TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 35 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 35 том

«Бабалар сөзі» сериясының 35-томына «Қобыланды батыр» жырының Марабай (Ә. Диваев нұсқасы), Көшелек, Құлзақ, Сүйіншәлі сынды ақын-жыршылардың репертуарына енген көлемді бес нұсқасы ұсынылды.

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.

Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.

Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының

кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Батырлар жыры
35 том

ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Алпысбаева Қ., Қорабай С. Томның ғылыми түсініктемелерін жазып, баспаға дайындағандар: Филология ғылымдарының кандидаттары: Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Қосан С., Тастанов Қ. Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2006. Т. 35: Батырлар жыры.—2006.—392 бет.

ІSBN 9965-35-217-8 «Бабалар сөзі» сериясының 35-томына «Қобыланды батыр» жырының Марабай (Ә. Диваев нұсқасы), Көшелек, Құлзақ, Сүйіншәлі сынды ақын-жыршылардың репертуарына енген көлемді бес нұсқасы ұсынылды. Б 00(05)—07

ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-217-8 (т. 35)
© Әдебиет және өнер институты, 2006

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2006

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем­
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып
жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басы­

лымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз төрт томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­
налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда,

бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дас­
тандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, та­
рихи жырлардың үш томы, батырлар жырының екі томы сон­
дай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін

көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фолькло­
рына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы—
фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа
басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды.

Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осы­
мен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
35-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды

батыр» мен оның ұрпақтарының батырлық, ерлікке толы
ғұмырын баяндайтын бес жыр нұсқасы енді.
«Қобыланды» жырының отызға жуық нұсқалары бар.
Олар­ды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жос­

пар­ланды. Алғашқы томға енген Марабай нұсқасынан өзге
жыр мәтін­дері, яғни Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелді­
ұлы, Сүйін­шәлі Жаңбыршыұлы варианттары бұрын-соңды
жариялан­баған. Мәселен, бұл томға орынборлық жыршы

Сүйіншәліден жазып алынған (1957ж) Қобыланды батыр және
оның ұрпақтары туралы екі жыр мәтіні еніп отыр.

 батырлар  жыры Сондай-ақ «Қобыланды» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талап­ тарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бой­ ынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді. «Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­ тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді. Томның көлемі—24.5 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Қият рулық Қараманның жауға аттанып бара жатып,
құрдасы қара қыпшақ Қобыланды батырға айтқаны:
Қараман айтты:—Құрдасжан,
Мен—Сейілдің ұлы Қараман

Қазанға кетіп барамын,
Жүрмейсің бе, құрдасжан,
Көп қолқалық қыламын
Замандасым, мұңдасым,

Заманы бірге сырласым.
Жасы бірге құрдасым,
Қазан деген шәріге
Сапар тартып, жол шектім,

Жүрмейсің бе, жолбарысым?
Жасыңнан артық талайың,
Қобыланды сынды батыр ең
Жұлдызы туған жоғары,

Жүрмейсің бе, құрдасым?
Дұға тиген ер едің,
Кезіне келген дұшпанның
Білемін, Қобылан, оңбасын.

Қазандағы кәпірге
Сапар қылып жол шектім,
Жүрмейсің бе, жолбарысым?!
Қобыланды сонда сөйледі:

—Бағымды бастан алмасын,

Алды-артымнан шалмасын,
Ақыреттік жолдасым—
Ителгі құстай іледі,
Қобыланды батыр

(Ә. Диваев нұсқасы)

батырлар  жыры
Сүйкімді назбен күледі.
Менің барар-бармасым
Хабар салып алайын,

Үйдегі Құртқам біледі.
Мұны естіп Естеміс,
Сұрағалы Құртқадан
Сол арада жөнелді.

Құртқадан хабар алмаққа
Қобыландының жанынан
Естемес шықты ел жата.
Базарда бар ақ мата,

Бұл сөзімде жоқ қата.
Ойнақтайды жас бота,
Тоқтарбайдың қасында
Құртқа тіккен отауға,

Қыз Құртқаның жанынан
Естеміс тыстан сөз қата,
Күн шыққан соң, таң ата.
Естемес келіп сөйлейді:

—Үйдемісің, қыз Құртқа,

[Түздемісің, қыз Құртқа]
Әйел болдың амал жоқ,
Егерде еркек болғанда,
Болар ең тұтқа бір жұртқа.

Мінген аты қызыл-ды,
Іс тағдырға сызылды.
Жолда жатқан дұшпанға
Арыстанның көңілі бұзылды.

Мінбекке керек қазанат,
Белге керек шар болат.
Денеге керек жалаң қат,
Жан—Жаббарға аманат.

Жалғыз емес Қобылекем,
Қияттан шықты қолқанат.
Батырың мініп шабуға,
Асыл туған қыз Құртқа,

Жазымен баққан бурыл ат
Жарамай ма, жарай ма?
Құртқаның сонда шыққаны:

қобыланды  батыр
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Саулы інгендей ыңқылдап,

Күшігендей сыңқылдап,
Сөйлеген сөзі сымпылдап.
Алтын иек ақ Құртқа
Көтеріп жаулық сөйлейді,

Естеміс құлға былқылдап:

—Дүниеде көп адамзат,

Бенде тоймас іңкәрға
Екі тоқты, бір саулық
Берер едім қырқарға.
Жұмсады ма сізді

Үйдегі бурыл тұлпарға?
Дұғай сәлем дегейсің
Тұлпарыңа жұмсаған
Жұрт иесі сұңқарға.

Жана да сәлем дегейсің
Құрбы менен құрдасқа—
Заманы бірге сырласқа,
Жылы бірге жолдасқа,

Жасы бірге мұңдасқа.
Мінем көшке көк қасқа,
Саламын қамшы жамбасқа.
Бірі қастық қылмайды

Жанына ерген жолдасқа.
Мереке менен той басқа,
Ешкі менен қой басқа.
Шайтан менен жын басқа,

Бәйбіше менен күң басқа.
Туған ұл мен құл басқа,
Жұмсады ма сіздерді
Біздей нашар жолдасқа?!

Жолдасына жұмсаған
Көп құлдық бас дегейсің,
Қараспан тауын жайлаған
Жұрт иесі жолбарысқа.

Әуелі Құдай алмасын,
Алды-артымнан шалмасын.

батырлар  жыры
Тілімді алса, сұлтаным,
Бұл сапарға бармасын,
Бұл олжадан алмасын.

Көп жылайды дегейсің
Үйдегі нашар жолдасың.
Асқар тауда белдік бар,
Жасағанда кеңдік бар,

Азда қанша теңдік бар,
Құрдаста қанша елдік бар,
Тілімді алып, бармасын.
Сұлтаныма сәлем де,

Біз байлаған Бурылда
Қырық үш күндік кемдік бар.
Мұны естіп Естеміс,
Қобыландыға келеді.

«Құртқа солай айтад» деп,
Естеміс барды Қобыланға.
Қобыланды келді құрдасқа,
Жүремін деген жолдасқа.

Сонда Қобылан сөйледі:

—Көлден ұшқан қалбаймын,

Жаманның тілін алмаймын.
Хақ бұйырған сапардан,
Арыстаным, қалмаймын.
Асыл достым, сөкпесең,

Бұл сапарға бармаймын,
Бұл олжадан алмаймын.
Асқар таулы бел деген,
Ақ бармақпен жемдеген,

Ауырса жеммен емдеген,
Өзінен басқа көрмеген,
Өзінен басқа білмеген.
Бағып тұрған баласы,

Күтіп тұрған анасы—
Өзі әйелдің данасы
Тұлпар туған Бурылдың
Қырық үш күні кем деген.

Қараман сонда сөйледі:

—Бұл барғаннан барсақ біз,

қобыланды  батыр
Ер Қазанды өлтіріп,
Қаласын бұзып алсақ біз.
Еркек болып не етеміз,

Әр сапарға шығарда
Қатынға ақыл салсақ біз.
Есіктің алды ебене,
Ерлер киер кебене.

Наздар киер кебе ме,
Кеткен кісі келе ме,
Алған Тәңірім бере ме?!
Әр тарапқа шығарда

Қатынға ақыл салған соң,
Асыл туған Қобыланды,
Қатынның тілін алған соң,
Неше батыр болса да,

Басында билік жоқ адам,
Асыл туған Қобыланды,
Ол қатын емей немене?
Әлқисса, сонда құрдасы Қараманның аузынан мынадай сөз

шыққаннан кейін, Қобыланды батыр қатыны Құртқаға ашула­
нып, басын кесіп келуге атына мініп, жөнелген жері.
Сонда Қобыланды батырдың
Тері тамып иектен,

Үш ай тоқсан болғанда,
Құтылар қошқар күйектен.
Ордалы құлан орғыттым
Миялы қия үйектен.

Неше батыр болса да,
Қараман айтқан бұл сөзі
Өтіп кетті сүйектен.
Тобыршақ атқа зор салды,

Қамшы басты сауырға.
Екпіні ұқсап дауылға,
Тобығы меңді тор атпен
Қобыланды шапты ауылға.

Қатуланып, қаттанып,
Буырқанып, бұрсанып,

батырлар  жыры
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз тамып,

Ар жақ пенен бер жаққа
Найзасын ұстап бармаққа.
Аттанбаққа қалмаққа,
Құдай жолын алмаққа.

Еш кінәсі жоқ еді,
Сөзге сынық қылды деп,
Егер шықса алдынан,
Батыр кейіп келеді

Бұлаңдаған Құртқаның
Басын кесіп алмаққа.
Дарбазалы есікті,
Пайғамбардай несіпті

Үйде отырған қыз Құртқа
Дүбірін аттың есітті.
«Ағыны қатты кім болсын,
Сұлтаным дағы» десіпті.

Түрегеліп бұлаңдап,
Қарады да қамықты.
Құстың жүні мамық-ты,
Арпа-бидай қабық-ты.

Көтере алмас кедейлер
Жылында бір қой салықты.
Тастай беріп қыз Құртқа
Және ашады жабықты.

Жабықтан көзін салыпты,
Қараса ерді таныпты.
Түсі суық көрінді,
Ерге болған секілді

Бір сөзбенен жазықты.
Құртқадайын сұлуың
Өксіп жылап қамықты.
Енді Құртқа сасады,

Бетінен қаны қашады,
Оң етегін басады.
Сасқаны емей немене,
Аш күзендей бүгілді.

қобыланды  батыр
Шыдай алмай қорыққаннан,
Есік пенен төріне
Неше қайта жүгірді.

Сасып жүріп, жөн тауып,
Ақылменен ой тауып,
Түтікпенен су ішкен,
Түндікпенен күн көрген,

Төрде тұрған Бурылдың
Басын шешіп алады.
Тайбурыл атты жетектеп,
Қобыландыдай бөрінің

Бұлаңдаған қыз Құртқа
Алдынан кетіп барады.
Бурыл емес, көк дөнен
Туғаннан жеміс, жеді өлең.

Туғалы торды көрмеген
Түнектен шыққан Тайбурыл
Ай далаға шыққан соң,
Түлкідей көзі жайнады,

Қазандай болып қайнады,
Көлденең жатқан көк тасты
Сулығы деп шайнады.
Он екі құлаш арқанмен

Атылып Бурыл ойнады.
Қыз Құртқаны көтеріп,
Бурыл көкке екі ұшты.
Салмағыменен қыз Құртқа

Алып жерге бұл түсті.
Анасы әйел демесең,
Сол Құртқадан кім күшті?!
Қамығып Құртқа сөйлейді:

—Асқар таудың белдігі,

Аздың бар ма теңдігі.
Құрдастың жоқ-ты елдігі,
Жалғыздарға жар болған
Алланың көп-дүр кеңдігі.

Үш ұшар ең аспанға,
Бір ұшуың кем болды.
Мен қайтейін, Тайбурыл,

батырлар  жыры
Қырық үш күннің кемдігі.
Кентті жерді жайласа,
Үзілмейді базары.

Қайда қалмас жігіттер,
Өлген сордың мазары.
Қобыландыдай бөрінің
Тайбурылды көрген соң,

Құртқадан қайтып қаһары,
Бурылға түсті назары.
Қобыланды сонда сөйледі:

—Көлден ұшқан қаздаймын,

Қаз жайлайтын саздаймын.
Наурыздан соңғы жаздаймын,
Ақылы жоқ мен байғұс
Бүйтіп жүрген Құртқаны

Шауып тастай жаздаймын.
Сарайда, сарай, сарай бар,
Сарайға қолын жеткізген
Қос өркешті қызыл нар.

Әр бәндеге ылайық
Өзіне Тәңірім қосқан жар.
Малы кемнің зары бар,
Әр адамның өзінің

Ылайықты жары бар.
Атымды бағып баптауға,
Текшедегі найзамды
Қарағайға саптауға,

Құртқадайын майысар
Жар тапқанымша талай бар.
Сонда Құртқа жабықты,
Құс төсекті мамық-ты,

Арпа-бидай қабық-ты.
Батыр Қобылан келгенде,
Наз етсе де, қорықса да,
Құртқадайын сұлуың

Өксіп жылап қамықты.
Сонда Қобылан сөйледі:

—Қызыл тілім шешен-ді,

Қатардан басым көсем-ді.

қобыланды  батыр
Артықша туған қыз Құртқа,
Атасы әйел демесе,
Басқа әйел болғанда,

Қауіпсіз болып тұрғанда,
Кеудеден басың кетеді.
Ердің құнын өз басың
Жүктесең де, Құртқажан,

Неге мұнша қамықтың?
Алдыңдағы мендей бір
Арыстаның есенде?!
Құстың жүні мамық-ты,

Арпа-бидай қабық-ты.
Асыл туған қыз Құртқа,
Мені көріп қамықпа.
Қараңғы түнек ішінен

Шығарамын жарыққа.
Осы кеткен сапардан
Есен барып, сау келсем,
Әйел де болсаң басыңды

Хан қылармын халыққа.
Сонда Құртқа сөйлейді:

—Айдын көлден қу аттым,

Дертке дәрі өтіне.
Жазғы балық ойнайды
Айдын көлдің шетіне.
Кисең киім жарасар

Ақ қағаздай етіңе.
Талап етіп, ойға алсаң,
Жеткізсін Тәңірі ниетіңе.
Сіздер сұңқар, біз қарға,

Сіз алыстан келгенде,
Ажырайып қарауға
Қарамаймын бетіңе.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Жылқы ішінде аламын

Қылшаң жүнді қарамын.
Алды-артымда ешкім жоқ,
Жеке туған дарамын.
Тоқтарбай мен Аналық

батырлар  жыры
Дүние кезіп малынан,
Тірі безіп жанынан,
Тілеп алған баламын.

Өкпелеме, Құртқажан,
Ұзақ жолға жүрмеуші ем,
Жатпады деп бір күнше.
Кемпір-шалдың қойнына

Жатайын деп барамын.
Қамшы салды Қобыланды
Тобығы меңді жорғаға.
Дөңгеленіп жөнелді

Тоқтарбай тіккен ордаға.
«Көше біткен шекер деп,
Бүршігі жоқ тікен» деп,
Үйде отырған кемпір-шал

«Қобыланды қозым екен» деп,
Жүгіре шықты далаға,
Көзі түсті балаға.
Бірден жылап екеуі,

Баладан болды садаға.
Бірден келіп екеуі
Шылауына шырмалды.
Шылбырына оралды,

Оң тізгінін қолға алды.
Қобыландыны жетелеп,
Әкеліп үйге түсірді.
Өлгенде көрген жалғызға

Шәрбаттың суын ішірді.
Жалғызға жаны айланып,
Екеуі де толғанып,
Кезек-кезек қолға алып,

Қобыландыны күн батпай,
Алып жатты кемпір-шал.
Жатқызды көрпе-төсекке,
Кезек-кезек сөз қатты.

Үндемей Қобылан тек жатты—
Тілеп алған жалғыз ұл
Кемпір-шалға тым тәтті.

—Өзіме қара, қозым,—деп,

қобыланды  батыр
От жақтан кемпір бұл тартты.

—Маған келші, қалқам,—деп,

Ірге жақтан шал тартты.
Ол уақытта бәнде жоқ
Қобыландай сымбатты.
Екеуінің ортасында

Алма кезек домалап,
Шал-кемпірдің қойнында
Артық туған Қобыланды
Кірпік қақпай таң атты.

Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда
Шал-кемпірдің қойнында
Арда Қобылан жатқанда,

Тайбурыл атқа ер салып,
Аз ғана азық, жем салып,
Бәйгеден келген көк дөнен
Түнімен ұйқы көрмеген,

Ұйқы көрмей ақ үйдің
Алдынан сонда өткізді
Құртқа сұлу көлденең.
Құртқа сұлу Қобыланды батырдың атын есік алдында

көлденең ұстап тұрып:—Жолдасыңыз жолға шықсын деп
жатыр,—деді. Қобыландыны тоқсандағы атасы Тоқтарбай,
алпыстағы анасы Аналық, қарындасы Қарлығаш және жар
қосағы қыз Құртқа аттандырып, көздері қимай, еріп кетудің де,

қалудың да жөнін таба алмай артынан шулап ілесе берді.
Қобыланды сынды батырың
Тайбурыл атты мінеді,
Ақ сауытын киеді.

Қараспан тауды бөктерлеп,
Көп қосынның соңынан
Батыр Қобылан жөнеді.
Тоқсандағы Тоқтарбай,

Алпыстағы Аналық,
Қарындасы Қарлығаш,
Жар қосағы қыз Құртқа—

батырлар  жыры
Төртеуі қалмай соңынан,
«Кесіп кет» деп қолыңнан,
Қобыландының ізінен

Бұлар да еріп келеді.
Түстік жерге келгенде,
Сол уақытта сөйлейді
Қарындасы Қарлығаш:

—Халық ұйғарса, бармасын,

Көңілің сүйсе, қалмасын
Жұрт ойлаған талапқа.
Сыбанып білек бір алдық
Балдағы алтын болатқа.

Ақсұңқар сеніп ұшады
Құйрығы менен қанатқа.
Жалғыз ағам, жан көкем
Сапарланды талапқа.

Сайға біткен қоқтымын,
Бөрік ішінде шоқтымын.
Осы кеткен сапардан
Жан көкем есен келгенше,

Елі-жұртын көргенше,
Айтып кеткен Құдайға
Қоңыр шұнақ тоқтымын.
Мен ұқсаймын айалға,

Нешік айла болады
Көзінің жасын қоярға?!
Көкежан, өзің келгенше,
Елі-жұртың көргенше,

Артыңда қалған мен нашар
Етіңіз енді ниязға.
Көк есекке тас артып,
Аумасын деп баса арттық.

Жан көкем есен келгенше,
Елі-жұртын көргенше
Артыңда қалған мен нашар
Болайын сізге тасадтық.

Басымда бар-ды алтын шоқ,
Жан көкем барда көңілім тоқ.
Көкежан, сені көрмесем,

қобыланды  батыр
Басымнан кетер дүние боқ.
Сізге деген Құдайдың
Маған тисін ажал оқ.

Ақ маңдайда тұлымым,
Бірге туған құлыным.
Керекке біткен тірегім,
Бірге туған бауырым.

Қос қанатым құйрығым,
Сізге деген Құдайдың
Қабыл еттім бұйрығын.
Қозыдай Қобылан егіздім,

Қобыланды менің бастасым,
Бірге туып, бірге өскен,
Кіндігімді бір кескен
Қарғаның жүні—қаттасым,

Үйректің жүні—оттасым,
Бірге туған теңдесім,
Қысылған жерде түптесім,
Желі толған түйең нар,

Оны кімге тапсырдың?!
Тоғай толы жылқың бар,
Мұны кімге тапсырдың?!
Тоқсанда атаң Тоқтарбай,

Жан көке, кімге тапсырдың?!
Алпыста анаң Аналық
Ал, көке, кімге тапсырдың?!
Өзіңмен бірге туысқан,

Бірге туып, бірге өскен,
Кіндігімді бір кескен,
«Көкежан» деп жылаған
Мен сорды кімге тапсырдың?!

Бұл дүниеде мұңдасың,
Төсекте жатқан сырласың.
Ақыреттік жолдасың
Жұбайың қыз Құртқаны—

Құдай қосқан жолдасың
Мұны кімге тапсырдың?!
Қобыланды сонда торықты,
Ақ найзаға сүйеніп,

батырлар  жыры
Өксіп жылап қамықты.
Сонда Қобылан сөйлейді:

—Қаз айналып қонады

Ұя салған жеріне.
Әркім ойнап күледі
Өз қатары теңіне.
Көзден аққан қанды жас—

Қаны, жасы аралас.
Қарлығашқа көрсетпей,
Қобыланды сүртті жеңіне.
Жана Қобылан сөйледі:

—Тауда болар тарғыл тас,

Тарықса шығар көзден жас.
Тар қолтықтан оқ тисе,
Шығады сүйеп қарындас.
Қарындасың болмаса,

Жауда қалар жалғыз бас.
Арқаңды жапқан қолаң шаш,
Шырағым, сөзге құлақ ас,
Мен кешігіп келмесем,

Сіздер де бол тілеулес.
Қараспан тауын жайлаған
Қалың қыпшақ—қарындас.
Қарлыжан, мен айналсам,

Ағызба, қалқам, көзден жас.
Жас шығарма көзіңнен,
Сай сүйегім сырқырар,
Жан көке деген сөзіңнен.

Атадан тақ баламын,
Жауға кетіп барамын.
Жасым үлкен ағамын,
Әлдеқандай боламын.

Армансыз болып кетейін,
Әйел де болсаң, бір тудың
Нашар деп сені не етейін.
Қарлығаш, бұршы мойныңды,

Бетіңнен сүйіп кетейін.
Қарындасым Қарлыжан,
Желі толған түйеңді

қобыланды  батыр
Сары суға тапсырдым.
Тоғай толған жылқыңды
Жасанған жауға тапсырдым.

Қора толған қойыңды
Аш бөріге тапсырдым.
Азу тісі балғадай
Жас бөріге тапсырдым.

Тоқсанда атаң Тоқтарбай
Құдіретіне тапсырдым.
Алпыста анаң Аналық
Бибі Бәтимаға тапсырдым.

Қарындасым Қарлығаш
Қарашаш ханымға тапсырдым.
Жар қосағым қыз Құртқа
Палуан қызға тапсырдым!

Сендер төртеу, мен жалғыз,
Орман ағаш ортаңда.
Құдіреттей жас бота—
Мен сорды кімге тапсырдың?

Қарлығаш сонда сөйлейді:

—Мал сатамын базардың

Бояғы мен бөзіне.
Салса жылқы тоқтайды
Арқаның бөрі көзіне.
Құлақ сал, көке, сөзіме,

Осы кеткен сапардан
Жан көкем есен келгенше,
Елі-жұртын көргенше,
Он сегіз мың ғаламның,

Патшасы, тапсырдым
Мен көкемді өзіңе!
Көп кәпірдің қияуы
Жапанда қонды қыбайға.

Жан көкем есен келгенше,
Елі-жұртын көргенше,
Қобыланымды тапсырдым
Бір жаратқан Құдайға!

Қарлығаш және сөйледі:

—Басымнан дүние өткендей

батырлар  жыры
Көрінбестен көзіме.
Құлақ сал, көке, сөзіме,
Көкем есен келгенше,

Ата-анашым көргенше,
Қалқамбысың дегенше,
Мен көкемді тапсырдым
Он сегіз мың ғаламның,

Падишасы, өзіңе!
Қараспан тауын жайлаған
Біздің қият, көп қыпшақ
Көкемнің оңдар сапарын,

Жасаған Құдай беріп бақ.
Алды-артыңда сүйеу жоқ,
Атадан, көке, тудың тақ.
Сіз бар болсаң, көңілім шат,

Сапарыңнан қайтқанша,
Аман-есен келгенше,
Мен көкемді тапсырдым
Он сегіз мың ғаламның

Падишасы—Жаппар хақ!
Көп қайырың тиеді
Жаныңда қоңсы сыбайға.
Көз салмадың, жан көке,

Бірге туған жұбайға.
Адалдан жиған малыңды
Залымдарға тапсырып,
Осының, көке, ұнай ма?

Көкем есен келгенше,
Ата-анаңды көргенше
Шыбыныңды тапсырдым
Бір Жаратқан Құдайға!

Әлқисса, бұдан кейін қыз Құртқаның Қобыланды батырға
айтқаны:
Ел жайлаған Түп еді,
Зарлы-мұңды көп еді.

Жалғыз ұлдан айрылып,
Кемпір мен шал жүдеді.

қобыланды  батыр
Бұлаңдап келіп жанасып,
Енді Қобылан сұлтанға,
Сұлу Құртқа сөйледі:

—Жүрдіңіз бе сым кесіп,

Болсаң еді екеу сен.
Ерусіз менің күмісім,
Ойыным менен күлісім.
Сұлтаным, сізге бас қосып,

Кеңейіп еді өрісім.
Алтыннан соққан кебісім,
Сегіз ұжмақ қуысым,
Қауыз-кәусар суындай

Бейіштен шыққан жемісім.
Арыстаным, аман бол,
Осы кеткен сапардан
Қиын болар келісің.

Жылқы ішінде аласың,
Қылшық жүнді қарасың.
Алды-артыңда ешкім жоқ,
Жеке туған дарасың.

Атам менен енемнің
Дүние кезіп малынан,
Тірілей безіп жанынан,
Тілеп алған баласың.

Сөйткен бала тастай ма,
Атасы менен анасын?
Тоқтамасқа меңзеймін
Жалғызымның шамасын.

Кетер болсаң, сұлтаным,
Енекемнің еміп кет
Төсіндегі екі мамасын.
Сабындаса ағармас,

Іштен туған қарасын.
Өз қиялың болмаса,
Жөнге түспес баласың.
Тіл білмеген дұшпанға

Сұлтаным, жалғыз барасың!
Қош, сұлтаным, аман бол,
Әлде қандай боласың?!

батырлар  жыры
Асқар төбе билерсің,
Тайбурылмен желерсің,
Жақсы-жаман Құртқаңның

Қадірін сонда білерсің
Тоқсанда атаң Тоқтарбай
Бұтында жоқ ыштаны,
Тізесіне тон жетпей,

Ақ табан болып кәпірге,
Қой баққанда келерсің!
Алпыстағы анаң Аналық
Арқан есіп, жүн түтіп,

Қайғыменен қан жұтып,
Құрт қайнатып жүргенде,
Сұлтаным, сонда келерсің!
Қарындасың Қарлығаш

Әбдәстесі қолында,
Дастарқаны белінде,
Пиаласы қарында,
Бөтен жаудың елінде,

Қызылбастың шетінде
Шай қайнатып жүргенде
Сұлтаным, сонда келерсің!
Көп кәпірдің мықтысы,

Күзгі жердің шықтысы,
Сенен қалған мен сорды
Бір дұшпанның мықтысы
Аламын деп тұрғанда,

Қараңғы үйге салғанда,
Көңілге қайғы толғанда,
Сұлтаным, сонда келерсің!
Мінуші едің ақтабан,

Айтулы едің мақтаған.
Құдайдың ісі көп шығар
Өлмегенге сақтаған.
Алла қосып, сұлтаным,

Сапарланып жол шектің,
Хош, Алла жар, аман бол!
Мерген байлап оқ атар
Ұшқан көлдің қуына.

қобыланды  батыр
Иманды құл жолығар
Қауыз-кәусар суына.
Бұ дүниеде көрмесең,

Құртқамбысың демесең,
Қазаң жетіп бұл жолдан,
Хаққа түзеп бетіңді,
Арыстаным, жөнелсең,

Жұбайым бар деп еске алсаң,
Сұлтаным, сонда мені ізде.
Табысайық махшарда—
Пайғамбардың туында.

Құртқа мұны айтып болғаннан кейін Қобыланды батырға
қарап:—Мен сізге бір сөз айтайын, егер сол айтқаным тура
келсе, айтқаным болады. Келмесе, айтқаным болмайды,—деп,
мына сөзді айтты:

—Кешегі кеткен көп қосын Сыңсыма деген байдың

Сергелдең деген тауында жатқанда сен барарсың. Сен барма­
стан бұрын Қараман құрдасың Қазанға он сегіз жансыз жібер­
ген болар. Кеткен жансыздың айтып келер сөзі мынау болар:
«Қазанның Сырлы қаласының олжасы мол екен, атысар адамы

жоқ екен. Қазанның өзі жатқан Қара қаланың бір жағы аққан
су екен, бір жағы жеті қабат ор екен, қайрат қылып алса, онда
да олжа мол екен, Қазан одан қырық күншілік жол екен»,—дер.
Егер сол айтқандарым болса, менің әдепкі айтқанымның бәрі де

келер, біз арып-талып, кемшілік көргенде келерсің.
Жана да айтатыным: «Қараман құрдасыңыз он сегіз адамы
келгеннен кейін батасын оқып, малтасын жеп, ат құйрығын
сүзіп кімде-кім озып, барып қала бұзып олжа салса, сол адам

қосынға басшы болсын деп, жар қылар, бірақ сіз олармен бірге
шаппаңыз, ол күні жатыңыз, келесі күні жатыңыз, оның ке­
лесі күні түсте шабыңыз, сонда да олардан бұрын барарсыз. Ол
қосында Тайбурылдан озатұғын ат жоқ. Қараман құрдасыңның

бір қара жалсыз құла аты бар екен, атбазы жоқ екен. Қара
қарын екен, әрі-бері шапқан соң, көзіне тері тығылып шаба ал­
мас, енді хош-сау болыңыз, біз кемшілікті көп көргенде келер­
сіз,—деп қала берді.

Баласын жауға аттандырып салып, анасы Аналықтың жы­
лап айтқаны:

батырлар  жыры
Бейшара болған Аналық
Баласына жете алмай,
Үйіне қайтып кете алмай,

Жапанда тұрып зарлады:

—Он сегіз мың ғаламның

Падишасы, Хақ Жаппар,
Есіттің бе сөзімді,
Жылатпа менің көзімді.
Он үш жасар Қобыланды

Ерінбей сүйер кезің-ді.
Мұхамбет атты, әй, тақсыр,
Жалғызымның артынан
Тар жерде ал өзімді.

Омар, Оспан екі жар,
Қауас, Қияс екі жар,
Сіздерден басқа кімім бар?
Бас-басыңа бір жандық,

Дем бермесең, біз қалдық.
Асқардан асып бұл кетті,
Белден асып ел кетті.
Біз пақырға көзің сал,

Әруақтар, сізді тербеттім!
Бір жылқыдан кем шаппас
Келінжан баққан Бурыл ат.
Денеңе мылтық тигізбес

Дәуіт соққан жалаңқат.
Қынаптары сары алтын,
Ұстаған жері сап алтын,
Балдағы алтын шар болат.

Шырағымның шыбын жан
Жасаған, саған аманат!
Қалғып кетсе қағып жүр,
Адасып кетсе, бағып жүр,

Көл иесі Қамбар-ай,
Жол иесі Қамбар-ай!
Қамбар өзің қолдасаң,
Қолдамайтын кім бар-ай!

Қазанға қайдан қол жиды
Қараман деген заңғар-ай!

қобыланды  батыр
Қараман жиды санатты,
(Қырғыздар ішер арақты)
Жалғызым қылды талапты.

Мұхамбет атты, әй, тақсыр,
Өз қолыңа тапсырдым
Атадан тақ шырақты!
Қала қалмас Тайбурыл

Қатар шапқан жарыстан.
Жау іздеді жалғызым
Жақын емес, алыстан.
Қыс болғанда жылқы ықпас

Ойға біткен қамыстан.
Осы кеткен қозымды
Өз қолыңа тапсырдым,
Шер Ғали атты арыстан!

Осы кеткен жалғызым
Есен барып, сау келсе,
Егіз туған көк бөрі
О да сенің жолыңа!

Егіз туған көк бұқа
О да сенің жолыңа!
Егіз туған көк айғыр
Бұл да сенің жолыңа!

Өлгенде көрген жалғыз ұл
Тумады ма сорыма?!
Осы кеткен қозымды,
Алланың досты Мұхамбет,

Тек тапсырдым қолыңа!
Аязды күні айналған,
Бұлтты күні бұрылған,
Айқара бесік таянған,

Дыбысы шықса оянған,
Алтыннан бесік игізіп,
Ақ торғынға бөлеген,
Өлгенде көрген көбеген,

Жұрт тілегін тілеген.
Қабырғам жездей қайысқан,
Көтергенде бесікті
Он бармағым майысқан,

батырлар  жыры
Тас емшегім иіткен,
Тар құрсағым кеңіткен,
Балапан қаздай еріткен,

Алсам қолым талдырған,
Сүйсем мейірім қандырған,
Денемнен шыққан балдырған.
Шаһизинда хазірет,

Жарылқаушы Құдірет,
Үмбетім деп еске алсаң,
Алланың досты Мұхамбет,
Жалғызыма жәрдем ет!

Қараман кетті жиып қол,
(Сөйлейді сөзді оңды-сол)
Осылайша зарланып,
Құдайға [қатты] зар қылып,

Жылаумен қалды кемпір сор.
Қобыланды мінген Тайбурыл
Елбең-елбең жортады
Атандай төсі салынып.

Қала берді кемпір-шал
Әруақтарға жалынып.
Бұл жерден Бурыл гуледі,

—Әйт, жануар, шу,—деді.

Бірде шауып желеді,
Кешегі кеткен қосынға
Тұлпар туған Бурылмен
[Тоқтамай шауып келеді.]

Құртқаның айтқан жерінде
Жатыр екен көп қосын.
Артық туған Қобыланды
Гулетіп келді бесінде.

Қобыланды батыр келсе, Қараман батыр Қазанның қаласын,
дұшпандардың жай-күйлерін білмек үшін жіберген он сегіз
жансызы қайтып келіп отыр екен. Қобыландыны көргеннен
кейін амандасып отырып, мынау сөздерді айтады:—Сырлы

қаланың олжасы мол екен, атысар адамы жоқ екен. Қазанның
өзінің жатқан Қара қаланың бір жағы аққан су, биік жар екен,
бір жағы жеті қабат қазған ор екен. Қайрат етіп алған кісіге онда

қобыланды  батыр
да олжа мол екен. Қазан қаласы бұл жерден қырық күншілік
шөл екен.
Жансыздардың бұл сөздерін есіткеннен кейін Қараман ба­

тыр:—Кімде-кім батасын оқып, малтасын жеп, ат құйрығын
сүзіп, Қазан қаласына ат қойып, қамалды бұзып, осы жақтан
адамдарға олжа салса, сол адам осы қосынға бас болады,—деп
атына мініп жөнеп кетеді.

Қобыланды батыр сол арада сол күні жатты. Екінші күні
жатты, келесі күні (үшінші күн) дұшпанға аттануға көңілі
қобалжып, тау басына шығып, Тайбурылдың құйрығын сүзіп,
кекілін талдап, көңілін алдап, теңселе басып ырғалып, көп

қосынды жөнелтіп жіберіп, Тайбурылмен оңаша қалып атына
айтқан сөзі:

—Төрткілдеп соққан төбедей,

Шаншармын найза жебедей,
Ескіден қалған көнедей,
Тойтармаған шегедей
Жаңылдың ба, Тайбурыл,

Мінейін деп тұрғанда,
Анаңыз Құртқа не деді?
Қыдыра жалды жылқыдан
Бурыл қалмас деп еді.

Әуелі Алла анайым,
Хақ жаратқан Құдайым,
Ұжмақта хорлар сымбатты
Үйдегі Құртқа жұбайым.

Жұбайым Құртқа болды деп,
Жемеймін, Бурыл, уайым.
Анаңыз «тұлпар» деуші еді,
Анаңның сөзін сынайын.

Біздің ауыл қалыста,
Есебі жоқ алыста.
Қаса тұлпар ат болсаң,
Тұлпарым, бүгін қарышта!

Қырық күншілік Қазанға
Бір мезгілде жетуге
Сіздей малға алыс па?
Қатын Қобылан қалды деп,

батырлар  жыры
Кешегі кеткен жолдасқа
Қоямысың намысқа?!
Дұшпанның келдім кезіне,

Тұлпарым, саған айтайын
Сал құлағың сөзіме.
Қырық күншілік Қазанды
Намаздігер өткенше,

Намазшамға жеткенше,
Түсірмесең жүзіме,
Көрсетпесең көзіме,
Онда шешең, мұнда мен

Қалады көңілім өзіңе!
Осылай толғап болды да,
Артық туған Қобыланды
Тобылғы сапты қамшыны

Толғап ұрды санына.
Астындағы тұлпардың
Жаман батты жанына.
Жанына батпай не қылсын,

Сауысқан, қарға тойынды
Санынан аққан қанына.
Қобыландының қамшысы
Тайбурылға шын батты,

Шыбын жаны тым тәтті.
Құрбысында адам жоқ
Қобыландыдай сымбатты.
Жанына қамшы батқан соң,

Жоғарғы ерні жыбырлап,
Төмені ерні қыбырлап,
Иегімен сыбырлап,
Тайбурылға тіл бітті

Тәңірі оны сөйлетті.
Тайбурыл сонда сөйледі:

—Назбедеуге бітер жал,

Кімге келмес керімсал,
Алуа менен шекер-бал.
Салып едің қамшыңды
Шығара жаздың кеудемнен

Бір шыбындай жанымды.

қобыланды  батыр
Артық туған Қобыланды нар,
Қызылбастың жұртына
Осынша болдың ынтызар.

Басымды түзеп, сал жолға,
Төрт аяғым тең жорға.
Үстімде сен есенде
Қажу бар ма мен сорда!

Айтқаның жерде қалар ма,
Құртқа сынды жұбайға
Жаратқан соң Құдай ат қылып,
Сіз секілді сыбайға.

Қырық күншілік Қазанға
Бір мезгілде жет дейсің,
Ұшқан құсқа оңай ма?
Қиын да болса, Қобыланды,

Қиналамын, қайтейін,
Уәдеңіз солай ма?
Қазанның Сырлы қаласын
Намаздігер өткенше,

Намазшамға жеткенше
Түсірмесем жүзіңе,
Көрсетпесем көзіңе,
Сөйтіп мінген Бурылды

Сол жерде шал Құдайға.
Қобыланды сынды батырдың
Көңілі бітіп Бурылға:

—Әйт, жануар, шу,—деді,

Аршындап Бурыл гуледі.
Тау мен тасты көрмеді,
Табаны жерге тимеді.
Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Қараша емес қауыс-ты
Қоңырлатып дауысты,

Берсін кімге намысты.
Күн төбеден аумай-ақ,
Түзеді Бурыл шабысты.
Қос құлағы тігілді

батырлар  жыры
Қайырға біткен қамыстай.
Түс ауған соң бүктелді
Илеуі жеткен қайыстай.

Байлаулы малдай шешілді,
Төрт аяғы көсілді.
Кешегі кеткен қосынға
Бұлаңдаған Бурылмен

Артық туған Қобыланды
Аңғытып жетті бесінде.
Қол соңында барады
Қара Боқан жаурыншы.

Боқанға келді:—Арма!—деп,
Алдыңда кісі бар ма?—деп.
Сонда Боқан сөйлейді:

—Жылқы ішінде ала-ды,

Қылшық жүнді қара-ды
Осынау дөңнің астында
Аққозы кетіп барады.
Тайбурыл атты құтыртып,

Оған да келді сыпыртып:

—Үлкен едің, арма,—деп,

Алдыңда кісің бар ма?—деп.
Аққозы айтты аланы,
Қылшық жүнді қараны.

—Осы таудың астында

Қосдәулет кетіп барады.
Тайбурылды құтыртып,
Оған да жетті сыпыртып:

—Үлкен едің, арма,—деп,

Алдыңда кісі бар ма?—деп.
Қосдәулет сонда сөйледі:

—Алыстан айқын көрінген

Қылшаң жүнді қара-ды.
Адасты деп ойлап ек
Қобыланды сынды баланы.
Оңдаса Құдай сапарды,

Бәнденің болмас шарасы,
Қызыл тілді сөйлеткен
Қаусырма жақтың арасы.

қобыланды  батыр
Жеткен-ді деп ойлаймын
Өз көңіліме шамасы.
Кешегі қонған мезгілден

Шапқаннан бері, шырағым,
Көрінген жоқ көзіме
Құрдасыңның қарасы.

—Әйт, жануар, шу,—деді,

Бурыл тұлпар гуледі.
Емен найза қолынан,
Жұлдызы туды оңынан.
Бір сағаттай болмай-ақ,

Екпінді тұлпар Бурылмен
Қобыланды сынды батырың
Қараманға жетті соңынан.
Қобыланды жетіп сөйлейді:

—Болғаның ба, досым-ай,

Мақтаған атың осыма-ай?!
Он екі күнде келерсің,
Менің жауға тіккен қосыма-ай!
Тауға біткен татыр-ай,

Жарасар құрған шатыр-ай.
Анау күні «қатын» деп,
Қарамай кеткен батыр-ай!
Қатын да болса білдің бе,

Құртқамның асыл затын-ай!
Қатынның баққан атын-ай,
Қалсаң өлім жақын-ай!
Жүрмейсің бе, Қараман,

Үш күн кейін соң қалып,
Мен де озып барамын.
Жүре берді бұларға
Жалғыз сағат қарамай.

Қала берді көп қият
Бірі еруге жарамай.
Бұл жерде Бурыл гуледі.

—Әйт, жануар, шу—деді.

Көлденең жатқан көк тасты
Тегістеп тілген тұяғы
Саз балшықтай иледі.

батырлар  жыры
Қарсы келген қабақтан
Бурыл қарғып жөнеді.
Аманбайдың «Ақ тікен»

Асып Бурыл жөнеді.
Байалышты құмайттан,
Бүлдіргенді шүңейттен,
Асу-асу шөлдерден,

Қасқалдақты көлдерден,
Асқар-асқар белдерден,
Ылай-батпақ көлдерден,
Қан сасыған жерлерден.

Үмітін үзіп жол шекті
Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ елдерден.
Хан жайлаған Қаратау,

Би жайлаған Алатау
Одан да өтіп жол шекті.
Сол төбе мен бұл төбе,
Бауыры шұбар кең төбе,

Күдердің қара дөңінен
Бесінде өтті шенінен.
Астындағы Тайбурыл
Арандай аузын ашады,

Аяғын топ-топ басады.
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.
Жаңбырдай тері сіркіреп,

Жауған күндей күркіреп,
Қар суындай тасады.
Құлан менен құлжаның
Ұзатпай алдын тосады.

Көл жағалай отырған
Көкқұтан менен қарабай
Көтеріліп ұшқанда,
Белінен кесе басады.

Өлген құстар көп қалды,
Ақсары менен лашын
Өлген құсты жеп қалды.
Қоғалының Қулы көл,

қобыланды  батыр
Жекендінің Желді көл,
Қызғыштының Қызыл көл,
Сеңгір-сеңгір таулардан

Секіріп Бурыл жөнеді.
Астындағы Тайбурыл
Құбылып, ойнап жер басты.
Алдыңғыдан артқысын

Сынық сүйем кем басты.
Шалқайып ұшқан қоңыр қаз
Тозаңынан адасты.
Бірде шауып желеді

Құбылып ойнап жер басып,
Дөңгеленіп келеді.
Намаздігер өткенде,
Намаз-ақшам жеткенде

Қазанның Сырлы қаласын
Қобыланды батыр көреді.
Қазандының көп жылқы
Жатыр екен далада,

Қаланың сыртқы баурында.
Бұлаңдаған Бурылмен
Қобыланды жетіп келеді.
Артық туған Қобыланды

Қуалап жылқы алады,
Айдап жөнге салады.
Бір уақытта көңіл қылады,
Бұзайын деп ойлайды

Қазанның Сырлы қаласын.
Қобыланды жалғыз ат қойып,
Қаланың аузын қандатты,
Көшенің аузын шаңдатты.

Қақпадан атын қарғытты,
Қандектен оғын ырғытты.
Туырлығын тоқым қып,
Керегесін отын қып,

Үрерге итін қоймады,
Сығарға битін қоймады.
Баспақты сиыр танаға.
Жан шығармай далаға,

батырлар  жыры
Мал шығармай салаға,
Өтірік емес, жан аға,
Он екі күн сәскеде

Жалғыз адам құтқармай,
Сырлы қала бәндесін
Артық туған Қобыланды
Айдап шықты далаға.

Жалғыз бұзып Қобыланды,
Бұл қаланы алады,
Артық бақыт татады.
Қарауыл қарап қайтпаққа

Бұлаңдаған Бурылмен
Асқар тауға барады.
Таудың шығып басына,
Ақ найзаға сүйеніп,

Жан-жаққа көзін салады.
Қараса көзі көріпті
Қалың қият көк қосын.
Олар да келіп қамайды

Қазанның Қара қаласын.
Көп қияттың басы Қараман батыр қырық мың қолменен
Қара қаланы қамаса да, ордан өте алмай, күші жете алмай жа­
тыр екен. Өздерінен һеш нәрсенің өнбейтінін біліп, Қараман

батыр жолдастарына айтты:—Мен Қобыланды батырға ба­
райын, сол келіп алып бермесе, біздің қаланы алатын түріміз
көрінбейді.
Қараман Қобыландыға келіп тұрып айтқан сөзі:

Қобыланды сынды-ай батырға
Қараман келіп сөйледі,
Сөйлегенде не дейді:

—Артық туған Қобыланды,

Балтам тастан өтпейді,
Жамандар сөзді кектейді.
Жүрмеймісің, батырым,
Қызылбастың кентіне,

Сізсіз күшім жетпейді.
Қобыланды сонда сөйлейді:

қобыланды  батыр

—Атан ба екен, нар ма екен,

Жая ма екен, жал ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен,
Ер бұзбаған шәһарді
Қатын бұзған бар ма екен?!

Мал саттым базар бөзіне,
Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның бөрі көзіне.
Аспаймын құлақ сөзіңе,

Жолама менің өзіме.
Қатын деп айтқан сөзіңді
Сен бір айтсаң, екі айттым.
Келмеді ме кезіңе,

Көрінбе менің көзіме!
Неше батыр болсаң да,
Үйде қалған Құртқаның
Сатса алмаймын өзіне.

Өзі түгіл, алмаймын
Сағынғанда бір ауыз
«Қалқамжан» деген сөзіне.
Қараман бұл сөзді есіткеннен кейін шыдап тұра алмай, ашу­

ланып, өкпелеп жөніне жүре берді. Қобыланды батыр артына
біраз қарап тұрды да: «Қанша айтқанменен жылы бірге жолдас,
жасы бірге құрдас еді, жаңсақтан айтқан бір ауыз сөзіне бола
көңілін қалдырмай-ақ қояйын»,—деп, шақырып алып өкпе-

кінәларын айтысып, екеуі де қосынға келді.
Қобыланды қырғыздың қазған орынан Тайбурылды секірт­
пекші болып, атына арнап айтқан сөзі
Қобыланды тұрып сөйледі:

—Мал саттым базар бөзіне

Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның бөрі көзіне.
Тұлпарым, саған айтайын,
Құлағың сал сөзіме.

Шекер менен бал қандай,
Жая менен жал қандай?
Атаңыз тұлпар деуші еді,

батырлар  жыры
Қырғыздың қазған орынан
Қарғимысың, хал қандай?
Тайбурыл сонда сөйлейді:

—Артыңда қалды еліңіз,

Болды ма менде кегіңіз.
Анамыз Құртқа деген соң,
Сатылмайды теріміз.
Қысылған жерде дем берсін

Жылқышы Қамбар піріміз!
Ойыңа алсаң, қоймайсың,
Артық туған шеріміз.
Салған қолқаң сол болса,

Қарғысам қарғып көрейін,
Тәуекел етіп көріңіз.
Қобыланды сынды еріңіз

—Әйт, жануар, шу,—деді,

Бурыл балқып гуледі.
Ортасына шәһардің
Бурыл келіп топ етті,
Жердің шаңы бұрқ етті.

Төрт аяғы тиген жер
Тесіле жаздап солқ етті.
Іркілмей Қобылан жүрген соң,
Қайтпасын батыр білген соң,

Қара қасқа ат мінген,
Ат құйрығын шарт түйген.
Артына сауыт бөктерген,
Алдына дабыл өңгерген,

Алмағанға дем берген,
Азды-көпті тең көрген,
Құдайдан дұшпан сұраған,
Жау көрмесе жылаған.

Қолына жұмсақ болсын деп,
Найза ұстаған жеріне
Топтап барқыт ораған.
Шын қаһары келгенде,

Жаңбырлы қардай бораған.
Суда болар сары сазан,
Молдалар айтар бес азан.

қобыланды  батыр

—Жеке ме, бала, жеке,—деп,

Алдына шықты ер Қазан.
Қазан келіп сөйлейді:

—Атыңды сұрасам, кім деймін,

Жөніңді сұрасам, кім деймін?
Анаңды сұрасам кім деймін,
Шешеңді сұрасам кім деймін?
Қалжың сөзге көнбеймін.

Ашуыма көп тисең,
Үстіңдегі ақ сауыт,
Астыңдағы бурыл ат
Қан тигізбей бер деймін.

Атыңның жалы жатыпты,
Алыс жолдан келгендей.
Қабағың сенің қатыпты,
Түн ұйқыңды бөлгендей.

Атыңның жалы жатыпты,
Көп шабуыл көргендей.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Мал саттым алтын-күміске,

Ат беруге қимаймын
Сендей дінсіз, жөнсізге
Ат алудан қашпаймын,
Алғанымша, асықпа.

Келмей жатып, ат сұрап,
Қызылбас неден есірді.
Қырғыздың қызы сұлу деп,
Сүйемін деп келіп ем

Бұл сапарда жесірді.
Шыдамасаң бері кел,
Көрсетейін кесірді.
Атасы жаман, анасыз,

Атамды сұрап не етесіз?
Атаңыз бар-ды жетесіз,
Анаңыз бар-ды некесіз.
Жоқ сөзді айтып не етесіз?!

Көзіңді сал ойныма,
Қылыш тиер мойныңа,
Қан сорғалар қойныңа.

батырлар  жыры
Атаңа нәлет ит қалмақ,
Басылмаған есерсің.
Патшадан киген қаттауың

Қан қылмай-ақ шешерсің.
Қара қасқа тұлпардың
Сауырынан түсерсің.
Мойныңнан аққан қызыл қан

Шамаң келсе ішерсің.
Жауға шабар ер жігіт
Жаманнан ақыл сұрамас.
Бетімнен қаһар шығады

Жаңбырлы қардай аралас.
Мұсылманның баласы
Өзім өлмей, жыламас.
Іздегенім Қызылбас,

Аты-тонын һәр жерде
Беруші еді сендей нас.
Қылышпенен өлтірсем,
Қиқаладың дерсің сен.

Найзаменен өлтірсем,
Миқаладың дерсің сен.
Садақпенен өлтірсем,
Қапыл қалдым дерсің сен.

Мылтықпенен өлтірсем,
Жазым қалдым дерсің сен.
Мінген атың құла ғой,
Сендер көп те, мен жалғыз.

Қолыңа келді бір бала,
Білгеніңді қыла ғой.
Ел жайлауы Арыс-ты,
Батырлар қылды намысты.

Әуелі тәуір сөйлесіп,
Артынан шайтан жабысты.
Шайтан емей немене,
Ырғай сапты сүңгіні

Ырғай-ырғай салысты.
Итерісіп тұрысты,
Найза қанға майысты.
Ат тізесін бүгісті,

қобыланды  батыр
Бүге-бүге тұрысты,
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып.

Қақырғаны қан татып,
Түкірігі жын татып,
Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді.

Бір уақыттар болғанда
Артық туған Қобыланды
Найзасын ырғап ендірді,
Ат көтіне міндірді,

Қазанды жерге төндірді.
Ту жығылар айшықты,
Ақ денеден қан шықты,
Суырып алды, жан шықты.

Тысқы қорған ішінде,
Ішкі қорған тысында,
Қазан ердің аузына
Қобыланды құйды балшықты.

Қазан аттан құлады,
Көріп кәпір шулады.
Шәрі байтақ жұртына
Тегіс хабар салады,

Халқын жиып алады.
Жалғыздығын білген соң,
Қобыланды сынды баланы
Самсап тұрған көп кәпір

Тұрған жерде қамады.
Артық туған Қобыланды
Жалғыздығын білген соң,
Толып жатқан кәпірдің

Қамағанын көрген соң,
Жалғыздықты айтып жабығып,
Бір Тәңірге зары қып,
Қобыланды тұрып сөйледі:

—Өзі болат, өзі өткір

Бұрынғы ердің найзасы.
Бақ қараған жігіттің
Басында болар айласы.

батырлар  жыры
Алды-артымда таяу жоқ,
Қараспандағы халқымның
Қайда бір маған пайдасы?

Мініп шықтым елімнен
Астымда Бурыл дөненді,
Көкке тойған көбеңді.
Қызылбас қашып, мен қалсам,

Ерлігімді айтар деп,
Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ көп елге.
Мал саттым базар бөзіне,

Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның бөрі көзіне.
Сал құлақты сөзіме,
Құдай жалғыз, мен жалғыз,

Бір шыбындай жан үшін,
Жан жаратқан бір Құдай,
Жалынамын өзіңе.
Бұл дұшпанның қолында

Қаза жетіп, мен өлсем,
Үстімдегі ақ сауыт,
Астымдағы Тайбурыл
Жалғызымның есі деп,

Кім көрсетер апарып,
Кемпір-шалдың көзіне.
Сүйдеп айтып болған соң,
Қиналарын білген соң,

Бауыры жазық Тайбурыл
Шығыршық атып ойнайды.
Артық туған Қобыланды
Ерегескен дұшпанын

Басын жоймай қоймайды.
Қылқобызға жағады
Қарағайдың шайырын.
Пішеншілер алады

Тырмасы менен айырын.
Шабамын деп батыр тұр,
Қырылуға кәпір тұр—
Алла берсін қайырын!

қобыланды  батыр
Шабайын деп Қобыланды
Тайбурыл атты аршындап,
Бурыл тұлпар ұмтылды,

Аузынан аққан ақ көбік
Омырауын жапты балшылдап.
Кейін қалып, көп шаншып,
Ақ сүңгісі шабалы.

Қарап тұрса Қобыланды,
Әскер басы көп төре
Алдынан шулап өтеді.
Шабайын деп Қобыланды

Алтын-ды қалпақ, жез телпек
Баса киді көзіне.
Тыңдасаңыз құлақ сал,
Кенелтейін айтқан сөзіме.

Артық туған Қобыланды
Қырық шәрлі қызылбас
Қырық кісідей батырдың
Көрінбейді көзіне.

Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Қатуланып, қаттанды,
Буырқанды, бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды.
Самсап тұрған кәпірге
Қобыланды жалғыз тиеді.
Бөлек-бөлек қылады,

Бөлінген қойдай қырады.
Қасқыр шапқан қойдай қып,
Қамап кетіп барады.
Жолбарыс шапқан құландай

Шошып кетіп барады.
Ұрттап ішіп, қан төгіп,
Тойып кетіп барады.
Үш мың атты бір сайға,

Төрт мың атты бір сайға
Қойып кетіп барады,
Қайтарында алмаққа
Тізгіндерін қосақтап,

батырлар  жыры
Қойып кетіп барады.
Тұла бойы сал болып,
Ақ білегі қан болып,

Көргендерге таң болып,
Үсті-басы шаң болып,
Жау үстіне жол салды,
Үкімін батыр мол салды.

Он жеті күн болғанда,
Мың сан қолды тауысып,
Тайбурыл атпен бұлаңдап,
Қобыланды жалғыз бұ қалды.

Сол қаланың әйелі
Ерлерінен айрылып,
Бәрі де жесір, тұл қалды.
Әбзел салды алаға,

Тәңірі берді көп бақыт
Қобыланды сынды балаға.
Ат қоймаққа ойлады
Қазанның Қара қалаға.

Нақ бесінде жад етті
Жеті кәміл бабаға.
Мал шығармай салаға,
Жан шығармай далаға,

Жалғыз адам құтқармай,
Сырлы қала бендесін
Артық туған Қобыланды
Айдап шықты далаға.

Қазанның екі қаласын,
Қазына алтын-күмісін,
Малын, жанын ызғытып,
Осыншама көп малды

Айдап жөнге салады.
Жалғыз туған Қобыланды
Артық бақыт табады.
Толып жатқан көп жаман

Көп олжаға кенелді.
Қаладан сыртқа шыққан соң,
Көп қосын көшпей бөгелді.
Атадан жаман туғандар,

қобыланды  батыр
Екі-үш күн етке тойғандар
Қоста отырып кеңесті,
Кеңескенде не десті:

—Жалғыз жүріп Қобыланды

Қаланы бұзып алдым дер.
Толып жатқан жаманға
Олжаны өзім салдым дер.
Жиып шықты Қараман

Қияттан мың сан нөкер деп.
Қобыланды елге сау барса,
Сәніміз біздің кетер деп,
Ақылдасты көп қият:

—Жалғыз атты қыпшақты

Өлтіріп кетсек нетер?—деп.
Айтса дағы қылмады,
Мұрады қабыл болмады.
Артық туған Қобыланды

Толып жатқан қиятты
Есепсіз малға тойғызды.
Жамандардың бұл сөзін
Қараман біліп қойғызды.

Қобыланды
батырдың
Қараман
құрдасы

тұрып
Қобыландыға:—Қазанның екі қаласын алдық, тек бұл ол­
жаменен ғана қайту ұят-ты. Осынау жақта Көбікті деген хан
бар, оның елсіз далада жатқан көп жылқысы бар, соны да ала

қайтайық,—деп ақыл салды. Қобыланды да мұның бұл сөзін
мақұлдап, екеуі жүріп кетті.
Ақылдасып батырлар,
Көшпей, тоқтап бөгелді.

Аттанып шыққан қырық мың қол
Көп олжаға кенелді.
Қараман, Қобылан бас қосып,
Көбікті ханның шәріне

Екі көкжал жөнеді.
Қалған қолға тапсырды
Қазаннан алған көп елді.
Базарда болар ақ мата,

батырлар  жыры
Ойнақтайды жас бота.
Көп қосынның ішінен
Қараман менен Қобыланды

Көбікті ханға бет алып,
Сапарланды ел жата.
Көбіктінің көп жылқы
Жатыр екен алдында.

Екі бөрі бас қосып,
Жетіп келді таң ата.
Гүрлетіп жылқы алады,
Айдап жөнге салады.

Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда.
Белес-белес қыр екен,
Оқпанды сай жер екен.

Көбіктінің тарлан ат
Жылқы ішінде тұр екен.
Жамандатқыр Тарлан ат
Құйрығын құстай тарады.

Желкесінен қарады,
Бауырынан жарады.
Әуеге қарап есінеп,
«Ием бе?» деп кісінеп,

Жау екенін білген соң,
Сыртына құйрық салады.
Қайта айналып шәріне
Тарлан ат қашып барады.

Жалғаса қуған екеуі
Қарасын көрмей қалады.
Қашып барып Тарлан ат
Шәріге барып еніпті.

Есітті дүбірін Көбікті,
Ат барған соң демікті.

—Үйдемісің, Қарлыға,

Ат ертте,—деп жекіпті.
Базардан келген қасық-ты,
Тарлан атқа Көбікті
Ер салуға асықты.

Ат басындай тас шоқпар

қобыланды  батыр
Тақымына басыпты.
Тарлан атты Көбікті
Еріндіктеп алады,

Беліне терлік салады.
Айдауға кеткен жылқының
Артынан қуып барады.
Қобыланды батыр мен Қараман екеуі олжа жылқыларын

алдарына салып, ызғытып Сарыөзенге келіп жеткен еді.
Қобыланды жолдасы Қараманға:—Мен көптен бері ұйқы
көрмей, тыным алмай ат соқты болып қалдым, бір азырақ
ұйықтап алайын,—деп, бір таудың бауырына жатып қалды.

Қараман батыр жылқыны күзет қылып тұра берді.
Сол уақытта Көбіктінің келуі.
Күн сәскеге жеткенде,
Сарыөзеннен өткенде,

Тау суындай сарқырап,
Ақ сауыты жарқырап,
Тарлан атпен Көбікті
Артынан жетті барқырап.

Көбікті сонда сөйлейді:

—Ел иесіз дедің бе,

Көл иесіз дедіңбе?
Мал иесіз дедің бе,
Жан иесіз дедің бе?
Өрісте жатқан жылқымның

Өрісін бұзған кім еді?!
Жусап жатқан жылқымның
Жусауын бұзған кім еді?!
Батыр жігіт қайдасың,

Батырлар табар айласын.
Сол уақытта Қараман
Көбіктіні шанышпаққа
Қарамандай еріңіз

Оңтайланды найзасын.
Қараман ерлік бастады,
Ерлігін Алла қоспады.
Денесіне тигізбей

батырлар  жыры
Көбікті дінсіз, ит қалмақ,
Қараманның найзасын
Шоқпармен қағып тастады.

Ұмтылуменен Көбікті
Қараманды ұстады.
Көбіктінің ерлігі
Мұсылманнан асады.

Жас күшіктей шыңғыртып,
Қараманды Көбікті
Тақымына басады.
Қулық пенен сұмдықты

Көбікті тағы ойлады.
«Оянып кетсе, болмас» деп,
Қобыландыны Көбікті
Ұйықтап жатқан жерінде

Тоғыз қабат тор салып,
Бекітіп әбден байлады.
Ол уақытта Қараман
Ұйықтап жатқан Қобыланды

Оятуға болмады.
«Енді үзіп кетпес» деп,
Қобыландыны Көбікті
Оятпаққа сайланды.

Түртіп еді Көбікті,
Қобыланды батыр тұрмады,
Ұйқысын Қобылан бұзбады.
Дұшпан деген ойда жоқ,

Жиып алды Көбікті,
Қару-жарақ бойда жоқ.
Хабарсыз жатып дұшпаннан
Басынан өтті дүние боқ.

Аңдаусыз жерде Қобыланды
Бәнде болып дұшпанға,
Табанына тиді шоқ.
Бір уақытта оянып,

Қобыланды батыр көсілді.
Дұшпан деген батырдың
Әлі де жоқ есінде.
Көбіктінің байлаған

қобыланды  батыр
Тоғыз қабат торының
Бес қабаты шешілді.
Көбікті тұр таң қалып,

Қобыланды қалды сандалып.
Қобыланды батыр сасады,
Басынан бақыт қашады.
Ыза болып Қобыланды,

Жын қаққанға ұқсады.
Кісен салып Көбікті,
Қараман менен Қобыланның
Аяқтарын тұсады.

Жеті кәміл бабасын
Жад етуге жаңылды.
Не қылса да бұларды
Енді қара басады.

Бұл екеуін Көбікті
Тақымына қысады.
Қос батырдың қос тұлпар
Жылқысына қосады.

Белес-белес бел еді,
Тарлан атпен желеді.
Асып туған қатардан
Көбікті дағы ер еді.

Дұшпанын батыр мұқатып,
Аулына батыр кетеді.
Қалыңнан соққан қарсақтай
Салақтатып Көбікті,

Тақымында қос батыр
Ұлы сәске кезінде
Шәріне кеп енеді.
Көбікті келе сөйлейді:

—Үйдемісің, Қарлыға,

Түздемісің, Қарлыға?
Жер астына бір түсер
Бұл адамның барлығы—
Алланың көп дүр жарлығы!

Қайысқан болат сынғандай,
Желіккен көңіл тынғандай.
Өтірік қандай, шын қандай?

батырлар  жыры
Сені берсем күйеуге,
Екі бәнде әкелдім
Бас жетімге қылғандай.

Көгершін қонып қабаққа,
Сухары беріп тамаққа.
Жауып таста апарып
Алтын кілтті лабаққа!

Қарлыға мінген кер еді,
Маң-маң басып келеді.
Анасы әйел демесең,
Бұл шәһардің бегі еді.

Байлауда жатқан батырды
Екеуін екі қолтыққа
Боғжамаша қысып ап,
Ақырын алып жөнеді.

Көгершін қонып қабаққа,
Сухары беріп тамаққа,
Апарып жауып тастады
Алтын кілтті лабаққа.

Қарлыға екі батырды жауып отырып ойлады: «Мен бұрыннан
да мұсылман болуға құмарланып жүрген адам едім, егер бұл екі
жігіттің ішінен ер болғандайы табыларлық болса, сонысымен
қашып кетейін, болмаса екеуі де лабақта жатып шірісін»,—деді

де, қос батырға мынау сөзді айтады.

—Тауда бітер айтатыр,

Ол татырда мал жатыр.
Байлауда жатқан қос батыр,
Мейіз берсем жеймісің?
Далада жатқан жылқымды

Айдап қашқан ермісің?
Қолыңды шешіп, қашырсам,
Қарлыға қыз қашырмай,
Өзім қаштым дермісің?

Қараман сонда сөйледі:

—Менім өзім нашармын,

Түтікпенен аузым ашармын.
Бұл бейнеттен құтқарсаң,

қобыланды  батыр
Болайын сізден тасадтық.
Қарлыға, босат қолымды,
Бұл шаһардан қашамын.

Қобыланды сонда сөйледі:

—Хош-аман бол, Қараман,

Сен қашсаң да, мен қашпан,
Ат жолынан адасқан,
Ердің жолын Тәңірі ашқан.
Алты жаста ат мініп,

Он үш жасқа келгенде,
Аман қалған жоқ еді
Қызылбасқа бір жастан.
Қаш, Қарлыға, қасымнан,

Езе берме бұл жақта
Дәулет құсы ұшты деп,
Бір сағат болмай басымнан.
Өшті болған атаңнан

Өшімді алмай, мен қашпан!
Кекті болған атаңнан
Кегімді алмай, мен қашпан!
Кәпірге деп жаратқан

Дұшпан қылып Құдайым
Қобыландыны ол бастан.
Қалам салдым қалтама,
Алты жаста ат мініп,

Он үш жасқа келгенде
Таулар күйіп, тас жанды
Қобыланды деген зарпыма!
Қорған болып туғанмын

Туғаннан-ақ халқыма.
Асықпай тұр Қарлыға,
Бір мінерсің Бурылдың
Жайдақ сауыр артына.

Әуелі Құдай ағындым,
Ата-анамды сағындым.
Жауға бәнде болғаным
Қара басып өзімді,

Ұйқы басып көзімді,
Кәміл пірді жаңылдым.

батырлар  жыры
Омар менен Оспандай,
Ішім толды пұшманға-ай!
Кәміл пірді жад етпей,

Бәнде болдым дұшпанға-ай!
Егер пірді жад етсем,
Дұшпан батар болар ма,
Мендей арыстан қошқарға-ай!

Қараман, барсаң сәлем де
Азулы деген көлдерге,
Асқар-асқар белдерге.
Қараспанды жайлаған

Қалың қыпшақ елдерге.
Жана сәлем дегейсің
Ат жүгіртіп, құс салған,
Найза ұстаған ерлерге.

Жана сәлем дегейсің
Тұлпар мініп, ту алған
Бұрынғы жолдас, бектерге.
«Кәпірге бәнде болды» деп,

Үлкен аға, кіші іні,
Көз салмасын біздерге,
Ей, дариға, дүние-ай!
Асқар-асқар белдерім,

Азулы деген көлдерім,
Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ елдерім!
Ол елімде көп еді

Тұлпар мініп, ту алған,
Қатар өскен жасымнан
Найза ұстаған бектерім.
Жазым болып, көз жұмсам,

Аға, інім жоқ еді
Кім іздейді көлдерім?
Еске түсіп жылаймын
Неше алуан жерлерім.

Қараман жана сәлем айт,
Мені іздемей жатпасын
Қатар туып, тең өскен
Құрбы туған бозбала.

қобыланды  батыр
Бәнде болып жатырмын,
Қазам жетіп, көз жұмсам,
Кәпірлердің айтқаны

Келмеді ме басыма.
Осы емес пе деген сөз—
«Опасыз дүние» ақырда!
Қобыланды

сөзін
айтып
болғаннан
кейін,

Қарлыға
Қобыландыға:—Мен сіз екеуіңіздің аяқ-қолдарыңызды шешіп
босатайын. Өзім де мұсылман болып сізбен бірге болайын,—деді
де, екеуінің де аяқ-қолын босатып, Қобыландыға «тұр» деп еді,

Қобыланды батыр тұрмады. Қарлыға қыз көтеріп тұрғызуға
қолайланып көтеріп қарап еді, бір аяғын да қозғалта алмады.
Қарлыға қыз кеше бір қолыменен көтерген Қобыландының
бүгін бір аяғын қозғалта алмағандығына ашуланды.

Ақырында жанындағы Қараманға:—Жылқыға барып Тай­
бурылды алып кел, «ердің жаны атыменен тең» деп кәпірлер
айтушы еді, атына қыл бұрау салып шыңғыртсақ, батырдың өзі
де шыдап жата алмас,—деді Қарлыға.

Қараман Тайбурылды алып келгеннен кейін, Қарлыға
айтқанындай қылып еді, Тайбурыл шыңғырды. Атының дау­
сын есіткеннен кейін Қобыланды батыр шыдап жата алмай:—
Не қылсаң да, кәпір, өзіме қыл!—деп ақыра түрегеліп еді, есік­

ті мойнына іле шықты. Қарлыға қыз:—Кел, батыр, үйде жатып
жаудан кек ала алмайсыз, атқа мініп майданға шығыңыз!—
деді де, өзі жаяу Қобыландылардан қалмай жылқысын айдасып
жүре берді. Бұл соныменен доғарыла тұрсын. Енді Қобыланды

батырдың әруағына мініп, Тайбурылдың үстінде жарқылдап,
олжа жылқыны айдап бара жатқандағы түрін сымбаттап
жазылған өлеңді қалдырмайық. Ол өлең мынау:
Артық туған Қобыланды

Тайбурылға мінеді.
Бадана көзді ақ сауыт
Денесіне киеді.
Беліне байлап болатты,

Қарына найза іледі.
Қараман мен екеуі
Арманда қалған қос батыр

батырлар  жыры
Көбікті ханның жылқысын
Және де айдап жөнеді.
Артық туған Қарлыға

Боз жорға аттай ырғалып,
Асқар-асқар бел қалып,
Ата-ана, қарындас,
Қалың шәһар ел қалып,

Туып-өскен жер қалып,
Қобыланды еске түскенде
Қыздың шері қозғалып.
«Бір жасаған Құдайым,

Һәр іс салса көнем,—деп,
Арманым жоқ дүниеден
Қобыландымен бас қосып,
Бірге жүріп өлсем»,—деп,

Өзі жаяу Қарлыға
Қос батырға қосылып,
Әкесінің жылқысын
Бірге айдасып жөнеді.

Құба дөңнен өткенде,
Сарыөзенге жеткенде,
Көбіктінің Тарлан ат
Әуеге қарап есінеп,

Ием бе деп кісінеп,
Жау екенін білген соң,
Жылқы ішінде ала-ды,
Қайта айналып шаһарға

Тарлан ат қашып барады.
Жалғасып қуған екеуі
Қарасын көрмей қалады.
Өзі жаяу Қарлыға

Тарлан аттың артынан
Бұ да салды қалаға.
Ат та енеді қалаға,
Қыз да кірді қалаға.

(Өтірік емес, жан аға,)
Қыздың көңілі көп ғашық
Қобыланды сынды балаға.
Тарлан аты қашып келіпті,

қобыланды  батыр
Есітті дүбірін Көбікті.
Ат барған соң Көбікті,

—Ат ертте,—деп желікті.

Сол дыбыспен Қарлыға
Әкесіне келіпті.
Қарлыға келіп сөйлейді:

—Көзге түсер биік там,

Таң болар мені көрген жан.
Ұйқымды бұзба, атажан,
Сорлы атам, неге желіктің?
Өзім жаңа байладым—

Өзіңе серік тұлпарың
Жем жейін деп келіпті.
Осы сөзбен Қарлыға
Көбіктіні жатқызды,

Әбілетке батқызды.
Тарлан атқа Қарлыға
Алтын тұрман ер салды,
Аз ғана азық жем салды.

Қобыланды еске түскенде
Қыздың шері қозғалды.
Ақмоншақ атқа мінеді,
Ноғай бөркін киеді,

Төбе шашын түйеді.
Ақ сүңгісін қолға алып,
Оқ жыландай толғанып,
Қобыландыға қосылып,

Әкесінің жылқысын
Бірге айдасып жөнеді.
Сарыөзеннен өткенде,
Күн сәскеге жеткенде

Құнан да аттың тынысы
Оттамайды, жусайды,
Бүгжеңдеп жүрмей келеді
Жамандатқыр көк бесті.

Қашаған көктің інісі
Жылқы ішінде ала-ды,
Қылшаң жүнді қара-ды.
Әуеге қарап есінеп,

батырлар  жыры
Ием бе деп кісінеп,
Жау екенін білген соң,
Құйрығын құстай тарады,

Желкесінен қарады,
Бауырынан жарады.
Қайта айналып көк бесті
Шәһаріне қашып барады.

Жалғаса қуған үшеуі
Қарасын көрмей қалады.
Қашып барып көк бесті
Шәріне барып еніпті.

Есітіп дүбір Көбікті,
Ат барған соң желікті.
Кеткенін біліп қызының
Қаһарланып Көбікті,

Көк бесті атқа ер салды.
Азғана азық жем салды
Ат басындай тас шоқпар
Көбікті батыр қолға алды

Көбікті мініп атына,
Бұрынғы тартып салтына
Жылқысын алған ерлердің
Көбікті түсті артына.

Көк бесті ат қашып кеткеннен соң, Қарлыға Қобыландыға:—
Сен әкемді хайламенен өлтірмесең, күшпен өлтіре алмайсың,
әкемнің үстіндегі ақ сауытты өзім соғып едім, кіндік тұсынан
үш көзін кем соғып едім, сол жерінен болмаса, өзге жерінен оқ

өтпейді,—деді. Қобыланды Қараманға жылқыны топтатып ай­
датып жіберіп, өзі Аллаға тәуекел қылып, келер жаудың жо­
лын тосып, қасқайып тұра берді.
Көбікті ханың келеді,

Белес-белес бел еді,
Өзінің кәпір халқына
Белгілі болған ер еді.
Бірде шауып желеді,

Ұлы сәске кезінде
Тау суындай сарқырап,

қобыланды  батыр
Ақ сауыты жарқырап,
Қобыланды сынды батырдың
Үстіне келді барқырап.

Қобыланды сонда сөйлейді:

—Басымнан дүние өттің бе,

Шын бұйрығым жеттің бе?
Өлшеулі күнім біттің бе?!
Қысылған жерде жар болмай,
Ықылас ата шашты Әзиз,

Жеті кәміл пірім-ай,
Сарт болып-ақ кеттің бе?!
Сыңғыр қолым сынды ма,
Шыққыр көзім шықты ма?!

Жалғыздық қайғы басымда,
Жолдасым жоқ қасымда.
Мұндай қайғы көрмедім,
Өзімнің өмір жасымда.

Жалғыз шығып елімнен,
Артықша жедім уайым.
Шыбыным сізге аманат,
Жарылқаушы Құдайым!

Пірлеріне сиынып,
Артық туған Қобыланды
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.

Көп оғының ішінен
«Сұр жебе» деген оқ алды.
Суырып алған сұр жебе
Көп оғына жол салды.

Кезегендей кезеді,
Созаған-ай созады.
«Қалмақы ердің қасы,—деп,
Ақмоншақ аттың басы,—деп,

Қақ жүректің тұсы,—деп,
Өлер жерің осы»,—деп,
Толықсып келген кәпірді
Артық туған Қобыланды

Толғап атып салады.
Кірістен шығып кетеді,

батырлар  жыры
Кәпірге таман жетеді.
Қобыландының оғымен
Көбіктінің кеудесі

Ұшып бірге кетеді.
Анда қалды бөксесі,
Оқпен кетті кеудесі.
Артық туған Қобыланның

Қабыл болды тәубесі.
Кәпірлерге Қобыланды
Жасынан-ақ жау еді.
Қылыш шауып, оқ атып,

Дұшпанын алды мұқатып.
Қобыландыны бұл сапар
Жасаған Құдай қалады.
Көп сиынып, жад етіп,

Жеті кәміл бабаны.
Көбікті кәпір дінсіздің
Оқпен түскен кеудесі
Анадай жатқан шылбырға

Еңбектеп кетіп барады.
Шылбырын қолға алады,
Оқпен түскен кеудесі
Қару қылар қуат жоқ,

Қобыландыға қарады.
Қобыланды мініп атына,
Суырып алып қылышын,
Көбіктіні шабады.

Ерегескен дұшпанын
Мұқатып әбден алады.
Қақ маңдайға Қобыланды
Қылышыменен салады.

Қозғалуға дәрмен жоқ,
«Қызың жетсе он беске
Атып өлтір бетбақты».
«Өлтірме» деп Көбікті

Сақалын жұлып жылады.
Қобыланды басқа шапқан соң,
Көбіктідей батырдың
Екі қолдан әл кетіп,

қобыланды  батыр
Жаһанамға жан кетіп,
Шоқпары түсіп қолынан
Топырақ қаба құлады.

Көбіктіні өлтіріп,
Сәтіне ісін келтіріп,
Ақмоншақ атты жетелеп,
Жүруге жолын төтелеп,

Қарлығаға қосылып,
Жібектей болып есіліп,
Қарлыға менен Қобыланды
Аударыспақ ойнайды.

Артық туған Қобыланды
Ерегескен дұшпанын
Басын жоймай қоймайды.
Белес-белес бел еді,

Белгілі болған ер еді.
«Қобыландыдан артық па
Өліп кетсе жаным»,—деп,
Алдында бір тоғайда

Қараман тосып тұр еді.
Қобыланды менен Қарлыға
Үстіне жетіп келеді.
Қараман шықты алдынан:

—Жылқы жайдым жапанда

Асқар үлкен тауға,—деп.
Артық туған Қобыланды,
Қайрат қылдым жауға,—деп.
Жетіп келді Қараман:

«Құрдасжан бізге сауға»,—деп.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Жая менен жал құрдас,

Шекер менен бал құрдас.
Көбіктінің көп жылқы
Олжаға қоспай ал, құрдас.
Қараман сонда сөйлейді:

—Мал саттым базар бөзіне,

Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның бөрі көзіне.
Жаман-жақсы айтсам да,

батырлар  жыры
Наз етемін өзіңе.
Олжаның келдім кезіне,
Құлағың сал сөзіме.

Көзің қиып берсеңіз,
Құрдасжан, сауға өзіме.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Құртқа баққан Тайбурыл

Астымда дөнен мінгенім.
Тайбурылды мінген соң,
Дұшпанға теңдік бермедім.
Он үш жасқа келгенше

Басыма келген кемшілік
Көбіктіден көргенім.
Ата-ана, көп елім
Хабарсыз жатыр жерінде,

Көп қайғының ішінде.
Менің бүйтіп жүргенім
Мынау тұрған Қарлыға,
Ата-ана, көп жұртын

Қиып еді мен үшін
Артықша тиіп пайдасы.
Көбіктінің өлгені
Қарлыға қыздың айласы.

Көбіктінің көрдің өлгенін,
Тәңірім бақыт бергенін.
Қызметі көп еді,
Артықша мақтап айтпаймын.

Көбіктінің Қарлыға
Өзі сүйсе берейін.
Қарлыға жауап айтқанша,
Қараман келіп сөйлейді:

—Мұңлық пен Зарлық,—деп,

Түйенің көркі—нарлық, деп,
Жүктің көркі—сандық, деп.
Сауға тілеп, өтініп,
Құрдасымнан қыз алдым

Татулыққа таңдық деп.
Қарлығаны Қараман
Жетектеп ала жөнелді,

қобыланды  батыр
«Құрдасжан берді, алдық»,—деп.
Мінген аты дөнен-ді,
Үшеуі тоқтап бөгелді.

Азырақ тұрып сөйлесіп,
Болғаннан соң үш көкжал,
Көбіктінің жылқысын
Гулетіп айдап жөнелді.

Ақ сүңгісі шимайлы,
Кейін қалды көп елі.
Түнімен айдап жылқыны,
Ертең дәл түс болғанда,

Қазаннан алған көп малмен
Жат деп кеткен жерінде
Жатыр екен көп қосын.
Көбіктінің жылқысын

Гулетіп айдап келеді.
Ақ бөкендей жосылды,
Қияттан шыққан көп қолға
Үш көкжал келіп қосылды.

Атқа мініп желгендей,
Ер қадірін білгендей
Қобыландымен ісі жоқ.
Құрметтейді көп қият

Қараманды сол жерде,
Қызды өзі алып келгендей.
Нәсілі жаман көп қият
Қараманды көтеріп,

Ат үстінен алады,
Астына мамық салады.
Қобыланды сынды батырдың
Атын ұстар кісі жоқ.

Нәсілі жаман көп қият
Бұл батырмен ісі жоқ.
Мінген аты қызыл-ды,
Іс тағдырға сызылды.

Олжаға көңілі біткен соң,
Толып жатқан көп қият
Көшпекке көңілі бұзылды.
Байдың қызы жамылар

батырлар  жыры
Масаты шекпен қамқадан.
Қобыландыменен ісі жоқ,
Үдере көшті көп қосын.

Керуен барып қонған соң,
Артық туған Қобыланды
Жалғыздық айтып жабығад
Бір Тәңірге зар қылып.

Жалғыздық жаннан өткен соң,
Сүйекке намыс жеткен соң.
Қарамандай құрдасы
Көп қиятқа бас қосып,

Есіне алмай Қобыланды,
Көптік етіп мастанып,
Жалғыз тастап кеткен соң,
Қобыланды жылап сөйлейді:

—Опасыз дүние осы ма?

Жалғыздық түсті басыма.
Толып жатқан қияттан
Жан келмейді қасыма,
Жаман да болса, дүние-ай.

Көптің ісі бітеді,
Жалғыздың ісі жетеді.
Еңбекпен тапқан олжамды
Қияттар алып кетеді.

Ақылсыз туған мен ақымақ
Бүйтіп жалғыз жүргенше,
Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ көп елден

Ондап, бестеп қасыма
Жігіт алсам не етеді?!
Мен ақымақтың басымнан
Қаңғырып жалғыз жүргенде,

Арманменен дариға-ай,
Дүние бір күн өтеді.
Шынымен шамдансам,
Өзі түгіл бұл қолдың

Жұртына әлім жетеді.
Жалғыз туған мен сордың
Алдымда сүйеу ағам жоқ,

қобыланды  батыр
Алладан басқа панам жоқ.
Тәңірі жалғыз жаратты,
Көппін деуге шарам жоқ.

Артымда таяу інім жоқ,
Жалғыздықтан мінім жоқ.
Көптік етер күнім жоқ,
Білмей қалдым басымнан

Өткенің бе дүние боқ?!
Мінәжат етіп жылаймын
Өзімнің нашар әлімді.
Жазым болып, көз жұмсам,

Халық талайды малымды.
«Атадан алтау екен» деп,
Өзімнен төмен жаманға
Болайын неғып жалынды.

Енді қашан көремін
Кемпір менен шалымды?
Бәндем десең, Құдайым,
Ойла менің қамымды.

Ойламасаң қамымды?!
Осы түннен шығармай,
Тағдырымды бітіріп,
Тауыс менің нанымды!

Таудың толды кенері
Батырдың алған жылқыға
Жер толмаған құлпыға.
Қобыланды сынды батырдың

Жүре алмай астында
Тайбурыл аты ақсақ боп,
Ат басындай жүрекке
Қайғы менен шер толып.

Бұл қайғыны көрген соң,
Артық туған Қобыланды
Есі кетті сандалып.
Бір Құдайға Қобыланды

Жылады түнде зар қылып.
Жанында жалғыз адам жоқ,
Көп қосынның шетіне
Қобыланды келді қаңғырып.

батырлар  жыры
Жол шетінде Қобыланды
Тайбурылдан түседі.
Қатарынан Қобыланды

Асып туған кісі еді.
Құрбысында адам жоқ
Қобыландыдай мүшелі.
Жамандар қылды өсекті,

Жылап жүріп Қобыланды
Тоқымнан қылды төсекті.
Қараман қылды мастықты,
Жылап жүріп Қобыланды

Ерден қылды жастықты.
Тоқымын төсеп, ер жастап,
Артық туған Қобыланды
Етбетінен құлады,

Ұзынынан сұлады.
Алтын ерге сүйеніп,
Өксіп-өксіп жылады.
Жылап жатып батырдың

Көзі кетті ұйқыға.
Таң сарғайып атқанда,
Бір уақытта Қобыланды
Таң шолпаны батқанда,

Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Он сегіз мың ғаламның
Он бесі бар қасында,

Қобыландының өзінің
Жеті кәміл бабасы,
Жетіп келді қасына.
Отырды келіп басына

Жеті кәміл бабасы
Қобыландыға сөйлейді:

—Мінген атым бозды ғой,

Саған келген бәлені
Қорғаймын деп, Қобыланды,
Алтын тонның етегі
Тамтық қалмай тозды ғой,

Арқам жаман қозды ғой.

қобыланды  батыр
Құлағың сал, Қобыланды,
Құланнан аттым қодықты,
Көлден тарттым борықты.

Кешегі күн ішінде
Сенің атаң, шырағым,
Тоқтарбайға жолықтым.
Оқпанды сай жыра екен,

Асқар-асқар қыр екен.
Ыштаны жоқ бұтында,
Ақ табан болып жат елде
Қойшы болып тұр екен.

Алпыста шешең Аналық
Арқан есіп, жүн түтіп,
Қайғы менен қан жұтып,
Қасіретті көп тартып,

Тезек теріп анаңыз,
Құрт қайнатып жүр екен.
Қарындасың Қарлығаш
Дастарқаны белінде,

Пияласы қарында,
Әбдәстесі қолында,
Бөтен жаудың елінде,
Қызылбастың шетінде

Қызмет етіп жүр екен.
Өзіңнің Құртқа жарыңды
Қалмақтың ханы Алшағыр
Аламын деп тұр екен.

Дұшпан алды еліңді,
Қызылбасқа жеріңді.
Сындырып кетті беліңді,
Кесіп кетті желіңді.

Жалған айтар демеңіз
Жеті кәміл піріңді.
Өзіңнің осы сауыңда
Олжаға салып қоймаңыз,

Қалың қыпшақ еліңді,
Онда саған өлім-ді.
Өлгеніңше жәрдеммен
Алаулаған қалмақтан

батырлар  жыры
Бір алып қал кегіңді.
Кей жаманның сөзі бар
Шағатұғын жыландай,

Айыр құйрық шайандай.
Жақсылардың сөзі бар
Асылдан ұшқан қаяудай.
Араласаң тоғайды,

Көрерсің қашқан қоянды.
Бабасының даусымен
Қобыланды шошып оянды.
Көзін ашып жіберсе,

Таң сарғайып атыпты,
Таң шолпаны батыпты.
Мақпал жастық мамық-ты,
Ойланып түсін қамықты,

Айнала көзін салыпты.
Соны біліп Тайбурыл,
Қайғыланып жүр екен.
Пірінен хабар жеткен соң,

Көзін салып қараса,
Түлеп тұрған Тайбурыл
Құландай ойнап тұр екен.
Биік-биік қыр екен,

Оқпанды сай жыра екен.
Жанында жоқ һеш адам.
Қобыланды жалғыз қалған соң,
Қарамандай жаманды

Толып жатқан көп қият
Артықша құрмет қылған соң,
Қыз да болса Қарлыға
Серікке жарар ер екен.

Тайбурыл атты жетелеп,
Сауғаға кеткен бейшара
Қарлыға бағып тұр екен.
Түрегелді Қобыланды

Көзінің жасы мөлтілдеп.
Мойны кетті батырдың
Қуатсыз болып былқылдап.
Қос бүйрегі солқылдап,

қобыланды  батыр
Көзінің жасын ағызып,
Артық туған Қобыланды
Қарлығаның қасына

Азар келді былқылдап.
Қобыланды келіп сөйлейді:

—Жылқыда құмай аламын,

Қылшаң жүнді қарамын.
Көмек берер демеймін
Сейілұлы Қараман.
Әйел де болсаң дана едің,

Мұңымды саған саламын.
Жау шауыпты елімді,
Жау кесіпті желімді.
Сындырып кетті белімді,

Қуартып кетті көлімді.
Жалған айтар демеймін
Жеті кәміл пірімді.
Рұқсат берсең, Қарлыға,

Бүлінген елге барамын.
Тәңірі оңғарса жолымды,
Алаулаған қалмақтан
Бір алайын кегімді.

Қарлыға сонда сөйлейді:

—Ер де сасар болар ма,

Етегін басар болар ма?!
Пайғамбарға үмбет бәндеден
Дінсізде асар болар ма?!
Мұндай іске қуанбай,

Батыр қашар болар ма?
Әуелі Құдай анайым,
Хақ жаратқан Құдайым.
Ата-анам, өз халқым

Бір садаға басыңнан.
Құрбандық қылып шығып ем,
Шыққандағы ниетім:
«Сіз болар ма екен деп,

Тәңірі қосқан жұбайым».
Өзім сізден қалған соң,

батырлар  жыры
Артықша жедім уайым.
Артық туған Қобыланды,
Талабыңнан қайтпаңыз,

Жалғыз жүре беріңіз.
Азырақ тоқтап артыңа,
Ерерге жолдас бар ма екен,
Қараман басы көп қият

Жамандарды сынайын.
Қайғыланып, қан жұтпай,
Запыран ішіп, май құспай,
Бәнде болған халқыңа

Тезірек жүріп жете гөр.
Мәдет берсе Құдайым,
Талапкер туған ер болса,
Жиып алып қолыма,

Жаңылмасам артыңнан
Мен де үш күнде барайын.
Артық туған Қобыланды
Тайбурылға мінеді,

Қарына найза іледі,
Беліне байлап болатты,
Жасыққа асыл жалатты.
Тайбурылдың маңдайын

Қараспан тауға қаратты.
Астындағы тұлпардың
Жел тимеген бауырын,
Күн тимеген сауырын

Қамшы ұрып қанатты.
Ертеңнен шапқан Қобыланды
Кешке шейін шабады.
Жете алмай жеріне,

Бара алмай еліне,
Түн ортасы болғанда,
Есіктің алды ағын-ды,
Бола жазды шығын-ды.

Шығын емей немене,
Епкіндеп шапқан Тайбурыл
Етбетінен жығылды.

қобыланды  батыр
Аттан түсе қалады,
Қолын салып Қобыланды
Жерді байқап қарады.

Батар күні батыпты,
Жазығы мал демесең,
Тайбурылдың ақылы
Адамзаттан артық-ты.

Артық туған қыз Құртқа
Екі мезгіл жем берген,
Жаныменен тең көрген,
Алтыннан соққан азбарға

Бурыл құлап жатыпты.
Мінген аты құла-ды,
Құланға шауып бұлады.
Жұртын танып Қобыланды,

Тоқымын төсеп, ер жастап,
Етбетінен құлады,
Ұзынынан сұлады.
Алтын ерге сүйеніп,

Өксіп-өксіп жылады.
Осы жерде Қобыланды
Таң атқанша жатады,
Таң сарғайып атады,

Таң шолпаны батады.
Зарланып шығып түнімен,
Таң атқанда қараса,
Жұрты жатыр, елі жоқ,

Батпағы жатыр, көлі жоқ,
Қобыланды көріп жылады—
Қаңғырып жүріп дүниеден
Ешбір опа көре алмай,

Өткеніне дүние боқ.
Таң атқанда Қобыланды
Тағы мінді жарасқан
Тайбурылдың үстіне,

Алтын тұрман еріне.
Іздеген жауға Қобыланды
Іркілмей кірді көріне.
Ертеңгі сәске кезінде

батырлар  жыры
Бұлаңдаған Бурылмен
Жүгіріп келді Құртқаның
Ордасын тіккен жеріне.

Жұртын көріп сол жерде,
Қобыланды және бұрсанды,
Көзіне батыр жас алды.
Атынан түсіп Қобыланды,

Қайғыланып, бойынан
Қуат кетіп сандалып,
Аяғын жөндеп баса алмай,
Омақасып Қобыланды

Оң етегін басады.
Бекітіп алып буынын,
Артық туған Құртқаның
Орнына таман барады,

Жұртына көзін салады.
Қараса күлдің ортасы
Көтеріңкі көрінді.
«Күл ішінде не бар?»—деп,

Қобыланды күлді қарады.
Ашып күлді қараса,
Жая менен жал екен,
Түрлі тағам бар екен.

Өзін қалмақ алғанда,
Көк арбаға салғанда,
«Кез болса бұған батыр деп,
Тауып азық қылсын» деп,

Ақылды туған Құртқаның
Бөтен нәрсе тастарға
Шамасы келмей сұлудың,
Көміп кеткен наны екен.

Күлдің алып ішінен
Нанды қолға ұстады:
«Бұйырғаны Құдайдың
Осы шығар бізге,—деп,

«Бисмилла» деп Қобыланды,
Шетінен нанның тістеді.
Тамағынан ас жүрмей,
Іші күйіп барады.

қобыланды  батыр
Өзгесін жемей батырың,
Ат қоржынға салады.
Енді мініп атына,

Жүрерге жолын таба алмай,
Қайсы жаққа кеткенін
Жаудың жөнін біле алмай,
Жапанда тұрып Қобыланды,

Зарығып тағы жылады:

—Жан жаратқан Құдайым,

Жалғыздық басқа түсіп тұр
Дүниедегі уайым.
Қайсы жаққа жүрейін,
Қай тураға барайын?!

Атқа мініп жасымнан
Серілікпен жүрсем де,
Ашылмаған екен талайым.
Ата-ана, көп халқым

Қайда барып табайын?
Бір басыма тар қылдың
Дүниенің кең сарайын!
Қобыланды батыр жаудың қай жаққа кеткенін білмей

дағдарып тұрғанда, Тайбурыл жерді иіскеп-иіскеп алды да,
кісінеп-кісінеп, күннің шығысына жөнелді. Қобыланды бұған
таңданып, Тайбурылдың иіскеген жерін қараса, Құртқа сұлу
өзін қалмақ алып кеткенде қай жаққа кеткенімізді Қобылан­

ды батыр біліп қалсын деп, Тайбурылдың сүйсініп жейтін же­
мін шұбатып төгіп кеткендігі мәлім болды. Қобыланды батыр
бұған түсінгеннен кейін, жемнің ізіменен тауып берер деп,
Тайбурылдың басын қоя берді.

Тайбурылдың жүрісінің сияғы:
Тайбурыл атты Қобыланды

—Әйт, жануар, шу,—деді.

Бурыл тұлпар гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі.

батырлар  жыры
Арандай аузын ашады,
Аяғын топтап басады.
Ертеңнен шапқан Қобыланды

Кешке дейін шабады.
Жете алмай қалаға,
Бекер шапты далаға.
Сілтеуді анық табады,

Түнге дейін шабады.
Түн ортасы болғанда,
Есіктің алды ағын-ды,
Бола жазды шығын-ды.

Шығын болмай не қылсын,
Екпіндеп шапқан Тайбурыл
Етпетінен жығылды.
Қобыланды түсе қалады,

Жерді байқап қарады.
Аллаға тілім жазықты,
Ат ауырса, қарны ашса,
Қылсын деген азықты.

Қыз Құртқа қағып кетіпті
Кез бойы алтын қазықты.
Қолын жерге салыпты,
Тайбурылдың астынан

Қобыланды тауып алыпты.
Ол қазықты бес бүктеп,
Ат қоржынға салыпты.
Атына Қобылан мініпті,

Тайбурылды тайдырмай
Табан жолға салады.
Артық туған Қобыланды
Таң атқанша шабады.

Елін шапқан дұшпанын
Адаспай Қобылан табады.
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда

Алшағырдың шәһарын
Батырдың көзі шалады,
Шәһарға жетіп барады.
Қақпасын тауып алмаққа,

қобыланды  батыр
Тайбурыл атпен шабады.
«Асылдан соққан найза деп,
Жақсы кісі жаманға

Көп тигізер пайда»,—деп,
Таң атқанша Қобыланды
Үш айналды шәһарды,
Кіруге тесік қайда, деп,

Енерге есік қайда? деп.
Мінген аты ала-ды,
Қылшаң жүнді қара-ды.
Күнде қойға барғанда,

Жоқтаушы еді Тоқтарбай
«Жалғызым» деп баланы.
«Уай, қозым» деп зарлаған,
Жас қозыдай маңыраған,

Саулы інгендей аңыраған,
Сыртта жүрген Қобыланның
Құлағын жарып барады.
Қалайша жоқтар екен—деп,

Құлағын батыр салады.

—Келелі түйем ішінде

Қайырлы бура ұқсаған,
Жалғызым, сенен айрылдым.
Мың жылқының ішінде
Көзге түсер тұлпардай,

Қияғы бүтін сұңқардай,
Ботам, сенен айрылдым.
Ішім толған көп қайғы,
Аһ ұрсам да кетпейді.

Кәпірден киген тері тон
Тіземе тартсам, жетпейді.
Күнде «ал» деймін Құдайға,
Өлшеулі күнім бітпейді.

Жалғызым барда көңілім тоқ,
Жалғызым, сенен айрылып,
Табаныма жетті шоқ.
Басымнан өтті дүние боқ,

Мен қубасқа тимеді
Тағдырмен келген ажалды оқ!

батырлар  жыры
Айы біткен ай да өтер,
Күні біткен күн де өтер.
Жалғызымнан айрылып,

Көрген күнім беп-бекер.
Опасыз дүние сырғанақ,
Он үш жасар Қобыланды,
Шынымен сенен айрылсам,

Өтірік емес Құдайдың
Шынымен мені ұрғаны-ақ!
Кәпірге бәнде болғанша,
Бұл бейнетті көргенше,

Жалғызымның артынан
Неге өлмедім мен шұнақ?!
Кемшілік берді бұл кәпір
Кәміл тоқсан жасымда.

Бенделікпен кәпірдің
Қойын бақтым мен пақыр.
Жалғызым менің келер ме
Сорым қайнап мен сордың

Иә болмаса, сол жақта
Қазасы жетіп өлер ме?
Тірі болса жалғызым,
Пірлері беріп хабарды,

Менің бүйтіп кәпірге
Бәнде болған жайымды,
Басыма түскен уайымды
Қобыланды қозым білер ме?

Қобыланды қозысы жақын жерден тыңдап тұра берді.
Қобыландының атасы зарын айтып болғаннан кейін, іле-шала
анасы Аналықтың айтқан жоқтауы:

—Тоғайдан қудым көжекті,

Етектеп тердім тезекті.
Жалғызымды жоқтайын,
Шаршағанда тоқтайын.
Жан қосағым Тоқтарбай,

Беріңіз маған кезекті.
Омар менен Оспан-ды.

қобыланды  батыр
Жан қосағым Тоқтарбай,
Жұмылған көзіңді ашқандай.
Ай мүйізді қошқардай,

Ішіміз толды пұшманға-ай!
Жалғызымнан айрылып,
Бәнде болдым дұшпанға-ай!
Пайғамбар—Тәңірі жолдасы,

Кәпірдің өтті бұл ісі,
Жан қосағым Тоқтарбай.
Түн ортасы болғанда,
Құбыла жақтан жел соқты.

Жаңылмасам деп едім,
Жалғызымның астында
Тайбурыл аттың тынысы.
Шырағым асты белеңнен,

Кетіп еді жау іздеп
Астында Бурыл дөненмен,
Көкке тойған көбеңмен.
Жұмысы болмай жөнелді,

Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ көп елмен.
Өткізермін деуші едім,
Жасықты жанып болатқа.

Жалғыз туған жас қозым
Сапарланды талапқа.
Көзіңді сал, Тоқтарбай,
Алласы берген шыраққа,

Бұлты келді төбеңнен.
Бұлтың келді, өзің жоқ,
Жалғызым барда көңілім тоқ.
Жалғызым, сенен айрылдым,

Күйіп-жанып болдым шоқ.
Жалғызымның барында
Көшке жорға мінгенім,
Еруде қамқа кигенім.

Жалғызым сенен айрылып,
Осынша бейнет көргенім.
Құлағың сал, Тоқтарбай,
Иінім бүгін тартады,

батырлар  жыры
Қараспанға ел қонып,
Еруде қамқа кигендей.
Тақымым жана тартады

Қараспан тауын қабаттап
Қалың қыпшақ ел көшіп,
Көшке жорға мінгендей.
Төсіме біткен қос тері,

Асылы жоқ, бос тері
Бұлақ болып есілді
Жалғызым келіп емгендей.
Мен бейшара зарлаймын

Ботасы өлген інгендей.
Ерінім және тартады
Он үш жасар шырақтың
Ақ бетінен сүйгендей.

Қуанамын мен сорлы
Кеткен қозым келгендей.
Оң қабағым тартады
Сапар шеккен қозымнан

Анық хабар келгендей.
Жұмылған көзім ашылып,
Жалғызымды көргендей.
Есіктің алды төбелік,

Бейшара болған біздерге
Кәпір қылды көп зорлық!
Алпыстағы шешең Аналық
Тезек теріп етектеп,

Құрт қайнатып, жүн түтіп,
Арқан ескен не қорлық?!
Өзге қорлық қорлық па,
Өзіңнің Құртқа жарыңды

Қалмақтың ханы Алшағыр
Аламын дейді, сол қорлық!
Шырағым келіп ат қояр
Алшағыр жиған нөкерге.

Кәпірден көрген бұл қорлық
Өлгенше естен кетер ме?!
Біз мұнда көрдік көп қорлық,
Жас қызым жүрді бекерге.

қобыланды  батыр
Зарланған менің дауысым
Шырағыма жетер ме?!
Бұдан кейін Қобыланды батырдың қарындасы Қарлығаш

бір түс көрдім деп айтқаны:
Қарлығаш сонда сөйлейді:

—Жан шешеке, тұра тұр,

Жан көкеме түс көрдім.
Адыра қалған ақ балтам
Тасқа тиіп кетілді.
Тәңірі аямас болар ма

Мен бейшара жетімді?
Жан көкем болса елімде,
Қалмақтың ханы Алшағыр
Бүлдірер ме еді кентімді?!

Бүгін менің түсімде,
Өзімнің бабам ішінде
Қазанның Сырлы қаласын
Артық туған жан көкем

Жалғыз сайрап жүр еді.
Қазанды шауып, жау қашып,
Бірге туған жан көкем
Қаһарын тігіп, ақырып,

Қарт бурадай бақырып,
Қараманды шақырып,
Қатын деген бір сөзін
Бетіне айтып тұр еді.

Бөлінбеген ұйқысын,
Жыртылмаған құлпысын
Қараман менен жан көкем
Таң ата алып жүр еді

Көбікті ханның жылқысын.
Жамандатқыр Тарлан ат
Қашып барып еліне,
Ер салуға Көбікті

Тарлан атқа асығып,
Терлік салып беліне,
Қуып жетіп Көбікті,

батырлар  жыры
Ағекемнің сынып наласы,
Ағекемді бәнде қып,
Ақымақ қырғыз желікті.

Бұл секілді бейнетке
Жан көкем неғып көніпті.
Жан көкемді қолдамай
Сиынып жүрген бабасы,

Ағекемнің бұл сапар
Болмады қабыл тобасы,
Көбіктінің асып айласы.
Өз аттасым Қарлыға

Көкеме тиіп пайдасы,
Қараман менен көкемді
Қолын шешіп, босатып,
Түн ішінде қашырып,

Қызметін асырып.
Өз аттасым Қарлыға
Артық туған көкемнің
Аяғына бас қойып,

Мұсылман болып жүр еді.
Биік-биік қыр еді,
Қарлыға менен үшеуі
Көбіктінің жылқысын

Және де айдап жүр еді.
Көбіктінің тарлан ат
Және де қашып шәһарға,
Көбікті мініп атына,

Бұрынғы тартып салтына,
Қуып жетіп артынан.
Пірлері қолдап жан көкем
Көбіктіні өлтіріп,

Сәтіне ісін келтіріп,
Қарлыға мінген сұр еді.
Қарамандай жаманға
Қарлығадай сұлуды

Сауғаға беріп жүр еді.
Ақ бөкендей жосылып,
Көп қосынға үшеуі
Жылқы айдап келіп қосылып.

қобыланды  батыр
Тайбурыл аты ақсақ боп,
Ат басындай жүрекке
Қайғы менен шер толып.

Нәсілі жоқ көп қият
Ағаекеме қарамай,
Үдере көшіп жүр еді.
Хабарланып пірінен,

Неше шауып жан көкем
Қараспанның тауында
Жұртына келіп жүр еді.
Жеңешем көмген ақ нанның

«Бұйырғаны осы» деп,
Шетінен тістеп тұр еді.
Алла Тағалам жазыпты,
Ат ауырса, қарны ашып,

Қылсын деген азықты.
Бурыл тауып жүр еді
Кез бойы алтын қазықты.
Мінген атым сұр еді,

Оқпанды сай жыра еді.
Сырт болмаса пірлерім,
Осы күні ағекем
Түсімді тыңдап тұр еді.

Құртқа:—Сұлу бикеш, тұра тұр,—деп, Қарлығашты
тоқта­тып қойып бір сөз айтқаны
Құртқа сұлу сөйлейді:

—Бұғалық салдым саяққа,

Пұл өтпейді бұ жаққа.
Перзентім болған Тайбурыл,
Менен кеттің қай жаққа?
Анаңыздан туғаннан,

Анаңның жүзін көрсетпей,
Бауырыма салып бала етіп,
Алғалсыз болсын бедеу,—деп,
Қулықтың сүтін еміздім.

Әлім сол деп қалма,—деп,
Маңқа, құлқа болма,—деп,

батырлар  жыры
Жана байлап жеңіме
Қызыл дәрі жегіздім.
Құртқа баққан Тайбурыл

Қара жалды, қыл құйрық
Жылқыдан қалмас дегіздім.
Сенің анаң мен едім,
Менің балам сен едің.

Бір көрсетпей қараңды,
Ғайыптың құсы сен болып,
Қай тарапқа жөнедің?!
Артықша еңбек қылып ем

Осындай қиын жерлерде.
Үстіңдегі сұлтанды,
Тарықтырмай, біздерді,
Көрсетер ме екен?—деп едім.

Көңілімдегі арманым—
Болмашының сөзімен
Қырық үш күнің кем еді.
Қартаудың жылғасы,

Бауырыңда ойнар құлжасы.
Тәңірі неден жараттың
Төмен етек ұрғашы?!
Аламын деп қинайды

Діні бұзық болмашы.
Шырағым сүйген ақ дене
Болар ма жаудың олжасы?!
Қозысы өлген саулыққа

Қой теліген барлық-ты.
Ботасы өлген інгенге,
Нар теліген зорлық-ты,
Кәпірден көрдім қорлықты.

Сұлтаным келіп саламат,
Кәпірге салып әлемет,
Осы жалған дүниеден
Өлер едім армансыз,

Алаулаған қалмаққа
Өзінікін келтіріп,
Бір көрсетсе қорлықты.
Қақпалы үлкен есікті,

қобыланды  батыр
Пайғамбардай несіпті
Шәһардың тұрып ішінде
Қыз Құртқаның зарланып,

Шығарған қатты дауысын
Періштеден жалғасып,
Сыртта тұрған тұлпардың
Құлағы анық есітті.

Қыстың басы қауыс-ты,
Артық туған Қобыланды
Он үш жасқа келгенше,
Ерегескен дұшпанның

Басын жойып тауысты.
Анасын тұлпар білген соң,
Қайта-қайта кісінеп,
Шығарды қатты дауысты.

Кісінеген дауысы
Қыз Құртқаға келеді.
Тайбурылдың дауысын
Құртқа анық біледі.

Даусын танып тұлпардың,
Келгенін біліп сұңқардың,
Артық туған қыз Құртқа
Ақсұңқар құстай түледі.

Сол бойымен сұлудың
Көңілі тасып, шат болып,
Алшағыр ханға келеді.
Келе сұлу сөйледі:

—Әй, Алшағыр, құлақ сал,

Мінген атым кер ме едім,
Сұлтанымның барында
Сырттан келген дұшпанға
Намысымды бермедім.

Сұлтанымның жоғында
Сен едің менің ергенім.
Ап келдің де, қинадың,
Жарық сәуле көрмедім.

Құртқа шығып далаға,
Бойын жазсын демедің.
Рұқсат берсең, Алшағыр,

батырлар  жыры
Далаға шығып азырақ
Бой жазайын деп едім.
Елімді алған, Алшағыр,

Сөзіме құлақ сал, Шағыр.
Сақтағаны Құдайдың
Саған дағы бар шығар.
«Қашады» деп сенбесең,

Екі құл мен екі күң
Бақташыңды сал, Шағыр.
Ала қапты алайын,
Беліме арқан салайын.

Тезек теріп, бой жазып,
Шәһардан тысқа барайын.
Алшағыр хан да ер еді,
Сұраған соң сұлуға,

«Аламын» деп қашаннан
Үмітпен жүрген Алшағыр
Рұқсатты әбден береді.
Беліне арқан салады,

Қашпасын деп сұлуға
Екі құл мен екі күң
Бақташыға салады.
Шәһардың шығып сыртына,

Төрт бақташы қасында,
Қыз Құртқа кетіп барады.
Қалама көйлек қаттысын,
Ғазиз жанның тәттісін.

Келіп Құртқа сұрады
Алшағыр ханның сатысын.
Сұраған соң қыз Құртқа,
Хан сатысын береді.

«Мені қабыл көрді» деп,
Жауабына ереді.
Артық туған қыз Құртқа
Сатыны қолға алады.

Баспалдақты көтеріп,
Тамға сүйеп салады.
Баспалдақпен өрмелеп,
Тамның шығып басына

қобыланды  батыр
Қыз Құртқа кетіп барады.
Шыққаннан соң биікке,
Жан-жаққа көзін салады.

Тұлпарды байлап терекке,
Бір дуадақ атып ап,
Отқа салып Қобыланды,
Шала піскен кезінде

Қанды көбік тарамай,
Ортасынан бір кесіп,
Дәм көрмеген көп күннен
Артық туған батырың

Аузына алып салады.
Бір тоғайдың ішінде
Отырғанын батырдың
Сұлудың көзі шалады.

Көріп сұлу сөйлейді:

—Әуелі Алла—«Әл-хамым»*

Атып мылтық өткізбес
Басыңда тіллә қалқаның.
Кеткен жері қуарған,
Келген жері қуанған,

Тұлпар мініп, ту алған,
Туын қанға суарған,
Дұшпан іздеп жол шеккен
Келген екен салқамым.

Шәһардан тысқа барады,
Бойын жазып кәпірден
Қыз Құртқа әбден алады.
Төрт бақташы қасында,

Келді сайдың қасына.
Қыз Құртқа бір сөз бастады,
Құл мен күндер қостады.
Бір құл менен бір күңді

«Ойнай тұр»,—деп тастады.
Құлдар күңді ұстады,

—Құртқа кетті, біз қалдық,

«Бола ғой» деп қыстады.
* «Әл-хам»—Фатиха сүресінің қысқаша аталуы

батырлар  жыры
Жана бір сайдың басына
Бір құл менен бір күңді
«Сен де ойна»,—деп тастады.

Бұлардан халас болған соң,
Бойын жазып алған соң,
Қолындағы ақ балта
Тасқа тиіп майрылды,

Дұшпанынан айрылды.
«Тоғайым көрген осы,—деп,
Не болмаса тұсы»,—деп,
Бір тоғайға қайрылды.

Тоғайға келіп енеді,
Терекке басын байлаған,
Шығыршық атып ойнаған
Бурылды сұлу көреді.

Бұлаңдаған Құртқаны
Тайбурыл анық біледі.
Анасын танып Тайбурыл,
Теректегі шылбырын

Жұлып алып жөнелді.
Ат шапқан соң «тәк-тәк» деп,
Артынан Қобылан жүгірді.
Ұмтылғанда Тайбурыл,

Артық туған қыз Құртқа
Омырауындағы ақ түйме
Ағытып бәрін жіберді.
Есіктің алды ағын-ды,

Бола жазды шығын-ды.
Шығын болмай не қылсын,
Омырауына Құртқаның
Тұмсығын тыға жығылды.

Ат тоқтаған мезгілде,
Бұлаңдаған Құртқаны
Қобыланды батыр көреді.
Артық туған қыз Құртқа

Қол қусырып түрегеп,
Иіліп сәлем береді.
Құртқа сұлу сөйлейді:

—Дүниедегі іңкәрім,

қобыланды  батыр
Екі саулық, бір тоқты
Баһар айда қырқарым,
Бұрын жетті өзіңнен

Астыңа мінген тұлпарың.
Тұлпар мініп, ту алған
Аман-есен келдің бе,
Жұрт иесі сұңқарым?!

Қалмақтың жектім тұлпарын,
Сақтадым жаудың қаласын,
Дұшпанның көрдім аласын.
Құдай қосқан сұлтаным,

Әлде қандай қыласың?
Жаманның көрдім жаласын,
Үкімменен қияды
Көп дұшпанның баласын.

Сөзге қайым келеді
Қаусырма иек тіл мен жақ.
Қауыстырды саламат
Бұларды сақтап Жаппар Хақ.

Ала қапты бес бүктеп,
Ішіне тықты қыз Құртқа,
Арыстанды сынамақ.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Артық туған қыз Құртқа,

Қандай заман баяғым?
Кім ұстамас жылқының
Жекелеп қашқан саяғын.
Бірді таппа, мыңды тап,

Көріп келдім бұл сапар
Жалғыздықтың азабын.
Адам болып, ер жетсе,
Өзімнің соғар таяғым.

Батырың ерлік бастады,
Ерлігін Алла қостады.
«Тұл болсын» деп ақ қапты
Артық туған қыз Құртқа

Қобыланды сынды батырдың
Көзінше алып тастады.
Қобыланды сонда сөйлейді:

батырлар  жыры

—Көптен бері жол жүріп,

Сағынған жарың мен едім.
Кәпірден көріп кемшілік,
Сарғайған жұптым сен едің.
Арманым жоқ дүниеден,

Есен-аман қауыстым,
Құдай қосқан қосағым!
Ата-анам, көп халқым
Көре алмаспын деп едім,

Ақылды туған Құртқажан.
Қыпшақтың мекен жайлауы—
Қараспан еді өркені.
Көп болып еді Құртқажан,

Көріселік, кел бері.
Құртқа келіп көрісті,
Осы келген сапардан
Қайғы менен машақат

Қобыланды көрген көп істі.
Екеуі де келісті,
Көріскелі келісті.
Көрісіп болып екеуі:

—Арманымыз жоқ Құдайға,

Аман-есен көрдік,—деп,
Көңілдегі қашаннан
Қайғы-зарын шығарып,
Екі сұңқар кеңесті.

Әлқисса, екеуі біраз сөйлескеннен кейін Қобыланды батыр
тоғайға қарап жүре бастап, қыз Құртқаға:—Жүр,—деп еді,
қыз Құртқа:—Жаманның сөзі ашшы, деген. Ертең Құдай қалап
еліңді қолыңа қаратқан күні ата-анасын, ел-жұртын қолына ал­

мастан бұрын қатынын алды деген атаққа қаларсың, сақтаған
Құдай өзі сақтар, мен әзірге қала тұрайын, дұшпаныңмен
ұрысып, теңдесіп алғаннан соң ата-ана, ел-жұртыңмен бірге
қолыңа келермін, әзірге сабыр етіңіз,—деді. Онда Қобыланды

тұрып:—Сұлтаным сағынып келгенде қолына ала қоймады де­
ген сөзге қалам ба деп, сені Қараспанға апарып тастап қайтып
келіп, ұрыс қылмақшы едім,—деп мынау сөзді айтады:

қобыланды  батыр

—Болғай-ды, болғай, болғай ма,

Болғайдың түбі тыңғай ма?
Өтірік айтқан оңғай ма,
Түлкі киген тоңғай ма?
Бұл ақылың, Құртқажан,

Падишаға бітсе болмай ма?
Сөзің дұрыс, Құртқажан,
Тапсырдым сені Құдайға.
Құртқа сонда сөйлейді:

—Жарылқасын Құдайым,

Сұлтаным, сенің бетіңнен!
Ойын балық кетпейді
Жазғы судың шетінен.
Шырағым, жаның сау болса,

Шыға алмас дұшпан бетіңнен.
Сұлтаным, бұршы мойныңды,
Бір сүйейін бетіңнен.
Мойнын бұрса Қобылан нар,

Аузынан сүйді Құртқа жар.
Көбірек тұрды құшақтап,
Қобыланды ерге ынтызар.
Жаз мінгенің жалды еді,

Қыс мінгенің қоңды еді.
Жасаған Құдай оңдаса,
Сүйгенімнің алды еді.
Артқаным қайың қос еді,

Асқаным алтын мосы еді,
Оңдамаса Құдайым,
Сүйгенім соңы осы еді.
Ашық боп сүйген қыз Құртқа

Аузын сүйді аймалап,
Бетінен сүйді қармалап.
Дұшпанға тиер Қобыланды
Жеті пірді даралап.

Мауқын Құртқа басқан соң,
Қобыланды тұрып сөйлейді:

—Әбзел салдым алаға,

Жау іздедім алыстан.
Ағайын-туған қарындас,

батырлар  жыры
Қарамай қатын, балаға.
Мұнша Құртқа бой жазып,
Неге шықтың далаға?

Жеңіп алған ит қалмақ
«Келінің қашып кетті» деп,
Барғанша қорлық көрсетер
Атаң менен енеңе.

Құртқажан, енді, кешікпей
Қайт тезірек қалаға.
Құртқажан, сәлем айтқайсыз
Ата менен анаға.

Әсіресе қалың қыпшақтың
Жасы үлкен ағаға,
Жасы кіші балаға.
Сұлтаным келді дегейсің

Қаланың сырты далаға?
Жанын қиды дегейсің
Ағайын, жұрттан садаға.
Хош-аман бол, Құртқажан,

Ертеңге шейін тапсырдым
Бір жаратқан Аллаға!
Ертеңге күн таң атса,
Тұлпар туған Бұрылды

Талауым деп мінейін.
Дәуіт соққан беренді
Кебінім деп киейін.
Сіздерді алған дұшпанға

Жалғыз да болсам тиейін.
Мінері болса байласын,
Біздің қыпшақ баласы
Қойсын бүгін ұйқысын.

Түніменен сайланып,
Бітіре берсін жұмысын.
Ер басына тоғайдан
Кесіп алсын бір келтек.

Арғымақ аттай жарасын,
Аш қарында шыққанда.
Еске алған қарындас
Зор қақпадан табылсын.

қобыланды  батыр
Құртқа сонда сөйлейді:

—Қайт десең, сұлтан, қайтайын

Алшағыр соққан қалаға.
Көргеннен соң шығып ем,
Шыдай алмай далаға.
Сұлтаным, сенен айрылып,

Ішім толды сәнаға.
Шыбыныңды тапсырдым
Бір жаратқан Құдайға!
Хандай қара басыңнан

Мендей сорлың садаға.
Амандасып қыз Құртқа,
Шәрге қайтып жөнелді
Қобыланды сынды балаға.

Мінген аты қара-ды,
Ішкен асы сұлудың
Бойына енді тарады.
Көңілі тасып, шат болып,

Ұлы бесін кезінде
Шұбалаңдап қыз Құртқа
Шәрге кетіп барады.
Айрылған соң Құртқадан,

Жұмысы бітіп құл мен күң,
Жатыр екен ұйықтап.
Келе жатқан жолынан
Оятып Құртқа алады.

Төрт бақташы қасында,
Бұлаңдаған қыз Құртқа
Алшағырдың қалаға
Тезірек жүріп барады.

Қобыландының келгенін
Тоқтар басы көп қыпшақ
Есіткен соң Құртқадан,
Көңілі тасып қуанып,

Шаттанысып қалады.
Қыз Құртқаның соңынан,
Күннің батыс астынан
Шұбалған қалың шаң шықты.

Шаң астына қараса,

батырлар  жыры
Ақмоншақ аты астында,
Кәмшат бөркі басында,
Екі бөрі қасында,

Ақмоншақ атпен бұлаңдап,
Қарлыға сұлу бұл шықты.
Қарлығаның соңынан
Қаражал құла атпенен

Қобыландыға қосылды
Сейілұлы Қараман.
Қараманның соңынан
Айдынды Орақ, айлы Орақ,

Айбалтасы қанды Орақ.
Балалы тауда бар дұзақ.
Есіктің алды балдырған,
Нан піседі тандырдан.

Кәпірлердің көңілін қалдырған,
Қазақтың атын жандырған,
Жіңішке жирен аты бар,
Аллаға жеткен даты бар,

Бірге келді ер Орақ.
Қобыландының көп халқын
Кәпір алды деген соң,
Шақырушы—Қарлыға

Жеткен екен сол шырақ.
Артық туған Қобыланды
Еркінше шауып көсілді.
Келеді деген бұларды

Жоқ еді ердің есінде.
Артынан келіп үш көкжал
Қобыландымен бас қосып,
Есендік-саулық айтысып,

Амандасты бесінде.
Әлқисса, Қобыланды, Орақ, Қарлыға жана Қараман төртеуі
бастарын қосып, көңілдері өсіп: «Бүгін тынығалық, ертең
Алшағырдың қаласын шабалық» деп, мауықтарын басып жата

берісті. Бұлар сөйтіп өздеріменен өздері мәз-майрам болып
жатқанда, Алшағыр ханның қарт шешесі бал ашып отырып,
баласы Алшағыр ханға айтқаны.

қобыланды  батыр
Кемпір келіп сөйлейді:

—Жалғыз ботам, Алшағыр,

Сөзіме құлақ сал, Шағыр,
Басыңды көтер жан балам!
Қастары төмен салынған,
Іздеген дұшпан жиылған,

Жалынбаса жойылған—
Бейне Қобыланға ұсайды,
Келді, балам, тұр-сәна!
Қоңқақ мұрынды, қой көзді,

Орта бойлы, нұр жүзді
Қараман келгенге ұсайды,
Келді, балам, тұр-сәна!
Жіңішке жирен аты бар

Аллаға жеткен даты бар
Орта жүздің бегі еді,
Орақ келгенге ұқсайды,
Келді, балам, тұр-сәна!

Алшағыр сонда сөйлейді:

—Қызыл тілді сөйлеткен

Қаусырма жақ пен иегім,
Сырық тартқан білегім,
Бұл сөзіңе, әй, шеше,
Қозғалмайды жүрегім.

Жоқ сөзді айтып қинама,
Қайдан келсін бұл жерге
Көбікті батыр жоқ қылған
Қобыланды батыр сүйегін.

Кемпір сонда сөйлейді:

—Жіңішке жирен аты бар,

Аллаға жеткен даты бар
Орақ келгенге ұсайды.
Ақмоншақ ат астында,
Кәмшат бөркі басында

Қарлыға келгенге ұсайды.
Қыр мұрынды, қой көзді,
Орта бойлы, нұр жүзді.
Келді, балам, Бурылмен

Қобыландыға ұсайды.

батырлар  жыры
Су түбінде торқамын,
Ақ бөкендей жортамын.
Келді, балам, Бурылды

Қобыланды деп қорқамын.
Бөлінсе, балам, біздің халық,
Басыңнан көшер әруақ.
Астыңдағы алтын тақ

Сол мінер деп қорқамын.
Таңбасыз жатқан тайыңды
Таңбалар деп қорқамын.
Енсіз жатқан қойыңа

Ен салар деп қорқамын.
Шәрі байтақ жұртыңды
Сол билер деп қорқамын.
Үстіңдегі ақ сауыт

Бұйырып соққан ер Дәуіт
Сол киер деп қорқамын.
Ылдидан шапса, түсте озған,
Ертеңнен шапса, кешке озған

Томаға көзді қасқа азбан
Сол мінер деп қорқамын.
Тамыры жерге тараған,
Жапырағы әммесі

Сом алтыннан жараған
Киік пе екен деуші едім,
Тау текедей маңыраған,
Сол кесер деп қорқамын.

Атаңның жиған байтақ жұрт
Бүлдірер деп қорқамын.
Қанікейдей көрікті қыз,
Тінікейдей текті қыз

Күлдірер деп қорқамын.
Шағалаға шәулі сап,
Ілдірер деп қорқамын.
Менің өзім нашармын,

Шәрдің аузын ашармын.
Сен жатсаң да, мен жатпан,
Қанікейдей көрікті қыз,
Тінікейдей текті қыз

қобыланды  батыр
Жау қолында жылатпай,
Күймеге салып екеуін,
Бұл шәһардан қашармын.

Ат жеккізіп қу кемпір,
Қызын салып күймеге,
Қолына тисе сұлу қыз
Әркім әуес сүймеге.

Қарамады қу кемпір
Алтын-күміс дүниеге.
Мінген аты ала-ды,
Ұлы бесін кезінде

Қызын салып күймеге,
Қақпадан шығып далаға,
Кемпір қашып барады.
Қызын салып күймеге

Қашқанын біліп кемпірдің,
Көбіктінің Қарлыға
Қиядан көзі шалады.
Артынан барып Қарлыға,

Қу кемпірге білдірмей,
Қанікей менен Тінікей
Екі қызды бір жола
Ұрлап алып қалады.

Қарлығаның алғанын
Сейілұлы Қараман
Қиядан көзі шалады.
Қызды алғанын білген соң,

—Қарлығажан, сауға,—деп,

Қарлығаның алдынан
Қараман кетіп барады.
Қарлыға сонда сөйлейді:

—Көлге біткен желкенсің,

Бүршігі жоқ тікенсің.
Артық асқан бағың жоқ,
Құдайдан сұрар ойың жоқ.
Өзіңе біткен мал-жанды

Сауғадан жиған екенсің!
Ақмоншақ атпен желейін,
Байытқалы келіп пе ем

батырлар  жыры
Қияттың жарлы-кедейін.
Қараман, саған не дейін,
Өзімнің басым сауғадан

Құтыла алмай жүргенде
Мен кімге сауға берейін?!
Қараман сонда сөйлейді:

—Мұсылманға мұраттық,

Кәпірге қылса ғазаттық,
Шырағым, сауға сұрадым
Қанікей менен Тінікей—
Екі қызды бер маған.

Қарлығажан, сені алмайын,
Басыңа бердім азаттық.
Қылшаң жүнді қара-ды,
Шығара алмай барады

Ішіне толған сәнаны.
Қарлыға сынды сұлудың
Көңілі қатты сүйеді
Қобыландыдай баланы.

Қанікей менен Тінікей
Қос сұлуды бір беріп,
Артық туған Қарлыға
Қарамандай жаманнан

Басын сатып алады.
Басын қосып төрт көкжал
Кеш болған соң жағалап,
Бір төбеге жетеді.

Күліп-ойнап төртеуі,
Қоржынға салған азықтан
Бұйырған дәмді татады.
Кірпік ілмей төрт көкжал,

Таң сарғайып атады,
Таң шолпаны батады.
Асылға жасық сақтады.
Масыл, масыл, масыл ма,

Аққа құлпы жасыл ма?
Ғашық боп жүрген Қарлыға
Қараманнан шыға алмай,
Қашаннан бері қан құсып,

қобыланды  батыр
Басын қосқан сықылды
Қобыланды қыран асылға.
Таң атқан соң төрт көкжал

Қаруларын киініп,
Бір Құдайға сиынып,
Аттарына мінеді.
Үстіне сауыт киеді,

Беліне байлап болатты,
Қарына найза іледі.
Алшағыр соққан шәһардың
Туын алып батырлар,

Қақпасына жүреді.
Қақпаға жақын келгенде,
Артық туған Қобыланды,
Ақсұңқар құстай түледі.

Жаны төзбей Қобыланды,
Жалғыз өзі шәһарға
Ат қоюға ойланды.
Ата-ана, қарындас

Қалың қыпшақ көп елі
Жатқаннан соң кәпірге.
Қақпаның келіп аузына,
Қобыланды батыр ақырды,

Қарт бурадай бақырды,
«Алшағыр» деп шақырды.
Қобыланды келіп сөйлейді:

—Ей, Алшағыр, Алшағыр,

Сөзіме құлақ сал, Шағыр,
Менің атым—Қобыланды.
Қара қасқа атың міне шық,
Ақ сауытыңды кие шық,

Қарыңа найза іле шық,
Әуелі бастан ойлай шық,
Алды-артыңды қармай шық,
Арманда ғапыл болмай шық.

Белес-белес бел еді,
Хан болғалы Алшағыр
Халқына тиіп пайдасы,
Қатарынан Алшағыр

батырлар  жыры
Асып жүрген айласы.
Мұсылманнан қанша ердің
Басын жойған ер еді.

Алшағыр деп шақырған
Қобыландының дауысы
Құлағына келеді.
Шыдай алмай Алшағыр,

Үстіне сауыт киеді.
Беліне байлап қылышты,
Қарына найза іледі.
Ертеңнен шапса, кешке озған

Томаға көзді қасқа азбан
Алтын тұрман ер салып,
Атына батыр мінеді.
Қара қасқа тұлпардың

Құйрығын шарт түйеді.
Шақырып тұрған батырдың
(Қорықты дер бармасам)
Алдынан жүре береді.

Қара қасқа бедеумен
Алшағыр шықты қаладан.
Түлкідей көзін жайнатып,
Тасқа шанышқан сүңгісін

Қарыс сүйем бойлатып.
Көргенше жүрген шыдамай,
Алшағырды көрген соң,
Тайбурыл атты көсілтіп,

Қобыланды шапты даладан.
Екі батыр екпінмен
Жақындасып қалысты.
Өшігіп жүрген батырлар

Бөтен жауап айтыспай,
Шегінісіп екеуі,
Емен найза салысты.
Ат тізесін бүгісті,

Бүге-бүге тұрысты.
Бір-біріне ұмтылып,
Тақымдары құрысты.
Бірін-бірі ала алмай,

қобыланды  батыр
Бірі дүние сала алмай,
Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,

Жаннан күдер үзісті.
Аш күзендей бүгілді.
Қанжарменен қармасты,
Семсерменен серместі,

Семіз тайдай ойнады.
Артық туған Қобыланды
Ерегескен дұшпанын
Басын жоймай қоймады.

Семсер қалды майысып,
Қанжар қалды қайысып,
Бір уақыттар болғанда,
Қобыланды сынды-ай еріңіз

Найзасын ырғап ендірді.
Алшағырдай кәпірді
Ат сауырына міндірді.
Қаһарланып Қобыланның

От шығады ұртынан.
Үмітін үзбей Алшағыр
Шәрлі байтақ жұртынан,
Ұлы сәске болғанда,

Жұмарланып барып жоқ болды
Қарақасқа аттың сыртынан.
Шәрдің қалың ішінен
Алшағыр шықты түбектен.

Қатуланып Қобыланның
Түгі шықты білектен.
Етке тоқтар қайрат па,
Шаншығанда шықты сүйектен.

Тартып бақты, шықпады
Қобыланды ердің найзасы
Қанмен қатып жібектен.
Алшағыр ханды өлтіріп,

Кәпірдің күнін қуырып,
Артықша тартып күш етіп,
Найзасын алды суырып,
Бір уақыттар болғанда.

батырлар  жыры
Есіктің алды балдырған,
Нан піседі тандырдан.
Қарауыл отын жандырған,

Мұсылман көңілін қалдырған.
Қызылбастың жұртында
Тағыболат, Тасболат
Құртқаны алар сапарда

Бір өзінің әкесі,
Жеті үлкен ағасын
Бірден қырып салдырған.
Ағанас бенен Тоғанас

Алшағырдың соңынан
Қаладан шықты екі жас.
Әке, ағасын өлтірткен
Ежелден кекті бұлар қас.

Ағасы еді Ағанас,
Інісі еді Тоғанас.
Таптырмай ақыл-айланы,
Қобыланды ерге Ағанас

Келе салды найзаны.
Қараспанның тауында
Бір қызылбас, бір қазақ
«Бермейміз,—деп,—намысты»,

Екі батыр шегініп,
Найзаларын салысты.
Найза қанға майысты,
Итерісіп тұрысты,

Ат тізесін бүгісті.
Мінген аты ала-ды,
Атына оқшасын жіберді.
Іздегені қызылбас,

Дұшпанын Қобылан табады,
Пірлері кәміл қолдады
Қобыланды сынды баланы.
Көңіліме болмаса,

Ағанастың найзасы
Қобыландының бөксесін
Қисайтып кетіп барады.
Қобыландыдан қуаты

қобыланды  батыр
Басымырақ болғанын
Көбіктінің Қарлыға
Қиядан көзі шалады.

Қобыланды аттан ауғанша,
Ағанасты Қарлыға
Іліп тастап барады.
Артынан келді Тоғанас,

Түзеліп алып Бурылға
Қобыланды іліп тастады.
Тоғанастың артынан
Көк қасқа атты Ақтайлақ

Ұрысқа кірді жағдайлап.
Орақ бенен ұрысып,
Ақтайлақты сол жерде
Орақ іліп тастады.

Ақтайлақтың соңынан
Баласы еді Нарқызыл
Келіп еді ұрысқа,
Қараман іліп тастады.

Қазан басты Қара дәу
Шығып еді қаладан,
Қарлыға іліп тастады.
Қалмақтың Қара батыры

Шығып еді қаладан,
Қобыланды іліп тастады.
Мұсылман көрсе оқ атқан,
Қызылбас көрсе жан тартқан,

Қырық құлаш Қызыл дәу
Шығып еді қаладан,
Қараман іліп тастады.
Осынша ердің артынан

Күмбезді найза қолында
Ағын судың сағасы,
Аққайырдың жағасы
Көп қызылбастың ағасы,

Көбікті ханның баласы,
Кәмшат бөркі басында,
Нөкері бар қасында,
Өзі он бес жасында,

батырлар  жыры
Күйеу болып жатқан осында.
Үстіне дұшпан келген соң,
Ұрыспасқа айла табалмай,

Соғыспасқа дұшпанмен
Жана шықты шәрден
Көкала атты Біршымбай.
Келуіменен Біршымбай

Бөтен сөзге қарамай,
Қобыланды бір шанышты,
Қарлығаны бір шанышты,
Қараманды келіп бір шанышты,

Сол бойымен Біршымбай
Сыпыртып өтіп жөнеді.
Қайта айналып шапқанда,
Орақты келіп бір шанышты,

Қарлығаны бір шанышты,
Қараманды бір шанышты,
Қобыланды бір шанышты,
Сыпыртып өтіп жөнеді.

Етіне киген жейде еді,
Маңдайы шып-шып терледі.
Біршымбайдың қайраты
Барған сайын өрледі.

Қайраты артық Біршымбай
Самсап тұрған ерлерді
Бір адамдай көрмеді.
Үш-үштен найза тиген соң,

Төрт көкжал да меңдеді.
Әлқисса, Қарлыға Біршымбайдың күшін көргеннен кейін,
қарсылық қылып жеңудің бекерлігін, айламенен құртудың
жөн екендігін айтқаны:

Қарлыға тұрып сөйлейді:

—Сіздер кейін тұрыңыз,

Барайын жалғыз мен,—деді.
Әуелі Алла анайым,
Хақ жаратқан Құдайым.
Мал шыдамас жауырға,

қобыланды  батыр
Ер шыдамас бауырға.
Сіздер кейін тұрыңыз,
Бірге туған ит еді,

Жалғыз өзім барайын.
Мінген аты ала-ды,
Атасы әйел демесең,
Қарлыға қыз да ер еді.

Қараман, Қобылан, Ораққа
Жолдастыққа жарады.
«Есебін тауып айламен
Өлтірмесек болмас»,—деп,

Бөркін жұлып алады.
Шашын жайып Қарлыға,
Ақмоншақ атты қамшылап,
Ерлердің шығып қасынан,

Біршымбайдың алдына
Қарлыға шауып барады.
Қарлыға барып сөйлейді:

—Бірге туған Біршымбай,

Сен кеткен соң, шырағым,
Шәрді басып көп дұшпан.
Дұшпанды қырып, шырағым,
Шәрді алдым босатып,

Бір жанымды аямай.
Жалғыздық түсті басыма,
Қайратқа атаң жарамай.
Көп дұшпанның ішінен

Қашып еді үш батыр,
Жалғыз қудым шыдамай.
Өлсем де жоқ арманым,
Есен-аман, саламат

Көрсетті сені бір Құдай.
Мені танып, жалғызым,
Атыңның басын бұрмадың.
Қайратыңнан айналсам,

Жалғыз бауырым, Біршымбай,
Болайын сенің құрбаның.
Менен қашқан үш дұшпан
Мынау келіп тұрғаны.

батырлар  жыры
Сөзімді тыңда, әй, ботам,
Жалғыздық түсіп басыма,
Көңілімде көп қапам.

Осы келген батырлар
Менен қашқан үш адам.
Бұл дұшпаннан ала алмай,
Басымды саған қоса алмай,

Ақыл-айла таба алмай,
Жаралы болды сорлы апаң.
Бір туғызған, шырағым,
Екеуімізді Құдай-ды.

Жақыны көрсе кемшілік,
Кімнің жаны шыдайды,
Жара қатты, жан тәтті.
Басынан бөркін жұлып ап,

Бірге туған Қарлыға
Алдына келіп жылайды.
Әлқисса, Қарлыға Біршымбайға келіп:—Сен кеткен соң
мұсылмандар келіп біздің шәрді түн ішінде басып, ойран

ботқасын шығарайық деп жатқанда, әкең атқа қайрат қылып
міне алмай тұрғанда, өзім мініп, жаудың бетін қайырып, мы­
нау үшеуін қуып мұнда келіп тұрғанда, мені бұларменен бірге
шанышқандай мен не қылып едім,—деп, бөркін жұлып алып,

шашын жайып, «ой, бауырымды» салып, аттан құлап кетті. Ту­
масы Қарлығаның бұл қылығын көргеннен кейін, Қарлығаны
тауға алып барып тастап, келіп қойға тиген бөрідей жауға ти­
мекші болып, Қарлыға қыздың алдына түсіп, қызды соңынан

ертіп алып жүре берді.
Жол-жөнекей бара жатқанда Қарлыға қыздың Біршымбай
тумасын өлтіргені.
Тозады көрпе мақтадан,

Назары арман ауғанда.
Біршымбайды Қарлыға
Найзамен салды желкеден.
Біршымбайдың мінгені

Айқын төбел құла ат-ты.
Біршымбай сынды батырды

қобыланды  батыр
«Жан апа!» деп жылатты.
Өз апасы Қарлыға
Інісін аттан құлатты.

Біршымбайды Қарлыға
Айламенен өлтірді,
Сәтіне ісін келтірді.
Белес-белес бел еді,

Атасы әйел демесең,
Қарлыға қыз да ер еді.
Біршымбайды өлтіріп,
Көкала атты жетектеп,

Қараман, Орақ, Қобыланды—
Үш батырға келеді.
Келгеннен соң Қарлыға
Өз інісін өлтіріп,

Көңілі түсіп, шат болып,
Батырлар қызға сенеді.
Көрген адам таң қалар
Қарлыға қыздың пормына.

Көп дұшпанын мұқатып,
Құдай қалап ерлердің
Істері келді орнына.
Қарлыға мінген кер ме еді,

Қапыда өлді Біршымбай.
Қарлыға айла қылмаса,
Күшті туған Біршымбай
Дұшпанға болар ер ме еді?

Қарлыға менен Қобыланды
Қараман, Орақ төртеуі
Бастарын қосып батырлар
Намыстарын бермеді.

Қобыланды ердің бақыты
Барған сайын өрледі.
Біршымбайдың соңынан
Баспақты сиыр, танадан,

Алтын-күміс шарадан,
Қалмай қатын, баладан
Қара қала ерлері
Түгесіліп болған соң,

батырлар  жыры
Тоқтататын адам жоқ,
Тоқтар басы көп қыпшақ
Шулап шықты қаладан.

Ел жайлауы Есіл-ді,
Ақ бөкендей жосылды.
Ұлы қақпа аузында
Қаладан шығып көп қыпшақ,

Қойдай маңырап шуылдап,
Қобыланды ерге қосылды
Шуылдап-жылап бесінде.
Қабыл болды бұл сапар

Қобыланды ердің мұраты,
Ата-ана, көп халқы
Дұшпаннан шығып саламат.
Қобыланды ерге көрісіп,

Есендік-саулық сұрады.
Көп дұшпанын мұқатып,
Ерлердің көңілі тынады.
Алшағыр ханның қаласын

Он жеті күн шабады.
Қобыландының көп халқын
Жалғыз шапқан Алшағыр
Бүтін жұртын жалмады.

Алтын-күміс, бар малын
Ырғап-жырғап алады,
Артық бақыт табады.
Байдың қызы жамылар

Масаты шекпен, беренді.
Қият, қыпшақ қосылып,
Көп олжаға кенелді.
Қазаннан алған көп малды

Қараспан тауын бет алып,
Ерлер алып жөнелді.
Артық туға Қобыланның
Келмеді дұшпан шеніне.

Ойлаған оның мұратын
Келтірді Құдай жөніне.
Үш ай, он күн дегенде,
Қараспан тауын жағалап,

қобыланды  батыр
Азулы деген көлдерге
Тоқтар басы көп қыпшақ
Келіп қонды баяғы—

Алшағыр шауып, зарланып,
Бүлініп көшкен жеріне.
Көлден тарттым борықты,
Ел қонысқа қоныпты.

Кемшілік көріп кәпірден,
Бәнде болып байланған,
Жылаған қыпшақ баласы
Бұрынғыдан екі есе

Бақ-дәулетке жолықты.
Келіп қонды көп қыпшақ
Азулы деген көліне.
Бұрынғыдай толықсып,

Дәулет бітті еліне.
Артық туған Қобыланның
Ісі келді жөніне.
Келмеді дұшпан шеніне.

Кәпірден алған көп олжа
Әділдікпен Қобыланды
Жиып алып көп халқын,
Бөліп берді қолынан

Пақыр, кедей кеміне.
Азулыға қондырды
Қобыланды жиып көп елді.
Қият, қыпшақ баласы

Көп олжаға кенелді.
Халықпен қатар олжаны
Үлестен көп алған соң,
Жарлысы байға теңелді.

Кешегі өткен заманда,
Он екі баулы ноғайда
Қыдырбай деген бай болған,
Ақшахан деген хан болған.

Байлығы асқан жан екен,
Малы жерге сыймаған.
Дұшманның тілін тыймаған,
Сол секілді жан екен.

Қыдырбайдың алғаны
Меңдісұлу жар екен.
Сексенге жасы келгенше,
Ұл менен қызға зар екен.

«Осыған қайғы салсам деп,
Осының малын алсам» деп,
Ақшахан деген ханының
Еліндегі билердің

Ойлаған ойы бар екен.
Бір күні билер ойлады,
Ұлы жиын-той қылып,
Ат шаптырды қалаға,

Ұзын жатқан салаға.
Онда бұйрық қылғаны:
«Ұлсыздарға орын жоқ,
Қызсыздарға қызық жоқ».

Жұрттың бәрі жиылды,
Осылай етіп бұйырды.
Ондай айтқан сөздерін
Қыдырбай тіпті алмады,

Сөзіне құлақ салмады.
Қобыланды
(Көшелек нұсқасы)

қобыланды
Сексен нарға саба артып,
Қасында—Меңді алғаны,
Тойға кетіп барады.

«Осыған қайғы салам» деп,
Қылып жатқан тойы еді,
Ойлаған ойы сол еді.
Мұнараның басында

Отыр еді Ақшахан,
Келе жатқан Қыдырбай
Ақшахан сонда көреді.
Көрді дағы ақырды,

Тақылдақ дейтін елінде
Бір уәзірі бар еді,
Сол уәзірін шақырды.
Келе жатыр Қыдырбай,

Соған қайғы салам деп,
Істеген бұл бір той еді.

—Төбеңнен тіллә құяйын,

Сол Қыдырбайға бар,—деді,
Соған қайғы сал,—деді.
Тақылдақ сонда кетеді,
Қыдырбайға барады.

Тақылдақ бара сөйледі:

—Хан бұйырды, амал жоқ,

Бармайтұғын заман жоқ.
Осы тойды істеген
Ақшахан деген иесі бар.
Қыдырбай тақсыр, қайтыңыз,

Баласы жоқ кісінің
Осы тойда несі бар?
Ұлсыздарға орын жоқ,
Қызсыздарға қызық жоқ.

Барғанменен бұл тойға,
Қыдырбай, саған қайғы көп.
Сонда Қыдырбай сөйлейді,
Сөйлегенде не деді:

—Аспандағы Сары мекен,

Жалғыз адам зар ма екен?
Осынша қайғы салғандай,

батырлар  жыры
Менде өшті-кегі бар ма екен?
Мен бұл тойға барайын,
Қалаларын қан қылып,

Қақпаларын сындырып,
Көңілдерін тындырып,
Тойын қызық қылайын.
Осынша қорлық берген соң,

Бармай неғып шыдайын?!
Осылай етіп ақырды,
Қабағынан қар жауып.
Сабадағы қымызды

Алмаспенен кеседі.
Қыдырбайдай қартыңа
Сонша қайғы түседі.
Сонда Меңді сөйледі:

—Қыдырбайдай байымыз,

Жасы жеткен қарымыз,
Осының тілін алыңыз.
Көп жинаған малыңды
Садақа қылып шашалық,

Бұл жерде тұрмай, қашалық.
Дүние деген дөңгелек,
Жинағанмен құр малдан
Баласыз жерде не керек?!

Құдайдан тілек тілелік,
Әулие қоймай түнелік.
Шыныменен тілесек,
Бермес пе екен тілегім?

Қашаннан да, Қыдырбай,
Асыл еді сүйегің.
Кел, Қыдырбай, қайталық,
Садақаны Құдайға

Мал сойып тұрып аталық.
Осыдан үйге барғансын,
Қолыма таяқ алармын.
Естігенсін қайғыны,

Далаға кетіп қалармын.
Бірнеше күн жүрермін,
Әулие қоймай түнермін.

қобыланды
Бар жасаған Құдайдан
Шыныменен тілермін.
Тілегімді бермесе,

Көзімнің жасын көрмесе,
Қаңғып жүріп өлермін.
Сонда тұрып Қыдырбай
Меңдінің тілін алады.

Далада тұрған Қыдырбай
Үйіне қайтып барады.
Бірталай малды сояды,
Ұл менен қыздың жоғынан.

Ғаріп бенен ғасірді,
Соқыр, міскін, нашарды
Толып жатқан жияды,
Жиылған бәрі тояды.

Бір баланың жоғынан
Он күнге дейін той қылып,
Бірталай малды сояды.
Он күннен соң жиылған

Жұрттың бәрі кетеді.
Меңдісұлу аяңдап,
Қыдырбайға жетеді:

—Қыдырбайдай еріміз,

Бізге ұлықсат беріңіз,
Қолыма таяқ алайын,
Әулие қоймай түнейін,
Құдайдан бала тілейін.

Қыдырбай сонда сөйледі:

—Меңдідей сұлу әйелім,

Көп еді сенің ақылың,
Ұлықсат берсін кәріңіз.
Барамын десең, барыңыз,
Бір Құдайға аманат

Кеудеде шыбын жаныңыз.
Меңдідей сұлуың
Ұлықсатын алады,
Далаға кетіп барады.

Шыға Меңді жүгірді,
Маңдайдан тері шұбырды,

батырлар  жыры
Шыбындай жаны қыдырды.
Жеті күндей жүргенсін,
Сонда бір келді молаға,

Зар болып жүрген ақ Меңді
Бір көретін балаға.
Кез болған екен сол уақытта
Көкшыбық дейтін әулие—

Бұрынғы өткен бабаға.
Моласының басында
Қойған тасы бар екен.
Сол секілді әулиені

Бір көруге зар екен.
Сол моланың басына
Меңді келіп жатады.
Шаршап келген ол байғұс

Көп ұйқыға батады.
Ақ шалмасы басында,
Ұйықтап жатқан күнінде,
Асатаяқ қолында,

Өзі Хақтың жолында,
Көкшыбықтай бабасы
Жетіп келіп қасына,
Бабасы сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Мұнша неге зарықтың?

Құдай айдап кез болып,
Біз секілді бабаңа
Бүгін келіп жолықтың.
Қолыңды жай, шырағым,

Саған бір бала берейін,
Көзіңнің жасын көрейін.
Саған берген балама
Шапса қылыш өтпесін,

Атса мылтық өтпесін,
Алладан бұйрық болмаса,
Жалғаншының жүзінде
Адамның әлі жетпесін.

Меңдідейін сұлуға
Бір тұтамдай бір шыбық

қобыланды
Қолына сонда береді.
Меңдідейін сұлудың
Көзінің жасын көреді.

Ұйқыдан тұрып ақ Меңді,
Батасын қылып молаға,
Қайта жүгіріп келеді
Өзінің шаһар қалаға.

Үйге келіп ақ Меңді:

—Қыдырбайдай байымыз,

Мен далаға бармасам,
Кетіп еді жайымыз.
Қыдырбайдай ер,—деді,
Болды, білем, тілегің,

Сүйіншімді бер,—деді.
Сонда Қыдырбай тұрып сөйледі:

—Сүйіншіге берейін

Толып жатқан малымды.
Аямайын, берейін
Кеудедегі шыбын жанымды.
Үстіңе қатын алмайын,

Асылда қамшы салмайын.
Құдай қосқан жұбайым,
Тілекті берген Құдайым,
Тіпті қарсы бармайын.

Бәйбішесі келгенсін,
Тілегін Алла бергенсін,
Ертең халқын жияды.
Ұлы жиын-той қылып,

Садақасын береді.
Тоғыз ай да, тоғыз күн біткен соң,
Тілеп жүрген баласы
Екеу болып дүниеге келеді.

Біреуі—ұл да, біреуі—қыз,
Ертең тұра той қылды.
Алтын қабақ аттырып,
Жүйрік атын шаптырып,

Жеті күндей той қылып.
Таратқансын сол тойын,
Әмір қылды халқына:

батырлар  жыры

—Баламның атын қой,—деді.

Халқы сонда ойланды,
Баланың атын қоя алмай,
Ойласа, ойға тоя алмай,
Халқы тарқап кетеді.

Халқы тарқап кеткен соң,
Ұлын алып Қыдырбай,
Қызын алып ақ Меңді,
Шыққан екен далаға.

Тарыққасын шынымен,
Сонда келіп кез болды
Баяғы тілегін берген бабаға.
Қыдырбай сонда сөйледі:

—Жел жағымда панамсың,

Көкіректегі санамсың,
Тарыққанда кез болған
Тым сүйікті бабамсың.
Сонда бабасы сөйлейді:

—Сенің бабаң мен едім,

Менің балам сен едің.
Баланың атын қоялмай,
Сен тарығып жатқансын,
Балаңның атын қоюға

Сенің үшін келемін.
Қолыңдағы балаңды
Көрсетші маған, көрейін.
Балаңның жүзін көргенсін,

Атын қойып берейін.
(Көрсетті, білем, сол күнде,
Қолындағы баласын.)
Балаңның атын айтайын,

Қобыланды деген ер болсын.
Атқа мініп жүргенде,
Біз секілді бабасы
Тарыққанда кез болсын.

Қызыңды көрсет, көрейін,
Оның да атын қойып берейін.
Сонда қызын жана көреді,
Атын айтып береді.

қобыланды
Қызыңның аты—Қансұлу,
Артық болсын ажары.
Оны көрген адамның

Көргенде түссін назары.
Қатар жүрген құрбыдан
Артық болсын базары.
Баланың атын қойғансын,

Әлгі тұрған бабасы
Ғайып болып кетеді.
Қыдырбайдай қартыңыз
Үйге таман жетеді.

Он екі жасқа келгенше,
Сол баланы жақсылап
Қыдырбай қартың бағады,
Баланың көңілін табады.

Он екі жасқа келгенсін,
Қыдырбайдай қартыңа
Қобыланды батыр келеді,
Келе сөйлей береді:

—Қыдырбайдай атамыз,

Қолыңнан берші батаңыз.
Он екі жасқа келгенше,
Босқа қарап жатамыз.
Тоқпақ жалды торы айғыр

Сол айғырды беріңіз,
Бізді өзіңдей көріңіз.
Сол торы айғырға мінейін,
Дүбір де дүбір желейін.

Толып жатқан малыңды
Менде бір көріп келейін.
Өзіңнің жастан қолданған
Қаруыңды бер,—деді,

Беліме орай шалайын.
Мен сол көп малыма барайын,
Дұшман бар ма, дос бар ма,
Бізге ойлаған қас бар ма,

Соны байқап келейін.
Қыдырбай сонда сөйледі:

—Садағың алтын, көк берен,

батырлар  жыры
Шарайнасы бес қабат.
Салып қойған сауыт бар,
Соны үстіңе ки,—деді.

Арша ағаштан жондырып,
Көзін терең ойдырған
Белгілі оғым бар еді,
Беліңе орап іл,—деді.

Тоқпақ жалды торы айғыр
Мінемін десең, мін,—деді.
Дұшманыңды-досыңды
Аралап барып көр,—деді.

Жылқы менен қойыңды
Аралап барып көр,—деді,
Қобыландыдай ер,—деді.
Қасыңа сенің берейін

Көрсетіп бәрін жүруге
Сайрауықтай құлыңды.
Түгендеп бәрін келерсің
Жылқыда тай мен құлынды.

Тәуір көрдім, шырағым,
Атқа мінген ырымды.
Қобыландыдай балаға
Атасы бата береді.

Қобыландыдай жас батыр
Тоқпақ жалды торы айғыр
Оған батыр мінеді.
Манағы айтқан сауытын

Оны үстіне киеді.
Әкесінен сұраған қаруын
Беліне орап іледі.
Сайрауықты ертіп қасына,

Түгендеуге көп малын
Қобыланды батыр келеді.
Қыдырбай қарттың жылқысы
Саны байтақ көп еді.

Қамысты деген бір көлде
Су ішіп жылқы жатқанда,
Оған таман келеді.
Жылқыларын түгендеп,

қобыланды
Қасындағы Сайрауық
Қобыландыға береді.
Түгендеп тұрған мезгілде,

Будақтаған бір шаңды
Қобыланды сонда көреді.

—Сайрауықтай ағамыз,

Мен мына жақтан шаң көрдім,
Шаңды көріп таң болдым.
Берменірек кел,—деді.
Менің көрген сол шаңым,

Білгеніңді айтып бер,—деді.

—Қобыландыдай жас бала,

Бұрын маған ермедің.
Не деп айтып берейін,
Жоқ еді оны көргенім.
Қобыланды сонда ойлады,

Ой түбіне тоймады.
Астындағы айғырды
Қамшыменен айдады.
Айдаса аты желеді,

Үйіне салып келеді.

—Айналайын, жан ата,

Батаңды маған бер,—деді.
Мен мына жақтан шаң көрдім,
Көргенсін шаңды таң көрдім.
Шаңға барып келейін,

Дұшпан болса аңдыған,
Себебін өзім білейін.
Қыдырбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде не деді:

—Толып жатқан малым бар,

Аңдып жүрген залым бар,
Ғаріп болып кетерсің,
Киік пенен құланның
Шаңына барып нетерсің?

Отырсаң да үйіңде,
Мұратыңа жетерсің.
Атаң менен анаңды
Қайғыда қылып кетерсің.

батырлар  жыры
Сонда бала сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Ата, бекер қайғырма,

Ақылыңнан айрылма.
Менің үшін жылама,
Жылай беру бола ма?
Қайранда тұрған жалғыз тал

Уақытсыз сына ма?
Далада жүрсем білемін,
Отырсам үйде күлемін.
Үйде-түзде болсам да,

Уақытым біткенде,
Қалайда болса өлемін.
Осыған көзің жетті ме,
Отырсам үйде өлмесім?

Бұған көзің жетті ме,
Соған барсам келмесім?
Не көрмес дейсің әуелден
Құдайдың өзі жаратқан

Басы жұмыр пендесі.
Қыдырбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде не деді:

—Қолыңды жай, шырағым,

Тамағыңнан бір сүйсем,
Тарқар сонсын құмарым.
Жаңа талап жас бала,
Саған бата берейін,

Сені өзімдей көрейін.
Жауға барсаң, қарағым,
Жаудың шетін шапқайсың.
Шапқаныңда жағалап,

Ішіне кірме аралап.
Жаныңа тарлық келгенде,
Көкшыбықтай бабаң бар,
Шақырарсың бабалап.

Атасы ұлықсат береді,
Анасы сонда келеді.
Анасы келе сөйлейді:

—Әулие қоймай түнеген,

қобыланды
Күні-түні жүріп тілеген,
Сені тілеп жүргенде,
Қурылып еді заманым,

Тілініп еді табаным,
Кетемісің сен тастап,
Қобыландыдай қарағым?!
Он ай сені көтердім,

Омыртқам менің бүгілді,
Қабырғам қалмай сөгілді.
Сен кетемін дегенсін,
Көзімнің жасы төгілді.

Қайда тастап кетесің,
Ауыр дәулет, малыңды?!
Қайда тастап кетесің,
Кемпір менен шалыңды?!

Садақа саған қылайын
Кеудеде шыбын жанымды.
Шыныңмен кетсең, ала кет,
Мені артыңа сала кет.

Әкетпесең айтайын
Жолыңа айтқан ниязбын,
Алмасыңмен шала кет.
Қобыланды сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Меңді сынды анамыз,

Қор болар деп ойлама,
Қобыландыдай балаңыз.
Ұлықсат бер де, қоя бер,
Қамысты көлдің басында

Көрген шаңға барамыз.
Атасы мен анасы
Ұлықсатын береді.
Қобыланды сондай ер еді,

Жаудан қорқар ол емес.
Бағанағы көрген шаңына
Барайын деп келеді.
Оған келсе жақындап,

Алдыңда тұр бір бала.
Шаң мәнісін сұрады,

батырлар  жыры
Сол баланы тақымдап.
Сонда бала сөйледі:

—Бұл көп қалмақтың елі еді,

Көп қалмақтың елінде
Алшағыр деген хан еді.
Алшағырдың елінде
Бір Көктен деген

Мықты кемпір бар еді.
Сол кемпірдің сол күнде
Құртқа дейтін бір қызы
Әйелде ару жан еді.

Сұлулығын сұрасаң,
Қызыл ерін, ақ маңдай,
Өңбейтұғын мақпалдай,
Оны көрген адамдар

Жиғанын оған сатқандай,
Сұлулығы жарасты.
Сол секілді балаға
Алшағыр менен Ақшахан

Екі елдің ері таласты.
Таласқанын сол Көктен
Үйде отырып көріпті,
Төресін өзі беріпті.

Төрелік берген мезгілде,
Ат шаптырып далаға,
Ноғайлы мен қалмақтың
Өздері салған қалаға.

«Той қылдым,—деп,—сол күнде»,
Шақырған екен көп елді,
Құртқадайын балаға.
«Той қызығын көрем» деп,

Бір бәйтерегі бар екен,
Сол теректі аттырып,
«Жыққан кісіге берем» деп,
Қалмағы менен ноғайдың

Жиналып жатқан елі бар,
Толып жатқан ері бар.
Алшағыр мен Ақшахан
Келіп жатыр осында.

қобыланды
«Кім жықса да теректі,
Сарқыт сұрап алам»,—деп.
Көктен отыр үйінде,

«Лайық емес бұларға
Менің Құртқа балам»,—деп.
Қобыландыдай батырың
Әбден сұрап алады.

Әлігі жатқан хандарға
Қобыланды кетіп барады.
Хандарға бара сөйледі:

—Сәлем бердім, хан,—деді,

Сөзіме құлақ сал,—деді.
Он екі баулы ноғайда
Қыдырбайдың ұғлы едім.
Сендердің қуған олжаңды

Мен де қуып жүр едім.
Туғалы атқа мінбедім,
Мұндай жолға жүрмедім.
Мен де өзіңдей ер едім,

Оғым тисе терекке,
Осы олжаңды бер енді,
«Тырнақалдым» деп едім.
Сонда хандар сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Он екі жасар жүгірмек,

Оғың тисе ала бер,
Олжаң бізге не керек.
Ұлықсатын алады,
Жиылып жатқан кісіге

Қобыланды кетіп барады.
Астына мінген тұлпарға
Қамшыменен басады.
Жиылып тұрған көп адам

Қобыландыны көргенсін,
Арасын бәрі ашады.
Сол уақытта Қобыланды
Бәйтерегін көреді,

Бәріне сәлем береді.
Сәлем беріп болғансын,

батырлар  жыры
Оғына батыр қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Алдындағы теректі

Атайын деп оңдалды.
Үзенгіге шіреніп,
Тартып келіп қалады.
Ердің оғы тұрсын ба,

Құлатып кетіп барады.
Атқан оғы сол ердің
Ол теректен өтеді.
Аржағында бір төбені

Төңкеріп тастап кетеді.
Көктен менен ол Құртқа
Отыр екен сол күнде
Мұнараның басында.

Сонда Құртқа сөйледі:

—Айналайын, анамыз,

Кел, мұнарадан түселік.
Лайық екен балаңа,
Мына келген еріңіз.
Көз тиіп кетер осыған,

Жасырып жауып баланы,
Отауға алып баралық.
Көктен менен ол Құртқа
Қобыландыдай батырды

Ортасына алады.
Жібекпен жауып батырды,
Отауға алып барады.
Сол отауда жатады,

Көп қызыққа батады.
Көктен сонсын той қылды,
Ол тойына сойғанын
Ту бие мен қой қылды.

Жылқыда шабдар қалмады,
Үйдегі шалдар қалмады.
«Осы тойға барам деп,
Бір тойыны қылам» деп,

Жиналды қалмақ елдері.
Қобыландыдай балаға

қобыланды
Мінеки, Құдай бергені.
Жеті күндей той қылды,
Тарқатқансын сол тойын,

Құртқадайын сұлудың
Некесін сонсын қидырды.
Сонсын Көктен сөйледі:

—Қобыландыдай жас бала,

Маған көзін сал,—деді.
Қалағаныңды ал,—деді.
Сонда Қобыланды сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Мен бір жалғыз ер,—деді,

Дүние маған не керек,
Батаңды маған бер,—деді.
Батасын Көктен береді—
Қатар-қатар нар берді,

Нарына қосып зер берді.
Жеті құл мен жеті күң
Жана берді қасына.
Қызын алып баратыр

Көктендейін кемпірдің
Өзі мініп басына.
Қыдырбайдай қартыңа
Беру деген осы ма.

Сол екі күн жүргенсін,
Манағы жүрген келіншек
Бір көп жылқыға келеді.
Сонда келіншек жылқыны көріп сөйледі:

—Қобыландыдай ер,—деді,

Бермен таман кел,—деді.
Мына жатқан көп жылқы
Кімдікі болар, білмеймісің, сен,—деді.
Қобыланды сонда сөйледі:

—Қыдырбай атам бай еді,

Жасы жеткен шал еді
Әуелі Құдайдікі,
Екінші, Қыдырбайдың малы еді.
Сонда Құртқа сөйледі:

—Жылқының өзі көп екен,

батырлар  жыры
Жылқының бергі шетінде
Бір құла бие бар екен,
Құлындай алмай тұр екен.

Ішіндегі құлынын
Берер ме екен сол маған
Атекем менен енекем?

—Құртқадайын алғаным,

Әуре болып сұрама,
Ашуланып, шамданар
Қыдырбайдай шалдарың.
Соны айтып болғансын,

Қобыланды шауып жөнелді.
Үйіне шауып барады,
Қыдырбайдай қартына
«Келінің келе жатыр»,—деп,

Барып хабар салады.
Қобыландыдай батырдың
Қансұлудай егізі
«Жеңгең келе жатыр» деген соң,

Кермаралдай керіліп,
Бұралып белі үзіліп,
Ішкен асы шіркіннің
Тамағынан көрініп,

Бір басуға ерініп,
Пар ат жегіп арбаға,
Жеңгесінің алдынан
Қансұлу шықты желігіп.

Жеңгесін келіп көреді,
Қансұлуды көргенсін,
Құртқа сөйлей береді:

—Айналайын, бикешжан,

Неге келдің жүгіріп,
Не берейін суырып?
Бикешжан, енді қайтыңыз,
Әкең менен шешеңе

Барып сәлем айтыңыз.
Көп жылқының шетінде,
Бер жағының бетінде
Бір құла бие жүр екен,

қобыланды
Құлындай алмай тұр екен.
Ішіндегі құлынын
Берер ме екен, айтыңыз,

Атекем менен енекем?
Қансұлу сонсын қайтады,
Құртқаның айтқан сәлемін
Атасына айтады:

—Барып едік жеңгеме,

Сөз айтпады өңгеге.
Бар, қайт,—деді,—қайт,—деді,
Сізге сәлем айт,—деді.
Көп жылқының шетінде,

Құла айғырдың үйірінде
Құла қулық бар екен,
Құлындарға тұр екен,
Құлындай алмай жүр екен.

«Бере ме?» деп жіберді
Атекем менен енекем.
Қыдырбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Келінің құрсын, көрмеймін,

Келе сала мал сұрап,
Оған малды бермеймін.
Сонда Меңді сөйледі:

—Әй, Қыдырбай, Қыдырбай,

Досқа сөйлеп неткенің,
Уағдаңа жетпедің!
Сексен нарға саба артып,
Хан тойына барғанда,

Тақылдақ сонда не деді.
«Ұлсыздарға орын жоқ,
Қызсыздарға қызық жоқ,
Үйіңе қайт» деп еді,

Ұмыттың ба осыны?!
Бір құлынды сен қимай,
Осынша неге шошыдың?
Маған бір құлын тимей ме,

Сен бермесең, мен бердім,
Бар, Қансұлу, қайт,—деді,

батырлар  жыры
Жеңешеңе айт,—деді.
Қансұлу сонсын қуанып,
Кейін барып қайтады.

«Менің үшін берді»—деп,
Жеңгесіне айтады.
Қыдырбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Жылқы жиып жүргенде,

Қамысты көлдің басында
Судан шығып бір айғыр,
Көріп едім тұрғанын.
Сол биенің қасында

Айғыры еді ол перінің.
Сол пері елінің [тұлпары]
Одан туған құлынға
Мінсе балаң кетеді.

Қобыландыдай балама
Көрсетпейін,—деп едім,
Айтқаным менің болмады.
Қобыландыдай батырды

Шынымен Құдай оңдады.
Қайырлы болсын, қайтейін,
Мініп жүрген жолдары.
Келгенсін келін той қылды,

Күміс пен алтын шашады.
Істеген той, көп қызық
Өз елінен асады.
Кәпір менен ноғайға

Қыдырбайдай қартыңның
Істеген тойы жарай ма.
Той қылып жатқан мезгілде,
Құртқадайын келіншек

Төсегінің астынан
Терең шұңқыр қаздырды.
Сайрауықты жіберіп,
Баяғы құла биені алдырды.

Туғызып биені алады,
Сол шұңқырға салады.
Қоя беріп енесін,

қобыланды
Сегіз ай да, сегіз күн
Серт айтып тұрып бағады.
Сегіз айы біткенде,

Төсегінің үстінде
Жатыр еді Қобыланды.
Дүбірлеген бір дүбір
Құлағын жарып барады.

Қобыланды сонда сөйледі:

—Құртқа сұлу, сен,—деді,

Қобыланды деген мен,—деді.
Дүбірлеген немене,
Осыны айтып бер?—деді.
Қобыландыдай батырым,

Кеудеңде бар ма ақылың?
Сөзімді тыңда, жарқыным,
Менен басқа болар ма
Ақыл айтар жақының.

Құла бие ішінде
Құлынын өзім алғанмын.
Сегіз ай да, сегіз күн
Уағда қылып салғанмын.

Сегіз күні біткен жоқ,
Сертті күні жеткен жоқ.
Батыр, кішкене сабыр ет,
Сегіз күні біткенсін,

Сол құлынды алып берейін.
Сол құлынға мінерсін,
Дүбір де дүбір желерсің,
Көрмеген жерді көрерсің.

Қобыланды сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Шығаршы бермен атымды,

Қандай екен көрейін,
Көріп жауап берейін.
Сонда Құртқа сөйледі:

—Сегіз күні біткен жоқ,

Мінетін күні болған жоқ.
Қобыланды оған болмады,
Ашуланып шамданды,

батырлар  жыры Қарап тұрып долданды. Ұрайын деп Құртқаны, Қамшысын сонда қолға алды. Ашуын көріп батырдың, Шығарды сонсын торы атты. Торы атты қарап Қобыланды, Сонда тұрып сөйледі: —Бәрекелді! Торы атым— Ердің мінер аты екен, Асылдан қалған зат екен. Баяғы сынап жүр екен, Қыдырбайдай атекем. Омырауы он баудай, Ойынды етін қарасам, Жиынға тіккен жыйдаудай*. Қиған қамыс құлақты, От орнындай тұяқты. Қасқарған қоян шекелі, Омырауы екі елі, Қысыр жылан құрсақты. Танауына қарасам, Түбі түскен шелектей. Құйрығына қарасам, Келептеген жібектей. Сол уақытта Қобыланды Иілмелі жүген жүгендеп, Бердеменен берліктеп, Қырмызымен терліктеп, Басын көкке қаратып, Бауырынан жаратып, Қобыланды мініп алады. «Малға барып келем»,—деп, Батыр кетіп барады Сайрауық ердің қасында. Алты күнге баратын Жылқысы еді алыста. Екі сағат болғанда, * Қолжазбада қате жазылған болуы мүмкін. Қандай мәні бары белгісіз.

қобыланды
Жылқының келді басына.
Жылқыны жүрді аралап,
Көкөзен судың басында.

Алшағыр деген қалмақтың
Қаласы еді басында.
Алшағыр деген хан еді,
Көкаман қасқа, Көкқасқа

Деген батырлары бар еді.
Айқасқа менен Жанқасқа
Ақылы көп жан еді.
Сол төртеуі бірігіп,

Айдалада аң аулап,
Ойынменен жүр еді.
Қобыландыдай баланың
Қарасын сонда көреді.

Айқасқа мен Жанқасқа
Сынап сөйлей береді:

—Ана бір жүрген адамның

Айбаты таудай көрінді.
Төбесін байқап қарасам,
Қазандай бұлт ойнайды.
Желкесіне қарасам,

Жеті бүркіт ойнайды.
Астындағы торы аттың
Қанатын қағып парлайды.
Қасындағы жолдасы

Ол недей жан екен,
Анадан ол да қалмайды.
Ә, дегенше болмады,
Қасына жетіп келеді.

Қобыландыдай жас бала
Келе сөйлей береді:

—Атаңа лағнет, қалмағым,

Батар ма маған бармағың?
Өзім үйде жатқанда,
Жерімді неге барладың?
Жылдам білдір жөніңді,

Қай сапарға барасың,
Қай сапардан келесің?

батырлар  жыры
Барлап жүрсең жерімді,
Қағылсаң да өлесің.
Сонда қалмақ сөйледі:

—Мұнша неге шамдандың,

Келген жерден долдандың?
Біз «қалмақ» деген ер едік,
Әуелі елден шыққанда,
Аң аулап қайтсақ деп едік.

Өзің білдір жөніңді,
Қайдан жүрген баласың?
Оттай қаулап жанасың,
Қай сапарға барасың?

Сонда Қобыланды сөйледі:

—Он екі баулы ноғайда

Қыдырбайдың ұлы едім,
Мал түгендей жүр едім.
Сендерді көріп келемін,
Жау көрмей жүрген ер едім.

Айқасқа сонда сөйледі:

—Бәрекелді! Хош болады,

Сен бір жалғыз ер едің,
Сені көрсем,—деп едім.
Іздегенім сен еді,
Дос болайын,—деп едім.

Қолыңды бер, ер,—деді,
Жақынырақ кел,—деді.
Қобыланды қолын береді,
Дос болдық деп алтауы

Бірігіп сонсын жөнелді.
Айқасқа сонда ойлайды,
Жан-жағына қарайды.
Өтірік алдап барлауға,

Ой түбіне тоймайды.
Айқасқа алдап жарысты,
Қобыланды мінген торыша ат
Ауыздығымен қарысты.

Қалмақтың бәрі қалады,
Жалғыз озып барады.
Айқасқа және ойланды,

қобыланды
Аударыспақ ойнады.
Қобыландыдай жас бала
Жан-жағына қарады.

Төртеуін де қалмақтың
Аударып тастап барады.
Жаннан олқы демеді,
Қобыландыдай баланы.

Сол уақытта кеш болды,
Еңбегі қалмақтың еш болды.
Аман-сауын айтады,
Елі-еліне қайтады.

Төрт қалмақ елге келеді.
Алшағыр деген ханына,
«Бір батыр көріп келдім,»—деп,
Айқасқа хабар береді.

Сонда Айқасқа сөйледі:

—Әй, Алшағыр, Алшағыр,

Сол секілді батырмен
Болып келдім мен тамыр.
Айқасқа соны сынады,
Сүйегі асыл ер екен,

Сонша бізге ұнады.
Ұнаса сізге дос болдым,
Көп қалмаққа бас болдың.
Алшағыр сонда сөйледі:

—Қобыландыдай жас бала,

Мен баяғы Құртқаға барғаннан
Содан бері шошыдым.
Сен соныңменен дос болдың,
Бәрекелді! Хош болды.

Айқасқа соны айтады,
Сонымен қалмақ жатады.
Қыдырбайдай байыңыз,
Тепсеңге бие байлайды.

Құлындары ойнайды,
Ойнаған жері шаң болды,
Қобыланды көріп, таң болды.
Қыдырбайға келеді,

батырлар  жыры
Қобыланды сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Айналайын, жан ата,

Торыша атқа мінейін,
Қонған жерің тозыпты,
Бір жер көріп келейін.
Бір тәуір қоныс табалық,

Сол қонысқа баралық.
Қыдырбай сонда сөйледі:

—Торыша атқа мін,—деді,

Дүбір де дүбір жел,—деді,
Қоныс қарап кел,—деді.
Қобыланды атқа мінеді,
Қоныс қарап жүреді.

Көкөзен деген сулардың
Қобыланды келді беліне.
Сайрауық соның қасында,
Шауып шықты басына.

Қалың ағаш, ну көрді,
Ағып жатқан су көрді,
Айдын шалқар көл көрді,
Көлденең жатқан бел көрді.

Аралап жерді көреді,
Тап жеті күн дегенде,
Айналып үйге келеді.
Атасына келе сөйледі:

—Көкөзен деген көл көрдім,

Айдын шалқар көл екен.
Айналасы көк екен,
Жайылысы мол екен.
Қалың біткен қамыс бар,

Бізге лайық жер екен.
Қыдырбай сонда сөйледі:

—Айналайын, жалғызым,

Алдыңда өскен аға жоқ,
Алладан басқа пана жоқ,
Артыңда өскен інің жоқ,
Ерліктен басқа мінің жоқ,

Сенсіз менің күнім жоқ.

қобыланды
Алшағыр деген қалмақтың
Қорып жүрген көлі еді.
Әуре болма сен,—деді,

Ол қалмақтың көлі еді.
Қобыланды оған болмады,
Отауын артып көшеді.
Малдың бәрін айдады,

Көлге алып келіп салады,
Отаумен келіп қонады.
Сол көлді қорып жүретін
Торғай деген бар екен.

Қобыланды ұйықтап жатқанда,
Малын қуып жапырды,
Отауға келіп ақырды.
Торғай сонда сөйледі:

—Қорыққа неге қонасың,

Нағылған тентек баласың?
Бұл жерде тұрма, көш,—деді.
Қобыланды сонда шығады,
Торғайға келе сөйледі:

—Балалықпен мен бұрын

Мұндай жерге жүрмедім,
Екенін қорық білмедім.
Біздікіне түс,—деді,
Түсіп қымыз іш,—деді.

Мал сойдырып же,—деді.
Торғай сонсын түседі,
Түсіп қымыз ішеді.
Қымыз ішіп қанған соң,

Торғай деген қасқаны
Ұстап алып байлады.
Құлағын кесіп алады,
Мұрнын кесіп алады,

Бет-аузы қан болып,
Көргендерге таң болып,
Еліне қайтып барады.
Торғай келе сөйледі

Алшағыр деген ханына:

батырлар  жыры

—Қашаннан алған көліңді,

Қорып жүрген жеріңді,
Қыдырбайдың—Қобыланды
Жылқысын келіп салыпты,
Көліңе қонып қалыпты.

Көш деп едім мен барып,
Құлағымды кесіп құнтыйтты,
Мұрнымды кесіп шұнтыйтты.
Күзеген байтал секілді

Бет аузымды сымпыйтты.
Алшағыр соны есітіп,
Айқасқаны шақыртты.

–Қалмақтың елін жый,—деді,

Қобыландыдай досыңды
Шақырып мұнда кел,—деді.
Оны қонақ қылайық,
Ептеп есін алайық.

Бектасқа жұмсап жіберіп,
Оған қайғы салалық.
Айқасқаны жіберіп,
Қобыландыны шақырды.

Жаңа тапты ақылды,
Айқасқа сонсын барады.
Қобыландыға сөйледі:

—Асыл туған батырым,

Мен еді сенің жақының.
Кел соңымнан ер,—деді,
Артымнан ер де, жүр,—деді.
Алшағыр сізді шақырды,

Қызметін көр,—деді.
Қобыландыдай жас бала
Торыша атқа мінеді,
Артынан еріп жүреді.

Қалмақтың жиылып
Жатыр екен елдері.
Отау тігіп далаға,
Әбден жақсы сыйлады.

Қобыландыдай баланы
Алшағырдай ханыңыз

қобыланды
Көтеріп аттан алады,
Отауға алып барады.
Сол отаудың ішінде

Алшағыр менен Қобыланды
Отырып тұрып кеңесті,
Түрлі сөзді сөйлесті.
Сонда Алшағыр сөйледі:

—Қобыландыдай ер,—деді,

Бектас деген бір жауым бар,
Соны алып келіп бер,—деді,
Өзі бір алыс жер,—деді.
Қобыланды сонда сөйледі:

—Олай болса көнейін,

Өзі мықты жау болса,
Оны алып келіп берейін.
Қобыланды солай ойлады:
«Сол жауға өзім барам,»—деп,

Уағдасын байлады.
Ертең сәріден тұрады,
Беліне қару буады,
Қайтадан елге бармады,

Қош айтысып қалмақпен,
Сайрауық құлы қасында
Аттанды да жөнелді.
Дүбір де дүбір желеді,

Күні-түні жүріп келеді.
Астындағы торыша ат,
Келе жатып жүрмеді.
Не болғанын білмеді,

Қамшымен ұрып айдады.
Жүрмегенсін сонда да,
Суырып алып қылышын,
Өлтірерге ойлады.

Бір жағынан ай бітті,
Бір жағынан күн бітті.
Алладан әмір болғансын,
Торыша атқа тіл бітті.

Тіл біткенсін сөйледі:

—Қобыландыдай ер едің,

батырлар  жыры
Мінген атың мен едім.
Сегіз ай да сегіз күн
Құртқа серт деп салғаннан

Сегіз күнім кем еді,
Соның үшін жүре алмай,
Сүйегім босап келеді,
Ер-тоқымымды ал,—деді.

Бір сегіз күн оттайын,
Бір аунатып сал,—деді.
Ер-тоқымын алыпты,
Қобыланды ұйықтап қалыпты.

Сол сегіз күн өткенсін,
Түрегелсе ер Қобылан,
Әлгі мінген торыша ат
Терісіне жүн шығып,

Бурыл толып қалыпты.
Тайбурылға мінеді,
Жана жүріп келеді.
Жиырма күн жүргенде,

Жау қарасын көреді.
Астындағы Тайбурыл
Жын қаққандай елірді.
Қараға келді жақындап,

Жолдасы кейін қалады,
Өзі кетіп барады.
Қалмақтан шыққан ер екен,
Қырық мың әскер қолменен

«Қобыланды батыр келед» деп,
Жолын тосып жүр екен,
Бектас деген сол екен.
Бектас сонда ақырды:

—Жекпе-жек!—деп шақырды.

Қобыланды жетіп барады,
Сонда Бектас сөйледі:

—Жұмырықтай ит ноғай,

Мені алғанша бір талай.
Алайын ба басыңды,
Қан қылайын ба қасыңды,
Құртайын ба жасыңды,

қобыланды
Қайдан жүрген батырсың,
Қайда бара жатырсың?
Қобыланды сонда сөйледі:

—Іздегенім сен,—деді,

Сені алуға келемін.
Атаңа лағнет қалмағым,
Батар ма маған бармағың?!
Есітуің жоқ па еді,

Он екі баулы ноғайда
Қобыланды батыр мен,—деді,
Ұрысам десең кел,—деді.
Сонда қалмақ сөйледі:

—Қобыландыдай ер,—деді,

Олай болса шығыңыз,
Кезегімді бер,—деді.
Қашатұғын қатын ба,
Кезегін беріп тұрады.

Қолындағы шоқпармен
Қобыландыдай баланы
Қалмақ сонда ұрады.
Қалмақтан қорқар ер ме еді,

Сол қалмақтың ұрғанын
Бит шаққандай көрмеді.
Әлігі тұрған қалмаққа
Қобыланды қолды салады.

Он екі қабат арқанмен
Байлап тұрып алады.
Ендігі қалған қалмаққа
Қобыланды кетіп барады,

Сиынады бабаға.
Қаратаудай күш бітті
Қобыландыдай балаға.
Ай жағына шығады,

Айқай сүрен салады.
Күн жағына шығады,
Қиқу сүрен салады.
Он екі күн ұрысып,

Он екі мың қалмақты
Әбден қырып болады.

батырлар  жыры
Бектасты Қобылан жетелей,
Елге қайтып барады.
Дүбір де дүбір желеді,

Жиырма күн жүргенде
Ел қарасын көреді.
Көлге келіп құлады,
Аңқиып қарап тұрады.

Жайылып жатқан малы жоқ,
Қимылдаған жаны жоқ,
Ақ күмбездей үйі жоқ,
Қыдырбайдай биі жоқ,

Бұрынғының бірі жоқ.
Қобыланды жан-жағына қарады,
Шауып кетіп барады.
Қу таяғы қолында,

Келеді қатын жолында.
Байқағаны сол екен,
Иесіз қалған көл екен.
Қобыланды байқап қараса,

Баяғы алған қатыны—
Құртқа сұлу сол екен.
Сонда Құртқа сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Қобыландыдай батырым,

Кеудеңде бар ма ақылың?
Өзің үйден кеткенсін,
Атаңа лағнет ит қалмақ
Малыңа бүлігін салды ғой,

Мүлкіңді бөліп алды ғой.
Алып кетті көліңді,
Қашаннан қонған жеріңді.
Алды-алдына жіберді

Бүкіл ноғай еліңді.
Туғалы көрген жоқ едім
Бұл секілді көрімді.
Қой бақтырды қор қылып,

Қыдырбайдай шалыңды.
Сүйегіңде бар болса,
Қолыңнан берме арыңды.

қобыланды
Тердіріп тезек ол қойды,
Меңдідейін қарыңды.
Келеді деген ойы жоқ,

Бөліп алды малыңды.
Қарындасың Қансұлу
Кішілікке алам деп,
Мен сықылды алғаның

Күңшілікке салам деп,
Басқа қайғы салғансын,
Көп болды менің арманым.
Сол алам деп жатқанда,

Өтірік айтып алдадым.
Қалмақты алдап әкелемін,
Осы жолы аңдап, қимылда,
Қобыланды батыр, ер едің.

Сонда Қобыланды шамданды,
Соны естіп долданды.
Жасымнан мінген Тайбурыл,
Көтеріліп шапсаң байрақтай,

Мойның сұлу таяқтай,
Белің сұлу жануар,
Төрт қырлаған қайрақтай.
Аяғыңды бас ойнақтай,

Көтеріліп бас аяқты,
Қыз жанаған бойдақтай.
Қайғыменен шерлі едім,
Құртқаның айтқан сөзіне,

Алшағырдай залымды
Көрсете көр көзіме.
Шабалмай қалсаң саған серт,
Ала алмай қалсам маған серт.

Қалмақтың берген қорлығы-ай,
Ішімде болды қайғы-дерт.
Үстімдегі көк сауыт,
Сетіліп кетсең саған серт.

Қалмақтың ісін есітіп,
Маған болды жаман дерт.
Астымдағы Тайбурыл,
Шығарайын теріңді.

батырлар  жыры
Атаңа лағнет Алшағыр,
Көрсетейін көрімді.
Қобыландыдай батырың

Сиынады бабаға.
Шауып кетіп барады
Алшағыр салған қалаға.
Қаланың аузын қан қылды,

Шарбақтың аузын шаң қылды.
Әлемдерге даң қылды,
Көшеден оғын зырғытты,
Шарбақтан атын қарғытты.

Астындағы Тайбурыл
Көзі оттай жанады,
Сүмбідей болып жарады.
Атаңа лағнет қалмаққа

Бүлігін салып барады.
Қанын судай төгеді,
Бүлігін салып келеді.
Атаңа лағнет қалмақтың

Сарғайды жүзі қоладай.
Дәл он бес күн дегенде
Қырылған екен көп қалмақ,
Ойылып қалған моладай.

Астындағы Бурылдың
Құшақ жетпес құйрықтан
Тек ағаш құйрық қалыпты.
От орнындай тұяқтан

Тек теңгедейі қалыпты.
Бурылға салды тепкіні,
Әлі де болса Бурылдың
Үй жыққандай екпіні.

Тарлан болып кетіпті
Қорғасын тиген сықпыты.
Қалмақтың соры қайнады,
Сол саланың бойынан

Қалмақты қуып айдады.
Қобданың бойын жағалап,
Қалмақты қуды жаралап.
Көкөзен судың бойынан,

қобыланды
Жирен Қопа көлдің ойынан
Қалмақтан қалмақ қоймады.
Електің бойын жағалап,

Айдады бәрін аралап.
Сонда келді ер Қобылан
Қара Обаның қасына,
Шауып шықты басына.

Қараса қалмақ асыпты,
Қырылғаны қырылып,
Қырылмай қалған көп қалмақ
Қытайға қарай асыпты.

Қобыландыдан қорқып,
Сонда қалмақ босыпты.
Елін-елге теңгерді,
Жетімдерге жем берді,

Ноғайлыға жер бөлді.
Қобда, Жирен Қопа,
Көкөзен—үшеуі
Қобыландыға жер болды.

Қобыланды деген ер екен,
Бұл Қобыландының жері екен—
Жирен Қопа дегені
Қобыланды батырдың

Жылқы салған көлі екен.
Қалмақтың бәрін бостырып,
Қобыландыдай батырдың
Тамам болған жері екен.

Бастаймын Қобыланды деп сөздің басын,
Демесін Қадір Мәулім сөз тұлғасын.
Батырдың әруағы көмек берсін,
Келтірер сонда тілім сөз жылғасын.

Қиссасын Қобыландының айтсам терең,
Қазақтан ол батыр ғой шыққан ерен.
Ерлігін бүкіл әлем білсе дағы,
Жыршы боп хикаясын айтып берем.

Ер еді халық үшін еңіреп туған,
Сондықтан жауға қарсы белін буған.
Тұлпар мініп, ту ұстап, садақ тартып,
Халықтың ауыр күнде кегін қуған.

Тоқтарбай Қараспанды мекендеген,
Үлкен тау қалың қыпшақ өткен деген.
Малы көп, перзенті жоқ, қайғы жайлап,
Дүниеден жылауменен өтем деген.

Тоқсан құл малға ие, баласы жоқ,
Күндіз-түні зар жылайды баласыз боп.
Қалың ел есіркейді ессіз байды,
Жүреді көтере алмай қамқоршы боп.

Болады көңілі жай, ішкенде шай,
Толар көңіл болғанда барлығы сай.
«Мұрагерсіз, тұяқсыз өтем бе»—деп,
Жылайды күні-түні бұл Тоқтарбай.

Қобыланды батыр
(Құлзақ нұсқасы)

қобыланды  батыр
Халқына қайырымшыл бұл Тоқтарбай,
Береді қайыршыға бір-бірден тай.
Кетеді әр тарапқа даңқы шығып,

Қатардан асып тұрған рақымшыл бай.
Тек арманы дүниеде—жалғыз бала,
Күші, ақылы сай болған дана.
Он бермей, он бес бермей, біреу берсе,

Мың құлға татитұғын жеке қара.
Осы арман көңіліне салған жара,
Өткізген Тоқтарбайдың күні қара.
Аналықта жылайды, тынбайды үні.

Осылай қос кәрінің өтті күні.
«Жастық өтті, кәрілік жетті» деп осылай баладан үмітсіз­
де­ніп жүргенде, тас емшегін жібітіп, тар құрсағын кеңітіп,
алпысқа келген Аналық бір ұл, бір қыз тапты. Тоқтарбай

қатты қуанды. Аяқ жетер жерге шабармандарын жіберді,
Қараспанды қаптап жатқан қалың қыпшақтың тайлы-таяғын
қалдырмай жинады. Ат жарыс, балуан күрес, үлкен той болды.
Қырық қазан асылды, жылқыдан айғыр, түйеден бура, қойдан

қошқар сойылды. Табақты атпен тартты. Әр жерден даяшылар
қойылды. Той қырық күнге созылды.
Той қылып қырық күндей етті жиын,
Ықыласпен келгендерге беріп сыйын.

Аналық өз көзінен таса қылмай,
Балаларға жеке қара тікті үйін.
Бесігі алтынменен жабдықталған,
Арналған неше түрлі қымбат бұйым.

«Қобыланды, Қобыланды» деп бала аты,
Ата-ананың сүйгенде мейірі қанды.
Қарлығаш деп қойды қыздың атын,
Қайтып шыдар, қуанбай дәті.

Берерде тілегіңді бір Құдайым
Түседі осылай боп істің сәті.

батырлар  жыры
Ер жетіп келді алтыға екі бала,
Мергендікпен жүреді кезіп дала.
Төсегі жер, жастығы тас боп өскен,

Қобыландының мекені тау мен дала.
Ит жүгіртіп, құс салып кәсіп еткен,
Аңшылықтың қызығын нәсіп еткен.
Жүргенде салып сайран ел ішінде

Осылай күн артынан күндер өткен.
Кемеліне келісіп толықсыған,
Қобыланды кәмелеттік жасқа жеткен.
Түзетті қару-жарақ саймандарын,

Ер салды тобыршаққа сайлап бәрін.
Естеместі өзінен қалдырмайды,
Орындауға шықса егер ойға алғанын.
Бір мезгілде аңға жалғыз шыққан Қобыланды аңның

қызығына түсіп, елден ұзап кетеді. Сол күні қалың тоғайлы
бір биік таудың ішіне түнейді. Тау арасында ұйқылы-ояу
жатқан Қобыланды алыстан сыңсып жылаған бір зарлы үнді
естиді. Бұл үнді есітіп, Қобыланды шыдап тұра алмайды. Сол

үн шыққан жаққа жүріп кетеді. Сол үнге келсе, үстіне қара
жамылған, шашын жайған бір әйел екен дейді. Ол қасына кел­
ген Қобыландыны сезбеген кісідей өксіп-өксіп жылайды.

—Ей, әйел зат, неге жылап тұрсың, жөніңді айт?—деп

сұрады Қобыланды. Қыз шошынғандай селк етіп, басын көтерді.
Қобыландының көзі түсіп кетіп еді, ай мен күндей, әмбеге бір­
дей сұлу қыз екен дейді. «Бұл сияқты сұлу қыз неге болды,
жалғыз неге жылап отыр»,—деп ойлады.—Ей, жас сұлу, неге

жылап отырсың, жөніңді айт?—деді Қобыланды.

—Сіз қалай қорықпай бұл жерге келдіңіз,—деп сұрады.

Қыз дірілдеген [буынын] бекітіп, орнынан тұрып, көзінің жа­
сын сүртіп, Қобыландыға қараған қыз:

— Сіз бұл арадан тез кетіңіз, өлесіз,—деді өксігін баса ал­

май тұрған қыз.—Жоқ, сіз не себепті жылап тұрғаныңызды,
кімді күтіп тұрғаныңызды айтпайынша кетпеймін,—деді
Қобыланды.—Бұл менің жарық дүниемен қоштасып тұрған
өмірімнің ең соңғы шағы. Айналамда не атам, не анам, не болма­

қобыланды  батыр
са құрбы-құрдастарымнан ешкім жоқ. Дәл қазіргі жақыным—
жапандағы жалғыздығымда, әр сәт сайын күтіп отырған ажа­
лым. Осы сәтте кездескен сіз өмірде адамзаттың барлығын

қайтадан көз алдыма елестеттіңіз. Сондықтан сізге түсіндіріп
айтайын,—деді қыз.

— Осы биік таудың теріскей бетіндегі халық—Көктім Аймақ

деген ханның елі. Осы ел көптен бері зар илеп, жапан шегіп жы­
лауда. Осы таудың ішінде аждаһа бар. Ол ай сайын жер үстіне
шығады. Әр шыққанда бір тай, бір сұлу қыздан жұтады. Ол,
міне, бесінші рет дағдылы салтқа айналды. Халқымыз қалың

қайғыға батты. Жастар болса көрген күні, міне осы. Бүгінгі ке­
зек маған келіп, мен де сол айдаһардың аузында шабақтай ой­
нап, көмейінен өткелі отырмын,—деді.

— Мен осы таудың арғы бетінде Қараспан тауын жайлаған

қалың қыпшақ елінен боламын. Атым—Қобыланды. Бұл іске
кез келтірген Құдайым шығар, Алла ақырын оңғарар, жолыңды
маған бер, менің атыма мін де, еліңе бар. Халқыңа және ханыңа
сәлем айт, аждаһаның амалын тауып өлтірермін. Бірақ мен

талықсып қалсам, далаға тастап кетпесін, дереу сүтке салып
шомылдырса, есім кірер, осыны айт,—деді. Қыз қатты қуанды.
Ерлігіне таңданған қыз артына қарай-қарай аулына қайтты.
Қобыландының айтқан сәлемін халқына да, ханға да жеткізді.

Халық саба-саба сүт жинай бастады.
Енді,
әлқисса,
Қобыландыға

келейік.
Аузы-мұрнын
шүберекпен мықтап байлады да, басына алтын телпекті жез
қалпағын, үстіне сауыт киді. «Қорқақтыққа салып шаба алма­

сам маған серт, болат болмай майысып, қола болсаң саған серт»,
қынынан бүктемей наркескенін алды. Осы кезде жоғары тау ба­
сына көзін салған Қобыланды тау басында құз жартастың асты­
нан күнге шағылысып, иіріле өршіп төмен түсіп келе жатқан

айдаһарды көрді. Сол бетінде бөгелместен жақындап келген
айдаһар аузын кең ашып, өзіне қарай тартады, осы кезде ке­
неттен жел пайда болады. Қобыландының аяқ-қолын жерге
тигізбей, айдаһар лебімен өзіне қарай сүйрей жөнелді. Нарке­

скен ақ алмастың жүзін айдаһарға қарсы ұстаған Қобыланды
айдаһардың аузынан бастап құйрығына дейін қақ жарып өтті.
Екі бөлінген айдаһар біраз тулап тынышталды. Бақылап тұрған
қалың халық айдаһардың өлгенін де аңғарып еді, сонда да су

жүрек болған халық тақалуға бата алмады. Соның ішінде ат

батырлар  жыры
қойып бірінші келген бағанағы қыз еді. «Ол мені ажалдан ара­
шалап, мен үшін өз басын қатерге тіккенде, мен оның өлі-тірі
екенін білуге жарамағаным не болғаным»,—деді ол. Қобыланды

үсті-басы қанға боялған, ессіз-түссіз жатыр екен. Оның өлі-тірі
екенін білу қиын еді. Қыз соңынан айдаһарды көруге, айдаһарды
өлтірген кісіні көруге бүкіл халық келді. Қобыландыны дереу
сүтке шомылдырды, еміздікпен сүт берді. Торғынмен денесін

сүртіп құрғатты. Әлден уақытта әлі кірді, есін жинайды. Халық
кілемге салып хан ордасына әкеледі. Көктім Аймақ елі отыз
күн ойын, қырық күн тойын жасайды. Қобыландыны барлық
ықыластарыменен сыйлайды. Күйшілері күйге, жыршылары

жырға қосады. Сөйтіп, Қобыландыны өз орталарынан жіберуге
қимайды. Бірақ Қобыланды қайтпақшы болып, ханға кісі сал­
ды. Сонда хан: Қайтуына қарсы емеспін, Қобыландының ерлі­
гіне өзім де, халқым да риза. Бірақ өмірде ойсыз жігіт, арман­

сыз адам болмақ емес. Ой мен арманның тілектен тысқары жері
жоқ. Сол тілегін айтсын,—дейді.
Екінші, ер жігіттің үш жұрты болады. Өз жұрты, нағашы
жұрты, қайын жұрты. Сол үш жұртының бірі болғымыз келеді.

Қобыландыға қоятын біздің тілегіміз осы. Біздің осы тілегіміз­
ді орындасын деген екен.
Сонда Қобыланды: Менің қояр тілегім жоқ. Сіздердің
тілектеріңізді орындаймын. Егерде қайын жұртым болам

десеңдер, оған қарсы емеспін,—деген екен.
Сонда Көктім Аймақ:—Кімді қалайды екен?—деді. Ә де­
генде Қобыланды баяғы өзі айдаһардан айырып алған қызды
қалайды. Ол қыздың аты Құртқа екен дейді.

Құртқа сынды сұлуың
Сыртқа шықты шатырдан.
Төніп келген ажалдан
Өзін қалған айырып,

Айналды ол батырдан.
Елді ойпаған жыланның
Қарасын суға батырған,
Ерлік істеп ел үшін

Батырлық ісін асырған,
Оралды кеп шапқандай
Қобыланды сынды батырдың

қобыланды  батыр
Қайырып тастап есігін,
Дүдегесі алтыннан,
Жібек баулы шатырдан

Түсірді аттан батырды,
Өзі келіп қыз Құртқа.
Батырды көрді көп халық,
Тапқандай-ақ бір Құртқа.

Ойын-тойын жасауға
Бұйрық жайды ел-жұртқа.
Ұнаған соң ел-жұртқа,
Ерік алды қыз Құртқа.

Жүк артты сексен нарға тоғанақтап,
Қошемет көрсетуде халық жақтап.
Шығарып Қараспанға салды жастар,
Халықтың ертедегі салтын сақтап.

Жайқалып өскен қызыл гүл
Суық түссе солмай ма?
Болса жолы әр жерде,
Жолаушы көңілі толмай ма?

Сақтаса егер әр жерде
«Қайын жұртым еді» деп,
Жақындық жолы болмай ма?
Шығарып салып келеді

Қобыланды батыр,—деп.
Ықыласпен ұсынған
«Батырға—алтын шатыр»,—деп.
Данышпан туған қыз Құртқа

Батырға сіздей татыр,—деп,
Көрсетті жұрты қошемет.
Қобыланды мен Құртқаның көшін шығарып салған жігіттер
қош айтысып, кейін қайтты. Қобыландылар сол бетінде бөгетсіз

ілгерілей береді. Жолшыбай бұлар қалың жылқыға кездеседі.
Сонда Құртқа сұлудың көп жылқыға көзі түседі, қалың жылқы
ішінде қарыны жер сызған бір көк ала биеге көзі түседі:

—Тобылғы маңдай торы атың

Жауға сеніп шабуға

батырлар  жыры
Жарамайды біл,—дейді.
Жан серігім, сұлтаным,
Көк ала бие ішінде

Көк бүйірлі құлын бар.
Дұшпандардың пейілі тар,
Сенімді бедеу болмаса,
Жаныңыз жалғыз қайғырар.

Құртқаның сөзін сынарсың,
Жылқысы болса ағаңның,
Биені шапшаң сұрап ал.
Құртқаның сөзін ести сап,

Қондырып күшін сол жерге,
Атына мініп Қобыланды ер,
Ойлау жерден орғытып,
Қырлау жерден сырғытып,

Аяңдамай желеді.
Сәлімбайда тоқсан құл,
Қаракөжек бастығы.
Сәлем беріп келеді,

Келіп сөйлей береді:

—Асқар төбе белсің,—деп,

Қатар көшкен елсің,—деп.
Ағамызға сәлем айт,
Келінін алып келемін,
Көрімдікті берсін деп.

Құртқа сынды сұлуың
Күймеден басын шығарып,
Жылқыға көзін салады.
Ортасында жылқының

Көк ала бие жусап тұр,
Сұлудың көзі шалады.
Шақырып алып, сұлтан,—деп,
Қобыландыдай баланы,

Биені көріп сынады.

—Мынау жатқан көп жылқы

Кімдікі?—деп сұрады,—
Мынау тұрған биені
Мені берсең де алғын!—деп,
Батырға әмір қылады.

қобыланды  батыр
Қобыланды батыр күледі,
Әзіл айтып іледі.

—Осы жатқан көп жылқы

Немере туған ағамыз
Сәлімбайдың жылқысы.
Жанындай мені көреді,
Не сұрасам береді.

Тағы да Құртқа сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Құлағыңды салғын сөзіме,

Бері таман кел,—дейді.
Сексен нар толған қазына,
Барлығын келіп алсын,—деп,
Бұл сөзіме нансын,—деп,

Көрімдігін Құртқаның
Көк ала бие жылқыда
Балам десе берсін,—деп.
Батырдың сөзін ести сап,

Елге шапты жылқышы.
Бұрқыратып тозаңын,
Желге қарсы есіліп,
Жылқыға жау тигендей

Елдің шетін шошытып,
Байға жетіп келеді,
Қара ала атпен көсілтіп.
Келіп сөйлей береді:

—Қобыланды батыр жіберді

«Ағама барғын сәлем деп.
Келінін алып келемін.
Сексен нар толған қазына,
Барлығын сыйға береді.

Көрімдігін берсін деп,
Бұл сөзіме сенсін деп,
Көрімдігі Құртқаның
Көк ала бие жылқыда.

Ішінде тұлпар құлын бар,
Жан серік ат қып мінем деп,
Ағам қиса берсін»,—деп.
Сәлімбай сонда сөйлейді:

батырлар  жыры

—Пұл жібердім қалаға,

Бұзау баспақ, танаға.
Арнап едім балаға.
Бір тайдың несін сұрайды,
Әкете бермей далада.

Бір тай түгіл Қобыландыдан
Жалғыз жаным садаға.
«Қалағанымды алдым» деп,
Мақтанып барсын ауылына,

Тоқтар сынды ағаға.
Байдың сөзін есітіп,
Қара ала атты көсілтіп,
Қайта шапты балаға.

«Қалағаныңды берді» деп,
Шыбын жанын құрбан қып,
Қаракөжек барады
Қобыландыдан болып садаға.

Ұстай берді биені,
Қарны жерге тиеді.
Құртқа сұлу күймеден
Қарғып түсіп, биенің

Маңдайынан сүйеді.
Көшіне тіркей жөнелді.
Көк ала бие шұрқырап,
Көбігі шығып бұрқырап,

Емшегі бұлақ иеді.
Айы-күні жетіп тұр,
Тууы қиын тұлпардың
Жүруге халі бітіп тұр.

Іштегі тұлпар тулайды,
Биеден тыныш кетіп тұр.
Қасына адам жолатпай,
Құртқа жалғыз күтіп тұр.

Көк ала бие төңбекшіп,
Домаланып сұлады.
«Тұншығып тұлпар қалар»,—деп,
Құртқаның жаны шығады.

Шуын жарып биенің,
Құлынға тыныс қылады.

қобыланды  батыр
Сонда барып құлындап,
Бурыл тұлпар туады.
Тұяғын жерге тигізбей,

Шешіп алып үстінен,
Құртқа сынды сұлуың
Алтын тонға орады.
Күн түсірмей көзіне,

Жел тигізбей өзіне,
Үстіне шатыр тіккізді.
Саятшы болған Құртқаны
Айтса сөзін өткізіп,

Көп нөкерін жүгіртіп,
Не керегін жеткізіп,
Үйір болып сол жерде,
Қырық күндей Бурылға

Қулықтың сүтін емізді.
Және қырық күн болғанда,
Қысырдың сүтін емізді.
Түтікпенен су берді,

Дәрілеген жем берді.
Құртқа сынды сұлуың
«Отаудан суық тиед» деп,
Қобыландыға дем берді.

Отауын жығып көшірді,
Көк Бурылды құндақтап.
Дүйсенбі күні бесінде
Биені тіркеп көшіне,

Ел түседі есіне.
Асқар төбе бел еді,
Белден көшкен ел еді.
Көшке тіркеп келеді,

Бірнеше күн болғанда
Тоқтарбайдың жанына
Отауын әкеп тігеді.
Қырық күндей тойын қып,

Отыз күндей ойын қып,
Әулиеге ат айтып,
Қараспанға қой айтып,
Құдайысын береді.

батырлар  жыры
Тоқсанға келген Тоқтарбай,
Жетпіске келген Аналық
Сөйтіп қызық көреді.

Әлқисса, Тоқтарбай ел-жұртына сый-құрметін көрсетумен
болды. Жұрты құтты болсын айтып, келіп жатты. Құртқа Бу­
рылды бағумен болды. Қобыланды аң аулап, серуенде жүре
берді. Қалың қол, тігілген ту, қаққан дабыл, қиқулап қуған

жылқы, ақырған ащы дауыс. «Жау мұндалап» тал түсте көк
жаңғырады, күн бұлыңғыр еді.
Естемес дайындады ат жарағын,
Бұл не айқай, басынған кім, мен барайын?!

Айтады келе жатып өзіне-өзі
«Адамды ажал түртсе бар ма амалың?»
Қобыландының малы түгіл, ізін басқан,
Қазіргі айбынынан шайтан қашқан.

Түтігіп, шеру тартып, мұнда келіп,
Бейшара қандай жандар қара басқан?
Әскер тұр жылқыны алып, майдан тартып,
Бойы бар мұнарадай, сөзбен қарпып,

Малдағы жылқы баққан жалшыларға
Соғып тұр асау сөзін өртше шарпып:

—Қырық кез—атым менің, Қызыл ермін,

Мұнда іздеп Қобыландыны өзім келдім.
Бетімен қыз Құртқаны алып кеткен,
Сандалып сорлы қазақ кімге сенген?!
Бұл қызылбастың қырық кез Қызыл ер деген батыры екен.

Көктім Аймақ ханымен бақасын, бақ күндес екен. Қазақтың
Қобыланды атты жас батырының айдаһарды өлтіріп, Құртқа
атты сұлуды алғандығын есітіп, Қызыл ер әдейі Қобыландыны
өлтіріп, Құртқа сұлуды алып қайтпаққа келген екен.

Жылқышыларға көпіріп сөйлеп тұрған Қызыл ерге сонда
Естеместің айтқаны:

—Бетіңмен жылқымды алып, майдан құрып,

Малымның жұмсап жатқан бетін бұрып.

қобыланды  батыр
Сұлтаным, ел иесі батырым бар,
Қайратты көрсетсейші жеке шығып.
Шыдам ет! Батыр болсаң, алдырайын,

Асықпа, тұрған шығар ажал дайын.
Ұры сынды малыма соқтықпа сен,
Малымды тегіндікпен айдатпаймын.
Қызыл ер:—Тостым,—деді, хабарын бер,

Бірақ саған айтарым қашпасын ел.
Менен қорқып Құртқаны алып кетсе,
Қаныңды мойныңа ал да, басыңды бер.
Естемес:—Құлдық,—деді,—серт дайын,

Қашса, егер, мен саған басым дайын.
Жіберді бір кісіні елге қарай,
Әскерлері тоқтатты жылқы айдауын.
Бір малшы хабар берді Қобылан нарға,

Қобыланды әзіл айтты Құртқа жарға:

—Қызыл ер ағаң кепті күші қайнап,

Рұқсатсыз кеткен қызды қайта аларға.
Қобыланды мінді атына,
Қару-жарақ сайланып.
Ағынды судай сарқырап,

Әбжыландай толғанып,
Тұлпарға қамшы басады,
Тез жетуге ойланып.
Болат қылыш белінде,

Қиятты найза қолға алып.
Садағын іліп қарына,
Ақиықтай қомданып,
Қара қыпшақ елінен

Қалың қол кетті жолды алып.
Тобыршақ аттың санына
Тобылғы қамшы жол салып.
Жетті келіп Қобыланды,

Асыға шауып зорланып.

батырлар  жыры
Айбатын көріп Қызыл ер,
Ашулы дабыл қағады.
Сап түзе деп майданға,

Оттай боп көзі жанады.
Жүрексізі қосынның
Қаһарынан Қобыландының
Ақылынан танады.

Сонда Қобыландының алдынан Қызыл ердің Қаратай,
Қаранас дейтін екі баласы шығады.
Қызыл ердің баласы
Қаратай мен Қаранас

Қобыландыға қарсы барады,
Күжілдеп айқай салады.
Бір-бір түртті Қобыланды,
Осы жерде екеуі

Кірпідей домалап қалады.
Қаратай мен Қаранас
Соғысуға жарамас.
Көксиген түгі тұтам боп,

Қаһарлы жас Қобыланды
Оларға тіпті қарамас.
Сонда Қызыл ер сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Атыңды айтшы, жас бала,

Бар қыпшаққа бас бала.
Қобыландының өзі болмасаң,
Қыламын тілсіз масқара.
Сонда Қобыланды сөйлейді:

—Атаңа нәлет малғұн нас,

Неден болдың маған қас?
Жылқымды неге айдайсың,
Айт жөніңді, өзің қайдансың?
Ел иесіз дедің бе,

Жер иесіз дедің бе?
Мал иесіз дедің бе,
Тегін жатқан дүниеде
Дүние-мал бар дедің бе?

қобыланды  батыр
Менің атым—Қобыланды,
Әкем аты—Тоқтарбай.
Жеті кәміл пірлерім,

Бере гөр медет, бір Құдай!
Әруағым менің таситын
Талас жерде екі ұдай.
Қобыланды тағы сөйледі:

—Малшымды қырып нақақтан,

Жылқымды топтап айдасаң,
Жөн сұраған адамға
Жөн бермейтін қандайсың!
Батыр болсаң тайлықпай,

Қарсылас енді, кел маған.
Жігіт болмай кетейін,
Танытпасам өзімді
Мықтап қазір мен саған!

Сонда Қызыл ер сөйлейді:

—Мен, мен, мен дүрмін,

Өрісті жайлау кең дүрмін.
Мені ойламай, жас бала,
Ақылсыз туған сен бала,
Ел бағып тұрған Құртқаны

Қуып келіп мен тұрмын.
Ел бағып тұрған Құртқаны
Желдетіп алып кетіпсің.
Алдыма келмей «аға» деп,

Басып-жаншып өтіпсің.
Менсінбеген дұшпанның
Түбіне талай жеткенмін.
Қайратым басым көрініп,

Қарсыласқан дұшпанды
Қорғасындай ерткенмін.
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,

Кезегім бер тайлықпай!
Кезегін беріп Қобыланды,
Қасқайып қарап тұрады.
Ұятсыз, арсыз Қызыл ер

Қобыландыдай баланы

батырлар  жыры
Ауырлығы мың батпан
Күрзімен келіп ұрады.
Қатты ұрылған күрзіге

Тайсалмай бұ да тұрады.
Кәміл пірлер жар болып,
Қалқанмен қағып күрзісін,
Қобылан да қайрат қылады.

Ерлер қылды намысты,
Екі көкжал алысты.
Найзалар қалды қайысып,
Қылыштар қалды майысып.

Кезегі тиіп Қобыланды,
Садағын алды қолына.
Тілеуін тілеп көп халық,
Бозқасқа айтып жолына.

Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Таңдап алған сұр жебе
Қызыл ерге жол салды.

«Ақ кептер аттың басы,—деп,
Алтынды ердің қасы,—деп,
Қақ жүректің тұсы деп,
Өлетін жерің осы»,—деп,

Кезеніп садақ, толғанды,
Шіреніп тартты Қобыланды.
Кірістен оғы кетеді,
Дұшпанға таман жетеді,

Қақ жүректен өтеді.
Құлап түсті атынан,
Әруағы қашып Қызыл ер.
Төгілген оның қанынан

Жиіркенді қара жер.
Асқақтаған Қызыл ер
Айрылды ерлік салтынан.
Елі-жұртын көре алмай,

Аулақта қалды халқынан.
Ашуға мінген Қызыл ер
Арыстандай ақырды.
Жазасын алған дұшпанның

қобыланды  батыр
Қанын судай сапырды.
Пайда іздеген дұшпанның
Жазасын беріп қолына,

Оқ ұшында қатырды.
Менменсінген дұшпанның
Көрінгенге зәр шашқан
Қарасын суға батырды.

Малшыларға береді
Алтынменен қапталған,
Күміспенен кептелген,
Қызыл ер тіккен шатырды.

Жыршысы келді қызылбас,
Сауға сұрап батырдан.
Қызыл ерді жамандап,
Халықты қанға батырды.

—Ей, жас батыр, жас батыр,

Қыпшақтарға бас батыр,
Мойныңызды бұрып құлақ сал,
Менің айтқан сөзіме?!
Мен—қызылбас, сіз—қазақ,

Сөйлейтін келдім кезіме.
Қобыланды жаным, жас батыр,
Жыртқыштыққа қас батыр.
Қаһарың сенің төгілді

Қызыл ердің өзіне.
Қанға тоймас құзғынның
Топырақ құйдың көзіне.
Босат бізді, Қобыланды,

Соғыстан басты тартамыз.
Күн-түн атып, бөгетсіз
Елімізге қайтамыз.
Буыны өсіп, қатпаған

Жас батырдың ерлігін
Елімізге барған соң,
Жырға қосып айтамыз.
Әлқисса,

Қобыланды
қалың
қыпшақтан
келген

аға,
құрбыларымен және жай жанашыр ағасындай Естемеспен
ақылдасты:—Елімізді шапқалы келген қырық кез Қызыл ер екі

батырлар  жыры
баласымен өлді. Ендігі қалғандары сауға сұрап отыр. Шетінен
қыра берсек, қаны мойнымызда болады. Бұған не дейсіздер?—
деді Қобыланды халыққа. Тұрғандардың ішінде кейбіреулері:

— Бұл қызылбастарға ешқандай рақым істеудің керегі жоқ.

Халқымызды қан жылатып соқтыққан өздері, отыз кісіміз­
ді өлтірді. Келгендері жау болып келді, жау болып қайтады.
Ертең ана жақтағы Алшағыр, Қазан, Көбіктілеріне барады,
онан да бұлардың бірде-бірін босатпау керек. Келген өздері,

ат-тұрмандары болса да олжа. Бірақ Естемес бұлардың бәріне
тыйым салды:—Бас қайда бастаса, денең де солай бұрылады,
аяқ солай жүреді. Олай болса, бастап келген басшы—Қызыл
ер, ал халықты нақақ қыра беруге болмайды. Аулақ бәледен,

Қобыланды,—деді.—«Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» де­
ген. Алдыңа келді, кешірім сұрап өтінді, Қызыл ердің терістігін
айтып отыр. Мұндай жағдайда тілегін орындамай, қырып салуға
болмайды. Сондықтан босат,—деді Естемес тағы да. Қобыланды

көнді. Қызылбастың қалғандарына еліне қайтуларына рұқсат
берді.
Қызылбастың
қалғандары

еліне
қайтты.
Қобыланды
сынды батырдың ерлігін жыр қылып айтты. Бірақ та көре

алмаушылықпен күндеп айтты. «Оны жеңу тек Қазан батырдың
қолынан келеді» деп, Қазан батырға хабар жіберді.
Қазан ер ордасында отыр тосып,
Адамы Қызыл ердің барды сасып.

Құртқаны алып, батырды өлтіргенін
Барлығын түгел айтып, ел жыласып.
Қазан ер мінді сонда қайратына,
«Қазақты сиғызам»,—деп айбатына.

«Алдымен ноғайлыны шабамын»,—деп,
«Келсін»,—деп ат шаптырды бар халқына.
Барлығын мұсылманның түгел қырып,
Барамын Қобыландыға тіке жүріп.

Аттанып әскерімен ноғайлыға,
Өлтірді барлық жанын түгел қырып.
Қаласын Қырлы, Сырлы талқандады,
Күшпенен қалың әскер басып кіріп.

Қияттың бір топ елін тағы шапты,
Мол дүние бұдан олар тағы тапты.

қобыланды  батыр
Арманы жалғыз ғана Қазан ердің
Шұбыртса енді шауып бар қыпшақты.
Қайыра Қобыландыға аттануға

Қызылбас дайындалып баптануда.
«Әлемде теңдесі жоқ Қазан мықты»
Деген сөз Қызылбаста жатталуда.
Қазан батыр ноғайлы мен қият елін шауып келгеннен кей­

ін, енді қыпшақтарды шабуға дайындалудың керек екендігін
айтып, әскерлерін дем алуға таратыпты. Тақауда қыпшақтарға
аттанбақшы. Қызыл ердің әскерлерін де, елін де өзі басқармақшы
болды. Бұл кезде қият елінің батырлары: Қараман, Қарақозы,

Аққозы, Қосдәулет атты батырлары Қазан батыр да кеткен кек­
терін іздеуге қол жинап аттанбақшы болып жатты. Қырық мың
үйлі қияттан қырық мың әскер жиып, жер қайысқан қолмен
төрт батыр жүріп кетеді. Қалың қол ішінде Қарабұқан деген

жауырыншы сәуегөй бар екен, сол жауырыншының жүріп келе
жатқан батырларына айтқаны:

—Адырдан адыр өтерміз,

Терең сулы тар өткел
Одан да өтіп кетерміз.
Жекпе-жекке шығысса,
Қазандайын қаһарға

Қайсымыз беттерміз?!
Найза ұшында шаншылып,
Құзғынға жем боп кетерміз.
Сөзімді тыңда, ерлерім,

Ерлерге білінер қадірі
Бетегелі, шалғынды
Туып-өскен жерлерім.
Ел қадірін көп көрген,

Сыйласаңдар әр кәрінің
Айтайын деген сөзі бар.
Қамдарың үшін бәріңнің.
Жолай жүріп соғыңдар,

Қара қыпшақ еліне.
Наздарыңды айтыңдар,
Қобыландыдай еріне.

батырлар  жыры
Хабарсыз жатыр Қобыланды,
Егерде білсе бұл істі,
Ат маңдайын түзетіп,

Қызылбаста болған-ды.
Данышпан Құртқа жары бар,
Біліп отыр бұл жайды.
Жібере қоймас Қобыланды

Қызылбасқа Қазанға
Бұл секілді ұпайды.
Айтпауына Қобыланға
Әйелі Құртқа мәні бар.

Құртқа сұлу дананың
Желпіп бағып отырған
Тайбурыл дейтін аты бар.
Мінетін күні толған жоқ,

Жасы толмай, батырға
Мінгізбеске шарты бар.
Айтсақ соғып хабарын,
Әруағымыз артылар.

Бұған басқа батырлар да қарсы болмады. Барлығы «мақұл
екен» деп мақұлдады.—Оған барғанда сөзді өзім айтайын,—
деді Қараман. Өйткені жайлауымыз шектес, бірге ойнап-күліп
жүрген құрдас еді,—деді Қараман.

Қараман айтты:—Құрдасжан,
Мен—Сейілдің ұлы Қараман
Қызылбасқа кетіп барамын,
Жүрмейсің бе, сырлас жан,

Қолқалық саған қыламын.
Естуің бар ма, құрдасжан,
Қазан дейтін батырды?
Мал-мүлкін алып, адамның

Қанын судай сапырды.
Тағы да келіп қиятқа,
Бір ру елді шауыпты.
Ноғайлыны жаулап ап,

Қыпшаққа көңілі шауыпты.
Қырық мың әскер соңымда,

қобыланды  батыр
Елімді іздеп барамын.
Осы жол үлкен қауіпті,
Жасыңнан артық талайың,

Қобыланды батырым,
Аңғармай нағып жатырсың,
Шулаған елді, жақының?
Жүрмейсің бе, құрдасым,

Жорық, майдан кезінде
Күлкі етіп халықты,
Өктемдік бізге қылмасын.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Бағымды бастан алмасын,

Айналамды өрт шалмасын.
Көлдегі қаз-үйректі
Лашын құс іледі.
Менің барар-бармасымды

Хабар салып алайын
Ақыреттік жолдасым
Үйдегі Құртқа біледі.
Осыны есітіп Естемес,

Ауылға қарай жөнелді
Құртқадан хабар алмаққа.
Желе жортып келеді,
Көзін салып жан-жаққа.

Тоқтарбайдың ордасының оң бағыттағы ақ отаудың сырты­
нан жанаса келіп, үйде жатқан қыз Құртқаға айтқаны:

—Үйдемісің, қыз Құртқа,

[Түздемісің, қыз Құртқа.]
Әйел болдың амал жоқ.
Егерде еркек болғанда,
Болар ең жұртқа бір тұтқа.

Мінгенде атым қызыл-ды,
Алысқа жол сызылды.
Қызылбастың Қазанға
Арыстанның көңілі бұзылды.

Мінбекке керек қазанат,
Белге керек шарболат,

батырлар  жыры
Денеге керек жалаңқат,
Жан—Жаппарға аманат!
Жалғыз емес жолдасты

Қияттан келді қолғанат.
Батырың мініп шабуға
Жарады ма Бурыл ат?
Құртқа сонда шығады:

Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Аққу құстай сыңқылдап.
Алтын білек ақ Құртқа

Көтеріп дауысын сөйлейді
Естеместей ағаға,
Еркелікпен сылқылдап:

—Дүниеде көп адамзат

Тоймас қызық, іңкәрға.
Жұмсады ма сұлтаным
Үйдегі Бурыл тұлпарға?
Дұғай сәлем дегейсіз,

Тұлпарына жұмсаған
Жұрт иесі сұлтанға.
Және де сәлем дегейсіз,
Құрбы менен құрдасқа,

Заманы бірге сырласқа,
Жылы бірге жылдасқа,
Жауы бірге мұңдасқа.
Бөрі де қастық қылмайды

Қасына ерген жолдасқа!
Қараспан тауын жайлаған
Жұрт иесі сұңқарға
Жәрдемші болсын бір Құдай.

Күні-түні тілейміз,
Бақыттылық бір сұраймыз.
Бергенін Құддай алмасын,
Алды-артын өрт шалмасын.

Тілімді алса сұлтаным,
Бұл сапарға бармасын.
Көп жылайды дегейсіз
Үйдегі нашар жолдасың.

қобыланды  батыр
Иә, әруақ, бір Құдай
Жалғызды үнемі қолдасын!
Асқар тауда белдік бар,

Жасағанда кеңдік бар,
Азда қанша теңдік бар.
Сұлтаныма сәлем айтыңыз,
Біз байлаған тұлпарда

Қырық үш күндік кемдік бар.
Осыны есітіп Естемес,
Қобыландыға келеді.
Құртқаның айтқан сөздерін

Түгел айтып береді.
Құрдасқа келді Қобыланды,
Құртқадан сөз қозғады.

—Көлден ұшқан қаздаймын,

Жаманның тілін алмаймын,
Хақ бұйырған сапардан
Алла жазса, қалмаймын.
Асыл досым, сөкпесең,

Бұл сапарға бармаймын.
Асқар тауды бел деген,
Ақ бармақпен жемдеген,
Өзінен басқа көрмеген,

Бағып тұрған баласын
Құртқа сынды жан жарым
Қырық үш күні кем деген.
Қараман сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Бұл барғаннан барсақ біз,

Қазан ерді өлтіріп,
Қаласын бұзып алсақ біз.
Еркек болып не етеміз,
Әр сапарға шығарда,

Қатынға ақыл салсақ біз?!
Есіктің алды ебене,
Ерлер киер кебене.
Кеткен кісі келе ме,

Алғанын Тәңірім бере ме?
Әр тарапқа шығарда,

батырлар  жыры
Қатынға ақыл салған соң,
Асыл туған Қобыланды,
Қатынның тілін алған соң,

Неше батыр болса да,
Басында билік жоқ адам
Арыстан туған құрдасым,
Ол қатын емей немене?!

Әлқисса, сонда құрдасы Қараманның аузынан мынадай сөз
естігеннен кейін, Қобыланды батыр қатыны Құртқаға ашула­
нып, басын кеспекші болып, атына мініп тұра жөнелді.
Сонда Қобыланды батырдың

Тері тамып иектен,
Оқ тигендей жүректен.
Үш ай тоқсан болғанда,
Құтылар қошқар күйектен.

Ордалы киік орғиды
Жиелі қия үйектен.
Неше батыр болса да,
Құрдасының бұл сөзі

Өтіп кетті сүйектен.
Тобыршақ атқа ер салды,
Қамшы басты сауырға,
Екпіні ұқсап дауылға.

Тобығы меңді торы атпен
Қобыланды шапты ауылға.
Қатуланып, қаттанып,
Буырқанып, бұрсанып,

Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз қатып,
Аса бір қатты келеді.

Өз-өзінен долданып,
Жалаңдата қылышын,
Ар жақ пенен бер жаққа,
Етсе жолын бір Құдай,

Аттанбаққа қалмаққа.
Жоқ болса да кінәсі

қобыланды  батыр
Сөзге сынық қылды деп,
Егер шықса алдынан,
Батыр ойлап келеді

Бұлаңдаған Құртқаның
Басын кесіп алмаққа.
Дарбазалы есікті,
Пайғамбардан несіпті.

Үйде отырып қыз Құртқа
Дүбірін аттың есітті.
Ағыны қатты кім болсын,
Сұлтаным дағы десіпті.

Түрегелді майысып,
Қарады ашып есікті,
Қарады да қамықты.
Құстың жүні мамық-ты,

Арпа, бидай қабықты.
Көтере алмас кедейлер
Жылына бір қой салықты.
Тастай беріп қыз Құртқа

Және ашады жабықты.
Жабықтан көзін салыпты,
Қараса ерді таныпты.
Түсі суық көрінді,

Ерге болған секілді
Бір сөзбенен жазықты.
Өксіп бір енді жылады,
Енді Құртқа сасады.

Көзінен жасы сорғалап,
Бетінен қаны қашады.
Сасқаны емей немене,
Аш күзендей бүгілді.

Шыдай алмай қорыққаннан
Есік пенен төріне
Неше қайтара жүгірді.
Сасып жүріп жөн тауып,

Ақылменен ой тауып,
Түтікпенен су ішкен,
Түндікпенен күн көрген,
Төрде тұрған Бурылдың

батырлар  жыры
Басын шешіп алады.
Тайбурыл атты жетектеп,
Қобыланды батырдың

Бұлаңдаған қыз Құртқа
Алдынан кетіп барады.
Бурыл емес, көк дөнен
Туғаннан жеміс, жеді өлең.

Туғаннан күнді көрмеген,
Түнектен шыққан Тайбурыл
Түлкідей көзі жайнады,
Қазандай болып қайнады,

Көлдененең жатқан көк тасты
Сулығым деп шайнады.
Он екі құлаш арқанмен
Ерігіп тұрған Бурыл ат

Аспанға қарғып ойнады.
Қыз Құртқаны көтеріп,
Бурыл көкке екі ұшты.
Салмағымен қыз Құртқа

Көтерілсе де көкке ол,
Аяғымен жерге тік түсті.
Ие болған Бурылға
Заты әйел демесең,

Сол Құртқа [да тым] күшті.
Қамығып Құртқа сөйлейді:

—Асқар таудың белдігі,

Асықтырған батырды
Құрдастың жоқ-дүр елдігі.
Жалғызыма жар болсын
Алдыңда Қадір кеңдігі.

Үш ұшар ең аспанға,
Бір ұшуың кем болды.
Мен қайтейін, Тайбурыл,
Қырық үш күннің кемдігі.

Кентті жерді жайласа,
Үзілмейді базары.
Қайда қалмас жігіттер,
Өлсе жанның мазары.

Қобыландыдай бөрінің

қобыланды  батыр
Тайбурылды көрген соң,
Құртқаға қайтты қаһары,
Бурылға түсті назары.

Қобыланды сонда сөйлейді:

—Көлденең ұшқан қаздаймын,

Наурыздан соңғы жаздаймын.
Ақылы жоқ мен байғұс
Бүйтіп жүрген Құртқаны
Шауып тастай жаздаймын.

Сарайда, сарай, сарай бар,
Сарайға қолды жеткізген
Қос өркешті қара нар.
Әр пендеге лайық

Өзіне Тәңірім қосқан жар.
Малы кемнің зары бар,
Әр адамның өзінің
Өзіне лайық жары бар.

Текшедейін жебеме
Қарағай сап болар ма?
Данышпан туған Құртқадан
Айрылған адам оңар ма?

Құртқа бірақ қамықты,
Төсегі жұмсақ мамық-ты.
Қобыланды батыр келгенде,
Істің қорқып алдынан,

Құртқа дайын сұлуың
Өксіп жылап тарықты.
Сонда Қобыланды сөйлейді:

—Артықша туған қыз Құртқа,

Сонша неге тарықтың?
Ашулы келген жарыңнан
Мұнша неге қорықтың?
Мынау белдің астында

Кегі кеткен Қазанды
Іздеушілерге жолықтым.
Салдым ақыл өзіңе,
Қапа болып айтқан сөзіңе.

Ашуменен келіп ем,
Шыдай алмай төзуге.

батырлар  жыры
Ақылын өзің таппасаң,
Қалып ең аз-ақ өлуге.
Сөзіне зілді құрдастың

Шыдай алмай төзуге
Жаман әйел болғанда,
Қалар еді басың кесіліп.
Даналығың мәлім боп,

Қалған жоқ па шешіліп.
Жадырашы, Құртқажан,
Қабағың тұр ғой түйіліп.
Ашулы болған жолдасың

Кешірім сұрап міне енді,
Алдыңда тұр ғой иіліп.
Асыл туған қыз Құртқа,
Мен кетті деп қамықпа.

Қараңғы түнек ішінен
Шығарамын жарыққа!
Осы кеткен сапардан
Аманда барып, сау қайтсам,

Әйел де болсаң басыңды,
Хан сайлармын халыққа.
Сонда Құртқа сөйлейді:

—Айдын көлден қу аттым,

Қызығып құстың етіне.
Жазғы балық ойнайды
Айдын көлдің шетінде.
Кисең киім жарасар

Ақ қағаздай етіңе.
Жол жүруге ойлапсың,
Жеткізсін Тәңірім ниетіңе.
Сұңқарым менің, сұлтаным,

Сіз алыстан келгенде,
Тікелей қарсы қарауға
Жарамаймын бетіңе.
Қобыланды тағы сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Жылқы ішінде аламын,

Қылшық жүнді қарамын.
Тоқтар менен Аналық

қобыланды  батыр
Дүние кезіп аралап,
Күдер үзіп малынан
Тірідей безіп жанынан,

Тілеп алған баламын.
Алды-артымда ешкім жоқ,
Жеке туған дарамын.
Өкпелеме, қыз Құртқа,

Болмады деп бір күнше.
Кемпір шалдың қойнына
Жатайын деп барамын.
Қамшы салды Қобыланды

Тобылғы меңді торыға.
Дөңгелене жөнелді
Тоқтарбай тіккен ордаға.
«Тәттілігі шекердей,

Құлыным Қобылан ба екен»,—деп,
Үйде отырған кемпір-шал,
«Жалғыз қозым ба екен?»,—деп,
Жүгіре шықты далаға.

Көзі түсті балаға,
Бірден жылап екеуі,
Баладан болды садаға.
Алма кезек екеуі

Жиі-жиі қарайды
Қобыландыға қадала.
Еміреніп иіскеп,
Қарайды көзіне бадана.

Елжіреп шын барады
Көрмегендей жыл бойы,
Ақ пейілді сорлы ана.
Жалғыздан жаны айналды,

Екі кәрі толғанды,
Кезек-кезек қолға алды.
Күн батпай-ақ Қобыланды
Алып жатып кемпір-шал,

Жая менен беріп жал,
Кезек-кезек сөз қатты.
Әңгімемен Қобыланды
Күлдіріп жатты қос қартты.

батырлар  жыры
Тілеп алған жалғыз ұл
Кемпір-шалға тым тәтті.
«Өзіме қара қозым»,—деп,

Оң жақтан ана бұл тартты.
«Маған келші, қозым»,—деп,
Ірге жақтан шал тартты.
Кемпір-шалға адам жоқ

Қобыландыдай сымбатты.
Шал-кемпірдің қойнында
Алма кезек домалап,
Артық туған Қобыланды

Кірпік қақпай таң атты.
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда
Шал-кемпірдің қойнында

Арда Қобылан жатқанда,
Тайбурылға ер салып,
Аз ғана азық жем салып,
Қобыланды жатқан ақ үйдің

Алдынан әкеп өткізді
Сұлу Құртқа толғанып.
Құртқа сұлу Тайбурыл атты есіктің алдына көлденең ұстап
тұрып:—Жолдастарыңыз жолға шығайын деп жатыр, жүр­

мейсіз бе?—деді. Қобыланды ата-анасы, қарындасы Қарлы­
ғашпен, сүйген жары қыз Құртқамен қоштасып, Тайбурыл­
ға мінді. Бірақ тоқсандағы Тоқтарбай, жетпістегі Аналық,
қарындасы Қарлығаш, сүйген жары Құртқа сұлу Қобыландыны

қимай, соңынан ере берді.
Қобыланды сынды батырың
Тайбурыл атқа мінеді,
Ақ сауытын іледі.

Қараспан тауын бөктерлеп,
Көп қосынның соңынан
Бет алып Қобылан жөнелді.
Әке менен шешесі,

Жар қосағы қыз Құртқа
Қарындасы Қарлығаш,

қобыланды  батыр
«Жалғызым менің, жан көкем,
Аман болып келгенше,
Ел-жұртыңды көргенше,

Сайға біткен шоқтымын.
Бөркіме үкі тақтым мен,
Айтып кет мені жолыңа,
Қой ішінде тоқтымын.

Көп есекке тас арттық
Аумасын деп баса арттық,
Жан көкем аман келгенше,
Елі-жұртын көргенше,

Артында қалған біз нашар
Болайық сізге тасадтық.
Басымда бар алтын шоқ,
Жан көкем барда көңілім тоқ.

Көкежан, сені көрмесем,
Басымнан кетер дүние боқ.
Сізге деген әрқашан
Маған тисін ажал оқ!

Ақ маңдайлы тұлымым,
Бірге туған құлыным,
Көкірекке біткен жұлыным,
Қос қанатым, құйрығым,

Сізге деген Құдайдың
Қабыл еттім бұйрығын!
Қарға жүнді қаттасым,
Үйрек жүнді оттасым,

Жан ашырым, түптесім,
Жан көкем, қайда барарсың?
Желі толған түйең бар,
Оны кімге тапсырдың?

Қораң толған қойың бар,
Оны кімге тапсырдың?
Тоқсандағы атаң Тоқтарбай,
Жан көке, кімге тапсырдың?

Жетпістегі анаң Аналық
Ал, көке, кімге тапсырдың?
Өзіңмен бірге туысқан,
Бірге туып, бірге өскен,

батырлар  жыры
«Көкежан» деп жылаған,
Мен сорды кімге тапсырдың?
Бұл дүниеде мұңдасың,

Төсекте жатсаң сырласың,
Құртқаны кімге тапсырдың?»
Қобыланды сонда торықты,
Есіркеп көп халықты.

Қарындасы Қарлығаш
Зарын естіп, қайғырып,
Қобыланды да еріксіз
Найзасына сүйеніп,

Жылады өксіп, қамығып.
Сонда Қобылан сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Қаз айналып қонады

Ұя салған жеріне.
Әркім сеніп наз айтар
Өзінің сүйген теңіне.
Көзден аққан қанды жас,

Қан мен жасы аралас
Қарлығаш егер тұрмаса,
Қобыландының көз жасы
Сірә, бүгін тыйылмас.

Тағы да Қобыланды сөйлейді,

—Тауда болар тарғыл тас,

Тарықса шығар көзден жас.
Тар жерде ерге оқ тисе,
Шығады сүйеп бауырлас.
Ер басына күн туса,

Тар жерде өзге қайрылмас.
Туысқаның бар болса,
Жауған оқтан айнымас.
Жан ашырың жоқ болса,

Жау қолында қалады
Халқың сүйген ғазиз бас.
Арқаңды жапқан қолаң шаш,
Шырағым, сөзге құлақ сал,

Мен айналып келгенше,
Сабыр қып шыда, Қарлығаш.

қобыланды  батыр
Қараспан тауын жайлаған
Қалың қыпшақ елің бар.
Малың ендеп жайылар

Кең асу, байтақ жерің бар.
Қайтып өзім келгенше,
Қор болмассың, Қарлығаш.
Жалғызым, жаным, бауырым,

Айналайын көзіңнен.
Сай сүйегім сырқырар,
«Жан көке» деген сөзіңнен!
Атадан тақ баламын,

Жауға кетіп барамын.
Жасым үлкен ағамын,
Армансыз болып кетейін,
Бері келші, Қарлығаш,

Бетіңнен, бауырым, сүйейін,
Қарындасым Қарлығаш.
Желі толған түйеңді
Сарысуға тапсырдым.

Тоғай толған жылқыңды
Жасанған жауға тапсырдым.
Қораң толған түйеңді
Аш бөріге тапсырдым.

Азу тісі болаттай
Жас бөріге тапсырдым.
Тоқсанда атаң Тоқтарбай
Құдіретіңе тапсырдым.

Қарындасым Қарлығаш,
Жар қосағым Құртқаны
Палуан қызға тапсырдым.
Сендер төртеу, мен жалғыз,

Мені кімге тапсырдың?
Қарлығаш сонда сөйлейді:

—Мал сатамын базардың

Бояғы мен бөзіне,
Салса жылқы тоқтайды
Арқаның бөрі көзіне.
Құлақ сал, көке, сөзіме,

Жан көкем есен келгенше,

батырлар  жыры
Елі-жұртын көргенше,
Он сегіз мың ғаламның
Падишасына тапсырдым.

Басымнан дүние өткендей,
Көрінбесең менің көзіме.
Мінәжат етіп айтамын,
Құлақ сал, көке, сөзіме.

Көкем аман келгенше,
Ата-анасын көргенше,
Маңдайымнан иіскелеп,
«Қалқамбысың» дегенше,

Тағы қайта тапсырдым
Бір жаратқан Құдайға.
Қараспан тауын жайлаған
Руың қалың көп қыпшақ.

Көкемнің оңғар сапарын,
Жаратқан Алла, беріп бақ.
Көп қайырды тілейді,
Жаныңда жақсы сыбай да.

Көз салмадың, жан көке,
Бірге туған жұбайға.
Адалдап жиған малыңды
Залымдарға тапсырып,

Осының, көке, ұнай ма?
Не айтамыз сізге біз,
Болыңыз аман дүзде сіз.
Жаныңды жалғыз тапсырдым

Бір жаратқан Құдайға.
Бұдан кейін Құртқа сұлудың Қобыландыға қоштасып
айтқан сөзі:

—Жүрдіңіз бе, сұлтаным,

Қой ішінде бағланым,
Келгеніңше аман сау,
Тыным таппай жылайды
Жар етіп таңдап алғаның.

Сұлтаным, сізге бас қосып,
Кеңейіп еді өрісім.

қобыланды  батыр
Болып еді қайғысыз
Ойын менен күлісім.
Салып ем ойын-сауықты,

Жарасып бойыма жүрісім.
Еліме болдың қорғаныш
Бауда піскен жемісім.
Арыстаным, аман бол,

Осы кеткен сапардан
Қиын болар келісің.
Жылқы ішінде аласың,
Қылшық жүнді жарасың,

Алды-артыңда ешкім жоқ,
Жалғыз туған баласың.
Атам менен енемнің,
Күдер үзіп малынан,

Тірідей безіп жанынан
Тілеп алған баласы ең.
Сүйткен бала тастай ма
Атасы мен анасын?

Артық туған сұлтаным,
Осы барған сапардан
Қиын болар келісің!
Тілеп алған анаңның

Қос емшегін еміп кет,
Анаңның көңілі семірсін.
Не айтамыз біз сізге
Өз қиялың болмаса,

Ешкімнің тілін алмайсың.
Әлемге аты әйгілі
Дұшпанға қарсы барасың.
Қош, сұлтаным, аман бол,

Әлде қандай боласың?!
Асқар төбе көрерсің,
Тайбурылмен желерсің.
Қасиетін Бурылдың

Сонда анық көрерсің.
Тоқсанда әкең Тоқтарбай
Жүдеу тартып бір кезде,
Тізесіне тон жетпей,

батырлар  жыры
Ақ табан болып жүргенде,
Сұлтаным, сонда келерсің!
Жетпістегі анамыз

Арқан есіп, жүн түтіп,
Қайғыменен қан жұтып,
Құрт қайнатып, әл кетіп,
Бар денеден жан кетіп,

Қарындасың Қарлығаш
Алдамшасы белінде,
Дастарқаны қарында,
Шынаяғы қолында,

Бөтен жұрттың елінде
Шай қайнатып жүргенде,
Сұлтаным, сонда келерсің!
Көп жауыңның мықтысы,

Шөпті жердің шықтысы.
Сенен қалған мен сорды
Тұтқындап мені бір дұшпан,
Аламын деп тұрғанда,

Қараңғы үйге салғанда,
Көңілге қайғы толғанда,
Сұңқарым, сонда келерсің!
Мінуші едің ақтабан,

Айтулы едің мақтаған.
Құдайдың ісі көп шығар
Өлмегенге сақтаған.
Мерген байлап оқ атар

Ұшқан көлдің қуына.
Иманды құл жолығар
Қауыз-кәусар суына,
Бұл дүниеде көрмесең,

Құртқамбысың демесең,
Қазаң жетіп бұл жолда,
Дүние салып өмірден
Арыстаным, жөнелсең,

Жұбайым бар деп еске алсаң,
Табысайық махшарда.
Сұлтаным, сонда мені ізде.

қобыланды  батыр
Тағы да Құртқа Қобыландыға қарап:—Мен сізге бір сөз ай­
тайын, егерде осы айтқаным келсе, менің барлық айтқаным
келер деп ойларсыз. Егерде бұл айтқаным келмесе, бәрі де бос

сөз болғаны. Қараман құрдасың бастаған кешегі кеткен көп
қосынды Сыңсыма деген жердің, Сергелдең деген таудың ба­
уырында қуып жетерсіз. Қараман Қазан батырдың жеріне он
сегіз кісі жансыз жіберген болар. Олар ол жақтың олжасының

молдығын, халықтың бейқамдығын, Қазанның өзі мекенде­
ген Сырлы қаланың бір жағы аққан су, бір жағы жеті қабат
ор екен деп келер. Ол қаланың Сергелдеңнен қырық күншілік
жер екенін айтар. Егер осы айтқаным келсе, менің бастапқы

айтқандарым тегіс келер. Біз жау қолында тұтқында жүргенде
келерсіз,—деді. Тағы да бір айтарым, Қазанға кеткен өнерсіз
жансыздары келген соң, Қараман құрдасың батасын жасап,
малтасын жеп, «ат құйрығын созып, кімде-кім кім озып барып

олжа салса, сол адам қосынға басшы болсын» дер. Бірақ сіз
олардан үш күн кейін шықсаңыз да, олардан бұрын барарсыз,
ол қосында Тайбурылға қатар ат жоқ,—деді.
Жалғызын жауға аттандырып, анасы Аналықтың жылап

айтқаны
Бейшара болған Аналық
Баласына жете алмай,
Үйіне қайтып кете алмай,

Жапанда жатып зарлайды:

—Он сегіз мың әлемнің

Падишасы—бір Алла,
Естідің бе сөзімді?!
Жалғызымның артынан
Садақа қылдым өзімді.

Тағы да, Алла, жылаймын,
Бір өзіңе жылаймын.
Жалғыздың жанын сақтай көр,
Тапсырдым өзіңе аманат.

Қалғып кетсе, қағып жүр,
Адасып кетсе, бағып жүр,
Жол иесі Қамбар-ай
Қамбар өзің қолдасаң,

Қолдамайтын кім бар-ай!

батырлар  жыры
Қазанға мол қол жиды,
Қараман деген заңғар-ай!
Тұтқынында Қазанның

Қияттан көп жан бар-ай
Барма деуге бола ма,
Дәтім қалай шыдар-ай!
Қала қоймас Тайбурыл

Қатар шапқан жарыстан.
Қазанды арнап іздеді
Жақын емес алыстан.
Қыс болғанда жылқы ықпас

Ойға біткен қамыстан.
Қобыланды, өзіңді
Өз қолына тапсырдым,
Ер Ғали атты арыстан!

Осы кеткен жалғызым
Есен барып, сау қайтса,
Егіз туған көк бура
О да сенің жолыңа.

Егіз туған көк бұқа
О да сенің жолыңа.
Егіз туған көк айғыр
О да сенің жолыңа.

Қызылбастың Қазаны,
Өлгенде көрген жалғызым
Туды ма сенің сорыңа.
Осы кеткен қозымды

Алланың досы Мұхаммет,
Тек тапсырдым өзіңе.
Аязды күні айналған,
Бұлтты күні толғанған,

Айқара бесік қасымда,
Дыбыс шықса оянған,
Алтыннан бесік игізіп,
Ақ торғынға бөлеген,

Өлгенде көрген көбеген,
Жұрт тілегін тілеген.
Қабырғам жездей қайысқан,
Көтергенде бесікті,

қобыланды  батыр
Он бармағым майысқан,
Тас емшегімді еріткен,
Тар құрсағымды жібіткен,

Балапаным, құлыным,
Алсам қолым талдырған,
Сүйсем мейірімді қандырған,
Денемнен шыққан балдырған.

Шаһризада хазірет,
Жарылқашы Құдірет.
Үмбетім деп еске алсаң,
Алланың досты Мұхаммет,

Жалғызыма жәрдем ет!
Қараман кетті жиып қол,
Болдыра көр сәтті жол!
Осылайша зарланып,

Жылаумен қалды кемпір сор.
Қобыланды мінген Бурыл ат
Еңкеу-еңкеу жортады,
Атандай төсі салынып.

Қала берді кемпір-шал
Аруақтарға жалынып.
Бөгелместен Қобыланды:

—Әйт, жануар, шу,—деді,

Шалқып Бурыл гуледі.
Бірде шауып зуылдап,
Бірде жортып келеді.
Тұлпар туған Бурылмен

Құртқаның айтқан жерінде
Кешегі кеткен қосынға
Қобыланды жетіп келеді.
Қобыланды батыр келсе, Қараман бастаған көп қосын атта­

рын тынықтырып, өздері тамақтанып жатыр екен. Және Қазан
батырдың Қырлы қаласы мен Сырлы қаласына Қараманның жі­
берген он сегіз кісі жансызы қайтып келген екен. Олар Қырлы
қала мен Сырлы қаланың байлығын, оның бейқамдығын айтып

келіпті. Сырлы қаланың бір жағы су екен де, екінші жағы жеті
қабат ор екен. Осы арадан қырық күншілік жер екен деп келеді.
«Қараманның қалың қолы-ау»,—десіп, батасын қылып, мал­

батырлар  жыры
тасын жесіседі.—Қырық күншілік Қазанға кім бұрын жетіп
олжа салса, сол адам осы қосынның басшысы болады,—деп,
Қараман аттанып жүріп кетеді. Қобыланды олардан үш күн

кейін шығады, аттанайын деп тұрып Тайбурылға айтқаны:

—Есіңде ме, Тайбурыл,

Мінейін деп тұрғанда,
Анаң Құртқа не деді?
Қыдыра жалды жылқыдан
Бурыл қалмас деп еді.

Ұжмақта хорлар сымбатты,
Үйдегі Құртқа жұбайым.
Жұбайым Құртқа аманда,
Жемеймін, Бурыл, уайым.

Анаңыз тұлпар деуші еді,
Анаңның сөзін сынайын.
Ауыл қалды алыста,
Жол шеккен соң алысқа.

Қас тұлпар ат болсаң,
Тұлпарым, бүгін қарышта.
«Қатын Қобылан қалды» деп,
Кешегі кеткен қосынға

Қалдыра көрме намысқа.
Кешегі кеткен қосынға
Бір мезгілде жетуге
Сіздей малға алыс па?

Жылқыда тұлпар сен едің,
Жігітте сұңқар мен едім.
Сен астымда сау тұрсаң,
Қыдыра жалды, қыл құйрық,

Сенен озбас деп едім.
Адамзаттың баласы
Менен озбас деп едім.
Бүгінгі күні, Тайбурыл,

Қолқа салдым өзіңе,
Құлағың сал сөзіме.
Қырық күншілік Қазанды
Намаздігер өткенше,

Намазшамы жеткенше

қобыланды  батыр
Көрсет менің көзіме.
Қобыланды соны айтты да,
Тартып-тартып жіберді

Тайбурылдың санына.
Жан серігі Бурылдың
Қатты батты жанына.
Жанына батпай не қылсын,

Сауысқан, қарға тойынды
Тайбурылдың санынан
Тамшылап аққан қанына.
Санына қамшы батқан соң,

Қанын судай шашқан соң,
Жоғарғы ерні жыбырлап,
Төменгі ерні қыбырлап,
Тайбурыл сонда сөйлейді:

—Жан жолдасым, Қобылан ер,

Назбедеуге бітер жал,
Аямай тарттың қамшымен
Батыр туған, Қобылан нар!
Өлмесем де кеудемнен

Шыға жазды шыбын жан.
Жапанда жалғыз досыңа
Әлдеқандай кегің бар?
Зымырайын мен оқтай,

Өнерімді көріп қал.
Басымды түзеп сал жолға,
Төрт аяғым тең жорға.
Үстімде сен есенде,

Қажу бар ма мен сорда?!
Айтқаны жерде қалар ма,
Құртқа сынды жұбайға
Жаратқан соң ат қылып,

Сіз сықылды сыбайға.
Қырық күншілік бұл жерден
Қазан тұрған қалаға
Жалғыз күнде жет дейсіз,

Ұшқан құсқа оңай ма?
Қиын да болса, Қобыланды
Қиналамын, қайтейін.

батырлар  жыры
Уәдеңіз солай ма?
Қазанның Сырлы қаласын
Намаздігер өткенше,

Намазшамға жеткенше,
Түсірмесем өзіңе,
Көрсетпесем көзіңе,
Жан серігің мен сорды

Сол жерде шал Құдайға!
Қобыланды сынды батырың
Риза болып, қуанып:

—Әйт, жануар, шу,—деді,

Аршындап Бурыл гуледі.
Тау менен тасты көрмеді,
Табаны жерге тимеді.
Құлақтың түбі терледі,

Терлеген сайын Бурыл ат
Шабысты түзеп өрледі.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі.
Жақын қылды алысты,
Берсін кімге намысты.
Күн төбеден аумай-ақ

Түзеді Бурыл шабысты.
Қос құлағы тігілді
Көлге біткен қамыстай.
Түс ауған соң бүктелді

Илеуі жеткен қайыстай.
Байлаулы малдай шешілді,
Төрт аяғы көсілді.
Кеше кеткен қосынға

Атылған оқтай Бурылмен
Артық туған Қобыланды
Бесінде келіп қосылды.
Ауызға салып бір малта,

Алдыңғы жаққа қарады.
Көз ұшында бір адам
Шауып кетіп барады.
Шауып жетсе Бұқан ер,

қобыланды  батыр
Сабылған аты қара тер.
Аямай көмді қамшымен,
Ширатыла шапты қарагер.

Қатарласа Қобыланды
Бұқанға келді:—Арма!—деп,
Алдыңда кісің бар ма?—деп.
Онда Бұқан сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Жылқы ішінде ала-ды,

Қылшық жүнді қара-ды.
Осынау дөңнің астында
Қосдәулет кетіп барады.
Тайбурыл атты құтыртып,

Оған да келді сыпыртып:

—Үлкен едің, арма!—деп,

Алдыңда кісің бар ма?—деп.
Осы топта адам жоқ,
Жек көрер сендей баланы.

—Осынау белдің астында

Аққозы кетіп барады.
Тайбурыл атты құтыртып,
Оған да келді:—Арма!—деп,
Алдыңда кісің бар ма?—деп.

О да айтады:—Қалқашым,
Жақсы көрер баласың.
Алдыңда тек Қараман,
Жетсең соған барасың.

Оған айтты Қобыланды:

—Жетемін,—деп ойлаймын,—

Байқатты Бурыл шамасын.
Кешеден бері шапқаны
Әлі күнге көрмедім
Құрдасымның қарасын.

Бұлаңдаған Бурылға
Тағы соқты қамшыны.
Тайбурылдан тер ақты
Сорғалаған қамшыдай.

Найзасы түспей қолынан,
Жұлдызы түспей соңынан.

батырлар  жыры
Бұқанға жеткен бесінде,
Қарамандай досының
Және жетті соңынан.

Қобыланды жетіп сөйлейді:

—Болғаның ба, досым-ай,

Мақтаған атың осыма-ай?
Он екі күнде жетерсің,
Менің жауға тіккен қосыма-ай!
Тауға біткен татыр-ай,

Жарасар құрған шатыр-ай!
Анау күні «қатын» деп,
Қарамай кеткен батыр-ай!
Қатын да болса, білдің бе,

Құртқамның асыл затын-ай,
Қатынның баққан атын-ай?
Қалсаң өлім жақын-ай,
Жүрмейсің бе, Қараман,

Үш күн кейін соң қалып,
Мен де озып барамын.
Жүре берді бұларға
Жалғыз сағат қарамай.

Қала берді көп қият
Бірі еруге жарамай.

—Әйт, жануар, шу,—деді,

Сонда Бурыл гуледі.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.

Қарсы келген қабақтан
Бурыл қарғып жөнелді.
Баялышты шыңайттан,
Бүлдіргелі құмайттан,

Асу-асу шөлдерден,
Қасқалдақты көлдерден,
Асқар-асқар белдерден,
Қан сасыған жерлерден—

Үміт үзіп жол шекті,
Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ ерлерден.

қобыланды  батыр
Хан жайлаған Қаратау,
Би жайлаған Алатау,
Одан да өтіп жол шекті.

Ол төбе мен бұл төбе,
Бауыры шұбар кең төбе,
Күдердің қара дөңінен
Бесінде өтті сеніммен.

Астындағы Тайбурыл
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Бір төбенің тозаңын

Бір төбеге қосады.
Жаңбырдай тері сіркіреп,
Жауатын күндей күркіреп,
Тасыған судай тасады.

Тағы жүрген құланның
Ұзатпай алдын тосады.
Көл жағалай отырған
Көкқұтан мен қаздарды

Көтеріліп ұшқанша,
Белінен кесе басады.
Өлген құстар көп қалды,
Ақсары менен лашын

Өлген құсты жеп қалды.
Қоғалының Қулы көл,
Жекелінің Желді көл,
Қызғыштың Қызыл көл,

Сеңгір-сеңгір таулардан
Секіріп асып жөнелді.
Астындағы Тайбурыл
Секіріп ойнап жер басты.

Алдыңғысынан артқысын
Сынық сүйем кем басты.
Көтеріле ұшқан қоңыр қаз
Тозаңынан адасты.

Бірде шауып желеді,
Құлпырып ойнап, жер басып,
Дөңгеленіп келеді.
Намаздыгер өткенде,

батырлар  жыры
Намазшамға жеткенде,
Қазанның Сырлы қаласын
Қобыланды көреді.

Қазанның көп жылқысы
Жатыр екен алдында—
Қаланың сыртқы бауырында.
Бұлаңдаған Бурылмен

Қобыланды жетіп келеді.
Артық туған Қобыланды
Қуалап жылқы алады,
Айдап жөнге салады.

Бір уақыт көңіл қылады,
Бұзайын деп ойлайды
Қазанның Сырлы қаласын.
Қобыланды жалғыз ат қойып,

Қаланың аузын қандатты,
Көшенің аузын шаңдатты,
Қақпадан атын қарғытты.
Туырлығын тоқым қып,

Керегесін отын қып,
Үрерге итін қоймады.
Баспақты сиыр, танаға,
Жан шығармай далаға,

Мал шығармай салаға,
Өтірік емес, шын аға.
Он екі күнде сәскеде
Жалғыз адам қалдырмай,

Сырлы қала бәндесін
Артық туған Қобыланды
Айдап шықты далаға.
Жалғыз өзі Қобыланды

Бұл қаланы алады,
Артық бақыт табады.
Қарауыл қарап қайтпаққа
Бұлаңдатып Бурылмен,

Асқар тауға барады.
Таудың шығып басына,
Ақ найзаға сүйеніп,
Жан-жаққа көзін салады.

қобыланды  батыр
Қараса, Қобыланды көріпті
Қалың қият көп қосын
Олар да келіп қамапты,

Қазанның Қырлы қаласын.
Қобыланды сынды батырға
Қараман келіп сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Артық туған Қобыланды,

Балтам тастан өтпейді,
Жамандар сөзді кектейді.
Жүрмеймісің, батырым,
Қызылбастың кентіне

Сенсіз күшім жетпейді.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Атан ба екен, нар ма екен,

Жая ма екен, жал ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен,
Ер бұзбаған қамалды
Қатын бұзған бар ма екен?!

Мал саттым базар бөзіне,
Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның қалың бозына.
Жолама менің өзіме,

«Қатын» деп айтқан сөзіңді
Сен бір айтсаң, екі айттым,
Келмеді ме кезіңе.
Көрінбе менің көзіме,

Неше батыр болсаң да,
Үйде қалған Құртқаның
Сатса алмаймын өзіне.
Өзі түгіл алмаймын

Сағынғанда бір ауыз
«Жаным» деген сөзіне.
Қараман бұл сөзді есітіп, шыдап тұра алмай, өкпелеп жөніне
жүре берді. Қобыланды батыр біраз ойланып тұрды да, «қанша

айтқанымен жылы бірге жолдас еді, қатеден айтқан бір ауыз
сөзіне бола көңілін қалдырмай-ақ қояйын» деп шақырып, өкпе-
кінәлерін айтысып, екеуі де қосынға келді.

батырлар  жыры
Қобыландының қырғыздың қазған орынан секіртпекші бо­
лып атына айтқан сөзі
Қобыланды тұрып сөйлейді:

—Мал саттым базар бөзіне,

Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның қалың бозына.
Тұлпарым, саған айтайын,
Құлағың сал сөзіме.

Шекер менен бал қандай,
Жая менен жал қандай?
Анаңыз тұлпар деуші еді,
Қырғыздың қазған орынан

Қарғимысың, жай қандай?
Тайбурыл сонда сөйлейді:

—Артыңда қалды еліңіз,

Болды ма менде кегіңіз?
Анамыз Құртқа деген соң,
Сатылмайды теріміз.
Қысылған жерде дем берсін

Жылқышы Қамбар піріміз.
Ойыңа алсаң қоймайсың,
Артық туған шеріміз.
Салған қолқаң сол болса,

Қарғысам қарғып көрейін,
Тәуекел етіп көріңіз!
Қобыланды сынды еріңіз

—Әйт, жануар, шу,—деді,

Бурыл бұлқып гуледі.
Ортасына шәһардың
Бурыл келіп топ етті,
Жердің шаңы бұрқ етті.

Төрт аяғы тиген жер
Тесіле жаздап солқ етті.
Іркілмей Қобыланды жүрген соң,
Қайтпасын батыр білген соң,

Қарақасқа ат мінген
Ат құйрығын шарт түйген,
Артына сауыт бөктерген,

қобыланды  батыр
Алдына дабыл өңгерген,
Алмағанға дем берген,
Азды-көпті тең көрген,

Құдайдан дұшпан сұраған,
Жау көрмесе жылаған,
«Қолына жұмсақ болсын» деп,
Найза ұстаған жеріне

Топтап жібек ораған.
Шын қаһары келгенде
Жаңбыры қардай бораған.
Суда болар сары сазан,

Молдалар айтар бес азан.
«Жеке бала, жеке»,—деп,
Алдынан шықты ер Қазан.
Қазан келіп сөйлейді:

—Атыңды сұрасам кім деймін,

Жөніңді сұрасам кім деймін?
Қалжың сөзге көнбеймін?
Ашуыма көп тисең,
Үстіңдегі ақ сауыт,

Астыңдағы Бурыл ат
Қан тигізбей бер деймін!
Атыңның жалы жатыпты,
Алыс жолдан келгендей.

Қабағың сенің қатыпты,
Түн ұйқыңды бөлгендей.
Атыңның бауыры жарапты,
Көп шабуыл көргендей.

Қобыланды сонда сөйлейді:

—Мал саттым алтын-күміске,

Ат алудан қашпаймын,
Алғанымша асықпа.
Келмей жатып ат сұрап,
Қызылбас, неден есірдің?!

«Қырғыздың қызы сұлу» деп,
Сүйемін деп келіп ем,
Бұл сапарда жесірді.
Шыдамасаң, бері кел,

Көрсетейін кесірді.

батырлар  жыры
Атасы жаман анасыз,
Атамды сұрап не етесіз?
Атаңыз бар-ды жетесіз,

Анаңыз бар-ды некесіз,
Жоқ сөзді айтып нетесіз?!
Көзіңді сал ойыныма,
Қылышым тиер мойныңа,

Қан сорғалар қойныңа.
Атаңа нәлет ит қалмақ,
Басылмаған есерсің.
Патсайыдан киген қамқаңды

Қан қылмай-ақ шешерсің.
Қарақасқа тұлпардың
Сауырынан түсерсің.
Мойыныңнан аққан қызыл қан

Шамаң келсе, ішерсің.
Жауға шабар ер жігіт
Жаманнан ақыл сұрамас.
Бетімнен қаһар шығады

Жаңбыры қардай аралас.
Мұсылманның баласы
Өзім өлмей жыламас.
Іздегенім қызылбас,

Аты, тонын әр жерде
Беруші еді сендей нас.
Қылышпен өлтірсем,
Қиқалады дерсің сен.

Найзаменен өлтірсем,
Миқалады дерсің сен.
Садақпенен өлтірсем,
Қапыл қалдым дерсің сен.

Мылтықпенен өлтірсем,
Жазым қалдым дерсің сен.
Мінген атың құла ғой,
Сендер көп те, мен жалғыз,

Қолыңа келді бір бала,
Білгеніңді қыла ғой.

қобыланды  батыр
Ел жайлауы Арыс-ты,
Батырлар қылды намысты.
Әуелі тәуір сөйлесіп,

Артынан шайтан жабысты.
Шайтан емей немене,
Ырғай сапты найзаны
Ырғай-ырғай салысты,

Итерісіп тұрысты.
Найза қанға майысты,
Ат тізесін бүгісті,
Бүге-бүге тұрысты.

Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып.
Қақырығы қан татып,
Түкірігі жын татып,

Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді.
Бір уақыттар болғанда,
Артық туған Қобыланды

Найзасын ырғап енгізді.
Ат сауырына мінгізді,
Қазанды жерге төндірді.
Ту жығылар айшықты,

Ақ денеден қан шықты,
Суырып алды, жан шықты.
Сыртқы қорған ішінде,
Ішкі қорған тысында

Қазан ердің аузына
Қобыланды құйды балшықты.
Қазан аттан құлады,
Көріп кәпір шулады.

Ұлан байтақ жұртына
Тегіс хабар салады,
Халқын жинап алады.
Жалғыздығын білген соң,

Қобыланды сынды баланы
Самсап тұрған көп кәпір
Тұрған жерде қамады.
Артық туған Қобыланды

батырлар  жыры
Жалғыздығын білген соң,
Толып жатқан көп кәпір
Қамағанын көрген соң,

Жалғыздығын айтып жабығып,
Бір Тәңірге зарланып,
Қобыланды тұрып сөйлейді:

—Өзі болат, өзі өткір

Бұрынғы ердің найзасы.
Бақ қараған жігіттің
Басында болар айласы.
Алды-артымда сүйеу жоқ,

Қараспандағы халқымның
Қайда бір маған пайдасы?
Мініп шықтым елімнен
Астымда Бурыл дөненді,

Көкке тойған көбеңді.
Қызылбас қашып, мен қалсам,
Ерлігімді кім айтар еді
Қараспанды жайлаған

Қалың қыпшақ көп елге?
Мал саттым базар бөзіне,
Салсам жылқы тоқтайды
Арқаның қалың бозына.

Сал құлақты сөзіме,
Құдай жалғыз, мен жалғыз,
Бір шыбындай жан үшін
Жаратқан жанды бір Құдай,

Жалынамын өзіңе.
Бұл дұшпанның қолында
Қаза тауып мен өлсем,
Үстімдегі ақ сауыт,

Астымдағы Тайбурыл
Жалғызыңның исі деп,
Кім апарып көрсетер,
Кемпір-шалдың көзіне?

Осыны айтып болған соң,
Қиналарын білген соң,
Бауыры жазық Тайбурыл
Шиыршық атып ойнайды.

қобыланды  батыр
Батыр туған Қобыланды
Ерегескен дұшпанның
Басын жоймай қоймайды.

Қылқобызға жағады
Қарағайдың шайырын.
Пішеншілер алады
Тырмасы мен айырын.

Шабамын деп батыр тұр,
Жосылуға кәпір тұр,
Алла берсе қайырын.
Шабайын деп Қобыланды,

Тайбурылды аршындап,
Бурыл тұлпар ұмтылды.
Аузынан аққан ақ көбік
Омырауын жапты балшылдап.

Кейін қалып, көп шаншып,
Ақ сүңгісі кетеді.
Қарап тұрса Қобыланды
Әскербасы көп төре

Алдынан шулап өтеді.
Шабайын деп Қобыланды
Алтынды қалпақ, жез телпек
Баса киді көзіне.

Тындасаңыз, құлақ сал,
Кенелтем айтқан сөзіме.
Артық туған Қобыланды,
Қырық шәрлі қызылбас

Қырық кісідей батырдың
Көрінбеді көзіне.
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз жауып,

Қатуланып, қаттанды,
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Самсап тұрған кәпірге

Қобыланды жалғыз тиеді,
Бөлек-бөлек қылады,
Бөлінген қойдай қырады.
Қасқыр шапқан қойдай қып,

батырлар  жыры
Қамап кетіп барады.
Жолбарыс шапқан құландай,
Шошып кетіп барады.

Ұрттап ішіп, қан төгіп,
Тойып кетіп барады.
Үш мың атты бір сайға,
Төрт мың атты бір сайға

Қойып кетіп барады,
Қайтарында алмаққа.
Тізгіндерін қосақтап,
Түйіп кетіп барады.

Тұла бойы сал болып,
Ақ білегі қан болып,
Көргендерге таң болып,
Үсті-басы шаң болып,

Жау үстіне жол салды,
Үкімін батыр мол салды.
Он жеті күн болғанда,
Мың сан қолды тауысып,

Тайбурыл атпен бұлаңдап,
Қобыланды жалғыз бұл қалды.
Сол қаланың әйелі
Ерлерінен айырылып,

Бәрі де жесір, тұл қалды.
Әбзел салды алаға,
Тәңірі берді көп бақыт
Қобыланды сынды балаға.

Ат қоймаққа ойлады
Қазанның Қырлы қалаға.
Нақ бесінде жад етті
Жеті кәміл бабаға.

Мал шығармай салаға,
Жан шығармай далаға,
Жалғыз адам құтқармай,
Қырлы қала пендесін

Артық туған Қобыланды
Айдап шықты далаға
Қазанның екі қаласын.
Қазына алтын-күмісін,

қобыланды  батыр
Малын, жанын ызғытып,
Осыншама көп малды
Айдап жөнге салады.

Жалғыз туған Қобыланды
Артық бақыт табады.
Толып жатқан көп жаман
Көп олжаға кенелді.

Қаладан сыртқа шыққан соң,
Көп қосын көшпей бөгелді.
Атадан жаман туғандар,
Екі-үш күн етке тойғандар

Қоста отырып кеңесті.
Кеңескенде не десті:

—Жалғыз жүріп Қобыланды

Қаланы бұзып алдым дер.
Күліп жатқан жаманға
Олжаны өзім салдым дер.
Жиып шықты Қараман

Қияттан көп нөкерді.
Қобыланды елге сау барса,
Сәніміз біздің кетер,—деп,
Ақылдасты көп қият

«Жалғыз атты қыпшақты
Өлтіріп кетсек нетер?»,—деп.
Айтса дағы қылмады,
Мұраты қабыл болмады.

Артық туған Қобыланды
Толып жатқан қиятты
Есепсіз малға тойғызды.
Арамдыққа берілген

Жамандардың бұл сөзін
Қараман сезіп қойғызды.
Қобыланды
батыр

құрдасы
Қараманмен
ақылдасып,
Қазаннан алған көп малды қасындағы нөкерлеріне айда­

тып жіберіп, өздері аздап дем алуға тоқтап қалды. Неше күн
ұйқы, күлкі көрмеген Қобыланды құрдасы Қараманға:—Әлі
де жау жеріндеміз ғой, мүмкін қуғыншылар болар, сондықтан
сен қарауылда бола тұр, мен ұйықтап дем алайын,—деді.

батырлар  жыры
Қобыланды ұйқыға кетті, Қараман күзетте тұра берсін. Енді аз­
дап Көбікті ханның жағдайына келейік.
Босып барды қалың жұрт

Қырлы, Сырлы қаладан.
Айрылдық деп Қазандай
Батыр туған данадан.
Қобыланды деген бір жебір

Шығыпты қыпшақ қарадан.
Жасы он үште болғанмен,
Мыңға өзін балаған.
Болды таңба сүйекке

Өлгені батыр Қазанның
Қаршадай жас баладан.
Алтын қақпа боялды
Қырылған қалмақ қанына.

Ешкім санап жете алмас
Өлгендердің санына.
Жолбарыс та бара алмас
Қобыландының жанына.

Шауып алып ел-жұртын,
Жүре берді-ау жайына.
Келдік, міне, өзіңе
Олардан қашып тайына.

Бұл хабарды естіген,
Көбікті хан ойланды:
«Қият—қыпшақ халқына
Салармын,—деп,—ойранды.

Ұрттап қанын ішермін
Қазандай ерді жойғанды.
Қырлы, Сырлы қаланың
Байлығына тойғанды.

Арындап келіп олжа алып,
Көңілі тасып тойғанды.
Қазаным, менің Қазаным,
Жауына берген жазаны.

Ең ауырын аямай,
Қаптаған қият сазайын.
Кегіңді алып, Қазаным,

қобыланды  батыр
Қобыландысын өлтіріп,
Көп қиятқа көр қазайын».
Көбіктіде ер еді,

Соқтыққан жауын жеңеді.
Қасына ерген нөкерге
Көп олжа тауып береді.
Астына мінген кер еді,

Бүкең қағып желеді.
Күн сәскеге жеткенде,
Сарыөзеннен өткенде,
Тау суындай сарқырап,

Ақ сауыты жарқырап,
Тарлан атпен Көбікті
Бұларға келді барқырап.
Көбікті сонда сөйлейді:

—Ел иесіз дедің бе,

Көл иесіз дедің бе,
Жан иесіз дедің бе?
Байтақ жатқан елімді
Еңіреткен кім еді?!

Елімнің қалың жылқысын
Айдап кеткен кім еді?
Батыр жігіт, қайдасың,
Батырлар табар айласын?!

Сол уақыттар болғанда
Көбіктіні шаншуға,
Қарамандай еріңіз
Ыңғайланды найзасын.

Көп қиятты басқарып,
Әр уақытта бұ дағы
Ойлаушы еді пайдасын.
«Ұйқысын бұзбай Қобыланның

Табармын,—деп ойлады—
Жекпе-жекте айласын».
Қараман ерлік бастады,
Ерлігін Алла қоспады.

Денесіне тигізбей,
Көбікті дінсіз ит қалмақ
Қараманның найзасын

батырлар  жыры
Шоқпармен қағып тастады.
Ұмтылумен Көбікті
Қараманды ұстады.

Көбіктінің ерлігі
Мұсылманнан асады.
Жас күшіктей шыңғыртып,
Қараманды Көбікті

Тақымына басады.
Қулық пенен сұмдықты
Көбікті тағы ойлады:
«Оянып кетсе, болмас», деп,

Қобыландыны Көбікті
Ұйықтап жатқан жерінде
Тоғыз қабат тор тастап,
Бекітіп әбден байлады.

Ол уақытта Қараман
Ұйықтап жатқан Қобыланды
Оятуға болмады.
«Енді үзіп кетпес» деп,

Қобыландыны Көбікті
Оятпаққа сайланды.
Түртіп еді Көбікті,
Қобыланды тұрмады,

Ұйқысын Қобылан бұзбады.
Дұшпан деген ойда жоқ.
Жиып алды Көбікті,
Қару-жарақ бойда жоқ.

Қаперсіз жатып дұшпаннан
Басынан өтті дүние боқ.
Аңдаусыз жерде Қобыланды
Пенде болып дұшпанға,

Табанына тиді шоқ.
Бір уақта оянып,
Қобыланды көсілді.
Дұшпан деген батырдың

Әлі де жоқ есінде.
Көбіктінің байлаған
Тоғыз қабат торының
Бес қабаты шешілді.

қобыланды  батыр
Көбікті тұр таңғалып,
Қобыланды қалды сандалып.
Қобыланды батыр сасады,

Басынан бақыт қашады.
Ыза болып Қобыланды,
Жын қаққанға ұсады.
Кісен салып Көбікті,

Қараман мен Қобыланның
Аяқтарын тұсады.
Жеті кәміл бабасын
Жад етуге жаңылды.

Не қылса да бұларды
Енді қара басады.
Бұл екеуін Көбікті
Тақымына қысады.

Қос батырдың қос тұлпар—
Жылқысын да тұсады.
Белес-белес бел еді,
Тарлан атпен желеді.

Асып тұрған қатардан
Көбікті де ер еді.
Дұшпанын батыр мұқатып,
Ауылына келеді.

Қалыңнан соққан қарсақтай,
Салақтатып Көбікті,
Тақымында қос батыр
Ұлы сәске кезінде

Шәріне кеп енеді.
Көбікті келе сөйлейді:

—Үйдемісің, Қарлыға,

Жер астына бір түсер
Бұл адамның барлығы,
Алланың кеп тұр жарлығы.
Қайысқан болат сынғандай,

Желіккен көңіл тынғандай.
Өтірік қандай, шын қандай,
Сені берсем күйеуге,
Екі пенде әкелдім

Бас жетімге қылғандай.

батырлар  жыры
Көгершін қонып қабаққа,
Сұңқар беріп тамаққа,
Жауып таста апарып

Қос кілтті лабаққа!
Қарлыға мінген кер еді,
Маң-маң басып келеді.
Аты әйел демесең

Бұл шәһардің бегі еді.
Байлауда жатқан батырдың
Екеуін екі қолтыққа
Боқжамаша қысып ап,

Ақырын алып жөнеді.
Көтеріңкі қабаққа,
Апарып жауып тастады,
Қос құлыпты лабаққа.

Екі батырды жауып қойып, Қарлыға ойланады. «Мен бұрын
да мұсылман болғым келіп жүруші едім, осы екеуімен үйлессем,
осыларды босатып кетейін. Егер келіспесе, осында жатып шіріп
өлсін»,—деп, екі батырға айтқан сөзі:

—Тауға бітер ай татыр,

Ол татырда мал жатыр.
Байлауда жатқан қос батыр,
Мейіз берсем, жеймісің?
Қазан сынды батырды

Өлтіріп қашқан ермісің?
Қолыңды шешіп, қашырсам,
Қарлыға қыз қашырмай,
Өзім қаштым дермісің?

Қараман сонда сөйледі:

—Менің өзім нашармын,

Түтікпен ауыз ашармын,
Бұл бейнеттен құтқарсаң,
Болайын сенен тасадтық,
Қарлыға, босат қолымды.

Қобыланды сонда сөйлейді:

—Хош, аман бол, Қараман,

Сен қашсаң да, мен қашпан.

қобыланды  батыр
Ат жолынан адасқан
Ердің жолын Тәңірі ашқан.
Алты жаста ат мініп,

Он үш жасқа келгенде,
Жаратқан жалғыз бір Құдай,
Қызылбасқа қас қылдың.
Кет, Қарлыға, қасымнан

Езе берме бұл шақта
Дәулет құсы ұшты деп,
Бір сағат болмай басымнан.
Өшті болған атаңнан

Өшімді алмай мен қашпан.
Кекті болған атаңнан
Кегімді алмай мен қашпан.
Кәпірге деп жаратқан

Дұшпан қылып Құдайым
Қобыландыны о бастан.
Қалам салдым қалтама,
Алты жаста ат мініп,

Он үш жасқа келгенше,
Таулар күйіп, тас жанды
Қобыланды деген атыма.
Қорған болып туғанмын

Әуелден-ақ халқыма.
Асықпаңыз, Қарлыға,
Бір мінерсің Бурылдың
Жайдақ сауыр артына.

Әуелі Құдай жалындым,
Ата-анамды сағындым.
Жауға пенде болғаным
Қара басып өзімді,

Ұйқы басып көзімді,
Кәміл пірімді жаңылдым.
Қараман, барсаң сәлем де
Азулы деген көлдерге,

Асқар-асқар белдерге,
Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ елдерге.
Және сәлем дегейсің

батырлар  жыры
Ит жүгіртіп, құс салған,
Найза ұстаған ерлерге!
Және сәлем дегейсің,

Тұлпар мініп, ту алған
Бұрынғы жолдас, бектерге!
«Кәпірге пенде болды» деп,
Үлкен аға, кіші іні

Ойға алмас біздерден.
Е, дариға, дүние-ай!
Асқар, асқар белдерім,
Азулы деген көлдерім.

Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ елдерім.
Ол елімде көп еді
Тұлпар мініп, ту алған,

Қатар өскен жасымнан,
Найза ұстаған ерлерім.
Жазым болып, көз жұмсам,
Ағайыным жоқ еді,

Кім іздейді, достарым,
Еске түсіп, жылаймын
Неше алуан шерлерім.
Қараман, және сәлем айт,

Мені іздемей жатпасын
Қатар туған, тең өскен
Құрбы туған бозбала.
Пенде болып жатырмын,

Қазам жетіп, көз жұмсам,
Қариялардың айтқаны
Келмеді ме басыма,
«Осы емес пе деген сөз

Опасыз дүние ақырда».
Болат қылыш қынына
Жау үстінде салынбас.
Қынжылмасын елдегі

Аға, іні, қарындас.
Өлтірсе де кескілеп,
Көбікті кеп қолынан.
«Босата көр мені»,—деп,

қобыланды  батыр
Қобыланды оған жалынбас.
Шын болса егерде
Туғаным менің батыр боп,

Алдауға ешбір шалынбас.
Қобыланды сөзін айтып болған соң, Қарлыға:—Мен екеуі­
ңіз­ді де босатайын, өзім де мұсылман болып, сіздермен бірге
болайын,—деп, екеуін де босатады. Бірақ Қобыланды тұрмай­

ды, көтеріп тұрғызғысы келіп еді, Қарлыға Қобыландының бір
аяғын да көтере алмады. Кеше бір қолмен көтеріп әкеп, бүгін
бір аяғын қозғалта алмағанына Қарлыға таңданды. Ақырында
Қараманды жіберіп, жылқыдан алдыртып, санына қылбұрау

салып, Тайбурылды шыңғыртады, сонда Қобыланды шыдай
алмай, ашуланып, жүгіріп шығады. Сонда Қарлыға:—Кел, ба­
тыр, атқа мін, үйде жатып жаудан кек алмас болар, майданға
шық,—деп, Қобыландыны атқа мінгізіп, өзі жаяу еріп, әкесінің

жылқысын айдасып жүре береді.
Артық туған Қобыланды
Тайбурылға мінеді.
Бадана көзді ақ сауыт

Денесіне киеді.
Беліне байлап болатты,
Қарына найза іледі.
Қараманмен екеуі,

Арманда қалған қос батыр
Көбікті ханның жылқысын
Айдап ала жөнелді.
Артық туған Қарлыға

Бозжорға аттай ырғалып,
Асқар-асқар бел қалып,
Ата-ана, қарындас,
Қалың шәһар ел қалып,

Туып-өскен жер қалып,
Қобыланды еске түскенде,
Қыздың шері қозғалып.
«Бір жасаған Құдайым

Қай сын салса, көнем,—деп,
Арманым жоқ дүниеден

батырлар  жыры
Қобыландымен бас қосып,
Бірге жүріп өлсем»,—деп,
Өзі жаяу Қарлыға

Қос батырмен қосылып,
Әкесінің жылқысын
Бірге айдасып келеді.
Құба дөңнен өткенде,

Сарыөзенге жеткенде,
Көбіктінің Тарлан ат
Әуеге қарап есінеп,
«Ием бе» деп кісінеп,

Жау екенін білген соң,
Жылқы ішінде ала-ды,
Қайта айналып шәһарға
Тарлан ат қашып барады.

Жалғаса қуған екеуі
Қарасын көрмей қалады.
Өзі жаяу Қарлыға
Тарлан аттың артынан

Бұ да салды қалаға.
Ат та келді қалаға,
Қыз да барды қалаға,
Өтірік емес, жан аға.

Қыздың ойы ғашықтық
Қобыландыдай балаға.
Тарлан ат қашып келіпті,
Естіпті дүбір Көбікті.

Ат барған соң Көбікті,
«Ат ертте»,—деп желікті.
Сол дыбыспен Қарлыға
Әкесіне келіпті.

Қарлыға келіп сөйлейді:

—Көзге түсер биік там,

Таң болар мені көрген жан,
Ұйқыңды бұзба, атажан.
Сорлы атам неге желіктің,
Өзім жаңа байладым

Өзіңе серік тұлпарың
Жем жейін деп келіпті.

қобыланды  батыр
Осы сөзбен Қарлыға
Көбіктіні жатқызды,
Әбілетке батқызды.

Тарлан атқа Қарлыға
Алтын тұрман ер салды,
Аз ғана азық жем салды.
Қобыланды еске түскенде,

Қыздың шері қозғалды.
Ақмоншақ атқа мінеді,
Ноғай бөркін киеді.
Төбе шашын түйеді,

Ақ сүңгісін қолға алып,
Оқ жыландай толғанып,
Қобыландыға қосылып,
Әкесінің жылқысын

Бірге айдасып жөнелді.
Сарыөзенге келгенде,
Күн сәскеге жеткенде
Тарлан аттың інісі

Оттамайды, жусайды,
Бүкжеңдеп жүрмей келеді
Жамандатқыр көк бесті—
Қашаған көктің інісі.

Жылқы ішінде ала-ды,
Қылшық жүнді қара-ды.
Әуеге қарап есінеп,
«Ием бе» деп кісінеп,

Жау екенін білген соң,
Құс құйрығын тарады.
Желкесіне қарады,
Бауырынан жарады.

Қайта айналып көк бесті,
Шәһарға қашып барады.
Жалғаса қуған үшеуі
Қарасын көрмей қалады.

Қашып барып көк бесті,
Қаласына еніпті.
Есітіп дүбір Көбікті,
Ат барған соң желікті.

батырлар  жыры
Кеткенін біліп қызының,
Қаһарланып Көбікті,
Көк бесті атқа ер салды,

Аз ғана азық жем салды.
Ат басындай тас шоқпар
Көбікті батыр қолға алды.
Көбікті мініп аттанды,

Бұрынғы тартып салтына.
Жылқысын алған жаулардың
Көбікті түсті артына.
Көк бесті қашып кеткен соң, Қарлыға Қобыландыға ай­

тады:—Менің әкемді айламен алмасаң болмас, үстіндегі ақ
сауытты өзім соқтырып едім. Кіндік түбінен үш көзі кем кет­
кен еді, сол жеріне болмаса, басқа жерінен оқ өтпейді,—деді.
Қараманға жылқыны айдатып жіберіп, Қобыланды батыр жау

жолында қасқиып тосып тұрып қалды.
Көбікті ханның келісі:
Белес-белес бел еді.
Өзінің кәпір халқына

Белгілі болған ер еді.
Бірде шауып желеді,
Бірде жортып келеді.
Ұлы сәске кезінде

Тау суындай сарқырап,
Ақ сауыты барқырап,
Қобыланды сынды батырдың
Үстіне келді жарқырап.

Қобыланды сонда сөйлейді:

—Басымнан дүние өттің бе,

Шыны тағдыр жеттің бе,
Өлшеулі күнім, біттің бе?
Қысылған жерде жар болмай,
Әруақты атам Шашты Әзіз,

Жеті кәміл пірім-ай,
Ұмытып-ақ кеттің бе?
Сыңғыр қолым сынды ма,
Шыққыр көзім шықты ма?

қобыланды  батыр
Жалғыздық қайғы басымда,
Жолдасым жоқ қасымда.
Мұндай қайғы көрмедім

Өзімнің өмір жасымда.
Жалғыз шығып елімнен,
Артықша жедім уайым.
Шыбыным сізге аманат,

Жаратушы Құдайым.
Пірлеріне сиынып,
Артық туған Қобыланды
Қорамсаққа қол салды,

Бір салғанда мол салды,
Көп оғының ішінен
«Сұр жебе» деген оқты алды.
Суырып алған сұр жебе

Көп оғына жол салды.
Кезеуіндей кезеді,
Ойдағыдай созады.
«Қалмақы ердің қасы,—деп,

Көк бесті аттың басы,—деп,
Қақ жүректің тұсы,—деп,
Өлер жерің осы,—деп,
Толықсып келген кәпірді

Артық туған Қобыланды
Толғап тартып қалады.
Кірістен оғы кетеді,
Кәпірге таман жетеді.

Қобыландының оғымен
Көбіктінің кеудесі
Ұшып бірге кетеді.
Атта қалды бөксесі,

Оқпен кетті кеудесі.
Артық туған Қобыландының
Қабыл болды тәубесі,
Жәрдем болып бабасы.

Кәпірлерге Қобыланды
Жас күнінен-ақ өш еді.
Қылышын шауып, оқ атып,
Дұшпанын алды мұқатып.

батырлар  жыры
Қобыландыны бұл сапар
Жасаған Құдай қалады,
Жеті кәміл бабаны.

Көбікті кәпір дінсіздің
Оқпен түскен кеудесі
Анадай жатқан шылбырға
Еңбектеп кетіп барады.

Шылбырын қолға алады,
Оқпен түскен кеудесі
Қару қылар қуат жоқ,
Қобыландыға қарады.

Қобыланды мініп атына,
Суырып алып қылышын,
Көбіктіні шабады.
Ерегіскен дұшпанын

Мұқатып әбден алады.
Қақ маңдайға Қобыланды
Қылышпенен салады.
Қозғалуға дәрмен жоқ,

«Қызың жетсе он беске
Атып өлтір бетпақты»,—
Деп Көбікті батырың
Сақалын жұлып жылады.

Қобыланды басқа шапқан соң,
Көбіктідей батырың
Сақалын жұлып жылады.
Екі қолдан әл кетіп,

Жаһаннамға жан кетіп,
Шоқпары түсіп қолынан,
Топырақ қаба құлады.
Көбіктіні өлтіріп,

Сәтіне ісін келтіріп,
Көк бесті атты жетелеп,
Жүрер жолын төтелеп,
Қарлығаға қосылып,

Жібектей болып есіліп,
Қарлыға мен Қобыланды
Аударыспақ ойнайды.
Артық туған Қобыланды

қобыланды  батыр
Ерегіскен дұшпанның
Басын жоймай қоймайды.
Белес-белес жер еді,

Белгілі болған ер еді.
«Қобыландыдан артық па,
Өліп кетсем жаным?» деп,
Алдында бір тоғайда

Қараман тосып тұр еді.
Қобыланды мен Қарлыға
Үстіне жетіп келеді.
Қараман шықты алдынан:

—Жылқы жайдым жапанға

Асқар үлкен тауға,—деп.
Артық туған Қобыланды,
Қайрат қылдың жауға,—деп.
Жетіп келді Қараман:

—Құрдасжан, бізге сауға,—деп.

Қобыланды сонда сөйлейді:
Жая менен жал құрдас,
Шекер менен бал құрдас.
Көбіктінің көп жылқы

Олжаға қоспай ал тұтас.
Қараман сонда сөйлейді:

—Мал саттым базар бөзіне,

Салсаң жылқы тоқтайды,
Арқаның қалың бозына.
Жаман-жақсы айтсам да,
Наз етемін өзіңе.

Олжаның келдім кезіне,
Құлағың сал сөзіме.
Көзің қиып берсеңіз,
Қолқа қылдым, құрдасжан,

Қарлығаның өзіне.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Құртқа баққан Тайбурыл

Астымда дөнен мінгенім.
Тайбурылды мінген соң,
Дұшпанға теңдік бермедім.
Он үш жасқа келгенше,

батырлар  жыры
Басыма түскен кемшілік
Көбіктіден көргенім.
Ата-ана, көп елім

Хабарсыз жатыр жерінде.
Көп қайғының ішінде
Менің бүйтіп жүргенім.
Мынау тұрған Қарлыға

Ата-ана, көп жұртын
Қиып еді мен үшін
Артықша тиіп пайдасы.
Көбіктінің өлгені—

Қарлыға қыздың айласы.
Көбіктінің көрдің өлгенін,
Тәңірім бақты бергенін.
Қызметі көп еді,

Артықша мақтап айтпаймын.
Мынау тұрған Қарлыға—
Өзі сүйсе, бергенім.
Қарлыға жауап айтқанша,

Қараман келіп сөйлейді:

—Мұңлық пенен Зарлық,—деп,

Түйенің көркі нарлық,—деп,
Жүктің көркі сандық,—деп.
Сауға тілеп, өтініп,
Құрдасымнан қыз алдым,

Татулыққа нандық,—деп.
Қарлығаны Қараман
Жетелеп ала жөнелді,
Құрдасжан берді, алдық,— деп.

Мінген аты дөнен-ді,
Үшеуі тоқтап бөгелді.
Азырақ тұрып сөйлесіп
Болғаннан соң үшеуі,

Көбіктінің жылқысын
Гулетіп айдап жөнелді.
Ақ бөкендей жосылды,
Төрт аяғын көсілді.

Қияттан шыққан көп құлға
Үшеуі келіп қосылды.

қобыланды  батыр
Атқа мініп желгендей,
Ер қадірін білгендей,
Қобыландыменен ісі жоқ,

Құрметтейді көп қият
Қараманды сол жерде
Олжаны өзі ап келгендей.
Нәсілі жаман көп қият

Қараманды көтеріп,
Ат үстінен алады,
Астына мамық салады.
Соншалықты құрметпен

Күтіп оны алады.
Қобыланды сынды батырдың
Атын ұстар кісі жоқ,
Нәсілі жаман көп қият

Бұл батырмен ісі жоқ.
Мінген аты қызыл-ды,
Сын тағдырға сызылды.
Олжаға көңіл біткен соң,

Толып жатқан көп қият
Көшпекке көңіл бұзылды.
Байдың қызы жамылар
Масаты шекпен, қамқасын.

Қобыландымен ісі жоқ,
Үдере көшті көп қосын.
Керуен барып қонған соң,
Артық туған Қобыланды

Жалғыздық айтып жабығад,
Бір Тәңірге жад етіп.
Жалғыздық жаннан өткен соң,
Сүйекке намыс жеткен соң,

Қарамандай құрдасы
Көп қиятқа бас қосып,
Есіне алмай құрдасын,
Көптік етіп, мастанып,

Қобыландыдай батырды
Жалғыз тастап кеткен соң,
Қобыланды наз ғып сөйлейді:

—Опасыз дүние осы ма,

батырлар  жыры
Жалғыздық түсті басыма.
Толып жатқан қияттан
Жан келмейді қасыма,

Жаман да болса, дүние-ай,
Көптің ісі бітеді,
Жалғыздың ісі жетеді.
Еңбекпен тапқан олжамды

Еште бір қандай еңбексіз
Қияттар алып кетеді.
Ақылсыз туған мен байғұс
Бүйтіп жалғыз жүргенше,

Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ көп елден
Ондап, бестеп қасыма
Жігіт алсам не етеді?!

Мен байғұстың басымнан
Қаңғырып жалғыз жүргенде,
Арманменен, дариға-ай,
Дүние бір күн өтеді.

Шыныменен шамдансам,
Өзі түгіл бұл қолдың
Жұртына әлім жетеді.
Жалғыз туған мен сордың

Алдымда сүйеу ағам жоқ,
Алладан басқа панам жоқ.
Тәңірі жалғыз жаратты,
Көппін деуге шамам жоқ.

Артымда таяу інім жоқ,
Жалғыздықтан басқа мінім жоқ.
Көптік етер күнім жоқ,
Білмей қалдым басымнан

Өткенің бе дүние боқ?!
Мінәжат етіп жылаймын
Өзімнің нашар халімді.
Жазым етіп, көз жұмсам,

Жұрт талайды малымды.
«Атадан алтау екен» деп,
Өзімнен төмен жаманға
Болайын неғып жалынды.

қобыланды  батыр
Енді қашан көремін
Кемпір менен шалымды?
Пендем десең, Құдайым,

Ойла менің халімді.
Ойламасаң халімді,
Осы түннен шығармай,
Тағдырымды бітіріп,

Тауыс менің нанымды!
Таудың толды саласы,
Батырдың алған жылқыға,
Жер толмаған құлпыға.

Қобылан сынды батырдың
Жүре алмады астында
Тайбурыл аты ақсақ боп.
Ат басындай жүрекке

Қайғы менен шер толып,
Бұл қайғыны көрген соң,
Артық туған Қобыланды
Есі кетті сандалып.

Бір Құдайға Қобыланды
Жылады түнде зар қылып.
Жанында жалғыз адам жоқ,
Көп қосынның шетінде

Қобыланды келеді қаңғырып.
Жол шетінде Қобыланды
Тайбурылдан түседі.
Қатарынан Қобыланды

Асып туған кісі еді.
Құрбысында адам жоқ
Қобыландыдай мүшелі.
Жамандар қылды өсекті,

Жылап жүріп Қобыланды
Тоқымнан қылды төсекті.
Қараман қылды мастықты,
Жылап жүріп Қобыланды

Ерден қылды жастықты.
Тоқымын төсеп, ер жастап,
Артық туған Қобыланды
Етпетінен құлады,

батырлар  жыры
Ұзынынан сұлады.
Алтын ерге сүйеніп,
Өксіп-өксіп жылады.

Жылап жатып батырдың
Көзі кетті ұйқыға.
Таң сарғайып атқанда,
Бір уақта Қобыланды

Таң шолпаны батқанда,
Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Он сегіз мың ғаламның

Он бес мыңы бар қасында,
Қобыландының өзінің
Жеті кәміл бабасы
Жетіп келді қасына.

Отырды келіп басына
Жеті кәміл бабасы,
Қобыландыға сөйлейді:

—Мінген атым бозды ғой,

Саған келген пәлені
Қорғаймын деп Қобыланды,
Алтын тонның етегі
Тамтық қалмай тозды ғой,

Арқам жаман қозды ғой.
Құлағың сал, Қобыланды,
Құланнан аттым қодықты,
Көлден тарттым борықты.

Кешегі күн ішінде
Сенің атаң, шырағым,
Тоқтарбайға жолықтым.
Оқпанды сай жыра екен,

Асқар-асқар қыр екен.
Киімі жыртық үстінде,
Ақ табан болып жат елде
Қойшы болып жүр екен.

Алпыста анаң Аналық
Арқан есіп, жүн түтіп,
Қайғыменен қан жұтып,
Қасіретті күн тартып,

қобыланды  батыр
Тезек теріп анаңыз,
Құрт қайнатып жүр екен.
Қарындасың Қарлығаш

Дастарханы иығында,
Шынаяғы қолында,
Алдамшасы белінде,
Бөтен жаудың елінде,

Қызылбастың шетінде
Қызмет етіп жүр екен.
Өзіңнің Құртқа жарыңды
Қалмақтың ханы Алшағыр

Аламын деп тұр екен.
Дұшпан алды еліңді,
Аңыратып жеріңді.
Сындырып кетті беліңді,

Кесіп кетті желіңді.
Жалған айтар демеңіз
Жеті кәміл піріңді.
Өзіңнің осы сауыңда

Олжаға салып қоймаңыз,
Қалың қыпшақ еліңіз,
Ол да саған өлім-ді.
Өлгеніңше жәрдеммен

Алаулаған қалмақтан
Бір алып қал кегіңді.
Кей жаманның сөзі бар
Шағатұғын жыландай,

Айыр құйрық шаяндай.
Жақсылардың сөзі бар
Асылдан ұшқан қаяудай.
Араласаң тоғайды,

Көресің қашқан қоянды.
Бабасының дауысымен
Қобыланды шошып оянды.
Көзін ашып қараса,

Таң сарғайып атыпты,
Таң шолпаны батыпты.
Мақпал жастық мамық-ты,
Ойланып түсін қамықты,

батырлар  жыры
Айнала көзін салыпты.
Соны сезіп Тайбурыл,
Қайғыланып жүр екен.

Пірінен хабар жеткен соң,
Көзін салып қараса,
Тұлпар туған Тайбурыл
Құландай ойнап тұр екен.

Биік-биік қыр екен,
Оқпанды сай жыра екен.
Жанында жоқ еш адам,
Қобыланды жалғыз қалған соң,

Қарамандай жаманды
Толып жатқан көп қият
Артықша құрмет қылған соң,
Қыз да болса Қарлыға

Серікке жарар ер екен.
Тайбурыл атты жетелеп,
Сауғаға кеткен бейшара
Қарлыға күтіп тұр екен.

Түрегелді Қобыланды
Көзінің жасы мөлтілдеп.
Мойыны кетті батырдың
Қуатсыз болып былқылдап.

Қос бүйрегі солқылдап,
Көзінің жасын ағызып,
Артық туған Қобыланды
Қарлығаның қасына

Әзер келді былқылдап.
Қобыланды келіп сөйлейді:

—Жылқыда құмай аламын,

Қылшық жүнді қарамын,
Көмек берер демеймін
Сейілұлы Қараман.
Әйел де болсаң, дана едің,

Мұңымды саған шағайын.
Жау шауыпты елімді,
Жау кесіпті желімді.
Сындырып кетті белімді,

Қуратып кетті көлімді.

қобыланды  батыр
Жалған айтар демеймін
Жеті кәміл пірімді.
Ұлықсат етсең, Қарлыға,

Бүлінген елге барамын.
Тәңірі оңғарса жолымды,
Алаулаған қалмақтан
Бір алайын кегімді.

Қарлыға сонда сөйлейді:

—Ер де сасар болар ма,

Етегін басар болар ма?
Мұсылман туған пендеден
Кәпірлер асар болар ма?
Мұндай іске қуанбай,

Батырлар сасар болар ма?
Әуелі Құдай—панайым,
Ақ жаратқан Құдайым!
Ата-анам, өз халқым

Бір садаға басыңнан.
Құрбандық қылып шығып ем,
Шыққандағы ниетім:
«Сіз болар ма,—деп едім,—

Тәңірі қосқан жұбайым».
Өзім сізден қалған соң,
Артықша жедім уайым.
Артық туған Қобыланды,

Талабыңнан қайтпаңыз.
Жалғыз жүре беріңіз,
Азырақ тоқтап артыңа.
Ерерге жолдас бар ма екен

Қараман басы күн қият,
Жамандардан сынайын.
Қайғыланып, қан жұтпай,
Запыран ішіп, май құспай,

Пенде болған халқыңа
Тезірек жүріп жете гөр,
Медет берсін бір Құдай!
Талапкер туған ер болса,

Жиып алып қолыма,
Жаңылмасам артыңнан

батырлар  жыры
Мен де жедел барайын.
Артық туған Қобыланды
Тайбурылға мінеді,

Қарына найза іледі,
Беліне байлап болатты,
Жасыққа асыл жалатты.
Тайбурылдың маңдайын

Қараспан тауға қаратты.
Астындағы тұлпардың
Жел тимеген бауырын,
Күн тимеген сауырын

Қамшымен ұрып қанатты.
Ертемен шыққан Қобыланды
Кешке дейін шабады.
Жете алмай жеріне,

Бара алмай еліне,
Түн ортасы болғанда,
Есіктің алды ағын-ды,
Бола жазды шығын-ды.

Шығын емей немене,
Екпіндеп шапқан Тайбурыл
Етпетінен жығылды.
Аттан түсе қалады,

Қолын салып Қобыланды
Жерді байқап қарады.
Батар күні батыпты,
Жазығы мал демесең,

Тайбурылдың ақылы
Адамзаттан артық-ты.
Артық туған қыз Құртқа
Екі мезгіл жем берген,

Жаныменен тең көрген.
Алтыннан соққан азбарға
Бурыл құлап жатыпты.
Мінген аты құла-ды,

Құландай шауып бұлады.
Жұртын танып Қобыланды,
Тоқымын төсеп, ер жастап,
Етпетінен құлады,

қобыланды  батыр
Ұзынынан сұлады.
Алтын ерге сүйеніп,
Өксіп-өксіп жылады.

Осы жерде Қобыланды
Таң атқанша жатады.
Таң сарғайып атады,
Таң шолпаны батады.

Зарланып шығып түнімен,
Таң атқан соң қараса,
Жұрты жатыр, елі жоқ,
Батпағы жатыр, күлі жоқ,

Қобыланды көріп жылады:
«Қаңғырып жүріп дүниеден
Ешбір опа көре алмай,
Өткенің бе дүние боқ?»

Таң атқанда Қобыланды
Тағы мінді жарасқан
Тайбурылдың үстіне,
Алтын тұрман еріне.

Іздеген жауға Қобыланды
Іркілмей кірді көріне.
Ертеңгі сәске кезінде
Бұлаңдаған Бурылмен

Жүгіртіп келді Қобыланды
Айнакөлде Құртқаның
Орда тіккен жеріне.
Жұртын көріп сол жерде

Қобыланды және бұрсанды,
Көзіне батыр жас алды.
Атынан түсіп Қобыланды
Қайғыланып, бойынан

Қуат кетіп, сандалып,
Аяғын жөндеп баса алмай,
Омақасып Қобыланды
Оң етегін басады.

Бекітіп алып буынын,
Артық туған Құртқаның
Орнына таман барады.
Жұртына көзін салады,

батырлар  жыры
Қараса, күлдің ортасы
Көтеріңкі көрінді.
«Күл ішінде не бар?»—деп,

Қобыланды күлді қарады.
Ашып күлді қараса,
Жая менен жал екен,
Түрлі тағам бар екен.

Өзін қалмақ алғанда,
Көк арбаға салғанда,
«Кез болса бұған батыр,—деп,
Тауып азық қылсын»,—деп,

Ақылды туған Құртқаның
Бөтен нәрсе тастауға
Шамасы келмей сұлудың,
Көміп кеткен наны екен.

Күлдің алып ішінен,
Нанды қолға ұстады:
«Бұйырғаны Құдайдың
Осы шығар бізге»,—деп,

Тәубесін айтып Қобыланды,
Шетінен нанның тістеді.
Тамағынан ас жүрмей,
Іші күйіп барады.

Өзгесін жемей батырың,
Ат қоржынға салады.
Енді мініп атына,
Жүрерге жолын таба алмай,

Қайсы жаққа кеткенін
Жаудың жөнін біле алмай,
Жапанда тұрып Қобыланды
Зарығып тағы жылады:

—Жан жаратқан Құдайым,

Жалғыздық басқа түсіп тұр
Дүниедегі уайым.
Қайсы жаққа жүрейін,
Қай тураға барайын?!

Атқа мініп жасымнан
Серілікпен жүрсем де,
Ашылмаған екен талайым.

қобыланды  батыр
Ата-ана, көп халқым
Қайда барып табайын?
Бір басыма тар қылдың,

Дүниенің кең сарайын!
Батырдың дағдарып тұрған шағында Тайбурыл жерді иіске­
леп, кісінеп-кісінеп, күннің шығысына қарай шауып жөнелді.
Мұны байқай келгенде, Құртқа сұлудың Тайбурылдың сүйсініп

жейтін жемін шашып кеткені мәлім болды. Бұған түсінгеннен
кейін Қобыланды Тайбурылдың еркімен жүре берді.
Тайбурылды Қобыланды:

—Әйт, жануар, шу!—деді.

Бурыл тұлпар гуледі,
Табаны жерге тимеді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі.
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Ертемен шапқан Қобыланды

Кешке дейін шабады.
Жете алмай қалаға,
Бекер шапты далаға.
Сілтеуден анық табады,

Түнге шейін шабады.
Түн ортасы болғанда,
Есіктің алды ағын-ды,
Бола жазды шығын-ды.

Шығын болмай не қылсын,
Екпіндеп шапқан Тайбурыл
Етпетінен жығылды.
Қобыланды түсе қалады,

Жер-жерді байқап қарады.
Аллаға тілім жазықты,
Ат ауырса, қарны ашса,
Қылсын деген азықты.

Қыз Құртқа қағып кетіпті
Кез бойы алтын қазықты.

батырлар  жыры
Қолын жерге салыпты,
Тайбурылдың астынан
Қобыланды тауып алыпты.

Ол қазықты бес бүктеп,
Ат қоржынға салыпты.
Атына Қобылан мініпті,
Тайбурылын тайдырмай

Табанын жолға салыпты.
Батыр туған Қобыланды
Таң атқанша шабады.
Елін шапқан дұшпанын

Адаспай Қобыланды табады.
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда
Алшағырдың шәһарын

Батырдың көзі шалады.
Шәһарға жетіп барады,
Қақпасын тауып ала алмай,
Тайбурыл атпен шабады.

«Асылдан соққан найза,—деп,
Жақсы кісі жаманға
Көп тигізир пайда»,—деп,
Таң атқанша Қобыланды

Үш айналды шәһарды,
Кіруге тесік қайда?—деп.
Мінген аты қара-ды,
Қылшаң жүнді қара-ды.

Түнде қойға барғанда,
Жоқтаушы еді Тоқтарбай
«Жалғызым» деп баланы.
«Уай, қозым!» деп зарлаған,

Жас қозыдай маңыраған,
Саулы іңгендей боздаған.
Сыртта жүрген Қобыланның
Құлағын жарып барады.

«Қалайша жоқтар екен»,—деп,
Құлағын батыр салады.

—Келелі түйем ішінде

Қоспақ бура ұқсаған,

қобыланды  батыр
Жалғызым, сенен айрылдым!
Мың жылқының ішінде
Көзге түсер тұлпардай,

Қанаты бүтін сұңқардай,
Ботам, сенен айрылдым!
Ішім толған көп қайғы
Уһілесем кетпейді.

Кәпірден киген сары тон
Тіземе тартсам жетпейді.
Күнде ал деймін Құдайға,
Өлшеулі демім бітпейді.

Жалғызым барда көңілім тоқ,
Жалғызым, сенен айырылып,
Табаныма жетті шоқ,
Басымнан өтті дүние боқ!

Мен қу басқа тимеді
Тағдырмен келген ажал оқ!
Айы біткен айда өлер,
Күні біткен күнде өлер.

Жалғызымнан айрылып,
Көрген күнім құр бекер.
Опасыз дүние сырғанақ,
Он үш жасар Қобыланды,

Шыныменен сенен айырылсам,
Өтірік емес Құдайдың
Шыныменен ұрғаны-ақ!
Кәпірге пенде болғанша,

Бұл бейнетті көргенше,
Жалғызымның артынан
Неге өлмедім мен шұнақ?!
Кемшілік берді бұл кәпір

Кәміл тоқсан жасымда.
Пенделіктен кәпірдің
Қойын бақтым мен пақыр.
Жалғызым менің келер ме,

Сорым қайнап мен сордың,
Иә, болмаса, сол жақта
Қазасы жетіп өлер ме?
Тірі болса жалғызым,

батырлар  жыры
Пірлері беріп хабарды,
Менің бүйтіп кәпірге
Пенде болған жайымды,

Басыма түскен уайымды
Қобыланды қозым білер ме?!
Қобыланды тыңдап тұр, атасы зарлап болғаннан кейін, ана­
сы Аналықтың айтқан жоқтауы:

—Тоғайдан қудым көжекті,

Етектеп тердім тезекті.
Жалғызымды жоқтайын,
Шаршағанда тоқтайын.
Жан қосағым, Тоқтарбай,

Беріңіз маған кезекті,
Омар менен Оспандай.
Жан қосағым, Тоқтарбай,
Жұмылған көзді ашқандай,

Ай мүйізді қошқардай
Ішіміз толды қайғыға-ай
Жалғызымнан айрылып,
Пенде болдық дұшпанға-ай!

Пайғамбар—Тәңірі жолдасы,
Кәпірдің өтті бұл ісі
Жан қосағым, Тоқтарбай,
Түн ортасы болғанда,

Қобыланды жақтан жел соқты.
«Жаңылмасам деп едім,
Жалғызымның астында
Тайбурыл аттың тынысы.

Шырағым асты белеңнен,
Кетіп еді жау іздеп,
Астында Бурыл дөненмен,
Көкке тойған көбеңмен.

Жұмысы болмай жөнелді,
Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ көп елмен.
Өткізермін деуші едім

Жасықты жанып пышаққа.
Жалғыз туған жас қозым

қобыланды  батыр
Талаптанды сапарға.
Көзіңді сал, Тоқтарбай,
Алласы берген шыраққа.

Бұлты келді төбеңнен.
Бұлтың келді, өзің жоқ,
Жалғызым барда көңілім тоқ.
Жалғызым сенен айрылдым,

Күйіп-жанып болдым шоқ.
Жалғызымның барында,
Көшке жорға мінгенім,
Еруде қамқа кигенім.

Жалғызым, сенен айрылып,
Сонша бейнет көргенім!
Құлағың сал, Тоқтарбай,
Иінім бүгін тартады,

Қараспанға ел қонып,
Еруде қамқа кигендей!
Қарым және тартады,
Қараспан тауын қабаттап

Қалың қыпшақ ел көшіп,
Кешке жорға мінгендей!
Төсіме біткен қос тері
Ішінде жоқ бос тері,

Бұлақ болып есілді
Жалғызым келіп емгендей!
Мен бейшара зарлаймын
Ботасы өлген түйедей.

Ернім және тартады
Он үш жасар баламның
Ақ бетінен сүйгендей.
Қуанамын мен сорлы

Кеткен қозым келгендей.
Оң қабағым тартады
Сапар кеткен қозымнан
Анық хабар келгендей.

Жұмылған көзім ашылып,
Жалғызымды көргендей!
Есіктің алды төбелік,
Бейшара болған біздерге

батырлар  жыры
Кәпір қылды көп зорлық!
Алпыстағы шешең Аналық
Тезек теріп етектеп,

Құрт қайнатып, жүн түтіп,
Арқан ескен не қорлық?!
Өзге қорлық, қорлық па,
Өзіңнің жарың Құртқаны

Қалмақтың ханы Алшағыр
Алам дейді сол зорлық!
Шырағым келіп ат қояр,
Алшағыр тіккен ордаға.

Кәпірден көрген бұл қорлық
Өлгенше естен кетер ме?!
Біз мұнда көрдік көп қорлық,
Жас қызым жүрді бекерге.

Зарланған менің дауысым
Шырағыма жетер ме?!
Қобыландының қарындасы Қарлығаштың көрген түсі
Қарлығаш сонда сөйлейді:

—Жан шешеке, тұра-тұр,

Жан көкеме түс көрдім.
Адыра қалған ақ балтам
Тасқа тиіп кетілді.
Тәңірі аямас болар ма,

Мен бейшара жетімді?
Жан көкем болса елімде,
Қалмақтың ханы Алшағыр
Бүлдірер ме еді кентімді?!

Бүгін менің түсімде
Өзімнің бабам ішінде
Қазанның Сырлы қаласын
Артық туған жан көкем

Сайрандап жалғыз жүр еді.
Қазанды шауып, жау қашып,
Бірге туған жан көкем
Қаһарын тігіп, ақырып,

қобыланды  батыр
Қараманды шақырып,
Қатын деген бір сөзін
Бетіне айтып тұр еді.

Бөлінбеген ұйқысын,
Жыртылмаған құлпысын
Қараман мен жан көкем
Таң ата алып жүр еді

Көбікті ханның жылқысын.
Жамандатқыр Тарлан ат
Қашып барып еліне,
Ер салуға Көбікті

Тарлан атқа асықты.
Терлік салып беліне,
Қуып жетіп Көбікті,
Ұйықтап жатқан жерінде

Жан көкемді пенде етіп,
Ақымақ қырғыз желікті.
Бұл секілді бейнетке
Жан көкем неғып көніпті?

Жан көкемді қолдамай,
Сеніп жүрген бабасы.
Ағекемнің бұл сапар
Болмады қабыл тобасы,

Көбіктінің асып айласы.
Өз аттасым Қарлыға
Көкеме тиіп пайдасы.
Қараман мен көкемді

Қолын шешіп, босатып,
Түн ішінде қашырып,
Қызметін асырып.
Өз аттасым Қарлыға

Артық туған көкемнің
Аяғына бас қойып,
Мұсылман болып жүр еді.
Қобыландының бұдан да кейінгі басынан өткізген оқиғасын

тегіс айтып, осы айтып отырған түсін тыңдап тұрғандығына
дейін айтып тоқтап еді. Содан кейін Құртқаның айтқан сөзі:

батырлар  жыры
Құртқа сұлу сөйлейді:

—Бұғалық салдым саяққа,

Пұл өтпейді бояққа.
Перзентім болған Тайбурыл,
Менен кеттің қай жаққа?
Анаңыздан туғаннан,

Анаңның түсін көрсетпей,
Бауырыма салып, бала етіп,
Алғаусыз болсын тұлпар,—деп,
Қулықтың сүтін еміздім.

Әлім сол деп қалма,—деп,
Маңқа, құлық болма,—деп,
Және байлап жеңіме,
Қызыл дәрі жегіздім.

Құртқа баққан Тайбурыл
Қыдыра жалды, қыл құйрық
Жылқыдан қалмас дегіздім.
Сенің анаң мен едім,

Менің балам сен едің.
Бір көрсетпей қараңды,
Қайыптың құсы сен болып,
Қай тарапқа жөнедің?!

Артықша еңбек қылып ем,
Осындай қиын жерлерде
Үстіңдегі сұлтанды,
Тарықтырмай біздерді,

Көрсетер ме екен деп едім.
Көңілімдегі арманым:
Болмашының сөзімен
Қырық үш күнің кем еді.

Қаратаудың жылғасы,
Бауырында ойнар құлжасы.
Тәңірі не деп жараттың
Төмен етек ұрғашы.

Аламын деп қинайды
Діні бұзық болмашы.
Сұлтаным сүйген ақ дене
Болар ма жаудың олжасы.

Қозысы үлкен саулыққа

қобыланды  батыр
Қозы телу барлық-ты.
Ботасы өлген түйеге
Нар теліген зорлық-ты.

Кәпірден көрдім қорлықты,
Сұлтаным келіп саламат,
Кәпірге салып ол азап,
Осы жалған дүниеде

Өлер едім армансыз,
Алаулаған қалмаққа
Өзінің ісін келтіріп,
Бір көрсетсе қорлықты.

Қақпалы үлкен есікті,
Пайғамбардай несіпті.
Қаланың тұрып ішінде
Қыз Құртқаның зарланып,

Шығарған қатты дауысын
Періштеден жалғасып,
Сырттағы тұрған тұлпардың
Құлағы анық есітті.

Қыстың басы қауыс-ты,
Артық туған Қобыланды
Он бес жасқа келгенше,
Ерегіскен дұшпанның

Басын кесіп тауысты.
Анасын тұлпар білген соң,
Қайта-қайта кісінеп,
Шығарды қатты дауысты.

Тайбурылдың дауысы
Қыз Құртқаға келеді.
Тайбурылдың дауысын
Құртқа анық біледі.

Дауысын танып тұлпардың,
Келгенін біліп сұңқардың,
Артық туған қыз Құртқа
Ақ сұңқар құстай түледі.

Сол бойымен сұлудың
Көңілі тасып, шат болып,
Алшағыр ханға келеді.
Келе сұлу сөйлейді:

батырлар  жыры

—Әй, Алшағыр, құлақ сал,

Құртқа сұлу мен едім,
Сұлтанымның барында
Сырттан келген дұшпанға
Намысымды бермедім.

Сұлтанымның жоғында
Сен едің менің ергенім.
Ал көрдің де, қинадың,
Жарық сәуле көрмедім.

Құртқа шығып далаға,
Бойын жазсын демедің.
Рұқсат берсең, Алшағыр,
Далаға шығып азырақ

Бой жазайын деп едім.
Елімді алған Алшағыр,
Сөзіме құлақ сал, Шағыр.
Сақтағаны Құдайдың

Саған дағы бар шығар
«Қашады» деп сенбесең,
Екі құл мен, екі күң
Бақташыңды сал, Шағыр.

Ала қапты алайын,
Беліме арқан салайын,
Тезек теріп бой жазып,
Қаладан тысқа барайын.

Алшағыр хан да ер еді,
Сұраған соң сұлуға
«Аламын» деп қашаннан
Үмітпен жүрген Алшағыр

Рұқсатты береді.
Күзетшісі қасында,
Шәһардың шығып тысына,
Қыз Құртқа кетіп барады.

Қалама көйлек қаттысын,
Шыбын жанның тәттісін.
Келіп Құртқа сұрады
Алшағыр ханның сатысын.

Сұраған соң қыз Құртқа,
Хан сатысын береді.

қобыланды  батыр
«Мені қабыл көрді» деп,
Жауабына ереді.
Артық туған қыз Құртқа

Сатысын қолға алады.
Баспалдақты көтеріп,
Тамға сүйеп салады.
Баспалдақпен өрмелеп,

Тамның шығып басына
Қыз Құртқа кетіп барады.
Шыққаннан соң биікке,
Жан-жаққа көзін салады.

Тұлпарды байлап терекке,
Бір дуадақ атып ап,
Отқа салып Қобыланды,
Шала піскен кезінде

Қанды көбік тарқамай,
Ортасынан бір кесіп,
Дәм көрмеген көп күннен
Артық туған батырың

Ауызға алып салады.
Бір тоғайдың ішінде
Отырғанын батырдың
Сұлудың көзі шалады.

Көріп сұлу сөйлейді:

—Әуелі Алла, «Әл-хамым»,

Атса мылтық өткізбес,
Басыңдағы қалқаның.
Кеткен жері қуарған,
Келген жері қуанған,

Тұлпар мініп, ту алған,
Туын қанға суарған,
Дұшпанын іздеп, жол шеккен
Келген екен сұлтаным.

Шәһардан тысқа барады,
Бойын жазып кәпірден
Қыз Құртқа әбден алады.
Төрт бақташы қасында,

Келді сайдың қасына.
Құртқа бір сөз бастады,

батырлар  жыры
Құл мен күңдер қостады.
Бір құл менен бір күңді
«Ойнай тұр» деп тастады.

Құл да күңді ұстады,
Құртқа кетті, біз қалдық,
«Бола ғой» деп қыстады.
Және бір сайдың басына

Бір құл менен бір күңді
«Сен де ойна» деп тастады.
Бұлардан халас болған соң,
Бойын жазып алған соң,

Қолындағы ақ балта
Тасқа тиіп майрылды,
Дұшпанынан айрылды.
«Тоғайым көрген осы,—деп,

Не болмаса тұсы»,—деп,
Бір тоғайға қайрылды.
Тоғайға келіп енеді,
Терекке басын байлаған,

Шиыршық атып ойнаған
Бурылды сұлу көреді.
Бұлаңдаған Құртқаны
Тайбурыл анық біледі.

Анасын танып Тайбурыл,
Теректегі шылбырын
Жұлып алып жөнелді.
Ат шапқан соң, «тәк-тәк» деп,

Артынан Қобыланды жүгірді.
Ұмтылғанда Тайбурыл
Артық туған қыз Құртқа
Омыраудағы ақ түйме

Ағытып бәрін жіберді.
Есіктің алды ағын-ды,
Бола жазды шығын-ды.
Шығын болмай не қылсын,

Омырауына Құртқаның
Тұмсығын тыға жығылды.
Ат тоқтаған мезгілде,
Бұлаңдаған Құртқаны

қобыланды  батыр
Қобыланды көреді.
Артық туған қыз Құртқа
Қол қусырып түрегеп,

Иіліп сәлем береді.
Құртқа сұлу сөйлейді:

—Дүниедегі іңкәрім,

Екі саулық, бір тоқты
Баһар айда қырқарым.
Бұрын жетті өзіңнен
Астыңа мінген тұлпарың.

Тұлпар мініп, ту алған,
Аман есен келдің бе,
Жұрт иесі, сұңқарым?
Сақтадым жаудың қаласын,

Дұшпанның көрдім аласын.
Құдай қосқан сұлтаным,
Әлдеқандай қыласың?!
Ала қапты бес бүктеп,

Ішіне тықты қыз Құртқа
Арыстанын сынамақ.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Артық туған қыз Құртқа,

Кім ұстамас жылқының
Жекелеп қашқан саяғын.
Бірді таппа, мыңды тап,
Көріп келдім бұл сапар

Жалғыздықтың азабын.
Адам болып, ер жетсін
Өзімнің соғар таяғым.
Батырың ерлік бастады,

Ерлігін Алла қостады.
«Тұл болсын» деп ақ қапты,
Артық туған қыз Құртқа
Қобыланды сынды батырдың

Көзінше алып тастады.

—Көптен бері жол жүріп,

Сағынған жарың мен едім.
Кәпірден көріп қорлықты,
Сарғайған жұптым сен едің.

батырлар  жыры
Арманым жоқ дүниеде,
Есен-аман қауыстым,
Құдай қосқан қосағым!

Ата-анам, көп халқым
Көре алмаспын деп едім.
Ақылды туған Құртқажан,
Қыпшақтың мекен жайлауы—

Қараспан еді өркені.
Көрмегелі сіздерді
Көп боп еді, Құртқажан,
Көріселік кел бері!

Құртқа келіп көрісті.
Осы келген сапардан
Қайғы менен машақат,
Қобыланды көрген көп істі.

Екеуі де келісті,
Көріскелі келісті.
Көрісіп болып екеуі:

—Арманымыз жоқ Құдайға,

Аман-есен көрдік,—деп,
Көңілдегі қашаннан
Қайғы-зарын шығарып,
Екі сұңқар кеңесті.

Әлқисса, екеуі біраз кеңескеннен кейін Қобыланды батыр
тоғайға қарап жүре бастады.—Ата-ана, ел-жұртын қолына ал­
мастан бұрын, Қобыланды батыр қатынын алды,—деген атаққа
қаларсың, сақтаған Құдай өзі сақтар, мен әзірге қала тұрайын.

Дұшпанды мұқатып алған соң, ата-ана, ел-жұртыңмен бір­
ге келермін деп, шәһарға қайтуға ұлықсат сұрады. Онда
Қобыланды:—«Сұлтаным әдейі іздеп келгенімде қолына ала
қоймады» деп айтар деп, сені Қараспанға апарып тастап, қайтып

келіп, ұрыс бастайын деп едім,—деп айтқаны:
Болған істер болмай ма,
Болмаған істер тынғай ма?
Өтірік айтқан оңғай ма,

Түлкі киген тоңғай ма?
Бұл ақылың, Құртқажан,

қобыланды  батыр
Патшаға бітсе болмай ма?
Сөзің дұрыс, Құртқажан,
Тапсырдым сені Құдайға.

Құртқа сонда сөйлейді:

—Жарылқасын Құдайым,

Сұлтаным сенің бетіңнен!
Ойын балық кетпейді
Жазғы судың бетінен.
Достым, жаның сау болса,

Кете алмас дұшпан еркіңнен.
Сұлтаным, бұршы мойныңды,
Бір сүйейін бетіңнен.
Мойын бұрды Қобылан нар,

Аузынан сүйді Құртқа жар.
Көбірек тұрды құшақтап,
Жарына боп ынтызар.
Жаз мінгенім жалды еді,

Қыс мінгенім қоңды еді.
Жасаған Құдай, оңдаса
Сүйгенімнің алды еді.
Артқаным қайың қос еді,

Асқаным алтын мосы еді.
Оңдамаса Құдайым,
Сүйгенім соңы осы еді.
Ашық боп жүрген қыз Құртқа

Аузын сүйді аймалап,
Бетінен сүйді қармалап.
Дұшпанға тиер Қобыланды
Жеті пірін паналап,

Мауқын Құртқа басқан соң,
Қобыланды сөйлейді:

—Әбзел салдым алаға,

Жау іздедім алыстан.
Ағайын, туған, қарындас,
Қарамай, қатын-балаға.
Мұнша Құртқа бой жазып,

Неге шықтың далаға?
Жеңіп алған ит қалмақ
«Келінің қашып кетті» деп,

батырлар  жыры
Барғанша қорлық көрсетер
Атаң менен анаңа.
Құртқажан, енді кешікпей,

Қайт тезірек қалаға.
Құртқажан, сәлем айтқайсың
Ата менен анаға.
Әсіресе, қыпшақтан

Жасы үлкен ағаға,
Жасы кіші балаға.
Сұлтаным келді дегейсің
Қаланың сырты далаға.

Жанын қылды дегейсің
Ағайын, жұрттан садаға.
Хош-аман бол, Құртқажан,
Ертеңге шейін тапсырдым

Бір жаратқан Аллаға!
Ертеңгі күн таң атса,
Тұлпар туған Бурылды
Талап етіп мінейін.

Үстімдегі ақ сауыт
Кебін етіп киейін.
Сіздерді алған дұшпанға
Жалғыз да болсам, Құртқажан,

Аш бөрідей тиейін.
Қапастағы отырған
Біздің қыпшақ баласы
Қойсын бүгін ұйқыны.

Түніменен сайланып,
Бітіре берсін жұмысын.
Ер басына тоғайдан
Кесіп алсын бір келтек.

Арғымақ аттай жарасын,
Ашқарында шыққанда.
Еске алған туыстар
Кең қақпадан табылсын.

Құртқа сонда сөйлейді:

—Қайт десең, сұлтан, қайтайын

Алшағыр соққан қалаға.
Көргеннен соң шығып ем,

қобыланды  батыр
Шыдай алмай далаға.
Сұлтаным, сенен айрылып,
Ішім толды сәнаға.

Бір өзіңді тапсырдым
Бір жаратқан Аллаға.
Хандай қара басыңнан
Мендей сорлың садаға.

Хош айтысып қыз Құртқа,
Шәрге қайтып жөнелді,
Қобыланды сынды балаға.
Мінген аты қара-ды,

Ішкен асы сұлудың
Бойына енді тарады.
Көңілі тасып, шат болып,
Ұлы бесін кезінде

Сылаңдаған қыз Құртқа
Қалаға кетіп барады.
Айрылған соң Құртқадан,
Жұмысы бітіп құл мен күң,

Жатыр екен ұйықтап.
Келе жатқан жолынан
Оятып Құртқа алады.
Төрт бақташы қасында,

Сылаңдаған қыз Құртқа
Баратұғын жағына
Тезірек кетіп барады.
Қобыландының келгенін

Тоқтарбай басы көп қыпшақ
Естіген соң Құртқадан
Көңілі тасып қуанып,
Шаттанысып қалады.

Қыз Құртқаның соңынан,
Күннің батар астынан
Шұбалған аздап шаң шықты.
Шаң астына қараса,

Ақмоншақ аты астында,
Кәмшат бөркі басында,
Екі бөрі қасында,
Ақмоншақ атпен бұлаңдап,

батырлар  жыры
Қарлыға сұлу бұл шықты.
Қарлығаның соңынан
Қаражал құла атпенен

Қобыландыға қосылды
Сейілұлы Қараман.
Қараманның соңынан
Айдынды Орақ, айлы Орақ,

Айналасы қанды Орақ.
Бұйратты тауда бар дұзақ,
Есіктің алды балдырған,
Нан пісірер тандырдан.

Кәпірлердің көңілін
Әр жерлерде қалдырған,
Қазақтың отын жандырған,
Жіңішке жирен аты бар,

Аллаға жеткен даты бар,
Бірге келді ер Орақ.
Қобыландының көп халқын
Кәпір алды деген соң,

Шақырушы—Қарлыға
Жеткен екен бұлар да.
Артық туған Қобыланды
Еркінше шауып көсілді.

Келеді деген бұларды
Жоқ еді ердің есінде.
Артынан келіп үш көкжал
Қобыландыменен бас қосып,

Есендік-саулық айтысып,
Бас қосады бесінде.
Қобыланды, Қараман, Қарлыға, Орақ төртеуі бас қосып,
ақылдасып, Алшағырдың елін ертең шабатын болып келісіп,

өздері ойнап-күліп жата берсін.
Алшағырдың қарт шешесі құмалақ ашып, баласы Алшағыр
ханға айтқаны
Кемпір келіп сөйлейді:

—Жалғыз ботам, Алшағыр,

Сөзіме құлақ сал, Шағыр.

қобыланды  батыр
Басыңды көтер, жан балам!
Қастары төмен салынған,
Іздеген дұшпан жиылған,

Жалынбасаң, қарағым,
Басың сенің жойылған,
Бейне Қобыланға ұқсайды,
Келді, балам, тұр-сәна!

Қыр мұрынды, қой көзді,
Орта бойлы, нұр жүзді
Қараманға ұқсайды,
Келді, балам, тұр-сәна!

Жіңішке жирен аты бар,
Аллаға жеткен даты бар
Орта жүздің бегі еді,
Орақ батырға ұқсайды,

Келді, балам, тұр-сәна!
Алшағыр сонда сөйлейді:

—Қызыл тілді сөйлеткен

Екі жақ пен иегім.
Қиын қыстау жерлерде
Сыртқа тартқан білегім.
Бұл сөзіңе, әй, шеше,

Қозғалмайды жүрегім.
Жоқ сөзді айтып, қинама,
Қайдан келсін бұл жерге,
Көбікті батыр жоқ қылған

Қобыландының сүйегін.
Кемпір сонда сөйлейді:

—Жіңішке жирен аты бар,

Аллаға жеткен даты бар,
Орақ келгенге ұқсайды.
Қарасан жүзді, қой көзді
Қараман келгенге ұқсайды.

Ақмоншақ аты астында,
Кәмшат бөркі басында,
Қарлыға келгенге ұқсайды.
Қыр мұрынды, қой көзді,

Орта бойлы, нұр жүзді
Келді, балам, Бурылмен,

батырлар  жыры
Қобыланға ұқсайды.
Май түбінде тортамын,
Ақ бөкендей жортамын.

Келді, балам, Бурылды
Қобыланды деп қорқамын.
Қобыланды болса егер ол,
Басыңнан көшер әруақ.

Астыңдағы алтын тақ
Сол мінер деп қорқамын.
Таңбасыз жатқан жылқыңды
Таңбалар деп қорқамын.

Енсіз жатқан қойыңа
Ен салар деп қорқамын.
Ұлан байтақ жұртыңды
Сол билер деп қорқамын.

Бұйырып соққан өзіңе
Үстіңдегі ақ сауыт
Сол киер деп қорқамын.
Ылдидан шапса, түсте озған,

Өрге шапса, кешке озған,
Томаға көзді қасқа азбан
Сол мінер деп қорқамын.
Менің өзім сасармын,

Қақпаның аузын ашармын.
Сен жатсаң да, мен жатпан,
Қаныкейдей көрікті қыз,
Тінікейдей текті қыз

Жау қолында жылатпай,
Күймеге салып екеуін,
Бұл қаладан қашармын.
Ат жектіріп қу кемпір,

Қызын салып күймеге,
«Қолына тисе сұлу қыз
Әркім әуес қылар» деп,
Қарамады қу кемпір

Алтын-күміс дүниеге.
Жеккен аты ала еді,
Ұлы бесін кезінде
Қызын салып күймеге,

қобыланды  батыр
Қақпадан шығып далаға
Кемпір қашып барады.
Қызын салып күймеге,

Қашқанын біліп кемпірдің,
Көбіктінің Қарлыға
Қиядан көзі шалады.
Артынан барып Қарлыға,

Қу кемпірге білдірмей,
Қаныкей мен Тінікей
Екі қызды біржола
Ұрлап алып қалады.

Қарлығаның алғанын
Сейілұлы Қараман
Қиядан көзі шалады.
Қызды алғанын білген соң,

—Қарлығажан, сауға,—деп,

Қарлығаның алдынан
Қараман кетіп барады.
Қарлыға сонда сөйлейді:

—Шөп ішінде жекенсің,

Бүршігі жоқ тікенсің.
Құдайдан сұрар ойың жоқ,
Өзіңе біткен мал жанды
Сауғадан жиған екенсің.

Таранып құстай түлейін,
Ақмоншақ атпен желейін.
Байытқалы келгем жоқ
Қияттың жарлы-кедейін.

Қараман саған не дейін,
Өзімнің басым сауғадан
Құтыла алмай жүргенде,
Мен кімге сауға берейін?

Қараман сонда сөйлейді:

—Мұсылманға—мұраттық,

Кәпірлерге—ғазаттық,
Шырағым, сауға сұрадым
Қаныкей мен Тінікей—
Екі қызды бер маған.

Қарлығажан, сені алмаймын,

батырлар  жыры
Басыңа бердім азаттық.
Мінген аты астында
Қылшаң жүнді қара еді,

Шығара алмай жүр еді,
Ішіне толған сәнаны.
Қарлыға сынды сұлудың
Көңілі қатты сүйеді

Қобыланды сынды баланы.
Қаныкей мен Тінікей
Қос сұлуды бір беріп,
Артық туған Қарлыға

Қарамандай жаманнан
Басын сатып алады.
Кеш болған соң жағалап,
Бір төбеге жетеді.

Күліп-ойнап бәрі де,
Қоржынға салған азықтан
Бұйырған дәмді татады.
Кірпік қақпай бәрі де,

Таң сарғайып атады,
Таң шолпаны батады.
Асылға жасық масыл ма,
Аққа құлпы жасыл ма?

Ғашық боп жүрген Қарлыға
Қараманнан шыға алмай,
Қашаннан бері қан жұтып,
Басын қосқан сықылды

Қобыланды қыран асылға.
Таң атқан соң төрт көкжал
Асылдарын киініп,
Бір Құдайға сиынып,

Аттарына мінеді,
Үстіне сауыт киеді.
Беліне байлап болатты,
Қарына найза іледі.

Алшағыр соққан қорғанның
Туын алып батырлар,
Қақпасына жүреді.
Қақпаға жақын келгенде,

қобыланды  батыр
Артық туған Қобыланды
Шу асаудай тулады.
Жаны төзбей Қобыланды,

Жалғыз өзі қалаға
Ат қоюға ойланды,
Ата-ана, қарындас
Жатқаннан соң кәпірде.

Қалың қыпшақ көп еді,
Таң атпай күткен атырды.
Қақпаның келіп аузына,
Қобыланды батыр ақырды,

Қарт бурадай бақырды,
«Алшағыр» деп шақырды.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Әй, Алшағыр, Алшағыр,

Сөзіме құлақ сал, Шағыр!
Менің атым—Қобыланды,
Қарақасқа атқа міне шық,
Сауытыңды кие шық,

Қарыңа найза іле шық,
Әуелі бастан ойлай шық,
Алды-артыңды қармай шық,
Арманда қапыл болмай шық!

Белес-белес бел еді,
Хан болғалы Алшағыр
Халқына тиіп пайдасы,
Қатарынан Алшағыр

Асып жүрген айласы.
Мұсылманнан қанша ердің
Басын жойған ер еді.
«Алшағыр» деп шақырған

Қобыландының дауысы
Құлағына келеді.
Шыдай алмай Алшағыр,
Үстіне сауыт киеді.

Беліне байлап қылышын,
Қарына найза іледі.
Өрге шапса, кешке озған,
Ылдидан шапса, түсте озған

батырлар  жыры
Томаға көзді, қасқа азбан
Алтын тұрман ер салды,
Атына батыр мінеді.

Қарақасқа тұлпардың
Құйрығын шарт түйеді.
Шақырып тұрған батырға
Бет қайтпастан жүреді.

Қарақасқа тұлпармен
Алшағыр шықты қаладан.
Түлкідей көзін жайнатып,
Тасқа шанышқан сүңгісін,

Қарыс сүйем бойлатып.
Көргенше жүрген шыдамай,
Алшағырды көрген соң,
Тайбурыл атты көсілтіп,

Қобыланды шапты даладан.
Екі батыр бет қайтпай,
Жақындасып қалысты.
Өшігіп жүрген батырлар

Бөтен жауап айтыспай,
Шегінісіп екеуі,
Емен найза салысты.
Итерісіп тұрысты,

Ат тізесін бүгісті.
Бүге-бүге тұрысты,
Бір-біріне ұмтылып,
Тақымдары құрысты.

Бірін-бірі ала алмай,
Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,
Жаннан күдер үзісті,

Аш күзендей бүгіліп.
Қанжарменен қарысты,
Семсерменен серместі,
Семіз тайдай ойнады.

Артық туған Қобыланды
Ерегіскен дұшпанның
Басын жоймай қоймайды.
Семсер қалды майысып,

қобыланды  батыр
Қанжар қалды қайысып.
Бір уақыттар болғанда,
Қобыланды сынды еріңіз

Найзасын ырғап ендірді.
Алшағырдай доңызды
Ат сауырына міндірді.
Қаһарланып Қобыландының

От шығады ұртынан.
Үміт үзді Алшағыр
Шәһарлы байтақ жұртынан.
Ұлы сәске болғанда,

Жылғаланып жоқ болды
Қарақасқа аттың сыртынан.
Шәһардың қалың ішінен
Алшағыр шықты түбектен.

Қатуланып Қобыландының
Түгі шықты білектен.
Етке тоқтар қайрат па,
Өтіп кетті сүйектен.

Тартып бақты, шықпады
Қобыланды батырдың найзасы,
Қанмен қатып жібектен.
Алшағыр ханды өлтіріп,

Кәпірдің күнін қуырып,
Артықша тартып күш етіп,
Найзасын алды суырып,
Бір уақыттар болғанда.

Есіктің алды балдырған,
Нан піседі тандырдан.
Қарауыл отын жандырған,
Мұсылман көңілін қалдырған.

Қызылбастың жұртында
Тағыболат, Тасболат
Құртқаны алар сапарда
Бірі өзінің әкесі,

Жеті үлкен ағасын
Бірден қырып салдырған.
Ағанас пен Тоғанас
Алшағырдың соңынан

батырлар  жыры
Қаладан шықты екі жас.
Әке, ағасын өлтірткен,
Ежелден кекті, бұлар қас.

Ағасы еді Ағанас,
Інісі еді Тоғанас.
Таптырмай ақыл-айланы,
Қобыланды ерге Ағанас

Келе салды найзаны.
Қараспанның тауында
Бір қызылбас, бір қазақ
«Бермейміз,—деп,—намысты»,

Екі батыр шегініп,
Найзаларын салысты,
Найза қанға майысты.
Итерісіп тұрысты,

Ат тізесін бүгісті.
Мінген аты ала еді,
Іздегені қызылбас.
Дұшпанын Қобыланды табады,

Пірлері кәміл қолдады
Қобыланды сынды баланы.
Көңіліме болмаса,
Ағанастың найзасы

Қобыландының бөксесін
Қисайтып кетіп барады.
Намыс қысып Қобыланды
Арыстандай ақырып,

Түзеліп атқа алады.
Қаһарланып Қобыланды
Ағанасқа ақырды.
Найзаның кіріп үңгісі

Ағанастай батырдың
Ерегескен Қобыланды
Қарасын суға батырды.
Артынан келді Тоғанас,

Қаһарланған Қобыланды
Оны да іліп тастады.
Тоғанастың артынан
Көкқасқа атты Ақтайлақ

қобыланды  батыр
Ұрысқа кірді жағдайлап.
Орақпенен ұрысып,
Ақтайлақты сол жерде

Орақ іліп тастады.
Ақтайлақтың соңынан
Баласы еді Нарқызыл
Келіп еді ұрысқа,

Қобыланды іліп тастады.
Қазан басты Қара дәу
Келіп еді ұрысқа,
Қарлыға іліп тастады.

Қалмақтың Қара батыры
Шығып еді ұрысқа,
Қобыланды іліп тастады.
Мұсылман көрсе оқ атқан,

Қызылбас көрсе шын тартқан,
Қырық құлаш Қызыл дәу
Шығып еді қаладан,
Орақ іліп тастады.

Осынша ердің соңынан
Күмбезді найза қолында
Ағын судың сағасы,
Аққайырдың жағасы,

Көп кәпірдің ағасы,
Көбіктінің баласы
Кәмшат бөрік басында,
Нөкері бар қасында,

Өзі он бес жасында,
Күйеу боп жатқан осында.
Үстіне дұшпан келген соң,
Ұрыспасқа айла таба алмай,

Соғыспаққа дұшпанмен
Және шықты шәһардан.
Келді екпіндеп Біршымбай,
Жеткенінше бір тынбай.

Бөтен сөзге қарамай,
Қобыландыны бір шанышты,
Қарлығаны бір шанышты,
Күркіреп кеп ұмтылған

батырлар  жыры
Қараманды бір шанышты.
Сол боймен Біршымбай
Сыпыртып өтіп жөнеді.

Қайта оралып Біршымбай,
Орақты кеп бір шанышты.
Қапыда қалған Қобыланды
Ақылына бір келеді.

Найзасын алып қолына,
«Жекпе-жек»,—деп айғайлап,
Бурылмен енді желеді.
Байқап тұрған Қарлыға

Басқа бір ой ойланып,
Қобыландыға келеді.
«Мен барайын, батырым,
Қоя тұр»,—деп ақыл береді.

Қарлыға тұрып сөйлейді:

—Сіздер кейін тұрыңыз,

Барайын жалғыз мен,—деді.
Әуелі Алла панайым,
Хақ жаратқан Құдайым.
Мал шыдамас жауырға,

Ер шыдамас бауырға.
Сіздер кейін тұрыңыз,
Бірге туған ит еді,
Жалғыз өзім барайын.

Мінген аты ала еді,
Атасы әйел демесең,
Қарлыға қыз да ер еді.
Қараман, Қобыланды, Ораққа

Жолдастыққа жарады.
Есебін тауып айламен,
Өлтіруге ойланып,
Бөркін жұлып алады.

Шашын жайып Қарлыға,
Ақмоншақ атты қамшылап,
Ерлердің шығып қасынан,
Біршымбайдың алдынан

Қарлыға шауып барады.
Қарлыға барып сөйлейді:

қобыланды  батыр

—Бірге туған Біршымбай,

Сен кеткен соң, шырағым,
Шәһарды басты көп дұшпан.
Дұшпанды қуып, шырағым,
Шәһарды алдым босатып,

Бір жанымды аямай.
Жалғыздық түсті басыма,
Қайратқа атаң жарамай.
Көп дұшпанның ішінен

Қашып еді үш батыр,
Жалғыз қудым шыдамай.
Өлсем де жоқ арманым,
Есен-аман, саламат

Көрсетті сені бір Құдай.
Мені танып, жалғызым,
Атыңның басын бұрмадың.
Қайратыңнан айналсам,

Жалғыз бауырым Біршымбай,
Болайын сенің құрбаның.
Менен қашқан үш дұшпан
Мынау келіп тұрғаны.

Сөзімді тыңда, әй, ботам,
Жалғыздық түсіп басыма,
Көңілімде көп қапам.
Осы келген батырлар

Менен қашқан адамдар.
Бұл дұшпанды ала алмай,
Басымды сізге қоса алмай,
Ақыл-айла таба алмай,

Жаудың тұрып қасында,
Қапа болды сорлы апаң.
Бір туғызған, шырағым,
Екеумізді бір Құдай.

Жақыны көрсе кемшілік
Кімнің жаны шыдайды,
Жара қатты, жан тәтті.
Басындағы бөркін жұлып ап,

Бірге туған Қарлыға
Алдына келіп жылайды.

батырлар  жыры
Қарлығаның жылап айтқан сөздерін тыңдап болғаннан кей­
ін, Біршымбай апасы Қарлығаны тауға таман апарып тастап,
қайтып келіп жаумен соғыспақшы болды.

Қарлығаны соңынан ертіп алып, тауға кетіп бара жатқанда
апасы Қарлығаның туған інісі Біршымбайды өлтіргені.
Кеседі қылыш сілтеген,
Жағады шамды пілтеден.

Назары арман ауғанда,
Біршымбайды Қарлыға
Найзамен салды желкеден.
Біршымбайдың мінгені

Айқын төбел құла ат-ты.
Біршымбай сынды батырды
«Жан апа» деп жылатты.
Өз апасы Қарлыға

Інісін аттан құлатты.
Біршымбайды Қарлыға
Айламенен өлтірді,
Сәтіне ісін келтірді.

Белес-белес бел еді,
Атасы әйел демесең,
Қарлыға қыз да ер еді.
Өз бауырын өлтіріп,

Көк ала атты жетелеп,
Қараман, Орақ, Қобыланды—
Үш батырға келеді.
Келгеннен соң Қарлыға

Өз інісін өлтіріп,
Көңілі түсіп, шат болып,
Батырлар қызға сенеді.
Көрген адам таң қалар

Қарлыға қыздың пормына.
Көп дұшпанын мұқатып,
Құдай қалап ерлердің,
Істері келді орнына.

Мінген аты кер ме еді,
Қарлыға мен Қобыланды,
Қараман, Орақ төртеуі

қобыланды  батыр
Бастарын қосып батырлар
Намыстарын бермеді.
Қобыландының бақыты

Барған сайын өрледі.
Біршымбайдың соңынан
Баспақты сиыр, танадан,
Алтын-күміс шарадан,

Қалмай қатын баладан,
Қара қала ерлері
Түгесіліп болған соң,
Тоқтататын адам жоқ,

Тоқтар басы көп қыпшақ
Шулап шықты қаладан.
Ел жайлауы Есіл-ді,
Ақ бөкендей жосылды

Үлкен қақпа аузында
Қаладан шығып көп қыпшақ
Қойдай маңырап шуылдап,
Қозыдай маңырап дуылдап,

Қобыланды ерге қосылды,
Шуылдап жылап бесінде.
Қабыл болды бұл сапар
Қобыланды ердің мұраты.

Ата-ана, көп халқы
Дұшпаннан шығып саламат.
Қобыланды ерге көрісіп,
Есендік-саулықты сұрады.

Көп дұшпанын мұқатып,
Ерлердің көңілі тынады.
Алшағыр ханның қаласын
Он жеті күн шабады.

Атаңа нәлет ит қалмақ
Іздегенін табады.
Үрерге иті қалмайды,
Сығарға биті қалмайды.

Қобыландының көп халқын
Жалғыз шапқан Алшағыр
Бүтін жұртын жалмады.
Алтын-күміс, бар малын

батырлар  жыры
Ырғап-жырғап алады,
Артық бақыт табады.
Байдың қызы жамылар

Масаты шекпен беренді.
Қият, қыпшақ бірігіп,
Көп олжаға кенелді.
Алшағырдың мал-мүлкін

Қараспан тауын бет алып,
Ерлер алып жөнелді.
Артық туған Қобыланның
Келмеді дұшпан бетіне.

Ойлаған оның мұратын
Келтірді Құдай жөніне.
Үш ай, он күн дегенде
Қараспан тауын жағалап,

Азулы деген көлдерге
Тоқтарбай басы көп қыпшақ
Келіп қонды баяғы
Алшағыр шауып, зарланып

Бөлініп көшкен жеріне.
Көлден тарттым борықты,
Ел қонысқа қоныпты.
Кемшілік көріп кәпірден,

Пенде болып байланған,
Жылаған қыпшақ баласы
Бұрынғыдан екі есе
Бақ-даулетке жолықты.

Келіп қонды көп қыпшақ
Азулы деген көліне,
Ата мекен жеріне.
Бұрынғыдай толықсып,

Дәулет бітті еліне.
Дәулеті асқан Тоқтардың
Ісі келді жөніне.
Қобыландының келмеді

Ешқандай дұшпан шеніне.
Кәпірден келген көп олжа
Әділдікпен Қобыланды
Жиып алып көп халқын,

қобыланды  батыр
Бөліп берді қолынан
Тақыр кедей, кеміне.
Азулыға қондырды

Қобыланды жиып көп елді.
Қият, қыпшақ баласы
Көп олжаға кенелді.
Халықпен қатар олжаны

Үлестен көп алған соң,
Жарлысы байға теңелді.
Олжаны халқы бөлісті,
Кемеліне келісті.

Қарлыға сынды аруды
Еске алмай ұмытты.
Ұмытқан емей, немене
Ескерусіз қалған соң,

Қарлыға сынды сұлуың
Дәл сол жерде қамықты.
Ақылға дана қыз Құртқа,
Әйгілі талай ел жұртқа.

Қарлығадан болып садаға,
Бауырына тартады,
Алып шығып далаға.
Ауылдың бір жақ шетіне

Отау тігіп оңаша,
Қарлығаны апарып,
Жастарды жинап қыз Құртқа
Бастады ойын-тамаша.

Ойын өтіп болған соң,
Көңілдері толған соң,
Екі келін аймалап,
Күтеді ата-анасын.

Қос келінге үлкендер
Беріп жатты батасын.

Қыдырбай деген бай болыпты. Төрт түлігі сай, байлығы
жұрттан асқан екен дейді. Қыдырбай қыдырғанда он екі атты
пар жегіп, он екі аттың ішіне желмая деген нар жегіп, әйелі
Ақзарбапты қасына алып тойға барады екен. Екі жүз елу түйеге

саба арттырып, оның піскегін алтыннан ойдырады екен.
Екі жүз елу түйеге саба артып,
Алтыннан піскек ойдырып,
Үстіне оны қойдырып,

Аспаһаны кілемді
Енді үстіне жаптырып,
Жібектен арқан тақтырып,
Мұның енді байлығы

Жаһаннан артық болады.
Артық демей не дейін
Арасына көше кіргенде,
Жарқырап жерді алады,

Жұрт бір таң қалады.
Мына отырған Қыдырбай
«Байлығы мұндай болды» деп,
Байлар бір таң қалады.

Күншілік кіріп араға,
«Қыдырбайды кемітеміз,—деп,—қай жерден»,
Бір-біріне ақыл салады.
Сонда тұрып Жаманбай,

Ақыл бір тапты осылай:

—Қыдырбайды енді мен

Кемітіп саған берейін,
Маған салсаң ақыл-ой.
Қобыланды батыр жыры
(Сүйіншәлі нұсқасы)

қобыланды  батыр  жыры
Сол уақытта Жаманбай
Ақыл бір тауып береді-ай.

—Жиылған енді көп халық,

Мен де бір той қылам,—деп,
Хабарлады Жаманбай.
Есітті жұрттың құлағы-ай.
Қыдырбайдай шалыңның

Дәнеңе жоқ ойында,
Жүре берді осылай.
Бір күндері болғанда,
Жаманбайдың уағдасы

Қалып еді жақындап.
Тағы соған баруға
Ойлады байғұс Қыдырбай.
Он екі атты пар жегіп,

Желмаясы тағы бар,
Келе жатыр осылай.
Бұрынғыдай болады,
Сабаларын арттырып,

Түйелерін тағы алады.
Сол уақытта Жаманбай
Қой бағып жүрген қойшыны
Шақырып алды үйіне:

—Айналайын қойшы жан,

Тілімді менің ал,—деді.
Бір нәрсеге жұмсайын,
Жұмсаған жерге бар,—деді.
Келе жатыр Қыдырбай,

Қыдырбай кірсе көшеге
Болады тағы бұрынғыдай.
Қыдырбайға барып сен келсең,
Өз алдыңа қондырып,

Бір ауыл қылам өзіңді-ай.
Қыдырбайға бар,—деді,
Құлағына сал,—деді.
«Ұлы барға орын бар,

Қызы барға қызық бар,
Ұлсыз, қызсыз Қыдырбай
Бұл жиында несі бар?!»

батырлар  жыры
Сол сықылды байларды
Шақырған жоқпын мен,—деді.
Бейшара болған Қыдырбай

Түсе салып арбадан,
Сол баланы қуады.
Балаға байғұс жете алмай,
Етпетінен құлады,

Құлап жатып жылады.
Арбадан сүйеп алғаны,
Төсекті қағып салғаны,
Ақзарбап келіп қасына

Қыдырбайға толғады:

—Әй, алғаным, алғаным,

Төсекті қағып салғаным,
Не болды саған жазғаным?!
Жатқан жерден тұр,—деді,
Беті-қолыңды жу,—деді.

Қатындай болып бейшара,
Еңірей берген не?—деді.
Құрысын малың, пұл жинап,
Енді, шіркін, не етелік.

Дүниеден екеуміз
Жаяу қаңғырумен өтелік.
Айтқаны мұның шын екен,
Жұмыла кетсе екі көз,

Малға ие жоқ екен.
Біз не етелік,не етелік,
Осы арадан қайтып, елге кетелік.
Бар түйедегі сабаға

Енді пышақ салалық.
Ен даланың бойында,
Еш адам жоқ қасында
Ақзарбаппен екеуі

Дүниені талқан қылады.
Бір баланың жоқтығынан
Тойға енді бара алмай,
Бейшара болған Қыдырбай

Еліне қайтып құлады.
Айғырын сойды ақыртып,

қобыланды  батыр  жыры
Бурасын сойды бақыртып.
Шал қошқарды сояды,
Садақасын қылады.

Кемпір менен шалыңыз
Бұрынғының бәрін тастады.
Темірден киіп шабата,
Темірден таяқ алады.

Қыдырбай мен Ақзарбап
Қаңғыруға қарады.
Күні-түні жол жүріп,
Қыдырбай мен Ақзарбап

Сапар шегіп барады.
Маңдайы күнге күймеген,
Табаны жерге тимеген,
Жорғадан басқа мінбеген,

Жібектен басқа кимеген,
Сондай болған Ақзарбап
Бір баланың жоқтығынан
Зарлап кетіп барады.

Жаулығын салып мойнына,
Құдайдан бала сұрады.
Енді ойласақ кемпір-шал
Бірнеше күн жол жүріп,

Шаршап бір байғұс тұрады.
Екеуі жатып бейшара
Сол араға құлады.
Жылап жатып екеуі,

Азырақ ұйықтап қалады.
Түрегеліп орнынан,
Беті-қолын жуады,
Қынайы белін буады.

Маңғыстаудың ойы еді,
Қаразымның бойы еді.
Әулиесі күңіренген
Екі жүз алпыс әулие

Сонда, шіркін, деп еді.
Қажыса болат сынады,
Өліп-талып кемпір-шал
Маңғыстаудың ойына

батырлар  жыры
Келіп бір енді құлады.
Көлдің барып басына
Беті-қолын жуып ап,

Әулиенің барды қасына.
Шырағын жағып басына,
Барып бір түнеп қалады.
Білінбеді еш нәрсе,

Бұрынғыдай болады.
Түрегеліп орнынан
Қайтадан келіп Айқын көл
Қасына келіп құлады.

Дәретін алып көлдің басында,
Қайтып келді бөтен бір
Әулиенің басына.
Тағы түнеп қалады

Қыдырбай соның басына.
Пәруана болды Құдай-ай,
Кемпір мен шалың жылады.
Күні-түні зар қағып,

Бір баланы Құдайдан
Күні-түні сұрады-ай.
Құбыла сарай бетінде,
Көп бейіттің шетінде

Мәуесі жерге төгілген,
Жапырағы жайқалған
Бәйтеректі көреді.
Кемпір менен шалыңыз

Дәретін алып тағы да,
Бәйтеректің келді қасына-ай.
Шырағын жағып тағы да,
Түнеді келіп басына-ай.

Әлде өтірік, әлде рас
Бұрынғыдан нұсқау осы еді-ай.
Түн ортасы болғанда,
Төбеден жұлдыз ауғанда,

Таң мезгілі болғанда
Көк ешегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Дәретсіз жерді баспаған,

қобыланды  батыр  жыры
Еш нәрсе бұдан қашпаған
Аян берді осыны-ай.
«Айналайын, балам-ай,

Күні-түні еңіреп,
Келдің бір енді маған-ай?!
Сен тіледің біздерден,
Біз тіледік Алладан,

Қолыңды жай, ал, балам,
Берейін бата саған-ай.
Берейін отыз ұл,—дейді,
Көресің бұны бұ қалай?

Атса мылтық өтпеген,
Шапса қылыш кеспеген,
Қарғаса қарғыс жетпеген,
Суға салса батпаған,

Отқа салса күймеген
Берейін жалғыз мен,—деді.
Қайсысын мақұл көресің,
Келін-жан, енді сен?»,—деді.

Сонда Қыдырбай ойлады:
«Отыз ұлды көп қылып,
Берекесін жоқ қылып,
Үй айнала сөз қылып

Неғылайын мен,—деді.
Мылтық атса, өтпеген,
Қылыш шапса, кеспеген
Алайын, сірә, жалғызды,

Енді, шіркін, мен,—деді.
Еңкуге біткен теректің
Екеу болса, бірі еді,
Біреу болса, өзі еді.

Өңкей жақсы қосылса,
Аузындағы сөзі еді,
Алайын жалғызды мен»—деді.
Батасын беріп бабасы,

Ғайып болды көрінбей
Көзіне енді шамасы.
Түре келсе түсі екен,
Түсінде көрген ісі екен.

батырлар  жыры
«Өтірік пе, Құдай, шын ба,—деп,
Пәруана болды-ай Ақзарбап.
Қасындағы Қыдырбай

Енді шіркін алғаны,
Төсекті қағып салғаны.
Бір баланың жоғынан
Қыдырбайдың көп арманы.

—Жатқан бір жерден тұр,—деді,

Беті-қолың жу,—деді.
Құдай бір берді тілекті,
Өтірік емес, шын,—деді,
Сүйіншімді, шалым, бер,—деді.

Түрегеліп Қыдырбай,
«Өтірік пе, шын ба?»—деп,
Жылады байғұс тағыда-ай.

—Не болады мал,—деді,

Бір шашылсын даң,—деді.
Қалағаныңды, Ақзарбап,
Сүйіншіңе ал,—деді.
Сонда тұрып Ақзарбап:

—Үстіме әйел алма,—деп,

Артыма қамшы салма,—деп,
Сүйіншіге соны алады.
Ақылы жоқ Ақзарбап
Дүниені алмай, қалады.

Қайтадан келіп көлдің басына,
Қолдарын, бетін жуады.
Бұрынғыдай емес кемпір-шал,
Енді бұлар қунады.

Өзінің келген ізімен,
Көк майсаның жүзімен
Елге сапар қылады.
Күндіз-түні жол жүріп,

Өлдім-талдым дегенде,
Өштім-жандым дегенде,
Кемпір менен шалыңыз
Қажыса болат сынады.

Аман-есен кемпір-шал
Еліне келіп құлады.

қобыланды  батыр  жыры
Төбел бие сойдырып,
Осы тұрған кемпір-шал
Садақасын қылады.

Кемпір менен шалыңыз
Бұрынғыдай толмады,
Енді екеуі қунады.
Қунады демей не дейін,

Кемпір менен шалыңыз
Тай-құлындай тебісіп,
Аузы-басын өбісіп,
Қалды дейді келісіп.

Қырық күні толады,
Осы тұрған Ақзарбап
Болуға жерік қарады.
Көзі оттай жайнады,

Зығыры мұның қайнады.
«Неғылам» деп Ақзарбап,
Енді шіркін ойлады.
Жерде жатқан жыланды

Қолына алып шайнады,
Жерігі бұған қанбады,
Кесірткедей болмады.
Жеті күн жатып далада,

Ал жалаңаш аунады.
Қоңыр күздей болмады,
Жерігі бұған қанбады,
Күннен-күнге зарлады.

Ұланға жеріді, бұланға жеріді,
Жерігі бұған қанбады.
Тау басында қара тас
Қатұр-құтыр шайнады,

Қатты құрттай болмады.
Жерігі қанбай Ақзарбап,
Екі көзі жайнады.
«Мына тұрған, Қыдырбай

Жерік асым тап-ай»,—деп,
Ойға-қырға айдады.
Тағы тұрып Ақзарбап
Қыдырбайға толғады:

батырлар  жыры

—Енді менім алғаным,

Төсекті қағып салғаным,
Тағы да мен айтайын,
Айдаһардың жүрегі
Соған болдым жерік, мен,—деді,

Соны тауып бер,—деді.
Осы тұрған Қыдырбай
Неғыларын біле алмай.
Алпыстан асқан жасы бар,

Келер ме бұл іс қолынан.
Сол уақытта Қыдырбай
Көктен атқа мінеді-ай.
Сапар шегіп, жол тартып,

«Қарға бойлы Қазтоған,
Өзі тоқсан жасаған,
Азу тісі босаған,
Айдаһарды Қазтоған

Білер ме екен осы»,—деп,
Қыдырбай келіп құлады
Қазтоғанның аулына.
Сол уақытта Қазтоған

Көп жасаған көне еді.
Жез құманы қолында,
Дәрет алып жүр еді.
Бір қараны Қазтоған

Енді көзі көреді.
Кім екенін білуге
Аз кідіріп тұрады.
Айтып ауыз жұмғанша,

Ескен бір желдер тынғанша
Қыдырбай келіп құлады.
Үлкен еді Қазтоған,
Сәлем бір берді ал соған.

Осы тұрған Қазтоған:

—Айналайын, інім-ай,

Жоқ еді сенің мінің-ай.
Сенсіз сірә, жоқ еді,
Қарағым, менің күнім-ай.
Мінбейтін атты мініпсің,

қобыланды  батыр  жыры
Мезгілсіз уақытта
Енді, інім, жүріпсің.
Қарасып қалды «інім» деп

Жұмысын оның сұрады-ай.
Сонда тұрып Қыдырбай
Бұған бір жауап қылады:

—Біздің үйдегі келінің

Жерік асы табылмай,
Ініңді енді айдады-ай.
«Айдаһардың жүрегі
Жерік болдым,—дейді,—соған-ай».

Айдаһарды Қазтоған,
Көрдің бе,—деп,—енді сен,
Сұрай келдім соны мен.
Сонда тұрып Қазтоған

Айтады жауап ал соған.

—Ал, қолыңнан Қыдырбай,

Келмес деді мына іс.
Тұзбайырдың тауынан
Көріп едім айдаһар,
Сонан енді, мен,—деді.

Тұзбайырдың тауында
Айдаһар сонда бар,—деді,
Тілімді менің ал,—деді.
Бір келсе, келер қолынан

Айсаның ұлы Ахмет,
Былайғы ерден тақыл ет.
Бір жаулардың ішінде
Балтаны алпыс сындырған,

Дұшпанның көңлін тындырған,
Артық бір туған ер еді.
Бір, әй бір келсе, соның қолынан
Келсе, бір келер деп еді.

Соған да хабар бер,—деді.
Көкмойнақ аты астында,
Құралай бөркі басында,
Көкала тазы соңында,

Көк қаршыға қолында,
Дәл жиырма бес жасында,

батырлар  жыры
Көптен де бері жау көрмей,
Аңсырап жүрген ер,—деді.
Бір келсе, келер соның қолынан,

Соған да хабар бер,—деді.
Осы тұрған Қыдырбай
Тілін бұның алады,
Сөзіне құлақ салады.

Басын аттың бұрады,
Атына қамшы ұрады.
Айтып ауыз жұмғанша,
Ескен желдер тынғанша

Аңызақ болып, шөл болып,
Сағым болып, жел болып,
Қыдырбай келіп құлады.
Айтқаны мұның шын екен,

Ен даланың бойында
Ит жүгіртіп, құс салып,
Аң аулап Ахмет жүр екен.
Қыдырбай келді қасына,

Пәруана болды басына.
Қыдырбайды көрген соң,
Ахмет келді қасына.
Ахмет сәлем береді,

Сәлемін алып Қыдырбай,
Енді, шіркін, сөйледі:

—Он екі тәуба, жүз құлдық,

Ахмет батыр, ерім-ай.
Ахметті көргенде
Күнінде тәуба біз қылдық,
Жоқ еді сенің мінің-ай.

Сенсіз менің жоқ еді,
Қарағым, енді күнім-ай.
Біздің үйдегі жеңгеңнің
Жерік асын таба алмай,

Ағаңның соры қайнады-ай.
«Барып кел,—деп,—қайныма,
Жеңгең мені айдады-ай.
«Айдаһардың жүрегі

Болдым,—дейді,—жерік соған-ай».

қобыланды  батыр  жыры
Қарға бойлы Қазтоған
Тұзбайырдың тауынан
Көрдім деп айтты маған-ай.

Тілімді алсаң, Ахмет,
Айдаһарға барып кел,
Жүрегін соның алып кел,
Мен келдім,—деді,—саған-ай.

Сонда тұрып Ахмет
Бұны мақұл көреді:

—Сенен енді ұл туса,

Өтірік емес, шын туса,
Керек болар о дағы
Енді, шіркін, маған-ай.
Енді үйіңе қайта бер,

Үш күннен соң барамын,
Келмейді деп ойлама.
Көп түйенің ішінен
Айыр да емес, нар да емес,

Бал қоспақты ал,—деді,
Жетелеп үйге бар,—деді.
Көп жылқының ішінен
Жеті жылғы ту бие

Тауып, бір соны ал,—деді.
Ойдан алып он зергер,
Қырдан алып қырық зергер,
Кілең тілше қармақты

Күн бұрыннан соқтырып,
Әзірлеп бәрін қой,—деді.
Қыдырбай қайтып жөнелді,
Көп түйенің ішінен

Айыр да емес, нар да емес,
Бал қоспақты алады.
Көп жылқының ішінде
Жеті жылғы ту бие

Бар ма екен деп қарады.
Ішінде оның нелер жоқ?!
Жеті жылғы ту бие
Қыдырбай тауып алады.

Түйені, бие жетелеп,

батырлар  жыры
Кесе бір қырды кеселеп,
Енді үйіне барады.
Ойдағы он зергерге,

Қырдағы қырық зергерге
Келсін деп хабар салады.
Хабар бұған тиген соң,
Барлығы да жиналып,

Қыдырбайға құлады.
Көрікті құрып зергерлер,
Әзірлігін қылады.
Кілең тілше қармақтың

Бәрін соғып зергерлер,
Әзірлеп соны тұрады
Баяғы айтқан Ахметтің
Уағдасы толады.

«Қайным қашан келед» деп,
Жеңгесі оның Ақзарбап
Басынан таудың түспейді,
Аузына сусын ішпейді.

«Қайным қашан келед» деп,
Күтіп бір соны тұрады.
Уағдасы болғасын,
Қайнысы келіп құлады.

Келгенсін бұның қайнысы
Тізгінінен алады.
Жетектеп барып Ақзарбап,
Жіп бұйымды жияды,

Жібек бұйым жаяды.
Түйеден алып нар сойып,
Жылқыдан алып пар сойып,
Қайнысын қонақ қылады.

Сарғайып таң атқанда,
Қызарып күн шыққанда,
Түйе менен биені
Ахмет алып жетекке,

Кілең тілше қармақты
Бал қоспаққа таңады.
Ахметтей батырың
Күні-түні жол жүріп,

қобыланды  батыр  жыры
Тұзбайырдың тауына,
Үстінен келіп құлады.
Бие менен қоспақты

Сол араға буады.
Көкмойнақ атқа мініп ап,
Он екі қабат саланы
Ахмет аралап қарады.

Айдаһарды көрмеді,
«Не қылам» деп ойлады.
Тұзбайыр таудың басына
Жақындап Ахмет келеді.

Үңірейіп жатқан бір інді
Ахмет батыр көреді.
Көзін салса сол інге
Бұрқырап жатыр буың-ай

Айдаһардың Ахмет інде екенін біледі.
Осы тұрған Ахмет
Ту биені әкеліп,
«Исімен шығар» деп,

Басына іннің сояды.
Кілең тілше қармақты
Шықса соны жұтсын деп,
Ет қойып бәрін құрады.

Ахметтей еріңіз
Шыққанынша осыған
Осындай амал қылады.
Мына тұрған айдаһар

Шыға қалса інінен,
Үш күншілік жерден нәрсені
Лебіменен тартады.
Осы тұрған Ахмет

Шығып енді алысқа,
Дем жетпейтін жерге барады.
Көкмойнақтың сыпырып
Енді ерін алады.

Алтын қазық қағады,
Жібек арқан тағады,
Мақпал жабу жабады.
Бес қаруын жастанып,

батырлар  жыры
Ахмет ұйықтап қалады.
Бір күн өтіп арада,
Екінші күні бір дауыл

Кереметтей болады.
Жерде жатқан дүниені
Ұшырып кетіп барады.
Мұндай желді адамзат

Көрмегендей болады.
Оныменен қоймады,
Аспаннан жауды тас бұршақ,
Атқан оқтай болады.

Жүрген енді жәндікті
Қырып кетіп барады.
Бұл неғылған керемет,
Батыр бір таң қалады.

Түрегеліп орнынан,
Қынайы белін буады.
Қынабы алтын ақ қылыш
Батыр бір қолға алады.

Қынапқа салса, бір құлаш,
Суырып алса, қырық құлаш
Енді қылыш болады.
Қылышты қолға алады

Осы тұрған Ахмет.
Етек бір жеңін түрініп,
Не болса да көрейін,
Інге барып келейін,

Жаяу бір талап қылады.
Келе жатса Ахмет
Шыққан екен айдаһар.
Айдаһар да көреді,

Ахмет те көреді.
Көрінгенсін Ахмет,
Лебімен тартып жөнелді.
Қолындағы ақ қылыш

Қолына ұстап Ахмет
Енді кетіп барады.
Қолындағы ақ қылыш
Тауға салса, тас алған,

қобыланды  батыр  жыры
Шаш ал десе, бас алған.
Салса кеткен білінбей,
Көзіне жұрттың ілінбей,

Нарға салса бүлк еткен.
Сол қылышты ұстап ап
Ахмет кетіп барады.
Лебіменен айдаһар

Ахметті алады.
Қанша батыр болса да,
Лебіне оның шыдамай,
Ахмет кетіп барады.

Қолындағы ақ алмас
Сырылдатып маңдайын тіледі.
Тала жаздап Ахмет
Аман-есен қалады.

Айдаһарды екіге
Жарған екен ақ алмас.
Түре келсе Ахмет
Екі жағы екі тау,

Ахмет қалды есен-сау.
Құдай бір тілек береді,
Жерік асы табылып
Ақзарбаптың қолына келеді.

Айдаһардың жүрегін
Енді Ахмет арқалап,
Құйымшағы қайқалап,
Орнына қайта келеді.

Осы тұрған жүректі
Бал қоспаққа таңады.
Көкмойнақ атқа ер салып,
Қайтайын деп оқталып,

Ахметтей батырың
Елге бағыт бұрады.
Өзінің келген ізімен
Ахмет қайтып барады.

Іздеген асы табылып,
Абыройы жабылып,
Қуанышпен кетіп барады.
Ақзарбаптай жеңгесі

батырлар  жыры
Қайнысын жеті күншілік жерден күтіп тұрады.
Аман-есен қайнысы
Ақзарбапқа құлады.

Баруға үйге шыдамай,
Түйедегі жүректі
Ақзарбап енді алады.
Қоламтаға далада

Сол жүректі салады.
Шала-пұла пісіріп,
Жүректі жеп алады.
Жерігі мұның қанады.

Жүректі жеп алған соң,
Көзі оттай жанады.
Қайнысына енді еріп,
Үйіне қайтып барады.

Намаз ақшам болған соң,
Үйіне қайтып құлады.
Жіп бұйымды жиып ап,
Жібек бұйым жаяды.

Қайнысын тағы қонақ қылады,
Мақсаты оның болады.
Осы тұрған Ақзарбап
Жерігі оның қанған соң,

Тоғыз ай, он күн толған соң,
Кетті іші қампайып,
Бұты кетті талтайып.
Бір баланың зарпынан

Отыра алмады жантайып,
Өлгенде көрген баланың
Қозғалады миы деп.
Алдындағы бұтаны

Бұталатып жұлғызып,
Жерді тегіс қылады.
Тоғыз ай, он күн толған соң,
Толғатуға қарады.

Алтыннан бақан құрады.
Қасындағы көп халық
Енді хабар қылады,
Жиылып бәрі тұрады.

қобыланды  батыр  жыры
Сонда дағы Ақзарбап
Таба алмады баланы.
Сол уақытта Ақзарбап

Орақ, Мамай шешесі
Қараүлекті алдырды.
Осы тұрған Қараүлек:
«Ел көшті,—деп,—жау жетті»,

Етегімен қағады.
Сонда дағы Ақзарбап
Таба алмады баланы.
Мына тұрған Қараүлек

Көпті көрген көне еді.
Әрбір жерін сипалап
Ақзарбаптың көреді.

—Жайшы деген бір кемпір

Сонда тірі жүр,—деді
Алдырмаса тап соны
Туа алмайды бұл,—деді.
Орақтың үлкен баласы

Қарасайға хабар бер,—деді.
Шақырып соны келеді.
Шақырған соң Қарасай
Енді бір еріп келеді.

Қараүлек:

—Айналайын, Қарасай,

Қара атыңа мін,—деді.
Тастамай қару іл,—деді,
Дүбір-дүбір жел,—деді.
Осы арадан сол кемпір

Үш күншілік жер,—деді.
Хабарды соған бер,—деді
Шақырып алып кел,—деді.
Мына тұрған Қарасай

Қараүлектің тілін алады.
Қараша атқа ер салып,
Барайын деп оңдалды.
Үш күншілік жер еді,

Үстіне соның келеді.
Бір-ау сайдың бойынан

батырлар  жыры
Түтін шықты деп еді.
«Не қылған бұл түтін»,—деп,
Қарасай соған келеді.

Кемпірдің жолым үйі сол еді,
Қарасай хабар салады.
Хабарды кемпір есітіп,
Енді шықты далаға.

Көзінің алды іріңдеп,
Буындары дірілдеп,
Баланы кемпір көреді.
Мына тұрған Қарасай,

Кемпірге сәлем береді.
Сонда тұрып кемпірің
Қарасайға сөйледі:

—Айналайын, жас бала,

Істеген ісің масқара.
Қайсы байдың ұлысың,
Білдірсең маған,—деп едім.
Сонда тұрып Қарасай:

—Мен Орақтың баласы-ай,

Іздеп келдім мен сені,
Шеше-еке, енді шамасы-ай.
Қыдырбайдың алған Ақзарбап
Күндіз-түні ал зарлап

Таба алмады баласын.
Сол үшін келдім сізді іздеп.
Сонда тұрып бұл кемпір
Тас бұлақтың басында,

Алтын астау қасында
Қарақасқа тұлпарым
Менің енді бар,—деді.
Алып келші, балам-ай,

Барайын енді, мен,—деді.
Осы тұрған Қарасай
Бұлақтың келді басына,
Тұлпардың келді қасына.

Ұстайын деп оқталса,
Азырақ тұлпар қымсынып,
Жаратпағандай болады.

қобыланды  батыр  жыры
Ұстатпаған соң бұл тұлпар,
Қамшыменен бір соғып,
Қарасай ұстап алады.

Осы тұрған кемпірің
Нұсқағанын көріп батырдың
Жаны шығып кеткендей болады.
Кемпір де келіп қалады,

Қарақасқа тұлпарды
Жетелеп үйге барады.
Ер-тоқымын салады,
Қарақасқа тұлпарды

Енді кемпір мінеді.
Қарасаймен екеуі
Елге қарап жүреді.
Екеуі соның жарысса,

Қарақасқа тұлпармен
Кейін қалған Қара атты
Кемпір тосып алады.
«Бір жылқыдан қалдың,—деп,

Атым бар деп не етейін.
Басыңды кесіп кетейін»,—
Деп ашуланды Қарасай.
Кемпірдің көзі көреді

Қарасайдың ашуланғанын.
Айналып кемпір келеді,
Қарасайға сөйлей береді:

—Әй, Қарасай, Қарасай,

Ердің Орақ баласы-ай,
Түріне сөздің қарашы-ай,
Сенің әкең қанды Орақ
Менің кіндік балам-ай.

Орақ пенен екеуміз
Талай салдық шабуыл
Бұл арада біз,—деді.
Қара қасқа тұлпардан

Қара, сірә, қалады.
Қашаннан мәлім бұл,—деді,
Ашуыңды, батыр, бер,—деді.
Мына тұрған Қара атты

батырлар  жыры
Қысқа күнде қырық шауып,
Қара терге боялып,
Шапты талай бұл жерде.

Сенің енді ауылың
Астыңдағы Қара атқа
Үш күншілік жер,—деді.
Қарақасқа тұлпарға

Бір күншілік жер,—деді.
Қарағым, бұл айтқаным шын,—деді,
Ұлықсат маған бер—деді.
Кете берейін мен,—деді,

Асықпа енді, құлыным,
Келерсін кейін сен—деді.
Осы тұрған Қарасай
«Бара бер» деп кемпірге

Енді ұлықсат береді.
Намаз ақшам болғанда
Аман-сау кемпір келеді.
Дөдегеге ат байлап,

Үйге енді кіреді.
«Ел көшті, жау жетті» деп,
Етегімен қағады.
Толғақ деген бұйым ба,

Бұ да бізге қиын ба?—
Деп, кемпір сыртын
Бір сипап қарады,
Қарады да сынады.

Сонда кемпір тағы толғады:

—Қырық бірдей тұлпарды

Жылқыдан ұстап кел,—деді.
Ақ киімді киіңдер,
Қырығың атқа мініңдер.
Жау да келіп қалды,—деп,

Елді жау алды,—деп,
Айқайды сендер салыңдар.
Қырық тұлпардың дүбіріне тумаса,
Туа алмайды бұл,—деді.

Дүбірлі туған ер,—деді.
Қырығы атқа мінеді,

қобыланды  батыр  жыры
Қырық тұлпардың дүбірі
Көтеріп жерді барады.
Баяғы тұрған Ақзарбап

Баланы енді табады.
Ақ жібекке орады.
Алдына төрдің қояды.
Толғақ деген бұйым ба,

Бұ да бізге қиын ба?!
Ішін сипап қарады.
Аш күзендей бүгіліп,
Тал шыбықтай бұралып,

Бір қыз туа қалады.
Құдіретіне Құдайдың
Енді, шіркін, қарашы!
Баласы жоқ Қыдырбай

Бір ұл, бір қызды болады.
Қыдырбай балаларының туғанына үлкен той жасайды.
Тойға келген көп халыққа Қыдырбай:—Сәбилерге ат қойып
беріңдер,—деді.

Ат қоюға таласып,
Біреуі оны қояды,
Біреуі мұны қояды,
Бір-біріне көнбей тұрады.

Оныменен қоймады,
Шығаруға жанжал ойлады.
Қолыңа дойыр аласың,
Төбелесті сендер саласың.

Біреуің өліп қаласың,
Жанжалға мені қоясың.
Қойылмаса аты бұл қалсын,
Халқым, енді тарашы?!

Піштана болып тұрады,
Қыдырбай енді жылады.
Балалардың атын қоя алмай,
Арманда енді болады.

Енді көзін салып қараса,
Садақа енді сұраған

батырлар  жыры
Бір диуана келіп құлады.
Қыдырбай диуанаға келеді:

—Айналайын, диуана,

Кел соңымнан ер,—деді.
Екі бірдей сәби бар,
Атын қойып бер,—деді.
Не болады даң,—деді,

Шашылсын бір мал,—деді.
Қалағаныңды, диуана,
Менен енді ал,—деді.
Диуана үйге кіреді,

Екі бірдей баланы
Диуананың көзі көреді.
Қолына алып баланы,
Диуана сөйлей береді:

—Қояйын атыңды, шіркін, мен,—деді.

Шаппай ізі жосылған,
Желі тұрған оңынан,
Дұшпаны қашқан жолынан
Аты болсын,—деді,—Қобылан.

Қандай қиын қарындас,
Баурың өлді дегенде
Шыдамайды екен тумалас.
Шыдамайды адам бауырға,

Шыдамайды түйе жауырға.
Қобыландыға қарындас—
Аты болсын Қарлығаш.
Екі бірдей сәбидің

Атын қойып болады.
Дүниені не қылсын,
Ғайып бір ерен қырық шілтен
Екен бір енді бабасы.

Көзіне жұрттың көрінбей,
Ғайып болды диуана.
Енді халық тарады,
Атын қойып баланың,

Қыдырбай көңілденіп алады.
«Мына тұрған сәбиді
Саламыз,—деп,—бесікке»,

қобыланды  батыр  жыры
Қатындар шуды салады.
Алтыннан құйған бесікке
Қатындар баланы салады.

Қақпаның аузын кең ашып,
Шашуды Ақзарбап шашады.
Сонша келген қатындар
Дүниеге қарық болады.

Мына тұрған Қобыланның
Кереметін көрсейші,
Алтыннан құйған бесігі
Қобыландыға жарамай,

Енді сынып қалады.
«Мұндай да жан болар ма?»—
Деп, көргендер таң қалады.
Халайық барлығы тарады.

Бұл бала туған соң,
Бір жасында бірленді,
Екі жасқа келгенде,
Онан жаман түрленді.

Үш жасына келгенде,
Үшкілсіз көйлек кимеді,
Берен тонға симады.
Көлденеңнен көрген жан

Оның сипатына тоймады.
Он бес асық, қос топай
Балаң алып қолына,
Ойнайын деп ойлады.

Алтыннан құйған тақыр бар,
Қасындағы балалардың
Асығын енді қоймады,
Бәрін ұтып алады.

Онан да асып бұл бала
Төрт жасына барады.
Берен бір тонға симады,
Белгілі ермен тең болды.

Бұнымен Қобылан осылай тұра тұрсын. Ендігі сөзді Көктен
кемпірдің жалғыз қызы Құртқа жайында айтайық. Бұның
сұлулығын адамзатта бар деп айтуға болмайды. Екеу болса бірі

батырлар  жыры
болған, біреу болса өзі болған. Жүз көріктік болса, тоқсан тоғызы
мұнда болған. Сонда қалмақтың ханы Қанабоздың да құлағына
Құртқаның сұлулығы шалынады. Қанабоз естіген соң, өзінің

халқына хабар салды. Халқын Қанабоз жинап алды:

—Кел Құртқаға барамыз,

Берсе де, бермесе де
Біз тартып аламыз.
Қанабоз алты жасар баласын
Азамат қылып мінгізді.

Алты жасар аттарын
Арғымақ қылып мінгізді.
Қарамағындағы халқына
Хабарын тегіс білгізді.

Құртқаға Қанабоз аттанды,
Әскерін қырмен жүргізіп,
Әдірнеден оқ алды,
Сахырнадан жақ алды.

Аттанып қалмақ келеді
Көктен кемпір еліне.
Көктен көріп әскерді,
Таң-тамаша қалады.

Көктен шығып алдынан,
Жөндерін олардың сұрады.
Ұялсын ба бұл қалмақ
Білгенін баян қылады:

—Қанабозды күйеу қыл,—деді,

Қанабозға қызыңды бер,—деді.
Мына отырған Қанабоз
Еш адамнан кем емес,
Қызыңды осыған бер,—деді.

Амал жоқ бұған көнеді,
Бермейміз деуге әлі жоқ,
Қалмақты қонақ қылады.
Болдым деп алмақ Қанабоз,

Қуанып енді тұрады.
Көктен келіп бір күні,
Қанабоздан сұрады:

—Қанабоз батыр, ер,—деді,

қобыланды  батыр  жыры
Қызымды саған беремін,
Қызыммен сен қатар тең,—деді.
Сенен мықты адам жоқ,

Сенен батыр адам жоқ.
Отыз күн ойын қыламын,
Қырық күн тойын қыламын,
Жұрттың бәрін жиямын.

Беремісің ұлықсат,
Сұрай келдім мен?—деді.
Осы тұрған Қанабоз
Бұған бір мәз болады.

Бұл кемпірдің сөзіне
Қанабоз әбден нанады.
«Істей бер,—деп,—тойыңды,
Шақыра бер,—деп,—еліңді»,

Қанабоз ұлықсат қылады.
Қанабоздай батырдың
Ұлықсатын алады.
Осы отырған Көктенің

Бір адамға хабар салады:

—Бір тұлпарға мін,—деді,

Тастамай қару іл,—деді.
Ұйқыңды, қалқам, бөл,—деді,
Ноғай деген халық бар,
Барып бір хабар бер,—деді.

Ноғайдың ханы Шынтемір
Берейін соған бір қағаз,
Алып барып бер,—деді.
Бүтін ноғай баласы

Қалмастан келсін шамасы.
Онан шығып жағалап,
Итқырылған белінде,
Жирен деген көлінде

Қыдырбайдан туды,—дейді,—Қобылан.
Бес-ақ жасар күні еді,
Алтыға қарап келеді,
Осы тұрған Қобыланға

Арнап хабар бер,—деді.
Зәуелім шайтан болмаса,

батырлар  жыры
Құртқамды Қобылан алар,—деп еді.
Баяғы тұрған елшіңіз
Қолына қағаз алады,

Ноғайға қарай жөнелді.
Намаз ақшам болғанда,
Шынтемірге құлады.
Дөденеге ат байлап,

Елшің үйге енеді.
Төрде отырған Шынтемірге
Келіп сәлем береді,
Сәлемін құптап алады.

Қолындағы қағазын
Шынтемірге береді,
Хатты алып Шынтемір,
Оны ашып оқиды.

Қолына алып хат жазған,
Ноғай деген ат жазған.
«Қапыда қалма, сен, ноғай,
Келіп жатыр көп қалмақ

Аламын деп қызымды,
Батырыңа хабар бер,—деді,
Батыр бәрін жинап кел»,—деді.
Сол уақытта Шынтемір

Мұны мақұл көреді.
Жаңбыршыдан туған Телағыс
Соған хабар береді.

—Айналайын, ер Ағыс,

Бір тұлпарға мін,—деді,
Қаруыңды енді іл,—деді,
Ноғайлыға хабар бер,—деді.
Ағыс атқа мінеді,

Айсаның ұлы Ахмет
Бұған да хабар береді.
Көкшенің ұлы Қосайға
Бұған да хабар береді.

Ақшабай ұлы Төрехан
Бұған да хабар береді.
Жаманбайдың баласы
Әуезге де хабар береді.

қобыланды  батыр  жыры
Көрұғлының баласы
Бозайға да хабар береді.
Елші енді Қыдырбайдың еліне келеді. Кіргенін бір кісінің

Қыдырбай көреді.
Бір қонақтың қонғанын,
Бір сұмдықтың болғанын
Қыдырбай енді біледі.

Жөнін сұрай елшінің
Енді Қыдырбай береді.

—Қыдырбайдың ұл туған,

Өтірік емес, шын туған,
Айы күні бір туған,
Желі тұрған оңынан,
Дұшпаны қашқан жолынан

Туды деп сенен есітіп,
Енді, шіркін, Қобылан
Хабар бере мен келдім.
«Қыз Құртқаны алам»,—деп,

Жатыр қамап көп қалмақ.
Қобыланға хабар саламын,
Қобыланды ертіп елге барамын.
Қыдырбай мақұл көрмеді,

Елшіге Қыдырбай сөйледі:

—Өлгенде көрген жалғызым,

Маңдайдағы құндызым,
Төбедегі жұлдызым,
Қобыланнан аулақ жүр.
Омыртқасы өскен жоқ.

Қабырғасы қатқан жоқ,
Жауды Қобылан көрген жоқ,
Мәнісін жаудың білген жоқ.
Баяғы тұрған елшіні

Қамшыменен сабады,
«Қобыланнан аулақ жүр-ай»,—деп.
Өлтіруге қарады,
Мойнына арқан салады.

Сол уақытта үйден шығып Ақзарбап:

батырлар  жыры

—Не болды саған, алғаным,

Төсекті қағып салғаным?!
Елшіге өлім жоқ еді,
Алжыдың ба сен?—деді,
Бір шыбықтай қанын,

Бір шыбындай жанын
Жан саулыққа береді.
Айтқанына Зарбаптың
Енді шалың көнеді.

Күншілік жерге шығарып
Бұл елшіні жіберді.
«Енді қайтып келме»,—деп,
Елшіге хабар береді.

Елші кетіп қалған соң,
Шалың үйге барады.
Кемпір менен шалыңыз
Ақылдасып қарады:

—Мына тұран Қобыланды

Енді қайда бағамыз,
Қалайша айла табамыз?!
Есітсе жаудың хабарын,
Қобылан кетіп қалады.

Кемпір менен шалыңның
Енді тапқан ақылы:
«Кел не етелік, не етелік,
Жылқы баққан құлдарға

Баланы алып екеуміз кетелік.
Біз құлдарға баралық,
Құлағына салалық,
Қобыланға енді мықты бол.

Еті мұның сенікі,
Сүйегі болсын біздікі.
Тіліңді Қобылан алмаса,
Ортаға алып сабаңдар,

Бәрің бірдей қамаңдар.
Қобыландай баланы
Кешке қарай жатқанда
Орталарыңа алыңдар.

Кілем жауып үстіне,

қобыланды  батыр  жыры
Іргесін басып жатыңдар».
Осының бәрін көп айтып,
«Еш адамды Қобыланға

Жолықтырма» деп айтып,
Қодарқұл мен Оспанқұл,
Көктөбет пен Қаршабай,
Тапсырдым,—деді,—саған-ай.

Мықты болың, қарағым,
Сенің енді еңбегің
Ойыма мен аламын,—
Деп кемпір-шалдар қайтып кетеді.

Бұл осымен тұрсын. Ендігі хабарды елші мен Көктен кемпір­
ден тыңдайық.
Кемпірдің елшіге айтқаны:

—Қобыланнан хабар алдың ба?—

Деп кемпір елшіден сұрады.
Елшінің айтқан сөзі:

—Бере алмадым хабарды,

Қыдырбай ұстап алады.
Мойныма арқан салады,
Қамшыменен сабады.
Бармақ түгіл жан қайғы,

Хабарсыз Қобылан қалады.
Осыны естіп Көктен,
Өзі естіртуге қарады.
Көктен жеті түрлі тілді біледі екен,

Жеті түрлі сүгіретке кіреді екен.
Осы тұрған Көктенің
Бермек боп хабар Қобыланға,
Алтайы қызыл түлкі боп,

Қобыланға жөнелді.
Болып түлкі келеді,
Бір шетінен елінің
Қобыланның кіреді.

Елін жүріп жағалап,
Таба алмады баланы.
«Енді қайда кетті?»—деп,

батырлар  жыры
Көп жылқыға барады.
Сол арада Қобыланды
Енді тауып алады.

Түлкінің енді келгенін
Қобылан бала көреді.
Балалықтың зарпынан
Жетпеймін деген ойы жоқ,

Түлкіні жаяу қуып барады,
Баладан құлдар айырылып қалады.
Тоқсаны мініп тоқсан ат,
Жан-жағына қарады.

Түлкі қуған баланы
Біреуі тауып алады.
«Кетесің неғып жаяу»,—деп,
Баланы ұстап алады,

Бәрі ортаға қамады.
Ықтиярсыз баланы
Қосына алып кетіп барады.
Кешегі Көктен ойында

Қобылан хабарсыз екені қалады.
Екінші түнде Көктен кемпір
Бір сұлу қыз болып барады.
Балаға хабар салады:

—Қобылан батыр, ер,—деді,

Жатқаның сенің нең?—деді.
Дәнеңе жоқ ойыңда,
Жатырсың құлдың қойнында.
Жар қосағың Құртқаның

Қайда екенін білдің бе,
Енді, шіркін, сен?—деді.
Жар қосағың Құртқаны
Аламын деп қоршап жатыр ел,—деді.

Білмейсің мұны сен,—деді,
Хабар бере келдім мен,—деді.
Менің балам сен едің,
Жар қосағың Құртқаны

Өзің тірі тұрғанда
Қалмаққа неғып бересің?!
Құрбы менен құрдастың

қобыланды  батыр  жыры
Бетін неғып көресің?!
Ендігін өзің білесің,—деп,
Ғайып боп кемпір жөнелді.

Қобылан енді тұрады,
Беті-қолын жуады,
Қынайы белін буады.
Ойына түсіп бір нәрсе,

Бұрынғыдай болмады.
«Көп жылқының ішінен
Мінетін тұлпар бар ма?»—деп,
Енді Қобылан қарады.

Бір жерде көрді аланы,
Ұстап алып Қобылан
Мініп бір енді қарады.
Әу деген жерге жарамай,

Етпетінен құлады.
Мұны тастап бұл бала,
Тағы да тұлпар қарады.
Бір жерге келіп Қобылан,

Бір торыны ұстап алады.
Оны да мініп қарады,
Бұ да құлап қалады.
Өтірік болса өзіне,

Кенелтейін сөзіне.
Сол арада Қобыланнан
Алты жылқы өледі.
Бір мезгілдер болғанда,

Жылқының құбыла жақ шетінен
Бір аланы көреді.
«Бір мінуге осы жарар»,—деп,
Қасына бала келеді.

Бұғалық салып жіберді,
Бір тигізбей табанын,
Баланы алып жөнелді.
Өлдім-талдым дегенде,

Өштім-жандым дегенде,
Кеттім-бардым дегенде,
Осы тұрған аланы
Өзіне қаратып алады.

батырлар  жыры
Басына жүген салған соң,
Азырақ жал алады.
Осы тұрған алаға

Астына тоқым салады.
Басында бар малақай,
Астындағы ала тай.
Тал құрығы қолында

Алмақ болып Құртқаны
Түсті соның соңына.
Ертемен тұрған тоқсан құл баланы тағы да іздеп таба ал­
майды. Бір уақыттар болғанда, құлдар аланың жерошақ болып

қазылған ізін тауып алады.
Өлеңін айтып ақырын,
Бала кетіп барады.
Осы тұрған тоқсан құл

Бір күн жүріп артынан
Жетпек болды Қобыланға.
Қарасын бала көргенсін,
Кідіріп азырақ тұрады,

Құлдар келіп құлады.

—Барасың қайда кетіп?—деп,

Жан-жағынан қамалап,
Құрықпен баланы сабады.
«Қой» деп еді, қоймады,
Сонда да бала болмайды.

—Айналайын аға-еке,

Бұл сөзіме сен,—деді.
Аян берді бабам-ай,
Неғылып енді қалам-ай.
Жар қосағым Құртқаны

Қамап жатыр қалмақ-ай.
Ұлықсат маған бер,—деді,
Қызығымды менің көр,—деді.
Айрылмасам барымнан,

Кесілмесем қарымнан,
Жан қосағым Құртқаны
Келермін алып мен,—деді.

қобыланды  батыр  жыры
Тілекші болып тұрыңдар,
Енді, шіркін, сіз,—деді.
Деді дағы Қобылан

Тарта берді оңына,
Келе жатқан жолына.
Тап болды келіп бір қалмақ,
Қобыланның соңынан

Қалмақ келіп тұрады,
Баланың жөнін сұрады:

—Жасың кіші баласың,

Қаулап бір оттай жанасың,
Білегің жуан атқышыл,
Бармағың қайқы тартқышыл,
Айналайын, жас бала,

Қай жаққа кетіп барасың?
Қобылан батыр ер еді,
Шынын айта береді.

—Білмесең, енді, сен,—деді,

Білдірейін мен,—деді.
Қыдырбай деген бабаңның
Маңдайынан күн қағып,
Табанынан жер қағып,

Бір бала деп зар қағып,
Тілеп алған Құдайдан
Қыдырбайдың баласы мен,—деді.
Тумай атым қойылған,

Шаппай ізім жосылған.
Желім тұрған оңымнан,
Дұшпаным қашқан жолымнан.
Менің немді сұрайсың,

Менің атым—Қобылан,—деді.
Сонда қалмақ тұрады,
Қобыланның сыртынан
Естиді екен құлағы.

—Қобылан батыр, ер,—деді,

Сөзіме менің сен,—деді.
Кешегі тұрған Құртқаға
Келіп едім мен,—деді.
Алтын қабаққа байлаған

батырлар  жыры
Қара тастан оғы өте алмай,
Теңгеге тура жете алмай,
Бұлардың соры қайнаған.

—Астымдағы тұлпарды

Берейін саған мен,—деді,
Қарағым, бұған мін,—деді.
Үстімдегі бес қару
Мұны да саған берейін,

Мұны да мойныңа іл,—деді.
Тоғыз қабат ақ сауыт
Мұны дағы берейін,
Үстіңе мұны ки,—деді,

Тілегіңді тілеп соңыңнан,
Жүрейін сенің мен,—деді.
Осыдан алсаң Құртқаны,
Сені өкіл күйеу қыламын.

Құртқаны қыз қыламын,
Тілекші болып тұрайын
Сыртыңнан сенің мен,—деді.
Қобыланды:

—Қалмақтан атты мінбеймін,

Қалмақтан киім кимеймін.
Қалмақтан қару алмаймын,
Мен олай қылып бармаймын.
Ертең алсам Құртқаны

Менің атым міндің деп,
Менен киім кидің деп,
Менен қару алдың деп,
Соныменен сен барып,

Құртқаны сұлу алдың деп,
Соның бәрін айтарсың.
Қалмақтан ештеңе алмаймын,
Оныменен мен бармаймын.

Астымдағы ала тай,
Басымдағы малақай,
Осыменен де алып қайтармын, алақай,—дейді.
Ойлау жерден орғытып,

қобыланды  батыр  жыры
Тегіс жерден сырғытып,
Айтып ауыз жұмғанша,
Ескен желдер тынғанша,

Қажыса болат сынады.
Жиылып тұрған көп жиын
Ала таймен Қобылан
Үстінен келіп құлады.

Жұрт жиылған көп еді,
Алқалаған ел еді,
Осының үстіне Қобылан енді келеді.
Көп ішінен ер Әуез

Қобыландыны көреді.
Келе сөйлей береді:

—Жасың кіші баласың,

Оттай қаулап жанасың.
Астыңдағы атыңның
Жүні болса қатулы,
Көп шабуыл көргенсің.

Қабағың сенің қатулы,
Түн ұйқыңды бөлгенсің.
Айналайын, жас бала,
Қай-ау жақтан келесің?

—Осы тұрған Қобылан

Қашатұғын қатын ба,
Қорқатұғын батыр ма—
Жөнін айта береді:

—Білдірейін, білмесең,

Сұрасаң менен сен,—деді.
Тумай атым қойылған,
Шаппай ізім жосылған,
Желім тұрған оңымнан,

Дұшпаным қашқан жолымнан.
Қыдырбайдың баласы
Менің атым—Қобылан.
Сонда бұған сенеді,

Қолындағы қаруын
Қобыланға береді.

—Айналайын, Қобылан,

Мұсылман, кәпір екі жақ

батырлар  жыры
Енді, шіркін, тұр,—дейді.
Алтын қабақ ататын жерді
Көрсетейін мен,—дейді,

Кел артымнан, жүр,—дейді.
Қобылан еріп келеді,
Алтын қабақ тұрғанын
Қобылан батыр көреді.

Енді атынан түседі,
Қолына алып садағын,
Бабаларына сыйынып.
Үстіндегі киімнен

Түгі тұтам өтеді.
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз жауып,
Құм беттеніп қызарып,

Саз беттеніп сазарып,
Сондай бір заһар етеді.
Қобылан атқан оқ
Қара тастан өтеді,

Ақ теңгеге жетеді.
Шылдыр етіп ақ теңге,
Енді жерге түседі.
Мұны көріп көп халық,

Енді бір шу етеді.
Теңгені атып түсіріп,
Көңілдері тынады.
Ат шаптыруға

Енді халық қарады.
Орақтың қара атын да
Шабамын деп бәйгеге,
Мұны дағы салады,

Ақшабайдың баласы.
Сөздің жаңа шықты сарасы.
Шабамын деп бәйгеге,
Шықты мұның аласы.

Кешегі Табылдының баласы Қосай,
Мұнан шықты Шал қасқа.
Кешегі Жаңбыршының баласы
Телағыстан да шықты бір тұлпар.

қобыланды  батыр  жыры
Кешегі Қобылан—
Астындағы аласы
Бұ да кетіп барады,

Қыдырбайдың баласы.
Несін айта берейін,
Бес жүз сексен бес ат болады
Шабатын аттың шамасы.

Кешегі Қосай менен Телағыс
Балалармен кетуге
Бұлар да кетіп барады.
Аттың бәрін айдады,

Қырық күншілік жерлерге
Айдаушы айдап барады.
Шабатын жерге барып ап,
Бәрін санап түгелдеп,

Аттың санын алады.
Ағыс пенен ер Қосай
Жеті күншілік жерде
Жолда бағып,

Арттарында қалады.
Есебін аттардың түгел алған соң,
Айдап барған айдаушы
Енді шабуға ұлықсатын қылады.

Ду қойып балалар барады,
Жүзін жердің шаң басты.
Бір-бірінен балалар
Шаңыменен адасты.

Бір күндері болғанда,
Ағыс пенен ер Қосай
Енді екеуі тұрғанда,
Алдыменен құлады

Бір қалмақтың баласы.
Кешегі тұрған Телағыс
Қасына келіп баланың,
Жоқ нәрсеге алдайды.

Ұзақтамай бұл жерге
Орақтың да қарасы,
О да келіп құлады.
Енді екеуі таласып,

батырлар  жыры
Кетіп бір енді барады.
Екіден соңғы кім десең,
Қыдырбайдың баласы

Қобылан батыр сол екен.
Енді үш ат жөнелді,
Соңғы аттарды күтпеді.
Үшеуі талас құлады

Қарақшыға шамасы.
Сол арада көтерме
Әсер етті бұларға.
Орақтың келді қарасы,

«Қара ат бұрын келді» деп,
Жайылды хабар халыққа.
Ендігі бәйге сұрасаң,
Сементтеген көк-ай тас

Күресетін жері екен.
Ортаға келіп отырды
Бір қалмақтың баласы.
Екі иінінде екі шоқ,

Жаурынында қоңырау.
Он екі қабат шынжырды
Беліне енді орады.
Майдан қылған жерінде

Күресем деп тұрады.

—Палуаныңды шығар,—деп,

Шынтемірдей ханыңа
Енді хабар қылады.
Мына тұрған Шынтемір
Жан-жағына қарады.

Бүтін енді батырдың
Бәрі де сонда бар еді.
Қоңыраулы палуан
«Шығар-ай,—деп,—кісіңді»,

Үш мезгіл хабар қылады,
Ешкім бұған бармады.
Бәйгеден келген жас бала
Ісіне мұның қарашы,

Түс деген бұған адам жоқ,
Өзі түсіп атынан,

қобыланды  батыр  жыры
Аяңдай басып аяғын,
Палуанға кетіп барады.
Палуанның қасына

Қобылан келіп тұрады.
Сонда қалмақ қарады:

—Айналайын, жас бала,

Істеген ісің масқара.
Теңің сенің мен емес,
Менің теңім сен емес,
Сеніменен менің күресуім жөн емес.

—Айналайын, қалмағым,

Бар ма еді менде алмағың?
Таразыға тартқанда,
Басар-ау менің салмағым,
Батар-ау менің бармағым.

Өзіңе-өзің баламай,
Сондай дардай болсаң да,
Сендей, сендей қалмақты
Оңай бір менің алмағым.

Бала деп мені аяма,
Қайсардың Қаратауына
Иегімді сүйей сал,—деді,
Білгеніңді қыл,—деді.

«Інісі бар дегеннің,
Тынысы бар деген сөз»
Бұрынғыдан бар,—деді.
Інісі бұрын барады,

Інісінің сарқытын
Ағасы оның алады.
Қалмақ айтты үш рет,
Балаң айтты үш рет.

Ашуланып баланың
Енді қалмақ сөзіне,
Түрегеліп барады.
Баланың ұстап белінен,

Зуылдатып үйірді,
Енді жерге ұрады.
Көтеріп жерге ұрса да,
Қобылан құламай тіке тұрады.

батырлар  жыры
Осы тұрған қалмақ
Үш мезгіл үйірсе де көтеріп,
Құламай бала қалады.

Сементтеген көк тастың
Ортасы жарылып,
Арасына жік түсті.
Ендігі кезек балаға

Қалмағың енді береді.
Мына тұрған Қобылан
«Айрылдым ба екен барымнан,
Кесілдім бе деп қарымнан»

Бар қуатын жинап ап,
Қанша мықты болса да,
Мына тұрған қалмақты
Көтеріп жерден алады.

Енді бала үйіріп,
Қалмақты жерге ұрады.
Таудай болған қалмағың
Сол баладан құлады.

Шынтемірдей ханыңыз
Шауып келіп қасына,
Қайратына баланың
Енді риза болады.

Танымайды екен Шынтемір:

—Баласысың кімнің?—деп,

Қобыланнан сұрады.
Сонда тұрып Қобылан:

—Менің атым—Қобылан,

Қыдырбайдың ұлымын,—
Деп-ай баян қылады.
Бұл баланың бетінен
Үш қайтара сүйеді.

«Алып бір бердің бәйгемді»,—
Деп риза болады.
Қайтадан барып халқына,
Қасындағы көп халық

Соларға хабар қылады:

—Ат бәйгесі біздікі,

Екі бәйге Қобыландынікі.

қобыланды  батыр  жыры
Ат бәйгесін бұған қиялық
Бәріміз түзеп пәтуа.
Мына тұрған Құртқаны

Қобыланға жұпты қылайық,
Осымен риза болады.
Мына тұрған Қобыланға
Құртқаны ноғай қияды.

Ноғай деген көл халық,
Қобылан жалғыз екен ғой.
«Мына тұрған балаға
Неғылып береміз Құртқаны»,—деп,

Ноғайлар күңкіл қылады.
Бірсыпыра күңкілдеп,
Өзіне серік жияды.
Ахметтей шалыңыз

Соны естіп тұрады.
Сонда тұрып Ахмет
Күңкіл қылған ноғайдың
Барлығына толғады:

—Қобыланның күшін, қарағым,

Жоқпысын көрген сен?—деді.
Кешегі палуан ақырып,
Сендерді шақырып.
Мықты болсаң, қарағым,

Сонда неге бармадың?
«Бар, әй»,—деген Қобыланға
Ешбір кісі жоқ еді.
Байқасаң қайраты

Қобыланның көп еді.
Бұл Қобылан туғанда,
Жерік асын әкелген
Тұзбайырдан мен еді,

(Білмейсің бәрің деп еді.)
Айдаһардың жүрегі—
Соны жеген Ақзарбап
Жерігі қанды деп еді.

Сан болсаң да, көп ноғай,
Қобыланға әлің келмейді.
Жалғыз да болса бұл Қобылан

батырлар  жыры
Сендерге теңдік бермейді.
Мына тұрған Қобыланға
Атсаң бір мылтық өтпейді,

Шапсаң да қылыш кеспейді,
Шаныссаң да найза батпайды,
Салсаң бір отқа күймейді,
Салсаң да суға батпайды.

Қобыланның жайын, қарағым,
Білмейсің бәрің сен,—деді,
Тілімді алсаң қой,—дейді.
Алмасаң менің тілімді,

Тапсаң алтын бермеңдер.
Зиян көрсең, қарағым,
Мені қайтып көрмеңдер,—деп,
Ахмет айтып кетті.

Енді халық көнеді,
Көктен қызын береді.
Халайық бүтін тарады,
Осы тұрған Қобыланның

Енді өзі қалады.
Ақ отауын арттырып,
Аспаһаны кілем жаптырып,
Жібектен арқан тақтырып,

Қызық дәурен дүниеде
Кемпір енді арттырып,
Сондай бір қызық қылады.

—Не қалауың бар-ай?—деп,

Күйеуінен сұрады.
Сонда тұрып қыз Құртқа
Қобыланға сыбыр ете қалады:

—Мына тұрған жай бұлтын

Соны сұрап ал,—деді.
Мұның енді қасиеті
Кісіге білген көп еді.
Қайдан білсін Қобылан

Құртқаның айтқан сөзімен
Енді Қобылан біледі.
Не қалауың бар десе,
Жай бұлтыңды бер,—деді.

қобыланды  батыр  жыры
Сонда Көктен тұрады
«Қайдан білсін Қобылан,
Қыз Құртқадан болды»,—деп,

Қызынан күдік қылады.
«Әй, залым-ай, бұл қызды
Асырасаң да болар,—деп,
Асырамасаң да болар»,—деп,

Амалы жоқ бұл кемпір
Жай бұлтын Қобыланға береді.
Мына жай бұлтының
Қасиеті көп еді.

«Қарның ашса қасыңда
Азық болар,—деп еді.
Жалғыз болсаң далада,
Әскер болар,—деп еді.

Шөлдей қойсаң далада,
Сусын болар,—деп еді.
Өте алмайтын жер болып,
Дарияға кез болсаң,

Көпір болар»,—деп еді.
Несін айта берейін,
Қасиеті көп еді.
Ырғап-жырғап Құртқаны

Ұзатқан осы жері еді.
Енді Құртқа, ал, көшіп,
Қыдырбайдың еліне қарай келеді.
Бір жерлерге келгенде,

Көп жылқының шетінен
Енді бұлар көреді.
«Мынау кімнің малы?»,—деп,
Қобыланнан Құртқаның

Сұраған жері осы еді.

—Менің әкем Қыдырбай,

Соның малы осы,—деп,
Қобылан жауап береді.
Көп жылқыны жағалап,
Ішін соның аралап,

Көш те жүріп келеді.
Бір жерлерге келгенде,

батырлар  жыры
Ішінен соның бір кер құлын
Құртқаның көзі көреді.
Келе жатқан келінге

Ата менен ананың
Көрімдікке бір қара
Беретін жері еді.
«Енді берсе көрімдік,

Қулықты берсін»—деп еді.
Қыдырбайға бір жаушы
Осыны айтып келеді.
Қыдырбай мақұл көрмеді,

Сұраған оның қулығын
Құртқаға енді бермеді.
Мына тұрған қыз Құртқа
«Бір жылқысын қимады,

Бір жылқыдай мені көрмеді»,—
Деп-ай Құртқа еңіреді.
Енді Құртқа сол жерден
Ауылға қарай келмеді.

Сол жерге Құртқа қонады,
Кер қулықты сұрады.
Есітеді мұны Сыпыра.
Сыпырадай жырауың

Көп жасаған көне еді.
Екеуінің сөзін есітіп,
Сыпыра жырау келеді.
Қыдырбайға ал келіп,

Сыпыра жырау сөйледі:

—Бейшара болған Қыдырбай,

Бір жылқыны Құртқаға
Қимағаның нең?—деді.
Шалың байғұс еңіреді,
Шалың сонда шын айтты:

—Қимай оны не етейін,

Құлаша қулық ішінде
Тұлпар енді бар еді.
Таң мезгілі болғанда,
Судан шығып су айғыр,

Шауып жатқан жерінде

қобыланды  батыр  жыры
Көріп едім мен,— деді.
Онан тұлпар туады,
Тұлпарға Қобылан мінген соң,

Қобылан кетіп қалады,—деп,
Менің бермегенім сол еді,—дейді.

—Бұл сөзді,—Сыпыра,—қой,—деді,

Тірі болсын бұл Қобылан.
Қайдан да болса Қобыланды
Ұстай алмайсың сен,—деді.
Сұраған енді кер қулық

Құртқаға бер,—деді.
Сыпыра жырау оңдады,
Келістіріп екеуін,
Құртқаны енді қозғады.

Құртқаны енді көшіріп,
Қыдырбайдың аулына
Келіп бір қонады.
Мақсаты бір болады,

Құлаша қулық жетелеп,
Көшпенен бірге құлады.
Құлаша қулық бағуға
Бір жақсы сарай бар еді,

Енді соны алады.
Қулықтан басқа ешкім жоқ,
Ішіне соны бағады.
Сұлы менен сүт беріп,

Қулықтың бабын табады,
Қырық кісі бағады.

—Құлындаған уақытта

Туғызыңдар,—деп—кілемге,
Кілемге туса бұл құлын
Қанатты тұлпар болады.
Жерге тисе аяғы,

Ұша алмай құлын қалады.
Қырық кісіге тапсырып,
Осылайша уағда қылады.
Қырық кісі ал бағып,

Енді мұны тұрады.

батырлар  жыры
Бір күні бие құлындап,
Торыша құлын туады.
Қанша баққанмен де, торыша құлынды кілемге туғызғанда,

бір аяғы жерге тиіп кетеді. Сол себепті бұл тұлпар ұша алмай­
тын болады.
Осы туған тор құлын
Көтеріліп ұша алмайды.

Жер басқаннан ешнәрсе құтқармайды.
Сол құлынды Құртқа бағады,
Оның бабын табады.
Ынжырменен оятып,

Алуаменен ұйықтатып,
«Алысқа ақсап шапсын» деп,
Өріктің суын береді.
«Мейіз болып қатсын» деп,

Мейіздің суын береді.
Осы тұрған Торыша ат
Ат болуға қарады.
Еш адамға көрсетпей,

Құртқа оны бағады.
Маңдайына қарасаң,
Алтыннан соққан күректей.
Танауына қарасаң,

Түбі түскен шелектей.
Омырауына қарасаң,
Еділден шыққан аңғардай.
Жау дегенде жайнатып,

Мінер ме еді заңғарды-ай.
Омыртқасы оқтаудай,
Қабырғасы көк таудай.
Саныңа сенің болайын,

Мырзалар киген шалбардай.
Құйрығыңа болайын,
Күлтеленген жібектей.
Көзіңе сенің болайын,

Хорлардың жаққан шырақтай.
Құлағыңа болайын,

қобыланды  батыр  жыры
Көлге біткен құрақтай.
Ерініне қарасақ,
Оралып жатқан түбектей,

Берді ғой Құдай тілекті-ай.
Біздің Қобылан батырға
Осындай тұлпар керекті-ай.
Атты айтып болады,

Көңілі бұған толады.
Мерзімді күні серт қылып,
Құртқа соны бағады.
Сертті күні болған соң,

Уағдасы толған соң,
Қобыланға береді.
Белгілі тұлпар бұл болып,
Қобылан батыр бұл торыға мінеді.

Осы тұрған Қобылан
Торыша атқа мінген соң,
Малын аралап жүреді.
Құлағына бір дауыс

Малда жүрсе келеді.
«Бұл не қылған дауыс»,—деп,
Құлағын сала береді.
Кідіруге шыдамай,

Дауысқа қарай жөнелді.
Тобылғы меңді Торыша ат
Құбылып ойнап келеді.
Жақындаса қасына,

Бөтендігі жоқ еді,
Бұ да өзінің бірі еді.
Ер Қосайды ұстап ап,
Қалмақтардың кетпек болған үстіне келеді.

Қобыландыны көзі көрген соң,
Қосай түгіл, бас қайғы,
Қалмақтар қашып жөнелді.
Қашқан қалмақ соңынан

Қобылан қуып жөнелді.
Құтылсын ба Қобыланнан,
Қобылан ұстап алады,
Қамшыменен сабады.

батырлар  жыры
Мына тұрған қалмақтың
Екі қолын таңады.
Құлағын кесіп құнтитты,

Мұрнын кесіп сымпитты.
«Хабар бер,—деп,—ханына,
Қандыаюға айдады,—
Мықты болса Қандыаю,

Барамын енді мен»,—деді.
Мына тұрған қалмақ
Жаяулап байғұс келеді,
Қобыланнан қорлық көреді.

Жаяу келіп еліне,
Қандыаюға хабар береді:

—Қандыаю ханым, сен,—деді,

Көріп келдім Қобыланды
Енді, шіркін, мен,—деді.
Жатқан енді жыланның
Құйрығын басқан нең?—деді.

Қобыланға мен қарадым,
Әруағын байқап қарасам,
Қаптаған қара борасын.
Батыр шенеп жүр екен

Таудың тамам арасын.
Бармағы қайқы тартқышыл,
Білегі жуан атқышыл,
Айтулы ердің бірі екен.

Қобылан келсе еліңе,
Бүлдірер, шіркін, бұл,—деді,
Өтірік емес, шын,—деді.
Күн бұрыннан Қобыланға

Істемесең бір амал,
Қалмассың тірі сен,—деді.
Қалмақ бір халқын жинап алады,
Еліне хабар салады:

—Келемін деп бұл Қобылан

Бізге хабар береді,
Өтірік емес, шын,—дейді,
Қобылан бізге келеді.
Қобыландай батырға

қобыланды  батыр  жыры
Қалайша амал етеміз,
Енді шіркін біз?—дейді.
Қандай екен қайраты,

Қобыланның күшін көрелік?
Қырық құлаш зындан қазалық,
Қырық бірдей ерлерді
Ішіне соның салалық.

Қырқына беріп қырық шынжыр,
Басына найза байлады,
Зынданның аузын жабады.
Қазғанын зындан білдірмей,

Көрініп найза тұрады.
Қобыландының күшін көруге
Қалмақтар құмар болады.
Қалмақтың батыры Қорғанша

Айтулы туған ер екен.
«Қобылан қашан келер»,—деп,
Қарауыл қарап жүр екен.
Торыша аттың басын бұрады,

Атқа қамшы ұрады,
Қайтып елге құлады.
Өзімен қатар қырық ерге
Қобылан хабар береді.

Қырық кісіні ерітіп,
Өзіменен қырық бір
Жасыл туын қолға алды.
Қалмаққа қарсы жорыққа

Енді Қобылан оңдалды.
Шын кетерін білген соң,
Ақзарбап пен Қыдырбай
Батасын беріп қалады.

Мына тұрған Қобылан
Сапар шегіп барады.
Атқа қамшы басады,
Бір төбенің тозаңын

Бір төбеге қосады,
Аспанға шаңы жосады.
Ауыздығы төрт елі
Соққан алтын жүгенді

батырлар  жыры
Астындағы Торыша ат
Қарш-құрш шайнады.
Шапқан сайын Торыша ат

Шабуылға тоймады,
Құбылып басып ойнады.
Қаздарменен қағысты,
Үйректермен жарысты.

Маядай мойнын созады,
Тарта-тарта қалбырап
Алақаны тозады.
Басын тартса, кетеді

Бөксе жағы қырындап.
Ұшқан құстай боп Торыша ат,
Жөнеледі енді пырылдап.
Бұрылмайтұғын Бұрма тау

Бұдан да өтті есен-сау.
Құладын ұшпайтын құла ойдан
Құлазып өтіп барады.
Түлкі жортпас түлейден

Түнде өтіп барады.
Күнін-түнін бір етті,
Атаңа нәлет қалмаққа
Жетуіне серт етті.

Шалбарының балағы
Сала құлаш масаты.
Жел соққан сайын жалпылдап
Тұлпардың аузынан шыққан ақ көбік

Жауған қардай жарпылдап,
Сауытының шашағы
Тұс-тұсына жаудырап,
Екі беті албырап,

Қобылан батыр келеді
Қалмақтың енді еліне.
Бір қараны көреді,
Бұл қараны көрген соң,

Торыша атпен Қобылан
Қараға қарай жөнелді.
Құйындай болып бұрқырап,
Көзді ашып жұмғанша,

қобыланды  батыр  жыры
Қасына қалмақ құлады.
Шетпер тоқым тоқынған,
Жезіне көп шоқынған,

Балдыр-бұлдыр сөйлеген,
Тілін адам білмеген
Бір қалмақтың қасына
Қобылан келіп құлады.

Сонда қалмақ сұрады:

—Жасың бір кіші баласың,

Қаулап бір оттай жанасың.
Атың да болса тер қатып,
Өзің де болсаң түн қатып
Қайда бір кетіп барасың?

—Білмесең қалмақ сен,—деді,

Білдірейін мен,—деді.
Жирен деген көл,—деді,
Итқырылған бел,—деді.
Білдірейін білмесең,

Қыдырбайдың баласы
Қобылан батыр мен,—деді.

—Келеді деп Қобыланды есітіп,

Жолыңнан сенің күткен мен,—деді.
Сен Қобыланның сыртынан
Жеткізіп еді мақтауын:
«Қобыланға әлің келмейді,

Теңдікті Қобылан бермейді».
Батыр туған ер болсаң,
Мықты батыр сен болсаң,
Бір шанышқан найзамды

Ала алмай тұрмын мен,—деді.
Мықты болсаң Қобылан,
Суырып соны бер,—деді.
Қобылан мақұл көреді:

—Найзаңды сенің суырып

Мен бір саған берейін.
Қайдан білсін Қобылан,
Еріп бір соған келеді.
«Менің найзам мынау»,—деп,

Қобыланға береді.

батырлар  жыры
Найзаны Қобылан көреді,
Суырайын деп жақындап,
Қасына соның келеді.

Суырайын деп найзаны,
Қолымен ұстап көреді.
Мына найза, ал, саған
Қозғалмайды деп еді.

«Мынау неғылған найза»,—деп,
Шыныменен суырып,
Қобылан батыр қарады.
Мына найза онда да

Қобыланға болмады.
Қобылан батыр таң қалып,
Енді, шіркін, тұрады.
Он екі қабат шынжырмен

Ол найзаны орады.
Торыша аттың үстінде
Тақымға салып тартады.
Тақымға салып шынжырды

Торыша атқа «шу»,—деді.
Астындағы торыша ат
Бұйым құрлы көрмеді.
Аузын жапқан қара тас

Бәрін соның аударып,
Әр жағында қырық батыр
Бәрін де соның шығарып,
Тастай талқан қылады.

Адамзаттың баласы
Бұндай күшті болар ма?
Мына тұрған Қобыланға
Қалмақ бір таң қалады.

«Бұған тиіп болмас,—деп,
Тиген де кісі оңбас»,—деп,
Бастың қамын қылуға
Қалмағың қатты ойланды.

Қалмақты Құдай ұрады,
Төбеден жел тұрады.
Қобыланның қасында
Енді шіркін тұра алмай,

қобыланды  батыр  жыры
Қашып кетіп барады,
Қобыланның көріп күшін-ай,
Істеген оның ісін-ай.

Қалаға қарай қашады,
Қашқанына қойсын ба,
Қуып жетіп артынан,
Кісі жейтін қалмақты

Өлтіріп бір тынады.
Мақсаты болып Қобылан,
Қалаға қарай құлады.
Орлардың өтіп үстінен,

Торлардың өтіп үстінен,
Қалаға келе құлады.
Құрттай болып қыбырлап,
Шөптей болып жыбырлап,

Толып тұрған қалмақ
Сондай бір әскердің үстінен
Келіп бір Қобылан құлады.
Келген енді баланы

Ортаға алып қамады.
Қамаса да бұл қалмақ
Қамауына тоқтамай,
Шығып кетіп барады.

Қобыландының қырық жолдасы
Тұс-тұсына барлығы тарады,
Маңдайымен кетіп барады.
Жердің жүзін шаң басты,

Бірі-бірінен халық адасты.
Енді айқайды тұс-тұстан
Барлығы да салады.
Айқайлаған дауысы

Айлық жерді алады.
Күркіреген дауысы
Күндік жерді алады.
Таулар енді селкілдеп,

Жер қозғалғандай болады.
Қобылан ерді қамалап,
Мойнына шынжыр салады.
Үстіне салған шынжырды

батырлар  жыры
Үзіп кетіп барады,
Жіптей дағы көрмеді.
Қобылан жаудың ішінде

Құтырғандай болады.
Бәтшәйі бешпет қырмызы,
Кәмшеттің бауын сыпырды.
Қолына алып қылышты,

Қобылан жаман құтырды.
Қылышпенен шабады,
Алдын шауып тастаса,
Арты басым болады.

Өлгенінің орнына
Өлмегендер толады.
Сонда да бала болмады,
Шабуынан танбады.

Оңға да қылыш ұрады,
Солға да қылыш ұрады.
Бұл қалмақтың ішіне
Сондай бір қырғын салады.

Қалмақтың қанын ағызып,
Қызыл қанмен суарып,
Астындағы торыны
Сондай қырып жүрсе де,

Ойда жатыр он мыңы,
Қырда жатыр қырық мыңы—
Сансыз қалмақ көп екен,
Есебін мұның санауға

Жете алмас адам дер екен.
Ханның басын санасаң,
Тоқсан ханның елі екен.
Туғалы адам келмеген,

Бұрын жауды көрмеген
Тұнық бір жатқан ел екен.
Сол қалмақтың ішінде
Бекболат деген ер екен.

Аты оның—Бекболат,
Қандай жан барса да,
Бекболаттың уысынан
Шыға алмай жоқ болад.

қобыланды  батыр  жыры
«Тәңір-ай» деп Бекболат
Қобыланға тап болад.

—Әй, жас бала, жас бала,

Істеген ісің масқара.
Елді бір иесіз дедің бе,
Жерді бір иесіз дедің бе?!
Енді елге келесің,

Мұнша неге қырғынды
Неге елге бересің?!
Неше жаның болса да,
Мен қимылдасам, өлесің.

Мықты болсаң, Қобылан,
Менің кезегімді бересің.
Кезегін беріп тұрады,
Қобыландайын батырың.

Дәнеңе жоқ ойында,
Қорықпай батыр тұрады.
Қорамсаққа қол салды,
Атайын деп қалмақ оқталды.

«Торыша аттың басы-ай»,—деп,
Алтын ердің қасы-ай,—деп,
Қақ жүректің басы-ай,—деп,
Өлер жерің осы-ай,—деп,

Үзеңгіге шіреніп,
Көпшікке көтін тіреніп,
Жіберген атып жері еді.
Қалмақтың атқан бұл оғы

Қобыланға келеді.
Тоғыз қабат сауыттың
Сегізінен өтеді.
Жыртыла жаздап тоғыздың

Енді ойласаң жағасы.
Аман сақтап қалады
Қобыланның бабасы.
Балаға кезек береді,

«Қу жебе» деген оқ алды,
Атайын деп қалмақты
Енді бала оңдалды.
«Сарала аттың басы-ай,—деп,

батырлар  жыры
Шетперлі ердің қасы-ай,—деп,
Қақ жүректің тұсы-ай,—деп,
Өлер жерің осы-ай,—деп,

Үзеңгіге шіреніп,
Көпшігіне тіреніп,
Бұ да атып жіберді.
Тоғыз қабат сауыттың

Сегізінен өтеді,
Тоғызыншыға жетеді.
Тасқа тиген немедей
Шашырап оғы кетеді.

Қолына алып найзаны,
Істеді түрлі айланы.
Өлтіруге бір-бірін
Енді бұлар ойлады.

Ұңғысы сұлу ақ найза
Аямай-ақ бір-бірін
Шұрқылтайдан салады.
Найзаменен шанышып,

Екі батыр қағысып,
Сонда дағы болмады.
Қолындағы найзаның
Шығыршығы шиқ етіп,

Орта жері былқ етіп,
Қармақ болып қалады.
Бұл қаруды қояды,
Ақ алмасын алады.

Қынапқа салса бір құлаш,
Суырып алса қырық құлаш,
Ақ алмастан жан қалмас.
Салса тауға тас алған,

Шаш ал десе бас алған.
Салса кеткен білінбей,
Көзіне жұрттың көрінбей,
Нарға салса жылт еткен.

«Кесейінші басыңды,
Құртайыншы жасыңды»,—
Деп қылышпен шабады.
Тасқа тиген немедей

қобыланды  батыр  жыры
Қайрылып жүзі қалады.
Қылыштан пайда таба алмай,
Екі батыр қамалды.

Алды қолға шоқпарды,
Ұруға енді оқталды.
Қалқан ұстап Қобылан
Енді сонда тұрады.

Аямай қалмақ ұрады,
Қалқан сынып, күл болып,
Жерге түсіп жанады.
Астындағы тұлпарлар

Жерге кіріп тізеден,
Бәрі де аман қалады.
Қобыландай батырың
Шоқпарын алып қолына,

Қалмаққа о да жетеді.
Қалқан ұстап қалмақ тұрады,
Бар қуатын жиып ап,
Қалмақты Қобылан ұрады.

Бұ да аман қалады.
Ат үстінен екеуі
Жағаға қол салады.
Бірін-бірі ала алмай,

Енді екеуі талады.
Астындағы тұлпарлар
Жүрелей жата қалады.
«Атқа обал болды»,—деп,

Беліне шынжыр орады.
Он екі қабат шынжырды
Беліне орап алады.
Екеуі жаяу күрес салады,

Бірін-бірі екеуі
Алма кезек үйіріп,
Тізеден жерге кіріп қалады.
Ойпаң жерлер ой болды,

Екеуінің жүрген жерлері
Кісі бойы қол ұсыным,
Енді ойласаң, жар болды.
Бірін-бірі жыға алмай,

батырлар  жыры
Жеті күн өтеді.
Қанша мықты болса да,
Жас бала енді талады.

Қабырғасы қайысып,
Омыртқасы майысып,
Жауды онша көрмеген,
Мәнісін жаудың білмеген,

Сол уақытта Ақтікендей бабасы
Енді жәрдем қылады.
Бір ақсарбас кез болып,
Маңдайынан Бекболаттың

Сипап өтіп барады,
Бар қуатын Бекболаттың алады.
Шөп тыққан местей боп,
Жеңіліп қалады.

Таудай болған қалмақты
Көтеріп жерден алады,
Таудай болып қалмақ құлады.
Аяқ-қолын байлап ап,

Өлтіруге шыдамай,
Қырық құлаш зынданға
Алып барып салады.
«Өлтірермін,—деп,—жайғасып,

Аузын жауып зынданның,
Қалмаққа тартып барады.
Ойда жатқан он мыңға
Барып бір айқай салады.

Қырда жатқан қырық мыңға
Бұған да айқай салады.
Айқайлаған дауысы
Айлық жерді алады,

Күркіреген дауысы
Күндік жерді алады.
Тау мен тастар селкілдеп,
Бір сыпыра кемпір-шал

Жүректері жарылып,
Қорқып өліп қалады,
Қалмақтан кегін алады.
Қобылан батыр астындағы

қобыланды  батыр  жыры
Аттың борбайынан қоң кетті,
Мойынынан жал кетті.
«Аттар болса шалсын деп,

Ұйқы болса қансын» деп.
Елсіз майдан жер еді,
Сол араға келген соң,
«Кел, ұйықтайық» деп еді.

Қасындағы жолдастар
«Біреу жүрген жерінде
Біреу жүрер» деп еді.
Айтқанына Қобылан олардың болмады,

Тілін олардың алмады.
Қисая келіп көлбеді,
Ұйықтайын деп меңдеді.
Бір ұйықтаса Қобылан,

Ұйықтайды екен жеті күн.
«Жеті күнге дейін не етейік,
Көлге барып жетейік»,—деп,
Қасындағы қырық жолдас

Қобыланды тастап кетеді.
Қалмақтар амал табады,
Зынданнан Бекболатты алады.
Осы тұрған Бекболат

Бес жүз кісі қасына алып,
«Кешегі Қобылан кетті деп,
Демалысқа бір жерге,
Ұйықтаған болса егерде,

Үстіне соның баралық,
Амал келсе біз оны
Ұстап алалық»,—деп еді.
Бес жүз кісі қасында,

Қобылан кеткен жобамен
Бағыттап қалмақ келеді.
Атқа қамшы басады,
Екі-үш қырдан асады.

Бір жерлерге келгенде,
Көреді бір қараны.
«Ана жатқан Қобылан
Шығар енді» деп еді.

батырлар  жыры
Сонда дағы қасына
Қобыланның келмеді.

—Бір кісіні Қобыланға

Жіберейік біз,—деді.
Ұйықтады ма, ояу ма
Анығын біліп кел,—деді.
Айналайын, Қанбегі,

Бір тұлпарға мін,—деді,
Қобыланға барып кел,—деді.
Ұйықтады ма Қобылан,
Ояу ма екен Қобылан?

Соны барып біл,—деді.
Қанбегі енді келеді,
Қасына келсе Қобыланның
Ұйықтағанын біледі.

«Ұйықтады» деп айтса да,
Қасына қалмақ келмеді.
Оянып кетсе Қобылан,
«Әл бермейді» деп еді.

Кел, не етелік, не етелік,
Үстіне тоқсан қабат тор салып,
Қозғалмастай мол салып,
Сыртынан бағып тұралық.

Қобылан қалса шырмалып,
Сонда біз оған баралық.
Шырмалып жатқан Қобыланды
Амалдап ұстап алалық.

Қобыланды сырттан бағады,
«Тұрады,—деп,—бұл қашан»,
Бағып бір енді тұрады.
Бір кезекте оянып

Қобыландайын еріңіз,
Ұмытады бабасын,
Жаңылады тобасын,
Шырмалып торға қалады.

Шыға алмай Қобылан қалғанын
Қалмақтар көзі шалады.
Бәрі бірдей шуылдап,
Енді үстіне барады.

қобыланды  батыр  жыры
Шырмалып жатқан Қобыланға
Тағы торды салады.
Батыр аңқау, ер көдек—

Сол сықылды батырлар
Ұсталып енді қалады.
Атаңа нәлет қалмақтар
Барлығы енді қашады.

Қол-аяғын бек байлап,
Қозғалмастай қылады,
Көк арбаға салады.
Сол сықылды батырды

Ұстадық деп қалмақтар,
Қандыаюдың алдына
Мақтанып алып барады.
Бүтін халық тамаша

Қобылан ерді көреді.
Бұндай жанды туғалы
Көргені, сірә, жоқ еді.
Адамға біткен түрі жоқ,

Қалай мұны өлтіреміз деп еді.
Батыр туған Қобыланды
Темір үйге қамады.
Аузына кілт салып,

Темір үйде қалады.
Айнала қоршап, сыртына
Тас көмірді үйеді.
Тоқсан түйе томарды

Енді үстіне төгеді.
Қобылан сынды батырың
Бұрын-соңды бұндайды
Көргені, сірә, жоқ еді.

«Отқа күйіп өлсін» деп,
Жан-жағынан көмірдің
Көрікпенен үреді.
Оттай болып темір үй

Енді сонда жанады.
Өлді ме деп Қобылан,
Тесігінен қалмақтар
Сығалап келіп қарады.

батырлар  жыры
Өлмек түгел, күйген жоқ,
Дәнеңемен ісі жоқ,
Аман-есен тұрады.

«Бұл не қылған жан-ай?—деп,
Енді бір таң қалады.
Ендігі сөзді тыңдаңыз,
Жар қосағы Қобыланның

Үйдегі қалған Құртқадан.
Ұйықтап жатып Құртқа түс көрді,
Қиыншылық іс көрді.
Тұрып Құртқа жылады,

Айтпаған нәрсе қалмады.
Қайдағы нәрсе қозғалды,
Көзінің жасы төгіліп.
Жағасының бауы сөгіліп,

Өзінің туған енесі
Ақзарбапқа барады,
Барады да жылады.
Жылады да толғады:

—Бүгін түнде түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.
Кешегі кеткен балаңның
Қанатына қаз қонып,
Қайрыла алмай барады.

Мұртынан мұз жауып,
Бұрыла алмай барады.
Қараша таудай тас басып,
Көтеріле алмай барады.

Екі көзі балаңның
Жұмылыңқы көрінді.
Ақша беттің ажары
Құбылыңқы көрінді.

Балаңның аман еместігі
Мен залымға білінді.
Ақзарбап та жылады,
Жылап тұрып қозғады:

—Айналайын, құлыным,

Бауыр да, өкпе, жұлыным,
Мен де бір түс көргенмін.

қобыланды  батыр  жыры
Өз қолымнан балама
Бір аяқ балды бергенмін.
Баламның аман емесін

Мен де енді білгенмін.
Батыр аңқау, ер көдек,
Қобылан батыр ер еді.
Ерлігінің белгісі

Қобыланның ұйықтап қалғаны
Қалмақтың жері еді.
Ұйықтап жатқан Қобыланның
Үстіне қалмақ келеді.

Жаңылып Қобылан тобасын,
Сол себептен қалмаққа
Түскен шығар шамасы.
Бұл Қобылан енді өлмейді,

Өлімнің жолын көрмейді.
«Кім барады оның артынан»,—деп,
Кемпір мен Құртқа еңіреді.
Сонда Құртқа сөйледі,

Сөйлегенде не деді:

—Мына тұрған ноғайдың

Қайсысына хабар береміз?
Ертең Қобылан шыққан соң,
Артыңнан мен бардым,—деп,
Зынданнан шығарып алдым,—деп,

Бетіне салық қылады-ау!
Мұнан да жақсы ғой өлгені,
Өлімді Құдайдың оған бергені.
Ұлықсат берсең, жан мама,

Мен соңынан барайын.
Тірі болса Қобыланның
Өзін тауып алайын.
Өлі болса Қобыланның

Сүйегін тауып алайын.
Ұлықсат болса, енеке,
Іздеп бір мен барайын.
Қобыланнан жаным артық па,

Қобылан өлген жерінде
Мен де өліп қалайын.

батырлар  жыры
Ұлықсат кемпір береді,
Мұны мақұл көреді.
Мына тұрған Құртқа

Тас төбеге шашын
Тарақтап енді түйеді.
Тоғыз қабат сауытты
Үстіне Құртқа киеді,

Бес қаруды іледі,
Желмаяға мінеді.
Жеті айшылық жер еді,
Қырық күншілік шөл еді.

Оған барған адамның
Маңдайының соры еді.
Соның бәрін қыз Құртқа
Тәуекел етіп жүреді.

Желмаямен жол жүріп,
Азғана емес мол жүріп,
Енді Құртқа келеді.
Құртқа мінген желмая

Желдей болып желеді,
Қай тұлпардан кем еді.
Қалмаққа келіп жақындап,
Бір бұлақтың басына

Қыз Құртқа енді келеді.
Дәретін алып басында
Шаршап келген қыз Құртқа
Ұйықтап қалған жері еді.

Сол бұлақтың басында,
Ұйықтап жатқан жерінде
Қобыланның бабасы—
Ақтікен енді түсіне енеді.

«Айналайын, балам-ай,
Болғай құтты талабы-ай!
Тоғыз қабат сауытты енді үстіңе киесің,
Бес қаруды байланып,

Қалмаққа қарай жүресің.
Осындай барып ерлікпен
Сен қандай пайда көресің?
Кешегі Қобылан ол қандай,

қобыланды  батыр  жыры
О да қалды ұсталып?!
Тілімді менің ал,—деді,
Қарағым, құлақ сал,—деді.

Желмаяны мініп ап,
Бара алмайсың сен,—деді.
Қарауылшы өте көп,
Кіре алмайсың сен,—деді.

Бір қойшыны өлтіріп,
Есегін соның мін,—деді,
Киімін соның ки,—деді.
Қойшы болып қой баққан

Солай барып кірмесең,
Қалаға кіре алмайсың сен,—деді.
Тілін мұның алады,
Тоғыз қабат ақ сауыт

Мұны шешіп қыз Құртқа
Бес қаруды тағып алып,
Желмаяның үстіне
Бәрін соның таңады.

Желмаяның бір түгін
Алып бір Құртқа қалады.
Керек болса желмая
Түтетермін деп еді.

Жалаң қылыш қолға алып,
Аяғын басып ырғалып,
Қойшыға таман келеді.
Басын кесіп қойшының,

Бар киімін киеді,
Көк есекке мінеді.
Қойшы болып қыз Құртқа
Қалаға қарай жөнелді.

Қойды айдап қыз Құртқа
Сол қалаға кіреді.
Неғылсын қойды қыз Құртқа,
Қалаға кірген соң

Өз жөніне жөнелді.
Диуана болып жағалап,
Садақа сұрап аралап,
Диуана болып жүреді.

батырлар  жыры
Таң сарғайып атқанда,
Күн қызарып шыққанда
Хан отырған ақ орда

Азар іздеп табады.
Жағалап ханға қарай барғанда
Темір үйде тұрған Торыша ат
Қыз Құртқаның иісін біледі.

Темір үйді қиратып,
Қыз Құртқаға келеді.
Диуанаға келіп тұрғанын
Торыша атты уәзірлер көреді,

Ханға хабар береді.
Естіген соң бұны хан:

—Иә, Қобыланның өзі шығар,

Иә, көзі шығар,
Жылдам алып кел,—деді.
Хан айтқан соң уәзірлер
Диуананы қамады,

Қамшыменен сабады,
Ханға алып келеді.
Диуананы көрген соң,
Енді ханың сөйледі:

—Сен Қобыланның өзімісің,

Иә, көзімісің?
Мына Торыша ат саған
Қалай келіп тұр?—деді.
Диуана:

—Әй, тақсыр хан,—деді,

Ақылың артық жан,—деді.
Қобылан қандай, мен қандай
Көзіңді маған сал?—деді.
Қашаннан менің кәсібім

Ел қыдырып жүремін,
Ел қыдырып жүргенде,
Қобыланның да еліне барып ем,
Осы тұрған Торыша ат

Ауру екен ол сонда,

қобыланды  батыр  жыры
Торыны бағып ауруынан жазып ем.
Сол себептен Торыша ат
Исімді менің біледі.

Темір үйді қиратып
Келуі де сол еді.
«Сонда қандаймын,
Мұнда қандаймын?»—

Деп тұрғаны бұл—деді.
Сонда хан тұрып:—Торының тілін сен білесің бе? Білсең осы­
ны бізге бағындырып бер,—деп, хан диуанаға жабыса кетті.
Ханның бұл сөзін мақұл көреді,

—Алдияр, тақсыр хан,—деді,

Тіліңді сенің алайын,
Сөзіңе құлақ салайын.
Торыша атты саған бір
Бағындырып берейін,—деді.

Қырық құлаш арқанмен
Торыша атты маған бер,—деді.
Бір ай бағып, баптап торыны
Үйретіп саған берейін.

Ас пісіретін күңің мен
Ақ отау және бер,—деді.
Ақ отауын алады,
Торыша атты жетелеп,

Намаз ақшам болған соң,
Күн ұяға қонған соң,
Қаланы тегіс аралап,
Торыменен жүремін.

Біреуі есігінен,
Біреуі тесігінен қарап,
Неғып жүрсің демесін.
Торыша ат онда бағынбайды,—деді.

Тілін мұның алады,
Елге хабар салады.
Осының бәрін тамамдап,
Қыз Құртқа көшіп барады.

Ақ отауды тігіп ол,

батырлар  жыры
Торыша атты бағады,
Торының бабын табады.
Намаз ақшам болған соң,

Күн ұяға қонған соң,
Торыға мініп қыз Құртқа,
Шаһардан енді қарады.
Қобыландыны таба алмай,

Бірнеше күн өтеді.
Тарығып Құртқа жылады,
Неғыларын біле алмай,
Жүрген сайын көшенің

Бәрін де жазып алады.
Араламаған көшені
Күнде келіп аралады.
Бір күндері болғанда,

Ызыңдаған бір дауысты
Құртқаның құлағы шалады.
Қобыландай батырдың
Жалғыздық түсіп есіне,

Тарығып жатқан жері екен.
Алдынан өскен аға жоқ,
Артынан өскен іні жоқ.
Енді ойлап қарасаң,

Жалғыздықтан міні жоқ.
«Осылай болып өттің бе,
Дүние боқ?!»—деп,
Налыған жері екен.

Осы шыққан дауысқа
Атының басын қыз Құртқа
Енді оңдап бұрады,
Дауысқа қарап құлады.

Қобыланның дауысын
Қыз Құртқа енді таныды.
Қасына келіп Қобыланның:

—Жайың қалай батыр?—деп,

Құртқа жайын сұрады.
Құртқаның танып дауысын
Қобылан хабар қылады.
Айтпаса да дауысын

қобыланды  батыр  жыры
Енді Қобылан таныды.

—Шығарасың не қып зынданнан?

Торыдан басқа, енді, мал
Шығармайды,—деп еді.

—Әкеліп тұрмын Торыны,—деп,

Құртқа хабар береді.
Қырық құлаш арқанды
Қыз Құртқа Қобыланға береді.

—Ұстадың ба, батыр?—деп,

Сырттан хабар береді.
Арқанды алып қолына
Енді Қобылан орады.

—Ұстадым,—деп,—арқанды,

Құртқаға хабар қылады.
Бұйым құрлы көрсін бе,
Сондай болған батырды
Шу деген соң Торыша ат

Жер бетіне шығарды.
Әйел де болса жолдасы
Осындай амал қылады.
Аман-есен тірі екен,

Бірі аттылы, бірі жаяу
Отауға қарай құлады.
Ас пісірген күңіне:

—Кәмелетке Қобылан келсін,—деп,

Ұйқысы болса қансын,—деп,
Батыр тыным алсын,—деп,
Дүниені береді.
Бір ай енді толған соң,

Уағдалы күні болған соң,
Батырдың атын береді.
Мына тұрған қыз Құртқа
Баяғы желмаяның қылын тұтатты.

Иісімен желмая
Құртқаға келеді.
Баяғы дүниені киініп,
Батырменен қоштасып,

Желмаямен қыз Құртқа
Еліне қарай жөнелді.

батырлар  жыры
Қобылан Торыға мінеді,
Бес қаруды іледі.
Кек алмақ болып қалмақтан,

Шетінен тиеді.
Айқайды Қобылан салады,
Айқайлаған дауысы
Айшылық жерді алады.

Қолына алды қылышты,
Батыр салды ұрысты.
Шанжау-шанжау шыққанын
Шаншып кетіп барады.

Алқалы дуды көргенде
Ақ қылышты қолға алып,
Шапты жауға оңдалып.
Алдын қырып тастаса,

Арты басым болады.
Өлгенінің орнына
Өлмегендер толады.
Мезгіл-мезгіл Қобыланды

Енді ортаға алады.
Үстіне салған торларды
Үзіп кетіп барады.
Қасқырдай болып құтырып,

Қақпасын бұзып қаланың,
Қиратып кетіп барады.
Атаңа нәлет қалмақтан
Сүйтіп бір кегін алады.

Осы қалмақ та дем алмастан
Қобылан үш ай ұрысты дейді.
Хан отырған орданы
Аралап Қобылан қарады.

Қандыаюды таба алмай,
Енді бір таң қалады.
Қандыаюды кетті ме деп,
Шаһардан ізін кесіп қарады.

Бір жерлерге келгенде,
Екі тұлпардың ізін табады.
Қашқанын Қобылан біледі,
Ізінен қуып жөнелді.

қобыланды  батыр  жыры
Екі күн жүріп соңынан,
Қарасын оның табады.
Артынан келген Қобыланды

Қандыаюдың көзі шалады.
«Енді, қашсам, қашты дер,
Әруағым менің басты дер»,—деп,
Қандыаю күтіп тұрады.

Құбылып ойнап жер басып,
Төрт аяғын тең басып,
Торыша атпен Қобылан
Қасынан келіп құлады.

Сонда тұрып Қандыаю
Қобыландыға толғады:

—Сыйлап едім мен,—деді,

Сыйлағанды білмедің
Енді, шіркін, сен,—деді.
Ажал айдап келді ме,
Қуып келдің нең?!—деді.

Неше жансыз болсаң да,
Мені көзің көргенде
Өзің түсер көріңді
Қаза берсең не етеді,

Енді, шіркін, сен?!—деді.

—Қандыаю ханым, сен,—деді,

Қашқаның сенің нең?—деді.
Мықты болсаң Қандыаю,
Ақ ордаңның ішінде
Отырсаң не етті, сен?—деді.

Өледі деп мені аяма,
Қолыңнан енді келгенін
Аямай істе сен,—деді.
Кезегін алып Қандыаю,

Атайын деп оңдалып,
Садағын қолға алады.
Кезегін беріп Қобылан,
Қасқайып қарап қалады.

«Торыша аттың басы»,—деп,
Алтын ердің қасы,—деп,
Қақ жүректің басы,—деп,

батырлар  жыры
Өлер жерің осы,—деп,
Садағын тарта қалады.
Атқан оғы дарымай,

Қобыланды аман қалады.
Қобыланға кезек береді,
Қобылан батыр оқталды.
Қобылан батыр ақырып,

Әруағын судай сапырып,
Садағын алып қолына,
Атайын деп қалмақты,
Қобылан енді оқталды.

«Құлаша аттың басы-ай»,—деп,
Шетперлі ердің қасы-ай,—деп,
Қақ жүректің басы-ай,—деп,
Өлер жерің осы-ай»,—деп,

Садағын алып тартады.
Қобыланның атқан оғы
Қалмаққа енді дарыды.
Оғы өтіп қалмақтан

Бір төбені аударып,
Кетіп енді барады.
Оқ тоқтаған мезгілде,
«Оһ!»—деп қалмақ құлады.

Қалмақты енді өлтіріп,
Көңілі әбден тынады.
Қалмақтың туы құлады,
Басын кесіп қалмақтың

Қанжығаға таңады.
Қандыаюдың жолдасы—
Еріп келе жатқан Бекболат
Астындағы қанатты тұлпармен

Қобыланнан аман қалады.
Атаңа нәлет қалмақтың
Төрде отырған сұлуын,
Құбылып тұрған қамқа тон

Тегін олжа қылады.
Қайтуға Қобылан ойлады,
«Ат-ай болса шалсын»—деп,
Ұйқы болса қансын,—деп,

қобыланды  батыр  жыры
Батыр Қобылан ойлады.
Кегін алып қалмақтан,
Аман-есен көп дүниемен

Еліне келіп құлады.
Бір таңғысы «Қобыланның»
Осы арадан тынады.
Аз айтты деп сөкпеңіз,

Осыменен болады.

Қолға қалам алайық,
Азырақ бастап, жазып қарайық.
Қобыланды өлгеннен кейін қалмақтар қыз Құртқа үшін
Қобыланды елін шабады. Қалмақтың ханы—Алшағыр Баба­

хан. Алшағыр Бабахан кек алу үшін Қобыланды елін шабады.
Қыз Құртқаны жайдақ тайға мінгізіп қорлаған. Маңдайына
күн, табанына жер тимеген нелер асылдарды ат артына үңілтіп,
таңып алып кетеді. Қалмақтар алып, көшіп келе жатып, қонған

жерде қыз Құртқа толғатады. Толғатқанын қалмақтарға білдір­
мес үшін түйелерді тасалап, қасындағы жәрдемшісі арқасын
сипаса бір ұл, ішін сипаса бір қыз туады. Қалмақтар мұны біліп
қалады. Қалмақтар толғатқанын біліп қалып, Құртқаны қамап

алып, баланы тауып алады. «Бөрінің баласы бөрілігін жасай­
ды»,—деп екі баланы өлімге қияды, ана деген қорғаныш ба­
ласын «бермеймін» деп құшағын жайып, қыз Құртқа баланың
үстіне құлады.—Бұл баланы өлтірме,—деп сұрады.—Баланы

өлтірме, көш-жөнекей алып жүрмеймін, осы араға тастап ке­
тейін, тек өлтірме,—деп өтінді. Қалмақтар қыз Құртқаның ті­
легін беріп, баланы өлтірмейді, бірақ «көшке ертуге болмайды»
деп рұқсат етеді.

Рұқсат қалмақтар берген соң,
Екі етегін түрініп,
Әр бұтаға сүрініп,
Екі баланы қолға алып,

Жүгіріп кетіп барады.
Қобыландының баласы Жетімтай
мен Жетімек туралы жыр

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Ылдидың құба жонында,
Еш адам жоқ соңында,
Үлкен бір тауға кеп құлады,

Сол араға келіп, бейшара Құртқа жылады.
Жылап жүріп, қары бойы жер қазып, екі баланы сол жерге
тастайды.
Сонда Құртқа жылады,

Көзінің жасын бұлады.
Қияйын десе қия алмай,
Неғыларын біле алмай,
Орда қалған сәбиге,

Қайта айналып келеді.
Екі бірдей сәбиді
Кезек-кезек екеуін үш қайтара сүйеді.
Тұла бойдағы тамырдың

Бәрі балқып иіді.
Қылатын жәрдем адам жоқ,
Екі бірдей ол сәби
Ен далада қалады.

Қалмақтың қылған зорлығы,
Осындай зәбір қылады.
Амалы жоқ Қыз Құртқа қосына қайтып барады. Баяғы
тұрған қалмақтың қосына келіп, Қыз Құртқа қайтадан енді

құлады.
Таң мезгілі болғанда,
Шолпан жұлдыз туғанда,
Тағы да асып, көш жөнелді—

Екі бірдей жас жетім сол арада қалады.
Жалғыз ағаш кесілсе, қуарып қалар тамыры,
Амалы жоқ, қалмақтың осылай болды әмірі.
Таң мезгілі болғанда,

Екі бірдей сәбидің үстіне киік құлады.
Сол баланың үстіне балалаған бұл киік
Сүтін беріп емізіп,
Сүт беріп қорек қылады.

батырлар  жыры
Күнде келіп сол киік
Үш мезгіл емізіп тұрады.
Осы жерде тұрып балалар,

Бір жасқа келіп толады,
Екінші жасқа қарады.
Бір күн келсе сол киік
Балалар құйрықтан алады.

Кетейін десе әлгі киік
Кете алмай тұрып қалады.
Балалықтың зарпынан
Бір күн ұстап тұрады.

Баяғы киік ойлады:
«Бір күні мені өлтіріп кетер»,—деп,
Киік қауіп қылады.
«Босансам енді келмен»,—деп,

Ішінен уағда қылады.
Босанып енді алған соң,
Киік қайта келмеді.
Балаға емшек бермеді,

Баланы қайтып көрмеді.
Қалып қойған қос жетім,
Не жасауға білмеді.
Ішейін десе асы жоқ,

Киейін десе киімі жоқ,
Неғылуға біле алмай,
Балалар енді сандалды.
Екі бірдей жас бала

Енді бір жүріп қаңғырды.
«Бұ жерде жатып, не етелік,
Қаңғырумен өтелік»,—деп,
Екі бірдей жас сәби

Қараспан тауының қасына
Келіп бір, балалар құлады,
Сол арада жылады.
Ұйқы деген дұшпан ғой,

Жылап жатып ұйықтап қалады.
Көкше дейтін бір Ноғай
Ит жүгіртіп, құс салып,
Ен далада жүреді,

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Баяғы Көкше үстіне балалардың келіп құлады.
Екі бірдей баланы ұйықтап жатқан жерінен
Баяғы Көкше көзі көріп тұрады.

Көріп тұрып шыдау ма,
Көкше сонда жылады.

—Тауға да бала бересің,

Тасқа да бала бересің,
Маған неге бермейсің,—деп,
Көкше сонда жылады.
Неғыларын біле алмай,

Ақ-таң болып тұрады.
Бір сүйейін бетінен, бір жазайын дертімнен,
Кім болса да, о болсын,
Балалардың үстіне

Көкше келіп құлады.
Кім екенін біле алмай,
Дауыспен балалар оянды.
Балалар сілкінгенде үстінде жатқан Көкше ұшып кетті. Тү­

регелген соң Көкше балалардың жайын сұрады. Балалар әке де,
шеше де көрмеген, не айтарларын білмей кідіріп тұрып қалды.

—Туған жерім тау,—деді,

Өскен жерім тау,—деді,
Онан басқаны білмеймін мен,—деді.
Көкше:

—Әке-шешең болмаса,

Маған бала бол,—деді
Неғыларын біле алмай,
Балалар аң-таң қалады.
Екі бірдей жас жетім

Бірінен бірі ақыл сұрады.

—Бүгінше ақылдасайық,—деп,

Көкшеге хабар береді,
Көкше байғұс көнеді.
Енді ештеме айта алмай,
Көкше қайтып кетеді,

батырлар  жыры
Ордаға жақын келеді.
Бейшара болған Көкше шал,
Етпетінен құлады,

Құлап жатып жылады.
Ақмаңдайдай алғаны
Қағып төсек салғаны.
Алдынан шығып бейшара

—Не болды?—деп сұрады.

Аты оның Ақмаңдай,
Құбылады мақпалдай.
Жалғыз атты жолаушы
Атын түсіп сатқандай.

Көзі қара құндыздай,
Исі тәуір қымыздай
Даусы тәуір қобыздай,
Адамзаттың баласы

Осындай-ақ болып туады,
Енді ойласаң шамасы.
Көкше:

—Айтатынын айта алмай,

Батыр туған ер Көкше,
Қараспан таудың басында,
Алтын айдар баланың
Ұйықтағанын көріп келеді.

Тауға да бала бердің деп,
Тасқа да бала бердің деп,
Маған бала бермейді деп,
Еңіреп қоя береді.

Енді менің алғаным,
Төсекті қағып салғаным,
Қынайы белің бу,—деді.
Неше түрлі жібектің

Бәрің алып кел,—деді
Кел, қасыма байғұс сен де, ер,—деді,
Енді қатар жүреді.
Баяғы көрген жеріне

Балаларды іздеп келеді.

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Баяғы көрген жерінде,
Балалар әлі бар екен.
Неше түрлі тамақты

Балаларға енді береді.
Неше түрлі киімді
Енді үстіне кидірді.

—Жарасты ма?—деп балалар

Бір-біріне күледі,
Сол уақытта екеуі ақылдасып күледі.
Киейік десек киім жоқ,
Ішейік десек тамақ жоқ,

Құр далада қаңғырып, жүрген не?—дейді.
Шал мен кемпірдің соңынан
Кел, екеуміз ерелік.
Қызын алдына алып, баласын артына мінгізіп, еліне келеді,

мәз-мәйрам боп, кемпір-шал елін шақырып той жасайды.
Кемпіріне хабарлап,
Ал кемпір ту қой сой,—деді.
Қанына бояп балаларды

Тыл жібекке орап ап,
Төр алдына қой деді.
Төбел менен тушаны
Түп көтере соямын.

Төбел бие сойғызып,
Үлкен тойды қыламын.
Бүкіл байтақ елімнің
Бәріне хабар беремін.

Алтыннан бақан құрады,
Бүтін байтақ еліне
«Толғатты» деп бәйбіше
Елге хабар береді.

«Жүктіме еді?»,—деп Ақмаңдай,
Жиналғандар әңгіме қылады,
Бірінен-бірі сұрады.
Кел хабар қылған өзі ғой

Барып оған көрелік.
Өтірік пе, шын ба,—деп

батырлар  жыры
Көзімізбен көрелік.
Жиналып қатындар келеді,
Енді есіктен кіреді.

Екі бірдей баланы
Қатындардың көзі көреді.
«Шын екен ғой мынау»,—деп
Қатындар енді сенеді.

Қақпаның аузын ашады,
Алтын менен күмісті
Көкше енді шашады,
Дүниеге халық тояды.

Палуаны болса тұрғызып,
Аты болса шаптырып,
Мақсаттары болады,
Бүтінде халық тарады.

Халыққа жар салғанда,
Орақтың ұлы қу Қази
Тойға келмей қалады.
Тойға келіп Қарасай,

Қайтып елге барады.
Шақырып алды қу Қази Қарасайды үйіне,
Түсті Қази күйіне,

—Қарасай батыр ер,—деді.

Дәнеңе жоқ ойыңда,
Бекер босқа жүр,—деді.
Ол Көкшенің баласы
Білемісің ол кім?—деді.

Қобыландыдан қалған Қыз Құртқа,
Шауып кетті қалмақтар,
Алшағырлы Бабахан
Білемісің сен,—деді.

Кешегі Қобылан батыр-ай,
Қайсымыздан кем,—деді-ай.
Қобыланнан қалған Қыз Құртқа,
Зәуелім шайтан болмаса,

Содан туған ұл деді-ай.
Бұл бала адам болған соң,
Неғылып жүзін көреміз,
Бұл баланы біз,—деді.

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Мына тұрған Жетімтай
Еш адамнан кем болмас,
Білімімше менің бұл,—деді.

Біз бұ жерден тұрып кетелік,
Қыз Құртқаның соңынан
Құртқаны қуып кетелік.
Тірі болса Құртқаның

Өзін тауып алайық.
Өлі болса Құртқаның
Сүйегін тауып алайық,
Кел артынан барайық.

Мына тұрған Жетімтай
Төрт жасына келгенде,
Тек жататын болмайды-ай.
Атсаң мылтық өтпейді,

Шапсаң қылыш кеспейді,
Қарғасаң қарғыс жетпейді,
Суға салсаң батпайды,
Жалғыз да болса қаһарман,

Қыз Құртқаны шығарып алар, бұл,—деді.
Бекер босқа қалмалық, абыройдан біз,—деді,
Керек болар бізге бұл,—
Деді дағы Қарасай Қазименен екеуі,

Жүріп кетті жол шегіп,
Қалмақтарға қарай шамасы-ай.
Енді сөзді есітің Жетімтайдан
Бір жасында бірленіп,

Екі жаста түрленіп,
Үш жасына келгенде,
Үшкілсіз көйлек кимеді,
Берен тонға сыймады.

Адамзаттың баласы көлденеңнен көреді,
«Мынау қандай адам»,—деп,
Көрген адам таң қалады.
Он бес асық, қос топай,

Жетімтайдың қолында
Алтын тақыр үстінде,
Асық ойнап жүр еді.
Бәлеге балалар қалады,

батырлар  жыры
Ұтса дағы, ұтылса да балалардың
Асығын тартып алады.
Алысса күші келмейді,

Асығын қайта бермейді.
Асығынан айырылып, балалардың бәрі еңірейді,
Неғыларын балалар білмейді.
Сол уақытта бір бала

Көп баланың ішінен
Жетімтайға сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Айналайын, Жетімтай,

Қыласын зорлық маған-ай,
Сенің шешең қыз Құртқа
Қыз Құртқа қайда жүргенін,
Білемісің сен,—дейді.

Сен білмесең айтайын,
Білемін, енді мен,—дейді.
Шешеңнің соры қайнаулы,
Екі қолы байлаулы.

Мың сарықтың соңында,
Шабаданы мойнында,
Шешеңнің соры қайнаулы.
Алшағырлы Бабахан

Шауып кетті еліңді,
Сындырды сенің беліңді.
Батыр болсаң Жетімтай,
Алсайшы сол қалмақтағы кегіңді.

Мұндай сөзді Жетімтай
Естіген жоқ бұрын-ай,
Етегін шеңгел сыдырып,
Әр бұтаға сүрініп,

Үйіне келді жүгіріп.
Орыстар ақыл ойласа,
Кінегеде хаты бар.
Мұсылмандар ақыл ойласа,

Ақылға жетік қарты бар.

—Айналайын анам-ай,

Менде сенің балаң-ай,
Аймалап емген мамам-ай,

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Құлағыңа салам-ай,
Қобыланнан қалған қыз Құртқа
Алшағырлы Бабахан

Шауып кетті,—дейді жаман-ай.
Орақтың екі баласы—
Қу Қази мен Қарасай
Қуып та кетті соңынан.

Ағаларым жауға кеткенде,
Неғылып мен де қалам-ай.
Рұқсат берсең маған-ай,
Мен де солардың соңынан барам-ай.

—Өлгенде көрген құлыным,

Салбырайды тұлымым.
Омыртқаң сенің өскен жоқ,
Қабырғаң сенің қатқан жоқ,
Қиыншылық жер,—дейді.

Туғалы жаудың қарасын
Көрген жоқсың, сен,—дейді.
Тілімді алсаң Жетімтай,
Бұл сөзіңді қой,—дейді.

Күннен-күнге еңіреді,
Жетімтай рұқсат бермеген соң,
Ажал жетпей өлім жоқ,
Айналайын мамеке-ай,

Әкеме айтып көр,—деді.
Рұқсат берсең екеуің
Барайын мен де солармен
Осы тұрған бейшара Ақмаңдай

Неғыларын білмеді,
Көкшеге айтып еңіреді.
«Бізден бала туады,
Деген бір ой бар ма еді?

Бізден енді ұл туып,
Өтірік емес, шын туып,
Бізден рұқсат сұрайды,
Деген бір ой бар ма еді?

Қадірін мұның біл,—деді.
Кел, балаға беремін,
Рұқсат енді біз»,—деді.

батырлар  жыры
Кемпір менен шалыңыз
Мұны мақұл көреді.
Қарындасы Жетімек

Барғанын мақұл көреді.
Рұқсат бұлар берген соң,
Көп жылқыны аралап,
Баяғы бала келеді.

«Ішіндегі аттардың осы бірі маған жарар»,—деп,
Алаға құрық салады,
Мініп алып бала шабады.
Әу деген жерге шыдамай,

Етпетінен құлады.
Ішіндегі күреңді
Мұныда мініп көреді.
Бұ да енді жарамай,

Қаңтарылып бұ да тұрады.
Менің әкем Көкшенің
Айдағаны ит екен,
Жинағаны бит екен.

Біз сықылды батырдың
Мінетін аты жоқ екен,—деп,
Тарығып бала тұрады.
Жан-жағына қарады,

Құбыла сарай бетінде,
Жусап тұрған көк дөнен
Баланың көзі шалады.
«Бір мінуге осы жарар»,—деп,

Бұғалықты бала салады.
Бір тигізбей табаның
Алып кетіп барады.
Өлдім-талдым дегенде,

Өлдім-жандым дегенде,
Кеттім-бардым дегенде,
Қаратып басын алады,
Басына жүген салады.

Көк дөненді жетелеп,
Төте қырды төтелеп,
Кесе қырды кеселеп,
Үйіне кетіп барады.

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Үйіндегі Ақмаңдай
Көзі енді шалады.
Үйіндегі дүниенің бәрін ақтарып,

Шығаруға ойлады,
Шабаданның аузын ашады.
Тоғыз қабат ақ сауыт,
Бәрінде соның шығарып,

Алдынан дайын қылады.
Бала үйіне келеді,
Көк дөненді жетелеп,
Мақпал тоқым салады.

Алтын ерді үстіне,
Баптап оның салады.
Төс айылын бек тартып,
Құйысқанын қысқартып,

Баруға жауға қарады.
Тоғыз қабат ақ сауыт,
Өле кетсем далада,
Кебінім деп (салады) киеді.

Ұзын ұңғы көк найза,
Өле кетсем далада,
Сайғағым деп іледі.
Қарағай садақ, қырық кез оқ,

Буынса егер белге тоқ.
Біреуге бар да, біреуге жоқ,
Ата алмасам маған серт.
Шығыршығың шық етіп,

Атылмасаң саған серт.
Қолыма алдым ақ алмас,
Ақ алмастан жан қалмас.
Қынапқа салса бір құлаш,

Суырып алса екі құлаш.
Шабалмасам маған серт,
Қанға тойсаң саған серт!
Қолыма алдым ақ найза,

Шаншалмасам маған серт.
Шығыршығын шиық етіп,
Орта жерің бұлқ етіп,
Қараң қалсаң саған серт!

батырлар  жыры
Астыма мінген көк дөнен
Шаба алмасаң саған серт.
Тәлтіректеп аяғың

Тастап кетсең саған серт!
Өзімен серттес немедей,
Серттесіп әбден алады,
Көк дөненге мінуге бала қарады.

Атқа мініп алған соң,
Кемпір мен шал еңіреп,
Батасын беріп қарады.
Айналайын балам-ай,

Құдай болсын панаң-ай.
Әйелдердің пірі едің,
Бибі Бәтима тапсырдым деді саған-ай.
Балама көзің сал,—деді,

Адасса жолға сал,—деді,
Тапсырдым саған мен,—деді-ау,
Бір көзінен қан ағып,
Бір көзінен жас ағып,

Батасын берді кемпір-шал.
Батасын алып Жетімтай,
Шығыпты-ай кетті, жөніне-ай.
Астындағы көк дөнен

Мініп алып шу,—деді,
Табаны жерге тимеді.
Табаны тиген көк тасты
Саз балшықтай иледі.

Шаңын шаңға қосады,
Шаңы аспанға жосады,
Қырық кез бауырын жазады.
Шапқан жері қазылып,

Жерошақ болып қалады.
Шапқан сайын ойнады,
Шабуылға тоймады,
Басын тартса кетеді

Бөксе жағы қырындап,
Ұшқан құстай көк дөнен
Жөнелді сонда пырылдап.

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Бұрылмайтын бұрма тау,
Мұнан да өтті есен-сау.
Құладын ұшпас құла ой бар

Құлазып өтіп жөнелді.
Жорытпайтын түлкі түлейден
Түнде өтіп жөнелді.
Айдын да көлдің үстінен

Келіп бір бала құлады.
Құлазыған көл екен,
Адам келмеген жер екен.
Бақасының көптігі

Жылқыны көлге жаптырмайд.
Шалғынының көптігі
Түйені шөккен таптырмайд.
Жыланы бар базандай

Шөгіп жатқан атандай.
Балдырғаны білектей
Қымыздығы жүректей.
Туғалы адам келмеген,

Айдын бір жатқан көл екен.
Атым болса шалсын,—деп,
Ұйқым болса қансын,—деп,
Азырақ тыным алады.

Көк дөненнің үстінен
Алтын ерді сыпырып,
Енді бала алады.
Мақпал жабу жабады,

Жібек арқан тағады,
Алтын қазық қағады.
Ер-тоқымын жастанып,
Ұйықтап бала қалады.

Жеті күн ұйықтап бұл бала
Ұйқысы енді қанады.
Ұйқыдан тұрып жас бала
Алып келіп дөненді,

Алтын ерді салады.
Басын көкке қаратып,
Кіндігінен жаратып,

батырлар  жыры
Құйысқанын қысқартып,
Төс айылын бек тартып,
Бала бір мініп алады.

Салды атына құйысқан,
Бірге туған жоқ еді.
Енді мұнда туысқан
Құдайдың өзі бергей,—деп.

Ақырының қайырын
Жүріп кетті жол шегіп.
Осы уақытта қой бағудан босанып, зынданда жатып қыз
Құртқа түс көреді. Түсінен шошып оянып, жылады:

—Уа, қабағым неге тартасың,

Құлыным келіп артымнан,
Қуанатын күндер болар ма?
Қарым неге тартасың,
Құлыным келіп артымнан,

Құшақтайтын күндер болар ма?
Көкірегім күлбіреп,
Мұнша неге қуандың,
Қуанатын күндер болар ма?

Тұла-бойым балқыдың,
Қатып қалған қос емшек
Мұнша неге жібідің?
Құлыным келіп артымнан,

Еметін күндер болар ма?
Осындай етіп қуанып,
Енді Құртқа тұрады.
Енді сөзді есітің,

Кешегі тұрған Жетімтай
Айтып ауыз жұмғанша,
Ескен желдер тынғанша,
Майтөбенің басынан

Құлады қалмақ қасына.
Он екі қабат ор екен,
Тоқсан қабат тор екен,

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Кіретін жолы жоқ екен.
Оған барған батырдың
Қанша батыр болса да,

Маңдайының соры екен.
Осы тұрған Жетімтай
Кірейін деп өрледі,
Тыным, сірә, көрмеді.

Он екі қабат орынан,
Тоқсан қабат торынан,
Астындағы көк дөнен
Өтейін деп үстінен,

Көк дөненге шу,—деді.
Қамшы батты санына,
Сауысқан-қарға тойынды
Бұтынан аққан қанына.

Бүктетіліп жазылып,
Бозторғайдай пырылдап.
Он екі қабат орынан,
Тоқсан қабат торынан,

Үстінен ұшып жөнелді.
Көп қалмақтың ішіне,
Барып бір бала құлады,
Қияға көзін салады.

Құрттай болып қыбырлап,
Шөптей болып жыбырлап,
Бөріктері шүпірлеп,
Шылымдары бұрқырап,

Тұрған толып қалмақтың
Үстінен барып құлады.
Келді бір сонда жас бала,
Жас болса да баланың

Істеген ісі масқара.
Баяғы тұрған көп қалмақ
Енді ортаға алады,
Баланы қалмақ қамады.

Өзінен басқа қара жоқ,
Бала ойынды салады.
Қолына алды қылышты,

батырлар  жыры
Бала салды ұрысты.
Алдын шауып тастаса,
Арты басым болады.

Өлгенінің орнына
Өлмегендер толады.
Бала үстінде торларды,
Үзіп кетіп барады.

Қаланың аузын жас бала
Бұзып кетіп барады,
Қалмақтар таң қалады.
Кісі екенін білмеді,

Жын екенін білмеді,
Бала торға кірмеді.
Жиналып тұрған көп қалмақ
Неғыларын білмеді.

«Мұныменен бұл бала
Шаба берсе осылай
Бірің де аман қалман»,—деп,
Қалмақтар уайым шегеді.

Кешегі кеткен Қази менен Қарасай
Қайда екенін білмеді.
Аз кідіріп тұрады,
Атының мойнын бұрады.

Күн шығар жақ бетінен,
Жаудың қиыр шетінен,
«Едігелеп» ақырған,
«Мысалап» ұран шақырған,

Жүрген бір қатты дауысты,
Жетімтай енді шалады.
Ешбір жанға қарамай,
Бала кетіп барады-ай.

Баяғы шыққан дауысқа
Мұндай адам болар ма?
Жеті күн жүріп Жетімтай,
Үстінен Қазидың құлады-ай.

Жетімтайды көргенде,
Түсе қалып атынан
Жетімтайдың сүйіп бетінен,

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Қази сонда жылады:

—Өлгенде көрген бауырым,

Өкпе-бауыр жұлыным,
Аман-есен келдің бе?
Он екі тәубе, жүз құлдық.
Сені көзім көргенде,

Күнінде тәубе біз қылдық.
Келгелі болды бірталай,
Қыз Құртқаны таба алмай,
Қайда екенін біле алмай,

Ағаңның соры қайнаулы.
Таппай елге бармайды,
Кел, Жетімтай, кетелік.
Бастың аман күнінде,

Құртқаны тауып алуды
Енді талап етелік.
Он екі қабат ақ орда
Алтынменен бұлаған,

Хан ордасын қаралық.
Хан ордасы құламай,
Енді қалмақ жыламай,
Таптырмас деді Құртқаны,

Енді бізге, шырақ-ай!
Бөтен сөзді қояды,
Қази менен Жетімтай
Қыз Құртқаны қарады.

Он екі қабат саланы
Ақтарып бәрін қарады.
Қыз Құртқаны таба алмай,
Он екі қабат ордаға

Салып жетіп барады.
Ақ орданы ақтарып,
Таба алмады қалмақты.
Кеткен екен қашып-ай,

Өлтірмей менің өзімді-ай,
Оймай қоймас көзімді-ай.
Кеткен екен қашып-ай,
Албасты ханды басып-ай.

батырлар  жыры
Енді соны таба алмай,
Келе жатыр жағалай,
Қалмақты енді аралай.

Көлденеңдеп қолаттан,
Шыға келді ала атпен,
Бір қалмақтың баласы-ай.
Қайыр табан, піл табан

Бұ да батыр ер екен,
Еңіреген ердің бірі екен.
Сол күнде елде жоқ екен,
Жақында келген күні екен.

Қази менен Жетімтай
Көзі бір қалмақ көреді-ай,
Жөнінде сұрай береді-ай:

—Әй, жас бала, жас бала,

Істеген ісің масқара.
Елді иесіз дедің бе?
Жерді иесіз дедің бе?
Елге бір мұнда келесің,

Қырғынды мұнша бересің.
Қимылдасам өлесің,
Өлмей тұрып, жөніңді айт,
Жас бала, қайдан келесің?!

Қашатұғын қатын ба,
Қорқатұғын батыр ма.

—Айтайын,—деді,—жөнімді,

Мен—Көкшенің баласы.
Менің немді сұрайсың,
Қалмақ, енді шамасы.
Елімнен мен келемін,

Менің шешем қыз Құртқа
Жібердің қайда шамасы.
Құртқаны тауып бер,—деді,
Өлтірермін бәлем өзіңді,

Оярмын бәлем көзіңді.
Жолықпағанға жолығып,
Жүр шығарсың мақтап өзіңді.
Бала деп мені ойлама,

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Кезегіңді ал,—деді.
Қайсардың Қаратауына
Иегімді сүйеп сал,—деді.

Бала болсам да бәлем-ай,
Баспай ма, менің салмағым,
Батпай ма, менің бармағым?!
Өзіңе-өзің бәлем-ай,

Енді дырау болсаң да
Оңай бір сені алмағым,—
Деп бір бала тұрады-ай,
Кезегін беріп қалмаққа.

Қалмақ сонда оңдалды,
Қорамсаққа қол салды,
Қол салғанда мол салды,
Көк дөненнің басы деп,

Алтын да ердің қасы деп,
Өлер жерің осы деп,
Көпшікке көтін тіреді.
Үзенгіге шіреніп,

Атып бір қалмақ жіберді.
Тоғыз қабат сауыттың
Сегізінен өтеді,
Тоғызыншыға жетеді.

Жыртыла жаздап жағасы,
Аман сақтап қалады,
Жетімтайдың бабасы.
«Атқаның сенің осы ма?» деп,

Бала мазақ қылады.
Қорамсаққа қол салды,
Атайын деп оңдалды.
Сары ала аттың басы деп,

Шетпер ердің басы деп,
Өлер жерің осы деп,
Бала бір атып жіберді.
Қалмақта батыр ер екен,

Айтулы ердің бірі екен.
Сегізінен өтеді,
Тоғызыншыға жетеді.

батырлар  жыры
Тасқа тиген немедей,
Шашырап оғы кетеді.
Қолына алды найзаны,

Түрлі салды хайланы.
Бірін-бірі батырлар
Өлтіруге ойланды.
Шұрқылтайдың тұсы деп,

Өлер жерің осы деп,
Бірін-бірі аямай,
Сұңғысы сұлу ақ найза
Біріне-бірі салысты.

Шығыршығы шиқ етіп,
Орта жері былқ етіп,
Қармақ болып қалады.
Найзадан пайда таба алмай,

Енді батыр қамалды-ай.
Қолына алды қылышты,
Екі батыр ұрысты.
Құдай қылды бұл істі,

Тауға салса тас алған,
Шаш ал десе бас алған,
Қара тасқа кеткен білінбей,
Нарға салса, бүлк еткен,

Итке салса, жылт еткен.
Сол сықылды алмасты,
Кесейін деп басыңды,
Құртайын деп жасыңды.

Біріне-бірі қылышпен
Енді екеуі салысқан.
Қолындағы қылышы
Тасқа тиген немедей,

Қайырылысып қалысқан.
Қолына алды шоқпарды,
Ұрайын деп оқталды.
Қалқан ұстап тұрады,

Аямай қалмақ ұрады.
Басындағы қалқаны
Сынып жерге құлады.
Мұндай күшті болар ма,

Қобыландының  баласы  жетімтай...
От болып жерде жанады.
Астындағы көк дөнен
Тізеден жерге кіреді,

Мұнан да аман қалады.
Балаға кезек беріп-ай,
Енді қалмақ тұрады.
Бұ да алып шоқпарын

Бар қуатпен ұрады.
Қалқаны сынып от болып,
Сары ала ат кіріп тізеден,
Бұ да аман қалады.

Бес қарудан айырылып,
Енді екеуі тұрады.
Жағаға қолды салады,
«Аударып аттан алам» деп,

Бірін-бірі ала алмай,
Тізеден тағы батады.
«Атқа обал болды» деп,
Беліне шынжыр салады.

Түсе қалып екеуі
Жаяу күрес салады.
Бірін-бірі көтеріп,
Енді жерге ұрады,

Құламай аман тұрады-ай.
Ойпаң жерлер ой болып,
Кісі бойы қол созым
Енді ойласаң жар болды,

Жердің жүзі шаң болды.
Бірін-бірі жыға алмай,
Енді әлемге таң болды.
Бала сонда тарықты,

«Өлемін» деп қорықты.
Омыртқасы майысып,
Қабырғасы қайысып,
Жығылар жерін көздеді,

Бала жаман меңдеді.
Мұндай нәһан қалмақты
Бала бұрын көрмеді.
Қалмақтың түсіп қолына

батырлар  жыры
Жаңа келді оңына.
Бала бір сонда ақырды,
Бабаларын шақырды.

«Бабаларым жәрдем бермесе,
Жығыламын мен,—деді.
Әйелдердің пірі едің,
Әлі өлмей тірі едің.

Бибі, Батпа—егіз қыз
Енді ойласам пір едің.
Бәтимадай апам-ай,
Бермесең жәрдем маған-ай!»

Дем алмай бала тарықты,
Жаныса болат өтеді.
Жалынса жақсы кешеді,
Қисынын тапса не етеді?

Бір ақсарбас қу болып,
Қына семсер су болып,
Бабасы келді қасына,
Пәруә болды басына.

Жылама, балам жылама,
Сапар шеккен жас жігіт
Атының басын бұра ма?
Ажал оғы тиген күн

Үйде, түзде болса да,
Ажалдан адам қала ма?
Деңгейінен өтеді,
Қанатымен бір сипап

Мойынынан кетеді.
Он мың ердің қуаты
Бір өзіне бітеді.
Таудай болған қалмақты

Көтеріп жерден кетеді.
Қалмақты сонда үйірді,
Жер дүние селкілдеп,
Кеткендей сонда етеді.

Таудай болған қалмағың
Енді сонда құлады.
Ағып жатқан дария
Сауысқандай мұз болып,

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Сексенге келген кемпірлер
Селкілінен жердің қозғалып,
Қорыққаннан қыз болып.

Аузы бүтін ақ қала
Селкілінен құлады.
Олжаға халық қарық боп,
Дүниеге толады.

Мұндай мықты болар ма,
Үстіне бала шыққанда,
Тұрымтай құстай болады.
Қалмақтың туы құлады,

Қатын менен балалары,
Кемпір менен шалдары
Қайыр табан, піл табан
Құлаған соң ерлері

Қалмақтар шулап жылады.
Сұлушаш деген бір залым,
Сиқырлы залым сол екен,
Соны ұстап алады.

Мойнына арқан салады,
Қамшыменен сабады.
Қамшысы құрғыр қатты ғой,
Жанына оның батты ғой,

«Жібердің қайда Құртқаны?»—
Деп-ай бір сонан сұрады.
Өлтірем деген соң өзін-ай,
Оямын деген соң көзін-ай,

Мына тұрған Жетімтай,
Кел, соңымнан ер,—деді.
Берейін тауып Құртқаны,
Бір қасықтай қанымды,

Бір шыбындай жанымды
Сауғалыққа бер,—деді.
Мұны мақұл көреді,
Алдын бастап Сұлушаш

Соңынан бала ереді.
Темір үйдің ішінде,
Қамаулы тұрған Құртқаның
Үстіне алып келеді.

батырлар  жыры
Баяғы тұрған Сұлушаш:
«Балаң жалғыз келді»,—деп,
Құртқаға хабар береді.

«Өтірік пе, шын ба»,—деп,
Құртқа оған сенбеді.
Қылыш алып қолына,
Бұзайын деп Жетімтай

Темір үйге келеді.
Қылышпенен қияды,
Найзаменен шаншады,
Пара-пара қылады.

Құшағын жазып қыз Құртқа
Сол арада екеуі
Түйедей болып боздады,
Қойдай болып шулады.

Айтпаған нәрсе қалмады,
Қайдағы нәсте қозғалды.
Көздің жасы—көл дария,
Емшектің сүті—ен дария.

Баласына Құртқаның
Қосылған күні болады.
Он екі тәубе, жүз құлдық
Құдайға тәубе қылады.

«Мұндай болып келед»,—деп,
Ойында Құртқа болар ма?
Құртқаның көрген түстері
Енді анық болады.

Емшегін еміп Құртқаның
Үш қайтара сүйеді,
Құдай бір тілек береді.
Қайғының бәрі жойылып,

Құртқаны алып елге келеді.
Баяғы тұрған Жетімтай
Тұмарланған торысын
Еріксіз айдап мінеді.

Құбылып тұрған қамқа тон
Еріксіз алып киеді.
Түрленіп тұрған сұлуын
Еріксіз алып кетеді,

Қобыландының  баласы  жетімтай...
Қалмаққа зәбір береді.
Шешесінің кектерін
Қалмақтан алып береді.

Жетпесін бе, дүние мал
Өзінің келген ізімен,
Малын айдап Жетімтай,
Көк майсаның жүзімен,

Бәрін алып келеді.
Күн жетіге толған соң,
Қалмақтың шықты шетіне,
Елге қарай бет алып,

Ырғап-жырғап келеді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Азғана емес мол жүріп,
Қажыса болат сынады,

Қайтадан келіп елінің
Үстінен келіп құлады.
«Баласы Көкше келді»,—деп,
Елге бір хабар береді.

Көкше мен Ақмаңдай
Алдынан шығып жалғыздың
Енді екеуі жылады.
Жетпесін бе, дүние мал

Айғырын сойды ақыртып,
Бурасын сойды бақыртып,
Төбел менен тушаны
Түп көтере сояды.

Елі жұртын жинап ап,
Тойды қатты қылады.
Елі жұрты әртарап,
Риза бұған болады.

Тағы да сөздің арасы—
Көкше менен Ақмаңдай
Бөтендігі жоқ еді,
Жетімтай бала болады.

Менен қалған көл еді,
Итқырылған жер еді,
Жиренкөл деген көл еді.
Өзінің мекен қылған жеріне,

батырлар  жыры
Қыз Құртқа мен барлығын
Қайтарып алып келеді.
Алтын қазық қаққан жер,

Жібек арқан таққан жер,
Мақпал жабу жапқан жер,—
Құртқаның өскен жері еді,
Мекен еткен елі еді.

Құдайы беріп қайтадан
Қалыбына келеді.
Айып етіп жүрмеңіз,
Осымен тәмем болады.

Қатесі болса, кешірің,
Білгенімнен білмегенім көп еді.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме

ҚОБЫЛАНДЫ  БАТЫР

Ә. Диваев нұсқасы. «Қобыланды батыр»—бұрынғы қазақ
сахарасында кең тараған және халықтың сүйсініп тыңдайтын
жырының бірі.
Аталған эпостың кейбір үзінділері ХІХ ғасырдың екін­

ші жартысынан бастап баспа бетінде жариялана баста­
ды. Жырдың бір нұсқасын 1860 жылдары атақты Марабай
ақыннан жазып алған және оның үзіндісін алғаш рет баспа
бетіне шығарған—көрнекті қазақ ағартушысы Ы.Алтын­

сарин. Ол жырдағы Қобыланды батырдың даңқты тұлпары
Тайбурыл аттың шабысын суреттейтін үзіндісін «Киргизская
хрестоматия» (1879) атты кітабының бірінші бөліміне енгіз­
ген.

Бұған дейін Академик В.В.Радлов Тобыл бойындағы
татарлардан жазып алған Қобыланды жайындағы бір
қысқа өлеңді өзінің «Түркі тайпалары халық әдебиетінің
нұсқалары» деп аталатын еңбегінің 4-томында (1872)

жариялағаны мәлім.
Жырдың әр түрлі нұсқаларынан алынған үзінділер «Дала
уәлаяты» (1899), «Түркестанские ведомости» (1899), «Тур­
гайская газета» (1901) газеттерінде және Орынбор мұрағат

комиссиясының еңбектерінде (1910) басылды.
Бұдан соң Біржан Толымбайұлы орындаған бір вариан­
тын Махмұдсұлтан Тұяқбаев 1914 жылы Қазанда бастырып
шығарды1.

1 Қара қыпшақ Қобыланды батыр.—Қазан, 1914.

батырлар  жыры Сондай-ақ Кеңес дәуірі кезінде «Қобыланды батыр» жыры өзге де қазақ эпостарымен қатар сан рет қайта басылды2. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында жырдың отызға жуық варианты сақтаулы. Олардың арасында Марабай, Дәулетше, Көшелек, Мұсабай, Мергенбай, Айса, Мұрын, Нұрпейіс, Ер­ жан, Әбілқайыр, Құлзақ, Дүтжан, Нұрсейіт, Біржан т.б. ақынжыраулардың репертуарындағы нұсқалар сақталған. Олардың әрқайсысына ғылыми сипаттама берілген3. Осы жыр нұсқаларының ішінде ең көркем үлгілерінің бірі және баспа арқылы ел арасына кең тарағаны Марабай—Мер­ генбай нұсқасы болып саналады. Жырдың сюжеттік нұсқалары Қазақтан басқа Қырым та­тарлары, башқұрт, қарақалпақ халықтарының ауыз әде­ биетінде сақталған. Қазан төңкерісіне дейін В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ә.Бөкейханов;4 П.А.Фалевтер5 «Қобыланды батыр» жыры жөнінде пікір айтып, жырдың халық әдебиетінде ерекше орын алатынын көрсеткен. Аталған жыр туралы зерттеу жұмыстары Кеңестік дәуірде кеңінен жүргізілді. Бұл орайда М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, А.С.Орлов, В.М.Жир­ 2 Қобыланды батыр // Батырлар. 1-кітап. / Бастырып шығарушы—Ә.Дива­ ев.—Ташкент, 1922; Қобыланды батыр // Батырлар жырының жинағы. 2-кі­ тап. / Шығарушы—С.Сейфуллин.—Қызылорда, 1932. 86-180-бб; Қобыланды батыр. // Батырлар. Кітапты шығарған—С.Мұқанов.—Алматы, 1939.-63154-бб; Қобыланды батыр. // Қазақ эпосы. 4-кітап. / Баспаға әзірлегендер: М.С.Сильченко., О.Ә.Нұрмағанбетова. Алматы, 1957; Қобыланды батыр // Батырлар жыры—Алматы, 1959,—7-162-бб; Қобыланды батыр // Батырлар жыры. / Құрастырғандар: М.Ғұмарова., Б.Уахатов.—Алматы, 1963.—21-221бб; Қобыланды батыр. Ғылыми басылым. /Құрастырып, ғылыми түсінікте­ме­ лерін жазғандар: Н.В.Кидайш—Покровская., О.А.Нурмағанбетова.—Москва: Наука, 1975; Қобыланды батыр // Ақсауыт. 1-том. / Құрастырған— О.Нұрмағанбетова.—Алматы, 1977.—15-165-бб; Қобыланды батыр. // Батыр­ лар жыры. 1-том. / Құрастырған—О.Нұрмағанбетова.—Алматы, 1986. 3 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-том.—Алматы: Ғылым, 1975.—173-227-бб. 4 Женшины по киргизской былине Кобланды «Туркестанские ведомости», 1899, № 35, 38,42. 5 Записки Восточного отд. Русского археологического общества. Том 24, вып. 3-4.—1916.

ғылыми  қосымшалар мунский, М.Ғабдуллин, Т.Сыдықов, Ә.Қоңыратбаев, И.Сағитов, Р.Бердібаев, О.Нұрмағанбетова, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбаев сынды көптеген ғалымдардың еңбектерін атауға болады6. Сондай-ақ «Қобыланды батыр» жырының мәтіні орта мек­ теп пен жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарына енгізілді. «Қобыланды батыр» жыры Кеңестік дәуірде ең алғаш фоль­ клоршы Әбубәкір Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырып шығарған «Батырлар» деп аталатын топтамасында жариялан­ ды. Бұл нұсқаны фольклоршыға сол кездегі Ақмешіт уезінің қазағы Мұрат Өскенбаев жіберген. Мәтін соңында «1894 жыл, 12 желтоқсан» деген ескертпе бар. Өкінішке орай, бұл жырдың түпнұсқасы әлі күнге дейін табылған жоқ. Кейін осы мәтін С.Сейфуллин құрастырған «Батырлар жырының жинағы» деп аталатын кітапта7, С.Мұқановтың алғысөзімен жарыққа шыққан «Батырлар» жинағында8 және оқу құралдары мен хрестоматияларда9 қайта басылғаны мәлім. Ә.Диваев нұсқасында өлең мен қара сөз аралас келіп от­ ырады. Жыр Қобыланды мен Қараман екеуінің Қазан ханға аттанған алғашқы жорық сапарынан басталады. Жырдың композициясы бір-біріне жалғасып, оқиғалары кезектесіп дамып отыратын, яғни Қобыландының Қазан ханға қарсы аттануы; «Тайбурылдың шабысы»; Қазанның Сыр­ лы қаласын, артынша алты қабат ормен қоршалған Қырлы қаласын шабуы; Қобыланды мен Қазанның жекпе-жек ұрысы; 6 Әуезов М. Қазақ әдебиеті.—Ташкент, 1929; Сейфуллин Қазақ әдебиеті.— Қызылорда, 1931; Мұқанов С. Батырлар.—Алматы, 1939; Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. 1-кітап—Алматы, 1958; Марғұлан Ә. Халық жырын туғызудағы мотив. «Халық мұғалімі». 1939.—2324-бб; Орлов А.С. Казахский героический эпос.—М., Л. 1945; Жирмунский В.М., Зарифов. Х.Т. Узбекский народный героический эпос.—Москва, 1947; Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры.—Алматы, 1972; Қоңыратбаев. Эпос және оның айтушылары.—Алматы, 1975; Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы, 1982; Нұрмағанбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр».—Алматы, 2003; Ыбырав Ш. Эпос әлемі.—Алма­ ты, 1993; Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос.—Алматы, 2000. 7 Қобыланды батыр // Батырлар жырының жинағы.2-кітап.—Қызылорда: Қазақстан, 1932. 8 Қобыланды батыр // Батырлар.—Алматы, 1939.—63-154-бб. 9 Қобыланды батыр. 8 кл. арналған хрестоматия, / Құрастырғандар: С.Мұқанов, Т.Бекхожин —Алматы; 1939, 1940, 1941 т.б.

батырлар  жыры
Қобыландының Көбікті ханды жеңуі; Қобыландының Алшағыр
ханмен соғысы; елін азат етуі сияқты эпизодтардан құралған.
Жырда оқиғалар үдемелі түрде беріліп, тартыс шарықтау шегі­

не жетіп шешіледі.
Жырда батырлардың жекпе-жек ұрыстарына мол орын бе­
рілген. Тек Қобыландының ерліктері ғана емес, сонымен қатар
жау жағының күші, әйгілі батырлары толық таныстырыла­

ды. Олардың жеңіске деген жігері, мақсаттарына сенімділігі
көрсетіледі. Қобыланды өзінің басты жауын үлкен қиындық­
пен жеңеді. Әсіресе Көбікті ханның баласы Біршымбайдың
батырлық тұлғасы ерекше сипатта жырланған.

Аталған жыр оқиғасының баяндалуында, қатысушы адам­
дардың бейнесінде қиял-ғажайып ертегілерге тән іс-әрекеттер
бар. Мұндағы батырларға атса оқ, шапса қылыш өтпейді, суға
салса батпайды, отқа күймейді т.с.с. суреттейтін көріністер.

Мифтер мен көне ертегі-аңыздарда дәудің немесе батыр­дың
яки жалмауыз кемпірдің жаны басқа жерде тығулы жатады,
болмаса олардың денесінің бір жерінен өзгесіне оқ өтпейді,
қы­лыш кеспейді. («Ер Төстік», «Бозжігіт» т.б). Әдетте,

батырдың «осал жерін» оның қызы немесе қарындасы айтып
қояды. Көбінесе, олардың әлсіз жері—тамағы, не кіндік тұсы.
«Қобыланды батыр» жырында Көбікті батырдың «құпиясын»
қызы Қарлыға ашады. «Бозжігітте» оның басын тек өз қылышы

ғана кеседі. Мұндай мотив «Ер Көкше» жырында да бар. Осы
тектес фольклорлық сарын «Ғазауат Сұлтан» дастанында да
көрініс табады. Мұндай фольклорлық сарындар көне дәуір
мифтерінен қалған «өлмес алыптар» жайындағы мотивтердің

сарқыншағы екені мәлім.
Жырда айрықша ықыласпен суреттелетін бейненің бірі—
Тайбурыл. Жырда батырға сын сағатта көмек беретін Тайбурыл
жүйрік ат қана емес, керек кезінде тіл бітетін, ақылшы серік

ретінде суреттеледі. Жүйрік аттың осындай сипатта көрінетін
тұстарын «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» сияқты қаһармандық
эпостарынан және бурят халқының эпосы «Ғэсэрден», тува
халқының аңызы «Бокту—Кириш пен Бора Шээлиден»,

башқұрттың «Заятөлек пен Сусұлу» аңызынан, қалмақтың
қаһармандық эпосы «Жәңгірден» кездестіруге болады.
Сол сияқты «Қобыланды батыр» жырының сюжеттік
құрылымында әлем халықтарының фольклорлық туындыла­

ғылыми  қосымшалар
рында жиі ұшырасатын сарындардың бірі—түс көру мотиві де
бірнеше жерде көрініс тапқан.
Солардың біріне мына мысалды келтіруге болады: Қобы­

ланды Көбікті ханды жеңіп, еліне қайтып келе жатқанда, Тай­
бурыл аты ақсап, жалғыз қалады. Батыр елін Алшағыр ханның
шауып кеткенін, ел-жұртының қандай күйге ұшырағанын
көрген түсі арқылы біледі.

Ортасы түннің болғанда,

Көзі кетті ұйқыға.

Мезгілі таңның жеткенде,

Көк есегі астында,

Ақ сәлдесі басында,

Сырлы асасы қолында,

Өзі Хақтың жолында,

Он сегіз мың ғаламның

Он бесі бар соңында,

Жеті кәміл бабасы

Жетіп келді қасына... Бұл жерде түс оқиғаның шарықтау шегіне дейінгі іс-әрекетті байланыстыру қызметін атқарып тұр. Сөйтіп, жырда айтылатын оқиғалар Қобыландының есімімен байланысты дамып отырады. Жырда салт-ғұрыптар, наным-сенімдер, елдің шаруашылық кәсібі және де басқа көріністер нанымды сипатталған. Эпоста бас қаһарманның ерліктері әсіреленіп, кейіпкерлердің ішкі се­ зімдері монолог, диалогтар арқылы шебер суреттелген. «Қобыланды батыр» жырының тілі көркем, оқиғасы қызықты. Мәтінде басқа тілден енген біраз сөздер кездеседі. Олар қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. «Қобыланды батыр» жырының 1932, 1939 жылдары басыл­ ған мәтіндерін Ә.Диваев нұсқасымен (Ташкент, 1922) салы­ стырып, текстологиялық жұмыс жүргізу барысында, аталған жинақтарда кейбір кемшіліктер кеткені анықталды. 1. Қазан ердің Қобыланды батырмен жекпе-жекке шығатын тұсында, Қазан батыр Қобыландыға: «Үстіңдегі ақ сауыт, астыңдағы Бурыл атты қан тигізбей бер»,—дейді. Қобыланды­ ның Қазанға беретін жауабында екі өлең жолы 1251, 1252-жол­ дар қалып кеткен. Сонда мәтін төмендегідей болып келеді:

батырлар  жыры
1922 жылғы басылым:
1932, 1939 жылғы

басылымдар:
Қобыланды сонда сөйлейді:
Сонда Қобыланды сөйлейді:

—Мал саттым алтын-күміске, Мал саттым алтын-күміске,

Ат беруге қимаймын,

.....................................
Сендей дінсіз, жөнсізге,
.....................................
Ат алудан қашпаймын,

Ат алудан қашпаймын,
Алғанымша асықпа.

Алғанымша асықпа.
Келмей жатып, ат сұрап,
Келмей жатып ат сұрап,
Қызылбас неден есірді...

Қызыл бас неден есірді...
Соңғы екі басылымдағы өлең жолдарының түсіп қалуы, бі­
ріншіден, өлең ұйқасын бұзған, екіншіден, ішкі логикалық
көркемдігі біртұтастығынан айрылған.

Осы секілді мәтін өзгерістері басылымдардың 76, 94, 120-
бб. (С.Мұқанов), 114, 123-бб (С.Сейфуллин) беттерінде кездесе­
ді. Бұл кемшіліктер құрастырушылар тарапынан кеткен қате
емес. Біздің ойымызша, мәтінді машинкаға терген кезде кейбір

өлең жолдары түсіп қалған болу керек. 2. Екі басылымда да түпнұсқалық һәр (әр), һәркім (әркім) ме­

нім (менің), һеш (еш) сөздері қазіргі тіл қолданысында берілген. 3. 1939 жылғы басылымда, 95-бет, 1226-жолда «барқыт»

сөзі «жібек» болып өзгертілген.
4.Емлелік қателер көп кеткен.
Осындай кемшіліктерге қарамастан, құрастырушылар 1932,
1939 жылдардағы басылымдарда фольклорлық шығарманың

мәтінін тұпнұсқа күйінде беруге тырысқан.
Мәтінді жинаққа дайындау барысында осы сияқты кемші­
ліктер түзетіліп, түпнұсқа мәтіні қалпына келтірілді.
Томға ұсынылып отырған «Қобыланды батыр» жырының

мәтіні 1922 жылғы Ташкент басылымы бойынша әзірленді.

Қ. Алпысбаева
С. Қосан
Көшелек Еламанов нұсқасы. «Қобыланды батыр жырының»
аталған варианты бұрын еш жерде жарияланбаған. Жырдың

ғылыми  қосымшалар қолжазбасы Орынбор қаласындағы облыстық архивінде, Игнатьевтің қолжазбалары арасында сақталған. Эпостың мәтінін 1955 жылы Тіл және әдебиет институты­ ның сол кездегі аспиранты З.Жантекеева тауып әкелген. Түп­нұсқасы Орынбор облыстық архивінде сақтаулы1. Жыр­ дың көшірмесі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорына2 өткізілген. Қолжазбаның аяғында жырды 1906 жылы Көшелектен Т.Жүрсінова жазып алды деген мәлімет бар. Шығарма ақ қағазға кирилл әрпінде машинкаға басылған. Көшелек жырлаған «Қобыланды батыр» нұсқасы тура­ лы Н.Б.Кидайш—Покровская, О.А.Нұрмағанбетова сынды зерттеушілердің еңбектерінде сөз болады3. Жырдың экспозициясы Қобыланды дүниеге келмей тұрып, он екі баулы ноғайда жасы сексенге келген Қыдырбай мен оның Меңдісұлу атты әйелінің байлығын, баласыздығын және олардың тұрмыс-тіршілігін суреттейтін мотив—сипаттамадан басталады. Сол елдің ханы Ақшахан Қыдырбайдың байлығын өз қолына түсіруді көздеп, әр түрлі амал жасайды. Бұл жай­ ды білген Меңдісұлу Құдайдан бала тілеп, әулиелерге түнеп, дүние кезеді, ақыры тілегі қабыл болады. Бір ұл, бір қыз та­ бады. Ұлының атын Қобыланды, қызының атын Қансұлу деп қояды. Болашақ батырдың ғажайып туу мотиві қазақтың, түркі, монғол тілдес басқа халықтардың эпосында жиі кездеседі. Мәселен, қартайған ата-ананың балаға зар болуын, бала іздеп Алладан, әулиелерден жәрдем сұрауы қазақтың «Алпамыс», «Шора батыр», «Едіге батыр», «Мұңлық—Зарлық»5 эпостары­ нан, қырғыздың6 «Манас»7 эпосынан т.б кездестіреміз. Мысалы «Манас» эпосындағы Жақыптың баласыздық на­ ласын айтып, қайғыратын тұсында мынадай жыр жолдары ұшырайды: 1 Оренбургский областной архив. Фонд 168, опись 1, дело 22, листы—46-67. 2 Қобыланды батыр. Ш.7 (ӘӨИ). 1955. Қобыланды батыр.—Москва, 1975. 394-396-бб; О.Нұрмағанбетова. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр».—Алматы.—2003. 5 Маадай-Қара. Алтайский героический эпос.—М., 1973. 6 Монғолдың құпия шежіресі.—Өлгий, 1979. 7 Манас.—Фрунзе, 1-кітап. 1958.

батырлар  жыры

... Арман қылат ошондо

Абакең Жақып толғанып:

—Бербесе Теңгер чарам жоқ,

Беш түліктен мал жидым,

Бет чака булча арам жоқ.

Жабық салып, ат минип,

Жанымда болған карам жоқ.

Тұтунарға туяк жоқ,

Туганынан айрылған

Жұртта мендей чунак жоқ8...
Міне, осылай жасы ұлғайған ата-аналардың бала тілеп, дүние
жүзін кезуі кездейсоқ емес. Олардың арман-мақсаты—ата­
дан қалған мал, мүлікке ие болатын, ұрпағын жалғастыратын

мұрагер, сондай-ақ ел-жұртына қорған болатын батыр іздеу.
Бұдан кейін жырда қаһарманның балалық шағы, тәрбиесі;
батырдың барлық кедергіні жеңіп үйленуі; қыз Құртқаны
еліне алып келуі; батырдың тұлпар атына байланысты

әңгіме; Қобыландының Алшағыр ханмен ұрысы; ел-жұртын
Алшағырдан босатып алғаны баяндалады.
«Қобыланды батыр» жырының біраз нұсқаларын салыс­ты­
рып қарағанымызда, Көшелек жырлауында «Қобы­ланды ба­

тыр» эпосының байырғы желісі барынша сақтал­ғаны­мен, кейбір
айырмашылықтары бар екені байқалады. Мысалы, бұл нұсқада
басқа варианттарда кездесетін Қобы­ланды мен Қараманның
Қазан ханға аттанатын алғашқы соғыс сапары, «Тайбурылдың

шабысы», Қобыландының Көбікті­мен соғысы, Қарлыға туралы
эпизодтар кездеспейді.
Сондай-ақ мұнда Қобыланды, Құртқа, Алшағыр ханнан
өзге кейіпкерлердің есімдері басқаша аталған. Қобыландының

Құртқаны еліне алып келетін көрінісі қысқа баяндалған.
Осы тұрғыдан алып қарағанда К.Еламанов жырлауындағы
«Қобыланды батыр» жыры басқа нұсқалардағы тұрақты эпи­
зодтарды қайталау емес, халық аузында айтылып жүрген аңыз-

әңгімелерді арқау етіп, өзінше жырлаған дербес вариант деп
санау керек.
8 Манас. Фрунзе, 1958. 1-кітап.—17—б.

ғылыми  қосымшалар
Көшелек жырлаған нұсқа толық аяқталған, тілі жатық,
оқиғасы қызықты болып келеді. Мәтінде аздаған араб, парсы
және жергілікті сөздер кездеседі. Ондай сөздер қазақшаланып

олардың контекстік ұғымдары томның соңындағы арнайы
сөздікке топтастырылды.
Томға ұсынылып отырған мәтін Қолжазба қорында сақтал­
ған түпнұсқадан (ӘӨИ, ҚҚ: Ш.7.) еш өзгеріссіз дайындалды.

Қ. Алпысбаева
Құлзақ нұсқасы. Жырдың мәтінін 1954 жылы Қазақ КСР
Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының сол кез­
дегі аспиранты Дәкен Шалабеков Қарағанды облысы, Нұра

ауданының тұрғыны Құлзақ Амангелдіұлынан жазып алып,
институттың қолжазбалар қорына тапсырған1. Шығарма
шақпақ көзді дәптерлерге қара, көк сиямен араб әрпінде
жазылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған.

Құлзақ нұсқасында «Қобыланды батыр» жырының негіз­
гі сюжеттік желісі түгел сақталған. Жырдағы кейіпкерлердің
есімдері, мінездемелері мен көптеген өлең шумақтары да ұқсас
болып келеді. Әйтсе де бұл нұсқаның мазмұнында өзіндік ерек­

шеліктер бар:
Жыр ертегілік мотивтен басталады. Тоқтарбай мен Аналық­
тың баласы Қобыланды ер жетіп, Естемеске қосылып жылқы
бағады. Қобыланды бір күні аң аулап жүріп, тау жақтан жылаған

қыздың дауысын естиді. Қыз жыл сайын еліне айдаһар келіп,
бір қыз бен бір бие жейтінін айтады. Бұл қыз Көктім Аймақтың
қызы Құртқа екен. Қобыланды айдаһарды үлкен күшпен жеңіп,
Құртқаға үйленіп, еліне қайтады. Осы кезде қырық құлаш Қызыл

ер қалың қолмен келіп Қобыландымен соғысады. Қараман батыр
қырық мың қол алып, қызылбастың еліне аттанады. Жырдың
бұдан былайғы жері Марабай—Мергенбай вариантына ұқсас.
Яғни Қобыландының Қазан қаласына аттануы; Қазан ханды,

Көбіктіні жеңуі; Алшағырдан кек алғаны баяндалады.
Қысқасы, жыршы «Қобыланды» жырының ең түпкі сю­
жетін жадында сақтай отырып, өз тарапынан тың көріністер
қосып жырлағаны аңғарылады.

1 Қобыланды батыр жыры. Ш.12 (ӘӨИ), 1-дәп. 1954.

батырлар  жыры
Құлзақ Амангелдіұлы нұсқасының тілі көркем, оқиғасы
қызықты. Мәтінде араб, парсы қолданыстары барынша аз кез­
деседі.

Томға ұсынылып отырған «Қобыланды батыр» жырының
мәтіні ӘӨИ-дің қолжазба қорында сақтаулы қолжазбадан (Ш.
12 (ӘӨИ), 1-дәп) еш өзгертусіз дайындалды.

Қ. Алпысбаева
Сүйіншәлі нұсқасы. Бұрын баспа бетін көрмеген бұл жыр
мәтінін айтушыдан 1958 жылы Тіл және әдебиет институты
ұйымдастырған Орынбор экспедициясының мүшесі, сол кезде­

гі Орал педагогтік институтының аға оқытушысы Мәтжан Ті­
леужанов жазып алған. Қолжазбаны ӘӨИ қорына тапсырған—
фольклортанушы ғалым Тұрлыбек Сыдықов1.
Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған нұсқа туралы пікір­

лер О.Нұрмағанбетованың еңбегінде сөз болады. Ғалымның пі­
кірінше, осы нұсқада «Қобыланды батыр» эпосының байырғы
желісі барынша сақталған.
Бас қаһармандардың есімдері, іс-әрекеті шығармадағы мо­

тивтер тізбегі де ұқсас болып келеді. Мысалы: Қыдырбайдың
қартайған шағына дейін баласыз болуы; ата-анасының
құдайдан бала тілеп, дала кезуі; тілектерінің қабыл болуы;
Қобыланды ер жетіп, көрші елдегі Көклән кемпірдің қызы

Құртқаға үйленуі; Құртқаның батырға торы тұлпарды күтіп
өсіруі; жауды жеңіп, елін азат етуі т.б.—көптеген жыр
нұсқаларына ортақ сарын.
«Қобыланды батыр» жырының біраз нұсқаларын салы­

стырып қарағанымызда, Сүйіншәлі нұсқасында басқа ва­
рианттарда кездеспейтін жыршының өз қолтаңбасы бар
екені байқалады. Мысалы: Қыдырбайдың әйелі Ақзарбап
баласын босана алмай жатқанда Орақ, Мамайдың шешесі—

Қараүлектің көмекке келуі; Қарасай батырдың Қараүлекке
көмекші
іздеп
кетуі;

Ақзарбаптың
қырық
тұлпардың
дүбірінен шошынып босануы; Құртқаны қалмақтың ханы

Қанабоз алмақ болып жатқанда, Көклән кемпірдің ер Ағысты
ноғайлының батырлары: Айсаның ұлы Ахметке, Көкшенің
1 Қобыланды батыр жыры., Ш. 76 (ӘӨИ). 1-дәп. 1958.

ғылыми  қосымшалар
ұлы Қосайға, Ақшабайұлы Төреханға, Жаманбайдың баласы
Әуезге, Көрұғлының баласы Бозайға, Қобыландыға хабар бер,
деп жұмсауы; Қыдырбайдың Қобыландыны жасырып қоюы;

Көклән кемпірдің Қобыландыны өзі іздеп келуі; қысылғанда
жөн, адасқанда жол табатын Сыпыра жырау бейнесі басқа
нұсқаларда кездеспейді.
Аталған жырдың сюжеттік құрылымында басқа қазақ

эпостарындағы секілді ғажайып туу, батырға лайық тұлпар,
күші басым жау, ғайып ерен, кәміл пір, ақылды жар т.б.
тұрақты мотивтер ұшырайды. Сол сияқты жырда бірен-саран
ертегілік сарындар да бар. Бұған Ахмет батырдың айдаһармен

соғысатын тұсын, немесе Көклән кемпірдің Қобыландының
еліне келгенде біресе түлкі, енді бірде қыз кейпіне түсуі т.б
мысалдарды келтіруге болады.
Жыршы «Қобыланды батыр» эпосының түпкі сюжетін

сақтай отырып, жырдың кей жерлерінде бірқатар оқиғалар мен
жеке эпизодтарды кеңейте, түрлендіре жырлаған.
Сүйіншәлі нұсқасының тіл көркемдігі де біршама жоғары
деңгейде екендігі аңғарылады. Мәтінде аздаған шығыстық

және жергілікті сөздер кездескенімен, шығарманың тілі таза,
ұғымды. Жырдың өн бойында кездескен түсініксіз сөздердің
қазақша баламалары томның соңындағы арнайы сөздікке топ­
тастырылды.

Томға ұсынылып отырған «Қобыланды батыр» жырының
мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорында сақтаулы түпнұсқадан
(Ш. 76, 1-3-дәп.) еш өзгеріссіз дайындалды.
Қ. Алпысбаева

«Қобыландының баласы Жетімтай мен Жетімек туралы
жыр». Жырдың бірқатар нұсқаларында Қобыланды батыр­
дың ұрпақтары және олардың ерлікке толы жауынгерлік жо­
рық­тары дәріптеледі. Солардың бірі осы Сүйіншәлі Жаңбыр­

шыұлы жырлаған нұсқа. «Қобыландының баласы Жетімтай
мен Жетімек туралы жыр» деп аталатын шығарма аты айтып
тұр­ғандай, ұлы эпостың заңды жалғасы.
Жалпы түркі тілдес халықтардың ежелгі эпостарында

ата­сы мен немересінің, әкесі мен ұлының соғыста қатар бой
көрсетуі—дәстүрлі құбылыс. Мұндай мысалдарды «Алпамыс­

батырлар  жыры
тағы»—Жәдігер, «Көрұғлыдағы»—Әуезхан, Бозай, «Қырым­
ның Қырық батыры» жырындағы Естерек—Тарғын, Орақ—
Қарасай, Едіге—Нұрадин сияқты белгілі эпостық тұлғалардың

өмірінен көруімізге болады.
«Қобыланды батырдың» Айса Байтабынұлы жырлаған ва­
риантында бас кейіпкердің Бөкенбай, Киікбай атты ұлдары
жайында жеке тарау бар. Сірә, «ел қорғаны болар ұл туса,

атасының жолын қуса» дейтін халық арманы осындай циклді
жырларды дүниеге әкелген, кейде тіпті, кейінгі дәуірдегі ай­
тулы батырларды бұрынғы аға батырлардың баласы ретінде
бейнелейтін тұстары да жоқ емес.

Сүйіншәлі жырлаған нұсқада Қобыландының ұлы мен
қызы Жетімтай мен Жетімек те ерекше жағдайда туып, ерже­
теді. Олардың жаугершілік үстінде дүниеге келіп, жауларының
озбырлығымен айдалаға апарып тасталуы; сәбилерді жабайы

киіктің емізуі; Құртқаға көмектесетін ерендердің кереметі
секілді мотивтердің түп-төркіні ежелгі түркілік эпостарға ті­
реледі («Алаша хан», «Шыңғыс хан», «Мұңлық—Зарлық»,
«Рүстем—Дастан» т.б.).

Жалпы алғанда, қазақ эпостарының тұтастануы, циклде­
нуі, батыр ұрпақтарының жалғасы сынды іргелі мәселелер
фольклортанудың маңызды бір саласы болып табылады.
Бұл реттен алғанда Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған

«Қобыланды батырдың баласы Жетімтай мен Жетімек туралы
жыр» атты нұсқасы ерекше назар аударарлық туынды. Өйткені
өткен ғасырларда қазақтың батыс өлкесін, әсіресе Орынбор
өңірін мекендеген қазақтар арасында кең танылған бұл жыр

үлгісін ғылыми нысанға алып, эпостың сюжеттік, көркемдік
және мәтіндік қырларын зерттеу мүмкіндігі енді туып отыр.
Жыр мәтіні ӘӨИ қолжазба қорында сақталған түпнұсқа
бойынша (ҚҚ: Ш.76; 3-дәптер) әзірленді. Бұрын-соңды

жарияланбаған.

С. Қосан
Қ. Тастанов

Мәтіндерде кездесетін тарихи және
діни есімдер
Алла—(Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік
дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей,

жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла
мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі
Оған ешкім тең емес»*.

Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап,

біреулерін—жұмаққа,
енді
біреулерін—тозаққа
жібереді.

Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мез­
гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш

жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде­

гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті
қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым­
дылығын т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз

есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары),
Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық
(жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.

* Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі.

батырлар  жыры
Алланың атын зікір ету рәсімі «Аллаһу акбар» деген мадақ
сөзді отыз төрт рет, «Әлхамдулиллаһи», «Сұбхан Алла» сөздерін
отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы

жүзеге асады.
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші
әділетті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың
немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу ба­

ласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан,
алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, та­
лып қалатын болыпты-мыс. Фольклорлық туындыларда
оның зұлпықар�����������������������������������������

, қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны
айтылады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында,
оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет
Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр,

халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке
ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен
замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды
жеңген деп дәріптелген.

Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс­
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір­
кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды тұлпардың

нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір

сүреді.
Баба түкті Шашты Әзіз—Қазақ эпостары мен ертегіле­
рінде кездесетін киелі де қасиетті бейне. Бұл кісінің батасын
алған баласыз қариялар Алланың құдіретімен ұлды болып жа­

тады. Мұсылман аңыздарында Шашты Әзіз 88 пайғамбардың
бірі. Ол туралы аңыздардың бірінде есімі Баба Туклас деп
көрсетіледі. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында
Әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең

алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, со­
дан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті
Шашты Әзіз—Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабалары, ислам
діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген

болжамдар бар.

ғылыми  қосымшалар
Дәуіт—Қасиетті Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен
пайғамбардың әкесі. Көне еврей тілінде Давид. Дәуіттің отыз ба­
ласы болған. Жаратқан Иеміз құдіретімен отыз баланың жанын

бір мезетте алып кетеді. Мұны көрген Дәуіт Алла Тағалаға зар
илеп жылайды. Сонда Алла: Дәуіт, саған отыз балаңның орнына
отыз бала берейін бе, әлде отыз балаға татитын бір бала берейін
бе?—деп сұрағанда Дәуіт «отыз балама татитын бір ұл беріңіз»

деген екен. Иеміздің берген ұлы осы Сүлеймен пайғамбар бола­
тын. Сүлеймен мал-құстың тілін түсініп, сол тілде тілдесе ала­
тын болған.
Едіге,

Мұса,
Орақ,
Қарасай,
Қази,

Көкше,
Қосай,
Жаңбыршы, Ағыс, Алшағыр т.б. кейіпкерлер (ХІV-ХVІ)
Ноғайлы дәуірің эпостарында жиі кездесетін тарихи тұлғалар.

Қобыланды батыр—Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен
15 ғасыр) батыр. Тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек елінің ханы
Әбілхайырдың бас батыры болған деген болжам бар. Оның есімі
қазақ шежірелері мен тарихи аңыз әңгімелерде де ұшырайды.

Бейіті—Ақтөбе облысының Қобда ауданында.
Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым]—ис­
лам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы,
тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла

Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі,
ең соңғы пайғамбар.
570* жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың
әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс

болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда
дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт ана­
сы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс
болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.

Алла Тағаланың алғашқы бұйрық, жарлықтары [уахи] рама­
зан айында хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі
Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен.
Мұхаммед (с.а.с) Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—ис­

ламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба­
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы

* Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі.

батырлар  жыры Мұхаммед (с.ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хиж­ ра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар. Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халифа, исламның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазі­ рет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он жыл ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жерлеріне орнықты. Омар халифа тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық жүйесі құрылды. Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін күшейту мақсатында өзінің халифа лауазымына «Әмір әл-му­ минин» дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет Омардың сахаба­ лары Иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына намаз оқыды. ������������������������� V������������������������ ІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифасы Әбд әл-Мәлік хазірет Омар намаз оқыған жер­ ге «Куббат ас-сахара» деп аталатын күмбез тұрғызды. Оспан (Осман)—араб-мұсылман тарихындағы үшінші әді­ летті халифа. Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың екінші қызы Үммігүлсімге үйленді. Сол себепті мұсылмандар Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті атақ берген. Шаһизында—Самарқандағы белгілі әрі сәулетті мавзолей­ лердің бірі. ХІV—ХV ғасырларда салынған. Орта Азия елдері­ нен мұсылман қауымы Шаһизындағы туристік сапармен келіп, көріп жатады.

Азар—өкпе, жәбір
Азбан—бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп, кейіннен пі­
шілген мал (айғыр, қошқар)
Азбар—бордақы мал тұратын шағын қора

Айтатыр—тақыр, кең майдан жер
Ақсары—бүркіт тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Аламан—көпшілік, әскер, қараша халық
Аран—ерте кездегі аң ұстайтын құрал, қазулы ор.

Арда—құлын күнінен құнанына дейін емген жылқы төлі
Әбзел—белгілі бір нәрсеге қажетті жабдық, ер-тұрман
Әбілет—жын-шайтанның бір атауы
Әлемет /ж/—әбігер, әуре-сарсаң.

Әмбе—барлық, жалпы
Бадана—жемістің бір түрі, ауыспалы мәнде көп қолданы­
лады.
Бақан—шаңырақты көтеретін, түндікті ашып-жабатын

ұзын сырық.
Баспақ—бір жасқа дейінгі бұзау, торпақ
Баялыш—шөлді, құмды жерде өсетін бозғылт түсті тікенді
өсімдік.

Берен—қымбат, асыл мата
Берен—болаттан жасалған батырлар киетін сауыт
Боғжама—боқша, ұсақ-түйек салатын сөмке
Боз—бетеге, жусанның бір түрі

Бөз—мақтадан тоқылатын жұқа, арзанқолды ақ мата
Бөрікөз—таулы аймақта өсетін бұталы шөп
Ғасы /а/—күнәһар
Ғаріп /а/—мүсәпір, бейшара

Дағдыр /ж/—тағдыр
Сөздік

батырлар  жыры
Дәбір—сарсаң, әлек
Дұшман—дұшпан
Дырау—даңқты, атақты

Ебене—өсімдік, шөп (ебелек)
Еңку/к.с./—ылди, төскей, адыр-адыр жер
Жабыл—ұйымдасып, жұмыла әрекет жасау
Жақ—садақ

Жана /ж/—және
Жауырыншы/т/—қойдың жауырына қарап бал ашатын
көріпкел
Жаһаннам/а/—тозақ оты

Жезтелпек—жаудың оғы не қылышы өтпес үшін ертедегі
батырлардың басына киетін киімі (каска, шлем). Мұндай бас
киімдер жезден жасалған.
Жете—арғы тегі, жеті атасы; пышақтың жетесі.

Жолым—керегесіз уыққа киіз үй жауып, уақытша тігілген
жаппа.
Жүреге—жылқының не түйенің болдырып, діңкелеп шар­
шап қалуы, зорығуы

Заһар/а/—у, улы зат
Кебене—киізден жасалған киім түрі, кебенек.
Келеп—иірілген жіптің шумағы
Кент—қала

Көбенде—аздап семіру, оңалу
Көпшік—ішіне жүн, мамық салып тігілген ер-тұрманның
бір жабдығы
Көрік—ұстаның темірді қыздыру үшін теріден жасаған

үрлеуіш құралы.
Көтерме—қарақшыға жетіп қалған бәйге атын шаужай­
лап, қолдау, жетелеу.
Күзен—сусар тұқымдас, терісі бағалы жыртқыш аң

Күйек—қошқарға ілінетін тиым қап.
Күрзі /т/—салмақты болу үшін бір басына қорғасын құйып
жасалған сабы қысқа шоқпар.
Күшіген—бүркіт тұқымдас, жыртқыш қарақұс

Кінеге /о/—кітап
Қазанат /қ/—ұзақ жолға шыдамды, қазақ жылқысының
байырғы бір тұқымы.
Қалбай—құс түрі

ғылыми  қосымшалар
Қата /ж/—қате
Қауыз /п/—әуез, қауыз
Қауыс—қараша, желтоқсан

Қоламта—жанып біткен оттың ыстық күлі
Қорамсақ /к.с./—жебе салып жүруге арналған қалта
Қосын /қ/—әскер, жауынгерлер тобы тұратын жер
Қулық—бірінші рет құлындаған жас бие

Қунау /т/—дем алу
Құлық /к/—бақай безі ісініп ауыратын ауру
Құбыла /а/—мұсылмандардың намаз оқығанда бет бұратын
жағы. Алғашында Мұхаммед пен оның серіктері беттерін

шығысқа, Иерусалимге қарай бұратын; кейіннен хижраның
екінші жылы қасиетті қағбаны белгілейді.
Лабақ—абақты, түрме
Малта—сүзбеден сығып, жұмарлап дайындаған құрт

Масақ құлақ—садақтың оғы
Масаты—жұмсақ түкті жібек мата, барқыт
Масыл—біреуге арқа сүйеп, өз қолынан жөнді іс келмейтін
адам.

Махшар— қиямет күнінде Алла Тағаланың адамдардан жа­
уап алатын күні.
Мәуе—жеміс, жидек, миуа
Медет /а/—демеу, сүйеніш

Мосы—ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісіретін үш
тағанды темір құрал
Міскін /а/—бейшара, мүсәпір кісі
Нәсте /ж/—нәрсе

Нәһан /п/—үлкен, денелі, алып, кит
Нияз /о/—Құдай жолына берілетін қайыр-садақа
Оғлы /т/—ұлы, баласы
Оқшасын—тез, жылдам

Өлең—ылғалды жерде өсетін, жапырағы қатты көп жылдық
майда нәрлі шөп.
Пәруа /п/—пәруана, көбелек, құрбан
Пәтуа /а/—белгілі бір іс жөніндегі бітім, келісім

Перен—берен мылтық, батырлардың соғысқа арнап киер
киімі
Порым /о/—түр, әлпеті, көрінісі
Пұшман /п/—қайғы, қасірет, сандалған ой.

батырлар  жыры Пішенші /қ/—шөп орушы Сарық—салпаң құйрықты мәліш қой Сулық—жүгеннің сағағындағы темір ауыздық Сүйем—бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем. Сүмбідей болып жарады—бабына келді, бауырына жарады Сүрен /қ/—бүлік, айғай, сойқан Сыбай /қ/—жақын, аралас-құралас Тасаттық /к.с./—белгілі бір тілектің орындалу мақсатымен Құдай жолына мал сойып, жұртқа тамақ беру; садақа, құрбандық. Татыр—тұзды, сортаң, тақыр жер Тепсең—мал жайылатын ойлы-қырлы, текше-текше не жазық алап, аумағы әр түрлі жер. Тобыршақ /к.с./—жылқының түрі, атауы Тоғанақ—бума, жүк, тең Торғын—қымбат бағалы жұқа жібек мата, торқа. Төбел—жылқы малының маңдайында болатын дөңгелек ақ түс Туша—бір жасар ұрғашы ешкі Тұғыршақ—мініске төзімді, жабы тұқымдас жылқы; жұмыс көлігі Тұлым—жас баланың шекесінен, шүйдесінен ырым үшін қалдырып қойған шаш тұлымшақ Түлей—жапан түз, жалпақ дала,ұшы-қиырсыз шөл Тіллә /п/—ақша, алтын Үдере—қаптай көшу Үйек—табиғаты тіршілікке қолайлы, күні жылы, шөбі шүйгін жер Үмбет /а/—халық, ел, жұрт Үшкіл—көйлектің етегін кеңейту үшін оған үшбұрыштап қоятын қиықша. Ұңғы—мылтықтың оқ шығаратын жері, аузы Шабадан—сөмке Шабата—жазда аяққа киетін жөкеден, талдың қабығынан тоқылған жеңіл аяқ киім түрі Шабдар—жал-құйрығы сарғыш келген құла жирен жылқы Шарайна /к/—сауыт, латы Шәр /п/—қала

ғылыми  қосымшалар Шәулі—бүркіттің еркегі; қазандағы тағамды сүзіп алу үшін сымнан не шыбықтан иіп жасалған сүзгі Шетпер—жөке ағашының талшықты ұзын қабығынан тоқылған тығыз мата Шұрқылтай—бұғананың үстіңгі жағындағы жұмсақ ойық жер Шылау—ат басындағы жүгеннің шаужайы Халас /а/—құтылу, арылу, азат болу. Іңкәр—ынтық, құмар

Жер-су атаулары
Алатау—Орталық Азиядағы тау жотасының жалпы атауы.
Оларға Күнгей Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Же­
тісу Алатауы, Іле Алатаулары жатады.

Арыс—Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзен, Сыр­да­
рия­ның оң жақ саласы. Отырар ауданы Талапты ауылының
маңында Сырдария өзеніне құяды.
Аспаһан

(Исфаһан)—Иранның
орталық
бөлігіндегі
қала. Зайендеруд өзенінің жағасына орналасқан. Исфаһан

провинциясының әкімшілік орталығы. Тегераннан кейінгі
өнеркәсіп-сауда орталығы.
Жирен қопа—қазіргі Ақтөбе облысының Қобда ауданын­
дағы жер аты. Аудан орталығы—Қобда.

Қараспан—орта ғасырлардағы қоныс орны. Оңтүстік
Қазақстан облысы. Ордабасы ауданы, Обручевка ауылынан 2
км Оңтүстікке қарай орналасқан.
1980 жылы бұрынғы Шымкент пединституты археология­

лық экспедиция тобы ашқан.
Қулы көл—халықтық жырларда жиі ұшырайтын эпостық
мекен.
Қобда—Елек алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Алға,

Қобда ауданы жерлерімен ағады. Орынбор облысының Покров­
ка (Ресей) ауданының тұсында Жайықтың саласы Елек өзеніне
құяды.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Амангелдіұлы Құлзақ (1886—1955)—Қарағанды облы­

сы, Нұра ауданында туған. Халық мұрасын, әсіресе Қарағанды
жұмысшыларының өлең-жырларын жинап, тапсыруда елеу­
лі еңбек сіңірді. «Қамбар батыр», «Қобыланды», «Ер Тарғын»
дастандарының жаңа варианттары да Құлзақтан жазылып

алынды.
Диваев Әбубәкір (1856—1932)—қазақ ауыз әдебиеті мен
этнографиясын жинап, оны басып шығаруда және зерттеуде
зор қызмет атқарған фольклоршы, этнограф. Ә.Диваев «Шора

батыр», «Бекет батыр» т.б. жырларын, «Қазақ балаларының
ерте замандағы ойындарын», «Шешендік сөздерін» жинап,
қағаз бетіне түсіреді, бұлардың кейбіреулерін орыс тіліне ау­
дарады. Алаша хан, Асан қайғы, Әмір Темір туралы дерек­

тер мен ақындар айтысын, мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді,
жұмбақтар мен өтірік өлеңдерді, бесік жырын, бақсы сарынын,
толғаулар мен тойбастарларды жазып алады. Оның жинаған
нұсқаларының тағы бір саласы—ежелгі календарь, астроно­

мия, Ай, Жұлдыз, Күн туралы ұғымдар.
Еламанов Көшелек (1874—1951)—Белгілі ақын, әрі жы­
рау. Ол Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында,
кедей шаруаның отбасында туған. Көшелектің толық аты—

Көшмұқамбет. Оның жас шағы кедейлікте, жоқшылықта өтеді.
Өлеңге, сөзге шеберлігі жастайынан байқалады, домбыраны да
жастай үйреніп, құмарта тартады.
Он алты, он жеті жас шамасында Қобда, Елек, Шыңғырлау

жерлеріне аты жайылған жырау, әрі домбырашы Жалмағанбет
Сағынтайұлының (1830—1910) қасына еріп жүріп, одан
көптеген өлең-жыр үйренеді. Той-жиындарда өзі де жиі жыр
айта бастайды, жақсы айтатын болады. Оның ақындығына, зе­

батырлар  жыры
ректігіне риза болған, сүйсінген халық еркелетіп Көшелек атап
кетеді. Кейін елге осы атымен белгілі болады.
Көшелек «Қобыланды», «Орақ—Мамайдың» он екі тара­

уын, «Шора батыр», «Хан Әділ», «Көрұғлы», «Ер Сайын» т.б
жырларды жақсы орындаған.
Жаңбыршыұлы Сүйіншәлі—1880 жылы Орынбор облысы,
Ақбұлақ ауданы, Сазды ауыл советі, Шаған деген жерде туған.

Руы әлім ішінде—кете. Жас кезінде серілік құрып, домбыра­
шы, әнші атанған. Бітеген, Қазмағамбет секілді жырауларға
еріп, батырлар жырын үйренген. Жасы отыздан асқан кезінде
өзі де аралап, «Қобыланды батыр», «Жетімтай мен Жетімек»,

«Алпамыс», «Қарасай—Қази» т.б. жырларды айтып жүрген.
Мұнымен қатар ауыл-үй арасында өлең шығарып, айтысқа
да қатысқан. Сауаты болмаған адам, оның шығарған өлеңдері
хатқа түспеген.

Сыдықов Тұрлыбек—1925 жылы Алматы облысы, Ақсу
ауданында туған. Ұзақ жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді.
Қазақ фольклоының бір саласы—батырлар жыры жайында

бағалы еңбектер жазған. Филология ғылымдарының кандида­
ты. Қазір еңбек демалысында.
Шалабеков Дәкен (1922—1958)—Қарағанды облысы, Нұра
ауданы, Захаровка селосында туып-өскен. 1948 жылы С.М.Ки­

ров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. Одан
кейін Нұра ауданының мектебінде мұғалім боп істеген. 1951-
1954 жылдары Тіл және әдебиет институтында аспирант болған.
1955 жылы «Қарағанды қазақ жұмысшыларының өлең-жырла­

ры» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Кей­
ін аталған институтта ғылыми қызметкер болып істеген.

ШАРТТЫ  ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр

дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы

/тат/—татар
/т/—түркі
/ж/—жергілікті
моңғ.—моңғол

/қ/—қазақ
/к.с./—көнерген сөз

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар

1.  Қобыланды батыр ӘӨИ, Ш. 7. 2.  Қобыланды батыр жыры—ӘӨИ, Ш. 12, 1-дәп. 4.  Қобыланды батыр жыры—ӘӨИ, Ш. 76, 1-дәп. 5.  Қобыландының баласы Жетімтай мен Жетімек туралы

жыр.—ӘӨИ, Ш. 76, 2-дәп.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

1.  Әуезов М. Қазақ әдебиеті. — Алматы, 1991. 2.  Бердібаев Р. Қазақ эпосы. — Алматы, 1982. 3.  Батырлар. 1-кітап / Бастырып шығарушы—Ә. Диваев.

— Ташкент, 1922.

4.  Батырлар // Бастырып шығарушы — С. Мұқанов. —Ал­

маты, 1939. 5.  Гэсэр. Бурятский героический эпос. — М., 1973. 6.  Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық

жыры. — Алматы, 1972. 7.  Жирмунский В. М., Зарифов Х. Т. Узбекский народный ге­

роический эпос. — М., 1947. 8.  Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының

мәселелері. 1-кітап.—Алматы, 1958. 9.  Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-ші кітап.—Алматы,

1960. 10.  Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-том.

— Алматы, 1975.

ғылыми  қосымшалар 11.  Қазақ кітаптары. Құрастырғандар: Е. Есова, Ү. Сұбхан­

бердина, Д. Сейфуллина. — Алматы, 1986. 12.  Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары. — Ал­

маты, 1975. 13.  Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос. — Алматы, 2000. 14.  Маадай—Кара. Алтайский героический эпос. — М.,

1973. 15.  Орлов А.С. Казахский героический эпос. — М., 1945. 16.  Нұрмағанбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы —

«Қобыланды батыр». — Алматы, 2003. 17.  Сейфуллин С. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары. —

Қызылорда, 1931. 18.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. — Алматы, 1993. 19.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.

— М., 1968.

20.  Древнетюркский словарь. — Л.: Наука, 1969. 21.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.

— Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

22.  Қазақ тілінің сөздігі. — Алматы, 1999. 23.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев. — Алматы, 1977. 24.  Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т. — М., 1970. 25.  Татарско-русский словарь. —М.: Советская энциклопе­

дия, 1966. 26.  Турецко-русский словарь. —М.: Русский язык медиа,

2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Мини­
стерства образования и науки РК продолжает работу по подго­
товке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках Государственной про­

граммы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
По состоянию на сегодняшний день Институтом подготов­
лено и издано 34 тома фольклорных текстов, в том числе: три­
надцать томов новеллистических дастанов, семь томов религи­

озно-нравственного содержания, три тома исторических поэм,
восемь томов дастанов романического (любовного) содержания,
два тома героческого эпоса, а также один том генеалогических
дастанов.

35 том включает в себя пять вариантов героического эпоса
«Қобыланды батыр», являющегося одним из лучших в эпиче­
ском наследии казахского народа. В разное время эти варианты
были записаны из уст акынов (жыршы) и народных сказителей.

Они исполняли их в сопровождении народного музыкального
инструмента —домбры. При этом каждый из них имел свою
мелодию для исполнения эпоса. Например, текст «Қобыланды
батыр жыры» был записан аспирантом Института языка и ли­

тературы АН КазССР Дакеном Шалабековым в 1954 году в из­
ложении жыршы Кулзака Амангелдиулы, проживающего в
Карагандинской области. Один из вариантов эпоса «Қобыланды
батыр» был записан членом фольклорной экспедиции М.Тле­

ужановым 1958 году в исполнении С.Жанбиршыулы, жителя
Оренбурской области. Также нужно отметить, что четыре из
пяти вариантов «Қобыланды батыра», которые были записаны
из уст народных акынов Кошелека, Кулзака и Суйиншали, пу­

бликуются впервые.

ғылыми  қосымшалар
Составителями планируется подготовка и издание четырех
томов, в том числе всех двадцати вариантов настоящего эпоса,
и т.д.

Сюжетную основу «Қобыланды батыра» составляют древние
легенды и героические мотивы, связанные с прошлой жизнью
казахского народа и его историей.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том

снабжен научными приложениями, которые включают в себя
сведения о публикуемых текстах: краткий историко-фолькло­
ристический и текстологический анализ; данные об историче­
ских и религиозных деятелях, имена которых встречаются в

текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов,
терминов и понятий религиозного характера, а также географи­
ческих названий; сведения о сказителях, собирателях и публи­
каторах; список использованной литературы; резюме на рус­

ском и английском языках.
Некоторые тексты, публикуемые в данном сборнике, издава­
лись в советское время, и при этом они, к сожалению, подвер­
глись в определенной степени редакции, литературной обработ­

ке. Это происходило, по всей вероятности, как на стадии записи
текстов от исполнителей, так и в процессе переписки рукописей
(возможно неоднократной), а также и в ходе подготовки текстов
к изданию.

Большинство текстов данного тома публикуются впервые.

Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Ed­ ucatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on pre­ paratіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Medenі Mura» («Cultural herіtage»). By present tіme the Іnstіtute staff have prepared and publіshed 26 volumes of folklore texts іncludіng: eleven volumes of novelіst­ іc dastans, sіx volumes of relіgіous-moral content and fіve volumes of romantіc (love) dastans. 35th volume іncludes fіve versіons of heroіc epos «Kobylandі batyr» that іs one of the best epіc herіtage of Kazakh people. Durі­ ng dіfferent versіons were recorded from akyns (zhyrshі) and folk narrators. They performed them іn accompanіment of folklore mu­ sіcal іnstrument dombra. They had theіr own melody for perform­ іng epos. For example, the text «Kobylandі batyr zhyry» was re­ corded by post graduate student Daken Shalabekov from Іnstіtute of lіterature and art, Academy of Scіence, KazSSR and іn 1954 was performed by Kulzak Amangeldіuly resіdent of Karaganda regіon. One of the versіons of the epos «Kobylandі batyr» was recorded by the member of folklore expedіtіon M.Tleuzhanov іn 1958 that was performed by S. Djanbіrshіuly resіdent of Orenburg regіon. The compіlers are plannіng to publіsh two volumes іncludіng all thіrty versіons of thіs epos. Thіs volume іncludes heroіc-epіc poems (zhyr) such as «Kobyla­ ndі batyr», «Kobylandі batyr zhyrі», «Kobylandі», «Kobylandіnіn balasі Zhetіmtaі men Zhetіmek turalі zhyr». The plot of «Kobylandі batyr» іs based on ancіent legends and heroіc motіves related to the past lіfe of Kazakh people and theіr hіstory.

ғылыми  қосымшалар Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the vo­ lume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіg­ ures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Texts publіshed іn thіs volume have been publіshed durіng Sov­ іet perіod, however, they have been subject to edіtіng and lіterary processіng. Possіbly thіs happened both on the stage of recordіng texts from the narrators and іn the process of re-wrіtіng of the ma­ nuscrіpts (possіbly several tіmes) as well as durіng preparatіon of the texts for publіshіng. Most texts of thіs volume are beіng publ­ іshed for the fіrst tіme.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Қобыланды батыр (Ә. Диваев нұсқасы)....................................... 9 Қобыланды (Көшелек нұсқасы) ............................................108 Қобыланды батыр (Құлзақ нұсқасы)......................................142 Қобыланды батыр жыры (Сүйіншәлі нұсқасы)..........................254 Қобыландының баласы Жетімтай мен Жетімек туралы жыр .......328 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................357 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................369 Сөздік ..............................................................................373 Жер-су атаулары ...............................................................378 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................379 Шартты қысқартулар ........................................................381 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................382 Резюме ............................................................................384 Summary ..........................................................................386

Научное издание

БАБАЛАР СӨЗІ

35 том

ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ

(на казахском языке)

Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Е. А. Сманова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген �������������� «������������� Баур��������� » �������� баспасы ИБ № 2177

Теруге 02.07.06 жіберілді. Басуға 28.07.06 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 25,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 204. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙