TELEGEI

Home

Ғалым Жайлыбай 2-том

Ғалым Жайлыбай

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ғалым Жайлыбай 2-том

Қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайдың шығармалар жинағының бұл томына әр жылдарда жазылған өлең, толғау, поэмалары топтастырылған. Әдеби қауымнан бағасын алған «Ақ сиса», «Қара орамал» секілді дастандары бүгінгі қазақ әдебиетінің жұлдызды шығармалары санатында. Сондай-ақ, бұл кітапқа бірнеше аудармалары да еніп отыр. Азаматтық лирикамен қоса ақынның махаббат, балалық шақ, табиғат тақырыбына жазған жырлары шынайы

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Жайлыбай F.

Таңдамалы. – Астана: Фолиант, 2014.

ІSBN 978-601-7568-45-0

Т.2. Өлеңдер, толғаулар мен поэмалар. – 344 бет.

ІSBN 978-601-7568-47-4

Қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайдың шығарма­
лар жинағының бұл томына әр жылдарда жазылған өлең, толғау,
поэмалары топтастырылған. Әдеби қауымнан бағасын алған «Ақ
сиса», «Қара орамал» секілді дастандары бүгінгі қазақ әдебиеті­

нің жұлдызды шығармалары санатында.
Сондай-ақ, бұл кітапқа бірнеше аудармалары да еніп отыр.
Азаматтық лирикамен қоса ақынның махаббат, балалық шақ,
табиғат тақырыбына жазған жырлары шынайы да сыршыл­

дығымен ерекшеленеді.

ІSBN 978-601-7568-45-0

УДК 821.512.122-1

ББК 84 (5 Қаз)7-5

УДК 821.512.122-1

ББК 84 (5 Қаз)7-5

Ж 19

Ж 19

© Жайлыбай Ғ., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014

ІSBN 978-601-7568-47-4 (Т.2)

ЖҮРЕГІНЕ ЖЫР ҰЯЛАҒАН...

(Ғ. Жайлыбай шығармашылығы туралы толғам)
Қазақ әдебиетінің қазіргі таңдағы өріс-өресі, бағыт-бағдары,
даму деңгейі жөніндегі әңгіме әрқилы. Заман мен қоғам өзге­
ріп жатса да, уақыт тынысы мен замандас тағдырын терең­-

нен толғап, жарқырата жазылған көркем шығармалар кем­
шін деген пікірлер жиі айтылып жүр. Жаны бар сөз екендігі
екінің біріне белгілі. Бұл сын әсіресе көркемсөз – проза жан­-
рына көбірек қатысты. Әйтсе де оның ақтауға болатын айғақ­

тары да баршылық. Айталық, хикаят, роман жанрының жүгі
ауыр, жауапкершілігі ерекше. Бүгінгі заман кейіпкерлерінің
болмыс-бітімін, қилы тағдырын, қоғамдық-әлеуметтік өмір­
дің бұрылыс-бұралаңын, шынайы шындығын толыққанды

зерттеп-зерделемей, оқырманмен көкейкесті ой-толғамдармен
бөлісетін бірегей көркем шығарманың жазылмасы белгілі. Ал
поэзия жанрының жөні басқа. Бұл орайда жыр көшіміздің
алда келе жатқанын айту парыз. Қазақ ақындары қара өлең­

нің терең қайнарларын тауып, жауһар жырлар өрнектеуде.
Бүгінгі қазақ поэзиясының бағын ашып, бағасын асы­рып
жүрген көрнекті ақындарымыздың еңбектері елге таныс,
есім­дері ұлтымызға мақтаныш. Міне, сол талантты тұл­ға­

лар­дың қатарында аса дарынды ақын Ғалым Жайлыбай да
бар. Біздің бүгінгі әңгімеміз осы бір өлеңдегі өрнегі бөлек,
жыр­лары жырынды ақынның шығармашылық жолына ой
жүгіртіп, пікір пайымдауға арналып отыр. Оған Ғалым ақын­

ның жарыққа шыққан кітаптары да, елуді еңсерген жасы да,
ең бастысы рухани қазынамызды байытуға қосқан сүбелі үлесі
де лайық. Кезінде, көзі тірісінде, көрсек те көрмегенсіп, біл­-
сек те білмегенсіп, кейін, өлген соң өкініп, сан қырлы талан­

тына табынып, сан сырлы әңгімелер қозғайтын жаман әде­

тіміз бар ғой. Содан арылып, ар алдында ақиқатын айтуға
көшкеніміз де жөн ғой...
Қазіргі қазақ поэзиясының өрісі мен өресіне қарап, оның
әлемдік деңгейге көтерілген көркемдік күмбезінің көз жауын

алып, сұлулығына сұқтандырып, пәлсапалық парасатына там­
сандырып, шығармашылық шеберліктің шырқау шыңына
көтерілгеніне қуанасың. Сондықтан да бұдан былай атақты
ақын болу, жауһар жыр жазу мүлде мүмкін еместей сезінетін

де сәттерді ойыңнан өткізесің. Ал келесі бір дарынды ақын­
мен дидарласып, сом алтындай сара жырларын оқығанда,
әлгі ойыңның бекерлігіне көз жеткізесің. Уақыт озған сайын
жарық дүниеге ақындардың жаңа ұрпағына ілесе текті та­

ланттар да қосыла береді екен. Бұл ойдың ақиқаттығына
ға­жап ақын Ғалым Жайлыбайдың шығармашылығымен зер­
делей танысқан кісінің шүбәланбасы шындық.
Ақын Ғалым – өлеңдегі өз өрісін, жасыл жайлауын жазып-

жаңылмай тапқан тегеурінді талант. Оның өлеңдерінің бас­
ты қасиеті – табиғилығы. Ақын өлеңдері еріксіз есіңді алып,
сезіміңді елтітіп, көңіліңді елжіретіп, толқытып-толғанды­
рып, сүйсінтіп-сүйсіндіріп, бірден баурайтын алапат қа­

сиетімен жүрегіңді жаулап алады.
Ақын Ғалым адам болмысындағы бекзат қадір-қасиет­
тері­не ғашық. Ол адалдық, адамдық, тазалық, кісілік, ізгілік
сын­ды періштелік мінез-құлықты ардақтап, сол ізгі қасиет­

терді қастерлеп, іңкәрлікпен, құштарлықпен жыр кестелеуге
құмар. Осылайша тебіреніп, толқып, шабыттана шалқып жыр
төккен талантты ақын Ғалым Жайлыбайды қазіргі қазақ поэ­
зиясы­ның көгіндегі жұлдыздардың бірегейі десек жарасар!

Жаңаарқа өңірінің жазиралы жазықтарында – даңғайыр
даланың қиыр қырларында жезкиігі желмен жарысқан,
өзен-көлдеріне үйрек ұшып, қаз қонған, оның айдындарын
аққулар мекендеген алтын бесік төсінде туып, алты жасында

аламан бәйгеде атқа шауып, бозбала шағында жылқы жайып,
сахарада саяқ өскен, қара қоста көкірегі қазынаға толы
алтын сандық қарттардың өткен-кеткен өмір туралы ше­
жірелей шерткен әңгімелерінің сырлы астарын көкейіне

тоқып ержеткен Ғалым қалаға ой-санасы толысып, өлеңдегі

өз орнын табу талап-тілегімен арман қуып аттанған. Сөйтіп
қазақы орта, қазақы тәрбие, қазақы болмыс жас талапкер­-
дің алаштың арқалы ақындарының қатарына қосылуын тез­
детті. Құдай берген туабітті талантының, жылдар бойы оқып-

тоқып, жанын байытып, ойын кемелдендірген ілім-білімнің,
өмір сабақтарының арқасында ол дарыны дараланып, поэзия
өлкесіндегі өзге баспаған өз жайлауын – өз жолын тауып, қазақ
жырының көсегесін көгертіп, жаңартып-жасандыруға ерек­

ше еңбек сіңіріп, сүбелі үлес қосты. Қысқасы, өміріне өлеңі­
нен бақыт тапқан сирек талант.
Әдетте біз ақын өз өлеңдерінде қандай тақырыптарды
таңдап, қалам тербегенін бөле-жара әңгімемізге арқау етеміз.

Ал шындығында өлең қандай тақырыпқа жазылуы керек деген
сұрақтың жауабы жалғыз: ақын өзін айрықша ойландырып,
толғандырған өмір құбылыстары туралы өрнектеуге тиіс.
Өйткені өлең – өмір туралы толғаныстар жемісі. Рас, өмірдің

өзі жұмбақ сырлар әлемі, алайда ақын сол құпия сырды ашуға,
кілтін табуға бойындағы бар талантын жұмсап, жыр кестелеуі
керек. Ал өлең жазудың, яғни жырдың жаратылысы туралы
жаңалық ашу қажетсіз. Өлеңнің сөзі сара, ұйқасы қорғасындай

құйылған, ойлары алмас қылыштай өткір, теңеулері таңдай
қақтыратындай тапқыр әрі жаңаша болса ғана көркемдік
кестесі келісті, шеберлігіне шек келтірмейтін нағыз парасатты
поэзия санатына қосылатын рухани қазына саналары сөзсіз.

Ақын Ғалым шығармашылығы осындай ақындық шеберлік­
тің көрігінде шыңдалғандығын атап айту парыз.
Бір орнында тұрған дүние жоқ. Бәрі ұдайы қозғалыста,
өзгерісте. Ендеше, сол өзі ғұмыр кешіп жатқан заман мен

қоғам, оның қордаланған күрделі мәселелері, сол ортадағы сан
тағдырлы адамдардың тіршілік-тынысы, ой-мақсаты, арман-
аңсары ақынның сезімін тербетеді, сол кезеңнің сыр-сипаты
ойлантып-толғантпауы мүмкін бе?! Олай десек түбірінен қа­

телесер едік. Ақын адам ретінде өмір-тіршілікке қонақ бол­
ғанымен, өзі ғұмыр кешіп жатқан уақытқа қонақ емес. Сол
қоғамның ыстығына жылынып, суығына тоңбаса, мезгілді
мейман секілді жайбарақат: түк көрмегендей, түк білмегендей,

түк сезбегендей өткізсе, онда ол сол елдің Азаматы ма?! Яғни,
шын ақын қоғам мен заманнан тыс, өз бетінше, томаға-тұйық

өмір сүруі қисынға келмейтін нәрсе. Ол азамат ақын ретінде
сол заман, сол қоғам және сол елді, жерді мекендеген елдес-
жер­лестерімен біте қайнаса тіршілік кешеді емес пе?! Сол
қоғам, сол адамның мұңын мұңдап, жырын жырламаса оның

ақындығының, азаматтығының құны көк тиын емес пе?!
Бұл, әрине, ақын күнделікті тіршіліктің кез келген оқи­
ғасын, дерегі мен керегін қалдырмай өлең жолдарына тү­сіріп
отырсын деген пікір емес. Ақын – өзі дәурен сүріп жатқан

заман және замандастары, яғни адамдардың жан сарайын
ашып, ізгі қасиеттерін, үкілі үміттерін, мөлдір сезімдерін,
мұң-шерін, қуаныш-шаттығын егілтіп-төгілтіп жырлай алса
ғана нағыз ақын. Ақынның азаматтық болмысының риясыз

ашылып, ел-жұртының алдындағы перзенттік парызының
өтелуінің нақты көрсеткіші осылай сипатталса керек. Міне,
осы тұрғыдан келгенде де Ғалым Жайлыбай ақынның лиро-
пәлсапалық поэзиясы – айрықша бағалауға лайық, ұлттың

рухани қазынасына қосылған олжа.
Мына
ұстараның
жүзіндей

қылпылдаған
құбылмалы
заманда әдебиет қоғам өмірінен қол үзіп, әлеуметтік мәсе­
лелерден шет қалса не болғаны?! Ұлтының жоғын жоқтап,

барын базарлап жыр дестелеу хас ақынның қастерлі борышы
ғой. Қазақ халқының өмір-тағдырының қилы кезеңдерін
өлеңдеріне арқау еткен ақынның сөздеріне сүйсініп, толғақ­ты
ойларын көңіліңе тоқисың. Ақынның қайраткерлік қасиеті­

не риза боласың. Асқақ сезіммен, адал көңілмен шындық­
тың шырайын келістіре көркем кестелеген азаматтық әуен­
дегі өлеңдер ғана жүрекке жетіп, көңілге қонатынын Ғалым
ақын жан-тәнімен сезінеді.

Ақынның атамекені жазиралы Жаңаарқа мен іргелес қара
орманды Қарқаралы өңірінде жусан жұпар шашпайтын болған.
Себебі Байқоңырдан көкке көтерілген ғарыш кемелері кей-
кейде жеріне жетпей осы аймаққа құласа, ұлан дала гептилден

уланып, табиғат та, адамдар да жапа шегуде. Осынау оқиға
абзал жүректі ақынды неге қайғыртып, қанын қайнатпасын.
Құрдасының «Уды у қайтарады» дегенге сеніп, араққа аңқасы
кеуіп тұратынын ашына өлеңіне қосуы да орынды. Бұл – қолдан

жасалған апаттың адам баласына тигізген залалын айтудың
амалы әрі ақынның тапқырлығына жарқын мысал.

Ақынның «Жетім құлын» деген өлеңі де осы тақырыппен
төркіндес:

«Протонның» уынан енесі өлген –
Көлеңкеде жылайды жетім құлын...
Жетім құлын иесі – жесір әйел –
Өз-өзіне қол жұмсап күйеуі өлген...

...Жетім құлын қаңғиды әр аулада,
Жесір әйел жылайды түніменен...
Зымыранның зауал шектірген зардабын зейінінде зер­
делеген зиялы ақын осы бір-екі мысалды жымдастыра жыр

жазып, ел-жұртының жанын кемірген сұмдық сұрақтан сыр
сабақтаған. Ақын адам мен табиғаттың мұңды тағдырына
бізді де ортақтастыра отырып, алдағы күндерге алаң көңілін
жасырмай, жаны ауырып жырға қосқан.

Адамдарды тағдырдың өңменнен өткен ызғарлы желі
тоңдырып, торықтырған осындай қысылтаяң сәттері аз ба?!
Сондай қилы кезеңдердің жаныңды жауратқан жанды су­рет­терін
ақын айна-қатесіз көңіл айнасына түсіріп, жадыңды жаң­ғырта

білуімен де біліктілігін, жан иірімдерін тап басар тамыршыдай
сезінуімен ақылман да алғырлығын аңғартып отыр.
Алмағайып қоғамның қиын-қыстау кезеңдері, ел-жұртты
жүдеткен жоқшылық, яғни тұрмыс тауқыметтері арқасына

аяздай батқан азамат ақын ашына айтып, ақиқат алдында
арына жүгініп, жыр толғайды. Ел есеңгіреп, ертеңгі күнінің не
боларын болжай алмай, күйкі тіршілік кешіп жатқан мезгілде
ұлтының осы тығырықтан шығып, босағасы берік, шаңырағы

шаңқан іргелі мемлекет қатарына қосылуын армандап, санасы
сарғайған ақын жырлары үміт пен күдікке толы:
Ұлтым қайғы кешкенде,
жұртым қайғы,

Сарыуайым сағаты сыртылдайды.
Ақындары алақан жайған елдің
Қатындары қол бастар ұл тумайды...

Осылайша опына отырып, ақын кемел келешекке жеткізер
үкілі үмітінен күдер үзбейді. Өз өлеңдерінде өтпелі кезеңге
өкпесін айта отырып, қарын тояр, көйлек көгерер, алайда
ұлтымның қайсар рухы, жасын жігері жасымаса екен деген ізгі

тілек қосқан Ғалым ақынға сен де сенесің. Пәк пейіл, ақ жүрек
ақын қара басы емес, дүйім дүние – жалпақ ел – ұлтының ұлы
армандарын айтып, осындай ойлы, осындай өрелі өлеңдер
жазуға аса асық.

Тынымсыз тіршілік, дүрбелең дүниенің жанарындағы қай-
қайдағы құбылысты көзі көреген, сезімі сергек, ойы ұшқыр
ақын жүрегінен өткізіп, өлең өрнектеуге өте шебер. Пікірімізді
тірілтер бірер мысалға жүгінелік.

Теледидардан жетімханада тәрбиеленіп жатқан бүлдір­шін­
дердің тұсауын кесіп, батасын беріп жатқан әжелерді көр­
ген ақын отыра қалып қалың ойға батады. Жаны жабырқап,
жеңілтек мінезді қыз-жігіттердің кесірінен тірі жетім атан­

ған сәбилердің тағдыры жүрегін сыздатып, көңіліне қаяу
салады. Ананың ақ сүтін ембеген, бесік жырын естімеген
бейкүнә бөбектің келешекте қандай адам болып қалыптасары
толғантып, ойы ойран, санасы сарсаң күй кешкен ақын жалпақ

елге жар салып, жетімдерді жебей жүруге, жастарды жаза
басып адаспауға шақырып, шыбын жаны шырылдап жыр
жазған. Жүрегі бар адамның жетесіне жететін-ақ өрелі өлең.
Бүгінгі күндері тұрмыс тауқыметін тартқан қыз-келін­

шектер қара базарда қаптап жүр. Әсіресе, әйел балаларға обал-
ақ. Оқып, тұрмысқа шығып, арыс туар алаштың арулары көне
күрте, ескі етігін сүйрелеп, көк базарда қап арқалап, қаңғып
жүрсе, соны көрген қайран ақын жүрегі қынжылмай қайтсін-

ау?! Ұлтының ұпайын түгендеп, намысын жыртып, тағдырына
алаңдап, араша түсу нағыз ақынның перзенттік парызы емес
деп кім айтар?!.
Адам өмірінің өткелдері үміт пен күдікке толы. Қысқа

ғұмырдың қас қағым сәттерінен терең сыр ұққан ақын оқыр­
манымен оңаша отырып ой бөлісуге құштар. Өрт өмірді өле
сүюге үндейтін мұндай мұңды да сырлы жырларының бағасы
берен, әсері ерен. Өткінші өмірдің құдайы қонағы болған­дық­

тан әр адам маңдайына жазылған тағдырды басынан ке­
шіре­ді, дәмі таусылғанша тіршіліктің шырынын да, кермегін

де татады. Сондықтан біреудің байлығына, біреудің билі­
гіне қызықпай, қызғанбай, адалдықтың ала жібін аттамай,
өзгені даттамай ғұмыр сүру ғанибет. Мына бір өлеңнің жалғыз
шумағы өзегіңді өртеп, шындығына бас идіріп тұр емес пе?..

...Қайғы-бақты қатар кеш...
Артық-кемін
Ай құлақты бейіттер теңестірер... –
деп ақын өзіне де, өзгеге де өмір сабағынан суыртпақтап сыр

шертеді.
Бүгінде баяғы гүлденген қазақ ауылдарының тірлігі мен
бірлігінде береке жоқ. Ел іші көшіп-қонып, қалаларға қоныс
аударып, күнкөріс қамымен әуре-сарсаңға түскен мезгіл.

Ажары тозған аяулы атамекен – қарашаңырақ қайран ауыл­
дардың сол көрінісі көңілге қаяу түсіреді. Әсіресе, әсершіл,
елде туып, ержеткен ақындардың жандары жараланып, жыр
толғаулары жиілеп кетті. Ғалымды да сол сан-сапалақ ойлар

сансыратып, қолына қалам алдырған:
Ауыл бардым,
алдымнан құм борады.
Құм бораны...

көңілді мұңға орады.
...Құм бораны борады мен келгелі,
Өңсіз өңір маған да өң бермеді...
...Өтпелі шақ, кім оның өткелдесі,

Осы өлкеге соға ма көктем көші?
...Ауған барып, сау қайтқан Ауғанбайдың
Аудан барып қайтқанға жоқ теңгесі...
Қазіргі уақыттың жан ауыртып, жүрек сыздатар тауқы­

меттері осылайша сан сыр, сан қырымен өлеңге көшкен. Бұл,
әрине, әлеуметтік өмірдің әлеулейі емес, шыңғырған шындығы.
Жарасы ауыр жанымды жабырқатып,
Қараша ауыл қарайды құбылаға...

Өтпелі кезеңнің өкпек желіне ұрынып, кешегі бақуат
тірлігінен айырылған қараша ауылдардың бүгінгі сиқын
көрген біздер де ақынға қосыла қан жылаймыз. Өйткені сол
өлкелерде өнген ұрпақпыз. Ақын сезімі соны дөп басып тұр.

Енді бір сәт ақын сол жұпыны ауылын сағынып, жүрегі
елжіреп, егіліп, сырын жырына қосады:
...Гүл шағында,
демеймін нұр шағында,

Біздің ауыл Арқада, құм шағылда.
Жетілгенбіз сол құмның құрсағында...
Ақын әркімнің кіндік жұрты – өз Меккесі деген ақиқат сөзді
орайын тауып, осылай тірілткен.

Соңы тұйық жолдардың,
басы – даңғыл.
Жүрегімнің жаутаң көз жасы жаңбыр.
Жалаңаяқ жүгірген балалықтың

Сипап қайтқым келіп жүр басынан бір...
Жан-жүрегіңді шым-шым сыздатқан шуақты шумақтарды
қайталай оқи бергің келетіні қалай? Иә, бұл – зерделі ойдан
туған зерлі өлең... Өйткені...

Сұрқай өңді сұр қаланың тынымсыз тіршілігі қажытқан
қыр баласының боз жусан иісі мен бозторғай даусын аңсауы –
сайын даланың саясында өсіп-жетілген бүтін бір ұрпақтың
көңіл күйі. Ақынның ауыл тақырыбын толғаған өлеңдерін

оқырмандары айрықша ыстық ықыласпен қабылдау сыры да
осында.
Үміттердің үкісіндей мұратын
Үлбіретіп, үздіктіріп, үзілтіп,

Сол өлкеден жолға шыққан бір ақын...
Жүрегіне жыр ұялатқан сол қараша ауыл болса, ақын оны
қалайша аяламасын?! Үмітіне үкі тағып, ақындық жолына –

арман сапарына алыс ауылдан аттанған Ғалым ақынның тура
жолын адаспай тапқанына оның бүгінгі өмірі мен өлеңі куә...
Дүрия дүние дидары, дүрмекті дәуреннің қилы кешулері
барысында сана сәулесі түскен өмір суреттерінің сыр-сипаты

ақынға түрлі ой салып, толғандыруда.
Болмашы бір мәселеден жол-жөнекей жолыққан бейтаныс
біреудің үзік әңгімесінен, елеусіз ғана оқиғадан ой түзіп, тәлім
алып, өмірлік өлең жазу – хас талантқа ғана бұйырған бақыт.

Ақының сондай сәттерде жазылған отты өлеңдерінің арман­
дай ойларымен өзегіңді өртеп, тербелтіп-теңселтіп жіберетін
құдіретіне қайран қаласың. Сондай бір өлең – «Ескі жұрт».
Ақын араға жылдар салып, ауылына ат басын тірейді, қасында

қалада туған баласы бар. Ауыл аралап жүріп, баласына өзінің
туып-өскен үйін көрсетіп, әңгіме тиегін шертеді:
Әкең, балам, осы жер – ержеткен жер,
Сезімімнің селдірін селдеткен жер.

Ақ батасын атаның қабыл етіп,
Ақ тілеуін анамның тербеткен жер.
...Ескі жұртқа жайылған тамырым бар –
Туған жерге байланған кіндігім бар.

Әр қазақ баласының басында бар таныс тіршіліктің сыры
мен жыры бұл. Бір кездері балалық шақтың бал дәурені өткен,
бүгінде орны – қара жұрты ғана қалған ескі үйлерді, қараша
ауылдарды еске салып, көңіліміз құлазып, шерлі әуен шертері

шындық. Ақын бір өзінің емес, көптің көкейіндегі сөзді тіріл­
тіп отыр.
Енді бір тойға арнап тігілген киіз үйлердің Қытайдан
әкелінгенін көріп, қатты қайран қалады. Аты бар да, заты жоқ,

көзге қораш – жасанды үйлерге қарап тұрып, ұлтының ұясы
болған киелі қазақы киіз үйін жоқтап, жүрегі жылаған ақын
сол сезімін жырына қосқан. Өзінің ата кәсібі – киіз басу мен
одан жұмыртқадай тізілдіріп алты қанат ақшаңқан киіз үйлер

тігуді ұмытқан елдестеріне өкпесі өлеңде келістіре өрнектел­
ген:

...Туырлықтары кенептен екен –
Керегелері темірден...
...Киіз бен ағаш сүйегі, дені,
Сөзіме кім бар таласар?..

Киіз үй – біздің киеміз еді,
Қазаққа ғана жарасар...
Бүгінгі таңда ел жақсылары еленбей, байшыкештер мен
билік төріндегілердің аты озып, бағы жанып тұрған заман.

Ұлтына тірек болатын текті тұлғалардың тасада қалғанына
қынжылған ақынның хан алдында да қасқайып тұрып хақ
сөзін айтатын – адалдықтың алмас қылышындай болғаны, То­
лыбайдай сыншыларды жоқтауы – жұртшылық жүрегіндегі

сөз. Жалпы Ғалым Жайлыбай ақын осы бір толғауы тоқсан
тақырыпқа айрықша мән беріп, жеріне жеткізе жырлап
бақ­қан. Сөйтіп, Абай бастаған ұлтымыздың кешегі-бүгінгі
ұлылары мен игі жақсыларының ғибратты ғұмырларының

өмірілік өнегесі өлеңге көшкен. Негізінен, бұл тақырыпқа
қалам тербемеген ақын жоқ. Ғалым болса бұл орайда да өз
жолын, өз жөнін тапқан. Олардың ғазиз есімдері қазақ халқына
несімен қадірлі екендігін айта отырып, оған бүгінгі ұрпақ

ұлықтауға, ұмытпауға тиіс рухани ерліктерін ұштастыра жыр
қашаған.
Мысалы, «Абаймен сырласу» өлеңінің мына жолдарына ой
жүгіртіп көріңіз:

...Ұлы болуға ұмтылғандар бар,
Ұл болып алмай алдымен...
...Алаштың асқан тәңірі Абай,
Көреміз біз де жолда азап.

Жаратқан хақтың әмірі қалай –
Сен көрген қазақ – сол қазақ!
Ақынның абыз Абаймен сырласу жырының қатпары қалың,
айтары ақиқат. Ұлы ақынның ұлағатына құлақ аспаған

бүгінгі ұрпағының әлі күнге сол баяғы керенау-кербез кесірлі
мінезі сол қалпы – сол қазақ екендігін айтып ашынған Ғалым

ғұламадан ғибрат алмай, әкенің баласы болуға жарамай жатып
ұлы атағына ұмтылғандардың көбейіп кеткендігін ашына
айтуы да шынайы шындық.
Мына бір жыр жолдары да жүрегіңе жата қалады:

Аға сұлтан атағы аздық етер
Асыл туған атадан Құнанбайға.
...Құнекеңдей құндысын құныкер ғып,
Сұлтандарын бұл қазақ ұлтан еткен.

...Тобықтыдан Құнанбай тумаса егер –
Құнанбайдан Абай да тумас еді...
Кеңес заманының кері кеткен саясатының кесірінен асы­
лымызды ардақтай алмағанымыз және оның бір Құнанбай

ғана емес, күллі Алаш ардагерлеріне қатысты қасіретті тағдыр
екенін мегзеген ақынның аталы сөзіне қалай риза болмассың?!.
Қазаққа берген құдайдың, баба,
сыйы едің.

Қорқыттан қалған қоңыраулы керуен күй едің.
Тамадан емес, анадан туған абызым –
Шақадан емес, атадан туған киелім.
Бүгінгідей бөлектену, жақсысын өзге өгей санап, ортақ­

тастырмау, ағайын арасын алалап, бар қазақтың бір қазақ
екенін естерінен шығарған «жүзшілдерге» осындай өнегесі
үлгілі сөз арнау бәрімізге Ықыластың қобызындай шерлі күй
шертіп, есімізді жиюымызды ескертіп тұр емес пе?!.

Әйгілі Әсет Найманбайұлы сынды аспандағы аққуға әнін
қосқан әншінің өнерін сөзбен сипаттауы да керемет:
Ән салса ағындаған, арындаған,
Бұлбұлдай даусы көкте дамылдаған.

Толған ай толықсытып топқа салып,
Жорғадай майда қоңыр мамырлаған.
Артына әсем ән, өмірлі өлең қалдырған, айтыстың да
ақтангері Әсеттің өзі де, өнері де мәңгі жасайтыны да жырда

әдемі, әрлі, сырлы сөздермен әспеттелген.

Ал енді «найзасын жанып намысқа, қылышын көкке
суарған», «оқтаулы мылтық, отты өлеңнің» иесі ер Махамбет
туралы ақын толғауы – тосын түйін-тұжырымдарымен сүй­
сіндіретін сүлей жыр:

Керуенге керім ілескем...
Ғасырдан ғажап жыр ескен.
Басын шап, мейлі, кес тілін –
Өлмейді Ақын, абайла!

Махамбет мәңгі Арайна...
Махамбеттің ерлігін, ақындығын өрнектеген өлеңдер жетіп
артылады, алайда жасын жүрек ақынды мәңгілік Арайнаға
теңеген – тек Ғалым ақын.

Арманда кеткен Алаш арыстары да ұмыт қалмаған.
Ғалымның «Толқындар» деген өлеңі марқасқа ақын Мағжан
Жұмабаевтың рухымен сырласу сынды. Ақын қоғам мен
адам тағдырын салыстыра әңгімені әріден бастап, ұлтының

жазықсыз жазаға ұшыраған ұлы перзенттерінің өздері өлсе
де сөздері – ұлтжанды рухтары мәңгі жасайтынын айтуға
асыққан. Бұл әрі Алаш қайраткерлерінің ақталып, ор­
тамызға оралуына орай, ел үшін күрескен ерлердің есімдері

ұмытылмайтынын тілге тиек еткен ғақлиялы ғазал. Таң ат­
пайын десе де күн шығатыны сияқты, өздері өлсе де өнерлері
өлмейтін Мағжан сынды ұлт ақынның мәңгі жасайтын рухани
мұрасын өшіру мүмкін еместігі ақиқат қой. Ғалымның түйінді

сөзі оқырмандарын осы пікірге жүгіндіріп отыр.
Соңғы жылдары Сәкен сынды саңлақ ақын туралы кейде
артық-ауыс сыпсың сыни сөздер айтылып қалып жүр. Алайда
өлеңімен де, өмірімен де ұлтының – қазағының бақытты

болашағы жолында күресіп, жанын пида еткен ардагер
азамат, ақиық ақынның мәңгілік ел-жұртының жүрегінде
сақталатынын Ғалым жақсы айтқан:

Ақбоз атты құлатқан жала – керме,
Магаданға мола іздеп бара берме!
Сәкен деген – халқымның рухы ғой,
Рухтарды көмбейді қара жерге...

Бұл сияқты қазақтың бағына жаралған, ұлтының рухани
ұстаздарына айналған небір марғасқа ақын, жазушы, ғалым,
азамат-қайраткерлер хақында Ғалым жазған жырлардың
бәріне бірдей тоқталу мүмкін емес. Жоғарыда әңгімемізге

арқау болған бірсыпыра өлеңдердің сыр-сипатына қарап-ақ
талай тағылым алуға болатынына көз жеткіздік. Бір ескеретін
жағдай: бұл әшейінгі әдеби мадақ-ода емес, мағынасы терең
пәлсапалық толғаулар.

Адам баласының болмысындағы асыл қасиеттердің бірі –
сүйіспеншілік сезімі. Сол бір Алла сыйы – махаббаттың асыл
да асқақ, нәзік те құдіретті, жан дүниеңді жаулап, баурап
алатын сиқырлы да қымбатты сезім екендігіне сендіретін де,

сезіндіретін де өлең өрнектеу – ақынның ақынына бұйыратын
бақыт. Ғалым сол сирек, сол бірегейдің санатындағы ақын
екенін кесіп айтамыз. Ал адамның махаббаттың ғажайып сезім
дариясы мен ариясы екендігін мейлінше жеріне жеткізе көкке

көтере жазғандығына көз жеткізу қиын емес.
Ғалымның ғашықтық ғазалдарында мөлдір мұң мен сұлу
сезім астаса араласып, жаныңды біресе елжіретіп, біресе
егілдіріп, көңіл иіріміңді құйындай ақтарып-төңкеріп, есіңді

шығаратын алапат күшімен арбап алары ақиқат. Жаны нәзік,
сезімі сергек ақын оқыстан кездескен оқиғадан да өлең өре
қоюға өте бейім.
Ақын Алатаудың баурайында, аялдамада автобус тосып

тұрған. Аспанның түбі тесілгендей нөсер жаңбыр төпелей құйып
тұр. Бір сәт бейтаныс бойжеткен бозбаланың қолшатырының
астына келіп тұра қалады. Өзі қалшылдап-дірілдеп әбден
жаураған. Перизат қыздың қылығы шабыттандырған шайыр

аруды «жыр отын жағып жылытып алады». Бір өлеңнің туу
тарихы ғана бұл. Ал ақын оңашада өз өмір жолына үңіліп,
небір ойлар кешіп, небір жырлар жазбады дейсің?! Өткен өмір,
кешкен жас дәуренін ет-жүрегі елжіреп есіне алмайтын адам

бар ма? Әсіресе, ол ақын болса... Міне, сол сағымға айналған
сағынышты күндер керуені көшкен бұлттай басымыздан «өтті-
кетті» деп жүрек сыздата жазылған жырлармен жүздескенде,
қимасыңмен кездескендей қуанышқа бөленерің белгілі.

Бозбала дәуреннің бойжеткені, өзі өлердей ғашық болған
«қалқа қызға» қосылмаған ойы, басқа тағдыр туралы жүрек

шымырлатқан ақын сырлары қандай керемет. Жігіт көзінен
көктем көрген қаракөз қарындасқа сырттай сонша құмартып,
сүйсінсе де, әдептен асып жүрегін ала жүгірмейді. Өлең
кейіпкері:

Өртімді іште сөндірдім,
Қалқам-ай,
саған тіл қатпай, –
деп сыпайы сыр ашып, сабыр сақтап, тағдыр толқынына ес­

кексіз қайық салмауы қандай сырбаз мінез. Махаббат мұңын,
сүйіспеншілік сырын осылайша баяндау да ғажап қой.
Ғалым ақын енді бірде арада отыз жыл өткен соң жолыққан
бала ғашығына жыр арнап, оған деген пәк сезімі туралы

сыпайылап сыр шертеді:
Көктем көздің жасындай боп сырғи ма,
Сырғи-сырғи бет түзедік ылдиға.
Өткен өтті...

Құрысын бәрі, Гүлмира,
Есіңе алып жүрсің бе әлі, Гүлмира,
Ай алқалы, күн сырғалы Гүлмира...
Не деген сырбаздық. Не деген өкініш. Не деген наз. Сырбаз

ақынның сырлы жырына сүйсінбеске не шара?!.
Сүйіспеншілік сырларын ақтарған ақберен ақын жырлары
оқырман ойын онға бөліп, көңілдерінде құйын ойнатып,
сезімдерін біресе үкідей үлбіретіп, біресе саумал самалдай

желпіндіріп, біресе үздіктіре аңсатқан арманына айналып
кететін құдіреті бар.
Көңіліме сол қалқа ұнады да,
Әуен келді мың түрлі құлағыма.

Сынақтардың мекені – Сарыөзектің
Сары қазының барайын сынағына.
Адам баласына тән мінез-қылық: сұлу көрсе сүйсіну,
жаны жақсыға жанасу, сырын ашып, көңілін білдіру, қуана

қауышып, қимай қоштасу алдымен ғашық жандарға жарасты
болса керек. Ғалым ақын өз өлеңдерін сол сипатта өрнектейді:
Өлеңін сыйға тартар гүлдесте ғып,
Ақынының жүрген жері күнде естелік.

Кеңгірдің толқынындай толқыған қыз,
Қайтейін, тілден қорқып тілдеспедік.
...Қорланын қорықпай-ақ жырға қосқан,
Менен де Естай ақын бақыттырақ.

Ақынның асау сезіміне құрық салып, аруға ауған көңілін
жырға орап, өлеңнен гүл ұсынуы жан сүйсінтеді. Оның себебі –
бұл көпшіліктің көкейіндегі сыр. Ақынның сүйіспеншілігіне
бөленген қыз қандай сұлу болса, өлеңі де соған сай көркем

кестеленген. Сондықтан да біз поэзияны сезімнің сиқырлы
әлемі дейміз. Ол – адамның көңіл күйінің астарлы, жұмбақты,
құпиялы сырсандығы. Ал ақын болса – жан сұлулығының
суретшісі. Шын шайыр өзгелер көрмегенді көреді, сезбегенді

сезеді, ойламағанды ойлайды. Міне, Ғалым ақынның поэзиясы
осындай кемел қасиеттерімен айрықшаланып, айдарынан жел
ескен жақұт жырлар жазуына жол ашып тұр.
Табиғат пен адам арасындағы табиғи байланысты бейнелеу

арқылы пәлсапалық ой түйіндеу де Ғалым ақынның ен салып,
еншілеп алған төл тәсілі. Ғалым – жаратылысқа жан бітіріп,
тілдесіп, сол арқылы адам табиғатының тылсым сырларын
ашып, оның болмысындағы кісілік, ізгілік, адамдық, адалдық

сынды сындарлы қасиеттерін жарқыратып, жан сүйсінте жа­
зудың хас шеберіне айналған ақын. Ол – табиғат көріністерін
тамашалай отырып та, сан қилы қиялдарға батып, өмір туралы
өлең өрнектеудің соны соқпағын тапқан талант.

Өліара шақтың өлеңін айтып,
Қап-қара нөсер тұр төгіп...
...Өмір де бүгін,
Көңіл де бүгін

Қыс пенен күздің арасы...
2-266

Ғалымның құйқылжыған көңілі қоңыр күздегі қарашаның
қара жаңбырына жан бітіріп, өліара шақтың өлеңін айттырып
қоюы сезімі сергек ақынның басқа жан баласының ойына
оралмайтын таңғажайып тапқырлық, ала бөтен алғырлық

қой, тегі. Хантәңірі екі елдің шекарасын бөліп тұрған тау
ғой. Оған «Тәңір таудың өзі де арағайын» деп жаңаша сипат
беруі де тамаша тапқырлық. Ал ақынның Жезқазғанды
Қаныштың арналы арманына жаралған жүректегі жерұйық

деуі де тапқырлықтың төресі. Алыс ауылдан Астанаға келіп,
ақындықтың арғымағын ауыздықтаған Ғалымның Алматы­
ны өлеңінің кіндік шешесіне балауы қандай ғажап. Дүйім
елге белгілі Шайтанкөлді өз көзімен көріп, өз жүрегімен

қабылдаған. Мына қос жол соның жемісі:
...Көл біткеннің барлығы жер үстінде,
Шың басына сен ғана шығып алған.
Табиғаттың кезекті бір маусымын тың теңеу тауып, қазақы

ұғымға үйлестіріп, әдемі әдіптеген мына жыр жолдарына назар
аудармай өте алмайсың:
Қасқыр боп қаңтар ұлыған,
Сары аяз тісі сақылдап...

Жүйесін тапқан сара сөз, соны теңеу мына бір жыр
жолдарына түсіпті:
Азаннан бері аңырай құйған,
Жылауық бұлттың таусылды жасы...

Есіл өзенінің жағасында серуендеп жүрген ақынның
жүйрік ойы тоқтаусыз толқып аққан, еселей есіп аққан
өзен толқындарына көзі түскен сәтте оның арынды ағысы
тоқтаусыз өтіп жатқан өз өмірін – адамдар өмірін есіне салып,

күрсіндіреді:
Есілдің ерке толқындарындай
Ағып барады есіл күн...
Жаңбыр жауып өткенен кейінгі қарапайым көріністен өмір

туралы қағидалы түйін тауып, пәлсапалық ой түзеді:

Жапыраққа ілінген жалғыз тамшы,
Жанардағы жастай боп мөлдірейді...
Өлеңнің басындағы осы сурет, соңына қарай ақын тамшы-
ғұмырдың мән-мағынасын тамыршыдай тап басып, көрген

түстей сәттік тіршілікті әлгі көп ұзамай үзіліп түсер тамшыға
теңеп отыр. Өлең түйіні төмендегі жыр жолдарында:
Жапыраққа ілінген жалғыз тамшы –
Маңдайыма жазылған жалқы ғұмыр.

...Жалғыз тамшы ілінген жапыраққа,
Үзіледі...
Сіңеді топыраққа...
Ақын ақ қайыңды көктемде көргенде оны ақ балтырлы, көк

көйлекті қызға балаған. Ал күзде көріп, көйлегін біреу шешіп
алғандай ойға берілген. Сол сәт ойына оралған жыр жолдары:
О, ақ қайың, саған қарап ұқтым мен
Өмір мәңгі көктем емес екенін...

Жаратылыстың жамалын аузының суы құрып жалаң
суреттемей, осындай ойлы, мән-мағыналы, тұжырым-түйінді
жыр жазғанға не жетсін!
Сөз соңында Ғалым ақын шығармашылығының жалпы

сипатына тоқтала кеткен артық болмас. Ақынның сөздері
суреткерлігін, ойлары парасаттылығын, сезімі жан тазалығын
айғақтап тұр. Оның тақырыбы сан алуан, ой орамдары кемел,
тілі шұрайлы, теңеулері үр жаңа, мазмұны мағыналы орам

өлеңдері өзгермелі өмірдің, құбылмалы қоғамның қыры мен
сырын тереңнен толғауымен ерекше. Жас ұрпақтың ұлттық
рухын оятуы, елі мен жерін сүюге, атамекенге адал қызмет
етуіне септігі тиетін текті өлеңдері тіпті де көп.

Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерін оқи отырып, бейне бір
қырдың қоңыр самалы ескен қоңыр кеште қазақтың ұл­
тымыздың үзілдіре созылып, әуезді әуенімен, сырлы сазымен
шым-шымдап шымырлай бойға жайылып, үрзада үнімен

үздіктірген элегиялық қоңыр әнін тыңдап отырғандай, біресе
жан-жүйең жадырап, біресе көңілің босап, тәтті сезімдер
бесігінде тербеліп, эстетикалық ләззатқа бөленіп, өзге дүниені
ұмытып, өзіңді жырға көшкен өмір кешулерінде жүргендей

әсерге бөленесің.
Ойлау жүйесі жөнінде айтсақ, ұлтжандылық жолын
ұстанған ұрпақтың өкілі, қара өлеңнің қалыптасқан дәстүрлі
сипатынан қашқақтамай-ақ сындарлы жырлар сомдап жүрген

де Ғалым ақын. Тағы бір тоқтала кететін жағдай: ақынының
өлеңге өз өмірбаяны, өз тақырыбы, өз тағдырымен келгендігі.
Ойшыл, сыршыл, сезімтал, арда ақын өлеңдерінің өрімі де,
өзегі де, ұйқасы, ойы, бейнелеу-бояуы, теңеуі – бәрі де үр жаңа,

бәрі де бір өзінікі. Ақынның назы нәзік, бояуы айшықты,
сазы әуенді, мазмұны маңызды – уақытпен үндес өлеңдерін
бейне роман сияқты үзбей, бас алмай қызыға, құмарта оқып
шығасың, жаның ләззат табады.

Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ поэзиясының төріне
көтерілген Ғалым Жайлыбай – жүрегіне жыр ұялаған ұлты­
мыздың көрнекті ақыны. Шығармашылық бабында жүрген
шайырды қалай қадірлеп, қалай төбеңе көтерсең де бек

жарасарына берік сенеміз. Өлеңдегі өмірі мен жырдағы
жұлдызы жарқырап, жайнай берсін дейміз. Шабытының шаң­
қай түсіндегі ақынның:
Келер күндер, білмеймін, береді не,

Дүниенің кім жеткен дерегіне?
Өртенген мұң өзекте...
Өлеңдерім
Ертеңдердің жарай ма керегіне?!.

Жазғаным жасық жыр болып, ұрпағым алдында ұятқа
қалмайыншы деп шамырқана шабытына қамшы басқан Ғалым
ақынның өнерінің өлмесіне, жамиғат жадында сақталарына
күдіктену күпірлік. Оның өлеңдері қазақтың өмірлік рухани

қазынасының сандығында сақталарына толық сенімдіміз.
Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Алматы. 18.03.2012

МАМЫРӨЛЕҢ

КӨЗІМНІҢ ҚАРАШЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН!

Шашқанда алтын арай дала таңы,
Шапағын дүниеге таратады.
Сен менің бақытымсың, Қазақстан –
Анамның аялаған алақаны.

Ізет пен ізгіліктен іркілмеген,
Тұлпардың өз елімнен тұрқын көрем.
Сен менің тағдырымсың, Қазақстан –
Үкісі үмітінің үлпілдеген.

Жанынан жыр төгілген, нұр төгілген,
Қайғының аулақ болсын бұлты елімнен.
«Ырыс-құт – тату елге нәсіп» деген
Аманат қалған бізге Күлтегіннен.

Мезгілсіз бұзылмасын ұйқың, балам,
Ел едік дүбір шықса қиқулаған.
Аққудың қанатынан ән естіген,
Тұлпардың тұяғынан күй тыңдаған.

Шырағы мәңгіліктің жағылғасын,
Айбозым аламанда арындасын.
Көзімнің қарашығы – Қазақстан,
Сен менің қанымдасың, жанымдасың.

Атынан сөз алғанда қатарластың,
Қыр кездім,
белге шықтым,
жотаңды астым.

Бірліктің бесігі сен – Қазақстан,
Арманын әлдилеген Отандастың!

Тағдырдың өзі қосқан, тамыры бай,
Жанарың жарық болсын, жарығым-ай.
Сен менің жалғызымсың, Қазақстан –
Жалғанда жалғыздардың жары Құдай!..

КӨРДІМ...

Жақсыны көрдім,
жаманды көрдім –
Зулаған күнде құр аттай.
Тіршілік,

сенің бағаңды көрдім –
Қолға тұрмайтын сынаптай.
Алысты көрдім,
Жақынды көрдім –

Көргенім қандай көп еді.
Ақырзаманғы ақынды көрдім –
Өлі сөздерден өлеңі.
Ақты да көрдім,

Қараны көрдім –
Асудан әрі асарда.
Дананы көрдім,
Ағаны көрдім –

Ақ жайлау алды қашанда.
Жарық та көрдім,
Қараңғы көрдім –
Ақша бұлттардың ішінде.

Ғаламды көрдім,
Бабамды көрдім –
Ақ сауыт киген түсімде...
Азапты көрдім,

Мазақты көрдім –
Бақ ұшты көздің ұшынан.

Ғажапты көрдім,
Қазақты көрдім –
Керуеннің кеуде тұсынан.
Даламның жырын дарабоз қылдым,

Өмірімнің шығып өріне.
Шанағы сынған қара қобыздың
Қаңқасын ілдім төріме...

* * *
Ақ нұрларға қарайды-ау шөлдеп пенде,
Мәңгіліктің бесігі тербеткенде.
Айтып кеткім келеді сол бір әнді,

Қайтып кеткім келеді сол көктемге.
Көңіліңнің көз жасы ыршығасын,
Көк майсаңа жете алмай тұншығасың.
...Сол көктемге бізді енді кім шақырсын,

Сол бір әнді, дүние-ай, кім сұрасын?!
Арай сүйіп,
алдыңнан нұр күлгенде,
Көз ұшына көп өлең іркілгенде.

Аспантаудың аққуын жырлай-жырлай
Аспан жаққа кетермін бір күн мен де.
Жұлдыздардың жанғанда шоқ тізбегі,
Көңіл шіркін, қайтейін, жоқты іздеді.

Көз ашқалы қуып ем, көлбең қағып
Сарыарқаның сағымы жеткізбеді.
Өмір – аптап,
Ұнатар шөлдеткенді,

Көз ұшында құстарын көлбеткенді.
...айтып кетсем салам ба сол бір әнді,
Қайтып кетсем табам ба сол көктемді?!.

ТҮС КӨРЕМІН...

Ұшады қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып...
Ақан сері
Туған жердің төсіне тұмар қадап,

Өсірсем бе деп едім
шығанға бақ.
Түн баласы түс көрем түрлі-түрлі,
Құс көремін және де сыңар қанат.

Көшкен елдің көнерген жұрты мына,
Өлең жамау бола ма жыртығыңа?..
Мұнарлы алап мұңданып...
Қосылады

Сыңар қанат сол құстың сұңқылына.
Қарамадым жырға да ермегім деп,
Артатындай кім едім елге міндет?
Түсімдегі жаралы сол бір құсты

Мен өңімде жүремін емдегім кеп.
Төр сенде екен,
титтей құс,
өр сенде екен,

Қанатыңды бір сылап көрсем бе екен?..
Кеңістікті сезбейтін кемтарларға,
Аспан, сені аңыз қып берсем бе екен?
Күнде көрем жанымнан шалағайды,

Ол байғұс та шамасын шамалайды.

Жағажайда қақталған жалаңбұтқа
Жыр оқысам...
ұға ма дала жайлы?..
Ұялма, аға,

тағдырдың сыйы Аллада,
Біздің баста әзірге қиял ғана.
Самғайтынның бәріне сәт тілейді
Құс қанаты талатын қиян дала.

Сүмбіледе...
Жүректі тілгілеме,
Ақын деген – онсыз да мұңды неме.
...Өміріңде өткенді өбектесең

Көңіліңде көктемгі күн күле ме?
Өңім түгіл, кешемін түсімде мұң,
Өліарада өмір бар – түсінгенім.
Қанатының астына маржан тағып,

Көкке самғап барады құсым менің...

МӘҢГІЛІК ШӨЛ. БЕТПАҚДАЛА

Кеберсіген еріні кер бетеге,
Жауынсыз жаз жаныңды шерлі ете ме?
Сауырынан құйқылжып құйын қашса
Бауырынан Бетпақтың ел кете ме?..

Томсырайған торығып топ тобылғы,
Көздеріме көңілсіз боп көрінді.
Есіме алдым ұзаған көктемімді –
Есіме алдым өткенім-кеткенімді...

Ақ селеуі,
жусаны,
шөңгелері,
Мен сендерді келіп ем емдегелі...

Көз алдымда дүние дөңгеледі –
Шемен жұтқан шайырдың шерлі өлеңі.
Кештері аптап Бетпақтың,
күндері ыстық,

Қанатты боп туған соң ілгері ұштық.
Қай соқпаққа қосады сүрлеуімді
Шеті де жоқ,
шегі жоқ бұл кеңістік?

Тағдырменен таластық таңдарға еріп,
Сен де,
мен де, дүние-ай, арманда едік...
Мейіріміз қанатын күн бола ма,

Мәңгілік шөл,
аңқасы қалған кеуіп...

Аймаламай арайын ақ таңның да,
Бағы тайып басынан батқан мұңға.
Безектеген жанымды бебеулетіп,
Бетпақдала безеріп жатты алдымда...

ҚАРАТАУ, САҒАН ЖЕТТІМ...

Қаратау!
Саған жеттім бір көруге,
Бір көруге тірлікте үлгеруге.
Сен маған асықпағын

гүл беруге –
Онсыз да болмайды ма күн көруге?
Қаратау,
Саған жеттім бір қарауға,

Басыңнан шана-мезгіл сырғанауда...
Ыршытқан көздің жасын шақтан бері
Тұншыққан тұлпарларым тұр қамауда...
Қаратау,

кетпепті әлі қар басыңнан,
Ирелең жолды көрдім жарға асылған.
Бір тайлақ бос келеді шұбатылып,
Сол көште атан өліп, арба сынған

Қаратау,
көшті көрдім,
кешті көрдім,
Еске алып есті сөзін ескілердің.

Кешкіріп бара жатқан күнге ілесіп,
Бес күндік жалғаныңа бес түнермін.
Қаратау,
саған жеттім, мәртебелім,

Жазылып бітпей қалған жарты өлеңім.
Батыр мен бағыланды көрсет маған
Басында қалып кеткен әр төбенің.

Қаратау,
қасиетті қиян далам,
Бәрі де менікі деп қиялданам.
Тасында тарам-тарам көздің жасы

Басында керуеннің ұялмаған...
Қаратау,
Сен етесің көкті медет,
Өзіңдей өлкемізге текті керек.

Басыңнан шаң көрінсе...
Әлі күнге
Қорқамын көш қозғалып кетті ме деп...
3-266

КӨКТЕМДІ КӨР ДЕ...

(Элегия)
Көктемді көр де
көшті көр,
Жарқ ете қалып жанары.

Еңкейе біткен ескі жол
Еңіске тартып барады.
Жаңбыр мен қары аралас,
Өліара кезді көзге ілмей.

Саздауға біткен сары ағаш
Сағынышын да сездірмей.
Аспан мен жердің арасы,
Көктемнің түсі көгілдір.

Көзімнің ақ пен қарасы –
Өзекті жанға өмір бұл!
Уақытқа айтпай төрелік,
Тербеліп жатыр текті өңір.

Көктеммен бірге көгеріп,
Көгімен бірге көктегір!
Мойныма тағар тұмар ма ең,
Мойылдай екен бұл әлем.

Сен салмай кеткен бір ән мен –
Мен жазбай кеткен бір өлең...
Сел ме еді,
Әлде тасқын ба?

Дүрия дәурен!

Дүрмегің.
Құс қанатының астында
Қысқарып жатыр күндерім.
Тербеліп терек, орманы,

Термеге басты не түрлі.
Ұялы телефондағы
Ұйқассыз әуен секілді.
...Көк белді көр де

кешті көр,
Көгілдір әлем жырласа.
Көнерер бәрі,
ескірер –

Көктемің келіп тұрмаса.
...Көктемді көр де
Көшті көр.

ҚАРА ЕРТІС, ҚАЙРАН ЕРТІС...

Алтайдың Тарбағатай тұғырындай,
Бұлақтың мамырдағы тұнығындай.
Қара Ертіс,
Қайран Ертіс сылаңдайды

Сұлудың толқынданған бұрымындай.
Сайраны сары белдің сағымындай,
Алтайдың алтын құсақ тамырындай.
Шыңғыстау шырағданын жақты мәңгі

Қазақтың жанындағы жарығындай.
Бірсалар анашымның киізіндей,
Келеді көңілімнің күйі үзілмей.
Шығыста қасиетті бәрі-бәрі –

Марқакөл маралының мүйізіндей.
Жүгіртіп жүректегі киігімді,
Жырыма іздеп келдім иірімді.
Ақынға төге алмасаң мейіріңді –

...«Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...»
Шалғыны шашыраған шалғайында
Сырымды ақтарайын тал-қайыңға!
Шөлімді Сұңқарбұлақ қандырар ма

Сауыр мен Сайқан таудың баурайында?
Өскелең Өскеменнің мәрт өңірі,
Ұлының тауда туған тау көңілі.
Үшеуміз бір ақ өлең жазатынбыз –

Ұлықбек,
марқұм Нұрлан Мәукенұлы.

Сол жырдың адалдық ед тақырыбы,
Жылдардың шаршатты ма шақырымы?
Алтайдың алшы түсер асықтары –
Арқаның ардакүрең ақын ұлы.

Мен келдім – жанымда жас,
жанарда мұң,
Көрдің бе көңілімнің қабарғанын?
Толғатқан толқыныңмен тербе мені,

Қара Ертіс,
Қайран Ертіс,
Қара орманым...

* * *
Тау толқынға салса егер мұрат қайық,
Талабыңды шыңдайтын сынақтай ұқ.
Әлсіздер бар түсетін қақпалыға,

Тегіс жердің өзінде құлап, тайып.
Бағын, арын тәрік қып, жанын ойлап,
Тұнығыңды жүр біреу тағы лайлап.
Қағып кеткен олжаны оңашалап,

Лағып кеткен баяғы лағыл ойлар.
Мақсатсыздың қашаннан құйын алды,
Екі бөлек тұрағы тиын, ардың.

– Мен өмірге ғашықпын, – дейді біреу,

Сәл тергесең аузына құйылар құм.
Жауһар әуен естілмей жалқын әні,
Шындық іздеп біреулер шарқ ұрады.
Алқалы топ алдында ақымақ та

Аталы сөз айтпақ боп талпынады.
Бір білерім – шектен тыс тойған жаман,
Кім болады сенімін жойғанда адам?!
...Сақта мені күндерден ойын-тойсыз,

Сақта мені күндерден ойланбаған.

* * *
Шығарып салып қаздарын дала,
Таратқан сынды тойларын.
Жазира жырлар жазбадың, аға,

Жазбадың,
нені ойладың?
Жортуылшыдай жолы аса мықты
Күткен ем хабар мен сізден.

Қаламасам да оңашалықты,
Тартып-ақ кеттім елсізбен.
Тәңірдей көріп Темірқазықты,
Жолсызбен жалқы келемін.

...Біз тумай тұрып ӨМІР жазыпты
Жаздырар бізге өлеңін.
Өзекті жарып өрелі ұғым,
Түндерге тыншу бермедім.

Айтып-ақ кеткім келеді бүгін
Арманын бүкіл пенденің...

(Экспромт)
Бейуақта ұшқан қандай құс,
Беймаза күйге түсіріп?
Бейдауа көңіл мен байғұс,

Бейтарап жүрсем қысылып.
Берекет кетіп бәрінен,
Безектеп шықсам ертерек,
Бедерлі сезім әнімен,

Берен жыр, саған еркелеп.
Боз жусан белдің ұлы едім,
Бозкөл-көз күткен жас тұнып.
Базарлы ортаға кіремін,

Баспалап емес, бәс тігіп.

* * *
Бір күнімнен аумай қалды бір күнім,
Белес болды Заңғар деген тауларым.
Қызыліңір қаққан кезде кірпігін

Мен мұңымның сапырамын саумалын.
Абыз-күйдің аруағы ұшып кетпей ме,
Домбыраның сынып түссе тиегі?..
Болашағым беттегенде беткейге

Бүгінімнің кемсеңдеді иегі.
Бауырым-ай!
Ай маңдайлы, нұр жүздім,
Жат санасам, жақын қайдан табамын?..

Жүрегімнен жыр боп жауған жұлдыздың
Жарығынан жасқанбасын жанарың.
Көктемдерім көктегенде көңіл бал,
Шыңырауда шындық тұнған терең бар.

Өлеңімнің қалыбында ӨМІР бар,
Өмірімнің тамырында ӨЛЕҢ бар!..

* * *
Алты да қанат ақ орда,
Алшаңдап шықтым төріне
Алшыдан түсіп сақам-дүр.

Аман-сау деген хабарға,
Ақсарбас айтып еліме,
Ақберен ақын атандыр.
Айсыз да абат түндерге

Арманын айтқан жан сәулем,
Аймалап жұлдыз жарығы.
Ағыны қатты күндерде
Аламандарды аңсаумен

Арғымақтарым арыды.
Асыл тас іздеп теңізден,
Ауырып жүрек, жүдедім,
Ауыздық шайнап ақтанкер...

Анасы Арман емізген
Ажалсыз ұлдың бірі едім,
Ақ тәңір, маған Ақ Таң бер!

* * *
Раушан дәурен,
қалайша бос қалайын,
Ақын жүрек жандармен дос болайын.

Қырандарға қызығып өскен едім,
Қарғалардың тобына қоспа, ағайын.
Ердің жүгін иыққа жүктеп алып,
Бара жатсам еңсемді тіктеп алып.

Ту сыртымнан сүйсіне қарасаң да,
Өтінемін, жайдақтық күтпе, халық.
Жан деп пе едің біздерді олқы мұңды,
Жүдетпеген өлеңнің дерті кімді?

Лебіз айтпай бір ыстық, қайран жұртым,
Алмағайсың жылатып ерке ұлыңды.
Астана емес, атағым ауыл мәлім,
Соқтырғам жоқ өлеңнің дауылдарын.

Бір шалағай ісімді көре сала
Теріс қарап кетпеңдер, бауырларым.
Өмір-өлең түйінін жас ұқтырып,
Тұлпар уақыт қойды ғой асықтырып.

Бір көз тіккен көзайым адамдарды
Мен кетермін түбінде ғашық қылып.

СЫҢАР АҚҚУ. СЫРҒАЛЫ ҚЫЗ

Бола алмаған ақынның бақ тілегі,
Оралмаған мойынға ақ білегі.
Айдан сырға тағынған аққұба қыз –
Айдын көлге шомылған аққу еді.

Көңілімде сол сәттен сызат қалған,
Керуенімді уақыт ұзатты алға.
Бозкөл қатты тасыған
сәуір айы

Саған деген сезімім тұзақталған.
Өткен күннен өрелі сыр ұғайық,
Сыр ұғайық,
жүрекпен жылынайық.

Бозкөлдегі киелі қос аққудың
Сол көктемде болды анық бірі ғайып.
Таныта алмай еркелік, айбынын да,
Берілгендей ерте-кеш қайғы-мұңға.

Сыңар аққу сыңситын, егілетін
Мөлдірліктің мекені – айдынында.
Күндер легі оны да ұмыттырып,
Жібереді-ау...

басқаша сыр ұқтырып.
Сыңар аққу, жағадан саған қарап,
Ойға шомып қайтушы ем тұрып-тұрып.
Адалдығын түсініп анықтығы,

Тұнжырағам мен оның танып мұңын.
Бір-ақ түнде жоғалды ол,
анам айтты:

– Іздеп кетті егізін жарықтығым...

...Адалдықты есейдік көңіл еміп,
Жеткізбейді, зулайды өмір-елік.
Сыңар аққу, сырғалы сұлу қызды
Жырлаймын да мұңаям тебіреніп.

Сезімдері сең болған тәрізденіп,
Жүр біреулер жел сөзбен «қарыз беріп».
Сыңар аққу,
Ақын ұл,

Сырғалы қыз...
Бірімізді біріміз әлі іздедік.
Үмітіңді не жетсін үзбегенге,
Жауһарыңды жоғалтқан іздегендей.

Сәуір туса Бозкөлді аңсап тұрам
Сыңар аққу, сырғалы қыз келердей.

* * *
Қарасуға барғанда шомылғалы,
Сақинамды сыйладым қолымдағы.
Сәнім-дағы сен болған,

әнім-дағы,
Көрген түстей күндер ғой оның бәрі.
Сақинамды сыйладым қолымдағы.
Саусағына сақина салып едім,

Жақұт еді, ол күндер лағыл еді.
Шыжып тұрған шілдеде жыр жазамын,
Біз өзенге барған кез мамыр еді.
Тербетті ғой толқындар тағы мені.

Көз алдымда шадымнан шақтар әлі,
Терезеңді көп болды қақпағалы...
Қақпағалы,
өзімді қақтағалы...

Түгелсіп тірліктің ақ парағы,
Бақи болып кеткендей бақтар әні.
...Білем тағдыр дәм-тұзын таусарын да,
Ешкім тұрып қалмайды нау шағында.

Қиялымда тербелген құралай қыз,
Сол сақина бар ма екен саусағында?

КЕҢІРДЕГІ КЕШ

Жазуына разы Жасағанның,
Көрікті қыз,
көркіңе мас ағаңмын.
Жайық болған сезіммен тербелгенде

Ғайып болған көзімнен қашаған күн.
Қалықтады қалқаның бүгінгі әні,
Жезқазғанның жұлдызы жымыңдады.
Тебіренген Кеңгірдің толқындары

Ақ жол айтып ақынға сыбырлады.
Алқаракөк аспанды кезіп ұштық,
Байлайды екен тіліңді сезім ыстық.
Бейсеуовтің «Сырласу вальсіне»

Қосылдық та екеуміз тез ұғыстық.
Сәтте туған сезімді қалқалама,
Ару қызға жарасар арқалы аға.
«Түн жамылып келеміз,

айсыз аспан...
Алақанда алақан...» қалқа бала!
Шағым өтсін жұлдызды жақсыменен,
Тәтті түннен тұғырын тапсын өлең.

Ақ еркесі Арқаның, сүйем сені,
Әсет аға, мен сізді жақсы көрем!..
Бұзды деме әуенін біздің ағай,
Қиып кетем қиянға сізді қалай?..

Сырласуға сескеніп сері түннен
Сырласу әнін айтқан қыз құралай!

Қоңырауы көңілдің қағылғанда
Түн жамылып...
салатын әнің бар ма?!
Сары құмы сусыған ауылыңа

Барып қайтып жүрейін сағынғанда...

СӘУІРДІҢ СОҢҒЫ КЕШІНДЕ

Жүрекке тұнған мол үміт,
Ерке қыз, саған жолығып.
Сол бір күн менің есімде:
Шұғылаға қайтқан шомылып

Сәуірдің соңғы кешінде.
Санаға бермей тыныштық,
Сезімдер біздің тым ыстық.
Теңіз боп, ой-хой, тасқасын,

Ұғыстық,
сосын ұрыстық...
Сөз етіп қайтем басқасын?
Бір күліп сәтте, бір жылап,

Сыр тұнып көзге тұнжырап,
Қарадың білем жазалап.
Кеудемде менің жыр-бұлақ,
Мына өмір неткен ғажап-ақ!

...Сең соғып сынған сенімім,
Сергелдең болып сері күн,
Жүгірдім жарды жағалап.
Елес боп өткен елігім,

Ғайып боп кеткен ғаламат.
Ертеңге еріп бармадың,
Қосылып әнге салмадың,
Өзіңсіз атты таң талай.

Алыста қалған ардағым,
Қайырылмай кеткен қалқам-ай!
4-266

АҚ ҚАЙЫҢ

Мен жоғымды сенен келіп іздеуші ем,
Арманымнан күдерімді үзбеуші ем.
Көктемеде, аппақ қайың, мен сені
Ақ балтырлы, көк көйлекті қыз деуші ем.

Бүгін келсем... әсерің жоқ көктемдей,
Көңілге де бір жел тұрып өткендей.
Ақ балтырың бәз-баяғы қалпында,
Көйлегіңді біреу шешіп кеткендей.

Күз келген соң уақыт тартып жетегін,
Жыл құстары тауыпты өз мекенін.
...О, ақ қайың, саған қарап ұқтым мен
Өмір мәңгі көктем емес екенін!

* * *
Тамашалап келбетін дала, күннің,
Есіңде ме бұлаққа баратын күн?
Өлеңдерін қызыға тыңдайтының

Он алтыға толмаған бала ақынның?
Іңкәрліктен қос жүрек
жанып, ысып...
Кездесуші ек әр кеште сағынысып.

Есіңде ме жүретін айлы түндер
Сезімдердің шарабын қанып ішіп?
Толтыра алар қуаныш гүлге етегін,
Қайғыны да өмірдің үйретерін,

Сезінбеппіз бұлақтай мөлдірлікті
Бекежан-жел бір күні күйретерін.
Сыңғырына тыңдайтын құлақ түріп,
Баяғыша жатыр ғой бұлақ күліп.

Мезгілінен ерте ұшқан арман-құсым,
Сол күндерді ойларсың жылап тұрып.
Көкірегің толған мұң, шығар қайғы,
Ешкім сені тап мендей ұға алмайды.

Өкінгенмен не пайда, өртенгенмен,
Сынған кесе қайтадан құралмайды.

ОҚЫЛМАҒАН ЖЫРЛАРДАН

Ақын-көңіл – өрекпіген өр теңіз,
Толқынына ұрынарсың, ерке қыз.
Өмір деген сен жаттаған жыр емес,
Ойланбасаң от бастырар он сегіз.

Гүл дәуренің қауыз жарар кезінде,
Тұна қалған мөлдір бұлақ көзіңде.
...Сен құрбыңа сыр айтыпсың, естідім,
Ұнап жүрген өлеңім бе, өзім бе?

Ұнатасың...
қалай ғана сенейін,
Жай сезім де,
одан өзге не дейін?

Жырға ғашық болсаң,
қалқам, тыңдай бер –
Өмір жайлы өлең оқып берейін.
Аңдамасаң ақын деген – жас бала,

Жаным, мені жанарыңмен жасқама.
Жүрейін тек ағаң болып қаласаң,
Құралай қыз, қинай көрме басқаға.
Лаулап тұрған өрт-жалыны алаусың,

Алау қызға – алғы күнге қарау сын.
...Мен сен үшін қосылмайтын арнамын,
Сен мен үшін оқылмайтын тараусың.

ТЕРЕҢ САЙ

Басыңнан ұшып бұла бақ,
Сенімің болған,
Серігің болған қара баланы кінәлап...
Жүрсің бе, жаным,

тақуа тірлік, беймаза жұмбақ күй кешіп,
Оңаша кейде жылап ап?
...Сол шақта болған Тереңсай жақта ашық түн,
Мен саған сонда сырларын айтқам ғашықтың.

Отырған едік ауылдың сырты,
құралай,
Бір ағыс келіп сезімдерімді тасытты.
Асылым,

сонда шарт сынды сендік ақ алмас,
Гүл дәурен кезің арман боп кетті оралмас.
Сырына қанық,
жырына қанық досыңа

Сол Тереңсайда көңілің қалды ең алғаш.
Шарасыз, жаным,
жыладың содан ұзақ тым,
Шырмауы буып сенгенің құрған тұзақтың.

Іңірде ғана қызғалдақ едің...
Ақ таңға
Мен пақыр сені күзгі гүл етіп ұзаттым.
Сен содан маған оралмай кеттің,

арманым,
Сен кеттің алыс,
мен басқа жолды таңдадым.

Ең алғаш мені жауыздық іске үйреткен
Тереңсайға да бармадым.
...Сол Тереңсайды көруге бір күн құмар боп,
Мен келген едім...

Көз алдым кетті мұнар боп.
...О, керемет-ай,
іші оның суға толыпты...
Қатты қорықтым

көз жасың сенің шығар деп.

* * *
Сәуірде соғам сағынып,
Сырласым болған алыс қыр.
Мұңайып барсам қамығып,

Райхандарыммен табыстыр.
Маржандар болса тауып ап,
Сағыныш әнін айтып кел.
Мендегі бақтың бәрін ап,

Бал дәуренімді қайтып бер.
Шөл болып кейде қуарып,
Көл болып кейде тасыдым.
Алдымнан шықшы қуанып,

Ақ көйлек киген асылым.
Тірлікке болған шапағат,
Өріліп өлең өткеннен.
Еркеліп жеткен махаббат

Ертерек жеткен көктеммен...

* * *
Аңғал едің,
жұлдыз жігіт көріндім,
Көкейіңде бүгін күдіктерің мың.

Жанарына жас толтырып кеттім бе
Үзілмеген үкілі үміттеріңнің?
Көреді екен өңінде де түс пенде,
Іңкәрліктің шәрбатынан ішкенде.

Көз ілмедім...
Төзімдерім таусылып,
Сезімдерің сергелдеңге түскенде.
Тақсіретті тартар жылдар,

тартар ай,
Ақ қайыңды алмаймыз ғой балталай.
Қуанғанда
Қуарғанды көрмесек,

Сағыныштан сарғаярмыз, қалқам-ай!
Мен күрсіндім...
Махаббатым торықты-ау,
Жан сырымды мүмкін емес ол ұқпау.

...Екінші рет жолықпайтын болған соң,
Бірінші рет керек еді жолықпау!

* * *
Тыраулай ұшқан тырналар
Тізіліп елге қайтқанда;
Өзіңнен күтіп бір хабар,

Мұңлы бір әндер айтқанда;
Гүл толы қырат-қырларды
Жалғыз бір кезіп кеткенде;
Жаныммен егіз жырларды

Ағыл да тегіл төккенде;
Көгілідір көктем жеткенде,
Тереңсай суға толғанда;
Қимастық айтып өткенге,

Тағы да барсам сол маңға;
Көріндім жұртқа боп құзғын,
Тірліктен кейде түңіле;
Көшеде жүрген көп қыздың

Көз ілмей кетсем біріне –
...Бәрі де бәрі сен үшін,
Өткеннен бір сыр шерте ме Ай?
Көңілдің мұзы ерісін,

Еркелеп жетші, еркем-ай!

* * *
Сол баяғы жерлермен кезіп өткен,
Бір жүрейік, махаббат,
тезірек кел.

Жыра-жылдар араны алыстатса,
Соқпақ салар жаңадан сезім-өткел.
Келер болсаң,
кешікпей кел тезірек,

Өн бойымды балқытып өртеп іреп,
Жыр аңсаған дамылсыз...
Құмар саған
Ерке жүрек кетпесін ерте жүдеп.

Кел, қалқатай,
келетін кезің күліп,
Нұр-шуаққа бөлен де өзіңді ұмыт.
Бір жүрейік сезімсіз сорлыларға

Не екенін БАҚЫТ-тың сезіндіріп.
Ертектегі ел білер ғашықтардай,
Аңсау-ағын арнадан асып толмай,
Тіршілікте түйін жоқ

Екі жүрек
Бірге соғып тұруға асық болмай.

АЛҚАТЕРЕК АРУЫ

Аты еді ауылыңның – Алқатерек,
Қайтейін, болмай кетті, қалқа, дерек.
Көрікті Көктөбенің көктемінде
Көңілім Көкше қырға тартады ерек.

Сезім құс ұшар дәйім саған қарай,
Белгісі жастығымның, шарайнам-ай.
Алқаңды Алқатерек ауылында
Жоғалтып алдың ба екен абайламай?

Ұсынып үлгермеп ем көңіл гүлін,
Сыр болып көкейімнен төгілді мұң.
Арқаның Айнакөлдей айдынында
Шомылып жүр ме екенсің, көгілдірім?

Аты еді Алқатерек ауылының,
Сүйетін терегінің бауырын күн.
Желегі желмен ойнап ұқтырады
Бағасын сағынудың, зарығудың...

* * *
Ілгеріде,
Өтіп кеткен оралам күндеріме.
Ғашық болып қалдым да өлең жаздым

Шайы көйлектің етегі бүрмеліге.
Өлең асыл,
Өзің айыр, жасық па – ол арасын.
Бір сенерім – арнаға толған кезде

Айдыныма аққу боп ораласың.
Сыр ұқпасаң,
Сезіміңді сейфте құлыптасаң...
Бұлқын,

Егес.
Ол деген мүмкін емес,
Жұлдыз жауған түндерді ұмытпасаң.
Қуанышты,

Қандай бақыт көз жасын бұлау ішкі.
...Тереңсайға тағы да гүлдер толып,
Қыземшектің басынан қыран ұшты.
Өрмелеген,

Биігіме бір шығар сен бе деп ем.
Сағындырдың,
Қайдасың, жалын құрбым?
Дүние-ай, дөңгелеген...

ЖҮЗ ЖАСАҒАН ӘУЛИЕМ

Хош иісі аңқыған
Бұғымүйіз, Бесмойнақ
Жайлауының бір гүлі.
Шамырқанса шалқыған,

Өрге салсаң төсте ойнап
Дәуірінің дүлдүлі.
Бура атанға шөккенде,
Тіреу болар тұсыңа,

Атқа қонар ер керек.
Заман зәрін төккенде
Ақ найзаның ұшына
Үкі таққан елден ек...

Ұрпағыңа сөз беріп,
Ауыздықтап, іркімей
Бағамысың қадамын?..
Кезеңдерде кез болып,

Қырдан қашқан түлкідей
Қызыл болды заманың.
Қызыл, қызыл, қызыл-ды,
Қызыл болды құзырлы.

Беу, бабам-ай, қызырлы,
Көңіліңіз бұзылды.
Домбыраңды қолға апсың:

– Ұрайын, – деп, – қызыңды...

Аппақ тілеу тіледік,
Атыңды атап түздерде,
Жыр оқыдық желікпен.
Текке тартқан ұл едік,

Жолбарысың біздерге
Көрінбейді неліктен?..
...Сарыарқаны сандалып,
Алатауды айналып,

Жақұтыңды қуғанбыз,
Бақытыңды қуғанбыз.
Ағарғанмен ақ таңда –
«Қызыл» болып туғанбыз...

Бір өлкенің өрі едің,
Бір халықтың төрі едің.
Қызыл болды күндерің –
Жасыл болды желегің.

Топқа түскен тоқсанда
Торай бермес торы едің.
Өлең-жырда тау, кием,
Іркітіміз іріп көп,

Намысымыз жыртылды.
Жүзге жеткен әулием,
Жүзге бөлдік жіліктеп
Жүзі сынық жұртыңды.

Алқаракөк иіп бір,
Өлеңіңді өтімді
Дүр-дүние тыңдады.
Жетісудан құйып тұр

Жылы жаңбыр секілді
Ұлы Жамбыл жырлары!

Өлеңдегі тау, кием,
Жалғастырып ғұрпыңды,
Міндік өмір кемесін.
Жүз жасаған әулием,

Жүзі сынық жұртыңды
Жолбарысың жебесін!

АҚ СӨЙЛЕ, БҰЛБҰЛ ЖҮРЕГІМ

(Толғау)
Ақ сөйле, бұлбұл жүрегім,
Ақ сөйле, бұлбұл жүрегім.
Ей, өмір, дүлдүл жыр едің,

Ей, жырым, жүрек гүлі едің,
Гүлдердің сырын білемін.
Шындықтың алмай шідерін,
Күнім де менің түн едің.

Келбетін көріп нұр-айдың,
Күлемін-дағы жылаймын,
Жылаймын-дағы күлемін.
Күйгенмін талай шоқ басып,

Үйрендім талай шоқ басып.
Алтынымды да тот басып,
Күмісімді де тот басып,
Көке мылжыңмен оттасып,

Көбікауызбен боқтасып,
Саңырауменен соттасып,
Қаламым – қайран найзам-ай,
Нөсердің алды найзағай,

Ей, өмір, саған көп ғашық...
Шындық пен жалған арбасқан,
Сұмдық пен арман арбасқан.
Көңілден кердең ән қашқан,

Иықты ерден мән қашқан.
Пердесін алмай таңғы аспан,
Шұғылаларымды шаң басқан,
Мәңгүрт боп шыққан марғасқам.

Жоғалтып тапқан асылдай,
Жарқ ете қалған жасындай
Ақиқатым-ай – алдаспан!
Толғай да толғай, толғай да,

Толғамай, сірә, болмайды, ә.
Ойымыз жетпей шалғайға
Зіл басқан жүрек зарлай ма?
Зарымды жырым жалғай ма?

Жарыққа бастар жол қайда?
Халыққа бастар жол қайда?
Бабадан қалған мұрам бар,
Ағайындар-ау,

Қырандар –
Қияға ғана қонбай ма?
Шыдадым, талай шыдадым,
Шарт сынды сосын шыдамым.

Шындықтың жағып шырағын,
Тәңірден таупық сұрадым.
Ұран боп шыққан жыр-әнім,
Кеуіп бір қалған бұлағым,

Қурап бір қалған құрағым.
Жазмышқа қарсы жоқ шама,
Батыраш басқа соқса да –
Өлмей де қалған құламын.

Мен кімге бүгін шағынам,
Мен кімді бүгін сағынам?
Қасқалдақ безсе көлінен,
Жерісе құлан қағынан,

Жүйрікті көріп жабығам
Теперіш көрген жабыдан,
Ей, тірлік, қандай мағынаң?
Шемен боп қатқан мұң бар-ды,

Шер көңіл шері ұлдарды
Көргенде содан арылам.
5-266

Ей, менің алтын арайым,
Арайым барда бал айым.
Сормаңдай болса талайың
Толғанбай қалай қалайын?

Шындықтың шегін қағайын,
Қабағын түннің бағайын,
Қабағын күннің бағайын.
Шабытым шалқар шайқалса,

Жорғадай жырым тайпалса
Алдыңа келем, ағайын!

КҮН СҰЛУЫ

ШИЛІ ӨЗЕН...

(Экспромт)
Түн,
Түн,
Түн,

Күлкің
Мұң...
Іркілдім,
Сілкіндім.

Нұр тұндың,
Ұмтылдым.
Бір құлап,
Бір тұрдым.

Түн...
Аспанда Ай,
Сасқандай,
Жасқанбай

Кұшағын
Ашқандай.
Наз ұғар
Мастанбай,

Жазылар
Дастандай.
Аспанда Ай...
...Жұлдызым,

Нұр жүзің.
Күндердей
Қырмызым.

Жасырған
Мұң,
Күзім,
Ашылған

Гүл-қызым,
Жұлдызым...
Түн,
Жұлдыз,

Алыс Ай,
Алаштың
Арысы-ай,
Басына бағы сай.

Арманның
Ағысы-ай,
Жүректің кағысы-ай.
«...Шилі өзен

қамысы-ай,
Бізді ойлай жүр, таныс-ай...»

* * *
Арқаға биыл көктем келгелі,
Ойларға сезім өткел бермеді.
Сағынып кеттім құралай қызды,

Ол бірақ мені жек көрген еді.
Жалғасып аппақ тілекке мұңым,
Тербеліп кеткен жүректе жырым.
Жарқырап күндей ашылмайды ма

Сол шақтан қалған жүдеп көңілім?
Сарғайсын неге сағыныш әні,
Келген жоқ маған кәрі қыс әлі.
Жабығудан бір жалықпайсың деп

Жалғыз қалғанда жарым ұрсады.
Асып-тасқанда кенерем көлдей,
Өксимін неге өлең өлгендей?
Жел тұрса кейде желпілдеп ұшам

Жиде ағаштағы жебегендердей.
Елік қыз ерке,
кекілдім еді,
Ақын біткеннің жетім жүрегі.

Уақыттың жолы қиыр да шиыр,
Бақыттың соңы...
Өкіндіреді.

* * *
Жаз айының жанарынан жас көрдім,
Сарша тамыз сарғайды да келді күз.
Көрікті қыз – көкейіме көшкен мұң,

Жолығармыз...
Жолықпаспыз енді біз.
Күндер легі көңілімді қайтарған,
Сезіміме су құясың сен неге?

– Махаббатым – мәңгілік, – деп айта алман –

Мәңгі ғұмыр жазылмаған пендеге...
Гүлді көрдім
қалтыраған ызғардан,
Күн көзіне күдікпенен қараймын.

...Сен емессің Естай сүйген қыз Қорлан,
Тоғжанына ұқсамайсың Абайдың...

* * *
Сағымды сары белдерде
Үргілеп отын үміттің,
Көкорай көктем келгенде

Қызғалдақ кешкен жігітпін.
Күн болып көргем гүлдерге,
Шаттықтың соңы...
Мұңайтқан.

Жұлдыздар жауған түндерге
Сыбырлап тұрып сыр айтқам.
Мазасыз мынау маусымның
Думандарына ділгірсің.

Дабырдан дара дауысымның
Жетерін қайда кім білсін?!

* * *
Шағала-шабыт шарқ ұрар,
Шарқ ұрар оның шарты бар.
Сенің де айың толысар,

Менің де күнім жарқырар.
Жауындай жауып басылар,
Көңілдің кермек жасы бар.
Сенің де бағың ашылар,

Менің де жолым ашылар.
Із кecіп жүріп сонардан,
Қызығың кейде тоналған.
Жұлдыздай аққан тірлікте

Жұлдызың жанса жоқ арман...

ЖЕЗҚАЗҒАН

Әні Мұрат Құсайыновтікі
Көгіңде қалықтатқан азат құсың,
Арқаның төсіңдегі ғажаппысың?!
Жезқазған – Ұлытаудың бел баласы,

Сапырған жез дария, қазақ мысын.
Ақ таңның ақ нұрындай,
Сары мыс сандығындай.
Кеңгірдің толқындары

Тағдырымдай...
Жақұтым, жасылымдай,
Бақытым, ғашығымдай,
Арқаның арман алқа –

Асылындай...
Ән жырым,
Жан сырым,
Бақ, нұрым – Жезқазған!

Байтағым байлығына тамсанатын,
Сарғайып сағынышты ән салатын.
Сарыбел сауырында сайран қала –
Ғарыштың қырандарын қарсы алатын.

Армандар ақ бұлағын ағытқандай,
Тұғырын туған жердің танытқандай.
Атажұрт аспанына арай сепкен
Жұлдызы Жезқазғанның жарық қандай.

ҚАШҚАНТЕҢІЗ

Жасырына алмайды
Айдан аспан,
Жазық жонға шығады сайдан асқан.
Қашқантеңіз...

Қазақта жер атауы,
Теңіз қашса, құдай-ау, қайда қашқан?..
Көздің ағын бөлмеңдер қарасынан,
Сұранамын,

жалынам,
аласұрам.
Ауыл көрдім, аты оның – Қашқантеңіз,
Сарышаған мен Балқаштың арасынан.

Желмаямен бұл жерді Асан басқан,
Сол тарихты оқимыз бас алмастан.
Қашқантеңіз...
Жалған-ай, Қашқантеңіз...

Айтсаңызшы білсеңіз, қашан қашқан?..
Мен білмедім,
білмеске намыстандым,
Азуынан сақтай гөр Арыстанның.

Қайғы-мұңнан байланып калған тілім
Айдынымнан айналып бақ ұшқан күн.
Мұнаралар мұнартса мұңға асылып,
Мына дәурен басыңда тұрмасын ұқ.

Теңіз қашқан...
Taғы да неміз қашқан?
Теңіз қашса бітеді құмға сіңіп.

Жасырына алмайды
Айдан аспан,
Жазық жонға жетеді сайдан асқан.
Қашқантеңіз...

Қазақта жер атауы,
Теңіз қашса, құдай-ау, қайда қашқан?..
Темекі деп шеккенім наша ма екен,
Ой айтпайды бұл ақын аса бөтен.

...Баласынан анасы қашқан кезде
Жағасынан теңіз де қашады екен.

* * *
Біздің ауыл
Сарысудың жағасында,
Ертер едім,

еркетай,
барасың ба?..
Болмайды екен біздерге адасуға
Алмағайып тірліктің арасында.

– Қай жақта? – деп сұрайсың...

Ауылым ба?
Біздің ауыл
Сарыарқа сауырында.
Сүйем оның жауынын,

дауылын да,
Сонда менің анам да,
бауырым да.
Гүл шағында,

демеймін нұр шағында,
Біздің ауыл Арқада,
құм шағылда,
Жетілгенбіз сол құмның құрсағында.

Ерер болсаң ере жүр,
ерке бала,
Отырғам жоқ опынып мұң шағуға.
Алға тартқан жылдардың жетегі – Үміт,

Көк дауылы көңілдің көтеріліп.
Туған мекен,
күні ертең келем саған –
Сағыныштың салына жеке мініп.

Соңы тұйық жолдардың,
Басы – даңғыл,
Жүрегімнің жаутаңкөз жасы – жаңбыр.
Жалаң аяқ жүгірген балалықтың

Сипап қайтқым келіп жүр басынан біp.

* * *
Бір қыз бар Маралдыда...
Естай
Бір қыз бар Жезқазғанда...

Ашылған гүл,
Қалқаға арнасам ба
асылдан жыр?
Жәудіреп қарап еді

қоштасарда –
Жуды ма жанарының
жасын жаңбыр?..
Өлеңін сыйға тартар

гүлдесте ғып,
Ақынның жүрген жері
күнде естелік.
Кеңгірдің толқынындай толқыған қыз...

Қайтейін,
тілден қорқып тілдеспедік.
Сен менің мойыл жанар
жастығым ең,

Жастығым ең,
сезімге мас күнім ең.
Аяулы біp толқыны айдыныңның
Тап бүгін арнасынан асты білем.

Сырғиды қолға тұрмай уақыт-сынап,
Жезқала – жүрегіме жақұт тұрақ.
...Қорланын қорықпай-ақ жырға қосқан
Менен де Естай ақын бақыттырақ.

Жаныңды аулақ ағаң жаралаудан,
Назарым көп ішінде саған ауған.
...Қол бұлғап қимай тұрған кісідейсің
Кемені алыс кеткен жағалаудан.

6-266

* * *
Арнасымен ағады тірлік-ағын,
Тірлік әнін әлдилеп жыр құрадым.
Өмірімнің өзінің бастауы еттім

Көңілімнің көзінің біp бұлағын.
Сарғаймайтын санада сенім неткен,
Hұp күтетін секілді көңіл көктен.
Ақыраптың аяғы аянышты –

Жапырағын жайғанмен өміp-көктем.
Күн мен түннің ғұмырың – айырбасы,
Жарықтан соң қараңғы – айырмасы.
Жыр біткеннің түйіні жалғыз білем –

Ән біткеннің біреу-ақ қайырмасы.
Болмысыммен бастап ем бос айтысты,
Домбырамның тиегі босай түсті.
Айнала ұшып айдынын аққуларым –

Көкала үйрек көлімен қош айтысты.
Алты ағаңыз тұрса да алты асқарда,
Біp тосқауыл...
Түйгенім – әр тасқанға.

Еркіндікті сүйетін ерке толқын
Басын соғып өледі жартастарға...

АРДА ТУҒАН АЙБОЗЫМ

(Бақтияр Артаевқа)
Мәңгі бақтың жасылы,
Сай тасындай сай қозым.
Арғымақтың нәсілі,

Арда туған Айбозым.
Шағаламыз шарқ ұрып,
Сенен ерлік күтіп ек.
Сабырымыз сарқылып,

Үміттерді үкілеп.
Тұмшаланып, тығылып,
Мың тірілдік, мың өліп...
Жұдырығыңдай жұмылып

Тілегіңді тіледік.
Мың алтынға бepгіcіз
Біp алтынның бағасы.
Серт боп жандың...

Ceнгісіз –
Қайран ҚАЗАҚ баласы.

БІЗДІҢ АУЫЛ

Ауыл бардым,
алдымнан құм борады.
Долы желі Арқаның жынданады.
Жеңгелердің көнерген сырғалары,

Жылап ақты жанымның жылғалары.
Құм бораны...
Көңілді мұңға орады.
Құм бораны борады мен келгелі,

Сенделгені сезіліп,
сергелдеңі,
Өңcіз өңіp маған да өң бермеді.
Мынау ауру ауылды ақ жауынға

Жуындырып, дариға-ай, емдер ме еді?
Емдер болса мен оны емдесемін,
Емдеспесем қайырылып келмес едім.
Елден рух қашпаса,

Елде сенім,
Ecігіңді айқара ашамын да –
Бесігіңді әлдилеп тербесемін.
Тербер болса тентегі күнде бecік,

Бақытымен қонады ел іргелесіп,
Жақсы атыңа мерейім жүрген өcіп.
Ақ уыздай ұйыған асылдарың –
Құм боранмен кетпесін біpгe көшіп.

Өтпелі шақ...
Кім оның өткелдесі?
Осы өлкеге соға ма көктем көші?
Көңілін-ай, құрдастың кеткен хошы.

...Ауған барып сау қайтқан Ауғанбайдың
Аудан барып қайтқанға жоқ теңгесі.
Қызды да ауыр демейтін,
тұзды да ауыр,

Осында еді адал дос, ізгі бауыр.
Құм борайды соққан соң күзгі дауыл.
Сарыарқаның сағымды даласында
Күн кешеді осылай біздің ауыл...

* * *
Құдай сақтады,
Құдай сақтады,
Ажалым жетсе өлер ем.

Қуансақ-тағы,
Мұңайсақ-тағы
Тәттісің, тірлік, не деген?!
Басынан, бәлки, бақ ұшқан...

азар,
Көлбемей көңіл қаздары.
Арысты жұтар Арыстан-ажал –
Мені де жұта жаздады...

Бүгінгі сынақ...
Кешпейтін сынақ,
Көктемді қимақ көгерген.
Өмір де мәңгі өшпейтін шырақ –

Бір күндік сәуле дегенмен...

ЕСІЛДЕЙ ЕСКЕН ЕСІЛІМ

Есілдей есіп аққан көңілі бар,
Сәбеңе өкпелейтін қай антұрған?..
Қасым
Шабыттың құсы бақшаңа қонып,

Басталар күнде бақ шабар жорық.
Есілдей ескен есіл көңіл-ай,
Аңқылдай соққан ақ самал болып.
Жұлдыз боп күтсе жарқылдап Арман,

Керуенді көш бар артыңда қалған.
Қасым ағамдай қорғаймын сені –
Өкпеге қияр антұрғандардан.
Жаумайды күнде асылдар көктен,

Асылды күткен ғасырлар көптен...
Қасқа жолдарға қараймын жиі
Сәбеңдер кеткен,
Қасымдар кеткен...

Тұлпар біткендер тағасыз қалған,
Қала сазарып,
дала сызданған.
Сәбеңмен бірге сәніміз кетіп –

Ақындар елі ағасыз қалған.
Жайсаңым болдың жайдың да нұрды,
Қабырғамдағы қайғым қалың-ды...
Ар болып, аға, аяла тағы

Аққуы қашқан айдындарыңды.

Жанбасам жырдың несін жазамын,
Сәбеңнің көлін кешіп жазамын.
Ес болдың Елге есіміңменен –
Есілдей ескен есіл Қазағым!..

СӘБЕҢ ДЕГЕН...

Қызылжардың қайыңды құба белі,
Шұғылаға шомылған шуақ елі.
Жыр-сәлемді жұртына жолдау үшін
Бір Сәбеңді ғасырдан сұрап еді.

Замананың зарына заман шыдар,
Көз алдыңда тербеліп ғалам шынар.
...Жеті жасар жетімді жетегіне ап
Жылап кетіп барады «Жаманшұбар».

Тірлік мынау керуен көш үзбеген,
Біз де келе жатырмыз осы ізбенен.
«Дос көлінің» қауырсын қанаттысы-ай,
Дос іздемес додадан дос іздеген.

«Жұмбақ жалау» көргені бала жастан,
Ат оздырған ағам-ай бар Алаштан.
Сәбең деген – қазақтың бір дәуірі:
Ақ, қарасы...

Қызылы араласқан.
Көктем көрген көңілдің сазын ұғар,
Атажұртта Арыңның қазығы бар.
Сәбең деген – қазақтың кең даласы:

Өткелі бар,
өрі бар,
жазығы бар.
Муза елінде мұзбалақ зор құсым ба ең?

Артылатын орның бар он кісіден.
Сәбең деген – халқымның нар қасқасы,
Етек-жеңі туғаннан мол пішілген.

Ағаға сыр ағытам,
ініге жыр,
Арыстарын аңсайды бүгін өмір.
Ей, жігіттер!

Сәбеңді тану үшін
Жүрегіне жұртыңның үңіле біл...

ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы
Көңілде күй ағында,
Дабылда дара тұлға,
Тұлпардың тұяғында,

Аққудың қанатында –
Қайырлы таң, Қазақ елі!
Жанына жарасымды,
Бақ құшқан бар аймағы.

Оятсын Алашымды
Шұғыла, арайлары!
Қайырлы таң, Қазақ елі!
Басымда бақ түнеді,

Ұрпақпыз заты асылдай.
Анамның ақ тілегі –
Бабамның батасындай.
Қайырлы таң, Қазақ елі!

Заманның қазақтары
Ертеңге жол ашады.
Ғаламның ғажаптары –
Баламның болашағы,

Қайырлы таң, Қазақ елі!

ҚҰЛЫН КҮНГЕ НОҚТА ЕСТІМ

Төрлет ғасыр!
Төрге шық, мыңжылдығым!
Ай сәулесін аялар,
Күннің нұрын,

Арқалаған ақын ем жырдың жүгін,
Қарсы алайын тербетіп қырдың гүлін.
Төрлет, ғасыр!
Төрге шық, мыңжылдығым!

Басқа қонды – білерім – ғаламат бақ,
Баспалдағын уақыттың барам аттап.
Жиырмасыншы ғасырым қош-қош дейді
Аппақ-аппақ арманын аманаттап.

Тағдыр дәйім тұрмаса бетін бepіп,
Өміp, саған өкпе айтып өкінбелік.
Көктем күндер күтеді келешектен
Өткен күндер адамдар секілденіп.

Tepіп жейтін жалғаннан несібемсің,
Керуеніңе, кepбeзім,
көшім ерсін!
Ecілерсің,

бізді де өcіpepcің;
Ғасырлардың көзінен жас ағызған –
Тасырлардың тірлігін кешірерсің.
Facыp жаңа,

жыл жаңа,
жаңа бәрі...
Жаңғырады,
дүние жаңарады.

Сайтан ойды сілкіп біp санадағы,
Ар-ұяттың басталар аламаны.
Жасарады,
дүние жаңарады.

Жанымызға жаздай біp рең еніп,
Қарсы алайық ғасырды түрегеліп.
Құлын күнге ноқта естім жібек өpіп,
Адамзаттың аяулы сапарында –

Үкілеген үмітін біp ел едік.
Төрлет, жаңа мыңжылдық!
Төрле, ғасыр!
Өлеңімді сыйлайын өрнегі асыл.

Бетте қызыл,
барында жерде жасыл;
Адамзаттың Анасы сен ғанасың –
Төрле, уақыт,

төрлет, жыл,
төрле, ғacыр!

ҚАРҚАРАЛЫ ӨЗІҢСІҢ...

(Қасым Аманжоловқа)
Қара түнді қақ жарған самаласын
Жаңа ғасыр
жаңаша бағаласын.

«Қарқаралы басында жалғыз арша»,
Қара өлеңнің төрінде дара Қасым.
Ақ сәулелер сүйгенде
Ай қанатын,

Аппақ нұрға өзі де
айналатын.
«Қасым солай болмаса несі Қасым?»
Ерке өзені өлеңнің

қайран Ақын.
Зарын айтсам заманның зар илермін,
Ақ, қарасы аралас фәни көрдім.
«Сая таппай сарғайған сайғақ құрлы»

Қарқаралы –
мекені Мәдилердің.
Сол биіктің, мен білсем,
ұлы өнері,

Жалғыз арша басында түнереді,
Аспандатып ақынын жібереді.
Қасиетті қарт таудың қатпарлары –
Қара ормандай халқымның тірегі еді.

Сая іздеме сайымнан,
сайда қалып,
Көкке шаншыл!

Қанатты байлап алып.
Абыз мекен қобызын күңірентіп,
Ақ батасын бергені Айдан анық.
Көк пен жердің арасы...

Көңіл емі,
«Елім-айлап»
егілген елім еді,
Тойған тобыр ол жайлы не біледі?

...Қарқаралы басына шыққан жанға
Шыңғыстаудың шыңдары көрінеді.
Өлең-жырдың үйірі кіл қасқадан,
Тауынан бұлт,

жанынан мұң қашпаған,
Қасым ақын секілді құрдас маған.
...Биіктіктің бағасын білмейді екен
Шыңғыстаудың шыңымен сырласпаған.

Шалқығанда шабытпен
шалқар ағын,
Дүниенің кезесің
шартарабын.

Орал,
Байқал,
Қиырды Қасым-жырмен
Құшағына сыйғызған Қарқаралым!

...Жасыдың да тірлікте,
жүдедің де,
Бомба кетті жарылмай жүрегіңде.
Өртке тиген дауылдай өлеңіңмен

Қарқаралы өзіңсің жыр елінде.
Жасыл көктем,
жасыл бақ,
жасыл көше,

Жапырағын жайды екен асыл неше?

Ай, күн емес,
қоштасты ғасыр кеше.
...Алаштағы ақынның арланы еді,
Қасым демей,

қайтеді жасын десе?..

ХАНТӘҢІРІ

Хантәңірі,
беу, шіркін,
Хантәңірі!
Бірлігімнің бүлкілдер

қан тамыры.
Хантәңірі басында
Ар тәңірі –
Ар аманда адамның жан-тәні Ұлы.

Хантәңірі,
беу, шіркін,
Хантәңірі!..
Шығыс елі шашқанда бар арайын,

Оң жағымнан тумайды қалай Айым?..
Бауырында тербелген бала қайың,
Тәңір таудың өзі де арағайын...
Сан тарихты сол биік көзі көрген,

Көзі көріп ғажайып сезім өрген.
Керім күннің керемет кезі келген –
Тәңір тауын Тәңірім өзі бөлген.
Шығыс жақтың шалқыса шалқарлары,

Бізге қарай тартатын бар тармағы.
Жырдай ғалам –
алтындай алқаңдағы,
Шыңда ойнаған аймүйіз арқарлары...

Бар әлемге бұл шыңның
бар қадірі,
Күнге қарай керуенін
тартады ұлы.

7-266

Хантәңірі басында
Ар тәңірі...
Бірлігімнің бүлкілдер
қан тамыры –

Хантәңірі,
беу, шіркін,
Хантәңірі!..

БУДАН ӨЛЕҢ

Жақұт тұнып жұлдыздың жанарына,
Қара шашын қара түн тарады ма?..
Басы айналған бақыттан бұла дәурен
Барқыт белдің оралып балағына.

Құла құнан құлағын қайшылап ап,
Түндігінен ақ үйдің ай сығалап.
Жаз жайнаған жанында бала ақынның
Жалпақ жұртқа атағын жайсын алап.

Сұлу қыздай сылаңдап,
сағым қашқан,
Толқындаған жүректе лағыл дастан.
Көктем сыйлап көңілге сөз келелі,

Боз көделі боз дала бағымды ашқан.
Сол далада аяулы сезімдерім,
Сезімдерім,
сағынар кезім менің.

Төзімді едім не деген...
Көзімде – мұң...
Мына заман қай заман,
қай-қай заман –

Боз даланың боздатқан бозінгенін.
Сәті туса салады сайран дала,
Қой емеспіз айналар айналмаға.
Жабағының жалындай желбіреген

Ескі сурет жаңғырдың қайдан ғана?
Шұғыла іздеп жатқанда шулап әлем,
Ауыл, дала деймін де
тулап өлем.

Кешегі мен бүгіннің арасынан –
Туа қалған бұл да біp будан өлең...
Жырдан кие қашады ажарласам,
Барып қайтқан ел едік базарға сан.

Айтарыңды жеткізіп сен айтарсың,
Жазарымды жеткізіп жаза алмасам...

АЗАМАТ ЕРДІҢ БАЛАСЫ

(Қажымұрат Нағымановқа)
Жаныңнан таптым жарасым,
Айбозым болған Алашым.
Аға деп неге айтпайын –

Азамат ердің баласын.
Ер ішіндегі Еңселім,
Өлеңдей сұлу өлшемің.
Сергелдең сәттің Сенімі,

Сертке ұстап шыққан Семсерім.
Шабыттың шалқып шалқары,
Өзіңді жақын тартады.
Ұлытауымның ұлары,

Тарбағатайдың арқары.
Шапқанда намыс қаныңа,
Тағдырың табыстады ма?..
Үш жүзге бата оқыттың –

Сәкен мен Сәбит секілді
Алаштың арыстарына.
Жапырақ жаяр ағашым,
Өзіңді саялағасын.

Ақын біткенді, ағасы,
Рухтың шырақшысы деп
Аққудай аялағасың.
Арқада жүрдің арымай,

Шығыста жүзген жарық Ай.

Керуен де керуен көшімді –
Ұлтыңдай ұлылықпенен
Бастаған қара нарым-ай.
Өмірдей болған өлеңі,

Өмірдің гүлін өреді.
Өзіңді ұлым деп еді
Шал ақын туған шалқарым –
Сегіз серінің сері елі.

Жүректе жазылып атың...
Жаныңның жазын ұғатын,
Көңіліңнің сазын ұғатын,
Қызылжар қыран деп білсін

Қазақтың Қажымұратын!

ҰЛЫТАУ ҰЛЫ

(Мұқашқа)
Тірлік біткенге тамыр беремін,
Сорым да өлеңім,
бағым да өлеңім.

Мұқаш бауырым сәлем жолдапты
Мұңайып жүрген шағымда менің.
Өміpде, білсең, сыры көп думан,
Жүректің содан жыры көп қуған.

Дариға көңіл дәридай ақын
Ұлытауының ұлы боп туған.
Шаппайтын кезде шаба салатын,
Таласар жерде таласа алатын.

Алқам да салқам қалпымен осы
Арқаға ғана жарасар ақын.
Жан емес едің жыртық ұғымы,
Ояттың бүгін түртіп ініні.

Ұлытау деген ұлтым ғой менің,
Ұлытау ұлы –
Ұлтының ұлы!
Жыр болып жастан жаңғырып едің,

Шапқан жеріңді шаң қылып едің.
Тайжаннан кейін Ұлытауымнан
Айтысқа түскен даңғылым едің.
Ақынын ұққан асыл деп елім,

Сендермен жаңа ғасырға енемін.

Алматы келсең,
алдымен, Мұқаш,
Көзіңмен сүйдің жасыл желегін.
Жанына cepік жастан иманы,

Ақынның біздер аспанилары.

– Мұқаш қайда? – деп сұрайды жиі

Жетісу жақтың жас қайыңдары.
Сары далам – сайран,
сазды мекенім,
Түргенде самал жаздың етегін.

Ақын досымды іздеп барам да
Ұлытауыма тағзым етемін.
Сағынар жанды сағына алатын,
Намысын тасқа жанып алатын.

Ұлы бесікте мәңгі тербелер
Мұқаш бауырым – бағы бар ақын...

ЕСКЕНЕ

Әні Илья Жақановтікі
Жаңаарқаның жәннаты Ескенеде,
Саған ауған көңілім дес бере ме?
Сарыбелді сарғайтып сағыныштан –

Салдың, қалқам, әніңе кеште неге?
Ескененің ен жайлау ерке белі,
Талдыбұлақ наз күйін шертер еді.
Ескенеде есілді есіл күндер –

Есіл күндер осынша келте ме еді?..
Алға жылжып уақыттың дөңгелегі,
Желмаядай жылдарым желген еді.
Ескенеден ескенде ерке самал –

Еске аларсың, қалқатай, сен де мені...

САРЫӨЗЕКТІҢ САРЫ ҚЫЗЫ

Тырналардың қайтқан кез көп тізбегі,
Kөгepмегіp ойым жоқ көкті үзгелі.
Арқар ұлы Арқаның жолға шықты,
Арқарлының асуы, өткіз мені.

Көңіліме сол қалқа
ұнады да,
Әуен келді мың түрлі құлағыма.
Сынақтардың мекені – Сарыөзектің

Сары қызының барайын сынағына.
Қызық кетті, қарағым, сен кеткелі,
Ceзімімді жетейін емдеткелі.
Сарыөзектің өзегін өлең eтіп –

Қоғалының қоғасын тербеткелі.
Сарыөзегім,
мекені сынақтардың,
Сары қызыңмен сен маған ұнап қалдың.

Жауабы жоқ тәрізді тірлік осы –
Сауалы көп сарғайтар сұрақтардың.
Жастығымды жылдарым тонады да,
Сол ауылдың айналдым қонағына.

Сіздің көңіл, көкесі, жоғарыда,
Біздің көңіл...
Қонаға Қоғалыда.
Шабыт барда шалқардай шалқып ағам,

Күндеріммен кезігіп жарқыраған.
Арқарлының асуы, өткізе гөр
Арқар ұлын Арқаның арқыраған...

ГҮЛГҮЛ ӨЛЕҢ

ҚАП ТАУЫНАН ОРАЛҒАН

Майданда өлген жауынгердің
Жалғыз түйір қанымын...
Рафаэль
Өлең-жыр деген – қазаққа мәңгілік шынар,

Мәңгілік шынар сыбдыры жаңғырып шығар.
Рафаэль аға – аты да өзгеше шайыр,
Өзгеше мінез көрсетсе заңдылық шығар.
Қарақшы қоғам қабақпен сырын бақтырған,

Ырымды-ақ қылған...
Ұл едің жырын бақ қылған.
Құрсақта қалған шарана шәйіт әкеден –
Қантөгістерге қарғыс деп шырылдап туған.

Айдынға қонса көңілден қаздарың жаңа,
Толғап бір кеттің сезімнің саздарын ғана.
Майданда өлген әкенің
Жалғыз-ақ тамшы

Қанында қалған өлең ғой жазғаның, аға.
Айбының асар уақытты Тәңір біледі,
Қол соғар бүгін қазақтың сағымды белі.
Арғымақ сыйлап ағайын қарсы алар ұлын –

Алтыннан алқа таққанда Шәмілдің елі!
Булығып қалып жүрмейді бұлқынған үнің,
Жырыңның білсе әйтеуір жұртың қадірін.
Ақ семсеріңді, ағасы, аялап ұста,

Ақындығың мен батырлық – бір туған ұғым.

Лаулайсың, білем, өзектен өрт кетпегендей,
Серт боп келердей бұл өлең, дерт боп келердей.
Тәңірден басқа мықтыны танымайтұғын –
Мағауин ағам соңынан текке ертпегендей.

Арымен жаяр әманда Алаш қанатын,
Қап тауынан да, Рафқа, әрі асқан атың.
Шешеннің елін шешеңнің еліңдей сүйдің,
Таласта туып, тағдырмен таласқан ақын.

ДОС (Зайлағи Кенжалиевке) Ей, Зайлағи бауырым, Біздер келген қырыққа Сен де келіп қалыпсың. Көнбейтұғын ырыққа Жерге келіп қалыпсың. Қошта, мейлі, қоштама, Жетер жұрт бар бағаңа. Еркелейсің досқа да, Еркелейсің ағаға. Еркелейсің бәріне, Қылық тауып не түрлі. Салиқаға әлі де Кенже бала секілді. Сен де айтасың елге сыр, Тербеткенде таңғы арай. Көңілі бар көл-көсір Қарға бойлы қарғам-ай. Ей, Зайлағи, Зайлағи, Арман көп қой қуғанға. Қырық деген жасыңда Сен жігіттің гүлі едің. Сәл ертерек туғанда Сәкендердің қасында Жүретұғын ұл едің.

Сені көрсем, Зайлағи,
Айдын шалқар Аралдың
Тасығанын көремін.
Сүттей аппақ ғаламның

Ғашық әнін көремін.
Мына түлкі заманның
Қулықтары таусылып,
Қып-қызыл ғып құйрығын

Қасығанын көремін.
Ей, Зайлағи, Зайлағи,
Кейде ұқсайсың жалқыға,
Жалғыз туған еркедей,

Көпке жетіп дерегі.
Аян менің халқыма
Қой бастайтын серкедей
Сендей ұлдар керегі.

Қырықыңда, Зайлағи,
Тектілікті ұқтырып,
Бақ айналып басыңа,
Қызыр ием қарасар.

Қырықыңда, Зайлағи,
Қырық отау тіктіріп,
Қырық қызды қасыңа
Отырғызса жарасар.

Ей, Зайлағи, Зайлағи,
Өлең де бар ойымда,
Шырқап салар әніміз.
Қайда думан, қайда күй,

Тарқамайтын тойыңда
Кездесеміз әлі біз,
Кездесеміз бәріміз...

ӘУЕНІН АҚҚУ ҚҰСТАЙ ӘУЕЛЕТКЕН

(Қайрат Байбосынов 50-ге толғанда)
Көңілдің күйін күнде мұң бұраған,
Бұлақтың тұнығындай сылдыраған.
Ағайын, араңызға Кайрат келді –

Дүбірді дүбірлеткен дүлдүл ағам.
Беу, Қайрат!
Ән тербеген ғұмыр едің,
Тұғырыңа шығарар бүгін елің.

Алаштың рухы бар дауысында,
Сәкеннің сәнін алған бір ұл едің.
Беу, Қайрат!
Көне өнердің көзіндейсің,

Ән салсаң сел ақтарған сезімдейсің.
Әуенін аққу құстай әуелеткен –
Сал Біржан, сері Ақанның өзіндейсің.
Кайрат – Ән,

Көңіліңнің наз қонағы,
Жаныңның жарық күні жаз болады.
Көзіңнің қарасынан көктем есіп –
Арыңның айдынына қаз қонады.

Аштырар сырсандықты сырлы жүрек,
Сол сырды ақын біткен жыр қылып ек.
Арқаның аспанында айналып жүр –
Қайратқа ән боп қонған бір құдірет.

Сарғайтқан сол әуеннің сазы нұрдай,
Беу, Қайрат,
Ән – әлемнің қазығындай.
8-266

Жұртыңа ақ самалдай аңқылдашы
Жазира Жаңаарқаның жазығындай.
Сағымы сары даланың сырнайлады,
Ініңнің тереңінде жыр қайнады.

Төсінде туған жердің желбірейді –
Қазақтың өнерінің бір байрағы.
2000.
Жаңаарқа

БИШІ

(Гүлжан Талпақоваға)
Сезіміңді серпілтіп зар күйіне,
Мың ырғақ,
мың қимылға салды үйіре.

Дөңгеленген бишінің құдіретімен
Дөңгеленіп барады бар дүние.
Емсіздерді бұл ырғақ емдер еді,
Өңсіз жерге бұл өнер өң береді.

Көз алдымда
аққу-қаз таранады –
Көз алдымда
ақ қайың тербеледі.

Бір ғажайып тербетіп күйде сені,
Жанарыңнан ғұмыр боп би көшеді.
Жаныңыздың жәннаты жұпар шашып,
Би дегенің бишімен үйлеседі.

Үйлескенде бишіге би дегенің,
Керемет бір керімсал күйге енемін.
Көңіл серім бебеулеп,
беу, дариға,

Өмір,
сенің тіліңді үйренемін.
Өнер, сенсің табынар тәңірім де,
Кұдірет бар әйтеуір әміріңде.

Билеп-билеп алған соң биші қыздың
Кетеді екен айналып жаны гүлге.

Жаны гүлге айналып, еркемізге,
Жатыр Гүлжан той жасап ерте күзде.
Би дегенің – жастықтың жарқылындай,
Биші жасы – қашанда он сегізде!..

АҚЫН

(Бауыржан Жақыпқа)
Бауыржан Жақып,
бауыр баласың,
Балаған жырды дауылға Қасым.

Жаныңды, жаным,
жұрт қайдан ұқсын
Ақындық дертпен ауырмағасын...
Сапарда сені сынап елеңдер:

Қасқа бұлақтар,
Құба белеңдер.
Шыңғыстан шыңға қанат қағады –
Қазаққа біткен қыран өлеңдер.

Өнерге іштей
бекіп таласың,
Жететін жерге
жетіп қаласың.

Ағалар асқан
асыл асумен
Ауылыңа қарай
кетіп барасың.

Ақынға Алла ақ ғұмыр берген,
Сорын да берген,
Шаттығын берген.
Естелік болып есілсін өлең –

Тіршіліктегі тәтті күндерден.

Аспаннан – ақық,
Жауыннан – жақұт
Іздейсің білем, дауылдан – бақыт.
Ататын таңды аялап бүгін –

Жыр оқиықшы, Бауыржан Жақып!..

ЛӘЗЗАТ ПЕН СӘБИРА

Кетпес мәңгі көңілден
Қырдың гүлі – қырмызы.
Ағып түскен көгімнен
Желтоқсанның жұлдызы –

Ләззат пен Сәбира.
Атыңды атар кәрі-жас,
Арын Темірқазық қып.
Зұлымдыққа жаны қас

Адалдық пен нәзіктік –
Ләззат пен Сәбира.
Желтоқсанның бораны,
Желтоқсанның қар-мұзы...

Ұмытылған жоқ әлі
Жалқы жұрттың жалғызы –
Ләззат пен Сәбира.
Шығар шақта қайраңнан

Атқа қону – ар ісі.
Қайран елдің қайралған
Қасиетті намысы –
Ләззат пен Сәбира.

Булықтың да
Бұлқындың,
Жанды қарып ызғары.
Қара ормандай жұртымның

Қайсар туған қыздары –
Ләззат пен Сәбира.

ЗАР (Алмасбектің айтқаны) Желмая мініп шыққам жоқ, Жерұйық іздеп жыраққа. Тағдыр желінен ыққан көп, Айналып өмір сынапқа. Құмға айналдырса қырсық таң, Екеумізге ортақ қайғы-мұң. Толқыны тынып тұншыққан Аман бол, ана-айдыным. Тартылып кеткен Аралым, Суалып кеткен жанарым. Қағынан безген құландай Арқаға көшіп барамын. Тұз ұшып жатыр ішімде, Мұңымды кімге сарқамын? Әкемді көрдім түсімде, Айтуға оны... Қорқамын. Туған жер жайлы күй бар-ды, Шерте алмай соны ішекті үздік. Ұмытқан ар мен иманды Тәубесі тәрік тексіздік. Тұз болып ұшқан көл міне, Панам боп келген, Анам боп.

Кезеріп кеткен ерніңе
Бір тамшы құяр шамам жоқ.
Айналдырса анық қаңбаққа,
Тағдырдың айдап желі егер,

Кешіңдер...
Көшсек жан-жаққа,
Қайраңда қалған кемелер.
Бір толқынымды қозғады

Балдәурен өткен бұйраттар.
Мұңайды...
Бәлки, боздады
Жеті атам жатқан зираттар.

Жігерсіз шығар жетім үн,
Айдыным қайта тола ма?
Кемтар боп туған екі ұлым
Айналып саған соға ма?..

Сен де кеш мені, таң шуақ,
Тірлікке немді бұлдаймын?
Анаға жатқан қансырап
Қайырылмай кеткен ұлдаймын.

Зар етіп қойған өлеңді,
Тағдырдың торлап бұлтын мұң.
Арқаға көшем мен енді
Батасын алмай жұртымның.

Түйінін өтер таба алмай,
Тірліктің сансыз зауалы.
Атажұртымнан ауардай
Ұрды екен ненің зауалы?..

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕЛҚАНАТТЫ ЖЕЗКИІГІ

(Кәкімбек Салықовқа)
Жырыңмен жұртқа жақынсың, аға,
сырыңмен
Жеті қат жердің қатпарларына үңілген.

Айнакөлдегі аққу біткенді аялап –
Желмая-жылдар желқанат бітіп жүгірген.
Аймалап сүйсе Арқаның аппақ самалы,
Балапан-арман қияға қанат қағады.

...Қызылжардағы қызарып атқан қызыл таң –
Көкшетаудағы ақ қайыңдардың аралы.
Қайыңды арал –
сері мен салдың мекені,

Ақ жаңбырлары дамылсыз құйып өтеді.
Сүрлеу соқпақты қасқа жолдарға бастайтын
Сырымбет таудың сырларға тұнған етегі.
Айман-тірліктің арайын сүйіп күні-түн,

Келесің, аға,
сезімі сергек, жыры тың.
Үкілі бабаңның үкілі домбырасымен –
Үкілі елдің үкілеп ұстап үмітін.

Мақамдарыңның
көңілі көктем,
жаны нұр,
Ақандарымның айтылмай қалған әні бұл.

Жезқазғандағы жезкиік кезген жез дала –
Сарыарқадағы сағым ойнаған сары қыр.

Тірліктің тойын шартараптарда тойладың,
Қаныш боп сүйдің
қастерлі жердің қойнауын.
Салықтың ұлы,

халықтың ұлы болдың да –
Аралдың арын,
Балқаштың бағын ойладың.
Жезкиік-ғұмыр,

желерсің-дағы
өтерсің,
Өтерсің анық...
Парызың елге өтелсін.

...Бір қазақ сендей ұлтының ұлы болсын да –
Бір ақын сендей өлеңнің жүгін көтерсін!

КӨКТЕМНЕН КӨКТЕМ ІЗДЕДІМ

Көгілдір көктем қонғандай көліме бүгін,
Көзайым күйде көpіcті Көгіме Күнім.
Ақ таңдар шашу еткенде төріме гүлін –
Шұғылалы шаққа шомылған көңіл-елігім.

Түтіні түзу ел болсақ,
кереге бекем,
Көктемді көpіп көк белдер көгереді екен.
...Самарқан жақтың көк тасын еріткен Құдірет

Сарыарқа – сайран беліме не береді екен?
Қуанар жұртпыз арайлап таң атқанына,
Жапбар иеме жалынып,
Жаратқаныма.

Саулық тіледік тірліктің абат бағына –
Қаңқылдап қайтқан қаздардың қанаттарына.
Үміт пен күдік...
Итжығыс...

Жан шыдайды екен,
Арқаңнан осқан кей күнің қамшыдай екен.
Жарылқап келгір Жаңа Күн
Жақсылығымен

Қара орман – қалың елімнен хал сұрай ма екен?
Өкпек желдерге қарайды өктем емендер,
Көктемді сүйе қоймайды көктемегендер.
...Жыр етпеді деп, сұлулар,

сөкпеңдер мені,
Алқызыл гүлдер,
сендер де өкпелемеңдер!

Наурыз келді!
Түзелер ендігі күнім,
Көңіл біткеннің аян ғой кеңдігі бүгін.
Ycкіpіктe де үмітін үкілеп ұстар –

Көктемнен көктем іздеген елдің ұлымын...

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНЫ

(Жұмамәді Ибаділдинге)
Тұнып тұрған тұнығың,
Ұлы дала ұланы.
Ұлытаудай ұлының

Шулап жатыр ұлары.
Баса алмайтын ізіңді
Ізбасарға телмірдім.
Сыбызғыдай сызылды

Толқындары Кеңгірдің.
Арманы жоқ армандай,
Жылап ақты жыр-тұма.
Жетімсіреп қалғандай

Жезді кенттің жұрты да.
Әулекінің әні мас,
Мансап оған міндеттей.
Ағаларын танымас,

Інілер де індеттей.
Ойы да озған Алаштан,
Байтағыма босаға.
Жезқазғанға жарасқан –

Жұмамәді дос-аға.
Көңіл кермек татыды,
Жанымыздың жақыны.
Ақындардың әкімі –

Әкімдердің ақыны.

Өрнегіндей өлеңнің,
Туған жерде тұғыры.
Ерден туған сол елдің
Ер боп туған бір ұлы.

РУХЫҢ ҰШЫП БАРАДЫ...

(Ардақты ақын, аяулы аға
Сайлаухан Нәкеновпен қоштасу)
Тамызында тамылжып таңғы нұры,
Тектіліктің біз білер жаңғырығы.

Өтті өмірден Алаштың арлы ақыны –
Өлең болып өрілген бар ғұмыры.
Шайыр еді күтетін шабытты алдан,
Сұлу Сәкен сезімін алып қалған...

Айдынынан ақ таңда аққу ұшып –
Жаны ағаның жаралған жарықтардан.
Есіміңді, ағатай, ел біледі:
Ұлытау мен Жаңаарқа,

Кеңгір елі...
...Мен білетін ақынның тұнығы еді –
Мен білетін ақынның мөлдірі еді.
Көктемінде көгеріп,

тасып еді,
Дүрмегіне дүниенің ғашық еді.
...Мен білетін адамның адалы еді –
Мен білетін адамның асылы еді.

Көкірегінің күні бар,
ояу кісі,
Қалқып ұшқан көңілден баяу құсы.
...Мен білетін ағаның ардақтысы –

Мен білетін ағаның аяулысы.

Арманы асқақ асылым,
қиялы ақ таң,
Қашық болған жалғанда қиянаттан.
...Бесігімді тербетіп өлеңімен –

Шабыт құсын кеудеме ұялатқан.
Түгел дейсің бұл күнде қай құбыла,
Жанды жеді қаңтарда қайғы мына.
...Рухың ұшып барады аспан жаққа –

Жырың ұшып барады айдынына.
Қош, ағатай!..
9-266

ЖЫЛЫ АҒЫСТАР

Тұлпар жортқан қырлардың қыран ұшқан
Ұлы болсаң –
бақыт бар,
қуаныш бар.

Кәусарынан кеудемнің бастау алған –
Жылы ағыстар,
ғажайып жылы ағыстар.
Шадыман шақ алмасып қайғым болып,

Қай күн өсем,
білмеймін,
қай күн кеміп?
Куанышпен,

Мен бүгін жылы ағыспен
Айдын болып барамын,
айдын болып.
Жылы ағыстар –

жаз ниет таң нұры ма,
Еркелетер арсызды,
арлыны да.
Түн ұйқымды төрт бөлген әлде менің

Талайлардың талайсыз тағдыры ма?..
Жылы ағыстар –
жылжыған қайран уақыт,
Мәңгілікке қоймайды сайрандатып.

Ертең мүмкін кетуі теріс қарап
Бүгін бізге құшағын жайған бақыт.

Көңіл деген – көк дөнен алып-ұшқан,
Сезімдер де сарғаяр сағыныштан.
Жауһар жырлар туады жылы ағыс пен
Жүректегі керемет жарылыстан...

ГИЙОМ АПОЛЛИНЕРДЕН

АУДАРМАЛАР

КҮН СҰЛУЫ

Ашыламын алдыңда – тірі адаммын,
өмірің мен өлімің сынаған мың.
Махаббаттан,
азаптан,

қуаныштан –
алынбаған азын біл сыбағамның,
мұң мұнартып басынан мұнарамның,
шыбық емес, қолыма

шырақ алдым.
Аз кезбедім әлемді...
сынақ алдың,
тіршіліктің тілін де сұрап алдым.

Дүниені кезіппін,
қаңғырыппын,
Майданында майыспай мәңгіліктің.
Жаудың бұздым сарбаз боп тас қамалын,

жат қолына досымды тастамадым.
Әнді күттім,
арайлы таңды күттім,
артын күттім армандай жарлы үміттің.

Тағдыр жазбай талайға жібек күнін,
мұң шаққанмен алдыңда жүдеп бүгін,
Түргенімді түсініп түнекті мың,
арасынан іздерсің жүректінің –

Құлып бола алмадым құтырғанға,
біздің ғұмыр толып тұр шытырманға.

Дос емеспіз сізге енді
дұшпан да емес,
қасыңдамыз жаныңды құшқанда елес.
Тылсымдардың тылсымын зерделеген,

алға асыққан уақытты кері қарай
қайтара алар құдірет – мендегі өлең!
Татитұғын тағдыры ардақтарға,
шапағат бер саптағы солдаттарға!

Кезіміз жоқ ұрлаған несібеңді,
күнәміз бен кінәні кешір енді...
Көктем кетті жастықпен,
қайран көктем,

қайран көктем, қайтейін,
сайранда өткен,
жақсылығын жаз мынау
тел емізген,

алаулайды күн-сұлу төбемізден.
Табылсаң да сен енді қасымыздан,
арай саулап тұрса да шашыңыздан,
маған деген жүрегің

мұз құрсанып
қалсын мейлі,
оянбас біздің шабыт.
Раушан гүл боп тербей бер құт-ұямды,

сен бәрібір таппайсың құпиямды.
Сен күл енді...
Жарасар мазақтасаң,
мазақтасаң,

жанымды азаптасаң.
Кетем, айнам, алдыңда ашыла алмай,
ашыла алмай,
барымды жасыра алмай...

аяңдар мені!

АННИ

Техаста,
сол жағалаудың бойында,
Гальвестонға барар жолдың түбінде
гүл көмкерген сол бір аула ойымда,

гүлге оранған сол бір вилла бүгінде
сыр ашады іңірде.
Сол маңайға мен де талай бұрылғам,
гүлдеріммен тербелетін айнала.

Бір жас сұлу бақ ішінде қыдырған
қарайтұғын жай ғана.
Оған қарап көңіл талай бұзылды,
ауласының ашпаса да ілгегін.

Киімімнің қос түймесі үзілді,
неге екенін...
білмедім.

* * *
Көне альбом бұл,
парақталған,
қызды сүйгем жасымнан.

Бокал толы шараптардан
жұпар иісі шашылған.
Ескі әуенді естігенде
қайырмасы ғажайып.

Мен де бір күн ескірем бе
ғажайыптар азайып?
Ескі достың
бәріменен

кездесуге асықтым.
Ұшқан құстың әніменен –
күзгі орманға
ғашықпын.

Бақ ораған мына жерді,
біз де өмірдің қонағы.
Махаббатпен бұл әлемді
жылытуға болады!

Өмір, өлім...
Таң мен түнек, еһ, шіркін!

МИРАБО КӨПІРІ

І Мирабоның көпірінің астымен Сена баяу ағады, Бірге ағады махаббатым жаралы. Мұңның бұлты айықты, Қуанышым көлге салды қайықты. Түн келеді, иен ғалам, Күн кетеді, мен қалам. Көпір астын саялап, Алақаныңды аялап Біз тұрамыз, Бұл өзеннің мәңгі-бақи тылсымы. Толқынына қарап Көздің қарашығы ыршыды. Түн келеді, иен ғалам, Күн кетеді, мен қалам. Жылжып апта, айың, күнің... Құрып кетіп барады. Махаббатым соларменен қаңғырып... Тек Мирабо көпірінің астында Ағынды өзен мәңгілік. Түн келеді, иен ғалам, Күн кетеді, мен қалам.

ІІ Мирабоның көпірінің астында Сена көзден ғайып боп, Махаббатым бірге кетті толқынмен, Қарсы тұрмас менің жаным тасқынға. Ақында да айып көп Мұң сапырған сол түннен. Қара түннің ұрлап іштім тұнығын, Бір күн өтті, жалғасады ғұмырым. Мирабомен бір болатын жанымыз, Толқындары толқыған Талай-талай тербететін ол мені. Сағынышым – сары күз, Өкініштің орнын қалай толтырам, Елес қана емдеді... Қара түннің ұрлап іштім тұнығын, Бір күн өтті, жалғасады ғұмырым. Ақ махаббат тырнап кетті жараны, өткен өтті десек те. Өзегіне өрт түскендер жүр азып, өзендер мен жылдар бірге ағады. Өміріңді – шешуі жоқ есеп де, үмітіңді үрле тағы құлазып. Қара түннің ұрлап іштім тұнығын, Бір күн өтті, жалғасады гұмырым. Күн өткен соң апта да аппақ көбіктей, Ериді де кетеді. Ақ махаббат ақ самал боп ескенде – қайран ғұмыр еліктей, Мирабоның көпірінің астымен

Сена болып көз алдыңнан өтеді –
Бастан дәурен көшкенде.
Қара түннің ұрлап іштім тұнығын,
Бір күн өтті, жалғасады ғұмырым.

* * *
Жиі есіме түсесің,
Бекзада болмысыңмен,
күн сүйген дидарыңмен.

Шаңырағым босаған
Шұғыланың шуағы құлағалы теңізге,
Сені де қинадым мен,
Толқын боп қоса ағам;

Мені ізде!
Тұңғиықтан қайық көрсең
Сүйеді деп айтарсың.
Бұлттарды аспан шайып берсе

Байқарсың.
Көбік шашса жағалауда долы толқын сәтте бір,
долы толқын болғанымен,
долы толқын – ақкөңіл.

Өзімін де сен оған да мендік таза алмастың,
Жағажайда мың құмқайрақ,
Жарқырайды күнде ойнап,
Сен қайтесің мұңды ойлап...

Мың құмқайрақ арасында өзіммін де бір қайрақ.
Сен оған айт, дүниедегі асыл тастың әрінен
өзім сұлу бәрінен,
Сүйеді де жанымен.

Почтальонды көрген кезде сырыңды аш,
Түсінбесе ол да саған бұрылмас,
хат-хабарды күтеді де
бір тынбай,

дерексіз күн – көшкен елдің жұртындай,
Сымсыз телеграфтан
сөз тарауға асыққаны секілді,

сезімдерім асығады өзіңе,
болмысыңа,
бітіміңе,
көзіңе

дүниенің ең соңғы ғашықтары секілді.
Жаралы адам жолығар,
Жүрегімді сен менің жараладың...
Сол ұғар.

Серттей сергек сезімдерім,
Көзіңде едім, өзіңде едім,
Сезімдерім,
Соры бар...

* * *
Жаздың жылы бір кешінде
Жүрген сол сәт күнде есімде.
Көлеңкелер көлбең қақты

Көлдің көлбеу іргесінде.
Көлде аққулар жүзген еді,
Жаз өтеді,
Күз келеді.

Өлді бір күн,
Көлеңкенің –
Кім болды екен іздегені?..

РЕЙН ТҮНІ

Бокалымда толған шарап
алау болып дірілдеп...
Қас қағымда талмаусырап
балықшы айтқан нұр әуен.

Қыздар жайлы ән;
түніменен жағалауда күбірлеп,
Жасыл шашын кептіреді –
тылсым тұнған бір әлем.

Айналайын, айналыңдар бірге
салар сазыма,
Балықшының шырқағанын
естімесін құлағым.

Көзім жеткен жер бетінде
періштелер азына,
Қолыңды бер, бұрымыңды...
Салалайын, шырағым.

О, Рейн, массың қандай, о,
Рейн, Рейн –
Алтын түннің айналары секілді;
Жаңғырықтың жайдақ әні секілді.

О, Рейн,
бастарымыз айналғанға күлейін.
Жарылысынан сол күлкінің
бокалым да күл болды...

* * *
Бұйра толқын қойынында аунап түн,
Жағалауды өбектейді, өбеді.
Не айтады өткенінен, ардақтым,

Дүниенің дүр, дүрбелең дерегі?..
Жұпар шашқан кезінде мен гүл көрдім,
Хош иісі алып кеткен алапты.
Тасасында қалады ол бір белдің

Көлбең қағып көрінбейді қанатты.
Төгілер сәт уақыттың бұрымы,
Гүлдерімен,
Арбауымен,

Арымен.
Раушанды өпкен бұрқақтардың тұнығы
Әуен қосар тіршіліктің әнімен.

ВАСИЛЕК Жиырма жасар бозбала, Балдәуренің жайлы әңгіме қозғама, Құбыжық боп көрінеді ол саған, Кеудесіне сұмдық толған сонша адам. Сен

ажалдың

көзін көрдің

жүз қанша,

өмір

өмір

болмайды

екен

сызданса.
Ей, бозбала, байқарсың,
Тағдырыңды кейінгіге айтарсың.
Жиырма жасар бозбала,

Жадыңа қан себіліпті, күлме сен,
Жаныңа қан егіліпті, күлме сен.
Мәйіттерден өмір ұрлап қалмасаң
Қуаныштың бағасын да білмес ең,

Саған қарап мұң кешем.
Кешкі сағат 17-ден ауыпты,
Менен кем деп
ойламассың өткендер.

Өткен-кеткен...
көгермеген көктемдер,
Ажал жетсе өлім болмас қауіпті,
Нәр аялап сендік нәзік сананы,

Есте қалмас күндер баяу ағады.

ПАРАЛЛЕЛЬДЕР

Қару үні түн баласын
шаужайға алып шалғайдан,
жүрек сыздап
мұңданасың,

жаңғырықты жалғайды ән.
Күзетшілер ысқырады,
тұтқынды айдап тұраққа.
Аспан асты ышқынады,

мақта тығам құлаққа.
Франция кешіндегі,
гүлге оранған жастығы,
Естелігім есімде еді,

шешем бастан касканы.
Еркелесең,
сен еркеле,
ақ жауынды аспаным.

Жағалауда,
көлеңкеде
толқындайды шаштарың.
Жаз өтеді,

күз келеді,
сабағынан дән үзіп.
Ей, жас ару,
ізде мені

көздің жасын ағызып.
10-266

Махаббат та
жаратылған
азаптар мен арайдан,
сенің, қалқам,

дара тұлғаң
жанға жарық талайдан.
Естелігім гүл секілді,
қара шашты Мадлена!

Шығысымда нұр секілді,
сыр секілді,
жыр секілді,
өзің қандай, Мадлена,

көзің қандай Мадлена,
Мадлена, Мадлена!

СЫҒАН ҚЫЗЫ І Сыған қызы, болашақты болжадың, Тіршіліктің түйіні мен түнегін. Тарамыстай тарам-тарам жол барын, Әр үміттің алдымызда жүрерін. Ақ махаббат – аюдан да ауыр мұң, Буындары ырғалмайтын ырғаққа. Көгілдір құс, мен өзіңмен бауырмын, Қанатсыздар қалбаңдайды бұл жақта. Маңдайыңа жазылғаны болады, Үміттің де үзіледі дерегі. Алақанға аппақ нұрлар қонады, Сыған қыздың жорамалы келеді. ІІ Бәрін білді: аяғын да, басын да, Бас айналар бал түндердің тылсымын. Сыған қызбен сыр айтыстық расында, Аялады арман күндер гүл-шырын. Ақ махаббат аюдайын ауырлап, Ырғалғаны батырады сан ойға. Көгілдір құс ұшады жер бауырлап, Қанатынан қан сауласа оңай ма? Ертелі-кеш елегзітер елесі, Жолдың шаңы, Махаббат пен арманың. Сыған қызы кезіккенде келесі Ғұмырыңның айтып берер қалғанын.

АЛТЫН ТҮС

Терезенің әйнегінен өмірің
Күн сәулесін тұр құйып.
Тәтті ұйқыда,
сәл дірілдеп ерінің,

түс көресің тұңғиық.
Қандай ыстық, жарқын түс
Ойларға орап ояуды
Сенің түсің – алтын түс,

Сенің түсің аяулы.
Мен де көрем түсімде,
Қол ұстасып өзіңмен
Махаббаттың аралының ішінде

Нұр ішемін көзіңнен.
Күн,
Түн ғажап болмаса егер мұздар ма ем,
Уақыттың таба да алмай бір емін,

Мысық ұстап,
Қолаң шашты қыздармен
Алма теріп жүремін.
Діріл қаққан ерініңнен,

деміңнен
бөлмеге нұр құйылады ақ таңда.
Көмейінен ғажап әуен төгілген
әнші құстар – бақтарда.

Солай,
солай, қарағым,
Адамдардың аппақ таңға
ісі үлгі,

Бұзбау үшін мен де жөнеп барамын
сенің алтын түсіңді.

ПАРИЖГЕ САПАР

Құдайым менің!
Сәттілік қандай:
Өлексе өлкеден кетем мен.
Парижге барам,

Ғажайып Париж,
Іздеңдер мені шет елден.
Парижге барам,
Ғажайып Париж

Арлы Амур құрған негізін.
Көңілде ән-күй,
Парижде, бәлки,
Елесін көрген егізім...

Парижге барам.

ҮМІТ, СЕНІМ, МАХАББАТТЫҢ АЯСЫ

(М. Немцовтан. Сонет гүлтәжі)
Сонет-эпиграф
Жыр-сезіммен өмір кешу күрделі,
Өрнегің не, кермегің не, ақ шабыт.

Көңілімнің тербетіліп гүлдері,
Аспаныңда аунап жатса ақша бұлт.
Дауысыңды құмықтырған үндер мен
Кездейсоқ бір құпияңда бар өлең.

Қос ғасырды қауыштырған күндерден
Өрлеу менен құлдырауды көрер ем.
Қайран уақыт, кемеңгер де танымал,
Бәрі болған, бәрі болған, болады.

Сен аманда басымыздың бағы бар
Сөз құдірет тұру керек жоғары.
Тыныш, сөздің тыңдай алсаң сыңғырын,
Арна болып ақтарылсын бұл жырым...

Өткен өмір жалықтырған шағында,
Өткен жолдың қиылысы алыс тым.
Болашағың ұқсайды екен сағымға
Көкжиегі көрінгендей ғарыштың.

Жастық барда ғажап әнге қосылып,
Жүрген күндер айналды да ырысқа.

Сүрлеу соқпақ қасқа жолға қосылып,
Достар кетті Батысқа да, Шығысқа.
Ондағы әлем, ондағы әуен өзгерек,
Сезімдерім сергелдең боп қалғандай.

Жолдардың да бөлектігін сезбеп ек –
Бір үзілсе қалатұғын жалғанбай.
Тереңімде өмір жырын тулаттым,
Қайырылмай бара жатыр зулап күн.

Қайырылмай бара жатыр зулап күн,
Үйге жетпей жарты жолда аялдап:
Бәрі-бәрі таныс маған, қымбаттым –
Анам даусы естілгендей баяулап.

Алақанмен аялайтын секілді,
Қолын созып жақсылыққа асылым.
Қайран ана, көріп сенің ниетіңді
Тебірендім, толғандым да тасыдым.

...Солай болған... болмағандай ештеңе,
Дауыс та жоқ, көңіл де жоқ аялы.
Сағыныштан ертеде де, кеште де
Жүрек шіркін жапырағын жаяды.

Анашымдай айналды күн сағымға,
Менің үнім шықсын үміт бағында.
Менің үнім шықсын үміт бағында:
Таңғажайып сәт кешейік екеулеп.

Мына өмірдің шұғылалы шағында
Болашақтың бақ тұғырын мекендеп.

Бір білерім – сену керек біздерге,
Жаңа күннің нұр құштырар шапағы.
Таңғы шықтар мөлт-мөлт етіп іздерде
Ертеңіне бақыт тілеп жатады.

Сен барыңда... жоғалады бар қайғы,
Кездесулер үміт жібін жалғайды.
Сеніміме сезімімді тыңдаттым.
Ай мен күннің арасынан көремін,

Сен мәңгілік жазылатын өлеңім.
Сен сене гөр, сен сене гөр, қымбаттым.
Мен сенемін, сен сене гөр, қымбаттым,
Алақанда аялаған туғанда.

Жерім, тауым, алқабыма тіл қаттым
Жаңарған күн айналғанда думанға.
Көктем келіп көгергенде көк пен жер,
Құстар легі айнала ұшып көктегі.

Бұтақтарға қонып алған кептерлер
Айтар әні уақыт мынау өтпелі.
Күн нұрымен мен өмірге енгенмін,
Адамдарға бақыт сыйлар күліп таң.

Тағдырымнан тарпаң мінез көргенмін,
Жақсы күндер жанымызды жылытқан.
Ол бірге екен, бірге сосын таң нұры,
Бақ пен қайғы-адамдардың тағдыры.

Бақ пен қайғы – адамдардың тағдыры,
Жылдар, жылдар еске салды сол жайды.
Бір жоғалтқан қуанышыңды таң нұры
Сәті келсе қайта айналып толғайды.

Жағалауға асығатын қайықтай,
Туған үйге асығамыз – заңдылық.
Көкжиектің алтын нұры жайықтай
Айналып күн қарсы алады мәңгілік.

Кім дауылға қарсы тұрды толқында,
Кім лақтырды жұрттан бұрын ескегін.
Құлақ түріп сезімдегі солқылға
Жастығыммен қош айтысып көшкенмін.

Жалғыздықпен өлшеніп өткен ізім,
Махаббат деп жоғалттым дос сенімін.
Махаббат деп жоғалттым дос сенімін,
Сенім жоқта елге мына не дейін.

Туған үйдің есігіне телідім –
Көңілімнің көп нүктесін... көрейін.
Алаң біткен қарбаласқа енгенде,
Көшедегі ағаштар да мұңайды.

Ал ол болса арман кешіп шерменде,
Көңіл көзі жаңбыр болып жылайды.
Сәл асықпа, көңіліңді ақтарып,
Көлеңкеде көзің алды буланып.

Екеуміз де өзімізді таппадық,
Екеуміз де тереңдерде туладық.
Шаң-тозаңнан аршып алам арлыны,
Деймін іштей: қолда мені, таң нұры!

Деймін іштей: қолда мені, таң нұры,
Айым болып, жұлдызым боп қолдағын.
Мәңгіліктің шығар болса мәңгі үні
Тірлігімнің шаң баспасын жолдарын.

Тәтті-тәтті шақ кешемін түсімде,
Өмір шіркін өз өрнегін ояды.
Ұмытылған есімдердің ішінде
Тағдыр бізге ескерткішін қояды.

Сенің ғажап сенімдерің арқылы,
Жер бетіне жанымыздың жарқылы,
Жарқ-жұрқ етіп жайнатады көрігін.
Біз біргеміз, ризамын күндерге,

Көк аспаннан жұлдыз жауған түндерге,
Бақ пен сордан жаратылған өмірім.
Бақ пен сордан жаратылған өмірім,
Қайғы-мұңның мұзын енді ерітті.

Жүрегімнің тыңдадым да шер үнін
Көшім менің болар дедім көрікті.
Өміріме өрнек болды өлеңім,
Ақылсыздық жария болды сезгенім,

Жаңалықтың беттерінен көремін
Өркеннің де мұңға батқан кездерін.
Тыныш күндер әкеледі бақты елге,
Жапырақтар – мамырлардың өлеңі.

Тіршіліктен баз кешкен бір сәттерде
Өз-өзіңмен жалғыз қалғың келеді.
Күн аманда күле біл де, жүре біл,
Торкөзденіп шырматылған бір өмір.

Торкөзденіп шырматылған бір өмір,
Өкініш пен қателіктер бірігіп.
Енді ғана табар кезім жыр елін,
Енді ғана іздер кезім ірілік.

Сонда ғана түсінерсің сен мені,
Өмірімнің көкжиегі көрінер.
Шашымдағы ақ – парасаттың келгені,
Жаныменен түсінеді мені де ел.

Естеліктер, естеліктер жаңарған,
Арманыма ағыс іздеу – әдетім.
Үстелдегі ақ қағаздай ақ арман
Құс боп сайрар менің сұлу сонетім.

Ірісінген жұрттың бәрі ірі емес,
Шын достықты жоқ деген сөз шын емес.
Шын достықты жоқ деген сөз шын емес,
Осы сезім басыңдағы бақтайын.

Достық деген олар үшін бір елес,
Жауабы да күні бұрын дап-дайын.
Сәлем деуге жарамай-ақ ондайлар,
Көлеңкедей көлбең қағып өтеді.

Аққа қара жұғар болса сор қайнар,
Аппақ түстер – адалдықтың мекені.
Бөленбеген тірлік шапағатына,
Жандар бары аянышты не түрлі.

Ондайлардың тұңғыш махаббаты да
Календардың ашық беті секілді.
Сезімсіздің айтар сөзін білемін,
Махаббат жоқ алғашқы деп жүрерін.

Махаббат жоқ дейтіндерді білемін,
Сезімдер бар мұңға оранған, түсінем.
Аяулы да аппақ еді тілегім –
Кермек жасты көрем соның ішінен.

Қымбат сөзім – өмірімнің тіреуі,
Ол барында иесімін жалғанның.
Алғаш кешкен мұңдарымның біреуі –
Жазирада жастық күнім қалған күн.

Түсінбейсің қас қағымнан тұратын,
Күндеріңді айырбастап бұла түн.
Өмір деген – құпиялы бір егес.
Қиялыңды қияларға ұшырып,

Түрлі-түрлі сынақтарын ұсынып,
Жанымызда үміт болып жүр елес.
Жанымызда үміт болып жүр елес,
Бейтанысты кейде жақын көремін.

Мен ояумын, түс көретін түн емес,
Шындығымның қос бұрымын өремін.
Қайда күндер, аршылғандай ар аппақ,
Жалғыздықтан жалықтым да шаршадым.

Өмірімнің ақ парағын парақтап
Бірге өткізген күндерімді аңсадым.
Соның бәрі өң мен түстей өтпелі,
Өмір деген – қасиетті қас қағым.

Қалықтаса көңілімнің кептері
Армандарға мекен болар аспаным.
Жүрегімнің түсін соғып тұрғанын,
Келешектен бір ғажап үн тыңдадым.

Келешектен бір ғажап үн тыңдадым,
Біз аманбыз аманында күніміз.
Үндестікте сезінгелі мұң барын
Іздеп жүрміз бірімізді біріміз.

Соқпақ болып ашылады өрісім,
Көңілімнің көмбелерін мазалап.
Жырға қосқан тірліктегі жол үшін
Бір күн мені кететіндей жазалап.

Төмен түстім өр мінезім үшін де,
Басымды имей тұғырына күштінің.
Шыным осы, түсін мейлі, түсінбе,
Жүрегімнің жұртқа бердім ыстығын.

Уақыттың көп естідім мұң-зарын:

– Апар алға үмітіңнің жырларын.

Апар алға үмітіңнің жырларын,
Қасиеттің өсиеттен аумаған.
Жаныңызбен жарасқанда сырларың
Жүрегіңде тірлік оты лаулаған.

Маған керек көңіліңнің көктемі,
Маған керек, қалқам, сендік ар ұғым.
Мен оқыдым сол күндерде өтпелі
Көздеріңнен бұл жалғанның жарығын.

Қандай жылдам бала күнім кеше еді,
Жастығым да бүгініме алаңдар.
Арман және мақсаттармен өседі
Өсер болса, бір білерім, адамдар...

Менің жолым көкжиектен әрі асқан,
Шалдықсам да осы жолда адаспан.
Сәнді сонет
Өткен өмір жалықтырған шағында,

Қайырылмай бара жатыр зулап күн.

Менің үнім шықсын үміт бағында,
Мен сенемін, сен сене гөр, қымбаттым.
Бақ пен қайғы – адамдардың тағдыры,
Махаббат деп жоғалттым дос сенімін.

Деймін іштей: қолда мені, таң нұры,
Бақ пен сордан жаратылған өмірім.
Торкөзденіп шырматылған бір өмір,
Шын достықты жоқ деген сөз шын емес.

Махаббат жоқ дейді біреу, білемін,
Жанымызда үміт болып жүр елес.
Келешектен бір ғажап үн тыңдадым:

– Апар алға үмітіңнің жырларын.

ДАЛА ЖЫРЫ

(Сергей Мнацаканяннан)
Қыстақтарда тіршілік жоқ әлі де,
Малшы ауылдың қашқан бір кез дегбірі.
Әйел отыр жіп иіріп шәліге

Күндеріне дайындалып ендігі.
Құла дүздің өз тілі бар қашаннан,
От пен тәңір әлімсақтан жебеген.
Тастарында заңдары бар қашалған

Соқпақтары, сүрлеулері көнеден...
Шығыс осы
Шұғыласын таратқан,
Осы күнге аман жеткен кешеден.

Жапан дүзге жар болады жаратқан
Алшаң бассаң астаналық көшемен...
Шығыс осы
Арай сүйген дидарын,

Алқабында өмір жатыр жалғасып.
Өмір, бізді жұбаттың да қинадың –
Армандардың жетегінде алға асып...
Ғарыш алаң – бұл даланың тағы аты,

Түйелері сахарада шұбырған.
Байқоңырдың таусылады тағаты
Ракетаның от демімен құбылған.
Түтіндері түгесілмей тұрған жер,

Миллиондаған ат күшінің екпіні.

Зымырандар көкке бетін бұрған жер,
Көзің болса көру керек тек мұны.
Жаутаңдайды кең даланың жанары,
Қандай ыстық сол өлкенің құшағы.

Көздеріңнен кермек тамшы тамады,
Арманыңды ап уақыт бірге ұшады...

СӘУІРДЕГІ СӘУЛЕЛЕР

11-266

СӘУІРДЕГІ СӘУЛЕЛЕР

Кең далаға қыз-көктем сән береді,
Сәуір туса кенелер әнге де елі.
Ойхой, шіркін,
уақыттың жақұт шағы

Бесігінде бақыттың тербеледі.
Думан-дүбір,
тұрамыз елең қағып,
Өзек болар сайран сәт өлеңге анық.

Шұғылаға шомылған шуақ шақты –
Берекенің бастауы деген халық.
Лағыл арман бастаса жолын алдан,
Мезгіл мынау шаруаның бағы жанған.

Бозала таң,
бозторғай әнге басып,
Бұтағына теректің қонып алған.
Уақыт-тұлпар қарыштар

жорғасы үдеп,
Кешегіге бүгін боп жалғасып ек.
Қоңыр қозы,
құлыншақ,

жас бұзауды
Аялаған ел едік «төлбасы» деп.
Арман дейін нұр жауар ақша бұлтты,
Дала сырын қыр ұлы жастан ұқты.

...Ару көктем – ақындық – егіз ұғым,
Ақ боталар оятса ақ шабытты.

Көз алдында сан баяу құбылады,
Бояу сырын ояулар шын ұғады.
Кең дүние той-тойлап жатқандай-ау
Сәуірдегі сәуле боп бүгін әні.

ЗЕЯДАҒЫ СҰЛУ

Қайталанбас қызығым,
құмарымдай,
Аспан түстес көзінен мұң арылмай...
Қыздырынып Зеяның жағасында

Жатты сұлу еліктің лағындай.
Зея тыныш, толқынсыз, тыныш маңай,
Тыныштықты тілеген туыстар-ай.
Қиыр Шығыс қызының құдіретімен

Табиғат та қалғандай тыныстамай.
Сан серіні түсірер сарсаңдарға,
Неткен мүсін,
көрген жан тамсанғандай.

Арман-өзен
Зеяға төне түсіп,
Ақ қайың мен қарағай ән салғандай.
...Сыр ақтардың,

қысылмай намысты ұлдан,
Іздеп тапқан аяулым алыс қырдан.
Айналайын, толқынсыз тыныш өзен –
Жағасында біздерді табыстырған.

Жырла жүрек,
жұлдыз қыз, жанымдасың,
Жігер оты жастықтың жалындасын.
Алтын түсті шашыңнан сипап едім,

Қиырдағы қимайтын қарындасым.

Сырбаз сұлу,
сағыныш сазы болған,
Жетелеген жастықтың жазына арман.
Сәл жымиып

айтқанда адресіңді...
Жүрегімнің лентасы жазып алған.
Аулақ бізден тірліктің аза-мұңы,
Сезіміңнің – тілерім – тазалығы.

...Жагорқызы Мариям – сенің апаң,
Мен сияқты Дударай қазақ ұлы.

ҰШЫҢДАР, ХАТТАР!

Жаңалықтарын жеткізіп елдің тым ыстық,
Ұшыңдар, хаттар,
бетке алып Қиыр Шығысты.
Сағынған сәтте сүйеу боп маған жетіңдер

Сарыарқа далам, ағайын, дос-жар, туысты.
Қарамай дауыл,
қарамай жауын, мұз-қарға,
Жауынгер досқа,

күзеткен елін ызғардан.
Сырларға толып жетіңдер, хаттар, жиі тым,
Қарақат көзді елдегі құрбы қыздардан.
Оралып жиі бал дәуренімнің бағына,

Қиялмен барып жүрем тек бала шағыма.
Өткені бірге,
көктемі бірге достардың
Сәлемін алып ұшыңдар, хаттар, тағы да.

Тілдесіп бүгін ұшқан құспен де қаламын,
Сарыжайлауым деп сағынып әнге саламын.
Ұшыңдар, хаттар,
қазасын емес таныстың,

Шілдехана мен тойлардың айтып хабарын.

ПОДПОЛКОВНИК СҰЛТАНБЕКОВ

Қиыр Шығыстағы үлкен бір
әскери бөлімді қазақ жігіті
Қажытай Сұлтанбеков басқарады.
Өжеттігін халқымның,

тереңдігін,
Қол бастаған аян ғып өрен бүгін,
Комбат біздің Қажытай Сұлтанбеков –
Көкшетаудың тумасы,

Зерендінің.
Қайда болсын сыйлайды ел ұлықты есті,
Сөге алмайды әскери ғұрыпты ешкім.
Жеңісті алып келіпті ол дүниеге

Мамыражай майында қырық бестің.
Жылжып алға сынап-жыл жоғала ма?
Мақсат тауды іздеген таба ала ма?
«Қобыланды батырды» жаттап өскен

Қарасирақ қазақы қара бала.
Қырық үште...
Қырғыннан «самауыр» боп,
Көкесінің келгенін бар ауыл боп,

Аңыз етіп жеткізген жүрген ұлға
Қаршадайдан қырманда қарауыл боп.
Қиындыққа қайралып өсті демде,
Сәби шақта сан мұңлы көшті реңге.

– Жеңіс! – деген,

– Ұл! – деген егіз сөзді

Көкесі оның көз жұмған естіген де.

Өткен күнді жалғайтын алдағыға,
Анасының арманы, бар бағы да.
Өзі бопты, «көкенің көзі» бопты,
Қажымапты қиындық салмағына.

Медеу тұтып, дүние-ай, жас көңілге,
Отан үшін тіккенін басты өлімге.

– Көкем менің болды, – деп сан мақтанған, –

Бауыржандай батырдың әскерінде.
Айналайын, алыбым, байтағым да ел,
Тозбас тамыр, мамырда қайта гүлдер.
Қайта гүлдер...

Бүгіннің бұлбұлдары
Ұлы істерін ұрпақтың айтамын дер.
Туған жердің айналған ажарына,
Ақ таңдардың аз емес ғажабы да.

Сенім артқан туған ел сұңқарым деп
Қажытайдай қажырлы қазағына.
Көңілденсе «братцы» деп дүйім ұлға,
Мағыналы күлкі ойнап миығында,

Бұйра шашы толқындап тұрар еді
Қос жұлдызы жарқырап иығында.
Қасиетін көрген жан білер еді,
Ерлердің де ішінде шын ерені.

Сапқа қойып сегіз жүз
он сегізді –
Қаһарланса бұлттардай түнереді.
Даламыздың дара бір туған ұлы,

Туғаны жоқ билердей туралығы.
Сені көріп сан жерден сан бауырдың
Санасында біз жайлы туған ұғым.

Ар ақтағы – сенгені, сиынғаны,
Екі болып көрмеген бұйырғаны.
Бейбіт күннің өзіңсің Бауыржаны –
Қол бастаған нар қазақ Қиырдағы.

СЫНАҚТАН ӨТПЕГЕН

АБИТУРИЕНТ

Білмеген соң тағдырдың
Отырардың,
«Екілік» деп тарихтан
қапы қалдың.

Буырқанып,
бусанып байғұс бала,
Көтере алмай басыңды
жатып алдың.

Ел айтады:
«Етікші – ерінбеген...»
Тықыршысын,
асықпа,

көңіл дөнен.
Ертең сенің алдыңда емтихан бар
Ұлы ұстазға тапсырар Өмір деген.
Тый жасыңды,

ол сынға жылап барма,
Жылап барып,
тағы да «құлап» қалма.
Досым,

сенің алдыңда сынақтар бар
Жігерлілер жететін мұраттарға.
Айтамын да сан сыннан сыр ұққасын,
Жер болғаны жараспас жігіт басың.

Таразысы тағдырдың сұрыптасын,
Сеніміңнен әйтеуір суытпасын.

...Тіршіліктің дәм-тұзын татып келем,
Сағат сайын сан ойға батып келем.
Армандарға аттанған сапарларда
Сүрінудің өзі де бақыт дер ем.

...Әділ қазы барында уақыт деген.

БАЗАРДАҒЫ БАЛА

– Мына апайдың жүзімін-ай,

жүзімін!

– Мына алманың қызылын-ай,

қызылын!
Тамсанған ел.
Жексенбі күн базарда
Сауда-саттық қызуын-ай,

қызуын.
Қоятындай бір қызықтан құр қала,
Әр нәрсеге қадалар көз ұрлана.

– Алма алыңдар,

үш-ақ теңге келісі,
Ағалар, – деп дауыстайды бір бала.
Үш-ақ теңге...
Ойға қалдым не түрлі...

– Алыңыз, – деп ол тағы да өтінді.

Ойын қуар жас балаға кекілді
Алма сату жараспайтын секілді.
Жасы ондардан жаңа ғана асыпты,
Пайда іздеуге несіне ерте асықты?

«Саудагердің туғаны жоқ...» дейді жұрт,
Кім үйреткен бұған мына кәсіпті?
Ел алмадан алса деп ол тілейді,
Алмасы өтсе құлпырады, түлейді.

Адамдармен қатынасты ақшамен
Бастау деген...
қатерлі де үрейлі.

...Қолдағының өткеніне мәз ол да.
Өмірінің көктемі де, жазы алда.

– Үш теңге, – деп кесіп айтып бағасын,

Алма сатып бір бала тұр базарда.
...Ілікпей ме назарға?

АЙНАЛАЙЫН, АДАМДАР!..

...«Россия» жолаушылар поезы,
Москваға бет түзеген Шығыстан.
Бетім еді елге қайтқан әскерден,
Жауынгер ем жүрегінен жыр ұшқан.

Туған жердің от құшағы тым ыстық,
Тартады алға,
құс боп ұшып келем мен.
Отанымның арай таңы тыныштық,

Құйылады көкірегімнен өлеңдер.
Көктемемен көңіл қалған жарасып,
Аялдама,
Ежелгі Омбы қаласы.

Келіп кірді купемізге қарт кісі:
«Сәлем қайда, ей, қазақтың баласы?!»
Есімде жоқ – қуандым ба,
састым ба...

Ерік бердім сел сезімге, тасқынға.
Кеудесіне алпамсадай адамның
Құлай бердім құшағымды аштым да.
Қалды дей ме қайдан ғана жараса,

Жолсеріктер қарай қалған, тамаша.
Орта жолдан ұлын күткен әкемдей
Басты мені бауырына қара шал.
Сөз бастады:

«Балам...» – деп ол күлімдеп,
Дейді халық «Түсі игіден түңілме».

...Танысымнан жақын болған бейтаныс
Ақсақалды аңсап жүрмін бүгінде.
...Ізгіліктің өлшеуі жоқ заманда
Көздеріңді көкжиекке қадаңдар.

Қара шалдай құшақ жайып тұрыңдар
Бір-біріңе айналайын, адамдар!

МАЙЛЫБАЙ – МӨЛДІР

Оқшауланып түскендей дара сынға,
Талдыеспе мен Самайдың арасында,
Майлыбай – Мөлдір атты бір мола бар
Арқаның ұлан-ғайыр даласында.

Бетпақтың аппақ айна бұлақтары,
Бестаудың қыземшектей қыраттары...
Ол жайлы айта алмайды ешбір дерек,
Әйтеуір сұрақ бәрі...

Мен сенің болмысыңнан сыр аңғарам,
Ақ далам,
арман далам,
қыран далам.

Ол әлде жаугершілік заман ба екен
Есіл ер «Елім-ай!» деп ұрандаған?
Майлыбай қатарынан жөні бөтен,
Жігіттің тәкаппары, өрі ме екен?

Аққуға аспандағы әнін қосқан,
Үш жүзге аты әйгілі сері ме екен?
Бір байдың ертелі-кеш малын жайды,
Үмітін талақ етіп, уайым-қайғы

дер едім...
Қайран көңіл сол жігіттің
Бармасын ұсақтыққа пайымдайды.
Мөлдір қыз әлді жерден шықты ма екен?

Көз жасын көп жұмбақтан сықты ма екен?
Талайға арман болған асыл ару
Жан сырын Майлыбайдың ұқты ма екен?
12-266

Тасыр тірлік түйінін жас ұқтырып,
Кезікпей бұл жалғанның ашық күні.
Қос өрен бір-біріне ынтығумен
Кешті ме мәңгілікке ғашық ғұмыр?

Кек кернесін, сыр бермей дұшпанына,
Әлде олар түсті тағдыр қыспағына?
Жетті ме,
Арман-тауға жетпеді ме,

Құшты ма, бірін-бірі құшпады ма?
Белгісіз.
Айқындар ем, жоқ дерегі,
Бағзы бір заманда олар өткен еді.

Молаға егіз есім берілуі
Жүрген жоқ толғандырып текке мені...

ТОЙЫ БҰЛ ДАРАЛЫҚТЫҢ...

(Академиктер Серік Қирабаев пен
Әлия Бейсенованың мерейлі тойларына)
Ұғатын ел қадірін,
дос қадірін,

Ұлтыма ұлағатты қосқан ұғым,
Сексеннің сеңгіріне сергек шыққан –
Қараөткел төрге оздырды қос ғалымын.
Жаңаарқаң жапырағыңды жайып еді,

Бағдарың байсал тартып байып еді.
Серағам Қирабаев –
Сәкенше айтсам:
«Жеріне біздің жақтың лайық ері».

Жаратқан бұйыртпайды жасыққа бақ,
Арманға қаршадайдан асық талап,
Әкелдің санамызға сан жаңалық
Сәкеннің «сыр сандығын ашып қарап».

Жасының жарқ еткенде жарқылдаған,
Келесіз тұнық іздеп әр тұнбадан.
Сөйлесең
Ғасыр болып,

Қасым болып,
«Бір күй бар домбыраңда тартылмаған».
Дабырсыз,
дабырасыз дара қайың,

Қазақы қалыбы бар қарапайым.

Нар болып,
бар болып жүр алдымызда,
Ар болып сөйлейтұғын ағатайым.
Биіксіз шың секілді,

құз секілді,
Інілер ізет етер біз секілді.
Кей-кейде жаз секілді жайдарысыз,
Кей-кейде салқындаусыз күз секілді.

Көрінсе бір қуаныш төбелері,
Көк белі көктем болып көгереді.
Дария Серағама Серік болар –
Дұрысы – Әлия апам керек еді.

Өзінде өз биігі,
мұнарасы,
Қол соғып құрметіне тұр Алашы.
Академик Әлия Бейсенова –

Ұлтымның ұлағатты бір анасы.
Кешегі көзін көрген сан алыптың,
Атсыншы алдарыңнан ағарып күн.
Ойы – гүл,

орман жұрттың омырауында.
Тойы бұл даралықтың,
даналықтың!

* * *
(Тұрсынбек Кәкішевке)
Күндерің керуен-керуен көшке ергенде,
Шықпайды мұндай асыл ексең жерге.

Сексенін сертке ұстаған семсер етіп
Тұрсынбек көкем келді сексен көлге.
Жанына жуытпайтын аласаны,
Қазақтың дархан көңіл дара шалы.

Тұрсынбек көкем келді сексен көлге,
Сексен қыз таранса да жарасады.
Секілді Абай жазған жыр айшығы,
Тәнті еткен жан иесін шырай, тілі,

Тұрсынбек көкем келді сексен көлге,
Көркем сөздің төресі, снайпері.
Қадалса тарихқа от жанары,
Жаңылмай іздегенін дөп табады.

Ұстаған көкірегін қалқан етіп,
Сәкеннің, Мағжанның да оққағары.
Аға де,
Арысым де,

Артығым де,
Ұқсайды өзінің де қалпы күнге.
Тұрсынбек Кәкішұлы –
бір білерім –

Туғаннан сөйлейді тек АР тілінде.
Жаралған жаны түгел төзімдерден,
Ханның да қаһарланса сөзін бөлген.

Сәбеңнің мұңдасы боп,
сырласы боп,
Ой тұнған Әуезовтің көзін көрген.
Шәкіртке аңсап келген алыс жерден,

Жан тартып, бауырындай дәріс берген.
Шындықтан сына қағып келеді әлі
Пендеге жалған сөйлеп,
шалыс келген.

Салмағын салса-дағы мүшкіл қайғы,
Жалтақтап, жалбарынып іс қылмайды.
Алланың оған берген бір мінезі –
Таққа да, атаққа да пысқырмайды.

Алдына қол қусырып келгін мейлі,
Шен сұрап, шекпен сұрап телмірмейді.
Ерліктің еңкіп кірер ордасындай,
Іргесі тастай берік,

жел кірмейді.
Секілді Бұқар жазған жыр айшығы,
Тәнті еткен жан иесін шырай, тілі.
Асыл сөздің турашыл тума биі,

Қазақтың екі атпайтын снайпері.

ӘН ШЫРҚАШЫ, АҒАЖАН!

(Игілік Омаровқа)
Әсем үн секілденген таң желегі,
Қазаққа қашаннан-ақ ән керегі.
Ағажан, шырқашы бір, желпінейін,

Өзің ғой Арқа әнінің бәйтерегі.
Өлеңнің қалықтатып бір ақ құсын,
Өнердің сезіп өскем қуат-күшін.
Шыққанда аққу үнмен алдымыздан

Ақ сапар тілеп жүрген сияқтысың.
Ынтық ең сұлулыққа ең көрікті,
Туған жер көңіліне дем беріпті.
Дариға-ай,

өнер үшін туған ұлдың
Қиын ғой мойындауы егделікті.
Ақ жаның
тазалыққа,

бұлаққа үйір,
Ақ дала
ақ самалды – тұрақты үйің.
Әншісін дүйім халық тосып отыр,

Келтірші домбыраңның құлақ күйін.
Бұлбұлдай жаңа тапқан ән-ұясын,
Өнердің кешіп жүрсің дариясын.
Қолға алып домбыраңды әуелетші,

Ағажан, Балуан Шолақ «Ғалиясын».

Ән-арман
бақыт болар ән-ұл үшін.
Жүйріктер жаралады халық үшін.
Өрнекті нақышыңмен тербеп жібер

Кәкімбек ағамыздың «Сағынышын».
Бірісің Арқадағы талантты ұлдың,
Келеді ту сыртыңнан қарап тұрғым.
Сәкеннің «Біздің жақта» әнін айтшы,

Басына шығып алып Арап қырдың...

«АҚЕРКЕ»

«Ақерке!»
Ән есімдей,
күй есімдей,
Көңілде самал қалды жиі есілмей,

«Ақерке» – ән ішінде аққу шығар –
Игілік Омаровтың киесіндей.
Боздаған қобызының қыл ішегі,
Үні де алтын еді,

күміс еді.
...Мен көрген ағалардың асылы еді –
Мен көрген әншілердің ірісі еді.
Қаққанда ән қанатын,

жыр қанатын,
Тулаған толқынымыз бірге ағатын.
Базары тарқамайтын Түгіскеннің –
Ажары «Ақеркемен» нұрланатын.

Ән тербеп аспанда ай мен
көкте күнін,
Көгерткен көсегесін көктемінің.
Талантты бір шәкірті өзім едім –

Игілік Омаровтың мектебінің.
Өрге озсаң өркен жайған өрісі елі,
Ел іші – өнерінің кеніші еді.
Жаз-ғұмыр жазиралы Жаңаарқаның

Байрағын желбіреткен «Жеңіс» елі.

Қарасақ оңымызға,
солымызға,
Созылған соқпақ қалды соңымызда.
Икеңнің «Ақеркесі» ақ самала –

Жарығын шашатұғын жолымызға.
Қонса да басымызға бақ ертелеп,
Келеміз сол ауылға әлі еркелеп.
Ағаның аруағын аялап бір –

Ат қойдым немереме «Ақерке» деп.
Тұма боп тұнығыма тұнған үнің,
Таланттың таниды елі шын қадірін.
Үзілтіп,

үзілдіріп,
үздіктіріп –
Көшірдім «Ақеркені» жырға бүгін.

* * *
Көңіл-көлге қондыршы қоңыр әнді,
Үзілдіріп...
Үніңмен қоңыраулы...

Талақ етіп тірліктің қайғы-мұңын,
Ашып тастап тыңдайын омырауды.
Бәрекелді!..
Білмеппін күн ілгері...

Не құдірет, қалқам-ау, үніңдегі?
...Көз алдымда – аққулы айдын көлдер,
Құлағымда – тұлпардың дүбірлері.
Өрекпіген өзектен өлең көшіп,

Сал-серімен тұрғанмын сәлемдесіп.
Түйе палуан,
Төле би ауылына
Халық біткен қарайды елеңдесіп.

Жайлау қандай күй тұнып,
жыр ораған,
Көмкерілген қырмызы құба далам.
Керегенің іргесін түріп тастап,

Ақбоз үйден ақмаңдай сығалаған.
...Бабалардың бойымнан ғұрпын іздеп,
Отырғанда арылмай кірпі зілден,
Әулиедей әніңе елтіп қалдым,

Шырқау шыңға шығып ап кілт үзілген.
Кейін сырып қан жоса,
дау-дамайын,
Айтқан уақыт ақ тілек, арман-айын,

Егіз ішекті абызым, тыңдатсаңшы,
Тіл қатсаңшы, домбыра, айналайын!
Сары белдің самалы сағымынан,
Бастау алған бастардың

бағы бұла,
Еліктіріп,
ерітіп,
желіктіріп,

Тағы бір ән шырқашы, тағы бір ән!
Бұрын ұққан әуенді,
бүгін ұғар,
Баспаса екен өнердің шыңы мұнар,

Қасиетті қазақтың халық әні
Жетімсіреп жүрмесін, тұғыры бар.

* * *
Іркілмеген,
дүркіндеген жыр кімге?
Өлеңдетпей өмір кешу мүмкін бе?

Туған екем мұзарттағы мұзбалақ –
Мұқағали ағамызбен бір күнде.
Қыз ғұрыптың,
ізгіліктің досы мен,

Қалған күнә керуен күндер көшінен.
Тоқал тамда
тал бесігім тербеліп,
Ерке болып,

ертегі еміп өсіп ем.
Ой-хой,
Арман-ағысымды білсе елім,
Сая маған,

аялаған бір сенім.
Даралығым –
балалығым тез бітіп,
Жабағыны жайдақ мінген жыршы едім.

Қаршадайдан көкірегімді жыр қысты,
Жыр қысты да...
Жиі-жиі нұр құштым.
Ақын ғалам,

Жақын маған тірлікте
Ақпан әні,
ақ бораны бұл қыстың.
...Мен туған күн –

ақын туған күн десем,

Жақсылыққа жорығаным,
күлме сен.
Ақиқаты –
арман – асау арғымақ,

Шауып барып,
ауып қалып жүрмесем.
1981 жыл

ПАРАСАТ ЖЫРЫ

(Төлен Әбдікке)
Ойдан қашқан тобырда,
Сайдан қашқан,
Қуанышың қуарса

Қайғы алмасқан.
Сізді оқысақ, ағасы,
Санамызда –
Ізгілік пен Зұлымдық майдандасқан.

Әлемінің арайлы
бар құрылығы,
Қаламының ұшында тағдыр нұры.
Сіздің айтқан сөзіңіз –

Жүрек сөзі,
Сіздің жазған жырыңыз –
Ардың жыры.
Сарыарқаның жаралып самалынан,

Бақ саулаған қырансың балағынан.
Егіз ішекті, ағатай, домбырасың –
Шертпе күйлер төгілген шанағынан.
Күрсінгенде көңілің

күзге елеңдер,
Тереңіңде тербелген ізгі өлеңдер.
«Парасат майданынан» табар, аға,
Бүтін сөзін бүгіннің іздегендер.

Алма-арулар өледі
неге ғана?
Өлең жазып кеттік біз «Өліарада».

Арасынан ақ-қара сәуле іздеген –
Әулиелік көремін сенен, аға!
Ізгілікке ізет қып
із кесеміз,

Жаз көреміз, содан соң
күз кешеміз,
Зәмзәмінен Төкеңнің сіміре кет –
Мәңгіліктің ауылын іздесеңіз...

ЖАБАЛДЫҢ ЖАЗИРАСЫ

МӘҢГІ КӨКТЕМ...

Тірліктің аты өмір де,
заты – майдан,
Алаштан ат оздырған
ақыл, айлаң...

...Бергі атаң –
бақ байланған Бабаназар,
Арғы атаң –
ай таңбалы Атығайдан.

Жабал дос,
Жабал бауыр,
Жабал аға,
Тойыңда не айтайын саған, аға?..

Қазақтың Қараағашы дүр сілкініп –
Саумалкөл шомылғандай самалаға.
Сері Ақан төгілткенде әнді көктен,
Құлагер аламанды шаң ғып өткен.

«Көкшетау кейде қарлы,
кейде қарсыз...»
Жабалдың жазирасы мәңгі көктем.
Қасыңда ағаң бардай,

жағаң бардай,
Қазаққа ұлдар керек Жабалдардай.
Айнасы айдынының –
үңілсеңіз –

Сексен қыз сексен көлде таранғандай.
13-266

Біржан сал,
Ыбырайдың жаттап әнін,
Басталған байтағыңнан
бақ-талабың.

...Абылай алаңынан
толғап кетсең –
Қарауыл Қанай би ме
деп қаламын.

Көгертіп Көкше қырды көтерсе елі,
Жігітсің аты еңселі,
заты еңселі.
Күн бүгін Еркеш ақын елге оралып,

Қолына домбыра алған Сәкен сері.
Ағасы,
алпысыңыз – арлы бесін,
Мәуесі Қараағаштың мәңгі десін.

Күн бүгін
Жақан Сыздық таң атқанша
Айтатын «Әли қарттың әңгімесін».
Атығай-Қарауылдың

айбатты елі,
Тойласа жарасады
айлап тегі...
...Ішінде қайраткердің қаламгері,

Ішінде қаламгердің қайраткері.
Бұл өмір –
түсінгенге жалған, сынақ,
Келеміз ақ қайыңнан арман сұрап...

Қарасай,
Ағынтайдың рухы болып
Жабалдың маңдайында жанған шырақ.

Көгеріп,
көктем іздеп көшкен белім,
Сен бүгін бір ұлыңмен төске өрледің.
Елдіктің еңсе тіктер ордасы едің,

Тойларың құтты болсын,
Көкшем менің!

* * *
Замандасым,
Сенен менің жоқ хақым сыр бүгуге,
Сырды бүксем арнаймын жырды кімге?

Төмпешікті төбе деп ойлайды екен
Көрмегендер биіктеп тірлігінде.
Алды-артыңа бір сәтке қарадың ба,
Не жазыпты тағдырдың таланыңа?

Ақ әженің зырлаған ұршығындай,
Дөңгеленіп күндерің барады ма?
Кездеріңді қырмызы ұрлап алып,
Заңдылық қой

өтуі жылдар ағып.
Ертеңдерің есігін қақпас бұрын
Бүгініңнен болдың ба сырға қанып?
Алғы күнге арманың ала қашып,

Жалғандықпен жүрсің бе жағаласып?
Білесің бе,
аттай боп арқандаулы,
Бір шеңберді айналу жарамасын?

Жан-жағыңа бір сәтке қарадың ба,
Не жазыпты тағдырдың таланыңа?
Ақ әжеңнің зырлаған ұршығындай,
Дөңгеленіп күндерің барады ма?..

БАСЫНАН ИМАНАҚТЫҢ...

(Әнші Ғалым Мұхамедин
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанғанда)
Ғалеке!
Сен де Ғалым,

Мен де Ғалым,
Азды-көп өнеріміз елге мәлім.
Қазақтың кең даласын кезіп кетті
Жезкенттен жезкиік боп желген әнің.

Ақынның әнші шығар кемелесі,
Өнердің жайылғанда керегесі.
Арқада ақылымен мыңды жыққан
Сен едің Мәзбек бидің немересі.

Зар болып замананың сызы қалған,
Өмірдің күтер кейде қызығы алдан.
Сен туған Сарыарқаның сауырында
Сәкеннің ақбозының ізі қалған.

Сол ақбоз ауыздықпен алысқандай,
Жүйріктер жүйріктермен жарысқандай.
Қайрат,
Серік,

Бекболат,
Ғалым болып,
Басынан Иманақтың ән ұшқандай.
Беу, өлең!

Ұрпағымды жалғар өлең,
Гәккулеп аспанымда самғар өлең.

Сайраған Орта жүздің бұлбұлдары
Сері Ақан, сал Біржаннан қалған өлең.
Жалғандық,
ән-жырыма жақындама,

Біз туған – әнші дала,
ақын дала.
Ұлытау Жаңаарқадан сүйінші сұрап
Атыңды асқақтатып жатыр ма, аға?..

Әніңмен әлеуметке қалдың ұнап,
Бағың да шаңқай түсте жанды бір-ақ...
Ескене ескен желден хабар айтып,
Той бастап жатқан шығар Талдыбұлақ...

Ақын ем сандығындай сырлы ойлардың,
Немесе тұмасындай жыр қайнардың.
Әлия жеңгемді де құттықтайын
Қызындай маң-маң басқан Құлбай байдың.

Қолыңа домбыра алсаң өршіген ең,
Қуансын ағайын-дос, көрші-көлем.
Ғалеке, Жезқазғанға жете алмадым,
Аққу боп айдыныңа қонсын өлең...

БАЛДӘУРЕНІМ – БАЗАРЫМ

...Менің раушан-ғұмырым.

ОЛЖАС

І Кеудемізден ұшырып жыр-кептерді, Есейдік біз, өткен күннен жоқ белгі. Ақ тақырда асық атып ойнаған Ұмытпашы сонау бала көктемді. Көз алдымда елес, сағым, сурет кіл, Мамыр айы... Жатқан кезде түлеп қыр... Гүл теруші ек, көк шыбық ат тақымда, Қайран көңіл бүгін соны тілеп тұр. Күн батқанша мекеніміз дала-тын. Балалық-ай, армандай әр сағатың. ...Есіңде ме, достым, сол күн екеуміз Сарысу жаққа балық аулай баратын? Асау өзен арнасымен жатты ағып, Біз отырдық... Мол олжаға шаттанып. Қол жүріп тұр... Қалтқы батса болғаны, Түсті дей бер шелекке кеп ақ балық.

Қуанышпен дауыстадың:
«Болды!» – деп,
«Шелек біздің ақ балыққа толды!» – деп.
Көкжиекке күн де сіңіп кетіпті

Себезелеп күміс нұрын соңғы рет.
Қолда шелек,
үй алыс,
түн қараңғы...

Ауыл оты адастырмас адамды.
Сездірмеген боп келемін досыма,
Бір қорқыныш билегенмен санамды.
Бір қара бұлт бізге қарай төнді шын,

Тас қараңғы көзге түртсе көргісіз.
Аяқ асты сыбдыр етті,
дүр етті...
Мына дүние не боп кетті – белгісіз.

Сен құладың мойыныма асылып,
Мен жатырмын көз жасымды жасырып.
Сонадайда төңкеріліп шелек тұр,
Ішіндегі балық қалған шашылып.

Бойым мұздап, денем дір-дір етеді,
Тап болған соң дию, жыртқыш мекені.
...Сонда қалай бізге болған беймәлім
Үрейді алған үркек қоян екені?

...Бітпегенмен ерке шақтың жазы әлі,
Тарқап кеткен балалықтың базары.
Ғалам жайлы,
адам жайлы толғанып,

Досың бүгін ойлы өлеңдер жазады.
Сендік арман баяғыша асқақ па?
Жете алдың ба көкейтесті мақсатқа?
Хабарсызсың...

Естуімше сыртыңнан,
Азды-көпті ие бопсың жақсы атқа.
Шиден қашқан сол қояндай уақыт та,
Зымырайды,

бастасын тек бақытқа.
Көктемеде келіп қайтшы ауылға,
Сыр шертейін,
Бөлейін жыр-жақұтқа...

ІІ Жас кездегі тотай ұлдың бірі мен, Ол күнге енді ойлы көзбен үңілем. Есімде әлі тауып берген көк сақа Әжем марқұм әбдіренің түбінен. Балалықтың қызығына қанбақ кім? Бұл көк сақа оңқай, гүлгіш, салмақты. Мұныменен ойнағанын естідім Оқудағы ағайымның ардақты. Мергенсіген сан баланың желігін қағып алдым, осал дейді мені кім?! Содан былай бұл көк сақа боп алды Жан қалтамнан түспейтұғын серігім. Алаңқайлау, тақыртұғын үй маңы, «Тауа-тауа» ойнаушы едік жиналып. Көк сақаға іштен тынып балалар Кенейлерін беретұғын қиналып. ...Жылдар көші емес артқа қарамақ, Мектеп бардым, кітап ұстап, қалам ап.

Көк сақаны сыйға тарттым ініме Көптен бері сұрап жүрген ағалап. Ақ-қараны танып, мен де ес білдім, Жас бала деп қорашсынған ескірді үн. Көк сақаны сыйлаған күн ініме – Балалықпен қоштасыппын... кеш білдім. ІІІ Сезімімді шайқап өтіп дауыл жыр, Көкірегімнен сел боп құйып жауын нұр... Тұрғанымда сәлем бере келдіңдер, Қарасирақ балалары ауылдың. Татусыңдар тай-құлындай тел өскен, Балалық та бақыттылық емес пе? ...Ойлы көзбен қарап тұрмын сендерге, Көкорайлы көтеріліп белеске. Таныс емес бақастық пен қайғы-мұң, Балдәуреннің сендерде бар байлығы. Мен де бір кез жалаң аяқ қыр кезіп, Мен де бір кез асық атқам, тай мініп. Алға ұмтылдық, жігіт болдық нар талап, Жүрміз енді ел үмітін арқалап. ...Тап сендердей бірге ойнаған топ едік, Тірлік жолы бөліп кетті сан тарап. Думан шақтан бойға сіңген бар ғұрып, Бірақ бала бола алмайсың мәңгілік. Қимағанмен қызығы көп күндерді, Ержету мен есею де заңдылық.

Көрерсіңдер тірліктің сан жарысын, Сендер үшін алғы күннің бәрі сын. Маңғаздықты өмір өзі үйретер, Бойларыңа бала мінез дарысын! ІV Ақтауыма елім артқан үмітті, Ертеңдерім емес маған күдікті. Жиындарда сынау керек шешенді – Қиындарда сынау керек жігітті. Мен әулие, әнбие емес көріпкел, Қаныма жат бәз біреуге еліктеу. Құлагерге Батыраштар тап болып, Шын таланттар ерте өшеді неліктен? Ерке өлеңдер – бұлбұл құстың таңғы әні. Ақындардың жанып өлу – арманы. Тәлкек етіп ойнағысы келе ме Тағдырымның ережесіз заңдары? Сыншы күндер сан сауалын қойды алға, Додаға түс, Өмір атты той барда. Елегізіп отырамын кейде бір Ерік беріп қамалаған ойларға. Елсіздерде өз бетіммен келем мен, Маған жолдар таңсық емес көнерген. Бір ақиқат – мынау ақ зер әлемге Анам мені бірге туған өлеңмен.

Бақытым менің атпаған әлі таң шығар... Жақын-ау кезім өзімді-өзім қамшылар. Сәл шыдай тұршы, бойымды жинап алайын, Сезімімдегі тамшылар. Қояды жүрек ататын таңға нұр тілеп, Көңілден қайран сел-сезім бұлты күркіреп. Ақ сағымдарға телміріп ұзақ қараймын, Аққудай әсем жыр тілеп. Сыр бағып жүрем шырақтай отты көздерден, Ұрланып жүрем ессіздер айтқан сөздерден. Өзімді-өзім танымай қалам кей кездер, Табиғат сынды өзгерген. Жақсылық ісім аз шығар, бәлкім, әлі де, Бақ тілеп жүрем бақытсыз жанның бәріне. Қосылғым келіп кетеді кейде шырқап бір Бұлбұл құстардың әніне. Бақытым менің атпаған әлі таң шығар, Жақын-ау кезім өзімді-өзім қамшылар. Көк құнамды бабында қосам бәйгеге, Сәл шыдай тұршы, Сезімімдегі тамшылар! VІ Қандай әсем, қырқада гүл өседі, Ақша бұлтқа ақ сағым ілеседі. Табиғаттың бұл кезі қашаннан-ақ Сұлулық пен пәктіктің үлесі еді.

Қандай рахат,
ағаштар бүр жарады,
Бүр жарады,
дүние нұрланады.

Алақанын жас өндір жайып күнге,
Биші қыздай ақ қайың ырғалады.
Сал-самалдың ұғасың сырын әлі,
Бұлт пердесі сәтінде сырылады.

Жастық тойын дүние тойлап жатыр,
Күн де бүгін ерекше шұғылалы.
Бұлбұл тектес құс үнін,
сырды ақтарған,

Ертелі-кеш жатады тыңдап далам.
Жыр сыйлайтын,
жаныманұр сыйлайтын
Көктем-қыздың құшағы қымбат маған.

* * *
Киелі жер жұмбақ болған сыры мың,
Бала кезден ойға түйген бір ұғым.
Өзіңе арнап жасын жырдың жақұтын,

Болашақтан бәйге тілеп жүр ұлың.
Саған деген өтемек тек парызды,
Көкейімде мұраттарым бар ізгі.
Көлің – менің сезімдерім тұп-тұнық,

Желің – анам алақаны тәрізді.
Қаршадайдан ғашық болған өмірге,
Қарлығаш ем қалықтаған көгінде.
Таныс соқпақ,

Таныс дала,
Таныс қыр,
Тағдырым бір өздеріңмен тегінде!
Арман тауға қадам басқан нық, бекем,

Мәрт ұлдарың саған тартқан мықты екен,
Бойға сіңген болмысының бедері,
Айналайын, қасиетті құт мекен!..

* * *
Ата дәстүр бар оралған,
Көңілде біздің нар мұрат.
Алпыс жыл бойы жоғалған

Қазығын тапты арғымақ.
Рахмет саған, Наурыз!
Арайын төккен алтын күн,
Бабамның арман-ойысың.

Айнасы ата салтымның,
Ақжарма көңіл тойысың.
Көк шығып мынау бөктерге,
Рахман нұрын төккенде.

Арғымақ мінген ағалар
Өзіңмен бірге жетті елге.
Жақсы үміттерге жүрек – төр,
Армандар – сұлу ақмаңдай.

Көңілден тәтті тілектер
Кептер боп ұшып жатқандай.
Келді ғой дәмін татар күн
Қазаққа біткен кеңдіктің.

Құласы ма едің Ақанның,
Мұрасы ма едің елдіктің?!
Қарсы алам күліп таңдарды,
Бабамның бізге сыйы осы.

Дәстүрін ұмытқандарды
Наурыздың ұрар киесі.

Өмірді өтем ән қылып,
Болмасын дәуір ызғары.
Есен-сау жүрсін мәңгілік
Халықтың Наурыздары!

МАМЫРӨЛЕҢ

Сұлулыққа сұқтана берем ұдай,
Жер-ананың жап-жасыл желегін-ай!
Қызыл, сары, ақ түсті галерея –
Гүлдестеге оранып келеді Май.

Көздерінен көгімнің жауыны еріп,
Бақшада жүр бағбан шал қауын егіп...
Ән сап жеткен ай келді айдынға аққу,
Аңсап жеткен

Май келді тауына елік.
Он сегіздей өлеңім өрілуде,
Өр теңіздей өкпем жоқ сері күнге.
Айбергенов ақындай

Сағынышты
Маздатады от кеудем көрігінде.
Сары даладан естідім сырнай даусын,
Буырқансын,

тереңнен жыр қайнасын.
«Май – махаббат айы!» – деп,
Мақатаев
мауқын басып қайтатын қыр қайдасың?

Сұлулыққа өртеніп,
жанып ерен,
Ғашық болу – жігіттің бағы дер ем.
Аспан асты...

Жер үсті...
Тіл жетпейді,
Көздеріндей қыздардың – Мамырөлең!
14-266

Жұрт айтпаған тың тіркес тауып алып,
Жыр-жүректің жауады жауыны анық.
...Табиғатқа емес тек,
Санаға да

Мамыр еніп тұрса ғой ауық-ауық!..

АУЫЛДАСҚА ХАТ

...Ауыл деген аяулы, ә?
Жарасқан
Үкілеген үмітті ауыл, ауыл...
Секілді еді бәрі дос, бәрі бауыр.

Сағынышы сұрқай боп кеткеніне,
Арқасы емес, ақынның жаны жауыр.
Жайдақ мінген кезім-ай тайға менің,
Армысыңдар!

Қанатын жайған елім!
Жан ызғарын жібітер шежіре айтып –
Абыздарым ақсақал қайда менің?
Тереңімнен ақ тұма тұнба ақтарам,

Бал дәуреннің куәсі қымбат маған.
Сан шомылған
Сарысудың иірімінде–
Қиыршық құм қалыпты күн қақтаған.

Ұл-қызына ұямыз өкпелі ме,
Тас атқан кім көгілдір көктеміне?
Кім кінәлі...
Шилі арал, гүл қырқаның –

Ақ тақырға айналып кеткеніне?
Жыр тулаған жүректі мұңға малар,
Жер жылайды...
Көз жасын кім бағалар?

Мәрт бабамның базары –
Бозкөлімнің...
Аққу түгіл, сиқы жоқ тырна қонар.

Алмаған соң арайлы
әнді ұшыра,
Жетімсіреп жүргендей
жан құсы да...

Майлы ішекті,
ақпаршыл ағатайлар,
Ұрпақтардың қалмайық қарғысына.
Ауылдасқа кей-кейде кейідім де,

Біз шөлдесек –
шөлдейміз мейірімге.
Сарысу мен Сөртінің өзеніндей
Бара жатыр тартылып пейілің де.

Түсер сәтте адамдық салты сынға,
Жан шуағы жанынды шарпысын да.
Мен аяймын есепшіл езбелерді –
Ақсақалдық қонбаған алпысында.

Алау-сезім бермейді жанбай тыным,
Жүрек –
көпір ертеңмен жалғайтұғын.
Қайдан шыққан безбүйрек құлқын үшін

Әкесінің сәлемін алмайтұғын?
Өксік толып шықты өлең көмейімнен,
Шынарына шындықтың берейін дем.
Жаутаңкөзін жапанның жартылыққа

Сатып жүрген туысқа не дейін мен?
Майдан ашқан мәңгіге ғажап әнім,
Жырыма айтып сырымды тазарамын.
Туған ауыл!

Жүрегім жалау тіккен –
Сенде менің өз мұңым,
өз Аралым.

Жасқа жеттік болмыстан жай ұғатын,
Жалғандық пен шындықты айыратын.
Кеудесінде күні бар ағайынның –
Құлы болып кетуге дайын ақын!

ГҮЛГҮЛ АЙЫМ

Үміт болып жанатын шырақ барда,
Оздырады ойларым мұратты алға.
Көктеменің көгілдір көз жасындай,
Мөлдірейді ақ бастау бұлақтар да.

Әр жүректің өз оты маздауы үшін,
Тұлпарлардан тұғырдың озбауы үшін
Туған айдай толықсып толу керек,
Болу керек, замандас,

өз дауысың.
Жапырағын жайғанда сырлы қайың,
Мезгіл айтқан мәуелі жырды ұғайын.
Мөлдіреген табиғат тамшысындай,

Гүлгүл айым, келдің бе,
бұлбұл айым!
Сәні болып сайранды құба белдің,
Әні болып ерлікке мұрагердің.

Көктем көрік қыздардың көздеріне
Бақыт болып, сұлу май,
тұна келдің.
Мамыр айы!

Бастағы бақ күн едің.
Аққу өлең қанатын қақты керім.
Күнге бетін түзеген керуеннің
Сапарына, ару май,

сәт тілегін.

Арай таңды аялар халқым дәйім,
Қанатынан құстардың ән тыңдайын.
Тірлігімнің әні мен сәні болып,
Гүлге оранып жеттің бе,

жарқын майым!

* * *
Өкпе артар жай жоқ ғаламға мына
Жаутаң да жаутаң жанары.
Жаныңның Балқаш, Аралдары да

Тартылып неге барады?..
Ойнаса ғажап санаңда жасын,
Жасынға жастан құштармыз.
Апатқа бастар Адам баласын –

Көңіл көлінен ұшқан тұз.
Заман-ай, заман!
Жалқын жыр едің,
Босаттым ойдың көгенін.

Аңқылдай соққан Алтынкүрегің –
Өмірсерігім – өлеңім...

* * *
Бір ойымды бір ойым ноқталады,
Күні өткенде күміс те тоттанады.
Оқ болады...

Қорғасын қалыбында,
Жанып бітсе сексеуіл шоқ болады.
Күнпарақтар жұқарып,
жылжыды ма ай,

Сайра, сайра,
Кеудемнің бұлбұлы ұдай!
Тырнауыштың тісіне ілікпеші –
Шырмауықша шатысқан шындығым-ай.

* * *
Жыр-аятпен алақанды жайдым мен,
Қара түнде қара түнек қайғыммен.
Адалдықты темірқазық еткелі,

Адамдықты өмірге азық еткелі,
Тас ғасырда тас шайнадық, мұз қармап.
Асфальтта өсіп тұрса қызғалдақ...
Тау ән салып, ит бала болып сөйлесе –

Жаратқанның тартуы да бізге арнап.
Еһ,жалықтым, жалықтым...
Кешір мені, меңіреу түн, жарық күн!
Артын бағып отырам деп әліптің –

Арты ашылып қалған бүгін ғаріппін.
Ақынсынып жоқты барға теңейміз,
Абайыма,
ағайын, ә,

не дейміз?
Біз қазақпыз –
Байқоңырмыз,
Аралмыз,

Аруақтарға ат ойнатқан Семейміз,
Ән орнына өксік толған көмейміз.
Шынжырланып елдігіміз,
ырқымыз,

Стаканмен дос боп кеткен ғұрпымыз.
«Қалың елім, қайран жұртым, қазағым...»
Ұстарасыз жидіп түскен мұртыңыз.
Ұлы баба!

Сен қарама аларып,
Тарихымның жанарынан қан ағып –

Онсыз-дағы дертті болған жанымды
Жегідейін жеп барады қара құрт.
Еркексінген тарап бес тал кекілді,
Әкім аға,

айтшы, бүгін не тынды?
Желбіреме зар илеген халықтың
Жасын сүртер орамалы секілді.
Жарық жұлдыз бір жарқ етпей қанша ақты,

Мансап қуған жаңсақ демес жаңсақты,
Сығандардың алдап сатқан атындай –
Сайтан мінез,
сайқал сөздер шаршатты.

Кейіме дос,
аласа боп туыппыз...
Арман емес,
албастыны қуыппыз.

Керегесі қақыраған орданың
Шаңырағына шаншылатын уықпыз!..
Солай, солай,
ортақ шығар наламыз,

Келер күннің есігін біз қағамыз.
Құйын күлін көкке ұшырған ошақтың
Орнындағы сөнбей қалған шаламыз!..
Зілзаланы ұмытқыр,

Ей, атар таң,
күліп кір!
Отыз екі...
Отыз жеті...

Қырық бір...
Өткенімнен қара боран ұлып тұр.
...Сен көретін той алда...
Әлди, ұлым!

Ұйықта алаңсыз оянбай.
Түн баласы кірпік ілмей жүр әкең –
Қаламсабын қарш-қарш шайнап,
Ой, Алла-ай!..

ЖҰЛДЫЗ-ҒҰМЫР

(Күй-толғау)

Ауғанстанда қаза тапқан Ұлтытау ұланы
Ғибадат Құттыбаевтың рухына

Тиек немесе
Ұлытаумен сырласу
Мұнар, мұнар, мұнартып,
Бауырында өскен шынар тік.

Ата қазақ баласы
Баба тауға құмартып.
Бағзы-бағзы уақыттың
Құрдасысың – Ұлытау.

Бастауында бақыттың,
Жыр басысың – Ұлытау!
Түнек таңды жұрт ойлап,
Сестенетін кез болған.

Көшкен сайын бір тайлақ
Бос келетін кез болған.
Зар-запыран заманға
Ұрпақтардың өші бар.

Ата тауы аманда
Арқар ауып несі бар?
Үміт жібі үзілме,
Тұманданба таң нұры.

Ақ семсердің жүзінде –
Аққу елдің тағдыры.
Дүлдүл болып есегі,
Бұлбұл болып бақасы.

Ер арыған деседі –
Алшы тұрмай сақасы.
Тепкіленбе, жыр-тілім,
Тектілерге тұғыр бар.

Бір талындай шырпының –
Жанып-сөнген ғұмырлар.
Арай шашса ғажап күн,
Қыран самғар қияны.

Ұлытауым – қазақтың
Ақ ордасы зиялы.
Асанқайғы бабамның
Жорамалы секілді.

Жас кеппеген жанардың
Орамалы секілді.
Қасиетті баба тау,
Сен несіне жасисың?

Алатау мен Қаратау
Бөркін алып бас исін.
Тулақ болған тірлікте
Ер жүгінген жаны алау.

Алты алашты бірлікке
Бастап берген данам-ау!
Ахмет ишан түсі едің,
Қорқыт абыз күйі едің.

Кәусарыңнан ішемін –
Батаңды бер, киелім!

Құлақ күй немесе батырлыққа бас ию
Сарыарқада – Сарлықта ауылдары,
Тау тұлғалы екен ғой тау ұлдары.
Қайсарлықты қастерлеп қанаттанған

Боздақ Баубек ағаның бауырлары.
Жәннатымның жұртқа аян арман әні,
Арман әні тербеген сар даланы.
Едігеден басталған ер дәстүрін –

Аманкелді ардағым жалғағалы.
Ақберен жыр,
айтар сөз аталысын,
Жасалмайды ерліктер атақ үшін.

Еңку-еңку күндерде семсер сертпен
Атқа мінген азамат Отаны үшін.
Майланбаған, шиқылдық, қырсық арба,
Бетпақ күндер, дау айтып, үн шығарма!

Ел тағдыры түскенде талапайға –
Текті туған бөрікті ұл тыншыған ба?
Қорғасыннан – құмалақ құйған оқтар,
Күміс күнде көкейге күй қонақтар.

Он сегізде бір гүлі ашылмаған
Бейбіт күннің батыры – Ғибадаттар.
Тірлік-толқын жарға ұрған қайықты да,
Әр мінберде орын бар лайықтыға.

«Ауғанстан... – қателік...»
дейміз бүгін,
Қателікке қыршындар айыпты ма?
Ауғанстан,

сен үшін жасын ғайып,
Ажал болдың арманға, жасырмайық.

...Қос бүйірін таянып көнбіс күндер –
Аңырайды Ана-Жер шашын жайып.
Мамыр тумай тасымас мейманасы,
Адамзаттың атар таң кейуанасы.

Ауғанстан...
Қаралы Ауғанстан –
Жиырмасыншы ғасырдың бейдауасы.
Тоғыз перне толғайды

І Ұсынылмай гүл қалды қалқа қызға, Ән салмайсың сен енді ортамызда. Қарсы алмайсың көгілдір көктемдерді, Жар салмайсың жыр етіп өткендерді, Мәңгі алауға айналдың он тоғызда. Жыр бағынан бойына нұр дарыған, Ерлік күткен Ұлытау ұлдарынан. Бір тойың боларына сенген елің, Теңгелерін әзірлеп жеңгелерің. ...Кім құтылған ажалдың тырнағынан? Жігіт едің қаныққан арлы ұғымға, Қаламымды маламын зарлы мұңға. Қадіріне тірліктің жет дегендей, Шырша сынды мәңгілік көктегендей – Тас мүсін боп тұрсың сен Сарлығыңда. ІІ Күнім, тіл қатсын ғалам, Жырын тыңдатсын далам. Өмір, өткеніңнен де – Бүгін қымбатсың маған. ...«Өмір қымбатсың маған».

Шерлі ән шертеді құсым, Баубектің келте өмірісің. Он тоғыз! Өр теңізімсің, Жастығым – ертегімісің? ІІІ 1988 жылы 6 қаңтарда КСРО Жоғарғы Советі Прези­ диумының Указымен Ауғанстанда интернационалдық бо­ рышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қатардағы жа­ уын­гер Ғибадат Қуанышұлы Құттыбаев «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталды. Үлгермеген бұйдалап жыр үлегін, Таңғы түстей тәп-тәтті ғұмыр едің. Аламанды аңсаған арай шақта – Кішітаудың кекілді құлыны едің. Жарқын жырын ағаның жалғар інім, Алтын жібі қиылды арманының. Ішегі үзіліп шешен тіл домбыраның, Қайырмасы шырқалмай қалды әнінің. Айта алмаймын... тағдырдың тілі өткен бе? Түйіліп ең тұйғындай түнектерге. Ғибадаттың ғұмыры ғибратты – Жауқазындай жайқалар жүректерде. ІV Мың жырын ақ таң жырлатып, Бұлбұлын бақтан тыңдатып, Бақсыздың жасын құрғатып, Тайғақты кешіп көрмеген, Құрсанып көк мұз түн қатып. Бауыры бүтін күндер-ай, Армандай адал, жарықтық, 15-266

Шомылдыратын нұрлы арай, Ақ шыраймен жарық құт. ...Адалдық жырын ағыттық. Көрмеген қайғы тіл қатып, Қабағымызға мұң қатып, Жазира толған жыр-жақұт, Ерлікке әзір ұрпақтың Өкілі болу – шын бақыт. V Азамат деп атаса ел атыңды, Қияларға қағасың қанатыңды, Келтелігін кім білген ғұмырыңның – Еркелігің есте жүр бала күнгі. Саған жақын нөсердің жауған әні, Қызғалдақтың қырқада қаулағаны. Сезіп өстің табиғат тылсымдарын – Кезіп өстің ақ бастау, тау, даланы. Сан бояудан тұратын жырың ерен, Ақ қағазбен сырластың түніменен. Ұлытауды әлемге танытпақ ең Сиқыр сазды суреттің тіліменен. Өткермеген өмірде күнді қаяу, Жүрегі жаз жігіт ең, тірлігі ояу. Сеніміңнің сұңқары сергек еді, Көңіліңнің іңкәрі – түрлі бояу. Туған таудың аймалап таңы, лебі, Үміт отын алдыңнан жағып еді. Сапар дәмін Сарлығың ұсынғанда Мамыр еді, дариға-ай, мамыр еді.

Ойлар, ойлар, жүректі жаншыма ауыр, Ақ тілегін арнап тұр алтын ауыл. Алма бетті Алма қыз, Жүздескенше – Апа, көке, арманшыл алты бауыр! VІ Ауғанстан... Мешеу елдің басында дауыл, кермек, Жан азабын бауырдың бауыр көрмек. БТР-да мерген боп майдан кешті Өрімталы өмірдің жауынгер боп. Бастан ұшып жалқы бақ, ырысты күн, Ауған елі ұмытқан тыныштығын. Жарқырамай шығады азалы күн – Алтын арай шашпайды күміс нұрын. Аһ ұрумен ататын таңы қандай, Бір салқын сыз жаныңды қарығандай. Ей, адамзат... Жүрсің бе дұшпансырап, Намысыңның семсерін жанып алмай. Керуен-күн көп ерді сынаққа алған, Сенім барда жеткізер мұратқа АРМАН. Ғибадат та есейіп сала берді Қанды қырғын, түйінсіз сұрақтардан. VІІ Гүлбоһарда1 жаз бойы гүл өспеді, Гүл өспеген өлкеден жыр еспеді. 1Гүлбоһар – провинция атауы

Ақ шабытқа аққу-қаз арқау болып,
Ақша бұлтқа ақ сағым ілеспеді.
«Огонь!»
Командирдің естілсе бұйрық үні,

Дайындасын дұшпанға «сыйлық» іні.
Жауға ажал боп жауып тұр
Ғибадаттың
Он тоғызға жетпеген күй-ғұмыры.

– Құттыбаев, қаймықпа, тағы, тағы...

Өзгерген жоқ дұшпанның бағыты әлі. –
...Тажал орын – ұяны нысанаға ап
Ажал оғын Ғибадат ағытады.
Ұлытаудың тұлғасы...

Таңғы әдемі,
Елес берді ауылы, арман елі...
Оқшантайға соңғы рет қол созғанда
Жау қарасы сиреп-ақ қалған еді.

...Таза едім ғой қарғыс пен кінәраттан,
Таптап өтем...
арамыз бір-ақ аттам.
Санадағы сәулесі...

Жалын құшты
БТР-ға дәл тиген гранаттан.
Соңғы сәуле...
Сарыарқа кештері ме?..

Ел сенбейді көктемнің көшкеніне.
Ұлытау мен Кішітау елес беріп –
Ақтық рет қыраным қош деді ме?
Бұл фәниден ғұмырың толық ауды,

Бақилықсың...
Құлыным қоңыраулы,
Гүл етеміз аялап есіміңді –
Жыр етеміз жас жуып омырауды.

VІІІ Ер туса еліне құт еді, Құт еді менің де жарығым. Анашың бір хабар күтеді – Далалық почтадан әлі күн. Мәз емес қарыны тойғанға, Азамат ақ екен, арлы екен. Ел-жұртың ескерткіш қойғанға Баладай босады жан көкең. Ауыл бар Кішітау бойында, Бауырлар базарлы өлкеде. Билеуді жазбапты тойыңда Ботакөз бауырың Еркеге. Жетуді жазбапты тілекке, Бір сыр бар мен білер, қызарма. Үңіліп сен салған суретке – Жанарын сүртеді қыз Алма. Тірліктің тарқамас тойы әлі, Күн барда аққуға айдын көп. Ұлытау күрсініп қояды – Өзіңді ең соңғы қайғым деп. ІХ Ғибадат! Шынарлар шыңда өседі, Бүгін жоқ және кешегі. Тіршілік мынау алмасқан Өсегі, мұңы, есебі. Ақиқат аты көшелі, Бақсыздың соры бес елі. Абыздар өлең-өмірді Бір күндік сәуле деседі.

Соңынан күннің күн келер,
Арнадан асып жыр кемер.
Сай ұлы туар заманға –
Шайыры туар жүлдегер.

Уақыт деп жырды төгейін,
Естіртпе, өмір, өгей үн.
Алауға айналған ардағым –
Алдыңа келдім, не дейін?..

Көктемдей көркем көңілден
Жыр сембесін деп кеттің бе?
Өтерде мынау өмірден –
Күн сөнбесін деп кеттің бе?

Айналар мәңгі жасынға,
Жыр-жүрек жігіт, күй қанат.
Сен тірі екенсің, расында,
Ұлытау ұлы – Ғабидат!

Егіз ішек немесе тірілер
үшін түйін
Жақсыны да жаманды уағыздаған,
Ақын да адам, дүние-ай, жауыз да адам.

Өмір дейміз, өмір ме ақиқаты –
Бауырларын бауыры бауыздаған.
Адам-Ата, Хауадай бір анадан
Нәр алғанбыз, қырғынға кінәлі адам.

...Ұлы Гете жаралған топырақтан
Гитлерді бұл әлем сұрамаған.
Сау болыңдар, адамдар, арманы елік,
Үзілгенді жүретін жалғап, өріп.

...Жыр Шыңғыс жүр бүгінге тірлік сеуіп –
Бір Шыңғыс жүр тарихта қанға жерік.

Достар, достар,
келмейді сыр жасырғым,
Ұлы мәңгүрт семейлік құрдасымның.
...Хиросима,

Чернобыль қайғысынан
Көз жасы әлі кепкен жоқ бұл ғасырдың.
Тағылымына тарихтың ел сенеді,
Ұрпақ азып, атомнан жер семеді.

...Адам ойы жасаған қателіктер
Қыршындардың қанымен өлшенеді.
Ертең үшін егеді ел тал шыбығын,
Жұлдыз болып жарқырап жаншы, жырым.

Сенен менің жоқ, Отан,
сырым бүгер
Өлеңдерім –
өлімге қарсылығым.

* * *
Адамдар,
армысыңдар!
Жаттап өстік құс үнін,

бұлақ әнін,
Айналайын,
ақмаңдай жыр алабым.
Ақ дария, аман бол,

айдын көлдер,
Аққулардың атынан сұранамын.
Қарт Ұлытау!
...Ғибадаттай замандас, ғұрыптасқа

Қоймақ едім ескерткіш ұмытпасқа.
Жазып бер деп бір шумақ өтінді елі
Мәңгілік құлыптасқа:

«Күнім, тіл қатсын ғалам,
Жырын тыңдатсын далам.
Өмір, өткеніңнен де
Бүгін қымбатсың маған».

«ӨМІР, ҚЫМБАТСЫҢ МАҒАН»...

АҒЫНДЫ ДАРИЯДАЙ...

Сұм ажал сырттарыңнан билеген де,
Ұқсайтын бірі жоқ ең күйрегенге.
Ағынды дариядай даналығы
Қарттар-ай,

қатарларың сиреген бе?
Өлшенген қасиет көп нар бойыңа,
Қиынның қарсы тұрдың қандайына.
Бөктеріп кетті жылдар жас дәуренді,

Өшпестей салып ізін маңдайыңа.

– Өнерлі ұл туады өсер елден,

Ұлағат сөз қалады көшелі ерден... –
Дейсіңдер, сұңқар-көңіл асылдарым
Өмірдің дода-сынын неше көрген.
Түйсік болса көкейде сезінесің,

Егілесің еріксіз, езілесің.
Әкеңнің әкесіне жеткен кезде
Хауа-Анадан басталған шежіресі.
Көрсетпей кәрілік-ит айналасын,

Қиын ғой аяқ-қолды байлағасын.
Сәлемдессең батасын қоса беріп,
Дейді бір мейірленіп: «Қай баласың?»
Сұрақпен төпеп алып тағы-тағы,

Содан соң ойы тыңнан бағыт алып,
Құймақұлақ табылса сөз түсінер –
Әңгіменің тиегін ағытады.

Амалсыз ойға батып қаласың да,
Ашқанда сырсандықты баласынбай...
Сәбидей –
аппақ жаны аңқылдаған,

Кеңдігі –
өзі туған даласындай.
Шарықтап шартарапты қиялы ұдай,
Жанынан жүрер дәйім күй арылмай.

Сөздері –
қазынадай баға жетпес,
Өздері –
тұлпарлардың тұяғындай.

Қарттар-ай,
кешкен бастан қыран-ғұмыр,
Қайда әлгі қиқуы мол ұранды күн?
Әлі де тұғырыңнан таймағаның –

Арнаса ұрпақтарың жыр-ән бүгін.
Мәрт мінез ұлың барда өресі кең,
Шықпайсың,
қажыма қарт,

ел есінен.
...Жағалауға жетіп ең жасымай-ақ,
Тағдырдың толқын ұрған кемесімен.
«Өмір, қамшы сабындай келте ме едің?..»

Неге өкіндің?..
Сен өскен өркен едің.
Құдірет-ай,
кезіксем өздеріңмен –

Кеп тұрады бала боп еркелігім.

Қуат алып күндерден алыстағы...
Жүрсеңдерші мініп ап намысқа бір.
Дерексіңдер өткеннен, керексіңдер,
Бақуатты болыңдар,

арыстарым.

АЛСАҢ...

…Меніменен «өңкей нөл» алысып жүр.
Иран-Ғайып
Бітіре алсаң аспанда Ай мен Күнге тіл,
Құдірет боп қалмасыңа кім кепіл?

Мен білетін бір ақын бар қазақта –
Ғұмыр бойы қиямет-қайым, қылкөпір.
Қайманаға қайрап тісін алыстан,
Айдалада айбат шеккен арыстан.

Мен білетін бір ақын бар қазақта –
Өзі айтқандай, «өңкей нөлмен» алысқан.
Сарсаңменен сабылтатын сабырын,
Өле сүйген дүниенің жарығын.

Мен білетін бір ақын бар қазақта –
Алдаспанын жарқыратқан Арының.
Емдегенге,
Араласып көнеді...

Зерлі өлеңге дара ғашық Зерені.
Мен білетін сол ақыны қазақтың –
Жалғанменен жағаласып келеді.
Бұқар баба,

Абай ата,
Жыр-Қасым
Айтпай кеткен әнді осы ағам шырқасын.
Сол ақынның сау басында сақина –

Сол ақынның маңайында бұрқасын.

Біреулерді ұғыстырып қояды,
Біреулерді ығыстырып қояды.
Жеңгемізді ырысты ғып қояды,
Інілерін жұмысты ғып қояды.

Көш түзеген Алатаудың басынан,
Кезін көрдім жасыған да...
Тасыған.
Сол ағаның айтқанына көнесің –

Сол ақынның кете алмайсың қасынан.
Бірде шуақ,
бірде боран,
ызғар күз,

Саған қарап жылынармыз,
мұздармыз.
Өзің айтқан «өңкей нөлге» қоспасаң –
Бұқар, Абай... өзіңнен соң біз бармыз...

БАҚЫТЖАН ҚАНАПИЯНОВҚА

Жаны жаз бір ағасың,
заты көктем,
Анасы ақ сүтімен ақын еткен.
Шыр етіп Сырымбеттің бауырында –

Мұхиттың ар жағына аты кеткен.
Басыңнан ақ шабыттың бұлты аунаған,
Нұр саудың өлеңіңе нұр таңдардан.
Кереку-Ертіс бойы – ата жұртың,

Арғы атаң Сұлтан төре сұлтан болған.
Өлеңнің өр шыңына өрлегесін,
Қияға қанатыңды сермегесің.
Музаңның мұхитына қайық салып,

Тербеліп толқындарда сен келесің.
Қара орман қазағыма бар қадірі,
Алаштың сен де,
ағасы,

Арқар ұлы.
... Жыр жазсаң
жер жүрегі бірге соғып –
Бүлкілдер дүниенің қан тамыры.

Тербетіп тарихың мен құса-мұңды,
Ақ бұлттың ар жағына ұша білді.
Алдыңа Бақытжандай жыршы келді –
Кереку,

ашып таста құшағыңды.
Ақының сыр айтады,
жыр айтады.

Сол өлең қуантады,
мұңайтады.
Бағыма Бақытжандар болмағанда –
Бүгіннің бүтін сөзін кім айтады?!

18.01.2012

ҚАЗЫБЕККЕ

Алқабынан мен келдім сар даланың,
Шалқарынан сен ұштың Шардараның.
...Боз даланың бозторғай жалғап әнін,
Боздап ағып барады арман-ағын.

Қағысудан тұратын табысудан,
Өмір кейде...
басыңнан бақ ұшырған.
Абайлардың жете алмай ауылына,

Талайлардың бұл жолда сағы сынған.

– Сабыр... – дейді сары бел,

сайын дала,
Ән таба алмай қалғанда қайырымға.

– Уайымдама, ұғам, – дер, – жайыңды, аға, –

Шардараға шомылған шайыр бала.
Шайыр бала дегенім –
шағала ақын,
Қара өлеңнің көрсетер ғаламатын.

Ағалардың арқалап аманатын,
Жырдың отын жүректе жаға алатын,
Шайыр бала дегенім –
шағала ақын.

Шөл басуға келгенде бұлаққа біз,
Тербетті күй, қайтесің,
жылатты аңыз.
Ұнатыңыз, келеміз,

ұнатпаңыз –
Пәтерақы төлеуге сұрап қарыз.

Айтылатын тілек бар туған айға,
Тілексіздер қурайдай қурамай ма?
...Сарыарқадан сәтімен самал соқса –
Шардараның толқыны туламай ма?..

16-266

ЕР САЛДЫҢ ЕРТЕЛЕТІП

ҚАРАКЕРГЕ...

(Маралтайға)
Қара жол қапталдасып қара өлеңге,
Ер салдың ертелетіп Қаракерге.
Қызық жоқ бұл жалғанда саналы ерге –

Жар салдың ақынмын деп бар әлемге.
Жыр едің,
әлімсақтан ән-күй едің,
Қажаған қайырласа зар тиегін.

Қаратау қатпарына нар шөктірген –
Қамшысы Қарабура әулиенің.
Тұратын тағдырынан тасаланбай,
Сен кейде Доспанбеттей,

Қашағандай.
Жүреді ағалары бас қатырып –
Маң мінез Маралтайды жасай алмай.
Сарысудың сары даласы сағынғаны,

Дүлдүлі дүбір тілер бабындағы...
Шора, Есет батырлардың найзасының
Өлеңің өрнек шығар сабындағы.
Шабытың –

Жаратқанның нұрлы құсы,
Сен кейде жынды кісі,
мұңды кісі...
Ықылас қобызының қыл ішегі –

Сүгірдің күйлерінің бір дыбысы.

Біздерге, әй, Маралтай,
сен ең ерген,
Мен сені көрем төрден,
көрем өрден.

Үркердей үркіп көшкен әз Таманың
Тамыры қалған жерде өлең өнген.
Тараз жұрт, таразысы дара таңба,
Жүйрігін аламанға жаратар ма?

Қастерлеп қара өлеңді қара жолда –
Керуен көшіп келеді Қаратауға...

МӘРИЯ АПА

Көрген бейбақ емес-ті жар қызығын,
Тонап алды сұм соғыс бар қызығын,
Мәрия апа отыз жыл жүрді күтіп
Бәйсейітін, хабарсыз жалғыз ұлын.

Тасыр тағдыр алып сан сынағына,
Сорлы ананы сарғайтып сынады да.
Мәрия апа жол тосып, кеш келетін
Туысқанның үйіне, тұрағына.

Ұлылықпен, Ерлікпен, Даналықпен,
Кейуананы жалғызын дара күткен
«Ақыл-есі ауысқан...» дегесін жұрт,
Жақындаспай жүретін бала біткен.

«Келеріне сенемін, қалқам аман...»
Қиындықты соншама тарта ма адам?
...Поездарды күтетін тосып ұлын,
Сол кейуана қабы бар арқалаған.

Жалғыздықтың болған ба жарасымы,
Көп күттірді «көзінің қарашығы».
...Бәйсейттің тоқымы тайға шапқан –
Арқасында ананың бар асылы.

Күңгірт тартып күн сайын жорамалы,
Су-су болып сарғайған орамалы.
...Ақтық демі бітерде айтқан сөзі:
«Бәйсейіт оралды!»

Бастан ұшқан байғұстың дария бақ,
Жыр етемін көңілге ар ұялап.
Батысқа қадап көзін жұмған ана,
Соғысқа қарсы соғыс жариялап!

ҒАСЫР ҚАЙҒЫСЫ

Қарағанды облыстық ақындар
айтысында ауылдан келген әжелер
жетімхана үйіндегі бір топ сәбидің
тұсауын кесті...

Теледидар хабарынан
Жалаң аяқ балалық...
Жаутаң қағып жәудірейді, о, сұмдық!

– О, сұмдық! – деп біз несіне шошындық.

– Жетімхана үйі дейді...

– Үй ме рас? –

Жауап таппай тосылдық.
Емшек сүтін татпаған,
Бесікке де бөленбей.
Бесік жыры олар үшін

Өшіп кеткен өлеңдей.
Тағдыр қандай талайсыз,
Тұлымшағы желбіреген құлыншақ
Күн кеше ме арайсыз?

Жетімектер...
Жан-жанары жасыған,
Торкөз тірлік – олар үшін тосын ән.
Бикештер жүр былқ-сылқ етіп безбүйрек

Шарананы шайтан көріп шошыған.
Теледидар хабары...
Мендік ойлар ойран болды мінгесіп,
Жалтақ бақыт жәлеп түнге жүр көшіп.

Ауыл иісі аңқып тұрған әжелер
Жетімдердің тұсауларын тұр кесіп.
Экранға қараймын...
Қараймын да тарылады тынысым.

Шайқалғандай ырысым.
«Жаңа дәстүр, жаңа салт...» деп
Дауырғады диктор да,
Бүйткен салты құрысын.

...Жалғыз әкем табысы...
Ұяластар жаттық бірге өсіп те,
Бұйырғанын қылдай бөліп несіпке.
Анам байғұс тұмар байлап қоятын

Он бір «құлын» құндақтаған бесікке.
Сауал – Зауал:

– Жетімхана үй ме осы?

Тоқтап қалды көңілімнің күймесі.
Жөн жауабын бере алады қай кісі?
...Жетімхана – шаңырақ та, үй де емес...
ҒТР-дің ғасырының қайғысы.

ӘКЕ РУХЫНА

Қарсы жүзген кемесі ағысқа әрең,
Тоғышар ұлды тағдырға табыстап ең.
Құлағыңа жетті ме, жаным әке,
Жұма күні бір дұға бағыштап ем.

Ұлпа жанды ұлыңның ырым құмар,
Шақтары бар шабытты
шырынды бал.
Мәңгіп келе жатамын мазаң күйде,

Сырымды ұғар жан таппай,
жырымды ұғар.
Орманымды келмейді олқы дегім,
Қорғанымды қалпына келтіремін.

Тебіреніп,
толғанып,
тынып барып,
Жартастарға соғылған толқын едім.

Қарт көше ме фәниден,
жас көше ме?
Айтып қалам барымды, бас кесе ме?..
Таптап жатса қайтейін талабымды

Тас пенделер қаптаған тас көшеде.
Шабытымды шайыр ем шаттығым дер,
Бақ күлімдер
аңсамас шақты кімдер?

Талбесік пен жер-бесік арасының
Еншісі емес екен тек тәтті күндер.

Шөліркеген нөсерге бау-бағым-ау...
Жалған бәрі...
Жырыңды жалға, жырау.
Арқа болған жан едің ағайынға,

Алдың жарық болды ма, ардағым-ау?..
Елесіне еріп ап жарлы үміттің,
Қаңғырыппын...
Таңдарды таңға ұрыппын...

Қадіріңді түсіндім
Қабіріңнен
Жырын оқып қайтқалы Мәңгіліктің...

АЗАНАМА (Аяулы досым, Арқаның арқалы азаматы, күйші-сазгер Алпысбай Тұяқбайұлы Тұрсынбековтің рухына) І Жабырқатып жанымды жазалама, Айыратын дос едік қаза ғана. Алпаным-ау, арқарым, дарқаным-ау, Жазам деген жыр ма еді Азанама?! Жоқ еді ғой өнерден өзге алаңың, Өтті ме екен, білмеймін көз, қарағым. Қатар жүріп сездік пе ғұмырыңның Жанып сөнген шырпыдай тез боларын. Бойыңда еді сан топты жарар екпін, Тіршілікті неліктен талақ еттің? Аранында кептеліп кете бардың Ажал атты ары жоқ қарабеттің. Көгілдір ең өнердің көліндегі Сұңқар едің Алаштың көгіндегі. Іңкәр едің өмірдің қызығына, Тұлпар едің Сарыбел төріндегі. Өрмелеген кез еді тасың да алға, Өкпе арттың ба таскерең тасырларға?.. Тарғыл тағдыр, не деген аяр едің, Ажал оғын дарытқан асылдарға.

ІІ Бұл хабар шындық емес! Жалған, жалған! Сан рет аузым күйген алданғаннан. Бермейді ел Алпысбайын қара жерге, Өлмейді жаралғандар армандардан. Тағдырдың тас дауылы бұрқамағын, Бар еді бірге талай шырқар әнім. Тағы бір Жаңаарқамен байланысшы, Серікжан, анық емес бұл хабарың. Алпысбай өлді деуге мен сенбеймін, Мен сенбеймін... Мен түгіл ел сенбейді... Талай доспен тірідей қоштасқанмын, Өмір деген өліммен өлшенбейді. ІІІ Сен менің көркім едің, өртім едің, Ішегі боп домбыраңның шертілемін. Бір жұлдыз ағып түсті аспанымнан, Құдайым хош көрмеді ел тілегін. Жан едің күйі дара, әні дара, Білмеймін – сорыңа ма, бағыңа ма? Біз енді жиын-тойдың ортасынан Сағынып сені іздейміз, сары бала. Шайқалды шаңырағы ән-ұяның, Тербелді тереңімде дария мұң. Ертеңге емен-жарқын жетсе деймін «Балдәурен», Дәуренің мен Даниярың...

ІV Сен екеудің бірі едің, Сарыарқаның гүлі едің. Жазылатын жыр едің, Жанымызда жүр едің. Сарысудың толқыны ең, Толқын болып толқып ең. Серілердің сертімен Өмір күйін шертіп ең. Сен жоқ емес, бар едің, Сен сор емес, бақ едің. Айдай еді әлемің, Сен қара емес, ақ едің. Запыран ішіп, зар құспай, Ит тірлікпен тартыспай, Бұл фәниден бақиға Неге асықтың, Алпысбай?! V Құскемесі Арқаның кешігеді, Мен кешіктім... Алпаным кешіреді. Топырақты өлімге жете алмаған Тірлігіміз, тірілер, осы ма еді? Кештім бастан сол кеште сұрапылды, Жүрегімнен тынымсыз жыр атылды. Өңмендеген өлермен түсінсін бе Әуежайда жылаған бұл ақынды.

VІ Отызға жетпей зарлады-ай Жан-жарың сенің Алмадай. Жайық боп асып-тасушы ең, Ғайып боп кеткен қарғам-ай. Тұрмыстың көрген ауырын, Сен емес, Жақан бауырың. Тарқады неге базарың, Тарқады неге сауығың? Ауылыңа келдім, өзің жоқ. Басыңа бардым, төзім жоқ. Қаралы үй қара жамылды – Басу айтуға сөзім жоқ. VІІ Жал-құйрықтың қою тұсы күзелді, Сынып түсті аяқ салар үзеңгі. Бақұл, бауыр! Рухыңа бас идім, Жарық күнде жолықпаймыз біз енді. Сапар шегіп мәңгілікке сен кеттің, Аза жырмен бесігіңді тербеттім. Қауызына сыймай өскен гүл едің, Ауызыма дәмі келді кермектің.

Қабіріңнің басына кеп көп тұрдым,
Көз жасымды күнге қарап кептірдім.
Бағышталар құраным бар өзіңе –
Жеті өлеңді жеті дұғам деп білгін.

ЖАЛҒЫЗ ҚАРАҒАЙ

АҚ СИСА (Поэма) І Бисмилла рахмани рахим, ал бастадым, Жанымның жарқыратып алдаспанын. Бар еді, бауырым-ай, алда асқарым, Жалы еді арғымақтың жармасқаным. Тамыздың тамылжытып таңғы аспанын, Өрейін өршіл өлең, Ар дастанын. Арналы өзен еді жалғасқаным, Бисмилла рахмани рахим, ал бастадым.

Жүйткісін жүйрік жырым Құлагердей,
Көнерген көңілім бар құба белдей.
Кешеден бүгінгіге жеткен өлең
Қаз мойын қасиетті құрама ердей.

Шабыттың шалқып жанар шырағы өлмей,
Білгенге біздің ғұмыр бір әлемдей.
Несіне жыр қыласың деп ойлама,
Тұншыққан тұрғыласым тұма көрмей.

Сызылтып сыр айтайын мұрагердей,
Сөзімнің арасынан сына бермей.
Құла дүз құзғын қонар құзға айналса,
Құлагер қайтеді енді құлап өлмей?

17-266

Ақынды аяла, аспан,
аяла күн,
Төр етіп төскейіңді саяладым.
Көлінде Жасыбайдың сайран салып,

Ақбеттен асқақтаттым Баян әнін.
Жасыл бел,
жасыл әлем,
сая бағым,

Айдында аққуымды аяладың.
Жыр етіп алдыңа әкеп жая аламын
Қазақтың қай алқабын,
қай алабын.

Баянсыз баяны бар бақи күннің,
Баянды ғұмыры бар Баянаның.
Баянтау!
Баурайың – ән,

бағың – дастан,
Көркіңді жыр етеміз жаңылмастан.
Көздері көлдерінің жәудіресе
Айнымай қалады екен қарындастан.

Көлдері аумай тұрса қарындастан,
Баянды бар ма әлемде сағынбас жан?
Асық боп өтері анық Ақбеттауға
Ғашық боп осы өлкенің маңын басқан.

Күні алау көңіліңнің шаңын басқан,
Түні анау
бақыт тербеп,
бағыңды ашқан.

Айынан аспандағы арай саулап,
Сайынан Сарыарқаның сағым қашқан.
Сәлдесін түн көтерсе,
сәл ойланып,

Таңдары атады екен арайланып.
Төсіне Ақбеттаудың тұмар қадап,
Көшіне бабалардың қарайладық.
Тағдыры талайсыз да,

талайлы анық, Күндердің керуенімен талай налып өткен көп, өмір сеуіп өркеніне – Біздің де көшімізге қарайла, жұрт! Жасыбай! Жағаңа кеп аялдадық, Тағдырдың тамырында қан айналып. ...«Баянаула басынан бұлт кетпеген», Баянаула басына бақ айналып. ІІ Баянаула басында бал қарағай, Үмітімнің үзігі жалғана ма-ай? Қайғы-мұңға салды да қайығымды, Айдынында тербеді арман-арай. Қызығы жоқ қысының қар борамай, Ала қашар Алқоңыр алға қарай. Абыржыған көңілге көктем сеуіп, Тамылжыған тамызы таңға қарай.

Баянаула басында құр балалы,
Балапанын қорғаштап мұңданады.
Тұғырыңның құт көшер маңайынан
Ғұмырыңның бітпесе шырғалаңы.

Сұрғылт тірлік телісе мұң-наланы,
Таусылған жұрт қайтеді күнде амалы?
«Баянаула басында балалы құр...»
Баурайында тал-қайың ырғалады.

Ойға батқан сыр тарттым орманынан,
Әулиетас,
Найзатас,
Қорғанынан.

Топ терегі толғанып томсырайып,
Тобылғысы бастады толғанып ән.

Ізін кессем бабамның
өр, бағылан,
Соқпақтары салады жолға бұлаң.
«Баянаула басында балалы құр...»

Қызғыш құстан аумайды көл қорыған.
Тар жол,
тайғақ кешулі қиындықтың
бәрін жеңдің,

Жазмыштың сыйын күттің.
Тұлпарыңнан тұсамыс алынбаса
Ұрпағыңнан мызғымас ұйым күттің.
Тұрмағасын басыңда

дүйім құт күн,
Күдері жал күндердің
күйін күттің.
Тоғайтады көңіліңді

тоқсан толғау –
Соны айтады баласы Сүйіндіктің.
«Өтеді екен дүние қас қағымда,
Ойнап-күлген жарасар жас шағыңда...»

Аяны бар Мәшһүрдің түсіне енген,
Баяны бар таңбалы тастарында.
Қырандары шың-құздың бастарында,
Бұқар баба жырының астарында.

Сұлтанмахмұт,
Жүсіпбек,
Олжас болып –
Асуынан Ақбеттің аспадың ба?

Жиендері бұл елдің жұлдыз Шоқан,
Қаныш,
Әлкей,
Шәкені асқарында.

Баянаула басынан бұлт сейілсе –
Жұлдыздары самсайды аспанында.

Дала, расы, жаралған Ақық, Ардан, Баламасы Баянның – Ақын, Арман. Өріміне өлеңнің өкінбейін – Қапияда мергендей қапы қалған. Тірлігіңнің аты – өмір, Заты – жалған, Керуен соққан күндердің хаты қалған. «Ақ сиса» ақын Мұса өткен Ақбеттауда – «Мұстапасы Шорманның атын алған». ІІІ ...Ай өтті – Жаяу Мұса тас түрмеде, Таланып қандалаға, аш бүргеге. – Оязға арыз айдап несі бар, ей, Шығарған өз үкімін қашқын неме! Тар қапас, темір тордан терезесі, «Пендеге пенде болған» деген осы. Есіңнен тандырардай ер егесі, Ережесіз ғұмырдың ережесі. ...Сонымен тас түрмеде Жаяу Мұса, Көңілі көп тобырға қаяу Мұса. «Көлденең көк атты» деп ойламаңдар,

Сезімі сергек,
жаны ояу Мұса.
Өрт болып өзегінде лаулап арман,
Тағдыр бұл –

тасқа барған,
тауға барған.
Ғұмыры қосылмайтын соқпақтары
Шорманның ұрпағымен дауға қалған.

Осында ұры-қары,
қашқын көші,
Тобылдың тор терезе,
тас түрмесі.

Тамсанар талантыңа орын емес,
Қан сорар қандаласы,
аш бүргесі.
Көктеген көктем сайын көп өлеңнен,

Бүр жарып кетсең сен де көгерер ме ең?

– Ақынды абақтыға айдатқан кім,

Түрмеге Жаяу Мұса неге келген?
Сайраған бұлбұлы еді жыршы бақтың,
Көңілдің көк толқыны тыншып ақтың.
Байжанның баласының өлеңінен

Жауабын бірге іздейік бұл сұрақтың:
«...Сәлем айт көп Қаржастың баласына,
Қалдым мен Мұстапаның жаласына.
Әкеңді өлтірген кім – мен білмеймін,

Сонда да құнын менен аласың ба?
...Тобылға он екі жыл мен айдалдым,
Артымда, елім, жұртым, бәрің қалдың.
Адамға еш жазығым жоқ болса да

Нақақтан жазаландым,
көп сандалдым».

Зауалды басқа берме,
құдай тағы,
Шырайын шындығыңның жыр айтады,
Жыр айтса жанымызды мұңайтады.

– Елім! – деп еңіреген елік көңілі

Өлеңді Жаяу айтпай кім айтады?..
Көкке ұшқан көңілінің қазы міне,
Алаштың баласының азығы де.
Құса күн қаяу қонған қабағына

Мұсаның Жаяу болған жазығы не?
Тазалап зарлы жүрек,
мұң көңілді,
Ақбеттің ар жағынан күн көрінді.

Баянтау!
Барыңды жай алдымызға,
Жасыбай,
жасырмай айт білгеніңді.

Өткеннің түгендейік қай наласын,
Жұртым-ай,
бір шеңберді айналасың.
Азапқа азаматты байлағасын,

Ақынды абақтыға айдағасын.
Емес-ті елі бөтен,
жері бөтен.
Жезқанат жез маралдай желіп өтем.

Мұсаға Жаяу атын қосып беріп
«Жаяудың шаңы шықпас»
деді ме екен?!.
Зулашы!

Керуен-күн, тоқтамашы,
Ақынның әлімсақтан жоқ бағасы.
Шорманы орманына қорған болған
Қаржастың қаршығадай көп баласы.

Көңілде қайырлаған қайран күйсің,
Қайрылсам қайырмаңа пайдам тисін!
Екі бас бір қазанға сыймағандай
Бір елге екі Мұса қайдан сыйсын!

Келе алмай кей жақсымен келісімге,
Келтелеу ой болған соң
кегі ішінде.
Әке – Шорман,

ағасы – Мұса мырза,
Бір тентек жүрген шығар ел ішінде.
Қорлыққа көнбес еді,
күші аса емес,

Жаяудың көрген күні –
қысас,
егес.
Сол маңның содыр мінез

сойылшысы –
Шорманның Мұстапасы,
Мұсасы емес.
Жаяудың көрген күні –

түрме,
дырау,
Арты қайыр боларын білмедің-ау.
Ақ самал аңқылдайды ақын мінез,

Ел мынау,
сөгілмеген ірге мынау.
Алдыңда сенің жарық күнің көрер,
Құлаққа құбыладан үнің келер.

Тас шайнап тарланбозым
түрмеде отыр,
Түндігі көңілінің түрілген ер.
Өлең боп өріс тауып өмірі алдан,

Көгерткен көңілінің көгін арман.

Ары боп Ақбеттаудың ақын өткен Аттыдан жаяу жүріп кегін алған. Санаңды сарғайтатын сан алаңы, Шабытпен шалқарларым шағалалы. Бұл дүниә – әлімсақтан қазақ үшін Атты менен Жаяудың аламаны. Жаяу толқын, Жаяу күн, Жаяу арна, Жапырағымды жайқалтып жаям алда. Дара туған алыптан айналайын, Жаратылған жарықтан Баянаула! ІV ...Баян Баян болғалы, Көкалалы көп үйрек Көліне кеп қонғалы, Сан жыршылар жырлады, Сан ақындар толғады. Торсық шеке ұландай Толып туған толғағы. Шың басында қырандай Айналаны шолғаны. Биікке алып шығардай Соқпағы мен жолдары. Құла дүзде құландай Құйындатса – сол бағы. Қасиетіңді ұға алмай Сорламасақ болғаны. Ұлтымызға ұрандай Ұлы дала қорғаны – Сен аман тұр, Баянтау!

Жапан дала,
құла дүз,
Тұна қалған жыр-аңыз.
Бұл өлкенің өткенін

Мына бізден сұраңыз.
Баян,
Баян,
Баяным,

Сарыбелде саялым,
Атырабыңды аялап,
Жапырағымды жаямын.
«Елім-айлап» ел көрдім,

Сергелдең боп
сенделдім.
...Ай артынан ерген Ай
Күн артынан ерген Күн.

Баянауыл – ән басы
Қазақ үшін қашаннан.
Тағдырымның таңбасы
Тастарыңда қашалған.

Сен аман тұр, Баянтау!
* * *
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған...
«Күлтегін» ескерткішіндегі жазу

Сау тұрғанда қара жер,
көгім,
күнім,
Өріп берем өлеңмен өмір гүлін...

Баян жайлы аңыз көп осы өңірде,
Баян еткім келіп тұр соның бірін.

Арай сүйіп аймақты
Ар тұнғандай,
Шұғылаға шуағы шарпылғандай.
Адам-Ата – Хауа-Ана кезікпей-ақ

Қасиетті қара жер бар тұрғандай.
Өткені – өлең Баянның,
сыры – ертегі,
Онсыз қазақ қалайша күнелтеді?

Адамзат аз,
құрлығы саз заманда –
Екі қауым ел жайлап бұл өлкені.
Жаз кеп қалып,

соңынан күз кеп қалып,
«Сен...» деп қалып бір-бірін,
«Сіз...» деп қалып,
Екі қауым ел жайлап бұл өлкені,

Ғұмырының баянын іздепті анық.
Тірлік шіркін көкпар ма,
аламан ба?
Адам кейде ұқсайды жаралы аңға.

Шұрайлы да шырайлы жерді көріп
Екі қауым басыпты:

– Мен аламға...

Таласыпты көркіне таңдай қағып,
Таңдай қағу аяғы
дауға айналып.
Алақандай атырап дауға айналса,

Егіз жатқан екі жұрт жауға айналып.
...Қасиетіне бас иген қатынасқан,
Бөлекшелеу жаралған заты бастан.
Осы өлкеде көріктің көрігіндей

Аппақ Ана болыпты ақылы асқан.

Ақиқатын айтайын сөз бергенде ел,
Таразылап өздерің
безбендеңдер!
Аппақ нұрдан жаралған Ақ Ананы

«Бай Ана» деп атапты көз көргендер.
Аян болып бұл талас аумағына,
Батырына сұрапты сауғаны да,.
Игі-жақсы жиылып Бай Анадан

Кесім сұрай келіпті дауға мына.
Бізге жеткен осылай толғақ аңыз,
Санамызда сарғайтпай толғанамыз.
Ақ самалға сүйгізіп ақ жаулығын

Арналы сөз бастапты сонда Анамыз:
«Ай, ағайын, абайла!
Мәмілеге дау көнбесе
Айналады дамайға.

Бірлігіңе ендеше
Бітім керек қалайда.
Палуандарың белдессін,
Жамбы ату да – қиын сын.

Ел сонымен елдессін,
Жер жеңгенге бұйырсын!»
Айтып өмір өлеңін,
Жұрт тарапты мамырлап.

Ақ Ананың дегенін
Ақ батадай қабылдап.
Байламды ойдың байыбы нұр естіріп,
Көңіліне көгершін ілестіріп.

Екі қауым жүйрігін жарыстырып,
Екі қауым палуанын күрестіріп.
Жазирасы жаһанның жалғап қызық,
Кеш батқызып,

содан соң таңды атқызып.

– Жеңгендерің жерге ие боласың, – деп

Мергендерін сынапты жамбы атқызып.
Ай сығалап Алаштың түндігінен,
Екі қауым байланған кіндігімен.
Күн артынан керуен күн жылжысын –

Асып кете алмапты бір-бірінен.

Тірелген соң тұйыққа тұйғын ері,
Бірін-бірі ала алмай шүйлігеді.
Шетен даудың шетіне шығар емес
Жақсылары екі елдің,

игілері.
Қайырламай тірліктің кемесінде,
Қарсы жүзіп толқынға келесің бе?
Шешімімен,

кесектеу кесімімен
Қалды мәңгі сол аңыз ел есінде.

– Ертеңі бар елміз ғой,

өсер егіз,
Толып тұрған жазуға пешенеміз.
Бай Ананың ауылы болсын мәңгі,
Көгермейді дауменен көсегеміз.

Кең өлкенің ырысы жатар асып,
Емес бізге дау-дамай ата кәсіп... –
Бай Анаға баянды болсын айтты
Батар кеште екі жақ баталасып.

...Төбел күнде төсінен күй ұққасын,
Бабаларым бауырыңда ұйықтасын!
Бай Ананың Баянды ұрпақтары
Баянтауға өтеді иіп басын.

Іздегенде мұхиттан мұрамызды,
Құба жонды қиялап,

құла дүзді, Баянаула, БАЙ АНА, Баянауыл... Тарқатайын осылай бір аңызды. V ...Басыңнан өтті білем тасыр заман, Көгінен қара нөсер басылмаған. «Ақ сиса» – ән биігі қазақтағы, Зұлмат пен зорлығыңа бас ұрмаған. Баянтау – жер асылы, жыр тәңірі, Шындыққа шырай беріп шырқар ұлы. «Ақ сиса» – толқын-толқын керуеннің Басынан көкке ұмтылған сұңқар үні. Жалғассам жалғаныңа жалған дер ме, «Ақ сиса» – аққу әуен арман көлде. «Ақ сиса» – жаяулықтың жармасқаны Аттының шаужайына жан дәрменде. Жаралған – бір білерім – дала нұрдан, Самалы айналады саналы ұлдан. «Ақ сиса» – ақ дүниеге іңкәр болып Өнердің өр толқыны жағаны ұрған. Самсаған сары белдің санатында, «Ақ сиса» – ән ішінде дара тұлға. «Ақ сиса» – қарашада қайтқан қаздың Арман боп сусылдаған қанатында. Аттылар қай кезде де асқан заман – Жаяудың жанарынан жас парлаған.

«Ақ сиса» – Байжанұлы бабамыздың
Рухы Ақбеттаудай аспандаған:
«...Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар қамзол сұлу белін қиса.

Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса?

Жиылып орыс, қазақ қашқын дейді,
Көрермін ақыр бір күн күнім туса.
Жаныма батқандықтан ашынамын,
Мен неге жаяумын деп басыламын?!

Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,
Қорлығын Мұстапаның паш қыламын...»
Жаяудың көрген күні
құса, нала,

Қанатсыз биікке құс ұша алам ма?
«Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса...»
Соны ерте сезініпсің,
Мұса баба.

Қасиет табылады қай арнадан,
Айдынға қайық салса аяулы арман.
Шорманның Мұстапасы атын алса,
Мұсадай «Ақ сиса» ақын жаяу қалған.

Ай нұрын аялаған асыл күйдің
Рухынан от оранып,
жасын кидім.
Аттыны ат үстінен домалатқан

«Ақ сиса» аруағыңа басымды идім.

* * *
1840 жылдардың екінші жартысынан
бастап Баянаула түгелдей Орыс
казачествосының запас жеріне айналды.

Қыс қыстау, жаз жайлауы тарылған
Шорман тұқымының Айдаболдың
Малқозысымен, Жаяу Мұса елімен
егесінің басталған кезі осы тұс.

Өткеннің өксігінен жаным жүдер,
Өлеңім, өзекті өрте,
бағымды бер!
Сен неге жар салмайсың, Жасыбай көл,

Сен неге толқымайсың, Сабынды көл?!
«Ақ сиса» – арман дүние,
жыр-аңыз де,
Шындықтың шырайына шырақ ізде!

Бабалар өшкен, өлген,
өскен-өнген –
Талатын құс қанаты құла дүзде.
Бұл өлке ақынынан жыр күткендей,

Көңілдің көп құстары дүрліккендей.
...Шорманның қыс қыстауы – «Қызыл ағаш»
Ішіне мәңгілікке сыр бүккендей.
Жүгінген құдіретке Құран ұстап,

Бабалар тастап кеткен мұраны ұқсақ...
Қызарып батқан күнді
«Қызыл ағаш»
Тұр әлі қимастықпен шығарып сап.

Ақынның айналғандай мұңдасына,
Қыраны ұя салған шың басына.
Сен әлі мөлдірейсің, Шорман бұлақ –
Сыр айтып ақ қайнардың тұнбасына.

...Тарихтың аршылатын көмбесінде,
Тұлпардың тұғырында,
кермесінде.
Ел ауған, қайың сауған сонау жылдар –

Күй тұнған домбыраның пернесінде.
Сонау жыл – жарық күннің жамалында,
Көк аспан,
қара жердің жанарында.

Тоғыз түн толғатсаң да таусылмайтын
Қобыздың қасиетті шанағында.
Жарық күн жандарына жара салған,
Кезің жоқ, мәрт бабам-ай,

аласарған.
Қалың қол ат ойнатып,
казак келіп –
Баянның баурайына қала салған.

Сайлап ап бес қаруын
жарақталған,
Қалың қол ауылды алған,
алапты алған.

Атойлап ат ойнатқан атаманға –
Тосылып қыр қазағы қарап қалған.
Уақыт – жемтік болса,
Заман – қарға,

Бағдар жоқ оң мен солды бағамдарға.
Қаржастың қалың елі
бағым еді,
Жайлауы тарылған соң амал бар ма?

«Арқада бір құтым бар – Мұса, Шорман,
Ежелден келе жатқан ескі қырдан».
Сал Біржан әнге қосып әуелетсе,
Кең алқап керілетін кешкі нұрдан.

18-266

Айнымай ай санаған ықыластан, Күні жоқ ағайынмен шытынасқан. Арқаның Мұса, Шорман құты болса – Қалайша қас қағымда құты қашқан? Көңілің көп құстарын көлбеткенде, Қалады мейірімге шөлдеп пенде. ...Баянға орыс-казак жиылып кеп – Қала сап, қада қақты сол көктемде. * * * Ай, Баянымды алғаны – Сая күнді алғаны. Саялымды алғаны – Аяғымды шалғаны. Баянтауды алғаны – Жасыбайды алғаны. Жасыбайды алғанда – Басыбайлы алғаны. Кім сұрайды сауғаны, Қалың мұңың – шер ме еді?.. Ақбеттаудың таулары, Сабындының көлдері... Қыран көрдім ұшырып, Құзға барып құлады. «Қызыл ағаш» қысылып, «Шорман бұлақ» жылады.

VІ Аздың да ісі бітер ме, Көптің де ісі жетер ме, Көп ішінде бір жалғыз Сөйлеп те сөзі өтер ме?.. Бұқар жырау Қанатсыз құс биікке ұша ма екен, Аяғын кім жүйріктің тұсады екен? Айдап алар малы жоқ өрісінде, Көп ішінде бір жалғыз... Мұса ма екен?.. Өткеніңді тастамай күресінге, Күй күмбірлет! Күндердің күнесінде. Бай Ананың кезінен Баянтауда – Бақыт құсы ұшып жүр, білесің бе? Бұлағай күн бұзса да көңіл хошын, Өрге тіккен өрені өмір қосын. Мұса, Шорман өрісі тарылғаны – Өрт шалғаны, дариға-ай, ел іргесін. Кер күндер-ай, керілген кермедейсің, Тереңімді тербетіп, тербегейсің. Сен не дейсің, Ақбеттің асулары, Ащысудың өзені, Сен не дейсің?!.

Түгел сөзің түбі бір...
түс,
аңыз ба,
Қанат байлап, білмеймін,

ұшамыз ба?
«Ақкелінге қалашық тұрғызам...» деп
Жоғарыға хат жазған Мұса мырза.
Мына хаттың мәнісін жұрт аңдады,

Көңілінің жер тарпып тұлпарлары.
Атамекен – Ақкелін,
Ақшоқысы –
Айдаболдың Малқозы бір тармағы.

Алағайың туса да
бұлағайың,
Мынау мекен атадан мұрадайын.
Ақшоқыда ашынды бір қауым ел:

– Қалай ғана басынды бұл ағайын?..

Ұшып жүрген басының бағы айнала,
Айдаболға Ақкелін – арай дала.
Арқадағы асылдың сынығы еді,
Мұса, Шорман басынды қалай ғана?

Елге егесті туғызған
жанға дауыл,
Бұл сынақтың –
білгенім – салмағы ауыр.

Жараса ма қайтадан ағайынмен
Қарашада күзеуде қалған ауыл?..
Қапаланса қалың ел –
қарындасың,

Шыдам қалай шытынап
жарылмасын?
«Қайда болдың?..» дейтін де сауал туар –
Айдаболдың айдыны тарылғасын.

Айдау жолға шиқылдақ арба шықты,
Ай, заман-ай,
жауыр тай жорға шықты.

– Мен де үй салам ол жерге Мұса салса... –

Мұстапасы Шорманның ол да шықты.
Есеңгіреп ел іші...
қалды бәрі,
Жапандағы жартастар жаңғырады.

– Айдаболдың айбалта ұстайтұғын

Айналайын ағайын, бар ма ұланы?!
Сынаққа алар тұл тағдыр талай ұлды,
Аямай төк,
Ақбеттау, арайыңды.

Орыс-казак олжаға батты білем –
Қырқыстырып қырдағы ағайынды.
Солдан соқса сол дауыл – сор айнала,
Өкпек желі өткеннің...

солай, бала.
Олжабайдай батырдың ұрпақтары
Олжа бола қоймайды оңай ғана.
Мұң шақпайсың сен неге, мұнар далам,

Шыңдарыңда шалқиды шырағдан-ән.
...«Ақ сисалап» араңнан ақын өтті
Ұлтарақтай жері үшін ұрандаған.
Ақбеттаудай,

Жасыбай,
Баянындай,
Қайдан тапсын тірлікте сая мұндай.
«Ақ сисалап»,

арындап,
аршындады
Жаяу Мұса жарқылдап жай оғындай.

Үмітінен үзбеді бар күдерін,
«Ақ сисада» ашығы әңгіменің.
Ән шалқытып Алаштың аспанында –
Жаяу жүріп аттыдан алды кегін.

Не қалады шайқалса тұнығыңнан,
Ақшоқының апшысы қуырылған.
Кіндік кескен жер үшін
сонда ақынның

Қынаптағы қылышы суырылған.
Кесір күндер кеткен жоқ кекке айналып,
Өшкен ғайып, дүние-ай,
өткен ғайып.

Сәлем айтып Қаржастың баласына –
Тобыл жаққа сол ақын кетті айдалып.
Қасиетім қалың ел – тұтас орман,
Өткеніңді өрт шалған

құса,
сордан.
Сен аман бол,
«Ақ сиса» – Жаяу ақын –

Арқадағы бір құтым Мұса, Шорман.
Ақбеттаудан абайсыз нар құлады,
Жартас біткен соны айтып жаңғырады.
«Кімдер жаяу қалмайды зорлық қылса...»

Жаяу Мұса...
«Ақ сиса» – Ардың әні...

* * *
Тоқсан төртте жасым бар,
Енді жүрек басылар.
Мені жүргелі жатырмын,

Қоштасайық, халқым-ай!
Еңбегім сіңген Ақшоқым,
Содан орын қазыңдар...
Жаяу Мұса

Алас!
Алас!
Алас күн!
Гәкку саздар – толы әні.

Айдынына Алаштың
Аққу-қаздар қонады.
Талапайға түстің бе,
Талайыңнан қаштың ба?..

Қара жердің үстінде,
Көк аспанның астында.
Шырағыңа білтемін,
Шақпақ жақсаң лаулаған.

Қазақ деген жұрт едім
Аққу-қаздан аумаған.
Тағдырыңа алаң кім,
Туған жердің тұнығы.

Жаяу Мұса бабамның
Тоқсан төрт жыл ғұмыры.
Көктем көктеп...
күз келген

Баянаның таулары.
Ақшоқының біз көрген
Алақандай аумағы.

Қазақ үшін –
білгенім –
Баянаула – бақ отау.
Ашық болсын күндерің,

Қаратау мен Алатау.
Тарқамайтын тойым ең,
Ұлы дала қорғаны.
Үш Қиянның бойы мен

Қызылжардың орманы.
Өзегіндей өмірдің
Өлеңімді өргенмін.
Киесі бар жерімнің –

Иесі бар...
Сол – менмін!
Шайқалмаған ырысы,
Сөнбейтұғын жақса оты.

Бұл қазақтың –
дұрысы –
Әр шоқысы – Ақшоқы.
Желпілдемей түндігі,

Тірлік кешкен жасымай.
Бұл қазақтың –
шындығы –
Әр өзені – Жасыбай.

Жаудың шықса жат үні,
Қорғап ата мұраны,
Жаяу-жалпы ақыны
Алдаспан боп шығады.

Тұнық көлдей тұнамын,
Жерұйығым...
талас көп.
Күнге қарап тұрамын:

– Алас!

– Алас!

– Алас! – деп.

Жаза алмаймын жарқын жыр,
Тамылжымай таң нұры.
«Ақ сиса» боп қалқып жүр
Бар қазақтың тағдыры...

Соңғы сөз немесе
Жаяу Мұса ауылы
Баянауыл бауыры,
Ақбеттаудың етегі.

Жаяу Мұса ауылы –
Тектілердің мекені.
Қапияда қапылдым,
Сырын тыңдап сол маңның.

Атын алған ақынның
Мұстапасы-ай Шорманның.
Көкірегі жыр-көрік,
Кұшақ жайған бауыр көп.

Жаяу Мұса жыр болып,
Жаяу Мұса ауыл боп.
«Ақ сиса» ақын,
арың ба,

Айтты бізге сол әнің –
Жаяу Мұса барында
Мұстапалар боларын.
Сансыраған санам мұң,

Саңырау боп сорлайды.
Бұқары жоқ заманның
Абылайы болмайды.

Өтер,
өтпес бекер күн,
Жапырағымды жаям да.
Мен келермін,

кетермін –
Баян іздеп Баянға.
Көкірегі күй далам,
Айналайын, Ар мекен!

Ақындарын қинаған
Қазақтай жұрт бар ма екен?!
Тартып туғам тегіме,
Оман жұрттан ой аулап.

Жаяу Мұса еліне
Келем талай жаяулап...
Сал-серіге лайық
Сарыарқаның сауыры.

Қалды артымда мұңайып
Жаяу Мұса ауылы...

ҚАРА ОРАМАЛ

(Поэма-реквием)
Жамандық жасасаң да,
жақсылық жасасаң да жауапсыз қалмайды.
Ахмет Игүнеки

Шындыққа жеткен адамға емес,
оны іздеп жүрген адамға сеніңдер.
Андре Жид
«...ГУЛАГ құрылымындағы ең үлкен сала

– Қарағанды еңбекпен түзеу лагерьлері

(Қарлаг) 1931 жылы 19 желтоқсанда ОГПУ –
ҚазИТЛАГ-қа қараған «Гигант» совхозының
негізінде құрылды. Орталығы Қарағанды
облысының Долинка селосында орналасты...»

«1939 жылы НКВД-ның 42 лагерінің ішінде Қарлаг
тұтқындардың саны жағынан КСРО-да
тоғызыншы орын алған».
(Дерек көздерінен)

...КСРО НКВД лагерьлерінің Бас
басқармасына қарасты қапастар мен
түрмелерде жалпы саны 4 миллионға
жуық сотталғандар отырса, олардың 1-1,5

миллионнан астамы Қарлагтан өткен. Жалпы
ГУЛАГ-тың құрамында 61 лагерь
болса, Қарлаг – соның ең ірілерінің бірі.
(Д. Шаймұханов, С. Шаймұханова.

«Қарлаг». 19-бет)
Қарағанды лагері
Дүр сілкінтер дүниенің дүрмегі ауыр,
Күнде дабыр бұл тірлік,

күнде дауыл.
Алаш жұрты
азаптың аралы ма,
Қарағанды лагері –

бұл не лагерь?..
Сарыарқаның қойнауы мәңгі жасыл
деп ойлама, ерке қыз,
қаңғыбас ұл!

Сен де міндің келместің кемесіне –
Қанды қасап жасаған қанды ғасыр!
Ғалам да алаң өткенге,
санам да алаң,

Көңіл айтсын адамзат
саған, далам!
Қарағанды лагері –
қара түнек –

Қарағанның түбінде қараңдаған.

Қалмаса да зұлымдық мәңгі жасап,
Қиямет-қайым – көргенім
қанды қасап.
Жиырмасыншы ғасыр сол

алшаң басқан –
ГУЛАГ архипелагын алдына сап.
Қарағанды,
Қазақтың қара нары,

Самал әні сарнайды
саған әлі.
Жұмыр жерде жұдырығын ішке түйіп
Сталиннің өріп жүр балалары.

Арғымағым,
арда едім,
арыдым де.
Қадірлімнің таба алмай қабірін де.

Сталиннің вагоны музейде тұр –
Қаңқасынан қан саулап әлі күнге.
Ұрпақ мынау өткеннен не біледі?
Сүйегімді сол сауал кеміреді.

Қарағанды лагері –
қаралы өлең,
Есіл,
Нұра – егізім егіледі.

Зар айтады,
қан құсып көкірегі,
Жетім желге қосылып жетігені.
«Жалаңашкөл»,

АЛЖИР боп
шашын жайып –
«Степлагы» Кеңгірде өкіреді.
Басы бардың бақ тұрмас бар баяны,

Арулардың арман боп ардай әні.

Көктіңкөлі қос қолын көкке жайса,
Сарысудың өзені сарғаяды.
Ірің толған ібіліс реңінде,
Будақ-будақ бұлт көшкен бұл өңірде.

Қарағанды лагері –
қара таңба
Жиырмасыншы ғасырдың жүрегінде.
Кешіріңдер,

жан аға,
ақ аналар,
Сағаналар сөйлесін
бағаналар.

Жиырмасыншы ғасырдың басындағы
Қарағанды лагері –
қара орамал.

* * *
Сарыбелдің сарнаған самалынан,
«Ерім-айлап» көшірді дала бір ән.
Қан сорғалап тұратын балағынан,

Сонау күннің түнерген қабағынан,
Қаралы жұрт –
қара орман,
қаралы маң.

Жалқын іздеп жарықтың жамалынан,
Қара қобыз зар құсса сағағынан,
Тасы тисе тағдырдың тасадағы
Жас ағады жылдардың жанарынан.

Сол жылды айтсам тартады сол қабағым,
Зорланамын
батқандай сорға қалың.
Оты бардың оқимын ойлы хатын,

Тотылардың естимін тордағы әнін.

Топан кірді түсіме...
толған ағын –
Долы өзеннің осынша долданарын...
Қаратаудың басынан шыққан көштің

Арбасының көргенмін доңғалағын,
Тағдыр деген, қайтейін, сол, қарағым...
Ей, ескен жел,
қайғымды еселеме!

Ескертпедің ес болса кеше неге?..
Көгеретін кезікпей көсегеңе –
Ақ тілекті жолыма төсе, деме!
Ерте өле ме бұл пенде,

кеш өле ме,
Бодан күнен қалғаны – бос өнеге,
Тағдыр жазса көнесің пешенеңе...
Беу, Сарыарқа!

Салқар көш сабыр еді,
Сағыныштан жаралған сағым елі.
Асу-асу бел еді,
шағыл еді,

Арғымағы
арманның ақ үлегі.
Аппақ құсым қанатын қағып еді,
«...Абылай аспас Арқаның сары белі»

Бастап кетті, білдің бе, тағы нені?..
Барқытбелден асырып таңдарды алға,
Сарқыт берген сай едің сардарларға.
Жұмыр жерсің сен де енді қан жалаған –

Ғұмыр берсін дейін бе қалғандарға...
Мынау заман қай заман –
қай-қай заман –
Үзік-үзік үмітің жалғанғанда...

...Жайық үшін жаулассаң жазығың не –
Еділ үшін егессең арман бар ма?!

Қасірет кешті адамзат,
мұң қаптады,
Көздің жасын көп күндер құрғатпады.
Бұлдыр-бұлдыр дүние көз ұшында

Құйрығындай түлкінің бұлғақтады.
Жұмыр басты пендені жұтып жатты
Шындық өлген кезеңнің шым-батпағы.
...Қарағанды лагері –

«Қарлаг» емес –
Қара ниет қоғамның ЗҰЛМАТЛАГЫ.
Қатарына жатқызса жазалының,
Кімге керек адалдық,

тазалығың?..
Зар илетіп заманы
қан жұтқызды –
Орыс,

неміс,
жебірей,
қазақ ұлын...
Шалқар әні – шарығы ажалының,

Тарқағаны осы ма базарының?
Қиямет-қайым туғанда
пенде біткен –
бірге айтады екен ғой АЗА жырын...

Жылымық жыл көтерген жыр байрағы,
Зымыран күн төбеңнен зулайды әрі.
Құлағы жоқ құбыжық
қоғам сынды –

тұрағы жоқ бағың да тұрмайды әні...
Жусан, көде,
ырғалған ырғайлары,
Ішке түйген талайды сыр қайнары.

«Қарабаста» қара ағаш қобыз шалса,
Сыбызғы боп сарнайды қурайлары...

«Қарлаг» қақпасы
Қарабаста...
талай тұтқын асылған дар ағашқа,
талай тұтқын таласқан шамалы асқа,

талай жендет қан ішкен қара қасқа...
Қарабаста...
Ал сен, бала, білмесең жағаласпа!
Айналғанмен кең орын, кен орынға,

Жер орында тұрса да, ел орында –
Қолтаңбасы сол кездің вокзалында –
керзі етіктің ізі бар перонында.
Ғасыр дағы...

«Қарабастың» қабағы ашылмады,
Түске кіріп сан ұлттың асылдары.
Қоңыртөбе*
қоңыр бір күйге түссе,

Шерубай-Нұра** шер шертер қасыңдағы.
Арқа жақта...
Шалғынына аунай бер шалқалап та!..
Жапа шеккен жазықсыз сол миллион –

«Қарабастан» тараған шартарапқа.
Қарабаста...
тұтқын да жоқ,
жендет жоқ,

дар ағаш та.
Қарғыс айтар Қарабас
қараңғы ойға –
Адамзатқа мың алғыс,

Нар Алашқа!
...Жол түскенде келіп тұр Қарабасқа...
1 Қоңыртөбе – «Қарлаг» орталығы саналатын Долинка посел­ке­
сінің бұрынғы атауы

2 Шерубай-Нұра – өзен аты
19-266

Ахметжан Сармантайұлының «58-статья» күйі
...Зар, зар заман, зар заман,
Зарлап өткен тар заман.
Буыршынды тайдырған

Жағалауда жар жаман.
Өсек өрті қаулаған,
Дабыралы дау жаман.
Жауын жаман жаумаған,

Жау жоқ жерде жау жаман.
«...Қыс артынан жаз келер,
Құс алдында қаз келер».
Домбырамды қолға алсам,

Сағынышты саз келер.
Ерттеп міндік кер күнді,
Шыбын жанға шер тұнды.
Домбырамды қолға алсам,

Шемен болып шертілді.
Бақ қонбаса қасыңа,
Ей, көңілім,
жасыма!

Айыр тілді жыланның
Ақ құяйын басына.
Асқаны жоқ,
тасқаны,

Дүрбелеңде жас-кәрі.
Қала ма екен бәрінің
Бір белеңде бастары?
Сөзінің жоқ киесі,

Елінің жоқ иесі.
«58» атанған –
«Статья» күйі осы...

Қызжылаған
Ізетпенен жасамай ізгі қадам,
Қарындасын қорлайды
құзғын,

арам.
«Жалаңашкөл» жағасы – «АЛЖИР» лагерь –
Қазақша аты ол жердің – Қызжылаған.
Енді кімге кезігер долы дауыл,

Қаралы күн қаққанда қоңырауын.
«Жалаңашкөл» жанында қыз жылаған –
Орап алып сүт аққан омырауын.
Ғазауатқа кезігіп ғасыл қайық,

Қырдан асып кеткелі ғасыр ғайып.
Аза бойды қаза ғып Ана біткен –
Аңырайды АЛЖИР-де шашын жайып.
Адамзаттың аймаңдай ары осында,

Рахиль Плисецкая...1
нанасың ба?!
Бейімбеттің қой бақса Күлжамалы –
Рысқұлов Тұрардың жары осында.

Айдыны жоқ аққудай расында,
Жазбай жатып үзілген жыр осында.
Сұлулық пен нәзіктік атаулының
Тілім-тілім еріні...

жүр осында.
Шығасыға басшылық иесінен,
Айырылмайын сөзімнің жүйесінен.
Адамзаттың аққуы аналар ғой –

Қорықпайтын қай қоғам киесінен.
1Рахиль Плисецкая – совет актрисасы, КСРО халық артисі, әйгілі
балет бишісі Майя Плисецкаяның анасы

­Мұндай зұлмат кім көрген жеңіл ойлы,
Бастап кешіп келсек те не дүлейді.
Қазақшасы бұл жердің – Қызжылаған,
Қыз жыласа...

дүние еңірейді.
Арын төксе анаңның
құзғын,
арам,

Жүргеніміз не керек біздің аман?!
Көз жасына ескерткіш – «Жалаңашкөл» –
қазақшасы АЛЖИР-дің – Қызжылаған.
Қызжылаған...

Ирина Борхманның
«Үзілген сапар» картинасы
...Жел жұлды шашын шалғынның,
Тіршілік біткен жалаңаш.

Тезіне түскен тағдырдың
Жапанға біткен дара ағаш.
Өмірді сүйген ұлы өнер,
Алысқа жеткен атағы.

Түсіне енсе
түнерер –
Штарнберг шаһары...
Күндердің кез боп кермегі,

Үзілген үміт
тоңады.
...Гуілдеп соққан желдері,
Уілдеп соққан бораны.

Ақ түтек кешті,
адасты,
Қаламы қоса қартайып...

Жапырақсыз ағаш жар асты
Жападан-жалғыз қалқайып.
Қапаспен қалай арбасып,
Жарығын көрмек жалғанның?

...Қара жолды да қар басып –
Қарасу қатып қалған күн.
Суретші әйел сүргінде,
Талантын қоса соттатқан.

Күндердің түсі күлгін бе –
«Просторныйда»1 от жаққан...
Лайық еді құрметке,
Күндері күмән,

күдікте.
...«Үзілген сапар» сурет пе –
Үзілген әлде үміт пе?..
1 «Просторный» – Қарлаг нүктесі

«Мамочкино моласы»
Бұл молада «Қарлаг» тұтқындары –
әйелдер мен балалардың мүрделері жерленген.
Зират Қарағанды облысы Абай ауданындағы

Жартас кентінің аумағында. «Қарлагта»
ересектермен бірге «халық жауларының»
балалары да мерзімдерін өтеді. Жаңа туған
балаларды аналарынан тартып алып,

Балалар комбинаттарына тапсырады.
Оның да вахтасы, қақпасы бар. Барактары
және тікенек сымдары кәдімгі зонадан еш
айырмашылығы жоқ. «Қарлагта» осындай

жеті мекеме болған. Мұрағат деректері
бойынша, мұндай үйлерде балалар өлімі өте
жоғары еді. Мәселен, 1941-1944 жылдары
924 бала, ал 1950-1952 жылдары 1130 сәби

опат болған...
* * *
...Кімге ол күннің обалы?
Балалығын ұрлады,

Қызықтарын тонады.
Ессіз ғасыр адамзаттың алдында –
Жауап берген жоқ әлі.
Көкті кезіп кеткен кезде жыр құсым,

Мен олардың танып алғам түр-түсін.
«Мамочкино моласынан» естимін –
Сақ-сақ еткен сәбилердің күлкісін.
Аңызақта арай тілеп күнсіген,

Көктемдегі көк шыбықтың бүршігі ең.
«Мамочкино моласына» жеткенде
Сақ-сақ еткен сол күлкіден түршігем.

Сол маңайдан естимін де тосын ән,
Тосын әнге қосыла алмай тосылам.
«Мамочкино моласының» қасында
Сақ-сақ еткен сол дыбыстан шошынам.

Тайғақ кешіп,
тағдыр біткен тайғасын,
Аяр қоғам асырады айласын.
...Бірігуге ұран салған сол күнде –

Барлық елдің пролетары, қайдасың?!.
Дыбыстарын жұртқа естіртпей былайғы,
Қарғамай-ақ қоғамды да,
Құдайды.

Жартастағы «Мамочкино моласы» –
Сақ-сақ етіп күледі де жылайды...
Қол бұлғаңдар!
Сол сапарға ермеймін,

Саны келіп,
саны кеткен мендейдің.
Сай-сүйегім сырқырайды жоласам –
Енді қайтып бұл маңайға келмеймін...

...Жартастағы «Мамочкино» моласы.
Гармоншы. 1973 жыл
Көздерінің шарасының
Қайғы тұнған түбінде.

Қарағанды қаласының
Қарақаттай түнінде.
Термелетіп,
мақамдамай,

Аңыратты арманын.
Гармонь созған татар малай –
Бірге естиік қалғанын:

«...аппақ түтек айналамда,
Қайда жетем қонаға?
«Майқұдықта» май боранда –
майшам жақсам бола ма?

Жырламас ем
оянбасам –
Аналарды қадірле!
Жарты Ай қадап қоям қашан

«Жартастағы»* қабірге?»
Өтіп жатыр қарап бәрі,
Мұңлы әуен бұл...
ұнай ма?

Балалық шақ барактағы –
Еске түсіп жылай ма?
Өмірі өтер сұраулы ғып –
ағынан көп қарасы.

Тұтқын емес
мынау жігіт –
Сол «Қарлагтың» баласы.
Неткен қатал өмір еді

Өтіп жатқан
жосылып.
Татар малай егіледі...
Гармонына қосылып.

1«Жартас» – лагпункт нүктелерінің бірі

Тас пен ас
...Бірде қыстың таңында біз Жалаңашкөлден
қамыс будаларын арқалап келе жаттық.
Жолда жұтаң киінген жергілікті адамдар

кезікті. Қастарында балалары бар. Үлкендер
бізді көрген соң сәбилерге қарап бірдеңе
айтқаны мұң екен, балалар бізге қарай тас
лақтыра бастады. Айдауылдар: «Сендерді

Мәскеуде ғана емес, адамзат баласы
жек көретінін байқадыңдар ма?» – деп
қарқылдап кеп күлсін. Тұтқын
әйелдер: «Бұлардың балаларға берген

тәрбиесі осы ма?» – деп налыды.
Мен әлгі тастардың біріне сүрініп құлап, дәл
алдымда жатқан тастан сүт пен ірімшіктің
иісін сезгендей болдым. Шетінен тістеп

көрсем, дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп,
тастарды теріп алып, баракқа алып келдім.
Барактағы қазақ әйелдері оның тас емес,
кептірілген құрт екенін түсіндірді.

АЛЖИР тұтқыны Гертуда Платайстың
естелігінен
...Ең қымбат тас осы шығар әлемде,
Ең асыл ас осы шығар әлемде.

Гертуданың жазып кеткен жолдарын
Өнеге ғып айту керек бар елге.
Басын исін төске басып қолдарын –
ҚАЗАҚСТАН деген жұрттан сәлем де!

Жұлдыздардың ішіндегі Үркері,
Мына дала
тектілердің жұрты еді.
Сұламадан алып қалған сұлатпай

Аналарым қолдан сыққан құрт еді.

Мейірімге мөлдіреген бұлақтай
Гертуда қыз көздің жасын іркеді...
Атар таңнан аппақ тілек тілеген,
Байтақ еді басына бақ түнеген.

Сонау жылы Жалаңашкөл маңында,
Сағым қашқан
Сарыарқаның таңында:
Құрт жайында жазылыпты бір өлең –

Ұлт жайында жазылыпты ҰЛЫ өлең!
Өміріңнің нұрға толса арнасы,
Тіршіліктің тоқтамайды арбасы.
Бұрқап тұрған дала жайлы айтады,

Құрт лақтырған бала жайлы айтады –
Адамзаттың
арманының жалғасы –
Германдағы Гертуданың қандасы!..

Беу, боз дала!
Боталап бір боздасын,
Боздасын да өткенімнен қозғасын!
Бозқасқа айтсын,

боз биесін байласын,
Аяр келіп іздемесін пайдасын.
Оғыланым оман жұрттан озғасын –
Сықпа құртта сығып алған көз жасым...

Қасиетін қара тасқа қашатқан,
Тас атпаған,
кім-кімге де ас атқан.
Мейіріміне мейірленер шөлдеген –

Барактағы баланда1 емес ол деген.
Адамзатқа көңілінің жоқ аласы –
Құрт лақтырған қайран қазақ баласы.
1 Баланда – тұтқындарға берілетін быламық

Уа, «Қарлаг» кешкен тұтқындардың ұрпағы!
Сақтап жүрген қазақтың бар құрты әлі...
«Жалаңашкөл» маңында,
Сол АЛЖИР-дің жанында –

құрт лақтыртқан Анасына қазақтың,
құрт лақтырған Баласына қазақтың –
АЛТЫН КЕШЕН салып қойсақ қайтеді?
Жарасар ед, әй, тегі...

...Ең қымбат тас сол болады әлемде,
Ең асыл ас сол болады әлемде.
Гертуданың жазып кеткен хаттарын
Өнеге етіп айту керек бар елге.

Жайқалсыншы
барлығыңның бақтарың –
ҚАЗАҚСТАН деген жұрттан сәлем де!
«Қарлагтың» қара кітабы

Көңілдің ұшты кептері,
Түндерді талай ұзаттым.
Сарғайып кеткен беттері –
Мұрағаттағы құжаттың.

Тұтылғанын күн қойды анық,
Дүние талай құбылып...
«Ақойға»* жетем ойланып,
«Бұрмаға»* барам бұрылып.

Араға түсті сан жылдар,
Мұң болған мұқым қадамы.
Талапай болған тағдырлар –
Колыма,

Бутыркадағы...

Күйіндің,
күйдің,
күйредің,
Қызығыңды кім тонаған?..

Түңіліп барып
түйгенім –
Зұлматтың соңы – Зобалаң.
Тағдырларыңды танығам,

Күндердің сен де
көшіне ер –
«Батықта»1 қалған бағылан,
Есілде қалған есіл ер!

Толқындай толқып туласам,
айтайын бір ой төтеден:
...Елу сегізде тумасам
«58»-бен кетер ем.

Ақтаңдақ көрген асылы,
Еменнің біз бір бұтағы.
Қазақтың қара ғасыры –
«Қарлагтың» қара кітабы.

Қоңыртөбе...
«Қарлаг» тұтқындарының арасында
ғалымдар, ойшылдармен қоса 1000-нан аса әртіс,
360 пианист, 100-ге тарта суретші болған...

...Сұп-сұр дала,
сұп-суық,
сұрқай дала,
Жаумай өтіп барады бұлт айнала.

1«Ақой», «Бұрма», «Батық» – «Қарлаг» нүктелері.

Қоңыртөбе,
қоңыр жон,
қоңыр қырда,
Қоңыр-қоңыр керуен өмір мұнда...

Көшті көріп көңілді қозғады ағын,
Бозінгені боздады боз даланың...
Жапа шексең жазықсыз жаза қиын,
Қайғы торлап қаралы қазақ үйін.

...360 пианист тіріліп кеп –
Тартып жатты қосылып Аза күйін...
Оқпанынан ол күндер оқ боратқан,
Жылап аққан

жылғасы тоқтап аққан.
...Адам етін тұздаған бөшкелердің
Қаңқаларын осы ауыл отқа жаққан.
«Тірі бәрі!

Бұл маңда кісі өлмеген!» –
деп жырлайды көңілдің құсы өрлеген.
Заманақыр басына зауал туды –
Адамзаттың РУХ-ын кісендеген.

Шырағданның шалқыса білтелері,
Аспанынан ақшарбы бұлт өреді.
...Жиі-жиі мың әртіс басын қосып –
Азан-қазан етеді бұл төбені.

Тасмаңдайлы тағдырдың талайлары,
Қалған мұнда...
арманның арайлы әні.
Қоңыртөбе жарықтық жарық күнге –

Адамзаттың көзімен қарайды әлі...

Үш қағыс
«Жалаңашкөл»*,
«Бидайық»*,
«Дарияда»*

Ұшқан құсым!
Айналып,
кел ұяңа!
Жиырмасыншы ғасыр да қырдан асқан –

Сталин жоқ...
Ежов та,
Берия да.
Жем шашайын,

кел, құсым,
балапанға,
Аялайын бәріңді алақанда.
Жиырмасыншы ғасырдың жүрегінде –

Қарағанды лагері – қара таңба.
Адамзаттың арда емген асылдары,
арығаны,
атылып,

асылғаны...
Қарағанды лагері – қара орамал
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы...
1 «Жалаңашкөл», «Бидайық», «Дария» – Қарлаг нүктелері

ЖАЛҒЫЗ ҚАРАҒАЙ

(Поэма)
Әсет ақынның ұрпағы
Бақытбек Сыздықов бауырыма
...Халық қатты қайғырып, жаназасына қалың ел

түгел қатынасады да, «Көкқамырдың»
«Жалғыз қарағай» аталатын жеріне жерлейді.
Сәбит Мұқанов.
«Алыптың адымдары».

1959 ж.
Алмасты мүсәтір деп татып алдым,
Дерт шалды өне бойды, жатып алдым.
Құдайдан тура келсе арманым не,

Ажалды ақша беріп сатып алдым.
Өлімді ойламаған сорлы басым
Дүрмекке елтіп жүріп қапы қалдым.
Әсеттің «Ақырғы сөзінен»

Әсет елі. Қызыларай
Ән салса ағындаған,
арындаған,
Бұлбұлдай даусы көкте дамылдаған.

Толған Ай толықсытып топқа салып,
Жорғадай майда қоңыр мамырлаған.

Майыспай дара көрген айбынды ер кім,
Қайыстай қара өлеңмен қайғыңды өрдім.
Көмейден меруерт-маржан сауылдатқан
Еркесі есен бе екен айдын көлдің?!

Арысқа Ана болған ақтығы айғақ,
Басыңа кетсем деп ем бақты байлап.
Баптамай қырандарын ұшырмайды
Ақтоғай – ақын туар аққу аймақ.

Керілсе керімсалы қызығар Ай,
Ерімес көңілімнің мұзы қалай?
Қызуың Арқада бір басылмайды,
Қызығың тарқамайды, Қызыларай!

Бұл өлең – түсінгенге – арман өлең,
Бойынан інжу-маржан тамған өлең.
Мөлдіреп Қаршығалы өзенінде –
Ақсораң биігінде қалған өлең.

Сау болсам,
саулығымды сарқа алар кім?
Әнсіз күн – әдемі той тарқаған күн.
Арының арнасында арындатар:

Нар Найман,
Үкілі Үйсін,
Алқалы Арғын.
Қарамай қара жолда шақырымға,

Келгенмін шабытымды шақыруға.
Қазақтың маңдайына біткен ақын
У ішіп өледі екен ақырында.
Жүре ме басымызға байланбай мұң,

Бұл да бір қара шашын жайған қайғым.
Аспанның аясында ән шалқытқан
Әйгілі Әсеті еді Найманбайдың.

Гүлдері қайта өнгенде өрімдеген,
Өнердің көкжиектен көгін көрем.
Бағында Мәңгіліктің мәуелейді
Ғұмырлы ән,

Әсем әуен,
Өмірлі өлең...
* * *
...Менен сорлы ақында өтті ме екен

Бір сөзі баспа орнына берілмеген?!
Әсет
Ескегін бұл тағдырдың кім еспеді,
Іленің толқынына ілескелі,

Жанының жарығы боп жыр өшпеді,
Күндер-ай
Текестегі,
Күнестегі.

Арындап әнге басқан дара тұлға
Санаулы саңлағымның санатында.
...Жаз қалды Жайыртаудың етегінде,
Саз қалды аққу құстың қанатында.

Көңілдің көктей тұнған сан арманы,
Жас болып мөлдірейді жанардағы.
Шер-арман шетін ойды тербегендей
Ел ауған,

қайың сауған замандағы.
Бұл өнер – өреліге айман-алаң,
Үніңе үздіккенбіз айдаладан.
Үңіліп «Көктұманың» тұмасына,

Бақтыдан бақ іздеген қайран ағам.
20-266

Бұл өнер кей сырыңды білгізбеген,
Өмірде жұп іздейді жұлдызды өрен.
Қараөткел,
Қарқаралы,

Қояндыда –
Айтысқан Ырысжандай дүр қызбенен.
Жастықта жалын атсаң жарасар ең,
Ай өзен дос болмайды аласамен.

...Маң мінез Мақаншыда мақам созып –
Таңсықты тамсандырған тамаша өлең.
Көк дауыл көл бетіне салады ирек,
Зарыңды запыран етер заман илеп.

...Әніңді желеп-жебеп жүрген шығар
Киесі Кемпірбайдың «Көк ала үйрек».
Тағдырдың тура келіп шын қыспағы,
Жаныңа жабырқаған мұң қыстады.

– Абайдың алдын көрген арайлы ұл, – деп

Ағайын аялайды Шыңғыстағы.
Әніңнен көшті көрем,
кешті көрем,
Бес күндік қу жалғанға бес түнеген.

Өр Алтай – Ұлытаудың арасында
Тұнып тұр тұнық әуен естімеген.
Сол әннен ерді көрем,
елді көрем,

Толқыны Тоқырауынның мөлдіреген.
Сарыарқа,
Тарбағатай,
Іле,

Балқаш –
Рухын оятады сол бір өлең:
«Арғынмын, атым – Әсет, арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған.

Аспанның аясында ән шалқытқан
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған...»
Сол ақын арындаса арындасын,
Күн кешу арындамай дарынға сын.

Сарғайып салкүреңге мен де міндім
Сағымын сары белдің сағынғасын.
Бұлбұлдың даусы көкте дамылдасын,
Бұл өзі сондай өмір, қарындасым...

* * *
Соңғы жыр,
ақырғы әуен,
ең соңғы өлең,

Өлеңнің өлеріне ел сенбеген.
Бес елі соры қалың күнді қимай
Кешегі Кемпірбай да кемсеңдеген.
Ақ өлең,

ақыреттей
ақырғы өлең.
Өлмеуін шын өлеңнің мақұл көрем.
Туысып тұрлауы жоқ тағдырымен –

У ішіп өледі ме ақын деген?
Ық іздеп ықылымның ығына ерген,
Түндігің түрілмесе түңілер ме ең.
Өрелі өнер тумай талай шайыр

Өлеңі өзінен де бұрын өлген.
Бұл дүние сынаптай ма,
сынадай ма,
Жанарын жалт еткізген құралай ма?

...Білерім – соңғы сөзін айта алмаған
Бұхар да,
Махамбет те,
Ұлы Абай да.

Ішіне қалың Қызай төрлегені,
Әнімен төске шауып өрлегені.
Ағылтып,
арындатып,

ағындатып
Әсеттің сондағы айтқан соңғы өлеңі:
«...Алашқа атым шыққан Әсет ақын,
Өлеңім – жан жолдасым маған жақын.

Аңырған аспан-көкке асқақ үнім,
Саған да уақыт жетті қарлығатын.
Бозбала, осы әнімді үйренерсің,
Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің.

Асау ән жетегіңе жүрмеген соң
Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің...»
Тұрағы мәңгіліктің мекенінде,
Асау ән кімнің жүрсін жетегінде.

Ақынның ақтық жыры – аманаты
Әсеттің айтқаны осы өтерінде...
* * *
«...Әсет өлер алдында Бітімші мен Тәтежанға:

«Үш арманым бар, – дейді: бірінші – артымда екі жетім
балам қалды; қызымды ұзатып, ұлымды бастап
баулып ел қатарына қоса алмадым; екінші – өлеңдерімді
баспа орнына бере алмадым; үшінші – сүйегім туып-өскен

жерімде қалмады».
Балтабай Адамбаев,
«Әсет ақын» мақаласынан.
1968 ж.

«Мақпалы»,
«Үлкен Ардақ»,
«Кіші Ардағы» –
Тұрлаусыз тұл тағдырға тұсалғаны.

...Өзімен мәңгілікке ала кеткен –
Ақынның ақыреттік үш арманы.
Қанатын қыран құстың қақтырғасын,
Білесің баста мәңгі бақ тұрмасын.

...Құлжадан қайта оралар сапарында –
Бұрғаны Сайрамкөлге аттың басын.
Шын ақын кезікпейді қай дауылға,
Тағдырдың не құдірет байлауында.

Ғапари қажы досы күткен оны
Атақты Ұланұра жайлауында.
Ел кезсең азаяды құса күнің,
Думанға ду қосылса ұшатыным...

– Дауысым қарлығыңқы...

болмай отыр...
Таусылып қалып еді мүсәтірім... –
деді Әсет,
көрініп тұр күйінгені,

Баспайды мүсәтірсіз күйі ілгері...
Сөз бе екен,
оны дереу жеткізеді
Бақалшы Маса молда үйіндегі.

Айтасың қандай қарғыс жасағанға,
Арамза тас атады тасадан да.

– Сұраса Әсет ақын табамыз да... –

Ызыңдап,
ызылдады
Маса молда.
Тұлданса тұл тағдырдың тұлдыр іші,

Пісілмей қалды солай жыр күбісі.
...Зорлықпен Жәмішті алған Маса молда,
Қызыл ит қызғаныштың бұл бір ісі.

Арнасын аялаған ағысты өлең,
Әсет-ән бал шағына бақ үстеген.
Ақынды адамзаттан артық көрген
Қызы еді Күзембайдың Жәміш деген.

Тірліктің сан толқынын кешіп келіп,
Молдаға зормен келген,
есік көріп.
Ақында ақысы бар Маса сонда

Алмасқа мүсәтірді қосып беріп.
...Иә, солай,
аңғал ақын қапы қалған.
Алтайдың асқарында аты қалған.

«Құдайдан тура келсе арманы не,
Ажалды бес теңгеге сатып алған».
Жалғыз қарағай
...Ассалаумағалейкум, Жалғыз ағаш,

Сып-сидам болып қапсың жап-жалаңаш.
Басыңда бақ-дәулетің тұрған кезде
Саяңа келуші еді тамам Алаш.
Әсет

Ұраны – Қаракесек,
Қарашордан,
Бұл күнде Қарашордың баласы орман.
Әсеттің әндеріндей арындаған,

Кезі жоқ ұрпағының аласарған.
Жапырағы қолын созып шыңға қарай,
Сауады саумал самал нұрдан арай.
Жапанға сән береді жалғыз ағаш,

Мақамға ән береді бұл қарағай.

Ақиқат айта алмасаң –
жалған жаман,
Ілеспей керуенге қалған жаман.
Алағай-бұлағайда ақын өтті –

Қарағай басын шортан шалған заман.
Жапанда жалғыз ағаш...
жырдың елі,
Қалайша кірпігіңді ілдіреді?!

Басына барша қазақ бір жиылса
Орман боп кетер ме еді,
кім біледі?..

– Әсет! – деп әнге салса шартарабы,

Айым да аспандағы шалқалады.
Жапанда жалғыз өскен қарағайдың
Тамыры тереңдерге тартады әлі.
Біз осы ұлы ма едік,

ірі ме едік,
Жанымның кетсем деп ем жырын өріп.
Жапанда жалғыз өскен қарағайдың,
Байқасам, діңгегінің діңі берік.

Астында оба тастың жоқтар әнім,
Ойымды, ойхой, дәурен,
ноқталадым.
Жапанда жалғыз өскен сол қарағай –

Қазақпен тағдырлас па деп қаламын.
Болыңдар, айналайын, бәрің аман,
Самғасын сары белден саңылақ-ән.
Әсеттің әуенінен қанат байлап –

Ақшамы Ақтоғайдың жамыраған:
«...Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып,
Орман-тоғай, өзенді жамыратып!
Еркем, сені сағындым!

Арқыратып, ағызып ән нөсерін
Толқынымен жүректі жадыратып.
Сағынбасқа не шара?»
...Маңайы толған әуен,

толған арай,
Тұрмайды ол жол үстінде жол қарамай.
Әсеттің әні болып,
жаны болып –

Күтеді бар қазақты сол қарағай.
Ақынның ары болған асыл әні,
Жапырағы сол ағаштың жасыл әлі.
Іленің толқынына күнде ілесіп

Бір толқын Балқаш көлге асығады...

КИІКҚАШҚАН

(Поэма)
...Көздері мөлдіреген ақбөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.
Сәкен

Сары дала,
сағым дала – жерім өскен,
Ұлым деп шығармассың мені де естен.
Ақбөкен – сахараның ботакөзі –

Жолымды әрі кескен,
бері кескен.
Жондары,
тақиядай төбелері,

жусаны,
көкпегі мен көделері.
Жанының жарқылы мен жарығындай –
Бетпақта байғұс бөкен көп өреді.

Арайды қимай батқан іңірлерім,
Көргенмін...
көз алдымда бүгін менің.
Сап-сары сахараның теңізінде

Қып-қызыл толқындардың жүгіргенін.
Лағы өрген құралайдың
лағыл өрген,
Сәуірді сәтті күннің сәні көргем.

Сарғайып атқан күн де қызығатын –
Толқындар толқығанда сары белден.

Сол толқын сахараның сәні ме еді,
Арай да арай таңның Ары ма еді?
Толқындар толқып қашқан сағым еді,
Қазақтың сағым қуған қалың елі –

Арқаның Абылай аспас сары белі,
Бауырым, басымдағы бағым еді.
Сары бел,
айналайын сағымды бел,

Жанарың жаутаңдаса жаным жүдер.
Кеудеме намыс отын жағып жібер,
Жүдесем жігерімді жанып жібер,
Сары бел, айналайын сағымды бел.

Болады бауыр бүтін
Бас аманда.

– Жақсылық бер! – дейміз де жасағанға.

Қызыл толқын ұқсайды сағымдарға –
Сағым-уақыт ұқсайды қашағанға...
Қашаған күн, көзімнен тасаланба!
Беткейден талып жеткен

солқыл
сарын,
Сауыры сары белдің
толқын,

сағым.
Солқыл-сарын солығын баса алмайды –
Өзегін өр өлкенің толтырса мұң.
Көзіне көзсіздердің күйік пе едің...

Арымның аруанасын иіткенім.
Қайда екен,
білесің бе, сүйікті Елім,
Сап-сары сахараның теңізінде

Қып-қызыл толқын болған киіктерім?
Айрылған аққуынан,
қазынан да,

Қайран ел,
қасиет бар қазынаңда.
Жанының желек жайған жазы барда –
Мені де жатқызарсың назы барға,

Талатпай сумаң қаққан тазыларға...
Сары дала, жазық па екен,
жайлау ма екен?..
Көздері көкірегімнің байлаулы екен.

Ай аман аспанымда,
қас қағымда
Арқаның ақбөкені қайда ауды екен?..
Сал самал беттен сүйіп майда лебі:

– Сайымнан сая іздеген сайғақ еді,

Аң-құстың арасында айманы еді,
Өлкеңіз өзегінен қайғы өреді,
Ақыным, ақбөкендер қайда? – деді...
Қараған,

селеу,
мия шағыл-дағы
Сұраудан киіктерді жаңылмады.
Даланың дараланбай дабылды әні,

Құдайым бір қызықты тағы ұрлады –
Сарғайып сағыныштан сағымдары...
Жанымнан жылап аққан жырды жалғап,
Жүгірді жетім сағым мың бұраңдап.

Еһ, шіркін,
өмір деген...
жел үрлеген –
Дөңгелеп өте шықты жынды қаңбақ.

Төсінен ұшқан бір кез қыран самғай,
Құла дүз қайтсін енді сұрау салмай?
Боз дала бота болып боздағасын –
Бозторғай бүріседі бір ән салмай.

Көгенкөз тіршіліктің
көрде есебі,
Бетпақтың бетпақ жонын шөл деседі.
Селтиген сексеуілдер серісініп –

Кесірлі кесірткелер жол кеседі.
Бейопа бұл дүние,
биікте аспан,
Сыйсыздар сыймай өтер сый ұқпастан,

Тірексіз тірлік осы тиіп қашқан.
Бейітіне бабалардың бәйіт оқып
Заманның зарын айттым, Киікқашқан.
Кезігер дауыл да алдан,

құйын да алдан,
Мәңгілік бесік болар бұйырған маң,
Орғырмыз ортекедей биік жардан.
Тағдырдың тасадағы тасы тисе –

Бізден де қашады әлі киік-жалған.
Түн түнек,
жалқын жарық аймаласқан,
Күн шықса көкжиектен Ай да адасқан.

– Адамға табын, Жер! – деп

айлам асқан.
Қалқаның бақ мекені бар тұрғанда –
Арқаның ақбөкені қайда қашқан?..
Ана-Жер!

Ардағым ең ең сенімді,
Ез етті есіл уақыт еңселіңді.
Шеріңді Ел ұқпай ма,
Жел ұқпай ма –

Емізген елік қайда емшегіңді?..
Кеше гөр,
ақ таңдарым,
күрең кешім,

Гүліңді солып қалған нұр емдесін.
Баланың жанарынан қан тамады
Ананың анарынан у емгесін.
Мұхитқа салған кезде ой кемесін

Ана-Жер,
Оятады кейде елесің.
Самалы Сарыарқаның, сарнап маған:

– Киіктер қайда кетті? – дей бересің...

* * *
...Ашпаған еш пендеге бір сыр еді,
Сол сырды сары даланың білсін елі,
Ойласам жаным жиі түршігеді.

Киіктер адамдарша жылайды да –
Киіктер адамдарша күрсінеді.
Көңілім көктем көрсе гүл өреді,
Сөзіме Ай ереді,

Күн ереді,
Ақбөкен адамдарша түнереді.
Киіктің көзіндегі жұмбақ жазу –
Бақ пен сор,

ақ-қараның Ұлы өлеңі...
* * *
Күдер үзген көшінен,
Көңіл жасып қаралы.

Туған жердің төсінен
Өмір қашып барады.
Жазираны жанарым
Биікке асып қарады.

Жаутаң көзі даланың –
Киік қашып барады.

Асу-асу белдермен
Әрі қашып барады.
Асылдардың мен көрген
Бәрі қашып барады.

Көз ұшында көлбеңдеп,
Сағым қашып барады.
Баян таппай ербеңдеп
Бағым қашып барады.

Жал-құйрығы түйілген
Құлын қашып барады.
Көңілдегі күйім мен
Жырым қашып барады.

Зарыма елді ұйыттым,
Жолдан асып...
жаралы.
Құралайы киіктің...

Ол да қашып барады.

* * *
Киікқашқан –
бұл-дағы бір мұң дастан,
Жосықсыздар жаулап алған жол үстін.

Зымырандар ұшып жатыр тынбастан,
Зымыраны құлап жатыр орыстың.
Қан түкіріп,
у жұтпаған күнім кем,

Жер-Ананың еріндері кезеріп.
Бәрін көрген...
бәрінен де түңілген –
Бетпақдала үндемейді безеріп.

Алтын асық, атан жілік арысым
Құлақкесті құлға айналып барады.

Тіршіліктің татыра алмай тарысын
Туған дала тұлға айналып барады.
Ертеңімді есіркей гөр,
Елші-күн.

Көңілімді көлегейлеп қауіп тұр.
«Протоны» құлап жатыр көршінің –
Гептилдері тажал болып жауып тұр.
Құла дүзде құлазыған далам-ай,

Торығады торкөзденген кереге.
Зығырданым қайнағанға қарамай
Зымыранын зымырата бере ме?
Тұнығыма дей алмадым:

– Лайланба...

Заманның бұл зауал толған сұрағы.
...Қарқаралы қара шашын жайғанда –
Жаңаарқада жылқы біткен жылады.
Күле алмадық...

Күнге қарап күрсіндік,
Күйік басқам...
тұлпарларым, тұлдырсың.
Жаңғырады жадымдағы бір сұмдық:

Киікқашқан –
зар ма,
күй ме – кім білсін?..
Бетпақдала. Күн идіру

Бала кетті бетіменен,
Еңірейді жетім өлең.
Құм көшеді бұл өлкеде
Сексеуілі сетінеген.

Көңілімде мұң көшеді,
Тиер жырдың кімге себі?!.

Үрей,
үміт...
үндеседі,
Күн көшеді,

жын көшеді,
Құм көшеді,
құм көшеді.
Құм көшеді –

азап қандай?!
Сағым ауды саз ақтармай.
Сексеуілсіз қайран дала –
Ақсақалсыз қазақтардай.

Арпалысып
арман, қайғы,
Жалғанар жіп жалғанбайды.
Жалғанбайды,

жанды арбайды.
Кесірткесі кербезденіп,
Қаңбақтары қалбаңдайды.
Құм көшінде,

құм көшінде...
Құмай-тірлік кім кешуде?
Тілсіздерді тілдесуге
Шақырмақ ем;

Құм жылады
Ібілісі іргесінде.
Жанымда жүр жаралы ұғым,
Кебін киген қаралының –

Балқашының,
Аралының.
Сексеуілі сирегесін –
Басынады даланы құм.

Күн туып тұр
Күн идірмек,

Құрыса дала – құриды Тек,
Іркіттерім іриді көк.
Айдалада аш бөрілер
Ұлиды кеп,

Ұлиды кеп...
Керуенімнің көші мүлде
Көрінбейді,
кешігуде.

Елегізіп есіл үнге,
Безек қаққан бір күй шалдым
Бетпақдала бесінінде...
* * *

Маңып,
лағып
көші кеткен,
Киікқашқан – заманақыр.

Дала жатыр,
есі кеткен
Шалажансар бала жатыр.
Ен даланың еркесімен

Ақын қалай сырласады?
Киік қашса өлкесінен –
Айдынынан су қашады.
Жерге жасын төгеді аспан,

Гептил басқан,
уран басқан.
Киік қашқан,
неге қашқан –

Судан қашқан,
удан қашқан.
Ай, заман-ай,
құлады ма

21-266

Алты Алаштың ақтаңгері? Сыбырлайды құлағыма Жеті атамның жатқан жері. Атажұрттың аспаны – елес, Шытырманға шыдап көрді. Киікқашқан – дастан емес... Киікқашқан – сұрақ белгі. ???

ҚАРА АЙҒЫР

(Баллада)
Тереңімнен тебіреніп сыр тәyіp,
Боран жырдың бұрқауын-ай,
бұрқауын!

...Арқа-жарқа зауза жетсе Арқаға,
Жаз жайлауға шығатұғын жылқы ауыл.
Татулықтың қаймағына ел ұйып,
Тұман-мұңнан қалушы еді сейіліп.

Шара толы шипа қымыз пейілі,
Жайлау деген,
жайлау деген – жерұйық.
Көкейімде жатталған сол шақтар ән,

Жоғалуы мүмкін емес боп тәмам.
Асауларды тізгіндеген жылқышы
Талай-талай арғымақты баптаған.
Кісілік пе көз жібермеу кешеге,

Өткені жоқ өрімталдар өсе ме?!
Жаз жайлауда жылқышылар ауылы –
Алты қанат, ақбоз үйлі көшеде.
Көңілде – күй,

жүректе – әуен,
жыр – алап,
Жылқы ауылда жадыра жаз,
бұла бақ.

Алтын нұрын себездеген ару күн
Киіз үйдің түңлігінен сығалап.

Саумал ауа,
салқын сулы кеңістік,
Ой-хой, шіркін,
біз қонатын өpіc құт!

Кезім мeнің көкірегі көктеме,
Сезімдерім ең аяулы, ең ыстық.
...Тұлпарларды таңдап мінер кермеден,
Жүгені де,

қамшысы да өрмеден,
Әр дыбыстан дүбір іздеп тұратын
Жылқышының баласымын мен деген.
Сары алтындай сағыныштан сыр тұнар,

Сыр тұнар да,
жүрекжарды жыр туар.
Бәйге десе –
барын салар ортаға

Қазекемнің біp ғажайып ғұрпы бар.
Тас тұяқтар дүбірлетер алапты,
Жақсы хабар жалпақ елге тарапты.
...Бетпақ жонда бәйге болар алдында

Жылқышылар жүйріктерін жаратты.
Тұлпар болсаң озып келу – нар мұрат,
Сейістер жүр жастық көрмей жарқұлақ.
Той төбенің арқанына тізілді

Ақалтеке,
қазанат пен арғымақ.
Жетті солай көптің күткен ай-күні,
Сан жүлдені алып жүрген әйгілі,

Тықыршиды тұяғымен жер тарпып
Жылқы ауылдын сүлік қара айғыры.
Кеуде біткен өрекпіді, алқынды,
Ұқтым сонда тойға тоймас халқымды.

...Атшабардан хабар келіп,
атбегі
Шабандозды таба алмай қап шарқ ұрды.
Томсырайды,

берілді де күдікке ел,
Қара айғырдың жүлдесінен үміткер.
Бала сынды жүгірісті жан-жаққа
Жолбарыстай-жолбарыстай жігіттер.

Биліктің ап әкем сонда тізгінін,
Еңсе басқан тыныштықты бұзды біp:

– Ер емес пе,

Жер көтерер жығылса,
Қара айғырға мінсін, – деді, – біздің ұл!
Сенім артты әкем,
елім шын маған,

Мен тегінде тұлпар көрсем нұрланам.
«Жаман ұлы» қосыларда бәйгеге –
Қуаныштан көзін cүpтіп тұрды анам.
Айтып жатыр ақсақалдар ақылын:

– Атың қызба, байқа, қарғам!

– Ақырын!..

– Ал, айда, шүу!.. –

Дүлдүлдердің дүбірі
Қарақшыға отыз алты шақырым.
Шақырымдар – тақтай жолдың бойы емес,
Шақырымдар – төрт айналым бойы егес.

Тақымымды мықтап қысып отырмын
Көз алдымда көлбең қағып көп елес.
Топтан озсам – келетіндей дүйім бақ,
Бой үйренді, көкейімде – күй, ырғақ.

Ауыздығын қарш-қарш шайнап қара айғыр
Қарыштайды кең далада құйындап.

Өкпем қысты,
мен өзімі қайрадым,
Тік көтеріп намысымның байрағын.
Көзін cүpтіп,

қамшы салдым жүйрікке
Алғаш рет
ең ақырғы айналым.
Денем дел-сал,

сықырлайды сүйегім,
Өне бойым от боп жанып-күйемін.
Үшінші боп
сызығынан мәренің

Оқтай зулап өте шықты киелім.
...Бітті бәйге,
Жүлде болды жария,
Қуанышы жұрттың шалқар дария.

Жанкүйер жұрт сонда мені ортаға ап,
Ақ батасын берді ардақты қария.
Мен де отырмын қалған жандай арманда,
Қайран көңіл үшіншіңе толған ба?!

Атбегі де деп қояды:

– Eh, шіркін!

Тағы да біp бес шақырым болғанда!..
Біp қария:

– Сап, сап, көңіл, сап! – деді. –

Ат пен бала еңбегі де ақ, – деді. –

– Үшіншіге ілікпесе қайтер ең?..

...Қамшысымен жер шұқыды атбегі.

– Салған шығар, – деді әкешім, – орайын,

Шешесінің көңілі де толайым.
Жаман ұлдың тоқымқағар тойына
Шақырамын біздің үйге, ағайын!..

...Ораламын кейде осылай өткенге,
Асық атып,
су жалдаған көктемге.
Шала сезім шірендіріп шау тартып,

Бала кезін ұмытып жүр көп пенде.
Өмір – жарыс!
Сынаққа сап не түрлі,
Қара сирақ қатайды да

бекінді.
...Бәйге десе тақымымды қысамын
Қара айғырмен зулаған күн секілді.
Қамшысы да,

Жүгені де өрмеден,
Тұлпарларды таңдап мінер кермеден,
Әр дыбыстан дүбір іздеп тұратын
Жылқышының баласымын мен деген.

Кейде ашылып,
кейде бұлттай түнердім,
Неге мені қиялшыл ғып жібердің?..
Ер-тұрманды сайлап жүрмін

туар деп
Қара өлеңнің қара айғырын мінер күн...

БІPГEБАЙДЫҢ ҚЫЗЫЛЫ

(Этнографиялық толғау)
Бозкөлдің бетегелі белі қандай!
Етегін ен жайлаған елі қандай!
Сарнаған сар даланың сарынымен

Қобыз боп күңіренген шepі бардай.
Ботасын Бозкөл бүгін түстер ме екен,
Бабалар балдай суын ішкен мекен.
Боз жусан,

бозқараған,
бозкөделі –
Алланың рахман нұры түскен мекен.
Лағындай құралайдың жосып өрген,

Бабалар осы белден
өcіп-өнген.
Ен жазық етене боп есіл елмен –
Күндердің керуенімен көші келген.

Жыр болып құйылардай сөзге өрнегі,
Ғасырлар сан тарихты безбендеді,
Жеткізген асыл аңыз көз көргені.
Алашқа атын жайған сәйгүліктер –

Бабамның бақ іздеген Бозкөлдегі.
Арқаға арай сыйлап ақ таң енер,
Бауырын бақыт құшып
баққа бөлер.

Жаратып тұрқы бөлек тұлпарларды
Біздің ел – аламанға баптаған ел.

Көкке өрлеп көңілінің қазы кеткен,
Тамылжып тағдырының тамызы өткен.
Қызылы Біргебайдың қызырындай,
Ауылда ақсақалдар аңыз еткен.

Замана аққан судай тасып өткен,
Жыл өткен,
ғасырдан соң ғасыр өткен.
Соқпақты,

соқтықпалы тайғақтарда –
Батыр мен бағыланның басы кеткен.
...Бұл жалған біpey кеткен,
біpey келіп,

Жұт жеткен жазық жонға жүдеу көpік.
Ақ боран аш бөрідей ұлығанда
Көк мұзы сары аяздан білеуленіп.
Толғасам төкпе күйдей төкпелетем,

Заман-ай,
қайран заман өткен екен,
Өміpің ескен желдей өтпелі екен;
Жігіттер үйірімен жылқыны айдап,

Түстікке бағыт алып кеткен екен.
Тағдырдың талшық етіп тұтам әнін,
Құт жайлап Оңтүстіктің құт алабын.
Жылқысы біздің елдің көкалалы –

Қырқасын қыстап қайтқан Бұқараның.
Уақыттың кейде естілер ызғар әні,
Ызғардан қабақтарға күз қонады.
Бозкөлге бесқонақтың бecіні аумай

Жеткенмен...
жылқысы кем жүз қаралы.
Көрмеген дабыра мен дауға асығып,
Бұл елдің иманы адал, тәубасы нық.

Құны жоқ атасының барымтаға,
Ұрласа ұрлаған да...
жау басынып.
Сәуірде сары белде сағым ойнап,

Жатқанда...
ұрпағының бағын ойлап.
Бәйтелі батыр бабам жасақ ертіп
Ақ таңда атқа қонған «А, Құдайлап!»

Аңызды ұрпақтарың жастан білер,
Құпияңды қуған білep,
қашқан білep.
Арқаның ақ самалы дерек айтар –

Қара жер...
ақша бұлтты аспан білер.
Сөзімді саптап айтсам тыңда тағы,
Аңыздың астарында шын жатады.

Қарына құрық ілген қайран ерлер
Қайыспай ер үстінде түн қатады.
Ол күндер ақ мұнардай алыстағы,
Ұрпақтың жөн болады танысқаны.

Ерлердің жанарында жарқылдайды
Егеулі найза болған намыстары.
Артта қап жолдың талай шақырымы,
Алашта заты да іpі,

аты да іpі.
Ілікті Бұқараның байтағына –
Бәйтелі – Сарыарқаның батыр ұлы.
Сейіліп көкейлерін іpкігeн мұң,

Жеткендей жоғын тауып біp күлер күн.
Түстіктің қойнауында жылқы жатыр,
Иecі – Теке руы түркіменнің.

Күн мынау көкжиектен өрген арай,
Байтағы Бұқараның шөл даладай.
Кұлады екіндінің әлетінде
Көп жылқы көкалалы көлге қарай.

Жануар кең жазықта құлпырады,
Жапанның жанарына нұр тұнады.
Арабы,
текежаумыт,

ақалтеке,
мәстегі...
Алуан-алуан жылқылары.
Сыйлады сол аңыздан дала дастан,

Орамды ойларымды ала қашқан.
Жоқтары осында екен жігіттердің
Қылаңы баранына араласқан.
Біp белең

ұласқанда біp белеңге,
Ел үшін ер кіpeді дүрбелеңге.
Батырдың жылқы ішінен көзі түсті
Тұрқы ерек eкі байтал,

біp дөненге.
Жануар дара туған,
дара мүсін,
Жасақтың кім түсінсін жан ағысын?

Мәрт бабам үш жылқыға белгі салып
Keтіпті найзасының қадап ұшын.
Бұл да біp арман дүние үмітті ерге,
Tік қарап түpік керме

түpікпенге,
Бәйтелі жария етті өз байламын
Алпауыт,
сай тасындай жігіттерге:

– Cepтім сол,

дау тумасын ел ішіндe.
Aғайын,
келейік біp келісімге.
Қос байтал, біp дөненді қиярсыңдар,

Үйірлі жылқым қалсын өрісіңде.
Сұңғылам су жорғадай нық басады,
Нық басса...
дұшпаннан да кұт қашады.

Жігіттер малтаны езбей
жөнге көшіп,
Байламын Бәйтелінің құптасады.
Бағзыдан сыр көнерді,

жыр көнерді,
Керуен көшіменен біp көгерді.
Бәйтелі жасағымен алып қайтқан
Түстіктен қос байтал мен біp дөненді.

Epімнің басым шыққан cecі мүлде,
Өзі айтып шешімін де,
кесімін де.
Қызылы Біргебайдың сол тұқымнан

Аңыз боп жеткен екен осы күнге...
* * *
Беу, шапқан біp кезде құйғыды,
Бозкөлдің жарау тұйғыны.

Жүгірсе желден озатын
Жылқының өрен жүйрігі.
Құдайым сәтін құптаса
Аузымен құс тістеген.

«Жалғыз қазық жықпаса
Жылқы озбайтын құспенен».
Тұла бойы намыстан,
Ауыздықпен алысқан.

«Бәйге бермес ұдайы, Ұлытаудың құбайы, Қашағанның құдайы, Қаратаудың құмайы, Қыпшақтың Ақбақайы, Қырғыздың Көктопайы, Ақшатаудың Аласы, Көкшетаудың Құласы...» Қaйсыбірін айтайын, Бәpімeн де жарысқан, Бабамның бақ-қызыры – Біргебайдың Қызылы! Беу, ылдиға мойнын созады, Тұяқтан ұшқан тозаңы. Аламанда аруақ шақырсаң Жүйріктен жүйрік озады. Бір елдің ар мен намысы, Алашқа жеткен дабысы. Teгі де бөлек, шабысы Біргебайдың Қызылы. Ақтобық, Теңбіл, Шалқасқа, Нарбасы... Тағы-тағысы. Қайсы да біpін айтайын, Үш жүздің ас пен тойында, Қазақтың қыр мен ойында, Қарқаралы, Ұлытау, Алатау мен Қаратау, Ақ Жайық, Сырдың бойында, Қиялай шапқан қиянның өр, жазық,

беткей,
белеңін,
Бабамның даңқын асырған,
Аңыз боп жеткен ғасырдан,

Жылқыда жүйрік сен едің –
Ақында жүйрік мен едім,
Біргебайдың Қызылы!
* * *

Туған жердің кұшағы өрт,
от – алабы,
Беткейлері,
белдері,

жоталары.
Біргебайдың Қызылы сөз болғанда
Арқаланар Бозкөлдің Тоқалары.
Көздерінде көктемнің таңы жүзіп,

Көңілінің кемесі әpі жүзіп.
Аруақтанып қалады
арайланып,
Жүйрік десе жадырап қаны қызып.

Шалқарының шалқыса шырағы ізгі,
Құпиясына сендіріп құла дүзді
Қызыл айғыр Бозкөлдің айдынынан
шыққан...

деп те бастайды біp аңызды.
Бауырлар-ай,
Тылсымнан сырды үңгіген,
Кеші айтады ол жайлы қырдың күрең.

...Біргебайдың Қызылы –
ақиқаты –
Шашасына шаң жұқпас дүлдүл кілең.

Таудай болса талабың баққа бөлер,
Бабам шамын бұл өнер –
жаққан өнер.
...Жыр бәйгеге мені де қосты бүгін

Біргебайдың Қызылын баптаған ел.

МАЗМҰНЫ Жүрегіне жыр ұялаған... Қ. Құрманғали................................. 3 МАМЫРӨЛЕҢ Көзімнің қарашығы – Қазақстан!...........................................23 Көрдім...............................................................................25 «Ақ нұрларға қарайды-ау шөлдеп пенде...».............................27 Түс көремін... .....................................................................28 Мәңгілік шөл. Бетпақдала................................................... 30 Қаратау, саған жеттім..........................................................32 Көктемді көр де...................................................................34 Қара Ертіс, қайран Ертіс... .................................................. 36 «Тау толқынға салса егер мұрат қайық...»...............................38 «Шығарып салып қаздарын дала...»...................................... 39 «Бейуақта ұшқан қандай құс...»............................................40 «Бір күнімнен аумай қалды бір күнім...»................................41 «Алты да қанат ақ орда...»....................................................42 «Раушан дәурен...»..............................................................43 Сыңар аққу. Сырғалы қыз.....................................................44 «Қарасуға барғанда шомылғалы...»....................................... 46 Кеңірдегі кеш......................................................................47 Сәуірдің соңғы кешінде....................................................... 49 Ақ қайың........................................................................... 50 «Тамашалап келбетін дала, күннің...»................................... 51 Оқылмаған жырлардан ........................................................52 Терең сай........................................................................... 53 «Сәуірде соғам сағынып...».................................................. 55 «Аңғал едің...»................................................................... 56 «Тыраулай ұшқан тырналар...»............................................ 57 «Сол баяғы жерлермен кезіп өткен».......................................58 Алқатерек аруы ................................................................. 59

«Ілгеріде...»....................................................................... 60 Жүз жасаған әулием........................................................... 61 Ақ сөйле, бұлбұл жүрегім.................................................... 64 КҮН СҰЛУЫ Шилі өзен.......................................................................... 69 «Арқаға биыл көктем келгелі...»........................................... 71 «Жаз айының жанарынан жас көрдім...»................................72 «Сағымды сары белдерде...» ................................................ 73 «Шағала-шабыт шарқ ұрар...»...............................................74 Жезқазған......................................................................... 75 Қашқантеңіз...................................................................... 76 «Біздің ауыл Сарысудың жағасында...»..................................78 «Бір қыз бар Жезқазғанда...»................................................80 «Арнасымен ағады тірлік-ағын...».........................................82 Арда туған айбозым.............................................................83 Біздің ауыл.........................................................................84 «Құдай сақтады...»............................................................. 86 Есілдей ескен есілім.............................................................87 Сәбең деген........................................................................ 89 Қайырлы таң, қазақ елі!...................................................... 91 Құлын күнге ноқта естім...................................................... 92 Қарқаралы өзіңсің.............................................................. 94 Хантәңірі........................................................................... 97 Будан өлең......................................................................... 99 Азамат ердің баласы...........................................................101 Ұлытау ұлы.......................................................................103 Ескене..............................................................................105 Сарыөзектің сары қызы......................................................106 ГҮЛГҮЛ ӨЛЕҢ Қап тауынан оралған..........................................................109 Дос..................................................................................111 Әуенін аққу құстай әуелеткен..............................................113 Биші................................................................................115 Ақын...............................................................................117 Ләззат пен Сәбира..............................................................119 22-266

Зар...................................................................................120 Қазақтың желқанатты жезкиігі...........................................122 Көктемнен көктем іздедім...................................................124 Ұлы дала ұланы.................................................................126 Рухың ұшып барады...........................................................128 Жылы ағыстар..................................................................130 Гийом Аполлинерден аудармалар.........................................132 Үміт, сенім, махаббаттың аясы............................................150 Дала жыры.......................................................................159 СӘУІРДЕГІ СӘУЛЕЛЕР Сәуірдегі сәулелер..............................................................163 Зеядағы сұлу....................................................................165 Ұшыңдар, хаттар!..............................................................167 Подполковник Сұлтанбеков ...............................................168 Сынақтан өтпеген абитуриент..............................................171 Базардағы бала..................................................................173 Айналайын, адамдар!.........................................................175 Майлыбай – Мөлдір............................................................177 Тойы бұл даралықтың........................................................179 «Күндерің керуен-керуен көшке ергенде...»..........................181 Ән шырқашы, ағажан!........................................................183 «Ақерке»..........................................................................185 «Көңіл-көлге қондыршы қоңыр әнді...»................................187 «Іркілмеген...»..................................................................189 Парасат жыры...................................................................191 Жабалдың жазирасы мәңгі көктем.......................................193 «Замандасым...»................................................................196 Басынан Иманақтың..........................................................197 Балдәуренім – базарым.......................................................199 «Киелі жер жұмбақ болған сыры мың...»..............................206 «Ата дәстүр бар оралған...».................................................207 Мамырөлең.......................................................................209 Ауылдасқа хат...................................................................211 Гүлгүл айым.....................................................................214 «Өкпе артар жай жоқ ғаламға мына...».................................216 «Бір ойымды бір ойым ноқталады...»....................................217 «Жыр-аятпен алақанды жайдым мен...»...............................218

Жұлдыз-ғұмыр..................................................................221 Ағынды дариядай..............................................................233 Алсаң...............................................................................236 Бақытжан Қанапияновқа....................................................238 Қазыбекке........................................................................240 Ер салдың ертелетіп қаракерге............................................242 Мәрия апа.........................................................................244 Ғасыр қайғысы..................................................................246 Әке рухына.......................................................................248 Азанама ..........................................................................250 ЖАЛҒЫЗ ҚАРАҒАЙ Ақ сиса.............................................................................257 Қара орамал......................................................................283 Жалғыз қарағай................................................................303 Киікқашқан......................................................................313 Қара айғыр.......................................................................323 Біpгeбайдың Қызылы.........................................................328

Ғалым Жайлыбай

ТАҢДАМАЛЫ

Екінші том
Өлеңдер, толғаулар мен поэмалар

Редакторы Қуат Құрмансейіт
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Венера Ғайнуллина

Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек

Басуға 17.10.14 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 21,5.
Тапсырыс №266. Таралымы 2000 дана.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙