TELEGEI

Home

Ғашықтық ғаламаты

Мұхтар Шаханов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ғашықтық ғаламаты

Поэзиясы ЮНЕСКО əлемдік поэзияның осызамандық жетістігі ретінде бағаланған, есімі Біріккен Ұлттар Ұйымының алтын кітабына жазылған, еліміздегі көзі тірі ақындар арасында өлеңдері ең көп жатқа оқылатын ақын Мұхтар Шахановтың бұл жинағына əр кезеңде жазылған өлең-жырлары, балладалары, поэмалары енді. Жас өскіндерді Отандық, Ұлттық, Рухани-патриоттық жəне шынайы шындық деңгейінде тəрбиелеуге бұл туындылардың елеулі əсер

АЌЫН ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР Шахановтың ақындық көрегенділігін тіршілік үй ле сі мімен, ғарыштық сезімімен астасқан жəне өткен күнмен, бү гін гі кезеңмен, болашақпен тұтасқан адамдардың ұш қырлы ғы мен салыстыруға болады. Оның поэзиясы жеке өмір тəжі ри бе сі нен немесе адами парасат биігінен сабақ алуға негіздел ген. Тіршілігімізді əсірелейтін мұндай құндылықтарды ек шеу де оның ерекше талғампаздығы оқырман қауымды тол ған дыр май қоймайды. Федерико МАЙОР, ЮНЕСКО Бас директоры (1999 ж.) Шаханов поэмасына ЮНЕСКО тарапынан ерекше назар аударылуының басты себебі қазіргі кезеңдегі Орта Азия қоғам дық-философиялық ойлау деңгейінің жаңа белестерге қол арт қан ды ғы нан емес – осы дара ақын туындысының бүгін гі əлем дік поэзиядағы жаңа биіктік ретінде мо йын да луында жəне оның өз сана-түйсігі арқылы ХХ ғасыр тудырған келең сіз дік тер ге батыл күрес ашуында жатса керек. Ханс-Петер ДЮРР, Нобель сыйлығының лауреаты ...Рухани байлықты мойындамай, тек қана жалаң бі лім ге ден қойған қазіргі «компьютербасты жарты» адам дар дың пайда болуы жайлы Шаханов концепциясы бізді, жа пон дықтар ды, қайран қалдырды. Мен оның халқын осындай тегеурін ді перзент тудыра алғандығымен құттықтағым келеді. Дайсаку ИКЭДА Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мəн-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия əдебиетінде болған жоқ. УДК 821.512.122-1 ББК 84 Қаз 7-5 Ш 31 Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Шаханов М. Ш 31 Ғашықтық ғаламаты: Өлеңдер, балладалар, поэмалар / Мұхтар Шаханов. – Алматы: «Өнер», 2012. – 480 б. ІSBN 978-601-209-184-7 Поэзиясы ЮНЕСКО əлемдік поэзияның осызамандық жетістігі ретінде бағаланған, есімі Біріккен Ұлттар Ұйымының алтын кітабына жазылған, еліміздегі көзі тірі ақындар арасында өлеңдері ең көп жатқа оқылатын ақын Мұхтар Шахановтың бұл жинағына əр кезеңде жазылған өлең-жырлары, балладалары, поэмалары енді. Жас өскіндерді Отандық, Ұлттық, Рухани-патриоттық жəне шынайы шын дық деңгейінде тəрбиелеуге бұл туындылардың елеулі əсері болатыны кү мəн сіз.

УДК 821.512.122-1

ББК 84 Қаз 7-5
© Шаханов М., 2012

ІSBN 978-601-209-184-7

© «Өнер», 2012

Бұған көз жеткізгіңіз келсе, оның поэмалардан құралған «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты алып тынысты романын оқыңыз. Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр аралы ғын да бой көрсетуі керек-ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз. Шыңғыс АЙТМАТОВ Мұхтар Шаханов – өзінің адасқақ дүлей дəуірінің белсенді ар-ұжданы. Оны билік тұғырындағылар бағалай қояр ма екен? Бірақ мен осындай азаматтың өзіме жақын дос екенін мақтан етемін. Расул ГАМЗАТОВ Өзгелерге деген немқұрайлылықтан туған жеке бас тə уелсіз ді гі көбіне-көп өзімшілдікке ұласады, ал өзге ұлт өкіл де рі не құрметсіздіктен туған жеке ұлттық тəуелсіздік мə де ниетсіз дік тің ең қауіпті қалпына айналып, адамзат атаулыға қа тер төндіреді. Олар сөзсіз топастанып, тұйықталып, өз ма йы на өзі шыжғырылған бойда азғындауға бет алады. Əсіре ұлтшылдық – кез келген ұлтты азып-құлдырауға бастайтын жол. Ал Мұхтар, сен үшін мен бақыттымын, се бе бі, сен кең құшақты дарқан тұлғасың. Сен Қазақстанға да, Ресейге де, жəне бүкіл адамзатқа да бірдей ұлтжандылық ете аласың! Сен – қара қылды қақ жарған əділетті адамсың жəне болашақтың қазағысың! Евгений ЕВТУШЕНКО Шаханов – бүгінгі əлемдік өркениет тағылымдарын пайым дау ға өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қыр лы талантты философ-ақын. Бір ғажабы, «Өркениеттің адасуы» сияқты «Жазагер жады космоформуласында» да тіршіліктегі ұлағатты адамгер ші лік қағидалары өзгеше ауқымдағы ақындық-ғылымифи ло со фия лық тұжырымдама жүзінде ұсынылады. Үлкен ро ман дар ға арқау боларлық өрнекті оқиғалар желісін қысқа өлең тармақтарына сыйғызған автордың бұл тың тəсілі біз дің компьютерлік ғасырымызда да ақындық сөздің жаңа қуат ты мүмкіндігін ашады. Майкл БАХМУТСКИ, Халықаралық Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім жəне өнер академиясының президенті (АҚШ), 2001 ж. Қасиетті ІІ Иоанн Павел (Рим Папасы. – Ред.) Сізге шығар ма ла ры ңыз да айшықты көрініс тапқан тұтас өр ке ниет пен мəдениеттің қазіргі ахуалын философ-ақын ретінде терең cараптағаныңыз үшін шынайы ризашылығын білдіреді жəне бұл еңбектеріңіз биік адамгершілік, əділеттілік, ха лықтар арасындағы бейбітшілік пен теңдік сипатындағы жалпы адам зат тық рухани құндылықтарды қорғауға қызмет ете ді деп үміттенеді. Қасиетті Əулие өзіңізге деген құрметінің белгісі ретінде жаратушыдан Сіздің жəне Сізге жақын адамдардың ылғи да жолы болуын тілеп, дұға етеді. Кардинал Анджело СОДАНО, Қасиетті Əулиенің мемлекеттік хатшысы (Ватикан, 11 қыркүйек, 2001 ж.) Мен Атлант мұхиты жағалауындағы əсем қала Рио-деЖанейрода қазақ халқының үлкен ақыны, Арал қасіретін əлем дік деңгейде көтерген белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Ша ха нов қа Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөнін де гі бағ дар ла ма сы ның сыйлығын өз қолыммен тап сыр ғаны ма ба қыт ты мын. Мостафа ТОЛБА, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның қоршаған орта бағдарламасының орындаушы директоры

Ашық айтар болсақ, бүгінгі өз замандастары арасында
Еуропада Шахановқа тең келер ақын жоқ.
Роберто ЧИУЛИ
Мұхтар Шахановтың «Шыңғысханның пенделік құ пия-

сы» жəне Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған «Сократ-
ты ескеру түні» атты шығармалары бойынша қойылған
спектакльдер Бакудың екі драмалық театрында бірдей зор
табыспен жүріп жатыр. Мынаны айту міндетім: бұл ақын-

ның Түркі əлемінде ғана емес, əлемдік поэзияда алатын орны
ерекше.
Полад БЮЛЬ-БЮЛЬ-ОГЛЫ
Қалай десеңдер, олай деңдер, Мұхтар Шаханов – ұлт мүд-

де сін қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан
қай сар, тұлғалы биік ақын. Кешегі Желтоқсан көтерілісі ке-
зе ңін де, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мəс-
кеу де гі қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенің

алпауыттарына басын бəйгеге тіге отырып қарсы шыққан,
сөй тіп, ұлтымызды үлкен əділетсіздіктен қорғап қалған осы
жі гіт еді ғой. Арал қасіретіне күллі əлемнің назарын бұрған
да – Шаханов. Ұлтымыздың ірілі-ұсақты проблемаларының

ма ңын да ылғи да осы ақын келе жатқан жоқ па?! Тіпті, қа-
зір гі өздерің тойлап жүрген Наурыз мерекесін де Колбинмен
жа ға ла сып жүріп осы бала тірілтпеп пе еді? Елдік маз мұн-
да ғы ерен істері үшін бұл дара азаматқа дұрыстап алғыс та

айтпаппыз-ау.
Алғыс түгілі, оның əлем, ЮНЕСКО мойындаған шығарма-
лары төңірегінде өз ішіміздегі кейбіреулер жалдамалы жаз-
ғыштар арқылы əртүрлі дау-дамай ұйымдастырып, кедергі

жасаумен келеді...
Енді тіл мəселесі ауқымында «ертең ұлт боп қаламыз ба,
қалмаймыз ба?» деген зарлы күдік алдымызды ораған сəтте
тағы да Шаханов орнынан көтерілді. Бұл істе де біз оны

қол да ма сақ, ұтылатынымыз айқын. Өйткені, оның түй сі-
гі – таза ақындық пайым-парасат пен ұлттық санаға те рең
тамыр жіберген, жалғандыққа жаны қас шыншыл түй сік.
Қасым ҚАЙСЕНОВ

Құдайым əр ақынға өз ұлтына осы Мұхтар Шахановтай
еңбек етуді жазсын.
Джон ЭШБЕРИ
Шахановтың «Өркениеттің адасуы» – нағыз шыншыл

рухани дабылдар эпопеясы, ол – Орталық Азиядан оянған до-
ма лақ найзағайдай Батыс-Еуропа кеңістігіндегі қара түнек
ойларды селк еткізді.
Фридрих ХИТЦЕР

О.Шпенглердің «Еуропаның құлдырауы», Дж.Тойнбидің
«Тарихты тағылымдау» шығармалары – сүйікті кітапта-
рым. Енді менің кітап сөремде Мұхтар Шахановтың «Өр ке-
ниет тің адасуы» атты поэмасы сол ойшылдар еңбектерімен

қа тар тұр.
Оскар АРИАС САНЧЕС,
Нобель сыйлығының лауреаты,
Коста-Рика Республикасының экс-президенті

Мұхтар Шаханов – ХХІ ғасырдың əйгілі рухани реформа-
торы.

С.К. ТРЕССЛЕР,

Пəкістан Ислам Республикасының Мəдениет, спорт,
туризм жəне жастар ісі жөніндегі министрі
Мұхтар Шахановтың «Сөз құдіреті» атты кітабын чех
тіліне ерекше сүйіспеншілікпен аудардым. Мен Мұхтарды

XX ғасырдың үлкен, əрі күрделі ақындарының қатарына қо-
самын.
Камил МАРЖИК,
чех ақыны

Мұхтар Шаханов – біз үшін поэзиядағы Айтматов.
Оның өлеңдері қырғыз еліне мүлде жаңа леп алып келді.
Сол үшін де біз М.Шахановтың шығармаларын қырғыз мек-
теп те рі не арналған 11-сынып оқулығына енгізуге шешім қа-

был да дық.
Асқар КАКЕЕВ,
академик, Қырғыз Республикасының
оқу жəне ғылым министрі

Мұхтар Шаханов тек қазақ əдебиетіне ғана емес, қыр-
ғыз поэзиясына да соны жаңалық алып келді. Əсіресе, жас
ақындарымызға ерекше əсер етті.
Мен Мұхтардың Алматы мен Мəскеудің сəулетті сарай-

ларында өткен поэзия кештерін теледидар арқылы та ма ша-
ла ған да, қазақ əдебиетіне биік тұлғалы ақынның келгенін
көріп қат ты қуандым. Қазір де Қырғызстанда Мұхтарға
еліктеп жыр жазатын ақындар көбейді. Жас қауым оның

жырларын жатқа оқиды.
Сондықтан да М.Шахановқа Қырғыз Республикасының
халық ақыны атағының берілуі оның кең ауқымды да ры ны-
на берілген баға жəне өте əділетті іс болды.

Сүйінбай ЭРАЛИЕВ,
Қырғыз Республикасының ел ақыны
жəне халық батыры
Жапонияда Шахановтың екі томдық шығармалар жи на-

ғы ның алғашқы кітабы менің аудармамда жарық көрді. Жа-
пон оқырмандары оның терең философияға құрылған өлең-
дастандарына ерекше ден қоятынына күмəнім жоқ.
Акамедцу ТОКУДЗЕ,

жапон ақыны
М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады
космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты
романдары біздің ой-санамызды астан-кестен етті. Бү гін гі

дəуірдің көкейтесті проблемаларын, əсіресе рухани құл ды рау-
ла ры мыз ды дəл əрі мейлінше шыншыл суреттеген мұн дай
батыл шығарма жазуды өз басым үлкен ерлік деп бі ле мін.
Сон дық тан да біз, Екатеринбург қаласының жастары, Еле-

на Грин цель дің ұсынысын қолдай отырып, «Ша ха нов клу-
бын» аштық.
«Жас шахановшылар» клубы, негізінен, ізденгіш, алғыр,
ойшыл студенттерден тұрады. Олар қазақ ақыны көтерген

рухани идеяларды қалың жұртқа кеңінен насихаттап, ақын
шы ғар ма ла ры төңірегінде əртүрлі пікірсайыстар, оқыр ман-
дар конференцияларын өткізумен шұғылданады.
Біз М.Шахановпен əлі күнге дейін жүзбе-жүз кездеспесек

те, қазіргі рухани бет-бағдарсыз кезеңде ақын шы ғар ма ла-
рын өзімізге жолбасшы етіп алдық. Өйткені, Шаханов – сөз
жоқ, ғасырдың, болашақтың ақыны!
Александр КОМАРОВ,

Екатеринбург (Ресей), 2004 ж.
«Жазагер жады космоформуласы» атты поэмасында
жақ сы лық пен жамандық арасындағы мəңгі бақи айқас ерек-
ше лік те рін жаңа қырынан түйсіне білгендігімен М.Ша ха-

нов əлем ді таңдандыруын тағы жалғастырды. Поэ ма да ғы
М.Ша ха нов тыңнан тудырған өткір драматизм, алуан қыр-
лы фи ло со фия лық рух пен ата-бабалардың тарихи-ге не ти-
ка лық жадын қуалаушы тылсым күш қайран қал дыр май,

тамсандырмай қоймайды.
Фазиль ИСКАНДЕР
«Шынайы таза адамдарға кейде ізгіліктің қайғы-қасірет
боп оралатыны бар», – деп түйіндейді М.Шаханов. Оның поэ-

масында аса қызықты, əрі дамыған кезең үшін де маңызды
да қажетті мəнге ие мынадай оқиға бар. Отырар қоршауда
қал ған сəтте бір білімдары Қайырханға өзі ойлап шығарған
қа ру ды қолданып көруді ұсынады. Əлгі қару, яғни, тауда өсе-

тін өсімдіктер мен шөптердің қосындысынан шығатын улы

тү тін тұтас елді мекендерді жойып жіберетін күшке ие
екен. Бірақ, Қайырхан бұл ұсыныстан бас тартады. Себебі,
ол қа ру дың уақыт өте келе қаныпезер билеушілердің қолы ар-
қы лы өзге адамдарға теңдессіз қайғы-қасірет əкелуі мүм кін

екендігін ескереді. Солайша, Қайырханның ізгілігі өзі нің де,
халқының да құрбандығына себеп болады. Əрине, Қа йыр хан -
ның бұл əрекетін мейірімі семген Шыңғыс хан, сірə дə, ұға
алмайды. Ең ғажабы, өзінің «Жазагер жады космоформула-

сы» арқылы Мұхтар Шаханов оқырмандарды сан ға сыр лар ға
ке йін шегіндіріп қана қоймай, өз халқының қа зы на лы да на лы-
ғы на да көңіл бойлата білген.
Феликс Кузнецов,

академик,
Ресей ғылыми-академиясы əлем
тілдері институтының директоры
Мұхтар Шаханов: «Өзгенің қайғы-мұңына бар жан-тə-

ні мен қайыса білетін ең жоғарғы деңгейдегі ғаламдық ар-
ұждан ғана дүниенің бар қиындығын жеңіп, қажет болса
Шың ғыс хан іспеттестерді де тізе бүктіре алады» деп уа-
ғыз дай ды.

Мұхтар – бар болмысымен қазақтың ұлттық философ-
ақыны. Демек, оның поэзиясы да өз ұлтының эпосы – ауыз
əде бие ті секілді – мəңгілік.
Иван ДРАЧ,

Украин халық ақыны
Қазақ ұлтының дара перзенті Мұхтар Шахановтың
«Жазагер жады космоформуласы» атты жаңа романын
ерекше толқыныс, тебіреніспен оқып шықтым. Шы ғар ма

тарихтан сыр тарту арқылы, жақсылық пен жа ман дық-
тың қиян-кескі шайқасын баяндай отырып, адамзатты
құр дым ға апаратын рухсыздық қасіреттің төніп келе
жат қан ды ғын əртүрлі оқиғалар арқылы дəлелдейтіні –

керемет.
Бұл шығарма – барлық ұлттарға, қала берді жалпы адам-
зат қа арналған үрейлі əрі терең мазмұнды дабыл.
Хиронори ИТО,

жапонның түрколог-ғалымы,
профессор
М.Шахановтың Евразия кеңістігінде үлкен тербеліс ту-
дыр ған «Жазагер жады космоформуласы» атты поэмасын

урду тіліне ерекше ықыласпен аударып, Пəкістанда жарық
көр сет тім.
М.Шахановтың бұл жаңа туындысы əлемдік заманауи
поэ зия ға қосылған зор үлес екені даусыз.

Саид АХМАД,
Пəкістан ақыны
Əлемдік парасат биігіне Орта Азия ежелден өзінің ұлы
ойшылдары мен ақындары арқылы көтеріліп отырған. Зама-

науи поэзияда М. Шаханов – сол бабалар рухының ғасырлар
аралатып жарқ еткен бірегей жұлдызы.
Əлемнің екінші Аристотелі атанған, Отырардан шық-
қан философ Əбу Наср əл-Фарабидей ұлы бабасы секілді

М.Шаханов қазіргі өркениеттің жайын əрі соншама батыл,
əрі соншама ауқымды парасат биігінде талқылайды. Мен
фин оқырмандарына ұсынғалы отырған «Жазагер жады кос-
моформуласы» атты бұл – берік, кең тынысты поэтикалық

роман бүгінгі таңның барлық үрейіне орнықты да қажетті
жауаптар бере білген.
Заманымыздың осы көреген ақынын оқыған шақта өз ба-
сым ерекше толғанысқа түстім.

Юкка МАЛЛИНЕН,
жазушы, Фин ПЕН – клубының басқарма мүшесі
Біздің газетте жарық көріп, оқырмандар арасында үлкен
сілкініс тудырған М.Шахановтың «Жазагер жады космо-

формуласы» атты поэмасына бар əлем сыйып тұр. Ақынға

өт кен күн де, бүгінгі күн де, келешек те бағынғандай, мойын ұсын ған дай. Əлемдегі қым-қиғаш философиялық мəселелермен қоса дүние нің бар мəн-мағынасын қандауыр пышақпен ар шы ған дай еткен ақын келешек жайлы жан-жақты толғана отырып, оқырмандарды ойлануға, түйсінуге мəжбүрлейді. Аркадий МАР, жазушы, «Русская Америка» (АҚШ) газетінің бас редакторы. Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты туындысы – құрылымы бойынша да, мағынасы жағынан да таң ға жа йып шығарма. Ал «Жазагер жады космоформуласы» атты шы ғар ма сында автор тағы да алуан кезең, алуан елдер мен ме кен дер ді қа тар шарлап, барлығының негізін адамгершіліктің жалпы тү йі ні не əкеп тірейді. Яғни, адами парасатты күл-тал қан ете тін нарық заманы тудырған күйбең өзімшілдік пен жалпы да ра қы мəдениеттің көзсіз шабуылына қарамай рухани құндылықтар қашан да үстемдік етуі тиіс. Мынаны айтудан тайсалмаймын: осы күрделі фи ло со фиялық мəселелерді түйсініп, түйіндеуде М.Шаханов қа зір гі заман ақындарының бір де бірі жете алмаған шырқау биікте тұр. АНАР, Əзербайжан Жазушылар одағының төрағасы, Əзербайжан Республикасының халық жазушысы ¤ЛЕЊДЕР мен БАЛЛАДАЛАР Т¤РТ АНА Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. Əр адамда өз анасынан басқа да, Ғұмырына етер мəңгі астана, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, Болу керек құдіретті төрт ана: ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны, ТУҒАН ТІЛІ – мəңгі өнеге айдыны, ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДƏСТҮРІ – тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі, Жəне ТУҒАН ТАРИХЫ,

Еске алуға қаншама
Ауыр əрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!

Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

ЃАШЫЌТЫЌ ЃАЛАМАТЫ Атақты «Қорлан» əнінің авторы Естай ақын 72-ге келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып жан досы Нұр лы бек ті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құ лап, ая ғын сындырып алғанына қарамастан, арбаға жамбастай жатып досына жеткен екен. Сонда Естай əбден жұқарып тозуға айнал ған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіpeтін қарттар ға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше қалған ғасырларда да саусағымда жарқы рап жатсын... Ұлы сезімін кішкене жүзігіне сыйдырған қайран Қор ла ным-ай!» – деп ағыл-тегіл жылапты. Бірде Евгений Евтушенконың үйінде шет елдік достармен бол ған бас қосуда мен осы оқиғаны əңгімеледім. Кенет итальян мү сін ші сі орнынан тұрды да: «Мұнда сүйгеніне қосыла алмаған Естай ақынның сағынышы мен зары ғана емес, бүкіл бір ұлттың ма хаб бат қа деген мінезі мен ерлігі жатыр екен. Осы Естай мен Қор лан ды туған халықтың денсаулығы үшін тост көтеруді ұсына мын», – деді. Сол сəтте төбем көкке екі-ақ елі жетпей тұрды. Қартаң əйел жұмысыма іздеп келіп, жылады: «Жалғыз қызым бар еді, айнам, тірлігімнің шынары Еркелеттім, Өмірімді желкен еттім жолына. Тек сол гүлдеп толыссын деп, Тек сол кисін, сол ішcін деп, Ештеңені аяғам жоқ, бəрін бердім қолына. Қызым сұлу бой түзеді, ой түзеді жайдары, Ой түзеді көз жауын ап қызғалдақтай майдағы, Алды болды құрбысының біpгe өскен. Үмітімe бақ пен қайғы қалай қатар мінгескен? Бекер, Бекер жіберіппін еркіне, Ерте түсіп қалды-ау, cіpə, албырт сезім өртіне. Бақытты едім,

бақытты едім мен қандай
Қашан қызым жолыққанша ғашықтықтың дертіне.
Күзетшімін бұл күн ecік торыған,
Туар айым тумай қалды оңынан.

Үш жыл болды.
Бұйрабас біp əртістің
Сорлы қызым жүгіріп жүр соңынан.
Ал ол иттің

(бұл қорлыққа қарашы?)
Бар əйелі, баласы.
Үйленуге қайдан келсін шамасы.
Қызым соны білмейді ме?

Біледі!
Білe тұра селт етпейді жүрегі.
Heбіp жайсаң жігіттерді төредей
Мазақ eтіп кетпеді ме елемей?!

Бұл не деген көлден табар бақытты,
Шөлден іздеп жаңылысқан шөрегей.
Деп сенсем де: бақыт алда, жол алда,
Адасқандай кейіптемін боранда.

Ал ол үшін бұйрабас сол əртістен
Артық жан жоқ ғаламда.
Тек соны ойлап беріледі арманға,
Тек соны ойлап жылайды үйде қалғанда.

Сосын қайта жымияды:

– Менен асқан бақытты

Адам жоқ деп жалғанда.
Дауа бар ма, дауа бар ма талғамға.
Жақын тартып сырласымдай бұрынғы,
Keшіp, қалқам, саған аштым сырымды.

Сен ерекше сыйлы жансың қызыма.
Сыйлайтыны – жатқа оқиды жырыңды.
Өзіңе аян, қыз көңілі гүл нəзік,
Жеңе алмаспыз ер мінезбен ұр да жық.

Өтінемін,
Сол бақытсыз сорлыға
Қол ұшын бер, ой саларлық жыр жазып».
Соны айтты да шығып кетті ол қоштасып,

Тұрып қалдым ойым мұңмен астасып.
Көз алдымнан кетпей қойды мұңлы ана,
Көз алдымнан кетпей қойды жас ғашық.
Өлке даңқын артқанымен арқаға,

Əлі күнге түспей келген картаға,
Қыран ғана қалықтайтын көгінде,
Бұлттан биік заңғар аз ба,
Сұрақ қойған таңдар аз ба,

Жазылмаған заңдар аз ба өмірде?
Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі,
Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді.
Жыға алмайды оны жұрттың өceгі.

Бұған дəлел – құдіретті «Қорлан» əні кешегі.
Қacіpeтті сəт соққанда əбден меңдеп кеселі
Қайран Естай, қимас досын шақырып,
Былай депті деседі:

– «Ей, Нұрлыбек, еренім!

Жетпіс екі жасымда
Тұзағына іліндірді мені өлім.
Тулағанмен амал нешік, көнемін.
Tіpшіліктe аз созбап ең қол ұшын

Өлген соң да қажет боп тұр көмегің.
Дəл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,
Ғашық көңіл мəңгі жасыл айдын көл.
Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,

Ал қалғаны жай күндер.
Көлмен көлдей,

таумен таудай теңдесе,
Белдесуге талап қылдым мен неше.
Елу біp жыл ғашық болдым Қорланға,
Елу біp жыл өмір сүрдім, ендеше.

Қорланды ойлап қиял қостым таңдарға,
Қорланды ойлап шықтым қанша заңғарға.
Cіpə, мендей ғашықтықтан бақ тауып,
Cіpə, мендей мұңға батқан жан бар ма?

Дүниенің өзге бақыт, шаттығын
Менсінбеген
Менің мұңым тəтті мұң.
Тəтті емей не?

Он сегізге ой салып,
Жиырма бесті таңдандырса қарттығым?!
Əттең, тағдыр қоса алмадым
Сорым ба?

Заман – жылан.
Жатып алды-ау жолымда.
Бірақ менің бақытым да, барым да
Қорлан берген алтын жүзік жарқырап,

Елу біp жыл сəуле шашты қолымда.
Өр толқынға қарсы жүзген өр кеме
Мен болыппын.
Oho, қандай мəртебе!

Бұл жүзікке елу біp жыл əйелім
Қызғанышпен қарап келді өртене.
Десе-дағы ел дəстүрі ерге сын,
Қарттарға ескерт,

Қарсыласа көрмесін.
Қорланымның көзі болған жүзікті,
Өтінемін,
Өзіммен біp жерлесін!

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде
Ғашық болып өлу қандай мəртебе.
Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік,
Жарық бepіп жатсын маған көрде де!»

Шаршатпаған арман, шіркін, арман ба?
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Əне, солай қайсар ақын көз жұмды.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Бұл туралы айтқан кезде Қорланға:
«Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!
Естай Естай бола ма?!
Онсыздағы жаны сұлу балаңа
Сұлу өлім сыйлапсың-ау, Жер-ана!» –

Деп жылапты кемпір байғұс еңкілдеп,
Ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп.
Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!
Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Əжімді жүзі қуарып, түнеріп,
Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,
Ақпалап, қозып делебесі де,
Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың əнін салдырып,
Жанарын шоқтай жандырып,
«Бақыттымын, бақыттымын», – депті де,
Көз жұмыпты мəңгілік.

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы.
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады.
Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі.
Ешбір геометриямен

Өлшенбейтін көлемі.
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа бepepі.
Ғашық болу келсе кімнің қолынан
Əлем соған сенеді.

Құлай сүю – ерлікпен тең ceбeбі!
Апатай-ау,
Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?
Көңілінің күні жоқтардан

Табанының бүpі жоқтардан
Жұрт онсыз да зардап шeгіп жатқанда.
Апатай-ау,
Қызым батты күнəға

Деп қамығып жылама,
Жанарыңды қасіретке бұлама.
Мүмкін, жолы cəтcіз шығар...
Бірақ сүю бақыты

Кез келгенге тартылмайтын сыбаға.
Апатай-ау,
Сеніміңді жасытпа,
Қашықтықты жеңе білу – мықтылық,

Нағыз бақыт – жақында емес, қашықта.
Кел, ендеше, орнымыздан тік тұрып
Игі тілек айталық
Қашық, қиын жол таңдаған ғашыққа:

Аспаны ашық болсын деп,
Сəулесін алысқа шашып қалсын деп,
Өлім де бөле алмас ғашық болсын деп,
Адамдар оларды соттауға

Асықпасын деп!

ƏЙЕЛДЕР

Не толқытса, соның мұңын тартасың...
Аурухана ауласында сытырлатып картасын
Жанарында əзіл ойнап жарасты
Маған біp қыз бал ашты:

– Науқастан ба ерініңіз кезерген,

Жазыласыз,
Налымаңыз бекер сіз.
Əйтсе де əйел қауымына ежелден
Немқұрайды қарамайды екенсіз.

Сүюді сіз ерлік деп те айтасыз,
Онсыз ақын боларсыз ба ой өрген.
Дегенмен сіз абайлаңыз, байқаңыз,
Бағыңыз да, сорыңыз да əйелден.

– Бəрекелде,

Өркен жайсын талабың,
Сəуегейі сен боп жүрме қаланың.
Бұл бетіңмен сығандарды жұмыссыз
Қалдырарсың, қарағым, –

Дедім күліп. Бірақ қыздың байсалды
Əзіл сөзі маған біраз ой салды.
Дүниеге қан тамырдай тарайтын
Жер бетінде əйел жайлы ертек көп.

Əйелдерге немқұрайды қарайтын.
Еркекті мен санамаймын еркек деп.
Қай кезде де сұлулықтың жолы – мұз.
Əйел – біздің əзиз байлық қорымыз.

Əйел – біздің тағдырымыз,
Тағдырымыз болған соң
Белгілі ғой, бағымыз не сорымыз.
Қас сұлулық əлсіздердің қызғанышын маздатқан,

Ал, қызғаныш құрды деп кім айта алады аз қақпан.
Біp əйелге бола кейде ел менен ел жауласып,
Жер жастанған боздақтар.
Оған куə – анау төбе томпиған

Анау шыңдар құлақтары қалқиған.
Сан ұрпаққа тұлға болған ақындар
Біp əйелдің намысы үшін жан қиған.
Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске.

Жалын болып жылу болмау,
Əйел болып сұлу болмау –
Табиғатты алдаумен тең емес пе?
Гүлзар əйел қауымына сұлулықсыз бақ қайда,

Шын сұлулық тереңдікте жатпай ма?
Қайырлатқан кемесін талай ердің
Саяз көлге шашылмағай шұғылаң.
Тереңдігі жоқ əйелдің

Қорқу керек сыртқы сұлулығынан.
Əйел – еркек намысының қорғаны.
Нағыз сұлу əйел табу –
Бүкіл еркек атаулының арманы.

Нағыз сұлу əйел үшін қажет кезде жан қию, –
Бұл – жігіттік кодекстің жазылмаған тармағы.
Біpaқ, бірақ талайлардың бақыты алыс, сорынан,
Бұл кез келген бөpіктінің келе бермес қолынан.

Ерлік семсе, азаматтық семеді.
Үлкен ерлік үлкен күшке келеді.
Маған ғашық біp əйел бар.

Ол əйел
Менде сондай күш барына сенеді!

ШЫЊ БАСЫНДАЃЫ ОЌИЃА

Жасарал Ілиясовқа
Бір-бірінен көз айырмай үздігіп,
Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.

– Қыранымсың, күллі Кавказ мақтаған,

Қанатыңа алғаныңа шаттанам.
Тағдырымды бepдім, жаным, қолыңа,
Енді өзің біл,
Сенсіз өмір жоқ маған! –

Деді сұлу жасаурап от жанары.
Жігіт те оған ырзалықпен,
Ерге біткен мырзалықпен
Жүрегінен жалын шаша қарады.

«Қандай бақыт түсініскен, сеніскен...»
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Біраздан соң қиқу шықты еңістен,
Бұл, əрине, қуғыншының хабары.

– Нар тəуекел, келсе, кeлcін! –

Батыр жігіт томсарды,
Томсарды да, қанжарына қол салды.

– Жо-жоқ, күнім,

Қайсарланба бекерге,
Жалынамын, əкеме қол көтерме.
Жазмыш солай болған шығар, көнeміз.
Əттең, ерте қайырлады-ау кемеміз.

Енді бізге біp жүру жоқ,
Сондықтан
Екеуміз де құздан ұшып өлеміз.
Тіршілікте жетпесек те мұратқа,

Ақыретке біp барамыз бірақ та.
Ант еткемін айтқан серттен танбасқа,
Жасымасқа,
Жүнжімеске,

Талмасқа.
Өміpімe шуақ құйған өзің ең,
Өлімге де алдыменен сен баста! –
Деді ерні дір-дір етіп ақ маңдай,

Ақ маңдайы алауланып ақ таңдай.
Жігіт үнсіз бас изеді күлімдеп,
Тұңғиықтан шығар біp жол тапқандай.
Ақтық рет қызды құшып сүйді де,

Өлімге емес,
Тойға бара жатқандай,
Шыңнан төмен қарғып кетті тоқталмай.
Қыз жылады, құзға шағып зар-мұңын,

Қарғап, сілеп дүниенің тарлығын.
Секіруге сүйгенінің соңынан
Бірақ күші жетпей қалды сорлының.
Өзі берген сертін өзі сата ма,

Сатқандық па?
Атай көрме,
Атама!
Секіруге оқталғанда қайтадан,

Өмір тəтті боп көрінді,
О, тоба!
Ат терлете,
Көктеп өтіп шатқалды,

Біраздан соң қуғыншылар кеп қалды.
Қыз бейшара тұманданып көз алды,
Біp қызарды,
Біp сұрланды,

Бозарды,

Əбден қанып ұғынған соң мəн-жайға,
Қияқ мұртты қыз ағасы сөз алды:

– Əке, қызың күйе жақты даңқыңа,

Күйе жақты ата-баба салтына.
Сатқындықтан жиренішті не болмақ
Таудың қайсар ұлағатты халқына?!
Неткен азап қорлық жеңіп арыған,

Қызыңды енді бөгеме, əке, жолынан,
Батаңды бер,
Сертін жықпай аттансын
Сүйгенінің соңынан.

Бұдан төте өткел бар деп іздеме,
Осы жеңіл өзіне де, бізгe де, –
Сосын қызға бұрылып:

– Кəне, қалқам, неге тұрсың үдеріп?

– Əмин, – деді əкесі де түнеріп.

Kəpі көзін күдік қатқан,
Ту еңісте жігіт жатқан
Құзар шыңның қойнауына жіберіп.
Қыз жылады:

– Арым да қан,

Жолым қан.
Қинамаңдар,
Солай болды сорымнан.
Өз еркіңмен өлу ерлік екен ғой,

Ондай ерлік келер емес қолымнан.
Перзентіңді ете көрме келеке,
Ая мені,
Ая мені, жан əке!

Ағасы айтты:

– Олай болса, мін атқа,

Тағдыр сені салды дүлей сынаққа.
Сексендегі мəужіреген шалды epтіп,
Көзіңді құрт туған жерден жыраққа.
Көктем қоныс тепкендей-ақ іргемде,

Шаттанушы ем, сен қасымда жүргенде.
Əкем сені шалға берем дегенде,
Осы опасыз мінезіңді білген бе?
Tіpшіліктe ез адамға көп өлім,

Heгe ғана қуғыншы боп кеп едім?!
Жігітіңді сүйгендігің шын болса,
Əкеме ара түсейінші деп едім.
Қайран жігіт жүрегіне нұр тұна,

Өліп кетті сені тастап жұртына.
Кебек толы құмыраның келісті
Ішін көрмей,
Ғашық болып сыртына.

Тек ол өлім – өнегелі өр өлім.
Өр өлімнен шын ғашықтың құдіретін көремін.
Неге бізде еркін, ұзақ ғұмыр сүрген нар жоқ?
Нар жоқтығы – Нарды жығар сен секілді жар көп.

Қалың жұртты мен екіге бөлемін:
Сүйе алатындар деп,
Сүйе алмайтындар деп,
Сүйе алмайтынына

Ұялмайтындар деп.
Сəтсіз бітті пенделікпен күресің,
Сен, əрине, соңғы топқа кіpecің.
Сүйе алмаудың зор қасірет екенін

Пенделердің есіне сап жүресің.
Қарлы Кавказ артып саған ұлы айып,
Аянышпен қарап тұрар мұңайып.
Шын сүюге қабілеті жетпеген

Əpбіp адам мүсіркеуге лайық!

¤ЗЕНДЕР

Мыңбай Ілесовке
Əн туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан,
Не біp үлкен өзендер басталады бұлақтан.

Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,
Жоғалтады өзді өзін, түседі де көп ізге.
Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,
Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.

Heбіp асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан,
Ағып-ағып барған да құмға cіңіп жоқ болған.
Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,
Құтқар анау өзенді құмға cіңіп өлуден.

Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,
Ағын судан зepігіп шалшық суға сенуден.
Өзен болу үлкен сын,
Бақыт емес ол да аса,

Теңізге ағып баруға мүмкіндігің болмаса.

ЖІГЕРЛЕНДІРУ

немесе
өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,

Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып.

Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,

Қадамым сəтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың:

Мен бірақ, селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені – өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?

Жə, жə, жарар,

өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басыңдағы бөрік пе,

орамал ма?
Бөpік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сəбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,

Əй, əй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нəресте көруге тиісті емес,
Əкесінің еңкілдеп жылағанын,
Əкесінің тым күйреп құлағанын.

Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы біp-aқ адым.
Көз жасыңды көрсетпе сұранамын.

Көтер, кəне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп epіп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кəне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,

Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сəтсіздіктерін
Бақытсыздық деп, кім айтты саған?
Кім айтты саған,

Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара eшкі мүжіген ағаш

Қайтадан гүлдемейді деп?
Kім айтты саған
Жұрттың бəpі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бəpі шындықты қалайды деп,

Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген əлемнің ұлы байлығы.

Бетіне жиған ұятты
Əйтсе де, ол кейде кінəмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,

Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,

Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өpіcкe.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау

Жеңудің бəрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сəтсіздіктері

Бақытсыздық емес, ендеше!

АРМАН

Ж.Н-ға
Ерте,

ерте,

ертеде
Отырарда,
Біздің іңкəр өлкеде,
Иық бұрмай тек білімнен басқаға

Қатар өсті екі бірдей жас бала.
Қатар жүріп сан өнерге машықты,
Біpгe оқыды,
Біpгe ойнады асықты.

Екеуіне назар бұрды ел ерек,
Өйткені олар дарынды еді керемет!
«Таңдайымыз өpіcті оймен татымақ», –
Деп қуана езу тартты атырап.

Ал дарындар медресені тауысты
Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ.
Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,
Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,

Екеуіне қараған жұрт сүйсінді,
Отырардың болашағын көргендей.
Отырарда жаны жайқын дария,
Ойы безбен бар еді біp қария.

Сол қария біp күні екі шəкіртті,
Құрметпенен өз үйіне шақыртты:

– Балақайлар, балапандар, көк өpім,

Сендерге біp сауал қойсам деп едім,
Туған жан деп өнерімен, өртімен
Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.
Мен де танып білсем деп ем,

Кімсіңдер?
Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,
Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,
Сонша неге құштарсыңдар білімге?

Қане, Дойыл, сен айтшы?
Дойыл айтты: – Жалғыз арман бар менде,
Шектесетін қулықпен де, армен де.
Жалын шашса өнерімнің өрнегі

Сонау Йемен, Мысыр, Бағдат елдері
Түгел танып жыр ететін таңдана,
Саудагер боп шықсам деймін, жан баба.
Тірлігімде жабырқамай, жасымай,

Ата жолын қусам деймін осылай.
Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке
Өмірімді құрсам деймін есепке.
Ұтыласың, жебемесе желекті ой,

Бұл өнердің табиғаты ерек қой.
Қаншама елмен сауда-саттық жасауға
Соншама елдің тілін білу керек қой.
Табу үшін жұрт таппаған айланы,

Көру үшін жұрт көрмеген пайданы,
Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,
Жұрттан асқан білім керек емес пе?
Tілін тапсаң кім созбайды қол ұшын,

Өнер қажет, білім қажет сол үшін.
Қарт күрсінді: – Ұлым, желік қуыпсың!
Неге мұнша желтоқсандай суықсың?
Бағымызға туған дарын болар деп

Қуанып ем,
Сорымызға туыпсың.
Сор боларсың, одан не мəн табарсың,
Арманыңды, бəлкім, қайта қарарсың?

Бірақ Дойыл тұрып алды пандана:

– Арманымды өзгерте алман, жан баба!

– Ал, сен қалай бағыттадың нұрыңды,

Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды, –
деп қария Дойылмен біp отырған
Ұяң шəкірт жас Əбуге бұрылды.

Əбу айтты: – Менде де бар біp арман,
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.

Шамын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса пешенемнен көрермін.

Мейлі, мəңгі жарымайын киімге,
Мейлі, түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі, ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.

Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін,

елімнің
Сүйеніші бола алмасам егер де.
Қарт жымиды: – Бəрекелде, жаз жайраң!
Көл болмаса тоят табар қаз қайдан?!

Біреуіңнің арманыңнан шошып ем,
Бірің, міне, eттің лезде мəз-мейрам.
Біpің үшін күрсінумен өтермін,
Біpің үшін сүйсінумен өтермін,

Сөйте-сөйте мен де өмірден кетермін.
Беттеріңнен жарылқасын, Тəңірім,
Ал жарайды, батам осы, барыңдар,
Отырарда туған ұлы дарындар!

Əжуасын əжіміне жасырып,

Жылдар ақты,
Жылдар ақты асығып,
Жалын еді-ау арманы айқын, өр көңіл,
Екі досты екі арнаға бөлді өмір.

Дойыл солай өзгертпеді шешімін,
Дəулет оған жылдам ашты ecігін.
Өнері асқан саудагердің көп өтпей
Бағдат, Мысыр түгел білді ecімін.

«Eceпcіздің нecібecі озар ма?»
Əйелін де баулыды ол со заңға,
Қонаққа арнап асылатын етті де
Өзі салып бepіп жүрді қазанға.

Тек байлыққа деген жұтаң сараңдық
Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.
Mінe, осылай жазық дарын, жас тұлға
Ұшырады əбілетті тозғынға.

Саудагерді өзге түгіл
Өзінің
Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда.
Ал Əбу ше?

Кеңге жайды ол қанатын,
Əбуіміз – əpі ғалым, əpі ақын,
Əбуіміз – біздің ұлы бабамыз
Əбу-Наср əл-Фараби болатын.

МƏҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,

ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,

ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,

ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА!

TYCІHІCУ ТЕОРЕМАСЫ

Келіп жатыр, кетіп жатыр дарындар...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қара бұлттай қайғы жапты бөлмені.
Адамзаттың алғыр, ұлы қыраны

Лев Толстой жатыр еді өлгелі.
Əйелі кеп қолын сүйіп, жылады:
«Тежей алмай мінезімнің тасырын
Өзіңменен өтті жарты ғасырым.

Мен бейбақты кешіре гөр.

Күнəм көп...
Keшіpe гөp,
Keшіpe гөр, асылым?!»
Өткен күнін оймен шолып алыстан

Yнcіз, іштей күбірледі данышпан:
«Жə, кемпірім,
Жасыңды тый,
Жетті енді,

Жылап ешкім қайыра алмас өткенді.
Қаштым сенен...
Саған жақын жүргенше
Артық көрдім жиhан кезіп кеткенді.

Жалғыз сенен қаштым ба екен мен бірақ...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ресейден бөлінбестей болдым-ақ,
Із бастадым күртік қарды омбылап.

Күллі əлемді тамсандырған ақылым
Сенен қолдау таппағаны қорлық-ақ.
Бір шындық бар ешкімнің жоқ таласы
Ұл-қызымның болдың ғазиз анасы.

Қартайғанда түсініспей, əттең-ай,
Жолымыздың қырсыққанын қарашы...

Дей алмаймын: «Маңдайымның сорысың..
Қамқорым боп создың қанша қол ұшын.
Біpaқ мені түсінбедің.

Түсінуге жəне де
Тырыспадың...
Кешірмеймін сол үшін,
Кешірмеймін сол үшін...»

Күллі адами пенделікпен алысқан
Қыран ойы тұрақ таппай ғарыштан,
Əйеліне қарап терең күpcінe
Мəңгілікке көзін жұмды данышпан.

Қайда,

қайда

көңіл сырын көзден ұғар нəзіктік?
Yш өлшем бар –
Биіктік пен тереңдік, кеңдік (яки жазықтық).
Бұл үшеуін бағаламау – көзсіздік həм кереңдік.

Ал түсінбеу...

бақытсыздық болар ол.
Иə, адамдық қатынаста жоқ əлі де сара жол.
Оңай емес,

оңай емес бұл егес,
Қашан болсын бірлік жолы бұрыстау.
Керек десең түсінбестік кінə емес,
Қылмыспен тең – түсінуге тырыспау.

Ох, қаншама бұлақтарды жұрт түсінбей суалтты.
Cөйтіп, қанша бəйтеректі қуартты.
Ох, қаншама ұлыларды жұрт түсінбей өлтірді,
Сөйтіп, мына тіршілікке үлкен зиян келтірді.

Бруноны отқа жаққан,
Галилейді сотқа тартқан,
Біржан салдың арқан байлап қолына,
Жылан болып Ұлықбектің иірілген жолына

Түсінбестік еді ғой.
Соның бəрі адамзаттың сорына.
Түсінбестік аз жайды ма қанатын?
Мұнан асқан нала бар ма,

Ұлы Абайды сабаған да
Түсінбестік болатын.
Талантына тамсандырған талайды
Жазған шақта Əуезов сол «Абайды»

«Бұл туынды шыға алмайды белеске», –
Деп құлшына қарсыласқан
Қияс ойға қамшы қосқан
Тағы да сол түсінбестік емес пе?

Ал, Əуезов жолсыздыққа бұл сынды
Ызалана қол сілтеп,
Іштей, үнсіз күрсінді
«Tүcінeтін халық аман болсын», – деп.

Өткен – өтті.
Бірақ бəpі есепте.
Қандай азап,
Қандай азап ұғыспау.

Түсінбеген кінəлі емес десек те
Қылмыспен тең – түсінуге тырыспау.
Түсінбестік – секілді біp көк тұман
Сол көк тұман тудырады көп күмəн.

Біp жас дарын көтерілсе мінбеге
«Жұрт түсінбей қалмаса екен» деп тұрам!

* * *
Маған арман жалғағандар,
Ақ тілегін арнағандар,
Маған қорған болған жандар,

Алдамаймын сендерді мен мына жарқын тірлікте,
Өміріме қойылғанша біp нүкте.
Жүріп келем, тау суындай тыншымайтын жаным бар,
Ай маңдайлы арым бар.

Құшағымда көктемім бар, құшағымда қарым бар,
Сендер мені өзіме тəн мінезімнен таныңдар.
Кейде кеме секілдімін тоқтап өткен порттарға,
Қуанамын тағдырыма тілеулестер тапқанға,

Əлде мынау табиғаттан ала беру мұрат па?
Өмір бойы еліктеумен келем мөлдір бұлаққа.
Асқар таудан қуат алып, айға қарап елжіреп,
Аға алмасам туған жердің кеудесінде мөлдіреп.

Біp лайсаң өзен болсам тұнықтықтан шеткері,
Атама, елім, өз перзентім деп мені!
Жо-жоқ, мұны тағдыр басқа жазбасын,
Бұдан ауыр қарғыс бар деп ұғынбаймын өз басым.

ОТАН

Қалекеш Қарағұловқа
Өлімі де өнеге ғой алыптың,
Лұқпан хакім көз жұмғанда
Дөңгелегі тоқтап қалған секілденіп тарихтың,

Қайғысында шек болмапты халықтың.
Қacіpeткe кім тұрады арашы,
Кім билігін жүргізе алмақ тағдырға?
Осы шақта Лұқпан хакім баласы

Əкесіне арнап жоқтау жыр жазып,
Оқып берді қалың жұрттың алдында.
Бірақ жыры ойсыз əpі жалынсыз
Болған соң ба, естілді тым нанымсыз.

Əдет сақтап əрең тыңдап ел тұрды,
Бұл патшаның күрт ызасын келтірді:

– Дүрелеңдер мына арсыз баланы! –

деп ақырды ол жарқ-жұрқ етіп жанары.

– Күнəм қайсы, айтпайсыз ба, əміршім? –

деді бала тас түйіліп қабағы.

– Күнəм қайсы дейсің, ə?

Жүрегіне күннің гүлзар жылылығын жинаған,
Қыран таулы кең даланың ұлылығын жинаған,
Жинағанын адамзатқа жомарттықпен сыйлаған,
Сөйте тұра туған елдің маңдайына сыймаған,

Қасиетті ұлы əкеге өр парасат, ер көңіл
Мұндай жасық жыр жазғанша,
Ақын болмай жерге кір!
Мансұқ еттің ұлы адамның арманын,

Амал нешік, жақсы еді үнсіз қалғаның.
Əкeңді де аямадың,
Өнерді де қорладың,
Екі бірдей қылмыс жасап сорладың.

Мен үшін сен сияқтысың енді мəңгі тіpі өлік,
Жазаңды ал да жөніңе тарт! –

деді патша түнеріп.
Отан!
Қайсар ар-намысым,
Жайсаң іңкəр шапағым.

Перзентіне жүктеген қорғанысын,
Сен – намыстың ну қалың орманысың.
Сол үшін де шыңнан заңғар атағың.
Тұлғасына табындырған,

Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,
Менің ұлы əкем сенсің, Отаным!
Əкем ceнcің – Арман тұлға, Ай тұлға,
Перзенттерің саған деген сағынышын өзінің,

Махаббатын, ең асаси сезімін
Tиіcті емес жасық сөзбен, жалған сөзбен айтуға.
Ал, жасықтық – жалынсыздық,
Жалынсыздық – дəрменсіз дарынсыздық,

Жүрген солар ақын атын қор қылып.
Жəне солар қанаттыға тор құрар.
Жалынсыздық – о бастан-ақ сорлылық,
Жалынсыздың барлығы да сорлылар.

Жамылғанмен махаббатты қалқан ғып,
Жалынсыздың түп атасы – жалғандық.
Сол жалғандық жаншымағай сананы,
Өнердің де ең негізгі талабы –

Жалындыны мадақтау,
Жалынсызбен күресу боп қалады!
Іcім аздау болса да əлі мандытқан,
Жел өтіне егілген ерен талдай,

Гүлді ызғардан қалқалап келем талмай,
Қаншама рет жалын жасты

қорғап қалдым зорлықтан.
Сенің қансыз ұлдарыңның кей кезде,
Маған тіcін қайрайтыны сондықтан.
Көк майсалы өнер тауын шаңғытқан,

Күрес аштым жалынсызға,

қулықпенен жанды ұтқан.
Білем,

содан кедергім көп алдымда,
Жиі жолым болмайтыны сондықтан.
Жылтырағын гayhap деуге тым шебер,
Cүйікті Отан,

аз ба бізде дүмшелер,
Оттан қашып піспей қалған күлшелер!
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Əркез сені жалғандықтан қорғауға

Бақыттымын, күшім жетіп тұрса егер!

С¦ЛУЛЫЌТЫ СЕЗІНУ

немесе

ЃАБИДЕН М¦СТАФИНМЕН

ЌАРТТЫЌ ЖАЙЛЫ ƏЊГІМЕ

Нар көңілдің жастығы ма,

Əлде оянған арман ба,
Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі,
О, керемет,

Грузияға барғанда,
Біp сұлуға ғашық бопты деседі.

– Mінe, нағыз бүгінгінің батыры,

Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау тезіне.
Неткен қайсар сұлулық бұл, –

деп біp орыс ақыны
Жас алыпты көзінe.
Иə, қарттар бар арғымағы арманнан,
Жігерімен дүр сілкінткен даланы.

Сұлулықты сезінуден қалған жан
Бəрінен де қалады.
Жер бетінде жел өшіpгeн із аз ба,
Жігерсіздің өpіcі əр кез тар болған.

Отызында кемпір болған қыз аз ба,
Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?!
Kім жас,
Кім қарт,

Уақыт өзі іpіктep,
Ер көбейсін ат қып мінер қиялды.
Қарттық – оттың азаюы,

оты азайған жігіттер
Қай кезде де қоғам үшін зиянды.
Бақыттысың əр таң сайын көзіңді
Сұлулыққа суарудан қашпасаң.

Қартайдым деп алдай көрме өзіңді,
Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан!

НАУРЫЗДЫЊ ОРАЛУЫ немесе үш анықтамаға байланған өлең 1988 жыл – мен үшін рухани жеңіс жылы. Республикамыздың жаңа басшысы Г.В. Колбинмен жəне бір топ өз ұлтымыздың нигилистерімен өткен мылтықсыз шайқаста асығым алшысынан түсті. Қа зақ стан да 1926 жылдан бастап Наурыз мерекесін ресми түрде тойлауға тыйым салынғаны, сонда да бұл мейрамды жыл сайын көнекөз қарттары бар үйлер өзінше атап өтіп келгені белгілі. «Наурыз – ислам дінінің қал ды ғы» деген сыңаржақ пікірді малданып көлденең тұрмақ болғандар же ңіл ді. Наурызды мемлекеттік деңгейде тойлау туралы менің ұсыныс-хатымды Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюро мүшелерінен тек екі адам – Н.Назарбаев пен Ө.Жəнібеков қана қолдапты. Қалған бюро мүшелерінің бəрі қарсы дауыс беріпті. «Сондықтан Наурыз мерекесін тойлай алмаймыз» деді Колбин. Сол кезде мен Колбинге: «Елі міз де Желтоқсан оқиғасы екі ұлттың – қазақ пен орыс халықтарының арасына сына қақты. Егер сіз Наурыз мерекесін тірілтіп берер бол са ңыз қазақ ұлты қазіргі билікке, əсіресе, өзіңізге басқаша көзбен қарар еді. Əрі Наурыз мерекесінің дəстүрінде «бір-бірімен ренжіскен адамдар Наурыз кезінде бұрынғы өкпесін ұмытып, жаңа рухани биікке көтерілуі тиіс» деген талап бар екенін айтқанымда, оның көзі жайнап кетті. Екі қо лымен басын ұстап, ойланып отырды да: «Дұрыс, онда Наурыз мерекесін ті рілт тік деп есептей беріңіз! Енді маған бұл идеяға Горбачевті көн ді ру қиын дық қа түспейді» деді. Наурыз мерекесін сол 1988 жылы (22 наурыздан кешігіп қал ған дықтан) 22 сəуірден бастап Алматы қаласында, Алматы облысының Ең бекші қа зақ, Жамбыл аудандарында ресми түрде тойлауға рұқсат алдым. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін тиісті орындармен алдын ала келісілген жиындар, той-томалақтар болмаса, 7–8 адамнан ар тық топ құрып əңгімелесуге жасырын түрде тыйым салынған-ды. (Мə се лен, қауіпсіздік комитетінің өкілі Жазушылар одағы мен «Жалын» журналына мұны арнайы келіп ескерткен болатын). Наурызды атап өтуге Алматыдағы М.Горький атындағы демалыс паркіне 100 мыңнан астам халық бас қосты. Бір-бірін құттықтап, көзі не жас алған адамдарда есеп жоқ. Қазір ойлап қарасам, 1988 жылдың көк те мі менің жəне сол кезгі рухтас-замандастарымның ең бір сəулелі сəті екен-ау! Нақ сол жылы бір шаруашылықтан екінші шаруашылық, бір мекемеден екінші мекеме іліп əкетіп, еліміздің ең көне мейрамы қыркүйек айына дейін тойланды. Келесі жылы Наурыз мерекесін, біздің бастамамызды басшылыққа алған Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Тү рік мен стан, Əзербайжан республикалары жəне Кеңестер Одағындағы барлық түр кі тілдес халықтар тойлады. Сөйтіп, біз 62 жылдан кейін, Кеңестер Одағы салтанат құрып тұрған кездің өзінде-ақ, Наурыз тойының қай та өркен жаюына септігімізді тигізіп едік. Əрине, ол тұста қазақ тілі – мемлекеттік тіл емес. Президент əкімші лі гі мұрағатының бұрынғы меңгерушісі Людмила Дегитаева тауып берген, Кеңестік дəуір талабына сай орыс тіліндегі (бүгінде та рих қа айнал ған) мына екі құжаттан да жəне асығыс түрде жазылып, М.Горь кий паркінде оқылған шағын өлеңнен де, сол үрікпелі, үмітке толы ке зең нің қай сар құлшынысын аңғару қиын емес. 15 сəуір, 2006 ж. Первому секретарю ЦК КП Казахстана тов. Колбину Г.В. ...У меня есть конкретное предложение. У казахского народа существуют свои традиции, свои праздники. Одним из таких праздников являлся Наурыз. Заимствованное из фарси, это понятие, постепенно стало символизировать приход весны, пору обновления жизни. «Наурыз» массово праздновался каждый год, начиная с 22 марта. В этот день выравнивается продолжительность дня и ночи... В этот день можно каждому посадить по дереву в своем дворе, улице, селе или городе. Недавно мне пришлось говорить об этом на страницах газеты «Лениншил жас», выступая по «Прямому телефону» редакции. Судя по откликам, высказанная мысль нашла поддержку у общественности. Думается, что эту добрую традицию необходимо возродить как народный праздник, который стал бы таким же массовым, красочным, жизнерадостным, как праздник «Русская зима», «Сабантуй» в Поволжье... Хочется надеяться, что это предложение найдет Вашу поддержку и понимание. С уважением, Секретарь правления Союза писателей Казахстана, главный редактор журнала «Жалын», председатель общественного комитета по проблемам Арала и Балхаша М.ШАХАНОВ 27 февраля 1988 г.

ЦК КОМПАРТИИ КАЗАХСТАНА О письме т. Шаханова М. Письмо т. Шаханова М. о возрождении праздника Наурыз рассмотрено в отделах пропаганды и агитации, организационно-партийной работы и культуры ЦК. Признано целесообразным развивать народные традиции праздника, имеющие место в Чимкентской, Кзыл-Ординской и других областях республики, наполнить его новым, современным содержанием. В ходе проведения мероприятий усилить экологическое воспитание населения. По согласованию с партийными и советскими органами Чимкентской и Кзыл-Ординской областей элементы праздника Наурыз будут отрабатываться в отдельных районах этих областей в марте-апреле текущего года с последующим их распространением. Министерству культуры (т. Бибатырова Г.А.), творческим союзам республики поручено оказать методическую помощь местным органам культуры в разработке сценария и проведении праздника. С автором письма составлена беседа в Отделе пропаганды и агитации ЦК. Ответом он удовлетворен. Просим письмо снять с контроля. Заведующий Отделом

пропаганды и агитации
ЦК Компартии Казахстана

А.Устинов
Заведующий Отделом

организационно-партийной
работы ЦК Компартии Казахстана
О.Виноградов
Заведующий Отделом

культуры ЦК

Компартии Казахстана

К.Смаилов

«23» марта 1988 года,
ма – І 21.03.88 г.
уч. №3/197 исп. В.Махин
Қанша ғасыр сəн берген даламызға

Өзгеше бір əні едің байтақ елдің.
Сəлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.

Сен ең көне жырысың санамыздың,
Рухи шаттығымсың тасып толған.
Сені тойлап, бабасы бабамыздың
Əжемнің əжесіне ғашық болған.

Сен бүгін арнасысың дара күйдің,
Сан пейілдің төрінен күлімдейсің.
Сен менің ұлы бабам Фарабидің
Кешігіп елге жеткен үніндейсің.

Басыңды көтер қане күн қақтаған,
Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.
Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған
Сен бізге Шəкəрімнің жырындайсың.

Ғасырды көктеп өтіп сұңқар сезім,
Немерем тік көтеріп уақыт туын,
Ғашығына арнаған іңкəр сөзін
Өзіңнің тойыңда айтса, бақыттымын!

20 сəуір, 1988 ж.

АЛТЫН, KYMІC ЖƏНЕ ЌАЛАЙЫ

Шыңғыс Айтматовқа
Пəстеу соғып сырт көркі мазмұнынан,
Бекер болды-ау, мезгілсіз тозды біp əн.
Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың,

Жер бетінде алтынның аздығынан.
Міне, тағы құлашын жазды біp əн,
Kөpкі осалдық етпегей мазмұнынан.
Сорпа ішеміз қалайы қасықпенен,

Жер бетінде күмістің аздығынан.
Жасық жайлы жасампаз ойға қалып,
Жарар еді кетпесек майдаланып.
Сары шымшық сан рет той бастады,

Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып.
Қалайы өтсе күмістің есімімен,
Үйреніппіз қарауға кешіріммен.
Соның бəрі асылдың аздығынан,

Азға зорлық жасаудың кесірінен.

УАЌЫТША ЖЕЊІСТЕР

Икрам Адырбековке
Ғасыр буаз болмаса да əділдікке желіндеп,
Қай кезде де Жеңіс даңқы екі топқа бөлінбек:
«МƏҢГІ ЖЕҢІС жəне БАРЛЫҚ УАҚЫТША

ЖЕҢІСТЕР».

Күш жоқ осы заңдылықты тайдыра алар өрістен.
Уақытша жеңістердің уақытша бағы бар,
Бар тіршілік кейде, тіпті, уақытшаға бағынар,
Жеңімпаздың мойынына алтын алқа тағылар,

Жағымпаздар жамыраса теңеу таппай сабылар.
Əркез бұған елікпейтін қайсар тұлға табылар,
Сол тұлғаны «түзеу» үшін уақытшалар жабылар...
Дантес «жеңдім» деп ойлады Пушкинді атып құлатып,

Бірақ оңбай жеңілгенін дəлелдеді уақыт.
Оразбайлар «жеңдік» деді Абайды ұрып, сұлатып,
Олардың да ұтылғанын əйгіледі уақыт.
Қарсыластар қылышынан өр Махамбет өлді де,

Нəтижеде, қара күштер ұлы ақынды жеңді ме?
Жан шындығы қамалғанмен зұлымдықтың торында,
МƏҢГІ ЖЕҢІС қалып қойды Махамбеттің қолында!
Шыншыл, асау тағдырым бар пенделікпен тебіскен,

Сақта Құдай, мені барлық уақытша жеңістен.
Кеңейтуге жол ашпаса əділдіктің өрісін,
Уақытша билік пен даңқ неге қажет мен үшін?
Бір бақшада өссін, мейлі, Бəйтерек пен Асқабақ,

Менің бағым – Асқабақты күндемейтін басқа бақ.
Менің бағым – елдік, ұлттық мүддеменен өрілген,
Сондықтан да ұлтпен бірге қалу даңқы берілген...

Рухсызға жеңіс жолы тым оңай боп көрінбек, Бəлкім, бізге тас атқанның бəрі ертең жеңілмек... Осы ізгілік ағыс күшін ұқпаған бар, ұққан бар, Шын бақытқа жете алмайды бұл күресте бұққандар. Ал ұққандар, негізінен, пенделігін жыққандар. Сондықтан да тым санаулы Рух тауға шыққандар... АДАМ ЌАНЫНДАЃЫ ПОЭЗИЯНЫ ЌОРЃАУ НЕМЕСЕ ПАЛЕСТИНА АЌЫНЫ МУИН БСИСУМЕН ‡Ш МИНУТ ‡НСІЗДІК І Қанатына қару-жарақ тиеп алып қаралы Бізің дарын ғасырымыз қайда асығып барады? Күш-қуатын ұқсатқанмен ғылымдағы пілге, Болмысынан жаны ғашық гүлге, От қанатты қиялымен ұшқыр Жердің шарын таң қалдырған мүлде Эйнштейн былай депті бірде: – Күйбең тірлік бойын жеңген, Рухани баюды ойын көрген, Асығыстық тұсау салған парқына, Зор қауіп бар американ халқына. Иə, бұл қатерлі өсер өрімге, Сондықтан мен Нью-Йорк көшелерінде, Орындықтар көп қойылса дер едім. Тыныштықтан тауып бір сəт керегін, Отырып, Толғанып, Өткеннің саралап бəрін, Қайда мұнша асығып бара жатқанын, Сынай қарап жəне келер күндеріне дүрмекті Бұл ел мықтап ойлануға міндетті. Ойланбаса – құрығаны – Осыны айтып ұлы ғалым, Қайта түсіп арнасына бастапқы Шекспирдің өлеңдерін жайлап оқи бастапты. Біздің дүлей ғасырымыз қайда асығып барады? Кейде бойын үрей қармап жасаурайды жанары,

Бəлкім, оңай жол таптым деп ойлай ма екен төтеден?
Жүрдек ғасыр ұмытқан-ау ұятты.
Данте,

Пушкин,

Шекспирмен,

Гетемен
Оның тіпті жұмысы жоқ сияқты.
Қанатына жан шошынар қару тиеп қаралы
Біздің дарын ғасырымыз қайда асығып барады?

Жалын ғасыр бəсеңдетпей қарқынын
Қатар демеп келе жатыр безбүйрек пен ұлыны.
Қас қағымда сейфін тонап кететұғын банкінің
Дарынсыз деп кім айтады ұрыны?

Қанша дарын өресі тар пенделікке күйттелді.
Кім дарынсыз дей алады Шыңғысхан мен Гитлерді?
Жайпап өткен жанағанын
Бірақ олар қара дарын

Елестеткен тек қасірет қараны.
Иə, дарын ең қаскүнем пендеде де болады.
Адамды адам ететұғын саналы,
Əсемдікті бағалауға бағытталған жанары,

Ізгілік пен тазалыққа деген іңкəр талабы.
Не болады ойлы көзбен қарамасақ ғаламға
Шүкір, шүкір, жан байлығы саяздардан бақ қайтты.
Халық барда өнерге кім өкпе айтты?

Сухе-Батор ескерткіші алдындағы алаңда
Маған моңғол ғарышкері өз жырымды жатқа айтты.
Кеуде тосқан ұлы халық дауылға
Аласартып алмау керек тауын да.

Қазір бізде «жыр сүйетін қауым» деген тіркес бар,
Сонда қалай, болмақ па екен жыр сүймейтін

қауым да?
Сонда қалай, өнер өнер үшін бе?
Жоқ. Шын өнер тұру керек күшінде.
Рухани байлығы жоқ адамның

Бəтуə да болмақ емес ісінде.
Данте,

Абай,

Шекспирсіз,

Гетесіз,
Қалай ғана дара шауып кетесіз?!
Игерілген əр мамандық бұларсыз –
Отсыз,

Қансыз,

Құнарсыз.
Міне,

міне,

асыл досым, қарашы,
Тым тереңде шын байлықтың бағасы.
Егер Гитлер ұлы ақын бабасы
Гете рухын өз бойына сіңірсе,

Тағдырына ақын көзбен үңілсе,
Пенделігі айнала тор құрса да,
Қаныпезер болар ма еді мұншама?
Биік өнер биік талғам таңдайды,

Талғамсызды тағдыр əркез алдайды.
Мен басшы деп танымаймын сондықтан
Абайды ұқпас даңғойды.

ІІ Біздің ғасыр дарын боп жалындады Бөгеттерді ысырып жолындағы. Адамзаттың қанының құрамынан, Алтын тапты грузин ғалымдары.

Қандай тосын жаңалық:

Алтын тапты.
Адам қалай сіңірген бар қымбатты?!
Қызық-ау,

Əумесердің қанынан да
Құпия түйіршіктер жарқыл қақты.
Алтынның үстем болып тұрғаны анық,
Бұлданғанды тағы да бұлдамалық.

Мені ылғи мазалайды

Гомер қарттың Кезінде əйгіленген бір жаңалық. Өнерсіз шарықтау жоқ ала бөтен, Өнерсіз ой қанаты талады екен. О, ғажап! Қаныпезер адамның да Қанында поэзия болады екен. Бəрін де алғыр талғам анықтаған Адам көп қан құрамын танытпаған. Ал оның қара жүрек болғандығы – Қандағы поэзиясын дамытпаған. ІІІ Поэзия – əсемдікті мүсіндеу. Ал əсемдік – ізгіліктің қанаты. Жыр қадірін түсінбеу Гүл қадірін түсінбеуден əлдеқайда сорақы. Нағыз өнер бола алмайды басқаша, Нағыз өнер – қасиеттер жиынтығы ең игі. Қоғам аза бастаса, Алдыменен жыр қуаты кемиді. Жыр қуаты кемісе кім ұтады? Ондай шақта кім отырмақ ізгіліктің төрінде. Атышулы Американ ақынының кітабы 500 дана боп басылды елінде. Оян, Лорка Гарсиа, айбарлы ақын, отты ақын, Ешкім сенің жырыңды ете алмады қақпақыл! Испания ұмыта ма сендей қайсар ер ұлын, Зұлымдыққа қарсы қойған өлең түгіл өлімін. Сен де оян, Павло Неруда,

өршіл үніңмен.
Балалық аңғалдығыңмен,

даналығыңмен,

кемшілігіңмен,
Өлеңнің елшісі өзіңсің əлемде,
Түссең де Чилидің Франциядағы елшілігінен.
Қашанда тынымсыз, мазасыз дария көңіл,

Сен де тұр қатарға, Рафаэль Альберти – қариям менің.
Сан ұрпақ мақтанды батыр атам деп
Сен де оян қане, ақын Махамбет!
Ғасырдың ызғары дауыл боп ескеніменен,

Далаңның мұңлы əжімі жүзіңе көшкеніменен,
Сенім қайығың сенделіп, үмітің өшкеніменен,
Көңілінде жүздің еліңнің намыстың ескегіменен.
Тіліңді кесе алмай қор болды

Жауларың жабылып басыңды кескеніменен.
Сен де тұр қатарға, Манастың мұрагер ұлы,
Аяулы Шыңғыс ағам-ау, қырғыздың құлагер ұлы.
Халқының жігер-күшіне қаламын жаныған,

Азияның заңғар шыңысың заманың таныған.
Поэзия шегініп барады
Адамның қанынан.
Əлемге қажет бұл іске жаңа бір лепті сен де қос,

Орыстың қыран ақыны – ер көңіл Евтушенко дос.
Бастысы батыл арман ба,

жоқ əлде от па керегі?
Адастырып, алдап кетпесін үміттің ақ көбелегі.

Жаныңдай сүйген ақынға атыңды түсіп беріп ең
Қатарға, қане, сен де тұр, жас шопан Ақтөбедегі.
Талайдың темір табаны шығарды миын езгілеп жердің
Тумауы үшін не істейміз заманы безбүйректердің?

Ал менің досым Бсису түнімен жөтеліп, аунап,
Бір кезгі жасыл арманы өртеніп, лаулап,
Еске алып жарын, баласын, сыйлас-қимасын
Түсінде көріп шығады сүйікті Палестинасын.

Ертемен шаншылып теледидарға Отаны туралы
Күтеді бір хабар жанары талғанша сарсылып құлағы.
Ағылған босқын ішінен мерт болған балалық шағы,
Өз ұлын танып қалар деп зəрем ұшады.

Қанында поэзия жоқ қулар топ құрды батыл
Безбүйректікті жек көре алмауда сатқындық жатыр...
…………………………………………………………..
Поэзиясыздық əлемге түгел тастамауы үшін бұғалық

Төгілген тер мен ағылған қанды куə ғып,
Аяулы досым,

үш минут үнсіз тұралық. ЖАНЕРКЕ (Саттар Ерубаев туралы баллада) І Сонау-сонау Алматыдан алып-ұшып хат келді, Хат келді де, Бапа апайға біp қуаныш ап келді. Секілденген жанарының ағы менен қарасы, «Демалысқа барып қайтам», – деп жазыпты баласы. Шүкір-шүкір, жалғыз ұлы қазір елге мақтаныш, Ержетті де, арман қуып туған жерден кeтті алыс. Алыс кетсе, несі өкініш, көңіл көгі аршылар, Көңіл көгі аршылар да, намыс атын қамшылар. Кəне, кімнің аузы бармақ жас жігіттің от кеуде Туған жерге деген гүлзар махаббаты жоқ деуге. Күннен-күнге дарынының ашылғандай бұлағы, Өлеңдері газеттерден күле қарап тұрады. Ана соған мəз болғандай жанарына жас алып, Жайлауына жаз қонғандай қалады біp жасарып. Қызғалдақтай сымбатына көрген адам қызығар, Қызылқұмнан көшіп келген көрші үйдің жас қызы бар. Ер жігітке оңайлықпен ұстатпайтын мұраттай, Сыңғыр-сыңғыр шат күлкісі таудан аққан бұлақтай, Саттар жырын сақтайтұғын қиып ап ол газеттен, Сонан кейін анаға кеп жатқа айтатын кезекпен. Шіpкін, ана қондырғандай арманының таң құсын, Жыр оқыған жəудір көзге жаудыратын алғысын.

«Қандай жайсаң əсем тұлға, қандай нəзік гүл көңіл, Маған дағы нақ осындай керек еді біp келін», – Деп өзінше игілікті ойға шомып ана біp, Қарсы отырған бойжеткенге қадайтұғын жанарын. Ал бойжеткен сыр бермейтін мұндай қиын шақта да, Үндемейтін, төмен қарап күлімдейтін тек қана. ІІ Үш күн өтті Саттар туған ошағына келгелі, Үш күн бойы ескі досы кітап болды ермегі. Сəл кідірсе, жастық шағы балақ түріп қашардай, Терең тарих айдынына үңіледі бас алмай. Ана байғұс көзбен бағып ұлының қас-қабағын, Бəйек боп жүр: – Жүзің солғын, жүдеусің ғой, қарағым? – Жай ғой, апа, сəл шаршадым... – деп біp ауық тосылды, Бойын ауыр сырқат меңдеп жүргендігін жасырды. Кенет ecік ашылды да, үйге біp жас қыз кірді, Асау тайдай əлі ешкімге ұстатпаған тізгінді. – Кел, Жанерке,

кел, жарығым, жоғары шық, тоқтама, Өзіңді ойлап отыр едім… – деп қалбақтап жатты ана – Бұрын ылғи жырын мақтап шулатушы ең құлағын, Енді өзімен танысып қой, ағаң мынау, шырағым! Танысты олар. Сол таныстық сыйластыққа ұласты. Апта өтпей-ақ қос кеудеден қимас сезім гүл ашты. Атқан таң мен батқан күннің бəpі есіңде тұра ма? Бірақ бұл күн ұмытылмас, ұмытылмас, cіpə да. Саттар қызға жыр оқыды от ұшқындап көзінен, Ертең сапар. Анасын да ала кетпек өзімен. Қоштасарда Жанерке де жанарына жас алды, Бойын бірақ нық ұстады өрлігімен қашанғы. Сосын жақын туысындай бауыр тартып Саттарды, Көңіліне ұя салған біp мақсатын ақтарды: – Мектепті де бітірер кез таяу қалды, жан аға, Жазға таман оқу іздеп барсам деймін қалаға. – Тіпті ғажап! – деді Саттар жанғандай біp арманы, – Күтіп алам, келеріңде хабар берсең, болғаны. Қыз қуана бас изеді, албырады гүл өңі, Біp белгісіз сағыныштан тулағандай жүрегі. ІІІ Атқан таң мен батқан күннің бəрі есіңде тұра ма, Жаздың ерке сол бір кеші ұмытылмас, сірə да. Асығады пойыз алға ойнап ерке желменен, Сол пойызда қыз келеді бақытына шөлдеген. Қиялына атар таңнан таң-тамаша күй еніп, Кең далаға көз тастайды терезеге сүйеніп. Сан ғасырдың жауынымен, дауылымен алысқан Қожа Ахмет ескерткіші қол бұлғайды алыстан. Қалып жатыр қыр-адырлар ұлан-ғайыр аумағы, Қазығұрттың қарт тауы мен Түлкібастың баулары. Əне, анау Алматының Алатауы ақ қарлы, Қыз тағы да күлімсіреп ecінe алды Саттарды.

Бұл ceзімнің мүмкін емес алдамшы əсер болмағы, Бəлкім, қазір мені күтіп тұрған шығар ол дағы. Вокзал басы. Жадырайды асқақ қала алмалы, Бірақ мұнан Жанеркені ешкім күтіп алмады. Көңілсіздік көлеңкесі жүзін бүркеп шырайлы, Өмірінде тұңғыш рет нақ осылай мұңайды. Енді біp сəт алысқандай қыз өзінің ойымен, Жоғары өрлеп жүре берді кең көшенің бойымен. Тұрып қалды, салғырт жүріп барды дағы шамалы, Қарсы алдынан қалың жиын келе жатты қаралы. Қалың жиын келе жатты жүректері жаралы, Оркестрдің зарлы дауысы мұңға бөлеп қаланы. Ал Жанерке назар салмай тұра берді бұған да, Тұра берді, басы айналып адасқандай тұманда. «Неге, неге кешікті екен, Саттар қайда жаны асыл? Жырларымен тербететін қазақтың кең даласын. Саттар қайда, шынымен-ақ, қыз көңілін ұқпай ма, Қайда сол біp мейірімді жан, күліп алдан шықпай ма?» Амал қанша, сүйіктісі алыс жолдан келгенде, Туған елі оны əкетіп бара жатты жерлеуге... ІV Қой, Жанерке, Ұзақ таңға өкси берме, Тыным ал. Сенің тілcіз қасіретіңді дəл өзіңдей кім ұғар? М¦РЫН ЖАЙЛЫ ƏЗІЛ немесе Расул Ѓамзатовпен танысќан кезде жазылѓан жыр «Перзент болу оңай ма толыққанды, Зерттеп өс, – деп, – айдарлы алыптарды». Мені башқұрт жыршысы Мұстай Kəpім Расул Ғамзатовқа алып барды. Таулыққа тəн асау ой қанатында Жайсаң күліп қоштасты дара тұлға. Үш жылдан соң Космонавт Севастьянов Таныстырды қайтадан мені ақынға. Расул айтты: «Кез келген жас талапты Балау қиын қыранға қос қанатты. Інім, сенің жырыңды оқығам жоқ, Бірақ бұзау мұрының есте қапты. Өзгешелік – табиғат тіpeгі екен, Өзгешеге ойлы жан күле ме екен? Өнерде де бөгде жұрт шатастырмас Өз мұрының болсын деп тілек етем». Тыңдағым кеп ғасырдың арайлы əнін, Арай шашқан тауларды маңайладым. Ғамзатовтың өзіне қарадым да: «Гəп мұрында жатыр ма», – деп ойладым. Өтті жылдар, Кеңейді өpіcім де. Бар, əрине, жеңіліс, Жеңісім де. Тілектесім көбейді ел ішінде, Біреулер жүр келе алмай келісімге,

Өлеңімнің мұрынын бұзғысы кеп, Жұдырығын жасырып жең ішінде. Даралыққа не жетсін көңілдегі... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Бақытты жан мен болам төріңдегі. Өлеңде де ешкімге ұқсамайтын Мұрынымнан танысаң, елім мені! К¤КТЕМ Б¦ЛТСЫЗ БОЛМАЙДЫ (Бозбала дəптерінен) І Жігіт қызға қырындайды, жо...жо...жоқ, Шыны керек, ал қыз қарап жатсын ба?! Міне, осыдан, бірте-бірте, о, ғажап, Ұяң сезім айналады тасқынға! Жыл керуені көше берер жалғаса, Оңай ма екен пікір толғау ол жайлы. Белгілі ғой, басың екеу болмаса, Кесең де екеу болмайды. ІІ Болашақ жар, Болғай да жаның айдын, Алдымнан көрінбедің болып Ай, Күн. Содан ба, содан ба екен, кім біледі, Мен сені əлі күнге танымаймын. Кеудемнен бой көтерер тылсым бір күй, Сен менің қиялымда жүрсің ылғи. Өзіңмен талай тойда бірге болдым, Аулына арманыңның ірге қондым. Көктемін көңілімнің тойлаған боп, Əзіл де тастадың-ау ойнаған боп. Мен сені ұға алмастан қалдым ба екен, Мен сені бақытым деп ойлағам жоқ. Жүреді сүйіктісін мақтап əркім. Өзіңнен талай-талай хаттар алдым. Сен маған жайдың аппақ көңіліңді, Кіршіксіз мақтасындай Мақтаралдың. Мен алыс сапарлардан оралғанда, Сен маған хат жазғансың Оралдан да. Сен маған ұшқан құс пен ескен желден,

Ақ сəлем жолдағансың Өскеменнен. Көп түсіп ортасына жарыстардың, Кеттім бе жетегінде ағыстардың?! Бірде мен сеніменен, асыл құрбым, Арыстың жағасында танысқанмын. Жол алда, біз шырқайтын асқар алда, Жас та үйір жасық кезде тостағанға. Сырыңды білдім сұрап біреулерден, Ғашық деп айтты сені басқа жанға. Сонан соң қар жаудыра қабағымды, Кеттім мен өрлігіммен бала күнгі. Асқар тау арманымды биіктетті, Жасыл көл аймалады жанарымды. Біріңді таңда көріп арайлаған, Жаны жаз жақсы қыз-ау деп ойлағам. Алматы вокзалының перронынан, Ал бірің қол бұлғадың талай маған. Жылдардың жотасынан тайғанап күн, Өмірдің тереңіне бойламаппын. Сендер көп едіңдер ғой, кешіріңдер, Біріңді бақытым деп ойламаппын. Отсыздан жүрегімді алып қашам, Əн болсаң тағдырың боп қалыптасам. Болашақ жар, Сені əлі танымаймын, Алдымнан өзің шығып танытпасаң. ІІІ Жас болған соң бəрі керек, қажыр керек талғамға, Батылдық та керек екен, қалмау үшін арманда. Жас болған соң бəрі керек, құшақ-қүшақ гүл керек, Қыз да керек, тұнық кеште жолығатын күнде кеп. Мақсат біреу, берілейік, берілмейік елеске, Бірақ қызбен жолығуға себеп керек емес пе? Себеп те бар, жігіттердің қызға ізеті сый ғана, Біз киноға шақырамыз, барады олар қинала. Əзіл де айттық оларға арнап, бірақ босқа лақпадық, Көбін сырттай ұнатқанмен біріне жіп тақпадық, Кір шалмаған арымызды қардай таза сақтадық, Кеудемізде асау бұлақ асыр салып жатты ағып. Жас болған соң, бəрі керек, қажыр керек талғамға, Батылдық та керек екен қалмау үшін арманда. Жаным ұяң, жасып қалам əлде біреу тек десе, Мұндай шақта қиын екен қызға сөзің өтпесе, Қарсыласып тұра алмадым, кете бердім кет десе, Өйтпегенде қайтем енді, батылдығым жетпесе?! ІV Япырай, мен қайтсем екен мінезіңді сен қыздың!? Көлдей тұнып жатыр едім, тынышымды сен бұздың, Жүрегімнің төріне əкеп сезім отын тастадың, Содан болар өзің жайлы жиі ойлана бастадым. Алғашында бұл сезімді мойындағым келмеді, Мəн бергім де келмеп еді, əлде соным жөн бе еді?! Бірақ қайдан мəн бермейсің алдыңда əсем гүл тұрса, Көктеменің шуағындай көз жауын ап құлпырса. Мен жеңілдім, тұңғыш рет қыз алдында жеңілдім, Жеңілмейміз дегеніміз желігі екен көңілдің. Менің сəби сезімімнің тыныштығын сен бұздың, Япырай, мен қайтсем екен мінезіңді сен қыздың?! V Бір бақытты шуақ көрдім көзіңнен, Бірақ соны кім бар екен түсінген?! Бақыттымын, аяулы əнім, өзіңмен Ойда жоқта танысқаным үшін мен. Күндер бүркеп жатыр ескі іздерді, Күрсінем де саған сенім артамын. Ойда жоқта қосқан тағдыр біздерді, Ойда жоқта бөле ме деп қорқамын.

VІ Көңілде бір көктем келеді басталып, Біз əсте ол жайлы ойлаудан қашпалық. Жүруші ек бір кезде ұяла жасқанып, Міне, енді қыздарға қырындай бастадық. Жолдар-ай, адамның жолдары-ай жалғасқан, Өтеді көшеден құрбылар қолдасқан. Əйтсе де кей қыздар маңғазсып, паң басқан, Ыза ғып кетеді көз қырын салмастан. Оятпай бола ма сезімді қалғыған, Табиғат қыздарды осылай паң қылған. Бақытың келер ме өзі іздеп алдыңнан, Əй, қайдам, сенбеймін, нанбаймын мен бұған. Білмеймін, ұяң ба, өр ме бұл мінезім, Жаныма жақындап келеді бір есім. Оңаша қалғанда жымиып күлесің, Сен, ана, мен жайлы қандай сыр білесің? Жүзіңнен толғану іздерін көремін, Анажан, ер жетті кешегі бөбегің. Бүгін де мен үйге кештетіп келемін, Күлсең күл, ал бірақ сұрама себебін. VІІ Сəулем менің, Қатар аққан кос өзен сияқтымыз, міне, біз, Екеуміз де байырғы арнамызбен жүреміз. Бақыт ортақ, ой ортақ болар бізге тегінде, Деген оймен келеміз табан тіреп сенімге. Реніш не өзгеден сенім барда көңілде, Екеуміз де еркеміз, еркелейміз өмірге. Үміт, арман – барлығын келер күнге артамыз, Келер күнге көз салсақ кеңи түсер арқамыз. Қанат байлап қиялға, кейде тура тартамыз, Кейде өмірдің бұралаң жолдарынан қорқамыз. Қатар аққан қос өзен сияқтымыз қазір біз, Тоғысуға əзірміз, табысуға əзірміз. Соның бəрін ойласақ қуаныштан гүлдейміз, Бірақ алда не тосып тұрғандығын білмейміз. VІІІ Мен сол күні бақыт жайлы ойладым, Кездім үміт теңізінің қойнауын. Көріп жолда жатқандығын тастардың, Батыл жүзген ойларымнан жасқандым. Сезімімді серік етіп бір ауық, Ізсіз кеткен достарымды еске алдым. Сағыныштан алып-ұшып жүрегім, Уəделескен жерге келіп тұр едім. Серпіп тастап көк тұманын күдіктің, Тұр едім мен аясында үміттің. Кенет жолды кесіп өте бердің сен, Құшағында бір бейтаныс жігіттің. Жалт бұрылдың, жалт бұрылдым мен-дағы, Бұдан ауыр соққы, сірə, болмады. Басып бара жатты сенің еңсеңді Менің адал сезімімнің салмағы. Кері қайттым өзіме-өзім өкпелеп, Ол өкпені ұмытуға от керек. Күдік бір жақ. Сенім бір жақ екеуін Сайысқа алып шықтым тағы жекпе-жек. Сенім айтты: «Ең бастысы ар деді, Құтқарады соның ғана жəрдемі, Арына сал. Сөйт те тура жүре бер, Намысыңның ерттеулі атын міне кел. Ол төмендеп отырғанда, сен оның Жүрегінен шынар болып түрегел.

Сонда саған құмар болып ол тұрар,
Көкірегін өкінішке толтырар.
Біле білсең жазалаудың осылай
Бабалардан келе жатқан салты бар».

Күдік айтты: «Мұның бəрі далбаса,
Қайтер едің оған ақыл қонбаса.
Қыз ұсақтап кетер ме еді, егер де,
Ұсақ сезім жетегінде болмаса».

Мен ойланып тұрып қалдым бір ауық,
Батыс жаққа бара жатты күн ауып.
Сол ойымды быт-шыт қылды бірақ та,
Көрші апайдың тентек ұлы жылауық.

Сезіміңнің еркіне еріп сүйреген,
Шыдамастан кіріп кеттім үйге мен.
Өзімді-өзім бір жұбатып тастадым,
Тыңдай берсең табылмай ма тастан мұң.

Үйге кірдім.

Тышқан аулап отырған Мысыққа кеп сырымды айта бастадым. Бұл ойымды болар деп ем ұтымды, Мысық бірақ үндеместен құтылды. Адамдай-ақ маған көңілі толмаған, Бедірейіп тіл қатпады оңбаған. Сонысы бір жақсы болды, əйтпесе, Қандай ақыл айтар еді ол маған. Құлқыны боп жеңілісі, жеңгені, Сан ғасырдан ата кəсіп ермегі, Тышқан аулау тəжірибесін өзінің Махаббатқа қолданып көр дер ме еді?! Бұл ойымнан тағы шошып үдердім, Күзгі ашушаң аспандай боп түнердім. Жетіп барып сайтан алғыр мысықты Терезеден лақтырып жібердім. Содан кейін төсекке кеп құладым, Сел жуғандай көңілімнің бұлағын, Үмітімнің барлық шамын өшіріп, Ай, жыладым, ағыл-тегіл жыладым. Болам деп ем бір өмірге жол басшы, Ол ойыма күдік келіп жалғасты. Тарам-тарам жолы көп қой тағдырдың, Маған келген мұң шығар бұл алғашқы. Жел ызыңға басты сыртта желігіп, Терезеден ай қарады керіліп. Айға қарап ойға шомып жаттым да, Ұйықтап кеттім нəзік мұңға беріліп. ІХ Сырлар оқып көзіңнің қарасынан, Жүрегімді қайтемін аласұрған?! Ертең, жаным, өзіңнен кетем ұзап, Кетем ұзап Түркістан қаласынан... Себеп таппай сөнуге, жануға да, Себеп таппай қасыңда қалуға да, Жаутаң-жаутаң қараумен аттанармын, Келмейсің сен шығарып салуға да. Мен кетемін. Жолым бар заңғарды асқан, Сен қаласың, талпынбай, таңданбастан. Сен қаласың, өзіңе бір жігіттің Ғашық болып кеткенін аңғармастан. Еркелігің оянып үніңдегі, Күрсіндірдің, қуанттың бүгін мені. Əлі күнге еш адам байқамаған Бір сұлулық ерніңде дірілдеді. Күрсіндірдің, қуанттың бүгін мені, Елес беріп шаттығым күн ілгері. Əлі күнге еш адам аңғармаған Бір сұлулық көзіңде күлімдеді.

Сен дегенде көңілімнен ызғар ыққан, Не болды екен, қалқам-ау, бізді арытқан? Сұлулықтан махаббат оянады, Ал махаббат ажалы қызбалықтан. X Таң атқан сайын мөлдіреп, Үміттің көлін кешемін. Ойлама мені сөнді деп, Тыңдама жұрттың өсегін. Сан рет жеңдім, жеңілдім, Əлі де алда мақсат көп. Ойлама, жаным, сенімнің Аяғы мүкіс, ақсақ деп. Ойласаң көзге жас келер, Сенім бар жерде бағың бар. Аяғын сылти басса егер, Ақсатқан шығар залымдар. Күлкіңді тағы тобартып, Қала ма сол əн жалғанбай?! Қасыңнан мені жоғалтып, Алғаның аздау болғандай. Арман мен сенім бір тілде Сөйлеуге əсте құмар-ау. ...Біз жүрген сайды бұл күнде Қар басып жатқан шығар-ау. Қос биік шыңнан бас құрап, Дегбірін қажап тастың да, Біз суын ішкен қос бұлақ Жатыр ма қардың астында? Өткердік қанша сынақты, Ойласақ бəрі күлкілі. Екеуміз екі бұлақты Иемдеп алдық бір күні. Тосқауыл қырдан тосылмай, Қос бұлақ сезім тербелеп. Біріне-бірі қосылмай, Құятын екі көлге кеп. Ескертіп келген қайғыдай, Салмақ сап бала мұратқа, Қызық-ау, біздер айнымай, Ұқсаппыз сол қос бұлаққа. Сезімді жол мен жаңбырға, Жеңдірдік екен қайтып біз. О бастан-ақ ерке тағдырға Өзіміз үкім айтыппыз. ХІ Көптен жүрген бір қайғым бар – ол қайғы, Жасырар ем, жасыруға болмайды. Болашағым емес бірақ, өткенім, Өткен күн ол бермей кеткен өткелін. Бұл қайғымның басы болды сондағы Менің саған сəлем бермей кеткенім. Онда не тұр, Сөз болып па сол-дағы, Сəлем деген ізгілік қой қолдағы. Амал қанша, келесіде өкпелеп, Сəлемдеспей өте шықтың сен-дағы. Міне, содан бір салқындық туындап, Күздің желі соғып өтті суылдап.

Менің қайта ашылғанда аспаным, Қолтығынан көрдім сені басқаның. Əттең, мұның ауыр болды-ау салмағы, Ызаландым, Өзге амалым қалмады. Саған соны көз қылайын дегендей, Кете бардым басқа қызбен мен-дағы. Бір қызғаныш тудырсам деп тасынған, Əлгі қызды алып өттім қасыңнан. ...Бəрі бекер, Қазір бəрі болды ұмыт, Өзіңменен тағдыр қосты сол жігіт. Алдың ба, əлде, алмадың ба ойыңа, Айнам, мені шақырмадың тойыңа. Дауа бар ма қырсығына тағдырдың, Сан өкіндім, сан түледім, жаңғырдым Үйлендім де басқа шаттық кезігіп, Мен де сені шақырусыз қалдырдым. Айлар қанша алыстатты десе де, Біздер кейде кездесеміз көшеде. Жолықтырғыш мінезге бай жол деген, Көп сырларын тартады алға көлденең. Кездесеміз, Сыпайы бір сəлеммен Күлімсіреп өте шығам сонда мен. Көргендей бір шеттеп жүрген досыңды, Күлімдейсің, сен де изейсін басыңды. Сезім-көлге түсіп қапты-ау күз демде, Тағдыр қырсық болып шықты бізден де. ХІІ Сен жыладың сол түні көз ілместен, Мен жыладым сол түні көз ілместен. Шешім қандай болды ауыр өзім кескен, Сенен безіп, бақыттан безінбестен, Не өзімді бақытты сезінбестен, Шешім қандай болды ауыр өзім кескен?! Сол түнгі түн, ойға ерік берген түнім, Көрген түнім қайғының мергендігін. Сезген түнім, Əрі бұл сенген түнім, Қоштасудың тым таяп келгендігін. Сездім жəне жоқтығын басқа амалдың, Неге, неге тұрлаусыз жасқа нандым?! Басымды имей мен кетем бұрылмастан, Сен кетесің жыры боп басқа жанның. Менен тапқыр, менен де шағандырақ, Менен қайсар, менен де табандырақ, Табылады сұлулар, ақылдылар, Мендей адам табылмас саған бірақ. Іңкəр сезім қырандай ағындайды, Ағындайды, Зорлыққа бағынбайды. Табылады байлық та, абырой да, Сендей адам маған да табылмайды. Тілсіз мұңға көміліп от талабым, Өзімді-өзім аяусыз ноқталадым. Осы шыққан биікте қалу үшін Қоштасудан басқа амал жоқ, қарағым. XІІІ Асыл досым, сырыңды айт деп қинап ең, Болды-ау маған бұл бір мұң. Үйленем деп екі кесе жинап ем, Соның бірін сындырдым.

Жауабым жоқ неге деген сұраққа,
Қайтем санап,

кезім де көп ақсаған.
Махаббатым сəтсіз болды бірақ та,
Шағынбаймын бақытсызбын деп саған.
Өткен күнге қамшы үйіру жоқ менде,

Зұлымдықпен жете алмайсың мұратқа.
Ал, өмірім ұқсайды ерте көктемге,
Көктем бұлтсыз болмайды ғой бірақ та.
* * *

Ғұмырымыз сан үміттен тұрады,
Сан күдіктен тұрады екен, тəңір-ау!
Кімнің қанша керең болса құлағы,
Секілді оған бүкіл дүние саңырау.

Өміp шіркін кейде жомарт қолменен
Сараңдардың шайына сүт қатады.
Кейде қызық, тұлпар жүрген жолменен
Есектер де кетіп бара жатады.

Мұның өзі жомарттыққа сия ма,
Қыран неге тартады өзін төменге?
Намыстанам, бүркіт ұшқан қияда
Жапалақтың ұясы бар дегенге.

Бақыттылар салған əнді ертемен
Тұрам тыңдап, мен қашанда ояумын.
Жапалақтар ұя салған өлкеден
Сенің даусың естілмесін, аяулым!

ЭВЕРЕСТКЕ ШЫЃУ Қадалған көз таларлық, Жігер отын жанар ғып, Эверестке шыққандардың тізімі, Саусақпенен санарлық. Махаббат та шың сияқты: Күн жақындап қасына, Бұлт қонатын тасына, Қыран тектес жандар ғана Шыға алатын басына... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Бəрі бітті. Құлайды арман дауыл жыққан қайыңша, Ел күлмей ме eccіз үрей ықпалына бой ұрса?! Өзін-өзі өлтіруге тиісті еді Транзей Сол кездегі əміршінің қатал заңы бойынша. «Мені айналып, өте алмайтын кезеңге тап

болдың ба?»
Дегендей-ақ жарқ-жұрқ eтіп қанжар жатты алдында.
«Қайсар Рим заңы солай,

Көзіңді енді құрт, батыр» –
Деген сөзді оймен айтып, біраз адам сыртта тұр.
Бөлме дел-сал, жүpіп жатыр өмір, өлім таласы,
Ал, қанжарға қол бармайды, бұл азапқа қарашы.

Гүлзар тірлік қимастықпен жымиғанда қиылып,
Ең бастапқы қатқыл oйы бірте-бірте сұйылып,
Дір-дір етіп, дегбірі ұшып қалшылдады бейшара.
Намысына тірек етер ерлік таппай күйініп.

Осы сəтте кіpіп келді Аррия,
Ақша қардай аппақ көйлек киініп,
Жанарынан жан тербетер назды сəуле құйылып.
Асқақ ұстап, сұңғақ бойын сымбатты,

Транзейге əйел былай тіл қатты:
«Құдай саған еркек деген ат берді,
Дəулет берді,
Атақ берді,

Бақ берді.
Шараң қанша енді соның бəрімен,
Қоштасатын шақ келді.
Кимекпісің қорқақ атын ноқта ғып,

Қалсын десең еркек атың сақталып,
Есіңді жи, айнам менің, есіңді жи, қамықпа,
Ел мазағын көтеруден өлім ауыр болып па?!
Илан маған,

тіпті түк те қиындығы жоқ мұның,
Батыл ұста қанжарыңды,

батыл ұста, шоқтығым!
Ездік мінез сынға түспей қойсын қайдан байқала,
Қиындықсыз келген бақыт кетер кезін айта ма?
Бұл ерлігің болсын сенің ең алғашқы, ең соңғы,

Кəне, мeнің қимылымды қайтала!»
Аррия ару Транзейге ойлы көзін ойната,
Жүзін гүлдей жайната,
Күле қарап, тұрды-дағы қанжарын,

Жүрегіне сұғып алды бойлата...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Шулы, даулы пікіp тастап артында,
Біp-біpінe қол созысқан қалпында,

Біраздан соң екі бейне жатты үнсіз...
Кемітпеген тіпті қорқақ күйеуінің нарқын да
Ұлылық бар сол əйелдің даңқында...
Бірақ мақтау қажет те емес алтынға.

ДИНОЗАВРЛАР

МЕН ЕГЕУЌ¦ЙРЫЌТАР

(«Атлантиданы қиратқан алма»
атты жаңа романнан үзінді)
Динозавр алыптығы үшін ерте жойылды,
Сан мыңдаған майда сойыл оған қарсы қойылды.

Тарақандар динозаврлардан бұрын күн кешкен.
Əлі ғұмыр сүріп жатыр,
Тірлік-салты жүріп жатыр,
Алыптықтың неге қажет екендігін білместен.

Тарақандар тіршілік кемесінде,
Қарын-мүдде өресінде,
Бірлік сақтап пенде-үмітке қатар-қатар мінгескен,
Өзгеде де мүдде барын қаперіне ілместен.

Сол тарақан «ұлтында» даралық жоқ,
Ал даралық жоқ жерде жаңалық жоқ,
Ұқсастықтан тауыпты олар өз дарынсыз шындығын.
Кемшілігі айналмай айыбына,

О, ғажап, бір-бірінің мойынына
Өзгелердей тастамапты қызғаныштың шылбырын.
Ұқсас жандар ешқашанда қызғанбайды бір-бірін.
Қауымшылдық мінезге бай майда қуат тағылар,

Əр тағылық ортақ күштен ортақ тілек табылар.
Пенделіктің майдаларды біріктірер заңы бар,
Соған қарсы тұра алмаған сорлы динозаврлар…
Байлық құсы жиі қонды нəрсіз-сараң мүскінге,

Даңқ та ұялмай мадақтады тұрса жойқын күш кімде,
Шындық сирек билік құрды ұлы жердің үстінде.
Сондықтан да Сократ та, Бетховен де, Пушкин де
Мейірімсіз, рухсыз күштермен мəңгілік оппозицияда.

Нанымсыздық, дарынсыздық жолыңды ылғи орай ма,
Қара күштер ізгіліктің зейініне қарай ма?
Теңсіздік көп, аю, қасқыр сайран салған тоғайда.
Қазақтың қос рух шыңы – Махамбет те, Абай да

Сол үшін де пенделікпен мəңгілік оппозицияда.
Иə, əлемде барлық шыншыл ақындар оппозицияда,
Жомарттарға – дүниеқоңыз пақырлар оппозицияда.
Кей тіршілік иелері қызғанышсыз гүлдемес,

Айыптымыз ба солармен болғанымызға іргелес?
Қандай жағдайда қандендер үлкен иттерді күндемес?
Мұхиттарда күллі балықтар киттерге ырза емес…
Атыңды, даңқыңды шығарғың келсе осы заманда,

Жерден ап, жерге сап атақты тұлғаны жаманда.
Зорлығың ерлікке телініп, зорайып бағаң да,
Бір күнде-ақ белгілі боласың қоғамға.
Аристотель кезінде сыналып, шыңдалған бұл əдіс,

Осынау тарихкөз əдіске қазір көп сұраныс.
Ежелден ақша мен сатқындық бір жүрген, таңданба,
Сол мінез дөп келді бүгінгі кəсіпкер талғамға:
Қалталы, дарынсыз қаламгер теңеліп Шиллерге,

Бейəдеп, рухсыз журналист айналды киллерге.
Бəріне кінəлі тойымсыз қарындар ғана ма?
Қайшылықтар көп өмірдің заңдылықтарында да.
Байыптап зерттеп адалды, арамды, иықтыларды,

Қайткенде адамдық олардан биік тұрады?
Шындықты көксеген мақсаты, мүддесі нанымды,
Өзге жұрт шықпаған биікке шықса бір дарынды,
Кеудеге сенім мен мейірім желкенін жүздіріп,

Тек сырттай тілектес жүрудің өзі – зор ізгілік.
Қиратқыш ойлар көп бірлікке негізделмеген:
О, тоба, кішкене көлшіктер – теңіздерменен,

Шымшықтар, қарғалар – сұңқарларменен,
Есектер өзінше тұлпарларменен
Қашанғы жүре бермекші оппозицияда?
Қаншама бет-бейне жатыр орынсыз тырналып,

Нағыз əділет оппозициясын шатастырмалық
Бас қамын көздеген бейпілсөз «шатақ-ит-цияға».
Жə, бəлкім, бұл тайталастың жолын ешкім бөгемес.
Бірақ ұлттың даналығы,

ғасырымен өрелес,
Үлкен перзент туғанымен ғана емес,
Майдалардан оны қорғай білуімен
Əрі қолдай білуімен өлшенбек,

Өлшенбесе, ұлтқа қарсы қатерлі ойлар белсенбек.
Ерте құрбан болғандар көп, өрбіте алмай өз ісін,
Біреу алып денесі үшін,
Біреу заңғар өресі үшін жəне алып сөзі үшін.

Алыптық өр белес шығар,
Бəлкім, бақыт емес шығар,
Атышулы сол алыптың өзі үшін.
Ұғынатын кезең келді:

Тек рухы шыңның ғана сөзі – шын…
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Өз ғасырын рухының қуатымен сүйеген,
Күрес ашқан тоғышарлық індеттерге үйелең,

Сұңқар ойы талмай ұшқан сансыз дауыл, жаңбырда,
Афиныда мұқым жұрттың алдында
Сөз сөйледі көне грек данышпаны Диоген.
Ол кезде де қалың болған санасыздың терісі,

Қандай марғау, қандай шабан парасаттың өрісі.
Күрделі ойлар орманына бұрын аяқ баспаған,
Жеңіл əуен, спорт, сайыс аясынан аспаған
Тыңдарманның біраздан соң қалғып кетті көбісі,

Көбісінің аяғында енжарлықтың кебісі.
Диоген кенет саусағымен ернін басып, елтініп,
Көкек, бұлбұл, шымшық үнін айнытпастан келтіріп,
Бала кезден бойға жиған шеберлікпен кемелді,

Шаршы топты таң қалдырып, сайрап ала жөнелді.
Жұрт мəз-мейрам:

– Жаса, грек дарыны, Құс тілінде сайраудың зор алыбы! – Мына өнерің бəрімізді таң қалдырып, тамсантты! – деп қалың жұрт жамыраса алғыс айтып ойшылға, Бəрі бірдей орнынан тұрып ұзақ қол соқты. – Отырыңдар! – деді Диоген, – құнсызданды сөздерің, Амал қанша, өздеріңе үкім айтқан – өздерің. Қазір ғана, адамзаттың дамуы үшін пайдалы, Рухсыздық шабуылы, жаңа күрес майданы Хақындағы ойларымды ұқпай, қалғып кеттіңдер, Маңызы зор мəселені сезбей, аттап өттіңдер. Ал енді тек көңіл аулар əуез жүзген үнінде, Сайрап едім қайдағы бір ойсыз құстар тілінде, Дүркірете қол соқтыңдар, бөлеп құрмет-дүрмекке, Сендер ашар таным, түйсік есігі əлі ілгекте. Қаншама жыл тайталасып, бой таласып ғасырмен, Бір абырой алмап едім, ғасырды озған басыммен… Шымшық, көкек үнін салып, оңай таптым даңқты… Армандарың ажыратпай əумесер мен алыпты, Талғамдарың бейсаналық, бейшаралық танытты… . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Сөйтіп, Диоген күллі Афины халқынан, Өз елінің түйсік, таным парқынан Қауіпті əрі қасіретті бағыт көріп налыпты… Содан бері қанша заман өтсе де, Жалқаулықтан ғылым қашып, Ғаламзатқа нұрын шашып, Техникалық ой-сананың мерейі асып кетсе де,

Болмысынан жеңілдікке үйір, аңқау халықты
Өзгертпек боп талай алып жолын құзға салыпты.
Бірақ жұрттың сонау Диоген кезіндегі талғамы
Əлі күнге өзгеріссіз қалыпты.

Сол баяғы жеңіл əуез, ойсыз нарқы сынбаған,
Оның еркетотайларын жұрт құлшына тыңдаған,
Күш пен мүсін сарбаздарын бұлшық етін бұлдаған
Елдің қимас асылына балатып,

Мың-миллион назарларды тек соларға қаратып,
Алып шықтық біз бірінші орынға.
Тойға бейім адамзатты үлкен ойға тартатын,
Санасына шыншыл жігер, сенім күшін артатын,

Нағыз өнер əлі де сол бойкүйездік торында.
Жеңіл өнер, ол да өзінше қаскүнем,
Ұмытуға бола ма оның басты рөл
ойнағанын парасатты ізгі рухтың сорында?!

Өз тағдырың – əлі күнге өз нəпсіңнің қолында.
Өркениеті ғылым, білім қанатында дамыған,
Алғыр ойын қайратына, айбатына жаныған,
Бір өзі бір мемлекетке пара-пар,

Жер бетінде айбыны асау қанша атақты қала бар!
Ал солардың рухани бет-беделі жағынан,
Айту қиын, ғаламзатқа қайсысы үлгі бола алар?
Қандай іске сұраныс көп, соған қадам жасадық.

«Бизнес!», «Сауда!» ұғымдары атанып зор бас əріп,
Еңсе бүкпес құдіреттей тұрып алды қасарып.
«Тек баюдың жолын үйрен,

бір күніңді бос етпе!»
Адамдығың бар ма, жоқ па, алынбайды есепке.
Ұрла,

алда,

тамыр жібер «сайтангерлік» айлаға,
Айлалының айбыны асқақ, мерейі үстем қайда да,
Сүйенішің билік болса ұсталам деп ойлама,
Ар мен ұят бұл ғасырда аса қоймас пайдаға…

Нарықта мың қалтарыс бар жең ұшынан бұрылар,
Елдегі ең құрметтілер – ең тойымсыз ұрылар,
Байлық кімде болса, соның маңдайының нұры бар,
Бар саясат сол маңдайды мадақтауға құрылар.

Ұрлық заңға айналған соң рух жырын кім ұғар?
Бұдан пəлен ғасыр бұрын Сократ қойған бір сұрақ
Əлі күнге адамдардың мақсат-күшін жүр сынап.
Оны айналып өтетіндей жоқ əзірге жол басқа,

Ол сұрақсыз тіршіліктің ой қазаны толмас та.
Тағдыр күрек тісін безеп, əлде саған күлсін бе?
«Мазмұнды өмір сүру үшін тамақ ішпей болмас та,
Ал сен тамақ ішу үшін өмір сүріп жүрсің бе?»

Неткен сезім еркіндігі, аттап бассаң – жын-ойнақ.
Адамзатты мəңгүрт қып аздырудың,
Оның арын, намысын тоздырудың,
Ұят қашқан нəпсісін қоздырудың

Шығарылды мыңнан астам түрі ойлап,
Ізгіліктің ұлы кəусар өзендерін ылайлап.
Қайда барсаң көз арбайды тойшыл мейрамханалар.
Түнгі клуб, түнгі күлкі – ойсыз сайранханалар

Шаршау білмес табыс көзі ретінде танылды.
Тек Байлық пен Қызықшылық басты мұрат саналып,
Ғасыр түпкі рухани компасынан жаңылды.
Базбір шағын қалаларда үш жүз мыңдай халқы бар,

Сөз жоқ, үш мың нəпсі күйттер арнаулы үй сəн құрар.
Əр адамның пенделік осалдығынан,
Даңғаза шуға, думанға босаңдығынан
Саудагерлер ардан аттап, бақ табуға талпынар,

Қазір Ар мен Намыстың да материалдық нарқы бар.
Көшелерде жұртты бұрар пендешілік арнаға,
Жан-жағыңнан анталайды,
Нəрсіз көзі қанталайды

Кілең арсыз, пайда-нарқы ақырған бір жарнама,
Көре алмайсың ізгілікке шақырған бір жарнама,
Жарнама емес, секілді бір Орнама не Торнама.
Астананың аязындай қызартатын бетіңді,

Айналаңда іскер тісі өтімді,
Тек алу мен жеуді ғана мақсат тұтқан өмірден,
Ағаш түгіл, темірді де кемірген
Жұрт қаптады жебір көзді егеуқұйрық секілді,

Егеуқұйрық сана қазір шырқап, өсіп, жетілді.
Қашан, қалай тойдырамыз сол ашқарақ көздерді,
Сыйлаймыз ба егеуқұйрық пейілдерге төзгенді?
Төзе алмаған қасқалардың тағдыры күрт өзгерді.

Енді қайттік, рухани саяздығы адамның
Күнə əрі кемшілік боп саналмайтын кез келді.
Кейбір өнер саңлақтары – ұрлыққа да ұраншы:
Ертелі-кеш тележəшік айнасынан түспейтін,

Ой-санасы, мешеуленіп, тек тамағы істейтін
Қалың елдің «ар-намысы» саналатын бір əнші
Даңқ пен ақша мүддесінен өзге түк жоқ ойында,
Əн салып жүр ұрылар мен рэкеттердің тойында.

Ұлы Герцен пікіріне іскер көзбен қарасақ,
Əділдіктің жаңбырымен гүлдер еді парасат.
«Əр адамның рухани мүмкіндігі қаншама
Биіктікке тартар болса, əне, оған соншама

Билік, сенім кілтін берсек»…

Тазалыққа шөлдеген,
Өжет ғасыр дамыр еді, бəлкім, басқа жолменен…
Қандай бедел ұсынбақпыз біздер келер заманға?
Неден қаштық,

нені шаштық,

нені бастық табанға?
Талай табан нұрлы ойларды айналдырды сабанға,
Сол сабанға қарап енді айқындалар бағаң да.
Ескермедік

сенім арту қылмыспен тең екенін
Рухани байлығы жоқ, айдыны жоқ адамға.
Тіршіліктің басты ұраны:

«Жастық шаққа – жасыл жол!»
Жас ғұмырға жол ашуда, қартым, дара ғасыр бол!
Өзгермейтін бұл ұғымға жаңа міндет арттық па,
Нарық неге қарсы қойды жастық шақты қарттыққа?

Неге бизнес орындары отыз бестен, қырықтан
Асқандарға жұмыс беру мүмкіндігін ұмытқан?
Іскер көзбен қарағанға мұның өзі дұрыс та,
Цирктерде қарт маймылдар тартылмайды жұмысқа.

Ал жас маймыл бағынымпаз, тəрбиеге тез көнер,
Үйретіп ап басқара бер ыммен яки сөзбенен,
«Ауна!» десең, аунайды олар, «Тұр!» – деп бұйыр,

тұрады!
Бағынғыштың болмау керек өз пікірі, құлағы,
Өз пікірі жоқтың ғана билікке жоқ сұрағы.
«Іскер милар!» – ғаламзаттың осы күнгі ұраны.

Бар рухсыз іскерліктің пендешілік – тұрағы.
Сондықтан да қарт тұлғалар ар-намысты, ұятты
Бір кездегі ебедейсіз динозавр сияқты
Артықтығы сезілді де, қалып сыйсыз, желексіз,

Дəуіріне болып шықты керексіз.
Секілденіп «лимузинмен» даңқ сынасқан ат арба,
Рух солай сырғып кетті ең кейінгі қатарға.

ЖІГІТТІЊ ЕКІ СИПАТЫ

Марсқа
Kім қайратты
Kім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?

Неткен ғажап
Биіктен құлаған тас,
Сынғанымен қалады тас қалпында.
Құзар шыңда,

Ойпаңда,
Бұралаңда,
Талайларды сын күтіп тұрады алда...
Быт-шыт болып кетпей ме қам кесектер

Кіп-кішкентай жырадан құлағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға
Есегінен ез жігіт құлағанда
Жұбатыңдар,

Аяңдар
Өйткені оның
Құм боп кетер жігері жылағанда.
Алуан тағдыр берілген бұл адамға,

Тұлпарынан ер жігіт құлағанда
Жұбатпаңдар!
Ер адам от-жігерін
Намысына жаниды жылағанда.

‡НСІ3ДІК

Біp танысым қонаққа шақырды да,
Топ адамның көзінше
Пікіp пішіп өзінше,
Көңіліңді елемей аппақ айдын,

Досым, сені жатып кеп даттады-ай біp.
Кеткен шақта əділдік заңға айналып,
Ақты қара деп айту қандай набыт.
Yнcіз қалдым.

Өзіңді нақ сол сəтте
Ақтап алар дəлелім болмай қалып.
Өткен күзде билетін жоғалтып ап,
Біp қарт əжей вокзалда жылап тұрды,

Жылап тұрды, еңсесі құлап тұрды,
Жанарында жалыныш сұрақ тұрды.
Кеткен шақта ізгілік заңға айналып,
Жомарттықты тұсаулау қандай набыт.

Yнcіз қалдым.
Қалтамда нақ сол сəтте
Көк тиын болмай қалып.
Өмір сансыз сауалын тартыпты алға,

Кездерім бар өзімді қор тұтқан да,
Мүмкіндігім жоқ сəтте мұңға батам,
Yнcіз қалып отырам сондықтан да.
Табиғаттың тымырсық ақпанындай,

Ақпанындай, жылдардың қақпанындай,
Мені осынау мейірімсіз үнсіздіктің
Азабынан əрдайым сақта, құдай!

* * *
Көкірегімде төрт сəуле бар төрт бақыттан тұратын,
Төртеу – менің мұратым.
Төртеуінен алма-кезек нұр алам.

Біріншісі – туған елім – ұлы анам,
Екіншісі – ғазиз анам, саулығымды сұраған,
Бірақ маған екеуі де бір адам.
Үшіншісі – намыс үшін беріспеген күндерім,

Жанған отты өшіруге келіспеген күндерім.
Жақсылыққа жақсылықпен өріс берген күндерім,
Тағдырымның жанарынан жеңіс көрген күндерім,
Сүрінгенді сүйеймін деп құлап қалған кездерім.

Өзім жылап, жан досымды жылатпаған кездерім.
Бəр-бəрісі, жомарттығым, адалдығым сондағы
Кеудеме кеп жиналды да бақыт болып орнады.
Төртінші ме?

Төртіншісі – сəл тайқыса болар мұң,
Маған деген адалдығы ол,

мені сүйген адамның. АЛЃАШЌЫ МАХАББАТЌА ХАТ І Біp үмітке біp үміт жалғадым, Көп-ақ екен бергенімнен алғаным. Заңғар көкке самғағаным не керек, Саған ұшып бармаған соң арманым. Əнмен айтып балаңдығын, пəктігін, Көктем де өтті зорға басып аптығын. Күнде баққа қыдырғаным не керек, Сен қасымда болмаған соң, шаттығым. ІІ Батты қанша күн қызарып,

атты қанша таң күліп,
Кеудемнен сан жұлдыз ағып,

тау құлады жаңғырып. Сонда да мен сенімімнің бepіктігін əн қылып Тым айнығыш сезімдерді ар отына жандырып. Жүріп келем асыл əнім, жүріп келем паң күліп, Өткен күннің бедерлерін өшірсе де сан күдік Екі адамның саусағының ыстығы, Маңдайымда қалып қойды мəңгілік. Қастерлеген бақыт атын, ар атын. Сол екі қол болды менің қанатым. Біpіншіcі – анам қолы, əрине, Eкінішіcі – сенің қолың болатын. ІІІ Сенің қолың кішкене нəзік қана, Нəзіктіктен тағдырға озып қара. Сенің көңлің мен үшін шалқыған көл, Сенің кеудең мен үшін жазық дала,

Ұғыстырды жылдардың жолы бізді
Күдік бізден мəңгілік қолын үзді.
Қарсы алдымда күлімдеп тұрсың, міне,
Көкірегіңе көп үміт толып ізгі.

Қайғысы мен шаттығын ерте келген,
Еркем едің өз əнін шерте келген.
Орамалың пəктіктің белгісіндей,
Желбірейді жарысып ерке желмен.

Арман құсым, сен мені адал түсін,
Саған теңдес мен қайдан табам мүсін,
Жылдар бойы көркіне көз байлаған,
Алғашқы іңкəр махаббат, аманбысың?

Соқпай кеттің көп болды, жағаға сен,
Біp жеңілдеп қалушы ем аға десең.
Қақпаны көп, мылтықты мергені көп,
Белестерден өттің бе аман-есен?

Ұзақ жылдар сен маған таптырмадың,
Тасасынан іздетіп көп тұлғаның.
Түлкісі көп алдамшы ормандардан,
Қалайша сен аман-сау өттің, жаным?

Дəрменсіз ғой, дəрменсіз білек енді,
Шікəм көңіл көтермес мінегенді.
Жүрегімнің жазира күнгейінен,
Сенің бейнең асқақтап түрегелді.

Өткердің ғой өмірдің көп белесін,
Құрбың саған қалайша өкпелесін?
Екі айырып кетсе де жолдар бізді,
Маған сырттай тілектес боп келесің.

Лапылдатып жаққанмен отты неше,
Жылдар бізден қайтеміз көп тілесе.
Мүмкін емес дедің сен сенімменен,
Мені біpey арзандап кетті десе.

Көкейіңде жатса да сұрақ тұнып,
Қандай жақсы, жақсы ғой тұрақтылық.
Мені біpey ұсақтап кетті десе,
Мүмкін емес дедің сен жылап тұрып.

Аз ба, көп пе шаттығым тереңімде,
Оны, əрине, жолымнан керемін де.
Мені ешқашан қимадың жамандыққа,
Əйтеуір сен қимадың мені өлімге.

Мүмкін, əлі күшім кем, іcім бала,
Айқындалып келеді түсім жаңа.
Саған, күнім, мəңгілік қарыздармын,
Маған шексіз сенгенің үшін ғана!

ТЕРЕЊДІК ЖЫРЫ

Өзіңсіз келген күндерден,
Өзіңсіз терген гүлдерден,
Өзіңсіз кешкен ойлардан,
Өзіңсіз өткен тойлардан

Жалығып біттім, жаным-ау.
Мен десе жаның даладай,
Мен десе күлкің мөп-мөлдір
Лапылдап жанған өсек пен отқа қарамай,

Сен маған арнап əуенін салдың көктемнің.
Өзіме-өзім ете алмай қалсам иелік,
Күшімді жидым, арманым, саған сүйеніп.
Сен менің асқар белім боп,

Шалқисың кейде шадыман шалқар көлім боп.
Көңілінде терең көлі бар жандар бақытты,
Көңілінде терең көлі бар жанға өлім жоқ.
Тереңім сенсің, еңселім,

Өлеңім сенсің, еңселім.
Парасат көркін қаншама əйел халқының
Мен саған қарап өлшедім.
Көрмедің əсте сенімнің гүлін солдырып,

Шыдамды тəңірім сыйлапты саған мол қылып.
Кім айтар кəне бекер деп,
Вокзал мен вокзал арасын
Жүрдің сен күнде жол қылып,

Мен келіп қалар ма екен деп.
Созылып таулар алдымда
Жалғасып біpі-біpімeн,
Келем деп келмей қалдым да,

Kүттіpіп қойдым түнімен.
Жаныңды мұңға жібітіп,
Жыладың ағыл-тегіл біp.
Ал ертең бəрін ұмытып

Аспандай тұндың көгілдір.
Не деген жұмбақ өмір бұл!
Сыйладым саған көп қайғы,
Сонда да кінə артпадың.

Арынды асау жүректің
Тізгінін кepі тартпадың.
Сенімге сертің табанды,
Құштарлық отың өшпеді,

Шаттығым, ceнің бағаңды,
Елемей келсем кеш мені.
Берілдің барлық жаныңмен,
Жаныңдай тұнық əніңмен,

Əніңмен, барлық сəніңмен,
Сырыңмен, сансыз қырыңмен
Құлпырған жақұт нұрыңмен.
Сол үшін, таудай мерейім,

Сол үшін бақыттымын мен!

693 ЖƏНЕ 7 немесе ЌАЗАЌСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАЃЫ Ұлықбек Есдəулетке Бірде «Ана тілі» газетінің редакциясына бара қалып ем, Мереке Құлке нов ішкі бөлмесіне шақырды. Кірсем, ұлтымыздың екі қанатты ақыны Жа рас қан Əбдірашев пен Темірхан Медетбек отыр екен. Байқаймын, екі інім нің де «температурасы» сəл жоғарылау. Бір кезде Жарасқан: – Мұха, көңіліңізге келсін, келмесін, бірақ айтуға тиістіміз, біз Сіз ді ұзақ жылдар бойына жек көрдік, – деді. Мен ешбір таңданыссыз басымды изедім. – Жуырда мынадай ойға тірелдік, – деп əңгімесін жалғады Жа расқан. – Біз бұл ақынды не үшін жек көріп келдік? Радиода, теледидарда жұ мыс істеді. Қанша рет шақырып алып өлеңдерімізді бергізді. «Жалын» журналында бас редактор болды, мұнда да құлаш-құлаш жыр ла рымыз ды жариялады. Жолыққанда еркелетіп, арқамыздан қақты. Қай та мен өзім бұл кісіні мазақтап, бірнеше рет пародия жазыппын. Сонда біз бұл ақынды не үшін ұнатпадық? – деген сұрақ ылғи да алдымыздан құ лағын қылтитып жүрді. Сөйтсек, тікелей ақындық белсенділікті қа жет ете тін ұлтымыздың көкейтесті мəселелерінде Сіз, Мұха, поэ зия ңыз бен де, азаматтығыңызбен де бізден едəуір биік тұрыпсыз. Биікте тұр ған жан көзге көп түседі. Ал ылғи да жұрт назарында жүрген адам ның соңын да түр лі-түрлі пенделік көпірме сөздер мен жөнді-жөнсіз жорамалдар еріп жү ре ді... Біз Сізді тым кештеу болса да түсінуге мүм кін дік таптық, енді інілік алғысымызды қабылдаңыз! – Жігіттер, – дедім көңлім толқып, – менің ең үлкен ақындық ба қытым – ешкімді қызғанбағандығым. Осыны түсіну арқылы сендер де мені ба ға лау ға бет бұрдыңдар. Өз пенделік құрылысынан оқ бойы оза ұш па ған адам ғалами ақындық, жазушылық парасаттың шырқау биігіне кө те ріле ал мақ емес. Бұдан былай да сендерге ағалық баспалдақ болуға жарасам – қуа ныш ты мын. Төртеуміз орнымыздан тұрып, бір-бірімізбен құшақтаса төс тү йістір дік. ...Бірақ Жазушылар одағының мүшелері арасындағы пенделік иірімдер біздің күткенімізден əлдеқайда тармақты əрі күрделі болатын. Адамға адам қасқыр болған, Қасқыр азу тістілер «тақсыр» болған, Ізгіліктің боз өкпесін нарық қысқан заманда, Қазақстан Жазушылар одағы деп аталатын қоғамда Шыншыл рухтан,

үлкен тобы пенделіктен күш алар
Жеті жүздей мүше бар.
Сол жеті жүз жазушыдан, ақыннан
Адамзатты тазалыққа, ізгілікке шақырған,

Ұлттық əрі ғаламзаттық көлемде,
Күллі қазақ парасатын алып ұшар əлемге
Оқ бойы озып көтерілсе жеті қалам иесі,
Бар деп білгін халқымыздың киесі.

Тек құлагер ұлттың ғана бір ғасырда жеті рет
Тұлпар туар биесі.
Иə, мəңгілік бəсеке бұл – арман шабыс, бақ шабыс,
Ешкім бөгей алмас оны…

ал алты жүз тоқсан үш,
Үлкен даңқсыз, бақсыз қалған қаламгерді нетеміз?
Жасын, ниетін сыйлаймыз ғой…

көбісі – аға, көкеміз.
Егер олар шындығымен елді өзіне сендірер,
Жалтақ, үркек сезімдерді сөз күшіне жеңдірер
Қуат тапса,

шарықтата ұлтымыздың атағын,
Толықтырсын дара шапқан жеті алыптың қатарын.
Амал қайсы, егер оған жете алмаса ерлігі,
Тартылмағай кеңдігінің белдігі.

Көзсіз ермей пендегерлік ағымға,
Тілектес боп жүргені жөн жеті ұлы дарынға.
Тіпті оған жете алмаса қуаты мен айбыны,
Ол бейшара қаламгердей зиянкес жоқ қайғылы:

Кеудесіне қызғаныштың шойын бұлтын түнетер,
Сөйтіп, жеті нар тұлғаға ор қазумен күні өтер…

Құрылған тор, қазылған ор біздің елде есепсіз,
Тұлпар жарыс бір рет те өткен емес есексіз.
Есек мінген қанатсыз топ жүрмес тассыз, кесексіз,
Кесектінің барлығы да рухсыз, гүлсіз, шешексіз.

Ұлтымыздың ұлылары ылғи жіпсіз байланып,
Осы топтың кедергісін өте алмаған айналып.
Назарбаев дəуірінің мазмұнына боялған,
Ақын-тағдыр, сен емессің өзіңді-өзің аяр жан.

Бəрі ақшаға сатылса да, құнсызданып ой, арман,
Біздер көрген кедергіні сен көрмейсің дей алман.
Сен неғұрлым өз ұлтыңның тағдырына болыссаң,
Оның сатқын ұлдарымен, мұң-зарымен алыссаң,

Құрмет көру орнына

(қарай гөр бұл мазақты),
Кей қызғаншақ қаламдардан шегесің зор азапты.
Олар қалың жұрт ішінде өршітіп ой көкпарын,
Саған қарсы бағыттайды аңқау елдің шоқпарын.

Хас шындықты ажыратып көрсететін əрінен
Қазір бізге рухсыз қалам қауіптірек бəрінен.
Сөзін, өзін Жазушылар одағы деп атаған,
Сол алты жүз тоқсан үшсіз шығар ма еді жеті адам?

Шығар еді. Бəлкім, бағы тіпті шырқау жануы,
Одан да асқақ биіктерге еркін ұшып баруы.
Тағы, мүмкін, босаң əрі болбырлау боп қалуы,
Шынықпаған ақыл-ойды қиын əлем тануы…

Ал алты жүз тоқсан үшсіз мамырлап ой, бақ шабыс,
Жеті тұлға күресінде байқалмай ма тоқталыс?
Байқалады!

Онда қайттік?

«Кедергісіз жоқ табыс…» . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Жə, ендеше, аман жүрсін сол алты жүз тоқсан үш! ЌАЛДАЯЌОВ ¤ЗЕНІ Бар қазақты тамсандырған, Таңнан-таңға əн салдырған, Өзін əнмен қарсы алдырған Шəмші едің. Зорсынғанның көбісі құры сүлде, Ешкім көзі тірісінде Əн көгінен дəл өзіңдей таба алған жоқ нар сенім, Қандай құпия кереметің бар сенің?!! Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нəрсіз көздер көп, Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп. Ал сен ұлы жүрегіңмен, Пейіліңмен, тілегіңмен, Күллі тамыр тірегіңмен Дарын едің алдыңа жан салмаған, Ұлт сезімін арқалаудан талмаған. Отырардың еңкеймеген рухын Əр қазаққа əн арқылы жалғаған. Бəлкім, содан маңдайыңның қасіреті тым қалың, Пенделік пен кенделікті көп көрсең де, сынбадың. Заманыңда ұшырсаң да əннің небір сұңқарын, Тіпті сазгер қоғамына мүше болмай кеттің-ау, Ерлік шығар сондай сəтте еңкейместен тұрғаның?! Өкпелеме қазағыңа, өкпелеме, іңкəрім. Жігіттің бір жарқыны едің, Дəуірдің сом алтыны едің, Едің жəне арайы. Бірақ сенен əлдеқайда қымбатқа Бағаланды қалайы, Солай көшкен бұл даладан ұлылардың талайы.

Мына шақта, ізгіліктің тауы тозған кезеңде,
Қырандардан қораздар мен тауық озған кезеңде,
Қас тұлпарды топ жабағы
Қалың шаңға жауып озған кезеңде,

Айналдың сен енді ешкім бөгей алмас өзенге.
Енді саған өшпес, өлмес атақ-даңқтың кезегі
Келгендігін досың түгіл, қастарың да сезеді.
Кеш болса да жадырап ақ, еркелеп ақ еліңе,

Ұлтымыздың ұлы өзені – Қалдаяқов өзені.

Т¤ЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУ

І. САҒЫНЫШ МҰҢЫ

Сағындым, аға, мен сені!
Қатал ғой тағдыр, аяулы таңым, сөнгенің қалай

атпастан,
Келуші ең іздеп жайдары жазда келемін деп те

айтпастан.
Сонан соң біздер кетуші ек күнде тоқталмай қыр мен

қырды асып,
Мақпалдай əсем далада мынау жатушы ек

бірге сырласып.
Сонан соң тағы еркелей басып, баратын едік көлге де,
Қызғалдақ құмар даланың күйін сіміре жұтып кеудеге.
Бозторғай əнін беріле тыңдап, алғандай болып

жылға азық,
Жаныңа нұрлы армандар толып, отыратын едің

жыр жазып.
Алдыңнан таулар орамал бұлғап, алдыңнан өзен

тербеліп,
Өрліктің күйін сыбырлап қана айтатын саған жел келіп.
Бір іңкəр оймен қадала қарап тұрушы ең тауға еңселі,
Осындай сəтте көруге қандай құштар ем, аға, мен сені.

Сен туған жерге бір нəзік мұңмен қарайды бүгін

Ай да көп,
Таулар да менен сұрайды күнде таумінез ұлым

қайда деп?
Көктемгі шақта екеуміз бірге қыдырған дала еркіндеп,
Кінəлі көзбен қарайды маған, неге сен жалғыз

келдің деп.
Үйіңе барсам егіле берем алуан-алуан ойға кеп,
Кішкене ұлың сұрайды менен, сұрайды əкем қайда деп.
Мен үнсіз қалам. Сұрайды таулар, сұрайды ұлың

қайтадан,

Не деймін оған? Қалайша сені өмірде жоқ деп

айта алам?
Қатал ғой тағдыр. Аяулы таңым, сөнгенің қалай

атпастан?
Келуші ең іздеп жайдары жазда келемін деп те

айтпастан.
Бейнеңе сенің қаншама досың сағынышымен гүл егер,
Сағындым сені,

егерде қазір қабірде жатсаң түрегел!
Қоштаспай жатып жазбенен тағы келіп те жетті

күз деген.
Аяулым менің, жаз ба едің сен де қоштаспай кеткен

бізбенен?!

ІІ. МЕН БАР ЖЕРДІҢ БƏРІНДЕ

СЕН БОЛАСЫҢ

Бірімізді-біріміз қуат көріп,
Бірімізден-біріміз шуақ көріп,
Бірімізге-біріміз пана болып,
Мен іні боп,

сен қимас аға болып,
Дарқан көңілің шалқитын дала болып.
Кəусарынан достықтың қанып ішіп,
Бір тілектің бойынан табылысып,

Сəл көрмесек сабылып,

сағынысып,
Жолығуға асықтық алып-ұшып.
Көз жазбаған перзент ең ұлы ағыннан,
Неге түстің ертерек пырағыңнан.

Жылдар тұрып қалса да арамызға,
Қыран даусың кетпейді құлағымнан.
Сағынышың сенімге толтырылған,
Қол бұлғайды күлімдеп зор тұғырдан.

Сенің адал достарың əлі күнге
Мені демеп келеді қолтығымнан.
Арадағы достықтың, ұлы аруақтың,
Құдіретін өзіңдей ұға алмақ кім?

Сенің жырың тұғырға мінген күні
Мен үйімде шаттықтан жылап жаттым.
Күндер заулап көшкенмен бөктеріле,
Заман бізді кақпапты шеткеріге.

Мен қуанам:
Досымыз былай тұрсын,
Жауымыздың бірігіп кеткеніне.
Шын достықтың қашанда арманы асыл,

Асыл ниет қалайша самғамасын.
Сен бар жердің бəрінде мен жүремін,
Мен бар жердің бəрінде сен боласың!

ІІІ. АЙБЕРГЕНОВ ШЫҢЫ

Бəйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мəрт батыр,
Өлеңіңде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,
Намысыңды дəуіріңе еткізбедің қақпақыл.
Міне, содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,

Сенің жырың шекарада əлі күнге сапта тұр.
Пайымдаймын, мойындаймын, сен – данасың,

мен – бала,
Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.
Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.
Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған Махамбет пен Сен ғана.

Адамдықсыз ақындық жоқ, тырмыссаң да жан сала,
Жомарттықсыз тағы алысқа шабамын деп шаршама,
Батырлығың қанша болса, ақындығың соншама.
Тіпті өзіңді сыйдырмаған даңқтың тар төріне,

Мені бірге ап шыққың кеп арпалыстың қаншама.
Заманының ыңғайына жүрмей кеткен, іңкəрім,
Саф өнерде қызғанышты білмей өткен, іңкəрім,
Иығына бүтін бешпет ілмей кеткен, іңкəрім,

Жер астынан сəлем жолдап жатырсың сен күн сайын,
Қазағымның маңдайына сыймай кеткен, сұңқарым.
Не жақсылық болса, алдымен елге болсын дегенсің,
Сондықтан да сенің даңқың, сенің салтың көгерсін.

Сайын далаң жырыңды еске ап,

күлкісін сəл шегерсін.
Əр жүректе бұлтқа оранған қасиетті бір шың бар:
Ол – ақындық мəрттік шыңы,

Айбергенов деген шың... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Ұлт рухы – қай кезде де қанаттыға астана, Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала! * * * Бұл қазақтың жері неткен кең еді, Көре берсең таусылмайды көлемі. Даналарын бөлер болсақ далаға, Бір далаға бір данадан келеді! Тұлпарлардай арындаған қарқыны, Түнді тіліп жүрегінің жарқылы. Даналықтың орманына бет алған, Сол далаға бала болу арқылы. Бұл қазақтың жері неткен кең еді, Шетсіз екен, шексіз екен көлемі. Бір адамнан тарлық көрсем кей бірде, Сол далаға кетіп қалғым келеді.

Т‡РКІСТАНДАЃЫ ТАУ

(Нəзір Төреқұловтың ескерткіші
ашыларда оқылған жыр)
Біздің елде, заманында əлем назар аударған
Өзге түгіл өз ұлтынан шеттетілген таулар бар.

Соның бірі сенің аға – қазағымның нар тауы
Дəуірінің өр рухпен суарылған арқауы.
Талай жерге шашып едің жүрегіңнің жарығын,
Енді туған мекеніңе оралдың ба, алыбым.

Сыртта жүріп сағындың-ау, құшағыңды аш, еркеле
Ұлыларын өлгеннен соң ардақтайтын өлкеңе.
Кейде солай, қырандардан шымшық озып жатады,
Оған бола төмендемес кең далаңның атағы.

Бірақ соған ұялатын көз көбейсін деп тіле,
Қансыз бетті қызартатын сөз көбейсін деп тіле.
Бүгін міне сенің күнің күліп кірді есіктен,
Қарсы ал кəне бақытыңды жетпіс бес жыл кешіккен.

Саған шексіз қатал дəуір сыбағасы тиіпті-ау,
Түркістанның маңдайына симай кеткен биік тау.

ШЕКАРАСЫЗ ЖОМАРТТЫЌ

немесе
Қалекеш Қарағұловты іздеу
Өмір деген ұлы өзенде ғарышқа атқан толқындарын,
Бəрі де есте, алқынғаның, бақыт іздеп шарқ ұрғаның.

Ашық-адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың,
Бірақ неге қайығыңды құзға соғып алдың, жаным?
Кей адамның рухынан бақыт кейін қап жүреді,
Жігіт едің аузын ашса, көрінетін ақ жүрегі.

«Дарындыдан қарынды озсын!» дейді күліп

заман арсыз,
Нақ осы ұран тұрған кезде қалай түлеп, ағарарсыз,
Қарын күшін мойындамас жұртты қайдан

таба аларсыз?
Таба алсаңыз, мұның ерлік екендігін бағаларсыз.
Сатылғанның барлығы – құл,

сатылсаңыз – жоғаласыз.
Ал, сен соны тым ерте ұққан жомарт болдың

шекарасыз.
Күнде үйіңе қонақтарды топ-тобымен алып келіп,
Таң атқанша лаулап-жанып, əрқайсысын танып,

көріп,
Жəне оларды əнге, жырға, ой-толғауға салып көріп
Отырушы ең, қымбаттым-ау, жүрегіңнен жарық

беріп.
Дархан, аңғал болмысыңа пенде көздер таң қалатын,
Кез келгеннен пəктік іздеу саған ғана тəн болатын.
Сен бір бөлек ғұмыр едің, сөзі – сенім, ісі – бекем,

Бəлкім, ақын болғандығым сендей достың күші ме

екен?

Мен қайда ұшсам, қанатымнан демеп жүрген

сені көрем,
Шашым ойша таралады Ақтөбенің желіменен,
Сосын Естай əуенімен, ару Қорлан лебіменен,
Мен қайда ұшсам қанатымнан демеп жүрген

сені көрем.
Əлі талай биіктерге бірге шырқап, асқақтаймыз,
Дос сезімді өлім жеңбес.

Сондықтан біз қоштаспаймыз!

ЌАЗІР МЕНІ ‡Ш ТОП АДАМ

ЌОРШАП Т¦Р

Райымбек Сейітметовке
Мен өнердің күрең тайын мінгелі,
Бір дамылсыз жүріп келем ілгері.
Бұрылғам жоқ қыстағына мансаптың,

Қарсы келген толқындарға қарсы ақтым,
Содан, бəлкім, өзімді ерте шаршаттым,
Қазір мені үш топ адам қоршап тұр.
БІРІНШІ ТОП – аз біледі мен жайлы,

Əзірге олар жұрт пікірін аңдайды.
Кейде тіпті өз ойларын өзі ембей,
Жүріп жатыр ашық пікір кезенбей.
Содан болар, мен туралы бағасы

Айнымалы,

құмнан аққан өзендей.
Жоқ, бұл топқа өкпе артудан аулақпын,
(Жалынымды, бəлкім, əлсіз лаулаттым).
Енді менің мақсатымның бар əні

Тек жігердің пілтесімен жанады.
Тарылмаса намысымның алаңы,
Ертең жеңіс мен жағында қалады.
ЕКІНШІ ТОП – ажарлы топ тұмансыз,

Бұл топ маған сенеді ешбір күмəнсіз.
Бүгін менің пəс болса да аспаным,
Бүгін мені сатса да кей достарым,
Бүгін менің сөз ететін тамсана,

Өзгелердей дəрежем жоқ болса да,
Олар оған пысқырмайды,
Себебі
Олар менің ертеңіме сенеді.

Олар ғажап іс етті бір таң қалар,
Өміріме, өнеріме заң болар.
Маған тісін қайрағанда қалшылдап,
«Шегелер» мен «балғалар»,

Жанын салып мені қорғап қалды олар.
ҮШІНШІ ТОП – үркердей топ аз ғана,
Жə, бұл топқа қарсы пікір қозғаман.
Əрине, олар таныс емес бір көрген,

Мен туралы тіпті сонау күндерден
Өз ойларын жүйеге сап үлгерген.
Үндемейді,

үлкен жарыс жолында
Менің адал екенімді білгенмен.
Кейде тіпті аяқ асты өзгеріп,
Күрсінеді пенделікке сөз беріп.

Сосын жайлап өз тауына беттейді,
(Көктесе адам əділдіктен көктейді).
Кейде əділ болғысы да келеді,
Бірақ оған адалдығы жетпейді.

Олар менің қай пейіліме жауықты,
Неге бұзды арадағы сауықты?
Оны мүлде елемес ем,

Өнерде
Адалдығын жоғалтқандар қауіпті.
Талпынғанмен талап, ойы өспеген
Мен тек қана осы топтан сескенем.

* * *
Қанша адаммен достастым,
Арманымды əн қылып,
Қанша адаммен қоштастым

Мəңгілік!?
Қанша өзеннен жүздім мен,
Жатқанымен мұз қармап.
Қанша гүлді үздім мен

Қызға арнап.
Қанша жарқын пішінде,
Елестеттім көктемді.
Адалдығым үшін де

Мені біреу жек көрді.
Қанша жолдар қол бұлғап,
Жетеледі өрімен.
Жылады анам солқылдап,

Қоштасарда менімен.
Қаншама рет таңға да,
Тілек айтып отырдым.
Көз алдымнан сонда да

Сен кетпедің, ақылдым.
Қанша адаммен достастым,
Арманымды əн қылып.
Қанша адаммен қоштастым

Мəңгілік.
Бірге шырқап əнді де,
Баулып бақыт терегін.
Мен сенімен мəңгіге

Қоштаспасам деп едім!...
Қақты күндер қанатын,
Арман тауы алда тұр.
Бірақ саған баратын

Жолда қазір қар жатыр.

ЕКІ АЛЫППЕН ЌОШТАСУ Атақты орыс ақынының былай дегені есімде: – Арамыздан Твардовскийдің, Смеляковтың, Симоновтың кетуі əдебиет тің сапасына əсер етті. Олардың көзі тіріде: «Япырай, мына шығар ма ма «рухани пайғамбарлар қалай қарар екен?» деген жауапкершілікпен үрей көңілде қатар жүруші еді. Иə, əдебиетке пайғамбарлық ету – бүкіл ел рухына, бүкіл ел мə де ниеті не пайғамбарлық ету деген сөз. Əуезовтен кейін бұл міндетті зор абыроймен, азаматтық тазалықпен орындаған Мүсірепов пен Мұстафин екендігіне ешкімнің дауы болмаса керек. – Əй, Ғабиден, – деген еді бірде Ғабең өзінің елу жылдан астам жұп жазбаған ескі досына, – қанатсыз қарттықтан асқан сорақы не бар? Қан ша ма ұзақ əрі мағыналы болғанымен нүктесіз сөйлем жоқ. Енді екі жыл ғұмыр кешсек жетпей ме? Жүрегім су ете қалды. Осы əңгімеден бір жыл кейін Ғабиден аға, екінші жылы Ғабит аға дү ние ден қайтты. Алыптар тобының ең соңғы екі бəйтерегі қатар құла ды. Өмірін былай қойғанда, өлімінің өзін ерлікке айналдырған осы екі алыптың қасында өткізген санаулы күндерім, олардың аталық, ұстаздық іл ти пат, сеніміне шомылған шақтарым күні ертең ғұмырымның ең сəу лет ті сəттеріне айналарына ол кезде қалайша терең мəн бермедім екен? Мына жырлар биліктің арнайы рұқсатымен, алыптар қабірі ба сында ғы азалы жиында оқылған еді. 1. ҒАБИДЕН МҰСТАФИН Қош бол енді, қасиеттім, қамқор белім, тірегім, Ортамызда тірі жүрген қос алыптың бірі едің. Қыран көзің жұмылғанша Туған ел деп тынбай соқты жүрегің. Сендей перзент туа алғанын елің тағы сезінсін, Сезінсін де мейірленсін, ет-бауыры езілсін. Бұл ғасырда қартаюдың үлкен өнер екенін Жамбыл менен Кененнен соң дəлелдеген өзіңсің. Тамам жұртты тамсандырып тіктің өнер орманын, Қош бол енді, біртуарым, қайталанбас тарланым. Қең далаңды дарыныңның қанатына мінгізіп, Дүниенің төрт бұрышын шарладың. Таза күлу, таза жүру болды басты ұраның, Келер күннің таза үніне түрік жатсын құлағың. Алатаудай дара туған перзент едің о бастан, Алатауды жамбасыңа жастық ете құладың, Енді өзің де тауға айналып кетесің-ау, қыраным! 2. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ Ғұмыр бойы тыным көрмей арпалысқан Ар үшін, Шыншыл, адал мінезімен жақын еткен алысын, Күллі қазақ өнерінің арқалаған намысын Сенімен де қоштасар кез келгені ме, арысым? Саған деген қошеметтің ұлан-ғайыр аумағы Табытыңа бас иіп тұр қазақтың бар таулары. Саған сəлем кең далаңнан – жанарынан жас тамған Саған сəлем жас буыннан – жазылмаған дастаннан. Қай кезде де туған елге деген ұлы махаббат Өз ұлтының даналарын қадірлеуден басталған. Ғасырына қуат қосқан даңқыңды ешкім бөгемес, Қазақтың сөз өнерінен бой көтерген Эверест. Қадірлім-ау, ескерткіш қып сенің ұлы тұлғаңа Көк тіреген Алатаудың өзін қойса көп емес.

ШАПАЃАТ

Біздің жақта бір жайсаң қарт болатын,
Қарт болатын, өлшеусіз мəрт болатын,
Ұрттам шайды қонақсыз іше алмайтын,
Аттам жерге сенімсіз ұша алмайтын.

Кенделіктің азабын тартса-дағы,
Пенделіктің жібіне тұсалмайтын.
Соқса да алдан ызғырық самал қатты,
Қарттың көңіл қамалын ала алмапты.

Жалғыз ұлы болыпты медеу еткен,
Бірақ ол да соғыстан оралмапты.
Шарпыса да жылдардың өрті кілең,
Мұндай қарттар өмірдің көркі, білем.

Тұрып жатты

Өзінен дарқандығы
Кем түспейтін ақ жарқын кемпірімен.
Тасқын күшін тағаты желкелеген,
Жеңісіне жел күліп еркелеген.

Ауылымызды қақ жарып,
Қасқасудың
Ерке өзені жүйткитін ентелеген.
Долылыққа ұласып ерке кезең,

Ерке кезең əуенін шертер өзен.
Нақ сол шақта көпірден көпір қоймай,
Əкететін ағызып тентек өзен.
Дақ түскендей қонақжай бірлігіне,

Өкпелі боп осынау тірлігіне,
Жағалауды жайлаған қалың ауыл
Қатыса алмай қалатын бір-біріне.
Əнмен асқан жылдардың көп өткелін,

Бар болмысын бір сезім бөлеп керім,
Осы шақта Бейсен қарт белін буып,
Үнсіз кесе бастайтын теректерін.
Сырға тұнған қой көзі шоқтай жанып,

Көкірегі алапат отқа айналып,
Тағдырынан алғандай дұрыс өкім,
Сосын көпір салуға кірісетін.
Қамшы үйіріп көңілге ірікпелі,

Жаңа-жаңа жанғандай үміттері,
Жай-жай басып көмекке жиналатын,
Біздің жалқау ауылдың жігіттері.
Ол бар кезде жоғалып сырдаңдылық,

Мейірім оты жанғандай қырдан күліп,
Біздің бүкіл ауылды осы қарттың
Тұрушы еді есімі нұрландырып.
Егер кімнің арманы, айбыны өлсе,

Айбыны өлсе, басына қайғы келсе,
Егер кімнің орнаса бағына түн,
Ол сол үйдің төрінен табылатын.
Сүйсінтері жоқ болса өнер де өгей,

Игіліктің нұрына бөленгендей,
Бір топ бала қасынан Бейсен қарттың
Қалмайтынбыз ілесіп көлеңкедей.
Кейде қалғи бастасақ тақымдайтын,

Алыс тарта бастасақ жақындайтын.
Кеудемізде осынау қартқа деген
Түсініксіз бір сезім лапылдайтын.

Тек алғысқа тойдырған қанағатын,
Қанағатпен суарған баран атын,
Қазынадай қастерлі қара шалдың,
Бүкіл ауыл көп көрді шапағатын.

Тілегінен алаулап таң атқандай,
Жомарттығын жылдармен санатқандай,
Неткен кеңдік,
Табиғат осы адамды

Жұртқа қамқор болуға жаратқандай!
Талабымның сезсем де тыңаярын,
Ол күндерді еске алсам мұңаямын.
Бірде біздің мұржаны жөндеймін деп,

Бейсен ата сындырды бір аяғын.
Қатар мінген жігер мен намысына,
Тұрағының қарамай алысына,
Өкпемізді қолға алып бір топ бала,

Сынықшыға жүгірдік жан ұшыра.
Ал, сынықшы, көрген жұрт таң қалатын,
Қатаң, əрі мейлінше паң болатын.
Аулымызға жақында көшіп келген,

Қайырымы саяздау жан болатын.

– Жүректен от, жүзінен əр тайғанда,

Əр тайғанда, шалқары ортайғанда,
Ол қақпасқа не керек, құдайым-ау,
Тыныштық қып жатпай ма қартайғанда?
Жолы болмай-ақ қойды өмірде оның, –

Деп жымиды ол аңғартып көңіл қорын, –
Көрші ауылда Берікбай сынықшы бар,
Сол бармаса тимейді менің қолым.
Тауға ұқсатқан кезіміз бар адамды,

Сенім көлін боз тұман орап алды.
Біздің сəби жанымыз тұңғыш рет
Əділетсіз жауаптан жараланды.
Сол сəт көзсіз ашуға мінген едік,

Жылауға шақ тұрсақ та үндемедік.
Ақылдасып алдық та, сынықшының
Терезесін қираттық түнде келіп.
...Маң ойларды марқайтып санадағы,

Уақыт бəрін өзінше саралады.
Бұл күндері шарықтап кетті əлемді
Біздің жалқау ауылдың балалары.
Жомарттық пен бірліктің қорығында,

Көбісінің жалғасты жолы нұрға.
Тек белгі боп үлкен бір шұңқыр жатыр,
Сынықшының үйінің орынында.
Ал қасында жасқантып алтын Айды,

Сыр шерткендей елдіктің даңқы жайлы,
Ақ терек пен ақ қайың арасынан
Бейсен ата күмбезі жарқырайды.
Мұратымның төрінде тұрақтаған,

Саған, досым, тағы бір сыр ақтарам,
Мүмкін дарқан шығармын, кең шығармын,
Көзсіз мақтау айтпаңдар бірақ маған.
Жазирамнан əн салып өтті күндер,

Өтті күндер армандай текті күндер.
Егер менде титтей бір мəрттік болса,
Осы қарттан ауысқан деп біліңдер.

МЕН ТУРАЛЫ ОЙЛАДЫЊ БА?

Мен туралы ойладың ба,
Бақтарда
Құстар əні күйше шалқып жатқанда?
Ойладың ба мені келіп қалды-ау деп,

Бір жолаушы есігіңді қаққанда.
Ақша бұлттар жүзсе көкте сенделіп,
Бұрымыңды сипап өтсе жел келіп,
Қара жолға қарап ұзақ тұрдың ба,

Тəтті үміттің құшағында тербеліп.
Жырақ қалған жылды еске алып ілгергі,
Мені ойлаумен өткіздің бе түндерді?
Жазғы кеште қырға жалғыз шықтың ба,

Маған арнап үздің бе сен гүлдерді?
Төзіміңді тауыстың ба, біттің бе?
Ұмытпаса бір келер деп күттің бе?
Оңашада жеңешеңнен жасырып,

Маған арнап қол орамал тіктің бе?
Ұмытпаспын, қайда жүрсең бол есен.
Кешірім ет, нəзік нұрға бөлесем.
Маған арнап тіккен болсаң орамал

Хатқа салып жібермедің неге сен?
Үмітіңді азық етіп көп күнге,
Əлде мені ынжықсың деп сөктің бе?
Əлде менен үміт үзіп, басқаның,

Тағдырына тірек болып кеттің бе?
Қанатыңа қайрат жалғап бір аршын,
Бəлкім, бəлкім, іштей ғана тынарсың.
Білсем еді-ау, ойландың ба мен жайлы

Бəлкім, тіпті ойланбаған шығарсың.
Шынымен-ақ, ұмыттың ба солай сен,
Сырыңа ортақ етіп ең-ау талай сен.
Саған адал емес пе едім соншалық,

Мені, аяулым, ұмытасың қалай сен?!
Бəрі мүмкін.
Емес мұным кінəлау.
Мүмкін, тағы, ұнап жүріп ұнамау.

Бəрі мүмкін, ал бірақ мен жайында
Ойланбауың мүмкін емес шығар-ау!

АУРУХАНАДА

Бұл бөлмеде сен жатқалы қанша күн,
Бəлкім, алдан үміт күтіп шаршадың.
Бəлкім, асыл достарыңды сағындың,
Бəлкім, бəлкім, сау кезіңді аңсадың.

Кеудеңе бір ерке сазды күй еніп,
Келер күнге еткендей боп иелік.
Əрең тұрып көз жібердің көшеге,
Көз жібердің балдағыңа сүйеніп.

Науқас адам кейде жалтақ баладай,
Бір танысың көңіліңе қарамай,
Өте шықты терезеңнің тұсынан,
Саулығыңды сұрауға да жарамай.

Күзді күнгі ойға шомған ормандай
Үнсіз қалдың, қос қанатың талғандай.
Үнсіз қалдың жүрегіңді сипалап,
Сырқатыңа сырқат қосып алғандай.

Мұндай мінез ер жігітте болмаған,
Сəлемін де сата ма екен оңбаған.
Кенет, кенет жылтыр мұздың үстіне
Тайып кетіп, құлап түсті əлгі адам.

Үмітіңді үмітсіз жан кескендей
Ашулы едің, бірақ оған дес бермей,
Тұра ұмтылдың сүйемек боп əлгіні,
Бір қолыңның жоқ екенін ескермей.

Ізгіліктің оты сол сəт өшкендей
Қатулы едің,

бірақ оған дес бермей,
Тұра ұмтылдың сүйемек боп əлгіні,
Бір аяғың жоқ екенін ескермей.
Ұмтылдың да құлап түстің еденге,

Сезімдер бар жататұғын тереңде.
Мен сенбеймін,

көңілі теңіз адамның
Ізгілігі ортаяды дегенге.

ТАУЛАР

Жолың сені тауға бастап шықса, адам,
Арманың мен ырысыңды күт содан,
Сен қорықпа таулардың да тағдыры,
Адамдардың тағдырына ұқсаған.

Кең табиғат бұған шебер, бұған бай,
Тау болған соң тұрмас жəне мұнармай,
Кейде тіпті биік болу қайғы екен,
Биігіңе тұрса ешкім шыға алмай.

Таулар сырын айта бермес шешіліп,
Бойсызды да, ойсызды да кешіріп,
Жатыр олар, менің туған өлкемде
Тыныстаған тұлпарлардай көсіліп.

Қаншама үміт тырналардай тізілген,
Сапар шегіп, тауға жетпей үзілген.
Бір тау тіпті шырқау жатыр, ал бір тау
Наполеонның шаттығындай мүжілген.

Қыран жемін іздейді əркез қиырдан,
Оған шыңның ұлылығы бұйырған.
Жайдақ таулар төбеге ұқсас – төбеде
Емін-еркін жайылмай ма сиырлар.

Көз жіберші мына тауға тұлғалы,
Қанша ғасыр, ол асқақтап тұрғалы.
Биік таулар бақытты ғой, əйтсе де,
Өзіне тəн болады екен мұңдары.

ТОРЃАЙ ДƏПТЕРІНЕН

* * *
Арма, Торғай даласы!
Армысың сен жасарып, жайнаған жер,
Бұлбұлдары булықпай сайраған жер,

Сайларында сəйгүлік ойнаған жер,
Май гүліндей маздаған майдангерлер
Қапылыста мерт болған қайран ерлер!
Қайран ерлер, қайтпаған шешімінен

Дала даңқы лаулаған есімінен.
Сендер шауып кірдіңдер ту көтеріп,
Жиырмасыншы ғасырдың есігінен.
Мына біздер,

Бізден де алыс буын,
Мақтан етер сен тіккен намыс туын.
Менменсіген керенау жаңа тарих
Саған қарап түзеді галстугін.

Кездескенмен кең жолда бөгемелер,
Əділдік – Күн. Шуағын төге берер.
Мақтанышпен басыңа гүл қояды,
Немереңнен өрбіген шөберелер.

Ниетінде титтей де мін жоқ оның,
Бөлей берсін бүлдіршін гүлге жолын.
Сенің қаның төгілген қырқалардан
Зəулім үйлер созады күнге қолын.

Сол əуенге құлақты түріп үнсіз,
Өмір кештік уақыттың бүлігінсіз.
Сен жатырсың мəңгілік құшағында,
Бізге қарап мұртыңнан күліп үнсіз.

МЕН ЌЫЗ ‡ШІН ¦ЯЛДЫМ

Өзбекəлі Жəнібековке
Байқатпастан уақытты тез өткен,
Өнер толы өзекпен,
Жыр қанатын безеп кең,

Əнге басты жиналғандар кезекпен.
Бірақ жұртқа зейін қоймай сыздана,
Ортамызда отырды біp қыз бала.
Міне, ғажап, келбет қандай, көз қандай.

Сұлулығы қиялыңнан озғандай,
Ақша бұлттың арасынан біp арман
Соған қолын созғандай.
Бозбалалар аузын ашып аңырып,

Қарап қапты қозғалмай.
Думан қызды. Аянатын заман ба?
Əн кезегі келіп жетті оған да.
Сіңген өнер кəpігe де, жасқа да,

Қыз көңлінен таба алмапты баспана.
Əлгі сұлу өзін туған халықтың,
Біp əнін де білмей шықты, масқара.
Ал онысын кемшілікке санамай,

Отырды ол өз ойымен одағай.
Бөлме толы жақтырмаған көздерге
Пысқырып та қарамай.
Оғы болмай атуға,

Қарттар жағы наразы тіл қатуда:
«Бұл немене тумай жатып бату ма?»
Нақ сол сəтте сен əн салдың, жан аға.
Бұдан асқан нұрлы шаттық бола ма?

Сен əн салдың шарықтатып, шырқатып,
Көңіліңнің ақ дауылын бұрқатып,
Сен əн салдың арыңдатып, зарлатып
Көздің жасын парлатып,

Айналайын, нар тұлға,
Теңіз болсаң тартылма.
Өзен біткен шапқылап
Epіп жүрсін артыңда.

Əлде шырқау таусың ба?
Ал тау болсаң таусылма.
Қазақтың кең даласы
Жатты сенің даусыңда.

Көз алдымда көлбеді,
Толқын құм мен салқын мұң,
Жарқын белес, жалқын күн.
Жатты сенің даусыңда,

Жомарттығы халқыңның
Жатты сенің даусыңда,
Шарқ ұрғаны сұңқардың,
Алқынғаны тұлпардың,

Ойшаң жepдің орманы,
Таудың қия жолдары,
Əкеміздің талғамы,
Бабамыздың арманы.

Сен əн салдың, жан аға,
Бұдан асқан нұрлы шаттық бола ма?
Ұқсап туған екенсің-ау далаңа.
Mінe, сендей жаны мұхит жандармен

Бізгe сұлу көрінеді замана.
Əн қаптасын гүл қаптаған қырлардан,
Халық деген мағынаға бай теңіз.
Өз халқының байлығынан құр қалған,

Мазмұны жоқ мына қызды қайтеміз?
Борышымыз ұшан-теңіз, елесек,
Адам əр кез заманына берешек.
Не болады одан туған бүлдіршін,

Не болады одан туған келешек?
Халық əні –
Азаттық пен қиялдың
Самалы ғой. Оны есуден тияр кім?

Ceні тыңдап мен ерекше шаттандым,
Ал қыз үшін ұялдым.

ТІЛЕК

Қанайымға
Тұтату қиын шаланы,
Тұтанбас үрлегенге.
Адамдар аласарады,

Намысы кірлегенде.
Өзендер көбіктенеді,
Жартастан қарғығанда,
Енжарлық жетіп келеді,

Ерлігің қалғығанда.
Жауларың күнде сені
Күндесін, күндемесін.
Шаттығың кірлесе де,

Намысың кірлемесін.
Досыма, қасыма да
Тілегім осы ғана.
* * *

Қызықсың-ау тым ұқсаспыз дейсің сен...
Даңқ деген нар ма екен, нар құлатқан жар ма екен?
Ұқсап туу бар-дағы, ұқсап өлу бар ма екен?
Тауым биік болса да, əнім асқақ шықса да,

Егер ақын болсаң сен, інім, маған ұқсама.
Бəлкім, шашың тым ұқсас, бəлкім, ұқсас мұңың да,
Бəлкім, менше зауқың жоқ ішкілік пен шылымға.
Бəлкім, менше арнаңда тасып толған шығарсың,

Бəлкім, менше өртеніп ғашық болған шығарсың.
Бұл сөзіңе, қалқам-ау, бас изермін, көнермін,
Мен көнгенмен не шара, заңы қатал өнердің.
Заңы солай өнердің, ақындықтан безін сен,

Егер менен бір елі пəстігіңді сезінсең.
Сырдаң бойлы шіліктен шырқаумын деп баптанба,
Кілең ұқсас биіктен құтыла алмай жатқанда.
Тілектеспін, жарқырап жансын лаулап бағың бір,

Бір жырыңмен сағынтып, бір жырыңа табындыр.
Мен қарайын елжіреп, отым шалқып көздегі,
Өз күшіне сенгендер күндемейді өзгені.
Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге,

Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсіз де...
...Қызықсың-ау, тым ұқсаспыз дейсің сен.

ТОЌШЫЛЫЌ

Т. Жұмановқа
Ол ауылдың қадірмен диқаны еді,
Кеудесіне кең дала сыйған еді,
Кең даланың мəрттігін жиған еді.

Көңлі түскен адамға қажет кезде
Жалғыз атын ойланбай сыйлар еді.
Бəкір баба осындай диқан еді,
Жайсаң жайлау, жаз пейіл бола тұра

Айтқанынан қайтпайтын қиқар еді.
Сағынышын самғатып сан хатынан,
Құлан жүйрік қиялмен таңды атырған.
Еркетайы біp күні ойда жоқта

Келін əкеп түсірді Алматыдан.
«Жалғыз ұлға құдайым сана берді,
Келін əкеп қуантты тамам елді,
Енді өлсем де арманым болмайды», – деп,

Қарт жүрегі елжіреп сала берді.
Той жасады онан соң дүрілдетіп,
Тапқанын түгел шашып, гүрілдетіп.
Əсем əн қарлығаш боп қалықтады

Аспанның шымылдығын дірілдетіп.
Сауыққа сақтап бағзы құмар қалпын
Шарықтатты шал солай шынар даңқын.
Мынадай той Қасқасу баурайында

Бұған дейін болмаған шығар, бəлкім.
Тойдан соң Бəкір қарт көңілі жайланып,
Үш күнге созылған ғажайып думанды ойға алып,
Қиялы шарықтап сан қырға

Шуақтап отырды есіктің алдында.
Тоқшылық керуенін тартқан
Бейнетқор кеудеден атырған ақ таң
Етпеуге бола ма уақытты мақтан,

Ұлына риза еді ол, бақытын тапқан...
Кенет келінінің
Жолдың жиегінде жатқан
Нанды тeyіп өткенін көріп,

Қабағы түнеріп түндей,
Kөңілі бұзылып нілдей,
Дауыстап перзентін шақырды қасына:

– Ал, ұлым, күн туды басыңа,

Бірақ сен жасыма.
Қазақтың мейірбан даласын,
Кеудеңе тоқыған баласың.
Əттен-ай, əлі де шаласың!

Жан адам көрмесін беліңді бүгілген,
Қалдырмай келінді бүгіннен
Қай жерден əкелсең,
Сол жерге апарып саласың.

Əйтпесе, бітті бар əңгіме,
Жалғызым, əкеңнен мəңгіге
Алыстап қаласың.
Жігіт қанша қиналса да қайғы қажап жүрегін,

Орындады əкесінің тілегін.
«Десек-дағы, нанды қорлау жат қылық,
Шалдың іcі шектен шыққан қаттылық.
Жас келінге обал болған екен тым», –

деп гулесіп жатты жұрт.
Содан бepі, міне, қанша жыл өтті.
Қанша гүлзəр көктем келіп туған жерді түлетті.
Көкірегінен желкен жайып тəтті үміт

Қанша жігіт қырға шықты ат мініп,

Мен ақын боп оралғанда аулыма
Қанша қыздар гүл сыйлады шат күліп.
Əжей тосып сары майын сақтаған,
Құрбыларым жырларымды жаттаған,

Туған далам атқа сүйеп қондырып,
Əкпем мені «жұлдызым» деп мақтаған.
Соның бəpі Бəкір қарттың баяғы
Қылығындай əсер еткен жоқ маған.

Дəуірінің босаң жібін тап басқан
Əруағыңнан айналайын, ақ бас шал.
Жылда ауылға барған сайын мен сенің
Кете алмаймын бейітіңе соқпастан.

Үндемейсің, қайсар тұлға, ойы алау
Қайран қартым, құдіретіңе тоям-ау.
Бəлкім саған жұртқа ой салу үшін де
Қажет болды өзіңді-өзің аямау.

Біp кездері epні кeyіп, сусап өскен көк шыбық
Бəйтерек боп асқақтады
Бұл не деген жақсылық.
Иə, кез келген тоқшылықтың арғы тегі жоқшылық.

Асқан зорлық, бар ма бірақ, барды қадірлемеуден.
Əттең, кейде бізге соны ойлатпайды тоқшылық!
Адамзатқа қауіпті жау – асқыну.
Оның бізден аулы қашық десе де

Кеше ғана көз алдымда көшеде
Нанды тeyіп өте шықты жас сұлу.
Тоқшылықтың күйісі ме, міне, бұл?
Əлденеден тітіркеніп жүрегім

Мына қызға Бəкір баба сияқты,
Қайын ата жолыққай деп тіледім.

ЖАЙЫЌПЕН Ж‡ЗДЕСКЕНДЕ

О.Еркіновке
Сəлем, ұлы Жайығым!
Толқыныңа кім салмады қайығын.
Kім шертпеді саған келіп шаттығын,

Кім жумады саған келіп айыбын.
Ғұмырыңда қозғалыстан танбадың,
Заманалар қанатында самғадың,
Ғасырлар мен ғасырларды жалғадың,

Айтшы маған, бар ма сенің арманың?
Қуат-күші сендегі ұлы дарынның
Орталанса қайтер еді Нарынқұм?
Жадыратып сен ашпасаң қабағын,

Xaлі қалай болар еді даланың?
Сен айнысаң мінезіңнен дағдылы
Қалай болмақ қарт Каспийдің тағдыры?
Жұрт көп еді атақ-даңқтан үмітті

Оның көбін қатал тарих ұмытты.
Туған Отан мəңгі ұмытсын мені де
Сендей өзен бола алмасам еліме!

ЕРКЕКТЕР ЖЫРЫ ...Біздің тауда қанатына қаңғырған біp оқ тиіп, Ата қыран ұясында тартып жатты көп күйік. Кей кездері ызадан жарылардай Дөңбекшіді ол қорлыққа бағына алмай. Бала қыран күндікке тауды кезіп, Жем тасыды ұяға жаны қалмай. Ата қыран перзентінің қамқорлығын құп алып, Шүкіршілік етті іштей қуанып. Ол ойлады: «Ұзақ қайғы бола қоймас бұл аса, Құлан таза сауығамын, тағы екі-үш ай шыдасам». Біpaқ біp күн бала қыран оған былай тіл қатты: «Баға жетпес асылымсың, ардағымсың, қымбатты. Əбден қажып сорладың-ау, жүдедің-ау тым қатты. Есіме алсам баяғы шат күндеріңді еңселі, Жаным жылап аяп кетем, аяп кетем мен сені!» – Тоқтат! – деді ата қыран қалш-қалш етіп долданып, – Бекер жатқан екенмін ғой, ұлым бар деп малданып. Көкірегін біp алапат ыза буып алды да, Ұясының аузына əрең жүріп барды да, Жан шошытар жалтыр құздан құлап өлді табанда. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Қалқам! Ерлік даңқы қанат жайған мына ұлы заманда Mүcіpкey сөз есітуден өлім жеңіл маған да!!! ЖАЛЫН Өтудесің,

өтесің замандарым,
Құпиям көп ұқпаған, түсінбеген.
Əкем менің жек көрген адамдарын
«Жалыны жоқ сорлы» деп мүсіркеген.

Алдан іңкəр үміттің жолын көрем,
Жолын көрем,
Жанымнан жалын көрем.
Мүсіркетпе тағдырым мені ешкімге,

Mүcіpкeгeн адамның қолында өлем.
Ғасырына өң берген,
Ерлер аз ба шапағатын ел көрген,
Жас шағында-ақ заманының заңғар ойын меңгерген.

Kepіcіншe, сақал-шашын күнге ағартқан қарттар бар,
Жасы жүзге келгенмен.
Даңқы шырқау ел рухын айқындайтын деңгейдің,
Жас кезінде жалыны жоқ жігіттің,

Жас кезінде арыны жоқ жігіттің,
Ертең ерлік жасарына сенбеймін.
Иə, жастық шақ бола алмайды

ешқашанда жарлы ұғым,
Аяу керек
Жастық отын ерте өшіpіп алғандардың барлығын!

MEHІ НЕГЕ М¦ХТАР ЌОЙЃАН?

Мұрат Əуезовке
Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,
Заман – терек, адам соның бұтағы,
Мен туғанда, досым, сенің əкеңнің

Жазылыпты Абай жайлы кітабы.
Менің əкем соны оқып,
Ұзақ түндер отырыпты оңаша.
Біp биікпен табыстым деп тамаша,

Шаттаныпты балаша.
Айқара ашып аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын
Ниетімді құптар деп,

Бұл ecімдe ерекше біp құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұхтар деп.

– Ха-ха-ха! Көкіректе арман көп,

Біздің ауыл иттерінің аты да
Келеді ылғи «Бөрібасар», «Арлан» боп.
Бірақ əлі қасқыр алған біpі жоқ, –
Қасқыр түгіл қоян ұстар түрі жоқ, –

Деп күліпті төрде отырған біp кіcі.
Жұрт шаттығын су сепкендей басыпты
Əлгі адамның əжуалы күлкісі.
Əкем сонда бecігімe сүйеніп,

Кеп тұрыпты көңілменен құлаған.

– Ұлым, сенен сұранам,

Тірлігіңде бой көрсетпе жырадан.
Ұлым, мені таба қылма мынаған.
Қыран болсаң кеңістік көп қайда да, –
Деп сеніммен жымиыпты жай ғана.

Мен ержеттім

əлгіге қас қылғандай.
Қас қылғандай, қалжыңын тасқа ұрғандай.
Атқа міндім...

Болса да көп арманы,
Əкем марқұм ол күнді көре алмады.
Көре алмады ол тағдырдың мергендігін,
Ұланының жырдан гүл тергендігін.

Абай, Мұхтар бастаған елге əйгілі
Ұлы көштің соңынан ергендігін.
Сапар сайын олжасыз боп қайтпадым,
Көрмеді əкем талайдан бақ қайтқанын.

Көрмеді əкем баяғы калжыңбастың
Немересі жырымды жатқа айтқанын.
Мейлі, қасым көп болсын досымнан да,
Мейлі, қайғым көп болсын шашымнан да

Мейлі, мұңым сөз алсын тосылғанда,
Борыштымын, ecімін маған берген
Сенің əкең секілді асыл жанға.
Менің тұңғыш кітабым басылғанда,

Үміт оты алдымнан шашылғанда
Анам байғұс шаттықтан жарылардай,
Жыртық, ескі кeбіcін сүйрелектеп,
Көршілерге жүгірді күйбелектеп.

Сосын үнcіз тұрды да ойға қалып,
Үйренбеген əлі де тойға барып
Менің титтей елеусіз кітабымды
Ұлы томның қасына қойды апарып.

Мұның не деп айтуға жарамадым,
Досым, бұған мысқылмен қарамағын.
Перзентінен даналық күтетұғын
Əдеті ғой ежелден бар ананың,

Дей алмаймын өнерде бос қамалам,
Бос қамалсам жанымды жасқа малам.
Абай ақын біp басқа,
Мұхтар басқа,

Мен де, досым, ендеше басқа болам.

Жол іздеймін əлі ешкім бастамаған.
Өзіме шақ көгілдір аспан алам.
Сағынумен күн кешем мен ертеңді,
Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді.

Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді,
Заманымнан алғанша үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен күpecімді.

Мұхтар деген – киелі ат, марқұм əкем
Маған тегін қоймаған бұл есімді.
Мені осынау сенімнен айырма, Отан!
Қастарыма күшімді пайымдатам.

Өзім қанша мықтыны мойындадым.
Енді өзімді соларға мойындатам!

¦ШАЌ ‡СТІНДЕГІ ОЙ

Шаңқай түсте,
Яки нұрлы ақ таңда,
Нəн ұшақпен самғап бара жатқанда,
Көз салсаңыз төменге,

Біp тeгіc боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар.
Байқалмайды əжім-əжім қыраттар,
Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар.

Бұққан сансыз құпиялы ойларға,
Біp тeгіc боп көрінеді сайлар да.
Бір тегіс боп көрінеді
Қыр мұрынды қырқалар ала бөтен,

Сəулет бepіп жатқандай далаға кең.
Сөйтсем, мына қашықтық қанша сырды,
Сырт көздерден бүркелеп қалады екен.
Мен де сенен көп мезгіл қашық жүріп,

Назарымды жан-жаққа шашып жүріп,
Байқамаппын жаныңның жыраларын,
Жылан бұққан зымыстан ұраларын.
О, тағдырым,

Tіpeк бол тілeгімe,
Сабырлы ойдың қашырма сұрқын, тіптен,
Қас пен достың қажырлы жүрегіне
Тек жақыннан қарауға мүмкіндік бер!

Ал егер мен жақыннан қателессем,
Жақын келген бақытқа қуанбасам,
Жақын тұрған биікке шыға алмасам,
Жақын жүріп жауымды танымасам,

Жақын жүріп досымды ұға алмасам,
Өз қайғыммен өзімді жазалағын,
Онда менің өзіме өз обалым!

ЖАЊА ЌАЗАЌТАР

немесе
рухани байлыќсыз да мемлекет ќ±руѓа
болады деп ойлайтын
жас бизнесменге хат

Жаңа қазақ, шала қазақ жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын

Мына ғасыр, бəлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.

Қақпай қайтсін, бəрін сатып алуға,
һəм сатуға мүмкіндігі болғасын.
Сенде қазір думан дəурен, масат күн,
Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың,

Рухани байлыққа да тас аттың.
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып сырахана жасаттың.
Тез ашылып саудагерлік дарының,

Таудан, тастан қайтпастай өр арының,
Саудаладың Алматының жарымын.
Ұлағатты ұлы қазақ елінде
Сатылмайтын байлықтар да бар, інім.

Жалғыз саған борыштыдай бар халық,
Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып,
Кейкиесің қол беруге арланып.
Дегенмен біз сені туған ұлттың

Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық.
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар
Бəйтеректі мазақтаса құмай тал,
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар.

Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден
Кем сүйесің деп, қанеки, кім айтар?
Асау даусы əр қиырдан естілген
Ағаң бізбіз, ерте есейіп, кеш күлген.

Аман қалған талай қарлы көшкіннен.
Уақыт артқан абырой мен беделі
Сұрап, сатып алынбаған ешкімнен.
Желтоқсанда құрық түсіп арманға,

Жас буынның өзегін өрт шалғанда,
Yнсіздігі айналып зор қорғанға,
Дəл бүгінгі батырлардың көбісі
Үстеліне жасырынып қалғанда.

Найзағайлар жарқ-жұрқ ойнап аспанда,
Ұлтымызға ызғарлы үрей шашқанда,
Қыздарымыз қайсар мінез ашқанда,
Кей еркектер құдай қара басқанда

Ұқсағанда піштірілген қошқарға,
Қонаевтың жақсылығын көргендер
Қонаевты жалғыз тастап қашқанда
Сахаровқа іні болып табысып,

Горбачевпен, Крючковпен қағысып,
Талай залым алпауытпен алысып,
Біз тіккенбіз басымызды бəйгеге
Бар қазақтың ар-намысын ап ұшып.

Ұлтымыздың əр мұңының басында,
Салт пен сана, тіл мен дəстүр қасында,
Арал зары шапқан кезде насырға,
Қорғаушы боп тағы да біз жүргенбіз

Мейірім қосып мейірімсіздеу ғасырға.

Тамырсыз жан жұрт мұңына саңырау
Деген пікір рас па еді, тəңір-ау?
Неге болдық рухсызға қоңырау?
Қандай қорлық, ағыл-тегіл дəулеттен

Дəулеттінің жан байлығын танымау.
Дəcтүріміз тұрса екен деп күшінде,
Егемен ел болуды аңсап түсінде,
Ұлы арманы запыран боп ішінде,

Сан ғасырлық ұлтымыздың шайқасы
Сендейлерді тайраңдату үшін бе?
Мұндай бақты көрдің бе екен түсіңде,
Бүгін жұртты менсінбеген пішінде,

Шыға келдің айналып тас мүсінге.
Біздің қилы күресіміз кешегі
Сені атқа отырғызу үшін бе?
Біздің дəуір нарықтан кеп табылды

Бірақ, нарық жүрмей жатып жаңылды.
Нақ сол тұста сынап қалдың бағыңды.
Қоғам мүлкін заңдастыра жымқырып
Іс бастап ең, байлық сел боп ағылды.

Рухынан артық қойған қарынды
Шын безбүйрек болып шықтың алымды.
Нəтижеде жұрт қалтасы қағылды.
Ал əйтпесе мына үйлер, зауыттар

Қайдан тапқан дəулетіңе алынды?
«Бөлінсе де сана төртке, ми үшке,
Нарық заңы солай, жөнсіз тиіспе!» –
Дейді біреу шығып алып мүйіске.

Сонда қалай, кедейленіп бар халық,
Жүз-ақ адам бай болуға тиіс пе?
Жүз бай шырқап, миллион кедей аh ұрған,
Пайда тым аз жүз бай еккен дақылдан.

Кім бар жұртты тең баюға шақырған?
Фарабиден «Мықты ел кім?» – деп сұраса,
«Қайыршысы жоқ ел», – депті ақылман.
Сорласа жұрт рухсыздан сорлайды.

Қырандардан биік қойсақ торғайды,
Отанды кім торғайлардан қорғайды?
Рухсыздың, қайырсыздың баюы,
Бəлкім, ертең ұлтымызға зор қайғы.

Жинасаң да əлемнің бар алтынын,
Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Ешкім рух байлығынан бөлініп

Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным!

ЦЕМЕНТ

Серікжан Сейтжановқа
Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,
Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын
Топтасуға жаны ғашық,

Yгілгеннің бағын ашып
Тек тұтастық мүддесінен самғайтын
Құрылысқа арзан əрі тиімді,
Теңге ететін, қоңды ететін тиынды,

Жаңа цемент ойлап таптың, жас ғалым,
Құрмет көргей құмға жазған дастаның.
Азаматтық санамыздан ғылым озса не етерміз?
Аман тұрсақ əлі талай жаңалыққа жетерміз.

Бірақ мынау ұлтымызды жауырыны құрысқан,
Бірлік емес, байлық үшін жұлысқан
Бас басына би болуға тырысқан
Қалай, қайтіп біріктірер екенбіз,

Қалай, қайтіп кіріктірер екенбіз?
Рухсыз бен ұлтсыздың бағы жанған заманда
Басымды ием, дəл осы іске цемент тапқан адамға!

ТАРЫСЫ БАР АЙМАЌТЫЊ

Даттайды екен біp кінəңді ел білсе,
Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз.
Қызғанышы ізгілігін сөндірсе –
Нақ сол адам бақытсыз.

Көздер барда қадалатын тамсана
Шын сұлулық қалмақ емес назарсыз.
Қажырсыз ба, қанша сұлу болса да
Нақ сол адам ажарсыз.

Жабырқама,
Беліңді жаз бүгілген.
Еңкеймесін ер жігіттің атағы,
Ол солай ғой,

Түймедей бір мініңнeн
Бəз біреулер түйе жасап жатады.
Мойыма дос,
Неге əлсіздік байқаттың,

Тарылмасын көңіліңнің қойнауы.
Ойлашы өзің
Тарысы бар аймақтың
Мүмкін бе екен торғайлары болмауы?

ЌАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫ

ЌАБЫЛДАМАЃАН АДАМ ХАЌЫНДА

Кез болатын наурыз айы сəн құрған,
Дала жатты ecі шығып жаңбырдан.
Сол далада... жол үстінде бұралаң
Жасы алпыстың əуізіне құлаған

Мəшинеге қол көтерді біp адам.
Қиял құсы қалықтап,
Шат сезімі шарықтап өңіндегі
Жүргізуші ерекше көңілді еді.

– Көрші ауданға жеткізсең, ұлым, мені,

Шексіз алғыс айтар ем күні ілгepі, –
Деп жолаушы қулана күлімдеді.

– Жырақ əpі шет екен қонысыңыз,

Сізге кінə тақпайық ол үшін біз. –
Жүргізуші күлімдеп ecік ашты –
Қартты сыйлау – қашанғы борышымыз.
Ұзақ жүрдік.

Жол шеті көрінбейді,
Керім дала қасарып берілмейді.
Сыр тартыспақ болсақ та одан-бұдан,
Əңгімеміз шашырап өрілмейді.

Дəрігердей іздеген жүрек емін,
Кенет жерден тапқандай тілегенін.
Жүргізуші көзінен от ұшқындап
Жатқа соқты Қасымның біp өлеңін.

Лезде дəмді аузының тұзы құрып:

– Ə, Қасым ба, – деді шал тыжырынып,

Менсінбеген кейіппен маңғазданып,
Маңғазданып орнынан паң қозғалып:

– Бізден де жұрт кезінде арай көрген,

Қарсы алып ек, дүние-ай, талайды өрден,
Мен бастық боп тұрғанда осы ақының
Пəтер сұрап алдыма талай келген.
Tіпті жиі соғатын дамылдамай,

Қайтарушы ем көбіне қабылдамай!..

– Əуре еттім деп Қасымды əні нардай

Мақтанасыз ақыңыз əлі бардай.
Қане, жылдам түсіңіз мəшинеден, –
Деді жігіт ызадан жарылардай. –
Ең жайдары ақынды жаны көктем,

Албырт, алау таңдарға əні кеткен.
Ең айдарлы ақынды,
Ең айбарлы ақынды,
Халық сүйген ақынды,

Туған халқын жанып сүйген ақынды,
Туған елдің гүлі болған,
Заманының үні болған ақынды,
Мұқаттым деп мақтануға,

Мұқаттым деп шаттануға бола ма?
Сондай есер сезіміңіз үшін мен
Қазір сізді тастап кетем далаға,
Тез түсіңіз тимей тұрып кecіpім! –

Жүргізуші қатты жапты мəшиненің ecігін.
Р.S. Төбелер көп өмірде, ал биіктер санаулы,
Ұнатады ел сондықтан биікке көп қарауды.
Шымшықтар көп өмірде, ал сұңқарлар санаулы,

Санаулы олар, сондықтан жалпы жұртқа қалаулы,
Жылдар түмен зейнетін артқанымен қаншалық,
Қалаулысын қайда да қорғайды жұрт жан салып.
Туған өлке бағы үшін өccін, жансын, гүлдесін,

Қарсы қойма оларға мансабыңның мінбесін.
Келер албырт ұрпақтың жігіттері ceні де
Орта жолға жеткенде тастап кетіп жүрмесін!

ЖАРОКОВ К¤ШЕСІНДЕГІ КЕЗДЕСУ І Лаулата алмай бойдағы бар ұшқынды, Жүрген кезім армандап алыс қырды. Бірде мені Төлеген Айбергенов Тарлан ақын Тайырмен таныстырды. Күйін шepтіп өзінің сан-салалық, Бұлақ жатты көктемді аңсап ағып. Күн жексенбі. Сондықтан үшеуміз де Тауға барып қайтуды жөн санадық. Кез болатын кең жайған құз қанатын, Аспан жиі бозарып сызданатын. Алатауға өрлеген ақ қайыңға Қарап қойып сыр тартты бізден ақын. Жан eді өзі секілді дара қайың, Дара қайың болса да қарапайым. – Қане, Төлеш, – деп күлді ол, – жырыңды оқы, Қане сен де тартынба, балақайым! Күле қарап төбеден ай қабақ құз, Көп сырластық, көп жырды қайталаппыз. Жаңа жарқын ойларға ат шалдырып, Күн кешкіріп қалғанын байқамаппыз. Бас игізіп оң-солға теректі ептеп, Соғып-соғып өтті де жел өкпектеп. Қаба сақал қара бұлт қасын керіп, Қара нөсер құйды-ай біp шелектеп кеп. Бұл қырсықтан құтылу күш-ау бізге, Салу қиын əрине, тұсау күзге. Əр шыршадан пана іздеп жүгіргенмен, Сеп болмады. Су болдық үшеуміз де. Биік ұстап үйренген асқақ атын, Асқақ еді ол. Жаны да жас болатын. Суық өтіп кeтті ме, сəлден кейін, Боп-бозданып жөтеле бастады ақын. Күз көңілдің желігін ноқталайды. (Содан оны жұрт та көп мақтамайды). Жол бойында телміріп ұзақ тұрдық, Қас қылғандай біp такси тоқтамайды. Сенім барда үміт те сарқылмаған, Төмен түcтік тар жолмен толқындаған. Алдан біp үй көрінді

ал, қасында
Судан жаңа «Волга» тұр жарқылдаған.
Kім біледі көнерін, құп аларын,
Батылдандым. Сенімнен құламадым.

Дарбазасын қағып ем үн болмады,
Сосын барып əйнектен сығаладым.
Кездейсоқтық. Cіpə оның аз ба ceбі?
Mінe мұндай ғажап та кездеседі.

Төрде отырған нəн қарын сары кіcі
Менің жақын досымның жездесі еді.
Əpі туыс ағаммен етене еді
(Біp қолқамды қалайда көтереді),

Соңғы жылдар мерейі қанаттанып,
Басқаратын үлкен біp мекемені.

Сақта тəңір үміті суалғаннан,
Айым мұндай сəтімен туар ма алдан.
Еркін ашып қақпаны өзімсініп,
Kіpіп бардым ішкі үйге қуанғаннан.

Сəлем бердім. Сəлемі ұнамады,
Күңгірт тартты көңлімнің гүл алаңы.
Ұзақ үнсіз отырдық, бұрынғыдай,
Анамның да саулығын сұрамады.

Мінез көрдім бойынан алғаш бөтен,
(Бөтендік пен оғаштық жалғас па екен?)

– Ағай, – дедім, – жаңбырда қалып қойдық,

Машинаңыз жеткізіп салмас па екен?

– Жаяу жүрдік біз сендей жасымызда, –

Деп жымиды ол – байқатып тосын ызғар.

– Ағай, – дедім тағы да, – өтінемін,

Бір ардақты ақын бар қасымызда...

– Жоқтан-бардан қайтеміз кеңес құрап,

Кеңес құрап, келіссіз егес құрап.
Алматыда ақын көп,

барлығына Көлік беру міндетім емес, шырақ. Талабымды алғандай шоққа сұғып, Алдан жабық, мейрімсіз қақпа шығып Тұрып қалдым көзіммен жер шұқылап, Тасып кірген көңілім сап басылып. ІІ Жайсаң жырдың дəмін тез айыратын, Жасықтардың қанатын қайыратын. Жиындар мен тойлардың мінбесінен Көрінбейді бұл күнде Тайыр ақын. Не болды екен, тағдырдың көзі еткен бе? Шіpкін өмір, сараң-ау өжеттерге. Қайда сол біp достыққа ғашық адам, Жырын неге бермейді газеттерге? Сыйламасын бақ-дəулет төрін мейлі, Сонда да адам үміттен жерінбейді. Ағасынан жүлдегер ақындардың Менің Төлеш ағам да көрінбейді. Біp арманды біp арман жетектеді, Қырға шықты бұл күнде етектегі. Kөп болды ғой, өмірдің от толқыны, Ол екеуін ағызып əкеткелі. Ту биіктен шуағын жаяды арай, Жол кешпедік үмітті аяламай. Міне, қызық. Біp күні ойда жоқта, Шыға келді алдымнан баяғы ағай. Тым асығыс демалып иінінен, Сəлем берді. Өзгеше күйі мүлдем. Шеті сынған ыдыстай көңілі орта, Есіткен ем түскенін биігінен. Күні өткенмен күштіге табан тіpeп, Шіркін мансап болмапты-ау оған тірек. Сөз қозғады жаныма жақын келіп, Кінəлады ұмыттың ағаңды деп. – Ала жіпті, немене, кесесің бе, Өкпе қалсын өткеннің есесінде.

Кəне, қалқам, үйге жүр, қонағым бол,
Үйім мынау Жароков көшесінде.
Жібepмeй-aқ жылдардың тереңіне ой,
Оның үнcіз кеткені жөн еді ғой.

– Есіңізде бар шығар баяғы ақын, –

Дедім күліп, – Жароков сол еді ғой.
Көкірегін ақынның мысы басып,
Мысы басып, тəкаппар сұсы басып:

– Мүмкін емес, – деді ол дір-дір етіп,

– Mүмкін емес, – деді ол түcі қашып.

Маздақ жырды қашанда тойға дайын,
Ойға алайын, тағы біp ойланайын.
О сүйікті нұрлы өмір,

мүмкінсізді, Мүмкін еткен күшіңнен айналайын! БАРСЕЛОНА ƏУЕЖАЙЫНДАЃЫ С¦ЊЌАРЛАР Бұл не өзі, əлде даңққа ғашықтық? Талайлар жүр өлең-жырды кəсіп қып, Десек дағы іскерміз həм батылмыз, Біз солармен күресе алмай жатырмыз. Кедергілер көлденеңдеп күтпеген, Пəле болды көңіл жықпастық деген. Шығып жатыр, Шығып жатыр құлшынып, Бойсыз, Ойсыз, Тек ұшуға құштарлар, Құштарлықтан тұра ма əлде тіpшілік?! Жеке күйттеп əдеттенген бас қамын Біp-біpінe ұқсас, Ұcaқ құстардан Тазартамыз калай өнер аспанын??? – Деген сұрақ алдымызды кес-кестеп, Кешегіден келіп жетті бүгінге. Қиын, Қиын ойланбасақ түбінде. Құр қалбақтап ұшуды нысап тұтқан Ұқсастық пен ұсақтықтан Қашан қонар екенбіз біз зор парасат-пайымға… . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Барселона əуежайында Болды бірде ғажап жағдай таң қалар, Кілең ұсақ, майда құстар – шымшық,

торғай,

қарғалар

Билеп алып аспанды
Реактивті ұшақтардың,
Самғауына қиын кезең басталды.

– Бізді мұнша əлек еткен,

Бұл күтпеген пəлекеттен,
Құтылатын жол қайда,
Ғалымдардан, cіpə, көмек болмай ма?
Дүлей үрей құшағында азап шектік күнделік.

Майда құстар турбинаға
Жойқын ауа толқынымен біpгe еніп,
Бес нəн ұшақ іcтeн шықты соңғы айда, –
деп өтінді ұшқыштардың бастығы,

Ғалымдардың басшысы – үлкен қасқа маңдайға.
«Ғылым үшін, міне, жаңа тақырып»,
Қасқа маңдай аз ойланып отырып,
Табыстады іcті басқа маңдайға.

Басқа маңдай ертіп басқа маңдайды
Жете зерттеп, түсінгенмен мəн-жайды,
Құпияның құлпы ашылмай қасарды,
Түрлі-түрлі тəжірибе де жасалды.

Айлар өтті нəтижесіз күйбеңмен,
Ұшақтардың гүріліне əбден еті үйренген,
Қу құстардың əуежайды басынғаны соншалық,
Біpін-біpі шұрқыраса қарсы алып,

Біp-біpінe қоштау айтып тамсанып,
Таңнан таңға масайрады əн салып.
Тым бейхабар мынадай «ғаламаттан»
Мадридте оқитын

Ұлын көpіп қайтуға бара жатқан,
Тарпаң тағдыр сарқа алмаған қуатын,
Құзар таудың баурайында тұратын
Орманшы қарт үлкен қасқа маңдайдың

Еді жақын туысы.
О, сəттілік десеңізші қандай бұл!
Күллі өмірін орман бұрған
Туысымен қасқа маңдай шай ішті.

Сосын өзін толғандырған,
Əpі қатты арландырған,
Оқиғаға ойысты.

– Əй, балам-ай, балам-ай!

Ғалымсыңдар дүниені нұрландырған талғамы,
Қолдарыңда ғасырлардың толғағы.
Кейде ұстаз табиғатқа шəкірт көзбен қарамай
Шалыс басып қаласыңдар,

мынау соның салдары, –
деді орманшы күлімдеп, –
Қиын салдар қиын сауал туындатты десе де
Бұл – оп-оңай шешілетін мəселе.

Əуежайға төрт-бес сұңқар табыңдар,
Қайсарлығы көз арбайтын,
Ұсақ құсты көргенде төзе алмайтын
Сұңқар деген тіршілікке нағыз іңкəр дарындар.

Еркін ұшып шығу үшін биігіне қалаған,
Оларға сол арадан,
Жайлы ұя салыңдар,
Жəне ерекше жағдай жасап бағыңдар.

Сонда майда құстардың сұсы қашып,
Eңcecін сұңқарлардың мысы басып,
Іздеу үшін жанға жайлы басқа орын,
Тастай қашар сол əуежай аспанын.

Kөкіpeгін көрікті ойға бөлеген
Орманшы қарт, шынында да, болып шықты көреген.
Ұсақ құстан күрт тазарып, күллі əуежай аспаны,
Ұшақ біткен еркін самғай бастады.

Жеңіл соқпас осы қайсар заңдылықты меңгеру
Саған қашан келер екен кемел кез.

Міне, аға, сұңқарларға жол беру –
Майдаларға күрес ашу деген сөз.
Ал сен кімгe,
қай сұңқарға жол бердің?

Есіңде ме,
Кімге кімді теңгердің?
Қаптаған көп бала тайдан,
Суырылып шыққан кезде дара тай

Демедің ғой «Алақай».
Жеткергенов Жебегенге,
Айбергенов Төлегенге
Біp көзбенен қарап обал жасадың ғой, ағатай!

Енді бүгін қолдан билік, бойдан күшің қашқанда
Жалтақтайсың жан-жағыңа,

алақтайсың аспанға,

– «Сүйеніші,

Қамқоршысы,
Мектебі,
Емес пе едім
Асқаны ма неткені?

Ебін тапса ысырады шеткері,
Елемейді, сыйламайды», – деп мені
Өкпелейсің ұқсас əpі ұсақ қанат жастарға.
Иə, олар қадіріңе жетпеді!

Құтылам деме өзгеге артып кінəні!
Сен жауап бересің əлі,
Жолыңды салмай қиынға
Жөніңді таппағаның үшін,

Сұңқарлар болған жиында
Шымшықты мақтағаның үшін.
Құр қалбақтап ұшуды нысап тұтқан,
Ұқсастық пен ұсақтықтан

Біз əрдайым тиістіміз қорқуға.
Не ғаламат жатыр мына ғасырыңның бойында?
Желтең,
Мазаң ойменен

Жүргендеймін кейде мен
Барселона əуежайында.
Біp кез əлгі орманшы кеп қасыма
Балап мені баласының досына

Мейіріммен күлімсіреп жанары:

– Əне, ұлым,

«Уақыттың талабы
Ерте, кеш пе, бəрін жөнге салады.
Сұңқарына жағдай жасамаған ел
Майдалардың мазағына қалады» –

деп тұрғандай болады.

ЌАРАСПАН ЌЫПШАЌТАРЫ І Қараспанның əр төбесі, əр белесі ертегі, Топырағын басып қалсаң бір ертегі шертеді. Мына тастар қанды айқастың іздері ғой кешегі, Бұл арада бір кездері қала болған деседі! Жалқау жылдар өте берген, өте берген бұл жалған, Сол қаланың орнында бүгінде тек күл қалған. Жер астынан көз жіберіп сонау алғы күндерге, Менің ата-бабаларым ұйықтап жатыр бұл жерде. Ұйықтап жатыр. Тіпті көзің сенбес еді қарасаң, Ұйықтап жатыр қолтығына найза қысқан қара шал. Күні-түні дулығасын тастамаған басынан, Ұйықтап жатыр, жерін қорғап қанға бөккен жас ұлан. Ал, Арыстың ойлы өзені ойға шомып не түрлі, Сол жылдарға қарғыс айтып тұрған секілді. Күрсінемін, сол өзеннің жағасында мен тұрып, Ат суарған қыпшақтарды көз алдыма келтіріп. ІІ Өзен жатты құпиясын ішке бүгіп сыздана, Сол өзеннен су алуға келе жатты қыз бала. Жармақ таққан кəмшат бөркі сыңғыр-сыңғыр етеді, Құла жүйрік бұла көңіл қиырға озып кетеді. Ерке көңіл əр сыбдырдан ой аулайды елеңдеп, Қос етегі аяғына оралады көлеңдеп. Егер тағы көз жүгіртіп талап қылсаң көрем деп, Қос алма тұр сұлу қыздың бойжеткенін дəлледеп. Сол бойжеткен өзенге кеп шелегімен су алды, Өз бейнесін судан көріп жас балаша қуанды. Өзіне-өзі ғашық жандай қайта-қайта қарады, Иығына түскен шашын екі бөліп тарады. Өмір бақи сеніменен көз жазбаған бір елі, Арғы шетте бір жас жігіт ат суарып тұр еді, Бұл өңірде оған ғашық бойжеткендер қанша еді, Ол дарынды ақын еді, күміс көмей əнші еді. Есімі оның Отырар мен Сауран, Шағбар, Сайрамға, Қадірлі еді сонау шырқау көктегі алтын Айдан да, Өз елінің еркесі еді, жаны да оның ерке-тін, Жауға аттанған қалың қыпшақ соның жырын шертетін. Қараспанның жас-кəрісі соның жырын айтатын, Соның жырын айтып шəкірт мектебінен қайтатын. Өмір-бақи сенімінен көз жазбаған бір елі, Жағалауда сол жас жігіт ат суарып тұр еді. Күлім қаққан қызды көрді ол, ал қыз оны көрмеді, Ақ Шолпандай сұлу бейне ақын жанын тербеді. Кенет-кенет шошындырып шаттыққұмар жүректі, Жігіт көңілін шошындырып қалың қамыс дір етті. Жақын барып айқасуға əттең ара болды алыс, Қызға атылмақ боп тұр екен үлкен тарғыл жолбарыс. Қайран ару өледі-ау деп жігіт бір сəт үдірді, Садағын тез оқтай салып шірей тартып жіберді. Тайыншадай нəн жолбарыс қызға қарай тап беріп, Ыңырана құлап түсті жанарынан от төгіп. Қалды оның бар тірлігі сол қимылмен шектеліп, Міне солай жағалауда тарғыл мысық жатты өліп... Қыз жігітке жақындады ерлігіне таң қалып, Ақын жаны лапылдады бұл сезімді аңғарып. – Сізді мəңгі сыйлап өтем күш-қуатым келгенше, Бұл көрсеткен ерлігіңді ұмыта алман өлгенше. деді де ару жігітке алтын сақинасын ұсынды, Сонан кейін екеуі де төмен қарап қысылды. Жақын маңда жазда жырлап құстар əнге салады, Қалың қамыс арасымен Арыс ағып барады. Осы ұялшақ таныштықты не жетеді бұзғанға, Бірақ біздің жігіміз ұяң еді қыздан да. Ару соны сезінді ме, əлде үміті жанды ма,

Қалтасынан кестеленген орамалын алды да,
Туған жердің топырағын түйіп берді жігітке,
Кім біледі, сол сəт жаны берілді не күдікке.
Қыздың мөлдір ықыласы мұнымен де бітпеді,

Оның көңілі қаяулы еді, оның көңілі күпті еді.
Ақырында бұл сұраққа жігіт қойды нүктені,
«Жұма күні үркер жұлдыз туған шақта күт» деді.
Соныменен екеуі де атар таңды қиялдай,

Бір-біріне қол бұлғасып бара жатты қия алмай.
Нақ сол түні қамыс шулап сездірді бір сұмдықты
Ел іргесін жау шапты да бүкіл ауыл дүрлікті.
Нəзік арман құшағында мүлгіп жатқан қияны

Дүбірлете басып өтті тұлпарлардың тұяғы.
Батыр əркез дайын тұрар елге өмірін арнауға
Ту көтеріп кетті жігіт ата-жұртын қорғауға.
Жауды қуып тастағанмен туған жерден жыраққа,

Жұма күні сүйгеніне келе алмады бірақ та.
Іздеп барса ел қалған екен бір төбенің басында,
Жүзге жуық жау əскері жайрап жатыр қасында.
Қайран жігіт өліп жатыр, бір қолына ту ұстап,

Бір қолына туған жердің топырағын уыстап.
Саусағында жылтырайды қыздың берген жүзігі,
Маңай жым-жырт, естілмейді шыбынның да ызыңы.
Ал, алыста орағытып сонау сайын даланы,

Қалың қамыс арасымен Арыс ағып барады.

ІІІ Қараспанның əр төбесі, əр белесі ертегі, Топырағын басып қалсаң бір ертегі шертеді. Соққан дауыл тіршіліктің барлық сұрқын қашырып, Көне іздерді құмға көміп, кете берген жасырып. Содан бері бес ғасыр ма, он ғасыр ма арасы, Жатыр үнсіз ойға шомып Қараспанның даласы. Жер астынан көз жібіреп сонау алғы күндерге, Қаншама уыз махаббаттар ұйықтап жатыр бұл жерде. Мұңлы тарих, сені еске алмай тұра алмаймын,

қайтем мен
Ақ мақталар сол жандардың арманы ма қайта өнген?
Сол жандардың шашы ма екен мына жасыл құрақтар,
Сол жандардың көз жасы ма мынау аққан бұлақтар.

Алтын жүзік, кеше біздер тауып алған дөңесте
Сондағы өлген батыр ұлдың сақинасы емес пе?
Ұлы өмірдің қаталдығын ұмытсаңдар, адамдар,
Қараспанның биігіне шығып, төмен қараңдар!

Саған айтар бір сыры бар мылқау қара тастың да,
Өткен күннің бар белгісі жатыр құмның астында.
Құм астынан көз жіберіп сонау алғы күндерге,
Сенің ата-бабаларың ұйықтап жатыр бұл жерде.

Ата-бабаң құм астынан құлақ етіп қияқты,
Сенің əрбір қимылыңды тыңдап жатқан сияқты.

ЖОМАРТ Ж‡РЕК ТАЃЫЛЫМЫ

(Серік Əлиевті еске алу)
Қазанын оттан түсірмей кеткен, жомарттық жеңген

жүрегін,
Ақ көйлегімен туған, бақ көйлегімен туған азамат

ердің бірі едің.
Сараңның бір жыл жейтұғын асын бір сəтте ғана таратып,
Тұрушы ең содан рахат тауып, көңліңнен əппақ таң атып.
Санадан өшпес тарих екен-ау өзіңмен өткен жылдарым,

Ертіп кеп едім үйіңе талай əлемнің жайсаң ұлдарын.
Сыр шерткен ұлы Ғабит ағаң да отырып таныс төріңде,
Орыстың алғыр Евтушенкосы да, моңғолдың

ғарышкері де.
Жүруші ең дəйім бойыңа бойшыл, ойыңа ойшыл

тең іздеп,
Қырғызы қайың бүр жарған кезде Бішкекке келдің

мені іздеп.
Он күннен кейін жолығамыз дедің нар пейіліңмен еңселі,
Он күннен кейін, амалым қанша, табытта көрдім

мен сені.
Жарты жолға кеп қарсы алушы едің бет бұра қалсам

Талғарға,
Көңлімнің мұңын көзімнен оқыр, сірə, енді сендей

жан бар ма?
Өз ұлтын шексіз беріле сүйген, қаптатқан ойдан

тасқын əн,
Қазақтың мен де сормаңдай ұлы кей-кезде жолы

тас тұман...
Іздеумен өтем, аяулым, сені, жүрегі дарқан, дос қыран,
Сен де ылғи маған сəттілік тіле жеті қат жердің астынан!

РУХ МЕКТЕБІНДЕГІ М¦Њ

Төлен Əбдікке
Асқақ ұстап жастық туын,
Алпыс таудан астық бүгін.
Алла білер, алдымызда енді қанша қалды тау,

Барлық батыл ойларыңның алды – күрес,

арты – дау.
Кейде албырт Батырлық та Тасырлықтан кетпекке
Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке.
Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,

Ішіне даңқ сиғанымен, даңқы байлық жимаған.
Содан оған жұрттың көбі құлықты емес баруға,
Шу менен Бу дес бермейді мектеп парқын тануға.
Сол мектептің ұстазы едік, нəпсіге бас имеген,

Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.
Күллі рухсыз биіктердің парқы, даңқы сұйықтау,
Біз шыққан тау – Шындық тауы,

барлық таудан биік тау!

* * *
Тарихқа үңілсең, сезер ең,
Қай кезден басталған бұл сұмдық.
Ұлыға қанжарын кезеген, –

Күншілдік.
Бұл неткен зұлымдық, жаным-ау,
Бұл неткен ағаттық!..
Биікті биік деп танымау –

Нəмəрттік.
Арымды келемін қанат қып,
Жаныма біp тыным бермедім.
Бойымнан таусылса жомарттық,

Менің де өлгенім.

ЖАДЫМДА

ЌАЛЃАН

ЖАЙСАЊДАР

ОРАЛУ

(Мойынқұмдағы Қайрат Рысқұлбековтің
ескерткішін ашарда оқылған жыр)
Нақ төрінен мəңгі итжығыс түсіп жатқан майданның,
Жігеріңмен көктеп өтіп,

Ұлт мүддесін шекпен етіп,
Төбең бір сəт көкке жетіп,
Өз өлкеңе ескерткіш боп оралдың ба, айдарлым!
Жетекке алып саналы арман,

Бүршігіңді жаңа жарған шағыңда,
Денең қалып сонау Семей түрмесінің маңында,
Мойынқұмның топырағын қайта бастың кемелдеп,
Ара-жігі ерлік пенен ездіктің

Бір-ақ қадам екендігін дəлелдеп.
Қиын сəтте жалау еткен намысын,
Даңқың ассын, қайсар ұлан, жанын қиған ар үшін.
Ноғайбайдың перзенті боп Алматыға кетіп ең,

Бар қазақтың мақтаны боп қайта оралдың, арысым!

АЛЃЫС АЙТЫП ¤ТЕМ САЃАН

Рысбек Тұрысбековке
О бастан-ақ Мен Сен болғам, Сен, əрине, Мен едің,
Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің.
Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз,

Шын досы жоқ адамдарды аяу керек дейтінбіз.
Адал достық құдіретін ешбір сезім бөгемес,
Тіпті көзсіз махаббаттан оның даңқы кем емес.
Тірліктегі менің əрбір өрісім мен жеңісім

Ең негізгі қуаныш боп есептелді сен үшін.
Қалжыраған сəттерімде қайғы-мұңмен қағысып,
Пейіліңді қанат етіп, сен жетуші ең ап ұшып.
Енді бейнең алыс тартты қалың тұман ішінде,

Еш айырма болмап еді сөзің менен ісіңде.
Зор пенделік тарту күшін жеңе алғаның үшін де,
Саф адалдық ауасымен дем алғаның үшін де,
Маған шексіз жəне шетсіз сене алғаның үшін де,

Алғыс айтып өтем саған өңім түгіл, түсімде.

ЌАРАЃАЙЃА ЌАРСЫ БІТКЕН Б¦ТАЌ

Марат Қабанбайға
Қара күші той тойласып, жең ұшынан жалғасқан
Дəуір үнсіз томсарады, ар-намысын қар басқан,
Зиялысы жағымпаз боп, ділін сатып алжасқан.

Сондай шақта тек шындығын ете білген алдаспан,
Қарағайға қарсы біткен бұтақ ең сен, нарқасқам.
Қоғамды алға сүйрейтін де нарқасқалар, қасқалар,
Қасқа жүрер жолдарға ылғи орлар қазып тасталар.

Олар көзі тірісінде достан бұрын қас табар.
Ұлттың маубас сорлылығы, жеңілісі, ездігі
Өзі туған қасқаларға тор құрудан басталар.
Дүниенің бар сабынын жұмсаса да ағармай

Қалатындар жүруші еді саған тұсау таба алмай,
Ел тізесі бүгілмейді, рухы, тілі жоғалмай.
Ұлттық рух моторына болып едің жанармай,
Енді ұлтыңның төріндесің, қайсар Марат Қабанбай!

САФУАН ШАЙМЕРДЕНОВТІЊ РУХЫНА

Зиялы кім, зиянды кім?

Бұл күрделі сын-сұрақ
Келе жатыр ұлтымыздың ар-намысын шымшылап.
Күрт шегеріп қалың жұртқа өтімін,
Біздің кейбір зиялылар биліктің лас етігін,

Мұртыменен шөткелеуге көшкен рухсыз ғасырда
Кешегі асыл бүгін əлі асыл ма,
Кешегі дос бүгін əлі досың ба?
Кім шегініп, кім қалды,

Ұлтымыздың зардап шеккен тіл мен рухы қасында? Аға, сенің адалдығың, қайсарлығың осында! Тұрған шақта тұғырынан сенім қашып, дос тайып, Өзің едің Колбинге де қарсы шыққан қасқайып. Қатал науқас төсегіне жатсаңдағы таңылып, Жүрегіңде болат балқып, күш қайнап, Тілін сатқан басшыларға тіс қайрап, Елдік дара бағытыңнан көрмедің бір жаңылып. Ұлттан биік тұру үшін биіктетіп мінбесін, Тіл мен ділден алыс салып іргесін, Талай қазақ иеленді ұлтсыздық жүлдесін... ............................................................................ Сан тонналық топырақтың кірсең де енді астына Сен ағатай, сол күресте бізбен əркез біргесің! БОЛАТХАН ТАЙЖАН Жаралғандай ұлттық мүдде-санаттан, Жігіт едің елді аузына қаратқан. Қазақ халқы ұлтсызданған ғасырда, Тіл мен ділге құнтсызданған ғасырда, Сен бізге өте қажет едің, Болатхан... .............................................................. Енді саған бейішінің есігін Айқара ашсын құдіретті Жаратқан! ОРАЗХАН ЖАРЌЫНБЕК «Тіл шегінсе жер бетінде сорлы қазақ халқым жоқ, Тіл жеңілсе ұлтым – мəңгүрт, өзім құлмын парқым жоқ, Биліктегі ұлтсыздарға жалбаң қағар салтым жоқ», – деген ой мен тағдыр кешкен рух пен тіл сарбазы ең Сағыныш боп қалдың міне, інім Ораз Жарқынбек! Ұлт мұңымен араласты сеніміңнің жарығы, Сені бөгей алған емес ұлтсыздану қалыбы. Намыссыздың көбейгені намысыңды жаныды Жігіт едің ел дегенде тоқтау білмес арыны... Қабіріңе басымды ием Əл-Фараби өлкесінің рух-қанат нар ұлы! БƏЙТЕРЕК (Р.Бердібайдың қазасында оқылған жыр) Қазір бізде сақал-мұрты шошаңдаған қарттар көп, Жеке мүдде деңгейінен аса алмаған қарттар көп. Елдік, ұлттық күрестерде, Қуат таппай тірескенге, Кетті көбі басшылардың «туфлиін жалауға», Тіпті олардың кейбіріне жиренесің қарауға. Ал Рахманқұл – нар ағамыз,

оқ пен шоқты көп көрген,
Өз халінше ұлттық рухқа жігер берген, от берген.
Айта білді ақты ақ деп, ал қараны қара деп,
Сол үшін де атанды ол дара тұлға, дара бет.

Мұндай дара тұлға жоқта біз сорлылар қайтер ек?
Хош бол, қазақ рухынан бой көтерген бəйтерек!

ШЫНДЫЌ ТАУЫНА ШЫЌЌАН ЌЫЗ

(Көлік апатынан марқұм болған ұлтымыздың дара қызы
Бекқал Əбішке)
Кеудесінде елден ерек от лаулаған Бекқал қыз,
Рухсызбен, тамырсызбен тайталасқан «шоқпар» қыз.

Əлі сені қаншама жыл еске алармыз, жоқтармыз,
Санамыздың өзгеше бір биігінде сақтармыз.
Жігіттердің көпшілігі «мігіт» болған заманда,
Шыншыл ойлар құнсыз, сəнсіз түбіт болған заманда,

Билік көзін алартқанда əрбір ұлттық қадамға
Дəл өзіңдей бір қайсар қыз керек еді қоғамға.
Желтоқсанның мұңлы қырын сендей батыл кім ашты?
Кино тілі қанаттанып рух тілімен ұласты.

Шыншыл күрес аясында сөзің, ісің бөлекше,
Қаламың да қайратты еді көп қыздардан ерекше.
Күнде Алла тағаладан саулығымды сұраған,
Елдік, ұлттық қасіретіме менен бетер жылаған,

Жырларыма бүкіл бітім-болмысымен құлаған,
Мен сорлыға табыла ма енді сендей бір адам?
Арасында айырма жоқ сөзің менен ісіңнің
Бас жеңісі осында еді таза рухи күшіңнің.

(Осында еді пенделігі сан көрікті пішіннің,)
Содан сендей қыздың неге аз екенін түсіндім.
Əйелдердің көпшілігі «пəйел» болған заманда,
Біз шындығын жойғандарды санамадық адамға...

Ұлттық мүдде мұңайса егер пенделіктің дауынан,
Тіке қарап тұрасың сен қайсар Шындық тауынан!

ЖЕЊІС ПЕН ЖЕЊІЛІС

АРИФМЕТИКАСЫ

(ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттығына
кандидат боп тіркелген тұста жазылған жыр)
Сəлем, ұлы Сыр елі,
Күріш елі, ырыс елі, шындық елі, жыр елі.

Досы түгіл, қасына да əр кез ашық жүрегі
Өлкелік өр дəстүріңді бүкіл қазақ біледі.
Бар түрікке сағыныш боп қалып қойған өлместен,
Құдіретті Қорқыт бабам сенде туып, сенде өскен.

Көне дəуір көгіндегі біздің дара санамыз –
Топырағыңнан қуат алған Асан-қайғы бабамыз.
Оқшы əулие, ер Жалаңтөс, Қорасандай арындар –
Күллі қазақ төріндегі қайталанбас дарындар.

Сығанақтай қайсар қалаң – өзегіне өрт толған,
Шыңғыс ханға еңкеймеген ер қалпында мерт болған.
Олар дара мерейіміз тереңнен ой қозғаған,
Өз тарихын сараптамай, ешкім алға озбаған.

Тұзды, мұңлы тағдырыңа бақ тілеп ем үнемі,
Ортаңа мен қайта келдім, қасиетті Сыр елі.
Ру-руға бөлініп ап, ақты ақ деп талғамай
Тұрғаныңда оралғаным, бəлкім, сорым болмағай.

Кей рулық мүдделердің болашағы маңдайсыз,
Егер ұлт боп қала алмасақ, ру боп та қалмайсыз.
Базбіреулер бұл салада көрсеткенмен «өнерін»,
Таза ұлттық түйсігіңнің жеңеріне сенемін.

Түлкібұлаң заман келді қансыз əрі бедерсіз.
Ұлтымыздың даңқ шыңы – ұлы Абайды егер сіз
Тірілтіп ап, депутатқа кандидат қып салсаңыз,

(Таңғаларлық, дал боларлық күлкілі іс бұл,

нансаңыз),
Біздің мына рухсыздау ер жігіттер өрелі
Одақ құрып, Абайға да күрес аша береді.
Тіпті жеңіп шығарына күмəніңіз қалмасын,

Не сұрайсыз, құм басқан соң ізгіліктің арнасын.
Сол Абайдың шəкірті едім, жолы жиі болмаған,
Қайсар, асау шындығы үшін қалың елі қолдаған.
Ал ƏДІЛДІК үйленіп ап ЖАЛҒАНДЫҚТЫҢ

қызына,
Күйеу бала, сүйеу бала ретінде сызыла,
Дəуірінің ыңғайымен ниеті, ойы бұзыла,
Ортақтасты атасының сүбелі дəм-тұзына.

Міне, солай сорлы ƏДІЛДІК əрі-сəрі күн кешіп,
Қазір қайын атасының атына жүр мінгесіп.
Тым тұрақсыз БАҚЫТ ҚҰСЫ елпелектей асыға,
Ұшып барып қонақтады ЖАЛҒАНДЫҚТЫҢ

басына... Уақыт бəрін орнына қояры хақ күні ертең, Мен ұтылсам, сен де бірге ұтыласың, ұлы өлкем. Қара күш пен зұлым күштің ақындықты жеңуі – Ол, əрине, қоғамдағы ізгі ойлардың өлуі. Жеңіске бақ əперген бе пенделіктің даңғыры, Бұған дəлел бола алады Махамбеттің тағдыры. Жалаң дəулет қуатымен дараланбас даңқымыз, Өйткені рух жеңілгенде, жеңіледі халқымыз. ЌАЗАЌТЫЊ БАС Б¦ЛШЫЌ ЕТІ (Қажымұқан қабірі басындағы ой) Сол кезгі нəн тракторды екі артқы дөңгелегінен көтеріп, жүр гіз бей қоятын, 15–20 еркек жабылып майыстыра алмайтын ұзынша жуан темір ді мойнына галстук етіп орай салатын, күш өрісін əлі күнге де йін бірде-бір қазақ қайталай алмаған, құлагер рухты даламыздың ұлы палуа ны Қажымұқан біздің үйге келгенде, əкем өзінің бес жасар перзентіне, яғни маған сауын етіп отырған жалғыз ешкіні атып ұрып, ауыл қа рия ла рын түгел жинап, қонақасы беріпті. Тым ерке əрі тентектеу болғандықтан ба, төрде жамбастап жатқан, 215 килолық «тау адам» – Қажымұқанның үстіне шығып сырғанақ ойнаппын. Сонда бетінен оты шыға ұялып, «Түс, ойбай, мұның не?» деп ренжіген анама Қажекең «Баланың батыл қиялына тосқауыл болма лық» деп, менің қимыл-қарекетімді денесіне шыбын қонған құрлы көр мей, кеңк-кеңк күліп, ауыл қарияларымен əңгімесін жалғай беріпті палуан атамыз. Кешкілік Қажымұқанды шығарып салған соң, əкемнің анама ри за лықпен бұрылып: «Басқа əйел болса, жалғыз ұлға талшық етіп отырған ешкіні сойғаның қалай?» деп қарсыласар еді. Кез келген пенде айта алатын сол сөздің сенің аузыңнан шық-пағанына бақыттымын», – деген сөзі жадымда сақталып қалыпты. Тұлпар далаң, іңкəр далаң айтып жатыр алғысын, Қабіріңе бас игендей тəкаппар тау, қарлы шың. Күллі қазақ əйелдері толғатса да қанша рет Туа алмастан келеді əлі саған ұқсас нар мүсін. Ұлтымыздың қара күші, дара күші армысың, Біз аспаған биіктерден сенің даңқың қарғысын. Беске толған шағым еді.

Қасқасудың төсінде
Беу, Қажеке, əкемді іздеп келген кезің есімде.
Шетте жүріп мекенінің амандығын сұраған,
Кезеңі еді əкемнің ол көңіл шыңы құлаған.

«Туған жерден мені іздейтін бар екен деп бір адам»,
Құзар тауға сүйенгендей сені құшып жылаған.

Сен əкеме жігер беріп, мейіріміңнен от өріп, «Мына ұлың палуан болсын!» – дедің мені көтеріп. Жə, палуандық қайда маған, нəзік, жұқа кескінмен Жел үрлесе құлайтындай қауқарсыз боп өстім мен. Бұл не тағдыр, сусыз көлдің қоғасындай мəні кем, Тəн қуатын күйттегеннің жығылдым мен бəрінен. Намысыма қамшы басып, бірақ қарап қалмадым, Өзің жеңген жарты əлемді мен де біраз шарладым. Ой қуатын жарқыраттым талай көңіл көгінде Бəлкім, мені намысымен палуан болсын дедің бе? Бір шынары атансам мен сен сүйенген Отанның, Мүмкін түскен нұры шығар сонда берген батаңның. Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан, Қара күште əлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған. Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан, Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан... Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң Қанатсызды мойындамас рухыңмен бұрқаған Сол бір салтың тірі тұрса тұрар əр кез ұлт аман, Даңқың ассын, елімнің бас бұлшық еті, піл табан... БАЙЛЫЌ ПЕН САРАЊДЫЌ ЭЛЛЕГИЯСЫ Зауытбек Қарабековке Ойыма түйгенімді көңіліңізге келсе де айтайын. Шымкентте, Сіздің 60 жасқа толуыңыздың құрметіне өткен үлкен жиынға қатыстым. Сіз ге 30-дан астам шапан, əртүрлі бағалы ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. «Мені құрмет тұтқан адамдардың бəріне ерекше алғыс се зімім ді білдіремін. Өкпелей көрмеңіздер, өмірлік ұстанымым солай» дей келе, əлгі сыйлықтардың бəрін ұлтымызға өз шама-шарқынша сəу ле - сін түсірген ауыл, қала қарияларына, бір кезде өзіңізге қол ұшын берген адамдарға, жас ақын-жазушыларға үлестірдіңіз. Арқаңызға жа былған сол тұстағы шапандардың құны 100–150 доллардан кем емес екенін ескерсек, осының өзі біраз қаржы емес пе? Тіпті, біреу гобелен сыйлап еді, оны да бір кісіге арқалатып жібердіңіз. Газеттен оқыдым, Қыр ғыз елінде өткен тойыңызда да дəл осындай мінез көрсетіпсіз. Бұл нендей дарақылық екенін түсінбедім?! Ал, «Жас Алаш» газетінде Сізді «шет елге барып жүрегін емдетуге ақша таба алмай жүр» деп жазды. Бар мүмкіндігіңізді тыраштанып осылай шаша берсеңіз Сізге дүние қай дан жиналмақ? Əлде дарақылықтан рақат табасыз ба?.. Жерлесіңіз Д... Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы (Авторға жолданған хаттан үзінді) Адал адам ешқашанда байи алмайды. Менандр. Өз нəпсісін тыя білген адам ғана – нағыз бай. Ф.Вольтер. Тумысынан пенделікке, сараңдыққа байланған, Бірнеше елді асырауға күші жетер байлар бар. Асханада ерте, кеште, не кезеңде түстенер, Əлгі зор бай екі адаммен бірге тамақ ішсе егер. Тұлдыр, тақыр сараңдығы атой салып миында Дірілдемек сол тамаққа төленетін тиынға. Қадамымыз дəрменсіз бе жомарттыққа баулуда,

Сараңдық та ұқсамай ма жазылмайтын ауруға?
Жомарттықсыз адамзаттың шамы шырқау жана ма,
Сараңдық ол – əр тиынды туыс санау ғана ма?
Əлде байлық түп тамырын сараңдықтан ала ма,

Содан, сараң байыса да сараң болып қала ма?
Анда-санда қоға ішінен кездесер бір жалбыздай
Жомарт байлар неге сирек, бəлкім,

намыс, қан мұздай?!..
Иə, байлар көп ғұмыр кешкен

шын қуанып күлместен, Байлығы өсе түскен сайын сараңдығы бірге өскен. Бірақ дархан кедей аз ба, тірлігіне сұрапыл Күн туса да, əр қимылын ізгілікке бұратын. Өзгелердің алғысынан өз тағдырын құратын, Өзгеге еткен жақсылықтан лəззат алып тұратын?.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Айып па екен кедей парқын үлгі тұтса бір ақын?.. Заман мынау, қайыры жоқ жалтыр құзды аралдай, Қиналсақ та емделуге кейде қаржы таба алмай Тағдыр жазғай сол ізгілік өлкесінен қайтпауға, Жəне хақым бар ма Аллаға үлкен алғыс айтпауға Бірнеше елді асырауға күші жетер сараң бай Дірілдесе,

біздей еркін, жомарт кедей бола алмай...

ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫНЫЊ РУХЫН

жəне

ШƏМШІ ЌАЛДАЯЌОВЌА ЃАШЫЌ

БОЛЃАН ЌЫЗДАРДЫ ЌОРЃАУ

– Отырардың əн, жыр даңқы қазір екеу ғанамыз

Ал, рухи көшбасшымыз Əбунасыр данамыз.
Екеумізді он орайтын өтті қанша бабамыз
Тіпті оларды түсінуге жетер емес санамыз.
Сол тұлғалар арасында біздер мүлде баламыз,

Біз төменнен санағанда бірінші орын аламыз, –
деді Шəмші Қалдаяқов бұдан отыз жыл бұрын,
Əуеніне жалғап тұрып Сырдың сұлу сыңғырын.
Құм астында ешбір асыл қазынаға бергісіз,

Ғұламалар жатыр əлі ұрпағына белгісіз.
Біздің өлке сол ерлерін неше ғасыр сағынды?
Көйлек киген қайғы мұңнан,
Көне тарих айдынынан

Тағы отыз Отырарлық əл-Фараби табылды.
Отырардың көне халқы пайымды əрі зейінді.
Отырарда Александрия қаласынан кейінгі
Кітапхана болып еді əлемдегі ең үлкен

Сол ғаламат оқырман рух бұл заманда жеңілген.
Иə, қазіргі Отырарда рух отын жағарлық,
Шын оқырман үшеу-төртеу... саусақпенен санарлық.
Сан ғасырлық ой-сананың қоры болған Отырар,

Білім, ғылым ордасының зоры болған Отырар,
Ізденбейтін қанатсыздың соры болған Отырар,
Бүгін мүлде басқа күйде, заты жоқ та, аты бар.

Бүгін жұртты билеп алған жеке мүдде, бас қамы.
Таңғажайып кітапхана – өр парасат дастаны
Өртелсе де ұлы монғол əміршісі қолымен,
Шыншыл рух қоршалса да зұлымдықтың торымен

Жұрт шатасып Шыңғыс ханға алғыс айта бастады.
Үн қосты оған кей Отырар қарттары мен жастары
Құлдық сана болмақ па енді ұлтымыздың асқары?
Фарабилер отанынан – біз туылған өңірден,

Түйсік, сана алғырлығы сегіз ғасыр шегінген.
Сол данышпан бабалардың бізге бөлген үлесі –
Ұлтты жəне тіл мен рухты сақтап қалу күресі.
Бұл маңызды күресте де тым алшақтап арамыз,

Ру-руға бөлініп
Елдік, ұлттық топтасудан жерініп,
Іс түгілі ой қосуға жетер емес шамамыз.
Бірақ, шүкір, Отырардың қайсар даңқын құлаған,

Əніменен асқақтатты қайсар мұртты бір адам.
Ойланды да, ізденді де таңды ылғи таңға ұрып,
Аз-ақ жылда бар қазаққа жіберді əн салдырып.
Мойындатып əуен, əуез көгіндегі ғажапты,

Өз ұлтына бет бұрғызды ол талай шала қазақты.
Міне осылай, қалың жұрттың бола білді сүйеуі,
Жəмила атты Қалдаяқтың келінінің күйеуі.
Əрқашан да өзін тастап жел мен оттың өтіне,

Дүние, мүлік дегендердің қарамады ол бетіне.
Тіршіліктен кетті солай ұлы сазгер саналы,
Бар байлығы – қалтадағы мүштігі мен қаламы.
Кетті өмірден, алшысынан бір сəт тұрмай асығы,

Қазақ түгіл дүнген, сыған қыздарының ғашығы.
Іні-досы ретінде мен, бармай бері, əріге,
Алғыс айтам оған ғашық болғандардың бəріне.
Рухани парасаттан тасаланса кімде-кім,

Қорлағаны азаматтық һəм тарихи міндетін.
Көркі Баян сұлудан да кем түспейтін, нансаңыз,
Ұлтын, тілін сатқандарға ғашық боп жүр қанша қыз.
Біз неліктен жеке мүдде ой-ағымын тасыттық?

Ең қауіпті іс – рухсыздыққа, ұлтсыздыққа ғашықтық.
Фараби, Абай, Шəмшілерге рухи ғашық болмаса,
Ең көрікті арудың да сұлулығы далбаса!

Ќымыз жəне ќарттыќ шаќ, Малайзия королі мен оныњ ж±байы немесе АЙТМАТОВ НЕГЕ ¤КПЕЛЕДІ? Малайзияның королі ХІІ Туанку Сайед Сираджудуддин ибни АльМаркум Туанку Сайед Путра Джамглайлге мен төмендегі өлеңде айтылатын əзіл əңгімеге қосымша, ХХ ғасырдың əйгілі ақындары Расул Гамзатов пен Давид Кугультиновке іні-дос болғанымды, үшеуміз КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат боп жүрген кезімізде мен оларға, қа зақ та «Қ» əрпінен басталатын, ерекше назар аударарлық «қымыз», «қазы», «қыз» атты үш еліктіргіш қуат бар екенін, ол үшеуінен бойын шет ұс та ған дар ды ұлтымыз жігіт деп есептемейтінін əңгімелегенмін. Бір күні Алматыдан оралсам, «Мəскеу» қонақүйіндегі бөлмемде екі-үш орам қазы қойылған тоңазытқышым бос тұр. Қымыз құйылған бө телке лер де жерде домалап жатыр. Біраз уақыттан кейін бөлмеме Расул мен Давид еніп: «Қонақүй кезекшісіне бөлмеңді аштырып, сенің қы мыз бен қазы туралы əңгімеңді сынап көруге бел байладық. Енді, біздің де Алпысбай мен Жетпісбай тудыруға шамамыз келетін сияқты!», – деп əзіл де ген-ді. Қалада тұратын болғандықтан қымызды анда-санда бір ішсек те, оның Жетпісбай, Сексенбай, тіпті, Тоқсанбай тудыра алар қуатына сені мім шексіз. Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қымызды өзі нің күнделікті тағамына айналдырған бір əйелдің 57 жасқа толған ша ғын да қошқардай ұл туғанын естіп сүйсіндім жəне қолынан қымыз іш тім. Өйткені, қазақ топырағында осындай жасында дүниеге перзент əкел ген əйелді көрген де, естіген де емес едім... Бізбен жарқын амандасты Малайзия королі, Қимылынан байқалғандай іскерлігі өрелі. Ал, əйелі ұшқын шашқан көзінен, Əлдеқайда жастау екен өзінен. Ұлттық тағам əрбір ұлттың мақтан тұтар еншісі, Екеуіне қымыз құйды Қазақстан Елшісі. Əдетінше биліктегі сан тəкəппар серінің, Қымызды олар шетке ысырды, сəл тигізіп ерінін. Мұндай сəтте ұзақ үнсіз, тілсіз қалу мəнді ме? Екеуіне қарап тұрып бастадым мен əңгіме: – Король мырза, біздің қазақ елінде, Жолы дархан, орын алған сенім, құрмет төрінде Жетпісбайлар, Сексенбайлар,

Тоқсанбайлар тіптен көп.
Содан талай қартымыздың жастық-шағы біткен жоқ.
Шын еркектік көп қанатты, көп санатты, жоталы,
Ері сексен, тоқсан жасқа келген кезде тоқалы

Ұл туса оған Сексенбай деп, Тоқсанбай деп ат берген
Ұлтымыздың шалдарына құдай сондай бақ берген.
Бұл жағынан еліңізде үлгі етердей ғасырға,
Еркек бар ма ұл туғызған сексен-тоқсан жасында? –

Деп сұрап ем, екеуі де жарыса бас шайқады.

– Міне, – дедім, – мына қымыз басқаша əуен айтады.

Қымыз алпыс ауруға ем, дене мұңнан аршылар
Қымыз жалқау шалдардың да еркектігін қамшылар!..
Осы сəтте маған күле, оймен қарап шынайы,
«Кəне, іш» деп ерін түртті корольдің жас жұбайы.

Біраздан соң екеуі де үзгендей бір шідерді,
Қымыз толы нəн кесені тартып-тартып жіберді...
Өмір – жарыс, болсын əркез шаттық ұзақ, мұң қысқа.
Қымыз, король жайлы айтып ем

аға-досым Шыңғысқа:

– Сен қымыздың елден-ерек құдіретін сұрапыл,

Жетпісбайлар, Сексенбайлар тудыра алар қуатын
Неге есіме салмағансың жеңгең жастау кезінде?..
Енді ол істі жалғау жағын қалдырамын өзіңе.
Қартаймауда жатыр біздің шын еркектік бағамыз, –

Деп көзінен жас аққанша күлген еді ағамыз.

Жастық рухты сақтап қалу ерлікпен тең ұққанға,
Көп жыл бұрын Айтматов жетпіс жасқа шыққанда:

– Шалым, қарттық-шақпен, міне,

келіп тұрсыз бетпе-бет, –
Деп ем, үш күн сəлемдеспей жүрді маған өкпелеп.
Иə, қарттықты мойындамау ердің басты құралы,
Жастық кімде? Бақыт соған қайсар мойнын бұрады.

Қайсар, шыншыл еркек қана елдік мүдде шынары.
Өмір мені Айтматовқа іні етіп сынады.
Қазір жасым ұлғайса да, сөнбей өрлік құмары,
Біреу «шал» деп айта ма деп зəрем ұшып тұрады...

ЌАЙШЫЛЫЌ

Жолдар жатыр жаза алмастан бүкір белін кайқиған
Сол жолдардың өн бойынан ертелі-кеш шалқиды əн.
Дала жатыр кеуде керіп, ал даланың төсінде
Бір топ есек жайылып жүр құлақтары салпиған.

Оларға не, шөп пен судан тарықпаса жетеді,
Шындығында ойлау деген есектердің не теңі?!
Жатар орны даяр болса жəне ешкім мінбесе,
Тіршіліктен мəңгі-бақи өкінішсіз өтеді.

Мен білемін, бұл даладан талай қанат қаққан жыр,
Бұл даланың гүлдерін де талай қыздар мақтап жүр.
Көктем дарқан қолыменен сыйға тартқан гүлдерді
Амал қанша, амал қанша əлгі есектер таптап жүр.

Сенде туып, арманының əнін саған арнаған,
Қыраның бар құшағыңда емін-еркін самғаған.
Сол гүлдерге өмір беріп, оны есекке таптатқан,
Қайран дала, сенің осы мінезіңе таң қалам.

Ќ¦ДАША

Бас имей бұрқасынға
Өтті де жылдар ағып.
Туған жер қырқасында
Қап қойды бұл балалық.

Қайтемін оны даулап,
Тек арман мүлгімейді.
Біp сезім омыраулап,
Кеудемді тілгілейді.

Арайлы ақ тілекпен,
Қанша үміт сабақталды.
Қаншама өтті көктем,
Мен сені жоғалтқалы.

Кезімде гүл атпаған
Kөpіп ең өзің мені.
Ешкімді қуантпаған
Қауқарсыз кезім бе еді?!

Күлкіңнен нəр алып біp,
Аулыңа барғанымда,
Жүргенсің балалықтың
Балауса орманында.

Қонақжай сыйыменен,
Біp шерткен көңіл күйін.
Əпкемнің үйіменен
Kөpші еді-ау сенің үйің.

Ай маңдай мұратымның,
Kінəcіз ceнімі үшін,
Жиі кеп тұратынмын
Өзіңді көру үшін.

Шақырса құба дала,
Гүл қуып қыр асамыз.
Мен едім құда бала,
Сен едің құдаша қыз.

Қызғалдақ қырдың сəні,
Жебейтін арман атын.
Мен үзген гүлдің бəpі,
Біp саған арналатын.

Жан едің дала көңіл,
Өзгеше ең, ерек едің,
Мен сені бар əлемнің
Kөpкінe теңегенмін.

Сол сезім нұр ұсынды,
Жанымның жайлауына,
(Бұл кейін тынышымды
Алар деп ойладым ба?)

Біp күні дүрілдеген
Той болды көрші ауылда.
Қыз десе күлімдеген
Жігіттер қанша мұнда.

Сыртта би қызды тіптен,
Сол кезде сен де келіп,
Бейтаныс біp жігітпен,
Биледің дөңгеленіп.

Нұрға орап жаңа отауды
Түннің біp ортасында,
Ай туды Алатауды
Жамбастап арқасына.

Сазанды терең көлдей
Шоршыдым, тосырқандым.
Ал жігіт көлеңкеңдей
Қалмады қасыңнан біp.

Бұлай деп аңдамағам,
Таңдантты-ау сырың мені,
Айтшы, бұл əлде маған
Көрсеткен қырың ба еді?

Жанымды ызғар ұстап,
Намысым арығандай.

Лап етпе қызғаныштан
Шақ тұрдым жарылардай.
Той тарқап таң алдында,
Қонақтар жолға аттанды.

Сол жігіт сені ауылға
Шығарып салмақ болды.
Адасқан орманынан
Еліктей тұрып қалдым.

Сонан соң соңдарыңнан
Біраз жер жүріп бардым.
Сонан соң жалт бұрылып,
Қаштым мен тауға қарай.

Кеудеме от тығылып,
Жүрегім лаулағандай.
«Тоқта» деп айқайладың,
Соныңды қалдым ұғып.

Даусыңды қайталады,
Кең дала жаңғырығып.
Өpлігім алға сүйреп,
Қайрылып қарамаппын.

Сен менен алғаш рет
Алыстап бара жаттың.
Сол түннің құмар қылған
Өзгерді мəні мүлде...

Тек даусың құлағымнан
Кетпейді əлі күнге.

ЛА-ВАЛЕТТА МАЊЫНДАЃЫ Т‡Н

немесе

ЌАСИЕТ М¦НАРАСЫ

Мальта қызы жиырма үшке толғанда
Иек артып арманға,
Жанары жайнап,
Шашына олеандр гүлінен жемелек байлап,

Қоштасып бал дəурен шағымен саялы,
Өртеніп іштен, толғанып, алқынып,
Нəн үлкен ыдысты терезе алдына қояды,
Əбден қызарып піскен

Алма мен бананға толтырып.
Бұл – бойжеттім дегені.
Міне осылай сынға түспек сұлу қыздың беделі.
Ал үміткер жігіт біткен қақпа алдына тұра қап,

Алма-кезек өз бақытын сынамақ.
Кім ұнамақ бұл сайыста, кімнің даңқы құламақ?
Қыз отырар терезенің жабығынан сығалап.
Бірі мұңлы гитар тартып, бірі назды əн салып,

Бірі қыздың сұлулығын жырға қосып тамсанып,
Күн батқанша өз өнерін көрсетеді жан салып,
Жанын салған өнерпазда намыс жатар қаншалық?!
Егер де қыз терезеден саған күліп қараса,

Той қамына кірісе бер, бағың жанды. Тамаша!
Yйлендің бе, бітті əңгіме, жолың болсын, мархаба!
Ажырасу туралы заң атымен жоқ Мальтада.

– Жарың жайсыз боп жолықса, бақыт іздеп жаңадан,

Əуреленбе, өліп қана құтыласың сен одан, –
деді Мальта тарихшысы көзбен қарап жұмбақты,
Жанарында сөзбен айтып жеткізе алмас мұң жатты.

Мұңыңды ұғар жан табудан не бар екен қымбатты.
Көк теңізді кешіп барып, алауланып күн батты.
Сары аралдың сəні болған, сары мəрмəр қақпалы
Жымыңдайды Ла-Валетта қаласының оттары.

Осы маңның бүкіл тыныс тіршілігін қолға алып,
Арнасына шалқып симай теңіз жатты толғанып.
Толғанбаса теңіз теңіз, адам адам бола ма?
Біз бөлініп шетке шықтық, үнсіз тұрдық жағада.

Yнсіз тұрдық,

– Аға, – дедің біраздан соң сен маған,

– Аға, – дедің. – Мен бір жанмын,

бақ жұлдызы жанбаған.
Сырымды ашсам сенгендігім, бұйырмаңыз айыпқа,
Кейде өзімді ұқсатамын ескегі жоқ қайыққа.
Қандай қорлық, шынымен-ақ ескексіз боп

қалдым ба?
Осы ұзақ саяхатқа шығар жолдың алдында
Шорт үзіліп үмітім,
Ойда-жоқта тастап кетті сенген, сүйген жігітім.

Көкірегімде өшпенділік барда мен де өшпеймін,
Бұл қылығын қашан көзім жұмылғанша кешпеймін!

– Жоқ, сен оны сүймейсің, сүймегенсің жəне де.

Шын махаббат, қалқам-ау, қара күшке көне ме?
Шын махаббат қасиеттен құралатын мұнара,
Қасиетке сызат түссе, мұнара аман тұра ма?!
Ғашық адам сүйгеніне өзінің

Жаманшылық ойлай ма екен сірə да?
Тек жүрегін салар жерде білек күшін танытқан,
Білек күшін танытам деп тілек күшін арытқан
Тура сенен айнымаған сұлу қыз

Бір кез маған жолыққан, –
деп едім мен, жалт бұрылдың сен кенет,
Жалт бұрылдың көкірегіңді бір қара күш желкелеп.
«Тоқта, тоқта, қара күштің адымы əркез келте», – деп

Тобығыңнан теңіз суы қағып жатты еркелеп.
Қайрылмадың, жауабымды ауыр алдың көңілге,
Адал, батыл мойындау да түспес қалқам жеңілге.
Тек табудан, жоғалтудан, іздеуден,

Тұратұғын мына қатал өмірде!

ДАРА ТАЛЃАМ ЌАСІРЕТІ

Зор рухи бұла күшке кім тосқауыл бола алар?!
Нағыз ақын мəңгі жастық шуағына оранар.
Үш мың жасқа тартқан Гомер одан əрі жол алар,
Үш ғасырды жеңген Байрон əлі жап-жас саналар.

Қартаймау – бұл нағыз жеңіс үлгісіне барабар,
Оған куə – жастық шағын жалау еткен даналар.
Қара күштер қажытса да, сəулелі ойға күз алыс.
Неге Абайда бес əйел бар,

ал Пушкинді жүз он үш
Қыз-келіншек тұс-тұсынан шуақ шаша қоршаған?
Дон-Жуандық емес пе бұл?

Аң-таң əлі ел соған.
Жо-жоқ, сезім құдіретіне сенімін кім азайтты?
Бірде Ғабит Мүсірепов бұған былай уəж айтты:
«Кездескен жан қуаты мен арайынан жалындар,

Пушкин, Абай... ғаламзатта сирек туар дарындар.
Əркім өзі шыққан таудың биігінен ой керер,
Егер олар ақылы мен сезіміне сай келер
Жар іздесе рухының аңсау, тарту күшімен

Жəне ол жанды таба алмаса жүз он үштің ішінен,
Тіпті мыңның арасынан жолықпаса сыңары,
Дара талғам – түйсігі үшін болғаны ма кінəлі?»
Иə, ұлы тұлғалармен ортақ түйсік табарлық

Нағыз əйел əр ғасырда саусақпенен санарлық.
Наталья – Пушкин жары, шықпай пенде шеңберден,
Жұрттан асқан сұлулығы əлсіздікке жол берген.
Күйеуі оның мəңгі тірі қалып қойды өлгенмен,

Ал ол өзі – басқа жерде, басқа еркекпен жерленген.
Енді осыған қарсы мысал:

Ылғи құрмет төрінде
Жүрген сұлу əйел болды менің туған жерімде.
Сүйген жары Отан қорғау соғысына кеткеннен
Оралмаған, арман, сенім қалдырып тек өткеннен.

Өмір, шіркін, адалдардың ниетіне қарай ма,
Бесіктегі тұңғыш ұлмен жалғыз қалу оңай ма?
Ой, заман-ай, он тоғызға жаңа шыққан шағында
Соғыс бітті, тəтті үмітін айналдырып сағымға.

Күйеуінің айқындалмай не тірісі, өлгені,
Жалғыз демеу еткені тек – қара қағаз келмеді.
Сезіміңнен сенім қашса – үмітіңнің семгені.
Ешкім жеңе алмағанды жеңгені,

Ешкім сене алмағанға сенгені –
Қайсар талғам иеленген адамдардың өрнегі.
«Сұлу, сұлу дегендердің көпшілігі көңілшек».
Атанса да ол ауылдағы ең əдемі келіншек,

Күздің мұңлы жаңбырындай көңілден мұң төксе де,
Əр түні бір жылға татып, дөңбекшумен өтсе де,
Күте-күте күтуді де мамандық қып алғандай,
Күн мен бұлттан өзге ешкімді

мойындамас заңғардай,
Өзі құлай сүйген жанға теңестірер күш таппай,
Бір еркекті жақындатып, білегінен ұстатпай,
Төзім жоқта сүю жоғын дəлел етіп сезімге,

Тіршілікпен қош айтысты ол кемпір болған кезінде.
Өжет-қайсар естелігі өткен жойқын ғасырдың
Сол дара əйел анасы еді менің жақын досымның.
Əне, талғам құдіреті жəне оған беріктік...

Біз ғашықсыз сезімдердің шаттығынан зеріктік.
Намыс түгіл ар мен ұят сатылар бұл заманда –
Өр талғамдар жойыла ма, бастар сара қадамға?
Бір-бірі үшін өлімге де бас тігетін аянбай,

Шын ғашықтар кездеспей ме

Қозы Көрпеш-Баяндай?

Талғам күшін амалсыздан тек үмітке нанғыздық... Рух, сана жалғыздығы – ең азапты жалғыздық. Ері өрлер заңғар шыңға ілеспеу не тырыспау, (Тырыспаудың бас себебі: рух-тауда туыспау!) Дəл осыдан басталады ұғыспау мен шығыспау, Шығыспаған түйсіктердің тағдыр-талқы құныстау. 1+1 – ғұмыр заңы, заңға сыймас талғам бар, Өр талғамның жолында өлді небір шырқау армандар. Аруларда азап нұрын болашақтан күткен аз, Содан көзі тірісінде бақытты ақын тіптен аз. Дара талғам... Ол да қайғы... тең күш аңсап алаңдау, Мың əйелдің арасынан өз сыңарын таба алмау. Жəне мұның өкініші жанды қалай өртемес? Əр тағдырға оны ұғынар кезең келер ерте-кеш... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Пушкин, Абай тектестердің жылағаны жылаған, Рух, сана биігінен қол созғанша бір адам. Ж¦БАЙЛАР БАР ƏЊГІМЕСІ ТАУСЫЛЃАН Гамбург сотына біp əйел күйеуімен ажырасатыны жайлы өтініш тапсырды. Бітімге шақырған сот мүшелеріне əйел үзілді-кесілді қар сы тұ рып, мынадай уəж əйтты: – Біpгe тұрмыс құрған 17 жыл ішінде жұбайымның менімен əң гі ме сі үш-ақ сөйлемнің төңірегінде болды. Таңертеңгі айтатыны – «қа йыр лы таң», кешкілік жұмыстан оралған соң «Тамаққа не бар?» – деп сұ рай ды. Ал сағат тілі түнгі 11-ді көрсеткенде, «Ұйқыға жатайық» дейді. Сот əйелдің күйеуімен ажырасу талабын орынды деп тапты. (Газеттен). Тағдырыңды қатыгез де, сараң де, Сен сүйгенмен ол сүймесе шараң не? Махаббат ол – қос жүректің əні ғой, Өзіне сай дауыс керек əр əнге. Сүйіктім-ау, Cəнcіз өміp мəнді ме? Мəнсіз адам шырқай алмас əнді де. Бəсеңдетпе, Қарлықтырма даусыңды Бақытсыз боп қалмау үшін мəңгіге. Сүйіктім-ау, Əнсіз өмір мəнді ме? Əн түзелсе түзейміз ғой сəнді де. Жұбайлар бар əңгімесі таусылған Ал махаббат – таусылмайтын əңгіме!

ДОСТЫЌ ¤ЛКЕСІНІЊ ЗАЊЫ

Икрам Төлеевке
Алдымызда қанша сауал тосылды,
Өмір бізді ерте үйірді биіне.
Сəби кезім.

Біpгe ойнайтын досымды
Epтіп бардым нағашымның үйіне.
Сəбилік шақ!
Сүттей аппақ кезең бұл,

Аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы.
Досым «киіп көремін» деп əжемнің
Аңдаусызда көз əйнегін сындырды.
Енді қайттік, амал-айла азайып,

Құтылуға өткел іздеп тарықтық.
Досым менің ұяң еді ғажайып,
Əжем өте қатал еді, жарықтық.

– Бала мұнша бола ма екен мазасыз,

Қане, қайсың көзəйнекті сындырған? –
деді əжеміз, – қалдырмаймын жазасыз,
Сындырған кім? Алдыма кеп тұр жылдам!
Енді қайттік, кім ұсынбақ көмегін?

Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды:

– Мен сындырдым, кешіріңіз... мен едім... –

Дeдім үнсіз төмен салып басымды.
Біp ерекше дүлей мінез тосып ек,
Шіркін, адам табиғаты-ай сан қырлы.
Қанша ашулы болғанымен осы рет

Əжем мені жазалаусыз қалдырды.
Лезде қайта көтеріліп еңсеміз,
Kөңіліміздің айдынынан күн күлді.
Сол сəтте інім сыбыр етті:

«Сенбеңіз,
Көзəйнекті қонақ бала сындырды».
Əжем кенет ашу буып күйгелек
Ашу буып аң-таң болып қалды да:

– Жүр бepі, – деп құлағымнан сүйрелеп

Epтіп барды нағашымның алдына.
«Қой, бəйбіше, дау тудырма бекерге, –
Деп нағашым əңгімесін жалғады, –
Айып па екен, өзін бepіп қатерге,

Ер жігіттің досын қорғап қалғаны.
Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куə ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта досын сатқан адамдар!

* * *
Байқаймысың,
Байқаймысың
Мына ғажап тамашаны:

Біp адамға байланысты біp адамның болашағы.
Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өpіcінe,
Біp адамға байланысты біp адамның жеңісі де.
Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі,

Қозы-Көрпеш аман тұрса, Баян сұлу өлер ме еді?
Исатайды жеңбесе жау, Махамбетті жеңер ме еді,
Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?
Қайран ақын – сұңқар қиял, наркескен он,

батыл арман,
Исатайдан айрылғанда жер бауырлап жатып алған
Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның,
Досы барда алшысынан тұрушы еді асығы оның.

О, сұмдық-ай,
Жаулық сезім парасатты паналапты,
Исатайдың өлімімен Махамбетті жаралапты...
Қадірлім-ау,

Көз жіберші асау жылдар өpіcінe,
Біp адамға байланысты біp адамның жеңісі де.
Кейде мені мұқатпақ боп жаулар сені жамандайды,
Ал егер сен жамандалсаң бұл, əрине, маған қайғы.

Басымызға шиыр-шиыр күн туғанда күстаналы,
Кейде мені жеңу үшін жаулар саған күш салады.
Тайғақ өміp жолдарында сүрінгенде тірек алар,
Сүйенішім сен екенін айтпастан-ақ біледі олар.

Əлемнің бар ажарынан бізге достық сымбаттылау
Мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол,

қымбаттым-ау. Б¤ДЕНЕ ТАЛАНТТАР мен ЌАЖЫМ¦ЌАНДАР Өмірге даналыққа тамыр жіберген дара дарынды адам келгенін қалай білуге болады? Түк те қиындығы жоқ. Кілең орташа қабілет иелері мен жүн бастар сол адамға қарсы ұйымдасқан түрде күрес аша бастайды. Джонатан Свифт Бөдене – орташа салмағы 70-80-100 грамм тартатын, еті тəтті, үні де құлаққа жағымды құс. Адам баласы бұл жəндіктің жұмыртқасын да əуес ас санайды. Əйтсе де бөдененің етін жеп жари қоймайсың, үнін тыңдап та құмарыңнан толық шыға алмайсың. Сондықтан да мүмкіндігі шағын дарындарды, шағын қабілет иелерін «бөдене таланттар» деп атаған жөн сияқты. Өйткені, бүгінгі таңда өнерде, əдебиетте, ғылым мен саясатта да бөдене əншілер, бөдене ақындар, бөдене жазушылар мен журналистер, бөдене саясаткерлер қаптап кетті. Басқа салаларда да солай. Қажымұқан-талант деп кімді айтамыз? Əрине, олар өте сирек, анда-санда жолығатын құбылыс, кей салаларда мүлде жоқ... Бір ғана мысал келтірейін: Талдықорған қаласына жақын маңда Нұрмолда Алдабергенов деген шаруашылық басшысы еңбек етті. Ол өткен ғасырдың 50–60-шы жылдары ең артта қалған колхозды республикадағы ең үлгілі ша руа шы лық деңгейіне көтерді. Сол кезгі бірде-бір шаруашылықтың өңі тү гіл түсіне кірмеген екі қабатты үйлер, сəулетті мəдениет ошағын, екі қатарлы жол салдырды. Шет елдерге шыққан сапарларында Қа зақ станда мүл дем өспейтін жеміс ағаштары мен өзгеше шешек ататын гүлдер дің 39 көшетін ерінбей, жалықпай туған ауылына əкеліп отырғызды. Ел дік рух қа, ұлттық мүддеге жақын жүргендіктен Сəбит Мұқановпен, Бауыржан Момышұлымен, басқа да əдебиет, өнер қайраткерлерімен сырлас, дос болды. Ең кереметі осы бір ізденгіш адам қашан да өзгенің ең бе гін бағалауға бейім тұрды. Басқалар болса «бір ауылға бір Еңбек ері жетпей ме, өзім бармын ғой!» дер еді. Ол өзі басқарған шаруашылықтан 20-ға тарта Социалистік Еңбек ерін баулып, даңқ биігіне көтерді. Кейбір қызғаншақтар кең тынысты Қажымұқан дарынның өрелі істерін те ріс бұрмалап, ұлтымызда қалыптасқан «дəстүр» бойынша КОКП Ор-

та лық комитетінің Бас хатшысы Н.Хрущевке хат жолдап, дау тудырып еді, ол тағы да ең артта қалған шаруашылықты сұрап алып, оны да аз уақытта алдыңғы қатарға сүйреп шығарды. Міне, шаруашылықтағы Қажымұқан-талант. Бірақ қазіргі билік қоғам да өте сирек ұшырасатын Қажымұқан дарындардың ел арасында ерекше бедел жинап кетуінен қауіптеніп, оларды бөдене таланттардан тө мен ұстаудың, қажет кезінде алаяқтарға жығып берудің сан түрлі жолдарын меңгеруде өзгеше қабілеттілік танытуда. Нұрлан Есқалиевке Ертелі-кеш ұлылыққа ауғанымен аңсары, Біздің қоғам ергежейлі дарындардан шаршады… . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Япырай, бұл не, ұлтымыз алыптықтан суынғаны ма? Жүз қырық жылдай өтсе де Қажымұқанның туғылғанына, Күллі қазақ əйелдері жыл сайын

жабыла толғатқаныменен,
Намысын өр кеуде еркек қуаттарға қорғатқаныменен,
Əкеле алмаған соң өмірге жойқын күш –

жаңа Қажымұқанды,
Əр əйелдің өз күйеуіне өкпе қыжылы, назы тұтанды.
Əркім жеп-жеңіл, жеке салмағында чемпион атанса,

бітті ме?
Иландырмас мені қырық килолық

«бөдене» палуандар тіпті де…
Қажымұқан рухын иеленген далаға етуде бүгін иелік
Қанша мың бөдене бастықтар

бөдене ойларға сүйеніп.
Материалды байлық тарландарын ғана құдірет,

арыс көретін,
Перзентін бабасының тілінде оқытуды намыс көретін,
Тек өз қалтасына ғана лақылдап құйылар кірісті білген,
Шаршады халқымыз қуыршақ əкімдер мен

министрлерден.
Қуыршақ заңгер, полиция, кəсіпкерлер қаптап келеді,
Ұлтына мұрнын шүйіріп, əдебиетін,

тілін таптап келеді.
Тұйықтан шығар жол іздер жігері,

санасы жалындап ерек,
Əр салада бізге дарабоз Қажымұқан дарындар керек.
Ергежейлі бөдене таланттар,

жоқ сендерде болашақ таңы,
Қайдасың Қажымұқан шаруашылықтағы,

ғылым мен саясаттағы?
Тұлпар туған биені біздің ұлтымыз

ешқашан соймаған,
Осы дара дəстүрде мазмұн бар тереңге

басқаша бойлаған,
Қажымұқандық жоқ, қарадан ақ бөлініп

дараланбайынша,
Қоғамда тұлпар ой туғызар еркектер бағаланбайынша.
Шындықтың əрбір ісіне жалғандық

сақылдап күліп тұрғанда,
Бөдене ойлар тақымдап,

билігі бар жерде жүріп тұрғанда,
Шықпас деп қазір кім айтар қайсар

қанаттылар халықтан зерек?!
Рухтың табанындағы шөңгені алатын,
Жабайы капитализмді де жөнге салатын,
Қоянның көжегіне ұқсас ергежейлі қалыптан бөлек,

Қоғамға бүгін Қажымұқан қуатты дарындар,

алыптар керек!..
Қажымұқандарсыз түзету мүмкін бе

қазіргі сұрқай жағдайды?
Қажымұқандарын қолдамаған халық

биікке шырқай алмайды!

ЌАУІПТІ МОЛЕКУЛАЛАР (OH, H2O, NH3) Əлімжан Құртаевқа Санатты-санатсыз, қанатты-қанатсыз ғасырлар аясында қазақ жерін де бір ғана дін – Ислам діні салтанат құрды. Кейіннен орыстандыру сая са ты ның ағымына орай екінші дін – христиан діні келіп қо сыл ды. Бү гін гі таңда елімізде сала-саланы қуынған төрт мыңнан астам заң ды түр де тіркелген сан қилы діндердің бөлшектері, ұйымдары бар. Ислам дінінің өзі жүздеген тармаққа жол алған. Соның бір тармағы ғана – дұрыс, қалғаны – негізгі бағыттан ауытқу. Америка діндерді бөлшектеуге, ірітуге, оларды өзара бəсекеге ендіріп, таластыруға жыл сайын 11 миллиард доллар қаржы бөліп отыр. Сол қар жы ның үлкен бөлігі Қазақстанға келіп құйылуда. Егерде сіз, мұ сыл ман ретінде, намазды күнбатысқа емес, күншығысқа қарап оқыта тын жаңа тармақ ашамын десеңіз, осы мəселемен шұғылданатын арнайы, жасырын топтың құрметіне, қолдауына ие боласыз... Бірақ өмір де шатасу мен шатастырудың жетістікке бағалануынан артық сора қы лық бар ма екен? Темір мен темір қосылмайды екен, Мың градустан артық балқытпаса егер. Көңіл мен көңіл қосылмайды екен, Қос үмітке ортақ жол шықпаса егер. Сау басты дауға шататыны қалай, Ежелден бұлар ойқас қауым ба? Бітіспес жаулық жататыны қалай Молекулалардың шайқастарында? Ізденсең терің тамшылар əлі, От керек отпен бəстесуге де. Енбеген заттар бар шығар əлі Менделеев шалдың кестесіне де. Тартады не сый заманың тағы, Шын достықтың ғана табылмас құны. Жасасын құрылыс алаңындағы Құм менен цемент бауырластығы! Шошынған үміт, тосырқаған арман, Ызалы мұңын себуде саған. Молекулалары қосылмағандардан Қаншама зиян шегуде ғалам. Бұзылды лезде отасқан талғам, Бірікпес бұлттар ауып келеді. Рухы, діні шатасқандардан, Абайла,

үлкен қауіп келеді…

ЌАЛДЫБЕК Ќ¦РМАНƏЛІНІЊ С‡ЙІКТІ ¦ЛЫ М¦ХТАР-ШАХАННЫЊ ТОЙЫНДА АЙТЫЛЃАН ТІЛЕК Сенің əкең шығарып бір «шатақты» Ат пен текті бір есімге матапты, Бір перзентін атап «Шəмші-Қалдаяқ», Ал өзіңді «Мұхтар-Шахан» атапты. Əнмен жазған шын еркектік дастанды, Қайран Шəмші, маған аға-дос болды. Соны ойласам жанарыма жас толды... Енді оның ешкім тұсау сала алмас, Тежей алмас ұлы өмірі басталды. Мұхтар-Шахан, тұрсың сəби парқыңда, Жоқ əзірге күш, абырой, даңқың да, Қызықпайсың билікке де, алтынға. Бірақ өмір өзгертеді сені ертең Қалу арман осы таза қалпыңда. Шіреніскен шендер жəне шекпендер – Негізінен ұлт мүддесін тепкендер, Космополит өнегесін сепкендер. Тіпті түрі, тілі қазақ десең де Əлдеқашан ұлтын сатып кеткендер. Намысы өлген сатқындарды алға сап, «Қазақстандық ұлтты» бірге қолдасақ, Ұлтпен бірге өзіміз де сорласақ Құнымыз не? Иеленбе атымды Егер қазақ халқын сақтай алмасақ! Билік ұлтқа тастап құлдық ноқтаны, «Қазақстандық ұлтты» ойлап тапқаны («Ұлтты» «елге» ауыстырып жатқаны) Қазақ халқын жүрегінен атқаны. Кілең ТЖ1, ОрКетҚаз2-дар бірлесіп Бұл бағытты «керемет» деп мақтады... Бір нүктеде – өкініш пен қиылыс, Қазір дара еркек болу қиын іс, Жəне қиын пенделіктен тыйылыс. Мен де жүрмін қайсар Мұхтар бола алмай... Ал сен барлық Мұхтарлардан биік ұш, Бар Мұхтардың шыншылдығын жиып ұш... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Табар сені сонда ұлттық сүйініш! 20 маусым, 2008 ж. 1 ТЖ – туфли жалағыштар. 2 ОрКетҚаз – орыстанып кеткен қазақтар.

ТЖ-лар –– ТУФЛИ ЖАЛАУШЫЛАР І Жағымпаздық – бұл заманда басты өнер, Шындық оған бола алмай жүр тас кемер. Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес, Арын сатқан жағымпазды ескерер. Дəуірдің де даңқы солар төс керер, Оны ойласаң, жанарыңа жас келер. Кеудесінде жалғандықтың мұзы бар, Қажет кезде мұз үстінде қызынар, Басшы алдында жас келіндей сызылар, Кілең «туфли жалағыштар» – ТЖ-лар. Оларды ертең адалдықтың тұзы ұрар. ТЖ-ларға егер бөгет қоймасақ, Ұлтымыздың ауа райы бұзылар. Ей, қарт ТЖ, қамқорсынып тасыма, Қарасаңшы сақалыңа, шашыңа, Ел сенімін ақтағаның осы ма? Атанғанша жалғандықпен ашына, Беделіңді намысыңмен асыра, Күлкі болдың қасың түгіл досыңа. Биліктің лас көн етігін тіліңмен Жалайтындай не күн туды басыңа? Оң мен солым сансыз ТЖ, күлем бе, ТЖ-ларын көтерген даңқ-кілемге Əлде қарғыс тиді ме екен бұл елге? Тек күні үшін жалбаң қағып иілген Пəс кеудеге асқақ рух түнер ме? Самал қажет індет бұлтын түрерге. Жағымпазын тау санаған, Шыншыл ұлын жау санаған ұлттың Мүмкіндігі аз мазмұнды өмір сүрерге... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Мінезсіз ұлт айналмайды ұлы елге. ІІ – Жан шындығын жоғалтып ап

сорлағандар қаншама,
Сөйтіп өзін-өзі аямай қорлағандар қаншама?
Жағымпаздық біздің ұлттың тағдырын

күрт өзгертті,
Өтірікке қанша сенсең, қасіретің де соншама.
Қайда апарып соғар екен бұл індеттің ақыры? –
Деп мұңайды бірде маған қарт түрікмен ақыны.

Иə, шындығын жоғалтқандар айналаңда жүр қаптап,
Мансабы үшін, не күні үшін оңға, солға сырғақтап.
Қасқыр мінез заманынан түлкі болып жеңілген,
Тоқсанды асқан жағымпаз қарт қоштасқанда өмірмен

Қаншама адам мақтау айтты:

«Ізгі жан бұл не деген,
Өзгелердей қиқар, асау мінезі жоқ тебеген.
Атқа қонған мықтыларды жылы сөзбен жебеген,
Тірлігінде бір пендеге «өкшең қисық» демеген...»

– Біреулердің нақ осылай шатасарын біліп ем, –

Деді Шындық екінші бір қайсар ақын үнімен. –
Жалғандыққа өр мінезін шекара ғып кімде кім
Қоя алмаса – ұтылғаны, ұқпауы бас міндетін.
Жұртты қалай тоқтатпақпыз əділетсіз бағадан?

Қазіргі ең қадірлі қарт – өз пікірі жоқ адам.
Ешкімнің де көңлін жықпай, бас изеумен есейген,
Елді аздырып біткен жоқ па осы

«жалпақ шешейлер?»
Ақ пен қара шайқасында зорлық жеңсе арлыны,
Əділетсіз – үнсіз бұғып қалғандардың барлығы.
Жағымпаздық – жұқпалы ауру, қан мен ойға таралған,

Бұл бейдауа қасіреттен ұлтты қорғау – зор арман…

«ЕКІ ШЫЊЃЫС ¤НЕГЕСІ ЖƏНЕ

МƏЊГ‡РТТІК ЌАСІРЕТ»

(Бішкекте, аға-досым Ш.Айтматовтың
қайғылы қазасында оқылған жыр)
«Екі Шыңғыс ғұмыр кешті мына

ұмытшақ ғаламда,
Екі дара із қалдырды олар елге, заманға.
Екеуі де дарынымен, жалынымен лаулады,
Бірі қылыш, найза кезеп, бірі рухпен баурады.

Екеуі де сан миллион адамдарды жаулады,
Екеуін де еске сақтап қалды қырғыз таулары.
Оның бірі – даңқ көгіне зорлығымен тырмысқан,
Жарты əлемді қан қақсатқан

бас қолбасшы Шыңғыс хан.
Екіншісі – қару еткен рухи-намыс қанатын,
Қара күшке қарсы қойған зор адами санатын,
Əр жүректің айдынында ізгілік боп жанатын,

Жаңа Манас – ұлы Шыңғыс Айтматов болатын...
Ол көтерген мəңгүрттену мəселесін алалық,
Неге қазір сол қасірет емес мұңлы жаңалық?
Бұл ғасырда мəңгүрт болу тіпті бақыт саналып,

Нақ бір қажет игіліктей жатыр жұртқа таралып.
Қалың елді осы індеттен сақтандыру мүмкін бе?
Үш-төрт қазақ, қырғызыңның бірі мəңгүрт

бұл күнде.
Ұлттың жеткен жері осы ма қанша ғасыр

жол жүріп?
Мəңгүрт емес басшы көрсе таң қалатын

болды жұрт.
Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсінбеудің мұңы бар,
Кінəлілер сөзсіз оның кие-күшін ұғынар...
Қаптап кетті өлкемізді əңгүдіктер – əңгүрттер,

Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да мəңгүрттер.
Бұл бағытпен мүмкін бе ертең

ұлттың ұлт боп қалмағы?
Міне, Айтматов ойларының салмағы

мен толғағы...
P.S. Сені өлді деп кім айтады Шыңғыс аға,

Шың аға,
Əр шығармаң қайталанбас жеке, ұлы мұнара.
Жетінші рух түйсігінің жотасынан жағар от,
Сендей дос жоқ мен сорлыға,

сенен жақын аға жоқ.
Көз жұмуың ұлғайтқанмен жүрегімнің жарасын,
Тынбай жалғай бересің сен ел мен елдің арасын.
Иə, екінші Манассың сен, Манаспен тең данасың.

Күнде рухпен, сөзбен емдеп мəңгүрттердің

санасын
Жəне ана-табиғатпен тауып мəңгі жарасым,
Енді Алатаудан да зор

ШЫҢҒЫС-ТАУ боп қаласың!»
14 маусым, 2008 ж.

Ќ¦ЛДЫЌ САНА ЗАРДАБЫ немесе Т¤РТКЕ Б¤ЛІНГЕН ЌАЗАЌТАР Сорлы ұлтымыз жаралғандай азап пенен мазақтан... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Қазір елде төрт бағытта дамып жатқан қазақ бар: БІРІНШІ ТОП –

тілін, рухын, салт-дəстүрін сақтаған,
Яғни ұлттық құндылықты жан-тəнімен жақтаған,
Үш жүз жылдық құлдық сана арнасымен ақпаған,
Сол үшін де қоғамынан құрмет, қолдау таппаған.

Ұлттық жəне гуманистік ойлары үшін өрелі,
Билік оны «халық жауы» деңгейінде көреді.

ЕКІНШІ ТОП –

жұлдызды топ маңдайына бақ қонған,
Орыстану ғасырының сеніміне тап болған.
Туған баба – туған тілі сəл өгейлеу, жат болған,
Ылғи билік қолдауында тақымына ат қонған.

Əсіресе егемендік алған жылдар ішінде,
Ұлтқа деген бойкүйездік тұрды шырқау күшінде.
Қызметі өсіп, ой-санасын баурап мұңсыз «ғажап күн»,
Бағы жанды тілін, рухын менсінбейтін қазақтың.

Осы адасу аясында бұл топ ұлттан шеттеген,
Бірақ түгел тексізденіп, қансызданып кетпеген.
Егер шындап ұлтты сақтау іс-жоспары құрылса,
Жəне билік бұл шараға көз бояусыз бұрылса

Тілге деген үміт, сенім қатар орнап жанарға
Байырғы ұлттық арнасына бұрылмақшы олар да.

ҮШІНШІ ТОП –

мүлде ана тілсіз өсіп-өнгендер,
Баба рухын алты қырдың аржағына көмгендер.
Космополит.

Тағдыр парқын тамырсыздық жеңгендер,
Бірден «əлем азаматы» боларына сенгендер.
(МҒҚ – олар. Бұл сөз əзіл, ал ұлт үшін шемен сөз,
Мағынасы – «Мордиясы Ғана Қазақ» деген сөз).

«Қазақстандық ұлт» та осы рухсыздар өрнегі
Бұл идея іске асса егер ұлтымыздың өлгені.
Иə, олардың жан сарайы қаланған соң жат қолдан,
Қазақтығы тек түрі мен есімінде сақталған.

Сондықтан да ұлт пен тілге сенім, көңіл хошы жоқ
Қазақ тілі жойылса егер той жасайтын осы топ.

ТӨРТІНШІ ТОП –

қауіпті топ, бұрын мүлде болмаған,
Қажет кезде өз тілінде мүдіріссіз сарнаған.
Секілденіп көрінгенмен ұлтын, тілін қорғаған,
Қандастары екі жүзді мінезінен сорлаған.

Зор көрші елге ұнау үшін ұлтын тастап табанға,
Бұл топ туған тілін тұсап, барды өрескел қадамға.
Бір шындық бар, егер адам сыйламаса өз тілін,
Өз анасын шетке қақса, өгей етсе өз ділін,

Оның басқа ұлт, басқа ананы сыйлайтыны өтірік,
Ол жаңғырық заңын ешкім өте алмайды секіріп...
Ана тілі құнсызданып, тек алға өрлеп бас қамы,
Орыстанды халқымыздың жарымынан астамы.

Барлық ұлтқа құрмет, сенім – əр адамның төл ісі,
Шын орыстық гуманизм – мазмұнды ұрпақ өрісі.
Ал бірақ та орыстану – құлдық сана жемісі,
Бізді мəңгүрт етпек болған империя жеңісі...

Бұл топ бейім мейрімді етіп көрсетуге кіл өзін,
Пайдаланып қазақтың кең, көнбіс, көпшіл мінезін.
Материалды байлық па еді баба-арманның бар құны?
Елді аздырды ұлтсыздық, намыссыздық салқыны...

Сөйтіп олар жаһандану қамқоры боп шалқыды,
Ұлтын, тілін басқаларға жығып беру арқылы.

БАЃЫНПАЗДЫЌТАН ¤РБІГЕН

ЖАЃЫМПАЗДЫЌ

Азиядағы ұлтсызданған,
Тілге, рухқа құнтсызданған
Бағынымпаз, ең жағымпаз елге айналды қазақ.
Күші зорға табынудан,

Үш жүз жылдық бағынудан,
Ұлттығы өшкен бұл халықты ояту бір азап.
Ұят сөніп намысында,
Жағымпаздар жарысында

Əншілері той қуалап əннен мадақ өрген.
Ақын, жыршы, ғалымдары,
Кейбір жазғыш «қарындары»,
Тайталаса, қаумаласа орын алып төрден,

Ұлт мүддесі былай қалып,
Атақ үшін ылайланып,
Басшысының қолын сүйіп, рухани «өлген».
Телеарна мен баспасөз беттерінде,

Адами болмысын сататын теп-тегінге,
Жастар көп жағымпаздықты алдына

мақсат қып қойған.
Намысын тойға,
Арнаған қойдай,
Беті бүлк етпестен қасқайта бауыздап сойған.

Болар ма енді ұлтымызға олардан қайран?
«Тисін», – деп – «қызметтегі ұлыма, қызыма пайдам»
Əр сөзін жағымпаздық жібімен сабақтайтын,
Басшысын құдайға жеткізе мадақтайтын

Қарттар тым көбейді рухани діңгегін жойған.
Жағымпаздақ бəйгесі бұл күнде ең басты майдан.
Бар пəлекет телеарнада, баспасөзде жатыр ма?!
Ұлтсыз, рухсыз алаяқты балап нағыз батырға

Жиі-жиі мақтатсаңыз, жұрт сол мақтау сөзге еріп,
Алаяққа ой-пікірі шыға келер өзгеріп.
Насихатқа байланысты қазіргі ортақ талғам.
Əккіленген билік мұны əбден зерттеп алған.

Радионы ашып қалсаң,
Телеарнаны басып қалсаң,
Күні-түні кілең «ТЖ», – кілең «туфли жалау».
Дəстүр болды ТЖ-лықты зор дəреже санау.

Өтер жаздар, өтер күздер,
Қашан кетер екен бізден
Ұлтын сатқан жағымпазды хас батырға балау,
Ал шыншылға «халық жауы» ретінде қарау.

Міне, нағыз əлəулəки əлау,

Халаулəки хəлау!

Мəњг‰рттенген жолбарыстар мен ¦ЛТСЫЗДАНЃАН ЌАЗАЌТАР (Бүгінгі көкейтесті əңгіме)

Исламбек Салжановқа Алдымен менің атыма келіп түскен төмендегі үш хатқа назар ау даралық: Телеарналардағы «Екі жұлдыз», «Сен сұлу», «Спой» хабарлары ре сей лік көшірме десек те, кейбірі бастан-аяқ орыс тілінде жүр гі зіле ді, мемлекеттік тіл қосымша қызметте ғана. Мысалы, «Екі жұлдыз ды» алыңыз, қатысушылардың негізі қазақ ұлтынан бола тұра, біріншісі қазақша сайраса, екіншісі міндетті түрде ана тілін білмеуі тиіс. Тым болмаса, жүргізушілерінің бəрі қазақша желдей есіп тұрса ғой. Олар да жоғарыдағы ыңғайда сұрыпталған. Досматова секілді ана тілін құбыжық көретіндер орыс тілінің мерейін үс тем етіп отыр. Бұл не сонда? Мемлекеттік тілді күлкіге, мазаққа ай налды ру дың жаңа түрі ме? Өңкей қазақтар отырып алып, орысша əн салатын жоба əб ден қанымызды қайнатып бітті. Өз ана тілін шетке ұрып, шалақазақ бауырларын жинап, олардың орыс тілінде ойлау белсенділіктерін арттырып, жаңа шығармашылық əрекетке жетелеп жатқан, Садық бек Хангелдин деген ақынның қызы Қымбат Хангелдинаның «Спой» хабары жоғарыдағылардың бəрінен мойны озық тұр. Қа зақтың рухани бейнесін жасамайтын, қазақтың намысын ойламайтын, салт-дəстүрімізбен санаспайтын, мемлекеттік тілге қарсы жұ мыс істейтін хабарлардың көбеюі бізді қайран қалдыруда... Көбейсін Алтынбеков, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақ ұлттық медициналық университетіндегі стоматология факультеті бойынша мемлекеттік тіл саласының қоғамдық жетекшісі, Алматы қаласы ...«Қазақ əдебиеті» газеті бетінде сізге ретсіз, себепсіз тиісу орын ала бастады. Мысалы, осы газеттің 2010 жылғы 31 жел тоқсан да ғы мерекелі санында Жұлдыз Əбілда деген журналист қыздың сіз ді кінəлаған пікіріне назар аударалық: «Мемлекеттік тілдің жайын айта берсек, мемлекеттік тіл дің де сүйкімі кетеді. Мысалы, мен қазір Мұхтар Шахановты, тіп ті, көр гім де, естігім де келмей кететін кездер болады. Неге десең, ол кісі кө тер ген мəселеден ешқандай нəтиже жоқ. Кезінде «Мем ле кеттік тіл» деген қозғалысты құрғанда «Осыдан мемлекеттік тіл дің мəр те бе сі көтерілмейді, керісінше, сүйкімі кетеді» деп едім. Расында да солай болып отыр». Сонда ол қыздың ойынша ештеңеге араласпай үнсіз отыра бе руіңіз керек екен. Егер Сіз 1989 жылы Горбачев билігі кезінде Қа зақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары орыс жəне қазақ тілін бір дей мемлекеттік тіл етіп қабылдап жіберген сəтте, тіпті ша ла қа зақ депутаттар жүректері жарыла бір-бірін құттықтасып жат қан да, оларға батыл қарсы дауыс көтермей, «болар іс болды» деп, кө зі ңізбен жер шұқып, үндемей отыра бергеніңізде дəл қазіргі тұс та қа зақ халқының 75–80 пайызға жуығы ана тілінен мақұрым қап, ұлт сызда нып, мəңгүрттеніп кететіні айдан анық еді. Көрмес – тү йе ні де көр мес деген. Тиісті орындар Сізді тыңдамаса, «Мемлекеттік тіл» қо ғам дық қозғалысының пікірімен санаспаса онда бұл істе Сіздің кінə ңіз нешік?.. Ал қазіргі мəңгүрттердің үлкен бөлігі ана тілін ғана емес, ұлтын да менсінбейді. Ұлтқа үлкен қауіп осы жақтан, яғни өз іші міз ден келеді. Оларды өзінің негізгі арнасына бұрудың мүмкіндігі бар деп ойлайсыз ба? Серік Тұрғынбекұлы, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, Астана қаласы Бүгінгі таңда ұлтымыздың, тіліміздің мүддесіне ашық түрде қар сы шығып жатқан кімдер? Өзіміздің космополиттенген қа зақ тары мыз! Сіз өзіңіз бас болып елімізде бірнеше дүркін Мемлекеттік тілді қолдау акциясын өткіздіңіз. Интернетте бəрі бір адамдай бұл шараға үдере қарсы дауыс көтерген кімдер? Өзіміздің орыс тан ған қазақтарымыз! Бірнеше жыл бұрын Алматы қаласына И.Тас ма ғамбе тов жаңа əкім болып келіп, Сіз оған «Мемлекеттік тіл» қо ғам дық қозғалысы атынан іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүр гі зу туралы ашық хат жолдадыңыз. Əкім бұл аса маңызды ша ра ға оң қа бақ танытып еді, Олжас Сүлейменов бастаған ұлтсыздар тобы өре түрегелді. Əртүрлі мекемелерде, көшеде, жол қатынасы кө лік те рінде, жоғарғы, орта жəне арнаулы білім ордаларында, аралас тілді мектептерде мемлекеттік тілімізге тыжырына қа рай тын дар кімдер? Тағы да өзіміздің бүкіл рухымен орыстанған қа зақ та ры мыз.

Əрине, өзге ұлт өкілдері де жоқ емес. Бірақ олар өз кос мо по лит тері міз дің сүйіншісіне де тұрмайды. Жоғарғы билік басында отыр ған қазақтарымыздың бəрі дерлік балаларын тек орыс тілінде тəр бие леді. Өзіңіз бір өлеңіңізде: Ол, əрине, орысша ойлап, тек орысша түс көрер, Оны баба табиғатқа бұру қиын күшпенен. Ана тілсіз дамыған соң сезім-ойы, санасы, Түрі қазақ болғанымен, ол – орыстың баласы – деп бұл проблемаға дəлме-дəл баға беріп едіңіз. Рас, жамандыққа қиғымыз келмейді. Ұлтымыздан ашық түрде жирене бастаған сол қандастарымызды қанша жерден ба уы рымыз ға тарт сақ та біз олардан айырылуға шақ тұрмыз. Өйт ке ні, əу бастан-ақ, орыстандыру саясатының басында отырғандар бұл мəсе ле ні өте дəл есептеген. Енді көресесіні сол ұлтсызданған қа зақ тары мыз дан көретініміз айқын. Əлде рухсызданған космополит бауырларымызды өзімізге бұрудың басқа жолы бар ма? Тобаш Ембергенұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда қаласы Голощекин масайрады зұлымдық пен мастықтан... Сатқын-мүдде қиындастырғандықтан, Əрі қолдан ұйымдастырғандықтан, Төрт миллион жүз мың қазақ қырылды тек аштықтан. Сол төрт миллион жүз мың қазақ тірі қалса не етер ек? Сорлағаны-ай даңқымыздың, Жалпы саны халқымыздың, Онда қырық миллионнан да жоғары өрлеп кетер ед. Тіл мен рухтан зардап шекпес дара елдікке

жетер ме ек?!
Санамызға сор сап өктем,
Ұлтымызды бейшара еткен
Дəл қазіргі мəңгүрттіктің салмағын кім көтермек?

Залым ойлар мəңгүрттікті ұлтқа қақты сына ғып
Сол мұңлы істің мазмұнына дара назар бұралық:
Аңды мəңгүрт ету жолы айлалы істен бас алды.
Зұлымдыққа болған нұсқа,

Торда отырған жолбарысқа
Мынадай бір таңғажайып тəжірибе жасалды.
Шошқа сүті – аң біткеннің қарсылығын жоятын,
Ең ашушаң арыстанды бейбітшіл ғып қоятын,

«Син.токсин» деп аталатын улы затқа бай екен.
Көп ішкізсең жолбарыс та моп-момақан қой екен.
Жол ашып зор таңданысқа,
Ал ғалымдар аналық жолбарысқа

Сүт иесі шошқалардың торайларын емізген.
Сонда оған да көне берген,
Қайсарлығы өле берген
Сөйтіп оңай ажыраған өр табиғи негізден.

Торда туып, тіршілігін тор ішінен бастаған
Жолбарысты сынау үшін орманға əкеп тастаған.
Ылғи қолдан тамақ ішіп, ылғи дайын ет жеген,
Бір рет те аң қуалап маңдай терін төкпеген

Нəн жолбарыс өзге аңдарға мүлде мойын созбапты,
Нулы орманда үш күн жүріп аштан өле жаздапты.
Бірде қоян шыға келсе қалың бұта ішінен,
Əлгі сорлы адасқандай жігерінен, күшінен,

Қорқып қаша жөнеліпті мінез билеп əңгүртпе...
Міне осылай, өр жолбарыс айналыпты мəңгүртке.
Ұлтсыздану – үш ғасырлық жолдан өтті ирелең
Сондықтан да елімізді орыс тілі билеген.

Егемендік алдық дедік,
Арманға қол салдық дедік,
Ұлт тізгінін баяғыша орыс тілі сүйреген...
Жұрт көбейді ана тілін менсінбеген, сүймеген,

Жəне оның мұң-зарына мүлде жаны күймеген.
Басшыларды мақтан тұттық тілге басын имеген.
Олар барда тілді қорғау,

Ортақ ұлттық мұңды қолдау
Құдық қазу секілді бір абыройсыз іс инемен.
Елімізді əлі күнге орыс рухы сүйреген.
Қанша қазақ үлкен билік айдынында өрледі

Өзі қазақ бола тұра,
Ұлттан қызмет ала тұра
Əлгілердің бір перзенті қазақ мектеп көрмеді.
Тілін, рухын шама-шарқы келгенінше жерледі.

Келді бəрін анықтар күн,
Биліктегі алыптардың,
Тілге қарсы мінезінен ұлтымыз тұр өлгелі.
Телеарнада «Екі жұлдыз» жəне «Спой» сияқты,

Мемлекеттік тілді қорлап, белден басқан ұятты,
Досматова, Хангелдина деген шала қазақтар,
Құтқарудың орынына ана тілін мазақтар,
Тастағандай отқа масақ,

Екі тілден ботқа жасап
Мемлекеттік тілге теліп менсінбестік бағытты,
Жүз телеарна ұлы тілде үн қатса да тоқталмай,
Орыс тілі, орыс əні зорлық көріп жатқандай

Бұл қос ару елден-ерек ұлтсыздық танытты.
Өз ыңғайы жетегінде ана тілін шетке ұрып,
Еркінсіді космополит «əншілерден» топ құрып.
Бұл əрине Мемлекеттік тілді аяққа басқандық.

Кімге қажет ұлттан қашқан

мұндай мəңгүрт бостандық?
Ұлтты, тілді қорғау мүлде азап болған уақытта,
Шын қазақтың нағыз жауы қазақ болған уақытта,
Қаншама рет айттық, жаздық, жағаластық талмастан,

Қарсылас кім?
Биліктегі өзіміздің қандастар.
Адам түгіл аң мінезін мүмкін боп тұр тойтару.
Тілін, рухын сыйламайтын,

Оған уақытын қинамайтын
Мəңгүрттерді мүмкін бе енді арнасына қайтару?
Иə, оларды қайтаруға дел-сал күйден əңгөдек
Тіл білмесе мемлекеттік қызметке алмайтын,

Елдік, ұлттық пайым-мақсат биігінде самғайтын,
Ресейдің заңына ұқсас қатал, қайсар заң керек!
Сонда əр адам айқын танып ұлттық мүдде есігін,
Қордаланған көп талаптар табары хақ шешімін.

¤З ¦ЛТЫЊМЕН БІРГЕ БОЛСЫН

ТЫНЫСЫЊ

Жанкелді Шымшықовқа
Шағын құс та игі істердің бола алады бастауы,
Біз білетін шымшық – шыбын-шіркейлердің

қас жауы.
Бабаң – Шымшық атанғанмен, өзің қыран тектессің.
Қаншама рет арсыздармен, нарсыздармен беттестің,
Қаншама рет ұлтын сатқан рухсыздармен шеттестің,

Ешкім сені дей алмайды, «текке гүлдеп, текке өстің».
Айналаңа назар бұрсаң, адамдар көп білімді,
Күнкөріске айналдырған өнер менен ғылымды.
Сол зор іске бəрін салып, арын ғана салмаған,

Адам аз ба парасатын рухсыздыққа жалғаған?
Ол сорлылар шен-шекпенге тепкен доптай дөңгелер,
Атақ, орден, медаль үшін ұйқы көрмей сенделер,
Мұндай даңғой осалдықты билік оңай меңгерер...

Ал билікте – 90 пайыз шындығы өлген пенделер.
Ұлтын, тілін сатқандардың бірнешеуі «қаһарман»
Жəне ылғи бой көрсетер «ең қажетті» қатардан.
...Жұртты қалай ап шығамыз бұл

қойыртпақ қайраннан? Халқымыздың зор бөлегі жағымпазға айналған. Алпыс қырдан енді ассаң да, маған доссың, інісің, Қызметің пəс болса-дағы, сен мен үшін ірісің Жан шындығын сақтап қалған аз қазақтың бірісің. Ер қуаты төзімде ме? Жүзден асқан кезіңде де, Қазіргідей өз ұлтыңмен бірге болсын тынысың! ЌАЗАЌСТАН АЛПАУЫТТАРЫНЫЊ АРАБ БАЙЛАРЫНАН АЙЫРМАШЫЛЫЃЫ НЕДЕ? «Жас Алаш» газетінде жарияланған заңгер Қамысбай Бе сін бер генұлы ның «Бас-басына кеткен билікті түбірімен күреп тастау керек» (18 қаңтар 2011 ж.) атты мақаласының негізгі мазмұнына назар ау дара лық: «Қазба байлықтар көлемінің молдығы жағынан Қазақстан əлем де гі ең бай мемлекеттердің бірі. Мəселен, қорғасын, цинк, барит, хром ру дала ры ның көптігі жағынан біз бүкіл əлемде бірінші орын, уран, марганец, күмістен екінші орын, мыс қорының молдығы тұрғысынан үшінші орын, кобальт, қара металл – темір рудаларынан бесінші орын, фосфорит пен көмір қоры бойынша алтыншы орын, мұнай қорының көптігі жа ғы нан жетінші орын алады екенбіз. Ал, алтыннан əлденеше есе қымбат қа бағаланатын, əлемнің ешбір елінде кездеспейтін осми жəне рени атты байлықтар тек Қазақстанда ғана бар екені құдайдың біздің еліміз ге қарасқаны емес пе? Бұл руданың бір грамы жабық көтерме сауда орындарында 100 мың АҚШ долларына бағаланатын көрінеді». «Осындай ұшан-теңіз байлықтарда қарапайым халықтың үлесі бар ма?» деген сұ рақ ылғи да алдымызды кес-кестейді. Мұнай қоры жағынан күллі əлемде жетінші орын иеленетін Қа зақстан Республикасын мұнайлы араб мемлекеттерімен салыстырар болсақ, тым құрығанда біздің елімізде де халыққа медициналық көмекті, жо ғар ғы жəне арнаулы орта оқу орындарында білім алуды тегін ету мүм кін ді гі баяғыда-ақ туғанын ескермеу əділетсіздік екені даусыз. Соңғы он жылда елімізде өрге басқан өрелі Бір зор іс бар. Ол – «ТЖ»-лық, «туфли жалау» өнері. Жағымпаздар жарысында билік шексіз құптаған, Біз дара шың иелендік бұрын ешкім шықпаған. Бұл өнерде біз өзгеше, елден-ерек жаңғырдық, Тіпті Түрікменбашыны да жарты жолда қалдырдық. Түрікменбашы кеуде қақса өз елінің ішінде, Бөспелікті айналдырдық біз əлемдік пішінге. Билік сөзін, билік ісін айтсақ елдің парқы деп, «Зейнеткердің ақшасын біз өсіріппіз алты рет!»

Сол «алты зор игілікті» ойға бұрсақ бастапқы,
Құны мысық тамағының бағасынан аспапты.
Егер жөнсіз мақтанбауды ұқсақ билік салты деп,
Ет пен сүттің құны неге қымбаттады алты рет?

Кеуде ұрамыз игі істерде бірінші орын алардай,
Онда неге əр ай сайын қымбаттауда жанармай?
Біз шығарар мұнай араб елдерінен кем емес,
Тым құрыса бір ісіміз неге оларға тең емес?

Арабтардың бізден бөлек елдікке тіл қатысы.
Неге оларда оқу тегін, тегін пəтер ақысы?
Олар неге əр сəбиге доллар сыйлап жеті мың,
Жел өтіне тастамайды қартын, жесір, жетімін?

Алпыс төрт мың доллар алмақ жаңа

үйленген отбасы.
Неге оларда үлкен байлар игі істердің жақтасы?
Бар ғұмыры даңғойлыққа болғанымен ашына,
Пəтерақын тегін етті тіпті Түрікменбашы да.

Ал біздегі бос мақтану, бос кеуде ұру сорың ба?
Дарын емес, қарын шығып ең негізгі орынға,
Демократия бұл күндері «жемократия» торында,
Еліміздің бар байлығы жиырма адамның қолында.

Біздің байлар неге сараң тіс сындырар тиынға,
Ізгіліктің ұшқыны жоқ неге олардың миында?
Еліміздің «зор байлығын» дастан етіп толғаймыз,
Байлықтағы жұрт үлесін...

Мүлде ауызға алмаймыз
Тек «ТЖ»-лық өнерінде шырқау көкке самғаймыз,
Нақ осылай кете берсек ел боп, ұлт боп оңбаймыз,
Құлдық сана аясында майға піскен нандаймыз...

Ойланалық, біз қандаймыз, мінекей біз қандаймыз?

ЌОРАЗК‡Л

Оразкүл Асанғазиеваға
Базбіреудің еркектігін əйгілер тек телпегі,
Жоқ олардың мазмұнының, жігерінің желкені.
Иə, телпектер тым молайды ақсақ аттай шабыссыз,

Қансыз, мəнсіз, қамсыз жəне намыссыз.
Жойылуға бет бұрса да тіліміз бен діліміз,
Қор болдық-ау, қолдай алмай бірімізді біріміз.
Бабалардың елін, жерін қорғап қан, тер төккенін,

Лезде ұмытып,

ұлтты кімдер сата салмақ теп-тегін?
Мақтадық-ау халқымыздың ұлтсыздыққа кеткенін,
«Сатқындыққа жол бергенің,

қол бергенің не еткенің?» –
Деген сұрақ сездіргендей толғанар сəт жеткенін...
Осыларды саралай кеп бір мұңлы ойға батамын...
Мен неліктен Оразкүлді Қоразкүл деп атадым?

Жағымпазға ұсынылар тəттілер мен шелпектер
Шелпек дəмін ардақ тұтқан телпек тектес еркектер
Ұлтқа, тілге болыспастан бұғып қалған заманда,
Намыстылар қатарынан шығып қалған заманда,

Шын қазаққа ұлтсыздық қауіп болған заманда,
Қораздардың көпшілігі тауық болған заманда
Ұлттан бір сəт бөле алмайтын шаттығы мен ырысын,
Астанада күрес ашқан туған ана тілі үшін

Сол тілі үшін бара білген батыл, қайсар қадамға,
Қоразкүлдей қыздар аса қажет қазір қоғамға.

Қайда үңілсең тауық мінез, торғай мінез майдалар, Өз мүддесін жалау еткен еркектен не пайда бар? Ер азайса, қыз көбейсін ұлт мұңына байланар, Қажет кезде Оразкүлден Қоразкүлге айналар... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Ұлттан қашқан телпектерге кезең келді ойланар... ЌЫРЃЫЗ ДƏПТЕРІНЕН 1. ҚЫРҒЫЗДАР МЕН ҚАЗАҚТАР Шаттықта да бірміз, Қайғыда да бірміз, Бір тамырдан қуат алған егіз, туыс гүлміз. Бірімізді екіншіміз қолдап, сүйеп жүрміз. Алатауды алып құсқа балар болсақ,

Сол құстың
Бір қанаты қазақ та, бір қанаты қырғыз.
Еңісте де, өрісте де бірміз,
Жеңілісте, жеңісте де бірміз,

Ынтымақ пен ізгіліктің жігін ашпас шеге болып

тұрмыз,
Түйенің қос өркешіндей тұтасқан бір дене болып

тұрмыз,
Сен жоқ жерде қазақ жетім, жан бауырым, қырғыз.
Ер мен езді ажыратпай адамзатқа бақ бар ма?
Бабамыздың сақалы да түсті қанша көкпарға.

Кейбір қырғыз қансыздары
Сонау жылы, ызғар шашқан ақпанда
Өз ұлтының мұхиттан да терең жатқан байлығы,
Бүкіл түрік, бүкіл əлем рухының айбыны,

Манас туын құлатқалы жатқанда,
Бар қырғызды жылатқалы жатқанда,
Хас батылдық кімге шаттық,

кімге азап,
Жанын салып қорғап қалған бір қазақ.
Қырғыз үшін отқа салған қанатын,
Ал ол қазақ – ұлы Əуезов болатын.

Желтоқсанда егемендік аңсап ұлы кең дала,
Тосын мінез көрсеткенде

қажырлана,

жандана,
Қазақтың жас өркеніне
Бүкіл əлем көз тіккенде таңдана,
Жойқын күштер жұдырығын көрсеткенде паңдана,

Бəрі бұғып қалған кезде, ей, бауырым, қырғызым,
Тайсалмастан қолдау айтқан,

қорғау айтқан сен ғана!
Жалғай берсін құдалықты ер жігіттер, гүл қыздар,
Екі елге ортақ Манас, Абай көгіндегі жұлдыздар.
Қырғыздардан асқан туыс болған емес қазақта,

Ал қазақтай бауыр таба алмайды қырғыздар!

2. АЛЫҚҰЛ ОСМОНОВТЫҢ

ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДАҒЫ ОЙ

Кəне, ақыным, ойланайық, заман саған не берді?
Ескерткіш боп биіктедің, даңқың қайта көгерді.
Туған елің алдыңа кеп басын иіп, бөгелді.
Əр қырғыздың жүрегінде жалын болып лауладың,

Аяу керек дəл өзіңдей ұлы ақыны жоқ елді.
Талай-талай өлкелерге кетті бүгін жарығың,
Қаптал-Арық айылынан тау боп тұрған алып ұл.
Тек қарнын ойлағанның бəрі кедей, бəрі құл.

Қырық жеті жыл көрінбеп ең көшесінен Бішкектің
Міне, енді сенің күнің қайта туды, Алықұл!

3. ШАБДАН БАТЫР

жəне

ҚАЗІРГІ БАЙЛАР

Акбар Рысқұловқа
Майланған сайын

шабанданатын,
Бай болған сайын

сараңданатын, Зорайтып бөркін, аранын ашқан, Рухының көркін құлқыны басқан, Құдай-ау, қайттік, адамдар қазір көбейді. Пенде бастардың көмейі мүлде кеңейді, Рухсыздық атты дарияны кімдер бөгейді? Қырғыздың Кемен тауынан елге көз салған Бұл іске қазір Шабданның рухы не дейді? Қай кезеңде де биліктің қолы алаған, Би болып тұрып айнымай ұлттық санадан, Байлыққа мүлде даналық көзбен қараған, Қолдағы барын еліне бөліп беруден Шын бақыт тапқан сол адам. Өтпеген кімнен бұл өмір желіп, баяулап, Қара шаштарды ақ күміс қармен бояулап. Қиналған шақта жетпіске жасы таяу қап, Атын да сыйлап кетіпті бір ер жігітке, Ал өзі мүлдем жаяу қап. Бастағандар бар өз халқын дау мен егеске... Қырғыздар енді шығады қандай белеске? Нар батырлардың батыры десек Манасты Нар жомарттардың жомарты Шабдан емес пе!.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Қазіргі байлар алар ма екен оны еске?

Көрдің мына тіршіліктің аппағын да, қарасын да,
Қайрат қылдың адал ойлар керуеніне жол ашуға.
Өзіңді-өзің аямап ең бақ пен сордың арасында,
Сағыныш боп қалдың енді бар қырғыздың санасында.

6. ТҮГЕЛБАЙ ТАУЫ

Бар байлығын елге берген қара нардай қара шал,
Сенің бізге тастап кеткен мектептерің орасан.
Бүкіл жерін тау құраған,
Ыссық көлі еліктің жанарындай жаудыраған,

Құдіретті ұлы қырғыз елінде,
Мəңгі өшпейтін мұрасың сен,
Өнеге боп тұрасың сен,
Ұлтым деген əр жүректің төрінде.

Ешкім бақыт таппақ емес өз халқының рухынан бөлініп,
Нағыз қырғыз қайсы десе көрсетеді сені жұрт.
Қарамастан ождансыздар бұғып атқан оқтарға
Сен қырғыздың үнін қорғап,

Манасы мен тілін қорғап,
Түстің қанша көкпарға,
Қаламың мен намысыңды айналдырып шоқпарға.
Рух – сөзден Түгелбайдай мазмұнды тау тұрғызған,

Айналайын Алатаудан, тауға айналған қырғыздан!

4. ТҰЛПАР АҚЫН АРЫНЫ

Сүйінбай Эралиевке
Асқар-асқар Алатаудан асып өткен жарығы,
Жетпіс беске кепсің бүгін қырғызымның нар ұлы.
Отыздағы жас жігіттің жазған «ыры қарыды»,

Жиырмадағы кей сұлудың суып қалды жалыны,
Сен əлі асау тұлпардайсың басылмаған арыны.
Қазір жырға оң қабағын танытпай тұр замана.
Заман əркез мейірімсіздік арнасымен аға ма?

Бақыт деген дəулет құрап, алтын жию ғана ма?
Рухани байлықсыз да ел болуға бола ма?
Жоқ, қырғыздың қырғыздығы –

тілі,

салты,

сəнінде,
Ғасырларды көктеп өтіп келген асқақ əнінде.
Ал егер де қырғыз елі ақындығын жоғалтса,
Жоғалтады бəрін де.

Ар-намысын, жыр дəстүрін арқалаған халқының,
Сондықтан да сендей ақын елге керек, жарқыным.
Шайпау мінез бұл ғасырдың бізге берген сыйындай,
Сен жасай бер, қайсар қуат дарқан ағам Сүйінбай!

5. ҚОШТАСУ

Сағындық Өмірбаевқа
Хош бол, елін шексіз сүйген өнегелі дара қыран,
Мейірім шашып тұрушы едің рухыңның қанатынан.
Нені айтсаң да айтушы едің шындық сезім, ар атынан,

Хош ағатай, өз ұлтының намысынан жаратылған.

АЛЃАШЌЫ АДЫМДАР

немесе

ІЗДЕНУ ЖОЛЫНДАЃЫ

ЖЫРЛАР

* * *
Қараңызшы, ұяң жігіт болып өстік біз деген,
Керек десең əлі күнге қыдырмаймыз қызбенен,
Қыдыруға ұяламыз, ұялғанда нетеміз,

Алдымыздан аға шықса төмен қарап өтеміз,
Үйге келсең ең əрісі қарындасың тергейді,
Бəлен жерде болып едім дегеніңе сенбейді.
Мен айтамын: нең бар жұрттың уақытында

кешіккен,
Қара мұны, белі шықпай жатып əлі бесіктен.
Алдыменен оң қолыңның қайсы екенін таны сен,
Ағаңа ақыл айтар кезге жеткен жоқсың əлі сен, –

Деп өзімше қыр көрсете бастаймын ғой баяғы,
Апам сонда миығынан мырс-мырс күліп қояды.

* * *
Жетектеп ап бүлдіршіндей сумка асынған баланы,
Келеді адам көше бойлап, су қараңғы жанары.
Келеді үнсіз өмірқұмар екі тағдыр, екі адам,

Біреуі оның өлім көрген өмір атты жотадан.
Бірі сəби он екіден бір гүлін де ашпаған,
Жұмысы жоқ тамағы мен тəтті ұйқыдан басқадан.
Келеді олар, келеді үнсіз, асау шаттық бойды алып,

Аққан жылдар шежіресін қояды қарт ойға алып:
Біреулерді ол майда қоңыр даусынан таниды,
Сонда ойын өткен күннің елесіне жаниды.
Мынау күздің маужыраған күні қандай жақсы еді,

Мына алғашқы қоңыраудың үні қандай жақсы еді.
Ал, қария қиял-ойын барламақ боп ұлының
Деп сұрады: – Ержеткен соң кім боласың, құлыным?!
Немересі былай деді аударып жұрт назарын:

– Ержеткен соң дəрігер боп көзіңді емдеп жазамын! –

Шал жымиды, ерге біткен мінезімен қашанғы,
Шетте тұрған менің анам жанарына жас алды.
Мен жымидым, жас сəбиге риза болған пішінмен,
Сол ертерек ержетсе екен деп тіледім ішімнен.

– Намыс, намыс, мұның қалай, неге алмайсың

бір тыным,
Ұзақ түндер неге сенің айқаспайды кірпігің?

– Жарқыным-ау, мен қалғысам тірліктің не

мəні бар?
Мен қалғысам зергер қалай, ақын қалай танылар?
Мен қалғысам ішкен асың таңдайыңа татыр ма,
Мен қалғысам тумас еді Аманкелді батыр да.

– Жеңіс ізі сайрап жатыр өмір атты белесте,

Сен қалғысаң ерлік пенен махаббат бар емес пе?

– Бекер, бекер, мен жоқ жерде ерлік қашан оянды?

Мен жоқ жерде махаббат та болған емес баянды.

СТУДЕНТТЕР

Айдай əсем болашағын сағынып жүр қанша қыз,
Айдай əсем арманына бағынып жүр қанша қыз.
Кеудесіне көктем гүлін тағынып жүр қанша қыз,
Соларды іздеп жігіт біткен сабылып жүр, нансаңыз.

Адам деген ержеткен соң болмайды екен, болмайды,
Жақын өзі-ақ қосылады, алысты арман жалғайды.
Кешегі қыз анау жүрген, жалбыр шашты қыз еді,
Көрдіңіз бе, бойжетті де бойын жылдам түзеді.

О институт, анасың сен, бөбектерін емізген,
Айнымайсың арнасында шалқып жатқан теңізден.
Толқып жатқан теңізсің сен, қаншама қыз ақ маңдай,
Кең төсінде емін-еркін жүзіп бара жатқандай.

Кей үзілген үміт жібін бір-бірімен жалғап сап,
Қанша жігіт жағада отыр сол қыздарға қармақ сап,
Көпшілігі бұл əдісті алған білем үйреніп,
Апта сайын той жасайды бір студент үйленіп,

Барлық көңіл тоғысады, бір көктемді жырлайды,
Əне сабақ жүріп жатыр, шəкірт ұйып тыңдайды.
Біреу отыр, бəрін ұғып білсем деген тілеумен,
Ұйықтамаған болар бəлкім, қалғып отыр біреулер.

Ертең тағы билеп алар келер күннің мейірімі,
Кітаптарын көлегейлеп, хат жазады кейбірі.
Ал, кейбірі үңіледі, қыздан келген хаттарға,
Ермеков пен Байтанаев лекция оқып жатқанда.

Қараңызшы, тынымсыздық,

албырт достық шырайлы,
Барлығы да студенттің тіршілігін құрайды.
Олай болса, онда неге көрсетеміз бөтен бой,
Шындап келсек мұның өзі күлкі емес екен ғой.

Құдайым-ау, адамдардан мына дарқан өмірде,
Махаббатты бөліп алу мүмкін емес екен ғой!
* * *
Айтсам деймін барлық асыл сөзімді,

Күле қарап келе жатса бір адам.
Адалдығым үшін сүйем өзімді,
Жəне солай сүйгеніме қуанам.
Өмір жайлы сан толқыдым, толғандым,

Достар, достар, менен үміт үзбеңдер.
Мені кілең адал ойлы жандардың
Қатарынан іздеңдер.

ЌЫЗДАРЃА Əзіл Ең бастысы – танып алу, Көңіліңді мақсатсыздық бұзбасын. Жас жігіттің жары болу – Өнегелі қызға сын. Көре білсе, сезе білсе, Жар таңдаудың несі ерсі. Жігітім бар дегеніңше, Жеңге болдым десеңші. ƏН І – О, жүрегін əн билеген, ерке қыз, Көркіңе гүл жараса ма теңесем? Қайда ертіп кетті сені он сегіз? Жүрсің қайда, көрінбейсің неге сен? – Күні бойы жаңа таныс құрбыммен, Қыр басында гүл қуалап жүрдім мен. Келе ме деп күтіп едім, келмедің, Үмітімді тасқа соқтың сен менің. – Неге сонша қатты кеттің, ардағым? Естідің бе, саған əн де арнадым.

Жаныңдағы жігітіңнен жасқанып, Бірақ жақын бара алмадым, арманым. – Түсінемін, əнің маған жеткенмен, Мықты жəрдем ете қоймас, ол да аса. Жасық адам сабы сынық шотпен тең, Қиын, қиын батылдығың болмаса. ІІ – Жарқын досым, өзгердің ғой сен мүлде, Жігіт едің, жомарт, батыр, еңселі. Он сегіздің орманына ендің де, Таптырмадың, таба алмадым мен сені. – Күні бойы жаңа таныс құрбыммен, Қыр басында гүл терумен жүрдім мен. – Сенем, көктем ұялапты көзіңе, Қыз жүрегін баурадың ба өзіңе? – Арманыма бастап едім жорықты, Батылдығым жеңіс болып жолықты. Сонан қазір көңілімде жоқ қайғы, Қыз да мені батылсың деп мақтайды. Жүрегінің сəлеміндей жолдаған, Бір əдемі əн үйретті ол маған. Кетпейді естен, шіркін, сол бір əн қандай. Көкірегімнен мың сан жұлдыз жанғандай, Тасып шығып арнасынан еріктің Бастым отын сезім атты көріктің. Əнге елтіп тұрған қызды мен тұңғыш Құшағыма ап ессіз сүйе беріппін. Жаным содан нəзік нұрға оранды, Сен шығарған дейді ғой жұрт сол əнді. Болған шығар, бəлкім, асыл арманың, Қозғады кім көңіліңнің орманын, Бойды ертіп, жан тербеген əніңді, Айтшы маған, айтшы кімге арнадың? – Айту қиын, айта алмаймын ол жағын, Болған рас, айдай асыл арманым... Мен əнімді өжет, батыл сезімнің Құрбаны боп кеткен қызға арнадым. СЕРТ Рысбек Тұрысбековке Мүмкіндігім бола тұра, Саған жəрдем бермесем, Менің қолым кесілсін. Мүмкіндігің бола тұра, Маған жəрдем бермесең, Сенің қолың кесілсін. Досым, біздің тағдырымыз дəл осылай шешілсін. Адалдығын біле тұра, Көгершінге оқ атсақ, Күншіл тоғай арасында ел сенімін жоғалтсақ, Жазаласын бізді анамыз, Жазаласын халқымыз – Əділдікке мойынсұну бəріміздің салтымыз. Адалдығын біле тұра, Жетіп алмай парқына Тіл тигізсем жас бұлақ пен асқар таудың даңқына Менің тілім кесілсін. Келешегін көре тұра, Көк теңізді телегей Өсектесең адалдығын,

дарқандығын елемей,
Сенің тілің кесілсін,

Туған Отан онда бізге сенім отын өшірсін!
Жүректе асау əн бар кезде
Бойымызда қан бар кезде тасыған.
Кел, аяулым, серт етейік осыған!

* * *
Əнуарбек Оразбековке
Кейде тауға қарап тұрып еске аламын досымды,
Еске аламын, сол сəтте мен ұмытамын қасымды.

Қыран даусы саңқылдаған мына таулы өлкеде
Шырқау шыңдай достарыңды еске алу бір мəртебе.
Кейде сайға қарап тұрсам төмен салып басымды,
Достарымды еске алам да, мүсіркеймін қасымды.

Қара аю мен түлкі бұққан мына сайлы өлкеде
Жалғыз емес екеніңді сезу қандай мəртебе.

АЛМА БАЌТЫЊ ¦РЫЛАРЫ

(Əзіл)
Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп таңданар,
Тағдырындай таңдар да бар мəңгі-бақи əн болар.
Күз келгенде уылжып бір піседі екен алмалар,

Алма піссе ол алманы үзіп алған жөн болар.
Үзіп алған жөн болады, шалындырмай ызғарға,
Байқап тұрсаң піскен алма секілді екен қыздар да.
Жер бетінде сұлулықтан барлық адам үміткер,

Алма бақты күндіз-түні аңдиды екен жігіттер.
Біз де аңдыдық, ажарлы мен базарлысын саралай,
Сөйтіп, бірін қағып түстік, көктігіне қарамай.
Міне, қызық енді бүгін түк көрмеген жандаймыз,

Тосын келген «ұрылардан» алма бақты қорғаймыз
Алма бетті қарындасым бой жеткелі менің де
Мазам кетті. Бір көңілсіз шырмау түсіп сенімге.
Қиын, қиын, қыз ағасы болу деген бұл бір сын,

Бағымызға қандай ұры жолығарын кім білсін?

АЌ ПЕН ЌАРА

Қара, қара, түндей қара, тастай қара, қап-қара,
Қара деген тіршілікке түскен қара ноқта ма?
Солай, бəлкім, сондықтан біз қаралықтан қашамыз,
Қаралардың құпиясын ақ арқылы ашамыз.

Қара деген мұңлы зат ол, қара деген шерменде,
Қара жалау көтереді ел ұлы адамдар өлгенде.
Жо-жоқ, тегі абзал болар берілмеген елеске,
Анау қыздың қара көзі мейірімді көз емес пе?

Жолғыса қалған кезде қарай қалса сəл тұрып,
Жүрегіңді қуанышқа жібереді-ай толтырып.
Қара екен деп қандай адам жамандыққа қияды,
Күнде досқа хат жазатын мына қара сияны.

Ойға шомам қара заттан қашуымыз бекер деп,
Інішегім мазалап жүр қара кастюм əпер деп.
Ақ көңілдің шаттығы үшін киер болса оны адам,
Кисін, кисін бақытына неге үркеміз қарадан.

Ал, түсі аппақ бола тұра берілсе адам жат ойға,
Онда оның ақтығынан адамзатқа не пайда?
Өмір, өмір дарқан өмір, мен туғанда анадан,
Қарт анамның қолыменен ұсынғансың қара нан.

Содан кейін құйындай боп күндер зулап өтті де,
Балаға тəн мінезбенен ауыз салдым тəттіге.
Шырын дəмі кермек татып, өсе келе ол-дағы,
Қара жерден өніп шыққан қара нандай болмады.

Қара заттар... Көзге қораш көрінгенмен баз бірі,
Тереңінде тұнып қана жатады екен мазмұны.

* * *
Қарындасым Қанайымға
Жақын жүрсем, əрдайым сен жанымнан табылдың,
Алыс жүрсем, жаныңның мөлдірлігін сағындым.

Абат бағын көңліңнің желпіп өтсе таң самал,
Еркеледің маған сен, еркеледім мен саған.
Күндей күлген заманда, бауыр керек адамға,
Менің анам, əз анам, ана болды саған да,

Біріміздің сыйымыз – бəріміздің сыйымыз,
Босамайды қонақтан күнде біздің үйіміз.
Кеудемізге көп арман тиеп келе жатырмыз,
Бірімізді біріміз сүйеп келе жатырмыз...

ЖОЛ ‡СТІНДЕГІ ОЙ

Шəмші Қалдаяқовқа
Ана таудың биіктігін, мына таудың пəстігін,
Ана ағаштың кəрілігін, мына ағаштың жастығын,
Шың жолының қиқарлығын, нұр даланың кеңдігін,

Ана өзеннін саяздығын, мына өзеннің өрлігін
Талай-талай жыр ғып айттық, əлі де айта бермекпіз.
Мақсат деген мағыналы ой болмақ емес өрнексіз.
Өйткені, ойда тұнып жатыр жақсы үміттің жарқылы

Біз өмірді бағалаймыз салыстыру арқылы.
Заттар, заттар... Ол да өзінше өз сипатын құрады,
«Ауыр ма əлде, жеңіл ме əлде, құны қанша тұрады?»
Деп бəрін де өзімізше салыстырып бағамыз,

Үмітпенен күдік отын жарыстырып жағамыз,
Ойланамыз бірде көкті, бірде жерді мекендеп,
Біздің жерге салмағымыз қанша болды екен деп.
Кейде тіпті шың сияқты асқақтаймыз көк бойлап,

Арман бізді ап кетеді қиырына қақпайлап.
Кейде таудан бұрқана аққан өзендейміз ашулы,
Білмей өтсек екен дейміз жабырқау мен жасуды.
Кеудемізде өмір құмар ерке жүрек тұрғанда

Жолдар алда бізді бастап апаратын шыңдарға.
Өйткені ойда тұнып жатыр жақсы үміттің жарқылы.
Біз өмірді бағалаймыз салыстыру арқылы.

Ќ¦РБЫММЕН ƏЗІЛ

– Тау көңілі тулай-тулай басылатын қыздар бар,

Жеңгелікке жеткенінше асығатын қыздар бар.
Кейбіреуі кетеді ұқсап, асқақтаған терекке...

– Ал сіздерше, бұтадай боп, сынып жату керек пе?

– Жоқ, құрбыжан, керегі жоқ, керегі жоқ, сынбаңыз,

Одан-дағы сынбас өмір қуанышын тыңдаңыз.
Біздің қыздар жау қуғандай, асығыс қой бұл тұста,
Институтты бітірмей-ақ шығып жатыр тұрмысқа.

– Қазір бізде уақыт бар ма, тұрмыс жайын ойлайтын,

Жігіттердің өздері ғой қармақ тастап қоймайтын.

* * *
Көңіл айтты: саған, жігіт, білу керек мынаны,
Бір күн дауыл өршелене соғады да тынады.
Сол дауылда «менмін» дейтін бұл дүниенің шынары,

Терек байғұс тым биіктеп кеткені үшін сынады.
Өмір айтты: тыңдама оны, піспеген ой бұл əлі,
Ілесе алмай кенже қалып қойғандар ғой кінəлі.

КЕЗДЕСУ

Сыр шертісіп бала кезгі құрбымен,
Қасқасудың жағасында тұрдым мен.
Бірде үнсіз, бірде толқи шаттанып,
Алдымызда асау өзен жатты ағып.

Біз де асау ек, осы өзендей тентек ек,
Өстік ата-анамызға еркелеп.
Бірге жүрдік, бірге ойнадық, таластық,
Таластық та тағы қайта жарастық,

Балалықта болмайды екен оғаштық,
Біз осылай келер күнге жол аштық.
Сол бір кездер есіңде ме, құрбы қыз,
Көңіліңде қалмады ма кірбің із?

Балаға тəн мінезіңмен ұялшақ.
Кетіп ең-ау көкірегіме қиял сап.
Неге сөнді сол қиял мен сол арман,
Жұлдызға ұқсап таң алдында жоғалған?!

Неге сөнді? Айта алмаймын оны мен,
Кеттік еркін өмірдің кең жолымен.
Балғын үміт жалт бұрылып шалғайға,
Тек сол күннің елестері қалды ойда.

...Сыр шертісіп, бала кезгі құрбыммен,
Қасқасудың жағасында тұрдым мен.
Ызбарлана соғып толқын жағаны,
Асығыс қой, қайда асығып барады.

Ауық-ауық күрсініп те алады,
Біздің бала мінезіміз баяғы.
Ал құрбымның қолындағы бөбегі,
Былдыр-былдыр сөйлегісі келеді.

Мен сəбиге қарап едім қызығып,
Қыз көзінен жалғыз тамшы үзіліп,
Түсті өзенге, араласты толқынмен,
Қоштасқандай бала күнмен, бал күнмен...

Əлдене деп, ол күрсіне алды дем,
Ой толқынын аңғара алмай қалдым мен.

БАЌТАР, НЕГЕ ‡НСІЗСІЊДЕР?

– Жаңбырға да, нөсерге де көніп ек,

Түс көргендей болмай бəрі өтті ғой.
Сайтан алғыр, мына күздің желі кеп,
Жапырағымды тонап алып кетті ғой.
Ғашықтар да алуан арман арқалап,

Бір-біріне сыр айтатын асығып.
Оларды мен жапырағыммен қалқалап,
Жұрт көзінен тұрушы едім жасырып.
Ақ жүректер айнымаған кептерден,

Мен олардың ойлы шағын көп көргем.
Айлы түнде мені тартып куəға,
Бір-біріне сендікпін деп серт берген.
Мен есімін ұмытқам жоқ олардың,

Мүмкін мəңгі ұмытпайтын болармын.
Жаным менің жек көреді жалғанды,
Бірде менің ақ үмітім алданды.
Көздерінде жалған арман, мұң тұнып,

Жас қызды ертіп келді маған бір жігіт.
Келе сала жүрек сыры, дастаны –
Махаббатын жыр ғып айта бастады.
Тани кеттім, таныс бейне бұл маған,

Екі адамның пəк сезімін ұрлаған.
Сонау күні осы жырын, осы əнін
Басқа қызға айтып еді-ау бұл надан.
Алғаш оның сорлылығын аяп ем,

Өзімді-өзім ұстап тұрдым, ой, əрең!
Сонда маған дауыс берсе тəңірім,
Жігіт сөзін тыңдаттырмай қояр ем,

Іштей тынып, іштей ойға бекіндім,
Неге тікен болмадым деп өкіндім.
Алдағаны үшін асыл үмітті,
Шабақтар ма ем мына тұрған жігітті.

Көкірегімде содан қалған уайым бар.
Күз келгелі үнсіз жатқан жайым бар.
Əнші құстар келгенше ертіп көктемді,
Үнсіз тұрып еске аламын өткенді.

Өткен күндер ғашықтардың қолымен,
Бұтағыма қалдырыпты көп белгі.
...Бұл өңірде баянсыз кім, батыр кім,
Солар жайлы ойға шомып жатырмын.

ДОСТЫЌ ТУРАЛЫ

Айқындалмас жақының мен алысың,
Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін.
Өз көңілінен сенім таба білмеген.
Досқа досша ұсына алмас қол ұшын.

Доссыз менің өмірімде бар ма сəн,
Досым барда арманға асам, алға асам,
Мақтау күтпен, адамшылық арыңды
Көкірегімді оққа төсеп қорғасам.

Адам деме жалған күліп алдасам,
Не берсем де сеніп бере алмасам.
Тар кезеңде талшық етер жаныма,
Жарты құртты бөліп бере алмасам.

Дос құшақтан босамасын қолдарым,
Осы менің, осы менің арманым.
Достығыма сенетін жан аз болса,
Онда, құрбым, менің əлсіз болғаным.

АРИФМЕТИКАДАН БАСТАЛЃАН ¤ЛЕЊ

1 + 1 = 2

– Бірге бірді қосқанда не болады?

– Онда өмірден бойдақтар жоғалады.

Алдыңда тұрған шақта асу-белең,
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.
Өседі адам қияға қарап тұрып,
Қалықтайды қиялың қанат қылып.

Жалғыз өткен күндерден жалығады ол,
Сенімінің жеңісін санап тұрып.
Алдыңда тұрған шақта асу-белең
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.

Көрші əне, айрылғандай сырласынан,
Бір мұңлы күй төгілтіп тұлғасынан,
Төсінде шөл даланың жалғыз ағаш,
Тұрады қолын бұлғап қыр басынан.

Бұл өмір бір күн шаттық, бір күн егес,
Тірліктің барлық мəні күлкіде емес,
Болсын мейлі көл жалғыз, терек жалғыз,
Менің жалғыз болуым мүмкін емес.

Жалғыздық сезсе жаным күйінеді,
Бұл сезім мирас болып маған қалды.
Жалғыздық бөлшектейді дүниені,
Аяймын жалғыз қалған адамдарды.

Сен қайда жүрсің, құрбым, бұл күндері,
Толқытып, тербеуші еді-ау күлкің мені.
Екеуміз екі таудың елігі едік,
Тыңдадық өмір күйін тебіреніп.

Өзіңе жақын барғым келіп еді,
Сен қаштың, үркіп қаштың мені керіп.
Екеуміз екі таудың бұлағы едік,
Екеуміз екі арнамен құлап едік.

Еркелеп, ұшқан құс пен ескен желге,

Жастық əн жарасты еді-ау жас кезеңге.
Мен сені сағындым ғой, аяулы əнім,
Қосылып кеттің бе əлде басқа өзенге.
Тербейді, тербетеді бір сыр мені,

Жүрегім тағы тулап дүрсілдеді.
Сен əлде жалғыз ағып зеріктің бе,
Сен мүмкін медеу тұтып жүрсің мені.

– Бірге бірді қосқанда не болады?

– Онда өмірден жалғыздық жоғалады.

– Жоғалсын, мəңгі көргім келмес оны,

– Білемін аңсайсың-ау сен де соны.

Иə, өмір бір күн шаттық, бір күн егес,
Тірліктің барлық мəні күлкіде емес.
Екі деген егіз сан аман болса,
Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!

М¦РА

Нағашым Ысқаққа
Аулада мен ұзақ тұрдым, ашпады ешкім есікті,
Есікті ешкім ашпады ғой, неге бұлар кешікті...
Кеш сездім-ау қолдан түскен асыл заттың бағасын,

Құшақ жая жүгіретін қайда менің нағашым?!
Мен сағындым, сол адамның ақ жүрегін сағындым,
Бəйтерегі секілді еді ол менің балғын шағымның,
Үн келеді құлағыма өмірде оны жоқ деген,

Маған деген махаббатын қайда қойып кетті екен?!
Қайда, қайда қалдырды екен маған деген сезімін,
Əлде бірге əкетті ме қабіріне өзінің?!
Менсіз жерде оның көңілі алаң еді, жарты еді,

Оның жаны көктем еді, көктемнен де мəрт еді.
Бүкіл ауыл сəлем беріп тұрушы еді оған кеп,
Қарсы алатын барлығын да «айналайын, балам» деп.
Мəрттігі мен жомарттығын екті кімге білдірмей,

Бəрі соның өте шықты, болмады ғой бір күндей.
Мен сағындым, сол адамның ақ жүрегін сағындым,
Бəйтерегі секілді еді ол менің балғын шағымның.
Сол бəйтерек, өр бəйтерек құлады екен неге ерте,

Неге ертерек тартты терең құшағына кең өлке.
Неге ертерек билетті екен бойын суық сезімге,
Мен есімді балалықтан жаңа жиған кезімде?!
...«Айналайын, айналайын» деп сүріне қабынып,

Шығушы еді-ау, қарсы алдымнан мен келгенде

сағынып,
Сол адамды өмір-өзен кетті ағызып жыраққа,
«Айналайын» деген сөзі қалып қойды құлақта...
Қайран аңқау балалық-ай, кезінде оны кім сезген,

Маған деген бар сезімін қалдырыпты ол бір сөзбен.

ЕСКЕ АЛУ

Қиялымды тербетіп ең, тербеп ең,
Асау едің, əсем едің сен деген.
Жүрегімде саған іңкəр бір сезім,
Жылдар бойы маған маза бермеген.

Өтсе де айлар қағып күміс қанатын,
Кеудемде бір үміт шамы жанатын,
Өшкен ол шам. Оны өшірген өзіңнің
Маған деген қаталдығың болатын.

* * *
Мүгедектер – тəн саулығын аңсаған:
Біреуге аяқ, ал біреуге қол қайғы.
Өз борышын сезінуден қалса адам,

Бұдан асқан мүгедектік болмайды.

Жасы үлкенді аға санау ежелден
Салтымыз ғой, салтты мен де сыйлаймын.
Бірақ кейде кейін тартып кежегем,
Баз біреуді аға деуге қимаймын.

Асқар тауды ардақтайды ел қайда да,
Асқар таудай адам болу тым қиын.
Адам болмай, ағам болсаң жай ғана,
Онда маған ағалығың бір тиын!

* * *
Адал жүріп келеміз-ау десек те,
Біздер кейде шалынамыз өсекке.
Сонан кейін əлдекімге өкпелеп,

Түні бойы дөңбекшиміз төсекте.
Дөңбекшиміз, от лапылдап бойдағы,
Басымызға ой келеді қайдағы.
Міне, міне жайлауына жанымның

Тағы біреу атын əкеп байлады.
Тұрдым үнсіз ойға шомып не түрлі,
Жаным менің бір қимылға бекінді.
Кім болды екен, мылтығы бар қолында,

Құс атуға келген мерген секілді.

Жүріп кетті ол сермеді де қолды бір,
Тағы естілді дала жақтан зор дүбір,
Тұрмын тыңдап, тағы естілді таныс əн,
Гүл теруге келген достар болды бұл.

Жаным – жайлау, көңлім – мөлдір бір ағын.
Бəріне де түрік жатыр құлағым.
Кей шақтарда дос деп ұғып қасымды,
Дарқандықпен құшақ жайып тұрамын.

ТУЃАН ЖЕРМЕН СЫРЛАСУ

– Тыңдадың ба, туған жерім, шынарым,

Саған арнап əн шығарды ұланың.

– Тыңдап едім, тамаша екен, ұнады,

Бойжеткеннің аузында жүр бұл əнің.
Маған мұны айтпасаң да сезем мен,
Сен сол қызға ғашықсың ғой ежелден.

– Ол жайында керегі не сөз ғылып,

Болмақ емес менде онан өзге үміт.
Сол бойжеткен махаббатын сыйласа,
Ойланбастан үйленер ем көз жұмып.

– Тоқта, балам, қызбаланба онда сен,

Отқа ұмтылған көбелектей болма сен.
Таяз су да ерке өзенмен жарысқан
Тым жарқырап көрінеді алыстан.
Сол жарқылдан сыр ауласын жанарың,

Жақындап бар, жақын барып қарағын.

– Жақын бардым, алыс бардым, бəрі бір,

Жан сезімім құйып тұрды жарығын.
Кетсем ұзап, ассам да бір белестен,
Қаша алмаймын бұл сиқырлы елестен.
Қайда жүрсем – көз алдымда сол ғана,

Сол қыз болып елестейді кең дала,
Жүрегімде сол қыз күліп тұрады,
Өзіне арнап өлең жазсам толғана.

– Туған ұлым, мінезіңе бар таңым,

Бар сезімің сүйгеніңе беріліп,
Мені ұмытып кетерсің деп қорқамын.

– Ха-ха-ха-ха, дарқан анам, отты анам,

Кейде сені қызғаншақ па деп қалам.
Сағыныштың сағымы ойнап көзімде,
Бірде сенен алыс жүрген кезімде,
Көкірегімде толқын атып күй менің,

Өзімді-өзім əрең-əрең биледім.
Сонда сенің бір гүліңді үзіп ап,
Хатпен маған жіберіпті сүйгенім.
Сол бір күнгі қуанғаным қаншалық,

Таң атқанша ұйықтамадым əн салып.
Төсінде өзім қызық күндер кешірген,
Дарқан далам кетпеді бір есімнен.
Қанша үңілсем көрінбейді жол шегі,

Сенен шырқау таулар да көп еңселі.
Даңқы сенен биіктер бар. Солардың
Барлығынан артық сүйем мен сені.
Асқарыңа арманымды түнеткен,

Өзіңсің ғой жүрегіме гүл еккен.
Сол жүрекпен қызды сүйсем несі айып,
Сені сүйем қызды сүйген жүрекпен.
Өмірінде бір адамды беріле

Сүймегендер – сүйе алмайды сені де!

‡ЙЛЕНГЕН ДОСЌА

Кеттің-ау сен бойдақтардың қатарынан паң күліп,
Көп қыздардың ортасында мені жалғыз қалдырып.
Қайда кеттің, жұмбақ емес, көз жұмып-ақ табармыз,
Сен барған жер алыс емес, оған біз де барармыз.

Шынымды айтсам бұл ісіңе жүргенім жоқ қайғырып,
Міне, сенің келіншегің отыр бізге шай құйып.
Келер-кетер қонақтар көп, құттықтаған онан көп,
Көп күн өтті, қонақ күтіп қозғалуға шамаң жоқ.

Кеңпейілдік қандай жақсы, жас жігітке ол да сын,
Ұйқың шала болса болсын, күлкің шала болмасын!

ЖАСЌАНАМ

Еркесің сен көзіңде үміт ойнаған,
Шулы теңіз секілді бір айналаң.
Қараймын да қуанышты жүзіңе
Көпке дейін үнсіз қалам, ойланам.

Əсте көңлі əсемдіктен қашпаған,
Сенім тапқан жігіт ем мен басқадан.
Қарай бергім келеді-ақ бір,

Жүрекке
Шоқ түсіріп алам ба деп жасқанам.
Жаның – орман, адам аяқ баспаған,
Көзің – арман ешкімге сыр ашпаған.

Қарай бергім келеді-ақ бір,

Тек қана
Бақытсыз ғып алам ба деп жасқанам.

СЫРЛАСУ

Қадірлі ата, сен бізді кінəлама,
Ер жеттің деп қолыңды барға малып,
Ерлігің жоқ деп жəне таң қаларлық,
Даңқ құрап ғасырлық,

заманалық,

Жəне жауға шаппадық дараланып.
Сен сияқты өліммен бетпе-бет кеп,
Қан майданда жатпадық жараланып.
Ерте ояндың елге ортақ несібеңмен

Ерте білді сондықтан есіміңді ел.
Тарих күліп əн салды есігіңнен
Ал, бірақ, біз кеш тудық,

кешіріңдер.
Қадірлі ата, сен бізді кінəлама:
Пəтуəсіз модаға бас қойды деп,
Күжірейтіп желкеден шаш қойды деп,

Кейде тіпті жұрт ұйықтап жатқан кезде
Жаңғыртып əн саласыңдар деп,
Таңды ұйқысыз қарсы аласыңдар деп,
Уайымсыз күлесіңдер деп.

Қайғысыз жүресіңдер деп.
Бəлкім, жөн де болар бұл өктемдігің,
Бірақ, бірақ, жан ата, өзің айтшы,
Сендер тере алмаған көктем гүлін,

Тереміз деп шарқ ұрсақ,
Арман қуып алқынсақ,
Дүр сілкінтіп, қия, шыңды, белдерді,
Асқақтығын жырға қосып шынардың,

Сендер шырқап айта алмаған əндерді
Айтамыз деп талпынсақ,
Таласады бұған кім?
Азат арман қанат жайса, озат ойлар көбеймек,

Кім ойламақ, қане, бізді заманына өгей деп?
Қадірлі ата, кешірім ет,

Бір кездегі өзіңдей
Жұртты екіге бөлем мен де бай деп жəне кедей деп.
Отанының сан ғасырлық байлығын,
Ерлік даңқын, айбынын,

Атасының азаматтық шаттығын,
Тереңдігін, пəктігін,
Жəне тілін, өнерін!
Ұлы сайын даласының көлемін

Жүрегінде сақтай алмағандарды
Кедей демей, не дейміз?
Өгей демей, не дейміз?
Көз, құлағың түрік жатыр,

Өзіңе аян, заманыңа кімнің қанша үлесі.
Күрес əлі жүріп жатыр
Байлық пенен кедейліктің күресі,
Ақ пен қара күресі,

Тəн мен сана күресі.
Қырға бейбіт гүл өскенмен,
Тоқтағанмен қан төгіс пен төбелес,
Бұрынғы өткен күрестерден

Бұл күрестің даңқы мысқал кем емес.
Иə, кедейлік кеңістіктің тарлығы.
Халқымда бар қасиеттің барлығы
Өз бойымнан табылмаса – біткенім,

Онда менен бұл күресте үлкен жеңіс күтпегін.
Қадірлі ата, ойың қандай зиялы,
Сен өзің айтатынсың,
Жылқының артқы тұяғы

Асып түспесе алдыңғы тұяғынан
Бағы əсте жанбайды деп,
Шығарып тастағайсың қиялыңнан,
Ол тұлпар болмайды деп.

Ал, мен сенің сол артқы тұяғың ем,
Жалғасқан жасампаздық қиялыңмен.

Бүкіл адам бас иетін, Сенің ерлік қасиетің, Қажымайтын қанатты үнің, Ел таныған жомарттығың Келер күнге менімен бір барады, Қатал-қайсар махаббатың жүрегімде жанады. Сондықтан да болашағы мына ұлы даланың Ертең менің есіміммен байланысты болады! АЃА Рас, біз туыспадық бір анадан, Сонда да туысқаным дер едім мен. Өмірде өрге ұмтылмай тұра ма адам, Өзіңе қарап өсіп келемін мен. Жаның да таза екен ғой ақша қардан, Арлының адамдығы жоғала ма? Жердегі барлық ізгі жақсы адамдар Сен болып елестейді маған, аға!

* * *
Тағдыр маған берсе деуші ем, игі арманын

бағбанның,
Өмірді мен бағбандықтан бастасам.
Жалғыз терек орман болмас,

ал мен орман өсірсем,
Достарымның жүрегіне орман егіп тастасам,
Балтасының қуатына сенгендер
Көзі ұялып кесе алмаса ешқашан.

Қандай ғажап болар еді сонда бұл,
Орман жапқан менің өмір жолдарым
Жатса өлкемді айқара орап көсіліп,
Ешбір дауыл кете алмаса өшіріп.

Арман, арман шалқып жатқан бай теңіз,
Қараңғысың нұрлы Ай кетсе көгіңнен,
Аз ғана еңбек,

аз ғана оймен кейде біз,
Көп сыбаға дəметтік-ау өмірден.
Жылдар, өзің əділ қазы бола гөр,
Артық кетсем аямастан кескіле.

Ортайғанда қуатым боп тола көр,
Отым өшсе, мені мəңгі өшті де.
Барлық құстың қиялы мен өлеңі,
Биіктік қой о бастан.

Менің-дағы биік ұшқым келеді,
Сен куə бол, ақ аспан!
Батылдығың – ақындығың,
Ақындығың – ақ алмас –

Сен де куə болшы бұған, замандас!
Нəмəрт болсаң, қолынан нұр тамбаған,
Қас дұшпаның мен болам.
Жомарт болсаң, пейілі судай тасыған,

Қарт ананың ұлына
Жайған жарқын құшағы боп ашылам,
Жəне саған жету үшін асығам.

¦ЙЌЫСЫЗ ¤ТКЕН Т‡Н

І – Неге сенің ұйқың қашты, жан ана, Кімді іздейсің, неге жүрсің далада? – Күндіз кеткен ұлым менің əлі жоқ, Маған онсыз ұйқының да мəні жоқ. Жаным толқып, мазасыз бір ойдамын, Көрдің бе сен, ұлым менің қайда жүр?

Тұр еді ана жан-жағына алаңдап, Екі бейне келе жатты қараңдап. Алдамаса егер оның сезімі, Бірі – бөтен, екіншісі – өз ұлы. Аттай тулап кетті ананың көңілі, Ал бөтені болмағай да келіні. Жалғыз ұлы, шамшырағы, мақтаны, Көп жемістен осы қалды бақтағы. Бір шаттығын екеу етсем деп еді... Екі бейне көрші аулаға тоқтады. Екі бейне тұрып-тұрып бөлінді, Зарықтырып ұлы да алдан көрінді. Ана бұған мақтанса да болғандай, Келін, келін болар екен ол қандай? Көрші аулаға қарап қойды ұрлана Бақытына екі-ақ қадам қалғандай. ІІ – Тəтті ұйқыңды қашырған кім, жан ана, Кімді іздейсің, неге жүрсің далада? – Күндіз кеткен қызым менің əлі жоқ, Кешікпеймін дегеніне нанып ек. Келмейді ұйқым, мазасыз бір ойдамын, Көрдің бе сен, қызым менің қайда жүр? Тұр еді ана жан-жағына алаңдап, Айлы түннің ызғырығын жамандап, Самаладай нұрға шомған бау жақтан Екі бейне келе жатты қараңдап. Бірі – жігіт, екіншісі – қыз бала, Қалды кемпір көзін қадап сыздана. Ал ана екеу, сыр шертісіп не түрлі, Бірін-бірі қимай тұрған секілді. Екі бейне тұрып-тұрып бөлінді, Зарықтырып қызы да алдан көрінді. – Апамбысың, сонадайдан таныдым. – Кешіктің ғой, қайда жүрсің, жарығым, Қасыңдағы тұрған əлгі кім еді? Шымыр ете қалды қыздың жүрегі. Жауап қату парызынан жасқана, Бұрып кетті ол ана көңілін басқаға. – Қарашы, апа, бүгінгі əсем түн қандай, Аспан бізге жұпар шашып тұрғандай. Бақшада да өзгерістер бар жаңа. Пісіп қапты мына бір түп алма да, – Деді қызы, қос бұрымын сипалап, «Солай ма», – деп ойға шомып қалды ана. * * * Ойсыздарды ойпаңдағы төмпешікке балаймын, Шеттен қарап қынжылам да, жақын келіп аяймын. Ал, біреуді Тау санаймын, тұрған қарап төбемнен, Ақша бұлт пен көк аспанның мейріміне бөленген. Төмпешікті басып өтіп, Тауға өрлеп келем мен.

* * *
Қалайша жүрем жастықтың жырын толғамай,
Қалайша жүрем алдымды терең барламай.
Əрқашан мені ерлікке бастар жолдар-ай,

Өрлікке бастар жолдар-ай!
Тартылып суы, қаңсып жатқан арнадай
Өзімнен-өзім түңілер кезім болмағай,
Ерлікке бастар жолдар-ай!

Өтуде күнім, өтуде зырлап тоқталмай,
Тұра алар емен сырымды түгел ақтармай.

Көрінсем кейде түн жарған алау оттардай,
Ағылсам кейде бəйгеден озған аттардай,
Талаптас жандар көп болғай,
Қанаттас жандар көп болғай!

* * *
Екеуміз де екі ананың гүліміз,
Екі əкенің тағдырының нұрымыз.
Бүгін біздің қуанышты күніміз

Бақыт таптық бірімізден біріміз.
Таудан ассаң түстік жерде дала бар,
Бір тегіс боп келмес өмір жолдары.
Сиреп-сиреп шашымыз да ағарар,

Тек досымыз сиремесе болғаны.

«¤РКЕНИЕТТІЊ

АДАСУЫ»

АТТЫ РОМАННАН

‡ЗІНДІЛЕР

КОМПЬЮТЕРБАСТЫ

ЖАРТЫ АДАМДАР

(Рухсыз күш формуласы)
Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,
Қонақтары сұрапты:

– Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?

– Бір жарым! – деп тіл қатыпты əлгі адам. –

Ал, дəл айтсам, үш ұлым бар зерек əрі білімді,
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын

Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.

Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен

жарты ұлға.
Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!
Иə, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?

Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.

Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,
Жарты бастық,

жарты ұстаздар,

жарты қыздар,

жарты ұлдар.
Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бəрі бір,
Бойын рухтан аулақ салса бəрінің де мəні бір.
Өз халқының тілі, ділі – зор адами парқына,

Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ

халқына?
Бұл қазаққа көз өткен бе,
Тілдің мұңын сөз еткенде
Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп

қалтырар...
Ұлтсыздардың бəрі – рухи мүгедектер, жартылар.
Тілін, ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,
Бар назары материалдық игілікке тоқталар.

Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар,
Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы»

боп қалар.
Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге:
Білім алып келсін дедік,
Жер, ел танып көрсін дедік

Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?
Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,
Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?
Қай кезде де білім – күшің, əрі нұрлы жетегің.

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін
Кім ойлапты құдайым-ау,

егер ұры қаншама,
Зор білімін қулығына қару етсе жан сала
Бейқам елге оның сыйлар азабы да соншама.
Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,

Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,
Қасиетті ата қоныс – өзен-тауын жерсінбей,
Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,
Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,

Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.
Əлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,
Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?
Қуанып ек, қосылдық деп кəусар бұлақ қорына.

Адасқандай тылсым нудан,
Біз олардың кір су құйған
Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,
Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық…

Ұлы Ғабит Мүсірепов – қара сөздің кемелі,
Бүткіл қазақ рухының еңкеймес бір беделі,
Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сəт соққанда
Сол соңғы сəт өз күшінің соңғы шамын жаққанда,

Ажырамай сенімінен,
Діріл қаққан ерінінен,
Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған.
Шыншыл тұлға жаны дара,

Нақ мынадай мағынада
Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған:
«Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,
Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.

Ғасырды асар əдебиеті, өнері ұлы болмаса
Ұлт даралық таба алмайды,
Жəне ұлы боп саналмайды ешқашан!»
Əр жүз қойдан кезінде біз үш жүз қозы алғанбыз,

Ғарышқа да құлаш ұрып, Айға түрен салғанбыз.
Рас, қазір күллі əлемде байлыққа ауды есіл дерт,
Байлығы озса мысықтар да жолбарысша көсілмек.

Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес,
Ақшаң болса «маймылды» да бастық сайлау сөз емес.
Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме?
Қарындарды – тек өз қамын ойлаған,

Залымдарды – қан төгуге тоймаған,
Ұрпақтары үлгі тұтып, орнатуда кесене.
Əділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме?
Жол бар ма екен аман өтер пенде-мүдде орманнан,

Адамдықтың салтын қайттік,

даңқын қайттік қорланған?
Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?

«Əрбір қимыл – қарсы қимыл тудырады» тірлікте.
Егер қарын байлығынан рухымыз пəс тұрса,
Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,
Қоғам қалай ұстамақшы əділ ойдың шылбырын,

Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.
Олар қазір заманды алдап, заңдастырып əр ісін
Оятпауға құлшынады аңқау елдің намысын…
Оян, Данте, Фирдоусидің жəне Абайдың айбыны!

Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.
Қол қусырып көнеміз бе,
Үнсіз жата береміз бе,
Робот-түйсік арқаланған,

Мейірімі тұл жарты адамдар
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?..
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Дөңбекшиді көңіл-ғалам,

Бүгін өлу жеңіл маған,
Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше…

ЕРКЕКТЕРГЕ К¤ЗЌАРАС

немесе

ƏЙЕЛГЕ СИРЕК ЖОЛЫЃАТЫН БАЌ

Отырарда біp қадірлі қарияның қанатты,
Тұлпар тектес аты бопты сүйсінткен бар алапты.
Мінезі сəл жайсыз екен шодыр бала іспетті, –
Шаршап-талып шөлдесе де арықтан су ішпепті.

Жек көргені жақын келсе тарпып, тeyіп тістепті,
Содан аяқ шідерленіп, бастан жүген түспепті.
Бозбалалар сымбатына көз тастайтын табына,
Қарияның ай дидарлы қызы бопты тағы да.

Сол жас ару, əкесіне былай депті біp күні:

– Əке, сенің дарқандығың шақырады күлкіні,

Қиқар, тентек мына атыңды мəпелеуді қоймайсың,
Айырбастап,

сатып,

сойып неге көзін жоймайсың?

– Рас, қызым, сөзіңнің жоқ қатесі,

Аттың қиқар мінезі бар, – деп күрсінді əкесі, –
Тек бұл бейбақ ат біткеннің зерегі,
Түскен кезде бəйгелерге, жарысқа,
Жаралғандай шабу үшін алысқа,

Арын салып,

күшін, терін төгеді,
Бірақ сөзcіз біpінші боп келеді.
Əйгілеген елге күшін,
Сол ғаламат еңбегі үшін,

Қиқарлығын кeшіpyгe болмай ма?!
Кешірмесек бетте таңба қалмай ма?!
Аз ба елде, тұлпарды асқан бағы бар,
Жуас, көнбіс,

моп-момақан жабылар.
Қасиетін сезбесе де тəлім алар, табынар,

Жуасты əркез мақтайтын жұрт табылар.
Бəлкім, тұлпар сол үшін де ызалы.
Ызалыны бағалауға шабандаумыз біз əлі.
Нағыз еркек тұлпарға ұқсас, айнам-ау,

Саған қылмыс ол жайында ойламау.
Толғағы кем талғамыңа бар таңым,
Басыңа бақ қонбай ма деп қорқамын...
Дұрыс шығып əкесінің есебі,

Қыздың жолы болмай қапты деседі.
Ойлан, жуас жан іздеген, жар іздеген, жас талап,
Өміp сенің күткеніңнен əлдеқайда басқарақ,
Еркек сұлу көрінбей ме еркімен,

Еркіндіктің нұры ойнаған көркімен.
Жалғандыққа күрес ашқан іcімeн,
Сүйгеніне берген қайсар сертімен,
Жəне соны қорғай білген күшімен.

Ойлы əлемнің əйелдерсіз күні бар ма көктеген,
Əйтсе де мен əйелге ұқсас еркектерді жек көрем!
Еркектерге еліктеген əйелдің де аз табары,
Иə, əр жыныс өз мінезін сақтауымен бағалы.

Жігіт, жігіт санала ма бұғып жүрсе тасаңда,
Өз пікіpі жоқ еркектен қорқу керек қашанда!
Қанаттыны кepі тартып, табандап,
Ұшар кезде ұша алмайтын шабандап,

Өз пікіpі жоқ еркектер ел басқарса не болмақ?!
Тоқтамайды еркектер мен телпектердің жарысы,
Ойлан, қалқам, еркекті еркек етіп келген – намысы.
Мықты кім бар намыс атты батырдан,

Бір сөз үшін қаншама еркек тіршіліктен жан кешті.
Бір сөз үшін жекпе-жекке шақырған
Қайсар Пушкин Дантесті.
Ар-намыстың құрбандығы

Аз болмапты, қайраулы əлі əділеттің балтасы.
Жердің аман тұрғандығы
Сол намысқой еркектердің арқасы.
Əр кез нұрлы үміт ceyіп алдымызда таң жатсын.

Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Əйелдердің даңқы артсын!

Ал, жас ару, тұрмайды ешкім жолыңда,
Өз тағдырың, дəл қазір өз қолыңда.
Талғамыңды əйгілей ме талабың,
Көкейіңді сезіп тұрмын, қарағым.

Айтқаныңнан шықпайтын,
Меселіңді жықпайтын,
Саған момын, жұп-жуас еркек керек,
Жо-жоқ, еркек аты бар телпек керек.

Бақаның да əніне сай бағы бар,
Іздегенің жабы болса табылар.
Нағыз бақыт тұяғымен тұлпардың,
Қиялымен сұңқардың,

Өлшенетін мына ұшқыр заманда
Бірте-бірте құнсызданар бағаң да.
Мен сенемін, шын еркектің алдында
Қызаратын күн туады саған да...

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Тек ол күннің кеш туғаны жаман да!

ЕЛ ТІЛЕГІНІЊ К‡ШІ

Тағдырының той-қызығы тарқаған
Өлкедегі ең бай əрі қарт адам
Сəуле шашқан досы түгіл қасына,
Шығып алып құзар таудың басына,

Жаратқаннан ұлы демеу сұрады,
Үш күн, үш түн жалбарынып жылады.

– О, тəңірім,

Санам мұңға шайлықты,
Бердің маған бұл маңда жоқ байлықты.
Адам аз ба барлықты даңқ санаған,
Бірақ бақыт таба алмадым мен одан.

Қарттық жеңді,
Көрде тұр бір аяғым,
Осыменен бітпек пе өмірбаяным?
Көз жұмарда нені демеу етемін,

Байлығымды кімге сеніп кетемін?
Пейілі мен мерейінен таң атқан
Бір нəресте сыйла маған, жаратқан?!
Сүмбіле шың болып лезде жап-жарық,

Үн естілді ақша бұлтты қақ жарып:

– Сен перзентсіз өтесің бұл өмірден,

Саған сондай жалқы тағдыр берілген,
Ол шешімім өзгермейді жəне де!

– О, жаратқан, тəтті арманым өле ме? –

Деп сорлы қарт тұманданып көз алды,
Ұзақ тұрды, сосын қайта сөз алды. –
Онда маған мұңға төзер сана бер,
Жəне үш күндік ғұмыры бар бала бер.

Нəрестемнің иісін жұту мен үшін
Басты арманым, еді қарттық жеңісім...

– Мейлі, болсын! – деді Тəңір дауысы,

Алтын нұрмен арайланды тау іші.
Неткен жұмбақ ғұмыр еді бұл тəтті,
Тоғыз айда жас тоқалы ұл тапты.
Нəрестесін құшып, иіскеп шал сорлы

Сəл де болса тағдырынан бал сорды.
Жомарт көңлін шуақты ойға батырып
Той жасады елді түгел шақырып.
Ат мінгізді жігіттерге санатты,

Балалы үйге сауын сиыр таратты.
Мəрттік нұры асқақтатып қиялды,
Жетім-жесір тоғыз қойдан сый алды...
Пейіл барда зейін қалай қалғысын,

Шын жүректен білдірді жұрт алғысын:

– Бойлайтындай ел мен жердің сырына

Ұзақ ғұмыр берсін, Алла, ұлыңа!

– Ер мен ездің жігін оңай сезінген,

Құдіретті күш кетпесін сөзіңнен!

– Перзентіңнің мейірім ойнап көзінен,

Жомарттығы асып түссін өзіңнен!

– О, құдайым, пендем десең сен егер,

Мына қартқа құламас бақ бере гөр!
Уəделі үш күн тақау қалды бітуге,
Бейшара шал жаманшылық күтуде.
Төрт күн өтті, он күн өтті... бала аман,

Бірақ қауіп өшер емес санадан.
Қырық күн де желіп өтті асыға,
Шал қайтадан заңғар таудың басына
Көтеріліп, алғыс айтты Тəңірге:

– Мұндай шаттық көрмеп едім өмірде,

О, Жаратқан, сенім өлсе – ер жетім.
Өзің үш күн ғұмыр берген перзентім
Əлі тірі. Бір күннен соң бір күннен
Қатер күтіп, ұйықтай алмай жүрмін мен.

Өр адами тағдырымды ырза ғып,
Еттің маған неге мұнша мырзалық?

– Жоқ, сен өзің мырза екенсің, о пендем,

Адамдығын ту ғып шырқау көтерген, –

деді Тəңір ақша бұлттың ішінен. – Сен жəне де дархан жүрек күшімен Қуантуға тырыстың əр адамды, Сол пейілің сақтап қалды балаңды. Қатал тірлік қасіретінен арыған, Сенің жомарт мінезіңді таныған Үлкен-кіші түгел айтып ақ тілек, Жатты өзіңе, балаңа да бақ тілеп. Адам ылғи бір ізгі істі сағынса, Игі тілек арнасынан табылса, Демелсе егер тілек көптің қолымен, Ескерусіз қалдыра алман оны мен. Жомарттық – бұл мəңгі арымас қайсар күш, Саған алғыс айтқандарға айт алғыс!!!... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Қарттың кенет шарықтап ой-шынары, Ашылғандай шаттығының бұлағы, Бұлттан бөрік киген тауды жаңғыртып Қуаныштан айқай салып жылады. Ќ¦РМЕТСІЗ, ШЫНШЫЛ Т¦ЛЃАЛАР немесе Т‡РІК ЌАЃАНАТЫНЫЊ Ќ¦ЛАУЫ І Отырардан ағып шыққан дариялардың ұлысы, Құрмет пен даңқ төріндегі Күллі қазақ жеріндегі қариялардың ұлысы, Үміт-түлкі зып берсе де, Сыртта есейіп, сыртта өлсе де, Туған елден бөлінбеген ой-санасы, тынысы, Шыншыл – қатал тағдырынан нəр алған əр ұлы ісі Əбу-Нəсір əл-Фараби бабама Жағымпаздық шəрбатынан сусындаған бақшасы, Сахараның боз жусаны секілденген ақ шашы, Былай депті өз деміне Өзі піскен арабтың бір патшасы: – Санасынан шашыраған ізгілік, Ойы зымыран, дана дейді Сізді жұрт. Ал мен тынбай ел басқарып келемін Көңіліме шаттық, сенім қайығын тең жүздіріп. Еститінім кіл мақтау сөз, (ризамын халқыма), Күннен күнге даңқ қосылып келе жатыр даңқыма. Адам бірақ тағдырға шарасыз ба, Болжап бере аласыз ба, Құны қанша, мəні қанша мендегі асқақ сенімнің, Болашағы қалай болмақ ертең мына елімнің? – Жаңылысса əділетсіз тіл мен көмей жаңылсын, – деді ғалым – оны болжау қиын емес, əміршім, Ордаңызға Сізге ерекше маңызды əрі қадірлі Адамдарды шақыртыңыз ісі ерекше жағымды Қуат-күшін əйгілеген ой-парқымен, білекпен, Мақсат, мүдде, тағдырын да өзіңізбен бір еткен. Жəне олар қатар-қатар жайғассын Көңіліңізге кім ең жақын, кім қашықтау ретпен. Патша аз-кем ойланғанмен сөзге келмей құп болды, Ет пісірім сəттен кейін Ордаға жұрт лық толды. Билік – тұлпар, байлық – арба, екеуі бір ат арба, Алтын артқан арбаға еріп кім шықпайды сапарға? Болған соң ба бұл елде де байлық күліп атар таң, Сəудегерлер орын апты ең бірінші қатардан. Патшасының əр шаттығын бірге жүріп тойласқан Орда толы жақын-туыс, ой-санасын май басқан. Бес перзенті қатар отыр, арманымен айды асқан Сосын, əбжіл шабармандар… сот-қазылар жайғасқан.

Тең бөлінген не бар дейсіз мына фəни жалғанда
Бес-алты адам түрегеп тұр, орын жетпей қалған ба?
(Иə, заманы сыртқа тепсе тасбақадан бақ шабан)

– Мыналар кім? – деп сұрады Əбу-Нəсір патшадан.

– Ə, бұлар ма, өзін менен санайтындар кемеңгер,

Кітап-сітап жазатындар, ақын, ғалым дегендер...

– Түсінікті, – деді ұлы ұстаз, – құзырыңыз қаласа

Болжамымды өзіңізге айтсам деймін оңаша.
Келісілді.
Оңашада Əбу сөзін бастады:

– Ей, əміршім, аласа екен еліңіздің аспаны.

Білесіз бе, заманында айдарынан жел өпкен
Ұлы Түрік қағанаты құлады не себептен?
Шығу қиын бір түскен соң пенделіктің дауына
Оңай соқпас кері бұру рухсыздық ескегін?

Олар іштен жəне сырттан анталаған жауына
Қарсы қоя білгенімен мың-мыңдаған əскерін,
МƏДЕНИЕТІН қарсы қоя алмады.
Ұланғайыр ұлы өлкенің бағы солай жанбады.

Сол қателік Сіздің жерден тапқан екен жалғасын,
Ызалы уақыт төбеңізден көтеріп тұр балғасын.
Сіз елдегі басты орынды саудагерге беріпсіз,
Жəне оған ұлтыңыздың болашағын сеніпсіз.

Рухани байлығына арқа сүйемеген ел
Басқа өлкенің боданына айналады еріксіз.
Əне содан халқыңыздың даңқ-шырағы жанбауда,
Рухсыз ел тауыққа ұқсас, шыға алмайды самғауға.

Жеріңіздің үні болар,
Ар-намысы, гүлі болар жандарды
Сүтке тиген мысықтай ғып шетке қағып тастапсыз,
Сөйтіп, тақсыр, қасіретті қиын тағдыр бастапсыз.

Мына тайғақ заман маған берсе екі жол таңдауға
Десе жəне: БІРІНШІ ЖОЛ – байлық жолы шалқыған,
Тек тоқшылық арнасымен керги жүзіп қалқыған.
Бəрі дайын, не ішемін, не киемін демейсің

Өзіңді həм зəузатыңды шат тұрмысқа бөлейсің.
Тіршіліктен көрер қызық-тамашаң да көп болмақ,
Бірақ қайсар шыншыл Рухың, Дəстүр,

Тілің жоқ болмақ. Ал, ЕКІНШІ жолмен жүрсең жалаң аяқ кедейсің, Тағдырыңды тақ-тұқ еткен күн көріспен демейсің. Тек еліңнің сан ғасырлық мəдениеті саналы, Кəусар Рухы, Дəстүр, Тілі өз күшінде қалады. Екі байлық бір жүре алмай бөлінгені болды сын, Бұл жағдайда мен ойланбай қалар едім соңғысын. Сену қауіп, терең тамыр жая алмаған талғамға, Мазмұнынан айырылған Рух қанаты қайырылған Елден сорлы ел бар ма екен жалғанда?! Бөліп ұстар адамзатты мəн-мағына, əрінен, Сана шырмар мəңгүрттіктің залалы үлкен бəрінен. Бұл зор қайғы ғасырларға кететұғын қапалық Тұйықтан жол іздер əркім, Тырысарсыз Сіз де, бəлкім, Бірақ оған айналаңыз жібермесі ап-анық. Кетіп барам, қақпаңызды сірə қайтып ашпастай, Жан байлығы Сіздің елде ит ішпеген кешкі астай. Енді мұның кері соғар жаңғырығын күтіңіз, – деді дағы əл-Фараби шығып кетті қоштаспай. ІІ Ұлы баба! Тағдыры ойнамалы, Арыстың ай доғалы сағасында. Бұрымы бұлаң қаққан, Сəулетін, сəнін бұзбай сылаң қаққан. Анамыз – сұлу Сырдың жағасында,

Дəуіріне өзгертпеген рухының сағатын
Жəне ешкімге тежетпеген өр мінезін, тағатын
Он бір ғасыр арасында,
Отырарда туылыппыз екі ақын.

Орын таптың бар жүректің төрінен,
Мен ешқашан теңесе алман сенімен.
Ол ол ма екен, саған тіпті наз айтуға от керек,
Талай-талай алпауытпен шығып едің жекпе-жек.

Өз халқының жан байлығын өзі тепкен патшаға
Əлі күнге жат өлкеде жатырсың ба өкпелеп?
Орныңнан тұр, данышпаным, өр дауысты атан ер,
Елі тыныш болса ғана тəтті ұйқыға батады ер.

Шуда жіптей шатасқан сан жолдан аман өтсін деп,
Өз жеріңнің басшысына, қошысына бата бер.
Ұлы далаң ажырамай ұлы дəстүр, ұлы ойдан,
Ұсақ, саяз ұлдарының қылығына мұңайған.

Туған елге соқпасын деп өзің көрген қателік,
Мен тілеймін, Ұлы Баба, сен де тіле құдайдан!

БАЌЫТ ГЕОМЕТРИЯСЫ

«БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?»
Бəлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.

Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.
Əлде Бақыт сұлулық па, олай дейін десем мен,
Сұлулар жүр бай аяққа кілем болып төселген.

Əлде Бақыт билік пе екен қылыш мүдде ұстаған,
Тіпті қайсар қырандары рұқсатсыз ұшпаған,
Жағымпазы сырт көздерді шошындырып сұрқымен,
Бастығының көн етігін шөткелеген мұртымен.

Шын парасат иелері бірақ оған бармаған,
Олар өзін жаудан бұрын жағымпаздан қорғаған.
Иə, биліктің қадамы тоқ, қамалы жоқ алмаған,
Кей қасқалар биліктен де бақыт таппай сорлаған.

«Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене
Көрсет маған, құшақтайын, көтерейін төбеме», –
Деп едім мен, дəл сол сəтте ойы, бойы сымбатты
Əбден қажып шашы ағарған

ШЫНДЫҚ келіп тіл қатты:

– Бақыт дəйім санасы мен ұғымында əркімнің

Қанша ғасыр осыны елге ұқтыра алмай сарқылдым.
Қане менің соңымнан ер...

Мынау үйге қарашы
Нақ осы үйде жүріп жатыр Бақыт пен Сор таласы.
Yй иесі – жас жұбайлар тілек, ойы қосталған,
Билік, байлық қатар қонып, иықтымен дос болған.

Бірін-бірі сүйгенімен көңілдері тобасыз,
Тобасыздың есігінен кірген ырыс бағасыз.
Келген əрбір жақсылыққа игіліктің басы деп
Шын жүректен қуана алмау – ең қауіпті қасірет!

Солай, солай... Енді, ақыным, мұнда бұрыл деп мені
Шындық тағы ертіп барды жұпыны үйге шеткері:

– Терезеден қара, – деді, жақын тұрып қарадым,

Төрде отырған қос жұбайға түсті кенет жанарым.
Бөлме іші тым қарапайым, ортада ақ дастархан
Дастарханда тек қара нан, қос түйір қант тасталған...
Күйеуі айтты: «жалақы алдым, ертең базар баралық

Саған, жаным, ерекше əсем көйлек іздеп табалық!»

– Көйлегім бар, – деді əйелі

(қабағына мұң қонды) –
Бір бешпетпен жүрсің өзің, міне, қанша жыл болды...

Екеуі де менен бұрын оған шаттық қонса деп,
Алдыменен ол қуансын, оның көңлі толса деп
Бір-біріне сый ұсынып, бірін-бірі жақтады,
Бірін-бірі ардақ тұта ортақ ойға тоқтады.

Көрші аулада баласы өлген жалғыз кемпір бар екен,
Шетсіз, шексіз кең дүние ол сорлыға тар екен.
Бұлар қатар шуақ төге ізетті іске өрісті
Сол кемпірге қыстық киім əперуге келісті.

«Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене,
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?»
Деп қиялдап əр биіктен көрсетіппіз бекер бой,
Қымбаттым-ау, сөйтсек бақыт қанағатта екен ғой.

Егер бүгін аласарса мекеніңнің шоқтығы,
Оған себеп, қанағатсыз адамдардың көптігі...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
О, тəңірім,

Қанағатпен басар болса аптығын,
Мүмкіндік бер қадірлеуге жауымның да шаттығын!

ЖЕЛТОЌСАН АЛАЊЫ

Сəл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып,

күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,

Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ
Кемсітпекші «желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дəуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі əр ісіңнің жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт не сор іздеп табады.

...Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.

Оны да еске салады,
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.

БЕСІНШІ EPKEK

Намыс туы желбіреген өрінде,
Дүниеге келтірген сан алыпты,
Отырарда,
Менің туған жерімде

Мынадай біp асқақ аңыз қалыпты.
Жігерімен жіберердей тасты үгіп,
Өнер, ойы тармақты,
Адал, жайсаң жас жігіт

Ел ырысын шашып өткен
Тосын келген қасіреттен
Жанын салып туған жерін қорғапты.
Ал, табиғат – ұлы Ана

Ұланына тіл қатыпты қуана:

– Бұдан да үстем болу үшін мерейің,

Ұлым, саған үш байлықты нысана етіп көрейін.
Нысап керек дəулетке де, баққа да,
Біpін таңда тек қана:
Əр сөзінде от тұратын,

Елге таңдай қақтыратын,
Ғажабы да,
Азабы да орасан
Жұрттан асқан АҚЫЛ берем қаласаң?

Қызығушың көбейетін шашыңнан,
Көрген адам кете алмайтын қасыңнан,
Қызғаныш та тудыратын орасан
Жұрттан асқан KӨPІK берем қаласаң.

Ұмыттырып дүниенің тарлығын,
Кілең игі жақсылардың барлығын
Жинайтұғын дастарқанның басына,
Tіпті, қасы айналатын досына,

Қанаттыға өнегесі орасан
ЖОМАРТ тағдыр ұсынайын қаласаң?
Сонда жігіт былай депті:

– О, құдірет мекенім,

Бұл ғаламат сыйлығыңды қалай өтер екенмін?!
Арнасынан тасып шығып, құйылатын сайларға,
Сөйтіп жұртты қалдыратын əpі-cəpі ойларға,
Ерке жəне қызба тілмен сөйлеген,

Қайсар, тентек көктемгі өзен секілдімін кейде мен.
Жүрдек дəуір иығыма ауыр жүгін артады,
Дарқандығым,
Бейқамдығым,

Осалдығым бар тағы.
Өзіме-өзім жұмбақ жанмын, –
Біp күн сөзсіз от басам,
Сеніммен

həм

кешіріммен қарайтын көз таппасам.
Қайда ол көз?
Қанша үміттің жалын босқа қармадым,
Жігер-ойым,

Тəнім,
Қаным,
Шығындалсын бар малым,
Өзің айтқан үш байлықты кeyдecінe жинаған,

Біp адал жар жолықтырсаң болмас еді арманым!..
Кəне, кімнің бақ жұлдызы туар екен оңынан?
Сол ер жігіт арман еткен асыл жардың соңынан
Сан мың еркек əлі қуып келеді...

БІРЕУІНІҢ мүмкіндігі əлдеқайда көп еді,
Жомарт, адал əpі жарқын жігіт еді өpeлі,
Біpaқ оны жігерсіздік бөгеді.
EKІHШІHІ шыдамсыздық адастырды жолынан,

Сосын қайтсін, ұстай салды басқа əйелдің қолынан.
YШІHШІ еркек қайратты еді

жалын шашқан жанардан,
Қара күшке көп сенгеннен нəзіктігі жоғалған.
Шын бінайы сұлулықтың түп тамыры саналған,
Жер бетінде нəзіктікті аман сақтау зор арман.

Нəзіктігін жойған адам
Қыстағы
Терекке ұқсас жапырағы тоналған.
ТӨРТІНШІ еркек қажет шақта тəуекелге бармады,

Жарты жолға жеткен кезде сөніп қалды арманы,
Қазір қайсар тағдырына қарсылықсыз көнеді.
Тек БЕСІНШІ ертең қуып жетеріне сенеді.

Ауық-ауық берілгенмен уайымға,
Өжет сенім айналмағай ойынға.
...Сол бесінші – ең бақытты еркектің
Армандаймын болсам-ау деп тойында.

ƏМІР-ТЕМІРДІЊ СОЊЃЫ ¤СИЕТІ

Күш пен ақыл кімде мықты – соның даңқы ең үстем.
Қиып өтіп өзен-көлден,
Қия-шыңнан,
Еңістен.

Сырнайлатып,
Кернейлетіп Əмір-Темір əскері
Мəрмəр қала Самарқанға оралды зор жеңіспен.
Кешке таман тұс-тұсынан сансыз жарық самсаған

Көк Сарайдың аясында шаттық қосты қанша адам.
Аққу мойын əсем əндер қалықтады төбеде
Темірдің бұл жеңісі еді көптен күтіп, аңсаған.
Ой-сезімді айналдырып інжу-тізбек алқаға

Қожа Хафиз шабыттанып жыр оқыды ортада.
Əмір-Темір қанаттана,

жырға балқып,

шоқтанып,
Арайланған жанарында шоқтай қызу от жанып:

– Неткен асқақ сұлулық бұл,

неткен жомарт сезім! – деп,
Қайта-қайта басын изеп, қолын соқты шаттанып.
Кенет біреу алға шығып бұрды өзіне жиынды,
Ханға қарап қалбаң қағып, бірнеше рет иілді:

– О, кемеңгер қасиеттім, ұлылардың ұлысы,

Даңқымыздың көшбасшысы, құдіреті, тынысы,
Сізсіз күллі Азияның бітпек емес бір ісі,
Сізден асқан данышпан жоқ,

Егер біреу бар десе,
Оның өзі – Сіздегі ұлы парасаттың інісі.
Тіпті əлемде Сізбен қатар қоя алмаймыз ешкімді!

– Дұрыс!

– Шын сөз!

– Хан жасасын! – деген қоштау естілді.

– Қай кезде де сом алтынның қадірі жоқ қолдағы, –

Деп əлгі адам əңгімесін əрі қарай жалғады, –
Шын өнердің мəнін білер,
Сөздің сəнін, дəмін білер,
Талғамыңыз тағы мені таң қалдырды, алыбым,

Сізді барлап өлең-сөздің құдіретін таныдым.
Өнегеңіз ғасырлардан ғасырларға көшеді,
Өзіңіздей көсемі бар елдің бағы бес елі!

– Тоқта!

Доғар!
Сарапталық,
Сен бе, мен бе жетесіз?
Сөзбен арбап, мақтау жолын меңгеріпсің қатесіз.

Бір күшейсе, өткел бермес тоғышарлық індеті.
Əр адамның тірліктегі зор замани міндеті –
Саф өнерді ардақ тұту жəне терең түсіну.
Жан байлығын есепке алмау – босқа көкіп, ісіну,

Халқымыздың ұлы рухын, бедел-парқын түсіру.
Тек қарынға билік берсек мына ғалам не болмақ?
Онда ізгілік өзендері ақпай қалар табандап.
Қашыр озып,

тұлпарлардың мерейі ақсап,

шабандап,
Қарға біткен қарқылдасып, қырандарды жамандап,
Биік пенен аласаның шекарасы жоғалмақ.
Тұс-тұсынан мақтау сөздер құлағанмен көшкін боп,

Əлі күнге жағымпазын жазалаған ешкім жоқ.
Диірменің айналған соң жалғандықтың желімен
Басқа арнаға түсіруге міндеттімін сені мен...
Сəл ойланып:

– Кімсің өзің, мақсатың не? – деді хан.

– Əрқашанда орын ашқан Сізге жүрек төрінен

Қорасанның хакімімін... Құттықтауға келіп ем...

– Жалған хакім, жалған таудың даңқы

жермен теңессін.
Бар, қайта бер!
Қорасанға енді хакім емессің!

– Ұлағатты ұлы ханым, күн келбеттім, кеңісім,

Мұныңыз тым ауыр жаза болмас па екен мен үшін.
Шетке қағу – өзіңізге шын берілген хакімді
Тарылтпай ма сіздегі ұлы жомарттықтың өрісін?

– Міне, міне, сын сағатта санаң қалай бұлтыңдар,

Қырдың қызыл түлкісін де алдап кетер тұрқың бар.
Жанарымды тұздай етіп,
Өтпей жүрген қыздай етіп
Көзсіз мақтап, беделімді асырдың-ау таудан да.

Сен жанымнан табылар ма ең бастан бағым ауғанда?
Ондай шақта жалт бұрылып кетеріңе дау бар ма!
Мадақ cөздер төбесінен қарша борап жауғанда,
Елікпейтін басшының тым аз боларын білесің,

Cондықтан сен қатерлісің жасырынған жаудан да.
Билік деген – қалың елдің көз қадайтын алаңы.
Мені жиі, жөнсіз мақтау салтқа айналып барады.
Кейбір қулар шектен шығып тіпті теңеу таппауда.

Жалған жыршы, жалған ақын,
Желпи келіп жел қанатын
Бұдан былай ерік берсе əділетсіз мақтауға,
Сол сəтінде-ақ бұйырамын қатал, ауыр жазаға!

Əділетті жаза барда ғаділетті ел аза ма?
Таразылар уақыт кейін, кім боркемік, кім мықты,
Тек əділ сын – ел тірегі,
Жалған мақтау өлтіреді,

Əміршінің санасынан сығалаған шындықты.
Ал бұл жұртқа əкеледі қанша қайғы-қасірет.
Құнсыз етіп мерей көгін,
Жағымпаздың көбейгенін

Ұғу керек туар жаңа қасіреттің басы деп.
Мың намыссыз жағымпаздан құлдық ұра құлаған
Артық маған қасқайып кеп шындықты айтқан

бір адам.
Енді шындық менің мына билік құрған өлкемде
Ізгілікпен жұптасады,
Нық басады ертеңге, –

Деп əмірші жігер жүзген жанарында бақ жанып,
Жанған бақпен шығып кетті қалың жұртты

қақ жарып.
Содан бері қанша жапты сонау таудың басын қар.
Сан гүлденіп, сан қуарып,
Əмір-Темір даңқын алып,

Жұмыр жердің кеудесінен ұшты дүлей ғасырлар.
...Бас қолбасшы Самарқанның бас көшесі бойында
Ескерткіш боп биіктеп тұр, берілгендей пайымға,
Берілгендей уайымға,

Ғасырында есепсіз көп қан төккені жайында,
Бірақ ұлы бір мінезді салт еткені жайында...
Нəн бəйтерек əлдене деп сыбырлайды қайыңға...
Ханның соңғы өсиеті,

Сөзге айналған қасиеті
Алты жүз жыл өткеннен соң,

кəне, кімнің ойында?

Бір жас жігіт мінбеде тұр (сырт көзге тым ақылды), Қосатындай көңілменен алыс пенен жақынды Қалбақтады, жалбақтады, Арыстан ғып ардақтады, Данышпан ғып салмақтады, Ескерткішті орнатуға бұйрық берген хакімді. ...Сəлден кейін хакім оны өз қасына шақырды... Нақ сол тұста оң қанаттан, Парасаты самғап аққан, Өзегінен гүл көктеген, Темір аса құрметтеген, Қожа Хафиз өлеңдері жаңғырыға оқылды... ............................................................................ Ой салар деп сеніп едім талай жаңа кескінге, Ұлы жырға бірақ назар аудармады ешкім де... – ? ? ? «ЖАЗАГЕР ЖАДЫ КОСМОФОРМУЛАСЫ» АТТЫ РОМАННАН ‡ЗІНДІЛЕР ¦ЛЫЛАР МЕН ОРТАШАЛАР …Міне, қызық, ылғи бойын зорайтқан соң күліп алдан, Пайымсыз жұрт орташаны биік қойған ұлылардан. Ұлылардың осал жерін орташалар біліп алған, Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мініп алған. Сан алқалы жиындарда орташалар той бастаған, Хас тұлпардың даңқын бөгеп орташа аттар ойқастаған. Мынау марғау дəуірдің де орташалар сүйенері Биліктегі бастың көбі орташа ақыл иелері. Техникалық түйсігі мен қарынының қадамы бір Ұлы Рухын сыртқа тепкен орташа ойдың

заманы бұл.
Шулы нарық базарына ене алмастан Ұят қалып
Семіз Байлық шіренеді жер кіндігі сияқтанып.
Ғасыр арсыз болған соң ба Ұят, Намыс жүр киімсіз

Ал, Рухты жалаңаштау қоғам үшін тым тиімсіз.
Жалаң аяқ қалай жүрмек, жолда сансыз шеге жатыр
Неге оған болыспайды, қайсар сана, кемел ақыл?

Ағатай, сəл сақтаналық, рухсыз күш неге батыл?
Баспен емес, қарынымен ойлайтын топ келе жатыр.

ГИМАЛАЙ ЖОЛБАРЫСТАРЫ

немесе

МАЛДЫЌ САНА ТУРАЛЫ М¦Њ

Рахымжан Отарбаевқа
Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен?
Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан.
Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен

Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам...
Соның айтқан əңгімесі қалып қойды есімде:
Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде,
Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс,

Қайтпек керек, қарсы алдыңнан

шыға келсе жолбарыс?
Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру,
Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру.
Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін,

Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң – біткенің.
Сол сəтінде-ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне,
Серіппедей тартыла кеп атылады өзіңе.
Бұл сұраққа ғылым əлі толық жауап таппаған:

Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған?
Бəлкім, тəңір пенделерін ойға тарту үшін де,
Жаратты ма жолбарысты осындай өр пішінде?
Іңкəр тірлік жолындасың.

Қимылыңа мəн бер сен, Қай кезде де еңсе бүкпеу – ердің басты құралы. ...Мен де кейде адамдығы аласарған жан көрсем, Ыза буған жолбарыстай атылғым кеп тұрады... Бір белгілі кəсіпкердің нақсүйері, сыңары, Талай дарын ағып өткен, Менің жастық шағым өткен Алматыда, алма пейіл, сауда зейін қалада, Жалт-жұлт еткен əсем тонын сары ала, Гималайдың ең соңғы, ең атбалды, Мекен еткен өр құзар шың шатқалды Барысының терісі деп мақтанды, Жанарында бір дарақы от жанды. Бірақ менің бұл жел сөзге тіпті сенгім келмеді, Жолбарысын жоғалтса егер – таулардың да өлгені. Жоқ, Гималай, қасиеттім, сен тұра бер тағыңда, Ізгілігін күдік басып, Тағдырынан рух қашып, Ұқсап əрі жойқын, ессіз ағынға, Адамдарды малдық сана жетекке алған шағында Жəне олардың қалуы үшін өз міндеті сабында, Тəңір ойын жолбарыстың көзі арқылы қабылда... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Ой түзелсе, өрлер сенің бағың да! ЌАСЌЫР АУЛАУШЫЛАР ЌУЛЫЃЫ ЖƏНЕ САРАЗБАН САБАЃЫ Е с ү г е й е л е с і Мен əкеңмін. Есүгеймін… Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.

Мен əкеңмін…
Əлде мүлдем өшірдің бе санаңнан?
Ш ы ң ғ ы с х а н (таңдана)
О, Тəңірім, өңім бе бұл, түсім бе?

Тұрғандаймын қалың тұман ішінде.
Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?
Қарттық ғұмыр тайғанақ па,
Нақ осылай, ойда-жоқта

Жəне тым кеш кездескенге қайранмын.
Бірақ, əке, саған өкпем көп менің,
Нендей азап орманынан өтпедім…
Қандай қорлық, тоғыз жасар шағымда

Жел өтінде жалғыз тастап кеткенің…
(Қол созып əкесіне жақындауға бейімделеді)
Е с ү г е й е л е с і
Тоқта,

Тоқта Темуджин,
Жақындама əкеңе,
Тағдырға тұлпар жете ме?
Өкпелейсің, тұрмадың деп күшіңде,

Кінəлі еттің, ерте өлгенім үшін де.
Өз жолыңды өзің түздің сен бірақ.
Ə дегенде-ақ атанып «батыр ұлан»,
Анаңның жатырынан

Екі бетің бал-бұл жанып, албырап
Оң қолыңмен қан уыстап шығып ең.
«Бұл не,
Əлде қанмен келген дəулет пе?»

Іштей қорқып, сонда біздің əулетке,
Ең қанқұмар жан келгенін ұғып ем.
Гүл шағыңда-ақ мінезіңе қанқұмарлық дөп келді,
Сүйенуге жарап қалған туысыңды – Бектерді,

Ерегісіп қайдағы бір түкке тұрмас балыққа
Қуып тықтың қара жерге – табытқа.
Бұдан кейін түк күмəнім қалмады,
Қанқор даңқың күллі əлемді самғады.

Əйтседағы саған менің таңым бар,
Қалың жұрттың қайғысынан қордаланған бағың бар.
Жауың сенің тым көп еді қара шыбын

үймелетер көзіне
Оларды сен қалай оңай бағындырдың өзіңе?
Ш ы ң ғ ы с х а н
Негізінен, бұл күресте жеңгенім,

Əке, сенің еңбегің.
Менің сегіз жасымда,
Түк жоқ кезде басымда
Перзентіңді ойға бұрып орасан,

Қасқыр менен қарақұрттың ең осал
Мінездерін əңгімелеп бергенсің,
Қиялымды парасаттың шылбырымен өргенсің.
Ұлы қырғыз өлкесінде, Ыстық көлдің маңында

Қарлы қыста, құзар таулар оранғанда ақ сағымға
Кəнігі хас аңшылар
Қасқыр аулар шағында
Қолданбайды ескі əдісті таптанды.

(Таптанды ойда жоқ арна).
Ол аңшылар ешқашанда қақпанды
Байламайды бұтаға не томарға.
Қасқыр қайсар мінезге бай, шектен шыққан намысқой,

(Кей жағдайда намысқойдың бағы кере қарыс қой).
Қалш-қалш етіп қасқыр бойын ыза буған кезінде
Мойындамас болат тісті қақпаныңнын өзін де.
Күшпен жұлқып босанады…

Неткен өжет қандылық,
Бір аяғын қақпаншыға естелікке қалдырып.

Сондықтан да қу аңшылар əдіс ашқан басқаша,
Қақпанды орта ауыртпаққа мықтап байлап тастаса
Қасқыр оны сүйреткенмен жүз құлаш жер барары
Тек үміті сөнбегенмен болашағы қаралы.

Бірте-бірте бейімделер тағдырға үнсіз көнуге,
Қолбасшының басты ерлігі – жау рухын жеңуде.
Енді сенің екінші бір маған шерткен əңгімең –
(Оны дағы ой-санама жазып алғам мəңгі мен)

Уы күшті қарақұртты саразбанның жеңуі,
Анық айтсақ, айласыздың айлалыдан өлуі.
Көп аяқты қу саразбан жігер-күшін тақымдап,
Сақтықпенен бірте-бірте қарақұртқа жақындап

Алдыменен бір аяғын жайлап созып көреді,
Ал қарақұрт лақ еткізіп лезде уын төгеді.
Қулық-сұмдық иірімі неткен мұнша көп еді?!
Екінші аяқ созылғанда уын қайта себеді.

Бірте-бірте қарақұрттың уы мүлде таусылар,
Бейшараның аңғалдығы өз тағдырын қаусырар.
Күші жоқтың ісі де жоқ, көзінде өлім ойқастар,
Қарақұртты қу саразбан төңкеріп сап жей бастар

Шексіз билік болғанымен əке сенің арманың,
Саразбанның қулығынан неге тəлім алмадың?
Парасатсыз шығу қайда құзар даңқ тауына,
Өзің білген даналықты əке, өзіңнің жауыңа

Қолдануға өрең жетпей, қарақұрттай сорладың.
Адамдардың осалдығын зерттемеген қолбасы
Қолбасы емес, қателіктер, жеңілістер арнасы!

ТАРИХИ ЖАДЫ Т¦ЖЫРЫМЫ

(Қайырханның Отырар қамалы қабырғасында
кілең əйелдер шақырылған жиында айтқан тілегі)
Айналайын, келіндерім,
Гүл қанатты өрімдерім,

Кешіріңдер, аруларым ай қабақ,
Ай қабақтан бақыттарың бара жатыр тайғанап.
Мен сендерге еліміздің зұлымдықтан сорлаған,
Арғы-бергі тарихында бұрын-соңды болмаған

Бір өтініш айтам деймін…
Ол өтініш бірақ та
Заң боп енгей əр саналы құлаққа.
Өздеріңмен алты ай бойы ел намысын орман ғып,

Жер қайысқан қалың жауға қарсы тұрдық,

қорғандық.
Мұрша бермей титықтатты қара күштің дауылы.
Енді біздер, кілең еркек қауымы,
Осы Отырар қамалының қасында,

Естелік боп келер талай ғасырға,
Нағыз ерлер санатында қарсы аламыз өлімді,
Рухымыз еңкейген жоқ, тек тəніміз жеңілді.
Қайсар рух ойшыл қала мінезіне дөп келді.

Жылжыта алмай жанығып атын алға
Ыза буған Шыңғыс хан Отырарда
Еркек кіндік қалдырмауға серт берді.
Бірақ, бірақ, күннің көзін кім мəңгілік жабады?

Жасырынған дəндей боп гүл шоқтарға
Кейбір ана-құрсақтарда
Сөзсіз біздің ұрпағымыз қалады!
Күрескер мұң қай кезде де қасіретке төзімді

Сол ұрпаққа жеткізіңдер менің мына сөзімді:
«Бақ таппайды залым ойдың шаршағанын аяған,
Шыңғысханға жарты əлемді қызыл қанға бояған
Тиістіміз тарих сотын, жады сотын жасауға,

Құрық керек тіршілікке өлім сепкен асауға.
Тым ұмытшақ енжарлыққа шындық қалай

бас ұрмақ?
Сондықтан да Отырардан тараған əр жас ұрпақ,
Іздеп тауып Шыңғыс ханның моласын,

Есіне алып шейіт болған атасы мен бабасын
Есіне алып дүниені дүр сілкінткен індетті,
Сол молаға үш қара тас лақтыруға міндетті.
Қара тастар жинала кеп қара тауға айналар,

Өз тарихын ұмытқандар тауды көріп ойланар.
Айдарынан жел ескенмен
Кей елдердің ойы өспеген, бойы өскенмен
Жан байлығы саяз, содан іс-қимылы тайғанақ.

Бағынғыш һəм еліктегіш мінезімен иіліп,
Зұлымдықты батырлыққа шатастырып, сүйініп,
Өз ішінен шыққан залым ұлдарын,
Байрағы етіп жердегі сан тұлғаның,

Даңқ пен дақпырт тұғырына өнеге ғып байламақ.
Қайда, қайда бастамақ құлдық сана,
Сөйтіп олар бір беткей шындыққа да
Қаяу салып, бояу жағып ойнамақ.

Бұл шараның түпкі мəні мынада:
Кейбір елдер, кей нəсілдер мүбада,
Өздерінің мейірім, əдеп-дəстүрінен тысқары,
Əділетсіз қан төгуге бағытталған құштары

Қара пейіл тұлға туса жəне оны қолдаса
Ол қолдаудан жазықсыз жұрт сорласа
Онда əлгі бейшара елдің озғаны емес, тозғаны,
Зұлымдықтың күрегімен даңқына көр қазғаны.

Қанға жерік қара тұлға туған ел,
Өз шаттығын өзге жұрттың көз жасымен жуған ел,
Ақтау үшін қара күйе жұққан қара есімін,
Зардап шеккен басқа елдерден өз басшысы арқылы

Ата-тарих алдында олар сұрау керек кешірім.
Бар кезеңде рухани тазарудың парқы ұлы,
Парқы ұлының – даңқы ұлы.
Сонда ғана парасат асқарынан,

Адамзаттың пенделік аспанынан,
Бəсеңдемес əділ ойлар, лағыл ойлар жарқылы!
Ə й е л
Бұл асаси сөзіңіз,

Болсын біздің арамызда мəңгі қалар көзіңіз
Жəне ол сөзге келер ұрпақ өз намысын жанысын!
Ə й е л д е р т о б ы
Ант етеміз сол үшін!

Ант етеміз сол үшін!

ЖЕТІНШІ Т‡ЙСІК

Yйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз,
Тірліктен, бірақ, жарқыным,

үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен,

маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.
Ойың мен ісің – жаңғырық,

кейде оған түйсік жетпейді,
Əйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді.
Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,
Шатастырып алдық, құдай-ау,

біртуар махаббатпенен.
Алдану, сірə, түк емес, бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,
Yйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ қана.
Ата-анаң, үрім-бұтағың, бəрі де сені тұр қолдап,

Бастысы – сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ?
Махаббат – қайсар заңғар шың,

кез келген өрлей алмаған,

Он мыңнан, бəлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған.
Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған,
Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.

Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,
Жұбайың досың бола ма?

Міне, бұл – басты мəселе.
Не бермек тəннің одағы?

Жаныңа жаны қосылмау –
Бұл – нағыз бедеу қасірет,

қосылмау деген – ашылмау!
Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар – жалынсыз, сəнсіз, жақұтсыз,

Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі – бақытсыз.
Сондықтан махаббаттың да сырт санын

құрайтындар көп,
Жəй көзге күліп жүргенмен, жасырын

жылайтындар көп.
Тағдырдан қашу мүмкін бе,

жүрсең де қандай жолменен,
Бір мəнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:
«Жұбайың досың болды ма

самғатқан сенім шырайын, Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым? Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы, Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы? Ұқпаса... ісің секілді дауылда мұзға жаққан от, Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ. ПОЭМАЛАР ÌÀÕÀÁÁÀÒÒÛ ¬ÎÐFÀÓ КІРІСПЕ ЯКИ ЃАШЫЌТАР ЖАЗЃАН ХАТТАРДАН І Біз екеуміз жолықтық, Біpaқ тым кеш жолықтық, Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық. Маған құйды жарығын сенің көңіл-терезең, Арқамызда – құзар шың, Алдымызда – өр өзен. Өр өзеннен өтуге кім береді қайықты, Кім бар бізді түсінер, қане, кім бар байыпты? Ал қайықшы – қиқар шал Жалынғанмен не бітті? Қайығына қабаған итін байлап кетіпті... Япырай, біз соншама дəрменсіз боп тудық па? Бойымызда жоқ екен итті алдайтын қулық та. ІІ Көбелектің «кеселі» – Тұрақсыздық деседі. Гүлден алған шапағатты ceзімі Келесі біp гүлге жетпей өшеді. Өз мінeзі өзіне үкім кеседі... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Менің саған айтпағым да осы еді!

ІІІ Амал бар ма, махаббатқа жан пидалық ете алмадың Аққу-арман жалт бергенде, қуып көрдің,

жете алмадың.
Жете алмадың,
Көлеңкеңнен алыс ұзап кете алмадың,
Жанар майын жағып біткен мəшинедей от алмадың.

Epкің қайда,

Сертің қайда,

(бөркің қайда, құрып қалғыр?)
Ең шешуші кез келгенде, тілің тістеп тұрып қалдың.
Еңселім деп ойлаушы едім,

Еркелеуші ем ерге балап,
Ең шешуші кез келгенде тұрып қалдың жерге қарап.
Артық қорлық бар ма əлемде сенгеніңнен безінуден,
Құлай сүйген адамыңның осалдығын сезінуден...

Көз жасымды көрсетпеуге тырыстым мен саған біpaқ,
Сен деп шыққан сенімімнің биігінен барам құлап.
Махаббатқа жан пидалық етпедің бе,

Бəрі бекер!
Енді қалған қызығыңның нарқы кеміп, мəні кетер.
Өзінің ең қасиетті əнін қорғай алмаған жан
Басқа іcтe де қабілетсіз...

бағы мəңгі жанбаған жан.
Cіpə, бағың жана қоймас, басқан ізің, кетті кейін,
Əйтсе де, мен жылап тұрып,

жолың болсын деп тілеймін.

ІV Бақшадан алма ұрлаған баладай нақ Кеудемде үркек сезім салады ойнақ. Отыздың орманында жүргенімде Алдымнан шықтың, айнам, ағатайлап. Сен мендік бар шаттықтың төресі ме ең, Жүр едім өткен шақтың елесімен. «Мұнда кел, мұнда кел» деп қол бұлғадың Жиырманың көк балауса белесінен. Селк еттім даусыңнан шошығандай, Жүр едім өз мұңымды өшіре алмай. Жиырмамда алдап кеткен махаббаттың Kүнəcін əлі күнге кешіре алмай. Сен болып қайта жанды-ау сағынышым, Бəлкім, тар маңдайымның бағымысың. Бəлкім, сен менен қашқан махаббаттың Ойланып қайта соққан шағымысың. Сол болсаң, қолыңды бер,

жүр, қарағым,
Сен барған жерге мен де біp барамын.
Көл едім тасымаған,

тасыттың ғой,
Бақша едім бағы тайған,

гүлге орадың.
Кəнекей, жалыныңа жалға мені,
Күтіп тұр пəк махаббат, арман елі.
Өмірде мені алдаған адамдар көп.

Тек қана сен алдаушы болма мені!

V Ар алдында, адал, ақпыз десек те Сан сұрақтар алар кейде жағадан. Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке, Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.

Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңілдің тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным.

Көзімді алмай маздап жанған оттардан
Саған сенем,
Саған сенім артамын.
Қорықпаймын түcінігі жоқтардан

Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын!

1. САМАТТЫҢ ЖҰБАЙЫ

АЙЖАНАРМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК

Замана тұр бөркін алып ойланып,
Сол түнгі ойлар кетті бізді қайда алып?
...Сол түні біз

сенің туған сіңліңнің
Он ceгізгe толған күнін тойладық.
Мен қуана тост көтердім қызға арнап:

– Ал сапарың сəтті болсын, қызғалдақ.

Өміp мынау:
Қатар тосқан жеңілі мен ауырын,
Қайғысы мен сауығын,
Шуағы мен дауылын.

Бүгін, міне, сенің туған күніңдe
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,

біpaқ ол бір əңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Жүргенімен шеру тартып,

сəн құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мəңгілік.
Бəлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзімнeн,
Ерлік сезім біpaқ сенің табылады өзіңнен,

Онсыз адам жүре ала ма соқпақтар мен жолсызда,
Ал сұлулық тілер едім,

сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да бүкіл адам аңсаған,
Бүкіл адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,

Азы жетіп,

ал сан мыңы тек елесін тамсаған,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған, –

Деп едім.
Tіпті сол сəт ұқпай қалдым себебін,
Сен орныңнан кенет атып тұрдың да,

– Махаббат жоқ! – деп күрсіндің

ызғар шашып қабағың.
Мен жүзіңе аң-таң қалып ежірейе қарадым,
Қарап едім жасқа толып кеткен екен жанарың.

– Махаббат жоқ! – дедің тағы, – ол əншейін далбаса,

Ғашықпын деп,

Сүйемін деп,

Сенем деп,
Адамдардың біpін-біpі алдайтыны болмаса,
Махаббат жоқ, ол əншейін далбаса!
Айтып-айтпай не керек,

Біp кез мен де мына сіңлім сияқты
Ұяң едім,

сұлу едім керемет.
Meнің асқақ сезімімнен үміткер
Аз болмайтын біздің жақта жігіттер.
Қатал-қиқар тағдырынан тек махаббат сұраған,

Махаббатты таппай қойман деп талпынса біp адам,

Ол мен едім.
Бірақ бүгін сол сезімнен не қалды?
Сондағы үміт талдан ұшқан жапырақтай жоғалды.
Қазір момын күйеуім бар

жəне екі-үш балам бар,
Жағдайым жоқ ештеңеге алаңдар.
Не ішемін, не киемін демеймін,
Мəселесін шешіп алғам қарын менен көмейдің.

Міне, қара, саусақтарым көрінбейді алтыннан,
Тек баяғы шат қиял жоқ сан тарапқа шарқ ұрған,
Тек баяғы жігіттер жоқ тереземді торыған,
Олардың да бағы алыстау болған шығар сорынан.

Кездескенде жалқау тартқан басын изеп өтеді
Ұлын epтіп соңынан.
Жылдар бойы алаңдаумен қуатымды сарқыдым,
Босқа шаштым жігерімнің жарқылын.

Жер бетінде махаббаттың бар екені шын болса,
Айтшы, кəне,

мен неліктен жолықпадым,

жарқыным?
Үндемедім,

тарылғандай кеңісім.
Мосқал көpші жауап берді мен үшін.

– Иə, иə, өміріңе өкпелісің, қарындас,

Оған біpaз себептер бар,
Tіpліктe біp бекеттер бар кілтін таппай алынбас.
Ырық бермес бөгеттер бар не түрлі,
...Алматыдан шыққан жолдың барлығы,

Отырарға бастап алып бармайтыны секілді.
Өмірдегі сан салалы жолығу мен жүздесу,
Табысу мен кездесу,
Талпыну мен түйісу,

Сағыну мен сүйісу,
Тіпті кейде одан да өзге сезімдер
Махаббатқа бастап бара алмайтыны белгілі,
Махаббат ол – жан мен тəннің тізе қосқан epлігі.

Не болды екен сені мұнша жүдеткен,
Үміт қайда жүрегіңе гүл еккен?
Сұлулығың кем емес қой Баяннан,
Ақылың да кем түспейді Жібектен.

Сенде де бар тым сезімтал көз, көңіл
Көңілі мен көздеріндей өзгенің.
Айлы кеште саған да айтты ғашығың
Ұлы Абайдың Тоғжанға айтқан сөздерін.

От боп өртеп ғашықтықтың ықпалы,
Əн қостыңдар...

Жұрт қуана құптады.
Талпындыңдар,
Алқындыңдар, ал бірақ
Одан Қозы, сенен Баян шықпады.

Heгe бұлай?
Өмір бақи бұл сұрақ
Өтер, мүмкін, намысыңды шымшылап.
Қайда жүрсе тек өз əнін айтатын,

Елікпейтін өзге шу мен сарынға,
Қажымайтын қар мен желдің өтінде,
Махаббат та ұқсайды ұлы дарынға,
Шын дарындар аз ғой жердің бетінде.

Иə, махаббат қайсар құзды жарып өтер тасты жол,
Махаббатта сезім ғана ойнамайды басты рөл,
Ұға алмадың сен оны, айнам.
Жеткен жерге талабың мен ақылың,

Ceзімің мен батылың,
Қырсыққанда жетпей қалды шыдамың,
Əне, соның кecіpінен қаншама жыл жыладың.
Шыдам жоқта, төзім жоқта,

Көкірегіңде көзің жоқта,
Жүрегіңде ерлік жоқта қорғай алар шаттығын
Махаббат та жоқ, күнім!
Кездер аз ба ой көргенді көз көрер,

Отын өзің жаға алмаған,
Өзің іздеп таба алмаған асылды
Таппайды деп неге ойлайсың өзгелер?
Қарашы, əне, мына сіңлің сияқты

Инабатты, албырт əрі ұятты,
Алаулаған желегі
Соңымыздан асау ұрпақ, арынды ұрпақ келеді.
Оларға пəс болар əлі

Бізге биік көpінeтін төбелер.
Біз cүpінгeн кезеңдерден,
Біз жүзуге жасқанған өзендерден,
Солар жүзіп өтеді деп сене бер.

Бұған күмəн келтіруің азаматтық болмас та.
Бүкіл адам іздегенмен бақыт жолын, бақ жолын,
Ешкім оңай таба алмайды Абайы мен Тоғжанын.
Өйткені асқақ азаматтық жоқ жерде,

Қайсар сенім жоқ жерде,
Махаббат та жоқ, жаным! –
Ортамызда қалжың айтып біp жігіт,
Отыр еді қалың жұртты күлдіріп.

Отыр еді бізден гөpі сіңліңе
Жақын, сырлас екендігін білдіріп.

– Ал мен таптым Тоғжан сынды пəк жанды, –

деді ол масаң діріл қосып сөзіне.

– Өзің Абай болмаған соң

Мазалама Тоғжанды, –
Деді сіңлің жас үйіріп көзіне...

2. ҒАЙША

Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды майданға...
Сенген жүрек серттен оңай тайған ба?
Соғыс бітті.
Ал күйеуі келмеді.

Үш жыл күтті.
Бес жыл күтті...
Өлді деген суық сөзге сенбеді.
Тұманға орап тілекті

Тағы төрт-бес жыл өтті.
Тəтті apмaнын көңіліне тоқ санап,
Күте берді сағат санап, сəт санап.
Кейде аусар тағдырына нала боп

Көкірегінде маздап, ұйтқып жанады от.
Тым құрыса,
Тым құрыса, құдай-ай,
Алданыш қып отыратын бала жоқ.

Артса да үміт біp күннен соң біp күнге
Жалғыз жанға жараспайды күлкің де.
Болмады ғой.
Болмаған соң ақыры

Көрші қартқа ерге шықты біp түнде.
Сол түн тыныш ұйықтады
Жаңа үмітін жағып біp,
Keyдecіне қанағаттан тағып гүл...

Ал таңертең арман болған күйеуі
Tepeзeні қағып тұр.
Ғайша сорлы күйіп кетті бұл қорлықты көргенде,
Тастай қатып қалды тілсіз, естен тана үдеріп,

Сонан кейін шашын жайып жіберіп,
Күйеуінің аяғына құлады.
Құлап жатып ағыл-тегіл жылады,
Жылап жатып зарлады,

Өзін-өзі жерге соғып қарғады.

...Махаббаттың құм секілді мінезі жоқ сырғыма
Жүргенімен көп опық жеп алданып...
Ғайша кенет орнынан сүйретіліп тұрды да,
Біp ғана ойға табан тіpeп түбірлі,

Ту еңісте тасып жатқан долданып,
Асау Ақсу өзеніне жан ұшыра жүгірді...
Бағаласаң махаббатты бағала
Бағаласаң махаббатты бағала...

Сəлден кейін сорлының
Орамалы ғана жатты жағада.

3. ТҮРКІСТАН АҢЫЗЫ

Он төpтінші ғасыр тудырған ғаламаттардың біpі – Түр кіс тан-
да ғы Қожа Ахмет Иасауи ескepткіші. Бірақ, өкінішке орай осы
алып ғимараттың бас қанатын сəулеттендіру жұмысы аяқ тал-
май қалған.

(Газет мақаласынан үзінді).
Талай-талай биікпаз асылдарды
Теңескенде келтірмей иығынан,
Ескерткіш тұр

Қаншама ғасырларды
Ұзатып сап, күлімдеп миығынан.
Жалқау, қиқар түйедей тартыншақтап,
Жылжыды өмір үстімен кемел жердің.

Ескерткіш тұр ұлылық қалпын сақтап,
Даңқын сақтап данышпан шеберлердің.
* * *
Мизам түcіп, құз қызығы қалған кезде азайып,

Түркістанда біp ескерткіш бой көтерді ғажайып.
Күннен-күнге келбеттеніп, күннен-күнге сəн құрып,
Нəн ескерткіш бой көтерді жұртты өзіне таң қылып.
Сан мыңдаған құл-құтандар ертелі-кеш тынбастан,

Cap даланың кеудесіне жазып жатты біp дастан.
Мерейі асқан зарлы дастан секілді еді ол дегенмен,
Иран, Үнді елдерінен жеткізілді шеберлер.
Жалынына темір балқып, илеуіне тас көнер,

Хас шеберлер арасында болатын бір жас шебер.
Ол туралы жұрт айтатын:
«Өнepінің өpті бap,
Тəңір қалай жарылқайын десе, əрине, еркі бар.

Саусағының салымы бар, сосын, əттең, бөркі бар...
Ал əйтпесе, қызда сирек кездесетін көркі бар».
Қайран шебер қалбаң қағып, еркін алып тынысын,
Басқарып жүр ескерткіштің ою-өрнек жұмысын.

Қор бейнеттен жұрт кешкілік дем алғанда болдырып,
Түркістанды түрлендіріп əн бастайтын сол жігіт.
Ол əн салса, қапас, тұйық кеудесінде жел тұрып,
Бірде жарын, бірде анасын көз алдына келтіріп.

Басыбайлы батпан мұңы сəл де болса кертіліп,
Құл-құтандар жадырасып, қалатын біp серпіліп.
Ол əн салса, ұзақ түнді кірпік ілмей атырған,
Сəукелелі қыз шығатын шеттегі алтын шатырдан.

Тілек сайын тізгіндескен неткен іңкəр өміp бұл,
Сол бойжеткен балдызы еді,

қаhарлы Ақсақ Teміpдің.

Міндет ауыр. Хан бұйрығы мəмілеге қарай ма?
Ғимаратты енді аз күнде бітірген жөн қалай да.
Шеберлерді ықыластап, ынталамақ ниетпен,
Хан оларға балдызының қызметін сый еткен.

Хан балдызы – Мəрзия ару ішке бүгіп мұратын,
Күнде түсте шеберлерге сусын əкеп тұратын.
Сырт көздерді қалдырмайын дейді ме өрттің өтіне,
Паң бойжеткен жұқа ғана перде ұстайтын бетіне.

Гүжбан тағдыр иығына нені артса да көнердей
Шебер жігіт Мəрзияға ғашық еді өлердей.
Ғашығының айдай жүзін біp көруге тамсанды,
Бірде сусын əкелгенде пердесіне қол салды.

Қыз қымсынып тұрып қалды, тұрып қалды күлімдеп,
Алма беті гүл-гүл толқып, оймақ ерні дірілдеп.
Сосын, лəм деп тіл қатпастан, еркін басып шеткері,
Өзіне арнап орнатылған ақ шатырға беттеді.

Мосқал шебер күйіп-пісті:

«Қарағым-ау, мұның не,
Көпсінгенің осы нұрсыз шабаталы күнің бе?
Ceзіміңнің төзім жібін албырттығың қиды ма,
Енді қайттің,

Əлде басың өкпелі ме иығыңа?
Пітінелі болмақ енді саған мына атар таң,
Ертең ерте Ақсақ Teміp оралады сапардан.
Болған жайды балдызы оған айтпай, cіpə, тұрмайды,

Айтты, бітті, жаның онда жаhаннамға зырлайды.
Солай, ұлым.

Əміршіден енді рақым іздeмe,
Бірақ сенің кесапатың соқпай кетпес бізге де...»
Жігіт боп-боз. Қаны қашып сөзін зорға бастады,
(Бедерсізін бұрын қалай сезбей келген достары).

– Туысқандар,

Қамданайық,

амал-айла жасайық...
Біpey айтты:

– Бүгін түнде ұйымдасып қашайық!

Келісілді. Біpaқ, бірақ... жөн болды ма қашқаны?
Хан əскері қуып ұстап зынданға əкеп тастады.
Енді ненің мəні қалды.

(Мұңдан, мейлі мұңданба?!)
Ертеңгілік Мəрзиядан хат кеп түсті зынданға.
Жігіт жылдам оқып шықты дір-дір етіп қолдары,
Қыздың хаты мынау еді сондағы:

«Біp күнде ашып мінезіңнің бар қырын,
Тез сөндірдің жігеріңнің жарқылын.
Ұнап еді батылдығың алғашқы
Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?

Жарылардай саған құштар сезімнен,
Өзімді-өзім тұсаулаушы ем төзіммен.
Өлімнен де қаймықпаған тілекті
Қалай оқи алмағансың көзімнен?

Өнерің бар қараған жұрт қанбаған,
Əнің анау аспанымда самғаған.
Құдай саған бəрін бepіп

Тек қана
Ерлік бермей қойғанына таң қалам.
Енді бəpі өшті,

сөнді.

Далбаса. Амал қанша өз ceнімім алдаса?! Сен өлді деп өкінбеймін. Əттең-ай, Бітпей қалған мына ескерткіш болмаса! Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз Сезім өміp сүре ала ма мұратсыз? Жүрегінде epлігі жоқ адамның Барлығы да махаббатқа тұрақсыз!» ÍÀÐÛͬ±Ì ÇÀÓÀËÛ Р.Шырдабаевқа 1.МАХАМБЕТТІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ Баз біp адамдарда болашағын елден ерек сезіну, түйсіну күші болатынын ғылым жоққа шығармайды... Махамбет ақын өлерінен екі күн бұрын айналасындағыларға өзінің жан шошынарлық сұмдық түс көр ге нін, түсінде иығынан үзіліп түскен өз басы өзіне қоштасу айтып тұр ға нын əңгімелеген. Мен түсімде зорлық көрдім,

қорлық көрдім ғаламат,
Біp таныс қол coғып өтті əлдекімді паналап,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-aқ.
Иығымнан ұшқан бacым көкірегімнен домалап,

Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап,
Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап.
Жə, бұл түсім тeгін емес мына сойқан заманда
Tіpшілікпeн қоштасар сəт жетті-ау деймін маған да.

Қоштасар сəт жетті-ay деймін, туған елім, еңселім,
Бостандыққа шақырып ем,
Сенің заңғар ақылың ем,
Едім əpі өлшемің,

Жан ашырың, жақының ем,
Жəне қайсар ақының ем мен сенің.
Жұлдыздай боп жанар алдан
Ақындықта елден ерек басқа заң.

Батырлығы жоқ адамнан
Үлкен ақын шыққан емес ешқашан.
Туған елім – арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?

Менің бассыз қалғандығым
Сенің бассыз қалғандығың болмағай!

Иə, шындықтың ащы даңқы,
Шындық үшін жалғыз түстім егеске.
Ақындықтың басты шарты –
Басты алса да шындықты айту емес пе?

Өлімге сан жақын бардым
Қорғансыз боп көрінсем де жай көзге.
Шындықты айтқан ақындардың
Бірақ жолы болып еді қай кезде?

Көрде де енді сен жайлы ойға батамын
Бұл іңкəрлік созылады қаншаға?
Кім қаншама шексіз сүйсе Отанын,
Оның тартар азабы да соншама.

Мен сенемін, күні ертең
Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.
Күліп жайсаң күн ғажайып
Ел наласы тарқар деп.

Ақымақтар күрт азайып,
Сұмдар қорқақ тартар деп.
Мен сенемін, күні ертең
Пенделіктен тазарар деп ұлы өлкем.

Жə, қашанғы баққа зорлық мінгеспек?
Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп.
Тек тұлпарлар ғана алатын бас бəйгі
Есектердің мойынында жүрмес деп.

Мен сенемін, күні epтең
Ақыл-ойы піp тұтар деп ұлы өлкем,
Мына дəурен бұрқан-тарқан
Ертең қайта өзгерер.

Ақындарын сұлтандардан
Артық сыйлар кез келер.
Қадір тұтам қиялдауды
Ертең талғам өзгерер.

Шындап құлай сүйе алмауды
Қылмыс санар кез келер.
Туған елім,
Құдіретімсің аңсаған.

Алдан жарқын күн шыққанша
Кескініңді көрмейінші шаршаған.
Пасық ойлар тұншыққанша,
Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша

Жер астынан қарап жатам мен саған.

2. ƏКЕ YKІMІ

Шомбал жігіт кіpіп келді ентелеп,

– Əке, – деді ол кірген бойда,

– Əке, – деді еркелеп,

– Жүруші едің маған ылғи өкпелі,

Кеюші едің,
«Мал болмайсың», – деп мені.
Сол cөзіңді, cіpə, қайтып аласың-ау шамасы.
Аты шулы Баймағамбет сұлтанның

Маған берген сыйлығына қарашы!
Төрде отырған əкесінің алдына,
Маң-маң басып барды да,
Алтын жіппен əдіптелген жағасы

Сұр ішікті тастай салды баласы.

– Иə, сөйле, – деді əкесі, –

Қандай ерлік көрсеттің,
Eкі ай бойы, қане, қайда жол шектің?
Баласы айтты:

– Топ бастадық төрт адам.

Махамбеттің жақыны
Ықыласты үгіттеп,
Мақтап, қағып арқаға
Қосып алдық ортаға.

Бұл – түгелдей мына ұлыңның ақылы.
Еркін жетер əңгіме ол бір таңға.
Қапысызда қармақ салып,
Махамбетті алдап соғып,

Басын кесіп, сыйға тарттық сұлтанға.

– Ой, залым-ай,

Жүзіқара залым-ай,
Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай.
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
Бұдан өткен зор қасірет болар ма?! –

Деп əкесі жас үйірді жанарға.

– Қабағыңды жаба қалды неге мұң,

Əке, сенің қай сөзіңе сенемін,
Есіңде ме,
Менің бала күнімде
Махамбетті жек көремін дегенің?

– Рас, ұлым, айтылған сөз оқпен тең,

Біp кезде мен Махамбетті жек көргем.
Əлде, кемшін шағым ба еді ол ақылға?!
Пенделік қой салған мені тақымға.
Оған себеп –

Сенің анаң жасынан –
Ғашық болған сол Махамбет ақынға.
Азаппенен атса да асау таңдарым,
Қайрағам жоқ қызғаныштың қанжарын.

Іштен тынып жүре бердім төзген боп.
Өзін шексіз құлай сүйген жан барын
Қайран ақын сезген жоқ.
Анаң марқұм ол дегенде от жалындап көзінен,

Тамсанатын,
Нақ біp бақыт табардай əр сөзінен,
Ұлы ақынға деген іңкəр ceзімін
Көрге біpгe ала кетті ол өзімен.

Əттең, біздің сор маңдайлы Жайықта,
Ерлер аз ғой бара алатын байыпқа.
Тым кеш ұқтым,
Махамбеттей батырға,

Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?
Құдіретті шындығынан танбаған,
Парасатын ізгілікке жалғаған,
Ақын деген киелі аққу самғаған.

Ал, ендеше, аққуды атқан пендені
Қай атаңнан көріп едің, оңбаған?
Бұл салада сен біpінші адамсың,
Адам емес,

Ең бірінші надансың,
Ел дəстүрін,
Ер дəстүрін қорлаған.
Нақ мынадай қасиетсіз оқиға

Бұрын қазақ топырағында болмаған.
Қандай қиын кезеңде де
Туған ел
Ақындарын жанын салып қорғаған.

Түсінбедім,
Армандап ең нені, ұлым?
Ертең сені қойып желдің өтіне,
Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе.

Сол қopлықтан құтқарайын сені, ұлым!
Жəне ол зар оңайлықпен тыйылмас,
Қанымыз біp,
Жолымыз да шиырлас.

Енді сенің кесіріңнен
Maғaн да
Туған жердің тoпыpaғы бұйырмас.
Жə, не қайыр, налы мейлі, налыма,

Сорлы балам,

Туыпсың-ау сорыма.
Өзің түстің өзің қaзғaн орыңа.
Кеттік, кəне,
Ішігіңді ал қолыңа!

Ұясына күн тұр еді батқалы.
Түксиеді меңіреу құм шатқалы.
Олар үлкен қара жолға түсіп ап
Біp төбенің қасына кеп тоқтады.

– Мынау төбе саған соңғы шығар шың

Болатынын ұғарсың.
Сен, əрине, құралайды көзге атқан,
Атқан oғын маздатқан
Meнің мерген екенімді ұмытпаған шығарсың? –

Деді əкесі құлазып нар көңілі.
Дір-дір етіп:

– Ұмытқам жоқ, – деді ұлы.

– Балам, үміт – қызығымның өлшемі

Өзің едің,
Қайғым болдың еңселі.
Басына шық, кəне, мына төбенің,
Осы арада қалдырамын мен cені.

Қараладың қасиетті мекенді,
Жараладың тұрмастай ғып əкеңді,
Мына жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің жырын тыңдап жат енді.

Mүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді.
Kім аяққа басса заңын даланың –
Ұмытқаны қатал тарих сабағын.
Кешір мені,

Таусылды бар амалым.
Дала заңы – баба заңы, қарағым, –
Деп əкесі қолына алды садағын...
ÎÒÛÐÀÐ ¥ÀhÀÐÌÀÍÄÛªÛ

немесе
жеңілген жеңімпаз туралы дастан

Олжас Сүлейменовке, мына жолдардың авторына: «О, мы не забываем, никогда Свои тысячелетние обиды, Великие сжигали города, Не ведая, что летописец видит». «...Науқас меңдеп барады. Мына кішкене үрпек бас перзентімнің ат жалын тартып мінгенін көруді тағдырдың жазбағаны-ай! Атадан бала ға ауысып келе жатқан дəстүр бойынша ұлымды тіземе мінгізе отырып, Отырарды қорғау жолында түгелдей опат болған ұлы ба ба ла рының жанқиярлық күресін сан рет əңгімеледім. «Əлі тым жас қой, түсіне қояр ма екен?» – деп əйелім күдік те білдірді. Жоқ, түсінуге тиіс. Түсінбесе, өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере ал ма ған дарақтың қашан да ғұмыры келте. (Əкемнің досына жазған хатынан) І – Даңқың қайда төске өрлеген? Екі жүз мың əскерменен Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау – Ойы – дауыл, сезімі – аспан, Тек жеңіспен көзін ашқан Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба, Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда, – Деп Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзін қадады. – Осы өкініш мені де өртеп барады. Отырардың бақытына орнаған

Болар, бəлкім, Алдырмай тұр зор қамал. Бірақ, əке, жүргенім жоқ аянып, Қанша үмітім желге ұшты, Қанша əскерім жер құшты. Дала жатыр қызыл қанға боялып, Егep бүкпей, баяндасам шындықты, Рухы – өр, Тəні – бекем, Бұл біp қайсар халық екен, Tіpліктен де артық қойған бірлікті. Жүрегінде ыза табы қалмағандай біp мысқал: – Шалалаусың, – деп жымиды Шыңғыс хан. – Сақталмауы мүмкін емес зердеңде, Сен тоғызға келгенде, Ұлу жылы, Үкітайдың тойында Оқ өтпейтін алып батыр жайында Ертек айтқам оңашалап өзіңе, Сол ертекті неге алмадың пайымға? – Keшіp, əке, балалық па, Зерсіздік пе, Шалалық па, Тек нобайы ғана қапты ойымда. Ұмытпасам, Массагет даласында, Аңдысқан қас пен достың арасында Атса садақ дарымайтын, Мыңмен жеке шайқасса, арымайтын, Шапса, қылыш кеспейтін, Жанарынан мeйіpімі өшпейтін, Өтіпті біp өжет батыр нар кіcі,– деп баласы кібіртіктеп тоқтады, – Есімде жоқ, əке, одан арғысы. – Ecің кетсе, естіге кіpіптapcың, Ең бастысын ұмытқансың, – деп Шыңғыс хан ызбарлана тіл қатты, Əр сөзінде атан түйе қайысардай зіл жатты, – Жə, ендеше, түcіpeйін ecіңe. Жомарт, аңқау сайын дала төсінде, Сан мың əскер жеңбеген өр алыпты Біp-ақ адам табанына салыпты. Əлгі алыптың кеудесінде бармақтай Оқ өтетін осал жepі болыпты. Даңқ кімнің күліп тұрса басында, Сатқындық та бұғып жүрмек қасында, Айлакер жан соны жазбай таныпты. Қай кезде де айла кескен нарықты. Жақын барып үңілместен жауыңа, Шығам деме, ұлым, жеңіс тауына, Адам аз ба күшке сеніп адасқан? Жауың мықты. Бұған, cіpə, таласпан. Əр мықтының осал жері болмай ма? Болса қайсы, Оған бастар жол қайда? Ал бұл сұрақ бар кез сенің жүру керек басыңда, Менің күллі жеңісімнің құпиясы – осында! Көңілінен күрт cepпіліп наласы, – Ұқтым, əке, – деп жымиды баласы. ІІ Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар, Алты ай бойғы алапатта жeңілмeгeн Отырар Алты-ақ күнде жермен-жексен қирады. Ақыл-ойын жалындатқан, Өнер, ғылым шамын жаққан Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.

Безбүйрек жау сəбилерді,

шал-шауқанды,

кемпірді, Tіпті жүкті əйелдің де ішін жарып өлтірді. Құзғын, қарға ғана тынбай шарлап мұңлы аспанды, Отырардың аянышты, зарлы өмірі басталды. Айдай əлем мойындаған даңқы бар, Жүз елу мың халқы бар, Нəн қаланың асқақ əні осыменен шектелді... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Yш күннен соң екі адамды Шыңғыс ханға ап келді. Оның біpі – аты аңызға айналған, Алты ай бойы Отырарды Ап шығам деп арпалысқан қайраннан, Аман өткен сан алапат майданнан, Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын, Қанаттыны талаптыға жалғайтын, Фараби мен Иассауидің жырларын Таңнан таңға жатқа айтудан талмайтын, Əpі өзгеше ел басқару мəнері, Отырардың Қайыр атты ханы еді. Eкіншіcі – қара мұрты қара түн, Қара түнде қаққан қара қанатын, Шағатайға Отырардың қақпасын Ашып берген Қарашоқы болатын. Қайран тірлік, бақ пенен сор қырқысқан, Түлкі сайға, Қыран өрге тырмысқан. Екеуіне алма-кезек көз тастап, Ұзақ,

үнcіз

ойға шомды Шыңғыс хан.

– Иə, Қайырхан, – деді сосын жай ғана, –

Рух ердің өзегі ғой қайда да.
Ең əрісі
Жеңілістің өзін де
Шешкің келіп тұр өзіңнің пайдаңа.

Жігіттepім рухыңа қармақты
Салмақ болып,
Тəніңді əбден қорлапты.
Батырлықтан бағың бірақ жанған, ə,

Маған қарап күліп тұрсың сонда да.
Олар сенің жеңгенімен тəніңді,
Амал нешік,
Жеңе алмапты жаныңды.

Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой,
Шіpкін, сендей бес қолбасшым болса ғой,
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға
Бөлеп дарқан күйге мені

Бүкіл əлем билер еді
Аяғымның астында.
Ха-ха-ха-ха, ал мына біp сатқынды
Құдай саған қайдан ғана тап қылды?..

Қайғылы əрі күлкілі.
Қайран аңқау, дара тұлға,
Аңғармапсың қанатыңа
Жасырынған түлкіні.

Ерлігіңe осы болсын сыйлығым,
Саған қидым бұл сатқынның билігін!
Тұр еді еркін езу жимай күлімдеп,
Мына əңгіме лезде құтын қашырды.

Қарашоқы ecі шыға дірілдеп
Шыңғыс ханның аяғына бас ұрды:

– Ұлы ханым,

Əділдік пе мұныңыз?
Өле-өлгенше боп өтейін құлыңыз,
Отырарды
Мен қол ұшын бермесем,

Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз?

– Оған дау жоқ, – деді Шыңғыс түнеріп, –

Сенен acқан бар ма бірақ тіpі өлік?!
Қастерлінің бəpін жыққан табанға
Азған сен бе
Əлде мына заман ба?

Тым құрыса,
Қacиeтті біp сезім
Қaлy керек емес пе əрбір адамда?
Рас,

мeнің нөкерлерім безбүйрек,
Зұлымдықты ерлік деп те таниды.
Олар тіпті өкшесімен eзгілeп,
Кете алады жазығы жоқ сəбиді.

Одан да іpі хайуандыққа жете алады төзімі,
Бəpін өзім үйреткенмін о баста.
Қаталдық пен аяушылық ceзімі
Жауынгердің жүрегінде түспеу керек таласқа.

Түспеу лəзім қос сезімнің дауына,
Мен осыған қатты көңіл бөлемін.
Қаншама иттік етсе де олар жауына,
Туған жерін сатпасына сенемін.

Дəмелендің шығарар деп төpінe.
Жетті көзің,
Ол үмітің – құр елес.
Опасыздық жасадың ба еліңе,

Ертең саған мені сату түк емес.
Шарам нешік,
Тұрмын cені тіпті аяп.
Сорлы Отансыз,

Қарайыпсың қаныңа.
Қашан мені сатарыңды күтпей-ақ,
Алдыңды орап кеткеніме налыма.
Жақсылығым қайтпады деп арыма.

Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату
Ұқсамай ма табиғаттың заңына?!
Құлақ түрер кім қалды енді зарыңа?
О дүние сапарына,

Сатқыным,
Сеніп аттан əділдіктің барына! –
Нөкеріне бұрылып:

– Кəне, қылыш ұстатыңдар

Қaйcаp батыр Қайырханның қолына!

– Тоқта, Шыңғыс, – деп Қайырхан саңқ eтті, –

Бұл баланың əкесі біp нар текті
Адам еді

елге сыйлы, зиялы,
Адам еді адал, ұшқыр қиялы.
Əкесі үшін перзентіне cеніп ем,
Сатқын болып шықты мына тұяғы.

Оны ойласам, от жүрегім қан болар,
Сеніміме содан түскен таңба бар.
Мақұл көрсең,
Əкесін бұл сатқынның

Осы араға алдырғаның жөн болар.
Келді ме əлде жауынан сыр тартқысы,
Шыңғыс басын изеді оған үн-түнсіз.
Біраздан соң

Қаба сақал қарт кіcі
Екеуіне қарсы қарап тұрды үнсіз.
Қайыр айтты:

– Жылан туса жыланнан,

Құлан туса құланнан,
Таңданатын түк те жоқ,
Бірақ жылан қалай туды қыраннан?
Қария айтты:

– Сыйлы басым қуарды,

Жария етіп жалғанымды,
Менің қыран болғанымды

Заман бүгін өтірікке шығарды.
Əділі сол, көнбе, мейлің, көн, мейлің,
Əр адымы қиындаған,
Адал өлім бұйырмаған

Менен сорлы жан бар десең, сенбеймін.
Ең негізгі кінə, əрине, өзімде.
Бұл баланы жаңа туған кезінде
Перзент үні тұсаған жан мұратын

Афрасиабтың ар жағында тұратын
Нағашысы бауырына басқан-ды.
Қaтeлігім осы арадан басталды.
Kіндік кескен өлкесінің сорына

Ержеткен соң қайта келді қолыма.
Бөренені жарып шыққан сынадай
Бабалардан бізге жеткен,
Құлақтыны іздеп өткeн,

Өсиет бар мынадай:
«Əр нəресте қашан ecі кіргенше,
Жер қадірін,
Ел қадірін,

Ең бастысы тіл қадірін білгенше,
Алғашқы əнтек қылығына
Өзі ұялып күлгенше,
Көтергенше балаң ойдың желкенін,

Қинаса да қиқар соқпақ, қиыс жол,
Өзін туған қасиетті өлкенің
Ауасымен дем алуға тиісті ол!»
Мен осынау борышыма əкелік

Немқұрайды қарадым да,
Кінəлі боп ар алдында,
Жібердім зор орны толмас қателік.
Міне, төpім біpігіп тұр көріме,

Көрінетін бетім бар ма еліме?
Мына сатқын перзентіме қосақтап
Өлтіpyгe міндеттісің мені де!
Азғындықтың соңы бізбен құрысын,

Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін.
Құм мəңгілік бүркей алмас асылды,
Даңқың көктеп өтеді əлі ғасырды.
Ал қимылда,

Қалды уақыт тым қысқа.
Қағу үшін сенің қайсар басыңды
Асығып тұр мынау залым Шыңғыс та!
Қайыр айтты:

– Иə, қоштасар келді күн,

Азбан Шыңғыс ел тарихын қорлады-ау.
Ойлап тұрсам, енді бəpі арман-ау.
Отырардың жанқиярлық ерлігін
Жыр ететін,

Əттең, ақын қалмады-ау!
Шыңғыс айтты:

– Өкінгенмен, болмайды,

Ешкімге де берілмейді бас сауға.
Бұйрық еттім түгел қырып тастауға.
Отырарда еркек кіндік қалмайды!
Қария айтты:

– Қателестің, қалады!

Жұма бұрын шеткі Елші қақпадан
Жүзін жалын қақтаған
Мен құтқарып жібердім біp баланы.

– Бəрекелде,

Бұл еңбегің жарады!
Біpaқ одан ұрпақ тарап,
Одан ақын туғанша,
Ал ол ақын ата жолын қуғанша,

Кеудесіне сыйдырғанша даланы,

Айырғанша ақтан бөліп қараны, Талай өзен тасып өтер, Бəлкім, талай ғасыр өтер, – деп Қайырхан жасқа толып жанары Отырарға қимай, ұзақ қарады. ІІІ Оян, Қайыр бабатайым,

қасиеттім,

қымбаттым!
Сан алапат тасырдан соң,
Тасыр дауыл басылған соң,
Жеті жарым ғасырдан соң,

Өзіңді іздеп, тіл қаттым.
Аман қапты батыр арман,
Отқа оранған Отырардан
Қашып шыққан сол баяғы баладан

Бұл күндері санатты ұрпақ тараған.
Дəуірінің қанатында самғаған
Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.
Keшіктің деп кінəлама, айбарлым,

Ceні ояту үшін қанша ойландым.
Еңіреген ер ең аузы дуалы,
Бізгe жетті жүрегіңнің шуағы.
Түп-тамырын сенен алып жатқан ел

Саған ұқсас батырларын туады.
Күллі Азия көз тігетін таңдана
Құм астынан көрінбейді паң қала.
Сол қалаға арнаған бұл жырымды,

Оң қабақпен қабылдай гөр, жан баба!
ÆÀ£ªÛÐÛ¥
немесе
Ақсақ Темір атауы қалай басталды

Əр мұзбалақ өз əнін айта келер,
Айта білу ежелден байтақ өнер.
Тауға шығып əн салсаң

(О, керемет!) Жаңғырық боп дауысың қайта келер. Жауап беріп жататын сан қылыққа, Бір заңдылық жатыр сол жаңғырықта. Иə, оған күмəн жоқ, сондықтан да Басымды ием сол ұлы заңдылыққа. І Масаң-мұңдар көңілі тасып елтіп, Нөкері мен тазысын қасына ертіп. Тінти қарап мұнартқан Сұңқар тауға Келе жатты Жұдай хан түлкі аулауға. Көз ұшында атты əйел ербелеңдеп. Kecіп өтті хан жолын көлденеңдеп. Лезде ханның от шашып түлкі көзі Қаhарланды: – Ұстаңдар! Бұл кім өзі? Қанжығаға көкпарша бөктеріңдер, Сөйтіп, менің алдыма ап келіңдер! Алып келді. Əйел тым ажарлы екен. Ажарлы екен, Ажары базарлы екен.

Шіpкін, мұндай жары бар ер жігіттің
Шаттығының жалауы тозар ма екен?!
Қандай əсем қарақат бұла көзі
Əттең...

Əттең...
Жүкті екен бірақ өзі.
Тағдырына өкпелі cөзі бардай,
Нөкерлер тұр сұлудан көзін алмай:

«Міне, нағыз өмірдің сəнді өрнегі».
Тек хан ғана əйелге мəн бермеді.

– Күнəhар жан, періштем сен емессің, –

деп ақырды ол,

– Жолымды неге кестің?

Əйел:

– Не тілейсіз ұқпадым мына менен,

Байқағам жоқ.
Сондықтан кінəлі емен.
Қажып біттім,
Көп болды жолда келем,

Текті қыран ойнамас қарғаменен.
Халім мүшкіл.
Жүктімін көрмейсіз бе?
Ат үстінде ауырып зорға келем.

Жұдай хан:

– Байқағам жоқ дейсің, ə, дегелегім,

Көзіңді ойып тастасам не дер едің?
Əйел:

– Көз оятын, немене, салтыңыз ба,

Күш көрсетпес əлсізге хаса тарлан!
Жұдай хан:

– Жоқ, мен сені жазасыз босата алман.

Əйел:

– Дүниенің ластаған көкіpeгін

Дəніне ұқсас зұлымдық кекіренің.
Босатыңыз, өмірге ертең келер
Нəрестемнің атынан өтінемін.
Жұдай хан:

– Ешкім маған мұрындық бола алмайды,

Ал нəрестең жарық күн көре алмайды.
Əйел:

– Не деп тұрсыз, мұныңыз айуандық қой.

Жұдай хан:

– Айттым бітті,

Атқан оқ оралмайды. Қаhарлы хан осылай кəрін септі, Кəрін септі, жас гүлге өлім септі. Аттан түсіп барды да қатуланып Іштен теуіп құлатты келіншекті. Қасіретке куə боп дала жатты, Өз жолымен хан кетіп бара жатты. ІІ Біреулерді өр тағдыр өкпелетті, Біреулердің мерейі көкке жетті. Біреулерді заманы шетке тепті, Содан бері он сегіз көктем өтті. Мизам айы.

Көңілі тасып елтіп,
Нөкері мен тазысын қасына ертіп,
Оймен қарап сəлделі Сұңқар тауға
Келе жатты Жұдай хан түлкі аулауға.

Қаhар кеткен,
Əл кеткен таяғынан,
Хандығы да əзер тұр аяғынан.
Шашы ағарған,

Қартайған,
Ал өңгесі
Өзгермеген секілді баяғыдан.
Еске түсіп істері өткендегі

Ойы бір сəт шарықтап көкке өрледі.
Анау төбе – зымырап қашқан жауды
Қуып жетіп тас-талқан еткен жері.
Анау белес – өзіне қарсы шыққан

Туысқанын арбаға жеккен жері.
Мына бір сай – тас табан етігімен
Жүкті əйелдің ішіне тепкен жері.
Сол шақ өзі күз бе еді, көктем бе еді?

Ал ана əйел бір керім өндір екен,
Қайтті екен ол?

Қиналмай өлді ме екен?
Көз аша алмай батар күн, атар таңға
Кеткен шығар, əрине, жаhаннамға.
Ханның əpбіp қимылы зарлы біp əн,

Мұң сорғалап зəрезап жарлығынан.
Kіcігe еткен зорлық пен зомбылықтың
Лəззат алып келіпті барлығынан...
Кенет алдан атты адам ербелеңдеп

Тұра қалды хан жолын көлденеңдеп.
Бұл кім өзі?
Бұл кімнің «мұзбалағы?»
Қарақшы ма жайлаған түз даланы.

Xaн нөкеpі қылышын суырғанша
Шыға келді тасадан жүз қаралы.
Бəрі тамам.
Енді қай айла қалды?

Қалың əскер хан қолын байлап алды
Байлап алып,

баяғы келіншекті
Азаптаған қан құйлы сайға апарды.
Mінe, ғажап!
Топ жиде арасында

Қару-жарақ, салтанат бəрі осында.
Құрма кілем үстінде жігіт отыр
Он жеті мен он сегіз арасында.
Хан жігітке қадады түлкі көзін:

– Ұнамай тұр, əй бала, бұл мінезің.

Ұры итіндей бұқпайлап ен даланың
Кімді тəлкек етпeкcің сен, қарағым?
Танымасаң танып қой.
Осы өлкенің

Əміpшіcі Жұдай хан мен боламын.
Жігіт:

– Болсаң бопсың,

Мен емес паңданарың.
Kepі бұрар тарихтың доңғалағын.
Бүгінгі ұры,
Ертеңгі күллі əлемнің

Əміршісі ұлы хан мен боламын.
Tіpлігіңдe желігің басылмаған
Хан eдің сен,
Сол үшін асыл бағаң.

Жоғары шық, əзірге қонағымсың
Ет піcіpім сəттен соң басыңды алам.
Солай, шалым,

тосылма, жоғары шық,
Бақыт бүгін басыңнан барады ұшып.
Қайтпас сапар алдында əлденіп ал

Ұлы ханның қолынан шарап ішіп,
Тұрғандай-ақ қадірмен жанға санап
Жігіт күліп ұсынды ханға шарап.
Сосын қайта жалғады əңгімесін:

– Солай, шалым,

Сен қай біp мəн білеcің?
Алмас қылыш секілді халық деген.
Ұстайтындар аз оны парықпенен.
Жұмсай білу – біp өнер,

Қайрай білу – біp өнер,
Құрсай білу – біp өнер.
Сол қолыңнан шығарсаң,
Өз басыңа тіленер.

Сен соны біp ұқпадың, милау шалым,
Ерте жетті сондықтан қирау шағың.
Ұcaқ лəззат болды да бар арманың
Ат басынан алысты көре алмадың.

Ал мен сенен қy болам əлдеқайда
Төрт құбылам,
Tөpкінім толған айла.
Жүрегіңнің үрейлі дүрсілдерін

Тыңдап тұрмын.
Жараспас күрсінгенің,
Өз басыңды өзіңе сый етер ем,
Амал қанша

Жолымда тұрсың менің?!
Амал қанша...
Сен оған өкпелеме
Өмір ылғи адамға көктеме ме?

Мынау ұлы безеу бет паң даланың
Осал тұсын мен оңай аңғарамын.
Бірақ сендей хандардың көзін құртпай
Мен қалайша əлемге хан боламын.

Бақыт бүгін басыңнан барады ұшып,
Əлденіп ал, бейшара, шарап ішіп.
Қартайсаң да,
Желігің басылмаған

Хан едің сен.
Сол үшін асыл бағаң.
Сол үшін де өзіңді ардақ тұтып,
Алтын сапты қылышпен басыңды алам.

Жұдай хан:

– Біp дүлегей екенсің дінің мықты

Құтқармассың,
Сеземін...
Kүнім бітті.
Құтқармассың

Ой, алла-ай, жап-жас болып,
Қайдан біліп алғансың зұлымдықты?!
Жігіт:

– Жас болсам да тұзым көп татып көрген

Іздеп өтем өлгенше бақытты ерден.
Əйтсе де мен ең үлкен зұлымдықты
Анамның құрсағында жатып көргем,
Намысымның құзарын төркіндеген

Құпиям ол
Ешкімге шертілмеген.
Жə, жə, неден қорғалап тосылайын
Саған өлім,

Маған бақ – бас уайым.
Сəлден кейін өлесің,
Өліктен мен
Құпиямды несіне жасырайын.

Анам марқұм
Жан бопты сөзі ілікті
Tіpлік мəнін бірлік деп сезініпті.
Маған жүкті кезінде жолаушылап,

Біp epіккен залымға кезігіпті.

Əлгі залым аңғартып сусын дара
Қан төгуді аңсапты құшырлана:
Ішке теуіп анамды өлтіріпті
Алдын кеcіп өткені үшін ғана.

Кеудесінде игілік мақсат тұнып,
Бұлақ ағып жатыпты сақ-сақ күліп.
Мен жатыппын іңгəлап, өмір тілеп,
Өлі анамнан аяғым ақсақ туып.

Бағың жанса бас құрар амал-айла,
(Əйтсе де адам оны əр кез бағалай ма?)
Содан мені біp қойшы тауып алып
Сый орнына тартыпты Тарағайға.

Ал Тарағай ежелден еркі мықты
Əйелім ұл туды деп желпініпті.
Жұртқа жайып жүрер деп құпиямды
Қойшы шалды біp түнде өлтіріпті.

Рас, əлі шытырман таңдар алда,
Біpaқ менің қайғым зор аңдағанға.
Зұлымдықпен алысып аман қалып,
Зұлымдықпен көз аштым мен ғаламға.

Шақырғанмен қол бұлғап мақсат нeбіp
Талайларды жазықсыз ақсатты өміp.
Мен де ақсадым анамнан тумай жатып
Содан қазір есімім – Ақсақ Темір.

Жұдай ханның зəресі ұшып кетті,
У ішкендей денесі ысып, кепті.
Дірілдеген қолынан шарап толы
Сапар кесе еденге түcіп кетті.

Өмір өзі-ақ шығарды-ау масқарасын,
Суға алдырған сорлыдай баспанасын.
Ecі кетіп,
Аңырып отырды да

Жұдырықтай бастады қасқа басын.
Уақыт соқты əр демін санаттырып
Бақыт одан қашқандай балақ түpіп.
Сəлден кейін ең соңғы сөзін айтты,

Жас жігітке кіжіне қарап тұрып:

– Өкінем-ау,

Өкініш өрт емес пе.
Табиғатты кім айтқан сезімсіз деп.
Өзгеге еткен зорлығың ерте, кеш пе,
Таппай қоймайды екен-ау өзіңді іздеп.

Іздеп тапты-ау,
Айтайын, ал дайындал,
Қорықпаймын жазаңның қандайынан.
Айтпас едім,

Бəpібіp өлтіресің,
Айтсам сипай коймайсың маңдайымнан.
Жата бермес шындық ит босағада,
Тура қара

Жүзіңді тасалама.
Бұдан аттай он жеті көктем бұрын
Мен өлтіргем анаңды осы арада...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Кірпияздау күйге орап жарқын шақты
Кенет қылыш жарқ етті алтын сапты.
Осынау біp қанды кез ғаламатты
Ішке тоқып, күpcініп дала жатты.

Күнбатысқа созылған терең саймен
Ханның басы домалап бара жатты.

12-3=?
Қырқасынан қыран ұшқан, сен ержеткен аймақты,
Ертеде біp хан билепті, қайсар əрі қайратты.
Қартайса да шапқан аттың құлағында ойнапты,

Қия тартқан мақсатына иек артпай қоймапты.
Өз елінің абыройын,
Қорғанысын, ақыл-ойын
Қайтсем биік көтерем деп ойлапты.

Біp болса да бірегейлі,
Хандығына түбегейлі
Жаңа өзгepіc енгізуге белін мықтап байлапты.
Біpaқ сорлы жетіп алмай тоқтамының парқына,

Мынадай біp заң шығарып, таратыпты халқына:
«Кемел ақыл қарттық шақта ғана деп.
Жастың іcі (негізінен) шала деп
Есептелсін.

Шалалықтан ел нecібі шашылар,
Сондықтан да барлық билер, қазылар,
Барлық əскер басылар,
Ісін мінсіз атқарған

Сайлансын тек ақ сақалды қарттардан!»
Жастық шақтың мерейін аттап өтіп,
Таптап өтіп төске өрлей,
Оның ұлы мүмкіндігін ескермей,

Тек қарттықтан бастап ел əңгімесін,
Лезде ұмытты жас қауым тəрбиесін.
Сенімсіздік жұрт қолын байлап алды.
Алаулаған жастық от қайда қалды?

Жиырма беске келсе де,
Өз көжесін
Жылап ішep жасықтар пайда болды.
Өзек болар ел еді мың дастанға,

Енді бүгін мұңына мұң қосқан ба?
Жау дабылы естілсе, бой көрсетті
Қора айналып қашатын жүн бастар да.
Балғын гүлдің шаттығын өмірсіз ғып,

Қайдан шықты бұл мимырт көңілсіздік?
Танымастай өзгертіп жіберді елді
Жастық шаққа жасалған сенімсіздік.
Ханды тағы сайтан түртіп, ойға келді мынадай:

«Хандығымның төрт тағандап тұруы үшін құламай,
Қимыл керек. Кенде емеспіз күштен де.
Тағдыр біздің даңқымызды, əлде келте пішкен бе?
Жо-жоқ, тоба!

Соғыс ашып көрейін
Көрші жатқан өзімізден үш-төрт есе кіші елге,
Сөйтіп шырқау көтерейін пəсең тартқан көңілді».
Соғыс ашып көpіп еді, тас-талқан боп жеңілді.

Мұнан асқан қорлық болмас, расында,
Eнді, мінe, төрт yəзіpі қасында,
Қос жанары жылай-жылай суалып,
Селеу шашы ызғар соққан боз жусандай қуарып,

Жолдас болған тəтті арманы балғын бала кезінен
Бір-ақ күнде бал-бұл ұшып көзінен,
Өз кінəсін өзі ақтап ала алмай,
Теке сақал, уəзірлерін атарға оқ таба алмай,

Тұтқында отыр хан сорлы,
Сел-тасқында қалт-құлт eтіп əрең тұрған аралдай.
«Күндер қайда салиқалы, сымбатты,
Соққы болды-ау, соққы болды-ау бұл қатты».

Осы сəтте жеңген елдің ақ сақалды əкімі,
Xaнғa қарап тіл қатты:

– Дара шауып кетіп едің сен мүлде,

Қалай, шалым, ақылыңа келдің бе?

Жұмбақ айтам.
Егер тапсаң, азатсың,
Таба алмасаң, өлдім де!
Таба алмасаң, қанатыңнан сынғаның,

Тырысып көр, ақылыңда күш болса?
Мынау ғана менің саған жұмбағым:
Не қалады он екіден үшті алса?
Үміт, ойсыз отырған шал қуарып.

Білегінен алынғандай бұғалық:

– Онда тоғыз қалады ғой, – деп күлді,

Бəйбішecі ұл тапқандай қуанып.

– Тапқырлық пен ақыл-ой,

Сынға түскен ұрыста
Жолың сенің тағы тартты бұрысқа.

– Таба алмадың, – деді əмірші мысқылмен, –

Мойыныңды даярлай бер қылышқа.
Біp жас жігіт алға шықты:

– Сіздіңше, ең ауыр жаза өлу ме?

Ауыр жаза – тіpі қалып, өзінің
Тауысып бар төзімін,
Қателігін өз көзімен көруде,
Жəне оны түзетуге

Қолда билік жоқтығына көнуде.
Ұлы əміршім, ойланыңыз əлі де,
Ерте, кеш пе өлім жұрттың бəріне
Ашары хақ ecігін...

Өтінемін, етіңіз біp кешірім.
Ханымыздың қасық қанын қисаңыз,
Мен айтар ем бұл жұмбақтың шешімін.

– Ал айта ғой, – деді əміpші, – талабыңды шектемен,

Балаусаға тас атқанды жек көрем.
Бердім, ұлым, тілегіңді, төлеуін
Қайтара алсаң кеудеңдегі отпенен?!

– Иə, иə, балаусаға тас атқан жан оңбайды, –

Деді жігіт, – жұмбағыңыз күрделі-ақ,
Əйтсе де, оны жұмбақ деуге болмайды.
Заңдылық – ол. Заңды білмеу – зор қайғы.
Егер, егер он екіден үшті алсақ.

Ештеңе де қалмайды.
Айлар – жылдың ұланы.
Біздің əpбіp жылымыз
Он екі айдан тұрады.

Он екі айда үш ай көктем бар екені белгілі.
Көктем деген табиғаттың таңғажайып ерлігі.
Ол ерліктің даңқын ешкім қаға алмайды шeткepі,
Ал жастық шақ – адамзаттың көктемі.

Міне, осы көктем нəрлі болмаса,
Əр тіршілік өз қopeгін қажетінше алмаса,
Айрылмай ма бар мағына-көріктен?
Онда шырын үмітіңнен қараңды үз.

Көктемде гүлдемесе алмалар мен өріктер,
Қалған анау тоғыз айда
Қандай жеміс күте аламыз одан біз?
Қанша налып, жегеніңмен пұшайман

Бұған қарсы табу қиын күш, айла.
Қараңызшы, тоғыз айдың тағдыры
Байлаулы тұр үш айға.
Оған тіпті жүрмек емес басқа заң.

Мұны жəне жұмбақ санау зор қайғы.
Сондықтан да он екіден ешқашан
Yшті алуға болмайды,
Алған адам мына біздің ханымыздай сорлайды!

«Kім өзі бұл, ойы – қылыш, cөзі – міp?»
Хан түгесіп алардай бар төзімін

Қарап еді, қарап еді о ғажап,
Атқосшысын тани кетті өзінің.
Еске түсіп қайдағы мен жайдағы,
Хан күрсіне бас бармағын шайнады.

«Бітті, бітті, мен өлікпін, өлікпін...
Қол бастайтын жігіттерді қорада ұстап келіппін.
Сорлаппын-ау, қанаттыға болыппын-ау тар мекен,
Əттең-əттең, қорлаппын-ау жігіттерді нарға тең...»

Р.S. Tым кеш келген игілікті ойлардың
Қайғысынан артық азап бар ма екен?!

ÒÀÍÀʯÇ

Ізгілік пен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауында,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Maқcaт тауының жайлауында.

Жұрттың бəрі баруға құштар оған,
Құштар бол деп тіпті ешкім қыстамаған,
Өзін мəңгі бақытты санайды екен,
Сол аралдан от алып ұшқан адам.

Шаттығы сай болса да тал бойына,
Бұлбұл қонып жатса да таңдайына,
Ол аралды көруді көп адамның
Қатал тағдыр жазбапты маңдайына.

Бірін-біpі күндеумен жылан, қарға.
Үні шықпай жатады біp аңғарда.
Онда жалғыз деген сөз атымен жоқ,
Жеке дара ұшпайды қырандар да.

Нар талабын салса да қандай жолға,
Тілектес дос пейілдер самғайды алға.
Жүрмейді онда сатқындар, саудагерлер
Опасыздар, отсыздар болмайды онда.

Асау жылдар толқынын кешкін мейлі.
Сенім заңы оларда ескірмейді.
Соқпайды онда самалы пенделіктің,
Тиындардың сыңғыры естілмейді.

Алда теңіз, арқада дала барда,
Талабымыз табанды бола ала ма?
Биік ұстап бірліктің ақ желкенін,
Біз де жүзіп барамыз сол аралға.

Намысыңның көйлегін сиялатсаң,
Сияға атар оғыңды ұяға атсаң,
Екеуміз де қираймыз, жүрегіңе
Егер титтей жалғандық ұялатсаң.

Ізгілік пен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауында,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Алаулаймыз шығыстың ақ таңындай,
Keзіміз жоқ жататын ақтарылмай.
Сол аралға, арман не, жетіп өлсек,
Тек жете алмай қайтудан сақта, «құдай!»

БІРІНШІ БӨЛІМ І Мұрат! Тағдырына өкпе айтып мұңаймаған, Құрбы қыздың көзінде нұр ойнаған Екеумізге ортақ біp бақыт бар деп Kім ойлаған, ол кезде кім ойлаған?!. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Сен ер жеткен таулы өлкеде мен де ер жеттім, жан досым, Мен тербеткен біp арманды сен тербеттің, жан досым. Мен гүл терген тау бөктерін сен де кездің талмастан, Қарлы шыңдар қол бұлғайтын бізгe бөркін алмастан. Ет асса апам, көңіл шіркін жоғалтқандай жалқысын, Саған сақтап қоятынмын біp жіліктің жартысын. Екеуміз де eкі ананың еркесі едік тел өскен, Ерте есейіп, бақыт күткен арман атты белестен. Біздің қатал тағдырымыз қалай шебер тоғысқан, Екеуміздің əкеміз де оралмады соғыстан. Біp-біpінeн жан аяспас дос болыпты олар да. Дос болыпты. Біздің достық содан өнген болар ма? Mенің əкем жау шебінде жаралы боп қалғанда, Жан досымды қалай қиып қалдырам деп арманда, Kөкіpeгін қарша жауған оқ пен отқа қалқалап, Сенің əкең үш күн бойы алып жүрген арқалап. Айналасы қалың өлік, қалың орман өрт толған, Сол орманда екеуі де жау оғынан мерт болған. Не жетеді, келер күнге деген кəусар сенімге, Екі досты ажырата алмапты ғой өлім де. Екеуі де көз жұмыпты құшақтасқан қалпында, Екі өмірдің жалғасы боп біз қалыппыз артында. Ал анамыз бізді, сірə, көрген емес бөлектеп, Ауыр күндер өтіп жатты, соғып жатты жел өкпек. Tіpі адамның тіршілігі бітпейді ғой, əрине, Тұрып жаттық əкемізден қалған мына тар үйде. Күндер жылжып аға бepді, біз білімге бас қойдық, Он екіден асқан кезде жұртқа еліктеп шаш қойдық. Mінe, солай жігіт болып шыға келдік кекілді, Біp бақшада жарыса өскен қос бəйтерек секілді.

Күнде-күнде гүл іздеп біз жайсаң, жасыл алаптан, Қосылып əн айтатынбыз, қайтатынбыз сабақтан. Кім біледі, бізбен жүрген соры ма, əлде бaғы ма, Ортамызда орта бойлы қыз болатын тағы да. Көзіне оның көз жетпейтін бұл ауылда тeң келер, Сондықтан да Танакөз деп атайтұғын жеңгелер. Қуансақ та, қайғырсақ та қасымызда – Танакөз, Танакөзбен көңілді еді біздің ерке бала кез. Жол қысқарсын дeйміз-дaғы жоқтан барды құрай кеп, Біз екеуміз Танакөзді мазақтаушы ек былай деп: «Жанарыңнан жас кетпейтін жасық болсаң бағаң не, Taғы қиын өжет болсаң нарт-қызба. Сайранбайдың танасына көзің тартты амал не? Енді бірақ ақылыңды тартқызба!» Ол да бізді аямайтын. Жоқтан барды құрай кеп, Менің қалқан құлағымды мазақтайтын былай деп: «Білесің бе, өміp деген өрекпіген біp ағын, Əркім содан өзіне тəн сыбағасын даулайды. Сенің мына сыпырадай құлағың ше, құлағың, Пернебайдың қодығының қҰлағынан аумайды! Ах-ха-ха. Ах-ха!..» Мен тұра кеп қуатынмын, от тұра кеп қашатын, Жеткізбейтін, сонысына көңлі мəз боп тасатын. Қайран қамсыз балалық-ай, оған қазір дау бар ма? Күлкімізден жаңғырығып жатушы еді таулар да. Ту төменде жан біткеннің асықтырып тағатын, Ақ көбігін шашып тұрып, Ақсу күліп ағатын. Оның мөлдір суын ішсек шыққандай боп кұмардан, Кеудемізде үнсіз ғана бұлқынатын біp арман. Үшеу едік. Қайда барсақ қасымызда – Танакөз, Танакөзбен көңілді еді біздің ерке бала кез. ІІ Балаң жылдар байқатпастан өте шықты аяңдап, Балалықтың біздің бастан көшкендігін баяндап. Балалық шақ – іңкəр дəурен cұңқap тауын шарлаған, Өз көктемін сағынбайтын, аңсамайтын бар ма адам? Кеудемізде сенің ізің, сенің күзің жатады Балалық шақ – боямасыз ақ көңілдер отаны. Аяймын мен аналарды балаларын алдаған. Аяймын мен балаларды ойыншығы болмаған. Балалық шақ – гүл жазира, балалық шақ – байтақ əн, Қартаямыз, бірақ саған ораламыз қайтадан. Саған оймен ораламыз, көңіл шалқып айтады əн, Ал сен қайтып келмейсің-ау, оралмайсың қайтадан. Зеңгір көктен нұр төгілген сол біp көктем əлі есте, Гүл қуалап бірге шықтық қызғалдақты белеске. Қарт Алатау қуанғандай перзенттерім келді деп, Танакөз де жымияды қара көзі мөлдіреп. Тауды мақтап тастан-тасқа секіреді бал бұлақ, Алдынан құз кездесерін ойлай ма екен ол бірақ?!

Ойламайды, ол мезетте ойламадық біз-дағы
Бəлкім, оған кінəлі ме жастығымыз қызбалы?
Нақ сол күні кеудемізде біp құпия от жанып,
Екеуміз де Танакөзге гүл ұсындық шаттанып.

Ол мəз-мейрам. Иығына түскен қара шаш қандай!
Қандай əсем. Шырша таудан екі бұлақ қашқандай!
Тым жайдары, мейірімді мына тана көз қандай,
Ол қараса көл де тұнып қалатындай қозғалмай!

Бақытыңды соның ғана маңдайына жазғандай,
Қарамасаң төзіміңнің терезесі тозғандай.
Өтті солай тұңғыш рет тынышымды бұзған күн,
Тұңғыш рет сенен, досым, Танакөзді қызғандым.

Сол күнгі ойлар кеудемізді нəзік мұңға толтырды,
Үшеуміздің алдымызда екі тарау жол тұрды.
Оянсақ та бал сезімнің алғашқы асау əнінен,
Аппақ, адал достығымыз биік тұрды бəрінен.

ІІІ Гүлдер екі шешек атты, талдар екі көктеді, Бұл өмірден менің асыл, аяулы анам кеткелі. Ерте кетті ол мына тарлау маңдайымның сорына, Жалғыз қалып көшіп бардым нағашымның қолына. Талпынса да тата алмады тағдырының жемісін, Ол сорлы ана не көрмеді, не көрмеді мен үшін. Тым болмаса көре алмады, ер жеткенін ұлының, Үлгермеді келініне өргізуге бұрымын. Үлгермеді, өзі соны арман етіп жүрсе де, Қатал, қыңыр тағдырына қарсы қарап күлсе де. Ақсу екі тасып өтті, қырлар екі көктеді, Бұл өмірден менің ғазиз, асыл анам кеткелі. ІV Нұргүл апа – сенің анаң, жан еді біp ақылды, Қолға аттестат алған күні бізді өзіне шақырды. Қажыды ма жылдар бойы арқалаудап арманды, Соңғы кезде өзін тіпті науқас меңдеп алған-ды. Төсегінен əрең тұрып, келді-дағы күлімдеп, Иығымызға қолын қойды саусақтары дірілдеп. – Қарақтарым, ер жеткеннің бeлгіcі ғой, міне, бұл, Екі əкенің келер күнмен жалғадыңдар жүрегін, – Деп жымиды, жанын біp ой тербеткендей тасқынды, Жанарында жазғы шықтай екі тамшы жас тұрды. Сосын жайлап барды-дағы көк сандықты ақтарды, Сыртта құстар сырлы сазға бөлеп жатты бақтарды. Нұргүл апа демі толқып ерке желдей еспелі, Көк сандықтан екі көйлек алып шықты кестелі. – Біpгe еді ғой сенің анаң екеуміздің сырымыз, Он жыл бұрын ырым етіп тігіп едік мұны біз. Он жыл бұрын. Егіз қозы секілді еңдер онда да, Жұрттың бəрі екеуіңе көз қадайтын таңдана. Сағымдай боп ой арбаған нұрлы күнге жетпекке, Екеуіңді тұңғыш рет ертіп бардық мектепке.

Екеуіңді екі орынға бөліп еді мұғалім, Мұғалімге жалт-жалт қарап екеуің де жыладың. Мен ұстазға жақын барып өтінішпен сұрадым: «Бұл екеуін бөле көрме, бөле көрме, шырағым». Ұстаз үнсіз күлімдеді, болар біp сыр байқаған, Екeyіңді біp партаға отырғызды қайтадан. Ой-шуағы мол өмірге көздеріңді ашқалы, Əліппені алға жайып ұстаз сабақ бастады. Сол сəт біздей бақытты жан болмаған да шығар-ақ, Көпке дейін терезеден қарап тұрдық сығалап. Қайттық үйге жұбанысып, қуанысып, сырласып, Сеніміміз байлам тауып, қиялымыз қырды асып. Қайда қанат сермесе де тірі адамның досы – үміт, Ақ шайыдан көйлек тіктік екеуіңнен жасырып. Сендер мектеп бітіргенде, сый етуге бел байлап, Сақтап қойдық. Өтті жылдар ойлар легін алға айдап. Келер көктем белестерін оймен шарлап кей күн біз, Екеуіңді тым ертерек ер жетсе екен дейтінбіз. Біз асықтық, алдағы асау болашаққа асықтық, Асықтырды бізді өміpгe деген өжет ғашықтық. Жап-жас едік, сұлу едік, бірақ ерге шықпадық, Арманда өлген екі достың шаңырағын жықпадық. Бізді намыс асырады, қиындықтан шықты алып, Екеуіңнен артық бақыт бар дсп тағы ұқпадық. Aңcaғaн күн келді бүгін, мұны еске алмау мүмкін бе, Бірақ марқұм сенің анаң жете алмады бұл күнгe. Көнеді адам, көнеді екен пешенеге жазғасын, – Нұргүл апа көңлі босап іpкіп алды көз жасын. Сыртқа шықтық үcтіміздe желбірейді ақ көйлек, Біз достықты ұғып өстік сөнбейтұғын от қой деп. Бұл ақ көйлек – екі əкенің шапағаты секілді, Екі ананың бізге деген махаббаты секілді. Екі аналық ар-намыстың жeміcі бұл ақ көйлек, Екі əкенің достығының жеңісі бұл ақ көйлек. Біздер іштей серт етістік ана үмітін ақтауға, Достық гүлін кеудемізде мəңгі тіpі сақтауға. ІV Терең өзен ағысындай уақыт үнсіз жылжыды, Біз оқуға бара алмадық, бара алмадық бұл жылы. Туған ауыл құшағында еңбек жолын бастадық, Шарықтаған достық əнін тау самалы қашты алып. Кеудесінде кең даланың, арасында ең жырдың Жыланбауыр тракторға тіpкeyші боп сен жүрдің. Мен қырманға орналастым есепші боп «айбарлы», Ал Танакөз комсомолдың хатшысы боп сайланды. Хатшы болып сайланған соң, бұрын eті тіpі қыз, Бар билікті қолға ап алды, сол боп алды піріміз. Түске дейін шөпшілерде, түстен кейін қырманда, Оның тіпті араласпас жұмысы жоқ бұл маңда:

Алып ұшқан қыз қиялы, cіpə, тыным тапқан ба? Бірде ауыл сарайында жиын өтіп жатқанда: Алматыдан өкіл келді, желке шашы біp қapыc, Аты – Оралхан, ал кəсібі – жазушы əлде журналист. Бойдақ па өзі? Танакөзден айырмастан жанарын, Əлденені сүйкеп жатты сусылдатып қаламын. Апта өтпей-ақ жігіт жазған мақаланы газеттен Жадыраса-дабырласа оқып шықтық кезекпен. Танакөзді суреттепті жақын тартып аялай, Əй, сабазың, сөз асылын төккен екен аямай. Мұнан кейін хаттар қаптап кетті дейсің не түрлі, Күзді күнгі талдан ұшқан жапырақтар секілді. Өзге біpey ортақтасып жүре ме деп бағыма, Жүрегімнен біp қызғаныш бой көтерді тағы да. Кім болжапты, қандай жолдар күтер екен бізді алдан, Қандай таулар қорғар екен бізді өмірде ызғардан? Əлде ызғардан қашқандарға боламыз ба біз қорған, Жалт бурылып кетпейміз бе қорқып жалтыр мұздардан? Ол кездері мұның бəpі болатын тек ізгі арман. ЕКІНШІ БӨЛІМ І Танакөз! Біздің қайсар достықтың даңқы cіңгeн, Өткен күнге оралып балқысын дем. Жарты сырым шертілді жан досыма. Енді саған шертейін жартысын мен. Қия жолда күлгенмен үміт алдан, Талай-талай нарлардың жүгі талған. Еске алмай-ақ қояр ем сол шақтарды, Еске алмауға болмайды, Ұмыта алман.

ІІ Бұлбұлдар əнін шерткенде əсем бағынан, Гүл жапқан алау қырлардың арғы жағынан Түсімде көрдім өзіңді бірде, қалқатай. Ай туған кезде ағарып алтын алқадай, Қыр жатқан кезде құлағын түріп, eлepіп, Аппақ біp нұрға бөленіп, Мамырлы таңдай албырап, лаулап нұр жүзің, Биіктен жанып жұлдызың, Алғашқы жауған ақ қардай Орамал тартып басыңа, Келдің сен менің қасыма. Төменде таудың өзені жатты гүрілдеп, Жапырақ біткен дірілдеп, Ай тұрды жүзі күлімдеп, Менің де жаным нұрланып, Жартасты жарып шыққан біp қызыл гүлді алып, Өзіңe, айнам, ұсына берген кезімде Үрей сап шаттық ceзімгe, Биікте таудан тас құлап Азан да қазан бар маңай, Өзіңe деген сол гүлді Бере алмай қалдым арман-ай. Cейіліп сəтте-ақ қырқаны жапқан арай нұр, Боз тұман келіп бacты да, Бейнеңді лезде жоғалтып алдым, қалай бұл? Шақырдым атап атыңды сенің, жаңғыртып

бүкіл тау ішін,
Қырларды кeзді, қырқаны кезді сені іздеп мeнің дауысым,

Қуантып тұрып қалайша маған кеттің сен,

еркем қатпай тіл.
Көңілімнің таңы түнерді демде,

өзіңді таппай атпайтын.
Жарқ етіп жанып, жалп етіп өшкен армандай,
Құрақтар мұңлы əн салғандай,
Бұлақтар тоқтап қалғандай,

Тағдыр мен тағдыр жалғанбай,
Үміттің бeлі талғандай.
Елестер қаптап көзімді,
Ай туған кезде ағарып алтын алқадай,

Түсімде көрдім өзіңді,
Түсімде көрдім, қалқатай.
Оянып кетсем келеді екен таң атып,
Алатау бөркін алтындай нұрға жалатып,

Төменде жатқан еленбей
Төбе мен қырға қарайды
Саған да тəңіpім биіктік берсін дегендей.
Қырқадан ұшқан кер маңдай маңғаз үш аққу

Таңменен бірге таласып,
Көрінбей кетті Долана сайдан ары асып,
Біріне, бəлкім, оқ тиген болар,

бəсеңдеу ұшып барады,
Бəсең бір əнге салады,
Мұң бар ма, қайдам осынау əнде сөзбенен

айтып болмайтын, Айтқанмен орны толмайтын, Өзгенің емі қонбайтын. ІІІ Нақ сол күні кешкілік Тоғай жақтан қалды күлкің естіліп, (Құлағымның дыбысшылын нетерсің), Жалт қарадым, жалт қарасам асыға, Суға кетіп бара жатыр екенсің, Екі-ақ аттап жетіп бардым қасыңа. Есіңде ме, су шашысып ойнадық, Жастық шактың есер əні бойды алып, Екі-ұштылау сөз айтып ем аңдамай, Екі мөнет тұрып қалдың ойланып. Бəлкім, қиял кемесінде жүздің бе? Екі-ұшты еді тағдырымыз біздің де. Жалқын сəуле шашып еді батқан күн, Жас баладай, мəз-мейрам боп шаттандың. Алдымыздан қалың тоғай қалқалап, Иығымыздан түксиеді жар қабақ. Мəңгі ажырап қалатындай даңқынан, Айнымайды сол қатулы қалпынан. Сақ-сақ күліп бұл дүниенің мұңынсыз, Бұлақ қана ағып жатыр тынымсыз. Тоғай іші емес еді көңілсіз, Тұра бердім мен үнсіз, Əрең-əрең біp батылдық жинап ем, Бірақ ол да сияқтанды сенімсіз. Бақытым ше! Егер айтсам шынымды, Əлі күнге аңғармайды ол мұңымды. Мен дегенде аңғал əрі құлақсыз, Қорқам содан бола ма деп тұрақсыз. Осы сəтте батылдығым тіл қатты: «Қою керек бұлғақты, Адымыңды тұсаулайды жасықтық. Кеудеңдегі ерке үміт пен ақ арман Дүниеге ғашықтықтан жаралған, Ерте ажырап қалмақпысың, солардан? Қозы Көрпеш егер батыл болмаса, Барар ма еді іздеп сұлу Баянды? Іздеп барды. Mінe, содан ғажайып, Махаббат пeн ұлы достық оянды. Ойлашы өзің, жасықтықта бақ бар ма? Көзге ілінер мүcіні жоқ мақтарға.

Бұл қай тұрыс, кей жандардың тағдырын, Жарты мөнет шешіп кетіп жатқанда?». Батылдандым, қарсы алдымда сен тұрдың, Қарсы алдыңда ойға кетіп мен тұрдым. Өзімді өзім ұстаудан да қалдым ба, Бəлкім, саған өшпес жара салдым ба? (Кешір мені, кетсем сол сəт ұсақтап) Рұқсатсыз сүйдім сені құшақтап. Кенет-кенет сыбдырлатып құрақты, Бұлак жақтан шыға келді біp атты. Бұл кім өзі, сезім көлін шайқаған? Бізді көpіп жалт бұрылды қайтадан. Танып қалдым. Досым екен ол менің, – Мұрат, деуге əрең жетті дəрменім. Тоқтамады, қамшылап көк дөненді, Yйгe қарай шауып ала жөнелді. Ашуландың. Жанарыңа мұң қонды, Маған қарап: – Қылығыңды бұл жолғы Ер жігітке ұқсатпадым дедің сен, Бекер ғана ұсақтадың дедің сен. ІV Содан менің Мұрат досым көрінбеді біp апта, Жаз жылыстап, сары ала күз қонып жатты қыратқа. Көрінбесін, ал жұмысқа келмегені қалай бұл? Осы сұрақ көкейімде тұрып алды талай күн. Іздеп барсам, үйінде екен, сəл жымиып қарсы алды, Тым байсалды қарсы алғаны маған тағы ой салды. Нұргүл апам қуанып жүр, шіркін қандай асыл жан, Сүйіп жатыр, маңдайымнан,

иіскеп жатыр шашымнан,

– Əлде мені сағындыра түсейінші деп пе едің,

Мұның қалай, тентегім-ау, тым хабарсыз кеткенің?
Мұның қалай, қайда жүрсің, іздетіп ем, таппадым,
Досың саған айтпады ма үйленгелі жатқанын?

– Жоқ, – дедім мен төмен қарап,

– Кімге? – дедім артынан,

Лезде қалың ойлар қамап көңілімді шалқыған.

– Кімге, – дедім – бұл жолы да шықты даусым

тым қатты
Мұрат маған күлімсіреп: – Зеркүлге, – деп тіл қатты.

– Кімді таңдау, ол, əрине, сенің ғана еркіңде,

Сүймейсің ғой, айтшы, қалай үйленесің Зеркүлге?

– Жалған! – деді ол, – жалған, – деді,

бетін басып қолымен –
Артық айтпа, жете таныс eмecсің ғой онымен.

– Білем, – дедім, төмен қарап, білетінім рас-ты,

Білуші едім шешесін де ойы желтең, тілі ащы.
Зеркүл соның жалғыз қызы қабағына қараған,
Бұл маңайға былтыр күзде көшін келген қаладан.
Жұмыс та жоқ, оқу да жоқ жүріп жатқан тектен-тек,

Ал шешесін күйеуімен ажырасып кеткен деп,
Жұрт айтып жүр.

Мұнда қанша шындық барын кім ұққан?
Жə, жарайды, керегі не сылтау іздеп сынықтан.
Əйтсе де, өткен біp қызықты өз басымнан кешірген
Ұмыта алман əлі күнге, өшіpe алман есімнен.

Жаз келгенде намысты жан қол құсырып жатқан ба?
Қырман жаққа аттанушы ек ояна сап ақ таңда.
Көлік күші жеткілікті, адам күшін таба алмай,
Жəрдем сұрап шапқылайтын бригадир Қоғамбай.

Осынау біp тынымсыз жан қамшылыгын торы атын
Əзілқой-тын, əpі мeнің жақын жездем болатын.
Жұмыстан соң тамашаға батайын деп еркін біp,
Қоғамбайды шeшecінe ертіп бардым Зеркүлдің.

Біз келгенде қызы құйған ақ кеседен шай ішіп,
Жас бəйбіше жатыр екен төр алдында майысып.
Қызы жылдам сырмақ төсеп, төрге жастық тастады,
Қоғамбайым жайласып ап, əңгімесін бастады:

– Дұрыс, дұрыс, сізге жүдə ұнар болар мына күй,

Колхоздың да жайын біp кез ойлау керек, құдағи?

– Жə, түсіндім, əңгімені созбаған жөн бет алды,

Қария ма десем сізді, «бала» екенсіз сақалды.

– Қой, шырағым, ақылға кел, таста мұндай ызыңды,

Жұртпен бірге еңбек етсін, жібер ертең қызыңды!

– Бара алмайды, ал анығы керек болса, бармайды, –

Деп құдағи қасарысып, өз сөзінен танбайды.

– Барғызамын, – Қоғамбай да басты айқайға, –

Барасың!
Колхозға айтам, ауданға айтам мəселеңді қарасын.

– Tіпті бар ғой қорқарым жоқ, қарай берсін, қарасын,

Ауданыңның біp бастығы менің туған нағашым.
Қыз шешесі бұрқан-тарқан, ойы бардай жұлыспақ,
Бас аманда ecік жаққа жетіп алдым жылыстап.
...Ертеңгілік ел ұйқыдан жаңа-жаңа тұрғанда,

Көк орамал тартқан біp қыз келе жатты қырманға.
«Бəрекелді» деп алғысын жаудыруда Қоғамбай,
Зеркүл екен, жылаған ба, екі көзі добалдай.
Жанарында жаңа оянған өжеттіктің нұры бар,

Байқауымша анасымен сөзге келген түрі бар.
Адам жаны таулы шатқал, алуан-алуан қыры бар,
Осы қыздың жүрегінде не сыр барын кім ұғар?
Бəлкім, бейбақ талпына ма арманына жетем деп,

Ел сөз ғып жүр біp жігітке ғашық болған екен деп.
Ол жігітпен жолығуға тыйым сапты анасы,
Ана сөзін жыға алмапты, ұяң қыз ғой шамасы.
Мүмкін, бəрін ұмытар ол, ұмытпаса сор болар,

Біздің жаққа көшіп келген себебі де сол болар.
Жазбайтын біp жарасы жоқ,

емші дейді ел уақытты,
Бірақ досым осы қызбен бола ала ма бақытты?
Ұзақ ойлар дүмпуінен ашылғандай құлағым,
Мен Мұратқа бұрылдым да:

– Той қашан? – деп сұрадым.

Үндемеді ол, ізет сақтап тұрғаны ғой баяғы,
Апам айтты: «менен сұра, кeлecі айдың аяғы».

V Той басталды. Қоңыр күздің біp лайсаң кезі еді, Өткел бермей тасып жатты ашулы Ақсу өзені. Шаттық хабар қуандырып, көз көргеннің талайын, Ақ тілегін айтып жатты алыс-жақын ағайын. Үлкен үйде қыз-бозбала би билесе, əн салып, Кəрі əжелер терезеден сығайлайды тамсанып. Домбырасын кербез ұстап, мұртын сылап жайраңдай, Жұбайларға қарап қойып той бастады Сайранбай: «Шарықтап бақытың жүр өмір көгін, Үй болған қос бəйтерек, армысыңдар! Toй үстінде гүлдесін көңілдерің, Ақ ниетті достардың алғысынан! Бұл жүрек қуанышқа тойған емес, Сол алғыстан гүлдесін дала мынау. Мұратжан, сабау басты бойдақ емес, Ceн білдей күйеу болдың, қарағым-ау. Тосады сыбағасын алдан көп күн, Жаныңның оты мəңгі жалындасын. Киноға жеке барар халден кeттің, Сен енді келін болдың, қарындасым! А-ха-хау. А-е-ей! Бұл байғұстың қай жерінде бұғып жатқан ақындық, - Деп өзара əзілдесіп, риза боп жатыр жұрт. Той дегенде жүрек оты лапылдамас жан бар ма? Əлденені есіне алып жымияды шалдар да. Ал Мұраттың жүзі сынық, көңілсіздеу ол неге? – Мұнда кел, – деп ертіп кірді мені шеткі бөлмеге. Ертіп кіpіп үнcіз қалды терезеге қадалып, Мен де тұрдым алардай боп төзімімді ада ғып. Сəлден кейін сөз бастады тауға қарап көлбеген: – Танакөзді көре алдың ба, тойға неге келмеген? Селк еттім мен отқа шарпып алган құстай қанатын: – Ертеңгілік көргенімде жылап тұрған болатын. Ұғa алмадым, түсінбедім бұл ажарсыз күйіне, Түсте барсам, кетіп қапты əпкесінің үйіне. Мен Мұратқа қарап едім, қарадым да таң қалдым, Таң қалғаным – жанарына жас тұнғанын аңғардым. Мөлдір шықтар кіpпігінeн үзіліп кеп сол шақта-ақ, Tepeзeнің жақтауына тамып жатты моншақтап. Тамып жатты. Жүрегінің пəк ceзімін алдар кім? Танакөзді сүйетінін сонда ғана аңғардым. Аңғардым да аласұрдым, бармағымды тістедім, Айналайын адал достық, неткен мұнша күшті едің? Айналайын көзсіз достық (көзсіздігің бағалы), Өз басыңның бақытынан тұрыпсың-ау жоғары. Өз басыңның қайғысын да жұтыпсың-ау білдірмей, Жытқыр түндер қинады ма кіpпігіңді ілдірмей? Бəлкім, маған кінəң да жок, кінəмді де кешірдің, Лаулап жанған өз отыңды, өзің қалай өшірдің? Білмейтін бе ең, алтыным-ау, бақыт деген ауысқақ, Жүрегіңнің іңкəр əнін неге айтпадың дауыстап?

Тұра алмадым бұдан ары, тұра алмадым мен шыдап, Шығып кеттім жігерімді өкінішім қамшылап. Екі жастық бірлігі мен қуанышын толғаған Құлағыма келіп жатты қыз-бозбала салған əн. VІ Той өтті үшеумізді күрсіндіріп, Сен жүрдің жанарыңа біp сыр бүгіп. Мен айттым: Дос көңілді махаббатқа тіреу етсек қайтеді, Əнімізді біpey етсек қайтеді? Сен айттың: Шулы өзеннің табанында жатса да, Тастар ылғи тас күйінде қалады. Мақсатына жəуміт қайғы батса да, Нағыз достар дос күйінде қалады. Тұрақтылық барабар зат маржанға, Біз де, құрбым, бағынайық сол заңға.

VІІ Адамбыз ғой, сондықтан да қателесіп жатамыз, Кейде түн боп түнереміз, кейде таң боп атамыз. О, тəңір-ай, жасты қара, жасты қapa көздегі, Kөбінe біз кінəлауға бейімдеуміз өзгені. Бүгін, міне, туған жерден кетіп барам шалғайға, Tілeгім сол: көзім өткір, көңілім ояу болғай да! Мүмкін, əлі алда талай бақытымды сынармын, Сүрінермін, намысыма сүйенермін, тұрармын. Ерік берсең орға жығып кетер біp күн асау қан, Сақта тəңіp қателікті білe тұра жасаудан! Егер жылдар саты болса, достық оның шегесі, Шеге сынса сатыңыздың сөгіледі көбесі. Əзір менің шегем аман, байлығым сол жалғыз-ақ, Сондықтан да өкінбеймін, таңдадым деп жолды ұзақ, Қашқаны үшін қарлы қыстан,

қаhар шашқан күздерден,
Мүмкін, құстар əлдеқайда бақыттырақ біздepдeн.
Қырау сақал күз келгенше, жаз қызығы жетеді,
Жаз өткен соң өскен жерін тастайды да кетеді.

Meн де кетіп барам, еркем, оқу іздеп тым алыс,
Мұңайғанда ceнің күлкің болушы еді жұбаныш.
Біpaқ мені құс секілді баянсыз деп ойлама,
Көкірегім туған жермен біp соғады қайда да.

VІІІ

Өзіңді еске алам да толғанамын,
Неліктен жүдеп кеттің сен, қарағым?
Төсінде адасқандай кең даланың,
Қай жаққа, қайда тартар жол қарадың?

Дел-сал боп тұрғаныңда, сол шак мына,
Жалт бepіп, үркек үміт аңсатты ма,
Жоқ, əлде жанбай сөнген бақытыңның,
Бейкүнə сағынышы шаршатты ма?

Ал сау бол, сау бол мəңгі арман-арым,
Мəңгіге еске аларым, толғанарым.
Өтінем, мүсіркеме, – қорланамын,
Бақытым бол деп сені зорламадым.

Бейнет пен үміт тауы арасында, Еш қызық көрмей өтті ол, нанасың ба? Жамылып, көктем гүлін анам жатыр, Ескерткіш қоя алмадым моласына. Үнімен қоңыр назды домбыраның Meн саған мамыр сазды əн құрадым. Санасам, борышым көп, барлығын да Келер күн үлесіне қалдырамын. Тек мына аман тұрсын, нұрлы Отаным, Туламас көңіліңді тулатамын. Əніммен, ала құйын жырымменен. Мен əлі құлағыңды шулатамын. Өзеннен қадыр кетер ақпаған соң, Жайраңдап тасып, толқып жатпаған соң. Барамын алыс ұшып, Танакөзім, Өзіңнен жылы сезім таппаған соң. Кеудеңде жалын жатыр лапылдаған, Мұратжан, қандай ыстық атың маған. Мен сенің аласармас достығыңды Əлемге айту үшін ақын болам. Əзірге ел назарын аудармадым, Tілeй бер төбешіктің тау болғанын, Мен кеттім білім қуып Алматыға, Қайтадан көpіcкeншe caу бол, жаным! ІX Жолым болды еpіп едім, сеніп едім үмітке, Сенім деген жеңіс алып келеді екен жігітке. Студентпін, шаттық ceзіп атар таңның үнінен, Кəусар томдар айдынына құлаш ұрам түнімен. Қызық та көп, қызыл-жасыл гүлдер де көп бақшада, Қызыққам жоқ, əзір оған бұрылуға жоқ шама. Қайда ұмыту, бал күндерден тағдырымыз біp аққан Апта сайын сағынышты хат аламын Мұраттан. Хат аламын. Мұнша маған неге уайым жейді екен, Кейде ақша жібepeді, тарығып жүр дей ме екен? Əр хат сайын əр қилы сыр. Əңгімеміз азбайды, Мұрат бірақ Зеркүл жайлы біp ауыз сөз жазбайды. Бойшаң терек сары орамал жамылғанда бақтағы, Ойда-жоқта шорт үзілді caғыныштың хаттары. Төрт тағандап, төрт ай өтті, жаным тыным таппады, Бес aй өтті, алты ай өтті, ешкім жауап қатпады. Күнде барып хабар күттім, пошта ecігін тоздырдым, Жан досыма өкпеледім, Зеркүлді де жазғырдым. Аң-таң болып жүргенімде, ауыл жаққа алаңдай, Біpey ішке кіpіп келді. Бұл кім – десем Қоғамбай! Қайран жездем! Қуанышым сыймағандай қойныма, Кітабымды тастай салып, асылдым-ау мойнына. Көңлі жібіп, ол да аймалап сүйіп жатыр бетімнен, Содан кейін сұрақтарды жаудырдым мен шетінен. – Ауыл қалай, астық қалай, мал жайлаудан қайтты ма? Нұргүл апам бақуат пa, маған сəлем айтты ма? Бұлай қарай аттанарда Танакөзді көріп пе ең? Мұрат қайда, Зеркүл қайда, хат жазбайды неліктен?

Жездем тіпті өзгермеген, баяғыша көрікті, Колхозшылар cъезінe делегат боп келіпті. Бірақ менің сұрағыма жауап қатпай үдеріп Тұрып қалды, тұман басқан күз күніндeй түнеріп. – Е, шырағым, өміp қатал, өкінгенмен бар ма амал, – Деп күрсінді ол, – досыңа біp бақытсыздық орнаған. Қашан болсын диханшының жаны тыным тапқан ба? Долана сай маңайында күздік жыртып жатқанда. Жазатайым қалып қойған трактордың астында, (Қой бекем бол, айналайын, пайдасы жоқ жастың да). Оңай соқпас, жас адамның бастан бағы ауғанда, Түн ішінде улап-шулап, алып бардық ауданға. Кеудемізге бой тоңдырған суық ойлар кептеліп, Таң атқанша аурухана ауласынан кетпедік. Tіpі қалды, екі аяғын кестірді де тізеден, Аңдамасаң мүйіздейді, тағдыр кейде сүзеген. Содан бастап жан досыңнын шаңырағы кертілді, Үш айдан соң шешесі кеп, алып кетті Зеркүлді. Алып кетті, тəңір атқыр, мейірімсіз арам-ай, Хал үстінде жатқан қартаң анаға да қарамай. Сорлы анаға қайдан жеңіл тисін мұның салмағы, Бастан жүрек ауруы бар, емдеткенмен болмады. Жұмды көзін. Қайғысына бүкіл ауыл тербеліп, Сенің марқұм анаң жатқан Көкшоқыға жерледік. Мұрат енді қайда бармақ, қарар кім бар күйінe? Жібepгeлі жатқан білем мүгедектер үйіне... Тастай қатып қалдым, тілсіз, шегіндім де біp адым, Бұдан əpі ештеңені естімеді құлағым. Ештеңені естігім де келмеді. Қалай сынбақ игі достың мақсатының шөлмегі. Сыну деген немене бұл, қасірет пе, мазақ па? Tіpі жүрсем жібермеймін оны мұндай азапқа. Оның əні үзілгенше менің əнім үзілсін, Достыққа адал бола алмасам, Өз сертімде қала алмасам, Онда мені туған елдің тұзы ұрсын! Сүйенішім едің менің, өзің едің кeңісім, Өмірімде болған шығар жеңілісім, жеңісім, Біpaқ аңғал күндеріме ұялам, Ұйқымды да, күлкімді де, Керек десең, өмірімді қия алам, Асыл досым, сен үшін! Ал сен мұндай жалынышты тіпті қажет етпейсің, От үстінде шешек атып, қар үстінде көктейсің. Ceнің жаның аяулы, Сен бəрінен жек көpecің, мүсіркеуді, аяуды. Намысың мен өжеттігің Туған елдің шекарасын күзеткен Сақшылардай міз бақпастан тұр ояу. Иə, иə кімге керек құр аяу. Мұнша биік жанармысың, Мұнша шалқар болармысың, Mұншa дарқан болармысың, құдай-ау! Х Кеш. Ауданға келіп қонды мен отырған самолет, Төбемізде теңбіл-теңбіл аспан тұрды ала көк.

Тым асығыс жүгіреді жүрегімде тасып қан,
Такси қуып жете алмайды қиялымды асыққан.
Аурухана. Дəрігерге сұрағымды жаудыра,

– Мұрат қайда? – дедім толқып.

– Алып кетті аулына.

Такси қайта жолға түсті, шымылдығын жапты түн,
Mынa бізден қызғанғандай кең даланың шаттығын,
Көзіме ыстық көрінеді туған ауыл бейнесі,
Алатау тұp алқам-салқам ағытылған жейдесі.

Анау жатқан бүлдірген сай - калың жыңғыл арасы,
Анау, əне бізді өсірген анамыздың моласы.
Қырға өрмелей жүріп барып жағасымен бұлақтың,
Машинаны тоқтаттым мен, үйі мынау Мұраттың.

Тоқтаттым да қуанышпен қарап қалдым таңданып,
Үлкен үйдің əйнегінен тұрды жарық шам жанып.
«Зеркүл қайтып келді ме екен?» – деймін іштей

ойлана,
Жақын барып терезеден сығаладым жай ғана.
Кітап оқып Мұрат отыр шат-шадыман көңілі,
Tіpлігінeн көңілсіздік көрмегендей өмірі.

Бар назарым Мұратқа ауып, алғашында сезбедім,
Жанындағы Зеркүл шығар, болар дейсің өзге кім?
Мінe, қыэық осы шақта жүзінен нұр тасыған
Сені көрдім, Танакөзім, жан досымның қасынан.

Айналайын асыл əнім, бейнесіндей ақ таңның.
Сені көріп тебірендім, сені көріп шаттандым.
Сұлусың cен, қатал күндер арытпаған жаныңмен,
Тағы мені ғашык eтші, қалықтаған əніңмен.

Достық жырын қайталаудан жалықпаған əніңмен
Түсіндім ғой, кеш болса да түсіндім ғой бəрін мен!..
Біp өзімшіл пенделіктің ауқымынан босанып,
Тауға қарап ұзақ тұрдым жанарыма жас алып.

Ұзақ тұрдым.
Бізді қалай тоғыстырды жол мұнда,
Қадірлім-ау, ceнің іңкəp махаббатың алдында,
Сенің ұлы дос жүрегің алдында

Acқap таулар басын исін,
Басын иcін! Tүгі де жоқ таң қалар,
Екеуіңнен асқақ емес, биік емес енді олар!
Сендер өшпей жаныңдаршы,

Сендер бақыт табыңдаршы,
Онсыз өмір мəнді ме?
Екеуіңнен бұл бақытты егер титтей қызғансам,
Соқыр болып қалсын көзім мəңгіге!

Кез келгеннің қолы жетпес,
Кез келгеннің жолы жетпес,
Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан,
Құлатпашы мені мəңгі осы биік сатыңнан,

Айналайын ұлы достық, айналайын атыңнан!

ʲÐÅ ÒÀÌÛÐÄÛ ІÇÄÅÓ

(Махаббат заңы)

«БАҚЫТ ОҢАЙ СИПАТПАЙДЫ БҰРЫМЫН»

(Сахна шетінде Ақын мен Жастық шақ)
Ақын
Айтшы маған, Жастық шағым, жалынды,
Бердім саған кеудемдегі арынды.

Бердім саған арманымның оттарын,
Бірақ сенің бола алдым ба мақтаның?
Жастық шақ
Тапқаныңда мен сүйетін əнді сен,

Мақтанышым болар едің мəңгі сен!
Ақын
Із қалдырсақ өмір атты белесте,
Танып алар ертең туар нəресте.

Аяулы, асыл Жастық шағым, жалыным,
Достық деген сенің туың емес пе?
Мені анадан жалғыз туған десе де,
Достарым көп, жүргізбейді көшеде.

Шақырады қосылып əн айтуға,
Шақырады шарап ішіп қайтуға,
Шақырады гүл теруге қыраттан,
Шақырады күй тыңдауға бұлақтан.

Аяулы, асыл жастық шағым, көктемім,
Сонда да сен мені мақтан етпедің!?
Жастық шақ
Мақтау ғана аз, көтерер ем көкке де.

Ақыным-ау, енді өзіңе өкпеле,
Егер, егер білгің келсе себебін.
Сол достарды жолықтырған мен едім.
Кездерде бір тағдыр көзі аларған,

Демеу тапсын деп едім мен солардан.
Ал сен өзің бейіл болдың бар уақта,
Көк қарғадан бүркіт жасап алмаққа.
Ақын

Өр көңілдің ожарлығын меңгерсем,
Жұрттың бəрін өзімменен тең көрсем,
Əлсіз оттың аңсар болсам жарқылын,
Жомарттығым емес пе бұл, жарқыным?

Жастық шақ
Рас, рас, қанша тағдыр қол артсын,
Сен солардың көңіліне қарапсың.
Өміріңде жатсынбадың ешкімді,

Мейірбансың, өйткені сен жомартсың.
Жаның, сірə, көрген емес ұсақтап,
Сүйгің келер жұрттың бəрін құшақтап.
Солар үшін шаттанып та уайымдап,

Жүрдің ылғи жылдарға нəр дайындап.
Жауларың да бас изейді кей кезде,
Сенің жомарт екеніңді мойындап.
Дос етемін деген жарқын үмітпен,

Есіңде ме, таныстың бір жігітпен.
Ол да өзіңдей болып шықты жайдары,
Бұзылмаған сезімінің қаймағы.
Жүрдек күндер өте берді ағылып,

Сен досыңның ыңғайына бағынып
Жүріп жаттың. Қуантатын ол сені,
Адалдықтың арнасынан табылып.
Ең бастысы сенім гүлі солмасын,

Бірақ, бірақ… тағдыр басқа салғасын,
Амалың не? Сен сүйетін бір қызға
Ғашық екен, ғашық екен сол досың.

Шынары етіп жарқын, жалын кезінің
Əлгі қызға деген ұяң сезімін
Саған айтты ол
Өмірдің бар шыңынан

Биік қойып махаббатын өзінің.
Досың емес, айтса мұны басқа адам,
Қысылмас ең, қиналмас ең нақ содан.
Досың тағы қолқалады өлеңмен

Сүйгеніме хат жазып бер деп саған,
Сен келістің. Кетті досың қуанып,
Шаттығына жер мен көкті куə ғып.
Бір жасады ол үмітінің гүлдерін,

Сенің жомарт пейіліңе суарып.
Қиын тиді саған бірақ бұл талап,
Алды лезде аспаныңды бұлт орап.
Бірі – досың, бірі – арайлы арманың,

Жөн болады қай жағында қалғаның?
Əлде мұны жеңдіріп кеп ақылға,
Сол досыңның өзіне айтқан мақұл ма?
Жо-жоқ, дедің. Қатулы еді бұл кезің

Көкірегіңнен бой көтерді бір сезім,
Білдің-дағы шаттығыңның құларын,
Төсегіңде ұзақ жатып жыладың.
Біраздан соң тұрып ойлы пішінмен,

Сол бақытты болсын дедің ішіңнен.
Сонан кейін қаламыңды қолға алып,
Өлең жаздың түні бойы толғанып.
Маздап ұшқан махаббаттың отынан

Жүрегіңде қалықтады батыл əн.
Тұңғыш рет өзің сүйген қызға арнап,
Өлең жаздың өз досыңның атынан.
Əркім сені ерлігіңмен танысын,

Кімге сенсең, создың соған қол ұшын.
Сен достықты биік қойдың бəрінен,
Бақытыңды құрбан еттің сол үшін.
Ақын

Иə, иə, оны ұмыту мүмкін бе!?
(Ойланып қалады)

БІРІНШІ ЕЛЕС

Үйлену тойы. Жастардың бір тобы қалыңдық пен күйеуді қор шап
алған. Қасында ақын. Кенет қолына бешпет ұстаған ақ шашты ана
көрінеді. Жұрт екі жарылып жол береді.
Ана (Күйеу жігітке жақындап)

Он сегізден он тоғызға жаңа шыққан кезімде,
Құштарлықтың оты лаулап көзімде,
Тоқтата алмай көңілімді аптыққан,
Жарылардай шаттықтан,

Өмір маған тосардай тек тұнығын,
Шалқып ойнап иығымда бұрымым,
Осы биік шаңыраққа
Келін болып түсіп едім, құлыным.

Əнім əнге қосылды да толқыды,
Менен асқан бақытты жан болды ма екен сол күні?!
Сəбидей пəк аңғал күліп, атты қанша таңдар күліп,
Арманға ерке үн беріп, бір тілекпен гүлдедік.

Бірімізсіз біріміз бақыт бар деп білмедік.
Қуанышсыз өрілген жоқ күніміз
Сезім ояу жүрген жерде сыр ояу,
Бірімізсіз біріміз

Тұра алмаушы ек, құдай-ау!
Əкең сенің жомарт еді, пейілінен таң атқан,
Іңкəр тағдыр жанын жаз ғып жаратқан.
Тіпті, бір күн үйіміз

Босамайтын қонақтан.
Жаздың сонау нұрлы кеші қалды мəңгі есімде,
Еңбек еттім туған дала төсінде.
Өмір шіркін мəн-мазмұнсыз өте ме,

Жетелесең ізгілікті жетеле.
Тұңғыш рет алған еңбек ақыма
Бешпет сатып əперіп ем əкеңе.
Сұлулықтың безбені ғой көз деген,

Ұлым, мені ұғамысың,
Сондағы оның қуанышын
Қалай атып жеткізе алам сөзбенен.
Сол бешпетті үш-ақ рет киді де,

Үш-ақ рет тойға бардық, үш-ақ рет биледік.
Заман – бізге, біз заманға сыйлы едік.
Бірақ, ұзақ баурай алмай нұр көкті,
Үш күннен соң соғыс өрті бұрқ етті.

Əкең сонда еңсесін тік көтеріп,
Бойында кек қайнап тасқынды.
Көңіліне күй өрлеп
Су жаңа осы бешпетті

Тапсырды маған əкеліп,
«Келген соң кием» деп.
Бірақ, ол келмеді.
Айырғандай мені барлық қызықтан.

Атар таң мен батар күн,
Он тоғызда «жесір əйел» атандым.
Көтердім мен тағдырымның мазағын,
Үзілердей жұлыным,

Ол күндердің қасіретті азабын,
Сен сұрама, мен айтпайын, құлыным!
«Өмір заңы, шырағым,
Құдай ырза, мен ырза,

Тежей көрме тағдырыңның бұлағын,
Байлама, – деп, – бағыңды,
Əжең қанша бата беріп жалынды.
Өткерсем де қанша қияс кезеңді,

Нар түйедей көтердім,
Жылатқам жоқ əжеңді,
Құлатқам жоқ шаңырағын əкеңнің.
Махаббатта бір-ақ заң бар,

Ол – адалдық заңы, ұлым,
Сол заңменен өлшенеді қарымың мен дарының.
Мен əкеңнің махаббатын сақтап қалдым мəңгілік,
Мен əкеңнің кір шалмаған арымын.

Қан майданда оның нұрлы бақ жұлдызы сөнгенде
Мен де бірге сөніп ем.
Сөнген күнім қайта туды сенімен.
Алыстан алабұртып сағымдана,

Ең қайғылы кезім мен
Ең көңілді шағымда да
Өкшелеп, елес беріп қалмайды бір
Мұңлы зарлы соғыстың ескі лебі…

Мынау сенің əкеңнің костюмі еді.
(Ұлына ұсынады)
Күйеу жігіт (бешпетті кеудесіне қысып)
Басса да қасірет салмағы,

Өшпепті əкемнің арманы.
Ол бұл бешпетті кигенмен,
Амал не, тоздыра алмады.
Ғұмыры жетпеді,

Көрсетпей бақытының жалғасын,
Көңілінің көктемін,
Жайпады бір түйір қорғасын.
Өмірім, өрге жүз, тоқтама!

Өзіңсің табына сүйерім.
Сондықтан мен мұны тек қана,
Тоздыру үшін киемін.
Ғаламда сəбише тербеткен,

Еңбек деп айта алам.
Тозсын киімдер еңбекпен,
Еңбекпен жаңарсын қайтадан!

Хор (Бір топ жас бүлдіршіндер «Ата суреті алдында» атты əнді орындайды) Ай жүзі арман боп арайлы, Төргі үйден мұңдантып талайды: Соғыстан қайтпаған атамыздың Суреті күлімдеп қарайды. Асыл досым! Көлдің көркі – орман Біз достыққа сол ормандай қорған болмасақ, Туған елдің гүлі, Тағдырының нұры, Мақтан етер ұлы болмасақ, Онда біздер неге келдік өмірге? Намысың алысқа жетелер, Күн туды ел жүгін көтерер. Біздердің өткенге парызымыз Жігермен, арменен өтелер. Жан досым, есейіп толдың ба, Жолыңды қияға салдың ба? Ұятқа қалмауға тиістіміз Ақсақал тарихтың алдында. Сахна күңгірт тартады. Жастық шақ (Ой үстінде тұрған Ақынның иығына қолын салып) Сөйткен досың бір жел өкпе сөзге еріп, Үйленген соң кетті мүлдем өзгеріп, Неге бұлай? Жан еді ғой ұятты, Қазір сені еске алмайтын сияқты. Қондырғанмен кеудеңе кең даланы, Жомарттықтан тапқан пайдаң шамалы. Ақын Оның рас, тапқан пайдам шамалы, Бірақ адал өмір сүрдім, саналы. Кетсе досым, кете берсін, қайтемін, Ерте, кеш пе, түсінетін болады. Түсінбесе, амалым не, кештім мен Қанға сіңген мінезім бұл жас күннен, Мен жанымның жомарттығын сатпаймын, Жəне жылу сұрамаймын ешкімнен. Онан да сен, Жастық шағым, жалынды, Тың бағыт бер. Байлай көрме бағымды. Қанша адамға сеніп едім күмəнсіз, Шындығында, күн кештім деп мұнарсыз Айта алам ба? Сенім артқан достарым Тастақ жердей болып шықса құнарсыз? Жастық шақ Рас, əнің туысса да көктеммен, Қателігің бір басыңнан өткерген Жетіп жатыр. Босқа шаштың күшіңді Тастақ жерге дəне өне ме сепкенмен? Ақын Кінəм қайсы, жолықпаса бір адам? Ізгілікке жан-тəнімен құлаған Үлкен ойым іске аспады… қиын бұл… Қиын болды. Кімге ұсынар сыйым бұл. Иə, кешегі күннен бастап, біржола Дос іздеуден тыйылдым. Қаншама жыл айналама алақтап, Бос шапқаным, жетер, бəлкім, далақтап.

Жастық шақ
Кеше кешке не көрдің сен көшеден?
Ақын (ойланып)
Ештеңе.

Тарих
Өзіңе ауыр кінə таққан сол сəтті
Тым құрыса, сақтамапсың еске де.
Ақын

Қандай кінə?
Ақтығыма тіпті де күмəнданбан…
Жастық шақ
Тоқта, тоқта!..

Қос жанары тұманданған,
Еңгезердей мас жігіт
Əлжуаз бір жас жігітті қуып жүріп сабады.
Ол да біраз күш көрсетті алысып.

Əлгі мастың пышағы бар қолында.
Бір келіншек жас жігітке болысып,
Шыж-быж болып еріп жүрді соңында.
Ал, сен неге болыспадың?

Ақын
Өмірімде бірінші рет қалыс қалдым.
Жастық шақ
Асан еді ол жігіттің есімі.

Таңғы шығы секілденген көктемнің
Жаны қандай мөп-мөлдір.
Бір көрген жұрт танығандай ізгілігін көзінен
Ісін алшақ қондырмаған сөзінен,

Бұл өмірге өз қайратын, өз күшін
Жұмсамақ боп, келген жандай өзге үшін
Жүрегіне орнатты өз ғасырын,
Орнатты өз даласын.

Автомобиль апатынан қаза болған досының
Інісі мен қарт мүгедек анасын
Бағу үшін сабақтан соң түнімен
Ой қажытқан от арбаның үнінен

Алардай бар тынысын,
Темір жолда қара жұмыс істейтін,
Жəне ешкімге сездірмейтін мұнысын.
Иығынан көне бешпет түспейтін.

Аяғынан тартқанымен тапшылық,
Əр күн сайын жасамаса бір адамға жақсылық,
Бір адамға ұсынбаса қол ұшын,
Босқа өткен күн саналатын ол үшін.

Ақын
Ұқсастыққа қарай гөр,
Мұндай жоспар бар болатын менде де.
Жастық шақ

Иə, иə, бар болатын сенде де.
Перзент едің өнер, ойы нанымды
Орманына еніп кетіп күдіктің,
Жылдар бойы аялаған əніңді

Бір-ақ түнде ұмыттың.
Ақын
Тура қазір іздеп барам,
Үйі қайда, əлгі жайсаң жігіттің.

Мен іздеген адам енді табылды.
Жастық шақ (əжуалап)
Тым кеш қалдың, сүйіктім.
Қасірет те секілді бір зымыстан,

Кеше түнде қайтып келе жатыр еді ол жұмыстан
«Құтқарыңдар, өлдім»… деген дауыс шықты тасадан.
Жетіп барды…
Жетіп барса, еңгезердей мас адам

Жас əйелдің алқымына нəн пышағын тіреп тұр.
Бұл не деген есалаң?
Əлдеқашан заманы өткен білектің!
Қара күшке əнін қалай бағындырмақ жүректің?

Арашаға түсе кетті жас ұлан.
Екеуі ұзақ алысты.
Өмір, өлім қара күштің қапталында жарысты.
Сол сəтте сен өтіп бара жатыр едің қасынан.

Əлгі залым қыбын тауып тосыннан
Жас жігітке пышақ жұмсап үлгерді.
Міне солай шорт үзілді асыл əн.
Ақын (маңдайынан соққылап)

О, тағдыр-ай, маңдайыма сор қалың,
Мен бейбақты неге мұнша қорладың.
Қара мысық тағы кесті жолымды
Бір-ақ рет ізгіліктен тыйып едім өзімді,

Бір-ақ рет жұмып едім көзімді.
Қанға малып алдым, міне, қолымды.
Тіршілікке не сеуіп ем, не тердім?
Лапылдаған жалын шақта, жас шақта,

Енді менен күлкі мəңгі қашпақ па?
Бұл кінəмді қалай жуар екенмін?
Жастық шақ
Жаңбырына жалынсаң да көктемнің,

Жуа алмайсың, жуылмайды өткен күн.
Шайқап сансыз жүрегіңнің тұнығын
Шаттығыңды ала қашып ұры күн,
Бақыт оңай сипатпайды бұрымын,

Өткен шақтың бір қатесін түзеуге
Аздық етер кейде бүкіл ғұмырың.
(əжуалап)
Бақыт оңай сипатпайды бұрымын.

ЕКІНШІ ЕЛЕС

Жастық шақ пен Ақын шеткері тұрып сахнаға қарайды.
Өрімдей жас жігіт өз Бақытының (Бақыт қыз бейнесінде)
соңынан келеді.
Жігіт (сағынышпен)

– О, бақыт!

Бар адамға өтімдісің сөйлесең,
Баянсыз да секілдісің кейде сен.
Сені көру еді менің арманым,
Іздеп келем, іздеп келем, талмадым.

Іздеп келем, əлі күнге жолдамын.
Тым құрыса, қонағым да болмадың.
Шаттығым да, қайғым да өзің күрсінсем,
Айтшы маған, қай биікте жүрсің сен?

Бақыт
Есіңде ме аяулы анаң, қарт анаң,
Нан пісірді саған арнап арпадан.
Жер шырынын ұлым татсын деп еді,

Бірақ сенің оны жегің келмеді.
Жауар бұлттай қабағыңды түсіріп,
Арпа нанды қойдың былай ысырып.
Оранып зор мейірімнің отымен,

Сонда саған анаң боп тіл қатып ем.
Нан бергенім шақырғаным еді ғой.
Егістікте сені күтіп жатып ем.
Жігіт

Ол күні емес, ертесіне барғанмын,
Сонда мені неге күтіп алмадың?

Бақыт
Сенен бұрын келіп жеткен біреудің,
Арбасына мініп кетіп қалғанмын.
Жігіт

О, Бақытым, бала кезден аңсаған,
Қалай айтсам екен мұны мен саған.
Бір күні үйде отыр едім керігіп,
Сені маған көшеде жүр деді жұрт.

Мен көшеге шықтым жылдам жүгіріп,
Жан-жағыма қарап едім үңіліп,
Таба алмадым, іштей ойға малтыдым,
Сен сол күні қайда болдың, жарқыным?

Бақыт (күледі)
Ха-ха-ха!
Маған адал болғанымен тілегің,
Аңғармайсың, аңғал сенің жүрегің.

Саған жолда сəлем берген бір қыздың
Жанарына жасырынып тұр едім.
Бала кезгі өрлігіңді қайталай,
Басыңды изеп өте шықтың байқамай.

Ха-ха-ха-ха, ха-ха-ха...
(Бақыт ғайып болғанмен, көпке дейін
күлкісі жаңғырығып тұрады)
Ақын

Əр биіктің өз сыры бар, сүйіктім,
Өз жыры бар жан табылса тыңдарға.
Кім біледі, мына тұрған биік қыр,
Төмпешікке айналар бір жылдарда.

Ай көңілсіз көрінеді тұманда,
Сəуле түссе, жез алтын боп жарқырар.
Мен куəлік ете алмаймын бұған да,
Бағы тайса, асау өзен тартылар.

Бағы тайса – нұрлы сезім мұнарды,
Шаттық əр кез болла бермес қалтада.
Кесу үшін алпыс жылдық шынарды
Алты-ақ мөнет керек екен балтаға.

Тұяғымен дастан шертіп, күй құрап,
Өмірінде баспастан жай бүлкілге,
Мың күн жүлде бермей келген жүйрік ат.
Бағы тайса, ақсап қалар бір күнде.

Жастық шақ
Жақсы үмітке жарқыратып маңдайын,
Жүрсе де адам бар кез ізгі тілекте.
Бірақ қайғы бұқпантайлап əрдайым

Жол табады жүрекке.

ҚАЙҒЫМЕН БЕТПЕ-БЕТ

ҮШІНШІ ЕЛЕС

Тау баурайы. Қолына гүл ұстаған жас жігітке Қайғы қарсы
жолығады.
Қайғы (даусы гүжілдеп)
Əлі сырлас екенсің ғой гүлдермен.

(Мысқылмен)
Таныдың ба сен мені?
Жігіт
Бұрын көрген секілдімін бір жерден.

Қайғы
Бұрын көргем дейсің бе?
Қатал сезім шекпеніне оранған,

Білем сені жүрегіңде налаң бар.
Мені талай көрсең-дағы ұмыттың,
Тым ұмытшақ келесіңдер, адамдар,
Менің даңқым көп тараған кең жерде,

Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.
Мен – Қайғымын.
Жаза бассаң, сүрінсең,
Шақырмай-ақ жетіп келем сендерге.

Жас өмірің атқан кезде болып таң,
Есіңде ме, саған талай жолыққам.
Талай-талай жерігенсің мезі боп,
Сонан кейін бір күні əкең өлгенде,

Сол əкеңнің айтқан соңғы сөзі боп.
Түнеп қалғам сенің балғын кеудеңде.
Мұнан кейін бір күннен соң, бір күннен,
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.

Жиі қақтым келмейді оны жасырғым.
Кей күндері бірге жүрген досыңның
Сатқындығын сезгеніңде жолықтым,
Жалғыз қалған кездеріңде жолықтым.

Жігіт
Ал бүгін ше, бүгін неге келдің сен?
Тауда тегін жүрген жоқсың, мен білсем.
Қайғы

Көрші қызбен көріп едім сырласып,
Білдім сенің кеткеніңді қырды асып.
Айта қойшы, болсаң егер батыр шын,
Мына гүлді кімге апара жатырсың?

Жігіт
Қашанғы мен өзімді-өзім қинаймын.
Мен бұл гүлді арманыма сыйлаймын.
Сол қыз менің шаттығым мен танысым,

Жаны да əсем жаралғандай гүл үшін.
Қайғы
Оған ғашық бір сен ғана емессің,
Қанша жігіт қайғырады бұл үшін.

Қайғырады, тəтті үмітін жоқтайды,
Мұның бəрі маған оңай соқпайды.
Ойыңнан қайт,

тағдырыңның жолы кең,
Саған соны ескерткелі келіп ем.
Жігіт
Білем, білем, бұл да маған таныс əн,

Егер өмір жарыс болса, жарысам.
Қалай оңай бере салам өзгеге,
Сол қызды мен бақытым деп танысам.
Мені аяма, қажеті жоқ аяудың,

Салдың қанша жүректерге қаяу-мұң.
Қайғым менің, келер болсаң сен маған,
Ең сұрапыл шақта да,
Ең қатерлі шақта да

Күліп тұрып қарсы аламын ерлерше,
Сезімімді қорлай көрме тек қана!
Қайғы (басын төмен салып)
Ақылды айттың, ауыр айттың,

Əйтсе де, сен тауып айттың, жігітім.
Ғұмыр кештім иім түсіп, тұнжырап,
Иығымнан ұшты қанша замандар,
Кетер едім жер бетінен тым жырақ,

Бірақ мені жібермейді-ау адамдар!
(Жігіт кетеді, соңынан Қайғы да кетеді.
Сахна қараңғы тартады)

«ТЕК ҚҰШТАРЛЫҚ БОЛҒАЙ ДА…»

Ақын (өз-өзімен сырласқандай)
Əке, саған айтар едім бар сырды,
Бірақ сенің күнің ерте таусылды.
Қара жердің құшағында жатырсың,

Сондықтан да естімейсің даусымды.
Саған барып айтар едім бар сырды,
Сенің де, əже, күнің ерте таусылды.
Қара жердің құшағында жатырсың,

Сен де менің естімейсің даусымды.
Кезім еді ол мейірімге шөлдеген,
Еркелетіп ұлыңнан кем көрмеп ең.
Қарт нағашым, сен де жоқсың бұл күнде,

Сен де кеттің əкем кеткен жолменен.

(Жастық шаққа бұрылып)
Жастық шағым, менің шалқар ырысым!
Шаттығымсың, жанарымның нұрысың.
Арқа сүйер үш шынарым құлады,

Тек сен əзір қасымдасың, тірісің.
Жастық шақ
Оның рас, тірімін мен мəңгілік,
Ғасырлармен тұра берем сəн құрып.

Егерде сен əлсіз болсаң – сорлымын,
Мықты болсаң, даңқым өсер жаңғырып,
Шаттығыңның шарбатына тойдың ба?
Ұшан-теңіз борышың бар мойныңда.

Сені өсірген, əкең, əжең, нағашың
Жатыр қазір қара жердің қойнында.
Ол жандарға өкпең болса айт маған,
Қарызыңды айт, болса алдыңнан қайтпаған!

Ақын
Жастық шағым! Менің, тіпті, өкпем жоқ,
Жайнатты олар өмірімді көктем боп.
Абзал жандар түзу жолға салмаса,

Таң алдында таң жұлдызым жанбаса,
Қайтер едім?! Олар менің алдымда
Борышты емес, ерте өлгені болмаса.
Елім маған көрсеткен жоқ жетімдік,

Бұл сөзіме ете аламын кепілдік.
Өткен жазда көрші ауылға барып ем,
Бір ағатай – ойы жомарт, жаны кең,
Мен əкеңнің құрдасы едім деді де,

Қағып-қағып қойды арқамды қолымен.
Тағы бір күн думан тойға барып ем,
Бір қарт əжей көңілі нəзік, жаны кең,
Мен əжеңнің құрбысы едім деді де,

Маңдайымды сипады үнсіз қолымен.
Нақ сол тойда шаңын сілкіп көшенің
Бір ақсақал қамшылаған есегін,
Нағашыңның жақсылығын көп көргем

Деп, қоймастан қонақ етті неше күн.
Жан екен ол нағашымнан аумаған.
Жүрегінен жомарттығы лаулаған.

(ойланып)
Жастық шағым!..
Кешірім ет, мен сенің
Назарыңды басқа жаққа аударам.

Жастық шақ
Иə, айта бер, жабырқама, тоқтама,
Бар шындықты жасырмай айт тек қана.
Ақын (даусы дірілдеп)

Күзде мені іздеп келді бір адам
Жасы жүзге құлаған.
Суалғандай арманының бұлағы,
Жүзі мұңлы, естімейді құлағы,

Қарт бабаңның қанын жүктеп едім деп

Ақ сақалы селкілдеп кеп жылады.
Шектен шыққан зұлымдығы-ай мынаның,
Шыдамадым, мен де бірге жыладым.
«Əкең кешпей кетіп еді күнəмді,

Перзентісің, сен кеш енді, шырағым»
Деп жалынды, жалбарынды бас ұрып,
Қайта-қайта иығыма асылып.
«Өлер шағым, өтінішім ақырғы»,

Деп тағы да ол мені үйіне шақырды.
Барып едім, орын беріп төрінен,
Немересін таныстырды менімен.
Ай дидарлы жан екен ол сүйкімді,

Көкірегімде содан сырлы күй тұнды.
Неге бардым, неге ғана таныстым,
Сол бойжеткен бұзды менің ұйқымды.
Байқаусызда тиді солай сезімге от,

Күйеу бала дейді анасы əзілдеп.
Ал əкесі құрақ ұшып бұл күнде
Той жабдығын жүрген білем əзірлеп.
Атасының зұлымдығын аңдамай,

Немересін жар етемін мен қалай?
Намысымды алмаймын ба жаралап,
Не дейді əкем, бабам қалай қарамақ,
Олар бұған берер ме екен кешірім,

Жастық шағым, сен айт мұның шешімін?!
Жастық шақ
Қара тастай ауыр сұрақ екен бұл,
Нар тəуекел, салмағын мен көтердім.

Қанды жылдар қалып қойған жырақта
Қандай зарлы естіледі құлаққа.
Шал күнəсін сен кешкенмен, кешпейді ел,
Немересі айыпты емес бірақ та!

Жүзің жарқын, болашағың тамаша,
Үйлене бер, егер көңілің қаласа!
Ақын
Бірақ ол қыз бейхабар көп өнерден,

Қалада өскен, елде туды дегенмен,
Көрген емес мына біздің тауды да,
Барған емес жылқышылар аулына.
Күй тыңдаумен таңды ұйқысыз атырып,

Ішкен емес сары қымыз сапырып.
Жастық шақ
Адам болса ойы жүйрік, жаны нұр,
Жүре келе үйренеді бəрібір.

(Кетуге ыңғайланады)
Ақын
Сəл сабыр ет. Жалғыз ауыз сөзім бар.
Жеме-жемде жеңеді ғой сезімді ар,

Ол бойжеткен жүргенімен күліп паң,
Ана тілін əлдеқашан ұмытқан.
Қалай оған ішім жылып қараймын,
Бір жол жырын жатқа білмес Абайдың.

Шапақ шашқан заманы анау,
Биіктетіп туған елдің айбынын
Ата салты нық тұрғанда белесте,
Ұлы Абайды бағаламау –

Өз халқының рухани байлығын
Бағалау емес пе?
Жастық шақ
Оқасы жоқ, таң да бірден атпайды,

Өмірі алда, жаттамаса жаттайды.
Қамсыз көңілі бұрғанымен шалғайға,
Қызуланба!
Барар дейсің ол қайда,

Тек құштарлық болғай да,
Тек құштарлық болғай да!

Ақын
Міне, міне, құштарлық жоқ ол қызда!
Жастық шақ (қатуланып)
Ах, солай ма?

Тыңдауға да жасқанам,
Ізде онда бақытыңды басқадан!

СЕНІҢ КӨЗІҢ ЗАМАН ҮШІН БАҒАЛЫ

ТӨРТІНШІ ЕЛЕС

Жастық шақ
Ал, ақыным, қарсы алуға əзірлен,
Сен қадірлер қасиеттің барлығын
Осы араға шақырамын қазір мен.

(Бір екі адым кейін шегініп бар даусымен)
Достық, немен сұлусың бұл өмірде?
Достық даусы
(Тау қойнауынан жаңғырып естіледі)

Көтере алсам қайыспай уақыт сынын,
Сəулеттімін, сұлумын, бақыттымын!
Жастық шақ
Шындық сенің адамнан тілегің не?

Шындық даусы
Мен үшін тек жүрегі болсын адал,
Қандай пəле басса да аршып алам.
Жастық шақ

Сенім, қайда жүрсің қазір, көрінбейсің, мақтаным,
Дау-жанжалдың арасынан іздеп сені таппадым?
Сенім даусы
Онда барсам естілмейді татулықтың сазды үні,

Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді баз бірі.
Бір шаңырақ кезікті де əйнегінен бақ күлген
Қос ғашықтың жүрегінен жайлы мекен таптым мен.
Жастық шақ

Ей, Адалдық, ежелден сен сөзге берік, алыпсың,
Алыпсың сен, бірақ кейде өтірікке наныпсың.
Немес жұрт саған нанбай кейде жалғыз қалыпсың,
Кейде өзіңді ақтау үшін өлімге де барыпсың.

Қайдасың сен, жарқыным?!
Адалдық даусы
Бір шаңырақ кезікті де əйнегінен бақ күлген,
Қос ғашықтың жүрегінен жайлы мекен таптым мен.

Олар мені пір тұтады, бабасындай сыйлайды,
Дастарқанға мен келместен кесеге шай құймайды.
Жастық шақ
Қызғаныш-ау, үнсізсің ғой, көзің неге мөлиген?

Байқауымша, сен де қоныс тепкенсің-ау сол үйден?
Қызғаныш даусы
Жапа-жалғыз қайда барам, елге аян ғой есімім,
Мен сол үйдің күндіз-түні күзетемін есігін.

Жастық шақ
Сақтап сансыз замандар таңбасын,
Үнсіз-түнсіз жатырсыңдар сан ғасыр,
Тастар, сендер не дейсіңдер?

Тастар даусы
Өзге жұрттай бара алмаймыз таласқа,
Тілсіз туған тағдыр бізді о баста.

Өтіп жатыр талай көктем, талай күз
Бəріне де бедірейе қараймыз.
Баз біреулер үстімізден өткенде
Шаттана ма бізді аяқпен тепкенге.

Ойлы жанға болар ма екен мақтан сол,
Үндемейміз туған жерде жатқан соң.
Əне, анау бізді теуіп өткен жан
Тұр еді үнсіз, келіншегі жетті алдан

Көзінде ашу, күлкісі жоқ күндегі,
Келе сала ерін былай тілдеді:

– Ойың арам, тамырыңда арам қан,

Жазылмадым салған ауыр жараңнан.
Сенің қатал, мейірімсіз жүрегің
Жүрек екен қара тастан жаралған.

– Тас дедің бе? – деді əлгі адам томсарып –

Құнсыз болып қалғаным ба соншалық.
Сол ауыр сөз сана менен бойды алып
Тұрып қалды ол төмен қарап ойланып.
Туған жердің тасы болу тамаша-ақ,

Егер жұртқа ой салуға жарасақ.
Жастық шақ
Намыс! Намыс!
Қайдасың сен, неге алмайсың бір тыным.

Ұзақ түндер неге сенің айқаспайды кірпігің?
Намыс даусы
Қадірлім-ау, мен қалғысам тірліктің не мəні бар?
Мен қалғысам, батыр қалай, ақын қалай танылар?

Ақын
Жеңіс ізі сайрап жатыр өмір атты белесте,
Сен қалғысаң,

Ерлік пенен Махаббат бар емес пе?
Намыс даусы
Бекер, бекер, мен жоқ жерде ерлік қашан оянды?
Мен жоқ жерде Махаббат та болған емес баянды!

Ақын
Бақ-дəулеттің күндей тарап,
Бар адамға бірдей қарап,
Күлмейтіні неліктен?

Жалындыны жалынсыздың,
Дарындыны дарынсыздың,
Күндейтіні неліктен?
Жүрген жолы ала шапқын,

Мансап қуған парасаттың,
Тозатыны неліктен?
Аңдамасақ сор болар бұл,
Сұңқарлардан қарғалардың

Озатыны неліктен?
Жастық шақ
Бұл алалық табиғат анадан ба?
Адамдар мен адамдар арасында,

Көрінбейтін жай көзбен қарағанда
Бір аңғар бар жаны үйек, бауыры қар,
Кейде ызғарлы зəнталық дауылы бар,
Кейде көктем есетін сауырынан.

Сол аңғарда сан ғасыр қатар жатқан,
Пенделік пен шарапат ауылы бар.
Екі ауылдың көз салсаң тірлігіне,
Сырттай ұқсап жатады бір-біріне.

Басқа-басқа болса да кəсіптері,
Бірдей етіп сырланған есіктері.
Неткен ұқсас есіп деп мəз боласың,
Мақсатыңның жолымен қозғаласың.

Бірте-бірте өзгерер көзқарасың.
Шарапаттың ауылын іздеп шығып,
Пенделіктің аулына кез боласың.

Кез болдың ба? Жібермес оңайлықпен,
Мұнда сені сарылып талай күткен.
Мұнда сені көрсе де бірінші рет,
Қарсы алады досыңдай күлімсіреп.

Неше түрлі қулықпен бұлаңдар бір,
Иланба оған, салты сол бұл аңғардың.
Қанатыңа қояды мұз қатырып,
Өз аулына кеп қонған қырандардың.

Жұрт көзінен қалсаң сəл тасалана,
«Момын» ауыл айналар Қосабаға,
Талай ұлы данышпан дарындардың,
Арманының моласы осы арада.

Екі ауылды қойған кім жанастырып,
Бұдан асқан бола ма оғаш қылық.
Екі ауылдың іргесін бөлу үшін,
Жатыр əлі аяусыз талас жүріп.

Əркім жансын, лауласын өз өртімен,
деген ұран əлемді кезер түгел.
Тек Шарапат аулынан Пенделіктің
Бөлінгісі келмейді өз еркімен.

Ал бөлінсе ол өз атын жеге ала ма,
Шарапатсыз Пенделік дем ала ма?
Сондықтан да шекара өте қажет
Күзет қажет жəне сол шекараға.

Өмір мынау тартысы, атысы көп,
Атысы көп, шырғалаң шатысы көп.
Кімнің ары бір сəтке қалғып кетсе,
Шекарада қалуға қақысы жоқ.

Ақын
Иə, иə, жастық шағым, сымбаттым.
Ерлік пен ездіктің арасындағы.
Шабандық пен тездіктің арасындағы,

Қайғы мен шаттықтың арасындағы,
Жалғандық пен пəктіктің арасындағы
Ғасырлардан келе жатқан
Қайшылығы тіптен көп

Ұлы күрес əлі күнге біткен жоқ.
Жастық шақ
Ер жігіттің маңдай тері,
Арулардың көз жасы мен күлкісі,

Абырой мен атақ-даңқтың түр-түсі,
Əлемдегі асу бермес ең ұлы іс,
Күнделікті жеңіс пен жеңіліс
Елге деген махаббаттың безбенімен өлшенер,

Безбен сынса безбүйректік белсенер.
Алдыменен өз жаныңның қайшылығын жеңіп ал
Биік ұшқың келсе егер.
Ақын

Мен осынау жасымда
Тұлға болам деп едім-ау Ғасырға,
Үміт те əзір қасымда,
Күдік те əзір қасымда,

Шашымнан да борышым көп басымда.
Жастық шақ
Ең бастысы сен өзіңнің борышыңа адалсың.
Жанартаулар көлінен суат алған,

Суалмағай сендегі қуат, арман.
Тілектесің тіптен көп, тіптен көп қой,
Жауың аз деп бірақ та жұбата алман.
Мерейі үстем болса да аумағына,

Сынай қара қоршаған тауларыңа.
Мақсаты үлкен адамның ежелден-ақ
Үлкен əрі қу болған жаулары да.
Ақын

Мейлі, жауым əккі болсын айлалы,
Маған, тіпті, соның өзі пайдалы,

Неғұрлым мен кедергіні көп көрсем,
Неғұрлым мен жөнсіздікке кекетенсем,
Мен соғұрлым тірек етіп төзімді,
Қайрай түсем, шыңдай түсем өзімді.

Ей, кемеңгер Жастық шағым! –
Сен іздеме мені
Ындыны кепкен өзеннің арнасынан,
Жапалақтар сөз алған жар басынан.

Сен іздеме мені
Күншілдік жол салған өрден,
Сатқындық əн салған жерден.
Сен іздеме мені

Ұзындығы бір тұтам мұраттардан,
Құздан аққан қайырсыз бұлақтардан.
Сен мені іздесең, табасың
Бір кезде жігер жетпей тоқтап қалған

Жол болуға тиісті соқпақтардан.
Сен мені іздесең, табасың
Бақыт соққан заманның балғасынан,
Барлық игі істердің жалғасынан.

Сен мені іздесең, табасың
Күнбатыстан шығысқа иық керген
Əлі ешкім шықпаған биіктерден.
Жастық шақ

Күндік бақыт күндегі күлкің емес,
Гүлдің гүлзар болуын кім тілемес.
Иə, иə… сəулелі болашақтың
Саған соқпай өтуі мүмкін емес.

Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді қоғам жүгін арқалар.
Анау емен неге қисық?
Анау қайың неге айрылды көріктен?

Анау жүйрік ақсап қалды неліктен?
Бұған неге үнсіз жатыр
Анау көңілі əділдікке іңкəр жан?
Анау қарға неге озады сұңқардан?

Міндеті ауыр намыс пенен ардың да.
Бұл сұраққа сен бересің жауапты
Дүниеге ертең келер нəрестенің алдында.
Тек жүзіңді төмен салма,

Тек көзіңді жасауратпа
Сенің көзің заман үшін бағалы.
Сенің əнің асқақ шықса,
Менің даңқым жоғары!

Ақын (кетуге ыңғайланып)
Енді қашан кездесеміз?
Жастық шақ
Бүгінгі үлкен əңгіменің жалғасы,

Бүгінгі асау пікірлердің арнасы
Іздеп барар бізді алдағы жылдарға.
Тек жеңіспен жарқырасын маңдайың.
Жүрегіңнен жалын сөнбей тұрғанда,

Мен қасыңнан табыламын əрдайым!

ÑÅÍІÌ ÏÀÒØÀËÛFÛ Авансценада: Ақын – Маздақ Сақтар дəуірінде: Біздің дəуірде: Хан Тойбасы Жайық Медет – Маздақтың əкесі Мерей Айымбек – əртіс Уəзір Жұбанышбай – комсомол қызметкері Көңбай Дария – Маздақтың қалыңдығы Жендет бастығы Қабділдə – қарт ақын Қарашал Орынбасар – Жайықтан келген жігіт Торбай жəне басқалар Жұбанышбай, Құда, Тойық жəне басқалар КІРІСПЕ Өзендер мен көлдердің, Көлден шалғай шөлдердің, Биіктер мен алыптардың, Жылулар мен жарықтардың арасын Жалғап келген бір əн бар. Парасатты мұңданудан Жерді қирап күл болудан, Таңды қарадүрсіндіктен, Адамдарды күншілдіктен Қорғап келген бір əн бар: Ол əн – ұлы достық əні, негізгі əні ғаламның, Ол əн – ұлы махаббаты менің сайын даламның, Дала көңіл бабамның. Сол екі əнмен гүлденер жер Салмақ тауып саналы. Сол екі əнді білмегендер Өмір сүрдім демесе де болады. БІРІНШІ БӨЛІМ Ақын, Тарих Тарих Иə, ақыным, жан едің сен гүл жүзді Ызалысың, тынышыңды кім бұзды? Ақын Сенуші едім, болар деп тойым алда, Тек арыма сыйындым мойығанда, Тек ізгілік іздедім тыным таппай Ең қаскүнем адамның бойынан да. Кей көңілдің бас бұзар жарлығына, Кей көңілдің шектен тыс тарлығына, Қаным күйіп тұрса да сыр бермедім Кешіріммен қарадым барлығына, Сүйрегенмен дамылсыз өзін өрге, Өзі пенде жандардың сөзі пенде. Бір батылдық көрсем деп үміттендім Ең жігерсіз адамның көзінен де… Тарих Сол ниеттен, сол сезімнен айныма! Ақын Бірақ та мен душар болдым қайғыға. Тарих Қиялыңды қамшылап асау талап, Тынбай шарлап өмірдің белес-белін, Адамдарға жақсылық жасаудан-ақ Тіпті қолың босаған емес сенің. Бағытыңнан айныма!

Ақын
Бірақ та мен душар болдым қайғыға.
Тарих
Дауыл күні ең алдымен бəйтеректер құлайды

Өзгелерден биіктеу тұрғандығы үшін…
Ақын
Кім жауап бермек сол құрбандық үшін?
Тарих

Иə, сен албырт ақын болдың
Арқа тостың ауырға.
Өзге жұрттан жақын болдың
Жақын тұрдың дауылға.

Ақын
Сол дауылдың ертең мені жықпасына кім кепіл?
Тарих
Ал жығылмау азаматтық міндетің.

Қалай?

Қайтіп?

Қай жолмен?
Оны өзіңнің өрең білер.
Тамырыңды терең жібер.
Елің саған артып еді көп сенім.

Əттең, терең тамырың жоқ,
Үлкен досың жоқ сенің.
Əлсіздігің осында!
Ақын

Кезім бар ма адалдықтан айныған,
Қанша адамды алып шықтым қайғыдан.
Шаттығына ортақтастым талайдың
Іс түскенде басыма,

Көбі мені сатып кетті, қалай бұл?
Мен достыққа деген үлкен сенімімді жоғалттым.
Тарих
Өкінішті.

Бірақ мұны арың қалай құптайды,
Онда сенен ешқашанда үлкен ақын шықпайды.
Ақын
Өмір қатал. Көңіліңе қарай ма?

Өзімнің де көзім жетті сол ойға.
Енді мені жетекке алды басқа мұң.
Əкім болам.
Ақындықты тастадым.

Кеше мені жомарт пейіл, ақылды
Бір ағатай шақырды.
Жігітсің деп дəні бар
Қарауында жеті-сегіз жаны бар

Кішкене бір мекемеге
Бастық болып баруымды сұрады.
Жасырмаймын.
Ұсынысы маған қатты ұнады.

Тарих
Жоқ сен əкім бола алмайсың.
Енді сенен үлкен əкім шықпайды!
Ақын

Түсінбедім сөзіңе,
Ең зиялы адамдардың өзі де
Менде жұртты иландыра білетін
Қабілет бар деген сөзді құптайды.

Тарих
Ол қабілет аздық етер…
Сенен əкім шықпайды.

Ақын
Өзімді-өзім шығара алман теріске
Беріп қойдым келісім.
Əрі өте қолайлы бұл мен үшін.

Тарих
Мұның тіпті масқара ғой!
Ақын
Жетер, бəлкім, осынша жерлегенің.

Əкімдікке дəмелі жүргендерден
Ақыл-ойым, өнерім кем бе менің?!
Тарих
Ізгілікке жасалған

Алуан-алуан қадамдар бар.
Өзін-өзі ақтауға
Бейім жүрген адамдардан
Қағас, қашық тұрса-дағы даңққа

Өз қылығын соттай алар адамдар
Пайдалырақ халыққа.
Ақын
Маған тағар басты кінəң не сонда?

Тарих
Ер атанып, басқа бөрік кисең де,
Осыншама жасқа келіп
Мойындайтын азаматтық күшіңді,

Тым құрыса бір адам таба алмапсың.
Ең дұрысы тəрбиелей алмапсың.
Сөйтіп жүріп қанша адамға, масқара-ай,
Ертең əкім болмақсың,

Бұл кінə емей немене?
Міне, осыдан арзандайды нарқың да.
Жұрттың көбі қалайысын күміске,
Жылтыраған алтынға

Бағалаудан ақсаған.
Сен де, ақыным, содан қорық,
Одан асқан қауіпті жау жоқ саған.
Достыққа осал болған адам не тындырмақ ақын боп?

Дүниеге ақын көзбен қарамай
Əкім болуға жа хақың жоқ!
Ақыным-ау!
Бірімізсіз біріміздің

Алыс кетпес үніміз.
Бірімізсіз біріміздің
Не болады күніміз?
Əттең, өзің жанбай жатып

Жақын тұрсың сөнуге.
Пенделікті шалғайға атып
Тағдырыңмен бел ұстасып көруге.
Жетер ме екен батылың?

Сені терең ойға тартар,

бір əңгіме шертейін
Тыңда, кəне, ақыным!..
Сонау сақтар заманында,
Бір азулы хан болған-ды Ақжайықтың алабында.

Ханды бір күн қарттық жеңді.
Кім басқармақ елді мынау.
Бəйбішеден қалған ұл бар, əттең, ол да делқұлылау.
Елге нұрын шашып туған, асып туған қатарынан.

Жəне жалғыз қызы бар-тын он үшінші тоқалынан.
Ызалы хан көп толғанды, ұлдан тірек таба алмады,
Таппаған соң тек қызының тағдырына алаңдады.
Тек қызы үшін алаңдады,

Алаңдауы айып па екен?
Бір күн халқын жинады да, сөз тастады байыппенен…

КІМ БАЙЛЫҒЫН ӨЗ ЖАНЫНА МЕДЕУ ТҰТА АЛАДЫ? Дауыстар – От-анамыз жарылқа! – Ханға қайсар ғұмыр бер! Хан Ей, халайық, мен қартайдым… Өмір заңы… өкінгенмен нетемін. Ел тізгінін кімге ұстатып кетемін, Мына тақты кімге сеніп тастаймын? Осы боп тұр бас қайғым. Білесіңдер өздерің Қарашығындай көзімнің, Жарасымындай жарқын, жалын кезімнің, Қажығанда болған қайрат, дəрменім, Сүйенішім – жалғыз қызым бар менің. Осы өлкеде ең бай адам қайсың бар, Кəне, қайсың жұрттан асқан байсыңдар? Кім байлығын өз жанына медеу тұта алады. Нақ сол адам күйеу балам болады, Əрі мына тағыма да мұрагер боп қалады! Көңбай (Алға шығып таңдана) Тақсырым-ау, бұл өлкеде менен асқан бай бар ма?! Шүкір, қазір Көңбай атым айналды зор айбарға. Бұл өлкеде менен асқан бай бар десе бір кісі, Оған тіпті, ха-ха-ха, келер жұрттың күлкісі, Менің малым анау, əне, Құмырсқадай құжынаған қалың жылқы белесте, Керек десең есебінен жаңылыстым емес пе? Əгəрəкім нысанаңыз байлық болса таңдаған Құлдығым бар, ұлы ханым, Күйеу балаң мен болам! (Басын иіп тағзым етеді) Хан Тағы кім бар? Уəзір Тағы кім бар? – ? Дауыс Ұлы əміршім, босқа уақыт жіберме, Көңекеңнен асқан бай жоқ бұл елде! Хан (Ызаланып) Тағы кім бар? – ? Жайық (Алға шығып) Мына мен бар! Дауыс Бұл баланың ауысқан-ау есі мүлде, Жарғақ құлақ ешкісі де жоқ еді ғой есігінде! Көңбай (Əжуалап) Уа, қараңдар! Бұралқы иттей əрең жүрген көшедегі, Өз жылқышым өзімменен болып шықты бəсекелі. Байқауымша, бұл қу кедей ұлы ханды мазақтап тұр, Сөйтіп өзі жаһаннамға аттануға аз-ақ қап тұр! Жайық (Ханға иіліп) Иə, əміршім, болғанмен қиялым көп, Рас, менің тігерге тұяғым жоқ.

Жігерімді шыңдадым төзімге орап
Арманыма жол бермедім ағындаған.
Рас, бəрі, –
Ес білген кезімнен-ақ

Мына сараң Көңбайдың малын бағам.
Сол болып па мойынға тағар айып.
Жə, жə, мейлі, жан емен егес құмар,
Еңбегімді сатқаным, о, халайық,

Намысымды сатқаным емес шығар.
Мен байлықты басқаша түсінемін:
Қиын шақта, бақ ауғанда басымнан,
Табан бұрмай табылатын қасымнан,

Биік тұрған жердегі бас асылдан,
Жаны мөлдір, діні мықты,
Ардақ тұтқан ұлылықты,
Менің іңкəр, жан аяспас досым бар!

Қой, бекерге жанықпа деп,
Достық байлық болып па деп,
Қазір маған күлерсіңдер табалап?
Əттең, мұны ұқпауларың обал-ақ.

Күйік қосып күйіктіге,
Туыс түгіл сүйітіңе
Сену қиын мына тайғақ заманда.
Жаны гүлзар дос тапқаным,

Достық атты асқақ дарын
Мерейімді шарықтатты шығанға.
Қадірменді хан ием!
Əңгімені өзіңізден басталық.

Қаншама жыл момын елді басқарып,
Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалдыңыз.
Кейде жөн боп көрінгенмен алдыңыз
Дүлей мұхит ортасында оқшауланған аралдай,

Бір адамнан бекем достық таба алмай,
Жеген тамақ бойыңызға таралмай,
Суда қалған сабандай,
Бықсып өмір сүрудесіз жана алмай.

Біреу қақпан құрып қойған жоқ па деп,
Итергелі жүрген жоқ па отқа деп,
Күдікпен таң атырып,
Күдікпен күн батырып,

Тайпаң шақта тағыңыздың қамы үшін,
Өртке байлап бағлан ердің намысын,
Тіршілікте бір адамға сене алмай,
Мəңгі бұлай арзандауға көне алмай,

Қой қамаған қасқырдай
Кеудеңізді ой қамап
Қартайғанда қор болдыңыз өле алмай!
Уəзір

Астапыралла!
Дауыстар

– Доғар сөзді!

– Бұл не деген жөнсіздік!

Көңбай
Ұлы ханды жəбірлеуге соншама,
Кім берді оған билікті?
Кеткен екен тіпті көзі қарайып.

Қарашал
Бас кеспек бар болса да,
Тіл кеспек жоқ, халайық!
Хан (Тістеніп)

Айтсын ойын,
Айтсын, тыңдап бағайық!
Жайық
Аңғартқанмен жүзін ізгі,

Тақсыр, сіздің қызыңызды

Алу басты мақсат емес мен үшін.
Ал достыққа мерей сыйлау – ең асаси жеңісім.
Тəтті үмітке берер тізгін,
Нысанаңыз егер сіздің

Медеу тұтар байлық болса таңдаған,
Бұл маңдағы ең бай адам мен болам!
Дауыстар

– Күйеу бала оңай жерден табылды.

Ұлы ханның бағына.

– Атасының бетін жыртып,

Қызын алмақ тағы да.
Көңбай
Егер достық байлық болса,
Тағы менің асқаным.

Тағы жарқын маңдайым.
Қай ауылға бармайын,
Қойын сойып, қол қусырып достарым
Жүрген жерім – дүрмек той.

Қарашал
Ол байеке, өзіңе емес, малыңа
Көрсетілген құрмет қой.
Уəзір

Көңбай, сенде неше əйел бар?
Көңбай
(Азырқанған кейіппен)
Жетеу ғана…

Қарашал
Ар алдында илікпеуші ең,
Тым болмаса, хан алдында шыныңды айт,
Өтірігің шығып қалды.

Дауыс
Үш əйелін бүгіп қалды, ха-ха-ха…
Көңбай
Ол үшеуі тексіз жердің қыздары,

Ала сап ем жарасқан соң тұз-дəмі…
Уəзір
Тексіз жердің қызы дедің.
Кім олар?

Қарашал
Ə, Көңеке, келді кезің сыналар.
Көңбай (Күмілжіп)
Малсақ қызы Дариға,

Шомбал қызы Талиға,
Марас қызы…
Шомбал (Жұлқына алға шығып)
Не дейсің-ей, көң сасыған Көңбайым?

Сенен тексіз болсам егер оңбайын.
Қара мұны, мен бе екенмін ермегің,
Құдай куə, сендей сараң көрмедім.
Ай мен күндей қызымды алып,

Тым болмаса қотыр тай да бермедің.
(Ызаланып Көңбайға қарай ұмтылады,
көпшілік араша түсіп жібермейді.)
Енді бүгін тексіз деп

Жұрт алдында жерледің.
Маған оңай жаба алмайсың жаланы.
(Ақырып)
Бөртпе батыр шөбересі қалай тексіз болады?

Малсақ (Басы қалтаңдай, кимелеп)
Тексіз деді-ау мені де,

Бұл қақбасың жүрмей ме екен жөніне? (Таяғын көтеріп, кіжінеді.) Күйеу болмай, күйе боп Жабысты-ау бұл біздің гүлзəр тұқымға. Байлығыңды қайтейін, Тіпті бүгін шалбарың жоқ бұтыңда. Көңбай Итбалықша туладыңдар. Түтіп жердей шуладыңдар, немене? (Ханға бұрылып, тізелеп.) Ұлы əміршім, қызыңызды мен алсам, Күн еркесі гүлге балап, Үлде менен бүлдеге орап, Көтерер ем төбеме. Дауыстар – Ой-дөйт, деген-ай! – Қайтсін енді, одан артық, не десін! – Паһ, шіркіннің, дəмесін! Уəзір Бар ма тағы талапкер? – ? (Хан уəзірдің құлағына ұзақ сыбырлайды. Уəзір мақұлдаған кейіппен басын изейді.) Уəзір Ал, туғандар, Енді үкім тыңдаңдар! Ақ сақалымен өтірік айтып, Ұлы ханды басынғаны үшін, Үш əйелін жасырғаны үшін, Көңбайдың басы иығынан ажыратылсын. Көңбай (үрейленіп) Ажыратылсын дегені қалай? Малсақ (Қолымен көрсетеді) Былай. Алынсын дегені ғой. Бейішке ерте барсын деп, Хан иемнің саған жасаған көмегі ғой. Көңбай (Дегбірі ұшып, жыламсырап) Ау, хан ием, бұл қалай? (Əркімге бір жалынып) Ау, халайық, десеңдерші бірдеңе Кеткенім бе босқа өліп? Қарашал Шараң қанша, құмға сіңген жылғадай, Көңбай атың өшкелі тұр, бейбағым. Маңдайыңа сор боп тиді-ау бөспелік! Көңбай (Қарашалдың жағасына жармасып) Əй, сен қақбас, əзіліңді қоймадың? (Екі нөкер Көңбайды қарсыласқанына қарамай сүйрей жө неле ді. Көңбай топ ішінен Кенесалды танып, кемсеңдеп) Ей, Кенесал! Былтыр менен қарыз алған тоқтыны Жалғыз ұлым Торбайжанға бере сал! Пай, пай, пай, пай, Қаншама жыл тірнектеп Жиған малым қала ма? Шомбал Қапаланба, тастамаспыз далаға! (Көңбайды алып кетеді.)

Уəзір Мүшкіл халін мына аусар жігіттің Мен айтпай-ақ ұғарсыңдар, Ұлы ханға тіл тигізгені, Өз басына бұлт үйгізгені екенін Сезіп тұрған шығарсыңдар? Қарашал (Мысқылмен) Сезіп келе жатқан құқай ежелден, Шөл даладай баса алмаған аптабын, Ел қанына еріндерің кезерген… Нөкер Келсе əгəрки, сақалыңды сақтағың, Жөн болады аузыңды баққаның! Қарашал Мен өлімнен қорықпаймын Асарымды асадым, Жасарымды жасадым. Тек мына бір жайсаң бұла боздақтың, Боз тағдыры жүрегімді қозғап тұр. Уəзір Жетер! Босқа лақпаңдар! Ту көтеріп жаңсақ ойын, Сонымен бұл талша мойын, (Жайықты нұсқап) Өзі ізденіп келген жоқ па қылышқа?! Əкетіңдер жұрт көзінен тасаға. Жендет қайда? Кірісіңдер жұмысқа! (Қарашалдың жəне үш-төрт адамның ара түсуіне қарамай бір топ нөкер Жайықты алып кетеді.) Уəзір Ау, жарандар, Осыменен жиын жабық, тараңдар! (Жұрт аң-таң болған күйде тарай бастайды.) СЫН САҒАТТА Күзетші Алдияр хан! Асығындай еліктің, Шемен жігіт келіп тұр. Аты-жөнін айтпайды. Хан Ешкіммен де əңгімеге зауқым жоқ. Күзетші Қырсық екен, айтқанынан қайтпайды. Кірем дейді қалайда. (Ойланып) Кірсе, кірсін. Қаруы боп жүрмесін, Қойны-қонышын тексеріңдер алайда. (Күзетші шығып кетеді де, сəлден соң қайта кіреді.) Күзетші Қалтасынан қанжар шықты, хан ием. Хан (естімегендей) Кірсін де! Мерей (иіліп сəлем бере, мысқылмен) Қанша жұртты қасіреттің құзарына құлатқан, Аманбысыз, тақсырым? Сізбен менің əңгімем бас құрамақ сұрақтан.

Кешіріңіз, бұл сұрағым тисе əгəрки қолайсыз. Қанаттыда, қай құсты киелі деп санайсыз? Хан Аққуды. Мерей Кім, сіздіңше, аққуды атқан адамдар? Хан Безбүйректер, мейірімсіздер, надандар. Мерей Киеліні табанына тастаған, Ізеттісін тасқа ұрған, Онда нағыз безбүйрек, Онда нағыз хас надан, Сіз болдыңыз, тақсыр хан! Хан (ақырып) Тоқтат! Не деп көкіп тұрсың сен, Мені мұнша басынатын кімсің сен? Мерей Шаптықпаңыз! Міне, осы бір сауалдан Басталады бізге қажет əңгіменің сүйегі. Адамзатта достық сезім аққу-сынды киелі. Тіршілікте əсемдікті іздеуден бір танбаған, Аққудың қос қанатындай самғаған, Біз Жайықпен екеуміз Иықтасқан, тұтасқан бір дене едік. Пенделікті тас қаңтарып, шегеріп, Біріміздің қамымызды екіншіміз жеп едік. Шаттығымның тостағаны енді мəңгі кертілді, Қалай көрем өз мінімді, Қалай көрем бетімді? Доссыз адам айнасыз қыз секілді. Менің тұлпар арманымды айбынды, Қасіретім мен қайғымды, Жəне осал жақтарымды, Кейде қиқар ісімді Жəне қайсар мінезімді, күшімді Жайықтай кім бағалады, Жайықтай кім түсінді?! Біз өмірден іздемедік оңай бақ, Кеудемізден достық нұры атқан сайын арайлап Туысқандар қызғанысып, Таңданыса көз тігетін бар аймақ, (Ханға жақындап) Біз əрқашан жан байлығын адамның, Болашағы деп қарадық ғаламның. Кəне, ақыл-таразыға төрелік Берелік те сіз басқарған хандықты Мысалға алып көрелік. Сіз бірінші орынға Адамзаттың қара күшін қойдыңыз, Сөйтіп, елдің игі істерге құштарлығын жойдыңыз, Қара күшпен қызықтырған дүрмекті Қайдағы бір ойсыз, есер палуандар Ақындардан əлдеқайда құрметті. Басқа есікке жасадыңыз ілгекті. Жұрт ішінен достыққа іңкəр, парықты Біреу туса күндей жарқын санасы, Бүкіл халық даңқты… Өткен жылы біздің елдің баласы Жау қолында, сонау көрші хандықта Қалып қойған досын іздеп барыпты. Тек ізгі ойдан алар болсын əн басын, Самғаса тек сенім жыры самғасын.

Іздеп барса…
Бүкіл хандық жиылып
Дарға асқалы жатыр екен жан досын.
Қайсар жігіт амалсыздан сол елдің

Сіз секілді ханының аяғына құлапты.
«Досым еді тұрақты,
Қиын шақта табысып,
Бірге іздескен мұратты», –

Деп тұтқынның өміріне сауға сұрап жылапты.
«Күнəсі ауыр», – деп шайқапты хан басын.
Сəл ойланып: «Иə, ауырлық нарға сын.
Көкірегіңде жалындаса нар сенім,

Ұлан болсаң сол сенімге шөлдеген,
Бұл жігітті тек бір ғана жолменен,
Құтқаруға мүмкіндігің бар сенің.
Көзіңді бер құрбандыққа,

Оған бола бəсеңсімес алаулы ой.
Достық деген бір бағытқа
Бір көзбенен қарау ғой.
Онда бір көз екеуіңе жетпей ме?

Досың бар ғой жетелер.
Бұл талапқа көнер болсаң, қарағым,
Шартым осы,
Көзіңді ойып аламын.

Сонан кейін досыңды ерт те кете бер?!»
«Құлдық, тақсыр, – депті жігіт шаттанып,
Қайсарлықтан жанарында от жанып, –
Дос тілектің садағасы жанымыз,

Міне көзім, алыңыз!»
Кіреуке сап думанды елге,
Хан үкімі орындалды, не керек,
Тұтқын жігіт туған жерге

Көзсіз досын ертіп келді жетелеп.
Ерлік хабар жылдам екен желден де,
Ерлік хабар дүр сілкінтіп даланы,
Бүкіл ауыл жолға шығып қарады.

Сол көрініс қалып қойды кеудемде.
Ете алмады ел көз жасына иелік,
Бірін-бірі аялап, бір-біріне сүйеніп,
Келе жатқан екі досты көргенде.

Заман қанша салғанымен бұғалық,
Біздің марғау, соры қалың елден де,
Батыр перзент туылды-ау деп жыладық.
Ең əрісі қиқар атай Ерден де,

Қайта-қайта жас үйіріп көзіне,
Бұл ерлікке өзін мəңгі борыштыдай сезіне,
Той жасады жұртты жиып кешкісін.
Жалғыз ұлға сауын етіп отырған

Атып ұрып жалғыз шұнақ ешкісін.
Ел осылай ер ұланын елеусіз
Қалдырған жоқ, қошеметсіз, демеусіз,
Ал мына сіз сол адамның есімін де білмейсіз,

Сөйте тұра қалың жұртты адалдыққа үндейсіз.
Нағыз ерлік көзіңізге көрінбей
Құзға біткен өрімдей,
Назардан тыс қалып қойды бағасыз.

Сіз өзіңіз айдар таққан ер жігіт деп киелі
Шомақ палуан,
Дара біткен сүйегі,
Арқаға сап көтере атан түйені,

Марапаттап қуана қол соғасыз,
Иығына алтын шапан жабасыз.
Босқа жəне
Басқа жақа лағасыз!

Ер қадірін назардан тасалаудан,
Қай ел опа тауыпты?
Иə ерлікті жасамаудан
Бағаламау əлдеқайда қауіпті.

Танытатын азаматты, арлыны,

Бай ететін жарлыны
Достық сезім – мəңгі жасыл желегі
Достыққа осал болғандардың барлығы
Ел тағдырын ойлауға

Қабілетсіз келеді.
Хан (ойланып)
Иə, сен мұнда жан досыңның сүйегіне келмеп пе ең?
Мерей

Дəл таптыңыз, тақсыр хан!
Айырдыңыз мені жалғыз жақсымнан,
Бұғау тастап күн бермей.
Мендегі ұлы мүмкіндікті жойдыңыз.

Ботақанын тартып алған інгендей
Ордаңызға жаутаңдатып қойдыңыз.
Көктем өтпей жетіп қапты күзім де,
Əттең, мына сұм тағдырдың қорлауы-ай.

Тым болмаса, сізбен қанжар жүзінде
Сөйлесетін мүмкіндіктің болмауы-ай!
Ордаңызды, дауыл бұзған ұясындац қарғаның
Талқандар ем, қол астымда əскер жоқ.

Жоқ жəне де қорғаным.
Сондықтан да секілді бұл орындалмас арманым.
Пешенеден көрерсіз де,
Бұдан былай егер сізге

Жер бетінде біреу болса діні қас,
Ол – мен болам.
Ал кессеңіз, міні бас!
(Ханға мойнын тосады.)

Жайығымнан шыбын жаным артық па?
Əгəрəкім кеспесеңіз,
Өле-өлгенше өштесеміз.
Өле-өлгенше ізіңізден қалмаймын.

Түлкі болып сіңсеңіз де тау-тасқа
Қыран болоып төбеңізден самғаймын.
Осыменен əңгімемді бітірем.
Тек бітірер алдында,

Қансыз əрі миятсыз,
Шым етпейтін ұятсыз,
Мына қара бетіңізге түкірем!
Тфу!

(Ханның бетіне түкіреді.)
Хан (шошына бетін бүркеп, кіжініп)
Сүйегімнен өтіп кетті-ау қорлығың,
Хан басымды тəлкек еткен зорлығың!

(Жендет бастығын шақырып)
Жас «мейманды» тас қораға жабыңдар!
Ұмытардай болсын тіпті есімін.
Арқасына алпыс дүре,

Қарынына қырық дүре соғыңдар,
Бас бармағын шабыңдар,
Жəбірлеңдер,
Əбден қорлап бағыңдар.

Ал көнбесе, амал не,
Қайсар басын қағыңдар!
Жендет бастығы (маңғазданып)
Тақсыр, маған нақ осындай,

Аттың болат тағасындай
Қайсар бастар ұнайды.
Бірақ мені білесіз ғой…
Алдыңызға кешірімді бұл əлі

Еңбектеп кеп сұрайды.

Мерей Ал сұрата алмасаң? Хан Иə, сұрата алмасаң ше?

Жендет бастығы
Онда тақсыр, мен болайын күнəлі
Басу маған түк емес,
Пəпігін бұл мырзаның.

(Қызынып)
Лебізімде тұрмасам,
Қызметтен қусаңыз да ырзамын!
Мерей (мысқылмен)

Уəдеңізді қайта алыңыз,
Қызметтен босқа ажырап қаларсыз.

Жендет бастығы
Рақмет!
Қайғырмаңыз оған сіз.
(Жендет бастығы Мерейді алып кетеді.)

ЖОҚТАУ

Көңбайдың отау үйі. Төрде ересек, делқұлы баласы Торбай-
ды қасына алып бəйбіше, одан төменірек қара жамылған то-
қал дар отыр.
Бəйбіше (жағасын ұстап)

Тоба, тоба!
Ұрттарыңа құм құйылған сияқты.
Кəне, жоқтау айтыңдар,
Келген жұрттан ұят-ты.

Бірінші тоқал (мұңлы мақамға сап)
Сөнді жарық айымыз,
Жер жастанды байымыз.
Енді біздің, құдай-ау,

Не болмақшы жайымыз?
Екінші тоқал
Қайран байлық қор болған,
Маңдайыңа сор болған.

Бүтін шалбар кимей-ақ,
Өтіп кеттің жалғаннан.
Үшінші тоқал
Мал ғана боп білгенің,

Қуанбадың, күлмедің,
Қанша сараң десе де,
Жақсы еді аман жүргенің.
Торбай (Бəйбішеге еркелеп)

Апа, мен де əкемдей,
Аламын ба көп əйел.
Бəйбіше (жақтырмай)
Тыныш отыр. Аласың!

Торбай
Қалыңдыққа қашан ертіп барасың?
Бəйбіше (ызаланып)
О, жын қаққан.

Əйел жеңген санасын,
Əкең өліп жатыр ғой!
Кейін…
Кейін барасың.

Төртінші тоқал
Құлағандай аспаным,
Кім ойламас бас қамын.
Жиырма екімде жесір ғып,

Мені кімге тастадың?

Бəйбіше (ақырып)
Жə, жə, байсыз қалмассың,
Бөртпе лақтай шошаңдаған албастым.

(Қуланып)
Былтыр жазда, нар жайлауда, дөңесте
Ымырт түсе жолығатын өзіңе
Жылқышың бар емес пе?

Кім еді əлгі…
Аузы-мұрны добалдай,
Ырс-ырс еткен сабан тыққан қанардай.
Енді сені мен алады дейсің бе,

Сол алмай?!
Сəл сабыр ет, кетерсің,
Арманыңа жетерсің…
Төртінші тоқал

Кетсем, кетем.
Қандай опа тауыппын мен Көңбайдан?
Тек бай деген аты ғана қомпайған.
Қартайғанда белге түйді-ау ұятты,

Шүйгін шөпті, жайлау, көлді жерсінбей
Қашып шыққан ессіз бұқа сияқты.
Осы отырған бəрімізді менсінбей
Ханның қызын баспақшы еді төсіне.

Сауап болды.

(Тоқалдарға бұрылып)
Ау, біз сонша қайғырамыз несіне?
Үшінші тоқал
Дұрыс айттың, Талиға!

Екінші тоқал
Талиға жөн айтады!
Кəрі қақпас қайта қозып сайтаны,
Құрсауына өзі ілінді тұзақтың.

Бірінші тоқал
Хан қызына көз салғанын қайтерсің,
Осындағы он əйелін жарытпай.
Үшінші тоқал

Ал біз сорлы дөңбекшиміз ұзақ түн,
Санымызды жарқыратып балықтай.
Жылқышы (ентіге кіріп, жүгенін ұрады)
Ойбай, ойбай, бəйбіше!

(Ентігін баса алмай)
Ойбай, ойбай, бəйбіше!
Бəйбіше
Есіңді жи, не болды?

Неге сонша зарладың?
Жылқышы
Алып кетті Көнекеңнің бар малын…
Бəйбіше

Кім əкетті? Айтсаңшы!
Жылқышы
Малсақ айдап əкетті жүз жылқыны,
Қарсақ айдап əкетті жүз жылқыны,

Танаш айдап əкетті жүз жылқыны,
Қалаш айдап əкетті жүз жылқыны,
Рысбек те, Қамысбек те, Қамбар да,
Бəрі, бəрі… Өңешбай да, Талғар да,

Жəне мынау жас тоқалдың əкесі…
(Төртінші тоқалды нұсқайды)
Бəйбіше
Шомбал ма?

Жылқышы
Иə, иə, Шомбал да.
Көп жылқыны қамай қуып əкетті
Түстіктегі аңғарға.

Бəйбіше
А, қу құдай. Болысатын жан бар ма?

(Тұтығып)
Қ…қайда, қайда қалғаны?
Жылқышы
Қалын малдан босатты жұрт өрісті.

Ал қалғанын… жылқышылар бөлісті.
Аз емес-ті еңбегім…

(Жыламсырап)
Маған түк те тимеді.
Бəйбіше (басын соққылап)
Ойбай-бай-бай, бар арманым күйреді.

Ойбай-бай-бай, бар арманым күйреді.

(Торбайды құшақтап) Зор қайғыға душар болдық арылмас, Енді Көңбай сорлының Сүйегін де əкелер жан табылмас. Торбай (жыламсырап) Қолымызда мал қалмаса, Маған қалай əпересің қатынды? Бəйбіше (Торбайды итеріп жібереді) О, жарым ес, даңғаза, Қатын жұтқыр атыңды. Үшінші тоқал Бүйте берсе, түк қалдырмас бұл халық, Оңала ма бір түскен соң іріткі. Иə, тоқалдар, босқа қарап тұрмалық. Біз де, ендеше, бөліселік мүлікті. (Бəрі таласа, тармаса төрдегі кебежеге, жиюлы тұрған жүктерге ұмтылады.) ҚАЙСАРЛЫҚ Хан ой үстінде, Жендет бастығы кіреді. Жендет бастығы (иіліп) Аманбысың, Алдияр! Хан Ə, келдің бе, хас батырым, жан қияр, Кетіп едің үш күн бойы хабарсыз? Жендет бастығы Алдияр хан! Күйге түстім ажарсыз, Амал нешік. Екі сөйлеу ер адамның өлгені… Жас жігітті сізге əкеліп сұратуға кешірім Иланыңыз, менің шама келмеді. Сабақ алдым естен мəңгі шықпастай, Мен адамды жазалаудың Жүз елуден асқан түрін білемін. Соның бəрі қалғаннан соң түкке аспай, Өмірімде бірінші рет қан жылады жүрегім. Діні қатты екен тіпті, Біз басқаша, Ол айтады басқаша əн. Мұндай қайсар мекемдікті Естіген де, көрген де емен ешқашан! Қаншама рет үсті-басын қан қылдық, Қаншама естен тандырдық, Башайларын қырықтық, Сосын тұзға малдырдық.

Бірақ иттің баласы,
Міз бақпады-ау!
Қандай өжет етіп туған анасы.
Жо-жо-жо-жоқ! Ол ит емес, өзім ит

Болып шықтым шамасы.
Тең емесін тұңғыш сездім күшімнің
Ұрып, соғып, қорлап жəне азаптап,
Оны жеңу мүмкін емес екендігін түсіндім.

Кейде жаны бұл фəнимен қоштасуға аз-ақ қап,
Тұрса-дағы.

Ойға тұнған жанары
Маған қарап күліп жатты мазақтап.
Жындануға сəл-ақ қалдым мен байғұс,
Ерік қолда, қылыш қолда десе де.

Оны мұнша батыл еткен қандай күш?
Міне, міне, міне, міне, мəселе!
Нəлет айтып, кектенудің орнына,
Мені шексіз жек көрудің орнына

Аянышпен, мүсіркеумен қараған,
Мені бақсыз, сор маңдай жан санаған,
Ес жия алмай жатса да ауыр жарадан,
Өзін мəңгі бақыттыға балаған,

Бұл не деген өр адам?
Намыстандым, қорландым мен, тап шыным,
Бейнесі əлі жанарымда тұр күліп.
Көкірегімде, бірінші рет, тақсырым,

Бас көтерді сізге деген бір күдік.
Бұдан отыз жыл бұрын
Алдияр хан, маған сеніп бердіңіз
Осы қатал қызметтің шылбырын.

Отыз жылдай бастың емес, дененің
Қызметін ғана атқарып келемін.
Пəленшені мұнда келтір дедіңіз,
Сол сəтінде келтірдім.

Түгеншені жылдам өлтір дедіңіз,
Сол сəтінде көзін жойдым, өлтірдім.
Білуге де тырысқам жоқ себебін,
Өйткені мен бас емеспін, денемін,

Бұйырдыңыз – орындадым,
Тас жұмдым да көзімді.
Əділеттің жолындамын
Деп санадым өзімді.

Сөнген арман, өшкен көңіл
Тағдырындай əсер етпей көбіктің.
Жұрттың менен сескенгені деп ұқтым.
Ханға сену секілденіп төл ісім,

Ештеңені ойлағам жоқ өмірде.
Мен үшін де,
Жəне қалың ел үшін
Хан ойлап жүр дедім де.

Алдиярым, мінезіме таң қалма.
Мына жігіт кеудемдегі бар сенімді талқандап,
Күдік атты қорқынышты аңғарға,
Кеткендей мен мені жалғыз арқандап.

Хан (күрсініп)
Ой жіберсең парықпен,
Бір ұшында мен де бармын сол жіптің.
(Бұйыра)

Жə, жігітті алып кел!
(Жендет бастығы шығып кетеді де, екі нөкердің сүйеуімен
үсті-басын қан жуған Мерейді алып келеді. Олардың соңын
ала бере уəзір кіреді.)

Көзім жетті.
Ерітердей тас жүректі мұз қатқан,
Отты, қайсар, қатал жігіт екенсің.
Зор əбестік болды, əрине, біз жақтан

Сорлы досың өліп кетті, не етерсің?
Мерей (ханға ұмтылып)
Сорлы деген сөзіңізді
Қазір қайтып алыңыз!

Хан Иə, қайтып алмасқа да шамам жоқ. Оның қанын менің мына кəрі мойным көтерсін. (Мерейге жақындап) Талап айтсам, қалай қарар екенсің? Жəне тілек демеске де шарам жоқ. Маған қарсы жинақталған бар өкпең Сол тілекпен өтелсін! Мерей Айтыңыз! Хан Айтсам, алда үлкен думан тойым бар, Ай мен күндей ардақ тұтқан қызымды, Саған бермек ойым бар. Мерей (басын шайқап) Болмайды! Менің досым ердің ері еді ғой, Адамдықтың түпсіз кені еді ғой. Ал мен оның ширегіне тұрмаймын. Тек досыма тиеселі бақытты, Атамаңыз, не бетіммен ұрлаймын!? Олай ету шығар еді сатқындық боп санасыз! Хан Ойлан, ойлан!.. Мерей Ойланатын түгі жоқ! Жендет бастығы Алдияр хан, екі айтпайды бұл жігіт, Мен білем ғой, бекер əуре боласыз! Хан Таяқтың да екі ұшы бар емес пе? Айтқаныма көнесің, Ал көнбесең өлесің! Мерей (қасарып) Мен өлімді таңдадым. Жендет бастығы (Мерейдің алдына келіп тізерлеп) Айналайын! Гүлзəр достық аспанының кеңдігін Оның ұлы-парасатын, ерлігін, Өлімге де мойынсұнбас өрлігін Қайсарлықпен дəлелдедің. Сені көріп қайта тудым мен бүгін. Аяу білмес мынау жендет жүрегімді мұз қатқан Ойран-асыр дөңбекшіткен, сыздатқан Дімкес соқыр сенімімді күл-талқан ғып құзға атқан Пенделікке ұстатпаған сауырын Сенің даңқың артсын мəңгі! Енді асқақ əнім сенсің, Арай шашар таңым сенсің, Менің ұлы ханым сенсің, бауырым! Əзер тұрған өзі қазған апанына құлауға (Ханды нұсқап) Отыз жылдай сенген ханым мынау ма? Отыз жылдай құлдық ұрған бас тұлға Бүгін маған жиіркенішті көрінді. Ызалы ойым айналды сел-тасқынға, Бұйыр, кəне! Ханның басы əп-сəтте-ақ Домалайды аяғыңның астында. (Жалынып) Бұйыра гөр, жарқыным!

Мерей Бұйрықпен бір сыйыспайды дос көңіл. Жəне қылыш жүрген жерде зорлық бар Іздеген жөн басқа емін. Жендет бастығы Ақ тілегің алдыңда болсын, жаным, бас құрбан. (Қылышын суырып алып ханның алдына тастайды.) Қылышыңыз өзіңізге, тақсыр хан! Өз кінəңді өзің сезбей Талайлардың жолын бүркеп торлаумен Айналысқан өкінішті мол дəурен, Нəлет саған! (Мерейге бұрылып) Енді қалған өмірім Өтсін сенің шаттығыңды қорғаумен. Хан Арлы беттей қызарып, нарттай жанған, Əзіл соңы алапат өртке айналған Жөн-нұсқасын өзім пішкен мына мұңлы оқиға Кетті менің келте ойымды күйретіп, Қалай ғұмыр сүрмеу керек екендігін үйретіп, Кімге күлу, Кімге күлмеу керек екендігін үйретіп. Қатал болдым қылышынан қан тамған, Талай баста менің салған бар таңбам. Ал қазіргі дарқандығым ол кінəмді жуа алмас, Жəне ешкім қаға қоймас арқамнан. Тарпаң шағын ұмытпайды ел қайда да, Білем бəрін. Нақұрыс деп ойлама. Бірақ тым кеш білгендіктен ойыңды Асыра алман пайдаға. Достық – ұлы мүмкіндігін туады екен адамның, Болашақта ұстар əні тек сол болғай заманның, Арзандайды ел адал достық көз жоқта. Досын оққа қиған жанға, Елін қию сөз боп па? Біз сол ұлы құдіретті қорлап көзге ілмеппіз. Мақсат жібін өте келте күрмеппіз. Бір адамды шексіз сене сүюден Елге деген ұлы сезім басталарын білмеппіз. Дауа бар ма бұл құдірет сезімге, Хан басыммен қол астымда қандай күш Жатқандығын кезінде Əттең, əттең… ұғынбаппын мен байғұс. Көне бердім, Сөне бердім. Қарттық жеңді. Бір аяғым тұр көрде. Бару қайда немеремнің Əні естілер күндерге? Кім өзгертер табиғаттың бұл заңын. Өлім заңын, Өмір заңын, Гүл заңын, Бүгін, міне, тірліктегі ең негізгі қатемді Түзетуге мүмкіндіктің туғанына ырзамын. Бүгін тұңғыш тапқандаймын арманымның қорегін, Бүгін тұңғыш суарамын мақсатымның терегін. Сондықтан да ханның тəжін киіп тұрып, ең соңғы, Ең негізгі бұйрығымды беремін! (Уəзір жаза бастайды) Тіршілікте бір досы жоқ адамдар, Тəнті етсе де біліміне, күшіне, Алынбасын ел басқару ісіне! Дос тілектен тамыр жайсын армандар,

Бірінші боп достық шықсын төрге де.
Достыққа əлсіз болғандар
Əлсіз екен басқа күрестерде де!

(Уəзірге бұрылып)
Мені енді шетке қақты
Нəн толқыны өмір атты ағыстың.

(Мерейді нұсқап) Сыңарынан көз жазған бұл аққуды Жұртты жинап, сыңарына табыстыр… (Уəзір шығып Жайық пен Көңбайды ертіп кіреді. Өз көзіне өзі сенбегендей аң-таң аңырып қалған Мерей Жайыққа қарай ұм ты ла ды. Екеуі құшақтаса кетеді.) Мерей (көңілі босап) Тірі екенсің ғой. Тірі екенсің ғой… Жайық (Мерейдің үсті-басын көзімен тінте қарап ызалана) Денесінде сау-тамтық жоқ. Ау, бұл қалай, тақсыр хан, Айырмаңыз қалмаған ба қасқырдан? Уəзір Ашу кейде көзсіз, ойсыз ақ тарлан. Қазір бəрін түсінесің Сəл-пəл сабыр ет, қалқам! Хан (Жайық пен Мерейге жақындап) Мына тақты, Жəне заңғар қызметін тақсырдың, Қарақтарым, екеуіңе тапсырдым. (Жайықтың иығына қолын салып) Қарашығы секілденген көзімнің, Жайық қалқам, қызым қалып барады. Егер тағдыр қосам десең, өзің біл, Ал əйтпесе, қарындасың болады.

(Өзіне-өзі)
Ізгілігін зұлымдыққа талатқан,
Аққу құсқа оқ атқан,
Барлық алтын уақытының жиһазын

Пенделіктің орманында тонатқан,
Көрдей қара тұман жапқан көңілін
Ең сорлы жан мен болайын,
Ең соңғы хан мен болайын, тəңірім?!

(Хан қалтаңдай басып шығып кетеді)
Көңбай (жыламсырап)
Ау, халайық, мен қайтем?
Уəзір

Көңбай, сенің жолың ашық, бара бер!
Тоқалдарың төркінінде жүр аман,
Бəйбішең де дін аман.
Сен өлді деп жұртқа жайған кезде де

Табылмады
Сүйегіңді əкететін бір адам.
Үш күн өтпей шаңырағың құлады…
Малыңды да қалың жұрттан сұрап ал.

(Көңбай шегіншектеген күйі сахнадан ғайып болады)
Жендет бастығы (Жайық пен Мерейді құшақтап)
Туған өлке аттарыңды асқарына көтерсін,
Əлемдегі ең бай адам сен екеуің екенсің.

Басқаша екен екеуіңнің арының,
Қылыштан да, Заңнан да,
Патшадан да, Ханнан да,
Сендер мықты боп шықтыңдар, жарығым!

Қарашал
Ал, қанекей, оятыңдар даланы,
Оятыңдар өзендерді жасаураған жанары.
Оятыңдар кəрі шалды,

Бесіктегі баланы.
Оятыңдар мүлгіп түзеген бұл патшалық -
Ұлы сенім патшалығы болады!

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Ақын, Тарих
Тарих
Ізгіліктің жайлауынан от өрген,
Достық əнін төбесіне көтерген,

Міне, осындай ерлер өткен, ақыным!
Ақын
Дүниеге миығынан паң күле
Тымық түнді түре келген арайша,

Бұл ғажайып əңгіме
Назардан тыс қалып қойған қалайша?
Тарих
Мен Тарихпын,

Аз көрмедім ғасырлардың тоқпағын.
Бірде ашық, бірде жабық қақпағым.
Мені əр дəуір өз көзімен соттады,
Өз көзімен мақтады,

Өз көзімен ақтады.
Бүгінгінің көбісі –
Кешегі ойлар өрісі,
Кешегінің жалғасы.

Бірақ бүгін игі істердің
Кешегіден кеңіді мен арнасы?
Нар тұлғасын ұрпақтағар үлгі етер
Ерлік аз ба жарқыраған жасындай?!

Ақын
Өлімге де мойынұсынар тосылмай
Досың болса, болсын шіркін, осындай!

(Ызаланып)
Көрмедік деп ой тұшынар түгіңді.
Жазбайсың деп бүгінді,
Қазір маған кінə тағып жатыр жұрт.

Қайдан жазам?
Ғасырлардың талғамына татырлық,
Айналамнан табылмаса,
Нақ мынадай ұлы достық, батырлық?

Тарих
Аша түссең көзіңді
Бұл сөзіңе ұялар ең,
Тіпті соқыр санар едің өзіңді

Əне, содан болашағың көмескі,
Ең бəрісі əкеңді де зерттеп білген емессің?!

Ақын
Зерттей қояр не бар еді əкемде?
Əлде, əкемнің мен үйленіп жатқандағы
тамашамды бұзғанын,

Əлде, арақты қалай ішіп қызғанын
Зерттеп, жазып ойға демеу етем бе?
Рас, бұрын момын еді шама-шарқын байқаған,
Кенет Нілдей бұзылды ғой есер дауыл шайқаған.

Бəлкім, дұрыс өлген шығар…
Əйтпесе,
Қайын атам маған қызын бермес еді қайтадан.
Кешпес еді сол жолғы оның қылығын.

«ЖАН-ЖАҒЫМНАН ҚАУМАЛАЙДЫ

ЖАЛҒАНДЫҚ, КИІМІНЕ ЖАСЫРЫНЫП

ШЫНДЫҚТЫҢ»

Студенттердің шағын асханасы. Стол басында үйлену то-
йы на жиналған адамдар
Тойбасы (орнынан тұрып)
Бүгін біздің Маздақ пенен Дария,

Тағдыр қосып, табысып,
Қуанышын етіп отыр бəрімізге жария.
Ал сол үшін, халайық,
Қос ғашыққа деген абзал ниетімізді ұқтырып,

Орнымыздан тік тұрып
Осы тосты көмекейге бір аунатып алайық!
(Бəрі орындарынан көтеріліп бокал соғыстырады)
Дауыстар

– Бақытты болыңдар!

– Алдарыңнан ай тусын!

– Тек махаббат пілтесімен жаныңдар!

Тойбасы
Жомарт ойы қона қалған бойына,
Қауымына сəулесін шашып келген,
Перзентінің тағдыр қосу тойына

Ауруханада жатқан жерінен қашып келген
Медет қартқа берілмек ендігі сөз.
Медет (көзіне жас іркіп, кемсеңдеп)
Сенсеңіздер сөйлер халде емеспін,

Құшағынан босана алмай өткен күнгі елестің.
Қара жердей ішке бүккен асылын
Бір сырым бар еді, достар, жасырын,
Ол сырымды кейін ашам туған жерге барғасын.

Елге апарып өткіземін
Мына тойдың жалғасын.
Бəріңді де шақырамын сол тойға.
Дауыстар

– Жаса, шалым, қартайма!

– Бəрекелде, жан аға!

– Біраз жатып, жүректі емдеп алыңыз,

Игіліктің ерте-кеші бола ма?

– Дəрігерді тыңдасақ,

Болар əр кез бас аман!

– Машинадай қайта шыққан жөндеуден

Бұратыңыз онша-мұнша тетіктерді босаған.

– Ал сол үшін алайық та, халайық!

(Бəрі бокал соғыстырады)
Тойбасы (қолын көтеріп)
Жолдастар!
Бүгінгі той, тек үйлену тойы ғана дегенге,

Айтыңдаршы, көнер кім?
Бүгінгі той – ертең толар кемерге
Тойы – балғын өнердің.
Əдеп барда əдемілік тозбаған.

Жайсаң ойлар жетегінде маздаған
Біздің Маздақ нағыз ақын емес пе,
Жұрт жүрегін қозғаған!
Кəне, мұны дей алады бекер кім?

Мен Маздақты танымайтын кезімде
Жолыққанмын əкемнің
Көзіндегі оған құштар кезімге.
Əкем марқұм, Маздақ жырын деректеп

Отыратын зерттеп, жаттап, електеп.
Əрбір ұлттың шегінгенін, өскенін

Ақынына қарап білу керек деп.
Байтақ дала ақынымен даңқты,
Алып қана тудырады алыпты.
Бəлкім, аяу керек шығар өзінің

Ұлы ақынын туа алмаған халықты.
Бұл той – балғын ақын тойы,
Бəріміздің жанымызға жақын той.
Бəрімізді толғандырған мəселе

Осы ақынның жырларында жатыр ғой.
Бұрынғы өтіп жатқан басқа тойлардан
Міне, достар мына тойдың айырмасы осында.
Кімде биік тілектер бар,

жасырынған қайнар бар?
Кімде қандай көкейтесті ойлар бар?
Сол айтылсын дастарқанның басында!
Дауыстар

– Бəрекелде, бұл ерекше той болсын!

– Тойбасымыз қой бастаған серкедей,

Бастады ғой тосынға.

– Дұрыс, осы бағытыңнан тосылма!

– Құр бөстекі тілектерден

Қажыды жұрт, расында!
Орынбасар (орнынан тұрып)
Тойбасымыз ауыр міндет жүктеді.
Қою, сірə, оңай соқпас бұл тілекке нүктені.

Дегенмен де көрейін…
Дауыс
Ал көрсең көр, үстем болсын мерейің!
Орынбасар

Өріс ашқан сан кеме, сан қайыққа
Біздің сонау айтолқын Ақжайықта
Кета деген балық бар.
Уылдырық шашар кезде сол балық.

Қос жанары тұмандана толғанып,
Пəленбай күн жол жүріп,
Əбден шаршап болдырып,
Құлшына, жанып іштен,

Жан жүйесін сыздатқан сағынышпен,
Ұрпағына сенімді орын тапқанша,
Ешқайда қайырылмастан,
Бастапқы бағытынан айрылмастан,

Көзінде тек аналық арман ойнап,
Жүзеді екен үмітін алға байлап.
Ол анық сезінеді:
Табиғаттың тамаша кезеңінде

Сонау іңкəр Ақжайық өзенінде.
Жылдағыдай секіріп ойнамайтынын,
Жем іздеп шарламайтынын,
Жанарында жаз көркі жайнамайтынын.

Тереңге тепсіне бойламайтынын.
Амал қайсы бəрін де көрі керек,
Ұрпағы үшін оған да көну керек,
Кеталардың тағдыры қандай қатал,

Уылдырық шашқан соң өлу керек!
Бұл балық шынында да дара батыр,
Əне, оған жақын тұр заман ақыр.
Соның бəрін біледі ол,

Біле тұра,
Уылдырық шашуға бара жатыр.
Қалса бопты ұрпағы жалғасы боп,
Жалғасы боп,

Тірліктің арнасы боп,
Өзі өлген соң денесін шортан жесін,
Мұнда оның инедей шаруасы жоқ…
Əттең, шіркін, мүсінші болсам-ау мен,

Ұзақ түн кірпі кілмей толғатар ем.

Ұрпағы үшін жүрегі жырлап өткен,
Ұрпағы үшін өмірін құрбан еткен
осындай алыптарға
Ғажайып бір ескерткіш орнатар ем.

Өмір мынау, толған дау, толған егес,
Ұрпақ жоқта тарланың тарлан емес,
Арманың арман емес…
Өйткені ұрпақ тағдырынан маңызды

Бізге дейін ештеңе болған емес,
Жəне бізден кейін де болмақ емес!!!

(Бəрі қоштап, қол шапалақтайды.

Орынбасар бокалын көтеріп)
Кешегі ұяң Дария қыз бүгін келін атанды,
Енді адал ана болсын, адал сүйсін Отанды.
Күйеу жігіт он бес ұлға əке болсын сақалды,

Сол ертеңгі ұрпақ үшін көтерейік бокалды!
Дауыстар

– Жарадың!

– Табылған ой!

– Тауып кеттің, қарағым!

(Бəрі орындарынан тұрып бокал соғыстырады)
Тойбасы (Қабділдəнің қасына келіп)
Тіршілікте ұясын тек шыңға сап,
Шыңнан ұшқан хас қыранның бірісіз,

Дақан қазақ өнерінің гүлісіз.
Ал, Қабеке, енді сізді тыңдасақ!

Қабділдə (Маздаққа бұрыла)
Көргендер де,
Көрмеген де арманда,
Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда.

Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да,
Қара аю да, күшіген де, жылан да,
Қырғауыл да, қосаяқ та, зорман да,
Бас қосыпты сол маңда.

Қоян кепті қос құлағы ербеңдеп,
Тасбақа да орын тепті төрден кеп.
Сан орманның тамашасын тауысқан
Əн шырқады ала қанат сауысқан.

Жапалақ та əн шырқады толғана,
Кезек əзер жеткен кезде қарғаға,
Маңдайына алақанын жастана,
Тыңдаушылар қалғып кетті, масқара.

Қоян айтты:

– Қалай болған күнде де,

Əн кезегін ұсынған жөн Пілге де!
Бір тыңдаушы айқай салды:

– Немене?

Өнер шіркін, қара күшке көне ме?
Одан қайта Піл ағай
Тауға барып тасымай ма бөрене?
Бірақ жұрттың елең қылмай бұл сынын,

Піл əн салды бұлғаңдатып тұмсығын.
Тумады-ау деп ой сергітер байтақ əн,
Қалың қауым қалғып кетті қайтадан.
Осы сəтте Бұлбұл əнге басты бір,

Қарт тоғайдың елестетіп жастығын.
Мүлгіп кеткен тыңдаушы жұрт оянып,
Жанарынан ризалықпен шашты нұр.
Көпке дейін тежеу мүмкін болмады

Ұлан-асыр қуаныштың тасқынын.

– Өте орынды соғылды бұл шапалақ, –

Деп сөз алды тостаған көз жапалақ, –
Біз де өнерін қадірлейміз бұлбұлдың,
Бірақ аз-мұз шатағы бар құрғырдың,
қараңдаршы, бір қанаты қырқылған,

балақ жүні ұйпаланған, жыртылған,
Достарым-ау, жатқан жоқ па осында,
Бет қызартар үлкен істің былығы?

Қаршыға айтты:

– Доғар сөзді, тасынба,

Бұл өзіңдей пенделердің қылығы,
Онсыз, сірə, күн кеше ме майдалар?
Əйтсе-дағы бір сыр шерттің ойланар.
Мына сенің қанатың сау, ал содан,

Жұртқа қандай пайда бар?
Ауыр еді бұл сұрақтың салмағы,
Елдің көбі Қаршығаны қолдады.
Баз біреулер тұрып алды табандап

Бұлбұл əнін жерге соға жамандап.
Тек Қарақұс қалыс қалды…
Келмеді оның тіпті көзге түскісі.
Өнерінің құдіреті жағынан

Бұлбұл, сөзсіз, құс біткеннің күштісі.
Мақтар еді жарылып бір ағынан,
Ой шырмаған қазғаныш ит тағы бар.
Ал даттауға қорқатын ол Бұлбұлдың

Үлкен болашағынан.

(Маздақтың қасына келіп)
Əрқашан да саф өнердің жолы – сын.
Ұлым, сенің үлкен болашағың бар!..
Мына тосты көтергенді жөн дер едім сол үшін!

(Маздақпен бокал соғыстырады,

бəрі орындарынан тұрады)
Маздақ

– Рақмет, аға!

Орынбасар
Кедергіні сезінсе адам, жүрмек ылғи күшінде,
Ояу жүрмек өңі түгіл түсінде.
Ендеше, біз көтерелік

Сол Қарақұс үшін де!
Қабділдə
Жоқ!
Бұл пікірің болғанымен қиысты

Тек ізгі ойлар қолдау көрсін.
Тек ізгі ойлар жұрттан мадақ есітуге тиісті.
Айымбек
Дұрыс айтты Қабекең!

Өссін десек жақсылықты сезіне,
Жақсы ақынды мақтаған жөн көзіне.
Өз тойында ойлы-жырын Маздақтың
Тілек етіп қайта оқимын өзіне!

Дауыстар

– Бəрекелде!

– Жөн, жөн!

– Ал тыңдадық!

Айымбек (тамағын кенеп)
Ғұмыр келте деп налисың, досым-ау.
Бұдан миллион ғасыр бұрын,
Жер ғарышқа тең шашып жасыл нұрын.

Мимырт, шабан тіршіліктің құшағында күліпті.
Ал адамдар үш мың жылға дейін өмір сүріпті.
Сан балапан ғасырларды алақанда сөйлеткен,
Ұзақ ғұмыр,

Ұзақ ғұмыр ой неткен!
Жасы қашан жеті жүзге жеткенше
Уыз сəби саналыпты бой жеткен.
Ара-тұра бой қылтитқан Күдікке

Бір жайсаң сөз айта алмапты Үміт те.
Жеті жүзге жасы жетпей,

(заң солай),
Үйленуге рұқсат жоқ жігітке.

Бірақ бірде болды оқиға сұрапыл...
Қыз бен жігіт бір өлкеде тұратын,
Қосып арман-тілегін
Қосып мұңын, мұратын,

Тіл бітірер сезімменен тасқа да,
Тек сезімді етіп іңкəр астана,
Жасы жүзге жетпей жатып,
Бір-біріне ғашық бопты,

Масқара!
Күннен күнге лаулай түскен құштары,
Бұл не пəле салтөсанадан тысқары?!
Тумай жатып қағынғаны қалай деп,

Жұрт жағасын ұстады.
Ал жігіттің əкесі айтты:

– Қу, балам,

Ит боп шықтың жақсы атаққа тумаған.
Дəтің барып қалай дəстүр бұзбақсың,
Жұрттан қайда қашпақсың сен шулаған?
Жетер қайғы сыйладың сен өлгенше,

Өлген жақсы бұл қорлықты көргенше.
Ақылға кел,
Үйленбестен қоя тұр,
Тым болмаса, алты жүзге келгенше.

Ел тағлымын аяқ асты төсенбе,
Той аз болмас əлі сенің көшеңде,
Бес жүз жыл күт.
Сонан кейін рұқсат,

Он бес қызды қабат алам десең де!
Жігіт өкси мұңын шақты:

– Болмайды,

Бұл пəлсапаң ақылыма қонбайды.
Тасқа ұрсаң да мына бейбақ маңдайды,
Əнім əн боп самғайды.
Кəрі емендей қасарыса бергенше,

Қайран əке, ұғынсаңшы, мəн-жайды.
Тұйықталса перзентіңнің арманы,
Сені ілер қайғы-мұңның қармағы.
Одан қайта қол ұшын бер, құда түс,

Қыз үйіне бар-дағы.
Бірақ əке секілденіп тас қамал,
Үндемеді.
Таусылды енді басқа амал.

Жаңалыққа көз аз болмас оқталар,
Бой көрсетті тұсаулар мен ноқталар.
Қорғау, қолдау көрмеген соң ешкімнен,
Қол ұстасып тауға қашып кетті олар.

Бұл оқиға шартарапқа жайылды.
Діңге берік қатал қолдар байырғы
Қос ғашық іздеп тауып алды да,
Бір-бірінен айырды.

Енді лезде байтақ аспан тар болып.
Көңіліне ызғар толып, қар қонып,
Күні-түні еңіреді екеуі,
Қас қағым сəт көрісуге зар болып.

Екі ғашық алып ұшып жүрегі
Тағыдырынан былай тілек тіледі:

– «Төсте той тарқамаған,

О, Жер-анам, дарқан анам,
Ұл керек пен саған мықты?
Өзгерт онда шабандықты.
Сен үшін бұл қиын іс пе соншалық?

Шабандықта қырсық жатыр қаншалық.
Біздер ұзақ, мағынасыз ғұмырдың
Іш пыстырар мінезінен шаршадық.

Қайтіп тірлік кешеді жұрт самғамай,
Арындамай,
Ағындамай,
Таңдамай.

Махаббатсыз өткен күннің бəрі ізсіз,
Суға жазған таңбадай.
Жүрсек мейлі, қай белесте,
Дөңесте,

Сағынышпен атқан таңның бəрі есте.
Мағынасыз үш мың жылдан
Мағынамен,
Мəнмен өткен,

Махаббатпен,
Əнмен өткен,
Үш жыл артық емес пе?
Егер оны көп десең,

Айналайын алып тұлға,
Құдіретті, жұмыр жер,
Ғашығыма жолықтыр да,
Үш-ақ күндік ғұмыр бер!

Сезінбестей ет кессе де етімнен,
Лапылдайын інжулі іңкəр отыммен
Тек үш-ақ күн,
Тек үш-ақ күн бере ғой,

Сонан кейін басымды алсаң, өкінбен».
Қайсар ғалам жібітіп тас көңілін,
Қос ғашықтың қайтпасын деп меселі.
Жер бетінде адамдардың өмірін,

Отыз есе қысқартыпты деседі...
...Ал сен ғұмыр келте дейсің!..
Дауыстар

– Оңай соқпақ тауып кетті, не етерсің?

– Тамаша!

– Көркем дауыс, көркем үн

Ойлы өлеңнің өсіреді-ау өркенін!

– Жақсы оқиды екенсің!

Айымбек
(бокалын көтеріп)
Қиын шақта тізесін бүкпесін деп,
Екі жастың көп болсын деп елге тартар үлесі.

Жəне ешқашан бітпесін деп,
Мағына мен мазмұн үшін күресі,
Тойбасының тіліменен айтқанда
Мына тосты, халайық,

Көмекейге тағы аунатып алайық!
(Бəрі орындарынан тұрып бокал соғыстырады)
Тойбасы
Уақытқа сəн қосатын өзекті

Енді əнге бермейсіз бе кезекті?
Дауыстар

– Келініміз əн салсын.

– Кəне, Дария, қысылма!

Дария (орнынан тұрып «Қалғымасын ерлігің»

атты əнді орындайды)
Міне, саған ойланатын келді күн,
Азамат боп атқа міндің сен бүгін.
Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда,

Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің.
Қайырмасы: А - а - а

Бозбала,

Қанатыңды талдырма,

Алай-түлей жаңбырда,

Тізгініңді беріп қойма тағдырға,

Қуанышым.

Жан-тəніңмен бір адамды сүймегенің үшін,

Сүйе алмағаның үшін

Табиғаттың алдында кінəлісің.
Қорға, жаным, сеніміңді жеруден,
Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.
Өмірдегі үлкен жеңіс əрдайым,

Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден.
Болашағың алдында əлі, бүлдіршін,
Ер жігіттің намысында бұл бір сын.
Бүгін көрсет қайратыңды, күшіңді,

Ертең мүмкін кеш бола ма, кім білсін.
Дауыстар

– Көп жаса!

– Қосағыңмен қоса ағар!

Тойбасы
Қалықтасын пəк тілектің ақ құсы,
Хас жүйріктер жарыстарда көрінбек.
Келесі сөз

Жұбанышбай Нұрқановқа берілмек.

Дауыстар

– Көсіл, кəне, жігітім,

Тұсау тастар ешкім жоқ аяғыңа!

– Көкейтесті не тілек бар ойыңда

Ақтар бəрін жан досыңның тойында!
Жұбанышбай (орнынан тұрып)
Баяғыда,
Бабамыздың бабасының бабасы

Жүрген кезде сүйенбей таяғына
Көңіліне пəктіктен өсірген гүл,
Жомарт əрі мейірбан жесір кемпір
Ұстап апты ауласына келіп қонған бүркітті.

(Одан мұндай батылдықты кім күтті?)
Ал Бүркіттің көріп имек тұмсығын
Кемпір қатты үркіпті.
Оны өзінше «майысқан» деп ойлапты

Сөзге келмей пышағын тез қайрапты.
Имек жерін кесіп, жонып, тегістеп
Сорлы құсқа бір жақсылық жасауға бел байлапты.
Гүжім аспан əлеміне айбатты,

Қайратына тамсандырған аймақты,
Қайсар қыран тағдыры
Ақылсыздау, бірақ адал кемпірдің,
Пышағында ойнапты.

Кемпір байғұс сыртқа жайып шын сырын,
«Басы қайтты, – деп қуанды, – қауіптің».
Жона-жона имек бүркіт тұмсығын
Тұмсығына ұқсатыпты ол тауықтың.

Енді бірде бүркіттің
Өткір, ұзын тырнақтарын аңғарып,
Басын шайқап тұрып қапты таңданып:

– Мүшкіл екен,

Мүшкіл екен бұл халің,
Сорлы құсым, егер де мен жолықпасам бағыңа,
Жетіпсің-ау жүдеп өлер шағыңа, –
Деп отап ап тастады бар тырнағын.

Патша жұртқа жар салды:

– Талмас қанат,

Алмас қылыш иықты,
Маған ылғи аңсататын биікті,
Тіпті жалғыз інім өлген кезде де
Ұмыттырған кеудемдегі күйікті

Бүркітімді жоғалттым ең сүйікті.

Қыран еді ол бастан бағы ұшпаған,
Менмін деген арланды
Менмін деген киікті,
Тырнағы мен тұмсығында ұстаған.

Қайырымдылық ерлікке тəн əманда,
Бүркітімді тауып берген адамға
Ат басындай алтын сыйлау
Түк қиындық туғызбайды маған да.

Ойға, қырға шабармандар ағылды,
Жұрттың бəрі бүркітті іздеп сабылды.
Үміт оты сан тараптан жағылды
Бірақ бүркіт қиындықсыз табылды.

Мазасыздық бұлты сондай серпілді
Алас-күлес шаттық күйі шертілді.
Шадыман жұрт хан көтере мадақтап,
Патша алдына алып келді кемпірді.

Патша лезде құсын танып, түнеріп
Үнсіз қалды зілман ойға тіреліп.
Көңліндегі апас-қапас тасқынды
Айғақ керлеп жанарына жас тұнды.

Енді бір сəт оймен шолып қиырды,
Қабағын тас жиырды.
Нөкерін тез шақырды да бүркітті
Өлтіруге бұйырды.

– Тағдырыңды қасіретке байланған

Ап шыға алман, бұл тұйықтан, қайраннан.
Хош бол, құсым, – деді патша қыранға, –
Өлген жақсы қасиетін жойғаннан.
Сонан кейін:

– Иə, кемпірім, аман ба?!

Деп жадырап шыға келді ол табанда, –
Сендей жомарт адамдар,
Ауадан да қажет біздің қоғамға.
Үстем содан мерейің де, бағаң да.

Шапағатың тиді, міне, маған да.
Əттең, əттең... осы дарқан пейліңе
Ақылыңның сай келмеуі жаман да.
Тұғырыңда тұра алмайсың тағап қып,

Сөйтіп тағы жасайсың-ау ағаттық.
Нəрестенің қолындағы қанжардай –
Ақылсыздың қолындағы жомарттық.
Жаның адал.

Адал содан асың да.
Ат басындай алтыныңды ал,
Тосылма!
Бірақ мына алтын алған қолыңды,

Амал қанша, қалдырасың осында.
Тек өзіңді санай көрме ғарыпқа,
Қатал жаза қолданды деп қамықпа.
Өйткені сен қарсы шапқан жаудан да

Қауіптісің халыққа.
Қалың қауым сенен оңғақ күй көрсе,
Саған қарап жомарттықтан жиренсе,
Не болмақшы?

Ал мына алтын өзіңді
Асырасын арқаң жерге тигенше!
Қатал патша дегенінен қайтқан ба?!
Сөйтіп қолын кескен екен кемпірдің...

Анам маған осы аңызды айтқанда
Көз алдымда сен тұрдың.

Дарының да, даңқың да бар жаңғырғын,
Ақ тілектер арай шашса гүлдейсің.
Бірақ ертең не күтеді алдыңнан,
Білмейсің-ау,

Оны мүлдем білмейсің.
Тұтастырып бақ пен сордың арасын
Сиқырлайды атар таңның назды үні.
Бүгін кіммен, ертең кіммен боласың?

Тым күрделі бұл сұрақтың мазмұны.
Заман сенен аямайды бар нұрын
Мансап сені құлата алмас торына.
Жатсам-тұрсам тілемеймін тек

Тағдырың,
Түспесін деп əумесердің қолына.

(Жұбанышбай өз тостын көтеріп

тастап орнына отырады)
Тойбасы
Қызық енді басталды,
Ортамызға қатал сұрақ тасталды.

«Бүгін кіммен, ертең кіммен боламыз?
Кімге жақын,
Кімнен алыс тартады ертең арамыз».
Мына тосты жетегінде осы ойдың

Кəне, достар, үндеместен аламыз!
(Бəрі үнсіз орындарынан тұрып бокал соғыстырады)
Жігіт (ентіге жүгіріп кіріп)
Келіп қалды құдалар!

Тойбасы
Жолдастар!
Ауа райының адамзатқа «өшігуіне» байланысты,
Ұшақтың кешігуіне байланысты

Енді жетті құдағи мен құдамыз.
Құрметіне сол «айыпты» жандардың
Бəріміз де орнымыздан тұрамыз!
(Құда, құдағи, Тойтық кіреді. Қонақтарға сəлем бергелі ор-

нынан көтерілген Медет құдасының жүзіне үңіле қарайды да,
теріс айналып кетеді. Жұрт аң-таң.)
Орынбасар (Медетке бұрылып)
Меке, сəлем бермейсің бе құдаңа?

Медет (толқып)
Игі жақсы жарандар!
Айтпасқа не шарам бар.
Мына тойды Маздағымның институт бітірген

Думанына санаңдар.
Менің ұлым үйленбейді бұл қызға!
Дауыстар

– Масқара!

– Қарияға не болған?

– Əзілі мен, шыны ма?

Маздақ
Əке, Əке!..
Жындандың ба немене?
Тойтық

Бұл не деген далбаса,
Сенің ұлың болмаса,
Қарындасым байсыз қалып өле ме?
Жұбанышбай

Ау, бұл қалай, қария?
Тойтық (Дарияны сүйреп)
Кеттік, кəне, Дария!

Маздақ (Тойтықтың алдын кес-кестеп)
Өтінемін, тоқтаңыз!
Тойтық (кіжініп)
Жə, жолама, сүмелегім,

Бетіңді ет қып жіберемін,
Енді саған мəңгі жабық қақпамыз!
(Дарияны сүйреген күйі есіктен шыға жөнеледі.

Құда мен құдағи бірге кетеді)
Маздақ (Медеттің жағасына жармасып)
Ақылыңа іштің бе, əке, арақты?
Медет (ақырып)

Тарт қолыңды!
Ұл емес пе ең санатты…
Маздақ (күйзеліп)
Ендеше, сол санатыңды қара жерге қараттың,

Тағдырыма оқ аттың.
Өле-өлгенше кешірмеймін мұныңды,
Қарғап өтем осы қара күнімді.

(Бетін басып)
Бəріне өзің кінəлісің… не етемін…
Жүрегімнен мəңгілікке жазылмайды бұл түйін.
Енді сендей əкенің

Құны маған бір тиын!
Медет
Күтпеп едім…
Күтпеп едім сенен мұны… А-а-а

(Жүрегін ұстаған күйі еденге құлап түседі,

Айымбек басын сүйейді)
Орынбасар
Салиқалы жігіт ең, ақылың бар…
Бекер қызқып кеттің-ау…

Дауыстар

– Жедел жəрдем шақырыңдар!

– Жедел жəрдем шақырыңдар!

* * *
Ақын сол ойланған қалпында
Тарих

– Сонан кейін?

Ақын
Өлді…
Терең қазып жерледік.
Мүмкін менен кеткен шығар пенделік,

Егер көзбен қарар болсаң байыпты,
Ол жағдайға түгел əкем айыпты.
Тарих
Ешкім терең танымаған

Сенің əкең алып адам!
Ақын
Жоқ!
Əкемді санамаймын алыпқа,

Қонбады оған ел сыйлайтын даңқ та.
Жанын салып мені өсірді, оқытты,
Түптеп келсек ол алыптық болып па?
Ұрпағы үшін өз өмірін қимай ма.

Балық екеш титтей кета балық та?!
Иығымен көтерсін деп заманды,
Мен де өсіріп келем екі баламды.
Əке алдында бар қарызым өтелген,

Дей алмаспын, борыштар боп өтем мен.
Əйтсе-дағы əйелімнің əкесін
Артық көрем əкемнен.

Іс пайымдар əркім жеке басымен,
Əкем жайлы əңгімені доғарайық осымен.
Кеттім, қартым, басқа айтарың болмаса!
Тарих (мысқылмен)

Тым асығыс екенсің,
Саған тағы ашар сырым бар еді,
Лəкин тыңдап кетерсің?!
Ақын

Бірақ та сен салмай өгіз аяңға,
Тоқ етерін қысқа ғана баянда!
Тарих (басын изеп)
Оңтүстікте,

Дарқан Азат даласында
Отызыншы жылдардың шамасында
Əсте екі айтпайтын,
Айтса бітті, алдан қанжар кезесе де, қайтпайтын,

Жалғыз емес, жалғыз өрді дегенімен атадан,
Қауымына жаны жуас мейірімді ботадан,
Аты басқа болғанмен, мінезі үшін бір беткей
Құрбылары Қайсарбай деп атаған,

Əр таң сайын оянатын өз арының үнімен,
Жеміс күткен арманының гүлінен,
Тұрып жатты, жас жігіт
Əйелімен жəне екі ұлымен.

Бұйығы күн жайғанмен жез қанатын,
Ол бір қатал, тым қатал кез болатын.
Білім нұрын тамсана дала күтті,
Кейбіреулер тосырқап жаңалықты

Жатқанда шетке қашып,
Қайсарбай надандықты бетке басып,
Əйелімен екеуі бала оқытты
Қос құдықтың бойынан мектеп ашып.

Дəл сол кезде бүлікшілер
Бас көтерді Азатта.
Момын дала лезде айналып шыға келді тозаққа.
Тағдыр сомдап соққандай-ақ күш-кейпін

Иығынан дəуірінің ауыр жүгі түспейтін
Қайсарбайдың Көрік деген бар еді бір жан досы
Бақытты еді ол тапқанына өзіне сай серікті
Ештеңеден хабары жоқ Қайсарбай

Отырған-ды үйінде.
Екі жігіт жараланған Көрікті
Алып кірді естен танған күйінде.
О, тəңір-ай, осы ма еді, осы ма еді көрмегі,

Қайран досы көз алдында үнсіз жатты өлгелі,
Тықыршумен ернін тістеп кезе берді ол бөлмені.
«Сəл сабыр ет, қазір, қазір ертіп келем дəрігер!»
Ал бейтаныс жігіт айтты:

«Жоқ, болмаңыз əбігер,
Айналаңыз қаптаған жау, қолға түсіп қаласыз».
«Өлген жеңіл, – деді Қайсар, – отырғаннан

шарасыз».
Шығып кетті. Дəрігерді таба алмады ол бірақ.
Көңілі жер боп қайтып келсе екі иіні салбырап…
Үйі лаулап жанып жатыр, өліп жатыр жан жары,

Екі жігіт өліп жатыр қанға бөгіп қанжары.
Өліп жатыр… бəрін, бəрін қас қағым сəт шешіпті.
…Тақтайменен шегелепті терезені, есікті.
Құлағына екі ұлының даусы жетті шыңғырған,

Санасыз жау шарасызға неге мұнша өшікті?
Бұзып кірді терезені…

досы жатыр өлімге өзін ұмсынып,
Қос ұланы безбеулейді көк түтінге тұншығып,
қайсар дел-сал тұрып қалды өз сезімін електеп,
«Ең алдымен кімді ап шығу керек?» – деп.

Ақын (шыдамсызданып)
Сонан соң?

Тарих
Мəселен, сен қайтер ең?
Ақын (күмілжіп)
Б… білмеймін…

Бəлкім, алып шығар едім сəбиді?!
Тарих
Ал ол досын алып шықты.
Қос перзентін құтқармақ боп

Ұмтылғанда келесі
Құлап түсті отқа оранған биік үйдің төбесі.
Екі бірдей күнəсіз жан, екі бірдей жас тұлға
Мəңгі солай қалып қойды жанған үйдің астында…

Ақын
Мынау нағыз қыран ғой төске өрлеген.
Сонау Сақтар кезіндегі
Достық үшін өлімнен сескенбеген

Таңғажайып ерліктен
Инедей де кем емес.
Асып түсті бар биіктен мен күткен!
Одан əрі айтыңыз?!

Тарих
Бұлт серпілді.
Домбырадан күй шертіліп көңілді,
Тіршіліктің жұпар лебі қайта кезді өңірді.

Өте берді, өте берді желмаядай желіп күн,
Шат-шадыман гүлдеді өмір бұтағындай өріктің,
Қайсарбай да белін буып, бекініп,
Шаңырағынан жылу тапты Көріктің.

Шын сеніскен, сүйініскен, ұғысқан
Сірə, мұндай бола қоймас туысқан.
Міне, қырсық…
Көрік бірде екі күн

Қатарынан қайтпай қалды жұмыстан.
Көңіліне шөкім күдік ой салмай
Асыл досын іздеп барды Қайсарбай.
Жанарынан тарамаған мастығы:

– Кел, кел, – деді НКВД бастығы, –

Көрік досың арам екен, қара екен,
Тап жауымен байланысы бар екен.
Аман сақтап қалғың келсе басыңды,
Құтқарам деп əлектенбе досыңды!

Бұл ортада бас араздық жүретін-ді бұрыннан.
Жарық көрсе көбелекше қалбаң қағып бұрылған,
Əлгі жігіт жұбайына ынтық еді Көріктің,
Қайсар оның құрған торын тани кетті қырымнан.

Ақын
Оқиға енді тереңдеді.
Мынауыңыз дайын тұрған поэма.

(шыдамсызданып)
Одан кейін не болды?
Тарих

– Арам ойың орындалмас албасты, –

Деп Қайсарбай жас жігіттің алқымына жармасты.

– Қоймадың ба, онда сен де кетесің,

Өз түбіңе енді өзің жетесің, –
Деп жымиды ол аңғартып жай кекесін.
Сипап тұрып,
Құрбақаның желбезегі сияқты

Кенет ісіп шыға келген шекесін.
Ол айтқанын орындады.
Лебізіне бекем екен, «азамат»,
Сондайлардың кейде жолы болатыны ғажап-ақ.

Өтірікпен қиыстырған бір жалаға байланып,
Қайсар солай кете барды мекеніне айдалып.

Ақын
Мынау, тіпті, сұмдық екен!
Тарих
Бірақ шындық ешқашанда қалмақ емес тапталып

Үш жылдан соң туған жерге қайтып келді ол ақталып.
Келсе Көрік оралмапты.
Жанын қажап сан күдік,
Жас досының жұбайы да көз жұмыпты мəңгілік.

(Ойланып қалады.)
Ақын
Сонан кейін?
Айтсаңызшы тезірек!

Тарих
Екі өмірдің өзегіндей бұл қызыққа қарашы,
Жалғыз өксіп қалыпты үйде тəй-тəй басқан баласы.
Жесір əйел сол сəбиді қанатының астына ап,

Егіз тағдыр сияқтана отыр екен бас құрап.
Қайсар сорлы ашылғандай көңілінің бұлағы,
Нəрестені құшып тұрып айқай салып жылады.
Нəрестені құшып тұрып есіне алды ол өткенді,

Нəрестені құшып тұрып өзіне-өзі серт берді.
Қатал, өжет азаматтың мұндай кезін жылаған
Бұдан бұрын бұл өңірде көрген емес бір адам.
Тек жылаумен толтырардай өмірдегі олқыны,

Көп өкірді ол, көңілі теңіз секілденіп толқыды.
Ақын
Иə, иə, бұлайша тек күшті адамдар жылайды…
Тарих

Мұнан кейін жан адамды көзге ілмей,
Қайда бағыт ұстағанын жан адамға сездірмей,
Баланы алып Ақжайыққа көшіп кетті сол түні.
Нақ сол түннен өр жігітті қанатты,

Жерлестері мəңгілікке жоғалтты.
Қайсарбайдың күллі өмірін бұрды өзіне нəресте,
Мектепке алғаш барған кезі, шыққан кезі белеске,
Он жылдықты бітіргені…

бəрі, бəрі, бəрі есте.
Ұланының жанарына түсе ме деп көлеңке
Үйленген жоқ.
Бар қызықпен қош айтысты ол ерте.

Үйленбеді.
Тым қаталдық болды-ау, деймін мұнысы,
Бірақ оның дəуіріне сыйлаған кең тынысы,
Ұланы үшін атқарған зор жұмысы

Ұлы адамның ұлы ісі!
Ақын
Азаматтық – адамзаттың қасиетті ұраны.
Бұл əңгіме болды-ау маған ұлы сын.

Осы ұлы адам туралы
Үлкен дастан жазбасам
Ақын атым құрысын!
Тарих

Сол ізгі жан өліп кетті ескерусіз, бағасыз.
Бұған теңдес қасіретті, кəне, қайдан табасыз?
Маңдайына аямастан жазған екен соры да,
Қайран тағдыр қазір жұртқа көрінеді күлкілі.

Ал перзенті ұлы əкесін ардақтаудың орнына,
Ит етінен жек көреді бұл күні.
Ақын (ызаланып)
Ондай ұлды соттау керек!

Тарих (кіжініп)
Ə, солай ма?

Ендеше, сен өзің сотта өзіңді!
Өзің ағыз ана соқыр көзіңді!
Ақын (айқайлап)
Неге?

Неге?

Айтпайсың ба себебін?
Тарих
Кешегі өлген сенің əкең сол Қайсарбай еді ғой,
Қолындағы жетім перзент сен едің!

Ата-анаңа бірдей сыйлап қара түн,
Қайсарбайдың қиған жайсаң қанатын,
Сол кездегі НКВД бастығы
Қойныңдағы əйеліңнің əкесі

Яғни, анау қайын атаң болатын!
Ақын
А-а-а-а-а!
(Қос алақанымен құлағын басып тұрып қалады.

Сəлден кейін есін жиып)
Бүкіл əлем алдында екі бетім қаралы,
Жаным жардай жаралы.

(қалшылдап)
Қазір барып қайын атамды өлтірем,
Əке кегін аламын!
Тарих

Ол онсыз да өлген адам, қарағым!
Ақын
Ел құлағы естімеген сұмдық бұл,
Сорлы басым… кімді келгем қорған ғып…

Киіміне жасырынып шындықтың
Жан-жағымнан қаумалайды жалғандық.
Қайран əкем…
Неге-неге таңдады екен жолды бұл.

Неге маған бөліспеді
Иығындағы мол жүгін?
Тарих (күрсініп)
Оның түрлі себептері болды, ұлым…

Бірдей төзіп ыстыққа да,
Салқынға
Жер астында жатпай ма алтын көзден таса

қалпында?
Қашан қазып алғаныңша күтетін
Шындық кейде ұқсайды сол алтынға!..
Сен ақынсың өніп шыққан өртеңге

Қандай өріс ұсынасың ертеңге?
Қандай жеміс ұсынасың ертеңге?
Ойлан, ойлан…
Əділеттің қылышы

Енді сенің желкеңде,
Енді сенің желкеңде!

¥±ËÏÛÒÀÑ ÊÅÏÈÅÒІ

KEPІ ÒÅÁÓ ÇÀ£Û

Асанəлі Əшімовке
«...Cізге ғашық екенімді бүкпесіз айтқым келеді.
Мен ешқашан жəне ешкімге де, тіпті, туған ағама
да осындай сезіммен елжірей берілген емеспін...»

(Федор Достоевскийдің
Шоқан Уəлихановқа жазған хатынан)
«Досым Федор,
Мына хат – соңғы хатым.

Соңғы тыныс,
Соңғы дем қалды жақын.
Жайшылықта айырмас ақ, қараны
Сыпсың сөздер біp сəтке тоқталады.

Тоз-тоз болған ағайын басын қосып,
Ертең мені жерлеуге aп барады.
Намыстыны өлімім ойландырсын,
Босқа төккен қалың жұрт қайран күшін.

Meні жерлеу арқылы

өз ұлтының
Бір үмітін көмepін қайдан білсін?
Табылар-ау даңқымның жоқшылары,
Жалған жылау,

Жалған мұң кетсін əрі.
Бұл хат саған жеткенше, досым Федор,
Қaбіpімнің үcтінe шөп шығады.
Қажет кезде кергитін шабандана,

Өкпем таудай заңға да, заманға да.
Мен де өзіңе іңкəр ем елден ерек,
Соңғы демім арналсын саған ғана.
Мынау жалпақ əлемде өзендер бар:

Төсінен самғатып ақ қанат шағалаларын,
Мойындамайтын шектелу, шекара заңын,
Бір елден біp елге кесіп өтетін,
Байлығын сан ел несіп ететін,

Еркіне бағындыра алмай,
Табындыра алмай,
Есер күш иелерінің ecі кететін.
Кер бұлаң тіpлік кері тартып арытқанменен,

Кер қабақ мінез танытқанменен не түрлі,
Ғаламға қарайтын толық күш, толық қанменен,
Ойнауға болмайды алыптарменен,
Ұлы адамдар ұлы өзендер секілді.

Ұлы өзенім.
Кім бар саған тең келер,
Толқыныңды терең тартып шалқыдың!
Тереңіңде жүзе алмаса пенделер

Онда сенің кінəң қанша, жарқыным?!
Meйлі, ол да арыныңды тежемес,
Айналаңда қызғаныштан тор құрар.
Дарыныңның əлсіздігін өзі емес,

Өзгелерден көретұғын сорлылар.
Қай кезде де шын достықтың парқы – ұлы.
Tиіcті оған əркім басын июге.
Бір адамды, шексіз сүю арқылы

Болады екен бүкіл ұлтты сүюге.

Ерте ояндым,
Ерте күлдім,
Құштар едім өзіңмен біp гүлдеуге.
Бірақ, əттең келте өмірім

Келмей қалды күрмеуге...»
Матай тауын көлегейлеп Ай Қарады албырап,
Қандай кəусар,
Қандай бейқам таңғы уақ,

Жұлдыздар тұр біp сұмдықты сезінгендей қалтырап.
Таңғы ауамен алып соңғы тынысын,
Шоқан мəңгі көзін жұмды...
Аяқталмай қалды хат.

Қырын келген ол ма, əлде ғасыр ма.
Уыз шақта,
Жиырма тоғыз жасында,
Шоқан солай екінші өмір бастады.

Ең айдарлы жұлдызынан айрылды
Аңқау қазақ аспаны.
Жылдар озды,
Ескі тозды,

Көнерді,
Озғақ жылдар көнерте алмас өнерді.
Біp кез Омбы түрмесінің тұтқыны
Федор даңқы шарлап кетті əлемді.

Шоқан жатқан Алтынемел төсі де
Талай-талай той-думанға бөленді...
Осыменен бітіpyгe болушы еді өлеңді,
Уақыт қанша жасырғанмен өлмеген

Біp оқиға кездеспесе көлденең:
Жай үңілсең көрінбейтін астары,
Ол оқиға – тағдыр, тағлым дастаны.
Көп жыл бойы Шоқанның

Біp топ жақын достары
Ұлы адамның ұлы рухын азалап,
Қайта-қайта ұлықтарды мазалап,
Сонау Ташкент қаласынан алдыртып,

Қырат үстін балға үнімен жаңғыртып,
Мəрмəр тастан белгі орнатты басына,
«Достан – дұға» осы да.
Ізетті іске ізетсіздік жармасты,

Ардан жұрдай біp безбүйрек албасты
Ұрланып кіpіп молаға,
Екіге бөліп,
Қол диірмен жасап сол тасты,

Сатпақшы бопты қалаға.
Құныққан деген жаман ə?!
Нені ұқсын сорлы есалаң кезде,
Тағдырдың өзі салыпты оған қармақты,

Мəрмарды бұзып қашаған кезде
Көзіне тастың ұнтағы тиіп зарлапты.
Таңменен таңға кіpпігін қақпай
Дөңбекшіп,

Тулап,
Біp тыным таппай,
Жасаған емі қонбапты.
Қанталақ көзі қабынып іcіп,

Артынша жерді қармапты.
Нақ сол жылы көктемде,
Матай тауы маңындағы көк белге
Қонып ұшқан сыңар аққу

Петрбордың төбесінен өткенде,
Əлгі аққудың мұңлы əніндей
Мұңлы хабар Федордың

Құлағына жеткенде: – Шапағатқа суарылған cүйeгі, Дос сезімде қасиет бар киелі. Киеліге қол көтерген жолығады бөгетке, Сауап бопты ойсыз, арсыз төбетке, – депті ұлы адам бойын дүлей ыза буып, қасарып, Досын аңсап, жанарына жас алып... ІІ Тіршіліктің иіpімі неге мұнша көп еді, Арың өлсе тəнің қатар өледі?! Біp қасиет бар əлемде қаққан жұмбақ қанатын, Артық кетсең қатал қолмен тəубаңды еске салатын. Əрбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген, Ол – табиғат заңдылығы, ғылым əлі шешпеген. Сəл көңіліме желік енсе,

қасиетті сол заңға Қайшы келіп қалам ба деп сескенем. ÑÅÉÕÓÍÄÀÐÈß Мұстай Кəрімге Делиде болғанымда Yнді ғалымы: – Сіз Сырдария өзенінің бұрын басқа арнамен аққанын білecіз бе? – деп сұрады. Keйініpeк ауылға барғанда осы оқиғаны нағашыма айтып едім: – Балам, туған елінің тарихына немқұрайлы қараған адамның өмір жолы болған емес, – деді жүзі сұрланып. Содан бастап мені «Біз елі міздің көне тарихына назар аудармасақ, жаңа тарихтың бізге де назар аудармауы мүмкін екен-ау» деген ой жиі мазалайтын болды. (Досымның күнделігінен) БІРІНШІ ТАРАУ Кірпігіне ел мұңын ұялатқан, Сен куəсің бəpінe, зиялы ақ таң. Ох, қызарып ақтым мен қаншама рет Адам қолы тудырған қиянаттан. (Сейхун жыры) Сексеуілді дала жатты секем алып үдеріп, Сүйіктісін күтті жігіт атын отқа жіберіп. Сүйіктісін күтті жігіт тоңдырса да түнгі ызғар, Түнгі ызғардан жаурағандай дірілдейді жұлдыздар. Өмір мынау, сенім, күдік алма-кезек жарысқан, Егер сенім семсер болса, күдік деген арыстан. Күдік деген арыстан ғой, қайда барсаң біp егес, Семсер болса арыстанды жарып тастау түк емес. Үркер туды, үркерден соң күдістеніп ай туды, Ақын жігіт сонда ғана есіне алды қайтуды.

Не болды екен Гауhарайға? Күдік тағы күш алды,
Сол күдіктің шылбырына ceнім біp сəт тұсалды.
Кенет, жəуміт тыныштықтың иығын басып қаумалай
Ат дүбірі жарды қырды. Бұл əрине, Гауhарай.

Қас қағымда жетіп келді ол, қарагерін тебініп,
Қарагерден қарғып түcіп жылады-ай біp егіліп.
Көп жылады ол өз мұңына жасай алмай иелік,
Көп жылады ол Ақжəмидің иығына сүйеніп.

Ал Ақжəми басу айтты:
Сен қыз едің ұйқылыны қозғалтқан,
Дүйім елдің махаббатын маздатқан.
Жəне өзің де сол сезімге шөлдеген,

Бірақ оған жол бермеген көлденең.
Есең қайтып көрмеген еш пендеден,
Құралайды көзге ататын мерген ең.
Тек орамал тартқандығың болмаса,

Сөйтіп, салмақ артқандығың болмаса,
Гүлге табын нəзіктігің болмаса,
Анаға тəн жазықтығың болмаса.
Содан ба əлде көрінгенің керім боп,

Ерден төмен жерің жоқ.
Ер деуші едім, айнам, неге өзгердің,
Айнам, неге көз жасына сөз бердің?
Гауһарай:

Кешір, жаным, адасқандай айбыным,
Құшағында біp зымыстан қайғының.
Алдымдағы бұлың-бұлың күндердің
Жамалынан мұңымды оқып үлгердім.

Бала кезден құм көcігін суырып,
Қыр apқacын қуырып,
Біp жұтып ек жусан дəмін даланың,
Бір кезіп ек іңкəр өлке танабын.

Шаршы топтан жарып шыққан ақын ең сен ақ алмас,
Лағыл сөзден ешкім, cіpə, сендей қамал соға алмас,
Лағыл сөзбен жүрегімді өртеп едің ең алғаш,
Өртеп едің содан менің алауланып аспаным,

Келе-келе өз отыммен өзім лаулай бастадым.
Содан кейін серттестік біз секемсіз,
Қол алысып, кол бepіп.
Енді бүгін сертке барар жол бepік.

Айдарынан қыраттың
Жанға жайлы шілде желі ескенде,
Ақ шарбы бұлт керуенін кері бұрып көшкенде,
Изен иіcі мұрын жарып,

Құм жуасы бұрымданып,
Алабота бойын жазып, сəн құрып,
Көбелектер гүл қуалап қаңғырып,
Алагүлік апас-қапас шапқылап,

Қой жатқанда семіз құмның нecібecін тартқылап,
Желқобыз бен Жампоздың
Жанарынан шам жанып,
Зəрезап болған жабы да

Жалын тіктеп паңданып,
Паңдықпенен қымс еткенді аңғарып,
Айналада қылықты өмір сөз алып,
Acпaн бұлттан тазарып,

Қараған кезде көгілжім көзін төңкеріп,
Қызғалдақ далам жатқандай бейне өртеніп,
(Өртеніп деуім еркелік)
Міне, мен, айнам, сол шақта,

Шадыман оймен шат күліп,
Гүлдерден алқа тақтырып,
Мəз етіп ата-анамды,
Анамдай ардақ даламды,

Күй қосып сенің күйіңе,

Шаңырағы шалқақ үйіңе
Келін боп түссем деп едім,
Болмады бірақ дегенім.
Ақжəми:

– Үмітіңді таптаған кім,

Саған қарап оқтаған кім садағын?
Садақ оғын өз кеудеммен қағамын.
Гауһарай:
Дəрменсіздік біздің ортақ сорымыз,

Үзе алмаймыз, бұза алмаймыз оны біз.
Бүгін сонау Сейхун бойын жайлаған
Күллі алапты, бірлік емес, бүйілікпен байлаған,
Қолынан қан ұйыған

Теке сақал Бүйі хан
Мені алам деп сөз салдырды əкеме.
Əне, жаным, оған шамаң жете ме?
Ақжəми:

– Егер ұл боп туғандығым рас болса еңселі,

Бүгін түннен қалдырмаймын, алып қашам мен ceні.
Құс қанатын талдырардай мына сайын дала бар,
Талықсыған кезімізде бізгe пана бола алар.
Гауһарай:

– Бұл ойыңның, асылым-ау, алды құзар, арты жар;

Құзар шыңнан екеуміздің жайымыз бар тартынар,
Бүйі ханның əкеме айтқан мынадай біp шарты бар:
«Егер қызың менің алтын құзырымнан бас тартса,
Тілегімді жел өтінe тастатса,

Берілмесе еркінше,
Яки менен құтылмақ боп өзін-өзі өлтірсе,
Ант етемін мына ұлы хандығымның атынан
Аямаймын. Аймағыңның қанын судай сапырам».

Мұны ecітіп жігіт үнсіз тұрып қалды тістеніп,
Жамалынан жалын семіп, жігepінeн күш кеміп.
Бap үмітін зұлымдықтың біp қияпат мысы аттап,
Сосын ұзақ жылап жатты торғын құмды құшақтап.

Гауһарайдың қоштасардағы айтқаны:
Езуіне біp қуақы сыр бүгіп,
Mіpкeм дүние миығынан тұр күліп.
Сол əжуа

Əбілетті əжуа
Қойды бізді мұңды ғып.
Тұрақ еткен раң гүлдер даланы
Менсіз гүлдеп, енді менсіз солады.

Таң атады
Өзіңмен біp өткізген,
Бұл, əрине, соңғы таңым болады.
Соңғы таңым.

Қоштасамын анаммен,
Анам болған даламмен,
Ертең жылап жүрмеу үшін
Бүгін жылап алам мен.

Таң атады қаумаласып ғаламмен.
Ғаламдай кең даламмен.
Ертең күліп жүрмеу үшін
Бүгін күліп алам мен.

Аңыраған əнім қалды өзіңде
Ең бақытты кезім сенің көзіңде,
Шуақ болып құйылып тұр ceзімгe,
Ол бар кезде қаумет ізде төзімге.

Амалың не, тасты соқпақ кештің бе,
Амалың не, жанбай жатып өштің бе?

Тек басыңды жоғары ұста өлсең де,
Тек өзіңді мүсіркетпе ешкімге.
Арман барда жігер гүлі солмайды
Ал махаббат жүрек отын талғайды.

Бəлкім, мəңгі жолы сəтсіз болуы,
Біpaқ оны мүсіркеуге болмайды.
Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас жəне қайтуға.

Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пəк сезімді қор қылар.

Махаббатты үйлену деп ойлайды
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.
Аз ба өмірде жылап жүріп күлгендер,
Құр күлкінің қасіретін білгендер.

Ойлашы өзің, аз ба мынау əлемде
Сүймей, сенбей тағдыр қосып жүргендер.
Сенім жоқта сыр шегініп, қабарды ой,
Сүю жоқта арман семіп, талар бой.

Аяу керек, аяу керек оларды,
Əне, нағыз бақытсыздар солар ғой.
Өмір солай, күйзеліс көп, жұлқыс көп,
Болсын мейлі, дінің түзу, тұрмыс тоқ.

Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен
Махаббатта бұдан асқан қылмыс жоқ.
Табу қиын бұған теңдес қайғы да,
Қайран қөңіл қайратыңнан айныма.

Жұртқа салған бейшаралық қамытын
Тағдыр менің сала алмады мойныма.
Мейлі тілім ұғыспасын ғаламмен,
Тек сені аңсап сарғаярмын санаммен.

Мейлі, денем отқа күйсін, өртенсін,
Ceні сүйген жүрекпенен қалам мен.
Күші барлар жығар шалып, атып та,
Мұқыл дəурен қорлады деп тотықпа.

Cені ойлаймын, сені ойлаудан танбаймын
Залым ханның көрпесінде жатып та.
Ен даланың ерке тотай елігі ем
Елім сұлу көрінетін менімен.

Енді денем əлдeкімнің мазағы,
Бірақ əнім мəңгі біpгe сенімен.
Көңілінде көзі барлар байыпты,
Кінəламас қайрандаған қайықты.

Тағдырымыз қосылмаса, біз емес
Оған біздің заманымыз айыпты.
Заман қайтсін, маңдайында сор қалың,
Арқандады-ау талайлардың арманын.

Жолы сынсын тұлпарды озған есектің,
Қары сынсын сұңқарды озған қарғаның.
Оңазаға озбыр дөкет, берген кім,
Нəуетекке, зəнталаққа сенген кім?

Жолы сынсын бұлбұлды атқан желбастың,
Қолы сынсын аққуды атқан мергеннің.
Ақтық демің таусылғанша құлама,
Құламасын біздер сенген мұнара.

Ең соңғы ауыр қоштасудың cəтіндe
Жыламаймын, айнам, сен де жылама.

Қалықтаудан, шарықтаудан талмаған Cəнің қайда, əнің қайда самғаған. Ал мен кеттім, бəлкім, мəңгі көрмеспіз Kүліп тұрып, қолың бұлғап қал маған. ЕКІНШІ ТАРАУ Қамыңды ойлап, халіңді ойлап жаралы, Ел мұңынан өз мұңыңды қояр болсаң жоғары, Перзент болсаң бедері жоқ көк тайғақ, Тұра алмасаң болат семсер пішінде, Бөркің ұшсын доптай боп. Басың кетсін сол бөркіңнің ішінде. (Бабалар батасы) І Қызылқұмның тағы да біp қызыл иек таңы атты, Тағы да біp бала қыран даңқын көкке таратты. Сол қыранға толық ашып үлгере алмай ceзімін, Ата қыран биігінен құлап өлді өзінің. Тағы да біp көл суалып, құмның көзі бозарды, Бозаң аспан тілін тістеп, бозаң ойлар сөз алды. Қacіpeтті куəгер боп əбілетті тасқынға Үркердей топ ауыл жатты боз төбенің астында. Үміт кейде боз төбеде жоғалған біp жез ине, Жігіт отыр сол төбенің маңындағы боз үйде. Тоқтау бар ма? Күндер де біp құм секілді сырғыма, Гауhараймен қоштасқалы өтіп қапты-ау біp жұма. Зымыстандай біp жұма өтті, атын мұңға шалдырып, Ақжəмидің маңдайына екі сызық қалдырып. Бұл кездері көптен жеңіс қолға түспей торыққан, Хан əскері көп олжамен келе жатқан жорықтан. Шаттық хабар хан көңліне зор қуаныш құйған-ды, Сондықтан да екі тойды біp жасауға ұйғарды. Үш күннен соң той болады. Бітті дей бер əңгіме, Арманындай Гауhарайдан айрылады ол мəңгіге. Жо-жоқ, енді тіршілігін істеу керек тіpі адам, Еркек емес, жігіт емес жел ығына құлаған. Атқа қонды. Ауыл жатыр бəз баяғы көркімен, Даналықтың нұрыменен, пенделіктің өртімен. Бəз баяғы аңғалдықпен, бəз баяғы пəктікпен Əлдекімнен ойы суып, əлденеден бақ күткен. Оны қойшы, табиғат та тыс қоймапты жазадан, Бұл ауылдың су азабын тартқанына не заман. Ерні кепкен шөл далада тұрмас еді ел біp күн де, Бірақ ата мекен жайын қиып кету мүмкін бе? Кімге тастап көшпекші олар ата-баба мазарын, Олар кетсе туған жерге кім бұрады назарын? Жоқ, атама, қимайды жұрт ата-қоныс даланы, Құмда туды, моласы да құм төсінде қалады. Сонау Сейхун өзенінен – табиғаттың сыйынан Жалғыз құлақ су бермеді-ау діннен безген Бүйі хан. Қаншама рет құдық қазып көрсетсе де ел тегеурін, Басын шайқап мазақтады, берілмеді бедеу құм. Қайран ауыл қайтсін енді күйі шабан, үйелең, Күнде ертемен күндік жерден су тасиды түйемен.

Ақын жігіт атын тежеп ұзақ тұрды соны ойлап,
Ең алғашқы сəуір таңы келе жатты арайлап.
Сапар сəтті болғай-ақ та, үзілмегей таралғы,
Ақын енді Бүйі ханның ауылына жол алды.

Шіркін, сенім ер жігіттің жолдасы ғой қайда да,
Бұл сапарда білек күші асар ма екен пайдаға.
Кім біледі, таба ала ма, таптыра ма жол айла,
Бүйі ханнан кек алуға бел байлады ол қалайда.

Бірақ қанша қамшы басып тездеткенмен ақылды,
Ақыл барып Енжарлықты сырласуға шақырды.
Сөз бастады Енжарлық:

– Ойлаңдаршы, не ұтамыз жанжал ғып,

Кетпеді ме кетер қыз.
Жолға шықтық бекер біз.
Қолға түссек торға түскен торғайдай
Зындан торын сығалаумен өтерміз.

Бас аманда, баста құлақ аманда,
Тілді алсаңдар қайту керек табанда!
Ақын тағы тезге салып көpіп еді ақылды,
Ақыл барып Өжеттікті сырласуға шақырды.

Енжарлықтың шерткен сырын өзек қып
Шашын жұлып ашуланды Өжеттік:

– Нəуетектің айтқан сөзін қарашы,

Əйгі болды əужайыңның шамасы.
Сапар ұзақ, бұрылатын жол қайда,
Бұрылғанша өліп кетсек болмай ма?
Еш қайсыңнан мəн көрмедім татырға,

Ұқсап өлу керек еді батырға.
Ақыл, сен де кеңес aшып көлгіpcіп,
Қысталаңда басты бекер қатырма.
Өл бүйткенше. Қара мұның тыншуын,

Заузатыңнан қауқарың жоқ біp сығым.
Егер Айла бірге жүрсе
Ханыңның,
Өзім барып тегістеймін тұмсығын.

Қайда менің Айла досым, Айлашым,
Кеттік, қане, соңымнан ер, қайдасың?
Ақыл айтты:

– Дeміңді бас делеңдеме, бақырма,

Елеңдеме, бұлтты күні соқыр дауыл шақырма.
Өжет бұған құлақ аспай жетіп барды Айлаға,
Жетіп барса Айла сорлы байлаулы екен Ақылға.

– Ой, сұмдық-ай, – деді Өжеттік бар ашуын малданып,

Жол шетіне аунай кетті бетін тырнап долданып.
Ақын тағы тезге салып көpіп еді Ақылды,
Ақыл барып Махаббатты сырласуға шақырды.
Кенет мaңғаз паң даланың еркін баурап талдырып,

Ту биіктен естілді біp жан тербеген жаңғырық:

– Ғасырлардан ғасырларға жол алған,

Ұшып келген арман атты аралдан
Mен тірліктің ақ құсы едім, аппақ ардан жаралған,
Даңқым алыс таралған.
Көктем гүлін қадасам да шашыма,

Ылғи көктем еріткенім жоқ қасыма.
Қонған жоқпын анау-мынау биікке,
Қoнған жоқпын кез келгеннің басына.
Қара түнді көп кешсем де азалы,

Жəне ешкімнің болған жоқпын мазағы.
Маған жаза тартқызамын дегеннің
Өзі тартты жазаны.

Тағдыр мені салды қанша сотқа да,
Мойығам жоқ, күйген жоқпын отқа да.
Маған арнап оқ атқанның барлығын
Жазып қойды тарих қара тақтаға.

Сескенсе де осы қара тізімнeн,
Көп қадалды ала көздер сүзілген.
Тек күншілдік орағытты алдымды,
Тек зұлымдық қалмай қойды ізімнeн.

Жадау шақта, аласармай айбыным,
Жүзіп келем іңкəр дүние айдынын.
Қанатымда самалы бар бақыттың,
Саусағымда жүзігі бар қайғының.

Сұлулықтың сəні болып өрілдім,
Қорқыта алмас ызғары да өлімнің.
Біp көзімде cəyлecі бар үміттің,
Біp көзімде шуағы бар сенімнің.

Ашқан жанға жүрегімнің кілті мың,
Кілтсіз менің ашылмады біp күнім.
Көмейімде əуезі бар бұлбұлдың,
Езуімде сыңғыры бар күлкінің.

Ождансыздар сатқанымен халқымды,
Ешкім менің сата алмады даңқымды,
Мазақ етіп күлге тeyіп жібердім
Meні сатып алмақ болған алтынды.

Əділдіктің жолын күтіп сарылсам,
Өкінбеймін қайтпады деп қарымсам.
Мен сендерге жалынбаймын құтқар деп,
Мен Махаббат болмас едім жалынсам.

Маңғаз жатқан паң даланы тағы есінен тандырып,
Əнге ұласып кетті лезде жан тербеген жаңғырық.

– А-а-ау, а-а-ау, а-а-ау,

Ақын тағы тезге салып жұмсап еді Ақылды,
Ақыл қайта Енжарлықты сырласуға шақырды:
Mінe ғажап, сорлы Енжарлық жерді тіpеп төсімен,
Eзyінeн көбігі ағып, талып жатыр есінен.

– Біттім, – деді ол ecін жиып, – көп мазалай

бермеңдер,
Мүмкін болса енді мені осы араға жерлеңдер.
Ақын бұған масайрады. Тағы жұмсап Ақылды
Өжеттікті екінші рет сырласуға шақырды.

Сөйтсе ол барып арқасына мініп апты Намыстың,
Көрдіңдер ме, – деді күліп, – туысыммен таныстым.
Намыс айтты: – Мына қызба маған келіп жабысты,
Бұл бар кезде менің жолым болар ма екен табысты?

Төзім айтты: – Мен тіріде қорықпа да торықпа,
Ылғи сені қорғап жүрем, қолдап жүрем жорықта.

– Жоқ. Төзімді ерітпеу керек, – деп Күншілдік

күңк етті, –
Асау ойды шабандатып өзін-өзі күлкі eтті.

– Төзім мені сан ғасырлар қорғап келді күйіктен, –

Деп Махаббат масаттана дауыстады биіктeн.
Ақын ұзақ ойға Шомды. Дала жатты керіліп,
Түнгі ұйқыдан көзін ашып, жаңа үмітке бepіліп,
Күрсінді ақын. Жаны ерекше болатын-ды сымбатты.

Сосын туған даласына оймен қарап тіл қатты:

– Қайран ұлы қауметі зор далам-ай,

Қысталаңда бөлісе алар қайғыңды
Ұл туғыздың айбынды.
Ұл туғыздың сымбатымен, сəнімен,
Ұл туғыздың ойы жақұт, жаны кең,

Олар сенің айдындатты даңқыңды
Тіршілікке мəңгі өлмейтін əнімен.
Өтті қанша қиқу салып зeңгіp күн
Epлepіңді ертеңіне сендірдің.

Бірақ кейде өзін туған алтынның,
Даңқын жезге жендірдің.
Қайран, ұлы caйpaн далам, Отаным,
Мені есейтіп кетті нұрлы шапағың.

Біpaқ кейде бойы мұқыл төбенің,
Биік шыңнан жоғары еттің атағын.
Алуан үрдіс, алуан сідет меңгердің,
Талаптының қанатына жел бердің.

Панасы сен күннен қашқан байғыздың,
Анасы сен еңіреген ерлердің.
Қайда барсаң, қамалау мен алалау,
Қайтем сені, жаны cəyіp далам-ау.

Ер туғаның ерлік еді, тек қана
Тез жоғалтып алатының жаман-ау.
Кейде заман тасқын болды, тасқынды
Тоқтата алмай сенің қайғың асқынды.

Тұлпар тудың,

жампоз тудың,

бұл дұрыс,
Біpaқ қайдан ойлап таптың қасқырды?
Бақытты еттің қай көктемді, қай күзді,
Бұлт шeгінce айдарыңда ай жүзді.

Қыран тудың,

бұлбұл тудың,

бұл дұрыс. Біpaқ қайдан ойлап таптың байғызды? Боларсың ба ождансыздан от күткен, Ойға сыймас аңқаулығың көп тіптен. Қатар өсті қалампыр мен шоңайна, Қызғалдағың қатар өсті шеттікпен. Қайран бейқам, ихсандығы зор далам, Зор тұлғаңды бейқамдық па қорлаған. Мен өкшемді саған тіpeп өcіп ем, Өкшең қисық десе біpey арланам. Өзің айтшы, арқаң қанша қабарды? Соншама арман əнін ерте доғарды. Ақын тусаң, құзға салдың соқпағын, Баян тycaң, қоса тудың Қодарды. Мейлі, мейлі күдіс емес ол да аса, Бақыттымын нұрың мені қолдаса. Ұлы дала аталмас па ең, бəлкім, сен, Осындай біp қайшылығың болмаса. Біpaқ дала үндемеді, əлденені ойға ала, Əлденеге сүйсінгендей күлімдеді жай ғана. Күлімдеді жас үйіріп көзіне, Кім біледі ұлылық па үндемеудің өзі де. Жымиды ақын, дидарына қосып əсем өңділік Бұйра бұлттар əлдеқайда бара жатты жөңкіліп. Шіркін, қайсар қанаттыны, қандай күш бар бөгеген, Саңқ-саңқ етіп бала қыран ұшып өтті төбеден. ІІ Шаршатсын ба жастық шақтың қажыры мен дауылы, Ұзақ жүрді ол. Əне, əне, Бүйі ханның ауылы. Хан тұқымы жұрттан ерек əбзелдетіп бағасын, Емін-еркін жайлап жатыр дарияның жағасын. Еріксізден ойды бұрып, жауын алған жанардың Мынау заңғар сəн сарайлар меншігінде солардың. Айналасын мұңға бөлеп, біp қорғыныш төндіріп, Ұлы Сейхун өзенінен жатыр екен сең жүріп.

Кенет ащы шу естілді. Бұл не дабыл? Macқapa!
Туырлықтай сең үстінде барады ағып жас бала.
Қaзіp-қaзіp бітеді енді, аунап кетсе, болғаны...
Онда балғын біp өмірдің мəңгілікке солғаны.

Долаң үpей құшағында қолын жайып балаға,
Біp топ адам ecі шығып жүгіріп жүр жағада.
Жүгіріп жүр ecі шығып жан-жағына алаңдай,
Көмек сұрап, ал өздері тəуекелге бара алмай.

Ұлы дария қаhарланып, буырқанып, толғанып,
Сең мен сеңді соғыстырып, тасып жатыр долданып.
Тағдыр ерге сыбағаны тартады екен не түрлі,
Жігіт аттан қарғып түcіп дарияға секірді.

Нəн толқындар өркештеніп жан-жағынан қаумалап,
Қаумаласып алып ұрмақ, ердің еркін баурамақ.
Бөренедей біp сең келіп соғып өтті ақынды,
Ақын біраз басы айналып, күшін қайта шақырды.

Бар арманы, бар өнері су астында қала ма,
Сонда қалай? Бұған да ажал қыл тұзағын сала ма?
Жо-жо-жо-жоқ! Ұл керек қой мына ұлы далаға,
Перзентіңе күш-қуат бер, тапқырлық бер, жан Aнa.

Сең астымен жүзіп жүріп əpeң жетті ол балаға,
Əрең жетіп, бүлдіршінді aлып шықты жағаға.
Алып шығып жата кетті ол, төсін жерге қыздырып,
Арқасында сау-тамтық жоқ, кеткен екен мұз тіліп.

– Неткен көзсіз батылдық бұл неткен іңкəр адамдық.

Деп жамырай таңдай қағып алғыс айтты оған жұрт.
Ал бүлдіршін кімнің ұлы? Бұл қызыққа қарашы,
Бүйі ханның бəйбішеден туған жалғыз баласы.
Ыңыранып хан да жетті екі өкпесін қолға алып,

Аман қалған жалғыз ұлын құшып cүйді толғанып.
Жалғыз ұлын кім құтқарды? Сұрамады оны да,
Қайтпақ болып ыңғайланды асасын ап қолына.

– Алдияр хан, – деп сол сəтте біp қария тіл қатты –

Бұл мінезің мін болмай ма ақылыңа сымбатты.
Ұлыңды кім құтқарғанын тіпті білгің келмей ме,
Бүйте берсең, ел ішінде ізгі сезім өлмей ме?
Тірлігінде ізгіліккe тас атқан жан оңалмас,

Анау тұрған жас жігітке алғыс айтып, амандас!

– Ə, солай ма? – деп зорлана езу тартты Бүйі хан, –

Ендеше, бұл құр қалмайды ұлы ханның сыйынан.
Ашулы ғой, көтерейік көңілінің күйін біp,
Уəзір қайда? Жігітті алтын доқабамен киіндір!

– Керек емес, алтын менің арманымды ақсатар,

Өлкеңізге киім іздеп келгенім жоқ, ақсақал.

– Не жорық бар, мұздай болып киінгісі келмесе,

Бұл жігітті ертең маған ап келіңдер, ендеше.

ІІІ Хан өзінің тұрмақ болып уəдесінде бұйдалы, Ертеңгілік ордасына күллі халқын жинады.

Жинады да мұз көңілін тұңғыш рет жібітті,
Екі нөкер хан алдына ертіп келді жігітті.

– Ал, жас батыр, байқап тұрмын мінезің тым өр екен,

Өpлігіңe байланысты болар бəлкім мерекең, –
Деп Бүйі хан біp тоқтады, – жан екенсің табанды,
Кеше өлімнен aлып қалдың менің жалғыз баламды.
Байғазысы болсын соның, арманыңды айт көздеген,

Біpaқ жалғыз тілегіңді орындауға сөз берем.
Бəлкім, маған уəзір болып қаларсың ақ ордамда,
Бəлкім, саған байлық керек, оныңды да айт, арланба.
Əлде сұлу қыз керек пе жұрт тамсанған көpкінe,

Мұны өзің шеш, өзің таңда беріп тұрмын epкіңе.
Осы сəтте Ақжəмиді екі сезім биледі,
Екі сезім биледі де екі жаққа сүйреді.
Екі сезім. Екеуі де бастар еді мұратқа,

Бірінші боп Гауhарайдың үні жетті құлаққа:
«Сұңқарым-ау, құтқаруға келдің бе,
Дүлей-шампа тағдырыңның қиқарлығын жеңдің бе?
Бұлың-бұлың болашақты алға сап,

Шіркін, егер жолымызды жалғасақ.
Қатар ақсақ өмір атты белеңде,
Бізден асқан бақытты жан болмас еді-ау əлемде».
Қандай қиын біp доғалы тағдырлардың ауысы

Екіншісі – туған өлке, ата-баба дауысы:
«Ұлым, мынау келте өмірді
Ұзартудың жалғыз ғана жолы бар.
Қане, жылдам қайратың мен қажырыңды қолыңа ал,

Нағыз қыран мəңгі ардақтап өтер болар өз көгін,
Өзіңді өзің ұмыта біл, бақыты үшін өзгенің.
Жеке шаттық біp басқа.
Арманыңның айы алдан тусын-aқ...

Біз қайтеміз. Елің жатыр epні кеуіп сусырап».
Екі елес те ғайып болды өз дегенін ұқтырып,
Ақын сонда сөз бастады ханға қарап тік тұрып:

– Кеше де айтқам, тақсыр хан!

Маған байлық керек емес,
Өз байлығым өзімнің жүрегімде,
Жылу сұрап келгем жоқ бұл өңіpгe.
Жоқ əлде біp үстемдік aңcaппын ба?

Керегі жоқ уəзірлік мансаптың да.
Ал сұлу қыз өзімде бар болатын,
Барлық əнім тек соған арналатын.
Ойда жоқта ақсады арман – атым,

Соны ақсатқан адамның мойнында
Тиіс eді ойнауға шар болатым...
Жə, жарайды... Айтайын тілегімді
Бұл тілек – ел тілегі,

Егер-егер мұны айтпай, басқаны айтсам,
Онда мені намысым өлтіреді.
Қызылқұмда мекенім, ата-бабам,
Жерім жатыр сусырап қаталаған,

Мұның бəрі маған мұң.
Kөзі ашылсын ұлы қуаң даламның,
Хан басыңмен айнып кетсең, еркіңде,
Тұрар болсаң сертіңде,

Ақылдасып алғаннан соң еліммен
Ұлы Сейхун дариядан –

Тек қалаған жерімнен Су бересің біp құлақ. – А-ха-ха-ха, – деп мəз болды Бүйі хан Екі санын ұрғылап. – А-ха-ха-ха! Еcті ме деп ойлап ем, Есерлікке не дейін, Тек сол болса көмейің Бір құлақ су аздық eтіп жүрмей ме Екі құлақ берейін. Аха-ха-ха, есерлікке не дейін?! ІV Бақытты ғой – иығына ел сенімін артқандар, Туған жерде пайғамбардай қасиетті қарттар бар. Туған жерде ғұламалар, даналар бар не түрлі, Ен даланың жазылмаған оқулығы секілді. Жанарынан шапағатты жалқын сəуле шашырап, Олар ұзақ кеңес құрды Ақжəмиді қасына ап. Мақсат айқын. Тек біp ортақ шешім таппай

тұрғанмен
«Сейхун суын Қызылқұмға қай арадан бұрған жөн?»
Біp қарт айтты: – Қол көрсеңдер мен кесейін

нарықты Үш тораңғыл мүйісінен қаздырыңдар арықты. Кеудесі ылди, арнаға сай, əрі беті шeгіpeн, Жер қабаты өте жұмсақ, аңғарғам-ды шөбінен. Əрі ол маңда ескі оқпан бар, суыр, тышқан, іні көп, Оқпан барда бұл мақсаттың орындалмас жыны жоқ. Қарт ақылы мақұлданды. Осы болды келісім. Күндік жерден арық қазу аз бейнет пе ел үшін. Міне, ақыры дариядан су алынды біp құлақ, Асау толқын құмға қарай бет түзеді сылдырап. Басы сəтті. Неге апарып соғар екен жалғасы, Біpтe-біpтe кеңи берді жас арықтың арнасы. Туған жерде ғұламалар, даналар бар не түрлі, Ен даланың жазылмаған оқулығы секілді. Көзбен көрмей, бұл ғажапқа нана қою мүмкін бе? Ұлы дария жаңа арнаға аунап кетті біp түнде. V Ертеңгілік семіз yəзіp біp cүpініп, біp құлап, Шырт ұйқыда жатқан ханды зорға оятты жұлқылап. – Ойбай, сұмдық! Енді қaйттік, тез тұрыңыз, ұлы хан, Осы болар құрыған. Жер соқтырып кетті бізді қызылқұмдық жас бала, Сейхундария басқа арнаға аунап кетті, масқара. Аунап кeтті, қол үздіріп барлық игі жақсыңнан, Барлық дəулет, сəулетіңнен ажырадың, тақсыр хан. Хан қалбақтап сыртқа шықты. Кереметке қарай қал! Қаңырап тұр су үстіне салған зəулім сарайлар, – О, масқара, құтылуға табар ма екем жол бұдан, – Деп дірілдеп түсі қашып жынданардай болды хан. Ал маңайда жан адам жоқ, yəзіp ғана қасында, Жұрттың бəрі жүрген еді жаңа арнаның басында. Ecі шығып хан да жетті. Жұрт жол берді қаумалай, Міне, қызық, біp топ қызбен осында жүр Гауhарай. Гауhар десе Гауhар-ақ қой қараған жұрт сүйсінген, Айлы жүзі бал-бұл жанған, ақ сəукеле киінген.

Шаттанады, қуанышын қоярға жер таба алмай,
Көптен күткен бақытына бүгін жеткен адамдай.
Хан қарлыға дауыстады: – Біp айласын табыңдар,
Əскер қайда, жабылыңдар, жаңа арнаны жабыңдар!

– Олай ету мүмкін емес, – деп Гауhарай қатты тіл, –

Енді қайтып жамалмайды бұл жыртылған шаттығың.
Бұдан асқан азапты,
Бұдан өткен мазақты
Tіпті ойлап таба алмассың,

Жолың қара болған соң ағармассың.
Бүгін сенің мұнар күнің,
Жəуміт күнің, жылар күнің,
Ойың шабан, тасбақадан озбаған,

Əттең, шындап жылауды да тағдыр саған жазбаған.
Осынау зор кереметті жасаған
Батыр жігіт – менің жарым болатын.
Екеумізде бір-ақ арман бар еді,

Сол арманның сен күйдірдің қанатын.
Сен орнаттың басымызға қара түн.
Хан болсаң да жүрек шамың жанбаған,
Үні жойқын, діні мықты,

Heбіp ғажап ұлылықты,
Тек махаббат ашатынын білмейсің-ау, сен надан.
Сүйген жүрек мақсатына иек артпай тынар ма?
Сол жігіттің маған деген сағынышы бұл арна.

Қане тоқтат, мықты болсаң.
Біpaқ қуат қайда ондай?
Ізгіліктің желкесінде ойнап едің тайраңдай,
Абыройың төгілді енді итке құйған айрандай.

– Əкетіңдер, мынаны тез, шаптығуын қараңдар, –

Деп Бүйі хан дір-дір етті. – Əкетіңдер, қамаңдар!

– Əкете бер, қорықпаймын мен енді,

Кеудем асқақ махаббаттың жеңісіне бөленді.
Жеңіс маған мəңгі берді қол ұшын,
Бақыттымын,
Тəкаппармын сол үшін.

Оны ұғатын қайдан болсын от сенде
Өкінбеймін қазір өліп кетсем де.
Екі нөкер алып бара жатты қызды қамауға,
Лезде алтын күн дарияны бөледі əсем алауға.

Шіркін, қайсар қанаттыны қандай күш бар бөгеген,
Саңқ-саңқ етіп бала қыран ұшып өтті төбеден.
Сүйіктімe менен сəлем жеткізерсің дегендей
Қыз қыранға қолын бұлғап жүре берді бөгелмей.

Оң қанатта Сейхун жатыр толқын атып жарқырап,
Қош бол, қош бол, – деп күрсіне сыбдырлайды

бал құрақ.
Сен өлмейсің, сен өлмейсің деп тұрғандай жел күліп,
Іңкəр таңнан хабар айтып болашаққа сендіріп.
Сол болашақ не сыйламақ? Əлде бəрі бітті ме?

Бəpі мүмкін. Қыз ол жайлы ойлаған жоқ тіпті де.

МАЗМҰНЫ Ақын туралы пікірлер .................................................................................... 3 ӨЛЕҢДЕР МЕН БАЛЛАДАЛАР Төрт ана ............................................................................................................ 13 Ғашықтық ғаламаты ........................................................................................ 14 Əйелдер ............................................................................................................ 20 Шың басындағы оқиға .................................................................................... 22 Өзендер ............................................................................................................. 26 Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап ..... 27 Арман ................................................................................................................ 29 Түсінісу теоремасы .......................................................................................... 33 Маған арман жалғағандар ............................................................................... 36 Отан .................................................................................................................. 37 Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен

қарттық жайлы əңгіме ..................................................................................... 40 Наурыздың оралуы немесе үш анықтамаға байланған өлең ....................... 42 Алтын, күміс жəне қалайы ............................................................................. 46 Уақытша жеңістер ........................................................................................... 47 Адам қанындағы поэзияны қорғау немесе

Палестина ақыны Муин Бсисумен үш минут үнсіздік ................................ 49 Жанерке ............................................................................................................ 55 Мұрын жайлы əзіл немесе Расул Ғамзатовпен танысқан кезде

жазылған жыр .................................................................................................. 59 Көктем бұлтсыз болмайды ............................................................................. 61 Ғұмырымыз сан үміттен тұрады... ................................................................. 73 Эверестке шығу ............................................................................................... 74 Динозаврлар мен егеуқұйрықтар ................................................................... 76 Жігіттің екі сипаты .......................................................................................... 84 Үнсіздік ............................................................................................................ 85 Көкірегімде төрт сəуле бар төрт бақыттан тұратын... .................................. 86 Алғашқы махаббатқа хат ................................................................................ 87 Тереңдік жыры ................................................................................................. 90 693 жəне 7 немесе Қазақстан Жазушылар одағы ......................................... 92 Қалдаяқов өзені ............................................................................................... 95 Төлеген Айбергеновті еске алу ................................................................... 97 І. Сағыныш мұңы .................................................................................... 97 ІІ. Мен бар жердің бəрінде сен боласың ............................................... 98 ІІІ. Айбергенов шыңы ............................................................................. 99 Бұл қазақтың жері неткен кең еді... .............................................................. 101 Түркістандағы тау ......................................................................................... 102 Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарағұловты іздеу .................... 103 Қазір мені үш топ адам қоршап тұр ............................................................. 105 Қанша адаммен достастым... ....................................................................... 107 Екі алыппен қоштасу .................................................................................... 108 Шапағат .......................................................................................................... 110 Мен туралы ойладың ба? .............................................................................. 114 Ауруханада ..................................................................................................... 116 Таулар .............................................................................................................. 118 Торғай дəптерінен .......................................................................................... 119 Мен қыз үшін ұялдым ................................................................................... 120 Тілек ................................................................................................................ 122 Қызықсың-ау тым ұқсаспыз дейсің сен... ................................................... 123 Тоқшылық ...................................................................................................... 124 Жайықпен жүздескенде ................................................................................ 127 Еркектер жыры .............................................................................................. 128 Жалын ............................................................................................................. 129 Мені неге Мұхтар қойған? ............................................................................ 130 Ұшақ үстіндегі ой .......................................................................................... 133 Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат .................................................................... 134 Цемент ............................................................................................................ 138 Тарысы бар аймақтың ................................................................................... 139 Қасым Аманжоловты қабылдамаған адам хақында ................................... 140 Жароков көшесіндегі кездесу ....................................................................... 142 Барселона əуежайындағы сұңқарлар ........................................................... 147 Қараспан қыпшақтары .................................................................................. 152 Жомарт жүрек тағылымы ............................................................................. 156 Рух мектебіндегі мұң .................................................................................... 157 Тарихқа үңілсең сезер ең... ........................................................................... 158 ЖАДЫМДА ҚАЛҒАН ЖАЙСАҢДАР Оралу .............................................................................................................. 159 Алғыс айтып өтем саған ............................................................................... 160 Қарағайға қарсы біткен бұтақ ...................................................................... 161 Сафуан Шаймерденовтің рухына ................................................................. 161 Болатхан Тайжан ........................................................................................... 162 Оразхан Жарқынбек ...................................................................................... 162 Бəйтерек ......................................................................................................... 163 Шындық тауына шыққан қыз ...................................................................... 164 Жеңіс пен жеңіліс арифметикасы ................................................................ 165 Қазақтың бас бұлшық еті .............................................................................. 167 Байлық пен сараңдық эллегиясы ................................................................. 169 Отырар кітапханасының рухын жəне Шəмші Қалдаяқовқа ғашық болған қыздарды қорғау ............................................................................................ 171 Қымыз жəне қарттық шақ, Малайзия королі мен оның жұбайы немесе Айтматов неге өкпеледі? ............................................................................... 174 Қайшылық ...................................................................................................... 177 Құдаша ............................................................................................................ 178 Ла-Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы ............................... 181 Дара талғам қасіреті ...................................................................................... 184 Жұбайлар бар əңгімесі таусылған ............................................................... 187

Достық өлкесінің заңы .................................................................................. 188 Байқаймысың... ............................................................................................. 190 Бөдене таланттар мен Қажымұқандар ........................................................ 191 Қауіпті молекулалар ...................................................................................... 194 Қалдыбек Құрманəлінің сүйікті ұлы Мұхтар-Шаханның

тойында айтылған тілек ................................................................................ 196 ТЖ-лар – туфли жалаушылар ....................................................................... 198 «Екі Шыңғыс өнегесі жəне мəңгүрттік қасірет» ........................................ 200 Құлдық сана зардабы немесе төртке бөлінген қазақтар ............................ 202 Бағынпаздықтан өрбіген жағымпаздық ...................................................... 204 Мəңгүрттенген жолбарыстар мен ұлтсызданған қазақтар ........................ 206 Өз ұлтыңмен бірге болсын тынысың .......................................................... 212 Қазақстан алпауыттарының араб байларынын айырмашылығы неде? ... 213 Қоразкүл ......................................................................................................... 215 Қырғыз дəптерінен ...................................................................................... 217 1. Қырғыздар мен қазақтар .................................................................... 217 2. Алықұл Осмоновтың ескерткіші алдындағы ой .............................. 218 3. Шабдан батыр жəне қазіргі байлар ................................................... 219 4. Тұлпар ақын арыны .............................................................................. 220 5. Қоштасу .................................................................................................. 220 6. Түгелбай тауы ...................................................................................... 221 АЛҒАШҚЫ АДЫМДАР НЕМЕСЕ ІЗДЕНУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЫРЛАР Қараңызшы, ұяң жігіт болып өстік біз деген... ............................................ 222 Жетектеп ап бүлдіршіндей сумка асынған баланы... ................................ 222 Намыс, намыс, мұның қалай, неге алмайсың бір тыным... ....................... 223 Студенттер ...................................................................................................... 223 Айтсам деймін барлық асыл сөзімді... ........................................................ 224 Қыздарға ......................................................................................................... 225 Əн .................................................................................................................... 225 Серт ................................................................................................................. 227 Кейде тауға қарап тұрып еске аламын досымды... ...................................... 228 Алма бақтың ұрылары .................................................................................. 228 Ақ пен қара ..................................................................................................... 229 Жақын жүрсем, əрдайым сен жанымнан табылдың... ............................... 230 Жол үстіндегі ой ............................................................................................ 230 Құрбыммен əзіл ............................................................................................. 231 Көңіл айтты: саған жігіт, білу керек мынаны... .......................................... 231 Кездесу ........................................................................................................... 232 Бақтар, неге үнсізсіңдер? .............................................................................. 233 Достық туралы ............................................................................................... 234 Арифметикадан басталған өлең ................................................................... 235 Мұра ................................................................................................................ 236 Еске алу .......................................................................................................... 237 Мүгедектер – тəн саулығын аңсаған... ....................................................... 237 Адал жүріп келеміз-ау десек те... ................................................................. 238 Туған жермен сырласу .................................................................................. 239 Үйленген досқа .............................................................................................. 240 Жасқанам ........................................................................................................ 241 Сырласу .......................................................................................................... 241 Аға ................................................................................................................... 244 Тағдыр маған берсе деуші ем, игі арманын бағбанның... .......................... 244 Ұйқысыз өткен түн ........................................................................................ 245 Ойсыздарды ойпаңдағы төмпешікке балаймын... ..................................... 247 Қалайша жүрем жастықтың жырын толғамай... ....................................... 247 Екеуміз де екі ананың гүліміз... ................................................................... 248 «ӨРКЕНИЕТТІҢ АДАСУЫ» АТТЫ РОМАННАН ҮЗІНДІЛЕР Компьютербасты жарты адамдар (Рухсыз күш формуласы) ..................... 249 Еркектерге көзқарас немесе əйелге сирек жолығатын бақ ........................ 253 Ел тілегінің күші ............................................................................................ 255 Құрметсіз, шыншыл тұлғалар немесе Түрік қағанатының құлауы .......... 258 Бақыт геометриясы ........................................................................................ 262 Желтоқсан алаңы ........................................................................................... 264 Бесінші еркек ................................................................................................. 265 Əмір-Темірдің соңғы өсиеті ......................................................................... 268 «ЖАЗАГЕР ЖАДЫ КОСМОФОРМУЛАСЫ» АТТЫ РОМАННАН ҮЗІНДІЛЕР Ұлылар мен орташалар ................................................................................. 273 Гималай жолбарыстары немесе малдық сана туралы мұң ........................ 274 Қасқыр аулаушылар қулығы жəне саразбан сабағы ................................... 275 Тарихи жады тұжырымы .............................................................................. 278 Жетінші түйсік ............................................................................................... 281 ПОЭМАЛАР Махаббатты қорғау ........................................................................................ 283 1. Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек ................................... 286 2. Ғайша ................................................................................................... 290 3. Түркістан аңызы ................................................................................. 292 Нарынқұм зауалы .......................................................................................... 297 1. Махамбеттің соңғы сөзі .................................................................... 297 2. Əке үкімі ............................................................................................... 299 Отырар қаһармандығы немесе жеңілген жеңімпаз туралы дастан ........ 303 Жаңғырық немесе Ақсақ Темір атауы қалай басталды ............................. 313 12–3=? .............................................................................................................. 322 Танакөз ........................................................................................................... 327 Күре тамырды іздеу ....................................................................................... 354 Сенім патшалығы .......................................................................................... 382 Құлпытас кепиеті немесе кері тебу заңы .................................................... 448 Сейхундария .................................................................................................. 453

М±хтар ШАХАНОВ

Өлеңдер, балладалар, поэмалар
Баспаның бас директоры
Əшірбек Көпіш
Өндіріс бастығы

Қарлығаш Оспанова
Арнайы редакторы

Жеткеншек Меңдіғалиұлы
Суретшісі

Мəди Қамашбаев
Компьютерде қалыптаған
Гүлмира Өтенова
Техникалық редакторы

Салтанат Тұтқабекова

ИБ № 1051

Басуға 22.08.2012 берілді. Пішімі 60×90 1/16.
Шартты баспа табағы 30. Офсеттік басылым.
Гарнитурасы «Tіmes New Roman».
Таралымы 2000. Тапсырыс №

«Өнер» баспасының мекенжайы:
050009, Алматы қ., Абай даңғылы, 143; Баспалар үйі, 2-қабат.
Тел: 8 (727) 395-52-06; 395-52-08; 395-52-00
Е-maіl: oner@maіl.kz; oner2006@maіl.ru

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙