TELEGEI

Home

Баян Тіленшина Арман-дүние

Баян Тіленшина

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баян Тіленшина Арман-дүние

Баян Тіленшина — «Баян Тіленшина Арман-дүние».

Баян Тіленшина
Арман – дүние 2-вариант
\роман\
Мазмұны

Пролог
І -бөлім
І –тарау – Ызғырық….............4
ІІ –тарау – Рауан......................25

ІІІ –тарау –Арман....................43
ІҮ –тарау –Кесірлі көлеңке.....60
Ү –тарау – Деңгей....................86
ҮІ –тарау –Жауқазын .............100

ҮІІ –тарау –Кінәсіз күнәһар....115
ҮІІІ –тарау –Улы уыт...............133

ІІ –бөлім
ІХ –тарау –Өлген уақыт............151
Х –тарау –Тұманда.................... 170
ХІ –тарау –Шым –шытырық......192

ХІІ –тарау –Аруана.....................215
ХІІІ –тарау – Көгілдір...............239
ХІҮ –тарау – Тексіз ..................258
ХҮ –тарау – Тор .......................275

ХҮІ – тарау –Қоштасу ...............285
Эпилог..................297- 305

Пролог

Тегім біреу –халықтан жаралғанмын,
Санат, иман, нұр өзек –бар арманым!

Студенттер жатақханасы.Оқу залында екеу ғанасы.
Ескі шүберектей өңсізденген Мәди қатар жайғасқан
соң күрсіне берген-ді.
-Не болды,тыныштық па?!Аманшылық па? Айтшы.

-А-аман,бәрі аман. Тек мен...
-Кім?!Сен?! Бірдеңе деші...
-Қ-қазір...Қазір айтам.
Ол бидай өңі бозарып бірдеңе- бірдеңе деп

күбірледі ме, сыбырлады ма...Әйтеуір бір улы сөз қыз
құлағына жыбырлай жетіп, өрмекші қарақұрт уындай
қалтыратты.Көңіл аспанын аударып –төңкерді.Көз
алдында жұлдыздар жыпылықтап, қар көшкінінің жан

ашытар аязы алқымынан алғандай-ды.
-Кешірші, мені кешір-ші-і. Кешіре алсаң, кешші
мені! Иттік жасадым-м!
Сезім сапырылысынан қыз қалай қорғануды, қайда

бой тасалауды, енді қандай қадам жасауды да біле алар
емес.Тіпті мына тұттыққан дауыс түс көріп, түсінде
Жебірейіл періште осы жігіттің бетпердесін киіп
әзілдегені сияқты ма... Осылай...иә! Жебірейіл болғаны

дұрыс.Түсі болса етті! Қыз естен тандырған сөз
айтқан жаналғышқа жалынғысы келді: «Құдіреті күшті
ажал тәңірісі! Осы айтқан әзіліңіз Сізге жарасады. Рас
айтам! Бірақ, шын айтып тұрсаңыз... Онда... Онда

мына бір тиындық мағынасы қалмаған қыбыр- жыбыр
тіршіліктен мені құтқарыңызшы! Маған Мәдисіз өткен
тіршілік –тірі тозақ, Тәңірім!» деп іштей егіліп, көзін
сыққан қыз Жебірейілге қалтырай қол созды.

-Жаным менің! Жаным-ау-у! Кешіресің ғой...
Уақыт қыспағынан қыздың құлпынай жүрегі езіліп
бара жатты. Ол өзіне өзі қайрат беріп, қатаюға
ұмтылды. Болмай тұр- ау, болар емес.

«Қара тастан жүрегім қаланса- шы,
Жұмсақ еттен сезім боп жарал-ған-ша-а-а!»- деп
іштей буырқанды. Сол осалдығын білдірмеу үшін
қатаң намыстың қаратасына жігерін жанып, соңғы

талшығы үзілер сары жапырақтай дір-дір бүржектеді.
Бақытының негізі санаған, сезімінің егізі санаған мына
жарық дүниедегі махаббатын дүлей құйынға қалай
бере салады? Қалай? Мәдисіз бұл не деп күліп, не

үшін, Кіммен, қалай өмір сүреді? Жыбырлап тірі
жүрген тірмісек күндердің керегі не-е Айдынға?!
Басына алтын тәж киген патшайым паңдықтың да
Мәдисіз не қызығы, не мәні бар Айдынға-а? Кім

құтқарады бұларды? Кім-м? Қа-лай-и?
Төрт құбыланың төрт жағынан да аққу махаббатқа
садақ кезенгендер... Жүрегі жыр тербеді.

Атпаңдаршы аққуды, құдайсыздар!
Өмір біреу, сіздер де құлайсыздар.
Жүрек зарын жүрегі барлар ұғар,
Аққу- мұңға қалайша шыдайсыздар?!

Қайсарлығы жоқ үлбіреген қыз-жүректің жаны езіліп,
жанарынан жас болып тамды.
-Тағдыр мені сенен бөлмесінші, жер бетінен іздеп
тапқан арманым! Жалғызым менің, жүрегім менің,

Айдыным! Бір ауыз қарсы сөз айтпай, түсінгеніңе
ризамын. Мені кешірдің ғой,ә? Өзім де осылай кең
болатыныңа сенгем. Менен бір иттік кетті- ау...
Кешіргеніңнен айналайын, ақылдым.-Қыздың көз жасы

кеуде тұсын салқындатты ма, жігіт оны қапсыра түсті,-
Жыламашы, тірі жүрсем енді жылатпаспын,-деп удай
ащы екі сызық жігіт жүзін тіліп жатты..
Терезеден түскен көгілдір таң аққу көгілдіріндей

қос ғашыққа шапағын шашты.

1 –БӨЛІМ

1 –тарау

ЫЗҒЫРЫҚ

Тұмау арты -құрт болар,
Тұман арты -жұт болар.
Шыны ғашық қосылмас,
Шыны достық айрылмас.

\Аталардан қалған сөз\

...Атқан таңда айып жоқ- ты.Күн падиша паңдана
оянып, жер бетіндегі тіршілікке төсегінде құлақ тосты.
Аспанның бір нүктесіне ілініп, құйқылжытқан
бозторғайдың: «Қараңдаршы, қара-а -ңдар! Мен жаңа

күнді көрдім!» деп шырылдай қуанғанына шалықтай
күліп,төсегінен тұру үшін тау басының мұз сілемдеріне
саусақтарын соза бастады. Сұлулық дүниесінің әдепті
жұлдыздары қараңғыда қарауылдаған Күн әлемін

иесіне ұяла табыстап, Ай анасының көгілдір шатырына
жылдам-жылдам енді.
Дала қоңырауы –бозторғай үніне екі ғашық та
құлақ тосты.

-Айдын, қарашы, таң атып келеді. Бұл біздің бақыт
таңымыз! Біз мәңгілікке бірге боламыз! Солай деші!
«Иә...Көгілдір, нәзік те сұлу таң! Айтары жоқ...
Осы өмірде әрбір таңым бақыт болып атыпты, ал

бүгінгі таң ненің хабарын айтып тұрғанын мен біле
алар емеспін, Мәди». Айдын жүрек тілімен, қан

тазалығымен ғана сөйлейтін көзін кірпігімен жауып,
ыстық демін ішке жұтты.
-Айко, дұрысталдың ба? Қазір мен ыстық шәй
алып келейін, жарай ма? Жаңабек оянды ма екен?

-Жоқ, шәйді... үйден ішейік.
-Онда, сені бөлмеңе жеткізіп салайын,- Мәди
екеуінің кітап- дәптерлерін реттеп, қолтығына қысты
да Айдынды оң қолымен демей тұрғызып, құшақтап

келеді. Айдынның қарсыласпағанына таң болып,
жүзіне үңілді. «Мазасы қашып, әлсірегеннен ғой».

- Айдын, бәрі дұрыс па?

-Дұрыс, рахмет,- деді қыз. «Сенімен өткен
күндердің қымбаттылығын білсем де сенімен
қоштасып,сенсіз уақыт өткізем–ау деген ой келмепті.
Бас дегенім дәл қазір жұмыс жасамайтын бір зат болып

тұр, Мәди».
-Міне, келдік. Қазір жуынып-шайынып, тез келем.
Сен дұрыссың ба?
-Иә, дұрыспын.

*** Оқу залы, білім бөлмесі студенттердің мешітіндей киелі орны. Айдын Мәдимен алғаш осы жерде қалай танысқанын естеді. «Дүниеге қай мезгілде келсе, сол уақытта жарық дүниемен қоштасады» деген сөз есіне оралды. «Қысқа да болса бұл менің ғибратқа толы, шынайы махаббатқа құрылған адами өмірім.

Өмір көктемі. Тағдырым осылай. Сенімен өткен әр
сәтім қымбат. Сен жүрген дәліз, аудитория, тротуар
қымбат, Мәди. Әттең, қырсығып, керісінше жасаған
істерімнен маған қаншалықты қымбат екеніңді сезбей

де қалдың-ау, жалғызым! Міне, бір сәтте өтті де кетті!
Барсың, бірақ, жоқсың, Мәдиім! Жүрекке қатқан
қорғасын, қасымда жоқсың. Бекерсің. Амалым
қайсы?!»

« Мә, Айды-ын! Неге сен тереңдеп кеттің? Қай-
қайдағы қауіпті «қауесеттерді» іздеп тапқаның не?
Мәди не деді, ал? Түсінген де жоқсың ғой сен! Анығын
біліп алсаңшы әуелі!»- деп өз кеудесінен өзіне қарсы

екінші бір болмыс тікесінен тік тұрып, тоқтау салғаны!
Бөлмесінде бір өзі. Өз ойымен жеке қалған Айдын
өмір жолы жазбасын кері айналдырды.

*** ...Жатақхананың оқу залы уақыт өткен сайын сиреп, үш-төрт-ақ абитуриент қалыпты. Кітапқа көп қарағаннан ба екен, зыңылдаған басын тынықтыруға Айдын терезе алдына келіп, сыртқа көз тастады. Ұйқыдағы қала түні қандай сұлу! Қатар-қатар тізілген бес қабатты жатақханада базарлы шуыл толастағанына таңырқап,жұлдыздар кірпіктерін ашып-жұмып, жұмыпашып, Жерге, Айдынға жымыңдай қарайды. «Мұнда ке-ел,біздің әлемді бірге аралайы-ық! Ұш-ш!»

Бұл түсінде кө-өп ұшатын. Тізесін бүгіңкіреп
серіппе жасайды да жерді бір теуіп, жер мұны алға
қарай зулататын. Қолдарын қанат етіп, жұлдыздар
арасымен көгілдір кеңістікті қақ жара, шаштарын жел

тарап, құлаққа әуез естірте самғаудың ғажайып сезімін,
жан жұмағын тілмен жеткізе алмас! Қайталана берген
түс «Расымен-ақ ұша аламын ба!?» деп ой салатын...
Мектеп бітірердегі түсінде Мұхтар Әуезов ағасы

екеуі ғана кемемен теңізде жүзіп барады екен. Мұхаң
мұны қапсыра, қол сыртынан баса ұстап, кеме
жүргізуді үйретіп келеді, бағыт– солтүстік. Жағаға
тоқтаған соң мидай тегіс даладағы үлкен қоршаулы,

қара сыбақты үйге келсе, қабырғада Абайдың бейнесі
бар кілем ілулі тұр. Бұл – ұлы Абайдың үйі екен-ау
дейді. Кілем жиегі араб әріпті жазумен айналдыра
көмкерілген.«Кілемді алып жүр» дейді. Айдын кілемді

орай иығына көтеріп, екеуі кемемен кері қайтады.
Анасына түсін айтып, «Алматыға журналистикаға
барамын» деген арманын тағы да жаңғыртты. Бірақ, тіл
мен тарихқа талапкер көп, алысқа үйі жібермей, өз

қаласындағы педагогикалық институттың физика-
математика факультетінен бір-ақ шықты. Осылай.

Міне,Жетіқарақшы да ұрлап әкелген Үркердей
сұлуды қорғаштап, өзі тұмсығынан арқандалған
Темірқазықты бүкіл аспан сферасын сүйрете айналып,

кешті таңға жалғамақ. Әне, Айдынның сүйікті
Сириусы ерекше жарқылдап, бұған күліп тұр.
-Айдын, халің қа-ла-ай?
-Ертең физикадан емтихан.Қиындықты жеңерлік

нұрыңнан қарасшы-ы!
-Сендегі күш –білім жарқылы,қиындықты жеңесің!
-Жоқ, сәуленің жолында көлеңке тұрады ек-ен-н!
Оны енді ғана ойлап жүрмін, Сириус!

-Айды-ын! Шаң-тозаң, бірінің аяғын екіншісі
шалатын күндестігі мен іштарлығы басым Жерді
қайтесің. Менің кіршіксіз аспаныма келші, қосыла
жарқырайық! Күн де жұлдыз,қуаты менен де аз. Ол

Жерге жақын тұрған соң ғана нұрлы-ы сияқ-ты-ы.

- Бір кездері сенімен серіктес болсам-шы,Сириус!

...Айдын орнына келіп, кітап- қағаздарына қайта
үңілді, оқыған білімін санасына тағы бір бекітті.Таң
рауандады. Кітаптарын жиыстыра бастаған Айдынға
физиканың «Салыстыру теориясы» заңына сай, табиғат

құбылысы тілінде өзін-өзі тәрбиелей жұбатқан өлең
оралды.

Адамның барлығы адам.

Тек Таным басқа,
Биіктік сонда – қарамас кәрілік-жасқа.
Сәуле бар жерде көлеңке болуы-заңды,
Адамды Ниет бөледі дұшпан мен досқа.

Өксіме.

Мені тыңдашы қалқатайым,
Сұрақ болған түйінді тарқатайын:
«Физика-фюзис-табиғат» мағынасы,
Бөлшегісің. Заңына бағынасың.

Өмір-өзен. Қайық боп елестегін,
Мүмкін бе бар қайыққа теңеспегің?!..
Қарсы тұрдың дейік сен бір ағысқа,
Күш көрсетіп ескекпен, бұралыста.

Не дер едің?...
«Ескексіз қайық –жел өмір, елес!-дедің,
Дәрменсіздік, ессіздік!-демес пе едің?

-Кеш жарық...

Айдын тосын дауыстан селк етті де,бас изеді.
Алдында бойшаң, толқын шашты жігіт күліп тұр екен.

-Мен сізді сабақпен отыр ма десем, өлең жазып
отырсыз ба?! Өзіңіздікі ме, әлде...

-Жо-о,мен қазір-ақ.... Негізі сабаққа дайындалдым,-
деп, Айдын абыржыған. «Сонша ақталғаным нем?» деп
іштей өзін сөккен.

-Физикадан емтиханға дайындалдыңыз ба? -Бұл
бас изеді, - Мен де...Сіз 136-да тұрмайсыз ба? – Бұл бас
изеді, - Танысып қояйық. Менің атым – Мәди. Сіз?...

-Айдын.

-Атыңыз әдемі екен. «Өзіңіз де» деп айтқысы
келгенмен күбіжіктеп, тұттыға берді. - Мен сізді
танимын. Өткен емтиханда-шы, «есептің сыртына
фамилия жазуға бола ма?» деп сұрап едіңіз ғой.

Мәди сол қызды бірінші болып математикадан
емтихан парағын тапсырғанда –ақ көз аппаратына сырт
еткізіп түсіріп алған –ды. Кейін онымен тілдесудің
ретін оқу залы ғана келтіретінін байқады. Бұл да оқу

залынан шықпайтын болды. «Түн ауғанша,тіпті таңға
дейін кітапқа қарай беретіні не осы қыздың?!»
-Сол қыз сіз бе?- деп жорыта сұрады. Қуанып тұр.

Айдын басын изеді. «Сол сауал, сол жазу маған
сор болды ғой» деп ойлап, күрсінді.

-Е-кеуміз-ақ...қалыппыз ғой. Таң да атты. Атып
қапты... қайтамыз ба, үйге... - ербеңдеген қолын артына
жасырып, қызарақтады. «Үйге дегенім не? Туһ,
сөздерім қиюласпай кеткені несі?»

Айдын сор болған оқиғасын ұмытып, жымиып
күлді. Мәди аңғал, таза сезімді боп көрінді. Оның осы
қиюы қашқан сөздеріне риза болды.

-Жоқ, мен біраз отырамын,- деген өткен жолғы
емтихан қиналысы қайта есіне түскен Айдын.

-Онда, мен де... Сізді қарауылдап отырамын...

Айдын жымиып, бас изеді.

...Иә,алғаш математикадан жазбаша сынақ өтті.
Емтихан алушылар есеп шығарылған парақты

«емтихан парағының» ішіне бос салуды ескертті.
Тапсырманы орындаған Айдын қол көтеріп, «есеп
парағына фамилия жазуға бола ма?» деп сұрады.
«Егер болса, суретіңді жапсыр» деді кірпішаш ағай.

Суреті жоқ Айдын фамилиясын жазған-ды. Екінші,
яғни, математикадан ауызшаға кіргенде, емтихан
алушылар арасынан:

-Әй, кім-м! Сен бе шырағым, есебіңнің сыртына
фамилия жазған?- деді қызыл мұрынды ағай.

-Иә, мен едім.

-І-і, неге жазасың тәртіп бұзып?! Есептерің дұрыс.
Бірақ, тәртіп бұзғаның үшін «екі» қою керек еді, қыз
деп аяп, «үш» қойдық.Білдің бе?!

-Сол дұрыс шығарған есебім ауысып кетпесін деп,
ағайдан сұраған ем, «болады» деген соң...

-Кім айтты «болады» деп, әһ?! Кім?!

-Жаңа сыртқа шыққан ағай...

-Кім, Мамеков пе? Көрейік, келсін! Айта бер
жауабыңды!

Айдын айтып жатты. Қызыл мұрын мұғалім мен
әдеміше апай күбірлесіп,«Списокта жоқ бұл қыз»десті.

-Әй қыз! Неғып отырсың, а? Білсең айтпайсың ба?

Бұл тағы да жауабын аяқтады.

-Әй қыз! Білмейсің бе, а? Неге отырсың, а?

- Ағай,сұрақтың жауабын айтып бітірдім ...

-Айттым?! Не айттың? Біз естімедік! Сен естідің
бе, Мәке, а?

Сұлу апай мойнын қисайтып, иығын көтеріп күлді.

-Сонда сыбырлап айттың ба, жоқ, мақауша ма?

Айдынның жылағысы келді. Бірақ әкесінің:

«Жылама жат алдында, қайратты бол!
Жасқанба озбырлардан, айбатты бол!» - деп
өлеңдете берер сөзі болмысына қуат берді.
-Аға, өздеріңіз сөйлесіп... Қайтадан айтайын ба...

-Не дейді-әй мынау, а? Бізді тәрбиелемекші білем...

- қызыл мұрын ыңыранып отырғанда, сырттан кірпі

шашты Мамеков келіп қосылды.
-Сәке,мынау кешегі қыз ғой, таныдың ба? Фамилия
жазған! «Суреті ұл бала сияқты екен» деген-ші?!
-Ә-ә! Иә,түсіндім. Әй қыз! Неге жаздың

фамилияңды?
-Сіз «болады» деген соң...
-Мен бе?! Мен?! Сонда мен бе саған тәртіп бұзуды
үйреткен,а? Бұз-зығын қарашы-ей мынаның, а?!

Ойпырмай, ақыр заман жақындайын деді ме, жастан
ұят кетіпті ғой!
Айдын қатты ыңғайсызданды.«Үлкеннен иман
кеткен бұл қай заман екен?» деп ойлады, енді не десе

болады?» Кірпішаш мұғалімнің быртиған қысқа
саусағы мұның көзін шұқып алардай дірілдеді.
-Мынау бәлеқор қыз жауап берді ме? Өзі бірдеңе
біледі ме екен?-деді емтихан қабылдаушыларға.

-Қайдам... Ол бәрін айттым деп отыр, біз естімедік.

-Мұнда оты-ыр! Қане, айт білсең!- деп кірпішаш
ағай зілдене, өз тұсындағы орындықты нұсқады.
Айдын су терге түсті. «Мұғалімдерді даярлайтын
ұстаздар осындай болса, мен мұғалімдікті несіне

армандаған екенмін!? Орнымнан тұрып, кетіп қалсам
ба? Онда «білімі жетпепті» деп күлкі болмаймын ба?
«Директор өз қызына медаль бергелі жатыр» деген
сөзге шамданып, мектеп бітірудің соңғы емтиханында

директор-әкесінің: «Бұл кластан медалист шықпайтын
болсын» деп, жалған намысқа шапқанын қалай
дәлелдемек?
Айдын емтихан сұрақтарының жауаптарын тағы да

қайталап айтты. Теоремаларды дәлелдеді. Теңдеулерді
шешті. Қосымша үш- төрт сұраққа жауап берді.
Мамеков быртиған саусақтарының арасынан қарап
отырса да, тыңдады. Сосын ыңыранды. Орындыққа

жантайды. Одан соң үш мұғалім күбір-сыбырға
ауысты.
-І-хім-м! Дұр-ре-е-с-с! Бірдеңең бар екен!Үш!-деді.
Айдын бет орамалымен маңдай терін сүртті.

Тамағы құрғап кетті. «Енді қайттім? Бірінші емтихан
фамилия жазғаныма «3»; Бұл не үшін «3»? Барлық
сұраққа дұрыс жауап бердім ғой».
-Ағай, тағы сұраңыз-шы-ы...

- Н-неһ?! Не дейсің?!- Мамеков қаламсабын үстел

үстіне лақтырып жіберді,- ым-мы-на-ау... Аһ?! А?!

-Ағалар, сіздерден бір өтінішім бар, - деді кішкене
бойлы, ұяң жүзді Бейсек, - еңбек жолымды бірінші
бастап тұрмын ғой. Осы қыздың көкпарын маған
қиыңыздаршы, - ол көз алдындағы көріністен

қысылып, галстугін босатып, маңдайын сүртті,-
өтінем!
-Ал, ала қойшы-ей! Қалауың сол болса,бердік
саған-ақ! «Көкпарын» деп.А!?–кірпішаш аспанға

қарап, қарқылдай күлді.
-Кел, - деді ұяң мұғалім Айдынға жылы көз тастап
,-келші менің алдыма. Ал, басынан бастап айта ғой.
Көкпар демекші,мұндай тартыс- доданы көрмек

түгілі мүлде бейхабар қыз су терге түссе де, жіңішке
саусақтары мұздай еді.Мына ұстаз –сараптамашылар
мұның көк шыбықтай нәзік денесін аяусыз бұрап,суын
сыртқа шығарғандай. «Босама, баламтай! Жат алдында

жігерсіздік білдіре көрме! Өмір –күрес! Сен өмірге
жеке қадам бастың, енді өзіңе өзің тәрбиеші бол!» деп
әкесі алыстан мұны бақылап тұрғандай болды. Таза
параққа есептерді шығарып, теоремалар мен

теңдеулерді дәлелдеп, үш сұрақтың да жауабын қайта
жазып шықты. Мұғалім ынта қоя тыңдады, қосымшаға
да дұрыс жауап алды.
-Қайда оқыдың? Қалада ма?

-Жоқ, ауылда.
-Жарайсың! Қазір бес қойғызамын.

Айдынның жүрегі лүпілдеп кетті. Қарсы алдында
отырған иман жүзді мұғалімді туғанындай жақын
сезінді.Қинағанда қатайып-ақ отырған көзі жылы сөзге
босаңсып, жас үйірілді. «Рахмет сізге, аға! Сіз нағыз

Адамсыз! Бәсе, ұстаз деген дәл сіздей мейірімді,
әділетті, қамқор болуы керек.Ауылдағы ұстаз әкесі мен
ұстаз анасы; Мейманхан,Сейілбек, Кәден, Дербіс
ағасы, Әбілдә, Сәбит, Шегентай ағайларының періште

болмысы емес пе еді мұның арманын оятқан? Олар да
дәл осы Бейсек ағадай мейір... » Дауыс гүр етті:

-Қалай,эй, Бейсек,болдыңдар ма? – Айдын жас
мұғалімге төнген кірпішашты көрді.

-Болдық,аға.Өте жақсы- «бес» деп бағалап, мен...

-Бе-ес?! Өй, сен әлі бала екенсің ғой! Бұл қыз «бес»
болса, мұнда неғып жүр медалистермен тапсырмай, аһ?
Бері, мұнда кел! Әй, қыз!-деп Мамеков өзінің
алдындағы орындықты шұқып көрсетті. Орнынан

көтеріліп, төртбақ кірпішашқа көзі түсіп еді, қарасұр
жүзіндегі жасыл көздер жабайы мысықша ызғар
шашып тұр екен.Мұндай да қорқынышты адам болады
екен-ау!Есіне көкесі қиссаларды әндете оқығанда

суреттейтін құрыш сауытты, «өте қауіпті» батыр; оның
астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп, бір
төбенің тозаңын бір төбеге қосқан киелі серігі –
тұлпарлары түсті. «Қиссалардағы қыздарды сұлулығы

үшін ғана жырлаған ба? Жоқ, қызым.Олар қысылғанда
жол табатын ақылды, батыл да болған. Батырлар мен

хандар қыз сөзіне содан тоқтаған. Саспа!» Анасы
Айдынға осылай деп майда лепті жылы үнімен дем
беретін. Ұстамдылыққа қанша талпынса да Айдын
састы. Боп- боз боп, қаны тартылған қыз жас мұғалімге

жәутеңдеді. Ол «бара бер, қорықпа!» дегендей саусақ
ұштарын серпіп, күле қарады. Өмір мұншалықты да
қиын болады екен- ау! «Сыннан сүрінбеу өзіңе ғана
байланысты, баламт- а- й! Ерік –жігеріңді, ойыңды

жоғалтушы болма,қызым! Ешқашан саспа!» деді әке
бейнесі.

Екі қолын тарақтап,орындықта шіренген мұғалім
көзімен орындықты нұсқап, «Отыр!» деді зілдене,
«Айт!» деп жекіді.

Алтыншы рет айтып жаттығып қалған ба, әйтеуір
Айдын тоқтаусыз жауап берді. Үндемей ағай үкімін
Алланың әміріндей табына күтті-ау сонда.

Мұғалім сәлден соң «Болдың ба?!» деді.

-Болдым.

Ол қосымша сұрады.Мін таппай отыр ма,аздан соң
Айдынның парағын жұлып алып, аударыстады да:

-Өй, сенің мынауың дайын шпор ғой, а?

-Ағай, қазір жаздым оны.

-Әй, Бейсек, шпордан оқып берсем, мен де айтам
ғой «беске», а?

-Жоқ ағасы, қазіргі жауабы сол.

-Мына формуланы қорытқанын,оны өлген орыстың
моласындай шарбақпен қоршағанын да қазіргі дейміз

бе? Осы жас қыздардың шотын шабу... «Бойдақта ес
жоқ» деген осындайдан қалған-ау, аха-ха-ха-а!

-Ағасы, енді,өзіңізден рұқсат сұрадым, келістіңіз...

-М-мақұл, сен үшін «үш»!

-Ағай, тағы сұраңызшы,мен...мен білемін ғой...

-Неһ?! Әй,қыз! Бұл жерге бәрі де «білем» деп
келеді, білмейтіндер үйінде! «Сұра!» Уһ!! Сен бірінші
кірдің! Сенен басқа 200 адам отыр сыртта. Мен
отырмын сенімен қуыршақ ойна-ап, аһ?! Мә, білсең,

өзің қойып ал бағаны! – ол баға қағазын абитуриентке
қарай шиырды. Айдынның ақылы айрандай ашып,
сары суы бөлініп жатқандай, шүйдесі ашыды. Желкесі
тартылып, көз алды қарауытқанын сезінді. «Ұстаз ғой,

шынымды айтсам, түсінер» деп шешті.

-Аға,-деді Айдын даусындағы дірілді басып,-мені
медальға ұсыну керек еді... Үздік оқығам...

-Не, құладың ба?

-Жоқ, ұсынбады.

-Дұрыс-с! Медальға лайық емессің ғой сен!

-Жоқ, әкем ұсынғызбады. Енді мен білімім барын
дәлелдей алмасам, әкеме де, маған да ұят. Биыл оқуға
түсуім керек. Көмектесіңізші...

-Эй!! Аһ!!Өй, мынау қыз мені қылмысқа итеріп тұр
ғой, а?! Не істейміз мынаны? «Көмектесің» не, ойба-ай
айналайын-ау! Бізге сен бе, орыс па, орман ба, шүршіт
пе, бәрі де бірдей. Біз - әділқазы алқасымыз! Біз, дажем

десең, - ол сұқ саусағымен өз кеудесін шұқыды,-өз

баламызға көмектеспейміз, түсіндің бе? Ай, Бейсек,
сен жақсы түсінеді екенсің қыз тілін.Сен айтшы
мынаған, а! «Үш» пен «төрттің» айырмасы не? Жоқ!
Ал «екі» мен «үштің» арасы,-кірпішаш сұқ саусағымен

аспанды, сосын жерді нұсқады,-түсіндің бе? Аспан мен
жердей! Биыл конкурстан өтпесең, келер жыл бар.
Өмірің алда ғой, шырағым-ау! Бар, бара бер!- ол даусы
жіңішкеріп, оң қолының сыртымен ауаны сыпырып,

есікті нұсқады.

-Жақсы! Сау болыңыз,– деп орындықтан көтеріл
ген Айдын көзі қарауыта теңселіп кетті.
-Өй, и-и!- деп жас мұғалім Айдынды сүйемелдеді.
Маңдайынан суық тер бұрқ еткен қыз аздап іркілді де:

-Рахмет, аға,- деп шығып кетті.
-Іһ?! Һі-мм!-деді сұп-сұр Мәмеков,- А-а? Құдай
сақтап...А?! Бойдақта энергия көп- ау,ә? Қолы тиіп еді,
жазылып сала берді ғой әлгі қыз,әһ!? Х-х-хи-и...

Мұны Өмір атты теңіз толқыны осылай алғаш рет
сілкілеп-сілкілеп, жағасына лақтырып тастаған-ды. Ол
есіктен үнсіз жылап шықты. Математикадан жазбаша
емтиханды бірінші болып орындаған Айдынның неге

жылап,\яғни «құлағанына» Мәди де таң болған-ды.

Қыз бөлмеге келгенде қараса, баға қағазында «үш»
те, «екі» де жоқ –бос. «Білсең, мә! Өзің қойып ал!» деп

лақтырғанда сол күйі алып кеткеніне ол енді мән берді.
«Үштік» қол жетпестей аспанда қалған екен-ау!»

...Мән-жайға қаныққан әкесі:

-Балам, бұлардың көбі қолда өскен қулар ғой, мен
барсам, қатты кетіп қаламын. Ағаңмен бар. Егер қайта
емтихан аламыз десе, не дер едің? Жауап бере аласың
ба? Ойланшы, баламтай.

-Иә, көке.Мен жауап бере аламын.

...Проректорға кірген Шынарбек ағасына ол кісі
бүйірден тиісті.

-Редакциядан болсаңдар, бір кіндіктерің артық па?
Енді, әр мекеменің өз заңы бар. Бірінші емтиханда-ақ
«тәртіп бұзды» деп протокол толтырылған. Қыз екен
деп аяп едік қой. Жарайды, аттас екенбіз, емтиханға

жіберткіземін. Өткен математиканың бағасын қойғыз.
Ал, сен, бауырым, институттың баспаханада заказдары
жатыр еді. «Әні, міні» деп жүр, соны бітіріп бер.

...Осыдан соң-ақ қуанышы қойнына симаған
Айдын Мамеков ағайы айтқандай «үштің» қадірі жер
мен көктей екенін түсінді.

-Әй, қыз! Сен енді осы институтқа түсемін деп
ойлайсың ба, аһ!?

-Иә, ағай! – деді Айдын қуанып.

Түтігіп тұрған Мамеков осы қыздың себебінен
басшысынан сөз есітіп, неше жауабын айтпағанына,
қалтасы ортайғанына күйініп- ақ тұр еді. «Өзің
кінәлісің. «Атыңды жазуға болады» деген сен емессің

бе? Оған күллі бала куә.Ал!? Ол кімнің қызы екенін
білесің бе? Білмейсің! Ол –менің ұстазымның, менің
ғана емес, осы өңірдің, қазақтың сауатын ашқан білім
шамшырағының қызы! Ең бастысы –қыздың білімді

екенін бәрің де айтып отырсыңдар, қойып бер бағасын!
Кейінгісін көре жатармыз!» деп, бір жапырақ қызға
мойнын бұрап, жығып берді-ау!

-Өй, сен... Түспейсің, білдің бе! Ал, түссең, бәрібір
бітіртпеймін сені! Бұл жерде не сен, не мен жүреміз!
Осыны есіңде сақта!-деді күштеп қойған «үштікті»
дірілдей ұсынып жатып.

-Көрерміз! – деді Айдын. Қуаныш алауын құйын
соққылады, - аға, бірақ ... жазығым не? Айтыңызшы.
-Жазығың?! Жазығың көп сенің! Заңды бұзып
тұрсың –бір!Емтиханнан тыс баға қойғыздың! Екі!

Мен сөгіс алдым сен үшін. Аһ!? Тағы айта берейін
бе,аһ!?

Айдын оқуға тапсырған құжаттарын кері алуға бел
байлаған-ды. «Құрысын, мұндай адамдардан тәлім де,
білім де алмай-ақ қойғаным дұрыс!»

«-Оп-оңай шегіне салдың ба? Білімін алсаң, тәлімін
електен өткізбеймісің?Ел не дейді?!» деді ішкі дауыс.

...Сол Мәдимен танысқан түні кірпік қақпай 3-ші
емтихан –физикаға дайындалған-ды. Қамықты.

Жұлдыз-жасым аға ма жылағанда,
Мен не деймін халімді сұрағанға?!
Өмір деген нәр алып, гүлдемей ме,
Сәуле түсіп біреуден бір адамға.

Ызғар шашса, тіршілік тоңбайды ма?
Қорғамай ма қу бұтақ торғайды да.
Суық сөзбен жанымды жаншығанша,
Қанат беріп, қатайтса болмайды ма?- деп

өлең жазғаны бар сол кезеңде. Философияда жалпы
дамудың өзі спираль бойымен, яғни бір қадым алға
басумен қайталанады деген ұғым бар ғой. Сол алғаш
танысқанда да тап бүгінгідей Мәдимен таңды қарсы

алған-ды.Бүгінгідей бөлмесіне жеткізіп салу да сол
күннен басталыпты. Сол күні:

-Айдын, шпор жаздың ба?– Шыныңды айта берші,
мен жаздым. Емтиханға қашан кіресің?

-Бірінші топта кіремін, ол кезде шаршамай, басым
орнында болады.

-Басым?! Бүгін көрер таңды көзбен аттырдық.
Басымыз орнында ма өзі! –ол басын айналдыра
сипалап,- Айдын мына бір жұмыр бірдеңені ұстап
тұрмын. Бұл не зат өзі!? –деп мәз болып күліп тұр.

Айдын да сергіп қалды. - Сені бірінші емтиханнан бері

білем.Атыңды да. Бүгін қуаныштымын. Шынымен.
Сен ше? Ой, біз қашан «сенге» көшкенбіз? Бөлмеңе
апарайын, жуынып шық. Сосын буфеттен кофе ішейік.
Әрі қарай емтиханға барамыз, іһі?Айтпақшы,жаңағы

өлеңді өзің жаздың ба? Қарасам, ақындарша ойланы-
ып отырсың ғой, досты алдауға болмайды!
-Ақындар!? Олар қалай ойланады, қызық.
-Көрсетейін бе?-Мәди сол қолының алақанына

иегін тіреп, оң қолын аспанға созып,көгілдір сәуле тап
бүгінгідей себездеген терезеге мойнын бұрған-ды,-
Осылай ғой!? Олардың басы салмақты-ау мойны
көтере алмайтын. Әйтеуір бастарын қолдарымен тіреп

суретке түседі ғой көбіне.
Екеуі етене жақындарша мәз болып, күліп алды.
Мәди мен Айдынның таныстығы осылай басталып еді.

Айдын оқуға түскенде әкесі: «Менде бір-ақ арман
бар. Әттең, осы қызым ұл боп тумады» деді.

11 –тарау

РАУАН

У тісті ара ғашық нәзік гүлге,

Киелі үкі ғашық қара түнге.
Тәттіден уланады-ау тіршілігің,
Рухы жоқ оқ атпай ма білімдіге?
Бұл қандай ажырамас қайшылықтар,

Күн менен байлап қойған түнін бірге?!

136-шы бөлменің 5 қызы биологиялық қан туыс
болмағанымен рухани бауырласып кетті. Бұлардың
студенттік күндері ғана емес, ниеттері, сырлары
ортақтасты.

Бесеудің ішіндегі пысығы Әсем болып шықты.
Ортадан ақша жинап, аядай бөлмеге терезе перде,
төсеніш, ыдыс-аяқтар алып, бәрін басқарып жүр.
-Оны бұлай етпе, мұнда қой. Мусор шелек ол,

бұрыштағы қуысқа...Ә, тазик пен сыпырғыны қасына.
Иә! Сен, Айко, пердені қайырып тіге бер. Сен екеуің
клеенканы кесіңдер. Мен ілгіш қағатын бір жігітті
тауып келем қазір.

- Қыздар, қисық кесіп қоймайық, Әсем жанымызды

шығармасын,-деп ересектеу, әзілкеш Жаһан күліп
алды.
-Сенде ғой қайшы. Саған үндемес.
-Ойбай, мен де қорқып тұрмын. Үп-үлкеніміз

болып... десе ше...
-Келіңіздер, міне біздің қыздар. Ал, біреуіңіз перде
қағасыз, екіншіңіз есікке құлып сап беріңіздер. Көрейік

не өнерлеріңіз барын,- деп Әсем ол жігіттерге де
тапсырманы үйіп- төкті.
-Жанат, сен болдың ба? Қазанды қамдай бер.
Сәбеш,сен буфеттен оны- мұны...І-і... Айко, сен терезе

сүрте бер, бойың ұзын ғой. Әй, шлабра қайда жаңағы?
Мен пол сүртейін...
-Швабраны көршілер алды.
-Үйбай, «Өзіміз ұстаған жоқпыз» демейсіңдер ма?

-О, дұрыс Әсем! Біз сізді жатақхананың
студсоветіне мүшелікке қабылдаймыз. Жақсы
ұйымдастырады екенсіз! Бірақ, жуасыз орныңызды,-
деп, есікті жоңғылап жатқан ересектеу жігіт

қуақыланды.
-Мен бе? Алдымен мен келісем бе оған десеңізші.
-Ойбай, қыз-ау, постымды босатып берейін деп
тұрсам. Біз де келісе салдық қой сізге, бір ауыз

қарсыласпадық-ау, аздап бұлданбаппыз да ғой жаңа.А,
Қуеке?
-Жігіт бұлданбайды, қызға бәрі жарасады,-деп
күліп, Әсем де дес берер емес.

Бөлме жиналып, шайға отырды. Жаһан мен
Әсемнен басқасы аттарын айтқаны болмаса,үнсіз.
-Кешке дұрыстап танысамыз,- деп кеткен екі жігіт
шынында дәптер- қаламдарымен үшеу боп қайта келді.

Осыдан соң-ақ киноға шақыру басталды. Әсіресе әдемі
Әсемге құрмет көбірек.

Күнде пікірталас.Бөлменің ішкі тәртібі, кезекшілік,
бос уақытта немен айналысу, махаббат, достық,кітап
талқылау, өлең оқу, не керек, айтылмайтын тақырып
жоқ –ты.

-Қыздар, бөлме күнделігін жүргізейік, кезекші
толтырады. Тұрдым, жуындым емес, өзгеріс, жаңалық,
оған өз пікірің, сенің ұсынысың қалай? Неге олай?...
-Дұрыс, «бардым, келдімнің» несін айта береміз?

-Үйба-ай, Айко-о, біз сен сияқты ақын емеспіз ғой
жаза салатын. Математикпіз. Қояғойшы сол күнделік
дегенді, қажеті бар ма соның?
-Ол жақсы нәрсе ғой. Өзімізді өзіміз тазалап

тұрмасақ, қарайып кетеміз,- деп Жанат түйіндеп,
бекітті.

- Хатшы ұс-ұс-сынды, Профессор бекітті,енді

күнделік толтырасың, Әс-сем-та-ай,- деп Жаһан мен
Сәбеш күлкіге қақалып- шашалуда.
-Амал жоқ, көнеміз, кәйтеміз басқа. Қараймайы-ық.
-Бұл не береді бізге, қыздар? Алдыңда қағаз,

қолыңда –қалам. Ойлануға тура келеді. Не жазамын
дейсің ғой? Дейсің!
Мөлдірді аңдамаймыз бұлақ тұнбай,
Өмірді ойланбаймыз сұрақ тумай,

Біз әуел тік жүруге үйренбейміз,
Алдымен қара жерге құлап тұрмай!- деген.
-Ой,шабыт кеп қалды, тынышталыңдар!

-Не деген күшті, а, өлең деген!? Осыны қара сөзбен айта салса, мұндай әсерлі болмас еді. Мен бұрын өлеңді оқымайтын да, тыңдамайтын да ем. Осы Айдыннан енді ғана түсініп келем. -Абай: «Өлең –сөздің патшасы» демей ме! -Десе де мұғалім сұрайды деп жаттаушы ек қой. -Ештен кеш жақсы. Шыныңды айтқаныңа рахмет. -Қыздар, айтпақшы, мен ше кеше жаңа ән үйрендім, күщті-і! «Шақырады көктем» деген. Соны күнделікке сөзін жазып қояйын,кешкі тамақтан соң үйретем сендерге. -О, мынау жаңалы-ық! ***

Айдынның 731-тобы бәрі 47, оның 25-і студент,
басқасы кандидаттар. 41 ұлдың ішінде 6 қыз: Гүлнәр,
Гүлдәр, Зүбайра, Зибаш және 2 Айдын. Сондықтан ба,
бұл Айдынды Айко деп кетті. Ұлдардың әзілдері көп,

оқытушы келгенше топтанып, гуілдесіп тұрғандары.
Олардың арасында қыздар да жүреді. Ал,Айдындар
алдыңғы қатарға қосақталып бірге отырады..Кейіндері
Айконың сол жағына Мәди, оң жағына Тұрды

орнығатын бопты. Сабақтан соң да күтіп тұрғандары,
жатақхана мен оқу залына,лаборатория жұмыстары
мен тамаққа да, қыдыруға да бірге баратын болып жүр.

Мақта терімі науқаны алдында Мәди де ауылына
барып қайтты.Ұлдың үлкені болғасын ба үй- ішін
көбірек уайымдайды. Қыстық жем-шөп, қой- ешкінің
күзем жүнін қырқумен айналысты. Шаршағанын

елемей, түгескеніне қуанды.
-Төрем, шаршадыңыз-ау, сағынып келгенде...
Бауырларыңыз да жігіт болды, осы Әлендер-ақ жасар
еді ғой,- деп анасы сызылып ас даярлап жүр. Енесінің

баласы деп атын атамаушы еді. «Е, жеңеше, сіздерді
уайымдаймын- ау, ал, басқа адамды қатты сағынады
екем. Өзіме де біртүрлі, бірақ, шыны солай, анашым.»
Мәдидің есіне Айдынның жымиып күлісі, еркелеу

жүрісі, бояусыз балаң жүзі, құлақ артынан буылып,
желбіреген жібек шашы, талдырмаш денесіне
жарасқан ұзын баулы сөмкесін иығына ілген ұяң
бейнесі елестей берді. Оны анасына қалай айтсын.

Күрсінді.

- Жеңеше, енді мақта теріміне кетеміз. Жылы

киімімді әкетемін,- анасының үнсіз жымиғанын
аңғарды да жүзі ысып сала берді. «Менің ойымды
оқып қоймады ма екен анашым? Жымиғаны Айдыннан
аумайды екен-ау,ә?»

*** Мақта алқабы. Бойлары 4-5 қарыстай қозапаяда қауашағы жарылған мақта көсектерінен бес бармақпен бүре суырған шитті мақтаны белдемшеге жып-жып

жинаған терімші студенттер бүктетіле іске кіріскен.
Тапсырма -60 кг. Бейсек ұстаз да осында келген екен.
«Айдын, қалайсың? Студент болуыңмен
құттықтаймын!» дегенде, атын ұмытпағанына бұл да

таң болды.
-731-ші топтың жігіттері! 6 қыздың нормасын
орындаңдар алдымен!- деп қояды ара-арасында,- міне,
мен де көмек беремін,- ол шеңгелдеген мақтаны

қыздарға кезек-кезек тасиды.

6 қыз шынында қаннен қаперсіз десе болғандай-ды:
Жұмыс нормасы орындалады, таразы басына
бармайды, тамақ алдыларына келеді. Кешкі биде басқа
жігіттер биге шақыра алмайды, қысқасы, ешкім бетте

ріне тіке қарай алмайды. Бір күні мақта даласында:
-Бейсек ағай!- деген Өркеннің жан дауысы шықты.
Көпшілік бойларын тіктеді.- Сіз білесіз бе, тау да, тас
та, дала да, қала да, кесек те, көсек те, сіз де, біз де қы-з

– қыз, ай-бын, Ай-ды-ын дейміз ғо-о-й!-дегені. Бүкіл

мақта алқабы ду күлді.
-Әй, жарайсың, жігітім! Бәрімізге күлкінің
дәруменін бердің!- деп Бейсек те мәз. Бірақ, қыздарға
мақта сыйлауды сиретті.

Күні бойғы бел қайыстырған ауыр еңбек кешке
шаң-топырақты көшемен казармаға қайтқанда-ақ
ұмытылады.Әзіл мен анекдотты жарыса айтып, кейде
топтана ән салып, еңбек даласынан емес, тойдан

қайтқандай сезім толқитын. Мәди, Тұрды, Айдын
үшеуі мұнда да жұптары жазылмайтын- Айдын ұл, не
үшеуі де қыз сияқты!
Түскі демалыста 731-тобы әдеттегідей бірге

отырған-ды. Топқа гитарамен әндеткен екі жігіт
қосылды. Орысша- қазақша әндерді әуелетті. 6 қыздың
ішінен әнге қосылатындар да табылды.
-Жігіттер, араласайық, таныстығымыз артсын.

Орыс тобында оқысақ та, затымыз қазақ қой,- деп
Ахан уәж айтты.
-Түсінікті ғой неге араласқың келетіні. 6 қыз -
6 қаз болып көрініп тұр ғой көзіңе! Хи-хии! Ол

өзімізден де артылмайды! Қай қызды қандай
көзбен ішіп-жеп бара жатқаныңды біз байқамай
отырмыз ба! Аб-бай-ла-а! Еркекпіз біз де!- Тұрды
көзіне түсіп тұратын кекіл шашын артқа сілкіп, хи-

хи-лап күлді.
-Сен де айтады екенсің-ау! Қыз үшін деп,
қыз бізде де бар. Ал, не бопты қыздармен
достассақ?

-Басқа нәсілдің қызын не істейміз? Тіліміз
де, дініміз де тура келмейді. Іздірәстіні ғана
білеміз, хи-хи... Біздің ауылда бір орыс жоқ, көрсем
қор-қып кетем мен! -деп шашала күлді.

- Тұреке, онда сен сол қыздармен көбірек

араласуың керек, орыс тілін білмесең, сабақты
қалай оқисың? А? Технология, машиноведение,

сопромат, гидравлика... Бәрін де орысша оқып,
орысша тапсырамыз ғой.

- Әй, Мәке, балалықтан әлі пісіп- жетілмеген

екенсің-ау өзің. Күнде айтсам да әлі құлағың
ұқпаған екен сенің,а! Қыз бен бала дос бола
алмайды ғой, шикіөкпем-ау! Қосылып қояды! Хи-
хи! Сонда мен көзін көкшитіп, бала-шаға өсіріп

отырам ба?! Орыс тілін үйренем де-еп?!

- Айтады екенсің, Тұреке, бала- шағаны қоя

тұршы, қазір оның не жөні бар! Ұят-ты...
-Қоя тұрмау керек! Кейінгіні кәзір, тап
кәзірден ойлау жөн! Ертең кеш болуы мүмкін. Үш
жылғыны ойламаған еркектен без дегенді мен

шығарды деймісің- әй? И, енді осы мақта
науқанында десең...сөз басқа. Бірлі- жарым ай іш
пыстырмауға десек, онда болады! Болады, хи-хи!

- Махаббатты қайтеміз сонда?

- Өй!? Қайсың ол?! Әлі апаңның, атаңның

ертегісінен шыға алмай, аузы сүт-сүт боп жүрген
қайсың ол?! Махаббат деген жоқ нәрсе-е! Ол деген

–ертегіде ғана бар! Әй, сендер әлі еркек болмаған,

дым көрмеген бәлесіңдер ме, хи-хи-хи... «Он үште
отау иесі» дегенді мен айтып кетіппін бе? Қазақ
атаң айтқан! Миларың...а? Қанша жаста тоқтап
қалғансыңдар өзі?!...

-Тұрды, Абай не деген? «Махаббатсыз дүние
бос, хайуанға оны қосыңдар» деген. Абай айтқан!

- Ол кітап-сызықтан шықпай қалған адам ғой,

айта береді. Ақын- сақын дегендер делебесі
қозғанда не айтып, не қойғанын білмей де қалады!
Олардың сөзінің бәрі уақытша ғой! Уа-қы-ытша!-
деп Тұрды даусын жіңішкертіп, қолымен ауаны

сызып бір айналды.
-Қой, Тұрды, осы жерден тоқтайық,- Жаңабек
сөзге араласты,- ұлы кісілерді тілдеуге енді дәтің
бармасын!

-Турасын айтсаң, туғаныңа жақпайсың деген!
-Ол тура емес,- деді Айдын.
-Қайсы, Айконь? Қайсыны айтасың,а?- деп
Тұрдының даусы лезде жіңішкеріп, ыржиып күле

салды.-Мен әшейін сөз болсын деп әдейі айттым. Кім
не дейді де-еп.Ұрсып қалған адамдай үнсіз отыра
береді мына жүгермектер мен болмасам. Сөйлетейін
дедім дә-ә! Хи-хи!

-Енді ондай қисық сөзді айтпа.
-Мақұл, мақұл, Айконь. Қойдым, міні, оллахи!
Әшейін, сендердің құлақтарың үйрене берсін деп...
Еркектердің ішкі сырын осы бастан түсінсін де-еп...

кейін күщ-щті келіншек болуларың үшін...
-Өй, Тұрды, не деп кеттің!?-Жаңабек шыр етті.
-Келіншегің не?
-Мына сарыны не істесек болады өзі?!- қыздар

шулап, ұлдар күліп мәз болысты.

-Қойдым, ойбай қойдым! Сендерді бір күлдіріп,
шаршағандарыңды бастым-ау, ә? Рахмет деңдер маған.
-Ах, ты черт! С одной стороны он прав! Дұрыс
біржағынан!- Бірақ, махаббаттың дәмін татқан жоқпын

өз басым! Бірақ, сендердің бір қыздарыңды ұнатып
қалдым. Ал, ол не дейді, білмеймін. Мен жаққа
қарамайды да әйтеуір. Келіңдер, ән айтайық,- ол «Ақ
бантик» әнін гитарасында ойната жөнелді. Айдын

жаққа көп қарағыштай берді.

-Айконь, бірдеңе сұрасам, шыныңды айтасың ба?-
деді Тұрды кешкі би алаңында.
-Мен әрқашан шын айтам.
-Өй, оны білем ғой, сұрасам... Бір жігітпен жүріп

көрдің бе, айтшы?
-Жүрмін ғой міне көп жігіттің ішінде.
-Өй, Айконь, осы ма? Осы екенін өзім де білгем
ғой! Керегі жоқ әр жігіттің! Сенің папаң... біздікі

сияқты қарапайым емес қой, дұрыс тәрбиелеген деп
ойлаймын.
-Тұрды, «Ұлылық деген -қарапайымдылық» деген
бар ғой.

-Дұрыс. Егер мен бір адамнан жеңілсем, ол –сен.
Бір адамды дос санап, бас исем, ол –сен, Айконь. Сені
қалай тап-таза етіп ө-өсірген деп таң болам кейде.
-Ал, кейде ше?

-Кейде ма? Хи-хи! Кейде де, әркезде! Сені
тыңдаймын. Кейде кешігіп қалдым ба деп қорқам.
...Тұрдының есіне осыдан біраз күн бұрынғы Мәди
екеуінің арасындағы кикілжің түсті. «Сен адамды

малмен тең көремісің сонда? Ұнату, сүю, талғам,
махаббаты жоқ малмыз ба сонда?! Өй, сен де бір...
Жерге қараттың ғой қыздардың алдында әрдеңені
шатып!» деп теріс қол сілтеген-ді Мәди.

-Сен не сонда, махаббат бар деп тұрсың ба?Ал?!
-Бар, біз Айдын екеуміз бір-бірімізді сүйеміз,
түсінеміз,- деген ол.
-Жоқ! Сен оны он адамға, ол сені он адамға

айырбастайды! Қара да тұр!-деген бұл.
Айдынның тамырын басып жатқаны осы себепті.
«Мәдидің менен несі артық? Бәлесін-ай сонда да,
айтқаныңа көне салатын,өтірікке де сене салатын,

қулық- сұмдығы жоқ, жасанды ісі жоқ, ащщ... бояуы
жоқ қызды қалай ғана лезде айналдырып алған? Бұл
қыз түбінде өзінікі болуы керек! Бір тисе, мұндайлар
өлгенінше адал болады, ищ-щещ-щ... Таптым! Таптым

мен қатыным болуға лайықтыны! Ищ-щщ! Осы қызбен
Мәди ғана қыдыра бере ме? Ол бейбақ не тындырады
дейсің? Сораңдап, қисалаңдап жүре-е береді дә,
щещщ... Не сөзі жоқ, не-е қолын да ұстауға батылы

бармайды ғой ол щещ... Бұл қыдырса не бопты?
Мәдидің көзін солай бір шұқымаса ма! Махаббатың
міні деп, ащ-щ!...»

-Айконьжан, мына шудан тысқары о-оо-у асфальт
көшеде біраз жүріп келсек қайтеді? Сырласып...
-Жоқ, мен онда бармаймын.
-Неге? Неге бармайсың? Түсіндірші.

-Барғым келмейді.
«Қап, шещ... Не істесем екен?! Мені менсінбей
тұрғаның ғой! Мен тірі тұрсам, екеуіңді екі жаққа
жіберемін! Мәдиді сенен айырып, сені артымнан

жүгіртіп қоймасам ба! Атым өшсін!»
-Атым өшсін!- деді Тұрды тістеніп.
-Не? Не дедің?
-Кім мен бе?! Жүр, Мәдиге тапсырып кетейін.

Бәлесінен аулақ, хи-хи! Зибашпен билеп жүр-әй! Сұп-
сұлу екеуі де, а? Айконь? Қалай, жараса ма?
-Билегенде, таранғанда аққулар мен қыздар
сұлуланып кетеді деген бар ғой.

-Дегенді қойщ, мына парға қарашы, жараса ма
дейм? Сені сүйсе Мәкең басқамен жабысып билейді
ма? Сені қайда деп ойлап тұрған доқ қой мынауың,а!
-Досы –сенің қасымда екеніңді біледі ғой.

-Шаң жуытпайды тағы! Мәледе-ес келінш...
-Не?!
-Кейін дегенім ғо! Менің сабағымнан біраз
нәрселерді үйренейін депсіңдер! Енді Мәкеңді

пісірмесем, шіп-шикі! Сары ауыз балапан өзі!
Көретіннің бәрін қатын алғанға дейін көруі керек қо!

Үй болған соң әйелдер кісен салып, ешқайда жібермес.
Солай емес пе,Айко!? І-і, солай!
-Не!?
-Кеш жарық! Қалайсыңдар екі дос?- Мәди мен

Зибаш келді бұларға.
-Тұрмыз қаққан қазықтай қақиып! Айко мені
менсінбейді, не қыдыруға, не билеуге келіспей тұр.
-Қой-и, қазір ғана билеп жүр едіңдер ғой,- онда

ауысып билейікші,- деп Мәди риясыз жымиды.

Би «Летка -Енка».1-ші курстың қыз-жігіттері
шеңбер құра қол ұстасып, алға-артқа секіріп, дөңгелене
билеуде. Айдынның сол қолынан Мәди, оң қолынан
Тұрдыны бөліп Ахан ұстады. «Ащ-щ-щ! Енді сен

төрткөз жолымды кестің бе! Мұрныңды сындырып,
көзіңді 8 қылмасам ба!» деді іштей кіжінген Тұрды.
Мұнда сағат 11-де ұйқыға жату заңды.Сосын
жүріп-тұруға болмайды, мұғалімдерден және

милициядан, дәрігерлерден кезекшілер бар. Мәди мен
Айдын үлкен жолдың бойында қол ұстасып
серуендеуде.
-Қалай, Тұрды әңгімемен зеріктірмеген шығар?

-Иә. Әңгімесі көбіне ұнамайды маған, алжасқан
аталар сияқты сөйлейді.
-Қылжақбас қой, біздерден қайда-а ақылды, көп
нәрсеге сен айтқандай аталар көзімен қарайды. Бір

үйдің үлкені болған соң, шалдың баласы боп өскен
екен, ерке.
-Сен де бір үйдің үлкені емессің бе?
-Иә, көкем көп ағайынды болса да баяғы «Аша тұяқ

қалмасын, Асыра сілтеу болмасын» деген заманда 8
ағайындыдан бір өзі ғана анасымен қалған екен. Буыны
қатар-қатпас шахтада жұмыс жасапты. Содан үй-жай
болғанында шахтада көмір басып қалып, қазірде

денсаулығы жоқ. Балдақпен жүреді, Біз анамызға
қолқабыс жасап, бар шаруаны атқарамыз өзімізше.
Әжеміздің баласымыз. Сегізбіз бір анадан.
«Алғаныңның орнын толтырдың, Аллам! Енді осы

шырақтарымды сөндіре көрме, Аллам!» деп, әжем
дұғасын осылай айтып отырады. Әже дұғасына біз де
әндете қосылатын ек бала күнімізде.
-Әндетіп пе?!

-Иә, ән екен деп ойлаймыз ғой. Айтайын ба?
-Айтшы...
-Жетеуді алған құдайым-ай,
Сыныңа тағы шыдайын-ай.

Жалғыздан өсіп-өндіре гөр,
Өзіңе ғана жылайын-ай,- Мәди қоңыр үнімен
әндетіп барып тоқтады. Қалай?...

- Қиын тағдыр екен,- деді көзін сүрткен қыз.

-Әженің бәрі мейірімді-ау, баланы аса көп
ойлайтын ең жақыны да әже ме деймін. Менің 3-4

жастағы кезімде әжем екеуміз ауылдағы ағаш ұстаның
үйіне бір қошқарды жетектеп алып бардық.
Ұста кеспелтектен жылқыға ер шауып жатыр екен.
Әжем иіліп сәлем берді.

-Ойбай, жеңеше, амансың ба? Қаяқтың желі айдап
келді? Өмірі ескермеуші ең. Мынау кім, немерең бе?
Жігіт боп қапты, аман болсын. Иә, жол болсын.- Ұста
көрпешені алақанымен қағып- қағып, «Оу... жоғары

шық» деді де жиегіне отырды. Астыңғы ернін созы-
ып,насыбай атты. «Айта бер» дегендей, құлағын
қалқалап, иегін қақты.
-Мырзаға, мынау менің рас па, өтірік пе деп көрген

майшам балам –Мәдиім ғой. Осы жарығым сізге ұқсап
өнерлі ұста, әнші- күйші болсын деп батаңызды сұрап
келдім,-деді.
Со кісі маған бата беріп, домбырасын сыйлаған-ды.

Ойыннан қолым босаса, домбыраны дыңғырлатып
жүріп, ақыры үйреніп кеттік қой, Айдын.
-Күйіңді тыңдап жүрміз-ау, әншілігіңді көрмедік.
-Бәрін бірдей көрсетіп қойсам,а? Қызық болмай

қалады ма деп...Осыдан оқу басталсыншы,
институттың сахнасында ән салып бермесем бе!
Айтпақшы, Айко, сен де өлеңдеріңді оқытпайсың ғой
маған.Ұяласың ба, а? Өнердің несі ұят? Мен де ұялып

тұра тұрмаппын ғой біраз, а?
-Сен мені мазақтадың ғой...

-Мен бе, қа-шан? Ә-ә, иә... Есіме түсті. Ақындар
деп пе... Негізі, институт газетіндегі өлеңдерің тамаша
ғой. Біз былай көкірегімізді желпіп жүрміз ісіп- кеуіп.
Жоғарғы курстың жігіттері сенімен таныстыруды

өтініп, қаншасы бізді паралап жүр ғой.
-Паралап па?!

- Өткенде бір жігіт кафеге апарған бізді, с-сөйтсем,

Тұрды уәделесіп,се-сенімен таныстырмақшы бопты.
Енді бәріміз қыдыруға-а барады екенбіз...
-Осыларың дұрыс па енді?!
-Жоқ, әрине. Сол үшін де керісіп қалдық. Бір мен

емес. Бөлмедегі біздің жігіттердің бәрі де, әсіресе
Жақаң қатты-қатты айтып тастады.

- Негізі Тұрды жаман жігіт емес қой, әзіл- қалжыңға

басып, артық кетіп қалатыны бар. Жеңгетайлықпен
ойын ойнауға болмайды ғой, ойыннан өрт шығып
кетсе ше? Оны тәрбиелеу керек шығар. Абай
атамыздың сөзі бар ғой: «Кім де кім жаман болса,

оның замандастарының бәрі кінәлі» деген. Біз бір-
біріміздің дұрыс емес жақтарымызды түзетуге
міндеттіміз, ал, жақсымызды бөлісіп, үйрене білейік.
Жолдастық, достық деген осылай болуы керек.

Бос күннен өткен жоқ қайғы,
Минут та қайта соқпайды.
Адасқан жанды жұбатып,
Арамза ғана жақтайды,- деген ғой бір ақын.

-Ол қай ақын екен?! Сенсің ғой, Айко?Жаным!

-Жаным деп айтпашы енді. Менікі емес...

- Өтірік айтпаймын дейтінің қайда? Өлең де

сенікі,жаным да сенікі. Менің ғана Айдынымсың,
жаным. Қырсығым менің, қылтығым менің,- ол аузын
басқан қыз қолын құшырлана сүйді.- Қылжақбасты не
істейсің! Сүтпен кірген мінезі сүйекпен кететін шығар

деп...Бірақ,жақсы дос ол. Уақыт өтеді, «Махаббат бар»
деп тұрақты жігіт болады әлі-ақ. Айко, айтпақшы
ертең түске дейін мақта теріп, түсқайта Ташкентті
аралауға баратын болдық. Келісесің ғой,ә? Бейсек

ағайдан сұрандық.
-Бізді адастырып кетпейсіңдер ме әйтеуір?
-Қойщ...компас сияқты тартылып қалғанбыз ғой
сендер жаққа, Айко.Күн тұрмақ түнде де ойлап-ойлап,-

Түһ! Қолың тоңып қалыпты-ау, Айко,а? Аздап
жылытып аласың ба ме-менің...-Ол қыз қолын жып-
жылы қолтығына салды. Айдын сыдырып кері алды.-
Онда... әкелші, үрлеп жылытайын,- Мәди күректей

алақанымен нәзік қолдарды көмкеріп, үрлей бастады.
Айдын кері тартайын деп ойлады-ақ, бірақ, қолының
жаны жоқ сияқты ма...қозғалмады.
-Сенің бар болғаның...Айко...білесің ба...қандай

жақсы. Сен болмағанда не істер едім? Айтшы, түк те
қызықсыз болар еді мына дүние... Айдыным ме...нің...
Сен қасымда болғанда-шы...күндізгі уақыт та,
айналаның бәрі де өзгеріп... Сенесің ба, басқаша болып

кеткен сияқты. Тіпті ауа да басқа... Айта алмаған

сияқтымын. Мүмкін, ақындар ғана өздерінің
жырларында суреттеп жеткізе айта алатын шығар...
Бірақ, рахмет саған расымен-ақ, рахмет.
-Не үшін?

-Бәрі үшін... Айтайын ба, әйтеуір бар болғаның
үшін. Түсініп тұратының үшін. Әжемнің арманы болғ...
Қойдым, маған ерекше дос болғаның үшін, қасымда
бірге жүргенің үшін... Мені... мені жақсы көргенің

үшін...
-Өйтіп айтқан емеспін ғой...

- Айтпаған қырсық мінезің үшін, маған еркіндік

бермегенің үшін сені... Сені... Жылытып тұруға рұқсат
берші, Айдын. Қалтырап тұрсың ғой тоңғаныңнан,а...
Айдынның жүрегі жыр тербеді:

Тоңғанымда жылытқан шуақтарың үшін,
Мұңайғанда бауыр боп жұбатқаның үшін,
Тек ізгілік тілейтін мұраттарың үшін,
Сендерге тағзым етем, жақсы адамдар.

Адам деп соққан періште жүректерің үшін,
Түйір жас келіп, көңілім дір еткені үшін,
Махаббат жолын күреспен бір еткенің үшін,
Сендерді сүйіп өтем, жақсы адамдар!

111 –тарау

АРМАН

Арман көп қой адам боп жаралғасын,
Арман дейді жетпесін, бара алмасын.
Бірақ, ең-ең тәтті де биік мұрат,
Не жетерсің, не жолда қалар басың.

Бүгін жексенбі. Кезекшілік кезегі Әсемде.
-Айко,Айдынка! Тұр, түскі тамақ ішетін уақыт
жақындады. Кеше театрға барып, шаршаған мен де
бағана тұрдым. Еркетай, тұр енді, жуын.

-Ап-па! Өкіметтің тұратын уақыты болып қалды
ма, а? –деді Айдын төсегінде созылып.
-Иә,біздің бөлмедегі «өкіметтің» бәрі де тұрды-ау,
соңғы ақын өкімет тұрса, шәйімізді даярлап қойдым.

Сенің сүйікті картобыңды қуырдым -деп күлді Әсем.
-Сендер бұл «өкіметтің» түндегі жұмысын
білмейсіңдер ғой... – Жаһан күлкіге шашалды.
-Білеміз ғой Айконың үкімен тектес екенін, түнде

өлең не күнделік жазатынын.
-Ішімізде ең аз демалатын да, ең көп пайдалы
еңбектенетін де осы –Айко! Өлең жазу бақытын
Құдайым әркімге бермейді ғой!

-Жо-жо! Біз екеуміз түнде-ші, шет мемлекетке
са...сапар шегіп келдік...
-Қайдағы «шетел»?- аңқау Сәбеш қатты таңданды.
Қыздардың бәрі төсектерінен бірден көтеріліп,

ортадағы үстелге –Жаһанды қоршай жайғаса қалды.
-Айтшы енді, айтшы тез. Қайда бардыңдар? –
қыздар Жаһанға аңтарыла қарасты.
Күлкіден аққан көз жасын сүртіп, Жаһан

нықталды.Ұзын сүйір саусақтарымен үстелді тықырла
тып алды да «Айтайын ба?» деп Айдынға қарады.
-Шетелдің елшісі –ау! Рұқсат сұрап, тәртіпті бола
қалғаның ба расымен...

-Айт, айтасың әрине.Біздегі тәртіп,Айдынның өзі
ұсынған ережесі –сыр жасырмау! Айт.
-Және де сырды есіктен әрі шығармау!- деп қойды
Айдын.- Ұмытпаңдар.

-Да, да! Менде жазық жоқ, шырт ұйқыда жатыр ем,
Айдын оятты. «147-гі Ұлас срочно шақырады» деп.
-Иә, сосын?
-Шықсам, бөлмесіндегі Айконың группаласы

Өркен-ші, «Өлем, сендер менің Айдынмен сөйлесуіме
көмек бермейсіңдер» деп, терезеден секірмек пе,
пышаққа жүгірген бе... хи-хи...Сондай енді.

- Ойбай! О несі? Не үшін екен?! Айтпай қоя

тұршы, мен бытовкадан тамақты алып келгенше–деп,
Әсем сыртқа беттеген Айдынды қаға-маға жүгіре
жөнелді.

-Мен келгенше аяқтап қой,Жаһан! Іһі?-деді Айдын.
-Іһі- іһі! Әһә!
-Енді басталса, қалай әһә болсын!?
-Ә, кеше «Қаракөзге» шақырғанда бармағанына

қапа болған ғой. Айтып ем ғой, біздің алдымыздағы
қатарда жылады да отырды,-деді ыстық қазанымен
кіріп келген Әсем, -обал бопты-ау.
-Содан? Айта берші,-деп қосарланды қыздар.

-Ыс-содан... Ұластың өтініші бойынша әлгі Ө-
Өркенді «Өлгелі жатыр екен,әл үстінде,соңғы тілегі
сені кө-көру екен» деп, -Жаһанның күле-күле көзінен
жасы ақты, - Айконы алдап апардық...

-Сенді ма соған?
-Сенгіш қой ол!
-Сенгенде қалай! Айконың көзі бақырайып... хи-
хи.. қаны тартылып...хи-хи...құп-қу боп кетті. Мен

бұған бірдеңе боп қала ма деп...
-Өлгені несі?! Енді Айконы неге алдайсыңдар?!
-Бөлмесіндегілердің әбден әлегін шығарғаны рас
қой.Айқай сап, терезеден секірмекші болып... Қойдыра

алмаған ғо... Біздің қызбен тілдеспесе болмайтын
бопты. Кеше кешке ол шақырған театрға Айко
бармағанын білесіңдер ғо! Алдаудан басқа жол
таппадық қо енді.

Сырттан Айдын кірді.
-Ойпырмай, сондайға дейін барып... Соншалықты
жақсы көреді екен-ау,ә?!

-Мұндай махаббатты көргенім, естігенім осы!
-Сенде не арман бар, Айко!? Арман жоқ!
-Өтірікші өрмекші,
Көпір салып бермекші.

Өтіріктің бесігіне,
Осыларды тербетші,-деді Айдын кереуетіне қайта
орнығып.
-Негізі,сенікі дұрыс емес,-деді Әсем,жігітті

жылатпау керек. Не деген сұлу өзі, айтыңдаршы, а?
Полат Бюлбюлоғлыдан аумай қалған! Өзі совхоз
директорының баласы. Әттең, маған сөз айтса-шы...
Ал, тамақ дайын. Келсейші, Айко!

-Жамандап жатырсың, тұрмаймын,-ол жорыта
бұртиды.
-Біз сенің жағыңбыз, 2-де 2, тең! –Сәбеш пен
Жанат қолдарын көтерді.

-Онда «өкімет» тұрады,-Айдын үстелге беттеді.
-Айта берші, не болды сосын?
-Не болушы еді, бөлменің кілтін Айконың қолына
бердік, сөйлессін деп ек. Өркеннің үстін ақ... ақ пр-

простынямен жа-жауыпты...хи-хи...
-Аха-ха-ха!
-Олар да қызық екен, аха-ха-ха!
-Сосын, Айдын простыняның шетін көтеріп еді, а-

ан-нау-у «Айд-ы-ын!» деп атып тұрғаны, а-ха-ха-а!
-Сосын не істедіңдер?

-Не болушы еді, бір ауыз сөз айтпай, Ұласқа кілтін
ұстатып, қыз кетіп қалды. -Ыс-содан,сендер ұйқыда
сыңдар, бұл маған да сөйлемей,бірдеңе жазып отырған.
Ұйықтамады-ы хи-хи...ау-у...

*** ...Былтыр бөлмеде Айдынның сумкасынан Өркен жазған хат шыққан-ды. Мұның қолынан қыздары алып оқыған. Хатта атасының «Ленин» орденді шопан, әкесінің совхоз директоры, өзі он бір баланың үлкені екенін; Айдынды ұнататынын жазған. Содан бері де жылдан асыпты. «Неге сөйлесіп, қыдырып көрмейсің? Сөйтсеңші» деген қыздарына бұл өз принципін үгіттейтін. «Алдымен адам кімді және несі үшін ұнататынын; оның барлық артық-кем жақтарымен мәңгілік бола алатынын анықтауы керек. Кімнің тарысы піссе, соның тауығы боп, кино, концертке бару - қателік» дейтін. Ал, тап кеше... Бөлменің есігі қағылды да Сәбеш басын сәл қисайтып «саған» деді Айдынға. Өркен екен. Қап-қара костюммен киген ақ көйлегіне қызыл галстук байлап, онсыз да көркем жігіт ажарланып тұрды. -Саламат па, Айдын? – ол қол созды. Бұл да. -Бүгін ауылдан келіп ем... Мына қызғалдақтарды саған арнап үздім... -Рахмет, ауылың аман ба екен? -Иә, сәлем айтты... саған...

-Маған?.. Саламат болсын.
-Сені театрға шақыра келдім,кешкі 7-де «Қаракөз
ге» билет алдым.
-Мен...мен бара алмаймын-ау, психологиядан

ғылыми конференция өткізуге дайындалуым керек.
-Ертең демалыс қой, екі сағат ештеңе етпес.
-Гүліңе рахмет, бірақ.... өкпелеме,-Айдын сүйеніп
тұрған есікті әрі итеріп еді, іштегілер құлыптап қойған-

ау, ашылмады. Бұл жәй тықырлатты.
-Айдын, өтінем сенен, барайықшы, -бидай өңді
жігіт қызарып кетті,екі жыл болды ғой... сені шақырып
жүргеніме. Неге бармайсың? Соншалықты нашармын

ба? Жоқ...қорқасың ба? Бір группада оқимыз... Оның
несі айып?
-Тағы бірде барармыз,бүгін...болмайды. «Болады,
болады. Барады-ы» деп есіктің әр жағынан бір дауыс

сыбырлады. Бұлар бір-біріне қарап жымиды.
-Әне,«болады» деп тұр ғой қыздарың да, - Өркен
біраз үнсіз тұрды, сосын ақырын Айдынның қолына
қол созды. Қарсылыққа қарамай, қыз қолын екі

алақанының арасында аялады. Сосын маңдайына
апарып, біраз тұрды да, даусы дірілдей тіл қатты.
-Айды-ын, егер мені ұнатпасаң, оқуды тастап
кетемін. Білесің бе, сені сүйіп... Сүйген адамның

қасында... күнде жүріп... оған қолың жетпеу, сөйлеспеу
қандай қиын екенін? - Өркен жылап тұрды. Оның көз
жасы Айдынның білегіне қарай сырғи ақты, -

қиналдым әбден, енді қинамашы. Мен сенен
сұранамын, Айдын.
...Абитуриенттік кезден танысқан Мәдимен
достығына сызат түспеген Айдынды ертеңгілік оқуға

шыққанда ол бөлме алдынан, не сыртқы есіктен күтіп
алатын. Содан, сабақта да, лабораториялық жұмыста
да, оқу залында да бірге болатын. Кешкісін кино-
театрлар мен мәдени орындарға екі-үшеу боп

көбейетіндері бар. Бірде Мәди:
-Мен саған...сені... маған-ше қатты үйреніп қап...
кетіппін,Айко! Сенсіз түк те қызық емес. Ауылға
барайын десем де-ші сені сағынып кетем деп барғым

келмейді. Сен ше менің ең кішкене қарындасыма қатты
ұқсайсың.Каникулда... соны...шақырып ап сүйе берем
сені сағынғанда. Саған ұқсайды. Айко, сен ше,а? Мен
кімге ұқсаймын? А-а?-деген Мәдидің осылай еш

бүкпесіз шатаса сөйлеген ақкөңіл тазалығына риза
болатын-ды қыз.

- Ә.К-ге.

-Әк? Ол кім тағы? Әкпар? Әкім?Әкеме ме? Айтшы.
-Ө-өзің айнаға ұзағыра-ақ қарасаң,саған қара-ап
тұрады ғой,байқа,-деп сықылықтап күліп алған-ды бұл.
Мәди айнаға қанша қараса да кімге ұқсайтынын

бүгінге дейін біле алмаған.Қанша өтініп, осы жаңа ғана
тап осы есік алдында «ә.к- әзірбайжанның кемпірі»
екенін біліп, көзінен жас аққанша бүгіліп күлген-ді.

-Жо-о, әзірбайжаның дұрыс, мұрным шығар. Бірақ,
неге «кемпірімін» шалы емес, а?
-Білмейсің ба не? Шашың ше бұйраланып, оралып
жатқаны мынау. Шалдың шашы тақырбас қой...-

Айдын оған қарап, Мәди бұған қарап, ішек сілелері
қатып күлгендері жаңа әзірде ғана.

- О-о-ра-мал тақ-саң, айнымай «ә.к.» боласың...

-ӘК... әк! Уһ, ішім-ай,ішім! Ішегім үзіліп кете
жаздады-ау. Кәне, айнаға қазір- ақ қарап көрейінші.
Бөлмеге кірген
ол сүлгіні басына жауып,мойын асты алқымынан

шеңгелдей біріктіріп айнаға қарады да, бүгіле күліп,
кереуетке жата кеткен-ді.
-Кемпір, тұр енді, читалкаға барайық.
-Байқа, Айко, кемпірлердің ашуы жа-манн!- деп

Мәди сұқ саусағын шошайта күлген күйі өз бөлмесіне
кетті. Содан Мәди екеуінің институттың оқу залынан
келген беті осы әзірде ғана.
Айдын осыны естеп, жымиды.Дұрыстап қараса,

Әсем айтқандай-ақ мына Өркеннің Одаққа, тіпті
дүниежүзіне танымал әнші Полаттан айнымайтыны рас
екен. Көріктірек десе де болады, себебі бұл оның жас
шағы сияқты. Не көз дейді мұндайды? Сілеусін көз бе?

Әйтеуір қап-қара сүзіліп қалған көздері мен қыр
мұрыны, шынтағын аздап бүгіп, қанатын қомдап
жүретіні –қыранды елестетеді екен. Шынында өте

көрікті екен-ау Өркен! Айтқандай, Полат «ӘК», нағыз
таза әзірбайжан ұлты ғой! Айдын еріксіз жымиды.
-Неге күлдің?-деді Өркен,- менің жігіт басыммен
жылап тұрғаныма ма? Дұрыс, өзімнің де өзімді мазақ-

тағым келеді. Жігіт адам жылай ма әйтпесе! Негізі мен
әкеме де бағынып көрмегем, оны сыбап тұрып боқтай
салатынмын. Өйткені мен атамның баласы боп...
Осыным дұрыс емес екенін саған ғашық болғасын ғана

түсініппін ғой, Айко. Саған ғана жалыныппын бұл
өмірімде,саған ғана. Кешір менің жылағанымды...
-Бүгін расында да уақыт болмай тұр,тағы бірде...
Өркен, жарай ма? – ол қолын ақырын босатып алды.

-Сен менің атымды біледі екенсің ғой, мен білмейді
ме деуші едім. Кешірші, мен саған өзімді мойындата
алмағанымнан, таныта алмағанымнан кейде арақ
ішемін Сөйтіп, осы дәлізде айқайлап жүремін. Сол

кезде талайлар «Кім бұл? Айқайламашы!» деп есіктен
сыртқа бастарын шығарады ғой. Сен де басын көрсете
ме деп... Негізі, оншалықты бұзақы не бұзық сөзді
емеспін. Мүмкін... менің осы мінезім сені шошытатын

шығар, ә? Мен оны дәл осы қазір түсіндім. Кешір,
жарай ма? Осы келгенде де аздап ішіп келдім, себебі,
келуім қиын. Қиы-ын. Түсінесің бе, ішпесем саған
аузымнан сөз шықпайтын сияқты ма...

-Мен сені... түсінуге тырысамын, ал, жақсы.
-Айдын, Ай-ды-ын...
-Жақсы,-деп бұл ішке кірген-ді.

Қыздар бұлардың әңгімесін есіктің әр жағынан
есітіп тұрған болды.
-О-о, қызғалдақ – махаббат символы!
-Айко, осынша жалындырған сен ақымақсың!

-Күйеу жігіт гүлінің иісі-ай!-дескен-ді қыздар.
Міне, бүгінгі талқылау Өркеннің кешегі
қызғалдағы мен театрға шақыруының жалғасы еді.

...Айдын жуынып-шайынып, дастарханға келгенде,
өзі туралы қызу пікірталас үстінен түсті.
-Сонда да, Өркен байқұс не істейді енді? Біздің
Айконікі 100℅ дұрыс емес. Бірге қыдырғанда не тұр

екен? Ертең тұрмыстанғанда, үйден шыға аламыз ба,
жоқ па? - Әсем қызына сөйледі.
-Сонда, Айдын неменеге кінәлі? Біреу жылады
деп... Жылағанның бәрін жұбата бере ме? Дұрыс,

шыққысы келмесе, шықпайды,-Сәбеш Айдынды
қолдады.
-Қыздар-әй,менің дәу апам айтатын, «ер кісіні
жылатпа» деп,- деді Жанат,-бірақ,Сәбештікі дұрыс қой.

Айдын өзі туралы барлық пікірді тыңдап, әңгімеге
қатыспады. Ойына өлең оралды. «Міне, көкпар» деп
күлді де бір параққа жаза бастады:
Дау - таластан туады шындық деген,

Мен ойланам пікірді күндікпенен.
Сабаңдаршы, аямай сабаңдаршы,
Жан туыстар, жалғаспас кіндікпенен.

Қалай сүйем бұйрықпен, сүймегенді,
Жүрек біреу.

Бір жігіт үйленеді.
Білесің бе, қыздар-ау, дәметтірсек,
Жігіт сонда деліқұл күйге енеді.

Не дейсіңдер?

Жүр десе барайын ба?
Көңіліне бір үміт салайын ба?
Кездейсоқтан қосылған қос жүрекке,
Орын бар ма Бақыттың сарайында?!

Айдын өлеңді қыздардың алдына тастады да, өзі
оқу залына кетті. Сөз айтпады.

-Ой, лезде өлең жазыпты! Енді 2 жылдай жүгірген
жігітке бір ауыз жауап жазса,несі кетеді? Обал емес
пе? – деді Жаһан.

-Үнсіздіктің өзі – жауап, - деді Жанат.

...Қыздардың пікірталасы қызу жалғасып жатты.

Студенттердің ғылыми қоғамына психология
саласынан Айдын жетекшілік ететін. Конференцияның
бекітілген жоспары бойынша «Ұстаз беделі неде?»
атты тақырыпта баяндамаға дайындалуда.

Бедел деген мәртебенің сөз бен істің үйлестігіне,
білім мен сана деңгейіне, ұстаздың шәкіртпен өзара

түсіністігіне, шәкіртке жоғарыдан қарап емес, тең
дәрежеде сөйлесуіне, әр істе әділетті болуына, балаға
сенім арта білуіне, баланың даралығы сияқты көптеген
факторларға байланыстылығын айтқан-ды. Баланы

«Неге оқымайсың?», «Неге бұзықтық істедің?» деп
сұрақпен ұра бергеннен гөрі «Балалық шақ қайта орала
ма?», «Кімге ұқсағың келеді?», «Уақытты мәнді
өткіздің бе?», «Өмірдің мұраты не?» деген сияқты

сауал-пікірталастармен ой қозғаған дұрыс деп тапты.
Бұл ой баяндамаға енгізілді. «Тағы да не қалып кетті?»

-Айдын , не істеп отырсың?-қасындағы бос орынға
Мәди келіп жайғасты. –Туһ! Мына қағаздардың бәрін
сен толтырдың ба, а? Оқысам бола ма?

-Жоқ,оқымашы. Ертеңгі конференцияға баяндама...

-Ә-ә! Фантомас досың екеуің айналысатын ғылым
ба... – ол күле сөйлегенде, Айдын алақанымен оның
аузын басты,-Қойдым! – Мәди қыздың алақанын сүйіп,
үнсіз отыр.

-Бүгін киноға барайық,-деп сыбырлады Мәди. Қыз
басын шайқады.

-Сенімен бармаймын. Ұнамадың.

-Тұрды үшеуміз.Үнді фильмі «Гита-Зита». -Қыз
басын изеді. «И, жаным менің! Сәл қырсығады да
түсіне салады өзі» деп, Мәди құлағының түбінен
сыбырлады. Бұл саусағымен ақырын мұрнын көрсетті,

«бармаймын» деді. Мәди үлкен көздерін жұмып ашты
да, күліп өз орнына отырды. Сабағына дайындалды.

«Фантомас» - бұлармен группалас Тастан. Өзінің
сыртқы пішім-жаратылысы роботқа ұқсап, шығыңқы
иегі мен ұзын жіңішке мойны алға ұмтылып барып
тікшиген арық иығына дәнекерлеп бекітілген сияқты

бұрылмайтын. Тіпті дік-дік тізесін бүкпей басатын
жүрісі де, кіріспесі жоқ, қорытындыдан басталатын
сөзі де мұны жұрттан оқшаулайтын, ол аспаннан
түскен адамдай еді.

Бұл группа түгелімен, тіпті бүкіл институт
Тастанды «Фантомас» дегенде, кемсіткісі келмей өз
атымен атайтын жалғыз Айдын болған соң ба, өткенде
ол «Киноға менімен барасың!» деп, 2 билет ұсынған-

ды. Аңтарылып қалған қызды, оған «Ұста мынаны»
деп қайта ұсынылған билетті көрген Мәдилер
сахналық көрініс көргендей мәз болды. Ұлдар
группада қалған бар-жоғы үш-ақ қызды қоршап,

Тастанға жел беріп тұр. Әсіресе Тұрды ішек-сілесі
қатып:

-Фантомас, жарайсың-әй! Шешіп сөйлейтін ғалым,
психолог жігіт қой бұл!

-Біздер сияқты «барайықшы-ы» деп сызылып,
сұранып тұра ма! «Менімен барасың!» дейді бұл. Ал,
Айко, алсайшы 2 билетті, ал!

-Иә, кинотеатрға ертерек бар да күтіп тұр,
Фантомас өзі-і барады сосын. Солай ма?- Жігіттер
жан-жақтап, кеу-кеулеп, ілмелеп сөйлеп тұр.
-Ой-ба-ай, бұл деген нә-гіз мі-гіт-ку! Кесіп айтады!

-Барасың!- дейді! Болды, бару керексің, Айко-о!

-Иә, нақ солай!-деді Фантомас билет ұсынған
қолын Айдынның көз алдынан тартпай.

-Жарайсың, Фантомас! –қыран-топан күлкі,
іштерін ұстап, бүгіле күледі.

Айдын «күлекештердің» арасынан Өркенді де,
Мәдиді де көрді. Бұл да жымиып отыр.

-Бармаймын, басқаға бере бер, - деді Айдын.

-Бармауыңның себебін айт!-деді Фантомас, әлі де 2
билетті қыздың тұмсық астында ебелектеткен күйі.

-Иә, себеп жоқ қой! Ал неге бармайсың?-деп
жігіттер жел беруде.

-Мен күтіп тұрмын, айт!-деді Фантомас.

-Барғым келмейді,-деді Айдын да күліп.

-Бұл – жауап емес, себеп жоқ!-деді қолы қақиған
Фантомас тірі роботтың кейпімен.

-Тартшы қолыңды! Бармаймын!-деді қыз.

-Түсінбейсің бе, қойсайшы енді,-деді Гүлнәр мен
Зүбайра да күлкілерін тия алмай.

- Әй! Фантомас, барғысы келмегенді қинамай,

мына біз екеумізді шақырсайшы. Біз барамыз,-деді
қыздар.

-Жоқ, ол болмайды. Айдын баруы керек. Сендер
жарамайсыңдар!- деді робот-адам.
-Екеуі де жарамай ма, Фантомас!? Аха-ха-а!

-Эй, жі-жігіттер-ау, Фантомастың өзі әлемде екеу-
ақ қо-ой-и! Ыс-со-ны білсең-де-е-ер қа-лай жаратады
о-о кім болса ыс-соны-ы? Ой- бай, іщ-щім түйіліп қал...
-Тұрды, сені ма бә-лем! Сен бізді Фантомастан да

кем көріп тұрсың ба-а?!- Гүлнәр мен Зүбайра Тұрдыға
тұра ұмтылды. Ол болса көзіне түскен маңдай шашын
кейін сілкіп қойып, жігіттердің ара-арасымен қашып,
«Мен ем-мес, Фантомас айтты ғо-ой» деп ақтала

сөйлеп қояды.
-Өй, Фантомас сендермен қалай түсініседі!?
Түсінбейсіңдер ғой оны! Ол Айко екеуі бір ғылымды
зерттеп жүр! Болашақ ғалым!Простойларға түкіргені

бар ма Фантомастың!-деп Тұрды сайрап тұр.-Айко,
алсайшы билетті! Қолы ауырды-ау Факеңнің! Хи-хи-х!
-Өй- өии, ішім-ай!Хи-хи! Әттең- ай! Қыз
болмағаныма өкініп тұрғаным-ай-и! Қыз болсам,

жылап-еңіреп жүріп, осы Факеңдей қайталанбас
тұлғалы жі-мігітті ө-өлсем де басқаға бермей-ии,хи-
хи...ти-ми-і-іп алар ем... Хи-хи...Айко, бақты теппе...
Группадағы қыран-топан күлкінің үстіне аудиторияға

мұғалім кірді. Ол келмегенде Фантомас оқиғасы қалай
өрбитінін кім білсін. Содан ол «Айконың досы» деген
тағы бір жанама атқа ие болған.

...Мәдидің Айдынға «Фантомас досың» дейтіні
содан. Бұл әңгіме ауыздан ауызға түрленіп, құлпыра
өзгеріп, бүгінде анекдотқа айналып кеткен. Содан бері

Тастанның азан шақырып қойған аты төлқұжатта ғана
сақталып, Айдын да оны «Фантомас» дейтін болды.

Сабақ үстінде авторучка сиясы Айдынның
саусақтарына жайылып, бүлдіргенін көрген Тұрды
қарсылыққа қарамай,саусақты сорып тазалағаны бар.
«Неткен Мәдиге деген риясыз пейіл» деп ойлады қыз.

Ал, сабақтан соң көбіне Тұрды Айдынның сумкасын
асынатын.Түнде институт абсерваториясына да
телескоппен жұлдыздарды бақылауға Айдынды іздеп
жүріп, үшеуі бірге баратын. Аңқау, ақкөңіл Мәдидің

сабаққа алғырлығы басым болса, жалқаулау Тұрдының
сөз тапқырлығы, ылғи да күліп, күлдіртіп жүретіні
Айдынға ұнайтын.

...Бірінші курстың соңында... сессия кезі болатын.
Жатақхананың оқу залынан кеш қайтқан Айдынды
бөлмесіне шығарып салып келе жатқан Мәди күтпеген
жерден қыздың бетінен сүйіп алған-ды. Алақанның

жағына шарт етуі Мәдиге де оқыс болды. Бұл -
бөтеннің алғаш сүюі еді.

-Ұятсыз! – деген-ді Айдын жылап жіберіп.

-Кешірші... Бірақ, мен сені қатты жақсы көремін,
кешірші. Ер-ертең сені көргенге дейін қатты сағыны-
ып тұрамын. Рас айтам,Айдын. Жыламашы, бұл
нағылу... сүю деген табиғаттың заңы ғой... – ол

күштеп, көз жасынан тағы сүйген.- Ал, кір енді
бөлмеңе, жақсы мен сенің жылағаныңды көргім
келмейді,жаным сол! Жыламашы...

Мәди алыстап, көрінбей кеткен соң, Айдын 2-ші
қабатта тұратын кластасы Бәтестің есігін қақты. Бұл –
түнгі 2-ден асқан кез еді.

-Не болды?! – деп шошынды ұйқыдан оянған
Бәтес,-ауылың аман ба? Айтшы, тыныштық па?
Біржақтан хабар есіттің бе, а?

Бәтесті көргенде қыстыға өксіген Айдын сөйлей
алмай жылады.

-Мені сүйіп қойды-ы...

-Неғып қойды, а? Не-ғы-ып?! Айтшы жөндеп! А?
Кім, а? Кім тиді? Айко, а?

-Мәди... бетімнен сүйі-іп...

-Уһ-һ! Сол ма жылағаның?! Уһ-һ! Қаным басыма
шауып кетті-ау,мен де болса... Уһ-һ! Әй, Айко,
неғылады екен сүйсе, аһ? Сонша жылап! Мен де болса,
біреу өліп қалды ма деп... Уһ-һ! Айко-о! Вообщем,

қызықсың сен ше! Ақындар қызық болады деген осы
шығар. Бір қарасам данасың, бір қарасам баласың.
Бізбен жасты кейбір қыздар сүймек түгілі күйеуге де
тиіп жатыр ғой. Ой, төбе шашым тік тұрғаны-ай! Енді

мына бөлмедегі қыздарға не деймін? «Ауылдағы кәрі
апасы қайтыс бопты, соны қазір біліпті» дей салармын.
Қой, құрысыншы! Ал, айтшы басынан, не болды, қалай
болды?

-Енді... енді мен соған тием бе? Өзім сендерге «бір-
ақ адамға сүйгіз, бір-ақ адамды сүй» деп алып... Енді...

-Кімге?..Сүйсе, тие саласың ба? Тигің келмесе,
тимейсің,-деді Бәтес.

Мәдидің де қыз атаулыны алғаш сүюі осы. Көз
алдынан кетпейтін осы қыздың биязы үні, әдемі
әзілдері, шынайылығы, өлең жазғандағы ойлы кейпіне
енді бүгін үндемей жылап ағатын лағыл көзжасы

қосылды.Мәди жастық астынан Айдынның суретін
алып, біраз қарады. Оның алақаны соққан бетін сипап
қойды. «Тап- таза періштесің сен, Айдыным!»
...Содан бері де секундпен тамшылап жылдар

ағып өтіпті. Содан бері... неше өзгеріп, су ақты...

ІҮ –ТАРАУ

КЕСІРЛІ КӨЛЕҢКЕ

Сәуле бар жерде көлеңке болуы –заңды,
Адамды ниет бөледі дұшпан мен досқа.

...Оқу курсы аяқталғанда, студенттердің құрылыс
отряды құрылып, көбісі құрылысқа, ал, денсаулығы
көтермейтіндері мақта шабық, жатақхана жөндеуі,
милиция патрулі сияқты жұмыстарға тартылады.

Айдын ауыр жұмыстан босату туралы «ревматизм»
диагнозы анықтамасын деканға бергенде, ол кісі
сенбеді.

-Әкесінің беделін арқалаған сендей қыздар осылай
ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреді. Сені
бәрібір де жатақхана ремонтына көмекке
қалдырмаймын. Құрылысқа бармасаң да мақта

шабыққа Келеске барасың! -деді.

Мынадай сенбестік көзқарас Айдынға қатты батты.

-Мен...дәрігерден ешқандай жеңілдік сұрағам жоқ, аға, расы осы... Онда, мен құрылысқа барамын. -Өй, олар кеткелі екі күн болды ғой! -Соңынан барамын. Адресін беріңіз, аға! - Біз апара алмаймыз және жауап та бере алмаймыз саған! Ол қалай болады сонда?! «Өз еркіммен барамын» деп арыз жазасың ба?! -Иә, жазамын, аға! *** Тұрды Қызылқұмның құрылысына бармақ түгілі өздерінің жатақханасын майлаусырлауға да «шамасы жетпей, денсаулығы көтермей», оқуға түсірген туысқанының арқасында кешкісін көше тәртібін

сақтайтын патруль тізіміне ілікті. Тұрдының тоқ көңілі
қиялмен небір қияндарға самғап, жоспарын жетілдірді.
« Ура-а! Құдай қолдады деген осы! Мәди жоқ- ол
ақымақ құрылысқа кетті! Тозаққа-а! Енді ол келгенше

Айдынды шыр-шыр айналдырып, тек өзін ғана
іздейтіндей, өз-зі-ін ғана тыңдайтындай етіп алады
бұл! Жаның тұрмақ жансыз көлеңкең қашатын жер
таппай, табаныңның астына кіріп кететін аптап

ыстықта Қызылқұмның шөліне ақымақ емей, кім
барады!? Мына қаланың саялы тротуарына, саябағына
шыққысы келмей, жатысым мына-ау. Кеш түссін,
салқындасын дала. Сосын Айконжанды қайда-а деп

тауып алады. Патруль де болады, қызбен де қыды-ре-
еп... Ащ-щещ...»
Есік қағылды. Жәй ғана екі рет тықылдады. «Өй,
мынау Айдынның есік қағысы ғой!» Ұшып, есікті

ашса, расымен Айдын екен.
-Өй, Айко, кел- кел! Сен екенсің ғой! Сені ойла-ап
жатыр ем өзім де, кешке киноға барайық де-еп!
Каникулға жеттік қой құдай қаласа де-еп, ә?!

Ақырзаман жақындап қалды-ау осы? Ақырзаманда
кімді айтсаң сол келеді, не айтсаң, сол болады деген.

- Тұрды, мен Қызылқұмға құрылысқа кететін

болдым. Жиналып қойдым, бөлме заттарын өткізсем
болды, жолға ертерек шығайын. Соны айтқалы келдім.
-Не?! Қой, ондай ақымақтықты қой! Справкаң бар
емес пе?

-Справка жарамады. Құрылысқа баруға арыз
жазып қойдым.
-Жарамағаны қалай?! Жаратамыз! Доктор беріп
тұр! Қалай жарамайды?! Берші маған! Деканға,

ректорға бәріне кіріп... Ағамды кіргізіп, сені көше
патрулі етіп жазғызамын!
-Жоқ, мен енді тек құрылысқа барамын, өтініш
жаздым. Справканы жыртып тастадым.

-Айконь, жұрт сондай справкаға жете алмай
жүрсе, жыртқаның не? Қайтадан тиын- тебен ұстатып,
ала саламыз. Кеттік!

- Мен тиын беріп алғам жоқ қой, Тұрды.

Денсаулығым солай нашар шығар.
-Ә, Айко, сақ болғаның дұрыс! Шыныңды маған
да айта берме! Мен не үйретем саған ылғи, а? Қолдан
келсе, қоныштан басып жү-үр! Жаның біреу, ол жанды

кү-үт! Оқи берме миыңды ауырты-ып! Қағаздағы бағаң
дұрыс болса, сол жете-ед деп, ә?!Менің қасымда қал!
Өзім шыбын қондырмай қорғап жүрем ғой, білесің.

- Бағанадан бері айтып тұр емеспін бе? Мен кетіп

барамын. Мына бөлме заттарын тапсырайын десем,
қоймада орын жоқ. Соны ауылға апарып, таңертең
ертелеп кетпекшімін.
-Сені енді қайтару қиы-ын, Фантомас екеуің... –

Айдын бұрылып, есіктен шығып кетті.
-Айко-о, кешірші мені, кешірші.Ойнап айттым
ғой. Тілім жаман ғой менің! Мә, ұрасың ба, ұршы мені

бүйтіп үндемей қоя салғанша, ұршы менің ақымақ
басымды!- деп Тұрды қызды бөгеп тұр.- Фантомасы
құрысын! Ол бір жүрген сайқымазақ қой! Екіншілей
айтпаймын,кешірші. И, жаны-ым менің! Қоя салады

өзі.- күрсініп, қыз қолын сипап біраз тұрды,- мен сені
Фантомас тұрмақ... ешкімге де қимаймын. Сен
білмейсің ғой... қаншалықты сені... Не үшін сенің
қасыңнан айналшықтап шыға алмай...

Тұрдымен бірге жүргелі үш жылдан асса да
Айдын оның мұндай қобалжыған күйін көрмепті.
Қыздарды көйлектей ауыстырмаса да, айына жаңа
қызбен Айдын мен Мәдиді таныстырып тұратын

«серілігі» бар. Сол қыздардың бәрі дерлік Айдынмен
жақын болуға талпынып, келгіштеп,бұларды қыдыруға
шақырғыштап тұрады. Айдын жігіт соңынан жүгіретін
намыссыздықты жек көретін.Олармен бірге серуендеу

мақсаты –Тұрдының жақсы қызға жолығуын және
тұрақтануын қалағандықтан. Былтыр кезекті бір қызы
сырласа келе Айдында қатты аяныш сезімін тудырды.
Түсінік- көзқарасы да,мінезі де, түрі де әп- әдемі екен.

Тұрды одан да қашқақтап, жеріне бастағанда Айдын
оны өлеңмен тоқтатпақ болған-ды:

Қайда лағып барасың, қайда лағып?!
Тозақ жолға бұрылдың –айдан анық!
Жастығыңның лаулаған ақ жалынын,
Қараңғы сор барады пайдаланып.

Тоқта деймін! Тоқта деп бұйырамын!
Тіршілікте осы ма сыйынғаның?!
Тыңдамасаң, мәс-саған бір шапалақ!
Көрсем болды есіңнің жиылғанын.

Жүрек саған дастархан дәм-тұзы ма,
Ұсынатын әр қызға, әр қызылға?!
Сүю заңын сезінбес хайуанаттар,
Жүрек –сыйлық шын ғашық жалғызыңа!-

деп жазғаны бар. Тұрды осы өлеңді бүгінге дейін
жатқа айтады. Бірақ...
-Ә-әй, мен бейбақ әр айтқанымда бір ноқаттан
қосыла ма деп үмітпен жаттап-ақ алдым-ау, сонда да

есім кіретін түрі көрінбейді. Қайта ауру болдым ба деп
қорқам! Ол ауруды бір-ақ адам емдей алады!
-Сендегі сол бір адамыңды айтсайшы, түсінбесе
бәріміз бірігіп түсіндірейік. Бір адам деп қазір 20-30

қыз ауыстырдың ғой мен білетін,- деп күлді Мәди.
-Қолыңнан келмейді! Менің де қолымнан
келмейді! Оны келтіретін бір-ақ жол бар, хи-хи. Ол
жолды айтсам бар ма, біреулер өліп кетер! Тағы

біреулер мені өлтірер!
-Ол кім өзі сені сонша ынтызар еткен? Тұреке,
осы сенің шын ынтық болғаныңды байқамадық қой,-
Жаңабек жұмсақ даусымен күле сөйледі,- әлде біз

көрмеген ауылдағы бала махаббат па? Дұрыс онда.

-Сендердің бәрің маған келгенде түсінбей,
көрмей қаласыңдар. Мынау Мәкең өзінен бұрын
туылғанға ғашық. Оның қателегін көрмейсіңдер! Қой
демейсіңдер оған. Не дейді ертең Айдынды «апа» деп

жүре ме? Түсіндірем деп, өзімді сүйгізем деп ит әуре
болатын менікі де дұрыс емес. Пешенеге жазғанды
көрерміз. Сол қызды түсіндіргенше қыздарды
көйлекше ауыстырғаным ауыстырған, ищ- щещ...

Туралығын айты-ып, тура жолға бұратын достық
пейілдеріңді көрмедік қой осы сендердің, хи-хи!-деп
Тұрды ойын-шыны аралас көп жұмбақтайтын болған.
-Пәтуасы жоқ сөзіңнен не түсінеміз? Ойының

қайсы, шының не?Біз түсінбегенді қыз қайдан түсінсін.
-Сол қызды ақыры түсіндірем, көрерсіңдер. Қыз
түсінсе, жүргіштігімді сол күні қоямын,- деген
Тұрдыға Мәди:

-Қой-ей! Онда мен мұрнымды кесіп берейін,-
деген.
«...Мәдиді мұрынсыз қалдырып, Айдынды өзіне
қалай қаратады бұл? Бәрін айтып салса ғой... Түсіне

ме, қайтып бет көрмейтіндей ыршып кетеді-ау...»
-Айконь,маған жазған өлеңің ше,тоқта деймін деп
-Тоқтамайсың ғой сен.
-Сен де менің сөзіме тоқтамай кетіп барасың ғой

Қызылқұмның тозағына. Сен қалшы осы қалада, менің
қасымда.Мен сенің барлық айтқаныңды істеймін.Олла!
-Барлығын ба? Сенбеймін.

-Барлығын! Міні жаным! Нан ұрсын! Анамның
ақ сүті ұрсын! Жаным, қалшы. Мақұл десең,құжатты
өзім туралаймын!
-Жаным деме, сенің жаның емеспін мен.

-Кімнің жанысың? Айтшы ал.
-Айтпаймын. Оны өзім білем, мен неге айтуым
керек басқаға.
-Бір-ақ жерің –осы қырсық мінезің, айтқаныңнан

қайтпайтының жаман ғой сенің. Алдай алмаймын сені.
Жүз қыз құл –күңім болуға даяр ғой, көріп жүрсің.
Солар не істе десем де істейді. Тек, сен ғана, Айко...
Мені тыңдасаң, жаман болмайсың ғой...

-Олар қыздарың, ал мен сенің қызың емеспін ғой,
досыңмын. Дос деген қыздан да, туыстан да жақын.
Мені ұстама енді, кетемін.
-Онда өзім апарып саламын. Бөлмеңнің заттарын

бізге қоя салайық, комендантқа өзім тапсырамын. Сені
біреу алып қашып кетсе, не істейміз, хи-хи!

Студенттік құрылыс отряды.Тәулігіне бір рет
мәшинемен су, қымыран, тамақ жеткізілетіні болмаса,
студенттер өздерінен бөгде жан баласын көрмейтін,
ешқайда бармайтын. 30 адам 5 бригадаға бөлініп, бір

мастер, бір командир,екі аспазы бар, іске құлшына
кірісетін. Таңертең сағат 6 да оянып, дене шынықтыру
жасайды, сосын сапқа тұрып, бригадирлер мастерге, ол

командирге рапорт береді. Сосын, тамақтанып, іске
кіріседі. Біреуі лай илеп салады, екеуі лай тасиды,
біреуі сылақшы. Ал, Айдын қабырғаға қара балшықты
жапсыруға машықтанды. Көзілдіріктің сыртынан

басты бүркей орап, балшықты лезде қабырғаға ұрып
тастайтын. Оны жылдам сыламаса, балшық қатып
қалушы еді.

Денсаулығы «төмен» Тұрды Айдынды амалсыздан
құрылыс отрядына жеткізіп салды. Баяғыда «Ұлы Отан
соғысына өзі сұранып кеткендер бар» дегенге
таңданып, ақымақтығына күлуші еді. Мына қыздың

тірі тозаққа сұранып бара жатқан ісіне таң болды.
«Ақын дегендер –адам айтса сенгісіз ақылды өлеңдер
жазғанымен, адам көрсе де сене алмайтындай
ақымақтық істейді екен- ау!» деп ой түйді. Бөлмеде бір

өзі, то-о-лық еркіндік! Пиво, кино, қыдыру, ұйықтау,
ұйықтамау өз еркі - өзі би, өзі хан! «Өзім комендантқа
өткізем» деп қалдырған 136-шы бөлменің төсеніш,
перде, ыдыс-аяқ сияқты ұсталғанымен тап-таза

заттарын өз үйіне пайдалануға апармақ еді. Әдемі
халаттар, киімдер арасынан 6 қалың дәптер шықты.
-Бұл не?! Лекция? Жо-оқ! Мынаны қар-ра-а...
Айдынның күнделі-гі... Ә-ә, ішімді пыстырмайтын

болды, кейін, оқырмын!-деп сөреге қойды.
Үйіндегілерді сыйлықпен қуантуға тау бөктеріндегі

ауылына бет алды. Егер Айдын қасында қалса, келін
түсіртіп қуантуы да мүмкін еді.

Елінде 10-15 күн лай илеп, кірпіш құйды, оны
кептіріп жинады. Сосын деканатқа көрініп қайту үшін
оқу орнына жол тартты.
-Ақымақтар үш ай бойы Өкіметке тегін жұмысқа

жегіліп жүрсін. Мен өз үйіме сарай тұрғызып алайын,-
Тұрды өзіне есеп берді. «Жұмыста бар» деп белгі
соғатын басшылармен «тіл табысып», бөлмесіне келді.
Айдынның қалың дәптерлерін қолына алды.

-Ой-ба-ай, мыналарды нөмірлеп тастапты- әй, қара!
Кәні, не депті?! Ерінбей осыншаны жазғанын айтам,-ол
оқи бастады. Оқтын-оқтын: «Ә-ә, солай екен-ау? Иә,
бір емтиханнан жылап шығып еді, құлаған ба десем...

І-і.», «Төркіні мықты болғаны-ау...Мынаны қара... а-
ақын екен, ә?! Біреудің өлеңдерін жаттап алғам дейтіні
бекер екен,ә? Онда, физматта неге жүр?» «Әй! Менің
хаттарым... мен тура-лы... Иә? Мала-де-ес!!»-деп

дауыстап қояды. Дәптерді бетіне жауып, ұйықтамақшы
еді, күнделіктен оқығандары ми бөлшектерінде
жаңғырығып, маза бермеді.
-Кім қыз болып көрген дейсің? Қыздардың өмірді

пайымдауының өзі, мақсат-мұратының өзі мұның
ойымен кереғар, тіпті көбі қайшы екен-ау? Мынадай
кітаби түсінік көбейсе, жер төңкеріліп, басқа заман

тумай ма?! Бұл қыз кітаби болмаса, Фантомасты адам
деп сыйлап жүре ме? Ол деген щорт қой тір-рі! Хи-хи!
-Әй, бірақ, мұндай қыздар өміріңе ең керекті жан.
Сенімді әйел, алдасаң сенеді, жұбатсаң көнеді, тіпті

сен үшін өледі!Осыған ба.... жоқ, осындайға ма
үйленуім керек. Мені сынағанымен, соның бәрін
жақсыға жорығанын айтсайшы!
-Ал, анау Мәди досыңды не істейсің?

-Ол Айдынды «сүйемін» дей ме, бір түсініксіз сөзді
айтады-ей! Сөз айтылады, ұмытылады, мың айт – оның
белгісі жоқ! Тю-тю, сөз ұшады аспанға! Сүймесең де
үйленген соң сүйіп кетесің,келіссең болды!Не көп–қыз

көп! Осынша үлкен ғаламшардағы адамдар екі-ақ
жынысты, Мәди-и! Енді үшін-ші-сі-і...а-ха-ха-а!
Үшіншісі жоқ, аз! Ешкім өзін «қызтекемін» деп айта
қоймас!

-Эй, Мәкең деген ақкөңіл, жақсы жігіт. Жігіт емес-
ау, жігіт болмаған сары ауыз балапан. Шындасам,
Айдын – менікі. Мәдидің бір қызбен құшақтасқанын-н
кө-көр-се-е... Айконың өзі-ақ одан қашып ке-кетер!

Сонда, ең сенімді досының бірі – маған тығылмай,
менің құшағымда жыламай, кім-ге-е? А-а? -Тұрды
өзімен өзі сөйлесіп, ішегі қата күлді,-кімге-е...
жылайды-ы? Уһ, ішегім-ай! Оны жасау Тұрдыға бес

минуттық іс! Қой, шәй ішейін. Сосын, кешкісін ауылға
шығайын,-деп ой түйді өз тапқырлығына разы болған
Тұрды.

*** Қызылқұм құрылысындағы күн режимі бойынша, сағат 11 мен 16-ның арасы үзіліс, сосын кешкі 9-ға дейін жұмыс. Күннің ыстығына жұмыртқа пісердей, ал құмды табаныңмен бассаң, ыстықтығы жүгіртіп жіберер еді. Осы ыстық Айдынға ұнайтын.Үзілісте сабан шляпаны киген ол ыстық құмның беткі қабатын сыдырта үйіп, аяқтарын көміп отыратын. Сонда аяққа 1-2 елі құм су болып жабысатын. Айдынға картоннан күнқағар жасап, ыстық құмға жаңалап орайтын достары күннен де ыстық буы бұрқыраған шәйді бірге сораптап, әңгімені жіберіп қоятын жұмақты, алаңсыз шақтар-ай! Осы құм бұлаудан кейін есіктерезесі жоқ, бірақ, шатыры ғана бар баспана көлеңкесінде шөлдеп ішкен шәйдің орны бөлек қой! Сосын, 2-3 сағат ұйықтап, қайтадан қара балшықты қабырғаға жапсыратын.

Сол екі айлық құрылыс отряды бұл топты жеке
дара түйіршік тастардан темір бетонды құйма
еткендей. Бұлар бос кездерінде спорттық түрлі
ойындар – волейбол, футбол, шашка-шахмат ойнаса,

кейде ән айтып, би билейтіндері де бар. Кейде кітап
талқыласа, кейде бір тақырып айналасында пікірталас
жасайтын.

Осының бәрі әлі де ұйқыдағы ми бөліктеріне нәр,
шабуыл, қанды қыздыру, көңілді ояту, өмірді тану
тәлімі еді. Мәдидің домбырамен әдемі ән салатыны,
Гүлнәрдің мандолмен ойнайтын қазақша-қырғызша

әндері... шіркін-ай, тыңдай бергің келетіндей –
әншілердің әншісі дерсің!
Сексеуіл мен жыңғыл ғана өсетін құм далада
кесіреткі көп. Түрінің өзінен шошитындықтан, үш қыз

үшін үш кереует, ал,жігіттердің барлығы құм үстіне
жайылған қамыс төсеніштерге жайғасқан-ды.
-Бригада-а! Сап түзе! Тік тұр!- деген Мұхтардың
бұйрығын бұлжытпай орындап, Айдындар тіктеле

қалған.
-Жолдас мастер, сен бір жүрген қасқыр! – деп
шекесіне қолын қоя саңқ еткенде, отряд түгел дерлік
жамырай күліп, босап кетті. Тек Ғабекең командирдің:

-Отставить! Доғар! Бір күнгі нарядың
есептелмейді!- деген қатқыл даусынан кейін бәрі де
қайта тіктелді.

«Біз әуел тік жүруге үйренбейміз,
Алдымен қара жерге құлап тұрмай...» деген
Ақұштап өлеңін естеді Айдын,- әділдік пен тәртіп бар
жерде ғана жақсылық болады» деп түйді ол.

Шопан үйінің фундаментіне траншея қазу мен
топырақты лақтыру бар энергиясын тауысты ма,
Айдын үюлі күйген кірпіштерге сүйеніп, мызғып
кетіпті.Кірпіштің үшкір бұрыштары батқанын да,

шақшиған күннің оттай қарыған ыстығын да елейтін
түрі жоқ. Түскі үзіліске әлі жарты сағат бар. Мәди
Айдынның мынадай шаршауына жаны ауырды.
«Айдын!» деп бір-екі дауыстап еді, оянбады.

-Тиме-тиме! Тәтті ұйқысын бұзбашы,- деді Жақаң,-
одан да бетіне көлеңке жасайық. Сендер төрт рейканы
ұштап, мына кірпіштер арасына қадай беріңдерші. Мен
көлеңкелейтін картон ба бірдеңе іздеп келейін.

-Асханадан, қыздар макароннан босатып берді,-
деп Жаңабек картон қорап көтеріп келді. Оны төрт
қадаға кигізіп, қыз бетіне көлеңке жасады да 4 жігіт
сыбырласа ымдасып, траншея қазуға кетті.

-Қой, бұл істі ертерек бітірмесек, Айдын бізбен
бірдей қимылдаймын деп... мынадай талып шаршау
деген... күш оған!-Жақаңдар құлшына іске кірісті.
-Қолдарынан да обал болды ғой... Қара балшыққа

аямай салып, жарылып кетіп еді. Енді күрек ұстаған
қолдары қабарып, алақанына сары су жиналып кетті.
Сол Айкоға жұмыс істетпей-ақ қояйықшы,- деп
Құтыштың даусы жарықшақтанды.

-Қалай істетпейміз? «Істеме» десек, көне ме ол?!
Көнбейді-ау. А, Мәке, не істейміз?!- Жаңабек Мәдиге
қарады.
-Мені тыңдамайды ол, бригадир ғой, Мұхтар

айтсын,- Мәди Мұхаңа сұрана қарады.

- Мен қалай айтам,а? Одан да үш қыз да тамақ

пісірсін де-еп, Айконы асханаға жіберейік.

-Өй, атама оны! Айкосыз қалай уақыт өткіземіз?
Бармайды асханаға! Біздің қасымызда болады,- деп
Құтыштың шыр- пыры шықты.
-Өй, мын-науың не дейд? Оған жаның ашымай ма?

Айдын келмегенде де жүрдің ғой. Ал?
-Сол Айконың арқасында біз ылғи бірінші орыннан
түспейміз. Рас қой? Ол балшықты жылдам қабырғаға
ұрып тастағаннан сен жылдам сылайсың. Себебі

балшық қатып қалмауы керек. Біз балшық әкелу үшін
Мәкең амалсыздан оны жылдам илеп, ыдысқа салып
береді,-деп Жақаң жіліктей сөйледі.-Енді... қыз балаға
траншея қазу... Давай, ол оянғанша бітіріп тастайық!

*** -Айко, Ай-ко-о!-деп оятып тұрған Мәдиді көріп, қыз ұяла оянды,- әбден шаршадың-ау, бұл жерде көлеңке де жоғы қиын... Енді бір ұмтылсақ, траншеяны бітіреміз. «Сен қосқа кете берші» деп сыбырлады ол, Айдын қызарып бас шайқады.Ол «Қара тас ұйқың келсе, болар мамық» дегеннің рас екенін түсінді. -Мынаны қарашы-әй, қолдарыңа, бүкіл денеңе... ои-и, беттеріңе де мына тас кірпіштердің бедерлері батып кетіптіау! Ауырып тұр ма,а?- Мәди Айдынның күн қақтаған, кірпіштер жарақаттаған жүзін алақанымен аялай, аяп тұр еді,- жаным-ау, осыншама зорығып... зорықтырған мына біз оңбаймыз ғой! Ту-уһ! Сен асханаға көмектесші қырсықпай! Жарай ма, а?

- Жоқ, осы жұмыс ұнайды маған. Деканға өтініш

жазғанда «құрылысқа жіберіңіз» деп жаздым ғой
асханаға емес,- деп күлді қыз.
-Айко, асхана да құрылыстікі ғой. Қыз балаға
ауырлық етеді мына лай мен жер қазу жұмыстары, үш

қыз бірге асханада болсаңдаршы, - деп Мұхтар өтініш
жасады.

...Соғылып жатқан мал қора қабырғасының
көлеңкесіндегі қамыс төсеніш үстіне дастархан жайып,
жігіттер ас әкелді. Шұрқырасып тамақтанып алды.
-Шіркі-ін, қаладағы жүрісіміз ханзадалардың

жүрісінен бір кемдігі жоқ салтанатты екен-ау, әһ?!
-Е-е, бұл күндеріміз де бір қайталанбас романтика
ғой! Таз-за ауа! Машинаның газы мен адамдардың у-
шуы жоқ! Сексеуіл мен жыңғылдан басқа көлеңкесі

жоқ қызыл құм! От жақпай- ақ ас піседі!
-Қызылқұмның кемелері секілді қызыл-қоңыр
түйелерді айтсайшы маң-маң басып жылжитын!
-Шұбатын айт әрі сусын, әрі тамақ.

-Әрі ем де! Адам ағзасының емі ғой!
Бригада мүшелерінің бірі жантайып, бірі созыла
жатып, тыныс алды. Аздан соң ыстық құмды жалаңаяқ
жүгіре басып, әудем жерде Айдынды белуардан құмға

ораған Құтыш пен Жақаң оған күнқағар қадап, ыстық
шәй тасып, термен шыланған құмды сырғыта
ауыстырып, мәз- мейрам боп жатты. Мәди жәймен

тұрып, траншея қазуды жалғастырды.Аяқтап болды-ау
әйтеуір.Асханадан бір бақыраш салқын тұщы су
сіміріп, маңдай терін алақанымен сыдырта
тамшылатқан Мәди Айдындар жаққа бір көз тастап,

көлеңкедегі төсенішке қарай аяңдады. Қолына біраз
күннен бері ел тыныққанда ұстайтын кірпіш-мүсінді
алып, бәкімен жона бастады. Үрлеп тазартты.
Алысыраққа ұстап, айналдыра қарады. «Қалай?! Әдемі

шығатын түрі бар ма өзі? Айдынға ұқсай ма? Ұқсап
келе жатқан сияқты-ау...»
Күндегі дағдымен құм бұлаудан соң қыздар
төсегінде ғана бар декемен оралған кереуетте ыстық

бәсейгенше тынығатын.
-Қызда-ар,кіруге бола ма?- деген Мәдидің даусы
есітілді.
-Иә, кел,- деді Гүлнәр.

-Айдынға бірдеңе... айтпақшы ем...- деп күмілжіген
Мәди күйген кірпіштен ойылған қыз мүсінін ұсынды.
«Саған» деді. Астыңғы жағына «Жүрегімнің жартысы -
сен» деп ойып жазылыпты. Айдынның ақша жүзі

дуылдап, қызыл кірпіш мүсінді айналдыра берді.
Көңіліне жыр тұнды.

Сүйемін деп мен саған айта алмадым,
Сүйерімді қалайша байқамадың...

Осы қарапайым қол өнері, оған жазылған бір ауыз сөз Айдынның жан-дүние тереңінен жыр маржанын тулатып шығарған құдірет екенін жігіт сезді ме, жоқ па?! Қыз тілсіз сезімін ұқтырды ма, жоқ па, әйтеуір «рахмет» деп жымиды да жас тұнған жанарын кірпігімен көлегейледі. -Айдын, бір өтініш айтсам, орындайсың ба? -Ұнаса... -Ұнауы керек, мақұл деші, а? -Алдымен айтып көрсей... -Бүгін ше, паркке шақырайыншы... -Парк?! -Иә, сексеуіл мен жыңғыл паркі емес пе айналамыз. -Кім-кімді? -Мен сені, сосын сен мені шақыр, аһа? -Болмайды. -Не істесем болады, а? Күй тартсам ше? Ән айтсам ше? -Иә, бірақ, әдемілеп айтуың керек. Бұл екеуі кешкі еңбек қорытындысына бара жатып, осылай сыбырласты. Мәди Айдынды жас балаша жетектеп келеді. -Осы құм далада осылай еңбектеніп жүре берсек-ші деп ойлаймын. Өйткені, сені таңертеңнен ұйқыға кеткенге дейін көріп, сөйлесемін. Ал, қалада-шы, бір көруге зар болып... Сен ше? -Қала жақсы,бұл жерге босқа келдім.

-Қойшы, мен әдейі айтқаныңды біліп тұрмын ғой...
Неге сөйтесің, а? Қырсығым менің, қылтығым менің!
Қылтық дегенді білесің бе? Ол бидайықтың басы ғой,
бері қозғасаң, әрі жүреді,-Мәди әдеттегідей қорғана

күлді. «ж-а-н-ы-м» деп сыбырлады.
Әдеттегідей бұлардың №2 бригадасының көрсеткі
ші бәрінен жоғары болды. Бригадир Мұхаңа ауыспалы
вымпел тапсырған басекең, «Сенің арқаң ба, жоқ,

лайды жылдам жапсырғаннан ба екен?» деп қолын
қысты. - Осы бригада мүшелерінің құрметіне екі би, -
деді мастер.Жастар ен далада еркін билеп, күндізгі
шиырылған жүйкелерін босатты.

-Енді мен бір ән айтып берсем, бола ма?-деді Мәди.
-Жарайсың! Әшейінде сұраныспен әзер айтушы ең,
бүгін ашылыпсың.
Мәди Айдынға көзқиығымен бір қарап қойып,

домбырасын шертті. Сосын ұяң қоңыр даусымен ән
айтты.
Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып...

Айдынға әлемде Мәдиден асқан әнші, көркем,
ақкөңіл, еңбекқор, мейірімді жігіт жоқ сияқты. Оның
жаңғалақтығы да, күлкісі де, дауысы да ерекше
жарасымды көрінетін.

Негізі, бригаданың үздік көрсеткіш кілті - Мәдиде.
Кейде Мәдиді сөйлету үшін басқалар өзара келісіп,
оның шыдамын тексеретін. Төртеуі де ұйықтап қалған

боп, қозғалмайтын. Ондайда Мәди екі құлақты үлкен
ыдысқа лай салып, оны қабырғаға ұрып, сосын
андамамен тегістеп, бір өзі қимылдай беретін.
-Қой, Мәкеңнің мінезінен ұят-ты, тұрайық, - деп

жолдастары іске кірісер еді.
Ас ішерде де солай, бүкіл бригадаға ас тасып,
ыдыстарды жуып жүргені. Сосын, басқалары
ұялғанынан-ақ кезектесетін. Орталарындағы жалғыз

қыз – Айдынды болса да қимылдатпауға әрекеттенетін.
Бұлар ең жақын туыстай, бауырласып кетті.
Мұнда электр шамы жоқ, күн ұзақтығын
пайдаланып, сосын керосинмен жанатын фонарь

жағылады. Мұндағы тіршілік алақандағыдай айқын
көрінетін.
-Мәди қыдырайық деп тұр, барамыз ба?-деді
Айдын Гүлнәрға қысыла сөйлеп.

-Бар,барғаның дұрыс.Қой,мен не істеймін?Өзің бар.
-Онда, 10-15 минутқа барайын...
-Өй,өзіміз ғой бәрі де, бара бер, демалып,
әңгімелесе беріңдер. Оның несі айып, қысылма,-деді

Гүлнәр мен Зүбайра.

...Күн батқанымен,аяққа тиген құм әлі де жылы.
Тіршілік жердің әр жағына аунап кеткен күннің отты
көсеуінен құтылып, жапырақ қолдарын жайып, дала-
кеудесін ашып, тыныстап жатқандай-ды. Жаңа айдың

туғанына аптадан асып қалған-ау, қара мақпал аспанда
жартыкештеніп, жымия қарайды.
-Айдын, сенің жұлдызың қайсы? Бар ма? Менің
жұлдызым – Ригель

-Өзім таңдаған жұлдызым ба, әлде туылған күніме
байланысты ма?
-Екеуі де. Жоқ, мен біреуін білем ғой. Сен
«Арыстансың», таптым ба, а?

-Сен ше?
-Мен де «Арыстанмын». Сен білесің бе, біз екеуміз
бір күнде бір жұлдыздың астында дүниеге келгенбіз.
-Қойшы?.. Рас па?!

-Рас, Айдын. Сондықтан да бір тамшы судай
ұқсаспыз, егіздің сыңарындаймыз. Бірдей ойлаймыз,
бірдей түсінеміз, иә?
-Иә емес, түк те ұқсас емеспіз.

-Сен қырсықсың, сол жеріміз ғана, бірақ, сен оны
маған әдейіге... түсінем ғой...
Екеуі жетелесіп, жүріп келеді.
-Айдын, сен мені... мені... сүйесің бе, а?

-Жо-оқ...
-Бұрын біреуді ұнатқан ба едің, а? Шыныңды айта
берші.
-Иә, өте қатты...солай еді...

-Демек,бәрі керісінше. Ешкімді ұнатпағансың, мені
ғана сүйесің, иә?
Қыз үндемеді. «Түсінгеніңе рахмет» деді іштей.

-Ой, кесіреткі! – деді де Мәди Айдынды қапсыра
құшақтады.
-Қайда?! – деп шошынған қыз да бұлқынбады.
Мәди иегіне тірелген қыздың жұп-жұмсақ шаштарын

иіскеп,ернін бетіне тигізіп өпті, сосын сәл ғана
ашылып дірілдеген шиедей еріннен аялап қана сүйді.
Айдынның тіреуіш болған аяқтары мен
омыртқаларынан қайрат кетіп, бүкіл денесі

жапырақтай қалтырап кетті.
-Өмірде тұңғыш тапқан махаббатым менің,
мәңгілік болып қалшы. Сені ғана сүйдім, сенсіз уақыт
мені алқымымнан қысып тұрғандай... қысады. Сенесің

бе осыған? Ешуақытта есімнен шықпайсың, Айдын. Не
істеймін, қалай сенсіз жүремін, айтшы? Тағы бір
сүйейінші, жаны-ым, - ол дірілдеп тұрған қызды
ақырын-ақырын үш –төрт рет өпті, - не деген тәтті

едің, Айдын! Не деген сұлу едің, жаным-ай! Не
істейміз, ертерек үйленеміз бе, а?
«Үйленеміз бе?» деген сөз балқып еріген қызды
суға батырып алғандай, есін жиғызды. Ол тез Мәдидің

құшағын итеріп, реттелді.
-Айдын, шошымашы, келші құшағыма!
-Жоқ, кетеміз үйге, жүр.
-Тағы аздап тұра тұрайықшы, жа-ным...

-Жоқ, бәрі бізді күтіп жатыр, ұят болады енді
кешіккеніміз, жүр, жүрші. Онда, өзім кете беремін.
...Мәди мұны қуып жетті.

-Айым, - деді жалынышты үнмен,-бір рет, бір-ақ
рет сүйші мені, сұранамын. Әлі бір рет те, өмірімде...
сүймепсің... а?
-Қалай? Өткенде-ші, «Қарындасым дәл сен сияқты

сүйеді» демедің бе?
-Е-е, мен солай елестетемін ғой... Мақұл, тек
ренжімеші, ертеңге дейін. Тек, ауызша айтшы бір рет-
ақ «сүйемін» деп айтшы, сұранамын.

Айдын үндемей, жымиды. Оның жүрегінен
манадан бері тербелген жыр төгіліп, ол Мәди
жүрегінің дүрсіліне құлағын тосты. Жанарынан бір
сызық боп ыстық жас ағып түсті. Мәди сүйіктісін

құшып, Ай астында ант етті.
-Айдын, мына Ай астында Айды куә етіп... тек сені
ғана сүйетініме, мәңгілік сенімен өмір сүретініме ант
етемін. Ант етем! Сен де айтшы, айтшы... сұранамын.

Айдын айтайын-ақ деп еді, «мен де сүйемін сені»
дегісі келді.Үні жоғалып кеткендей, дыбысы шықпай
қалды. Бірақ, анттан артық сезім – жыр туылды.

«Сүйемін» деп мен саған айта алмадым,
Сүйгенімді қалайша байқамадың?
Мен сені лапылдаған сөзбен емес,
Жалын атқан жүрекпен аймаладым.

Кінә тақпа.

Қисынсыз иілмедім,

Иілуім сырт көзге қиын менің.
Сен жымиған сәттерде мен шаттанып,
Сен мұңайсаң, жетпей ме күйінгенім?

Неге сенсіз жаз көңілім күз болады?
Жалын атқан жанарға мұз тоңады!?
Ғашығына арманын айта алмаған,
Ақын жүрек неліктен қыз болады?

Айтпадым ба?

Сезімді жасырмадым,
Сағынғанда сарғайды жасыл бағым.
Қуанғанда құс - көңіл сені іздеді,
Қуат болды дертіме қасымдағы үн.

Рас ол – мойыныңа оралмадым,
Сүйемін деп серт беріп, қол алмадым.
Айтпадым.

Айта алмадым.

Айтпаймын да!
Бірақ, мен басқа адамдық бола алмадым.

...Бұлар қосқа жеткенде, тамақ кенеушілер,
жөткірінгендермен қоса, қыздар да:
-Келдіңдер ме? Барғандарыңнан қайтқандарың тез
болды ғой. Ұрысып қалдыңдар ма?- деді.

-Жоқ, ертең жұмыс қой, демалатын уақыт жетті, - деді Айдын. ***

...Құрылыс науқанында бұл екеуінің туылған
күндері аталып өтілді. Дастархан мәзірі мүмкіндігінше
түрлендіріліп, аспаздар дәмді тағамдар пісірді.
Ұзын үстелдің басына Мәди мен Айдынды

жайғастырды. Басшылар ұйымдастырды ма, гүл де
пайда болыпты. Гүлдер жыңғылдың майда қызыл гүлді
бұтақтарымен көркемделіп, 3 жерге банкаға
салыныпты.

-Құттықтаймыз! Құт-тық-тай-мыз, - деп екеуін
орындарынан тұрып, алақан соғып қарсы алғанда-шы,
Мәди өзінің үйлену тойы басталғандай көтеріңкі күйге
енді.

Дастарханды құрылыс отрядының бастығы мен
Зүбәйра ашты.
-Қымбатты достарымыз Айдын мен Мәди! Екеуің
бір жұлдыздың астында, бір күнде туылған екенсіңдер,

міне Қызылқұмның құм даласына сән беріп, тойлап
жатырмыз. Жастықтың оты жүректеріңде лаулап,
күндерді бірге өткізіп, бақытты болыңдар!
-Рахмет, әумин! – дейді Мәди.

-Екеуіңнің қуаныштарыңмен!
-Қосақтарыңмен қоса ағарыңдар!
-Ал, той құтты болсын!

Жастар әр жерден тілек айтып, гуілдесіп жатыр.
Айдын бейнебір үй болу тойында отырғандай сезінді.
Ыңғайсыз... Дегенмен ерекше туылған күн тойы өтіп
жатты.

-Мен де Айдынға тілек айтайыншы, - деді Мәди
көпшілікке.
-Айт, айт!
-Неке сақинаң дайын ба?

-Әзілде артық кетпейік, жігіттер! Айдын, саған
бақытты, баянды өмір тілеймін. Барлық армандарың
орындалсын деп мына сыйлықты қабыл алуыңды
сұранамын,-ол бірнеше фотосуреті бар фотоальбом

ұсынды.
-Рахмет! – Айдын орнынан тұрып, қабыл алды.
Альбомның ішкі бетінде амандасқан екі қол
бейнеленіпті. Екі қолда да неке сақинасы бар.

-Інім Әли салған сурет,бұл оның екеумізге деген
тілегі ғой. Үйдегілердің бәрі де сені таниды, біледі,-
деді Мәди риза көңілімен. Айдын қызарды,-Ләйім
осындай сақина киер күнге тезірек жетейікші... Осы

жылдарда екеуміз бірге 6-ақ рет суретке түсіппіз ғой.
Бұдан былай көбірек түсейікші, кейін... кейін... бала-
шағаға... айтып отыру үшін, - деп сыбырлады.
Айдын бір жалт қарап, үндемеді. Себебі,осындағы

әрбір көз өздерін бақылауда екенін сезініп отыр еді.
Қызылқұмда тек қана студенттерден құралатын
«қоғамда» туылған күн тойланып, сауық кеші өтті.

Ү – ТАРАУ

ДЕҢГЕЙ

Бұл өмір неткен күресін!?
Жылайсың. Қайта күлесің.
Ителгіні танып боп,
Сұңқардың парқын білесің.

Бөлмедегі Әсемнің кереуеті тұсындағы портретінде
«Студенттік алтын шағым» деген жазу бар-ды. Соны
оқыған сайын Айдынға «Несімен алтын? Оянасың,
сабақ, үй, сабақ, кейде кино, ұйқы» деп ойлайтын. Бір

жыл аралығында бұл бөлменің дос- жарандары
көбейіп, іріктеліп те қалғандай-ды. Олар Жанаттың
кластастары – Маржан мен Датқа, Әсемнің группаласы

– Дәрібай, Сәбештің табынушысы – Қуандық,

Жаһанның группаласы – Ұлас, Айдынның кластастары

– Бәтес пен Сақыштар. Датқа мен Маржаннан өзгесі

осы жатақханада тұратын. Ойламаған жерден
басталатын өзара диспутқа әсіресе Ұлас қызына
кірісетін.

-Егер мен осы бөлменің бір қызына ғашық болсам
бар ма, онда о-у-у есік алдында болсын жатып алып,
кетпес едім,-деді ол.

-Ал мен ғашығымды ақбоз атқа мінгізіп, алып
кетуші едім,-деп Қуандық қулана Сәбешке көз
тастайтын.

Дастарханды жинап, топ-топқа бөлініп домино,
шашка-шахмат ойнайтын. Бүгін де солай.

-Жинай сал шәйді, қалса қалсын қазанда, ертең,-
деді Ұлас.

-Жылытып жейміз азанда,-деп іліп алды Сақыш.

-Ақынның тобы көбейген бе, қалай...
-Сынықтан басқаның бәрі жұғады емес пе,
Сақышқа жұққан екен, түкірттің бе?! -Ұлас астарлай
сөйледі.

-Біздің Айконың түкірігі-ем, киелі,- деп Жаһан
тігісін жатыстырды.

-Айтқанда сөзі жүйелі де. Шах!-деді Қуандық.

-Оһо, менен басқаңа жұққан екен, ә. -Ертең
ниеттеніп... мен де түкіртпесем, - Ұластың әзіліне
Әсем:

-Жақсыны жұқтырғанға не жетсін, Ұлас! Таңертең
дәретпен келсең, мен... бұл үйдің шырақшысымын, -
деп күлді.

Сырттан «Жанат! 136-ы!» деген дауыс естілді.
Терезеден қараған Жанатқа Маржанмен қыдырып
жүрген Датқа: «Біз тоңып кеттік. Киім тасташы-ы!»
деді. Айдын екеуі Маржандарға киім тастады.

...Былтыр «Сангам» фильмін көріп шыққан соң
Айдын мен Жанат қыздардан қалып, асықпай
серуендеген. Фильмдегі екі дос жігіттің бір қызды
таңдауы әсер еткен болуы керек, Жанат әлі де толқып

келеді.
-Бұл кино ғой, негізінде досың жақын ба, әлде
сүйгенің бе? Маған екеуі де қымбат, екеуі де жақын.
Ал, екеуі бір кеудеме симайды. «Не істеуім керек?»,-

деп жылап қалған. Бұл – Датқа мен Маржан, Жанат
үшеуінің тағдыры туралы еді.
Содан бері де айналып келіп тұратын кластастарын
136-ң қыздары сыйымен күтіп, Жанатқа тілектес

көңілмен ұзатып салатын. Білулерінше ертең кешкісін
Датқа спортфактағы оқуына академиялық демалыс
алып, әскерге өзі сұранып кеткелі жатыр. Бұл –
партадан басталған алғашқы махаббаттардың әскери

борышты өтеуге аттанардағы қоштасу серуені еді.

...Институттың физика-математика факультетінің
әдеби-шығармашылық кешіне қызу дайындық жүріп
жатты. Өлең жинап, оны қарап шығу, кеш жоспарын

жасау, қабырға газетіне шығармалар ұсыну – Айдынға
жүктелді.
Кеш алдағы сенбіде өтпекші, кешегі түн тағы да
ұйқысыз, жатақхана оқу залында өтті.

Бұл ана туралы сөзжұмбақ құрастырды, оны дұрыс
шешкенде, қызғалдақ ішіндегі клеткалардан ана
туралы бір шумақ өлең шығады.

Ең биік тұлға – ана
Мөлдірлік өлшемі – жанар
Шапағатты сезім – қуаныш
Нәзіктік символы – гүл

Хабар – хат
Биіктік өлшемі-өре
Жасандылық –бояу.
Сөзжұмбақ шешуі:

О, менің асыл жанды аяулы анам,
Күн шуақты күлкісін аямаған.
Мен сенің асыл атыңды,
Өзгермес махаббатыңды,

Мәңгілік жүрегімде аялағам.

...Әдеби кеш ең үлкен аудиторияда өтпекші. Оған
барлық әдебиет сүйер қауым еркін қатыса алады.
Сосын факультет декандары, әдебиет кафедрасы мен
институттың басқа да ұстаздар қауымы шақырылды.

Студент болғалы көрінбей кеткен кірпішаш
Мамеков ағайы осы күнде факультет деканы болған-
ды. Айдын шақыру қағазын бергенде, ағайы сәл
аңтарылып қалды да... «Рахмет айналайын, барамын»

деді. Айдынның қорқыныш билеген жүрегі қуанып
кетті. «Күтеміз, аға!» деді.

«Бәсе, ұстаз деген осындай кең жүректі болуы
керек қой. Кісіні ақ сайтан түртіп, жолдан тайдырады
демекші, шаршап жүрген кезінде сайтанның мінезі
жеңген болар да».

Әдеби кешке кісі көп жиналды. Мұның
группаластары түгел дерлік; мақта науқанында,
құрылыс отрядында бірге болған жоғарғы курс
студенттері, ұстаздар қауымы да баршылық.

Кіріспеден соң өлең құдіретінің айғағы ретінде
жоғарғы курстан бір жігіт қолын сермеп, ырғағын
мәнерлеп, ұзақ шығарма оқыды. «Мұндай болу қайда!
Ұмытып, жаңғалақтап қалмасам, бопты» деп тершіді

Айдын. Кейбір өлеңдердің мән-мағынасынан гөрі
айқайы мен екпіні басым. Айдын таныспаған кейбір
шығармалар ұзы-ы-ын бір сөйлемді төртке бүктеп,
әуездеп тұрғандай, жаман әсер берді. Өлең сөздің

қадірін түсіргендерге Айдынның беті дуылдап отыр.

Облыстық, республикалық басылымдарға кейде өз
атынан, кейде жасырын атпен шығармалары
жарияланып жүрсе де, мұнша көпшілік алдына бірінші
рет шығуы – қиынның қиыны болды. Мұның аты

аталғанда «Бәрі де дұрыс! Мен жаңылмай, жатқа айта
аламын» деп, өзін-өзі дайындаған Айдын сахнада
басын сәл иді де «Мылтықсыз майдан» деп, әрі қарай
жатқа айтты.

Мылтықсыз майдан шебінде,
Жүрген бір біздер әскерміз.
Мықтылық керек тегінде,
Қалдыру үшін қастерлі із.

Қаламмен қағаз бетіне,
Жазылмаған заңдар көп.
Айтар ем саған өтіне,
Ниеттің түсін аңғар деп...

...Қалай оқығанын қайдам, әйтеуір мүдіргені есінде
жоқ. Жастар дуылдатып қол соқты. Қошемет шабыт
шақырды ма, әлде бұл даңққұмардың қатарында ма
екен, әйтеуір тағы бір өлең оқығысы келді. Осы ойын

көпшілік біліп қойғандай «та-ғы, та-ғы!» деп қол
соқты. Жүргізуші мұны кері шақырды. Ойына «Қыз
махаббаты» түскені бар ма!? Ұят па, жоқ па, көпшілік
арасынан Мәдиге бір қарап алды да, әрі қарай өлең

жатқа айтылды.

«Сүйемін деп мен саған айта алмадым...»

Өлеңі біткенде Айдынға гүл жауып кетті, гүл
берушінің бәрі де мұның бетінен сүйді. Олардың
ішінде Өркен де, Тұрды да, Мәди де, Нақыш та бар еді.
Бір білгені –Мәдидің маңдайдан сүйген табы, иісі,

демі, дауысы жадында сақталып қалды. Сол сезім, сол
дауыс өн бойында жаңғырығып, жаңаланып тұрды.
«Жаным менің, жарайсың!» деді Мәди сүйіп тұрып.
Бұл шығармашылықтың алғашқы жемісі еді.

Датқаның әскерге кетер алдында Маржанмен ұзақ
уақыт әңгімелесуінде үлкен мақсат бар еді. Ол –
мектеп партасында басталатын алғашқы сүйіспеншілік
сезімінің балалық екенін, ал балалықтың шалалығы

көп екенін Маржанға ұғындыру.

-Интернатта бір үйдің баласындай бірге өстік,
әсіресе Жанат, сен үшеуміз өте жақын болдық. Мен
де... қыздармен дос болып, ұл жоқтай... Иә, қыздар
деген кісіні шапағатты болуға көп тәрбиелейді екен.

Солай ма?

-Білмеймін. Өзің білесің ғой, - Маржан нәзік,
созылған,биязы даусымен әркездегідей күле сөйледі.

-Мен білсем, солай. Ал, Маржан, достықтан үлкен
ештеңе жоқ. Дос боп қалайық. Мен әскерде жүрген екі
жылда, мүмкін тұрмысқа шығып кетерсің. Хабарласып
тұр, жіберсе, келіп, тойыңа қатысармын, - деді Датқа.

-Иә, рахмет, -деді Маржан сасқанынан, - сені қашан
шығарып салатын ек? Ертең бе, арғы күні ме... той?

-Ертең, ертең ұзатасыңдар мені!- Датқа бүркітше
шаңқ етіп күліп, әлеуетті қолымен Маржанның нәп-

нәзік, майысқақ қолын сығып-сығып қош айтысты.–
Ертең келесің ғой мені шығарып салуға?
-Иә-ә-ә, ба-ра-мы-ы-ын ғо-ои-и... Менің бар тілегім

– сен... сендер бақытты болсаңдар бо-о-ол-ды со-ол...

-Бұл бір тілегің бе, бар тілегің бе? Ашып айтшы!

-Ба-ар тілегім со-ол! Ме-мені қояқ қой, до-оспыз...
Үшеу-і-мі-із-ге бір жо-ол тар-лық ет-е-ді, әри-и-не-е...

... Кешкісін жалдамалы пәтерде қоштасу жиыны
болды, Датқаның анасы, туыстары мен достары
жиылды. Жанат та келді.

Датқа Сыр бойында тұратын көп балалы жанұяның
үлкені еді. Мектеп бітіргенде де дәл осылай елінде
тойлаған. Өз баласы болса да жеңгесі есебіндегі анасы
«Палуан» деуші еді.

-Палуан, ұнатқан қызың бар ма? Көз қуаныш қой,
болса... көрейік, - деген анасына ол Маржанды
тұспалдаған. Ол кезде де кеш таңға дейін созылған.

Қайтқалы жатқан тұңғышын анасы оңашалап,
өтініш айтты. Сондағы айтқаны дәл қазіргідей
құлағында жаңғырығып тұратын.

-Палуан, көңіліңе келмесін, мына қыз маған онша
ұнамады. Мені тыңдасаң, анау дөңгелек жүзді сары
қыз ше, сол қол-ау бізге. Ерте тұрып, сиыр сауысып,
шаруа екен. Мінезі де салмақты, пысық, ширақ.

Қолқанат пейілді. Маржан өзімен-өзі, сылбыр.

-Қайсы қыз, жеңеше? Жанат па?

-Иә, сол Жанатты айтам. Аяғын сәл сылтып басады
екен. Егер... соған намыстансаң, Палуан, тойыңды
қалада жасап, қаладан үй әперіп қоярмыз, а? Осы үйге
менен кейін қамқоршы сенің келіншегің емес пе? –

деген.

...Әскерге кету туралы әңгіме естігеннен бері
қарындасы мен анасы осы ойды қайтадан айтты..

-Үйленіп кетсең, үй алсақ, қыздармен бірге тұра
береді. Сен келгенде балаң алдыңнан жүгіріп шығады
ғой, - дейді.

-Жеңеше, Жанат жақсы қыз, бірақ... Балалы болуға,
үй болуға үлгерерміз. Жассыз ғой.

-Денсаулығым ше, Палуан-ау...

-Қазір болмайды, енді айтпаңыз.

Бірбеткей баласының енді илікпесін білген анасы
көргеніне шүкіршілік етіп, амандық тіледі.

Дастарханнан соң жастар Датқаны теміржол
вокзалына шығарып салуға келген-ді. У-шу, түрлі
тілектер, әзіл-оспақ айтылуда.

-Бәрімізден де Маржанға қиын. Енді, амал жоқ,
Датқаны күтесің!

-Қойшы, біз де сендердей доспыз ғой...-
Маржанның нәзік даусы мен биязылығы, жымиғаны
оның табиғи таза сезімі мен адал махаббатын бүркей
алмады. Ол күліп тұрса да, көзі жылап тұр еді.

Бір шетте тұнжырап, үнсіз тұрған Жанатты Датқа
шеткері шығарды. Әңгімені неден, қалай бастауды
білмей, күле берді. Сосын, анасын естеп,өзін жинады.

-Жанат, мен сені бақытты етемін, - деді,-сөйтіп,
оның қарулы, жұмыр қолын қыса берді,- До
востребованиеге хат жазамын, күт. Хат жазып тұр, -
деді. Ол артынша бәрімен қоштасып, вагонға мінді.

Поездың ашық терезесінен тақыр басты болашақ
сарбаздар тізіле қарап, әлдекімдерге қол бұлғап,
дабырласуда. Жанатқа да мына қоршаған дүние дабыр-
дұбыр, түсініксіз шу. Сол шу арасынан «Мен сені

бақытты етемін» деген Датқаның үні ғана анық, қайта-
қайта айқайлап тұрғандай-ды. Ол құлағын түріп, осы
дауысты тыңдады. Көңіліндегі өзін кем санаған шемен
тоңдары еріп, жанарынан тамшылап тұрды.

Жанат ұзап бара жатқан вагон тізбегіне қол
бұлғады. 6-шы сыныптың жазғы каникулында мұны
апасы сынықшыға апарған. Емші мұның жамбасы
шығып кеткен деп,жылқының майымен сылап

босатып, қайта салуға ұйғарған-ды. Сондай ауыр шақта
интернатта бірге оқитын достары –Датқа мен Маржан
қона жатып, Манаттың қасында болған-ды. «Аман-сау
оралшы, арманым! Күтемін сені мәңгілік! Менің

төбемді көкке жеткіздің ғой тап қазір.Осыны неге
бұрынырақ айтпадың еке-ен?! Менің көкірегім
басылып, көтерілмей-ақ өттім-ау! Жаным-ау, енді

маған түк те қажет емес! Мен бақыттымын! Теңестім!
Бақыттымын!» деді іштей.

Датқа оқуда ерекше үздік емес, жақсы оқитын. Ол
спорттың жанып тұрған жұлдызы, волейбол мен
гимнастика, жүгіру мен секіру, күрес, шахмат... не
керек, мектепте спорттан алдына жан салмайтын.

Сосын, суретшілік өнері тағы бар. Қолына қалам-қағаз
алып, болар-болмас қозғай салса, әдемі пейзаж не
айнымаған бейне шыға салатын. Ол сөзге жоқ, істің
адамы, ал, сөз айтылса, басылған мөрмен тең дей бер.

Уәдеде тұратын, шешімді өзі жасап, өзгенің айтқанына
бұрыла бермейтін жан деп біледі Жанат. Сондықтан да
сол төрт ауыз сөз мұның өміріне үлкен өзгеріс
әкелетініне сенімді, ең-ең қым-ба-ат ұғым еді.

Бұл жаңалыққа Айдын Жанаттан кем қуанбады. Бірақ, оның төсегі тұсында ілулі тұратын Маржан қыздың жүрегі тілім-тілім боп, көзі жасаурап қалғанын ойлағанда жаны сыздады. -Маржан ше? Хабар алдың ба? Қайда жүр екен?- деді Айдын. -Білмеймін, жүрген шығар,- деді ол иығын қозғап. -Олл... Маржан не деген адал дос! Тағдыр оның бақытын ашсыншы! Өз бақыты үшін күреспей... барын қиғаны –үлкен адамгершілік! Ол –ерлік жасап тұр ғой, Жанат! Біз оны қазіргі қиын сәттерінде жалғыз қалдырмай, іздеп, қасынан табылайық,а?! -?!

Айдын Жанатты жетелеп, екеуі почтадан асыға
хат күтті.

Датқа әскерге кетеді деп естігенде Айдынның оған
арнап жазған 4 бет хаты бар-ды. Онда Жанаттың жан
тазалығын, оның биік өресін айта келіп, «Егер
қолымнан келсе Жанаттың бақытты болуы үшін өз

бақытымды беруге дайын едім» деген-ді. Бірақ, қыз
намысын төмендете алмады ма, әйтеуір «Ол сені
өзінен артық сүйеді» деп жазған хатты бере алмаған.
Бүгінде осы шешіміне қуанады, Жанат жанын түсінген

Датқаға да, өз бақытын берген Маржанға да дән риза
еді.

136-бөлме қыздарын Сақыш киноға шақырған-ды.

-Сақыш, осы сен қайсымызды ұнатасың, а?- деді
Жаһан,-киноға бәрімізді, суретке бәрімізді шақырасың.
Біле алмадық қой, өзі...

-Бәріңді ұнатсам ше? Бәріңді!

-Ол енді... ол қалай болады сонда? Бәрімізге бірдей
үйленсең, онда осы бастан дайындалайық та, - Жаһан
мәз болды, - кім бәйбіше, кім ек-екіншісі дегендей... А?
Мөлдіреген қара көзіңе, қара қасыңа... таласып қалсақ,

қайтпексің, а?

-Менің бауырыма таласқыш қыздар керек емес. Ол
жүгіргенге қарамайды, ал, қарамай бара жатқанның

басын игізеді. Осыны ұмытпай жүріңдер, - деді Айдын
Сақышты қолтықтай ұстап.

-Сақыш, солай ма, а? Сенің күнде 2-3 рет келуің
тегін емес қой деп, дәмеліміз біз. –Жаһан қысым
жасап, жауап айтуға мәжбүрледі.

Сақыш күле берді.

-Біздің Айдын да жүр ғой, не директордың
баласына, не Фантомасқа, не Гүлнәрдің суретші
ағасына көңіл аудармай, - деді Жанат.

-Бірақ ол Фантомастың гүлін алып, иіскеді ғой
кеше, - деп Әсем қуақыланып, сыңғырлай күлді.

-Солай ма?- деді Бәтес Айдынға.

-Солай, солай! Есікті мен аштым ғой, Фантомас бір
тал гүлін иегінің ас-астына ұстап, қақшиып тұр екен, -
Жанаттың ішек-сілесі қатты.

-Гүлде де, Фантомаста да не күнә бар? Ал,
айтыңдаршы, ал? Гүл – сыйлық, ол құрметтің белгісі.
Оған рахметтен басқа не деуге болады? – деп Айдын
тойтарыс беруге тырысты, - мені қолдарыңнан келсе,

гүлдің арасына егіп қойсаңдар, қуанар едім.

-Ой, қыздар, әнеукүнгі әдеби кеште-ші, Фантомас
қандай букет бергенін-а! Маған әлі ешкім сондай гүл
ұсынбапты,- деп сап-салмақты Сәбеш те желікті. Мына
қыздар желіктірмей қойсын ба!

-Гүлдің арасына ексек, сирағыңа су құямыз ғой!

-Айконың өзі қандай жігіт ұнайды деуші еді?
Естеріңде ма? Не десем де мақұл дейтін Мақұлбектер

керек емес деуші еді. Ол Айкоға «Міні билет, киноға
менімен бар-расың» деген ғой , - Жаһан да сылқ-сылқ
күлді, - Фантомастан асқан батыл жігіт жоқ-ау! –Аха-
ха-а!

-Қойшы, ойнап айтсақ та соны жапсырмайықшы,
тентексұр ма, түрі де түйе сияқты. Одан да сұп-сұлу
менің нағашымды айтсайшы, Айконы ұнататын, -Әсем
өз пікірін ортаға қосып қойды.

-Досым, мына шуылдақ шиебөрілерден мені
құтқаршы, - деді Айдын кластасы Сақышқа.

-Кел, сырғанатайын!–ол Айдынға шарфын ұзартып,
тротуармен сырғаната жөнелді.

-Хош болыңдар, шуылдақтар! – деп Айдын түсінде
ұшатынындай, ауаны тіліп, риясыз күліп сырғанады.

-Васька, тоқташы! Шаршадың-ау!

-Васькаға өз тілінде сөйлемесең, түсінбейді-і, - деп
күлді Сақыш.

-Не деуші еді... Васька, др-р! Моһ-моһ!

Тоқтай қалған Сақыш «Моһ! емес, сол үшін» деп
Айдынға қар атты. Айдын оның мойнына қар салды.
Екеуі күле-күле аппақ қарға құлады. Сақыштың қалың
кірпіктерін, шаштарын аппақ қырау басыпты. Айдын

аспаннан түскен тірі Аяз-атаны көргендей аңқайып
қалды да:
-Аяз-ата, маған не сыйлық бересің?- деді.
-Мынаны қара! Сен де Қаршақыз болыпсың! Не

сыйлық қалайсың, айтшы. Бә-ә-рін беремін. Ал!?

-Бәрін бе, бә-ә-рін?! Онда маған өлмейтін өмір,
баянды бақыт берші, Аяз- ата!

ҮІ -ТАРАУ

ЖАУҚАЗЫН

Расында, жан да қонақ-ау,
Тіршілік шіркін тола дау.
Дау –даудың ара-арасында,
Жауқазын жүрек солады-ау.

Әскерден оралып, 731- топқа бас болған Ғабит
Айдынның бөлмесіндегі Ғайшамен көңлі жарасып
жүргендіктен бе, қонаққа еліне шақырды. Ауылы өзен
жағасында екен. «Бұл сенің болашақ жеңгең, сәлем

жасатсаң да еркің, Айко» деген. Ақкөңіл Ғайша сол
заматта-ақ бір сәлем салған.

-Көп жаса, жеңеше! Енді күнде сәлем жасайсың.

-Әрине, солай да,- деп тағы сәлем салды Ғайша.

Бұл топ –Мәди, Айдын, Коля,Тұрды, Жаңабек,
Ғабит ылғи да бірге жүретін

-Айко, жігіт деген қасқыр мінезді, олардан қыздар
әркезде де сақтануы керек, - деді Жаңабек.

-Сендерден ше? – деді Айдын.

-Біз... біз енді бір үйдің баласындаймыз ғой...

-Біз не қыз, не ұл емес боп кеткенбіз ғой. Не деуші
еді, иә, қызтекеміз біз, - деп Тұрдының ішек-сілесі
қатты.

-Өй, сен де айтасың-ау, -деп қызарақтады Мәди,-
осындай сөз айтуға бола ма?

-Сөз... сөз неге болмайды? Бұлар енді бойжетіп
келеді. Қайта құлақтарын үйретіп, осы бастан өмірдің
ачлик-тучлиғына былқ етпейтін етіп,тәрбиелеуіміз
керек, Мәке. Үлбіретіп... Үлбірете берме шіли Айконы.

-Қыздар деген гүл, атам заманнан солай ғой өзі,
оларды үлбіретіп, күту-жігіттердің міндеті, - деді
Мәди.

-Баланы да туыла салып-ақ ащы тұзбен денесін
пісіреді. Сонда ол ауырмайтын, жара шықпайтын
шымыр болады. Бұларды да... шешелерін, әкелерін
сұрап, шайтанын қағып тұру...

-Қазір ше, басыңа бір тас ұшып келе жатыр, сен де
абайла, - деп Айдынның жұдырығы түйілді.

-Ойбай, Айко, қойдым! Сені емес, жалпы әйел
баласын айтып... –Тұрды Айдынның түюлі жұдырығын
сүйіп, бетіне басты, - қойдым! Әкетайым менің!

-Қойшы-ей, сенің бе, а? – Мәди қызарақтады.

-Сенің, әрине. Сен арқылы менің жаным!

-Е-е, бәс-се...

...Ауыл қырына шығып, жастар қызғалдақ терді.
Адам айтса сенгісіз сұлулыққа тәнті боласың – үлкен
жолдың бір шетіне өлшемі километрмен өлшенетін
қызыл кілем, екінші шетіне сары кілем төсегендей

керемет сұлу дала! Далаға бидай емес, бидайық емес,
қызғалдақ егіп, соны қорып отырғандай-ды. Бойы
қарыстан ұзындау гүлдің жапырақтарына үлкенді-
кішілі мөлдір шықтар тұнып, ертегідегі гүл

патшалығына еніп кеткендейсің. Қыз сәукелесінің
жасыл үкісі сияқтанған шөптер далаға керемет көрік
береді. Әнебір жерде қызыл-сары түстерге боялған
кішкене ғана құстар ұшып-қонып, шықылықтап қояды.

Қыз-жігіттер кілем далаға жайыла серуендеп
кеткен, тек Ғабит пен Ғайша ғана жұптасып жүр.

-Айко, мұнда ке-е-ел, келші, - дейді Мәди. Бұл
солай қарай аяңдады. Тіпті, аяғыңмен басуға обал
қылтиған бидай, сұлу қызғалдақтар! Бұл қатты
ашылған да емес, әлі ашылмаған да емес, орташа үш

жауқазын үзіп, аялап ұстап келеді.

-Гүл термепсің ғой сен де... Мына сасырдың
түбіндегі қозықұйрықты қарашы, саған соны
көрсетейін деп... – деді Мәди,-мұны пышақпен түбін
қалдырып кесу керек Сонда тағы да өседі. Сен

қозықұйрық қалай шығатынын білесің бе, а?

-Мультфильмнен көреміз ғой, «пук!» деп қалқиып
шығатынын.

Мәди аппақ тістерін көрсетіп, біраз күлді. Күлкісі
Айдынға таудан аққан суды елестетті.
-Сәбиім-ау менің! Сенің мектепке енді барған
баладан айырмашылығың шамалы-ау... ақкөңілім,-деп

жігіт қызды кеудесіне қысты. -Кел, мен саған ертегі
айтып берейін. Қозықұйрық деген қорқақ жер-ананың
қойнауында өсіп, дүние есігін аша алмай, тығылы-ып
жатады. Көк тәңірі айдауына жүрмей, қашқалақтаған

бұлттарды отты қамшысымен осып-осып жібергенде,
аспан шатыр-гүтір гүрілдеп, жерді сілкіп жібереді
екен. Қорыққан қозықұйрық ұйқысынан оянып, «ің-гә,
ің-гә!» деп топырақты сілки ашып, туылады. Сол кезде

от қамшы денесін осқан бұлт жылап, жаңа туылған
қозықұйрықтың топырақ-лайын жуады екен. Міне,
саған аппақ қозықұйрық!-деп Мәди алақандай 3-4
қозықұйрықты Айдынға берді, - тағы жинаймыз ба?

-Иә, жинайық.

-Не деген сұлу табиғат! Фотоаппарат алып
келмегенімізді қарашы. Айдын, сенде «Киев» бар еді
ғой, а? Серік аға сыйға берген ше?

-Менің есімде жоқ, сендер де айтпапсыңдар.

Мәди екеуі қозықұйрық терді. Ол өзінің жанұя
алдындағы парызын, яғни іні-қарындастарын
аяқтарынан қоюы – арманы екенін айтты. Мұның бәрін

талай естісе де ол Мәдидің жетегінде,сөзін жаңалықтай
үнсіз тыңдап келеді.

-Саған жақсы ғой, сен үйдің кішкенесісің,-деді.

-Кішкененің жүгі көп қой, кішкене ұл-қыз ата-
анаға нағыз қамқоршылар. Олардың қайта бала болған
кезінде, ата-ананы сәбидей мәпелеу керек болады. Ал,
үлкендер енші алып, өз бала-шағасының қамын ойлап

кетеді.

-Ол да дұрыс екен. Осы сенің кіп-кішкентай басыңа
осынша ақыл, өлең қалай сия береді, а? Соны айтшы? –
Мәди Айдынды құшағына қысып-қысып, қолынан
сүйді, - фу-у, мына қолыңнан кімнің бөтен иісі шығады

десем... А? Тұрдының сілекейі екен ғой...

-Мұрның ше, әзірбайжан–мұрын болса да дұрыс
қызмет атқармайды екен. Одан бері бірнеше рет
сабындалды ғой.

-Сосын...

-Мігіт емес,мыжың! Әзірбайжанның мыжың
кемпірі, - деп күлді Айдын.

-Бәс-се, тап-таза сүттің иісі, сосын гүлдің иісі
шығып тұрды!

-Онда неге «сілекей» деп?..

-Алдадым. Сол үшін не істейсің, а? Бір рет сүйші,
сұранамын...

-Көзіңді жұм, аузыңды аш,- Айдын аузына кішкене
қозықұйрық салып жіберді, күліп тұр.

-Несібем шығар. Сен не берсең де жеймін ғой, - ол
шайнап, жұтып қойды.

-Қойшы, шикілей жеуге бола ма? Уланып қалма,
түкірші. Құсасың ба, қайтесің?...

-Уланбаймын, әбіржіме. Бірақ, у берсең де жеймін.
Сен осыны онша түсіне алмайсың-ау. Түсінсең де
маған ғана қырсығатының не, айтшы. Мен сен... сені
өте жақсы көремін ғой, турасын айтсам, сен болмасаң,

өзіме өзім де керек емес сияқтанамын, Айко-о... Сенші
осыған, - Мәдидің көзінен мөп-мөлдір екі тамшы
төмен қарай сырғи жылжыды, - сенші.

«Әзірбайжансың» деп әншейін айтамын. Осы қыр
мұрының, осы садақ кірпікті үлкен көздерің, мына
ашылған қызғалдақтай еріндерің, сұңғақ бойың, бұйра
шашың - әлемдегі ең-ең сұлу бейне. Мен де сенсіз өмір

сүре алмаспын, ондай күн маған артық. Сен де осыны
түсінші. Жылап тұрған көздерің неткен сұлу!» Айдын
мұның бәрін іштей айтып, үнсіз телміріп тұр еді. Бірақ,
жұбатпады.

-Сүйші, сұранамын...

Айдын оның тілегін үнсіз орындады.

-Әй, ғашықтар! Гүлдерің қайда? Бұл жерге гүл
термегенде не үшін келдіңдер? Міне, мені
қараңдаршы, - деді құшағы толған қызғалдақ Тұрды, -
осы бес тал гүл ме тапқандарың? Көздеріңе өздерің гүл

боп көрініп, жұла алмадыңдар ма? Міне, Ғабит
маладес, қызының құшағын толтырыпты. Нағыз еркек
бұл! Ал, Мәке, сен телпексің! Өйткені, телпек теріп
келіпсің!–деді мидай тегіс даладан екеуінің

құшақтасып тұрғандарын көргеннен зығырданы
қайнаған Тұрды.

-Қой енді, қазір өзің де құмартып жейсің ғой
қозықұйрықты, - деді Мәди жәйбарақат күліп.

-Жоқ, Айко, түсінбеймін, неге гүл термедіңдер, а?

-Обал деп, ол да бір-ақ рет өседі, өмірі онсыз да
қысқа ғой. Біз жұлып тастағаннан жерде жайнап
тұрғаны әлдеқайда рахат қой, - деді Айдын.

-Айдын дұрыс айтады, біз де қателік жасадық, енді
есте болады, - деді Жаңабек.

-Ой, ылғи ғана кітабилер-ай! Қыз бен гүл жұлуға
жаралған, ал қой-ешкі союға жаралған. Онда әйел
алмай, ет жемей жүріңдер! -деді Тұрды ашуланып.

...Ғабиттікіне жетіп, тамақтанған соң тынығып,
кешкісін өзен жағасына балық аулауға барды. «Сөз,
қимыл болмайды» деп түсіндірген-ді. Өзеннің ағысы
бәсең, жайпауыт жеріне шұбалшаң ілінген қармақ

тастап, қалтқыны аңдып отырғалы біраз уақыт өтті. Бір
кезде қалтқы аздап қозғалды, «тиыш» деп Жаңабек пен
Мәди белгі берді. Аздан соң қалтқы батып кеткенде,
Айдын қармақ сабын жоғары көтеріп қалды. Үш

қармақтың екеуіне екі балық ілініп шықты.

-Ой, балық! – деп Айдын еріксіз дауыстап жіберді,
сықылықтай күлді.

Әрегеректен жүгіріп келген Ғайша мен Тұрды да
қуана дауыстап жүр.

-Құдайқаласа, егіз балалы боласыңдар! –деді
Тұрды кімге айтқаны белгісіздеу.

-Е, сен... қойсайшы ондай әңгімені,-деді Жақаң
ыңғайсызданып.

-Мен жаманға емес, жақсыға жорып тұрмын ғой,-
деп мәз болды Тұрды.

-Дұрыс, рахмет саған, Тұрды, айтқаның келсін, -
деді Мәди.

...Айдын аузын қармақ тесіп, желбезегі ауаға кеуіп,
су іздеген балықтардың бұлғақтағанын аяп, жүрегі
сыздады. «Өмір неткен қатал, ә? Күштісі әлсізін
жүндеп, әлсізі қорек болған теңсіздік –тіршілік заңы.

Адамдар да солай, үмітті талғажу етіп, өмір сүреді.
Өмірден тек жеңіс, жақсылық күтеді. Ал, үміт үзілсе,
өмір тоқтайтын шығар, сірә...» Жүрек жыр тербетті.

Бұл өмір – асау өзен.

Қалытқы-үміт,
Өзенде бір көрініп, бір батады...

-Айдын, ренжідің бе? Ол сөйтіп ойнап айта береді
ғой... -Мәди мұны иығынан құшақтап тұрды.

-Жоқ, мен балықтарды аяп тұрмын.

-Балықты ма? Тұрдыға өкпелемегенің рас па, а?
Мейірімді жүрегіңнен айна-а-лайын! Жүр, қайтамыз
үйге.

...Ғабиттің үйіне бұрындау келген Ғайша үлкен
бөлмеге дастархан жасасып жүр екен.

-Сикеш,-деді бір қалтарыста иіле сәлем берген ол
Айдынға.

-Бақытты бол, жеңеше! Бірақ, сәлемді таңертең
беруші еді, қазір күн батқалы тұр.

-Айыптымын! –деп тағы иілді Ғайша.

-Көп жаса! Бірақ, осымен айыбың біткен жоқ.

-Мақұл!-деп тағы иілді Ғайша.

-Рахмет! «Ванька-встанька» болмай тұрғаныңда
шәй жасап ал, - деп аузын басып күлді Айдын.

-Құп, сикеш!- тағы да иілді.

Бұларды есік пердесіне жасырына бақылап тұрған
жігіттердің ішек-сілелері қатты.

-Ой, Айко, Ғайшаның ішіне пружина салып
қойғансың ба?

-Соны айтам-ау! Пружинасы түзу тұра алмастай...
созылы-ып кеткен-әу,ә? Қайта-қайта бүктеле бергеніне
қарағанда!

-«Сикеш» дей ма, а? Бикешті де тура айтуға
болмайды-ау, ә? Қатты қорқытып қойған-ау Айдын?

-Қорықпай көрсінші менің қарындасымнан! – деп
сілесі қатты Ғабиттің де, -маладес! Тәртіпке түсіріпті.

Екі қыз ұялғандарынан бір- біріне сүйене құшақ
тасып тұр.

Бұл топқа басқа ешкім қосылмады, дастархан
үстінде де өзді-өзі еркін әңгімелесіп, әзілдесіп отырды.

Тұрды тауға саяхат, қасқыр мен түлкі аулаудың
қызықтарын айтса, Жаңабек тауда өсетін киікоты,
көкемарал сияқты шөптердің емдік қасиетін, тау жуасы
мен доланасының пайдасын әңгімеледі.

-Табиғат заңы қызық қой өзі, тауға шықсаң, қан
қысымың артады, ал тауда өсетін киікоты мен
доланасы оның емі.Сол жер ауыртады, дәл сол жерден
ем табасың! - деді Жаңабек ойланып.

-Сол үшін тауға шыға сап, доланаға тойып алу
керек, сосын қаның тасымайды,-деді Тұрды күлегеш
қуақыланып,-неден болған ауру содан жазылады. Арақ
ішіп ауырсаң, таңертең қайта арақ ішу керек.

Жазыласың! Ангина суықтан болады, оны үлбіретпей,
мұз жеу керек. Ал, ғашықтықпен ауырсаң, басқа
біреуге ғашық болумен жазыласың,-деді Тұрды.

-Ғашықтықтың емі үйлену шығар, не аққулар
сияқты өлу шығар,-деді Мәди, - адам бір рет қана
сүйеді дейді ғой, білетіндер.

-Ей, Мәке-ай, осы кітабилығың қашан қалады, а?
«Бір-ақ адам» деген қыздар үшін, ал, жігіттерге шекара

жоқ қой! Бір түрлі тағамды күнде жей берші, ығырың
шығады, тіпті қарағың да келмейді. Еркекке заң басқа!
Ауырасың, құсасың! Қайтып жегің келмейді. Ара екеш
ара да әр гүлдің нәрін жинайды. Бұл – заңдылық. Сол

үшін кемінде 2-3 қызбен жүру керек тә! Сен құсап...
аңқиып... А, Айко? Дұрыс па? – деді Тұрды күліп.

-Дұрыс емес,ол тауық – махаббат, - деді Айдын, -
сен онда тауықсың.

-Тауық?! Әтеш деші ең болмаса,-Тұрдының сілесі
қатты,-сені қайтер екен деп әдейі айттым ғой мен –
сары әтеш екенмін-ау!Ку-ка-ре-ку-у-у...Ойбай, іщ-щім!

-Сары әтеш, сен кейде алжып қай кезде шақыруды
білмейсің, ә? – деді Ғабит.

-Иә, Айко, тауықтың миында-ақ мисыз болсақ,
оның ақылы қай жеріне сияды, а? Түн жарымда,
мезгілсіз шақырса, басы кесілетінін де білмейді
ақымақ. Міні басым, ал, не істейсің, жұлсаң жұла сал!-

деп Тұрды басын иді.

-Енді өйтіп айтпашы. Саған жараспайды екен,-деді
Айдын көңілсіз.

-Мақұл, Айым, кешірші, енді айтпаймын.
Бұртимашы,сені... сені ренжіткеннің қолында өлем ғо!-
деп қыз қолын сүйді ол. Айдынның көңіліне жыр
құйылды.

Тауық «махаббаттарға» толды өмір,
Қоразданып, кегжиген жігіт небір.

«Ал-бас-те-е-е!» деп шоқиды аққуларды,
Пәк сезімнен түйсіксіз, арсыз жебір.

Адамбыз ба,
Адамға тән қылық не?
Сөйлеу, киім, екі аяқ, сәнділік пе?
Инстинкт жеңгенше үйір іздеп,

Мал атанған артық-ау мәңгілікке.

Қандай бақыт жаныңды жатқа арнаған,
Бір түйір сыр қалмаса ақтармаған!
Мүмкін емес аттауы Адам мұны,
Адам емес сенімді ақтамаған.

Осы менің ішкі сыр, жан-дүнием,
Ниетке ашпын. Ол жоқта күл дүниең!
«Ғашық-нама» жазамын үлгі етсін деп,
Жүрегімді арнаған, о, күн-ием.

Аздан соң Ғайша мен Айдын сыртқа шықты, түн
керемет сұлу, ауа қоңырсалқын еді. Мәди келді.

-Айко, ренжіп қалдың ба? Білесің ғой, ол сондай
қылжақбас екенін. Ойнап айта береді,-деді.

Жыр кернегенін айта алмаған қыз жанарына бір
түйір жас тұнды.

-Сен... сен жылап тұрсың ба, а? –Ол бір тамшы
жасты саусағымен іліп алды,-жыламашы, жа-ным.

-Мәди, мен... мен қорқамын.

-Кімнен, неден қорқасың? А?

-Сенен қорқамын, сен ше... осындай ықпалға еріп
кетесің бе деп...

-Қойшы, құдай бар болса, сенсіз өмір бермесін
маған. Мені кім... кім айырсын сенен? Мен қайта сен
үшін... сені біреу алып қашып кете ме деп...

Айдын бір саусағымен оның аузын басты.

-Мен зорлыққа көнбеймін ғой, білесің.

Айдын студенттік өмір бастамасынғы бөлме
күнделігін қолына алды. Күнделік-өткен уақытыңды
талдап, артық-кеміңе көз жіберу, өзіңе өзің есеп беру.
Айдынның ойынша дос-жаран, кітап-кино, ата-ананың

айтқанын қанша естігенімен, ой елегі оның қажеттісін
ғана қалдырады. Әр адамды өзге емес, адам өзін-өзі
тәрбиелейді. Күнделік – тәрбие құралы. Оның
ойынша үлкен кісілердің бәрі ақылды, қателеспейтін,

қалыптасқан қатты формалар. Ал, жастар-құйылған
дененің формасына қарай өзгере беретін аққыш
сұйықтар. Аққыш жастар да уақыт өте келе ортаның
ықпалымен қалыптасқан қатты формаға ауысады.

Сондықтан, күнделікке жазылған көзқарас, тұжырым,
сын, мадақтарға өзара мән берулері міндетті.Екі
жылғы бөлме күнделігі де, жеке өз күнделігі де
жоғалды-ы! Тұрды бөлме заттарымен қоса жоқ етті

әйтеуір. Қалың дәптердің біреуін ғана жатақхана
жөндеуіне қалған бір қыз «коридордағы қоқыстан
алдым»деп әкеліп берген-ді.Сол дәптер. Бірінші курста
Әсем жазған екен.

«Бүгін 16-шы қыркүйек. Таңертең ерте тұрып, шәй
қойдым, өзімді ретке келтірдім. Дастархан жасауға
кіріскенде, қыздарды ояттым. Айдыннан басқасы
сергек, түнде ұйықтамайтын үкіміз де осы. Басқамыз

сияқты шаш түйіп, боянбайды, шашын екіге бөліп,
құлақ түбінен резинамен қыса салады. Сақыш кластасы
айтпақшы - «Құлағы ұзын қоян».Сағат 2-де бөлмеге
келіп, ас қамына кірістім. Таңертең қазанға салып

кеткен ет былбырап, таза пісіпті. Бірақ, еттің жартысы
жоқ, сорпасы да аз. Жігіттер қыздардың қазанына
осылай «жиендік» істейтіні бар. Аз болса да
қалдырғанына, өткендегідей уыстап тұз, келімдәрі

салмағанына қуандық. Бұл күн танысу күні болды.

Кезекші Әсем»-депті.
...Иә,Айдын ойлап қараса сол кемшілігі әлі де бар.
Қазір де кеш жатып, кеш тұрады. Үй шаруасына
пысықтығы жоқ, алтын-күміске қызықпайды, боянып

сәнденбейді.Психолог-жетекшісінің ұсынысымен
талай кітаптар оқыды. Адам жаратылысында еңбек
қабілетіне қарай екі топқа бөлінеді екен:

-Бозторғайлар

-Үкілер.

Бозторғайлар таңмен бірге оянып, еңбек қабілеті
түс қайтқанша өз биігінде, күн ауа бәсеңдейді.
Үкілердің еңбек қабілеті түс ауа жоғарылап, түске
дейін төмен болады екен.

Айдын таңертең ояна алмаудың бір себебі –өте кеш
демалу және екінші табиғи себебін де тапқандай . «Ал,
үй шаруасы ше?» дейді ішкі дауыс. Екі жеңге, үш
әпкесі мұны тірлікке көп жақындатпайтын.

Кезекшілігінде көбіне өзі ұнататын ұзынша кесілген
картоп қуырады. Ілуде бір анасы мақтайтындай кеспе
жаяды. Көңілге қараса да қыздары мақтап қоятын.

ҮІІ –ТАРАУ

КІНӘСІЗ КҮНӘҺАР

Шын сүйген айта алмайды «сүйемін» деп,
Шын топас сөзге тұрмас «жүйемін» деп.
Дәндері толық бидай иіледі,
Сабан бас тікшимей ме «би едім» деп?!

Тамырын Жерден алған тіршілікке,
Шырмауық оралмай ма сүйегін жеп!?

Бүгін ТММ – машина және механизмдер теориясы
пәнінен сызуға жәрдемдесу үшін Мәди Айдынның
бөлмесінде еді. Студенттер ТММ-ді сөзге жіктегенде
«Тут моя могила» деп әзілдейтін. Бөлмеге Бәтес,

артынан Сақыш келді. Екі жігіт сызуға, екі қыз шәйға
дайындық жасап, дастархан жайылды.

-Сақыш, неге біртүрлі болып отырсың? Бір жерің
ауырып тұр ма?-деді Бәтес.Ол жәй ғана бас изеді.

-Қай жерің? Қазір ғана бәрі жақсы еді ғой?-Бәтес
ынты-шынтысымен әбіржіді.

-Бір жерім, - деп күлді Сақыш.

-Қазір жазып аламыз сені. «Қалса қалсын қазанда,
жылытамыз азанда» деген кешегі сөзің ше? Палау
жейміз, - деп Айдын ас әкелді, ұшып-қонып жүр.

-Е-е, айтпақшы сенің тәуіптігің бар ғой, баяғы ше... Саиданы-шы, баласының көкжөтеліне ем жасағаның-шы-деп, Бәтес түсіндіре алмай күлді. Айдын ойланып қалды. -«Тәуіп?!» Иә. Енді есіне түсті.-Ол үшін ауру кісі ерекше ықыласымен келуі керек . Бар сенімі, бар тілегі сол тәуіпте болса ғана жазылады,-деді Айдын, - «психология» солай дейді. Қазір тәуіптігімді айтып беремін, тамақ алыңдаршы.

Сақыштың шынында да жүрегі сыздап ауырып
отырды. Мектепте басталған кіршіксіз таза сезімімен
өзімен өзі күресіп келе жатқанына қазірде төрт-бес
жыл болған шығар. Бір рудан және өзінің кішілігін

біледі. «Бұл қазақ заңына қарсы, ұят, дау, тіпті өлім
ғой! Әлем қызға толы! Нең бар Айдында!» дейді ішкі
даусы. «Онда, «Қаракөз» пьесасы неге жазылған?
Махаббатқа заң жоқ, жеті атадан соң үйленсең, қан

тазалығы да, әдет-салт та, дін де бұзылмайды» дейді
тағы бір ішкі дауыс. Осы жұбаныш осы бөлмеге күніне
екі-үш рет жетелеп әкеледі. Ұлас айтпақшы,
табалдырығында жатса игі еді. Бірақ, мына Айдынның

миында оны ұғынатын, тіпті бір нүкте де жоқ-ау.
Сақыш осыдан қорқады. Қашан көрсең Мәдидің
қасында жүретіні не? Мен ғой... мен кластасымын, ал,
бұл неге келе береді бөлмесіне?! Мұның қандай ақысы

бар?! Әлде, келгеніне қарағанда... Айко да оны сүйіп...
қалған ба? Жоқ! Мүмкін емес! Жоқ!» Сақыштың
тамаққа созған қасығы қимылсыз қалып, селк етті. Бәрі
де бұған аңтарылды.

-Сақыш,бауырым, не ойлап кеттің? Шәй іш. Қазір
мен қалай тәуіп болғанымды айтайын,-деп Айдын
оның шәйін жаңалады, - алып отырыңдаршы айтқыза
бермей.

Біздің Саида деген көрші қызымыз бар. Менің
қасымнан шықпай, көбіне біздің үйде уақытын
өткізетін. Бір төсекте өстік қой. Сол Түркістанға
тұрмысқа шығып, баласы көкжөтел болса, маған

ниеттеніп, төркінге әкеліпті.

-Сен емдейсің, түкір! Түкірмесең, мына бала өледі,-
деп кәдімгідей жылап тұр ғой. Үйіме қарай өткізбейді
мені.

-Түркістан деген нағыз тәуіп-емшілердің ордасы.
Мұнда не бар?! Дәрігерге апармайсың ба?-десем,
көнбей «түкір» деп жалынады.

-Сосын?

-Сосын үйіне кіріп, баланы көрдім. Шиқылдай
жөтеліп, тынысы тарылып барады, анасы «түкірші»
деп жылап тұр.

-Иә, не істедің? Түкірдің бе?

-Не деп, қалай түкіруді де білмеймін ғой, баланы
қолыма алып,«Түпәй! Кет бәлекет!» дедім тәуіп болып.

Үстел басындағылар қыран-топан күлкіге көмілді.
Әсіресе Мәди кереуетке жатып ап, күлкісін тия алар
емес.

-Сосын не... Не істедіңдер? Қойды ма?

-Сәйкестік пе, түкірген лептен шоши ма, ба-бала
қоя-ды-әйтеуір жө-жө-телін,-деп Айдын да күлкіден
шашалды. - Үйіме бәрібір де жібермей тұр, салт
бойынша кез- келген біреуден ем сұрап, соны орындау

керек екен. Бір өткінші кісі «көк сиырдың сүтін жерге
қоймай, жылы күйінде беру керек» деді.

-Сиыр сау... саудың ба-а? А-ха-ха!

-Кешке мал пададан қайтқанша біраз уақыт бар.
Ауылға жақын жерде сиыр фермасы болатын. Со-соға-

ан... бара-ай-ық деп айтты ғой Саи-да-а,- Айдын
сөйлеуге шамасы болмай күліп отыр.
-Ба-бар-дың...ба?- Мәди құлап жатып, тілі жетпеген
сұрағын қолымен ымдап сұрайды.

-Иә, бардық қой бір жарым шақырымға бала
көтеріп. Со-ол қиын болды. Кезек- кезек көтерейік
десем, «Жо-оқ! Болмайды ол! Сен ғана көтеруің керек»
деп досым көнбейді ғой.

-Ыс-сен, се...Хи-хи-и,- деп, Мәди мен Сақыш
аунап күліп жатыр.
-Ферманың шетіне жеттік-ау әйтеуір. Сиырлар
сырттағы алаңда екен. «Кімге айтсақ болады?» деп

қарайлап тұрғанымызда сиырлар жақтан бір әйел
баласының жан дауысы шыға айқай салғаны. Өзі бізге
қарай жүгіріп келеді. Қолында шелек. Түсінбейміз.
-Миша! Ми-ша-а! Қаш, қаш!-дейді.

-Мишасы кім?!- деп бір-бірімізден сұрап қоямыз.
-А-ха-ха! Қаштың ба-а?
-Қайда қашам! Қолымда бала, өзім әзер тұрмын.
-Апай-ла-ар! Миша бос! Ол сүзсе, өлтіреді-і,қаш!-

деп бір әзірбайжан қыз жүгіріп...
-А-ха-ха! Әзірбай-жа-ан ба?- деп, Мәди өз мұрнын
ұстай күліп, кереуетке қайта құлады.
-14-15-гі жас қыз екен.Біз ферманың қабырғасы

жаққа кері шегінейік. Сен көк сиырдан бір кеседей сүт
сауып әкеліп бересің бе?-деп жағдай айттым.
-Тәуіппін дедің бе? А?

Шелекті жерге тигізбеші,- деді Саида. Көк сиырды
ұстап, бір кесе сауғызып, мен ішкіздім-ау...

-Сен ба... ішкі...

-Баланы менің қолыма ұстатып қойды емес пе, «сен
бер, сен көтер» деп. Біздің үйге баламен қондық қой.
Түнде кеш жатқанбыз.Бала шиқылдап, көгеріп кетеді,
тағы «түпәй, кет бәлекет!» деп... түкі...ріп... таң атты-

ау, әйтеуір...

-Иә-ә?! Не істедіңдер, а-а? – дейді Бәтес те
күлкіден аққан жасын сүртіп, - со-соны айтсайшы...
Дә-дәріңді...

-Осы оқуыма кетуім керек. Саида «Сен кетсең, не
істеймін? Балам өліп қалады!» деп жылап тұр ғой.. Бұл
жерге әкелгенім қалай болады енді?

-Әкелмедің бе, кө-көре-тін...

-Өзім де қалай жұбатуды білмей тұрсам, әлгі-і...
көк гүл ашатын сүті бар шөп-ші-і, шашыратқы, -
Айдын сөйлей алмай күлді,-сол шөп жоңышқалықта
өсіп, гүлдеп тұр екен. Соны жұлып, Саиданың қо-

қолына ұстат-тым. Жөтелгенде «түпәй, кет бәлекет!»
деп мұрнына иіс-иіске-ет деп... қайнаған суға гүлін бір
ба-ты-ыр-ып ішкі-із деп...

-Содан не болды? –деп салмақты Сақыш та ішін
ұстап күлуде.

-Содан... кейінгі аптада барсам, баласы жазылып
ке-кетіп-ті-і. «Сен жаздың, сенің балаң» деп отыр ғой
ма-ма-ға-а-ан...

«И, жаным! Менің де тәуібім - сен» деп Мәди көзін
ашып-жұмып, мұрнын тыржитып, алыстан иіскеп,
ишарамен еркелетіп отыр.

Бұл әңгіменің аяғында бөлмеге Тұрды мен Сәбеш
те келіп қалған-ды. Сәбешке таныс оқиға, ал Тұрды бір
кереуетте домалай күліп, әлі басылар емес.

-Ой, Айко-о! Емшілігің күшті екен-ау! Енді
ауырсақ, есте болсын! Көкжөтелді ем-ем-де-сең, а,
кәдімгі тұмау-сұмау не тұрады саған?

–Уһ, ішегім үзіліп кете жаздады-ау! Негізі

студентке тәуіптік деген жақсы... Уһ, жақсы кәсіп қой
бұл! Қарнымыз тоқ, көйлегіміз кө-өк!-Тұрдының ішек-
сілесі қатты,-Айко-о! Шынында да біздің бөлмені
емхана ғып, ұялсаң, бетіңді көрсетпей-ақ, орамалмен

жауып... тамыр ұстатып, пұл табайық. Өзім-ақ... бәрін
ұйымдастырамын.

-Тұреке, сен не, шындайын дедің бе? –деді Мәди.

-Шын болса-шы, Абай атаң не деген? Ойланшы,
«Есекті жуып, ақша тап» деген!

-Сонда, біздің Айконың еңбегін сендер неге
пайдалануларың керек,- аңқау Сәбеш сеніп қалды.

-Тең бөлісеміз, Сәке! Асықпаңызшы,-деді Тұрекең.
Дастархан үстінде түрлі тақырыпта қызу пікірталастар
өрбіді.

Айдын осынша достарының арасында өзін жылы
ұядай ай-алақанда тербетілгендей, бақытты сезінді.
«Студенттік алтын шақ» деген рас екен деп түйді.

*** Жанатқа Датқадан хат келді. Суретшінің әріптері де ерекше бола ма, ірілеу жазылған мүйізді әріптер иесінің аман-саулығын жеткізсе де, көңіл-күйін анық айта алмаған. Датқа клеткалы екі параққа сурет салып, «Жауабын тап» деп қана сөз жазыпты. Жанат Айдын екеуі суреттегі сызбаны мұқият қарап, зерттеп, жұмбақты түсінуге талпынды. Теңіз толқыны жағаға ұрып, қайтқан толқын жалы – ат басы сияқты ма... Ол ат қиналып, кісінеп жатқандай ма... бір түрлі көңілсіз көрініс. -Суретшіге ақын жауап берсін, кәне, бірдеңе деші,- деді Манат. Бұлар әзіл өлеңмен жауап қайтарды.

Датқатай, халің қалай, қалпақтай ма?
Қалқалап құлағың сал хәл-жағдайға.
Арқаңа 15 батпан жүкті салсақ,
Төрт аяқ тең тұра ма, қалтақтай ма?

Біз шешсек жұмбақ – сурет бір парағын,
Толқынға неге батты тұлпар атың?
Біреуден ой түскенмен бір адамға,
Атыңды өзің ғана құтқаратын, -деді қыздар.

Емтихан алдында Тұрды жолдастарын аулына
қонаққа шақырды. Тау бөктерінің ғажайып сұлулығы,
тіпті шыңылтыр таза ауасына дейін көңіл
жаймашуағын қалыптастырады екен. Бірақ Айдын

Тұрды үйінде ілулі тұрған «жоғалды» деген 136-бөлме
пердесін көргенде... ет жүрегі езілгендей ауырды.
«Сонда... Тұрды жігіт басымен осыншалық төмен іске
барғаны ма? Перде арасындағы күнделігімді Тұрды

көргені ме? Жатақхана комендантына тапсырғаны
бекер екен-ау?!» Айдынның кеудесінде жыр толқыды.

Жанымның жапырақтап сыз парағын,
Жазайын жыр-шуаққа қыз-ғаламын.
Мен сені қылымсыған қыздан емес,
Жаныңды жамандықтан қызғанамын.

Баспашы жамандыққа, сұранамын,
Жаман нәр бойға тисе, қуарамын.
Дос түгіл жұғысады металлдар да,
Сен таза, мөлдір болсаң, ну аламын.

Қара дақ түспей адамшылығыңа,
Жамандық жетпей жүрсін жұлығыңа.
Жан досым, терең болшы былғанбайтын,
Мен сенің шөліркейін тұнығыңа.

Айдын бұл «сиқырлы ұрлықты» енді есіне алмау
ды шешті.

Сессия жақындап қалғаннан болар, институттың
оқу залы лық толы. Өркенге жақындау жүретін
группаласы Серғазы келді.

-Айко, таптым-ау әйтеуір, қалайсың?

-Жақсы. Неге іздедің, тыныштық па?

-Тыныш та емес, тыншып кетуі де мүмкін. Енді...
ол саған байланысты.

-Маған ба?.. Ол не еді?

-Өркен... сен үшін оқымаймын дейді...

-Мен?!

-Иә, біраз уақыт болды ғой, сабаққа да қатыспайды,
оны өзің көріп жүрсің.

-Жо-оқ, білмеймін...

-Әңгіме сонда, сен оның бар-жоғын білмейсің де.
Ал, ол тек сені ойлап, тек сені... ұнатады. Ай шамасы
болды, араққа салынып кетті. Қазір жатақханада да
тұрмайды, әкесі үй сатып әперген. Біз де сонымен бірге

тұрамыз. Барлық жағдайы бар, «оқымаймын» дейді.
Міне,хаты. Сенен өтініш, жыртып тастамай оқып
шықшы. Сосын... өзің білесің енді... Ертең бе, әйтеуір
бір жауабын айтшы, мақұл ма? Ер жігіттің тағдыры

ғой, түсінерсің өзің. Ал, жақсы.

...Жайсыз әңгімеден жайсыз ойға қалған Айдын
қолына ұстатқан конвертті ашып, оқи бастады.

«Айдын! Саған осы хатты екі жылда қанша рет
жазып, қанша рет жыртқанымды білсең ғой. Менің сені
атыңмен атаудан басқа, «жаным, сүйіктім, еркем» т.б.
деуге ақым жоқ. Өйткені, солай айтуға рұқсатым жоқ.

Ал, өз атымнан ғана айтсам, осы барлық жігіт
атаулының ғашықтарына арнаған әдемі атауларын тек
саған, тек бір ғана саған жиып-теріп, арнаған болар ем.
Айко! Атыңнан айналдым сенің. Мен екі жыл бойы

саған құштар ғашықтық сезімімді қасымда
жүргендердің барлығына, өзімнің туысқан, жолдас-
жораларымның барлығына қанша реттен айтып,
есіміңді жаттаттым. Егер тағдыр сенен басқа қызға

серіктесуді жазса, кейін ол әйелім болса да, бала-
шағамның шешесі болса да, оған сені құрметтетемін.
Сенің атыңды жаттатқызамын.
Білесің бе? Білмейсің, білуің керекті бір нәрсе бар.

Ол – осы сезімімді айта алмаған, айта алмайтын бір
ғана адамым бар. Ол – сен, Айдыным.
Менің Ай, Күнім,
Менің айбыным.

Саған айту үшін арақ ішуім керек, әйтпесе
батылым жетпейді. Осы хатты жазу үшін де арақ
іштім.
Байқадың ба, саған сәл ғана ұқсап, ақын боп

отырмын. Батыр боп, сырымды айтып отырмын. Сонда

сен, ақын, өлең жазу үшін мен сияқты арақ ішесің бе, әлде... Егер ішпей жазсаң, онда ақын болу дегенің - батыр болу екені даусыз! Сен мені дұрыстап танымайсың да, себебі ең болмаса дұрыстап, сөйлескен де емеспіз. Өзімді айтсам, Айко, сенің алдыңда ғана қорқақпын. Ал, басқа жерде-ші, айтпа! «Шалдың баласымын» деп басқа түгіл өз әкемді боқтай аламын. Менің сөзім оларға билеуші патшалардың әміріндей. Бұзықтаумын негізі. Шешем байқұс «оқымаймын, кетемін» деп саған ғашықтығымды айтқанымда –шы, жылады ғой: «Басыңда айналдырған дуаң бар ма, содан басқа әлемде қыз тола ғой» деп. -Оу, шешетай, - дедім,-ол қыз айналдырса, өзі маған қарар еді ғой, не үшін мені дуасыз ба, дуамен ба айналдырмады қайта? Үйім жоқ, жайым жоқ болғасын мені көзіне ілмейді,-деп едім,-ұяттау болды-ау... Үш бөлмелі үй алып бергелі де бір айдан асты. Енді оларды тағы да не деп кінәлауды білмей отырмын. Енді ойлап таппасам, айтарым жоқ. Менде бір ғана сырлас, бір ғана көңіл қуанышы қалды, ол – Ахаң – арақ... Махаббат, неткен ғажап едің, неткен азап едің? Сенсіз өмірдің мән-мағынасы қалмағандай азап өмір.. Айдын, саған қажетсіз көп нәрсені жазып тастаппын. Негізгі айтайын дегенім – мен сенің кіммен болса да көңіліңнің тоқ, бақытты болуыңды тілеймін. Осы!

Мен әлсіздігімнен саған көріне алмадым. Сен мені
сүймейсің, айыпты емессің. Ал, мен сені мәңгілікке
сүйдім, мен де айыпты емеспін. Сені ұмытпаймын, ол
деген мүмкін емес. Өмірім өшпей, өшпессің сен де,

қымбаттым.
Өркен».

Айдын хаттың соңғы жақтарын қайталап тағы
оқыды. Өркеннің орнына өзін ойша алмастырды.
Жүрегі сыздап, Өркеннің жан-дүниесін сезінді. Бір
түйір лағыл жас іркілді, жыр туылды.

Жанымның терең түбінен тербеп тіл қаттым,
Екеуміз неге болмадық гүлі бір бақтың?
Амалым қайсы?

Амалым қайсы?

Жоқ амал!
Өмірім өшпей, өшпессің сен де, қымбаттым.

Жанымның нәрін, жастықтың жалын айбынын,
Арнадым саған, бердім мен саған, Айдыным.
Телміре қарап, секундты санап сарғайған,
Қара жер болдым күтетін үнсіз Ай, Күнін.

Жүйкемді менің өзіңсіз күндер кемірді,
Жасыды жігер, жүрегім тозды, жеңілді.
Жылата бермей, жұбатшы бір сәт ескеріп,

Өзіңді ғана сүйетін жап-жас өмірді.

Беторамалымен көзін құрғатқан қыз сыртқа
беттеді. Сыртқы дүниемен байланыс жасап, өз көңілін
сергіткісі келді. Бірақ, әлгі хат, оның сөздері ойынан
кетер емес. Бұл өзіне сырт көзбен қарап, сынады.

Әділетті шешім іздеді, төрешілік айтты, өзін-өзі
тергеді, сараптады, жазалады.

«Не істе дейсің маған?! Менің бойымда Мәдиден
басқаға орын жоқ! Мен не, қапшықпын ба саған,
керектінің бәрін тығыздап сала беретін?!» деп жүрегі
дүрс-дүрс соғып, кеудесінің сол жағында езіліп жылап,

сыздап ауырды.

Ол су ішіп, тағы біраз серуендеді де, кітап-
қағаздары жаюлы қалған орнына келді. Келсе... мұның
орнында көршілесі болған Тұрды отыр. Дәптер
арасынан Өркеннің хатын тауып шұқшия оқуда. Тіпті

мұны елемейтін де сияқты. Бұл хатты жұлып алды, ол
болса, екі қолын көтерген күйі ыржия күліп: «Қыз-
Жібек, сенде арман жоқ» деп қояды. «Кімге күлкі,
кімге түрпі?» деді іштей Айдын.

Тұрды Айдынның орнын берді. Желкесінен еңкейе
сыбырлап тұр.

-Сонда мына өлеңді кімге арнадың, а?

-Өзіме.

-Өзіме?! Сонда қалай болғаны? Өзіңе өзің сөйлегенің бе? Не, жындандың ба? Ақындар,

жазушылар сәл нелеу, крышасы айныған болады деген
рас-ау,-Тұрды қыт-қыттай күліп, қызды иығынан
қысып-қысып
қойды,-Айко,

арырақ
отыршы,
сиысайық.

Айдын жылжыды.

-Сонда Өркен – шибұт не дейді саған, а? Хатын
оқып ем, түк түсінбедім. Қызға да осылай хат жаза ма,
ақымақ неме? Қатысы жоқ сөзді шұбыртып,
былжырапты... Ол әлі шешесін танымай жүр екен,

танытайын оған... Әкесінің!...- қызына боқтанып,
қызарып кетті. Айдын оның аузын алақанымен басты.
Тұрдының өзіне жазатын астын-үстін хаттары, сосын
сағынышы мен қиялын суреттей келіп, «біз сені ұл деп

есептейміз ғой» деп жуып-шаятыны есіне түсті.

-Сенің қалай хат жазатыныңды мен білмеймін бе?
Өркеннің сезімі сенен әлдеқайда шынайы!
-Еу, Айко! Сонда біз–Мәди, екеуіміз неғып жүрміз
сенің қасыңда, қызғышқұс құрлы жоқпыз ба, а? Ой,

шешесі сұлу ит Өрке-ен! Біз адамбыз, еркекпіз ғой!
Мәди бар, ол болмаса мен бармын! Басқа еркекті
сөйлетпейміз саған!

-«Ол болмаса менің» не? Мен сендерге жанды
қуыршақпын ба, сонда? Сен... сен не деп тұрсың?!

-Ой, Айко, айтамыз да әшейін. Осы ашуыңды
жаңағы оңбаған хат бергенде, соған көрсетпейсің бе?
Менікі дұрыс қой, не десем де, не істесем де ақым бар.
Ұрамын оны бетін тегістеп тұрып!

-Осыдан ұрмақ түгілі сөйлеп көр Өркенге! Сенің
қандай ақың бар еді менде?-деп сыбырлады Айдын, -
ешкімнің ақысы жоқ менің өміріме қол сұғатын. Мен
ешкімнің жекеменшік заты емеспін! Оны ұмытпа!

-Айко-о, қойшы ашуланбай, а? Жаным әшейін,,-ол
қыздың қолын сүйіп отыр.

-Жаным деме, жаның емеспін! Менің жаным өз
бойымда тұр, әркімнің қолына платочка етіп бере
алмаймын.

-Қойшы енді, алтыным.Саған ше... ашуланған
жараспайды екен. Бүгін ше... Театрға билет алып
қойғанмын, Мәди үшеуміз барамыз.

-Бармаймын ешқайда!

-Болды енді, жан... жарық күнім менің, мен артық
кеттім, бір білместік өтті менен. Бүгін менің туған
күнім ғой, жан... Айко!

Айдын үндемеді, ашуын ақылы жеңейін деді.
Тұрды бұған қол созды, бұл да қолын берді.

-И, жаным, қоя салады өзі! Ақылыңнан айналдым,-
деді Тұрды.

-Жаным деме дегем саған!

-Мақұл, ұмытып кеттім ғой, жаным.

Ол күліп, өз орнына жылжыды.

-Не болды екеуіңе, елге маза бермей, сыбыр-күбір
деп, ұят қой,-деді Мәди Тұрдыға.

-Ой, жазға-ан, сенің қамыңды мен ойламасам, кім
ойлайды дейсің? Сен үшін қызылкөздермен соғысып,
анау принцессаңды тәрбиелеп жүрмін ғой.

...Келер күні Өркеннің туысы Айдынға тағы
жолықты.

-Айдын, кешегіге... хатқа келіп тұрмын. Оқыдың
ба? Не дейсің? Не деп барайын дегенім ғой...-деді ол
батылсыздау.

-Менің жауабымды да өзі жазып қойыпты, түсінеді
деп ойлаймын. Әркім өз басының қожасы, оқуды
тастамағаны дұрыс. «Битке өкпелеп, тоныңды отқа
жақпа» деген бар, біз дос болып қалайық-деді.

Ал, Айдын Өркеннің айналасында бар-жоғына енді
мән беретін болды. Ол көрінбегелі төрт-бес күндей
өткенде, оның туысынан «Өркен қайда?» деп сұрады.

-Өркен енді бізбен оқымайды, үйінде жатыр, - деді
группаласы бұған кінәлі көзбен, ренжи қарап.

-Сәлем айт,-деді Айдын,-мен шын жүректен оның жақсылығына тілектеспін. ***

Соңғы кездері Айдынның көңілін мұң басып, өзін
күнәһардай сезінетінді шығарды. Елпектеген елік
көңіліне көлеңке түсірген Өркеннің хаты, ондағы «
Өмірім өшпей, өшпессің сен де қымбаттым» деген ең

соңғы сөйлем қайта-қайта есіне орала беретін-ді.

Сумкасын иығына асынып, баспалдақпен
көтерілген Айдынға Сақыш қарсы жолықты. Үндемей
қарап қалды да, өтіп кетті. Сәлемдеспеді. Өзі ой
үстіндегі қыз да оны аңғармай барып, артынша байқап

қалған-ды. «Сол ма, ол емес пе?» деп қайта бұрылды,
сол- Сақыш. Бұл таң қалды. «Не болуы мүмкін?
Өкпелеп қалғанның өзінде сәлемдеспеу деген...
Сәлемдеспейтіндей өкпе болған емес, болмайды да.

Сонда, не болды оған?» Мұның көңілі бұрынғыдан да
құлазып, құйын соққандай ұйытқып кетті.
Аудиторияға келіп, ортадағы қатардың алдыңғы
орнына отырды. Ақ қағазға жаза бастады.

Аласапыран! Кеудемде сезім-дауыл,
Мұңым түгіл, күлетін кезім де ауыр.
Шыдай-шыдай, ақыры шаршадың ба,
Жарылғалы тұрсың-ау, төзім-дауыл!

Қайран жүйкем...
Қоймады-ау тозбасыма,
Қажет боп тұр бір жылы сөз басыма.
Қара ормандай қоршаған қалың достар,

Шашылмайық жете алмай көш басына.

Оң жағына Тұрды, сол жағына әдеттегідей Мәди
жайғасты. Қыз дәптерін жапты.

-Ой, Айконь, не болды саған, а? Тағы біреу хатпен
ұрған жоқ па? Маған, бері қарашы, кәні-кәні...-Тұрды
мұның бетін ақыры-ын өзіне қаратты. Кім, кім тиді
саған, айтшы,-деді ол үш жасар сәбиді жұбатқандай.

-А, Айко, ренжіп отырсың ба? Мен емеспін бе
әйтеуір? Нысанада тұрмасақ, бопты-,-деп Мәди мұның
мойнын өзіне қарай бұрды,-жаңағы өлең бе, не ол?
Оқысақ бола ма, а? Оқиыншы, Айко!

Айдын басын шайқады, дәптерді сумкасына салып,
басқа дәптер шығарды.

-Өркен бе сенің көңіліңді бұзған, а? Неғыл дейді ол, қызық екен өзі де. Көрмей ме бізбен жүргеніңді? «Неғып жүр бұлар» деп ойласа болады ғой өзі-ақ, хат жазбай-ақ... қоймай ма? Сені ренжітіп...-Мәди Айдынның құлағына сыбырлап «Күліп жүрші, ж-а-аным» деді. «Мәдиге Тұрдының сөзсаптауы еніпті-ау.»

-Эй, сыбырласып, әдепсіз болмаңдар! – деді Тұрды.
Жақындарының жылылығын сезініп, Айдынның
жалғызсыраған көңілі жадырайын деді.

Кешкісін бөлмеге Бәтес келді.Айдын оған
Сақыштың амандаспағанына көңілі түскенін айтты.

-Сұмдық! Бұл не деген сұмдық! Мен оны қазір
анықтамасам болмас! – деп ол Айдыннан әрі терең
қабылдап,ол шығып кетті. Аздан соң қайта келген ол
мұны оқу залына шақырды, онда кісі бар екен. Ұзын

дәліздің терезесі алдына апарды, әлем-жәлем, түсі
қашып кеткен.

-Аһ-һ, Айко-о! Құлап қалмайтындай жайғасып ал,
абайла!-деді ол.

-Не болды? Тыныштық па?

-Жо-жоқ! Бұл тіптім сұмдық! Мен қазір Сақыштың
бөлмесіне барсам, бір өзі жатыр екен.

-Неге жатырсың? Осы сен соңғы кезде түсініксіз
өзгердің ғой. Бір жерің ауыра ма?-дедім.

-Иә, жүрегім...

-Жүрекпен ойнауға болмайды, дәрігерге көрінбей
сің бе?-дедім.

-Дәрігер «өлесің» деді.

-Қойшы. Солай деуге бола ма, қандай доктор ол...

Ол үнсіз жата берді. Сосын, келген жұмысыма
көштім.

-Сақыш, Айдынға өкпелеп қалдың ба? Неге
сәлемдеспедің бүгін? Әлде байқамай қалдың ба? –
дедім. Сұмдық-ай! Не дегенін білесің бе? Аһ-һ!

-Не деді?

-Айдынды көзім көр боп тұрса да көруім керек қой,
неге байқамайын,-деді.

-Дұрыс! Солай болуың керек. Ал, неге сәлемдеспедіңдер онда... Айтшы...

-Айтсам, соңғы кезде-ші, мен... мен... Айдынды
көрсем, аузыма сөз түспей, тілім сөйлей алмай... буын-
буыным істемей қалатын боп жүр, Бәтес, - деді.

-О, сорлы-ау, саған не болды сонда? –дедім. Мен
оны әзілдеп тұр екен десем, кәдімгідей-ақ жылап
жатыр,-білмеймін, енді ол сорлыны не істейміз? –деді
Бәтес.

-Сонда, не бопты оған? Неге сөйлей алмайды ол?

-Ой, сен де...«Ғашықпын, өзімді жоғалтып қоямын»
дейді.

-Не? Ғашық-қ?! Қандай ғашық, біз туысқанбыз, сен
білмеуші ме едің оны?

-Ой, Айко, мен де білемін, ол да біледі ғой. Сол
емес пе өзіне өзі ызасы келіп, әлі жетпей, жеңе алмай
жылап жатқаны?! Енді түсіндің бе?!

-Жо-оқ! Ол... ол мүмкін емес! Сен дұрыс түсінбей
қалған жоқсың ба? Жо-оқ!

...Бұл жаңалықтан екі қыздың есі ауысарлықтай еді.

ҮІІІ –ТАРАУ

УЛЫ УЫТ

Адалдық пен арамдық,
Аңдысып келген қашаннан,
Көлгірсіп кіріп жамандық,

Көздеп бір атар тасаңнан.

Институттағы топ кураторы топ ішінде ашық
пікірталас өткізетінін хабарлады. Тақырыбы – «Достық
пен махаббат»

-Негізгі баяндаманы кімге береміз, қане?

-Мәди!-деді бір дауыс.

-Фантомас!-деді екіншісі.

-Айдын!-деді тағы бір дауыс.

Осы есімдерді жұмыс блокнотына жазып алған
жетекші пікірталас жоспарын, қандай қосымша
сұрақтар қойылатынын,
кімдер

пікір айтатынын
анықтап,
шақыру
қағазын

жасауды
старостаға
тапсырды.

-Айдын, сен Мәди екеуіңе неше күн жетеді
баяндама жазуға? Жазып, маған тапсыруларың керек.
Мен соған қарап, қандай сұрақ қоямыз, кім қосымша
пікір айтатынын анықтаймын,-деді Ғабит.

Мәкең Айдынға қарады.

-Ондай болмайды ғой, аға. Біз баяндаманы
көрсетпеуіміз керек, қандай пікіріміз бар екенін алдын-
ала жариялаудың не маңызы бар? Жасанды емес, шын
пікірталас болғаны дұрыс қой.

-Мені өзгертіңізші, Ғабеке! Бір үйден бір кісі
жетпей ме?-деп күлді Мәкең.

-Басыңа балға ұшып барады...

-Рас қой, екеумізді айтыстыру дұрыс емес. Жігіт
көп қой бізде.

-Болмайды,-деді Ғабит,-оны кураторға өзің айт. ***

-Сақыш екі күннен бері төсектен тұрмай жатыр
екен, сабаққа да бармапты,-деді Бәтес,-не істейміз?
Жағдайын сұраймыз ба?

-Сен барып келші, мен қиын болармын оған. Бірақ,
маған бірдеңе айттым дей көрме.

-Жарайды.

...Бәтесті көргенде Сақыш сүйеніш тапқандай,
қуанды. Төсекке арқасын сүйеніп, тіктелейін деді.

-Келгенің жақсы болды ғой, не жаңалық? Ал,әңгіме
айтшы,-Сақыштың «Айдынды көрдің бе? Не істеп
жүр?» деп сұрағысы келіп тұр. Бірақ, өзін тежеп қалды.

-Күнделікті жағдай ғой, сабақ, үй.... Өзің дәрігерге
бардың ба?

-Бармадым. Дәрігер не істей алсын бұл дертке...
Осыдан тұрмасам да, жер тартып кетсе де болар еді
мені.

Бәтестің денесі түршігіп, дір етті.

-Не болды соншама, жігіт емессің бе? Туысқаныңа
көзің түсіп... Сенікі де дұрыс емес!

-Соны айтсайшы. Бұл көзді, бұл жүректі сондықтан
да аямаймын. Докторға да көрсеткім келмейді. Өз
жазасын тартсын, жатсын осылай.

-Сенің денең ғой ол, Сақыш!

-Жаныма азап берген денеден жаным ұшып кетіп,
бөлек жү-жүруі-ін... қалаймын, Бәтес. Оқу да, өмір де,
бәрі де қызық емес, керек емес.

-Қойшы, Сақыш!

-Ұмытайын деп ниеттенсем, бұрынғыдан да қатты
іздеймін. «Туысқанбыз, ең жақын доспыз» деп
жүрегімді көндіре алмай... қайта бес-бетер сағы-ын-
ып... Енді, өлсе, өлсін мұндай тыңдамайтын жүрек,-

даусы дірілдеп, жылап қалды,-Тұрмысқа шығып кетсе,
күдерім үзілер ме еді, тезірек тойы болса-шы. Әйтеуір,
сол бақытты болса екен.

-Енді, менен не көмек? Не тапсырма айтасың?
Айдынмен кездестірейін бе?

Сақыштың «Жоқ, ұмытуым қажет болған соң,
көрмеуім керек» дегісі келіп еді, бірақ, ештеңе дей
алмады.
-«Уды у қайтарады», тезірек қыз тауып ал,- деді.

Бәтестен
жағдай
есіткен
Айдын

бейнебір
ауыртпалыққа өзі тап болғандай, жүрегі ауырды.
Мектеп өміріндегі Сақышқа байланысты жағдайларды
есіне түсіре бастады. Шынында, сабақ арасында,

қоғамдық жұмыстарда да ылғи қасынан көп табылады
екен. Бойы өздерімен шамалас үш ұл бала болатын,
қыздар олардың төбесінен соғып ойнап, «жазалайтын».
Үштің бірі осы еді. Тағы не? Айдынға: «Құлағы ұзын

қоян,ұстап алып, соям» деп, әзілдейтін.Тағы не істеуші
еді? Ол қалайша осыншалық ұнатып қалды? Иә,
айтпақшы, мақта теріміне шыққанда, қапшығын
көтерісіп, мақтасын өткізетін-ді. Айдын ерекше есте

қалған ештеңе де таба алмады.

…Фотостудияға барып, Бәтес үшеуі түскен суретті
алды. Бүгін осыны апаруды шешті, себебі, оның
сабаққа
бармағанына,

бөлмесінен
шықпағанына
қазірде екінші аптаға айналып барады.

-Сақышты бола ма? –деді бұл есікті ашқан жігітке.

-Кіріңіз.

-Жоқ, өзін айтыңызшы, «кластасың келді» деп.

-Ол орнынан тұрмағалы қаш-шан! Кіріңіз.

Айдынды есітіп, ол кереуетін түзетіп, киінді.

-Кел, Айдын, үйге кір, - деп дауыстады ол іштен.

Ішке кіргенде...егер осы бөлмеге Сақышқа арнап
келмей, көшеде кезіксе танымастай еді. Бірақ, Айдын
оған мән бермеген сыңай танытты.

-Қалайсың?-деді қолын созып,- саған өткендегі
суреттерді әкелдім.

-Айко, аздап отыра тұршы, жуынып келейін, а?
Шәй ішейік сосын...

-Шәйді бізден ішеміз, кел,-деп қыз шығып кетті.

«Не деген жүдеу кескін, жақ жүндері үрпиіп, шашы да кірлеп кеткен бе, тырнақтары... өсіп, көзі ұясына кіріп... Ең болмаса бір рет тамақ ішуіне сеп болғаным дұрыс. Бұл –өзін аямаған, жарық тіршіліктен безінген адамның кескіні ғой. Не болды осынша күйзеліске тап болатындай, ненің күні туды? Ғашық боп, естен танатындай менің не ерекшелігім бар екен сонша? Ақымақ! Ақымаққа не дауа өзі? Түк те артық ештеңем жоқ, тіпті жақсы дейтін де түгім жоқ – фигурам жоқ, қолаң шашым жоқ, қиылған қасым жоқ, бота көзім не пісте мұрыным жоқ. Сонда, менен не тапты бұл, түсінбеймін!» деп Сақышпен іштей «соғысып» жүргенінде шәй қайнап, картоп пісті.

Есік қағылды, бұл Сақыштың қағуы. Мәди де үш
рет қаққанмен, ұрысы басқалау.

-Са-қыш! Келе бер!- деді іштен Айдын.

Бағанағыдай емес, жуынып-таранған, иіс су сепкен
жігіт үйге кірді.

-Рұқсат па?

-Күтіп жүрміз,-деді Айдын бір өзі болса да көпше
сөйлеп,-мен, шәй, нан, картоп, салат бәріміз сені,
кешіріңіз, сізді күтіп жүрміз. Жоғары шық.

Екеуі әңгімелесіп, не болса соған әсіресе Сақыш
күле берді.

-Қайда жоғалы-ып, суалы-ып кеттің? Өкпелеп
жүрсің бе біреумізге? Келіп тұрсайшы.

-Ауырып, мазам болмай...

-Тәуіп барын білмей қалдың ба, келмейсің бе
емделуге.

-Шынында да емделіп, рахаттанып отырмын,- деп
жымиған Сақыштың реңіне нұр жүгіргендей-ді.

-Сабақтан қалмасайшы, білім керек қой, мен
айтпай-ақ білесің. Жақсы,-деді Айдын қоштасарда.

-Иә, ертең барамын-ау. Жақсы.

Кластасын ұзатып салды да, Айдынның ой
бұғауынан еркіндік алған жұдырықтай жүрегі езіліп
қоя берді. Жетім баладай жәутеңдеп, жасқана қарайды
екен-ау ол. Бүгін-ақ солай ма, әлде бұрын да осылай

шарасыз күй кешетін бе еді, оны айыра алмады. Бірақ,
Сақыштың сезім ауруын бүгін түсінді, өз жанымен
оның әлеміне енді. Сақыш боп жыр жазды.

Қалай?
Екеуміз үшін көктегі күннің,
Мейірін мәңгі төкпеуі қалай?
Бақытқа толы көктемімнің,

Бақилық болып өтпеуі қалай?

«Біз жан доспыз» деп жұбаттым,
Жүрегімнің көнбеуі қалай?
Өзіңе деген махаббаттың,
Өшірмек болсам, өрлеуі қалай?

Асыл жанды қиялдасам,
Өзіңнен өзге симасы қалай?
«Бақытты бол» деп күй арнасам,
Басқаға тағы қимасым қалай?

Мұңайғанда көңілім сені,
Көктеміндей аңсары қалай?
«Өтер-ау,-десем, - өмірім сенсіз»,
Жүректің біздей шаншары қалай?»

Қайсар да тентек бұл жүректің:
«Сүйгенім өзге жо-оқ!» дері қалай?
«Өмірде дара Сені жар еткін,
Немесе жалғыз өт!» дері қалай?

Екі бетінен тамшылап аққан жасын саусағымен
сүртіп, жаны сыздап отырғанда, бөлмеге Жанат пен
Әсем келді.

-Не болды? Жылап отырсың ба?-деп қыздар үрке
қосарланды. Жақын келіп, үстел үстіндегі параққа
қараған Әсем:

-Ой, құдай-ай, өлең жазған екенсің ғой. Не деген
қиын еді өлең деген? Құрысыншы, Айко, жылап-тозып
кеткенше, жазбай-ақ қойшы осы өлең дегенді!
Әйтпесем, анау көңілді, күлдіргі өлеңдерді не дейтін

еді? Сықақ! Ә, сықақ па сондайды жаза салсайшы,
қазір шәй ішіп, нервіңді баспасақ...

-Әсем, Төлеген не деген?

«Ақын болу –оңай деймісің, қарағым,

Аузында тұру сыздаған барлық жараның?!»-деп
неге айтқан дейсің? Ақынмен өмір сүріп жатырмыз,
оның таза, сезімтал болмысын біз түсініп,оған жағдай
жасауымыздың өзі – бақыт! Мұндай бақыт әр маңдайға

жазылмаған,-деп күлді Жанат,-Айко рұқсат берсе,
мына өлеңді оқиық одан да.

Өлең оқылып, «Не деген, әһ! Фаризаның рухани
сіңлісі!» деп қыздары қошемет айтты.

-Бізден сыр жасыруға болмайды, сыртқа шашпаймыз ғой. Мына өлең кімге арналған, а? Арманы жоқ қой осы адамның. Атын айтшы,-деп өтінді Әсем.

-Біреуге арналған ба, әлде біреудің жан жарасының
қалай сыздағанын жазған ба? Арманы көп адамның
жан айқайы шығар? Менің сұрағым – сол кісіге осы
өлең таныс па? Жоқ, кейін болсын, айтыла ма? – Жанат

сауал қойды.

-Жоқ, білмейді. Айтылмас... сірә.

«Достық және махаббат» тақырыбындағы диспутқа
қатысу үшін 3-ші курстың түрлі мамандық топтары
шақырылды. Ал, басқа келем деушілерге де есік ашық.
Соңғы кездері Мәди мен Айдын жеке-дара баяндама

жазып, кездесулері сиреп жүрген. Диспутқа да екі күн
уақыт қалды.

Айдын өз пікірін бекітетін әр түрлі цитаталар,
тапқырлық пен шешендік, қанатты сөздерді іздестірді.
Қарсы ұғымдар және қарсылықтың қаншалықты
қуатын салыстырып, баяндамасын негіздеп те қойды.

Мұның пікірінше достық– жан-пида ұғымы, адамды
қан туыстығынан басқа жан туыстығы біріктіреді. Қан
туысыңмен, яғни туысқанмен өзара түсініс-түсініспе,
бөліне алмайсың, қаның бір. Әйтеке би айтқандай:

Туыспау керек, туыстың екен–сөз қуыспау керек.
Туысқанмен суыспау керек.

Туысқан - атам қазақ қыл арқанмен бірге шандығандар. Ал, қаны бөлек болса да, жаныңды түсінетін, жан туысың – досың. Одан да бөлінбейсің, өйткені – оның жан дүниесін түсінесің. Ұнамсыз қылығын, тіпті ұрлық-қарлығын не үшін жасағанын түсініп, оны кешіресің. Көмек қолыңды созасың. «Шыны достық айрылмас, Шыны ғашық қосылмас.» -деген атадан қалған сөз бар.Айдынның келіспейтін, келіскісі келмейтін бір тұсы – шын ғашық неге қосылмайды? Неге?! Расында, тұман айықпаса, өсімдіктің өзегіне дейін тоңып, қайта көктемейді, жұт болады. Тұмау емделмесе, туберкулез – құрт болады. Дұрыс. Шын достық түсініскеннен айырылмайды, қылмыстың өзін

мұқтаждық не абайсыздық деп, жанын ұғады. Дұрыс.
Ал, шын ғашықтың қосылмау себебі неде? Айдынды
осы аталы сөз қинады. Аталар неге осылай түйіндеген?
Бұл қиын болса да шындықтың бетіне тура қарай

алады, мойындай алады. Бірақ, аталы сөз рас болса,
бұл Мәди екеуі айырылысуы тиісті ме, әлде өмірін
қосу үшін көңілін шын қоспауға тиісті ме? Бұл не сөз?
«Шын ғашық қосылмайды» деп түйін жасаудың несі

аталы сөз? Айдынның жылағысы келді. Бұл ұғымға
келіспеді. Сонда, махаббат сезімінің барынан жоғы
дұрыс болғаны ма?! Айдынның жаны жылады:
Құрт болар тұмау арты, бұл да дұрыс,

Жұт болар тұман арты, өлсе шырыш.
Шын ғашық қосылмайды айтшы неге?
Шын достық айрылыспас, жаны туыс.
Тірнектеп жиған гауһар – қазынаны,

Топырақ теңгермей ме бір-ақ уыс.

Таң болған сұрағым бар бұл жаһанға,
Шын ғашық неге симас бір шапанға?
Азулы қасқырлар да жұптасады-ау,
Мәпелеп күшіктерін бір апанда.

Расымен «жаным» дедің жанды қосып,
Ал, қалай жүре алмаймыз бір сапарда?

Атадан неге сондай мұра қалған?
Сол ұғым неге шын боп тұра қалған?

Өмірді жүрегіңмен жатқа арнасаң,
Көздерің неге ашылмас жылағаннан?
О дүние заңдылығын көргенім жоқ,
Бұ дүние неге жұптан сұрақ алған?!

Ол өз сезімін ақ қағазға түсірді.
...Пікірталас хабарландыруының қапталына Айдын
мынадай сұрақтар жазуды ұсынды:
-Достықтың белгісі қандай?

-Махаббаттың айғағы не?
-Достық пен махаббаттың шекарасы бар ма?
-Қыз бен жігіттің достығы мәңгілік бола ала ма?
-Сүйіспеншіліктен басқа махаббат бар ма? Болса,

қайсы?
-«Дос жылатып айтады» деген қалай?
-«Шыны ғашық қосылмас» деген қалай?
-Досты таңдау керек пе, әлде тағдыр қоса ма?

-Махаббат – сұлулық па, мінез бе, адамгершілік пе,
байлық па, білім бе, ақыл ма, қиял ма?
-«Аталардан қалған сөзге» қалай қарайсың?

...Диспутқа студенттер өте көп жиналды. Пікір білдіріп, жарыс сөзге шыққысы келетіндер де тізімге жазылуда. Куратор Байтасов ағай Ғабит екеуі жиынды жүргізіп отыр. Алдымен Фантомас – Тастан цитаталармен, мысалдармен, психологиялық талдау –

қорытындымен баяндама оқып шықты. Куратор сұрақ
қойды:

-Досты таңдау керек пе, әлде тағдыр қоса ма?

-Досты іздеу керек. Іздеу дегеніміз – жанды
табиғаттың ішіндегі ең сана-сезімі дамыған жәндік –
адамның рухани қажеттілігінен туындайтын жан
ашаршылығы...

Студенттердің
арасынан
мырс-мырс
күлкі

байқалды. Өйткені, Фантомасты куратор тоқтатпаса,
таспаға жазылғандай монотонды дауыстың тоқтар түрі
жоқ-ты. Айдын шақырылды. Ол да он минуттық
баяндамасын оқыды.Куратор бұған да бір сұрақ қойды.

-Шын
ғашықтар
қосылмайды
дегенге

қалай
қарайсың?

-Келіспеймін, өйткені негізсіз.

-Айдын, атадан қалған мақал-мәтел, сөздердің
дұрыс болмағаны ма?

-Бәрі емес, кейбіреуі ескірген ұғым шығар. Егер
прогрессия болмаса, өмір бір орнында тұрып, даму,
ілгерілеу болмас еді. Аға, өзіңіз де:

«Жаман ешкі сақалшыл,

Жаман адам мақалшыл» -дейсіз ғой.

Бәрі де, Байтасов та күлді.Мәдидің баяндамасынан
соң куратор оған да сұрақ қойды.

-Мәди, қыз бен жігіт достығы мәңгілік бола ала ма?

-Жоқ, бола алмайды.

-Неге?!

-Өйткені, олар қосылып қояды...

Бәрі ду күлді.

-Өй, сен сонда қыздармен достаспайсың ба, а?
Қиын екенсің онда...

Пікірталас тартысты, қызықты өтті. Сосын Ғабит,
Ғайша, Мәди, Айдын,Коля, Тұрды, Жаңабек, Жігер –
бәрі «Солнечное» кафесіне демалуға барды. Пікірталас
тағы да жалғасты.

-Ой, Мәке-е, солай де!? Қыздармен ұзақ достасуға
болмайды, олар не қосылады, не қоштасады. Міні,
менің дәрісім дарыды саған,-деп рахаттанды Тұрды,-
мәселен, мына қыздармен Жақаң екеуміз қалай

достасамыз, айтыңдаршы? Қосылып қойсақ ше? Онда
табиғаттың заңы деп қарап, айыптамаңдар! Осылай
келісейік!- Тұрды хи-хи-хилап мәз болды.-Жеңдім мен!

-Тұрды, не деп... не айтып отырсың өзің? –
Жаңабек пен Мәди әбіржіп кетті. Ғабекең мәз-мейрам.

-Е, солай қорытпадың ба әлгінде? Өзің солай дедің
ғой, Мәке! Енді ренжімейсің! Жүрші, Айконь, билейік.

-Сенімен билемеймін.

-Қасқырдың сөзін айтасың, бұл қыздар саған қалай
жақындасын! –деп Ғабит мәз.

-Мені қазір көрдіңдер ме? Сендерді өмірге
дайындайтыным үшін қарыздарсыңдар бәрің. Айконь,
кешірші, ақылдым менің! – ол Айдынмен вальс билеп
жүр,-бүгін сенің жеңістеріңді жуып, ішейік. Рұқсат па?

-Сендердің десейші.

-Жоқ, тек сенің... жеңісің үшін, Айдын-ым-м...

-Менің қандай жеңісім бар?

-Бүгін екеуміз үлкен мәселені шешеміз. Жеңіске
жетеміз, көресің ғой, жа-н-ы-ы...

-Не?! Сен қызып қалыпсың. Тұрды, ішпеші енді.

-Жоқ, ішуім керек. Бірақ сөзіме жауап беремін,
еркекпін ғой мен. Айко, мен сені қатты жақсы
көремін... Түсінесің бе? Сен ше?

-Мен де, оны бәріміз түсінеміз.

-Жо-оқ, бәрі демеші. Бәріне түкіргенім бар! Мен
сені... бір сені... жақсы көремін. Тоқташы, оны
мыналардың бәріне, бар әлемге айқайлап айтайын! Эу-
у, достарым! –Тұрды бір қолын жоғары көтеріп,

дауыстай сөйледі,-әлемде осындай қыз бар ма? Жо-оқ!
Ол осы... бір-ақ қыз – Ай-конь! Бәрің.... бәр-рің... түгел
естіп алыңдар – мен Айконы сүйемі-ін! – деді
тербетіліп. Ол екінші қолымен қыз саусақтарын сығып

ұстады.

Айдын не істеуді, не деуді білмеді. Жаңабек
жылдам көтерілді де: «Біз де жақсы көреміз, Тұреке
жүрші, екеуміз демалып келейік» деп сыртқа беттеді.

-Тұрды қайдан осыншалық ішті?!

-Соны білмей тұрмын мен де,-деді Мәди,-мұны
ішкізбеу керек, есінен адасады екен бұл.

-Мінезі жеңіл ғой, бәсе, бағана «ішіп алған ба?»
деген ой келіп еді, - деп Ғабит те аң-таң.

Троллейбуспен жатақханаға жетіп, курстастар
тарасты.

-Тұрдының қызы кім?,-деді Айдын Мәдимен
қоштасарда,-мен оны түсінбедім...

-Қызы да көп, басқасы да көп қой оның, өзі
аттарын шатастырады,-деп күлді Мәди, арақ оны
алжытады екен. Ертең келеді ғой алдыңа иіліп, досың!
Оған ренжімеші, Айко. Ал, жақсы демал!

Бірақ аздан соң Тұрды Айдынның есігін қақты.

-Айко-о, маған ренжі-дің бе?

-Сен ішкілікке үйір болмашы, жарай ма? Өтініш.

-Ма-құл-л! Тағы не өтініш? Айт-шы-ы, мен бәрін
орындаймын-н. Аузыңнан не шықса-заң! Мен үшін
сен... сен... бәрісің...

-Тұрды, бүгін демал, ертең де күн бар, жарай ма?

-Жо-оқ, мен бүгін мәселені шешемі-ін!

-Ертең шешесің, жүр, мен сені шығарып салайын,.

-Иә, сен осылай мені шығарып-ып сал, күтіп ал-л!
Сонда, мен арманыма жет-те-мі-ін, Айко! Мен сені
ешкім-мге бермей-мін. Мен тір-рі тұрсам, Мадимен де,
басқамен де қосылмайсың. Не менікі боласың, не...

немесе-е... менен өтіп-п боп барасың! Осыны ұм-
мытпа!-деді ол сұқ қолын безеп.

-Не?! Не дей бересің сен бүгін? Ішсең, ақылыңды
тауысасың ба? Демалшы сен. Ертең көремін мен сенің
күшіңді,-деп Айдын кері бұрылды.

Тұрды тербетіліп біраз тұрды да, қызға қарай бір-
екі қадам жасады.

-Ай-ко-о! Кешірші-і... өкпелемеш-ші...-деді.

Көңілі алай-дүлей Айдын таңды көз ілмей қарсы
алды. Оның есіне Мәдидің: «Ұл мен қыз ұзақ дос бола
алмайды, олар қосылып қояды» деген сөзі, Тұрдының:
«Мен тірі тұрғанда сен тек менікі боласың! Осыны

естен шығарма!» дегендері удай қорқынышты, қауіпті
сезілді. «Мына шыңырау ойдың баспалдағы қайда?
Жолы қайда? Тәтті өмірге жамандықтың уыты
жайылып бара ма расымен!? Мәдиге Тұрдының өмір

пәлсапасы сіңіп бара жатқаны қалай?» Оқу залында бір
өзі отырып өлең жазды.
Түбіне түскен білер сай тереңін,
Тау үшін қыл секілді-ау бәйтерегің.

Қоңызға қоқыс керек, қыранға-аспан,
Өмірден іздейді әркім қай керегін.

Әркімнің өз қолында болашағы,
Сыған-қыз аярлықпен бал ашады.
Аққулар айдынымен сұлу болса,
Жыланға айыр тілі жарасады.

...Ұйқысыз тағы бір таң атты. Айдын кезекші
болмаса да бөлмесіндегілерге шәй қойып, дастархан
даярлады. Сабаққа барар жолында оны Мәди мен
Тұрды күліп күтіп тұрды. «Арақ деген әзәзіл дейді. Сол

сайтан-азғынның тілі шығар Тұрдының түндегі
әрекеттері?»
Айдынның түнгі қасіреті достарының жылылығы
мен күн шұғыласында кеуіп, көрінбей кетті. Жауқазын

сезім таң нұрына таранды.

ІІБӨЛІМ

ІХ-ТАРАУ

ӨЛГЕН УАҚЫТ

Қайда лағып барасың? Қайда лағып?!
Тозақ жолға бұрылдың – айдан анық.
Жастығыңның лаулаған ақ жалынын,
Қараңғы – Сор барады пайдаланып.

-Айко, мен сені абысыныңмен таныстырайын!

-Абы-сы-ын?! Қайдағы?

-Енді, менің келіншегім саған кім болады «абысын» емей? Осы сен Мәкең екеуіңді үйретеүйрете, тәрбиелей-тәрбиелей менің шашыма ақ түсіп, қартаятын болдым-ау.

-Сен... сен сонда үйлендің бе?

-Айко-о, үйленудің бастауы– қыз таңдау, Фантомас
құрлы бар шығармын. Ол да жүр ғой сенен... дә-
дәметіп... Ойбай, қойдым! Айконь, ұрмашы төбемнен,
и жаным. Не, абысын керек емес пе саған? Онда өзің...

«Мен тірі тұрғанда сені ешкімге бермеймін. Сен тек
менікі боласың» дегені есіне түсті. Айдын оны
шапалақпен бір салды.

-Ойбай, Айконь, өзің табасың ба онда деп
жатырмын. Қыз деген қыздың біз білмейтін қулықта
рын, тағы... әрнәрсесін жақсы біледі. Соны айттым ғой,
бері қарашы... Өкпелемеші сен.

«Менікі боласың» дегені мастың сөзі шығар
расында. Олай болмаса, қыз таңдауына мені
араластырмас еді. Мәдиді бауыр тұтып, мені Мәдидің
болашақ жары санағаны ғой. Артық кеттім-ау.»

-Онда неге «абысын, әйелім» дейсің? Мен ешкімнің әйелі де, абысыны да емеспін! Әйел емеспін!

-Өй, Айконь, сені кім айтты, а? Өзімен кетсін! Мен
де үйленгем жоқ қой, білесің... Ойнауға болмай ма, а...

-Ойнама, білдің бе, адам намысы, адам тағдыры
ойын ба саған! Айтпа өйтіп!

-Кешірші, енді айтпаймын, Айко, а? Сөз ғой ол
әшейін. Болды ма, а? Қойдым! - Тұрды екі қолын
көтеріп, күліп тұр,-әне, абысын... кешір, Дина келе
жатыр.

Шынында да орта бойлы, қасы-көзі қап-қара,
шашын төбесіне түйген бойжеткен бұларға жымия
жақындап келе жатты.

-Дина, келдің бе? Танысып қойыңдар, менің досым

– Дина, бұл... бұл да до-досым.

-Айдын.

-Мәдениет институтында оқиды. Айко Мәдидің
үйіндегі... кешір,-деді Айдынның жаман көзбен
қарағанын көрген Тұрды,-Мәдидің жүрегіндегі
жалғызы. Қазір Мәди де келуі керек, сосын... Қалай,

Дина, жағдай-үш, төрт, бес?

-Үш те болса күш деп жүрміз ғой шапқылап,
арбамызды сүйреп жүрміз ғой әйтеуір,-деп аха-ха-лап
күлді қыз. Тұрды қасын қағып, көзімен ымдап, «көрдің
бе!» дегендей ишарат жасады. Динаның бірден

самбырлай
сөйлеп,
аха-ха-лай
күлгені

Айдынға
ұнамады.

-Не істейміз, сенің Мәдиіңді тік тұрып күте береміз
бе, отырайық бір жерге, келер. Ау, жігітім, ең болмаса
морожный әпермейсің бе біз Айко екеумізге, иә? – деп

Дина балабақшадағы қызбен сөйлескендей, басын
сонша қисайтып, Айдынға күле қарады.

-Мен
жемеймін,
білесің
ғой,-деді

Айдын
группаласына. Мына қыз тағы ұнамады. Мұндайда
уақыт өте ме? «Қайдан ғана келіп ем? Мәди де жоқ.
Мына қыз дәл Тұрдының өзіне лайықты екен, жарыса

сөйлеп... отырар да» деп ұнатпады Айдын.

-Охо! Сұлу жігіт келе жатыр!- деп даурыға қуанды
Дина, - қалайсың!? – ол алақанын сарт еткізе ұрып
амандасты, - кешігіп, бізді күткізіп, қай қызға бардың,
а? Мынадай періште қызың тұрғанда, басқаны

қайтейін деп ең?! Ал, жүріңдер! Қайда апарушы
едіңдер бізді?-деп ол Айдынды қолтықтап, алға
сүйреледі.

-Ә, алдымен суретке түсіп алайық,-деп Мәди
майыса сөйлеп, жол көрсетті.

-Ол да дұрыс, прическамыз бұзылмай тұрғанда,
көзіміздің бояуы ақпай тұрғанда... – деп аха-ха-лай
күлген Дина Айдынды иығынан салып қалды,-әй, -деді
Дина қасындағы қызға аңқия қарап, -ойбай, сені көрген

адам дардай институттың бойжеткені емес, мектептің
7-ші класында оқиды ма деп қалады ғой, әй!-деп тағы
бір ұрды.Нұртас «ақымды әперіп жатыр» деп Мәдиге
сыбырлай сөйлеп, арт жақтарында қыт-қыттап күліп

келеді.

Айдын үнсіз, шынында Динаға не істеуді, не деуді
білмейді. Группада ылғи ұл балдардың әлпештеуіне

үйреніп қалған ба, әлде... «Қыз деген... осындай бола
ма жүр ғой қыздар әдептен озбай, гүлдей үзіліп,
аққудай сызылып қана. Тұрды жігіті болса,мұны
төмпештеуі не сонда?.. Өзімсінгені ме, әлде мәдениет

институтында мәдениет осылай «дамып» кеткен бе?»
Айдын үндемей, сылпиып келеді. Мұның ұнатпайтын
дарға осылай «тырысатыны» бар. «Жаңа Тұрдыны
«шарт» еткізгенімнің өзі оның жақындығынан екен-ау,

рахмет» деп Динаның «сүйреуіндегі» Айдын
артындағыларға бір иығынан қарап қойды. Олар
әдеттегідей көздерін ашып-жұмып еркелетіп, «жүре
бер» дегендей, саусақтарын желпіп, мәз.

Фотостудияға да жетті-ау, әйтеуір. Дина айна
алдында түзеліп, қабақтарына бояуды үстемеледі,
пудраланып, далапты қоюландырды.

-Кел, бояп берейін,-деді ол Айдынға. Бұл басын
шайқады,-әй, қыз, шымшық көзің көрінбей қалады ғой,
келсейші,-деп Дина тағы да аха-ха-лады.

-Ол боянбайды, табиғи сұлулығы жетеді, қинама
біздің Айконьді,-деп Тұрды қыт-қыт күліп мәз.

Айдын Динамен танысқаннан бері бір тіл қатпады.
Мына қыздан құтылуға асық. «Осындай да жас қыз
бола ма, дәл бір ауылдағы орта жасар қақатұяқ
апалардай, аузы бір жабылмайтын, ибасызды қайдан

ғана тауып, несін ұнатты?» деп Тұрдыға ала көзімен
қарап қояды.

Дина суретке Тұрдымен бас түйістіріп түскісі
келді, «Отыршы қасыма, жаным» деді орындықты
ұрып қойып.

-Айко-о, кел мында отыр,-деп Тұрды қыз нұсқаған
орындыққа мұны отырғызды. Дина құлақ түбінен екі
шашы селтиген Айдынға бояу баттасқан көздерімен
қарап «Отыр!» деді. «Мә-ә, мына қыздың мұрты бар

екен» деп таңданды Айдын, «мұның көзі менің
көзімнен үлкен сияқты сөйлейді ғой өзі, сықси көз!»

-Ал, енді қайда апармақсыңдар? Сурет «чики»
болды,-деп Дина саусақтарын бүктеп, тырнағын
шығарып, әдепсіздік көрсетіп аха-ха-лады.

-Мен кетемін,-деді жаңғақ ағашының улы ауасынан
тұншығып
алысқа
қарай

созылатын
өсімдіктей
шыдамы таусылған Айдын екі жігітке.

-Қайда? Қазір паркте қыдырайық, сосын үйге
тамақтанып боп, қайтамыз.

Екі жігіт «Айколап» тұр.

-Жоқ, менің жұмысым бар, кетемін.

-Жалғыз қайда барасың? Қорқасың ғой, бірге
қайтамыз.

-Уайымдамаңдар. Қазірде қыздан қорықса болады
екен ғой, жақсы демалыңдар.

Айдын расымен алыстап барады. Екі жігіт бір-
біріне қарап тұр. Екеуі де оның кері қайтпасын біледі.

-Онда, екі жігіт екі қызға бөлінбейсіңдер ме, не
тұрыс? Ол Айколарың қайсыңның қыздарың өзі? Өліп

кетесіңдер ме?-деп ахахалап, ашық санын шапалақтай
күлді Дина.

-Біз ол қыздан бөліне алмаймыз, онда мәңгіге
кеткеніміз. Оған қыз деп емес, жігіт деп қарайтын
досымыз. Жүр, біз де кеттік, -деді Тұрды, - сен қуып
жетші Мәди.

-Айко, біз де сенімен бірге қайттық,-деді Мәди,-
шәйді біздің бөлмеден ішерміз Дина бәріміз.

-Жоқ, мен ол қызбен шәй ішпеймін.

-Неге? Ұнамады ма саған?

-Иә.Тұрдыға айтшы, бұл қызбен бірге жүрмесінші.
Шынымен
осыған
үйленбекші

ме?-Айдынның
тамағына тас тұрып қалғандай, жылағысы келді.

-Тұрдының өзі де осындай қылжақбас қой, сай.
Ұнататын шығар...

-Ондай мінез ұлға жараса береді. Қазір-ші, мына
қыздың қасында Тұрды қыздай биязы екенін білдім.
Өтінемін, айтшы «болмайды» деп Мәди, - Айдынның
даусы толқып кетті.

-Айтамын, жаным менің, досының болашағын
ойлап, досына күйіп-жанған жүрегіңнен сенің!-деп
Мәди қыздың кіп-кішкентай бес саусағын алақанында
аялап, қысып-қысып келеді, - жыламашы, ол әшейін,

неғылады оны...

-Мәди, әшейін неғылуға болмайды-ы...

-Мақұл, дұрыс айтасың сен. Қазақта «Адамын
танып ой... ойлас» деген мақал бар ғой. Дұрыс сенікі.

Жігітшілік қой, аздап қызығып... Әнші екен... Кеше
танысып, бөлмелерінде болғанбыз Тұрды екеуміз...

-Әй, сұлу жігіт, не болды тегі, мойныңды бір бұрып
қарамадың ғой артыңа, а? Жаңа көрдің бе қызыңды?
Кеше ән салып, домбыра тартып, басқаша едің, бүгін
екеуің де мақау ма, меңіреу ме бопсыңдар ғой, а?

Мына Айко нәшәндік-капитандарың-ау, қыздарың...
Қайдам, демде қыдыртудан бас тартып... Онда мені
неменеге шақырдыңдар!?– Дина ашық даусымен
салдырлай сөйлеп, өкпе айтты.

-Алдымен үй көрсеткен жөн деп таптық қой енді,-
деді Мәди күліп.

-Иә, көшені көре береміз ғой, есік көрсетейік, иә,
солайы дұрыс болар, Айко? –Тұрды Айдынның екінші
қолынан ұстап келеді. «Қойшы енді» деді құлағына
сыбырлап. «Сен де қой, ұнамайды мына қыз» деп бұл

да сыбырлады.

Дина үшеуінің артында бір өзі.

-Әй, ағайынды үшеуің мені жамандап келесіңдер
ме? Мейлі...

-Мәди, сен үшеуің бара беріңдер жәйімен, мен
қазір қуып жетемін,-деді универсамға беттеген Тұрды.

Мәди екі қыздың ортасына түсті.

...Бұлар жатақханаға келді. Ақ сақалды вахтер ата
«Мына қыз бөтен ғой, қайда барады?» деді.

-Ата, ол мына Айдын қызыңыздың кластасы екен,
ауылдан келіпті, жібересіз ғой.

-Кластасы? Әпкесі шығар, ә, қызым?

-Иә, ата. Мына Мадди шатасып тұр,-деді Дина.
Айдын тіл қатпай, тұра берді. «Ата кіргізбей қойса-
шы» деп тілеп тұр.

Бұларды бөлмеде Жаңабек, Ғабит, Коля қарсы
алды. Мәди Динаны таныстырды.

-Охо! Жігіттердің жиған жүгіндей бөлме ек-кен!!
Қане, Айко, дастархан жасап жібересің бе?-деді Дина
жарқылдай сөйлеп.
«Қонақ жөнімен отырмай ма!»- деді іштей.

-Дастарханды бұлар маған жасайды. Кеттім мен,-
деп Айдын сыртқа шықты.

-Айко,Тұрдының көңіліне қарамайсың ба, ұят қой,
отыршы, -деді Мәди сұранып.

-Оған пікірімді айттым, мені қыздар уайымдайды
ғой, Мәди. Өз бөлмеме барамын. Жақсы отырыңдар.

Дастархан қажеттілігін көтеріп Тұрды келді,
жігіттер асқа кірісіп кетті.

-Қалай, жақсы отырсың ба?-деді Тұрды Динаға.

-Иә, жігіттерің маладес-с екен, кілең сайдың
тасындай. Астым жұмсақ, жайлы отырмын. Ерке
қыздарың «пішту-у» деп кетіп қалды. Мені ғана емес,
сендерді де менсінбейді екен ғой, -деп Дина аха-ха-лап

күліп алды,- әй, гитара бар ма өзі сендерде?
Табыңдаршы! Мына мақау жатақтарыңды бір
әңкілдетейін. Біздің әр бөлмемізде ән шырқалып,

аспаптар ойнап жатады. Мынау не сендерде, тым-
тырыс!-Дина жарқ-жұрқ етіп, қолын серпи сөйлеп
отыр.

-Бізде үндемей, есеп шығарып отырады әр бөлме,-
деді Тұрды.

-Иә, солай-ау өзі, тиынға тістеріңді сындыратын
ылғи-и есепші бәлесіңдер ғой деймін!-қыз күліп мәз.

-Там-маша қыз екен! Ашық-жарық, ақкөңіл! Ән де
сала ма?! – Ғабиттің есі шыға мақтады,-жақсы келін
болады. Во! Во-о! – деді екі бас бармағын бірдей
қайырған Ғабекең,-осы... осындай ерекше ақкөңіл

қыздарды қайдан табасың-әй, Тұрды?

-Ғайшаны қоясың ба, табамыз осындайын?

-Қой енді, Ғайшаға тиіспейік,-Ғабит күле берді.

Айдын бөлмесіне көңілсіздеу оралды.

-О-о!
Айко
келді,
қазір

тамақ
берейін,-деп
кезекшілік міндетін атқарушы Жанат шәугім, қазанына
кірісті.

-Неге көңілсізсің? Мәдимен келіспей қалдың ба?-
Әсем кереует шетіне жайғасты.

Айдын кереуетте жатқан күйі сұлық, басын
шайқады. Қан тамырлары қызарған көздеріне лағыл-
жас жиналды. «Чики!» деп аха-ха-лаған мұртты қыз,
«Абысының» деп қуанған Тұрды бейнесі жүрегін

ауыртты. Тұрдыны тоқтатқысы келді. Жыр толқыды:

Қажет саған адал дос осындайда,
Осындайда сыр мен жыр қосылмай ма?
Жыртып-жыртып жүректі үлестірсең,
Бақытыңды қоясың сосын қайда?

Қайда лағып барасың, қайда лағып?!
Тозақ жолға бұрылдың – айдан анық.
Жастығыңның лаулаған ақ жалынын,
Қараңғы-Сор барады пайдаланып.

Тоқта досым!

Тоқта деп бұйырамын!
Тіршілікте осы ма сиынғаның?
Тыңдамасаң, мәс-саған бір шапалақ!
Көрсем болды есіңнің жиылғанын.

Өкпелей бер, өкпеңе «түкірмедім»,
Осы жолы-мінезім бүкір менің,
Не десең де адаспай, кері қайтсаң,
«Алтыным,-деп, барыңа шүкір» дермін.

Қажет саған тегеурін осындайда,
Тегеуріннен тексіз ой шошынбай ма!
Мені сайтан шақырса, шапалақта,
Ақ пейілді дос керек осындайда.

-Әй, Айко, тұршы. Таңертеңнен аш жүрсің ғой, ас
іш. Мәди ме түсініспеген? –Жанат жік-жаппар.

-Тұрды түсінбейді. Әдепсіз қызбен достасып жүр...

-Ой, сен де...Тұрды үшін неге жылайсың! Сені
Мәди түсінсе, болды емес пе? Түрегелші.

Айдын
жуынып,
тамақтанды.
Лекцияларын

қайталады.
Терезеден
сыртқа
қарап,

жұлдызды
әлемнен өз жұлдызын іздеді. Ол ерекше жалын
шашып, жалт-жұлт етіп, қол бұлғады. «Ай-ды-ын!
Сәулелеріміз қол қысысты, байқадың ба? Сенің жырың

қуат берді маға-ан!» «Сириус! Мен сені сағы-ын-дым!»
деді. Кеудесіндегі ауырлық, жүрек сыздауы жеңілдеп
қалды. Әлі сағат кешкі 8 екен.

-Тә-әк, қыздар, тұрыңдыр! Айко күлді, бәріміз де
күлейік. Кешкі шәй ішілуі керек. Ал, қайда бардың, не
көрдің?-деп
Жаһан

ұзын
саусақтарымен
үстелді
тықырлатты. Айдын үндемеді.

-Ал, киноға бардың ба? Мороженое жедің бе? Ә,
жемейсің. Суретке түстің бе? Кіммен?

-Бөжеймен.

-Бөжей?! – Бәрі күліп алды. Дастархан үстінде
газеттен оқыған жаңалықтарын, анекдоттарын айтты.
Ерімбетов
ағайдың

шексіздікті
түсіндірем
деп,
тақтадан әрі бормен тықылдатқан күйі есіктен шығып

кетіп, сәлден соң оралғанын айтып, күлісіп алды.

Анекдот
дәптерге
жаңа
тапқан

қиындылар
жапсырылды. Сабақ оқылды.

Есік қағылды, Тұрды екен. Айдынды шақырды.

-Бәсе, бүгін неге тып-тынышпыз десем...-айнаға
қарап, түзелген Әсем киіне бастады. Тағы да есік
қағылды, Әсеммен қыдыруға шыққан Дәрібай екен.

-Біз таза ауаға кеттік,-деді Әсем. Айдынды көндіре
алмай тұрған Тұрдыға «Айконың мазасы жоқ қой» деп
түсіндіре сөйледі.

Айдын бөлмеге кіргенде қыздары «Фаризаның
сіңлісі -Фаризок» деп шуласты. «Не деген жақсы жыр.
Осыны Тұрдыға арнадың ба? Сендей адал досы бар
оның арманы жо-оқ!» деседі.

-Не дейді ол?

-Бөлмеге жүр дейді, бағана бір қызбен келген едік,
соның қасына шақырады.

-Барғаның дұрыс, сабақ оқыдың, өлең жаздың
досыңа. Ұйқыға дейін қанша уақыт бар, - десті. Айдын
«чики» көрсеткен әдепсіз қыздың ұнамайтынын,
бөжей-қызға Тұрдының көңіліне қарап, жақындық сөз

айтайын десе де, аузына сөз түспейтінін айтты.

-Кеш болды ғой, қайтармайсың ба?-деді ол жолай
Тұрдыға.

-Өзі бір ауыз «қайтайын» демесе, мен қалай айтам
оған? Дұрыс па?

-Жоқ! «Уақыт тауып келгеніңе рахмет, жаным!
Енді үйіңдегілерден ұят болмасын, апарып салайын.
Ертең тағы кездесеміз.»-десейші қызыңа.

-Айконь, ақылдым...

-Ал, сен ақымақсың! «Чики» көрсеткен қыз керек
пе саған? Лайық па саған, айтшы?-күйгелектенген
Айдынға Тұрды күле қарап, мәз болды. «Мені
қызғанды!»

Бұлар есік ашқанда, бөлмедегі арақ, темекі иісі
қолқа қабатындай еді. Айдын лоқсып, алақанымен
аузын жапты.

-Ох-хо! Мад-ди! Жарығың келді! – деді масаң Дина
темекісі бар қолын шайқап. «Бәсе, біздің жігіттер
темекі шекпеуші еді» деп, Айдын жағдайды түсінді.

-Келдіңдер ме? Жоғарыға, оу, Динаның қасына
шықшы,-деді Коля ұшып тұрып.

-Жоқ, мен осы жерлерге... болады...-Айдын Жаңабек пен Коляның арасына отырды.

-Қайсың кесекүл? Аха-ха-а! Кесебек?! Айдынның құрметіне құй бәрімізге! Айкоға штраф, қашып кетті – бір-р... Бізбен ішпеді, екі-і... Ышын-шы-сы не-е?.. – саусағын ұрып-ұрып бүгіп отырған Дина «Прическам бұзылмай тұрғанда...» деп дұрыс айтқан екен. Шаштары алба-жұлба, көз бояуы сұр бетіне жағылып, таланған, жылаған аш бөлтірік сияқтанып қалыпты. Бояусыз көзі бір сызық, жіңішке арықтағы лайқа судай

жылтырайды. Айдынның денесі түршігіп кетті,-Ыш-
ышын-шы-ы не күнәсі бар?-деп Дина қасындағы
Ғабиттің иығына жұдырығымен бір соғып, аха-ха-лап
құлай кетті.

-Ойбай, Дәке, біздің Айконың үш түгіл бір де
күнәсі жоқ. Жоқ! – деді Ғабит алақанын жайып.

-Құй! Штра-афф құй! Толтыры-ыпп 200 грамм құй!
Ішеді! «Күнәсі жоқ!» Іһі! Іһ-һі! Сонда бұл қыз періш-
ште ме, аһ? Періште көк-кте, көкте... Мад-ди, эу-у,
сұлу жігіт, құй анау қызыңа! Сенікі ме ол? Онда,

ішкізші кәне, сый-лай ма сені жоқ па, көрейік-ік!-деп
ықылық атты.

-Менікі емес, Айко әке-шешесінің қызы, Дина,
біздің досымыз.

-Мад-ди, сенікі деген оны, әйтпесем... сендей
сұлуды-ы кеш-ше мен бос жібермес ем-ем, аха-ха-а-а!

-Дәке, бұл Айко ішпейді, ішкен емес, орнына біз-ақ
ішеміз, бола ма?
-Ой-ба-ай! Жалғыз-з Мад-дидің емес, бәріңнің
жүректеріңді ұшы-ры-ып-ты ғой-ой мына қыз-з! Онда,

бәрің стаканды толтырып, түг-гел-л ішесіңдер...
-Болды-болды, біз ішеміз.
Дина елден бұрын өзі сыңғытып ішті, басқамен
жұмысы болмады.

Айдынның мына қыз үшін намысы келіп отыр.
«Қайтпай ма енді?» деді Жаңабектің құлағына
сыбырлап. Ол бір иығын көтерді.

-Қыздарың ішпейді екен, онда-а ән сала алатын
шығ-ар? Ән салсын! Қолынан бірдеңе-е кел-ле ме өзі,
жоқ-қ, қақшиып отты-рра-а ма-а?
-Айтамыз,

бәріміз,
кәні!
Өзіңмен
Арыстың,

бойында....-бәрі шулап ән айтты. Айдын шынында шәй
ұрттап қана үнсіз отыр, әзер отыр.
-Мен-н... мына қыз-з айтсын дедім, -деп ол сұқ
саусағын барынша созып көрсетті,-не... не сонда-а?

Бәрің бірдей жандарыңды-ы беріп қойғансыңдар-р ма?
Өліп барасыңдар ғой, а?! Өл-ліп!
Оның сөзіне мән берер кісі табылмады. Бірінен соң
бір ән хорымен айтылды. Ән сезімімен, жүрек сөзімен

жанды баулап өсірген Шәмші аға мен Мұхтар ағаның
шығармаларын жастар тебірене орындап, саналарына
терең сіңдіруде.
«Сездіруге батпадым ба,

Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды».
Айдын сыртқа шықты. Коля мен Мәди ере шықты.

-Айко, қайда?
-Мына Дина қайтпай ма, түн болды ғой.
-Өзі айтпаса, біз қуғандай боламыз ба?..
-Қыдырайық сыртқа деп па, бірдеңе демейсіңдер

ме, жатақханасы кіргізбей қояды ғой енді.
-Қазір, көреміз.

Айдын Коля екеуі ас бөлме терезесіне сүйеніп
біраз сөйлесті.Тұрды: «Айко, анау қыз... Дина «сыртқа
шығар» деп тұр, сен апарасың ба? Жоқ, мужскойға ө-
өзім...» деді.

-Мен,- Бұл бас изеді.
Қолтығынан сүйемелдеп, бөлменің есік алдына
әкелді де «Ал» деп ымдаған Тұрдыға «өзің алып жүр»
деп Айдын ишарат жасады. Ол ұзын дәліздің арғы

басына тәлтіректей жетектескен екі сұлбаның соңынан
бөлек келе жатты. «Қандай намыссыз қыз еді!» дейді
іштей.
Қыздар дәретханасының алдына жетіп, Тұрды

амалсыз тоқтады. Айдынға күліп қояды, бұл жұдырық
көрсетті.
-Бізді күт,-деді Айдын Тұрдыға,-мас қызды ішке
кіргізіп жатып,-мұнда құс, қолыңды аузыңа сал! Тағы!

Бетіңді жу! Не болды, танымайтын жерде сонша ішіп?!
Түн болды, ұйықтайтын уақыт бағана өтті, үйіңе
қайтатын шығарсың?-Бұл жолы тек Айдын сөйлеп,
Дина еңкейіп, тәлтіректеп жүр. Айдын оны сүйемеді.

Өзін-өзі ұстай алмаған мас қыз кафельді еденге тайып
құлап, мұрны судай қанады.
-Тұр, жуын!-деді крандағы суды ашқан Айдын
қолын қусырып. Ол жуынды, тағы құсты.

-Ох-х! Жаным-ай, қиналдың-ай әбден!
-Жаныңды кім қинады, өзіңе өзіңнің қастығың бар
білем! Неге сонша ішесің арақты? Біздің ұлдар темекі

шекпейді, ал сен... сен қыз басыңмен... ұялмайсың ба?!
Енді қайт үйіңе!-деді Айдын.
-Түнде кіргізбейді, атымызды жазып алады енді...
Осында қона салармын.

-Қайда-а?!
-Сол бөлмеге...
-Сен... сен қандай қызсың өзің? Ер жігіттермен
бірге ұйықтамақпысың?!

-Енді не істеуім керек, бір кереует босатып берер,
өздері ақылдасып...
Есік алдында Тұрды тосып тұр екен, жиналып
қалған Динаны жетекке алып, бөлмесіне беттеді,

Айдынға басын изеп, ризашылық білдірді. «Жүр»
демеді, Айдынның енді қажеті жоқтай, Динаны
қапсыра құшақтап, бас түйістіріп барады.
-Қайда барасың?! – деді Айдын дауыстап,-

құшақтасқан екеу жүрістерін бәсеңдетті.
-Үйге... Үйге бармаймыз ба? Енді қайда барамыз
басқа?-деп ыржиды Тұрды.
-Қазір сағат түнгі 2-ге жақындады, демалу керек

емес пе?
-Иә, солай ғой. Қазір бөлмеге барған соң, к-кім
қалып, сені бөлмеңе жеткізіп тастаймын. Мақұл?
Бұлар Тұрдының бөлмесіне жетіп те қалды.

Жігіттер тағамдар мен ішкіліктен босаған бөтелкелерді
жиыстырып, бөлмені желдетіп қойыпты. Абыр-сабыр.

-Айконь,
кірсейші,
Диконың
қасында

отыра
тұрыңдар. Біз қазір «бас жазар» дайындай...

- Ішпейміз, сендер де ішпейсіңдер!-деді Айдын,-

мына кім... қайда жатады?
-Осы үйге дә... Менің қасыма... Әйтпесем, екеуің
бір кереуетке осында жата салыңдар,-деп Тұрекең
жымыңдап сөйледі.

-Онда біздің бөлмеге кетеміз, бір төсеніш,бір
көрпені алып жүріңдерші,-Айдынды бәрі естіп тұрса
да, ешкім қимылдар емес.
-Ой, Айконь... қонақ бізге келді ғой, ә? Бізге,-деп

Тұрды жолдастарынан қолдау күткендей бәріне қарап
шықты. Ешкім үндемеді.
-Сонда,қонақ менікі емес пе?Мен бөтен екенмін, ә?
-Әрине, сенің де қонағың, бірақ, қыз менікі ғой,

сары әтеш емеспін бе?
Бағанадан сөйлемеген Дина «Сары әтеш!» деп аха-
ха-лады.
-Қойшы енді, таңертең кездесеміз, төсек-орынды

алып жүріңдер біздікіне.
-Төсек апармай-ақ,бірге жата салмайсыңдар ма?-
деді Коля.
-Жоқ, мен бұнымен бірге жата алмаймын.

«От шығып» кетуінен қауіптенген жігіттер 136-ға
төсек тасыды.
-Қойдан жуаспыз,-деген Дина амалсыз Айдынның
бөлмесіне аяқ басты.

Х-ТАРАУ

ТҰМАНДА

Бере ме жүкті нар үшін?
Күрестім намыс, ар үшін.
Көп досым тауық боп кетті,
Азғынның шоқып тарысын

Ауырып, төсек тартқан екі аптада Сақыш
тіршіліктің жаңа тарауына енгендей-ді. Сұлулық
атаулының бәрі солғын тартып, еркелеген елік
мінездер құлағын тікшите үркіп, түбі жоқ теңіздің

арғы жағасындағы Айдынмен бірге тұрғандай.
Қасында тұрып-ақ созса қолы, жыласа даусы
жетпейтін бұл қандай тылсым тіршілік еді?! Бұған бой
үйретіп қалыптасу қандай қиын! «Лақтырған гүлің

жерге емес, қызға түсетіндей көп қыздың арасынан

сені бір батыл қыз өзі таңдап, өзі алып қашпаса
үйленбессің-ау сірә» деп Бәтес айтпақшы,қызға көз
тоқтата алмады. Қыздардың аршыған жұмыртқадай
аппағы да, бояуы қанығы да, нәзігі де, әзілкеші де,

салмақтысы да... не керек, бәрінің бір жері ұнаса,
басқасы ұнамай, көңліне татымайтын.
...Сол сезім дертінен жығылған жолы ғашығының
даусын естігеннен-ақ төсектен көтерілер күш-қуат

тауып, бірігіп дастарханда отыруы дәру болды-ау.
«Махаббат, сен неткен құдіретті едің? Сол үшін де,
Айко, саған мың алғыс!» дейді Сақыш. Жатақхана мен
институтты қосқан мына тротуар бойындағы теңге

жапырақты ағаштар да бұрынғыдай қуана сыбдырлап
қол соқпайтындай, сылбыр. Бұрын желкілдеп жүретін
жеңіл
мәшинелерге

дейін
салмақтанып,
мұның
қасынан үндемей сырғып, кейбірі қырылдап, жұлқына

қозғалатындай. Желбіреп жүрген бірі де жоқ.
-Сақыш, сабаққа келгенің қандай дұрыс болды!
Денсаулығың қалай, дұрысталдың ба?-деді шын
қуанған Бәтес. Бұл да онымен кездескеніне қуанышты

еді. Бірақ, әңгіме арқауы түгел еместіктен, өрбімей
қалды, «Айдын қалай?» дегісі кеп тұрса да, айтпады.
Беті қатайған жарақат сезімге Бәтес те тиіп кетуге
қауіптенеді.

Сақыш
Айдын
оқитын
аудиторияға

алаңдаумен болды.
-Осы демалыста ауылға барамын, Ыбыштың туған
күніне. Сен ше?

-Мен бұл сенбіде бармаймын. Кластастарға сәлем
айт,-деді Бәтес.

Келер секундта не күтетінін білмейтін адамзат
тіршілігі жұмбақтарға толы емес пе? Бәтес айтқандай,
осы туған күн кешінде Зейнеш атты қонақ қыз ашық-
жарқын батылдау мінезімен бұйыға отырған Сақышқа

көп тиісе берді. «Хан» ойынында «айыпқа» жиналған
кепілдіктерге үкім айтылды.

-Тақсыр, мына айыпкерге не бұйырасыз?-деп
сұрады ойын жүргізуші сырт беріп, үкім айтатын
Зейнештен.

-Ол Сақышқа менің екі бетімнен сүйгізсін! -Бәрі де
дуылдап күлісті. Ұяла қызарақтаған Сақышты орнынан
тұрғызып, жүргізуші ортаға жетектеді.

-Қыз бұйрығын қалай орындамайсың?

-Хан қолынан өлгің келмесе, сүй!
-Сақышжан қыздай болса, қыз Зейінбек болар да...
-Әттең, маған айтса-шы, тура ернінен сүйер ем! -
деп жігіттер кеу-кеулесті.

Сақыш ортада бетін тосып тұрған қызды сүйді.
Аздан соң ол қыз мұны биге шақырды, сосын, сыртқа
серуенге... Сосын.... Зейнеш мұны еріксіз ең жақын
адамына айналдырды. Бәтестің «сені қыз алып

қашпаса...» дегені есіне орала берді, ал, Айдын бейнесі
көз алдынан бәрібір кетпеді.

Соңғы курстың мақта науқаны да аяқталып, оқу
орнында
студенттер
қайта

тоғысқан
кез.
Бәтес
Айдынға келіп, Сақыштың Зейнешпен таныстырғысы

келетінін, бөлмесінде күтіп отырғанын айтты.

Бөлмеде екеуі ғана екен. Таныстықтан соң Зейнеш
Бәтес пен Айдынды екі беттен сүйіп амандасты,
«жақсы қыздар» деді. Инабаттылығына Айдынның іші
жылып қалды. Бәтес Сақышқа дастархан жаюға

көмектесіп, бұлар екеуара әңгімеге көшті.

-Қалайсыздар? Әңгіме айта отырайық,-деді Айдын.

-«Сіз» демеші, алыс адам сияқты, сен деші. Өзім
жайлы айтсам, мектепте хатшы қызметін атқарамын.
Мұғалімдікті сырттай оқимын. Өзің?

-Біз осы студенттік өмірдің сарбаздарымыз, оқу, студенттік құрылыс, мақта науқаны, оқу. Осы жатақханада үш кластас тұрамыз, Сақышпен туысқанбыз.

-О-о! Қайынсіңлімін деші! Ол дұрыс болды. Біз де
мектеп оқушыларымен мақтаға кеткен едік, екі ай
дегенде енді қайттық. Сақышпен жүргенімізге бес
айдай болды, ынжық туысқаныңа мен сияқтылар

кезікпесе, қызға сөйлей алмай, бір басы сопиып өтер
еді,-деп, қыз жуандау даусымен аспандай күліп алды,-
Айдын, бұл мектепте де шынымен қызбен жүрмеген
бе? А-а?

-Соны... білмедім, «жүрген» деп нені айтушы еді
өзі?

Зейнеш ішек-сілесі қата, тұмсығын аспандата әбден күліп алды, боялған көздерінің айналасын қол айнасына қарап, ақырын сүртті.

-Қайынсіңлім, жаның аппақ екен, сені Ақжан дейінші. Мақұл ма? –Ол Айдынның санына алақанымен салып қалды,-жүргенді Сақыш емес, сен де білмейді екенсің-ау. Ал, біз 5-ші кластан бастап, жүретінбіз, яғни сүйісетінбіз.Алдымен кластағылардан бастадық, кейін жоғары кластың жігіттерімен жүрдік, кейін бойдақ мұғалімдермен. Ех-х! Көру үшін өмір берілген ғой, дым көрмесек, о дүниеге не тындырдық деп барамыз? Айтшы? Жігітпен жүрмесек, арақ ішпесек, қыдырып, ойнап күлмесек, өмірдің қызығы не айтшы, Ақжан?

Айдынға алғаш ұялаған жылылық сезім суынып
бара жатты. Мына Зейнеш Динаның топырағынан
жаралғандай, жаман сезім туындады.

-Ақжан, үндемей қалдың ғой, не болды? Сені өлең
жазады дейді, бір өлең оқып бересің бе?

-Иә, ептеп жазатыным бар, жатқа білмеймін,-деді
бұл жорыта. Ұнатпағанда осылай тырысып қалатын.

-Арманың жоқ шығар, ә?Небір жігіт сұлтандары
бас иетін болар саған, ә? Шертіп-шертіп, ішіндегі бай-
бақуатын, айтқаныңды істейтін момынын, сұлуын
таңдап, тиіп ал! –Зейнештің түлкі тұмсығы істиіп,

садақтай иілген қастары керіліп, жасанды созылған
бояулы еріндері «ақылдың ағындарын» алтын тістері
арасынан сыздықтата сырғытып жатты. «Мыналардың
шәйлары қашан қайнайды?» деп Айдын зеріге бастады.

-Мен Сақыштарды көріп келейін,-Айдын сыртқа
шықты. Сақыш сыртқы баспалдақтан толы сөмкемен
көтеріліп келеді екен. Бәтестің де тамағы әзір.

-Әңгімесі қалай, ұнады ма? Өңі келісті екен, - деді
Бәтес сыбырлай сөйлеп. Айдын басын сәл қисайтты.
«Бұл ұнатпаудың белгісі» деп түйді Бәтес.

Отырысты Бәтес жүргізіп, қонақ қызға сөз берді.

-Сендерді сырттарыңнан білуші едім, бүгін арнайы
іздеп келіп, танысқаныма қуаныштымын. Енді бөтен
емес, жақын адамдарың деп есептеңдер. Бір момын
мен бір пысықты құдайдың өзі тауып, біліп қосады-ау.

Мен болмасам, мына бауырларың...-Зейнеш істік
мұрнын аспандата күлді, Сақыш қызарып, алаулады,-
ал, давай! Бақыт үшін!

Бұлар стакан түйістірді де, Айдын дастарханға
қайта қойды.

-Ақжан, мұның болмайды, болмайды! – Зейнеш
Айдынның аузына стаканды жақындатты.

-Мен ішпеуші едім.

-Ішпесең, бүгін менімен ішесің, бүгін бастайсың.
Мен сені қайынсіңлім деп босқа ат қойдым ба, а?
Ішесің! Ештеңе түсінбеймін, ішесің!

-Мен іше алмаймын, ішкеннің тірлігі не болады
өзі? Соны жасап-ақ берейін.

-Жо-жоқ! Ішесің!-Зейнеш өрекпіді.

-Айко ішпейді, Зейнеш, қинамашы. Мен-ақ ішейін
сол стаканды,-деп Сақыш ара түсті.

-Жоқ, қайынсіңлінің сарқытын жеңгесі ішеді, өзім,-
деп екі стакандағы арақты кезек қағып салды.

-Енді жөн білдің!-деді Бәтес, - біздің Сақыштың
көзі саған босқа түспеген екен. Силағаныңа рахмет.

-Ой, Бәтес! Көзі бақырайса да жұмулы көздер
болады екен ғой! Мен мұның қабақтарын ашып,
көзінің ішіне секіріп, өзім түскенмін ғой! Оны
айтпаған ба? –ішек-сілесі қатты.

-Бәсе, бәсе! Оның дұр-рыс сенің! – Бәтес те мәз,
Сақыш кеңкілдеп, Айдын жымиып отыр.

Айдын өз бөлмесіне көтеріліп, аздан соң кластас
достарына қайта барды.

-Ақ-жан! Кед-дің бе? Кел-ші... Мына екеуі маған
қы-зыл вино беріп, шөл қандыратын түр-рі жоқ. Сенің
сыбағаңды... сарқытыңды.... ішпесем,-деді Зейнеш,-ал,
мынау досың... мені қызғанып, бөлмесіндегі бар еркек

ат-таулыны қуып-п... жіберіпті. Дұр-рыс па осы?
Сендерге мені дұр-рыстап таныстырмады да! Са-қыш!
Жақында тойымыз болатынын...

-Қой енді, Зейнеш!-деді Сақыш, -асықпашы.

-Неге асық-пыс-паймыз,а? Бес ай болды сенімен
жүргеніме, бес ай...Түсінесің бе, ешкімді ауыстырмай,

а?-Зейнеш бес саусағын тарбайтып, алға созды. Бәтес
пен Айдын бір-біріне қарасты.

-Біз... біраз отырдық, таныстық. Енді өздерің сөйлесіп отыра беріңдер. Ал, танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет,-деді Бәтес күліп.

-Рахмет,сау болыңдар,-деді Айдын.

-Көшеге біраз шығып келейікші,-деді Айдын
алқынған кеудесін ашып.

-Ұнамады ма саған?

-Саған ше?

-Мына Сақыштың миы ауысып-ақ кеткен бе? Мына
қызға несі бар жолап?!-Бәтес күйіп-пісті. - Енді не
істейміз мұны, а? Сұмдық! -Айдын басын сәл
қисайтты, көңілі бұзылып келеді, алай-дүлей.

Кеудесінен шыққан ыстық леп ернін күйдіре кезертті. -
Айко, «қой» дейміз бе,не істейміз енді?! Сен не, жылап
келесің бе?! Құтылу керек қалай да! Құтқаруымыз
керек Сақышты!

-Өзінің ұнатқаны осы болса, мұны жетелеп... бұзау
ма бұл?!

-Ол өзі жабысып, өзі іздеп келіп тұр ғой, Айко!
Әбден беті ашылған қыз! «Қайынсіңлім, той» деп аузы
барып, қалай айтады бұл!?

Біраз серуеннен соң екеуі Бәтестің бөлмесіне келді,
көңілдері алай-дүлей. Есік қағылды.

-Сақыш?! Не болды тағы?-деді Бәтес.

-Шығарып салдым, онымен ала арқанды кестім.
Айко қайда, осында ма? Жүріңдерші серуендеп
қайтайық.

-Айко, барамыз ба?

-Қайда?

-Бүгін демалыс қой, паркке. Әрі қарай киноға
барайық.

-Иә, барсақ барайық.

Айдынның
көңіліндегі
қара
бұлт

тамшыға
айналып, ақ қағазға өрнектелді.

С – Сұлулық сырын білмейсің?
А – Адасу оңай, гүл дейсің,
Қ – Құлпырып тұрса ошаған.
Ы – Ынтыққан суға шөлдейсің.

Ш – Шық болсаң, кімді тілдейсің,
! – Ірітіп жерге тасталған.

«Сақыш, сенің бұл өмірде өзіңдей көңілі таза,
тілегі түзу, арманы биік, жаны сұлу адаммен
жұптасуыңды, бақыттың бақшасында шаңырақ
құруыңды өзіңнен де, тағдырдан да шын сұранамын»

деді іштей Айдын Сақыштың көзіне қарап. Оның
мұңлы қара көздерін дірілдеп кеткен кірпіктері
көлеңкеледі.

Бұлар алдымен би алаңына келді. «Летка-енка»
әуеніне үшеуі қол ұстасып, аяқтарын кезек-кезек

серпіп,
секіре
билеп
алды.

Бағанағы
ыздиған
сыпайылық, жүректі қысқан күйзелістен көңілдерінде
түк те қалмаған секілді. Сосын, қанат жайып билейтін

«Кел-кел, жаным» шарықтады. Бейнебір осы үш
кластас, осы үш дос бір әлем сияқты, басқа ешкім
жоқтай-ақ үшеуі дөңгелене билеп, бірде шеңбер құрып,
бірде үшбұрыш жасап, теңіздің тереңінен үйірілген

толқынындай нақышпен биледі. Ән аяқталғанда үш
дос бірін-бірі құшақтай тоқтасты.
-Ух,жаным-ай! Рахаттанып қалдық-ау,-деп Бәтес мәз.

-Би деген жүйкенің емі екен-ау, неге осылай билеп
тұрмаймыз? – деді Айдын.

-Сендер тамаша биледіңдер! Енді апта сайын келіп
тұрайықшы өзіміз. Шынында, сирек келеміз ғой
паркке,-деді Сақыш та көзінің нұры жалтылдап,-Айко,
биді үйреніпсің-ау, өте жақсы биледің.

-Мен бұрыннан жақсы билеймін.

-Иә, сен оны қалай байқамағансың? Көзің кейде
ашық, кейде жұмық болатыны рас па? – Бәтес
Зейнешті меңзеді.

-Ұнамайтын адамды еске салмашы, Бәтес, - Сақыш
күрсінді,- ақымақ бас – адамның соры деген осы ғой.

-Онда, ол басты ауыстыру керек ,-деп Айдын ішек-
сілесі қата күлді.

-Ре-ремонттау деші, әйтпесе, баскесер-ді-і қайдан
табамыз-з?!-деп Бәтес те мәз.

Сақыш бүктетіле ішін басып күлуде, оң қолының
қырымен мойнын ұрғылап, түсіндіре алмай күледі.

-Кесу-у, кесу керек... бас-сты-ы,-деп қояды.

-Аха-ха-а, онда-а мы-на-а мөлиге-ен көз-зің-нен о-
обал-ау-у! -Айдын Сақыштың көздеріне қарап, күле
берді.

Сақыш екі саусағымен көздерін шұқи күліп,
сөйлеуге шамасы жоқ.

-Ыс-сау-ап бұларға-а...-дейді.

-Қаш-шан көріп, қаш-шан жұмылуды біл-ме-ген
көз-дер деші,-Бәтес мәз-мейрам.

-Көзін қолмен а-ашып, ішіне қыз-дар секіріп түсіп-
шығатын көлдей көзден о-обал-ау, Бәтес.

-Сонда-а, көзі көл болса, кірпігі-і не болғаны-ы,
аха-ха-а?-Бәтестің күлкіден буыны босап, отыра қалды.
Айдын шайқатылып тұр.

-Сақыштың кірпіктері аға-ш-ш, жабайы-ы бұ-
бұтақтар ғой...

-Иә-ә, жабайы-ы тікен ғой, о-обалы жо-оқ,-деп
Сақыш көздерінен шыққан күлкінің жасын сүртіп, мәз.

-Тікен-н?! Қай тікен? Шошқа ті-кен, жантақ ті-кен,
оша-ған
ті-кен-н,
роза

гүлдің
тікені-і?-Айдын
Сақыштан сұрап тұр. Ол күлкіден шашалуда.

-Тап-птым...
Ө-өріктің
тіке-ні-і,-Бәтес
қолын

көтеріп, аха-ха-лады.

-Бәтес-ау-у, бұған ше, дүние-ені гүл етіп көрсеткен
кірпік-оша-ғанның гүлде-ген кезі ғой. Оша-ға-ан...
кірпі-ік,-деп Айдын мәз.

-Иә-ә, көзі-нің айналасына ошаған өс-ке-ен екен-ау,
бәсе-е,-Бәтесті Сақыш қолынан тартып тұрғызды.

- Уһ-һ! Не деген демалыс-күлкісі болды!-Бәтес мәз.

-Айтпа! Көптен бері бұлай күлмеген едік, тіпті
өмірде осылай күлмегенім анық.

-Өтірік айтпашы, Сақыш, менің «тәуіптігімді»
естігенде-ші, осылай күлгенсің.

-Иә, айтпақшы, тәуіптік әдіске мен де бір рахаттана
емделген екенмін.

-Ал, тағы бір билейміз бе? «Сол сәттен бастап,
әлгі... Мәдиді сенің бөлмеңде көргеннен жүрегім
ауырды, Айдын. Мен ол күнді есіме алғым келмейтінін
білмейсің ғой» деді Сақыш іштей.

-Кеттік.

Биден соң бұлар карусельге айналды.

-Мен бөлек кетейін, сендер бірге отырыңдар,-деп
Айдын жекеленді.

Карусельде айналуды Айдын ұнататын. Тұнып
тұрған ауа қабатын сырылдатып жүзіңмен жарып өтіп,
сап-салқын самалдың бүкіл денеңді желпіп, тарқатулы
шашыңның әр талын жеке-жеке талдап тарағандағы

жан рахатын айтсайшы. Айдын түсінде де нақ осындай
рахат сезімді бойдан өткізіп, көкте ұшпайды ма!

Карусельдің бір кемшілігі – еркіңді шектейді, денеңді
байлайды. Ал, түсіңде ұшқанда аяғыңды серпіп,
қолыңды қозғау арқылы жылдамдық пен бағытыңды
басқарасың. Неткен рахат!

Айдын көзін жұмып, өз сезіміне елітіп отырғанда
«Ай-ко-о!» деген қосарланған дауыс мойын бұрғызды.
Бәтес пен Сақыш қолдарын созып, бірдеңені тұспалдап
отыр. Бұл да «қуып жет» дегенді ымдады, сосын

қабақтарын қолымен керіп ашып, қайта көздерін
жұмып алды. Аздан соң әлгі екеуіне көз салып еді,
ауыздарын ашып, ішек-сілелері қата күліп отыр екен.
Бұл оларға қол бұлғады.

-Сақыш, Айдынға өлең оқытайық қазір. Ол
жақында жақсы өлең жазды.

-Не туралы?

-«Қалай?» дегені қатты ұнады маған. Соны оқып
бер дейік.

-Мақұл. Ол менің тілімді алмайды ғой бірақ...

-Алады, неге алмасын. Екеулемесек, оған бір менің
де әлім жетпес.

Екеуі қол қысысты.

-Сақыш, сен әлгі қызыңды не істейсің?

-Қайсы? Ә... Қойдым оны. Ол қыз өмірлік жолдас
болуға лайықты емес екен.

-Енді...біліп алған соң сөз салмадың ба? Сен де...

-Мен қазірге дейін сөз салғам жоқ. Ол еріксіз...

-Көзіңе секіріп түсті ме?

-Жаны қиналған адам тұманға еніп кете ме,
жұбаныш іздей ме... Кім бұрын ғашық боп көріпті
дейсің, Бәтес? Санаңа бағынбайтын жүрек, жүректі
билей алмайтын ақымақ бас берсе, ошағанды гүл деуге

тура келсе... Сүйгеніңе сөз салуға рұқсатың болмаса...
Адам осылай дал-дал болып, жол таппайды екен ғой.

Ол Зейнештің алдында да кінәлімін. Бағана енді
кездеспейтінімізді айтқанымда, кәдімгідей-ақ жылады.
Аяп та кеттім. Бірақ, онымен өмір бойы бірге жүргім
келмейді. Сен не деп кеңес берер ең? Айтшы.

Бәтес аздап үнсіз отырды.

-Маған ұнамады.

-Айдынға ше? Ол не деді?

-Ол.... үндемеді, бірақ, жылады. «Өзінің қалауы сол
болса, біз жетектейтін бұзау ма Сақыш?» деді.

-Жылады?! Неге жылады Айдын? Неге, Бәтес?

-Білмеймін. Ол сенің шын бақытыңды табуыңа
тілектес, біз сені ойлаймыз, Сақыш.

-Рахмет! Сендердің бар болғандарыңның өзі мен
үшін тағдырдың сыйы, Бәтес.

Карусельден Бәтес пен Айдынды жетектеп түсірген
Сақыш қыздарды қолтықтап келеді.

-Айко, бір өтініш айтсақ, орындайсың ба?

-Қандай?

-Орындайсың ба, айтсаңшы енді.

-Ұнаса.

-Өтінішті ұнаса да, ұнамаса да орындау керек.
«Досыңа тарылма, дұшпанға жалынба» дейтін сен
емессің бе? Ал?!

-Ал болса, ал, айтшы.

-Бір өлең оқып берші, әлгі «Қалай?» дегенді.

Айдын біраз үнсіз жүрді.

-Есіме түспей тұрғаны... Басқасын айтсам бола ма?

-Өтірік айтасың сен, көзіңнен білініп қалды. Сен
алдай алмайсың ғой, Айко! Одан да оқы!-деп бұйырды
Бәтес.

-Жылап жібермейсіңдер ме?

-Құдай
сақтасын!
Жыласақ,
бағанағыдай

күлдірерсің, сенің қолыңдамыз ғой. Оқышы!

Айдын Бәтеске көзін қысып, бас шайқады. Бәтес
көзін бақырайтып, ернін тістеді.
«Қап, бұл өлеңнің Сақышқа ауыр тиетінін бұл қалай
ойламаған, а? Енді қайттім?»

-Ал, кеттім.

Асыл жанды қиялдасам,
Өзіңнен өзге симасы қалай?
Бақытты бол деп күй арнасам,
Басқаға тағы қимасым қалай?..

Айдын Сақыштың қызарып кеткенін аңғарып
қалды да, кілт тоқтады.

-Ұмытып қалдым десем, сенбейсіңдер...

-Онда, басқасын,-деп Бәтес тез көне салды.

-Сендер мені қошеметтемейсіңдер, сендерді мен
неге тыңдауым керек?

-Иә, дұрыс! Там-тара-рарам, там-там! Сақыш пен
Бәтес әндете қол соқты.

Айдын тамағын кенеді.

Қалың тұман.

Жанарыңа шық тұнып,
Қайғы келер шаттық құнын ұқтырып.
Ұлиды уақыт, аш бөріше ұлиды,
Қарсы ал сонда кипаристей тік тұрып.

Уақыт-дауыл әлжуазды бүктіріп,
Боталайды саяз суды тұп-тұнық.
Тіршілікте бір соғатын дүлей бар,
Мөп-мөлдір боп қала білу – мықтылық.

-Тамаша! Жарайсың!
-Рахмет! Бірнәрсе сұрайыншы, әлгі алдыңғы өлеңді
қалай жаздың? Кімге арнап... неге? – Сақыш Айдынға
көзі түскенде, қақпанға аяғы қысылған сұр қояндай

жалынышты, қорқақ, амалсыз жанармен қарады.
Айдын оны аяп кетті. Бірақ, қатуланып алды да, тез
жауап берді.
-Өзіме, әрине. Жазған адам өз бойынан өткен, өз

жүрегінен тербелген сезімді ғана жазуы–заңдылық қой.

Сақыш үндемей қалды. «Менің Айдын өлеңін талдайтын не ақым бар? Оның кімге арналғанынан маған келіп-кетер не бар өзі? Еркімді билей алмайтын қандай сормаңдай едім? Өткендегім анау-Зейнештің қуыршағы болып... Енді «кімге?» деп не жыным бар, а? Кімге арнаса да, маған емес қой әйтеуір» деп тұнжырады. «Сақыш, бұл сенің сезім-кәусарың. Бұл «Қалайдың» бастауы-сенің жүрегіңнен басталған. Оны саған мойындағым келмейді. Өйткені, сені түсінбеуге тиістімін» «Әлде... осы өлең маған арналған ба? Бәтестің дәл осы өлеңге мән беру себебі неде? Барлық салт-дәстүр, шылық-пылықты тас-талқан етіп, жанымнан артық көретін жүрегімнің дәруін, жалғыз ғашығым – Айдынды ақ әлемге жар салып, алып қашып кетсем бе екен? Сүйемін деп, сенсіз бір секунд өмір қажетсіз деп қазір-ақ айтсам ба екен? Мұсылман заңында да 7 атадан асса ала бие сойып, қыз алыса береді емес пе?» Бәтес пен Айдынға алмакезек жәутеңдей қараған Сақыштың келбеті әлем-тапырақ, сұп-сұр, көзінде бір түйір тамшы іркіле дірілдеп тұр еді. -Еу, Сақыш, не... не болды саған? Бір жерің ауыра ма? Жүрегің бе?-Бәтес жік-жаппар. -Сақыш,-Айдын оның қаны қашқан мұздай саусақтарын уқалады,-ауырмашы сен, ауырмашы. Сұранам сенен, мықты болшы.

Үшеуі орындыққа жайғасты.
-Иә, ауырмауға күш саламын. Бірақ, жүрек деген
санаңа бағынбай, қинайды екен, қайтейін,-Сақыштың
жүзін ыстық қорғасын жас тіліп өтті,-,,Бәтес, қыз да

болсаң, сырымды, ауру себебін бір сен ғана білесің.
Шынында, мына тіршілік қызықсыз, мәнсіз көрініп
кетті. Осы бостығымды кешіріңдерші,-Сақыш орнынан
тұрып, алыстау жерге барды. Терең-терең демалды, көз

жасын самал лебі кептірді.
-Бәтес, өлең оқы дегенді қайдан ғана шығардың,
жарасын тырнатып. Енді не істейміз?
-Қайдан білейін, өлең тыңдап, көңілі көтерілер деп

ойладым. Енді қайттік. Ох, ужас! Міне, шын махаббат!
Жігіттің жылауы... енді оның не екенін білмеймін.
-Енді бұл тақырыпқа Сақыш бар жерде
жақындамайық, келістік пе?

-Иә, ауыз ашпау керек екен.
-Мұның көңілін қалдыратын, жек көргізетін іс
жасау керек-ау, Бәтес.
-Сонда, не істейсің?

-Мас болуым керек пе, тәлпіш мінез көрсетуім не
жағына ұруым, не біреумен көзбе-көз құшақтасып па…
Білмеймін өзім де. Әлде, өзімізге ұнайтын, мұны
ұнататын бір қызбен таныстырамыз ба? Не істеп,

көмектесе аламыз бұған?
-Өй, айтасың-ау сен де. Оның миына программа
сала алмаймыз ғой. Сен екеумізді ол өзіндей таниды.

Ал, ұнатса, қыздың ортасында жүр ғой өзі. Әңгіме сені
ұмытпауында!
-Онда, мен көрінбейін көзіне, солай ма?
-Көрмей, өзін ұстағанда, төсек тартып ауырды емес

пе? Тағы да ауырады солай!
-Енді не істе дейсің маған?
-Білсем қанекей соны!

Қыздардың қасына Сақыш келді. Бетіне аздап қан
жүгіріпті.
-Реңің дұрыс, қалайсың?-деді Айдын.
-Дұрыстаумын, рахмет.

-Сен
бізді
билетіп,
тербетіп,

шаршаттың.
Тамақтансақ қайтеді?
-Сақыштың бөлмесіндегі тағамдар сол күйі қалды
ғой. Обал деген бар, сонда барайық.

-Дұрыс айтасың,-деді Айдын,-біздің бала кезімізде
бір әжей обал деп шәйдің сәмесін шайнап жеп қоятын,-
Айдын күлді.
-Ал, біздің атамыз обал деп қалған дәрілерді ішіп

қойыпты,-деп Бәтес те күлді.
-Қойшы, сосын не бопты?
-Ішкі органдарын жуып-п, әзер тірілтіп алды. -Үш
кластас қосыла күлді.

-Қыздар, менің билегім келіп тұр,-деді Айдын,-
қалай қарайсыңдар?

-Жігіттердің қарсылығы жоқ,-деді Сақыш.- Айтпақшы, Айко, сен жатақханада өтетін кештерде неге ылғи билемей отырасың, қара-ап, а? -Онда ма, онда ылғи Жанат қасымда болады ғой. -Болса ше? Неге? Билеме дей ме? -Жо-ға, оның аяғы кем екенін есіне алмасын деп... -?! -Дамский вальс деп есептейік, кеттік,-Айдын Сақышпен билеп, Бәтес қол соғып тұрды.

Осы өмірінде Сақыштың Айдынға жақын келуі – осы би ғана. Бір қолын иығынан асып, екінші қолы алақанында тұрған, құшағындағы ғашығының шие ерні, ақша жүзі жұп-жұмсақ боп бетіне тиіп кеткенде, бүкіл денесі қалтырап сала берді. «Қандай бақытты сәттер. Осы уақытқа дейін неге осылай биге шақырмағам Айдынды? Қандай жұмыс жасамайтын бас мына мойнында отырған?! Осы сәт өмір бойы таусылмаса екен. Айдыннан нәзік гүлдің иісі шығады, мұның буын-буыны босап, еріп бара жатқандай. Ал, өзінен нендей иіс шығады?! Бұл ешқандай әтір сеппеген екен-ау! Өзін де ұратын кісі жоқ...» -Сақыш, осы вальс билеуді класта Ләйлә үйреткені есіңде ме? -Иә, 20 минуттық үлкен үзілісте би үйренуші едік қой. Сендермен билеуге таласатынбыз сонда.

-Неге? Әйтеуір сендерді төбелеріңнен кітаппен,
сызғышпен көп ұратын едік қой.
-Сөйтіп өсірмей қойғансың ғой мені.
-Қойшы, рас па? Онда, бой өсіретін бір кеңес

айтайын, ақысын берсең.
-Ақы?! Ал, айтшы, беремін. Ақысы не?
-Ақысы-арақ ішіп, мас болғым келеді,-Сақыш
тоқтап қалып, таңырқай қарады,-рас айтам. «Өмірде

ішпесең, жүрмесең, барлық нәрсені көрмесең,
киінбесең несі қызық? Өмірге неге келдім деп
өкінерсің» дегенді кө-өп адам айтты. Сондықтан, мен
де арақ ішуді өз адамдарымның арасында бастап

көрсем деймін. Шынында, көктемнің тез үйіріліп, тез
тарқайтын жаңбырымен мінездес жастық шақ өтіп
барады. Міне, 4-ші курсты аяқтауға шақ қалдық. Енді
ыстық жаз өмір, артынан өмір жолының күзі мен қысы

келеді. Сонда, көктемім босқа өте ме? Жүру-тұру
дегеннен иіс білмес екенбіз...
Сақыш бірқалыпты биін тоқтатып, Айдынның
жүзін өзіне қаратты. Таң боп тұр.

-Қ-қойшы! Сен не деп тұрсың? Ондай ойды жаман
қыздар ойлайды. Енді айтпашы, естігім келмейді сенің
аузыңнан,-деді дірілдей қолынан ұстап, - мақұл ма?
-Мен де көптің бірімін ғой, Сақыш. Еш артықшы

лығым жоқ. Қыздардың көріне бермейтін қалтарысты
сыры көп. Мен саған ең жақын досым ретінде мына
өмірден кенже қалып кеткен арманды тұстарымды

айтып отырмын. Мұны Бәтеске де айтуға ұяламын.
Маған оңашада арақ ішкізші бір тойғыза, жарай ма?
Сақыш Айдынды бір шетке жетектеп шығарды,
түсі бұзылып кетті.

-Айко, Айдын! Саған не болды? Сен не деп
тұрсың? Осылай ойнауға бола ма? Олай демеші,
айтпашы енді, сұранамын сенен,-деді.
-Онда... онда ауырма сен де. Онда, жаман қыздарға

жолама сен де, өзіңді сүйетін бір қызға үйлен. Дұрыс
ойла сен де.
-Уһ-һ! Жаным-ай! Енді түсіндім ғой сені. Зәрем
қалмағаны-шы. Ризамын саған, Айко!

Сақыштың санасына «Өзіңді сүйетін қызға үйлен»

- деген Айдынның бейнесі таңба боп басылды. «Сонда

неге олай дейді екен? Әлде Бәтес менің ішкі сырымды
айтып қойды ма? Табиғи тазалығы жазулы жүзің,
бүкпесіз шынайылығың, әділетті кесімің, жанқияр
достығың, ақтарыла айтар әңгімеңді кімнен табамын?

Міне, 6 жыл өтті мен саған еркімді байлағалы, ал сен
оны сезермісің? Жоқ, әрине. Сені ұмытуым керек,
нәзігім. Өйткені-біз туысқанбыз. Ең қиын нәрсе–өзіңді
жеңу, өзіңді көндіру екен».

ХІ – ТАРАУ

ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ

\Шымылдық түрілгенде\

Көз жасынан тоят, кек іздемедім,
Өзімшілге дерт болды «Сіз» дегенім.
Үлгілі ісін, ізетін жазалайтын,
Өгей балаң болды ма қыз дегенің?

«Баспаймын деген жеріңді, кемінде үш рет
басарсың» деп бір данышпан айтқандай, бір кезде
Айдын қашып құтылғысы келген Дина осы күні оның
бөлмесіне жиі келетін болды. Мінезі де әдеп пен

ойлылыққа бой ұрғандай.Тұрды үшін келсе де,
алдымен Айдынға соғуды әдетке айналдырды. Сосын
екеуі Тұрдыға жолығады.

Бүгін де Мәди мен Тұрды қыздарды дискотекаға шақырды. Баяғыдай емес, Дина әдеппен ғана сөйлеп, көз бояуы өгермегенмен сөз саптасы түзеліп, Айдынға ұнап қалды. Серуеннен соң үшеуі Динаны жатақханасына шығарып салды. Радиодан әнін есітетін Жаннамен танысты. Ол орындайтын әндердің авторы, аты Айдын үшін абыздай қадірлі ақын ағамен кездесті.

Облыстық газет редакциясында жұмыс істейтін
ақын ағасымен Айдын неше жылдан бері хат
алысатын. Өзінің тырнақалды өлеңдерін жіберіп, небір
мақтаулы пікірлер мен кеңес алатын. Сол ақынмен

дастархандас болып отырғанмен, ол кісі сол Айдын
екенін білмеді. Себебі, Айдын хатты ауылдан жіберіп,
өзінің студент екенін айтпайтын.

-Дұрыс,
қарақтарым. Болашақ
математиканың
тұтқасын ұстайтын ұстаз екенсіңдер. Сенің атың кім,

айнам?-деді Айдынға күлімдей қарап.

-Айдын.

-Ә, Айдын дедің-ау, әлгінде. Осы аттас бір қызды
жақсы танушы едім, шөжем. Ол математик емес, өлең
жазады және өте ойлы, ойы ұшқыр, философиялық
түйсіктерге

негізделетін
болғандықтан,
поэзия
әлемінің жұлдызы болар ма екен деп үміттенуші едім.

Шөжем, сен сол ақын қызбен аттас екенсің, оны
танымайсың ба? Фамилиясы...қалай еді? Ауылда... иә,
ауылда тұрады ол... Әкесі белгілі ұстаз ғой!

Тұрды қозғалақтап, әңгімеге араласқалы ыңғайлан
ғанда Айдын жылдамдатып орнынан көтерілді.

-Айтпақшы, менің переговорым бар еді, ұмытып
барады екем. Кешіріңіздер.

-Жақсы, айнам, өңің нұрлы бала екенсің. Тағы
кездесерміз, облыстық газет редакциясына келсең
болады,-деді ақын жігіт шығарда.

-Сізбен
жүздескенімізге
өзімізді
бақытты

санаймыз, аға!-деді Тұрды қос қолдай қоштасып,-
әндеріңізді жүрегімізбен жаттап айтамыз.

-Сау болыңыз, аға,-деді Мәди де қос қолдай
қоштасып.

-Жақсы,-деді Айдын көңілсіздеу.

-Жанна достарыңмен жақынырақ таныстыруың
керек-ау,- ақын ұзын дәлізден көзімен ұзатып салды.

Жатақханадан шыққан соң жігіттер сөйлесу пунктіне бет бұрды.

-Сағат қаншада еді, кешікпейміз бе?-деді Мәди
мұны қолтықтап.

-Жоқ...

-Жоқ? Не жоқ?

-Сөйлесетінім жоқ...

-Ох, Айко-о! Сен де өтірік айтады екенсің-ау! Ал,
неге алдадың? Қайта әлгі ақынмен жақынырақ
танысып алуымыз керек еді. Мен енді сен туралы
айтқалы жатыр едім,-Тұрды шыж-быж болды.

-Иә, сөйту керек еді, неге асықтың?

-Мен ол кісімен бірнеше жылдан бері хатпен
сөйлесемін...

-Ә, әлгі мақтап отырған ақын қызы сен болғаның
ғой!? Онда, тіпті жақсы!

-Енді, неге кеттің?

-Ол кісі мен ойлағандай болмай шықты, сондықтан,
таныстығымды жалғастырғым келмеді.

-Ол кісі сені танымаушы ма еді?

-Иә, тек хатпен хабарластық. Мені ауылда деп
ойлайды, көрмеген.

-Қайта барайық, жөндеп... сен екеніңді айтайық біз,
-деді Тұрды.

-Болмайды. Енді таныстығымды жалғастырмаймын
деп тұрмын ғой...

-Неге ұнамады ол? Сыпайы ғана, ешкімге артық
сөйлемеді, қимай қоштасып, әсіресе сен... сенімен.

-Тұрды, ол жасанды, әртіс мінезді екен. Көрдің ғой,
қыздарды «айнам, шөжем» деп... Біз шөже болғанда, ол
кім сонда?

-Е, сол ма ұнамағаны? Мен-сары әтеш. Ол... ненің
әтеші расында қыздарды «шөжем» десе,-Тұрды қыт-
қыттап ұзақ күліп алды,-мен тіпті де оған мән
бермеппін.

-Айко, сондай атақты ақынды ұнатпай, бізбен
шығып кеткенің үшін-ақ, рахмет саған. Тұрды екеуміз
бас иіп өтуіміз керек қой саған, періштем,-деді Мәди
қыз саусағын аялай ұстап.

-Эй, Мәке! Мәз болмайық, «Ақын ақынды жақтырмайды» деген ереже бар екен, соны көрдік тә!- Тұрды Айдыннан қорғаштанып еді, қол серпілмеді,- бірақ ол ақын Айконьді «шөжем» деп өліп-ақ тұр-ау, ә? Хи-хи-хи!- Тұрды тағы қорғаштанды, Айдын үндемей келеді. Алай-дүлей көңілінің тереңінен жыр маржаны өрілді:

Тәкәппарлау шығармын білмегенге,
Орынсыз қалжың айтып, ілмелеме.
Рас, маған ұнайды дәл осыным,
Күле алмаймын пейілсіз күл дегенге.

Тұманданса тап-таза адалдығың,
Мейірімді шектеді қаталдығым.
Шынын айтқан жек көрсе, сүйсе-дағы,
Нар мінезді мінеуге бата алды кім.

Жақсы көрген кісімнің өкпелеймін,
Сәл оғаштау ісіне көпке дейін.
Жамандығы жанына жарасатын,
Жандар да тіршілікте көп пе деймін?!

/Жарастыға несіне өкпелейін/

Расы сол – оп-оңай алданамын,
Өйткені – өзім алдауға арланамын.
Есейсем де мәңгілік өзгермейтін,
Сәбилік сезім менің таңдағаным.

Адам деп соққан жүрегі жаңылмайтын,
Аққу сезімділерге жаным – айдын.
Жаның туыс, сондықтан бауырымсың,
Бауырымсың, болсаң да танымайтын.

Жан туысым сыр айтып, жылайтыным,
Соның ғана алдында құлайтыным.
Тәкәппармын, салқынмын бөтендерге,
Тек сондықтан саған да ұнайтыным.

-Айко-о! Не болды саған, а?

-Айконь, маған қарашы, неге сонша көңілсізсің, а?

-Мен ол ағаны қатты қадірлеуші едім. Бірақ, ол шынайы емес, жасанды мінез көрсетіп, «Шөжем, айнам» -деп, көлгірсігені несі!? Айдын көп күрсінді. ***

Әли Мәди ағасына келген сайын өзінің тырнақалды
жырларын Айдынға «түзетіп берсінші» деп беріп
жіберетін. Бұл өзін біреудің ақын ретінде ұстаз
тұтқанына қатты қысылса да, өз талғамына сай өзгеріс

енгізетін. Мәдимен бірге ол да қыдырып, дастархандас
болғанмен айрықша поэзия туралы тілдеспепті.

Сол Әли ауруханаға түсіп, Мәди, Тұрды үшеуі
халін сұрай келген-ді.

-Ей, бауырым, мына ақ халаттылардың ішінен бір
ақ сазанына қармақ тастадың ба?-Тұрды Әлидің
жалпақ жауырынын қақты.

Әли шашын қайырып, күле берді.

-Сен енді кемелденген шағыңа жеттің. Қақпақ жауырын, аршын төс – хас батырдай тұлғаң бар. Ең бастысы, Әлеке, сенде Мәкең екеумізде жоқ

шұбалшаң... шұбалшаң бар-р ғой,-Тұрды қыт-қытына
басты.

-Өй, сен... Тұреке...-деп қызарды Әли.

-Тұреке, шұбалшаңың не?-деді Мәди де Айдынға
бір, Тұрдыға бір қарап.

-Мен сыртта күтейін,- Айдын сыртқа беттеді.

-Өй, Айконь, қайда барасың? Сыртта қар, тоңып
қаласың ғой.

-Айко, қазір бірге шығамыз,-деп екі досы қызды
жібермеді,-сен сары әтеш, қай кезде шақыруды
білмейсің-ау!

-Рас қой, сендер тү-түсінбейсіңдер! Әли, сенің
қармаққа ілер шұбалшаңың - бір ауыз өлең ғой, не
қылқалам-суретің. «Ғашықпын» дегенді бір ауыз
өлеңмен айтсаң, талып түседі ғой дәрігер - қыздар.Әй,

сенің өнерің менде болса-шы, 40 қызды қармағыма
түсірер ем, әһ-һ!-деп Тұрдының күлкісі көбейді,-мына
жер курортқа айналар еді-ау... Айконың орнында
болсам... Енді, қыз ғой Айконь... Ал, давай!

-Айтпақшы, Айеке, сізге шәкіртіңіз ретінде түзеп бересіз бе деп біраз жазғандарымды әкеліп ем, берейін бе?

-Мейлің... Бірақ, мен ақын емеспін ғой...

-Айко-о! Біз сен үшін мақтанып, қоқырайған қораз
боламыз. Ал сен... әлің Мәкең екеумізді төпелеуге
жетеді, Әлиге сыпайы бола қалыпсың-ау... Ойбай,
қойдым! Әлеке, дәптеріңді маған бер, Айконың қолы

тоңып қалады,-деп Тұрды ішкі қалтасына салып,
сыртынан қағып-қағып қойды.

-Жақсы, тез жазылып кет.

-Менің кеңесімді ұмытпа!-деп күлді Әлиге.

Бұл үшеуі бір шақырымнан көп жерді әңгімемен
қалай жаяулап өткендерін байқамай, сіріңкенің тік
тұрған қораптарындай, студенттік жатақханаға жетіп
қалғанда аңғарды.

-Кел, Айко, сырғанатайық!

Кең асфальттағы мәшинемен тапталған қалың
қарда екі жігіт екі қолынан сырғаната жүгіріп келе
жатқанда, Тұрдының аяғы тайып кетіп, үшеуі аппақ
қарға омбықты.

-Сен аяғымнан шалдың ба, Мәке? Мәс-саған!

-Ой, жалақор! Ал саған!

Айдын екеуін де домбаз қармен атқылады.

-Жау шапты! Жау, жау!

-Тойтарыс беру керек!

-Аха-ха-а!

-Ух! Рахаттанып қалдық-ау!

-Жәнім кірді-ау, Айко, шаршамадың ба?

-Жоқ, мен де рахаттандым.

-И, жәнім-м! Жаңа жыл жақындап келеді. Қайда,
қалай қарсы аламыз, а?

Айдын ойланып қалды, себебі жаңа жылды бірге
қарсы алуды Датқа Жанаттан сұранған екен. Жанат
Айдынның бірге болуын өтінген-ді.

-Жанаттың әскердегі досы келген екен, сол біздің
бөлмеде бірге қарсы алмақшы.

-Онда, мен де ауылдың хабарын алып қайтайын.
Әли де оған дейін ауруханадан шықса, үйге бірге
барармыз.

-Иә, елге барып қайтқаның дұрыс. Тез келесің бе?-
деп сыбырлады Айдын.

-Әрине, жылдам қайтамын. Мүмкін, біздің ауылға
бірге барып келерміз, Айко?

-Ұяламын.

-Ол жақтағылардың бәрі де сені таниды, аты-
жөніңді, жағдайыңды біледі. Ең кішкене қарындасыма
дейін сенің суретіңді көрсетіп, «қашан келеді біздің
үйге?» дейді барған сайын. Енді, құдай қаласа, биыл...

сол өз үйіңе барасың, жаным.

Тұрды артта жәймен келе жатқан-ды. Сөздерін
анық естіді. Ішіне бір аш көкжал кіріп, сойылды
тырнақтарымен аяусыз осып-осып жібергендей, іші
ашыды, жан дүниесі қан-жоса болды. «Не дейді?!»

-Ойба-ай! Мына екеуі мені қара шыбын құрлым көрмейді-әй, аһ? Мен жоқтай-ақ сыбырласып... Қарашы-эй!-деп Тұрды екі ғашықтың қолдарын ажыратпақ боп, кірікті.

-Тұреке, Жантық болайын дедің бе? Арғы шетіне
шықсайшы...

-Сары шыбын, мұнда келші, мына қолыма кел!

-Қодар
боламын
мен!-деп
Тұрды

ұстасқан
қолдарды шынымен-ақ күш сала бөлуге кірісті.

-Қодар, қолымды ауыртасың, сазайыңды беремін
қазір! Сенің орның оң жақта ғой... Былай шықшы!-деді
Айдын.

-Ә, оң қол, оң жақ менікі, хи-хи!

-Мәз болма, Қодеке! Өкпе сенікі, сол жақтағы
жүрек менікі! Аха-ха-а!

Екі жігіт тағы да жас балаша алыса кетті.

-Үстілерің су болды ғой, ақымақтар! Қойыңдаршы
енді. Онда, мен кеттім!

-Қойдық, болдық,-деп күлді Мәди.

-Тоқта, Айко, кетпеші. Менсіз кетпейсің ешқайда!
Осыны ұмытпа!-деді Тұрды мұның оң қолының
саусақтарын сүйіп.

...Жатақханаға келген соң Мәди Айдынды бөлмесіне дейін жеткізді. Дәліз соңындағы терезе алдында біраз уақыт қоштаса алмай тұрды.

-Мәди, Тұрды неге «Қодар боламын» дейді?

-Оның сөзі не, өзі не. Қылжақбас қой, білесің.
Соған мән бермеші.

Айдын күрсінді. Баяғыда «Достық пен махаббат»
туралы диспут болған күнгі масаң Тұрдының сөзі

қайта жаңғырықты.«Айко, сол Мәди не береді саған, а?
Не күтесің одан, а? Одан гөрі өмірден менің алатыным
көп, мен ептімін. Сен қаласам менікісің, мен сені
сүйемін. Мен тірі тұрсам, екеуің қосылмайсың!»

деген-ді.

Әлгінде «Қодармын» дегені сол оқиғаны тірілтті.
Екеуінің қолын шын ниетпен бөлуге әрекеті, ойнаған
боп Мәдиді төмпештеуі – оның қызғанышы сияқты
көрінді. Айдынның көзіне жас келді, денесі түршікті.

-Айко, көңіліңді түсірмеші соған бола. Жарай ма?

-Мәди, мен шынымен қорқайын дедім. Ол... ол
ше... баяғыда бір сөз айтқан еді... Мен оған мән бермей
келіппін-ау қазірге дейін...

-Қойшы соның сөзін! Қазір бөлмеге барып, жарты
сағаттан соң келемін саған. Сосын оқу залында сабаққа
дайындалайық, мақұл ма?

Бұл бас изеді.

-И, жаным-м менің!

Айдын өз бөлмесінде тамақтанып отырғанда,
Тұрды келді, Әлидің дәптерін берді.

-Айконь, не болды, мазаң жоқ қой?!

-Басым...

-Кәні-кәні, ыстығың бар ма екен? Өзім емдеп
қояйыншы, көрейінші,- қыздың маңдайына қолын соза
беріп еді, қыз қолды кері ысырды. Қолын қусырынып,
үнсіз тұра берді.

-Не болды, сонша!? Жарасып-ақ қалыпсыңдар! Сен
ғой, қолымды қағасың... Ол мені адам демейді! Өзара
сыбырласып... менсіз не істей аласыңдар сендер?!

Айдын үндемей тұра берді.

-Көрерміз!-деп Тұрды кері бұрылды да, ең төменгі
қабатқа дейін баспалдақ жақтауларын тепкілеп, сақыр-
сұқыр тарсылдатып, төмен түсті.

Бұл Айдынның осы жасқа дейін жақын адамынан
көрген алғашқы соққысы еді. Көңілі алай-дүлей, ең
жақын ет бауыры қайтыс болғандай, жүрегі сыздады.
Жыр өрілді.

Жүрегім жылап, күрсіндім,
Пердесін түріп бір шынның.
Оспашы улы тырнақпен,
У сөзін айтып, бір сырдың.

Жан досым, бүгін қандайсың?
Түлкідей бізді алдайсың.
Ғашық боп сүйген жүректің,
Сыңарын неге таңдайсың?

Бөлмеші, бізді бөлмеші,
Сайтан тілге көнбеші.
Жүректі бергем досыңа,
Сезімсіз ете көрмеші.

Тілегім таза, тұп-тұнық,
Адам боп қалу – мықтылық.
Жауқазын ғұмыр тілеп ем,
Тағдырға кетпе түттіріп.

Бөлмеші бізді, сұранам,
Мәдимен АРМАН құрағам.
Өзіңнен шыққан жау жаман,
Өзектен теппес ұлы адам.

Дәлізде аяқ дыбысы есітілді. Жүрісінің тықылынан
танитын әдетімен «Бұл -Мәди» деді сезімі.Есік
қағылды.

-Айко, Мәди шақырады,-деді Жанат.

Айдын қалам-қағазын ала шықты. Мәди күтіп тұр
екен. Мұның бетіне бетін тигізіп, иіскеп алды.

-Тамақтандың ба?

-Иә, -деп еркелей жауап берді қыз. Әдеттегідей, бір
саусақпен жетектесіп, екеуі оқу залының бір үстеліне
жайғасты.

-Тұрды бізге ренжіп қапты. Киініп, сырттан арақ
әкелуге кетті. Қызық екен, онысы несі? Мен ойнап жүр
ме десем, расымен ашулы,-деді Мәди.

Айдынның жанары алы-ыстағы бір нүктеге байланып, ойға шомды. «Тұрдыны осынша шошындырған не нәрсе? Мәдидің Айдынға айтқан

сөздері ме? Басқа не өзгеріс, не себеп болды осы
арада? Ештеңе! «Құдай қаласа, сол өз үйіңе биыл
барасың» деді Мәди. Осы сөз оған оқтай тигені ме?
Тұрдының қазіргі сөзі мен қылығын айтуы керек

шығар? Айтса, араға шоқ салғандай бола ма? Әрі
Мәдидің оны «қылжақбастың сөзін қайтесің» деп, ылғи
да мән бермейтіні, айтқызбайтыны бар емес пе?
Қайсысы жөн? Не деген тап-таза пейілді едің, Мәди?

Дос деп таныған Тұрдының шымылдығын ашып,
бетпердесін шешіп, 5 қабаттың баспалдағын аяғымен
теуіп кеткенін қалай айтады енді? Бұрынғыларын
мастықпен бүркеді. Бүгін ішпеген ғой! Ішпеген!»Мәди

екеуінің кішкене саусақтарын іліністіріп, кітабына
беріле үңіліп отыр. Айдын «Әзірбайжанның кемпірі»
дейтіндей, ұзын кірпікті қатпарлы қабақтарын оқтын-
оқтын ашып-жұмып, алдына аздап тіке қарап алады да,

қайта кітапқа үңіледі. Қаннен қаперсіз, сабаққа беріле
кіріскен жігітті ойы шашылған Айдын елеңдетті.

Айдын ақ қағазға: 10/10 = ? деп жазып, оған
ысырып қойды. Ол «1» деп жазды. Айдын бас
шайқады. Мәди «дұрыс қой» деп сыбырлады.

-Онда, атыңды жазып, қолыңды қой, -деді. Жігіт
солай жасады.

Айдын «1» -ді қас, 0-ді көз, «теңді» мұрын, ауыз
жасап, шаш пен бет, құлақты қосып, күлкілі бейне
жасады. Оған «Растаймын. Мәди.» деп жазылып, қолы
қойылған. Қайта ысырды. Екеуі де үстелге бастарын

қойып, үнсіз селкілдей күлді. Аздан соң күлкілерін
басып, тіктелді. Мәди қыздың екі қолын бірдей
алақанына салды.

-Айко, бір қолың ыстық, екіншісі мұздай ғой.
Неге?-деп жазып, қағазды ысырды. Айдын жүрегі
ауырып, қан дұрыс жүрмегенін түсінді. Бірақ, сезімі
сыздап басын сәл қисайтып, «білмеймін» деп ишара

жасады. Сабаққа ден қойған болды.

Айдын әлгі ақ қағазға өлең жаза бастады.

Бір қолым - жалын, бір қол - мұз,
Бір демде ысып, мұздаймын.
Сыр төгіп көңіл – қылқобыз,
Айтпауға шарасыздаймын.

Ауысып қаным үлгермей,
Алмасып сезім жүргендей.
Ұрланып қарай беремін,
Тұрармын қалай бір көрмей?

Шашыңның толқындарына,
Шуағым ақтарылды да,
Шымырлап құйқаларыңда,
Айналдым солқылдарыңа.

Айта алмай жүрген бір үннен,
Бір үннен туған дірілден,

Солқылдап соқты дүние,
Нұр шашқан отты түріңнен.

Өртенді сезім, өртенді,
Өрт шалса қайттім өлкемді?
Күнім боп мәңгі тұруға,
Берші сен маған серт енді.

Ол шынашағымен жалғасып, беріле кітапқа үңілген Мәдиге тағы қарады. «Алыстамашы, арманым» деді іштей. Айдын Әли берген дәптерді ашты. Көңілінде «Қыз Жібек» фильміндегі ақбозаттың жүгені қолынан сырғып, шығып бара жатқан сәттегі Жібектің сезімі күмбірлеп тұрды. Мәдимен жеке бір рет те қыдыруға шықпағанына; «суды басып кетпеші» десе, әдейіге су кешіп тұратынына; «сүйші» деп жалынса көзін жұмғызып, аузына бірдеңе салып жіберетініне; өмірде бір рет те «сүйемін» деп айтпағанына; бір рет болсын тілін алмағанына тап қазір көз жіберіп, тап қазір өкініп отыр. Неге ылғи да Тұрды қастарында жүрді, неге? Неге оның арамза ниеттерін қанша естісе де Мәди екеуі шынға баламады? «Сені сүйемін, Мәдимен мен тіріде қоспаймын» десе, сол кезден неге іргені аулақ салмады? «Айдынды сүйемін!» дегенін барлық достары естіді. Мәди де. «Оның сөзіне мән

бермеші»дей беретіні-ай! Сол кезден бастап, сорға
қарсы тұрудың орнына сорын жабыстырып ұстағаны
несі бұлардың? Қанда-ай ақымақтар еді!? Енді не істеуі
керек? Осыдан екі сағат бұрынғы жұмақ өмірі әп-сәтте

қалай тозаққа айналып кетті екен? Айтып келген
ажалды дос деп есептегені несі?! Айдын өзге түгіл өзін
де танымайды екен-ау... Міне, Мәдидің бұл құбылысқа
қазір де көңілі көр. Ал,қазір-ақ түсіндіріп бақшы!

Достардың арасына жік салған әзәзіл боп шыға
келерсің. Не істеу керек?!»

-Айко, сабағың кәні? Оқымайсың ба? Өлең жазып отырсың ба? Осы сенің менен де жасырып, оқытпайтының не, әкелші оқиын.

-Бағана Әлидің бергені ше, соны қарап отырмын...

-Ә, иә. Жаңа біразда Тұрды есіктен қарап тұрды
ғой. Көрдің бе? Удай мас. Оған не боп жүр өзі?

-Мәден, мен одан шын қорқайын дедім,- Айдын ол
туралы бәрін айтайын деп тағы сөз бастады. «Оған не
болып жүргенін» Тұрдының өз сөзімен айтпақ болды.

-Жаным менің! Қорқақ ақ қояным-ау! Сары әтеш
шақырар мезгілін білмейді.Мән бермеші соның сөзіне.
Арақ ішіп, бірдеңеге ұрынып қалмаса, жарайды.

-Иә, аман-сау, бәледен аулақ болайық.

...Айдын Әли дәптерін оқи бастады.

Қиын-ау қыз дегенің, қыз дегенің,

Сен болдың өмір бойы іздегенім.
Өзімнен аздап үлкен болдың неге,
Қиын-ау менің сені «сіз» дегенім.

-Мәден, Әлидің қызы қайда, білесің бе?

-Білмеймін. Қызға жазып па? Кәне,-ол да үңіліп
оқи бастады. Күлді,-бәлекетін қарашы өзінің! Айко,
сен енді басын оқып отырсың ба, а? Бағана не жаздың
сонда, берші-і...

-Қойшы, кейін...

-Иә, құдайқаласа дейін, кейін бәрін оқитын
боламын ғой. Үйден басқа қайда жасырарсың сонда,
айтшы? Аяқ-қолыңды байлап тастап, маған жазған
өлеңдеріңді айқайлап оқып, жар саламын. Сонда, не

істейсің, ал?! Айтшы!-Мәди сыбырлап отыр.

Айдын бір саусағымен оның екі бетінен төмен
қарай алма-кезек сызды, «ұят» дегені.

-Ә, ұят болады. Қой, сабақ оқиық.

Айдын Әлидің жазғандарын оқып, кей жерлеріне
қаламмен түзетулер енгізіп отыр. Соңғы бетіне жетті.
Көргеннен мен өзіңе ғашық болдым,
Білмеймін, сен дегенде жасық болдым.

Сен мені ақын еттің, жақын еттің,
Қинайды-ау тозақ оты ақыреттің.

Шын сүйген жүрегімнің күнәсі не,
Сүйіктім, неге мені жақын еттің?

Бауырым мен мені бірдей ғашық етіп,
Бауыры, бүйрегі жоқ тақыр еттің.

Айдынның жүрегі ауға түскен балықтай тулап
кетті. «Не дейді?! Сұмдық-ай! Не оқып отыр бұл!?
Бүгінгі күн не деген ауыр еді! Осы батқан күнмен
бәлекет кетіп, кешегідей жаңа күн күліп шықсыншы.

Нем бар еді дәптерін оқып! Енді не істеймін? Қой,
көрмеген болайын, өшіргіш қайда, салған белгілерімді
өшірейін» Айдын орнынан көтерілді.

-Қайда,шаршадың ба?-деді Мәди бұған аңтарылып.

-Менің ше... менің... жүрегім ауырып...

-Бәсе, түрің қашып кетіпті ғой, отыра тұр, мен бір
стакан ыстық шәй әкелейін.

-Мәди, өшіргіш резина ала келші...

...Құлағы шуылдап, екі самайы солқылдаған Айдын
Әлидің дәптеріне тағы көз салды.

Айдыным, айналшықтап кете алмадым,
Үлкеннің өткелінен өте алмадым.
Өтіпті төрт жыл міне, жыр арнадым,
Қол созған арманыма жете алмадым.

Осылай хат берсем де арманым жоқ,
Қайтейін, бақытыңа жет, ардағым.

Мәди тәтті, ыстық шәй әкелді.

-Қалайсың? Барлық нәрсені жүрегіңнен өткізетінің
не осы? Тұрды жатыр әне, қорылдай ұйықтап.

-Иә?! Ұйықтап жатыр ма? Дұрыс бопты басылса,-
Айдын оның ештеңеге ұрынбағанына қуанып кетті.

-Айконь, сол досыңды көп уайымдай бермеші.
Жүрегіңнен айналайын сенің! Ол жүрек расымен-ақ
ауру боп қалса, мен қалай күн кешемін? Ол ақылсыз
әтешті өзінің иесі уайымдасын.

-Иесі кім қазір? Дина ма?

-Кім білсін кім екенін, оның қызы көп қой әйтеуір.

-Да-а?! Көп болғаны дұрыс бопты!

-Иә?! Сен «көпшеге» қуанбаушы ең ғой, не болды
бүгін, а? Жаңалық қой... Онда...-Мәди әзілдеп күліп
алды. «Мен де» деген сөз айтылмай қалғанына Айдын
да мәз болды.

-Жоға, бірі болмаса екіншісіне ғашық болса екен дегенім ғой. Махаббат деген – құдірет емес пе? Оны тәрбиелер еді. Сабағыңды оқи берші, мен дұрысталдым.

Айдынға расында жеңілдік пайда болды. Дәптердің
орта шенінен «көрілмеген» болуы үшін өзі енгізген
өзгерістерді өшірді. Аңқау Мәди оны аңғармады.

-Мен демалсам ба деп...

-Иә, жүр, бөлмеңе апарып салайын.

-Әлидің дәптерін өзіне бер, әркімнің қолында
жыртылып, не жоғалып кетпесін. Жақсы екен, мазам

болмай,
аяқтай
алмадым,
өкпелемесінші.

Ертең
берерсің, жақсы.

-Жақсы жатып, жақсы түс көр,-ол бір сүйіп,
бөлмесіне кетті.

...Айдыннан бүгін тағы ұйқы қашты. Сыртқы
бейнесі Мәдиге мүлдем ұқсамайтын Әлиді елестетті.
Дөңгелек жүзді, қалың қасты, тәмпіш танау інісін «Ол
анама, мен әкеме ұқсағанбыз» дейтінін естеді. Әли

мұны ұнатып қалатындай, ойласа дым да болмапты.
Мүмкін бұл қате түсінген шығар? «Аққу, айдын» деп
жаза береді ғой ақындар. Ләйім қателік болсын. Ғажап
дейміз-ау. Бұл сияқты ғажаптың барынан жоғы!

Аллам-ай, мұндай азаптан сақтай гөр!» деп сиынды
Айдын.

Келесі күні таңертең институтқа асығыс кетіп бара
жатты. «Айко-о!» деді Мәдидің үні артқы жақтан. Бұл
жүрісін бәсеңдетті, «Тұрдымен қалай кездесеміз...»
деп, ол жаққа бұрылуға дауаламады.

-Қалайсың, жүрегің дұрысталды ма?-деп қол созды
Мәди.

-Иә...

-Айко, достасамыз ба?-деп Тұрды оң жағынан
ыржия күліп тұр,-кел, маңдайыңды әкел.

Айдын мойнын оңға бұрды, Тұрды маңдай
түйістіріп, мұның ұзын баулы сөмкесін өзіне асынды
да, қолтықтады.

-Мені енді күйдірме, жарай ма? Әйтпесе, мен
арақкеш болып кетемін. Ол саған батпай ма, а?

-Мен қалай күйдіремін, от емеспін.Өзіңнің көзің
лупа боп, энергия жинаған шығар. Тез тұтанатын,жел
тұрса домалаңдап ұшатын қауқарсыз қаңбақ болмашы
сен де.

-Лупа... Отсың сен, күнсің сен!

-Қойшы енді, қазір тағы ұрысып қаламыз, қаңбақ
шал.

-Кім дедің? «Қаңбақ шал?» Дұр-рыс, енді атың
табылды сенің, Тұреке,-деп Мәди мәз.

-Жоқ-ә, түзету керек аздап. «Қораз басты қаңбақ
шал»,-хи-хи-хи, немесе, «қаңбақ денелі сары әтеш-ш»-
деп Тұрды қыт-қыттай күлді.

Айдынның жүрек жағында ауырлап тұрған зілдей
батпан екі жігіттің жарасты күлкісінен үгітіліп, ұшып
кеткендей жеңілденді.

ХІІ –ТАРАУ

АРУАНА

Ас қадірін білмейді ашықпаған,
Ерлік шықпас қорқақ пен жасықтардан.

Міркәм дүние... Ұрлайды өміріңді,
Аңыз қалар шын сүйген ғашықтардан.

...10 класта жүргенде Айдынның үйінде бірер ай
жүрген суретші Ғани Ильяев ағасы мұның салған
суреттерін көріп, астанаға оқуға әкетпекші болған-ды.
Бүгінде Айдын осы мадақты ескеріп, үлкендеу

форматқа ауылына кеткен Мәдидің графикалық
портретін салды. Маман еместер үшін тәуір шықты.
Айдын төсегі тұсындағы Датқа мен Гүлнәрдің ағасы
майлы бояумен салған өз портреттері орнына өзі

салған Мәдидің портретін ілді. Күнде де, тіпті түнде де
оқу залында уақыттарын бірге өткізіп, Мәдиге әбден
бауыр басып кеткенін тереңірек білді. Нақыш пен
Өркеннің сезімдерін құрметпен еске алды. «Екі-үш

күн – қыздар каникулдан келгенше ілейін. Мәди жаңа
жылда жанымда тілек тілеп тұрсын»,- деп шешті.

Ескі жылдың соңғы күнінде жатақхана іші босап,
ілуде бір терезенің шамы жанды. Жанат та бөлмеде
Айдын екеуі жаңа жылдық дастарханды жайып,
кішкене шыршаны безендіріп, Жанаттың 2 жыл

сағындырған ғашық кластасы -Датқаны күтіп отыр.
Дәлірегі – Жанаттың өтінішімен Айдын күтуші

болмақ. Келген екі қонақтың ортақ әңгімесіне бұл
кірісе алмай, уақыт қызықсыз еді.

Есік қағылып, мұны Тұрды шақырды.

-Не істеп отырсың, сыртқа қыдырып келейік.

-Жанаттың кластастары бар үйде, ұят қой.
-Несі ұят, тамақ бердіңдер ме?
-Иә.
-Онда шәугімін қой да, жүр. Қыз-жігіт боп пар-пар

болмақсың ба?
-Жо-оқ, тіпті де олай емес.
-Қайта, олар сенсіз еркіндеу отырады, кеттік.
Айдын осы жайды Жанатпен ақылдасып, жөн

көрісті.

...Тай құлындай тебісіп, бірге өскен бауырдай,осы
Тұрды Айдынға кей мінезі ұнамаса да жақын, көрмесе
алаңдайды.
Самаладай жап-жарық кең көше. Әуеден қонып

жатқан мыңдаған ақ көбелектей ақша қарға алақанын
тосып, Айдын Мәдиді ойлады. “Ауылда да осылай қар
жауып тұр ма екен? Мәди мен Әли бірдей барып, ата-
анасының көңілдері асып-тасып, қуанышты болар.

Көкесінің денсаулығы, әпке, іні- қарындастары қалай
екен? Үлкен ұлдың иығына түсер шаруа салмағы
ауырлау. Өз үй-іші тұрмақ жолдастарына мейірімді
Мәдиім ауырларын жеңілдетіп, бәріне қамқоршы, тірек

болады, әрине” «Мына Айдын мені бос орындай

санап, мән беретін емес қо! Ол анау ұзынтұраны ойлап
келеді, әрине. Ащ-щ!»
-Айконь, не ойлап келесің, Мәкеңді ме?
-Жоқ, жәй...

-Ауылда кластастарымен вечер жасап, мектептегі
махаббаттарымен қуана кездесіп жүрген болар...
Айдынның бетіне үңіле қарап еді, ол үндемей,
бұрынғыдай жүре берді,-Айко, соңғы кезде сен

маладес боп келесің! Менің тәрбиеме көніп, ә?
-Одан бұрын “емес” болғаным ба?
-Жо-оқ, ойбай. Бұрыннан маладес болған соң
қасыңда жүрміз ғой қорғаның боп.

-Қойшы, қаңбақшал! Кімнен қорғап жүрсің?
Тұрды қыт-қыттай күліп, мұны құшақтай көтеріп,
шыр-көбелек айналдырды.
-Қой деймін, жүрегім-м,-деді Айдын.

-Қаңбақ кеуделі сары қоразбын мен, хи-хи!
-Қаңбақ жүректі де, иә, қаны жоқ қабық жүректі
қоразбысың сонда-а? – Айдын да дауыстай күліп алды.
Екеуі қол ұстасып, асықпай алаңға бет алды. Онда

әсем шырша безендіріліп, түрлі программалар өтіп
жатуы керек.
-Айтпақшы, сұрасам бола ма? Дина көрінбей кетті
ғой?

-Эй, қойшы сол қызды. Саған да ұнамады емес пе?
“Қой” деген сен едің-ау, ә?

-Оны да бір ұлы тәрбиеші тәрбиелеген-ау, соңғы
кезде ұнайтын маған.
-Қыз кө-өп. Жаныңды түсінетін, қысылғанда
ақылшың, шын тілектесің керек қой. Сен сияқты,

жаным.
-Жаным деме деп тәрбиелемедім бе сені? Мен
сияқты тілектестер досың болады, ақымақ қаңбақ!
-Қораз жаңылады, кешірші... Жа...

-Ашу деген айбалта мезгілсіз шақырған әтештің
басын шауып тастаса, аянышты-ау.
-Сенің қолыңнан аяланып өлген адамда, арман
болмас, Айдын. Түсінгің келмейді мені.

Айдын мына шын ықыласты сөзге дір етті, бірақ,
өзгерісін сездірмеуге тырысты.
-Сары әтеш, басыңды тос! Кесіледі! – деді қыз.
Тосылған басты қармен ысқылап, мойнына қар

салды да, Айдын жүгіре жөнелді. Көпшіліктің арасына
араласып кетті де, концерт тыңдап тұрды.
-Айко, -деп мұны Сақыш арқасынан қақты,-жаңа
жылыңмен! Бір өзің бе?

-Иә. Тұрды бар еді, тығылып кетіп қалдым.
-Неге?
-Ұнамай қалды. Өзің ше? Ауылға бармапсың ғой?
-Иә, жігіттермен серуендеп жүрміз. Тоңған жоқсың

ба? Жүр, жылынып, кофе ішіп алайық.
Бұлар дәмханадан жылынып алды.

-Бағана бөлмеңе барған ем, ешкім жоқ болды. Сені
ауылға кеткен болар деп ойладым.
-Бөлмемізге Жанаттың кластастары келетін болған
соң, дүкенге кеткен болармыз.

-Келді ме?
-Иә. Мен өздері еркін отырсын деп уақыт бердім.
Не жаңалық? Денсаулығың қалай?
-Айтарлықтай өзгеріс жоқ, бірқалыпты сұрықсыз

күндер өтуде.
-Иә... Жүрек деген неге соншалықты сезімтал
болады екен, менің де жүрегім ауыратын болып жүр.
-Айко, дәрігерге қаралу керек қой. Аурудың алдын

алған жөн. Қаралсайшы.
-Адамдар жасайтын ауруға дәрі ем болмас, сірә.
Дәрі ішесің, емдейді. Себеп тағы да ауыртады.
-Иә, дұрыс айтасың.

-Осы сен мені әрқашан жөн санайтының не?
-“Онда, сен ауырма” дегенсің. Тыңдадым. Енді
сенен талап етемін, мықты бол да, сен де ауырма.
-Қыздар табиғатынан нәзік, ауру-сырқау, жылау

сияқты сезімдер жараса береді.\
-Жоқ, сен қыз ғана емес, ақынсың. Ел ақындарға
құрмет жасап, еліктеп,ақылын тыңдайды, үлгі іздейді.
Ақындар мықты, табанды, әділетті, і-і...өткір наркескен

болуы тиісті.
-“Ақын” деп айдар тағуға маған әлі ерте. Ондай
атты күн қайда-а?

...Ақ пальто, ақ шапка, ақ ботинка, ақ шұлық киген Айдынды Сақыш жетелеп келеді. “Жаны да аппақ періштем, келе жатқан жаңа жыл саған бар жақсылығын сыйласыншы. Жер бетінде сен күліп жүрсең, сенің көңілің көктемдей шуақты болса, менің бір мұратым сол” деді іштей. Жатақханаға жақындау бұларды Тұрды қуып жетті. -Сені іздеп қорқып кетсем, ұрымыз таныс екен ғой. Серуенде-еп... -Менің бауырымды адастырып кетіп, қайда жүрсің, Тұреке? Жаңа жылыңмен! -Бірге болсын, рахмет. -Бұл өзі сондай, әп-сәтте ұшып-қонып кетіп қалады. Сондықтан, паспорттағы атын өзгерту керекау,-деп күлді Айдын. -Иә, жаңа жылда жаңаланайық, Сақаңа да ат қояйық.-Тұрды қыт-қыттай күлді,-мен Қаңбақшалмын, бұл? -Мұның да аты бар-ау, айтпақшы. Айта берейін бе, Са-қы-ыш? -Мен ше, мен... ағаш-кірпікпін... -Немене? Шө-өп, шөп сәл майдалау ғой, шөп-кө-өз, де-ші,- Тұрдының ішек-сілесі қатты. -Жо-оқ, тікен көз ғой, -деп Айдын да мәз,-оша-ғаан өс-кен... -Ошаған ба-а? Ті-ке-не-ек?! Әй, Сақа-а! Көзіңе түскен о-ошаған аттың тұяғына кірсе,ат өле-ді. С-сенің

кө-өзің не-е болды ен-ді? -Тұрды жатып-тұрып, Сақыш екеуі құшақтасып күліп, мәз. -Бұл жаңа аттарымызды атап өтпесек болмас, а? Қашан, Сақа, бүгін бе?\ -Мейлі, ақылдасайық. Үшеуі Айдынның бөлмесіне келді. Қонақтар әлі отыр екен. -Жоғары шығыңдар,-деп Жанат төрге шақырды. Аман-саулық, шәй ішуден соң жақ-жақ боп, домино, шашка ойналды. Жеңілген жұп шарап ішіп, ән салып, анекдот айтып, «айып» төледі. Жаңа жылға жарты сағат уақыт қалғанда қыздар дастарханды қайта жаңалады. -Айко, жіп әкелші, бір ойын бар еді,-деді Тұрды,- білегіңді әкел,-деп үш шиелеп байлады,-байлап қоймасақ, а... Жігіттердің көзі түссе, көрсін,-Тұрды қыт-қыттады. Хи-хилады. -Өй, Тұреке, жұрт алтын сақина тағып белгілесе, сен... жіп білезік... Бәрі шуылдасып, әр саққа жүгіртіп отырды. “Тілегімді түйін етіп байладым, шешпе” деп сыбырлады ол Айдынға. Бұл жымиып, үндемеді. Айдын Жанаттың бақытын тіледі.“Мен сені бақытты етемін” деген Датқаның осы қадамында шешуші мән бар деп сенді. Осы мақсатына жол ашқысы келді. -Датқа, сен де білегіңді маған соз, үш тілек тіле, - деп Айдын да жіп білезік байлады. Тұрдының әдісімен

оның құлағына сыбырлады. “Сен жаңа жылдың
алғашқы жарты сағатында қандай үш тілегің болғанын
маған айтасың!” деді күліп. Ол да күліп бас изеді.
-Өй, мыналар қайтеді-әй! Сыбырласуға болмайды!-

деді Тұрды.
-Сенің сыбырыңды әрі өткіздім ғой,-деді Айдын.
-Ойбай-ау, өткізуге болмайды ғой, Айконь.
-“Сынықтан

басқаның
бәрі
жұғады”
деген,

сыбырды сыбырмен қайтардым.
-Білезікті басқа білекке тақтым де,-деп Сақыш мәз.
-Жаңа жыл есік қаққалы тұр, жігіттер, 10 минут
тәнәпіс жасайық.

Төрт жігіт сыртқа шықты. Дастарханмен абыр-
сабыр жүрген екі қыз сыр бөлісуге асық.
-Неге жіп байладың?-деп Жанат сылқылдай күлді.
-“Үш тілегіңді алғашқы жарты сағатта маған

айтасың” дедім. Саған не жаңалық айтты?
-Жаңалық жоқ, сен арқылы еститін болдық-ау
соны,-деп Жанат күле берді.
-Соның мерзімін тездетейін деп, Тұрдының жіп

байлағаны бізге жақсы себеп болды ғой. Баяғы төрт
ауыз сөзінің нүктесін Датқа бүгін қояды деп ойлаймын.
-Білмеймін не ойы барын, әйтеуір Маржанға “Мені
күтпе, дос болып қалайық” депті ғой...-Жанат көзіне

жас алды, Айдынның мойнынан асыла құшақтады.

-Жанка, әрине, бәрі де біз күткендей болады. Өзің айтушы ең ғой “Ол бір сөзді, қайсар мінезді” деп. -Иә, сондай ғой. Сырттан аяқ дыбысы жақындады. -Ассалаумағалейкүм-м!-деді Сақыш. -Уағалейкүм, төрлетіңіздер,-деді Айдын. Алғашқыдай тосыраймай, үйренейін деді ме, Сақыш пен Тұрды болған соң еркіндеді ме, Айдын мына қонақтармен аздап қиюласайын деді. “Әрине, Жанаттың көңілі үшін сыйлап, риза етуіміз керек қой. Мұндайда Жаһан мен Әсем, Сәбештердің орны қалай білінеді деші! Олар болғанда тым-тырыс болмас едік!” Сақыш пен Тұрды қонақтардың жағдайын жасап, бокал-стакандарды реттеп, тост берді. -Ал, қонақтар! Хош келдіңіздер! -Жаңа жыл жаңа қуаныш әкелсін, сол үшін!-деді қонақ. -Сіздермен екі жылдан соң сағына көрісіп отырмын. Әскерлік борыш өтелді, тағы да орындалмаған борыштарымыз бар, оқуымды қайта жалғасам деген тілегім бар. Осындай ізгі ниеттер әр көңілде көп шығар. Орындала берсін, жаңа жыл құтты болсын!-деді Датқа. Сосын екі қыз. Сақыш пен Тұрды тілек айтты. “Мәди, жаңа жылыңмен! Алдымен ата-ана, бауырларымызға амандық, сосын өзімізге ақ жол

тілейік! Жаңа жыл өлмейтін өмір, баянды бақыт
берсін!” деп көзін жұмып, іштей тіледі Айдын.
-Өй, Айко! Ұйықтап кеттің бе, қолыңды созсайшы,-
деген Тұрдының үнінен сергіген қыз:

-Ә, иә! Жаңа жылыңмен!-деп рюмка қағыстырып,
күлді.
Жігіттер қол қысысып, қыздарды беттен сүйді.
Тамақтан соң бәрі сыртқа шықты. Екі топқа бөлініп,

қар атысты, одан қыздарды сырғанатып, “жарысты”.
-Айды-ын, білезігің қиып барады, ұмыттың ба? –
деді Датқа дауыстап.
-Иә, мұнда ке-ел,-деп Айдын да дауыстады.

-Оны қайтпексің?-деді Тұрды ұнатпай.
-“Кейін айтам” деп сыбырлады қыз Тұрдыға.
Жанатты сырғанатқан екі кластас бұларға келді.
-Сен төртеуің серуендей тұрыңдар, бізде құпия

бар,- Айдынның жүзі бал-бұл жанып, Жанатқа қулана
қарады. “Сүйіншіңді дайында” деп сыбырлай күлді.
-Өй, көз алдымыздан ұзауға болмайды, рұқсат жоқ,
Дәке.

-Жо-жо! Ұзамаймыз, осында...
-Ал, айта бер. Бірінші тілегің не?-деген қыз
сұрағына
жігіт

күлкімен
жауаптасты.
Датқа
бүркіттерше шаңқ етіп күледі екен.

-Ол саған байланысты,-деді.

-М-маған?! Қалай? “Ә, Жанатты тұрмысқа шығуға көндір” дейтін шығар?»- Маған байланысты нәрсе оң шешіледі. -Оны соңынан айтайыншы. Екінші тілегімқасымдағы жігіт қызымен өкпелесіп қапты. Осы сапарда түсініссе екен. Үшінші тілегім – спортфактағы оқуымды жалғастырсам дұрыс болар еді... -Әрине. -Ол да саған байланысты... -Маған?! Қалай оқу маған байланысты? Мен ректор болғам жоқ әлі, Дәке, - деп күлді Айдын,-оны өзің және ректор шешеді. -Түсінбедің. Ректор мен өзімнен де... сен күшті болып тұрсың ғой,-Датқа ауыр күрсініп, үнсіз төмен қарап, біраз жүрді. Айдын қорқайын деді. Сөз қосқысы келмеді. “Кетіп қалсам ба аналар жаққа” деп бір ойлады, «бірақ, аяғына дейін Манат үшін шыдауым керек.» Айдын үндемей тыңдап келеді. -Айко-о! Келіңде-ер!- деп айқайлады Тұрды. Бұл күліп, қол бұлғады. -Айко дей ме|? Хахол, хахлушка болыпсың ғой... Айдын деген атың қандай әдемі. Айдындай жарқырап, мөлдіреп демей ме?

-Мөлдіреп емес. Айдын көлге үйрек те, қаз да, аққу да, шаян да, шортан да, бақа да үйір. Сондықтан, мөлдір бола алмайды. -Ім-м! Солай де... Айдын, ұзартқанмен болмас, жіп таққаның әңгімені тездетті. Әлгінде “оңына шешемін” деп едің... Бірінші тілегім... Датқа ұзақ ойланып, тағы да күрсіну жалғасты. -Әкесі өлгенді де естіртеді ғой. Не еді ол сонша маңызды, сонша ойланатын? -Иә! Мен бұл тілекті екі жыл ойландым. Ойлану үшін оқуымды тастап, әскерге сұранып кеттім. Солай, өзім шешім қабылдадым. Ендігісін сен шешесің, сен... -Мен?!! Мен не шешемін? Айтшы, қазір-ақ шешіп, кесетіні болса шорт еткізіп кесіп тастайын. -Айту қиын боп тұр ғой,-ол тағы да шаңқ етіп күліп алды,-мұндай қиын болар деп өзім де ойлап көрмеппін... Айтсам, мен бүкіл өмірімді өзіңмен бірге өткізуді тіледім. Бірінші тілегім –осы. Тым-тырыс тыныштық орнады. Айдын өзін қар көшкіннің арасында көміліп қалған жандай сезінді. Күтпеген сөз себебін “құлағым бітеліп қалды ма?” деген оймен жеңбекші боп, құлақ шұқыды. Естігеніне сене алмады, қайта анықтап сұрауға... Естігісі келмеді. Мұндай суық, сұмырай сөзді қайта тыңдап қайтеді. Қаны қашып кетті ме, жүрегі қысты ма, Айдынның тістері сақылдай, дірілдеп кетті.

-Не болды?!-деп Датқа қыздың қолдарын жылытпақ болды. -Жо-оқ! -Айдын қолдарын суырып, өз деміне жақындатты. -Мен сені ұмыту үшін, Жанатқа әйел бақытын беру үшін әскерге кеттім. Аттанарда “сені бақытты етемін” дедім. Ол өте жақсы қыз. Бірақ, қаншама өзімді күштесем де... анамның тілегін орындамақ болсам да... ештеңе шықпады. Мен сені ұмыта алмадым, Айдын. Біразға дейін өң мен түсті айыра алмаған қыз бойын жинады. -Сені бір сөзді деп білуші едік. Мен қолымнан келсе, Жанатқа өз бақытымды беруге дайынмын. Саған мен туралы мұндай пікір қалай... қашан пайда болған? Мен сені...Мен... мен не істедім саған, Датқа? Қай нәрсемді “көңілі бар” деп түсіндің екен, айтшы? Менің бар күткенім – сенің Жанатқа “бақытты етем” дегеніңді орындауың. -Осынша қинама өзіңді, сенде жазық жоқ. Егер сенде біреуге қырындайтын мінез болса, мен саған шексіз ғашық болар ма едім. Сенің жолыңа бәрін де, өзімді де құрбан етемін. Егер маған келісім берсең, оқимын. Ал... өлем демеймін, бірақ, үйленбеймін. Әрине, сені күштеп көндірмеймін. -Датқа, менің де өз қалауым, өзім таңдаған адамым бар. Басқа ешкімді ұнатамын деп айта алмаймын. Бұл маған айтып тұрғаның – бос сөз, бос әңгіме.

-Әлгі жігіттердің бірі ме?
-Жоқ, ол бүгін жоқ. Бұлар жолдас жігіттер. Қажет
етсең, таныстырайын. Одан тағдыр мені бөлмесін деп
тілеймін. Кереует тұсында суреті тұр.

-Атын білсем... бола ма?
-Мәден, Мәди.
Датқа тұнжырап, күрсініп, кө-өп үнсіз жүрді. Бір
кезде шаңқ етіп күлді.

-Иә, алма-кезек дүние-ай. Күйреді-ау менің де
өмірім,-деді. Айдын оған көз салды. Жігіттің жүзін жас
жуып, жылап тұр екен.Айдын не істеуді білмеді, үнсіз
тұра берді. Мұны “Жанатқа не деймін? Оның ендігі

өмірі не болады?” деген сауал қинады.
-Айдын, осылай дегеніңмен, мен күдер үзбеймін,
хабарласып тұрамын. Мен енді басқалай ешкімге
жалғана алмаймын. Осыны түсін,-деді.

-Менің жүрегімде Мәденнен басқаға орын жоқ.
Сенің сезіміңе менің жауапкершілігім де, кінәм да жоқ.
Қайтып бұл әңгімеге оралмайық. Мен естімедім, сен
айтпадың. Жақсы ма?

-Айко-о! Тук-тук-тук! Есік қағып тұрған – индук!
Кіруге бола ма, а? – Сақыштар 5-10 қадам жерде ауаны
“қағып” тұр.
-Аяқтарыңды сүртіп кіріңдер, біздің кілемді былғап

қоймаңдар,-деп Айдын да әзілдей, күле сөйледі.

-Қалайсыңдар? Қайда барамыз? Таңды қарсы алу
керек шығар? «Кіммен қарсы алсаң, сонымен өтесің»
деген,-Тұрды мәз-мейрам.
-Үйді-үйімізге тарайық, ұйықтайтын мезгіл өтті, -

Айдын қостамады.
-Жетті деші...
-Жоқ, өтті,-деді Айдын,-ал қыз-жігіттер, жаңа
жылды жақсы қарсы алдық. Бәріңе рахмет! Күн сайын

жыл қартаяды, ал бізге күн сайын ақыл кірсін,
толысайық. Дұрыс ойлай білуге, шеңберден шығып
кетпеуге жазсын бізді. Жақсы күндерде кездесейік,-
Айдын бәрімен қол алысып, қоштасты.

Бір жағына Жанатты жетектеген Айдын Сақышты
қолтықтап, үнсіз келеді. Жүрегі сыздап, жыр толқытты.

Астынан аяғымның жер қозғалды,
Жүйкемнің осы болды-ау нақ тозғаны.
Мен сенің бақытыңды тілеп едім,
Сол “бақыт” жүрегіме қол созғаны!

Ендігі сені не деп жұбатамын,
Аруана ботасы өлген боз-боздады.

Мен сенің арқа сүйер тауың едім,
Тауыңның ауырлаттың сауыр-кенін.
Қазасын күткеніңнің қалай айтам,
Жаныңды жылататын жауың ба едім?

Жүрегім тілім-тілім жараланды,

Зорменен бойдан шығар ауыр демім.

Лайланып, жылап ағар бұлақ бүгін,
Ұқтырып өткен сәттің жұмақтығын.
Сыйласып, дос санаған ғашық болса,
Достықтан берік, сонда, тұрақты кім?!

Мен кімге сүйенемін шаршағанда,
Тербетіп жан-жүректі жұбатты кім?

Ақылым, амал таппай адастың ба?
Қалдым-ау көшкін қардың нақ астында.
Ниетін айналамның аңғармайтын,
Кем ақыл, қатарымнан мен жаспын ба?

Күндестік бойымда жоқ сен жазалар,
Тағдыр-ау, обалы бар бұл бастың да.

-Айдын, неге көңілің түсіп тұр? Бір жерің ауыра
ма, а? – Сақыш мазасызданып келеді.

-Бағана да айтып ем ғой, жүрегім... соңғы кезде
өзінің бар екенін маған сездіріп жүр,-деп жымиды.

-Көп ойлана бермеу керек. Жаһан не деуші еді, иә,
“Көп білген тез қартаяды” дейтін. Ауру сорғыш
аппарат болса ғой, сендегі ауруды өзіме сорып алар
едім,-Сақыш жәутеңдей қарап келеді.

-Осы мен қартайған кезімде де түк білмейтін,
кемақыл кемпір болатын шығармын,- Айдын күлді.

-Қойшы, Айко! Сен сондай болсаң, онда біз... біз
ше, көк есекке теріс мініп алатын шал болармыз, хи-
хи-хи!

Жанаттың ешкіммен ісі жоқ, ой құшағында үнсіз
келеді, жүрегі құрғыр бір ызғарды сезгендей.

...Келер
кеште
вахтер
Айдынды

қалааралық
телефонға шақырды. Бұл Датқа еді. Сосын күнара
Арыстан поезбен келу, келмеген күні телефонға
шақыру әдетке айналды. Айдынның жол таппай, басы

қатты.Қатты кетсе, Датқа Жанаттан да алыстап кете ме
деп, Жанатты түсінер деп күтті. Соңында, Гүлнарға
жағдайын айтты.

-Келгізбеу керек болса, оны келгізбеймін,-деді
адуынды қыз. Айтқандай-ақ ол Датқаға кесіп-кесіп
сөйледі.

-Сен жігіт, байқауымша, екі қыздың басын соғыстырып, “кімдікі бұрын жарылады?” деп қызықтап жүрсің бе? Мұның не? Айдынның жігіті бар, жақында тұрмысқа шығады. Ал, Жанатты неге қорлайсың, жан жолдасына көз салып, а? Аяғыңды басушы болма бізге қарай, білдің бе? Біздің группаның жігіттері сенің сатқындығыңды білсе, теріңді тірідей сыпырып алады. Қыздың жауабын жүз рет есіттің емес пе? Енді неге миын қатырып, нервіне тие бересің, а? Айдынды ауруханаға түсірдің сен оңбаған!-деп бірінші қабатқа дейін сөзбен осқылап сабады, -ата, мына жігітті жібермеңіз ішке. Біздің бөлмені телефонға да

шақырмаңыз,-деді вахтерға Датқаның көзін шұқып
тұрып.

-Дұрыс жасадың. Намысты деуші еді, енді келмес,-
деп қуанды Айдын.

Бірақ, келесі күні “Ай-ды-ын” деп терезеден тағы
да дауыстап тұрған Датқаны көрді.

-Әй, не?! Айдын жоқ, күйеуге шығады демедім бе
саған? Сөз өтпейтін, намыссыз қандай бәлесің өзің?
Жо-ғал! – деп Гүлекең 5-ші қабаттан айқай салды.

...Бірақ ол жоғалмады, келе береді. Жатақханада
жолығу қиындаған соң, институтты торып, аудитория
аузында күтетінді шығарды.

-Сенің аса алмай жүрген тауың Жанат екенін
білемін. Оған түсіндірдім. Ол ризалығын берді,-деді
Датқа.

-Жанат та, басқа да маған жол көрсете алмас. Мен
адассам да өз тағдырымды өзім таңдаймын. Айттым
емес пе бәрін? Жақсы!

...Кереуетте аяқ-қолы мұздап, 3-4 күннен бері
орнынан тұра алмай, жүрегі ауырып жатқан Айдынның
қасына Жанат келіп отырды. Жылағаны көрініп тұр.

-Мен бәрін естідім, түсіндім. Сенен бұл өмірде бір-
ақ өтінішім бар, орындашы...

-Ол не?-Айдын Жанаттың саусақтарын аялады,
жұбату жолын таппай, ауырды.

-Сен Датқаға тұрмысқа шығуың керек. Ол арманына жетіп, бақытты болуы керек.

-Тағы не тілегің бар?

-Жоқ!
Басқа
тілегім
жоқ,

орындашы-ы,-деп
құшақтай жылады.

-Жанат, сонда мен ше? Менің арманымды кім
ойлайды? Мәди ше?

-Жоқ, сол тілегімді орындамасаң, риза емеспін,
Айко... Уәде бер маған...

Айдын кереуетке арқасын сүйеп, көтеріле отырды.

-Сонда... қалай болғаны? Мен сен үшін қиналып
жүрсем, сен ғашығыңды ғана ойлап, соның жолында
мені жанды қуыршақ етпексің бе? Тілегің осы-ақ екен
ғой,-Айдынды ашу қысып, орнынан көтерілді. Киініп,

сыртқа бет алды. Әлсіздік адырда қалды.

-Айдын, Айко...Мені оған жексұрын етпеші. Мені
кінәлағанын
қаламаймын,
ондай

сөзді
көтере
алмаймын, түсінші мені де... – Жанат дауыстай жылап
жіберді.

-Түсінбеген екенмін, өзімшіл екеніңді енді ғана
таныттың.Сен ғашығыңа жақсыаттану үшін менің
өмірімді құрбандыққа шалуға даярсың, мен –затпын ба
сеніңше? Опасыздық деген осы. Меніңше, адамның

кешірілмейтін екі күнәсі бар:
1.Өзімшілдік, өзі үшін басқаны құрбандыққа шалу!
2.Қастандық. Әдейі жасалмаған өлім де кешірімді!
Ал, ой-сана жасаған қастандық кешірілмейді.Сені

ойлап, жол таппай ауыратын мен расымен-ақ ақылсыз
екенмін. Рахмет екеуіңе де! – сыртқа беттеген Айдын

өзін шақырып жылаған Жанаттың даусын есітті.
Тоқтап тұрды да қайырылмады. Күйіп бара жатқан
кеудесін ашып тастап, көшеде аяңдай серуендеп
жүргенде, өзіне күлімдей жақындап келе жатқан Датқа

кезікті.

-Сәлем! - ол қолын созды.

Екі қолын қалтасынан алмаған қыз:

-Сендер... сен Жанат екеуің мені ойыншық етем
деп ойламаңдар! Айттым емес пе неше рет? Мен сені
Жанаттың досы деп қана танығанмын. Енді тыныштық
бер, сені танығым да келмейді!-деп алға жүре берді.

-Айдын, тоқташы! Өтінемін, аз ғана уақыт бөлші...
Айдын қайырылмады.Оның қабылдауындағы
рухани ережесі бойынша, мұның кешіре алмайтын екі
ғана нәрсесі барын достары, Жанат та білуші еді-ау.

Сонда, Жанат сын сағатта кім болды?! Бетпердесі түсіп
қалғанда, Айдынның жүрек қалауы, болашағы ол үшін
ойыншық екенін танытты ма? Достықты сатып кетті ме
расымен?!

Өзімшілдік - өз мақсаты үшін басқаны аямау,
есепте оны құрбан етуге дейін бару; өз мүддесін, өз
арманын басқалардан биік деп санайтын мейрімсіздік.
Түптеп келгенде Жанаттың да жігіт көзқарасын білген

соң, жақсыаттанып, өтірік тілектестік көрсетіп, бұлт
етіп шыға келуі – осыған саяды емес пе? Ақ бантикпен
қоштасқан күннен бастап көңілінен ұя жасап, аялаған
достарының бірі – Жанаттың мынадай өзімшілдігі

Айдынға соққы болды. Айдын алғаш рет қатайып,
дауылға қарсы тұру керектігін түсінді. Ол өзінің езіліп
жылаған жан-дүниесін өзі ғана жұбата алатынын білді.
Осылай, жүрегін жұбату үшін қуануға болатын, күлкі

шақыра
алатын
титтей
себептерді

ескерусіз
қалдырмады. Күлді, жымиды, ән салды, әуезді әнге
биледі. Соққыны үнсіз бойына қабылдай бермей, қажет
болса, кері қайтарып, жаралайтын сезіммен тіресу

керегін ұқты.. Ол осындай мінезді бүгін Датқаға
көрсетті, сосын Жанатқа.

*** Датқа Айдын бейнесін төрт жылдың ішінде қанша рет салмады дейсің! Онсыз да қылдай нәзік үміті үзілердің алдында тұрғанда, үлкендігі нақты өз көлеміндей етіп, Айдын бейнесін қайтадан салды. Өйткені, Датқа енді Айдынның осы бейнесімен күн кешуді шешті. Үстінде жұп-жұқа жамылғысы бар нәзік денелі жымиған қыз бейнесін майлы бояумен салса да фотосурет дерлік шынайы. Датқа суретті шынылы рамкаға салып, өз бөлмесіне ілді. Ешкімнің қол тигізуіне рұқсат етпеді. Кім екенін сұрағандарға “түсімде аян боп көрінген періште” деп түсіндірді.

Студенттік өмірдің сауық кештерінде Жанатты
бөліп бір рет те билемеген Айдын; оны қолынан

жетелеп, ештеңе көтертпеген Айдын; бір рет те
өкпелетпеген Айдын енді Жанатқа бос орындай
қарады. Тіпті, оны шынымен көрмейтін сияқты.
Бұрынғыдай елпектеу тұрмақ, шәйға да шақырмайды,

сабаққа жүр демейді, сөйлемейді.

Бағана шифоньердің есігінің қалқасында тұрып,
басқалар естімесін дегендей Жанат “кешірші” деп
сыбырлады. Айдын бір қарап, үндемеді.

Кеше «Айдынды көндіріп бер, мен содан басқаға
үйлене алмаймын. Ол сенен аса алмай тұр» деген
Датқаның өз аузынан естіген шешімінен соң, Жанат
деканға «академиялық демалыс» беруін сұрап арыз

жазды. «Ұйқыдағы» Айдынмен қоштасып, тілдей
қағазды оның жастығының астына қалдырды.

“Айдын! Адамдар теңгерілмесең, тең көрмейді
екен. Мен академиялық отпуск алып, Алматыға
кетемін. Кездеспесек, жақсы. Жанат» дегенді оқыған
Айдын жылдам киініп, шашын буа салып, үйлердің

ара-арасынан төтелей өтіп, деканға ентіге кірді.

-Кел, Айдын, тыныштық па?

-Аға, қазір Жанат келеді сізге. Оқуды тастап
кетпекші, кішкене ғана қалды ғой бітіруіне. Өтініш
сізден, рұқсат бермеңізші. Осы еді...

-Қай Жанат? Ә, иә, түсіндім.

-Рахмет, аға, түсінгеніңізге, рахмет.

Айдын бөлмесіне қайта келіп, шәй дайындады.
Жанат келді. Кереует жиналмаған-ды. Жанаттың
хатынан хабарсыз кейіптегі Айдын:

-Сабақ қайда?-деді. Екі күн сөйлеспеген достар
құшақтасып қалды.

-Мен
оқуды
тоқтатып,
Алматыға

дәрігерге
көрінбекші ем... Декан арызыма қол қоймады,-Жанат
көзіне жас алды.

-Оқуды тастама, Жанат. Ол біздің нанымыз ғой. Енді шамалы уақытта аяқтап та қаламыз. Дәрігерден... кеңес алған дұрыс.Оны диплом алған соң да жалғастыруға болады емес пе? Үйіміз сол дипломды қалай күтіп отыр, Жанат. Кел, шәй ішейік, маған сабақ екінші пардан еді.

-Мен шаршап кеттім!

-Кім шаршамады дейсің?! Мен де жан-жақты
соққы қабылдап, әйтеуір накаутқа жетпей жүрмін.
Соққыға да шынықтыру мағынасында қарап, әділетті
қарсы соққы беруді, қорғануды үйренуіміз керек-ау.

Карл-Маркс данышпан “Өмір-күрес” деп бір-ақ сөзбен
айтты емес пе? Біз өмірге енді жеке араласудамыз ғой,
Жанат. Сондықтан, қиындықты өмір деп қабылдап,
онымен күресу керектігін мен де енді ғана түсіне

бастадым. Бәрінен де идея,тәрбие,түсінік күресі қиын-
ау деп қалдым.

-Мен ауылға барып қайтамын.

-Жақсы барып қайт. Сәлем де, мен сабақтан кешігіп қалмайын, шәйіңді іше бер. ...Жанат ауылындағы көк барқытты фотоаль бомынан суреттерді терді. Қырғи қабақ, құс мұрынды әдеміше жігіт – Датқа бейнесі қызғалдақ еріндерін қайыра жымиып, бастары бөлініп, беттері мыжылып, ошақтағы тозақ отында лаулап жанды.

*** Сәби шақта ауызға тамызып қана сақтанбаған Жанаттың “полимелит” деген сүйек ауруының емі хирургиялық әдіспен де, басқалай да емделмесін анықтаған Айдын алыс облыстағы емшіден кеңес алуға барды. -Сіріңкенің биіктігіндей ағашты өкшеге басып, отырып-тұрып, күнделікті балтырды шынықтыру керек. Сосын күнде аз-аздап ағаш қалыңдығын арттыру керек. Солай жасап көріңдер,-деді. Ал,Алматы дәрігерлері де барлық аяқ сүйектерінің түгел және өз орнында екенін, бірақ, өспегенін айтты. Оған ем жоқ! ...Аруана көңілдің амалы қалмады.

ХІІІ – ТАРАУ

КӨГІЛДІР

Білмеймін келер күннің шешері не?
Бүгінгім ұқсамайды кешегіме.
Сезімде қуаты мол әуе толқын,
Сен жақтан сағыныш –ән еседі де...

Студенттерді соңғы педагогикалық практикадан
өтуге қала мектептеріне бекітілу басталды. Айдын мен
Мәдиді екіге бөлуді Тұрды оқуға түсірген ағасы
арқылы куратормен келісіп ұйымдастырды. Айдын

өзіне бекітілген 6 “б” класының әр оқушысымен жеке
жұмыс жүргізіп, олардың мінездеріне психологиялық
талдау жасап, кластың тәрбие жұмысымен күндер
жылдам өтіп жатты.

Бөлмесінде отырған Айдын дәліздегі аяқ дыбысына
құлақ салды. Көзбен көрмесе де жүрегі оның
жақындағанын білетін әдетімен “Мәди келді”деді. Бұл
іштен есікті ашқанда есік қағуға қолын көтере берген

Мәди күліп жіберді.

-Ой, Айко, қалай біліп қойдың, а?

-Білдім! Үйге кіресің бе?

-Кім бар?

-Жанат екеуміз ғана.

Мәди ішке кірді.

-Рұқсат па? Жанат, хәлің қалай?

-Рахмет, жақсы. Өзің? Практика қалай?

-Мәди, менің сабағым-шы бүгінгі...

-Иә, Айко, соны білгелі келдім ғой. Қалай өтті?

-“Жақсыдан жоғары” деп көңілімді көтерді. Бірақ,
мыжың мұғалім болам ба, қайдам... 45 минут уақытты
түсіндіруге жұмсап, түсіндіру мақсатында тиянақтау,
бекіту

сұрақтарын
беріп,
оқушыларды
белсенді

қатыстырып, бағалаппын. Ал, үй тапсырмасын сұрау
дегенді мүлде ұмытып кетіппін.

-Ол қызық бопты-ау. Біз қателіктермен өтетін
практиканттармыз. Жоғары бағаласа, қуаныштымын,-
ол қолын ұсынып, құттықтады. –Келесі сабақта
карточка таратып, не жүгіртпе сұрақтармен үй

тапсырмасын қосуың керек болар. Ал, мен екі күннен
соң 8 класқа сабақ беремін. Қайдам...

-Мәди,
“сабаққа
дайындық”
бөліміне

қалай
дайындалуға болады?

-Бор, кітап-дәптер, қаламсап, т.б бар-жоғы, оқушыларды түгелдеу керек емес пе?

-Ал мені, мақтанып қойсам, осы бөлім үшін де
марапаттады.

-Ал, қалай?

-Мен сәлемдескен соң оқушыларға былай дедім:

-«Балалар, жақсы болсақ мақтайтын,
Біз деп тыным таппайтын кім?»

Олар қол көтеріп, түрліше жауап айтты.

-Мамам, әжем, әпкем, ағам, папам, ұстаз.

-«Қоңыраудай күлетін,

Бізбен бірге жүретін кім?»

-Мұғалім, достарымыз, мектеп.

-«Әріптерді теретін,

Үлкен білім беретін не?»

-Дәптер, ручка, кітап, ұстаз, баспахана.

-«Ізденуден талмайтын,

Сабақтан күнде қалмайтын кім?»

-Тәртіпті бала, ақылды адам, зерек оқушы.

-Балалар, біз қандаймыз?

-Тәртіпті, білімді, алғыр, ізденімпазбыз.

-Олай болса керекті дәптер, кітап, күнделікті
жылдам партаға қойып, түзу отырамыз. Тәртіпті
кезекші, оқушылар туралы мәліметті үстелге қой,-деп
сабақты бастадым ғой!-Айдын мұғалімдік бейнеге еніп

кетіп сөйледі.

-Ой, Айко-о, саған оқушы болуға сәл-ақ қалдық
қой, а? Не деген дайындық бөлімі мынау, шынында!
Біз сабағына енген бір де бір мұғалімнің бұлайша
психологиялық дайындағанын көрмедік. Сен оны

қайдан үйрендің, а?

-Психологиямен айналысатынымды неге ұмыта
бересің сен, а?

-Ә, Фантомас досың екеуіңнің, аха-ха-а... қойдым,
Айко-о! Ол қазір біздің мектепте жүр, дік-дік басып,
оқушыларды соңынан ертіп...

-Қалай “ертіп”?

-Өзінің жүрісі қызық қой, досың... досың журнал-
кітабын кеудесіне екі қолымен қапсыра құшақтап...

әскер секілді жүреді. Сосын оқушылар тізілі-іп
соңынан бір сапқа тұрып, «Бір! Екі! Үш!» деп ереді-і,-
Мәдидің сілесі қатып күліп алды. Аха-ха-лап Жанат та
күліп отыр.

-Қой, Айко, менің сабақ жоспарыма көмектеспесең,
болмайды. Жаңабек сені күшті сабақ өтті деген соң,
көмектес деп келдім. Оқу залына барамыз ба? Осы
жерде ма? Бұл жер ыңғайсыз шығар, ә?

...Екеуі “Студент” асханасынан тамақтануды жөн
көрді.

-Мұнда не тамақ бар екен? Сен жейтін бірдеңе
табыла ма өзі? Май жемейсің, ет жемейсің, құс
жемейсің, арақ-шарап ішпейсің...

-Шарап ішем ғой.

-Қой? Нені?

-Шипучка...

-Қой, оны көрмедік қой. Кіммен ішіп жүрсің оны?
Ә, досың Фан... Ой, қойдым!-Мәди мәз боп күліп,
Айдынмен жетектесіп келеді.

-Кім, Мәден, ол жақта сенің туысқандарың болуы
керек... Бар ма екен?

-Қандай туысқан? Менің бұл жақта... Мектепте ме?
Кім бар деп едім саған? Есімде жоқ. Кім ол, ә?

Айдын күлкіден жарылғалы, әзер шыдап келеді
екен, аңқау Мәдидің аңқайып ойлана қарағанына
шыдай алмай күлсін кеп.

-Әз... әзір...-қолын шошайта күлді.

-Ә-ә! Енді түсіндім-м, әзірбайжандар ма, а-а?-
жігіттің шегі қатты,-мен-ші-і әзір-бай-жанның кемпірі-
і ек-екенімді-і ұмы-тып қалғам ғой, сен жоқсы-ың...
айты-ып тұра-аты-ын, - деп рахаттана күліп алды.

-Иә, кемпір-ау, сен деген туыстарыңның бала-
шағасы қанша, қалай оқиды,бәрі-ін біліп, барыс-келіс
жасап тұруың керек.

-Курдтер бар екен,- деп Мәди үлкен көздерін
бақырайта қарады,- олар маған туысқан... Ой, не деп...

-Мейлі ғой... Олар да ту-ыс-қаның ғой, кемпір-ау...
Тұмсығыңа қара-шы-ы ай-на а-лы-лып...

-Ішегім-ай, ішегі-ім түйі-леті-ін болды-ы. Сәл тоқ-
та-а-шы-ы...

-Әй, Мәд-ен, мен се-нің төркі-ініңді шатастырғам-
ау, әсті? Сен мүмкін әзір-байжан-ның еме-ес, күрді-
нің... кемпі-рі-і шығарсың, а-а? Қызы дегенім ғой?

-Айкоо, ішім түйілетін болды-ы, тоқтай тұршы...
Мен де болса, “қай туысқаным” деп шынымен
ойланып қалдым-ау...

Екеуі тамақ ішті. Қарама-қарсы отырды.

-Жаным-ау, қарасам көзім тоймайды, не істеймін
сені? Жұтып қойсам қайтеді?-Мәди сұқтана қарап
отыр.“Мен де саған Айдың Жерге ғана қарағанындай,
табынып өтермін, Мәден ” Айдын көзінің жасаурайын

деп қалған бостығын байқап, кірпіктерін серпіп-серпіп,
күле салды да:

-Сен-ше онда қарама!-деді Айдын,- төбеге қарап
отыр да, қасықты аузыңа жақындат. Мен «Оңға, со-
олға деп...Аузың мұрныңның астында-а» деп айтып о...
Екеуінің сілелері қатты. Беторамалмен ауыздарын

басып, күлкілерін әзер тоқтатты-ау.

-Практикамыз қашан бітер екен, өзі? Кешке дейін
сені ойлаумен жүремін. Әнеукүні қызық болып... Сол
жердегі пионервожатый қызға “Айдын” деппін ғой сені
ойлап тұрып. Қылжақбас досың-Тұрдыға жақсы ермек

табылды. Екеумізді жапсырып жүреді содан бері.
Тамағыңды
тауысып
жеші,

көктем
ғой,
жүдеп
кетіпсің...

“Сені сағындым, Мәди. Қанша жақтан қандай
соққы алғанымды, қалай жүрегім ауырғанын білсең
ғой. Оның бәрі түк емес. Ең бастысы – менің тірегім
бар. Ол – сенсің, Мәди. Жалғызым менің! Жаһаннан

таңдап сүйген жалғызым. Сені сағынғанда құлағыма
алақанымды тосып, “Мәден, Мә-ден!” деп сыбырлап,
өзімді жұбататынымды білесің бе сен? Білмейсің,
әрине. Көңіліме сен туралы үрей кіргеннен бері жастық

қапқа
сенің
суретің
салынған

матаны
жауып
жататынымды білесің бе? Білмейсің. Ешкім де
білмейді.Махаббат деген бар болса, осы шығар,

Мәди.»”

-Өй, Айконь, не болды көңілің босап, а?!-Мәди бет
орамалын ала салып, мұның үнсіз тамшылап кеткен
көз жасын сүртті.

-Жәй... есіме бірдеңе түсті ме...Өзім де байқамадым,-деп бұл жымия салды.

-Әлгі айтқан...Тұрдының? Соған режіп қалдың ба?

-Жо-оқ, әшейін...

Жыр құйылды жүректен.

Арман қолым алысқа созылғанда,
Бақытым боп көрінген өзің ғана.
Сенің бейнең шақырған үміт алдан,
Мен өзіңді қалайша ұмыта алам?

Айнам болып жүзіңе қараймын ба?
Саусағыңмен шашымды тараймын ба?
Сенің жаның кеудемде соғып тұрса,
Менің денем батады қалай мұңға?

Шынайысың.

Оныңа жоқ таласым.
Қос ғашықтың жаздық біз топтамасын.
Аққу сезім дұшпанды қызғандырып,
Арман-ғұмыр егізін жоқтамасын.

-Айдын, не болды саған, неге көңілің түсті, а? -Қыз
Мәдидің
кеудесіне
басын

сүйеп,
өзін
қалыпқа

келтірді,- сабақ жоспары деген не тұрады! Кешке, не
ертең-ақ жаза саламыз. Кеттік, серуендеп қайтайық.

Екеуі орталық паркке қарай баяу аяңдады.

-Не деген сұлу көктем, Мәден! Мына иіліп тұрған
сәмбі
талдарды
қарашы,

қанатын
жайып,
балапандарын қорғайтын күрік тауықтай екен...

-Иә, қолшатыр секілді өседі екен-ау. Бұрын қалай
мән бермегенбіз, ә... Осы сәмбі талын ғашықтар ағашы
деуі бекер айтылмаса керек, жүр, барайықшы.

-Мәжнүн-тал...-деді Айдын көгілдір нұрға бөленген
қанатын жайып, өзге дүниеден екеуін жасырып қалған
ағаштың астында тұрып. Мәди де қызды бауырына
басып, тілсіз ұғынысып тұрғандай-ды.

Айдынның жүрегін жыр тербеді.

Құшағын ашып,
Қорғайды ғашық
Мәжнүнтал бізді басқадан.

Сен тұрған жерде,
Нұрлымын деуге,
Күн-сұлу көзін жасқаған.

Қара да Айға,
Қабағын байқа.
Ай да тұр бізге табынып.

“Жердегі от- жалын,
Махаббаттарым,
Қалдың,-деп,-қайдан табылып»”.

Көктемдей ұялып,
Бақыттан сый алып,
Келдің бе маған сағынып?

Болмашы басқа,
Көз толып жасқа,
Қалмасын өмір жабығып.

-Айконь, не ойлап тұрсың?

-Сені.

-Рас айтасың ба? Соңғы кезде-ші, қылтықтығыңды
қойып келесің, ақылдым. Негізі, ақылың көп, менен
ақылдысың әйтеуір. Бірақ қырсығып... қалатының бар
еді... Енді, қалып жатыр ол мінезің. Құдай қаласа,

келер жылы осы уақытта осы ағаштың астында...
“толып” кеткен сені... құшақтап тұрсам-ау. Ол кім
болар екен,ә? Ұл ма, қыз ба? Мейлі, кім болса да дәл
сенен аумай, барлық жері ұқсап қалса-шы! Сол кезде

сені сәби кезіңнен өсіргендей болар едім.

-Қылтық -қырсық болса-шы мен сияқты?

-Бола берсін, сол жақсы. Ешкімге сүйгізбейтін, саусағын да бөтенге ұстатпайтын, ешкімді

басындырмайтын, махаббат пен достықтың символы
деп, көңілім тоқ болады ондайда.

-Онда, қылтық болайын қайтадан,-деп Айдын сәмбі
қоршаудан шыққысы келіп, теріс бұрылды.

-Қайда...-деп кері тартып алған Мәди үлбіреген
қызды сүйіп тұрды,-жаным-ай, оқу қашан бітер екен?
Тезірек үйленетін... Үйдегілер той қамын жасап жатыр.

-Солай де, шөжем. Шиқылдауың көбейді, бәсе.

-Екеуміз бір пәнге таласып... а, бірақ, сен үйде
отырасың ғой көбіне, шөже... шөже...лер-ді-і бағы-ып,-
Мәди қыздан қолымен қорғана күлді.

-Шөже бағы-ып? Сені ме?

-Жо-оқ., -Мәди өз денесін қолымен күмпитіп,
Айдынды көрсетіп, ішек-сілесі қатты.

Айдын оған ұмтыла бергенде, ол сәмбі талдың
қанатты ішін айнала қашты. Аздан соң Айдынды
құшақтай алған Мәди:

-И жаным менің! Түсіне салады да ұялады, сосын
қуа салады да қояды өзі. Құдай соған жеткізсін де,-деп
сүйе берді.-Сағат біраз бопты, бір жерден жүрек
жалғап, сосын киноға кірейік.

-Мейлі,-деп Айдын тіктелгенде Датқаны көрді.
Датқа институттан Айдынды торуылдап жүрген-ді.

-Сәлеметсіңдер ме?

-Сәлем бердік,-деді Айдын,-жәйша ма?

-Иә... институтқа келген ем...

-Оқуыңды жалғастырасың ба?-деп Айдын қуанып
кетті. Танысып қойыңдар, менің досым.

-Мәди, қуаныштымын.

-Ал, бұл жігіт Жанаттың кластасы.

-Датқа...

-Менде не шаруа? Біз асығыс едік,-деді Айдын.

-Шаруа... айтатыным... сол бұрынғы мәселе ғой...

-Оны шешкенбіз, Датқа. Пісе бергенмен қара судан
май шықпайды емес пе? Жақсы.

...Біраз ұзап кеткен соң Мәдиге Датқа туралы, ол
ненің жауабын күтіп жүргенін, соңғы төрт айдан бері
күнара келіп, торуылдап жүргенін айтты.

-Мына жігіттен қорқуға болады екен, ә? Қыздан
беті қайтпай, келе бергені не?Алып қашып кетпесін
тағы! Тұрдымен ақылдасайық...

-Тұрды жаңа жылды мұнымен бірге қарсы алған.
Сенің мені танитының қайда? Қайта танысайық онда.
Айнаңмын,-қыз қолын созды. Ұсынған қолды қысқан
Мәди аңқиып қалды.

-К-кім? Ә, айнам екенсің ғой, аха-ха! Мен
тарақпын онда.

-Сені жалт қараттым, аха-ха!

-Айко-о, сен дұрыстап ойланасың ба өзің? Жалт
қаратып... Жалғыз жүрме, түсіндің бе, жалғыз шықпа
көшеге! Ойын емес бұл, абайла!-деп Мәди күрсінді.

-Не, алып қашып кетсе, бере саласың ба мені?

-Құдай сақтасын! Бірақ, онда сен тез-тез хабарла,
Айко-о! Қалайда тез-тез! Іһі?!

Айдын мәз боп күлді.Тағы да жыр толқыды.
Қымбаттым, неткен көрікті ең?
Көріктен өмір өріп пе ең?
Өзіңе мына жалғанда,

Дәл мендей ғашық көріп пе ең?

-Саған күлкі, ақымақ-ау! Мына жағдай күлетін
нәрсе емес қой. Содан бері... 4 айдан бері неге
айтпайсың, а? Айтшы? Осы-ла-ай қол алысып, ыржиып
сөйлесіп жүрсең, әрине келгенін қоймайды. Өзің де...

Өзіңнен де бәле бар-ау, осы!

-Иә да!

Екеуін үнсіздік тербетті.

-Қойшы, Айко! Өкпелемейікші. Бірақ, маған,
Тұрдыға,
бәрімізге....
тіпті

Фантомасқа
шамаң
жеткенде деймін-ау, бұған «Қалайсың, сәлем!» деп...

-Сені таныстыру үшін қарадым ғой.

-Қарамайтын ба едің, а? Айтшы?-Айдын бас изеді.-
Бәсе солай деші, көңілім жәй тапсын. Сонда да шықпа
жалғыз, келістік пе?

-Ол үшін сен бірдеңе сыйлауың қажет маған!

-Сыйлауың? Нені?

-Пәренжі дегенді кигізіп қойсаң, ешкім тиіспейді.

-Ә-ә, ауылда әжем-ші, пәренжі, үлкен сәлкеш
орамал, тағы... Кимешек пен мәсі-кебіс дайындап...-деп
Мәди Айдынды қапсыра құшып, сүйе берді.

*** Мәди бөлмеге келсе, жігіттер төрт көздері түгел кешкі ас ішіп отыр екен. -Кеш жары-ық, жігіттер! Орта толсы-ын. Астарың дәмді болсын!- деп Мәди шешіне бастады. -Кел, Мәди. Дәл уақытында келдің. Отыр,- деп кезекші Коля ас беруге ыңғайланды. -Қайда жоғалып кеттің?! Итпен іздеп таппай жүрміз сені?! Анау неңнің үйіне барсақ, ол да жоқ! Оңашаланып, не істеп жүрсіңдер тығылып?!- деп Тұрды түсі бұзылып, ызғарланып тұрғанына қарамай, тісін көрсете салды. -Не болды, Тұреке, алқымынан алып! Қыз емес қой қорқатын, жүрген шығар демалы-ып,- деп Жақаң басу айтты. - Жоқ, Мәкеңнің айтпай оңаша, жасырын жүргенін айтам дә! Баратын жер бар еді, уәделескен... -Қандай «уәде»?- Мәди таңданды. -Эй, анау мектептегі қыздарды бүгін киноға апарамыз дегеніміз қайда? Жүгірсең, өзіңнен жас қызға жүгірмейсің бе, кәрі қызға жабыса бермей! –Тұрды Мәдидің Айдынмен мұнысыз жеке кеткеніне іші оттай қызып,ахаңнан біраз сілтеп алған-ды. «Жеке жүріп, менсіз не істеді олар-р?!» деп, жанып барады бұл!- Ақымақ бал-ла апасына шауып-п!- Хи-хи! - Не айтып тұрсың сен, Тұреке? Кәрің кім сонда?!

-Кәрі –Айдын! Айдын ғой! Оны мына маған бер!
Ол маған лайықты, менен бір жас кіші, сенен бір жас
үлкен. Саған, саған ше ли-бой ұнаған қызды маған
көрсетші! Қарамаса, люби-им путем қаратып берем!

Міні, мына жолдастарымның алдында еркекше сөз
берем! Міні қолым!
-Т- Тұреке! Есің ауысты ма, жоқ бүгін танысып
тұрсың ба,а? Қой ондай әңгімені, ұят болады!

-Мен айтсам шындықты айтып тұрмын, Мәке!
Қатындарға бола достығымызды жоғалтпаспыз. «Бала
белде, қатын жолда!» деген атаң қазақ. Көріп жүрсің
ғой, менің қатындарым жолда шашылы-ып жатқанын!

Сен құсап бір қаты...
-Жетеді, Тұрды! Аузым бар деп оттай берме!
Айко туралы бір жаман сөз айтушы болма енді!-Коля
Тұрдының жағасынан алды,- сенің арманың Айдын ғой

сонда,ә?! Мә, Айдын саған, сволочь! Гадюка! Мә!-
Коля Тұрдыны салып-салып жіберді.
-Қойыңдар, жігіттер! Тұрды сенікі не сандырақ,а?!
Мұның не тағы?! Аузыңа арақ тисе болды, сайтанның

тіліне ересің! Жетеді енді! Айдында нең бар! Айналаң
толы қыз, тиіспе оған!- Жақаң араша түсті.
-Тұрды, сенікі дұрыс емес!- деді Ғабит.

- Жаңа жылды кіммен қарсы алсаң, сонымен

өткізесің деген бар ғой. Мен Айкоммен қарсы алдым.
Сен не, артықсың ба менен? Артықсың ба, айтшы
кәне!- деп Мәдиге әкіреңдей ұмтылды.

-Қой-ей, Тұреке, өтірік мас бола қалма. Ұят деген
бар, қой енді,-деп Мәди жаймашуақтанды,- Айдын бір
сенімен емес, бірнеше адаммен қарсы алды жаңа
жылды. Білеміз ғой.

-Білесің бе-ей? Ал, кіммен тағы?
-Сақышпен, Жанатпен, оның кластастарымен.
-Сенің ғашығың Датқа дегеннің қолына жіп
байлап, «Енді менікісің!» деп бетінен сүйді ғой, Мәке!

-Қой-ей, Тұреке, мүмкін еместі айтпасайшы.
-Тұрды, сен Айдын туралы оны танымайтындар
ға жамандап тұрған сияқтысың ғой!
-Осы өсек айтып тұрғаның- қатынның ісі емей,

не?! Қатынсың! Сонда сенің Айдында рас ойың бар
ма?!- Жаңабек те Тұрдыға дүрсе қоя берді.- «Нең
артығың» не дегенің?! Жолдастығың қайда сенің?
-Ол қасында жүрсе, мен де бірге жүрмін. Менің де

Мәдимен бірдей оны алатын хұ-құқым бар! Дұрыс па?!
-Еу,Тұрды,иттікке барма сен! Ит болма! Онда
Айдын жаман болса, неге таласып тұрсың,а?! Шакал!-
Коля дірілдеп тұр,- Айдын өзі біледі, өзі!

-Сендер бәрің Мәдидің сөзін сөйлейсіңдер! Сонда
мен жолдас емеспін бе сендерге? 5 жыл бірге жүріп,
сол қызды қорып, «Мә!» деп біреуге бере саламыз ба?
Алайық біреуміз! –деді Тұрды. Мәдиден үлкен, оған

тура келмейді! «Апа» дей ме оны?
-Не ісің бар сенің, не? Сен өзіңді біл! 90 қызың бар
ғой, қызсыз емессің! Айкоға тиіспе!- Жігер де килікті.

- Бар болса не бопты? Сенбейсің ба? Мас болды

сенің ғашығың! Содан әнебіреуге жабысып...кетті
көшеге қыдырып! Қайда барып, не істеп, не қойғанын
құда-ай білсін, Мәке! Сен қояққой ол қызды.
-Сен не деп келесің,а?! Жүр қазір Айдынға!-

Мәди оның жағасынан ұстап, дірілдеді. Тұрды онымен
алыса кетті. «Жүрсең жүр! Мен бара-алмаймын! Мас-
спын...» деп қояды ара-арасында.
Тұрды

қанаған
мұрнын
ұстап,
әжетханаға

кеткенде, Мәди Айдынға бет алды. Тұрдымен бірге
сөйлеспекші еді. Ашумен шығып қалса да, дұрыс емес
екенін түсініп келеді. «Кешке бірге қыдырмасақ,
тұншығатын түрім бар. Аулына кетіп қалмасыншы».

Есікке жақындаған Мәдидің аяқ дыбысын танып,
Айдын есік ашты.

-Сәлем, бері шықшы,-деді түрі бұзылған Мәди,-
бүгін ешқайда... ауылға да... бармашы, өтінем.

-Не болды, тыныштық па? Қыздардың бәрі де
қайтпақшы едік... Не болды, айтшы, Мәди?

-Тыныштық... сөйлесетін әңгіме бар...

-Жарайды.

Күткенде уақыт тұсауланып, жүрмей қояды екен.
Кешкісін 65-бөлмедегі достары Айдынмен бірге
демалыс жасады.

-Екі-үш күнде мектептегі практикамыз аяқталады.
Құдайқаласа, сабақта қайта бірге жүреміз, Айко,- деп
Мәди қыз қолын қуана қысып қойды.
-Тұрдының мазасы жоқ қой, оған не болды?

-Уайымдама, ұйқысы қанбаған шығар.

Әлгінде Жанат ауылға қайтқалы жиналып
жатқанда, бөлмеге келген шақыртушы Айдынды
төменде біреу күтіп тұрғанын айтты. Жанат түсті.
Датқа екен.

-Сәлем! Қалайсың, Жанат? Денсаулық?

-Жақсы, кел.

-Айдынға жолығайын деген ем, шақыршы.

-Ол институтқа кеткен, үйде жоқ.

-Рас айтасың ба?

Бұл басын изеп сыртқа беттеді.

-Оу, досым,-деді қуып жеткен Датқа, сенің сөзің
рас екеніне сенемін. Оған ренжитін тү-гі жоқ.

-Ренжігем жоқ.

-Ім-м,
солай
болсын!
«Елдестірмек

елшіден,
жауластырмақ жаушыдан» деген, біз Айдын екеуміз
елдесе алмай-ақ қойдық. Сен... қалай өзі, дұрыс елші
бола алмадың ба?

-Мен айт дегеніңді айттым, айтқаныңды істеп
жалындым... Не дейсің енді маған?..

-Ім-м, Айттым де. Айтсаң да жеткізе айтқың
келмеген болуы керек, шамамда. Түсіндірсең, түсінуі
керек еді. Ол, Айдын дегенің түсінетін, сөз ұғатын қыз
емес пе?! Ім-м,-Датқа шаңқ етіп күліп алды,-а, Жанат?

Достығың қайда?

-Түсінсе, түсіндір өзің! Не, қайда жүрсең менің
қасымдағы қыздарды көресің? Дүниеде басқа қыздар
құрып қалды ма? Көндіріп ал өзің, оның жігіті бар!

-Шытынама! Сен... шытынама!

Жанат қолын сілтеп, автобуспен аулына кетті.

Биылғы жаңа жылдан жұптасу мерзімі басталғандай, Сәбеш пен Қуандық, Жаһан мен Ұлас шаңырақ көтерді.Ғайша мен Гүлнәр Айдынның бөлмесіне ауысып келген-ді.

Майда Ғабит пен Ғайшаның да тойы болмақшы.

Тұрды есік қағып, Айдынды шақырды. Өткенде
бөлмеде болған ашық әңгіме, жанжалдан соң тезірек
Айдынмен келісіп, мәселені пісіріп алмақшы.

-Айконь! Осымен үшінші қызды ұзатпақсыңдар, ә?
Сонда біз...біздің тойымыз қаш-шан, а?-деп қыз
қолынан сүйіп тұрды.

-Кімнің тойын айтасың? Сенің бе? Оны өзіңнен
сұрамайсың ба? Сен ақымақ әтеш болғаның ба
расымен?-деп Айдын күлді.

-Ақылды болуға болар еді, бір кісіден өте алмай
тұрғаным... Батылым бармай тұрғаны ғой...

-Кім, ата-анаң ба? Ол кісілерден саған асу қайда-а?
Оларды тыңда, «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» деген.

-И, жа-ным, сүйдеп қойшы, -Тұрды қыздың қолын
тағы сүйді.

-Мен саған жаным деме деп қанша айттым,
ақымақ! Сенің жаның емеспін ғой, қаңбақшал-ау,-
Айдын оның жалбырап, көзін жапқан шаштарын
ұйпалап күлді.

-Әне! Осы ғой аса алмайтын асуым! Сонда сен...
кімнің жанысың? К-кім-нің? Мәдидің бе? Оның несі
артық менен? Қасыңда ол жүрсе, мен де жүрдім. Ол
сөйлесе, мен де сөйледім, Ол менен артық не жасады

сен үшін?Айко-о! Мен де сені жақсы көремін, сүйемін!

-Не... не деп... не дейсің, сен?! Ішіп алсаң, айтар
сөзіңнен мүлдем адасатының не, осы сенің... Бар, кейін
сөйлесеміз, демалшы.

-Сен-ше, сен мені итерме, Айко! Итерме көкірегімнен, білдің бе?! Өкінесің! Айтпады деме, мен тірі жүрсем,сен екеуіңді қоспаймын! Осыны ұмытпа-а!

-Есіңді жина, Тұрды. Осы сөзді баяғыда-а бір
айтқан ең, ішіп алып. Енді... тағы да... Барлық нәрсе
құдайдың қолында, болатын нәрсе болар. Бірақ, себебі

не, айтшы? Біз сенің досың емеспіз бе? Опасыз дос,
арамза дос болғаның ба сонда?!

-Сол! Сол! Неге екенін түсінбейтін... Түсінесің
бәрін! Сен менікі болуың керек! Маған бұйырмаған
оған да, ешкімге де бұйырмайды. Осыны есіңде сақта!-
деп Тұрды сұқ саусағын безеп, бетін жапқан кекіл

шашының арасынан жасыл көздерінен зәр шаша
тістенді.

-Осы пейілің рас болса... нағыз... нағыз екіжүзді
оңбаған екенсің! Иттің қолынан қабу, биттің қолынан
шағу ғана келеді. Қолыңнан келгенін жасарсың!-деп
Айдын бөлмесіне кірді де, төсегіне шалқалай жатты.

Көз жасын іркіп, қатайды. Жүрегі жырлады.

Сұмдық-ай! Тіршіліктің сұмдығын-ай!
Сұмдықпен неге ойнайсың, жынды құдай?
Кімдерге ақыл бердің елден асқан,
Мына елдің даналарға құлдығын-ай!

Ақылы үшін неге ұрдың, Кімді құдай?

Жаз көңілді сырғытып бұрқасынға,
Сиқыр-сағым жастықтың тұр қасында.
Аңсатасың іздетіп Кімді кімге,
Қасиеттің қашан да Сор қасында!

Бұл неткенің!?

Арсыздан қорқасың ба?!

Есікті қағып, Тұрды тағы шақырды.

-Бармаймын,-деді Айдын Жанатқа. Тұрды тағы да
есік қақты. Кө-өп күтті.

ХІҮ –ТАРАУ

ТЕКСІЗ

Аяр жаннан бықсыған сөз қалады,
Дауда сына жігітті, бозбаланы.
Тексіз адам –дауасыз, жеңем деме,
Жеңіс –ұяттың әдептен озбағаны.

...Содан бері Тұрдының Айдынмен сәлемі де,келуі
де тиылды. Ол мақсатына жеткізетін басқалай іс-
әрекетке бел шеше кірісті. Айдын екеуіне өкпесін
айтып, Мәдимен «жарасты», Раушанды кафеге

шақырды.
-Мәке, менімен қазір танысып тұрған жоқсың,
аттай 5 жыл бірге келеміз. Айтсам, ақылымды айтатын
шығармын. Екеуің мені бөліп тастап, анау Айдының

көкірегімнен итерді. Қазақ атаң не дейді? «Бала белде,
қатын жолда» дейді. Жол-да! Оны жолда жоғалтасың,
жолда басқасын табасың! Соған бола жолдасыңды
жолда қалдырмайтын шығарсың еркек болсаң!? Сенен

ит көйлекті бұрын тоздырғанбыз. Жүр, одан да көңіл
көтеріп қайтайық!- деп Раушанды кафеге шақырғанын
айтты. «Раушанға көңілі құлаған екен-ау»
-Реке, өзіңмен бірге аз болса да саз уақыт

өткіздік. Саз еткен де, жаз еткен де сенің бізге деген
ықыласың болды. Сенің арқаңда практикамыз жақсы
баға алды. Рахмет айтайық деп шештік Мәкең екеуміз.
Енді санаулы күнде мектеппен қоштасармыз, бірақ,

сенімен қоштаспаймыз. Солай ғой, Мәке? Сол үшін
осы тостты алайық! – Тұрды өзі қағып салып,
қасындағыларға алғызып, жаздай жадырап отыр. –
Мәкеңдей жігіт ғасырда бір туылар, ол қой аузынан

шөп алмайды! Хи-хи-х! Ащ-щ! Қыз аузынан да шөп
алмайды-ы! Үйрете алмай-ақ қойдым-м! Сен, сен
аузыңа шөп қыстыршы, Реке, кәне! Алар ма екен!?
-Ой,Тұреке, не деп кеттің? Мас болып қалдың ба?

-Сен Раушанның лебіне массың, оны сезіп
тұрмын. Мен –араққа! Сенікі тәтті иіс, біріңді бірің
балқытып, еріп отырсыңдар ғо-о! Бүгін қонақ үйге
барсақ па-а деп отырмын. Реке, маған пар таппайсың

ба? Тапшы бір қызды, Раушанка!

-Қой, Тұреке, масаятын уақытымыз болған жоқ. Жақсы отырып, жақсы қайтайық. Ал, Раушан, тост өзіңде. -Рахмет дастархандарыңа. Мен де үйреніп қалыппын сендерге. Келіп тұрыңдар. Не дейм... -Не дейсің?Шыныңды айт Раушан,сүйем де!Деші! Маған айтқаның –шы кешегі,а? Айтсайшы Мәкеңе,айт! -Қой-ей,Тұреке.Ұят-ты.Ал, онда көбейсек,рахмет. -Құр рахмет ауыз жыртады, Мәке! Раушан гүлің ашылып тұр ғой саған,а?! Еркексің бе,қызтекесің бе? -Жұмыртқадан шықпаған-ау Мәди, Тұреке! -Сарыауыз балапан ғо-о! -Қой-й! Сары аузы да көрінбейді Мәдидің! А-ха! Жұмыртқаны жарма-ған бала-пан...А-ха-ха! -Піспеген ғо! Қыз энергиясын көрмеген! Раушан, құшырлана құшақта-ап, былай, пісірсеңдер болмай ма! -Сені тыңдасақ, таң атар, қайттық!-деді Мәди. -Гүлім, ертең киноға барамыз, дайын бол,- Тұрды Раушанды белінен түртіп, сыбырлады,- Әрекетіңді жаса! Мына жігітте анық ойың болса, өзің айналдырып ал! Сен жақтамын! -Не деп созбұйдаға сап кеттің-ей, Тұреке! Болшы. -Ой, жазған-ай, сенің қамыңды ойлап тұрмын.- Тұрды Раушанмен сүйісіп қоштасты. - Мәке, менікі достық, білсең! Аяқ-қолы балғадай! Қандай жарамды қыз! Бес жылда қаладан қатын таппай, аулыңа не бетіңмен барасың, ал!?

Сауатсыз сауыншыға ма, кетпеншіге ме көз саласың
ба? Ал?! Күледі ел-жұртың!

- Мені осыған үйлен деп тұрсың ба сонда? Сенің

өз ойың бар ма десем. Айтады екенсің. Менің кімге
үйленетінімді сен білмеуші ме ең?!
-Өй, Айдының ба? Ол үлкен ғой досым-ау!
Қызықтап уақыт өткіздің, жетеді! Оны маған бер енді.

Раушан ұнамаса,Күлсапардың өзін не қасындағы жас
тау қызды ал, Есен ше? Не Күлсапарды алып қашайық
саған, Мәке.
-Сен де бір! Базардан мал таңдағандайсың ғой!

Айдындарға жиі келетін Ғабит адам бейнелі хабар арнасы секілді.. Тұрды екі курс төмен Күлсапармен достасып, сол бөлменің қыздарын Мәди екеуі серуендетіп жүрген көрінеді. Жанына батқан Тұрды ісі жайын Айдын Жанат пен Бәтеске айтты, Мәдиге... досы Тұрдыны қалай айтуды білмеді.

Мәдилер де, Айдындар да мектеп практикасы
кешін кеше өткізді. Мәдидің сыбырлап па, ызыңдап па
айтқан қарақұрттай улы сөзі – мектеп кешіндегі
Тұрдының жанталаса ұйымдастырған арамза ісінен

Айдын
мүлде
бейхабар-ды.
«Сабақ

жалғасқанда
Тұрдымен қалай кездесер екенбіз?» деп ойлап қоятын.
Бағана оқу залында Мәди: «Бір қызды... ә-әйелді
бүлдірді деді ме, бүлдірдім» деді ме?Тұрды жайында

ма?... Өзін айтты ма-а?... Жо-оқ! Мәди, Мәденім
жамандыққа бармайды. Әлидің дәптерін аяғына дейін
оқыды ма екен, сөйтіп... Жоқ! Онда, не болуы мүмкін?!
Бір жері ауырады ма? Қай жері? «Қазір келем» дегелі

де бие сауымның екі-үш уақыты өтті. Бесін ауып
барады ғой. Бұл да ораза ашпай, Мәдиді күтіп жүр.Не
болды оған? Бөлмесінде ме, қайда?!»

Терезе мен есік арасын кезіп, «сүрлеу жолға»
айналдырған Айдын жыр жазды.

Күттім сені.

Уақыт тоқтады ма?
Жан-жүрегім жылуын жоқтады ма?
Дидарыңды сығалап көру үшін
Үзер едім кісен мен ноқтаны да.

Жанға батты келем деп кешіккенің,
Әлдиледім өлең-жыр бесіктерін.
Жете алмастан «жа-ны-м» деп үздіктің бе?
Жаңғырықты құлақта есіткен үн.

Күттім сені еш іске қолым бармай,
Сен ұрынып, кесірге жолығардай.
Хабар берші.Тағдыр-ау, жазығым не,
Ғашық жүрек осынша торығардай?

Бақыт сенің бейнеңнен жасалған ба?

Күлкі өсер іздерің жасар маңда.
Сенің нәрің керек-ақ, сенің нұрың,
Көгілдірдей ақын қыз – осал жанға.

Қарным ашпай, білінбей шөлдегенім,
Тоқтап қалдым. Қиын- ақ келмегенің.
Кібіртіктеп бұзылды сағат- жүрек,
Кем болып тұр өзіңнің емдегенің...

Бесін ауғалы қаш-шан. Айдын терезеден сыртқа
көз салып тұрғанда, Мәдидің асыға адымдаған
сұлбасын көрді. Ол осы терезеге бұрыла қарап, бір
қолын көтерді.

Айдын дастархан қамына кірісті. Әдеттегідей,
Мәдидің аяқ тықыры жақындағанда, есік ашты.

-Бәрі жақсы ма?

-Иә,-деді Мәди, жүзі жабырқай.

-Келгенің дұрыс болды. Қарным ашқанын енді
білдім, тамақ ішейік.

-Ішкім келмейді,-деді Мәди.

-Таңертеңнен сені күтіп, тамақтанбадым. Онда...

-Жо-жоқ, ішейік. Дұрыс айтасың.

Дастархан үстінде әңгіме өрби қоймады.

-Не жаңалық? Ауылыңнан хабар бар ма? Аман ба?

-Білмедім, хабар жоқ.

-Алматыдан... Әлидің жағдайы қалай? Білмедің бе?
Үйленем демеді ме?

-Оған қайдағы... жол жоқ қой.

-Ғабекең, Жаңабектер, Коля... үйде ме?

-Жақаң екеуміз... Басқасы ауылдарына кетті.

-Онда, шақырып келсейші, әлде өзім барғаным жөн
шығар?-Айдын тұруға ыңғайланды.

-Жо-жоқ. Екеуміз отырайықшы. Ол осында екенімді біледі.

Айдын Мәдидің жүзі енді не себепті тұнжыраған
екенін ойша іздеп, таба алмады. Мұның жүрегі
сығылып, сыздағалы қаш-ша-ан.

-Айконь... саған сұрағым... бар... Егер мен бірдеңе.... бір қателікке барсам.... сен... шыныңды айт, бірақтам... Кешірер ме едің? Мені кеші-ші-ре аласың ба?-деді тұттығып.

Мәдидің жүзі қызарып, тіпті көздері де қызара
жасаурап кетті. «Қалай ойыма келмеген? Бұл төбелес
пе, ұрлық па,наша ма... бір бәлеге қосылып кеткен ғой»

-Иә, кешіремін. Не болса да кешіремін.

Мәди қабағын жоғары көтеріп, Айдынға қарағанда,
найза кірпікті көздерінің жасы мөлдіреп, көз алмасы
қанталап тұрды.

«Не деген сұлу көз! Мынадай жылап тұрғаны
қандай жарасады өзіне» деп сүйсінді қыз. Өткен бір
жылдары мақта даласындағы кезеңде Айдын болмашы
нәрсеге жорыта өкпелеп, бір-екі күн сөйлемей, қарамай

қойғанда-шы, дәл осылай үкі көздің сұлулығын көрген.
Сонда:

Әдейілеп жасаған наз-өкпеме,
Күйіп-жанған кейпіңе бір күлейін,-деп жазғаны
есіне түсті. Тағы да жымиды.

-Рахмет! Саған тек қана рахмет айтамын. Менің
саған ризашылығымда шек жоқ-ау. Сенің алдыңда...
қарыздармын, кінәлімін... Кешірші, кешірші, жа-ным,
мені-і,-деп жүзінен екі сызық жас көкірегіне ағып

түсті.Ол
Айдынды
қолынан
тартып,

алдына
отырғызды, бетінің барлық жерінен сүйді.

-Сенің
таза
жүрегіңнен,
маған

деген...
махаббатыңнан,
көзіңнен,
қасыңнан,

мұрныңнан,
аузыңнан,
шашыңнан...
барлық жеріңнен

садақа
кетейін! Айналайыным менің, періш-іштем-ау. Бетінің
әр нүктесі арман-ау,- Мәди даусы толқындап, тағы
жылады. Қыздың бәрі сендей ме деп... кешірші мен

ақымақты. Мен бәрін бүлдірдім... Айко,-деді.

Айдынға ауа тарылғандай болды, ақырын тұрып,
терезенің бір жақтауын ашты. Бір жұтым су ұрттады,
Мәдидің де аузына су тосты.

-Рахмет.

-Айтшы, не бүлінді сонша?

Осыдан соң тек қана Мәдидің тоқтаусыз, ауыр
күрсіністерінен басқа сыбысы жоқ, уақыт ағыны өтіп
жатты.Кереуетте қатар отырған екеудің бірінің жіп-
жіңішке, бәйшешектей салқын саусақтарын екінші

күректей қолдың он саусағы оқтын-оқтын қысып,ой
ұйығынан малти алмай отыр.

Айдынның жүрегі бір жамандықты сезгендей, дір-
дір етеді. «Қыздың бәрі сендей ме деп» ол нені меңзеді
, неге айтты?»

Қорғасын–уақыттың қозғалуы қиындады. Ауыр-
ауыр күрсіністермен әзер жылжытып, Мәди сөз
бастады.

-Кеше қоштасу кешінде... пионервожатый қыз
вальске шақырды... Мен... серуенге... Екеуміз жеке
шыққанда... құшақтап ем... қарсыласпады. Сүйіп ем...
жалпы... не істесем де көне берді. Мен өзімді...

ақымақтығымнан... ұстай алмастан... Өзіме ие бола
алмадым... Бүлдірдім... Мені қалай жазаласаң да...
алдыңдамын. Сен қырсықсаң... басқалар.... басқа қыз...
Ол... көне берді ғой... бәріне. Қой демеді, қорқам

демеді, итермеді... айқайламады. Не болғанын өзім де...
білмей... Соңынан бір-ақ білдім, Тұрдымен ішкен ек...
аздап.

...Айдынның жүрегінің дүрсілі құлағында дүңк-
дүңк деп соғып тұрды. Басының ішіне мың-сан шілде
қоңыз кіріп алғандай, шырылдап қоя берді. Ол өзін-өзі
жұбатып, «Бәрі жақсы болады, бәрі дұрыс болады» деп

іштей қайталады. Бірақ, кібіртіктей соққан сағат-
жүрегенің құлпынай құрылысы сығылып, қан жылады.
Тамағынан бірдеңе буындырып, ауа тарылып бара
жатты. «Мен бүлдірдім, мен-мен-мен» деп Мәди даусы

дүңк- дүңк кеудесін соққылап, жаны езілді. Аласапы
ран сезім дауылы басталып, он екі мүшесін жан-жаққа

пәрше- пәршесін шығара бөлшектей созып, сығып,
бұрап жатқандай заманақыр сәт рухын боршалады.
Айдын не болғанын да, енді не істеуді де түсінер емес.

Жанардан тамшы у ағып,
Алқымнан қыстың, Уақыт.
Естінің ізін салмақсың,
Жастықтың жүзін куә ғып.

Өмірге кеңдік бермедің,
Жүрегімді жұбатып.

Тұншығып барад алқымым,
Дірілдетті-ау салқының.
Жан алғыш перің неліктен,
Тездетпейді қарқынын?

Тоқташы, сырт-сырт аттамай,
Өтініш осы.

Бар шыным.

Айдын «жақсы болады, бәрі жақсы» деп іштей сан
қайталап жатса да, боп-боз боп, еріндері көгеріп бара
жатты.

-Айдын! Айко-о! Не болды саған? Су, су... ішші,-
деп Мәди су берді, бетіне су бүркіп, кереуетке
жатқызды, -Кешір, қанша азапқа салдым-ау сені, -
Мәди жылады.

-Жыламашы, Мәден, жыла-ма-шы. Өзім ауырып
жүрмін ғой біраздан... бері... Сен кінәлі емес-сің.
Қазір... жақсы бо-лады.,-деді Айдын.

-Жаным! Шынымен-ақ жанымсың сен. Мені бір
құдай ұрды. Басқа ешкімді сендей ұнатқан емеспін,
сенші, - ол қыз саусақтарын уқалап, уһілеп отыр.

-Иә... сенемін саған, күйзелме. Бізге қателік
жарасады, Мәди. Терезені тағы ащы.

Жігіттің реңі түзелейін деді.

-Тәтті, ыстық шәй болса... ғой...
-Қазір, мен...

-Жоқ, саған сыртқа шығуға болмайды, түн жарымы... сөз болармыз. Өзім... қазір...

Аздан соң Айдын шәй қойып, екеуі шәй ішті.

-Дұрысталдың ба, а? И жаным, ақылдым,-деп Мәди
қыз шашынан иіскеп, қолын сүйіп қойды.

-Иә, өзің ше?

-Мені қойшы. Менің обалым жоқ.

Мәди қызды жас балаша көтеріп, бөлме ішінде
әрлі-берлі жүрді. Әшейінде қолын қаға беретін Айдын
оның мойнынан құшақтап, үнсіз егіліп жылауда еді.
Мәдидің денесіне көз жасы енді сезілді білем.

-Өй, Айконь, не болды саған? Жылап жүрсің бе?
Мен сені бөпе ғып ұйықтатпақ боп жатсам...

-Мәден, мен сені бағаламаған екенмін. Қадіріңді
білемін деп ойлаушы ем, білмеппін. Сені... сені бәрінен
артық көреді екем-ау. Сені-ші... өзімнен артық... Мәди.

Мен сені сүйемін, өмірдің сенсіз құны жоқ. Неге соны
саған бір рет те мойындамадым, неге? Мен қырсық
болмағанымда... Сен осы жолға бармас едің-ау!
Жүрегім де, жаным да, арманым да жоқ менің! Бәрін

саған беріп қойғанмын, жал-ғы-зым...

-Айконь, қасыңдамын ғой, қасыңдамын. Неге жылайсың сен? Қойшы енді, бәрі дұрыс болады. Ең бастысы – сен түсіндің. Кішкене демала ғой, ә? Кереуетке жатқызайын. -Бұл дүниенің жұмағы – сенің жаныңда жүру. Рас айтам. Үлбіреген нәзігім, ашылмаған жауқазыным. Бүгін қанша сүйсем де мейірімім қанбады-ау. Жібектей деген сенің шашың шығар,-Мәдидің көз алдына Айдынға сыртқы тұлғасы кереғар пионервожатый қыз – Раушан елестеді. «Бойы тапалтақ, етженді, шашы қайратты, беті жалпақ, ерні де... созылып қалған ба немене... Көзі ше? Көзінің қабағы жоқ, маңдайымен бірдей тегіс пе, не пәле өзі? Мойны қысқа, қасының арасы алыс, құлап қалған Ай, Ай емес... Саусақтары да быртиған жуан-жуан екен-ау. Қалай соның қасына барып... жақын болдым!? Ей, арақ деген ақ сайтан, сосын, Раушан екеумізді қосақтай беретін Тұрдының сайтан тілдері жетектеп, бөтен ой түсірді. Не әрекеттің бәріне пейілді болған ол әйел де... ұятсыз екен. Қой, ешкім емес, тек өзім ғана кінәлімін». Мәди тағы да ауыр-ауыр күрсіне берді.

-Шөжем, не болды?

-Аһ?! Иә... Айконь, сен екенсің ғой... «Сарыауыз
балапан шөже шиқылдап жүріп, мысыққа тығылыпты»
дейді ертегі.

Рауандап атқан таңның көгілдір сәулесі аққудың
көгілдіріндей тұмсықтарын түйістіріп, үнсіз түсініскен
қос ғашыққа шапағын шашты.
-Айко, таң да атты. Атып келеді. Бұл біздің

мәңгілік бақыт таңымыз. Солай деші. Түсінгеніңнен
айналдым, кешіргеніңнен айналдым.Мен сенің осылай
кең болатыныңа сенгем. Жер бетіндегі жалғыз
махаббатым! Тірі жүрсем, енді сені ешқашан да

жылатпаспын мен!

-Мәден, қазақта қыздарды «жаман бала» деп неге
айтады дейсің? Себебі, онша терең байыппен ойлай
алмаймыз, эмоциямызды ұстай алмаймыз, әлсізбіз.
Бізге сондықтан да жігіттер сүйеу болады. Алғаш оқу

залында танысқан ек... Міне, бір дәуірді –жастық
студенттік дәуірді бірге өткіздік. Ризамын саған. Мені
есейттің, барлық еркелігімді, қателігімді көтердің, ол -
жігіт болғандығыңнан. Ең алғаш сүйгеніңде...ең жаман

іс жасағандай... қорынып жылағаным-ай. Енді міне,
қасыңдамын. Сен менің ең-ең жақын, бір туған
бауырымнан кемдігі жоқ... досым боп қалатын болдың,
Мәден.

-Айко, не деп... не айтып кеттің, а?

-Солай болуы керек, өзім қадағалаймын сені, сол...
Раушанға үйленесің.

-Жо-жоқ! Айдын, менікі қателік, оны ұнатпаймын
мен! Түсінші, сүймеймін!

-Ештеңе етпейді, қарсыласпаса, ол қыз сені
ұнатқаны ғой. Егер саған бір қыз қарамай қалса, егер
сенен біреу бас тартса, мен шамданып қалар ем, Мәди.
Сен... саған көз түспеу, сені сүймеу мүмкін емес.

Үйлен, өйтпеуге болмайды. Не деуші ек, әлгі...
«Шегінетін жер жоқ, артымызда - Москва» Қыз
дегендер өз бетінше жабыспайды ғой.

-Сен, Айдын... ақылыңнан ауыстың ба? Мені
итеріп қайда апара жатырсың? Өзің ше? Жұрт
қарамағанды қаратып, жүгіріп жүріп тартып алады...
Қане, мені сүйетінің қайда?! Кешіргенің қайда, Айко?

– Мәди кереует шетінде отырып, боздап жылады,-жоқ,

сен әдейі айтасың, қырсығып... Солай деші, Айдын?!

-Бәрі де рас, Мәден, рас айтам,-Айдынның көз
жасы құс жастыққа жұтылып жатты.

-Мен тұра алмаймын онымен, түсінші.Бағана оған
жолығып, өз ісіме кешірім сұрап келдім. Ол кешірді.
Өзі бұрыннан неғып... өзі кінәлі оның. Ондай қыздар
көп қой,Айдын. Кешіргенің қане, Айдын-н? Сүйетінің

қайда? Өмір бойы айтпай, жаңа ғана «Сүйемін» дедің
ғой, Айко. Өтірік пе? Сені кімге қиямын мен? Жаным!

-Қорықпа, мен күйеуге шыға қоймаспын, Мәди.
Мені ойлама. Бәрін біліп тұрып, сенімен тұрмыс құра
алмаймын ғой енді...

Айдын сыртқа шығып, жуынды. Бірақ кеудесін
сыздатқан ауыр салмақтан айықпады. Бөлмесіне қайта
оралып, Мәдидің қолына су құйып, жуындырды.
Таңғы дастархан жасады.

-Таңертеңгілік ас - бір күндік энергияның, көңіл-
күйдің негізі. Осы нанды тауыс, несібең,-деп бір үзім
нанға сары май жағып ұсынды.

-Сабаққа бармай-ақ , екеуміз осында болайық, а?
Басқалар каникулда ғой, ақыры.

-Барып келейік...

-Онда, бүгін кешке серуендейік.

-Иә.

Айдынның бір сөзге келмей, келісім бергеніне
Мәди таңданды. Қыз Мәдиден басқа жат адамдарға
жасайтын құрметін тұңғыш рет Мәдиге көрсетіп,
туфлиін алдына қойды.

-Рахмет! – Мәди біраз уақыт қызды бауырына
басып, кеткісі келмеді. Айдын да ешқашан жасамаған
мінез көрсетіп, Мәди соғысқа аттанардай, екі қолымен
мойнынан құшақтап тұрды,-сабаққа барамыз ба?

Әлде... бүгінше бармайық...шы...- деді Мәди.

-Барғанымыз жөн, барайық.

-Онда, дайындалып тұр, қазір келемін.

...Айдынның жүрегі жыр тербеді.

Қимадым сені, «қалшы» деп тіл қатпадым,
Қинадың мені, теңселтіп жыр қатпарын.

Жанарым тұрды жасырып бұл шақтарым,
Серпілді кірпік, төгілтпей бұршақтарын.

Күрсінді көңілім.

Көрінді дүние шағын,
Жылады жүрек-жүзімде дуылдап жалын.
Қасымда жүрген кездерде сезбедім неге,
Бөлуім қиын болып тұр жартымды, Жаным.

Сағынтып үнің, дірілің, демің, саусағың,
Сен болып сипап шашымды,

Қинайды-ау сағым.
Думанды дүние қуыс боп қалды тез қалай?
Денемді сүйер сүйек-ет жоқтай қаусадым.

Сезбедім бұрын тарлығын ғаламшар – Жердің,
Жетпейді оттек, тұншықтым. Кезерді ернім.
Жүректі сыйлап өзіңе, жастық-от сөнді,
Қыбырлап қабық денемен соңынан ердім.

...Дәлізден Мәдидің аяқ дыбысы естілді. Есікті үш
рет қақты. Айдын осы қағысты тағы естігісі келіп,
«кейін сағынам-ау, санамда қалсыншы» деп есік
жақтауына сүйеніп, 3-4 рет қайталағанынша үнсіз

тыңдап, жылап тұрды..

-Қазір,-деді көз жасын сүртіп, - келдің бе?

Мәди мен Раушанның арақатынасын, оны қасақана
ұйымдастырған Тұрдының қалай қуанышты екенін
білетін Жаңабек Айдынның бетінен сүйіп сәлемдесіп,
үшеуі сабаққа бет алды.

ХҮ –ТАРАУ

ТОР

Тәтті алма құрт түскеннен қуарады,
Арамшөп тиген жерден ну алады.
Аққудың табандары неге қара?
Шын жауап табылмаған бұған әлі.

Раушан... өмір өткелдеріне ой жүгіртті.

Ол өзінің Мәдимен кірігуіне кө-өп көмегін
көрсететін Тұрдыдай ақпейілді қамқоршы, жанашырды
кезіктірген тағдырына разы. Егер, ол болмаса.... Атама!
Жұмақ пен тозаққа екшеленер «қылкөпір» ұғымынан

кемдігі жоқ солбір мектеп кешінен соң алға не артқа
аттауды білмей, сыңсыған Раушан көңілін пейішке
түсірген кім? Тұрды. «Көрісеміз» деп, сосын «кешір»
деп қол қысып, көрінбей кеткен Мәдиді қайта жетектеп

келген кім? Тұрды. Әуелде өзіне деген ілтипаты
ерекше Тұрдыны «сөз салғалы жүр ме?» деп те
ойлаған-ды. Әйтсе де, ол Мәди екеуін тели беретін
қылжақ мінез көрсеткенде «ұсқынсыз» деп ұнамайтын

Тұрды ұнап-ақ кеткен-ді. Бірақ... «Неге, неге ол
Мәдидің мұнымен жақын болуына жанын салды?
Айдын деген кім?» Алғашта Мәди мұны «Айдын» деп
жаңылғанда-шы, Тұрды ақылгөй аталарша:

-Мәдижан, Айдынды ұмыт! Ендігі Айдының осы
Рауша-ан!-деп, қыт-қыттап ұзақ күлген-ді. Оңаша сәтте
Тұрды Айдынның Мәдиді «шатастырып» жүрген
алғашқы сезімі екенін айтты.

-Е-е, ондай-ондай махаббат болмаса, адамның
балалығы пісе ме? Ол – шала махаббат, сен – піскен
махаббатсың, Роза гүлім-ау! Қалай қарайсың, әһ?! –
Тұрды мұның етженді саусақтарын алақанына салып,

қысып-қысып қойды да, зерттей қарады,- Әй, Мәке,
мына қолда Қажымұқанның қайраты бар. Көрші өзің!
Бұл - өмір деген айдаһармен айқаса алатын еңбекқор
қатын... Ә, кешір, жан-жар болатын нағыз әйелдің

бітімі. Күйеуін байытады деген осылар. Бірақ, бір
ұрса... – Тұрды тағы да қыт-қыттады,- Таяқ жемеу үшін
Раушанканы алақанға саласың. Ал, анау Айдын дегенді

қайтесің – шидей-ау! Жел тисе ұшқалы тұр, ондайлар
дымға да жарамайды, хи-хи... Басыңды көбейтпесе,
малыңды тоғытпаса, онда үйленудің қажеті не?

-Өй, сен де...Тұрды, айтасың-ау. Ұят қайда? - Мәди
қызарақтады.

-Мәке,
алатыныңның
құлақ
күйін

бүгіннен
келтіріп, жүйкесін шыңдап алу керек деп күніне қанша
айтамын осы! Міне, қаңқ деп дыбысы шықпады ғой,
айтшы?

Иә, Раушанның үндемегені рас. Бұл да жол
айрығындағы жолаушыдай, жігіт таңдауға келгенде
қиналуда. «Махаббат демекші, сөз байласқан Батыры
әскерде. Бүгінде жылынан асты, тағы екі жылдай күтуі

керек. Қимайтын да сияқты... Сонда, Мәдидей «алтын
балық» кездескенде, бұл қияли ертегідегі ақымақ
шалдай, Айдынына қоя бере сала ма? Өзі оқымаған,
шадыр мінезді Батырды 2 жыл күтіп, қартаюы керек

пе? Ал, күткенде ол да үйленбей кетсе, не істемек?
Күткенде...Батыр мұның адалдығы мен тазалығына
сенбесе ше? Ауға түскен Мәди өзінен көрсін!»

-Әй, қыз! Раушан! Ойға түстің дегенше сайға
түстің де! Не болды сонша уайымдап, аһ? Мына мен
тұрғанда тұнжырап, иығыңды түсірмеші,-Тұрдының
жылы сөзінен бе, көзі жасаураған Раушан жұмыс

бөлмесінен сыртқа шықты. Қайта оралғанда, екі дос
жігіттің жарқын күлкісі, жарасқан әзілдері мұның да
көңілін гүлдеді. «Е, мейлі, өзі жоқтың көзі жоқ, оған да

қыз көп. Ел оның Әбілсапар деп азан шақырып қойған
атын өжеттігінен Батыр деп өзгертті емес пе?»

-Соны айтам,-деді Мәди мұның ойын оқығандай.

-Нені? Нені айтып тұрсың?!-Раушан абдырады.

-Не болушы еді, мына Мәкең екеуміз құда болғалы
жатырмыз. Мен қызыңды алам, бірақ, қыз бермеймін
десем, түсінбейді. Өйткені, менде ылғи ұл болады, қыз
болмайды, Мәке!

-Өй, сен де... Тұрды, шаңыраққа қарашы! Бұл –
мектеп қой! Жоқ уызды әңгімелеп қайтесің,-деді Мәди
жайбарақат,- қайтайық.

-Қайтқанда,
әңгімені
пісірейік!
Мәке,

негізі
құдайдың сүйгенісің-ау, кілең ығай мен сығайдың
қыздары тап келетін... Мына Раушанның әкесі бір
ауданның редакторы боп, көшкелі жатыр екен. Раушан,

айттың ба? – Ол бір көзін қысты.

-Жоқ,-деді таңырқаған қыз, - айтпақшы, иә...

-Көшеді! Ал, сен ақылды болсаң, тойды тездет те,
осы қаладағы үйді Раушан екеуің басып қал! Раушан,
соған келісесің ғой? Осы рас қой, айтсаңшы өзің!-
Тұрды қызға көзін қысып, Мәдиді арқадан қағып-

қағып қойды.

-Қой, сенің әңгімең өршіп барады, тез қайтайық,-
деді Мәди қоштасып.

-Жақсы... Келіп тұрыңдар, күтеміз...

-Уже, екеу боп қалғансың ба, Раушан? Той болса –
жақсы, болмаса ше? Құдай қаласа, болады тойларың!

Ал, кездескенше! Сен... сен түлкілерді тазы боп шалу
керегін ұмытпа! Тазыша жүйрік,пышақ тіс керек, Реке!

-Қоя ғой, Тұреке, аңдарды ажыратуды оқымаған
екенсің, жақсы,-Мәди сыртқа беттеді. «Кім түлкі
екенін, кімді кім торға түсіріп жатқанын әркімнің іші
мен бір Құдай ғана біледі! Не десе де үндемейтін

намыссыз ба деймін мына қыз?».

-Екеулейміз, қорықпа!-деп сыбырлады соңырақ
қалған Тұрды қызға. Мәди әлгі «кімді кім торға
түсіргенін» досымен ашық бөлісіп еді,Тұрды: «Әйелдің
бәрі

бірдей,
болары
болды.
Анау

хрестияндар
жұмыртқаны қызыл- жасылға , түрлі түске бояйды ғой.
Ал, жесең, бәрінің дәмі бірдей! Бірдей! Істің біткені
жақсы, ұяттан кісі өлмейді. Раушанды ал да әкесінің

үйін басып қал! Енді еркектің ісі бұл! Мәке, жарадың!
Сен ұттың!» деген ақыл қосты.

...Раушан көңілінде Уақыт құйыны соқты.

Араға
айлар
салып,
Мәди

алыстағанымен,
Батырдың
сағынышты
хаттары

көңіл
олқысын
толтырып, тіпті асып-тасып жатты. Кешегі хатында:
«Жақында

демалысқа
барамын,
бәріңді
қатты

сағындым, жаным!» депті. «Енді не болмақ??» Түнде
де тыным таптырмаған сауалдың дұрыс жауабы –
Тұрдыны осы тұйыққа қосу, оның «Мен тұрғанда
қорықпа, екеулейміз» дегеніне арқа сүйеу. Раушан

киелі
санын
ырымдап,
Жетісай

театрының

концертіне 7 билет алды да Мәдидің бөлмелестерін
шақыру үшін Тұрдының сүйікті қызы – Күлсапарға
барды, мұңдасты.

-Сонда, сен неден қорқып тұрсың? Сен ол
Батырмен сөз байласқан ба едің? -Күлсапар таңданды.

-Жо-жоқ! Қайдағы біреу ол. Естуімше бәстесіпті,
осы жолы мені басып алып қашпақшы екен,-деді
Раушан мұңайып.

-Сұмдық екен! Мен қазір Тұрдыға айтайыншы,-
деп сыртқа беттеген Күлсапар әлден соң Тұрдымен
бірге оралды. Жігіттің жасыл көздері ызғарланып,
қаны тартылып тұрса да, Раушанмен сүйісіп көрісті.

-Оңбаған!
Басын
алып
жүре

алмаса,
саған
соқтығып не жыны бар!? Киноға апарып... одан
әпкеңнің тойына ілесіп барып... сөзге қалдырып, аһ?!

Ұят-аятты білмей, миы сорпа боп кетеді осы Мәдидің
кейде. Әй, өзі де... жұмсақ иілгіш ұзынтұрам-ай,
«Махаббатым - Айдыным» дей ме сандырақтап!
Айдын да басымызға сор болды, күнде бір партада

отырған соң... жақын болып кете ме... Түсінбеймін!
Сенің ұшығыңнан жиіркенеді-мүш! Сендей қыздың
ұшығы түгіл, бәрін жалап шығар ек өзіміз, әттең...
Мына қыздан қорқамыз енді,- ол жымия шәй

дайындығымен
жүрген
Күлсапардың
қолынан

шөпілдете сүйді. Бетіне жылылық жүгірді,-Тә-әк! Ол
ақымақ
сенің
шақыруыңмен

емес,
Айдынмен
бармақшы. Ұрдым айналдырып! Мынау көрді ғой

төбелесімізді. Айтшы, сарғалтақ, аһ?! Сені алмаймын
дейді.
Алмаса
қойсын,

өзім
аламын!
Екеуің
келіссеңдер болды. Бірің –сарғалтақ, екіншің –

қызғалдақ боп, екі-і жағымда жүресіңдер қайта, ә? –
Тұрды қыт-қыттап қызара күлді,- солай ма, жаным?! И,
жаным әшейін, сарғалтағыма кімді айырбастаушы
едім! Ешкімді! Ал, Раука, сен уайымдама! Менің мен

екенім рас болса, анау әскердегі бәлең келгенше, бір
аптада үйіңе құда түскіземін, Мәкең деген қолдағы ба-
ла! Оның кілті мына Түкеңнің қолында-а!- деді.
Айтқандай – ақ, Мәди талшыбықтай әдеміше

қызбен концертке барды. Раушанның іші қызды.
-Қоябер, Раушан, кең бол! Сен төсек болсаң, ол қыз
өсек боп қалар әлі! Мен тұрғанда, жеңіс сенікі, - деді
Тұрды мұны жұбатып, - тоқта, әне біреулер кассаға

билетке бара жатыр – ау, артылғанын сатып келейін.
Екі билет кімге керек? Билет, билет бар! -Раушанды
апарып салатын таксиге тиын тап-ты-ық!- деп Тұрды
жан қалтасын қағып-қағып қойып, бұларға арсалаңдай

жақындады..

*** Тұрды өткен шақтарына шолу жасады. Студенттік шағы, жастық жалыны бос кетпеді. Лаулап жанып, талай қыздың жүрегін өртеді, сүйдірді, жүгіртті, дажім десең, жалынғандары болды! Ол жағынан армансыз! Ішінде мынау Айдын сияқты қатып қалған бәле...

Қандай десе болады өзі? Бәле емес, мұның жүрегін
өртеген қыз. Осындай икемге көнбейтіндері де
кездесті. Әй, жігітшілік – итшілік деген дәурені өтті,
енді шаңырақ иесі болуды ойлауы керек. Бір өкінетіні

– Айдын мұның көкірегін тепті. Көрсетеді оған әлі! Бір

қуанатыны - Мәдиді өз жолымен жүргізіп, талай қызға
«шоқ тастатты»! Арманы көп, соның бірі – Айдыннан
кек алу. Тұрдыны менсінбеудің соңы қалай екенін
соңғы кездері өзі де байқап қалған болар, ә! Бұл да

амандаспайды, ол да! Бірақ, Мәдидің сол қызға баруын
қойғыза алмай– ақ келеді.Ендігі ісі –барғызбау!

- Нешауа – а! Жақында Айдының не менікі болады,

не ит боп қалады әлі! Жылатамын дегем оған,
жылатамын! Жылап тұры-ып жалынады маған, әһ! Сол
кезде менің ұсынысымды қабылдайды ол! Ал,
Раушанды бір алуына– аласың, Мәке! Тіпті куә боп,

қорқытып алғызсам да сені мен Айдынды ажыратсам
болғаны. Аржағында бірге тұрасың ба, ажырасасың ба,
менің шаруам жоқ.Ол өз жұмысың! Сен кімге үйленсең
соған үйлен, әйтеуір менің жолымнан құ-ры-ы! Айдын

менікі болса, енді мені сөгетін де ақың жоқ!Хи-хи-хи!

– деп Тұрды оңашада алақанын ысқылап қуанды.

Мәдиді қалай көндіру керек? «Ой тақырыбы» - осы.
Төбелесті, үгіттеді, Айдынның бар кемшілігін іздеп,
тізді. Адамгершілік, байлық, мінез, қойшы, білгенін,
әрқилы әдіспен түсіндірді. Айныта алмады.

-Ә-ә, таптым! –Тұрды ой түбінен серіппедей секіріп, кереуетінен атып тұрды,-Мәдидің жездесіне жолығып, мұның Раушанға жасаған иттігін айтуым керек! Ол не Мәдиді үйленуге көндіреді, не оның әпкесімен ажырасады! Эй, ажырамаса да «Інің оңбаған! Енді маған тіке қарап сөйлеуге дәтің бармасын!»- деп екеуі соғыспай ма? Соғысады! Әпкесі құлағы тыншу үшін –ақ Мәкеңе «Осы қызыңа үйлен мен десең» демей ме? Дейді!» Түкең солай жасады. -Мәке, жездеңмен неге ақылдаспаймыз осы? Өмір көрген, ең жанашырың сол емес пе? Жүр, сол кісіге барайық,- деп, Мәдиге кеңес берді. -Ұят болмай ма? Не дейміз? -Ұят! Несі ұят оның?! Бұл тірлік дені сау барлық еркектің істейтін ісі! Кеттік! «Эй, жездесі де бір қияйы ма, «Раушанның әкесінің үйін есептеп нелерің бар! Берсе де алма! Мен Айдынды танимын, Әсемнің бөлмесінде тұрмайды ма? Соған үйлен. Раушанның обалы өзіне!» дегені бар ма! Оппо! Іс қиындады. Егер Айдын Тұрдыға көмектеспегенде, бұл жеңілер еді-ау! Рахмет!

...Айтқандай-ақ уәделі бір-екі аптаның ішінде Мәдидің мойнына «су кетіп», құдалық жолы жасалды. Раушанның әкесіне баруға жол салған ақымақ Айдынның өзі болды. Өзі болғанда, оған да жоспар құрған мына Тұрекеңнің алтын басы! Осындай жол

тапқыш, ақылды етіп туған шешеме рах-мет! Әһ,
шіркі-ін де!

-Сен шыныңды Айдынға айт, Мәке. Ол кештеу білсе, келісу қиынға соғады. Осы бастан бетіңді ашып ал. Бұл – достығым,- деген еді әдейі. Өйткені, Айдынның Раушан сияқты өмірге икемді емесін білетін. Дөп басыпты, «Сол қызға үйлен»-депті ақылсыз Айдын. Хи-хи! Сосын мына Мәкең Айдынды алып қашпақшы болды. Әрине, Тұрды да мәшине іздесіп, елге хабар бергізіп, Мәдиді ертерек үйлендірудің жолында «шапқылады». Айдынмен де амандасып «татуласты». Эй, адамдарды кейде түсінбейсің, Мәдидің жездесі тағы да Раушанды емес, Айдынды алып қашуға кеңес беріп, келіскенін айтады да! -Ойбай, жезде! Айдын көнбеген соң Раушанның әкесінен қызының қолын сұрап қойдық қой. Ол не болады сонда!?- деді Тұрды,-бізді сотқа беріп, масқарамызды шығармай ма? -Айдынды апара беріңдер. Оның қызы үйінде. Қажет болса ашығын айтамыз, заңға жүгінетіндей қылмысымыз жоқ, -деді жезде. Мынау Мәди сылбырбай да: -Раушанмен қалай тұрам? Тұра алмаймын. Мен Айдынды сүйем,- деп. Сүйгішін! Осыны біліп, мына алтын басты тез-тез істетіп, Тұрды ертерек қамданды. «Сыпсыңбайдың» біреуінен Айдынға хабар жеткізді.

Айналып қана кетейін, ғашығым-ай! Өзі дәл болжағандай шықпай қойды ғой! Тұрдыға арба итерісіп «Жылатпа оны» депті-ау! Аха-ха-ха! Содан, Мәкеңе бір-ақ жол қалды ол – Раушан!

Ол байқұс той киімін, фатасын өзі сатып алып, өз
үйінен өзі қашып шығып, жатақханаға Күлсапарға
келмекші. Не деген ерлік! Не деген ақылды қыз!-
Тұрдының жаны рахаттанып, бәріне өзі бас-көз

болмақшы,- Енді Айдын менікі! Күлсапарың да күліп,
солыған сарғалтақ боп қала береді енді. Ешкім ештеңе
дей алмайды енді Тұрдыға!»
Тұрды да ауылындағы ата-анасына «Тойға дайын

дала беріңдер!» деп хабар айтуды бір ойлады да,
ақылға салып, асықпады.«Түке! Әуелі Мәдиді қосақта
кіммен болса да. Сонда одан кейінгі ең жақыны –саған
шағынбай, кімге шағынады Айдының, а?! Сонда

Айконжаныңмен сүйісіп тұрып суретке түсесің де
тойға Мәди досыңды шақырасың! Ал, қалай?!» деді
ішіндегі ақылшы дауыс.
-Дұрыс! Өт-те дұрыс!

ХҮІ –ТАРАУ

ҚОШТАСУ

Көрмесем ұмытам-ау? Ұмытайын,
Ақын мен түнде уілдер үкі дәйім,
Сезімі аққулардың біріккеннен,
Сыңарсыз өледі екен жұбы дәйім.

Адамның көбінде жоқ аққу-жүрек,
Бөлініп, сол сезімді суытайын.

Бұлар күнде екеу ғанасы серуендеп, ешқашан да
жасамаған қыдырысты әдетке айналдырды. Мәдиді
қайдам, Айдын бақытты бал дәуренін шығарып салып,
еркелігін естелікке айналдырғандай,бір күнде есейіп

кетті. Ал, Мәдиге ол бойжеткендік боп көрініп, оған
деген сезімі алаулай түсті.

...Күндер айларды ығыстырып, ағып жатты. Ғабит
бөлмеге келді.

-Қыздар, Жетісай театрының концерті келіпті
филармонияға, есіттіңдер ме?

-Жоқ.

-Біздің бөлменің жігіттеріне Раушан билет алыпты.
Мәди «бармаймын» деп... Тұрды «біз барамыз» деп,
екеуі жаға ұстасып, сөзге келіп қалды.

-Сен ше? –деді Ғайша,- біз көрмейміз бе?

-Қайдам...барғың келсе, билет бар ғой енді. Тегін...

Айдын үндемеді, ол кітаптарымен оқу залына кетті.

...Аздан соң оқу залына Мәди келді.

-Концертке барамыз ба?-деді.

-К-кіммен?!- деді Айдын.

-Екеуміз.

Қыз басын изеді. Мәди мұның шашынан иіскеп,
шығып кетті. «Осылай –қырсықпай көне салғаның
үшін рахмет. Сен шынында да есейдің, Айдыным!»

...Филармонияның кірер есігі алдында кісі толы,
солардың арасынан Тұрды, Ғабит, Ғайшамен бір
шеңберде дөңгелек жүзді бейтаныс қыз Мәди мен
Айдын екеуіне қарап қалды. «Раушан осы болар» деп

шамалады Айдын. Жаңабек пен Коля, Жігер келмепті.

Мәдилер Раушанның тобынан 4-5 қатар алда
отырды. Сол жағында отырған Мәдидің алақанындағы
қыз қолы ток көзіне жалғанғандай, бойына қуат алды.

Сахнада «Қимаймын» әні шырқалды. Әннің сазы
да, сөзі де Айдынның қазіргі сезімімен жалғасып,
үйлесіп жатқандай еді.
Ұясына батқан күнді қимаймын,

Ерте солып жатқан гүлді қимаймын,
Бәрінен де, бәрінен де, жан достар,
Өздеріңмен бірге өткен күнді қимаймын.- деп,
Айдынның өз кеудесінен айтылғандай-ды.

«Еңкілдемей,
тал-шашым
желкілдемей»
демекші,

Айдын қыз егіліп, езіліп үнсіз жылады. Мәди бет
орамалымен оның жасын сорғытты.
-Жыламашы, көзің ісіп кететін болды ғой,-деп
сыбырлады,

мұның
нәзік
саусақтарын
сипалап

жұбатты.

...Күндер ағып жатты.Ғайшаға келген Ғабит:
«Раушан келді. Ұшық шыққан екен, Мәди жиіркеніп
қарамай жүр ғой» деп күлді. Раушан туралы Мәдиден
естіген соно-оу түннен бері неше айлар өтсе де, Айдын

кеудесіндегі зілдей ауырлық айыққан емес. Сол сәттен
бастап дұрыс пен бұрысты, шын мен өтірікті нақтылай
алмайтын сияқты. Бұл параллель - жансыз дүниеде
жүргендей,

көзі
көргеніне,
құлағы
естігеніне

күмәнданатын.

...Студенттердің мектеп практикасындағы қоштасу
кешінен соң, Мәди Раушаннан кешірім сұраған. Өзінің
таңдаған қызы барын, басқаны сүйе алмайтынын

айтқан. Бірақ...Тұрдыны қыдыруға шақыратын ондаған
қыздар сияқты Раушан да бұл бөлмеге Мәдиді іздеп
келуді жиілетті. Мәди де Тұрдының «сара жолына»
қалай аяқ басқанын өзі де аңдамай қалды.

Адам табиғаты қызық екен-ау. Айдын өзіне
беймәлім Раушанның тіршілік тынысын ешкімнен
сұрамайтын. Бірақ, Ғабит айтқанда, іштей тағы да
білуге құштарланатын. Айдын гүлдей солды.

Жанының нәрі, шуағы –Мәдиімен бірге қолұстасып
жүруін Айдын фәни жалғандағы бойжазуы сезініп, әр
сәтін бағалады. Оның әр қимылын, әр сөзін есінде
қалдыруға тырысты. «Менің жаным өзіңмен бірге

кетіп барады, Мәди. Мен тірі–өлікке айналдым, Мәди».
Ішкі дүниесі Мәдимен қоштасып жүрді.

Мамыр айы жетті. «Айко, Мәди бүгін сені алып
қашады. Жатақхананың бұрышында мәшине күтеді»
деді Ғабит.Айдынның жүрегі тулай соғып, Гүлнәрға
айтты. «Дұрыс, өз сүйгеніңе бара бер. Ол қыз сенен

тартып алса, жігітіңнің соңынан жүгірсе, бола береді.
Ал, саған ше? Саған неге болмасын? Мәди сені сүйеді
оны емес» деді.

Мәди әдеттегідей қыдыруға шақыра келгенде,
Айдын ашық сөйлесті. Оның сол Раушанға үйленуі
парыз екенін, бүгінгі «Алып қашу» жоспарын білетінін
де айтты. Осылай, Мәдимен шаңырақ көтеруіне өзі

тосқауыл қойды.

...Көрінісі тәп-тәтті, ал ішкі сыры қоштасуға
негізделген күндер ағып жатты. Институт аяқталуға
жақын. Дәліз терезесінде Айдынмен тұрған Ғабит
сыртқа көз салды да:

-Ә-ә, мыналар келіп те қалды. Бағана Мәдидің
жездесіне Раушан туралы ақылдасуға кетіп еді,-деді.

Айдын Мәди мен Тұрдыны көрді. «Нүкте
қойылар сәт жеткені –осы. Мықты бол, Жүрегім!» деді
өзіне. Бұл еріксіз толқып келген көз жасын ешкімге
көрсетпеуі керегін білді. Ғабиттің де алдында

аласарғысы келмеді.

Жаным кетіп барады өзіңменен,
Бар- жоқтығы денемде сезілмеген.
Жыламашы жанарым, жыламашы,
Топырақ толмай, кетпеші өзің менен,- деді іштей.

-Ғабеке, мені таксимен ауылға апарып саласыз ба?
Бір шаруа бар еді,-деп жымиды Айдын.

Үйіне жеткен Айдын бұл дүниеден баз кешіп, төсек
тартты. Қасында Бәтес пен Саида кезектесіп күзетте
отырды.
Қыздар олай-бұлай жұбатып көрді, бірақ,

Айдын нәр татпағалы аптадан асты. Тек қара суды ғана

талғажу етті. Шөптей солды. Ақ жүзі қарауытып, қара
шашқа ақ түсті.

-Не болды сонша, басың аман, денің сау! Өмірің
алда ғой! Өзің зорлап үйлендіріп тұрсың, несіне
жылайсың! Тілеп алған аурудың емі жоқ!-деп Бәтес
ұрысты.

-Әлі де Мәдиге айтайық, Айдын көнеді деп. Өлесің
бе, қайтесің?-деді Саида да қосыла жылап.

-Жоқ, айт-па-а...-деді сүлдеге айналған Айдын,
қабыршақтанған ерні тілім-тілім жарылып,-айт-па-шы.

-Онда, іш мына бір пиала сүтті, іш! Әйтпесе, қазір
барып, Мәдиге де, Тұрдыға да дау жасаймын. Көтер
басыңды!

Айдын бетін теріс бұрды, ішуден бас тартты.

Айдынның анасы Бәтес пен Саидадан «Өзі аман
ба? Неге күйінеді сонша?» деп сұрады. «Апа,
уайымдамаңыз,
аман»

деді
қыздар.
Анасы
сүткенжесінің қасына келді.

-Апа, мен енді ешкімді сүймеймін. Енді соның
суретімен өмір сүре-мі-ін,-деп жылады Айдын.

-Жарығым - Айдыным! Ақ қозым-ау! Сені өмірге
әкелген мен емеспін бе? Мен сенің осы жатысыңды
көру үшін өсірдім бе? Басың аман болғанына шүкір!
Не көп, дүниеде жігіт көп, түкке тұрмайтын нәрсеге

сонша күйінбеші, қозым. Ішің күйіп кетті ме, мына бір
пиала ағарғанды мен үшін іше ғойшы,-деп анасы қолы
қалтырай кесе ұсынды.

Анасын аяған Айдын төсектен басын көтеріп, бетін
ащы жас тіліп,бұрын-соңды ішпейтін сүтті тауысты.
Бұл – үйіне келгелі ішкен асы. Суық тер маңдайынан
бұрқ етті.

Үй емес, үйім - айдала,
Гүл деген шөп пе жәй ғана?!
Бал дәурен қайда кешегі?
Бір демде қалай көшеді?

Жүректің жақұт жасынан,
Жастықтың оты өшеді.

Тілегім өзің болып ең,
Басыма бақ боп қонып ең,
Іштарлық –күншіл жолымен,
Тағдырдың сараң қолымен,

Маңдайыма жазды кім?
Не деген қалың Сорым ең?

Айдын осы жатысында Нақыштың, Датқаның,
Өркеннің қалай
күйзелгендерін
түйсінді.

«Басқа
түспей, білмессің» деген осы екен. Арман-ай, Мәденім,
шынымен-ақ арман боп қалғаның ба-а?» деп егілді
Айдын.

Еркелеу өркені едім бір ананың,
Әперген Айдан басқа сұрағанын.

Екі апта жатқаныма төсек тартып,
Батпай ма саған ерте құлағаным?

Өле алмай күттім.Үнсіз жатқаның не?
Қосақтап махаббатты атқаның не?
Мен қалай енеді екем риза болып,
Қоймаған өз қолыңмен жат қабірге?!

Төсекте ой кеміріп қуарамын,
Осындай нәзіктікпен туар ақын.
Сөйлеші ең болмаса телефоннан,
Мен тірі болсын десең, сұранамын.

Жан анам, ақ жүрек қып неге тудың?
Белімді адалдықпен неге будың?
Адамдық ақ сызығын аттай алмай,
Айналдым жемтігіне сайтан-қудың.

...Айдын екі аптадан соң қалаға оқуына оралғанда,
Жаңабек те,Жігер де,Асқар да,Әбдіжаппар да, Тілеген
де, Мұхтар да, Коля да, Темір де, Ғабит те,бәрі де
келіп, сәлемдесті. Тек, Тұрды ғана келмеді.

Бір мезгілде дәлізден естілген аяқ дыбысы Мәдиді
еске түсірді. «Мүмкін емес» деді Айдынның ішкі ойы.
Бірақ, есік алдына тоқтаған аяқ «дыбысы» толастап,
аздан соң есік қағылды.

-Мәди шақырып тұр,-деді Жанат.

-Айдын, келдің бе? Қалайсың?-деп қол ұсынды,-
сені «Қашан келеді?» деп асыға күттім.Жүдеп кеткенің
не соншалықты? Жүрегің жақсы ма?

-Жақсы. Өзің?

-Аздап серуендеп келсек, қайтеді?

-Серуен?! Бола ма?!

-Жүрші,-деді Мәди, - неге болмасын!

Екеуі тротуарда келеді, Мәди қыз қолынан
әдеттегідей, тағы да жетектеді.

-Айко, шешетін кезге жеттік-ау... Біз... мен сенімен
қалғым келеді. Не дейсің осыған? Айтшы, жаным,
ойланып айтшы...

Айдын кө-өп үнсіз жүрді.

-Мен... бәрін біліп тұрып, қалай...

-Ондай қыздар көп қой,Айдын. Мен одан өз ісіме
кешірім сұрадым. Жездем де сені таңдап отыр. Неге
сен біреуді ойлайсың, неге? Мені қиясың ба?

Айдын ойға кетті. Тұрдының алдына қойған
мақсатына жеткенін, Ғабиттің сөз тасып «алып
қашады» деп айтқанын есіне алды. Егер айтпағанда,
бұл білмей күндегідей «серуенге» шыққанда,тағдыры

қосылар ма еді? Біліп тұрып, қалай «Иә» дейді бұл?
Мәдидің сүймейтінін біле тұра, Раушанның оған
күйеуге шығатынына таңданды. «Мәди мен айтсам, ол
айтса бәрін тыңдап, өзгере бере ме? Өз басымен,жүрек

қалауымен нақты бір шешім жасамай ма?» деп Мәдиге
іштей ренжіді. Расында, бұл оның Мәдимен тұңғыш

және жалғыз түсініспеушілігі еді. Ғабиттің «Жездесіне
Раушанды ақылдасуға кетті» дегенде, жездесі:
-Жігіттер, нанды, құранды, махаббатты тебуге
болмайды. Раушандікі –есеп іс; Айдындікі –ерлік

махаббат. Оған тәуету керек!-деп шешкенін білмейтін.
-Өй, жезде, таза қызға тимейік,бүлдіргенімізді
алайық тә!- деп Тұрды шыр-шыр еткен.
-Ол қыз обалы кімге екенін өзі біледі. Бізге Айдын

келін болуға лайық,- деген-ді жезде.
Айдынға «Раушан туралы ақылдасу» сөзінің
соққысы атылған оқтан кем болмай, төсек тартқызып,
жанын өлтіргенін кім сезді? Достық бетпердесіндегі

қарау Тұрдының ұйымдастырған жездесіне сапары өзі
туралыға ауысып кеткені, Айдынды қолдап шыққаны
да жұмбақ еді. Сол өзгеріс-жағдайларды «жанды
телеарналар» Айдынға Мәдиден бұрын келгенде неге

хабарламаған деші! Неге? Ал,Мәдидің Айдынды іздеп
үйіне баруын Тұрды «Әдепсіздік, ұят болады» деп
тежегенін де енді естіген-ді. Екі аптада:

«Мен қалай енеді екем риза болып,
Қоймаған өз қолыңмен жат қабірге?»

-деп қиналып жатқанда, бұл Тұрдының ықпалында
жүрген бе? Раушанды жайына қалдыруды шешім етіп
тұрып, менің халімді білуді ойламағаны қалай? Егер

Раушанмен қалуды шешсе, мені іздемегені дұрыс еді.
Сонда, Мәди Тұрдының жетегіндегі...»

-Мені ұмыт,-деді Айдын,-біреудің көз жасына
бақыт тұрмас. Сенің бар болуың, сенің арманыңа
жетуің – маған қанағат,-деді.
-Ол менің арманым емес,мен оны сүймеймін...

-Сенбеймін саған. Сен ешкімді де сүймейсің!
Мәди көзіне жас алды, Айдынды құшты, сүйді.
Бірақ, қыз сілейіп тұра берді, қояйын десе де бөтен де
болса қыз намысын жыға алмай, қырсықтығы ұстады.

Жүрегі жыр тербетті.

Ұмыт дедім.

Сен мені ұмыт дедім,
Кім береді бақытын күліп тегін?
Ару құшқан құшақтан үмітті едім.
Кері өзгерді пейілім саған деген,

Сұп-сұр болып, өзіңе таман келем,
Ішке зорға қайтады бұлыт-демім.

Тұлпар текті болмас па жігіт деген?
Мен өзіңнен солай деп үміттенгем.
Ер мұраты ертекпен шенеседі,
Жұмбақ сырға толғанмен келешегі,

«Күш-жігерім жетпеді» демес еді.
Ұмыт дедім.

Сондықтан «Ұмыт» дедім,

Тұлпар текті жігіттен үмітті едім.

-Бүгін той, Мәди Раушанды әкетеді ауылына,-деді
Ғабит хабарлы сөйлеммен,-Мәди қызды өзі келсін деп
бармай отыр. Фатасын да, көйлегін де қыз өзі әкеледі
екен...

Айдын үндемеді.

-Әне, сол-ау келе жатқан? Иә,Раушан ғой...І-і,келді.

Айдын сыртта сөмкемен келе жатқан жалғыз
қызды көріп, таң қалды.

-Тойға көптен бері дайын екен үйі,-деді Ғабит,-
группаны қанша үгіттесем де Мәдидің тойына
баратындар шықпады. Даже, бөлмедегілер де түгел
емеспіз, Тұрды, мен, Жаңабек үшеуміз ғана. Ұят қой

бармағанымыз, иә? Коля мен Жігер «бармаймыз» деді.
Сен... Айко, барасың ба, әкетейік?

Мәдимен 5 жыл бірге өмір өткізген Айдын басын
шайқады, жатақхананың оқу залына бір өзі беттеді.

...Бұл бөлме Ғайшаны, сосын Гүлнәрді ұзатты.
Екеуіне де Айдын «қыз жолдас» болды.
Бір жаманы – Ғабиттің тойында Тұрды мен
Коляның ерегісіп, жағаласып қалғаны еді. Себебін

ешкім анық білмеді.

Айдынды биге шақырған Коля онымен сыбырлай
сөйлесті. «Айко, абайла! Анау Тұрды шакалға сеніп
қалып, жеке шықпа, жарай ма? «Осынша уақыт
қасында жүріп, оны біреуге беріп қоямыз ба? Өзіміз...»

деп оттап... Екеуміз төбелесіп қалдық» деді.Айдынның
есіне бірінші курстағы Жаңабектің айтқан теңеуі түсті.
«Ұл бала деген – қасқыр, абайла» деген-ді.

-Сендер ше?

-Біз бауыр сияқты боп кеттік қой.
-Біз –қызтекеміз,- деп қыт-қыттаған Тұрды.

«...Сонда... Тұрды –шакал, басқасы бауыр болғаны
ма? Қасқыр да ұялас жолдасына қастық жасамайды
деуші еді-ау.Жолдасына қастықтан басқа не ойлаған
бұл? Жыртқыш та болса қасқыр–текті. Біз–Алаш

баласы «Көк қасқырдың ұрпағымыз» деп мақтан
тұтамыз! Тұрды өлексе мен жемтік іздеген аң, дүние-
нәжісті домалата жинауға жаралған қоңыз болғаны ма?
Жақсылық пен дос пейілді бағалауға да түйсігі

жетпейтін әтеш сияқты расында. «Шакал!» деп Коля
оны бекер жек көрмегені ме? Сын сәтте кімнің кім
екені анықталады екен-ау» деп ой түйді Айдын.
Айдын көңілінде Тұрды келбеті, болмысы,

достығы осы кейіпте қаза болды. Осылай қоштасты.

ЭПИЛОГ

Бақ құсы алма-кезек ауары бар,
Иман, нұр сақтағанның сауабы бар.
«Күн бүгін ыстық» деме,кепкен будың,
Ертең-ақ қайта айналып жауары бар.

Кейде күліп, кейде ұлып сынайтын Уақыт- әмірші
сана мен жігердің, пенделік пен періштеліктің рухани
шкаласы. Өмір өзгерісі адами көңіл- терезеге сан қилы
өрнек салады. Бұл –тағдыр бедері.

Студенттік жатақхана, Мәди бөлмесі.
-Эй, айтпақшы, Айдынның құлағына той хабары
жетпей тұрғанда, оның «Киев» фотоаппаратын алу
керек еді! Қап! Пленкасын сатып алғам. Бірақ, ол енді

бермейді,- деді Тұрды. Бөлмесіндегілер қостамады.

-Айдын ондай қыз емес, ол Мәдиге бақыт тілейді,-
деді Жаңабек, қазір мен Айкоға барамын.

-Иә... Айдыннан ұят болды,-деді Ғабит.

-Мен өзім сенің аулыңа барып, той тойлай
алмаймын, Мәди! Сенен осындай опасыздық шығады
деп түсіме де кірмепті. Кімді, кімді жер қылдым деп
тұрсың сен, а?! Әлі бармағыңды талай шайнарсың!-

деді Коля – саған өлім ғой мына іс!

-Не болды, Коля!? Ол қыз жақын ба саған, Мәди
жақын ба? Не сен? –деп Тұрды екіленді.

-Маған адам жақын сен сияқты мал емес!
«Айдынды сүйемін» деп айқайлағаныңды біз ұмыттық
па? Сен кек алу үшін істедің, оңбаған!Шакал!

-Кел! Шығасың ба бірге бір! Шық! – деп Тұрды
шешіне бастады,- мен Мәдидің шын досымын.
-Сенің достығың айыр тіліңде! Сен ешкімге достық
жасай алмайсың, ешкімге. Эгоист, слюна, предатель!

-Ой, щещщ... орыс! Эй, орыс! Сен не оттап тұрсың!
-Сенде ше құрттай да адалдық жоқ! Жанкешті,
алаяқсың! Иманың жоқ! Орыс емеспін, орыстармен
өсіп, адалдықты құрметтеуді білем! Сендей сатқынның

бетіне айтуды білем мен! Тварь!

-Қойыңдар, жігіттер! Мәкең үшін қойыңдар.
Тағдыр солай шығар. Айдынның өзі көнбей тұрды
ғой,-деп Ғабит араша түсті,-одан да Күлсапардың
бөлмесіндегі Раушан келінді әкеліп, жастарды ақ жолға

аттандырайық.

Есікті тарс жауып, Коля көшеге кетті. Жаңабек
Айдынға бет алды.

-Айко, біз Раушанды Мәдидің ауылына әкеткелі
жатырмыз... Сен... сен... бізбен барасың ба? Осы кезге
дейін жұбымыз жазылмаған еді ғой...

Айдынның кеудесі күмбірледі.

Айлакерден алдансаң, шырай берме,

Ақымақтың алдында жылай көрме.
Опасыздық жасаған жолдасыңды,
Қиын сәтте тағы бір сынай көрме.

Ол зорлықпен езу тартып, бас шайқады.

-Кешірші... бізді кешірші-і,-деді Жаңабек даусы
жарықшақтанып,-бармасақ Мәкеңнен ұят.

-Сендерде не кінә бар? Барғандарың дұрыс. Мәди
бақытты болса, сол... же-те-ді,- Айдынның да даусы
дірілдеді. Көзіне үйірілген жасты күлкісімен кептіргісі
келіп, жымиды. Жаңабек Айдынды кеудесіне қысып,

ол да кемсеңдеді.

-Ризамын... ризамыз саған, Ай-ко!-деп Айдынның
маңдайынан сүйді.

-Жақсы барып қайтыңдар... Ме-менің Мәдиім,
Мәденімнің көңілі тоқ, бақытты болсын-шы-ы, -
Айдынның көзінен мөлдір тамшылар Жаңабектің
көкірегіне тамды,-Жақсы, айып етпеші. Осы көз

жасымды айтпашы ешкімге...

-Әрине. Біз әркезде сенімен біргеміз, Айко! Сен ең-
ең бақыттысың, өйткені- сенің жаның өте мөлдір.
Айтпақшы, фотоаппарат... керек еді...

-Қазір, менің де қызметім болуы керек қой,-
Айдын.жылап тұрған көзімен күлді.

Тұрдының есіне мұны Мәдидің «Қодар» дегені
түспесін бе?! «Нешауа, Қодар да өз бақыты үшін
күрескен жан!» Оны Тұрды жазғырмайды. Бірақ,
қыжыны қайнап отырғаны – ауылда өтетін осы тойға

деп жалданған автобустың бос тұрғаны.Мәди үшін
«Күл болмасаң, пүл бол» дейді, әлбетте. Бірақ, мына
халық –бес жыл бірге оқығандары түгел осы Қодарды,
осы Жантық боп көрінген Қодарды кінәлап тұр емес

па!? Жанын салып жүріп,менсінбеген қыздан кегін
алды ма, алды! Щ-щорт існи! Енді көңілі тоқ! Щещ-
ще...!
Таксиге жас жұбайлардың қасына Күлсапар мен

Жаңабек табылды. Ал, автобусты қалай бос айдайды?!

-Қап, шешесі сұлулар-ай! Мына группаға неге ғана
староста боп жүрсің, а?!Ащ-щ! Ғабеке, қайда тойға
шақырғандарың, аһ?! – деп ақырды Тұрды.

-И... мен қайдан білейін... Шақыру қағазын өзің
тараттың... Айттық қой бәріне, «барамыз» деген. Неге
кешігіп жатыр екен?! Қазір, мен бір аралап, шақырып
келейінші тағы да...

...Жатақханадан қайта шыққан Ғабит бір өзі
оралды.

-Не?! Не болды?!-деді Тұрды зіркілдеп, бейнебір
бәріне кінәлі Ғабит сияқты.

-Не ғой... Мұхтар, Асқар, Мұсаның бөлмесі...
«қайдағы той» деп құлыптап кетіп қалды. І-і...

Әбдіжаппар, Мырзандар... «анау-мынау» деп сылтау
айтады. І... кімдер-ші... Құтыш, Темірлер «бармаймыз»
дейді. Тілеген, Әбдірахман, Өсербай, Кенжебектерге
жолда жолықтым, олар... «не бетімізбен тойлаймыз?»

деп күледі. І... анау... Өскен, Серғалилар да... Фантомас
та... бізді кінәлап... Гүлнәр, Зүбайраларға барып ем,
түкіре жаздады бетіме. Ой-бой, арқамнан айқайла-ап...

Далбасалап... анау группадағыларға... Әсия, Жібек,
Таңсықтарға, кім... Рәзия,Әйгерім,Есенкүл, Тұрғанай...
Шарипаларға...математик-физиктерге тегіс бардым ба-
ау... Мүсірәлі, Қауғандар, Үсендерге... Олар «біздің не

қатысымыз бар» деп...

-Ой! Не болды,іщещ! Ыс-сонымен?! Ғабеке!
Жоғары
курстағы
бұрын

бірге
оқығандарыңды,
таныстарыңды шақыр. «Арақ ішіп қайтыңдар» де
Мырзашерімдерге. Мен... Күлсапардың қыздарын алып

келемін! Жаңағы Коля ма, Айдын ба «Бармаңдар» деп
үгіт жүргізген ғой! Ищ-щещ...
-Қай-йдам, Мұсаның тойына Жамбылдан ары тү-
үу алысқа да барып ек ақша жинап көрімдікке... Сонда

дейм-ау бармайтындары да ақша қосып... Әжептеуір
ек... Бұ Мәкеңе... Мынау тұрған жер ғой, ақша бермей-
ақ тегін тойға... адам таппадық...
-Э!Қойшы-ей Ғабеке,күйіп тұрсам бензин шашпай

- Күйгенде... нағылайын? Айттық қайта- қайта...

...Қаңтарулы такси сигнал берді. Ішінен Мәди мен
Жаңабек түсті.

-Не болды, ешкім жоқ па?..

-Жоқ! Ең болмаса, бөлмедегілер түгел болмады.
Анау Коля мен Жігер де бармаймыз деп шықты!
Айдын іріткі салған ғой! Әк-кең...-деп боқтанды
Тұрды.

-Қой, олай болуы мүмкін емес, бәрі менің
кінәмнан...-деді қаны бетіне тепкен Мәди,-жылжиық
мына жатақхана жанынан, күлкі болдық-ау.

-Тоқта, әне, менің балдыздарым келе жатыр!-деп
қуанды Тұрды,- Мәке, менсіз күнің қараңғы сенің! Осы
қадірімді білсең, көрерміз оны да! Мен болмасам!

-Иә... сен болмасаң...

...Лента, шар байланған той мәшинесі мен автобус
Тұрдының бұйрығымен қосарлана сигнал беріп, алға
жылжыды.Параллель 5 қабатты барлық жатақхананың
терезесінен дерлік бастар қылтия қарады.

Жыр-жүрек күмбірледі.

Атпаңдаршы аққуды, құдайсыздар!
Өмір – біреу, сіздер де құлайсыздар.
Жүрек зарын жүрегі барлар ұғар,
Аққу-мұңға қалайша шыдайсыздар?

Тимеңдерші!

Бақыт құс қалықтасын,
Тіршіліктен аларын алып қалсын.
Аққу болып жасаудың керегі не,

Арман-дүние жаралып, зарыққасын?

Керегі не арманның самғамаса?
Берері не арманды тор қамаса?
Адам болып, жер басып керегі не,
Сол адамдар арманын қорғамаса?!

...Осыдан соң үшінші күні Раушанды іздеп келген
Батыр оның өз еркімен тұрмыс құрғанына сене
алмады.Раушан гүлінің 7-8 ай бойына осы күйеуінің
соңынан қалмай «ғашық» болуы, сол мезетте өзіне де

махаббат сезімдерін, сағынышын білдіріп тұруы
басына симады. «Мүмкін емес, мен жолға шығар күні
хат алдым, мүмкін емес...Ол менің келетінімді білуші
еді ғой!» дей берді таңырқап.

-Еһ! Не деуші ед? «Ит – опа, әйел –...» деген рас
екен-ау!- деді Батыр.
Ал, Айдынның жүрегі Мәдиінің сөзіне сенбегеніне
өкінді: «Мен ол қыздан кешірім сұрадым ғой. Ондай

қыздар көп қой. Мен сені, сені ғана сүйемін! Сен мені
кешірсең болды. Кешірші!»-деп дүк-дүк қайталап
соғып тұрды.
...Арман-дүние...

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙