Исламдағы өзекті мәселелер жайындағы сұрақ-жауаптар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Айнұр Әбдірәсілқызы
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі ИСЛАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖАЙЫНДАҒЫ СҰРАҚ-ЖАУАПТАР Алматы Баспалар үйі, 2014
ISBN 978-601-80098-5-3
Исламдағы өзекті мәселелер жайындағы сұрақ-жауаптар. Құраст. А.Әбдірәсілқызы.– Алматы: Баспалар үйі. 2014. – 160 бет. ISBN 978-601-80098-5-3 Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «E-islam» ақпарат тық-ағартушылық порталымен бірлесе дайындаған бұл жинағын да исламдағы қазіргі өзекті діни мәселелерге қатысты 40 сауал ға білік ті дінтанушы ғалымдар тарапынан берілген жауаптар топтастырыл ды. Жинақ «Дін және қоғам», «Дін және дәстүр» атты екі бөлімнен тұрады. Бүгінгі зайырлы қоғамда туындаған діни мәселелер мен ис лам діні және қазақ дәстүрлерінің қатынасына байланысты өзекті сауалдарға оқырман осы еңбек арқылы жауап табады деген пікірдеміз. Жинақ дін мәселелеріне қызығушылық танытушы қалың көпшілікке арналған. И87 © ҚР Дін істері агенттігі, 2014 © “Баспалар үйі”, 2014 © Әбдірәсілқызы А., құраст., 2014 І БӨЛІМ ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ ЖАЙЫНДА 20 САУАЛ ӘОЖ 297 КБЖ 86.38 И 87 азастан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиетті әлеуметтік маызды трлерін басып шы ару» ба дарламасы бойынша жары көрді азастан Республикасы Дін істері агенттігі ӘОЖ 297 КБЖ 86.38
- Зайырлылы ты атеизмнен айырма шылыы неде? Исламда зайырлылы
туралы тсінік бар ма? Атеизм – дінді толығымен теріске шығаратын, оны құндылық ретінде қабылдамайтын танымның өзіндік түрі. Ал зайырлылық – дінсіздік те, дінді терістеушілік те емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен бас қарылуы. «Зайырлылық» ұғымы мем лекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін, діни сенім бостандығының қамтамасыз етілетіндігін танытады. «Зайырлылық» түсінігінің ауқымы кең. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, оның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді. Қазіргі заманғы зайырлылық, ең алдымен, гуманистік құндылықтар ды, оның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін жүзеге асыруды қамтиды. Зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құп тай отырып, қоғамның рухани саласындағы ой-сананың көптүрлілігін мойындау. Мемлекеттің зайырлы сипаты оның діннен ажыратылғанымен ғана емес, сонымен қатар, атеистік дүниетанымның не месе басқа да бір дүниетанымның басым дылығын мойындамайтынымен де сипатталады. Зайырлы мемлекет азамат тық қоғамның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметін де реттеп отырады. Зайырлылық қағидаты қазіргі заманғы көптеген елдердің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып, әрекет етуінің басты қағидаттарынан саналады. Қазіргі әлемдік тәжірибеде мемлекет пен дін қарымқатынасының екі типі кең таралған. Бірін шісіне сәйкес – мемлекет діннен ажыратылған, екіншісінде мемлекеттегі бел гілі бір дінге (конфессияға немесе діни ұйым ға) басымдылық немесе мемлекеттік мәр тебе беріледі. Бірінші үлгі бойынша діннің мемлекеттен ажыратылған сипатына сәйкес мемлекет дін істеріне араласудан бас тартады. Барлық діндер мемлекетте тең құқылы және олардың бәріне бірдей талаптар
қойылады. Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпайды (заң бұзылмаған жағдайда), өз кезегінде діни бірлестіктер мемлекеттік қызметтерді атқармайды. Конфессиялық ерекшеліктер мем лекет тарапынан көмек немесе қолдау көрсетуге негіз болып табылмайды. Мұндай қатынас түрін «сепаративтік» деп атайды. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл қатынас түрі АҚШ-тың заңнамаларында баянды көрініс тапқан. Екінші үлгі діни қатынастарды құқықтық реттеудің Еуропа елдерінде кеңінен қолданылатын түрі болып табылады, ол мемлекеттің діни бірлестіктерге деген қатынасының әртүрлілігіне негізделеді. Бұл үлгіде адамның наным-сенім бостандық тарына шектеу қойылмайды, алайда мемлекеттегі діни бірлестіктердің мәртебесі бірдей емес. Діни бірлестіктердің мәртебесін реттеудің мұндай саралан ған түрі мемлекеттік-конфессиялық қатынас тың кооперациялық үлгісінің қалыптасуына негіз болады. Аталмыш үлгі бойынша мемлекеттік мәртебеге ие болған дінге (конфессияға немесе діни ұйымға) бірқатар ерекшеліктер тән болады. Мәселен, мұндай дін меншік иелену немесе заңды тұлға құқығына ие, сонымен қатар, мемлекет дінге қаржылық немесе басқа да материалдық қолдау көрсетеді, дінге бірқатар заңды өкілеттіліктер беріледі (неке қию, азаматтық хал-жағдайды тіркеу және т.б.), жастар мен балаларды тәрбиелеу ісіне белсенді араласу, кейбір елдерде діни қызметкерлер саясатқа араласу мүмкіндігіне ие болады. Қазақстандағы мемлекеттік-діни қатынас тардың негізгі қағидаттары мемлекет тің дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі, діни бірлестіктер мен аза маттардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дінге көзқарасына қара мастан, заң алдында теңдігі, ешбiр дiннің мем лекеттік немесе міндетті дін ретінде бел гіленбейтіндігі болып табылады. Мемлекеттің зайырлы сипаты азаматтық қоғам субъектілерінің заңдар мен құқықтық нормаларды қатаң сақтауын және өз қызметтерін осы құқықтық, заңнамалық шеңберде жүзеге асыруын талап етеді. Осы нормалардан аңғарылатындай, зайырлы мем лекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. Дін – мемлекеттік саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мәдениетіндегі аса маңызды факторлар дың
бірі. Өйткен дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі. Мұсылман араб елдерінде шариғат заңымен басқарылмайтын, бірақ діндердің қыз мет етуі мен дамуына мүмкіндік берілетін зайырлы мемлекет формасы «әддауләтул-әлманийа» деп аталады. Ол барлық анықтамаларымен біздің мем лекет тік құрылымымызға сәйкес келеді. Атап айту қажет, радикалды көзқарастағы кейбір идеологтар зайырлы мемлекетті Ибн Тәймияның ортағасырлық тұжырымдарының негізінде «дәр ас-сулх» деп атап, оны «мұсылмандарға тиесілі емес және олар билік жүргізбейтін елдер» деп танытуға тырысады. Олардың түсінігінше, мұндай мемлекеттердің билеушілері өздерін мұсылман мемлекеттерінің бода ны санауға және сол үшін белгілі бір мөлшерде салық – «жизья» төлуге міндетті. Мұндай «жаһил» (надан) қоғаммен Қиямет қайымға дейін талмай күрес жүргізу керек деп есептейтін радикалдар осы мақсатта өздерінше түсіндірілген «жиһад» ұғымын қолданады. Шын мәнінде «дәр әл-ислам», «дәр әлхарб», «дәр ас-сулх» ұғымдары VІІІ-ІХ ғасырлардан бері қолданылып келе жатқан, ханафи мазхабында кеңінен түсінді рілген ұғымдар болып табылады. Бұл ұғымдар алғаш рет имам Ағзам Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мұхаммедтің «әлАср» кітабында қолданылған, ол өзінің ұстазынан естігендері бойынша жазған деген мәліметтер бар. Ал ХІ ғасырдың ғалы мы Сарахсидің «Усул» кітабында осы ұғымдар таратылып жазылған, онда «дәр әлислам», «дәр әл-харб», «дәр әс-салам» атты үш мемлекет түрі көрсетіліп, соңғысының «дәр ас-сулх» және «дәр әл-аһд» деп екіге бөлінетіні жазылған, барлығына негізді анықтама берілген. Ол анықтамалар жиһадшылардың бұрмаланған түсін дір месімен сәйкес келмейді және радикалды көзқарастарды қамтымайды. А. Әбдірәсілқызы 2. Ислам діні жа!андануа арсы емес пе? Ислам – күллі жаһанға түсірілген дін. Адамзаттың түрлері, түстері, тілдері және
ұлттары сан алуан болса да, барлығы бір атадан тарағандығын ескерте отырып, бір-бірімен танысуға, түсіністікке және жәрдемдесуге дайын болуға шақырады. Тартысуға, бұзықтыққа, сондай-ақ жанжалдасуға тыйым салады. Осыған орай Алла тағала қасиетті Құранда: «Ей, адам дар! Шынында Біз сендерді бір ата мен бір анадан (Адам мен Хауадан) жарат тық. Сендер бір-бірлеріңмен та нысып, білісулерің үшін ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Алланың алдындағы ең ардақтыларың – тақуаларың» [«Хужрат» сүресі, 13-аят] деп, әлемдегі барша адам қай жерде және қай кезде болсын, бірбіріне бауыр екендігін меңзейді. Егер жаһандану адамға, адамзаттың бар шамызға ортақ өркендеу жолын жете түсінуіне және қоршаған ортамызға төніп тұрған экология, ядролық қару, топтық қылмыс, құмарпаздық, СПИД сияқты қауіп-қатерлердің бар екенін жете түйсінуіне ықпал ететін әлемдік ортақ мәселелерді меңзейтін болса, бұл жөнін де әлдебір қарама-қайшылық туа қояды деп ойламаймыз. Алайда, жаһандану үрдісінің жеке ұлттар мен халықтардың мәдени ерекшеліктеріне қауіп төнгізу мүмкін дігі жайында әртүрлі пікірталастар да бар. Дегенмен, бұл мәселені жан-жақты талдап, қарастыру керек. Ислами ақыл-сана, ой-өріс өте биік болғандықтан, белгілі бір мәдениеттегі кейбір ерекшелікті исламға жат деп тосырқамайды, қабылдаудан қашпайды, керісінше, оны таразылап, жете зерттеп, мәдениетіміздің өркендеуіне ық пал ететін пайдалы жерлерін ала біледі. Бұған Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Даналық момынның (мұсылманның) жоғалтқан қазынасы, қай жерден тапса да, (иеленіп) алсын» деген сөзі дәлел. Сонымен қатар: «Білім Қытайда болса да іздеп барыңдар» дегені – «мұсылманшылық ты ұстанбайтын жұрттан болса да, немесе өте шалғайдан болса да білім алыңдар» дегені. Мұсылмандар өз өркениетін қалып тастыру барысында сол замандағы барлық мә дениеттің озық жетістіктерін пайдалана білген. Осыған орай белгілі философ Ибн Рушд: «Шариғат бұрынғылардың кітаптарына үңіле зер салуды жүктейді, олай болса, болашақтағы әрбір жаңа нәрсеге үңіле ден қою да әлбетте соған жатады» деген. Оған қоса: «Олардың өз кітаптарында айқындап айтып бергендері ақиқатпен ұштасса, қуана қабыл алып, оларға рахмет айтамыз, ал егер ақиқатқа сай келмесе, ескерту жасап, басқаларды одан
сақ тандырып, қателіктеріне кешіріммен қараймыз», – деуінде үлкен мән жатыр. Міне, Ибн Рушд өзге мәдениеттерге осындай сындарлы көзқарас білдіреді. Біз де өз заманымызда сырттан келетін өзге мә дениет көріністеріне ақыл-парасат тұр ғы сынан қарап, өз ұстанымдарымызға үй лесетін тиімді жерлерін ғана алуымыз керек. Демек, ислам – хақиқи жаһандық дін. Бірақ, ислами жаһандану мен қа зіргі жа һандану құбылысының айырма шы лық та рын атап айтпасақ болмайды. Қа зіргі жа һанданудың жағымды, жақсы әсе рі бол ға нымен, жағымсыз, зиянды ықпа лы ба сымырақ. Ал ислами жаһанданудың алға қойған мақсаты – адамгершілік пен көркем мінезқұлық ұстанымдарын тарату, әр кісінің қадір-қасиетін, еркіндігін, теңдігін қорғау, жанұяға қамқорлық көрсету, барлық пенделер арасында әділдік таразысын орнату, адамның нәсілін, дінін, ақылын, ар-ұждан, дүние-мүлкін қорғау және зұлымдыққа, басынушылыққа тосқауыл қою болып табылады. Ата-бабаларымыздың: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген даналық қағидасын жадымызда сақтағанымыз жөн. Е. Оңғаров 3. Дінаралы келісім, діндер с$хбаты дегенді жиі айтып жрміз. Ислам шари- аты б$ан алай арайды? Адам баласының болмысы ұлы социолог ғалым Ибн Халдун айтқандай, қалалық өмірге бейім, қоғамшыл болып табылады. Оның бұл қасиеті тарихтың алғашқы дәуірінен бастап оны топтасу, жиналу сияқты әрекеттерге жетеледі. Мұндай нәтижеден кейін адам қоғамының мүшелері өзара ықпал мен қарым-қатынасқа тап болды. Әрине, бұл үшін қоғамдық өзара келісімдер мен түсіністіктер қалыптасу керек болды. Міне, осы тұста мақсат орындалу үшін адамзат қоғамы өзара диалог жүргізуге кірісті. Ал жиырмасыншы ғасырда, диалог мәселесі жеке көтеріліп, ең өзекті мәселе ретінде қарала бастады. Өркениетаралық және дінаралық диалог жүргізіп, әлем халықтарының арасында келісім орнатамыз деген мақсатпен ұйымдастырылып жат қан шаралар ондап саналады. Бұл сөзіміз дің айғағы ретінде Елбасымыз Н.Назарбаев-
тың бастамасымен Астана қаласында үш жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін айтуға болады. Бұл бастама әлем жұртшылығының та рапы нан кең тұрғыда қолдау тапты. Бұл шараға діні мен мәдениеті әртүрлі ондаған елдер дің діни өкілдері қатысты. Кейде өкінішке қарай ислам діні, ислам әлемі, ислам мұрасы турасында әлем жұртшылығының көзқарасында теріс ұғымдар қалыптаса бастағанын байқаймыз. Себебі мұсылмандардың және ислам әлемі нің басқа халықтардан материалдық, технологиялық, ғылыми тұрғылардан біршама артта қалғаны өмірдің рухани аспектісіне соңғы кезекте көңіл бөлетін халықтар ды исламға үстемдік көзімен қарауға жетелей бастады. Бұл мәселенің өршуіне әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының да қосып жатқан үлесі баршылық. Міне, осындай жағдайлар етек алып бара жатқан шақта, исламға жала жауып, лаңкестік, экстремизм, радикализм, фун даментализм, диалогқа жарамсыз және басқаны мойындамайды, қабылдамайды деген кінәларды тағушыларға жауап бере тін еңбектерге тығыз мұқтаждық пайда бол ды. Ислам діні жер бетінде пайда болған нан бері өзіне ерушілерді басқа дін өкілдерімен барынша келісіп өмір сүруге және төзімді болуға шақырып келгенін Құран мен сүннетке сүйене отырып жазылған ғылыми еңбектер, конференциялық баяндамалар ар қылы ашып, анықтап беруге қазір көптеген мұсылман ғалымдары атсалыса бастады. Құранды негіз етіп алған хазіреті Мұхаммед алайһи саламның дәуірінен бастап, өзге сенім өкілдері мұсылман өлкелерінде тыныштық пен сенім ішінде өмір сүрді. Сол заманнан бастап басқа дін өкілдері мен келісім-шартқа отырып, олардың құқығы на қол сұқпай, діндері мен өздерін құрметтеу ресми түрде қалыптасты. Осы сөздің айғағы ретінде Медина қаласындағы яхуди тайпалардың өкілдері Бану Құрай за, Бану Қайнуқа және Бану Ан-надир сияқ ты тайпалармен болған өзара келісім-шарттарды айта аламыз. Сол секілді диалогтың өте маңызды оқиғаларының мысалы ретінде сахабалар Эфио пия еліне көшіп барған кезде мұсылман дар мен Нажжаши патшаның арасында «Ислам діні Иса пайғамбар мен оның анасы турасында не дейді?» деген тақырыпта өткен диалогты айтуға болады. Пайғамбар алайһи салам Медина қала-
сына көшіп келгеннен кейін Құранда «кі тап иелері» деп аталған сол жердегі яхудилермен арада кең ауқымды диалог жүре бастады. Құран көптеген аяттарда Пайғамбар алайһи саламнан кітап иелерімен сұхбат жүргізуді талап етті. Сол аяттардың көпшілігі кітап иелеріне арналған: «Ей, кітап иелері!» [1, 4:171, 5:15, 19, 59, 68, 77] деген қаратпа сөзбен басталатын еді. Бірде Нажран өлкесінен Медина қала сына христиандардың бір тобы келіп бір неше күн тұрақтайды. Сол келгенде олар ислам Пайғамбарына келіп, пікір алмасады. Олар христиан дінінің өкілі болса да Пайғамбар алайһи салам оларға мұсылмандардың мешітінде өз құлшылықтарын жасауға рұқсат береді. Сахабалар оларды тос пақ болып ентелеген кезде, оларға Пай ғамбар алайһи салам «тимеңдер оларға» деп тоқтатады [5, 511 б.]. Міне, осы оқиға ға байланысты «Әли Имран» сүресінің басында сексеннен аса аят берілген. Пайғамбар алайһи саламның христиан және басқа дінді ұстанатын елдердің патшаларына және көсемдеріне хаттар жолдауы да олармен болған диалогтың бір түрі еді. Эфиопия патшасы Нажжашиге, Рим патшасы Гераклге, Мысырдағы қиб тилар (копттар) көсемі Муқауқиске және Ямама елінің басшысы Һауаза әлХана фиге оларды исламға шақырып, сахабалар арқылы хаттар жолдады. Осы диалогтардың барлығы мұсылмандардың ислам діні жер бетіне келгеннен бастап бұл діннің шынайы болмысын және оның бүкіл әлемге жіберілген жолдау екенін түсінгендік жүзеге асқан болатын. Е.Шохаев 4. «Имам Азам а идасын иржа ыл- ан» деген пікірлерді көзіміз шалып жр. «Иржа» деген не? Шынында да, Имам Азам а идасын иржа ылан ба? «Иржа» сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі; «кейінге қалдыру» болса, екіншісі «үміт ету». Ал, діни анықтамасына келетін болсақ, базбір доктриналдық һәм канондық мәселелердің шешімін ақыретке, яғни, Аллаға қалдыру ұғымын біл діреді. «Иржа жасау» ұғымын алғаш рет Хз.Али мен Хз.Муавия арасындағы Сыффын соғысындағы тартысты мәселе-
де ешбір тарапты жақтамай, қай жақтың хақ екендігін ақыретке қалдырамыз деген ұстанымда болған кейбір момын-мұсылмандар қалыптасты. Бірақ, кейін келе Муржия мазхабын ұстанушылар кәпірге құлшылық сауабының болмайтыны секілді момынның да жасаған күнәсі иманына әсер етпейді деп шариғатқа қайшы жалаң сенімді өмірлік ұстанымға айналдырды. «Иржа» сенімін тарата түсіндіру үшін діни ағымдар арасындағы диалектикалық үдерістерді айтып өтуіміз керек. Харижиттер үлкен күнә жасаған адамды «кәпір» деп санады. Мутазила өкілдері үлкен күнә жасаған адамның мү мін саналмайтынын, тек мұсылман (мү мін дегеніміз – Аллаға жүрегімен сену, мұсылман – сыртқы пішінімен сену) болғандығын айтты. Ал ахлус-сунна өкілдері, яғни Имам Ағзам мазхабындағылар үлкен күнә жасаған адамның «асылық етуші мүмін» екенін, оның ақыреттегі жағдайы Алланың қолында бол ғандығын, Ол қаласа жасаған күнәсіне қарай жазалайтынын, қаласа, күнәсін кешіреді деген көзқараста болды. Осы ұстанымына байланысты Имам Ағзам және оның ізбасарларын (ахлус-сунна өкілдерін) мутазилиттер «иржа жасаушылар» деп білді. Яғни, мутазалиттердің пайымдауынша, үлкен күнә жасаушы мұсылманның имани халі һәм тартар жазасы мен алар сауабын анықтауды ақыретке қал дырушылар «муржия» деп аталды. Сон дай-ақ мутазила өкілдері имам Ағзамның: «Иман жүрекке бекітіледі. Иман артпайды немесе кемімейді» деген пікірі үшін оны да муржияның қатарына қос қан еді. Мутазалиттердің Имам Ағзамды бұлай деп айтуының себебі оның «иман жүрек ке бекиді, ол артпайды немесе кемімейді» деген пікірі амал етушілікті кемсіткен бо лып саналады деп білді. Алайда бүкіл ғұмы рын амалдардың дұрыстығы мен бұрысты ғын анықтауға арнаған факиһты қалайша амал жасаушылықты кемсітті деп айта ала мыз? Сонымен бірге, Мутазалиттердің имам Ағзамды бұлай қаралауының бір себебі – Имам Ағзам мутазалиттердің жақсылықты Алла жасатады, жамандықты адам өзі жасайды деген тағдыр түсінігін жоққа шығарған болатын. Осындай себептерге байланысты адасқан ағым өкілдері Имам Ағзамды жөнжосықсыз «иржа жасаушы» деп сынады. Ал, шын мәнінде Имам Ағзам муржия өкіл дері сияқты «кәпірге құлшылық сауабының болмайтыны секілді момынның да жасаған күнәсі иманына әсер етпейді»
деген ұстанымда болған емес. Ол үлкен күнәні күнә деп тани отырып, оны жасаған мұсылманның ақыреттік халі (кәпірге шы ғарыла ма, жоқ әлде мәңгі азаптан құтқарыла ма) Аллаға ғана аян деген ұстанымда болды. М.Исахан 5. Исламдаы а ида жайындаы көптеген тартыстар Аллаа мекен беруге байланысты болып келеді. Матуриди а идасы б$л туралы не дейді? Жалпы а иданы әртрлі болуы ауіпті ме? Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) сара жолын ұстанушы әһлу сунна ғұламалары «Алла барлық нәрсені жоқтан бар етті» деп сенеді. Әуелі Алла бар еді. Одан өзге ешнәрсе жоқ еді. Уақыт та, мекен де, бұрын болмаған. Оларды Алла кейін жаратты. Ал енді сол кейін жаратылған мекенге Алланың енуі шариғатқа томпақ, сау ақылға сиымсыз. Аллаға мекен беру – Алланы жаратылысқа ұқсату, теңеу. Мекен – жаратылыстың өмір сүру ортасы. Алла өмір сүруде мекенге мұқтаж емес. Сол себепті ғұламалар «Алла тағала мекеннен пәк» деген көзқарасты ұстанды. Алайда кейінірек «Алла барлық жерде, Алла аспанда, Алла аршының үстінде» деген және т.б. мекен беру сенімін ұстанған топтар пайда болды. Ондайларға ғұламалар бүгінгі күнге дейін тиісінше жауап беріп келді. «Алланы кемшіліктен, жаратылысқа ұқсатудан пәктеу» (тәнзиһ) принципін ұстанған суннит ғалымдары мы надай мухкам (ұғынықты, бір ғана мағынаны қамтитын) аяттарға иек артты: «Алла ешбір нәрсеге ұқсамайды. Алла бәрін естуші, көруші» («Шура» сүресі, 11-аят), «... Аллаға ешнәрсе тең емес» («Ықылас» сүресі, 4-аят) және т.б. аяттар. Соңғы кездері Матуриди ақидасына «матуридилер Алланы барлық жерде» деп есептейді деген негізсіз жалалар жабылып жүр. Оны айтушылар Матуриди ақидасы бойынша жазылған кітаптарды оқы май ды. Матуридилерді адасқан ағым – жаһмиямен білместікпен не әдейі шатастырады. Сол жаһмия ағымы «Алла барлық жерде» деп сенеді. Ал енді матуридилердің сенімі бойынша бұл мәселе қалай? Матуриди ақидасының негізін қалаушы Имам әл-Матуриди «Китабут-таухид»
атты еңбегінің 172-бетінде: «... Бұл Алла тағаланың мекенмен сипатталудан пәк еке нінің дәлелі. Өйткені, мекен болмай тұрып та, Алланың бар болғандығы анық. «Рахман аршыға истиуа етті» («Таһа» сүресі, 5-аят) деген сөйлемде Аллаға мекен белгілеуге негіз жоқ. Алланың: «Біз адам баласына күре тамырынан да жақынбыз» («Қаф» сүресі, 16-аят), «Үш адам өзара сыбырласса, төртіншісі Алла болады» («Мүжәдәлә» сүресі, 7-аят), «Біз сендерге қарағанда оған әлдеқайда жақынырақпыз» («Уақиға» сүресі, 84-аят) деген сөздерінде Аллаға мекен белгілеуге негіз болмағаны сияқты» десе, кітаптың келесі бетінде: «Міне, осыған орай «Алла барлық жерде» дегеннің сөзі негізсіз болып қалады. Себебі, Алланы белгілі бір мекен ге қатысты ету мен барлық мекенге қатыс ты етудің арасында ешқандай айырмашы лық жоқ» деп, Алланы барлық жерде деу мен келіспейді. Расында да, Аллаға аспан, аршы сияқты белгілі бір мекен беру мен «Алла барлық жерде» деп айту екеуі де Аллаға мекен беру емес пе? Тап осы мәселені матуриди ақидасын ұстанатын ғалым Нуруддин әсСабуни былайша түсіндіреді: «Сондайақ «Алла барлық жерде» деген сөз мүлдем дұрыс емес. Себебі, бір мекенде мекендейтіннің өзі бір мезгілде екі жерде болуы мүмкін емес. Ал енді мекендеуі мүм кін болмаған Алланың барлық ме кенде болуы қалайша мүмкін болсын?! Мұ нымен қатар «Алла тағала затымен (өз болмысымен) емес, бірақ білімімен бар лық жерде» деп айту да дұрыс сөз емес. Өйт кені, бір мекенді білетін біреу туралы «ол өзі нің білімімен сонда» деп айтылмайды». Демек, матуриди сенімінде Алланы затымен де, білімімен де «белгілі бір жерде» деп те, «барлық жерде» деп те айтуға болмайды. Қорыта айтқанда, әһлу сунна жолын дағы сәләф пен халаф ғұламаларының сені мінде Алла мекен мен уақытқа тәуелді емес. «Алла өз затымен аспанда» деп сену «Зұхруф» сүресінің 84-аятына қайшы: «Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір. Әрі Ол аса дана, толық білуші». Алланың заты мен сипаттарына қатысты аят-хадистерді осылай түсіну әһлу суннаның, оның ішінде матуриди сенімі екенін ұққан болсақ, бабаларымыз дәл сол матуриди ақидасын ұстанғанын ұмытпайық. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес» десе, Абай атамыз: «Мекен берген, халық
қылған ол ләмәкән» деп, Алланы мекенсіз деп сипаттаған. Қ.Жұмағұлов 6. «0$ран Кәрім еш андай тілге, тіпті араб тіліне де аударылмайды. 0$ран ны маынасын тсіну шін оны аудармасын о ымау керек. Аударманы о ыан кісі Алла тааланы айт андарын емес, аудармашыны өзінше тсіндіргісі келгенін йренеді» дегенді о ып жрміз. Араб тілін білмейтін көпшілік 0$ранны ма ынасын білу шін аудармадан о итыны белгілі. Шынында да, 0$ранны аудармасына тыйым салынан ба? Алғашқы сөзді «Құран араб тіліне де аударылмайды» деген түсінікті дұрыстаудан бастасақ. Құран Кәрім – Алла Тағала тарапынан араб ұлтынан шыққан Пайғамбарымызға (с.а.у.) араб тілінде тү сірілген аяндар. Сондықтан оның өзі аян болған тілге аударылу-аударылмауы жөнінде сөз етудің қисыны жоқ. Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Арабты үш себеппен жақсы көріңдер: Мен – арабпын, Құран араб тілінде түсті және жәннат жұртының тілі де арабша» деген хадисі осыны айғақтайды. Ал Құранды басқа тілдерге аудару мәселесіне келсек, бірнеше ерекшеліктерді назарға алған жөн. Кез келген туынды еңбектің өзін басқа тілге аударғанда сөзбе-сөз аударған жағдайда мағынасын толық беру мүмкін болып табылмайды. Ал Құран Кәрім секілді аяндар мәтінінің кемел мазмұнын сөзбе-сөз жеткізу тіпті мүмкін емес. Бірақ Құранды үйрену барлық мұсылмандар үшін парыз. Олардың арасында араб емес ұлт тардың үлес салмағы басым. Ал араб тілін үйреніп, Құранды түпнұсқадан оқуға барлық адамның мүмкіндігі жете бермей ді. Сондықтан ғасырлар бойы Құранның мағыналық аудармалары жасалып келе жатыр және бұған еш жерде тыйым салынбаған. Әрине, мағыналық аударма да түпнұсқаның толық мағынасын береді деу қиын, оның үстіне аударма барысында араб тіліне тән әуезділік те жоғалады. Дей тұр сақ та, Құранның мағынасын түсіндіру дің аударма мен тәпсірден өзге жолы жоқ еке ні де мәлім. Құран аудармасы – Құранның өзі бо лып
са налмайды, сондықтан ғибадат бары сында – намазда, қажылықта, Құран бағыштауда Құранның аудармасы қолданылмайды. «Құранды аударуға болмайды» деген жаңсақ түсінік осы ғибадат рәсімдерінде Құран мәтінінің арабша түп нұсқасында оқылатындығын дұрыс түсінбеуден қалыптасқан болса керек. Хижраның 127 жылынан бастап Құран бербер, парсы, үнді, түрік, латын тілдеріне аударыла бастаған, дамыған орта ғасырларда француз, ағылшын, неміс тілдеріне тәржімаланды. Жаңа тарих кезеңінде (соңғы үш ғасырда) Құран ау дармалары қазақ, орыс, урду, малай, бенгал, жапон, т.б. тілдерде жарық көрген. Құран аудармашыларының бірі, исламтанушы ға лым Халифа Алтай Түркияда жарық көрген «Құран Кәрім аудармаларының дүниежүзілік библиографиясы» атты еңбекте «1515-1980 жылдар аралығында Құран 60 тілге 2668 рет аударылған» деген дерек келтірілгенін жазады. Қазақ тіліндегі тәржімаларға келсек, оның ғылымға мәлім тарихы 1912 жылғы Мұса Бегейұлының қолжазба аудармасынан басталады. Бірақ бұл аударма жа рық көріп үлгермеген, ол туралы тек мә лімет сақталған. Шығыс Түркістандық қандасымыз Ақыт Үлімжіұлы жасаған екінші Құран аудармасы 1939 жылдары қытай отарлаушылары тарапынан жойылып кеткен. 1960-70 жылдар аралығында жерлес ғұламамыз Сәдуақас Ғылмани Құранның алғашқы үш тарауын қазақшаға аударған, ол әзірге ғалым отбасының мұрағатында сақтаулы. 1988 жылы отандық авторлар Н.Өсерұлы мен Ж.Истаев Құранды қазақшаға аударуды аяқтаған, дегенмен бұл аудармалар 1993 жылдары кешеңдеу жарияланды. 1989 жылы араб графикасымен жазылған Құранның қазақ тіліндегі аудармасы Түр кияда Халифа Алтай тарапынан жа рық көрді. 1990 жылы осындай араб графикасымен жазылған Құранның қазақша кезекті аудармасы Пекинде Ғазез Ақытұлы мен Мақаш Ақытұлының дайын дауымен баспадан шықты. жылы Халифа Алтай жасаған қазақ тіліндегі аударма кирилл әріптерімен Сауд Арабиясында көптеп басылып, отан дық оқырманның игілігіне айналды. 1991 жылы Р.Нысанбайұлы мен У.Қыдырхановтың Құран аудармасы жа рияланса, 2006 жылы А.Смановтың, 20062010 жылдары З.Оразбайдың, 2012 жы лы Сәуле қажы Бекенқызының, 2013 жы лы
А.Ахмет, С.Андарбайдың, сонымен қатар, Е.Мұқатай, М.Шыңғыс қажының аудармалары жарық көрді. Аталғандардың ішінде З.Оразбайдың аудармасы мағы налық аударма мен тәпсірді қоса қамтыған. Әр аударманың өз ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшін тұстары болатыны табиғи жайт. Кей аудармалар әдеби тілге бейім болса, кейбірінің нақтылығы басым. Қалай болғанда да қазақ оқырманының Құран Кәрімнің мағынасымен танысып, ислам қайнарынан сусындауына аталған аудармалар үлкен септігін тигізіп отыр. Айта кету қажет, Е.Мұқатай, М.Шыңғыс қажы жасаған аударма Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ең толымды аударма ретінде құпталып, қазір көптеп таратылуда. А.Әбдірәсілқызы 7. Ислам шариаты бойынша әйелдер еркектерден төмен т$рады дейді білетіндер. Сонда исламда да әйел те- сіздігі бар ма? Бас а діндерде алай? Жасампаз әлеуетке ие дәстүрлі діндерге «әйел теңсіздігі» ұғымы мүлде жат. Жалпы, әйел тақырыбы, оның ішінде дін және әйел мәселесі қай қоғамда, қай кезеңде болсын, өзіндік маңызға ие болған. Әр бір дін әйел затының отбасындағы, қоғамдағы орны мен құқықтарына қатысты өзіндік көзқарасын білдірген. Соның ішінде әйелдер қауымының құқықтарын ерекше жоғары деңгейге көтерген және оның отбасындағы міндеткерліктерін белгілей отырып, қоғамдағы орнын айқындап берген ислам діні өзге діндерден оқ бойы озық тұрады. Ислам негіздері бойынша ерлер мен әйелдер Алла алдында тең, яғни пенде ретіндегі міндеткерліктері бірдей. Мұхаммед пайғамбар хадистерінде отбасылық қатынастарда әйел затына мейіріммен, құрметпен қарау насихат етіледі. «Жәннат – аналардың басқан ізінің астында» деп әйел-ананың тұлғасы ерекше ұлықталады. Басқа діндердің әйелдер туралы пайымдауларына назар аударсақ, кез келген діннің қасиетті кітабында әйелдердің орны ерлерден кем саналмағанына көз жеткізу қиын емес. «Құдай әйелдерді де ерлер секілді, өзіне ұқсатып жаратқан» деген тұжырым Тәуратта (Библия) кездеседі. Хрис-
тиан діні жеке тұлғалардың өзара теңдігін дәріптейді, иудей немесе пұтқа табынушы, құл немесе азат адам, еркек немесе әйел деп бөлудің жөн еместігін, Құдай алдын да бәрінің бірдей екенін насихаттайды. Рас, ерте және дамыған орта ғасырларда бірқатар христиан дінбасылары әйел адамның құқығына қатысты жазбалар ды назардан тыс қалдырып, олардың құқы ғын мүмкіндігінше шектеуге тырысты. Мұндай біржақты пайымдаулар христиандықта ғана емес, басқа да діндер өкілдерінде қазіргі күні де ішінара кездесіп қалатыны жасырын емес. Дегенмен, өркениетті са на деңгейінде ойлайтын христиан дінінің кез келген тармағының дін ғалымдары – православ, католик немесе протестант бол сын, қасиетті кітаптарда әйел-ана теңсіздігін тудыратын ешбір қағиданың жоқтығына бірауыздан келіседі. Сонымен қатар құдайлық миссияның әйел-ана арқылы жүзеге асырылуы, әйел бейнесінің Құдай-ана дәрежесіне дейін көтерілуі, Тәуратта дінге қызмет еткен әйелдер бейнесінің кездесетіні христиан дінінде де әйел-ана тұлғасына елеулі мән берілгенін аңдатады. Мәселенің екінші жағы – әйелдердің дінге деген қатынасы. Барлық діндерде дер лік әйелдер мен ерлердің Жаратушы алдындағы міндеткерліктері мен жасауға тиіс құлшылықтары бірдей болып саналады. Құлшылық рәсімдерінің жекелеген бөліктерінде ерлер мен әйелдер үшін айырмашылық болуы мүмкін, ал рәсімнің өзі тұтастай алғанда баршаға ортақ. Осы заңдылықтың және әйел затының табиғи сезімталдығынан руханилыққа бір табан жақын тұратындығының нәтижесінде әлем діндерінде құлшылыққа берілген тақуа әйелдер бейнесі көптеп кездеседі. Исламдағы әулие дәрежесінде дәріптелетін әйел-аналар, христиандықтағы монах әйелдер, өзге де діндердегі дін қызметкерлері ретінде танылған әйел бейнелері – соның айғағы. Барлық діндердегі сенушілер қауымының елеулі бөлігін әйелдер құрайды, сонымен қатар, дін ілімін жеткілікті деңгейде меңгерген әйел затының ұстаздық қызмет атқаруына ешбір дін тыйым салмайды. Ал исламда білім алу әйелдер мен ерлерге бірдей парыз етілген. Осы жерде әйел теңдігі мәселесіне қатысты түсінбестік тудырып жүрген бір жайтқа назар аударған жөн. Діни қағидаттарда «ерлер мен әйелдердің тең дігі» деген түсініктен гөрі «ерлер мен әйел-
дердің бірін-бірі толықтыруы» деген түсінік басым қолданылады. Өйткені табиғи ерекшеліктеріне сәйкес ерлер мен әйелдер бір-бірінің мінезіне немесе қасиетіне ие бола алмайтыны секілді, бір-бірінің құқықтары мен міндеткерліктерін де иемдене алмайды. Ерлер мен әйелдер өздеріне тән мінез-құлқы, қасиеттері, құқықтары мен міндеткерліктері бар дербес тұлғалар ретінде қарастырылады. Барлық дінде дерлік әйелдердің құқықтары мен міндеткерліктерінің басым бөлігі олардың ана және жар ретіндегі отбасындағы роліне көбірек қатысты болып келеді. Ал ерлер отбасының асыраушысы, қоғамдағы негізгі міндеттерді атқарушы ретінде отбасынан тыс құқықтарға көбірек ие. Осы ерекшеліктерді теңсіздік ретінде бағалау дін негіздерін шынайы, терең түсіне білмеудің салдары деп білген жөн. Қазақтың атақты шайыры Тұрмағамбет Ізтілеуұлының сөзімен айтқанда: Әйел жерден шыққан жоқ, Ол – еркектің баласы. Ерлер көктен түскен жоқ, Әйел – оның анасы. Әйелдер мен ерлердің құқығына деген қатынасын қазақ осылай қарапайым да түсінікті тілмен өрнектеген. Құран Кәрімде: «Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі бір хақтары бар. Әйелдерден гөрі ерлердің дәрежесі артық», «Ерлер әйелдерден бір саты жоғары тұрады. Себебі олар әйелдер үшін малмүлкін сарп етеді» деген аяттар бар. Бұл жерде де әңгіме құқықтық басымдықтан гөрі міндеткерлікке көбірек қатысты болып отыр. Өйткені «дәрежесі артық», «әйел дер үшін мал-мүлкін сарп етеді» деген сөздердің астарында отбасының бүкіл ісәрекетіне басшылық жасау, әйелге тиісті қалың мал беріп үйлену, оны асырап-бағу, онымен қоса, балаларын да ішіп-жеммен, киіммен қамтамасыз ету, оларды оқытып, тәрбие беру, үй-жай ету секілді сансыз көп міндеткерлік тұр. Исламдағы ең ізгі қарым-қатынастардың бірі ретінде әйелдермен қатынас тар көр сетіледі. Мұхаммед пайғамбардың: «Әйел деріңмен жақсы мәміледе болың дар. Сендердің ең жақсыларың – әйелдеріңмен жақсы мәміледе болғандарың», «Тіпті қолынан ине ұстау келмейтін болса да әйелдеріңізден ажыраспаңыздар» деген хадистері бар. Дегенмен, исламда отбасы жауапкерші лігі әйелдер мен ерлерге ортақ болып табылады. «Бәрің де жауапкерсіңдер және
жауапкершіліктегі нәрселеріңнен сұраласыңдар. Патша қол астындағылар үшін жауапты және солар үшін сұралады. Ер адам үй-ішіне жауапты, солар үшін сұрала ды. Әйел ерінің шаңырағына жауапты, сол үшін сұралады. Қызметші қожайынның мал-мүлкіне жауапты, сол үшін сұрала ды» деген хадистен осыны аңғаруға болады. Айтылғандардың негізінде әйел затына қатысты әлемдік діндердегі көзқарастардың қазіргі түсініктегі «теңсіздік» ұғымымен үйлеспейтінін тұжырымдауға болады. А.Әбдірәсілқызы 8. Діни әдебиеттерде «рух» және «рухтар әлемі» туралы айтылып жатады. Осы мәселені алай тсінуге болады? Задында, дініміздің түп-негіздерінде рух туралы мәлімет өте жұтаң. Оны жаббар Хақ та Құран Кәрімде: «(Мұхаммед с.а.у.) олар сенен (рух) жан туралы сұрай ды: «Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілген» деп ескерткен. Десек те, Ұлы Жаратушы әрбір пендесін мына бейдауа сынақ әлемінде сауапты көбірек жинауы үшін рухына жақсы сипаттар берген. Біз Хақ тағала берген сол жақсы сипатымызды танып, сол сипатымызбен амал етсек, шырғалаңнан аман-есен шығып, ұшпаққа көтеріле алмақпыз. Ол үшін әлбетте алдымен рухымызда қандай илаһи игілік бар, соны айқындап алуымыз шарт. Анығында, рухты тану – «әл-мисақ» келісімін (Алла мен рух арасындағы) есімізге түсіруіміз үшін керек. Ал, «әл-мисақ» дегеніміз не? Бұл хақында қасиетті ҚұранКәрімде: «(Мұхаммед с.а.у.) сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нә сілдерін алды да өздеріне куә етіп: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» (дегенде), олар: «Әрине, куәміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер» деп баяндалған. Яғни, ана мыздың құрсағында пайда болмай тұрғанда, яғни, рухымызға пішін берілмей тұрған шақта, Ұлы Жаратушы рухқа сынақ әлемінің алғышарттарын түсіндіріп, рухтың әлеуетіне қарай қандай кедергілерге тап болатынын, тығырықтан қалай жол табу керектігін жан-жақты ұғындырған. Осы ойында жеңіске жетсе, теңдессіз ләззатқа бөлейтінін ал-
дын ала сүйіншілеген. Рухымыз да бұл фәнидің сынағы мүмкіндігімізге қа рай берілгендіктен, пендеуи әлемнің шарттарын нық сеніммен қабыл алған. Осы келісімді қазақ «әлімсақ» деп атайды. Әйткенмен, анамыздың жатырынан шыр етіп дүниеге келгенде, тіпті ес біліп, етек жиған шағымызда да рухтар әлеміндегі «әл-мисақ» – анттасқан уағдаластық тарс есімізден шығып кетеді. Естен шықты деген сөз – әу бастағы адамдық міндетімізді атқарудан қалыс қалдық деген сөз. Анығында, адасу осы жерден басталады. Ал «әлімсақты» еске түсіру үшін рухымызды тануға терең үңілуіміз шарт-ақ. Әсілі, Алла тағаланың «әл-мисақты» ұмыттырып жіберуінің себебі, ол келісімді біздің ақылымыз бен ар-ұжданымызға сейфтеп тастаған. Бұл құпияны ашу үшін уаһи мен нұрлы ақылды код ретінде пайдалануымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, руханиятты гностицизм тұрғысынан түсіндіретін Матуриди ақидасының методологиясы – адамзат үшін аса маңызды құрал. Яғни, рухымызға үңілу арқылы біз әу бастағы Жаббар Хақпен анттасқан құлдық келісімді есімізге түсіреміз һәм фәни-шырғалаң нан алып шығатын рухымыздағы ізгі сипат ты тани аламыз. Ал, есімізге түсіріп, Тәңір тарту еткен жақсы сипатымызбен амал етуге ұмтылсақ, бұйыртса, Құдай-тағаланың уәде еткен теңдессіз жарылқауына ие бола алмақпыз. М.Исахан 9. 0аза жерінде таралан исламны
$ ы ты т$рыдан өз ерекшеліктері бар делінеді. Б$л ерекшеліктер неден танылады? Бұл жерде ең басты ескеруге тиіс басты мәселе сонда – ислам қағидаларының сенімге (ақидаға) қатысты тұстары өз гермейді (пайымдау ерекшеліктері – бө лек мәселе). Ал тұрмыс-тіршілікті, қа рымқатынасты реттейтін құқықтық нормаларға (фикһқа) қатысты бөлігінде уа_ қытқа, мекенге (ортаға) сәйкес өзгерістер орын алуы мүмкін. Осындай өзгерістер ислам тарихында бірнеше мазхабтың қалыптасуына негіз болды. Бүгінде әлем мұсылмандарының басым бөлігі ұстанатын, Қазақстан мұсылмандары үшін де дәстүрлі болып табылатын ханафи мазхабының
іргесін қалаған имам Ағзам Әбу Ханифа ілімінде ислам дінін қабылдаған жергілікті халықтардың салт-дәстүріне баса мән берілді. Ханафи мазхабында әдет-ғұрыптар исламдағы пәтуа шығарудың, яғни бел гілі бір мәселеге қатысты діни үкім берудің бір негізі ретінде саналады. Демек, жергілік ті халықтың дәстүріне тән қандай да бір әдет немесе ғұрып ислам шариғатына қайшы келмесе, оны қолдануға, сол бойынша ісәрекет етуге ешбір шектеу қойылмайды. Құран үкімдерінде, хадистерде, ислам ғұламаларының пәтуасында қарас тырылмаған қандай да бір жағдайға қатысты жергілікті халықтың әдет-ғұрпы арқылы шешім берілген болса, сол әдет пәтуа ретінде қабылданады. Ханафи мазхабы бойынша, сонымен қа тар исламға дейінгі шариғаттар да пәтуа шығарудың негізі бола алады. Бұл жағдайда да белгілі бір халықтың исламға дейінгі ұстанған сеніміне сәйкес қалыптасқан дәстүрлер мен іс-әрекеттердің ислам шариғатына қайшы келмеуі басты өлшем болып саналған. Осының барлығы Әбу Ханифа негізін салған мазхабтың икем ділігін, жергілікті жағдайларға бейімделгіштігін, дәстүрдің озығы мен тозы ғын ажырата отырып, ақыл-парасатқа негіз делгендігін аңғартады. Осы мазхабты ұстан ған қазақ халқының бүкіл әдет-ғұрып, салтдәстүрлері ислам қағидаларымен үйлесіп, кірігіп кетті. Халқымыздың дәстүрлі құқығы болып табылатын әдет-ғұрып заңдары өз бас тауын сонау ерте кездегі тайпалық дәуірлерден алатыны белгілі. Мемлекет басқару жүйесінен бастап, азаматтық қа рым-қатынастарға дейін толығымен дерлік әдет заңдарымен реттелді. Ғасырлар бойы ауызша қолданыста болған заңдардың бертінде жазбаша нұсқалары да қалыптасты. Көк Түріктердің «Төре бітігі», Шыңғыс ханның «Ясасы», Өзбек хан мен Едіге бидің «Низам» жүйесі, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің «Жеті жарғысы» заманалар бойы қолданылған әдет заңдарын жүйелеп, жаңғыртып, ішінара өзгертіп жеткізіп отырған құқықтық құжат тар болды. Жергілікті жағдайларға, басқа ру жүйесі мен құқықтық қатынастарға сәй кес туындаған әдет заңдарына ислам шари ғаты күрт өзгеріс әкеле қойған жоқ. Керісін ше, әдет заңдары ислам дінімен қатар даму барысында мазмұндық жағынан бірте-бірте бейімделуге ұшырады деуге болады. Ал ислам арқылы түбегейлі өзгерістер ен-
гізілген тұстар негізінен ғұрыптық жер леу рәсімдері секілді нақты діни сипатқа ие жораларға қатысты орын алды. Ислам діні мен қазақ дәстүрлерінің ғасырлар бойғы астасу үдерісінің нәтижесінде шариғат пен әдеттің қатар өмір сүру формалары қалыптасты. Қазақ жерінде Ресей отарлық саясаты нәтижесінде құрылған сайлау жүйесі мен кеңестік ке_ зеңдегі заң билігі дәстүрлі әдет-ғұрып институттарының күшін жоюдың негізгі сатылары болды. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында ресми дін өкілдерінің өз қызме тін жүзеге асыруына мүмкіндік беруге мәжбүр болған кеңестік билік органдары сонымен бір мезгілде шариғат пен әдет үндестігіне балта шабудың барлық шараларын қарастырып отырды. Осы мақсатта ресми дін өкілдері атынан әдетке бейімделген тариқаттарға қарсы үкім шығарғызылды. Шариғатты әдетке қарсы қою – дінді өмір сүру формасынан айыру, дінді өлтіру арқылы ұлтты өлтіру әрекетінің бастауы еді. Кезінде бірқатар ориенталистік зерттеулер де осы мақсатқа бағытталды. Өкінішке қарай, әлі де сол арандатушы саясаттың, негізсіз пікірлердің әсері жойылған жоқ. Осыны ескере отырып, рухани тарихты зерделеуде осындай ақтаңдақтар қайта қаралып, өскелең буынға орнықты бағыт берілгені жөн болмақ. А.Әбдірәсілқызы 10. Исламда рационалистік ойлау «бид- ат» санала ма? Фик! кітаптарында
ияс жасауа р$ сат берілген дейді. 0ияс деген не? Оны шариаттаы орны
андай? Құран мен Сүннетті негізге ала оты рып, қоғамдық қатынасты реттеуге ақыл мен үкім беруді факиһтер «қияс» деп атайды. «Қиястың» сөздік мағынасы «теңестіру», «ұқсастыру» мағынасына келеді. Ал терминдік мағынасы – «насстағы» (Құран мен Сүннет) үкімдермен туындаған мәселенің ұқсастығына қарай үкім беру. «Қияспен» үкім берудің мынадай төрт шарты бар: «негіз», «қосымша», «иллат», «үкім». «Негіз» деп Құран мен Сүннетте берілген үкімді айтамыз. Айталық; насс үкімі бойынша арақ ішу харам, ал коньякті ішу немесе ішпеу жөнінде насста нақты үкім жоқ. Енді коньякті ішуге бола ма, болмай
ма деген мәселеге қияс үкімін беретін бол сақ, ол төмендегідей. Бұл мәселеде «негіз» арақ саналады. «Иллат» – екеуінің арасын дағы ұқсастық, яғни арақ пен коньякта спирт тік қосындының болуы. Ал, «қосымшасы» – коньяк болса, қиястың «үкі мі» – факиһтің «коньякті ішуге болмайды» деген пәтуа сы немесе коньякті ішкен ге тағайындалар жаза мөлшері болып табылады. Мұхаммед с.а.у. жан тәсілім еткеннен кейін құқықтық үкім берудің қалыптасқан екі мектебінің бірі «Рай» мектебі осы «қияспен» үкім беруді қолға алған болатын. Кейін қияспен үкім беруді Имам Ағзам мектебінің өкілдері мейлінше дамытты. Қияспен үкім беруде ақыл қолданғандықтан, бұл әдіс Исламдағы ғылымның да өркендеуіне үлкен әсер етті. Имам Ағзамнан өзге мазхаб имамдары да қияс жасауды құптаған. Мысалы, Имам Маликидің де үкім беруде қолданған әдістерінің бірі қияс болатын. Қияс деп оның пікірінше туындаған мәселенің өзін дік ерекшелікке ие табиғатын ескере отырып, насспен байланыстыруды (иллат) айтамыз. Имам Шафиғи де үкім беруде қиясты қолданды. Оның пікірінше, қияс деп туындап отырған мәселеге қатысты насста нақты шешім болмай, бірақ, осы жағ дайға ұқсас насстағы үкім туындаған жағдаймен байланыстырып, шешім шы_ ғаруды айтамыз. Имам Шафиғидің қияс жөніндегі көзқарасын былайша жіктеуге болады: А) Оның пікірінше шариғаттың үкімдерінде негізінен жалпылық басым. Ал, жалпы үкімдер әрбір жалқы мәселеге шешім бола алмайды. Сондықтан, адамдар тап болатын түрлі жағдайлардың өзіне тән жеке шешімдері болуы тиіс. Имам Шафиғи «ар-Рисала» атты еңбегінде: «Егер туындаған мәселеге наастан шешім тап паған жағдайда, оның шешімін қияспен беру керек. Ал, қияс насстағы ұқсас үкімнің негізінде жасалады. Бұл ше шім насстың дәл өзі болмағандықтан, «ижтиһад» (факиһтің жеке шешімі) болып табылады» дейді. Бірақ, Имам Шафиғи қиясты насстан бөліп жарып қарамайды. Қияс нассқа сүйенгендіктен, ол тек насстың түсіндірмесі ғана деп түсінеді. ә) Имам Шафиғидің пікірінше, қияс үкімі дау тудырмас үшін оның захир (сыртқы) және батын (ішкі мәні) себептері ескерілуі қа жет. Яғни, екі себебін де қамтыған қиясты еш кім теріске шығара алмайды. Дегенмен, кей бір жағдайларда мәселенің батыны белгі сіз болып қалуы мүмкін. Мұндай
жағдай да сыртқы себебі негізге алынады. Мыса лы, бір еркек бір қызға үйленді делік. Үйленіп болғаннан кейін барып, әйелінің өзімен бір емшек емгенін білді. Осы кезде олар күнәһар саналмайды. Тек, мәселеге көз жеткізгенде дереу ажырасады. Осындай жағ дайда факиһ талақтың сыртқы және ішкі себебіне екі түрлі пәтуа шығарады. Яғни, сыртқы себебіне қарай балаларды бөлісу, иддат уақыты, маһир ақысын тө леу ге міндетті, ал ішкі себебіне қарай мұра бермейді. Имам Шафиғидің пікірінше, ижтиһад жа сауға Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі үкім берген. Оның көзқарасынша, алды мен ижтиһад жасауға қажетті жағдай туындауы шарт. Туындаған жағдайға қарай фа киһ ижтиһад айтады. Ол ижтиһад жасауға мынадай логикалық дәлел айтады: «Бір адам құлды сатуға базарға апарғанда, сатып алушыға құлдың бағасын өзің шы ғар демейтіні белгілі. Яғни, сатушы құл дың бағасын өзі шығарады. Сатушының жеке шығарған бағасы ижтиһад болып табы лады. Бірақ сатушы құлдың бағасын шыға рар да жалпы нарықтағы бағаны негізге ала ды. Бұл жерде сатушының шығарған шешімі не әсер еткен нарықтағы баға наастың рө лін атқарады. Яғни, ижтиһад жасаушы белгі лі бір қалыптасқан заңдылыққа сүйеніп отыр. Ол қалыптасқан заңдылық Құран мен сүннет болып табылады. Сондықтан факиһтің шешімі нассты терістемейді, ке рісінше, насстың құндылығын арттыра түседі. Ханбали мазхабы бойынша да қияс түсінігін дәстүрлі ұғымға сай деп айтуға болады. Яғни, бір мәселе бойынша насстан үкім таппаған жағдайда, осыған ұқсас насс үкімін негізге ала отырып, онымен байланыстырып шешім шығаруды ханба лилер қияс дейді. Имам Ахмад Ханбал жөніндегі бір риуаятқа қарағанда, ол «Қиястан бас тарта алмаймыз. Сахабалар да қиясты қолданған» деген болатын. Имам Ахмад Ханбалдың қиясты қолдауына байланысты одан кейінгі ханбали мазхабының өкілдері де қиясқа ерекше көңіл бөлген. Ханбали мазхабының қияс үкімінің ханафи мазхабының қияс үкімінен едәуір айырмашылығы болды. Мысалы, «салам» келісім-шартын ханафи өкіл дері қиясқа жатқызбаған. Яғни, қа_ рыз алған адамның қарызын басқа бір адамдағы қарызы арқылы өтеуін ханафи өкілдері қияс үкімінен тыс десе, ал ханба ли өкілдері «салам» келісімін қиясқа сай деп біледі. Ханафи өкілдерінің пікірінше, бұл шешім дұрыс емес. Ал, ханбали өкілдері нің
пікірінше, біреудің ақысын өтеу маңызды болғандықтан, қарызды осылайша өтеуге де болады. М.Исахан 11. Намаз о ымаан адамды кәпір деу д$рыс па? Сұраққа жауап беру үшін алдымен ислам діні бойынша «кәпір» дегеннің кім екенін анықтап алуымыз қажет. Қазақ тілінде қолданылып жүрген «кәпір» сөзі араб тілінен енген. Діндегі мағынасы иман негіздерін, яғни Алла тағаланың бар екенін, Оның періштелерін, түсірген кітаптарын, жіберген пайғамбарларын, жазған тағдырын терістеген, ақырет күнінің болатынына сенбеген кісіні «кәпір» дейді. Сондай-ақ ислам дініндегі парыз амалдарды да терістеген адам діннен шық қан, яғни күпірлікке түскен болып есептеледі. Мысалы, намаз – шариғат бойынша парыз амал. Оның парыз екені Құран аяттарында, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеттерінде айтылған және мұсылман ғұламалары бірауыздан мойындаған. Яғни оның парыз екеніне ешкімнің таласы жоқ. Міне, осындай амалды біреу теріске шығарса немесе «намаз деген дұрыс емес» деген секілді сөздермен мойындамаса, онда күпірлік еткен болып саналады. Негізі намаз оқымаған адамды «кәпір» деп санау, іс-амалды (ғибадатты орындау) иманнан деп санаудан туған түсінік. Ханафи мәзһабында иман дегеніміз «тілмен айтып, жүрекпен бекітуден» тұрады. «әл-Фиқһул-акбарда» және басқа да еңбектерде келтірілген деректерге орай, Әбу Ханифаның қөзқарасында «Иман тілмен айтып, жүрекпен бекіту ден тұрады» («Фиқһул-акбар», Хайдарабад, 10-б.). Осыған байланысты «әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында: «Иман амалдан бөлек болғандықтан, артып-кемімейді» деген. Анығында, Әбу Ханифа амалды иманның талабы ретінде емес, оны иманнан бөлек қарастырғаны белгілі. Әбу Ханифа бойынша амал иманнан кейін келеді. Адам намаз оқып, ораза ұстағандығы үшін Аллаға және пайғамбарына иланбайды, қайта Аллаға және пайғамбарына сенгендіктен құлшылық етеді. Құранда да («Мәида», сүресі, 9-аят; «Мүминун» сү-
ресі, 40-аят) алдымен иман ету, содан кейін барып амал ету мәселесінің айтылуы да амалдың иманнан бөлек екендігін көрсетеді. Хайыз бен нифас жағдайларында әйелдердің кейбір парыздардан босатылуы да осы мәселеге дәлел. Өйткені, мұндай күйдегі әйелдер құлшылық жасамаға нына қарамастан, мұсылман болып қала береді. Әбу Ханифа бойынша күнә істеу мүмин ді иманнан ажыратпайды. Өйткені, Құранда зина жасап, кісі өлтіргенді имансыз демеген, бір түйір жақсылық жасаушыға да сауабы берілетіндігі білдірілген. Хазірет Али де өзіне қарсы соғысқан Шамдықтардың мүмин екендігін айтқан. Егер күнә жасау адамды діннен шығаратын болса, ширктен кейінгі күнәнің ең үлкені – кісі өлтірушіні хазіреті Али кәпір деп атаған болар еді. Бұл бір жағы сахабалардың да осы мәселеге деген көзқарасын ұқтыруда (Әбулхайр, «Ақидатул-Ислам уәл-имам әлМатуриди», 190-б.). Олай болса, күнәкар адам да мүмин ретінде қабылдануы тиіс, ал күнәсіне ақыретте жауап беру мәселесі – Аллаһ тағаланың еркіндегі іс. Қаласа, жазалайды, қаласа, кешіреді (Әбу Ханифа, «әл-Алим уәл-мутааллим», 18-б. Матуриди, «Китабут-таухид», 615-616-б.). Парыздарды орындамаған адам күнә жасаған болып есептеледі. Сондықтан, намаз оқымаған адам діннен шықпайды, яғни кәпір болмайды. Бірақ, парызды орындамағандықтан, күнәһар мұсылман болып саналады. Ал мұсылманды «кәпір» деу – ауыр күнә әрі мұсылмандардың арасына жік салатын, түбінде тәкфір шілдікке, оның соңы лаңкестікке апаратын қатерлі түсінік. Өкінішке қарай, қазір кейбір жастарымыз білместікпен «намаз оқымаған адам – кәпір» деп тілінде кәлимасы бар, өзін мұсылман санайтын ата-аналарына қарсы шығып, лаңкес топтарға қосылып кетіп жатыр. Бұл дінде шектен шығушылық әрі астамшылық болып табылады. А.Әділбаев 12. «Онлайн-неке» дегенді естудеміз. Интернет ар ылы неке иятындар шы- ыпты дейді бір таныстарымыз. Осы нау жауапты нәрсеге осылай оай-а бай лам жасауа бола ма? Отбасын құрып, ұрпақ көбейту – Ислам дінінде қасиетті де ардақты іс. Пай-
ғамбарымыз (с.а.у.): «Үйленіңдер және көбейіңдер! Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын», – деп, үйленудің қаншалықты маңызды екенін ұғындырды. Сондықтан да, осы өсиетті орындаудың жолы – неке қию. Бірақ некені жасырын жүзеге асыруға болмайды. «Онлайн неке» дегеніңіз де сол жасырын некенің үкімін алады! Себебі, екеуінің жанындағылар оларды естімеуі, көрмеуі мүмкін. Осы себепті, куәліктері де жарамсыз. Ал, атаанасының рұқсаты жөнінде айтудың өзі ұят секілді. Себебі, қандай салихалы атаана балаларының некесін онлайн арқылы жүзеге асыруға рұқсат береді? Әсте рұқсат етпесі анық. «Некенің шарты бойынша екі куәгер болса, жеткілікті ғой» деу мүмкін, әрине. Алайда Имам Мұхаммад, Имам Шафиғи және Имам Мәлик (р.а.) бойынша, неке қиылу үшін қыз әкесінің рұқсаты керек. Қыз қамқоршысының (уәли) хаба рынсыз қиылған неке – мәуқуф. Яғни, оның құптауынсыз ерлі-зайыптылардың бір ге өмір сүруіне құқығы жоқ [У.Зухайли, «Уәжиз», 3/53 б.]. «Егер қыздың қамқоршысы некенің өзінің рұқсатынсыз қиы лып қойылғанын білсе, ол некені бұза да алады, құптай да алады» деген Имам Мұхаммед [«Мабсут», 5/10 б.]. Сонымен қатар, жасырын қиылған неке әлсіз, жауапкершілігі төмен болады. Ондай неке ерте ме, кеш пе үзілуге жақын тұрады. Ондай жағдайда қыздың ары босқа аяққа тапталып, ертеңгі күні шоқ басып, өмір бойы опық жеп қалуы мүмкін. Өйткені, тәжірибеге сүйенсек, осылай некелескен жігіттердің көбі өзінің жарын оңай талақ ете салуға даяр тұрады. Осындай келеңсіз нәтижелерді ойлағанда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Жария ету – үй болғандықтың белгісі» [Несаи, «Никах», 72] немесе «Шариғатқа теріс үйлену мен шариғатқа сай үйленудің ара жігін айыратын нәрсе – дабыл қағып, жария ету» [Тирмизи, «Никах», 6; Ибн Мә жаһ, «Никах», 1896] деген сөздерінің астарында үлкен мән-мағына жатқандығын ұғыну қиын емес. Себебі, той жасап, ағайынтуыстың басын қосып үйленген отбасы ның керегесі бекем, неке жібі берік болмақ. Елдің батасымен, дұға-тілегімен құрылған шаңырақтың отағасына да неке алдында көп жауапкершілік түседі. Осыны естен шығармау ләзім. Осы тұста, жалпы Исламдағы неке тақырыбының шарттары мен дұрыстығына тоқталып өтелік. Шариғат бойынша некенің басты шарт-
тарының бірі – екі ер кісі немесе бір ер және екі әйелдің куәгер болуы. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) бір хадисінде: «Неке тек қамқоршысы және екі мұсыл ман (ъадл) куәгердің көзінше дұрыс болады...» [Даруқутни, «Китабун Никах»], – делінген. Тағы бір хадисінде: «Куәгерсіз неке қиғандар олар – зинашылар» [Тирмизи, Китабун никах – №1103 хадис.], – дейді. Ал, «екі ер кісі немесе бір ер және екі әйел куәгердің болуы» дегенге дәлел келтірер болсақ, Құран Кәрімде былай делінген: «...Екі ер кісіні куәгер етіңдер. Егер еркек табылмаса, онда куәгер ретінде өздерің қалаған бip еркек, екi әйел де болады...» [«Бақара» сүресі, 282 аят]. Ханафи мәзһабы бойынша неке куәгерлерінің шарттары төмендегідей: 1. Куәгерлердің мұсылман болулары. Егер үйленетін қыз да, ұл да мұсылман болса, куәгерлер де мұсылман болулары шарт. Ал, егер қыз өзге діннен (христиан не яһуди) болса, куәгерлердің де осы дін нен болуларының ағаттығы жоқ [«Ихтияр», 3/42 бет]. 2. Ақыл-естері дұрыс болуы және балиғат (кәмелет) жастан асуы қажет. 3. Есту және түсіну қабілетіне куәгерлердің екеуі бірдей ие болулары керек. Бірі керең, екіншісі еститін болса да бұлардың куәліктері жарамсыз. Сондай-ақ, куәгерлер неке қиюшы екі жастың сөздерін естіп, олардың сөздерін тү сінетін кісілер болулары керек. Өйт кені, сөздерін естімесе немесе түсінбесе куәгерлік етудің пайдасы шамалы. Есту және түсіну қабілеті бар мылқау лардың да куәгерлігі некеге жарамды [«Жәуһәратун нира», 655 бет]. Егер үйленетін екі жас мылқау болса, неке куәгерлері мылқаулардың тілін түсінетін болулары ләзім. 4. Екі жастың үйленуге деген келі сімдерін куәгерлердің екеуі де естіген болуы керек. Жігіттің келісімін естіп, қыздың келісімін естімей қалса немесе куәгер дің бірі естіп, екіншісі естімей қалса, еткен куәгерліктері жарамсыз [«Жәуһәратун нира», 655 бет]. 5. Неке куәгерінің намаз оқып, ораза ұстайтын жан болуы шарт емес. Елімізде Аллаға сеніп, Мұхаммедті (с.а.у.) пайғамбар деп білетін, бірақ намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын қандастарымыз бар. Ондайлардың куәгерлігі жарамды [«Их тияр», 3/41 бет]. Себебі Ханафи мәзһабы бойынша мұсылман, бірақ намаз оқу, ораза ұстау сияқты дін бұйрықтарын орындамаға-
ны үшін күнәһар саналатын жанның да куәліктері некеге жарамды. Е.Оңғаров 13. Оразаны Рамазан айыны басында, ортасында, соында ш кннен $стауа бола ма? Рамазан оразасы жайында Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Әй мү міндер! Сендерге бұрынғыларға парыз бол ғандай, ораза парыз қылынды. Әрине сақ сынарсыңдар» деп әмір етілген. Со нымен қатар, хадисте: «Ислам бес негізге құрылған: Алладан басқа құдай жоқ және Мұхаммед Алланың елшісі деп куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажылық ету және рамазанда ораза тұту» [Бұхари, Муслим] деп айтылған. Рамазан оразасы Алла тағаланың әмірі және ислам дінінің негізгі бес парызы ның бірі. Сондықтан рамазан оразасын балиғат жасына жеткен, денсаулығы көтере тін әрбір мұсылман толығымен тұтуы парыз. Рамазан айындағы парыз оразадан бөлек, кәффарат және нәзір оразаларын тұту міндет болып саналады. Ораза шариғи үкіміне орай: парыз және нәпіл [сүннет ораза да осыған кіреді. Сүннет амалды орындаушы сауап табады, орын дамаушыға ешбір сөкеттік жоқ] болып екіге бөлінеді. Нәпіл оразаға келсек олар төмендегідей: 1. Шәууал айының 6 күндік оразасы. Әбу Аюб әл-Ансари (р.а.): «Кімде-кім рама зан оразасынан кейін шәууалдың алты күнін тұтса, ол бір жыл ораза тұтқандай сауап алады» [Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Мажаһ]. 2. Зул-хижжа айының 10 күн оразасы. Және қажылық сапарына шықпаған адамдардың арафат күні ораза тұтуы. 3. Шағбан айының басым бөлік күндерін оразамен өткізу. Айша (р.а.) анамыз: «Алла елшісі (с.а.у.) рамазан айынан басқа ешбір айды толық етіп, ораза тұтқанын көрге нім жоқ. Алайда, шағбан айындағыдай, басқа айларда көп ораза тұтқанын көрмедім» [Бұ хари, Муслим] деген. 4. Құрметті айлар: зул-қағда, зул-хижжа, мухаррам және ережеп оразалары. 5. Апта ішіндегі дүйсенбі және бейсенбі күндер оразасы. Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбар (с.а.у.) ең көп дүйсенбі және бей-
сен бі күндері ораза тұтушы еді...» [Ахмед] дейді. 6. Ай ішінде 3 күн ораза тұту. Ай туғаннан бастап санағанда айдың 13, 14 және 15-күндері ораза тұту. Бұл жөнінде Әбу Зәрр әл-Ғифари (р.а.): «Алла елшісі (с.а.у.) бізге әр айдың 3 күнінде: 13,14, және 15жұлдызында ораза тұтуға бұйырған еді. Бұл бір жыл ораза сияқты» дейді. 7. Кезекпен бір күн ораза тұтып, бір күн ауыз ашып жүру. Абдулла бин Омар (р.а.): «Алла тағала үшін ең ұнамды ораза Дәуд (а.с.) оразасы. Ол бір күн ауыз бекітіп, бір күн ауыз ашатын» [Бұхари] дейді. Нәпіл оразаны жылдың кез келген мезгілінде тұтуға рұқсат етіледі. Дегенмен, нәпіл ораза тұтуға болмайтын жағдайлар бар, олар: 1. Үлкен және кіші айт күндері, ташқир күндері. 2. Тек жұма немесе тек сенбі күні ғана ораза ұстау. 3. Шәк күні (ертеңгі күн рамазан айы ның басы екендігінде шәк болған жағдайда) тұту. 4. Жыл он екі ай үздіксіз ораза ұстап жүру. 5. Әйелге күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза тұту. 6. Кешке ауыз ашпай, екінші күн ора_ засын жалғастырып тұту. Қорыта айтқанда, рамазан оразасы парыз болғандықтан, ол толық тұтылады. Ал нәпіл ораза ретінде рамазан айынан басқа уақытта айдың басы, ортасы және соңын да үш күн етіп тұтуға болады. Б.Бейсенбаев 14. Неге м$сылмандар діни сеніміне байланысты вакцинадан бас тартуда? Оны андай негізі бар? Бұл сұрақты басқаша қойған жөн сияқты. Өйткені, екпе жасатудан бас тартып жатқан тек мұсылмандар емес. Өкінішке қарай, кейбір жекелеген адам дардан байқалған кемшіліктерден қате қорытынды жасап, мұсылмандарға жала жабу қоғамда кең етек алған. Бұл сұрақ қа зіргі таңда Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқыға түсіп жатқан күрделі мәселелердің бірі екенін айта кетейін. Өйткені, бұрынғы кездері ақ параттық кеңістіктің шектеулігіне
бай ланысты ел көп нәрседен бейхабар болып жататын. Ал интернеттің дамуы арқылы адамдар баламалы ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Сондай ақпараттардың ішінде екпеге (вакцинация) қатысты түрлі «аңыз» бен «ақиқат» мәліметтер кең тарап, елді сарсаңға салуда. Денсаулық сақтау қыз меткерлерінің басым көпшілігі, әрине, екпенің арқасында адамзаттың түрлі аурулардан арылғандығын алға тарта отырып, оның міндетті түрде жасалуы қажет екенін барынша кең насихаттауда. Ал екінші жақтан осы екпелердің салдарынан әлемде орын алып жатқан қайғылы уақиғалар ды алға тарта отырып, оның адамзат болашағына құрылған тұзақ екенін және нәтижесінің ауыр болатынын тілге тиек етіп, бұдан бас тартуға халықты үндеп жатқан мәліметтердің де көбейіп келе жатқаны байқалады. Жалпы, ислам дінінде вакцинаға қарсы тыйым салынған деген ешқандай үкім жоқ. Өйткені бұл мәселе Пайғамбарымыздың кезеңінде болған емес. Вакцинациялау дың қолданылу тарихы соңғы бір-екі ғасыр ға барып тіреледі. Кейбір дін маман дары осы мәселеге тікелей қатысы жоқ жанама діни мәтіндерді алға тарта отырып, екпе жасатуды міндетті десе, кейбіреулері өз дәйектерін алға тарта отырып, бұған қарсы шығуда. Біздіңше, бұл екі пікір де асығыс жасалған шешім. Бұл дін адамы пәтуа беретін қарапайым мәселе емес. Мұндай күрделі мәселені құрамына дін ғалымдары да кіретін арнайы мамандандырылған топ ұзақ және кең көлемді зерттеу нәтижесінде шешіп, соның негізінде пәтуа шығарылуы қажет. Ал мұсылман елдерінде екпенің харам екендігіне қатысты қазірше еш қандай пәтуа жоқ. Сондықтан да екпеге қарсы шығудың астарында жатқан себеп дінге емес, жеке адамға қатысты, ол қа зір гі таңда таратылып жатқан бір-біріне қара мақай шы пікірлердің көптігінде болып отыр. А.Әділбаев 15. Адам өмірден өтпей т$рып, алдын ала жер белгілеп жатады. Ол д$рыс па? Ханафи мазһабында мұсылман кісіге қай тыс болмай тұрып, өзі үшін жер дайындап қоюға рұқсат бар. Әсіресе, тұрғылық-
ты жерде қабірстанға арналған жер мәселесінде қиындық болса, алдын ала жер сатып алып дайындап қоюға әбден болады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірқатар хадистерінде өлімге алдын ала дайындалу қажет екенін айтқан. Имам Нәуәуий өлім ге дайындалуды күнәдан барынша сақта нып, әрдайым өлімді еске алу арқылы жасау керек деп түсіндіреді. Енді осы сұраққа жанама алдын ала қабір қаздырып қою мәселесінде түрлі пікірлер бар. Ханафи ғалымдарынан Хаскафи «Ешбір жан ертең не істейтінін және қай жерде жан тапсыратынын біле алмайды» («Лұқман» сүресі, 34-аят) деген аятқа сүйене отырып, адам өзі қай жерде қайтыс болатынын білмегендіктен, өзі үшін қабір қазып қоюы мәкруһ деген. Соны мен қатар, қабір қаздырып қоюға рұқсат деген ғалымдар да жеткілікті. «Татархания» деген кітапта «бесінші халифа» деген құрметке лайық көрілген Омар ибн Абдулазиз, Рабиғ ибн Хайтами т.б. секілді танымал адамдардың қайтыс болмастан бұрын, өздері үшін қабір қаздырып қойғандығы келтірілген. Негізінде оның астарында «өлместен бұрын өліңдер», яғни өлімге дайын болыңдар деген түсінік жатқаны анық. Қорытындылай келе, ханафи ғалым дары өзі үшін қабір қаздырып қоюдың ешқандай сөкеттігі жоқ екенін, тіпті өлімге дайындық қамында жасағандықтан, сауап алатынын айтқан. Алайда, көзі тірісінде өзі үшін қабір қаздырып қойған адам, өзі басқа жерде қайтыс болған жағдайда басқа мұсылман үшін ол жерді беруге қарсы еместігіне қатысты өсиет жазып қалдыруы тиіс. Осы мәселеде Хазіреті Әбу Бәкірдің: «Өзіңе қабір қазып дайындағанша, өзің ді қабірге дайында» деген сөзі ғибрат алар лық. Демек адам баласы жерленетін жерін емес, сол жерге қандай істермен баратынын, қабір сұрағына қалай жауап беретінін ойлап, «Өлместен бұрын өз-өздеріңді сұраққа тартыңдар» дегендей ақыретке дайындалып, ізгі істер жасағаны жөн. Алау Әділбаев 16. Әжелеріміз көзі тірісінде су ретке тсіре ояйын десе, әзірейіл көргендей шошынатын. Ескіні көзін көрген арияларымыз неге олай етті? Шы-
нымен-а шариат бойынша сурет ке тсуге болмай ма? Мұндай әрекеттердің астарында алдыңғы ғасырларда кең тараған діни көзқарастар жатыр. Өйткені бұрынғы кездері суретке түсіретін фотоаппарат жоқ кезде адамдар көбіне суретті өз қолдарымен салып, бейнелейтін. Ал бұл мәселеге мұсыл ман ғалымдарының көзқарасы соңғы кезге дейін қатаң болған. Соңғы ғасырдағы техника мен технологиядағы жаңалықтар көп теген мәселелерді қайта қарауды қажет етті. Енді осы сұрағыңыздың туын дау негіздеріне тоқталайық. Бір-біріне ұқсас әрекеттер – сурет салу мен ескерткіш тің жасалуының тыйым салынуына қатысты Пайғамбарымыздан келіп жеткен бірнеше хадистер бар. Мысалы: «Ескерткіштер бар үйге періштелер кірмейді» (Бұхари, «Бәдул-халқ», 7, Муслим, «Либас», 87), «Қиямет күні ең ауыр азапқа душар болатындардың бірі – осы суретті (бейнені) жасаушылар» (Бұхари, «Әдәб», 75) «Қане, жаратқандарыңа жан бітіріңдер» (Бұхари, Муслим), т.б.. Ислам ғалымдары ескерткіш жасауға тыйым салудың негізгі астарында сол кезде кең тараған пұтқа табынушылықтың алдын алу, ескерткіш жасаушының Хақ тағаланың жаратушылық сипатына таласуы, ұятсыз нәрселерді бейнелеуі және пайдасыз нәрселер үшін қаражат пен уақытты ысырап ету секілді себептердің жат қанын атап көрсетеді. Ал ескерткіш бейнесінде емес, қағаз, мата дуал секілді нәрселерде бейнеленген суреттерге қатысты келтірілген хадистер олардың толықтай харам немесе харам екендігін білдірмейді. Бұл хадистерді тек сөз бесөз емес, түпкі себебін назарға ала отырып түсінген ғалымдар суреттің мәні, суретті қолданушының мақсаты мен же ріне қатысты пайымдай отырып, әр түр лі пәтуа шығарған. Мысалы, қасиетті саналып, табыну мақсатында салынған және тәңірлік телінген, ислам шариғатына қайшы жалаңаш бейнелі суреттерді салу – харам. Ал жансыз заттарды бейнелеуге қатысты ешқандай тыйым жоқ. Жаны бар нәрселердің пәтуасы мақсатына қарай өзгереді. Жалпы, сурет салуға қатысты хадистердің бәрін бір тұтастық шеңберінде саралап, түпкі мақсатына үңілгенде Пайғамбарымыздың алғашқы кездері адамдардың көңіліне таухид рухын мықтап ор нықтырғанға дейін қатаң талаптар қойғаны, ал кейінгі кезеңдерде қауіпті деп
саналмаған жерлерде рұқсат бергендігі байқалады. Фотоаппаратпен түсірілген суретті соңғы ғасырдағы Мысыр ғалымдарынан Мухаммед Бахит әл-Мутғи өзінің «Фотогра фияның рұқсат етілгендігіне қатысты жет кілікті жауап» деген бір еңбегінде фото ап парат пен камера арқылы түсірілген су реттің шариғатқа қайшы емес екенін дәлелдеуге тырысқан. Ол «Суретке түсіруді жаратушылыққа ұқсатуға келмейді. Хадистегі «Менің жаратқанымдай жаратсын» деген сөз фотографияны қамтымайды. Өйткені фотография (сурет) адамның кө леңкесін бейнелейді. Мұның атын қойған адам өте дұрыс қойған. Оның мәні – (бей ненің айнада) шағылуы, ал фотограф – бейнені шағылтушы. Бұлай аталуының себебі айна секілді бейнені шағылдыруына байланысты. Бұл – ескерткіш жасаушы мен сурет салушының істерінен бө лек. Сондықтан харамдық шеңберіне кір мей ді», – деген екен. Шейх Бахиттың осы көзқа расын кейінгі ғалымдардың көбі қолдаған. Қорытындылай айтқанда, ша риғат бойынша жоғарыда келтірілген се бептер (табынушылық, жалаңаштық) жоқ болса, суретке түсуге рұқсат. А. Әділбаев 17. 0азіргі тада «халал су» деген пайда болды, ол аншалы ты д$рыс сөз? Сол «халал судан» ішпегендерді барлыы харам су ішіп жр ме? Тәңір тағаланың тіршіліктегі ең маңызды нығметтерінің бірі – су екендігі әмбеге аян. Су Алла тағаланың адамзат баласына тарту еткен ортақ ризық-несібесі саналады. Бұл жөнінде Хақ Елшісі өз хадис-шарифтерінің бірінде: «Су, шөп, отты пайдалануға тыйым салынбайды» (Ибн Мажа, Рухун: 16) деп бұйырған. Осы себептен шариғатымызда теңіз, көл, өзендер жекеменшік пайдалануға жатпайды. Тіпті, мұсылман құқығында қажетті жағдайда (суға деген зәрулік жағдай) артық ауыз судың өзін сатуға рұқсат бермейді. Бұл хақында Алла Елшісі: «Сапарда сусап келе жатқан жолаушыға өзінен артылған суды бермеген жанға ақырет күні Алла назарын салмайды» дейді. Яғни, халқымыздың «су – тіршілік көзі» деген нақылы дін негіздерінен алынған деп толық айта аламыз.
«Халал су» мәселесіне келетін болсақ, судың табиғаты әу бастан-ақ мөп-мөлдір, тұнық-таза болып жаратылған. Бұл турасында Пайғамбарлар падишасы (с.а.у): «Су – таза болып жаратылған. Судың түсін, дәмін, иісін өзгертпейінше, оны еш кім кірлете алмайды» деп ескерткен. Дегенмен, «тазалық имандылықтың жартысы» деген қағиданы негізге алсақ, жұмыр басты пенденің тек ластанбаған, таза суды пайдаланғаны абзал. Себебі, Алла Елшісі (с.а.у) «Ағынды емес, тұрып қалған суды ішпек түгілі, дәрет алуға болмайды» (Мүсілім, «Таһара», 36/94-96) деп бұйырған. Хақ Елшісінің (с.а.у) судың тазалығына мән бергені сон шалықты, күнделікті асқа тұтынуға Мәдинадан екі күндік жердегі Сукия деген жердің құдықтарынан шығатын тұщы суды алдырып, ішуге пайдаланған. Тіпті тазалық үшін су ыдысының аузын ашық қалдырмауды да (Ибн Мажа, «Ашриве», 19) ескерткен. Осы себептен арнайы ғылыми зерттеу орталықтары һәм тағамтану институты экологиялық зияны жоқ, керісінше адам ағзасына пайдалы деп таныған минералды және ауыз суды тұтынсақ құба-құп болмақ. Сонымен бірге жергілікті сани тарлық-эпидемиологиялық тексеру орталықтары мақұлдаған су көздерін де толық пайдалануымызға болады. Яғни, «халал су» маркасынан өзге суларды харам деп айтуға негіз жоқ. М.Исахан 18. Доыз терісінен тігілген киімдер ді, ая киімді киюге бола ма? Соңғы кездегі өндіріс саласында техно логияның дамуы кейбір мәселелерге жаңа ша қарауға итермелеуде. Ол да уақыт тала бы. Соған орай бұрынғы кездері доңыз терісі нің харам екендігіне қатысты берілген пәтуа қайтадан күн тәртібіне шығуда. Өйтке ні, қазіргі таңда доңыз тез көбейетіндіктен және терісі арзанға түсетіндіктен, кейбір елдерде оның терісінен сөмке, күртеше, аяқ киім т.б. секілді тұрмыстық заттар кең қолданысқа еніп отыр. Көп жағдайда арзан түсетіндіктен, халықтың көпшілігі ол заттарды тұтынуда. Көпшілігіміз оның доңыз терісінен жасалғандығын біле де бермейміз. Енді осы мәселеге қатысты ислам шариғатындағы пәтуаларға тоқталайық.
Доңыз – толықтай нәжіс, яғни харам екендігіне қатысты наас (Құран аяты мен хадис) келген жануарлардың бірі. Оның етінің желінбейтіндігіне қатысты барлық ғалымдар бірауыздан келіскен. Яғни, бұл мәселеде «Ижма» қалыптасқан. Ол ижма Құран және хадиске сүйенеді. «Мәида» сүресінде «Өлексе, қан, доңыз еті, Алланың атынан басқаның атына бауыздалған малдар сендерге харам етілді» («Мәидә» сүресі, 3-аят) делінеді. «(Мұхаммед!): «Маған уахи етілгеннің ішінен жеймін деген жан үшін өлексе, ағызылған қан, болмысынан лас доңыз еті, сондай-ақ Алладан өзгенің атымен бауыздалған малдан басқа харам етілген нәрсені көріп тұрған жоқпын. Ал енді кімде-кім мәжбүр болса, мұқтаждық мөлшерінен асырмай және өзгенің ақысына қол сұқпай, осылардан жесе, расында Раббың өте кешірімді, ерекше мейірімді» де», – деген аят («Әнғам» сүресі, 145аят) та бар. Әбу Һұрайрадан «Алла тағала доңызды және оның пайдасын (сатқаннан түскен ақшасын) харам етті» деген хадис жеткізілген. Ал терісі иленген жағдайда таза болатын-болмайтындығына қатысты екі түрлі көзқарас бар: 1. Төрт мәзһаб имамы оның терісінің иленумен тазармайтындығын айтқан. Өйткені ол болмысынан толықтай лас болып та былады. Алла тағаланың өзі жоғарыда кел тірілген «Әнғам» сүресінде
«..доңыз еті, өйткені ол (болмысынан) нәжіс» деу арқылы тек еті емес, толықтай нәжіс екендігін білдірген дейді. 2. Әбу Дауд әз-Захири мәзһабы (қазір олар қалмаған) және Имам Ағзамның шәкір ті Әбу Юсуфтан ханафи мәзһабында дәлдігі жағынан күштірек есептелетін «Захи рур-риуа» кітаптарының тысындағы, әлсіз бір көзқарас бойынша иленген жағ дайда доңыз терісінің тазаратындығын алға тарт қан. Олар мына хадистерге сүйенеді: Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иленген тері таза болып есептеледі» деген (Мүслим, «Хайыз», 105, Әбу Дәуіт, «Либәс», 38, Нәсаи, «Фәрғ», 20, 30).
Алла елшісі (с.а.у.) Тәбүк жорығына келе жатқан кезде (өлген жануардың) терісінен жасалған су торсығы ілулі тұрған бір үйден су сұрайды. Сонда олар: «Уа, Алланың ешісі! Ол өлген малдың терісінен жасал-
ған торсық», – деп айтады. Бұны естігенде Аллаһ елшісі (с.а.у.): «Иленсе, тазарғаны» деп (Нәсаи, «Фәрғ», 4; Ахмед ибн Ханбәл, IV, 254, V, 67, VI, 329, 336) үкімін білдірген еді. Шәукани, Қардауи т.б. секілді кейбір ғалымдар осы көзқарасты таңдаған. Енді осы айтылғандарды қорыта келе, былай деуге болады: Қазіргі Қазақстандағы экономикалық жағдайды ескере отырып, тұрмысы төмен, өзге жануардың терісінен тігілген аяқ киімді сатып алуға қиналатын адамдар үшін, зәрулік жағдайы дей отырып қана рұқсат беруге болады. Өйткені шариғатта зәрулік қысқан кезде, кейбір тыйым салынған нәрселерге рұқсат беріледі. Ал жағдайы жақсы, қалтасы көтеретін болса мужтаһид имамдар харам деген бұл мәселеде ижма қалыптасқан пәтуаны ұстану қажет. А.Әділбаев 19. Кока-коланы аударма маынасына арап, м$сылмандар ішпей ойды. Кейбіріміз әлі де ішеміз. Кнә жасап жрген жо пыз ба? Бүгінде мұсылмандардың арасында осы сауал жиі қойылуда. Меніңше, иманды адам бұл сусынның атына емес, затына терең үнілу керек сияқты. Олай дейтін себебім, қандай да бір затты жазуын теріс айналдырып немесе үлдірін (негатив) шы ғарып оқып, өз-өзімізге қиындықтар ту ғызу дұрыс емес. Дегенмен, шын мәнінде Кока-кола сусынының күмәнді екенін айтуға тиістіміз. Елімізге алғаш келе бастаған уақытта зияндылығы анықтал ғанымен, кейінгі уақытта өте үлкен мөлшерде сатылуы зияндылыққа қатысты шешімді басып озды. Яғни, халық көптеп пайдаланып, оның құрамына, қай дан шығып, қайдан келіп жатқандығына аса назар аудармады. Кока-колаға қатысты медициналық зерттеулер төмендегідей талдаудың нәтижесін ұсынады. Бірақ біз бұл талдамаға сүйеніп, харам үкімін бермейміз. Шариғатымыз нақты дәлелмен тыйым салмағандықтан, оны күмәнді нәрселердің қатарына жатқызамыз. Медициналық тұрғыдан келсек, даниялық зерттеуші топтың мәліметі бойынша кока-коланы көп ішкен еркектердің белсіздік (ұрықсыздық) кеселіне шалдығу қау пі бар. «Кока-кола» компаниясы өкiлдерiнiң
ай туынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын тағамдық қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiр қыш қы лы қосылады деп көрсетiлетiн. Ендi өн дi рушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құрты ның еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, кокако ла, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қа бiлеттерiне орасан зор зиян келтi редi. Жалпы, газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, те мiр секiлдi ең маңызды элементтердi жойып, есесiне құрамындағы есiрткi зат адам өмiрiн екi есеге қысқартады. Америкалық денсаулық сақтау органдары «Кока-коланың» рак ауруын туғызуға тікелей әсері бар екенін анықтап отыр. Сусын құрамындағы карамельдің шын мә нінде қоңыр қызыл канцерогендердің қосындысы екені анықталған. Кола өндірушілердің карамель деп жүргені үй жағ дайында қантты ерітуден алынатын тәт ті емес. «Кока-колалық карамель» – аммиак, сульфит және шекерді реакция лау барысында пайда болатын, адам ағза сына зияны орасан сұйықтық. Бұл қосынды бауыр және қалқанша безі рагының өріс алуына жол ашады. «Кокакола» компаниясы шығаратын 4 өнімде жасанды карамель пайдаланылады. Ал, оның екеуіне аммиак қосылатынын білген вашингтондық ғалымдар қазір кокаколаның зияндылығын айтып, дабыл қағуда. Е.Оңғаров 20. Базбір м$сылман бауырларымыз 0МДБ-ны бекіткен пәтуасына
арамастан, өзге елдерді шешіміне мойынс$нып, нәтижесінде м$сылман ауымы жылда екі$дай кйді бастан кешіреді. Біз неліктен кейбір жылы жиырма тоыз кн, кейбір жылы отыз кн ораза т$тамыз? Ислам әлемінің жыл санағы ай есебіне негізделетіні көпшілікке белгілі. Осыған орай Рамазан айы туғанда мұсылман жұрағаты Алла тағаланың разылығы үшін таң сәрісінде аузын бекітіп, ораза тұта бастайды. Шәууал айы туғанда ауыз бекітуді аяқтап, Ораза айт мерекесін той-
лайды. Бұл жөнінде Хақ Елшісі (с.а.у): «Рамазан айын көрсеңіз, ауыз бекітіңіз. Шәууал айын көргенде аузыңызды ашып, Ораза айтты мерекелеңіз. Бірақ Шәу уал айының туғанын бұлт көлегейлеп көрсетпесе, Рамазан айын отыз күнмен толықтырыңыз» (Ибн Мәжа, Сиям: 7) деген болатын. Бүгінгі күні көптеген мұсылман елдерінде астрономиялық есеппен Рамазан айы ның күні алдын ала белгіленіп, мұсылмандар осы межемен ауыз бекітеді. Ал, Сауд Арабиясы мен Тунис секілді елдер астрономиялық есеппен емес, Рамазан айының туғанын көзбен айқын көріп барып, ауыз бекітуге пәтуа шығарады. Бұл елдердің ғұламалары Рамазан айының немесе Ораза айт мерекесінің басталуына байланысты жоғарыда келтірілген хадисшарифті, яғни, айдың анық көрінуін негізге алады. Алайда, осы мәселені терең зерттеген ғалымдардың көзқарасынша, ай дың туғанын астрономиялық құрылғылар арқылы ғана дәл уақытында анық көруге болады. Яғни, айдың туған-тумағанын құр көзбен көру, пәтуаның дәл берілуіне негіз бола алмайды. Жалпы, Тәңір Елшісінің (с.а.у.) жоғарыдағы ха дисшарифін тікелей мағынасында қолда нуға болмайды. Өйткені, Мұхаммед (с.а.у.) өмір сүрген дәуірде араб қоғамында астрономия ғылымы мүлде дамымаған еді. Сондықтан да Жақсылық жаршысы (с.а.у) ораза тұту уақытын белгілеуде «айдың көрінуін» шарт етіп қойған болатын. Бұл жерде Алла Елшісі (с.а.у) жұлдызнама ғылымынан бей хабар надан арабтарға ұғынықты болу үшін айдың тууын негізге алған-тын. Демек, қазіргі дәуірдегі астрономиялық есеппен Рамазан айының уақытын алдын ала бекітудің шариғатқа қайшылығы жоқ деген сөз. Мұндай есеппен берілген пәтуа ға нық сеніммен қарауға болады. Себебі, әр айдың қанша күнге созылатынын көзбен көруден гөрі астрономиялық құрылғылар дәл анықтай алады. Уақытты есептеуде адамзат баласының бір бөлігі күн есебіне, бір бөлігі ай есебіне сүйенетіні белгілі. Өйткені, уақыт есептеуде күн мен ай – мүлт кетпейтін илаһи без бен. Бұл хақында Хақ Тағала: «Күн мен ай (өз кеңістігінде) белгілі мерзім бойын ша мәлім есеппен жүреді» («Рахман» сүресі, 5-аят) деп бұйырған болатын. Ал, мұсылман қауымының ай есебін ұстануының себебі Ұлы Жаратушы Құран Кәрімде: «Нұр шашыратып күнді, жарығын жайғызып ай ды жаратты Алла. Сонан соң сендердің
жыл және ай мерзімдерін айыруларың үшін олардың орындарын белгіледі. Алла оны жайдан-жай жасаған жоқ. Біле білгенге Алла аяттарын осылайша айқын тү сіндіреді» («Жүніс» сүресі, 5-аят) деп бұйырған-тын. Күн есебінде 365 күн болса, ай есебі бойынша бір жылда 354 күн бар. Ай есебінің 354 күн болуына орай, Рамазан айы кейде жиырма тоғыз күн, кейде отыз күн болып келеді. Бұл хақында Хақ Елшісі (с.а.у): «Біз арабтар үмми (оқу, жазудан бейхабар, сауатсыз) бір қауымбыз. Не жаза алмаймыз, не есептей білмейміз. Бір ай кейде былай (Пайғамбарымыз (с.а.у.) саусағымен жиырма тоғыз күнді санап шықты), ал, кейде былай (Пайғамбарымыз (с.а.у) отыз күнді санап шықты) болып келеді» (Бұхари, Саум: 13, Мүслим, Сиям: 15, Әбу Дәут: 4) деген болатын. Яғни, Рамазан айының кейде жиырма тоғыз күнде, кейде отыз күнде үзілуіне байланысты мұсыл ман жұртшылығы кейбір жылы жиырма то ғыз күн, кейбір жылы отыз күн ораза ұстайды. Күн есебіне сүйенетін ғайри мүслим дер (иудейлер мен христиандар) жыл сайын тек белгілі бір мерзімде ораза тұтады. Ал ай есебіне сүйенетін мұсылман қауымының ауыз бекіту мерзімі әрбір жылы он бір күнге кейін шегеріліп, өзгеріп отырады. Әсілі, ай есебін ұстану күн есебінің өлшеміне қарағанда ретсіздеу болып көрінгенімен, мұнда илаһи әділетті бір шешім бар. Егер ораза тұтуда күн есебін ұстанар болсақ, онда ұдайы тек жылдың белгілі бір мезгілінің жеңілдігін немесе ауыртпалығын тартар едік. Мәселен, қыс мезгілін де күн қысқа, түн ұзақ болғандықтан, ауыз бекіту жеңілдеу. Бұл жөнінде Хақ Елшісі (с.а.у.): «Қыста ораза ұстаудың сауабы тер төкпестен, оңай қолға түскен олжа іспетті» (Тирмизи, Савм: 73, Муснад, 4: 335) деген болатын. Ал, жаз мезгілінде керісінше күн ұзақ, түн қысқа болғандықтан, ораза ұстау оңайға соқпайды. Яғни, ай есебімен ауыз бекітсек, жылдың төрт мезгілінің рухани шуағына бөленеміз. Сонымен бірге, егер ғайри мүслимдер тәрізді жылдың белгілі бір мерзімінде ауыз бекітетін болсақ, онда жер бетіндегі халықтың бір бөлігі ұдайы қақаған қыс мезгілінде, бір бөлігі аптап ыстықта ауыз бекіткен болар еді. Ал, дініміз ай есебіне жүгінгендіктен, жер бетіндегі мұсылман жұртшылығы әрбір жылы он бір күннің ауысуып отыруымен жылдың төрт маусымында да ораза ұстап шығады. Рамазан айының кейбір мемлекеттерде ерте, кейбір мемлекеттерде кеш басталуының тағы бір себебі – Батыс елдерінде қо-
ғамдық жұмыс мезгілін бірыңғайлау мақсатында «әлеуметтік сағат» түсінігі қалыптасқан. Осы «әлеуметтік сағат» режиміне байланысты, бұл мемлекеттердегі уа қыт өлшемінің тілі ай есебін ұстанатын ел дерден бөлек болып келеді. Осы қайшылықты реттеу үшін мұсылман мемлекеттері 1978 жылы Түркияда «Ай конференциясын» өткізіп: «Жер жүзінің қай жерінде алғаш рет ай көрінген болса, ислам елдері ораза ұстауды сол уақытта бір мезгілде бастауы қажет» деп қарар қабылдаған болатын. Дегенмен, бірауыздан қабылданған бұл байлам әлі күнге дейін сөз күйінде қалып отыр. М. Исахан ІІ БӨЛІМ ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЙЫНДА 20 САУАЛ
- 0орымны асынан өтіп бара жат-
анда бет сипадым. Автобуста бірге отыран ер адам «б$лай істеуге бол майды» деп дрсе оя берді. Осылай бет сипауды көз аш алы лкендерден көріп келеміз. Сонда оны д$рыс болмааны ма? Қабірді арнайы зиярат ету исламда жағымды (мандуб) істерден саналатыны белгілі. «Қабірлерді зиярат етіңдер. Өйткені қабір зиярат ақыретті естеріңізге салады» деген хадис бар. Сонымен қатар, өлілерге құран бағыштау, олар үшін Алла Тағаладан жарылқау тілеу де қабір зияратының бір мақсаты саналады. Құран оқудың ғана емес, дүниеден өткен адам үшін дұ ға етіп, кешірім тілеудің, бағышталып жа сал ған бар лық жақсылықтың сауабы тие тінін Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйе не отырып, төрт мазхабтың мужта һид ғалым дары өз еңбектерінде жазып қал дырған. Пайғамбарымыз «Бақиғ» қорымына зиярат еткенде: «Ассалаумағалейкум, уа мұсылмандар қауымы! Біздер де Алла қаласа, сіздерге қосыламыз. Алладан өзіме де, сіздерге де есендік тілеймін» деген. Қабірге зиярат ете келгенде осылай сәлемдесу ді өсиет еткен. Осы насихаттан ғибрат алған қазақ халқы да қабірстанына: «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біздей боларсыз» немесе «Біз де сіздей болғанбыз баяғыда, сіз де біздей боларсыз аяғында» деп өлілерден тірілерге аманат сөз жазып қалдырған. Ал қабір жанынан өтіп бара жатқанда да бір сәт өлімді еске алу, мүмкіндігі болса, тоқтап, өлілерге құран бағыштау немесе қабір жанынан марқұмдар үшін «Алла жайын жаннаттан етсін», «Топырағы торқа болсын, иманы қабыл болсын» деген секілді дұға тілеп, бет сипап өту – қабір зияраты әдептерінен туындаған әрекеттер. Оның шариғатқа қайшылығы немесе әдепке жаттығы жоқ. Керісінше, ғибраты мен өнегесі мол. Қабір зияраты әдебіне қатысты хадистерде қабірдегілердің өздерін зиярат етушілерді танитыны, сөздерін еститіні, жағымсыз іс-әрекеттер жасалған жағдайда ауыртпалық сезінетіні жайында айтылады. Сондықтан қабірстандағыларға дауыстап сәлем беру, қабір әдебін сақтау, қабірдің үстін баспау, оған сүйеніп отырмау керек тігі, қабір үстімен өтуге мәжбүр бол ған жағдайда арнайы тасбих, тәһлил, тәкбір, ис тиғфар дұғаларын айтып өту қажет екендігі хадистерде жиі ескертілген. Сондай-ақ
мәйітті жуу, кебіндеу, көтеру, жаназасын шығару, қабірге салу кезінде абай болу қа жеттігі жөнінде хадистер бар. «Кімдекім қорымнан тәкбір айтып өтсе, қабірде жатқан кісі: «Осы адам қабірімнің жанынан тағы бір рет өтсе ғой!» деп қалайды екен» делінеді исламдық дереккөздерінде. Артында қалған ұрпақтарының Құран үйреніп, ізгі, сауапты істер атқарғаны үшін марқұмдардың қабір азабының жеңіл детілгені жөнінде де хадистерден бастау алған хикметті хикаялар бар. Атамыз қазақ Пайғамбарымыз аманат еткен қабір зияратына қатысты әрбір әдепті көздің қарашығындай қастерлеген. Қандай жағдайда болса да, қабір жанынан ойсыз, асығыс-үсігіс өте салмаған, қолынан келсе, құран бағыштап, тым болмаса «тие берсінін» айтып бет сипап өткен. Мұн дайда абзалы, әрине, арнайы дұға бағыштау болмақ. Дұғадан кейін бет си пау да – дұғаның әдебіне жататын, дініміз терістемейтін, Пайғамбарымыздың сүннетінде кездесетін амалдардың бірі. Демек, қазақ ұстанатын қабір зияраты әдебінің әрбірінде пайғамбарымыздан аманат болып келе жатқан қастерлі қағидалар бар. А. Әбдірәсілқызы 2. Дниеден өткен ата-бабалара 0$ран баыштауа бола ма? Оны д$рысы алай болма ? Дүниеден өткен адамға «сауабы ти сін» деген ниетпен Құран бағыштауға бо латынын, оның шариғатқа қайшылығы жоқтығын, керісінше сауапты іс екендігін талай ислам ғұламалары дәлелдеп жазған. Пайғамбарымыздың: «Өлілеріңе «Йасин» сүресін оқыңдар» деген хадисі бар. Абдул лах ибн Омар сахабаның қабір басында «Бақара» сүресінің аяттарын оқығаны жөнін де риуаят жеткен. Пайғамбарымыздан жеткен сахих хадистерде марқұмның өтей алмаған оразасын тұту, атқара алмаған қа жылығын өтеу, оның атынан садақа беру секілді ғибадаттардың сауабы өлі ге тиетіні айтылған. Осыған сүйеніп, мүжтаһид ғалымдар Құран оқу да жеке ғибадат болып табылатындықтан, оны оқып, марқұмға бағыштаудың да өліге сауа бы тиетіні жөнінде ортақ тұжырымға келген. Пайғамбарымыздан бір кісі: «Уа Алланың елшісі, ата-анам өлгеннен кейін де
оларға құрмет көрсете аламын ба?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Иә, егер дұға жасасаң, Алладан оларға кешірім етуін сұрасаң, берген уәделерін орындасаң, туыстарымен байланысыңды үзбесең және достарын құрметтесең» деп жауап берген. Сонымен қатар, исламда «үздіксіз сауап» деген ұғым бар. Ол Пайғамбарымыздың: «Адам қайтыс болған соң амал-сауабы тоқтайды. Тек үш жолмен ғана үздіксіз сауап барып тұрады: тоқтаусыз садақасы (ел игілігі үшін жасаған нәрселерінің сауабы – салған көпірі, мешіт, медресесі, т.б.), қалдырған пайдалы ілімі, салиқалы ұрпағының дұғасы» деген хадисіне негізделген. Осы негіздерге сүйене отырып, Құран оқудың ғана емес, дүниеден өткен адам үшін дұға етіп, кешірім тілеудің, бағышталып жасалған барлық жақсылықтың сауабы тиетінін төрт мазхабтың мужтаһид ғалымдары өз еңбектерінде жазып қалдырған. Дегенмен, Құранды ақы төлеп оқытуды ислам ғұламалары құптамаған, «ақшаға оқылған Құран қабыл болмайды» деп тұжырымдаған. «Мүмкіндігінше қаза иесінің Құранды өзі оқып, бағыштағаны жөн, ал Құранды басқа адамға оқытқан жағдайда оған ақы төлеуге болмайды, садақа ретін де беруге болады» деген ортақ тұжырым дар (ижмаъ) бар. Қазақы дәстүрде өліге Құран бағыштауға ерекше мән берілетіні белгілі. Бұл бір жағынан, дін мен дәстүр тоғысуының ділдегі (менталитет) көрінісі іспетті. Ежелгі ғұндар мен сақтар дәуірінен тамыр тартып келе жатқан сайын даладағы бір игі дәстүр – дүниеден өткендерді еске алып, ас беру болған. Сонау ежелгі грек деректерінде сақталған мына оқиға осы дәстүрдің ішкі мазмұнын танытады: Скиф (сақ) данышпаны, атақты емші Токсаридке (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.) эллиндік (грек) ойшыл Мнесип мынадай сұрақ қояды: – Сендер атабабаларыңның рухына арнап ас бересіңдер. Сонда сендер оларға табынасыңдар ма? Бұл сұраққа Токсарид: – Біз ата-баба рухына табынбаймыз, ас беру арқылы оларды еске алып, тірілерге үлгі етеміз, жастарды тәрбиелейміз, сөйтіп, тірілердің рухын көтереміз, – деп жауап береді. Ғұндар мен сақтар дәуірінен тіні үзілмеген осы рухани дәстүр түркі қағанаты тұсында да жалғасын тапты. Исламды қабылдаған түркі жұртында бұл үрдіс әруақтарға арнап ас беріп қана қоймай, Құран оқып, сауабын өлілерге бағыштаумен толықты. Көшпелі далалықтар ерекше қастерлеген
мазар мәдениеті мен зиярат әдебі де ислам діні мен ұлттық дәстүрлер үндестігінің көрінісі болып табылады. Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Ортағасырлық дерек көзі «Тәзкире-и Бұғрахан» шежіресіне сүйенсек, марқұмдарға ас беріп, құран ба ғыштау исламның түркі даласына таралған алғашқы кезеңінен бастау алған деуге болады. Қарахан мемлекетінің рухани тарихын баяндайтын шежіреде: «Бей сенбі күні сусын мен тамақ әзірленді. Мұсылмандарға ас тартылды. Құран хатым қылды. Сауабын шәһидтер рухына бағыштады», «Шәһидтерге арнап мұсылмандарға ас берді. Хатым Құран қылды. Одан кейін шырақшы тағайындап, қырқын өткізіп, Қожа Факих Әйубты ұлық шейх қылып, қырық кісі жарубкеш күтуші қойып, майшам алдырып, әрқайсысына бір жер тағайын қылды. «Әзіреті падишах Әли Арслан ғазыға, барлық шәһидтерге дұға, тәкбір қылыңыздар» деді» деген мәтіндер жиі кездеседі. Тарихи тұрғыдан осылай айшықталатын бұл үрдіске танымдық қырынан келер болсақ, қазақтың қанына біткен әр уақ сыйлау үрдісі ата-ананы құрметтеу әдебімен ұштасады. Ата-ананы сыйлаудың Алланың разылығын алудың ең жақын жолы екені талай хадистерде айтылған. Ал Алладан кейінгі ұлығы, көз алдындағы киелісі – ата-анасын ғана емес, жеті атасын түгел сыйлауы, көзі тірі үлкендердің ғана емес, дүниеден әлдеқашан өтіп кеткен өлілердің де қамын ойлап, дұғасын бағыштауы қазақтың иман дүниесінің қан шалықты тереңде жатқанын аңғартса керек. Бұл жерде мына нәрсені де ескерген жөн. Әруақ алдындағы қарызын өтеп, жан-дүниесі тыныштық табуы, ар алдында таза болуы – тірілер үшін үлкен сабақ. Тірі теңгермегенді өлі теңгереді. Өлі алдындағы өтелмеген парыз теңгереді. Өліге бағыштап Құран оқытып, садақа берудің, марқұмның ізгілігін сүйінішпен, кем-кетісін өкінішпен еске алып, соңында қалғандарға қайырым-көмек жасау дың әрбірінде адамның шайқалақтап тұрған иман таразысын теңгеріп, арғы-бергісін ой латып, тәубесін есіне түсіретіндей үлкен мән-мағына бар. Бауыр мен бауырды, туыс пен туысты жақындататын парыз бен қарыз сезімі де тірінің түйткілі көп тіршілігінен гөрі өлінің өнегесі көп тыныштығында бас қосқанда көбірек танылып-түйсініледі. Сон дықтан бүгінгі күні де торқалы той-
дан гөрі топырақты өлімде бас қосу қазақы болмысқа тән құндылықтарды көбірек жаңғыртып отырғанын атап айту ләзім. А.Әбдірәсілқызы 3. Иіс шыару ислама жат па? Жаман тс көріп, ор ып немесе әлденені сйіншілеп жеті нан тарату, ол дәмні сауабын өлгендерге баыштау дәстрі
аншалы ты д$рыс? Бүгінде әлем мұсылмандарының басым бөлігі ұстанатын, Қазақстан мұсылман дары үшін де дәстүрлі болып табылатын ханафи мазхабының іргесін қалаған имам Ағзам Әбу Ханифа ілімінде ислам дінін қа былдаған жергілікті халықтардың салтдәстүріне баса мән берілді. Ханафи мазхабында әдет-ғұрыптар исламдағы пәтуа шығарудың, яғни белгілі бір мәселеге қатысты діни үкім берудің бір негізі ретінде саналады. Құран үкімдерінде, хадистерде, ислам ғұламаларының пәтуасында қарастырылмаған қандай да бір жағдайға қатысты жергілікті халықтың әдет-ғұрпы арқылы шешім берілген болса, сол әдет пәтуа ретінде қабылданған. Сондай-ақ жергілікті халықтың дәстүріне тән қандай да бір әдет-ғұрып ислам шариғатына қайшы келмесе, ел арасында кең таралған болса, оны қолдануға, сол бойынша іс-әрекет етуге ешбір шектеу қойылмайды. Иіс шығару – түркі халықтарының біра зына тән дәстүр. Атамыз қазақта өлілерге арнап ас беру, жиын-той жасап, көпшіліктің басын қосып отыру – сонау сақ-ғұн кезеңінен келе жатқан дәстүр. Исламды қабылдағаннан кейін бейсенбі, жұма күндерін ұлықтап әрі ата дәстүрін исламмен астастыра отырып, иіс шығарып, жеті нан тарату немесе молда шақырып, пісірген нанға Құран оқыту дәстүрге айналды. Ал көршілес өзбек халқында ас (палау) пісіріп, өз отбасында ішіп-жеп, Құран оқуды «иіс шығару» деп атайды, олар да бұл дәстүрді исламмен берік байланыстырған. Әрбір амал ниетіне қарай бағаланады, бұл дәстүрдің негізгі мақ са ты – Құран оқытып, сауабын өлілерге ба ғыштау екені анық. Ислам шариғатында садақаға баса мән берілетіні белгілі. Садақа тек кембағалға берілетін көмек қана емес. Иісі мұсылман баласына, қала берді барша жаратылысқа
қатысты әрбір ізгі іс, жақсы сөз, тіп ті біреуді жамандықтан қайтарып, жақсылыққа үндеу де садақаға жатады. Ал қазақта садақаның ең көп таралған түрі – дастарқан жайып, ас беру немесе жеті нан тарату. Астың алдында да, соңында да Құран оқылады, сол секілді жеті нанды берген адам да, алған адам да марқұмдарға бағыштап, Құран оқитыны белгілі. Сондықтан бұл дәстүр – исламмен біте қайнасып кеткен дәстүр. Сонымен қатар, қазақ үшін дастарқан мен ас – қастерлі ұғымдар. Ол бас қосуға, араласуға, бірлік пен берекеге себеп болады. Бұл тұрғыдан да шариғаттан шалыс кетпейтін мұндай ізгі дәстүрді мұсылман баласын бірлік пен сауапты істерге шақыратын ислам дінінің тек қана құптайтыны айқын. «Мұсылмандардың жақсы деп тапқан нәрсесі Алла құзырында да жақсы» деген Пайғамбарымыз дың хадисі бар. Ал ислам ғұламалары ұлттық дәстүрлер жайында: «Әдет-ғұрыптың шариғатта өз орны бар», «әдет-ғұрыппен белгілі болған нәрсе шарт сияқты (міндет ті) болады», «әдет-ғұрыппен бекітілген нәрсе насспен (аят-хадиспен) бекітілген нәрсе сияқты» деген тұжырымдар жасаған. Ал түс көру жайына келсек, Пайғамбарымыздың: «Түс үшке бөлінеді. Бірі – шынайы түс. Ол – Алланың сүйіншісі. Екіншісі – шайтанның салған уайымы. Үшіншісі – пенденің ойына алған нәрселерінен туындаған түс. Кімде-кім жайсыз түс көрсе, дереу тұрып намаз оқысын. Және ондай түсті ешкімге айтпасын» деген хадисі бар. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз саха баларына: «Кімде-кім түс көрген болса, маған айтсын. Мен оны жорып берейін» деген. Таң намазынан кейін Пайғамбарымыз жамағаттан: «Араларыңда бү гін түс көргендер бар ма?» деп сұрап отырған. Осының барлығы түстің белгілі бір мағынасының барлығына дәлел. Түс – Алланың бір хикметі. Құрандағы Жүсіп пайғамбардың түс көруі, оның Мысыр патшасының түсін жоруы және жоруының дәл келуі жөніндегі хикаялар кездейсоқ келтірілмеген. Қазақы ұстанымға келсек, халқымыз: «Түс – балқыған қорғасын, қалай жорыса солай ауады» деп санайды. Көрген түсті іштей жақсылыққа жориды немесе мәнісіне жетпесе, білікті, ниеті түзу адамға арнайы жорытады. Қазақ дүниетанымында түс көрудің орны ерекше маңызды. Халқымыздың көптеген аңыз-әңгімелері мен ертегілерінде, жыр-дастандарында
түс көру мотиві негізгі сарындардың бірінен саналады. Ол сол туындының бүкіл мазмұнына, бас кейіпкердің тағдырына арқау болып жатады. Кешегі ел бастаған хандар мен қол бастаған батырлардың, хал қымыздың сөз ұстар даналарының көрген түстері мен оның жоруы жөнінде талай аңыздар, шындыққа айналуы жөнінде көптеген ғибратты әңгімелер сақталған. Әрине, Пайғамбарымыздың хадисінен ұғы нылатындай, әрбір түс мағыналы бола бермейді. Қазіргі ғалымдардың түсті «күндізгі ойдың елесі» немесе «аяқталмаған ойдың жалғасы» деп санайтыны да негізсіз емес. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай, ұлттық дүниетанымымызға тән ерекшелікпен, Алланың әрбір ісінен хикмет іздеп тұратын халқымыз түске қашанда бей-жай қарамаған. Жақсы түс көрсе ырымдап, жаман түс көрсе, сақтанып, жеті нан пісіріп, садақа таратып, Құран оқып жататыны да сондықтан. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер Пайғамбарымыздың: «Са дақамен қиыншылықтың алдын алыңдар», «Садақа жетпіс түрлі пәленің алдын алады», «Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді», «Сауабын мұсылман әке-шешесіне бағыштап берілген садақаның сауабы оларға да барады, өз сауабынан да ешнәрсе азаймайды», «Садақа беріп ризықтарыңды көбейтіңдер» деген хадистерімен үндесіп жатқандығына күмән жоқ. Жеті нан пісіріп, садақа таратудың жаман ниетпен жасалмайтыны, шариғатқа қайшы еместігі және ешқандай жағымсыз салдар тудырмайтыны әмбеге аян. Сонымен қатар, мұндай мәселелерге баға беруге келгенде исламда шариғатпен айқын тыйым салынбаған нәрселерге, соның ішінде әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге де шектеу қойылмайтынын назарда ұстаған жөн. А.Әбдірәсілқызы 4. Б$рыны кесенелерді араса , ам кесектен, топыра тан т$рызылан екен. Ал азіргі кесенелерге арасаыз сарай, амалдар секілді биік, лкен. 0$лпытас орнатуды әдебі мен тыйымдары андай? Қабірді қоршау ең алдымен белгі үшін, екіншіден аяқ асты болмауы үшін,
үшіншіден қабірді жан-жануарлардың таптамауы, жыртқыш аңдардың мәйітке зақым келтірмеуі үшін жасалады. Қабір басына құрылыс салуға қатысты исламда бірнеше түрлі пікір қалыптасып, әр маз хаб ғалымдары түрліше пәтуа берген. «Көпшілік қабірстанында құрылыс салу ға болмайды, ал жеке қабірлерді қоршауға болады» деген пікір мен «кез келген қа бір басында құрылыс жүргізуге болады» деген көзқарастар қатар өмір сүріп келеді. Кей ғалымдар белгілі діни тұлғалардың қабірі басына күмбез салуды тағылымды іс деп санаса, ендігі бір ислам ғұламалары ысырапшылдық пен сенімнің әлсіреуіне себеп болады деген пікірмен қабір басы на қандай да бір құрылыс нысанын салу ға үзілді-кесілді қарсы шығады. Олардың әрқайсысының өзіндік дәлелі, сүйенетін негіздері бар. Қабір басына құрылыс салу исламның алғашқы дәуірлерінен басталған. Көпте ген бел гілі дін ғалымдарының қабірі күм безді кесенемен қоршалған. Пайғамбар қа ласындағы «Жәннатул Бақида» жерлен ген саң лақ сахабалардың сәулетті сағана ла ры уах хабилік идеология күшіне енген ХІХ ғасыр дың екінші жартысына дейін бой тү зеп тұрды. Имам Абу Ханифа негізін қалаған хана фи мазхабы ғалымдарының пәтуасы бойынша қабірді кіндіктен жоғары етіп қоршауға, белгі қойып, жазу жазуға рұқсат етіледі. Ал күмбезді құрылыс салуға ханафи ғалымдары тыйым салмаған, бірақ оны «тахриман (харамға жақын) мәкруһ» санатына қосқан. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мазар мәдениетіне көз салсақ, айтылған қағидалардан алшақ кетпегенін, шариғатқа шалыс емес, салт-санаға тиімді тұстарын екшеп пайдаланғанын байқаймыз. Дін дүниесінде даңқы шыққан ру хани ұстаздарының қабіріне ғана еңселі ғимарат орнатқан аталарымыз ел баста ған көсемі мен сөз бастаған шешенінің зира тын сән-салтанатсыз қоңырқай ғана күмбезбен қоршаған. Көпшілік қабірлер аяқ асты болмау үшін төбесі ашық төрт құлақ бейіт ретінде соғылған. Қазір де ел ішіндегі есті азаматтар бақилық болған жақындарына төрт құлақ бейіт тұрғызумен шектелуді жөн санайды. Қарапайым адамдардың қабірінің қоршауын қам кесектен тұрғызудың да өз қажеттілігі бар. Уақыт өтіп, марқұм ның сүйегі қурап кеткен кезде қабір қоршауы да үгітіліп, жер молаға айналып жатса, одан жаңа жерленген мәйітке келгендей залал келе қоймайды.
Дегенмен, «заманына қарай – амалы» де мекші, қазір қабірді темір қоршаумен қоршап, жазулы құлпытас орнату үрдісі кең тарап отыр. Өз әдебінен аспаса, мұндай үрдістердің де жерлеу әдебіне, мазар мәдениетіне қайшылығы жоқ. Рас, өкінішке орай, ғасырлар бойы қалыптасқан мазар мәдениеті мен қа бірстанның қастерлі қағидаларын еске русіз қалдырып, қабір басына салта натты құрылыс салуды мақтан көре тін дер де көбейіп барады. Бірақ бұл дау рықтыратындай дауасыз дерт емес, ауыл ақсақалдарының ақыл-кеңесімен, имамдарымыздың уағыз-насихатымен орны толатын олқылық. А.Әбдірәсілқызы 5. Жуырда «а ылы жо тау айтушылар» туралы естідім. Жаназа кезінде өлікті а ылы трде жо тап жылайтын белгілі бір адамдар болады екен. Б$ан
атысты ислам діні не айтады? Жалпы аланда, жаназада м$ндай «бастаушыларды» боланы д$рыс па? Бұл мәселе қысқа қайыруға келмейтіндіктен, бірқатар жайттарды мысалдармен түсіндіре кету қажет. Сөзімізді исламның жоқтауға көзқарасы мен қазақ мәдениетіндегі жоқтау дәстүрінен бастасақ. Жоқтауға қатысты Пайғамбарымыз дың: «Біреу қайтыс болғанда бетін ұрғы лап, тыр нап, үстіндегі киімін жыртып және надандарша айқайлап жылаған адам біз ден емес» деген хадисі бар. Осы хадисті негізге ала отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Пәтуалар жинағында»: «Әбу Ханифа мазхабында қайтыс болған кісіні жоқтап, өкіріп жылау – харам, қатты дауыс көтермей жылауға болады» деген пәтуа берілген. Бұл жерде «өкіріп жылау», «бетін ұрғылап, тырнап, үстіндегі киімін жыртып және надандарша айқайлап жылау» деген ұғымдардың барлығы ең алдымен тағдырға көндік пеу, Жаратқанның жазмышына нала болу, наразылық таныту ниетінен туындайды. Ал қазақтың дәстүрлі жоқтауына назар сал сақ, оның мұндай агрессиялық көңілкүйден ада екеніне көз жеткізуге болады. Әрине, ет жақын адамның қазасына күйінбеу мүмкін емес, «Сөйлемей пенде шы дамас Қайғы отына ашынған» деп
Абай айтпақшы, жоқтауда күйікті, шерлі сөздердің айтылмауы да мүмкін емес. Бірақ қазақтың естірту, жоқтау, көңіл айту дан тұратын дәстүрлі мұң-шер өлеңдері сол қайғыны жеңілдету, оны наза мен налаға ұластырмау мақсатында шығарылған. Сол мақсатын ақтай білгені үшін де кешегі қазақ қоғамында жоқтау дәстүрі кең таралды. Қаза болған адамның жақынын өлім жай ында әңгімеге психологиялық тұрғыдан дайындап барып, қазаны естірту, одан кейін оның дүниеден өткен жақынына деген барлық сағынышын, құрметі мен қимастық сезімдерін көңілінде шер қалмастай етіп сарқып айтып, жоқтаумен жеткізу, соңынан ажалды пенденің ешбірін құтқармайтын тағдырға мойынсұндыра көңіл айту – барлығы жоқтау жырларында көрініс тапқан. Дәстүрлі қазақ жоқтауының үздік үлгісін Үмбетей жыраудың Абылайға Бөгембай өлімін естіртуінен көруге болады. Аздаған үзінділер келтірсек: Ей, Абылай, Абылай! Сөзімді тыңда тағы да-ай! Өзіңнен біраз жасы үлкен, Дөңбек таудай басы үлкен, Жасыңда болған сырласың, Үлкен де болса, құрдасың, Сексеннен аса бергенде, Қайырылмас қаза келгенде Батырың өтті Бөгембай! ... Уа, Алатаудан Ақшадан Асып тудың, Бөгембай! Болмашыдай анадан Болат тудың, Бөгембай! Қалақайлап дулатқан, Қалдамандап шулатқан Қалмақты қудың, Бөгембай! Құбыла көшкен байтақтың Ордасындай Бөгембай! Темір жұмсап, оқ атқан Қорғасындай Бөгембай! ...Бөгембайдай батырдың Береке берсін артына, Бірлік берсін халқына. Жаратқан ием жар болып, Пейіште нұры шалқығай! Қазақта жоқтау жазбаған ақын жоқ десек, артық айтқанымыз емес. Өз әдебінен, сөз әдебінен аспаған жүйелі жоқтаудың шариғатқа шалыс еместігін қалтқысыз пайымдаған қазақтың ислам ілімін жетік меңгерген талай ғұламалары жоқтау жазды. Басқаны былай қойғанда, Абай мен Мәшһүр Жүсіптің шығарған жоқтаулары бір жосын. Абай ақын Әбдірахман өлімінен кейін көптеген жоқтау жырларын жазған, келіні Мағышқа да арнайы жоқ-
тау шығарып берген. Оспан өліміне арнаған жоқтауы, «Баласы өлген анаға шығарып берген жоқтауы» деген атпен басылған өлеңдері де бар. Соның бәрі – қазаның қайғысын өз жүрегінен өткізген адам ның мұң-зары, шер тарқатуы ретінде ерік сіз туындаған жырлары. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» дегенде де Абай жоқтау дың ғибратына меңзеді. Мәшһүр Жүсіптің Мұса Шорманұлын оның келіні атынан жоқтауына назар салсаңыз: Бісмілла сөздің басында, Көрдім бір қасірет жасымда! Опасыз дүние-ай, дариға, Жан атам өтті, жарандар, Иманы жолдас қасында. Халайық, бір сөз қозғайын, Сүннеттен асып, озбайын, Асылық сөйлеп Аллаға Шариғат сөзін бұзбайын, – деп басталатын дастанға барабар (28 бет) жоқтау жазып қалдырған. Дүниеден өткен абзал азаматтың барлық қадір-қасиетін, парасат-пайымын, ел үшін еткен еңбегін, артына қалдырған ізгі өнегесін шынайы дәріптеген осы жырдан жоқтаудың бүкіл ғибратты мәнін табуға болады. Жоқтау тек шер шығару үшін ғана емес, өлім үстінде тіріге ой тастап, өнегелі өмір сүруге жетелеу үшін де жазылған. Қайғысын жырмен жеңілдететін ақындық қабілет әркімге бұйырмағандықтан, жоқ тауды ақындардың арнайы шығарып беруі де қазақы дәстүрде бұрыннан бар. Бірақ дауыс салып, көрісу рәсімін бар ағайын жасағанымен, жоқтауды жал дамалы жоқтаушы емес, қаза болған кісінің жақын туыстары – қазаның қайғысы басына түскендер ғана айтады. Өткен жылы есімі елге танымал бір сыйлы азаматтың ағасы дүниеден өтті. Арада айға жуық уақыт өткенде сол кісі мынадай бір сырды айтты: – Ағам дүниеден өт кенде өмір тоқтап қалғандай болды. Еш нәр семен шерімді тарқата алмадым, еш нәрсеге мойын бұрып, жұбана да алмадым. Есі кіресілі-шығасылы адамдай сенделіп жүрдім де қойдым. Сол кезде барып, қазақтың жоқтауды не үшін шығарғанын ұғындым. Бар қайғысын жоқтаумен шығарып алатын әйелдерде арман жоқ екен ғой! Баяғыдай ер азаматтардың дауыс салып көрісуі де жоқ, шердің шемен боп іште қатқаны жаман екен. Ақырында ағамның жетісін берген соң, қолыма күрек алып, жалғыз өзім әкешешемнің, ағамның моласының басына
кетіп қалдым. Екі күн бойы солардың басында болып, қабірінің тікен-шөбін тазалап, іштей әбден сырласып-мұңдасып ба рып, өзіме өзім келгендей болдым. Адамның хайуаннан артықшылығы да жү регінің сезімінде ғой. Қазақ жылқыны адам мінездес болған соң жақсы көреді. Мал атау лының ішінде жылқы баласының ғана бауыздар сәтте көзінен жас шығады екен. Бауырын жоқтап, жылай білмесе, адам ның сол жылқы ғұрлы болмағаны ғой. Жоқ тау – қазақты күйік пен сезімсіздіктен қорғап келе жатқан өнегелі дәстүр екен. Сен осы туралы жазшы, – деп кетерінде аманат еткен еді ол кісі. Өзім бала кезімнен тағдырдың жазуымен торқалы тойдан гөрі топырақты өлімді көбірек көргендіктен, жоқтауды көп естіп өстім. Бауырларым бірінен соң бірі дүниеден өткенде еріксіз жоқтау жырлар жаздым да. Бертінде абзал замандастары мыз қайтыс болғанда талай жоқтау өлеңде рім туындады. Қазіргі ақындар арасында да жоқтау жазушылар аз емес. Дегенмен, бұл жоқтаулар – дауыс салып айту үшін арнайы жазылған жырлар емес, іштегі шер ден табиғи түрде туындаған жазбаша жоқтау лар. Олардың ауызша айтуға ар налған жоқтаудан өзіндік өзгешеліктері бар. Жалпы, дауыстап жоқтау айту көп адамның көңілінен шыға бермеуі мүмкін. Барлық адам бірдей іштегі шерін дауыстап, мақаммен шығаруға бейім немесе бейілді бола бермейді. Біреулерге жоқтау тіпті ерсі көрінуі мүмкін. Сондықтан болса керек, бұрын жоқтау айнымас дәстүрдің бірі болса, қазір әркімнің қалауына қарай бірде айтылып, бірде айтылмайтын болды. Ал сауалда айтылған «ақылы жоқтау ай тушыларға» келсек, қаза болған кісіге қа тысы жоқ адамның жоқтау айтып отыруы әртістің рөл ойнауы секілді жа санды көрініс болары анық. Мұндай нәрсе көпшілікке де ерсі көрінеді, өйткені басқасы басқа – топырағы суымаған өлімді қазақ өнер қойылымына айналдырмаған. Тек асарын асап, жасарын жасаған қария кісілер дүниеден өткенде ғана, онда да арада жыл өткеннен кейін ас берген кезде «қарияныкі – той» деп ат шаптырып, балуан күрестіріп жатады. Ол, әрине, басқа мәселе. Ал ақылы жоқтау айту үрдісін әдетке айналдыруға келсек («дәстүрге айналдыруға» дегенге аузымыз бармайды) бұл келешекте бәсекенің бір көзіне айналып, жоқтаудың қадір-қасиетін қашыруы әбден мүмкін. Жоқтаудың жөні осы екен
деп дүниеден өткен адамға жоқ қасиетті жапсырып, жалған мақтау айтып жатса, жоқтаудың ғибратынан мән-мағына қалмай тыны анық. Жалпы, ақылы жоқтау айту секілді өтпелі құбылыстар дүнияуи тұрғыдан да, діни тұрғыдан да өзін ақтамайтындықтан, жүре келе сәннен қалуы мүмкін. Қоғам құндылықтарды қашан да өзі сұрыптайды. Дәуір сұранысына сай келмеген дәстүрлер өзі-өзінен ысырылып қалып қояды. Сондықтан мұндай үрдістерді арнайы реттелетін емес, ар-ождан мен таң дау еркіне жүктелетін құбылыстар деп біл ген жөн. А.Әбдірәсілқызы 6. «Тркістана зиярат ету кіші ажылы
а жатады» деген пікірмен келісуге бола ма? «Арыстанбаб а тне, Яcсауиден тіле» деген сөзді астары
андай? Түркі-қазақ даласында ислам діні нің кеңінен таралуына, халық дүниета нымы мен сіңісіп, берік орнығуына Қожа Ахмет Яссауи негізін салған рухани-моральдық ілімнің ерекше әсер еткені төл тарихымыздан белгілі. Әрине, Яссауиге дейін де, одан кейін де исламды таратуға ерен еңбек сіңірген рухани тұлғалар аз болмаған, бірақ түгел түркі халқының жүрегіне жол тауып, «Түркістан пірі», «Әулиелер сұлтаны», «Әзіреті Сұлтан» атанған Қожа Ахмет Яссауидің түркі тарихындағы орны ерекше. Бұл ерекшелік Әзіреті Сұлтанның ислам ілімін терең меңгеріп, тақуалықтың шыңына, рухани кемелдікке көтерілген өнегелі болмысымен, өзі шынайы сезінген діннің рухын түркінің төл тілінде жүрекке жақын өлең тілімен өрнектеп бере білген ақындық шеберлігімен, ислам ілімін түркі халқының дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігіне етене жақын әдістермен насихаттап жеткізе білген көсем дік қабілетімен байланысты болды. Арғы тегі араб жұртына – Пайғамбар әулетіне тірелсе де, Ысқақ бабтан бергі он бір атасы түркі жұртында өсіп-өнген Қожа Ахмет Яссауи жергілікті халықтан өзін ажыратып қараған жоқ, «Туған жерім – мүбарак Түркістан» деп осы өлкені қас терлеп жырына қосты, түркі жұртының, әсіресе Яссы (Түркістан) қаласының маңын
мекен еткен оғыз-қыпшақ (бүгінгі қазақ) тайпаларының дәстүрі мен дүниетанымын жетік біліп, құрмет тұтты. Әйел-еркек деп бөлінбей, алқа-қотан отырып, жыр тыңдайтын осы халықтың нәпсіден аулақ, туыс қаншыл өнегесін пір тұтқан Яссауи әйел дер мен ерлер бірге қатысатын алқа зікірін құрып, Алланы жария еске алу дың жолын қалыптастырды. Сол жаңашыл дығы үшін заманының талай дін ғұламаларымен тартысқа түсіп, өзі сүйген жамағатының абыройын қорғады. Қорғап қана қоймай, бүкіл Орта Азия өлкесіне өз ұстанымының дұрыстығын, ілімінің ақиқаттығын мойындатып, «Түркістан пірі» атанды. Кешегі түркі, бүгінгі қазақтың болмысына біткен қонақжайлық мінез, алыс-жақыннан келген жолаушының бәріне есігі ашық ақжарма көңіл Яссауи іліміндегі «суфрадарлық» – «дастарқан жаю» дәс түрімен ұштасып, дастарқан үстінде уағыз айтып, ислам ілімін таратудың өміршең үрдісіне айналды. Яссауи іліміндегі «Қызыр пайғамбар жолаушы бейнесінде келіп, сұхбатқа қатысады» деген сенім қазақтың «Қонақ келсе, қыдыр келеді», «Қырық тың бірі – Қыдыр» деген мақалдарынан көрі ніс тапты. Осылайша, өз болмысына етене жақын жолмен шынайы исламды танытқан, мың-сан шәкірт тәрбиелеп, өмірін дінге арнаған Әзіреті Сұлтанға деген елдің ықыласы көзі тірісінде ақ ерекше болған. Ол дүниеден өткеннен кейін қабірстанын қастерлеп, зиярат орнына айналдырды, Әзірет Сұлтан жайында жүздеген аңыз әңгімелер туындатты. Яссауидің ұстаздарын да, оның жолын жалғастырған шәкірттерін де халық рухани ұстаздар санап, пір тұтты. Әзірет Сұлтан жөніндегі ең көп тараған аңыз Мұхаммед пайғамбардың аманат құрмасын Арыстанбаб әулиенің бес жүз жыл сақтап, Яссауиге жеткізгені жайында болып келеді. Бірқатар ғалымдар «аманат құр маны» рухани ілімнің символы деп санайды.
«Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – пір Бекет» – деп келетін өлең жолдарында аталған тұлғалардың дәрежесінің теңдігі емес, ру хани ілімінің жалғастығы астарланған. Шын мәнінде, Пайғамбар дәрежесімен еш бір әу лие-тақуа жандардың деңгейін са лыстыру мүмкін емес. Сол секілді, «Әзіреті Сұлтанды үш рет зиярат ету кіші қажы лық жасағанмен бірдей» деген ұстанымның да шариғи негізі жоқ. Бұл Мекке-Мәдинаға
аяғы жетпеген арманды жандардың «Пайғамбардың ұрпағы, аманат ілімін жалғастырушы піріміз ғой» деп Әзіреті Сұлтанға қайталап зиярат етуді көңіліне жұбаныш-медет тұтуынан туындаған пікірлер ғана. Бұлай етуді Әзірет Сұлтан да аманат етпеген, кейінгі орта ғасырлардан сақталып келе жатқан Түркістанға зиярат ету әдебі туралы жазба деректерде де мұндай мәлімет кездеспейді. Ал «Арыстанбабқа түне, Яссауиден тіле» деген сөз дұрыс айтылуында «Арыстанбабта түне, Яссауиде (Алладан) тіле» болып келеді. Өйткені тілек адамнан сұралмайды, Алладан сұралады. Ғұмырын Алла жолы на арнаған Яссауидей тақуа жандардың «менен тіле» деп күпірлік етпегені айқын. Ал пайғамбарларды, әулие-тақуа жандарды дә некер етіп, «солардың құрметі үшін дұғамды қабыл ете гөр» деп тәуәссул жасау үрдісі исламға жат емес. «Арыстанбабта түне, Яссауиде (Алладан) тіле» сөзінің шығу төркіні жоғарыдағы ама нат-құрма туралы аңызға тіреледі. Арыс танбаб ұзақ жол жүріп, Сайрам жері не жет кенде алдынан бала Ахмет өзі шы ғып: «Ата, аманатымды беріңіз!» деп сұ раған екен. Арыстанбаб қаншама жыл ті лінің астына сақтап келген құрманы бергенде, бала оны жұтып жіберіп, бұрыла беріпті. Арыстанбаб: «Балам, сонша жыл сақтап келгенде маған бір ауыз жылы сөз айтпадың ғой» дегенде, бала Ахмет: «Қалай айтамын, сіз бар маңызын сорып, маған тек сүйегін қалдырыпсыз. Жарайды, сізге барып түнесін, бізге келіп (Алладан) тілесін» деген екен. «Арыстанбабта түне, Яссауиде (Алладан) тіле» деген сөз содан қалыпты деседі. Ал кей аңыздарда Әзіреті Сұлтан дүниеден өтерде «Маған келетін адам алдымен Арыстанбабқа зиярат етсін» деп аманат еткен екен деседі. Осы аңызға ұйыған халық алдымен Арыстанбабқа түнеп, содан кейін Яссауиге келіп, осы әзиздердің құрметі үшін қабыл етуін Алладан сұрап, тілек тілейтін зиярат әдебін қоштап, ұнатқан. Бірақ бұл тәртіп қатаң сақтала тын қағидат емес, мүмкіндігіне қарай жасалатын әдеп ретінде қалыптасқан. А.Әбдірәсілқызы 7. Кішкентай кезімізде ата-апала рымыз «көз тимесін» деп мадайымыза
ара кйе жаып оятын. Көз тиюден осылай орануа бола ма? Көзмонша , т$мар туралы исламда андай көз арастар бар? «Көз тию», «назарлану» деген құбы лыстың бар екені шындық. Алла жаратқан пенделердің күш-қуаты (энергиясы) мен ниеті әр алуан болады. Кей адамдарды қазақ «назары бар», «көзі бар» деп жатады. Жа ғымсыз күш-қуаты басым адамның сүйсініп қарағаны да, жақтырмай қарағаны да базбіреулерге назар болып тиюі мүмкін. Әсіресе, қуат өрісі әлсіз балалар мен әйел адамдар жиі назарланады. «Көз тию – ақиқат» деген Пайғамбарымыздың хадисі бар. Әр елдің салтына қарай көз тиюден түрліше сақтанады. Қазақта назарды әшекейге аудару үшін қыз балаға, әйел адамға көзмоншақ пен әртүрлі алқа-тана, өңірлік, сырға, білезіктер тағу кең таралған. Осыған байланысты хал қымызда «көздің жауын алады» деген тұрақты тіркес қалыптасқан. Яғни адамға алғаш қадалған назар көзмоншақтар мен әшекейлерге ауып, оның күші қайтады, екінші рет адамға назар аударғанда бұрынғыдай сұғы қатты болмайды деп саналады. Яғни көзмоншақ адамды қорғайды деп емес, назарды өзіне аударады деп түсіну қажет. Сонымен қатар, баланы (негізінен ұл ба ланы) көзге түспейтіндей етіп, қораш киіндіріп қою, маңдайына күйе жағу арқылы оған назарды аудартпауға тырысу да халқымызда бар. Қазақта балалары тұрмай, шетіней берген жағдайда «Елемес», «Елеусіз», «Жаманбай», «Ескермес» секілді аттар қою арқылы назардан қашуға болады деп ырымдалған. Дегенмен, бұл орайда ырым дегеніміз – сенім емес екенін ескеру керек. Ал бұл мәселеге исламның көзқарасына келсек, Пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай, ата-ананың баланың алдындағы үш парызының бірі – перзентіне жақсы ат қою делінеді. Пайғамбарымыздың кезеңінде де көз тию оқиғалары болған. Ол тұста араб жұр тында назары тиді деп шүбаланған адам ның жуынған суымен назарланған адамды жуындыру әдеті бар болатын. Оны Пайғамбарымыз да құптап: «Сендерден көз тигені үшін жуыну талап етілсе, жуыныңдар!» деген хадис қалдырған. Теріс дұға мен назардан қорғаныш ретінде Пайғамбарымызға «Фәлақ», «Нас» сүрелері түсірілгені белгілі. Сол себепті көз тигенде Құран сүрелерімен дем салу кең таралған.
Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың жа тар алдында «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін үш реттен оқып, қолына дем салып, жүзін, денесін сипағаны жөнінде сүннет ке қатысты дереккөздерінде жиі айтылады. Құранның шипа болып табылатыны жөнін де «Фуссилат» және «Исра» сүрелерінде аяттар бар. Ал баланың жүзіне (иегі не) күйе жағу арқылы назардан сақтануды Осман ибн Аффан сахаба ескерткен. Қазақта көз тигенде дем салдырып, тұз ды суға шомылдырып, басынан тұз айналдырып отқа тастап, хош иісті шөптермен аластап жатады. Бұлардың ішінде дем салудың шариғатта бар екені жоғарыда айтылды, ал хош иісті шөптерді түтетіп, науқас адамды, үй ішін аластауды бірқатар ислам ғалымдары жындарды аластауға септігін тигізеді деп санайды. Пайғамбарымыз хош иісті ерекше ұнатқан. Сонымен қатар: «Әр бір адамның жүрегінде жын иектеу мен алапестіктің ұрығы болады, одан айы ғудың жолы – нарцисс гүлін иіскеу» деген хадис те бар. Ғасырлар бойы хош иісті шөптер мен гүлдер адам жүйкесінің зорығуын басу, тыныштандыру, сергіту, бас ауруы, тұмау, т.б. көптеген аурулардан айықтыру мақсатында қолданылып келеді. Қазіргі медицинада хош иістің науқастың көңіл-күйін жақсартып, сауығуына әсер ететіні дәлелденіп, «ароматерапия» ат ты арнайы сала қалыптасқан. Ал тұздың емдік және тазартушылық қасиеті дәстүрлі медицинада ертеден кең пайдаланылып келеді. Көптеген дәрі-дәрмектердің құрамына тұз қосу, тұздың жеке өзін емге пайдалануды былай қойғанда, тұзды сумен шомылу, тұзды ванна қабылдауға да медицинада ерекше мән беріледі. Назар аударатын тағы бір мәселе ат қоюға байланысты. Қазақтың жоғарыда айтылған елеусіз аттар қою арқылы назардан қашатыны секілді, заманауи психотерапия мен парапсихология мамандары да адам сәтсіздіктен арылмай қойған жағдайда атын ауыстыруды ұсынуда. Ал тұмар тағу жөнінде ислам ғұлама лары тарапынан екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бір тобы Пайғамбарымыздың тұмарға қатысты: «Кім тұмар тағатын болса, Алла оған денсаулық бермесін», «Кім тұмар тақса, Аллаға серік қосқаны» деген хадистеріне қарап, тұмар тағуды түбегейлі теріске шығарады. Екінші топ ғалымдары дәл осы хадистерге сүйене отырып, оларда Құран аяттары жазылған тұмарлар емес, басқа тұмарлар туралы сөз болып отырғанын, ал Құран аяттары жазылған тұ-
марды таққан адам Аллаға сенгендіктен, «Құран аяттары жанымда жүрсін» деп ізгі ниет еткендіктен тағатынын айтып, оны ислам шариғатына қайшы емес деп тапқан. Дегенмен, ғұламалардың басым көпшілігі «Құран аяттары жазылған тұмарды негізінен балаларға таққан дұрыс, ал ере сек адамдар Құран аяттарын жаттап алып, үнемі қайталап жүргені абзал» деп тұжырымдаған. Яғни бұл орайда да ата мыз қазақтың жеті рет өлшеп, бір рет кесе тін дағдысымен шариғаттан шалыс кетпеге нін аңғаруға болады. А.Әбдірәсілқызы 8. «Ткірту», «дем салдыру» деген тсініктер бар арапайым отбасыларда. Баланы ызуы көтерілсе де, мазасызданып жыласа да аза шылыы бар кісілерге ала жөнеледі. Б$л д$рыс па? Дем салу ислам шариғатына жат емес. Ол Пайғамбарымыздың сүннетінен бастау алған. Құранның шипа болып табылатыны жөнінде арнайы аяттар түскен. Пайғамбарымыз өзіне және отбасы мү шелеріне Құран аяттарымен және арнайы дұғалармен дем салған. Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың жатар алдында «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін үш реттен оқып, қолына дем салып, жүзін, денесін сипағаны белгілі. Сүннетке сәйкес дем салу мұсылмандар арасында кеңінен тараған. Муслим риуаят еткен Пайғамбарымыздың хадисінде: «Ішінде серік қосу сөздері болмаған дұғалармен емделудің әбес тігі жоқ» делінген. Дегенмен, дем салудың өзіндік тыйымдары да бар. Дем салу тек Құ ран аяттарымен және сахих хадистерде келген, шариғатта бекітілген дұғалар мен жүргізіледі. Құранда жоқ, шариғатта бекі тілмеген мағынасыз сөздерді қолда нып, дем салу харам деп саналады. Дем салу кезінде Аллаға ғана дұға етіп, жәрдем ті леу қажет. Құран аяттары мен тиісті дұғаларды білетін әрбір адам өзіне-өзі дем сала алады. Білмеген жағдайда өзгелерге дем салдырудың да әбестігі жоқ. Қазақ ілім иесін, Құран сөзін сыйлағандықтан, әдетте молдаларға, арабша оқуы бар адамдарға дем салдыруды жөн көреді. Аяттар мен дұғалардың дұрыс оқылуының мәні зор екенін ескерсек, арнайы білімі бар адамның
дем салуы шынында да абзалырақ. Ал демнің шипа болмағы – Алла тағаладан. Дем қалай салынады дегенге келсек, Пайғамбарымыз әдетте қолын ауырған жерге қою арқылы дем салған. Кейде қолына дем салып, жүзіне, денесіне сүрткен. Жын иектеген кей адамдардың аузын ашып, үшкіріп, дем үрлеген. Қазақта негізінен үшкіру (дем үрлеу) әдісімен дем салады. Ал түкірту – қазақтың төлтума дәстүрі. Қазақта көз тиюді «ит тию» деп атайды, көз тиген балаға түкіріп беретін адамдарды «итке түкіреді» деп атайды. Үлкейгенде итке түкіретін болсын деп, баланың құлағын иттің жүнімен тесіп жатады. Көз тигенде түкірту үшін осындай құлағы ит тің жүнімен тесілген немесе назары бар (көзі тиетін) адамдарға апарады. Олар өздері білмеген жағдайда арнайы аят-дұға оқымаса да Алланың атымен: «Ағузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим бисмиллаһир-рахманир-рахим» деп бастап, түкіріп жатады. Мұндай әрекеттердің шипасы болу-болмауы бір Аллаға аян, дегенмен бұл халықтың шипа табу ниетінен туындаған, исламмен астасып, жалғасып келе жатқан бір дәстүрі болып табылады. А. Әбдірәсілқызы 9. Соы кездері беташар, сәлем салу сия ты атам заманнан бері келе жат-
ан жөн-жоралылара арсы т$ратындар бой көрсетуде. Сонда осы дәстрлерді орындалуы кнәа алып бара ма? Ислам діні аясында ұлт болып қалыптасқан халқымыздың салт-дәстүрлері ғасыр лар бойы ислам қағидаларымен біте қайнасып кетті. Жаһандану үдерісі бе лең алған бүгінгі дәуірде өкінішке қарай радикалды ағымдардың жетегіне ерген кейбір қандастарымыз өз қорасына шапқан қасқырдай қазақ дүниетанымындағы дін мен дәстүр бірлігіне шабуыл жасауда. Қа зақты исламға жаңа кірген ел секілді көрсетіп, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді, ғұламалар жүрген жолды мансұқтап, дәстүрлі құндылықтарды күйрету белең алып отыр. Қазақ мұсылмандық мәдениетін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттердің ең пәрменді құралы ретінде олар ұлттың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін ешбір шариғи негізсіз исламға қарсы қойып, күпірлік пен надандықтың, Аллаға
серік қосудың көрінісі ретінде айыптау да. Соның бірі – беташар дәстүрі мен келін нің сәлем салуы. Ұлттың мінезі мен дәстүрлері – егіз ұғым. Бірінен-бірі туындап, бірін-бірі қалыптастырып жатады. Қазақы мінез бен дүниетанымда ізет пен құрметке ерекше мән беріледі. «Қазақы мінез» деген ұғымның өзі кішіпейілділік, дарқандық, еркіндік тәрізді кесек мінездермен айқындалады. Сол қазақы мінездің тінін құраған кішіпейілділіктің көрінісі іспетті дәстүрлердің бірі – келіннің сәлем салуы. Әрбір амал ниетімен қайырлы, ал құрметтеу ниетімен сәлем салудың рукуғ немесе сәждеге жығылумен бір еместігі, табыну ниетінде жасалмағандықтан, Аллаға серік қосумен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны айдан-анық. Көрнекіден көмескі жасап, сау адамды ақылынан адастыратын жалған үкімдер жасаушылардың түпкі ниеті – дәстүрлі құндылықтарға сына қағып, ішкі тұрақтылыққа нұқсан келтіру. Иіліп сәлем беруді «ширк» – Аллаға серік қосу деп таныған бірде-бір шариғи үкім жоқ. Ислам ғалымдары иіліп сәлем беруге қатысты төмендегі жалғыз хадисті келтіреді. Пайғамбарымыздан бір кісі: «Бізден (мұсылмандардан) бір кісі өзінің бауы рымен яки досымен ұшырасқанда оған иіле ме?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Жоқ» дейді. «Оны құшақтап, сүйе ме?» деп сұрағанда да Пайғамбарымыз: «Жоқ» дейді. «Қолын алып, амандаса ма?» деп сұрайды әлгі кісі. Сонда Пайғамбарымыз: «Иә» деп жауап береді. Исламтанушы ғалымдар бұл хадисті төмен дегіше талдайды. Біріншіден, бұл хадисті ғұламалар «сахих хадистер» қатарына жатқызбаған, ол хасан немесе әлсіз хадистер қатарына жатады. Екіншіден, ха дисте тыйым салу мағынасындағы ешбір сөз қолданылмаған, яғни иіліп сәлемдесуді харам деп танитын ешбір негіз жоқ. Үшіншіден, «жоқ» деген сөз дің тыйым салуға жатпайтынын осы ха дисте «жоқ» де лінген құшақтап, бетінен сүю әре кетін Пайғамбарымыз бен саха балары да жақындары алыс сапардан кел генде қолданған. Демек, бұл хадисте сұрау шы ның нақты сауалына ғана қатысты жауап берілген, яғни мұсылмандардың бір-бірімен күн сайын көріскенде әдетке айналдыруы тиіс амал ретінде қол алып, амандасу құпталған. Ал әр күн сайын бір-бірімен құшақта сып көрісу немесе жо лыққан сайын иіліп сәлем беру сүннет те, міндет те емес, бірақ ол екеуі харамға немесе ширкке де жатпайды.
Қазақта әйел адам ерлермен қол беріп амандаспайды. Бірақ ерлерді көргенде ерін ұшымен ғана амандасып, илікпей қарап та тұрмайды. Келіннің ізетпен иіліп сәлем салуын былай қойғанда, қыз балалар да ерлермен амандасқанда құрмет белгісі ретінде басын иген. Жас жігіттер де, орта жастағы ер адамдар да көпшіліктің, өзінен үлкендердің арасына келгенде қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлемдескен. Мұның әдептіліктің, терең мәдениеттің белгісі екендігін дәлелдеп жатудың өзі артық. Бүгінгі әншілер де халыққа құрмет көрсетіп, иіліп жатады. Оны ешкім күпірлікке шығармайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі заманауи шейхтардың мұндай амалдарды шариғатқа қайшы санамайтын пәтуалары да бар. Ең бастысы – «құлшылық әрекетіне жататын намаздағы рукуғ дәрежесінде дейін иілмеген жөн» делінеді. Сөз соңында айта кететін тағы бір мәселе бар. Келіннің сәлем салуын «ширк» деп теріске шығару әрекеттер қарсы шабуылға ұшырап, қатаң соққы алғаннан кейін халықтың санасын өзгертудің сәті түспегенін пайымдаған радикалды ағым өкілдері қазір жаңа әдістемеге көшуде. Жақында ғана салафиліктің сойылын соғып жүрген бір замандасымыздың беташар туралы мынадай пікірі жарияланды: «Келіннің бетін ашу неден шыққан? Келін бұрын бұл үйге бөтен адам еді, оның бетіне қарауға болмайтын, сондықтан оның бетін жауып әкеліп, ата-енесінің үйінде ашатын. Бұл «ол енді өзіміздің адамымыз, енді оған қарауға болады» дегенді білдіреді». Қазақ дәстүрлерін бұрмалап түсіндірудің мұндай мақсатты әрекеттерінің астарында үлкен саясат жатыр. Қазақ қашан өзіне келін болмаған немесе өзімен бір үйде тұрмайтын қыздың бетіне қарауға тыйым салған еді? Жеті атаға дейін қыз алыспайтын, жеті қырды жайлаған жеті атадан қосылатын ағайынның бәрі бір-біріне бауыр саналатын қазақы қоғамның үш ұйықтаса түсіне де кірмеген ой бұл. Рулас қарындасы тұрмақ, қаймана қазақтың қызын да қазақ жат санап, жүзіне қарауға ұялып, жанарын ала қашқан емес. Немесе «өз бауырларынан өзге ешкім көріп қоймасын» деп қызының бетін жауып, тұмшалап та көрген жоқ. Немере ағасының қызына үйлене беретін, өз үйінде өсіп келе жатқан ағасының қызына болашақ әйелі ретінде нәпсі көзімен қарайтын басқа халықтарға тән дүниетанымды қазақы болмысқа таңудың астарында қазақы дәстүр лерге деген көзқарасты өзгерту, оның
даналық ғибраты мен даралық сипатын жоққа шығарып, арабтық дүниетанымның көшірмесі етіп көрсету, осындай әрекеттер арқылы ұлттың рухани-мәдени қор ғаныс қабілетін әлсіретіп, қолдан жасалған жат құндылықтарды орнықтыру тал пыныстары жатыр. Дін қағидаларының сенімдік жағын діндес ұлттар өзгеріссіз қабылдайды, алайда бір ұлттың дәстүрін екінші ұлт көзсіз көшіре алмайды. Оған дініміз де мәжбүрлемейді. Қазақы болмыстың өзегінен жаралған өз құндылықтары бар. Құндылық – қоғамды қалыптастырған, ғасырлар сынынан өтіп, асылдығын, өміршеңдігін дәлелде ген рухани бағдарлар. Сондықтан қазақ тың дәстүрлі құндылықтарының ешбірі ислам шариғатына қайшы келмейді. А.Әбдірәсілқызы 10. «Ай көрдік, аман көрдік, б$рыныдай заман көрдік, жаа айда жарыл-
а, ескі айда есірке» деп келетін тіркестерді ата-әжелерімізді аузынан естіп өстік. Jлкендерді ай туанда өстіп к- бірлеуіні себебі неде? Қазақ – жаратылыстан Жаратушы ның хикметін тани білген халық. Кез келген құбылысты жақсылыққа ниет етуге, ізгі дұға тілеуге себеп етуге бейімдік қазақ тың табиғатында бар. «Ай көрдік, аман көрдік, бұрынғыдай заман көрдік» деп айданайға аман жеткеніне шүкіршілік етсе (ал шүкіршілік, тек Жаратушыға айтылады), «Ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» деп тағы да Жаратқаннан жәрдем сұраған. Мұның бәрі қазақтың жан дүниесінің тазалығының және ғибадатқа деген шынайы құлшынысының айғағы. Өйткені ғибадаттың ең абзалы – дұға. Пайғамбарымыз жаңа туған айды көргенде: «Сенің де, менің де Жаратушымыз бір Алла. Туған ай біздің ізгі жолдан адаспауымызға бағыттаушы болсын!» деп дұға еткен екен. Ал ай толған сәтте Пайғамбарымыз: «О, Алла! Ай нұры әлемді тыныштандырсын. Өзіңе адал, бойұсынушы болу үшін бізге медеткер болсын!» деген дұғаны айтатын болған. Яғни ай ту ғанда дұға етуді де қазақ Пайғамбары мыз дың сүннетінен өнеге етіп алған. Сонымен қатар, қазақта «Ай толған
сәт те жолға шықпа» дейтін ырым бар. Оның бастауы да сүннетке тіреледі. Пайғамбарымыз ай толғанда үш күн ораза тұтуды өсиет еткен. Өйткені жер бетіндегі сулардың тасуы мен қайтуы айдың толуы мен семуіне байланысты екені белгілі. Құрамы 80 пайыз судан тұратын адам қаны да ай толғанда тасуға бейім тұратынын қазіргі медицина дәлелдеп отыр. Сон дықтан ай толған шақ – адамдардың қаны тасып, жүйкесі сыр беріп тұратын жайсыз кезең саналады. Осындай шақта ораза тұтқан адамның қан қысымы өз-өзінен төмендеп, басылады, сабырлылық пайда болады. Ал қазақ мұндай қатерлі кезеңде ұры-қарының, жол тонаушының қолына түсіп қалмау немесе кездейсоқ жанжалға килікпеу үшін бейтаныс жерге жол жүруді жөн көрмеген. Яғни бұл орайда да халқымыз сүннеттен озбаған. А.Әбдірәсілқызы 11. Jйленетін болды . Jлкендер жаы от а май $ю, отпен аластау салтын жасаймыз деп айтты. Шариат м$ндай дәстрлер туралы не дейді? Келін босағадан аттап түскенде отқа май құйғызу – қазақтың тәңірлік сенімге иланған кезінен, бәлкім, одан да ертеректен ке ле жатқан ежелгі ғұрпы. Ғұрыптық ісәрекет ретінде жасалатын мұндай әдеттерді «дәстүр» деп емес, «ғұрып» деп атау қалыптасқан. Бұл жерде ескерілетін басты мәселе – тәңірлік сенімнен қалған ырымтыйымдардың қазіргі күні ғұрыптық жағы ғана сақталып, сенімдік жағы, мазмұны мүлде өзгеріп кетті. Мұндай ырымдарды қазір ешкім ежелгі түсініктерге негіздеп ұстанбайды. Ақ босаға аттап, отқа май құйып жатқан қазіргі келіндер бұл ырымды от пен майға табынғандықтан емес, ата-баба дәстүрін құрметтеген діктен, «бұрынғы-соңғының жолы» деп жасай ды. Яғни қазақы танымда қалыптас қан «шырағым сөнбесін», «отым өшпесін» деген игі тілекпен отқа май құяды. «Оттың өшпеуі», «шырақтың сөнбеуі» қазақ үшін азаматының, отбасының аман болуы, шаңырағының шайқалмауы, елжұрт тың тыныштығы дегенді білдіреді. Со нымен қатар, көшпенді қазақ елі үшін оттың өшпеуі тәжірибелік мәнге де ие
болған. Үнемі оттық табыла бермейтін, шақпақ таспен от тұтата алмай қиналатын көшпенді бабаларымыз түнгі оттың қоламтасын күлге көміп, таң атқанша сөніп қалмауын қамдаған. Таңертең оты өшпеген үйдің жылуы кетпейді, от тұтата алмай қиналмайды, дәрет суы дайын тұрады, ассуын да жылдам даярлайды, яғни әрбір ісінің берекесі болады. Сондықтан оттың өшпеуі сол үйдегі келіннің ширақтығын, ептілігін, іске икемділігін көрсетеді. Оты өшіп қалғандар әдетте таң атпай асығыпүсігіп, көрші үйлерді мазалап, қоламта сұрап жүреді. Қазақтың асығыс жүрген адамға «от ала келдің бе?» дейтіні осыдан шыққан. Осы тәжірибе мен тағылымның барлығы отқа май құю үрдісінде жинақталған. Бұл ғұрыптың астарында «отқа май құйғанда от қалай лауласа, өмірі де солай жайнай берсін» деген ырым да жатыр. Ырым бөлек те, наным бөлек. Ырым нанымның тікелей көрінісі болса, қазақ екеуіне екі атау бермес еді. Ырымда «осылай етсе, солай болады» деген үзілді-кесілді сенім емес, «осылай етсек, солай болса екен» деген тілек, ниеттену, сұрау тұрады. Оның бәрін адам жақсылықтан үміт күтіп жасайды. Ал жақсылықты жалғыз Жаратушының ғана беретінін атамыз қазақ «Жамандық көрсем өзімнен, жақсылық көрсем құдайдан» деп бір-ақ ауыз сөзбен бекіткен. Ізгі ниетпен жасалған ырымдарды Пайғамбарымыздың да құптағаны «Жаман ырым исламда жоқ. Бірақ маған жақсы ырым, жақсы сөз ұнайды» деген хадистен аңғарылады. Ал отпен аластау – келін түскенде ғана емес, ел көшкенде, жаңа қонысқа кел генде, адам науқастанғанда, назар лан ғанда, т.б. жағдайларда жиі қолданы ла тын ғұрып. Оттың тазартқыш күші, дезинфекциялаушы әсері ежелден бел гілі. Ал қазіргі психотерапияда оттың жағымсыз энергияларды жоюға әсер ететіні дәлелденіп, кеңінен қолданылуда. Адам табиғатында жорамалдауға, ырымдауға бейімдік бар. Сондықтан да Пайғамбарымыздың хадисінде: «Ешбір адам үш нәрседен: жорамалдаудан, күдікті ойдан, қызғаныштан құтыла алмайды» делінген. Ырымға құлай сенуге болмайтыны да осы хадистің жалғасында айтылған. Яғ ни жоғарыда айтылғандай, ырым – сенімге емес, ниетке қатысты ғұрып. Оның жасалу-жасалмауына адам тағдыры байланысты емес. Дініміздегі жақсы нәрсені ырымдау жайына келсек, исламтанушы ғалым-
дарымыз мынадай бір хадисті келтіреді. Пайғамбарымыздың кезеңінде мұсыл мандар мен мүшріктер арасында «Худай бия» келісімі жасалған. Сол келісімді жасасуға мүшріктер тарапы Суһайл атты кісіні жібереді. «Суһайл» есімінің мағынасы «же ңілдік» дегенді білдіретін. Оны көрген Пайғамбарымыз сахабаларына: «Істерің алға басып, жеңілдейтін болады. Олардың бұл адамды жібергені келісімді қалағаны ғой» деп, Суһайлдің келуін жақсылыққа жорыған екен. Көптеген ырым-тыйымдардың негізін де ғылыми-медициналық астар, этикалық-гигиеналық ұстаным бар екені белгілі. «Ақты төкпе», «малды теппе», «күлді шашпа», «көкті жұлма», «күн батарда ұйықтама», «ай толғанда жолға шықпа» секілді ырым-тыйымдардың негізгі мәнін түсіну кімге болса да қиын емес. Бір ғана ай толғанда жолға шықпау ырымы осы кезеңде жер бетіндегі сулармен бірге адам қаны да таситынын, сондықтан адам дардың қақтығысқа, жанжалға бейім тұратындығын білгендіктен айтылған сақтандыру сөз болып табылады. Қазақтың ежелгі ырымдарының көпшілігі қазір тұрмысымыздан алыстап барады. Сонымен қатар, замана ағымымен жаңа ырымдар да бой көрсетуде. Қоғам құндылықтарды өзі сұрыптайды. Қазақ ырым-тыйымдары да өзін-өзі ретке келтіріп, табиғи түрде сұрыпталып жатқан үдеріс. Мұндай үдеріске төңкерісшіл көзқараспен келіп, кесіп-жонып, алып тастау мақсатын ұстанудың мәні жоқ. Ғылыми негізі бар болсын, болмасын – ырымды жасағаннан дін ислам жолынан азып, күпірлікке салынып кеткен қазақ жоқ. Сондықтан жақсылықтан үміттендіретін, ізгі істерге жетелейтін, жан дүниеге сенім ұялататын жағымды ырым-тыйымдар ұлт дүниетанымының ажырамас бір бөлігі ретінде өмір сүруге құқылы. Ал біз назарымызды ғасырлар сынынан өтіп болған қазақ дүниетанымын тергеп-тексеруге емес, ұлт тұтастығына, рухани құндылықтарға, дін мен дәстүр бірлігіне қатер төндіретін құбылыстармен күреске аударуымыз қажет. А.Әбдірәсілқызы 12. Осыдан бірнеше жыл б$рын ай тыс болан атама 0$ран хатым тсірсем деп
едім. Оны д$рыс орындаланын алай білсем болады? 0$ранды кімдер тсіреді? Сұраққа жауап бермес бұрын, өзге оқырмандарға түсінікті болуы үшін «Құран ха тым» дегеннің не екенін айта кетейік. «Хатым» сөздікте «бітіру, аяқтау» дегенді білдіреді. Ал «Құран хатым» дегеніміз – Құранды бастан-аяқ оқып шығу деген сөз. Ал Құранды оқу құлшылық болып саналады. Құранның қай сүресі, қай аяты оқылса да оқыған адамға сауап жазыла тыны хадистерде айтылған. Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Кімде-кім Алланың кітабынан (Құраннан) бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылық он еселенеді. Мен әлиф, ләм, мимді (бәрін қосып) бір әріп демеймін, әлиф – жеке әріп, ләм – жеке әріп, мим – жеке бір әріп. (Әрқайсысына жеке сауап жазылады)» деген (Тирмизи, «Сүнән»). Яғни, Құран оқу намаз, ораза секілді құл шылыққа жатады. Ал құлшылықтан болатын сауаптарды қайтыс болған адамдардың рухына бағыштауға болады. Әһлус-сунна ғалымдары оқылған Құран сауабының марқұмдарға тиетінін бір ауыз дан мақұлдаған. Құран Кәрімді оқып, сауабын бағыш тау қайтыс болған кісінің артынан жасалатын құптарлық іс болып табылады. Құран Кәрімді дұрыс оқи алатын кез келген мұсылман хатымды түсіре алады. Тек қана мешіттегі молда оқу керек деген үкім жоқ. Негізінен кез келген мұсылман баласы Құранды өзі оқи алуы тиіс. Ал өзі оқи алмаған жағдайда мешіт қызметкерлері, қарилар, медреседе Құран оқуды дұрыс меңгерген шәкірттер т.б. секілді діни сауаты бар сенімді кісілерге осы істі тапсыру арқылы хатымның дұрыс орындалғандығына көз жеткізуге болады. А.Әділбаев 13. Адам о дниеге аттананнан кейін жыртыс, тәбәрік беру, киім тарату сия - ты рдістер орын алып жатады. Б$л шариат а айшы емес пе? Ал аралы йде тама пісіру ислама айшы келмей ме? Қайтыс болған кісінің артынан жыртыс, тәбәрік, киім тарату қазақ халқының салт-
дәстүріне сіңісіп кеткен үрдістер. Мұның бәрін мұсылман халқымыздың қайтқан кі сінің атынан садақа беру ниетімен жасайтындығы белгілі. Ислам діні бойынша, қайтыс болған кісінің атынан садақа беруге болады және оның сауабы өліге тиеді деп есептеледі. Бір күні Пайғамбарымыз ға (с.а.у.) бір кісі келіп: «Менің әкем қай тыс болды. Артында дүниесі қалды. Артын да қалған дүниесін (пәлен жерге берілсін) деп өсиет етпеді. Егер мен оның орнына садақа берсем, күнәлары кешіріле ме?» деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иә» деп жауап қатады (Муслим, «Сахих»). Осы хадисте садақаның дүниеден өткен кісіге арналып жасалғанда сауабының оған жететіндігі айтылған. Ахмад ибн Ханбал бұл жайында: «Бағышталып жасалған бар лық жақсылықтың сауабы өліге тиеді. Өйткені ол жайында хадистер бар» деген (Сайд Сабиқ, «Фиқһус-сунна»). Фиқһ ғалымдары садақа сауабының өліге тиетіндігін айтқан. Сондықтан жыртыс, тәбәрік, киім таратудың бәрі садақа ниетімен жасалғанда, сауабы өліге тиеді. Яғни бұл амалдар садақа ниетімен жасалуы қажет. Осындай ниетпен жасалғанда шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ, қай та керісінше, құп көрінеді. Бірақ бұл амалдар шамасы келмейтін адамдарға жүктелмейді. Яғни шамасы келетін адамдар ғана жасауына болады, ал шама сы жетпейтіндерді дініміз бұған мәжбүрлемейді. Ал қаралы үйде тамақ пісіруге келетін болсақ, ислам діні бойынша ол үйде тамақ пісіріп, қонақтарға дастарқан жаю емес, керісінше көңіл айтып келген туыстары мен көршілерінің қаралы үйге тамақ ала келуі өсиет етіледі. Тіпті сахаба Жағфар қайтыс болғанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) айналасындағыларға: «Жағфардың үйіндегілерге тамақ әзірлеңдер, себебі олардың басына бір қиындық туды» деген. (Әбу Дәууд, «Сүнән»). Алайда алыстан кісілер келгенде оларға тамақ берудің ешқандай сөкеттігі жоқ. Бұл туралы Жәрир ибн Абдуллаһ: «Егер тамақ пісіру қажет болса, пісіруге болады. Себебі қаралы жер ге жаназа үшін және көңіл айту үшін ауыл дардан және алыстан келетіндер бар. Олар сол жерде қонақтап қалатын болса, онда тамақ пісіріп, оларды тамақтанды руға болады» деген (Уәһбатуз-Зухайли, «әлФиқһул-исламии»). Алайда қазіргі кезде қаралы үйлерде «бас қалардың алдында ұятқа қалмайық», «жұрт күлмесін» деген оймен той секілді
дастарқанды жайнатып тастайтын әдет белең алып барады. Өзі қара жамылып, қайғыға батып отырған шаңырақ дастарқандарын жайнатып қою үшін шығынға белшеден батып, кейбіреулері қарызданып, қайғысына қайғы жамайды. Бұл, әрине, дін тұрғысынан да құптарлық дүние емес. Сондықтан ауыл ақсақалдары мен молдалары ақылдаса отырып, осыны болдыр маудың жолын қарастыру қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған қатысты арнайы пәтуа дайындап, оны халыққа түсіндіру жұмыстарын барынша кең көлемде жүргізгені жөн. А.Әділбаев 14. Jйленбекші болып ем. Біра мен сйген ыз өз руласым болып шы ты. Атаанамыз арсы. Ал намаз о итын кей бауырлар «исламда бір анадан тумаан болсадар, ст бауыр болмасадар йлене беруге болады» дегенді айтады. Не істеген жөн? Ислам руа алай арайды? Мұсылман құқығында мына адамдардың бір-бірімен үйленуіне тыйым салынады: «Әйелдерден әкелерің үйленгендерге үйленбеңдер. Бірақ өткен өтті. Бұл бір арсыздық және жиренішті жаман жол. Сендерге аналарың (әке-шешелеріңнің аналары), қыздарың, (ұл-қыздарыңның қыздары), қыз туыстарың (әке-шешесі бір немесе бөлек), әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек немесе қыз туыстарыңның қыздары (олардың қыздары), сүт емізген аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрынғы ерінен болған) қолдарындағы өгей қызда рың, егер жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйел дері және екі қыз туысқа бірге үйленулерің арам қылынды... («Ниса» сүресі, 22-23 аяттар). Жаббар Хақтың бұл үкімдері сөз жоқ адамзат баласы үшін үлкен жаңалық болатын. Өйткені, исламға дейін арабтар және өзге де кейбір халықтар өгей шешемен және кейбір туыстарымен үйлене беретін. Ал қазақтың экзогамиялық сипаттағы «жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүріне келетін болсақ, бұл салттың дінге қайшылығы жоқ. Рас, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) өзінің қызы Фатима анамызды немере інісі Әлиге (р.а) үйлендірген. Осыған қарап,
«жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүрін шариғатқа қайшы дейтіндер бар. Діни үкім мен дәстүрді бұлай бір-біріне қарсы қою әсте дұрыс емес. Себебі, жоғарыдағы «Ниса» сүресінде некелесуге тиымның ең төменгі шегі белгіленген. Ал бұл шектің тысындағы дәстүрге негізделген тиымдарды дінге қарсы деп айта алмаймыз. Ханафи мәзһабындағы үкім берудің жеті қайнар көзінің бірі «урф» бойынша, әдетғұрып қағидалары дін негіздеріне қайшы келмесе, онда қоғамдық қатынасты ғұрып бекіткен құндылықтармен де реттеуге болады. Жалпы, «жеті атаға дейін қыз алыспау» салтын шариғаттағы жақын туыстар арасындағы тиым салынған некелік қа тынасты одан әрі бекемдей түсетін қағида деп қарастырғанымыз жөн. М.Исахан 15. Мені ызым азір бой жетіп келеді. Өзі намазын збей о иды. Араласатын достарыны бәрі намаз о ымайды. 0азір
ызымыза бір отбасы $да тсіп жатыр. Алайда балалары намаз о ымайды. Біз ызымызды ондай жігітке бергіміз келмейді. 0ызымны намаз о ымайтын жігітке т$рмыс а шыуына бола ма? Үйлену – Хақ Елшісінің (с.а.у.) сүннеті. Тіпті, үйлену кейде қажетті жағдайда уәжіп һәм парыз болуы да мүмкін. Ал, «намаз оқымайтын жігітке тұрмысқа шығуына бола ма?» деген мәселенің жауабы күрделі. Намаз оқу – ақылы толысқан һәм бали ғат жасына жеткен әрбір мұсылманға парыз. Намаздың парыз екендігі аят, хадис және ижмамен дәлелденгендіктен, оны жоққа шығару діннен шыққанмен тең саналады. Ал намазды жоққа шығармағанмен, оны көпе-көрінеу қаза қылу пасықтық болып есептеледі. Бұл туралы Құранда: «Олар жән натта тұрып күнәһарлардан: «Сақар жа һаннамға түсулеріңе нендей себеп болды?» деп сұрайды. Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік» деп жауап қатады» («Мүддәссир» сүресі, 40-43-аяттар) деп, намаз оқымаудың ақыретте жазасының ауыр болатындығы қатаң ескертілген. Ал сүннеттен дәлел келтіретін болсақ, Хақ Ел шісі (с.а.у): «Әдейі намазды тастаған адамға Алла мен Пайғамбардың көмегі
болмайды», (Бухари, «Мауақит», 15, 34; Насаи, «Салат», 15) деп бұйырады. Демек, мұсылман кісіге бес уақыт намаз оқу талассыз парыз ғибадаты саналады. Бірақ, ханафи мазхабында иман мен амал бөлек қарастырылатындықтан, намазсыз мұсылманды кәпірге шығаруға болмайды. Сондықтан, құда түсіп келіп отырған бейнамаз жігіт кәлима шаһадат еткен жан болса, онда ол жігітті мұсылман емес деп айтуға болмайды. Дегенмен, ислам патриархалды отбасы түрін жақтағандықтан, отағасы жарынан рухани жағынан биік тұрса, құба-құп. Осы себептен де, «бейнамаз жанға намазханды қосуға болмайды» деп кесіп тастағаннан көрі, күйеу болуға талаптанған азамат алдағы уақытта өзінің рухани кем-кетігінің ор нын толтырып жатса, лайықты жар болуы на мүмкіндік беру керек. М.Исахан 16. Jлкендерді 0$ран о ыланда пыша ты жасырып оятыны бар. Ислам да оан атысты пәтуа бар ма? Кез келген халықтың өмір сүру ерек шелігіне байланысты өзіндік салттары мен ырым-тыйымдары қалыптасатындығы ақи қат. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар де мекші, кей дәстүрлер уақыт талабына сай өзгеріп, кейбірі ұмыт қалып жатады. Се гізінші ғасырдан бастап ислам дінін қа былдаған халқымыздың арасында исламның келуімен көптеген ескі әдеттер дің өзгеріп, шариғатқа қайшы келмегендерінің жалғасын тапқандығы белгілі. Сондай ырымдардың бірі – Құран оқылғанда пышақты алып тастау. Негізі кез келген ырым немесе тыйым ның астарында өмірлік тәжірибе бар. Пышаққа қатысты ел арасында пышақтың жү зін жоғары қаратып қоймау, пышақты сабы жағымен беру, біреуге пышақ кеземеу, кішкентай бала түнде шошымасын деп жас тығының астына пышақ қою, т.б. деген секілді ырымдар тараған. Негізінен ислам фиқһына қатысты әуелгі кезеңдегі классикалық фиқһ кітаптарында Құран оқылған кезде пышақ, сүйек болмасын немесе ыдыста тамақ тұрмасын деген ешқандай пәтуа жоқ. Алайда, оның астарында бәрібір исламдық элементтер бар. Мәселен, хадисте сүйектің жындардың азығы екендігі айтылған. Сонымен қатар, асты
алып кетудің де түбінде дастарқанның таза болуына мән беру жатыр. Ал пышақ мәселесіне келсек, ол Құран оқыған кезде жын соққан адамдар құтырып кетіп, сол пышақпен айналасындағыларға қатер төндіруі мүмкін деген сақтықтан туындаған орынды әрекет. Құран оқыған кезде әлгіндей кісілердің арқасы ның қозып, құтырып жататындығы көп теп кез десетіндіктен, бұл – өмір шындығымен расталған жағдай. Сондықтан, Құран оқылатын кезде сақтық ретінде пышақты алып қою қажет. А.Әділбаев 17. Ж$мада мешітке арнайы барып 0$- ран о ытамыз. Сол кезде молдаа а ша береміз. Басында жанымдаылара арап бере салатынмын. 0азір б$л әрекетім д$рыс па, жо па деп ойланатын болдым. М$ны дінге айшылыы жо па? Бұл сұрақтың астарында үш мәселе жатыр. Соларға қысқаша жеке-жеке тоқталайық. 1. Жұма күні мешітке бару 2. Құран бағыштау 3. Құран бағыштағаны үшін молдаға ақша беру. 1. «Алла елшісі (с.а.у.): Шынында, апта ішіндегі ең қайырлы (сауапты) күндерің – жұма күні» деген. Ал жұма күнгі жасалған жақсылықтардың сауабының көптігі – өз алдына жеке мәселе. Халық жұма күнінің қасиетіне сенгендіктен, осы күні жақсылық жасап, садақа бергенді жөн санайды. Бұл дұрыс-ақ. Алайда ислам шариғатында «Жұма күні мешітке барып, Құран оқытыңдар» деген ешқандай бұйрық та, нұсқау да жоқ. Сондықтан мұсылман адам тек қана жұма күні жеті шелпек пісіріп, Құран бағыштаумен шектелмей, діннің негізгі парыздарын (оның ішінде жұма на мазын) өзі орындауы қажет. Өкінішке қарай, діни сауаттың төмендігінен жеке құл шылықтарға мән бермей, садақамен ғана құтылып кетеміз деп ойлайтындар бар. 2. Құран оқып, ата-бабаларға бағыштау үшін мешітке бару да міндетті емес. Кез келген мұсылман баласы Құранды өзі оқып, өзі бағыштаса да сауабы ата-бабасына тиеді. Қайтыс болған кісінің артынан бағышталып оқылған Құран сауабының оған жететіндігіне мұсылман ғалымдары келіскен.
- Құран оқығаны үшін ешкім ақша талап ете алмайды. Ал мұсылмандардың ақша беру себебі Құран оқығаны үшін емес, ата-анасының артынан садақа беру немесе қандай да бір жақсылықтың алдында ниет етіп, садақа беру немесе садақаның өмірді ұзартатындығына сену. Бұған ешқандай тыйым жоқ. Айта кетер тағы бір нәрсе, біздің еліміз зайырлы мемлекет болғандықтан, мемлекет мешіттерге көмектесе алмайды. Ал, мешітке халық қолдау көрсетпесе, мешіттің суы, жылуы, та залығы және т.б. көптеген мәселелер ше шімін таппай қалатыны белгілі. Ал мұ сылмандардың Құран оқыту кезінде бер ген садақасы садақа жәшігіне салынып, мешіт қызметкерлері оны он адамнан құралған ақылдастар алқасымен санап алып, қажеттеріне жұмсайды. Сондық тан берген ақшаны Құран үшін деп емес, садақа ниетімен беру қажет. А.Әділбаев 18. Жыл сайын 31 мамыр кні саяси
уын-сргін $рбандарын аза т$тамыз. Өткен асырды жылдары хал ымызды ширегіне жуыы және $лт зиялылары олдан жасалан з$лматтан ырын тапты. Осы ырында жан-тәсілім еткен ата-бабаларымызды шейіт деп айтуымыза бола ма? «Шейіт түсті» деп дін үшін және қасиетті мұрат жолында жан-тәсілім еткен баһадүрлерді айтамыз. Құран Кәрімде шейіт түскендер туралы: «Алла жолында өлтірілгендерді «өлді» демеңдер. Жоқ, олар тірі. Бірақ, сіздер оны білмейсіздер («Бақара» сүресі, 154 аят) деп бұйырыла ды. Жалпы, ханафи мәзһабының ғұламалары «шейіт» ұғымын үшке бөліп қарастыра ды: біріншіден, дүние ісі және ақыреті үшін шейіт болғандар. Яғни, дүние ісі болса да, әділдік үшін азап көріп, содан жаны қиылса, Құдай жолында құрбан болған саналады. Сондай-ақ хақ дін үшін қанмайданда жанын пида етсе және иманы мен ар-ұжданы үшін тауқымет тартып қаза болса, шариғатымыз бойынша, бұлай жан-тәсілім ету күмәнсіз шейіт түскен болып есептеледі. Екіншіден, ақыреті үшін шейіт болғандар. Олар ислами сенімі үшін дене тұрғысынан жәбір-жапа шегіп, осы зорлықтан өліп кетсе, Құдай жо-
лында құрбан болған саналады. Тіпті, ауыр азаптан аман қалып, соңынан қайтыс болса да, Тәңір жолында тартқан тақсыреті ескеріліп, шейіт түскендердің санатына жатқызылады. Үшіншіден, дүние ісі үшін құрбан болғандар бір қарағанда хақ дін үшін жанын қиған болып көрінсе де, ниеті шейіт түсу болмағандықтан, ол адам шейіттердің санатына кірмейді. Тіпті, кейінгі толқын оның сыртқы тұрпаты мен жасаған ерлігіне қарап, шейіт деп еске алса да, ол адам бәрібір ақыретте шейіттердің сапын да бола алмайды. Ал, ХХ ғасырдың 30 жылдары ашаршылықтан қырылған халықты һәм саяси зұлматтан қаза тапқан ұлт зиялыларын шейіт деуге бола ма деген мәселеге келетін болсақ, шейіт болудың бірінші шарты жаны қиылған адам момын-мұсылман болуы шарт. Аллаға шү кір, қазақ халқы мың жылдан бері ислам дінін ұстанып келеді. Яғни, өткен ғасырдағы зұлматқа ұшыраған халқымыздың зиялылары толығымен мұсылмандар болатын. Екіншіден, кеңестік жүйе қазақ халқын оты рықшыландыру кезінде тігерге тұяқ қал дырмай, мал-мүлкін тәркілеп алды. Соның әсерінен 1932 жылғы қуаңшылықта ха лық аштықтан тіске басар талғажау таппай, қырылып қалды. Қызыл үкіметтің зорлық-зомбылығына қарсы тұрған бас көтерген азаматтарды жазалаушы отряд «банды» деп атып тастап жатты. Шынтуайтында, олар «банды» емес, халықтың ар-ұжданы мен мал-мүлкін қорғаған азаматтар еді. Әбу Һу райрадан жеткен бір хадисте: «Бір сахаба Хақ Елшісінен (с.а.у): «Менің мүл кіме біреу қол сұғып, оған мен қарсы тұ рып, содан өліп кетсем, не болады?» деп сұраған. Сонда, Пай ғамбарымыз (с.а.у): «Онда сен шейіт бола сың» (Мүсілім, «Иман», 225) деп жауап берген. Олай болса, қы зыл үкімет мал-мүлкін күшпен тартып ал ғанда ашаршылыққа ұшыраған халықты және әділдік үшін шыбын жаны қиылған азаматтарды шейіт деп айтуға толық негіз бар деуге болады. М.Исахан 19. Базбіреулерді көз арасынша, ислам мәдениетіне Мәуліт мерекесін тркі лер енгізген көрінеді. Шынында да, солай ма? Ал, тбі тркіден тарайтын біз – аза хал ы Мәулітті тойлаанбыз ба?
Ислам мәдениетіне Мәулітті түріктер енгізді деп кесіп-пішіп айтуға болмас. Мәуліт те оқылатын Адамзаттың ардақтысы (с.а.у.) хақындағы бәйітті алғаш рет Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) көзі ті рісінде Хасан ибн Сәбит атты ақын сахабасы шығарған. Егер Мәуліт жырын оқу дін негіздеріне қайшы болса, Хақ Елшісі (с.а.у.) өзі туралы өлең шығаруға тиым салған болар еді. Ал, Мәуліт мерекесінің тарихына келер болсақ, бұл мерекені бүкіл халық болып ресми түрде тойлауды іске асырған селжұқ әмірлерінің бірі – Мұзаферуддин Көкбөрі еді. Мұзаферуддин Көкбөрі Селжұқ түріктерінің Ербил тайпасының Бәйтік әулетінен және осы тайпаның биі болатын. Сонымен бірге, Аюб мемлекетінің сұлтаны Салахаддиннің жездесі еді. М.Көкбөрі шынайы бір мұсылман болған. Ол Хақ Елшісін (с.а.у) бар ынтасымен жақсы көрген. М.Көкбөрінің кезінде тұңғыш рет түріктердің мемлекеттік басқару түзімінде Алла Елшісінің (с.а.у) есімі мемлекеттік рәміз ретінде танылды. Мәуліт мерекесін тойлау Осман мемлекеті дәуірінде де ерекше қолға алынды. Алты ғасыр бойы Хақ діннің туын желбіреткен Осман билігі Мәуліт мерекесін Пайғамбарымызға (с.а.у) деген ерекше құр меттің символы ретінде қабылдады. Тарихи деректерге қарасақ, Хақ Елшісінің (с.а.у) туған күнін Ыстамбұлдағы Сұлтан Ахмет мешітінде падишаһ, шейхулислам, уәзірлер, әмірлер, мәшһүр ғалымдар мен дегдарлар және қалың бұқара ерекше мереке ретінде атап өткенін көреміз. Яғни, бір сөзбен айтқанда, Осман билігі кезеңін де Мәуліт мейрамының мемлекеттік мереке ретінде танылғанын аңғаруға болады. Біздің бала күнімізде әрбір жылы рабиғул-әууәл айында ауылдағы көне мешітте шал дар жиналып алып, апталап «Мәуліт» оқи тын. Кейін ес білгенде барып аңғардым, шалдардың оқитын «Мәуліт» жыры – Шәді Жәңгірұлының «Сияри-Нәби» шығармасы екен. Демек, Шәді төренің «Мәуліт» жырын жазғанына қарағанда, бұл мерекені Хақ Елшісінің (с.а.у.) үмбеті – Алаш бала сы да тойлаған деп болжауға болады. Енде ше, Мәу літті бүгінгі ұрпақтың ұласпалы мереке ре тінде тойлауының еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймыз. М. Исахан
- «0аза мәдениеті – аза ты дәстрлі діни танымы» деген тсінік д$- рыс айтылан ба? Мәдениет пен діни танымды бір деп арауа бола ма? «Мәдениет» ұғымының аясы дінмен салыс тырғанда анағұрлым кең. Өйткені ол сан салалы рухани және материалдық мәдениетті қатар қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда, дін рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Өз кезегінде діннің қамту аясы да аса кең. Өйткені дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы ру хани қағидалар жүйесі. Яғни дін – рухани мәдениет феномені, оның негіздерінің бірі, ол қоғамдағы кез келген феномен нен анағұрлым бай, маңызды және ықпал ды. Сондықтан дін барлық қоғамдарда дер лік мәдениет түзуші рухани факторлар дың негізгісі ретінде қызмет атқарады. Қазақтың дәстүрлі діни танымына да осы тұрғыдан қараған жөн. Әрбір діннің сенім негіздері сол дінді қабыл даған барлық халықтар үшін ортақ. Ал сол діннің аясындағы діни таным әр ұлт тың өмірлік тәжірибесіне, дүниета нымдық ерек шеліктеріне, дәстүрлі құндылық та рына сәйкес дербес қалыптасады. Бұл ерекшеліктерден ұлттың осы дінді қабыл дағанға дейінгі болмыстық сипат тары көрініс табуы мүмкін. Қазақ даласына ислам діні келгеннен бері сол діннің аясында жетіліп, толысып, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың дәстүрлі діни танымы біздің рухани мәдениетіміздің өзегіне айналған. Сондықтан рухани мәдениетіміздің барлық салалары – ойлау жүйеміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз, өнеріміз (сөз өнері, саз өнері) дәстүрлі діни танымымызбен ті келей байланыста дамыған, содан нәр алып, тамырланған. Яғни дәстүрлі діни танымның мәде ниетпен байланысы екі жақты әсерлесуден тұрады: мәдениетке құрамдас бөлік ретінде еніп, оның барлық ерекшеліктерін сіңіре отырып қалыптасқан діни таным өзінің қалыптасу кезеңінен өткен соң мәдениетке шешуші әсер ететін, мәдениеттің мәнін құ райтын факторға айналады, ұлттық дүниетаным мен мәдениеттің бұдан кейінгі дамуына тікелей ықпал етеді. Сондықтан
мәдениет пен дәстүрлі діни таным байланысына уақыт факторы тұрғысынан қараған жөн. А.Әбдірәсілқызы АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР Әбдірәсілқызы Айнұр – Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Тө ра ғасы ның кеңесшісі, филология ғылым дарының кандидаты, араб әдебиеті (құран тану) бойынша ғылым магистрі, шығыстану шы, түркітанушы. Әділбаев Алау Шайқымұлы – «НұрМүбарак» мысыр ислам мәдениеті университетінің доценті, «Дінтану» кафедрасы ның меңгерушісі, исламтанушы-теолог, PhD докторы, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанындағы Ғұламалар ке ңесінің мүшесі. Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы-теолог. Жұмағұлов Қанат Әділханұлы – Атырау қалалық «Әт-Тақуа» мешітінің наиб-имамы, дінтанушы, исламтанушы-теолог. Мұқан Исахан – «Нұр-Мүбарак» мы сыр ислам мәдениеті университетінің докторанты, заңгер, шариғат бойынша маман. Оңғаров Ершат Ағыбайұлы – Қазақс тан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімі нің меңгерушісі, исламтанушы-теолог,
МАЗМҰНЫ І БӨЛІМ. ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ ЖАЙЫНДА 20 САУАЛ
- Зайырлылықтың атеизмнен айыр ма шылығы не де? Исламда зайырлылық туралы түсінік бар ма? ..........................................................4 2. Ислам діні жаһандануға қарсы емес пе?.........9 3. Дінаралық келісім, діндер сұхбаты дегенді жиі айтып жүрміз. Ислам шари ғаты бұған қалай қарайды? ................................................ 13 4. «Имам Ағзам ақидасын иржа қыл ған» деген пікірлерді көзіміз шалып жүр. «Иржа» деген не? Шынында да Имам Ағзам ақидасын иржа қылған ба? .............................................. 17 5. Исламдағы ақида жайындағы көп теген тартыстар Аллаға мекен беру ге байланысты болып келеді. Матуриди ақидасы бұл туралы не дейді? Жалпы ақиданың әртүрлі болуы қауіпті ме? ........................................................ 20 6. «Құран Кәрім ешқандай тілге, тіпті араб тіліне де аударылмайды. Құран ның мағынасын түсіну үшін оның аударма сын оқымау керек. Аударманы оқыған кісі Алла тағаланың айт қандарын емес, аудармашының өзінше түсін діргісі кел генін үйренеді» дегенді оқып жүрміз. Араб тілін білмейтін көпшілік Құранның ма ғынасын білу үшін аудармадан оқи тыны белгілі. Шынында да, Құранның аудармасына тыйым салынған ба? ........................................... 24 7. Ислам шариғаты бойынша әйел дер еркек тер ден PhD докторы, Қазақстан мұсылманда рының діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі. Шохаев Еркінбек Керімбекұлы – Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы, исламтанушы-теолог, дінтану магистрі
төмен тұрады дейді білетіндер. Сонда исламда да әйел тең сіздігі бар ма? Басқа діндерде қалай? .................................................... 28 8. Діни әдебиеттерде «рух» және «рух тар әлемі» туралы айтылып жатады. Осы мәселені қалай түсінуге болады? ..................................... 34 9. Қазақ жерінде таралған исламның құқықтық тұрғыдан өз ерекшеліктері бар делінеді. Бұл ерекшеліктер неден та нылады? ................. 37 10. Исламда рационалистік ойлау «бид ғат» санала ма? Фикһ кітаптарында қияс жасауға рұқсат берілген дейді. Қияс деген не? Оның шариғаттағы орны қандай? ............................... 41 11. Намаз оқымаған адамды кәпір деу дұрыс па? ......................................................46 12. «Онлайн-неке» дегенді естудеміз. Интернет ар қылы неке қиятындар шы ғыпты дейді бір таныстарымыз. Осы нау жауапты нәрсеге осылай оңай-ақ бай лам жасауға бола ма? .......... 49 13. Оразаны Рамазан айының басында, ортасында, соңында үш күннен ұстауға бола ма? ........... 54 14. Неге мұсылмандар діни сеніміне байланысты вакцинадан бас тартуда? Оның қандай негізі бар? ....................................................... 57 15. Адам өмірден өтпей тұрып, алдын ала жер белгілеп жатады. Ол дұрыс па? .................. 59 16. Әжелеріміз көзі тірісінде су рет ке түсіре қояйын десең, әзірейіл көр гендей шошынатын. Ескінің көзін көр ген қарияларымыз неге олай етті? Шы нымен-ақ шариғат бойынша сурет ке түсуге болмай ма? .................................... 61 17. Қазіргі таңда «халал су» деген пай да болды, ол қаншалықты дұрыс сөз? Сол «халал судан» ішпегендердің барлығы харам су ішіп жүр ме? ................................................. 65 18. Доңыз терісінен тігілген киімдер ді, аяқ киімді киюге бола ма? ........................................ 67 19. Кока-коланың аударма мағынасы на қарап, мұсылмандар ішпей қойды. Кейбіріміз әлі де ішеміз. Күнә жасап жүр ген жоқпыз ба? ...... 70 20. Базбір мұсылман бауырларымыз ҚМДБ-ның бекіткен пәтуасына қа рамастан, өзге елдердің шешіміне мойын сұнып, нәтижесінде мұсылман қауы мы жылда екіұдай күйді бастан кешіре ді. Біз неліктен кейбір жылы жиырма тоғыз күн, кейбір жылы отыз күн ораза тұтамыз? ........ 73 ІІ БӨЛІМ. ДІН ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЙЫНДА 20 САУАЛ 1. Қорымның қасынан өтіп бара жат қанда бет сипадым. Автобуста бірге отырған ер адам «бұлай істеуге бол май ды» деп дүрсе қоя берді. Осылай бет си пауды көз ашқалы үлкендерден көріп келеміз. Сонда оның дұрыс болмағаны ма? ........................................................ 80 2. Дүниеден өткен ата-бабаларға Құран бағыштауға бола ма? Оның дұрысы қалай болмақ? ......... 83 3. Иіс шығару исламға жат па? Жа ман түс көріп, қорқып немесе әлденені сүйіншілеп жеті нан тарату, ол дәмнің сауабын өлгендерге бағыштау дәстүрі қаншалықты дұрыс? ...................... 88 4. Бұрынғы кесенелерді қарасақ, қам кесектен, топырақтан тұрғызылған екен. Ал қазіргі кесенелерге қарасаңыз сарай, қамалдар секілді
биік, үлкен. Құлпытас орнатудың әдебі мен тый ымдары қандай? ................................. 93 5. Жуырда «ақылы жоқтау айтушы лар» туралы естідім. Жаназа кезінде өлікті ақылы түрде жоқтап жылайтын белгілі бір адамдар болады екен. Бұған қатысты ислам діні не айтады? Жал пы алғанда, жаназада мұндай «бас тау шылардың» болғаны дұрыс па? ....................... 96 6. «Түркістанға зиярат ету кіші қа жылыққа жатады» деген пікірмен ке лісуге бола ма? «Арыстанбабқа түне, Яcсауиден тіле» деген сөздің астары қандай? ...................................... 104 7. Кішкентай кезімізде ата-апала ры мыз «көз тимесін» деп маңдайымызға қара күйе жағып қоя тын. Көз тиюден осылай қорғануға бола ма? Көзмоншақ, тұмар туралы исламда қандай көзқа растар бар? ........................................ 109 8. «Түкірту», «дем салдыру» деген түсініктер бар қарапайым отбасылар да. Баланың қызуы көтерілсе де, маза сызданып жыласа да қазақшылығы бар кісілерге ала жөнеледі. Бұл дұрыс па? ....................................................... 114 9. Соңғы кездері беташар, сәлем салу сияқты атам заманнан бері келе жат қан жөн-жоралғыларға қарсы тұратын дар бой көрсетуде. Сонда осы дәстүрлер дің орындалуы күнәға алып бара ма? ...................................................... 117 10. «Ай көрдік, аман көрдік, бұрынғы дай заман көрдік, жаңа айда жарыл қа, ескі айда есірке» деп келетін тіркес терді ата-әжелеріміздің аузынан естіп өстік. Үлкендердің ай туғанда өстіп кү бірлеуінің себебі неде? ......................... 122 11. Үйленетін болдық. Үлкендер жағы отқа май құю, отпен аластау салтын жасаймыз деп айтты. Шариғат мұндай дәстүрлер туралы не дейді? .................................................. 124 12. Осыдан бірнеше жыл бұрын қай тыс болған атама Құран хатым түсірсем деп едім. Оның дұрыс орындалғанын қалай білсем болады? Құран ды кімдер түсі реді? ........................... 129 13. Адам о дүниеге аттанғаннан кейін жыртыс, тәбәрік беру, киім тарату сияқ ты үрдістер орын алып жатады. Бұл ша риғатқа қайшы емес пе? Ал қаралы үйде тамақ пісіру исламға қайшы келмей ме? ............................................ 131 14. Үйленбекші болып ем. Бірақ мен сүйген қыз өз руласым болып шықты. Ата-анамыз қарсы. Ал намаз оқитын кей бауырлар «исламда бір анадан тумаған болсаңдар, сүт бауыр болмасаңдар үйлене беруге болады» дегенді айтады. Не істеген жөн? Ислам руға қалай қарайды? ............. 134 15. Менің қызым қазір бой жетіп келе ді. Өзі намазын үзбей оқиды. Араласатын достарының бәрі намаз оқымайды. Қазір қызымызға бір отба сы құда түсіп жа тыр. Алайда балалары намаз оқымай ды. Біз қызымызды ондай жігітке бергіміз келмейді. Қызымның намаз оқымай тын жігітке тұрмысқа шығуына бола ма? ............ 136 16. Үлкендердің Құран оқылғанда пы шақты жасы рып қоятыны бар. Ислам да оған қатысты пәтуа бар ма? ......................................... 138 17. Жұмада мешітке арнайы барып Құ ран оқытамыз. Сол кезде молдаға ақша береміз. Басында жанымдағыларға қарап бере салатынмын. Қазір бұл әрекетім дұрыс па, жоқ па деп ойлана-
тын болдым. Мұның дінге қайшылығы жоқ па? ....................................................... 140 18. Жыл сайын 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын аза тұта мыз. Өткен ғасырдың 30жылдары халқымыздың ширегіне жуы ғы және ұлт зиялылары қолдан жасалған зұл мат тан қырғын тапты. Осы қырғында жан-тәсі лім еткен ата-бабаларымызды шейіт деп ай туымызға бола ма? ...................................................... 142 19. Базбіреулердің көзқарасынша, ис лам мәдениетіне Мәуліт мерекесін түркі лер енгізген көрі неді. Шынында да, солай ма? Ал, түбі түркіден тарайтын біз – қазақ халқы Мәулітті тойлағанбыз ба? ......................................... 145 20. «Қазақ мәдениеті – қазақтың дәс түрлі діни танымы» деген түсінік дұ рыс айтылған ба? Мәдениет пен діни танымды бір деп қарауға бола ма? ...................................................... 148 Авторлар туралы мәліметтер....................... 151 ИСЛАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖАЙЫНДАҒЫ СҰРАҚ-ЖАУАПТАР
Құрастырушы А. Әбдірәсіл ызы (аза тілінде) Редакторы 0$ттыбек Байділда$лы Дизайнері Наым Н$рм$ханбетов Техникалық редакторы Глмаржан Сәбитова Компьютерде беттеген Әйгерім Молдахметова Басуға 02.09.14 ж. қол қойылды. Пiшiмi 60х901/16. Офсеттiк басылым. Әрiп түрi “MM Mekteptik”. Офсеттiк қағаз. Шартты баспа табағы 10,0. Есептік баспа табағы 4,15. Таралымы 2000 дана. «Баспалар үйі» АҚ. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру