TELEGEI

Home

Билер съездері және ереже жайлы пайымдаулар, мақалалар мен зерттеулер

Kitap.kz

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Билер съездері және ереже жайлы пайымдаулар, мақалалар мен зерттеулер

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Бас редакциясының алқасы Тасмағамбетов И.Н., бас редактор, Тежин М.М., бас редактордың орынбасары, Жанаханов К., жауапты хатшы Әбілдин Ж.М., Әуезов М.М., Байпақов К.М., Зиманов С.З., Кәлетаев Д.А., Кекілбаев О., Кенжеғозин М.Б., Қасқабасов...

БИЛЕР СЪЕЗДЕГІ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕ ЖАЙЛЫ ПАЙЫМДАУЛАР, МАҚАЛАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
ЗАМЕТКИ СТАТЬИ И ИССЛЕДОВАНИЯ О ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СЪЕЗДАХ БИЕВ И ОБ ЕРЕЖЕ
Абай жазған заң; ережесіне түсінік

1885 жылы жазғытұрым май айында Семейден 70 шақырым Шар өзені бойында Қарамола деген жерде әр жылда өтетін жәрмеңке базарында сол кезден патша ұлықтары — қыр қазақтарының чрезвычайный (төтенше) съезін өткізген. Бұл съезд кейігі Қарамола съезі атанады. Съезге: Семей, Кереку, Қарқаралы, Өскемен, Зайсан — бес дуанның болыс, билері, белгілі адамдары, көптеген қазақтар қатысқан. Әдетте мұндай съездерде патша әкімшілік орындары — бір дуан мен бір арасындағы — жер дауы, жесір дауы, барымта, ұрлық сияқты дауларды шешетін. Сонымен қатар елден алым-салық жинайды. Жәрмеңкеде біріншіден, сауда-саттық мал мен зат айырбасы жүргізетін, екіншіден әлеуметтік, саяси правовой мәселелер қаралатын орын болған. Қарамола съезіне жүзге тарта болыс пен билер, ел басқарушы ірі феодалдар қатысқан. Съезді басқарған Семейдің сол кезден генерал-губернаторы Циклинский мен әрбір ояздың начальниктері Осы съезде басқа ояздың әсіресе Өскемен, Зайсан дуанбасылары Тобықты елі үшін ақы - дауларына Абайдың басын күйдірмекші болды. Сол арам ниетпен приговор жасасып баталасып, Абайды айдатпақшы болып жатқанда, съезге Абайдың өзі барады. Өзінің асқан білімділігі мен тапқырлығының арқасында Абай адалдығын айтып — генерал Циклинскиді сөзден ұтып, әлгі күтпеген тосын пәледен аман құтылады. Екінші жағынан араға бітімшілік айтып Абайдың досы Әлімхан кіріседі. Ол да тапқыр, өткір шешендігімен Абайға теліп келген мылқау күштің қара түнек бұлтын буша тарқатады. Абайды сүріндіреміз, жасытамыз, теуіп жерге жығамыз, иығын түсіреміз деп жалақтап келгендер мұратына жете алмай қалады. Керісінше Абай бұл ұлы дүбір жиында кіріптар кісі болмай, сол съездің төбе биі болып сайланып, тамам елін, жиылған ақсүйек, қарасүйектерді аузына қаратады. Патша өкіметінің заңының қазақтың салт-санаға, әдет-ғұрпына, тұрмысына үйлеспейтінін генерал -губернаторға дәлелдеп, өзі сол съезде үш күн, үш түн қыр даласының жаңа заң жобасын жазады. Ол жобаны жазып болған соң Абай өзі шығып сөйлеп, бес дуанның би болыстарының, жиылған ел-жұрттың талқысына салып бірауыздан мақұлдатады. Жаңа заң 76 статьяға (бапқа) бөлінеді. Мұнда демократтық тұрғыдан алынған көптеген жаңалықтар бар. Әсіресе әйел теңсіздігі, әйел бостандығы жайында сол кезде ешбір ресми заңда жоқ жаңа, озат қағидалар алынады, жер дауы, жесір дауы, мал дауы, мұрагерлік, барымта, ұрлық туралы да қатая, әділ статьялар қабылданады. Сөйтіп Абайдың қазақтың ескі өзгерту туралы көптен ойлаған көкейтесті арманының бірі іске асқандай болады. Бұл заң сол кезден ресми, кеңсе араб, парсы, ноғай тілдерімен жазылған — оны орысшадан аударған Айтбакин деген Қарқаралы дуанының тілмашы, тәрізді заңды Абай орыс тілінде жазған да, билерге қазақша өзі түсіндіріп оқып берген. Бұл заң сол жылы Семей губернаторының бұйрығымен Қазан қаласында басылып шығады. Заңда бес дуаның 50 — 60 би-болыстары түгел қол қойған, Семейдің жоғары әкімдері, ояз начальниктері мен губернатор Циклинский бекіткен. Осы заңның тууы жайында — Абайдың досы Маковецкий мен сол кезден саяси әлеумет ісін зерттеуші Н. Я. Коншин де Абайға байланысты сын жазады. Заңның мұсылманша мәтінін Қазаннан тауып әкелген академия қызметкері Қарта Қаңтарбаев. Алайда орысшадан оны аударушы Айтбакин сол кезден ресми тілмен жазғандықтан қазіргі әдеби тілге көшіріп жаздық.

Ш. Андабеков
Қарамола және Шұбарағаш ережелері

1885 жылы Семей облысының уезд аралық төтенше билер съезі шақырылып, онда көлемді Ереже қабылданды. Айтып отырған съезд мамыр айында Шар өзенінің бойында, Қарамола деген жерде болғандықтан, архивтен алынған Ереженің мәтінінде «Қарамола съезінде жазылған Ереже» деп көрсетеді. Сондықтан бұл заңды құжатты «Қарамола Ережесі» деп атауды жөн көрдік. Бес уезд: Кереку, Қарқаралы, Семей, Өскемен, Зайсан арасындағы дауларды шешу үшін шақырылған бұл төтенше билер съезіне ұлы кемеңгер Абай Құнанбаев та қатысқан. Заманында қатарының алды болған, пәлсапалық ой - толғауы бар, ата-бабасынан би болған Абай съезде көптің бірі болып отырмағаны белгілі. Осы съездің төбе биі болып, негізінен, Ережені жазған Абай Құнанбаев болған екен. «Съезге Семей, Зайсан Кереку, Өскемен уездерінен 100-ден астам ірі билер қатынасты». Төтенше Съезге, әрине, болыс басқарушылары, ауылнайлар да қатысқан. Демек, съезге өте көп адамдар жиналған. Ереженің архивтен алынған нұсқасында 38 би, 5 болыс басқарушылары, Өскемен уезінің бастығы, Семей уезінің бастығы, Зайсан уезд бастығынын көмекшісі, Қарқаралы уезд бастығының аға көмекшісі және облыс әскери губернаторы қолдарын қойған. Сонымен қатар съезге көптеген молдалар да қатынасты. 1885 жылғы жалпы облыстық Ережені облыстық әкімін орны бастырып шығармақ болды, бұған қазақтармен қатар молдалар да қатынасты. Әлі есімде, бұл Ереже басылып шықты. Осы Ережесін жасауға қазақтың белгілі ақыны Абай Құнанбаев та қатынасты», — деп жазды Н. Коншин. Қарамола Ережесі архивтен алынған нұсқасында 74 баптан тұратын нұсқасы, ал «Абай» журналының (1993) 1 санында 73 баптан тұратын нұсқасы жарияланған. М. Әуезов: «Абаймен бірге Қарамолада болған Мүсірәлінің куәлігі бойынша, бұл жолы Абай тізген Ереже бабы жүзден аса дейді», — деп жазған. Басқа Ережелерден байқалатындай, Ереже орысшаға аударылғанда қысқартылып немесе баптар бір-бірімен қосылып кетуі де мүмкін. Не болмаса, соңғы нұсқасында Абайдың өзі де қысқартып жіберуі мүмкін. «Үш күннен кейін уезд барлық елді жинап алып, Абайдың жазған жаңа заңын оқытты. Барлығы 74 статья екен. «Көпшілік түгел мақұлдады, бір ауыз сөз қосқан жан болмады», — деп жазады тағы бір сол күндердің куәгері. Көпшіліктің үлесіне тиіп отырғаны осы 74 бапты Ереже. Төтенше билер съезінде қабылданған Ережелердің ішіндегі ең көлемді осы Қарамола Ережесі екендігін айта кету керек. Бұл Ереже қазақ әдет-ғұрып құқығының негізін салаларын түгел қамтыған. Оның ішінде құн дауы, жер дауы, мал дауы, дауларды шешу, айғақтау жүйесі, сот жүргізу тәртібінің ерекшеліктері де осы Ережеге енген. Абай Ереже жазу ісі мен өзінің тек ақын, философ қана емес, сонымен бірге көрнекті құқықтанушы, мол тәжірибелі би екендігін танытады. Қазақ даласында заң туралы қызметіне арнап жазған қара сөзінде: «Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» Әз Тәуке ханның «Күл төбенің басында күнде кеңес» болғанда «Ескі жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу сапарға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз яки тіпті жоқ», — деп көшпелі қоғамда заң шығару ынтасы мен қызметі кімдерге жүк болып артылатынын жазады. Көптеген ғасырлар бойы күрделі өзгеріске түспеген қазақ даласындағы қоғамдық қатынастар, әлбетте өзінің реттеушісі — құқықтың өзгеруін қажет етпеген. Ал Абай өмір сүрген кезең өзгерістер кезеңіне түсіп, құқықтық жүйенің өзгеруін талап етіп тұрған шақ. «Ол күннің жағдайында шамасы келген көпшілік үшін әділет іздеген Абай, ұрлық қылмыс пен әйел мәселесіне арнап екі жаңа ереже айтады». Абайдың әйел жағдайын жеңілдетпекке бағытталған нормалары ел жуандары жағынан қарсылық тудырып отырған, көптеген би - жуандар Абайдың басына қас еткен. «Найманның екі руы — Сыбан мен Мұрын арасында қатты қырқысқан дау туады. Жер дауы Абай тап әйел басына азаттық әперуде талай дауға кіріп, заманының, қатал қалпын өзгертіп, азаттық үшін алысам деп, сан рет қатты пәлеге ұшырап өз басы арандап жүрген. Мынау жол да соның бір кезі болды. Мұрын қызы күйеуін тең көрмей, өзінің сүйгеніне кетеді. Сыбан қызды қайтарып алмақ. Пәле ұлғайып, ел шабыс арман болған соң, екі жағынын сөзі Абай алдына келгенде, Абай бітім тоқтау айтыңдар деп өз атынан Жиренше мен Оразбайды жібереді Мұрын қызына азаттық әперіңдер,— деп арнап тапсырады. Жиреншелер Абайдың айтқанын орындап, қыз басын босатармын болғанда Сыбанның біреуі: «Жол осы ма еді? Кеңгірбай аруағы қайдасың?» — деп ұрандап, аруақ шақырады. Осыған қайысқан Оразбай Кеңгірбай жолын бұзғысы келмей Абайға келгенде, ол: «Кеңгірбайдан ел әділдік көрген жоқ...» деп өз айтқанын істетеді. Мұрын қызына еркіндік әпереді. Осыдан кейін болысы, биі бар, байы бар, жиыны 16 атқамінер болып, Абайға қарсы шықпаққа серт байласады. Осылай күнделікті өмірде өзінен әділет сұрап келгендердің дауын прогресшіл көзқарастарының негізінде шешіп, дәурені өткен әдет-ғұрып нормаларына қарсы қадам жасаған. Түптеп келгенде, Абай осы көзқарасын заң дәрежесіне көтеріп, Ережеге 47 баппен кіргізеді «Күйеуі өлген жесір әйел қаласа күйеуінің бір бауырына яки туысқан ағайынына тиеді, егер де тимесе, ықтияры өзінде». Және де бапта: «Егер қалыңдық қазаға душар болса, онда орнына қалыңдықтың сіңлісі келіскен күнде ғана беріледі, келіспесе күйеулер жағына төлеген қалың малы қайтарылады». Бұл нормалардың соншалықты алдыңғы қатарлы, өзгерткіш күшінің орасан болуы онан ілгері уақыттардағы әдет-ғұрып нормаларына диаметральды қарама-қарсы келді. Әдет-ғұрып құқы жар болып түскен әйел баласын, сол үйге, оның туған-туыстарына толығымен дерлік бағындырған. Зерттеуші Левшин А. И.: «Бауыры өлген жағдайда, оның інісі яки ағасы сол шаңыраққа ие болып қалады да, егер әйелдері көп болса, керісінше үйленіп алады» ,— деп жазып алған. Не болмаса поручик Айтовтың рапортында да (1846) «30. Когда киргиз, имеющий сосватанную невесту, умрет или будет за преступление удален из Орды, то она должна выйти замуж за ближайшего его родственника» . Жинақтағы Д'Андренің: «После смерти ордынца, не оставившего вовсе детей, вдова по настоянию родных должна выйти замуж за родного, двоюродного или троюродного брата покойника и в таком случае из имущества уделяется в ее пользу кибитка...». Өткен заманның мәтел сөзі «Аға өлсе, жеңге мұра, іні өлсе, келін мұра, ат өлсе, сауыры мұра», жесір қалған әйелдің өлген күйеуінің туыстарына сөзсіз бағынышты екендігін ерекше атайды. Тағы бір қазақтың әдет-ғұрпын жинақтаған зерттеуші Л. Ф. Баллюзек «Вследствие такого понятия, укоренившегося веками, по смерти всякого киргиза, жена его, по истечении годового срока и годичных по нем поминок, должна выйти замуж непременно за одного из братьев умершего, называющихся ее амангерами и прямыми наследниками на нее после мужа», — деп жазды. Адамзат қоғамы өзінің дамуында тек алға жүріп отыратын болса, түптің түбінде жалпы адамзаттық нормалардың аса қатал немесе әділеттен алшақ жатқан әдет-ғұрыпты айналып өтіп, ел өмірінен шығарып тастайтыны байқалады. Адам баласының, бостандық, теңдік, әділетке ұмтылған қайтпас рухының дамуынан және әйел мәселесіне империя басқару органдарының көзқарасының өзгеруінен, қоғамдағы әйел азаматтардың наразылығы күшеюінен XІX ғасыр ортасында әдет-ғұрыптардың бұл мәселеде кейбір жеңілдіктер беріп отыратыны байқалады. Жесір қалған әйелдің тек қана өлген күйеуінің бауырларына және жақын туысқандарына ғана емес, елді сол рудың ішінен не оның бөлімінің ішінен біреуге күйеуге шығуына болатын еді. Бұл тәртіп «Ерден кетсең де, елден кетпейсің» деген ұғымға енген. Бірақ дүние-мүлік, пайда деген құбылыстың адамның көзін жауып, тура жолдан тайдыратыны белгілі. Жесір әйел әмеңгерінен бас тартып, басқа адамға барам десе, оны сатып береді екен. Қалыңмал талап еткен. Бұған Абай қарсы шығып: «Бұл әділет емес, ол әйел баста бір сатылған, жасау - мүлкімен кеп алғашқы қалыңмал орайын төлеткен. Енді екі сатылмақ — зорлық. Алатын әмеңгері болмаса, еркі өзінде, ол әйел — азат» , — деп жол айтқан. Қарамола Ережесі жазылатын уақыттарда (1885) Абай ел жұмысына белсене араласып жүрген. Сол кезеңдегі қазақ қоғамының рухани «ауруға» шалдыққанын байқап, елді даму, прогресс жолына шақырған. «Бұл кезге шейін Абай ел жұмысына араласып жүретін шешен, алғыр, әділ би болған. Әділдік сонша Абайға досынан гөрі дұшпаны көбірек билік айтқызған. Ірі дау болғанда патша үкіметі өзі шеше алмай әуре болған. Осындай дау тұсында ел әділетшіл билік иесіне мұқтаж болатын. Сондай би де, елдің пана іздейтіні де Абай еді. Абайтануда Абай ақын, ойшыл деп көп зерттеледі. Ал Абайдың қоғам қайраткері ел ағасы және әділ де парасатты би болғаны назардан тыс қалып отырды. Ел ішіндегі күнделікті өмірге Абай немқұрайлы қарай алмаған, Тіптен айналасындағылардың жүріс-тұрысы, киім киісі, мінез-құлқы, сөз сөйлеуінен оғаштық байқап қалса, сол мезетте турасын айтып жөнге салады екен. Абайдың келіні Кәмиланың айтқанынан: «Әкеме сәлем берем, амандасам, ақыл сұраймын деп те, ие болмаса ел арасынан басқа бір жұмысымен қабат өзімен ел адамдары да кеп келетін». Абай елді адал еңбек етіп, білім алып, әділ өмірге, саналы өмірге шақырған. Өзіне күндіз-түні ағылып келіп жатқан адамдардың бірінің де шаруасын тыңдамай, ісін бітірмей, дауын шешпей жібермейді екен. «Әкемнің бір әдеті, қандай жұмыс істеп отырса да, үйге кіріп келген кісіге жалт қарап, шаруасын сұраушы еді. Жұмысы асығыс болса, қолма-қол бітіріп жіберетін еді, ал жұмысы асығыс болмаса тамаққа қарататын және әкем біреуің әңгімесін егжей-тегжейіне дейін жетін сұрайтын. Сөйлегенде сөзі сақ-сақ етіп отыратын, анық - анық қатты сөйлейтін. Сөзі қысқа ұғымды болушы еді. Үлкен болсын, кіші болсын әрбіреудің сөзінде, отырыс-тұрысында, киімінде бір ми болса, сол жерде бетіне айтушы еді. Абай заманында күні өткен, ескіріп кертартпа әдет-ғұрып, тәртіп, тұрмыс-тіршілікке қарсы тұрып, қоғам санасынан аластауға тырысқан. «Әкем біздің ауыл арқылы бұл тобықты елінің тұрмысына көп жаңалық енгізді. Соның бірі — үй ішінің мүлік мен ыдыс-аяқтары еді. Мысалы, асадал (шкаф), матадан жасалған үлкен дастарқан, кенеп орамал, кулакты шыныаяқ, самауыр, сағат, тағы басқа заттарды ел біздің ауылдан көріп, содан кейін қаладан алғызатын. Осыдан кейін көбінесе не ыдыс-аяғын асадалға қоятын болды. Бұрынғыдай кереуеттің астында не таушада шаң-тозаң болып жатпайтын, таза болды». Абай өзінің бүкіл саналы өмірін ел ішінде теңдік, әділдік орнату, зорлық - зомбылыққа жол бермеу ісіне сарп еткен. Әрине, бұл жолда ғұлама, қара қылды қақ жарған әділ би Абай қару ұстап тәртіптілікке шақырмаған, тек тәрбие, оқу-білім, өзінің іс-әрекеті, өлең-жырларымен, биліктерімен жүргізген. Әрқашан әлсіздің, жетім-жесір, кедей -жатақтың жоғын жоқтап, өзінің беделін, байлығын соларды қорғауға жұмсағаны әрқашанда айқын көрініп тұрады. «Әкем жесір әйелге, жетім балаға» қатты қарайласатын. Бір күні Мәтібала дейтін жас әйел келді де көз жасын төгіп жіберді. «Күйеуінің өлгеніне бір жыл болды. Жалғыз ер балам бар. Туысқандар әмеңгерімсің, бірімізге тиесің деп тыныштық бермей жатыр. Мен байға тимеймін, басымды талқыға түсірмеңіз», — деп тағы жылады. Бұл әйел — Топай дейтін елдің Бітімбай деген адамның жесір әйелі екен. Әкем сол елдің басты адамдарына хат жазып берді де, «Енді ешкім тимейді, үйіңе қайт, балаңды тәрбиелеп өсір, шаруаңа ие бол дейді. Және де: «Ата жағынан әкеме жақын. Темірғали дейтін біреу де Ақбордақ дейтін жесір жеңгесін алам деп зорлық істеп, қараңғы үйге қамап қойыпты. Әйел қамаудан қашып әкеме келді, бостандық алды. Ақбордақ Мамай дайын бір кедейдің қызы еді. Әкем әйелдің өтініші бойынша, бар мүлкімен өзінің әкесіне жеткіздіріп салдырды». Абай әрбір дау-шар қылмыс не бір жат қылықты талқылау алдында оның түбін қазбалап, себебін табуға, соның алдын алуға ұмтылған сияқты. Ұрлықты кедейшіліктен жасайтындарға біршама мал беріп көмек жасап, ұрлықтарын қойдырған мысалдары да жетіп жатыр. «Абай алды мектеп сықылды, қисығы түзеліп, елімнен естімеген келелі ой, кестелі сөз еститін». Қалың көпшілік, оның айтқан билігіне әрқашан мүлтіксіз келісіп, орындап отырады екен. Дауларды шешкенде Абай тек терең ақылға салып, жан-жақты талдау арқылы, даугерлердің жеке басын, мінез-құлықтары да ескере отырып, әдет-ғұрып шеңберімен шектелмей билік айтқан. Мамай Қарабас руынан шыққан Тоқа деген кісі өзінің бір туысынан құнан даулап Абайға келеді. Екі жағы бір рет айтқаннан кейін Абай жауапкерге: «Мына Тоқаның құнанын бер», — дейді.

Бірақ Тоқа дауқұмар, мұндай тез билікке айызы қанбай:

- Абай, сөзімді екендігіне шейін тыңдашы, — дейді Абай қозғалмай, үндемей тыңдап алып, енді жауапкерге:

- Сен өзің құнаныңды берме, — дейді Сонда Тоқа:

- Бұның не? — дегенде.

- Сен құнаныңды бағана алып едің, өзің дауға саттық, — деп мылжың даукесті жазалайды».

Сол кезеңде халық ішінде кездесіп отыратын дауқұмарларға жоқ, жерден дау қуаламай қайта сол уақыт пен күш-жігерінің өз шаруаңа жұмсағаның дұрыс деп қатал қараған екен. Кезінде қазаққа сіңіп қалған бір әдет — шаруашылықтың жайлылығынан және адамдардың уақытқа байлығынан болса керек — бір жерге жұмыспен барғанда, шаруасын барған жерден айтпай, не қонып, не түстеніп, енді аттанарында ғана айтады екен. Бұл жайында Абайдың баласы Тұрағұл былай жазады: «Менің әкем елдің бұл әдетіне қарсы еді Алыс жерден келген сый адам болмаса, ел арасының адамынан келген жерден жұмысын сұрап, бітіріп, енді отыра бер деп, өзі алаңсыз ойына я табына кіріп кетуші еді. Егер келген кісі, сұраған жердей жұмысын айтпай, елдің әдетіне салып тынығып қалса, оған ыза болып, енді ол айтарлық кезегім келіп деп жұмысын айтпақшы болғанда, бағана сұрағанымда неге айтпадың деп ұрсып, кейде сөзін тыңдамай да қалады. Сұраған жерде жұмысын айтқан кісіге ырза болып қалады». Жоғарыда айтылғандардан тікeлeй туындайтын байлам — ол Абайдың жалыны елге заң жазуы кездейсоқтық емес, қайта Абайдың теориялық және іс жүзінде тәжірибесі толысып кемелденген кезде жазылған заңды құбылыс. Ереженің екінші бабындағы дауды шешетін билер саны әр тараптан үштен артық болмасын деген өтінішті Абай кейінірек қара сөздерінде былай анықтап берген: «Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп. Оның, мәнісі — тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегеннен айтылған сөз. Өйтіп би көбейгенше, әрбір болыс елден толымды бітіп үш-ақ кісі бірнеше жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы ескере білгендікпен түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуін посредникке сайлап алып, бере берсе, егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш биін біреуін алып яки жеребемен сайлап алып жүрсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді. Осы Ереженің екінші бабындағы — билердің дауысы тең түскен жағдайда бірыңғай шешімге келу жолы сол кезден әйгілі патша заңгерлерін де таңғалдырған. Ережесінің 3,5,6,8-баптарын оқып отырып, Абайдың сол кезеңдегі қазақ даласындағы күйінде тұрған 1867 — 68 жылдардағы уақытша заңдарды өте жақсы билейтіні байқалады. Империялық аппараттың билерге Ереже жазудағы берген еркіндігі негізгі заңдарға қайшы келмеуі тиіс болатын. Егер де патшалық саясатқа немесе заңдарға қарсы келетін нормалар байқалса, өлке басшылары оларды алып тастауды не болмаса сәйкестікке келтіруді талап еткен. Ереженің екінші бабында: «Егер де жауапкер бидің алдына дауды шешу үшін келмейтін болса және оның келмеу себебі де сенімсіздік тудырса, онда билер сырттан шешім қабылдауға құзырлы», — деп бекітті. Бірақ жеке бидің және болыстық билер съезінің сырттай кескен биліктері түпкілікті емес болды. Тек төтенше билер съезінің мүшелері ғана түпкілікті болған. Жалпы алғанда осы сырттай шешім қабылдау тәжірибесі бастаған кезде, билердің барлығының дерлік биліктері және төтенше билер съезінің де шешімі шағымға ілініп, өлкелік аппараттың арасында ұзақ сапарда шешімін таппай жүрген. Сондықтан уезд бастықтары мен әскери губернатордың араларында көптеген қатынас қағаздар жүріп, ақырында өлке бастығы: «Сырттай үкім шығаруға рұқсат бермеді, тек халықтың әдет-ғұрпы негізінде», — деп жариялайды. Осыдан кейін қазақтың әдет-ғұрып құқында сырттай үкім шығару нормасы бар ма, жоқ па деген сұрақпен Илецк уезінің бастығы Орал және Торғай облысаралық төтенше билер съезіне жиналған билердің пікірін білдік. Сонда билер: «Егер де жауапкер арнайы шақырғанға қарамастан келмейтін болса, онда сырттай үкім шығаруға болады. Қазақтың әдет-ғұрпы түпкілікті орнатылып қатып қалған нәрсе емес, ол қазіргі жағдайға байланысты өзгертіле береді. Бұрынғы уақытта сотқа келмей қашып кету деген өте сирек болатын, өйткені жауапқа тарту әдісі ерекше екен. Жәбір көрген жақ өзінің талабын жеке адамға емес, тұтас руға немесе ауылға қояды, мұнан кейін жауапкердің руластары немесе ауыл адамдары барымта не болмаса басқа да жағдайларды болдырмас үшін өздері бұзақыны, жауапкерін сотқа алып келетін, ал егер де қолданған шараларға қарамастан жауапкер келмей қалса да дау талқыланын, билік кесілетін. Олай болса, сырттай үкім шығару қазақтың әдет-ғұрпына негізделген және оны қазір қолдануға болады», —дейін. Қарамола Ережесі бұл айтылғандарды нықтай түскен. Оның уезі не қоғамдық өмірде туындаған өзгерістерге байланысты биге, билер съезіне келмей қоя салу, жауаптан қашу етек жайып бара жатқан кезеңінің талабынан туындаған норма екендігі көрінеді. Әрине, бұл мәселелердің Абайды кеп толғантқаны сөзсіз. Ереженің 9-бабында — билердің және съездің шешімдері куәгерлердің жауабына негізделеді. Егер де көрсетілген куәгерлер би сенім артуға болмады деп тапса, онда дауды куәгерлері шақыртпай-ақ антқа беретін деп бекітті. Қазақтың әдет-ғұрып құқында маңызды орын алатын ант беру, ант қабылдау әрекеттері ете жақсы ашылған. Ережеде бірінші рет ант беруге жібергенін адамдардың жас мөлшері анықталған. Ант беруге: болыстық; молдалар, болыстық басқарушылар және қожалар, жасы 18-ден төмен жастар және жасы 63-тен асып кеткен қариялар жіберіпті (17-бап). Ант қабылдау сәтін болыстық молда жүргізеді. Ант бүкіл халықтың алдында қабылданады деп бекітілді (14-бап). Барлық ант берушілер көпшілікке масқара болғанмен қатар, түйе бастаған, бір тоғыз айып төлейтін болды (21-бап). Билердің сот жүргізу тәртібінде орталық орын алатын ант беру серті біршама өзгеріске түскенді көрініп тұр. Ант берудің өзі оның ұйымдастырылуы, ант берушіге жүктелген жауапкершілік өтірікті шыдатпаған, оған орын қалдырмаған. Арнайы зерттеген зерттеушілер: «К чести киргиз надо отнести, что выбираемые в присягатели очень редко лжесвидетельствуют и чаще всего, чтобы сохранить за собой репутацию верного человека (дұрыс адам), прибегают к такому компромиссу: еще до наступления срока присяги они, убежденные в неправоте обвиняемого, от себя вознаграждают потерпевшего, внеся жан садагу (выкуп души), т.е. плату за освобождение от присяги». Бұл жол өтірік айтпаудан, абырой, беделді сақтайтын және шиеленіскен дауды шешуге де зор атсалысатын жол — халық даналығы. Енді өтірік айтпай, адал ант берудің келесі кепілдемесі — ол ант қабылдаудың әр түрі, нұсқалары. Бұлар, әрине, көп болған және оны даугер айтады екен. Қазақ әдет-ғұрпын, билер сотын зерттеген Словоохотов Л. А. былай деп жазады: «Варианты дачи присяги очень многочисленны. Все они были рассчитаны на эффекты и действовали на чувства. Присягатель шел на могилу какого-нибудь известного и почитаемого киргиза. Там истец брал в руки конец ветви одного из деревьев, а присягатель рассекал эту ветвь со словами: «О святой, найди, кто из нас неправ, и порази его». Нередко присягатель ставил перед собой ружье, трижды обнимал его и произносил: «Если я лягу, пусть убьет меня арвак». Для большего смущения совести вырывали могилу и вели к ней одетого в саван присягателя, который перед собравшимися, стоя на краю могилы, торжественно произносил свою клятву». Байқап отырсақ, мұндай сәттерде шындығында тура жолдан таятын жағдай жоқ, жауапкершілік орасан зор. Ал жоғарыда келтірген Ереже нормасы елдің тарихи күйзеліске ұшырағанын білдіреді. Әсері күшті, тиімді өте үлкен маңызды институт, өзгешеліктердің әсерінен жай ғана механикалық іс-әрекеттердің жиынтығы болып адамның ішкі жан - дүниесіне, ар-намыс, сана-сезіміне әсер ету күшінен ада болғандықтан, сірә, Абай жолдан тайғандарға айып тағу арқылы, ант беру институтының табиғатына нәр беріп, өмірін ұзарта түсуге, әсерін тиімдірек етуге тырысқан. Жоғарыда айтылғандай ант беру Ереженің бекітуі бойынша елдің алдында молданың қатысуымен, көбінесе елдің бәріне арналған ант мәтінін оқып берген. Осындай бір анттың мәтінін тарихи архивтен кездестірдік! Ереже қоғамдағы азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін (дееспособность) нақты анықтайды, жоғарыда анық айтылғандай, ант беруге жасы, 18-ден жоғары азаматтар жіберілсе, сонымен бірге куәгер болуға да жас мөлшері 18-ден төмен жастар жіберілмеген. «Куәгер бола алмайтындар: ақылынан адасқандар, жасы 18-ге толмағандар, әйелдер, жақын - туғандар, құдалар һәм өштес, дұшпан кісілер». Әдет-ғұрып нормалары қылмыс жасағандардың қанша жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын анықтамаған, өйткені жауапкершілік бүкіл ұжым, ру, ауылдарға түскен, ал куәгер болу, ант беруде жас мөлшерді нақты анықтау шындыққа көз жеткізудің басты құралы болғандықтан едік. Ерекше тапсырмалар чиновнигі Д. Андренің жинағында (1846) іс-әрекет қабілеттерін 15 жастан басталады деп көрсетіледі. Бұл жас мөлшерінің өзгеруі Абайдың терең ой, мол тәжірибенің арқасында саралап, салмақтап жеткен қорытындысы деп ойлаймыз. Ережеден кейбір әлеуметтік әдет-ғұрыптардың заңды мақұлдамаға ие болғанын көруге болады. Мысалы, 11-бапта: «Қазақ рәсімінде сүйінші алуға болады, бірақ сүйінші алған кісі куәлікке жарамайды, айғақ болуға мүмкін» деп жазылған. Әдет-ғұрып құқында маңызы ерекше болып табылатын күн дауы Қарамола Ережесінде қылмыстың субъективтік жағын айқындай түсетін белгілерімен толықтырыла түскен. Ереженің 26-бабында: «Арнайы қастандықпен өлтірілген әр адам үшін 100 түйе, байқаусызда өлтірсе — 50 түйе құн төлейді Әйелдің құны — ер құнынын жартысы. Абайсызда, оқыстан әлсіреген кісіге күн жоқ...» Егер әз Тәукенің «Жеті жарғысы» адам өлтіру қылмысын өлтірілген адамдарға қарай, яғни, сұлтан, қожа, молдалар үшін 7 есе көп күн төлейді деп орнатқанмен, қылмыстың субъективті жағы ескерусіз қалғанға ұқсайды. Д' Андренің жинағында да, Л. Баллюзектің зерттеуінде де бұл қылмыстың тудыртатын себептеріне нақты тоқталмаған. Тек поручик Айтовтың рапортында ғана қылмысты қасақана және байқаусызда өлтірілген деген анықтама беріп, құн төлеу байқаусызда болған қылмыс үшін толық құнның жартысы болып белгіленеді Ұлы Абай Қарамола Ережесінде одан да тереңдей түсіп, абайсызда, ойламаған жерден, оқыстан адам өлтірген жауапкершіліктен босатылады деп бекітеді. Бұл жерде Абай тұңғыш рет жана норма енгізіп отыр. Егер бұрындары кісі өлтірудің екі-ақ түрі мойындалса да ешкім де құн төлеуден босатылмаған екен. Әрине, ұрлық жасау кезінде өлген ұрылардан басқалары. Осы Ережеде барымташылар мен ұрылардың өлімі үшін күн жоқ десем (27- бап). Бұл бекітілген норма әдет-ғұрып құқында алғаш құн дауының құнсыз шешілуі билердің заңды шешерде терең күрделі сараптауға салу керектігін талап етті. Қылмыстың себептері, сыртқы табиғи әсерлердің жағдайы, қылмыс жасаған адамның әрекеттерінен туындаған нәтижесін көре алмауы, не сезе алмауы, көруі мүмкін және тиісті еместігі (казус) жауапкершіліктен босатқан. Қарамола Ережесінің осы талқылап отырған 26-бабы өзіне айрықша назар аудартады. Оның себебі: «Ері әйелін немесе әйелі ерін әсіресе, оған құн төлемедің» деген нормада. Бұның жіберілген үлкен қате екені сөз аз. Архивтен алынған орысша және татарша тілде, араб әрпімен жазылған нұсқада да көрсетілгендей жазылған. Солай бола тұрса да бұл тұжырым қате деп ойлаймыз. «Судың да сұрауы бар» қоғамда бұлай болуы мүмкін болған кезі де жоқ. «Жеті Жарғыда»: «Егер әйелі ерін өлтірсе, онда ол міндетті түрде өлім жазасына кесіледі, ерінің туысқандары әйелдің жазасын кешірмесе, ешқандай да құн төлеу, өлім жазасынан құтқара алмайды. Бұл жазадан тек «аяғы ауыр» әйелдер ғана құтқарылады. Егер ері әйелін өлтірсе, онда құн төлеуі тиіс» деп жазса, 1824 әдет-ғұрып құқығының материалдарында: «86. Егер де әйелі ерін әсіресе, онда әйелдің туысқандары құн төлеуге міндетті емес, ол әйел өлім жазасына кесіледі, егер ерінің туысқандары оны аяса кешіреді. Егер де ері әйелін өлтірсе, онда оның туысқандарына ер адамның құнының жартысын төлейді» — деп айтылады, Поручик Айтовтың рапортында: «Кім өзінің әйелін өлтірсе, одан әйелдің туысқандары бөтен адамға төлейтіндей құн алады. Егер әйелі ерін өлтірсе, онда ол адам жазасына беріледі» Адам өмірін өте жоғары бағалаған зиялы ойшыл Абай Құнанбаев, оның үстіне әйел азаматтардың қоғамдағы өмірі мен жағдайына үлкен ілтипатпен қараған. Абай бұлай жазуы мүмкін емес. Оның бүкіл өмірі, іс-әрекеті, көзқарасы, пікірі, зорлық-зомбылық, әділетсіздікке қарсы тұрған. Абай Құнанбаев адам өлтіру қылмысы тұрмақ (тіптен өз әйелі болса да), осы Ережеде суға кетіп бара жатқандарға, өрт уақытында, боран яки суықта және т.т. көмек көрсетпегендер жауапқа тартылып, бас тоғыз айыпқа салған (35-бап) және көпшілік пайдаланған орындар, шаруашылық, мал өлімін тоқтатпақ үшін іс-әрекет қылмағандар, арықтар, көшулер, құдықтарды бұзғандары үшін де 3 сом айып, ат-тон айып, 7 күннен бір айға дейін бас бостандығынан айыру жазаларын орнатқан.

Бұл қателік сірә, көшіріп жазушы немесе аудармашылардан кеткен сияқты. Ереженің басқа әдет-ғұрып құқығының ескерткіштерінен басты ерекшелігі құн дауында адамдар теңдік орнатылған. Бұрынғы өмір сүрген әдет-ғұрып заңдарында «Жеті Жарғы» басқа да жинақтар мен материалдарда көрсетілген, хан, сұлтан, қожа, молда, жалпы «ақ сүйектер» үшін жеп есе құн төленеді деген норма жазылған. Тек ер адам және әйел деп оның өзі, әрине, қоғамдық шаруашылық еңбектеп олардың алатын орнына байланысты айрықшаланды. Ереженің өн бойынан біртұтас Абайға тән қоғамдық дамудың көзі болып табылатын пікірлер мен моральдық жауапкершіліктің, үлкен тұлғасы аңғарылады. 31-банта ата-ана, үлкен кісілерді сыйлау, құрметтеу міндетті түрде норма болып бекітілген де, оны бұзғандар жауапқа тартылған. Ал құрметті кісілерді я молданы жат қылып істеп ренжітсеңдер, жәбірлегендер ат-тоннан бастап, атан бастаған тоғызға дейін айып не болмаса бір тоғыздан үш тоғызға дейін айып береді деп бекітілді. Сонымен бірге ел ісіне араласып төбелес шығарушы бұзақыларға да тосқауыл болатын жауапкершілік орнатылды. Мұндай адамдарға ат-шапаннан үш тоғызға шейін айып салынатын еді. Ұрыс - төбелесті ұйымдастырушы басқалардан гөрі айыпты артығырақ төлейді я болмаса билердің билігімен абақтыға жабылады. Бұлардың аса қауіпті қылмыс болмаса да өте қатты жазалануы Абайдың қоғамдық тыныштық пен тәртіп қалай жоғары бағалағанын және қылмыстың алдын алу шараларын жасағанын көрсетеді. Қарамола Ережесінде ерекше назар аударатын мәселе — ол ұрлық, мал дауы. Қазақ қоғамында ең жекеленген және жиі болып тұратын қылмыс — ұрлық еді. Бұл қылмыстың бағышталған объект — елдің негізгі күн керге кезі мал болатын. Бәрімізге белгілі нәрсе — қазақтардың мал шаруашылығымен ажырамас байланыста болғандығы. Ата-аналар балаларын төрт түліктің төлдеріне теңеуі, ер түліктің өзінің қасиетті қожайынын белгілеу (Мысалы, жылқы иесіне — Қамбар ата, түйе иесі — Ойсылқара, сиыр иесі — Зеңгі баба, қой иесі — Шопан ата, ешкі иесі — Шекшек ата) төрт түлік малдың қаншалықты маңызды, қымбат болғанын көрсетеді. Бұл кезеңде әрине, «мал ашуы жан ашуы» болғанды да тарихи түсініктемесін табады. Сондықтан Ережеден ұрлық үшін қойылған жауапкершілік өте қатаң мүліктік жауапкершілікпен қатар 60 рет дүре соғу және 1 мерзімге дейін абақтыға жабу жазаларын билер міндетті түрде қолдануы тиіс болды (37-бап). 36-бапта мүліктік жауапкершілік мына төмендегідей анықталған: ұрлық жасағандар — әрбір мал басына мойнына қосақ, етіне тіркеу, қанды ат және билік ат айып төлеуі керек еді. Мойнына қосақ, кетісі тіркеу ұрланған малға тең мал төлеу, мұнда бәйге аты мен жүйрік жорға қосылмайды. Қанды ат — әр ұрыдан бір-бір ат, көбінесе ұрылардың астындағы аттары айып ретінде алынған. Архивтен алынған Ереженің орысша мәтінінде қанды ат ұры тұратын жердің болыстық басқарушысына береді деп жазылған. Ал «Абай» журналында жарияланған Ереженің қазақша мәтінінде, ұрының астындағы қанды аты алынып мал иесіне беріледі, деп жазылған. Біздің ойымызша, осы қазақша мәтініндегі тәртіп дұрыс сияқты. Өйткені Абай кезінде қолында ұры ұстайтын және оларды мүмкіндігінше ақтап алуға тырысатын талай болыстар мен байларды әшкерелеген. Ердің жерде атты ұрылар тұратын жердің басқарушыларына берілуі керек деп жазылуы Абай логикасына жат нәрсе. Ондай ат бермек тұрмақ ұрлыққа қолдау жасағандар ұрымен бірдей жазаға тартыспен, соның ішінде дүре соғу мен абақтыға жабу жазалары басым түрде байларға қолданылсын деп 39-бапта бекітіледі. Бұл шара ұрлықтың шығу себептеріне, ұрлықты кесіп қылуға қарсы және ұрлықтың алдын алуға бағытталған еді. Ал билік ат ер ұрыдан дауды шешкен билер үшін алынатын болды. Сонда ұрылар ұрланған малды үстінен төрт есе қылып қайтаруы керек болып тұр және алпыс рет дүре соғылады да, бір ай абақтыға жабылады. Бұрынғы қазақ әдет - ғұрпында абақтыға жабу болмағандықтан, көпшіліктің санасында абақтыға жабу ете қатал және қорқынышты жаза болған еді. Сонымен бірге, Ережеде ұрлықтың кәсіби белгілері анықталған. Жоғарыда айтылған 37-баптагы ұрлық жай, аса көп мөлшерде болмаса 40-бапта жиырма одан да кеп ат ұрлағандар, көп мөлшерде ұрлаған түрінде жауапкершілік қатая түскен, айып ұлғая түскен. Әр ұрланған ат үшін әрбір ұрыдан қанды ат, билік ат және үш тоғыз айып алынатын болды. Ұрлықты үй, құлып бұзып немесе тікелей қастандық оймен жасағандар, ұрланған нәрсесінен басқа бір тоғыздан үш тоғызға дейін айып береді деп жазылған 58-бапта. Ал үй, құлып бұзбай жасалған сомасы аз ұрлыққа ат-шапан айып, ал кеп ұрлыққа айып оның құнына қарай салынады деп ұрлықтың түрлеріне байланысты жауапкершілік орнатылды. Бұл да Қарамола Ережесінің өзгешелігін құрайтын Абай енгізген жаңалықтың бірі. Ережені салмақтай түсетін 60-бап айыпты ұрымен қатар оның серіктеріне де жүктеді. Ұрының серіктерімен былай анықталды: 1) ұрыға ат берушілер; 2) ұрлыққа бірге барып не басқаша көмектесетіндер; 3) ұрланған малды жасырғандар; 1) ұрлықты биік тұрып жасырғандар. Егер де бұл айтылған адамдар айыпты төлей алмаса, онда ұрланған малды біле тұрып, оны сатып алғандар төлейтін болды. Оның мұршасы жетпесе, ұрының қайсы ауылда тұрса, сол ауыл басы төледі. Ол болмаса, егер жәбірленген адам басқа уездігі болса, онда бүкіл болыстың қызметтеп адамдары және болыс халқы төледі, т.т. деп жауапкершілікке ұрының өмір сүріп отырған ортасын тартқан. Бұл шара үш жылға немесе ұрлықтың түгелімен көзін жойғанша деп жазылады. Көпшілікке түскен айыпты тек билер съезі ғана анықтайтын болды. Сонымен қатар, ұрылардың бәрі белгіленіп, яғни аты-жөні аталып, билер съезіне құрметті, сенімді адамдарға кепілге берілуі керек деп шешілді. Кепілдікке алатындар: сайланбалы ел басшылары, ауыл ақсақалдары және қызметтеп адамдар болды және олар көпшілікке алған ұрылар тағы да ұрлық қылса ауылнайлармен бірге жауап берді. Ұрлықпен үш рет жазаға тартылғандар ауылдан қуылады. Ал ауылдан қуылмағандарды ұрының бар ұрлығы үшін айып төлеуі тиіс. Мінеки, ұрлықтың кезін жоюға бағытталған күнделікті өмір шындығынан туындаған бап осындай. Қарамола Ережесінің қазақ әдет-ғұрып құқығында алатын орны ерекше маңызды. Басқа ережелердің ішінде әлдеқайда басымдылығы аңғарылады.

Біріншіден, бұл жазбаша қалған ескерткіш.

Екіншіден, Ереже жазуға Абайдың қатысқаны. Заманында қатарының алды болған ойшыл, қоғам қайраткері әділдігімен аты шыққан би — Абайдың, Ережені жазуы осы Ережесінің құнын еселей түседі. Үшіншіден, Қарамола Ережесі, басқа, бүгінгі таңда қолда бар ережелердің ең көлемдісі. Көптеген ережелер екі-үш мәселені реттеумен шектеліп отырған. Төртіншіден, құқық теориясында маңызды болып келетін, экономикалық, саяси, идеологиялық өзгерістер әсерінен, әдет-ғұрыптың дамуы мен құбылуының тікелей куәгері. Көп ғасырлар бойы өзгеріске ұшырамаған, құқық жүйесі, саяси жүйелердің, қоғамдық көзқарастардың бірінің ыдырап, бірінің қалыптасу Қарамола Ережесінде айқын көрінеді. Ережесін және бір ерекшелігі ол — көшпелі қоғамдағы қатынастардың негіздерін қамтуы, оларды жік - жікпен реттеуге ұмтылуы. Осындай және басқа да ерекшеліктерімен Қарамола Ережесі өзіміздің өмірімізде аса құнды тарихи құқықтық ескерткіш болып саналады. Халқымыздың басынан өткен киын да қилы заманның куәгері, дауласушылар мен таласқандар үшін шындыққа жету құралы, билер мен сот жүйесі үшін даналық пен білім бұлағы, тығырықтан шығар жол. Қалың көпшілік қауым үшін бостандықтары мен құқықтарын, дүние-мүлкін, ар-ожданын қорғаушы құжат — заң.

Шұбарағаш ережелері Шұбарағаш Ережесі — Ресей империясының қарамағындағы қазақтар мен Қытай империясының қол астындағы қазақтар арасындағы дау, таластарды шешу үшін шақырылатын Шұбарағаш халықаралық төтенше билер съезіне жазылған және көпшіліктің қалауымен заң жүзінде бекітілген Ереже. Мұндай халықаралық билер съезі XІX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында арасына үш - бес жыл салып шақырылып отырған. Оның басты себебі, екі алпауыттай мемлекеттің қол астына бөлініп кеткен қазақ халқының өзара даулары. 1880 жылдардан бастап Ресей империясы көршілес елдердің бәрімен қарым-қатынастарын түзету мақсатымен қазақтардың өзара дауларын Қытай үкіметі мұндай съездерге түгелімен қарсы болады. Тек бергі жақтың тоқтаусыз талап етуінің арқасында және қазақтардың дауы ұлғайып, жер, қоныс мәселесіне ауып кетер деп қауіптенгендіктен орыс чиновниктері ұсынған, яғни, бар дауларды съез түріндегі орган кемесімен шешуге келіседі. Қытай жағы бір жауабында: «Кроме того, в последний раз к бумагам из Консульства было приложено для образца постановление об съезде (ереже)». «Мы внимательно рассмотрели этот образец и полагаем, что невежественные и глупые киргизы плохо понимают направление дел и по многократным обсуждениям этого предмета при всем нашем помятствовании дружественных отношений наших государств находим полезным пока отложить устройство съезда», — деп қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпынан тас қараңғы екендігінің көрсеткен. Қалай болғанда да 1891 жылдан бастап съездер шақырылып тұрған екен. Бұндай съездер 1891, 1894, 1899, 1906, 1908 жылдарда болғаны туралы деректер бар. Халықаралық төтенше билер съезінің басқа съездерден айырмашылығы оны шақыру тәрбиесінде. Бұл съездер Ресей және Қытай чиновниктерінің қатаң бақылауында болды. Екі жақтың чиновниктерінің қатаң бақылауында болды. Екі жақтың чиновниктері де өз адамдарының аз телім төлеп, кеп алым алуын кездеген. Съездерге арнайы жіберілген чиновниктерге берілген тапсырмада: «Представитель русской стороны должен внимательно следить за тем, чтобы китайские власти не уклонялись от доставки на съезд своих подданных ответчиков, ибо в противном случае русские ответчики должны будут уплатить противной стороне слишком большую сумму денег по взысканиям» ,— деп жазылды. Бес-алты рет болған бұл халықаралық төтенше билер съезінде қабылданған Ережелерден біздің қолымызға тек 1894 жылғы және 1908 жылғы жазылған Ережелер тиіп отыр. Біріншісі 45 баптан тұрады. Бұлардың бір бірінен айтарлықтай ерекшеліктері болмаған. 1894 жылғы Шұбарағаш ережесін Семей губернаторының ерекше тапсырмалар чиновнигі Фон-Герн жазып алған, ал 1908 жылғы Ережені Дала генерал-губернаторының ерекше тапсырмалар чиновнигі Ланговой жазып алыпты. Ережеде, негізінен, съезде сот жүргізу, істерді қарау тәртібі, күн мәселесі, ұрлық, ант беру, куә болу, съездің шешімін орындау, жесір дауы, қалыңмал туралы мәселелер көтерілген. Дауларды шешу жөнінде 22-бапта іс тергеу шешуге 4 би, яғни даугер жағынан екі би, жауапкер жағынан екі би қатысады делінген. Аса маңызды істер бойынша және құн дауы бойынша іс қарауда билердің саны төртеуден де көп болуға рұқсат етілді деп көрсетті. Егер де екі жақтың билері келісімге келе алмаған жағдайда, онда екі жақтан ара билер шақырылады да істі солар тыңғылықты шешетін болды. Ереженің дауласушыларға берген бір — дауласушылар істерін шешу үшін соттың құрамына тек билерін ғана емес, сонымен бірге съезге қатысып отырған басқа да құрметті адамдарды сайлай алады деген тәрбиеде болды. Сірә, бұлай жазуға съезд 3 — 5 жылда 6іp рет шақырылғандықтан даулар өте көп және жиналған билердің мүмкіншілігіне байланысты болған сияқты. Бұл бап заңнан шықпай, сонда да көпшілікке өте ыңғайлы тәртіп орнатқан. Билер өз қорғаушыларының мүддесін ойлап, ымыраға келу қиын болып тұрған кезде істі екі жақтан ара билер шешкен. Себебі, істі шешусіз қалдыру оның одан шешімін әрі қиындатып, адамдарды мазалаған, екіншіден, төтенше билер съезі дауларды қарайтын ең жоғарғы саты. 2-банта халықаралық төтенше билер съезінің барлық істер бойынша тыңғылықты және қайта қарауға жатпайды деп бекітілді. Сондықтан істі шешуге ара билер шақыру, тіптен би емес бірақ құрметті, көп көрген тәжірибелі адамдарды да шақыру тыңғылықты шындыққа жетуін көздеген. Ереже 1-бапта көтердің ескіру мерзімін орнатады; «1891 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған барлық істер (күн және жесір дауынан басқалары) салауатқа беріледі де, съезде қаралуға жатпайды». Ал күн дауы, жесір дауы, ақшалай талаптар — егер олар 1891 жылғы съезге талқылауға тапсырылып, бірақ қандай да бір себептермен шешілмей қалған болса және ол жайлы басшыларға, болыстағы құрметті адамдарға белгілі болса ғана съездің қарауына қабылданатын болды. Съезге шақырылған даугер немесе жауапкер келе алмайтын жағдайда болса, онда олар Ереженің 5-бабына сәйкес өзінің есіне адамын жібере алады. Өкіл адам міндетті түрде болыстық басқарушымен не ауылнаймен куәландырған қағаз әкелуі тиіс. Және өкіл адамдар съездің шешіміне бағынуы керек. Егер жауапкер съезге келмей қалып, орнына өкіл адам да келмесе оның келмеу себебі маңызды деп болыс басқарушысы куәландырса, онда 7-бапка сәйкес, сырттай шешім қабылданады. Бұл жағдайда сырттай съезге келген даугердің айғақтарының негізінде (әрине, оны съезге жиналған билер дұрыс деп тапса) қабылданады. Ереженің біршама баптары өтірік айту, жала жабуға қарсы жазылған. 11-бапта, сыйлы, құрметті адамға қарсы айтылған дау, талап кейін өтірік екені анықталса, онда бұған кінәлі адамдар бір жарым есе айыпқа тартылады деп жазылған. Куә болған, пайданы көздеп екі жақтың бірінің айтуымен жалған айтқан адам, дауласушы кінәлі яғни, куәні азғырған жақпен қоса қатаң айыпқа тартылады деп 36-бапта бекітіледі. Бірақ бұл қатаң айыптың мөлшерін анықтап айтылмаған. 37-бапта өзін ақтап біреуге ант қабылдатқан жауапкер, кеткен шығынның орнын толтырумен қатар, даугер мен жауапкер үшін ант берген адамдарға айып төлейді. Егер даудың құны үлкен, қымбат болса, онда әркімге бір түйе, бір ат, егер даудың құны болса — ат-шапан айып төлейтін болды. Бұл нормалардан байқалатыны — Ереженің азаматтардың ар-ожданы мен адал қызметін қорғай алатындығы. Жамандық пен зорлықтың ең сорлап қалған түрі, сөйте тұра қоғамға үлкен кесел әкелетін өтірік жала жабу, нақақтан жазғыру қылмысының алдын алу әрекеттері жасалған. Басқа ережелердің кепілді сияқты Шұбарағаш Ережелерді де ант беру, куә болу мәселелеріне назар аударған. 9-бапта ант беруге жіберілетін адамдардың жас мөлшері анықталған, ол 20 жастан жоғары, 65 жастан төмен. Екі мемлекеттің де қызметтен адамдары ант беруге жіберілмейді. Басқаша ешқандай шектеулер қоймағанмен әйелдер де ант беруге жіберілмеген. Ант беретін мерзім және оған қанша үйден ант беруші шығарылатынын тек билер анықтайды деп бекітті. Ақтап, ант берерде жауапкер бүкіл болысты немесе оның бір ауылын көрсетеді (ант беретін адамдарды алу үшін), ал даугер ант беретін адамдарды жауапкер көрсеткен болыстан не ауылдан атайды. Бұған тек жауапкермен жауласқан адам жібермейді. Одан әрі 9-бапта осы съезден антқа берілетін адамдардың саны анықталады. Құн дауы бойынша 24-бапта «ер адам үшін 4 адам ант береді деп бекітті. Әйелдің құны үшін екі адам ант береді. Бұл баптың басқа ережелерден айырмасы — егер басқа айғақтар жеткіліксіз болып, күмән туындаған жағдайда ғана ақтап ант беріледі деп жазуы. 33-бап мал ұрлығы да негізделген істер бойынша ант беру тәртібін бекітті. Ұрланған бір ірі қара мал үшін елу үйден бір адам ант беруге шығады, 2 — 3 бас не бір мал ұрланса бүкіл болыстан бір адам ант беруге шығады. Дүние-мүлік ұрланған кезде де осылай анықталады. Куә болу жайында 10-бапта: Даугердің куәсі жауапкердің болысынан болуы керек. Даугердің болысынан куәгерлерді дауға жібермейміз, — деп жазады. Бұл да бір ақиқатқа қиянат жасамаудың бір жолы болса керек. Шұбарағаш Ережелері құн дауы бойынша ант беру болса, екіншісі — 23- бапта ер және әйел адамдардың құнының мөлшері анықталған. Ер адамның құны 38 түйеге тең деп бекітілді. Ереже құн дауын осылай қысқа ғана қайырып өтсе, ал жесір дауына сегіз бап арнаған. Бұл ең алдымен қатардағы дауларды қандай заңдардың негізінде реттелетінін орнықтырды. 26-бапта неке, жесір дауы қазақтың әдет-ғұрып заңдары бойынша талқыланады деп жазды. 28-бап айттырылмаған қызды ұрлаған адамды айыпқа тартады. Мұның ерекшелігі, егер айттырылмаған қызды дүние-мүлкімен алып қашса, онда ол адам екі есе қалыңмал төлеуге тиіс болды, ал егер дүние-мүлкін тек қыздың өзін алып қашса, онда қыздың әкесіне басқа қыздарына қанша қалыңмал алып жүрген болса, сол көлемде қалыңмал телемін деп жазған. Егер бұрын қалыңмал алмаған болса, онда қалыңмалдың мөлшерін билер анықтайды деп тәртіп орнатты. Бұрынғы әдет-ғұрып заңдарында («Жеті Жарғыда», 1824 жылғы материалдар жинағында, Д'Андренің жинағында) айттырылмаған қызды дүние-мүлкімен қоса ұрлауды кездестірмедік. Мұның Ережеге жазылуы XІX ғасырдың соңында бұл құбылыстың да пайда болғанын көрсетсе керек. Және бір ерекшелік бұл Ереже қыз ұрлаған адамнан қызды қайтарып алып, оның өзін қатаң жазаға тартуды көздемейді. Тек қыз ұрлаған адам қалыңмал төлейді де қояды, айып салынбайды. Мысалы, Ыстықкөл және Жаркент уездерінің төтенше билер съезінде (1889 ж.) жазылған Ереженің 15- бабында «Айттырылмаған қызды алып қашқан адам қалыңмал телемін және оның үстінен 8 ат және 1 түйе айып төлейді, — делінген. Ал Шелек Ережесінде (1884): «...егер кімде-кім айттырылмаған қызды ұрлап қашса, онда қалыңмал, оның үстінен бір түйе және жиырма бес ірі қара (25 скотин) телініп» деп бекітті. Соған қарағанда, бұл Ереже қызды өз еркімен алып қашқан жағдайға бағытталған болса керек. 30-бап қызды құда түсіп, айттырып қойып, қалыңмалын телімей қойған жағдайға арналған. Бұл жағдайда қыздың ата-анасы өзінің сөзін растайтын, яғни, күйеу жақ берген талап бойынша келісілген қалыңмалды төлемейтін болса, онда болыс басқарушысынан осы жайлы куәлік алады. Бұл куәлік — ендігі жерде құдалық шартын, міндеттемелерін орындаудан бас тартуға мүмкіндік беретін айғақ құжат. Мұндай құжат алғаннан кейін қыздың ата-анасы ешқандай да айып төлеуден қауіпсіз қызын басқа адамға бере алады. Ал 31-бап керісінше туындаған жағдайды реттейді. Кімде-кім айттырылған қызы үшін қалыңмал алып қойған соң, қызын басқа адамға ұзатып жіберсе, онда билер келісімі бойынша төленген қалыңмалдың мөлшеріне сәйкес айыпқа тартылады. Ереженің 45-бабында ел ішінен отбасында еркек пен әйелдің қатынасына орныққан көзқарас пен пікірді нығайтуға арналған норма жазылған. Тұрмысқа шыққан әйел ешуақытта өз еркімен күйеуін тастап кете алмайды, егер кете қалған жағдайда кері қайтарылады. Ал күйеуі өлген әйел қазақтың әмеңгерлік әдеті бойынша, күйеуінің туысқандарына тиесілі. Бірақ, 29-бап жесір әйелді әмеңгерліктен босататын шарттар атап, Кейбір жесірлерге бостандық береді. Біріншіден, бала табатын және екіншіден, күйеуге шығатын жастан асып кеткен жесірлер — өз еркі бойынша тұратын жерін анықтайды және күйеуінің мал-мүлкінің 1/8 белін иемденеді. Ал кейбір Ережелер осылай еркіндік берген күннің өзінде, жесірдің өмір сүруіне қажет мал-мүліктен ештеңе бермейді. Мысалы, Абакум Ережесі (1887 ж.) 34-бабында: «Үлкен жастағы жесір әйелдер қайда тұрамын десе еркі өзінде, тек мал-мүліктен ештеңе ала алмайды» деп белгіледі. Мұндай Ережелермен салыстырғанда әрине, Шұбарағаш Ережелері артықшылығымен көзге түседі. Шұбарағаш Ережесінің ірі бөлшегі мал дауы, ұрлыққа арналған. Мұнда бірден көзге түсетін персе, ұрыларға айып аз салынып, жазаның жұмсақ болуы. 21-бап 1891 жылдап бастап съезд етіп жатқан уақытқа, яғни 1894 жылға дейін ұрылар ұрланған малды, оның иесінің шығынын, оның үстіне, өздерінің астындағы аттарын беруі керек деп ұрланған малдың есесіне төлеу керектігін айтады. Енді 40-бап ұрыларды ұстағандар олардың астындағы атын алады, егер ұры жаяу болса, онда ат төлетіп, ал ұстатпай кетсе, бәрібір астындағы атын береді дейді. Бұл бап 21-бапқа қайшы келіп тұрғанмен, ел ішінде ұрыға көмектесу емес, қайта оны ұстаушы көбейсін деген мақсаттан туындаған болу керек. Тура осы мақсатты 34 және 44-баптар да көздейді 34-банта егер ұрының айып төлеуге мал-мүлік жоқ болса, онда айып және бар жауапкершілік ұрыға ат берген адамға тартылады десе, 44-бап егер ұрланған малды кімде-кім биік тұрып пайдаланса, онда ол адам ұрлыққа қатыспаса да, ұрымен бірдей жазаға тартылады деп бекітіп. Ұрлық кезінде өлген ұрыға күн жоқ дегенмен (25-бап) жалпы алғанда, ұрлық үшін айыптың қатал емес екендігін 35-баптан да байқауға болады. Дұрысын айтқанда, бұл қазіргі қылмыстық заңдар бойынша ауыр қылмыс санатына жататын тонауға (грабеж, разбой) жауапкершілік қойған бап. Мұнда ұрлық пен тонау (грабеж), қару қолданып тонау (разбойное нападение) қылмыстары тіптен бір бірімен ажыратылмайды да, жаза бәріне қолданылады. Осы банты толығымен келтірген орынды болар; «Үлкен жолда, ен далада жолаушыларды тонағаны үшін, қыстаудан мүлік ұрлағаны үшін нанға бара жатқан және келе жатқан адамдарды және саудагерлерді тонағаны үшін, ауылды шапқаны үшін және киіз үй алып кеткені үшін, киелі адамдарды шығынның орнын толтырып, зәбір шеккендердің пайдасына айып төлейді. Әйел адамды тонағаны үшін — бір ат, бір түйе, ер адамды тонағаны үшін — ат, түйе мөлшерінде, қыстақтан, қыстаудан мүлік ұрлағаны үшін және нанға бара жатқандар мен саудагерлерді тонағаны үшін — бір түйе, бір ат мөлшерінде айып төлейді. Әрине, мұндай ауыр қылмыстар — адам тонау, ауыл шабу ұрлықпен қатар тұрып және оған шектен шыққан жұмсақ жаза қолдану қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктерінен туындаған. Біріншіден, айта кететін нәрсе бұл Ереже жазылған кезеңде ауыр қылмыстар, яғни, адам өлтіру, тонау, ауыл шабу; керуен мен саудагерлер тонау 1886 — 1891 жылдардағы қазақ даласындағы патша заңдары бойынша, тек орыс сотына қарасты болды. Екіншіден, қазақ әдет-ғұрып заңдары әрбір қылмысты не қылмысты іс-әрекеттер үшін оның әрбір кезеңінде туындаған нәтижесі үшін жауап берген. Мысалы, ауыл шабуды алайық, осы сәтте жазатайым не қасақана адам өліп, мал айдан әкетсе, онда жауапкершілік — ауыл шапқаны үшін бір, адам құны үшін екі, ұрлық үшін үш, т.т. әрқайсысына жеке - жеке күн төлейді. Міне әрбір әдет-ғұрып заңдарында осыны ескере отыру керек. Оның үстіне Ережелердің бір қасиеті — олар ер бапты, әрбір қатынасты, дауды реттейтін нормаларды жазғанда оның егжей-тегжейлігіне бармайды және тәртіппен жазып жатпайды. Әркімге белгілі, ал билер жатқа білетін әдет-ғұрып заңдарын қайталап жаза береміз бе деген көңілден туындаған Ереже, елге таныс емес, жана туындаған нормаларды, керісінше, басын ашып айқындап жазған. Мысалы сотқа, съезге өкіл адам жіберу, патша чиновниктерінің қағаздарын айғаққа алу, болыс басқарушыларының сот тәндегі құқықтары т.т. Шұбарағаш Ережесінде, сонымен бірге, ұрлық үшін жауапкершілікпен қатайта, айыпты күшейте түсетін баптары да бар. 42-бапта — халықаралық төтенше билер съезі жүріп жатқан уақытта съездің үстінде не болмаса болыстарда ұрлық жасалса, онда ұрылар екі есе айыпқа тарылады да билердің шешімі бойынша ұрының жеке басында да жаза қолданылады. 43-бапта — белгілі жүйрік тұлпар мен жорға атты ұрлағандар әрқайсысына бес түйеден айып төленіп, егер де олардың ондай жүйрік не жорға екенін білмеген болса, онда әрқайсысы үшін екі түйеден айып төленеді деп бекітті. Ережеде ұрлық үшін айыптан босататын бап та бар. Егер малы ұрланған адам ұрылардың артынан қуып барып ал ұрылар оны толығымен қанағаттандырса, онда ұрылар айыпқа тартылмайды дейді (38-бап). Егер ұрлықты төтенше билер съезі жүріп жатқан кезде жасау не болмаса әйгілі бәйге не жорға атты ұрлау қылмыстың жазасын күшейтуші шарттар болса, ал ұрының өз еркімен кінәсін мойындап, ұрлаған малшы басы бүгін қайтарса, не жартылай қайтарса, онда айыптан босатылады немесе айыбы жеңілдетіледі. Қазақ қоғамында «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ», «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып орнын тапқан соң» деп адамдар заң үшін емес, заң адамдар үшін екенін, тура, әділ жолға өз еркімен түсіп, айыбын мойнына алған азаматтарды бүкіл ел болып көтермелеп, бар кінәсін кешкен. Бұл Ережеден норма да өткен дәуірді қайырымдылық арқылы адал, парасатты қоғам мүшел ерін тәрбиелеу жолының XІX ғасырдың соңына жеткен жаңғырығы тәрізді Дала философиясы «Қанға — қан, жанға — жан» ұранын сабыр мен ақылға жеңілдік адам өміріңді күн белгілеген басқа қылмыстарын айып таққан, сөйтін, залымдықты қатыгездікпен жазалау одан әрі залымдық тудырады деп, оны тек ақ жүрек адалдық жеңілдігін, «Таспен ұрғанды аспен ұр» деген мәтелден туындайтын әрекет - мінезді кеңінен уағыздаған. Шұбарағаш Ережелері ықпалы бар, қолында біліп бар адамдар «өзім білемінге» салмауын да қамтыған. 41-бапта егер малы ұрланған адам ұрыны біліп қойған күнде, ол құрметті адам болса да істі тек билер соты арқылы шешіп, билердің билігі бойынша айып алады дейді. Ал 18-бапта ешкім де өз бетінше өзінің жауапкерлік әкелуіне рұқсат жоқ, оны тек болыстық басқарушылар атқарады. Осы тәртіпті бұзғандар, яғни, өз бетінше әлдекімді жауапкер ретінде күштеп әкелсе, ол адам билердің шешімімен айыпқа тартылады. Және де кестелеген билікті де ешкім өз бетінше іске асыра алмайды (самоуправство), оның орнына тиісті басшыларға айтуы керек (16-бап) деп, құқық, тәртіп бұзушылықтың алдын алған. Сонымен Шұбарағаш төтенше билер съезінің кезінде маңызы зор болған. Бұл съездерде қазақтардың дауымен қоса, орыстар, дұнған, ұйғырлар да көптен шешілмей жүрген дауларын билер арқылы шешкен. 1899 жылғы болған Шұбарағаш төтенше билер съезі туралы берген есебінде арнайы тапсырмалар чиновнигі надворный советник Плахов мырза: «По искам и претензиям русских торговцев к китайским киргизам решено 115 дел. Присуждено в пользу русских торговцев и киргиз разным скотом 11540 рублей» деп жазған. Ал билердің мұндай шеберлік көрсетуі әрине. Ережелердің нәтижесі. Екі съезд аралығындағы уақытқа — Ереженің жоғарғы заңдық күші бар деп бекітті 46- бап. Және ол келесі съездегі қабылданатын Ережеге соған негіз болған. Қазақ әдет-ғұрып заңдарын танып білуде Шұбарағаш Ережелерінің маңызы зор, құнды құжат болып табылады.

М. Әдибаев
Шар Күшік ережесі

Қазақ әдет-ғұрып құқығы нормаларының кіші кодексі Ереже құрастырудан басталады. Осы Ереженің негізінде істер шешеді. Осындай билердің төтенше съезінде қабылдаған Ережелердің бірі — Шар Күшік Ережесі Өскемен оязы мен Зайсан ояздарының арасындағы дау-жанжалдарды бітіруі, 1896 жылдың 16 тамыз айында Шар бойындағы Күшік деген жерде билердің үлкен съезі болған. Шар Күшік съезінде Өскемен оязының билері қатысып, сол съезде әділдік болмағы үшін, қандай іске не билік қалатынын шешіп Ереже жазып, съезде қабылдаған. Отыншы Әлжанов 1896 жылдары Омбы қаласында шығын тұрған «Дала уалаятының газетіне» бұл Ереженің қазақтардың әдет-ғұрып дәстүрлері жайлы танымдық мақалалар мен қызықты материалдар жинап, бастырып тұрған. 10 баптан тұратын Ережеде, негізінен, отбасы —неке қатынастары мәселелері көрсетіледі. Бірінші бапта, біреуінен біреуі қыз айттырып, құда болып, қалыңмал алып, қалыңдық ойнап жүрген қызды басқа біреуге беріп жіберсе, ол беріп жіберген кісі қазақ ғұрпы бойынша төмен қалыңмалын қайтарып, бір ат-шапаннан үш тоғызға жазалы болсын делінген. Билер жазалыларға айып қолданған. «Айып үш түрлі болады екен, әуелі — арызқорға келтірген жамандығы үшін төлеу, екінің — арызқорға келтірген шығыны үшін, үшінші — бидің біліп, дау тексергендігі үшін. Көп беретін жазалары тоғыз, «мойнына қосақ, кетіне тіркеу» Нам ат-тон айып екен. Бұл Ережеде айыптың бір түрі — тоғызға назар аударылады. Қазақтың әдеттік құқығы бойынша, тоғыз малдан құралатын айып төлеуін айтады. Тоғыздың бірі болған: түйе бастатқан тоғыз, ат бастатқан тоғыз, бастатқан тоғыз және тоқал тоғыз. Қазақ қоғамының сот тәжірибесінде тоғызды айыптың түрі ретінде қолданғанда билер оның құрамын өз тараптарынан белгілеп, әр түрлі малды бағып отырған. Екінші бапта: «Байлы қатын өз байынан кетпесін. Егер де бұзылған адам болды, бір ат-шапаннан түйе бастатқан тоғызға шейін болсын» делінген. Бұл бапта отбасының беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған норма бекітілген. Үшінші бапта: «Қыз айттырып, біреу өтірік айтып, киіт киіп, мал бермесе, қайтарып, бір ат-шапан жазасын берсін», — делінген. Қазақтың бар құда түскенде киіт кигізетін. Киіт әр түрлі болады. Құдалардың халіне қарай. Бас құдаларға тоғыз ат, түйе, аяқ құдаларға орамал - шаршы қылады. Киіт деген — құдалықтың бекігені. Қалыңмал төлеуге міндетті болады күйеу жағы делінген. Қазақтардың әдет-ғұрпын зерттеуші Жақып Ақбаевтың пікірінше, «Киіт» деген сөз «Ки» (надевай) және ит (собака) сөздерінен шыққан. Неке шарты жасалғаннан кейін барлық құда-құдағиларға күйеудің ата-анасы бастап, сол сияқты, күйеу қалыңдықтың алдына алғаш рет ресми барып, «қол ұстар» болғаннан кейін күйеуге еріп жүрген немесе онымен бірге болған барлық құда-құдағиларға (күйеу жігіттер) «киіт» деп аталатын сый тартылады. Төртінші бапта: «Қалыңдық ойнап жүрген уақытта қыз елес, берген малының үштен екісі күйеуге қайтады, күйеу елес, қыз күйеудің аға-інісіне бармаса, қалыңмалдың үштен екі бөлігін алсын, һәм лайығына қарай рәсім бойынша жол тілеп, қыз я жігіт өлсе, мал қайтаратын қазақ рәсімі қыз өлсе, балдыз алады күйеуі. Егер балдызды бермесе, күйеуге төлейтін «жолың» деп. Егерде күйеу өліп, оның інісі қалса, оған қыз тимесе, онда да қыз «жолын» береді делінген. Мұнда қалыңдықтың не күйеу жігіттің қайтыс болған жағдайдағы қатынастары реттелген. Қазақтардың әдет-ғұрпын зерттеуші П. Маковецкий былай деп жазады: «Қазақтар құдалықты қыз бен жігіттің қосылуы емес, екі отбасының туыстасуы санайды, демек, күйеу мен қалыңдықтың біреуі өлген жағдайда да құдалық бұзылмайды. Күйеу өлсе, қалыңдық оның бойдақ бауырына тиеді, ал егер бірге туған бауыры жоқ болса, жақын аталасына тиеді, яки «Аға өлсе — жеңге мұра, ат өлсе— сауыры мұра» деген қағидаға бағынады. Егер күйеу көзі тірісінде қалыңдығына келіп-кетіп жүрген болса, онда қалыңдықты қара жамылдырып жігіт ауылына әкеледі, ол бір жыл жігіттің орнына аза тұтып отырады, сосын жігіттің інісіне немесе жекжатына тұрмысқа шығады. Қалыңдықтың әке-шешесі өлген күйеудің ата-анасының көңілін аулап «аза» мал әкеледі. Егер қалыңдық өлсе, күйеуге сіңлісін ұзатады, алда-жалда қалыңдықтың сіңлісі тым жас болса, ол кейін күйеудің өзімен тұрғылас інісіне шығуға міндетті болады, онда төленген қалыңмал қайтарылмайды. Ал күйеу жігіт басқа біреумен некелесуге ерікті болады. Өлген қалыңдықтың орнына берер қыз болмаса ғана қалыңмал күйеуге қайтарылады. Күйеу қалыңдығы өлгенше ұрын қойған болса, онда өлген қалыңдығының сіңлісін не жекжат сіңлісін алмас бұрын әуелгі қалыңмалына үстеме төлейді. Бұрынғы берген 27 болса, бір түйе, бір жылқы, 47 жағдайда, өлген қалыңдығына ұрын келгені ескеріліп, қалыңмалдың жартысы ғана қайтарылады. Бесінші бапта: «Егер де біреу қызды некелесе алса, біреуге малға сатпасын, талақ қағаз беріп, ықтиярына қоя берсін, егер де қатынын малға сатса, сатып алған малын қайтарып, ат, шапан жаза берсін» делінген. Яғни, мұнда некенің бұзылуы туралы норма бекітілген. Некенің бұзылуы турасында Ж. Ақбаевтың жазбасында: «Ажырасқан кезде үстем адам ері болып табылады, ол өз әйелін кез келген уақытта тастап кете алады. Әйелінен ажырасқан еркек жөнінде қазақтар ол әйелін талақ етті... басқаша айтқанда, оны бейшара және жатсыздық күнін кешетін мәңгілік бақытсыз етті дейді. Қазіргі уақытта қазақтар күйеуі әйеліне талақ қағаз (...ажырасу парағын — М.О.) береді — қатынына талақ қағаз берді дейді. И. А. Козловтың 1882 жылы жазылған «Қазақтардың дәстүрлік заңдары» деп аталатын мақаласында некенің бұзылуына тоқталады: 36. Ерлі-зайыптылар ажырасқанда немесе екеудің біреуі өлгенде неке бұзылады. 37. Ажырасу көбіне екі жақтың келісімімен болады; а) Күйеуі әйелінің басқа адамға күйеуге шығуына рұқсат еткен жағдайда, екінші күйеуден қалыңмал талап етуге құқылы. Ескертпе: Бұндай жағдайда, яки әйел бір еркектен екінші еркекке кеткенде, бірінші күйеуі талақ хат немесе талақ қағаз беруі керек. Егер әйел төркініне кетсе, онда әйелдің әкесі бұрынғы күйеу баласына қалыңмалдың 1/2 белгісін қайтарады, ал қалған 1/2 бөлігін қызы екінші рет күйеуге шыққанда қайтаруға міндетті; ә) Күйеуі әйеліне талақ хатты ақысыз бермейді, кейде талақ хаттың ақысына оның жасауын алып қалады; б) кейде әйелімен тұрғысы келмеген еркек оны баса еркекке толық қалыңмалын алып береді; в) қалыңмалы төленбей, күйеуге шыққан әйел қалаған уақытында күйеуін тастауға құқылы; г) сыйламайтын мінезі шайпау әйелімен ажырасқанда, еркек оған жасауын толық қайтаруға міндетті емес. Жасаудың бір бөлігін, киім-кешегін және астына ат берсе болғаны; д) әйел күйеуінің көзіне шөп салған жағдайда оның бар жасауы күйеуінде қалады. Ескертпе: Ажырасу әйелдің талабымен болған жағдайда, оған 10 күннен 30 күнге дейін мұрағат беріледі. Егер әйел осы уақыттың ішінде басқа еркекке тимесе, онда бұрынғы күйеуімен қалады. 38. Төмендегідей себептермен ажырасуға рұқсат беріледі;

а) Күйеуі тақыр кедей болып, әйелін асырап-сақтауға күйі келмесе; ә) күйеуінің еркектік күші кетіп, әйелі онымен бірге тұрғысы келмесе. Кейде әйел қайнысына ия қайнағасына күйеуге шығады;

б) ерлі-зайыптылар балиғатқа толмаса;
в) Күйеуі әйелін ұрып-соғып жәбірлесе.

Ескертпе: Аталмыш себептермен күйеуінен кеткен әйел екінші рет күйеуге шықса, онда екінші күйеуі оның бұрынғы күйеуіне қалыңмал төлеуге тиіс, жасауын әйел өзімен бірге әкетеді. Ереженің алтыншы бабында: «Күйеу қалыңдығын алып қашса, ықтиярмен қыздың артынан қуып барғандарына жылуын беріп, разы қылса қыздың әкесі жасау беруге міндетті. Егерде бермесе, даулауға мүмкін. Қазақ қызына жасау жасап, үй тігіп, түйе ат береді. Бұл жасауды қалыңмал алған сайын жасайды, көбінесе де қалыңмалдың шамасына қарай болады. Қалай да болса, жасау қалыңмалдың жартысынан аз болмайды. Қайсыбір бай адамдар қызына алған қалыңмалынан неше қабат көп жасау қылады. Егерде қызды алып қашса, ата-анасы қыздың жасауын бермеуге мүмкін. Егерде күйеу қалыңмалын тегіс төлесе, сонда қашқан қызға жасау береді. Әйтпесе, жасауды сұрауға күйеуге жол жоқ» делінген. Ереженің бұл бабында жасауға назар аударылады. Күйеудің әкесі қалыңмалын төлеуге қандай міндетті болса, қалыңдықтың әкесі қызына жасау беруге сондай борышты. П. Маковецкий деген зерттеуші «Қазақтардың заң орнына жүретін дәстүрлері жөніндегі жазбалар» атты еңбегінде жасауға тоқталады: «Жасаудың көлемі жайында ешқандай келісім-шарт болмайды. Қалыңдықтың әкесі қалыңмалдың ауқымына қарай жасау әзірлетеді. Орташа тұрмысты және жарлы адамдар көбіне қалыңмалдан кем жасау береді өйткені олар үшін қызын күйеуге беру — жағдайын түзеп, тұрмысын бүтіндеудің бір жолы. Ал енді 77 бастан артық қалыңмал алған бай адамдар қызының жасауын қалыңмалынан асырып жасамаса, кем жасамайды. Мал мен ақшадан тұратын қалыңмалдан жасаудың айырмашылығы оның негізін киім-кешек, көрпе-жастық, кілем - төсеніш, үй жабдықтары киіз үй құрайды. Малдан тек қыз мінетін ат пен жасау артатын түйе болады. Қазақтың ескілікті салты бойынша, сәукеле мен қымбат әшекейден басқа, қыз киімі түгел тоғыздан берілген. қазір ол дәстүр көп сақталмайды, әркім қалағанынша тірлік қылады мәселен, байлар ер кісілерге 40-тан берсе, кедейлер бір-бірден бергенді місе тұтады, күліп жасауын түгендеуге олардың әл-ауқаты жетпейді. Тұтас жасау мынандай: ат, түйе, отау үй, ер, шылбыр, үзеңгі, құйысқан, жүген, қамшы, ыдыстар: қазан, таған, аяқ, табақ, шөміш, қасық, құмған, төсек ағаш, кебеже, жүкаяқ, әбдіре; киімнен: сәукеле, желек, көйлек, дамбал, етік, тон, ішік, белбеу, төсек-орыннан: көрпе, жастық, шымылдық, киіз, алаша, сырмақ. Осы аталған заттардың ішінде сәукеле мен желек арнайы тойға. Желек көбіне қызыл матадан тігіледі, қалыңдық оны тойдан кейін бір жыл бойы басынан тастамайды. Сәукелені қалыңдық күйеу жігіттің ауылына келіп болып түскенде киеді. Сәукеле — қалыңдықтың тек өзіне ғана киетін меншігі болып саналады, сондықтан өлгеннен кейін сәукелесін тек балалары ғана иемдене алады. Жетінші бапта: «Жесір қатын байының жақынына тисе, жас балалары шешесімен бірге болады, қыз бала бірге кеткен болса, күйеуге берген уақытында алғашқы қалыңмалынан бұрынғы ерінің туысқанына береді. Егер қатын бөтен тисе, онда балалары өздерінің мұрагерлікпен әкесінің туысқандарына қалады. Егер неке бұзылса, қыз үлесіне тиеді, әкесіне еркек баласы тиісті. Егер әке-шешесі өлсе, балаларының бәрі әкесінің туысқандарына қалады. Шеше өлсе, бала әкеде, егер де әке өлсе, шешеде қалады. Егер де қатын бөтенге тисе, қыз қатында кетеді, еркек бала алып, әкесінің ағасына барады. Егер қызын әкесі тірі күйінде күйеуге берсе, онда қыз әкесінің аға-інісі, туысқанының қолында қалады» делінген. Сегізінші бапта: «Егер де біреуінің алған қатыны өлсе, артында бала қалмаса, қазақ жөнімен әкесінің қызына жасаған арқан түйе, мінген ат, сәукеле төркініне берісіп. Егер да қатын өзі қашып немесе байынан айрылып кетсе, жасаудан да айырылады, егер де байы айырса, яки байы сабап жаман ұстаса, қатын әділдік сұрап, талақ қағаз алуға мүмкін. Мұндай болғанда байы сәукеле, түйе, атын қайырса керек қатынға. Қатын өлсе, мүлік байында қалады, егер де бала қалса, онда төркіні күйеуден ат, түйе, сәукелесін даулауға мүмкін» делінген. Тоғызыншы бабы мұрагерлік құқыққа арналған; «Егер жесір қатын орта жасқа келген болып, әмеңгеріне тимей, өзге біреуге тиген болса, онда өлген ерінің туысқанына қатынға төлеген қалыңмалдың төрттен бірін қайырсын» делінген. «Қазақтың рәсімінде, мұра - мүлік еркекке қалады. Әйелге не мүлік қалады, егер өлген кісінің өзінің туған қызы, не туған қарындасы болса. Өлген адамның аға-інісіне қатыны да мұра. Қатын олардың бір бойдағына тисе керек. Егер қатын олардың біріне тимесе жасауынан айырылады. Өз әмеңгеріне тимей, біреуге тисе, бұл қатынның әмеңгеріне мал төлейтін тиген әйелге төлеген қалыңмалдың жартысындай қылып». Қазақтардың отбасылық қарым-қатынастарында мұрагерлік құқы ерекше орын алады. Қазақтардың әке, куәлердің қатысуымен, ауызша айтылып отырған да, орындалуға меңзеп болған. Тәуке хан жарғысында: «Рухани өсиеті туысқандары мен молданың қатысуымен өтеді». Әдет-ғұрып құқы бойынша мұрагерлерге қайтыс болған адамның балалары, ағалары және жақын туыстары мұраға мал, мүлкін, ақша, үй, жайылым, жесір жатады. Егер әкесі көзінің тірісінде балаларын енші бөліп шығарса, «қара шаңыраққа» не кенже баласы жалғыз мұрагер, үй иесі болып қалады. Ал әкесі өсиет етіп үлгермесе, артында енші алмаған балалары қалса, онда олар қалаған уақытында беделді ауыл ақсақалдарын шақырып, әкесінің мал-мүлкінен алуға құқылары бар. Баласы болмаған ата-ананың дүние мүлкі, мұрагерлік құқы бойынша, өлген әкенің жақын туыстарына бөлініп берілетін болған. Қаншама уақыт етсе де бұл дәстүрдің бүгінге жетіп отыр. Оныншы бапта: «Егер де зақым керіп, қатын талақ қағаз алмай қашып кетсе, талақ қағаз байы бермесе қатынның сұрағанына, онда қатын қауымға айтып, қауымның билігімен болыстың мөрін бастырып алса, талақ хат орнына жүреді. Егер болыс мөрін баспаса, талақ қағаз орнына жүрмейді делінген. Л. Ф. Баллюзек жазбасында: «Егер әйел күйеуінен немесе оның басқа әйелінен көрген қысымына шыдамай қашып кетсе, онда еркекке қатаң ескерту жасалады, егер бұндай жағдай үш мәрте қайталанса, онда еркек әйелінен де, оның жасауынан да айрылады», — дейді. Мінеки, көріп отырғанымыздай, бұл Ереже отбасы - неке қатынастарының мәселелеріне арналған екен. Қазақ халқы ежелден ұрпақ жалғастығына, әулеттің азбауына, отбасының тыныштығына үзбей кеңес бөліп отырған ғой. Бүгінде біреуге ұнап, біреуге ұнамайтын әмеңгерлік деген керемет бір түрім болған ғой. Керемет дейтініміз бұл жерде әмеңгерлік деген сөздің артында үлкен халықтық, ұлттық философиялық түсіп жатыр. Ол дегеніміз жесірін жатқа жібермеу, яғни, ұрпағын өз әулетінен ұзатпай, өз ортасында алып қалу. Бала жетім, әйел жесір қалмасын (осы дәстүр қалған соң, яғни, бүгінде жетім бала мен жесір әйел санын арнайы есептейтін есептеу машинасыз есептеу мүмкін емес қой. Ал (бұрын ондай жағдай болмаған деуге болады), ішіп-жемнен тарықпасын, жыртық, қарны аш болмасын деген ізгі, жанашыр ниеттен туған әрекет деп қарау керек. Ереженің 7, 9-баптарынан осы ойды аңғаруға болады.

А. Байтұрсынов
Ережелер

Ең әуелі ереже чрезвычайный съездің қарауына қандай істер тиісті болмақ жағын қарайды.Істің қаралуға тиісті тізгінінен айырғанда, ескірген — ескірмеген жағына көз салып айырады. Істің болғанынан кейін көп заман еткен болса, ескірген себептері қарамай қалдырады. Бұл туралы жасалған ережелерді алайық. Бір ереже, гражданский болсын, уголовный болсын, 10 жыл өткен болса, ескіргенге санайды. Екі ереже бұл 10 жылдық ескіруден жесір дауын оқшау шығарады. Жесір дауының ескеруіне 20 жыл кеседі ереже жесір дауына тіпті ескіру болмасын дейсің. Мұнан әрі ережелер әр түрлі бола бастайды. Екі ереже ұрлық тұрасындағы дауға ескіру шарты 7 жылдық, жесір дауына 15 жылдық болсын дейді. Бір ереже ұрлық ісіне ескіру шарты 5 жылдық, ақы сұрау дауларға 6 жылдық болсын дейді. Бір ереже уголовный істер турасындағы істерге екіталай шарт қояды. Мысалы, жауапкер ұрлығын қойғанына 5 жылдан кем болмаса, оған жаза болмасын, жалғыз-ақ ұрлаған затының бағасын төлесін, қоймаған болса ғана жаза салынсын дейді. Бұл айтылғандар: іс қанша уақыт етсе ескіргенше саналу тиіс — ол туралы рәсімінен нық ұстаған бір жолы жоқ екендігін көрсетеді. Ескірген істерді қарау - қарамаудан басқа турасында да жасалған ережелер бар. Мысалы, төрт ереже чрезвычайный съезд ашылмай тұрғанда спискаға кірмеген істер қаралмай қалсын дейді. Бір ереже мұндай істердің жұртқа мәлім болғандары ғана қаралатын болсын дейді. Төрт ереже съезд шақырылғаннан соң ашылған ұрлық, танылған мал турасындағы істер де съезде қаралуға қабыл етілсін дейді. Қадірлі ақсақалдардың қарап берген істері съезде қаралмасын, қарсы дауға штраф салынсын деп алты ережеде айтылған. Күн турасындағы ережелер де бір жөннен шықпай, бытырап кетеді. Төрт ереже күн турасындағы істер съезде қаралсын дейді. Он бір ереже күн жағынан сөз қылмай, шеккен зиян жағын ғана қарау тиіс дейді. Екі ереже күн турасындағы істі хакімнің рұқсатымен қарау тиіс дейді. Даугерлер мен айғақтарды шақыру турасындағы ережелер де бір жеңнен шықпайды. Екі ережеде даугерлерге повестка жіберілмес, волостной управитель мен ауылнайларға даугердің списогы жіберіп, солар арқылы шақырылсын делінген, бірақ повестка тапсырылсын дейді. Айғақтарын даугерлердің өздері алып келуін ешбір ережелер қолайсыз көреді, ол болмасын, айғақтарды съезге келтіру старшиналар мен шабармандардың ісі болсын дейді. Кейбір ережелер даугерлер айғақтарын өздері келтірді дейді. Келмей қалғанда не болмақ, ол туралы жасалған ережелер де бет-бетіне кетеді біреулер келмегеннің сыртынан билік айту - айтпау ықтияры съездің өзінде болсын дейді, екіншілері келмегенде сырттан билік айту жол болсын дейді. Үшіншілері повесткамен хабарланған жауапкер келмегенде ғана сырттан билік айтылатын болсын дейді. Келмеген себебінің толық болмаса, билік сыртынан айтылсын һәм 7 күн тұтқын дейтін де ережелер бар. Бір ережелер бойынша съезден қашқан жауапкердің жақындары жауапқа тартылсын деген, екінші ереже бойынша көпшілігі жауапқа тартылсын деген, үлгідегі ереже бойынша ұрлық турасындағы іс болып, жауапкер келмей қалса, билік сыртынан айту, малды ағайындарына төлету қалай деген. Айғақтар келмеуі турасында, айғақты народный сот онша керек қылмайтындығынан, ережеде онша сөз қылмайды, айғақ келмей қалса, ол айыпқа саналмайды, кейде айғақтарға да штраф салады, бірақ оны айғақ салушы даугерден өтетін етеді. Даугерлер орнына екіншілер келу туралы ережеде жарытымды сөз жоқ. Бір ережелер дау ісіне кепілдік тіпті жүрмесін дейді, екінші ережелер талапкер жағынан ғана қабыл етілсін дейді, кей ережеде екі жағынан да қабыл етілсін дейді. Ереженің көбірек көз салатыны — дау ыспаты жағы. Бұл турадағы ереже екі тапқа белгілі еді 1) айғақтың, 2) ант. Айғақтыққа народный сот онша мағына бермейтіндігі туралы жоғарыда талай айтылды, бұл жағынан ереженің көрсететін жолы өте шағын. Талапкер дауын ыспаттау тиіс деген сөзі екі - ақ ережеде бар. Басқалары ол жағын сөз қылмай, айғақ болудың қандайы жарайтындығын, қандайы жарамайтындығын сөйлеп кетеді. Екі ереже бір волостағы іске екінші волостан айғақтық жүрмесін дейді екінші ереже жүрсін дейді. Екі ереже айғақты өз руынан ғана таңдауға қосады, кей ережелер өз волосынан тіпті айғақ қабыл етілмесін дейді кей ережелер айнаға кім болса, ол болсын дейді. Ережеде айғақтарды шығарып тастау бар ісіне айғақ салушы жағы айғақтарының инабат етерлік адамдар екенінің білетін екі қадірлі ақсақал көрсетуге міндеткер, әйтпесе айғақтығы қабыл етілмейді. Айғақ турасындағы ережеде де біріне-бірі еруін келетін шатақтар көп. Жалғыз ғана бір жеңнен табылатын жері айғақтар инабат иесі һәм туралысы бар адамдар болу тиіс деген. Ұрлық турасындағы іске айғақтан басқа инабат иесі адамның анты жүреді істің ағына жетуге дұрыс саналатын жол қазақта — жанға салу. Народный сотта жанға салу қалай болатын жайлы айтылған. Бұл арада жанға салу турасында ережеде не бар екені ғана айтылып етеді. Бір жағынан қарағанда, ережеде көзге түсетін нәрсе қандай орында жанға салу тиісті жайынан еш нәрсе айтылмағандығы. Кей жерлерде жанмен ағару жауапкерге тиіс екен де, кей ережелер талапкер айғақпен мойнына сала алмаса, жанмен мойнына салсын дейді Гродековтың («Қазақ заңы» деген кітабында) айтуы бойынша, жаны ұсталатын — ұрланған малдың дерегін біліп, кеп көзіне сүйген алған айғағы бар жағы. Егерде ондай айғақтық жоқ болса, жауапкер жағының жанына салынады. Сол Гродековтың айтуынша, жап талапкер жағына да, жауапкер жағына да салынатын орындары болмақшы. талапкер қалауынша да, жауапкер қалауынша да жанға салынатын орындар болмақшы. Талапкердің де, жауапкердің де өз жандарына салатын орындары да болмақшы. Жан беруші кім көрсетпек? Ол жайында да ереже бір жеңнен табылмайды. Кей ережелер бойынша жан ұстаушы даугерлер болмақ, кей ережелер бойынша жан беруші сот көрсетпек. Кімнің жаны ұсталмақ турасында шатақтар көп. Бірсыпыра ережелер бөгде адамдардың жаны ұсталсын дейін. Бірсыпыралары кімнің жанын ұстау сот қарауында болсын дейін. Кімнің жаны алынбасқа? Ол туралы да ереже бытырап кетеді кей ережелерде қазақтың лауазым несі адамдардың жаны ұсталмасын дейді, кей ережелерде народный судьяларының ғана жандары ұсталмайтын болсын дейді. Бірсыдырғы ережелер жасы алпыстан асқан адамдардың жаны ұсталмасын дейін. Бірсыдырғысы — жан ұстауға жас иесі қойылмасын дейін. Жан түскен жағы мен дауласып жүрген адамдарды қалмасқа деп айтатын ережелер де ұшырайды. Бұлармен қатар, жан беруші туралы арнаулы еш шек болмасын дейтін ережелер бар. Онан әрі неше адамның жанын ұстау турасында да бір өзінен шығатын ереже жоқ. Көбі бір адамның жаны ұсталады деп айтса да, кей жесір дауы туралы екі адамның жаны ұсталсын, Кісі құны туралы төрт адамның жаны ұсталсын дейді. Жаны қалағаннан шығарылу турасында да ережеде саралық жоқ. Кей ереже біреуін - ақ шығаруға болады дегенде, өзгелері үшке, төртке шейін шығаруға болады дейді. Тіпті, жан жүрмейтін де орындар бар; мысалы, жұртқа белгілі ұры болса, оған жанға салмай билік айтылады. Ұрының ұрлығын ыспаттаушы инабат несі адам болса, онда жанға салынбайды. Жанды қалай алу ретінде де ережеде алалық бар. Кей ережелер жан мешітте алынады дейді. Екінші ережелер, Хантинский айтуынша, бабаларының моласының басында алынады дейді. Бабасының моласы жақында болмаса, кез келген мола басында алынады дейді. Жан беруінің жан берудің алдында жayaпкepді ағайындарымен алдырады, қара қойды шалдырады, өзінен айналдырып ант еткізеді жауапкердің жазығы жоқ, ал деп. Мұндай ережелермен қатар жүретін жай дағды да бар: жан беруге даяр екендігін білгеннен кейін жанын алмай да жіберетіндері болады.

Н. И. Гродеков
Халық соттарының төтенше съездері

Халық судьяларының төтенше съездері түрлі ояздар немесе болыстар тұрғындары ісін шешу үшін губернатордың жарлығымен белгіленеді. Халық судьяларының соттаушыларды жер аударту өтінішін қарастырады. Төтенше съездер болыстық судьялардан турады. Дауласушылары мен соттаушылары бар болған кемінде бір болыстық судья төтенше съездерге тіркеледі. Төтенше съездерде судъяларды тараптар таңдағанды қоспағанда ояз басшылары тағайындайды. Жыл бойында бұрынғы съездерде болған судъялар тек өз қалаумен қатысады. Судъялардың төтенше съездері съезд өтетін жерде сол ояз басшысының немесе осы мақсатпен арнайы жіберілген шенеуніктің қатысуымен етеді. Осы лауазымды адамдардың міндетіне — съездің табысты етуіне бақылау жасау ғана кіреді. Халық судъяларының төтенше съездері осы съездер үшін белгіленген ережелері негізінде жұмыс істейді. Олар бір ай ішінде губернаторға шағымдана алады. Осы алу шешім қабылданған жерде жүзеге асады. Халық сотының шешімін орындау міндетін ояз бастығы бақылауымен болыстар мен ауылдық старшиналарға жүктеледі. Орындалған белгісі қойылған шешім көшірмесі болыстарда сақталады. Шешімді орындаушы, оларға бақылау жасаушы ояз басшылары секілді шешімді баяу және дұрыс іске асырмағаны үшін заңды жауапкершілікке тартылып, шығындардың орнын толтырады.

Н. И. Гродеков
О чрезвычайных съездах народных судей

Чрезвычайные съезды народных судей назначаются, по распоряжению губернатора, для решения дел, в которых участвуют жители разных уездов или полостей, равно как для рассмотрения ходатайств народных судей и их съездов о высылке подсудимых. Чрезвычайные съезды состоят из судей тех волостей, в которых числятся тяжущиеся или подсудимые, не менее одного от волости. Назначение судей в чрезвычайный съезд, исключая выбранных сторонами, производится уездным начальником. Судьи, бывшие на предыдущих съездах в течение года, участвуют только по собственному желанию. Чрезвычайные съезды судей происходят в присутствии начальника того уезда, в котором собирается съезд, или нарочно командированного для этой цели чиновника. На обязанности этих должностных лиц лежит исключительно наблюдение за благочинием в месте собрания съезда. Чрезвычайные съезды народных судей действуют на основании правил, установленных для обыкновенных съездов. Народные судьи, не прибывшие на съезд, обыкновенный или чрезвычайный, без законных, уважительных причин, подвергаются денежному взысканию в десять рублей, по распоряжению уездного начальника, которое может быть обжаловано в месячный срок губернатору. Взыскания эти обращаются на устройство мест заключения.

С Н. Дауталиев
Абай Құнанбаев — Қарамола ережесін әзірлеушілердің бірі

XІX ғасырдың екінші жартысы қазақ дәстүрлі құқығы нормаларының сыртқы нысаны мен ішкі мән-мазмұны түлеп - түрленген кезең. Екінші кезекте, бұл қоғамдық даму мен капиталистік қатынастың дендегі ене бастауымен тығыз байланысты. Екіншіден, Ресей империясының саяси-әкімшілік реформаларының салдары. Үшіншіден, қазақ даласындағы ағартушылық ағымның желісі деп бағалаймыз. Қазақ даласы Ресей империясының құрамына толықтай енді болған соң 1867 —1868 жылдар аралығында бірқатар саяси-әкімшілік реформалар жүргізеді. Реформалардың қазақ даласының құқықтық өміріне алып келген бір ерекшелі, ол — Ереже жазу үрдісі. Атап айтар болсақ 1867 жылы қабылданған «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереженің» 201-параграфы мен 1868 жылы 21 қазанда қабылданған «Орап, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереженің» 159 - параграфында болыстық және төтенше съезде қаралатын істер әдет-ғұрып нормаларымен айқындалған тәртіп бойынша шешіледі деп көрсетілген. Ресми түрде Ереже жазудың құқықтық алғышарты аталған нормалардан бастау алады. Жалпы Ереженің құқықтық өмір есігін ашуы жаңа құбылыс болып есептелгенімен, оның негізгі мәні қыр қазағына таңсық дүние емес. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тамырын тартатын дәстүрлі билер сотының тәжірибесінде істі алқалы тәртіпте қарап шешу және оны ел-жұрт таныған «жазылмаған» құқық жинақтары (жарғы, түзік, жол-жоба) мен қағида нормаларына (прецедент, аталы сөз т.б.) негіздеу үрдісі тарихта болған деректер. Уақытша ережені әзірлеуші авторлардың да (Ср. Гире, В. Дандевель, А. Гейне, А. Проценко т.б.) қазақ арасында бар бұл дәстүрдің тек іс жүргізу тәртібіне елеулі әкімшілік - толықтырулар енгізіп, қолданылатын акттың жазбаша нысанда болуына әсер етті. Ережелердің құндылығы да сонда — оның жазбаша нысанда болып, мазмұнында құқықтық күш-қуат алған қазақ рәсімдерінің бүтіндей сақталуында. Әкімшілік құқықтық мәдениеттің ережеге дейінгі құқық ескерткіштерін (Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Әз Тәукенің Жеті Жарғысы және т. б.) жазбаша нысаны болған жоқ деп үзілді-кесілді айта алмаймыз. Үлкен Ережелер аталатын бұл құқықтық ескерткіштер әлі де болса объективті зерттеу мен ғылыми іздесетін қажет етеді. Заң ғылымында дәстүрлі тарихи тамырластық пен құқықтық мазмұнының сырластығын ескере келіп XІX ғасырдың 2-жартысындағы ережелерін кіші Ережелер (кодекстер) деп атау орын алған. Кіші ережелердің бүтін деп көп көлемдік және белгілісі 1885 жылғы мамыр айында Шар өзенінің бойында өткен уезд аралық төтенше билер съезінде қабылданған — Қарамола ережесі Ереженің Қарамола аталу себебі съездің өткен орыны Қарамола деген жердің атауымен тікелей байланысты. Мұны кейбір зерттеушілер көрсетіп жүргендей архив мәтінімен байланыстырудың енді қажеті жоқ. ҚР Орталық мемлекеттік архивінің қорында сақталған «Дело об организации и порядке действии чрезвычайных съездов народных судей 1898 — 1895 гг.» — деп аталатын іске «Ереже составленное на Чарском чрезвычайном съезде в мае месяце 1885 года » деген мәтінмен орысша тіркелген. Сондықтан да ереже атауын жер атымен байланыстыру оның толыққанды дау тудырмайтын тұсы деп пайымдаймыз. Сондай-ақ бұл ереженің архивтік екінші нұсқасы болып табылатын 1886 жылы Қазан университетінің баспаханасынан татар тілінде, араб алфавитімен басылып шыққан жеке түптелген кітапша түріндегі бір данасын белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов Республикалық Орталық мемлекеттік архивке 1985 жылы тапсырған. Араб елінде жазылған бұл нұсқаны 1960 жылы Қазан университетінің кітапханасынан тауып жария еткен ҰFA-ның сол кездегі ғылыми қызметкері Қарта Қаңтарбаев деген азамат көреді. Бүгінгі таңда ереженің келтірілген ескі архивтік нұсқасы ғылыми айналымға түскен және көпшілік қауымға белгілі. Қарамола Ережесі өзге де ережелер сияқты әкімшілік органдар мен съезд билерінің растап - бекітуіне жатты. Қарамола Ережесі Семей облысының әскери губернаторының жарлығымен осы облысқа қарасты Семей, Павлодар, Қарқаралы, Өскемен, Зайсан уездері арасында туған дауларды шешу үшін қабылданған құқықтық, құжат. Құрылымы жағынан 73 (74) баптан тұратын құқықтық құжатты жасап бекіткендер ереженің 73-бабында нақты көрсетілген. Бірі бар, болысы бар, құрметті қазақ дегені және бар 45 кісі өздерінің құжатты растайтынын бір қол қойған. Сондай-ақ Өскемен, Семей уездерінің бастығы Зайсан уезді бастығының көмекшісі, Қарқаралы уезд бастығынын аға көмекшісі және облыс әскери губернаторы қолдарын қойып бекіткен.

Ережені түзуде 100-ден астам ірі билер мен молдалар қатысқан көріледі. Н. Я. Коншиннің жазбаларында «1885 жылғы жалпы облыстық Ережені облыстық әкімшілік орны бастырып шығармақ болды, бұған қазақтар мен қатар молдалар да қатынасты. Әркімде бұл ереже басылып та шықты. Осы ережені жасауға қазақтың белгілі ақыны Абай Құнанбаев та қатысты » — деп мәлімет береді. Бірақ бұл мәліметтің растығына күмән тудыратын зepттeyшілep 1885 — 1886 жылдары Семей өңірінде Н. Я. Коншиннің болмағандығын, бұл кезде ғалымның Ярославский қаласындағы Демидов лицeйінің студенті ретінде оқығандығын қарсы дәйек ретінде ұстап отыр! Мәселе бізге керегі ғалымның ол кезде болу-болмауында емес, Ережені түзушілердің бірі Абай Құнанбаев екендігін көрсетілгендігінде. Абай Құнанбаевтың аты-жөні Ереженің 73-бабында Шыңғыс елінің құрметті қазағы деп көрсетіліп, құжатты әзірлеушілердің бірі ретінде қол қойған. Архив деректеріне зер салсақ Абай Құнанбаевты тек Қарамола ережесін әзірлеушілердің бірі ретінде ғана таниды. Ал естеліктер легіне келер болсақ Абайды Ереженің төл авторы ретінде көрсете бағады. Сондай деректі естеліктің бірі және көпшілік зерттеуші қауымның негізге алар нысанасы ҚР ҰFA OҒK-ның қолжазба қорында сақталған. Mүсірәлі Қожановтан (Абай замандасы) 1939 жылы жазылып алынған қолжазба. Енді осы естелікке назар аударып көрелік. Мүсірәлі ақсақалдың естелігінде Рақыш Тетиұлы деген Керей руының сөзін ұстаған ықпалды кісісі Өскемен, Зайсан уездерінен келген би-болыстарды үгіттеп, Абайды съезге қатыстырмау үшін Семей облысының генерал-губернаторына шағым түсірмек болғаны баяндалады. Сонда араға ағайындық жасап, татуластырған Әлімхан деген ақсақал съездегі төбе билік ел-жұртты көшіріп Абай қолына алып бергенде, Абай былай депті «Әлеке, мен уезге орыстың қазақ ортасындағы дауларын бітіру туралы шығарған заңның қазақтың әдет-ғұрпына қайшы келетінін айттым. Уезд оны ұғынып маған қазақ әдет-ғұрпына қолайлы заң жаз», — деп тапсырды. Соны жазып жатырмын. Бітірген соң барлық билерге, жайылған көпке оқып беріп, олардың тапқан кемитін болса, түзетін, уезге тапсырмақпын. Уезд сол заңды бекитін, бұдан былайғы съезге қолданбақшы болды». Естеліктен Мүсірәлінің баяндауы одан әрі былай «Үш күннен кейін уезд барлық елін жиып алып Абайдың жазған жаңа заңын оқытты. Барлығы 93 статья екен. Көпшілігі түгел мақұлдады. Бір ауыз сөз қосқан жан болмады. Съезге билер сол заңды қолданды. Жанжал - шатақ болмай, ел неше жылдай былығып жүрген дау-шарларына тынып қайтты. Қазіргі таңда Қарамола ережесінің мәтіні 73 (74) баптан (параграфтан) тұратындығы мен оның 1885 жылы өткендігі архив деректерінде нақты көрсетілген. Ал Мүсірәлі ақсақалдың аталған естелігінде Шар төтенше съезін өткен жылы өтті делінеді. Сондықтанда Мүсірәлі естелігін толықтай дерек көзі ретінде қарастыра алмаймыз. Қолда бар тарихи материалдар Абайдың Ережені толықтай өзі жазбағанын нақты айқындап беріп отыр. Сондай-ақ көптеген зерттеуші ғалымдар Ережені Абайдың төл туындысы ретінде қарап, оның мазмұнын әркім қарастыра алу қабілетіне қарай талдап -тексереді. Бұл — асығыстық және Абайтануға түскен көлеңке. Сондықтан да біз Абайды Ережені әзірлеушілердің бірі ретінде ғана қарастырамыз. Ол бірқатар себептермен байланысты: 1. Ереженің қабылдануы өз кезегінде патша өкіметінің жұмысын жеңілдетіп (парлау саясатының құралы ретінде бағаланған. Ереженің өн бойынан әкімшілік құқықтық және ұйымдастырушылық шаралардың белгілері анық байқалады. Қарамола Ережесінің жазылуы мен съездің ашылуының өзі сол кезден дала генерал-губернаторы Г.А.Колпаковскийдің 1884 жылдың 18-тамызында бекіткен. Правила для руководства чрезвычайных периодических съездов для разбора взаимных претензий киргиз Семипалатинской области по делам, подлежащим ведению этих съездов», — деп аталатын құжатқа сәйкес жүргізіліп, оның әкімшілік ықпал ету шаралары Ереже нормаларынан нақты көрініс тапқан. Мәселен мал өсіріп (35-бап) сияқты төтенше жағдайларда аймақта тиісті шараларды орындамағандар 7 күннен 1 айға дейін болыспен абақты кесілген. бұл норма қазақ дауын шешуге бағытталмаған, оның негізгі мақсаты аймақта төтенше жағдайдың алдын алу мен оның елге тарап кетпеуін қамтамасыз етуі таза патшалық әкімшілік жазалау шарасы. Сондай-ақ Ереженің 66-бабына сәйкес штатқа кірген әр болыстағы тағайындалған молда өз болыстығы аумағындағы азаматтық хал-ахуалды (туу, өлу, некелесу, ажырасу фактілері) метрическая книгаға» хаттап жүргізіп отыруға міндетті болған. Әкімшілік -ұйымдастырушылық сипаты басым бұл норма 1899 жылы жаңа дала генерал-губернаторы барон М. А. Таубенің бұйрығының негізінде өзгеріске ұшырап, азаматтық хал-актілерін жүргізу міндеті ауыл старшындарына жүктелген. Мұндай әкімшілік императивті сипаты басым нормаларды Абайдың туындысы деп телу қисынға келмейді. Жалпы төтенше билер съезінде қабылданған Ереже нысанындағы құқықтық құжаттардың табиғаты мен бітім-болмысын объективті тану үшін төтенше билер съезі туралы өзге де архив деректерін салыстыра қарау қажет және мұндағы империялық билік нормалары қаншалықты дәрежеде үстемдік етті деген сұрақты үнемі қатарластыра қойсақ біраз нәрсені аңғаруға болады. Архив деректеріне сәйкес Көкшетауда өткен билердің төтенше съезінде қабылданған Ереже туралы полковник Троицкийдің Ақмола облысының генерал-губернаторына жолдаған купил рапортында былай делінген: «...Такое постановление (ереже), предусматривающее все вышеизложенные потребности, было выработано лично мною заблаговременно до начала съезда, дабы не упустить чего- либо, а затем предложено на обсуждение всех народных судей чрезвычайного съезда... В общем, как видно из постановления, оно не встретило возражений, а только изменения в мере наказания и не имеющие значения уклонения от коренных обычаев киргиз. Неприятно действовало, что народные судьи на каждом шагу понимали не свой адат, а шариат (письменное право мусульман), о котором они понятия не имеют, да и не имеют права им руководствоваться». Келтірілген мәлімдемеден билер съезінде қабылданатын Ережелердің толықтай билер туындысы деп қабылдауға сәйкесе алмайтындығын және ереже астарында әдет-ғұрып нормалары болғанымен құжаттың негізгі бағыт-бағдары патша шенеуніктерінің әзірлеуімен өмірге келетіндігін байқауға болады. 2. Ереженің бізге белгілі қолданыстағы архивтік екі нұсқасы Абайдың «Шыңғыс болысының құрметті қазағы» мәртебесінде 18-болып қол қойғандығын көрсетіп отыр. Сондықтан да Ережеге қол қойған езге де 50 шақты би-болыстың Ереже түзуде өзіндік ықпалы мен орны болмады деу тарихи қисынға келмейді. Жоғарыда келтірілген Н. Я. Коншиннің жазбасында съезге молдалардың да қатысқандығын атаған. Ереже түзу қоғамдық шара болғандықтан діни сауатты молдалардың қатысуы — қоғам талабы. Шын мәнінде XІX ғасырдың екінші жартысы қазақтардың дінге көңіл бөліп қажыға баруы мен дала өңірінде ағартушылық сипаттағы мектеп - медреселердің көптеп ашылуы сияқты құбылыстарға толы болды және бұл құбылыс өз кезегінде құқықтық өмірге ізін қалдырып, шариғат нормаларына жан бітіре бастады. Белгілі тарихшы Ж. О. Артықбаев қоғамда болып жатқан мұндай өзгертулерді «Іслам дінінің XІX ғасырдың ортасынан бері жандана түсуіне көптеген себептер бар оның бастылары — елдің күйзелісі, отаршылдықтың ұстанып келген саяси тәртіпті, рулық, дәстүр мен салт-сананы езгіге жығуы, шаруашылық және әлеуметтік дағдарыс, шоқындыру саясаты және т.б.» — деп түсіндіреді. Сондықтан да Ереженің 28, 37, 39, 40, 55-баптарында орнығып, шариғаттың табы қалған нормаларға талдау жасағанда молдалардың да ереже түзуге тигізген ықпалын ескеру қажет және ол анық байқалып тұрады. Аталған баптардағы дүре салуды Абай дүниетанымының жемісі деп бағалау зор қателік. Бұл Абай биліктерінің логикасына қайшы және Абайдың берілген бұрын тең жазасын емес, ар жазасын мақұлдаған көзқарастары мен іс - әрекетінің мазмұнымен қабыса алмайды. Ережесінің 28-бабы «адам мүшесі мертіксе үкімет шариғат бойынша айтылады» дей келе шариғат нормаларын айырып - бекітуді «Семейдегі Ахмед Уәли Мүсірәлі һәм Өскемен молдасы Мырзағали Раббасұлына» берілген деп нақты көрсетуге шариғат нормалары орналасқан баптарды молдалар ықпалымен түзілді деп айтуға әбден негіз бар. Сондықтан да біз Абайды Қарамола Ережесін әзірлеушілердің бірі ретінде қарастырамыз. Негізінен Ереже мазмұны — қазақ әдет ғұрып құқығы нормаларын жақсы меңгерген майталман билердің алқалы әрекетінің жеңісі. Осы қырының байламынан келіп қарау ғана Абайтанудың шынайы бейнесін ашып бере алады. Бұл жайлы Бакихан деген ақсақалдан жазып алып баспа бейне берген Совет Тоғызбаев деген зейнеткердің ел аузындағы әңгімесі біздің ойымызды қуаттай түседі. Әңгіме басы қалыптасқан ат бойынша Абай ереже жазыпты дей келе, әрмен қарай былай өрбиді «Осы жобаны (ережені) дайындау үшін әр елден басты-басты адамдарға ұсыныстарын жазып, Абайға жіберуін хабарлайды. Сонда бұрын аға сұлтан болған Өскемен оязының Бұғабай өз жобасын жіберіпті. Арнайы алып келген адамның кезінде Абай жобамен танысып шығып көп кемшіліктерін көрген соң, реттелген «өттен надандық-ай!» —депті. Ол жобаны апарған адамнан Абайдың әлі айтқанын естіген Бұғабай бастаған жоба иелері мұны өздерін кемсіту деп санап, намыстаныпты. Реті келсе, өсе қайтармақшы да болып жүреді. Ары қарайғы ендігі жерге екеуінің кезегін, ренжіскендерін, артынан сыйласып татуласып қайтқанымен біледі. Мәселе Бұғабай ұсынған жобаның қабылдану - қабылданбағанында емес, акті — ереже түзуде ел-елдің белгілі би-болыстарымен келісіп барып, келісім табуды мақсат тұтқанын және солай болғанын аңғару. Ендігі жерде Абайдың Ережедегі әзірлеушілердің бірі ретіндегі мәртебесі қандай болды және нормалардың ішінде орналасқан негізгі мазмұн Абай көзқарасы, деңгейін, танымы шеңберінде сомдалған ба, осы тұстың ара жігін ажыратып қарау басты мәселе. Дөрекі естеліктер Абайдың Шар төтенше билер съезінде төбе би болғанын жоққа шығармайды. Абай бейнесінің ерекшелігі де сол, оның съезге қатысқан қатардағы билерден мерейі үстем болып төбе би мәртебесін иеленгенінде. Төбе би мәртебесін алу қазақ ортасында Абайдың сан қырлы саңлақ би, көзі көреген, көкірегі дана ғұлама хакім деңгейіне көтерілгендігінің бір көрінісі. Сондай-ақ өзі айтпақшы «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысын» бек жақсы меңгеріп, ел билеуге салуда қоғамның даму динамикасымен жарастыра, қабыстыра отырып қолданыстағы құқыққа прогрессивті ен бергендігімен артық және қымбат. Абайдың төбе би ретіндегі бейнесі тек бір бұл емес, көптеген съездерде жарқын болып, құқықтық қуаты мол қағида сөздерімен талай ысқы аяқ дауларды емдеген. «Қарамолада бірнеше елдің бас қосқан съезіне төбе би болған сияқты, Көк тумадағы, Жетісу мен Семей облысының бас қосқан съезінде, Абай тағы да төбе би болған» — деп көрсетеді М. О. Әуезов. Сондықтан да Абайдың төбе билікке жетуін өзге де съездерден көруіміз оның әділеттілігін аңдатса, ішкі сыры прогрессивті бағыттағы сапалық қасиеттерін қатар қойып қарағанда оның алдына шыққан бидің бола қоймағандығының дәлелі және бұл өз кезегінде төбе би ретіндегі тәжірибесі мол құқық биігін сомдап береді. Төтенше билер съезінде даудың енді үшін үш би сайланып, оның біреуі төрелікке бекітілген(халықпен). Алқалы түрде үш би жазылған ережеге негізделе отырып билік қылған. Қатардағы екі би екі ұшты байламға келсе, төбе би бір жағына құлаған немесе жеке түпкілікті билік жасаған. Съезде төбе билікке бекітілу(халықпен), оның алдына Ереже нормаларының қолданылу аясы мен мақсат - мазмұнын дәл анықтап, жетелеп отыру міндетін жүктейді. Қарамолада өткен съезде Абай қасында болған екі бидің бірі — төре тұқымынан, екіншісі — қажы барған қазақ көрінеді. Қарап тұрсақ әлеуметтік мүдделері мен этногенетикалық қалыптасқан көзқарастары әр түрлі. Дау шешу мен ереже түзу барысында олардың ықпал - әрекеті болмады деу де қисынсыз сұрақ. Сондықтан да Ереже нормалары өзіне қоғамның әлеуметтік, діни, саяси және экономикалық құбылыстардың ықпалын бойына сіңіріп, ішкі жасап - жабдықтаған.

Бізге керектісі — Ережедегі Абай ықпалының барысы және дегені. Мүсірәлі ақсақал айтуы бойынша Абайды делінеген анық есіңде қалған екі баптың бірі туралы былай дейді «әйелдің бостандығы туралы статьяда орыс заңында байы өлген әйелді байының аға-іні әмеңгері, өзі алса да, сатса да ерікті деген. Абай байы өлген әйелдің басы бос болсын, ол бір рет сатылған, екінші рет сатуға салынбасын, — деген». Ескіңде қалған тәртіп бойынша «ерден кетсе де, елден кетпейді» — деп, жесір әйелін жақын қандас туысына, тіпті болмаса рудың бір азаматына қосып ағартып отырған. Жесір әйел кейін ұнатып өзгеге барамын деп, әмеңгерден бас тартса сатылып берілетін фактілер көп кездескен. Қалыңын төлеген (шамасы ішінара). Мұны қиянат керген Абай: «Бұл әдет емес, ол әйел о баста бір сатылған, жасау - мүлкі мен келін алғашқы қалыңмал орайын төлеткен. Енді екі сатылмақ — зорлық. Алатын әмеңгері болмаса, еркі өзінде, ол әйел — азат» — деп әйел азаттығын құқықтық - құндылық бағдар деңгейіне көтерген. Абай көзқарасының мазмұны Ереженің 46-бабына: «Күйеуі өлген жесір әйел сүйсе, күйеуінің бір туысқан бауырына тиеді егер де сүймесе, ықтияры өзінде» — деп құқықтық нәр береді Ереженің 45-бабында: «Егер қалыңдығы елін қалып, балдызы жездесіне бармаймын десе, алған қалыңмалын қыз әкесі күйеуіне қайтарып беруге» — делінген. Бұл норма Абайдың жесір дауында «Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер:!» — деп билік қылған қағида - сөзімен (прецедент) інілерін сырластықта үйлесім тапқан. Абай әділеттілігінің және хакімдіктің жарқырап көрінген тұсы әйел баласының теңдігін әперумен мерейлене түседі. Келіні Кәмалия Абайды: «Әкем жесір әйелге, жетім балаға қатты қарайласатын. Бір күні Мәтібала дейтін жас әйел келді де көз жасын төгіп жіберді «Күйеуімнің өлгеніне бір жыл болды. Жалғыз ер балам бар. Туысқандар әмеңгерімнің, бірімізге тиесің деп тыныштық бермей жатыр. Мен байға тимеймін, басымды талқыға түсірмеңіз» деп тағы жылады. Бұл әйел — Топай дейтін елдің Бітімбай деген адамның Жесір әйелі екен. Әкем сол елдің басты адамдарына хат жазып берерде, «Енді ешкім тимейсің, үйіңе қайт, балаңды тәрбиелеп өсір, шаруаңа ие бол» — деді. Және де «Ата жағынан әкеме жақын Темірғали дейтін біреуге Ақбордақ дейтін жесір жеңгейін аламын деп зорлық істеп, қараңғы үйге қамап қойыпты. Әйел қамаудан қашып әкеме келді, бостандық алды. Ақбордақ Мамай дейтін елдің Әділ дейтін бір кедейдің қызы еді. Әкем әйелдің өтініші бойынша, бар мүлкімен өзінің әкесіне жеткіздіріп салдырды», — деп еске алады. Абай көзқарасында әйел теңдігін әперу, еркектің құқықтық жағдайымен іздестіру мағынасында бейнеленбеген. Осы тұста көптеген зерттеушілер шатасып жүр. Әйел теңдігінің басты өлшeмі оның рулық - патриархалдық қоғам мен еркектің құрсауынан құтқару бағытындағы азаттық, еркіндік, бостандық идеяларымен шендестіріп, мазмұндылығымен бағаланып, бағамдалады. Абай тұсындағы қоғамдық өмір мен құқықтық дүниетаным классикалық мағынадағы еркек пен әйел арасындағы тең құқылықты қабылдауға, мойындауға енжар мінез - құлық танытты. Сондықтан да Абай көзқарасы әйел ұғымын абсолютті меншіктер мен құндылықтар бағдарында сомдап, әйел баласының әлеуметтік бейнесін адами деңгейге көтеруге тырысты. Қоғамдық өмірде Абай көзқарасы негізінен сот тәжірибесінде, құтқарушы - қорғаушылық қызмет аясында жүзеге асып отырды. Ереженің 42-бабы бойынша қалыңы төленген қыз бен ерге шыққан әйел келісімі жағдайларда неке бұзып, еркіндік ала алған:

Күйеуі белсіз немесе асты жазылмас ауру болса;
Күйеуінің келісімімен;

Күйеуі түзелместей ұры болып, жағымсыз қылықтары әшкере болса және басынан еркі кетсе; Күйеуі қыздан 25 жас үлкен болса; Күйеу кедей болып қалыңға мал бере алмаса; қыз күйеуден 9 жас үлкен болса. Бұл нормалар тынысы Абай өлеңдерімен үндесіне құрылған. Абайдың 1896 жылы жазылған «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңінде: «Кімде-кім үлкен болса еліңмен, Мал беріп алғанменен, затың емес», — деп келітірілген баптағы «күйеу қыздан 25 жас үлкен болса ажырасуға мүмкіндік беретін» нормамен рухани байланыста. Қазақи жыл қайыруда бір мүшел 13 болып, келесі әр мүшел 12 жылдан өтіп барып қосылатынын ескерсек, айтып отырған екі мүшелі — 25 жыл болып норма мазмұнында орнаған. Өлең уақыты жағынан кейінірек жазылғанымен келген норма Абай ойының туындысы екендігін жоққа шығармайды. Қазақ қоғамын қатты күйзелткен қылмыстың бірі — ұрлық. Көшпелілердің күн көрісі мен өмір сүруінің негізі болып табылатын төрт түлік мал — қылмыстың объектісін құрады. «Мал ашуы — жан ашуы» дейтін қазаққа ұрлық қылмыстың аса жеккөрінішті түрі болды. «Мал-жанның» амандығы — ұғымдардың өзара тығыз байланысын және бірін бірі толықтыратын кеңістік пен уақыттағы тұтастықты бейнелеуші еді. Бұл тұтастық қоғамдық өмірде де өз көріністерін беріп, далалықтардың дүниетанымдық ерекшеліктерін қалыптастырды. Түлік қасиеті оның құтында, дәулет құрушылығында жатты, сондықтан да оны қастерлеу, қасиет тұту әлеуметтік ерекшелік пен наным-сенім бастауларын қатар қалыптастырып, өзара үндестікте ұстады. Құқықтық өмір құбылыстарын қабылдауда малдың сандық және сапалық көрсеткіштері ықтық параметрлердің жүйесін қалыптастырды (түйе бастатқан тоғыз және т.с.с.). Әрбір құқықбұзушылық малдың балама құнымен айқындалған мүліктік - құқықтық жауапкершілік туғызып отырды. Ереженің ұрлыққа қатал қарауы тек мүліктік емес, дәстүрлі құқыққа ерсі саналатын еркіндіктен айыру (абақтыға отырғызу) мен тән жазасын (дүре соғу) белгілеуінен айқын байқалады. Бұл ұрлықтың сол заманда өткір мәселе тудырған құбылыс екендігінен сыр шертеді. Бай атқамінерлердің ұры ұстауы қоғамда салмағы басым күштілердің белгісі болды. Олар тіпті өзара сыбайластықта әрекет ететіндігі туралы В. Фон Герн жазбасында былай делінеді: «Такие богатые покровители конокрадов, которые защищают даже воров своим влиянием... находятся в каждом уезде, хорошо знают друг друга и обоюдно помогают в случае нужды скрыть следы воровства или избежать наказания». Сондықтан да Ереженің 39-бабы: «Ұрлыққа жат еткен адамдар ұрымен бірдей жаза тартады» — деп қылмысқа қатысушылардың құрамын ашуға ұмтылады. Бұл ұмтылыс 60-бап бойынша ұры серіктерін былай анықтап беретін: 1) ұрыға ат берушілер; 2) ұрлық істегендер; 3) ұрлық малды жасырушылар; 4) істелген ұрлықты біле тұра жасырушылар (хабарламау). Ереже бойынша аталған адамдар айып тартарда (бірлесе) жауап берді. Егер малы жетпесе субсидиярлы сипатта әкімшілік бөлініс ескеріле отырып топ басындағы кісілер және халқы жауаптылыққа қоса тартылды. Аталған норма Мүсірәлі ақсақалдың есінде қалған, ол былай дейді: «Ұрының малы, елдің алатын ақысына жетпеген күнде кімнен өтінсін деген. Абай ұрыға ат майын берушілер мен ұрыны сүйеуін ауылдың атқамінерлерінен өтінсін деді.

Осы замандағы ұрлық негізінен табиғатына қарай 2 түрлі болды: 1) сайлау алды үстемдігін орнату мақсатында қарсыласының бағын тайдыру және қоғамда өз үстемдігін орнату үшін күш ретінде ұры ұстайтын бай атқамінерлердің ұрлығы; 2) кедейліктен, жоқтықтан отаршыл саясат орнаған заманға іштей әлеуметтік қарсылығы ретінде көрініс тапқан кедей-кепшіктердің «күн көрістік» сипаттағы ұрлығы. Абайдың ұры өнегелі әрекеттері халық жадында көп сақталған. Бай атқамінерлер ұрларға норма түзу арқылы қатаң жолмен жауаптылыққа тартса, кедей-кепшіктің күн көріс қамы үшін істеген ұрлығын өзі мал беріп, қасына алып әкеп үйрететін адам қатарына қосып тыйған. Бұл жайлы қызы естелігінде былай делінеді «..Жілтек дейтін елде Қорамжан деген кісі болды. Тілге шешен, ділмар кісі екен. Өзі кедей екен, ұрлық істемейді екен. Бір күні әкем Қорамжанды шақыртып алды. Қорамжан сәлем беріп кіріп келді. Үйде кісі көп еді. ...Әкем қадала қарап қалды. Аздан соң әкем: — Сенен бір нәрсе сұрайын деп шақырдым, бересің бе? — деді. Абыржып қалған Қорамжан алыңыз - алыңыз дей берді... Жалғыз атынан басқа түгі жоқ Қорамжаннан не сұрайды екен деп басқалар таңырқағандай болды. Әкем одан көзін айырмай қарап отырды да:

—Маған ұрлығыңды берші, — деді.

Қорамжан төмен қарап кетті де:

—Жоқшылықтан ғой, Абай аға, енді қояйын, аштан өліп, көштен қалмаспын, — деді.

—Ой шіркін, осы елде сенен басқа кедей жоқ па, сол кедейлердің бәрі бірдей ұры ма? Онан да, бала күнімнен алған тәрбием, үлгім еді десеңші. Қазір осы ауылдан 3-4 түйе ал да, үйін көшіріп кел, — деді... Сол күні Қорамжан көшіріп келді. Ол ұрлығын мүлдем қойды да инабатты адам болып кетті...».

Сондай-ақ Абайдың қазақ арасындағы өз ықпалын болыстық сайлауларда да өткізіп, болыстыққа кандидат болып ұры ұстайтындардың жолын кесіп, елден қудырып, халық қалаған әділет сүйер жандарды бекіттіріп беріп отырған әрекеттері де жиі кездеседі. Ереженің 58-бабын байыптап қарасақ үй, жабық қора - қопаларды бұзып қастық ниетпен қылмыс істейтіндер айыбының мөлшері, бұзбай ұрлағандармен салыстырғанда анағұрлым жоғары белгіленген. Мұның себебі де түсінікті, жартылай көшпеліліктің жаңа жанданған тұсында аталған қылмыстық әрекет қоғамдық ахуалға зиян, теріс қалыптастыруы мүмкін. Біз осы қырынан келсек қапа Абай көзқарасын аша аламыз. Себебі Абай отырықшылықты жақтаған. Өз кезегінде отырықшылық халықтың, білім -ғылым, өнермен сусындап мәдени дамуын көрсетсе, шаруашылыққа тигізер пайдасы — егіншіліктің өркендеп, елді мұқтаждығынан арылтып адал пан табуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ норманың ерекшелігі оның қоғамға қауіптігімен қатар маңыздылық деңгейін анықтап бepyіндe жатыр. Бұл туралы В. Д. Троновтың еңбегінде былай делінеді «Степень важности кражи считается по стоимости вещей; по способу же совершения и обстоятельствам наиболее важной считается кража из юрты со взломом, причем если вор еще делает насилие над окружающими». 58-бап қора ет бұзғандарға — 1 тоғыздан 3 тоғызға дейін айып, ал бұзбағандарға — ат-тон айып қана кескен. Ұрланған мүліктің сомасына қарай айып мөлшері де есіп отырған. Ереженің 26-бабы кісі өлтіру қылмысы туралы күн белгілеуде, қылмыстың субъектінің жағын ашып беруімен құнды. Нормада қасақана кісі өлтіру 100 түйеге құнды қылған. Ал ойланбай басқа себеппен абайсызда жан тәсілім болып кетсе, 50 түйе күн кескен. 1902 жылдың күзінде жерге таласып кісі өлімі болғанда Абайдың аталған норманы қолданғандығын көрсететін бір бөлігін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. Даудың қысқаша мазмұны мынандай: Мамайдың бір баласы Сарыбас руынан 20 шақты шаңырақ Нұрлыбай деген жайылым жерге таласып, Мамайдың ең жуан ауылы 150 үйдей Жиен Шора деген руының Тоқсанбай баласы дегендер ұрын. Дау болып, билер күн көріп бітірмек болмаққа көнбей, Нұрлыбайдың ағасы Жақып «Маған теңін беретін болса, Абай алдына барып жүгінемін» деп отырып алыпты. Құнды болған Жиен Шора Абайдың құдасы, әрі досы екен. Ал 20 үй Сарыбас Абайдың жау жағында жүрсе керек. Сөйтіп Абай алдына жүгініске келгенде Абай істің мән-жайын сұрайды. Бақса Нұрлыбай қой жайып жер бөліп не жақындаған тұста арғы беттен Тоқсанбай ауылынан 4 — 5 аттылы сойыл ұстап бері шығыпты. Мұны байқап, сескенген Нұрлыбай қойшысына қойды кейін айдатады, осы сәтте 4 — 5 аттылы айқай салып қуып берген. Нұрлыбай қашып үйінің тұсына жете бергенде қуып жеткен аттылар сойылға жығып, қарақұсы ойылып елін кеткен. Сонда Абайдың айтқан бітімі:

— Ер құны елу түйе болады. Ұрыста тұрыс жоқ деп, қата тимесе бата тиіп елін кеткен адамды айтады. Сені өлтірмей қоймаймын деп қасарысып, қашқанды қуып, әдейілеп өлтірген адамның құны жүз түйе болады. Мына Нұрлыбайды өлтіру, әдейі. Сондықтан бұның құнын мен жүз түйеге кестім. Мамайдың алты баласынан келіп отырған сендердің сыбағаңа бес түйеден 30 түйе күн кемітілсін. Мына Жақыпқа жеткен түйе күн төленсін. Соны сендер алып беріп бітіріңдер.

Жалпы Ереженің өн бойынан Абайдың көзқарасын айырып тану аса нәзіктікті және тиянақтылықты қажет етеді. Тани білу талдауды қажет етеді. Әйтпесе бүгінгі таңда Қарамола ережесін тұтастай Абай туындысы деп қарап, байыбы мен Абай танымына тереңдемей жатып талдау үрдіске айналып барады. Сондықтанда танымай жатып талдау Абай бейнесіне түскен көлеңке. Мәселен Қарамола Ережесінің 2-бабында орнықтырылған норма Абайдың: «би екеу болса, дау төртеу болады». Оның мәнісі — тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйткені би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды - білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере болғандықтан түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуара кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке (төбе билікке) сайлап алып, біте берсе, егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді — деген үшінші қара сөзімен өзара тамырлас, үндестікте құрылған. Сондықтан да Абайдың Ережедегі әзірлеушілердің бірі және бірегейі ретіндегі бейнесін енді бағалау, құқықтық көзқарасын сомдаудың өзекті мәселесі

Ереже. Мал дауы — һәм бас кететін іc Жер дауынан басқа өзге он жыл өткен даулар уақыты өткен себепті салауат қылады. Қолы жетпей жүрген нашар адамдардың жұмысы салауат қылынбайды. Қазақта мақал бар: «он жылда ердің құны салауат» деген. Қазақ дауының көбісі — мал дауы. Қырда жазалы адамға шығын төлетеді, айып салады, айдап абақтыға салатын тіпті жоқ. Қазақ тілінде «уголовной» деген орыстың сөзіндей сөз де жоқ. Айдау, абақты болмаған соң. Сондай болған үшін ең үлкен жаза, мысалы кісі еліктеген, әйелге зорлық еткен, тонау — бұлардың бері қазақ арасында мал дауының несіне ұқсайды. Ең үлкен дау — қырда кісі құны. Жоғарыдағы айтылғанға қарағанда, он екі жыл еткен соң әншейін дау түгіл, кісі құны да қазақ заңына салауат болады деп ойлауға болған. Біздің ойлағанымыздың растығы ереженің осы бабындағы билердің он жыл еткен дау салауат болсын дегеннен көрініп тұр және де қайсыбір көпті көрген қарт билер сондай жұмыстарды тексергенде 12 жылда ер құны да салауат болады дегенінен көрініп тұр. Мұнан байқауға болған, билердің он жыл еткен дау салауат болсын дегені орыс заңынан алған емес, қазақ рәсімінен алынған. Солай да болса, қырда қайсыбір арада 20 жыл еткен даулар бар, салауат болмаған. Сол себепті ойлау керек, 10 —12 жыл өткенде дауды салауат қылу қырдың бәрінде емес; оның орнына қазақ арасында ағайын, қарындасшылық деген бар. Даугерлерді ризаластырып, даулаған малынын жартысын бұйырып береді. Мұны билер көбінесе көп уақыт өткен дауға һәм дәлелдеп алмаған, мойнына қоя алмағанға және де үлкенге тілі, қолы ғана, соған айып сұрап, тілі, қолы тиген екендігін мойнына сала алмағандар арасына жүргізеді. Жер тамырлығы бұл жұмысқа қосылмайды. Қазақ арасында осы күш «жер тамырлық» деген бір сөз шықты. Бай адамдар тамыр болып, көбінесе - ақ кедейден жерін қалап алатын болып жүр. Оған «жер тамырлық» деп ат қойған. Орыс законы бойында, сыйлаған нәрсесін құрмет тұтса, қайта алуға болған ғой, сондай-ақ қазақтарда да бар қайтып алатын рәсім. Ереженің 10-бабында «жер тамыр» болып жерсіз қалғандарға біреуге қолқа үшін бермеген жерін қайтып даулап алуға болған болсын, жері жоқтар азайсын дегені ғой. Қолы жетпей жүрген нашар адамдардың жұмысы жер тамырлықтай-ақ, он жыл етсе салауат болмайды. Қырда билік қылу жөні сондай, жалғыз бай, құрметті, күшті адам теңдік табады, сайлап қойған биден. Әділдік таппаған нашар адамдар қырдағы ру адамына жалынады, маған болысыңыз деп. Ондай белгілі жұрт адамы да әр қайда көмек көрсете қоймайды нашарға.

Ереже. Гражданские и уголовные дела Претензии с десятилетнею давностью оставляются без рассмотрения, за исключением наследных (жертамырлық). Дела, по которым слабые люди (қол жетпеген) не получили удовлетворения, о чем и известно главам отдельных родов (жұрт адамы), не подлежат прекращению. У киргизов существует юридическая поговорка: «Он екі жылда ердің құны салауат», т. е. через двенадцать лет подлежит к прекращению и кун мужчины (кун — плата за убитого человека; кун мужчины стоит сто лошадей и две рабыни или девицы — жесір). Киргизские взаимные претензии, тяжбы и обвинения имеют характер гражданских исков. За проступки и преступления между киргизами виновных не привлекают к ответственности, а только потерпевшие с них взыскивают убытки и вознаграждения себе в виде штрафа (айып), и даже на киргизском языке нет определенного термина, выражающего понятие «уголовная ответственность» или «уголовное дело», поэтому и самые тяжкие преступления, как, например, покушение на жизнь, лишение девицы чести, убийство, вооруженное нападение, у киргизов имеют характер обыкновенных гражданских исков.

Большим гражданским иском в степи является требование куна за убийство. Основываясь на вышеприведенной поговорке, можно допустить предположение, что не только простые претензии, но и иск куна по истечении 12 лет подлежали к прекращению. Подтверждением к этому, по нашему мнению, служит определение давности исков в настоящем параграфе ереже 10 летами и ссылка некоторых опытных старых биев во время разбора таких дел, которым истекло более 10, на то, что через 12 лет не удовлетворяется даже и иск куна. Из этого можно заключить, что определение давности исковых претензий 10 годами не заимствовано из русских законов, а основано на каком-нибудь известном обычае. Тем не менее в некоторых местах киргизской степи в производстве встречаются такие исковые дела, которым истекло более даже 20 лет. Поэтому можно заключить, что не во всех местах степи при предъявлении исков соблюдают 10- или 12-летшою давности. Но зато между киргизами распространен обычай, названный агайын карындас, удовлетворяющий исковые дела только половиной исковой суммы. Этот обычай биями, т. е. народными судьями, применяется на практике только тогда, когда исковым делам прошло уже несколько лет и истцы, потерпевшие в правоте и справедливости своих исков и требующие себе штраф за обиду и оскорбление, не могут предоставлять ясных доказательств и улик к признанию виновными привлекаемых к ответственности. Из числа таковых претензий, которым истекло 10 лет, исключены земельные претензии, названные жер-тамырлык (жер — земля, тамырлық — дружба), т. е. дружба за землю. Для объяснения термина «жер-тамырлык» скажем и о «тамырлык», т.е. о дружбе киргизов. Тамырлык, или дружба киргизов, состоит в том, что два киргиза для подкрепления восстановившихся между ними дружеских отношений торжественно объявляют друг друга тамырами, т. е. друзьями не только до конца жизни, но и до светопредставления. Вещественным доказательством вечной неизменной дружбы служит обмен подарками. Такой обмен подарками между друзьями называется алмаклык, требование кем-нибудь из них подарка — колка салмак, а самый подарок — колка. Иногда в колку отдают и землю (под землей подразумеваем кстау, т. е. зимовку). Зимние, осенние и весенние стойбища у киргизов считаются общественными, а зимовка собственностью тех, которые владеют ими по наследству, путем покупки или по отводу однообщественников. Каждый владелец зимовки считается полноправным лицом, распоряжается ею по своей воле: может продавать и отдавать ее в аренду. Между киргизами иногда встречаются такие люди, преимущественно богатые, которые с корыстною целью вступают в дружбу (тамырлык) с бедными, чтобы у них приобрести себе зимовку в виде колки. Такой способ приобретения зимовок у бедных киргизов в последнее время так часто практикуется во многих местах киргизской степи, что киргизы для такой комбинации выдумали особый термин жер-тамырлык. По киргизским обычаям, так же как и по русским законам, дарителю предоставляется право требовать возврата подарка от получившего его за не почитание и неуважение к нему и по открытию со стороны его какой-нибудь корыстной цели, хищнической эксплуатации.В последнее время между киргизами встречаются безземельные (жераз) кибитковладельцы, т. е. не имеющие своих зимовок. Изъятие земельных претензий (жер-тамырлык) из категории других претензий, которым прошла 10-летняя давность, нам кажется, имеет характер меры для предоставления безземельным (жерсіз) киргизам возможности на суде биев требовать себе возврата зимовок, отданных ими в колку, и ставить своею целью уменьшение числа безземельных кибитковладельцев. Такое же исключение сделано и слабым людям (кол жетпеген), дабы они на съезде биев могли добиться удовлетворения в своих исках к богатым, сильным и влиятельным киргизам. Судопроизводство в степи таково, что удовлетворения в своих исках добиваются только богатые, влиятельные и сильные киргизы, а слабые, бедные — нет. Не добившись справедливости от официальных биев, слабые, бедные киргизы обращаются к влиятельнейшим главам отдельных родов (жұрт адамы), имеющим некоторое влияние на биев, с просьбой заступиться за них. Но и журт адамы не всегда внемлют жалобам таких жалобщиков.

С. Зиманов
Ереже — әдет-ғұрып құқығының, кіші жинақтары

Қазақ әдет-ғұрып құқығының маңызды қайнар көздерінің бірі — «ережелер» әдет-ғұрып құқығының кіші жинақтары болып табылады. XІX ғасырдың 60 — 80 жылдардағы Қазақстан облыстарын басқару жөніндегі ережелер билердің төтенше съездерін заңдастырды. Олар қажеттігіне қарай болыстар арасындағы аса маңызды және күрделі істерді қарастыру үшін патшалық шенеунік — уезд бастығынын қадағалауымен, сондай-ақ әр түрлі уездердің болыстарының арасындағы дауларды шешу үшін облыстық басқарма шенеунігін қадағалауымен құрылған болатын. Төтенше съездерге қаулы іске қатысы бар ауылдар мен болыстар, барлық атақты билер қатысатын. Дәстүр бойынша съезд әр түрлі көптеген даулы істерді қарастыратын. Сондықтан оның жұмысы даулы істерді қарастыру үшін негіз болатын ережені — әділеттік - құқықтық нормалардың ғана жинақтарын құрастырудан басталатын. Әр түрлі рулық ұжымдар мен болыстардан съезге келген атақты билердің мақұлдауымен уезд бастығы Төбе бидің тағайындайтын. Төбе биге ережені құрастыру жөніндегі комиссияны басқару жүктелді. Бұл шынайы шығармашылық жұмыс болатын. Ереже — жазылмаған қағидалар мен жекелеген «көне ережелерге», ұлттық соттық шешімдерге негізделе отырып, билердің осы төтенше съезінде заң күшін иеленетін нақты нормативтік ереже болуы тиіс еді. Осы съезде өзара даулар мен келіспеушіліктерді қарастырған билердің барлығы тек қана осы әдет-ғұрып құқығы нормаларының «Кіші жинағын» басшылыққа алуы тиіс еді. Ережені құрастыру арқылы келесідей мәселелер қамтамасыз етілді: әдеттік - құқықтық нормаларды жүйеге келтіру; жаңа жағдайлар мен ресми өкімет органдарының саясатына сәйкес кейбір әдептік - құқықтық нормаларға қажетті өзгерістер енгізу; қазақ әдет-ғұрып құқығының жалпы қағидаларына сәйкес ауылдарға қажет болған реттерде қоғамдық қатынастардың жаңа салаларын реттеген жекелеген нормаларды енгізу, әдеттік – құқықтық нормаларды қолданудың біртұтастығы. Құрастырылуына бүкіл жүзге немесе уезге белгілі қазақ әдет-ғұрып құқының білгірлері қатысқан бұл ережелердің прецедентті маңызы болды. Осындай деректердің бірі Абай Құнанбаевтың бастауымен 1885 жылы. Шар өзенінің бойында құрастырылған ереже болды. Ереже — XІX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдет-ғұрып құқығының жазбаша қайнар көзі Ережелердің өте көш қазылғандығына қарамастан онда әдеттік - құқықтық жүйенің жаңа тәртіптерінің көрініс тапты, әрі олар қазақ қоғамындағы ертерек замандардағы құқықтық құбылыстарды зерттеу үшін құнды нормативтік материалдар болып табылады. Ережені жинақтау және жан-жақты зерттеу — Қазақстандағы тарихи - құқықтық ғылымның бірінші кезектеп, аса маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

С. Зиманов
Ереже — малые кодексы обычно-правовых норм

Одним из важных источников казахского обычного права являются ереже — малые кодексы обычно-правовых норм. Положениями по управлению областями Казахстана 60 —80-х гг. XІX в. были узаконены чрезвычайные съезды биев. Они созывались по мере необходимости для рассмотрения значительных и наиболее сложных дел между волостями под надзором царского чиновника, а также конфликтов между волостями разных уездов под надзором чиновника областного правления. В чрезвычайном съезде принимали участие все знатные бии, аулы и волости которых были вовлечены в спорные дела. Работа съезда, на рассмотрение которого, как правило, передавались сотни разных дел, начиналась с составления ереже — как бы малого кодекса обычно - правовых норм, на основании которых будут решаться дела. С одобрения ведущих биев, прибывших на съезд из разных родовых коллективов и волостей, уездный начальник назначал тобе бия — главного бия съезда, которому поручалось возглавить комиссию по составлению ереже. Это была подлинно творческая работа. Исходя из определяющих неписаных принципов и отдельных «древних уложений» и прецедентных судебных решений, она должна была в письменной форме сформулировать конкретные нормативные правила, имеющие силу закона на данном чрезвычайном съезде биев. Все бии, рассматривавшие взаимные споры и претензии в рамках данного съезда, обязаны были руководствоваться только этим «малым кодексом» норм обычного права. Составлением ереже обеспечивалось: приведение в систему обычно-правовых норм; введение необходимых изменений в некоторые обычно-правовые нормы в соответствии с новыми условиями и политикой официальных органов правительства; разработка, согласно общим принципам казахского обычного права, в случае необходимости отдельных норм, регулирующих новые сферы общественных отношений в аулах; единообразие применения обычно-правовых норм. Ереже, в составлении которых участвовали уважаемые, известные во всем жузе или уезде знатоки обычного права казахов, имели прецедентное значение. Одним из таких источников было ереже, составленное под старшинством Абая Кунанбаева на берегу Чарского озера в 1885 г. Ереже — письменные источники казахского обычного права второй половины XІX и начала XX в. Несмотря на позднюю запись, в которой отразились и новые пласты обычно-правовой системы, они представляют собой ценнейшие нормативные материалы для изучения более ранних правовых явлений в казахском обществе. Сбор и всестороннее изучение ереже — одна из первоочередных, важных задач историко-правовой науки в Казахстане.

А. Зуев
Билердің төтенше съезінің шешімдері туралы

Қырғыздың халық судьялары өз съездepі не істерің қарастыруға кіріспестен бұрын, бір-біріне дауларды шешу кезінде басшылыққа алуы тиіс әдет-ғұрып құқығының әр түрлі ережелерін еске түсіріп, өздеріне «ереже» құрастырады, яғни оның барлық қажетті тәртіптер мен әдет-ғұрып құқығының қағидалары ескерілді де, басшылыққа алынады. Бұл қаулыға барлық судьялар қол қояды, және осыдан кейін аталмыш съездің судьялары қолдануы тиіс заң жинағына айналады. Осындай съездердің бірі Семей облысында халық судьялары не себептен екендігі белгісіз оларға міндетті жергілікті әдет-ғұрыптарды жойып, «әр түрлі келтірушілер үшін мол жауапкершілік мұсылмандық шариат бойынша» тағайындауды ұйғарды.

Соттық ережелер келесідей. 1-бап. «Егер кімде-кім біреуінің басынан ұрса, нәтижесінде ол ақыл-есінен адасып, жынданып кетсе, келген адамға бір мың тілле айып төлеттіріледі. Әрбір тілле алтынның бір бөлігіне, немесе 100 түйеге және шариғаттың 10 мың сомыма тең келетін шариғаттың әрбір сомы 20 тиынға тең келеді». 3-бап. «Егер кімде-кім біреуін жыныстық, мүшесін кесіп тастаса 100 түйе алып төлейді».

Келесі баптар да осындай жақсы. 26-бап. «Егер әйел адамның екі кеудесін де кесіп тастаса 100 түйе құн төлейді».

27-бап. «Егер әйел адамның бір кеудесін кесіп тастаса 50 түйе құн төлейді».
Келесі екі бап судьялық, ойдың тереңдігінің ұлпа бола алады:

44-бап. «Егер кімде-кім біреуді азаптап, денесін зақымдаса, істе қарау кезінде теңдік сақталуы ғана. Яғни егер азапталған адам құл болса, оның денесі зақымдалғанға дейінгі құны мен денесі зақымдалғаннан кейінгі құны анықталады да, осы екі құнның арасындағы айырмашылық азаптағаны үшін айып ретінде төлеттіреді. 45-бап. «Егер кімде-кім жүкті әйелді ұрса және ол әйел оны түсік тастаса, 100 сом төлейді. Ал егер тірі бала туып, кейін ол өліп қалса, 100 түйе құн төлеттіреді». Егер әйел ол түсік тастап, кейін өзі өлсе, 100 түйе және 100 сом құн төлеттіреді. Егер анасы елін, баласы өлі туса, 100 түйе құн төленеді. Ал егер анасы өліп, баласы тірі туып, кейін өлсе, бұл жағдайда құн екеуіне де есептеледі яғни 200 түйе төленеді. Әрине, мұның бәрі тек қана палеонтология ғана деп ойлауға болар еді, істер біріншіден, 1885 жылы май айында «Семей облысындағы Шар өзенінің бойындағы халық судьяларының төтенше облыстық съезінің құрметті мүшелері басшылыққа алынуы қажет тәртіп ретінде көрсеткен ереже болмаса» және екіншіден, осы ереженің соңындағы көп мағыналы «Семей облысының әскери губернаторының нұсқауы бойынша 14 ақпан, 1886 ж. № 1546 басылды» деп жазылып, қолы қойылмаса.

А. Зуев
О решениях чрезвычайных съездов биев

Киргизские народные судьи, перед тем как приступить к рассмотрению дел на их съездах, обыкновенно припоминают друг другу различные положения своего обычного права — адата, которыми они, по нашему закону, обязаны руководствоваться при решении дел, и затем составляют для себя так называемое «ереже», т.е. руководящее постановление, в которое заносят все подходящие правила и наставления обычного права. Постановление это подписывается судьями, после чего оно уже становится как бы сводом законоположений, обязательных для применения их судьями того съезда. На одном из таких съездов, в Семипалатинской области, народные судьи, не-известно чем побуждаемые, порешили вовсе отвергнуть обязательные для них местные обычаи и назначить «имущественную ответственность за различного рода увечья по магометанскому шаригату».

Вот это судебное руководство.

Ст. 1. «Если кто-либо кого ударит по голове и от этого пострадавший потеряет рассудок и сделается сумасшедшим, то виновный подвергается к уплате одной тысячи тилля, каждая тилля равняется одному золотнику золота, или 100 верблюдам и 10 тысячам рублям шаригата: каждый рубль шаригата равняется 20 копейкам». Ст. 3. «За обрезание детородного уда виновный подвергается уплате 100 верблюдов».

Следующие статьи также хороши:
Ст. 26. «За обрезание у женщины обеих грудей платится кун в 100 верблюдов».
Ст. 27. «За обрезание у женщины одной груди платится кун в 50 верблюдов».

Образцом глубокой проникновенности судейской мысли могут служить следующие две статьи: Ст. 44. «За истязание человеческого тела необходимо при разбирательствах соблюсти равновесие, т.е. так: предположим, что получивший истязание был раб, цену которого определить до истязания и после такового, и уже затем полученная разница в сумме должна платиться куном за сказанное истязание». Ст. 45. «Если кто ударит беременную женщину, и она скинет мертвого младенца, платится 100 рублей, а если младенец будет скинут живым и потом умрет, то платится кун 100 верблюдов». Если младенец скинут мертвым и затем мать умрет, то платится кун 100 верблюдов и 100 рублей. Если же мать помрет, а младенец будет скинут мертвым, то платится кун 100 верблюдов. Если же мать помрет, а младенец будет скинут живым и потом помрет, то в этом случае кун считается за человека, и платится 200 верблюдов». Можно бы подумать, что все это одна палеонтология, если бы, во-первых, не имеющийся над нею заголовок, из коего видно, что такими рецептами постановили руководствоваться почтенные члены «чрезвычайного областного свезла народных судей Семипалатинской области, происходившего на реке Чар, в мае 1885 г.», и, во-вторых, не следующая, многозначительная скрепа под ними: печатано по распоряжению военного губернатора Семипалатинской области, 14 февраля 1886 г. № 1546». 3. Ж. Кенжалиев

Ереже — әдет құқығының ресми нысаны Әдет-ғұрып құқығы нормаларының ресми қайнар көздерінің бірі — Ереже. Ғылыми әдебиетте Ережелердің пайда болу жайлы екі түрлі көзқарастың орын алғандығын аңғаруға болады. Зерттеушілердің бір тобының (Күлтелеев Т. М., Сапарғалиев F., Әсеров Н.) болжам ережелер көшпелі қазақ қоғамына ежелден тән құбылыс. Сахара жұртының құқықтық елдерінің ұзына бойғы тарихында Ережелердің алар орны бөлек. Ережелердің даму эволюциясы көшпелілердің құқықтық мәдениеті тарихының кішігірім бейнесін береді. Яғни, бұл көзқарас бойынша Ережелер тарихи көне көздің, өміршеңдігі тұрғысынан алсақ, қазақ, әдет-ғұрып құқығы жүйесінің ресми қалыптарының арасында билердің билігінен кейін тұрады, ал жасампаздығы жағынан келсек, іштен, сонымен бірге қатарласып келе жатқан құбылыстардың 6іpі. Т. М. Күлтелеев былай деп жазды: «ереже» — не только источник права второй половины XІX и начала XX вв., как нам думается, оно было источником права более раннего периода. Составление ереже практиковалось еще и при хане Тауке. Ереже носило характер «соглашения» между биями на их съезде для разрешения наиболее сложных дел. Такое «соглашение» практиковалось как в XVІІІ веке, так и в первой половине XІX века. Однако эти «соглашения», имевшие силу закона до второй половины XІX века, нигде не записывались, а поэтому они для нас остаются недоступными». Ережелерге мұндай көзқарас негізсіз емес. Шын мәнінде XІX г. ортасында қазақ жерінде сот реформасын жүргізген орыс әкімшілігінің ереже жайлы бап бекерден-бекер болмаса керек. Демек, ел тарихымен және өмірімен таныс орыс шенеуніктері билер сотының осыған дейін де даулы істері өзара келісіп, алдын ала белгілі бір ережелер жасау арқылы шешендігін білген болулары керек. Сөйтіп осы практиканы реформа жүргізу барысында заңдастырған деуге болады. Екіншіден, 1867 — 68 жылдардағы реформадан кейін-ақ төтенше билер съездерінде ереже қабылдау үрдісін тез бел алып, өмірге еркін кіріп кетуі — мұндай практиканың бұрын да билер сотына бөтен емес, солардың қызмет істеу мәнеріне және тәсіліне жақын екендігін көрсетеді. Үшіншіден, Ресей аумағынан тыс, монғол жеріне өтіп кеткен қазақтардың да билер іс -практикасында ереже қабылдау тәжірибесінің болуы бұл жорамалды қуаттай түседі. Өкінішке орай, XІX ғасырға дейінгі ережелер нұсқасы табылмады. Олар жайлы дерек жоқтың қасы және үзік-үзік. Сондықтан да зерттеушілердің екіншіден тобы (Зиманов С.З., Сартаев С. С., Созақбаев С., Андабеков Ш.) негізінен, XІX ғасырдың ортасынан пайда болған ережелерді танып-білуге баса назар аударып, оған дейінгі ережелер жайлы болжам - пікір айтудан іркілуде. Ал, XІX ғасырдағы ережелер, қазақ халқының Ресей бодандығына кіріп, өзінің саяси - мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылып, қазақ жерінің Ресей империясының отары болған туындысы, жемісі және көрінісі. Сондықтан бұл ережелерінің мазмұны, мәні, түр - сипаты қарама-қайшылыққа толы. Соңғы зерттеулер нәтижесінде ережелердің 30-дан астам нұсқасы табылды . Олар келесі, мазмұны, құрылымы, қамтитын нормалар саласы жағынан алғанда әр түрлі болып келеді. Ережелердің ең көлемдісі 100-ден аса немесе соған жете баптан тұрса (Тоқмақ ережесі, Шар ережесі), ықшамдары 5, 7, 10 баптан (Бахты-шұбарағаш, Құрбан - қайық ережелері) тұрды. Көлемді Ережелер көшпелілер қоғамына сай, билер сотымен шешілуге тиісті барлық дау түрлерін (жер, мал-мүлік, жесір, құн, барымта, т.с) қамтуға тырысты. Ал, кішігірім ережелер бірнеше аса маңызды деп табылған сұраққа ғана тоқталды (салауат, мал ұрлығы, т.е.). Ережелердің күші, қызмет істеу мерзімі, негізінен, соны қабылдаған билер съездерінің шақырылу және тарқау уақытымен шектелетін. Бірақ, оны ұлттық мені көпке дейін сақталды. Академик С. 3. Зимановтың айтуынша ережелер — қазақ әдет-ғұрпы құқығы нормаларының киін жинақтары. «Одним из важных источников казахского обычного права являются «ереже» — малые кодексы обычно-правовых норм» , — дейді. Бұл анық тамақ құқықтық өмірінде ережелердің алатын жалпы орнын ғана белгілеп қоймай, сонымен бірге олардың құқықтық нормалардың ресми нысаны есебіндегі мән-мазмұнын ашатын тұжырым. Яғни, егер жора мен жарғы әдет-ғұрып құқығы нормаларының кең (үлкен) жинақтары болса, ереже — құқықтық нормалардың ғана жинақтары еді. Жол, жарғы бүкіл қазақ қоғамы ауқымында, ең жоғарғы құқықтық күшке ие деңгейде және ұзақ мерзімге қызмет істерге арналған жинақтар болатын. Ережелер болыс аралық, ояз аралық, онан қалды облыс аралық көлемде қызмет етті. Оның үстіне олар қысқа мерзімін уақыт аралығындағы (күн, апта, жыл, ай) күшке ие еді. Ережелердің тағы бір ерекшелігі — олар көшпелілердің құқықтық мәдениеті ауқымында қызмет еткенмен, орыс заңдарының талап-тілегін барынша ескеріп отыруға міндетті еді, оларға қарама-қайшы келе алмайтын, сондықтан кей тұстары солардың қазақ даласындағы «жалғасы» кейіптес көрінеді.

Т. М. Күлтелеев
Билер арасындағы «келісімдер»

Кеңестік тарихи - құқықтың әдебиеттерде әлі күнге дейін ғылыми айналымға түспей отырған қазақ құқығының қайнар көздерінің бірі және барынша сақталысы бұл — Ереже, яғни төтенше билер съезінің басшылыққа алатын негізгі құжаты. Сырдария Жетісу облыстарын басқару туралы (1867) және дала облыстарын басқару туралы (1868) уақытша ережелер қабылданғаннан кейін қылмыстық, азаматтық істерін қарау үшін бір немесе бірнеше уезд арасындағы төтенше билер съезінде билер іс қарамас бұрын сот ісін жүргізумен материалдық құқықтың жалпы негізін анықтап алып барып сот талқылауы жүретін болды. Құқықтық өмір есігін ашқан бу ереже жазбаша жасалып, съезге қатысушы барлық билермен расталды. Осындай рәсімнен кейін барып «Ереже» деп аталатын құқықтық құжат съезд үшін негізгі заң болып танылады. Өзінің ішкі мазмұны мен нысанына қарай, Ереже жазылған заңға келіп. «Казахские судьи, — деп жазылды А. Зуев, — перед тем как приступить к рас-смотрению дел на их съездах, обыкновенно напоминают друг другу различные положения обычного права — адата, которыми они, по нашему закону, обязаны руководствоваться при решении дел, и затем составляют для себя так называемые «Ереже», т.е. руководящее постановление, в которое заносят все подходящие правила и наставления обычного права. Постановление это... становится как бы сводом законоположений, обязательных для применения их судьями того съезда. Ереженің жасалу тәртібі мен оның негізгі мазмұны туралы граф Паленнің берген есебінде былай делінеді: «Все прибывшие на съезд судьи прежде всего выбирают из своей среды председателя и товарища его; при этом в тех случаях, когда съезд образуется из судей различных уездов (междууездный съезд), то председатель выбирается из судей одного уезда, а товарищ его — из другого. По исполнении этой обрядности все судьи приступают к составлению «Ереже», т. е. сборника правил для руководства при предстоящем рассмотрении «предъявленных съезду жалоб и претензий. В этих Ереже устанавливаются не только судопроизводственные правила, но и нормы материального обычного права, как уголовного, так и гражданского». Бастапқы тарауларда айтып кеткеніміздей төтенше билер съезі өте сирек шақырылып тұрды, бір жылда бір рет, кейде тіпті бірнеше жыл өткен соң (әсіресе уезд аралық билер съезі) өтіп тұрған. Съезд отырысы бірнеше аптаға, кейде бір айға дейін созылды. Әрбір осындай съезд үстінде көп көлемдеп азаматтық және қылмыстық істер қаралып, істі өлтіру, барымта, ұрлық-қарлық, әйел алып қашу сияқты істер шешімін тауып отырды. Мәселен, 1877 жылдың 27 қыркүйегі мен 16 қазан аралығында өткен Түркістан мен Шымкент уездерінің арасындағы төтенше билер съезінде 437 қылмыстық және азаматтық іс қаралған. Әр түрлі төтенше билер съезінде жазылған ережелер мазмұны жағынан әрқашан біртектес бола берген жоқ. Олардың кейбірінде сот ісін жүргізудің сұрақтары тереңірек талданып, қылмыстық және азаматтық құқық мәселелері қамтыған. Мәселен, 1885 жылғы Шар төтенше билер съезінде қабылданған ереже 74 баптан, 1883 жылғы Тоқмақ съезінің ережесі — 103 параграфтан , 1899 жылғы Құлкөл съезінің — 30 параграфтан 5, 1899 жылғы Айғыр - көмген съезінің — 30 параграфтан 6, 1905 жылғы Кемген съезінің — 22 параграфтан 7 тұрды. Алғашқы белгілері екі ережені «әдет-ғұрып құқығының киіп жинағы» деп атауға болады. Бұл құжаттарда сот ісін жүргізудің тәртібі мен соттылық мәселесі, қылмыстық ізге түсудің ескеру мерзімі. Семей әскери губернаторы Циклинский Ереже түзуде жүргізіп жатқан үлкен жұмысты ескере отырып, қазақ ортасының әдет ғұрпында негізгі болып есептелетін басты бастыларын кодифциялауға тырысты. Шарда өткен билер съезі Циклинскийдің шақыруымен ашылған болатын. Бұл съезде Семей облысының барлық уездері қатысып, олардың бәріне тек съезге ғана емес, келешекке де міндетті болып табылатын Ереже дайындау тапсырылды. «Хотя эта попытка, — писал А. Леонтьев, — не получила дальнейшей санкции, но она все-таки заставила выборных биев совместно выработать ареже». Ереже мен төтенше билер съезінің билеріне ғана емес жеке билер мен болыстық съездің билеріне де ортақ болып табылып, қылмыстық және азаматтық істерді шешуде жетекшілікке алынып отырды. Белгілі бір уақыттың өтуіне байланысты Ереже шын мәнінде тұрақты түрде әрекет ететін заңға айналды. Ережені құқықтың қайнар көзі ретінде қарастырудың негізгі, оның өн бойында орналасқан нормалардан болып жатқан өзгерістерді байқауға болады. Ереже ішіндегі қазақ әдет-ғұрып құқығы нормаларының жаңашыл бағытталғаны оларға орыс құқығы мен шариаттың тигізген әсері анық байқалып тұрады. Сондықтан да біз Қазақстанда өмір сүрген қылмыстық әдет-ғұрып құқығын зерттеу кезінде, ережеге қазақ құқығының маңызды қайнар көзі ретінде жүгініп отырмыз. Ереже біз ойлағандай тек XІX ғасырдың екінші жартысы және XX ғасырдың құқықтық, қайнар көзі ғана емес, ол өзінің бастауын ерте кезеңдерден алды. Ереже түзу тәжірибесі Әз Тәуке ханның тұсында да болған. Съездерде күрделі дауларды шешу үшін билер өзара кеңесіп ереже сипаттас «келісімге» келіп отырған. Мұндай «келісімдер» XVІІІ ғасыр мен XІX ғасырдың тарихы жартысында құқықтық өмірде көп қолданылды. Бірақ та заңдық қуаты бар аталған «келісімдер» ережеде жазылып алынбағандықтан бізге жетпей отыр. XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап ереже түзу мәселесі патша әкімшілігінің шенеуніктері, уезд бастықтары мен губернаторлардың тікелей бақылауы мен ұйымдастырудың негізінде өтті. Сондықтан да, ереженің мазмұны патшалық заңдардың әсерін алған. XІX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдет-ғұрып құқығының сұрақтарын зерттеуде ерекше маңызы бар құқықтың қайнар көзі болып табылатын ережелердің басым белгілі жарияланбаған. Ереже түзуге байланысты материалдар қазақ және өзбек CCP-інің әр түрлі архивтерінде жүйеленбеген, тәртіптелмеген күйінде сақталған. Архивтен табылған бірқатар маңызды ережелер жұмыс барысында қолданылады. Енді біз әдет-ғұрыптың құқықтық нормаларында болған өзгерістерді жоғарыда аталған үш қайнар көз бойынша жалпы сипаттамасын береміз. 1824 жылғы қазақ әдет-ғұрып құқығы жинағын мазмұнына өрлеген айырбас қатынасын (шарттар, айырбас, кепіл және т.б.) реттейтін нормалар Әз Тәукенің Жеті Жарғысында болған жоқ. Сондай-ақ аталған жинақта саудаға байланысты алдаған тұлғаның жауаптылығы туралы (182-бап), бөлімін шабу (170-бап) туралы және т. б. арнайы баптар қарастырылған. Мұндай нормалардың әдет-ғұрып құқығының мазмұнынан табылуы қазақ қоғамына сауда қатынастарының дамығандығы мен шабындық шөп шабудың дендеп енгендігін аңғаруға болады. Бірақ та, 1824 жылғы жинақтағы мұндай норма Тәуке ханның Жеті Жарғысымен салыстырғанда көп бола қойған жоқ. Патриархалдық әдет-ғұрыптардың қалдықтары 1824 жылғы жинақта әлі де өз күшінде еді. XІX ғасырдың екінші жартысына жататын әдет-ғұрып құқығы мен ереже туралы өзге де жазбаларда қазақ қоғамында болып жатқан экономикалық өзгерістер жақсы суреттелген. Бұл құбылыстар капиталистік қатынастық қоғамның шаруашылық өміріне дендеп енгендігін меңзейді. Экономикалық өмір ауанының өзгеруі Қазақстандағы саяси қатынастарға да ықпал етіп, патшалық Ресей тарапынан терең із қалдырды. XІX ғасырдың, екінші жартысында А. Баллюзек, П. Маковецкий сындарлы патша тапсырмасын орындаушылармен жарияланған әдет-ғұрып құқығының жинақтарында Қазақстандағы тауар-ақша қатынастарын суреттейтін көптеген нормалар мазмұндалған. Әдет құқығының азаматтық-құқықтық қатынас саласында әр түрлі сипаттағы шарттарды реттейтін жаңа нормаларға ие болды (мысалы, қарыз беру, үстеме ақы, тұрақсыздық айыбы, сақтану және т.б.). Қазақстанда XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап Шарттық қатынас ерекше дамыды, оның ірі қатысушылары болып ресейлік көпестер мен қазақ байлары болып табылады. Әдетте көпестер қазақ байларына ақшалай несие беріп, орнына алдын ала келген малдың пұлымен малды алған «Памятная книжка Семипалатинской области за 1901 год» деп аталатын татарша «среди киргиз натуральное хозяйство начинает сменяться денежным, а вместе с тем и незаметно меняются нормы обычного права»,— деп көрсетілуі тегін емес. XІX ғасырдың екінші жартысында қазақ әдет-ғұрып құқығының еркінде жер қатынастарын реттейтін жаңа нормалар өмірге келді. Одан әрі дамыған қатынастардың бір леп елбасылық және мұрагерлік құқық мәселелерін қарастырды. Шаруашылық жүргізудің жаңа нысанының дамуы мен патриархалдық қатынастың тіреуі отбасылық салада да өзінің өзгерістерін қалдырды. Отбасылық - мүліктік қатынаста отағасының құқықтық мүмкіндіктері шектеулі, отбасы мүшелері бірқатар құқықтарды иемдене алады. Қазақ қоғамының мәдениеті мен экономикасында болған өзгерістер Ресей тарапынан прогрессивтер алып, қазақ әдет-ғұрып құқығындағы әйел затының құқықтық қабілетінің өресін кеңейтті. Мәселен, 1899 жылғы Құлкөл көлінің (Баянауыл станциясынан қашық емес) бойында өткен билер съезінде Ереже төмендеп шарттарды белгілеген еді: а) «Егерде қыздың ағасы не әкесі оның еркіне қарамастан басқаға қоспақ болса, қыз шағым түсірсе, онда қыз әкесіне мейірімсіз іс-әрекеті үшін айып кесу керек» (§ 12). в) «Егерде күйеуі өз әйелін ешбір кінәсіз ұрып-соғып, өз еркімен ажырасуына мүмкіндік берсе, әйелінен еш нәрсе талап ете алмайды, керісінше, әйелі өзіне тиесілі мүлкін алады» (§ 15). б) «Ері өлген жесірдің басы бос, еркі өзінде, әмеңгерлік деп күштеп алуға ешкім хақылы емес. Керісінше мал-мүлкімен шыққысы келсе соған тұрмыс құра алады, ол — азат» (§ 16). Ескіден келе жатқан қазақ әдет-ғұрып құқығында болып көрмеген мұндай нормалар XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның көшпелі аймақтарында, билер съезімен қабылданып, бекітіліп жатты. Көптеген нормалар декларация сипатта болғанымен, шын мәнінде әйелдің өз басына билік жүргізуі, таңдау бойынша ерге шығуы, отбасылы мүліктен жесірдің өз үлесін алуы сияқты адам құқықтары айқындала бастады.

Т. М. Культелеев
Соглашения между биями

Одним из содержательных, но вместе с тем до сих пор в советской историко-правовой литературе не использованных источников казахского права является ереже, т. е. положение или руководящее постановление съезда биев. После принятия Временных положений об управлении Сыр-Дарьинской и Семиреченской областями (1867) и об управлении степными областями (1868) на чрезвычайных съездах биев одного или нескольких уездов, созванных для разбирательства подсудных им уголовных и гражданских дел, вошло в практику, прежде чем начать разбор дела, вырабатывать общее начало судопроизводства и материального права. Это начало оформлялось письменно и подписывалось всеми биями, участвовавшими в разборе дела на данном съезде. После этого данное положение, носившее название «Ереже», имело силу закона для данного съезда. По своему содержанию и по форме Ереже приближается к писанному закону. «Казахские судьи, — писал А. Зуев, — перед тем как приступить к рассмотрению дел на их съездах, обыкновенно напоминают друг другу различные положения обычного права — адата, которыми они, по нашему закону, обязаны руководствоваться при решении дел, и затем составляют для себя так называемые «Ереже», т. е. руководящее постановление, в которое заносят все подходящие правила и наставления обычного права. Постановление это... становится как бы сводом законоположений, обязательных для применения их судьями того съезда». По поводу порядка составления Ереже и его основного содержания в упомянутом нами отчете графа Палена говорится: «Все прибывшие на съезд судьи, прежде всего, выбирают из своей среды председателя и товарища его; при этом в тех случаях, когда съезд образуется из судей различных уездов (междууездный съезд), то председатель выбирается из судей одного уезда, а товарищ его — из другого. По исполнении этой обрядности все судьи приступают к составлению «Ереже», т. е. сборника правил для руководства при предстоящем рассмотрении предъявленных съезду жалоб и претензий. В этих Ереже устанавливаются не только судопроизводственные правила, но и нормы материального обычного права, как уголовного, так и гражданского». Чрезвычайный съезд биев, как было сказано в предыдущей главе, созывался очень редко, примерно в год один раз, а иногда по истечении нескольких лет (в особенности междууездный съезд биев). Съезд заседал в течение нескольких недель, а иногда более месяца. На каждом таком съезде разбиралось большое количество гражданских и уголовных дел, включая дела, связанные с убийствами, барымтой, кражами, грабежами, похищением женщин и т. п. Так, на чрезвычайном съезде биев Туркестанского и Чимкентского уездов, проходившем с 27 сентября по 16 октября 1877 года, разбиралось 437 уголовных и гражданских дел. Ереже, составленные на различных чрезвычайных съездах биев, по своему содержанию были не всегда одинаковыми. В некоторых из них более подробно изложены вопросы судопроизводства, уголовного, а также гражданского права. Так, Ереже, выработанное на Чарском чрезвычайном съезде биев в 1885 году3, состоит из 74 статей, на Токмакском съезде в 1893 году — из 103 параграфов, на Куб-Кульском съезде в 1899 году — из 30 параграфов, на Айгыр-Комгенском съезде в 1899 году — из 30 параграфов", на Копальском съезде в 1905 году — из 22 параграфов и т. д. Первые два можно было бы в известном смысле назвать «Малым сводом обычного права» В них в систематизированном виде излагаются вопросы о порядке судопроизводства и подсудности, о сроках давности уголовного преследования, об ответственности соучастников преступления, о видах и размерах наказания, в частности о размерах куна (выкупа) и аипа (штрафа), об отягчающих и смягчающих вину обстоятельствах и т. д. Семипалатинский военный губернатор Циклинский задумал воспользоваться производимой большой работой по составлению Ереже для того, чтобы заставить казахов «кодифицировать хотя бы главнейшие из своих обычаев». Чарский съезд биев был созван по распоряжению Циклинского. На этот съезд явились бии со всех уездов Семипалатинской области, которым было поручено составить Ереже, обязательное не только для данного съезда, но и для последующих. «Хотя эта попытка, — писал А. Леонтьев, — не получила дальнейшей санкции, но она все-таки заставила выборных биев совместно выработать ереже». Ереже служило по существу руководством не столько для биев данного чрезвычайного съезда, сколько руководством для единоличных судов биев, для волостных съездов биев при разрешении ими уголовных и гражданских дел. Ереже по истечении некоторого времени фактически становилось постоянно действующим законом. Важное значение ереже как источника права состоит в том, что оно правильно отражает происходившие изменения в нормах казахского обычного права по сравнению с его древнейшими нормами, отражает влияние русского права и шариата на казахское обычное право. Поэтому при дальнейшем изучении вопросов уголовного обычного права, действовавшего в Казахстане, мы постоянно будем возвращаться к ереже как к одному из важнейших источников казахского права. Ереже — не только источник права второй половины XІX и начала XX вв., как нам думается, оно было источником права более раннего периода. Составление ереже практиковалось еще и при хане Тауке. Ереже носило характер «соглашения» между биями на их съезде для разрешения наиболее сложных дел. Такое «соглашение» практиковалось как в XVІІІ веке, так и в первой половине XІX века. Однако эти «соглашения», имевшие силу закона до второй половины XІX века, нигде не записывались, а поэтому они для нас остаются недоступными. Со второй половины XІX века составление ереже проходило под непосредственным контролем и организующей силой чиновников царской администрации, уездных начальников и губернаторов, а поэтому на содержание ереже оказало серьезное влияние законодательство царизма, Ереже, являющееся особенно важным источником для изучения вопросов казахского обычного права второй половины XІX века, почти не было опубликовано в печати. Материалы, связанные с составлением ереже, находятся в различных архивах Казахской и Узбекской ССР, они не систематизированы и не приведены в определенный порядок. Некоторые, наиболее важные ереже, обнаруженные нами в архивах, используются в настоящей работе. Теперь отметим в общих чертах те изменения в обычно-правовых нормах, которые нашли свое отражение в указанных трех источниках. В Сборнике казахского обычного права 1824 года содержатся нормы, регулирующие меновые отношения (договора мены, залоги и проч.), которые не были известны Уложению Тауке. В этом сборнике также содержатся статьи, предусматривающие ответственность лиц за обман в торгу (ст. 182), за покос чужой травы (ст. 170) и проч. Появление таких норм в обычном праве было следствием известного развития торговых отношений и ведения сенокошения в казахском обществе. Однако таких различий в Сборнике 1824 года по сравнению с Уложением Тауке немного. Остатки патриархальных обычаев в Сборнике 1824 года еще сильны. В отдельных записях обычного права и ереже, относящихся ко второй половине XІX века, получили более отчетливое отражение те изменения, которые произошли в экономике казахского общества. Они были связаны с возникновением и развитием элементов капиталистической системы хозяйства. Изменения, как в области экономики, так и в области политических отношений в Казахстане произошли при сильном воздействии на него со стороны России. В сборниках обычного права, опубликованных во второй половине XІX века Л. Баллюзеком, П. Маковецким и другими, мы находим многие нормы, связанные с развитием торгово-денежных отношений в Казахстане. В гражданско-правовых нормах обычного права появились нормы, регулирующие новые виды договоров (ссуда денег, задаток, проценты, неустойки, хранение и поклажа и т. п.). В частности, со второй половины XІX века в Казахстане получили особое развитие договоры, ссуда между российскими купцами и казахскими баями. Обычно купцы выдавали денежные ссуды казахским баям, которые по истечении установленного срока возвращали скотом по заранее определенной цене. В «Памятной книжке Семипалатинской области за 1901 год» не случайно указывалось, что «среди киргиз натуральное хозяйство начинает сменяться денежным, а вместе с тем и незаметно меняются нормы обычного права». Во второй половине XІX века в казахском обычном праве появляются новые нормы, регулирующие земельные отношения. Дальнейшее развитие получает семейное и наследственное право. С развитием новых форм хозяйства и с ослаблением пережитков патриархальных отношений происходят изменения в области семейных отношений. Семейно-имущественные права главы семьи были значительно ослаблены, расширились права членов семьи. Изменения в экономике и культуре казахского общества, которые проходили в тесной связи с прогрессивным влиянием России, привели к существенному изменению норм казахского обычного права по отношению к женщине, в сторону расширения ее правоспособности. Так, например, в Ереже, принятом на съезде биев, который происходил в 1899 году на озере Куб-Куль (недалеко от станции Баян-Аул), установлено следующее'1: а) «Если отец или брат отдает замуж девицу против ее воли, а она подает жалобу, тогда следует наложить штраф на отца ее за безжалостный поступок своей дочерью» (§ 12). б) «Если муж безвинно будет бить жену и даст по своей воле развод, тогда с нее ничего нельзя требовать, а, напротив, она должна взять свое имущество»

(§15). в) «После смерти мужа вдова пользуется полной свободой и никто насильно взять себе в жены ее не может, считая себя правым по обычаю киргизов, а предоставляется ей право выйти замуж по ее желанию, с имеющимся имуществом, а отнюдь не насильствовать против ее желания» (§ 16). Аналогичные положения, ранее не существовавшие в казахском обычном праве, были приняты в конце XІX и начале XX вв. на съездах биев, происходивших и в некоторых других местностях Казахстана. В этих нормах, хотя многие из них носили лишь декларативный характер, стало признаваться человеческое право женщин распоряжаться своей личностью, выходить по своему выбору замуж, после смерти мужа иметь определенную долю на оставшееся от него общее семейное имущество и т. п.

Қарамола съезі жайында Абаймен бірге болған Мүсірәлі ақсақалдың естігені 1885 жылы Семей қаласына қарайтын Зайсан, Өскемен, Кереку (Павлодар), Семей ояздарының Семейден жеті (шақырым) километр Шар өзенінің бойында Қарамола деген жерде төрт ояз бас қосып, ақы және ел ортасындағы дауларын бітіретін (чрезвычайный) съезі болмақ болды, ол съезді басқаруға оязной (начальник) шықпақ болып, бір ай бұрын сол төрт ояз елге өз ортасынан болыс басына бір би сайлап алып келуге бұйрық береді. Ел жиылмақ шамада Зайсаннан, Өскеменнен отыз-қырық билер келіп, Ақметкерей Рақыш Телей баласының ауылына түседі. Рақыш Семей оязына қарайтын керей, матай, уақ сықылды руларға қадірлі, өмірі жүріп тұрған кісі еді дейді, бұл үш ояздың билері бас қосып, біз осы съезді төрт болыс тобықтыны, оның басшысы Абайды төмендетіп, аяқ астымызға бір салайық, бұл тобықты аз болса да, көбейетін ауыл болды, оның Абай сияқты кісісін осы жылғы съезге кіргізбесек, қалған тобықтыны жөнге салып, малы - басын шабындыға ұшыратамыз, сондықтан бір бас, бір тас болайық деп баталасты (сөз байласты). Тобықтыдан басқа үш ояздың билері біріккен соң Кереку оязының билеріне, оларды да көмекке шақырады. Кереку билері айтады, біздің тобықтыда қол жетпей жүрген ақымыз жоқ, Абаймен бас араздығымыз да жоқ, сондықтан, біз екі жаққа да қосылмай жай тұрамыз, — дейді. Енді уәделескен ояздың билері Абайды жамандап, дүние пәлені жауып, осы съезде ол болмаса екен, ел бүлдіреді, ұры ұстайды деп оязной (начальникке) барлық билер қол қойып, мөр басып арыз береді. Бұл хабар елге жайылып, жұрт Абайдың бір сүрінетін кезі келді ғой десіп жатады, сол хабарды тобықтылар да естіп, бұл істің түбі қалай болады деп, Абайға келген соң, Абай: «Бара көрерміз, қорқып, қашып жатуға болмайды» деп атқа мініп, жолдағы біздің Байқадам, Ысқақ деген екі тап ауылға келіп, билер мен Абайлар беліне қонысты. Сонда тобықтының Мамай деген тобынан шыққан Байкөкше деген ақыны ерте оянып келіп, Абайға бүгін бір түс көрдім деп, түсін өлеңмен айтады.

Абайжан бір түс көрдім бүгін түнде,
Көкке шығып, шарықтап шықтың мүлде,
Ақ киіп үстіңде, боз атың бар,
Аспанда шағылыстың барып күнге.

Сонан соң, жоғарылап тағы да ұштың,
Әлде де екі нәрсе жерге түстің,
Орныңның биік тауға қондың - дағы,
Әлеумет бері көрді болған күнің.

Жаныңа төрт аққу кеп қонды тағы,
Лық, толған аң кеңшарға екі жағы,
Қасыңа шамалылар келіп, екі,
Сөйлесті мәселе қып олар тағы.

Қол жайып шамалылар бата берді,
Осыны жамиғаттың бәрі көрді.
Ұйқымнан ояндым да ғажаптандым.
Отырдым ойға келіп арлы-берлі

Түсімнің кілемі жоқ, олай-былай,
Жорыдым оны дағы, өзім былай:
Ақ, киімің, астыңда боз ат болса,
Ағартар тынымыңды сенің шыдай.

Көкте сенің, бақытың келер шарпар,
Ақылын, осы жүрген жаннан артар.
Әкелген екі нәрсең ғылым-білім,
Сөзін, де естігеннің бойы балқыр.

Күнге шағылыссаң боларсың ай мен күндей,
Арқа аранды қазаққа тегін бірдей,
Ақ сұңқардың жаныңа лық толғаны,
Тынымыңнан жан қалмас атқа мінбей.

Төрт аққу: Күлше, Ұлжан, Айғыз, Айғаным аналарың
Шалмалы: би Өскенбай, Кеңгірбай бабаларың.
Шалмалының бата ғып қол жайғаны
Бақытыңнан құр қалмас балаларың.

Бұл жолы артылады тағы басың,
Күннен-күнге болады бағың басым.

Абай атына мінерде: «Әй, семіз кедей, мұнда келіп, — деп мені қасына шақырып алып: — Сен атына мін де, Әлімханға бар, болып жатқан жұмысты өзі де естіп жатқан шығар, Абай съезге барамын, соны Әлекеңе айт деп жіберіп еді, де», — деді. (Бұл әңгімені айтып отырған Мүсірәлі — ескіше Семей уезі, Шыңғыс пен Керей, Көкен болысына қарайтын уақ Байқадам, Сапақ деген таптау шыққан заты кедей, пысық жігіт екен, жақсылардың қасын көбірек жағаға жүретін болса керек, оны Абай тәуір істерін, «семіз кедей» деп ат қойыпты. Енді менің съезге баратынымды айт деп жұмсап отырған кісісі Әлімхан деген, — дейді Мүсірәлі, — о да Көкен болысына қарайтын уақ хандар деген тайтан шыққан, ел ағасы қадірлі ақсақал еді дейді. Атыма мініп мен Әлімханға жүріп кеттім, ал Абайлар съезд болғалы жатқан Қарамолаға жүріп кетті. Мен келсем Әлімхан тыста дәрет алып отыр екен, сәлем берген соң: «Мүсірәлі, қайдан келесің?» — деп сұрады да, мен Абайдың сөзін айттым. Әлімхан баласын шақырып алды да: «Менің атымды алып келіп, ерттеп қойшы», — деп, маған, үйге жүр, — деп ертіп үйіне келді. Дайын тұрған шай іштік, артынан қымыз ішіп, қасына бір атшы ерітіп алды да, Қарамола жаққа жүріп кеттік. Съезге тіккен көп үйлерге келгенде: «Мүсірәлі, сен бұл үйлердің кімдікі екенін айырып білесің бе?» — деді. Мен: «Мынау алдымыздағы керей, маған Рақыштардікі, мынау үй тобықты Абайлардың болса керек», — деп, тігілген үйлердің жөнін айттым.Әлімхан Рақыштың үйіне қарай тура тартты, Айымханның келе жатқанын тобықтылар да көріп танығандай болды. Үй сыртына келгенде Рақыш та үйінен шығып, Әлімханға сәлем беріп, атын ұстап жалпылдап қалды, үйге келісімен қымыз екен, сапырып отырып, Рақыш сөз бастады: «Әлеке, енеу күш - ақ кісі жіберіп едім, келе алмадыңыз, мұндағы жаман інілерін елдің басын қосып, шеттен келген Зайсан, Өскемен билерімен баталасып, елін көбейтіп алдың, осы жолы тобықтыны жер қыламыз десіп отырмыз, тобықтының сенетін Абайын да оязға мөр басып көрсетіп, билікке жарамайтын қып тастадық, енді өзіңіз келдіңіз, мына көпті бастап ақсақалдық қылыңыз», — деді. Сонда Әлімхан отырып: «Жарайды, сендердің адам болғандарына қуанамын ғой, бірақ осы төрт болыс тобықтыдан басқа жауларын бар ма?» — деді Рақыш: «Жоқ, жалғыз-ақ, тобықты ғой», — деді. Әлімхан: «Сендермен баталасып отырған Зайсан, Өскемен билері қаракерей, мұрын, байжігіт, матай адамдары осы біздің елде қыстап қала ма, жоқ өз еліне қайта ма?» — деді. Рақыш: «Жоқ, бұл жақты неге қыстасын, еліне қайтады ғой», — деді. Әлімхан: «Осы біздің Сырдың бүйрегіндей аз ауылдан құралған керей, уақ, матай, бері — сол Зайсан, Өскемен жаққа кеше ме, осы отырған орнында қала ма?» — деді. Рақыш: «О неге, кешеміз!» — деді. Сонда Әлімхан аз үндемей отырды да: «Әй, Рақыш, біз бүгіл ел жиып, бас құрап, төрт болыс тобықтыны төрт ояз елдің талауына саламыз, басты адамдарын айғақтаймыз, сонда малдан, бастан айырылған, шабыншылық көрген тобықтының қалғаны бір жаққа ауып кете ме, жоқ осы Шыңғыста отыра ма?» — дейді. Сонда Рақыш бұрынғыдай емес, қылпалаңдап, «Қайдан білейін, қайда барады дейсіз, отырады ғой» — деп жан-жағына жалтақтап жауап берді.

— Же, олай болса, біз төрт болыс тобықтыны төрт ояз елге талатып жібереміз, көмексіз қалсақ, айғайласақ Зайсан, Өскеменге дауысымыз жетпесе, аш-жалаңаш, малынан, басынан айырылып қалған тобықты, аяқ астында аман-есен малы кеп керей, уақ, матай отырғанда, тамақты қайдан іздедің деп ойлайсың? – деді.

Сонда Рақыш жағасын ұстап, «Астапыралла, Әлеке - ай, мен батаға кіріп қалып едім, қайтемін?» — деді. Әлімхан отырып: «Сен бұл сөзге тоқталған, батаға сені мен шет қылғызбай - ақ құтқарамын. Дайын баталасқан елдің басты адамдарын маған шақырып бер, көз алдында батадан құтқарайын», — деді Рақыш баласына пәленің, түгелін шақыр, Әлекең ақсақал келді де, тез кeлcін де, — деп, сабыры істетіп сасқалақтап қалды. Аздан соң біз отырған үйге қырық-елу басты адамдар жиналып қалды. Келгендер Әлімханмен амандасып, жейін айтысып жатыр. Жиналып болды дегенде Әлімхан сөз бастады: «Жиналған қауым, сөздер мына біздің Рақыш мырзамен баталасып, дос-жолдас болыпсыздар, сондағы жауламақ болғандарыңыз төрт болыс тобықты болыпты. Рас, төрт ояз ел жабылса, төрт болыс елді жеңеді де, әлекпен елді талауға болады да, біраз бұл съезд тарайды, сөздер елдеріңізге қайтасыңдар, бұл қалған аз ғана керей, уақ, матай жаудың қолында қалады. Мал-басынан айырылған тобықты қарап тура алмайды, сонда сөздер мына қалған елге не көмек бересіңдер? Жоқ, бір мал айдап олжаға батып қайтайық, қалған досымыз күймесе жанын кетсін дейсіздер ме?» — дегенде, жұрт: «Жоқ , Әлеке, бір олай демейміз, біздің тілегіміз тобықтының ұрыларынан көретін — жоғалтқан малдарымыз бар, соның барына мал, жоғына қумен алсақ, соған сөздер көмек қылсаңыздар дейміз. Біз жаны ашымайтын жау емеспіз, жауға сөздерің тастап мал табамыз деп айтпаймыз» — деседі Әлімхан отырып: «Олай болса, тобықтыдан барына мал, жоғыңа жанды өтіретін мен, осы топтың билігін маған берілер, пәле-жала қумаңдар, — дегенде, жұрт бір ауыздан: «Әлеке, не қылсаңыз да өзіңізге бердік, бізге пәленің істері жоқ», - деседі. Сонда Әлімхан: «Ал, қауым, бұл жолғы билігін маған берсеңдер, мен төбе билікке Абайды сайлаймын, Абай момын ақысы залымды кетіп демеймін және тобықты бөтен елден болған бидің билігіне мал бермейді, зорлықпен алам десең ел бүлінеді, көнсеңдер менің айтатыным осы, екі жаққа бірдей пайдалы бітім табу Абайдан басқанын қолынан келмейді», — деді көпшілік: «Әлеке, не қылсаңыз өзіңіз біліңіз, көндік», — дегенде, Рақыш түрегеліп: «Әлеке! Көп сөзге берген сөзін қайтып алмайды, бірақ төбе биікке Абайдың қасына бір би қоссақ деймін, жауапкер де тобықты, би де тобықты болған соң, ел ақысына толық қолы жете алмай қала ма, деп ойлаймын», — деді.

Әлімхан:

— «Әй, Рақыш, қате айтасың, біздің бұл жиналған төрт ояз елде Абайды сөзден ұтатын, заңнан ұтатын кісі бар ма? Абайға кісі қоссаң, өз ақынды ойлап көтерген боласың да?» — деді. Өзге көп: «Әлекем жөн айтады, Абайды сөзден, жолдан жеңеді деп кім шығады, жалғыз-ақ істің артына Әлекең өзі ие болса болды да», — десті.

«Ал, олай болса, осы қауым түгел жүріңдер, Абайдың үйіне барайық», — деп Әлімхан орнынан тұрғанда, жұрт ду тұрды. Мен жүгіріп барып атыма мініп, кісінің тасасымен Абайдың үйіне шаба жөнелдім. Көптен бұрын келе сала Абайға: Әлекең кейіп ерітіп келе жатыр, сізді төбе би сайлайтын болды, өзім адам!» — деп сасқалақтап айтып жаттым. «Семіз кедейім жарайды, сыртқа шығайын, адам көп шығар, үйге сыймас, сендер анау үйлерден билерді де хабарландырыңдар, олар да сөздің ішінде болсын, барынша қымыз дайындаңдар», — деп інілеріне тапсырма айтып, Абай сыртқа шықты. Әлімхандар да келіп қалған екен, сәлемдесіп, амандасып жатыр, үйдің сыртына алқа-қотан болып отырысты. Әлімхан сөз бастады: «Абай мырза, өзің де естіп жатқан шығарсың, мына Зайсан, Өскеменнен келген ағайындар, біздің Рақыш мырзаға келіп, тобықтыда қолымыз жетпей жүрген қымыз -дауымыз бар, найман, керей, уақтың баласы едік, бізге жолдас бол, көмек қыл деген соң, бастарын қосып баталасып, сіздің елмен жамандасып, жауласпақ болған екен, соның ішінде бізге қарсы тұрып қайрат қылатын Абай ғой деп, тілдері жеткенше жамандап, ұлыққа сені шаққан көрінеді, үйде жатыр едім, ел бүлінуге айналды дегенің естіп, шыдай алмай атқа мініп, ағайындарға келіп едім, мен едені ақ сақалыммен келген соң, осы отырған үш ояз елдің ақсақал - қарасақалы сөзді, билікті маған берді. Мына мен әкеліп саған беремін. Сені Құнекем аруағына берем», — деді. Сонда Абай тұрып: «Әлеке, сіз сықылды ағаның бергенін аламын, бірақ жаңылмас жақ болмайды, сүрінбес ат болмайды деген мақал бар ғой, мен серке боп көпті бастасам, сіз қойшы боп сырттан бағып жүресіз», — деді. Сөз тоқтады, қауым едің мына Абай осы съезге төбе би болсын, берекелі бітіммен топ тарқасын, бұдан былай да елдіктерің кетпесін деп Әлімхан бата бердің, көп қолын жайып бата қылысты. Әлімхан енді сөз оязда қалды, осы жиналған қауым түгел оязға барып, елдің тоқтасқанын, Абайды төбе биге сайлағанымызды айтайық деп, барлығы съезге келген топты ертіп ояздың үйіне жүріпті. Ел келген соң ояз тысқа шығып, жұрттың сөзін тыңдап болған соң: «Ибраһим Құнанбаев, сен мұнда кел», — деп, қасына шақырып алып, екеуі орысша сөйлесіп кетеді. Жұрт ол күні үйді-үйіне тарап кетеді. Мен Әлімханға еріп Рақыштың тіккен үйіне кеттім. Ертең ел тұрған соң Әлімхан Абайдікіне барды, Абай: «Әлеке, оязбен сөйлестім, орыстың біздің қазақ дауы туралы шығарған заңы тура келмейтінін айттым, ояз оған тоқтап, олай болса, сен съезге жиналған билерге, елге оқып бер, егер оларға ұнамағаны болса түзет, сол көптің ұнаған заңын мен бекітетін, бұдан былай қазақ ортасына бөлініп заң болсын, деді. Соны жазып жатырмын. Үш күнге шейін билер жиналмай үйлерінде отыра тұрмақ болды, ал ағайынына сөзді өзі бітім қыла берер, жана заңды жұрт ұнатқаннан кейін ояз бекітеді — деді. Сонымен айтқан күні ел түгел жиналып, ояздың алдына барды. Абай ояздың үйінде екен, екеуі шықты. Абай қолына ұстаған қағазын ашып оқыды, жұрт тыңдап тұрды, бірақ шығарған заңы 93 статья болған екен десті, сол жердегі жиылған кепілдік бір ауыздан дауыстап шуласты, ояз Ибраһим Құнанбаевтың заңы бекідік бұдан былай билер, осы заңмен билік айтсын, деді. Мен сол айтылған заңның біразын ауызша ұғып алып едім, хат білмеген соң жазып алмай, ұмытып қалыппын. Бар есімде қалғаны осы еді — деп, Мүсірәлі екі статьясын ғана айтып берді. 1. Ұрының ұрланған малы көп болады, өз қолындағы малы елдің ақысына жетпеді, сонда малды төлеу керек,— дегенде бұрынғы орыс заңында, ұрының туысқаны тартсын дейтін, Абай заңында, ұрының малы жетпесе, ұрыға ат беруші, ұрлығын сүйегін тартсын деген. 2. Байы өлген әйел, қалған әмеңгердің мүмкін алады, ала алмаса, біреуге сатса да ерікті деген бұрынғы заңның орнына Абай, байы өлген әйел басы бос болсын, ол бұрын бір рет сатылған, жасау-жабдықпен келіп, қалыңмалды төлеген, сондықтан екінші рет сатылмасын, — деп Абай заң шығарған, дейді.

Мүсірәлі ақсақал бұдан басқасын білмейді.
А. Леонтьев
Билер соты және ереже

Бір ояздың бірнеше болыстары арасындағы істі шешу үшін қажет деп танылса ояз басшысының жарлығымен төтенше съездер шақырылады. Олар болыстық съездер қабылдаған 500 сомнан кеп істер үшін инстанция болып табылады. Адам өлтіру, тонау, сатқындық және т.б. секілді қырғыздарды» (қазақтардың) маңызды қылмыстық айыптарын қарау халық сотына жатпайды. Неке ісі де соны шектеуге кіреді олар халықтық соттың бірінші инстанциясына жатады. Дегенмен, риза емес тарап істі шешетін ояз басшысына шағымдана алады. Бұл шаралар осы некеге отырғандардың келісімін, ынтасын басшылыққа алмайтын қырғыздар (қазақтар) әдет-ғұрпының жұмсартудан туындаған. Әрине, осындай жауапты іске әкімшіліктің араласуы әдет-ғұрыптың босаңсуына аз жәрдемдеседі, жаңа қиындықтарға жол ашады. Орыс заңымен үйлестірілген сот жұмысын түсіндіру жайы — заң шығарушының қырғыздың (қазақтың) құқықтық әдет-ғұрпына ерекше құн қойғанын көрсетеді. Ол бағынышты халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан құқықтық құрылысын өзгертуден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ, ол осы өзгерістен түбегейлі бас тартуға қол жеткізе алған жоқ. Қырғыз (казак) халық сотына маңызды қылмыстық заң бұзушылықты көрсету мүмкіндігіне ие болмаған ол бұларды орыстың реформаға дейінгі сотына бағындырды. Кеңселі тәртіп, қырғыздар (казактар) үйреніп қалған ашық және жария істің болмауы — орыс сотына деген құрметтің етек жаюына болмашы есер етеді. Кейін рулық билер лауазымын жойған заң шығарушы билер кеңесін құрды. Өйткені, әкімшіліктің аса күнгі ықпалына бейімделмегенде әдет-ғұрыптан іштері өмір мұқтаждықтарын толық қамтамасыз ете алатын еді. Бұрынғы уақытта қырғыздардың (қазақтардың) рулық құрылысында мықты тірекке ие болған, енді осы тіректен айырған билерді сайлау — билер ру басшылары да болғандықтан осы лауазымға пайда көзі ретінде ұмтылуға себеп болды. Сол себепті, құқықтық әдет-ғұрыптар тез ұмытылады. Бір жүйеге келтірілмеген соң, қариялардың есінде қалған осы әдет-ғұрыптармен қазіргі билер таныс емес. билер сайланатындықтан олардың халықтың әдет-ғұрыптарын жеңе білуіне мен бәріне бермейді. Шағымның саны мен оны шешу көлеміне қарай ақша түсіретін билер дауды ұзартуға, өз қызметі үшін талап ұйғарымы сомасынан 10 пайыз емес, осы соманың өсуіне мүмкіншілік беретін шағым берушінің арызы сомасынан алуға ұмтылды. Бұрын билердің жалақы алмағаны белгілі, оларға шағым сомасының 10 пайызы берілетін. Бірақ, осы 10 пайыздық үлес рулық шағымдарда, әдет-ғұрыпта айтылған кейбір жағдайларда белгіленді. Ұрлық адамға тіл тигізу және тәртіп бұзушылықта «хандық» делінетін пайыздық үлес ханға тиісті болады. Қазіргі уақытта билер «ережеге» сүйеніп, билік айтуға ақша көзі ретінде қарап, кез-келген шағымнан өз ақысын алады. Бұдан бұрын билер осы алымға мұндай дәрежеде материалдық тұрғыдан тәуелді емес еді. Қырғыз (қазақ) әдет-ғұрпына сәйкес, билер ру басшылары ретінде ру мүшелерінен қызмет ақысын заттай алды. Қырғыздар (қазақтар) осы орайда халқы үшін, халқын басқару үшін туған халқына қызмет етуі тиіс дейді. Жоғарыда айтылған уақытша жағдайлар, қырғыз (казак) әдет-ғұрпының дамуы қажеттілігі бір жағынан, иесі әдет-ғұрыптардың біртіндеп ұмытылуына, екінші жағынан ислам діні мен орыс типінің ықпалынан туындаған жаңалықтар әдет-ғұрыптарды қағазда қалдыруға, өзгерістерді өмір ағымы мен дүниетанымына икемдеу мақсатында бар күш жігерді төгуге себеп болды. Осы талпыныстар бір институтта яғни төтенше билер съездерінде көрініс тапты, оған лайықты қолдау бірінші — ең жақсы нәтижелер бере алады. Біз әр төтенше съезде қабылданған әдет-ғұрып ережесін айтып отырмыз. Істі қараудан бұрын осы съезде қолдануға болатын сот жүргізудің алғышарты талқыланады. Бұл қызықты жағдай сот жүргізу саласында орыс заңынан туындаған жаңа құбылыс болып табылады. Дегенмен, билердің төтенше съездері бағзыдан келе жатқан әдет-ғұрыптардың барлық ізін сақтаған. Онда ара сот ретінде сотқа ежелгі көзқарас көрініс тапқан. Әрбір істі қарауға тараптардан саны бірдей билер қатысатынын ескерсек, сот жұмысы біздің көз алдымызға екі дауласушы тараптың «келісімі» болмысын көрсетеді. Осы келісім дауды шешуге қажетті негіз қалайды. Онсыз бұл шешім мәнге ие емес. Осындай келісімдер «ереже» деп аталынады. Әр съездің алдында дайындатын, қағазға туар еді. Осы съезд үшін міндетті түрде іске асырылуы тиіс заң болып табылады. Семей облысының бұрынғы әскери губернаторы Циклинский қырғыздарды (қазақтарды) өздерінің басты әдет-ғұрыптарын болса да жүйеге келтіруге міндеттеу үшін осы жайды қолдануды ойлады. Ол Шар шатқалы облысының сайланған барлық билepі съезін өткізіп, оларға тек бір съезд үшін емес, келесі съездерде де орындалуы тиіс ереже құрастыруды тапсырды. Осы әрекет жалғасын таппағанымен, бірақ ол сайланған билердің бірге «ереже» құрастыруға мәжбүр етті. Бұл жерде әңгіме сот жұмысына қатысты әрі съездер жұмысын түсіндіретін съезд шешімдері жайлы болып отыр. Осы орайда, Шар съезі, төтенше съездерде билерді еңбекшілердің өздері сайлауы тиіс, яғни әр тарап өз билерін сайлайды, олардың санын «уақытша ережеге» сәйкес басшылық белгілейді. Дегенмен, тараптар сайлайтын билер саны үштен аспауы тиіс деп бекітілді. Билерді сайлаудың алдында ара сот болуы тиіс. Егер даугерлер ара соттан бас тартса және олар келісімге келе алмаса, онда билерді сайлайды. Мұндай жағдайда әр тараптар билер саны жұп болғандықтан олар келісімге келуі мүмкін. Мұндайда съезге қатысушы әр ояз биі «Төбе би» деп аталатын бір адамды таңдауы тиіс. Құрметті, беделді азамат «Төбе би» бола алады, бұл жерде оның би болуы немесе болмауының айырмасы жоқ. Егер істі шешуде келіспеушілік туындаса, билер ояздарға қарайтын «Төбе биді» шақыруға міндетті. Егер олар да келісімге келе алмаса, өзге ояздар төбе билері жеребе салады. Істің ақ - қарасын шешуде осы жеребе саны басымдығы басты рөл ойнайды. Бір ояз съездерінде келіспеушілік туғанда билер таңдалған ояздың Төбе биін шақырып, дауды шешеді.

А. Леонтьев
Суд биев и ереже

... Для решения дел между несколькими волостями одного уезда, по распоряжению уездного начальника, по мере надобности, созываются чрезвычайные съезды. Они же представляют собой вторую инстанцию суда для дел свыше 500 руб., решенных волостными съездами. Из компетенции народного суда, как свыше уже замечено, исключаются важные уголовные преступления киргиз, как убийства, грабежи, измена и т. п. Оригинальному ограничению подлежат также дела брачные: они подлежат в первой инстанции суда народному суду. Но недовольная сторона может обращаться с жалобой к уездному начальнику, который решает дело. Такое изъятие установлено с той целью, чтобы смягчить грубость обычаев киргиз, игнорирующих в этом деле желание брачующихся, их согласие. Разумеется, в таком щекотливом деле вмешательство администрации мало помогает смягчению нравов и создает скорее новые затруднения. Из предложенного описания судопроизводства, нормированного русским законом, читатель легко увидит, с какой осторожностью относился законодатель к правовым обычаям киргиз, как тщательно он избегал ломки веками сложившегося правового строя подвластного народа. Однако ему не удалось вполне избегнуть этой ломки. Не имея возможности представить народному суду, киргиз важные уголовные правонарушения, он подчинил их русскому дореформенному суду, где канцелярский порядок, отсутствие устности, гласности в публичности процесса, к которому привыкли киргизы, мало содействуют распространению уважения к русскому суду. Уничтожив затем должности родовых (шев, законодатель учредил бийские съезды, которые хотя и отступали от обычая, по вполне оправдывались бы потребностью жизни, если бы не были подвержены и действительности слишком сильному влиянию администрации. Самые выборы биев, лишенные той опоры, которую они прежде имели в родовом устройстве киргиз и в том обстоятельстве, что бии были вместе и родовыми старейшинами, приводят к тому, что этой должности добиваются как доходной статьи, которая представляется лицами, имеющими влияние на народ и стремящимися к должности волостных управителей, своим приверженцам, очень часто совершенно лишенным качеств, необходимых для судьи. Благодаря этому правовые обычаи быстро забываются. Не кодифицированные, сохраняющиеся в памяти стариков, они мало знакомы современным биям, выбранным по соображениям, вовсе не гарантирующим за ними знания народных обычаев. Поставленные в материальную зависимость от количества и размеров решенных исков бии стараются плодить тяжбы и, назначая себе в билик» 10% не с суммы присужденного иска, а с суммы заявленной истцом претензии, способствуют увеличению этой суммы. Правда, и прежде бии не получали жалованья и в их пользу было назначено 10% с суммы иска, но эти 10% назначались только в некоторых, определенных обычаем, родах исков, как-то: в делах о кражах, личных оскорблениях и других правонарушениях, при которых полагается и известный % в пользу хана «хандык». Теперь же, пользуясь разрешением «положения», бии смотрят на билик как на гонорар и назначают его при всех без исключения родах исков. Кроме того, прежде бии вовсе не были в такой материальной зависимости от итого сбора. По обычаям киргиз, бии, бывшие вместе и родоначальниками, получали все от членов рода натурой, «каптын учун туганых о джумусын кап калды» — говорят киргизы, т.е. кто родился для народа, для управления народом, для того должен работать народ. Изложенные временные условия, среди которых теперь приходится развинаться киргизскому обычному праву и которые приводят, с одной стороны, к постепенному забвению старых обычаев, с другой — к нововведению, обусловленному влиянием магометанской религии и русского языка, вызывают правопорядки силы народа на работу с целью закрепить обычай на бумаге и также сгладить нововведения, приспособив их к условиям жизни и воззрениям народа стремления выразились в одном институте, который при умелой поддержке Может дать самые хорошие результаты; мы говорим об установившемся обычае на каждом чрезвычайном съезде биев, прежде чем начать разбор подлежащих дел, условливаться о коренных началах судопроизводства, применяемых на этом съезде. Этот любопытной обычай, примененный к новому явлению в области судопроизводства, вызванному русским законом, чрезвычайным съездом биев, носит однако на себе все следы очень глубокой древности. В нем выражается древний взгляд на суд, как на третейское разбирательство. И если мы припомним, что на съезд являются бии, выбранные в равном числе каждой из сторон в процессе, подлежащем суду съезда, то эта выработка общих начал судопроизводства получает в наших глазах характер соглашения двух борющихся сторон, соглашения, которое создает общую почву, необходимую для решения спора, и без которой это решение становится невозможным. Такое соглашение носит название «иридже», которое, вырабатываясь перед каждым съездом, записывается и является законом, законом, обязательным только для данного съезда. Бывший военный губернатор Семипалатинской области Циклинский задумал воспользоваться этим для того, чтобы заставить киргиз кодифицировать хотя бы главнейшие из своих обычаев. Он собрал съезд выборных биев со всей области урочища Чары и поручил им составить «иридже», только такое, которое было бы обязательно не только для этого съезда, но и для последующих. Хотя эта попытка не получила дальнейшей санкции, но она все-таки заставила выборных биев совместно выработать «иридже», которым мы и будем пользоваться в числе прочих материалов для нашего изложения. Здесь нужно заметить только о тех постановлениях съезда, которые относят к судопроизводству и которые трактуют о составе самих съездов. Чарский съезд биев всей области по этому вопросу постановил, чтобы на чрезвычайных съездах бии избирались самими трудящимися, т.е. каждая из сторон выбирала бы своих биев, число которых, согласно «временному положению», должно определяться начальством с тем, однако, чтобы стороны не назначали более трех. Избранию биев должен предшествовать третейский суд. Если тяжущиеся откажутся от третейского суда или соглашение между ними не состоится, то они избирают биев. Так как биев при таком порядке всегда четное число (поровну с каждой стороны), то возможно, что они придут к соглашению. Для таких случаев бии каждого уезда, участвующего на съезде, должны выбирать одно лицо, называемое «тобе басы», которыми могут быть все «почтенные» лица, все равно, числятся они биями или нет. Если при решении дела возникнут разногласия, то бии обязаны пригласить двух «тобе басы» подлежащих уездов, а если и эти лица не приведут к соглашению, то между «тобе басы» остальных уездов кидается жребий, и внушивший жребий принимает участие в решении дела, давая своих голосов перевес. На съездах же одного уезда выборный уездный «тобе басы» приглашается биями при разногласии и разрешает споры.

Н. Максимов
Қырғыздардағы халық соты

Әр түрлі болыстардың адамдарының мүдделерін білдіретін істер үшін ерекше инстанцияны құру қырғыздық халық сотының жақсы сипаттамасын құрайды, себебі заңның өзі басқа ру мүшелеріне қатысты қолданылуына күмән тудырады. Дегенмен төтенше съездерге көптеген қарсылықтар келтіруге болады және ең бастысы әр түрлі болыстардың адамдары мүдделі болатын істер үшін, яғни көпшілік істер үшін тұрақты сот жоқ, олардың соты уақытша, демек, баяу жұмыс істейтін болып табылады. Сөз жоқ сот ісін жүргізуде құқықтарды іске асырудың жеделдігі де іске асырудың өзі сияқты маңызды болып табылады. Ал көп жағдайда өтердің жедел айқындаушы сипатта болады; соттың жеделдігі әсіресе қылмыстық, істерде, істің мән-жайлары, қылмыстың дәлелдемелері елі жойылмай тұрғанда ойлануы қажет етеді. Әрине төтенше съездер даулы істер көбінесе кеткенде, уезд бастығы төтенше съезді шақыру қажет деп тапқанда шақырылатын; осыдан кейін съезді тағайындау туралы жазба жасалады. Бұл көп уақыт алатын жұмыс еді, әсіресе егер съезде бірнеше уезд адамдарының арасындағы істерін қарастыратын болса, бұл жағдайда съезд өткізілетін уақыт пен орын барлық мүдделі уезд бастықтарының келісімі бойынша анықталады. Ал сот болып, іс қаралғанша тараптар күтуде болады. Сөзімізді дәлелдей түсу үшін қалалық уездік басқармалардың біріне тексерумен келген тұлғаның берген есебінде: «еткен жылы бір;тобыр халықтық судьялардың төтенше съезі болған жоқ» — делінгенін айта кетейік. Төтенше съездер бірнеше болыстардың, ал кейде тіпті бірнеше уездің мүддесіне қатысты болғандықтан, әрі мүдделі адамдардың орталық жерлерде тұрғылықты жерлерінен алшақ орналасқандықтан қырғыздарға әсіресе ұсақ істер мен дау-дамайлар бойынша қиындықтар тудыратын; осыған орай, кейбір жағдайларда қазақтар съезд ететін болыс алыс болғандықтан өз туыстары мен таныстарына өз орнына ісіне қатысуды тапсыратын, бірақ бөтен адам істі соншалықты өз ісінен қылып жүргізе алмайды ғой. Съездердің шешімдері қандай сомаға болса да ақырғы болып табылады, сондықтан осы съездер шешетін істер үшін тараптардың сұрауына қарамастан, бір ғана инстанция бекітілген, және олар шағымдануға жатпайды. Бұл жерде айта кететін жайт, ережелер бойынша уақытша 50 сомнан жоғары талаптар бойынша съездердің шешімдері, ал ереже жобасы бойынша, 1000 сомнан жоғары талаптар жөніндегі істер ақырғы болып есептелген жоқ және оларға шағым облыстық басқармаларға берілді, ал облыстық басқарма олардың күнін жойып, төтенше съездердің қарауына беруге құқылы болды. Түркістандық Облыстық басқарманың Жалпы қатысу журналына қарасақ, қырғыздардың өздері болыстық съездердің шешімдеріне шағымдану қажеттілігін мойындайды. Осылайша, түркістандық ережелер бұл орайда дауласушылардың құқықтарын азайтқан еді.

Н. Максимов
Народный суд у киргизов

... Образование особой инстанции для дел, затрагивающих интересы лиц разных волостей, составляет лучшую характеристику киргизского народного суда — сам закон сомневается в надлежащем отношении его к интересам чужеродца. Однако против чрезвычайных съездов можно возразить многое и, главное, что для дел, где заинтересованы лица разных волостей, т.е. для массы дел, не имеется постоянного суда, а суд случайный, а потому весьма медленный. Нечего говорить, что в судопроизводстве быстрота осуществления права столь же важна, как и само осуществление, а нередко это последнее только и возможно или только тогда и имеет значение, когда сделано вовремя; равным образом быстрота суда имеет особенную цену в уголовных делах, пока не исчезли обстоятельства дела из памяти прикосновенных лиц и свидетелей и пока не изгладились доказательства преступления. Незачем конечно доказывать, что чрезвычайные съезды собираются лишь тогда, когда, по количеству скопившихся дел, уездные начальники находят, что время назрело их созвать; затем идет переписка о назначении съезда, в свою очередь, отнимающая немало времени, особенно если съезд должен разбирать дела между лицами нескольких уездов, ибо в таком случае время и место съезда избирается по соглашению всех заинтересованных уездных начальников. А пока суд да дело — стороны ждут. Для иллюстрации приведем следующую выдержку из отчета лица, ревизовавшего одно из степных уездных управлений: «... в прошлом году не было ни одного чрезвычайного съезда народных судей». Так как чрезвычайные съезды касаются интересов нескольких волостей, а иногда и уездов, то хотя они и созываются в местах наиболее центральных, попсе же значительным своим отдалением от места жительства заинтересованных не немало затрудняют киргизов, особенно по мелким делам и искам; вследствие), обыкновенно, одному лицу поручается масса дел на съезде его родными и знакомыми, что, в свою очередь, при отсутствии у кочевников надлежащих донеренностей, ведет к неудобствам, не говоря уже о том, что постороннее лицо не может вести дело так же хорошо, как непосредственно заинтересованное. Решение съездов окончательно на всякую сумму, а потому для дел, решаемых гимн съездами, уже помимо всякого желания сторон, установлена одна инстанция, и они апелляции не подлежат. Здесь нельзя не припомнить, что решения съездов на сумму свыше 500 р., по временному положению, и свыше 1000 р., по проекту положения, считались неокончательными и могли быть обжалованы в областное правление, которое было вправе решение отменить и передать на рассмотрение чрезвычайного съезда. Сами киргизы, как это можно видеть из журналов Общего Присутствия Туркестанского Областного Правления, признают необходимость обжалования решений волостных съездов. Таким образом туркестанское положение в этом отношении уменьшило пра- на тяжущихся. Необходимость участия в решениях чрезвычайного съезда судей, принадлежащих к волостям сторон, при низком культурном уровне киргизов и их родового быте, приводит к тому, что судьи обращаются в адвокатов, заинтересовываются в решении дела в пользу стороны, принадлежащей к их волости, и сами обращаются в стороны.

Р. Марсеков
Қазақ билерінің тексерулері

... Енді қарап байқайық неше болыс елдің яки ояздардың билерінің хал-ахуалдарын чрезвычайный билер съездерінде болатұғын. Бұл болмысы съездерде де сондай болады дәл, дәл болысной съездерінде болатұғындарына ұқсас. Бірақ олардан гөрі біраз кейінірек болады, бірақ ісі, мынау партиялық жөндері әр қайсысыларының болыс ішінен шығып кетеді яки бүгін ояздарынан да шығып кетеді. Біздер байқадық, бір болыста болған бір партия басқа бір болыстың партия жағымен жақын болысып алады және әуелгі болыстың партиясы өздеріне тиісті көрген партиясымен тағы да жақын болысып алады. Әлден кейін бүкіл бір ояздың адамдары белгілі партияласып кетеді. Соның үшін әрдайым жолықпайды, бір-бірімен партияласып, жақын болып кеткендер қарсы жүрген партияға кірісе алмайды. Соның өздері әуелгі партиямен бірігіп қалғандары үшін әрбірі жақын болып бірігіп қалған бір-бірімен. Париялар сол съезде бір-біріне жәрдемдесіп жүреді. Бұл чрезвычайный съездер мұндай партияластардың бірікпеген уақытында болса да дұрыс болмайды. Сол себепті әрқайсы билер өздеріне қарағандардың жақұтында болысып, олардың қорғаушысы. Әрдайым қорғап, қоршап тұрады ұрылары мен қарыздарды, салық төлейтұғындары мен ғайри зұлымдарын. Бұл билердің мұншалық зұлымдарды қорғайтұғындары оларға өздері бас жәрдемдігі болады, яки болыстары яки құрметті мықты адамдарымен. Солардың қылмысы зұлымдықтарынан пайдаланады, өзі жақтарын қуаласып яки қазақшылығына қарай. Бұларына қарағанда байқап ұғуға болады қалайшысынан тексерулерінің тиятұғындарын. Бұлардың соттары бола береді өздерінің пайдасына қарай һәм әр негізді болса да залал көргендердің жағына шыға береді. Қай біреулерін мақтап қояды қылған зұлымдықтарын көтеріп, қай біреулерін тексеруге бермей-ақ өз тураларынан күш қылуларын мақұл көріседі, со қателерге өздері де үйретуші болады. Біздің қазақтардың соттарының түзу, тура болуларына қатты керек басқа теріп жөндермен болуға. Сайлаулары сондай уәде жөнмен болса керек. Бір - бірлеріңе қосылып, партияласып осы уақытқа шейін біздің қазақ араларында болып келе жатқан һәм осы уәде иелеріне кірмесе екен. Біреулерінің артына түсіп жала қылулары осы күнге шейін рәсімдей боп қалған, қылдан тайғандарды артынан қалмай залал шектіруге қаласады. Осы заман мезгілдерінде бұлардың араларында белгілі тәртіп болмаған соң, билердің соның жеңіне қарай іс қылуларына әлбетте мұндай болғандарына еріктеріне қалай қылса да мүмкін һәм өздеріне тиіссіз істерді де шатып жібереді. Мұндайлары әрдайым бола береді. Әлбетте жаңадан белгілі тәртіп жөндер істеген мезгілде керек кеңес ісіне алу анық белгілі билерден яки болмаса белгілі рәсім жөндерін яки әрбір жөндерді білетұғын тәуірлерінен. Соның үшін қазы болғандарының өздері басшы болып, өздеріне қарағандарының жақұтын іздемей сондайын билер болмағына, үлкен істер болған уақытында билер араларынан біреу яки екеулері болса да жауапкер мен даукер пайдасын көздеп, олардың да жақұтында болатындай ғып яки топ басының сайлап шығарған болса да. Бұ жеңдерден билерге бас тартуға болады, егерде низамға дұрыс хәлдерін көрсетсе. Айғақ қылары жоқ екі жанға салғандары көп пайда берсе керек, әйтпесе жайына қалдырар еді, күн жоқтары үшін қылған бидің һәм билердің бітімдерінің үстінен арыз берулеріне мүмкін болмаса зұлымдықтан құтылып болмайды. Мұндай болатұғындары біздерге мағұлым. Чрезвычайный съездерде анық қайсыларының бірінің үстінен окружной соттарға қаншама арыздар берісіп жатады. Бұлардың араласқандарынан әділділік табамыз ғой.

Р. Марсеков
Киргизский народный суд

... Теперь мы посмотрим, что из себя представляет суд биев нескольких волостей или уездов, именуемый чрезвычайным съездом народных судей. И здесь, оказывается, возможно, нечто вроде того, что мы видим в волостном суде, хотя и не так сильно. Дело в том, что теперь партийная вражда не ограничивается волостью, она распространяется за пределы волости и даже уезда. Мы видим, что одна партия в одной волости находит себе союзницу в лице какой-либо партии и другой волости, в то же время другая партия первой волости делается союзницей соответствующей партии в упомянутой другой волости. Таким образом, получается деление целого уезда на союзные партии, и притом не встречается того, чтобы одна и та же партия была бы союзницей партии, враждебной той, которая сама является союзницей первой. Союзные партии содействуют друг другу и в этих съездах. Но эти чрезвычайные съезды и при отсутствии такого союза действуют не безупречно. В этом случае судьи являются представителями и защитниками интересов обществ, которым они принадлежат. Защищают и конокрадов, и неисправных должников, и т.п. негодяев. Защищают же потому, что у этих негодяев имеются покровители — в лице самих судей, волостного управителя или какого-нибудь туза, которые из преступного промысла извлекают выгоду или же из родового или местного «патриотизма». Нетрудно понять, как деморализующе должен влиять такой суд, — суд, действующий из побуждений личной выгоды, эгоизма и попирающий права и интересы потерпевших лиц. Поощряя совершение преступлений одними, он в то же время побуждает других искать защиты нарушенного права в собственных силах, избегать суда и предпочитать ему саморасправу. Чтобы наш народный суд стал судом в истинном смысле этого слова, мне думается, необходима иная организация выборной системы; нужно создать такие условия, при которых не могло бы существовать тех способов привлечения сторонников, которые практикуются у нас, условия, при которых не было бы места обычным в нашей жизни преследованиям. Отсутствие какого-либо кодекса, которым бы могли руководствоваться бии в сноих решениях, давая возможность решать вкривь и вкось, ведет и к юрисдикции неподсудных дел, что встречается весьма часто. При составлении кодекса необходимо, чтобы в этой работе принимали участие как замечательные бии, так и те, которые слывут за знатоков юридических обычаев и вообще за толковых людей, для обсуждения целесообразности тех или иных обычаев и законоположений. Для того, чтобы судьи не превратились в представителей, отстаивающих интересы обществ, нужно, чтобы по более важным делам из среды самих судей в количестве одного или двух выступали защитники интересов и истца и ответчика по выбору тяжущихся или по назначению представителя. Бии могут отказываться от защиты только по уважительным причинам. Институт присяжных (очистительная присяга) оказал бы суду немалые услуги там, где по недостатку доказательств, пришлось бы отказать. Во избежание злоупотреблений должна быть допущена апелляция, как на единоличный, так и на коллегиальный суд; без апелляции же злоупотребления неизбежны, как это мы видим в чрезвычайных съездах, на решения которых приносится масса жалоб в Окружные суды с целью в них найти правосудие.

С. Өзбекұлы
Барлыбек Сыртановтың «Ынтымақ ережесі» және ел басқару мәселесі

Барлыбек Сыртановтың саяси-құқықтық көзқарасында XX ғасырдың басында Қазақстанның қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірде мүлдем беймәлім болып келген мәселе — жергілікті елді мекендерде, ауыл арасында басқару ісін дұрыс жолға қою болды. Қазақ қоғамына патша үкіметі енгізген болыстық жүйенің тиімсіздігі бәрімізге белгілі. Қазақ қоғамына дерт болып жабысқан осы мәселе Барлыбек Сыртановты да қатты ойландырды, жеңіске, партияларға белгілі алған халықты қайта ынтымақтастырып, басын біріктіру мәселесіне жар құлағы жастыққа тимей, ерекше көңіл бөледі, түн ұйқысын төрт бөледі. Соның жемісі нәтижесі ретінде, ой толғанысы мен білімділігінің айғағы болып дүниеге «Ынтымақ ережесі» келеді. Бұл құжат бұрын-соңды ғылыми айналымға түскен емес. Оны 1960 жылы Барлыбек Сыртановтың туған баласы Әбдіқадір Барлыбекұлы Сыртанов Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров мұражайының қолжазбалар қорына табыс еткен екен. Сарғайып жата берген бұл құжатты біз 1996 жылы музей директоры Кәмила Қоқымованың көмегімен 36 жылдан кейін ғылымның қажетіне, халық игілігіне жаратып отырмыз. Барлыбек Сыртанов отставкаға шыққан соң ел басқару ісімен тікелей шұғылданып, халықтың партияға, руға, жікке бөлінуінің тамырына балта шабу мақсатында Бұқабай екі арасында 50 үйден тұратын қауымдасқа тәжірибе ретінде, ауыл ақсақалдарымен тікелей ақылдаса отырып, басқарудың жаңа Ережесін енгізді. Бұл құжаттың басында «Бұқабай балаларының Ынтымақ ережесі» Барлыбек Сыртанұлы 50 үй арасында мынандай ұйым ашады» деген мәлімет бар. Талдықорған облысы Қапал ауданы тұрғындарының айтуына қарағанда, бұл Ереже «Бәкеңнің Ынтымақ ережесі» деп аталып кеткен, небары 15 баптан тұрады, бірақ жазылған жылы белгісіз. Барлыбек Сыртанов жазып қалдырған бұл құжаттың мазмұнына ғылыми тұрғыдан талдау жасап қарасақ, ел басқару ісін дәстүрлі салт-санамен, әдеттік - құқықтық нормалармен реттеуің негізге алған. Ереженің негізгі идеясы көшпелі қазақ қоғамында әлеуметтік практиканың сандарынан өтіп қалыптасқан, дала демократиясының гуманистік, қайырымдылық, қауымдастық, ынтымақтастық сияқты кезеңдері мен ислам дінінің талаптарына сай келетін ұғымдар болып табылады. Қорытынды сөзбен айтқанда, бұл реформаторлық мазмұнға ие болған құжат болған құжат болып қабылданатыны даусыз. Барлыбек Сыртановтың «Ынтымақ ережесінің» талаптары бойынша ел басқару ісі және олардың арасында болған және де дауларды шешу елді мекенде халық болып сайланған беделді ақсақалға жүктеледі. Оның айтқан сөзі, жүргізген іс-әрекеті барлық қауым мүшелеріне міндетті болуы тиіс. Ереженің 13-бабында: «Өз арамызда дау болса, сайлаған ақсақал бітіріп тұрсын» — деп атап көрсетіледі. Егер дау бірнеше елді мекенің қоныстанған бірнеше елдердің арасында болған болса, «сайланған сегіз ақсақал бітіріп тұрады» — деп белгіленген. Ережеде Барлыбек Сыртанов бұл жерде дауларды шешуді қазақтың әдет-ғұрпы бойынша билерге жүктемеді, керісінше, ақсақалдар құзыры деп таниды. Мұның себебі, 1867 — 68 жылдарда қазақ даласында енгізілген «Уақытша ережеден» кейін билердің сайлау арқылы «халық сотына» ие болу мәртебесінің нәтижесінде әділетсіздікке, парақорлыққа кеңінен жол ашылуының салдарынан беделді мүлдем түсіріп алғандығында болса керек. Себебі, халық сотын сайлау орыс ұлықтарының тікелей араласуымен болып, олардың ұсынысымен болатын іске айналған еді. Осыны байқаған Барлыбек Сыртанов дауларды шешу мен ел басқару ісін беделді ел таныған, шешендігі меңгерген ақсақалдарға жүктейді. «Ынтымақ ережесінің» нормаларындағы негізгі талаптар — елдің ынтымақтастығын нығайту, бірлік идеясын уағыздау, ұлт санасына жағымсыз қимыл-әрекеттермен қауым болып күресу және қайырымдылық пен қамқорлық жасау. Барлыбек Сыртанов Ережеде екі мәдениеттің жемісін пайдалана білген. Біріншісі — ғасырлар қойнауынан тамырын тартқан көшпелі қоғамның гуманистік, қауымдық институттары болса, екіншісі — ислам дінінің кейбір талаптары. Осы екі ұғымды ол үйлестіре отырып, бір мағынаға енгізумен «Ынтымақ ережесі» деп аталған. Бұл ұғымның өзі қазақ халқының фольклорымен тіпті, қазіргі күні де мемлекетімізде өзінің көкейтесті жоймаған ынтымақтастық, тұрақтылық, қоғамдық келгендігі идеяларымен етене үндес екені аса көрегендіктің белгіледі. Қазақ халқы көне заманнан бері «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Бөлінгенді бәрі жеңеді, жарылғанды жау жейді», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Игілік басы – ынтымақ», «Ырыс алды — ынтымақ», «Ынтымақ — бұзылмас қорған», «Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда», «Ынтымақтың түбі — игілік, «Бірлік түбі - тірлік» және т.б. сөздер айтып, халықты ынтымаққа алып отырған. Бұл өсиеттер қазіргі заманда мемлекетіміздің Конституциясы мен Әнұранын да өзінің негізін тауып отыр. «Ынтымақ, ережесінде» мұсылмандықтың бес парызын қазақ халқына міндеттеу әрекеті жасалғанын аңғарамыз. «Зекет, қайыр-садақа, ұшыр малы жоқ кедейлікті, жыл сайын болып бере беру, кедей жоқ болса, медресенің» — деп талап қоя келе, «Ереженің» 9-бабында: «Бозбалалар, қарасақал, ақсақалдар намаз оқымаса, ораза ұстамаса, ұшыр бермесе, бай зекет бермесе айыпты болсын, айыбы шариғат қосқаннан басқа, әр жолға он сомнан айып кетеді» — деген норманы енгізеді. Барлыбек Сұлтановтың бұл мағынадағы идеяларының мәні қызықты қайткен күнде ислам дініне тарту, оның негізгі талаптарын халыққа міндеттеп, имандылыққа баулу. Себебі, қазақ өзін қанша мұсылман дегенмен көшпелі қазақ қоғамда, жаппай отырықшылықтың болмауына байланысты ислам діні өз мағынасында халықтың санасына енген жоқ. Қазақ халқы арасында Шоқан Уәлихановтың айтуынша «мұсылман діні ойдағыдай тамыр жая алмады, ислам дінінің әуезді дыбысы мен сөздер тізбегі арасында шамандық салт-сана қалып қояды». Көшпелі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылысын терең зерттеген ғалым, академик Салық Зиманов былай деп тұжырым жасайды: «Ислам діні Орта Азия хандығына қарағанда Қазақстанда анағұрлым аз, ете шамалы дәрежеде таралды. Оның себептері көп болды. Олардың кейбір себептеріне ислам орталықтарының алшақ орналасуы, халықтың кеңінен өмірі, Қазақстан, территориясында ірі қалалардың болмауы жатты». Міне, осындай жағдайларға қарамастан Барлыбек Сыртанов намаз оқуды, ораза ұстауды, зекет және ұшыр сияқты исламның міндетті қағидаларын қазақ халқына міндеттеуді аса қажет деп таниды. Көрсетілген нормаларда ол аталмыш парыздарды екеуі дәулетті адамдардың басты борышты санаттарына жатқызды. Себебі бұл борыштар мұсылман баласын дүниеқоңыздықтан, пайдақорлықтан, асып-тасып кету сияқты жаман әдеттерден сақтандырып, әл-ауқаты төмен, мүсәпір адамдардың материалдық жағдайларын жақсартуға үлкен себебін тигізді Ал, ораза ұстауды халыққа міндеттеу Барлыбек Сыртановтың ойынша, адамды, ұстамдылыққа, құдайға құлшылық етуге үйрету және дәулетті адамдардың, кедей, ішуге тамақтары жоқ мүсәпірлердің аштықты қалай басынан кешетіндерінен сезініп, мейірімділігін, жалпы ашуын күшейту болып табылады. Егер адамдар намаз оқымаса, ораза тұтпаса, ұшыр, зекет бермесе Барлыбек Сыртанов «Ережеде» шариғат жолымен жазаланып, үстіне қоса 10 сом айып салуды бекіткенін байқадық. Бұл жерде ол, мысалы, оразаны бұзғаны үшін қолданылатын жазасын айтып отыр. Кәффәрат бойынша бір құл азат етіледі, оған шамасы жетпесе рамазан айы аяқталған соң 60 күн қатарынан ораза ұстайды. Денсаулығына байланысты оған шамасы келмесе, 60 адамды тойындыруы тиіс. Ал, ақша мөлшерінде айып салу шариғатта мүлдем көрсетілмеген, Оны енгізген — Барлыбек Сыртанов. Ондағы мақсаты дін талаптарын орындамаған, орындауға мүлдем ынтасы жоқ, қазақтарды экономикалық санкция, тетіктер қолдану арқылы ізгі ниеттілікке, қайырымдылыққа шақыру. Байқап қарасақ, Барлыбек Сыртановтың «Ынтымақ ережесінде» зиялылық мүлдем байқалмайды, ол діннің талаптарын бәріне міндетті деп санайды, яғни ол құрған қоғамда дін мемлекеттен, мешіт мектептен бөлінбеген. Бұл идеяның пайдалы және зиянды жақтары бар екені ақиқат. Дінін ұстау әркімнің жеке ісі болуы шарт. Ал, діннің халықты тәрбиелеуде, қайырымдылыққа баулауда, алушылыққа шақыруда рөлінің шексіз мүмкіндіктері бар екені ешқандай дау тудырмаса керек. «Ынтымақ ережесінде» Барлыбек Сыртанов қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, қауымдық, гуманистік сипаттарға ие болған ал енді құқықтың ағайыншылық», «жұртшылық», «асар», «қонақжайлылық», «қызыл көгеру», жылу» сияқты көптеген институттарын жаңа мағынада, қазақ қоғамының XX ғасыр басындағы даму үрдісіне үндес сипатта жаңаруымен қолданады. Талдау жасап қарасақ, Барлыбек Сыртанов қазақ қоғамының этнопсихологиялық және қауымдық демократияның, көшпелі өмірдің өз заңдылығы дүниеге келмеген феноменалдық құбылысты қайткен күнде сақтап қалуды мақсат етеді. Қазақ халқының «жылу» институты Барлыбек Сыртанов енгізген «Ынтымақ ережесінде» былайша нормативтік сипатқа ие болады: «Біреу ақы мал тартып қалса, көбіміз төлейік, бай-кедей демей». Немесе екінші бапта: «Малы кемірек, біреудің мініп жүрген аты, сауып жүрген сиыры өліп қалса, көрмек көбіміз сол малды белдеуіне байлап бермек болдық». «Ынтымақ ережесі» талаптарының сапынан 5-бап ерекше көзге түседі. Бұл норма қазіргі нарықтық қатынастар қалыптасып келе жатқан қазақ халқына кілең ой салып, әлсіздер мен мүсәпірлер, кедейлер мен тамақ тауып іше алмайтын дәрменсіз қарттар мен ауырулары асқындаған адамдардың дәрігерлерге қаралуға қаражаттары тапшы болғандарға қайырымдылық пен қамқорлықтың өзінде көмек көрсетуді міндеттейді: «Ғұмырынша жазылмайтұғын біреуде көп болса, көбіміз дәрігерге қаратайық, шығыны көп те болсын, бай-кедей демей» , — деп көрсетіледі. Нағыз гуманизм деп осыны айтуға болады. Қазақ халқы ежелден егіншілікпен жақсы айналысқан халық. Соған байланысты егін, ішінен ору қазақ халқында жауапты, қыс азығын дайындаудағы ең басты міндеттердің бірі болған. Тез арада шашпай-төкпей жинап алу асқан ұйымдастырушылықты, жауапкершілікті талап ететін айқын. Қашанда бірлігі жоқ, жалқаулыққа бейім, іс бастауда енжарлық танытатын қазақ халқын Барлыбек Сыртанов «Ынтымақ ережесінде» науқан кезінде бір нормаға бағындыруды жөн көреді, ал орындамағандарға айып тағайындайды. 12-бап осы мәселені былайша бекітеді. «Шаруа жайын егін уақытында, немесе уақытында бір кісіден жұмысшы, аз болса екі үйден бір кісі шығарып, менікі - сенікі демей, егін, тәнті сол кезде бітіріп тұрады. Кісі жоқ болса, ақшаға кісі жалдан берет. Кімде-кім үйде отырып, бармаймын десе, бір қойын жұмысшылар ұстап сойсын, бармаған сайын». Бұл мағынада Барлыбек Сыртанов енжар қазақ халқын Абай айтқандай: «Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жерлеп, не сырлап айтқанмен ешнәрсеге кешіру мүмкін емес. Етінен еткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтімен емген надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш - пыш бар ма, гуілдеп бар ма, дүрілдеп бар ма, — сонысын дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрылмайды, сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не кенін, не көзі алаңдап тұрады» — деген даналы сөзін ескіргенін аңғармаса болмайды. Осы санада қалыптасқан қазақты еңбекке тартудың бір идарасы жоғарыдағы нормада көрсетілген қойын алу арқылы экономикалық санкциямен енбекке тарту, қауым алдындағы жауапкершілігін мойындату болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерден басқа Барлыбек Сыртановтың «Ынтымақ ережесінде» қазақ қоғамында кең етек жайған «жесір дауы», көп әйел алушылық және қалыңмал беруден туындайтын жеке мәселенің бірі — әйелін өлген еркекті орнықтыру, оның жаңа неке құруы. XX ғасырдың басында бұл мәселе қазақ зиялыларын қатты толғандырған еді. Әсіресе, қалыңмалды төлей алмай, үйленуге әлеуметтік жағынан мүмкіншілігі жоқ қазақ жігіттерінің саны көбейе түсіп, демографиялық ахуалға диспропорциялық, орны толмас жағымсыз құбылыс тудырғаны анық байқалады. Осы мәселеге ерекше көңіл бөлген және оны жеке мәселе етіп баспасөзде көтерген Барлыбек Сыртановтың және серігі Жанша Сейдалин болды. Ол «Айқап» журналында былай деп жазды: «Қазақ жұртында екі түрлі жаман әдет бар. Түптен ойлап қарасақ, сол екі әдет қазақ халқында жаман. Олардан құтылмай қазақ жұрты оңбайды. Егерде қазақ жұрты сол екі әдеттен құтылмаса, бұл екі әдеттің бірі — ұрлық, бірі — жесір дауы, қызын сатып мал алу ұрының оқыған намазы қабыл бола ма? Қызын сатып, тамағын тойдырған отағасының ішкен - жегені адал болар ма? Ойлап қараңыздаршы!.. «Жесір дауы» әйел адамды адам есебінен шығарып, мал есебіне аударып жіберді. Қалыңмалды төлеп болса да, қазақ жұртының 30 — 40 жасқа келген сақа жігіттер жоқ айғырдай азынап жүр. Жұртта жесірін ала алмаған бозбала бойдақ көбейіп барады. Қазақтың тұқымы құрып бара жатыр: ойнастық қылып, мерез ауыруы жұрттың сүйене жайылып бара жатыр». Ұлттың шекесіне қатты батқан мәселені Барлыбек Сыртанов ескере отырып, Ынтымақ ережесінің» 4-бабында: «Біреудің қатыны елін қалса, көбіміз қатын қып береміз, бай-кедей демей», — деп қазақ халқына қалыңмалдан құтылудың жолын көрсеткендей болды. Қазір де ағайын, туысқан болып келіп түсіргенде тірлік қиындықтарды көтеріп алу сол дәстүрдің жалғасы болса керек. Барлыбек Сыртанов «Ынтымақ, ережесінде» ел арасында кездесетін ұрлық, жағымсыз қылықтарға қолданылатын шараларды да белгілеңдер. Оның ішіне нормалары осы мәселеге арналған. «Жастар үлкенге тіл тисе ат шама айып, қолы тисе екі ай киелі кісі қолы тиген кісінің үйіне отын-суын алып берсін» — деп белгіленеді. Бұл бапта Барлыбек Сыртанов Тәуке ханның «Жеті Жарғысына» мүлдем беймәлім жазаның түрін егіліп отыр. Атап айтқанда, «Жеті Жарғы» заңы әке-шешесіне, үлкен бауырларына, жалпы жасы үлкен кісілерге қол жұмсаған немесе тіл тигізгендерге негізінде ар жазасын қолданған. Бұл жаза масқаралау және елден қуу болып екіге бөлінген. Масқаралаудың негізгі мақсаты — құқық бұзушылық істеген адамды ел арасында ұялту. «Масқаралау жазасына кесілген адамның мойнына құрым киіз, сиырға немесе есекке теріс отырғызып, бүкіл ауылды айналдырады. Оны бүкіл ел, бала-шаға мазақ етеді. Ұялған адам екінші рет теріс қылық жасауға бармайтындығын айтып, бүкіл халық алдында уәдесін береді. Қазақ қоғамында масқаралау жазасын негізінде ата-анасына, жасы үлкен қарияларға тіл тигізген немесе қол жұмсаған адамдарға қолданған». Барлыбек Сыртанов ата салтпен бірге келе жатқан масқаралау жазасының жаңа заманда, XX ғасырдың басында үлкен өзгерістер болып жатқан қазақ қоғамында тиімді нәтиже беретінін аңғартқандай. Себебі, қоғамдық қатынастардың сапалы өзгеріске ұшырауына байланысты адамның санасы да дәстүрлік масқаралау жазасын басқаша қабылдауға бейімделіп үлгеріп, сондықтан оны қолдану тиімсіз болды. Осы мәселелерді жақсы аңғарған Барлыбек Сыртанов екі ай мерзімінде айыпты адамды қол жұмсаған ісінің үшінде еріксіз жұмысқа салуды өте тиімді жаза деп түсінеді. «Жеті Жарғы» заңында ер-тұрман ұрланғаны үшін арнайы бап бекітілмеген, бұл әрекет жалпы ұрлық ұғымымен қамтылып, адамдардың ұрланған мүліктерінің құны 27 есе артық өндіріліп отырған. Барлыбек Сыртанов Ереженің 11-бабында: «Баласы айыр - тұрман ұрласа, әкесі көпке ат-шапан айып береді, ұрланған нәрседен басқа» деген талапты бекітеді. Бұл нормада түсініксіз қалған бір мәселе: ересектердің айыр - тұрман ұрлағаны үшін тартатын жазасы айқындалмаған, тек баласымен ғана шектеледі. Барлыбек Сыртанов өз ұлтының патриоты ретінде қазақ қоғамында біртіндеп көрініс бере бастаған жағымсыз, салт-санаға мүлдем жат көріністерге, атап айтқанда, маскүнемдік, құмар ойындар, ойнас жасау т.б. әрекеттеріне дер кезінде баға беріп, алдын орамаса, болашақта ұлтты қандай жағдайға душар ететін болжай білді. Сондықтан да «Ынтымақ ережесінде» ол аталмыш әрекеттерден қазақ жұртын сақтандыруды көздейді 14-бапта «Қарта, басқа құмар ойнамасқа» дей келе, Ереженің 10-бабында: «Ұрлық, өтірік, боқтау, ойнас, тіпті болмасын. Болса абақтыдан басқа, көпке ат-шапан болсын,» — деп қорытындылайды өз ойларын. Бұл жерде Барлыбек Сыртанов осы жасалған әрекеттерге ат-шапаннан басқа абақтыға, және түрмеге жабуды талап етеді. Бірақ түрмеде отыру мерзімі көрсетілмеген және бұл шараны қолдану соттың емес, ақсақалдардың шешуімен болатындығын ескерсек, соттың үкімсіз абақтыға жабу қандай төтермен іс жүзіне асырылатыны да мүлдем түсініксіз қалғанын аңғарамыз. Міне, Барлыбек Сыртановтың ұшқыр ой, даналық көзқарасымен жазылған бұл құжаттың Қазақстанның XX ғасыр басында құқықтық ой-пікірінде ерекше орын алатыны күмән тудырмаса керек. Сол бір қиын-қыстау кезеңде жергілікті басқару ісіне қарлығаш канатымен су тамызғандай реформаторлық жаңалық енгізіп, қайтсек басқару ісін жақсартамыз деген сауалға өз тарапынан жауап беруі бағалауға тұрарлық іс. Баспасөз беттеріне жергілікті басқаруды жақсарту туралы қазақ зиялылары тек мәселе ғана көтерді, идеялар ұсынды, ал Барлыбек Сыртанов өз тарапынан қазақ қоғамында іске асырудың үлгісін танытты. Тіпті қазірде тәуелсіздікке қолымыз жеткен Қазақстанда соңғы кездерде ауылдарда ақсақалдар кеңесін құрып, билер сотын жандандырып, олардың құзырына ауыл мәселесін, болған дауларды шешу хақында жиі-жиі айтылып жүр. Бұл идеяларды іс жүзіне нақтылы асыратын болсақ, Барлыбек Сыртанов ойлары ecкepілeтіні және пайдаланатыны дау тудырмаса керек.

Ө. Өмірзақов
Билердің төтенше съезінің ережелері

XІX ғасырдың 60 жылдарында Қазақстанды Ресейдің жаулап алуы толығымен аяқталды. Ендігі жерде патшалық өкімет Қазақстанның бар байлығының иесі болып, ондағы байлықтарды орыстардың игілігіне пайдалану жолын қарастырады. Сан ғасырлар бойы өзіндік ерекшелігімен көзге түскен қазақ халқының басына ауыр сындарлы заман орнады. Көп ұзамай тауқыметті күндер патшалық әкімшілік-құқықтық жүйелерін жүргізуден басталды. Әуелі 1822 жылғы Орта жүз қазақтары жерінде «Сібір қырғыздары жайлы Ережесі» мен Кіші жүзге кіргізген өзгешеліктер нәтижесіне қазақ әдет-ғұрып заң нормаларын быж-тыж етіп, әлсіретіп, өзінің колониялық саясатын батыл енгізу мәселелерін қарастырды. Онан әрі осы мақсатын тереңдете түсіп 1867 жылғы шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарының басқарудың Уақытша ережесін», одан кейін «Орынбор мен Батыс - Сібір генерал-губернаторлығына қарасты далалық облыстарды басқарудың Уақытша Ережелерін» енгіздік. Сөйтіп, қазақ жеріне бар шеңгелін салып, бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрып заң нормаларын шығарды. Қазақ даласы әкімшілік тұрғыдан облыстарға, облыстар — уездерге, уездер — болыстыққа, болыстар — ауылдарға бөлінеді. Облыстарды әскери - губернаторлар басқарып, барлық билікті өз қолдарына алды. Басқару аппаратының ең төменгі сатысы — жергілікті басқару сайланбалы түрде болды. Бұл патша әкімшілігіне де тиісті еді. Сайлауға негізінен өздері қалаған, өз саясаттарын қолдайтындарды қатыстырып, соларды сайлады. Бірін-бірі қолдаған патшалық өкіметтің өкілеттері мен жергілікті өз бас пайдасын ойлаған азғындар әр түрлі айла-шарғыларға қоса парақорлықты өрістетті. Болмашы нәрсені сылтауратып, бұқара халықтың хал-ахуалын онан әрі нашарлата түсті. Әкімшілік басқарудың жаңадан енгізілген жүйесі қазақ қоғамының сот жүйесіне де іргелі өзгерістер енгізді. Енді «Халық соттары» жұмыс істей бастады. Сот жеке дара, болыстың және билердің төтенше съезіне белгілі. Жеке-дара соттар «отбасы, ошақ қасы» мәселелерінен асып кетпейтін маңызы аз мәселелерді қарады. Бұлар негізінен әдет-ғұрып заңдарына сүйене отырып, өз шешімдерін шығарады. Ал, болыстық соттар енгізген инстанция саналып, жеке дара соттардың үстінен түскен шағымдары қорғаудан қолы тимеді. Билердің төтенше съезі генерал-губернатор не уезд бастығының тікелей қатысумен әрі солардың нұсқауларын ескере отырып шақырылды. Барлық сот жүйесі колониалдық нұсқаумен ғана жұмыс істеді. Сот жүйесінде заң бұзушылық, пара алу, істі әділ шешпеу секілді келеңсіз жайттар орын алды, қазақтар генерал губернатор бекіткен билерге ғана жүгінуге берілді. Нәтижеде билер бұрынғы қасиетті де оңды жолынан тайып, өзгертіп. Генерал губернатордың арнайы бұйрығымен уезд бастықтары болыс - болыстан төтенше билер съезіне дау -таластардың түйінін берді. Осы дауларды қарап, патшалық Ресей заңдарын негізге ала отырып, билердің төтенше съезі Ережелер шығарып отырады. Билердің төтенше съезі шығарған шешімдер ол жойылғанға дейін белгілі бір уездерде азаматтық және қылмыстық, істерін шешуде басшылыққа алынады. Бұл шешімдердің астарында қазақ әдет-ғұрып заң нормаларына көлегейленген патшалық саясаттың мақсат-мүддесі жатты. Бір қарағанда, бұл Ережелердегі кейбір нормалар азаматтың биік идеялармен қабысып жатқандай көрінуі мүмкін. Ол әлеуметтік прогресс, қазақ әйелдерін құтқару ұрандарымен астарласып, қазақ әдет-ғұрып заң нормаларының ғасырлар бойы қалыптасқан тұстарына іріткі салды. Ереженің кейбір нормалары қылмыстық-процессуалдық және азаматтық-процессуалдық тұстарын тәртіпке енгізеді, патшалық империялық заңдарға ойыстырады. Бұрыннан келе жатқан дәстүрін институттарды бастапқы мәннен айырды. Күн талабы мерзімі шектеліп, түрме, жер аудару пайда болды. Қоғамдағы ең маңызды құқық отбасылық құқықтарына өзгерістер көптеп енгізілді. Енді сол Ережелерге тоқтала кетейік. Торғайда Бахты - Чубарғалда 1886 жылы шілденің 14 күні болып өткен билердің төтенше съезінің ережесіне үңілейік: «Дела 1886 года настоящего возвращать скот по ценности покраденного, второй год (1885 г.) присуждать за лошадь дунень (4-летнего); третий год (1884 г.) — кунан (3-летний); за остальные три года (1883 —1882 —1881) — тай (2-летний)», — деп ұрыға тек үстеме ретінде жылқыға бірнеше жылғы бесті жылқы, екінші жылқы — дөнен, кейін — құнан, ал қалған үш жылға тай қосып отыр. Ұрлық 7 жылдан және одан әрі кетсе, талап мерзімі етіп, салауатқа жатқызылып отыр. Бұрын ұрлықтың талап мерзімі көрсетілген. Ұрының ұрлығы білінсе, айып салына берген. Екіншіден, ұры міндетті түрде тоғыз (27) айып төлеген. Немесе, 1 — 15 мамыр 1893 жылы Берқұлақта өткен Тоқмақ уезі билерінің төтенше съезінде: «Если кто увезет женщину, то последняя возвращается мужу со штрафом до девяти голов скота с верблюда, а если женщину похититель отдавать не пожелает, то в пользу мужа приговаривается уплаченный калым и сверх того штраф до 15 голов скота с верблюдом, если муж откажется принять к себе жену, то ему присуждается к возврату калым». Сондай-ақ «за доказанное прелюбодеяние жены с любовником приговаривается штраф от одного халата до девяти, начиная с лошади. За блуд с девицей взыскивается штраф один халат или лошадь и халат», — делінген. Бұрын некелі біреуін әйелін алып кеткен адам еріне қалыңмалын қайтарып, қалыңсыз қоса қыз берген болса, не болмаса зинақорлығы дәлелденгенде әйелі де, ойнасы да өлтірілсе, бұл жерде қаншалықты өзгеріске түскенін оқушылар өздері көзін жеткізер деп сенеміз. Тағы да: «Родственники убитого не имеют права произвольно мстить убийце и его роду, а должны довольствоваться отдачею убийцы под суд с получением куна» — деп, «қанға — қан, жанға — жан» дәстүріне тыйым салады. Тағы да: «За оскорбление должностных лиц на словах с виновных приговаривается штраф от одной лошади и халата до двух лошадей и 1 верблюда или тюремное заключение до одного месяца»5, — деп патша әкімшілік қызметкерлерін қорғайды. Немесе «если вдова после смерти мужа не желает по обычаю выйти замуж за ближайшего родственника покойного мужа, то она освобождается от этого и может выйти, по своему желанию, за кого ей угодно, но при этом от оставшегося после покойного мужа имущества она ничего не может получить, а равно родители покойного не должны взыскивать с ее родителей уплаченный за нее калым» ,— деп «әмеңгерлік» қағиданы белінен басады, әрі малды қайтару құқығынан айырады. Немесе: «Если отец или брат отдаст замуж девицу против ее воли, и она помет жалобу, тогда следует положить штраф на отца ее за безжалостный поступок со своей дочерью» , — деп, қызын әкесіне қарсы қоюға тырысады. Сот үкімінің орындалу мерзімін жеке билер үшін — 3 — 7 күн, болыстық сот үшін — 7 — 21 күн, төтенше съезд үшін — «айға дейін болған. Билердің төтенше съезі, заң шығарушылық құқығына ие бола отырып, патшалық -империялық заңдармен өзгеріске ұшырап, толыға түсті. Ол жайлы сол заманғы орыс авторлары: «Судебная практика признается до некоторой степени источником права даже там, где суд не связан положительным правом, а жизнь постепенно переходит к новым формам, будет порождать новые отношения и создавать новые интересы, столкновение которых будет находиться н суде, там судебная практика может явиться огромной правотворящей силой », — деп жазды. Рас, кейде атақты билердің шығарған билік шешімдері басшылыққа алынып, басқа қылмыстарды шешуде үлгі болды. Бұл шешімдер арнайы кітаптарға ие жазба құжаттарға айналдырылып, заңдық күшке ие болды. Бірақ, негізінен билердің төтенше съезіне жиналған билер кеңесе отырып, орыс заңдарын да естен шығармай, соған жақындай түсетін шешімдерді өздері даярлады әрі оған бәрі де қолдарын қойып, мөрлерін басты. Сөйтіп, олар даярлаған билік қағида ережелерді «Ереже» деп атады. Бұл Ережелер заңдық күшке ие болып шығарылуы мен қатысқан билер ауқымына қарай бір не бірнеше уездерде басшылыққа алынды. Ережені құрастыру жолдарын К.К. Пален былайша жазады: «Все прибывшие на съезд выбирают из своей среды председателя и товарища его. По исполнении этой очередности все судьи приступают к составлению «Ереже», сборника правил для руководства при предстоящем рассмотрении предъявленных съезду жалоб и претензий. В этих «Ереже» устанавливаются не только судопроизводственные правила, но и нормы материального обычного права как уголовного, гак и гражданского». Билердің төтенше съезі жылына бір рет (кейде бірнеше жылда) шақырылады. билер съезі бірнеше ай бойына созылып, онда көптеген азаматтық, қылмыстық істерді қарады. Ережеде сот ісін жүргізу, азаматтық, қылмыстық істерді мәселелері егжей-тегжей қаралды. 1893 жылғы Тоқмақ съезі қабылдаған Ереже 12 тарау, 113 параграфтан тұрады. Билердің төтенше съезінің ісін губернатордың өзі қатты қадағалап, ал уезд бастығы міндетті түрде қатысып отырған. Олар шығарған Ереже патша әкімшілік шенеуніктері бақылауынан өтті. Өздеріне шын берілген билерді қажет болса сатып алып, генерал-губернатор арнайы қабылдап, шен тағып, шекпен кигізді. Оны генерал-губернатор Түркістан (106-бап) және Далалық (86-бап) Ережелерге сүйене отырып жүзеге асырады. Мұны Абай Құнанбаев та ащы шындықпен жариялады:

«Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық, қаққанға,
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.

Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар ұятын сатқанға?!»

Патша әкімшілі әуелде қазақ әдет-ғұрып заңдарына да, оны жүзеге асырушы билерді де түбірімен жоқ етуге әрекеттерін. Алайда, қанша күштеп империялық заңды істерін, соттарына істі кіргізгенімен халық ол соттарға жүгіне қоймады. Ақыры, патша егемен билердің төтенше съезін құрып, ең даулы да таласты, маңызы зор мәселелерді осында қарауға мәжбүр болды. Енді жерде билерді сатып алып, өз жағына тарта бастады. Солар арқылы колониялдық саясатын жүзеге асыруға тырысты. Билер майланып қойылды. Сайлау кезінде сот қызметіне таласушылар көп болып, қыруар қаржыларын шығындап, орыс шенеуніктерінің қалталарын толтыруға күш салды. Сот болып сайланған соң, кеткен шығындарын өтеу жолында заң бұзушылыққа барды. Мемлекеттік маңызы бар, сондай-ақ лауазымдық істерді, аса қауіпті қылмыстарды, тек орыс соттары өз заңдарымен қарады. Оны қарауға билердің төтенше съезі құқықты болмады.

С. Сартаев, С. Созақбаев
Билердің төтенше съездерінің шешімдері

Қазақ даласын басқарып - игеруде жоғары нәтижеге жеткен патша үкіметі ендігі кезекте көшпелілер өмірін құқықтық жүйесіне империялық нормаларды таңып -байлауға тырысты. Өз кезінде бұл әрекет - пиғыл мазмұны мен ішкі дүниелері сәйкес келмейтін құқық нормаларын қисынсыз араластырып, билік органдарының бейберекет қарекет қылуына алып келді. Орыс құқығының немесе шариат, қазақ әдет құқығының нормалары қосылғанына қарамастан әділ сот түйіп түптеп келгенде шенеунік, бастықсымақтарға тәуелді болды. Қазақ халқының көрнекті қайраткері, ғалым Шоқан Уәлиханов аталған жайттарды байқай отырып, былай деп тұжырым жасайды: «... тот закон хорош для народа, который более ему известен, закон родной, под которым человек вырос и воспитывался, как бы закон этот ни был несовершенен, должен казаться ему лучше, понятнее и яснее самых мудрых законодательств, взятых извне или навязанных сверху». Патшалық әкімшілік орындары қолданыстағы әдет-ғұрып құқығы нормаларын жүйелеуге ұмтылуы бір сәттік құбылыс болып қана қойған жақ. Осы мақсаттың бағдарында ғылыми-зерттеу экспедициялар қазақ даласының тіршілігінде қолданылатын әдет-ғұрып құқығы нормаларын жинақтап, жүйеледі. Нәтижесінде қазақ қоғамының құқықтық жүйесін зерттеуге кірісті көптеген құжаттар қалдырып кетті. Шын мәнінде бұл материалдар зерттеу жұмыстары үшін аса маңызды мәліметтерін бере алады, бірақ бұл құжаттар өмір қолданысына кіре алмады. Осы тұста академик С. 3. Зимановтың пікірі былай өрбіген: «Ошибочная трактовка общественных отношений казахов объяснялась не только поверхностным их изучением, но и не в меньшей степени порочностью научной методологии буржуазных авторов. Не обладая научным методом познания общественных явлений, они в лучшем случае добросовестно фиксировали то, что им удавалось наблюдать. Законы, управляющие явлениями общественной жизни, были им неизвестны». Дегенмен де қоғамдық қатынастарды реттеуде нормативтік-құқықтық тәртіптеу қажеттілігі өлкеден отаршыл биліктің назарынан тыс қала алмады. Барлық жағдайды ескере отырып, орыс әкімшілігі норма шығармашылық құқығы бар қазақ билерінің төтенше съезін ұйымдастырды. Төтенше билер съезі жылына бір рет, не екі рет, кейде тіпті екі жылда бір рет шақырылып тұрды. Даланы өлкенің әскери губернаторлары шақырылатын съездің өтетін орны мен уақытын көрсетіп алдын ала циркулярлар жіберіп отырды. Өз кезегінде уезд бастықтары әрбір болысты міндеттеп, болыстар болыстығынан нақты іс бойынша арызы жазылған адамдардың тізімін ұсынуы тиіс болды. Төтенше съездің нәтижесі туралы әрбір уезд бастығы болыстың басқармаға жазба енгізілетін кітапқа сәйкес төтенше съезд шешімдерін тіркеген. Уездің сот тәжірибесін қорытындылаудың негізінде төтенше билер съезі белгілі бір уақытқа дейін қолданылатын қаулы қабылдады, яғни Ережені. Ереженің бойында нақты қылмыстық не азаматтық істі шешетін құқық нормалары өмір сүрді және ол өзінің күшін жойғанға дейін бір немесе бірнеше уездің аумағында әрекет етіп. Билер сотының тәжірибесінде — Ереже қазақ әдет-ғұрып құқығы нормаларының жиынтығы нысанында көрініс тапты. Қазақ қоғамының өзгермелі жағдайы мен сот тәжірибесін зерделеудің негізінде кодификацияланған ереже «Жеті Жарғы жаңғыртылған үлгісі ретінде» көрініс тапты. Ереже мазмұнын талдау барысында, оның кейбір нормаларының төрінен жаңа заман тынысынан сыр беретін гуманистік идеялардың өрілгенін байқауға болады. Сондай-ақ қазақ дәстүрлі әдет құқығының патриархалдық - феодалдық институтының әйел баласына деген ескі көзқарасы жаңаша сипатта өрбіп, азаттығы алып берілген тұстары мен әлеуметтік өмір жаңғырықтары ереже астарларына қатар қабыстырылды. Мәселен, 1885 жылдың мамыр айында Шар төтенше билер съезінде Абай Құнанбаевтың басшылығымен қабылданған ереженің 47-бабына сәйкес әмеңгерлікті жойып, оны мынандай нысанда белгіледі «Вдове выходить за брата или родственника необязательно, предоставляется ее воле и согласию». Ереженің бірқатар нормалары қазақтың қылмыстық әдеттік құқығының жекелеген институттарына жаңа бағыттағы құқықтық жаңғыртулар енгізді. Мәселен, қылмыстық құқықтағы құқық бұзушының кісінің орындау нақтыланып, жасалған қоғамдық қауіпті әрекетіне қарай субъектінің жауапкершілігі белгіленеді. Ереже нормалары қазақ әдет-ғұрып құқығының азаматтық және қылмыстық іс жүргізу салаларына елеулі өзгерістер енгізді. Көптеген ескірген жол-жораларға толы талқылау тәртібінің күрделі нысаны өзгертіліп, әр түрлі мерзімде орындалуға жататын сот шешімдерімен толықтырылды. Ереженің негізгі идеялары әдеттік азаматтық құқықтың бірқатар институттарын бойлай енін, өз белгілерін қалдырды. Күн турасындағы істерге қатысты ескіру мерзімдері белгілі енін, неке — отбасылық қатынастар тереңірек талданып реттелді.

С. Сартаев, С. Созакбаев
Постановления чрезвычайных съездов биев

Царское правительство, добиваясь эффективного управления, пыталось внедрить в казахском обществе правовую систему империи. Это привело к беспорядочному смешению различных по содержанию и духу норм права, открыло широкий простор для беззакония, произвола и злоупотребления со стороны всех органов власти. В зависимости от применяемой нормы, т. е. русского права, или шариата, или обычного права казахов, правосудие в крае всецело зависело от чиновников и толстосумов. Выдающийся казахский ученый Чокан Валиханов, прозорливо предвидя эти последствия, писал: «...тот закон хорош для народа, который более ему известен, закон родной, под которым человек вырос и воспитывался, как бы закон этот ни был несовершенен, должен казаться ему лучше, понятнее и яснее самых мудрых законодательств, взятых извне или навязанных сверху». Царская администрация не раз предпринимала попытки систематизировать действующее обычное право казахов. С этой целью не раз формировались научно-исследовательские экспедиции по сбору норм обычного права, которые действительно внесли неоценимый вклад в изучение правовой системы казахского общества . Следует, однако, отметить, что хотя эти материалы имели исключительно важное значение для исследовательской работы, тем не менее в правоприменительной практике народных судов они не нашли применения по причине незнания судьями русского языка. Как справедливо подчеркивает академик С. 3. Зиманов: «Ошибочная трактовка общественных отношений казахов объяснялась не только поверхностным их изучением, но и не в меньшей степени порочностью научной методологии буржуазных авторов. Не обладая научным методом познания общественных явлений, они в лучшем случае добросовестно фиксировали то, что им удавалось наблюдать. Законы, управляющие явлениями общественной жизни, были им неизвестны»'1. Тем не менее, потребность в упорядочении нормативно-правовой регуляции общественных отношений всегда была в центре внимания колониальных властей края. Изучив все обстоятельства, русская администрация наделила чрезвычайные съезды казахских биев правом нормотворчества. Чрезвычайные съезды биев, как правило, созывались один, иногда два раза в год, или даже один раз в два года. Военные губернаторы Степного края заранее рассылали циркуляры о созыве предстоящего съезда биев, где указывались время и место его проведения. В свою очередь, уездные начальники по своей инициативе давали указания волостным управителям, которые обязаны были представить людей с исковыми заявлениями по конкретным делам. По результатам чрезвычайных съездов каждый уездный начальник представлял в областное правление, согласно книге записи, решения чрезвычайных съездов. На основе обобщения судебной практики уездов за определенный период чрезвычайные съезды биев принимали постановления, т. е. ереже. Ереже содержали норму права, предназначенную для применения при решении конкретных уголовных и гражданских дел и действовали на территории одного или нескольких уездов, вплоть до их отмены. В практике бийских судов ереже стали сводом обычного права казахов, кодифицированным на основе изучения судебной практики и приспособленным к изменившимся условиям казахского общества, как модернизированный вариант «Жеті жарғы». Анализ содержания ереже показывает, что их отдельные нормы пронизаны новыми идеями гуманизма, социального прогресса и освобождения казахской женщины от плена одиозных, патриархально-феодальных институтов традиционного обычного права. Так, например, статья 47 ереже, составленная на Чарском чрезвычайном съезде в мае 1885 г. самим Абаем Кунанбаевым, отменила аменгерство и заменила его следующей формулировкой: «Вдове выходить за брата или родственника не обязательно, представляется ее воле и согласию». Ряд положений ереже закрепили также и правовую модернизацию отдельных институтов уголовного обычного права казахов. Например, важное значение, в данном вопросе, имело конкретное определение вины правонарушителей и пределы ответственности субъекта за совершенное общественно опасное деяние. Нормы ереже подвергли серьезному упорядочению отдельные институты уголовно-процессуального и гражданско-процессуального обычного права ка¬захов. Многие архаичные положения были освобождены от сложной формы процедуры разбирательства, вводились различные сроки исполнения судебных решений. Идеи ереже коснулись и многих институтов обычного гражданского права. Были установлены сроки исковой давности по делам о кунах, более детально стали регулироваться семейно-брачные отношения.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙