін, Сырдария қорғаныс шебіндегі 17 зеңбірегі бар ең күшті гапнизонын Ақмешітке қалдырып, өзі Орынборға қайтып оралды. 1853 жылы 31 августта Петербургте шыққан Указ бойынша Акмешіт қамалы Перовск форты деп аталды. Сонан бастап Перовск форты жөнделе бастайды. Перовскийдін бұйрығымен тағы да бірнеше форттың іргетасы қаланады. № 1 Қазалы, № 2 Қармақшы форттары салына бастайды. Үйлер салуға қаржы бөлінеді, тез арада Александровск поселкесі бой түзейді. Артынша Астраханьск поселкесі салынады. Поселке тұрғындары бау-бақша, жеміс-жидек өсіріп, егін егумен айналысады. 1867 жылы Перовск форты Перовск қаласы деп аталады да, ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Осы уақыттан бастап саудамен бірге өнеркәсіп орындары да пайда бола бастайды, көпестер форт тұрғындарымен ғана емес, іргелес ауылдарға да барып сауда-саттық жасап, олардың еті мен жүніне, мал терісіне шай, кант, мата айырбастайтын. 1880 жылы мұнда екі кірпіш заводы, екі жел диірмені, бірнеше май шайқайтын орындар болды. Сонымен қалада, екі монша жұмыс істеді. Көпес Ивановтың сыра кайнататын заводы жылына 16 мың шелек сыра өндіріп тұрды. Қазіргі А. Я. Першин көшесі мен М. О. Әуезов көшесінің бойында ұста дүкендері көп болды. Ұсталармен бірге қазақтардың киіз үйлері мен үй жиһаздарын жасайтын шеберлер қоян-қолтық еңбек етті. 1875 жылы «Урал казактарының әскери міндеттілігі жөнінде ереже» қабылданды. Бұл жергілікті казактардын ашу ызасын туғызды. Орынбор генерал-губернаторы бүлік шығарушы казактарды басуға, алыстағы бекіністерге жер аударуға бұйрық берді. Үш жүздей Урал казактары Перовскіге жер аударылды. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы қаланың бұрынғыдан да өсуіне септігін тигізді. 1905 жылы станцияға вокзал үйі, депо салынды. Су құбырлары жүргізіле бастады. Бірақ қала қиқы-жиқы салынған қалашықтардың қатарында қала берді. Бүкіл қалада тек екі фельдшер, акушерка және дәрігер ғана бар еді. «Түркістан курьерінің тілшісі» 1912 жылғы январьдағы номерлерінің бірінде былай деп жазды: «Перовскіде су тапшылығы өте қиынға соғып тұр. Арықтар болғанымен су жоқ, су тек дария тасығанда ғана келеді. Дария бойында қаланың ағыс күшімен айналатын екі шығыры бар. Бірақ оның ғана суы уезд бастығының үйі мен шіркеудің, қалалық баудын өзінен ауыспайды. Судың тапшылығынан қала шаң-тозаңға айналған. Россия бұл кезде революциялық қозғалыстың орталығына айналған еді. Орыс демократтары, революционерлері патшалық Россияның қазақ халқына жасап отырған отаршылдык саясатына қарсы шықты. Декабрист Пестель «Русская правдада» қазақтар туралы айта келіп былай деп ойын түйген еді: «Олар біздің шын бауырымыз бола алады»... Темір жолдың салынуына байланысты Россия мен Орта Азияны жалғастыратын керуен жолдар маңызын жоя бастады. Темір жол жаңа экономикалық қатынас салаларын ала келді. Сөйтіп, ол капитализмнің қазақ даласында дамуын тездетті. Сондай-ақ қазақ жұмысшы табының қалыптасуын да жеделдетті. Қазалыда, Жосалыда, Перовскіде алғаш маркстік үйірмелер пайда бола бастады. Олар Ташкент, Орынбор революционерлерімен тығыз байланыс жасап, лениндік «Искраны» астыртын алып тұрды. Бұл қазақ сахарасында революциялық ойдың ұшкынын лаулатты. Лениндік идеялардың әсерімен Перовскіде 1904 жылы социал-демократиялық топтар пайда болды. Келесі жылы осы топтар алғашқы маевка ұйымдастырды. Оған теміржолшылар және қала өнеркәсібінің жұмысшылары қатысты. Маевкада шығып сөйлегендер самодержавиені құлатуды, саяси тұтқындарды түрмеден босатуды талап етті. Социал-демократиялық топтың басшылығымен кешікпей Перовск революциялық коми-теті құрылды. Революциялық комитеттер сонымен катар Қазалы, Жосалы, Түркістан станцияларында да құрылды. Артынша-ақ бұл станциялардың жұмысшылары ереуіл жасап қарулы көтеріліске әзірленді. 1905 жылы сентябрь айында шығарылған прокламацияда былай деп жазылған: «Жолдастар, тығыз топтаса түсіп қолға қару алыңдар, бір мезгілде күреске шығыңдар. Өйткені қарулы көтеріліс қана бізді езгіден, қанаудан құтқара алады... Самодержавие жойылсын! Демократиялық республика жасасын!» Перовск жұмысшыларының сана-сезімінің оянуына жер аударылған большевик, депо слесары А. В. Червяков пен революционер, темір жолшы Н. Ф. Селиверстов үлкен ықпал жасады.

КҮРЕС КҮНДЕРІНДЕ

Халық арасына патшаның тақтан құлағаны туралы хабар тез тарады. Перовскінің уездік бастығы бұл «суық» хабарды халықтан жасырғысы келіп баспасөзге жариялауға рұқсат бермеді. 1917 жылғы февраль буржуазиялық-демократиялык революциясынан кейін Перовск большевиктері үстем тап өкілдеріне қарсы ашық күреске шықты. Жер-жерде революциялық ұрандар мен транспоранттар ілінді. Революцияға шақырған митингілер өтіп жатты. Перовск революционерлері қалада большевиктік ұйым құрды. Оның курамына 28 адам енді. Бұл алғашқы ұйымды табанды большевик А. В. Червяков басқарды. Депо жұмысшылары Н. Ф. Селиверстов, С. П. Қилячков, Н. В. Виторский, В. Г. Капитонов ұйымның белсенді мүшелері болды. Мұның өзі олардың жұмысшылармен тығыз байланыс жасауына үлкен ыкпалын тигізді. Перовскідегі большевиктер ұйымының негізгі мақсаты халық бұқарасын күреске жұмылдыру, оларға басшылық ету болатын. Большевиктер, әсіресе, Перовскіде орналасқан үшінші Сибирь полкі солдаттарының арасындағы үгіт жұмыстарына ерекше мән беріп, полкта революцияшыл актив құруға барынша күш салды. Олар ойдағыдай болды да. С. Иванов, А. Гаврилов, П. Ермолов, Г. Гущин сиякты большевик үгітшілердің қызметі арқасында аз уакыттың ішінде 3 мыңға жуық солдат большевиктердің жағына шықты. 1917 жылдың июнь айының аяғында Перовск большевиктері қаланың жұмысшылары мен гарнизон солдаттарының көпшілігін өздерінің жағына тартып, жұмысшы және солдат депутаттары Советінде көпшілік орынға ие болды. Бір-бірімен тығыз байланыста болған Перовск большевиктері қарулы көтеріліске әзірлене бастады. Өкімет билігін халыққа беруін талап еткен демонстрациялар саны күн сайын все түсті. 1917 жылы 23 сентябрьде жұмысшы және солдат депутаттарының Советі уакытша үкіметтің уездік коммиссарын қызметтен босатып, гарнизонды большевиктер жағына қаратты. 1917 жылы 30 октябрь. Бұл күні жұмысшы және солдат депутаттарының большевиктер басқарған Перовск Советі уақытша үкімет өкілдерін тұткындап, өкіметті өз колына алды. Сонымен Перовскіде Совет өкіметі Петроградтағы ұлы жеңістен соң бес күннен кейін орнады. Бірақ әлі де жасырынып, әрекет жасап бакқан жау қарап қалмады. Соның бәріне төтеп беру керек еді. Жағдай өте шиеленісті. Сауатсыздық аяқтан шалды. Осы тұста уездік Совет жанынан азық-түлік, денсаулык сақтау, халық ағарту, әскери және басқа бөлімдер кұрылды, ауыл шаруашылық коммуналары ұйымдастырыла бастады. Перовск большевиктері өкімет басына келісімен-ақ Октябрьдің ұлы жеңісін нығайтып, оны тап жаулары мен интервенттерден қорғауға халықты жұмылдырды. Халықтан қызыл гвардия отрядтарын құрып, оларды қару-жарақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді. 1917 жылдың декабрь айының басында Перовск Советі Кызыл гвардия құру, өнеркәсіп пен темір жол транспортын халық меншігіне айналдыру жөнінде қаулы қабылдады. Баспахана, сыра заводы, ұсақ кәсіпорындар, байлардың үйлері национализацияланды. 1918 жылғы 20-30 апрель аралығында Ташкентте Түркістан Советтерінің төтенше сьезі болды. Онда РСФСР-дың құрамына кіретін Түркістан Автономиялы Советтік Республикасын кұру ұйғарылып, 1 майда ол салтанатты түрде жарияланды. Перовскіде ұлт мәселелерімен айналысатын уездік бөлім құрылды. Оның комиссары болып совдеп мүшесі Кудряшов тағайындалды.

Әлеуметтік-мәдени өзгерістер халық тұрмысына ене бастады.

Совет екіметі әйелдерге теңдік, бостандык әкелді. Олар ер-азаматтар қатарында қоғам жұмысына тартыла бастады. Мұның өзі жаулардың өшпенділігін, ыза-кегін бұрынғыдан бетер өршіте түсті. Әсіресе көп әйел алып, олардын намысын аяққа басқан байлар мен молдасымақтарға бұл жаңа өзгеріс ұнамады. Перовскіде әйелдер бөлімі де құрылды. «Әйелдерге тең право берілсін!», «Әйелдер өмірге кеңінен араластырылсын, оларға білім берілсін!» ұран осындай болды. Қазақ әйелдерінің ішінен ескілік пердесін серпіп тастап суырылып алға шыққандардың алғашқылары, тұңғыш коммунистері Сара Есова мен Нағима Арықова болды. Олар ел аралап, Совет өкіметінің саясатын насихаттады, калың малға қарсы күресті, әйелдерді ескілік көлеңкесінде қалып қоймай, жаңа өмір үшін күреске шақырды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде-ақ қалалық кәсіпорындарда 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Шіркеу мектептен бөлінді. Халық үшін, балалар үшін үлкен оқиға ақысыз сауат ашу болды. Перовскіде 1917 жылғы декабрьде құрылған партизан отрядына коммунистер бастаған солдаттар, темір жолшылар жазылды. Алексей Новиков, Иван Лазутин, Афанасий Кириллов, Артем Перфильев сияқты еріктілер бұған ұйтқы болды. Бірте-бірте отрядқа қазақтар да, басқа ұлттар өкілдері де келіп қосылып, интернационалдық отрядқа айналды. Ақтебе майданына аттанған 5 рота және атты әскері бар он партизан отряды, 4 зеңбірегі, 7 пулеметі болды. Олар кескілескен күресте нағыз ерлік көрсетті. Әсіресе Дутов бандыларына қарсы шайқаста бір кадам да шегіну дегенді білмеді. Партизан отряды Илецк түбінде бандылардың тас талқанын шығарды. Бұл жеңіс партизандардың ұйымшылдығы мен әділетті ісінің жеңетінін дәлелдеп берді. Ал Қандыағаш түбіндегі шайқас үстінде отряд командирі Николай Федорович Селиверстов ерлікпен қаза тапты.

СЫР БОЙЫНДАҒЫ АСТАНА

Жас республиканың территориясы өте кең еді. Оның орталығы Орынбор қаласы болды. Ол жаңадан құрылған Қазақ АССР-інің орталығы болғанымен оған басшылық жасауға тым қашықта еді. Сондықтан республиканың астанасын Орынбордан басқа қалаға көшіру мәселесі қойылды. Орынбор Қазақстанда Совет өкіметін орнатып, нығайтуда үлкен роль атқарды. Болашақ әкімшілік-территориялық аудандастыру ісінің бірнеше жобасын қарастырғаннан кейін Қазақ АССР-інің астанасын Ақмешітке көшіру қолайлы деп табылды. РКП(б) Орталық Комитетінің 1924 жылы 1 декабрьдегі хатында Қазақстан партия ұйымының негізгі міндеттері белгіленіп берілді. Орталық Комитет республика партия ұйымының ең маңызды міндеті бұрынғысынша қазақ еңбекшілерін партия қатарына, совет құрылысына тарту, жергілікті еңбекші халықтан партия кадрларын даярлау деп есептеді. 1925 жылы 15—19 апрельде Ақмешітте республика Советтерінің V съезі болды. Бұл съезге барлық қазақ уездері еңбекшілерінің екілдері келді. Съезді жұмысшылардың, шаруалардың, интеллигенцияның толып жатқан делегациялары құттықтады. «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атын калпына келтіру үшін,— делінген съездің шешімдерінде,— Советтердің Бүкіл қазақтық V сьезі бұдан былайғы жерде «киргиз» деген атау «қазақ» деп аталсын», деп қаулы етті. Мұнымен бірге съезд Киргиз республикасын Қазақ республикасы деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы алды. Съездің Қазақстанның еңбекшілеріне жазған үндеуінде былай делінген: «Үлкен қиыншылықтардан өттік. Езушілерге қарсы ауыр курестен өттік. Азамат соғысының ауыр жылдарынан өттік. ҚАССР-ін құрып, нығайту жөніндегі тарихи дәуірден өттік. Ал алдымызда әлі көп іс, творчестволық көп жұмыс тұр, қиыншылықтар да аз емес. Алдымызда Қазақ республикасын экономикалық жағынан көркейту дәуірі тұр, еліміздің өндіруші күштерін көтеру жолында, ҚАССР-ін мекендейтін барлық еңбекшілердің материалдыұ әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру жолында күресу дәуірі тұр.» Сейтіп қала тарихының жаңа беті ашылды. Астана болған қаланың экономикасын, мәдениетін дамыту, халқының тұрмыс жағдайын жақсарту шаралары белгіленді. Жұпыны уйлердің орнына жаңа үлгідегі үйлер бой көтерді. Орта және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ұйымдастырылды. Осы жылдарда Қызылордада қазіргі ғылыми-зерттеу мекемелерінің алғашқы шағын лабораториялары жұмыс істей бастады. Қазақтың топырақ зерттеу, мал дәрігерлік-бактериологиялық және басқа бірқатар институттары алғашқы қадамдарын осы жаңа астанада бастады. Партия-совет мектебі, халық-ағарту институты, кен зерттеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылар факультеті, медицина, кооператив, транспорт, механика, финанс техникумдары ұлттық мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. Қала тұрғындарына мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету шаралары жасалды. Астана маңынан сүт фермасы бар шаруашылық және де овощ-бақша егетін жаңа аудандар ұйымдыстырылды. Жертілікті шикізатпен, отынмен жұмыс істейтін өнеркәсіп орындары үлғайды. Артельдер күнделікті тұрмысқа қажетті халық тұтынатын заттар мен өнімдердің түрлерін көптеп шығара бастады. Мұның үстіне'жаңа астанада алғашкы кәсіпорындар салынып, іске косылды. Кілем тоқу артелі казақ әйелдерінің алғашқы өндірістік бірлестігіне айналды. Артельде негізінен ауылдан келген қазақ қыздары мен әйелдері жүмыс істеді. Ет комбинаты, тәтті тағамдар өнімдерін шығаратын фабрика ашылды. «Трудовик» артелінің шығарған макарон енімдері мен кондитер тағамдары халық мұқтажын өтеуге жұмсала бастады. Сүт өнімдері, сыра қайнату, балық кептіру заводтары салынды. Әр үйде Ильич шамы нұрын төкті. Арада бір жыл өтпей-ақ 1926 жылы июль айында қала жұртшылығы электржарығын пайдаланды. Сол кезде электр желісінің жалпы ұзындығы он километрден астам ғана еді. Қаланың өркендеуі қазақтың ардагер азаматтарының, мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен тығыз байланысты. Қазақ АССР Орталық Атқару Қомитетінің председателі Елтай Ерназапов осындай ардагерлердің бірі еді. Ол халықтың калың ортасынан шыққан, ұйымдастырушылық қабілеті мол адам еді. Қазақ, АССР Орталық Атқару Комитетінің председателібола жүріп ол экономика мен мәдениетті өркендетуге куш-жігер жұмсады. Ал қазақ, қыздарын еңбекке тартып, ескінің сарқыншақтарына қарсы күреске шақыруда бұл өңірде Алма Оразбаеваның сіңірген еңбегі де аз емес. Жалынды коммунист әйелдер жиналыстарьшда, қызыл отауларда, клубтарда талай рет халық алдында сөз сөйлеп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оның тікелей араласуымен, инициативасымен Қызылордада тұңғыш рет кілем тоқитын артельдер ұйымдастырылды. Осы кезге дейін бұл қалада Алма Оразбаева тұрған үй сол қалпында сақтаулы. Үйдің сыртына мемориалдық тақта орнатылған. Халықтың әл-ауқаты, тұрмысы жақсарумен қатар олардың өнерге деген талпынуы да өсті. Казақ совет әдебиетінің негізін қалаушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, сондай-ақ Сабыр Шәріпов, Николай Анов, Қалмақан Әбдіқадыров, Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов тағы басқа ақын-жазушылардын шығармаларын алғаш рет оқушы қауым Қызылордада шығып тұратын «Еңбекші қазак» (казіргі «Социалистік Қазакстан»), «Советская степь» (қазіргі «Казахстанская правда») газеттерінен оқып, танысып отырды. Тұңғыш қазақ театрының негізі де осында қалана бастады. Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жандарбекова, Елубай Өмірзақов тағы басқа өнер саңлактары алғаш рет театр сахнасына шығып, өздерінің таланттарын осында ұштай түсті. М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» пьессалары тұңғыш рет Қызылорда сахналарында қойылды. Қазақтың ұлттық музыкасының тарихын зерттеуші А. В. Затаевич осы жылдары Қызылорда қаласында еңбек етіп, қазақтың әндерін жинады, нотаға түсірді. Бұл жылдарда Қазақстан өмірінде үлкен әлеуметтік-мәдени, рухани өзгерістер болып жатты. Революцияға дейін артта калған республиканың мәдениеті өркендеп, өндірісі үлғайып, сауатсыздық жойыла бастады. Бірінші бесжылдық . . . Міне, осындай өзгерістер кезінде республика үкіметі Қазақстан астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшіруге қаулы алды. Алматыны Советтік Қазақстанның астанасы етуге Түркістан — Сибирь темір жол кұрылысының да зор ықпалы болғаны аян. 1929 жылы жаңадан аудандыстыру ісі негізінен аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Түркістан — Сибирь темір жолының, аяқталуына байланысты Казак АССР үкіметі Алматыға көшіп келді. Қызылорда округіне Қызылорда және Қазалы уездері, бұрын Ақтебе губерниясына қараған Қызылжыңғыл және Қайдауыл болыстары кірді. Округтің территориясы 300 мың шаршы километрді алып жатты. Ал 1938 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының құрамында Қызылорда облысы құрылды. Облысқа Арал, Қазалы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандары беріліп, облыс орталығы Қызылорда қаласы болды. Облыс құрылғаннан кейін Қызылорда жан-жақты өркендеудің жаңа белесіне қадам басты. Қызылорда талай «Қызыл сұңқарларды» ұшырған алтын ұя. Солардың бірі — Сүлеймен Есқараев кедей шаруа семьясында дүниеге келген. Жастайынан енбекке араласқан. Озық ойлы жұмысшылардың кеңесімен кірпіш заводына жұмысқа кіріп, кейін депода балғашылыққа ауысқан. Ол шынайы досты, шын жанашырды осы деподан тапқан. Солардың көмегімен орыс тілін үйреніп, хат таныған. Бұғанасы бекіп, буыны қатайған жұмысшы С. Есқараев Октябрь революциясын қуанышпен қарсы алып, Перовскіде қолына қызыл ту ұстап жүргендердің бел ортасында болған. Көп ұзамай 1918 жылы деподағы большевиктер ұйымында ол партия қатарына кірген. Сөйтіп, командирі большевик Николай Селиверстов болған партизан отрядына өз еркімен кіріп, жас Совет өкіметінің жауларына қарсы шайқаска түскен. Ол 1918-1919 жылдары Ақтөбе майданында, Осипов бүлігін жоюға, Шымкент түбіндегі шайқастарға қатысып, жауынгерлік ерлік мектебін бастан өткерген. Сүлейменнің оқуға деген өмірлік арманы 1919 жылы жүзеге асып, Ташкенттегі совет-партия мектебіне қабылданды. Жаңа құрылған жас Совет өкіметін нығайту оның негізгі принциптерін өмірде жүзеге асырып, халықтың бетін бұру үшін бұл кезде жұмысшы табы қатарында шыңдалып, Октябрь жеңісі жолында қан төккен С. Есқараев сынды адамдар аса қажет еді. Оның жастығына қарамай Түркістан республикалық атқару комитеті Сырдария облыстық Советтерінің І сьезін шақыру жұмысына жібереді. Бұл тапсырманы ол мүлтіксіз орындайды. Мұнан соң сол кездегі жағдайға байланысты партия оны Ташкент облыстық төтенше комиссия бастығының, орынбасарлығы жұмысына жіберді. Ел ішіндегі қуаңшылық пен жұт салдарынан болған ашаршылық, оның үстіне жанталасқан революция жауларының осы кезеңді пайдаланып қалғысы келіп бас көтере бастаған мезгілі еді бұл. Еңбекші таптың мүддесі үшін осы тұста Сүлеймен жаулармен ымырасыз күресіп, әрі әділдігімен, әрі табандылығымен, кайрат-жігерімен көзге түсті... 1922— 1925 жылдары С. Ескараев Сырдария облыстық партия комитетінің нұскаушысы, бөлім меңгерушісі болды. Осы уақытта өз алдына шаңырақ көтеріп жатқан туысқан Орта Азия халықтарының жер-су мәселесін шешуге, шекара белгілеуге белсене қатысқан коммиссияның мүшесі болған. Қазақстанның астанасы Қызылордаға көшіп келгеннен кейін республика Ішкі істер халық комиссары болып істеген. Оған республикаға советтік тәртіпті нығайтып, қалыптастыру ғана емес, Қазақстан милициясын, заң органдарын ұйымдастырып, оның нағыз мемлекеттік аппарат ретінде жұмыс істеуіне басшылық ету міндеті жүктелген еді. Бұл қызметте оның қарауында М. Масанчи, А. Розыбақиев тағы басқа көптеген белгілі адамдар жұмыс істеген. С. Ескараев бұл уақытта республика партия қайраткерлері Т. Рыскұлов, О. Исаев, Е. Ерназаров тағы басқалармен қатар кызметтес болған. Партия саясатын жүзеге асыру, елдің экономикасын көтеру сияқты түбегейлі мәселелерді жүзеге асыруда солардың тапсырмаларын белсенділікпен орындап отырған. Сырткы келбеті тым қатаңдау көрінетін қою қара шашты, қату қабақты, ақ сүр өңді С. Ескараев жайлы замандасы Жүсіпбек Арыстанов былай деп жазады: «Кешкентайынан жұмыспен етене болып өскен ол әдетте көтерме сөз бен орнысыз күлкіні жақтыра бермейтін, көбіне тік қабағын шытып, ойланып-толғанып жүруші еді. . . Бірақ оның комсомолдың дарынды жетекшісі Ғани Мұратбаевпен бірге панасыз балаларды орналастыруда мейлінше мейірімділік көрсеткенін білетін біз оны — «Қатал болса, жауға қатал» деп санайтынбыз, қателеспеп-піз.» Отызыншы жылдың басында Орынбордағы өлкелік милиция мектебін басқарып жүрген ол алдағы уақытта өмір талабына өз бойындағы білімнің аздық ететінін анық байқады. Сөйтіп, 1930 жылы семьясымен Москваға барып Бүкілодақтық Жоспарлау академиясына түсіп оқыды. 1938 жылы бітіріп шығады. Оқу-білімге өмір бойы ынтызар болып өткен Сүлеймен бұл жылдары марксизм-ленинизм іліміне тереңдей сусындап, елімізде социализм орнату, өмірдің барлық саласында социалистік қоғам принциптерін қалыптастыру, оның әлеуметтік-экономикалық негіздерін үйрену мәселелерімен шұғылданған. Сонымен бірге әлемдік көркем әдебиет туындыларымен танысып, мәдениет мұраларының асыл қазынасына ден қояды. Көптеген достар тапқан. Білімге деген ынтызарлыққа кенеттен қайтыс болған жары Мәуияның, қазасы да, қолында қалған екі жасар. Әлиясы мен Мараттың бағып-қағуы да кедергі бола алмаған. Сол кезде Су шаруашылығы халық комиссариатының Тимирязев атындағы институтында оқитын інісі Кәрім де, өзі де оқуын жалғастырып, ойдағыдай бітіріп шыққан. Академияны бітіргеннен кейін ол Қазақстанның аса ірі өнеркәсіп орталығы Қарағанды облыстық, атқару комитетінің председателі болып сайланды. Бұл «колхоздастыру» кезіндегі асыра сілтеушіліктен туған кейбір қиындықты жеңу мақсатында түрлі шаралар қолданып жатқан кез болатын. Қарағанды облыстық атқару комитетінің председателі С. Есқараевпен Петропавл қаласында кездескен С. Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» деген кітабында оның қасиеттері мен облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды әсерлі суреттейді. «Социалистік құрылыс барысында және партияның басты бағытын жүзеге асыруда Қазақстан партия ұйымдарында жаңа партия, совет қызметкерлері өсіп жетілді,— делінген Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының очерктерінде — партиялык-саяси және ұйымдастырушылық жұмыста М. Атаниязов, А. И. Богданов, А. Досов, Т. Жұмабаев, С. Есқараев, А. И. Заваритко, И. Қабылов. И. С. Климентьев, С. Нүрпейісов, П. И. Оликов және басқа да адамдар республика еңбекшілері арасында үлкен беделге ие болды». С. Есқараев қашан да партия алға қойған маңызды міндетті шешуде әрқашан аса маңызды учаскелерде болып отырды. 1937 жылдан бастап С. Есқараев Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советі председателінің орынбасары болған. 1937 жылы Қазақстан Компартиясының І съезінде Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетінің бюро мүшелігіне сайланды. Алайда көп ұзамай 1938 жылы ол кайғылы казаға ұшырайды. С. Есқараевтың өмір жолы осындай. Ол Сыр бойында жұмысшыдан көтерілген партия, совет қайраткері, езінің зор қабілетін социализм ісіне арнаған нағыз замана ұланы еді. Революция өмірге әкелген жаңа заманды құру, оны нығайту жолында аянбай еңбек еткен С. Есқараевтың атында Қызылорда қаласында бір көше бар.

ҚАЙРАНБЫЗ ҚАЙРАТЫҢА СЫР АДАМЫ

Жағасы қалың тоғай, құнарлы, суы мол Сырдария өзенінің өңірінде егіншілікті кәсіп ету тарихта тым көне заманға барып тірелді. VІ — XІІ ғасырларда отырықшылык, егіншілік Сырдария алқабында, Қаратау маңында, Талас, Шу өзендерінің бойларында және Жетісуда бұрынғыдан анағұрлым тез өркендеді. Қазақстанның Онтүстік аудандарының халқы бидай, арпа, тары егетін болды. Мұның өзі ғасырлар бойы халықтың жерді мәуелі баққа, құнарлы егістікке айналдырудағы бай тәжірибесі мен дәстүрін қалыптастырды. Сыр бойыпдағы егіншіліктің совет дәуіріндегі тарихына келсек, мұның өзі өзгеше әнгімеге арқау болады. Әсіресе Сырдарияның суын өмірдің тамырындай болған тіршілік тынысына айналдырудағы, Сыр елінің Ұлы Отан соғысы карсыңындағы халықтық кұрылыс атанған су жүйелерін салудағы қозғалысы айрықша құбылыс. Ұлы Октябрь революциясына дейін Сырдария бойының қазіргі Қызылорда облысы территориясында 540-тан астам су жүйелері — арықтар болған. Бұл арықтардың бойында 60 мың гектардан астам егістік жер суарылғаны жөнінде деректер бар. Арық сағасына «Қара бура» салынып, су мөлшері қолмен реттеліп тұрды. Мұндай арық қазуға халықтан шыққан көзі қарақты тәжірибелі диқан-мұраптар басшылық етті. Сырдың суы арықтармен егістікке өздігінен ағатын. Өзенде су аз жылдары егіншілікке үлкен зиян келтіретін. Ілуде біреу-ер «шығыр», «атпа» колданатын болған. Әрине, бұлармен кең көлемді егістік алқапты суландыру мүмкін емес еді. 1918 жылы ұлы көсеміміз В. И. Ленин Түркістан жерін суландыру женіндегі үлкен шаралар туралы декретке қол коюы тегін емес еді. Егіншіліктің жүздеген жылдық тарихы бар бұл аймақтың келешекте еліміздің үлкен астықты ауданы болатынын көсем болжап білген еді. Заманның өскелең талабы Сыр бойында егіншілікті күрт көтеру, оның көлемін ұлғайту мәселесін алға қойды. Бұл үшін алдымен жеке шаруалар біріктіріліп, коллективтік шаруашылықтар кұрылды. Ал отызыншы жылдардың аяғында осы шаруашылықтарды сумен камтамасыз етудің күрделі проблемасы тұрды. Әсіресе 1938—1939 жылдары су жүйелерін салу жұмыстарының көлеміне зер салсақ, егіншілікті дамытуға айқын бетбұрыс жасалғанын көреміз. Бұл жылдары Қармақшы ауданында «Қызыл жарма», «Бәйбіхан», «Аюшығанақ», «Наурызбай» каналдары, Қазалыда «Сарыарық», Жаңақорғанда «Жетікөл», Сырдарияда «Күркіреуік», «Шайыр қожа», «Қосшыңырау», «Сәдір сарай», «Қайыр суат», «Қожарық» каналдары, Тереңөзекте «Мыңшоқы», Шиеліде 108 мың текше метр топырақ шығарылған «Шиелі» каналдары қазылды. Мұнан кейінгі жылдары Сырдария ауданында су жіберу каналының кұрылысы жүргізілді. Бұл кішігірім кұрылыстар партия ұйымдарына мұнан кейінгі жылдары қолға алынатын аса ірі құрылыстарды салуға бай тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Облыстық партия комитеті бұл халықтық құрылыстарға еңбекшілерді жаппай жұмылдыруды ең басты, ең маңызды міндет етіп қойды. ВКП(б) Орталық Комитеті мен СССР Халық Комиссарлары Советі 1940 жылы 16 апрельдегі «Қазақ ССР-інің Оңтүстік облыстарында ауыл шаруашылығын көтеру, әсіресе дәнді дақылдар өсіруді жақсарту туралы» қаулы қабылдап, Сырдарияның төменгі жағасын суландырудың кеңейтілген жобасын жасауға нұсқау берді. Мұнда Қызылорда қаласына жақын маңнан өзенге тоған салу, сөйтіп, егістік жер көлемін екі есе, яғни 80 мың гектарға ұлғайту көзделді. Мұның өзі еңбекшілерді ерен ерлікке, ынтымақ пен бірлікке шақырған айбынды ұран еді. «Шиелі» каналы тікелей қолға алынғанға дейін 1938 — 1939 жылдары 15 канал қазылып, бес миллион текше метрден астамырақ топырақ шығарылды. Канал бойларына 50 гидротехникалык құрылыс салынды. Бұған шаруашылықтардан 236,1 мың сом, мемлекеттік бюджеттен 749,5 мың сом қаржы жұмсалды. Осындай бірсыпыра тәжірибе жинақтаған партия ұйымдары 1940 жылы «Шиелі» каналын қазуды қолға алып, оған 16 мыңнан астам еңбекшілерді жұмылдырды. Алдын ала дайындық жұмыстары өрістетілді. Жер-жерде партия, комсомол жиналыстары өткізіліп канал қазуға баратын кетпеншілер стахановшылардан іріктеліп алынды. Құрылысқа баратын коммунистер, комсомолдар, үгітшілер жасақталды. Әрбір колхозға алдын ала учаске бөлініп берілді. Құрылыс барысында социалистік жарыстың өте ықпалды формалары пайдаланылды. Канал қазуға облыстың тек колхоздары ғана емес, Қызылорда қаласының барлық мекемелерінен адамдар жіберілді. Қалада орналасқан финанс, сауда су шаруашылығы, тағы басқа ұйымдар қазушылырға көмек көрсетті. Қызылорда еңбекшілерінің қажыр-қайратымен, жасампаздық энтузиазмімен салынатын осынау ірі құрылыс өзінің озаттарын туғызды. Ол Советтік Қазақстанның 20 жылдық мерекесіне тарту есебінде өрістетілетін болды. Жұмыстың барлығы дерлік қолмен атқарылды. Ол кезде облыстың техника күші өте аз болатын. Жаңақорған ауылының Жаңаарық колхозының колхозшылары өздеріне бекітілген учаскені 14 күнде, Қазалыдағы «Октябрь» колхозы 19 күнде, Тереңөзектің Карл Маркс атындағы колхозының колхозшылары 20 күннің ішінде аяқтап шықты. Сейтіп, сол жылғы октябрь айының аяғында капалды қазу жұмысы түгелдей аяқталды. Ұзындығы 105 километр болатын бұл каналдан 2247 мың текше метр топырақ шығарылып, құрылыс Советтік Қазақстанның 20 жылдық торқалы тойына еңбекшілердің тартуы есебінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ облыс көлемінде бұл жылдары салынған іргелі кұрылыстардың бірі «Аюшығанақ», «Қурайлы», «Наурызбай» каналдарының біріккен жүйесінің құрылысын жүргізуге болады. 1938 — 1939 жылдары Қармақшы ауданының колхоздары су тапшылығы зардабын қатты шекті. Аудан еңбекшілері «Аюшығанақ», «Қурайлы», «Наурызбай» каналдарының біріккен жүйесін салуды ұйғарды. Канал құрылысында ферғаналықтардың әдісі басшылыққа алынды. Канал жүретін жол мұнда да алдын ала әрбір колхозға бөлініп берілді. Мұның өзі жұмыс қолының тоқтамауына, колхозшылардың құрылыс басына келісімен істі бастап кетуіне мүмкіндік туғызды. Канал құрылысы басталғанша қажетті техникалық қызметкерлер іс басында болды. Олар әрбір учаскеге бөлінді. Құрылыста үш учаске ұйымдастырылды. 31 март күні құрылыс басында үлкен митингі өткізілді. Бұл канал құрылысының басталуының белгісі еді. Колхозшылар канал құрылысын мерзімінен бұрын аяктауға сөз берді. «Правда» газетінің 1940 жылғы 3 апрель күнгі номерінде мынандай хабар берілді: «Қармақшы және Шиелі аудандарының колхозшылары кеше екі каналдың кұрылысын шапшаңдатып жүргізуге кірісті. Қармакшы ауданында қазылып жатқан каналдың ұзындығы 19 километр болса, Шиелі ауданындағы каналдың ұзындығы 27 километрдей. Бұл каналдар 20 мың гектардан астам егістікке су беретін болады». Колхозшылар арасында мәдени қызмет көрсету, олардың белсенді қимыл жасауына жағдай туғызу облыс партия ұйымдарының бірден-бір көңіл койған ісі болды. Нартай Бекежанов бастаған мәдени бригада кұрылыс басында 6 рет, корей театры үш рет, Қармақшы ауданының оқушылары 10 рет концерт қойып, құрылысшыларға 22 рет кинофильм керсетілді. Олардың ішінде «Ұлы ант», «Аманкелді», тағы басқа фильмдер бар. Сондай-ақ құрылыс басында өткізілген митингілерде Жосалы механикалық заводының үрлемелі аспаптар оркестрі де ойнаған. Құрылыста саяси үгіт жұмысының белсенді формаларын пайдалану жолға койылды. Мұнда жеті рет қабырға газеті шығарылып, үш жылжымалы кітапхана, екі кызыл мүйіс жұмыс істеген. Бұлардан 458 колхозшы әр түрлі 766 саяси және көркем әдебиеттерді алып оқыған. Құрылыс жұмыстарының ең қиын учаскелерінде құрылысқа қатысқан 51 коммунист, 227 комсомол мүшесі жүрді. Олар партия тапсырмасымен құрылыстың толық аяқталып біткенінше басында болды. Ынтымақ бірлігі, күш-жігері мен мақсат-мүддесі тоғысқан облыс еңбекшілері каналдың құрылысын дер мерзімінде аяқтап шығады. Ауыл шаруашылығын онан әрі өркендетуге бағытталған қыруар шаралардың бәрінен де Қызылорда қаласының тұрғындары, диқаншылыққа қатысы бар мекемелер тыс қалған жоқ. Олар облыс көлеміндегі бастамаларға ұйтқы болды, бүкіл халықтық құрылыстарға дем беріп отырды.

ҚЫЗЫЛОРДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА

Соғыс деген суық сөзді естісімен талай қызылордалық ер-азаматтар қолдарына қару алып батыска карай сапар шекті. Тылдағы от басы, ошақ қасында қалған кемпір-шалдар да бойын тіктеп бала-шағаға қосыла еңбек майданына аттанды. Тірсектері майысқан жас балғындар ерте есейіп, әкелерінің, ағаларының, орнын жоқтатпады. Олар жанқиярлықпен еңбек етіп, майданға көмек беріп жатты. Еліміздің өзге тылдағы еңбеккерлері сияқты, қызылордалықтар да қорғаныс қорын ұйымдастырды. 1943 жылдың 23 январына дейін Қызылорда қаласының тұрғындары майдан үшін 1 миллион 300 мың сом ақша мен бір миллион 100 мың сомның облигациясын Отан қорғау корына өткізген-ді. 14 мың жылы киім мен 2 вагон сыйлықты майдандағы жауынгерлерге жөнелтті. Қаладағы Артем атындағы театр 100 мың, темір жол жұмысшылары 100 мың, «Разнопром» артелі 20 мың, қалалық аурухана 22 мың, «Стройматериал» артелі 20 мың сом қаржы және облигация өткізді. Облыстық милиция қызметкерлерінің майданға жіберген қаржысы 26 мың 420 сом болды. Тыл еңбекшілерінің мұндай зор қамкорлығына совет жауынгерлері ерлік істерімен жауап беріп отырды. «... Бұл жылдарда Қазақстан фашистік жауыздар баспанасын өртеген және талқандаған миллиондаған совет адамдарының туған үйіне айналды. Украина мен Белоруссиядағы, орыс және Прибалтика қалалары мен селоларындағылар қазақ халкының қысылтаяң соғыс жылдарында эвакуацияланғандарды шын пейілді меймандостықпен қарсы алып, өз баспанасын және дәм-тұзын бөлісіп, оларға төрін бергенін ешқашан да ұмытпайды. Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында неміс фашистері уақытша басып алған жерлерден көшіп келген мыңдаған адамдарды қызылордалықтар да өз бауырындай қарсы алып, достық кұшағын жайды. Соғыс басталған алғашқы жылдың өзінде ғана облысқа майдан ортасында қалған 7653 адам, соның ішінде Қызылордаға 3617 адам келіп қоныстанды. Олар келісімен білек сыбана еңбекке етене араласты. Сонымен қатар Киев, Одесса және Харьков университеттері көшіп келіп, Украинаның біріккен университеті деген атпен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ Москвадағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институты, Қырымдағы медицина институты және бірнеше техникум уақытша көшіп келіп орналасты. Қызылордалықтар мұндай жоғары оқу орындарына қамқор болып, олардың бұрынғыдай сабақты әрі қарай жүргізе беруіне жағдай жасады. Жаңадан қоныс тепкен институттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жүргізді. Украина университетінің профессор-оқытушылар коллективі өздерінің жоспарлы жұмыстарымен қатар Қазақстан тарихын, облыстың экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеуге ерекше ынта қойды. Неміс фашистерін тықсыра қуып, жерімізді басқыншылардан тазалай бастасымен уақытша көшіп келген жоғары оқу орындары өз орындарына көше бастады. Москваның ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтының оқытушылары мен студенттері Қызылордадан астанаға аттанар алдында болған салтанатты жиналыста облыстық партия комитетінің атына мынадай хат қабылданды. «1941 жылдың күзінде неміс фашистері Отанымыздың жүрегі — Москва қаласына қауіп төндірген кезде біздің ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институты сіздердің қалаларыңызға көшіп келді. Біздің үлкен институт орналастыруға жергілікті жағдайдың қиын болуына қарамастан облыстық партия комитеті, облыстық аткару комитеті мүмкіндіктің бәрін қарастырды. Біз осындай көрсеткен туысқандық көмектеріміз үшін зор рақмет айтамыз. Біздің туысқандығымыз бұрынғыдан бетер жақындаса түскені анық . . .» «Харьков университетінің ғалымдары қызылордалықтар көрсеткен қыруар көмекті еш уақытта ұмыта алмайды . . .» «Біз, Қырым медицина институтының оқытушылары мен студенттері бүкіл елімізге зор қауіп төніп тұрған шақта қол ұшын берген, барынша жағдай жасаған қызылордалықтарды әр уақытта ұмытпаймыз. Бұл достық жүрегімізде мәңгі сақталып қалды . .» Сонау соғыс жылдарында Қызылорда қаласына келген институт оқытушылары мен студенттері өздерінің туған жерлеріне осындай ыстық ықыласпен, игі тілекпен аттанды. Бірақ соғыс әлі аяқталған жоқ еді. Барлық совет адамдары сияқты қызылордалықтар да жеңіс күнін асыға күтті. Жеңістің таяу екенін сезген қала кәсіпорындарының коллективтері бұрынғыдан бетер еңбекке деген ынта-жігерін арттыра түсті. Отан соғысы жылдарында қалада үш өнеркәсіп артелі, бір тұрмыс қажетін өтеу комбинаты істеп тұрды. Аяқ киім фабрикасы, былғары заводы ашылды. Уақыттың ауыр болуына қарамастан қаланың жергілікті өнеркәсібі аяқ киімнің, тоқыма мата, былғары бұйымдарының жаңа түрлерін шығаруды игеpіn, оларды майданға жөнелтіп жатты. Қаланың азық-түлік базасын жасау кажет болатын. Бұл мәселе де шешілді. 1940 жылы кала маңындағы егіске 7 шаруашылық жұмылдырылса, ал 1945 жылы олардың саны 75-ке жетті. Халықтың көптен күткен Ұлы Жеңіс күні де келіп жетті. Бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. Халық аяулы азаматтарынан, небір боздақтарынан айырылды. Жеңіс туы олардың еңсесін көтерді. Ұлы Отан соғысында ерлігімен ерекше көзге түскен жауынгерлерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстандық 500-дей солдат пен офицер осындай жоғары атаққа ие болса, оның 20-сы қызылордалық еді.

Солардың кейбіреулерінің қаһармандық дастанын оқып көрелік:

Нағи Ілиясов 1942 жылғы сентябрь айының бас кезінде Астрахань маңындағы Халхута поселкесі түбінде ұрысқа кірісті. Артиллерия барлаушысы болды. Байланысшы екеуіне дұшпан күшін бақылау тапсырылды. Ертеңгі сағат төртте дүркін-дүркін атылған оқ таң тыныштығын бұзды. Фашистердің жаяу әскері атакаға шықты. Олар жағдайды біліп алып, батареяға хабарлады. Сол сәтте артиллерия ұрысқа кірісті. Гитлершілдер олардың позициясына жақын келіп, бірнеше рет атака жасады. 152-атқыштар бригадасының жауынгерлері артиллеристердің көмегімен жау шабуылын тойтарды. Кейінірек бригада соғыса отырып, қалмақ даласы мен Донның теменгі сағасына дейін жетті. 1943 жылдың 14 мартында бригада 99-атқыштар дивизиясы болып құрылды. Нағи «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды. Артынша оны 473-артиллерия полкіне жіберді. Сальск, Бетанск, Дондағы Ростов маңында фашист әскерлерін талкандауға қатысты. Донбасста тағы бір медальді кеудесіне қадады. Дивизия Львов түбінде ауыр ұрыс жүргізді. Парамонов, Ланчук деген жауынгерлермен бірге немістің 17 солдаты мен офицерін қолға түсіріп, маңызды мәліметтер әкелді. Осы ұрыста Нағи ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен наградталды. 1944 жылдың ноябрь айында 99-атқыштар дивизиясы Будапештің оңтүстік-батысында ұрыс жүргізіп, Дунайдан өтуге әзірленді. Мұны немістер сезіп қалып, өзен үстін ракетамен жарық қылып оқ нөсерін төкті. Нағи басқаратын барлаушылар бөлімшесі оң жағалауға шығып бекініп алды. Сөйтіп, дұшпан траншеяларына гранат жаудырды. Нағи бастаған барлаушылар Марянхазе деревнясына бет алды. Онда 9 автомашинаны жойып, деревняға бірінші болып кірді. Осы Дунай өзенінен өтерде көрсеткен ерлігі үшін 1945 жылы 9 апрельде Нағи Ілиясовқа Совет Одағының Батыры атағы берілді. Әнуар Әбутәлипов. 53-армияның Звенигород әуедесанты дивизиясының 13-гвардиялық аткыштар полкінің станокты пулемет расчетінің командирі болды. 1944 жылдың октябрінде Дебрецен операциясына қатысып, ерекше көзге түсті. Венгрия жерінде өріс алған бұл операцияның мақсаты Клуж — Орадя — Дебрецен ауданындағы жауды талқандап, совет әскерлерін Тисса өзеніне жеткізу еді. 23 күнге созылған шабуыл нәтижесінде совет әскерлері өзеннен өтіп, немістерді қуып шықты. Қызыл Армияны өзеннен өткізуде Әнуар нағыз ерліктің, үлгісін көрсетті. Өзеннен жүзіп өтіп, арғы беттен қосақтап үш кайық әкеліп жауынгерлерді өткізді. Кайықты оқ тесіп өткеніне қарамастан ол Отан алдында берген сертін орындап шықты.

1945 жылы 24 мартта Ә. Әбуталипов Совет Одағының Батыры атағын алды. Ұлы Отан соғысы басталғанда Жақыпбек Махамбетов трактор бригадасының бригадирі еді. Отызға келген отты жігіт майданға жіберуін өтініп, әскери комиссариатқа барды. Бұл кезде механизатор мамандығы бар адамдар тылға да ауадай қажет болатын. Жакыпбектің өтініші қанағаттандырылмады. 1942 жылы ол екінші рет әскери комиссариатқа барады. Бұл жолы оны армияға алады. Механизаторлық мамандығы бар қазақ солдаты ә дегеннен-ақ станокты пулеметтің тілін игеріп алады. 1943жылғы сентябрьде Советтік Украинаны гитлершіл басқыншылардан азат ету ісін тезірек аяқтау үшін төрт майданнан қатар ұрыс жүргізілді. Бұйрық — Днепрден әрі қарай, жауып тұрған оққа қарамай өту. Жақыпбек Махамбетов қолдан буылған салмен жаудың қардан бораған оғының астында өзінің азғана тобымен бірге арғы бетке жетіп үлгереді. Фашистер кішкене топты құртып жібермек болып шабуылды үдете түседі. Бірақ оларды «Максим» пулеметінің айбыны тоқтатып тастайды. Немістердің назарын басқа жаққа аударған сәтте бөлімше әскерлері Днепрден жүзіп өтіп, арғы жағалауға шыға бастайды. Днепр үшін шайқаста Жақыпбек Махамбетов өз пулеметінен оқ жаудырып, гранат лақтырып фашистердің бір танкісін, 3 автомашинасының күлін көкке ұшырады. Сондай-ақ осы шайқаста жүзден астам неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жояды. 1944жылғы 22 февральда Жақыпбек Махамбетовке Совет Одағының Батыры атағы берілді. Совет Армиясының лейтенанты Жақыпбек Махамбетов гитлершілермен соғыстың аяғына дейін, жеңіс туы желбірегенше шайқасты. Соғыстың басынан аяғына дейін барлаушылар бөлімшесінде болған бұрынғы жылқышы Тайымбет Көмекбаев 1942 жылдың басында қасына екі қазақ жігітін алып фашистердің штабына төтеннен шабуыл жасады. 12 солдат пен екі офицерді дивизия штабына алып келді. Олардан маңызды мәліметтер алынды. Познань қаласының түбінде Тайымбет басқаратын барлаушылар бөлімшесіне жаудың ірі бекінісін жою тапсырылды. Тұтқиылдан басталған шабуыл фашистерді есінен тандырды. Олар тұтқынға түсуге мәжбүр болды. Берілмей қарсыласқандардың көзін жойып, 37 солдат пен бірнеше офицерін тұткындады. 1945 жылы 6 февральда оның барлаушылары Одерден алғаш рет өтіп бекініп алды. Осы жерде жаудың бес рет жасаған атакасына тойтарыс берді, түнде ержүрек барлаушы жауынгерлер шабуыл жасаушы топты бастады. Бриг қаласының кіре берісінде жаудьң станокты пулеметін өртеп жіберді. Осы қала үшін болған ұрыста 60 фашист басқыншысын жайратып, 12 адамды тұтқынға алды. Арада екі күн өткен соң оның барлаушылары Ванзен қаласына барып жетті. Онда да немістер ұясы бар екен. Олар үсті-үстіне қарсы шабуылға шығып, қарсыласып-ақ бақты. Айбынды барлаушылар жаудың 7 рет жасаған шабуылына тойтарыс бере отырып, алдын ала жасалған жоспар бойынша оларды қоршап, жойып жіберді. 1945 жылы 10 апрельде Тайымбет Қөмекбаевтың кеудесінде Совет Одағының Батырының жұлдызы жарқырады. Қызылорда станциясында жұмыс істеп тұрғанда әскерге алынған Жаппасбай Нұрсейітов 1942 жылы 18 жасында фашистермен бетпе-бет келді. Содан Орал, Курск, Белградты азат еткенге дейін талай майданда көзге түсті. Генерал-лейтенант С. Г. Трофименко басқарған 27-армияның кұрамындағы 155-атқыштар дивизиясында болды. Курск тубіндегі ауыр ұрыстардан кейін неміс командованиесі Богодуховтың оңтүстігіндегі әскерлеріне қосымша күш жіберді. Сөйтіп, оларға СС-тың үш танк дивнзиясы көмекке келді. Осы бір ауыр ұрыста Жаппасбай үлкен ерліктің үлгісін көрсетті. Воронеж майданының командованиесі Ахтырканың солтүстігіндегі ауданға тың күш жеткізді. Ахтырка үшін шайқастарда жауынгер қазақ жігіті тағы да көзге түсті. Ол алдынғылардың бірі болып шабуылға көтеріліп, бүкіл ротаны соңына ертті. Осы айқаста ол автоматпен, гранатпен 35 гитлершілді жайратты. Ал Сарынчевка деревнясы түбіндегі шайқаста Жаппасбай жауған оқтың астымен фашистердің траншеясына бірінші болып жетіп, гранат лақтырды. Осы жерде ол 10 фашистің көзін құртып, үшеуін тұтқындады. Ержүрек қазақ солдаты танкіге қарсы қолданылатын екі гранатты қолына ұстап, жау тылына өтіп, жаудың зеңбірегін қатардан шығарды. Сонан кейін рота шабуылын әрі қарай жалғастыра түсті. Днепрден өту кезінде өзеннің орта тұсына жеткенде жауынгер достарымен бірге Жаппасбай отырған қайықты оқ тесіп, ішіне су тола бастады. Жаппасбай үстіндегі шинелін шешіп алып, үңірейген тесікті тығындауға кірісті. Қайықтағы 9 жауынгер мен 5 қол пулеметі аман қалды. Днепрдің оң жағалуында, Переяслав ауданының Григорьева деревнясы аймағында үш тәулік бойы шайқас толастамай қойды. Жаппасбай өз тұсындағы жауды үнемі кейін қайтарумен болды. Осы үш тәулікке созылған шайқаста ол 150 фашистің көзін жойды. Қызылорда түлегі Жаппасбай Нұрсейітов Совет Одағынын Батыры атағын міне осындай қиян-кескі ұрыста көрсеткен ерлігі үшін алып еді. 1938 жылы Қызылорда педагогикалық институтына түсіп, оны соғыстың алғашқы айларында бітірген И. М. Журба 1941 жылы декабрьде майданға кетеді.

1943 жылдың күзі. Жауынгерлердің алдында Киев қаласы.

Бөлімше Киевтің солтүстік-батыс жағындағы фашистердің тылына жасырынып өтеді. 4 ноябрьде олар тұтқиылдан тап беріп, Пуще Водицеде жаудың бекінісін бұзып өтіп, Святошиноға басып кіреді. И. Журба басқарған батальон батыл қимылдап, осы стратегиялық маңызды пунктті алады да фашистердің шегінер жолын кесіп тастайды. 5 ноябрьде ұрыс жаңадан қыза түседі. Гитлершілер қайткенде де совет әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып өтуге тырысады. Келесі күні Журба тобы жаудың терең тылына жорық жасауға бұйрық алады. Олар дұшпанның маңызды байланыс жолын талқандайды. Фастов-Белая церковь темір жолы бойындағы Установка станциясы маңында немістердің автодрезинасы қолға түсіріледі. Дрезинада немістің 18 офицері оның ішіндегі үш генералы, бір полковнигі отыр екен. 11 ноябрь күні Журба жігіттері ұрыс салумен жаудын тылына шығып, Трилесса станциясына жетеді. Днепр үшін Киевті азат ету үшін болған ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін И. М. Журбаға 1944 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қызылорда топырағынан майданға аттанғандардың 20-сы Совет Одағының Батыры атанды. Бұлардың бәрінің тізімі ұзая береді, бәрінің ерлігін кағазға түсірсе таусылмайтын дастан болар. Кеуделері ордендер мен медальдарға толы өзге де Сыр бойы ардагерлерінің өшпес іздері Берлинге дейінгі жолдарда сайрап жатыр. «Бізге соғыс қажет емес еді. Бірақ ол басталған соң ұлы совет халқы агрессорлармен өліспей беріспейтін шайқасқа ерлікпен кірісті»,— деп совет адамдарының соғыс кезінде Отанын корғаудағы каһармандық ерлігін Л. И. Брежнев жолдас лайықты бағалаған еді.

АРШЫНДЫ АДЫМ

1945 жылы қалада коммунистердің саны 1750-ге жетті. Олар еңбекшілерді елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмылдырды. Барлық жерде, кәсіпорындарда стахановшылар козғалысы кең өріс алды. Еңбектің ерлік үлгісін көрсеткен локомотив, вагон деполары, киім тігу шеберханасы, тағы басқа кәсіпорындар соғыстан кейінгі бесжылдықта қабылдаған жоспарды төрт жылда орындап шықты. Көптеген еңбек озаттарының есімдері құрметпен аталды, қала кәсіпорындары мен темір жол торабының 800 стахановшысы бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындап, нағыз еңбектің үлгісін көрсетті. Қалада бұрынғы кішігірім артельдер, былғары заводы біріктіріліп ірі кәсіпорындар ірге тепті. Мұның бәрі қала еңбеккерлерінің материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, олардың мәдени дәрежесін көтеруге үлкен ықпал жасады. Халыққа білім беру, денсаулық сақтау, басқа да тұрмыстық қызмет көрсету салалары бұрынғыдан да жақсара түсті. Бесінші бесжылдық бүкіл совет халқы сияқты, Қызылорда жұртшылығы үшін де есте қаларлық өзіндік із тастады. Осы тұста қалаларда жаңа өперкәсіп орындары бой көтеріп, коммуналдық-тұрмыс обьектілерінің құрылыстары жедел қарқынмен алға басты, Жыл сайын тек құрылыстың өзінде ғана 7 миллион сомнан астам қаржы бөлініп тұрды. Соның нәтижесінде өнеркәсіп өнімін өндіру 5,5 есе, жүн мата өндіру үш есе артты. Көптеген кәсіп орындары мен ұйымдар горькийліктердің үлгісімен тұрғын үйлерді заман талабына сай салуды қолға алды. Осы әдіспен 1957— 1959 жылдары көп қабатты 95 үй бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Қаланың құрылысы өрістеп қана коймай, көшелерді көркейту, көгалдандыру, қала тазалығын сақтау жұмысы да күн тәртібінен түспеді. Ол үшін суды реттеу, Сырдария өзеніне су айдайтын моторлар орнатылып, қалаға қажетінше су беру кажет болды. 1952 жылдан бастап қаланы көркейту, көгалдандыру айлықтары өткізіле бастады. Қала жұртшылығының күшімен 1952— 1959 жылдар ішінде 12 миллион 554 мың сомның көркейту, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. 1957 жылы екі тоқсанда қаланы керкейту және көгалдандырудағы жақсы жұмыстары үшін социалистік жарыстың жеңімпазы деп танылған Қызылордаға Қазақ ССР Министрлер Советінің ауыспалы Қызыл туы мен 15 мың сом ақшалай сыйлық, тапсырылды. 1959 жылы 25 августа Қазақстан Компартиясы Орталык Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советі «Қызылорда облысының экономикасы мен мәдениетін одан әрі жақсарту» туралы қаулы қабылдады. Міне, осы қаулыдан соң қаланың экономикасын, мәдениетін одан әрі дамыту бағытында нақты шаралар іске асырылды. Өнеркәсіп орындарына жана техника келе бастады. Бұл тоқсандық, жылдық тапсырмаларды асыра орындауға мүмкіндік туғызды. Сүт заводы, ет комбинаты, аяқ киім фабрикасы, балық заводы, тағы басқа өнеркәсіп орындары жылдық тапсырмаларын бір жарым есеге дейін орындап, табыс биігінен көрінді. Халыққа тұрмыстық қызмет керсету кәсіпорындары да жаңа обьектілер салып, қызмет түрлерін кеңейтті. Жетіжылдық жоспар кезінде күрделі құрылыстар бой көтерді. Солардыц ішінде ең үлкені Қызылордадағы целлюлоза-картон комбинаты. Сонымен қатар жылу-электр орталығы, темір-бетон бұйымдары заводы, мебель фабрикасы, тағы басқа кәсіпорындар халықтың өскелең талабын орындауға кірісті. Жеті жылдықтың соңғы екі жылында 32 мәдени-тұрмыстық, коммуналдық объекті салынды. Қала тұрғындарына 39 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. 1956 жылы Москвадан Мемлекеттік жоспарлау институтының арнаулы экспедициясы Сырдарияның жағасындағы Қызылорда қаласына келді. Олар біраз уакыт жүріп облыстың жерімен танысты, картаға түсірді. Экспедиция мүшелері осы сапарында облыста аса бағалы шикізат — қамыстың мол қорын анықтады. Өндірісте қамысты пайдалану мәселесі қойылды. Бір тонна картон алу үшін 1,5 тонна қамыс керек екен. Ал экспедиция мүшелері Сыр бойының әр гектар жерінен орта есеппен 10-15 тонна қамыс өнетінін есептеп шығарды. Көзін тапса бұл зор байлық емес пе? Ал облыс көлемінің өзінде 125 мың гектардай жерде қамыс бар. Әсіресе Сырдария өзенінің, Қуаңдария, Іңкардария көлдерінің жағасы тұнған қамыс. Картонды қамыстан дайындау ағашты үнемдеуге мол мүмкіндік беретіні сөзсіз. Осы жайттар ойластырыла, қорытыла келіп, Қазақстанда тұңғыш картон-целлюлоза комбинатын Қызылорда қаласында салуға түрткі болды. Бұл шешім 1957 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінде қаралып, бекітілді. Комбинат іске қосылғанда жылына 450 мың тонна қамыстан түрлі шикізат шығарады деп белгіленді. Ірі кұрылысқа кең жауырынды, толық денелі Виктор Карпович Маруняк бастық болып тағайындалды. Ал бас инженер болып Лев Павлович Пан бекітілді. Дарияның жағасынан онша қашык емес, қаланың батыс жағындағы кең жазыққа күз айының бірінде жеңіл машина келіп тоқтай қалды. Ішінен төрт адам түсті. Олар бастық, бас инженер, тұңғыш бригадир Сағат Әбенов және мастер Владимир Сергеевич Сайко еді. Әрі-бері ойласқан олар болашақ құрылысты осы жерден бастағанды жөн көрді. Құрылыс бастығы В. К. Маруняк бригадир Сағат Әбеновке қолындағы қазықты ұстатты. —Саған сендік. Қазықты сен кақ,— деді сәл езу тартып.

Тұңғыш қазық. Бұл жерге қағылса, құрылыс басталды деген сөз. Сынаптай сырғып қызығы мол күндер өте берді. Құрылыс алаңында еңбек күмбірледі. Жан-жақтан жұмысшылар ағыла бастады. Құрылысқа комсомолдық жолдамамен келіп жатқандар қаншама! Машиналар тізбегіне көз тояттайды. Алаңға бульдозерлер, эксаваторлар келіп, өз жұмыстарына кірісті. Крандар орнатылды. Аз күнде-ақ жұмысшылар саны өсе түсті. Бетоншылар, арматурашылар, ағаш ұстасы, қыш қалаушылар бригадалары жасақталынды. Алғашқы күні-ақ екпінді апта жарияланды. Еңбек бәсекесінде Юсуп Ахмедов басқаратын бетоншылар бригадасы жеңімпаз атанды. Юсуп осы құрылысты естіп сонау туысқан Қарақалпақ АССР-нан келген еді. Әйелі Нина Ивановна да құрылысқа білек сыбана кірісті. Екпінді аптада қайратты жігіттер 272 шаршы метр жерге бетон құйып, тапсырмасын бір жарым есеге жуық орындады. Сонда да болса, екпінді құрылысқа адамдар күші жетпей жатты. Сонау Чехословакиядан, Молдавиядан, Белоруссиядан қолында жолдамасы бар жастар легі ағыла түсті. Совет Армиясы қатарынан оралған жауынгерлер Қызылордадағы құрылыстың дабылын естіп, бағытын осы жақка бұрды. «Жас келсе іске» деген емес пе халқымыз. Құрылыс алаңы еңбек күйіне бөленді. Енді бригадалар өзара жарысқа түсті. «Жарыс—табыс көзі» екенін құрылыс басшылары жақсы білді. Христофор Колпакиди басқаратын ағаш ұстасы, Тәжібек Ахметов жетекшілік ететін бетоншылар, Дастанбек Кайрановтың тас қалаушылар бригадалары үнемі мәреге катар келді. Олар ай сайынғы тапсырмаларын асыра орындап қоймай, бір-біріне көмектесіп жүрді. Негізгі мақсат ортақ кой. Солай болса да Юсуп Ахмедов басқаратын бетоншылар бригадасы суырылып алға шығып, жарыс озаты атана берді.

Өзгелер ойлады. Мұнда қандай сыр бар? Оңашада Юсуптың өзінен сұрады.

— Біздің жігіттер «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген ұранмен еңбек етеді, мүмкін сонан болар,— деді Юсуп сәл ғана езу тартып.

Бұл коллектив осы құрылыста түұңғыш рет коммунистік енбек бригадасы атағын жеңіп алды. Юсупке үлкен сенім білдіріліп, Астрахань қаласында салынып жаткан целлюлоза-картон комбинатына барып, тәжірибе алмасып қайтуға жіберілді. Үлкен-үлкен ұзын бағаналар ол кезде Шымкент қаласынан алдырылатын. Бірақ бұл кол байлау, жұмыстың алға басуына кедергібола берді.Шымкенттен кешігіп келіп тұрды. Құрылыс басшысы мен бас инженер өзара ақылдаса келіп, Юсуп пен Тәжібекті кабинетке шақырды. Әңгіме бағанаға ауысты. Осыны сонау Шымкенттен алдырмай-ақ өзіміз құюға болар ма екен? деді құрылыс басшысы В. К. Маруняк. Қос бригадир бір-біріне қарады. Шынында мұның өзі бір жағынан кол байлау болса, екінші жағынан қымбатқа тусуде,— деп инженер шындыққа жүгінді.

Чертежін сызып берсеңіздер кұйып көрейік,— деді екеуі де жарыса сейлеп. Ертеңіне бетоншылар бригадасының мүшелері чертежге қа-рай отырып, арматураны ерітіп, қалып жасады. Оған бетон кұйылды. Екі бригадирдің жасаған бағаналары да сапалы болып шықты. Осылай алғашқы тұңғыш жаңашылдары пайда болды. Тас қалаушылар бригадасының бригадирі Дастанбек Қайранов қышты сындырмай жоғары көтерудің әдісін ұсынды. Ағаш ұсталары бригадасының бригадирі Христофор Колпакиди тас қалаушыларға арналған ағаштан жасалған көтерме қабырға өскен сайын бұзылып, кайтадан жасалынып отыратынын, оның көп уақытты зая кетіретінін аңғарып жүретін. Ол өз ойын бас инженерге айтып, кабырғаның биіктігіне орай кетерменің ұзындығын 8 — 9 метр етіп жасауды ұсынды. Сөйтіп, ол кранмен бір жердей екінші жерге қойылатын болды. Құрылысшылар осылай жұмысты жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттырудың жолдарын ойластырып жүзеге асырып жатты. Мұның өзі құрылысты қарқынды жүргізуге зор ықпалын тигізді. Әр айдың тапсырмасын асыра орындаймыз. Сөйтіп, жылдық жоспарды КПСС XXІІ сьезінің ашылу құрметіне орындап шығамыз. Құрылыс материалдарын үнемдеу есебінен мемлекетке 5 мың сом пайда түсіреміз.

Әрқайсысымыз екі-үш мамандықты игереміз.

Ірі кұрылысты салып жатқан жұмысшылар міне осындай бастама көтеріп, кұрылысты мерзімінен бұрын орындап шығуға сөз берді. Бұл бастаманы облыстық партия комитеті мақұлдады. Сөйтіп, бір шеті темір жолмен, екінші шеті Сырдария өзенімен шектеліп жатқан ірі құрылыстың алғашқы кезегін 1962 жылдың аяғында іске косу белгіленді. Қауырт қимыл. Қайнаған еңбек. Әркім өздерінше жүктелген жұмыстарымен әлек. Бірі корпус қабырғаларын көтеріп бара жатса, енді бірі бетон құйып, бағаналар тұрғызуда. Ағаш ұсталары да, арматурашылар да өз істеріне мығым. Құрылыста жұмыс істеуге келген Екатерина Егоровна Тапина краншы болып орналасты. Ә дегеннен-ақ өзі сүйген мамандығын игеріп әкетті. Мектеп қабырғасынан бірден комсомолдык. жолдамамен келген Дәметкен Айтжанова, Күлайша Жайлаубаева, Қымбат Оспанова, Күлайша Батырбековалар аз күннің ішінде-ақ тас қалаудың шебері атанып шыға келді. Олардың есімдері кезінде облысқа ғана емес, республика, Одак көлеміне де әйгілі болды. Қымбат тас кұрылысшылардың Москвада өткен Бүкілодақтык слетіне қатысты. Бас корпустың ең төбесінде жан-жағынан от жарқылдап монтажшылар жүр. Темір-бетондарды жымдастырып байланыстыруда, темір пісіріп дәнекерлеуде өте шапшаңдык көрсетуде. Осы бір айналасы ат шаптырым жерді алып жатқан кұрылыс алаңын нағыз қайнаған енбектің ортасы деуге боларлы еді. Ұзындығы 450 метрге жуық, биіктігі 40 метрден асатын құрылыс күн санап биіктеп, бой түзеп келе жатты. Сөзге берік құрылысшылар берген серттерінде тұра білді. Төрт жылдан астам уақытты алған құрылыс та аяқталды. Осынша жыл ішінде төгілген маңдай тер өз жемісін берді. Құрылысшыларды еңбектегі ерен жеңісімен облыстық партия комитеті мен халық депутаттары облыстық Советінің атқару комитеті құттыктады. Озат құрылысшыларға Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Асу алынды. Іске косылған алғашқы жылы комбинат 73 мың тонна целлюлоза, 70 мың тонна картон өндірді. Бұл белгіленген тапсырмадан әлдеқайда артық еді. Уакыт өткен сайын комбинат қанат жайып, коллектив құлашын кеңге сермей бастады. Әрине табысқа коллективтің, әрбір еңбеккердің өнегелі істері, олардың қайраты мен қажырлылығының арқасында жеткені даусыз. Комбинаттың өндірген өнімі кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпіріне жөнелтіліп жатты. Өскелең өмір талабы комбинат жұмысшылары алдына үлкен міндеттер койды. Комбинаттың әрбір цехы жаңа техникамен толықтырылған. Сондыктан онда еңбек ететін мамандардың білім деңгейі де жоғары болуы тиіс. Комбинат жанында №8 кәсіптік-техникалық училище мен Краснокамский целлюлоза-қағаз техникумының филиалы жұмыс істейді. Көптеген жастар бұларда күндіз жұмыс істеп жүріп-ақ кешкісін білім алады. Жұмысшылар тұратын Ю. Гагарин мен Г. Титов атындағы поселкелер бүгінгі заман өнегесіне орай жаңа жобамен салынған көрікті де әсем. Екі он жылдық мектепте, бірнеше балалар бақшасында комбинат жұмысшыларының балалары тәрбиеленіп оқиды. 500 орындық «Бумажник» атты Мәдениет сарайының іші де, сырты да әсем, бүгінгі үлгімен көркем безендірілген. Оның ішінде түрлі спорт бөлмелері бар. Онда кешкісін өздерінің сүйікті секцияларына қатысып жүрген жастарды көруге болады.

— Қазір негізінен қатты қағаздан гофра жәшігін шығарамыз. Бұл өніміміз бүкіл Совет Одағына жөнелтіліп жатады. Заказ берушілер де аз емес,— дейді комбинаттың партком секретарі Е. Керейтбаев,- ағаштан, қағаздан басқа өнімдер дайындаймыз. Комбинат отандық техникамен жарақтандырылған. Бір айта кететін жайт, мұнда жұмысшыларды саяси және экономикалық, комсомол оқуы жүйесіне тарту жақсы жолға қойылған марксизм-ленинизм негіздерін үйрену мектебінде КПСС тарихы, саяси экономия, философия, ғылыми коммунизм курстарын өтеді. Сондай-ақ 56 экономикалық, білім жүйесіндегі мектептерде де «Экономика білім негіздері», «Социализм және еңбек», «КПСС саясатының актуальды мәселелері» тағы басқа да курстар жүргізіледі.

Комбинат бойынша оқудың әр түрлі формаларына 1500-дей адам қатысады. Бұл барлық жұмыс істейтін адамдардың 70 проценті. Жастарға тәрбие беруде 80 ұстаз еңбек етеді. Олардың ішінен Жұмабек Әбубәкіровтің есімін ерекше атап өту керек. Білікті маман жастарға ұстаз болып өз тәжірибелерін үйретуден әсте жалықпайды. Осындай ұстаздық қызметінің нәтижесінде Жұмабек ВЦСПС-тің Құрмет грамотасына ие болды. Қазір оның тәжірибесін үйреніп, тәлім-тәрбие алып жүрген жастардың саны 105-ке жетіп отыр. Коллективте мұндай еңбегімен елге сыйлы азаматтар аз емес. 1978 жылы олар 23 миллион сомның өнімін таратып, жылдық жоспарды артығымен орындап шықты. Өткізілген өнім мөлшері мұның алдындағы жылмен салыстырғанда 18 проценгке артты. Коллектив жұмысшылары өзара социалистік жарыс көрігін қыздыра отырып, оныншы бесжылдықтың тапсырмасын төрт жылда орындауға уәде байласқан, «бір жеңнен қол, бір жағадап бас шығарған» 20 ұлттың өкілдері бұл асудан да сүрінбей өтуде. Қызылорда қаласында жүргізіліп жатқан және алдағы уақытта жүргізілуге тиісті күрделі құрылыстың барысы қалалық партия комитеті мен халық депутаттары қалалық Советі атқару комитетінің үнемі назарында болып келеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін ұйымдардың күнделікті жұмыстарына практикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етуде бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды. Қалада құрылыс штабы жұмыс істейді. Бір ғана «Кзылордастрой» тресінің құрылыс объектілерінде қала тұрғындарынан 7 мың, адам жұмыс істеген. Оныншы бесжылдықтың өткен екі жылында көлемді құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылды. Қала тұрғындарының игілігіне 95 мың шаршы метр тұрғын үй, 700 орындық балалар бақшасы, 2670 орындық екі мектеп пайдалануға берілді. Сол сияқты жалпы ұзындығы 4 километр келетін жылу магистралы жүргізіліп, Ауыл шаруашылығы материалдық-техникалық жабдықтау бірлестігінің жөндеу-механикалық заводы қайта жабдықталды.

Силикат-кірпіш, құрама жем заводтары және баска маңызды объектілер салынды. Өндіріс тиімділігі жөніндегі қамқорлықты күшейте отырып, өндіріске ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу, үнем мен ұқыптылықты арттыру, өнім сапасын жақсарту жөнінде көптеген шаралар іске асырылып келеді. Жыл сайын жаңа техниканы енгізу, өнертапқыштар мен рационализаторлардың ұсынысын қолдау жөнінде байқау өткізу дәстүрге айналған. Бірсыпыра кәсіпорындарда өнім сапасын жақсартуды ұйымдастыру мен бақылауды күшейту шаралары нақты жүргізілуде. Бұл женіндегі Кентау экскаватор заводының бастамасын тігін фабрикасының коллективі бірінші болып колданды. Ол шаралар облыстық, қалалық партия комитеттері тарапынан толық мақұлданды. Қаланың өсіп, өркен жаюына зор ықпал жасап өзгелерге үлгі-өнеге көрсетіп жүрген озаттар да аз емес. Кеудесінде Ленин ордені жарқыраған грейдерші Рүстем Боранбаев, асфальт төсеушілер бригадасының бригадирі Әбубәкір Байсақалов, сантехник Қалжан Алматбаев, бульдозерші-машинист Қуандық Тілеумұратов, комсомол-жастар бригадасының бригадирі, озат кұрылысшы Иван Лазаренко, тағы басқалардың суреті қалалық Құрмет тақтасынан түспей жүр. Өнім сапасын жақсартуда аяқкиім фабрикасы біраз игілікті жұмыстар атқаруда. Фабрика коллективі бұл бағытта едәуір табысқа жетті. Олар шығарған өнімнің тоғыз түріне мемлекеттік Сапа белгісі берілді. Өнімдері одақ көлеміне белгілі болған фабрика коллективінің өзіндік тарихы бар. Сонау Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Қызылордаға Отанымыздың астанасы — Москвадан «Париж коммунасы» атты кәсіпорын көшіп келіп, өнім шығара бастады. Міне, фабрика осы кәсіпорын негізінде шаңырақ көтерген болатын. Алғашқы жылдары завод орналасқан үй нашар болатын. Мамандар да аз еді. Соңғы жылдары жаңа жобамен фабрика үйі салынып, орталық жылу жүйесі, конвейерлі тасқынды жүйе фабриканың бейнесін мүлде өзгертті. Ескі жабдықтардың орнына осы заманғы отандық және ішінара шетелдік жаңа техникамен қамтамасыз етілді. Қазір фабрикада 30-дан астам ұлттың өкілдері еңбек етуде. Фабрикада социалистік жарыс кеңінен етек алған. Коллективтің 75 жұмысшысы үш жылдың жоспарын, ал 80 еңбек озаты төрт жылдың жоспарын 1978 жылы ноябрь мерекесі қарсаңында орындап шықты. Әлеуметтік-экономикалық және тәрбие міндеттерін комплексті шешуде фабрика айрықша көзге түсті. Мұның бәрі коммунисше еңбек етіп, өмір сүру деген ұранмен іске асырылуда. Оныншы бесжылдыіқтың басында мұнда өнім сапасын комплексті басқару жүйесін енгізу басталса, қазір ол нақты жүзеге асуда. Фабрика коллективі қазір барлық өнімді тек бірінші категориямен немесе мемлекеттік Сапа белгісімен шығарады. Мұнда бір айта кететін жайт — цех пен цех, жеке жұмысшылар арасындағы жарыс апта сайын қорытындыланады. Озаттар құрметіне фабрика ауласында Еңбек даңқы жалауын көтеру, оларға ақшалай-заттай сыйлықтар беру дәстүрге айналған. Фабрика соңғы үш-төрт жылдан бері тек балалар аяқ киімін тігумен айналысып келеді. Бұл салада рационализаторлармен модель жасаушылар біршама жетістіктерге қол жеткізген. Фабриканың модельдері соңғы он жыл ішінде халықаралық көрмелерге қойылып, жүлделерге ие болып жүр. Герман Демократиялық Республикасында, Египетте, Үндістанда, Алжирде, Түркияда өткен халықаралық көрмелерде Қызылорда аяқ киім фабрикасы мамандарының, рационализатор жұмысшыларының жасаған модельдері қойылған болатын. Барлық көрмелерде де модельдер жақсы бағаланып, фабрика атын паш етті. Фабрика ауласына кіре қалсаңыз Құрмет тақтасына ілінген, кеуделері орден, медальдарға толған еңбек озаттарының суреттерін көресіз. Көп жылдардан бері осы фабрикада жұмыс істеп, абырой биігінен көрінген Орынкүл Асқарованың есімі облыс еңбеккерлерінің арасында ерекше аталады. Ол талай рет облыстық, қалалық Советтің депутаты болып сайланды. Орынкүл казір көптеген жастарды еңбекке баулыған ақылшы-ұстаз. Оның омырауында адал еңбегінің айғағындай Ленин және Ок-тябрь Революциясы ордендері мен бірнеше медаль жаркырайды. Анатолий Рыжейкин, Пя Полина, Анна Носова, ВЛКСМ XVІІІ съезінің делегаты Тамара Скалькова сияқты озаттар коллективтің мақтанышы. Кәсіпорын жыл сайын 2 миллион 500 мың пар аяқ киім шығаруы тиіс болса, ол үнемі асыра орындалуда, фабрика шығарған аяқ киімдерін одақтас республикалар магазиндерінен көруге болады.

— Оныншы бесжылдық, біздің коллектив үшін табысты бесжылдық болуда,— дейді фабрика директоры Л. Г. Веренкович,— шығарылып жатқан өнімнің 9 түріне Сапа белгісі берілді. Мұның өзі біздерден бұрынғыдан бетер сапалы да тиімді еңбек етуді талап етеді. Жыл сайын мемлекетке 500 мың сомдай пайда келтіреміз.

Фабрикада 400-ден астам жұмысшы бар. Оларға ерекше қамқорлық көрсетілуде. Фабрика өз жұмысшыларына бес қабатты тұрғын үй салып берді. Оның қасында балалар бақшасы бар. Ал жастар жұмыстан бос кездерінде фабрикадағы қызыл мүйіске келіп, өздерінің қалаған істерімен айналысады. Әсіресе көркем-өнерпаздар үйірмесі жақсы жолға қойылған. Осының бәрі еңбек өнімділігін арттыруға, қабылдаған міндеттемелерді асыра орындауға ықпал етпек. Ауыл шаруашылығы материалдық бірлестігіне қарасты жөндеу-механикалық заводы 1956 жылы ұйымдасқаннан бері заказ берушілердің талап-тілектерін үнемі орындап, сол жолда еңбек етіп келеді. Завод жұмысшыларының негізгі міндеті ауыл шаруашылығы машиналарын, сонымен бірге ГАЗ-51 автомашинасын жөндеу болып табылады. Ерекше атап өтетін жайт, завод коллектив жасаған клапандар Совет Одағының көп жерлеріне дерлік заказбен жөнелтіліп жатады. Соңғы жылдары мұнда жуу машинасы шыға бастады. Осы машинаға заказ берушілер де кебеюде. Tіпті мұның сырын жете ұққан соң социалистік елдерден де заказдар түсетін болды. Бірақ шағын заводтың олардың тілегін толық орындауға мүмкіндігі жетпей жатты. Қазір осы жуу машинасы Куба мен Монголияға жіберіліп тұрады. Заводты отандық озық техникамен жабдықтау ісі де біршама жолға койылған. Соның нәтижесінде завод заказ берушілер-дің талап-тілегін дер кезінде орындауға мүмкіндік алды. Облыста ауыл шаруашылығы басты орын алады. Олай болса келіп түскен тракторлар мен комбайндарды мезгілінде жөндеп жіберсе нұр үстіне нұр емес пе. Міне, завод коллективі осындай абырой-атаққа да ие болып келеді. Мұнда жаңашылдар мен рационализаторларға ерекше көңіл бөлінуде. Олар өндіріс тиімділігін арттырып, заводка мыңдаған сом пайда тигізетін рационализаторлық ұсыныстар енгізді. Бұл салада А. Әбілов, Г. Ли, Ш. Одалбаев, В. Пустабаев сияқты жұмысшылар аз тер төккен жоқ.

— Заводтың дені жастар,— дейді осындағы комсомол ұйымының секретарі Б. Бақтыгереев.— Жаңа заводка көшіп келгелі оларға да еркін дем алып, түрлі үйірімелерге қатысуға толы мүмкіндік туды. Біздің әншілер тобымыз жыл сайын жұмысшы жастар арасынан ұйымдастырылған облыстық, қалалық байқауларда жулдегер атанып жүр. Ленин комсомолының 60 жылдығын еңбекте де, өнер саласында да лайықты қарсы алдық.

Партия мен үкіметіміздің әкелік қамқорлығының арқасында 1977 жылы завод жаңа архитектурамен салынған өндіріс орнына кешті. Мұнда барлық жағдайлар жасалынған. Ал жұмысшыларға соңғы үш жылдың ішінде бес қабатты екі үй пайдалануға берілді. Завод коллективі оныншы бесжылдыктың үшінші жылының тапсырмасын СССР-дің жаңа Конституциясының бір жылдығы қарсаңында орындап шықты. Ал жоғарыда аты аталған озаттар бұл «үні төрт жылдың тапсырмасын абыроймен орындап шықкқандықтары жайлы рапорт берді. Қызылорда тігін фабрикасы бұрынғы «25 лет ВЛКСМ» артелінің негізінде кұрылып, кеңейтілген болатын. Содан бері тұтынушылардың талап-тілегін орындауда бірсыпыра игі жұмыстар істеп келеді. Фабрика тігіншілерінің қолынан шыққан түрлі дайын киімдер республикамыздың түкпір-түкпірлеріне жөнелтіліп жатады. Ал сатып алушылардан келген тілектер, заказдар қаншама!

—Біздің де мақсатымыз тұтынушылардың ойынан шығу. Сонда барып жұмыс та ілгері басады,— дейді фабрика директора 3. Хакумуллина.— Коллективтің басым көпшілігі жастар. Оларға білікті ұстаздарды бекітуді қатты қадағалаймыз. Өндірістік жоспар жыл сайын артығымен орындалып келеді. Ал көптеген озаттардың нысанасы бұл күнде төрт жылдық жоспарын орындап, биік тұғырдан көріну.

Тігіншілер сөздерінде тұрды. Еңбегімен фабрика мақтанышына айналған озаттар суырылып алға шықты. КПСС XXV съезінің делегаты Нина Кукуркина бастаған жастар бригадасының еңбек календарында —оныншы бесжылдықтың соңғы жылы. Көп жылдардан бері тынымсыз еңбек етіп жүрген тігіншілер көптеп саналады. Екатерина Ли, Елизавета Кожевникова, Зағипа Байжанова, Маруа Новиковалар жастардың ақылшы-ұстаздары. Жастар арасында кештер, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу салтанаттары жиі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ жастарға 9—10 кластық білім беретін кешкі мектеп жұмыс істейді. Жұмысшылар арасында институт, техникумда сырттан окитын жастар да аз емес. Көркемөнерпаздар, спорт үйірмелері ұйымдастырылған. Қала көркінің сәулеттене түсуіне құрылыс материалдары комбинатының қосар үлесі өз алдына бір төбе. Жылына 100 мың. текше метр темір-бетон бұйымдарын, төрт мың текше метр труба, он мың текше метр үй төбесін жабатын плиталарды өндіру, тағы басқа қажетті заттарды жасау осы комбинаттың мойнында. Бұл салада комбинат коллективі табысты еңбек етіп, кұрылыс кәсіпорындары ішінде жыл сайын алдыңғы орындарда келеді. Бұл комбинат каланың солтүстік-шығысына орын теуіп, айналасы ат шаптырым жерді алып жатыр.

— Біз ең алдымен жұмысшыларды тұрақтандыруды қолға алдық,— дейді комбинат партия ұйымының секретары Сексенбай Тұрбаев. Оларды өздеріміз салдырған көп қабатты үйлерге орналастырдық. Балалар бақшасы бар. Сосын социалистік жарыс кең өріс алып, жұмысшыларды еңбекке ынталандыру жолға қойылды. Апта сайын жеңімпаздар анықталады. Оларға көпшіліктің алдында құрмет керсетіліп, сыйлық беріледі.

Табысымыздың тағы бір сыры — жаңашылдар мен өнертапқыштар советі жұмысының жақсы жолға қойылуында. Олардың ойлап тапқан дискілі тісті тас майдалағыштары, арматура каркастары құю постыларына жеткізуді механнкаландыру аппаратының жаңадан конструкцияланған үлгілерінің жасалуы, тағы басқа жаңалықтар комбинатқа қыруар пайда келтірді. Өткен жылы сымдарды кесетін станок іске қосылғаннан кейін 50 тонна бағалы металл үнемделді. Комбинат жаңашыларыньщ ішінде Д. Аскаров, С. Биқожаев, Б. Ардабаевтардың есімі кұрметпен аталады. Осындай тәжірибесі мол еңбек адамдарының арқасында жоспардан тыс өндірілетін өнім көлемі молаюда. Оныншы бесжылдықтың алғашқы үш жылында комбинат 7 миллион сомға жуық таза пайда келтірді. Осы мерзім ішінде жаңашылдар мен өнертапкыштар 90 өндірістік жаңалық ұсынып, оның 20-дан астамы өндіріске енгізілді. Солардың өзінен бір миллион сомға жуық пайда алынды. Комбинат өнімдері тұтынушылардан жоғары бағасын алуда. Оның өнімдері еліміздің 90 қаласы мен күрделі кұрылыс орындарына жөнелтіліп жатады. Оныншы бесжылдықтың екінші жылы комбинат шығарған өнімдердің бірсыпырасы Бүкілхалықтық халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қойылып, онда өнім өте жоғары бағаланды. Ақылшы-ұстаздық мектебі өріс алуда. Осы комбинатты қолымен құрып, сонымен бірге жасасып еңбек етіп келе жатқан ондаған озаттар жастарды еңбек сүйгіштікке баулып келеді, 25 ақылшы-ұстазға 100 жас жұмысшы бекітілген. Ширек ғасырдан бері құрылысшы болып істеуші Палау Баспанованы алайық. Ол Ардақты ана, Ленин ордені мен «Кұрмет Белгісі» ордендерінің кавалері, қалалық Советтің депутаты. Семьясынан төрт адам осы комбинатта еңбек етеді. Арматура цехының бригадирі Арғынбай Райымбеков те білгенін жастарға үйретуден аянып қалған емес. Сондай-ақ П. П. Акманов, Ф. Е. Берников, М. Н. Батаев, Д. Ізімбетов, Т. В. Авдеева сияқты озаттар коллектив мақтаныштары. Комбинатта 700-ден аса жұмысшы бар. Олардың бәрі озат десе де болғандай. «Құрмет Белгісі» орденді Әмірхан Әбепов бастаған жастар бригадасы Ұлы Октябрьдің 60 жылдығы атындағы бригада атағын жеңіп алуға бастама көтерген еді. Олар сөздерінде тұрды. Сондай-ақ, комсомолдың 60 жылдығы құрметіне еңбек вахтасына тұрған Ә. Әбенов, В. И. Сон басқарған бетоншылар бригадалары да бұл ретте де табыс биігінен көрінді. Комбинатта оныншы бесжылдықтың үшінші жылы 100 мың текше метр темір-бетон шығарылып, 2,6 миллион сом таза табыс алынды. Қызылордада құрылыс объектілері көбейген сайын оған қажетті материалдарға да сұраныс арта түсті. Құрылыс алаңдарын арзан, әрі сапалы кірпішпен қамтамасыз ету мақсатында көптеген шаралар қарастырылды. Қала бұрын жыл сайын сырттан 9—10 миллион дана кірпішті алдырып отырған. Осы қиындықтан құтылу мақсатымен қаланың оңтүстігінен 1972 жылы ірі құрылыстың, силикатты кірпіш заводының қазығы қағылған болатын.

— Завод толық іске қосылғанда жылына 130—150 мың дана силикат кірпішін өндіретін болады,— дейді кәсіпорын директоры К. П. Хегай.

Заводтың Қызылордадан салынуының тағы бір себебі — осы өндіріс орнына ең қажетті шикізат — құмның қала айналасында болуы. Мамандар оның қорының көптігін болжаған. Сырттан келетін тек әк пен цемент қана. Мұнда өндірілген өнімнің өзіндік құны басқа заводтарға қарағанда едәуір төмен. Заводта өндіріс процестері толық автоматтандырылған. Ол толық іске кіріскенде өзіне кеткен шығынды 3-4 жыл ішінде өтейтін болады. Соңғы бір-екі жылда қала құрылыстары ақ силикат кірпішімен қалана бастады. Әрі тез, әрі әшекейлі боп бой көтеріп келе жатқан үйге әркімдер қызыға да сүйсіне қарайды. Жыл сайын жаңа объектілерді пайдалануға беріп, қала тұрғындарының алғыстарына бөленген «Кзылордастрой» тресінің құрыш қолды құрылысшылары да тапсырмаларын абыроймен орындап келеді. Құрылысшылар бригада-бригада болып социалисток жарысқа түсіп, еңбек өнімділігін, оның сапалылығын арттыруда игі жұмыстар атқаруда. Құрылысқа жыл сайын комсомолдық жолдамамен жастар келіп, қала көркінің сәулеттене түсуіне өз үлестерін қосуда. Оныншы бесжылдықтың үшінші жылының өзінде мектеп қабырғасынан 400 жас құрылысқа жолдама алды. Олардан он алты комсомол-жастар бригадасы жасақталды. Сондай-ақ кәсіптік-техникалық училище бітірген жастар да көптеп келіп, өздерінің жалынды жігерімен еңбек етуде. Қазақстан Компартиясы XІV съезінің делегаты, үй құрылысы комбинатындағы комсомол-жастар бригадасының бригадирі Евдокия Елекенова, осы комбинаттың бригадирі Еңбек Қызыл Ту орденді Тайман Құрманов, комсомол-жастар бригадасының Ленин орденді бригадирі Николай Ушаков, тағы басқалар ұстаздық еткен жастар коллективтері қаладағы өндіріс объектілерін салуда ерекше көзге түсуде. 1979 жылы пайдалануға берілетін екпінді кұрылыс болып жарияланған сүт комбинатының кұрылыстары да бітуге жақын.

— Біз КПСС мүшелігіне қабылданған озат жастарға өздері қалаған оқу орындарына жолдама береміз,— дейді трест партия комитетінің секретары В. Р. Глущенко,— қазір біздің жолдамамызбен ондаған жас сырттан оқиды.

КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Л. И. Брежнев жолдас ВЛКСМ XVІІІ съезінде сөйлеген сөзінде жастардың орны күрделі құрылыс екенін атап айтты. Қаланың кұрылысшы жастары осы сенімнен шығу жолында қарқынды жарысты қыздыра түсуде.

ҚЫЗЫЛOPДА ЖӘНЕ АҚ КҮРІШ

КПСС Орталық Комитетінің 1965 жылғы март және 1966 жылғы май Пленумдарынан кейін Сырдария алқабының суармалы жаңа танаптарын мелиорациялау мен игеру жөнінде ірі шаралар атқарылды. Бірнеше ірі трест құрылып, олар ирригациялау, суару жүйелерін инженерлік тұрғыдан қайта құру, көркейтілген елді мекендер салу және ішкі шаруашылық жүйесін жолға қою жөніндегі жұмыстарды кеңінен өрістетті. КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Леонид Ильич Брежнев жолдас КПСС Орталық Комитетінің 1976 жылғы октябрь Пленумында сөйлеген сөзінде: «Ең бастысы — астық өндірудегі қол жеткен табыстарды баянды етіп, дамыта түсу. Бесжылдықтың аяғында астық өндіруді 235 миллион тонналық межеге жеткізу біздің ең басты міндетіміз. Бұл үшін егіншілік мәдениетін барған сайын арттыра беру қажет: егістік жердің құрылымын жақсартып, егіннің шығымдылығын арттыру жолында белсенді күрес жүргізу керек, күздік дақылдарды көбірек егіп, күріш, жүгері, тары, соя, сорго, және басқа да бағалы дақылдар егумен айналысу керек— деп астық өндіру мәселесіне, оның ішінде бағалы дақыл — күріш өндіруге ерекше тоқталып өткен болатын. «Главриссовхозстройдың» кәсіпорындары жада суармалы жерлерді игеру, совхоздарды комплексті түрде өркендету жөнінде зор жұмыстар атқаруда. Олар соңғы он жылдың ішінде 317 миллион сом қаржы игерді. Күріш өсіретін шаруашылықтарда 82 мың гектар жаңа суармалы жерлерде аса бағалы дақылды егу көзделінді. Осының арқасында сегізінші бесжылдықпен салыстырғанда тоғызыншы бесжылдықта мемлекетке күріш сату 1,7 есе артқаны мәлім. Күріш шаруашылықтарын мамандандыру, өндірістік негізге көшіру, химияландыру жұмыстары өзінің игі жемістерін бере бастады. Жаңа бесжылдықтың беташар жылында диқандар 70 мың. гектар жерге күріш екті. Судың тапшылығына қарамастан егілген жердің әр гектарынан 45 центнерден өнім жиналды. Шаруашылықтар 12 миллион сом таза пайда тапты. Оныншы бесжылдықтың беташар жылында Бүкілодақтық социалистік жарыс жеңімпаздары атанған Жаңақорған ауданындағы партияның XXІІІ -съезі атындағы совхоздың звено жетекшісі Арапбек Әбиевке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 20 озат күрішшіге Ленин ордені, 20 адамға Октябрь Революциясы ордені, 88 адамға Еңбек Қызыл Ту ордені және басқа жүздеген еңбеккерлерге медальдар берілді. Ленин орденімен наградталғандардың ішінде қарамағындағы күріш плантациясының әр гектарынан 100—118 центнер аралығында Сыр күрішін жинаған, СССР Жоғарғы Советінің депутаты, Ардақты ана Сәлима Жұмабекова, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бұрын да кеудесінде Ленин ордені жарқыраған Жақсылық Шайманов, облыстық Советтің депутаты Қамар Үсенбаева, Тимофей, Хегай, Орынбек Ахметовтер бар. Оныншы бесжылдықтың алғашкы жылы он шаруашылық күріштің әр гектарынан 46—50 центнердің аралығында, 4 шаруашылық 51—55 центнерден, бір шаруашылық 58 центнерден, ал «Мәдениет» совхозы 61 центнерден өнім алды. Сонау сұрапыл соғыс жылдарында тәжірибелі диқан Ыбырай Жақаев техниканың аз кезінде өз плантациясының әр гектарынан 172 центнерден Сыр күрішін жинады. Сонан кейін де ақ күріштің атасы қатарынан бірнеше жыл бойы 162—170 центнер аралығында өнім жинап келді. Осы әлемдік рекорд бүгінге дейін жаңарған жоқ. Жақаевтың ізбасарлары бүкілодақтық рекорд жасады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ыбекеңнің егістік жерін күткен, тұңғыш механизатор қазақ әйелі Шырынкүл Қазанбаева 20 гектар жердің әр гектарынан 129 центнерден күміс дән жинады. Ол Социалистік Еңбек Ері. Ал 13 бала тәрбиелеп өсірген Ардақты ана Социалистік Еңбек Ері Ұлбала Алтайбаева да өз бақытын Сыр күрішінен тапқан жан.

Сыр күрішінің даңқын шығарып жүрген Социалистік Еңбек

«Рахат» гастрономы.

Ерлері Несіпбай Әпірезов, Тұршабек Елеусінов, Арапбек Әбиев, Қазақ. ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары: Тұрлыбск Әбдіхалықов, Жақсылық Шайманов, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаттары: Абылай Сейтенов, Бағлан Әшірбеков, тағы басқалар жыл сайын ақ күріштен тау үйіп, гектар санын 115— 120 центнердін аралығында өнім жинауды қамтамасыз етіп жүр. Оныншы бесжылдыктың екінші мерекелі жылы да Ленин орденді облыс диқандары бұрын-соңды Сыр бойы топырағында болып көрмеген рекордтық өнім алды. Олар Ұлы Октябрь социалистік революциясының 60 жылдығы кұрметіне көтеріңкі міндеттеме қабылдап, Отан қоймасына 280 мың тонна күріш құюға серт берген болатын. Диқандар қауымы бұл сыннан сүрінбей өтіп, мемлекетке 293,6 тонна ақ күріш жөнелтті. Гектар сайын 50 цеитнерге жуық өнім жиналды. Сыр бойы диқандарын зор табыстарымен КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумыныц Председателі Леонид Ильич Брежнев жолдас құттықтады. Сыр диқандары оныншы бесжылдықтың үшінші жылында 295 мың тонна күріш сатуға уәде берген болатын. Егілген 80 мың гектар жерден осыншама өнім жинау онайға соқпаса керек. Бірақ диқандар екі сөйлеп көрген жоқ. Уәде үдесінен шығу — олардың басты борышы. Күрішшілердің бұл асудан сүрінбей өтіп, Сыр астығынан тау тұрғызатынына қажырлы еңбектері куә. Мінеки, ақ күріштен осыншама өнім алуда Қызылорда қаласының тұрғындары, мекемелері үлкен роль атқарғанын баса айтқан жөн. Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институты Қызылордада. Осы институттың директоры, экономика ғылымының кандидаты Қуандық Әлімбетов ғалымдардың тындырған, сондай-ақ алдағы уақытта істейтін жұмыстары жайлы сыр шертеді.

— Біздің институтымыз талдап шешіп отырған күріш өсіру агротехникасы облыс шаруашылықтарында кеңінен қолданылып келеді. Мұның ішінде, әсіресе, облысымыздың ауа райы ерекшеліктеріне байланысты күріш себудің тиімді кезеңдерін анықтау маңызды мәселе болып табылады. Зерттеулср облыстың солтүстік аймақтарында күрішті 1—20 май аралығында, ал оңтүстік және орталық аймақтарында 25 майға дейін сеуіп, суға бастыру тиімділігін көрсетті. Бұдан бұрынғы уақыттарға дейін күріш өсіру 10—15 июньге дейін созылып келген. Мұның өзі күріштің жете піспеуіне, өнімнің, күзгі жаңбырға қалып, ысырап болуына әкеліп соқтырып жүрді.

Сонымен бірге, Қазақ ССР Ғылым академияеы микробиология және вирусология институтымен біріге отырып, біз күріш тұқымын себудің жаңа әдісін өндіріске енгізе бастадық. Бұл әдіс бойынша күріш атыздары ең алдымен суға толтырылып, тұқым содан кейін ғана самолет арқылы себіледі. Осы ұсынылып отырған әдіс еңбек өнімділігін арттырып, тұқым себу мерзімін 10—15 күнге қысқартады. Бұрынғыға қарағанда күріш 7—10 күн бұрын піседі. Күріш түсімділігін арттыруға тыңайткыш қолдану жөніндегі зерттеу жүмыстарының нәтижелері де аса қүнды болып отыр. Суды пайдалану күрделі мәселе. Сондықтан институт күріш және күріш ауыспалы егісіндегі тиісті дақылдардың суару режимдерін мұкият зерттеуде. Біздің зерттеулеріміз бойынша Қызылорда облысының жағдайында сортаңсыз жерлерде әр гектар күрішке 22—23, сортаңды жерлерге 28—30 мың текше метр су жұмсаудың өзі жеткілікті екені анықталды. Қазіргі кезеңде осы суғару режимі практикаға енгізіліп отыр. Облыс шаруашылықтарында біздің ғылыми қызметкерлеріміз ойлап шығарған, жаңалық ашу жөніндегі мемлекеттік комитетте тіркелген тұқымды тыңайтқышпен тазартып, өңдейтін арнайы машина бар. Бұл машинаның алғашқы нұсқасында тұқым тазарту көктемде ғана жүргізіліп, бірсыпыра қиындықтар туғызғаны мәлім. Қазір машинаға тұқымды екпіндете кептіретін агрегат қосылды. Соның арқасында тұқымды тыңайткыш ерітінділері арқылы өңдеуді қысы-жазы бірдей жүргізе беруге болады. Осы әдіс жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Біз қазір бұл машинаның көптеп шығуының тездетілуіне күш жұмсаудамыз. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары оныншы бесжылдықта ең түбегейлі мәселелерді қамтып отыр. Соның ішінде селекция жұмысына ерекше мән беріледі. Біз осы кезге дейін сапалық көрсеткіштері жоғары өз сорттарымызды өсіре койған жоқпыз. Енді аз уақыттан соң бұл жұмысымыздан қорытынды шығарамыз. Сонымен қатар кейінгі жылдарда бірсыпыра егістік жерлердің сортаңдауы артып барады. Бұған қарсы күрес жолдарын зерттеу, сынау— біздің ғалымдарымыздың басты міндеті. Ала жаздай мәпеленген күріш орылып, жиналып болған соң Қызылордадағы СССР-дің 50 жылдығы атындағы астық өнімдері комбинатына келіп құйылады. Тәулігіне 600—800 тонна күріш сақтайтын бұл завод — қаланың солтүстік батысындағы ең ірі кәсіпорын. Міне, осы жерден Сыр күріші ақталып, тиісті орындарға жөнелтіліп жатады. Сырдарияның жағасында өсіп өнген бағалы дақыл осы заводтан социалистік елдерге, Отанымыздың астанасы Москва, тұрғындарына, Қаһарман қалалар Волгоград, Севастополь, Минск, Тула, сондай-ақ Тбилиси, Ереван қалаларына және Балтық бойындағы республикаларға сапар шегеді. Одақтағы күріш мөлшерінің шамамен бестен бір бөлігі біздің Сыр бойында өсірілетінін қалайша мақтан етпеске! Сыр күріші ақындардың жырына өзек, композиторлардың әніне арқау болды. «Сыр сұлуы», «Жақаевшылар маршы», «Ақ курни туралы ән», тағы басқа әндер Сыр елінің ең сүйіп айтар әндері.

Атақты ақын Асқар Тоқмағамбетовтің тілімен айтсақ:
Күрішке кел,
Күміс күлкі, алтын әзіл осында,
Күрішке кел.

Күнде думан, ойын-сауық, күрішшінің қосында.
Күріш тауы,
Ырыс тауы жетсін көкке, ақ маржанша тізенік.
Күріш теңіз.

Күріш толқын тасқындаған, толқынында жүзейік.

ОҚУ ОРДАЛАРЫ

Совет өкіметі орнағаннан кейінгі жылдардағы халық ағарту саласында қол жеткен ұланғайыр табыстарды және оның маңызын толық бағалау үшін біз өткенге көз жүгіртіп, бұл салада революцияға дейін қандай мұраға ие болғандығымызды еске аламыз. Әсіресе, патшалық Россияның ұлттық шеткері аймақтарындағы білім беру ісі артта қалғандығы ерекше көзге түседі. Қызылорда облысының қазіргі территориясында 1918 жылдың басында барлығы 28 мектеп болған еді. Олардың жартысынан астамы қалалар мен станцияға таяу поселкелерде болса, 10-ы ауылдық жерлерде жұмыс істеді. Барлығы 2750 оқушы білім алды. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін іле-шала Совет өкіметі ескі қоғамнан мұра болып қалған аса ауыр кесел— сауатсыздықты жоюдың, әрбір ұлт адамдарын өз ана тілінде оқытудың, мектептерді еңбекшілердің коммунистік тәрбие орнына айналдырудың жоспарын жасап, оны жүзеге асыра бастады. Жер-жерде халық ағарту бөлімдері ұйымдастырылып, оның қарауына бастауыш және орта мектептер берілді. 1918 жылдың август айынан бастап Перовск уезінде 5 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың есебі алынып, оларды мектепке қабылдаудың алғашқы қадамдары жасалды. 1918 жылдың аяғында 4660 оқушыны қамтыған 58 мектеп жұмыс істеді. Оларда 1786 қазақ балалары оқыды. Сонымен қатар ересек адамдардың сауатсыздығын жоюға арналған жұмыстарды жүзеге асыру қолға алынды. Перовск және Қазалы уездерінің жергілікті Советтері сауатсыздардың есебін алып, оларға арнап мектептер мен курстар ашты. Сауатсыздықты жоюға комсомол ұйымдары да белсене араласты. ВЦИК пен Халық Комиссарлары Советінің 1930 жылы 14 августағы қаулысында елімізде жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыруды колға алу атап көрсетілді. 1927 жылы Қызылорда округінің территориясында, 149 бастауыш, 6 жеті жылдық, 3 орта мектеп болды. Оларда 407 мұғалім сабақ берді. 12500-дей бала білім алды. Ал бес жыл өткен соң мектептердің саны 317-ге жетті. Оқушылар мен мұғалімдер саны да екі есе өсті. Ал екінші бесжылдықта оқушылардың саны жетіжылдық мектептердегі білім алатындардың есебінен көбейді. Бірқатар бастауыш мектептер жетіжылдық болып қайта құрылды. Партиямыздың XVІІІ съезінде халық ағарту саласында жаппай бастауыш білім беруді аяқтап, қалаларда жетіжылдық білім беруге көшу туралы шешім қабылданған болатын. Соғыс жылдарында мұны жүзеге асыруда қиыншылықтар кездескені мәлім. Көптеген мұғалімдер өздері сұранып майданға аттанды. Оқу құралдары мен дәптерлер жетіспеді. Соғыс кезінде оқушылардың қоғамдық, пайдалы еңбекке араласуы кең өріс алды. Балалар соғысқа кеткен әкелерінің, ағаларының орнын жоқтатпай, ауыл шаруашылығы жұмыстарына колғабыстарын тигізді. Олар майдан үшін жылы киімдер, сыйлықтар, металл сынықтарын жинауға көмектесті. 1943 жылы облыс мектептерінің күшімен 194 мың сом қаржы жиналып, 100 мың тоннадан астам металл сынықтары, 4356 килограмм дәрі жасайтын шөптер, өсімдіктер жеткізілді. Сонымен бірге фашист басқыншыларынан азат болған Орел облысының еңбекшілеріне 18580 әр түрлі бұйым, 1620 әдеби кітап және 85 мың сом ақша жіберілді. 1943 жылы облыс мұғалімдері мен оқушылары республика мұғалімдері мен оқушыларына Үндеу тастап, колхоздар мен ауыл шаруашылығының басқа да учаскелеріне белсене көмектесуге шақырды. Ауыл шаруашылығында 11 мың оқушы, 600-700 мұғалім тікелей еңбек етті. Облыс мектептерін бітіріп, майданға аттанған түлектер жаумен шайқаста қаһармандық үлгісін көрсетті. Олардың көпшілігі Отанымыздың ең жоғарғы наградаларына ие болды. Соғыс жеңіспен аякталған соң мұғалімдер мен мектеп оқушылары халық шаруашылығын қалпына келтіре отырып, сүйікті мектептеріне қайтып оралды. 1949 жылы Қазакқтан Комнартиясының ІV съезінің шешіміне сәйкес ауылдық жерлерде міндетті түрде жетіжылдық жаппай білім алу жолға қойылды. Ұлы Отан соғысынан кейін әсіресе жетіжылдық мектептерге көшіруге көп көніл бөлінді. 1956 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бұл жөнінде арнаулы қаулы қабылдап, мектептердің материалдық базасын нығайтуға, оларды маман педагог кадрлармен толықтыруға, тағы басқа кезек күттірмейтін мәселелерге назар аударды. Осы қаулыдан соң Қызылорда облысына қарасты қазақ орта мектептерінің құрылысы кеңейтілген көлемде жүргізіле бастады. Осының нәтижесінде соғыстан кейін он жылда 8—40 класс оқушыларының саны 5 есе көбейді. 1947—1948 жылдары 8—10 кластарда 1062 қазақ оқушылары болса, 1956—1957 жылдары бұл цифр 6830-ға жетті. Осы шаралардың бәрінде де Қызылорда орталығындағы білім беру, мәдени-ағарту, тағы басқа органдардың ролі зор болды. Қаладағы педагогикалық оқу орындары мен 1944 жылы ашылған мұғалімдердің білімін жетілдіру институты үлкен жұмыстар атқарды. Сонау 1925 жылы Қызылорда қаласында қазақ ағарту институты, 1935 жылы эксперимента педагогикалық техникумы ашылған болатын. 1939 жылы ол техникум педагогикалық училищеге айналды. Бұл оқу орны қазір Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі деп аталады. Қазір қалада 20-дан астам орта мектеп бар. Оқушыларға арнаулы оқу орындарын бітірген жоғары білімді мұғалімдер сабақ береді. Олар оқушыларға советтік патриотизм, интернационализм рухында тәрбие беру, сөйтіп советтік өмір салтының ең игі, ең жарқын дәстүріне, кемелденген социалистік қоғамға лайықты азамат тәрбиелеуде өздерінің барлық күш-жігерлерін сарқа пайдалануда. Бұл салада үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың есімін ерекше атап өтуге болады. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Ленин орденді Нағима Ахмедиева, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Ленин орденді Жәмила Ташкенбаева, СССР-дің үздік мұғалімі Мендияр Киікбаев... Атай берсек, мұндай озат мұғалімдер саны қаланың өзінде 70-тен асады. Мектептерде ауыл шаруашылығы машиналарын үйрету, құрылыс мамандығын меңгеру сабақтары өтеді. Көптеген мектептерде аттестатпен қоса оқушылар механизаторлық, сондай-ақ тас қалаушы, сылақшы, ағаш ұстасы деген мамандықтарын алып шығады. Бұған қаладағы № 112, № 140, № 109 және № 212 мектептердегі практикалық істер дәлел бола алады. СССР-дің жаңа Конституциясының 45-статьясында «СССР азаматтары білім алуға праволы. Бұқ право оқудың барлық түрінің тегіндігі арқылы, жастарға міндетті түрде жаппай орта білім беруді жүзеге асыру арқылы, оқудың өмірмен, өндіріспен байланысты болуы негізінде, кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғары дәрежелі оқудың кеңінен дамытылуы арқылы; сырттай және кешкі оқуды дамыту арқылы; оқушылар мен студенттерге мемлекеттік стипендиялар мен жеңілдіктер беру арқылы; мектеп окулықтарын тегін беру арқылы; мектепте ана тілінде оқу мүмкіндігі арқылы; әздігінен білім алуға жағдай жасау арқылы қамтамасыз етіледі» делінген. Оқушылардың білім алуға деген правосын бұрынғыдан бетер айқындай түсетін статьяның әрбір тұжырымдарының жүзеге асып келе жатқан және алдағы уакытта іске асыра беретін фактілерін біз қазіргі жарқын өмірімізден көріп отырмыз. Облыстағы тарихқа бай ең үлкен оқу орындарының бірі — 1937 жылы ашылған Қызылорда педагогикалық институты. 1949 жылдан бері институт орыстың ұлы жазушысы Н. В. Гоголь-дің қайтыс болғанына 100 жыл толуына байланысты соның есімімен аталады. Қазақстандағы іргелі оқу орындарының бірі саналатын бұл институт Коммунистік партияның әкелік камқорлығы мен жергілікті партия, совет органдарының басшылығы арқасында материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға нығайып, кемелденуде. 13 мың шаршы метрдей жерді алып жатқан оқу корпустары бар. Ашылғаннан бергі жерде 19 мыңнан астам педагог кадрлар даярланып шығарылған. Қазір 5 факультетте 3200-ден астам студент білім алуда. Бір кезде санаулы ғана кафедралары болған институт енді 26 кафедраны біріктіреді. Оларда 200-ден астам оқытушы ұстаздық етуде. Оқу корпусы жанында студенттердің бүгінгі талғам-талабына толық сай келетін кітапхана, кең оку залы, үш спорт залы, 630 орындық акт залы бар. Барлык оку кабинеттері жаңа құралдармен жабдықталып, оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Институт оқытушылары мен студенттерінің жайлы, жақсы дем алып, уақыттарын мәдениетті өткізуіне де жағдай жасалған. Сұлу Сырдың жағасына салынған демалыс, спорт лагерінде бір мезгілде 80 студент тынығып, жаттығады. Алдағы бесжылдықта жаратылыстану және физика-мате-матика факультеттерінін оқу-лабораториялык корпустары жаңадан салынбақ. Сондай-ақ оқытушылар құрамында да үлкен өзгерістер бар. Мысалы 1960 жылы институтта 19 ғылым кандидаты болса, қазір олардың саны 60-қа жетті. Сондай-ақ инс-титутта 3 ғылым докторы еңбек етуде. Ұстаздар коллективі ғылыми-зерттеу жүұмыстарында да зор беделге ие болып келеді. Ғылымның түрлі саласы бойынша 150-ден астам оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Институт ғалымдары 1100 ғылыми еңбек әзірлеп, жариялады. Соңғы бес жыл ішінде 86 оқытушы аспирантураға оқуға жіберілді. Оның 30-ы аспирантураны бітіріп келді. Жыл сайын институттың 20-25 оқытушысы еліміздің байырғы ірі оқу орындарында болып, білімдерін жетілдіріп, мамандықтарын арттырып қайтады. Сонау 1940 жылы институт жанынан салынған 200 орындық жатақхана қазір оқу-лабораторнялық кабинеттерге айналған. Студенттер көп қабатты екі жатақханада тұрады. Оларға жан-жақты түрмыстық жағдай жасалған. Студенттер оқуымен бірге ұстаздарының басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына 1200-ден астам студент тартылған. Олардын 850-ден астамы студенттердің ғылыми коғамына мүше. «Студент және ғылым-техникалық прогресс» деп аталатын олимпиадаға институт студенттері жыл сайын қатысып тұрады. Жоғары оқу орындары арасындағы конкурс қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттер коғамы ВЛҚСМ Орталық Комитеті мен СССР Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің дипломымен наградталды. Ректорат және институттың партия ұйымы студенттерге коммуинстік тәрбие беру бағытында көптеген шараларды жүзеге асыруда. Комсомол комитеті, кәсіподақ ұйымы, кураторлар және кітапхана қызметкерлері өзара ақылдаса отырып, такырыптық кештер, диспуттар, оқушылар конференциялары, әдеби-музыкалык композицияларды жиі-жиі өткізіп тұрады. Студенттер спортпен шұғылдануды берік дәстүрге айналдырған. Институт қабырғасынан 9 спорт шебері, 200-ден астам бірінші разрядты спортшылар тәрбиеленіп шықты. Педагог кадрлар оқу-тәрбие және ғылыми-методикалық жұмыстарды ойдағыдай ұйымдастыруға белсене араласып келеді. Инстнтуттың күнделікті өміріне белсене араласып, шын мәніндегі тәрбиешіге лайық білгірлік пен үлес қосып жүрген ұстаздар ондап саналады. Профессорлар Ә. Коңыратбаев. Н. Күнқожаев, доценттер О. Камардинов, А. Шамшатова, С. Елубаев, М. Евербух, А. Канцев, С. Шкуридин, Н. Дәріқұлов, Н. Жүнісов, Ә. Оразалиев, Ә. Тәжімағамбетов, институттың аға оқытушылары"Н. Нұржанов, Т. Огай, тағы басқалар студенттердің сүйікті ұстаздары. Институтті бітіріп, казір партия, совет органдарының басшы қызметтерінде істейтін түлектер аз емес. Ал әдебиет, өнер, ғылым саласында жемісті еңбек етіп жүргендер қаншама десеңізші! Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Д. Кішібеков, филология ғылымының докторы Р. Бердібаев, СССР Халық артисі Р. Бағланова, ақын С. Мәуленов тағы басқалары институттан тәрбиеленіп үлкен өмірге жолдама алғандар. Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищенің де өзіндік тарихы бар. 1925 жылы болашақ интеллигенттер өкілін даярлау мақсатымен халық ағарту институты (Казинпрос) ашылған болатын. Сөйтіп, ол алғаш білімді мамандар даярлай бастады. Қазақ даласының тұс-тұсынан жаңа оқу орнына түсуге тілек білдірген ұлт жастары келе бастады. Ол 1935 жылы Қазақтың эксперимент педагогикалық техникумына, 1952 жылы техникум қыздар педагогикалық училищесіне айналды. Училище кұрылғалы бері онда мыңдаған қазақ қыздары білім алып, өмірге аттанды. Қазір жыл сайын 700-дей оқушы оқып, орта есеппен 150 — 180 қыз бітіріп шығады. Оларға 100-ден астам оқытушы сабақ береді. Болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілердің жан-жақты білім алуы мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Олардың ішінде әдебиет, көркемсөз оқу, хор және қуыршақ театры, тағы басқа үйірмелерге жүздеген студент тартылған. Мұнда домбыра, үрмелі аспаптар оркестрі бар. Әдемі безендірілген клуб, спорт залы әрқашан жастарға толы. Оқушылардың дені 15—20 жас аралығындағы қыз балалар. Бұған қоса мәдениет университетінде елу шақты қыз оқиды. Қазір республиканың барлық облыстарынан, РСФСР-ден, Өзбекстаннан, Түркменстаннан, Қырғызстаннан келіп оқып жатқан жастар аз смес. Оқуға түскендер үш мезгіл тегін тамақтанады, олар түгелдей жатақханамен қамтамасыз етілген. Оның үстіне жақсы оқитындар қосымша стипендия алады. Оқу корпустары жаңа. Мұнда 13 кабинет жұмыс істейді. Автомат басқару, лингофон кабинеттері техниканың осы заманғы жетістіктері негізінде жабдықталған. Училищеде эстетикалық және дене тэрбиесі жақсы жолға қойылған. Студенттер әрдайым ұстаздарына дән риза. Мұнда білікті мамандар Ж.Елмұратова, С. Желдербаева, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері М. Цой, О. Сапаров, Ә. Әбділдаев, Ә. Салманов, тағы басқалар терең білімімен де, тәлімді өнегесімен де оқушылардың ыстық ықыласына бөленген абзал жандар. Училищені бітіріп қазір түрлі салада еңбек етіп жүрген Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі Б. Әшімова, ғылыми қызметкер Б.Омарғазина, мектеп директоры Т. Әбдиева училищенің мақтан тұтар түлектері болатын.

— Училищеде үш факультет бар,— дейді оқу орнының директоры, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, Еңбек Кызыл Ту орденді Ұлмекен Рысбекова.— Мектеп бөлімі бастауыш класс мұғалімдерін даярлайды. Екінші факультет — тәрбиешілер, үшіншісі—ән сабағының оқытушыларын даярлайды. Училищедегі үш факультетте де үй шаруашылығына баулитын, би өнерін үйрететін, қол еңбегіне бейімдейтін, кино аппараттарымен жұмыс істейтін қосалқы сабақтар белгілі программа бойынша өтіледі.

Училищеде талантты жастар көп. Солардан құрылған «Нұр-гүл» ансамблі халық ансамблі деген құрметті атаққа ие болды. Ұлы Женістің 30 жылдығы құрметіне училище үйінің алдында қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнатылды. Қызылордада екі жылдан бері Жамбыл гидромелиоративтік институтының филиалы жұмыс істеуде. Ол негізінен су кұрылысының мамандарын даярлайды.

ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ — КОЛЛЕКТИВ ҰЙТҚЫСЫ

Совет Одағының Коммуннстік партиясы XXV съезінің тарихи шешімдерін іс жүзіне асыруда партия ұйымдары бірсыпыра игілікті жұмыстар аткарып келеді. Қалада 200 бастауыш, 60 цехтык партия ұйымы бар. Қаланың партия, совет органдары бесжылдық тапсырмалар мен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруда қыруар жүмыстар атқаруда. Оныншы бесжылдықтың өткен үш жылында 90 миллион сомның құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылды. Қөптеген мәдени орындар, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Қала өнеркәсібі 400 миллион сомның өнімін шығарды. Құрамажем заводы, селикат заводы, № 6 труба-генератор жылу орталығының № 2 қазан агрегаты, тағы басқа өндірістік, мәдени-тұрмыстық және коммуналдық объектілер іске қосылды. Сонымен қатар халыққа транспорт, байланыс, сауда, тұрмыстық, коммуналдық қызмет көрсету одан әрі жақсартылды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі кеңи түсті. Міне осындай қыруар міндеттерді жүзеге асырудағы партия ұйымдарының жетекшілік, ұйымдастырушылық ролі зор болды. Кызылорда құрылыс-өндірістік бірлестігі партия комитеті 20 бастауыш партия ұйымын біріктіреді. Оларда 500-дей коммунист есепте тұрады. Коммунистердің 85 проценті тікелей өндірістің шешуші учаскелерінде еңбек етеді. Оныншы бесжылдыктың өткен үш жылында бірлестік коллективі 185 мың сомның құрылыс-монтаж жұмыстарын атқарып, өндірістік жоспарын асыра орындап шықты. Партия комитеті коллективен бар күш-жігерін қабылданған міндеттемені орындауға жұмылдырып, социалистік жарысты өрістетуге үнемі ықпал жасап отырады. Жұмыс қорытындысы әр ай сайын шығарылып, жарыс жеңімпаздары моральдық және материалдық жағынан көтермеленіп отырылады. Қызылорда құрылыс-өндірістік бірлестігіне қарасты «Водстрой», «Риссовхозстрой» трестері мен № 33, 52, 70, 112 жылжымалы механикаландырылған колонналар коллективтері үнемі социалистік жарыстың озаты атанып келеді. Әсіресе «Риссовхозстрой» тресінің № 42 жылжымалы механикаландырылған колоннасының өзгелерден шоқтығы биік. Мәселен, бул колоннадағы коммунист Т. Тоқсейітов басқаратын № 2 учаске, № 33 механикаландырылған колоннадағы коммунист Б. Аягөзов басқаратын № 1 учаске, № 13 механикаландырылған колоннадағы коммунист А. К- Томолева басқаратын бригада коллективтері оныншы бесжылдықтың тапсырмаларын үш жылда орындау жөніндегі күресте табыс биігінен көрінді. Есімі облыс көлеміне танымал еңбек саңлақтары бірлестікте көптеп саналады. Жастар бригадасының ұстазы, бірлестік партия комитетінің мүшесі Ленин орденді И. Лазаренко, жастар бригадасының жетекшілері Л. Внукова, А. Раева, І. Өтепалиев, Т. Бегалиев, № 2 автобаза шофері А. Ешмаханов, тағы басқалар коллектив мақтаныштары. Бірлестікте 50 бригада мен 1000-ға жуық адам, «Коммунисте еңбектің екпіндісі» атанды. Партия комитетінің кәсіподақ, комсомол, басқа да қоғамдық ұйымдарға басшылығы жақсара түсті. «Риссовхозстрой» тресі құрылыс комитетінің бір жылғы атқарған жұмысы партком мәжілісінде тыңдалып, жұмысшыларға қамқорлықты күшейтуге бағытталған көптеген шаралар белгіленді. 600 ВЛКСМ мүшесі бар комсомол комитетінде жастарды еңбекке жұмылдыру, мәдени қызмет көрсету женінде күнделікті басшылық жасалып отырады.

— Еңбекшілерді коммуннстік рухта тәрбиелеу үнемі партия комитетінің басты назарында,— дейді бірлестік партия комитетінің, секретарі Н. Әбуов жолдас— Бірлестік бойынша 48 саяси мектеп, комсомол саяси оқу үйірмелері жұмыс істейді.

«Кзылордаремстройдеталь» өндірістік бірлестігінің кұрылыс комбинаты материалдары да жоспарлар мен социалистік міндеттемелерді үнемі толық және асыра орындап келеді. Мұның сыры неде? Комбинат коллективі партиямыздың XXV сьезінің шешімдерін жүзеге асыру жолындағыжарыстыкеңіненөрістеткен. Жақсы еңбек ету, өндіріс тиімділігін, өнім сапасын мейлінше арттыру — жарыс ұраны. Жыл басында коллектив ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу мен еңбек өнімділігін арттыру және материалдық-финанс ресурстарын үнемдеу негізінде көтеріңкі социалистік міндеттемелер қабылдады. Міндеттемелер цехтарда, бригадаларда, сменаларда жан-жақты талқыланды. Мұның өзі коллектив мүшелерінің социалистік жарыстың мәнін, маңызын, не үшін, қандай мақсатпен еңбек бәсекесіне түсетіндігін жете білуіне ықпалын тигізді. Міндеттеме қабылданды, ал оның орындалу барысы қалай? Партия ұйымы істің осы жағына баса назар аударды. Партия жиналыстарында, партбюро мәжілістерінде социалистік жарысқа басшылықты жақсарта түсу мәселесі бірнеше рет қаралды. Ал партия бюросының кеңейтілген мәселесінде заводтың кәсіподақ комитетінің жарысқа басшылығы туралы есебі тыңдалды. Комбинат цехтары, бригадаларындағы жарыс барысы комбинаттың қабырға газетінде үнемі баяндап жазылып кәсіпорынның радио жүйесі арқылы хабарланып тұрды. Осы секілді партиялық-ұйымдастыру шаралары жемісті нәтижесін беріп келеді. К. Мәмбетов, М. Ертаев, И. Жанғабылов. А. Райымбетов басқаратын бригадалар коллективтері қарқынды еңбек үлгісін көрсетіп, міндеттемелерін үнемі асыра орындайды. Бұлардың үлгісімен үш жыл қатарынан жоспарларын мерзімінен бұрын орындаған бригадалар, цехтар және жекелеген еңбек озаттары мен жанашылдардың саны көбейе түсуде. Бүгінгі таңда кәсіпорында 500-ден астам адам социалистік жарысқа тартылған. Ал сонғы бір жылдың өзінде мұнда бригада Коммунистік еңбек бригадасы атағын жеңіп алды. Сондай-ақ аталған мерзім ішінде 105 адам коммунистік еңбек екпіндісі атанды. Міне, бұл цифрлардың өзінен-ақ кәсіпорында социалистік жарыстың пәрменділігінің қаншалықты дәрежеде екенін көругс болады. «Машинада келе жатқанда, даланы жаяу аралағанда, шатырларда түнеп қалғанда, кешкісін ошақ басында отырғанда мен партия ұйымдарының секретарьларына бір нәрсені қайта-қайта айта бергенім әлі есімде. Мәселен, былай деуші едім: коммунистерді жиі-жиі жинайтын болыңдар, олар ең алдымен өзара танысып, нақты жағдайды талқылап, бір-бірінің қадір-қасиетін білетін болсын. Тек сонда ғана олар өз соңынан адамдарды ерте алады».1 Партия ұйымының секретары және бюро мүшелері Л. И. Брежнев жолдастың осы прниципін қастерлей отырып, ұйымшылдықпен бірлесе, пікірлесе, коммунистерді жиі-жиі жинап, коллективтің өндірістік және қоғамдық өміріне партиялық ықпалдың пәрменді болуына баса назар аударады. Мұны коммунистердің авангардтық ролінен айқын көруге болады. Дәлірек айтқанда, кәсіпорында партия мүшелерінің өзгелерге көрсетер үлгі-өнегесі мол. Олар өздерінің өндірістік жоспарлары мен социалистік міндеттемелерін орындаудағы озық істерімен де, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуымен де коллективтен өзге мүшелеріне ықпал жасайды. Ал ондай коммунистер мұнда көптеп саналады. Олардың қатарында А. Әбенов, У. Ержанов, К. Ибраев, В. Сон, ІО. М. Дорогов жене басқалар бар. 1978 жыл ішінде 12 рет партия жиналысы өткізіліп, оларда еңбек өнімділігін арттыру, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық ресурстарды үнемдеу, коммунистердің авангардтық ролін көтеру, тағы да баска мәселелер қаралып, бұл бағыттағы ұйымдастыру және бұқаралық-саяси жұмыстардың пәрменділігін күшейте түсудің нақтылы шаралары белгіленді. Бүгінгі таңда қоғамдық ұйымдардың ролі барған сайын арта түсуде. Міне, мұның өзі олардың жұмысына партиялык басшылықты жақсарта түсуді талап етері сөзсіз. Біз әңгімелеп отырған «Кзылордаремстройдеталь» өндірістік бірлестігінің кұрылыс материалдары комбинаты партия ұйымының бұл бағыттағы жұмыстары да ден қоярлықтай. Партия ұйымы кәсіпорындағы кәсіподақ, комсомол, тағы басқа қоғамдық ұйымдардық жұмысын үнемі назарда үстап, олардың ісіне баға беріп, бағыт сілтеп отырады. Қызылорда қаласындағы комбинаты іске қосылғаннан бері астық өңдеу, мал азығын дайындау жұмыстары жедел қарқынмен жүргізіліп, алға қойылған міндеттер абыроймен орындалып келеді. Соның нәтижесінде оныншы бесжылдыктың үш жылы табысты қорытындыланды. Барлық цехтарда еңбек өнімділігі арта түсті, өнімнің өзіндік кұны біраз мөлшерде арзандады. Коммунист Т. Султанов басқарған №2 күріш цехының коллективі ерен еңбек үлгісін көрсетуде. Осы цехтың барлық төрт звеносы күріш сақтаудың үш жылдық тапсырмасын СССР жаңа Конституциясының бір жылдығы кұрметіне орындап шыққанын атап өткен жөн. Комбинатта мұндай цехтар көптеп саналады. Комбинаттың өнім өндіру қуатын арттыру мақсатында кейінгі кезеңде бірсыпыра қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде құрама жем өндіру заводының өзі тәулігіне 70 тонна орнына 105 тонна өнім өндірді. Комбинатта коммунистердің коллективтегі авангардтық ролі, жеке азаматтардың еңбек үлгілері кеңінен таратылып отырылады. Комбинат мақтанышы болып отырған К. Ыбыраев, Қ. Байтанаева, У.Серікбаева, Тен Сак Ок, тағы басқа көптеген енбек озаттары сменалық, айлық, тоқсандық тапсырмаларын үнемі асыра орындап өзгелерді қарқынды еңбекке бастауда. Комбинат жыл сайын инженер-техник қызметкелерімен толықтырыла түсуде. Еңбекті дұрыс ұйымдастыру, техниканы ұқыпты пайдалану, жеке еңбек адамдарының өнер тапқыштық ұсыныстарын өндіріске енгізу, коллективтер мен еңбекшілер арасындағы социалистік жарысты жан-жақты ұйымдасыру жұмыстарында партия ұйымының жетекшілік ролі күшейтілуде.

— Коллектив мүшелері, коммунистер КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Л. И. Брежнев жолдастың «Кіші жер», «Қайта өрлеу», «Тың» атты естелік кітаптарын оқып үйренуде,— дейді комбинат партия ұйымының секретары Ә.Баешев. «Кіші жердегі» ұрыста болған адамдармен кездесулер өткіздік.КПСС Орталық Комитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Л. И. Брежнев жолдас «Қайта өрлеу» атты кітабында былай деп жазған еді. «Партия комитеті барлық еңбек екпінділерін білуге тиіс. Біліп қана қою да жеткіліксіз. Үгітшілердің және насихатшылардың көмегімен олардың жетістіктерін және әсіресе маңыздысы, олардың жұмыс әдістерін барлық құрылысшылардың игілігіне айналдыру керек.»

Қазір қалалық Советтің 250 депутаты бар. Оларға сайлаушылар тиісті түрде аманаттар тапсырған. Оның көбісі кала өмірінің мәселелерін қамтиды. Айталық, қаланы көркейтуге, көгалдандыруға, құрылыс обьектілеріне, әсіресе тұрғын үй салудың қарқынын жеделдетуге, балалар мекемесінің құрылысын жүргізуге байланысты аманаттар. Санитарлық шараларға, автобус қатыныстарын жақсартуға, көшені тәртіпке келтіруге тікелей қатысты аманаттар да көп. Аманаттарды қабылдау бар да оны орындау бар. Бұл жерде ешқандай алшақтық болуға тиіс емес. Міне, сондықтан халық қызметшілері өздеріне көрсетілген сенімді ақтауға уақыт бөліп, сол салада тынымсыз еңбек етуде. Аманаттарды орындауға байланысты атқару комитетінде дайындық, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, жоспар жасалынады. Қызылорда станциясының жұмысшысы Л. А. Мокроусоваға, № 47 жол дистанциясының жұмысшысы Е. А. Шугаеваға, № 25 сигнализация және байланыс дистанциясының телефонисткасы А. Ыбыраеваға темір жол стадионының құрылысын мезгілінде аяқтау жөнінде аманат тапсырылған. Стадион құрылысын темір жол бөлімшесі жүргізеді. Депутаттар осы мекеме басшыларымен кездесіп, істің барысын бағдарлап отырды, пікір алысылды, сөйтіп локомотив стадионының құрылысы дер кезінде пайдаланылуға берілді. Аманаттарды орындауға депутат топтарын құрудың маңызы зор. Әр топқа үш депутат енеді. Айталық қалада салынып жатқан он үш күрделі құрылыс обьектісі бар. Олар — 820 орындық драма театры, балалардың облыстық спорт мектебі. Бейбітшілік көшесіндегі балалар бақшасы, Конституция көшесінің бойындағы орта мектеп, Қазақ күріш ғылымн-зерттеу институты, тоғыз қабатты тұрғын үй кұрылысы, тағы басқалар. Міне, осы құрылыстардың барлығына да қалалық Совет депутаттары өздерінің лайықты үлестерін қосып, олардьщ дер кезінде пай-далануға берілуіне ықпал жасауда. Бойындағы орта мектеп, Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, тоғыз қабатты тұрғын үй кұрылысы, тағы басқалар. Міне, осы құрылыстардың барлығына да қалалық Совет депутаттары өздерінің лайықты үлестерін қосып, олардың дер кезінде пайдалануға берілуіне ықпал жасауда. Мысалы, 280-қалалық балалар бакшасының құрылысын тездету жөнінде сайлаушылар қаланың құрметті азаматы № 112 мектептің директоры, депутат Н. Ахмедиеваға аманат тапсырған еді. Сайлаушылар аманаты дер кезінде орындалып, балалар бақшасы мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Соңғы жылдары қаланың көркі сәулеттеніп, біраз өзгерді, жаңа жобамен салынған бірнеше обьектілер пайдалануға берілді. «Шығыс» микроауданындағы сауда, тұрмыстық қызмет орындары мен аптека комплексі, жөндеу-механикалық заводының жаңа үйі педагогикалық иституттың жатақханасы, музыкалық училище, қалалық аурухана екінші микроаудандағы «Мелиоратор» мәдениет сарайы, көп қабатты бірнеше тұрғын үй пайдалануға берілді. Әрине осыншама құрылыстың уакытында бітуіне қалалық Совет депутаттарының қосқан үлесі аз болмаса керек. Әрі жұмыста, әрі сайлаушылар аманаттарын орындауда көзге түсіп жүрген депутаттар баршылық. Аяқ киім фабрикасының жұмысшысы Б. Белгібаева, құрылыс материалдары комбинатының құрылысшысы Т. С. Ким, почта-телеграф станциясының операторы Б. Балғабаева, тұрмыстық күрделі техникаларды жөндеу фабрикасының слесары Н. Бекшейіров, целлюлоза-картон комбинатының жұмысшысы О. Досжанова, № 42 жылжымалы механикаландырылған колоннаның шофері Б. Мұхамбетов, шаруашылық есептегі № 3 асхананың аспазы С. Бейсембаева, тағы басқа депутаттар үнемі сайлаушылармен кездесіп, аманаттардың орындалу барысы жөнінде есеп беріп отырады. Аманаттардың белгіленген мерзімде орындалуына күш салған депутаттар сол жұмысқа қатысты мекеме басшыларымен, тиісті бөліммен қоян-қолтық байланыс жасап отыруды дағдыға айналдырған. Кәсіпорындардың өндірістік жиналыстарына қатысып, оперативті мәжілістерінде өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салады. Мұндайда сол жұмыстың қалай, кімнің қаржысымен орындалатынын да олар біліп отырады. Депутатқа берілген аманаттардың орындалу барысы жөнінде кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының есебін қалалық Совет аткару комитеті өз мәжілістерінде, сессияларында тыңдап отырады.

Бұл олардың ортақ іске деген жауапкершілігін күшейтеді.

Қалалық Советтің атқару комитеті аманаттың орындалу барысын мәжілісте карады. Мұнан соң қалалық өндіріс товарлары бірлестігі бастығының есебін, қалалық коммуналдық-шаруашылық бөлімі жұмысын, күрделі кұрылысты игеру барысы туралы Советтің құрылыс және құрылыс материалдары, өндіріс және тиісті шараларды бекітті, арнайы қарарлар қабылдады. Мұның транспорт жөніндегі тұрақты комиссиялардың, есебін тыңдап барлығы, сайып келгенде депутаттардың өзіне берілген аманаттарды орындауына игі ықпалын тигізері анық. Жыл сайын қалада көктем, күз айларында көгалдандыру, көркейту және санитарлык айлықтар өтеді. Оған қаладағы өнеркәсіп, құрылыс кәсіпорындары, оқу орындарының коллективтері ат салысады. Осы жұмысты ұйымдастырудағы халық депутаттарының, тұрақты комиссияларының, депутат топтарының ролі айрықша екенін атап өткен жөн. Қызылорда қаласы жыл өткен сайын жақсарып, жаңарып, қанатын жая түсуде. Жаңа өнеркәсіп орындары көптеп салынуда. Мектептер, балалар мекемесі, тұрғын үйлер, тұрмыстық кәсіпорындар бой көтеруде. Халық саны да арта түсуде. Осыған байланысты тұрғындардың медициналық, сауда, тұрмыстық қызмет саласындағы талап-тілектері артуда. Соларды орындауға ат салысу депутаттар парызы. Қызылорда қалалық Советінің депутаттары осы парызды қастерлеп, сақтап қалтқысыз іске асырумен келеді. Леонид Ильич Брежнев айтқандай, барлық еңбек екпінділерін біліп отыру, олардың жетістіктерін баршаның игілігіне айналдыру жөнінде халық қызметкерлерінің орасан зор ықпалы, міне, осындай.

СЫР ТОЛҚЫНЫ

1917 жылы Перовскіде оқушы жастар арасында демократиялық бағыттағы үйірме ұйымдастырылды. Ол «Оқушы жастар одағы» деп аталды. Үйірме жұмысын Владимир Добрицкий, Жүсіп Досов, Муса Баймұратов сияқты жастар жүргізді. Ал 1919 жылдың 23 декабрінде осы үйірме негізінде дербес комсомол ұйымы құрылды. Оған 19 мүше тартылса, ұйымның алғашқы секретарі болып Владимир Добрицкий сайланды. Сыр жастары тап жауларына қарсы күреске қатысу мақсатымен Қызыл гвардия отрядына бірікті. Сыр бойының жастары сауатсыздықты жою үшін күресте де табысқа жетіп отырды. Комсомол ұйымдары жүргізген игі істердің нәтижесінде 1920-1921 жылдары 458 адам сауат ашты. Түркістан жастары жайлы сыр шерткенде ең алдымен аузымызға түсетіні Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, еңбекші шаруа жастарының үлкен қамқоршысы— Ғанн Мұратбаев. Ол Орта Азия мен Қазақстан комсомолын ұйымдастырушылардың бірі. ВЛКСМ-нің Коммунистік Жастар Интернационалының және Түркістан республикасы мен Компартиясының қайраткері, 1922 жылдан Компартия мүшесі, 1910—1918 жылдары ол Қазалыда орыс-қазақ мектебінде, жоғары бастауыш училищеде оқыды. Ғани Қазалы уезінде Совет өкіметін орнатуға, Қызыл гвардия отрядын құруға атсалысты. 1920—1921 жылдары Ташкентте үлгі-тәжірибелік орыс орта мектебін бітірген. Қазақ-қырғыз жастары арасында коммунистік тәрбие жұмысын ұйымдастырды. Түркістан комсомолының ІІІ съезінде (1921) оның Орталық Комптетінің мүшесі және секретары болып сайланды. Осы жылдары Лениндік коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің Орта Азия бюросының мүшесі, жауапты секретары болған. 1924—1925 жылдары Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің бюро мүшелігіне кандидат, Россия Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шы-ғыс елдсрі жастары арасындағы жұмыс бөлімініц меңгерушісі Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолының ІІІ—V съездерініц, БЛКСМ-ніц ІV-VІ съездерінің республика Советтерінің XІ—XІІ съездерінін, Коммунистік Жастар Интернационалының ІІІ—ІV конгрестерінің, Коминтерн ІV конгресінің делегаты болды. Ком-сомолдыц бүкілодақтық V съезінде (1922) Орталық Комитетініц мүшелігіне кандидат, VІ съезінде (1924) оның мүшесі, республика Советтерінің XІ—XІІ съездерінде Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалының ІV конгресінде атқару комитеттің мүшесі болып сайланған. Жас ұрпақтарды тәрбиелеу, олардың арасында саяси-көпшілік жұмыстарын жүргізу үшін жастар газеті қажет екенін Ғани айқын түсінген. Сондықтан да «Жас қайрат» газетін шығарудың басты инициаторы және оның алғашқы редакторы болған. Сыр жастары аса дарынды комсомол қайраткері Ғани Мұратбаевтың есімін әрдайым зор құрметпен еске алады. 1968 жылы Қызылорда облыстық партия комитеті Қазалыда Ғанидың мемориалдық музейін ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады. Қазір Ғани есімімен аталатын бір колхоз, екі орта, бір сегіз жылдык мектеп бірнеше көше, 21 пионер дружинасы бар. Облыс орталығындағы 10 мың адамдық стадион да Ғани Мұратбаевтың есімімен аталады. Оның алдында Ғанидың биік тұлғалы ескерт- кіші тұр. 1928 жылғы июньде Қызылордада округтік комсомол ұйымы құрылды. Келесі жылы округтің комсомол ұйымының алғашқы конференциясы өткізілді. Бұл жиында ауыл шаруашылығын коллективтендіру мәселесіне назар аударылып жер-жердегі комсомол ұйымдарының міндеттері белгіленді. 1939 жылы облыстың бірінші комсомол конференциясы болып, оған 170 делегат қатысты. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру, алғашқы бесжылдықтар тапсырмаларын орындау жылдарында да Сыр бойының көптеген түлектері жарқын істерімен танылып, шежіреге жазылған. Ұлы Отан соғысы басталысымен елін, туған жерін қорғауға Сыр бойынан 20 мың жас аттанды. Соғыс басталған жылы Қызылорда педагогикалық институтының студенті Надежда Якименко былай деп жазған: «Мен 20 жастамын. Бүкіл өмірім әлі алда, фашист жендеттерін талқандаған соң өміріміз қайтадан жайнайды. Қажет болса Отан үшін, жарқын болашақ үшін жан киюға әзірміз». Ол майданға аттанды. Туған жеріне жеңіспен оралды. Ал Қ. Тәнірбергеновтың майдандағы ерлігін қызылордалықтар әлі күнге мақтан тұтады. Ол бір ұрыста 20 фашисті құртып, екі танкіні өртеп, батырлықпен қаза болған. Маханбетжан Байманов ұрыста қаза тапқан командирін ауыстырып, «Отан үшін» деген ұранмен жауынгерлерді күреске жігерлендірген. Ол да бір ұрыста 17 фашистің көзін жойған. Комсомол мүшесі М. Қайырлапова алапат ұрыс кезінде жауынгерлерге жанкештілікпен жүріп медициналық кәмек көрсеткен. Талай рет ұрыс даласынан жаралы жауынгерлерді алып шыққан. Соғыс жылдарында тылдағы ерлік еңбек «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен өрістеді. Өнеркәсіп пен транспортта 87 комсомол-жастар бригадасы жұмыс істеді. Оның құрамында екі мың комсомол мүшесі болды. Олардың арасында стахановшылар қозғалысы кең өpіc алды. Соғыстың алғашқы жылында ауылшаруашылығы жұмыстарына 13 мыңнан астам жастар қатысты. 1943 жылы облыста құрылған 275 жас күрішшілер звеноларының 96-сы жоғары өнімге ие болды. Ал 1944 жылы Сыр бойында 17 мың қыз тракторшы, бригадир, звено жетекшісі болып еңбек етті. Мал шаруашылығында 2237 комсомол мүшесі жұмыс істеді. Сұрапыл соғыс жылдары облыстың жас патриоттары 410598 сом жинап, оған Совет Одағының Батыры Ж. Нүрсейітов атындағы сүңгуір қайық жасаттырған, іле-шала Қазақстан комсомолы атындағы самолет жасауға тағы да бір миллион сом жинап, қорғаныс қорына 7150 пут астық жөнелткен. Сыр бойының жастары соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне жаппай араласты. Олардың біразы ком-сомолдық жолдамамен батыр қалаларға аттанды. Облыстың халық шаруашылығында, олардың барлық салаларында қажырлы істердің алдыңғы шебінде жалын атқан жастар жүрді. 50-60 жылдарда Қызылорда бөгені мен комсомолдық екпінді құрылыс болып аталған целлюлоза-картон комбинатын салуда да жастар ерен істерімен көзге түсті. Бұл күндері Қызылорда қалалық комсомол ұйымы 19 мың ВЛКСМ мүшесін біріктіріп отыр. Олар өнеркәсіп орындары мен құрылыс алаңдарының қайнаған ортасында жүр. Ұрпақтар эстафетасын ілгері жалғастырып, табыс көрігін қыздыра түсуде. Қаламыздың көркейіп, өркенін кең жайып құлпыруына қолма-қол атсалысып жүрген де осы жастар. Тоғызыншы бесжылдықты көл-көсір табыспен шығарып салған Қызылорданың жалын атқан жастары жаңа бесжылдықты да ерекше табыстармен бастады. Әсіресе олар Ұлы Октябрь социалистік революциясының 60 жылдығына дейін бесжылдықтың екі жылының тапсырмасын орындауға міндеттеме қабылдады. Олар еңбек өнімділігін арттыра отырып, берген сөздерінде тұра білді. 1200 жас жұмысшыны біріктірген 37 комсомол-жастар бригадасының мерейі үстем болды. Оныншы бесжылдықтын басында «Главриссовхозстрой» тресіне қарайтын №13 жылжымалы механикаландырылған бригаданың жетекшісі Анна Гомелеваның коллективі екі жылдық тапсырмасын бір жарым жылда орындап, ен үздік бригада атанды. «Промстройматериалы» тресінс қарасты құрылыс материалдары комбинатының Әмірхан Әбенов басқаратын бетоншылар бригадасы жұмыстың сапасына жете көңіл бөле отырып, өндіріске тиімділігі 10 мың сомдық рационализаторлық ұсыныс енгізді. Соның нәтижесінде олар Ұлы Октябрь социалистік революциясының 60 жылдығы атындағы бригада атағын жеңіп алды. СССР-дің 50 жылдығы атындағы құрама жем және астық өнімдері комбинатының бастауыш комсомол ұйымында 180-нен астам ВЛҚСМ мүшесі бар. Олардың барлығы дерлік өндірістің шешуші учаскелерінде істейді. Осындағы М. Жаңғабылов бас-қаратын комсомол-жастар Бригадасының мүшелері социалистік жарыс кешін бастаушылар ретінде үлгі-өнеге керсетуде. Қала жастары Лихачев атындағы Москва автозаводы комсомолецтерінің, «Жастар творчествосы мен энтузиазмы — сапа мен тиімділік бесжылдығына», ленинградтықтардың «Октябрьдің 60 жылдығына—60 апта» деген патриоттық бастамаларына кең үн қосты. Бұл бұқаралык қозғалысқа қаланың 20 мың жас жігіттері мен қыздары қатысты. Соңғы жылдары тағы бір жастар козғалысы етек алды. Партияның XXІІ съезі атындағы № 140 мектептің 10 класс оқушылары туған қаласында қалып енбек етуге тілек білдірген. Іле-шала қалалық комсомол комитетіне мектеп бітіруші 250 оқушыдан арыз келіп түсті. Олар мектеп бітіргеннен кейін бірден құрылысқа аттанатындықтарын айтып әріптестерінің бастамасына үн қосыпты. Сөйтіп, олардан сегіз бригада жасақталып тәжірибесі мол құрылысшылардан ақылшы-ұстаздар бекітілді. Сегіз бригаданың аттары да өздеріне сай. «Қарлығаш», «Қара-кез», «Нептун», «Қызғалдақ», «Жігер», «Арман», «Гүлдер», «Ұшқын». Бұл құрылысшы жастар қалалық екпінді құрылыс саналатын «Кзылордастрой» тресі мен «Главриссовхозстрой» өндірістік-құрылыс бірлестігіне бөлініп жіберілді. Олар езара социалистік жарысқа түскен. Ай сайын жарыс қорытындысы шығарылып озат бригаданың құрметіне ту көтеріліп, бағалы сыйлықтар беріледі. «Кзылордастрой» тресінің үй құрылысы комбинатындағы Евдокия Елекенова — озат жұмысшылардың бірі. «Қаракөз» жастар бригадасына ұстаздық ету осы кісіге тапсырылды. Қазақстан Компартиясы XІV съезінің делегаты Евдокия алғашкы күннен-ақ жастармен тіл табысып, оларды еңбекке баули білді. Сондай-ақ Николай Ушаков, Иван Лазаренколар ұстаздық ететін бригада мүшелері де нағыз жастыққа тән қажыр-қайратпен жұмыс істеп, көзге түсті. Жастарды енбекке баулуда кәсіптік-техникалық училищелердің ролі ете зор. Қалада 5 училище бар. Онда үш мыңға жуық жастар оқиды. Училищелердің қабырғасынан жыл сайын жүздеген оқушылар бітіріп шығып, өмірге жолдама алып жатады. Олардың қолынан келмейтіні жоқ. Әрі механизатор, әрі тас қалаушы әрі ағаш ұстасы, сылақшы. Қалада салынып жатқан көп қабатты үйлерде солардың қол таңбалары бар. Қала жастары бір жағынан еңбек ете жүріп, өз білімдерін көтеру жұмыстарымен де айналысады. Сегіз мың жігіт пен қыз комсомолдық саяси-ағарту жүйесіне тартылған. Олар мұнымен ғана шектеліп қоймай, көркемөнерпаздар үірмесіне қатысып, қалалық, облыстық байқауларда жүлдегер атанып жүрген әнші мен бишілер. Мұнда, әсіресе аяқ киім, тігін фабрикалары мен жөндеу-механикалық заводының жастары арасында үнемі алдыңғы орындарға ұмтылған өнерпаздар кеп. Мәдени-көпшілік жұмыстардың мазмұнын байытып, әр түрлі формада өткізуге баса назар аударылған. «Бумажник» мәдениет сарайында, темір жолшылар клубында әрдайым — «Еңбек коллективінің күнін» өткізу дәстүрге айналып жүр. Жыл сайын өткізілетін «Кәнеки, қыздар!» атты жастар кеші де көпшілік көңілінен шығуда. Спорт пен еңбек — егіз. Қала жастары күнделікті жұмыстарын абыроймен атқарумен қатар бос кездерінде спортпен айналысуды дәстүрге айналдырған. Физкультура мен спорт саласында табысқа жету ең алдымен материалдық базаны жақсартуға байланысты екені белгілі. 10 мың адамдық Ғани Мұратбаев атындағы стадион, теміржолшылардың «Локомотив» стадионы, «Арман» жеңіл атлетикалық жабық манеж, басқа да ондаған спорт алаңдары жастар игілігіне берілген. Сыр бойында 60 мыңнан астам разрядты спортшылар даярлайды. Олардың 12-сі спорт шебері, 150-і спорт шеберлігіне кандидат. Ал бірінші разрядтағылардың саны 500-ге жуықтады. ГТО комплексінің 26 мың значкистері бар. Қызылордалық спортшылар соңғы жылдары республикалық және Бүкілодақтық жарыстарда тамаша табыстарға жетіп жүр. Өткен 1978 жылы классикалық күрестен республикалық жарыста алтыншы орынға ие болуы осының айғағы. М. Дмитриев, А. Шерниязов, М. Манапов, Е. Смайылов, А. Гвоздецкий осы жарыстарда жүлдегер атанды. Велосипедші Г. Семикин СССР біріншілігінің, күміс жүлдегері. Ол СССР Олимпиадалық құрама командасына кандидат. «Негізгі ойым 1980 жылы Москвада өтетін олимпиадаға қатысу»,— дейді Геннадий Семикин. Оның әріптестері В. Сенатов, В. Колесников, Н. Ысқақова, Т. Қожухалова республикалық жарыста озып шықты. Ал В. Лейтиков, В. Ермаков, А. Багрков сияқты жеңіл атлетшілер Қазақстан құрама командасына мүше. Спорттың ұлттық түрлерінен өткізілген жарыстарда қазақша күрестен спорт шебері Ә. Әбілдаев, тоғызқұмалақ ойынынан Т. Анасбаев, С. Шапағатовтар облыс мақтанышы. ...«Осынау залда отырған тамаша жігіттер мен қыздарды — совет халкының даңқты дәстүрлерін жалғастыра отырып, партийный әрбір шақыруына қызу үн қосып келе жатқан және өздерінің қайнаған жігері, жанқиярлығы мен ерлік істерге әзірлігі қай жерде қажет болса, сонда аттанатын қазіргі ұрпақтың таңдаулы өкілдерін көру 30-жылдардағы Ленин комсомолының түлегі — мен үшін ерекше ғанибет,»— деп Д. А. Қонаев жолдас айтқандай, Сыр толқынының — Сыр бойы жастарының да осындай тасқын жігерін көру дария жағасындағы дарқан даланың, жасампаз халқы үшін кандай ғанибет десеңізші!

ӨНЕР ОШАҚТАРЫ

Қызылорда драма театры Нартай Бекежанов атында. Ол қазақтың академиялық драма театрының бастауы болатын. 1960 жылы облыстық драма театры өзінің шымылдығын академик жазушы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» спектаклімен ашты. Алғашқы режиссері Қазақ ССР-інің Халық артисі Жақып Әбілтаев болды. Өзінің құрылған алғашқы күнінен бастап театр коллективі тек қазақ жазушыларының ғана емес, орыс шет ел драматургтерінің таңдаулы туындыларын да репертуарларына енгізе бастады. Италия драматургі К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметші» және Н. В. Гогольдің «Ревизор» спектакльдерін өнер сүйер қауым жылы қарсы алды. Осы спектакльдері үшін республикалық байқауда театр коллективі 1965 жылы екінші дәрежелі дипломмен наградталды. Театр артистері өздерінің өнерлерін шыңдай түсіп, 1968 жылы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Шыңғыс Айтматовтың «Ана—Жер - Анасы» мен Бейімбет Майлиннің «.Майдан» пьесаларын сахнаға шығарды. Әсіресе «Ана — Жер-Ана» спектаклі нағыз режиссерлік шешімін тапқан, халықтық ең көп жиналып, аңсай күткен туындысына айналды. Одан кейінгі жыл Қызылорда театрының коллективіне тағы бір қуаныш әкелді. Ол Всеволод Вишневскийдін «Оптимистік трагедиясы» еді. Спектакльді Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Маман Байсеркенов қойды. Осы спектаклі үшін театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Спектакльдің басты рольдерінде Қазақ ССР-інің Халық артисі Шолпан Бәкірова, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артистері Тұрсынжан Айнақұлов, Оралбек Әбдімомыновтар ойнап, өздерінің нағыз шеберліктерін паш етті. Содан кейін бас режиссер Маман Байсеркенов ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», А. Штейннің «Толас» спектакльдерін сахнаға шығарып, көрермендер алқасына ұсынды. Сыр бойының жұртшылығы өз сахнасынан, «Толас» спектаклінен тұңғыш рет ұлы көсеміміз В. И. Лениннің бейнесін көріп, қол соқты. Көсем ролінде артист Тынымбек Пірімжанов ойнаған еді. Соңғы жылдары театр жергілікті авторлардың шығармаларын сахнаға шығаруды, селолық жерлерге мәдени қызмет көрсетуді де дәстүрге айналдырған. Осындай игілікті жұмыстары үшін театр 1974— 1976 жылдары екі рет СССР Мәдениет ми-нистрлігінің, ВЦСПС-тің ауыспалы Қызыл туы мен ақшалай сыйлығын жеңіп алды. Бір құптарлық жайт театрға жыл сайын Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институты мен М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанындағы актерлік студияны бітірген жастар тобы қосылып, өнерлерін шыңдай түсуде. Бүкілодақтық жастар творчествосының лауреаты, қалалық Советтің депутаты Әлия Арыстанбаеваны ерекше айтып өткен орынды. Жас артист қандай рольдерде ойнаса да өзінің нағыз талантты өнер иесі екенін танытып, көпшілік тарапынан жақсы бағаланып жүр. Сондай-ақ А.Сейілханов, Г. Бегімова, Я. Халықұлов, А. Ағыбаева сияқты жастар аз уақыт ішінде-ақ өздерінің өнерлерін таныта білді. Соңғы екі — үш жылда театр артистері Т. Ахтановтың «Ант», «Әке мен бала», Қ, Мұқашевтің «Кісі ақысы», А. Тоқмағамбетовтың «Қарбаласта», С.Баязитовтың «Ақмоншақ» спектакльдерін сахнаға шығарды. Театр өміріндегі аса қуанышты оқиға — әлем әдебиетінің классигі В.Шекспирдің «Король Лир» трагедиясы болды. Театрдың бас режиссері Хусейін Теміров пен бас суретші Серік Пірмаханов бұл трагедияны қоюға көп ізденді. Москваға барып, тәжірибе алды. Ақыры трагедия театр сахнасына шықты. Осы үлкен туынды үшін классикалық шығармалардың республикалық байқауында басты рольдерде ойнаған Серік ІІІотықов бірінші дәрежелі дипломмен, ал Қазақ ССР-ініңеңбек сіңірген артисі Тұрысжан Айнақұлов пен бас суретші Серік Пірмаханов екінші дәрежелі дипломмен наградталды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театры алдағы уақытта да көпшіліктің сүйікті орнына айналып, көрермен қауымды жаңа спектакльдермен қуанта бермек.

МУЗЕЙ СЫР САНДЫҒЫН АШҚАНДА

1939 жылы ашылған тарихи-өлке тану музейі экспонаттарының қоры 5 мыңнан астам. Жыл өткен сайын жұртшылық арасында жүргізілетін саяси-ағарту жұмыстарының да ауқымы кеңейе түсудс. Өлке тану музейі еңбекшілермен көптеген қызық кездесулер, әңгімелер өткізіп тұрады. Әсіресе, музей коллектив көпшілік арасындағы жұмыстардың ішінде жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән береді. Мұнда армия қатарына шақырылған жастармен жиі әңгімелер өткізіледі. Музей кызметкерлері оларға азамат соғысына, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, олардың өнегелі өмір жолдары жайлы әңгімелеп береді. Музейдегі екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың, облыстың басқа да даңқты адамдарының өмірі туралы экспонаттардың маңызы зор. Музейде Октябрь революциясына дейінгі қазақ қолөнершілері жасғган бұйымдар мен олар пайдаланған құрал түрлері сақталған. Табиғат бөліміндегі экспонаттар облыстың табиғат байлығы жайында, ондағы өсімдік, аң, құс, жануарлар түрлері туралы мағлұмат береді. Өткен бір жылдың өзінде 14 мыңға жуық адам музейде болып, қызықтады. Егер «Ұсыныстар мен тілектер» журналын қарап отырсаңыз, келушілердің музейден көп нәрсені көріп, көкейге түйіп кеткенін байқауға болады. Омск қаласындағы Ленин орденді ауыл шаруашылығы институтының кафедра менгерушісі, техника ғылымының кандидаты Т. Филиппов былай деп өзінің қолтаңбасын қалдырыпты: «Музейден көп нәрсені көріп, қазақтың көптеген ұлттық өнерінің байлығына қайран қалдым. Не деген шебер жандар еді олар».

Басқа да келген қонақтардың ұсыныстары, ойлары, пікірлері көп-ақ. Жыл сайын музейдегі экспонаттар қоры молая түсуде, әсіресе табиғат мүйісі көптеген жануарлар тіршілігін баяндайтын экспонаттармен толықтырылған. Мұнда 27 экспонат жаңадан қойылған, келушілер атақты жерлестеріміз, көрнекті адамдар Нартай Бекежанов, Нұрпейіс Байғаш, Жамбыл Жабаев тұтынған заттарды көре алады. Совет екіметі үшін бар өмірін сарп еткен ардагерлер жайында экспонаттар да баршылық. Әсіресе, облыс еңбеккерлерінің КПСС XXV сьезінің тарихи шешімдерін орындау жолындағы қажырлы еңбектерін бейнелейтін экспонаттар көпшілік назарын өзіне бірден-ақ аударады. Мұнан Қызылорда мебель, тігін фабрикасының өнімдерін де көруге болады. Сыр бойы тұнған тарих. Облыс көлеміндегі үлкенді-кішілі ондаған музейге облыстық музей тарапынан көптеген көмектер беріліп тұрады.

ЕКІ АНСАМБЛЬ — ЕГІЗ ӘН

1957 жыл. Н. В. Гоголь атындағы педагогикалық, институттың музыка кафедрасының меңгерушісі Мүлкаман Қалауоп біраз өнерпаз жастарды жинап алып ақылдасты.

— Тәуекелге бел буып, ансамбль құрсақ қайтеді,— деді ол. «Оған музыка аспаптары жете ме?» деді институтті жаңа бітірген музыкант жігіт Көпжасар Дәулетияров. Олар біраз ойласты. Ректорат мұндай ұсынысты колдай жөнелді. Олар енді ансамбльге лайықты ат іздеді. Сол кезде жастар Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әнін жиі шырқайтын. Ансамбль аты «Сыр сұлуы» болды.

Әдепкі жылдың өзінде-ақ жас ансамбль өнер сүйетін халықты тамсандырып қол соқтырды. Сол жылы жазда ансамбль республикалық байқауға қатысып, небір тіс қаққандардан озып шығып, жүлделі бірінші орынға көтерілді. Сөйтіп, коллективке Отанымыздың астанасына барып СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өнер көрсетуге жолдама берілді. Онда да концерт үлкен табыспен өтіп, ансамбль көрменің медалімен наградталды. Араға жыл салып, шеберлігі ұшталған ансамбль туған жердей ұзап, Болгар Халық Республикасында өнер көрсетеді деген қуанышты хабар жетті. Құрамында 60 адамы бар «Сыр сұлуы» Болгарияның астанасы — Софияда, басқа да көптеген қалаларда болып, қазақтың, туысқан республикалардың әндерін асқақтата шырқады. Жас жігіттер мен уыздай қыздардың тамылжыта салған әні Болгария аспанында қалықтады. Болгария сапарынан оралған соң ансамбльдің репертуары жаңа әндер, болгар әндерімен молайып толыға түсті.

1971 жылы Кишинев қаласында бүкілодақтық телефестиваль басталды. Осы байқауда «Сыр сұлуы» тағы да суырылып алға шығып, Қазақстан мен Орта Азия республикаларынан барған өнерпаз колдективтерден шоқтығы биік болып, бірінші дәрежелі дипломмен наградталды. 1972 жылы «Сыр сұлуы» өнер кәрсетуге Алматыға шақырылды. Осы сапарда республика Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасына ие болған ансамбль Бүкілодақтық және республика телевизиясының заказымен телефильмге түсірілді. «Сыр сұлуы» арнайы шақырумен республиканың көптеген облыстарында да болды. Облыстық партия комитетінің, халық депутаттары облыстық Совет атқару комитетінің, кәсіподақтардың облыстық Советінің және облыстық комсомол комитетінің талай Құрмет грамоталарын алды. «Сыр сұлуы» халықтың шын ризашылығына бөленіп, халқына танылған кезде тағы да бір ансамбль қанат қақты. Ол — Сыр сұлуының ізбасары аталып жүрген «Нұргүл» ансамблі еді. Ол қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі көркемөнерпаздар үйірмесі нсгізінде 1971 жылы дүниеге келді. Ә дегеннен облыстық өнер сайысына түсіп бірінші орынды жеңіп алған «Нұргүл» аз уақыттың ішінде өнерімен көрермен қауымының ыстық ықыласына бөленді. Оның құрамына асқақ дауысты әншілер, мың бұралған бишілер, көңіл ашар күйшілер, сырлы сыбызғышылар, қоңыр үнді қобызшылар қосылды. Осы жылдың ішінде өперпаз коллектив республикамыздың астанасына үш рет барды. Бұрын «Сыр сұлуына» сүйсінген астаналықтар енді. «Нұргүлге» одан да қаттырақ кол соқты. Сол сапарда ансамбль республика Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасына ие болып кайтты. «Қандай тамаша өлең айтып көңілімізді жадыраттыңдар. Тек осы беттен таймаңдар. Өнерді аялаңдар»,— деп осы педагогикалық училищенің түлегі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі Бақыт Әшімова ансамбль әншілеріне сәт-сапар тіледі. Бақыттың сөзін артист Сара Боранбаева да қостап, өзінің Қызылордадағы училищеде оқығанын айтып сіңлілсрін айқара құшағына алды. Екі жылда халық ансамблі атағын жеңіп алған «Нұргүл» әрдайым репертуарын жаңа әндермен байытып отырды, 1976 жылы ансамбльге тағы бір үлкен сенім жүктелді. Герман Демократиялық Республикасына өнер сапарымен барды. Бұл сыннан да сүрінбей өтіп, олжалы оралды. Неміс халқы өнерпаз қазақ жастарын жылы шыраймен, зор ілтипатпен құрмет көрсетіп қарсы алды. «Нұргүл» ансамблі Берлиннен бастап достар елінің он алты қаласын аралады. Сыр сазы самғай ұшты... Германия халқы біздің ансамбль көркемөнерпаздар мүшесінен құралған деген сөзімізге:— Мұндай коллектив тек өте шебер артистерге тән. Сендер нағыз кәсіби артистерден кем өнер көрсеткен жоқсыңдар,— деген-ді.

Әр концерт «Фроиндшафт»—«Достық» әнімен аяқталып отырды.

СЫРДЫҢ ЕЛІ — ЖЫРДЫҢ СЕЛІ

1929 жылы 1 июль күні таңертең Сыр бойының жұртшылығы өз баспаханасынан шыққан қазақша, ал бір жылдан соң орысша газеттерді оқып, қуаныш құшағына бөленіп еді. Бұл — бүгінгі облыс еңбеккерлерінің әрбір санын аңсай күтетін «Ленин жолы» мен «Путь Ленина» газеттері. Сонымен қатар 1938 жылдан бастап республикааралық корей тілінде шығатын «Ленин кичи» газеті де Қызылордадан соңғы уақытқа дейін таратылып келді. Ал Қызылорда республика астанасы болған жылдары қаланың темір жолға жақын тұратын халықтары алғаш рет радио хабарларын естіген. Сол кезде шағын радио станциясы болған. Осы станция арқылы Қызылордалықтар аз болса да хабар тыңдаған. Ал қазір елді мекендердің, «орталығына радио қондырғылар орнатылған. Сыр бойында жырдан сел ағызған «қырғи тілді» акын атанған Асқар Тоқмағамбетов те қарымды өлеңдерін осы газеттер мен радиодан қанаттандырған. Оның өзіндік қадыр-қасиетін тану үшін қазақ сөзі зергерлері мен ғалымдарының ауыздарынан шыққан бірер лебіздерге үңілейікші. «...Тіл жөнінен бұрынғының қорынан қарбытып алып отыратын, анық асыл тіл байлығы бар екі ақынды бөліп айтар едім. Олар — Асқар мен Ғали. Асқар қырғи тілді адам.»

(Мұхтар Әуезов). «...Асқардың көп ақынға үлгі болатын бір жағы — ол өзі қалам ұстаған күннен бастап Отанымыздың күнделік тіршілігіне даусын үздіксіз қосып, заманымен қатар адымдап келеді. Оның шығармалары тұтас алғанда, социалистік құрылыстың табысын сипаттайтын шежіре сияқты. Оқушы көпшілік Асқардың шығармаларынан өз өмірінің бейнесін табатындықтан, ол халыққа ең сүйкімді болып танылған ақынның бірі».

(Сәбит Мұқанов). «...Асқартворчествосындаформаменмазмұн бір-біріне үйлесім тауып, шақтап тіккен, денеңе қонымды киімдей сыптығыр тұрады. Бұл, әрине тіл байлығын танытады. Асқар тілді ақын, ол совет адамдарының қаһармандық істсрін көтеріңкі пафоспен жазса, ескілік қалдықтарын өткір тілмен шепей біледі. Бұл Асқардың ақындық бір ерекшелігі секілді».

(Ғабит Мүсірепов).

А. Тоқмағамбетов творчествосының шоқтығы биік, оның бір қыры — сын-сықақ жанрында. Өмірде кездесетін кедергі мен кесепатты ақын бірде әжуа, бірде сықақ, кейде мысал, тағы бір ретте фельетон арқылы суреттеп отырады. Жалпы қазақ совет сатирасының өсіп өркен жаюына, толысуына жасаған оның ықпалы ерекше. Сонау 30-жылдардың өзінде А.Тоқмағамбетовтың сын-сықақтары ел арасына кең таралып, қайда сұм мен жылпос болса, соларға дәл тиіп жататын еді. Ақынның атын халыққа мәшһүр еткен фактордың бірі осы. Сатираның ежелден қалыптасқан түрлерін орынды пайдалана отырып, оның тың қорларын — өмірге, қоғамға сәйкес жақтарын таба білген А.Тоқмағамбетов бұл саладағы жаңашыл суреткер ретінде танылды. Оның сықақ өлеңдері мен фельетондарына ортақ бір ерекшелік — күн тәртібінде тұрған ділгір мәселелерге дөп келетіндігі. Бұл қасиетті оның жұртшылыққа бұрыннан таныс «Мылжыңның бет-ауызы», «Честное слово», «Бір мылжыңның баяндамасы», «Желіккен жеңгейлсрге», «Қылтың-сылтың» секілді сатираларынан да, ақынның соңғы оншақты жыл ішінде жинақтарына енген туындыларынан да табамыз. Ақын сықағы көздеген нысанасына мірдің оғындай дәл тиетінін оның кейінгі жылдардағы шығармалары да сипаттай алады. Атақты ақын, дастаншы, сықақшы А. Тоқмағамбетовтың өнер жолы өнегелі. Оның күллі творчестволық жетістігінің қайнар көзі Коммунистік партия бастаған ұлы істің жауынгері, жалынды насихатшысы болуында, туған халқымен байланысының беріктігінде, қазақтың арғы-бергі көркемсөз өнеріне ана сүтінен ауызданып, тереңге тамыр тартқан ақындық дәстүрді. дамыта білуінде. Қолына қалам ұстаған жастар апта сайын Асекейді ортаға алып, өлеңдерін, әңгімелерін оқиды. Өнерлі жастар үйірмесіне уакытын бөліп басшы болып келген Асқар Тоқмағамбетов олардың шығармасына әділ баға береді, пікір айтады. Жақсы болса қуанып қалып, сәт сапар тілеп, облыстық газетке немесе«Қазақ әдебиетіне» жіберелі. Осындай жастар кешіне өздігенен жүріп келе алмайтын қаланың Чехов көшесінің 29-үйінде тұратын бір жан бар. Ол — Қазақтың Островскийі атанған қаламы жүійрік белгілі жазушы, ақын Зеннолла Шүкіров. Тағдыры адам жанын шым-шым еткізетін, өмір ауыртпалығына мойымай, кайта күштарлығын арттыра түсетін осы бір құрыш қазақ, жөнінде оқырмандарға айтпай кетуге болмас. Зейнолланың неліктен «Құрыш қазақ» атанғанын және оның елудің еңселі биігінс қандай киындықты жеңіп, қайсарлық көрсетіп көтерілгенін көптің бәрі бірдей біле бермеуі де мүмкін. Ол өмірде де, өнерде де езіндік, өзгеше тағдыры бар адам. Оның бойына ең алдымен қайсарлық дәнін еккен — кітап болған. Екі кластан артық білімгс қолы жетпей, күндіз ой шырмауында, түнде ауру азабында қамкөңіл болып жатқан оның қолына бірде Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түседі. Ештеңеге алаң болмай оқып шығады. Бұл роман төсекте сарылып жатқан Зейноллаға үлкен бетбұрыс жасады, романдағы Корчагин, оның авторы Островский тағдырымен өз тағдырының арасында ұқсастық барын білді. Бұл кітаптың өз кеудесіне күн сәулесін құйғанын оның сол кезде жазған мына өлеңінен анық байқаймыз:

Онда мен науқас едім, сегізде едім,
Білмеймін, нсні армаи ғып, нені іздсдім,
Сол кітап келген күні дүр сілкіндім,
Сезгендей буырқанған теңіз демін.

Әмірдің сол күні алғаш ұғып мәнін,
Білдім мен құрыш қалай шыныққанын.
Толқимын әлі қарап бұл кітапқа,
Кеудемнен сезіп қайта өмір таңын.

Поэзия есігін 1946 жылы «Сайлансын» деген өлеңімен имене ашқан Зейнолла Шүкіров араға аз жыл салып облысқа мәлім бола бастады. Атақты жазушы Асқар Тоқмағамбетов оған сәт-сапар тілеп суретімен газет, журналдарға жөнелтті. 1953 жылы Зейнолланың «Менің, достарым» атты поэмасы «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында жарық керді. Сонан соң тұсауы кесілген, бет пердссі ашылған Зейнолла келесі екі жылда «Мснің достарым», «Жас жүрек» атты екі жинақ беpіп, республика оқырмандарын елең еткізді. Араға жыл салып «Теңіз жырлары», «Арал дәптері», «Жүрекке әмір жүрмейді», «Алау», «Арал толқындары», «Сағыныш», орыс тілінде «Күн-шуақ» атты өлең, поэмалары бірінен соң бірі оқырмандардың қолына тие бастады. Зейнолла тек өлең емес, проза саласында да жемісті еңбек етіп келе жатқан жазушы. 1961 жылы Арал балықшыларының өмірінен жазған «Тоғысқан тағдырлар» повесі кезінде жақсы туындылар қатарына қосылып, оқушы қауымынан әділ бағасын алды. «Қиын түйіп» романы, «Жас жесір», «Сарша тамыз», «Сырлы дүние», «Ізгілік іздері», «Ғажайып құмыра» атты повестер мен әңгімелер жинағы жазушының қаламының ұшқырлығын көрсетеді. Бұл жинақтарда өскелең өміріміздің. түрлі проблемалары сөз болады, жазушының қай шығармасы болса да шиыршық атқан сезім қақтығысына құрылып, жақсылық пен жамандық тайталас-тартысқа түседі. Зейнолла шығармалары жұртшылықтың жоғары бағасына ие болып жүргенін оның «Қиын түйін» романы мен «Сарша тамыз», «Сырқат» повестерінің және «Эффект» деп аталатын комедиялық, шығармасының республикалық конкурстарда жүлделі бәйгелерге ие болғанынан-ақ анық көреміз, Оның әдебиеттің басты жанрларының бәрін де үлкен дарындылықпен игеріп жазған жазушы екенін де, оның жанары мол көздері қиядағыны шолып, сезімтал жүрегі өмірдегі құбылысты жаңылыссыз сезгенін, сол көрген, сезген, түйгенін көңілдің нәзік елегінен өткізіп, оқушыға өрнектеп жеткізе алғанын да оқырман қауым жақсы біледі. Зейнолланы көріп, білуге құмар жандар көп-ақ... Ал жазушы оларды әрдайым ақжарқын көңілімен қарсы алып, өз творчествосын ақтарыла баяндайтын. Бұл үйге пионерлер де, комсомолдар да, студенттер де, жастар да топ-тобымен келіп, сүйікті жазушыларымен сырласушы еді. Олармен әңгімелесу, ойын білу жазушы үшін үлкен ғанибет болатын. Кешір құрбым, мұрша жоқ қайрылуға, қайрылуға мойнымды жай бұруға, Татымайды дүниенің бар қызығы — Қазір бір сәт қаламнан айрылуға,— деп ол өз шынын ойын өлең өрнектерімен жеткізеді.

— Өмірбаяндық романымды аяқтап, соңғы нүктесін қойдым. Ендігі жазып жатқан дүнием қазақ пен қарақалпақ халықтарының тарихына, олардың туысқандығын, бауырмалдығын баяндайтын роман. Бұл сексен жылға жуық уақытты қамтитын үш кітап болмақ деген еді соңғы кездесуде Зейнолла.

«Құрыш қазақ» үнемі ой үстінде отырған қалпында елестейді. Осы бір жаны жаз, көңілі дарқан жанды Сыр бойының ақындары жырға қосып, үнемі әлпештеп, көтеріп жүреді.. Біз жас ақын Иранбек Оразбаевтың «Ақын жатыр» деген еленінің:

Дана деуге болады.
Деуге батыр,
Кейде көсем сөйлейді,
Кейде батыл.

Құс мамықтың үстінде таудай болып,
Теңіздей тебіреніп кеуде жатыр.
Жердің шары деуге де тіл барады,
Сұрланады кей-кейде,

Нұрланады!
Құс мамықтың үстінде ғаламат бас Жатыр,
Жанар тауы бар, жылғалары.
Жалбарынбай,

Жасымай, арып-ашып,
Қалтырамай,
Қорықпай каны қашып,
Құс мамықтың үстінде жатыр жүрек,

Жыр тілеген жандарға болып асық! деген жолдарында «Құрыш қазақ» бейнесі жатыр. Сыр бойы талантты ақын-жазушыларға бай өлке. Жоғарыда аталып өткен Асқар Тоқмағамбетов пен Зейнолла Шүкіровтен басқа ондаған ақын жазушылар бар. 1978 жылы жарық көрген Сайд Баязитовтың «Алтын кілт» атты таңдамалы жинағын да оқушылар қауымы жылы қабыл алды. Сондай-ақ оның «Ақмоншақ» пьесасы облыс сахнасына қойылды. Филология ғылымының докторы, профессор Әуелбск Қоңыратбаевты нағыз шежіре дерсің. Қазақ халқының тілін зерттеуде Әуекеңнің алатын орны ерекше. Ол Н. В. Гоголь атындағы педагогикалық институтта қызмет ете жүріп, туған халқының арғы-бергі алтын қазыналарын зерттсуде көп іс тындырған жан. Иранбек Оразбаев, Махмұтбай Әміреев, Сақтаған Есімханов, Сейіл Боранбаев, Сәнімкүл Желдербаева, Қомшабай Сүйенішев, Рысты Бекбергеновалар мөлдір жырмен қызылордалықтардың сүйіспеншілігіне бөленген творчество адамдары. Олардың баспадан жарық көрген жинақтарының негізгі күре тамыры — Сыр бойының еңбеккерлері, олардың тыныс, тірлігі. Қызылордалықтар жергілікті әуесқой композиторларын да ерекше құрметтейді. Тәңірберген, Мүлкаман Қалауовтар, Арыстан Айтбаев, Бексұлтан Байкенжеев, Бәден Айсынов. Михаил Цой, тағы басқалардың әндері тыңдаушылардың көңіл күйін жадыратып, оларды асқақ арманға жетелейді. СССР Суретшілер одағының мүшелері Қозы Мамақов пен Қайырбек Захировтердің. полотнолары республикалық, бүкілодақтық көрмелерге қойылып, тиісті бағаларын алды. Қызылорда облысы мен Қарақалпақ АССР-інің халқы ежелден төсекте басы, төскейде малы түйіскен етене бауырмал. Соның бір айғағының куәсі Қарақалпақ АССР-і әдебиеті мен өнерінің 1978 жылы күз айында Қызылордада өткен күндері. Туысқан республика өнерінің жұлдыздары бір апта бойы Қызылорда халқын әнімен де, жырымен де риза етті. Осы өнер күндеріне қатысушы Өзбек ССР-і мен Қарақалпақ АССР-інің халық ақыны Тілеуберген Жұмамұратов Сыр елінің шежіресін былайша шерткен еді:

Ата-бабам туған жері аталған,
Қызылорда еңсең биік қатардан.
Өз туында Ленин ордені жарқырап,
Алғыс алдың партиядан, Отаннан.

Біp кездері болдым мен де жас балаң,
Өзің едің болашаққа бастаған,
Ленин көсем отау тігіп бергеидс,
Шолпан болып жарқыраған астанам.

Жылдар өтті, сен жаңардың тоқтамай,
Жүрегің пәк, өзбек еккен мақтадай.
Біздің жақтан қонақ келсе жеріне,
Ешбірсуі барған смес мақтамай...

Бәрімізде бір бақшаның гүліміз,
Бір ананың көздеріндей түріміз.
Арамызға аудармашы қоспай-ақ,
Түсінеміз бірімізді біріміз.

Ортамызда ескі Арал теңізі,
Екі дария — Қызылқұмның егізі,
Қазақ деген қарақалпақ, емес пе?
Бір емес пе екеуінің негізі.

Жырым меніц дәмді ме, әлде мәнді ме?
Достық пенен қуанышта әңгіме.
Жасай берсін Ұлы совет адамы,
Абырой, бақыт лаулай берсін мәңгіге!

Бауырлас ел перзентінің бұл сөзіне түсіндірменің қажеті жоқ сияқты. Қызылорданың тағы бір сырын ашып беретін аталы сөз, арналы жыр бұл! Қарақалпақ АССР-інде «өткен Қызылорда әдебиеті мен өнерінің күндерінде Сыр еліне-жыр еліне, Сыр арқылы бүкіл қазақ халқына деген ыстық ықылас күштірек сезілген еді.

ЖАҢА САЛТ, ЖАҢА ДӘСТҮР

Жасампаз заманымызға сай жаңа салт, жаңа дәстүрлер Қызылорда өмірінде жиі-жиі көрініп келеді. Бұл бүкіл елімізде қанат жайған өнегелі де кең іс болса, соның қаламызда жылт етіп елес беруінің өзі көңілге қуаныш әкеледі ғой. Реті келген соң, осынау денеге жүгірген таза қап тәрізді жаңарған салт-сана көріністерін де әңгімелеп кетейік. Азаматтарға паспорт берілуін көптеген мекемелер жалпы халықтық советтік патриотизм өнегелеріне арқау боларлық сындарлы тәрбие шаралары ретінде өткізеді. Қала бойынша бірінші болып локомотив депосы, целлюлоза-картон комбинаты, педагогикалық институт коллективі совет паспортын қастерлеу, СССР азаматы атағына ие болу мақтанышы деген асыл қасиетке баулу дәстүрін салтанатты түрде бастады. «Кзылордасельстрой» тресіне қарасты № 1609 жылжымалы механикаландырылған колонна коллективінің мектепті бітіріп, жұмысқа келген жастарды еңбек семьясы мүшелігіне қабылдауы жайдан-жай ғана бұйрық жаза салумен жүзеге асырылмайды. Әдетте партия ұйымының секретарі алдыңғы толқын аға ұрпақтың жұмысшы деген ардақты атты жоғары ұстау салты жайлы әңгімелейді. Содан кейін жаңа қосылған жас күштер ант қабылдайды. Оны біреу дауыстап оқиды. Сосын еңбек кітапшалары, бағалы сыйлықтар табыс етілелі. Жөндеу-механикалық заводта еңбек ардагерлерін кұрметті демалысқа шығарудыц өзі есте қаларлықтай етіп өткізілуде. Инженер П.И.Петров Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында демалысқа шыққан болатын. Петр Ильичтің әріптестері бірінің соңынан бірі жылы лебіздерін білдірді. Сосын ардагерге сыйлықтар, құттықтау хаттар тапсырылды. Тіпті осында арнайы келіп отырған қалалық әскери комиссариатының өкілі ардагердің омырауына «1941 — 1945 жылдарда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығы» мерекелік медалын қадады. Қалада жаңа туған баланы тіркеу, жас жұбайларды некеге тіркеу салтанатты түрде той есебінде өтеді. Мысалы, 1978 жылы қалалық ЗАГС бюросында 1200 жас тіркеліп комсомолдық той-думанға ұласты. Қалалык мәдениет бөлімі мен комсомол комитетінің ұйымдастыруымен өткен № 11 жылжымалы механикаландырылған колоннаның арматура цехының жұмысшылары Әбілғазы Қожабаевтың Сара Бұхарбаеваға үйлену тойының өтуі былай болды: алдын ала «Строитель» клубы тойдың құрметіне лайык етіп безендірілді. Қабырғаларға «Семья көркі — сыйластық», «Топға— той ұлассын, жас жұбайлар» деген ұлағатты сөздер жазылған алқызыл мата ілінді. Залда той иелерінің ата-аналары, дос-жарандар, еңбектес құрбылары, өндіріс басшылары отырды. Бір кезде «Той жыры» шырқалды. Табалдырықтан екі жас аттай бере шашу шашылды. Сосын «Жар-жар» кетті әуелеп, Бүкілодақтық телефестивальдің лауреаты Тілеужан Нұрғалиев айтқан беташар тойға келген әлеуметтің ақ тілеуіндей естілді. Қалалық ЗАГС бюросының меңгерушісі 3. Исаева некені тіркеп жұбайларға куәлік ұсынды. Екі жасты коллектив атынан осы механикаландырылған кодоннаның бастығы М. Б. Огай құттықтап, оларға жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Қалада халықтық мерекелерді өткізу де дәстүрге айналған. Жыл сайын Жеңіс күнін мерекелеу, жастарды армияға шығарып салу салтанатты түрде Мәңгі алау немесе Даңк мемориалының алдында өтеді. Онда болашақ жауынгерлерге арнап Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек озаттары, ата-аналар өз тілектерін айтып, сәт-сапар тілейді. Оларға комсомол ұйымының атынан жауынгерлік тапсырмалар беріледі. Соңғы уақытта қалада «Еңбек коллективі күнін» өткізу дәстүрге айналды. Мұның басқа дәстүрлерден ерекшелігі, бұған сол мекеменің бүкіл коллективі түгел қатысады. Мұндай кештер аяқ киім фабрикасында, целлюлоза-картон комбннатында, №6 жылу электр орталығында, тігін фабрикасында қызғылықты түрде өтті. Кеш соңынан осы коллективтердің күшімен концерт ұйымдастырылды. Мұндай дәстүрді басқа да еңбек коллективтері жалғастыра бермек.

БҮГІНІНЕН ЕРТЕҢІ СӘУЛЕТТІ

Партия мен үкіметіміз елді мекендер мен қалаларды замана талабына сай көркейтіп, еңбекшілердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған күрделі міндеттерді алға қойып келеді. Шынында мәдени-техникалық революция заманындағы қалалардың өсіп-өркендеуі тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылықты жан-жақты дамытуға байланысты. Бұл салада Қызылорда қаласында қыруар жұмыстар атқарылды. Өткен жылдың өзінде ғана 81 мың шаршы метр тұрғын үй, 420 орындық балалар бақшасы, 1100 орындық мектеп, 400 орындық Мәдениет үйі, 110 орындық монша, асфальт бетон заводы, тағы басқа құрылыс орындары пайдалануға берілді. Сонымен қатар 151 миллион сомның өндіріс өнімдері өндіріліп таратылды. Күрделі құрылысты өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Тоғызыншы бесжылдыққа қарағанда, оныншы бесжылдықта күрделі құрылыс 1,5 есе өсуі тиіс. Бұған мемлекет 255 миллион сом қаржы бөліп отыр. Оныншы бесжылдықтың екі жарым жылында атқарылуға тиісті күрделі қаржы игеріліп, халық игілігіне жұмсалды. Әсіресе, тұрғын үй, мектеп, балалар бақшаларының обьектілері, мәдени-тұрмыстық мекемелер дер кезінде пайдалануға берілді. Оныншы бесжылдықта оқу-ағарту және мәдениет құрылыстарына бөлінген қаржы осының алдындағы бесжылдыққа Қарағанда едәуір артық болып отыр. 6520 орындық мектеп (бұл тоғызыншы бесжылдықтағыдан 2,7 есе көп), 1120 орындық балалар бақшалары, Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының бес қабатты корпусы, 800 орындық облыстық драма театры, тағы басқа обьектілер іске қосылуы тиіс. Қазір бұл кұрылыстар қызу қарқын алуда. Осы бесжылдықта денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына да зор көңіл бөлінген. 320 төсек орындық қалалық аурухана құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді және де 200 төсек орындық облыстық арнайы диспансер құрылысы 92 аяқталуға жақын. Тағы басқа да медициналық, құрылыстар жоспар бойынша салынуда. Қалалық Советтің атқару комитеті, мемлекеттік архив, Советтср үйінің екінші кезегі де бой көтсріп келсді. Болашақта 400 адам сиятын рестораны бар тоғыз қабатты қонақ үйі де осы дария жағасына орын теппек. «Южгорсельпроект» институты архитекторларының жобасы бойынша темір жолшылардың 800 орындық мәдениет сарайы да еңсе көтеріп келеді. Қаланы көркейту дегеніміз біріңғай үй салумен немесе асфальтты оңды-солды қабаттай төсей берумен шектелмейді. Көшені кеңейту, оның екі жағын бірден бетондалған арықтармен көмкеріп, ағаштар отырғызу қолға жақсы алынған. Қала мен Тасбөгет поселкесінің бағытындағы жолдардың бойына жиде, жыңғылдар отырғызу әбден құптарлық нәрсе. Халыққа модени-тұрмыстық, медициналық, сауда қызметі теріп көрсету бұрынғыдан бетер жақсарып, тоғызыншы бесжылдыққа Қарағанда 1,5 есе артатын болады. Қаланың шеттегі поселкелері мен микроаудандарына транспорт қатынасы жақсартылды. Халық тұтынатын өнімдерді тек Сапа белгісімен шығару көзделіп отыр. Жүз алпыс мыңнан астам халқы бар Қызылорда қаласының тұрғындарын жаңа пәтермсн қамтамасыз ету жұмысы да біршама жолға қойыла бастады. Шынында жылына 60-65 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп тұрса, пәтерге мұқтаждық мәселесі күн тәртібінен түсе бастайтыны сөзсіз. «...Ұлы Советтер Елінің құрамдас бөлігі Қазақстан космостық самғаулардың, шын мәніндегі ғажайып жасампаздықтың жеріне айналды. Оны бүкіл совет адамдары заңды түрде мақтан етеді. Бізде жүзден астам ұлт пен халықтың. өкілі достық семьяда қол ұстаса еңбек етуде. Олардың көмегі болмаса, қазақ халқы мешеулікті жойып, республиканы жаңа қалалар, аса маңызды құрылыстар, маңдайалды қуатты индустрия өлкесіне айналдыра алмаған болар еді . Демек, осындап өлкепін ғажайып қалаларының бірі Қызылорда да совет халықтарының, көмегімен космостық самғаулар дәуіріне араласқан сәулетті қалаға айналып отыр. Келешек Қызылорда Сырдың жағасына қарай бой түзеп, қанат жаймақ. Дария жағасындағы қала халқы мынадай әнмен жетуге асыққан жолаушыларын күтіп қала бермек.

Көрген адам келбетіне қызығар,
Көктемі — уыз, жазы — қымыз, күзі — бал.
Шенеуі жоқ шежірелі қала бұл,
Талай тұлпар, тарландардың ізі бар.

Ал қаракөк аспанында нұр қалқып,
Бақыттардың аптабына тұр балқып
Көшелері күлкілерге көміліп,
Жамылғаны жасыл жібек, гүл, барқыт.

Ақ Аралдың айдынынан ән тыңдап,
Қаратаудың самалынан салқындап.
Келе жатыр күріш тауын көтеріп,
Жас сұлудай жасыл қала жарқылдап.

Жас арудың омырауына гүл қада,
Әсемдігің арттырсын ол дүр жаңа!
Болашаққа бара жатқан адымдап,
Сыр бойында бар осындай бір қала.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙