TELEGEI

Home

Жамбыл облысының тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы

Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жамбыл облысының тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы

Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы - «Жамбыл облысының тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы» шығармасы.

ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУЛАР

ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРҒА КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Қазақстан тарихы 1991-ші жылдың желтоқсанынан өзінің жаңа жыл санауын бастады. 16-шы желтоқсан - бірнеше ұрпақтардың армандаған мақсатының жүзеге асқан күні болды. Дәл осы күн Қазақстанның толық құқылы субъектілігін рәсімдеген күні еді. Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміз қызметінің негізгі принциптерінің бірі ретінде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты жария етті. Қазақстан Республикасындағы қоғамның саяси жүйесін реформалау бағыты тұтастай алғанда әлеуметтік-саяси қарым-қатынастардың демократиялық құрылымға көшуіне жағдай жасады. Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев: «Ең бастысы - біз татулық пен бірлікке негізделген тәуелсіз мемлекет орнаттық. Ортақ мақсат жолында ынтымағы мен берекесі жарасқан біртұтас ұлт болып қалыптастық. Әлемдік өркениеттің ең биік талаптарына сай жаңа қоғам құрдық», - деген болатын [2]. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ жүргізілген конституциялық және институционалдық өзгерістер бойынша қабылданған. Еліміздің «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Заңына сәйкес халық депутаттары Кеңестерінің атқару комитеттерін және оның органдарының таратылуына байланысты Жамбыл облыстық және қалалық әкімшіліктері құрылып, осы жылдың 7-ші мамырында өткен халық депутаттары облыстық кеңесінің XІІ сессиясында «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы» Қазақ КСР Заңын және қазақ тілін және Қазақ КСР-індегі басқа да ұлт тілдерін 2000-шы жылға дейінгі кезеңде дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асырудың барысы талқыланады, яғни өлкеміз барлық республикамыз сияқты жаңа қоғамдық қарым-қатынастарға көше бастады. Өндіріс саласында да нарықтық қатынасқа көшу үрдісі басталып кеткен болатын. Осылай, халықтың талап-тілегі ескеріле отырып Жамбыл химия өнеркәсібі бірлестігінде негізгі өніммен қатар халық көп тұтынатын, сұранысқа ие тауарлар шығару да қолға алынды. Жамбыл суландыру құрылыс институтының құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу лабораториясында әлгі шикізаттан әрлеу плиталарын жасаудың технологиясы дүниеге келді. Сонымен қатар, Жамбыл темір-бетон конструкциялары зауыты, «Химпром», «Қаратау» өндірістік бірлестіктері акционерлік қоғам болып қайта құрылып, экономикалық дамудың жаңа жолына түсті. Осылардың қатарына агроөнеркәсіп саласында, алғашқылардың бірі болып, «Облыстық жеміс-жидек өнімдері бірлестігі» де қосылып акционерлік қоғам болды. Нарықтық қатынастар талаптарына сәйкес құрылған Жамбыл облыстық мемлекеттік мүлік жөніндегі территориялық комитеті Жамбыл қаласы әкімшілігімен бірлесе отырып, мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі тұңғыш аукцион өткізді. Дегенмен, нарықтық қатынасқа аяқ басу оңай болған жоқ. Баға қымбаттап кетті. Қарапайым адамның қолы іздеген бұйымына жете бермеді. Міне, осы сәтте тұрғындардың жеке тапсырысын қабылдап, бұйымдар дайындап берудің маңызы ерекше болатын. Бұл тұрғыдан алғанда бірнеше кіші кәсіпорындар халық сұранысына ие болып отырған тауарларды көптеп шығара бастады. Атап айтар болсақ, Бурный фабрикасы жеке адамдардан жүн қабылдап, оларға алаша, кілем сияқты тоқыма бұйымдарын дайындап, сонымен қатар түрлі күртешелерді, пальтоларды, костюмдерді, баскиімдерді және күнделікті тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдарды халық сұранысына орай шығаруды қолға алды. Түйе мен қойдың жүнінен көрпешелер әзірледі. Өтпелі кезеңнің нарықтық жағдайында қолма-қол айырбас арқылы Алматы кілем фабрикасынан екіжақты келісім бойынша бірнеше жабдық, сонымен қатар шұға фабрикасынан төрт станокты алып келу арқылы жүн түтетін, бояу, жіп иіретін тігін цехтары жұмыс істей бастады. Шетелдермен сауда-саттық жасауға ден қоя бастап, нәтижесінде Харбиннен бір топ мамандар келіп, қытайлықтар фабрикаға шұлық шығаратын машина орнатты. Әрбір жүн иіретін станок үшін қажетті 300-400 франк ақша «Тараз» ассоциациясы арқылы қарастырылыпты. Фабрикаға Мәскеу қаласынан А.И.Попащенко деген азамат арнайы келіп, жұмысымен танысып, ол шетелдіктерге фабрикада тоқитын кілемдерді шығаруға, әсіресе, басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өткізуге болатындығын айтып, әріптестік ұсыныс жасаған. Фабрика кілемдерде халқымыздың Бауыржан Момышұлы сияқты белгілі адамдарының суреттерін салып, тоқитын болыпты. Тон тігу ісі де қолға алынған. Аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерімен қамтамасыз еткен. Бір тонға 10 тері өткізген адамдардың тапсырысы бойынша тон тігіп берілді. Фабрикада кадр мәселесіне де мән беріліп, жастар әуелі жұмысқа оқушы ретінде қабылданады. Олардың бірқатары Қарағандыдағы, Ақтөбедегі кәсіптік-техникалық училищелерді бітіріп келген. Мұндай жас мамандар тәжірибелі жұмысшылардың қадағалауына беріліп, кейіннен аттестациядан өткізіледі. Техникалық кеңесте әлгі жасөспірімнің өз мамандығын қай дәрежеде игергендігі туралы сөз болады. Егер өзіне тапсырылған істі ұқыпты атқарып, жұмысын сапалы жүргізсе, жоғары разряд беріледі. Фабрикада жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында да атқарылған істер аз емес. 37 отбасы қоныс тойын тойласа, 100 адам жатақханаға орналастырылған. Фабрика шығарған өнімдер Ресейдің Белгород, Воронеж, Курск сияқты қалаларына экспортталды. Бір сөзбен айтқанда, фабрика ұжымы нарықтық қатынастың алғашқы кезеңіндегі қиын жағдайда барлық мүмкіндіктерін жұмылдырып, шаруаларын дұрыс жолға қоя алған. Алайда, өтпелі кезеңде мұндай кәсіпорындар аз болғандығы анық. Сондықтан да, нарықтық қатынастарға көшу барысындағы машақаттардан халықты қорғау мақсатында 1992-ші жылдың 9-шы қаңтарында Жамбыл қалалық атқару комитетінде аз қамтамасыз етілген азаматтарға арналған қалалық қор құрылды. Аз қамтамасыз етілген, жалғызбасты адамдардың тұрмыс дәрежесінің күрт төмендеуіне байланысты қосымша қаржыға аса мұқтаж адамдарды қолдау үшін халық депутаттары қалалық Кеңесі атқару комитетінің шешіміне сәйкес кәсіпорындардың, ұйымдардың, коммерциялық банктердің, шағын кәсіпорындардың, басқа да іскерлік қызмет орындарының басшылары аз қамтамасыз етілген жалғызбасты азаматтардың тегін тамақтануы үшін қайырымдылық көмек көрсететін болды. 1992-ші жылдың 13-ші ақпанында облыстағы аз қамтамасыз етілген зейнеткерлердің зейнетақысына үстеме төлем үшін қосымша қаржы бөлінді. Себебі, зейнетақыны жаңадан қайта есептеу кезінде облыстың 111 мыңнан астам зейнеткерінің зейнетақысы ең төменгі мөлшерден аз болып шықты, мұның өзі бағаның ырқына жіберілуі жағдайында оларды өте қиын жағдайда қалдырған еді. Осы топтағы азаматтарға зейнетақының ең төменгі мөлшері 442 сом деңгейінде белгіленді. Осы мақсатта облыстың зейнетақы қорына аз қамтамасыз етілген зейнеткерлердің зейнетақысына қосымша төлеу үшін облыстың бюджеттен тыс қорынан қосымша 28 миллион сом бөлінді. 1992-ші жылдың 9-шы сәуірінде Жамбыл облысының әкімі Ө.Байгелдиевтің «Облыс тұрғындарын қантпен және өсімдік майымен қамтамасыз ету туралы» өкімі шығып, онда: облыс тұрғындарын қантпен және өсімдік майымен өздерін өздері қамтамасыз етуі мақсатында аудан әкімдері жұрт тапсыратын қант қызылшасының және майлы дақылдардың өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету керектігі, агробірлестіктер, колхоздар мен совхоздар өздерінің өндірістік бөлімшелеріне, жергілікті шаруа және басқа агроқұрылымдарға, ұйымдарға, барлық қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпорындарға, қант қызылшасын және майлы дақылдарды өсіруге тілек білдірген жеке адамдарға осы мақсатқа жарамды жер учаскелерін кідіріссіз бөлуді шұғыл шешуге бағытталған шаралар қолданып, оларды өзара тиімді шарттар негізінде тұқыммен, басқа да материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге көмек көрсетуі тапсырылды. Осы және басқа да ізгілікті іс-шаралардың нәтижесінде 1992-ші жылдың тамызында-ақ оң нәтижелерге қол жетіп, облыс диқандары өздерінің жауапты науқандарын өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары қарқынмен жүргізіп, 10-шы тамызға дейін 504,5 мың гектардың астығы орылып, бастырылды. Осы алқаптардан бастырылған астық 870,6 мың тонна немесе өткен жылғыдан 263,3 мың тоннаға көп. Әр гектардың түсімі орта есеппен 17,3 центнерді құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 13 центнер болатын. Жоғары ұйымшылдық танытқан Луговой, Сарысу, Свердлов және Жамбыл аудандары егін орағын табысты аяқтады. Облыс шаруашылықтарында 40 мың гектар жердің астығы орылып, бастырылды. Осының өзі-ақ техника тиімді пайдаланатындығын және астық жинау конвейерінің жіті ұйымдастырылғандығын байқатады. Гектар қайтарымы жөніндегі оңды нәтижелер де қуанарлық. Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм аудандарының шаруашылықтары әр гектардан 19 центнерден асыра дән бастырды. Мұның өзі негізінен алғанда агротехникалық шаралар кешенін атқаруды жақсарту, егістік құрылымдарын жетілдірудің арқасы болып табылады. Қордай ауданындағы «Талапты» совхозы 3700 гектар алқаптың әрқайсысынан орта есеппен 30,7 центнерден, ал осы ауданның «Қордай» совхозы - 28,7, «Путь Ленина» колхозы - 26,8 центнерден дән бастырды. Жуалы ауданындағы Ленин атындағы колхоз, «Бурный» және әскери совхоздары әр гектардан 22 центнерден астам дән алды. Науқанның жоғары қарқынмен жүруі, бастырылған астықтың молдығы, сондай-ақ, колхоздар мен совхоздардың 1992-ші жылдың мемлекеттік тапсырысы есебіне сатқан астығына бұрынғыдан да жоғары сатып алу бағалары белгіленуі астық дайындау жөніндегі келісімшарттың асыра орындалуына қол жеткізді. Мал азығын дайындаушылар 455,0 мың гектардың немесе шөбі орылуға тиісті екпелі және табиғи шабындықтардың тең жартысын орып алды. 455,4 мың тонна пішен маяларға салынды. Мүмкіндіктің молдығына қарамастан Мойынқұм, Сарысу, Свердлов және Талас аудандарының шаруашылықтары пішен дайындау жөнінде өткен жылғы деңгейге жете қоймағандығын да айта кету керек. Тұрғын халықтың үлкен сұранысына ерте пісетін көкөніс дақылдарын жинауда кемшіліктерге жол беріліп, 5296 гектардың небәрі 114 гектарының (2,1 пайызы) ғана өнімдері жиналған. Осының салдарынан 3-ші тамызға дейін бар-жоғы 6 тонна қартоп және 611 тонна көкөніс дайындау орындарының қоймасына түсті. Бұл өткен құрғақшылық жылдарындағы деңгейден де төмен.

1992-ші жылдың 19-шы қыркүйегінде республика үкіметінде аз қамтамасыз етілген зейнеткерлерге көмек мәселесі көтерілуіне орай облыстық әкімшілікте тағы да ардагерлерге қамқорлық жайлы іс-шаралар қабылданды. Қысқа мерзім ішінде облыс әкімшілігі ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне қамқорлық мәселесіне қайта оралды. Оған себеп - қаладағы ардагерлерге бекітілген алты дүкенде жүргізілген тексеру жұмысы. Анықталғаныңдай, оларда тиісті тәртіп орнатылмаған. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары С.Т.Ақтанбердиев өткізген кеңеске кәсіпорындар мен сауда мекемелерінің басшылары ғана емес, ардагерлерге қамқорлық және қызмет көрсетумен күн сайын шұғылданып отырған қызметкерлер де шақырылып, оларға сын-ескертпелер айтылды. Жаңа қоғамдық қатынастарға көшу жағдайында жекешелендіру - тек экономикалық қана емес, сонымен бірге саяси да мәселе. Мүлікті мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру мәселелеріне байланысты территориялық комитетінің төрағасы жанынан консультативтік-кеңесші орган 9 адамнан тұратын алқа құрылды. Меншікті қайта қарау процесін жандандыру, тиісті құжаттар тобын әзірлеуді жеделдетуді көздеп, Жамбыл мемлекеттік мүлік жөніндегі территориялық комитет жанынан жекешелендіру жөніндегі бюро құрылды. Ол кәсіпорындардың жалгерлік, ұжымдық және жекеменшіктік, сонымен бірге акционерлік қоғам болып жаңғыруыңа делдалдық қызмет көрсетеді. Бюро өз атынан келісім шарт жасай беретін заңдылық құқыққа да ие болды. 1992-ші жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіпкерлік қызметті қолдау және қорғау» туралы Заңы қабылданған болатын. Осының нәтижесінде облысымызда жекеменшік нысан иелері көбейе түсті. 23-ші қазанға дейінгі статистикалық берілім бойынша Жамбыл қаласында 1700 шағын кәсіпорын тіркелді. Олардың өнімдері де шығарыла бастады. 1993-ші жылдың 23-ші ақпанындағы мәліметтер бойынша агроөнеркәсіптік кешеніндегі құлдырау да тежелген. Әрине, ауылшаруашылығындағы міндеттің жүзеге асуы негізінен мал қыстатуды табысты өткеріп, колхоздар мен совхоздардың, шаруа қожалықтарының көктемді қандай дайындықтармен қарсы алатындығына көп байланысты. Өйткені сол жылдары халық шаруашылығының барлық салалары бойынша жағдайдың құлдырап кеткені баршамызға аян. Бірақ, кейіннен облыстағы жергілікті әкімшілік пен халық депутаттары Кеңестерінің қолданған шараларының нәтижесінде жаппай құлдырау тежелді. Ал, қаңтар айында облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша кейбір жағдайда алға жылжу тенденциясы да байқалып отыр. Облыстық статистика және талдау басқармасының «1993-ші жылдың қаңтар айындағы облыстың әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы» баяндамасында өткен жылғы қаңтар айымен салыстырғанда биыл өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыстар, қызметтер) 100,2 пайызға, соның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша 50 пайызға артқан. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және оны өткеру көрсеткіші де артып отыр. Мәселен, колхоздар мен совхоздарда ет өндіру (сойылатын мал және құс) 19 пайызға дейін өскен. Сүт сатып алу да артты. Осы арада кейбір мәселелерді өнеркәсіптегі жағдаймен салыстыра кету де артық болмас. Өткен жылы тұрақты түрде есептеуде тұратын кәсіпорын, ұйым және мекемелердің (колхоздардың, кооперативтердің), жекеменшік, кіші және бірлескен кәсіпорындар мен шаруашылықтардың қызметкерлері 1993-ші жылғы 1-ші қаңтардағы жағдай бойынша небәрі 2 пайызға ғана қысқарып, 316 мың адам болды. Бұл кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қызметкерлері мен жұмысшыларының қажеттіліктеріне бір жыл ішінде 13337,1 миллион сом жұмсапты, оның 94 пайызы жалақыға, қалғаны - әлеуметтік жеңілдіктер мен материалдық көмекке бөлінген. Төлемдердің сомасы былтырғы көлемнен 6,5 есеге асып түскен. Ал жыл бойғы орташа айлық жалақы 7,8 есеге артты. Өткен желтоқсан айында жалақы көлемі орта есеппен 10,592 сом болды. Сөйтіп ол 1991-ші жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11 есеге, ал 1992-ші жылғы қарашамен салыстырғанда екі есеге жуық өскен. Еңбекке ақы төлеудің орташа деңгейінің желтоқсанда бұлайша күрт артуы жыл қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне қосымша ақы төлеуге, сондай-ақ, бюджеттік сала қызметкерлеріне жоғарылатылған қызметтік жалақы беруге мәжбүр етті. Әйтсе де, материалдық өндіріс салаларындағы жалақы өндірістен тыс саладағы ақы төлеуден 1,7 есе асып түсетін жалпы тенденция бұрынғы күйінде сақталып қалды. Мәселен, өнеркәсіптегі желтоқсан айындағы орташа жалақы 13 016 сомға, транспортта - 12 306, оның ішінде теміржолда - 14304, автотранспортта - 9 892, байланыс саласында - 9 709, құрылыста -11165, ауылшаруашылығында - 13852 сомға тең болды. Алайда бұл цифрлардан жоғары және төмен айлық алатындардың арасындағы үлкен алшақтықты көру қиын. Бірақ, қалай болған күнде де фермалар мен агроөнеркәсіп кешені өңдеу өнеркәсібінің еңбеккерлері қант, ет, шұжық, мал майын өндіруді, балық аулау көлемін арттыра түскен. Осы орайда еске сала кететін бір жай - облыстық статистика және талдау жөніндегі басқарманың мәліметтері бойынша бұрнағы жылы әр жүз саулықтан 89-дан қозы алынса, 1992-ші жылы бұл көрееткіш 92-ге жетіпті. Облыс шаруашылықтары Ө.Байгелдиевтің әдісі бойынша қой шаруашылығын жекешелендіру бағытында отар иелеріне жарты миллион бас қойды жекешелендіруге берді. Мал шаруашылығының басқа салаларында да даму мен өнім өндіруді арттыру тенденциялары айқын байқалады. Колхоздар мен совхоздарда өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда ет өндіру 568 тоннаға, яғни 19,04 пайызға артты. Бұл бағытта, әсіресе, Меркі, Талас, Шу аудандары елеулі көрсеткіштерге қол жеткізді. Сүт өндіруде Жуалы, Свердлов, Шу аудандары көш бастады. Осының алдындағы (1992-ші жылғы) желтоқсан айымен салыстырғанда қаңтарда колхоздар мен совхоздардағы сүт сауудың көлемі 57 тоннаға артты. Сондай-ақ, мал дәрігерлік алдын алу және емдеу жұмыстарын, күтіп-баптау мен азықтандыруды жақсарту нәтижесінде мүйізді ірі қараның өлім-жітімі 32 пайызға, қой мен ешкі - 1 пайызға кеміді. Егер бұл көрсеткішті аудандарға бөліп қарасақ, ірі қараның шығыны Жуалы, Талас, Луговой аудандарында едәуір қысқарып отыр. Ал, қой мен ешкі Мойынқұм, Шу аудандарында шығынға аз ұшырады. Соның нәтижесінде Сарысу, Талас, Шу аудандарынан келіп түскен мал мен құс еті артқан. Ая, сүт дайындау қарқыны Шу ауданында 24 пайызға, Қордайда 7 пайызға, Свердлов ауданында 5 пайызға артты. Статистика және талдау жөніндегі облыстық басқарманың мәліметтері бойынша ақпан айының басында колхоздар мен совхоздарда жемдік бірлікке шаққанда 398 мың тонна мал азығы болды. Бұл әрбір мал басына шаққанда 7,8 центнерден келеді. Мұның өзі қоғамдық мал басын қыстатуды табыспен аяқтауға берік негіз болғандай. Нарықтық қатынастар мал ,шаруашылығының құрылымын қайта қарауды талап еткендігі анық. Сондықтан да, жергілікті жағдайға байланысты малшаруашылығын тиімді бағыттарға қарай бейімдеу ісі облыстық әкімшілік тарапынан қолдауға ие болып отырды. Өтпелі кезеңдегі тапшылыққа қарамастан қаржы іздестіріліп, алыстағы мал жайылымдары мен қыстауларға, мал төлдейтін көктеулерге жолдар салынды. Сондай-ақ, ауыл еңбеккерлері тұрмыстық газбен, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етілді. Өйткені, халық шаруашылығындағы өнім өндірудің төмендеуін тоқтатуда барлық факторлар еске алынуға тиіс еді. Нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде қиыншылыққа ұрынған кәсіпорындардың бірі - Шу жөндеу-механикалық зауыты еді. Қосалқы бөлшектердің құнының күн сайын арта түсуі жөндеу жөніндегі тапсырыстарды күрт азайтып жіберген болатын. Жұмыс болмаған жерде айлық та аз еді. Зауытта дағдарысқа қарсы мақсаттағы жұмыстың қарымы ұлғайды. Генератор және стартер жөндеу тапсырыстары күрт кеміген электроцехта екі адамдық төсек, стол және орындық сияқты үй жиһаздары дайындалды. Мұның барлығы дұрыс болғанымен айналасы атшаптырым, аумағы әжептәуір зауыттың тындырар ісі одан да ұлғая түсуі керек еді. «Қазагрореммаш» концерні жылыту қондырғылары орнатылған балапан өсіретін клеткалар мен инкубатор дайындау жөніндегі «Птицепром» басқармасынан берілген тапсырысты өздеріне міндеттегенде Шу жөндеу-механикалық зауыты екі тапсырыстың соңғысын қалаған еді. Концерн тарапынан 10 миллион сом несие ақша бөлініп, зауыттың цехтарына инкубатор жасайтын жабдықтар орнатылды. Одақ ыдырағанға дейін мұндай инкубаторлар тек қана Пятигорск қаласындағы зауытта шығарылған екен. Қысқа мерзімде қайта жабдықталған Шу жөндеу-механикалық зауыты Қазақстан Республикасындағы инкубатор дайындайтын жалғыз кәсіпорынға айналды. Әрине, өңірімізде орын алған осындай өнегелі іс-қимылдар халық қалаулыларының тарапынан қолдауға ие болған еді. Осылай, 1993-ші жылдың 27-ші ақпанында Халық депутаттары облыстық Кеңесінің XV сессиясы өтіп, депутаттар облыс әкімі Ө.Байгелдиевтің облыс территориясындағы істің жай- күйі туралы баяндамасын тыңдады. Онда аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі облыс әкімшілігінің қызметі жан-жақты талданып, өтпелі кезеңде халықтың аз қамтамасыз етілген тобын әлеуметтік қорғауды күшейту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы айтылды. 1.2. ӨҢІРІМІЗДЕГІ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ (1994-1998ж.ж.) ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫ ЫРЫҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ Өңірімізде өтпелі кезеңде әлеуметтік-экономикалық дағдарысты ырықтандыру бағытында нақты іс-әрекеттер жүзеге асырылды. Облыстық агроөнеркәсіп кешенінде түрлі салалы экономика қалыптастырылып, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993-ші жылғы 5-ші наурыздағы №1137 «Агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік ауылшаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындардың мүлкін жекешелендіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын іске асыру барысын жеделдету мақсатында облыс әкімі Ө.Байгелдиев «Облыстық агроөнеркәсіп кешенінде меншіктің үлгісін өзгерту барысы туралы» Қаулысы жарияланды. Бұдан кейінгі «1994-ші жылы тапсырылған астық үшін бөлінген қаржы туралы» Қаулыда: «Шаруашылықтардың есебінде және басқа да қаржы көздерінде ақшаның болмауына байланысты көктемгі егіс науқанына дайындық пен оны өткізуде қиын жағдай қалыптасып отыр. Мемлекетке өткізілген астық және басқа да ауылшаруашылық өнімдері үшін әлі толық ақы төленбеген, соның салдарынан ауылшаруашылығы үшін есепшоттар арқылы жанар-жағар май, қосымша бөлшектер, тұқым, минералды тыңайтқыштар және көктемгі егіс науқанына қажетті басқа да материалдар сатып алу мүмкіндігі болмай отыр. Көктемгі егіс науқанын уақытылы аяқтау және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында: «Жамбыл-Астық» АҚ-на 1994-ші жылы тапсырылған астық үшін республика бюджетінен келіп түскен 90 млн. теңгені төмендегі аудандарға: Қордай - 34419 мың теңге, Шу - 9426 мың теңге, Луговой - 30000 мың теңге, Сарысу- 155 мың теңге, Жамбыл - 8000 мың теңге, Свердлов 8000 мың теңге бөлінсін», - делінген. 1994-ші жылдың 14-ші қаңтарындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кеңінен өрістеп, облыс өнеркәсібі 326169 мың теңгенің тұтыну тауарларын өндірді. Өндірілген тауарлардың жалпы көлемінің үштен екісін (67 пайызын) азық-түлік тауалары құрады. Сатып алу бағаларының төмен болуына байланысты колхоз-совхоздардың ауылшаруашылық өнімдерін сатуға құлықсыздығы өнеркәсіп өндірісінде еттің - 15,3, шұжық тағамдарының - 34,3, сүт өнімдерінің - 27,9 пайызға кем өндірілуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Халық шаруашылығы салаларының 1993-ші жылғы жұмысының алдын ала қорытындыларын талдау негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша құлдыраудың біршама тоқтатылғанын көрсетеді. Облыста жаңа экономикалық қатынастарға көшу бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасып, экономиканың мемлекеттік емес секторы айтарлықтай нығайды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әсіресе, халық тұтынатын тауарлар өндірісі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сауда және қызмет көрсету салаларында кеңінен өрістеді. Жұмыс істеп тұрған қуаттарды қайта бағдарлау және өнімдердің жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ, қоршаған ортаны адамдардың денсаулығына зиянды қалдықтардан тазарту ісінде оң ілгерілеушіліктер болды. Өндіріске шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлерін және жетілдірілген шетелдік технологияларды енгізу нәтижесінде дәндік жүгерінің, картоптың түсімі айтарлықтай артты. Әйтсе де, мұнымен қатар экономикалық және құрылымдық өзгерістердің жүзеге асырылуы өз кезегінде қиындықтарға ұрындырып, экономикадағы жағдай күрделі күйінде қалып қойды. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, құрылыс пен транспорттың көптеген кәсіпорындары жыл ішінде өздерінің өндірістік-қаржы көрсеткіштерін түзеп, өндіріс ырғақтылығына қол жеткізе алмады. Тұтыну рынокғындағы күрделі жағдай сақталып қалды. Тұрғын халықты инфляциялық процестерден әлеуметтік қорғаудың кешенді мәселелерін шешу күрделі проблемаға айналды. 1993-ші жылдың қаңтар-қарашасында облыс кәсіпорындары мен ұйымдары 98,360 мың теңге кіріс алды. Бұл 1992-ші жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 есе көп. Кірістің айтарлықтай артуы негізінен бағалардың өсуі есебінен жүрді. Ол өнеркәсіпте - 7,1 есе, құрылыста – 15,3 транспортта - 2,2, байланыс кәсіпорындарында - 3,1, дайындау ұйымдарында - 47,5 есе өсті. Алайда, залал шегуші кәсіпорындардың үлесі 1993-ші жылдың 1-ші желтоқсанына олардың жалпы санының 19,7 пайызын құрады. Халық шаруашылығының он саласының 43 кәсіпорны мен ұйымы 14,459 мың теңге көлемінде залалға жол берді. Облыста халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыған жекешелөндіру процесі одан әрі жалғасты. Мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитеттің мәліметтері бойынша облыста 1994-ші жылдың бірінші қаңтарына 639 кәсіпорын мен объект жекешелендірілді. Жекешелөндірілген объектілердің бағалау құны 116533,5 мың теңге, сатып алу бағасы (сатылған бағасы) 91313,0 теңге болды. 1993-ші жылы мемлекет меншігінен алынған кәсіпорындар мен объектілердің - 59 пайызын жеке адамдар сатып алды. Акционерлік қоғамдардың үлесіне - 27,9, ұжымдарға - 11,6 пайызы тиді. Жекешелөндіру процестері транспорт пен жол жүйесінде (20,5 пайыз), тұрмыстық қызмет саласында (18,4 пайыз), өнеркәсіпте (15,4 пайыз) едәуір белсенді жүргізілгенін де айта кету керек. Облыс өнеркәсібі 1992-ші жылы 326169 мың теңгенің тұтыну тауарларын өндірді. Бұл оның алдындағы жылғы деңгейден 5,3 пайызға төмен. Әр адамға орта есеппен шығарылатын тауар көлемі 5 пайызға кеміді және 312 теңгені құрады. Өндірілген тауарлардың жалпы көлемінің үштен екісін (67 пайызын) азық-түлік тауарлары құрайды. Өткен жылы ол 216878 мың теңге көлемінде өндірілді. Бұл - 1992-ші жылғы деңгейдің 91,7 пайызын құрайды. Дегенмен, негізгі азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі кеміді. Сатып алу бағаларының төмен болып қалуына байланысты колхоз-совхоздардың ауылшаруашылық өнімдерін сатуға құлықсыздығы өнеркәсіп өндірісінде еттің - 15,3, шұжық тағамдарының -34,3., сүт өнімдерінің – 27,9 пайызға кем өндірілуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бөлшек сауда айналымы облысты тұтас қамтыды. Ол 1993-ші жылы қолданылып жүрген бағалар бойынша 238861 мың теңгені кұрады. Бұл оның, алдындағы жылдан 10,4 есе көп, әйтсе де, салыстырмалы бағалар бойынша 14,1 пайызға кеміді. Жыл ішінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының айналымы 124448 мың теңгені кұрады. Бұл 1992-ші жылғы деңгейден 8,5 есе асып түседі, ал, салыстырмалы бағалар бойынша 30 пайызға кем. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 8306 мың теңге көлемінде өз өнімдерін өткерді. Колхоз базарларында ауылшаруашылық өнімдерін сату көлемі 1993-ші жылдың желтоқсан, айында 11169 мың теңгені құрады. Өңірімізде халықты жұмыспен қамту мәселесінің өткірлігі анық сезіліп тұрды [3]. 1994-ші жылдың 29-шы шілдесінде өткен облыстық Мәслихат депутаттарының кезектен тыс үшінші сессиясында «1994-ші жылға арналған облыстың бюджеті туралы» баяндама жасаған облыстық қаржы басқармасының бастығы Б.Аманбеков 1994-ші жылға арналған облыстық бюджеттің анықталған жобасымен өткен жылдың осы мерзімінде түскен нақты кірістерге талдау жасау және үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында оның орындалуының болжамына негізделіп жасалынғандығын, бюджеттің шығыс бөлімі алдағы уақытта болатын энергия қуаттарына, азық-түлікке, дәрі-дәрмекке және әртүрлі көрсетілетін қызметтерге бағаның өсуіне сәйкес, сондай-ақ, төмен жалақыны көтеруге негізделгеніне, сонымен бірге мұнда зейнеткерлер мен Ұлы Отаң соғысы мүгедектерін, тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғаудың шараларын жүзеге асыру қарастырылатындығына тоқталды. 1994-ші жылға арналған облыстық бюджеттің анықталған жобасында кіріс көлемі 1449,9 миллион теңге шамасында белгіленді. Яғни, ол бекітілген көлемге қарағанда 926,8 миллион теңгеге артық. Соның ішінде қосымша құнға салынатын салықтар бойынша 1994-ші жылғы алынатын ішкі өнімді, бағаның өсуі мен өндіріс көлемінің төмендеуін есепке ала отырып анықтағанда, бекітілген көлемге қарағанда ол 182,3 миллион теңгені құрады. Бұл арада қосымша құнға салынатын салықтың үлесі облыстық бюджеттің кірісінің жалпы көлемінің 12,6 пайызын құрайды. 1994-ші жылға арналған бюджеттің анықталған жобасы бойынша акциздер 344,0 миллион теңге, яғни бекітілген бюджетке қарағанда 27,9 миллион теңгеге артық, сөйтіп акциздер кірістің жалпы сомасының 23,7 пайызын кұрайды. Пайдаға салынатын салықты 170,6 миллион теңге көлемінде, яғни 148,2 миллион теңгеге артық алыну көзделуде. Пайданың өсуі негізіне азық-түлікке және көрсетілетін қызметке бағаның көбеюіне байланысты. Пайдадан алынатын салық кірістердің жалпы көлемінің 11,8 пайызын құрайды, ал бекітілген бюджет бойынша оның үлесі небәрі 4,3 пайыз болатын. Азаматтардан алынатын табыс салығы 145,3 миллион теңге сомасында анықталды. Яғни, бұл 43,7 миллион теңгеге артық. Мұның өзі 1994-ші жылдың бірінші шілдесінен бастап, ең төменгі жалақы көлемінің 100 теңгеден 150 теңгеге көбеюіне және оның көлемінің аталған жылдың бірінші қазанында 200 теңгеге дейін жетуіне сәйкес жасалынды [4]. Әртүрлі салық емес кірістерден жиналатын түсімдер 75,7 миллион теңге, яғни, бекітілген бюджетке қарағанда 29,3 миллион теңгеге артық. Соның ішінде қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалатын түсімдер 47,4 миллион теңге көлемінде, яғни 2,9 миллион теңгеге артық белгіленді. Табиғатты қорғау қорына бекітілген бюджетке қарағанда 3,6 миллион теңге артық түседі деп жоспарланды, яғни ол 4,2 миллион теңгені құрады. Алдымызда бекітілген облыстық бюджетпен салыстырғанда 1994-ші жылға арналған бюджеттің анықталған жобасында республикалық бюджеттен 491,8 миллион теңге көлемінде субвенция түседі деп қаралуда, бұл облыстық бюджеттің кірістерінің жалпы көлемінің 33,9 пайызын құрады. Бұл арада облыс аумағында құралатын кірістердің барлығы облыстың жергілікті бюджеттерінің кірісіне толығымен түсетіндігін айта кеткен жөн. Бюджеттің анықталған жобасының кірістерінің жалпы көлемі 1449,9 миллион теңге көлемінде белгіленді, яғни ол бекітілген сомаға қарағанда 926,9 милион теңгеге артық. Халық шаруашылығына арналған шығындар облыстық бюджеттің анықталған жобасы бойынша 224,3 миллион теңгені құрайды, яғни ол бекітілген бюджетке қарағанда 163,8 миллион теңгеге артық. Халық шаруашылығы салаларына жасалатын шығындар құрамына электр қуатына бағаның көтерілуіне, ең төменгі жалақы деңгейінің өсуіне, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына берілетін жеңілдіктер және төлемақыларға жұмсалатын қаржы да кіреді. Мәселен, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге көлік кешенін пайдалануға байланысты берілетін жеңілдіктерге жұмсалатын шығындар облыстық бюджеттің анықталған жобасында 9,7 миллион теңге көлемінде көрсетілген. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне отын алу үшін жеңілдіктерге байланысты облыстық бюджет есебінен 142,0 миллион теңге беру қарыстырылды. Халық шаруашылығының өзге салалары бойынша шығындарды жұмсау және ұстау 1994-ші жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда негізінен өзгеріссіз қалды. Мәселен, агроөнеркәсіп кешені бойынша жобаланып отырған шығындар 6,6 миллион теңгені құрайды, яғни ол материалдық ресурстарға, дәрі-дәрмекке бағаның өсуіне және ең төменгі дәрежедегі жалақының өсуіне 3,6 миллион теңгеге артып отыр. «Жамбылкино» кино жүйесінің компаниясының шығындарын жабуға бекітілген қаржы 1,1 миллион теңге орнына 1,9 миллион теңге көлемінде қарастырылып отыр. Мұнда да электр қуаттарында бағаның одан әрі өсуіне байланысты шығындар ескерілді. Облыстық бюджеттің шығыстарының едәуір бөлігін (50,7 пайызын) әлеуметтік мәдени іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалатын шығындар құрайды. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттің жобасында 735,7 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылған, бұл бекітілген бюджетке қарағанда 491,7 миллион теңгеге көп. Соның ішінде халыққа білім беру мен кадрларды кәсіби даярлықтан өткізуге 67,2 миллион теңге, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарына 1,5 миллион теңге, денсаулық сақтауға 130,3 миллион теңге, жастар саясатын жүргізуге, денешынықтыруға және спортқа 0,4 миллион теңге, тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғауға 292,4 миллион теңге қарастырылғаны, қаржылық қиыншылық кезеңіндегі әлеуметтік қорғаудың нақты шараларын көрсетіп тұрғандай. 1994-ші жылға арналған (анықталған) бюджет бойынша халыққа білім беру және кадрларды кәсіби дайындықтан өткізу мекемелеріне берілетін шығындар 150,3 миллион теңге, мәдениетке 9,5 миллион теңге, бұқаралық ақпарат құралдарына 2 миллион теңге, денсаулық сақтауға 169,7 миллион теңге, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға 403,4 миллион теңге болды. Ең төменгі жалақы деңгейінің көтерілуіне байланысты әлеуметтік-мәдени мекемелерге қосымша 28,2 миллион теңге бөлу қарастырылуда, соның ішінде білім беру мекемелеріне 11,7 миллион теңге, денсаулық сақтауға 14,5 миллион теңге, мәдениетке 1,2 миллион теңге, әлеуметтік қамсыздандыруға 1,3 миллион теңге бөлінді. Электр қуаттарына бағаның өсуіне байланысты шаруашылық шығындарға қосымша 7,6 миллион теңге бөлу қарастырылуда, соның ішінде білім беру мекемелеріне 7,3 миллион теңге, мәдениетке 0,2 миллион теңге, әлеуметтік қамсыздандыруға 0,1 миллион теңге бөлінді. Бюджеттің жетіспеушілік деңгейінің жоғары екендігін ескере отырып әлеуметтік айналым мекемелерін ұстауға қаржы өте үнемді түрде белгіленді, соның нәтежиесінде құрал-жабдық сатып алуға және күрделі жөндеуге бөлінген шығыс 1994-ші жылғы бекітілген бюджет деңгейінде қалдырылды. Ең төменгі жалақы деңгейінің көбеюін ескере отырып, орта арнаулы оку орындары мен қәсіптік-техникалық училищелерінде мерзімі 10 айға дейін оқыту мерзімінде оқушыларға бөлінетін стипендия 1994-ші жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап айлық жалақының 3 есе үлғаюының 80 пайызы көлемінде белгіленді, сөйтіп бұл мақсатқа 10,4 миллион қаржы қарастырылды [5]. Облыстық бюджеттің анықталған жобасында тағамдарды тұтынудың қалыпты мөлшерін сақтау мақсатында азық-түлікке арналған шығыстың өсуі қарастырылған, мәселен білім беру мекемелерінде азық-түлікке арналған 19,0 миллион теңге, немесе 2,2 есеге, денсаулық сақтау саласында 14,5 миллион теңге, немесе 2,6 есеге, тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында 1,3 миллион теңгеге, немесе 1,1 есеге көбейтілген. Тұрғындарды әлеуметтік қорғауға арналған шығындар 403,4 миллион теңге көлемінде жоспарланыпты. Зейнеткерлерді және мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға мекемелерді ұстауға бөлінген қаржы 98,1 пайызды құрайды, немесе бекітілген бюджетке қарағанда 20 миллион теңгеге артық, оның ішінде 1,3 миллион теңге жалақыға, 0,1 миллион теңге шаруашылық шығындарға, ал мүгедектерге жылжымалы құрал-жабдықтар сатып алуға 2,5 миллион теңге қарастырылған. Балаларға арналған бір мезгілдік төлемақы берудің бұрынғы тәртібі сақталса, нан, ұн өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты ай сайын, 1994-ші жылғы 1-ші шілдеден бастап баласы бар отбасыларына төленетін төлемақы 25 пайызға ұлғайтылды, бұл мақсаттарға қосымша 122,9 миллион теңге жұмсалмақ. Азық-түліктің қымбаттауына байланысты жұмыс істейтін, аз қамтылған зейнеткерлерге өтемақы төлеуге қосымша 7 миллион теңге бөлінбек. Басқару органдары және құқық қорғау органдарын ұстауға арналған шығындар тиісінше 20,6 және 23,4 миллион теңге болып қарастырылған. Мұның өзі шаруашылық шығындарының және көрсетілетін қызметтердің едәуір өсуіне, сондай-ақ, ең төменгі жалақы көлемінің өсуіне байланысты болып отыр. Жол қорының және табиғат қорғау қорының шығындары тиісінше 1,6 және 0,8 миллион теңгеге көбейтілді. 0блыстық бюджеттің анықталған жобасының шығыс бөлігінде, сондай-ақ, облыстық бюджеттен аудандар мен қалаларға 372,7 миллион көлемінде берілетін субвенция енгізілген, бұл бұрын бекітілген мөлшерден 217,7 миллион теңгеге артық, төменгі буындағы бюджеттерге берілетін субвенция облыстық бюджеттің шығыс көлемінің 25,7 пайызын құрайды. Көрсетілген құжатта әлеуметтік салаға барынша басымдылық берілгені көрініп-ақ тұр. Мұның өзі өтпелі кезеңнің аумалы-төкпелі жағдайында халықтың әл-аухатын түзеуге септігін тигізгендігі анық. Тапшылық кезеңдегі болмай тұрмайтын басбұзарлықты ауыздықтау мақсатында 1994-ші жылғы 9-шы маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Заңдылық және құқық тәртібін нығайту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қаулысын орындаудың жай-күйі және 1993-1995-ші жылдарға арналған Жамбыл облысындағы қылмыспен күрес және құқық тәртібін қамтамасыз етудің шұғыл шараларының бағдарламасының орындалу барысын сол кездегі Жамбыл облысының прокуроры Ә. К. Мәмбетовтың баяндамасынан байқауға болады. Онда «Халық депуттары облыстық Кеңесінің XVІІ сессиясының қаулысымен бекітілген Жамбыл облысының 1993-1995-ші жылдарға арналған қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайтудың бірінші кезектегі шаралары бағдарламасында ұйымдық және практикалық шаралардың кешені қаланғаны» айтылады. Ары қарай: «Облыс прокуратурасы басқа да құқық қорғау, жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен бірлесе отырып, нақты жұмыстар атқарды. Өткен жылы бірқатар қылмыскер топтың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеті әшкереленді. Бірқатар қарақшылық шабуыл, қасақана кісі өлтіру, басқа да ауыр қылмыс жасаған 25 ірі топқа қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 10-ы ең ауыр жазаға кесілді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бопсалаушылар фактісі екі есе кеп ашылып, ол бойынша 78 іс қозғалды. Оның 52-сі сотқа жолданды. Банк жүйесінің, салық инспекцияларының, құқық қорғау және атқарушы органдардың лауазым иелеріне пара алғаны үшін 18 іс қозғалып, олардың ІІ-і сотқа өтті. 1250 адам мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қолданған шаралар оң нәтижеге бастауда. Өткен жылы қылмыс 16,1 пайыз кеміді. Мұндай кему Мойынқұм және Сарысу аудандарынан басқа барлық аймақта болып отыр. Ауыр қылмыс түрлері 29 пайыз қысқарды. Қасақана кісі өлтіру 35 пайыз, қарақшылық шабуыл жасау тең жартысына қысқарды. Соған қарамастан облыста қылмыстың дәрежесі жоғары күйде қалып отыр. 1994-ші жылдың басынан бері облыс прокуратурасы мыңнан астам тексеру жүргізді, осы арқылы 1700 заңды бұзу фактісі анықталды, 300 наразылық білдірілді, 160 ұсыныс енгізілді. Мемлекетке 3 миллионнан астам теңге, 520 мың АҚШ доллары қайтарылды. Тәртіптік, әкімшіліктік, материалдық жауапкершілікке 400 лауазым иесі тартылды [6]. Биылғы жылдың өзінде лауазым иелері мен экономикалық сала бойынша 10 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік мүлікті аса ірі мөлшерде талан-таражға салып, қызмет бабын пайдаланған, қантты төмен бағамен заңсыз босатқан, банктік заңдылықты бұзған Меркі қант комбинатының директоры қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. «Жамбыл мұнай өнімдері» акционерлік қоғамы жанындағы «Атырау» шағын мемлекеттік кәсіпорнының бұрын екі рет сотталған директоры, мемлекеттің 8 миллионнан астам теңгесін қымқырған Л.М-ға кредит беруге көмектескені үшін 98 тонна бензинді сыйлық ретінде алған Жамбыл қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары А.С-ның ісі де өздеріңізге мәлім. Мемлекет иелігінен алу және жекешелөндіру мәселелері бойынша прокуратура органдары жүргізген тексерулерде 324 заң бұзушылық анықталып, 200 наразылық білдірілді, 40 ұсыныс енгізілді. 64 осындай ұсыныс бойынша заңсыз жекешелөндірілген миллион теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды, тәртіптік, әкімшіліктік және материалдық жауапкершілікке 47 лауазым иесі тартылды. Сауда-саттық шарттардың негізсіз деп танылуы туралы тәрелік сотқа 13 талап жолданып, 3 қылмыстық іс қозғалды. 1994-ші жылдың желтоқсанында аукционда «Барс ЛТД» фирмасына 63 дүкен 1 миллион теңгеге сатылған. Біз бұл фирманың және аукционға қатысқан екінші бір «Түрксіб» шағын кәсіпорнының саудаға қатысқаны үшін қажетті мөлшердегі қаржыны құймағанын анықтадық. Ал, аумақтық комитет өкілдеріне 150 мың теңге аударғаны туралы «Ажибанк» және «Таразбанк» банктері берген жалған төлем құжаттарын ұсынған. Осы факт бойынша сауда-саттық заңсыз деп табылып, дүкен мемлекетке кайтарылды, банк кызметкерлері жөнінде екі іс қозғалды. Тағы бір айшықты мысал, 1994-ші жылғы қазанда «Қант» акционерлік қоғамының президенті Т. аукцион арқылы әлі де құрылмаған «Тәтті» шағын кәсіпорынына, ал оның басшысының баласы, бұл коммерциялық құрылымның құрылтайшысы - «Қант» акционерлік қоғамының вице-президенті және бас бухгалтері кондитер цехын, тамақтану орны мен қосалқы шаруашылығын сатып жіберген. Облыстың банк жүйелерінде де елеулі кемшіліктер орын алған. Оларда да кредит ресурстарын мақсатымен пайдаланбау фактілеріне жол берілген. Прокурорлардың бастамасымен бірқатар банк басшыларына тәртіптік шара қолданылып, мемлекетке 46 миллион теңге қайтарылды. Мұндай қылмыстық көріністердің орын алуы, біздіңше, ұлттық банктің облыстық басқармасының тиісті банктік бақылауды жүргізбегендігінен болып отыр. Экономикалық мүмкіндікке едәуір әсер ететін жағымсыз іс сыртқы экономикалық қызметте де анықталды. Түрлі тәртіп бұзушылық бойынша осы саладан 76 лауазым иесі жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке 31 миллионнан астам теңге және 210 мың АҚШ доллары мөлшерінде шығын келтірілді. Әлі де болса кедендік тәртіп бұзушылықтың жолын кесу тиімділігі жеткілікті емес. Республикадан тыс жерлерге өнімдер мен шикізаттарды лицензиясыз тасымалдаудың жолын кесу - кеден және ішкі істер органдарының арнайы бөлімдерінің міндеті. Облыста мемлекеттік өкімет және басқару органдарының лауазымды қызметкерлерінің кәсіпкерлік қызметті заңсыз бірлесе атқаруы әлі де тыйылмай отыр. Бұл өз кезегінде мемлекет қаржысын коммерциялық құрылымдарға өткізуге қолайлы жағдай туғызады. Өткен жылы прокурордың талабы бойынша 16 лауазым иесінің қосымша қызметі, облыс бойынша барлығы мемлекеттік кәсіпорындар жанынан кұрылған 84 коммерциялық құрылым жойылды. Байқап қарасақ прокуратура органдары анықтаған тәртіп бұзушылықтың ауқымы әртүрлі. Тиісінше, заңдылықтың орындалуын, тергеу мен айғақтаудың сапасын, сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды жетілдіру жұмысы өз жалғасын табуы қажет. Сонымен бірге тек құқық қорғау органдарының күшімен қылмысты жеңе алмайтынымыз түсінікті екендігі даусыз. Бұл жұмыс прокуратура органдары өкілетті және басқару органдарымен үйлесе жұмыс істегенде ғана өз нәтижесін берері анық. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар да баршылық. Мәселен, бұрын Жамбыл қаласында жұмыс істеген 16 аулалық клубтан небәрі біреу ғана қалған. Бос уақытын дұрыс өткізу мүмкіндігінен айрылған балалар көшеде қалғандай болды, өткен жылы жасөспірімдердің 400-ге тарта қылмыс жасауы да сол себепті болуы әбден мүмкін». Дәл осы мәселе туралы 1999-шы жылдың 28-ші сәуіріндегі бірінші шақырылған облыстық мәслихаттың жиырма бірінші сессиясында баяндама жасаған облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Сағынжан Байболұлы Асыл-Кеней өз сөзінде: «Қылмыс - әлеуметтік құбылыс. Ол қандай да бір мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының қызметіне байланысты емес. Сондықтан да қылмысқа қарсы күресті барлық бағытта жалпы тәрбиелік, құқықтық, медициналық және басқа да әдістерді пайдалана отырып жүргізу керек. Әрине, қылмысқа қарсы күресте ішкі істер органдарына жүктелер міндет зор. Ішкі істер бөлімінде кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін арнаулы орган бар. Мұның мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Бүгінгі таңда облыста 82 инспектор бар. Бұл бөлімше қызметкерлерінің еңбек өтілі бір жарым-екі жыл. Көпшілігінің арнаулы орта білімі ғана бар. Тек екі адамның құқықтық білімі, 10 адамның педагогикалық білімі бар. Бұдан көріп отырғандарыңыздай, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізетін кадрлар құрамы өзінің білімі, сапасы жағынан бүгінгі күн талабына сай келмейді. Бұл аз болса көптеген аудандар мен қалаларда осы бағыттағы жұмыс бетімен жіберілген. Көпшілігінде арнайы штат та жоқ. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындап кетуіне орай жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың өсуіне жоғарыда айтылған факторлар да тікелей әсер етуде.1998-ші жылы облыста 7155 қылмыс жасалынса, соның 260-ын жасөспірімдер жасаған. Соның ішінде 5 - адам өлтіру, 6 - адам зорлау, 13 -қарақшылық, 33 - ұрлық, 26 –нашақорлыққа байланысты қылмыстар. 1998-ші жылы 4993 адам қылмысты жауапқа тартылды. Оның 261-і жасөспірімдер. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында облыс бойынша жасөспірімдер 65 қылмыс жасаған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35,1 пайызға көп. 1998-шы жылы Қордай ауданында жасөспірімдер жасаған қылмыс 163 пайызға өскен. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш Талас және Шу аудандарында да өте жоғары. Тараз қаласында екі есе, Меркі ауданында 5 есе өскен. Сондай-ақ, жасөспірімдердің топ болып бірігіп қылмыс жасауы жағдайды қиындатып отыр. Тек Тараз каласында ғана үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында 30 қылмыс жасөспірімдер топтарымен жасалған. Оған 97 кәмелетке толмағандар қатысқан. Құқық бұзуға бейім жастар тұрғылықты жерлерде, оқу орындарында жинақталып, өзара бәсекелесіп, басты рөл ойнауға талпынады. Мұнда балалар ересек арандатушылардың әсеріне ілігіп, қылмыс жасауға, құқық бұзуға барады. Облыс орталығында қалыптасқан осындай жағдайды ескере отырып, ішкі істер басқармасы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жастар неғұрлым көп жиналатын жерлерді бақылауға алған. Тараз қаласында қазір 18 арнайы жедел топ құрылып, қызмет істейді. Олардың құрамында ішкі істер полициясы қызметкерлерімен бірге білім беру басқармасынан, ата-аналар комитетінен мүшелер бар. Жергілікті және республикалық баспасөзде жарияланған, құқық органдары атына айтылған мақалалар бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілді. Осыған орай кінәлі жасөспірімдерді әшкерелеудің шаралары қабылданды. Бұзақылық іс-қимыл жасаған жасөспірімдер түгел ұсталды. Олардың бірқатарына және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолданылды. Жекелеген жасөспірімдер қылмыстық жауапқа тартылды. Көптеген жасөспірімдер жезөкшелікке, ішкілікке, есірткі сатуға, құмарлық ойындарға сатылады. Әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі жаңа экономикалық қатынастарға көшу кезіндегі жастар арасындағы жағымсыз тенденциялардың пайда болуы әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық, медико-биологиялық, құқықтық мәселелерді шешуге жаңа көзқарас қажет екендігін көрсетіп отыр. Облысымызда кәсіптік-техникалық училищелер түгелдей жабылды. Бұл училищелерде көбінесе білімі таяз немесе көпбалалы отбасылардың балалары оқитын еді. Дегенмен соның өзі жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беруде, тәрбиелеуде едәуір рөл атқарды. Енді ол балалар барар жер, басар тау таппай көшеде қаңғып қалды. Қазіргі жеке кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар құрылып жатқан жағдайда жасөспірімдерге жұмыс екі бастан жоқ. Сондықтан да әкімшіліктердің тікелей араласуымен мектеп бітіретін жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін қолға алған жөн. Сондай-ақ, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңды мүлтіксіз орындауға қажетті шараларды қарастырған жөн. Қатыгездікті насихаттайтын фильмдердің жағымсыз ықпалы көп. Аталмыш фильмдерден үлгі алған жасөспірімдер кинода көргендерін қоргансыз әйелдер мен балаларға жасауға тырысады. Әйелдерге қарсы осындай қылмыстың көбеюіне байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындай отырып, республиканың ішкі істер министірлігі ішкі істер органдарында әйелдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше ашу туралы бұйрық берді. Мұндай бөлімше біздің облысымызда да бар. Бөлімшенің басты мақсаты отбасында, әлеуметтік салада әйелдерге жасалатын барлық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жол бермеу болып табылады. Отбасындағы және мектептегі тәрбиеде жіберілетін қателіктер жасөспірімдердің адамгершілік-эстетикалық, рухани- идеологиялық бағалықтарды дұрыс түсінбеуіне әкеліп соғады. Экономикалық дағдарыстың төмендеуі тұрғындардың әлеуметтік бейтараптығына жол ашты. Халық күнделікті күйбең тіршілікпен басы қатып, қылмысқа қарсы күресті құқық қорғау органдарының міндеті деп ұғады. Бүгінде тәрбиесі қиын балалармен жұмысты тек ішкі істер органдары ғана жүргізуде. Ал, мұндай жасөспірімдердің құқық бұзу тәртібі көбінесе ішкі істер органдары қызметкерлерінің қолынан келмейтін жағдайларға байланысты болып отыр. Мәселен, кәмелетке толмаған жастармен жұмыс жөніндегі учаскелік инспектор «Баланың құқығы туралы» Конвенцияға сәйкес сабақтан қашқан, мектепте тәртіп бұзған, үлгерімі төмен жасөспірімдерге ешқандай талап қоя алмайды. Сондай-ақ, полициялық ықпал шаралары балалар үйлерінде тәрбиеленген жасөспірімдерге қолданылмайды. Міне осының өзі жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың өсуіне түрткі болып отыр. Жастардың қоғамға қарсы бағыттағы топтарының мәселесін тәрбиелік және басқа да мәні бар іс-шараларды толық іске қоса отырып, сондай-ақ жастардың мәдени орталықтарының, мүдде клубтарын құра отырып шешкен жөн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999-шы жылғы 8-ші шілдедегі №649 қаулысына сәйкес «Кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың 1998-2000-шы жылдарға арналған кешенді бағдарламасы» белгіленген. Осы бағдарламаның пунктерінің бірінде аула клубтарын, спорт секцияларын ашу және барлық оқу орындарында құқық қорғау органдарына жәрдем беретін озат оқушылардың отрядын құру қарастырылған. Алайда бұл шешім қағаз жүзінде қалып қойды. Қазір қаладағы Алатау мөл тек ауданында бір ғана аула клубы жұмыс істейді. Облыстағы жағдайдың төмендеуіне бес жылдан бері облыстық кәмелетке толмаған жастармен жұмыс жүргізетін комиссияның жоқтығы да кері әсер етуде. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес жасөспірімдер және жастармен жұмыстың барлығын жастар ісі женіндегі комитет үйлестіруі қажет. Олар әртүрлі мүдделі ведомствалар мен ұйымдардан, мекемелерден өкіл тарта отырып осы жұмысты жолға қоюы қажет еді. Бұл жастарға арналған бағдарламаны жасайтын және оны жүзеге асыратын жалғыз ведомство. Сондықтан да осы комитеттің жұмысын жандандырын, оны дұрыс жолға қою қажет. Облыстық ішкі істер басқармасында барлық қызметтер мен бөлімшелердің жұмысын үйлестіре отырын жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыс қолға алынуда. Тек осы жылдың басынан бері «Құқық тәртібі», «Жасөспірім», «Денсаулық», «Көше» атты алдын алуға арналған кешенді іс-шаралар жүргізілді. Сондай-ақ, ісіне жауапсыз қараған қызметкерлер орнынан алынып, оларға тәртіптік шаралар қолданылды. Орталықтандырылған аттестациялық комиссия жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін инспекторларды талқыдан өткізіп, олардың кәсіби деңгейін анықтады. Алайда, осынау әлеуметтік мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарының күш-жігері, әрине, жеткіліксіз. Одан бөлек кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін бөлімшелердің қызметін жақсарту және тиімділігін арттыру үшін олардың бірқатар мәселесін шешуге де тура келеді», - деп, өтпелі кезеңдегі жастар арасындағы қылмыстың негізгі себеп-салдарларына тоқталды. Дегенмен, облысымыздағы өнеркәсіп орындарындағы жақсылық нышандары да аз болмай, 1996-шы жылдың 25- ші қазанындағы мәліметке сәйкес Ақбақай кен байыту комбинаты аталған жылдың 9 айында 1320 килограмм алтын өндірді, яғни былтырғы осы мерзіммен салыстырғандағы өсу қарқыны - 120 пайызға жеткен. Мемлекетке өнім өткізуден өткен жылғы 9 айда акционерлік қоғамға 323 миллион 390 мың теңге түссе, биылғы осы мерзімге түскен қаржы 532 миллион 648 мың теңгені құраған. Тоғыз ай ішінде акционерлік қоғам 51 миллион 322 мың теңге таза пайда тапқан. Республика Президенті Н.Назарбаев елімізде жыл сайын 20 тонна алтын өндірілетіндігін айтқан болатын. Осы міндетті орындауға үлес қосуда Ақбақай кен байыту комбинаты үлкен жұмыстар атқарды. Мұнда жаңа австралиялық технологиясымен жабдықталған алтын балқыту зауыты салынуы жоспарланған. Жалпы, 1996-шы жылы облыста реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнінде шаралар қабылданды. Бірқатар кәсіпорындар өндіріс өнімін ұлғайтып, өздерінің қаржылық жағдайын жөндей бастады. Инфляцияның орташа айлық деңгейі жыл басындағы 4,8 пайыздан жыл соңында 1,9 пайызға төмендеді. Тұтас алғанда, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 17,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 1995-ші жылғы деңгейдің 97,5 пайызын құрайды. Барлық аудандар және Жаңатас, Қаратау қалалары өндіріс көлемін біршама ұлғайтты [7]. Мән берерлік жайт ретінде аталған Қаратау және Жаңатас қалаларының бірінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясында, аудандық мәндегі қалалар қатарына жатқызылып, тиісінше, Талас және Сарысу аудандарының құрамына енгізілгендігін айтуға болады [8]. Құрылымдық өзгерістер ауылшаруашылығы саласында да жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997-ші жылдың 10-шы сәуірінде үкімет мүшелерімен және облыстардың әкімдерімен өткізген кеңесінің хаттамалық шешімін жүзеге асыру нәтижесінде және ауыл тұрғындарының қалауы мен еркіне сәйкес аталған жылдың 1-ші шілдесінде облыста 3035 агроқұрылым, оның ішінде 2785 шаруа қожалығы, 231 өндірістік кооператив, 1 шаруашылық серіктестігі, 13 акционерлік қоғам, 5 мемлекеттік шаруашылық құрылды [9].

1.3.ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖЫЛДАРЫ

(1998-2001 Ж.Ж.)

Жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастарға көшу жағдайында мемлекет макроэкономикалық үрдістерді ғана назарында ұстамай өз тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға барынша зор көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Бұл түсінікті де. Өйткені, жаңа жұмыс орындарын ашу, тауарлар мен азық-түлік өнімдерін өндіруде бәсекелестік ортаны қалыптастыру меншік иелерінің көптеп шығуына байланысты. Әлеуметтік оңды өзгерістерге шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың да қосар үлесі аз емес екендігі және белгілі. Біздің облыста да бұл орайда атқарылған, қолға алынған шаралар, іс-жоспарлар аз болмады. Бұл істен өнеркәсіпті қала Тараз да тыс қалған жоқ. Осының айғағындай облыстық семинар-кеңес өтіп, онда кәсіпкерлікті қолдау мен жандандыру, инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Оның жұмысына жамбылдық кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелердің басшылары ғана емес, көрші аймақтардан келген өкілдер де қатысты. Семинар-кеңесті облыс әкімінің орынбасары Ж.Сапарәлиев сөз сөйлеп ашты. Әрине, өнеркәсіпті қала Таразда кәсіпкерлікке кең өріс ашуға зор мүмкіндіктер бар. Алайда, семинар- кеңесте айтылғандай өнеркәсіп өндірісінің 1 пайыздан кемі ғана қаладағы шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Қала әкімі өз тарапынан кәсіпкерлікті дамыту мен жандандыруға көмектесетін шараларды аз қабылдап отырған жоқ. Үйлестіру кеңесі құрылып, бос тұрған ғимараттар мен үйлерді меншік иелеріне сенімдік басқаруға беру жүзеге асырылуда. Жұмыстарды атқару мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға конкурстар өткізетін тендерлік комиссия да құрылған. Тауар өндірушілерді қолдаудың өзге шаралары да атқарылған. Жәрмеңкелер мен әр алуан көрмелердің ұйымдастырылуы туралы осылай айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікпен шұғылданушылардың өздері шығарған бұйымдары мен тауарларын жарнамалауларына және өткерулеріне көмек көрсетіледі. Кең көлемді жұмыс жүргізіліп жатқандығының бір айғағы - «Тараз қаласында шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандырудың 1999-2000-шы жылдарға арналған Бағдарламасы» талдап жасалынуы дер едік. Осы құжат ауқымында кәсіпкерлік құрылымдарға бос тұрған өндірістік ғимараттар мен жер телімдері берілуде. Семинар-кеңесте кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері де қозғалды. Кәсіпкерлерді жөнсіз тексеруден арашалау қажет. Осыған орай Тараз қалалық әкімшілігінің қабылдаған шаралары назар аударарлық. Басым бағыттағы 100 орта және шағын бизнес кәсіпорны тандалып алынып, олар тексеруші, құқық қорғау органдары тарапынан жөнсіз араласушылықтан қорғалып, жан-жақты, заңды көмек пен қолдауға ие болды. Мұндай шағын кәсіпорындар тізімі бірте-бірте толыға беретін болады. Қала базарларында жасырын контрабандалық жолмен жеткізілген тауарлармен сауда жасаушыларға қарсы күрес жүргізіліп жатқаны да айтылды. Жыл аяғына дейін қалада шағын кәсіпкерлік құрылымдар санын 16,3 пайызға өсіру, оларда жұмыс істейтіндерді 11,2 мың адамға дейін жеткізу көзделінді. Ал, жалпы өндірілген өнім көлемі 20 пайызға ұлғайтылмақ. 2000- шы жылға қарай шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 50 пайызға арттырылатын болады. Сөйтіп, олар 3690-ға жетпек. Семинар-кеңеске қатыеушылар алдында Республикалық инвестициялар жөніндегі агенттік төрағасы А.Г.Сайденовтың, Тараз қаласының әкімі Б.О.Сауранбаевтың, инвестициялар тартуға жәрдемдесу жөніндегі қазақстандық орталықтың Бас директоры А.Б.Баталовтың, өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің Республикалық одағының төрағасы М.Ф.Үркімбаевтың, шағын және орта бизнесті қолдаудың Шымкенттегі комитетінің төрағасы К.Д.Күлбаеваның, Тараздағы «Киванис» клубының президенті В.П.Проскуриннің, «Жамбыл былғары аяқкиім» АҚ-сының президенті А.С.Губашевтің, «Айвенго» ЖШС- нің директоры Л.А.Попованың және басқалардың сөздері тыңдалды. қатысушылар көптеген құнды мағлұматтар алды. Семинар-кеңес өткен облыстық драма театрында «Тараз - 99» көрмесі өтті. Онда негізінен қала кәсіпорындары шығарған өнімдер, бұйымдар мен заттар көрсетілді. Дана халқымыз «Бардың жақсысы - базарға» дегенде малы төлді, егіні шығымды шаруаның әкелгені алушысын тез тауып, төккен тер, еткен бейнетін өтейтін бағаға сатылатының меңзеп айтқаны сөзсіз. Нарықтық қатынастар орнағалы ауылдағы тауар өндірушінің қай-қайсы болсын, осыған қол жеткізуге ынталы. Олардың арасында өнім өткеруде көмекке, қолдауға мұқтаждары да бар. 19-шы қараша 2000-шы жылы Тараз қаласының орталық алаңында ұйымдастырылған шаралар, міне, соларға арналған болатын. Егін егіп, мал өсіріп отырғандардың көп бейнетпен алған өнімдерін еткерулеріне көмектесу мақсатын көздеген тұңғыш облыстық көрме-жәрмеңке облыс әкімі С.Ә.Үмбетовтің бастамасымен арнайы шешім қабылдап, қозғау салуымен өткізілді. Жасыратыны жоқ, ауылдағылардың делдалдарға жем болып, өз өнімдерін жұмсаған шығындарын да өтемейтін бағаларға беріп жүргендері де кездеседі. Көрме-жәрмеңке олардың мұндай қадамнан аулақ болуына, артық өнімдерімен ауыс-түйіс жасауына, тұқым, техника, тыңайтқыш өзге де керектерін келісімшарт жасау жолымен алуға талаптануына мүмкіндік туғызды. Ауа райының қолайсыз болғандығына, құрғақшылыққа, басқа да себептерге, қиыншылықтарға қарамастан егіншілік пен малшаруашылығында оңды көрсеткіштерге қол жетқізілгендігінің де бұған әсері аз болған жоқ. Көрме-жәрмеңкеге негізінен облыстың осы жетістіктеріне үлес қосқан, тиімділікпен жұмыс істеген ауылшаруашылық құрылымдары, ұқсатушы, өңдеуші, техникалық, малдәрігерлік, қаржы-несие, басқа да қызмет түрлерін көрсетушілер қатысты, химия кәсіпорындарының, сондай-ақ, республиканың басқа облыстарының, жаңадан отау тіккен әскери округтердің өкілдері де болды. Статистика басқармасының облысымыздың 2000-шы жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары туралы мәліметтеріне мән берсек, 2000-шы жылы облысымыздың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы, және үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағалармен 26270,7 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Бұл 1999-шы жылғы көлемнен 5 пайызға артық, жалпы өнімнің 87,1 пайызы ірі кәсіпорындардың үлесіне тиеді. 2000-шы жылы өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 62,5 пайызы өңдеу кәсіпорындарының үлесінде. Бұл кәсіпорындарда өнім өндіру 17,0 пайызға өсті. Ауылшаруашылығында қарастырып отырған жылы облысымызда өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі алдын-ала бағалама бойынша қолданылып жүрген бағалармен 18752,4 миллион теңгені құрап, 1999-шы жылғымен салыстырғанда 2,5 пайызға артты. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімдері 10536,4 миллион теңгені құрап, 2,2 пайызға өсті. Малшаруашылығы өнімдері жөнінен тиісінше - 8216,0 миллион теңге және 2,8 пайыз. Егіншаруашылығында 2000-шы жылғы барлық егіс алқаптары көлемінің басым бөлігіне дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар себілді. 317,5 мың гектар алқаптың астығы бастырылып, тазаланғаннан кейінгі салмақпен 362,2 мың тонна астық алынды. Малшаруашылығында өткен жылы облыс ауылшаруашылығының барлық санаттағы субъектілері тірідей салмақпен 54,5 мың тонна мал және құс етін, 167,8 мың тонна сүт, 54,0 миллион дана жұмыртқа және 2580 тонна жүн өндірді [10]. 1999-шы жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда өткен жылы ет өндіру 1,4 мың тоннаға (2,7 %-ға), сауылған сүт 9,4 мың тоннаға (5,9 %-ға), өндірілген жұмыртқа 9,0 миллион данаға (19,9 %-ға), қырқылған жүн 288 тоннаға (12,5 %-ға) өсті. Талдау жасалып отырған жылы облыс бойынша 72,4 мың бұзау (1999-жылы – 68,8 мың), 82,7 мың торай (72,2 мың), 602,1 мың қозы мен лақ (588,1 мың), 18,8 мың құлын (17,1 мың) алынды. Жыл ішінде әр жүз туар малдан 82-ден бұзау (1999-жылы - 79), 1198-ден торай (993), 105-тен қозы мен лақ (103), 50-ден құлын (77) алынды. 2000-шы жылы облыс шаруашылықтарында 1999-шы жылғымен салыстырғанда мүйізді ірі қара малдың өлім-жітімі 35,8 %-ға, шошқаныкі - 13,3, қой мен ешкінікі - 30,1, жылқыныкі - 34,3 пайызға қысқартылды. 2001-ші жылы бірінші қаңтарда былтырғы осы уақытпен салыстырғанда об лысымызда мүйізді ірі қара мал саны 6,9 мың басқа (4,6 %-ға), қой мен ешкі - 51,3 мың басқа (5,0 %-ға), жылқы - 1,6 мың басқа (3,2 %-ға), шошқа - 2,6 мың басқа (6,1%-ға), түйе - 34 басқа (1,2 %-ға), құс - 61,9 мың басқа (6,6 %-ға) өсті. Көлік. 2000-шы жылы облыс көліктерімен (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің тасыған жүктерін сараптық бағалаумен қоса есептегенде) 7142,4 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл 1999-шы жылдағыдан 13,9 %-ға төмен. Тасылған жүктің 69,3%-ы (4952,0 мың тоннасы) автокөліктермен, 30,7 %-ы (2189,6 мың тоннасы) теміржол көлігімен жеткізілді. Автокөліктердің жүк айналымы 352,3 миллион тонна-шақырымды құрап, 1999-шы жылдың қаңтар-желтоқсанындағыдан 43,7 пайызға артты. Күрделі құрылысқа қаржылар салымы: Облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілері өздерінің негізгі қорларын құру мен оларды толықтыруға немесе күрделі құрылысқа өткен жылы 1094,0 миллион теңгенің қаржысын жұмсады. Бұл 1999-шы жылдың қаңтар-желтоқсанындағыдан 14,7 пайызға кем. 1999-ші жылы 1251,9 миллион теңгенің негізгі қорлары іске қосылды. Жалпы күрделі салымдар көлемінің 77 %-ы кұрылыс-монтаж жұмыстарының үлесіне тиді де, 1999 жылғыдан олардың көлемі 52,4 %-ға артты. Тұрғын үй құрылысы. 2000-шы жылы облысымыз бойынша тұрғын үй құрылысына 281,0 миллион теңгенің қаржылар салымы бөлінді. Бұл негізгі қорға бөлінген барлық қаржының 25,7 %-ын құрайды. Салықтар. Облыстық салық инспекциясының мәліметтері бойынша 2000-шы жылдың қаңтар-желтоқсанында бюджет жүйесіне 8918,0 миллион теңгенің әртүрлі салықтары мен төлемдері аударылды. 1999-шы жылдың желтоқсан айының соңында салық төлеушілерден жиналмай, мерзімінде төленбеген 2603,9 миллион теңгенің салығы (недоимка) бар. Мұның 1693,5 миллион теңгесі (65,1 пайызы) облыс орталығының үлесіне тиеді. Тұтыну нарығы. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында сауда кәсіпорындарының, базар саудасы және сервистік қызметпен шұғылданатын кәсіпорындардың сауда айналымы 17036,7 миллион теңгені құрады. Ал, жыл ішінде бөлшек саудадағы (базарларды қоса есептегенде) тауарлар айналымы 6941,2 миллион теңге мөлшерінде болса, оның ішінде сауда мен ресми айналысатын кәсіпорындардың айналымы 3277,6 миллион теңгені құрады. Өткен жылы сауда орындары 59,8 миллион теңгенің ақылы қызметін көрсетті. Оның 84,3% (50,4 миллион теңгесі) қоғамдық тамақтандыру орындарының үлесіне тиді. Сыртқы сауда. Облыстық кеден басқармасының мәліметтеріне қарағанда өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың сыртқы сауда айналымы 148,3 миллион АҚШ долларын құрады [11]. Бұл 1999-шы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 10,2% төмен. Мұның ішінде шетелдерге (экспортқа) шығарылған тауарлар бағасы 60,9 миллион долларды (13,6% темен), шетелдерден әкелінгендері (импорт) 87,4 миллион долларды (7,6 % төмен) құрады. Бағалар мен тарифтер индексі. Тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың желтоқсан айында 1999-шы жылдың осы айымен салыстырғанда 111,5 пайызды, ал, өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағасы аталған кезеңде 111,8 пайызды құрады. Желтоқсан айында талданып отырған жылдың қарашасындағымен салыстырғанда тұтыну бағалары 1,0°/о, өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің бағалары 0,2% өсіп, күрделі қорға салым бағалары мен құрылыс-монтаж жұмыстарының бағалары 0,3% төмендеді. Жүк тасымалдау тарифтері өзгеріссіз қалды. Ал, жыл басынан бері азық-түлік нарқы орта есеппен 13,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 3,6%, халыққа ақылы қызмет көрсету 14,4% қымбаттады. Әлеуметтік жағдай. 2000-шы жылдың қаңтар-қарашасында зерттеліп жүрген үй шаруашылықтарының жан басына шаққанда нақтылы тиесі ақшалай табыстары 1999-шы жылдың осы мерзіміндегіден 11,9% өсті. 2000-шы жылдың қаңтар-қарашасында экономика салаларының ірі және орта кәсіпорындарында еңбек ететіндердің саны 117,2 мың адам болды. 1999-шы жылдың осы кезеңіндегімен салыстырғанда олардың саны 1,0% (1,2 мың адамға) артты. Аталған мерзімде тұрғындарымызды еңбекпен қамту орталықтарына жұмысқа орналасу үшін көмек сұрап 16979 адам келді, олардың 8351-і (49,2%) - ауыл тұрғындары. Еңбекпен қамту мекемелерінің көмегімен жұмыс іздегендердің 1552-сі немесе 9,1% (әрбір он біріншісі) жұмысқа орналастырылды. Өткен жылдың он бір айында (қаңтар-қарашасында) облыста 15621 нәресте дүниеге келді. Бұл 1999-шы жылдың осы кезеңіндегіден 1596-ға (11,4%) артық. Ал, атапған он бір айда 8227 адам дүниеден өткендігі тіркелді. Бұл 1999-шы жылдың осы мезгіліндегіден - 694-ке (9,2%о) жоғары. Облыс халқының табиғи өсімі 7394 адамды құрады, немесе 1999-шы жылдың осы кезеңіндегіден 902 адамға (13,9%) артты, Жоғарыда аталған мерзім аралығында облысымызда 5084 некелесуші мен 1106 неке бұзушы жұп тіркелді. 1999-шы жылдың осы кезеңіндегімен салыстырғанда жаңадан некеге тұрған жұптар 10,7% (490-ға), неке бұзушылар 14,8%) (143-ке) артып отыр. Облыс ішіндегі көші-қонды қоса есептегенде 2000-шы жылғы қаңтар-қарашада облысымызға 9829 адам көшіп келіп, 18560 адам көшіп кетті. Облыстық прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының мәліметтеріне қарағанда 2000-шы жылы облыс аумағында тіркелген қылмыс саны 1999-шы жылғыдан 17,6% (1151-ге) өсті. Жыл ішінде барлығы 7699 қылмыс тіркелген болса, олардың 3979-ы (51,7%) қылмыстың ауыр және өте ауыр түрлеріне жатады. Өткен уақыт ішінде тіркелген қылмыстардың 82,5% ашылды (1999 жылы 74,0% ашылып еді). Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге қосымша деректер келтіре кетсек, онда 2001-ші жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің кіріс бөлігіне күткеннен тыс 239,3 миллион теңге түсті. Мұның үстіне акцизден басқа салықтың барлық түрлері бойынша жоспардан тыс түсім болғанын атап көрсету керек. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне болжамдалған 3,574,360 мың теңге орнына нақты 3,615,15 мың теңге түсті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсім 1,163,644 мың теңгеге өскен. Өсім қарқыны 4,5 пайызды құрайды. Бұл фактілерді қаржыгерлер облыстық мәслихаттың тексеру және тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілістерінде хабарлады. Мәжілісті облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы Е.Солтыбаев жүргізіп отырды. Мәжіліс жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Ш.Шарафутдинов қатысты. Депутаттар алдында облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары В.Козлова және облыс бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары З.Атабекова есеп берді. Мұндай нәтижеге аумақтағы экономиканың жекелеген салаларын тұрақтандыру бойынша облыстық әкімияттың жоспарлы қолданған шаралары, салық органдары қызметінің табандылығы арқылы қол жетіп отыр. Түсім заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы бойынша және «Интергаз Центральная Азия» ЖАҚ, «Қазақстан теміржолы» РМК және «Қазақтелеком» ААҚ филиалдарының әлеуметтік және жергілікті салықтарынан құралып отыр. Дегенмен, бюджетті толықтыруда кемшіліктер де жоқ емес. Мәселен, 2000-шы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда акциздік салық бойынша 114,326 мың теңге, заңды тұлғалардың мүліктеріне салық бойынша 79,090 мың теңге, аукциондық сауда-саттықтан алым бойынша 20,659 мың теңге, тауарларды рынокта өткеру құқығы алымдары бойынша 2 миллион 897 мың теңгеге кеміп кеткен. 2001-ші жылдың 1-шілдесінде бюджет алдындағы қарыздарлық сомасы 2,308,681 мың теңгені құрайды. Облыстық бюджеттен кредит түрінде бөлінген қаржыны қайтару қамтамасыз етілмей отыр. «Жамбылгаз» АҚ 245,45 миллион теңгені, химия кәсіпорындары - 14,9 миллион теңгені, «Нан өнімдері» МҚК - 12 миллион теңге несиені қайырмады. Облыс әкімінің 2001-ші жылғы 8-ақпанындағы №650-р шешімімен облыс әкімінің бірінші орынбасарына прокуратура органдарымен, салық комитетімен және қаржы полициясымен бірлесе отырып алынған кредиттерді қайтару жөнінде шұғыл шаралар қолдану тапсырылды. Әйтсе де, 2001-ші жылы жоспарланған 272,4 миллион теңгенің 1-тамызға дейін бірде-бір теңгесі түспеді. Бұл, облыс әкімінің шешімін орындау жөнінде жоғарыда аталған қызметтердің ықпалды шаралар қолданбай отырғандығын көрсетсе керек. Аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиялар мен тексеру комиссиясының көрсетіліп отырған жылғы 21-маусымдағы бірлескен мәжілісінде жергілікті деңгейде жол жүйесін пайдалануға бөлінген бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалану туралы мәселе қаралған еді. Онда жолды ұстау мен жөндеудегі облыстық автомобиль жолдары басқармасының кемшіліктері атап көрсетілген болатын. Бұл кемшіліктер әлі де орын алуда. Облыстық бюджеттен бөлінген ақшалай қаржы тиімді пайдаланылмай отыр. Мәселен, Аса, Қарабастау, Қаратау, Жаңатас автожолы бойынша ағымдағы жөндеу ісінде технология сақталмаған. Басым бағыттардағы бірнеше жолда сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізуге әбден болатын еді. Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау комитетінің тексеруі бюджеттік қаржыны өз мақсатында пайдаланбау фактілерін анықтап отыр. Сондай-ақ, басқа да кемшіліктердің беті ашылған. Мәселен, облыстық кеден басқармасын ұстауға жұмсалған қаржы шығыны сметадан 601,0 мың теңге асын кеткен. «Облыстық диагностикалық медициналық орталық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны төрт қызметтерге тарифтік разрядты арттыру есебінен, 6 қызметкерге жалақыны асыра төлеу негізінен бірқатар кемшіліктерге жол берген. Қызмет бабына жатпайтын қалааралық сөйлесулер 11,4 мың теңгені құрап отыр. Мұндай фактілер облыстың басқа да бірқатар қызметтері мен ведомстволарына тән. Сондай-ақ, 264,4 мың теңге несиені мақсатсыз пайдалану фактісі де анықталды. Құқық қорғау органдарына сомасы 500098,9 мың теңге залалды толтыру жөнінде 26 материал берілді. Тәртіптік жауапкершілікке 107 адам тартылып, 7 адам қызметінен босатылды. Сондай-ақ, мәжілісте қаржыгерлер мен салықшылардың атына ескертпелер айтылды. Басқа да ұсыныстар болды. Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 1999-2000-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын орындау жөнінде облыста атқарылған жұмыстар жайлы біршама тоқталып ету орынды. Ол туралы 2000-шы жылдың 26-қыркүйегінде облыстық мәслихаттың V-ші сессиясыңда облыс прокуроры Қ.Д.Төлегенов кең мол түсініктеме берген болатын. Қылмыс, әсіресе оның ұйымдасқан түрі, қылмысты топтардың мемлекеттік үкімет органдарының жекелеген қызметкерлері мен сыбайластығы біздің еліміздегі, демократиялық, әлеуметтік-экономикалық қайта құруларға, қоғамның саяси және психологиялық тұрақтылығына, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Осы мәселелердің ауқымдылығы, маңыздылығы 1999-шы жылы 9-шы шілдеде «Сыбайлас жемқорлық туралы» арнайы Заңның шығуына және оны жүзеге асырудың мемлекеттік іс-қимыл бағдарламасының қабылдануына себепкер болды. Осыған орай облыстың әрбір құқық қорғау ведомствасы болашаққа арналған жеке ағымдағы жоспарлар жасап, оны жүзеге асырудың іс-шараларын үйлестіріп отыр. Бұл жұмыстың жағдайы ай сайын қорытындыланып отырады. Соңғы екі жыл ішінде бұл мәселе облыс прокуратурасының сегіз алқа мәжілісінде талқыланды. Оның жұмысына қалалық және аудандық прокурорлар, басқа да құқық қорғау құрылымдарының басшылары қатысты. Заңның орындалу барысы мен одан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру облыс прокуратурасының бастамасымен облыс құқық қорғау органдары басшыларының үйлестіру кеңесінде төрт рет қаралып, онда тиісті органдардың есебі тыңдалды. Кеңестің соңғы кеңейтілген мәжілісінің жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Савченко қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін көтеріп анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жергілікті жерлерге практикалық ұсыныстар жіберілді, қалалық, аудандық прокурорларға нұсқау, облыстық құқық қорғау органдарына ұсыныс беріліп, үйлестіру кеңесінің шешімінің орындалуын бақылайтын ведомствааралық жұмысшы тобы құрылды. Сыбайлас жемқорлық туралы Заң - іс-қимыл заңы. Осыған байланысты прокуратура органдарына тек қадағалау ғана емес, сонымен бірге құқық қолдану функциясы да жүктеліп отыр. Сондықтан да біз соңғы екі жыл ішінде осы тектес 300-ден аса тексеру жүргіздік. Прокурорлар 326 сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмысты анықтап, 68 қылмыстық іс қозғады. 250 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде, 1999-шы жылы - 113, 2000-шы жылдың 8 айы ішінде- 137 қызметкер, әкімшілік жауапкершілікке - 27, 1999-шы жылы - 10, 2000-шы жылдың 8 айы ішінде - 17, ал 13-іс сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылығын жою кезінде 1 млн. 800 мың теңге шығынның орны толтырылып, оның 1 млн. 312 мың теңгесі мемлекет пайдасына жіберілді. 105 ұсыныс, 136 -алдын ала анықтау, 66 қарсылық жасалып, 65 - түсініктеме берілді. Құқық қорғау тәртібін бұзуға жасалған талдау көрсеткеніндей, құқық бұзушылардың 112-сі әртүрлі мемлекеттік мекемелердің, әрбір төртіншісі - жергілікті атқару органдарының және осыншама адам құқық қорғау ведомстваларының, әрбір алтыншы - салық және кеден органдарының қызметкерлері болып шыққан. Облыс прокурорының есебі көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен айналысатын адамдардың осы көрсеткіштен едәуір орын алуы да заңға қайшы болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске олар алдыңғы қатарда жүрудің орнына өздері сыбайлас жемқорлықтың заңын бұзуда. Бұл өте қауіпті белгі. Анықталған құқық тәртібін бұзу құрылымында ең көп тарағаны сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын фактілердің орын алуы болып отыр. Мұндай құқық тәртібін бұзу прокуратура органдары анықтаған фактілердің жартысын құрайды. Облыстық прокуратура аппараты жүргізген тексеру нәтижесінде көлік бақылау комитеті басқармасының жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың етек алуына жағдай жасайтын құқық бұзушылық та анықталған. Көлік министрлігі облыс аумағында көлік бақылаудың төрт постысын белгілеген. Алайда, бұл бұйрыққа қарамастан облыстық комитеттің бастығы өткен жылдың желтоқсан айына дейін Байзақ ауданында Ақшолақ, Меркі ауданында Тәтті, Шу ауданында Сұңқар постыларын ашқан. Алайда, көрсетілген мерзім өтіп кеткеніне қарамастан бұл постылар қызметін жалғастыра берген, сөйтіп, тек облыс прокурорының заңсыз бұйрықтарды жою жөніндегі ұсыныс енгізуінен кейін өз жұмысын тоқтатқан. Олардың тек екеуінде ғана тиісті техникалық жабдық болған, ал қалғандарында бақылау таразысы да болмаған. Жүк көлемі мен автомашина салмағы жобамен анықталып отырған. Мұндай практика жүргізушілердің тарапынан көптеген арыз-шағымдар тудырып, инспекторлардың өз өкілеттілігін асыра сілтеулеріне, сөйтіп жанжалдық жағдайлардың пайда болуын әкелтіп соққан. Бұл құрылған бақылау бөлімшелері қандай мақсатта қызмет еткен. Әрине, бұл заңсыз құрылым ақша табудың бір көзі болып табылған. Мұнда жеке кадрларды іріктеу мен орналастырудың өзгеше бір қызық жүйесі қалыптасқан. Осы саланың бас және жетекші мамандары болып мұғалімдер, мал дәрігерлері, зоотехник, агротехник, агроном, стоматолог және басқа да бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ адамдар жұмыс істеген. Бұдан бөлек қоғамдық инспекторлар институ заңсыз енгізілген. Оның ішінде 25 адам бұйрықпен, ал 18-і басқарма басшысымен ауызша келісім арқылы, сөйтіп барлығы 43 адам жұмысқа алынған. Бәріне тиісті куәлік берілген. Алайда олардың мемлекеттік өкілеттілікті және қызмет бабын атқаруына ақы төленбеген. Облыс прокурорының қарсылық білдіру бойынша жұмысқа алынғандар жұмыстан шығарылып, басқалармен еңбек қатынасы тоқтатылды [12]. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық денсаулық сақтау органдарында да орын алып отыр. 0блыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары А.В.Ким жетекшілік ететін медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау жөніндегі комиссия дәрі-дәрмектерді айналымға жіберуде және емдік қызметпен айналысуға лицензия беру кезінде олардың қызмет мерзімін заңсыз түрде қысқартып отырған. Ал, мұндай жаңа рұқсат алу үшін қаншама шығын кететіндігі әркімге де белгілі шығар. Бұл практика Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 1996-шы жылғы 12-ші ақпандағы №68 бұйрығымен, орындалып келген. Облыс прокурорының ұсынысы бойынша Бас прокурор бұл бұйрыққа қарсы шығып, оны жойдырды. Аталған облыстық комиссияның төрағасы мен оның екі хатшысы облыс прокурорының бастамасы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жуалы аудандық ауруханасының Бас дәрігері, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып дәрі-дәрмекті талан-таражға түсірген, тұрғындарға станционарлық қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы заңсыз бұйрық шығарған. Ол қызмет еткен уақыт ішінде аурулардан және олардың туған-туысқандарынан 780 мың теңге алынған. Осы тәрізді сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық басқа да мемлекеттік органдарда орын алған. Қордай ауданындағы малдәрігерлік-фитосанитарлық пункттің бастығы өткен жылдың желтоқсан айында мемлекеттік инспекция қызметіне өзінің інісін алған. Прокурорлық қарсылық білдіру арқылы фитосанитарлық пункттің бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, інісі жұмыстан шығарылды. «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 12-ші бабында көрсетілген құқық бұзушылықка көбінесе аудандық және селолық әкімшіліктердің лауазымды адамдары жол беруде. Талас ауданы әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік ететін комиссия жерді пайдалану құқығы жоқ және тіркеуден өтпеген шаруашылық қожалықтарына тауар кредитін үлестірген. Осындай мемлекеттік қаржы өздерінің жері жоқ, шағын бизнестің нысаны болып табылмайтын жалған шаруашылықтарға да берілген. Сөйтіп, бұл материалдық ресурстардың едәуір бөлігін жеке адамдар пайдаланып кеткен. Аудан прокурорының тексеру қорытындысы бойынша комиссияның жеті мүшесіне тәртіптік өндіріс ісі қозғалып, сотқа қайтару үшін 24 арыз берілді. Сондай-ақ, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары өзі жетекшілік ететін спирт-арақ өнімдерін сатуды реттеу комиссиясының төрағасы бола тұрып осы комиссияның мүшесіне ол шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі комитеттің төрағасы арақ-шарап өнімдерін сақтау және сату құқы туралы лицензияны, бұл өнімдерді сақтауға және бөлшек тауар сатуға тиісті үй-жайы жоқ Н.Б деген азаматқа лицензия берген. Аудан прокурорының араласуымен бұл лицензия қайтарылып алынды. Аталған лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мұндай сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықтық тәртіп бұзушылық фактілері облыстың басқа да аймақтарында кездесіп отыр. Соңғы екі жыл ішінде прокуратура органдары жергілікті атқару органдарының 66 лауазымды қызметкерін тиісінше жауапкершілікке тартты. Кеден және облыстың салық органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәртіп бұзушылық бұрынғысынша кеңінен тарап отыр. Көрсетілген мерзім ішінде прокурорлар сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәртіп бұзғаны үшін осы ведомствалардың 48 қызметкерін әртүрлі жауапкершілікке тартқан. Қордай ауданы прокурорының қаулысы бойынша қарастырылып отырған жылдың 13 қыргүйегі күні Қырғызстаннан Алматыға өтетін көлік салмағын бақылау постысында кедендік тексеруден өткен тіркемесі бар автомобиль қаралды. Жүк таситын кедендік декларацияға байланысты тауардың салмағы 2 тонна болып, 129 орын алған, ол АҚШ-тың 2400 долларымен бағаланған. Ал, шын мәнінде 10 тонна жүк, яғни 353 орындық жүк декларациядан өтпеген. Алайда, осы кеден қызметкерлері бұдан ешқандай қорытынды шығармаған. Аталған жылдың 19 қыргүйегі күні аудан прокуроры 10 тонна әктас және 2 тонна гипсты тексерусіз жіберген үшін «Қордай» постысының инспекторы Қ. қарсы қылмысты іс қозғаған. Немесе Тараз қаласындағы салық комитетінің төрағасы Т. қарызды жою жөніндегі деректі тексерместен «Казтурэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшотына қоймаған инкассациялық өкімін қайтарып алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 1 пунктінің бұзылуына жол берген. Тараз қаласының прокуратурасы оған қарсы тәртіптік-өндіріс ісін қозғады. Мұндай мысалдар жеткілікті. Сот атқарушыларының облыстық департаментінде де сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәртіп бұзушылық факторлары анықталған. Заңның тоғызыншы бабы талап еткендей салық нысаны болып табылатын табыстар мен дүние-мүлікке декларация тапсыру женіндегі заң талабын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары көбіне орындамай, сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәртіптің бұзылуына жол беруде. Өткен жылы олар жалпы сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың 17 пайызын құраса, яғни, 18 адам болса, үстіміздегі жылдың сегіз айы ішінде 5 есе өскен, яғни 60 пайызды құрап отыр, бұл 111 адам деген сөз. Мәселен, Тараз қаласындағы санитарлық-эпидемиялық станцияның 73 қызметкері, яғни, бас дәрігерден басқасы табыстар туралы декларация тапсырған. Сондай-ақ облыс орталығындағы полицияның үшінші бөлімінің 48 қызметкері, салық комитетінің инспекторы Т.А-та осылай тәртіп бұзған. Т.А қала прокурорының ұсынысы бойынша жұмыстан шығарылды. Табыс және дүние-мүлік туралы декларация тапсырмағаны үшін Шу аудандық прокурорының ұсынысымен ауыл- шаруашылық басқармасының бастығы Т.М, аудандық әкімшіліктің маркетинг қызмет жөніндегі қызметкері Т.Ә, білім басқармасы бастығының орынбасары А.Т, Шоқпар және Тасөткел селолық округтарының әкімдері Б.К және П.Ж жауапқа тартылып, әкімшілік айыппұл төледі. 1999-2000-шы жылдары 22 лауазымды адам мемлекеттік функцияны орындаумен сыйыспайтын қызмет үшін жауапкершілікке тартылды. Облыс прокуроры сыбайлас жемқорлыққа қары күрес және анықталған тәртіп бұзушылықтар жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін облыс әкімі мен тәртіптік кеңеске 23 ақпарат және ұсыныс енгізілген, олардың барлығы да тиісті бағасын алды. Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тұрмыстық, құқықтық құралдарды қолдану жөнінде мақсатты бағытта жұмыс жүргізуде. Оларды қадағалау облыс прокуратура органдарының басты міндеті болып отыр. Заң қабылданғалы бері қылмыстық жемқорлыққа байланысты 259 қылмысты іс қозғалды: 1998-ші жылы - 84, 1999-шы жылы - 118, 2000-шы жылы - 57. Лауазымды адамдарға, мемлекеттік ведомстволарға қарсы - 141 қылмысты іс, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне 69, салық және кеден қызметкерлеріне - 24, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік басқармасы және Қорғаныс Министрлігі органдарына -үштен қылмыстық істер қозғалды. Оның ішінде ішкі істер басқармасының бөлімшелері 87 қылмыстық іс, прокуратура 68, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті 51 іс қозғады. Әрбір қылмыстық істердің төрттен бір бөлігі пара беру, үштен бірі мемлекеттік мүлікті пайдалану, ал қалғандары қызмет бабын және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану болып табылады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті негізінен өз жұмыстарында құқық қорғау жүйесіндегі қызметкерлер арасында пара беру, пара алу фактілерін анықтауға бағытталған. Бұл арада айта кететін жай басқа жедел-тергеу аппараты бар құқық қорғау органдарымен салыстырғанда олар тексерген істердің 80 пайызы айыптайтын бұйрық үкім шығарумен аяқталған. Салық полициясы басқармасының жедел-тергеу жұмысы көңіл қоярлықтай. Олар бюджеттің 6 миллион теңгесін ұрлағаны үшін У-ды, ерлі-зайыпты А-ны және осы қылмысты іске қатысқан Тараз қаласының бірқатар басшыларын, сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауданындағы білім беру мекемелерінде мұғалімдердің жалақысын ұрлаған басшылар тобын анықтады. Алайда, құқық қорғау органдарының жедел-тергеу қызметкері негізінен ұрлаудың, қызмет бабын асыра пайдаланудың, сондай-ақ, пара беру және пара алудың мардымсыз фактілерін анықтаумен шектеледі. Мемлекеттік меншікті жекешелөндірумен, банкроттық жасаумен, сот шешімдерін орындаумен, банк қызметімен, салық салу мен кәсіпкерлік қызметті реттеумен, кедендік бақылау жасаумен айналысатын атқарушылық үкімет билігі берілген лауазымды адамдардың іс-әрекеті жедел-тергеу назар жұмыстарының назарынан сырт қалуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ойдағыдай нәтиженің болмауы көбіне-көп құқық қорғау ведомстволарының жедел жұмысының деңгейінің жеткіліксіздігінен де орын алып отыр. Сыбайлас жемқорларды қолынан ұстап алып, олардың бетпердесін ашу оңай емес. Бұны тек сауатты, өз ісін жетік білетін, кәсіби біліктілігі жоғары, шаруашылық және қаржы салаларындағы жағдайларды жақсы меңгерген және өзінің осы қасиеттерін заңға байланыстыра отырып жедел іздеу жұмыстарын жүргізе алатын қызметкер ғана орындай алады. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыстардың тиімділігіне кері әсер ететін құқық қорғау органдарының жекелеген қызметкерлерінің сатқындығы болып отыр. 259 қылмысты істің тек 54 пайызы ғана толық аяқталып сотқа жіберілді, әрбір үшінші іс тоқтатылды. Жылдан-жылға жағдай жақсарып отырғанымен, бұл процесс өте баяу жүруде. Тергеу ақпараттары сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды жасыруға, негізсіз істерді қорғауға, тергеуді созуға, істі заңсыз тоқтатуға, негізсіз қылмысты жауапкершілікке тартуға жол беруде. Облыстық салық полициясы комитетінің басқармасы Талас аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы А.Б.Е 336 мың теңгені талан- таражға салуына байланысты қозғалған қылмысты істі ойластыра отырып тоқтатқан. Аудан прокуроры бұл шешімді тоқтатып, қылмысты істі қайта қозғады. Аудан прокуратурасы осы ведомстваның басқа да мамандары жасаған осындай төрт қылмысты істі тіркеді. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау және тіркеу кезінде жіберілген тәртіп бұзушылықтары үшін прокурорлық қадағалау актілері бойынша құқық қорғау ведомстволарының 29 лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның екеуі ішкі істер органдарындағы, ал екеуі салық полициясы органдарындағы қызметтерінен босатылды. Прокуратура облыстық сот және әділет басқармасымен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды тергеу және сотта қарауда кешенді іс-шаралар қабылдау жөнінде біріңғай пікірге келді. Өткен жылы жекелеген аудандардың топтары сыбайлас жемқорлардың қылмысты іс-әрекетіне дұрыс құқықтық баға бермей оларға тым жеңіл шаралар белгіленген, осыған байланысты облыстық сот 9 сотталған адамға байланысты прокурорлардың 8 қарсылығын қанағаттандырды. Шу ауданының соты өткен жылы пара алғаны үшін М. және Ә. тағылған кінә бойынша қылмысты істі қосымша тергеуге бірнеше рет қайта оралған. Бұл әуре-сарсаңға салушылықты прокурордың қарсылық білдіруімен облыстық сот тоқтатқан. Мұндай заңсыз іс-әрекет Жуалы ауданының сотында да орын алған, бұл ауданда өткен жылы лауазымды аудандырдың пара алу жөніндегі 4 қылмыстық ісі заңсыз қайта тергеуге жіберілген. Соттың барлық қаулысын прокурордың қарсылық білдіруімен облыстық сот тоқтатқан. Өзара бірлескен іс-шаралар нәтижесінде өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты екі іс қосымша тергеуге қайтарылған. Ал, 1999- шы жылы мұндай істердің саны 11 болатын. Мұндай істерді қарауда және жаза берілуде соттардың жауапкершілігі едәуір көтерілді. Үстіміздегі жылдың 29 наурызында аумақтық құқық қорғау органдарының басшыларынына сыбайлас жемқорлыққа байланысты күресті жандандыру жөнінде бірлескен нұсқау жіберілді. Онда жіберілген кемшіліктерді жойып қана қоймай, сонымен бірге прокурорлық қадағалауды, жедел іздестіру шараларын, қылмыстық-құқықтық құралдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің толық шаралары қарастырылған. Жамбыл облысы аграрлы-индустриялы аймақ болып есептелінгендіктен, өңіріміздегі осы саладағы жағдайға жіті мән берілуі түсінікті болса керек. Осы бағытта атқарылған іс-шаралар жиынтығын 2001-ші жылдың 16-шы наурызында екінші шақырылған облыстық мәслихаттың VІІ сессиясында облыс әкімінің орынбасары Бөрібай Жексембин «Облыстың ауылшаруашығындағы жағдай және селоны әлеуметтік-экономикалық дамытудың шаралары туралы» баяндамасында жан-жақты қамтыған. Баяндама бойынша облысымызда аталған мәселенің қалайша шешілгендігі туралы қысқаша сипаттама мынадай: 1. Жергілікті әкімшіліктер нарықтық қатынастарға араласуын тоқтатты. 2. Жеке меншікке тиісті жер үлестерінің нақтылай дербестелінуі аяқталып, мемлекеттік меншіктегі шаруашылықтар жекешелөндірілді. 3. Банкроттау рәсімдері арқылы селоның экономикасы негізінен сауықтандырылды. 4. Аграрлық секторды несиелөндіру мәселелері «Аграрлық несие корпорация» ЖАҚ мен жергілікті бюджеттік несиелөндіру арқылы шешілуде. 5. 1998-2001-ші жылдары аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі Жамбыл аймақтық қоры және «микрокредит» ғылыми-өндірістік бірлестігі жүйесі арқылы барлығы 123 млн. теңге көлемінде 3975 адамға шағын несиелер беріліп, оның 69% малшаруашылығын дамытуға жұмсалды. 6. Крахмалды-сірне зауытын салу және Теріс-Ащыбұлақ су қоймасын қайта жаңғырту үшін отандық немесе шетелдік инвестициялар тарту мәселелері қарастырылуда. 7. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін өткізуге қолдау көрсету мақсатында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, келешекте ұдайы өткізіп тұру көзделуде. Сондай-ақ, сүт дайындайтын «ФудМастер» фирмасы, Тараз қаласының сүт зауыты нәтижелі жұмыс істеп тұр, жүн өңдеу фабрикасы қайтадан іске қосылу үстінде. 8. Сумен қамтамасыз ету және ирригация проблемаларын шешу үшін, 2015-ші жылға дейін 2 милиардтан аса теңгеге қаржыландырылатын «Ауызсу» бағдарламасы әзірленді. Шу ауданының «Жамбыл» ӨК-нің 1144 гектар суармалы жерлері Халықаралық қайта құру және даму банкінің (МБРР) займы есебінен қайта құру және даму бағдарламасына енгізілді. «Ирригация-2030» бағдарламасына сәйкес құны 10,8 млн. АҚШ долларын құрайтын 4,2 мың гектар суармалы жерлерді 2001-2005-ші жылдардағы зайымының ІІ траншына енгізу жөнінде ұсыныстары дайындалды [13]. Облыс ауылшаруашылығының қазіргі жағдайы және соңғы жылдары саладағы қалыптасқан ахуал оңай емес. Оның себептері бірқатар объективті, субъективті факторларға байланысты болып отыр. Селоны реформалауда бірінші кезектегі міндет кезең-кезеңмен нарықтық экономикаға көшу болатын. Оған саланы өзгертуге, жоғарыдан берілген мемлекеттік тапсырыспен жоспарлы көрсеткіштерді, ауылшаруашылық өнімдеріне белгіленген бағаларды жоюға, мемлекеттік және ұжымдық меншікті жекешелөндіруге, өндіріс құрылымын оңтайландыруға бағытталған шаралар енгізілген. Селодағы кейінгі экономикалық өзгерістер Қазақстанның 2030- шы жылға дейінгі даму және 2010-шы жылға дейінгі елдің ауылшаруашылығын дамыту Стратегияларында көрсетілген. Осыған сәйкес, 2002-ші жылға дейінгі облысымыздың ауылшаруашылығын дамыту Бағдарламасы дайындалған болатын. Ал, енді 2010-шы жылға дейінгі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы даму стратегиясы негізгі 3 кезеңге бөлінеді:

1998-2000-шы жылдарға арналған І кезең мына жайттарды қарастырады:
1.ауылшаруашылығының жеделдетілген реформалануын жүзеге асыру;

2.дәрменсіз шаруашылық жүргізуші субъектілерді инвесторлардың басқаруына беру; 3. нарықтық экономиканы қалыптастыру. Осы 3 пункт облысымызда негізінен орындалып жүзеге асырылса, төменде көрсетілген келесі 2 пункт: 1. агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру; 2. жекеменшік шаруашылықтарды бағдарламалық негіздегі мемлекет тарапынан қолдау мен реттеу облыстық және республикалық деңгейде толығымен орындалмады. 2001-2003-ші жылдарға арналған ІІ кезең мынадай күрделі мәселелерді шешуге бағытталады: 1. саланың қаржылық тұрақтандыруға; 2. ауыл шаруашылығын қаржылық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруды аяқтауға; 3. шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту үшін құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық шарттарды қалыптастыруға; 4. ақпараттық-маркетингтік қызмет жүйесін енгізуді аяқтауға; 5. аграрлық сектордың сыртқы рыноктарға шығу үшін қажетті жағдай мен әрекеттер жасауға.

Ал, 2004-2010-шы жылдарға арналған ІІІ кезең мына міндеттерді айқындайды: 1. ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуді ірі рыноктарға шығаруға қол жеткізуді; 2. ауылшаруашылық өнімдерін сыртқа шығаруды ынталандыру жөнінде шаралар дайындауды; 3. экспорттық проблемаларды шешуді. Осыған сәйкес жергілікті жердегі біздің іс-қимылдарымыз ауылшаруашылығының даму стратегиясының шеңберінде межеленген іс-шараларды орындауға бағытталған. 2001-2005-ші жылдағы кезеңде селоның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі облыстық бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030-шы жылдардағы даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы» Жарлығын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесінің 2000-шы жылғы ақпандағы Хаттамасына сэйкес әзірленді. Бағдарламада орташа мерзімді кезеңде облыс экономикасының алдында тұрған проблемалар қаралып, селоның алдағы 5 жылғы даму жолдары айқындалған. Бағдарламаның мақсаты ауылшаруашылығындағы экономикалық реформаларды аяқтау және жер, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану негізінде селолық аудандардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, ауылшаруашылығы өндірісінің тиімді құрылымын жасау болып табылады. Бағдарламаға негіз болған облыс әкімінің 2000-2002-шы жылдарға арналған іс-қимыл жоспарлары және ауылшаруашылығы өндірісін дамытудың бағдарламалары. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға негізделген Бағдарлама міндеті ауылда экономикалық өсімді қамтамасыз ету және экономиканың әлеуметтік бейімділігін күшейту болып табылады. Жер қатынастарын реформалау жөнінде Қазақстан Республикасының «Жер реформасы туралы» Заңында және басқа бағдарламалық құжаттарда қойылған міндеттер облысымызда негізінен орындалды. Атап айтқанда, жер пайдаланушыларды қайта тіркеу, жер пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау және тапсыру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыспен 160,2 мың жер пайдаланушылардың 159,2 мыңы немесе 99,4 пайызы қамтылды. Ауылдағы 71,6 мың отбасына жер үлестеріне құқықтары жөнінде куәліктері берілді. Жерді иелеріне дербестөндіру аяқталды. Көлемі 551 мың гектар құрайтын арнайы жер қоры құрылды. Бұл жерлер, ауылшаруашылық өндірісінде істемейтін және шаруа қожалықтары ұйымдастыруға ниет білдірген азаматтарға арналған. Өнімділігі өте төмен 181 мың гектар жер егістік алқаптары құрамынан алынып, жайылымдықтар санатына жатқызылды. Агроқұрылымдардың қаржылық нәтижелері. Жыл қорытындысы бойынша 252 агроқұрылымның 16 пайызы (41) 45,4 млн. теңге пайдамен аяқтады. Ал, 211 шаруашылық жылды 265,2 млн. теңге шығынмен аяқтады, 2 жыл ішінде несиелік қарыз 2,3 млрд. теңгеге азайды. Алайда, ауыл экономикасын реформалау қарқыны, жүргізіп жатқан қаржылық сауықтыру шаралары, ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігіне күтілгендей әсер ете алмауда. Несиелік қарыздың көлемі әлі де 2 млрд. теңгені кұрайды. Бюджеттік төлемдер қарызы 706,7 млн. теңге болса, оның 677,6 млн. теңгесінің төлеу мерзімі 2003-ші жылға дейін ұзартылды. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖАҚ-ның алдындағы ауылшаруашылық құрылымдарының 541,5 млн. теңге қарыздарынан 81 пайызын (438,5 млн. теңге) есептен шығару жөнінде республикаға ұсыныс берілді. Шаруа жүргізудің қазіргі жекеменшік негізіндегі құрылымы пайда болуы керек болса да, бүгінгі күнге дейін агроқұрылымдардың өндіріс процесінде зиянмен жұмыс жүргізу үрдісі сақталып тұр. Өнімдердің қымбаттауына жанар-жағар май және басқа да қуат көздері бағаларының күрт қымбаттауы, машина-технологиялық паркті жалдау төлемдері жоғары болғандығы әсерін тигізді. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде экономикалық- бухгалтерлік жұмыстардың деңгейі төмендеп кеткен, есеп жұмыстары 03 уақытында және сапалы жүргізілмейді, мамандардың дайындықтары нашар, маркетинг қызметінің жұмысы іс жүзінде жоқ, сұраныстар мен ұсыныстар, өткеру рыноктары зерттелмейді. Агроқұрылымдардың салықтың патенттік жүйесіне, шаруа қожалықтарының бірыңғай жер салығына кешуі аяқталмаған. Аталған жылдың 1 наурызына 7668 шаруа қожалықтарының 40 пайызы (3118) ғана бірыңғай жер салығына, ал 257 агроқұрылымдарының 51 пайызы (132) патенттік жүйеге көшірілген. Осы себептерден, шаруашылық жүргізуші субъектілер, патенттік және бірыңғай жер салығына көшірілген шаруашылықтармен салыстырғанда, айтарлықтай артық шығын жұмсауда. 1998-ші жылдан басталған қаржылық-экономикалық сараптамалар барысында аграрлық секторда үлкен құрылымдық өзгерістер жүрді. 2001- ші жылдың 1-ші наурызында облыста 7925 агроқұрылым болса, оның ішінде 7668 шаруа қожалығы, 153 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 88 өндірістік кооператив, 14 акционерлік қоғам, 2 мемлекеттік кәсіпорын бар. Банкрот деп танылған 99 шаруашылықтың 95-і таратылды, ал 4-інде конкурстық жұмыс жалғасуда. Алайда, реформалар барысында қателіктерге де жол берілді. Атап айтқанда, банкроттық алдындағы және банкроттау рәсімдері көптеген жағдайларда теріс нәтиже берді. Бұл рәсімдерідің үстінен бақылау механизмдері жоқтығынан шаруашылықтардың мүліктерін арзан бағаға сатуға жол берілді, соның салдарынан көптеген жаңадан құрылған агроқұрылымдар тарап, кейбірінің қаржылық жағдайлары нашарлап кетті. Облыста 7600-ден аса шаруа қожалығы ұйымдастырылғанын айттық. Олардың саны соңғы 2 жыл ішінде 60 пайызға (4609) өсті, тек, 2000-шы жылдың ішінде 1177 шаруа қожалығы құрылған. Соңғы бір жыл ішінде шаруа қожалықтарына бекітіп берілген егістік алқаптардың көлемі-141,0 мың гектардан 188,0 мың гектарға дейін өсті, оның ішінде 80,8 мың гектары суармалы егістік. Шаруа қожалықтары өндіретін ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2000-шы жылы 1999-шы жылмен салыстырғанда едәуір өсті. Өндірілген өнімдердің жалпы көлемінен қант қызылшасының 72 пайыз, астық - 56, көкөністердің - 4,6,сүттің - 3,6 пайызын шаруа қожалықтары өндірсе, малшаруашылығы бойынша жылқының, қойдың - 6, шошқаның - 4,5, мүйізді ірі қараның - 4,1 пайызы шаруа қожалықтарының меншігінде. Дегенмен, шаруа қожалықтарының қуат көздерімен қамтылу, техникамен жарақтану деңгейі әлі көп төмен. 1106 шаруа қожалықтары, немесе 15%-і құқықтық құжаттарын алғанмен, айналым қаражаты жоқтығынан жұмыс істемей отыр. Ішкі рынокқа керекті 108 мың тонна бидай толығымен қамтамасыз етілді. Көрсетіліп отырған жылы бидай өндіру 255 мың тоннаға, ал 2001-шы жылға 260 мың тоннаға дейін жеткізілген жағдайда, тұқым мен басқа да шығындарды есептегенде, біз экспортқа 50 мың тоннаға дейін бидай сатуымызға мүмкіндік аламыз. Егін шаруашылығының өнімділігін арттыруда, агротехника шараларын сақтай отырып, мол өнім алуды қамтамасыз өткен жағдайда өнімнің өзіндік құнының арзандайтыны белгілі. Бидайдың бір тоннасының бағасы 100 АҚШ долларынан асады. Айталық, егер өткен қолайсыз жылдағыдай әр гектардан ең кемі 10 центнерден өнім алғанда, бидайдың өзіндік құны 78 АҚШ доллары болып 2110 теңге таза пайда береді. Ал 15 центнерден өнім алса, өзіндік құны 52 АҚШ доллары болып арзандайтынын өз облысымыздың мысалынан көруге болады. Өткен жылы облысымыздан 1 тоннасының орташа бағасы 94 доллардан 13,8 мың тонна бидай, әр тоннасы 170 доллардан 12,3 мың тонна бидай ұны экспортқа шықты. Соңғы жылдары масаты дәнді дақылдардың, әсіресе, күздік бидайдың сортын жаңалау және сорт ауыстыру жұмыстарына үлкен маңыз беріліп отыр. Аталған жылы арнайы 208,7 мың гектарға күздік бидай егілсе, оның бестен төрт болігі элита І және ІІ репродукциялы тұқымдармен себілді. Дәндік жүгері алқаптарының көлемі ұлғайтылды. Жүгері өндірудің пайдалылығы 29% құрайды. Бұл дақылға ішкі және сыртқы рыноктарда сұраныс бар, былтырғы жылы, статистика деректеріне қарағанда, жүгерінің экспорты 2 мың тоннадан асты. Көкөністер. Пияз өсіру экономикалық жағынан өте тиімді. Көкөністердің егіс алқаптары 15 мың гектарға дейін жеткізіліп, жалпы өнімі 198 мың тоннаға дейін жетеді. Өткен жылы 35,1 мың тонна пияз экспортқа жіберілді. Қант қызылшасы. Жергілікті жерлерде өндірілген қант сұранысқа ие және бәсекеге жарамды, қанттың әр центнерінің өзіндік кұны 6,5 мың теңге болса, ішкі нарықта бағасы 7 мың теңгеге жетіп, тиімділігі 7,6% құрайды. Жан басына 18 кг. есеппен алғанда, облыстың қант тұтыну мөлшері 17,7 мың тонна құрайды, өндірілгені 8 мың тоннаға жуық, сөйтіп жергілікті жердерде өндірілген қанттың көлемі облыстың жалпы тұтыну мөлшерінің 45-ақ пайызын кұрап отыр. Бұл есептеулер облысымызда өндірілген 47 мың тонна қант қызылшасының аз екендігін анық көрсетіп тұр [14]. Қант қызылшасын, дәндік жүгері, көкөністерді өндіруде пестицидтермен минералдық тыңайтқыштар пайдаланылмаса жоғары өнім алу мүмкін емес. Бірақ, былтырғы жылы тек қана аммиакты селитра қолданылды. 2001-ші жылдың 1 наурызына облыста суармалы жер көлемі 175,4 гектарды құрайды. Ағын су қорын жинақтап, егіс алқаптарына жіберу 27 су қоймасы, 11 өзен суларын жинақтау гидротораптары арқылы, жалпы ұзындығы 1209,2 километр шаруашылықаралық каналдар, сондай-ақ, шаруашылықтардың ішкі каналдары арқылы жүргізіледі. Ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің суармалы жерлерді пайдалану дәрежесі төмен. Облыста 1997-ші жылы 24 мың гектар, яғни 13% пайдаланылмаған болса, былтыр 27% немесе 53,7 мың гектар жер пайдаланылмай қалды. Басты себеп, кезінде жанар-жағармай сатып алуға қажет қаражаттың жоқтығынан және су келетін жүйелердің көптен жөнделмей істен шығуы болып отыр. Суару маусымы кезінде ағын су тұтынудың көлемі 2,3 млрд. текше метрден астам көлемді құрайды. Ал, 2001-ші жылы су пайдалану жоспары 1,8 млрд. текше метр көлемінде, немесе 78% белгіленген. 2000-шы жылы малшаруашылығының негізгі өнім түрлері бойынша өсімге қол жетті. 1999-шы жылмен салыстырғанда ет 3 пайызға (1433 тонна), сүт - 6 (9435 тонна), жүн 13 (288 тонна), жұмыртқа 20 пайызға (8,9 миллион дана) артық өндірілді. Осы уақыт ішінде жылқы - 3 пайызға (1,6 мың басқа), қой және мүйізді ірі қара мал - 5 пайызға (51,3 және 6 мың басқа), және құс саны 7 пайызға (61,9 мың басқа) өсті. Селекциялық мал тұқымын асылдандыру жүйесінде 6432 бас мүйізді ірі қара, 411117 бас қой, 3192 бас шошқа және 107 жылқы бар. Сиырдың әулиеата тұқымын голштинофриз, алатау тұқымын швиц малымен, оңтүстік қазақ мериносы қойын таза қанды австралиялық қоймен шағылыстыру, тұқымаралық будандастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Ол жұмыстар «Юнчи», «Жылыбұлақ», «Победа», «Ақбұлын», «Сарыбұлақ», «Достық», «Меркі», «Пионер» сияқты ірі агроқұрылымдарда жүргізілуде. Он жылда қолда бар тракторлар, астық комбайндары және басқа да техника паркі іс жүзінде жаңартылмады және олардың саны айтарлықтай кеміді. Көрсетілген мерзімде облыста бар-жоғы 5,8 мың әртүрлі трактор, 1,1 мың астық комбайны ғана болды. Олар біздің қажеттерімізді қанағаттандырмайды. Үш жылда лизингтік негізінде техника және қосалқы бөлшектер жеткізіп берумен айналысатын «ҚАЗАгроҚаржы» жабық акционерлік қоғамының өкілдігі ашылды. Ауылшаруашылығы салалары бойынша талдау жүргізілген реформа процестері ауыл тұрғындарының психологияларын өзгерткенін, олар басқа жақтан көмек күтпей, өздерінің күштеріне ғана сене бастағанын айту керек. Ең бастысы жерге иелік - меншік сезімі нығайтылды. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей техника күшін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында және қауымдаса отырып шаруашылық жүргізуде бірігудің де артықшылығы болмайтындығын өмірдің өзі көрсетіп берді. Ол үшін арнайы заңдар қабылданды. Дегенмен, ауылдың реформа процестерінде мынадай қателіктерге жол берілді; 1. Ауылдағы жекешелөндіру процестері тым ұзақ жүргізілді. Мұны ауыл тұрғындарының консерватизмімен, жергілікті атқарушы органдарының және қайта ұйымдастырылған шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшыларының жұмыстарының тиімділігі төмен болғанымен түсіндерсе болады. 2. Қаржы - экономикалық сауықтыру кезеңінде шаруашылық субъектілерге банкроттық рәсімдері қолданылған конкурстық басқарушылардың істі дер кезінде және қайсыбір жағдайларда адал жүргізбеді. 3. Өндірілген өнімдерді сату-өткізуде нарықтық инфроқұрылымдардың нақты жүйесінің болмауы. 4. Реформа кезеңіндегі ауылшаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау жүйесінің әлсіздігі. Байқап қарасақ, облыс шаруашылықтары ескіден арылып, жаңаның қалыптасу кезеңі барысындағы қиыншылықтарды бастарынан өткізіп отыр. 2000-жылдың қортындыларын талдай отырып, аграрлық сектордағы құлдырау кезеңі етіп, жағдайдың тұрақтана бастағанын және ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсу үрдісі байқалғаны жөнінде сеніммен айтуға болады. Ауылшаруашылығындағы жалпы өнім көлемі, есептеулер бойынша, 2000-шы жылы нақты бағамен есептегенде 18,8 миллиард теңгені құрап, 1999-шы жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға өсті. Қазіргі кезде облыс әкімі Үкіметпен бірлесе отырып, аграрлық саланың дамуы үшін жаңа тәсілдерді қарастыра отырып, жұмыс істеуді қолға алды. Нақтылай айтқанда олар мыналар: 1. Көрсетілген жылдың қаңтарында қабылданған «Жер туралы» жаңа заң, ауылшаруашылық жерлерін бұрынғыдай тек мемлекет меншігінде қалғандарына қарамастан, жер қатынастарын реформалауға тың серпін береді және алға жаңа міндеттер қояды. Осыған сәйкес жер қатынастарын реттеудің ағымдағы мәселелерімен қатар, алдағы жылы жер аумағын мақсатты тұрғыда пайдалану режимін жасап бекіту, айдалатын жерге түгендеу жүргізу, шартты жер үлестері есебінен қалыптасқан барлық шаруа қожалықтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер пайдаланумен жерге құқын қайта тіркеуден өткізуді жүзеге асыру қажет. «Жер туралы» заңының 12 бабы өкілетті органдарға үлкен құқық береді. Аудан әкімдерінің жер комиссияларында депутаттардың қатысуынсыз, жер мәселелері женінде шешімдері енді қабылданбайды. Бұрынғы заңмен са- ластырғанда кеп өзгерістер енгізілмесе де, жаңа заңға бүгінгі күннің талаптарына және қоғамның келешектегі дамуына сәйкес салмақты өзгерістер енгізілді.

Олар: 1. Жерді тұрақты пайдалану жойылып, ол 49 жылға уақытша пайдалануға берілумен ауыстырылды; 2. Жерді пайдаланбау мерзімі 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды; 3. Жер үлестерін пайдалану мерзімі бір жыл болып белгіленді; 4. Оралмандардың статусы анықталды; 5. Қазақстан азаматтығынан шыққан тұлғалар мен шетелдік азаматтардың құқықтары нақтыланды; 6. Заңның тікелей қызметі күшейтіліп, оған бұрын заңнамалық актілермен реттелетін нормалар енді; 7. Жер учаскесінің нақты шекарасы белгіленбей, құқықтық құжаттарсыз және заңды тіркеусіз жерді пайдалануға тыйым салынады. Заңда жерді тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылау күшейтілді. Жерді әркімге қадағалаусыз беру мезгілі етгі, бүгінгі күннің талаптарының бірі: «Жер кімнің қолында, және ол қалай пайдаланып жүр?» деп сұрайтын кез келді. Бұл мақсатта облыс әкімінің шешімімен облыста және 4 ауданда жер инспекциялары құрылған. Бір жарым жыл ішінде бұл қызметтің жетістіктерімен қатар проблемалары да туындап отыр. Бірінші кезекте, мүмкіншілік болса штаттық кестелер шеңберінде, қалған 6 ауданда да жер инспекцияларын құру көзделуде. 2. Жақында қабылданған «Астық туралы» Заң, бюджеттік бағдарламаларға сәйкес, элиталық тұқымның бағасын арзандату, өсімдіктерді қорғау, минералды тыңайтқыштардың және жанар-жағармайдың бағаларын арзандату жөніндегі шараларды мемлекеттік қаржыландыру арқылы реттеуді қарастырады. 3. Республикамызда «Аграрлық несиелік корпорация» жабық акционерлік қоғамы құрылған, оның жарғылық қорын қалыптастыру үшін республикалық бюджеттен 150 млн. теңге және несиелеу қорына 9 млн. АҚЩ доллары бөлінбекші. Жергілікті жерлерде ауылдық (селолық) несиелік серіктестіктер құру мәселесі қарастырылуда. 4. Облыс ауылшаруашылығына қолдау керсету және дамыту үшін әкімнің шешімімен 120 млн. теңгеге бюджеттік несие бөлініп, аудандар бойынша игеру лимиті бекітілген. Бұдан басқа, біздің облыс бойынша Үкімет алдына қойылған 11 проблемалық мәселелер ішінде аграрлық сектор бойынша аса маңызды 3 мәселе бар. Олар: 1. Елбасының тапсырмасы бойынша жүгеріні тереңдете өңдейтін зауыт салу. Зауыттың бизнес-жоспары экономика мен сауда және энергетика, минералдық ресурстар министрліктерінде сараптаудан өткізілді. Қазіргі кезде жетілдірілген жоба соңғы қорытынды алу үшін «Эксимбанкке» сараптауға жіберілді. 2.Теріс-Ащыбұлақ су қоймасын қайта жөндеу және сейсмикалық күшейту үшін 230 млн. теңге бөлу мәселесі. Жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалғаннан кейін, ол республикалық қаржыландыру Бағдарламасына енгізілді; 3.Жекеменшікке сату үшін аукционға қойылған 6 асыл тұқымды шаруашылықтарды («Асылдандыру», «Меркі асыл тұқымды зауыты», «Көгершін», «Талас», «Көктал», «Түгіскен») облыс әкімшілігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесі. Қазір бұл шаруашылықтарды өркендету бағдарламалары сараптаудан өткізілуде. Осы көрсетілген мәселелер Республика Үкіметінің қолдауын тапты. Облыстық «Қант» бағдарламасы әзірленіп, Меркі қант зауытын («Ойтал» АҚ) жұмысқа қосу және аудандарда қант қызылшасының көлемдерін ұлғайту шаралары қолға алынып жатыр. Ет комбинаты жабылғаннан кейін Тараз қаласында стационарлық мал сою цехы жоқ. Мал санитарлық талаптарға сай келмейтін жеке үйлерде сойылады. Сондықтан, қазіргі уақытқа лайықты жаңа мал сою цехінің құрылуы өте қажет. Жоғарыда атап өтілген республикалық және жергілікті масштабтардағы проблемалық мәселелер өз шешімін тапқан жағдайда облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы едәуір дамып, атқарылар істер өз жемісін береді деуге толық негіз бар. Сонымен қатар, дамудың сан-салалы соқпағына түскен өңір экономикасы жаңа технологияларды пайдалану арқылы сапалы қызмет көрсетуге кірісті. Мәселен, жердегі артық ылғалды кетіру үшін қазылатын кәрізді (дренажды) скважиналарды қалпына келтіру оңай шаруа емес. 2001-ші жылдың 3-ші қазаны күні облыс орталығының сегізінші мөлтек ауданында алматылық «Агросуару фирмасы» ЖШС-ы кәрізді скважинаны бейнекаротаж, немесе қарапайым тілмен айтқанда, бейнежазуға түсіру жолымен зерттеу тәсілін көрсетті. Осы фирма Тараз қаласында он төрт скважинаны жөндеуге жарияланған тендерде жеңіске жеткен болатын. Осы жұмыстың аяқталуына орай оңтүстік астанада келген мамандар өз кәсіптерінің құпияларын жергілікті әріптестерінің алдында жайып салды. Арнаулы құралға орнатылған екі көлемі өте шағын бейнежазу камерасы скважинаға түсіріледі. Байқалған ақаулар болса мониторда көрініс табады. «Агросуару» фирмасының басшысы Сырым Хабиевтің айтуына қарағанда, бейнекаротаж тәсілін сумен, жылумен жабдықтауда ғана емес, қала мен басқа да елді мекендерге қуат жеткізуде де қолдануға болады. Мұндай зерттеулер жүргізу жылу және қуат жеткізу желілері мен құбырларын қалыпты жағдайда ұстауға мүмкіндік береді. Айта кетер нәрсе: Бейнекаротеж - гидрогеолог Сырым Хабиевтің ашқан жаңалығы. Бұл жаңа істі фирма үш жыл бұрын-ақ сынақтан өткізе бастады, жақында мұндай жұмыстарды атқаруға құқық беретін патент те алынды. Жаңа тәсіл таныстырылған жиынға қатысқан қала әкімі Болат Сауранбаев жергілікті мамандармен лездеме өткізді. Олардың мұндай тәсілдің біздің коммуналдық қызметтер үшін пайдасы мол екендігіне көздері жетті. Осы және басқа да жаңалықтарды қамтыған әкімият мәжілісіндегі «2001-ші жылдың тоғыз айында облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» облыс әкімінің орынбасары Ж.Сапарәлиевтің хабарламасына қарағанда, үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында да облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсу-өркендеу қарқыны байқалды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен тоғыз ай ішінде 21,1 миллиард теңгені, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,4 пайызды құрады. Жалпы, тау-кен өнімін өндіру саласындағы өндірістің өсімі 7,6 есеге көбейді [15]. Соның ішінде түйіршіктелген фосфат шикізатын өндіру 7,5 есеге, ұнтақталған фосфат шикізаты - 5,2 пайыз, түрлі түсті металл кені 2,2 пайызға артты. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсімі оның барлық салаларын қоса алғанда 22 пайыз қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішке жетуге химия саласының үлесі мол. Мұнда сары фосфор шығару көлемі 2,2 еееге, натрий триполифосфаты - 3,6 есеге, термикалық қышқыл - 2,4 есеге өсті. «Қазфосфат «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС Тараз филиалы өндіріс көлемін арттыруда. Іске қосылған уақыттан бастап 13885 тонна минералды тыңайтқыш өндірілген, бұл өткен тоқсандағыдан 1603 тоннаға артық. Импорт алмастыру бағдарламасын іске асыру машина құрастыру кешені кәсіпорындарының дамуына қосымша серпіліс берді. Есеп беру кезеңінде олардың өндіріс көлемі өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 1,9 есеге өсті. Жиналмалы құрылыс металл конструкциясын шығару 1,4 есеге, өнеркәсіптік кір жуатын машина - 2,1 есеге артты. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында; жарма өндіру - 3 есеге, жаңа піскен нан - 43,2 пайызға, қант - 18,8 пайызға, алкогольсіз сусындар - 15 пайызға көбейді. Өткен тоқсанда ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының ішінен, ұзақ уақыт бойы токтап тұрғаннан кейін, Тараз қаласындағы «Жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы» ӨК, «Ақбидай» АҚ, Байзақ ауданындағы асфальт төсеу зауыты, Жамбыл ауданындағы «Шербет» ЖШС, Қордай ауданындағы «Сұлтантегі импэкс» ЖШС өндіріс қызметтерін қалпына келтірді. Қарастырылын отырған жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп қәсіпорындарында 796 жұмыс орны құрылып, олардың 636-сы қызметті қайта қалпына келтіру есебінен ашылған. Алайда, өнеркәсіп орындарының жартысына жуығы әзірге өндіріс көлемінің өсімін қамтамасыз ете алмай отыр. Былтырғы өндіріс деңгейіне Байзақ, Жуалы, Меркі, Талас аудандарының өнеркәсіп кәсіпорындары қол жеткізе алмады. Сарысу мен Шу аудандарында өндіріс қарқыны төмендеп кетті. Бұрынғысынша электр қуатын, газ бен суды өндіретін және тарататын кәсіпорындарда күрделі жағдай қалынтасып отыр. Бұл саладағы көлем индексі 84 пайызды құрады. Есеп беру кезеңінде облыс ауылшаруашылығының жалпы өнімі 9,9 миллиард теңгені құрады немесе 2000-шы жылдың тиісті кезеңінен 104,8 пайызға өсті. Экономиканың аграрлық секторында ауылшаруашылық дақылдарын жинау науқаны аяқталып, келесі жылдың өнімі үшін күздік бидай 255 мың гектар алқапқа орналастырылды. Бұл облыстағы барлық астықтың 80 пайызын құрады. 2001-ші жылдың қараша айына дейін күздік бидай 250 мың гектарға себілді. Бұл 2000-шы жылдың деңгейінен 100 мың гектарға артық. Малшаруашылығы өнімінің негізгі түрлерін өндіру мен мал басы өсімінің оңды беталысы сақталып, өткен жыдцың тиісті кезеңімен салыстырғанда өлім-жітім мүйізді ірі қара малдан - 28,1 пайыз, қой мен ешкіден 26,9 пайыз, жылқыдан - 41 пайыз, түйеден - 4 пайыз азайыпты. Дегенмен, қиыншылықтан құтылып, қайта түлеген кәсіпорындардың да саны аз болмады. Солардың бірі «Шарап» акционерлік қоғамы кезінде Тараздағы іргелі кәсіпорындардың бірі болатын. Жүздеген адам жұмыс істейтін өндіріс орны бюджетті толықтыруға елеулі үлес қосып келген еді. Облыстағы шарапты алғаш өңдеуші зауыттардың жұмысы қожырауына байланысты бұл кәсіпорын 1995-ші жылдан бері жұмысына тоқтатқан болатын. Зауыттың несиелік қарызы 12 миллион теңгеге дейін өсіп кеткен еді. Осыны ескерген «Фалькон» ЖШС-ы «Витязь-1» ӨК-і «Шарап» АҚ басқаруға алған еді. Кәсіпорынға «Витязь-1» ӨК-і қаржылай көмектескен соң іс жанданып сала берді. Зауытта биыл қайта жарақтандыру, күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылды. Еурожөндеуден өткен цехтар жаңа салынған ғимараттай жарқырап тұр. «Витязь-1» ӨК осы мақсатқа 5,9 миллион теңге жұмсаған. Шарапты екінші қайтара өңдейтін «Шарап» АҚ шикізатты «Жасөркен» ӨК мен «Шахан» ЖШС-нен алады. Өтпелі кезеңдегі қоғамымыздың негізгі басымдылықтарының бірі ретінде «2000-2002-ші жылдарға арналған жұмыссыздық пен кедейлікке қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облысының кешенді бағдарламасы» екінші шақырылған облыстық мәслихаттың он бесінші сессиясында қаралып, онда: «Бағдарламаның негізгі мақсаты жұмыссыздар мен кедейлер санының ары қарай өсуіне жол бермей, оның қысқаруына қол жеткізу, барлық нысандағы шаруашылық субъектілерінің қатысуымен қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес шараларын жандандыру, еңбекке жарамды адамдар үшін кәсіпкерлікті, жеке еңбек пен қоғамдық жұмыстарды дамыту және халықтың еңбекке жарамсыз бөлігі үшін әлеуметті қорғаудың пәрменді механизмдерін қолдану» екендігі айтылып, осы орайда атқарылар міндеттері ретінде:

- Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, атаулы көмек көрсету арқылы әлеуметтік проблемаларды шешіп, халықтың еңбекке белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғалмаған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу, ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту және кәсіби біліктілігін арттыру;

- Жұмыс істеп тұрған өндіріс кәсіпорындарының өндірістік қуатын кеңейту есебінен қосымша жұмыс орындарын ашу;

- Кәсіпорындар қызметін жандандыру есебінен қосымша жұмыс орындарын ашу (банкроттық оңалту, санациялау процедурасы), инвестициялар тарту;

- Шағын кәсіпкерлік субъектілері есебінен қосымша жұмыс орындарын ашу;

- Денсаулық сақтау, мәдениет, білім, спорт салаларын жетілдіру есебінен қосымша жұмыс орындарын ашу;

- Халықты әлеуметтік қорғаудың белсенді нысандарының бірі ретінде ақылы қоғамдық жұмыстарды дамыту мәселелері көрсетіліп, бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңдері нақты белгіленген [16].

1.4.ОБЛЫСЫМЫЗДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҮРДІСТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ (2002-2010 Ж.Ж.) Екінші мыңжылдықтың алғашқы жылдарында еңсемізді барынша тіктей бастағанымыз белгілі. Егемен еліміз дүниежүзінің жүзден аса елімен әртүрлі салада қарым-қатынас орнатты. Әлемдік алыс-берістен ірі кәсіпорындардан бөлек, орта және кіші мекемелер де тыс қалмады. Осы үрдіс үкіметтік емес ұйымдарды да айналып өткен жоқ. Соның бір парасын Қазақстан мен Орталық Азия аумағында шағын гранттар бағдарламасын жүзеге асыруға арналған іс-шаралардан көруге болады. 2002-ші жылдың 23-ші сәуірінде Тараз баспасөз клубы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қолдауымен республикалық, облыстық, және калалық бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берген Қазақстандағы шағын гранттар бағдарламасының үйлестірушісі Рауф Сабитов бұл жобаның үш мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан аумағында іске асырылатынын және оны Бүкіләлемдік банктің атқарушы агенттігі арқылы бүкілдүниежүзілік экологиялық қор қаржыландыратынын хабарлады. Бюджеті 500 мың АҚШ долларын құрайтын жаңа бағдарлама мақсаты - биологиялық алуандықты сақтауға байланысты қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсету болып табылады. Оның аясында жобалар бойынша гранттық конкурс өткізіледі. Олар Ақсу-Жабағылы қорығы аумағында тұратын жергілікті тұрғындарға халықтық кәсіп - бал арасын, балық өсіру, дәрілік шөптер жинау, сондай-ақ, табиғатқа зиян келтірмей кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға ықпал етуі тиіс. Грант мөлшері 100 мыңнан 10 мың АҚШ долларына дейін және екі кезеңге есептелген. Үкіметтік емес ұйымдар грантын игеру жөніндегі бірлескен жұмыс туралы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Батырғали Акпаев, облыс әкімі жанындағы инвестиция және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Розахан Қалдыбекова, «Тараз баспасөз клубы» кеңесінің төрайымы Светлана Кошелековалар әңгімелеп берді. Ал, көрнекті жұмыстарымен еуропалық деңгейде көзге түсіп Парижден оралған «Жамбылжолқұрылысы» ашық акционерлік қоғамының президенті Ілияс Тортаевты және осы қоғамның экономика және бағалы қағаздар жөніндегі бас маманы Антонина Григорьевна Намды 2002-ші жылдың 8-мамырында облыс әкімі Серік Үмбетов қабылдады. Қабылдауда облыс әкімі С.Ә.Үмбетов бұл ұжымның жұмыс сапасын арттырудағы жеткен жетістіктері үшін «Алтын Жұлдыз» жүлдесімен марапатталуы олардың Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойына тартқан тартуы деп бағалайтындығын атап көрсетті. Еліміздегі даму үрдісінің нақты жетістіктерінің көрінісі Сарысу ауданындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдан да білінді. Атап айтсақ: ауданда 47300 адам тұрады, олардың 15300-і жұмыс жасындағылар. 12500 адам еңбекпен қамтылған. Жұмыссыздық - 9 пайыз. Егіске жарамды жер 23915 гектар. Егістігі - 13903 гектар. Күздік - 3000 гектар, жаздық - 2100 гектар. Өткен жылы 1 миллиард 472 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. 2002-ші жылдың бес айында өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндіру 162,5 пайызға көбейді. Ауданда 10347 бас іріқара, 149560 басқой мен ешкі, 3028 басжылқы, 862 бастүйе, 550 бас шошқа, 60472 құс бар. Көпжылдық шөп - 5300 гектар, жүгері 1750 гектар, мақсары - 1000 гектар, картоп - 120 гектар, көкөніс - 325 гектар, бақша - 205 гектар, бау-жүзімдік - 203 гектар. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 223 тонна сүт, 30,5 мың тонна жүн, 8 тонна ет, 28 мың тонна жұмыртқа артық өндірілді. Сонымен қатар, екінші шақырылған облыстық мәслихаттың он екінші және он төртінші сессияларында «Экологиялық жай-күйді жақсартудың және қоршаған ортаны қорғаудың 2001-2003-ші жылдарға арналған облыстық кешенді Бағдарламасы [17]» және «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз ету жөнінде облыста жүргізіліп отырған жұмыстар туралы» мәселелер қарастырылды [18]. Аталып отырған сессиялардың алғашқысында «Жамбыл облысын дамытудың 2010-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» мәселе «Облыстың әлеуметтік-экоңомикалық дамуының 2002-ші жылға арналған индикативтік жоспары туралы» күн тәртібіндегі екінші мәселемен бірге қарастырылып, өңіріміздің даму даңғылына түсу кекжиектері айқындалды [19]. Облысымыздың халықаралық байланыстары да нығайып, С.Үмбетов 2002-ші жылдың 18-ші наурызында АҚШ-тың Индиана штатындағы Манси қаласының мэрі Дэн Кэнэн бастап келген американдық делегацияны қабылдады. Облыс басшысы қонақтарға Жамбыл облысы туралы қысқаша әңгімелеп берген соң Д.Кэнэн мырза: «Бұл менің Қазақстанға бірінші сапарым. Мені Сіздердің қонақжайлықтарыңыз, адамдардың ізгілігі тәнті етті», - деп ағынан жарылды. Мэрдің айтуынша Манси қаласы да ауылшаруашылық аймағына жатады. Онда шамамен 80 мың адам тұрады. Олардың бәрі де біздің «Интерлинг Ресорсиз» қайырымдылық компаниясының Тараз қаласындағы қызметіне қолдау білдіріп отыр. Кездесу ресми құжатқа қол қоюмен аяқталды. Манси мэрі Д.Кэнэн мен Тараз мэрі Б.Сауранбаев осы екі қаланың 18-наурыздан бастап Тараз бен Манси арасындағы мәдени және қайырымдылық саласындағы өзара ынтымақтастықтың негізін қалады. Осы тұрғыдағы қарым-қатынастар өз жалғасын тауып, 2001-ші жылдың 26-шы қарашасында облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов Таразға Италияның Тревизо қаласынан арнайы келген делегация мүшелерін қабылдады. Қабылдауда алдымен сөз алған облыс әкімі С.Ә.Үмбетов италияндық қонақтарды Тараз жеріне келуімен құттықтап, оларға облысымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде қысқаша әңгімелеп берді. Дәлірек айтқанда, ол облыста 1 миллионға жуық халық тұратындығын, жер көлемінің 144 мың шаршы километрді құрайтындығын тілге тиек ете келіп, облыс орталығы Тараз қаласында 335 мыңнан астам халық тұратындығын, жуырда бұл қала еліміздегі ең көне қала ретінде өзінің 2000 жылдық торқалы тойын ЮНЕСКО-ның көлеміне сәйкес атап өткендігіне тоқталды. Сондай-ақ, ол облыстың негізгі саласы - ауылшаруашылығы болып табылатындығын, онда 10 селолық аудан орналасқандығын, кейінгі жылдары ауылшаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткендігін, облыс халқының 66 пайызға жуығы ауылдық елді мекендерде тұратындығын, қалғаны Тараз және Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында орналасқандығын атап көрсетті [20]. Облыста кейінгі жылдары өнеркәсіп саласы өркендей бастағандығын, химия саласының өнімдері бүгінде әлемдік сауда биржасына жолдама алып отырғандығын қадап айтты. Өйткені, әлемдік биржаға қатысуға кеңестік кезеңде де қол жетпеген. Бұл жағынан келгенде біздің тауарларымыздың әлемдік рынокка шығуы, әрине, қуанарлық та құптарлық жағдай. Мұнымен қатар облысымыздың қазба байлықтары ішінде шикізаттың барит, гранит, алтын, фосфор және басқа түрлері де еліміздегі жерасты кендерінің едәуір бөлігін құрайды. Облыс территориясынан табиғи газ өндіру мәселесі қолға алынды. Бұл тек облысымыздың ғана емес, сонымен қатар бүкіл оңтүстік өңірдегі Алматы қаласы мен Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары мен өнеркәсіп орындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы - бізді табиғи газ жөнінде көршілес Өзбекстанға тәуелділіктен құтқарады. Бұдан кейін сөз кезегін алған Тревизо әкімшілігі Муниципалды Кеңесінің президенті Фулвио Петтена мырза өз провинңиясының әлеуметтік-экономикалық жағдайына қысқаша тоқталды. Ол өз сөзінде жылышырайлы қарсы алғандығы үшін облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, рақметін айтты. Тревизо провинциясында 770 мыңнан астам халық тұратындығын, Тревизо қаласы Венециядан 30 шақырымда орналасқанын айта келіп, мұнда 100 мыңға жуық шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейтіндігін атап көрсетті. Яғни, бұл провинцияда тұратын әрбір жетінші адамның өз кәсіпорны бар екендігін көрсетеді, Мұның сыртында 30 мыңға жуық -әртүрлі агроқұрылымдар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады екен. Провинцияның тарихында, дәлірек айтқанда, 1950-жылдардың аяғы мен 1960-жылдардың басында экономика саласында орасан өзгерістер орын алған. Дәлірек айтқанда, ауылшаруашылығымен айналысатын адамдардың басым көпшілігі өнеркәсіп саласына бетбұрыс жасаған. Мұндағы ерекшелік сол, бүгінгі таңда провинциядағы тұтас аудандар өнеркәсіп өнімінің белгілі бір түрін ғана шығаруға мамандандырылған. Бұл өз кезегінде шығарылған өнім сапасының әлемдік стандартқа жетуіне, сөйтіп халықаралық рыноктағы бәсекелестікке төтеп беруіне игі ықпалын тигізген. Тревизо қаласында шығарылатын өнеркәсіп өнімдері тек Италияда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде үлкен сұраныс туғызып отыр. Сондықтан да «Тревизо қаласында шығарылған» деген таңба басылған өнімдерді дүниежүзінің көптеген елдерінен кездестіруге болады. Провинциядағы халықтың әлеуметтік жағдайы кейінгі он жылда айтарлықтай жақсарған. Мысалы, мұнда еңбек ететін әрбір адамның орташа жылдық табысы 20 мың долларды құрайтын көрінеді. Алайда, жергілікті халықтың 2,5 пайызы жұмыссыз болып есептелінеді. Бірақ бұл салыстырмалы түрде алынған көрсеткіш. Өйткені, жұмыссыз деп саналатын адамдардың бәрі белгілі бір іспен айналысады. Бірақ олар өздері оқып алған мамандығы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндіктері жоқ болғандықтан ғана жұмыссыздар қатарына шартты түрде теңестірілген. Тревизо қаласындағы өнеркәсіп орындары тек Италияда ғана емес, өздерінің филиалдарын одан тысқары елдерде де көптеп ашуда. Италияндықтар ол елдерде көбіне-көп жергілікті жұмыс күшін пайдаланатын көрінеді. Бүгінде олар Шығыс Еуропа елдеріне, атап айтқанда Румыния, Словакия, Болгарияда өз инвестициясын салып, кәсіпорындар ашуда. Сондай-ақ, олар шет елдердегі өнеркәсіп орындарына өз технологиясын енгізуге машықтанып алған. Италияндықтардың технологиясын Бразилия, Аргентина, Қытай сияқты мемлекеттердің кәсіпорындары өз өндірісіне көптеп енгізуде. Тревизолық делегация мүшелері қазақстандықтардың, оның ішінде жамбылдықтардың қонақжайлылығына риза екендіктерін өз әңгімелеріне арқау етті. Олар Тараз қаласымен алдағы уақытта жанды байланыс жасайтындықтарын атап көрсетті. Бұл ретте қолдарынан келгеннің барлығын аямайтындығын ортаға салды. Қабылдауда сөз алған Тревизо әкімшілігі өндірістік қызметінің жауапты қызметкері Марио Пиовезан Қазақстан жөнінде бұған дейін тек кітап арқылы білетіндігін, енді, міне, оны өз көзімен көргендігіне қуанышты екендігін жасырмады. Мен, - деді ол өз сөзінде - әлемде Венециядан сұлу жер жоқ деп ойлаушы едім. Бірақ Қазақстан жерін көріп, бұл пікірімнен қайттым. Сіздерде, әсіресе, туризм сапасын өркендетуге мүмкіндік мол деген тұжырымға тоқтадым. Бұдан кейін Тараз қаласының әкімі Болат Сауранбаев пен Тревизо қаласы әкімшілігі Муниципалды Кеңесінің президенті Фулвио Петтена екі қала арасында бауырластық жөніндегі құжаттарға қол қойды. Облысымыз жағынан қабылдауға облыстық мәслихаттың хатшысы Ш.Шарафутдинов, облыс әкімінің орынбасарлары К.Демеш, Ж.Сапарәлиев, Тараз қаласының әкімі Б.Сауранбаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Н.Нестерова қатысты. Тревизо қаласының делегациясын бұл күні Тараз қаласының әкімі Б.Сауранбаев қабылдап, түстен кейін оларды Тараздың 2000 жылдығына орай салынған жаңа ғимараттармен таныстырды. Облысымыздағы нарықтық қатынастарды ырықтандыру мәселесіне тоқтала келе, облысымызда әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерінің қалыптаса бастағандығы туралы айта аламыз. Мәселен, 2003-ші жылдың 24-қаңтарында облыс шаруа қожалықтары жетекшілерінің облыстық кеңесі болып өтті. Кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бөрібай Жексенбин және Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры Әбдірахман Омбаев баяндама жасады. Олар өз сөздерінде: «Экономикалық жаңа жағдайда шаруа қожалықтарының тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру аса маңызды екенін атап көрсетті. Мал тұқымын асылдандырумен бірге кезінде тиімділігі жоғары болған өнімдерді өндіруді қайта өндіру қажет екендігін еске салды. Әсіресе, қаракөл елтірісін өндіруді жолға қою керек», - деді [21]. Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Серік Үмбетов әрбір ауылдың даму бағдарламасын дайындау, маман кадрлардың біліктілігін арттыру, шаруа қожалықтарында шағын бизнесті дамыту аса маңызды екендігін атап өтті. Жылдан-жылға шаруа қожалықтарының санының өсуімен бірге еңбек ету сапасы да арта түсіп отырғандығына мән берді. Айтар болсақ, 1996-шы жылы облыста 6499 шаруа қожалығы болса, 2003-ші жылы олардың саны 10117 жеткен. Жалпы аталған жылы, өңіріміздің экономикасы өркендеп, мәселен, 1998-шы жылы біздің облыстық бюджет бар болғаны 7,5 миллиард теңге болса, 2003-ші жылы ол 20 миллиард теңгенің үстіндегі соманы құрады. Малшаруашылығына келсек, онда да жағдай жақсарып келеді. Мүйізді ірі қара 1999-шы жылы 143 мың болса, қазір ол 248 мың басқа жетіп отыр. Қой саны 850 мыңнан 1 миллион 870 мыңның үстіне шықты. Жылқы мен түйе түліктерінде де өсу нақты байқалады [22]. Сонымен қатар, малшаруашылығында соңғы жылдары мал тұқымын асылдандыруда мемлекет тарапынан едәуір көмек көрсетіліп келеді. Облыс аумағында 28 асыл тұқымды шаруашылық бар. Оның 6-ы асыл тұқымды мал зауыты, 22-сі асыл тұқымды қалыптастырғыш шаруашылықтар ретінде тіркелген. Осы шаруашылықтарда 2003-ші жылдың 1 шілдесінде 6626 бас мүйізді ірі қара, оның ішінде 2908 бас сиыр, 131938 бас қой, оның ішінде 54406 саулық, 1236 бас жылқы, оның ішінде 562 бас бие, 141 бас түйе, оның ішінде 82 інген бар. Өткен жылдармен салыстырғанда асыл тұқымды мал басының өсуі артып келеді. Яғни, асыл тұқымды мүйізді ірі қара 7,8, қой 25,1, жылқы 37,0 пайызға артқан. Облыстағы асыл тұқымды малдың жалпы мал санындағы үлес салмағы 2003-ші жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша мүйізді ірі қарадан 2,6; қой - 7,1; жылқы - 1,7 және түйе -3,6 пайызды құрап отыр. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын қолдау мақсатында 1998 жылдан бері жылма-жыл мемлекет тарапынан арнайы көмек қаржы бөлініп келеді. Мысалы, 2000-жылы - 4,0, миллион, 2001 -жылы - 19,0 миллион, 2002-жылы - 62 млн. 475 мың бөлінсе, ал үстіміздегі жылы 64041,0 мың теңге бөлініп отыр. Яғни, аталған жылға бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артық. 2003-ші жылдың бірінші жарты жылдығында облыс шаруашылықтары мен жеке тұлғаларға 20 млн. 690 мың теңгені құрайтын 207 бас мүйізді ірі қара, 1946 бас қой, 109 бас жылқы сатты. 2003-ші жылы облыс шаруа қожалықтарынан асыл тұқымды шаруашылыққа өтуге тілек білдірушілерден 37 өтініш түсіп, оның он екісінің құжаттары ауылшаруашылық министрлігіне ұсынылды. Өңіріміздегі нарықтық қатынасқа көшу барысындағы жаңалықтардың бірі қалаларда өткізіле бастаған жәрмеңкелер деп айтар едік. Осы орайда қала тұрғындары үшін қысқа қажетті азық-түлік қамдауына байланысты өтініштерін ескере отырып, облыс әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы 15-ші қарашадан бастап ауылшаруашылық өнімдері сатылатын жәрмеңкелерді күн сайын өткізу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Ол бұрынғы орны - екінші мөлтек аудандағы «Ақ бұлақ» базарында өтіп тұратын болды. 21-ші қараша күні өткізілген жәрмеңкеге облыстың төрт ауданы (Шу, Талас, Байзақ, Жамбыл) ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері өз өнімдерін әкелді. Баға әдеттегідей базар бағасынан төмен болды. Бұл жолы да негізінен сұраныс жоғары азық-түлік түрлері, соның ішінде қой еті, ұн, көкөніс түрлері, мақсары майы, бидай, арпа, жарма әкелінді. Айталық, Талас ауданы асқабақ, қауынғақ әкеліп, қой етінің килограмын 300 теңгеден сатты. Ал, Байзақ ауданы бүл күні негізінен көкөністердің түр-түрін арзан бағаға ұсынды. Сенбі күнгі жәрмеңкеге қатысқан төрт аудан 148630 теңгенің саудасын жасады. Мұның 64000 теңгесі -Шу, 47800 теңгесі Жамбыл ауданының үлесіне тиеді. Жексенбі күні де «Ақ бұлаққа» келген қалалықтарға азық-түліктердің түр-түрлері жеткізілді. Байзақтықтар тұздалған көкөністерді, Жамбыл ауданындағылар алманы, Т.Рысқұлов ауданы ұнды (әр килограмын 30 теңгеден) келушілерге ұсынды. Жәрмеңкеге Меркі ауданынан бұл күні 3500 килограм құмшекер әкелінсе, әр килограмы 61 теңгеден лезде өтіп кетті. Меркі сары ірімшік зауытының өткерген өнімдерінің жалпы сомасы 60000 теңгеге жетті. Ал, Т.Рысқұлов ауданынан әкелінген бірінші сортты ұн 120000 теңгеге сатылды. Сонымен, жексенбі күні жәрмеңкеге қатысқан төрт аудан бойынша 482000 теңгенің саудасы жасалынды. Сондай-ақ, жексенбі күні облыстың жеті ауданы (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу) Тараз қаласының базарында жалпы сомасы 10673200 теңгені құрайтын мал әкеліп сатты. Мұның ішінде қой - 1267200, мүйізді ірі қара - 2656000, жылқы - 6750000 теңгеге етті. Қарастырылып отырған кезеңдегі қат тауардың бірі қант болғаны белгілі. Осыған байланысты облыста қант өндіру саласын қайта өркендету мақсатында 2003-ші жылдың 26 ақпан күні ел күткен оқиға - Меркі қант зауытының тұсаукесер рәсімі өтті. Үлкен ұқсату кәсіпорнының жұмыс істеуі қай жағынан алғанда да облыс өміріне оңды ықпалын тигізетіндігі белгілі. Айталық, Меркі қант зауытында 657 адам жұмыс істейді. Бұл жұмыссыздар саны осыншама адамға кеміп, едәуір отбасы күнелту кезін тапты деген сөз. Жаңа зауыттың іске қосылуымен бірге биылдың өзінде облыста қант қызылшасы егіс алқабының көлемі 6,5 мың гектарға жеткізілмек. Бұл өз кезегінде, ауыл адамдары үшін жұмыс кезі екендігі анық. Кезінде облыста қант қызылшасының көлемі 43 мың гектарға дейін жеткені белгілі. Әзірше, келесі жылы 11 мың гекторға жетеді деп жоспарлануда. Осылайша өзімізде өндірілген шикізатпен жұмыс істейтін қант өнеркәсібі саласы одан әрі өркендей бермекші. Облыс тұрғындарын қынжылтқан мәселелердің бірі ретінде автомобиль жолдарының жайсыздығын айтуға болады. Жолдың бүлініп, ойылып кетуінен апаттар да жиі орын алғандығы да жасырын емес. Әйтсе де, соңғы жылдары республикалық және жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеу қайта жанданды. Соның нәтижесінде былтыр Алматы- Ташкент автотрассасының дені орта жөндеуден өткізілді. Облыста жол салу және жөндеуде елеулі тәжірибе жинақтаған әлеуетті ұжымдар көбейді. Солардың бірі - «Инвест компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Автомобиль жолдарын салу және жөндеумен айналысатын бұл серіктестік 2000-шы жылы құрылған болатын. Осыдан үш жыл бұрын ұжымда 2 «КамАЗ» автокөлігі, әртүрлі маркадағы 5 трактор және 12 адам бар еді. Өңіріміздегі оң өзгерістер нәтижесінде серіктестік іргелі де әлеуетті кәсіпорынға айналды. Мұнда 69 адам жұмыс істейді. 6 «КамАЗ» жүк автомашинасы, әртүрлі маркадағы, жол салып, жөндейтін 9 трактор бар. «Инвест компания» 2001-ші жылы 12 миллион теңгенің жол салу, жөндеу жұмыстарын атқарса, өткен жылдың қорытындысында ол 98 миллион теңгеге жетті. Серіктестік былтыр осындай ірі көлемдегі жұмыстарды атқаруы нәтижесінде 2 миллион 538 мың теңге таза пайда тапты. Кәсіпорын өткен жылы Алматы-Ташкент-Термез бағытындағы автожолының 593-543 километрі аралығындағы және Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы мен Аманбаев бағытындағы автожолдың 38 километр жолын орта жөндеуден өткізіп, ортақ іске үлкен үлестерін қосты. Б.Момышұлы және Қошқарата ауылы арасындағы 51 километр жол ағымдағы жөндеуден өткізілді. Б.Момышұлы ауылындағы екі үлкен көшенің ойылған жерлері тегістелді. «Инвест компания» ЖШС биыл жыл басында тендерге қатысып, Алматы-Ташкент автожолы бағытындағы 501-431 километр аралығындағы, Тараз бен Құлан ауылын айналып өтетін 8 және 2 километр республикалық мәндегі жолдарды орта жөндеуден өткізуге рұқсат алған еді. Кәсіпорын осыған дейін асфальтты басқа жол құрылыс мекемелерінен сатып алып келген еді. Өздерінде өндірілмеген соң асфальт алу үшін елеулі қаржы жұмсалды. «Жуырда Тараз қаласында өз асфальт зауытын іске қосын, онда күнделікті 200 тонна өнім шығарылуда. Рентабельді кәсіпорын биыл көктемде Жуалы ауданындағы күнкөрісі төмен 30 отбасына 100 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Асфальт зауытының әлеуетін арттыру -серіктестікте тағы да 15 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Былтыр жолшылардың айлық жалақысы орта есеппен 8 мың теңге болса, биыл ол 9,5 мыңға дейін өскен. Айлықтары уақытылы беріліп тұрады. Тараз қаласында да өнеркәсіп саласында өсім байқалынып, 2003-ші жылдың 8 айының қорытындысында индиактивтік жоспар бойынша 17906,0 млн.теңгенің өнімдері өндірілуі тиіс болса, қала кәсіпорындары 19196,4 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Яғни, индиактивтік жоспар 107,2 пайызға асыра орындалды. Физикалық көлем индексі 104 пайыз болды. Кен өндіретін және өңдейтін өнеркәсіп орындары да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорындары өнім өндіру көлемін тұрақты арттырып келеді. Серіктестік кейінгі кезде бұрынғы байланыстарды қалпына келтіруге ұмтылуда. Олар Иран, Түркия, Қытай, Ауғанстан және Еуропа рыноктарына өз өнімдерін жөнелтуде. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сары фосфор өндіру - 27, фосфор тыңайтқышы -20,8, азот тыңайтқышын өндіру - 5,1 пайызға өсті. «Имсталькон» ААҚ-ы мұнайшылар үшін түрлі металл құрастырмаларын шығаруды игерді. Өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда биыл металл құрастыру 84,8 пайызға артты, іс барысы «Жамбылгипс» ЖАҚ-ында да тұрақты. Осы мерзімде «Имсталькон» ААҚ-ы, «Құрылыс құрастырмалары зауыты» ААҚ-ы, «Қосалқы бөлшек» ААҚ, «Коммунмаш» АҚҚ-ы және «Айвенго» ЖШС-і жемісті еңбек етті. Өкінішке орай, «Таразнан» ЖШС-і, «Жамбылнан» ЖШС-і, «Вторчермет» ЖШС, «Химпром-2030» ЖШС және «Келешек» ЖШС өз мүмкіндіктерінен едәуір төмен жұмыс істеді. Өңіріміздегі өнеркәсіп өндірісі даму қарқынының осындай алақұлалығына қарамай, Құлан өңірінде зілзала әсерінен үйлері қирап, бүлініп, жарамсыздануына байланысты баспанасыз қалған тұрғындардың дені жаңа үйлерге қоныстандырылды. Облыс басшысы Серік Үмбетов ардагерлермен кездескенде бүлініп-қираған - 2737, ішінара жарамсызданған 4850 үйдің бүгінде ел-жұрт болып жұмылып, кірісіп ынтымақ пен бірлік танытуының нәтижесінде толық дерлік қалпына келтіріліп, 7000-ға жуық тұрғын қоныс тойларын өткізіп үлгергінін айтты. Облысымызда орын алған осы қиын жағдайды ескере отырып, сонымен қатар өңірімізде кірпішке деген сұраныстың Республикамызда тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынуына байланысты күрт өскендігін айта аламыз. Бағдарлама аясында Байзақ ауданындағы Үшбұлақ теміржол бекетінде жаңа технологиямен жылына 30 миллион сапасы жоғары кірпіш шығаратын аса қуатты зауыт салынды. Оның құрылысын «КСМ құрылыс» ЖШС жүргізді. Жобаны жүзеге асыру үшін «Нұрбанк» инвестициялық қолдау көрсетіп, 3 миллион АҚШ долларын несиеге берді. Зауытты Украина мен Белоруссиядан, Чехословакиядан келген және жергілікті мердігер компаниялар бірлесіп салды. Кірпіштің бес түрін шығаратын кәсіпорын өнімдерінің халықтың игілігіне жаратылатыны анық. Өңіріміздегі осындай жаңа кәсіпорындардың пайда болуымен қатар, өлкеміздегі байырғы өндіріс орындары да облысымыздың экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді. 1929-шы жылы құрылған «Коммунмаш» ашық акционерлік қоғамы алғашқы кезде өз жұмысын ауылшаруашылығы үшін кетпен, шалғы жасаудан бастаған болатын. Тәуелсіздік кезінде «Коммунмашта» шығарылған жабдықтар республикамызбен қатар Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекетгеріне жөнелтілуде. Олар бәсекеге қабілетті, ИСО- 9000 халықаралық стандартына сай өнім шығару үшін іргелі ізденістерді қолға алуда. Келешекте осында халық шаруашылығы үшін ашық жартылай вагон жасау көзделіп отыр. Зауытта 58 адам жұмыс істейді. «Коммунмаш» ААҚ-нан осыған дейін жергілікті бюджетке 2,5-3 миллион теңге аударылып келсе, 2004-ші жылы бұл көрсеткіш тоғыз айда 4,5 миллион теңгені құраған [23]. Зауытта кейінгі кезде бумен қатар электр қуаты арқылы жұмыс істейтін өндірістік кір жуғыш машинесі шығарыла бастады. Республикада оның өнімдерін негізінен әскери бөлімдері қонақүйлер мен балалар мекемелері пайдаланады. Ал, алдыңғы қатарлы кәсіпорындар шоғыры тағы бір мекемемен толысты. Еуропада алтын медальмен марапатталған «Таразсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны туралы осылай айтуға болады. Мекеме тараздықтарға жерасты суын тазалап, жеткізіп берумен айналысады. Биыл судың сапасына сараптама жасаған республикадан келген сарапшылар кәсіпорынға «суының сапасы жоғары әрі таза» деген сертификат берді. Кәсіпорында кейінгі жылдары бұрынғы қордаланған қарыз жабылып, су тұтыну жөніндегі төлем дұрыс жолға қойылып келеді. «Таразсу» МКК осындай жақсы жетістіктерге қол жеткізгені, кіршіксіз іскерлік беделі үшін Швейцарияның Женева қаласындағы Бизнес және басқару жоғары институты сараптау кеңесінің шешімімен Алтын медальмен марапатталды. Бұл награда таяуда Женевада кәсіпорын басшысы Атыхан Әшірбаевқа салтанатты жағдайда табыс етілді. Әрине, табыстарымыз еселеніп, көрсеткіштеріміз көзге көріне бастаған кезде, осы тұрғыдағы алған асуларымыздың көпшілікке мәлім болғандығын қалаймыз. Сөйте тұра, осы бағытта атқарылған нақты қадамдардың жоқтың қасы болғандығына да қынжылыс білдіруге болады. Осы тұста, қоғам қайраткері, саясаттанушы Ж.Кәрібайұлы мен Т.Қаупынбайұлының Тәуелсіздіктің мүшелдік мерзімін лайықты қарсы алған өңіріміздің егемендік алған жылдардағы оқиғалар тізбесі мен аталған жылдары елі үшін ерен еңбек еткен тұлғалар тұрғысында жан-жақты қамтылып жазылған кітабының игілікті іс болғандығы анық. Еңбекте керсетіліп отырған уақыттағы республикамыздағы және өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріміз баяндалады [24]. Қарастырылып отырған кезеңде аймағымыздағы барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бапты болды дей алмаймыз. Оны мына бір құжаттан байқауға болады. Облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша 2004-ші жылдың желтоқсан айының 14-22 күндері аралығында азық-түлік тауарларының 0,4 пайызға қымбаттағаны байқалды. Есесіне өзге тауарлар 0,2 пайызға арзандаған. Ал ақылы қызметтердің бағасы бірқалыпты. Азық-түлік тауарларының қымбаттағаны туралы айтқанда: орта есеппен сүт өнімдері - 1,8, жеміс жидек - 2,6, оның ішінде алма, орамжапырақ, қызылша, мен жылыжайда ескен қияр 6 пайызға дейін қымбаттады. Өзге тауарлардың арасында барлық жанар-жағармайдың түрлері 3 пайыздан 5 пайызға дейін арзандады. Қыстық киімдердің барлығы орта есеппен 2 пайызға қымбаттаған. 2004-ші жылдың желтоқсанындағы инфляция деңгейі 2003-ші жылдың желтоқсанына қарағанда 105,6 пайызды құрады [25]. Ең арзан нан Жамбыл ауданында сатылды. Ондағы 700 граммдық нанның бағасы 24 теңге. Ең қымбат нан Мойынқұм ауданында: ондағы баға-38 теңге. Сиыр етінің килосы Қордай ауданында 280 теңге болса, Жуалы мен Сарысу аудандарында 360 теңгеден сатылуда. Сүттің 1 литрі Жамбыл ауданында 30 теңге болса, Сарысу ауданында 55 теңге. Картоптың бағасы да әртүрлі, Мәселен, килосы 18 теңгеден ең арзан картоп Тұрар Рысқұлов ауданында болса, Мойынқұм мен Сарысу ауданында 25 теңгеден сатылуда. 2005-ші жылдың 29 қаңтарында өткізілген облыс әкімиятының кезекті мәжілісінде өңіріміздегі 2004-ші жылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы мәселе қаралып, онда: «Өнеркәсіп кәсіпорындары 58,8 миллиард теңгенің өнімін өндіргендігі, бұл 2003-ші жылмен салыстырғанда 23,8 пайызға артық екендігі, облыстың барлық аймақтары өндіріс көлемін орындауды қамтамасыз еткендігі, соның нәтижесінде 1177 адам жаңа жұмыс орындарына келгендігі» айтылады. Ауылшаруашылығы құрылымдары 39,5 миллиард теңгенің өнімін өндіріпті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артық. Республикалық бюджеттен облыс ауылшаруашылығына - 2455,7; жергілікті бюджеттен 121,2 миллион теңге беріліп, игерілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артық. Шаруашылықтарға жаңа техника алына бастады. Тек өткен жылы облыста 4 жаңа мектеп пайдалануға берілген. 5 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізіліп, 15 елді мекен «Ауызсу» кешенді Бағдарламасы бойынша сапалы ауызсумен қамтамасыз етілген [26]. Атап айтқанда, Аса ауылында - 60, Т.Рысқұлов ауданында - 76 орындық перзентханалар, Саудакент ауылында - 40 төсектік өкпе ауруына қарсы диспансер салынған. Өткен жылы 81,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2005-ші жылдың 1 қаңтарына дейін берешек 1473,1 миллион теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 418,2 миллион теңгеге кем. Есесіне Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандарында берешектің өскенін байқауға болады. Облыста кедейшілік 13 пайызға қысқарды. 26,3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Мәдениет мекемелерінің саласы кеңіп, өткен жылы 5 кітапхана ашылды, 15 клуб мемлекеттік меншікке алынды. Жасөспірімдердің екі спорт мектебі ашылды. Облыс аудандарында да нарықтық қатынастарға көшу өз жемісін бере бастады. Қордай ауданындағы «Ырыс» акциөнерлік қоғамы 1994 жылы құрылған болатын. Оны Кеңесхан Ахаев басқарады. Кәсіпорын күніне 1000 ірі қараның, 3000 ұсақ малдың терісін өңдейді. Одан тапсырыс бойынша әртүрлі әскери киімдер тігіліп, өткеріледі. Елді елең етер оң өзгеріс Таразда орын алып, 2005-ші жылдың 24 желтоқсанында тұңғыш жер аукционы етті. Онда бастапқы бағасы 6 882 864 теңге жер учаскелері 63 860 000 теңгеге сатылды. Өңіріміздегі халықаралық байланыстар өз жалғасын тауып, Таразға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвэй бастаған дипломатиялық делегация өкілдері келді. Облыс әкімиятында елшінің көмекшісі Джэн Ван дер Залм, саяси-экономикалық бөлім бастығы Дебора Менутти, ЮСИАД өкілі Алмаз Шарман, үшінші хатшы, вице-консуя Мишель Явор, баспасөз атташесі Джеки Мак Кеннон, қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары Чарлз Леонард және әскери атташе, полковник Мэтью Брэндтермен өзара достық сипаттағы салиқалы әңгіме қозғалды. Қонақтарға облыстың әлеуметтік және экономикалық жағдайы туралы, соның ішінде өткен жылдың қорытындысы бойынша 60 миллиардқа жуық теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілгені, ауылшаруашылығы саласында 39 миллиард теңгенің өнімдері өндіріліп, еліміздің әл-ауқаты нығаюына байланысты облысымызда «Тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынғандығы айтылды. Әсіресе, американдықтарды химия өнеркәсібінің жұмысы қызықтырды. Олар Қазақстандағы фосфор кенінің 72 пайызы облыс аумағында орналасқандығына таңғалысты. Елшілік қызметкерлері бұдан кейін облыстық тарихи өлкелік мұражайды аралап, «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының басшыларымен кездесті. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Жастар» сарайында болған меймандар сапар соңында БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Әрине, алыстағы Американың өңірімізге қызығушылық танытқанын біз түсіністікпен қабылдаймыз. Бұл қарым-қатынастардың одақтастарымызбен жақындығымызға селкеу түсірмейтіндігі де анық. Мәселен, Елбасы Н.Назарбаев өз Жарлығымен 2004-ші жыл «Қазақстандағы Ресей жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай стратегиялық басты одақтасымызбен байланысты нығайту мақсатында биыл Тараздағы «Әулие ата» әуежайының бес жылдан бері үзіліп қалған Мәскеу-Тараз әуебағыты қайта ашылды. Бұл бауырластық қатынастарымыздың жалғастырыла беретіндігінің бір белгісі болса керек. Енді қарастырылып отырған жылды қорытындыласақ, Жамбыл облысының 2005-ші жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы облыс әкімиятының мәжілісіндегі мәліметтері бойынша; «Тау кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 4% ұлғайғандығы, бұл табиғи газды (1,8 есеге), газ конденсатын (1,7 есеге), түйіршіктелген (2,5 есеге) және ұсақталып, ұнтақталып фосфат шикізатын (3,3%) өндіру көлемдерінің өсуімен шартталады. Газ тәрізді отынды (46,4%), электр қуатын (34,9%) өндіру мен тарату, бумен және ыстық сумен қамтамасыз ету (2,1%) көлемдерінің өсуі есебінен электр қуатын, газ бен суды өндіруде және үлестіруде өндіріс көлемдері 38,7% артқан. Барит рудасы мен концентраттар, сары фосфор, минералды тыңайтқыштар, жиналмалы құрылыс металл конструкциялары, әйнектен жасалған ыдыстар, кір жуатын орындарға қажетті кіржуғыш мәшинелер, жи һаз, аяқкиім, этил спиртін, арақ-шараптар, шұжық, дәннен тартылған ұн, желімтек өндірісі өскен. «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Амангелдігаз», «Қант», «Батыс кен басқармасы», «Мақсат А» (бұрынғы Шу тепловоз жендеу зауыты) акционерлік қоғамдары, «Имсталькон» ААҚ-ның Жамбыл металл құрастыру зауыты және басқалары өндіріс көлемдерін өсірген. Сонымен бірге тамақ өнімдері (94,7%), химия өнеркәсібі (93,7%), тоқыма тігін салалары (88,8%о), металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу (95%)) өндіріс көлемдерін төмендеткен. Жалпы өңдеу салаларының өндіріс көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1% төмендеген. Өндірілген өнімнің бәсекеге төтеп бере алмайтындығынан нан, сары май, сүт өнімдері, шарап, алкогольсіз сусындар мен минералды сулардың өндірісі кеміген. Сатып алу сұранысының азайғандығынан үш полифосфат натрийін, кен құрамындағы алтынның аз болғандығынан - түсті металлдарды өндіру қысқарған. Аймақ шегінде тек Меркі (11,5%) және Мойынқұм (91,3%о) аудандары өнеркәсіп өндіріс көлемдерінің төмендеуіне жол берген, бұл «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің жұмыс істемей тұрғандығымен және «Ақбақай ТКБК» ААҚ-мы (83,9%о) мен «Кен Компаниясы» ЖШС-гі (65,4%о) түсті металлдарды өндіретін өндіріс көлемдерін қысқартқандығымен шартталған. І тоқсанда Жамбыл ауданында «Шайқорық-Шарап» ЖШС-гі, «Қазхиминвест» ЖШС-гі, Қордай ауданында - «Фудмастер-Қордай» ЖШС-гі, «Монолит» АҚ-ы жұмыс істемей тұрды. Тараз қаласында «Еңбек-Тараз» (89,4%о) және «Еңбек-Гранит» (33,7%о) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар өндіріс көлемдерін төмендеткен, бұдан басқа жеті кәсіпорын тоқтап тұрды. Облыстың индустриалдық-инновациялық даму Бағдарламасының шеңберінде ағымдағы жылы 2528,3 млн.теңгеге 15 инвестициялық жобаларды іске асыру қарастырылып, оның 4-і өткен жылы іске асырыла бастаған. Аталған жылдың қаңтар-наурыз айлары ішінде жасалған келісім-шарттарға сәйкес облыс кәсіпорындары 325,8 млн.теңгеге импорт алмастыратын өнім жеткізген. 2006-шы жылдың І жартыжылдығында облыс экономикасының өнеркәсіп секторында 37,2 млрд.теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемдері өңдеу өнеркәсібінде 6,8%о-ға, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратуда -21,9%-ға артты [27]. Облыста тәуелсіздік жылдары кол жеткізген жетістіктердің бірі Аманкелді газ-кен орнының пайдалануға берілуі десек қателеспейміз. Мүнда 2006-шы жылдың қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес 18 ұңғы жұмыс істеп, Тараздағы газ компрессорына тәулігіне 820 мың текше метр газ жөнелтілуде. Кен орнында өндірілетін газ көлемін тәулігіне 1 миллион текше метрге жеткізу үшін осында тағы бес ұңғы бұрғыланатын болады. Қарастырылып отырған кезеңде облысымызда өнім өндіретін кәсіпорындардың саны көбейді. Айтар болсақ, Тараз қаласында өткізілген «Жамбыл облысының сапалы тауарлары мен қызметі» конкурсында Меркі ауданы қызметкерлері ерекшеленіп көзге түсті. Конкурс қорытындысы бойынша «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-і мен «Меркі тынысы» газеті бағалы сыйлықпен, «Агрокомплекс» шаруа қожалығы, «Меркі сүт» ЖШС және жеке кәсіпкер Қалдықұл Қалманбетова дипломдармен марапатталды. Меркі ауданында бүгінде 69 тамақтандыру, 202 сауда нүктесі, 5 базар, 10 диірмен, 11 наубайхана, 29 жағар май құю станңиясы, 6 сауна және монша, 27 шаштараз, 24 етік тігетін, 22 техникалық жөндеу станциясы мен желімдеу цехы, 10 бильярд, 15 компьютерлік класс пен автомат ойындары, 14 дәріхана, 19 дәнекерлеу жұмыстары, тұрмыстық бұйымдарды жөндеу, 8 сұйық газбен қамтамасыз ету нүктелері, 12 киім тігу мен суретке түсіру және тағы басқа да қызмет түрлері бар. Көлік тасымалдау мәселесі туралы ойыңызды жалғастырсақ, экономикалық тоқырау кезеңінде жолаушылар көлігі саласы да түбегейлі өзгеріске ұшырағандығы белгілі. Автопарктер жекешелендіріліп, бұрын аудан орталықтары мен алыс елді мекендерге тұрақты қатынап келген жолаушылар көлігі сап тиылды. Осыдан барып ауыл тұрғындары билік органдарынан жолаушылар көлігін сұранып, арыз-шағым айтар еді. Ел экономикасы артып, өмірдің барлық саласында жаңару басталған. 2000-шы жылдан бастап бұл салада дами бастады. Облыстың жүздеген елді мекендеріне қатынайтын мыңдаған шақырым жолдарда жолаушы көлігі қайта жүре бастады. 2001-ші жылы құрылған «Нұрбол-2001» серіктестігі сол жылы 25 ескі автобуспен Қаратау және Жаңатас бағытына қатынайтын маршруттарға арналған тендерде жеңімпаз атанып, халыққа кызмет көрсете бастады. Бұл облысымызда жолаушылар игілігіне алғаш өткізілген конкурс еді. Қазір «Нұрбол-2001» серіктестігі облыс көлемінде жолаушылар көлігін жолға қоябілген санаулы ұжымдардың бірінен саналады. Осы жылдар арлығында бұл серіктестік елді мекендерге қатынайтын автокөліктерді жаңартумен қатар қызмет көрсету саласының сапасын да арттырды. Соның нәтижесінде серіктестік қала маңындағы Жамбыл, Байзақ аудандарымен қатар Жуалы, Т.Рыскұлов аудандарының алыс елді мекендеріне қатынайтын маршруттарды жеңіп алды. Сарысу мен Талас аудандарының қияндағы ауылдарына қатынайтын жолаушылар көлігінің саны артты. Ауыл мәселесін ары қарай айтар болсақ, Мойынқұм ауданының Қызылтал ауылдық округіне қатысты «Қызыл ту» ауылының біраз тұрғындары өтпелі кезең қиындықтарына көндіге алмай ауылдан кешіп, базар жағалап кеткен болатын. Аманкелді атындағы кеңшар тарасымен оның дүние-мүлкі пай ретінде жергілікті тұрғындарға бөлініп берілді. Малды да, жерді де бөліп алған олар енді өз күндерін өздері көруге бет бұрды. Бұрындары жүгері өсірумен аты шыққан шаруашылық еңбеккерлері енді өз ыңғайларына қарай оның орнына бақша, тары дақылдарын өсіруді қолға алды. Алғашқы екі жыл үйрену жылдары болғанымен, келе-келе тұрғындар бұл кәсіпті де игере бастады. Көп ұзамай олар егістіктен мол өнім алып, артығын Тараз, Шу базарларына шығарып, саудалап жүрді. Осылайша, ауыл еңбеккерлері де нарықты игеру жолына түскен еді. Осы тұрғыда Қордай ауданындағы атқарылған іс-шараларға мән берер болсақ, онда аудан көлемінде 4136 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, сауда-саттық, құрылыс және қызмет көрсету сияқты маңызды салаларда жемісті жұмыс атқарып жүргендігін айта аламыз. Ауданның бюджет қоржыны шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен ғана 2006-шы жылдың сегіз айында 2 185 347 000 теңгемен толығып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда салық төлеу көлемі 106 пайызға артқан. Ауданда 1591 шаруа қожалығы бар. Жеке кәсіпкерлердің арқасында ауданның 17500 тұрғыны жұмыспен қамтылған. «Фуд Мастер» ЖШС, «Монолит» АҚ, «Қордай кірпіш» ЖШС және «Булгарконсервпродукт» БК ЖШС сияқты өндіріс орындары бәсекеге қабілетті өнім өндіруде. Облыс экономикасының өнеркәсіп секторында 2007-ші жылдың қаңтар-қыргүйегінде облыс кәсіпорындары 69,0 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өндіріс көлемдері химия өнеркәсібінде (21,7%-ға), металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдарын жасауда (3,7%-ға), құрылыс индустриясында (1,4 есеге), машиналар мен жабдықтар жасауда (1,5 есеге), электр энергиясын, газ бен суды өңдеу мен таратуда (1,3 есеге) артты[28]. Дегенмен, нарықтық жағдайға үйлесе іс-әрекет жасаудың қыр-сырын толық меңгермегеніміздің салдары азық-түлік өнімдерінің барлық түрімен бірге ет өнімдерінің де қымбаттауына әкеліп соқты. 2007-ші жылдың тамызындағы мәліметтер бойынша қой етінің әр келісі - 670, жылқы еті - 700 және сиыр еті - 570 теңге болды. Енді жылқы қазысының әр келісін - 1500 теңгеден, картасын - 1200 теңгеден сатып алуға тура келеді. Жалпы, көрсетілген уақыттағы негізгі азық-түлік тауарларын тұтынудың ең төмен мөлшері 2006-шы жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 5,4 пайызға өсті және 7708 теңгені (азық-түлік тауарлары - 4626 теңгені, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер - 3082 теңгені) құрады. Қазақстан Республикасы бойынша күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 8721 теңгені құрады және 2006-шы жылғы желтоқсанға қатысты 5,2 пайызға өсті. Күнкөрістің ең төмен мөлшері Қордай (8,9 пайызға), Т.Рысқұлов (6,6 пайызға), (5,4 пайызға), Шу (5,3 пайызға), Жамбыл (5,1 пайызға), Тараз қаласы (4,9 пайызға), Жуалы (3,9 пайызға), Меркі (3,0 пайызға) аудандарында өскен. Күнкөрістің ең төмен деңгейінің өзгеруіне азық-түлік тауарлары бағаларының өзгерісі үлкен әсерін тигізді. Облыс орталығында және барлық аудандарында қой етінің бағасы 1,2 пайыздан 9,7 пайызға дейін, сиыр еті 1,1 пайыздан 12,5 пайызға, алма 2,0 пайыздан 11,8 пайызға, қырыққабат 4,3 пайыздан 9,3 пайызға, қияр 3,6 пайыздан 25,0 пайызға, пайызға, қызанақ 3,8 пайыздан 10,0 пайызға дейін көтерілді. Керісінше сүттің бағасы 3,1 пайыздан 22,2 пайызға дейін, жұмыртқа 1,1 пайыздан 11,8 пайызға, қант 3,8 пайыздан 10,0 пайызға дейін төмендеген. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылдап, елде жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етті 1997-ші жылы бірінші болып №0000001 лицензия алған жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазақтелеком-Үміт» Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры болды, соңынан ол «Ұлар-Үміт» зейнетақы қоры болып қайта құрылды. Алдағы жоспарларына сәйкес, 17 филиалдан тұратын қордың филиалдық желілерін бас өкілдіктер желісін кеңейту есебінен дамыту жалғасуда. 2008-ші жылға арналған облыс бюджетінің шығыстарын болжамдау кезінде аудандар мен Тараз қаласы бюджеттерінің шығыстарында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 270 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балалардың мемлекеттік жәрдемақыларына - 919,7 млн.теңге, тұрғын үй жәрдемақыларына - 1230 млн.теңге, жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке -484,1 млн.теңге көзделген [29]. 2008-ші жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшері артады. Орташа зейнетақы - 17 мың 870 теңге болды. Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауында Президент болып жатқан реформалардың әлеуметтік бағытының күшеюін экономикалық саясаттың маңызды нәтижесі ретінде атап өткен [30]. Біздің мемлекетіміздің қаржылық және экономикалық мүмкіндіктерінің өсуіне сүйене отырып, Мемлекет басшысы Үкіметке Қазақстан халқының тұрмысын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыра беруді тапсырды. Баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 2008-ші жылдан бастап екі есе арттырылатын болды. Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ - ауылшаруашылығы саласын қаржыландыру мен оны қарқынды дамытуды қолға алған болатын. Бұл корпорация барлығы 70 жобадан тұратын «Оңтүстік» аймақтық агрокешені» инвестициялық бағдарламасын талдап жасап, оны жүзеге асыруға кіріскен еді. Осы бағдарлама аясында «Оңтүстік» аймаққа кіретін үш облыста 36 - сервистік дайындау орталықтарын, 3 -өндірістік оқу орталықтарын, 5 - мал бордақылау және тауарлы-сүт кешендерін, 7 көлік логистикасын және сауда инфрақұрылымдарын, жалпы көлемі 100 гектар болатын 10 -жылыжай кешендерін және мемлекеттік активтер негізінде 8- өндіріс орынын құру жобалары жүзеге асатын болды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2008-2011-ші жылдарға барлығы 22,6 миллиард теңге қарастырылған. Бағдарлама аясында біздің облысымызда 252,7 миллион теңге игерілді. 2008-ші жылы облысымызда 5 сервистік дайындау орталығы кұрылып, оның үшеуі жұмыс істей бастады. Оларға бөлінген 187,9 миллион теңгеге 71 бірлік ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды. Сервистік дайындау орталықтарын жабдықтауға 594,6 миллион теңге жұмсалатын болады. Корпорация, сондай-ақ, облыстағы ұсақ шаруашылықтарды біріктіру, шоғырландыру жұмыстарына да ұйтқы болуда. Соның бір парасын 2008-ші жылдың соңына қарай ашылған «Тараз» сервистік дайындау орталығы серіктестігінің қызметінен көруге болады. Аталған мекеме негізінен мал бордақылау, ет өнімдерін өңдеу, бұқтырылған ет қалбырларын шығаруға бағытталған. Сондай-ақ, мұнда балапан шығару мен тауық етін дайындау да қолға алынып отыр. Серіктестік жаз басынан бері инкубаторда басып шығарылған балапандар мен сұрыпталған құс етін саудаға шығарып та үлгерген. Серіктестік тапсырыс бойынша қазы-карта, қой, ірі қара, тіпті, түйе етін де дайындайды. Әрине, XXІ ғасырда жаңа технологиялар енгізбей ешқандай да саланы дамыту мүмкін еместігі анық. Осы тұрғыда 2009-шы жылдың 20 қараша күні облыстық драма театрында ауылшаруашылығы қызметкерлерінің облыстық кеңесі өткізіліп, онда кеңеске қатысушылар алдымен «Достық» алаңындағы ауылшаруашылығы техникасының көрмесімен танысты. Облыс әкімі Бөрібай Жексембин және оның орынбасарлары Тараз қаласындағы «Достық» алаңына қойылған агроөнеркәсіп кешеніне қажетті озық техника мен технологияны, басқа да құрал-саймандарды аралап көрді. Мұндағы атап өтерлігі, облыстың машина-трактор паркі арқылы өткен жылы 774,8 миллион теңгенің техникасы сатып алынса, биылғы он ай көлемінде жалпы құны 761,5 миллион теңге тұратын техника қолға тиген. Оның ішінде лизинг тәсілімен 514 миллион теңгеге бағаланатын 72 техникалық құрал-саймандар бар. Осы тақылеттес жаңа техникалар облыс агроөнеркәсіп кешеніне үнемі ұсынылып тұратын болды. 1.5. «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ» АЯСЫНДА ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР «Қазақстан-2050» стратегиясы және «Ұлт Жоспары» аясында облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобалар тұрғысында айтар болсақ, 2010-шы жылы Үкіметтің индустрияландыру картасына енгізілген жалпы сомасы 55,9 миллиард теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Мұның өзі өңірде 2018 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. «Жасұлан және К» ЖШС облысымызға ғана емес, республикамызға кеңінен танымал. Серіктестік 2010-шы жылы жалпы құны 1050 миллион теңгелік гүлді өндірістік негізде өсіру кешені жобасын іске қосты. Соның нәтижесінде жаңадан 100 жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күнге дейін облыс өнеркәсібін алға бастырып келе жатқан ірі кәсіпорындар қатарына: «Аль Басар» ЖШС, «Фабрика ЖАӨ-Тараз» ЖШС, «Жаңатас» металлургиялық комбинаты» ЖШС, «Мыңарал Тас компания» ЖШС, «Аманкелді газ өңдеу зауыты» ЖШС, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Қосалқы бөлшек» АҚ, «Алтыналмас» АҚ, «Тараз кұбыр зауыты» ЖШС, «Энерджи Тараз» ЖШС, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «AGІG» АҚ, «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС, «SUPER РНАRМ» ЖШС, «Бином Строй-Деталь» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС-рін жатқызамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» еліміздің сапалы өзгерістерге сатылап жетуінің бағдарламасы екендігі баршамызға мәлім. Ел Президенті осы «Ұлт жоспары» арқылы қазіргі заманғы мемлекетті қалыптастырып, нығайту жолындағы атқарылар іс-шараларды халыққа егжей-тегжейлі жеткізе алды деген пікірдеміз. Әрине, халықтың 98 пайызы Президент жүргізіп отырған әлеуметтік тұрақтылық саясатын қолдап отырған жағдайда, алдағы атқарылар қыруар іс-шараларды бірлесіп еңсеретіндігіміз анық. Осы тұрғыда Елбасы ««100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен бірге, жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспар», - деген болатын [31]. Қаперге алсақ, мұндай нақты даму жоспарын бүгінгі күні алпауыттар қатарына сыналап еніп келе жатқан Қытай, Малайзия және Түркия елдері де жүргізіп отырғаны мәлім. Олай болса, алдағыны болжап әрқилы асулардан өту жолын қазірден бағдарлап отырған тек біз ғана емес екенбіз. Тек, қазіргі дүниежүзілік саяси экономикалық ахуалдың барынша ушығып тұрған мезгілінде, алдағы жылдардың еншісіндегі мүмкіндіктеріміздің шектеулі болатындығына да мән бергеніміз жөн. Әйтсе де, 2012-ші жылғы зерттеулер бойынша экономикасы қарқынды дамыған 50 елдің қатарына кірген Қазақстанға ендігі жерде дамыған 30 елдің қатарына енуге құлшынуы саяси амбиция емес, прагматикалық талпыныс екендігі түсінікті. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысында Президент жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) деңгейін қазіргі 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін өсіруді көздегені белгілі. Тәуелсіздіктің 25 жылында 200 млрд. доллар инвестиция енгізе алған елдің аталған әлеуетке қол жеткізе алуы қатты күмән туғызбаса керек [32]. Тиісінше, орта тап мүшелерінің үлесі 50 пайыздан аспақшы. Бұл Қазақстан халқының басым бөлігі ауқатты өмір сүретіндігінің белгісі. Аймақта қарастырылып отырған жылдары мемлекеттік қолдау, өндіріске инновациялық технологияларды кеңінен өткізу және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде ауыз толтырып айтарлықтай игілікті істер жүзеге асырылуда. Жамбылдықтар өткен жылды барлық бағытта тәуір нәтижемен қорытындылады, республикада бірқатар көрсеткіштер бойынша алда болды. Осы мерзімде өнеркісіп өндірісінде елеулі өсім болды. 2011-ші жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 165,8 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Нақты кәлем индексі 2010-шы жылмен салыстырғанда 130,9 пайызды құрады. Бұл - Қазақстан бойынша жоғары көрсеткіш. Нақты көлем индексі жөнінен 121,4 пайызға қол жеткізген Астана - бізден кейінгі орында, үшінші орынды Алматы қаласы иеленді. 2010-шы жылғы деңгейге қарағанда кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру саласында оң үрдістер гипс өндіру көлемдерінің - 1,5, фосфат шикізатын 1,5, барит кені мен қойыртпаларын 1,1 есеге және табиғи құмды 2,4 пайызға өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Осылай өркен жайған өлкеміздің орталық қаласының қанатын кеңге жайып үлкеюі де табиғи қажеттілік еді. 2011-ші жылдың соңына таман «Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010-шы жылғы 23 ақпандағы №133 қаулысы негізінде облыс әкімдігінің қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімі жария етілді. Онда былай делінген: 1) Жамбыл ауданының әкімшілік шекарасынан жалпы көлемі 5609,1 гектар жер бөлігін Тараз каласының әкімшілік шекарасына қоса отырып, Тараз қаласының әкімшілік шекарасы өзгертілсін. 2) Жамбыл ауданы Құмшағал ауылдық округіне қарасты Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қызылабад, Казарма ауылдары және Қарой ауылдық округіне қарасты Жиделі ауылы Тараз қаласы әкімдігінің әкімшілік бағынысына берілсін. Жаңа жылдың алғашқы күндерінен осы ресми құжатты іске асыру басталды. Атап айтқанда, ауданға қарасты Құмшағал ауылдық округі таратылды. Бұл округке қарасты Құмшағал, Шөлдала, Қызылабад, Көлтоған, Казарма ауылдарының 5825 тұрғыны, осы округ маңында елді мекен санатына кірмейтін 38 саяжай кооперативтерінде тұрып жатқан 6 мыңға жуық тұрғын тараздықтардың қатарын молайтты. Аудан бюджетіне қомақты қаржы қосып отырған бірнеше кәсіпорындар да қала қарамағына өтті. Олардың қатарында «Шағал», «Уайт-бриг», «Аяда Group» ЖШС, «Шебень» АҚ сынды құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар, «Асылдандыру» АҚ, «ПМС-22» теміржол жөндеу мекемесі, Қазақстан Теміржолының «Құмшағал», «Шөлдала» станциялары бар. Бұған қоса 2 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, 2 пошта байланыс бөлімшесі, 100 орындық балабақша қала меншігіне көшті. Тараз қаласының аумағын ұлғайту мақсатында ауданның әкімшілік шекарасынан жалпы көлемі 5609,1 гектар жер телімі беріліп отыр. Оның 2316,6 гектары таратылған Құмшағал ауылдық округінен, Қарой селолық округінен -725,7 гектар, Қызыл жұлдыз селолық округі бойынша-1023,9, Жамбыл селолық округінен - 362,2, Қаратөбе округінен 545,8, Полатқосшы селолық округінен - 635 гектар жер көлемі бөлінді. Бұл жерлердің дені жеке шаруа қожалықтарының иелігінде болып келді. Осы босаған жер аумақтарынан Тараз қаласының жеке тұрғын үй салушылар кезегінде тұрған мыңдаған тараздықтар жер телімдерін алатын болды. Қаланы кеңейту мәселесі халықтың өсіміне тікелей қатысты екендігі анық. Осы тұрғыдағы және басқа да жағымды деректер облыстық статистика департаментінің 2012-ші жылдың 26 қаңтарындағы мәліметі бойынша беріліп, онда 2011-ші жылы ең әуелі - халықтың саны өскендігі айтылады. Табиғи өсім соңғы екі жылда өте жоғары деңгейге көтерілген. Жалпы, жыл ішінде 26393 бала дүние есігін ашып, бұл жөнінен республика бойынша үшінші орынды иелендік. Облыс халқының саны 1 миллион 55 мың 306 адамға жетсе, соның 61,1 пайызы ауылда тұрады екен. Ал, 2011-ші жылы біз 8,8 мың адамға көбейіппіз. Жалпы алғанда, өсім барлық салада байқалады. Мәселен, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 19,6 пайызға өсіп, 60359 теңгені құраған. Ең жоғары саналатын, яғни, 105098 теңге көлеміндегі еңбекақы қаржы және сақтандыру қызметінің мамандарына тиесілі екен. Тиісінше күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері де 17,4 пайызға көбейген. Өңірдегі экономикалық белсенді халық саны - 589 мың болса, соның 267,5 мыңы - жалдамалы қызметкерлер, ал, 289,4 мыңы - өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) көлемі 12,4 пайызға әсті. Бұл 2010-шы жылдан бері іске асырылып жатқан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының нәтижесі. Соңғы 4 жылда мұндай жоғары көрсеткіш мүлде болмаған. Сондай-ақ, аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындары 1 657 59,6 миллион теңгенің өнімдерін өндіріпті. Ал, ауылшаруашылығы саласындағы жалпы өнімнің көлемі 90,5 миллиард теңгені құраған. Облысқа тартылған инвестиция көлемі де аз емес. 81,5 миллиард теңгеге жетіп жығылыпты. 2010-шы жылы ол 70,3 миллиард теңге болған. Бізде азық-түлік тауарлары мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы айтарлықтай қымбаттамаған. Инфляция, ең алдымен, коммуналдық қызметтің ақысы, оның ішінде газ бағасының 28,4 пайызға өсуінен орын алып отыр. Сондай-ақ, білім беру қызметтері - 17 пайыз, денсаулық сақтау қызметтері 15,8 пайызға өсті. Осы және басқа да мәселелерді негізге алған облыс әкімі Қ.Бозымбаев өзінің 2012-ші жылғы есебінде өңіріміздің 2011-2015-ші жылдарға арналған даму бағдарламасы жемісін бере бастағанын атап көрсетті. Бағдарлама облыстың барлық аумағын тұрақты және теңдей дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі мақсат бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономиканы әртараптандыру арқылы облыс тұрғындарының өмірінің сапасы мен жағдайын жақсарту болып табылады. Бағдарламада 5 негізгі бағыт анықталған, 30 мақсатқа, 123 мақсатты индикаторға және 364 нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу қарастырылған. Облыстың қолда бар әлеуетін пайдаланып, 2011-ші жылы оны әртүрлі көздерден 100 миллиард теңге сомасында қаржыландыру көлемі белгіленді. Жергілікті атқарушы органдар қарастырылған іс-шараны жүзеге асыруда мақсатты жұмыс жүргізу нәтижесінде облыс экономикасын тұрақты дамытуға қол жеткізілді. 2011-ші жылдың 9 айында облыстың жиынтық өңірлік өнімі 414,5 миллиард теңгені құрады, мұның өзі республика өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Жамбыл облысы, негізінен, аграрлы аймақ. Облыс халқының 64 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Өңірдегі экономикалық белсенді халықтың 32 пайызы аграрлық секторда жұмыс істеп жүр. Аграрлық саланы қолдауға өткен жылы барлық көздерден 13 миллиард теңге бөлінді. Салада өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 90 миллиард теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 6,5 пайызға артық. Мал өсірудегі негізгі міндет-өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал басын арттыру және ветеринарлық бақылауларды күшейту десек, облыста 118 асыл тұқымды малшаруашылығы болды. Асыл тұқымды мал түрлерінің үлесі 17 пайызға дейін өсті. Репродукторлар және бордақылау алаңдары Тұрар Рысқұлов, Қордай және Меркі аудандарында ашылды. «Сыбаға» бағдарламасының шеңберінде 2011-ші жылы 735 миллион теңгеге 4,5 мыңға жуық ірі қара сатып алынды. Егіншаруашылығындағы бүгінгі талап саланы әртараптандыру, дақылдарды тереңдетіп қайта өңдеу және ылғал сақтау технологияларын кеңінен қолдану болып табылады. Облыста бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылды. 2011-ші жылы 17 мың гектар алқапта ылғалды сақтау технологиясы, 1,4 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиясы қолданылды. «Облыс бойынша 2,5 миллиард теңгеге 298 жаңа техника сатып алынды. Халықты маусымаралық кезеңде жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз ету үшін 100 жылыжай салынды. Жылыжайлардың жалпы аумағы 21,2 гектарды құрады. Ерекше апатты су шаруашылығы нысандарымен су жүйелерінің қалпына келтіруге 353 миллион теңге бөлініп, 165 шақырым каналдың, 52 су шаруашылығының нысаны жөнделді, осылайша 34 мың гектар алқапқа, яғни, барлық суармалы жердің 22 пайызына жеткізу ретке келтірілді. Жалпы көлемі 206 мың гектарды құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, мың гектарға жуық жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке алынды. 2011-ші жылы облыста 36 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жұмыс істеді. Олар 172,5 миллиард теңгенің өнімін өндірді, бұл 2010 жоспарлы көрсеткіштен 4,1 миллиард теңгеге артық. Осы мерзімде осы салада жұмыс істейтіндер 2010-шы жылмен салыстырғанда 15 пайызға өсіп, 132274 адамды құрады. Өткен жылы екінші деңгейлі банктер және басқа да қаржылық институттар облыстың шағын кәсіпкерлік субьектілеріне миллиард теңге несие берді. Бұл 2010-шы жылғыдан 2,1 есе көп. Бизнес кауымы да өз тарапынан көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесуде. Екі жылда бюджеттен тыс қаржы есебінен Тараз қаласындағы 165 аула абаттандырылды, орталық мешіт пен медресе қайта жарақтандырылды. Айша бибі және Бабажа хатун кесенелерін көгеріштендіру және көріктендіру жұмысын жүргізді. Бизнесмендеріміз облыстық балалар ауруханасына лапароскоптикалық тұғыр және облыстық перинатальдық орталыққа құралдар сатып әперді. «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаржысы есебінен 645 миллион теңгеге «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» автомобиль жолының 18 шақырымына жөндеу жұмысын жүргізуде. Келесі басым бағыттар экономиканы жедел индустрияландыруға ықпал ететін тұрғын үй коммуналдық және көліктік қызмет сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту болын табылады. Бұл бағытта көліктік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2011-ші жыл облыстағы «Жол жылы» деп жариялануына және автобус қатынасымен қамтылмаған 46 елді мекендерде 2011-2015-ші жылдары автобус қатынасын орнату туралы жоспарды жүзеге асыру барысында облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 7,3 миллиард теңге бөлінді, оның 5,9 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылды [33]. Бұл 2010-шы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артық осы мерзімде 18 шақырым жол күрделі жөндеумен, 724,3 шақырым орта жөндеумен қамтылды. Тараздағы Достық алаңы және 12 шақырым жолды алғаш рет жол жөндеудегі жаңа технология - шағал-мистикалық асфальт бетон қолданылды. Оның беріктігі жоғары және ұзақ мерзімге пайдаланылды. Осы мақсатқа 2012-шы жылы 5,5 миллиард теңге бөлінді, оның 4,1 миллиард теңгесі жергілікті бюджет қаржысы. Өңірді дамытудағы әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Облыс аумағындағы 379 ауылдық елді мекендердің 167-сі орталықтандырылған ауызсумен қамтылды. Облыстың 5 елді мекені, атап айтқанда Сарысу ауданының Сыздықбай ауылы, Шу ауданың Жаңажол ауылы, Қордай ауданының Отар ауылы, Талас ауданының Ақкөл және Көктал ауылдарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмысы аяқталды. 2012-ші жылы 60 мыңнан астам адам тұратын мекендегі ауызсу проблемасын шешу және олардың құрылыстарын бітіру жоспарланды. Жамбыл ауданының Аса, Рақат және Құмтүйін елді мекендеріндегі топтық су торабының құрылысы жалғастырылды. Өткен жылы негізгі капиталға жалпы инвестиция көлемі, Қытайға тартылатын магистральдық газ құбыры құрылысын қоспағанда, 102,3 миллиард теңгені құрады. Жергілікті бюджет қаржысы 2,7 есеге ұлғайып 10,9 миллиард теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысын дамыту басым саланың бірі болып қала береді. Мемлекет басшының тапсырмасын орындау мақсатында қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2012-ші жылы құрылысты қаржыландыруға қосымша 1120,4 миллион теңге қарастырылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2011-ші жылы Тараз қаласында 11 тұрғын үйге күрделі және 22 тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Экономиканы электр қуатымен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қалуда. 2011-ші жылы облыстың оған деген қажеттілігі 3,4 миллиард киловольтты кұраса, облыстағы өндірілген қуат 1 миллиард киловольт болды. Солтүстік өңірден жеткізілетін электр қуаты көлемі 70 пайызды құрайды. Сондықтан да облысымызда, елімізде алғашқылардың бірі болып жел электр станциясы іске қосылды. 2011-ші жылы облыста жаңартылған қуат көздері арқылы өндірілген қуат 160 миллион квт құрады. Облыста 73 елді мекен және Тараз, Қаратау қалалары табиғи газбен қамтамасыз етілген, оларда 590 мың адам тұрады. 2011-ші жылы газдандыру бағдарламасы бойынша 1,8 миллиард теңгені Байзақ, Жамбыл және Талас аудан аумақтарындағы 24 елді мекендерге газ құбыры тартылды. Экономиканың негізгі салаларының ырғақты дамуы әдетте бюджетке салық түсімдерінің ұлғаюымен және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталатын бюджет шығындарының артуымен сипатталатыны белгілі. Жалпы, 2011-жылы бюджетке 41 миллиард теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсіп, болжам 104,2 пайызға орындалды. Қаржы тәртібін нығайту, бюджеттік жоспарлау мен әкімшіліктендіру сапасын жақсарту жөнінде қабылдаған шаралар нәтижесінде, 2011-ші жылы облыс бюджеті 99,3 пайызға орнатылды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында тұрғындарды еңбекпен қамтуды басым бағыттардың бірі ретінде айқындағаны белгілі. Есепті жылы облыста 27 мың адам еңбекпен қамтамасыз етілді, оның ішінде 4,5 мың адам тұрақты жұмыс орнымен, 16 мыңдай адам маусымдық жұмыстармен қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 3616 жұмыссыз тартылды. 1954 адам жастар тәжірибесімен қамтылды. Еңбекпен қамту жөніндегі өкілетті органдар арқылы 12482 адам жұмысқа орналастырылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрады. Жұмыссыздар саны 400 адамға қысқарып, 32,3 мың адамды құрады. Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу аса маңызды мәселе. Бұл жұмыстарды жандандыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы облыстық ішкі істер департаментіне 4,2 миллиард теңге бөлінді. Бұл алдыңғы жылы бөлінген қаражаттан 31 пайызға артық. Ал, 2012-ші жылы жергілікті бюджеттен 5 миллиард теңге немесе өткен жылға қарағанда 1,5 есеге артық қаржы қаралып отыр. Қоғамдық жерлерде, оқу орындары маңында және ірі тұрғын үй массивтеріне 50 бейнекамера орнатылды. Қарастырылып отырған жылы тағы 75-і қойылды. Сонымен қатар, 27 автокөлік, «Автоураган» ақпараттық бағдарлама кешені, автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркейтін жылжымалы кешен және басқа да қажетті арнайы құрал-жабдықтар алынып, облыстық ішкі істер департаментіне қосымша 117 штат бірлігі енгізілді. Барлық аудандарда және Тараз қаласында учаскелік полиция пунктері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қоғамның қатерлі індеті - сыбайлас жемқорлықпен күрес те облыста жемісті жүріп жатыр. 2011-ші жылы 174 сыбайлас жемқорлық (құқық бұзушылық) тіркелген, ол 2010-шы жылмен салыстырғанда 32,8 пайызға төмен. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 4 жылдық салалалық бағдарламаны жүзеге асыруда. Аталған жылы өңірімізде транспорттық қатынас мәселесі де өз шешімін тауып, «Тараз Транс Моторс» ЖШС Қытайдан «ДунФен» маркалы екі есікті 20 автобус алдырған болатын. Одан бөлек, жергілікті бюджеттен 50 миллион теңге бөлініп, «Жасыл Тараз» КМК-нің пайдалануына 5 қоқыс тазалағыш техника сатып алыныпты. Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков орталық «Достық» алаңында «ТаразТрансМоторс» және «Жасыл Тараз» кәсіпорындары жүргізушілеріне осы жаңа техниканың кілттерін салтанатты жағдайда тапсырды. «Автобус парктері жыл өткен сайын жаңа техникамен толығып жатыр. Мәселен, бізге қала тұрғындарынан автобустардың ешбір сын көтермейтіндігі туралы шағымдар жиі түседі. Ал, мына көліктер жаңадан шығарылған, қыста іші жылы, екі есігі бар, жалпы, жолаушылар үшін қай жағынан болса да ыңғайлы. Екінші артықшылығы, бұл бағыттағы жолақы 10 теңгеге арзандап отыр», - деп әкім тараздықтарды бір қуантып тастады. «Тараз Транс Моторс» ЖШС директоры Арысбек Төлебаевтың айтуынша, бұл автобустар банк несиесіне сатып алынған. Мұнда серіктестік мемлекет қолдауына иек артқан. Яғни, несиені рәсімдеу кезінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлеменің 7 пайызын субсидиялауға қол жеткізіпті. Ал, әр автобустың құны 22 мың АҚШ долларын құраған. «Қарамағымызда 45 жолаушылар автобусы бар. Олар қала бойынша 2 бағытта жұмыс істейді. Жаңа сатып алынған автобустар осы №45 бағыттағы ескі көліктерді ауыстыратын болады. Енді аталған бағытта көнерген қытайлық бір есікті шағын автобустар емес, 23 орындық үлкен автобустар қатынамақ. Бағасы да сәйкесінше 45 теңге болып өзгертіледі. Алдағы уақытта «Цесна Банк» АҚ-нан қомақты сомада несие алып, кәсіпорынды қажетті көліктермен қамтуды жоспарлап отырмыз»,-дейді директор. Көлік тасымалымен айналысатын серіктестіктер арасында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына ең бірінші болып қатысып, лайықты бағасын берген «Әулие ата ТрансПасс» ЖШС директоры Айдын Алтай еді. Ол бүгін де қол қусырып қарап отырған жоқ. Таяуда ғана Ресейден ПАЗ маркалы 14 автобус сатып алды. Әрине, тағы да сол тиімді бағдарламаның көмегімен. Бүгінде қажетті құжаттарды рәсімдеу үстінде. Жалпы, «парктерді жаппай жаңарту үрдісі» мұнымен тоқтамайды. Қала әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Бақытжан Жақсылықовтың айтуынша, жазда «Керуен» ЖШС-15, «Саяхат-99» ЖШС - 20 жаңа автобус сатып алмақ. Сондай-ақ, қала тазалығымен айналысушы «Жасыл Тараз» КМК-нің қарамағында осы уақытқа дейін 16 ғана техника болса, бүгін олардың қатарына 5 «КамАЗ» автокөлігі қосылып, қаланы тазартуда жемісті жұмыс істейтін болады. Аталған транспорт көліктерінің жол талғайтындығы белгілі. Тиісінше, өзекті мәселелердің бірі асфальт жолдарының сапасы болып табылады. Осы тұрғыда облыс әкімдігіндегі мәжілісте облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рахманқұл Байтелиев облыс аумағындағы жолдардың жай-күйін қозғады. 2012-ші жылы 4224 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 400 шақырымы күрделі жөндеуді, 1500 шақырымы орта жөндеуді қажет етеді. Басқарма бастығының мәлімдеуінше, Талас ауданы, С.Шәкіров ауылына кіреберісін, Бөлтірік шешен ауылындағы жолдың, Сарысу ауданы Саудакент ауылындағы «Тараз-Ақкөл - Саудакент» автомобиль жолының біраз бөлігін су шайып кеткен. Жуалы ауданына қарасты «Б.Момышұлы - Қошқар ата» жолында жиналып қалған көлшік суды ағызып жіберу үшін асфальтты қазып, құбырлар тартылыпты. Бұзылған жолды қалпына келтіру үшін 50 миллион теңге қаржы қажет екен. Бұл жағдайлар табиғаттың мұндай тосын мінезіне аудандар дайын еместігін байқатқандай. Тәуелсіздіктің жиырма бір жылын артқа тастасақ та негізгі болып табылатын халықты азық-түлікпен қамту мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Сондықтан да азық-түлік рыногын реттеу үшін Үкімет үш тармақтан тұратын іс-шаралар кешенің белгілеген болатын. Мұның біріншісі - ауылшаруашылық өнімдері түрлерін көбейтіп, оны өңдеу мен ұқсату, екіншісі - өнім өндірушілерге субсидиялар беру, ал, үшінші бағыт-азық- түлік бағасын ретсіз өсірмеуді қадағалайтын тұрақтандыру қорларын құру болып табылады. Осы атқарылар тірліктердің бір парасының орындалуы мақсатында Шу ауданы Бірлік ауылының бұрынғы Элеватор қоймасында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген мақсары майын өндіретін жаңа зауыт ашылды. Оған мұрындық болып, қаржы салған «Каz Іr Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алинагиян Хамитрезаның айтуынша, жоба құны 5,7 миллион АҚШ долларын құрапты. Зауыт тәулігіне 1,5 тонна сұйық май өндірсе, келешекте оның көлемі еселеп ұлғаятын болады. Кәсіпорында 25 адам жемісті еңбек етуде. Бір қуаныштысы - былтыр аудан әкімінің шешімімен шаруашылыққа 2500 гектар жер беріліпті. Мұндағылар оның 500 гектарына мақсары тұқымын сеуіп, мол өнім күтіп отыр. Одан өзге, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарынан 2,5 мың тонна мақсары сатып алынған. Шаруашылықта қажетті техника бар. «Қамқор Менеджмент» ЖШС-нен «Енисей-Қамқор-1200-1НМ» маркалы 2 комбайн, 2 трактор сатып алынған. Жаңа шыққан техника өзінің тиімділігін қазірден-ақ дәлелдеуде. Бұдан басқа жер жыртатын 4 трактор сатын алу жоспарлануда. Зауыт ғимаратына таяуда ғана Германиядан 1 миллион 200 мың АҚШ долларына құрал-жабдықтар сатып алынып, орнатылды. Ол жабдықтар мен мақсарыны өңдейтін технология тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеуі керек. Алайда, осы маңға тартылған электр желісінің қуат көзі жұмыс үрдісін тиімді жүргізуге жеткіліксіз болған. Соны ескерген серіктестік басшылығы қуаттылығы 115-140 киловатт болатын жеке электр генераторын орнатты. Германиядан шақырылған мамандар зауытты іске қосу жұмыстарын жүргізуде, алғашқы 25 тонна өнім шығарылды. Зауыт әзірге ішінара жұмыс істеп тұр. Егілген мақсары егіс даласынан шашау шығарылмай жинап алынған соң, ол толығымен өңделеді. Сонымен бірге, кәсіпорын «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша өз аумағына инфроқұрылым жүргізуге қажетті құжаттарды әзірлеу үстінде. Жалпы, 2012-ші жылдың алғашқы жарты жылдығындағы көрсеткіш бойынша еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014-ші жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымыздың аумағында жалпы құны 597,2 миллиард теңгені құрайтын 41 инвестициялық жоба іске асырылуда [34]. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» Халықаралық көліктік дәлізі құрылысы жобасын іске асыру басталған 2010- 2011-ші жылдары 61 миллиард теңге игеріліп, 264 шақырым цемент бетонды жамылғы және 621 шақырым асфальт бетонды жамылғының астыңғы қабаты төселген. Өңіріміздегі 461 мектептің барлығы компьютермен қамтамасыз етілген, байланыс желісі тартылған. Оның ішінде 442-сі интернет желісіне қосылған, соның ішінде 213 мектептің оқушылары кең жолақты интернетті пайдалануда. 2011-ші жылы облысымызда мемлекеттік «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында білім саласында 22 нысанның құрылысын жүргізуге 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоспарланған мерзімде 4 мектеп, балабақша пайдалануға берілді. 2011-ші жылы Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы шеңберінде өңірімізде 5795 орындық 15 мемлекеттік, жекеменшік балабақша ашылды. Сонымен қатар, 55 шағын орталық іске қосылды. Балабақша саны 163-ке, шағын орталықтар 183-ке жетіп отыр. Облысымызда «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2010 жылы облыс орталығында жаңа инновациялық технологиялармен жабдықталған 15 мың литр қан құюға арналған бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қан орталығы және №5 қалалық емхана халық игілігіне пайдалануға берілді. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша облысымызда тұрғын үй алу несиесіне 349 миллион теңге, көтерме жәрдемақыға 51 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Бұл қаржы 144 маманға үй сатып алуға мүмкіндік берсе, 268 маманның көтерме жәрдемақы алуына жағдай жасалмақ. Жоғарыда көрсетілген жетістіктер Жамбыл облысының индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруда республикада алдыңғы орынға шығуына ықпал еткендігі анық. Жалпы, құжат қабылданған екі жыл ішінде өңірде құны шамамен 80 миллиард теңгеге жуықтайтын 15 жоба іске асырылыпты. Олардың қатарында «Жасұлан және К», «Амангелді газ өңдеу зауыты», «Мыңарал Тас Компани» ЖШС секілді өңір экономикасын алға сүйреген ірі кәсіпорындар бар. 2011-ші жылы өндірістің түрлі салаларында 7 инвестициялық жоба іске қосылып, 1170 жаңа жұмыс орны ашылды. Мойынқұм ауданында жалпы сомасы 18 миллиард теңгеге 2 жаңа өндіріс орны жұмыс істей бастады. «Алтын алмас» компаниясы құрамында алтыны бар 1 миллион тонна кен өңдейтін «Ақбақай кластері» жобасын жүзеге асырса, «АСІG» акционерлік қоғамы жаңа технологияны пайдаланып, құрғақ цемент өндіретін цемент зауытын салды. «Энерджи Тараз» ЖШС энергия үнемдеу бағытында жарық диодты шамдар шығаруда. Өңірімізде азық-түлік бағасын бір деңгейде ұстап тұру мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпарациясы» ҰК» АҚ арқылы 526 миллион, облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлініп, тұрақтандыру қоры құрылғаны белгілі. Одан бөлек, бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штаб жұмыс істеді. Ондағы мамандар арнайы жұмыс топтарын құрып, тауар нарығындағы жағдайды күнделікті бақылап отырды. Соның нәтижесінде, 2012-ші жылдың алғашқы жарты жылында азық-түлік бағасы 101,8 пайызға ғана қымбаттапты. Бұл республикалық көрсеткішпен салыстырғанда біршама төмен (102,8 пайыз). Осы мақсаттағы тағы бір іс-шара 2012-ші жылдың 3 шілдесінде Индустрияландыру күні аясында Тараз қаласындағы коммуналдық базар аумағында облыстағы тауар өндірушілер өнімдерінің «Отандық өнімдерді сатып ал!» атты көрме-жәрмеңкесі аясында өтті. Онда қала тұрғындары мен қонақтарына облыс аумағындағы кәсіпорындар шығарған азық-түлік және халық тұтынатын тауарлар түрлерімен танысып, соңында тиімді бағамен сатып алуларына мүмкіндік жасалды. Бұл күнгі жәрмеңкеде азық-түлік тауарларымен қатар отандық, яғни өз өңірімізде өндірілетін түрлі кұрылыс материалдары, электр бұйымдары, мақта-мата, баспа, басқа да өнімдер қойылып, олардың біразы осы жерде 15 пайызға дейін арзандатылған бағамен сатылды. 2012-ші жылдың 3 шілдесінде бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясы өткен жылғы облыс қаржысы қайда, қалай, қанша сомада жұмсалғанын саралауға арналды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігі қаржы басқармасының бастығы Е.Н.Манжуов баяндама жасады. Облыстық бюджеттің кірістері 2011-ші жылғы жоспар бойынша 117 миллиард 160,9 миллион теңге болса, ол 117 миллиард 453,0 миллион теңге сомасында немесе 100,2% - ға (2010 ж. - 100,3%) қамтамасыз етілді. Бюджетке жоспардан артық 292,1 миллион теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда, кірістер 17 миллиард 439,3 миллион теңгеге, немесе 17,4% - ға артқан. Өткен жылмен салыстырғанда, езіндік кірістер (8503,7 миллион теңге) 2 миллииард 594,5 миллион теңгеге, немесе 30,5%-ға артты, деді баяндамашы. Есепті жылы облыстық бюджетке 106 миллиард 354,8 миллион теңге сомасында трансферттер түсті, оның ішінде: аудандар мен Тараз қаласынан - 205,8 миллион теңге, республикалық бюджеттен - 106 миллиард 149 миллион теңге, оның ішінде 75 миллиард 778,5 миллион теңге сомасында субвенция алынды. Есепті жылы республикалық бюджеттен 736,7 миллион теңге сомасында қарыздар түсті, оның ішінде: тұрғын үй құрылысына 512 миллион теңге және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 224,8 миллион теңге сомасында кредиттер алынды. Облыстық бюджеттің шығындары (жоспар 118293,9 миллион теңге) іс жүзінде 117 миллиард 580,2 миллион теңгеге, немесе 99,4%-ға орындалған (2010 жылы - 98,1%), 2010-шы жылмен салыстырғанда 20,5%-ға, немесе 19 миллиард 982,4 миллион теңгеге артып отыр, игерілмеген қаражат сомасы - 713,7 миллион теңге. Бюджеттік қаражаттарды игеру бойынша 11 бюджеттік бағдарлама әкімшілері 100%-дық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Баяндамашы бюджетте әлеуметтік шығыстардың басымдылығы сақталғанын атап айтты. 2011-жылғы арналған облыстық бюджет шығындарының 14,1% білім беруге (16 миллиард 567,4 миллион теңге), 20,1% денсаулық сақтауға (23 миллиард 594,9 миллион теңге), 1,8% әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға (2 миллиард 85,2 миллион теңге), 3,8% мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке (4 миллиард 515,7 миллиоң теңге) және 60,2 % басқа салаларға бағытталған. Есепті жылда облыстық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары 92 миллиард 666,5 миллион теңгені құрап 2010-шы жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артқан болса, даму бюджеттік бағдарламалары 27 миллиард 187,6 миллион теңгені құрап, 2010-шы жылмен салыстырғанда 61,8% артқан. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер функционалдық жоспарда 1 миллиард 515,1 миллион теңге болса, 1 миллиард 509,4 миллион теңгеге, немесе 99,6% орындалды. Қорганыс функционалдық тобы бойынша жоспардағы 215,1 миллион теңге 100% орындалды. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі функционалдық тобы бойынша жоспардағы 4 миллиард 208,7 миллион теңге 100% игерілді. Білім беру функционалдық тобы бойынша жоспардағы 16 миллиард 666,3 миллион теңге, 16 миллиард 567,4 миллион теңгеге немесе 99,4 % орындалды. Денсаулық сақтау функционалдық тобы бойынша жоспардағы 23 миллиард 890,8 миллион теңге 23 миллиард 549,9 миллион теңгеге, немесе 98,8% игерілді. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру функционалдық тобы бойынша 2 миллиард 95,9 миллион теңге 2 миллиард 85,2 миллион теңгеге, немесе 99,5 % игерілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық фукционалдық тобы бойынша жоспардағы 10 миллиард 366,4 миллион теңге 10 миллиард 321,3 миллион теңгеге, немесе 99,5% игерілді. Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік функционалдық тобы бойынша жоспардағы 4 миллиард 520 миллион теңге 4 миллиард 515,7 миллион теңгеге, немесе 99,9% игерілді. Отын энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану функционалдық тобы бойынша жоспардағы 51 миллион теңге 50,3 миллион теңгеге, немесе 98,6 % игерілді. Ауызсу, орман, малшаруалығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау жер қатынастарын функционалдық тобы бойынша жоспардағы 9 миллиард 334,6 миллион теңге 9 миллиард 135 миллион теңгеге, немесе 97,9% игерілді. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі функционалдық бойынша жоспардағы 128,9 миллион теңге 100% игерілді. Көлік және коммуникация функционалдық тобы бойынша 60 миллиард 293,3 миллион теңге 6271 миллион теңгеге, немесе 99,6 % игерілді [35]. Басқа функционалдық топтар бойынша жоспарда 1 миллиард 751,1 миллион теңге болса игерілгені 1 миллиард 727,2 миллион теңгені, немесе 98,3% құрады. Трансферттер фунционалдық тобы бойынша 37 миллиард 256,3 миллион теңге сомасында жоспардағы қаражаттар толығымен игерілді. Бюджеттік несиелер бойынша жоспардағы 736 миллион теңге 100% орындалды. Есепті жылы республикалық бюджет есебінен Тараз қаласы тұрғын үй салуға 512 миллион теңге, аудандарға ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын, әлеуметтік қолдау салаларын іске асыру үшін 204,7 миллион теңге бөлінді. Қарыздарды өтеу бойынша жоспардағы 661, 250,0 миллион теңге сомасындағы республикалық бюджет алдындағы жергілікті атқарушы орган борышы толығымен өтелді. Осылайша қаралған қаражаттың қай деңгейде игерілгендігі айтылған баяндама халық калаулыларының талқысына түсті. Сондай-ақ, бюджеттің орындалуын қатаң бақылауда ұстаған облыс бойынша тексеру комиссиясының корытындысы шығарылды. Бюджеттің атқарылуын бақылаудың нәтижесінде бірталай заң бұзушылық анықталған, Мысалы, салықтық және салықтық емес түсімдер ішінде 7 бюджеттік жіктеме бойынша нақтыланған жоспар орындалмай бюджетке 60,5 миллион теңге қаражат кем түскен. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің стратегиялық жоспарларын дұрыс жоспарлап, іске асырмау салдарынан кемшіліктер кеткен. Мәселен, денсаулық сақтау басқармасы бойынша стратегиялық жоспарының 4 индикаторының 3-і орындалып, 1-і орындалмаған. Ал, білім басқармасында 23 көрсеткіштің 4-і орындалмаған. Қаржы басқармасы бойынша да облыс бюджетінің тиісті атқарылуын қамтамасыз ету стратегиясы бойынша 4 мақсатқа қол жеткізілмеген. Тексеру комиссиясы үстіміздегі жылдың есептік кезеңінде 44 бақылау нысанын қойып, 3,9 миллиард теңгенің бұзушылықтарын анықтаған. Осы секілді көптеген заңсыздықтарға жол бергені үшін бақылау нысандарының 29 қызметкеріне, оның ішінде ҚР Еңбек және мемлекеттік қызметіне сәйкес 13 қызметкерге ескерту, 15 қызметкерге сөгіс, 1 қызметкерге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданған. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқарудың дамыту мәселелері женіндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп берген комиссия төрағасының орынбасары С.Сейдазимовта біраз мәселенің басын ашты. Мысалы, Тараз қаласы мен аудандарға облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерге бөлінген 8 миллиард 831 миллион 222,1 мың теңгенің 82,1 миллион теңгесі игерілмеді. Денсаулық саласы бойынша Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылындағы 250 төсектік емхананың құрылысы әлі күнге аяқталмай жатса, білім беру нысандарын салу және қайта құрастыруға бөлінген қаржының 7 миллион 400 мың теңгесі 12 нысан бойынша жобалық сметалық құжаттардың мемлекеттік сараптамадан өтпегендігіне байланысты игерілмеген. Ал, Т.Рысқұлов ауданының Р.Сабденов атындағы 920 орындық орта мектеп ғимаратының жартысынан астамы бос тұрған кезде 30 миллион теңгеге 100 орындық балабақша салынып, бюджет қаржысы ысыраппен жұмсалған. Жоғарыдағы ақпараттарда көрсетілгендей, мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы көлемі жыл сайын ұлғаюда. Атап айтар болсақ, бұл көрсеткіш 2010-шы жылы 14,77 миллиард теңге болса, былтыр 22,43 миллиард, биыл 38,34 миллиард теңгеге жеткен. Облыс бюджетінің биылғы қаңтар-наурыз айларындағы орындалуы туралы есеп берген облыстық қаржы басқармасының бастығы Ерқанат Манжуов кірістер бойынша жоспарда 37148,8 миллион теңге болса, 38598,9 миллион теңге сомасында қамтамасыз етілгенін айтты. Облыс қоржынына есепті мерзімге бюджетке тиесілі салықтар мен төлемдердің түсімі, облыс бойынша салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер және бюджетке түсетін салықтар мен төлемдер жоспарлары аудандарда жүз пайыздан аса орындалып, бюджетке артығымен қаражаттар түскен. Республикалық бюджеттен 31882,9 миллион теңге трансферттер, оның ішінде 21424,0 миллион теңге көлемінде субвенция түскен. Бюджет шығындары бойынша жоспар 37990,4 миллион теңге болса, ол 88,7 пайызға ғана орындалып, 4286,4 миллион теңге игерілмей қалған. Жергілікті бюджет шығындарының ішінде қаржыларын игеруде қауқарсыздық танытып отырған аудандардың алғашқы сапында Меркі (88,2%), Мойынқұм ауданы (89,8%) және 412,3 миллион теңгені әлі кәдеге асырмаған Тараз қаласы бар. Облыстық бюджет шығындарының есепті мерзімде орындалуы 90,9 пайызды құрап отыр. Басқарма бастығының айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары көрінеді. Ал, бюджет шығындарының толық орындалмауына «үлес қосып отырған» басқармалардың көшбасында 1369,2 миллион теңгені іске асырмаған Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және коммуналдық шаруашылық (102,5 миллион теңге), Ауылшаруашылығы (334,3 миллион теңге) басқармалары, облыстық ішкі істер департаменті (173,8 миллион теңге) тұр. Қаржылардың игерілмей қалуының негізгі себебін аппарат жиынына қатысушылар мемлекеттік сатып алу жүргізілетін веб-порталдың бір ай дұрыс жұмыс істемеуіне сілтеді. Республикалық бюджеттен түскен трансферттер 76,5 пайызға атқарылып, 2453,0 миллион теңге игерусіз қалған. Даму бағдарламалары бойынша игерілген қаржы көлемі 81 пайызды көрсетуде. Мұнда да қаржының қиюын тауып іске асыра алмаған басқармалар қатарында Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, Энергетика және коммуналдық шаруашылық мемлекеттік мекемелері бар. Бұл салада қомақты қаржыны игере алмай отырғандар ішінде Тараз қаласы, Меркі, Қордай, Сарысу аудандары бар. Осылай халықтың игілігіне бөлінген қаражатты қалай оңды жаратарын білмеген «басшысымақтар» әртүрлі жазалауларға ұшырап та жатады. Мемлекеттік қызметкерлердің әдептен озбай, лайықты жұмыс жасауын назарға алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облысымыздағы Тәртіптік кеңесі осы жылдың бірінші тоқсанында облыстағы мемлекеттік органдарда 33 тексеру жұмысын жүргізген. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарын және басқа да заңнамаларды сақтамаған 48 заң бұзушылығы анықталған. Тәртіптік кеңестің мәжілісі 3 рет өткізіліп, онда 7 мәселе талқыланған, 4 мемлекеттік орган басшыларының есебі тыңдалын, 23 тәртіптік іс қаралған. 23 түлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылған. Сонымен қатар, есепті мерзімде 20 мемлекеттік 61 әкімшілік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Олардың ішінде төрт адамға сыбайлас жемқорлық жағдай туғызатын құқықбұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жаза қолданылған. Ал, Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарын тексеру нәтижесі бойынша заң талаптарын бұзған 12 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Облыстық прокуратураның түрлі заңсыздықтарды анықтау негізінде жасаған ұсынысы бойынша Тәртіптік кеңес сөз етіп отырған бірінші тоқсанда көптеген лауазымды тұлғаның «бармақ басты, көз қысты» әрекетін әшкерелеген. Мәселен, жұмыс бабында сыбайлас жемқорлыққа (құқықбұзушылыққа) жағдай туғызғаны үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес, Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы Қ.Ж-ға, Талас ауданы әкімінің орынбасары С.Д-ға, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары Б.Б-ға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Бірінші тоқсанда Тәртіптік кеңес қоржынында жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардан барлығы 76 жазбаша өтініш хат келіп түскен. Ал, 128 азамат жеке сұрақтары бойынша Тәртіптік кеңес басшылығының қабылдауында болған. Сонымен қатар, Тәртіптік кеңестің төрағасы мен мүшелері облыс орталығында және бірқатар аудандарда көшпелі қабылдаулар өткізіп, жұртшылықтың түрлі өтініштеріне құлақ асқан. ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыс бойынша басқармасы мен облыстық Тәртіптік кеңестің ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы жөніндегі облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәжілісінде аталмыш басқарма бастығының орынбасары Н.Нұржігітов пен облыстық Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Оразбеков осындай деректер келтірді. 2012-ші жылдың 3 шілде күні Астанада, жылдағы дәстүр бойынша, V Индустриялық форум өтті. Оны ашқан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев форумның күн тәртібінде екі мәселе қаралатынын атап өтті. Оның бірі - атқарылған жұмыстар нәтижесі болса, екіншісі -индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалуын талқылау. Айта кету керек. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жарым жылдың ішінде республика бойынша 443 жаңа өндіріс орны ашылды. Алдын ала деректер бойынша, аталған жылдың өткен 6 айы ішінде ғана Индустрияландыру картасына енген барлық кәсіпорындар 300 миллиард теңгенің өнімін шығарған. «Кейінгі жылдары қалыптасқан дәстүр бойынша біз әр жарты жылда атқарған жұмысымызды қорытындылап, индустриялық-инновациялық даму және қабылданған басқа да әлеуметтік бағдарламалардың орындалу барысы бойынша Үкімет пен әкімдердің есебін тыңдаймыз. Бүгінгі жиынды технологияның ең соңғы әрі үздік жетістігімен жабдықталған медиаорталықта өткізіп отырмыз. Бұның алдында көрмеге қойылған отандық машина жасау зауыттарының өнімдерімен танысып шықтым. Бүгінгі күні біз ұшақтан бастап автокөлікке дейінгі бұйымдарды өзіміз шығара алатын деңгейге жеттік. Бұл біздің атқарған жұмысымыздың нәтижесі. Ал, индустрияландыру - бүкіл қазақстандықтардың ісі. Өйткені, бұл күрделі жағдайды бастан кешіріп отырған жаһандық даму үрдісіндегі біздің мемлекетіміздің бәсекеге кабілеттілігін, даму мүмкіндігін айқындайтын маңызды шара»,-деді жиында сөз сөйлеген Елбасы Н.Назарбаев. Сондай-ақ, ұлттық телекөпір режиміндегі форум аясында ел өңірлерімен жұмыс кеңесі өтіп, онда ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы алдында ҮИИД бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді. Нақты айтқанда, Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев пен Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Елбасының мемлекеттік бағдарламаның орындалуына көңілі толды. «Баяндалған мәселенің барлығы қанағаттандырады. Әсіресе, қолға алынған индустриялық бағдарламаға бүкіл халықтың тартылғаны жақсы. Бұл - индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жемісті жұмысы. Жалпы, Үкіметтің осы бағдарламаны орындау жолындағы жұмысына қанағаттанарлық деп баға беруге болады. Облыс әкімдерінің, аудан әкімдерінің, өңір басшыларының жұмыстары қыруар. Осы қарқынды бәсеңдетпеуіміз керек», - деді Н.Назарбаев. Елбасы тапсырмасынан туындайтын іс-шаралар біздің өңірімізде де нақты жүргізіліп келеді. Мәселен, отандық тауар өндірушілерді қолдау және жоғары сапалы бәсекеге қабілетті отандық өнімдерді өндіруге ықпал жасау, сапа менеджменті жүйесі бойынша олардың қызметіне халықаралық стандартты енгізу мақсатында жыл сайын «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-конкурсы өткізіледі. Дәстүрге айналған «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсы биыл да өтті. Оған облыстың алдыңғы қатарлы 67 тауар өндірушісі қатысып, бақтарын сынады. Шараның мақсаты отандық өнімдерді өндіруші тұлғалардың қызметіндегі белсенділікті арттырып, Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті жоғарғы сапалы өнімдермен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, осы шара арқылы өндірілген өнімдердің отандық және халықаралық сапа стандарттарына жетуіне мүмкіндік туғызылмақ. Байқау барысында облыс тұрғындарына сапа идеяларын қолдануды кенінен насихаттауға да зор мән беріледі. Көрме-конкурс М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында өтті. Ғимарат ішіне қойылған тауарлар көздің жауын алын, келушілердің көзайымына айналды. Мұнда теріден жасалған киім, қолөнер бұйымдары, ұлттық аспаптар, құрылысқа қажетті материалдар, «Жасұлан және К» ЖШС ұсынған құлпырған клумба гүлдері, әсемдікпен әрленген түрлі пішіндегі торттар, қыз жасауына арнайы тігілген көрпе-жастық, киіз үй бұйымдары, тәбетіңді ашатын тағам түрлері, жалпы, өзекті жанға керекті заттың барлығы бар. Басым бөлігі жылдағыдай азық-түлік тауарларын өндірушілер секілді. Өзге келушілерден бөлек, көрмені облыс әкімі Қанат Бозымбаев та аралап, өз бағасын берді. Ол, әсіресе, жаңа тауар түрлерін шығаруды қолға алған өндіріс орындарының жанқиярлық еңбегіне тәнті болды. Барша кәсіпорындардың жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен, бардың бағасын беретін шешуші сәт те келіп жетті. Қатысушы кәсіпорындардьің өнімдері «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» секілді үш аталым бойынша бағаланды. Жүлдегерлердің марапаттарын облыс әкімі Қанат Бозымбаев тапсырды. Облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев жетекшілік еткен әділқазылар комиссиясының шешімімен, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша 1-орынды «Казфосфат» ЖШС, 2-орынды «Супер Фарм» ЖШС жеңіп алса, 3-орын «Фабрика 1 ПОШ-Тараз» ЖШС еншісіне бұйырды. Орын иегерлеріне І, ІІ, ІІ дәрежелі дипломдар мен 200, 150, 100 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымында «Энерджи-Тараз», «Асыл-дизайн» ЖШС-тері мен «Айналайын» жастар бірлестігі, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Амангелді жеке өндірістік кооперативі» ЖШС, «Зылиха» ШҚ, «Мешелова» ЖК жүлделерді бөлісті. Сондай-ақ, барлық қатысушы Құрмет грамоталарына ие болды. Жеңімпаздарға құттықтау лебізін арнаған облыс басшысы оларға зор сенім артатынын жеткізді. Жалпы, өткен жылы Президент әкімшілігі жасаған «Өңірлердің экономикалық-әлеуметтік даму рейтингісі» бойынша 15-орыннан бірден 2-орынға көтерілдік. Бұған сіздердің қосқан үлестеріңіз аз емес. Естеріңізге салайын, бізде осы уақытқа дейін республикалық мәреде жеңімпаз атанған өндірушілер де аз емес. Мәселен, 2007 жылы «Алтын сапа» жүлдесін «Казфосфат» ЖШС, ал 2010-жылы «Тараз қаласының кардиохирургия орталығы» ЖШС жеңіп алса, өткен жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқауында «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша «Ырыс-Бақыт» ЖШС жүлделі 2-орыннан көрінді»,-деді облыс әкімі Қ.Бозымбаев. Өңірімізде өндірілген тауарларды отанымыздың түкпір-түкпіріне танытуда жәрмеңкелердің алар орны ерекше.2012-ші жылдың 26 шілдесінде Астанада өткен жәрмеңкеде жамбылдық агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері Ауылшаруашылығы министрінің алғыс хатымен, кәсіпорындар мен шаруашылықтар дипломмен, «Сапалы өнім» аталымы бойынша «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і мен «Сейсенбай» шаруа қожалығы «Алтын медальмен» марапатталды. Бұл елордада агроөнеркәсіп кешені саласының жетістіктерін саралауға арналған VІ республикалық «Қараөткел-2012» жәрмеңкесіндегі еңбегіміздің сыйы. Көрменің ашылу салтанатына арнайы қатысқан Үкімет басшысы: «Бұл жәрмеңке мамандардың өзара қарым-қатынасына, аймақаралық байланыстардың нығаюына, тауар айналымының өсуіне зор ықпал етеді», деп ерекше атап айтты. Еліміздің барлық облыстары атсалысып, бас-аяғы 300-ге жуық кәсіпорын қатысқан дәстүрлі жәрмеңкеде көпшілік назарына үздік ауылшаруашылық және қайта өңдейтін кәсіпорындардың өнімдері, ір облыстың қаржылық, экономикалық, ұлттық және аумақтық ерекшеліктеріне сәйкес ұсынылды. «Метро» сауда орталығы аумағында 20-21 шілде күндері ұйымдастырылған көрмеге жамбылдық кәсіпорындар мен шаруашылықтар да атсалысты. Оларды облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаев бастап барды. Көрмеге өз өнімдерін қойған 14 кәсіпорын мен шаруашылықтың ішінде, әсіресе, көпшіліктің назарын «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-ның ТОПС өнімдері аударды. Кәсіпорынның ТОПС өндіру жобасы бойынша өндірістік қуаттылығы жылына 800 тонна. Бұл көрсеткішті қамтамасыз етуге 2500 тонна көлемінде биязы жүн қажет. Қазіргі уақытта фабрика базасында итальяндық «SERVІM SRL» кәсіпорны және «Тараз ӘКК» АҚ арқылы осы жылы қуаттылығы жылына 1000 тонна болатын тоқыма шығаратын өндірісті іске қосу жоспарланын отыр. Бұл жоба бойынша кәсіпорында қосымша 100 адамға жұмыс орны ашылмақ. Бұл күндері көрмеге келушілер «ТаразКожОбувь» ЖШС-ның өнімдеріне де қызығушылық танытты. Ол еліміз бойынша Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаратын әскерилерді аяқкиіммен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын заманауи қондырғылармен толық жабдықталын, тұтынушыларға қолжетімді әрі сапалы өнімдер ұсынуда. Мұнда тігілген аяқкиімдердің бағасы да қымбат емес. 4-7 мың теңге аралығында. «Жәрмеңкеге 5 тоннадай түрлі көкөніс апардық. Бұл Жамбыл ауданынындағы «Амангелді» өндірістік кооперативі жылыжайының өнімдері. Сондай-ақ, астаналықтар Шу ауданының «Бектібай» шаруа қожалығында өсірген 20 тонна қарбызды да жаппай сатын алып жатты. Ал, «Нұралиев» шаруа қожалығында дайындалатын ара балын арнайы іздеп келгендер де болды», - деді облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы Е.Жақсылықов. Алтыншы рет ұйымдастырылып отырған көрме-жәрмеңкеге облыстың 5 мал өсіретін шаруашылығы қатысты. Талас ауданынан «Сейсенбай» шаруа қожалығы (Қаракөл қойы), Т.Рысқұловтан «Шәушен» шаруа қожалығы (еділбай), «Меркі» асыл тұқымды қой зауыты (оңтүстік қазақ мериносы) қойларын, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС «Ақалтеке» тұқымды, меркілік «Ар-Ас» ЖШС таза қанды жылқыларын апарды. Ал, 30 мыңдай қойы бар ірі шаруашылықтың бірі «Меркі» асыл тұқымды қой зауыты аталмыш көрмеге осымен 5-рет қатысып отыр. Екі күнге созылған дәстүрлі жәрмеңкенің соңында облыс агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері жоғарыда аталып өткендей Ауылшаруашылығы министрінің Алғыс хатына ие болса, кәсіпорындар мен шаруашылықтар да арнайы дипломдарды иеленді. 2012-ші жылдың 2-ші тамызында Облыс әкімдігі басқармалары мен аудан, Тараз қаласы әкімдерінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте бүгінде маңызы артып тұрған 4 мәселе қаралды. Мәжіліске облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Көкірекбаев төрағалық етті. «Моноқалаларды дамытудың2012-2020-шы жылдарға арналған бағдарламасына аймақтың Қаратау және Жаңатас қалалары да еніп отыр. Бағдарлама жасаларда олардың біріншісінің әлеуеті орташа, ал, екіншісінікі төмен деп танылған», -деп бастады сөзін облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Ж.Әмірханов. Қаратау қаласы бойынша атқарылатын шаралар да жеткілікті. Өнеркәсіп өндірісін 7,2 есеге ұлғайтып, апаттық үйлерді толық жою, ал, тұрғындар санын 49 мың адамға жеткізу көзделіп отыр (қазіргі саны - 27,4 мың адам). Осы мақсатта, Жаңатасқа үш жылға 15,1 миллиард, ал, Қаратауға 15,8 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. Елдің қорғаныс мәселесі әрқашан да өзекті. 2012-ші жылы әскерге жіберілетін жастарды іріктеу үшін облыс бойынша 6687 азаматқа шақырту қағазы жіберілгенімен, әскери комиссиариатқа соның 1297-сі келмей қалған. Оның 845-і Жамбыл, 346-сы Талас, 106-сы Жуалы ауданының тұрғындары. Аталған аудандарда ауыл әкімдері мен қорғаныс істері бөлімдері өз жұмыстарына салғырт қарап отыр. Сондай-ақ, облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Б.Мәдікеновтің айтуынша, мерзімді әскерге шақыруды ұйымдастыруға Қордай ауданы мардымсыз қаржы бөлген. Ал, былтыр осы мақсатқа үш миллион теңгеге жуық қаржы қарастырған Тараз қаласы биыл бір тиын да шығындамапты. Аудандық медициналық комиссиялардың жабдықталуы өте төмен деңгейде. Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандары комиссиялары мүлдем жабдықталмаған. Ал, Сарысу (10 пайыз), Талас, Қордай аудандары мен Тараз қаласы керекті құрал-жабдықтармен небәрі 20 пайызға қамтамасыз етілген. Байзақ, Жамбыл, Талас, Шу аудандары әкімдері қажетті қаулыларды уақытында қабылдамаған, ал, кей аудандарда әскери комиссариат ғимараттары апаттық жағдайда тұр. Түйткілді жайларды байыппен тыңдаған облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Көкірекбаев осыған айыпты аудан әкімдерінін атына үлкен сын айтты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары аудан әкімдеріне жоғарыда аталған мәселелерді шешіп, тиісті қаржыны бөлуді тапсырды. Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың жетінші сессиясында облысымыздағы орайын тауып жатқан оң үрдістер баяндалып етті. Сессияда облыс әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалу барысы бойынша есеп берді. Ол Мемлекет басшысының облысқа жасаған биылғы жұмыс сапары барысында атқарушы органдардың жұмысына оң баға бергендігін және алдағы уақытқа маңызды міндеттер белгілегендігін атап көрсетіп, 2012-ші жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденцияның сақталып отырғандығына тоқталды. Мысалы, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 8,8 пайызды құраған. Аталған жылдың 7 айында облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 104,2 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Бұл өткен 2011-ші жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,4 миллиард теңгеге артық. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі - 1,9 пайызға, құрылыс жұмыстары - 54,2 пайызға, бөлшек тауар айналымы 16,4 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 16,7 пайызға артып, 54 миллиард теңгеге жеткен. Облыс әкімі аумақтағы макроэкономикалық тұрақтылықтың сақталынғандығын жеткізді. Қаңтар-шілде айларындағы инфляция өткен жылғы 5,3 пайыздың орнына небәрі 2,8 пайызды ғана құраған. Жыл басынан бері тұрғындардың нақтылы ақшалай табысы - 10,3 пайызға (қаңтар-сәуір), нақтылы жалақылары 19,1 пайызға (қаңтар-маусым) өскен. «Облыс экономикасындағы оң тенденция оңірдегі негізгі салаларды дамытуда бағытталған бюджет қаржысын пайдалану бойынша тиімді жұмыс жүргізудің, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр», - деді Қ.Бозымбаев. Әрине, аталған жылдары қаламыздың келбетін әрлендіретін ғимараттар да бой түзеп, Тараз қаласының кіреберіс тұсына үлкен қақпа орнатылып, облыс орталығындағы «Бәйтерек» шағын ауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үй бой түзеп, осы маңнан «Тараз-Арена» спорт кешені есігін айқара ашты [36]. Сонымен қатар, ауыл-аймақтарды дамытуға да ерекше мән берілді. Оның дәлелі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы болып табылады. Елбасымыздың өзі дәстүрлі Жолдауында «Қуатты Қазақстан дегеніміз - бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы!» деген болатын. 2012-ші жылдың 4 қазанында облыстық әкімдікте Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлерді дамыту комитеті «Өңірлік дамуға жаңа қадамдар» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Оғаң аудан, қала әкімінің орынбасарлары, департамент пен басқарма басшылары қатысты. Аймақ үшін маңызды жиынды облыс әкімінің орынбасары Ғ.Сәдібеков ашып, жиналғаңдарды еркін пікір алмасуға шақырды. Аталған комитет төрағасының орынбасары С.Тұңғышбеков аймақтарды дамытуға байланысты атқарылып отырған шараларға тоқталды. Комитеттің басқарма басшылары да семинаркеңесте бағдарлама жайлы жете баяндап, сараланған пікірлер айтты. Жалпы, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту, инженерлік инфрокұрылымды дамыту, елді мекендерді көркейту мәселелері шешімін табады деп жоспарланған. Бағдарлама аясында ауылдық округтерді көгалдандыру, көркейту үшін облыстық бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінеді. Бұл қаражат 2012-ші жылы 1 миллиард теңге болса, 2013-ші жылы 6 миллиард теңге болмақ. Бір ерекшелігі, қаржыларды бағыттау бойынша шешімдер ауыл тұрғындарының жалпы жиналысында қабылданады. Моноқалаларды дамытуға 2012-ші жылға 6 миллиард теңге бөлінген. Бұл жолдарды ағымдағы жөндеу, көгалдандыру, қоқыстан тазалау, тағы басқа мәселелерді шешу үшін. 2013-ші жылға қарастырылған 38,3 миллиард теңге ағымдағы шығындарға, бос тұрған ғимараттарды бұзу, инфрақұрылым нысандарын қайта құруға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталмақ. Шағын қалаларды дамытуға, жұмыспен қамту бағдарламасының төртінші бағытын іске асыруға, «Дипломмен ауылға» жобасының шеңберінде ауылға келетін мамандарды әлеуметтік қолдауға да қомақты қаржы қаралған. Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІX сессиясында 2012-2014-ші жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді. Баяндама жасаған облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Жорабек Баубеков 2012-ші жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасын қарауға ұсынды. Оның айтуынша, негізгі өзгерістер республикалық трансферттер мен облыстық кірістерге қатысты. Республикалық бюджеттен келетін трансферттер көлемі 407,3 миллион теңгеге азайып отыр. Оның ішінде ағымдағы трансферттер 698,5 миллион теңгеге азайса, даму трансферттері 291,2 миллион теңгеге өскен. Облыстық бюджеттің өзіндік кірістері 581,6 миллион теңгеге төмендетілді. Облыстық бюджеттің үнемделген және жыл соңында игерілмеу қаупі жоғары 1,4 миллиард теңге сомасындағы шығындарын қысқарту көзделіп отыр. «Облыстық бюджеттен үнемделген шығындарды басқа да маңызды мақсаттарға жұмсағанымыз жөн», - деді жиында Жорабек Нұрмергенұлы. Мәселен, қаражаттың біраз бөлігін білім, денсаулық сақтау, спорт салаларына бөлу қажет. Сонымен бірге, «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметін дамыту және «Бурный ірімшік зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта жаңғырту мақсаттарында корпорацияның жарғылық капиталын ұлғайтуға 136,8 миллион, Тараз қаласында жылыту маусымын тұрақты өткізу мақсатында «Жамбыл-Жылу» кәсіпорнының жарғылық капиталын көбейтуге 52 миллион, «Шу-Жылу» кәсіпорнына 32 миллион, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына елді мекендерді газдандыру үшін 77 миллион теңге және басқа да қаржыландыруға мұқтаж салаларға қосымша ақша бөлсек, үнемделген қаржы орнын таппақ. Осылай деп қаржы мәселесін мәслихат талқысына тастаған басқарма бастығының ұсыныстары көпшілік қолдауымен бірауыздан қабылданды. Осы жиындағы тағы бір қуанышты жаңалық Жорабек Баубеков 1 желтоқсан Түңғыш Президент күні мерекесіне Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге біржолғы көмек көрсету үшін 56,1 миллион теңге көлемінде қаражат қарастыру туралы ұсыныс енгізді. Сонымен, енді қадірлі қарттарымыз биыл бірінші рет тойланғалы отырған мейрамда мейманасы тасып, сый-сияпатқа бөленетін болады. Халықты нарық заманының қитұрқұларынан құтқаруы тиіс мекемелердің бірі «Тараз» сауда-сатып алу компаниясы» ЖШС облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорының операторы болғандықтан, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының жөнсіз өсуіне жол бермеу, бағаны тұрақтандыру бағытында жұмыс істейді. Серіктестік басшысының айтуынша нарықтағы бағаны реттеп тұру үшін облыс орталығында онға жуық коммуналдық дүкен ашу көзделген. Олардың құрылысына облыстық бюджеттен 27 768200 теңге бөлініпті. Осындай дүкен Абай көшесінің бойындағы «Смарт» супермаркетінің жанынан және «Мыңбұлақ» мөлтек ауданынан ашылды. Барлық талаптарға сай келетін коммуналдық дүкен керекті құралдармен жабдықталған. Сауда нүктесінің кіреберісіне азық-түліктердің қормен белгіленген бағасы да ілініпті. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Үкімет Қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар 33 тауарды шекті бағамен сату үшін арнайы дүкендер ашуға он аумақта жер телімі бөлінгендігін жеткізді. Мұндағы баға басқа сауда орындарымен салыстырғанда 10-15 пайызға төмен. Мысалы, бірінші сұрыпты ұнның килосы - 50, ақталған күріш - 140, қарақұмық жармасы - 150, макарон өнімдері - 105, сиыр, қой еттері - 1050, тауық еті - 450, пияз - 30, қызылша - 80, сәбіз - 40, қартоп - 60, құмшекер -145, тұз - 30 теңге, майлылығы 2,5 пайыздық сүт - 120, айран - 130, ірімшік - 500, өсімдік майы - 260 теңге тұрады. Басқа да әр алуан тауарлар төмен бағамен сатылуда. Мәселен, қиярдың килосы - 260, мандарин - 300, шұжық - 800, кілегей - 500 - 800 теңге аралығында. Коммуналдық дүкен ашылысымен-ақ қала тұрғындары көптеп келіп, қажетті тауарларын сатып алып жатты. Барлығы қажетті азықтарын арзандау алғандарына дән риза. Осындай игілікті істердің алға баса беруі үшін жергілікті тауар өндірушілердің де ықылас-ынтасы керек-ақ. Бірақ билік басындағылар мен үйлестірушілердің көренаулығынан кейбір жағдайда ортақ тірліктер оңалмай жатады. Айтар болсақ, мәселен, былтыр бір Меркі ауданы ғана 58 мың тонна қызылша өткізсе, 2012-ші жылы облыс бойынша өткізілгені бар-жоғы 19 мың тонна қант қызылшасы. Оның 15 мың тоннасын Меркі ауданы, 3 мың тоннасын Байзақ және Жамбыл ауданы, 1 тоннасын Шу ауданы шаруашылықтары өткізген. Жаздың аптап, қуаң болғаны диқандарға қатты тиді. Осы аудандағы ірі шаруашылықтың бірі «Жылыбұлақ-Меркі» ЖШС-ның төрағасы Аманжол Әкетаев: «260 гектарға қызылша егіп едік. Жауын-шашынсыз өткен көктемде 20 гектары күйіп кетіп, жарамсыздықтан есептен шығардық. Ала жаз бойы 3 бригада тынымсыз еңбек етті. Шілденің шіліңгір ыстығында көрші қырғыз елінен келетін су мөлшері азайып кетті. Соның салдарынан алған 62 тонна қызылшамыз стандартқа сай келмей, малға бердік», дейді қынжылыспен. Ал, осы ауданнан зауытқа өткізілген тәтті түбірдің 8 мың тоннасын Сыпатай батыр атындағы шаруашылық, 7 мың тоннасын зауыттың келісімшартқа отырған ұсақ шаруа қожалықтары өткізген. Әрине, мұндай олқылықтар елімізде жүргізіліп жатқан ірі жобалардың жүзеге асуына көп кедергі келтіре алмағаны белгілі. Сондай басымдық берілген ірі жобалардың бірі -Республикамызда халықаралық стандартқа сай автомобиль жолын салу болатын. Бұл міндеттің жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқаны туралы Елбасының 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айрықша айтылды [37]. Осы бағытта облыс аумағында жалпы 495,3 шақырым жол жаңғыртылуы тиіс болса, аталған мерзімде 306 шақырымда жаңа жол қозғалысы ашылды. 2012-ші жылы 53 миллиард теңгенің құрылыс құрастыру жұмысы игеріліп, 201 шақырымда цемент-бетон және 59 шақырымда асфальт-бетон жамылғысы төселді, 159 су құбыры салынды. Енді осы жолдарда жүйіткіген автомобильдердің жанар-майдан тапшылық көрмеуіне индустрияландыру картасына енгізілген жобаның бірі Шу ауданындағы «Бірлік энерго» ЖШС салын жатқан мұнай өңдейтін шағын зауыт сеп болары анық. Зауыт Бірлік ауылының қасында, теміржолдың бойында орналасқан. Жобаның жалпы құны 50 миллион теңге. Кәсіпорын шикізатты Қызылорда облысындағы Құмкөл кен орнынан жеткізеді. Жылына 60 мың тонна мұнай өңдеп, одан АИ-80 бензинін және дизель отыны мен мазут өндіріледі. Өндірілген өнім ауданға және еліміз аумағына өткеріледі. Кәсіпорын өніміне қазірдің өзінде жан-жақтан тапсырыстар түсуде. Зауыт толық қуатында жұмыс істегенде жылына 10 мың тоннаға жуық сапапы жанар-жағармай мен мазут шығарылады. Мұның өзі ауданда және елімізде оған деген тапшылықты еңсеруге септесері белгілі. Нарық жағдайында, әрине, өндіріс әртараптандырылады. Салалар бойынша айтсақ, жылына 46 миллион шөлмек шығаратын еліміздегі «САФ» шыны компаниясы» - шыны ыдыстарын өндіруде ТМД елдері арасында жетекші кәсіпорын болып табылады. Зауыттың Алматы облысы мен Таразда филиалдары бар. Тараздағы 2000-шы жылы құрылған «САФ» шыны компаниясы» АҚ «Оңтүстік-3» филиалы шарап және сусын үшін шөлмек шығарады. Кәсіпорын елімізде жасыл және түссіз шыны ыдысын өндіретін бірден-бір өндіріс орны. Мұнда кейінгі кезде ауқымды жаңғырту жүргізілді. Көптеген қол жұмыстары автоматтандырылды. Заманауи үлгідегі жаңа жабдықтар орнатылды. Мұның өзі оларға жылына 46 миллион дана шөлмек өндіруге мүмкіндік беруде. Зауытта сыйымдылығы 0,33 және 0,75 литрлік шөлмектердің 20 түрі шығарылады. 2011-ші жылы түссіз шөлмектің 4 түрін шығару қолға алынған. Өндірілген өнім арақ-шарап шығаратын Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының кәсіпорындарына жөнелтіледі. Кейінгі кезде оның бір бөлігін Павлодардағы зауыттар ала бастады. Кәсіпорын Тараз қаласының солтүстік батысындағы өнеркәсіп аумағында 3 гектар жерге орналасқан. Мұнда қазақстандық үлес 80 пайызды құрайды. Шөлмек шығару үшін қажетті шикізат: кварц құмы Қызылорда облысынан, доломит пен әктас Қаратаудағы кен көздерінен жеткізілді. Сондай-ақ, кальцийлендірілген сода-натрий сульфаты және басқа да қажеттіліктер Ресейден әкелінді. Пештегі жұмыс үдерісі компьютерлендірілген. Кәсіпорында 282 адам жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 53 мың теңге. Енді ауылшаруашылығындағы жаңашылдыққа келетін болсақ, жаңа технологиялар енгізіп, голландық әдіспен көкөніс өсіруді қолға алған Ақшолақ бекеті аумағына орналасқан «Манат» шаруа қожалығында облыс әкімі болын, оның тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінгі таңда облыс, аудан жұртшылығын жылдың он екі мезгілінде көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар өз жемісін беруде. Қазіргі кезде облыс бойынша жалпы көлемі 27,2 гектарды құрайтын 405 жылыжай жұмыс жасауда. Солардың ішінде заманауи үлгіге сай салынып, жаңа технологиямен жұмыс істеп жатқан «Манат» шаруа қожалығы өндірістік жылыжайы бір гектар жерге орналастырылған. Жобаның құны -120 миллион теңге. Қожалық басшылары оған қажетті қаржыны «ҚазАгроқаржы» АҚ-дан алған. Несиенің жылдық өсімі - 6 пайыз. Бұл мақсатқа өздерінен 16,5 миллион теңге жұмсаған екен. Көкөніс топырақта өсірілмейді, оның орнына Шри-Ланкадан әкелінген кокос қабығы қолданылады. Мұнда суару, тыңайтқыш беру жұмыстары толығымен автоматтандырылған және компьютер арқылы басқарылып отырады. Түркиялық типте салынған жылыжайдың биіктігі - 6,5 метр, төбесі автоматты түрде ашылып, жабылады. Бір сөзбен айтқанда, әрбір тал қиярға қаншалықты су қажеттілігі компьютер арқылы реттеліп, жіберіліп отырады. Керек кезінде төбедегі терезені ашып, температура бірізділендірілгендіктен, іштегі қажетсіз ылғалды ауа жоғары көтеріліп, кеңістікке сіңеді екен. Қиярдың голландиялық «Артист» және ресейлік «Гавришев» сұрыптары өсіріліп, жылына 300 тонна өнім алуға қол жеткізілген. Жылыжайда 114 тонна қияр жиналып, арнайы ыдыстарға салынып, қатталған өнім Тараз және Алматыдағы сауда орындарына жөнелтілуде. Жылыжайдан күнделікті 4 тоннаға дейін өнім жиналу үстінде. Жұмысқа жергілікті жердің азаматтары тартылып, бүгінде 20 азамат қияр жинаумен айналысуда. Олардың орташа айлығы 40- 50 мың теңгені құрап отыр. Облыс басшысы агроөнеркәсіп саласындағы осындай оң істердің жүзеге асуына қажетті жағдайлар қарастырылатынын, мұның өзі халықтың әл-ауқатының артуына мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

1.6.ДАМУ ДАҢҒЫЛЫНА БЕТ АЛҒАН ӨҢІР.

Ел экономикасының сатылап көтеріліп, жаңа өндіріс орындарының көптеп ашылуына ықпал жасаған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Жамбыл өңірінде жалпы құны 545,2 миллиард теңгені құрайтын 38 инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде. Нәтижесінде 6,3 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Осы бағдарлама шеңберінде облысымызда алғашында 3,2 миллиард теңге сомасына 4жоба-гүл өсіру кешені («Жасұлан және К» ЖШС), гранит тасын өңдеу және одан бұйымдар шығару цехы («Аль Басар» ЖШС), ТОПС («Фабрика ПОШ-Тараз») және болат балқыту өндірісі («Жаңатас» металлургиялық комбинаты» ЖШС) іске қосылды [38]. Кейіннен өзгелерге үлгі болардай табысты жұмыс жүргізе бастаған «Мыңарал Тас Компани», «Амангелді газ өңдеу зауыты», «БиномСтройДеталь», «Та-Мақ», «КазИрАгро», «Қарат-V», «Құрылыс-Полимер» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Алтыналмас» акционерлік қоғамы өз қуаттылықтарын толығымен еңсерді. Өңірімізге жаңа технологиялың трансферттер тарту мәселесі облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың Германияның Алматыдағы Бас консулы Михаель Граумен кездесуінде талқыланды. Онда М.Грау неміс кәсіпкерлерінің облысымызга инвестиция салуга ықыласты екенін жеткізді. Бұл Бас консулдың облысымызга алгатқы жұмыс сапары. Мақсат аймақта жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалармен танысу, осынау ауқымды істерге неміс кәсіпкерлерінің қатысу мүмкіндігін қарастыру. Кездесу барысында облыс басшысы Бас консулды киелі Әулие ата жеріне келуімен құттықтап, жүздесудің екі жаққа да тиімді өтеріне сенім білдірді. «Облысқа алғаш табан тіреп отырсам да, бұл аймақ туралы мағлұматтармен қанықпын. Өңірдің соңғы жылдардағы даму қарқыны қуантады. Әсіресе, химия өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, құрылыс материалдарын дайындау салаларында атқарылып жатқан жұмыс көңілден шығады. Сондықтан да Германия мемлекетінің кәсіпкерлері облыс аумағында жұмыс істеп, инвестиция салуға мүдделі. Осы мақсатта өңірге неміс кәсіпкерлерін алып келіп отырмыз», - деді Михаель Грау. Жылы жүзді жүздесу барысында энергетика, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және мәдениет салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Қонақтарға аймақтағы перспективалық жобалар таныстырылды. Соның бірі өңірдің аграрлық секторына тың серпін беретін «Тараз» агроөңдеуші логистикалық орталығы» жобасы. Оның құрамына 20-ға жуық кәсіпорынды шоғырландыру жоспарлануда. Бұл көптеген жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік туғызады. Басқосу барысында германиялық кәсіпорындар өкілдері де өз мүмкіндіктері туралы айтты. Мысалы, «БАУЭР» компаниясы құрылыс және тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын техника мен құрал-жабдықтар шығарады екен. Әлемнің жүзге жуық елінде бизнесін өрістетіп жатқан компания облысымызда да жұмыс істеуге қызығушылық танытты. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты ары қарай дамыту жайы келісілді. Бас консул сонымен қатар, облысымызға сапары шеңберінде «Жамбыл Гидро Энерго», «Жасұлан», «Жамбыл-құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде болып, жұмыс барысымен танысты. «Бір салалы шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы шаруасы шатқаяқтаған шағын қалалардағы маңызды салаларды дамытуға көңіл бөлуде. Оның ішінде қаланы абаттандыру, көріктендіру қалпына келтіру жұмыстарымен қатар, тұрғындарды еңбекпен қамту, өз бизнесін ашуына көмек беру мүмкіндігі де қарастырылған. 2013-ші жылы Қаратау қаласын гүлдендіруге аталған бағдарлама аясында 891850,4 мың теңге қаражат бөлінді. Оның біршама бөлігі бизнес бастамаларды қолдауға арналғанын атап өту керек. Онда жеке кәсіпке бет бұрып, нәсібін көрем деушілерге несие, субсидия, грант секілді қаржылық қолдау түрлері қамтылған. Алайда, соның игерілу деңгейі көңілден шықпады. Мәселен 45 млн теңге кәсіпкерлердің банктегі несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға бағытталып отыр. Бұл банктен 12-14 пайызбен алынған несиенің 10 пайызын мемлекет өз мойнына алады деген сөз. Дегенмен мұндай көмекті қаратаулық бір ғана кәсіпкер пайдаланған. Аталған соманың 30 пайызы, яғни 13,5 миллионы ғана игерілген. Екінші деңгейлі банктер субсидиядан үміткер жобаларды қабылдайтын кезде өте ұзақ ойланады. Мұның өзі қаладағы бизнестің ахуалы көмекті қажет еткенімен, оны тиімді пайдалануға келгенде банктердің көп жағдайда немқұрайлы екендігін көрсетеді. Мәселен, бұл шаһарда кездеспейтін ерекше инновациялық өнім шығаратын кәсіпорындар үшін миллион теңге грант, яғни, қайтарымсыз қаражат бөлінді. Оның да иелері табылмай тұр. Толыққанды жауап беруге ешкім асықпайды. «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы жаңадан кәсібін бастаушыларға 70 миллион теңге қарастырды. Ол кез келген бизнес түрін қолдауға беріледі, ешқандай шектеу жоқ. Пайыздық мөлшерлемесі жылына 6 пайыз. Әр адам 3 миллион теңгеге дейін несие алуына болады. Тек кепілдікке жылжымайтын мүлкіңді қоюың керек. Бірақ, осы несие де өз мақсатына дұрыс жұмсалмай, бизнесмендерге толық жетпей отыр. Бір кездері шағын қалаға ақша бөлінбейді, назардан тыс қалып қойды деп аттандаушы едік, енді бөлінген қаржының өзін кәдеге жарата алмай отырмыз. Кәсіпкерлер ол көмекті сарыла күтіп жүр, бірақ соны- таратуға келгенде соншалықты жайбарақатпыз. Не десек те халықты ығыр еткен осындай түйткіл мәселені шешу жергілікті басқару органдарының қаншалықты оң әрекет етуіне байланысты болып тұр. Әйтсе де, оңды істеріміздің де ауқымы аз емес. Мәселен, облыс ауылшаруашылығы тауар өндірушілері жыл сайын күз айларында Астанада жәрмеңке өткізуді дәстүрге айналдырған. 2013-ші жылы да жамбылдықтар сол үрдіспен жәрмеңкеге аттанды. Саудаланатын тауарлардың сапасы жоғары, бағасы қолжетімді. Жәрмеңкеге облыстың барлық 10 ауданы мен Тараз қаласы белсене атсалысты. Саудаланатын ауылшаруашылығы тауарларының жоғарғы сұрыптары үздік тауар өндірушілерден таңдап алынған. Жамбылдықтар бас қаланың тұтынушыларына 33 миллион теңгенің 152 тонна өнімдерін ұсынды. Олардың ішінде 18,2 тонна ет, 3 тоннаға жуық сүт өнімдері, 122 тонна көкөніс және 2 тоннадан астам ұн, мақарон өнімдері бар. Саудаланатын тауарлар бағасы коммерциялық базарлардағыға қарағанда 15-20 пайызға төмен. Мәселен, жылқы етінің әр килограмы - 1150, сиыр еті - 950, қой еті - 900, алма - 150, картоп пен сәбіз - 40 теңгеден. Мұндай арзан баға астаналықтардың көңілінен шыққаны сөзсіз. Жәрмеңке кезінде тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениеті қатаң сақталады. Жылдағыдай жәрмеңке аяғына қарай алып барған тауарлар жетпей қалды. 2013-ші жылдың 3 қарашасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент әкімшілігінің қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Президент таяуда үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы керектігін тағы да еске салды. «Үкіметтің кеңейтілген отырысында менің тарапымнан айтылған сындардан тиісті қорытынды шығарылуы керек. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны, кімдер жауапқа тартылғаны және жазаланғаны туралы әрбір факт туралы халық алдында есеп беріп, БАҚ-да жариялау жөнінде тапсырма берілген болатын. Мен айтқан сын бойынша тек «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жағдайы жөніндегі деректер ғана айтылды, өзге ешқандай ақпарат болған жоқ. Тіпті бұл ретте менің тарапымнан айтылған сынның бір бөлігі газет беттерінде де көрініс таппаған және телеэфирден де берілмеген. Сондықтан тек әркімнің өз бағыты бойынша бағдарламалардың орындалуымен ғана емес, сондай-ақ Үкіметтің, министрліктер мен ведомостволардың жұмысындағы кемшіліктерді жою жөніндегі барлық нұсқауымның орындалуымен қатаң түрде жұмыс жүргізуін талап етемін», деді Мемлекет басшысы. 99,4 Осылай, өз жұмысына немқұрайлы қараған әртүрлі деңгейдегі басшылар билік тарапынан теперішке түсе бастады. Тиісінше, қарашаның екінші аптасы бюджет қаржысын игеруде қателіктер жіберген құрылымдардың жетекшілері үшін шырғалаңмен басталды. Оларға облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті ақпараттық кеңесте өз жұмыстары үшін жан-жақты есеп беріп, біраз терлеуге тура келді. Әдеттегідей облыс әкімдігі қаржы басқармасының бастығы Ерқанат Манжуов қаражаттың биылғы 10 айдағы жұмсалуы туралы хабарлама жасап, жалпы ахуалға тоқталды. Ол бойынша облыстық бюджеттегі игерілуге тиіс 159 324,7 миллион теңгенің 93,1 пайызы ғана игерілген. Қалған 11 миллард 20,2 миллион теңге сол күйі облыстың қоржынында жатыр. Бұл жерде басқармаларда аудан, қала әкімдері де қаржыны игеру жөнінен жоғары көрсеткішке қол жеткізе алмаған. Игерілмеген қаржының 66,9 пайызы даму бюджеттік бағдарламалары бойынша қалыптасып отыр. Ең үлкен сома, яғни 4 миллиард 494,1 миллион теңге көлеміндегі қаржы облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиесілі. Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы - 578,9 миллион, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы - 80,4 миллион теңгені өз мақсатына жұмсамаған. Аймақтар арасында бұл тізімнің жоғарғы жағында Қордай 92,7 пайыз, Жамбыл 93,5 пайыз аудандары мен Тараз қаласы 95,5 пайыз көш бастап тұр. Ерқанат Нұрбапаұлы бұл кемшіліктерге жыл соңында мемлекеттік қабылдау коммиссияларының шешім шығаратын кезде ұзақ ойланып, сол аралықта 5 пайыздық кепілдік сомаларының уақытылы төленбей, бюджетте қалып кететіндігі себеп болуда дейді. «Егер комиссия уақытты сағызша созбаса биыл да өткен жылғыдай 99,4 пайыздық жақсы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Бізде тек «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылым жүргізу бойынша қажет қаражат ғана игерілмей сол күйі жатып қалуы мүмкін», - деді ол. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиевке тамыз айындағы уәдесін есіне салды. Уақытша қамау изоляторының құрылысын мысалға келтіріп, келісімшарттарға өз мерзімінде отырмаудың себеп-салдарын сұрады. Р.Байтелиевтің айтуынша, үш нысан бойынша кемшіліктер бар. «Оның ішінде 300 орындық көпсалалы аурухана, жүйке жүйесі аурулары интернаты құрылысы бойынша іркілістер орын алғаны рас. Бүгінде жұмыс қарқын алды, қаржысы жыл соңына дейін түгел жұмсалады. Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қалыптасқан 220 миллион теңгеден аса үміт жоқ» деп ашығын айтты басқарма басшысы. Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша көмек алуға лайық кәсіпкер табылмаса, оған құжаттың тікелей операторы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы жауапты. Аталған басқарма басшысы Бейсен Жолболдиев 15 жоба бойынша 1 миллиард 844 миллион теңгеге инфрақұрылым жүргізілетінін, алайда олардың біршамасы өтпелі жобалар болғандықтан осы ахуалдың қалыптасып отырғанын облыс әкіміне түсіндіріп берді. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының ауылдарды газдандыруға бағытталған 325 миллион теңгені жұмсамай ұстап отырғанын да облыс басшысы қатаң сынға алды. Ал, білім басқармасы бірқатар үнемделген, игерілмеген 200 миллион теңгеден астам қаржыны министрлікке қайтарғалы отыр екен. Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы А.Нұралиевтің түсіндіруінше, конкурстардың кеш жариялануынан мал сырғаларын сатып алуға арналған ақша игерілмеген. Жиналыс қорытындысы бойынша қаржыны игере алмаған басшыларға ескертулер мен сөгістер берілді. Оның ішінде облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және ауылшаруашылығы басқармаларының басшыларына сөгіс жарияланса, Талас, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының әкімдеріне ескерту берілді. Осыған қоса, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы мен Қордай ауданы әкімінің жауапкершіліктері еңбек демалысынан шыққан соң қаралатын болды. Әрине, осыған қарап өңірлердегі жұмыс қожырап кетті деп айтуға еш болмайды. Мәселен елімізде Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы («Жұмыспен қамту-2020 жол картасы») халықты әлеуметтік жағынан қорғауда мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық деп бағалауға лайық. Өйткені онда белгіленген төрт бағыт еңбектенуге, табыс табуға, сол арқылы қоғам дамуына үлес қосуға даңғыл жол ашып отыр. Осынау оңтайлы мақсаттың ойдағыдай орындалуы жұмыспен қамту орталығы мекемесінің белсенді қызметіне тікелей байланысты. Бұл ретте Жамбыл ауданында атқарылған жұмыстар баршылық. Бағдарламаның бірінші бағыты инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша 6 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, 2 пысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Өрнек ауылындағы Б.Тайшапов атындағы ОМ, ауылдық балабақша, №17 Жамбыл колледжі, Асадағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы ОМ, Айша бибі ауылындағы орта мектеп, «Пионер» ауылындағы клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оларға 184 жұмыс күші тартылған. Оның 94-і жаңадан жұмысқа қабылданғандар. Сол сияқты, Жасөркен, Айша бибі ауылындағы дәрігерлік амбулаториялар құрылысына 50 адам қатысса, олардың 28-і жұмыссыздар есебінен. Сондай- ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген үш нысанда 9 адам еңбек етсе, онда да 5 адам жаңадан тартылғандар қатарында. Ауданда кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу және тірек ауылдарды дамыту мақсатында 80 азаматқа шағын несие алуға - 160 миллион, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін 20 адамға - 24 миллион 63 мың, 40 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1 миллион 534 мың теңге қаражат қаралған. 2013-ші жылы 40 азамат «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқытуға тартылып, куәліктерін алды. Қазіргі таңда несиеге қаралған қаржы толық игеріліп, несие алған 76 азамат кәсібін дамытуда. Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық (20 миллион теңге) және облыстық (4 милион 63 мың теңге) бюджеттерден бөлінген қаржы игерілу үстінде. Бағдарламаның ІІІ бағыты -жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша 2013-ші жылы әлеуметтік бос жұмыс орындарына 45 адамға республикалық бюджеттен 7 миллион 854 мың теңге жоспарланған. Соның 7 миллион 333 мың теңгесі игеріліп, 51 азаматқа аудандағы 17 кәсіпкерге жұмысқа орналасуға жолдама берілді. Ауданда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 100 адамға 17 миллион 864 мың теңге бөлінген, Соның 13 миллион 536 мың теңгесі игеріліп, жұмыссыз 123 азаматқа жолдама берілді. Оның 50-інің мерзімді уақыты аяқталды. Оның ішінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 31 білімгер оқуларын аяқтаған. Олардың 11-і тұрақты және 11-і «Жастар тәжірбиесі» бағдарламасы аясында жұмысқа тартылған. Ал, жұмыска орналаспаған 9 адамның белгілі себептері болып тұр. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2011-ші жылы менеджмент мамандығы бойынша оқуға жіберілген 5 адам биыл оқуын аяқтап, мамандық алып оралған. Олардың 4-еуі «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында жұмысқа тартылып отыр. Міне, Елбасының жұмыссыздықты жою туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығында осындай айтарлықтай игі істер бар. Бұл бағыттағы істің қарқыны бәсеңдемейтіндігіне сенейік. 2013-ші жылдың мамырында облыс әкімдігі, «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС және тайвандық «Nano Wіn Technology» компаниясы арасында күн энергетикасын дамыту бойынша меморандумға қол қойылды. Биыл бұл инвестор облыстық әкімдіктің қолдауымен қуаты 5 Мвт-ты құрайтын күн электр стансасын іске қосуды жоспарлап отыр. Аталған жұмыстардың қорытындысы арқылы инвестор облыста осы бағытта жұмыс істеудің басымдықтары мен тәуекелдерін анықтайтын болады. Бірінші кезеңдегі инвестиция көлемі шамамен 10 миллион АҚШ долларын құрайтын болады. Алғашқы кезеңді жүзеге асыру барысында инвестор СІGS технологиясы негізінде жұқа пленкалы фотоэлектрлік панельдер шығаратын зауыт құрылысын жүргізуді көздеп отыр. Бұл жобаның жалпы құны, шамамен, 160 миллион АҚШ долларына тең. Облыс әкімдігі және инвестордың бірлескен жоспары бойынша, 20 Мвт дейінгі күн электр стансаларының келесі жобалары аталған зауыт өнімдерімен қамтамасыз етілетін болады. Демек, импорттық панельдерді емес, өзіміздің өнімді пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруге жол ашылады. «Жамбыл гидроэнерго» ЖШС облыстағы маңдайалды мамандандырылған кәсіпорын. Ол инвесторға ұйымдастыру жұмыстары және техникалық мәселелер жөнінен көмек көрсетпек. Атап айтқанда, облыстың атқарушы органдарымен бірлесіп инвесторға күн электр стансаларының құрылысын жүргізуге, оларды пайдалануға қажетті құжаттарды дайындауға атсалысатын болады. Қарастырылып отырған уақыттағы Қордай ауданы Отар стансасындағы күн электр стансасында өндіріліп жатқан электр энергиясының құны 1 кВт сағатқа - 23,4 теңгені құрады. Бұл әлемдегі ең төмен тарифтердің бірі болып есептеледі екен. Ал, тайвандық инвесторлардың ұсынысы одан да төмен. Олар СЮ8 технологиясы арқасында бұл тариф 22,4 теңгені құрайды деп жоспарлап отыр. Осыған қоса, СІGS технологиясы негізінде жұқа пленкалы фотоэлектрлік панельдер шығаратын зауыт іске қосылған соң КЭС паркінен жіберілетін тариф құнын да төмендету көзделуде. Өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды сараптап-саралау мақсатындағы жұмыс сапарын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 2014-ші жылдың маусымында Берікқара ауылы маңындағы сүт өңдеу, мал бордақылау кешеніндегі ауданның-шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ұйымдастырған кішігірім көрмеден бастады. Соңғы жылдары өз күштерімен шаруаларын оңдап мал өсіріп, өнім өндіріп жүрген шаруалар аз емес. Олардың бірсыпырасы Үкіметтің түрлі бағдарламалары арқылы жеңілдетілген немесе қайтарымсыз несиелер арқылы мал өсіріп, өздерін-өздері жұмыспен қамтып жатса, істерін ілгері жылжыту үшін қаржылай қолдау күтетіндері де бар. Солардың бірі Берікқара ауылындағы ағайынды Әбілдаевтардың шаруа қожалығы. Қожалық иелері бұрынғы сүт фермасының орталығындағы бұзылып кеткен кешенді сатып алып, оны өз қаражаттарымен қайта қалпына келтіру үстінде екен. «Әзірге 30 бас сиырымды саууға бел буып отырмын. Мемлекет тарапынан несие берілсе қазақтың ақ бас сиырын сатып алып, аналық басты 100-ге жеткізу ойымда бар. Сүтті цехта сақтап, оны өзіміз дайындайтын «пакетке» құйып, нарыққа шығару жоспарымызда тұр. Мал салынғалы жатқан қорада бордақыланатын болады», - деді жеке шаруашылық жетекшісі Ж.Әбілдаев. К.Көкірекбаев одан сүт кешені іске қосылғанда қанша адамның жұмысқа тартылатынын сұрастырды. Ж.Әбілдаев он шақты адамды жұмысқа тартатынын жеткізді. «Кәсібін ашамын деген ауыл еңбеккерлеріне мемлекет тарапынан берілетін субсидия жыл сайын өсіп келеді», - деді облыс әкімі. Одан әрі әкім Аққұм ауылындағы «Төлебаев» және «Сейсенбай» асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтарының жұмыстарымен танысты. Шаруашылықтар 102 түйе, 120 мүйізді ірі қара, 1200 қой, 380 жылқы өсіріп отыр. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 30 миллион теңгеге 6 бұқа, 130 мүйізді ірі қара сатып алыныпты. Негізгі бағыты ет өндіру. 12 отбасы еңбек етеді. «Мал басын көбейтіп, оны базарға етке шығарып сатып қана қоймай, өнімін өндіріп, табыс кезіне айналдыру қажет. Мысалы, шұбат, қымыз өндіріп, неге базарға шығарып, сатпасқа?», - деді Кәрім Нәсбекұлы. Биылдан бастап шұбат пен қымыз өндіруге де мемлекет тарапынан субсидия бөлінгенінен хабардар етті. «Ә.Сағынтаев атындағы» ЖШС директоры А.Қошанбеков облыс басшысына шаруашылықта негізінен көк сүр түсті қаракөл қойының өсірілетінін, оның өнімінің өтімді болмауынан қой басын көбейтуге мүмкіндіктің тым аз екендігін қынжыла сөз етті. Бір кездері алтынға бағаланған елтіріні әлдебір алымсақтардың бір мың теңгеге ғана сатып әкететінін, оның нақты бағасы туралы үйлестіруші маркетингтік қызметтің жоқтығын алға тартты. Оның үстіне Мойынқұм мен Аса өзені бойындағы шұрайлы жайылымдықтардың бір кездері орман шаруашылығының иелігіне етіп, сол жерді пайдаланғаны үшін мекемеге шаруашылықтың 1,2-1,3 миллион теңге қаражат жұмсайтынын, аталмыш жайылымдықты бұрынғы егелеріне қайтару қажеттігін немесе жалға ақы төлеу қаражатын азайтуды қарастырудың жолдарын іздестіруге болмас па екен деген сауалдарын қойды. Облыс басшысы облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Болат Әмірғалиевке жер пайдаланудағы осындай қиғаштықтарды реттеуге тапсырма берді. Елтірі бағасы туралы сауалға облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновадиялық дамыту басқармасының басшысы Досан Рымтаев жауап беріп, әр елтірінің нарықтағы нақты бағасының 3 мың теңге екендігінен хабардар етті. Облыс әкімі оған осы мәселемен айналысуды тапсырды. Өңір басшысы малшаруашылығы өнімдерін ұқсатудың жолдарына ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтарының басшыларының назарын аударды. «Мысалы, - деді облыс әкімі, -малайзиялық әріптестер ірі қара малын өсіруге, Израиль мемлекеті сүт өңдеу цехтарын (Тараз қаласынан төртеуін) салуға келісімге келіп отыр. Оның үстіне Үкіметтің орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламаларына сәйкес түрлі несие алып, мал өсірем, өнімін өндіремін дегендерге еш кедергі жоқ. Тек соның тиімді жолын ауылдағы әрбір тұрғынға жеткізу жағы жетіспей жатыр. Ондай кәсіппен айналысамын деушілерге облыстық бюджеттен де арнайы бағдарлама арқылы қаражат қарастырылуда». Осы сауалдарға байланысты облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиев түсінік берді. «2014-ші жылдан бастап, деді ол, - асыл тұқымды әрбір аналық бас үшін 1500 теңге субсидия беріле бастады, таяуда ол баға 2 мың теңгеге дейін көтерілмек, 18 айлыққа дейінгі асыл тұқымды тұсақ үшін субсидия көлемі 8 мың теңгеге жетті. Субсидия алу үшін шаруашылықтағы асыл тұқымды қой саны 600 басқа, қошқары 25 басқа жетуі қажет. Егер ірі қара өсіретін болса, аналық басы 30-дан кем болмауы шарт». 2014-ші жылдан бастап жайылымдықтарда қазылатын құдық құнының 80 пайызын мемлекет көтереді. Фермерлерді материалдық-техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру үшін сатып алатын техниканың, шөп шабатын машинаның, басқа да қажетті техниканың 50 пайыздық шығынын да мемлекет көтермек. А.Нұралиев одан басқа майлы дақылдар өсірушілер үшін де субсидия көлемінің ескендігінен хабардар етті. Басқарма басшысы Үкімет тарапынан түрлі бағдарламалар арқылы ауылшаруашылығын қаржылай қолдаудағы өзге де жаңалықтарды да жеткізді. - «Көріп отырсыздар, Елбасының тапсырмасымен ауылды қайта жаңғырту үшін барлық мүмкіндіктер жасалынуда. Сол бағдарламаларды әрбір адамға жеткізіп, кәсіпкерлікке баулу аудан, ауыл әкімдерінің басты міндеті. Алда қолжетімді несие бағдарламасы үшін облыстық бюджеттен 1,2-1,3 миллиард теңге қарастырып, тұрмысы төмен әрбір отбасының мал алуын несиелендірудің жолдарын қарастырудың бағдарламасын жасаудамыз. Бірақ, несиенің негізінен ірілендірілген шаруашылықтарға лизингтік түрде ғана берілетінін де түсіндіру қажет. Осы орайда аудандағы Берікқара ауылында 15 шаруа қожалығының бірігіп, кооператив құрған қадамы құптарлық, мұны өзге ауылдарда да жалғастыру керек», - деді облыс әкімі. К.Көкірекбаев жұмыс сапарын Қаратау қаласындағы «Игілік» көп салалы кәсіпорнының тыныс-тіршілігімен танысумен жалғастырды. Кәсіпорын қаланы жылу және сумен қамтамасыз ететін іргелі мекеме. Онда 200-ден аса адам еңбек етеді. 2013-2014-ші жылғы қысқы маусымды іркіліссіз аяқтады. Мекеме басшысы Рашид Сейдалиев атқарып жатқан жұмысты қысқаша баяндады. Жалпы алғанда Үкіметтің, облыс әкімдігінің қамқорлығымен кәсіпорынға қыруар ақша бөлініп, жаңа технологиялармен жарақтандырылуда. Тек соңғы екі жыл ішінде қазандықтар күрделі жөндеуден өткізілді. Жұмыстың денін автоматтандыру қолға алынды. Үш тұрбалы құбыр түбірімен жаңадан орнатылып, өзінің төзімділігін көрсетті. Көшелердегі жылу құбырларының жаңартылуынан кейін жылу шығынын азайтуға мүмкіндік туған. Алайда, электр қуаты бағасының өсуі шығынды көбейтуге айтарлықтай ықпал етуде. Өңір басшысы одан шығудың жолын сұрастырды. Мысалы, Жаңатас қаласындағы жылыту орталығына «Казфосфат» ЖШС арқылы сағатына электр қуаты 10 теңге де, Талас ауданына 12 теңгеден босатылады екен. Облыс әкімі бұл мәселені «Қазфосфат» ЖШС-ның басшыларымен бірлесе отырып, шешуді тапсырды. Одан кейін облыс әкімі Қаратау қаласындағы Ақшораев көшесіндегі күрделі жөндеуден өткен 120 пәтерлік тұрғын үйді көріп, ондағы жұмыстарға көңілі толғандығын жеткізді.

- Осындай бір үй салу үшін кемі 600-700 миллион теңге қаражат жұмсалар еді, бұған барлығы 340 миллион теңге ғана қаражат кетті, - деді облыс әкімі. Одан әрі Қаратау қаласындағы тұрғын үй кезегінің хал-ахуалы туралы сұрады. «Бүгінгі күнге дейін 734 адам үй кезегінде тұр, мемлекеттік қабылдау актісінен кейін осы үйді берсек, соның 120-сы пәтерлі болмақ», - деді Қаратау қаласының әкімі Қ.Махашев. Облыс әкімі бос тұрған үйлерді жөндеп, пайдалануға беруді жалғастыру қажеттігін ескертті. Өкінішке қарай, апатты жағдайда тұрған үйлерге құжаттар толық жасалынбай қалған көрінеді, мұны да дереу түзеп «Моноқалаларды қайта жаңғыртудың бағдарламасына» енгізген жөн деді. Сапар барысында облыс әкімі «Игілік» көпсалалы кәсіпорнының су жинайтын орталығында болып, оның жұмысымен танысты. Моноқалалардың инфрақұрылымын қайта жаңғырту бағдарламасына сәйкес ауызсу мен кәріз жүйелерін жаңғыртуға қыруар қаржы бөлінгені мәлім. «Қазіргі жағдайда Көктал бағытынан келетін суды тұрғындар ауласын суландырғандықтан жетімсіз. Ал, 25 бұлақтан келетін су қаладағы көпқабатты үйлерді тәулік бойы қамтамасыз етуге жетпейді, әрі қысымы төмен. Тамды ауылының маңынан 4 жерден жерасты суын пайдалану үшін құбырлы құдықты бұрғылау жұмысын тездетпесе болмайды. Аталмыш мәселе туралы «Тараз құбыры» ЖШС бас директорының орынбасары О.Пак түсінік берді. Оның айтуынша қаланы ауызсумен қамтамасыз ету үшін 50 шақырым арық қазылып, құбыр төселген. Қала маңында құрылысқа қажетті құрылыс материалдары Аса ауылынан тасымалдануда. Оның үстіне өңірдегі жер қыртысының тастақты болуынан терең құбырлы құдық қазатын техникамыз шыдас бермеуде», - деді Р.Сейдалиев. Облыс әкімі кәсіпорын жетекшісіне бұл жұмысты жеделдету керектігін қатаң ескертті. Дәл осы су мәселесі тек Қаратау қаласының ғана түйткілі емес. Оның себебі -өңіріміздегі шаруашылықтар пайдаланатын судың бізге қырғыз жерінен жетуінде болып тұр. Былайынша, Шу мен Талас өзендері қазақ пен қырғызға ортақ. Бірақ етектегі елдің судан тапшылық көріп қалатын кездері аз емес. 2014-ші жылғы жағдайды баян етер болсақ, тек Қордай ауданында 45 мың гектардан астам алқап кенезесі кеуіп, онда орналастырылған әртүрлі ауылшаруашылығы дақылдары қурап кетудің аз алдында тұрды. Осы жайды келелі кеңеспен шешпек болған облыс басшылығы Қордай ауылында қырғыз ағайындардың осы салаға жауапты қызметкерлерімен бас қосты. Кездесуде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қол қойылған келісімге қарамастан су басында отырған ағайындардың қазақстандық шаруаларды шөміштен қағып отырғанын айтты. Осыған дейін Алматыда Орта Азиядағы 5 мемлекет өкілдерінің арасында мемлекетаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша кездесу өткен. Онда сушылар мемлекеттердің суды бір-біріне залал келтірмей пайдалануына келіскен. Соған қарамастан қырғыз тарапы келісімді бұзып отыр. Кәрім Нәсбекұлы осы жайды ағайынгершілік мәмілемен шешуге ұсыныс жасады. «1983 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес Қазақстан Шу өзені суының 42 пайызын алуы керек еді. Бұл секундына 43 текше метр су. Соңғы жылдары судың аздығынан біз 34 текше метрлік көлемге де келіскенбіз. Дегенмен, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 20-ға да жетпей, секундына 15-16 текше метр ғана болып отыр. Бұл біздің қажеттілігімізді жарым-жартылай да өтемейді», - деді К.Көкірекбаев. Осы кездесуге қатысқан Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы Ислам Әбішев бұл мәселенің бір емес, бірнеше рет талқыланғанын, соған қарамастан қырғыз жағы әділетсіздік жасап отырғанын қынжыла айтты. Республиканың бас сушысы әрбір мысалын дәйекті дәлелдермен келтіріп, бізге кем дегенде секундына 25 текше метр су керек екенін түсіндірді. Әрине, қырғыз жағы да уәж айтпай қалған жоқ. «Қазір су тапшылығы бізді де қысып отыр. Сондықтан өз шаруаларымыздың да өтініштерін қанағаттандыру керек қой. Біз мүмкіндікті қарастыруға тырысайық», - деді Қырғыз Республикасы Шу облысының губернаторы Қанатбек Исаев.

- «Қазір еңбегі еш кеткелі отырған шаруалар қатты қынжылып отыр. Әркімнің көйлегі денесіне жақын екені белгілі. Дегенмен, көршінің көңілін де қалдырмауды ойлағандарыңыз жөн болар еді», - деп, түсіністікке тарта сөйледі Кәрім Нәсбекұлы. Ол, тіпті, Өзбекстаннан алған газды қазақтар тарапының жолдан жырымдамай тең бөлісіп отырғанын да тілге тиек етті. Қырғыз Республикасы Ауыл және су шаруашылығы министрлігі су шаруашылығы және мелиорация жөніндегі департаментінің Бас директоры Кокумбек Таштаналиев алдағы уақытта су қоры көбейіп жатқан жағдайда беріліп жатқан су көлемін көбейтеміз дегенді айтты. Бірақ, қашан, қанша және қай уақытта екенін анықтап айтпады. Тек Кәрім Нәсбекұлы; «Бізге қанша су және қай уақыттан бастап беретініңізді анық айтыңыз», - деп нақтылауды талап еткеннен кейін ғана, «5-6 күннен кейін» дегендей болды. «Бізге 5-6 күннен кейін беретін суыңыздан пайда жоқ. Ол кезде алқаптар күйіп кетеді. Мұны сіз маман ретінде жақсы білесіз. Сондықтан уақытты созбағаныңыз жөн», - деп мәмілеге шақыра сөйледі Ислам Әбішев. Арасында су мамандарының нақты деректермен дәлелді түсіндірулерінен кейін екі жақ келісімге келді. Сонымен Жамбыл облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Шу облысындағы Үкімет өкілдігінің бірлескен отырысы Қазақстан Республикасы Су ресурстары комитетінің төрағасы және Қырғыз Республикасы Су шаруашылығы және мелиорация жөніндегі департаменті директорының қатысуымен 2014-ші жылғы ылғалдандыру кезеңінде Шу өзені бассейнінің суын мемлекетаралық бөлу жөніндегі мәселені қарап, арнайы құрылған жұмыс комиссиясы арқылы жұмыс жүргізуге келісті. Ендігі жерде қырғыз жағы тездетіп су беру мөлшерін едәуір арттыратын болды. Атап айтқанда, Шу өзені бойынша секундына 19, Талас өзені бойынша (Меркі бағытында) 1 текше метр су берілмек. Бұл кенезесі кеуіп жатқан алқаптардағы дақылды аман алып қалуға игі әсерін тигізбек. Ағын су қат болып тұрған кезеңде облыс басшылығының айыр қалпақты ағайындармен осындай келісімге келуі саладағы үлкен жетістік деп бағалауға лайық.

Елімізде жүргізіліп жатқан институционалдық-заңдық негіздегі оң өзгерістердің кіші және орта бизнесті де айналып өтпейтіндігі белгілі. Ендігі жерде аталған саладағы шенеуніктер тарапынан болуы мүмкін кедергілер барынша азайтылмақ. Себебі, дамыған елдердегі ұстаным солай. Мәселен, Сингапурде жеке кәсіпорын ашу үшін электронды поштамен арыз жазу ғана жеткілікті болса, Германияда үкіметтің қолдауы нәтижесінде елдің ЖІӨ-нің (жаппы ішкі өнімінің) 50%-дан астамын өндіруші кіші және орта бизнес саласының өкілдері өз өнімдерінің басым бөлігін дүниежүзінің ең ірі 20 нарығына өткереді екен [39]. Осы үрдісті өңіріміздегі басымдылықтардың бірі десек, осы тұрғыдағы іс-шаралар Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы тарапынан жүргізіліп, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының 4-ші бағыты аясында бизнеске сервистік қолдау көрсетуді бастады. Ол жеті бағыт бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ, статистикалық есеп беруді жасауға байланысты қызметтер, кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық үдеріске консультация беру және толық сүйемелдеу, заң қызметтерін көрсету, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында консультациялар беру, мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бұл қызмет түрлерінің барлығы тегін көрсетілетін болады. 0блыс аудандарындағы шағын және орта бизнес өкілдерін осы сервистік қолдау шараларынен ақпараттандыру мақсатында құрамында кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, қаржы институттары мен банк саласының мамандары бар үгіт-насихат топтары аудандарға аттанды. Нақтылы кезеңде әр ауданда кемінде 15 адамнан құралған жұмысшы топтар қызмет атқаруда. Олар жыл соңына дейін барлық елді мекендерді аралап 500 кәсіпкерлік субъектіге сервистік қолдау қызметтерін көрсетпек. Бұл мақсатқа 79 миллион теңге қаржы қарастырылған. Жоғарыда аталған және басқа да атап айтқанда, тігін және тоқыма өндірістеріне серпін беру мақсатында Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы жергілікті тігін және тоқыма өнеркәсібі өкілдері мен олардың қытайлық әріптестерінің кездесуін өткізді. Қытай Еуразиялық құрлықта тоқыма және тігін өнеркәсібінде қол жетімді және сапалы өнім өндіру бойынша көш басында келеді. Ал Шыңжаң осындай өндіріс орындары мол шоғырланған аудан. Қытайдың ШҰАА киім қауымдастығы осы өндірістегі заңды тұлға болып табылады. Осы қауымдастықтың өкілдері Таразға киім өндірісінің ахуалымен танысу және осы саланың өркендеуіне атсалысу үшін келді. Қытайлық кәсіпкерлердің бірлесіп жұмыс істеудегі жоспары көп. Олар біздегі әріптестермен бірге бірнеше тігін фабрикасын салуды, сөйтіп мыңдаған тараздықтарды жұмысқа тартуды көздеуде. Тігін және тоқыма өнеркәсібі өркендесе облыс өнеркәсібі жаңа қуатты жабдықтармен толығары сөзсіз, Шыңжаң бизнесмендері төсек жабдықтары және сүлгіден бастап қазақтың ұлттық киімдерін және, сондай-ақ, арнайы жұмыс киімдерін тігетін болады. Бұл үлкен жоба жүзеге асырылатын болса, Тараз еліміздегі тігін өнеркәсібінің орталығына айналады. Тараздағы тігін өндірісінің айтулы өкілдері «Асыл-Дизайн» ЖШС директоры Айдархан Қалиев, «Набоко» шеберханасы жетекшісі Ирина Набоко және «Айвенго» ЖШС директоры Любовь Попова өздерінің қытайлық әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді. Олар, сондай-ақ, өздерінің қатал шарттарын да қойды. Өндіріс орындарындағы жұмысшылардың басым көпшілігі Тараздың тұрғындары болуы тиіс. Ирина Набоко өз сөзінде Тараздың кезінде тігін фабрикаларымен атағы шыққандығын ерекше атап өтті. Бірлескен кәсіпорындардың аяғынан тік тұрып кетуі үшін арнайы оқу бағдарламасын ұйымдастыру қажет. Осы және басқа да мәселелер туралы тартысты өткен әңгімеден кейін өзара тиімді ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 2014-ші жылдың 16 шілдесінде Астана қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Назарбаев орталығы» Тұңғыш Президент кітапханасында Үкіметтің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмысы туралы есебі тыңдалды. Шара аясында бірқатар Үкімет мүшелері өз жұмыстарының нәтижелерін баяндап, өңірлермен телекөпір ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы алдымен ғимарат ішіне орналастырылған отандық өнім шығаратын индустриялық-инновациялық бағдарламалар аясында жұмыс атқарып жатқан үздік кәсіпорындар көрмесімен танысты. Оны Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған топ (жоба жетекшілері) Елбасыға егжей-тегжейлі баяндап, түсіндіріп шықты. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Индустрияландыру картасы аясында 21 жоба пайдалануға беріліп, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылған. Ал, екінші жартыжылдықта шамамен 100 жоба іске қосылып, тағы 8 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2014-жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелерін шығару барысында ұйымдастырылған телекөпір арқылы еліміздің бірқатар аймағындағы аталмыш бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатқан жаңа кәсіпорындар мен білім және мәдениет нысандарының ашылуына рұқсатын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Олардың қатарында Талас ауданы, Қаратау қаласы қасында орналасқан «Таlas Іnvestment Company» ЖШС-ның натрий цианидін өндіретін химиялық зауыты да бар. Кәсіпорынның Бас директоры Бақтияр Алдашовтың айтуынша, зауыт жылына 15 мың тонна химиялық реагент өндіреді. Бұл өнімді алтын өндіруші кәсіпорындар тұтынатын болады. Сонымен қатар, натрий цианидін өндіру барысында шыққан қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы сульфат аммоний алынбақ. Бұл өнімнің көлемі жылына кем дегенде 5 мың тоннаны кұрайды. Оны жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері пайдаланады. «Еліміз енді химиялық реагент импортына тәуелді болмайды. Керісінше, экспортқа шығаруға қуатымыз бар. Зауытта автоматтандырудың ең жоғары желісі енгізілген. Барлық жұмыстың қауіпсіздігіне компьютерлік мониторинг жүргізіледі. Мұнда 500 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Зауытты іске қосуға рұқсат беруіңізді сұраймын», -деді Б.Алдашов телекөпірмен байланыстағы Елбасының алдында сөйлеген сөзінде. Жаңа зауытғың жұмысына сәттілік тілеген Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бүл Қазақстанға өте қажет зауыт. Еліміздің химия өнеркәсібіндегі тұңғыш кәсіпорын, ол жаңа тауар шығаратын болады. Мемлекет еліміздің оңтүстігінде өндірісті өркендетуге үлкен күш салып жатыр. Ел халқының көпшілігі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Бұл аймақтарда жұмыссыздық та басым. Жыл сайын еңбекке келетін жастардың саны да көп. Сондықтан, біз Жамбыл облысында химиялық өнеркәсіпті одан әрі дамытуға күш салатын боламыз. Өйткені, бұл өңірде фосфорит кен орны бар. Соның арқасында осындай зауыттардың салынуы өте қажет», - деді. Айта кетейік, натрий цианидін өндіретін химиялық зауыт еліміздегі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған бірегей жоба. Кәсіпорын құрылысы 2012-жылы басталған болатын. Жалпы, жұмсалған инвестиция көлемі 12,9 мидлиард теңгені кұрайды. Мамандардың айтуынша, бүгінде өндірісте натрий цианидіне деген сұраныс өте жоғары. Бұл кәсіпорынның болашағы зор екендігін көрсетсе керек. Осылай, Елбасы ашылуына рұқсат беріп, сәттілік тілеген «Таlas Іnvestment Company» ЖШС-нын меншігіндегі натрий цианидін өндіретін кәсіпорында облыс әкімі К.Көкірекбаев та болды. Аса қымбат бағалы өнім өндіретін зауыт құрылысының 95 пайызы аяқталған. «Алайда зауытқа қажетті техникалық судың жеткізілмеуі басты қолбайлау болып отыр», - деді кәсіпорынның Бас директоры Б.Алдашов облыс басшысына. Сол жерде облыс әкімі аталмыш жұмысты атқарын жатқан «Темірстройсервис» ЖШС Бас директорының орынбасары Т.Қарағойшинге зауытты техникалық сумен қамтамасыз ететін канал жұмысын тез арада сапалы аяқтауды қатаң тапсырды. Облыс әкімі цианид зауытының мәжіліс залында кеңес өткізіп, сала басшыларын Индустриялық-инновациялық бағдарламаның нақты жүзеге асуы үшін табандылық, біліктілік көрсетуге шақырды. Бұдан соң Ақкөл ауылына ат басын бұрған өңір басшысы бұрынғы аудандық аурухананың ғимаратында болды. «Мұнда ауыр науқастар үшін ауданаралық оңалту орталығын ашсақ па деген ойымыз бар», - деді аудандық аурухананың Бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев. «Бұл мәселе біраздан бері көтеріліп келеді. Ғимарат осы мақсатта пайдалануға лайық. Жоғарыда айтылғандай науқастарды қабылдауға толық мүкіндік бар әрі жаңа жұмыс орындары ашылар еді», - деді әңгімеге араласқан облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық дамыту басқармасының басшысы. «Шынында да, ғимарат анау айтқандай көп шығынды қажет етпейді екен. Ойларыңыз дұрыс», - деген Кәрім Нәсбекұлы осы салаға қатысты басшыларға аталмыш мәселені жан-жақты зерделеу қажеттігін нықтап тапсырды. Жалпы алғанда, облыс басшысы К.Көкірекбаев аудандағы істің мән-жайына қанығып, басталған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу үшін еңбек ету керек екендігін айтып, нақты тапсырмалар берді. Аймақтық даму және адам капиталы бағдарламасының аясында елімізде 119 аудан мен 18 шағын қалаға жаңа даму серпіні беріледі. Өңірлерде 829 жаңа өндіріс орны ашылып, 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Жалпы, бірқатар аймақтарда өңдеуші өнеркәсіптер саны артты. Мысалы, қайта өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі Жамбыл облысында 26,6 пайызға артып отыр. Үш жылда жеткен нәтиже, өңірлердің, ұлттық компаниялардың менеджменті қаншалықты тиімді жұмыс істегенін және отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қаншалықты қабілетті екендігін көрсетті. Экономиканы дамытудың маңызды факторларының бірі еңбек өнімділігі. Өткен жылы, өңдеуші өнеркәсіптегі өнімділік 2008-ші жылмен салыстырғанда 1,4 есе өскен. Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған жобалар есебінен 40 900 тұрақты жұмыс орны ашылды. Аймақ экономикасын алға сүйреген мұндай кәсіпорындар бізде де баршылық. Меркілік «Алкопищепром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылдан бастап нарықта үлкен сұранысқа ие болған жеміс пен көкөніс шырыны, джем секілді консерві өнімдерін өндіруді қолға алды. Сол үшін Болгариядан жеміс-көкөністерді консервілейтін арнайы құрылғы алдырылған. Құны 300 миллион теңгені құрайтын алып жоба іске асырылып, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жылына 4,5 миллион банкі консерві өнімі өткерілмек. Полиэтилен құбырларын шығаратын «Тараз құбыр зауытын» да осы санатқа жатқызуға болады. Мұнда құны 2 424 миллион теңгелік зауыттың құрылысы жүргізіліп, 20 адам еңбекке тартылды. Кәсіпорында жыл бойына 3,5 мың құбыр алыс-жақын аймақтарға тапсырыспен жөнелтіледі. 2014-ші жылы облыста инфрақұрылымды дамытуда үлкен әрі нақты қадамдар жасалды. Атап айтсақ, Т. Рысқұлов ауданының Қарақыстақ және Шу ауданының Тасөткел ауылдарында қос бірдей су электр стансасы пайдалануға берілді. «Қарақыстақ» су электр стансасының қуаты 2,1 мегаватты құрайды. Кәсіпорын 10 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр. Мамандардың- айтуынша, жалпы құны 1 миллиард 28 миллион теңге болатын ГЭС толық қуатында жұмыс істесе, ауданның 25 пайызын электр қуатымен еркін қамти алады. Инвесторы «ЭнергоСтройПроект» ЖШС. Биыл тұсауын кескен келесі «жасыл» нысан «Тасөткел» су электр стансасы. Оның қуаттылығы 9,2 мегаватт. Тасөткелдегі жобаны жүзеге асыру үшін 1 миллиард 50 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл әрі бюджет қаржысын үнемдеуге әрі өңірдегі энергия тапшылығын шешуге мүмкіндік беріп отыр. Жоспар бойынша, нысан жылына 45 миллион киловатт сағат электр энергиясын өндіреді. Қуат көзін жергілікті компаниялар пайдаланатын болады. Бұл жобаның артықшылығы сол, қыс мезгілінде судың екпіні артады. Бұл уақытта қуат көзіне деген сұраныс та жоғарылайтыны белгілі. Негізі, биыл су қоймасына 500 миллион текше метр су толтырылмақ. Алайда, ГЭС үнемі толық қуатында жұмыс істеп тұруы үшін бұл су аздық етеді. Сондықтан Қытайдан судың қуаттылығын арттыратын жаңа қондырғы алдырылған. 2015 жылға дейін облыста «жасыл» электр стансаларының іске қосылу нәтижесінде, жиынтық қуаты 195 мегаватт энергия өндірілетін болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, баламалы энергия көздері уақыт өте келе аймақтағы электр энергиясы тапшылығының 40 пайызын жабатын болады. Индустрияландыру аясында инновациялық тың дүниелер жасайтын талай кәсіпорын іске қосылды. Соның бірі «Энерджи-Тараз» серіктестігінің жарық диодты шамдар шығаратын зауыты. Жобаның жалпы құны 129,6 миллион теңге. Жалпы, мұндай электр бұйымдарын өндіретін өндіріс орындары Қазақстанда санаулы ғана. Жарық диод электр тоғын өткізген кезде белгілі бір түсті сәулені шығаратын жартылай өткізгіш аспап. Шығарылатын сәуленің спектрлік сипаттамалары жартылай өткізгіште қолданылған химиялық құрамға байланысты болып келеді. Жарық диод дәстүрлі жарық кездеріне мүлдем ұқсамайды, оның ішінде, газ бен қыздыру жібі болмайды, оның сынғыш шыны сауыты және жылжып кету қаупіне ие бөлшектері жоқ. Табиғи, қауіпсіз өнім, өйткені, құрамында сынап жоқ. Мамандардың пікірінше, 2025-ші жылға қарай жарық диодтар тұрғын үй және кеңселерде ең кең тараған жарықтандырушы аспаптарға айналмақ. Қазіргі таңда жарық диодты шам шығаратын цехта бас-аяғы 20 адам еңбек етеді. Мұнда жарық диодты шамдардың үш түрі өндіріліп, жылына 5 мың шам сатылымға шығуда. Тағы бір елде жоқ ерекше дүниені қолға алған кәсіпорын «Құрылыс-Полимер» ЖШС. Полимерден құрылыс материалдарын өндіретін зауытты салуға 1 миллиард 776 миллион теңге жұмсалған. Мұнда 270 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын өндірген өнім еліміздің және шетелдердің құрылыс индустриясына, ауылшаруашылығында кеңінен қолданылатын болады. Өндірісте 16 жаңа желі жұмыс істейді. Мұнда ТМД аумағында өндірілмейтін бірқатар тауарлар шығарылады. Мәселен, армирленген пленка тек қана Оңтүстік Кореяда және Чехияда шығарылады. Ал, автомобиль жолдары құрылысына қолданылатын дәнекерлейтін геоторлар әлемде бірінші рет осында өндірілуде. «Құрылыс-Полимер» серіктестігі директоры Марк Векслердің айтуынша, жол құрылысын жүргізу кезінде осы технологияны қолдану шығынды 20 пайызға азайтады екен. Зауыт шығаратын өнім құрылыста қымбат металл, ағаш, темірбетон, шағал, цемент, асфальтбетонды алмастырады. Сондай-ақ, облысымызда глифосфат өндіретін, құны 39 миллиард 540 миллион теңгені құрайтын алып зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында 300 адам еңбекпен қамтылын, жылына 10 мың тонна өнім шетел аспақ. Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында өңірлік және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты ел экономикасы мен қаржы саласындағы ахуал қаралды. Мемлекет басшысы халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз құбылыстар 2007-2009-шы жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары екеніне тоқталды. «Дағдарыстың көрінісі еліміздің экспорттық тауарларының, әсіресе, соңғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға және тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз», -деді Елбасы. Кеңесте Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов өткен жылдың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы баяндады. «2014-жылы Қазақстан экономикасының беріктігі едәуір нығайды. Елдің алтын-валюта резерві 102 миллиард долларға жетті, соның ішінде Ұлттық қор 73 миллиард долларға дейін есті. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырумен бірге алғанда, бүл 2015-жылға арналған экономикалық саясатты сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті», - деді Қ.Келімбетов. Иә, Бас банкирдің ниеті дұрыс та болған шығар, бірақ дүниежүзілік дағдарыстың салқыны көршілерімізбен қоса бізді де айналып өтпей теңге бағамының еріксіз еңіс тартуына жол берілгені бүгінде баршамызға белгілі. Нәтижесінде, экономикамыз шатқаяқтап, қоғам өмірінде келеңсіз құбылыстар көбейе түскен еді. Осындай орашолақтықты ауыздықтау мақсатында қабылданған іс-шаралар тұрғысында ой қорытқан Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы - ел өмірінің ең нақты индикаторы болып табылады», - деген болатын [40], Сондықтан да, экономикалық тұрақсыздық жағдайында қарапайым халықтың жапа шекпеуін қамтамасыз ету қажет екендігін естен шығармаған облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорына қарасты «ТЗК «Тараз» ЖШС-ы азық-түлік тиелген автокеруендерді аудандарға аттандырды. Облыстың он ауданын түгел қамтитын бұл керуеннің алғашқы легі Меркіге табан тіреді. Оны облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов пен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Шамсат Исабеков бастап барды. Жалпы, бұл игілікті шараның басты мақсаты - облыс жұртшылығын ел Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және оның бағасын тұрақтандыруда нарыққа барынша ықпал жасау. Бастысы, бұл жәрмеңкеде сатылатын өнімдер базар бағасынан анағұрлым арзан болмақ. Жәрмеңкелер төмендегі тізім бойынша өткізілетін болады: Меркі - 17 қаңтар, Қордай - 18 қаңтар, Мойынқұм - 24 қаңтар, Шу - 25 қаңтар, Т.Рысқүлов - 31 қаңтар, Байзақ - 1 ақпан, Жамбыл - 7 ақпан, Жуалы - 8 ақпан, Талас - 14 ақпан, Сарысу - 15 ақпан. Кесте бойынша қимылдаған «Керуен-2015-тің» Мойынқұм ауданына келген сәтіне мән бере отырып, өткізілген жәрмеңкеде мойынқұмдықтардың базар бағасынан анағұрлым төмен өнімдерге қарық болғандығын айтуымызға болады. Жәрмеңкеге келушілер үн, қартоп, пияз, қант, сұйық май, шай, күріш, қызылша, тағы басқа барлығы 17 түрлі арзан азық-түлік өнімдеріне қол жеткізді. Жәрмеңкеде 20 тоннадан үн, картоп, пияз, 10 тонна қант, 5 тоннадан сәбіз, сұйық май тағы басқа күнделікті тұтынатын, барлығы 130 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері 80 пайызға жуық сатылды. Жәрмеңкеге аудан орталығынан басқа көршілес ауылдардан да келіп, сауда жасағандар көп болды. Облыс әкімдігінің 2015-ші жылдың 29 қаңтарындағы кезекті мәжілісінде өңіріміздің 2014-жылғы қаңтар мен желтоқсан айлары аралығындағы әлеуметтік және экономикалық дамуының қорытындысы қаралды. Облыстың жыл ішінде түрлі салаларда көрсеткен көрсеткіштері мен жіберген кемшіліктерін облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Нұрипа Нұржігітова баяндап берді. Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі өткен жылдың тоғыз айында 655,3 миллиард теңгені құрап, 2013-жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға өсті. 2014-жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының кұрылыс пен инвестициядан басқа барлық салаларында өсім байқалады. Өнеркәсіп саласында өсім – 5,7 , ауылшаруашылығы өнімінің көлемі - 2,6, шағын және орта кәсіпкерлік өнімдері - 1,3, пайдалануға берілген тұрғын үй - 0,5, халықтың орташа ақшалай табысы - 6,9, салықтар және басқа да міндетті төлемдер -1,6, үш жас пен алты жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту -3,1 пайызға артқан және қызмет көрсету саласында да көрсеткіштер ұлғайған. Керісінше, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 13, құрылыс жұмыстарының көлемі – 20,1 пайызға қысқарған. Құрылыс көлемі Тараз қаласы мен Сарысу ауданынан басқа барлық ауданда төмендеген. 2014- жылы өткен жылмен салыстырғанда инфляция деңгейі 107,5 пайызды құрады. Азық-түлік тауарлары 7,6 пайызға, өзге тауарлар 7,3 пайызға және ақылы қызметтер 7,6 пайызға қымбаттады. Жоғарыдағы еліміздегі әлеуметтік-саяси және экономикалық ахуал көрсетіп тұрғандай қаржылық қыспақ жағадан алын тұрғанда, кейбір шенеуніктердің етектен тартқан кертартпалық іс-әрекеттері тіпті де жағымсыз еді. Осы тұрғысында ел ақсақалдары, атап айтсақ, қоғам қайраткері, саясаттанушы Жандар Кәрібаев ағамыз өз сөзінде: «Қазына қаржысы ол лауазымды шенеуніктердің жеке игілігі емес. Ол - халықтың несібесі. Оның үстіне әлем елдерін дағдарыс шырмауы матап тұрған қазіргі кезеңде біздің мемлекетіміз де тиімділік тетіктерін қарастыруда. Отанға деген адалдық пен жауапкершілік болған жерде ғана біз тығырықтан жол тауып шыға аламыз», - деп ой қорытты [41]. Шындығында да, адал еңбекпен нәпақа табу бақуатты болашақтың кілті емес пе?! Оның үстіне Агроөнеркәсіп кешені бойынша мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2015-ші жылға қарай ішкі рыноктағы азық-түлік тауарлары құрылымында отандық өнімдер үлесін 80 пайызға жеткізу міндеті отандық кәсіпкерлердің белсенділігін арттыруды міндеттейтіні түсінікті [42]. Бұған Байзақ ауданының Қостөбе ауылдық округіндегі Талас ауылының тұрғыны, бұрын зейнетке шыққанға дейін құрылыс саласында жұмыс істеген, қазір осы елді мекенде сүт өңдейтін кәсіпорын ашып, бизнесін дөңгелетіп жүрген Владимир Ильич Лесняктың ілкімді ісі дәлел. В.Лесняк 2011-ші жылы ауылдағы бұрынғы қосалқы бөлшек қоймасын жалға алын, оны қайта жарақтандырып, сүт өңдейтін цехтың ғимаратына бейімдеді. «Казкоммерцбанк» банкінен 18 миллион теңге несие алып, оған Ресейден жабдық сатып әкелді. Банктен алынған несиенің 15 пайыздық өсімінің 7 пайызға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекет жауып берді. Кәсіпкер таяуда алған несиесін толық өтеген. жеке кәсіпорын округтегі елді мекендерден сүт жинап, өңдейді. Мұнда «Агали» және «Мұса» шаруа қожалықтары күнделікті 1000-400 килограмнан сүт өткізеді, Қалғандарын тұрғындардан жинайды. Цехтағы жабдық бір ауысымда 5 тонна шикізат өңдей алады. Кәсіпорын күнделікті 3 тонна сүт қабылдап, 13 түрлі өнім өндіруде. Жазда тұрғындардан 7 тоннаға дейін шикізат қабылданады. Осында шығарылатын айран, сары май, ірімшік, йогурт, құрт және брынза келісімшартпен Тараздағы, Жамбыл ауданындағы және Байзақ ауданындағы 27 балабақшаға өткеріледі. Кәсіпорында 8 адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы 50 мың теңге. Мұнда кейінгі кезде өнім сапасын жақсарту, қолжетімділігін арттыру мақсатында елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Мұның өзі нәтижесін беруде. Бұрын олар электр қуатының жеткілікті әрі тұрақты берілмеуінен елеулі қиындықтарды бастан кешірген болатын. Салдарынан жабдықтар жиі істен шығатын. 2013-жылы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 5 миллион теңгеге трансформатор орнатылды. «Лесняк» жеке кәсіпорнының директоры В.Лесняк биыл цехтың қасында жеке қазандық құрылысын қолға алмақ. Ол газбен жұмыс істейді. Қазандық іске қосылған кезде өнім өңдеу мерзімі қысқарып, өнімнің өзіндік құны едәуір арзандайды. Тұтынушыларға қолжетімді өнім ұсынылады. Владимир Ильич таяуда өндірілген өнімді тетрапакетке құятын қондырғы алып келгенін қуана айтты. Мұның өзі өнімнің сақталу мерзімін ұзартады. Осындай шараларды жүзеге асыру мұнда биыл тағы да үш жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. «Елімізде экономиканың локомотиві саналатын шағын және орта бизнесті өркендетуге мемлекет тарапынан орасан қолдау көрсетілуде. Осы бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар біздің аяғымыздан нық тұрып, бизнесімізді кедергісіз жүргізуімізге игі ықпалын тигізуде», - дейді В.Лесняк. 2015-ші жылдың 20 сәуірінде өткізілген облыстық аппарат кеңесінде өңір бюджетінің биылғы бірінші тоқсандағы орындалуы, салық түсімінің көрсеткіші және қызметі тоқтатылған заңды тұлғаларды әділет органдарынан тіркеуден шығару бойынша атқарылған жұмыстар кеңіңен сөз болды. Бірінші мәселе бойынша облыс әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары Б.Әкек хабарлама жасады. Оның айтуынша, кіріс жоспары 41 миллиард 157,8 миллион теңге болса, ол 42 миллиард 96,1 миллион теңгеге, яғни, 102,3 пайызға артығынан орындалған. Сондай-ақ, меншікті кірістер де 949 миллион теңгеге немесе 111 пайызға артығымен орындалып отыр. Ал шығыс қаражатының 1 миллиард 394 миллион теңгесі игерілмеген. Жалпы, облыс бойынша қаржыны игеру көрсеткіші өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,4 пайызға артқан. «Жергілікті бюджет қаражатының игерілуі бойынша мынадай көрсеткіштер қалыптасты: Байзақ ауданы бойынша - 99,5, Меркі ауданы бойынша - 99,3, Шу ауданы бойынша - 99, Жуалы ауданы бойынша - 98,7, Қордай ауданы бойынша - 98,6, Жамбыл ауданы бойынша - 98,3, Талас ауданы бойынша - 94,6, Т.Рысқұлов ауданы бойынша - 94,4, Тараз қаласы бойынша - 94,3, Мойынқұм ауданы бойынша – 93,7, Сарысу ауданы бойынша - 93,4 пайыз» деген басқарма басшысының орынбасары олардың ең көп қаражатты игермей отырғандарына тоқталды. Атап айтқанда, Тараз қаласы - 298,4 миллион теңге, Талас ауданы - 89,1 миллион, Т.Рысқұлов ауданы - 80,7 миллион, Сарысу ауданы - 77,1 миллион және Мойынқұм ауданы - 61,6 миллион теңге қаржыны игермеген. Сондай-ақ, облыстық бюджеттің қомақты сомасын игермей отырған энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық дамыту басқармаларын да атап көрсетті. 0блыс басшысы К.Көкірекбаев аталған аудандар әкімдері мен басқарма басшыларынан қаржы игеруде жіберіп отырған олқылықтарының себебін жеке-жеке сұрап шықты. Ал облыс бюджетіне түскен салықтың есебі туралы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А. Тынысбеков әңгімеледі. «2015-ші жылдың І жартыжылдығына мемлекеттік бюджетке жоспарланған 12,7 миллиард теңге орнына 13,9 миллиард теңге түсіп, жоспар 109,6 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде, республикалық бюджет түсімі – 106,5 пайыз, ал жергілікті бюджет түсімі 111 пайызды құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бюджетке 470,2 миллион теңге артық түсіп отыр. Дей тұрғанмен, бірқатар аудандар, атап айтқанда, Шу ауданы - 143,1 миллион, Жамбыл ауданы 11,0 миллион теңге тиісті түсімді орындамаған. Мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған мониторингке сүйенетін болсақ, облыс аумағында жұмыс істеп, алайда, өзге өңірде тіркелген мердігер компаниялардың салықтық түсімі облыс бюджетіне түспеуде. Соның салдарынан облыс біршама қаражаттан қағылып отыр», - деген Асқар Станиславұлы нақты мысалдар келтірді. Жалпы, мемлекеттік кірістерге қарасты барлық мәліметті жіпке тізгендей етіп баяндаған ол нақтылы кезеңде барлық мекеменің салыққа қарызын да түгендеп шықты. Әсіресе, жерді өз мақсатында пайдаланбаудан салық түсімі кеміп отырғанын атап көрсетті. Мысалы, тексеру барысында 20 салық төлеуші өздеріне қарасты жерді автотұрақ ретінде пайдаланып келгені мәлім болған. Алайда, олар өз мақсатында қолданбаған жерлері үшін тиісті 10 АЕК көлеміндегі салықты төлемей келеді. Оларға тиісті жаза қолдану мемлекеттік кірістер департаментінің құзыретіне жатпағандықтан, нақты ешқандай шара қолдана алмауда екен. Жер, пайдалануды реттеудегі жұмыстардың ретке келмеуі салдарынан жыл сайын 5-6 миллион теңге қаражат көзден ғайып болуда. Сонымен қатар, А.Тынысбеков облыс аумағында құрықталған «көлеңкелі кәсіп» иелері мен оларға қатысты қолданылған шараларға тоқталды. Облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы А.Қырықбаев жоғарыда атап өткеніміздей, қызметі тоқтатылған заңды тұлғаларды әділет органдарынан тіркеуден шығару бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап шықты. «Коммуналдық меншіктегі жұмысын тоқтатқан заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тіркеуден шығару жұмыстары 2008-ші жылдың қаңтар айынан басталған болатын. Аталған уақыттан бері басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерімен бірқатар іс-шаралар атқарылып, жұмысын тоқтатқан 202 заңды тұлға тіркеуден шығарылды. Қазіргі уақытта таратылуға жататын 63-і қалып, түрлі себептермен бірыңғай мемлекеттік тіркеуден шығарылмай отыр. Шу, Меркі, Жуалы және Байзақ аудандары жұмысын тоқтатқан заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тіркеуден толығымен шығарды. Қалған қала, аудан әкімдіктері мен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тіркеуден шығару жұмысын тиісті деңгейде атқармай отыр. Оның ішінде, Тараз қаласында - 20, Сарысу ауданында-4, Талас ауданында-3, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарында - 2, Қордай және Мойынқұм аудандарында бір-бірден, денсаулық сақтау басқармасында - 4, ішкі саясат, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік басқармаларында - 3, білім басқармасы мен құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларында - 2, сәулет және қала құрылысы басқармасында бір ұйым тіркеуден шығарылмай отыр», - деді қаржы басқармасының басшысы. Әрине, облыс бюджетінің қомақты болуына сүбелі үлес қосып келе жатқан салалардың негізгісі химия өнеркәсібі екендігі белгілі. 2015-ші жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бір топ депутаты «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жаңа Жамбыл фосфор зауытының агломерат және №5 сары фосфор шығаратын цехтарында болып, озық технологиялардың негізінде жұмысы жолға қойылған өндіріс үдерісімен, жаңа өнім түрлерімен, кадр даярлау мәселесінің барысымен және зауыт жұмысшыларының әлеуметтік жағдайымен танысты. Бұдан кейін кәсіпорынның әкімшілік корпусында «Казфосфат» ЖШС және «Тараз химиялық паркі» еркін экономикалық аймағы негізінде химия өнеркәсібінде индустриалды инфрақұрылымды қалыптастыру мен жобаларды жүзеге асыру» тақырыбында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Оның жұмысына сенаторлар, Республика Үкіметі мен облыс әкімдігінің өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, аумақтағы химия кәсіпорындарының басшылары, мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Басқосуда «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Мүқаш Ескендіров «Казфосфат» ЖШС-ындағы инвестициялық жобалардың, ал «ЕвроХим-Удобрение» ЖШС-ның Бас директоры Дмитрий Валышев «Минералдық тыңайтқыш өндірісі бойынша химиялық зауыттардың құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асырудың жай-күйі, Елубай Орынбаев «ЕвроХим-Удобрение» ЖШС тау-кен кешенінің құрылысы туралы», «Тараз химиялық паркі» еркін экономикалық аймағының басқарма төрағасы Алмас Әбжапаров инвестициялық жобаны іске асырудың алғашқы қадамдары, «Казазот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары Тахмина Нагуманова кәсіпорын өнімдерін өткеруде орнығып отырған проблемалар туралы баяндады. Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын қорытындылаған комитет төрағасы Талғатбек Абайдилдин химия кәсіпорындары басшыларының тарапынан жиында айтылған ұсыныс, ескертпелердің құзырлы орындарға жеткізілетіндігін және Республика Парламентінің күзгі сессиясына Үкімет ұсынатын заңдар пакетінде толық көрініс табатындығын, талқылау нәтижелерінің индустриялық инфрақұрылым қалыптастыруға және химия өнеркәсібін дамытуға байланысты кешенді мәселерді іске асыруда жұмыстың тиімділігін арттыруға қызмет ететіндігін атап көрсетті. Отырыс соңында Химиктер күні мерекесіне орай өңірдегі мәслихаттардың бір топ депутаттарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы тапсырылды. 2015-ші жылдың 22-ші маусымында Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеу жариялап, онда: «Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 пайызы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мумкіндіктер туады», - деді. Әрине, ДСҰ-ға кіруіміз жалпы халық үшін тиімді болмақ. Өйткені, тауар бағасы едәуір арзандайды. Мәселен, Жамбыл облысы ДСҰ-ға мүшелікке бізден бұрын өткен Қырғыз елімен көрші орналасқандықтан, олардың және олардан да бұрын ДСҰ-ға өткен Қытайдың арзан азық-түлігі мен киім-кешегі біздің нарыққа қарай ағылары сөзсіз. Осы орайда көрші ағайындарымыздың ДСҰ-ға мүше бола отырып, тек Қытай тауарларына телмірмегеніне де мән беруге болады. Айтар болсақ, қырғыз экономикасының қомақты бөлігін құрап отырған жеңіл өнеркәсіп саласында - 200 мың тігін шеберханасы тауар өндірушілер қатарында екендігін білдік. Ал, біздің елімізде 800 мыңнан аса кіші және орта бизнесте 2,4 млн. қазақстандық жұмыс істейді екен. Осыншама зор еңбек ресурсын ары қарай дамыту «Ұлт жоспарында» нақтыланып отыр. Яғни, отбасылық және орта бизнестің дамуына әртүрлі бюрократиялық кедергілердің алынып тасталынуы, кредиттеу мәселесі делдалдарсыз шешілуі және тағы басқа жақтары. Әрине, кіші және орта бизнесті қазіргі 18 пайыздан 50 пайызға дейін жеткізу алдағы болашақтың еншісінде екендігі белгілі. Айтылған жағдайлар жасалынып жатса, бұл тұстағы да асудың алынары анық. Дегенмен, үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады дегендей, теңгенің еркін айырбас бағамына көшуіне байланысты бағаның жайына алаңдаған қарапайым халықтың көкейін басқа да сауалдардың кернегені жасырын емес. Осыған байланысты 23-ші тамыз күні облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев штаб мүшелерімен бірге Тараз қаласындағы бірқатар дүкендер мен коммуналдық базарларды, валюта айырбастау пункттері мен дәріханаларды аралап, жағдайдың барысымен өзі танысып шықты. Облыс басшысы бастаған топ алдымен «Технодом» сауда кешеніне бас сұқты. Дүкен басшысының айтуынша, мұндағы баға тұрақты. Сауда орталығында халықтың көптігі де байқалмайды. Келесі кезекте Кәрім Нәсбекұлы Жамбыл даңғылы бойындағы коммуналдық базарға келді. Мұнда да баға көтерілмепті. Мәселен, қанттың келісі - 150, сұйық майдың литрі - 245 теңгеден саудаланып жатыр. Жылқы, сиыр, қой еттерінің бағасы да өзгермеген. Облыс әкімі мұнан өрі «Мост» валюта айырбастау пункті мен «Арзан», «Скиф Трейд», «Сулпак» сауда орындарын және «Астана» мөлтек ауданындағы коммуналдық дүкенді аралап, азық-түлік бағасының тұрақтылығына көз жеткізді. Сонымен қатар облыс әкімі «Әмір және Д» дәріханасына да бас сұғып, дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын көрді. Барлық сауда орындарының басшыларына бағаны өсірмеуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі облыста азық-түлік қоры жеткілікті, халықтың алаңдауына негіз жоқ екендігін де баса айтты. Дегенмен, құйындатып келген әлемдік қаржылық дағдарыс бізге де, қатар орын тепкен көршілерімізге де оңай тимегені анық. Біз болайық, солтүстіктегі көршіміз Ресей болсын немесе жанымыздағы бауырласымыз қырғыз елі болсын, сырттан келген «санкциялық саясаттың» салқынын эбден- ақ сезіндік. Бірақ қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Оған дәлел, 2015-ші жылдың 21 қыргүйегінде облыс орталығында тұңғыш рет халықаралық ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған көрші Қырғыз республикасының 7 облысының тауар өндірушілерімен қатар, Сыр өңірі мен Оңтүстік, Қазақстан облысының өкілдері де ауылшаруашылығы тауарларын саудалауға келді. «Қырғыз елінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуына байланысты екі мемлекет арасындағы кедендік бақылаулар алынғаны мәлім. Осыған орай туысқан екі ел арасындағы сауда-саттық байланысы арта түсті. Жамбыл өңірі мен қырғыз елінің арасындағы тауар айналымы өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда жеті айда 7 пайызға өсіп, 136 миллион доллардан астам қаржыны құрады. Қырғыз елімен шекаралас аймақтар одақ аясында жасасқан келісімдерге сәйкес қарым-қатынасымызды одан әрі нығайта түсетін болады. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бүгінгі жәрмеңке - біздің әріптестік байланысымыздың жемісі», - деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жәрмеңкенің ашылу салтанатында. Жалпы, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуына байланысты облысымыз Қырғыз Үкіметімен бірқатар мәселелер бойынша келісімдей жасасқаны белгілі. Жәрмеңке көршілер арасындағы меморандумға сәйкес өткізілді. Онда жалпы, 200 тоннадан астам ауылшаруашылығы тауарлары саудаланды. Жәрмеңкеде картопқа деген сұраныс көп болды. Қабы 1700-1800 теңгеден саудаланды. Облыстық жәрмеңкемен салыстырғанда көкөністер мен бақша өнімдерінің бағасында алшақтық жоқ. Бұның сырын Қырғыз Республикасының Ауылшаруашылығы және мелиорация министрі Таалайбек Айдаралиев баспасөз конференциясында былай деп түсіндірді: «Нарық заңдылығын білесіздер, тауар бағасын белгілі бір орган белгілемейді. Біздің ішкі нарықта да солай. Бірақ, біз келісімдерге сәйкес ортадағы баға алшақтығы туындамауы үшін тауарларды делдалдардың араласуынсыз тікелей тұтынушыға жеткізуге тырыстық. Алдымен, біз Жамбыл өңіріндегі ішкі нарықтың жағдайына бақылау жасадық. Содан кейін тауар өндірушілерге Тараздағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағамен саудалауды ұсындық. Олар келісімін берді. Жаңа көрдіңіздер, Жалалабад облысынан келген диқандар өнімдерінің сатылып кеткенін айтуда. Бұл экологиялық таза, сапалы өнімге деген сұраныстың жоғары болатынын көрсетеді! Бізде бау-бақша өнімдерін ұзағырақ сақтауға мүмкіндік бар. Сондықтан, қараша-желтоқсан айларына дейін тараздық тұтынушыларға ауылшаруашылығы тауарларын жеткізіп беруге әбден болады», - деді. Баспасөз жиынында Қырғыз Республикасымен Жамбыл өңірі арасындағы сауда-саттық мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қант өндірісі көлемін көбейте түсу әрі импортқа деген тәуелділікті азайту үшін қырғыз тауар өндірушілеріне қант қызылшасы алқаптарын ұлғайтып, өнімді Бішкек жақтағы Қант кентіне тасымалдамай-ақ, Тараз бен Меркідегі қант зауыттарына өткізу туралы ұсыныс жасады. Талас облысының губернаторы да ауылшаруашылығын әртараптандыру үшін қант қызылшасын өсіру тиімді екенін айтты. Осы қырғыз ағайындарға жақын ауданның бірі Меркі ауданы. Аудан аумағындағы 46 елді мекеннің 38-іне көгілдір отын жеткізілген. Бұл мәлімет меркіліктердің 90 пайызы табиғи газдың рақатын көріп отырғандығын білдіреді. Өзге аудандармен салыстырғанда, бұл ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш. 2014-жылы Ақермен, Кентай, Алтынарық, Қайыңды сай, Аспара, Тұрлыбай батыр ауылдарына көгілдір отын жеткізу үшін республикалық бюджеттен 483,5 миллион теңге бөлініп, газ құбыры тартылған. Ал биыл Кеңес, Беларық, Тәтті, Ақжол ауылдары көгілдір отынды пайдалану игілігіне қол жеткізді. Аудандағы аталған ауылдарды газдандыруға 2015-жылы 1 миллиард 605 миллион теңге республикалық қазынадан қарастырылыпты. «Үйі бардың күйі бар», - деп бабаларымыз текке айтпаған. Меркіліктердің қуанышы облыс орталығында жалғасып, Тараз тұрғындары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша алғаш рет пәтерлі болды. Оларға 42 пәтердің кілті тапсырылды. Бұл бағытта өңірімізде атқарылып жатқан іс-шаралар да ауқымды. Мәселен, биыл тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін 360 миллиард теңге бөлініп, оның ішінде 53 миллиард теңгесі жалдамалы тұрғын үй құрылысына, 149 миллиард теңгесі салымшыларды несиелендіруге үлестірілетін болды. Жеке құрылыспен айналысушыларды қолдау үшін 97 миллиард теңге, жаппай тұрғын үй салынатын жаңа аудандарға инфрақұрылым тарту үшін әкімдіктер арқылы 61 миллиард теңге бөлінбек. Бұл үрдістің бәсеңдемейтіндігіне жоғарыда атап өтілген бағдарламалардың нақты әсері болатындығы сөзсіз. «Қуаныш бөліссе көбейеді»,-дейді халқымыз. Осы орайда, аудандардағы жетістіктерге көз жіберсек, Мойынқұмдағы бағасы арзан, сапасы жоғары Хантау цемент зауытының да орны ерекше. Кәсіпорын 2014-ші жылдың қараша айында іске кірісті. Олар көптеген қиындықтарға қарамастан 2015-ші жылдың 9 айының қорытындысында 150 мың тонна бағасы қолжетімді, сапасы жоғары М400 және М500 маркалы портландцемент шығарды. Мұнда қазақстандық үлес 100 пайызды құрайды. Мұның өзі тауардың құны қолжетімді, өзіндік құны төмен болуына игі әсерін тигізуде. Зауытта өндірілетін эр тонна цементтің құны маркасына қарай 13,5-14,5 мың теңгені құрайды. Нарықта олардың бағасы 17-18 мың теңге. Өнім негізінен Астана, Алматы, Тараз қалалары мен облыс аумағына өткеріледі. Оған деген сұраныстың жоғары болуына байланысты тауардың қоймада үйіліп қалатын кездері сирек. Хантау цемент зауытында 302 маман вахталық әдіспен жұмыс істейді. Олардың 70 пайызы жергілікті тұрғындар. Орташа жалақы 80 мың теңге. 2016-шы жылдың 26 қаңтарында облыстық әкімдікте әлемдік дағдарыс кезеңінде өңірде өндірістік үдерістерді тұрақтандыру және жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. Кәрім Нәсбекұлы осы орайда әлемдік экономикадағы теріс құбылыстар өндірістің даму қарқынына елеулі ықпал етіп, облыстағы «Қазфосфат» ЖШС, «ЦАСК» ЖШС-ның филиалы - Тараз қант зауыты, «Жамбылгипс» АҚ, «ЖЗМК «Имсталькон» ЖШС, «Запчасть» АҚ тағы басқалары секілді ірі кәсіпорындардың жұмысы қалыпты болмауына әкеліп соқтырғанымен, Мыңарал мен Хантау цемент зауыттары, «Алтыналмас» АҚ, Жамбыл ГРЭС-і, «Рола» ЖШС өздерінің өндіріс ауқымын едәуір ұлғайтқанын атап көрсетті. Сондай-ақ, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жалғасуда. Өткен жылы жалпы сомасы 30,5 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, соның нәтижесінде 425 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал биыл 66 миллиард теңгенің 12 жобасы аясында ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны 1378-ге жетеді деп күтілуде. Бүгінгі таңда облыста 3952 кәсіпорын болса, оның 1721-інде ұжымдық келісімшарт жасалған. Облыста былтыр жергілікті үлесті дамыту мәселесі бойынша 42 миллиард теңге сомасында жасалған 513 келісімшарт негізінде жалпы құны 44,3 миллиард теңгені құрайтын 500 меморандумға қол қойылған екен. Бәрі нақты іс жүзінде асырылыпты. Өңірде жұмысшылар мен кәсіподақтар арасындағы байланысты нығайтуға, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты кәсіпорындармен өезара әріптестік туралы меморандумдарға қол қою биыл да өз жалғасын табатын болады. Сөйтіп облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылары, кәсіподақ комитеті және ұлттық компаниялар өзара ынтымақтастық туралы екі бағыттағы 16 меморандумға қол қойды. Оның ішінде алтауы ірі кәсіпорындардағы 20 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге, 10-ы өндіріс барысында жергілікті және қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге арналған. Аталған меморандумдардың жалпы құны шамамен 28,1 миллиард теңгені құрайды. Облыс әкімі К.Көкірекбаев: «Қол қойылған меморандумдардың орындалуына ай сайын мониторинг жасалып, қорытындысы тұрақты түрде қаралың отыратын болады. Жалпы, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру көбінесе кәсіпорындар мен барлық шаруашылық жүргізуші нысандардың қызметіне және олардың инвестиция тартудағы белсенділігіне де байланысты», - деп, бұл тұрғыда мекеме, ұйым, кәсіпорындар басшыларының өздеріндегі еңбек өнімділігі мен жұмыс қарқынын бәсеңсітпеу арқылы әлемдік нарықтағы құлдыраулардың экономикамызға жағымсыз әсерін төмендету бойынша биыл да елеулі жетістіктерге қол жеткізетіндігіне сенім білдірді. 2015-ші жылғы атқарылған іс-шаралар туралы ойымызды жалғастырар болсақ, аталған жылы обдыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 14 жоба іске асырылған. Бұл туралы облыс әкімдігі энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Өңірдегі коммуналды-шаруашылық қызметін жаңғырту жобаларын және өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндап, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына тоқталды. «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өесім, реформалар, даму» Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті бағыттарды атап көрсетті. Жалпы, өңірлердегі өркенді істердің барлығы Мемлекет басшысының Жолдауларының жемісі екенін айтуымыз керек. Қазіргі таңда отын-энергетика кешеніндегі кәсіпорындардың басты қоры жаңғыртылын, жаңаруда. Яғни, электр және жылу желілерін ысырап етпей, жылу энергиясын сапалы беру, облыстың елді мекендерін газдандыру арқылы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсартылуда», - деді Ерік Көшербаев. Оның айтуынша, республикалық және жергілікті бюджеттерден басқармаға 11234, 38 миллион теңге қарастырылса, оның 11224,2 миллион теңгесі игерілген екен. Бұл - бөлінген қаржының 99 пайызы. Оның ішінде, жылу энергетикасы бағдарламасы бойынша қарастырылған 2073,4 миллион теңгеге он төрт жоба іске асырылған. Он жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылса, қалғаны облыстық бюджетке тиесілі. Бұл тұрғыдағы жұмыстар 100 пайызға орындалып, барлық нысандар пайдалануға берілген. Ерік Әубәкірұлы моноқалаларды дамытудың 2012-2020-шы жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласында 472,3 миллион теңгеге жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғанын, қарастырылған қаржының толығымен игерілгенін жеткізді. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асқаны, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында барлығы 661,2 миллион теңгеге 10 жобаны іске асыру жұмыстары қарастырылғаны, оның 595,1 миллион теңгесі Ұлттық қордан, қалғаны жергілікті бюджеттен бөлінгені айтылды. Жиын барысында «Өңірлерді дамытудың» 2020-жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту бөлігі бойынша 33 көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 746,7 миллион теңге қарастырылғанынан хабардар болдық. Осы секілді өзге де мәліметтерді алға тартқан облыс әкімдігі энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысы Ерік Көшербаев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, алдағы атқарылар жұмыстар барысына да тоқталды. Бар жетістіктерді ешкім жоққа шығара алмайды, дегенмен кемшіліктерсіз де болмаған. Осылай, апта басында облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте жұмыстары талапқа сай келмейтін жылыту қазандықтары мен оның жұмысын қадағалайтын тиісті тұлғалардың жұмысын өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев қатаң сынға алып, оларды болдырмау және салдарын жоюды ұйымдастыруды өзінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековке тапсырған болатын. Осыған байланысты Бекболат Серікбекұлы шұғыл штаб отырысын өткізіп, мәселенің мән-жайын кеңінен талқылады. Облыста орын алып отырған негізгі мәселелерді облыс әкімдігі энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаев баяндады. «0блыстағы орталықтандырылған жылу кездерінде жылыту маусымы тұрақты етуде, қуаттылығы сағатына 100 Гкал-ға дейінгі қазандықтардың штаттық режимде жұмыс істеуі жан-жақты қаралып, тексерілуде. Анықталған кемшіліктер бойынша барлық аудандарда жұмыстар ұйымдастырылуда, соған қарамастан әлі де кемшіліктер орын алып отыр. Мысалы, Қордай ауданы Қарасай ауылдық орта мектебінде температуралық режим сақталмайды, қазандығында дизель генераторы жоқ. Сортөбе ауылындағы білім беру мекемесінің қазандығы жаңадан салынған, бірақ, баламалы отында жұмыс істейтін резервті қазан және сораптар қарастырылмаған, түтін сорғышы жұмыс істемейді. Жалпы, Қордай ауданындағы қазандықтардың көпшілігінде түтін сорғыштар және циклондары жоқ. Параметрлерді тіркейтін режимдік журналдар жүргізілмейді және журналдар болған күнде де шартты түрде. Шу ауданы Қонаев ауылындағы Төле би атындағы орта мектептің көмір сақтайтын бастырмасы жоқ, операторлардың біліктілігін арттыру қажет. Сарысу ауданы Абылай хан атындағы білім ошағы жылуды орталық қазандықтан алады, алайда, элеватор қорабындағы орнатылған жылу өлшегіш аспабы жұмыс істемейді, сол себептен жылу ақысы тариф бойынша төленуде. Абай орта мектебінің дәлізіндегі температура 12 градусты көрсетіп тұр, мұны мектеп директоры жылу батареяларының аздығымен түсіндірді. Ал көмір толығымен бастырмаға кіргізілмеген, параметрлерді тіркейтін режимдік және нұсқама журнал жүргізілмеген, курста оқығаны туралы рұқсат хаттамасы болғанымен, от жағушы өз міндеттерін толық білмейді, тежегіш қақпақтардың орналасқан жерін және іске қосылуын көрсете алмады. С.Сейфуллин атындағы оқу ордасындағы анықталған кемшіліктердің жалпы сипаты осындай. Ақтоғай орта мектебі қазандығында орын алған кемшіліктер бойынша мектеп директоры мен операторларға қатаң сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылған, бірақ кемшіліктердің жойылғаны туралы ақпарат болмады. Облысымыздың қазіргі тыныс-тіршілігін бұрынғы кезеңдермен салыстыруға келмейді. Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылдың бедерінде өңіріміз түлеп, түрленіп кетті. Ширек ғасырдың шырайын былай қойғанда, соңғы екі-үш жылдың көлемінде Жамбыл жері жаңарып, жайнай түсті десек, артық айтқандық емес. Тіпті, былтырғы бір жылдың ішінде аймақта көптеген ауқымды жобалар мен игілікті істер жүзеге асырылды. Қолға алынған ірі бастамалар өз кезегінде өңірдің өркендей түсуіне ықпал етті. Жамбылдықтардың өткен жылы бірлікпен атқарған берекелі тірліктері облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың өңір тұрғындарымен болған есеп беру кездесуінде жан-жақты баяндалды. Өңір басшысы Кәрім Нәсбекұлы өз баяндамасында атап өткеніндей, 2015-ші жыл барлық қазақстандықтармен бірге жамбылдықтар үшін де жемісті болды. Әлемде қаржы дағдарысы өрши түскенімен, елімізде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани өрлеу тоқтаған жоқ. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың рухын түсірмеді, соның арқасында қиындықтан шығудың жолын нақты іс-қимылдан тапты. Өткен жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап кәрсеткендей, біз Ұлы далада ұлт атауымен мемлекет кұрған бабалар рухына тағзым еттік. Ата Заңымызды ұлықтап, бақ-берекеміздің ұйытқысы - Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін биіктеттік. Ардагерлерімізді ардақтап, Ұлы Жеңістің мән-маңызын ұрпақ санасына сіңірдік. Жылдың басты саяси оқиғасы - Президент сайлауында бірлігі бар екенімізді тағы да дәлелдедік. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және индустрияландыру картасы аясында елімізде 800 миллиард теңгенің 120 жобасы іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Қазақстан тұңғыш рет әлемнің жетекші 50 экспорттаушылар қатарыңа қосылып, 43-орынды иеленді, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Әлемдік қаржы дағдарысы өткен жылы еліміздің өнеркәсіп саласына әсер етпей қалған жоқ. Көптеген өндіріс орындары жаңадан іске қосылып жатқан өңіріміз үшін бұл кезең ауыр сынақ болды. Облыс әкімінің айтуынша, өткен жылдың тоғыз айындағы жалпы өнім алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 99,2 пайызды құраған. Дағдарыстың салдарынан өнеркәсіп өнімінің көлемі 8,7 пайызға, бөлшек сауда көлемі 3,5 пайызға, көтерме сауда 9,6 пайызға кеміген. Сыртқы сауда 60,4 пайызды құраған. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-саттық қана 6,8 пайызға ұлғайған. Былтыр облыс бюджетіне 202,2 миллиард теңге түсім түскен. Оның ішінде өзіндік кірістер 45 миллиард теңгені құраған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға артық. Ал жергілікті бюджеттің шығыстары 99,9 пайызға орындалып, 200 миллиард теңгені құрап отыр. 2015-ші жылы мемлекеттік бюджетке 67,8 миллиард теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналған. Жалпы, жоғарыда атап өткеніміздей, дағдарыстың салқыны ең алдымен өнеркәсіп саласына әсер етті. Еліміздегі ең ірі өндіріс орны - «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Тараз қант зауыты», «Тараз металлургиялық зауыты», «Имсталькон», «Жамбылгипс», «Запчасть» акционерлік қоғамдары және де басқа да бірқатар кәсіпорындар қазір өте ауыр кезеңді бастан кешіруде. Дегенмен, бұл уақытша құбылыс. Сондықтан, аталған өнеркәсіп орындары алға қарай қарыштап даму үшін жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Облыс әкімі «Жамбылгипс» зауыты құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт құрылысын бастағанын айтты. Зауыт іске қосылғанда компанияда жаңадан 100 жұмыс орны ашылмақ. Былтыр Жамбыл цемент зауытында 1,3 миллион тонна цемент өндірілді. Өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға артқан. Сондай-ақ, Жамбыл ГРЭС-і 2014-ші жылға қарағанда электр энергиясын 14 пайыз артық өндірді. Бұған дейін кәсіпорын тек қысқы маусымда ғана 2-3 блоктық режимде жұмыс істейтін. «Алтыналмас» компаниясы да алтын өндірісін 5,8 пайызға арттырып отыр. Өңір басшысы дағдарыс жағдайына қарамастан, үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы облыс өнеркәсібін өркендетуге серпін береді деп есептейді. Жалпы, бағдарламаның 2015-2019-шы жылдарға арналған екінші кезеңінде 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп жоспарланғаны белгілі. Облыс әкімінің айтуынша, былтыр сомасы 30,5 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылған. Соның арқасында 425 жұмыс орны ашылды. Олар - Тараздағы құны 381,2 миллион теңгені құраған полиэтилен пленкаларын шығаратын «Полиэтилен-Агро» ЖШС-і, Жуалы ауданындағы қуаттылығы 50 МВт «Вurnoye Solar-1» күн электр стансасы, Сарысу ауданындағы қиыршық тас өндіретін «Тараз - көлік жолы» зауыты және Байзақтағы «Әулие ата феникс», Таластағы «Жамбыл Недр», Қордайдағы «Golden Compass Capіtal» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері екен. Кәрім Нәсбекұлы аталған бағдарлама шеңберінде биыл 7 жоба жүзеге асырылатынын, жаңадан 400 жұмыс орны ашылатынын айтты. «Қазфосфат» ЖШС-ның Минералды тыңайтқыштар зауытында жалпы құны 7,7 миллиард теңгені құрайтын экстракциялық фосфор қышқылын және «АlіnaHoldіng» ЖШС-ның 3,9 миллиард теңге қаржы құятын құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын жобалары да осы жылы өз жемісін бере бастайды деп күтілуде. Есепті жиында облыс әкімі Тараз қаласы мен аудан әкіміне бұл іске барынша қолдау көрсетуді және жаңадан инвестициялар тарту жолдарын қарастыруды тапсырды. Кәрім Көкірекбаев бүгінгі күнге дейін Қытай, Батыс Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркия мен Ресей мемлекеттерінің 150-ден астам әлеуетті инвесторларына ұсыныс жіберілгенін мәлімдеді. Бүгінде 15 ұсыныс мақұлданып, 3,2 миллиард АҚШ долларын құрайтын жобаларға байланысты келісімге қол қойылған. Энергетика, химия, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы бағыттарында 26 инвестициялық жоба бойынша келіссөз жүргізілуде. Қазіргі кезде 3,1 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылуға дайын тұр деп айтуға да болады. Бірінші жоба - құны 2 миллиард доллар болатын минералды тыңайтқыштар өндіретін, 2000 жаңа жұмыс орны ашылатын «Еурохим Тыңайтқыш» зауытының құрылысы. Екінші ірі жоба - Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асырылатын «Тараз химиялық паркі». Қазірдің өзінде онда жалпы инвестиция көлемі 128 миллиард теңгеге жететін 5 инвестициялық (каустикалық сода мен хлор, үш хлорлы фосфор, глифосат, пестицидтер, метанол өндірісі) жоба жүзеге асырылуда. Онда 1000 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде экономикалық аймақтың ішкі инфрақұрылымдық жүйесінің құрылысы аяқталуда. Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстарға да кеңінен тоқталды. Жалпы, бағдарлама қабылданғалы бері өңірде кәсіпкерлердің 55 миллиард теңгені құрайтын 547 жобасына қолдау көрсетіліп, 10 мың жұмыс орны сақталған. «Қазіргі көмірсутегілік шикізат бағасының тұрақсыздығы жағдайында энергия кездерін жаңғыртуды жетілдіру әлі де өзекті болып отыр. 0блысымыздың энергетиктері бұл саланы дамытудың жайын жақсы біледі. Жалпы қуаттылығы 78 МВт болатын 8 нысанда су, жел және күн электрстансалары жұмыс істейді. Олардың қатарында қуаттылығы 50 МВт-қа тең, құны 23 миллиард теңгені құрайтын (19 жұмыс орны ашылуымен), былтыр «Вurnoye Solar-1» ЖШС Жуалы ауданында іске қосқан Орта Азиядағы ең ірі электрстансасы да бар.Оның қуаттылығы 100 МВт-ға жеткізу жоспарланып отыр. Қордай ауданында «VІSTA-іnternatіonal» компаниясы күшімен 21 МВт қуаттылығына ие жел электрстансасы салынды, қазіргі уақытта оның қуаттылығын 53 МВт-қа дейін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Бұл саладағы жобалардың барлығы да отандық және Ресей, Франция, Түркия, Қытай, Нидерланды және Ұлыбритания секілді шетелдер инвесторлары қатысуымен жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда жалпы қуаттылығы 200 МВт-қа тең жаңартылған энергия кездері нысандарының құрылысын жүргізуді жоспарланған. Бұл біздің Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесі қарсаңындағы елімізде «жасыл экономиканың» дамуына қосқан үлесіміз болмақ. Жалпы, облыс энергетикасы мен инфрақұрылымын дамыту біздің экономикамызды дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Өткен жылы бюджеттен 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, құрылыс, электрмен қамту жүйелерін қайта жарақтандыру және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 148 жоба жүзеге асырылды. Жылумен қамту кәсіпорындарын күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына тиісінше 310 миллион теңге бағытталды. Тараз қаласында 122 миллион теңгеден астам сомаға «Жамбыл-Жылу» мекемесінің 3 ірі қазандығын қайта жарақтандыру, 48 миллион теңгеге «Тараз - Арена» спорт сарайының қазандығы құрылысын салу жұмыстары жүргізілді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласында 880 миллион теңгеге магистральдық және ішкіорамдық жылу жүйелерін, 215 миллион теңгеге Жаңатас қаласындағы орталық қазандықты қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Жаңатас қаласында 472 миллион теңгеге жылу жүйелері жаңғыртылды. Отын-жылу кешені кәсіпорындарында қуат үнемдеу шараларының жүргізілуі отын шығынын 9, электр қуатын 4 пайызға және жылу жүйелерінің отын шығынын 45 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Ағымдағы, жылы Тараз қаласындағы үш магистральдық және ішкіорамдық жылу жүйелерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 3,6 миллиард теңге бөлінді. 2015-ші жылы электр қуатын өндіру көлемі 18 пайызға өсті (3,2 миллиард квт/сағ), тұтыну 2,5 пайызға төмендеді (3,6 миллиард квт/ сағат). «Нұрлы жол» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары аясында электроэнергетика саласында 690 миллион теңгеден астам қаржының 15 жобасы жүзеге асырылды, Ал бұл - 275 жұмыс орны. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС-на 745 миллион теңге бағытталды. Тараз қаласы мен облыс аудандарында қазіргі таңда 65 мыңнан астам (Таразда - 52 755, аудандарда- 10 215 бірлік) «АСКУЭ» коммуналдық қызметті есептеу құралдары орнатылған. Есепті жылда Тараз қаласының 13 көшесінде 264 миллион теңгенің электр қуатын үнемдеу шамдары орнатылуымен, көшелерді жарықтандыруды жаңғырту 60 пайыз электр қуаты үнемделуіне мүмкіндік берді. Табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі әлеуметтік игіліктің құрамдас бөлігі болын табылады. Есепті кезеңде табиғи газды тұтыну көлемі 10 пайызға (1,21 миллион текше метрге) төмендеді. Бүгінгі таңда елді мекендердің 48 пайызы (150 елді мекен), немесе облыс тұрғындарының 60 пайызы (650 мың адам) көгілдір отынды пайдаланады. Өткен жылы жалпы құны 3 миллиард теңгенің 8 жобасы іске асырылды. Ағымдағы жылы тағы да Меркі ауданындағы 9 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. Бұл үшін республикалық бюджеттен 278 миллион теңге қарастырылған. Тараз қаласының газбен қамту жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғастырылуда. Қазірдің өзінде 632 км темір газқұбырлары полиэтилен құбырларға ауыстырылды. Оңтүстік Қазақстан облысынан «Еурохим Тыңайтқыш» компаниясының химиялық кешеніне және Жаңатас қаласына дейінгі магистральдық газ құбыры құрылысына арналған жобалық-іздестіру жұмыстары басталды (13,6 миллиард теңге). Жобаны жүзеге асыру 2017-2018 жылдарға жоспарланып отыр. Жалпы газ шаруашылық саласында жарамсыздану 66 пайызды құрайды. Осыған байланысты 2020-шы жылға дейін 1300 километрлік газ құбырларын (39 пайыз) алмастыру көзделген. Қазіргі уақытта облыстың төрт қаласындағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 82,8 (оның ішінде Тараз қаласында 87,1) пайызды құрайды. Ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған ауызсумен 61 пайызы (228 елді мекен- 499,3 мың адам) қамтылған. Өткен жылы 2,6 миллиард теңге бюджет қаржысына 70 шақырымдық қалалық сумен қамту жүйелері салынып, қайта жаңғыртылды. Биыл Жаңатас қаласындағы 3 сумен қамту жобасын аяқтап шығу үшін облыстық бюджеттен 408 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қала тұрғындарының ауызсуды тәулік бойы пайдалануына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, Қаратау қаласында жалпы сомасы 525 миллион теңгеге сумен қамту және суды бұру жүйелерінің құрылыстары жоспарлануда. Бұдан басқа, екі моноқалада да республикалық бюджет қаржысы есебінен 4,7 миллиард теңгеге тазалау құрылғыларын қайта жарақтандыру көзделіп отыр, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында өткен жылы ауылдық елді мекендерде сумен қамту нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның 7-еуі 2014-ші жылдан былтырда өткен, облыстық бюджет қаржысы есебінен тағы бір нысанның Талас ауданының Ақкөл ауылында, 4 -кезекте) құрылысы басталды. Ағымдағы жылы 1 миллиард теңгенің 3 сумен қамту нысаны (Жамбыл ауданындағы Жалпақтөбе ауылының сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту, Талас ауданы Ақкөл ауылындағы сыртқы суқұбыр жүйесі мен Байзақ ауданы Диқан-2 ауылындағы су қабылдау құрылғысы мен құбыр жүйесінің құрылыстары пайдалануға берілді. Бұл мақсатта бюджеттен - 752,1 миллион, облыстық бюджеттен 304,7 миллион теңге қарастырылған. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 94,0 миллиард теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысына инвестиция көлемі 6 пайызға (13,2 миллиард теңгеге) ұлғайды. Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 292 мың шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға беру жоспары 112,7 пайызға орындалды. Оның ішінде бюджеттік қаржы есебінен 38,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,3 пайызға артық. Есепті кезеңде кезекте тұрғындар үшін 12,6 мың шаршы метрлік тұрғын үй алаңы - көп пәтерлі 3 үй, жас отбасыларына арналған 1 үй (6,4 мың шаршы метр) және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі бойынша несиелік 3 үй (19,3 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. Қазақстандық ипотекалық несиелеу компаниясы желісі бойынша жалпы алаңы 16,7 мың шаршы метр болатын 3 үй іске қосылды. Осы тұрғыда Тараз қаласының орталығында құрылыс жұмыстары 2005-ші жылы басталған Атшабар тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталғаның да атап өткеніміз жөн. Жаңа нысандар құрылыстарымен қатар, ескі үйлерді жөндеу мен жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша 874 миллион теңгеге 45 көп пәтерлі үй жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде, жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 2,9 пайызға төмендеді. Автомобиль жолдары инфрақұрылымның маңызды буыны болып табылады. 2015-ші жылы бюджет қаржысына (7,2 миллиард теңге, 2014-ші жылы 6,8 миллиард теңге) 300 км-ден астам жергілікті маңызы бар жол мен елді мекендер көшелері жөнелді. Бүгінде облыстағы автомобиль жолдарының 74 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде. Мұның өзі жағдайдың 2014-ші жылмен салыстырғанда, 4 пайызға жақсарғандығына айғақ бола алады. Биыл аталған көрсеткішті 75,5 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл үшін автомобиль жолдарын жөңдеу мен қалыпты ұстауға 8,4 миллиард теңге қарастырылған. Өткен жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының облыс аумағына тиесілі бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қордай асуын айналып өту телімінде өткізгіштік мүмкіндігін ұлғайту үшін жол қозғалысының екінші жолағының кұрылысы (40 км) басталды (мердігері «Казахдорстрой» ЖШС). Қоғамдық жолаушылар көлігінің жайы да маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта облыс елді мекендерінің 90 пайызы (335 елді мекен) жолаушылар тасымалымен қамтылған. Жалпы, облыс бойынша жолаушылар тасымалдау көлемі 5,2 пайызға (929,5 миллион жолаушы) ұлғайды. Тараз қаласындағы халықаралық әуежайдың жолаушылар терминалын қайта жаңғырту аяқталды. Тараз, Жаңатас қалалары мен Мойынқұм ауылындағы автобекеттер қайта жаңғыртылын, пайдалануға берілді. Биыл Аса ауылындағы автобекет іске қосылады. Әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттарын (Тараз-Шығанақ, Жаңатас-Жайлаукөл) субсидиялауға облыстық бюджеттен 12 миллион теңгеден аса қаржы (2014-жылы-23,0 миллион теңге), қаламаңы пойыздарына (Жамбыл -Жаңатас, Шу-Отар және Шу - Мыңарал) тиісінше 293 миллион теңге бөлінді (2014-жылы -256,0 миллион теңге)», - деді Кәрім Көкірекбаев [44]. Өткен жылы ісі алға басқан саланың бірі ауылшаруашылығы. Облыс әкімінің айтуынша, былтыр өңіріміз осы салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Өнім өндіру көрсеткіші бойынша республикадағы алдыңғы орындардың бірінде екенбіз. Былтыр облысымыз ауылшаруашылығы саласында 172 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өсім 6,6 пайызды құраған. Яғни, есепті жылы саланы дамытуға бөлінген 7,4 миллиард теңге тиімді жұмсалған. Облыстың 14 миллион гектардан астам аумағының 72 пайызын тауарлы ауылшаруашылығы өндірісіне қолайлы алқаптар алып жатқаны белгілі. Жыл өткен сайын егістік және бау-бакша алқаптары ұлғайтылуда. Соның арқасында бос жатқан жерлер азайып, өндірілген өнім көлемі артуда. Өткен жылы ауа райының қолайлылығынан масақты дәнді дақылдардың орташа түсімділігі гектарына 16 центнерден айналып, жалпы 466 мың тонна өнім алынса, көкөніс, бақша дақылдары 1,8 пайызға, картоп түсімі 1,5 пайызға артқан. Үш ауданда 143 гектарға үдемелі алма бақ отырғызылған. Ал биыл бақ көлемін 150 гектарға жеткізу жоспарланған. «Біздің өңір - қант қызылшасын өсіруге өте тиімді аймақ. Қант зауыттарын отандық шикізатпен толық қамту үшін Франциядан біздің жерге бейім, енгіштігі 85 пайыздан жоғары қызылша тұқымын және қажетті техника алмақпыз. Шу ауданында көкөніс кластерін құру бойынша Тасөткел магистральды каналының бойында тамшылатып суаруды енгізу үшін 76 миллион теңгеге ұзақтығы 26 шақырым электр желісі салынды. Сол аумақта 1205 гектарға көкөніс қоймасының құрылысы аяқталуда», - деп, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев саладағы істерді саралап берді. Су үнемдеу технологиясын енгізіп жатқан шаруалардың ілкімді ісін атап өтіп, жаңашылдыққа бет бұру көрші мемлекеттің жер ресурстарына тәуелділікті азайтудың бірден-бір жолы екенін тілге тиек етті. Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған тірліктерді де баяндады. Малшаруашылығындағы ілгері басқан істер де сөз болды. «Есепті жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 4077 мүйізді ірі қара сатып алынып, жоспар 102 пайызға орындалды. «Кұлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша шаруашылықтар 2300-ден аса жылқы, 25 мыңға жуық қой сатып алды. Сонымен қатар, 4950 малға арналған 4 бордақылау алаңы салынды. Жалпы, «Агробизнес-2020» бағдарламасы іске асырылғалы облысқа 2 мыңнан астам асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы әкелінсе, 23 бордақылау алаңы салынғанын айта кету керек. Меркі ауданында «Агростан» серіктестігі малайзиялық кәсіпкерлермен бірлесе (Жаңа Зеландиялық жоба негізінде) 5 мың ұсақ мал және 200 жылқы бордақылау кешенін пайдалануға берді. Одан бөлек, тағы 3 мың ірі қара малды бордақылау кешені құрылуда. Алдағы екі жылда бұған 350 миллион доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Мойынқұм ауданында «Агрофирма Түрікпен» компаниясы 3 мың мүйізді ірі қара малға бордақылау кешенін және 5 мың мүйізді ірі қара малға репродуктор жобасын іске асыруда. Осы мақсатта Ресейден 900 қалмақ тұқымының мүйізді ірі қара малы және 1200 жылқы сатып алынды. Т.Рысқұлов ауданында «Шәушен» шаруа қожалығы қой санын 40 мыңға жеткізбекші. Және жылына 110 тонна қымыз өндіріп, бие сүті арқылы емдеу-сауықтыру орталығын ашпақшы. Қордайда «ҚазМитҚордай» шаруашылығы қолданыстағы мүйізді ірі қараны бордақылау алаңының сыйымдылығын кеңейтіп, 7 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Осындай шаруалардың ілкімді істерінің арқасында облыста биыл тәулігіне 40 тонна ет өңдейтін «Оңтүстік халал тағамдары» кешенін іске қоспақшымыз», -деп өңір басшысы ет және сүт өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Негізі өңірде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 61-62 кадамдарын жүзеге асыру үшін бірқатар жобалар қолға алынғанын айта кету керек. Облыста сүт өңдеу жұмыстары жүйесін тапты десек, артық айтқандық емес. Соңғы екі жылда Жамбыл жерінде 32 сүт тауарлы фермасы құрылуы осы сөзіміздің дәлелі. Өткен жылы Шу ауданындағы «Айшот», Байзақ ауданындағы «Агали» шаруа қожалықтарында сүт өңдеу цехтары іске қосылды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында осындай шағын цехтар ашылмақшы. Оларда күндігіне барлығы 45 тонна сүт өңделеді деп жоспарлануда. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзіндік пайдасы көп. Ең алдымен, нарықтағы импорттық өнімдер үлесі азайды. Бұл өз кезегінде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға септігін тигізді. Негізі облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, былтыр Тараз қаласында 345 жәрмеңке өткізіліп, 1,5 миллиард теңгенің ауылшаруашылық тауарлары сатылған. Осы мақсатта тұрақтандыру қорына республикалық және жергілікті бюджеттен 809 миллион теңге бөлінген. Кәрім Нәсбекұлының айтуынша, биыл жергілікті бюджеттен 697 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр екен. Қорды толықтыру үшін қосымша 220 миллион теңге бөлу мәселесі қаралуда. Дағдарыс кезінде әлеуметтің әлеуеттік жағдайын тұрақты ұстап қалу маңызды. Сондықтан, бүгінде өңірлердегі өнеркәсіп орындарындағы жұмыс орнын қысқартпау мәселесі бойынша нақты шаралар қолданылуда. Соның нәтижесінде өткен жылдың 3 тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 4,9 пайызға өскен. Ал кедейшілік шегінен төмен тұрып жатқан халық саны 35 пайызға азайған. Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен облыстың 26 мыңнан астам тұрғыны камтылды, оның ішінде 17,6 мың тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. «Жұмыспен қамту жол картасының» барлық бағыттары жоспарлы түрде орындалуының арқасында есепті жылдың 3-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құраған. «Ағымдағы жылы бағдарламаны қаржыландыру көлемі 3,5 есе ұлғайып, республикалық және жергілікті бюджеттерден 7,0 миллиард теңге бөлініп отыр. Жылдан-жылға ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың оң динамикасы байқалды. Соңғы 6 жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 2400-дей жас маман тартылып, оларды әлеуметтік көмекпен және тұрғын үймен қамтуға 2,4 миллиард теңге жұмсалды. Биыл 151 жас маманды ауылға жұмысқа орналастыру үшін 480 миллион теңге қарастырылады. Аудан әкімдері жас мамандарды жергілікті жерде әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерімен қамту жұмыстарын назардан тыс қалдырмауы керек. Есепті жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтар 1 миллиард теңгеден астам қаржыға қажетті әлеуметтік оңалту құралдарымен қамтылып, оларға әлеуметтік көмектер көрсетілді. Қордай ауылында 25 орындық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы іске қосылды. Бүгінгі дағдарыс кезеңінде әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі - жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу болып отыр. Өткен жылы біз бюджет шығыстарын оңтайландырдық. Бұл бағытта 6,5 миллиард теңге үнемделді. Үнемделген қаржы әлеуметтік проблемаларды шешуге, оның ішінде жұмыспен қамтуға бағытталып отыр. Жұмыс орындарын сактап қалу үшін облыстағы ірі мекемелермен, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілермен 307 меморандумға қол қойылды», - деген облыс әкімі басқа салалардағы қол жеткізген жетістіктерге де тоқталды. Таяуда еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осы жылға және орта мерзімге арналған экономикалық саясаттың нақты шараларын айқындағаны белгілі. Жиында экономикалық саясаттың басты бағыттары ретінде қазақстандықтарды тұрғын үймен қамту, шағын және орта бизнес нысандарына инфрақұрылым тарту, апатты мектептерді жою және халықты жұмыспен қамту мәселелері атап көрсетілген болатын. Бұған қажетті қаржы Үкімет корынан бөлінбекші. «Тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін 360 миллиард теңге бөлініп, оның ішінде 53 миллиард теңгесі жалдамалы тұрғын үй құрылысына, 149 миллиард теңгесі салымшыларды несиелендіруге үлестірілетін болды. Жеке құрылыспен айналысушылар қолдау үшін 97 миллиард теңге, жаппай тұрғын үй салынатын жаңа аудандарға инфрақұрылым тарту үшін әкімдіктер арқылы 61 миллиард теңге бөлінбек. Ұлттық қор қаражатының есебінен «Нұрлы жол» бағдарламасында биылға қарастырылған инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуге 78 миллиард теңге беріледі. Соның 28 миллиард теңгесі апатты жағдайдағы мектептерден және үш ауысымдағы оқытудан келесі жыл аяғына дейін толық арылу үшін 42 жаңа мектептің құрылысын салуға бағытталмақ. Бұдан басқа, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды салуға қосымша 15 миллиард теңге бөлу тапсырылды. Үкіметтің арнайы резервінен 63 миллиард теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға бөлінбек. Мұның барлығы да қарапайым адамның мұң-мұқтажы, оның әл-ауқаты мен тұрмысының тұрақтылығына бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін облыстың қажеттіліктері мен мүмкіншіліктері қайта қарастырылып, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру құжаттары әзірленуде. Бүгінгі күнге облыста 3,9 миллиард теңгеге 6 жалдамалы, 4,7 миллиард теңгеге 6 несиелік тұрғын үй құрылысына және 5,9 миллиард теңге 8 инженерлік инфрақұрылымды дамыту, 500 миллион теңге 1 жылу энергетика нысаны бойынша дайын жобалық-сметалық құжаттамалар бар», - деп алдағы жұмыс жоспарларымен бөліскен облыс әкімі өткен жылдың ең басты табысына тоқталды. «Қазіргі заманда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау күрделі мәселенің бірі. Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында, биыл жергілікті атқарушы және өкілді орган мен халық алдында есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылды. Бұл орган облыс халқы алдында қылмыстың алдын алу жұмысы бойынша тікелей жауапты болды. Жыл сайын әкімдік тарапынан бұл жұмысқа қомақты қаржы бөлініп келеді. Өткен жылы облыстың ішкі істер департаментін қаржыландыруға 6 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға 651 миллион теңге және жедел басқару орталығына бейнекамералар алуға 105 миллион теңге жұмсалды. Әкімшілік ғимараттарын күрделі жендеуден өткізуге 48 миллион теңге бөлінді. Қызметке қажетті 43 бірлік автомашина мен арнайы құрал-жабдықтар сатып алынды. Облыс орталығының көше қиылыстарында, көпқабатты үйлердің, білім беру мекемелерінің аулаларында, қоғамдық орындарында орнатылған сыртқы бейнебақылау қондырғылары арқылы көптеген қылмыс пен құқық бұзушылықтар анықталды. Облыста аса ауыр қылмыстар саны 8,7 пайызға, орта дәрежедегі қылмыстар 10 пайызға азайды. Мал ұрлығымен айналысатын 10 қылмыстық топ қамалды. Алайда, бетен мүлікті ұрлау - халықты алаңдатқан күрделі мәселе болып қалуда. Себебі, осы қылмыстардың небәрі 48 пайызы ашылған. Кәмелетке толмағандармен жұмыста көптеген кемшіліктер бар екенін ашық айтуымыз керек. Біз мұндай жағдайлармен қоғам болып күресуіміз қажет. Әкімдер, құкық қорғау органдары, білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты басқармасы кәмелетке толмағандардың арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейтуі тиіс. Кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын», -деді. Өз есебін қорытындылай келе, Кәрім Нәсбекұлы тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінің тиімділігіне тоқталып өтті. Айтар болсақ, былтырғы есеп беру барысында 27 мәселе көтерілген екен. Соның бүгінгі күнге дейін 18-і шешімін тапқан. Қалғандары жүзеге асырылу үстінде екен. Осылай, ағымдағы істер билікті қаншалықты толғандырса, сонымен қатар нарықтық кезеңде құлашын кеңге сермеген кәсіпорындардың жағдайы да оларды бейжай қалдырмасы анық. Мемлекет тарапынан осы тұрғыда үлкен көмек көріп отырған «Фабрика ПОШ-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыста өтпелі кезең қиындықтарын еңсеріп, сақталып қалған және жұмысын қайта жандандырған кәсіпорынның бірі. Кәсіпорында мемлекет қолдауымен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімді өңдеу жолында елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Мұнда 2010-шы жылы индустрияландыру картасына енгізілген топс өндіру жобасы жүзеге асырылды. Оның іске қосылу салтанатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, жұмыстарына сәттілік тіледі. «КазАгро несие корпорациясы» АҚ-нан несие алған серіктестік 2012-жылы жіп шығару цехын іске қосты. Әйтсе де, айналым қаржысының тапшылығынан шикізат сатып алуда үлкен қиындықтарды бастан кешірді. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты топс өндіруде де мәселелер туындады. Сондықтан да кәсіпорын жүн жуу, топс және жүн өндіруде толық қуатында жұмыс істей алмай келеді. Өткен жылы 500 тонна биязы жүн, осы мөлшерде қылшықты жүн жуған. Аз мөлшерде топс пен жіп өндірген. Зауытта 300 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылығы тығырықтан шығу жолдарын үздіксіз іздестіріп келеді. Таяуда «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-ның директоры, Инвестициялар және даму министрімен бірге Қытай мемлекетіне барып, 400 миллион доллар инвестиция тартуға кәсіпорындармен келісімшартқа қол қойып келді. Инвестиция екі кезеңде тартылып, үстіміздегі жылы әуелі жіп шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіледі. Оның құны 200 миллион доллар. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде мың жұмыс орны ашылады. 2018-ші жылы мата тоқитын өндіріс салу қолға алынады. Оның құрылысы 2020-жылы бітуі тиіс. Оған 200 миллион доллар инвестиция тартылып, мың жұмыс орны құрылады. Қытайлық инвесторлар үстіміздегі жылдың наурыз айында келіп, зауыт салатын жерді көреді. «Қазір біз Тараз қалалық әкімдігінің мамандарымен бірге құрылыс жүргізетін 30 гектар жер іздестірудеміз. Оңтүстік Қазақстандағы Түркістан және Мақтарал кәсіпорындарымен 200 мың тонна мақта сатып алуға келісімшарт жасастық. Облыс тұрғындарынан қой қырқыны кезінде 2000 тоннадан астам биязы және қылшық жүн сатып алынады. Екі зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 200 мың тонна жіп және осы мөлшерде мата шығарады. Жергілікті бюджетке қомақты қаржы құйылады. Нарықтық жағдайға төселе бастаған жергілікті бизнесмендер әртүрлі өнімдер шығаруды жалғастыруда. Сондай қажетті өнімдердің бірі электрод - құрылыста металл дәнекерлеу үшін кеңінен қолданылатын материал. Ол елімізде Қарағанды және Жезқазған қалаларында өндіріледі. Шағын кәсіпорындардағы өнім аз болғандықтан, еліміздің нарығына оның дені Қытай және Ресей мемлекеттерінен жеткізіледі. Сырттан әкелінетін тауардың бағасы қымбат болатыны әрі ақша сыртқа кететіні айтпаса да түсінікті. Осыны ескерген, нарықты зерттеген кәсіпкер Айдын Алтай өткен жылы Таразда электродтың ОНИ-13-55, ТМУ-21, ЦУ-5 және МР-3 маркаларын өндіретін кәсіпорын ашты. Әр марканың еуростандартқа сай лицензиялары мен сертификаттары бар. Өнім өндіретін жабдықтар Қытай, Ресей және Украинадан жеткізілді. Кәсіпкер бұл мақсатқа 120 миллион теңге жеке инвестициясын жұмсаған. Жақында Екібастұздан тағы екінші желінің қондырғыларын әкеліп, іске қосқан. Зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 2 мың тонна электрод өндіреді. Өндірісте жаңа 20 жұмыс орны ашылған. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 80 мың теңге. Кәсіпорын тауар өндіру үшін темір ұнтағы, ферромарганец және басқа да материалдарды Қытай, Ресей және Украина мемлекеттерінен алады. Еліміз аумағынан целлюлоза, мәрмәр және плавиктік шпат жеткізіледі. Серіктестікте қазақстандық үлес 70 пайызды құрайды. Шығарылған өнім толық арнайы зертханада тексеруден өткізіліп, сертификат беріледі. Мамандар сапаға ерекше көңіл бөледі. «Бағұл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шығарылған электродтың құны шеттен келетіндерге қарағанда 10 пайызға дейін төмен. Тұтынушылар осында өндірілетін электродтың сапасына жақсы баға беруде. Бүгінде «Бағұлдың» өніміне Шымкент, Балқаш, Қарағанды, Өскемен және Орал қалаларынан тапсырыс көптеп түсуде. Тараздағы бірнеше дүкен және кәсіпорындармен өнім өткеруге келісімшарт жасалған. «Таяуда Шымкент қаласында электрод шығаратын филиалымызды аштық. Келешекте осындай шағын өндіріс орны Қызылорда қаласында да іске қосылады. Астана және Өскемен қалаларында да осындай филиалдар ашу көзделуде. Өткен жылдың желтоқсан айында кәсіпорында осындай құрылысқа аса қажетті 40 тонна материал өндірілді. Тараздағы цех толық қуатында істегенде оның көлемі айына 100 тоннаға жетеді. Мұның өзі тағы да қосымша алты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Отандық тауарымыздың еліміздегі шетелдік электродтарды нарықтан ығыстыратын күн де алыс емес», - дейді, «Бағұл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айдын Алтай. Жоғарыдағы құжаттар берілімі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің әлсіз емес екеңдігін көрсетіп тұрғандай. Дегенмен, тамыз айында доллар бағамының еркіндікке жіберіліп, күрт өскені халықтың ойын сан саққа жүгірткені рас. Жұрттың бәрі Жаңа жылдан бастап «азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді тұрмысқа қажеттінің барлығы қымбаттайды екен» деп даурыққаны да жасырын емес. Алайда, өткен жыл өтіп, жаңа жылдың екі айы артта қалған осы тұста қандай өзгерістер орын алды? Баға бағамы қандай? Бұл туралы облыс басшысы Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен селекторлық режимде өткен кезекті аппарат кеңесінде жан- жақты қаузалды. Кәрім Нәсбекұлы жиын барысында бағаны негізсіз көтеруге ешқандай себеп жоқ екенін қадап айтты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасының басшысы облыс әкімі К.Көкірекбаевқа бірқатар жайттарды мәлімдеді. Басқарма тарапынан атқарылып жатқан азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары туралы баяндаған ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инфляция деңгейі 0,3 пайызға төмендегенін, азық-түлік тауарлары бойынша бұл көрсеткіш 0,4 пайызға артқанын жеткізді. Статистика мәліметіне сүйенген Н.Нұржігітовтың айтуынша, ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар 16 тауардың бағасы 1-12 пайызға дейін қымбаттаған. Оның ішінде қарақұмық, тауық жұмыртқасы, сары май, сүзбелер 3 пайызға, тауықтың сан еті, бірінші сұрыпты ұн, өсімдік майы 4 пайызға және осы секілді біршама тауарлардың бағасы бірнеше пайызға артқан. Ал сәбіз бағасы 7 пайызға төмендепті. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына белгіленген жоспарлы шекті мәнмен салыстырғанда 17 тауар түрінің бағалары тұрақтылығын жоймағанын білдік. Басқарма басшысы аталған бағалардың біршама көтерілу себептеріне де тоқталып өтті. «Бірінші сұрыпты ұнның, одан өндірілетін нан бағаларының өсу себебі облысымызға солтүстік өңірдерден жеткізілетін ұн бағасының жоғары болуымен байланысты. Қарақұмық, тауық еті, тауықтың сан еті, шай бағаларының өсуі де осыған ұқсас. Бұл тауарлар толығымен сырттан және еліміздің басқа өңірлерінен жеткізіледі. Өнім өндірушілердің белгілеген бағасына байланысты. Сондай-ақ, сүт өнімінің баға өсіміне қазіргі маусымаралық кезеңде өнім өндірісінің төмендеуі әсер етуде», - деп түсіндірді сала басшысы. Бағаның қымбаттамауына кәсіпкерлердің іскерлігінің де әсері мол. Осы мақсатта Саудакент ауылынан жаңа наубайхана іске кірісті. Оны кәсіпкер Мәдира Досымбекқызы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, қол жеткізді. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған 2 миллион 200 мың теңгеге түрлі жабдықтар сатып алынды. Қазір ауданда өзге дүкендерде нан бағасы 55 теңге болса, бұл наубайханада әр бөлке 50 теңгеден сатылуда. Азық-түлік саласындағы бағаны тұрақтандыруда 2010-жылы Байзақ ауданының Мырзатай ауылында ет бағытындағы құс фабрикасын ашу мақсатында құрылған «Әулие ата-Феникс» ЖШС-ның алар орны ерекше. Жаңадан ашылғалы отырған заманауи құс фабрикасы бройлер балапандарын өсіріп, жылына 3,5 мың тонна ет өндіретін болады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойнша құс фабрикасына инфрақұрылым тартуы үшін 547,0 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Т.Рысқұлов ауданында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына енгізілген 24 МВт күн сәулесі қуатын өндіретін франциялық «Aguіla Solar» ЖШС-ның жобалық құны 9,2 миллиард теңгеге болжанған. Бұл мақсатқа 74 га жер телімі бөлініп, бүгінгі күні жобалау құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс кезінде 100 адам жұмыспен қамтылады. Жоба таяу уақытта жүзеге асырылмақ. Әрине, Жамбыл облысы аграрлы өңір екендігі белгілі. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласы экономиканы дамытудың негізгі көзінің біріне айналып отыр. Аймақта мал және егіншаруашылығын ғылыми негізде өркендетуге үлкен мән берілуде. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарын, елімізге белгілі бірнеше ғылыми институттардың директорларын қабылдап, өңірде ауылшаруашылығын жаңашыл жолмен дамытудың жолдарымен кеңесті. Облыс әкімі ғалымдарды облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайынан хабардар етті. Өңір басшысының айтуы бойынша, аймақта 14,6 миллион гектар суармалы алкап болғанымен, су мәселесі өзекті. Алайда, ынта болса мұның да жолын шешуге болады. Елдегі еңбекшіл шаруалар ескі әдісті тастап, тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясына көше бастады. Алғашқы талпынысы жеміссіз емес. Былтыр жаңбырлатып және тамшылатып суару әдісін қолданған қожалықтар арасында қант қызылшасының әр гектарынан 600 центнерден өнім алғандары болды. Биыл 1034 тонна пияз өнімі Ресейге экспортқа шығып отыр. Елбасының тікелей қолдауымен 5,3 миллиард теңгеге Жуалы ауданында «Көксай» каналы салынып, аудан шаруашылықтарын су тапшылығынан құтқарды. Меркі, Қордай, Жамбыл, Байзақ аудандарында егіншілікті дамытуда белсенді жұмыстар бар. Облыс басшысы өңірдің аграрлық мүмкіндіктерімен танысып, ғылыми тұрғыда бірлесіп жұмыс атқаруға келген Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов ауыл шаруашылығында отандық өнім өндіруді, қайта өңдеуді дамыту, сапалы, құнарлы тауар өндірудің маңызды екенін айта келіп, ғалымдарды қабылдап, ашық әңгімелесуге қолдау білдірген облыс әкіміне алғысын білдірді. Қазақ егіншілікті және өсімдікті ғылыми-зерттеу институтының директоры Серік Кененбаев облыста егілген дақылдардың 95 пайызы ғылыми институттардан алынған тұқым сорттары екенін, тұқымның сапалы сұрыптары әр өңірдің табиғатына бейімделіп дайындалатынын, мәселен, далалы жерге егілетін бөлек, шөлейтті және құмды жерлерге басқа сұрыпты тұқым дайындалатынын түсіндіріп өтті. Институт басшысының айтуынша, олар аталған Меркі ауданындағы «Нұржан» шаруа қожалығымен тығыз байланыста жұмыс істейді екен. Ғалым себілген өскінге жамылғы жауып өсіру тәсілінің тиімді екенін айтады. Жабық жамылғының астында өскен тұқымның 62 пайызы аман сақталады екен. Профессор Әбдірахман Оңбаев Қордай ауданында өсіріліп жатқан ет және сүт бағытындағы өсірілетін малшаруашылығы жайлы әңгімеледі. Біздің облыста сүттің өнімділігін арттыру мүмкіндігі өте жоғары екенін айтты. Сондай-ақ, Қазақ Ұлттық аграрлық университеттің академик-профессорлары Қадыр Дияшов, Сәбит Байұзақов Жамбыл өңірінде аграрлық саланы дамытуға байланысты ғылыми тұжырымдарын ортаға салды. Ірі қара малдарында кездесетін сарауру, ақтопалаң, энторотоксими, ішек-құрт ауруларының алдын алу, иненсивті бақ өсіру, орман қорларын ұлғайту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Қазақ жеміс-жидек және өсімдік шаруашылығы ғылыми институтының директоры Гүлжария Қайырова мұнда шие мен жиенің сорттары жақсы өсетінін, әсіресе, Меркі, Қордай жері апорт алмасын өсіруге қолайлы екеніне тоқталды. Белгілі ғалымдар Алтынбек Молдашев пен Серік Пәрменбекұлы да ғылыми тұжырымдарымен бөлісті. Жиынды облыс әкімі қорытындылап, ұсыныс-ойлармен бөліскен ғалымдарға алғысын білдіріп, мұндай байланыс агросаланың дамуына жол ашатынын айтып өтті. Ол Меркі ауданында малайзиялық инвесторлардың 3 мың мал бордақыланып жатқанын, алдағы төрт жылда ол жерде 12 мың уақ мал бордақыланатынын жеткізді. Сондай-ақ, облыс басшысы өңірде ауылшаруашылығын дамыту жұмыстарын аграрлық университет ғалымдарымен үнемі бірлесіп атқару қажеттігін козғап, ауылшаруашылығы саласы ғалымдарының қатысуымен өтетін келесі мәжілісті, бір айдан кейін, Қордай ауданында ұйымдастыруды облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиевке тапсырды. Азаматтық қоғам құру бағытындағы қадамдарымызда үнемі қадағалауында ұстап отырған Облыстық Қоғамдық кеңестің өңіріміздегі қоғамдық-саяси ахуалға тигізер оң әсерің біліпте, көріпте жүрміз. 2016-шы жылдың 15 сәуірінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы етіп, онда Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің деңсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы басқармаларыңа тиесілі регламенттер қаралды. Кеңес жұмысы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Раушан Бижігітова таныстырған «Медициналық қызметке лицензия беру», «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету женіндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін қараудан басталды. Нәтижесінде, басқарма тарапынан түскен үш қаулы жобасы, атап айтқанда, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау», «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» жобалар азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын бұзбайды деп танылып, одан әрі қарай қарауға ұсынылды. Ал қалған жобалардың нақты кемшілігі көрсетіліп, жетілдірілген соң қайта қарауға ұсынылды. Ал облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков басқарма тарапынан әзірленген 6 қаулы жобасын таныстырды. Мұнда да жобада кездескен бірқатар кемшіліктерді ескерткен кеңес мүшелері бірқатар регламентті кері қайтарса, енді бірін одан әрі қарауға ұсынды. Билік пен қоғамның соңғы кезеңдерде бірлесіп атқарған іс-шараларының ішіндегі күрделісі жер мәселесі болды десек қателеспейміз. «Жер шетелдіктерге жалға беріледі екен», - деген алыпқашпа сөздердің жетегінде кеткен азаматтарымыздың біразының осы мәселеге байланысты толқы ғандары да рас. Жер - Мемлекет, яғни халық қазынасы екендігі де анық. Сондықтан ол үнемі айналымда болып, облыс экономикасының дамуына септігін тигізуі қажет. Осыған байланысты қажетті деректерді өңірлік коммуникация қызметінде журналистермен өткен брифингте облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы келтірді. Ол бойынша, республика аумағының 5,3 пайызын алып жатқан облысымызда 14 миллион 426 мың гектардан астам жер бар екен. Бұл халық санына шаққанда, облыстың әрбір тұрғынына 13,5 гектардан айналады. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 4 миллион 445 мың, елді мекендер жері 460,8 мың, өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер 144,8 мың, ерекше қорғалатын аймақтағы жерлер 12 мың, орман қорының жері 4 миллион 424 мың, су қоры жері 535,9 мың және қосалқы жер қоры 2 миллион 114 мың гектарды құрайды. Мемлекеттік және жергілікті деңгейде көрсетіліп жатқан қаржылық қолдаудың нәтижесінде соңғы 3-4 жылдың көлемінде жер қорын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылған. Республикалық бағдарлама аясында 2012-2014-ші жылдар аралығында облыстың ауылшаруашылық жерлерін түгендеу жұмыстары аяқталыпты. Тексеру нәтижесінде облыс бойынша 591,2 мың гектар ауылшаруашылықжерлерінің пайдаланусыз жатқаны анықталған. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 547,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Бағдарлама аясында жүргізілген жерді түгендеу жұмыстары барысында облыс аумағында 6278 гектар бүлінген жер бар екені анықталған. Сол сияқты саяжай құрылысы үшін бөлінген 438 гектар жер де бос жатқаны белгілі болған, Осындай игерусіз жатқан жерлерді аукцион арқылы қайта айналымға тарту облыс экономикасының дамуына септігін тигізері анық. Осылайша қанша әрекеттенгенімізбен алыс және жақын елдерді сансыратқан қаржылық дағдарыс салдары өңірімізде де сезіле бастады. Осы орайда, Мемлекет басшысының әлемді жайлаған дағдарыстан шығу жолдарын нақты көрсетіп, соның ішінде бюджет саясатын оңтайландыруды жүзеге асыру тұрғысындағы тапсырмасы аса маңызды екені сөзсіз [45]. Осыған байланысты 2016-шы жылдың 21 сәуірінде бюджеттік саясатты оңтайландыру мәселелері бойынша өткен арнайы брифингке облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов қатысып, Елбасының «100 ңақты қадам» - Ұлт жоспары аясында басқарма тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, өңір экономикасындағы бірқатар ілгерілеушіліктерді тілге тиек етті. 2016-шы жылы облыста 11 мектеп, 5 балабақша, 2 емхана, 4 амбулаторлық-емханалық мекеме ғимараттары мен 6 сумен қамтамасыз ету және су бөлу нысандарының құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның - 13, газбен қамтамасыз етудің 8 жобасы іске асырылады деп жоспарланыпты. Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, моноқалалардағы 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Әлемдік дағдарыс жағдайында әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның негізсіз жоғарылауына жол бермеу үшін облыстық бюджеттен өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыру үшін 917 миллион теңге бөлінген. «Бюджеттік саясатты оңтайландыру аясында 8 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған. Оның төртеуі бюджеттік заңнаманың және нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануын қарастырады. Біздің басқарма тарапынан 2016-2018-ші жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында тиімсіз шығындарды қысқарту шаралары қабылданды. Мемлекеттік органдардағы штаттан тыс қызметкерлер саны министрлік тарапынан жаңадан бекітілген лимиттерге сәйкестендіріліп, қолданыстағы кызметтік көлік саны қысқартылды. Нәтижесінде, өткен жылғымен салыстырғанда 2016-шы жылғы бюджет шығындары 6,5 миллиард теңгеге қысқартылды. Үнемделген қаражат дағдарыска қарсы бірқатар шараларға бағытталды. Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсімін болдырмау үшін Тараз ӘКК тұрақтандыру қорына - 697 миллион, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін 2247,7 миллион, медициналық мекемелерде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге 850,9 миллион теңге бөлінді», - деді басқарма басшысы. Байқап қарасақ, өңірімізде оң шешімін тауып жатқан мәселелер аз емес екен, олардың арта берері де анық. ІІ. . ӘУЛИЕ АТА (ЖАМБЫЛ) ӨҢІРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК РУХАНИ ДАМУЫ

2.1. ЕГЕМЕНДІККЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҚОҒАМДЫҚ САНА МЕН

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮДЕРІСІ

Қазақ Елі 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында - бірнеше ұрпақтардың армандаған мақсатын жүзеге асырды. Осы күні Қазақстанның толық құқылы субъектілігі рәсімделді. Осыған орай, жүргізілген конституциялық және институционалдық өзгерістер бойынша қабылданған Еліміздің «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы» Заңына сәйкес Халық депуттаттары Кеңестерінің атқару қомитеттерін және оның органдарының таратылуына байланысты Жамбыл облыстық және қалалық әкімшіліктері құрылды. Осы 1992-ші жылдың 7-ші мамырында өткен Халық депутаттары облыстық кеңесінің XІІ сессиясында «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы» Қазақ КСР Заңын және қазақ тілін және Қазақ КСР-індегі басқа да ұлт тілдерін 2000-шы жылға дейінгі кезеңде дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асырудың барысы талқыланды. Нәтижесінде, Тәуелсіздіктің алғашқы рухани жемістерінің бірі ретінде қала орталығындағы №8-ші орыс мектебі қазақ мектебіне айналса, қаламыздағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45-ші мектеп алғашқы қазақ классикалық гимназиясы ретінде талантты оқушылар үшін есігін айқара ашты. Гимназияда жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту жүзеге асырылатын болды. Мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясын одан әрі кеңейту мақсатында кеншілер қаласы - Қаратауда біршама игі шаралар жүзеге асырылды. Мысал ретінде айтар болсақ, қаладағы бес балалар бақшасында толығымен, 10 балабақшада 36 топ бүлдіршіндерді қазақша оқытып, тәрбиелеуде. Ал, «Қарлығаш» балалар бақшасында Регина Менгель, Женя Обгольц, Аня Крыгина, Саша Кеппер, Юра Обгольц, Катя Иванова, Виталий Ким сияқты жас бүлдіршіндер қазақша оқып, тәрбиеленуде. Мектеп жасындағы қазақ балаларының әз ана тілінде білім алуына Ахмет Байтұрсынов, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ орта мектептері мен лицей-интернат В.И.Ленин, Мағжан Жұмабаев атындағы аралас орта мектептерінде де жан-жақты мүмкіндіктер жасалған. Жеткіншектердің келешекте шетелдермен қарым-қатынасын нығайту саласында қалада лицей-интернаты ашылып, онда түрік, араб, ағылшын, неміс тілдері тереңдетіліп оқытылды. Түрік тілін оқыту үшін Түркиядан келген осы тілдің маманы Мұхамед Сәлім алпыстан астам шәкіртке дәріс берді. Сондай-ақ, қаладағы көптеген мекемелер мен кәсіпорындарда құжаттар қазақ тілінде тапсырылды. Тілдің өркендеп дамуы үшін «Айтыс», «Термешілер жарысы», «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны», «Сыйқырлы қазан» және басқа ұлттық нақыштағы өнер сайыстары жиі ұйымдастырылды. Осы ретте Александр Пак, Борис Шарапов, Александра Танасовна секілді қазақ тілін өз ана тілдерімен қатар меңгерген жандарды ризашылық сезіммен айта кеткен де орынды болар. Қаладағы 32 ұлттың өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырын ынтымақтастықта, өзара түсіністікпен еңбек етті. Әрине, қазақ тілінің елімізде, соның ішінде өңірімізде көсегесінің көгергеніне қуанғанымызбен, егемендігіміздің ерте тұсында ана тілімізді қауіп-қатерден біржолата құтқару жолында тындырылған тірлігімізден, тынбағаны көп болғандығы да анық. Ой-санасын империялық, отаршылдық психология жайлап алған, негізінен алғанда, сырттан келген ұлт өкілдері республика Конституциясының жобасын талқылау кезінде Қазақстанда қазақ тілімен қоса орыс тілі де мемлекеттік тіл болсын деп өзеурегені есімізде. Дегенмен, дұрыс пиғыл, оң ой-сана өз жемісін берді. Қазақ тілінің мәртебесі бірте-бірте көтеріле берді. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде тіліміздің ахуалын айқындап, қалың көпшіліктің бетін дұрыс бағытқа бұрған бірлестіктердің бірі облыстық «Қазақ тілі» қоғамы 1992-ші жылдың 22 қыркүйегінде атқарған жұмыстарына есеп беріп, онда: «Облысымыздағы 10 ауданда 22 біріккен комитет, 450 бастауыш ұйым құрылды, оның жалпы мүшелер саны - 113,175 адам, ал төрт қаламызда 12 комитет, 166 бастауыш ұйым құрылып, ондағы қоғам мүшелерінің саны - 11687 болды. Облыс бойынша 34 комитет 616 бастауыш ұйым құрылып отыр. Жалпы облысымыздағы ана тіліміздің белсенді жанашырлары - 124,859 адам. Облыс бойынша штат кестесінде 31 адам көрсетілген, оның 16-сы «Қазақ тілі» қоғамдарынан жалақы алып, жұмыс істеуде. Ал қалған 15 адам қоғамдық негізде. Іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің жайымен танысу мақсатымен бірсыпыра қалалар мен аудандарда болдық. Тіл туралы Заңның орындалу барысымен таныстық. «Әттеген-ай» дегізетін кемшіліктер облыстық «Ақ жол», «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының үні «Әулиеата» газеттерінде сынға алынып, қоғамдық ой-пікірлер туғызылды. «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының мәслихаттарында Жуалы аудандық, Қаратау қалалық «Қазақ тілі» қоғамдарының «Қазақ КСР Тілдер туралы Заңын» жүзеге асырудағы іс-тәжірибесі «Қазақ тілі» қоғамы Жамбыл қалалық ұйымының ішкі ұйымдық жұмыстары, бастауыш ұйымдарға басшылығы, сондай-ақ «Қазақ тілі» қоғамдары Свердлов, Жамбыл, Шу, Мойынқұм аудандарында іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудегі «Қазақ тілі» қоғамдарының жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының басқармасы ғылым, халыққа білім беру, мәдениет және тіл, тарихи мұраларды қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға Луговой ауданы мен Жамбыл қаласында іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің жайы туралы мәселе қойды. Ондағы орын алып отырған кемшіліктерге тиісті адамдардың назарын аударды. Жергілікті халықтың үлес салмағын ескере отырып, Луговой аудандық атқару комитетіне ауданда іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің бағдарламасын қайта қарау ұсынылды. 1992-ші жылдың 1 қыркүйегінде 401 мектептің 181-і қазақ тілінде тәрбие бере бастады. Заң қабылданғалы екі жылдың ішінде бұларға жаңадан 16 қазақ мектебі қосылып, жалпы саны 199 жетті. Сонымен қоса, үш жылда таза орыс тілінде жұмыс істейтін мектептер саны 108-ден 58-ге дейін азайып, аралас мектептер саны 114-тен 147-ге дейін өсіп отыр. Облысымызда таза қазақша оқитын оқушылар саны 12 мыңға артты. Бұл жұмыстар әсіресе, Шу, Свердлов, Жаңатас, Жамбыл қалаларында жақсы жолға қойылған. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін мына бір мәліметтерден де байқауға болады. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін үш жыл бұрын тек 12 мектепте 219 оқушы ғана тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыса, 1992-ші жылы облысымыздың 49 мектебінде 1829 оқушы өз ана тілін тереңірек меңгеруде. Өркениетті елдің келешегі балабақшадан басталады десек, мектепке дейінгі мекемелерді қазақыландыруда табыстарымыз жоқ емес. Мәселен, 1989-шы жылы облыста небәрі 88 таза қазақ, 3 аралас тілді балабақша бар еді. «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымдарының белсенді араласуымен 158 бала бақша таза қазақ, 105-і аралас тілде тәлім-тәрбие ала бастады. Ал, қазақ тілінде тәрбиеленетін балалардың саны 3 есе өсіп, 16575-ке жетті. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсе түспек. Соңғы жылдары Талас, Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандарының көптеген мектептерінде Жамбыл қаласының №5 Жамбыл атындағы, №44 Шона Смаханұлы атындағы мектептерінде ұлттық мектеп үлгісіне көшіп, қазақ халқының салт-дәстүрін, ою-өрнегін, ұлттық бар болмысын оқып үйрену процесі кеңінен өндіріліп жатыр», - делінген. Жиналысқа қатысушылар, сонымен қатар, қазақ тілінің шын мәнінде мемлекеттік мәртебе алып, көсегесі көгеруі үшін, белгілі мемлекеттік жүйе бойынша жұмыс істейтін тіл және мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитет құру керектігін баса айтты. Кеңестік дәуірде атеистердің дінсіз қоғам құрамыз деп алашапқын болған әуре-сарсаңы өзінің теріс әсерін тигізбей қалған жоқ. Қоғамымыз өз дінінен айырыла жаздады. Әйтсе де, тұңғиықта жатқан тұнық су секілді болған рухани азығымыз - дініміз Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін, тез-ақ ортамызға кірігіп, баршамыздың берекеміз кіре бастады. Осы бағыттағы игі қадамдардың бірі «Қаратау» акционерлік қоғамының президенті Сүйінбек Түйтебайұлының бастамашылығымен жүргізіліп, қалада жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысы басында қала ақсақалдарымен болған кездесуде, жастарды мейірімділік пен имандылыққа тәрбиелеу қажеттігі жайлы жан-жақты әңгіме өрбіді. Қаладағы өзге де кәсіпорын, мекеме басшыларының да осынау игілікті істі жедел жүзеге асыруға көмектері қажеттігі жайлы мәселелер де ортаға салынды. Кездесу соңында ақсақалдар алқасының алдағы жұмыс жоспары талқыланып, аруақтарға бағышталып құран оқыды. Осылай, «әсте-әсте» басталынған мұсылманшылық тез-ақ өркендеп, егемендігіміздің алғашқы жылдарында-ақ өңірімізде бірнеше мешіт жамағатқа есігін айқара ашқан. Олардың санының көбеюі керектігі де заңдылық. Еске алар болсақ, төңкеріске дейін бір Әулие ата қаласының өзінде 43 мешіт болған екен. Себебі, дін бәрімізге ортақ. Осы орайда Тәуелсіздік таңы атқаннан кейінгі игі іс-шаралардың бірі ретінде Жамбыл мұсылман әйелдерінің құрылтайын айта аламыз. Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық кітапхананың өнер залында өткен құрылтай конференциясында мұсылман әйелдерінің қоғамдағы орны мен ролі, олардың ежелден қалыптасқан игі дәстүрлерін қалпына келтіру, отбасы, неке, бала тәрбиелеу проблемалары сөз болды. Тағы бір елдігімізді паш еткен тарихи шешім Жамбыл қалалық кеңесінің 13-ші сессиясында қабылданып, осы бойынша қаланың қазақ және орыс тілдеріндегі атауы тек «Жамбыл» транскрипциясында бекітіліп, орыс тіліндегі «Джамбул» атауы келмеске кетті. Кейіннен бірінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының он бірінші сесиясында Жамбыл облысының орталығы - Жамбыл қаласының атын Тараз қаласы етіп өзгерту туралы ұсыныс беруге шешім қабылданды [47]. Осылай Жамбылда көше аттарына жаңа атаулар беру ісі басталды. Киров және Карл Маркс көшелері арасындағы Северная көшесі тарихи терең тамырымызды еске салу мақсатымен Рим көшесі болып аталды. Жібек жолы өтетін ежелгі сүрлеу орнындағы Октябрьдің 60 жылдығы көшесіне ежелгі атауы қайтарылды. Карл Маркс көшесі бұрынғыдай Қапал көшесі аталса, көкбазар мен малбазарын жалғастырып жатқан Фурманов көшесі ескі атына сәйкес Көшеней көшесі болып қайтадан аталатын болды. Халқымыздың ардақтылары Жүсіп Баласағұни, Қыдырғали Жалаири, Мұхаммед Хайдар Дулати бабаларымыздың есімдері Щербаков, Свердлов, Луначарский көшелеріне берілді. Қалалық атқару комитетінің шешімімен мөлтек аудандар бұдан былай реттік санымен емес, тиісінше «Ақбұлақ», «Қаратау», «Жайлау», «Салтанат», «Қарасу», «Талас», «Самал», «Алатау», «Мыңбұлақ», «Аса», «Жансая» деп аталатын болды. 1995-ші жылдың 25 сәуірінде Жамбыл облысы әкімінің «Қаратау қаласының, Жуалы, Қордай, Меркі, Свердлов және Шу аудандарының бірқатар елді мекендерінің, колхоздарының, ауылдық кеңестері мен мектептерінің аттарын өзгерту» туралы қаулысы шықты [48]. Қаулыға сәйкес: Қаратау қаласындағы А.Гайдар атындағы орта мектеп Д.А.Қонаев атына, Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық әкімшілігіндегі «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы орта мектеп Т.Тастандиев атына өзгертілді. Қордай ауданы Георгиевка селосы Қордай ауылы болып, «Калинин» атындағы колхоз «Сұлутөр» агробірлестігіне, «Коммунистік» колхозының аты «Бянху» агробірлестігі, Меркі ауданы «Киров» селосы «Аққайнар» ауылына, «Қызыл ту» селосы «Тескентоған» ауылына, Свердлов ауданы «Политотдел» ауылы «Көктал» ауылына, Шу ауданы, «Коммунизм» колхозы «Төле би» атындағы агробірлестікке, «Ленин» атындағы совхоз «Кемер» агробірлестігіне, «Новый путь» совхозы «Жаңа жол» агробірлестігіне, «Ақтөбе» колхозы «Балуан Шолақ» атындағы агробірлестікке, «Калинин» атындағы колхоз «Баласағұн» атындағы агробірлестікке өзгертілуі және Мойынқұм ауданындағы Аманкелді агробірлестігінің екінші бөлімшесінің атын Қызылотау ауылы етіп өзгерту және Қызылотау ауылдық округін құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінен сұралды [49]. Бірінші шақырылған Жамбыл облыстық Мәслихат (депутаттар) жиналысының алтыншы сессиясында Мойынқұм ауданының Фурманов ауылдық округінің атын Мойынқұм ауылдық округі етіп өзгерту туралы Шешім қабылданды [50]. Ұлтымыздың рухани өзегі болып табылатын Қазақстандағы ең көне Тараз қаласының іргетасы қаланғанына 2000 жыл толғандығы, оны ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзі болып атап ету туралы Қазақстан Республикасы Табиғаттану ғылымдары академиясы, Жамбыл қаласының әкімшілігі мен Жамбыл технологиялық институты «Деңгелек үстел» басындағы халықаралық кездесу ұйымдастырды. Мұнда Тараз қаласының 2000 жылдығын дүниежүзі ғалымдарының араласуымен тиянақты дәлелдеп, лайықты тойлау үшін облыс орталығындағы көкбазарды орнынан көшіру, қазба жұмыстарын жүргізу, қаржы бөлу, үгіт-насихат жұмыстарын күшейту, кітаптар, кітапшалар, буклеттер шығару туралы мәселе қойды. Қазақстандағы ең көне қаланы республикамыздағы туристер қызыға көретін орынға айналдыру жөніндегі өз ұсыныстарын айтты. Кейінірек бірінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының он бірінші сессиясында «Жамбыл облысының орталығы - Жамбыл қаласының атын Тараз қаласы етіп өзгерту туралы» ұсыныс беруге шешім қабылданды. 1995-ші жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан, Қырғыстан және Өзбекстан мемлекетаралық кеңесінің мәжілісіне қатысу үшін Жамбылға Президенттер Асқар Ақаев пен Ислам Каримов келді. Жергілікті әуежайда оларды Республикамыздың Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жылы шыраймен құттықтады. Бұл сапардың бір есте қаларлығы сол күні бүкіл түркі халқының көсемдерінің бірі, жақында ғана 120 жылдық мерейтойы аталып еткен, қазақтың біртуар азаматы Тұрар Рысқұловтың Тараз қаласындағы ескерткішінің салтанатты лентасын үш елдің Президенттері қиды. Басқосуда Тұрар Рыскұловтың үш елдің ғана емес, бүкіл түркі халқының мүддесі үшін күрескен тұлға екендігі айтылды. Кездесудегі тағы бір есте қаларлық сәт жазушы-журналист, тарихшы Бақытияр Әбілдаұлының сөз сөйлеп, Президенттен облыс жұртшылығы атынан қаламызға ежелгі Тараз атын қайтаруды сұранғаны болды. Нұрсұлтан Әбішұлы; «Бұл мәселеге Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық тойы өткен соң оралайық», - деп уәде берген болатын. Елбасы уәдесінде тұрып 1997-ші жылдың 7-ші қаңтарында «Жамбыл облысының орталығы - Жамбыл қаласының аты Тараз қаласы болып өзгертілуі туралы», Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа қол қоюды рәсімдеу салтанатының әулиелі Қарахан кесенесінің жанында өткізілгеніне қала жұртшылығы куә болған еді. «Байзақ датқа» қорының бастамасымен батырға ескерткіш орнату қолға алынғанына біраз жылдар болған еді. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995-ші жылғы 20 желтоқсандағы Свердлов ауданына Байзақтың атын беру туралы Жарлығы бұл істі жеделдетті. Қызыл граниттен қашалып жасалған ескерткіш аудан орталығы - Сарыкемерге кіреберісте орнатылды. Ескерткішті ашу салтанатына облыс, аудан басшылары, жұртшылық өкілдері қатысы. Дегенмен, кейбір жағдайда біз Колпаковский мен Кауфманның, немесе Скобелев пен Гродековтың «жақсы» жақтарына мән бере отырып, көп жағдайда осылардан озбырлық көрген өз ата-бабаларымыз туралы «ұмытып» қала береміз. Гродеков сияқтылардың «саясатының» осы күнге дейін әсерлі болып келе жатқандығы сондықтан да болса керек. Айтар болсақ, мәселен, Головачевка елді мекені «Айша бибі» атына ауыстырылса, Гродеков елді мекені әлі мызғымай тұр [51]. Азаттықтың ақ таңы атқалы тәуелсіздікті жақындатқан тұлғаларға облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетті. 1998-ші жылы туғанына 500 жыл толуы құрметіне М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің алдына Ғұлама Бабамызға ескерткіш орнатылды. Қойгелді батыр ескерткіші 1998-ші жылы облыс орталығында Төле би көшесі мен Қойгелді батыр атындағы көше қиылысында орнатылған. Осы батыр құрметіне ұрпақтары 1998-ші жылы Байзақ ауданының Суханбаев ауылына Ақбақайдың көк тасынан қашалған ескерткіш орнатты. 1998-ші жылы Қордай ауданында Қарасай батырдың туғанына 400 жыл толуы кең көлемде аталып өтті. Батырдың ұрпақтары мекендейтін Қарасай батыр ауылында ескерткіш орнатылды. 1999-шы жылдың 9 маусымында Бәйдібек бабамыздың басына, Домалақ анамызға, басқа да бес анамызға (Сары бәйбіше, Зеріп, Жұпар, Қарашаш, Сыланды) тұрғызылған мавзолейлердің ашылу салтанаты болып, ас-той берілді. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ұлы бабаларымыз Қойгелді, Жауғаш, Тілеуке батырлар қайта жерленді. 1999-шы жылы Қордай ауданының Өтеген ауылында батырдың 300 жылдық мерейтойы өткізіліп, аудан орталығында еңселі ескерткіш орнатылды. 2000-шы жылдың 11 қазанында облыс әкімі С.Ә.Үмбетовтың ұлттық ат спорты ойындары басталар алдында Наурыз мейрамында пайдалануға берілген облыстық атшабарға Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімін бергені туралы хабарлады. Тараз қаласының орталығындағы облыстық қазақ драма театрының алдына осы жылы қазан айында Батырдың ескерткіші орнатылды [52]. Егемендігіміздің он жылын артқа тастаған сүбелі тойда облыс әкімі С.Ә.Үмбетов сөз сөйлеп; «Біздердің барлығымыз соңғы он жылдың беделінде елімізде болып өткен саяси, мәдени, мемлекеттік өзгерістердің куәгерлері болып келеміз. Осы мерзімде өте маңызды, қарқынды қадамдар жасалды. Тарихи тұрғыдан алғанда азғантай уақытта Қазақстан өзі таңдаған қоғамның сипатына сәйкес келетін құқықтық, заңнамалық және саяси институттар қалыптасты. Егемен Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституцияны қабылдадық. Мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Әнұран, Мемлекеттік Жалау нысандарын белгіледік. Қазақстан Қарулы Күштерін қалыптастырдық. Аға ұрпақтар армандаған Ана тілімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп жарияладық. Алғашқы қадамдарды жасау оңай болған жоқ. Ізденіс пен іркіліс қатар жүрді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз мемлекет құрудың сындарлы стратегиясын жасай алды, оны ұсынды, іске асырды және елімізді өркениетті мемлекеттер қатарына қосу жолында асқан қажыр-қайрат танытып қатарына қосу жолында асқан қажыр-қайрат танытып келеді. Өткен он жылдықта қиыншылықтарға қарамастан, еліміз мақтаныш ете алатын табыстарға қол жеткізді. Жас Қазақстан мемлекетін дүниежүзінің 100-ден аса мемлекеттері таныды, дипломатиялық қарым-қатынастар орнады. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Қазақстанда өмірге келіп, оң сипаттағы құрылым ретінде қоғамдағы үйлесімге қызмет етіп жатқан Қазақстан халықтарының Ассамблеясы өзінің миссиясына сай болып шықты және оның тәжірибесі басқа мемлекеттерде қызығушылық тудыруда. Саяси партиялар мен діни бірлестіктердің конституциялық құқықтары сақталды. Елімізде жүріп жатқан реформалар, «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудың басты қағидасына, жұмысымыздың негізгі темірқазығына айналды. Халық өз елі Стратегиясын қолдап, қайсыбір қиын жағдайлардың өзінде де төзімділік танытты. Қазақстан қиындықтарды жеңіп, даму жолына түсті. Бүкіл қазақстандықтар сияқты, Жамбыл облысының еңбеккерлері де, ауылшаруашылығы саласында, өнеркәсіпте және басқа да салаларда еңбек өнімділігін едәуір арттыра бастады. Жекелеген кәсіпорындарда өндіріс үдерісі тұрақтанды, тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу әрекеттеріміз жүзеге асып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер берді. Зейнеткерлер, аз қамтамасыз етілген азаматтар, мемлекеттік жәрдем төлемін алатындар қамқорлыққа алынды. Білім беру, денсаулық сақтау саласында жұмыс істеушілер жалақыларын уақытылы алатын болды. Балалардың жәрдем төлемдері толығымен өтелді. Облысымыздың орталығы Тараз қаласы келесі жылы ЮНЕСКО шеңберінде 2000 жылдығын атап өтпекші. Оған бүкіл халық болып атсалысатынымыз анық», - деді. Тараздың 2000 жылдық торқалы тойына ыждағаттылықпен дайындалып, оның дүркіреп өткендігіне барлығымыз да куә болдық. Сонымен қатар, ұлттық санамыз толысу үстінде болды. Тарихымызды түгендедік. Түйткіл мәселелерде мәмілеге келдік. Осылайша, 2002-ші жылы Сыпатай батырға Меркі ауданының іргесінен үлкен ескерткіш орнатылса, сол жылы Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші тұрғызылып, Жамбыл ауданындағы орталық алаңда Жамбыл ескерткіші бой көтерді. Аталған жылы Тараз қаласындағы Достық алаңында елін, жерін қорғап, оның тұтастығы мен бостандығы үшін күрескен батыр әрі би, бүкіл алаш жұрты қастерлейтін ұлы бабамыз Бәйдібекке еңселі ескерткіш ашылды. Осы жылы Қазақ КСР-нің Халық ақыны К.Әзірбаевтың ескерткіші Қордай ауданының Кенен ауылында орнатылса, Талас ауданының Ақкөл ауылында туғанына 90 жыл толуына орай Д.Қонаевқа, Құлан ауылында - «Ұлы Жібек жолы» бойында Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды. Тұрар Рысқұлов халқын шексіз сүйген, сол үшін жанқиярлықпен қызмет етіп, ірі мемлекет және саяси қайраткер дәрежесіне көтерілген халқымыздың аса ірі тұлғасы. Оның өмір жолы бүгінгі ұрпаққа ересен үлгі. Сәл кейінірек, Төле би бабамыздың ескерткіші туғанына 350 жыл толуына орай Тараз қаласындағы Төле би көшесінде орнатылды. 2002-ші жылдың 20 тамызында «Әулие ата» мешіті жанынан жаңа медресе ашылды. Бұл қоғамымыздың рухани тазаруының белгісі болса керек. Бұрын кеңестік идеологиялық дәстүрде тәрбиеленген жастарға «медресе» ұғымы жат болып келсе, ендігі жерде мұсылмандыққа бет бұрған қауымға дінтану мәселелері қажет-ақ болатың. Өңірімізде осы бағыттағы игі іс-шаралар өз жалғасын тауып, 2003-ші жылдың 7 маусымында Таразда жаңа мешіт орнына қазық қағылды. Бабаларға құрмет ары қарай жалғасып, 2004-ші жылдың Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Биназар Ақеділұлының ескерткіші есімі берілген ауылда ашылды. Сәл кейінірек, тағы бір батыр бабамыз Жауғаш батыр есімі Тараз қаласының көшесіне берілген еді. Оның тұсаукесері де болды. Жауғаш батыр Абылай ханның үнемі жанында болып, қажет кезінде айрықша жасақтарды басқарған. Сондай-ақ, Абылай ханның елшісі міндетін атқарған. Жауғаштың екі рет Қытайға елші болып барғаны туралы деректер бар. Сондай-ақ ол қазақ-қырғыз қарым-қатынасында да үлкен рөл атқарған. Абылай ханның соңғы жорығына қатысып, ол қайтыс боларда қасында болған. Жауғаштың Абылай ханның ұлы Әділ сұлтанның Әулие ата өңірін билеуіне және бұрынғы Тараздың орнында Әулие ата атты қаланың қайта бой көтеруіне ықпалы болған. Қала әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімімен батыр есімі бұрынғы Сахзаводская көшесіне берілді. Дүлдүлдерді дәріптеу іс-шаралары жалғасып, облысымызда Кенен Әзірбаевтың 120 жылдығы тойланды. А.Суханбаевтың ескерткіші 2005-ші жылы Тараз қалалық әскери қорғаныс істері басқармасы алдына орнатылды. Ұлбике ақын ескерткіші туғанына 180 жыл толуына орай, 2005-ші жылы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында тұрғызылды. 2006-шы жылы Меркі ауданының орталығында Жауғаш батырдың ескерткіші тұрғызылды. 2009-шы жылдың наурызында Сарыкемер ауылының тұрғыны Қали Әстенов өзінің ең асыл қазынасы он екінші ғасырдағы Құран Кәрім кітабы барын жария етті. Ол осынау тәбәрік дүниені атадан қалған асыл мұра ретінде ерекше қастерлеп сақтап келген. Саяси өміріміздегі сындарлы мезет сайлау науқаны десек, 2012-ші жылғы қаңтар айының 15-нен 16-сына қараған түнгі 24.00-де «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының облыстың сайлауалды штабының құрамы, облыстық филиал саяси кеңесінің мүшелері «Нұр Отан» ХДП-ның көшбасшысы, Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, штаб мүшелерімен, партиялас серіктестерімен, сенім білдірілген адамдармен, жұртшылық өкілдерімен, еріктілермен, жастармен өткізген кездесуіне бейнеконференция режимінде қатысты. Жалпы, республикалық орталық сайлау коммисиясының мәліметтері бойынша, жексенбі күні аяқталған Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және Мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына Республикадағы 9 миллион 300 мың сайлаушының 75,07 пайызы қатысып дауыс берген. Ал Жамбыл облысындағы 503 227 сайлаушының 80,83 пайызы дауыс беріп, сайлауға қатысқандардың саны жағынан облыс республикада 5 орынды иемденді. Сайлау қорытындысы бойынша 81,3 пайыздық үлеспен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы жеңіске жетті. Партия тарихында алтын әріппен жазылатын осы бір тарихи қуаныштың құрметіне Тараз каласындағы Баласағұн орталық концерт залында «Нұр Отанмен» болашаққа!» атты жеңімпаздар форумы өтті. Жиынға облыс әкімі, аталмыш партияның облыстық филиалының төрағасы Қ.Бозымбаев бастаған бір топ партия белсенділері мен ардагерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісіне, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткер атанып, жұртшылық сеніміне ие болған халық қалаулылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Форумда «Нұр Отан» партиясынан сайлауға түсіп, саяси бәсекеде сайлаушылардың үлкен қолдауына ие болған жеңімпаздар Ә.Сатыбалдин, Е.Мұқашев, Т.Құлжабаев тебірене сөз сәйлеп, алдағы уақытта халықтың үмітін ақтау жолында аянбай еңбек ететіндігін айтты. Ал сайлаушылар атынан белгілі балуан Б.Ыстыбаев, әнші Ж.Асанқұлова, жас ақын, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі А.Қадыралиев сөз алып, халықтық партияның халықтың мүддесін ойлаған мерейлі міндеттердің үдесінен шығуына тілектестігі мен зор сенімін білдірді. Облысымызда осындай саяси сахнадағы қуанышымыз Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен жалғасты. Наурыз - жер бетіндегі тіршіліктің оянуымен рухани жаңғыру, жаңару күні. Бұл барша жұртты көктем шуағымен шаттанып, табиғатпен бірге түлеп, өсіп-өркендеуге үндейтін ұлағатты мереке. Елдің ынтымағы мен жердің берекесі. Наурыз-осынау береке мен тірлікті, жақсылық пен ізгілікті, қайырымдылық пен имандылықты уағыздайтын мейрам. Наурыз - ынтымақ пен бірліктің, туған Отанға деген сүйіспеншіліктің ұлы мейрамы. Біздің ұлттық құндылықтарымыз, рухани мұраларымыз әз Наурызбен біте қайнасқан. Ақпейіл жұртымыз қашанда Ұлыстың ұлы күнін ақ дастарқан жайып, ақ тілекпен қарсы алған. Елдің тыныштығын, халықтың ынтымағын тілеген. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан. Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен Наурыз мейрамы 2011-ші жылдан бері Халықаралық ауқымда тойлануда. Ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен үлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Наурыз - ұлттар арасындағы достықты бекітуге, бауырластықты нығайтуға, әр ұлттың салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға үлкен үлесін қосып отыр. Шығыс күнтізбесі бойынша тарих қойнауына енген жыл Қазақстан үшін ерекше кезең болды. Жыл басын жамбылдықтар үлкен табыстармен, ынтымақ-берекемен, ақжарқын көңіл күймен қарсы алып, әз Наурыз баршамыздың шаңырақтарымызға шаттық пен қуаныш, ырыс пен ынтымақ, құт-береке әкелуін тілейді. 2012-ші жылдың маусымында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына орай, оның атындағы халықаралық қордың облыстық бөлімінің ұйымдастыруымен Ақкөл ауылында алыптың рухын ардақтаған той болып өтті. Мереке қазақ халқының тау тұлғасына айналған Дінмұхамед Қонаевтың бір ғасырлық тойы болған соң, Талас ауданының бұрынғы орталығы Ақкөл ауылына қазақ елінің түпкір-түпкірінен халық көп жиналды. Екі күнге жоспарланған тойдың шымылдығын облыстан, республикадан келген эстрада жұлдыздары әуелете ән салып ашты. Той басталардан бірер күн бұрын «Альянс Групп» ЖШС-нің Бас директоры Әлімбек Жұмабаев Ақкөл ауылының орталығындағы алаңға тау тұлғаның еңселі ескерткішін орнатты. Содан бастап-ақ, ақ жаулықты аналар шашуын шашып, үлкендер аруақты кісінің рухына құран бағыштады. Ескерткіштің алды гүл дестелеріне толды. Алланың нұры жауған күн - Құрбан айт мерекесінің 2012- ші жылдың 30 қазанында қасиетті жұма күніне сәйкес келуі ұлық мейрамның ерекше қасиетін аңғартқандай. Бұл сирек кездесетін сәйкестік. Сондай-ақ, айт күні таңғы бамдат намазы алдында басталған жауын күн ауғанша баяулап жауып тұрды. Алланың нұры жауды деген осы. Орталық «һибатулла Тарази» мешітінде оқылған құран сарыны мен айтылған уағыз да бамдаттан басталып, айт намазы оқылып біткенге дейін бір тынған жоқ. Алладан уақи болып мұсылман қауымына құрбан шалуды уәжіп өткеннен бергі уақытта исі мұсылман қауымы Құрбан айтты исламның ұлық мерекесі ретінде тойлап келеді. Осы мереке кезінде адамдардың исламның бесінші парызы қажылыққа баруы да уәжіп етілген. Бұл туралы орталық «һибатулла Тарази» мешітіне айт намазына жиналғандарға ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, мешіттің Бас имамы Данияр Жұмабаев уағыз айтып, құрбан шалу тәртібі, айт намазының оқылуы, құтба тыңдау туралы жан-жақты түсіндірді. Айт намазы басталар алдында мешітке жиналған намазхандарды облыс әкімі Қанат Бозымбаев қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Облыс басшысы ақиқат дінді ұстанушылардың алған бағыттары дұрыс екендігіне ешкімнің күмәні болмауы керектігін, әлемде 2 миллиардтан астам өкілі бар ислам діні адамдарды жарқын болашаққа бара жатқан жақсы жолда әділдік, адалдық, тазалық және имандылыққа тәрбиелейтінін тілге тиек етті. Облыс әкімі, оның орынбасарлары, бірқатар басқармалар мен мекемелер, кәсіпорындар басшылары, облыстық мәслихат депутаттарының және қала жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен оқылған айт намазы Насреддин қажы Қоссейітұлының берген ақ батасымен аяқталды. Намаз оқылып біткеннен кейін облыс әкімінің атынан аруақтарға бағышталып құрбандық шалынды. Бұл күні орталық мешіт маңындағы арнайы қасапханада құрбандыққа шалынған малдың еті алдын ала дайындалған тізім бойынша мешіт жанынан құрылған комиссия шешімімен материалдық көмекке мұқтаж жетім-жесірлер мен жоқ-жітік отбасыларына таратылып берілді. Бұл - үлкен сауапты іс. Айт күні үй- үйді аралап, айттық ауыз тию, аруақтарға құран бағыштап, тірілерге жақсы тілектер арнаудың да сауабы мол. Бұл күні Алладан тілеген тілектердің барлығы да қабыл болмақ. Тек ниетіңіз түзу болсын. Орталық «һибатулла Тарази» мешітінде оқылған айт намазынан шыққандар осындай ниетпен тарады. Сарысу ауданы Саудакент ауылының орталығынан елге белгілі азамат, облыстық мәслихаттың депутаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Асаубай Майлыбаевтың имандылық ордасы мешіт ашқанына он жылдан асты. Ауыл тұрғындарын имандылыққа ұйытып, бірлік пен ынтымаққа шақыратын киелі орын есігін айқара ашқалы бері сол жердің ауласында қасиетті Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Асекең Алланың разылығы үшін түйе, сиыр малынан құрбандық шалуды, отыз күн оразада ауыз бекіткендерге ауызашар беруді дәстүрге айналдырып келеді. Биыл да халық қалаулысы, қайырымды азамат ауылға отбасымен барып, мешітте оқылған Айт намазына қатысып, ірі қара малын құрбандыққа шалды. Кейінгі жылдары мешітке келіп, құрбандық шалатындар қатары көбейе түсті. Бұл күні ел ағаларымен бірге Байқадам ауылдық аймағындағы «Ынтымақ» шаруа қожалығының төрағасы Б.Иманбаев та құрбандыққа түйе шалды. Сондай- ақ, ауылдың он азаматы бір-бір қойдан әкелді. Құрбандыққа шалынған малдың еті тұрмысы төмен отбасыларына, бір қойдың еті Байқадам орта мектебі жанындағы интернатқа берілді. Айт намазына қатысқан жамағатты аудан әкімі ұүлық мерекемен құттықтап, бірлік пен ынтымақ, имандылық жөнінде пікірлерін айтты. Тәуелсіздіктің 11 жылдық мерекесіне орай Тараз қалалық әкімдігінде салтанатты жиналыс өтті. Шараны қала әкімі Б.Орынбеков құттықтау сөз сөйлеп ашты. Тәуелсіздік жылдарында Тараз қаласының ел экономикасының жақсаруына, мәдениеттің өркендеуіне қосқан үлесі жайлы қала әкімінің орынбасары баяндама жасады. Келесі кезекте бірқатар азаматқа «Тараз қаласынын Құрметті азаматы» атағы берілді. Олар - еңбек ардагерлері С.Арынов, Т.Достанбаев, К.Сұлтанова және Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Нестерова, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, даңқты боксшымыз Б.Артаев. Қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қалалық мәслихаттың бірқатар депутаттары мен әкімдік қызметкерлеріне тапсырылды. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың Грамоталары да табыс етілді. Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған шаралар ұлт бостандығы жолында жанын пида еткен боздақтардың рухына тағзым ету рәсімімен айшықтала түсті. Бұл күні мекеме, кәсіпорындар ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қазақтың қаһарман ұлы Қ.Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, мәңгі өшпес ерлігіне бас иді. Осы күні кешкісін Тұңғыш Президент саябағы мереке құшағына бөленді. Күннің ызғарына, ауа райының қолайсыздығына қарамастан саябаққа жұртшылық көптеп жиналды. Концерттік бағдарлама облыстық қазақ драма театрының әртістері орындаған сахналық қойылыммен ерекшеленді. Елімізге белгілі «Орда» тобының әншілері де өнерлерін тарту етіп, тараздықтардың көңілін көкке көтерді. Жергілікті өнерпаздар да аянып қалған жоқ. Мазмұнға толы мереке отшашумен аяқталды. Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған шаралар облысымыздың барлық аймағында аталып өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жұртшылыққа кеңінен түсіндіру мақсатында өткен басқосуда облыс әкімі Қанат Бозымбаев сөз сөйлеп: «Мемлекет басшысы өткен жылғы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялаған болатын. Жыл сайын барша қазақстандықтар Елбасы Жолдауын зор үмітпен күтетіні белгілі. Өйткені, саяси салмағы үлкен құжаттарда мемлекеттің дамуы, оның стратегиялық мақсат-міндеттері жан-жақты қамтылады. Дегенмен, бұл Жолдаудың орны бөлек, маңызы ерекше. Себебі, Елбасы Қазақстанның 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясын анықтап берді. Мемлекет өркендеуінің негізгі құжаты алдымызға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл құжаттың басты мақсаты еліміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы болып табылады. Өңірде Жолдауды тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында 11 облыстық, 56 қалалық және аудандық ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Ақпараттық-насихат топтарының 46 жұмыстар жалғасын таба береді. Елбасы Жолдауын іске асыруға облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында негізгі мүмкіндіктің бәрі бар. Облыстың жалпы өңірлік өнімі соңғы 15 жылда капиталдық есептеуде 14 есеге, орташа еңбекақы көлемі 12,5 есеге өсті. Жалпы, жұмыссыздық 13,8 пайыздан 5,4 пайызға дейін төмендеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста индустрияландыру картасына енген, жалпы құны 482,2 миллиард теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба іске асырылды. Аталған жобалар бойынша алты мыңнан астам қосымша жұмыс орны ашылатын болады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі соңғы он жылда 29 есеге өсіп, 2012-ші жылы 149,6 миллиард теңгені құрады. Өңірде бұдан басқа да көптеген шаруалар орындалып, нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Дегенмен, қазіргі міндеттер де, артылар сенім де айрықша. Ең бастысы мақсатқа жету үшін елді еңселі еңбекке жұмылдыру керек», - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев. Адам санасында рухани сенімділік артқан сайын, қоғамның да көсегесі көгеріп, тірлігіміздің де алға басатындығы анық. Солай болып та келеді. Дегенмен, кейбіреулердің діни сауатсыздығы мен материалдық мұқтаждықтарын пайдаланып, оларды басым көпшілігіміз ұстанып отырған бағыттан бұрып әкету қаупі де сейілмей тұр. Мемлекеттік деңгейде қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, осындай дінбұзарларға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан кейбір теріс бағыттағы ағымдар әлі күнге дейін өздерінің іс-әрекеттерін тоқтатпауда. Осы тұрғыда Қордай ауданында болып өткен «Таблиғи жамағат - елге жат ағым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда салиқалы ой-пікірлер айтылып, ұтымды ұсыныстар жасалған басқосу болды деп айта аламыз. Жиналыстың алғашқы бөлігінде «Соқыр сенім» атты деректі фильм көрсетілді. Конференцияны ашып, жүргізіп отырған облыстық Дін істері департаментінің директоры Серғали Айдапкелов аталған іс-шараның алға қойған мақсатына кеңінен тоқталып, осындай радикалды ағымдарды ауыздықтау үшін бірлесе жұмыс істеу керектігін атап өтті. Қоғам дамуына елеулі кері әсер тигізетін теріс ағымның терең тамырланып кетуінің алдын алуға арналған алқалы жиында облыс әкімінің орынбасары Ғани Сәдібеков, Қазақстан Республикасы Дін істері агентгігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, Қырғыз Республикасы Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының директоры Абдилатиф Жұмабаев, Тәжікстан Республикасының өкілі, ғалым Давлятходжа Назиров, Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Н.Қалымбетов, «Қазақстан қажылары қауымдастығы» қоғамдық қорының төрағасы Еркін Дуанаев, исламдағы бүлікшіл секталар мен ағымдарды зерттеу орталығының директоры, профессор Мұрат Мыңбаев, Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Рашид Бакиров сөз сөйлеп, өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Олар күн тәртібінде көтеріліп отырған мәселенің жүзеге асырылуы бірлесіп жұмыс жүргізгенде ғана мүмкін екеніне ерекше назар аударды. Шындығында да, қоғамды іштей ірітетін бүлдіргі әрекеттер ашық алаңдағы дұшпаннан әлдеқайда қауіпті. Конференцияға қатысушылар осындай тұжырымға келіп, республика жұртшылығына Үндеу қабылдады. Конференңияда облыс әкімінің орынбасары Ғани Сәдібеков сөз сөйлеп, көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығын ерекше атап етті. «Елбасы Жолдауында «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғандығын» айта келе, дәстүрлі емес діни ағымдардан халқымызды, әсіресе, жастарды арашалап қалу мәселесін кетеріп, оны шешудің жолдарын көрсетіп берді», - деді Ғани Қалабайұлы. Шешен одан әрі облыс бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жанында 23 этномәдени орталық жұмыс істейтіні, оларда сол ұлттардың салт- дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тілі, ділі және діні сақталуына және дамуына жағдай туғызылып отырғаны туралы айтты. Облыстағы діни бірлестіктер мен олардың филиалдарын тіркеу және қайта тіркеу кезінде жүзеге асырылған жұмыстарға да тоқталып, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтардың 28,5 пайызға қысқарғанын атап көрсетті. Бұл дінге көрсетіліп отырған қысым емес, керісінше, оның тазалығына мән беріліп отырғанын аңғартады. Конференцияда сөз сөйлеген ОІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Науатбек Қалымбетов діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар жайында айта келе, бүгінгі таңда облыс ішкі істер органдарында жасақталған 182 арнайы топ 282 таблиғи жамағатшыны анықтағанын тілге тиек етті. Ол шетелдердің діни оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық 52 жастың 41-і «Таблиғи жамағат» ағымы етек алған елдерде жүргеніне өкініш пен алаңдаушылық білдірді. Бұл орынды алаңдаушылық. Осы жайында өз пікірін білдірген «Қазақстан қажылары қауымдастығы» қоғамдық қорының төрағасы Еркін Дуанаев дін - адами ізгі қасиеттер мен құндылықтардың қайнар көзі әрі насихаттаушыеы екенін ерекше атап көрсетті. «Бүгінгі басқосу қасиетті жұма күнінде өткізіліп отырғаны Ислам дінінің әлемдік беделін арттырудағы адал пейілдің белгісіндей көрініп отыр», - деді ол. Таблиғи жамағатшылар исламды насихаттауды бетперде етіп, отбасынан безініп жүр. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) олай өсиет етпеген. Дінді саясаттың қолшоқпары етуге болмайды. Бұл жөнінде Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) өз хадистерінде былай дегені бар: «Кімде-кім адамгершілікке жат әрекеттер көрсе, оны ісімен түзетуге тырыссын. Оған болмаса, тілімен түзетсін. Оған да болмаса жүрегімен түзетсін». Алла Елшісінің бұл қағидасы қай-қайсымыздың да басты ұстанымымыз болуы керек. «Таблиғи жамағат» ағымының қызметіне заңмен тыйым салынды. Бірақ, бұл ағымның өкілдері елден көшіп кеткен жоқ қой. Олар өз райларынан қайтпағаны да белгілі. Ендеше, біз олардың бетін бері қарату бағытын ұстануымыз керек. Бұл тағы да діни сауаттылықты талап етеді. Өйткені, біз олардың шынайы шындыққа көзін жеткізіп, адасушылықтың алдын алғанымыз абзал. Бірақ, жан дүниесін жаралап алудан сақтану керек. Ислам діні моральдык, рухани құндылықтардың қайнар көзі екенін айттық. Елбасы дінаралық татулыққа шақырып отыр. Бұған оның елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін үш рет қатарынан өткізуге бастамашы болуы басты дәлел. ««Таблиғ» сөзінің таза аудармасы жақсылыққа, ізгілікке, игі істерге шақыру. Бірақ қазіргі таблиғшылардың оның өңін өзгертіп жіберуі өзгелерді ислам дінінен қашқақтату қаупі бар. Біз осыдан сақтануымыз керек», - деді ғалым Мұрат Мыңбаев. «Біз рухани көшбасшыларымызды дайындауымыз керек. Адами ізгі қасиеттерді ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен ұштастыра отырып, діни сенімдермен ұрпақ санасына сіңіре білсек, табысқа қол жеткізетініміз даусыз. Ол үшін Пайғамбарымыз (с.а.у) өсиет еткеніндей «оқу, оқу және оқу» керек. Бүгінгі жиын алға қойған мақсатына жетуге тиіс. Мен оған сенімдімін» -деп аяқтады сөзін ғалым. Конференцияға қатысушылар республика жұртшылығына Үндеу қабылдады. 2013-ші жылдың 30 сәуірінде «Баласағұн» орталық концерт залында облыстық «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» атты патриоттар форумы өтті. Қорытынды басқосуға облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Мерейді өсіріп, мәртебені асқақтатқан шара аясында жұртына жан жүрегімен қызмет етіп, еселі еңбегімен еленген азаматтар әр алуан аталымдар бойынша марапатталды. «Асқақ азаматтылық» аталымы бойынша облыстық кардиохирургия орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сейітхан Жошыбаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенова, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарас Мұратай, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұсахан Мұратбеков үздік деп танылды. Оларға дипломдар мен арнайы сыйлықтарды М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Махметғали Сарыбеков табыс етті. «Жан жүрегім - Қазақстан» аталымы бойынша «Айбын» орденінің иегері, №28903 әскери бөлімінің командирі, полковник Алексей Қалижанов, облыстық ішкі істер департаментінің арнайы жасақ командирі, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері Нұржан Рысбаев, Тараз қалалық өртке қарсы қызметтің старшинасы Кенесары Аманбаев, бірінші кезектегі авариялық, құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі өрт сөндіру бөлімінің аға шебері Қанат Жанысбаевты «Даңқ», «Айбын» ордендерінің иегері, запастағы генерал-майор Әлихан Жарболов марапаттады. «Әлем таныған Қазақстан» аталымы бойынша халықаралық жарыстарда көкбайрағымызды көкте желбіреткен спортшыларға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, ел намысын қорғап, Азия, Әлем біріншіліктерінде топ жарған самбошы Жансая Жанүзақова, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов, боксшы Айтжан Шлеев, қол күресінің хас мықтысы Владимир Матченко көпшілік ықыласына бөленді. Оларға дипломдар мен сыйлықтарды Лондон Олимпиадасының еркін күрестен қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров тапсырып, игі тілегін білдірді. «Биікке самғаған Қазақстан» аталымы бойынша еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосқан іскер азаматтардың еңбектері атап көрсетілді. Осы аталым бойынша үздік деп танылған кәсіпкерлерді «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіров марапаттады. Патриоттық рухтағы әндермен әрленген форум жо ғары деңгейде өтті. 2014-ші жылдың 26 наурызында өңірімізде Әлеуметтік әріптестер форумы өтті. Әлеуметтің әлеуетін жақсарту жайын мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде бағамдаған еліміз бүгінде халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына баса мән беруде. Оның ішінде еңбек ұжымдарының, жұмысшылардың және жеке азаматтардың жұмыс берушімен арадағы қатынасына қолдау көрсету негізгі міндет болып отыр. Осыған орай, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның қолдауымен, «Азаматтық ұстаным» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен Тараз қаласында тұңғыш рет облыстық әлеуметтік әріптестерінің форумы өтті. Қалалық мәдениет үйінде өткен алқалы жиынға жергілікті атқарушы билік өкілдері мен облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, шағын және орта кәсіпкерлік саласының өкілдері, кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары қатысты. Форумның ашылу салтанатында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев сөз сөйледі. Өңір басшысы өз сөзінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген міндеттерге орай елімізде кәсіптік одақтар институттарын жаңғыртуға қатысты жаңа бастамалардың қолға алынып отырғанын, Тараз қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған форумның да осындай игі істердің жаршысы екендігін атап көрсетті. «Азаматтық қоғам институтының белді тармағы ретінде кәсіподақ ұйымдары еліміздің дамуына сүбелі үлес қосуда. Өңірімізде облыс әкімдігі, қызметкерлер бірлестігі жэне жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2012-2014-ші жылдарға арналған үшжақты келісім негізінде нәтижелі жұмыс атқарылды. Ал, өткен жылы жұмыс берушілер мен кәсіподақтар және жергілікті аткарушы органдар арасында 240-тан астам меморандумға қол қойылды», - деді Кәрім Нәсбекұлы. Сонымен қатар, облыс басшысы осылай бірлесіп жұмыс атқарудың нәтижесінде өткен жылы өңірдің экономикалық-әлеуметтік бағыттағы даму көрсеткіштерінде бірқатар ілгерілеушіліктердің болғанын атап көрсетті. Мәселен, индустрияландыру картасының шеңберінде жалпы құны 20,9 миллиард теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып, 626 жұмыс орны құрылған. Халықты жұүмыспен қамту ісіне де баса мән берілуде. Нәтижесінде өткен жылы өңірде «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 7,1 миллиард теңге бөлініп, 123 жоба жүзеге асырылған. Ол арқылы 2424 адам жүмыспен қамтылған. Облыс әкімі К.Көкірекбаев құттықтау лебізінен кейін өткен жылы ұйымдастырылған республикалық «Парыз» байқауының Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша үшінші орын иегері атанған «Тараз құбыр зауытының» басшысы Ольга Пакқа Құрмет грамотасын тапсырды. Сонымен қатар аталған ұжымға облыстық кәсіподақтар Кеңесі тарапынан он адамға бес күнге Ыстықкөлде тегін демалу сертификаты табыс етілді. Байқауға қатысқан басқа да кәсіпорындар басшыларына форум жұмысына арнайы келіп қатысқан Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің грамотасын тапсырып, үшжақты комиссия тарапынан жасалған мүсіншені тарту етті. Форум барысында «Қазфосфат», «Энерджи Тараз», «Рола-7» ЖШС, «Жамбылгипс», «ЖЗМК «Имсталькон» және «Луговой жылқы зауыты» басшылары мен кәсіподақтар және әкімшілік арасында осы жылдың бірінші сәуірінен бастап еңбекақыны он пайызға көтеруге негізделген меморандумдарға қол қойылды. Форум соңында әлеуметтік әріптестік бойынша облыстық үшжақты комиссиясы облыстың барлық жұмыс берушілерін еңбеккерлердің жалақы мөлшерін көтеруге, кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасап, жергілікті жерлерде кәсіподақ ұйымдарын құруға септесуге шақырған Үндеу қабылдады. Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған міндеттерге орай, еткен жы лд ың желтоқсан айын да «Қазақстан-2050 жалпы ұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Қозғалыс жұмысының негізгі бағыты Елбасымыздың ұсынған саяси бағытына қолдау көрсете отырып, еліміздің әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосылуына ықпал ету болын табылады. Осыған орай бірлестік ел дамуына игі әсерін тигізетін түрлі салалар бойынша он жобаны жүзеге асыруды межелеп отыр. Қозғалыстың құрамы да сан түрлі. Олардың қатарында инженер, кәсіпкер, дәрігер, білім қайраткерлері мен басқа саланың да өкілдері бар. Ақмола облысынан бастау алған қозғалыс мүшелері еліміздің барлық аймағын аралап Елбасы Жолдауы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарын халық арасына насихаттап, түсіндіріп жиындар өткізуде. Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйтқы болуымен «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің мүшелері М.Манкеев пен А.Жұмабаев Тараз қаласына да келді. Олар алдымен М.Х.Дулати атыңдағы Тараз мемлекеттік университетінің белсенді жастарымен жиын өткізіп, жұмысын жаңадан бастаған қозғалыстың мақсатымен және жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен таныстырды. Жастарды ашық әңгімеге тартып пікір алмасты. Келесі кезекте қозғалыс мүшелері Достық үйіне ат басын бұрып, облыстың зиялы қауымымен, әлеуметтік сала мамандарымен, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен, кәсіпкерлер және облыстық Ассамблея өкілдерімен жиын өткізді. Басқосу барысында еліміздің бүгінгі даму бағыты, жастар тәрбиесі, ауыл жастарының ахуалы, білім және денсаулық сақтау са-лаларындағы проблемалар, халықтар арасындағы достық жайында келелі әңгімелер өрбіді. 2014-ші жылдың 28 маусымында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Қазақстанның барша мұсылмандарын, олардың ұлық мерекесі - Рамазанмен құттықтауы жарияланды. Бас мүфти өз сөзінде: «Алла Тағала өз мейірімі әрі кеңшілігімен белгілі күннің, түн мен айдың қадірі мен қасиетін һәм артықшылығын арттырып қойды. Қасиетті Құранда айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген игі істің, Жаратушыға жақындататын жақсы амалдың сауабын санау мүмкін емес. Ораза - Алла мен адамның арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Оразаның теңдессіз сауабын Жаратушы Иеміздің жасырып қоюында үлкен сыр бар. Көзбен көріп, қолмен ұстап, түйсікпен түсініп алмайынша көп нәрсеге сене бермейтін адам баласының санасына салмақ болатын сауапты жасыруда біз біле бермейтін даналық көп. Бұл - ұлық ғибадатты кіршіксіз орындап, ұлы мақсатқа ұмтылуға жетелейді. Хадис-шәріпте Алла Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза - Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөліркегеннен шыққан аузының иісі мен үшін мисктен де артық», -дейді. Алланың уәдесі - хақ. Рамазан - рухани жаңару айы. Жерді мекен еткен аң мен құстың, барлық тіршілік иесінің жыл мезгілдерінде жаңару, түлеу, өзгеру үдерісінен өтетіні белгілі. Ал Алланың адам ойласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза -тікенді жерге табан тигізбей, сақтанып жүретініміз секілді, күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ауыз бекітудің адам өмірін ізгілікке бастайтынын білген пенде одан бас тартуы мүмкін емес. Ораза - сабыр мектебі. Еліміз егемендігін алып, еңсесін тіктеп, рухани құндылықтарымен қайта қауышқан сонау 1991 жылдары Рамазан айы күннің қысқарған, түннің ұзарған, яғни ораза ұстауға қолайлы қыс мезгіліне тұспа-тұс келді. Расында да бұл енді ғана иманға ден қойған халқымыздың деңгейіне дөп келген мезгіл еді. Енді, міне, Аллаға шүкір, кешегі кеңес кезінде үзіле жаздаған рухани жібімізді «Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа» деп жырлаған батагөй бабаларымыздың алтын арқауын жалғауға мүмкіндік туды. Жұртымыз Ислам құндылықтарымен қайта қауышып, рухани қазығын қайта айналып тапты. Жүрекке бекіген сенімге селкеу түспейді. Аспан жерге айналып түсетін шіліңгір шілдеге тұспа-тұс келген Рамазанда ораза ұстауға күннің аптабы немесе басқа да себептер әсер етпейді деп сенеміз. Себебі, иманның бал дәмін татқан жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ», - деп халқына Рамазан айының мүбәрак болуын тіледі. Иә, осылай имандылық жолын қалап, бір-бірімізді сыйласақ, әрине, алдымен ардагер-ақсақалдарымызды сыйласақ қоғамымыздағы келеңсіздіктердің азаяры анық. Осылайша, Елбасының тапсырмасы бойынша облысымызда да Жеңістің 70 жылдығына байланысты соғыс және тыл ардагерлерінің әлеуметтік жағдайын және денсаулығын жақсарту үшін кешенді жұмыс шаралары жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері құрамына білікті дәрігерлер мен өнер шеберлері енгізілген және азық-түлік өнімдері тиелген автокеруендер облыстың елді мекендерінде, ал «Жеңіс» пойызы қалалар мен теміржол бекеттерінде болып, жұртшылыққа, соның ішінде ең алдымен соғыс және тыл ардагерлеріне медициналық және мәдени қызмет көрсетті. Оларды арзан тағамдық өнімдермен қамтамасыз етті. Облыс қалалары мен ауылдарындағы Жеңіс құрметіне арналып тұрғызылған ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, айналасын абаттандыру бағытында да ауқымды жұмыстар қолға алынды. Жеңіс мерекесі қарсаңында Тараз қаласында Отан үшін от кешіп, дұшпанды тұқыртуға үлкен үлес қосқан хас батырлардың бірі Ыбырайым Сүлейменовке ескерткіш орнатылды. Осы жайында және қазіргі таңда өңірдегі көзі тірі 238 майдангер қартқа жасалып отырған қамқорлықтың барысы туралы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласының «Бәйтерек» мөлтек ауданында жаңадан пайдалануға берілген 75 пәтерлік көп қабатты үйден бес бірдей соғыс ардагеріне пәтер кілтін тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде тарқатып айтты. Ардагерлердің атынан сөз алған ұл- қызы аралас он перзент өсіріп, олардан елуден астам немере, шөбере сүйіп отырған 89 жастағы қария, соғыс ардагері Қалқаман Қасымбеков қарт майдангерлерге жасап отырған қамқорлығы үшін Елбасына және облыс басшылығына ризашылығын жеткізді. Бұдан кейін Кәрім Нәсбекұлы жаңа пәтерге ие болған П.Кулик, Т.Жамбылов, Қ.Қасымбеков, М.Хайрулин және С.Көркембаев сынды ардагерлердің әрқайсысының пәтеріне бас сұғып, жаңа қоныс жайлы болсын деген тілегін білдірді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің айтуынша, «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалануға берген, келісім- шарт бойынша жалпы құны 460 миллион 312 мың теңгені құрайтын осы 75 пәтерлік тұрғын үйден тағы да екі соғыс ардагеріне пәтер кілті тапсырылатын көрінеді. «Қалғандары пәтер алу кезегінде тұрған қала тұрғындарына, жас маман дарға беріледі», - деді ол. 2016-шы жылдың 16 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесінің отырысында «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Отырысқа этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің айтуынша, өткен жылғы қазан айында Астанада басталғай «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы аясында аймақтық мәдени-туристік кластерлер құру қолға алынуда. Осындай кластерлердің қатарындағы «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» бағдарламасы біздің облыста екі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Ол балаларға арналған «Өз өлкеңді таны» туристік маршруттары және «ЭКСПО-2017 еріктілері». Тиісінше, облыс аумағында экскурсия жасалатын тарихи орындар «ЭКСПО-2017» нысандары қатарына енген. Аталған жерлерде жұмыс істеуге тілек білдірген еріктілер үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде арнайы оқудан өтеді. Еске сала кетсек, өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойында Тараз қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Жібек жолындағы сұхбаттар» халықаралық мәдени жобасы, «Ұлы Дала елі» халықаралық конференциясы ұйымдастырылғаны белгілі. Сонымен қатар, аймақтық Ассамблея хатшылығы білім, тілдерді дамыту басқармаларымен бірлесе отырып, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне де жауапкершілікпен атсалысуда. 0блысымызда 1 миллион 111 мың адам, оның ішінде 87 этнос тұрады. Ал, халықтар достығының айнасы болып есептелетін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамына 73 этномәдени бірлестіктер кіреді. Жалпы, еліміздегі этностар саны 120-дан асып-жығылады десек, облысымыздағы этностар шоғырының аз емес екендігі анық [53]. Әрине, барша қазақстандықтардың, соның ішінде облыс халқының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты қарсы алуы елдігімізге сын екендігін шын жүректерімен түсінетіндігі айқын. Елбасы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы» Жарлыққа қол койды. Арнайы Мемлекеттік комиссия құрылып, ол туралы ереже мен комиссияның дербес құрамы бекітілді. Жылды «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» ұранымен мерекелеу туралы тұжырымдама қабылданды. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойы ел тарихындағы бетбұрысты кезең болмақ. Ол елімізді түбегейлі жаңғыртатын 5 институттық реформаны қарқынды жүзеге асыру кезеңіне сәйкес келді. Бүгінгі Қазақстан экономикасы мығым, саяси ахуалы тұрақты, қоғамы дамып, тіршілігі жақсарған, әлдеқашан қалыптасқан мемлекет. Бейбітшілік пен келісімді нығайтып, этносаралық және қонфессияаралық татулықты сақтай білген ел. Тәуелсіздік - біздің барлық жетістігіміздің негізі. Ал, бар жетістіктерімізді дамыту арқылы жарқын болашаққа ұмтылу баршамыз атқарар ізгілікті де игілікті іс екендігі ақиқат.

2.2. ҒЫЛЫМ, ХАЛЫҚ АҒАРТУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІ Кеңестік дәуірдегі қоғам дамуының ерекше сәттерін еске алар болсақ, ойымызға бірден білім мен денсаулық саласындағы оң іс-қимылдар түсетіндігі анық. Расында да, халықтың жаппай сауатын ашып, дүниежүзілік деңгейдегі ілімге көпшілігінің қолын жеткізуге мүмкіндік берген социалистік жүйе қайсыбір жағдайда пәрменді де болды. Тек, Орталық пен ұлттық перифериялар қатынасында Мәскеу бірұлттандыру (орыстандыру) саясатына үнемі басымдылық беріп отырғандығы да тарихи шындық. Кеңес билігі Одақ тарқшғанға дейін осы бағытынан тайған жоқ. Ал, Егемендік алған елімізге бодандық дәуіріндегі рухани құрсаудан ажырау, әрине, қажет болатын. Осы орайда, Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңіндегі жаңалықтар мен түйткілдерге толы 1991-1992-ші оқу жылының қорытындысына мән бере отырып, аталған жылы бірқатар игі жұмыстардың атқарылғандығын айтуға болады. Қарастырылып отырған оқу жылындағы көрсеткіштер көңіл көншітерлік. Айтар болсақ, оқытудың жоғарғы буындарындағы үздіктер мен екпінділердің саны арта түскен. Егер мұның алдында 60 мектеп бітіруші - алтын, 306 адам күміс медальға ие болса, 1992-ші жылы бұл көрсеткіш тиісінше 108 және 329 болып отыр. Оқушылардың 20%-ға жуығы жекеленген пәндерді игерудегі табыстары үшін мақтау қағаздарын алды. Бұл нақты жетістіктер мектепті демократияландыру мен имандылыққа көшіру, оны бұрынғы қысымшылықтардан босату және бейсаясаттандыру нәтижесінде мүмкіндік болып отыр. Мектеп өміріндегі идеологиялық таптаурын болған ұғымдар орнына жалпы адамзаттық түсініктер қайтып оралуда. Сөйтіп, бұған дейін оқытуды белгілі бір тар ауқымға шырмап келген бақылау мен әкімгершіліктің торы сетінеді. Соның нәтижесінде оқытудың әркімнің қабілетіне қарай ыңғайлануы басты бағытқа ие болып отыр. Мысалы, өткен оқу жылында 38 мектепте математика пәні тереңдетіліп оқытылса, 10 мектепте - физика, 19 мектепте - химия, 9 мектепте - биология, 5 мектепте - информатика, 6 мектепте - тарих, 8 мектепте - араб және басқа тілдер тереңдетіле оқытылды. Сөйтіп, жекелеген пәндерді тереңдете оқитын оқушылардың саны 1991-ші жылғы 6,3 мыңнан 1992-ші жылы 8,5 мыңға дейін өсіп отыр. Жаңа оқу жылында жекелеген пәндерді тереңдетілген бағдарлама бойынша оқитын оқушылардың санын 10 мыңға дейін жеткізу мақсатында, Жаңатас қаласындағы Абай атындағы және Жамбылдағы №45 орта мектептерінің негізінде гимназия ашу жоспарланыпты. Оқудың неғұрлым тиімді әдістерін іздестіру бағытында облыс мектептерінде оқу-тәрбие процестерінде түрлі аспектілер бойынша оң тәжірибе жүргізілуде. Оған Жамбылдағы №5 және №44, Жаңатастағы Абай және Әуезов атындағы, Луговой ауданындағы Каменка, Ақтоған мектептері және т.б. тартылып отыр. Мектептерімізде Мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің негізін нығайту бағытында да көптеген игілікті жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша бұрынғыларына қосымша қазақ тілінде тәрбие, білім беретін 16 мектеп, 64 бала бақшасы ашылды. Педагогикалық институт жанынан қазақ тілі мұғалімдерін даярлайтын арнайы колледж құрылды. Тек Жамбыл қаласында ғана соңғы уақытта 4 қазақ мектебі мен 10 балабақша ашылса, орыс тілінде тәлім-тәрбие беретін бақшалардағы қазақ топтарының жүйесі анағұрлым кеңейтіліп отыр. Бір атап өтерлік жай - қазақ тілінде ашылып жатқан осынау бақшаларда қазақтармен қатар басқа ұлт өкілдерінің балалары тәрбиеленуде. Олардың саны 186- ға жеткен. Олардың 76-сы орыс, сондай-ақ кәріс, түрік, парсы, дүнген және басқа ұлттардың балалары да бар. Ата- аналары бұл бақшаларға өз балаларын ерікті түрде беруде. Ал бұл үрдістің алдағы уақытта дами түсуі күтілуде. Білім берудің мазмұнын жаңарту және оның сапасын арттырумен қатар, өткен оқу жылында мектептер мен мектептен тыс мекемелеріне бөлінетін бюджеттік қаржыны шаруашылық қызмет есебінен толықтыруға үлкен мүмкіндіктер тудыратын жаңа шаруашылық механизміне көшу бағытында да белсенді жұмыстар жүргізілді. Қазірдің өзінде бұл жүйеге барлығы 29 лицейлер, гимназиялар, 6 мектептен тыс мекемелер көшіріліп отыр. Соның нәтижесінде облыстық жас туристер станциясының іскерлік қызметінен 150 мың сом, балалар мен жастар орталығынан 69 мың сом, Завод ауданының оқу-өндірістік комбинатынан 36 мың сом қаржы түсті. Жалпы облыс бойынша өндірістік қызмет пен халыққа қызмет көрсету нәтижесінде сала бойынша 800 мың сом табыс келіп отыр. Жаңа оқу жылында бұл тәжірибе өзінің заңды жалғасын табуға тиіс. Соңғы екі жыл ішінде мектептердің жанындағы қосалқы шаруашылықтардың жұмысы жандана түсті. Мұндай шаруашылықтар мектеп пен интернаттың жанында құрылған. Олардың қарамағында 467 гектар егіндік жер, 64 гектар бау, 22 кіші фермалар бар. Сондай-ақ, мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатында облыс бойынша өткен екі жыл ішінде мұғалімдерге бақша, саяжай үшін 675 гектар жер бөлініп, 631 пәтер жекешелендірілді. Бұдан басқа үлгі болар мысалдар аз емес. Мысалы Жуалы ауданындағы Әуезов атындағы орта мектепте қант қызылшасын егу үшін жер бөлініп берілген еді. Мектеп коллективі жаз бойы өздеріне берілген алқапты күтіп-баптап, жиын-терін қорытындысында 15 тонна құмшекер иеленді. Дегенмен, жаңа қаржылық қатынастарға бірден көндігіп кеткен коллективтердің қатары көп дей алмаймыз, осыдан да күн өткен сайын шешімі қиындап отырған түйткілдер арта түсуде. Қаржының жетіспеушілігінен туындап отырған мектептердегі парталардың тапшылығы, оқу орындарындағы жиһаз бен құрал-жабдықтардың ескіруі бүгінгі күннің қиын мәселелеріне айналып барады. Оның үстіне үстіміздегі жылдың І тоқсанында мектептерді қаржыландыру текдқы төлеу мен тамақтандыруды ғана көздейтін тараулар бойынша жүзеге асырылды. Ал, басқа қажеттіліктер өз кезегін әлі қаншаға дейін күтетіндігі белгісіз. Бағаның жыл басынан бері бірнеше рет өсіп кеткенін ескеріп, бұл түйіннің одан әрі шиеленісе түскенін сезіну қиын емес. Өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарға қарамай өңірімізде жетекші қазақ тілді мектептерді қалыптастыру үрдісі «Ұлттық мектеп модулі» бағдарламасы арқылы жүзеге аса бастады. Осы мақсатта Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5-ші мектепте жүргізілген іс-шаралар Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты тарапынан қолдау тапты. Аталған мектепте 1991-ші жылдан бастап құрылымдық басқару жүйесі мен оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстары жаңаша жүргізіліп, әрбір пән бойынша қажетті оқу-әдістемелік құралдары әзір болуына қарай оқу процесіне енгізілді. 11 жылға арналған бұл эксперимент үш кезеңнен түрады. Аталған мектеп еліміздегі бірегей аймақтық шығармашылық зертхана ретінде таныла алды. Мектепте 1-4, 5-9, 10-11-сыныптар аралағында оқушылардың тиісінше бастауыш, негізгі және бағдарлы мектептерде сатылап оқытылуы қолға алынды. Мұның бірінен екіншісіне көшу барсында оқушылардың білім деңгейі қатаң сараптаудан өткізіліп отырады. Ал, соңғы күрделі түрдегі бағдарлап оқыту сатысына оқушылар білім сапасы мен ынтасына қарай қабылданады. Бұрындары қала, облыс, республика көлеміндегі пәндік олимпиадаларға тиісінше 10, 3-4, 1-2 оқушы ғана қатыстырылып келген болса, сатылап оқытудың нәтижесінде бұл көрсеткіш 4-5 есеге артты. «Ұлттық мектептің модулін» қалыптастырып жатқан облыстағы бірден-бір ұйым - біліморда екені ескеріліп, мұнда ең алдымен ұлттық рух пен реңктің мол болуы қарастырылып отыр. Кеуде тұсында ұлттық ою-өрнектері бар мектеп оқушыларына арналған ақ және қара түсті бірыңғай киім үлгілері арнайы тапсырыс бойынша Тараз қаласындағы «Әсем» сән үйінде әзірленді. Мектеп жанында екі асхана, екі спорт залы, жүзу бассейні бар. Сондай-ақ, би, домбыра, жас техник, сурет, тоқу, гүл өсірушілер, драма, қолөнер үйірмелері мен спорттық секциялар (баскетбол, теннис) жұмыс істейді. Жалпы, тілін, дінін, ділін, ұлтының тарихын, мәдениетін жете білмей тұрып, оның өркендеп өсуіне айтарлықтай үлес қосам деу бекершілік екені белгілі. Қазақ мектептерінің ана тіліміздегі жаңа оқулықтар мен кешенді бағдарламалармен жеткілікті қамтамасыз етіле бастауы бұл орайдағы олқылықтың орнын толтыруда. Бұл аталған ұжым мүшелерінің ынтасын арттырып, еңбектеріне серпіліс берері сөзсіз. Сол тұстағы селт еткізер мәселелердің бірі - «Ауыл мектебі» атты бағдарлама болды. Себебі, «Бар жақсымыз - балаларға» деп ұрандатқан социалистік жүйе шын мәнінде ауыл мектептерін өркениеттік даму үрдісінен тыс қалдырған болатын. Қажетті оқу құрал-жабдықтармен жарақталған, спорт кешені бар зәулім де жарық мектеп үйлері ірі қалалар мен облыс орталықтарында ғана салынды. Ауылдан бастап астанаға дейін көзбояушылық дерті дендеген қоғамда басшылар үшін аудан-аудандарда сырттан келген қонақтарға, немесе тексерушілерге көрсететін бірлі-жарым үлгілі мектеп болса жетіп жатты. Ал, ауыл балаларының дені әбден тозығы жеткен үйлерде, ағалары мен әкелерінен қалған парталарда отырып білім алып келді. Жағдай болмағандықтан денешынықтыру мен музыка пәндерінің орнына жер аударып, немесе бос сандалып жүріп қаладағы қатар-құрбыларынан дене тәрбиесі жағынан да, рухани жағынан да кенже қалғаны жасырын емес. Қайта құру кезеңінде басталынған осы бағытта атқарылар іс-шаралар нарыққа байланысты күрт көтерілген қымбатшылық жағдайында жоспарланған құрылыстарды қиялға айналдырып жіберді. Іргетасы қаланып, қабырғасы көтеріліп қойған құрылыстарды аяқтауды былай қойғанда бюджеттен бөлінген қаржы ауыл мектептерінің күнделікті қажеттеріне жетпеді. Күрделі жөндеуден өткізілген соң ауылдық жерлерден жиналған дарынды балалар оқитын С. ( Абыланов (бұрынғы А.С.Макаренко) атындағы мектеп-интернат облысымыздың осы саладағы қажетін өтей алмайтындығы анық еді. Сондықтан да, халық ағарту ісінің дәл осы ауылдан бастауы өмірлік қажеттілік болатын. Сонымен қатар, осы тұста өмірге енген тесттік сынақ қалай өткізіледі? Болашақ мамандарды студент қатарына іріктеп алу үрдісі ендігі жерде қалай жүргізілмек? Міне, осы және басқа да түйткіл мәселелерге жауап берер болсақ, сынақтың мұндай тәсілін енгізу біздің республикамызда екі кезеңде іске асырылатын болды. 1994-ші оқу жылында Алматы қаласындағы 11 жоғары оқу орнында сынақ Республикалық әдістемелік орталық бекіткен тәсіл бойынша өткізілсе, барлық қалған оқу орындары мұндай сынақты өз үлгілері бойынша жүргізеді. Ал, 1995-ші жылдан бастап еліміздегі барлық оқу орындары мұндай сынақты Республикалық әдістемелік орталық бекіткен үлгі бойынша бір күнде, бір сағатта өткізетін болды. Сынақтан өтетін талапкерлерге ұсынатын тест жинағы кішкене кітапша түрінде болды. Оған талапкерлердің таңдаған мамандығына байланысты жалпы білім беретін мектептің бес пәніне қатысты сұрақтар тобы кіреді. Әр сұрақтың тұсында бірнеше болжалды жауаптары да тізіледі. Сынақтан өтушінің алдында сол жауаптардың дұрысын табу міндеті тұрады. Бұл жерде тест жинағына кіретін бес пәннің әрқайсынан 25 сұрақ берілетінін ескерсек, жинақтың барлығы 125 сұрақтан тұратынын кереміз. Ал әр сұрақ төңірегінде жұмыс істеуге 2 минут шамасында ғана уақыт беріледі. Демек, сынаққа бөлінетін барлық уақыт 4 сағат қана. Әрине, кезінде оқуға қабылдаудың мұндай тәсілінің кептеген артықшылықтары бар екендігі туралы, «бұл тәсіл талапкердің білімімен қатар біліктілігін де, логикалық ойлау жүйесінің артық-кемшілігін де айқындауға көп көмек бере алады», - делінген болатын. Кейінірек, бұл жаңа тәсілді сынаушылар да аз болған жоқ. Дегенмен, жаңа жүйенің оқуға қабылдау кезіндегі кездесіп тұратын тамыр-таныстық пен парақорлық сияқты әлеуметтік келеңсіз жағдайларды бәсеңдетуге өз үлесін қосқандығы анық. Жаңа үрдістерге бейімделу оқушыларға да, ата-аналарға да, жалпы білім беру жүйесіне де оңай соқпағаны белгілі. Осы бағытта жүргізілген реформалардың жай-жапсары жөнінде Тараз қалалық білім басқармасы қала жұртшылығымен бірлесе отырып, 1997-ші жылдың мамырында «Білім беру мекемелерін реформалаудағы мектептің, отбасының және жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстары» деген тақырыпта кеңес өткізді. Мектеп пен оны реформалау нәтижесінде туындап отырған қиындықтар туралы қалалық білім басқармасының бастығы А.К.Дүйсебаев баяндама жасады. Баяндамада қаладағы білім мекемелері дұрыс жұмыс істеу үшін 2 миллиард 201 миллион теңге қажеттігі айтылды. Ал, іс жүзінде бюджетте қарастырылып, бекітілгені 540 миллион теңге екен. Жүріп жатқан реформалардың түрлі нұсқаларын осы тапшылық алып келген де сияқты. Мәселен, қала мектептерінде барлығы 160 класс-комплект қысқартылған. Бірақ осының есебінен әр сыныптағы оқушылар саны 30-40-қа дейін өсіп кеткен. Әрине, бұл іс-шараның мұғалімдер жүктемесін азайту арқылы қаржы үнемдеуді көздеп отырғандығы белгілі. Сондай-ақ, факультативтік сабақтарды бюджеттен қаржыландыру да тоқтатылып отыр. Бұл - қажет деп саналған жағдайда факультативтік сабақтар ақылы түрде жүргізіледі деген сөз: Тереңдетіліп оқытылатын шет тілдері және дене тәрбиесі топтары да осындай күй кешіп отыр. Оқытудың мемлекеттік стандарттары шетінен алынып тасталғандықтан бұлар да ақылы түрде жүргізілуі мүмкін. Қосымша ақылы қызметтің бәрі де ата-ата мен мектеп әкімшілігі арасындағы келісімшарт негізінде ерікті түрде жүргізіледі. Ақылы қызметтен түскен қаржы мектептің есепшотына құйылып, мұғалімдердің еңбекақысына және білім мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады. Реформалау нәтижесінде қалада барлығы жиырмаға жуық мектепке дейінгі және мектептен тыс білім, тәрбие мекемелері қалды. Олардың көбісі түрлі аурулары мен кемістіктері бар балаларға арналған арнаулы мекемелер. Бұлардың бәрі де бюджеттен қаржыландырылды. Қаладағы мектептен тыс мекемелердің де біразы қысқартылды. Бұрынғы бес-алты музыкалық және көркемсурет мектептері негізінде 3 өнер мектебі құрылды. Бұлардың бәрінде де оқу ақылы. Бұрынғы спорттың 5-6 түрінен болған жеке-жеке спорт мектептері де біріктіріліп, бір ғана қалалық спорт мектебіне айналды. Кейбір аз қамтылған отбасы балалары үшін балалардың мектептен тыс шығармашылық орталығы бюджет еншісінде қалдырылды. Осындай реформалаулар нәтижесінде қалалық білім мекемелері 100 миллионнан аса теңге үнемдеп отыр. Кеңесте сонымен қатар, қазіргі қиын жағдайда, білім беру мекемелеріне әр кезде қол ұштарын беріп жүрген «Промтранс», «Ақ бидай», «Жамбылгаз» акционерлік қоғамдары секілді демеушілер атына жылы лебіздер айтылды. Солайы солай ғой, бірақ аталған «эксперименттердің» артықшылықтарымен қатар, келеңсіз жақтары да аз болмапты. Осы тұрғысында Б.ІІІ.Егембердиева: «Соңғы жылдары қоғам өмірінде қалыптасқан саяси, экономикалық және әлеуметтік ахуал құқық бұзушылық пен қылмыс жасаушылықтың күрт өсуіне алып келіп отыр, оның ішінде кәмелетке жасы толмаған оқушынар арасында белең алуы ешкімді жай қалдырмақ емес. Шынында да 1997-шы жылмен салыстырғанда 1998-ші жылы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық 10,6 пайызға өскен. Әсіресе, бұл Жуалы, Қордай, Меркі, Байзақ, Талас, Шу аудандарына тән. Жастар арасында «вольники», «кировские», «садвакасовские» деген лақап аттармен белгілі бұл топтарға негізінен мөлтек аудандарында тұратын мектеп оқушылары ұйымдасқан. Ал олардың идеялық басшылары жасөспірімдерді қылмыстық істерге айдап салып отырған оңды-солын таныған, жасы кәмелетке жеткен жігіттер. Бұл жерде тек құқық бұзушылық ғана емес, қылмыстық істердің өршуі де орын алуда. Себебі кейбір оқушылардың қалтасына пышақ, тапанша салып жүруі, оны ойланбай мектеп ішінде құрдастарына қолдануы, әлімжеттік пен зорлық-зомбылық жасауы қалыпты жағдайға айналғандай. Қазақстан Республикасы Үкіметтің 1998-ші жылғы 8 шілдедегі №649 «1998-2000» жылдарға арналған Қазақстан Республиксында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді бағдарламасын бекіту туралы қаулысын жүзеге асыруға арналған облыс әкімінің 7 тамыз 1998-ші жылғы №174 шешімі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министірлігінің №459 бұйрығына сай облыстық білім басқармасы өзінің іс-шараларын бекіткелі бері бұл жұмыстар жүйелі түрде жургізілуде. Облысымыздағы мекемелердің барлығында жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу жөніндегі құрылған арнайы кеңестердің жұмыстары қайта құрылып, жандана бастады. Әсіресе, Тараз қаласының білім мекемелеріне ерекше назар аударылып, ондағы тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарларымен бірнеше рет кеңестер өткізілді. Құқықбұзушылықтың алдын алу шараларының бірі ретінде көшелерде сандалып бос жүрген балаларды, мектептегі оқуға тартылмай қалған оқушыларды анықтау мақсатында жоспарлы түрде базарлар мен бекеттерде, басқа да қоғамдық орындарда арнайы рейдтер жүргізілуде. Аталған тексерулер кезінде қайыр-садақа сұрап, тентіреп жүрген мектеп жасындағы оқушылар арнайы орталыққа жиыстырылып, мектептер мен мектеп-интернаттарға орналастырылуда. Олардың біраз бөлігі облыс әкімінің шешімімен ашылған көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасылардың балаларына арналған 350 орындық мектеп-интернатқа қабылданды. Дегенмен, әлі де болса оқуға қамтылмай жүрген оқушылар саны бұдан біршама артық деп ойлаймыз. Өйткені, беймезгіл уақытта көше кезіп, базар қыдырған ұл-қыздарымызды бәріміз де көріп жүрміз. Сондықтан қолға алған бұл жұмысқа келеңсіздік танытпай әрбір білім беру мекемесі құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып нәтижелі жұмыстар жүргізуге тырысуда. Осы мақсатта соңғы уақытта білім басқармасы мен обылыстық ішкі істер басқармасының арасында тығыз қарым-қатынас орнай бастады. Ал, жетістіктерімізге келер болсақ, олимпиадаларға қатысатын оқушылар санының өсіп келе жатқандығын айтуға болады. 1998-ші жылы облыстық олимпиадаға қатысқан 25 оқушының 15-і 60 баллдан жоғары балл жинады, оның ішінде Райымбекова Перизат пен Прокопцева Евгения 97 және 98 ті балл жинап олимпиада жүлдегерлері атанды. Олар республикалық олимпиадада облысымыздың намысы үшін күресуде. Олимпиадаға қатысқан оқушыларымыздың құқықтық білімінің тереңдігіне облыстық әділет басқармасы, қалалық сот, Тараз мемлекеттік университеттерінің құқықтану кафедрасының ғалымдары мен мұғалімдерінен құрылған әділқазылар алқасы дән риза болды. Кәмелетке жасы жетпегендер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жасалған кешенді бағдарламаның негізінде биылғы оқу жылында мектептен тыс мекемелер саны 6-ға артып, үйірмелер мен секциялар санын біршама арттыруға қол жеткіздік. Мысалы, үстіміздегі оқу жылында Сарысу, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарында спорт, музыка, көркемсурет мектептері қайта жанданып, жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен оны өмірге енгізу жолында, жастарға көркемдік-эстетикалық, адамгершілік-танымдық, тәлім-тәрбие беру бағытында облыс бойынша небәрі 16 мектептен тыс мекемелер жұмыс істейді. Оның ішінде 3 саз мектебінде 423 бала, 4 спорт мектебінде 2636 бала, 2 көркемөнер мектебінде 157, 7 балалар мен жасөспірімдер орталығында 6604 оқушы әртүрлі үйірме жұмыстармен қамтылған. Бұл облыс көлеміндегі 211 мың оқушының небәрі 4,5 пайызын ғана құрайды. Қаржы жетіспеушілігі және экономикалық тұрғыда тиімсіз деген сылтаумен еткен оңтайландыру процесі кезінде облыстағы 72 мектептен тыс мекемелердің бір мезгілде қысқарып кетуі жасөспірімдерге жан-жақты тәрбие берудің кешенді бағдарламасын орындау ісін қиындатып жіберді [54]. Ал нарық заманы талабына сай бүгінде мектептен тыс мекемелердің басым көпшілігі ақылы қызмет көрсетуге көшкен кезде, көптеген ата-аналардың баласы ерекше дарын иесі болса дағы оны үйірме кластарына қатыстыруға мүмкіндігі жоқ. Құқықтық тәрбие мен құқықтық білім берудің тағы бір оңтайлы жолы - ол жасөспірімдердің өздерін құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарына белсене қатыстыру. Осы мақсатта білім басқармасы Тараз қаласының барлық мектептерінде құқық қорғау органдарына көмекші топтар мен жасақтарын құруды қолға алды. Облыстық әділет басқармасының келісімімен жасалған мұндай топтар мен жасақтар жайлы ережеге сай оқушылар өз мектептерінің аумағында тәртіп бұзушылыққа қарсы батыл күрес жүргізе алады. Алдағы уақытта аталған топтар мен жасақтардың жұмысы оқушылар арасындағы тәртіп пен заң бұзушылықтың кемуіне өз үлесін қосады деген үмітіміз бар. Осы орайда бұрынғы халық жасақшылары жұмысын істеп тұрған тұрғын үй аумақтары, еңбек ұжымдары тұрғын кооперативтері негізінде жаңа заман мен заң талаптарына сай қайта құрып, жұмыстарын жандандырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы, Сарысу ауданындағы Шоқай Датқа, Ұйым, Байқадам, Отарбаев, Адамбаев атындағы мектептердің іс-тәжірибелерін қуана қарсы алуға болады. Онда мектеп мұғалімдерінен құралған топ түн мезгілдерінде жасөспірімдер жиі жиналатын нүктелерге бақылау жасап, нәтижесін жеке кездесулер мен ата-аналар жиналысында талқылап отырады. Біздің пікірімізше, ата-аналардан құралған мұндай жасақтар ең болмаса өз мөлтек ауданында өз балаларының құқықбұзушылыққа жол бермеуін қадағалайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «1999-шы жылды ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп белгілеген Жарлығына сай жасалған іс-шараларымызда әрбір мектеп пен білім мекемелерінде ақсақалдар алқасын құру жоспарланған. 0блысымыздың көптеген мектептерінде мұндай алқалар құрылып өз жұмысын бастап та кетті. Олардың негізгі мақсаты «өз тентегін өздері жөндеу», басу айту, кеңес беру, қажет жағдайда алқа отырысында талқыға салып тәубесіне келтіру. Ата-бабаларымыздың қадірлі де қасиетті дәстүрлерін ары қарай жалғастырып, ендігі жерде егеменді еліміздің ертеңін ел болып бірге тәрбиелеуіміз елдігіміздің сыны. Кәмелетке жасы толмағандардың арасындағы қылмыстық істердің өткен жылғы мәліметтеріне тағы да жүгінсек ең көп жасалынған қылмыс: ұрлық-143, немесе 55 пайыз, адам тонау-33, немесе 12,7 пайыз, есірткі тасымалдау мен сақтау 26,1 пайыз. Ал енді осы қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылған 288 жаспірімдердің 69-ы ғана жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік-техникалық мектеп оқушылары, 7-і жұмыс істейтіндер, 207-сі немесе 79,6 пайызы еш жерде жұмыс істемейтіндер. Биылғы жылдың І тоқсанында қылмыстық істер жасаған 77 жасөспірімдердің 22-і мектеп оқушысы, екеуі студенттер де, қалған 53-і еш жерде оқымайтындар. Оның ішінде 36-сы жасы 17-18-дегі бозбалалар. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді сараптай келе қылмыс жасайтындар негізінен еш жерде оқымайтын, немесе жұмыс істемейтіндер екені анықталып отыр. Яғни, бұл жерде әлеуметтік мәселе өз шешімін дұрыс таппай отырған сияқты. Себебі, 1996-шы жылғы оңтайландыру кезінде облыстағы 22 кәсіптік-техникалық мектептердің 4-і өезін-өзі қаржыландыруға көшіріліп, калғандары мүлдем жабылып қалғаны мәлім. Сондықтан орталау мектептің көлемінде білім алған көптеген оқушыларымыз орта мектепте әртүрлі себептермен ары қарай оқығысы келмей, ал кәсіптік-техникалық мектептердің оқуы ақылы болуы себептен оқудан қол үзіп қалғаны да жасырын смес. Оның үстіне бұрынғы кешкі мектептер жүйесі де қысқарып, кәмелетке жасы жетпегендерді жұмысқа орналастыратын мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының болмауы жастар арасында көптеген проблемалар туындатып отыр. Жасөспірімдер өз бойындағы күш-қуатын сыйғызатын жер таппай жүргенде олардың құқықбұзушылық пен қылмыстық істерге ұрынуына көбіне-көп «қисық өмір мектебінен» өткен үлкен ағаларының көмегі тиетіні жасырын емес. Алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын қолдану да жастардың заңдылықтарды бұзуына себепкер болып отыр. Қазіргі кезде темекі мен алкогольдік ішімдіктер кез келген жерде, кез келген адамға және кез келген уақытта сатылуда, ал оған ешкім шек қойып жатқан жоқ. Бұл мәселеде қала әкімінің шешімдері бар. Алайда оны орындау өз шешімін таппай отыр. Темекі жарнамалары көше бойларында адам бойынан асатын әріптермен түрлі түсті әшекейлендіріліп тұрса, оған жас бала түгілі үлкендер де қызыға қарайды емес пе? Нашақорлық пен оған байланысты қылмыстардың соңғы кезде Қазақстан Республикасында ауқымы кеңейгенін және оның ең бір елеулі түрде қоғамдағы моральдық-психологиялық ахуалға, экономикаға, саясатқа, құқықтық тәртіпке теріс әсерін тигізуі жасырын емес. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің арасындағы нашақорлықтың таралуы ерекше алаңдатушылық туғызуда. Облыс бойынша 6388 адам есірткі заттарын қолданатыны үшін арнайы есепте тұрса, оның 89-ы кәмелетке жасы жетпегендер. Жетіліп келе жатқан жас ұрпақтың зиянды заттарды қолдануының алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында есірткіге халықаралық бақылау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасы және «Қазақстан Республикасындағы Есірткінің айналымына бақылау шараларын институционалды нығайту және жетілдіру» жобасының негізінде жасалған мектеп бағдарламасы мектептердің оқу жоспарларына сыналап кіруде. Тараз қаласындағы №39, 45, Меркі ауданындағы №18 мектептерінде бұдан екі жыл бұрын басталған бұл бағдарлама бүгінде құлашын кеңге жайып келе жатыр. Биылдың өзінде Тараз қаласындағы №9, 44, Шу ауданындағы Ғ.Мұратбаев мектептерінің мұғалімдері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігі Алматыда өткізген арнайы курстан етіп, Байзақ, Меркі, Шу, Талас аудандарында да қолдануда. Кәмелетке жасы толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың өсуіне ата-аналардың бала тәрбиесіне жете мән бермеуі де өзінің кері әсерін тигізіп келеді. Алайда, осы күнге дейін ата-аналық парызы мен заңды міндеттерін дұрыс орындамай жүрген бірде-бір ата-ана Қазақстан Республикасы қылмыстық істер кодексінің 137 бабына немесе әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 137 бабына, сәйкес жауапқа тартылмаған. Тапқан таянғанын арақ-шарапқа жұмсап, күніге той тойлаған, бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналардың көбісі тек қана ата-аналық құқығынан айырылуымен ғана тынады. Балаларын жетімдер мен панасыз қалған балалар үйіне орналастырған ата-аналар ауыр жүктен құтылғандай ары қарай өз білгендерін істей беруде. Мұндай ата-аналарға қоғам тарапынан, заң тарапынан талап күшейтілмесе қоғамдағы бұл ауру меңдей беретіні сөзсіз. Тәрбиесі ерекше жағдайды талап ететін облыстық арнайы мектепке сот шешімі арқылы түскен 114 жасөспірімдердің 80 пайызының өскен отбасы жайсыз деп көрсетілсе, олардың ішінде 18 пайызының отбасында бір ғана ата-анасы бар, ал 17 пайызының ата-анасы алкагольдік ішімдікке әуес деп көрсетілген. Олар бүгінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде мектеп бағдарламасына сай білім алумен қатар, еңбек арқылы тәрбиелік сыннан өтуде. Сол сияқты «Ұлан», «Бөбек», Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерінің 57 пайызының ата-анасы бар, 98 ата-аналық құқығынан айырылған. Ал осыдан кейін «еккенің жантақ болса, органың бидай болмас» деген қазақ мақалының орынды екені еске түседі. Жаман әдет қара күйедей жұққыш келеді. Ата-бабасы аузына алмаған арақ-шарап бүгінде қазақ дастарқанының басты дәміне айналды, қос өкпені қабыстырған темекі көбіміздің сүйікті құмарымыз болып тұр. Оқушылар арасында автокөліктерді айдап кету мен ұрлық, пәтерге түсу, адам тонау, кісіге қару жұмсау секілді келеңсіздіктер әр отбасындағы әріден келе жатқан салт-дәстүріміздің бұзылуы, отбасындағы өнегелі тәрбиенің азаюы, іргесі бос шаңырақтың шайқалуы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тіліне, дініне деген сүйіспеншіліктің кемуі, ұрпақ санасындағы қадір-қасиет, обал-сауап, иман секілді ұғымдардың жойылуынан деп ойлаймыз. Осы тұста қолда бардың қадірін білмей қапы қалған жайымызды айтқым келеді. Бұдан бірер жыл бұрын облыстық мұғалімдердің білім жетілдіру институты жанында ата-аналармен ата дәстүрі, ана әдебі жайында келелі әңгіме қозғайтын, әдістемелік нұсқау мен көмек беретін тәрбие ордасы этнопедагогикалық орталық болатын. Кезіндегі жаппай қысқарту салдарынан кезден ғайып болған бұл орталық түгіл бүгінде облыстық мұғалімдер білмін жетілдіру институтына зәру болып отырмыз. Тіпті ауыл, аудан мекемелерімен байланыстыратын бірден-бір орын - жергілікті аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жабылуы облыстағы білім беру саласының жұмыстарын тым қиындатып жіберді. Үстіміздегі жылдың 19 наурыз күні облыс әкімі Серік Әбікенұлы қол қойын қабылдаған №41 шешім бойынша аудандар мен Тараз қаласында білім басқармасының құрылуы ауылдардағы білім мекемелерімен байланысымызды жақсартады деген ойдамыз. Ұлы даланың ұлы данасы Абай айтқандай «Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады». Баланың теріс жолға түсуі - біздің қоғамымыздағы, оның ішінде мектептер мен оқу орындарындағы тәрбие жұмысында жіберілген кемшіліктердің нәтижесі. Мектеп пен қоғамды боліп қарауға болмайды, себебі мектеп қоғамның құрамдас, ажырамас бөлігі, тіпті оның көшірмесі іспетті. Балалар мен жастар әрбір кезеңнің, дәуірдің жемісі. Сондықтан жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін қоғам болып, ата-ана мен ұстаздар, құқық қорғау қызметкерлері болып, біртұтас қимыл жасасақ, бірлесе, бір бағытта жұмыс жүргізсек қана ел ертеңі бүгінгі мектеп оқушыларының тәрбиелі де білімді, жан-жақты жарасымды азамат болып қалыптасуына жағдай жасаймыз», - деп ойын қорытты. Қарап отырсақ, қоғамның бастауы болып табылатын бала тәрбиесі өтпелі кезеңде барынша тоқырағанға ұқсайды. Өткір мәселені жариялы түрде халық қалаулыларының талқысына салу, жағдайдың одан әрі ушықпауына әсер еткенін оқиғалардың келесі легі анықтап-айшықтайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасына сәйкес және өтпелі кезеңнің ауыртпалығын ескере отырып, облыс әкімі С.Қалмырзаев 1998-ші жылдың 16 наурызында «Әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасыларынан шыққан балалар үшін облыстық мектеп- интернат ашу туралы» шешім қабылдаған болатын. Осыған орай, Тараз қаласындағы бұрынғы қазақ-түрік экономикалық колледжінің үйіне орналасқан жаңа мектеп-интернат жаңа оқу жылында жұмыс істей бастады. Осы мектеп-интернаттың салтанатты ашылуы болып өтті. Жаңа мектеп-интернатта 350 бала тәрбиеленіп, білім алу жоспарланған. Оқушылардың барлығы жатар орынмен, тамақпен және оқу құралдарымен тегін қамтамасыз етіледі. Мектеп-интернаттың педагогикалық ұжымы да тәрбиелі мұғалімдерден іріктеліп алынған. Келешекте мұнда оқушылардың орта біліммен қатар кәсіби білім алып шығуын да ұйымдастыру қолға алынатын болды. Жаңа мектеп-интернаттың салтанатты ашылуында бірқатар демеушілер сөз алып, оқу орнына өздерінің сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар келешекте демеушілік жасауға да ниеттері бар екенін айтты. Қоғамның рухани сұраныстарына сай «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» және Жамбыл облысының құрылғанына 60 жыл толуы құрметіне арналып оқушылар арасында дәстүрлі облыстық ақындар айтысы болып өтті. Әділқазылар алқасы құрамына белгілі айтыскерлер, суырып салмалық өнерде өзінің мектебін қалыптастырған Шорабек Айдаров (төрағасы), Қазақстан Жастар одағы және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мұхамеджан Тазабеков және басқа да әдебиет пен өнер жанашырлары енгізілді. Айтыстың беташарында 1991-ші жылғы оқушы ақындарының алғашқы айтысында жарқ етіп елге танылған М.Тазабеков жырдан шашу шашты. Жасыратыны жоқ, облыста бағзы бір кездері дәуірлеген осы халықтық өнеріміз қағажу қалыңқырап, жүдеп-жадай бастады. Осындай қиын сәтте облыстық білім басқармасы мен балалар және жасөспірімдер орталығының ұйтқы болуымен «Ақ бидай» АҚ-ы (президенті А. Мүсірәлиев), «Щит және К» ЖАҚ-ы (президенті Ш. Исабеков), облыстық телерадиокомпаниясы демеушілік көмек көрсетіп, жас айтыскерлердің талантын ұштап, ынталандыруы, сөз жоқ, игілікті іс дер едік. Алайда, өнерге суынып қалғандығы ма, Қордай, Мойынқұм, Байзақ аудандарынан ешкім келмеді. Жуалылықтар бұл жарысқа үміт күттірер үш ұланын үкілеп қосты. Сонымен Тараз қаласы мен аудандар өкілдері (барлығы -10) бес жұпта бақ сынасты. Айта кетерлік жайт - бұл айтыста уақыт жағынан шектеу қойылмай, балғын талант иелерінің көсіле тартуына мүмкіндік берілді. Әділқазылар алқасының ұүйғаруымен Бас жүлде – түрлі түсті теледидар Жамбыл ауданының 11-сынып оқушысы Сәбит Жанбаевқа берілді. Құландық Қасымжан Байкүшіков - бірінші, таластық Мөлдір Ысқақова - екінші, шулық Алтынай Малбакова үшінші орындарды иеленіп, тиісінше магнитофон, кілем, қабырға сағаттарын алды. Тәуелсіздігіміздің тамыры тереңдеуімен бірге балғындарды тәрбиелеу ісі де оң өзгерістерге ұшырады. Мәселен, Тараз қаласы «Қаратау» ықшамауданындағы №27 «Наурыз» балалар бақшасы кезінде аралас мәнде ашылып, жұмыс істей бастаса, кейіннен, таза қазақ балабақшасына айналған болатын. Бұл мекемедегі жеті топта әр ұлт өкілдерінен 110 бала тәрбиеленуде. Оларға жалпы саны 34 адам қызмет етеді. Мұнда ұлттық ойындар көптеп ұйымдастырылып, салауатты өмір салтына байланысты «Шынықсаң, шымыр боласың» деген тақырыпта валеология сабағы күнделікті өтіп тұрады. Мұнда сәбилердің жақсы тамақтанып, дұрыстап тынығуларына да көбірек көңіл бөлінген. Сонымен қатар, әр күнге белгіленген халық педагогикасы мен экология тақырыптарында сабақтар жүйелі түрде жүргізіледі. Мемлекеттік тілді оқып үйренуге байланысты ашылған казақ тілі бөлмесінде бүлдіршіндерге халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз да үйретіледі. Аталған бала бақшаның 10 жылдық мерейтойына қаладағы бала бақшалардың меңгерушілері мен қалалық білім басқармасының кызметкерлері, ата-аналар қатысты. Олар балабақшаның тарихымен толығырақ танысып, бөлмелерді аралап көріп, балалардың сабақтарына да қатысты. Жалпы балабақшаның бүгінгі тыныс-тіршілігіне оң баға берді. Бүлдіршіндер өз кезегінде үлкен концерттік бағдарлама әзірлеп ұсынды, спорттық ойындар ұйымдастырды. Мереке соңында қалалық білім басқармасының өкілдері осында көп жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар қызметкерлерге марапаттау қағаздарын, естелік сыйлықтар тапсырды. Енді, 2000-шы жылға аяқ басар тұстағы облыс тұрғындарының білім деңгейіне көз жүгіртсек, 1999-шы жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша анықталған мәліметтер мынадай: «Жалпы, өңірімізде 90-нан аса ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін құрайтын 988,8 мың адам тұрса, олардың ең көбі қазақтар - 640,3 мың адам (барлық халықтың 64,8 %) және орыстар - 179,3 мың адам (18,1%), 17,1% басқа өкілдерінің үлесіне тиеді. Облыстағы 15 жастан жоғары халық саны 672,9 мың адамды құрайды, оның ішінде 82,0 мыңы (12,2%) - жоғары, 12,8 мыңы (1,9%) - толық емес жоғары, 128,8 мыңы (19,1%) -арнаулы орта, 287,9 мыңы (42,8%) - жалпы орта, 117,0 мыңы (17,4%) - негізгі орта және 37,9 мыңы (5,6%) - бастауыш білімі барлар. Облысымызда тұрақты тұрып жатқан ұлт өкілдерінің білім деңгейі әрқилы. Әрбір мың тұрғын халыққа шаққанда 136 қазақ, 108 орыс, 91 өзбек, 56 дүнген және 22 түрік - жоғары білімі барлар; арнаулы орта білімді; қазақтар - 180, өзбектер -162 және дүнген мен түрік - 86,80. Бір ерекшелігі орыс ұлтының орта буын мамандарының көп екені -261. Саны жағынан 1 мыңнан 15 мың аралығындағы ұлттарды құрайтындар: кәрістер, татарлар, немістер, күрдтер, әзірбайжандар, украиндер, қырғыздар, ұйғырлар, шешендер және белорустар. Олардың ішінде жоғары, толық емес жоғары және арнаулы орта білімі барлардың өзіндік үлес салмағы кәрістерде тиесілі 243,43 және 235 және украиндар мен немістердің де білім деңгейінің жоғары екенін атаған жөн. Әсіресе, орта буын мамандары 220,199. Ендігісі, 300-ден 1 мың адам аралығындағы ұлт өкілдерінің жалпы халықка шаққанда салмақ үлесінің өзгеруі 0,03%-дан 0,1 % дейін, олардың ішінде, мордва, молдаван, қытай, қарашай, ингуш, балқар, армян, башқұрт, тәжік, поляк және тағы басқа. Бұлардың ішінде жоғары және арнаулы орта білімділердің көбірек үлесі әр мың адамға қытайларда (145-218) және поляктарда (114-124). Жалпы облыс көлемінде 15 жастан жоғары, әр мың адамға шаққанда әйелдердің еркектерден білім алғандары көп екені анықталды. Мысалы: 124 әйел және 122 еркек жоғары,214 әйелдің және 199 еркектің арнаулы орта білімі бар». Осы саладағы оқиғалар тізбесін ары қарай айтар болсақ, Жамбыл облысы әкімиятының 1999-шы жылдың 8 желтоқсанындағы Шешімінде: «Тараз қаласы және Меркі, Мойынқұм аудандары әкімдерінің «Қазақстан - 2030» Стратегиясын жузеге асыру шеңберінде балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мен мектептерді компьютерлендіру бағдарламаларын орындауға байланысты атқарған жұмыстары туралы мәселелер қарастырылып, Тараз қаласындағы 49 мектептің 16-да, Меркі ауданындағы 36 мектептің 9-да, Мойынкұм ауданындағы 25 мектептің 5-де компьютер сыныптары бар екендігі» айтылады. 2000-шы жылдың алғашқы күнгі санында еліміздегі ірі оқу орындарының бірі болып саналатын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қарымды қадамдары туралы жазылыпты. Ол бойынша: «XXІ ғасырдың білімді азаматтарын тәрбиелеуді мұрат тұтқан жоғары оқу орнында 9600 студент 92 түрлі мамандық бойынша білім алуда. Университетте мұнай мен газды пайдалану, сақтау, олардың құбырларын тарту, машиналар мен жабдықтарын пайдалану, стандарттау мен сертификация, ақпараттық жүйе, информатика, басқарудың ақпараттық жүйесі, қаржы және несие салалары, заң бойынша мамандар даярланады. Бұл мамандықтарсыз еліміздің экономикасын өркендетіп, өндірісті ұлғайту мүмкін емес. Экономиканы, өндірісті дамыту үшін еліміз шетелдермен байланыс жасап, әлемдік жүйемен араласа бастады. Бұл тұста басты шет елдердің тілдерін білу маңызды. Осыған орай, университетте ағылшын, неміс тілдерінен бөлек, араб және қытай тілдерін де үйрету қолға алынып отыр. Қазіргі өркениетті, дамыған елдердің тәжірибесі жастарымызға түбегейлі және техникалық білім бермейінше алға басу мүмкін еместігін көрсетуде. Тәуелсіздігін жаңа алған мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндірісті, экономиканы қазіргі заманның ең жоғары талаптарына сай дамыту жолында Тараз мемлекеттік университетінің 50 шақты ғылым докторы, 400-ден аса ғылым кандидаты өздерінің бар білімін еліміздің болашағын өз қолына алатын жастарға үйретуде. Сондай-ақ, ауылшаруашылығын, орта және шағын кәсіпкерлікті өркендету ісіне де қажетті мамандар даярлануда. Университет - әуелі білім ордасы, ол сондай-ақ, облысымыздағы ғана емес, республикамыздағы үлкен идеологиялық, ғылыми, мәдени, тәрбие орталығына да айналып келеді. Тараз мемлекеттік университетінде ғылым докторларын және кандидаттарын даярлайтын, диссертаңиялар қорғататын, әлбетте, бұл үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге басшылық ететін 5 ғылыми кеңес жұмыс істейді. Университет экология, қоршаған ортаны қорғау жөнінде Қазақстан бойынша диссертациялық жұмыс қорғалатын ғылыми кеңесі бар бірден-бір жоғары оқу орны. Сондай-ақ, университетте Оңтүстік Қазақстан бойынша - педагогика, бүкіл еліміз бойынша мелиорация мен гидротехника, тері мен жүн технологиясы жөнінде диссертациялар қорғалады. Ал, мұның өзі үлкен сенім. Мәселен, университетте Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан, Астана, Алматы қалаларынан кептеген ғалымдар докторлық және кандидаттық ғылыми дәреже алды. Соңғы екі жыл ішінде ғана университеттің 20 ғалымы ғылым докторы атанды. Бұл үрдіс жалғаса бермек. 2002-ші жылдың 15-ші мамырында екінші шақырылған облыстық мәслихаттың он үшінші сессиясында білім, денсаулық, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, тілді дамыту жөніндегі мәселе қарастырылды. Жамбыл облысының 2005-ші жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы облыс әкімиятының мәжілісіндегі есебінде: «Облыстағы 468 жалпы білім беретін мектептердің 467-і (99,8%) компьютерлермен жабдықталған, 416-на (88,9 %) - телефон орнатылған, 379-ы (81%) - «Интернет» желісіне қосылған, оның ішінде 2005 жылдың 1 тоқсанында 6 мектеп «Интернетке» қосылып, 11 - байланыс жүйесі құралдарымен қамтылғаны» айтылады. Жамбыл облысы әкімияты білім беру департаментінің қолдауымен шыққан «Халық тәлімі» газетінің 2005-ші жылғы мамыр айында 200-ші саны жарық көрді. Ай сайын шығын, тек жазылым арқылы бүкіл облыс мұғалімдеріне тарап келген газет білім саласының респубилка, облыс көлеміндегі жаңалықтарын, мектептерге қажетті ереже-құжаттарын, жекелеген мұғалімдердің озық тәжірибелері мен бала тәрбиесі, білім беруге арналған жеке ой-пікірлерін жариялап отырды. Газет таралымы 12 мың 246 данаға жетті. Халық ағарту және денсаулық сақтау ісіне қатысты мәселелер Жамбыл облысы әкімиятының 2004-ші жылдың 25 қарашасындағы Қаулысында қаралып, онда: «Жамбыл облысының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010-шы жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру шеңберінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауылшаруашылық және басқа да салалардың білікті мамандарын әзірлеу және оларды ауылдарда тұрақтандыру туралы» айтылады. Сонымен қатар, аталған жылы осы бағдарлама бойынша 4 мектеп салынды. Ал, қазіргі кезеңдеғі білім саласындағы 12 жылдық оқу үрдісіне көшу және үштілділікті меңгеру мәселелері де біздің өңірімізде нақты жолға койылатындығы анық. Облыстағы педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында «Математика пәні бойынша жаңа ғылыми әдістемелерді енгізу - оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті. Семинарды Тараз институтының проректоры, профессор Рақым Садықбеков ашты. Бұдан кейін ұстаздардың білімін жетілдіру институтының директоры, химия ғылымдарының кандидаты А.Жұрынбай мен кафедра меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Базарбек Бектұрғанов семинардың мақсаты туралы кеңірек айтып берді. Дәрісті Тараз институтының жаратылыстану кафедрасының доценті Әбдімәлік Сағынбеков жүргізді. Баяндамашы математика пәніне жаңалықтар енгізу қажеттігіне көп тоқталды. Қайсыбір жағдайда мұғалімдердің білімін жетілдіру мәселесі олардың тұрғылықты жерлерінде қарастырылды. Осыған байланысты мойынқұмдық мұғалімдер ауылдық қазақ мектептерінде оқытуға ыңғайластырылып жасалған бейнелеу өнері пәнінің бағдарламасымен танысты. Бұл бағдарламаны Жамбыл педагогикалық институтының бейнелеу өнері кафедрасының ұжымы жасап, ұсынған болатын. Жұмыс барысында Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің мұғалімі С.Сәрбиев «Өнерді эстетикалық тұрғыдан қабылдау», Ә.Әбдірайымов («Кеңес» орта мектебі), «Тақырып бойынша сурет салу», Б.Қылышбаев (Жамбыл атындағы орта мектеп), «Натюрмортты бейнелеу», А.Қалымбетова (Рысқұлов атындағы орта мектеп), «Сәндік қолданбалы өнер» тақырыптары бойынша сабақ жүргізу жөніндегі тәжірибелерін ортаға салып, көрнекілікке бар қызықты сабақ түрлерін көрсетті. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі Үсіпов өзінің және шәкірттерінің жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, «Ұлттық өнер үлгілерін бейнелеу өнері пәніне пайдалану» тақырыбы бойынша тартымды баяндама оқыды. Бір аптаға созылған жұмыс аясындағы талқылау барысында, ауыл мұғалімдері тапшылыққа байланысты туындап отырған бейнелеу өнері пәнін жүргізудегі біршама қиындықтар жөнінде айтып өтті. Әрине, жоғарыда айтылған мәселелермен бірге, оқушылардың жетістіктерге жетуі үшін олардың білім алатын мектептерінің қазіргі заманға сай болуы қажет. Осы мақсатта, 2006-шы жылдың 3 тамызында облыс әкімі Бөрібай Жексембин Тараз қаласындағы бірқатар нысандарда болып, жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімі аялдаған №11 орта мектепте кезінде қазақтың батыр қызы, шығыстың қос жұлдызының бірі Әлия Молдағұлованың оқығандығын екінің бірі біле бермейді. Білім ұясы пайдалануға берілген сонау 1937-ші жылдан бері күрделі жөндеуден өткізілмеген. Мектептің 70 жылдығы қарсаңында оның ғимаратын осы заманғы талаптарға сай жабдықтауға шешім қабылданды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге - 66 миллион теңге, мектептің оқу-өндірістік базасына қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 19 миллион теңге, қазандықты газбен жылыту үшін жүргізілетін қайта конструкциялау жұмыстарына - 6 миллион теңге, барлығы 91 миллион теңге қаржы бөлінді. Осындай игілікті жұмыстар өңіріміздің аудандарында да жүргізілді. 2006-шы жылы облысымызда «Жол картасы» бойынша 263 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көптеген нысанның құрылысы бітіп, қолданысқа берілді. Конституция мерекесі қарсаңында облысымызда 6 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне ұсынылды. Талас ауданы Бөлтірік ауылында 150 орындық орталау мектеп, Меркі ауданы Екпінді ауылында 150 орындық орта мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Кейінірек әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне жастар жасағы да атсалысып, құрылыс нысандарында еңбек етті. 2012-ші жылы 500 студенттен құралған жастардың 21 еңбек жасағы облысымыздың әр түкпірінде еңбек көрігін қыздырды. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен жоғары оқу орындары мен студенттік құрылыс жасақтарының басшылары әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына қолғабыс етуге ниет білдірген жастардың хал-ахуалымен танысып, жағдайын білді. Олар әуелі Жамбыл ауданының Аса ауылында салынып жатқан 600 орындық Ю.Гагарин атындағы орта мектептің құрылысына ат басын бұрды. Мұнда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 18 студенті еңбек етіп жатыр екен. Мердігер «Бином» ЖШС жастарды бір айлық жұмысқа қабылдап, бар жағдайды жасаған. Жұмыстан соң, бір сәт жаттығу залына баруға мүмкіндік бар. Серіктестік директоры Мәди Изенбаев студенттердің жұмысына көңілі толатындығын, оларға алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. «Құрылысқа құлшыныспен атсалысып жатырмыз. Бізге қажетті жағдай жасалды. Келген бес қыздың үшеуі құрылыста, біз екі қыз асханадағы жұмысқа көмектесеміз. Өзім бірінші курста облыстық аурухананың құрылысына атсалысқанмын. Құрылыс жасағында жұмыс істеген қатты ұнайды», - дейді педагогикалық институттың жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Лаура Хамитқожаева. Облыс бойынша, осылай балалардың болашағы үшін үлкен де, кіші де тер төгіп жатқан кезде оңай олжа іздеп, игілікті бастаманы былықтырып жүргендері де болды. Солардың бірі мемлекеттік сатып алу конкурсында жұмысты өзі ұтып алып, оны қосалқы мердігерлерге істететін «Компания Догду Билд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік өткен жылы тендерде бұрын Жамбыл ауданына қараған, -таяуда Тараз қаласының аумағына өткен Көлтоған ауылында 180 орындық мектептің және су жинағыш құрылғының құрылысын жүргізу жұмысын ұтып алған болатын. Жобаның сметалық құны - 435 миллион теңге. Облыс аумағында бірнеше нысанның құрылысын жүргізіп жатқан компания бірден мектепті салуға «Сырым Білеке» ЖШС тартқан. Олар осындағы жұмыстың 80 пайызын атқаруда. Серіктестіктің телім бастығы Анатолий Новиков инженерлік-коммуникациялық жүйені тартуға тағы да басқа қосалқы мердігерлердің тартылатынын тілге тиек етті. Сонда аты дардай «Компания Догду Билд» тендерде жұмыс ұтып алумен ғана шұүғылдана ма? Көлтоғандықтар «Заманауи үлгіге сай, екі қабатты үлкен мектеп салынады» дегенді естігенде бөріктерін аспанға атын, қатты қуанған болатын. Әйтсе де, нысандағы жұмыс барысы көңілден шықпай отыр. Нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы іс барысын күнделікті қадағалап, кемшіліктерді шұғыл түзетіп отыруы тиіс. Өкінішке қарай, техникалық қадағалаушы Қарсақ Меңлібаев мұнда ат ізін аптасына бір-екі-ақ рет салады. Соның салдарынан мұнда кемшіліктер де көптеп орын алуда. Құрылыс аумағы қоршалмаған және қоқыстан тазартылмаған. Құрылысшылар арнайы киіммен қамтамасыз етілмеген. Арматуралар тоттан тазартылмаған. Кейбір кірпіштер қисық қаланған. Құйылған темірбетондарда ауытқу орын алған. Іс дұрыс ұйымдастырылмағандықтан қарқын баяу. Компания кестеден едәуір артта келеді. Аталған уақытта мұүнда 130-ға жуық адам істеген. Ал, олардың саны 170-тен кем болмауы керек еді. Күн жылынғанына қарамастан екі ауысымдық жұмыс қолға алынбаған. Соның салдарынан 239 миллион теңге ғана игерілген. Ал, нысан 2012-ші жаңа оқу жылына пайдалануға берілуі тиіс. Қысқасы, «Компания Догду Билд» ЖШС құрылыс салуда, қажетгі техникамен, білікті мамандар шоғырланған кешенді бригадалармен жасақталмаған. Осындай әлеуеті жоқ компанияның мемлекеттік сатып алу қонкурсында ірі нысандардың құрылысын жүргізу мәртебесін қалай ұтып алғандығын анықтап, тиісті мекемелердің шаралар қолдануы сұранып-ақ тұр. Міне, осындай шалағайлықтарды жойып, материалдық-техникалық базаларын нығайту, кадрларды іріктеу мен оқу сапасына қойылатын талапты арттыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде облыстың білім беру саласында оңды өзгерістер байқалады. 2011-ші жылы білім беруді қаржыландыру ауқымы 52,7 миллиард теңгені құрады. Бұл 2010-шы жылы қарастырылған қаржыдан 1,3 есе көп. Есепті кезеңде 4 мектеп пен 2 балабақша салынып, пайдалануға берілді. 42 білім беру нысаны күрделі, 202 нысан ағымдағы жөндеуден өткізілді. 3 ауысымда білім беретін мектептер саны 2 бірлікке, яғни, 1,7 пайызға қысқарды. Бұл бағдарламада қарастырылған көрсеткіштен де төмен. Дегенмен облыстағы аппатты жағдайдағы мектептердің үлесі 29 бірлік бағдарламада қарастырылғаннан 2 пайызға артық болып отыр. Себебі, облыста 170 ыңғайластырған, соның ішінде 83 саманнан тұрғызылған мектеп бар. Апатты жағдайдағы мектептер саны солардың есебінен жыл сайын көбеюде. Осы олқылықтарды түзеу бағытындағы жұмыстар жүргізіліп, мәселен, 2011-ші жылы 9 мектеп пайдалануға берілген, тағы 3 мектептің құрылысы басталды. 2012-ші жылы республикалық бюджет есебінен Тараз қаласында химик және металлург кадрларды даярлайтын 600 орындық кәсіби лицейдің құрылысын қаржыландыру мәселесі жоғары орындарда шешілуде. Қажетті құжаттар топтамасы дайындалып қойған. Оқушылардың білім деңгейінің негізі көрсеткіштерінің бірі ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі екендігін белгілі. 2010-шы жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша облысымыз соңынан санағандағы екінші орыннан бел ортаға көтерілді. Яғни, орташа балл 86,18 ді құрады. 2010-шы жылы бұл көрсеткіш үш пунктке төмен болатын. 2010-шы жылы мектеп бітірген 167 түлек «Алтын белгі» алса, өткен жылы ҰБТ қорытындысы бойынша 234 үздік оқушы осы атаққа лайық екендіктерін дәлелдеді. Тестілеуде 100 балдан жоғары білім деңгейін көрсеткен оқушылар саны 40 пайызға көбейді. Республикалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша облысымыздың оқушылары жалпы білім беру сабақтарынан жалпы командалық екінші орынды иемдесе, республикалық ғылыми жарыстарда командалық үшінші орынды жеңіп алды. Халықаралық олимпиадалардан 19 медаль алып келді. Республикадағы 100 үздік мектептің тізіміне жамбылдық 8, оның ішінде ауылдық 3 мектеп енгізілді. Мұның бәрі екі жыл бойы білім бөлімдерімен, әдіскерлермен, мектеп директорларымен, ұстаздармен жүргізілген қажырлы жұмыстың нәтижесі екендігі белгілі. Осы орайда 2012-2013-ші оқу жылынан бастап «Дарындағы» кемі 80% орынды ауыл балаларына беруді қарастыратын арнайы ереже қабылдануын дұрыс қадам деп есептеуге болады. Облыста «Балапан» бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда. 2011-ші жылы бағдарлама аясында Тараз қаласында және Қордай ауданында әрқайсысы 280 орындық жаңа 2 балабақша пайдаланута берілді. Облыстың 3 ауданында осындай 3 балабақшаның құрылысы жүргізілді. Қарастырылып отырған мерзімде 5720 орынға есептелген 15 мемлекеттік және 3 жекеменшік балабақша, сонымен қатар 55, оның ішінде 2 жекеменшік шағын орталық ашылды. Бұл «Балапан» бағдарламасында 2011-ші жылға қарастырылғаннан 2680 орынға артық. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен өткен жылы 261 миллион теңгеге 14 балабақша ғимараты сатып алынды. Балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізуге бөлінетін қаражат көлемі де жыл өткен сайын көбейіп келеді. Мәселен, 2011-ші жылы облыстық бюджеттен осы мақсатқа 454,3 миллион теңге бөлінген болса, 2012-ші жылы 581 миллион теңге, яғни 28 пайыз артық қаражат қарастырылып отыр. Әрине, осы бағыттағы жұмыстары берекесіз аудан әкімдері сынға ұшырады. «Сын түзелмей, мін түзелмес», - десек, сыннан қорытынды шығарылуының негізгі тетігі қоғамымызды дамытуда екендігі сөзсіз. Дағдарыс жағдайында да әлеуметтік мәселелерді кейінге ысырмаған Мемлекет басшысы Ұлт жоспарының 76,77,78,79-қадамдарында білім беру жүйесін реформалау бойынша үлкен тапсырмалар бергені белгілі. Бүгінгі таңда облыста екі мектеп (Тараз қаласындағы №41 гимназия мен Т.Рысқұлов ауданындағы мектеп-гимназия) 12 жылдық білім беру беру жүйесінің жаңартылған тәжірибиелік стандарттары бойынша жұмыс істеуде. Тәжірибеге 289 бірінші сынып оқушысы қатыстырылуда. Ұстаздардың білімін жетілдіру мақсатында 2015-ші жылы 3745 педагог білімін жетілдіру курстарына жіберілді, оның 33-і мектеп директоры. Жаңа оқу жылынан бастап 26 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады. Қазіргі кезде техникалық мамандықтарға ерекше назар аударылуда. Облыстағы 48 колледжде бүгінде 27 мыңнан аса студент білім алуда. Олардың 13550-і мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылады. Жамбыл политехникалық колледжі «Кәсіпқор» колледждер холдингінің құрамына еніп, биылдан бастап мұнай-химия саласы бойынша мамандар даярлай бастайды. 78-ші қадамда көрсетілген талап, жоғары сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқытуға біртіндеп көшу екені белгілі. Облыста 3 мамандырылған мектеп-интернатта білім үш тілде берілуде. Келесі жылы Назарбаев зияткерлік мектебінің озық тәжірибиелерінің бірі болып табылатын үш тілде білім беру жүйесі тағы екі мектепте енгізілмек (облыстық «Дарын» ерекше дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен Тараз қаласындағы №1 гимназия). Сонымен қатар, 2020-шы жылы 4 аудандық мектепте үш тілді білім беру жүйесін енгізу жоспарлануда (Байзақ ауданындағы Ғ.Мүратбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Меркі ауданындағы №17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясы, Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицейі мен Шу ауданындағы Төле би атындағы орта мектеп). Жалпы, 2015-ші жылы облыстың білім беру жүйесін қаржыландыруға 75,5 миллиард теңге бөлініп, бірқатар апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін тапты. Балғындарды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бағытында да көптеген шаралар атқарылуда. Жыл ішінде 14 балабақша, 7 шағын орталық ашылды. Оның 4-еуі жаңадан салынды. Биыл 5 балабақша пайдалануға берілмекші. Облыс бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылу деңгейі 75 пайызға жетіп, 4,3 пайызға артты. Облыста жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерін ашу жұмыстары жаңа екпін алуда. Егер 2010-шы жылға дейін облыста 2 жекеменшік балабақша болса, бүгінде олардың саны 38-ге жетті. Осы мектепалды білім мекемелерінде 3600-дей бала тәрбиеленуде. Өткен жылы 7,4 миллиард теңгеге 24 орта білім беру нысанының құрылысы жүргізілді, оның 13-і былтыр пайдалануға берілді. 974 миллион теңгеге 186 білім нысаны жөндеуден өткізілді. Жыл ішінде тозығы жеткен 9 мектептің мәселесі жаңа құрылыс есебінен шешілді. Ал биыл осындай 2 мектеп пайдалануға берілді. 2016-шы жылы Ұлттық қордан қаржыландырылатын нысандар тізіміне 1 мектептің құрылысы енгізілді, 2 мектеп құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Қалған 6 мектептің мәселесін алдағы екі жылда шешу жоспарлануда. Білім мекемелерінің материалдық техникалық базасының нығайтылуы білім сапасын арттыра түсуде. Облыс оқушылары республикалық олимпиада мен ғылыми жарыстарда жеңіп, дүниежүзілік, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда көптеген медальдарға ие болды. Мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда 6,2 балға жоғарылап, 78,6-ға жетті. Облыста Елбасы тапсырмасына сәйкес жастарға кәсіптік-техникалық білім беруде нақты жұмыстар жүргізілуде. Аталған оқу жылында 10 жаңа мамандыққа мемлекеттік білім беру тапсырысы жасалды. Үш жылда дуалды оқыту жүйесі енгізілген колледждер саны 24-ке арттырылды. Бұдан басқа, үш ауысымды мектептерді азайту мақсатында «Құмшағал» тұрғын алқабында ұлттық қордан бөлінген 739,3 млн. теңгеге 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жағдайы төмен отбасылардың 9771 балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, қалалық бюджеттен 126,6 млн.теңге және өңірлердің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған бюджет есебінен 103,5 млн.теңге бөлінді. Білім мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 160,7 млн.теңге қарастырылған. №40 гимназияға интерактивті тақта мен компьютер техникасын алуға - 4,5 млн.теңге, жаңартылған білім мазмұнындағы мемлекеттік білім беру стандартын эксперименттен өткізіп жатқан №41 гимназияға құрал-жабдықтар алуға - 15,0 млн.теңге, білім мекемелеріне бейнебақылау құрылғыларын орнатуға - 2,0 млн. теңге, У.Қайназаров көшесі, №17 мекен жайындағы ғимаратқа жиһаз алуға - 19,0 млн. теңге, жалпы мектептердің жылу есептеуіштеріне 1,0 млн. теңге, №19, 55 мектептер мен ПМПК-ға автокөлік сатып алуға - 22,3 млн. теңге, №17, 18 балабақша мен «Құмшағал» ықшамауданындағы балабақша ғимаратын, №17, 20 мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 32,7 млн. теңге қарастырылып, мемлекеттік экспертиза жасалуда. Қалада 44 мемлекеттік балабақша, 21 шағын орталық және 29 жекеменшік балабақшалары қызмет атқарады, онда 18003 бала тәрбиеленуде. Жалпы 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамту 65,5% (облыстық көрсеткіш 53,4%). 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 84,5% (облыстық көрсеткіш 75,0%) құрайды. Ағымдағы жылы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші бойынша 870 орын ашу жоспарланса, 1-ші қазанға дейін 880 орын ашылып отыр. Ағымдағы жылдың 29-тамызы күні «Салтанат» мөлтек ауданында 280 орынды №45 «Балбұлақ» балабақшасы пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде тамыз, қыргүйек айларында 600 орын («Талас» мөлтек ауданындағы «Медина»-167, «Дорожник» алқабындағы «Салтанат»-100, М.Офсянников көшесіндегі «Нұрсан»-33, Абай көшесіндегі «Индиго Тараз»-50, Ә.Комратов көшесіндегі «Асем-Ай»-100, Воинская көшесіндегі «Нұрлы болашақ»-150 балабақшалары ашылды. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасы бойынша 523,4 млн.теңге қарастырылды. Сонымен қатар №7 мектеп-гимназиясының күрделі жөндеуіне облыстық бюджеттен 300,8 млн. теңге, 7 балбақшаға - 74,1 млн. теңге (ОБ 19,4 млн. теңге, РБ-54,7 млн. теңге) №-56 орта мектепке - 78,4 млн. теңге (РБ-70,6 млн. теңге, ОБ-7,8 млн. теңге), 6 балабақшаның күрделі жөндеу жұмысына - 70,0 млн.теңге (РБ-63,0 млн. теңге, ОБ- 7,0 млн.теңге) бөлінді. 9 айға қарастырылған 389,2 млн. теңге қаражаттың 365,0 млн. теңгесі игерілді. Республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 699,5 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде №24-ші гимназияға - 257,9 млн. теңге, №32-ші орта мектепке -211,2 млн. теңге, №37-ші орта мектепке - 131,5 млн. теңге, №21-ші балабақшаға - 99,0 млн. теңге, 9 айға қарастырылған 536,5 млн. теңге қаражаттың 507,2 млн. теңгесі игерілді. Одан басқа №1,2,5,7,10,13,16,22, 25,31,34,41 мектептер мен У.Қайназаров көшесі, №17 мекен-жайындағы ғимараттағы ағымдағы жөндеу жүзеге асырылуда. Қаладағы жалпы білім беретін 59 мектептің 2662 сыныбындағы 6403 оқушыны 5974 мұғалім оқытады. 2015-2016-шы оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 6224 балаға өскен. Облыс әкімі К.Көкірекбаевтың 2016-шы жылғы халыққа берген есебіндегі мәліметтер осындай. Байқасақ қарымды қарыштап алға басып келе жатқанымыз айқын-ақ көрініп тұр. Өтпелі кезеңде қалт-құлт күн кешкен облыстың медицина қызметі саласындағы жағдай 1996-шы жылдың ақпанындағы ақпарат бойынша әлі де күрделі қалпында болған. Төмен жалақы, оның өзінің кешіктіріліп берілуі, тозығы жеткен жабдықтар, дәрі-дәрмектердің жетімсіздігі өте қолайсыз жағдай тудырды. Соның салдарынан көптеген дәрігерлік кадрлар өз мамандығы бойынша жұмыстарын тастап, табыс табатын жұмыстарға, саудаға ауысуда. Мұның өзі жаңа проблемалардың туындауына себеп болуда. Тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар, жекелеген дәрігердің қызметіне қанағаттанбаушылық көбейген. Әсіресе, бюджеттік жетімсіздік, соның салдарынан денсаулық сақтау саласының қажеттіліктеріне бөлінетін қаржының тапшылығы туберкулез, жүйке және онкологиялық аурулардың күрт артуына әкеліп соғып отыр. Сондай-ақ, нашақорлықтың алғашқы нышандарына шалдыққандардың саны арта түскендігі анық байқалуда. Жоғары органдарға дәрігерлер тарапынан жаңа туған балалар мен босанған аналардың тағдырына немқұрайлылықпен қараудың сорақы фактілері туралы дабылдар түсуде. Бұл шағымдардың мұқият тексеріліп, кінәлілердің айыбын мойнына қою мәселесі де сөзбұйдаға салынуда. Міне, осы фактілер халық денсаулығын қорғау сияқты аса маңызды салада орын алып отырған жағдайды айқын сипаттайды және оны түзеу үшін шұғыл шаралар қолдану қажет екендігін көрсетеді. Брі мәселелердің барлығы 1995-ші жылдың аяғында болып еткен медицина қызметкерлерінің облыстық мәжілісінде жан-жақты талқыланып, жұмысты түбегейлі жақсарту женінде нақты шаралар белгіленген еді. Алайда осы салада орын алған кемшіліктер бұдан кейін де жойылған жоқ. Жамбыл қаласының барлық емдеу мекемелерінде жүргізілген тексеру барысы бөлінген қаржыны дұрыс пайдаланбау түріндегі кемшіліктердің басын ашып отыр. Облыстық денсаулық сақтау департаменті алқасының қорытынды мәжілісінде оның бастығы М.Т.Сейдуманов сала бойынша өткен жылғы атқарылған жұмыстарды талдай келіп, қол жеткен игілікті нышандарға да тоқталды. Бірақ халықтың медицина қызметкерлеріне деген сенімі мен сыйлау көзқарасын қалпына келтіру, аурулардың бетін қайтару және алдын алу шараларын түбегейлі жақсарту үшін атқарылған істер мардымсыз. Денсаулық сақтау саласын реформалау бағдарламасындағы маңызды міндеттердің бірі оны бюджеттік қамсыздандыру жүйесіне кешіру болып табылады. Бұл міндеттің ауқымында аса қысқа мерзім ішінде емдеу, алдын-алу мекемелерін лицензиялау және аккредитациялауды, дәрігерлік қызметтердің ақылы бағасын қалыптастыруды да айқындап, медициналық сақтандыру және экономикалық байланыстар мәселелері бойынша проблемалық орталықтың жұмысын жандандыру қажеттігі айтылады. Біртіндеп осындай қиыншылықтарды еңсере бастаған медицина саласында 1996-шы жылдың 14 тамызында облыстық нәрестелерді қорғау орталығы ашылды. Бұл орталық №2 аналарды босандыру емханасы негізінде ашылды. Аталған мекеменің қажеттілігі анық-ақ болатын. Себебі, кез келген өркениетті мемлекетте ана мен бала тағдырына айрықша көңіл бөлу, аялау, қиын сәттерде қоғам болып қол ұшын беру әлдеқашан-ақ дәстүрге айналған. Өкінішке орай, бізде оған өтпелі кезең ауыртпалықтары қолбайлау болды. Облысымызда жүкті әйелдердің 60-70 пайызы ауру-сырқаулы. Соның салдарынан нәрестелердің 13-15 пайызы түрлі ауруларға ұшырауда. Әрине, ашылып отырған перинатальдық орталық осынау проблемаларды шешуге септігін тигізетіндігі белгілі. Мұнда «жоғары қауіптілік» тобына жататын жүкті және босанған аналар мен сәбилерге кешенді медициналық көмек көрсетілетін болады. Қоғамымыздың қиыншылықтар бұғауынан босанып, даму бағытына бет алған 2005-ші жылдары денсаулық сақтау саласында жұқпалы гепатитпен, өткір ішек ауруларымен, нашақорлық және жүйке ауруларымен ауыратындар саны қысқарған. Аталған жылы Жамбыл облысында 25 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, соның 22-сі осы жылдан қалмай елдің игілігіне ұсынылды. Қалған үш нысанның құрылысы 2006-шы жылы аяқталады. Жобапардың жалпы құны 4,6 миллиард теңгені құрайды. Өңірімізде «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында Тараз қаласында жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 300 орындық қалалық көпсалалы аурухана ашылды. Сонымен қатар, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен ауруханалар құрылысы» жобасы аясында облыста 5 медициналық мекеме пайдалануға берілді. Бұлар - Сарысу ауданындағы тәулігіне 20 адамды қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункт, Жуалы ауданындағы тәулігіне 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Қордай ауданындағы тәулігіне 30 адамды қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункт пен 20 адамдық медициналық пункт, сонымен қатар Меркі ауданындағы 30 адамдық дәрігерлік амбулатория. Бұл жобалардың жалпы құны шамамен 486 млн.теңге. Жоғарыда айтылған жобалардан бөлек тағы 16 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың жалпы құны 630 млн.теңге. Жалпы, егер 2008-ші жылы өңірде 20 денсаулық сақтау нысаны салынса, 2009-2012 жылдары аралығында 44 денсаулық сақтау мекемелері салынған. 2012-ші жылдың наурызында өткізген облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде негізінен өзекті мәселелер қаралды. Оның біріншісі - денсаулық сақтау саласына қатысты болды. Адами капиталдың сапалы өсуі, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау саласына байланысты. Облыс әкімінің денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударуы да сондықтан. «Соңғы жылдары тұрғындар арасында жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандар саны артып келеді. Қазірдің өзінде облысымызда 12 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Оның 30 пайызы жылына кем дегенде екі рет стационарлық жағдайда ем қабылдайды. Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мақсатында былтыр облыс орталығында қардиологиялық диспансер ашылған еді. Бұдан өзге өңірімізде тұрғындарға облыстық ауруханада кардиологиялық бөлімше және тромболитикалық терапияның жұмысы жандандырылуда. Сонымен қатар, барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылған шұғыл қардиологиялық жәрдем көрсететін 3 арнайы бригада бар. 2011-ші жылы облыс бойынша 622 сырқаттың жүрек-қан тамырлары жүйесіне ота жасалыпты. Жоғарыдағы құжаттар көрсетіп тұрғандай, өңіріміздегі басым бағыттардың бірі әлеуметтік саланы және адам әлеуетін жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасы деңгейін көтеру, сапалы әлеуметтік қызметтің түрімен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл орайда, 2011-ші жылы облысымызда денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 23,9 миллиард теңге қарастырылды. Бұл 2010-шы жылғыдан 21 пайызға артық. Бір адамға бюджеттік шығындар ауқымы 71 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін артты. 2012-ші жылы денсаулық сақтауға 30,6 миллиард теңге, яғни, өткен жылғыдан 28 пайыз артық қаражат бағытталды. 2011-ші жылы облыста 510 миллион теңгеге 7 алғашқы дәрігерлік санитарлық жәрдем нысаны салынып, 33 нысанда күнделікті жөндеу жұмыстары жүргізілді, 53 мекеме ағымдағы жөндеуден өткізілді. Реснубликалық бюджеттен 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 4 миллиард теңге бөлінді. Шу ауданындағы Төле би ауылында 150 төсектік орталық аурухана іске қосылды. Жергілікті бюджет қаражатына 14 алғашқы дәрігерлік санитарлық жәрдем нысаны салынды. Облыстың денсаулық сақтау саласын медициналық құрал- жабдықтармен және техникалармен жарақтандыру деңгейі 39 пайызға дейін жетіп отыр. 2012-ші жылы республикалық бюджет есебінен облыстық ауруханаға 500 миллион теңгеге заманауи магниттік-резонанстық компьютерлік томограф алынды. Биылғы жылы облыс әкімі К.Көкірекбаевтың халыққа берген есебінде денсаулық сақтау саласының қарқынды даму үстінде екендігі айтылды. Мұны аталған саланы дамытуға бөлінетін қаржының көлеміне қарап та білуге болады. Былтыр бұл салаға 41,4 миллиард теңге бөлінген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қаражат көлемі біршама артқан. Жалпы, өткен жылы 3 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 11 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 145 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Тараз қаласындағы 300 төсекке арналған қалалық аурухана, Меркі ауылындағы және Қаратау қаласындағы емханалар құрылысын аяқтау жоспарлануда. Осы нысандардың құрылысына ағымдағы жылы 7,2 миллиард теңге бөлініп отыр екен. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту әрқашан назарда. Былтыр жергілікті бюджет есебінен 1,2 миллиард теңгеден астам қаржыға 226 қажетті медициналық техника сатып алынды. Ал 36 миллион теңгеге 4 автокөлік алып, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына берілген. Осының нәтижесінде дәрігерлік ұйымдардың жабдықталу деңгейі 68 пайызға жеткізілген. «Жыл санап облыста жекеменшілік медициналық ұйымдар саны да көбеюде. Оның ішінде 2 қардиохирургиялық орталықты ерекше атап өткім келеді. Олар-С.Жошыбаевтың Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникасы орталығы және «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасы. Себебі, жыл бойы жасалған кардиохирургиялық оталардың 61 пайызы - осылардың үлесінде», - дей келе Кәрім Нәсбекұлы облыстық әлеуметтік-демографиялық жағдайға тоқталып, ана мен бала денсаулығын сақтау жолында атқарылып жатқан жұмыстарды да тарқатып айтып берді. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 81-қадамында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту көзделген. Өткен жылы Тараз қаласындағы №6 емхана осындай жүйе бойынша жұмыс істеуге көшкен. Аталған емханаға «Жаншуақ» денсаулық сақтау орталығы сенімді басқарушы болып табылды. Біз сөз етіп отырған емхана қызметкерлерінің толық құрамын сақтай отырып, қосымша 21 жаңа жұмыс орнын ашты. Ағымдағы жылы да сенімді басқаруға 6 денсаулық сақтау нысанын беру көзделуде. Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында (82-қадам) №5 қалалық емхана кешенінде арнайы Саll-орталық құрылды. 2015-ші жылдың соңына дейін онда 1711 өтініш түскен. Барлық медициналық орталықта емделушіге қолдау мен ішкі аудит қызметі құрылған. Әрине, «басты байлық - денсаулық», -деп есептеген халқымыздың алдыңғы қатарлы елдердегідей ұзақ жасап, бақытты өмір сүруіне медицина саласының берері мол. Тек осы бағытта атқарылар істердің саны сапасына сәйкес келсе дейміз.

2.3. АЙМАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ КӨКЖИЕКТЕРІ

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде барша қазақстандықтарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын қалауда тарих, мәдениет және тілдің атқарған рөлі орасан зор болғанын бәріміз мойындаймыз. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Шындығында да елдің елдігін танытатын үлкен саланың бірі - өнер мен мәдениет. Қазақ елінің тарихы көнеден келе жатқан құнды жәдігерлерге толы. Тарихқа көз жүгіртсек, ортағасырлық Тараз қаласы Қазақстан тарихындағы ең ірі саяси, мәдени, сауда, әкімшілік орталығы болған. Елбасы Н.Назарбаев; «Тараз - тарихымыздың алтын діңгегі» деп баса көрсетуі өткенімізге ізет, бүгінгі ұрпаққа зор мақтаныш екені анық. Елдің елдігін танытатын үлкен саланың бірі - өнер мен мәдениет. Бүгінде Әулие ата өңірінің өнері мен мәдениеті нағыз кемел, толысқан шағында тұр. Әрине, аталған саладағы он өзгерістер еліміз егемендік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Дегенмен, тәуелсіздік таңы атқаннан кейінгі алғашқы жылдарда мәдениет саласы да нарық қыспағының теперішіне түскен еді. Еске салар болсақ, мәдениет қызметкерлері нарық жағдайында бюджеттік мекемелер арасындағы айлығы ең төмені болғандығы белгілі. Олардың орташа айлық жалақысы 900-1000 сом көлемінде болды. Алайда, олар еңбекшілерге мәдени қызмет көрсету қарқынын бір мысқал да төмендеткен емес. Бұл ретте облысымызда құрылған мәдени орталықтар айтарлықтай игі істер атқаруда. Сонымен қатар, мәдениет мекемелерін шаруашылықты жаңаша жүргізуге көшіруге кең өріс беріліп отыр. Бұл бағыттағы алғашқы қадам театрлардың шығармашылық, ұйымдастыру және экономикалық қызметін дербес жүргізуіне жол ашылуынан көрініс алды. Ал, мәдени-ағарту мекемелері арасында осыдан бір жыл бұрын өмірге енгізілген Қордай ауданы мәдениет қызметкерлерінің жұмыс әдісі дұрыс деп танылып отыр. Ауданда мәдениет және демалыс орталығы құрылған, мәдениет бөлімі меңгерушісшің орнына Бас директор сайланған. Бұл орталыққа материалдық, қаржы және кадр бөліміндегі қорлар шоғырландырылған. Мұнда туындаған барлық мәселелер мәдениет және демалыс жөніндегі кеңесте талқыланып, лайықты шешімін табады. Соның нәтижесінде ауданда ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралардың саны артып, материалдық база нығайып, қаржыландыру жақсарды. 1992-ші жылдың соңына дейін бұл жұмыс әдісіне 50 мәдениет мекемесі, оның ішінде халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы да көшті. Ол үшін барлық ауданда дерлік халықтың пікірі сұралып, семинарлар ұйымдастырылды, сондай-ақ, көптеген мәдениет қызметкерлері облыстық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Әрине, мәдени-көпшілік жұмысын халық талабына сай жүргізу үшін берік материалдық-техникалық база керек. Бұл жөніндегі жағдай мәз болмады. Айталық, облыстағы 799 клуб пен кітапхананың 569-ы бейімделген үйлерге орналасқан, қалаларымыздың ешқайсысында да типтік үлгідегі мәдениет үйі жоқ. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі мардымсыз. Музыкалық және күшейткіш құралдар тапшы. Салаға жиһаз аз бөлінеді. Автомобиль және оған қажетті жанармай мен қосалқы бөлшектер бұрынғыдан он есе кем берілетін болды. Алайда, бұл тәрізді келеңсіздіктер мәдениет қызметкерлерінің көпшілігін тоқырауға ұшыратты деп айта алмаймыз. Тіпті, мәдениет қызметкерлері егеменді еліміздің үлкенді-кішілі азаматтарына өздері көрсетер қызметтерін ұштау үстінде екендігі анық. Осыған байланысты қоғамымызда мәдениет қызметкерлеріне оң көзқарас қалыптаса бастағанын айта кету керек. Осының айғағы ретінде белгілі күйші Әбдімомын Желдібаев пен әнші Алтынбек Оразбековтерге Республиканың еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілгендігін айта аламыз. Еңбек бар жерде өнбек бар. Мәдениет қызметкерлерінің осы тұрғыдағы жетістіктерге жету даңғылдарына тоқталсақ, алдымен аймақтағы театр өнерінің ауызға ілінері сөзсіз. Айтар болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтарға қарамай Абай атындағы облыстық қазақ драма театр ұжымы сахналаған жазушы-драматург Шерхан Мұртазаның «Жалғыз үйлік зілзала», Әлихан Қалдыбаевтың «Сәлім-Сәлима» атты проблемалық мәні терең, психологиялық жүгі ауыр драмасы көрермендердің көңілінен шыққан қойылымдар болды [57]. Сонымен қатар, Елен Әлімжанның «Тақ талас» драмасы сахналанды. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиыншылықтарға қарамай әрекет еткен Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театры 1996-шы жылдың қыргүйегінде өзінің алпыс жылдығын атап өтті. Аталған уақыт аралығында көптеген өнер саңлақтары сахна төрінде өздерінің табиғи талантымен көрермен көңілінен шығып, көпшіліктің ықыласына бөленгені мәлім. Солардың қатарында режиссерлар: Асқар Тоқпанов, Тілек Ерғалиев, Тұрар Дүйсебаев, Маман Байсеркенов, Ерғали Оразымбетов, Әскер Құлданов, Аманжол Сәлімбаев, Жақып Омаров, Қуандық Қасымов, Асқар Дүйсебаевтар театр тарихында өз қолтаңбаларын айшықтап қалдырды. Театр жағдайында өз дәуірінің болмысын қалай болғанда да халыққа жеткізуге ұмтылып отырған - жазушылар, драматургтер, режиссерлер, сыншылар, композиторлар, суретшілер, әртістер. Бұл - театрдың рухани азық беретін ішкі жағы. Театрдың сыртқы жағы -материалдық дүние. Нарық заманында бұл мәселенің күрмеуі қиын екендігі де белгілі. Дегенмен, облыс билігі мәдениетке қамқорлық көрсетіп, мәселен, театрда күрделі жөндеу басталып та кетті. Екі отбасына пәтер бөлініп, театрдың әртісі Майра Әлімбетоваға әкім стипендиясының берілуі де құптарлық жайт. Сонымен қатар, өмірден өткен театр қайраткерлері тұрған үйлерге ескерткіш тақталар ілінді. Бұл - болашақ ұрпақ тәрбиесіне, өнер құдіретінің ғұмырлы болуына қосылған зор үлес. Осындай өнерге құрмет етудің келесі бір үлгісі Абай атындағы қазақ драма театрында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты жас әншілердің облыстық конкурсында көрініс тапты. Аталған тақырыпта өтетін халықаралық ән фестивалі қарсаңында оған облыс атынан қатысқан жас әншілерді іріктеу мақсатында өткізілген бұл байқауға облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан елуге жуық жас талапкер қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Байқау барысы халық ішінде өмірімізге қуат берерлік өнер нәрінің мол бастаулары бар екенінің айқын айғағы болды десек артық айтқандық болмайды. Өздерінің балауса өнерімен жиналған көрермендердің ілтипатына бөленген жаңатастық Гүлнар Бақторазова, жуалылық Айжан Сметова, Жамбыл ауданының өкілі Ғани Мәтебаев, меркілік Болат Құлданов, сарысулық Дариға Игенбаева, Шу қаласынан келген Жанат Досжанова, Жамбыл қаласының өкілдері Индира Әбдиева мен Гауһар Қаспақовалар өздерінің болашақтарынан мол үміт күттіретін жас дарын иелері екенін танытты. Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша конкурстың Бас жүлдесі Жамбыл мәдениет және өнер колледжінің шәкірті Гауһар Қаспақоваға берілді. Бірінші орынға тағайындаған екі жүлдені таластық Жанатбек Қадыров пен облыстық филармонияның жас әншісі Қайнар Жұманбаевтар иеленді. Екінші орынға Индира Әбдиева (Жамбыл қаласы) мен Жамбыл педагогикалық колледжінің оқушысы Светлана Байқұлақовалар шықса, үшінші жүлдені меркілік Болат Құлданов алды. Сондай-ақ, жақсы өнерімен жылы әсер қалдырған облыстық филармонияның әншісі Сәуле Желдібаева, Шу қаласынан келген Эльмира Тұрғанбекова және жамбылдық Назгүл Дүйсенбаеваларға көрермендер ілтипаты жүлделері тапсырылды. Енді, ежелгі мұраларымыз туралы айтар болсақ біздің өлкеміз тарихи және мәдени ескерткіштерге өте бай екендігі белгілі. Оларды қорғап, күту керек екендігі де түсінікті. Осы маңызды іске үлкен мән бере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті 1992-ші жылы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заң қабылдады. Осы Заңның орындалуы мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бұйрығымен және Облыс әкімінің өкімімен, 1992-ші жылдың маусым айында облысымызда «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» ұйымдастырылды. Аталған инспекция 1995-ші жылдың ақпанында Мәдениет министрінің бұйрығымен облыстық мәдениет басқармасының құрамында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлектеттік инспекция» болып қайта құрылды. Ескерткіштердің бүгінгі таңдағы жай-күйі әрдайым сарапшы комиссия мүшелерінің мәжілістерінде, облыстық мәдениет басқармасы алқасының отырыстарында қаралып, талқыланып, тиісті шешімдер қабылданып отырады. 1995-ші жылғы мәлімет бойынша, облыс территориясында 1127 ескерткіш бар, олардың 602-сі мемлекеттік қорғауға алынған, ал 29-ы республикалық, қалған 553-і жергілікті мәні бар ескерткіштер. Аталған 1127 ескерткіштің 862-сі археологиялық, 132-сі архитектуралық, 32-сі монументалдық, 97-сі тарихи ескерткіштер. Ғалымдармен, іскер мамандармен келісе отырып, бұл тараптағы зерттеу жұмыстарын ары қарай жалғастыра беру жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған тарихи және мәдени ескерткіштерді дер кезінде жөндеп, қайта қалпына келтіру жұмыстарына да баса көңіл аударылған. Жалпы, мәдени мұраны қорғау оны құжаттауды, зерттеуді және сақтауды қамтамасыз ету арқылы жүргізілетіні белгілі [58]. Осылайша, көптеген ескерткіштерге қорған тақталар орнатылған. Меркі ауданындағы Сыпатай батыр кесенесінің күмбезінен жауын-шашын сулары өтіп, бұзыла бастауына байланысты, оның күмбезі тотықпайтын ақ қаңылтырмен көмкерілді. Сондай-ақ, Мәдениет министрлігінің тарихи-мәдени ескерткіштерді жобалау, қорғау және қайта қалпына келтіру институты қызметкерлерінің күшімен Жамбыл қаласындағы Әбдікадыр және Нәметбай мешіттерінің макет-жобалары қайта дайындалып, оларды қалпына келтіру іс-шаралары қолға алынған. Мемлекеттік инспекция мен «Ежелгі Тараз» ескерткіштері мемлекеттік қорық мұражайының қызметкерлері Жамбыл қаласында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштердің біздің тарихымызда атқаратын рөлі мен маңызы жайлы мектептер мен оқу орындарында, қала тұрғындары мен меймандары арасында тартымды лекциялар оқып, қызықты әңгімелер ұйымдастырып отырады. Тек, 1995-ші жыл мен 1996-шы жылдың 4 айында ғана 120-дан астам осындай лекциялар оқылды. Мысалы, 1995-ші жылдың 1-3 наурыз күндері Жамбыл қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып, өткізілген Қазақстан Республикасы әйелдерінің форумына қатысушы 300-ден астам аналар мен апалардың, қыздар мен келіншектердің алдында бүкіл дүниежүзіне белгілі Айша бибі мен Қарахан кесенелерінің қызықты тарихы жайлы мамандардың оқыған лекциялары өте тартымды өтті. Сондай-ақ, аталған ескерткіштердің бірегей тарихымен Қазақстан Республикасындағы Индия, Германия, Венгрия, Франция, Корея т.б мемлекеттердің елшілері, басқа да елдерден келген қонақтар мен туристер танысын, таңданыс білдірді. Дәл осындай іс-шаралардың ауқымы ежелгі «Тараз» қаласының 2000 жылдық мерекесін атап өтуге байланысты кеңейе де, қыза да түскендігі анық. Құнды жәдігерлерімізді көпшілік қауымға танытуда тынбай еңбек етушілердің алдыңғы қатарында кітапханашылар тұрады десек қателеспейміз. Міне, сол кітапханашылардың қалалық байқауы Жаңатастағы орталық кітапханада болып өтті. Бірінші рет ұйымдастырылған бұл байқауға қаладағы 9 кітапхана жүйесінің қызметкерлері қатысып, кәсіби шеберлік, өнер-білім, дүниетаным, ұлттық дәстүрді меңгеру сияқты талаптар бойынша сынға түсті. Жас мөлшері, тәжірибе ерекшеліктеріне қарай; «Бәйшешек», «Талапкер», «Іңкәр», «Алтын қазына» атты төрт топқа бөлінген қыз-келіншектер өздерін әнмен, өлеңмен таныстырып, байқау шарттарын орындады. Әңгіме, ауызша журнал, сахналық көріністер арқылы өрбіген өзара өнер сайысы барысында «Бәйшешек» тобы Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды үш бәйтерегіміздің 100 жылдық мерейтойларын тілге тиек етсе, «Алтын қазына» - Жаңатас экологиясы, «Талапкер» - Арал, «Іңкәр» - Семей полигоны туралы сөз етті. Байқау қорытындысы бойынша «Алтын қазына» тобы бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, байқауға қатысқан С.Хамзеева, Н.Үндемесова, Ә.Зәрубекова, Жұмабековалар бағалы сыйлықтарға ие болды. 1998-ші жылдың 24 қазанында облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы көрме залының салтанатты ашылуы болды. Оған облыстың зиялы қауымы мен қала жұртшылығы өкілдері қатысты. Онда сөз сөйлеген облыс әкімі С.Қалмырзаев мұның өзі облыстың өнер сүйер қауымы үшін республика мерекесі қарсаңында татымды тарту екендігіне тоқталып, ендігі жерде, қылқалам шеберлерінің қолымен жасалынған дүниелердің жұртшылыққа кеңінен таныстырылып, насихатталуымен бірге, олардың өнімдерінің жеке кәсіпкерлер мен қаржылы мекемелерге лайықты бағасына өткерілуіне елеулі мүмкіндіктер туғызатындығын атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары Б.Сағынтаев көрме залының өзін-өзі қаржыландыру бағытында жұмыс атқаратындығын, оған еліміздің басқа қалаларынан да қолөнер, сурет, мүсін өнері майталмандары келіп қатысып, талайларды тамсантқан туындылардың тұсауы осында кесілуі күтіліп отырғандығын тілге тиек етсе, бірқатар шығармашылық одақ өкілдері өнерге жанашырлық танытып, нақты қолдау көрсеткен облыс әкіміне алғыс сезімдерін білдірді. Облыс әкімі алғашқы келушілердің қатарында көрме залын аралап көріп, онда қойылған туындылармен танысты. Мұнда облыста тұратын Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Қ.Алтаев, Н.Жолаев, В.Матюшков, Б.Хұсайынов, Б.Ткаченко және басқа да жеке шығармашылықпен айналысушылардың 60-тан астам таңдаулы еңбектері бар. Бұл күні өлкеміздің көз тартарлық сұлу табиғаты кестеленген кейбір көркем картиналарды сатып алушылар да болды. Бұл орайда суретшілер Б.Хұсайынов, В.Матюшков туындыларының бағы жанды - олардың әрбір суреті 200-500 АҚШ доллары аралығында бағаланды. Облыс әкімі С.Қалмырзаевқа «Әлем халықтарының өнері» халықаралық ассоциациясының мүшесі Н.Жолаев өзінің «Айша бибі» атты туындысын тарту етті. Облысымыздың мәдениеті өркендеуі үшін жастарды жанып, баптау керектігі бесенеден белгілі. 1999-шы жылдың наурызында облыстың мектеп оқушылары арасындағы жас әншілердің «Тараз жұлдыздары» атты конкурсы дәл осы мақсатта өткізілді. Бір халық әнін және бір қазіргі заманғы ән орындауды міндеттейтін конкурс шарты бойынша алғашқы екі турдан кейін үздіктер анықталып, олар «Баласағұн» мәдени орталығында өтетін шешуші сында жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады. 2000-шы жылды Елбасымыз «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялағаны мәлім. Осыған орай біздің облысымызда да талай жұмыстар атқарылды. Мәдениетті қолдау жылын қорытындылауға байланысты өткен басқосуда облыс әкімі С.Үмбетовмәдениет пен көркем өнерді дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін Құрмет грамотасымен бірқатар қызметкерлерді марапаттау туралы шешім шығарды. Облыс әкімі Қаратау қаласындағы қазақ лицейінің меңгерушісі, ақын, сазгер Үміт Қыранқызы Битеноваға, облыстық филармонияның қызметкері Талғат Әбдімомынұлы Желдібаевқа, филармония директоры Сейітқасым Шерімүұлы Түктібаевқа, облыстық Абай атындғы қазақ драма театрының актрисасы Гүлбаршын Өскенбайқызы Өскенбаеваға, Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапхананың бөлім меңгерушісі Наталья Михайловна Кокшароваға, «Аса сазы» ән-би ансамблінің балетмейстері Зейнеп Тоқтасынқызы Қалдановаға, Байзақ аудандық мәдениет үйі ақындар мектебінің жетекшісі Алтынкүл Айтбайқызы Қасымбековаға, облыстық орыс драма театрының директоры Георгий Сергеевич Сафоновқа, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы Әсия Сейдуәліқызы Сейдуәлиеваға Құрмет грамоталарын тапсырып, оларға жаңа жылдық ақ тілегін айтты. Осындай Құрмет грамотасымен облыстық Абай атындағы қазақ драма театрының актрисасы Әтіркүл Жұмабайқызы Дүйсекенова да марапатталды. Сондай-ақ, республикалық мәдениетті қолдау қорының «Мәдениет қайраткері» белгісімен облыс әкімінің орынбасары Кеңесбек Мыңжасарұлы Демеш, Жамбыл аудандық мәдениет басқармасының бастығы Бақыт Уәлиұүлы Сырлыбаев, Жуалы аудандық орталық кітапханасының меңгерушісі Лидия Вальтеровна Коваленко, облыстық орыс драма театрының актрисасы Елизавета Филиповна Орлова, облыстық филармонияның әншісі Рәзия Арғынқызы Мәдіханова, облыстық Ш.Уәлиханов атындағы кітапхананың бас маманы Клавдия Алексеевна Лян, Сарысу аудандық мәдениет басқармасының бастығы Көпжасар Арынұлы Арынов, облыстық Абай атындағы қазақ драма театрының директоры Талғат Сұлтангерейұлы Сұлтангереев марапатталған болатын. Облыс әкімі С.Ә.Үмбетов оларға осы белгіні де салтанатты түрде тапсырды. Зайырлы топтармен кездесуін бүдан ары қарай жалғастырған облыс әкімі Серік Үмбетов Қазақстан Жазушылар одағының облысынызда тұратын мүшелерімен кездесті. Кездесуді аша келіп, Серік Әбікенұлы облыстағы экономикалық-әлеуметтік жағдайдың бүгінгі жай-күйіне - өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын ауыр дағдарыстан шығару жолында атқарып жатқан нақты шараларға кеңінен тоқталды. Сөзінің едәуір бөлігін облыс әкімі әдебиет пен мәдениетті дамыту мәселелеріне арнап, жиналғандарды осынау салада қордаланған мәселелер төңірегінде еркін әңгімеге шақырды. Қазақстан Жазушылар одағының облыстық ұйымы басқармасының төрағасы Кәрім Баялиев облыстың ақын-жазушылары душар болын отырған қиындықтардың басты себептеріне тоқталды. Нарықтың үскірік аязына ең алдымен ұрынған - қаламгер қауымы болды. Қағаздың, баспахана бояуының шектен тыс қымбаттауы, оның үстіне олардың тым тапшылығы жазушы қауымды қатты қыспаққа алды, олардың шығармаларын бастырып шығару мүлдем қиындап кетті. Әсіресе, елде тұратын қаламгерлердің халі мүшкіл. Нарықтық экономикаға бағыт ұстағалы бері Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшелері, облыстардағы әдеби кеңесшілері қысқартылды, оларды ұстауға мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейтін болды. Сөйтіп, елде тұратын қаламгерлер Алматымен арадағы онсыз да жіңішке жіпке ілінген байланысты біржола үзіп алды. Нарық қыспағынан ақындарды арашалау мақсатында біздің облыста да осы бағытта кезінде біраз игі шаралар атқарылып, «Жазушылар қоры» құрылған болатын, тіпті жазушыларымыз алғашқы стипендияларының дәмін де татып еді. Бірақ мұның бәрі ұзаққа созылмай, тоқтады. Жазушылардың осындай жай-күйін қалай жандандыруға болатындығы тұрғысында Жазушылар одағының мүшелері Әлдихан Қалдыбаев, Жақсылық, Сәтібеков, Шырын Мамасерікова, Қуандық Шолақов, және өнер сыншысы Яхия Шынәсілұлы өз пікірлерін айтты. Жазушылардың облыстық ұйымына кеңсе, телефон, штат бөлінсе, бұл істе шымкенттіктердің тәжірбесі ескеріліп, солардың әдісімен жергілікті баспаханада әзірше жылына кем дегенде екі-үш кітап шығарылын тұрса деген ұсыныс білдірілді. Кездесуде Одақ мүшелері тұратын қалалар мен аудандарда ел өмірімен танысу үшін оларға жергілікті қоғамдық көлікте тегін жүруіне мүмкіндік беру, жазушыларды моральдық жағынан қолдау, наградаларға, атақтарға ұсыну, қаламгерлердің қоғамдағы рөлін лайықты бағалау, сайланбалы орындарға, әртүрлі комиссиялар мен делегациялар құрамына енгізу, сөйтіп, жазушының - халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтынын ескеру қажеттігі де айтылды. Ақын-жазушылардың, жергілікті өнерпаздардың қатысуымен әдеби-мәдени кештер, кітап оқырмандарымен кездесулер және бас қа да рухани шаралар өткізу жайлы да пікір алысылды. Үш сағаттан астам уақытқа созылған еркін әңгіменің өне бойында облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов әрбір пікірді зейін қоя тыңдап, үлкен мүдделілік танытып, айтылып жатқан сөздерді қажетті жерінде өз ойымен жалғап, кездесудің қызықты да мазмұнды өтуіне аса қолайлы жағдай жасап отырды. Осынау әсерлі өткен кездесуді қорыта келіп, Серік Әбікенұлы Үмбетов айтылған ұсыныстардың мұқият ескеріліп, тиісті іс-шаралар белгіленетінін, облысымызда әдебиетшілерге қамқорлықтың барлық мүмкіндіктері қарастырылатынын айтты. Осындай қамқорлық өз жалғасын тауып, облыс әкімі болып жұмысқа кіріскен соң, көп ұзамай-ақ облыстық, аудандық мәдениет басқармаларын қалпына келтірген Серік Әбікенұлы 1999-шы жылдың соңғы күндерінің бірінде 2000-шы жылы облыстың негізгі елді мекендерінде 103-110 кітапхана ашу жөніндегі Шешімге қол қойды. Өтпелі кезеңнің қысылтаяң шақтарында мәдени мекемелер ықшамдандырылып, облыста 21 ғана кітапхана қалған еді. Енді бір Қордай ауданының өзінде 23 кітапхана жұмыс істейтін болады. Жаңа кітапханалардың кітап коры негізінен дайын. Көп жерлерде кітапхана жабылса да, оның қорын қызметкерлері көздің қарашығындай сақтап қалған. Мектептерге өткізілгенімен арнайы тізіммен бөлек жиналған. Тіпті, кейбір кітапханашылар кітаптарды үйінде сақтаған. Облыс кітапханапарының қоры 7 жылдан бері толықтырылмаған еді. 1999-шы жылы 5,500 мың теңгенің кітаптары сатып алынды. 2000-шы жылы да осы шамада кітап алу жобаланды. Ауылда да, қалада да кітапхана қажеттілігі айрықша сезіледі. Мерзімдік баспасөзге жазыла алмайтын, жарық жүйесі жоқтықтан, радио, теледидар көре алмайтын жұрт кітапханаға үміт артады. Бұған студенттердің көбейгенін қосыңыз. Ендігі жерде аудандық, жергілікті әкімшіліктер сол кітапханаларға мерзімді баспасөзді жаздырып алу мәселесін ойластыра бастады. Бұл шешім Елбасымыздың 2000-шы жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялаған жарлығымен үндесіп жатыр. Облыстық, аудандық мәдениет басқармалары мәдени жұмыстарды дамытудың 2003-шы жылдың аяғына дейінгі кешендік жұмыс жоспарларын жасады. Ол бойынша әр ауданға орта есеппен 6 автоклубтан, облыс бойынша барлығы - 60 автоклуб алу көзделіп отыр. Барлық елді мекендерді кітапханалармен қамтамасыз ету жұмысы одан әрі жалғастырыла береді. 1996-шы жылдан бері қарай мәдениет мекемелерінің әртүрлі қарыздары қордаланып қалған еді. Облыстық мұражайдың өзі ғана 9,337 мың теңге берешек болған. Бұл қарыздар біртіндеп жабылуда. Өткен жылы облыс ақындарына 400 мың теңгеге киім тігілді. Облыстық театр үйіне 1,5 миллион теңгенің жөндеу жұмысы жүргізілді. 2000-шы жылы 2 миллион теңгеге жылу жүйесі жасалынбақ. Қорыта айтар болсақ, мәдениетті қолдау жылы атқарылар жұмыс ауқымды. Осы тұрғыда жүзеге асқан іс-шараның бірі ретінде 2000-шы жылдың маусымында қайта қойылған Арғынбай Бекбосынның «Нюрнбергке дейін» драмасын айта алмыз. Қойылымды театрдың Бас режиссері Қуандық Қасымовтың жетекшілігімен сахналаған Жүніс Әлімбеков сахналап, сценографиясын Нұртәжі Құдайбергенов жүзеге асырса, Ақәділ рөлін Жүніс Әлімбековтың өзі сомдады. Жамбыл облыстық қазақ драма театры спектакльді Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың 80 жылдығына орай көрермендерге қайта ұсынған еді. Бас кейіпкер - Жамбыл облысының Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданында туып-өскен, ауылында комсомол жұмысын атқарған, университеттің тарихи-философия факультетінде сырттай оқып жүрген 22 жасар жігіт. Ол майданда жараланып, ақырында немістің полк командирі Штайнглиц пен генерал Циммерманның алдына келеді. Сонымен, право докторы мен тарих-философия факультеті студентінің неміс генералы мен кеңестік кіші офицердің, тұтқындаушы мен тұтқынның, басып алушы мен елін қорғаушының жекпе-жегі басталады. Бұл жерде, әрине, генерал барлық жағынан басым. Бірақ, Ақәділдің рухы биік. Циммерман (әрт. - Алтай Сәтібеков) қанша тұқыртам десе де батырды бас идіре алмайды. Кеңес әскеріне қарсы жасақталған Түркістан легионына қосылуға көндіруге шамасы жетпейді. Ол екеуінің арасындағы психологиялық текетіресте Ақәділдің кайыспауының себептері бар. Ол: өзі тұтқын болса да елінің болашағына, жеңіске деген сенімі, ата-баба аруағының желеп-жебеуі. Қиналған сәтте оған бабасы Қосы батыр (әрт. -Спандияр Мұқышев) келеді. Сол сияқты анасы Тойтан - (әрт. - Н.Омарбекова), сүйген қызы Айтай (әрт. - Н.Сыдықова) да Отан туралы ойын асқақтатып, жанына шуақ болып еніп, рухын өршітеді. Спектакльдің тәлімі де осында. Рухың биік болсын деп үндейді. Қорыта айтқанда, облысымыздың драма театры Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың 80 жылдық мерейтойына тамаша тарту әзірледі, жас ұрпақ тәрбие алар татымды туынды ұсынды. 2001-ші жылдың 25 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраларды корғау және пайдалану жөніндегі» Заңы 5,27 баптарының тарихи-мәдени мұраларды есепке алу және есептен шығару жөніндегі талаптарын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мәдениет комитетінің 2001-ші жылғы 7 қарашадағы №2990 хатына сәйкес Жамбыл облысы әкімінің Өкімі жарияланып: «Облыс аумағындағы республикалық және жергілікті мәні бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізімін қайта қарау жөніндегі облыстық комиссия» құрылады. 2002-ші жылдың 21 қаңтары күні облыстық көрме залында қалалық мектептен тыс жұмыстар және балалар шығармашылығы орталығының балғын тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан өнер туындыларының көрмесі ашылды. Көрмеде оқушылар өз қолымен жасаған жұмсақ ойыншықтар, ою-өрнектер, түрлі жолмен орындалған паннолар, моншақтар ерілген әшекейлер, әртүрлі жанрдағы сурет туындылары, тағы басқалар бар. Өнерсүйгіш қауым облыстың аудандарында да мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, Шу ауданындағы Балуан Шолақ ауылының мәдениет үйінде «Жас қанат» ән-би байқауы болып өтті. Оны ауылдағы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі ән пәнінің мұғалімі Жексенкүл Тортаева мен мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Гүлнар Мақсұтовалар ұйымдастырды. Аталған ауыл мен көрші Бөлтірік шешен ауылының 21 жас өенерпазы қатысқан байқау үлкен мерекеге айналды. Нәтижесінде екі Бас жүлде Балуан Шолақ, Бөлтірік шешен ауылдарының әншілері Елдар Мақсұтов пен Серік Шәлімбетовке, екі 1-ші орын М.Ғабдуллин атындағы мектептің «Гүлдер» бишілер тобы мен бөлтіріктік әнші Гүлзат Қонысбаеваға тиді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен бірге, аудандық «Жас қанат» байқауына қатысуға арналған жолдаманы да жеңіп алды. 2005-ші жылдың 1-2 қараша аралығында Меркі аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Жамбыл облыстық мұражайының жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындарға айрықша назар аудартқан Талас аңғарындағы археологиялық мұралар көрмесі еді. Аудандық мұражайға келушілерді VІІ-ХІІ ғасырлардағы көне Тараз, Талас пен Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағынан табылған қазақтың ұлттық этнографиялық жәдігерлері қатты қызықтырды. Ежелгі түрік қағанаты мемлекетінде қоныс тепкен Қазақ халқының мекенінен көздің жауын алатын тамаша қолөнер туындылары табылған. Сонау Ақкесене қарауыл мұнарасынан бастап, Тектұрмас қаласы, Талас, Аманкелді, Қызыл Қорған, Шойын қорытқан, Қаракемер, Охуум, Шелджы, Тараз қалалары мен Сарыкемер, Түймекент елді мекендерінде небір өнер шеберлерінің қолтұмарлары кейінгі ұрпақтың мақтаныш етер жәдігерлері екендігі даусыз. Бұл - ата-бабаларымыздың талайды тамсандырар өнер иелері болғанын айғақтайды. Мәселен, жылжымалы көрмеге қойылған қола шырағдандар, керамикалық ыдыстар, жұмыртастар, тоғызқұмалақ тақтасы таптырмайтын көне дәуір кезі. Сондай-ақ, бері басты күшпек тамаша жасалған. Талай жылдар өтсе де бұл жәдігерлер қолөнердің ерекше ескерткіші болын табылады. Ал, Тараз қаласында табылған Тараз бишісі мен Будда мүсінінің де туындылар екендігі анық. Биаланың қабы әшекей бұйым, былғарыдан жасалып, әдемі темірлермен сәндендірілген. Кемер екі белді ою-өрнекті темірлермен әшекейленген. Бұрын ата-бабларымыз оны сәндікке таққан. Көне қылыш пен ою-өрнекті қабы бар қанжар да назарыңызды аудармай қоймайды. Қол-дорба сәнді жасалған, ал кілем қоржындар ат үстінде жүргенде өте қажет және оған қызыға қарайсыз. Құлан ауылының тұрғыны, кәсіби шебер Қ.Төлендиев ағаштан түйін түйген адам. Оның қолынан шыққан, әшекейленіп жасалған қымыз құятын тостаған, ожау, ыдыстар өрнегі бірден көзге түседі. Жылжымалы көрмеде құдағи білезік, сақиналар, шолпы, сазсырнай мен шаңқобыз, темірден жасалған сөмке және басқа да зергерлік әшекей бұйымдар көрсетілді. Аудандық тарихи- өлкетану мұражайына келген №18 Ақкөз Қосанов батыр атындағы орта мектептің 2,4,6,9 сынып, №1 орта мектептің 5,7,8 сыныптардың оқушыларына облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсоводы Бану Барлыбаева мен аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Ләззат Исаева, Айман Жүрсінәдиевалар жылжымалы көрмеге қойылған жәдігерлерге жеке-жеке анықтама беріп, олардың Талас аңғарынан табылған қазақ халқының көне ескерткіштері екеніне толығымен түсінік берді. Мұражайға келушілер осындағы басқа да жәдігерлермен танысып, тарихи тағылым алды. «Мәдени бағдарлама бойынша біз жер-жерлерде болып, осындай жылжымалы көрме ұйымдастыруды дәстүрге айналдырдық. Тараз қаласына барып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайын көруге кейбір адамдардың мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан көне тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерді таныстыру, мәдени мұраларды насихаттау біз үшін өте қажет», - дейді Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Айжан Ілиясова. 2006-шы жылдың 1 маусымында Луговой бекетінде Түркістан-Сібір теміржолының салынғанына 75 жыл толу мерейтойы сән-салтанатымен аталып өтілді. Теміржол -экономиканың күретамыры. Бұл күні құландықтар бір топ қазақстандық эстрада жұлдыздарының «Күлкі жәрмеңкесі», «Арна» топтарының, «Алатау» жастар ән-би ансамбілінің концерттерін тамашалап, бір серпілді. Бұл іс-шараның соңы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы ұйымдастырған мерекелік пойызды сапарға шығарып салу рәсіміне ұласты. Облыс әкімиятының сәулет және қала құрылыс басқармасының бастығы Бақытжан Сыздықов Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» төс белгісімен марапатталды. Бұған дейін Жамбыл өңірінде мұндай мәртебе атақ Бақытжан Арыстанұлының ұстазы, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы бастығы, қазір индустрия және сауда министрлігінде техникалық нормалау және құрылыс индустриясын дамыту басқармасының бастығы болып істейтін жерлесіміз Салауат Дембайда бар еді. Құрметті сәулетші атағы Б.Сыздықовқа сәулет және құрылыс саласындағы жемісті еңбегі үшін беріліп отыр. Егемен еліміз еңсесін көтерген сайын, ұлттық құндылықтардың айнасы - мәдениет саласы да дамыды. 2012-ші жылы облыста 527 мәдени ұйым болса, осы мекемелерде 2180 адам қызмет етті. Олардың тең жартысынан астамы шығармашылық жұмыспен айналысады. Бұл Жамбыл өнірінің мәдени өмірін жаңғыртудың мүмкіндігі зор екенін көрсетеді. 2011-ші жылы мәдениет саласына жергілікті бюджеттен 2,5 миллард теңге қаржы бөлініп, мәдениет үйлері жөнделді, кітапханалар қоры толыға түсті. Жамбыл облысының Астанадағы мәдениет күндері табысты өтті. Көптен күткен ұлт аспаптар оркестрі құрылды. Мәдениет және өнер колледжі ашылды. Музыкалық құрал-жабдықтар кешені сатып алынды. Ежелгі Тараздың ортағасырлық қазыналары туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үш томдық кітап жарық көрді. Жалпы, 2011-ші жылы мәдениет саласына жергілікті бюджеттен 20 миллиард 435 миллион 479 мың теңге қаржы қарастырылып, оның 164 миллион 340 мың теңгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға бөлінді. Республикалық бюджеттен 15 мәдениет нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 240 миллион 200 мың теңге бөлінген. Ал, жергілікті бюджеттен бөлінген 58 миллион 817 мың теңгеге осынша нысан жөнделмек. Облыстық қазақ драма театры мен филармонияға 50 миллион теңгеге 2 автобус сатып алыныпты. Театрды күрделі жөндеуден өткізу үшін 14 миллион теңге қарастырылған. Ал, «Баласағұн» мәдениет орталығының кіші залы 7 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени нысандарды сақтау және қалпына келтіру мақсатында 2010-шы жылы облыс бюджетінен 60 миллион 400 мың теңге бөлініп, «Көне Тараз» қалашығына, Талас ауданындағы «Тамды», Жамбыл ауданы аумағындағы «Бектөбе» қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Ал, 2011-ші жылы облыс бюджетінен 50 миллион теңге бөлініп, «Көне Тараз» қалашығы мен Жамбыл ауданындағы «Жетітөбе» обалы қорымына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Театрларда халыққа ұсынылатын спектакльдердің саны да, мазмұны да өсіп, көрермендердің саны анағұрлым артқан. 2011-ші жыльі театрларымыз 4 облысқа гастрольдік сапармен шығып, өнерлерін көрсетіпті. Сонымен қатар, Ы.Дүкенұлы атындағы ІІ республикалық «Жезкиік» қобызшылар байқауы, «Алтын қалам» атты жазушылардың облыстық байқауы, атақты биші Ш.Жиенқұлованың 100 жылдығына орай «Ұлттық би» конкурсы, «Ең үздік ауылдық клуб, кітапхана» байқаулары, «Жері сұлу, елі жомарт -Жамбылым!» атты ақындар айтысы мен Халық жазушысы Ш.Мұртазаның 80 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар өткізілді. Облыс кітапханаларының кітап қорын толықтыру үшін 57 миллион 126 мың теңгеге 52101 дана кітап алынып, кітап қоры 3 миллион 253 мың 950 данаға жеткен. Кітапханаларды компьютермен жабдықтап, интернет желісіне қосуда да алға ілгерілеушілік бар. Дегенмен, осы салада қордаланып қалған мәселелер де жеткілікті. Кейбір аудандарда бұл салаға мардымсыз қаржы бөлінеді. Мәселен, Мойынқұм ауданында 18 клуб мекемесінің 9-ы әкімшілік немесе мектеп ғимараттарына орналастырылған. Мұнда арнайы білімі бар мамандар жоқ деуге болады. Олардың жұмысын теміржолшы, тігінші, қаржыгер, зоотехник, мал дәрігері сынды мамандар атқаруда. 18 клубтың екеуінде ғана музыкалық аспап бар. 2010-шы жылдан бері Бірлік, Биназар ауылдық клубтары мен сонда орналасқан кітапханалар экономикалық соттың шешімімен жабық тұр. Ал, Жамбыл ауданында Пионер, Жасөркен ауылдық клубтары апаттық жағдайда. Он мың тұрғыны бар Жалпақтөбеде клуб жоқ. Аудандық орталық кітапхананың ғимараты балабақша үшін алынғандықтан, қазіргі уақытта кітапхана аудандық мәдениет үйінің фойесіне орналасқан. Меркі ауданында 28 кітапхананың бар болғаны екеуі ғана компьютермен қамтылған. 27 кітапхана интернеттің не екенін білмейді. 2011-ші жылы материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға жергілікті бюджеттен қаржы көзі қаралмаған. Осындай кемшіліктер барлық ауданға тән болып шықты. Осындай олқылықтарға қарамастан облысымызда мега-жобалар да қолға алынып, «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығының аумағынан жаңа үлгідегі, екі қабатты «Достық үйі» ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Ғимарат құрылысы 2014-ші жылдың сәуір-айында басталды. Бас мердігер - «Астана-Авто-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қосалқы мердігер «ТаразҚұрылысИнвест» компаниясы. Жобаның жалпы құны - 1 миллиард 273,4 миллион теңге. Құрылыстың сыртқы көрінісі дөңгелек киіз үй пішіндес. Бірінші қабаттың ұзындығы - 4,8, екінші қабаттың ұзындығы 6 метрді құрайды. Нысан төбесіне күмбез тәріздес темір материалдардан 8 тірек орнатылады. Толық жүзеге асқан кезде ғимараттың жертөлесінде 74 орындық мәжіліс залы, хореография залы, әр ұлттық этномәдени орталықтарға арналған (жеке-жеке) бөлме болады. Бірінші қабатта асхана және басқа да тұрмысқа қажетті бөлмелер орналасса, екінші қабатта 250 орындық мәжіліс залы және қажетті кеңселер болады. «Қазір мұнда 150 адам тұрақты еңбек етуде. Құрылысқа 15 техника жұмылдырылған. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Техникалық тұрғыдан да сапаға мән берілуде. Жұмысшыларға мұнда барлық жағдай жасалған. Құрылыс басына білікті мамандар шоғырланған. Құрылысшылар ең айшықты ғимараттың бірін салып жатқанын сезінеді», - дейді «ТаразҚұрылысИнвест» компаниясының техникалық қадағалаушысы Қолдасын Мұсабаев. Дегенмен, Қазақ хандығының 550-жылдығына даяр болған аталмыш ғимараттың әлі күнге толық қуатында жұмыс істемеуі құрылысшылардың да, әсіресе, осы жұмысты үйлестірушілердің де сезімінің соншалықты жоғары деңгейде емес екендігін көрсетіп тұрғандай. Осындай келеңсіздіктерге қарамай, Тараз жерінде мемлекеттілігіміздің мерейлі тойының өз деңгейінде өткізілгеніне баршамыз куә болдық. Осы орайда облыс әкімі К.Көкірекбаев «2015-ші жыл еліміз үшін - тарихи белестер жылы болды. Елбасының шешімімен Астанадан бастау алған Қазақ хандығының 550 жылдығы Тараз қаласында өткені жамбылдықтар үшін үлкен абырой, зор мәртебе болды. Ұлт тарихын ұлықтаған той елдің рухын көтеріп, жастарымыздың тарихи санасын жаңғыртты десек қателеспейміз. Бүгінде Елбасының қатысуымен ашылған «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументі «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы, ашық аспан астындағы мұражай, «Мыңбұлақ» аллеясы, «Тараз әуендері» кешені «Бақылау мұнарасы», «Қоршау дуалдары» облыс орталығының көркін еселей түсті. Алдағы уақытта тарихи - мәдени орталықтың аумағы, жаңадан соғылып жатқан Мега-орталықты қоса отырып, Қарахан бабаның кесенесіне дейін жалғастырылмақ. Ал «Достық» үйінің құрылысы биыл аяқталады», - дей келе облыстағы тарихи-мәдени нысандарды жаңғыртуға бөлінген қаражат көлемінің қомақты екендігін, тиісінше, жүргізілетін жұмыстардың да соған сай болу керек екендігіне назар аударған болатын.

2.4. ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ

Өңірімізге қатысты туризм және спорт туралы айтар болсақ, бүгінгі күні Таразды туризм орталығына айналдыру жоспары нақтыланып, осы бағыттағы іс-шараларға облыс әкімі К.Н.КӨкірекбаевтың толық қолдау көрсетіп отырғандығы белгілі. Тиісінше, 2017-ші жылы елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілердің «Ежелгі Тараз» қалашығымен танысуы жоспарлануда. Әрине, Тараз қаласы маңынан өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін де көне шаһардың әлеуетін шетелдіктерге таныстыру үшін барынша пайдалануымыз керектігі және баршамыздың атқарылып жатқан ауқымды іс-шараларға лайықты атсалысуымыз қажет екендігі даусыз. Туризм мен спорт қатар жүретіндігін ескерсек, облысымызда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жаңадан спорт кешендері мен залдары, футбол алаңдары салына бастағандығын айта аламыз. Нәтижесінде бүгінгі таңда облыс бойынша 1986 спорт нысаны спортшылардың тұрақты спортпен айналысуына мүмкіндіктер жасап отыр. Оның ішінде 19 стадион, 665 футбол алаңы, 544 спорт залы, 644 спорт алаңшалары және 114 басқа да нысандар бар. Аталған нысандарда денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 234774 адамды, немесе облыс халқының 21,7 пайызын құрады. Енді, осы жетістіктеріміздің бастауы болған алғашқы жылдардағы өңіріміздегі ахуал қандай болғандығына көз жүгіртіп өтейік. 1992-ші жылдың 8 тамызында Қазақ елі - Физкультурашылар күнін тұңғыш рет тәуелсіз мемлекет ретінде атап өтті. Аталған мезгілде облысымызда 620 физкультура ұжымындағы секциялар мен топтарда спорттың алуан түрлерімен 60 мыңнан астам адам шұғылданған. Спортшылардың пайдалануында 18 стадион, 303 спорт залы, 5 жүзу бассейні болған. 1463 физкультура қызметкері еңбек еткен. Сол кездегі белгілі жаттықтырушылар - Марат Жахитов, Сергей Балахнин, Пантелей Феликиди, Кеңес Омаров, Феликс Цой, Семен Ким, Александр Минов, Григорий Юлдашев, Александр Крюков, Саяқ Терсебаев және басқалары талантты спортшыларды тауып, олардың жоғары жетістіктерге жетуіне қол жеткізгені белгілі. Олардың шәкірттері түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы болын жүр. Тек 1992-жылдың алғашқы жартысында ғана 16 спорт шебері даярланды. Сәлкен Жартыбаев, Асқар Жахитов, Ғани Сапарғалиев, Тимур Абзасов, Ғалымжан Жылгелдиев, Ғалым Ахметов тәрізді самбошыларымыз Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары атанды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Филикс Цойдың шәкірті Болат Жұмаділов - бокстан ТМД елдері құрамасының мүшесі. Ал Мейты Исмаилов - жастар арасындағы Еуропа чемпионы. Ол, сондай-ақ, Швецияда, Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Жеңіл атлетші Наталья Торшина 1992-ші жылы ТМД чемионатында үшінші орын алды. Қаратау қаласының кір тасын көтерушілері жақсы көрсеткіштерге ие болды. Минскіде өткен ТМД біріншілігінде Иван Амендт, Валерий Федеренко бірінші, Ерік Мамадияров үшінші орынды иеленді. Пантелей Феликиди жаттықтыратын қаратаулық алыптар - республика кубогінің иегерлері атанды. Велосипедшілеріміз де өздерінің даңқты жолын жалғастыруда. Игорь Патенко, Александр Шефер, Сергей Ширяевский, Андрей Титов, Евгений Дистель, Евгений Тузков - ТМД құрамасының мүшелері. Егемендіктің алғашқы жылдарында ауыл спорты да ойдағыдай өркендеді. Бұл ретте «Ауыл таңы» деп аталып кеткен ауыл спорты ойындарын өткізу ерекше маңызға ие болды. Спорттың сегіз түрінен өткізілетін бұл жарыстар барған сайын бұқаралық сипат алды. Сол ойындарды өткізу арқасында Мойынқұм, Құлан, Аса, Ақкөл, Сарыкемер ауылдарында спорт кешендері салынды. Сол кездері ұлттық спорт ойындарына жеткілікті назар аударыла бастады. Соған орай қазақша күрес, тоғызқұүмалақ, ат спорты ойындарынан жарыстар үзбей өткізілді. «Наурыз» мерекесі, атақты адамдар атындағы жүлделер сарапқа салынатын жарыстарда ұлттық спорт түрлері кеңінен қамтылды. Алайда сол кездері ауыл спортын өркендетуге бірден-бір мүдделі адам - спорт нұсқаушыларын қысқарту белең алғанына да қынжылмасқа болмайды. Әлбетте, физкультура мен спорттың бұқаралығын арттыруда спорттық база маңызды рөл атқарады. Осыған орай облыста бірнеше физкультура-сауықтыру кешенін салу ісі де қолға алынған. Қарастырылып отырған кезеңде облыс республикада жоғары разрядты спортшы, резервтер даярлау жөнінде, тиісінше, екінші және бірінші орынды иеленді. Дегенмен, нарықтың қатаң заңы физкультура мен спортты да қатал қыспағына алғаны белгілі. Жетімсіздік салдарынан ауыл спортына кең өріс беру мақсатында белгіленген көптеген шаралар жүзеге аспады. Әлбетте, ауыл спортын дамытуға мүдделі адамдар қарап отырмай, демеушілер тауып, біршама игі істер атқарды. Соның нәтижесінде оңды көрсеткіштерге де қол жетті. Тәуелсіздіктің алғашқы жарты жылдығында 8 спорт шебері даярланды. Олар негізінен қаратэ-до және самбо күресінің майталмандары. Осындай үздік спортшыларды даярлауда М.Шотаев, Д.Тамбиев сияқты жаттықтырушылардың еңбегі ескерерлік. Жас ұрпақ боксерлеріміз Б.Жұмаділов, Б.Ниязымбетов, Б.Тілегеновтер алғашқы жетістіктеріне жетсе, Италияда бокстан Әлем чемпионы атанған Ермахан Ыбраимовты, олжа салын жүрген ватерполист қыздарымызды да мақтан тұтамыз. Сондай-ақ, қазақша күрестен Асқар Жахитов пен Мұхан Айтмағанбетов, тоғызқұмалақ жарысынан жүлделі орынға ие болып жүрген Гүлнар Өмірзақова мен басқа да жастар туралы айтуға болады. Жасөспірімдеріміздің арасынан өзінің Елін, ежелгі Тараз жерін бүкіл әлемге паш ететін даңқты спортшылар өсіп шығуы үшін, спорт базалары қажет десек, бұл мақсатта облыста 19 стадион, 1156 спорт алаңы мен футбол алаңы, 53 ату тирі, 6 жүзу бассейні, 307 спорт залы жұмыс істеді, жастарымыз 27 спорт түрімен шұғылданды. 1995-ші жылы бізде 17 спорт шебері, республиканың 2 еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 6 халықаралық дәрежедегі спортшы даярланды. 11 спортшы Азия чемпиондары, әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды, 80 спортшы әртүрлі спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрама командасының мүшелері және кандидаттары болып табылады. Солай болғанмен де, өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына байланысты, бірінші кезекте қаржылық жетіспеушіліктің салдарынан біздің спортшылар жаттығу жиындарына, халықаралық турнирлерге, Азия ойындарына бара алмады. Осы себепті үздік спортшыларымыз сырт елдерге кете бастады. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері самбошылар С.Жартыбаев, Г.Жылкелдиев, С.Волобуев, Г.Сапарәлиев басқа облыстарға ауысса, көптеген жаттықтырушылар мен спортшылар коммерциялық жұмысқа кетті. Аулалық клубтар жабылып, көптеген үйірмелер мен секциялар тарап кетті, бірліктер қысқарды. Нәтижесінде спортшы жастар не жұмыссыздар қатарын көбейтіп, не қылмыскерлердің қатарынан орын тепті. Осындай сандалуға түскендердің жасаған қылмыстарының саны кемімеді. Олардың, әсіресе, ауыр қылмыстар жасауға баруы қоғамымызда алаңдаушылық туғызды. Облыстық әкімшіліктегі кеңесте облыстық жастар ісі және спорт жөніндегі басқарманың жұмысы тыңдалып, бұл саладағы кемшіліктер жайы талқыланды. Саланың жаңа басшысы С.Әбдікәрімовке үйлестірушілік, ұйымдастырушылық жұмысты тиянақты жүргізу тапсырылды. Облыс әкімі Амалбек Тшанов екі айдың ішінде жұмыстың нақты бағдарламасын айқындап, материалдық базаны белгілеуді, сауықтыратын физкультураны жолға қойып, аулалық клубтардың жұмысын жаңғыртуды, әскери-патриоттық тәрбиенің нақты бағдарламасы болуын, ұмытылған жарыстар мен дәстүрлерді қалпына келтіруді тапсырды. «Президенттік тест тапсыру» арқылы денешынықтыру мәселесін қайтадан жолға қою ісі де қолға алынды [59]. «Халықтың денсаулығы, жастардың тәрбиесі - біздің қоғамның негізі, ал бұл үшін біз өзімізге қатыстының барлығын да жасауымыз керек», - деді А.Тшанов кеңестің жұмысын қорытындылай келе. Жастармен жұмыс бұдан кейін де жалғасын тауып, 1997-ші жылы «Тараз достарын қарсы алады» тақырыбындағы халықаралық жастар фестивалі өтті. Іс-шараға Тараз қаласына бауырлас қалалардың жастары шақырылды [60]. Әрине, өңірімізден чемпиондар да аз шықпады. Солардың бірі Алмас Бейсен 1999-шы жылы Санкт-Петербург қаласында самбодан өткен жастар арасындағы Әлем біріншілігінде алтыннан алқа тағып, чемпион атанды. Сонымен қатар, бұқаралық спорт та жалпыхалықтық іске айналды. Мәселен, Луговой ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттың бұқаралығын арттыру жолында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудан мекемелерінің арнайы спорт командалары ұйымдастырылып, олар жаз бойы спорттың барлық түрлерінен жарыстар өткізіп отырды. Ауданда сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері спорт күні болып белгіленген. Спорт ойындары күннің суытуына байланысты арнайы жабдықталған спорт залдарында өткізілді. Барлық мекеме, ұйым командалары спорт күндері жұмыс уақытынан кейін бекітілген кесте бойынша волейбол, баскетбол, стол үстіндегі теннистен, шахматтан жарыстар өткізуді қолға алған. Қорытынды ойындар наурыз айында өткізіліп, жеңімпаз командалар анықталды. Ауданда сонымен қатар кәсіптік мерекелер мен мейрам күндері де мәдени іс-шаралармен бірге спорт жарыстарын өткізіп отыру дәстүрге айналған. Ал, 2000-шы жылдың маусымында Байзақ ауданында медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы бесінші рет өтті. Спартакиаданың ақтық кезеңіне дайындық ерте басталған еді. Бұған дейін аудандық, Тараз қалалық және облыстық деңгейдегі емдеу-сауықтыру мекемелерінің спортшылары арасында ойынның 9 түрінен іріктеу жарыстары өтіп, ақтық бәсекеге түсетін жеңімпаздар анықталып та қойған болатын. Аса тартысты өткен жарысқа облыстық мекемелерден, Тараз қаласынан төрт команда, Меркі, Жуалы, Сарысу және Байзақ аудандарының командалары қатысты. Бәсеке спорттың барлық түрінен бір мезгілде өтіп жатты. Бұл үшін алаңдар мен бөлмелер алдын ала толық жабдықталып, әзірленді. Мини-футболды тамашалаушылар аз болмады. Тараз қалалық денсаулық сақтау бөлімінің құрамасы бұл жарыста бәсекелестерінен басым түсіп, жеңімпаз атанды. Бұл команда, сондай-ақ, әйелдер арасындағы президенттік сынама мен 4x100 метрлік эстафеталық жарыста да ешкімге дес бермеді. Олар басқа да ойын түрінен жақсы өнер көрсетті. Қорытындысында 68 ұпаймен жалпыкомандалық бірінші орынды иеленіп, Бас жүлдені жеңіп алды. Спорттың өзге түрлерінен жеңімпаз атанған командалар мыналар болды: әйелдер волейболы мен ерлер стол теннисінен – Сарысу ауданының ерлер волейболынан – облыстық туберкулезге қарсы диспансердің шахметтан және ерлер арасындағы президенттік сынамадан - қалалық жедел жәрдем стансасының, ерлер эстафеталық жарысынан - облыстық денсаулық сақтау басқармасының командалары. Жарыс қорытындысында қалалық жедел жәрдем стансасы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрамалары да жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі екінші, үшінші орындарды иеленді. Аудандар арасынан Сарысу ауданы ойыншыларының жақсы нәтижесін атап өтуге болады. Ойын соңында жеңімпаз командалар мен жеке ойыншылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда сарысулықтар да белсенділердің қатарында. Бұл үшін ең бірінші спорттық жарыстарды дайындайтын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жан-жақты жағдай жасалынған. Кезінде бұл спорт шаңырағында оқып, тәрбиеленген ауыр салмақты боксшы Серік Өмірбеков, атақты шахматшы қыз Динара Түйтебаевалар Сарысудың ғана емес, Қазақстанның мақтанышына айналып отыр. Жаңа жылдан бастап аудан әкімінің шешімімен бұл спорт мектебі өз алдына бөлек мемлекеттік мекеме болып шаңырақ көтерді де, мектепке 2000-шы жылға аудан бюджетінен 3 миллион теңге бөлінді. Нарық ызғары әлі де арқаны қарып тұрғанда бұл аз қаржы емес. Мектепте спорттың 11 түрінен 832 спортшы-оқушы оқып жатыр. Олардың арасында қазақша күрестен бір спорт шебері болса, төртеуі грек-рим күресінен, үшеуі дзюдо күресінен спорт шеберлігіне кандидаттар. Бірінші дәрежедегі спортшы 14 болса, 353 оқушының спорттың әр түрінен разрядтары бар. Оларға 15 жаттықтырушы дәріс беруде. Өз алдына шаңырақ көтерген спорт мектебі ауыл балаларының да жайын ұмытпай Саудакент, Түркістан ауылдарынан өз филиалдарын да ашып алды. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, облысқа белгілі спортшы-жаттықтырушы Седар Шарипов басқаратын спортшы-оқушылар шаңырағында Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арнап, спорттың әр түрінен апта сайын жарыс тар өту бүгінде дәстүрге айналып отыр. Аудандық жастар ісі, спорт және туризм басқармасы аудан әкімінің шешіміне орай Ұлы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне Жаңатас қаласында, ауданның елді мекендерінде апта сайын спорттық жарыстар өткізілді. Ауданнның мекеме, кәсіпорындары қатысқан мұндай жарыстар соңғы апталарда Саудакент ауылында, Жаңатас қаласында волейболдан, футболдан, жасөспірімдер арасында еркін, қазақша күрестен, бокстан, нысана атудан болып өтті. Ауданның спортшы жастары әр сенбіні асыға күтетін болды. Өйткені, аптаның демалыс күндері сарысулықтар үшін думандатқан спорт мерекесіне айналуда. Бұқаралық спорт осылай дамыған Әулие ата өңірінен шыққан Афины Олимпиадасының алтын жүлдегері Бақтияр Артаевты 2004- ші жылдың 14 қыргүйегінде Шу қаласында бүкіл халық болып қарсы алды. Ел тарихына есімі алтын әріппен жазылардай ерлік жасаған Бақтияр Артаевты ел-жұртқа таныстырған облыс әкімінің орынбасары, «Отан» РСП-ның облыстық филиалының төрағасы Кеңесбек Демеш жүрекжарды сөздерін жиналғандарға жеткізді. Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, жыршы-термеші Аяз Бетпаев арнау өлеңін айтты. Мұндай салтанат өңіріміздің барлық аудандарында және Тараз қаласында да дүркіреп өткен болатын. Олимпиадада олжа салған аймақтың ат спортында да маңдайы жарқырады. Қордайлық Дінмұхамед Сатылғанов баптаған сәйгүлік Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Ақсай» атшабарында заманымыздың біртуар перзенті, халқымыздың аяулы ұлы Дінмұхамед Қонаевтың аруағына арналған ат бәйгесіне қатысып, иесіне «ВАЗ-2107» автокөлігін сыйлады. Ат бәйгесіне өз елімізбен қоса Өзбекстан, Қырғыз елдеріндегі мықты ат бегілер баптаған, аузымен құс тістеген өңшең жүйріктер қатысты. 2008-ші жыддың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев XXІX жазғы Олимпиада ойындарының алауын алғашқы болып алып жүрді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Медеу» мұзайдынында Олимпиада алауын алғашқы кезеңінде алып жүру арқылы жер жүзін айналып өтетін халықаралық Олимпиада эстафетасын бастады. «Медеу» стадионының жарыс жолымен жүгіріп өткен Мемлекет басшысы алауды 2004-ші жылғы Афины Олимпиадасының чемпионы, Пекин Олмпиадасында Қазақстан Олимпиада құрамасының Ту ұстаушысы, боксшы Бақтияр Артаевқа табыс етті. Ол Олимпиада алауының эстафетасын әрі қарай жалғастырды. Қоғам бақуаттылығының негізгі көрсеткіші адам денсаулығы десек, өңірімізде 2011-ші жылы 195 мың адам, яғни, облыс тұрғындарының 18,5 пайызы денешынықтыру мен спортқа жүйелі тартылды. Ал, 43 мың бала мен ересек спортпен тұрақты негізде айналысуда. Жалпы, денешынықтыру мен спортты дамытуға өткен жылы жергілікті бюджеттен 4,4миллиард теңге, соның ішінде спорт нысандарын салуға 1 миллиард теңге бөлінді. Үстіміздегі жылы осы мақсаттарға 6,1 миллиард теңге, соның ішінде құрылысқа 2,1 миллиард теңге қарастырып отыр. Облыста спорттық инфрақұрылымды дамыту жоспарлы жүргізілді. Тараз қаласында барлық халықаралық стандарттарға жауап беретін. - Спорт сарайының құрылысы жүргізілуде. Оның құрылысына 4,8 миллиард теңге қажет болса, екі жылда жергілікті бюджеттен 2,1 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар Тараз қаласындағы «Локомотив» стадионы, Қаратаудағы «Лашын» футбол клубының стадионы заман талабына сай жөнделді. Соңғы екі жылда облыс аймақтарында голландық жасанды жабындысы бар 27 шағын футбол алаңы салынып, 6 алаңның құрылысы жүргізілуде. Шу ауданындағы Төле би ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, «Айша бибі» су полосы спорт клубы, «Талас толқыны» спорттық би және «Жамбыл» бокс мектептері ашылды. 2012-ші жылы осындай 7 спорт залы салынды. 2012-ші жылдың 11 тамызында Нұр-Отандықтардың ұйтқы болуымен олимпиадашыларға қолдау көрсетуге арналған іс-шараға тараздықтар, спортшылар мен жастар, жалпы, облыс жұртшылығы көптеп қатысты. Жамбыл жерінде өткен акция аясында қоғамдық-көпшілік демалыс орындарында «Біздің толағайларды қолда!» атты флешмоб, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Гидро кешенінің спорт алаңында, аула клубтарының спортсүйер жасөспірімдері арасында қалалық турнир ұйымдастырылды. Балалардың жасыл алаңдағы жарысы «Менің жеңісім - менің еліме» деген ұранмен өтті. Мойынқұм ауданында саңлақтарымызды қолдаушы спортшылар жарысқа түсіп, екі шақырымдық марафонға қатысушыларды аудан орталығында мойынқұмдықтар күтіп алды. «Біз қазақстандық олимпиадашыларды қолдаймыз» атты акцияға аудан әкімдігі және «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының өкілдері, спорт ардагерлері мен жас спортшылар қатысты. Ал, Тараздағы орталық «Достық» алаңынан басталған көпшілік кросс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін жалғасты. Дүниежүзілік аренада ел намысын қорғаған спорт саңлақтарының айтулы жеңісін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, жалпы жұртшылық қауымға салауатты өмір салтын насихаттаған іс-шара өңіріміздің өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Тұманды Альбион төрінде мемлекет мерейін көтерген чемпиондар мен жүлдегерлерді халық мақтан тұтып, дәріптеп жатты. Ағылшын елінен алты алтын медаль және бірнеше қола медаль олжалап оралған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қалай мақтасақ та жарасады. Солардың қатарында Лондонда Көк туымызды желбіреткен Ақжүрек Таңатаровты Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңына жиналған жұртшылық алдында облыс әкімі Қанат Бозымбаев құттықтап, жеңіл автокөліктің кілтін сыйлады. «XXX жазғы Олимпиадада еліміз тамаша тарихи табысқа қол жеткізді. Тұманды Альбионда жеті рет Әнұранымыз шырқалды. Спортшыларымыз Лондонда жеті алтын, бір күміс, бес қола медаль жеңіп алды. Саңлақтарымыздың жетістігі арқасында мемлекетіміздің халықаралық беделі көтерілді. Біз бүгін еліміздің ұлттық құрамасы қол жеткізген айтулы табыстарына елеулі үлесін қосқан жерлесіміз, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа құрмет көрсетуге жиналып отырмыз. Ақжүрек бауырымыз қола медаль иегері. Еркін күресте ерлік көрсетті. Ол қазақ балуандарының намысын қорғады. Жамбылдық жігіттерге лайық мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды. Осы арқылы Ақжүрек алғашқы жаттықтырушысы болған Шоқан Надырбековтің, бүгінгі бапкері Әділет Сарыбаевтың және баршамыздың үмітімізді ақтады. Олимп төріндегі жеңісің құтты болсын, бауырым! Серік Қонақбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков, Бақтияр Артаевтың жеңісті жолын жалғастырдың. Жамбыл спортының жарқырап тұрғанын дәлелдедің», - деді Қанат Бозымбаев. Енді Тәуелсіздік жылдарындағы туризм мәселесіне тоқтай келе, Жамбыл облысының тарихы терең, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі алуан, табиғаты тамаша өңірлердің бірі екендігін айта аламыз. Соған қарамастан туризм саласы баяу дамып келеді. Дегенмен, өтпелі кезеңнің қиыншылықтары бұл саланы да шарпып, ойға алынған істі жүзеге асыруға кедергі келтірді. Сөйтіп туризм тұйыққа тірелді. Қазіргі кезде жағдай басқаша. Туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Облыстың туристік кластерін дамытудың 2014-ші жылға дейінгі жоспары бекітілген. Осы жоспарға сәйкес, өткен жылы Х-ХІІ ғасырларда салынған құрылыстардың орнында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Ол жерде алдағы уақытта ашық аспан астындағы бірегей музей ашылатын болады. Туристік кластер құруда халықаралық «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» автомагистралінің маңызы зор. Қазіргі кезде осы жолдың бойында 8 сервистік нысанның құрылысы жүргізілетін орындар айқындалды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Т.Рысқұлов ауданындағы Ақыртас сарай кешенін, Жуалы ауданындағы «Тау самалы» және «Көксай» туристік кешендеріне апаратын көлік жолдарының құрылысын ұйымдастыру жұмыстары қолға алынатын болды. Облыс орталығында саябақтарды, гүлзарларды, субұрқақтарды қайта жарақтандыру жөніндегі арнайы бағдарлама қабылданғаны белгілі. Осы бағдарлама аясында өткен жылы «Жеңіс», Т.Рысқұлов, Қ.Рысқұлбеков саябақтары, Саяси қуғын-сүргін құрбандары, «Атшабар», Қонаев және Абай гүлзарлары, «Түлектер» және «Жастар» аллеялары қайта жарақтандырылды. Бүгінде оның бәрі - қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындары. Шығыс үлгісінде қайта жөнделген «һибатулла Тарази» орталық мешіті мен медресесі қаланың көз тартарлық орындарының біріне айналды. Орталық Достық алаңы жаңа келбетке ие болды. Өңірімізде туризм саласында атқарылып жатқан осындай игілікті істердің облысымызды өзімізге де, өзгеге де тартымды етудің алғышарттары екендігі даусыз. Енді, спорт және туризм мәселесін қорытындыласақ, дағдарыстан малтықпай етіп, даму даңғылына түскен өңіріміздің спорты бүгінгі күні жетістіктерге толы екендігін айта аламыз. Бұл орайда еңір басшысы Кәрім Көкірекбаев «Біздің облыс спорт майталмандарын шыңдау орталығы десек қателеспейміз», - деген болатын. Бұл сөздің жаны бар. Өңір спортшылары өткен жылы түрлі әлемдік, халықаралық және республикалық жарыстарда 1128 медальға ие болды. Жерлесеміз Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен үшінші рет «Қазақстан Барысы» атанса, Елдос Сметов дзюдодан Әлем чемпионатының биігін бағындырып, кеше ғана Риодағы Олимпиадада күміс жүлдені еншілеп, Жамбыл спортының беделін биікке көтерді. Бұл жетістіктер өскелең ұрпақты жігерлендіріп, олардың да спортқа келуіне жол ашатыны сөзсіз.

ҚОРЫТЫНДЫ

Облыстың қоғамдық-саяси өміріндегі ерекше іс-шара ретінде 2015-ші жылдың 9-11 қыргүйектері аралығында Тараз қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын айта аламыз. Елдігімізді паш еткен торқалы тойда «Мәңгілік Ел» идеясы қанатын кеңге жайса, осыдан сәл кейін өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXІV сессиясында «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт. «Мәңгілік Елге» апаратын басты құндылықтар міне, осылар»,-деген еді Елбасымыз. Олай болса, Мәңгілік Елдің жеті тұғырын нығайтуға бағытталған патриоттық акт өзегі қарапайым: әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлылық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, рухани дүниеміздің жарқын болуына риясыз сенім. Осы тақылеттес құндылықтардың өңір халқын киелі шаңырағымыздың астына біріктіріп отырғандығы Еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің нәтижесі екендігі даусыз. Даму даңғылына түсіп отырған өңіріміздің алдына қойып отырған мақсаттары да салмақты. Айтар болсақ, биыл облыста 11 мектеп, 5 балабақша, 2 емхана, 4 амбулаторлық-емханалық мекеме ғимараттары мен 6 сумен қамтамасыз ету және су бөлу нысандарының құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның - 13, газбен қамтамасыз етудің 8 жобасы іске асырылмақ. Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, моноқалалардағы 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Әлемдік дағдарыс жағдайында әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның негізсіз жоғарылауына жол бермеу үшін облыстық бюджеттен өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыру үшін 917 миллион теңге бөлінген. Бюджеттік саясатты оңтайландыру аясында 2016-шы жылғы бюджет шығындары 6,5 миллиард теңгеге қысқартылды. Үнемделген қаражат дағдарысқа қарсы бірқатар шараларға бағытталды. Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсімін болдырмау үшін Тараз ӘКК тұрақтандыру қорына 697 миллион, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін 2247,7 миллион, бірінші жартыжылдықтағы жылыту маусымын жүргізуге - 359,2 миллион, медициналық мекемелерде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге - 850,9 миллион теңге бөлінді. Жамбыл облысы аграрлы-индустриялық аймақ. Сондықтан да агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық жолға көшу өзектілігі айқын болып отыр. Оны өз облысымыздың ахуалынан да байқай аламыз. Мәселен, облысымыздағы ауылшаруашылығы өнімінің орташа жылдық өсу қарқыны соңғы 5 жылда 39,3 миллиард теңгеден асқан. Республиканың азық-түлік нарығында еттің барлық түрлерінің, Астана, Алматы қалалары нарықтарында бақша және көкөніс өнімдерінің және Қызылорда қаласында шұжық өнімдерінің бағасын қалыптастыруда облыстың ауылшаруашылығы саласы да үлес қосуда. Аталған көрсеткіштерге жетуге соңғы жылдары атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде облыста асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының пададағы үлес салмағы жылдан-жылға артуы да әсер еткендігі анық. Мәселен, 2015-ші жылдың 1-ші қаңтарына дейін асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының саны 45,7 мың басқа жетіп, жалпы пайдадағы үлес салмағы 15,1 пайыз болды (республика бойынша көрсеткіші 9,4%). Дегенмен, облысымызда өндірілген еттің - 30,4 пайызы, сүттің - 31,8 пайызы, көкөністің - 5 пайызға жуығы ғана қайта өңделеді екен. Бүгінгі күні облыс бойынша қайта өңдеу саласында 292 кәсіпорын, шағын зауыттар мен цехтар жұмыс істейді. Өрине, осы бағыттағы инновациялық іс-шаралар жүйелі атқарылып, нақты жолға қойылар болса, жетістіктеріміздің еселене түсері анық. Мән берер болсақ, өңіріміздегі атқарылған, атқарылып жатқан және атқарылар істердің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын көтеруге бағытталғандығы анық-ақ көрініп тұр. Міне, осы және басқа да жоғарыда баяндалып көрсетілген оқиғалар мен Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық шежіресі қатталған іс-шаралар тізбесі кітапты жазу барысында бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды, тиянақталды. Нәтижесінде, көпшілік қауымға Жамбыл облысының тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы тұрғысындағы ғылыми-танымдық еңбек өмірге келді деген сенімдеміз.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙