Мазмұнға өту
Home

Қос арна

Нұртас Ахат

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қос арна

Авторы: Нұртас Ахат

УДК 37.0 ББК 74. 00 А 95

А 95 Ахат Н.А. Қос арна // Ахат Н.А. – Көкшетау, 2010. – 214 б.

ISBN 978-601-231-278-2

Бұл кітапта автордың білім беру проблемаларының өзекті де өрісті тұстарына көңіл бөліп, ой толғап, ұстаз-ғалым ретінде оның теориялық сипаттарына дендеп барып, ойлы да орнықты пікірлер айтқан, сондай-ақ, Көкшетау өңірінің кейбір ақын-жазушылары жайында сөз қозғап әр кезеңде жазылған мақалалары жинақталып отыр.

УДК 37.0 ББК74. 00

ISBN 978-601-231-278-2

Тағылым таразысындай туынды Көрнекті ғалым әрі ұстаз Нұртас Ахатұлының «Қос арна» деп аталатын еңбегін жетеқабыл оқып, бірер ауыз сөз қосуды жөн деп санадық. Өйткені әр шығармашылық еңбектің еленер тұсы, еленбей ескерусіз қалар жағдаяты жоқ емес. Оның басты өлшемі еңбек құндылығында, ақ қағазды босқа шимайламай, шиырып түсірген шырайлы сәтінде болмаққа керек.

Қос арна – бірі білім беру проблемаларының өмірдің өзіндей өзекті де өрісті тұсына автор көңіл көзін қадап, ой толғаныстарына барады, ұстаз ғалым ретінде оның теориялық сипаттарына дендеп барып, ойлы да орнықты пікірлер тоғысына арна ашады; екіншісі – Көкшетау өңірінен әр дәуір, әр кезеңдерде түлеп ұшқан Орынбай, Біржан, Шахмет Хұсайынов, Көкен Шәкеев, Сәкен Жүнісов, Кәкімбек Салықов, Нұрмияш Көбенов, Серік Негимов тәрізді алуан-алуан жүйріктерге назар аударады, солардың бірін-бірі қайталамайтын қадір-қасиеттерін екшей толғап, ежіктей сөз етеді.

Біз Нұртастың ақиық айтыскер ақын, ірі теолог Орынбай Бертағыұлының өнер жолын қауғай зерттеуде мол іс тындырғандығын әрі онысы табыссыз да болмағандығын жақсы білетін едік.

«Қос арнада» Орынбай ақынның шығармашылық жағдайын ашудағы алуан қырына зерт көзін қадап, зерделі ой өрістетеді. Ақынның толғаулары, түрлі тақырыптағы басты нысаны, поэзия әлеміндегі алатын орны жайында кең толғамды ой өрбітеді, бізді ақынды ғылыми тұрғыдан танып, білуге жетелейтін құнды пікірлерімен ерекшеленеді. Орекеңнің Кертағы емес, Бертағыұлы екендігін нақтылаудан бастап, Аягөз маңында мәңгілікке тыныс тапқанға дейінгі ұлан асулы жолын көктей өткен зерттеу, тұжырымдары Нұртастың ғалымдық деңгейін қапысыз танытқан құбылыс деуге толық негіз бар.

Көп назарына іліне бермеген Нұрмияш Көбенов шығармашылығы немесе Сәкен Жүнісовтің шығармасын талдауға ден қоюы Нұртас бауырымыздың білгендігі, білгірлігі деуге құқылымыз. Шахмет ағасы жайында әңгімеге желі тартуы, Кәкімбек ақын поэзиясының сымбатты тұстарын санамалай сана сүзгісінен өткізуі немесе Көкен ақынның айтыскерлігі төңірегінде сөз қозғауы Нұртас Ахаттың жанжақтылығын, әрі өз жерлестерінің творчествосын үнемі назарда ұстауын аңдатса керек. Автор педколледждегі өз әріптестері хақында да жылы ілтифат білдіруді парыз санаған. Оған «Сөз айттым жаны таза жандарға» бөліміндегі суреттеме-пікірлері дәлел.

Көне дәуірдің даналары «Әр кітаптың өз тағдыры болады» дегенді біліп айтқан. Ендеше «Қос арнаның» тағдыры сарқылмас сазға, қолдан-қолға жүгіртіп оқыр тәбәрік құндылыққа айналары даусыз. Төлеген Қажыбай, ақын, жазушы, драматург.

ОҚУ - БІЛІМ АЗЫҒЫ, БІЛІМ – ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ

Ер бала тәрбиесіндегі ұлттық бағыт

ҚАЗІРГІ заман лебіне орай өз қоғамымыздағы ұлан-ғайыр өзгерістердің сан-салалы бағыт алып отырғаны белгілі. Соның бірі – қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянып, рухани бастау бұлағының беті аршылып, түйсік пен сананың жаңаруы болып отыр. Осы орайда жаңа дәуірдегі соның қоғамдық ой – пікірдің дамуына үлкен үлес қосатын – халық педагогикасы. Саяси дербес өз алдына жеке тәуелсіз мемлекет болған кезімізде ұлтымыз үшін атқарылар үлкен игілікті істердің бірі - келешек ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеудің кешенін (комплексін) жасау. Қазірде қолға алынып, келелі бастамаларға тиек болып жатқан тәрбие саласындағы түрлі бағыт, бағдарламалар халық, жұртшылық, қала берді ұстаздар арасында қызу қолдау тауып отыр. Бұл құптарлық іс. Себебі «баға жетпес байлық – тәрбие» деген дана сөздің шындығы бүгінгі күні айғақ болуда. Сондықтан тәрбиенің үлкен бір қомақты саласы – ер бала тәрбиесіне тоқталуды жөн көрдік. Халық педагогикасындағы ер бала тәрбиесін ғылыми байыптау арқылы дәлелдеу және іс жүзіне асыру – шешуін күтпес істердің бірі болып саналуы керек. Тіптен бұл мәселені тек қана ұстаздар қауымының ғана емес, жалпы қазақ халқының, үкімет тарапының тікелей міндеті дәрежесіне көтеру парыз. Уақыт осыны талап етуде. Егерде халық болып қазір шындықтың бетіне тура қарап, нақтылы іс-шаралар арқылы ер бала тәрбиесін қолға алмасақ, орны толмас өкініш пен шипасы табылмас кеселдер ұлтымызды өте қиын мүшкіл халге әкелуі мүмкін. Осындайда «неге?» деген орынды сұрақ туады. Енді соның төңірегінде дәлелді жауап іздеп көрейік. Соңғы кездері социологиялық дәйектемелер, түрлі бұқаралық ақпарат құралдары адамның рухани азуы, оның мейірімділік, ізеттілік, адалдық, өнегелілік сияқты асыл қасиеттерден жұрдай болып тоза бастауы туралы жиі дабыл соғуда. Өзіміз де өз айналамызда адам жаны түршігерлік күнделікті өмірде болып жатқан талай қылмысты істер, бұзақылықтар, небір өрескел оқиғаларды білеміз. Міне, адам баласының азып-тозып,

адамгершіліктен айырыла бастауының басты себептерінің бірі – ер бала тәрбиесінің төмендеп кеткендігі. Әсіресе ұлтымыздың қазіргі рухани әлеуметтік хал-ахуалының сын көтермейтіндігін, жүдеулігін көріп, біліп отырмыз. Данышпан, көреген көз, парасатты бабаларымыздың ғасырлар бойы сары алтындай сақтап мұрагер ретінде бізге табыс еткен дария даналығындағы – ер бала тәрбиесін тәрк етіп, бас тартып, ат-тонымызды ала қашуымыз кешірілмес күнә. Сондықтан ХХІ ғасырда өзге жұртпен тең өмір сүру үшін ұрпақ болашағын ізгі ниетпен ойлау мақсатындағы халқымыздың ер бала тәрбиесіне мейлінше назар аударуын іске асыру керек. Ер баланың тәрбиесінде әр ортаның маңызы зор. Осы орайда мынадай бағыттарда жұмыстар атқарылып, нақтылы іске асса: І. Жанұяда

Халқымыздың ер балаға үлкен үмітпен қарап, дүниеге келген күнінен бастап ерекше тәлім-тәрбие берудегі мақсаттарын жүзеге асыру. Шілдехана, бесікке бөлеу, азан шақырып ат қою, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу сияқты киелі әдет-ғұрыптық дәстүрлерді, тек қана ересектер үшін той ретінде емес (оның өзі қазіргі уақытта қалай өтетіні баршаға аян), керісінше, балалар арасында насихатталып, олардың осы дәстүрге тікелей араласуына ішкі жан сезімі, көкірек толғауынан өткізуіне жол ашу. Мысалы, тұсау кесу дәстүрі бүкіл бір ауылдың, қалада болса туған-туыс, жұрағат-жекжат, құрбы-құрдастардың балаларының қуанышты тойына айналдыру. Осының ішінде бүлдіршіндер арасындағы желаяқ жарысы, оларға сыйлық тарату, баланың тұсау кесу кезіндегі рәсімі, жырдың айтылуы, бата беру сияқты істерді сырттан бақылаушы ретінде емес, бірге араласып, атсалысып, өздеріне үлкен әсер алуын, ересектермен бір дәрежеде болуын дамыту. Бір ғана тұсау кесу рәсімдері кезінде бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетін тұстары қазірде ескерілмей жүр. Мәселен, бүлдіршіндердің арасында «желаяқ» жарысын өткізген соң тұсау кесу тойының басқа жақтарына көп қатыстырылмай шеттеп қалады. Ал енді балалар тұсау кесу жырын бірге

айтысып, одан соң сәбиге бата берілгенде ересектермен бірге тізе отырып бата қайырса, көп ғибрат алар еді. Халқымыздың жалпы жанұядағы тәрбиесінде ер балаға да, қыз балаға да жөн жосықсыз ниеттен тыс зекіп ұрсу, себепсіз тиым салу күнделікті өмірде қолданылмағаны белгілі. Керісінше, жас баланы шамаға қарай еркелету, еркін ұстау арқылы олардың дамуына жан-жақты жол ашылатын.

Педагогика ғылымы адам сенімінің қалыптасуы мен жеке тұлға ретінде орнығуы және биологиялық қажеттіліктерінің жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасатынын дәлелдейді. Расында да, осы айтылған ақиқат аксиомалық ұлттық тәрбиенің отбасы кезеңіне келуі де үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі баланың тілі отбасындағы тәрбие кезеңінде шығады. Ал тілді түсіну баланың миында «жақсы» мен «жаман» деген ұлы түсініктерді тудырады, оның соңынан жалпы адамзаттық идеал мен моральды түсінеді. Осыдан барып, көп кейін идеология дүниеге келді. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тәрбие жұмысындағы ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибе, ой еңбегі мен балалардың сан қырлы рухани өмірін зерттеулер арқылы мен мынадай бір бұлжымас тұжырымға келдім: баланың қиын, үлгермейтін, өзгелерге де ілесе алмайтын болуына ықпал жасайтын ең басты себептер тәрбие сапасынан, сәбидің жаңа аяқтана бастағаннан бері оны баураған тәліми-тұрмыстық жағдайлардан туындайды. Демек, кішкентай жан иесінің ой түйерлік материясы бір жасынан 7-8ге келгенге дейін өзінің дамуына шыр бітірер пәлендей қорек ала қоймаған болып шығады», - дейді, яғни бұл отбасындағы тәрбиенің адамды қалыптастырудағы негізгі рөл атқарушы екендігінің тағы да бір айғағы.

Елуінші жылдары әлемдік өркениеттің шаңында қалып, көш соңында көрінген Жапония мемлекеті бүгінде дүниені таң қалдырып, азулы Американың өзін көп салада артқа тастап отыр. Оның осындай ұлы жеңістерге жетуінің негізгі бір себептері – ұлттық тәрбие, соның ішінде отбасы тәрбиесіне мемлекет болып көңіл бөліп отырғаны. Жапондықтар бес жасқа дейінгі баланы шектемей-ақ өсіреді де тек содан кейін бағыт

береді, яғни тәрбиенің қазығын ұлттық дәстүрде өрістетеді, отбасында тек өз тілінде сөйлету іске асырылады. Ал таза өз тілінде тілі шыққан, өз ана тілінде сөйлеуді меңгерген баланың ой-өрісі де, психологиясы да ұлттық болады ғой. Сондықтан да олар баланың ең әуелі ана тілі, жан-дүниесі, көкірегі, ой-өрісі, психологиясын ұлттық тұрғыда тәрбиелей отырып қалыптастыра, буыны бекіген соң қабілетіне сай басқа салаларды (шет тілі, техника, ғылым, т.б.) үйретеді. Сондықтан да жапондықтар 50-жылдарда туғандарды ерекше тәрбиелеп (бұл жерде самурайлық тәрбиені де айтуға болады), ұлтжандылыққа үйретіп, сосын ерекше дарындыларын барлық дамыған шет елдерге оқуға жіберіп, кейіннен солар 80-жылдары (30 жастағылар) елін өрге сүйреп, өркениеттің алдына шығарды. Міне, осы үлгіні бүгінгі бізге қолдану керек секілді. Ол үшін біз де ұлттық отбасы тәрбиесінің озық үлгісін қолдануымыз қажет. Расында да ата-бабамыздың бесік тәрбиесін бес жасқа дейін жалғастыруы тегін емес. Тек осыған қолдау жасап, көмектесу керек. Әсіресе, отбасында тілдік ортаны қалыптастыру қажет-ақ. Әйтпесе, «конгломераттық» қалыптан арылмаймыз. ІІ. Балабақшада

Қазіргі кездегі өзіміз мақтауын асырып, жар салып ашып жатқан ұлттық балабақшалардағы тәлім-тәрбие бағдарламасы толығымен көңілімізден шықпайды. Оның көптеген себептері бар. Бір ғана мысал, қазақша тілі шыққан балалар мен орыс тілінде сөйлейтін балалардың бірге бір топта тәрбиеленетіндігі. Мұның зиянды жағы айтпаса да түсінікті. Бала-бақшада ер бала тәрбиесі саналы түрде іске асуы керек. Осы кезеңде олардың санасына азаматтық тұрғыдан қазақша сәлем беру, шындықты айту, өтірік сөйлемеу, қыз баланы сыйлау сияқты ұлттық нақыштағы рәсімдерді түрлі тәсілдермен үйрету. Әсіресе, астан соң бата беру, ас үстінде бей-берекет сөйлемеу, ерте тұрып кетпеу, үлкенді сыйлау категорияларын машыққа айналдыру парыз. Ал өтілетін сабақтар, ертеңгіліктердің әдістемелігі тек қана ұлттық бағытта болуы тиіс. Ер бала үшін бөлек ұлттық ойындар көп өткізілуі керек. Әсіресе балалардың шымыр

болуына «қол күресі», «аударыспақ», «белбеу тастау», «шертпек», «қарғымақ», «қарақұлақ», «көген тартыс», «теңге ілу» сияқты ұлттық ойындар балабақшада жиі өткізілуі тиіс. Аталмыш шаралардың барлығы ер баланы жасынан ұлтын сүйетін, оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қастерлей, қадірлей алатындай тәрбиелейтіндігі сөзсіз. ІІІ. Мектепте Халқымыздың «Он үште – отау иесі» деген дәл айтылған аталы сөзін көп жағдайда теріс түсіну қалыптасқан. Он үш жасында ер балаға үйлене беруіне болады немесе «енді не істесе өз еркі», «өз билігі өзінде» деген сияқты нашар ұғымға көп тоқтайды. Бұл нақыл сөзде ауқымы кең тәрбиелі негіз жатыр. Көшпенді өмірдегі тұрғыда тіршілік жасаған халқымыз ер баланы дүниеге көзін тырнап ашқан сәтінен бастап 13 жасқа дейін (яғни, бір мүшел жас) сол өмірдің бар құпия сырын, қиыншылықтарын, тұрмыстық жыл мезгілдеріне сай ерекшеліктерін, күн көрудің бар көрінісін, түгел дала философиясын толығымен басынан өткізіп, үйреткен. 13 жасқа дейін осынау ғаламды дұрыс игерген ер баланы енді өз алдына сол өмірді өзі басқаруына, өзгемен бірдей бір шаңырақтың жүгін көтере алатын, ел қорғауға даяр, ой-өрісі жетілген, ақылпарасаты өрбіген азамат дәрежесі ретінде көтерген. Сондықтан ата-бабамыздың тәрбиедегі осынау игі дәстүрін мектептегі ер бала тәрбиесінде қолданып, оны қазіргі заман талабына сай дамыту, жетілдіруді қолға алу керек. Осы орайда бастауыш сатыда тек қана ұлттық бағдарламаның жүйесі болуы міндетті. Әсіресе, ана тілінде білім алу - басты мақсат. Әлі күнге дейін бастауыш сыныптарда орыс тілін оқытуды тоқтатпай отыр. Бұл ұлттық тәрбие берудегі үлкен тосқауылдардың бірі. Мектептегі тәрбиеде ер баланың өзін ұстай білуі, сөз сөйлеу мәнері мен мәдениеті, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор бола білудің халқымызға тән қасиеттерін бойларына сіңіру іске асырылса жақсы болар еді. Олардың жан-жақты болуы үшін ел тарихынан, салт-дәстүр, мәдениетінен, шежіреден арнайы курстар ұйымдастырылса. Түрлі зергерлік, саятшылық, емшілік бағыттағы үйірмелер, ұлттық спорттың түрінен секциялар

жұмыс істесе, ер бала сана-сезімінің толыққанды болып, ой мен тәрбиесінің сай болуына әсерін молынан тигізері айғақ. Қайтқан адамды соңғы сапарға жөнелтуде халқымыздың қаншама рәсімі бар. Соңғы кезде сол рәсімдер білместіктің салдарынан әр жерде әр түрлі іске асырылып, тіпті арулап ақ жабатын адамдардың өзі болмай қалатындығы ойландыру керек қой. Ал енді қазірде көрініс беріп жүрген, қасиетті қабір басында арақ ішу қандай масқаралық. Сондықтан мектептегі жоғары сатыдағы ер бала тәрбиесі тек ұстаздардың ғана ауқымында емес, жалпы ұлттың қамқорлығында, алақанында болуы тиіс. «Әкелер өсиеті», «Ақсақалдар батасы», «Үлкендер кесімі», «Шариғат жазасы», «Ар жазасы» сияқты бағдарламалар мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде міндетті түрде іске асатын шаралар. Ер балалардың бойында ізеттілік, мейірімділік, адалдықты дамыту, оны жүректеріне сіңіру мақсатында ғасырлар бойы ауқымды тәрбиелік ықпал болған құдіретті Құраннан дәріс беру, мұсылманшылықтың таза жолынан үлгі беруді әдетке айналдырса, нұр үстіне нұр болар еді. Тәрбиеде ұрпақ пен үлкендердің арасында рухани сабақтастық болмай, отбасы, мектеп, өмір атты үш бұлақтың бір арнадан бастау алып, бір дарияға тоғыспағандығынан бүгін біз зардап шегіп отырмыз. Екіншіден, біздің Еуропалық өркениеттен, оның әсіре қызыл ықпалынан, «ұлы орыс халқының қамқорлығынан» ұтқанымыздан ұтылғанымыз көп. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып барып дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - деген парасат мұхиты Абайдың сөзіне бас иейік. «Ұлға отыз үйден тиым, он сан үйден сын» дегендей, ер балаға қойылар талапты ұлттық тұрғыдан қараған дұрыс. Халқымыз ғасырлар бойы тәрбие саласындағы жинақтаған тәжірибесіндегі ер балаға алты асыл қасиет пен үш асыл мінез-құлықты сіңіруге тырысқан. Осыларды атап айтсақ, 6 қасиет мыналар: 1. Зерде – зейін 2. Өнер - өріс

  1. Тапқырлық, талап, ерлік 4. Жігер – күш 5. Қайрат – қару 6. Білім Осы алты қасиетті: «Тылсым сырды ұға алатын, Өмірден әперер сыбағасын, Дұшпанға найза сұға алатын, Қиындықта сыналатын, Биікке бастап шыға алатын», - деп тұжырымдап, нақты мақсаттарға түйіндеген. Ал үш мінезге елі мен туған-туыс, жұрағат-жекжат, досжолдасқа адал болу, өте әділетті болу және тура бетке айтар шыншыл болуды жатқызған. Мұны: «Адал болсаң аңқылдақ, Ізгілікке құмарсың, Әділ болсаң, ақ жарма, Жақсы іске билік қыларсың. Шыншыл болсаң қол жетпес, Шыңда өскен шынарсың», –деп асыл мінезге сипаттама берген. Ертеңімізді ойласақ, ер бала тәрбиесін дұрыс қолға алып, бабалар жолымен, ұлттық дәстүрде тәлім-тәрбие жүйесін көп болып қолға алу – кезек күтпес іс.

Ұлттық педагогиканың тұрмыс-салт жырларындағы көрінісі Қазақ халқының әлемдік өркениеттегі орны немесе тарихи сахнадағы рөлі туралы сөз етер болсақ, әуелі жеке әрі бірегей ұлт ретінде оның өнері, ұлттық психологиясы, салты мен дәстүрі, әдеті мен ғұрпы, мінез-құлқы мен сенімін жете түсініп, дұрыс көзқараспен бағалау қажет. Тіпті түп тамыры ортақ, тегі бір, тілегі үндес түркі халықтарының арасында да айырмашылық қатынасы бар. Халық ауыз әдебиеті – әр халықтың асыл мұраты. Сондықтан да қазақ халқының жеке ұлт

ретінде қалыптасып, даралануының бір дәлелі – қазақ халық ауыз әдебиеті түрлеріндегі өзіне тән ерекшеліктер. Ал осы айырмашылықтар халықтың төл тәлім-тәрбиесімен ұштасып, өзекті түрде жалғасып жатыр. Замана желі оңынан туып, қазақ халқы егемендікке қол жеткізіп, қыранды көк байрағын көтергелі халық педагогикасы мәселелері қолға алынып, зерттеліп, зердеге түсіп, бала тәрбиесінде қайтадан жаңаша іске асырыла бастады. Міне, осы жолда тәрбиенің таза, шынайы, кәусар, мөлдір болуы ұстаздар мен ата-аналар, жалпы халық үшін ертеңгі күн, келешектегі ел тағдырын шешетін негізгі факторлардың бірі. Себебі қазірде бой көрсетіп қалып жүрген әсіреқызылдық, сәндік, мұражайлық әрі мерзімдік ұлттық тәрбие тек өзімізді өзгенің алдында мүсәпір етіп, алданышқа түсуіміздің алды болмақ. Жалпы ұлттық тәрбиені науқанға айналдыру, ұранға ұластыру мен бәсекеге салудың қажеті жоқ. Бұл үшін жапондықтар мен неміс халықтарының ұлттық тәрбиесінен үлгі алғанымыз жөн секілді. Осы орайда ұлттық тәрбиенің (халық педагогикасы) соңғы кезде ғылыми түрде зерттеліп, теориялық жағынан сұрыптала бастауы қуантарлық жайт. Бұрындары салт-дәстүр, әдет-ғұрып деп тәрбиенің ең бір алтын қазыналы дүниелерін жөн-жосақсыз бірге қосып, бір түсінікке айналдырып келгенімізді енді сезіп, біліп жатырмыз. Салт пен дәстүрдің, әдет пен ғұрыптың, тіпті мінез бен құлықтың бір-біріне ұқсамайтын өзгеше әлемі, өз нысаны, өз мақсаты мен мазмұны барын біліп қана қоймай, оны саралап, түйсікпен ұғынып, өмірге енгізуге талпыну қажет. Ұлттық тәрбиенің барлық түрлері мен жан-жақты әдіс-тәсілдері ауыз әдебиетінің де бар жанрларында көрініс тапқан. Өйткені халық ауыз әдебиеті мен ұлттық тәлімгерлікті бөле жарып қарауға әсте болмайды. Халықпен бірге дүниеге келіп, бірге жасап келе жатқан ауыз әдебиеті де адам тәрбиесінің түгелге жуық категорияларын бойына жинақтаған. Батырлар жырындағы қайсарлық, ұлтжандылық, намысшылдыққа, ертегі, аңыздардағы парасат пен ақылдылыққа, тапқырлық пен зерделікке, шағын жанрлардағы (мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, санамақ, т.б.) ойлау, сараптау, зеректілік

қабілеттеріне үйрету дидактикасы нағыз тұнып тұрған тәрбие теңізі емес пе?! Ал енді осы пікір-толғаныста біз ауыз әдебиетінің бастау бұлағы – тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық тәлім-тәрбие мәселелерін сөз етсек дейміз. Оның өзінде де тұрмыс-салт жырларының екі саласын ғана – бесік жыры мен тұсау кесу жырларын ғана саралаймыз. Бесік жыры және бесік тәрбиесі арасындағы байланыс

Қазақ халқының өзіндік бай дала философиясы ауыз әдебиеті мен тәрбие саласында үлкен орны бар. Бесік жырының айтылуы халықтың тікелей тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры мен тұрмыстағы рәсім яғни, тәлім-тәрбиесіндегі дәстүрдің бірі бесікке салудың маңызы бір мақсатқа бағытталған. Ол қазақ халқында іске асырылып отырған – қосарлама (параллельное) тәрбие. Ұлтымыздың ХХ ғасырда рухани азып-тозуы, тілден айырылуы, мәңгүрттене бастауының үлкен бір себебі осы қосарлама тәрбие негізінің жоғалуынан. Қосарлама тәрбие дегеніміз – отбасындағы, туған-туысқан, ағайын-жегжат арасындағы еңбектеген жастаг еңкейген кәріге дейінгі барлық адамдардың тұрмыстағы күнделікті рухани рәсімдердің барлығының көз алдында, ортақ өткізілуі. Қосарлама тәрбие – бар баланың жас сәбиден бозбала, бойжеткенге дейінгі аралықтағы ұлтымыздың салт пен дәстүр, әдет пен ғұрыпқа байланысты барлық рәсім түрлерін ересектермен бірге көріп, бірге араласып, тең дәрежеде бөлісуі. Сондықтан да әдебиет сабақтарында тұрмыс-салт жырларын өткенде пәнаралық байланыс тұрғысында осы мәселе терең түсіндірілуі қажет. Тіпті интерграцияланған сабақтар (әдебиет-педагогика-тән тану) өткізілсе, тиімді болар еді.

Халқымыз жаңа туған балаға сәби, бөпе, нәресте, шарана деген сияқты бірнеше жалпы есімдерді берген. Ал жырда біз соның бір-ақ нұсқасын (бөпе) кездестіреміз. Сөзден түйін түйген, әлем хылықтарын шешіндігімен таң қалдырған қазақ бесік жырында нәресте, шарана т.б. сөздерді неге қолданбаған? Осы сұрақ төңірегінде ой толғасақ, халқымыздың далалық тұрмыс-тіршілігіне, дала философиясына соқпай өте алмаймыз. Данышпен ата-бабаларымыз

әлмисақтан бертінгі заманға дейін жұмыр жерді анасындай пір тұтып, сыйлап, оған құдайындай сыйынған. Мұны ғалымдар ертеде адам жердің құпия күшін (найзағай ойнауы, күн күркіреуі, күн тұтылуы, жер сілкінуі, су апаты, өрт, дауыл, т.с.с.) түсінбегендіктен, оған дәлелдік мүмкіндіктерінің болмағандықтарынан, ғылыми тәжірибенің жетіспеуінен деп түсіндіреді. Бұл дұрыс пікір, жөнді айғақ. Бірақ біз көбінесе осы мәселенің бір ғана жағына көбірек көңіл бөліп, екінші жағына, яғни ой-танымдық, философиялық мәселелеріне жете көз жібермедік. Халық ауыз әдебиетінде осы түйіндер орын алып, адам тәрбиесінің небір үлкенді-кішілі тәсілдері көрсетілген. Батырларымыз ертеден табиғатпен тіл табыса біліп, оны қажетінше өз пайдасына, ақыл мен зерделі мақсаттарына жарата білген. Табиғатпен саналы түрде қарым-қатынас жасай отыра, одан өз керегін ғана алып, тиімді пайдаланған. Өзі мекендеген өлке, жерін күтіп, сақтап, түрлендіріп, тыныс беріп отыру арқылы келер ұрпақ үшін мол тіршілік көзін қалдырып отырған. Табиғатпен жанды тілдесе білген, жердің жүрек соғысын, күретамырын сезе білген. Тіршілік иесі – Күнге табынған, өмір негізі - су мен отқа сыйынған. Табиғат-Ананы өз санасына ұялатып, сенімге айналдырған. Сондықтан да Адам өзін табиғаттан кіші санап, табиғатты Жер-Ана деп өзінен жоғары қойған. Міне, осы ерте дүниелік философия қазақтың тұрмыс-салт жырларында, соның ішінде бесік жыры мен тұсау кесу жырында, оның рәсімдік белгілерінде сақталған.

Соңғы кездері ұлттық сана-сезімнің оянып, дәстүрдің қайта жаңғыруына байланысты бесік тәрбиесі туралы көп жазылып жүр. Мысалы, бесікке салу мерзімі туралы біраз пікірлер бар. Әркім әр түрлі тұжырым айтады. Соның ішінде баланы бесікке салу туралы мына 3 мерзім жиі айтылады: 1. 5,7 не 9 күннен кейін;

  1. Баланың кіндігі түскеннен кейін; 3. Баланы қырқынан шығарғаннан кейін. Енді осы төңіректе жоғарыда табиғатқа байланысты айтылған ойымызды алға дәлел ретінде тарта отырып, өз ойымызды тұжырымдасақ дейміз. Арғы ата-бабаларымыз дүниеге келген баланы «Ой, бір шарана ғой», «Бәлі, қызылшақа бірдеңе» деген сияқты сөздер айтып, ерекшелемеген. Содан кейін оған «нәресте» деп ат таңған. Ересектер мен үлкендерге, тіпті үй-іші, отбасы мүшелерінің өздеріне дүниеге келген бала жатқан жерге (әдетте ол жас келін отауы) кіруіне қатаң тиым салған. Күні бүгінге дейін көпті көрген үлкендердің баланы үйге әкелгенде қанша көргің келсе де бас салып көргізбей, сыртқа шығып, «қырқынан шықсын», «көз тоқтатсын» немесе үйге тосын адамдар кірсе қызы не келініне «баланың бетін жап», «ауыз үйге бар» деп, тіпті келген адамды сыртта тоқтатып, «үйде жас босанған келін бар еді», «нәресте жатыр» деуінде үлкен сыр мен мән жатыр. Әдетте дүниеге келген жас баланы табиғаттан бөле жарып қарамауға тырысқан. Оны табиғаттың бір бөлшегі деп, жәй әншейін бір затқа, нәрсеге теңей салған. «Шекесі торсықтай», «жапалақтай бірдеңе өзі», «бір-ақ уыс...» деген сөздер соның айғағы. Содан болар, алғаш дүние көзін ашқан баланы нәресте деп атаса керек. Бұған әлі қарауға, сұқтануға, тіпті тиісуге (шашын, тырнағын алуға) болмайды деген. Сонда ата-бабаларымыз ертеден-ақ сырт адамның (әсіресе үлкендердің) бойында биоэнергетикалық артық зарядтың болатынын сезе білген. Әлі әлсіз, жарты жанды шарананы осыдан қорғаған. «Нәресте» деуінің екінші себебі, оның есту, сезу, білу, тіпті, көру рефлекстерінің мардымсыз, әлі жетілмеген әлсіз күйде екендігін есепке алып, яғни табиғаттан (тас, ағаш т.б.) артықшылығы жоқ деген көзқараста болғаны айғақ. Сондықтан баланы қырқынан шығарғанға дейін жеке бағып, сырт көзден бөлектеуі – баланың физиологиялық жағынан толысуына, организмнің кеңістіктегі (дүниеге келгендігі) дамып жетілуіне жағдай жасаған, яғни медициналық қолғабыс көрсеткен. Енді

келесі бір дәлел, дүниеге келген бала ғана емес, ана да күтімді қажет еткен. Мысалы: Арқанға асылып, Қыз тапқан шешем. Белдеуге тартып, Ұл тапқан шешем – деген өлең нұсқасында дүниеге адам баласының келуі ана ерлігінің арқасында ғана екенін дәлелдесе керек. Ендеше, анаға да, балаға да тыныштық, күтім керек. Сондықтан халқымыз баланың толық адам қатарына қосылуына, яғни сәбилік шаққа өтуіне 40 күн беруі тегін емес. Неге отызынан, елуінен, елу бесінен өткізбеген, яғни бабаларымыз баланың 40 күн ішінде физиологиялық жағынан жетілетінін біліп, «бұл дүниелік болды» деп, адам санатына қосып барып, өз отбасының мүшесі ретінде қабылдаған. Міне, тұрмыс-салт жырындағы бесік жырының айтылар тұсы осы кез. Халық ауыз әдебиеті – халық өнерінің бір түрі, ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл қазына. Өнер халық үшін, халық тәрбиесі үшін жасалады. Ал бесік жыры тұнып тұрған тәрбие мұхиты, тәрбие әліппесі емес пе?! Бесік жыры баланы бесікке салу дәстүрімен басталады. Бесікке салу – отбасы, бала-шаға, көрші-қолаң, елдің ортақ мерекесі, яғни той-думан, қызық-қуанышы. Осы орайда дүниеге келген нәрестені 3,7 тіпті 9 күннен кейін думандатып бесікке салу жоғарыдағы көзқарасқа кереғар келеді. Үн-түнсіз, жария етпей, барлық рәсімдерді жасамай (онда міндетті түрде халық қатынасуы керек) бесікке сала салу дәстүрге жат қылық, ұят болып есептелінеді. Сондықтан да халқымыздың бесікке салу дәстүрі мен бесік жырының айтылуы баланың қырқынан кейінгі өткізілетін іс-шара. Баланы қырқынан шығару, содан кейін бесікке салуында да үлкен дәлелді мағынасы бар. Халқымыздың «Бала кезін тоқтатты», «Мойнын бекітті», «Еңбегі беки бастады» деген сөздерді айтуы тегін емес. Көз тоқтату – баланың қарашығының көрсетілген затқа (әдетте жылтырауық әшекейлер), қимылдаған объектілерге (көз алдынан өткізу) қарай бұрылуы болып

есептелінеді. Бұны баланың есі кірді, санасына сәуле түсті, ойлайды деп есептеп, адам ретінде қабылдаған. Оған баланың назар аударуы, қол саусақтарының ширауы да жатады. Осы кезең баланың туғаннан 40 күнгі мезгіліне шақ келеді. Баланың көз тоқтатуынан, қимыл іс-әрекетке, дыбысқа назар аударуынан бастап, оны адам санатына өткізгендіктен, енді оны «өзгертуге» адам ретінде тәрбиелеуге болады деп есептелінген. Қырқынан өткізіп, қарын шашын, тырнағын алу, ит көйлегін шешу т.б. рәсімдердің орындалуы – бала тәрбиесінің алғашқы алтын баспалдағы. Өйткені, осы белдеуден біз айтқан қосарлама тәрбие бастауының бұлақ көзі ашылады. Бұған тек қана ересектер ғана емес, әсіресе үлкенді-кішілі бүлдіршіндер, балалар да қатысып, куә болады, көздерімен көреді. Тұрмыс-салт жырларындағы бесік жырының маңыздылығы да осында. Сонымен кең дүниенің есігін айқара ашып, тіршіліктің түп нұсқасы – баланың дүниеге келуінің 40 күнге дейінгі кезеңін нәресте, ал одан кейінгі кезеңді сәби, бөбек деп атаса керек. Оған дәлелдің бірі – қазақ поэзиясы. Қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровтің 1926 жылы жызылған «Бөбек бөлеу» деген өлеңінде: Бал-бал бөбек, бал бөбек, Бөлейін бері кел, бөбек. Бедерлі бесік, төрт есік, Төгілте салдым төр төсек, Бөпешім, бесік – отауың ,– деген жыр жолдары бар. Бесік жырының айтылу мезгіліне осы өлең дәлел емес пе? Өзіміз айтқандай, қырқына дейінгі кезеңдегі баланы дүние табиғатының бір бөлшегі, сондықтан Жер-Ана оның отауы деп санаған философиялық ұғым болса, қырқынан кейін сәби болды, адамдықтың алғашқы баспалдағына көтерілді деп, оған өз отауын тіккен. Мұнда қазақ баласының қасиетті мекені – бесікті адамзаттың алғашқы шаңырағы, тұңғыш отауы деп есептеген. «Сен сол өз отауыңа ақ тілекпен кір» деп қырқында жасалатын рәсімдер арқылы (қырық қасық суға шомылдыру, ит көйлегімен қоштастыру рәсімі, шашы мен тырнағын алу, азан шақырып ат қою, т.б.)

тәнімен кіршіксіз таза болуына көңіл бөлген. Бір ғана мысал, балаға азан шақырып ат қою, есімін беру тек қырқынан кейін ғана атқарылатын шара. Өзіміз айтқандай қырқына дейінгі кезеңде ол – нәресте ғана, табиғаттың бір бөлшегі тау, тас, орман сияқты жалпы есім иесі. Ақын Ілияс Жансүгіров өз өлеңінде бөбектің алғашқы отауы бесік екенін, бесіктің бедерлі және төрт есікті болатынын жырлауы жай әншейін құр ұйқас үшін емес. Әр бесіктің басына отқа қыздырылған темір білекпен белгі салынуы бедерлі бесіктің белгісі, яғни өз келбеті бар шаңырақ, белгілі иесі бар отау мағынасы. Жырдағы төрт есігі баланың бөленер жағы, түбегі, шүмегі, жөргегі емес пе. Бұл - өз шаңырағың, өз Отаның таза, кіршіксіз болуы керек деген мағынаның айғағы сияқты. Ұлы Мұхтардың халқымызға айтылған «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналығы осы төрт есікке байланысты бастау алып, үлкен, жалпы халықтық ел болу ұғымына сай. «Тәрбие басы – тал бесік» деп аталарымыз айтқан нақылды сөзі де осынау айтылғандардан туындаған ғой.

Қарға тамырлы бар қазақ дарынына бас иген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы да осыған дәлел, дүниеде бесік – өз отауынан ана сүтімен бірге ақ жүректі пәк тәрбие көріп өскен «өз қанаты», «өз жылуы» бар Мұқағалидың зұлымдық пен зымияндықтың, алдау мен арбаудың ортасына түскенде, ұмтылған тірегі – сәбилігіне құлаш ұруы тегінен емес. Тар бесігі – кең жаһан тарылмаған, Біреуге бар, біреуге табылмаған – Сәби болғым келеді, сәби болғым,

Ана сүті аузынан арылмаған. Ақын сәбилікті аңсайды, себебі адам баласының алғашқы отауы – бесік тек жақсылық пен ізгіліктен, тазалық пен шынайылықтан ғана құрылса керек. Өйткені, ақын аңсаған сәбилік шақ бесіктен басталса, бесік дүниедегі бар бәледен аласталған: Алас, алас, пәледен алас, Иесі келді пәледен қаш. Алас, алас пәледен алас, Көзі жаманның көзінен алас, Тілі жаманның тілінен алас, Қырық қабырғасынан алас, Отыз омырқасынан алас. Бесік жырынан алғашқы шымылдығы осы аластау өлеңмен ашылуы тағы да үлкен ұлттық тәрбие ұлылығына ұласады.

Халық ауыз әдебиетіндегі бесік жырының көптеген нұсқалары бар. Әр жерде, әр елде әр түрлі айтыла береді. Бірақ та кез келген бесік жырын алып қарасақ, жыр шумақтарының алғашқы: Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. деген екі тармағы еш өзгеріссіз, басқа баламаларсыз айтылып келеді. Қалған шумақтары мен тармақтарындағы жыр мазмұны мен идеясы ауыспалы түрде өзгере береді. Енді осынау әртүрлі нұсқалары көп жырдың ауысуға, өзгеруге түспейтін алғашқы екі тармағына тоқталайық. Халық ұғымында, әсіресе халық ауыз әдебиетінде антитезалық түс қалыптасқан. Ол ақ пен қараның қарым-қатынасы.

Ауыз әдебиетінің барлық жанрларында да «ақ» - адалдықтың, ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, пәктік пен шынайлықтың нышаны, «қара» – жауыздық, қатыгездік, зымияндық, екіжүзділіктің белгісі ретінде көрінеді және ол өзгеріссіз сенімге кірген. «Ақ дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс» деген сөздің шығу төркіні де осыған келіп саяды. Бірақ ауыз әдебиетіндегі бар жанрларда кездесетін ақ пен қара символикасының тақырыптық ерекшелікке, мазмұн мен идеяға байланысты алатын белгілі бір биігі болады. Мысалы, батырлар жырында «ақ» белгісі – тұрақтылық пен адалдықты білдірсе, шешендік сөздерде әділдік, турашылдық, шындықты көрсетеді. Керісінше «қара» белгісі батырлар жырында сатқындықты, екіжүзділікті, шешендік сөздерде әділетсіздікті, зымияндықты, алдау-арбауды білдіреді.

Ал бесік жырындағы «ақ бөпем» және «ақ бесік» мағынасына келейік. Қазақтың тәмпіш мұрын, қара домалақ баласының бұл атты иемденуіне ұлтымыздың неке дәстүрінің қатынасы бар. Ұлттық тәрбиенің қыз-келін салтында ең бірінші, оң босаға, екінші, ақ босаға деген ұғымдары бар. Оң босағадағы бойжеткен қыздың абыройы мен арын сақтап, келін болып түскенде ақ босағада пәктігі куә болса, сол отаудағы дүниеге келген бала ақ ниеттен, нағыз сүйіспеншіліктен, ақ тілек пен ақ батадан жаралған деп есептелінген. Оған тек әке-анасы ғана емес, дүйім жұрт қуанған, шаттанған. Сондықтан ақ бөпе атты асыл да абыройлы есім таңылып, кейіннен бесік жырына мәңгілікке енгізілген. Дәстүріміздегі дүниеге келген алғашқы нәрестеге нағашы жұртының қалжа беріп, арнайы бедерлі бесікті жабдығымен сыйға тартуы - өз қыздарының ақ босағаны арымен аттап, ел-жұрты, ата-анасының абырой-намысын жоғары ұстағандығының куәсі, белгісі. Жалпы ел ішінде әр шаңырақтағы бесік сол шаңырақтың ар-абыройы мен ұждан тазалығының айнасы болып есептелінген. Соңғы кездері баланы бесікке салу дәстүрінің азаюына байланысты, бір ауылдағы 2-3 бесік үй басы көшіп жүретін болды. Осыған байланысты өз басым ауылдағы бір көргенді үйдің үлкен анасы (әжесі) көршілерінің бесік сұрап келген адамына ұрсып, жекіп тастап, бесіктің берілмейтіндігін түсіндірген оқиғаның куәсі болғаным бар. Терең ойланып қарасаң, расында да бесік – қасиетті, қастерлі, киелі мүлік. Ол әр отбасының ғана тиесілі белгісі, айғағы болғандықтан, басқаға берілуі мүмкін емес сияқты.

Ертеде егер сәби шетініп кетсе, қабірінің басына бесікті бірге қоюының да үлкен сыры осында шығар. Оны ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин да жазып кеткен. Жырдағы ақ бесік сөзінің де түпкі мағынасы бар. Әлбетте қазақта ақ түсті, ақ бояулы бесік болмайды, түрлі талдан, балапан қайыңнан, жиде т.б. ағаштардан иіп жасайды. Оны: Арша ма екен бесігі? Ала ма екен әкесі? Өрік пе екен бесігі? Сүйе ме екен әкесі? Жиде ме екен бесігі? Жігіт пе екен әкесі? Жылама, бөпем, жылама,

Ата-анаңды қинама, - деген бесік жырындағы өлең жолдары растайды. Жырдағы ақ бесік атауы тазалықты көрсетеді. Шындығында, бесік тазалығы туралы оның гигиена-санитарлық жағынан асқан тиімділігі, дұрыстығы туралы медицина мамандары дәлелдеп отыр. Бесіктің добаға жабуы, құрақ көрпешесі, құс төсегі, түбек, жөргек, шүмегі, тартпа баулары тазалықты сақтау мақсатында жасалған. Сондықтан жырдағы ақ бесік ұйқас үшін емес, әлгіндей мағынаны бойына сіңіріп, өз биіктігіне көтеріліп, әсемделе бейнеленіп, жырдың эстетикалық талғамын әсірелеп тұр. Тұмыс салт-жырларында бесік жырындағы эстетикалық идеал туралы көп жазылды. Жырдағы: Құрығыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып, Қызмет қылар ма екенсің? Қолымыздан іс алып, Бойыңызға күш алып. Бақытымызға, жан балам, Бізді бағар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Ұста болар ма екенсің? Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Таңдайларың тақылдап, Сөйлегенде сөз бермей. Шешен болар ма екенсің? Кең балағың түрісіп, Ойға, тауға жүрісіп, Балуан болар ма екенсің?-

деген шумақтардың біз айтқан ұлттық тәлім-тәрбиедегі (халық педагогикасындағы) қосарлама тәрбиеге тікелей байланысы бар. Өйткені бесік жырындағы айтылған сөздің мағынасы - отбасындағы басқа балалардың да тәрбиесіне үлес. Сүйкімді сәбиді бесікке бөлей тастағанда-ақ ананың ән әуезімен жырды айта бастауы бесікті айнала отыра қалған бүлдіршіндерді, балаларды селт еткізбей қоймайды. Қыз бала міндетті түрде шеберлікті, ісмерлікті, ал ер бала батырлықты, ұсталықты, жылқышы болуды ойлайды, армандайды, қиялға беріледі. Түбінде осы бесік басындағы ой-арман кез келгеннің миында, көкірегінде үлкен идеал тудырып, ізгі істерге бастайды. Халықтың бесік жырын айтудағы тәрбие басының тірегі – қосарлама тәрбие дегеніміз осы.

Тұсау кесу жырындағы тәрбие көрінісі Тұрмыс-салт жырларының екінші бір кесекті бөлімі - тұсау кесу жыры. Жырдың дүниеге келуі тағы да сәбидің тіршілігіне байланысты. Сондықтан міндетті түрде жырда тәрбие мәселелері көрініс береді. Жыр: Қаз, қаз, балам, қаз балам, Қадам бассаң, мәз болам, Күрмеуіңді шешейік, Тұсауыңды кесейік, - деп басталады. Осынау жыр жолдары тұсау кесу жырының барлық нұсқаларында да кездеседі. Әдетте жыр осылай басталады. Енді ұлттық тәрбиедегі тұсау кесу дәстүріне кез салайық. Халқымыз баланың тұсауын сәби аяғын апыл-тапыл баса бастағанда кеседі. Бала тез жүріп кетсін, аяғын нық басып

кетсін деген тілекпен байланысады. Тұсау кесу рәсімін біз қайталап жатпай, тек тұсауды кім кесу керек екендігіне тоқталайық. Бұл тағы да қосарлама тәрбие мәселесіне тіреледі. Тұсау кесу рәсімін жүрісі ширақ, елгезек, беделі бар үлкен адамға, ауылдағы сыйлы кісіге кестіру дәстүрге айналған. Меніңше, бұл жаңсақтық секілді. Себебі тұсау кесу дәстүрінің тәрбие мақсатында бағынуына орай оған көпшілік, яғни, туғантуысқандар, көрші-қолаң, ауыл адамдары, үлкен-кішілер тегіс қатыстырылады. Тұсау кесу дәстүріндегі іске асырылатын ең негізгі шара – жас балалардың (әдетте 5-7 жастағы бүлдіршіндер) жалаң аяқ жарысы. Тұсау кесуде бұл негізгі шарт болып есептелінеді. Аяғын жаңадан басып, тәй-тәй жүре бастаған сәбидің тұсауын кесу рәсімін алдын-ала хабарлайтыны белгілі. Ең әуелі бүлдіршіндерге хабарландырып, олар жаяу жарысқа даярлану керек. Мұнда да халқымыз жас буынды ержүректілік, қайсарлық, ептілікке баулу мақсатын көздеген. Ол – белгіленген мәреге бірінші болып келу. Сондықтан ертеден бүгінгі күнге жеткен белгілер көп. Мәселен, балалардың көбелекті қуып жетіп ұстап, оны табанына жағу, сағымды қуу, құлынмен жарысу, ойнақтаған қозы-лақты ұстап алу сияқты ептілік, жүйріктік жаттығулары әлі де болса ауыл балаларының қызықты ойыны болып есептелінеді. Әр бала үшін тұсау кесудегі жалаң аяқ жаяу жарысында бірінші келу абырой саналған. Осы жолда олардың намыс отын жағып, алға ұмтылыс сезімін тәрбиелеу, жігерлендіру сияқты категорияларды саналарына сіңіруге бағытталған. Мәселен:

Қаз, қаз, балам, жүре ғой, Балтырыңды түре ғой. Тай, құлын боп шаба ғой, Озып бәйге ала ғой. Қаз бола ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса бер, Асулардан аса бер. Жүгіре қойшы, құлыным, Желбіресін тұлымың. Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе, - деген жыр жолдары тұсауы кесілетін сәбиге ғана емес, жарысқа, бәсекеге қатысатын балаларға да арналған. Екіншіден, жарысқа шетінен желаяқтар қатынасады да, аталмыш сәби соларға тартсын, солардың ізін бассын деген ізгі тілек болған. Осының бәрі де жарысқа түскен бүлдіршіндерге үлкен әсер етіп, олардың жүрегіне жол тауып, белсенді болуына жол ашады. Балалардың өзара бәсекеге түсуіне, өзінің өзгеден кем түспеуіне жауапкершілік жүгін арқалауына негіз болады. Нағыз тәрбие, құр моральдық сөз тәрбиесі емес, нақты іскерлік педагогикалық бағдарлы тәрбие негізі осында. Балалардың өздері де үлкен тәрбие мектебінен өтетінін сезе білген. Себебі, өзі үшін ғана емес, ата-анасы, әжесі, аға-әпкелері үшін де, солардың намысы үшін де бәсекеге түсетінін іштей ұғынып, түйсігімен сезінетіні кәміл шындық.

Тұсау кесу дәстүрі бойынша өткізілетін той қуанышы ең бірінші балаларға бағытталуы керек. Тойдың ең үлкен, ең сыйлы қонағы – жарысқа түскен бүлдіршіндер үшін қошемет көрсетілуі міндет. Алдын ала тұсауы кесілетін сәбидің атаанасы жаяу жарысқа қатынасатын бар балаға сыйлық, сыйсияпатты мол әзірлеуі қажет, бірінші келгенінен бастап ең соңғысына дейін ықылас көрсетіліп, сыйлық үлестірілуі заң. Сонымен, жалаң аяқ жаяу жарыста ең бірінші озып келген, «көбелектей зуылдаған», «құлындай зымыраған», «сағымдай жүйткіген» желаяққа ең зор құрмет көрсетіліп, оған бас бәйге сыйлығы беріледі. Міне, тұсауды барлық балалардың көзінше осы желаяқ жүйрік бала кесуі керек. Мұның мынандай себебі бар. Біріншіден, тұсауды ала жіппен кескені белгілі. «Екі дүниеде өміріңде ешкімге алалық жасама, адал бол, біреудің қиянатына қалма, ақ жүректі адам бол» деген сияқты жақсылық қасиеттер тілеген мақсатқа негізделген. Ал тұсауды бүлдіршіннің кесуінде ол пәк жүректі, ақ ниетті, әлі ешкімге

алалық жасамаған, қолы кіршіксіз, жаны таза деген мән-мағына бар. Екіншіден, сәбидің тұсауын кесу дәрежесіне ие болған, оны өз еңбегі, талабы, жігерінің арқасында жеңіп алған бүлдіршінді даралау, құрметтеу, марапаттау, оның бойына зор, жақсы қасиеттерді дарытқан жарыста сайысқа түскен басқа бүлдіршіндер де намыстанып, әлгі желаяққа ұқсауға тырысып, келесі тұсау кесу міндетті түрде «мен» бірінші келемін деген мақсат қойып, сол үшін талпынады емес пе? Халық тәрбиесінің даналығы осында. Нақты өмір мысалы арқылы нағыз тәрбие тәжірибесінен өткізген.

Үшіншіден, тұсауды үлкен адам кессе манағы балалар ескерусіз, қалтарыста қалады. Себебі тұсау кесу жырын жарысқа қатынасқан балалар қол ұстасып (бір-екі үлкеннің бастауымен) ортаға тұсауы кесілген сәбиді жетектеп шығарып айтқан.

Төртіншіден, кез-келген ересек адам өз өмірінде бірде болмаса бірде алалық жасауы мүмкін. Тіпті қамшымен малды басқа ұрғанның өзі әбестік саналады. Сондықтан да абзалы, тұсауды кесу құрметін бүлдіршінге берген болуы керек. Тұсау кесу жырының мазмұны мен идеясы да соған меңзейді. Ал, сәбиге бата беру кезегі үлкендердің үлесі. Онда да бата беруге үлкен мән берілген. Барлық бала-шаға бата беру сәтінде бірге болған. Бір ғана тұсау кесу дәстүріне (егерде ол өз дәрежесінде өтсе) үлкендермен тең қатысқан барлық бала үлкен тәрбие мектебінен өтіп, бір баспалдақ көтеріледі. Толыққанды тәрбиенің бастау бұлағы, нәрлі өзегі осында жатыр.

Қорыта айтқанда, тұрмыс-салт жырларындағы ұлы мұхитқа теңесетін қазынаның екі тамшысы – бесік жыры мен тұсау кесу жырындағы ұлттық тәлім-тәрбие мәселелері дұрыс ұғылып, тиімді іске асырылғанда ғана нағыз ұлтжанды азамат тәрбиелеу мәселесін шешуге болады деген тұжырымдама айтамыз. Себебі көп жылдар бойы ұлттық тұрғыдағы бала тәрбиесіне немқұрайлы қарап, ат төбеліндей адамдардың (тәрбиеші, мұғалім) ісі деп ойлап келдік. Нәресте, сәби, бүлдіршін, бозбала, бойжеткен тәрбие баспалдақтары мен

ересектер арасында бос кеңістік (ваккум), бейтарап арақашықтық пайда болды. Соның нәтижесінде ұятсыз, арсыз жетесіз ұл мен қыз, ынсапсыз, енжар, тоңмойын, тоғышар атаана көбейді. «Қызға қырық үйден тыю, ұлға он сан үйден сын» деген халқымыздың тәрбиесіндегі ұлы заңды қайтару баршамыздың парызымыз, бүгінгі сәби алдындағы етер қарызымыз. Мемлекеттік білім құндылықтарын қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин мұраларының маңызы

Тәуелсіз мемлекет ретінде білім беру саласында ұлттық білім беру моделін құру жолында қанша қызмет жасап, талай реформаларды жоғары жақтан «стахановша» атқарғанымызбен, білім сапасының менеджменті жақсы нәтиже бермей келеді. Біз бүгінгі күні әлемдік білім кеңістігіне еркін енген, еуропалық білім стандарттарын меңгеріп, Болонья декларациясына қол қойып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің озық технологиясы мен жоғары инновациясы бар беделді университеттері мен колледждерінде мыңдаған жастарды оқытып шығарудамыз. Бірақ білім мемлекетіміздің алға басуына мақсат етіп қойған дамыған 50 елдің қатарына кіру, 30 корпоративті көшбасшы, постиндустралды мемлекет аталу міндетіне келгенде қауқарсыз қалғаны белгілі болып отыр. Оған мысал, жуырда ғана Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың министрлерге өткізген мәжілісінде бүгінгі жастардың біліміне көңілі толмайтындығын, шетелден оқып келген жастардың мемлекетімізге интеллектуалдық көмегі шамалы болғанын айтуы дәлел.

Осы орайда білім саласындағы айтылған фактордың себебі неден деген риторикалық сұрақ туындайды. Оның жауабын балабақша тәрбиешісінен бастап бастауыш мектеп және жалпы орта білімнің барлық пән мұғалімдері, колледждер мен институт, университеттердің оқытушы-профессорлар құрамының көпшілігі мен ректор да, министр де біледі. Ол білімдегі таусылып бітпейтін реформалар мен бірінен соң бірі

қабылданып жатқан әр түрлі деңгейдегі бағдарламалардың ұлттық негіздегі платформасының жоқтығынан. Біз көп жағдайда тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде шетелдік барлық білім стандарттары мен бағдарламаларын, турасын айтқанда, өзімізге көшіре салдық. Білімнің философиясымен, идеологиясымен айналысуға көңіл бөлмедік. Соның қиыншылығын, кемшіліктерінің нәтижесін бүгін көріп отырғандаймыз.

Біз ең озық деген шетелдік білім жүйесін өзімізге қабылдағанмен де сол елдің менталитетін, яғни «жанын», идеологиялық бағытын, этикалық қағидасын, тіпті тұрмысын көшіріп ала алмайтынымыз ақиқат. Мәселен, Болонья декларациясындағы білім берудің біртұтас Еуропа кеңістігінің (ЕПВО) «еуропалық өлшем» принципі жалпыеуропалық құндылықтарға негізделгені айқын. Бұл білімнің еуропаша идеологияланғаны ғой. Болонья процесінің көптеген басым жақтары бар, бірақ оны бүгінгі біздің санамыз, бүгінгі біздің көзқарасымыз қабылдай ала ма? Қабылдай алғанның өзінде оған қандай мазмұн, өзгерістер енгізуге біліктілігіміз жетеді деген оңтайлы сұрақтар туындары белгілі.

Қазақстандағы адам факторы принципі тек «қазақ субъективизмі» деңгейінде болғандықтан, адам капиталын дамыту тұжырымдамасын, білім құзіреттілігі принципін жасауды іске асыру мүмкін болмай тұр. Оған мысал, «Болашақ» бағдарламасымен оқыған жастар. Бүгінде Қазақстан біліміне еңбек етіп, оны ілгері дамытуға құлшына еңбек етіп жүрген бірде-бір «Болашақтық» маманды кездестірмедік. Себеп: олардың басым көпшілігінің білімі болғанымен мемлекетке, ұлтқа жанын берерлік тәрбие-тәлімінің болмауында.

Осыдан туындайтын тұжырым, біз қайткенде де бүгінгі білімнің тәрбиелік маңызына, яғни болашақ ұрпаққа білім мен тәлім беретін педагог маманының ішкі сана-сезімі, ой-өрісі, рухы, тілі мен ділі, қабілет-қарымына назар аударып, мемлекетшілдік, халықшылдық бағытта еңбек етуге бейімдеу бағыты бойынша жұмыс атқаруымыз керек. Осы орайда қазақ халқының ұлы тұлғасы Ыбырай Алтынсариннің мол мұраларындағы бүгінгі педагогикаға, заманауи дидактикаға

қажетті педагогикалық көзқарасын негізге алуымыз қажет. Мәселен, Қазақстанда сонау ХІХ ғасырда, турасын айтқанда 1864-1883 жылдар аралығында, бар-жоғы 19 жылдың ішінде ғана Ы.Алтынсарин жалғыз өзі жаяу жүріп-ақ бүгінгі біздегі политехникалық білім құрылымының негізгі бағытын іске асырған еді ғой. Бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру (24 сыныптық мектептер), кәсіби білім (қолөнер училищесі, қыздарға арналған училище, мұғалімдер училищесі т.б.) құрылымын қалыптастырды. Оған «Менің үнемі ұмтылған тілегім - қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады» деген өз пікірімен дәлелдесек болады.

Бүгінгі білімде әлемді жаңа ақпараттық технология, инновация, аксеология саласын игеруде қазақстандық білім жүйесі де қарқынды даму үстінде. Әсіресе, білім мазмұнын ізгілендіру, білім идеологиясындағы синергетикалық, акмеологиялық, креативтік басылымдықтарды игеруде педагог мамандар өз бойындағы қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік алуда. Отандық білімді алға жылжытудың негізгі тегеріші мұғалім қолында десек оған қойылып отырған белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік ой-өріс кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі біліктілік, танымдық әрекетке қызығушылық сияқты дидактикалық-философиялық мақсатты меңгеру міндеті тұр. Енді осы мәселелерді іске асыруда ең әуелі неден бастау қажет дейтін болсақ, тағы да Ыбырай Алтынсариннің дидактикасынан артық педагогикалық принцип жоқ екендігіне көзіміз жетеді. Оқыту мен тәрбиеде басты қозғаушы күш – мұғалім тұлғасын алға қоя білген Ыбырай «Халық мектептері үшін мұғалім бәрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да теңесе алмайды» дейді. Ұлы ұстаз өз еңбектерінде мұғалім өз шәкірттерін сүйе білуі, олардың ата-аналарына сүйікті бола білулері керек деп есептейді, сонда ғана тәрбие мен білім беру ісінде алға қойған мақсаттарға жетуге болады, «сен балалармен жұмыс істеп отырсың, егер де оқушы түсінбесе олардың өзіне сілтемей,

түсіндіре алмағаныңды өзіңнен көр, балалармен ашуланбай, кейімей, жылы сөйлесу керек, әрбір пәнді шын көңілден жаттанды тіркестер мен қажетсіз терминдерсіз қарапайым тілмен, шыдамдылықпен түсіндір, өйткені оқудың көрнекілігі оқытудың қарапайым әдісі мен мұғалімнің түсіндіре білуіне байланысты» деген дидактикалық көзқарасы бүгінгі заманауи білім принциптерімен сәйкес келеді. Ы.Алтынсариннің педагог ретіндегі дидактикалық көзқарасынан бүкіл әлемдік тәлім-тәрбиенің негізгі кредосы – ізгілік пен адамгершілік, гуманистік көзқарас, балаға жылы жүрекпен, перцептикалық қасиетпен қарау, оқушы мен мұғалімнің арасындағы педагогикалық ынтымақтастық принциптерін байқаймыз. Ол шәкірттердің білімді жай жаттап алып, үстірт меңгермей миға тоқып, санасынан өткізіп, әрбір сөздің мәніне терең бойлап түсінуін қалады және мұғалімдерінен осыны талап етті. Олардан сабақ беру кезінде оқушылардың барлық сезім мүшелері арқылы белсенділігін арттырудың психологиялық жақтарын үйренуге міндеттеді. «Қазақ мектептерінің бар келешегі – деп жазды ол, көбінесе, істің қазіргі бастауына байланысты, сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін» деген педагог пікірі бүгін де өз маңыздылығын жойған жоқ. Торғай облысының инспекторы болған жылдарында қол астында жұмыс атқарған мұғалімдердің әлеуметтік, тұрмыстық, қаржылық, педагогикалық мәселелеріне жіті көңіл аударды. Білімі төмен, әдістемесі нашар «сұрғылт» мұғалімдер туралы «мұндайлар оқушыларды адастырады, сонан кейін қойылған сұраққа оқушылардың жауап бере білмегеніне ренжіп, өздері де ашулана бастайды, тіпті оқушыларға өшігуге дейін барады. Осыдан кейін оқушыларды бұрынғыдан да адастырады, мүлде шатастырып оларды тіпті ешбір жауап бере алмайтын халге жеткізеді» деп есептеген. Ы.Алтынсаринның педагогикалық көзқарасында мектептердің білім берудегі міндеті нақты анықталған. Мектеп міндеті сан алуан, түрлі бағытты болуы керек деп есептеген, сондықтан ұстаздың мұғалімдерге берген нұсқауларында

мектептегі оқу жұмысы мен сыныптан тыс тәрбие беру жұмыстарының арасында айырма көрінбейді. Ұстаз оқу процесін ұйымдастыруда үш принципті алға қойған: біріншіден, мұғалім – педагогтың тұлғалық рөлін білімдегі басты факторға, екінші - оқу-материалдық базаның білімде шешуші маңыз атқаратынын, үшінші – оқу материалының (оқулық, әдістеме т.б.) сапалық деңгейінің жоғары болуы. ХХІ ғасырда қазақстандық білім жүйесінің құрылымдық өзгеруіндегі еуропалық білім стандарты бойынша 12 жылдық білім жүйесіне көшудегі мақсаттың да негізгі принциптерінде Ы.Алтынсарин сүйенген жоғарыдағы үш міндет алдыңғы қатарға шығып отыр. Арада бір жарым ғасырға жуық уақыт өтсе де біз бүгін инновацияның ең озық түрлерін ойлап тауып, тіпті нанотехнологияны меңгере бастаған кездің өзінде де білім саласының келелі мәселесі ретінде Ыбырай Алтынсарин педагогикасының негізгі ой-пікірі, көзқарасының сақталуы оның ғажайып кемеңгерлігін көрсетеді.

«Қазіргі ең басты жұмыс – мектеп үйлерін салу. Барлық жұмыстың негізі де осында. Егер мектеп үйлері оқу-тәжірибе жұмыстарының түлектеріне сай, берік, қолайлы және жақсы болып салынып бітсе, қалғандарының бәрі мүлде оңай нәрсе» деген Ы.Алтынсарин қағидасын тәуелсіз Қазақстан бүгінгі күні «100 мектеп, аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша елбасының үндеуі арқылы іске асырылып жатқаны осының заңды жалғасы іспеттес. Осы мәселеде ұстаздың «қазақтарды оқыту жөнінде бастықтарымыз, бекіністердің жанынан мектеп салудан гөрі, үйлерінің онсыз да қызыл төбелерін боятқанды, онсыз да ақ қабырғаларын ақтай түскенді тәуір көреді» деген сөзі елімізде бүгінде іске асырылып жатқан мемлекеттік іс-шарадағы кейбір билік өкілдері мен чиновниктердің жіберген қателіктерін тағы да дәлелдей түседі. Ұстаз одан әрі «Ырғыздағы бастықтардың істегені бұдан да жаман. Р-дың мектеп үшін пәтер етіп алғаны былай тұрсын, оның үстіне уезд басқармасын да сонда көшіріпті; ол - ол ма, мектеп үйін тағы бір саудагерге де жалдапты, ал оқушыларды шоланға апарып орналыстырыпты. Бұған мен әуелгі кезде

қатты ашуландым; сол бойда барып, алдымен, әрине, Р-дың жіберген саудагерлерін қуып шықтым. Бірақ уезд начальнигін қуып шығуға шамам келмеді» деген сол кездегі тоғышарлық қазақ қоғамының бүгінгі жағдайында да жойылмағаны таң қалдырады!

Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы берік болуы үшін ең әуелі оның білімін өрістететін педагог мамандарының әлеуметтік жағынан қорғалуы қажетті шарт. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріске бейім қоғамда өмір сүруге қабілетті, өздігінше дамуға, мемлекет мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін педагог міндетті түрде отаншыл, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеп шығуға қабілеті жетеді. Педагогикадағы бүгінгі басты талап - менеджерлік құзіретті қалыптастыруда, оны меңгеруде ең әуелі маманның әлеуметтік қамсыздандырылуы негізгі факторға айналып келеді. Білімдегі құзіреттілік компоненті туралы

И.А.Зимняя, А.В.Хуторской, С.Е.Шишов, В.А.Кальней, В.А.Балотов, А.И.Савинков, Н.А.Гришанова, М.Жадрина т.б. белгілі ғалымдар еңбек етіп келеді. Әйтсе де осы педагогикалық принциптің алғышарттарын тағы да Ы.Алтынсарин идеяларынан табамыз.

«Артта қалған халықты білімге қызықтырып тарту үшін мектеп бітіргендерге (бұл жерде мұғалім деп түсіну қажет) қай жөнінен болса да бір артықшылық берілуі керек. Сонда ғана оқушыларының саны ешбір күмәнсіз тез өседі. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады» деген ұстаз пікірі бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа қоғамдық құндылықтарын қалыптастыруда, үлкен еңбек етіп жүрген мұғалімдердің, педагогтардың статусын айқындауда алғашқы тұжырымдама құжат ретінде ұсынар едім. Халықтың ұлттың болашағына жауапкершілікті сезіне білетін педагог үшін бәсекеге қабілетті жоғары кәсіби біліктілігі менеджерлік құзіреттіліктен басқа технологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, сонымен қатар суггестивтік те құзіреттілікті

меңгеруді талап етеді. Бұл жерде сонау ХІХ ғасырда Ыбырай Алтынсариннің мұғалімге қойған талаптары мен бүгінгі дамыған интеллектуалды қоғамдағы мұғалімге қойылатын міндеттердің принциптерінде алшақтық жоқ, тек білімдегі мазмұн мен формада ғана өзгеріс бар. Бұл қажеттілік. Бірақ біз оқытудың, білім берудің жаңа формасын шетелден көшіріп алатын дағдыға үйреніп алдық та, Ыбырайша өз жүрегімізден мазмұн жасауды ұмыта бастадық. Осыдан барып білім берудің ұлттық уызы болмағандықтан біз оның кері себеп-салдарын көріп отырмыз. Мәселен, Ы.Алтынсарин идеясында оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс деген тұжырым болды. Ол оқыту әдістерін жаңа бағытта оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздей отыра құрғаны, әсіресе ана тілінде үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойын басшылыққа алғаны белгілі. «Міне, балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім, бұл балалар да менің айызымды қандырып не бары үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды», - дейді ұстаз. Мұндағы педагогтың тілді үйретудегі басқа тілдегі мәтінді ана тілі арқылы түсіндіру принципінен бас тартып отырмыз бүгінде. Тіпті әлемдік тәжірибедегі - балабақша, бастауыш мектепте тек ана тілінде оқыту іс-тәжірибесінен бас тартып, ерте жастан үш тілге бірақ оқытып жатырмыз. Билингвизм теориясы, көптілді игеру әдіснамасы өте жақсы бағыт екенін мойындаймыз. Бірақ әлемдік тәжірибеде тілді оқытудың дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен үлгі алуымыз керек екенін естен шығара береміз. 1953 жылы ЮНЕСКО «Білімде ана тілін пайдалану» (Применение родного языка в образовании) деген мәселеде ғалым-эксперттердің зерттеу нәтижесін жариялады. Сонда білім берудің бастапқы сатысында ана тілінде оқытудың тиімділігі, нәтижелілігі зор болатындығын дәлелдеді. Ана тілінде білім беру мәселесі әлемде бүгінде де жиі талқыланып жүрген, күн тәртібінен түспеген мәселе. 1993 жылы дүние жүзіндегі ең халқы көп тұратын тоғыз мемлекеттің қатысуымен қабылданған Дели декларациясы мен 1996 жылы

өткізілген

халықаралық консультативтік форумында қабылданған Амман өтінішіндегі қорытынды коммюникеде де бастауыш білімнің ана тілінде берілуі туралы анықтама берілді. Сонымен қатар ересектерді оқытуға арналған халықаралық конференцияда қабылданған Гамбург декларациясы (1997) мен адам құқығын қорғауға арналған дүниежүзілік конференцияда қабылданған Вена декларациясында да (1993) ана тілінде білім алудың мәселелеріне оң баға берілді. Осы халықаралық құжаттардың дәлеліне мына мысалдарды айта кетсек. Американың дүниежүзілік банкі үшін жасаған ғылыми баяндамада ғалымдар Надин Датчер, Джон Роберт Такермен біріге отырып мынандай тұжырым жасайды: «Важнейший вывод исследования на основе расмотренного в этом докладе опыта состоит в том,что когда обучение является целью, включая изучение второго языка, то первый язык ребенка (т.е. его родной язык) следует использовать как средство обучения в начальных классах школы. ... Первый язык имеет важное значение для начального обучения чтению и для понимания учебного предмета. Он служит необходимой основой для когнитивного развития и последующего изучения второго языка», - дейді. «Использования первого и второго языков в образовании: обзор педагогического опыта, Вашингтон, округ Колумбия, Всемирный банк, Страновой департамент. Для более аргументированного доказательства можно привести еще один пример. В рабочем докладе сотрудников ЮНИСЕФ-а по проблеме прикладной лингвистики есть такой научный вывод: «Если родители неграмотны.., если на языке, на котором ведется обучение в школе, не говорят дома, то это усуглубляет проблемы обучения. В связи с этим, страны с высокой успеваемостью обладают несомненным опытом: родной язык используется в качестве средства обучения на начальной ступени во всех случаях. ... Результаты многих исследований показывают что учащиеся быстрее учаться читать если обучение чтению ведется на их родном языке. Во-вторых, учащиеся которые научились читать на своем родном языке

быстрее учаться на втором языке по сравнению с теми учащимися которых сначала учили читать на втором языке. Втретьих, с точки зрения навыков обучения учащихся которых обучали навыками чтения на их родном языке быстрее усваивают эти навыки». Келтіріп отырған осы дәйектемелердің өзі ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің тілді оқытудағы ұсынған дидактикалық - әдістемелік принципін қолдап отыр, яғни осы тәсілдің тілді оқытудағы әлемдік тәжірибесін ұстаздық әдістемесімен бірге бүгінгі күні оқу технологиясына жан-жақты негізде кіргізіп іске асыруымыз қажет.

Бұдан шығатын қорытынды Қазақстан Республикасының білім саласын тәуелсіз мемлекеттің мүддесіне жауап беретіндей деңгейге көтеруде әлемдік білім нәтижелерін тиімді пайдалана отырып ең әуелі ұлттық сана мен тәлім – тәрбиенің, білім берудің алғашқы кәсіби насихатшысы, ұлы педагог Ы.Алтынсариннің мұралары мен идеяларынан іздейік деген көзқарасты ұсынамыз. Әлемдік жаһандастыру процесі жағдайында этнотәрбиенің бүгінгі өзекті мәселелері

Қазіргі қоғамның дамуындағы негізгі ерекшелік адамды қоршаған ортаның интенсивті және объективті түрде жүргізіліп жатқан жаһандастыру үрдісі екендігі тарихи шындыққа айналып отырғаны белгілі. Жалпы әлемдік жаһандастыру процесі ертеден басталған, яғни адам қоғамында антагонизмнің пайда болуынан-ақ іске аса бастаған. Негізінен бұл процесс көбінесе авторитарлы биліктің, монархиялық астамдықтың салдарынан ірі қантөгістерге, қанқұйлы соғыстарға барып тірелетін. Оған екі мың жыл бойы әлемді талай бөліске салған араб, фарсы, грек-рим, қытай-монғол, көшпенділер, крестшілердің жорықтары, батыс пен шығыстың арасындағы аумалы-төкпелі ірі төңкерістер мысал болады. Осыған орай әр ұлт, әрбір мемлекет осы процеске орай өз тарихын жасады. Соның ХХ ғасырдағы ең соңғы оқиғалары қатарына жататыны

– ІІ дүниежүзілік соғыс. Ұлы Отан соғысы деп атап кеткен осынау қан кешуде немесе германдық жаһандасуға қарсы күрескен қаһармандар қатарында қазақ халқы да бар. Оған мысал - бүгінде 80 жылдығын атап отырған қазақ халқының қайсар қызы Мәншүк Мәметованың қайталанбас ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыста исі еуразиялық түркі тектес халықтардың ішінен қазақтың қос шынары – Мәншүк пен Әлияның аттары тарихта алтын әріппен жазылуы қазақ ұлтының бойында сақталған отансүйгіштік, ұлтжандылық, қайсарлық категорияларының көрінісі еді. Бұл өзіміз білетін қазақ феномендігін дәлелдер айғақ болды.

Бүгінде әлемдік жаһандастыру үрдісінің мән-мағынасы мен мақсаты өзгеріп, жаңа мазмұнға ие болып, қоғамның сансалалы бағытын қамти бастады. Әсіресе экономика, білім, ғылым, экология саласында бұл үрдістің ықпалы қомақты. Себебі бүгінде мемлекеттің әлемдік иерархиядағы жағдайы оның экономикадағы, білім мен ғылымдағы жетістіктерімен сарапталады. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық ғылым академиясының сессиясында барлық білім мен ғылым жанашырлары

алдында: «Ресурстарға негізделген экономикадан білімге, ғылымға негізделген экономикаға» деп еліміздің алдағы дамуының бағытын ұсынуы тегін емес. Әлемдік жаһандастыру процесінің ендігі жерде антагонизмнен интеграциялық дәрежеге көшуі жағдайында егеменді ел ретінде біздің де оқшаулануымызға болмайтындығымызды дәлелдеп отыр. Қазірдің өзінде әлемдік ортақ білім беру технологияларын меңгеріп, соның ішінде ұлттық білім жүйелерінің жалпы еуразиялық білім кеңістігіне енуі этнотәрбиенің төмендегідей мәселелерін анықтауға тиіс: 1. Қазақстан Республикасы - көп ұлтты мемлекет. Қазіргі күні елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстар тұрып жатыр. Осындай көп ұлттылық жағдайда белі жаңа беки бастаған егемендікті ұстап қалу мен әлемдік жаһандастыру процесінен өз орнымызды табу үшін жаңа қоғамдық құндылықтары, жаңа саналық ойлау жүйесін қалыптастыру үрдісі іске асырыла бастады. Осы орайда күнделікті

өмірімізге еркін еніп келе жатқан «полиэтностық», (көпұлтты), «полимәдениеттік» (көпмәдениетті) ұғымының жағдайында этнотәрбиенің мәселелері көлеңкеде қалып қоймай ма деген күдік келеді ойымызға. Себебі ХХ ғасырдың 1974 жылын «советтік патриотизм», «кеңестік интернационализм» идеясының туын көтеруге арнаймыз деп ұлттық этноэколық жүйені бұзып алғанымыз бәрімізге аян. Жаңа қоғамдық құндылық қатарына ең алдымен «ұлттық патриотизм», «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарын жатқызатын болсақ, онда жаңа ұрпақты тәрбиелеуде оның санасында осы категорияларды қалыптастырудың жаңа формаларын іздестіру қажет. Этномәдениет пен этнопедагогиканың мақсаты бір. Жалпы эстетикалық мәдениет негіздері білім арқылы қалыптасады дейміз. Сондықтан да этномәдениетті адамның рухын этнопедагогика немесе халықтық педагогика, ұлттық тәрбие жетілдіреді деген тұжырымға тоқтасақ, онда алдағы уақытта этнотәрбиенің түп қазығы – ұлтжандылық, патриоттық тәрбиенің жаһандасу жағдайындағы тұжырымдамасын жасау керек. Бүгінге дейін, елімізде этнопедагогика ғылымы саласында 14 докторлық, 73 кандидаттық диссертация қорғалған екен. Әйтсе де басым көпшілігі этнопедагогиканың тарихынан не болмаса ұлттық тәрбиенің ерекшеліктеріне арналған, соның ішінде 2-ақ диссертация ұлтжандылық тәрбиесіне арналған екен. Ендігі жерде бүгінгі жастарды ұлттық рухта тәрбиелеудің жаңа бағытын жасап, оның ғылыми-әдістемелік мәселелерін анықтау үшін осы салада еңбек етіп жүрген республиканың барлық белгілі тұлғалары еңбек жасауы қажет сияқты. 2. Бүгінгі бас қосу – қазақтың ары мен намысының алдаспаны бола білген Мәншүк Мәметоваға арналғандықтан, этнотәрбиенің келесі бір өзекті мәселесі бүгінгі қазақ қыздарының тәрбиесі туралы. Халқымыздың «Қазақ қарындасын сыйлаған» деген мағынасы зор, терең, парасатты ойға құрылған сөзі бар. Соңғы кездері барлық ақпарат құралдары, баспасөз т.б. құрылымдар қазақ

қыздарының тәрбиесіздігі туралы жаппай кінәлау позициясын ұстанғаны бізді қатты қынжылтады. Қыздар тәрбиесімен бүгінде жалғыз-ақ ұстаздар ғана айналысып жүр. Жалғыздың үні шықпайтыны сондықтан. Себебі білім ордасында олар қанша эстетикалық, гуманистік, этикалық тәрбиенің дидактикалық негізін алғанымен күнделікті өмірінің басым уақытын өзін қоршаған ортамен қарымқатынаста өткізеді. Ал ол коммуникация әсте жақсы емес. Әсіресе барлық ақпарат көздері арқылы насихатталып, күштеп беріліп жатқан батыстың әсіреқызыл жалаңаш мәдениеті жаны нәзік қыз балаларға тез әсер етіп жатыр. Сонымен қатар урбанизация процесінің күшеюі де бұл мәселеге өз зиянын тигізуде. Рас жергілікті жерлердегі білім мекемелерінде этнотәрбиеге байланысты көптеген конструктивті іс – шаралар жүргізілуде. Тіпті этнопедагогика саласында қаншама жақсы бағдарламалар да бар. Бірақ соның бәрі аз ғана жанкешті жанашырлардың, қазіргі тілмен айтсақ, фанаттардың ғана инициативасымен жүргізілуде. Осыған орай алдағы уақытта этнотәрбие саласы бойынша мемлекеттік деңгейде қыз бала тәрбиесіне арналған білім мекемелерінің барлық формасының ерекшеліктеріне сай арнайы пән мен курстар, үйірмелер жүргізу білім стандарттарына енгізілсе деген ұсынысымыз бар. Әлем өзінің дамуында индустриялық кезеңнен ақпараттық даму кезеңіне өтті. Біз мұны қанша мойындамаймыз десек те уақыт, өркениет солардың ырқында. Жаһанданудың бірінші орынға ақпаратты билеуді қоятыны сол себепті. Қазақ - өте еліктегіш, сенгіш халық, яғни аталмыш үрдістің толқынында жылдам ағып, көрінбей кетуіміз оп-оңай. Ақпаратты технологиялық даму жолын ұсынған жаһандастыру үрдісінде интеграцияға бейімделген білімді ұрпақ өсіруде этно тәрбиенің тарихилық принциптерінен гөрі алдағы мәселелерін көп ойластырсақ озатын боламыз.

Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда этнопедагогиканың маңызы

ХХІ ғасырды аттай отырып, адамзат қоғамының даму эволюциясы үшінші мыңжылдықты бастап отыр. Қоғамдық дамудың, адам санасының жетілу кезеңінің ең шарықтау шегі, эпогейі осы мыңжылдық деп ғалымдар дәлелдеуде. Адами сөздің яғни, фонеманың қалыптасуына үш жарым миллион жыл қажет болған дейді. Одан әрі өздеріңізге белгілі неандерталдық дүниеден homo-capiens-тік дүние қалыптасты. Енді міне, қоғамдық қатынастардың қалыптасуы 3 мыңыншы жылға аяқ басты. Қоғам адам санасын тәрбиелейді, яғни педагогикасыз қоғам дамымайды. Осы педагогиканың бір өзекті саласы – этнопедагогика. Күні бүгінге дейін мұғалімдер, оқытушылар, ғалымдар арасында этнопедагогикаға байланысты көзқарас әртүрлі. Көп жағдайда халықтық педагогика мен этнопедагогиканы бір деп ұғыну, түсіну бар. Осы бағытта еңбек еткен ғалымдардың ішінде А.П.Нечаев, Р.Г.Лемберг, А.Н.Бернштам, А.Ә.Измаилов, Г.Н.Филонов, А.Ш.Христова, Л.Н.Гумилев сынды ғалымдардың ғылыми ой-пікірлері салмақты. Кеңестік дәуірдің 60-жылдарына дейін халықтық педагогика, жалпы этнопедагогика мәселесіне табу салынып келгені белгілі.

Халықтық педагогика мен этнопедагогика мәселесін терең зерттеген ғалымдардың ішінде негізінде И.Т.Огородников пен Г.Н.Волковтың пікірілері мен тұжырымдары орынды. Әсіресе Г.Н.Волков «Этнопедагогика» деген еңбегінде «Педагогика ғылымының бір саласы – этнопедагогика халықтық педагогиканың түрлерін зерттеп, оны оқу-тәрбие ісінің құралы етудің жолдарын және оның шығу тегін, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін басқа ғылымдармен (атап айтсақ фольклористика, лингвистика, психология, этнография, философия, т.б.) байланысын зерттейтін ғылым саласы» деп дәлелдейді. Сондықтан халықтық педагогиканы этнопедагогиканың ғылыми нысаны деп қараған жөн сияқты.

Баяндаманың басында қоғам және адам санасы туралы тегін айтпадық. Әр дәуірдің мақсаты, өз таңдауы мен міндеті бар. Қазір біз өмір сүріп жатқан уақыт - жаңа қоғамдық формацияның қалыптасу кезеңі. Көп жылдарға созылған авторитарлы-әміршілдік басқару жүйесі ыдырап, бұрынғы кеңестік құрсаудан босаған барлық жас мемлекеттер бүгінде жаңа қоғамдық қатынастар арқылы жаңа құндылықтар мен жаңа сананы қалыптастыру үстінде. Бұл өте күрделі процесс, әрі уақыт шыдамдылығын талап етеді. Осы орайда еліміздің жаңа қоғамдық санасын қалыптастыруда білім берудегі дидактиканың мазмұны жаңа сатыға көтерілгені дұрыс. Ол қандай мазмұнға ие болуы керек, қандай бағытта таңдауы қажет деген сұрақ бүгінгі ғылыми педагогиканың міндетінде. Сондықтан жаңа буын, жас ұрпақты тәрбиелеуде дәстүрлі педагогика этнопедагогикадан бастау алып, жалпы адамзаттық, әлемдік құндылықтарды бойға сіңіру арқылы жүргізілсе деген пікірге тоқталса дейміз. Оған дәлел әлемдік өркениетте аз ғана уақытта қатарға шыққан жапондықтар мен немістер халқының тәрбие үрдісі.

Ұлы педагог К.Д.Ушинский «Орыс халқының сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек» деген пікір айтады. Меніңше этнопедагогика мәселесінде бұдан артық дәлдік қажет емес сияқты. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі ғасырлар бойы қалыптасып, синтезделіп жетілдіріліп келген тәрбие. Бірақ ХХ ғасырдың аясында сол ұлттық тәрбиеміздің көптеген жақсы, өнегелі дәстүрінен жырақ кеттік. Сонау ХҮІІІ ғасырда қазақ даласында болған орыс саяхатшысы әрі ориенталисі А.Смирновтың: «Казахи особенно резко выделяются ясным умом. Любовь к детям, простота в обращений, уажений к старшим – к аксакалам как лучшим представителям народности и поразительное миролюбие рисуют с самой привлекательной стороны казахскую народнось»,–деп айтуы халқымыздың тәрбиесіне берілген анықтама іспеттес. Халықтық педагогика мен этнопедагогиканың түйісер тұсы, ортақ принциптері:

бауырмалдық, үлкенді сыйлау, ұлт мәдениетін білу, табиғатты аялау сияқты үлкен категорияларды құрайды.

Дегенмен бүгінгі таңда жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда ұстаздар үшін этнопедагогиканың жаңа, соны бағытын іздеу керек. Ол ұлттық, халықтық педагогиканың негізінде берілетін тәрбие мен өркениеттегі әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін біріктіре, ұштастыра отырып жаңа ұрпақтың озық менталитетін қалыптастыру. Егемендік алып, әлем мемлекеттерімен ашық қоғамдық қатынастарды жасау үшін жаңа қоғамдық сана қажет. Осы жолда этнопедагогиканың міндеті - ұлттық менталитеті, сана-сезімі озық ойлы дәрежеде әлемдік мәдениеттің кеңістігіне еркін бойлай алатын буынды тәрбиелеу. Халқымызда «тәрбие басы – тал бесік», «тал бексіктен жер бесікке дейін» деген даналық сөзі бар. Осының өзі, біздер, педагог мамандары үшін білім берудегі алғашқы дидактикалық баспалдақты неден бастауымызға бағыт береді. Яғни баланы отбасында, балабақшада, бастауыш білім сатысында халықтық педагогика негізінде тәрбиелеп оның психологиялық, физиологиялық, дүниетанымдық көзқарасының өрістеуіне орай біртіндеп әлемдік мәдениет негізінде санасының қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Бізде мемлекетімізде ұлттық идеология жоқ деп босқа ұрандап жүрген сияқтымыз. Сонда біздің идеологиямызды біреу сырттан әкеліп сыйға беретіндей көреміз. Меніңше ұлттық идеологияны қоғамдық сана жасауы тиіс. Ал қоғамдық сана ұлттық мемлекеттік деңгейдегі идеологияға сәйкес болуы үшін жас ұрпақты бүгін жаңа үрдісте тәрбиелеу міндетіміз. Этнопедагогика принципі - шектелу ұғымына кереғар ғылым. Сондықтан этнопедагогиканың мазмұнын үлкен кеңістікте қарағанымыз жөн.

Ерте ме кеш пе санамыз еуразиялық менталитет, еуразиялық мәдени құндылық деген ұғымды игеруі қажет болатын сияқты. Қазірдің өзінде орыс ғалымдарының ХХІ ғасырды «психология ғасыры», немістер «психозойлық эра» болады деп айтуы тегін емес. Себебі кең байтақ Еуразия материгі бүгінде бірнеше жүздеген ұлттар мен ұлыстардың

ортақ мекені болып отыр. Оның үстіне 130-дан астам ұлтты құраған одақ тарап, әр ұлт өз дамуын таңдап жатқан сәтте өркеніиеттің көш басына тек мықты мемлекет құрған, қоғамдық дамуы озық елдер ғана шығатыны мәлім. Мұны Елбасы да меңзеп, «Қазақстан – 2030» бағдарламасын ұсынып отыр. Сондықтан егеменді елдің жаңа қоғамдық санасын қалыптастыру – жас ұрпақтың бүгінгі және ертеңгі өркениетке сай санасын қалыптастыру деп ұққан дұрыс сияқты. Кәсіптік білім сапасын жаңартудың негізі - тұлға құзырлылығы

«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті кәсіби мамандар дайындап, білім мен ғылымды интеграциялау арқылы кәсіптік білім сапасын жетілдіру мәселелеріне қол жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды талап етіп отыр. Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіптік білім сапасын жетілдірудің алатын орны ерекше. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатында бәсекеге төтеп бере алатын жоғары кәсіби мамандар даярлау міндетін қояды. Қазіргі күні еліміздің мамандар даярлайтын оқу орындары өзінің бүгінгі дамуы мен ертеңгі болашағын Болонья процесімен байланыстырады. Қазақстанда білімді 2005-2010 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көптеген мақсаттары да Болонья идеяларымен тұспалас. Болонья декларациясы деп 1999 жылдың маусым айында Еуропаның 33 мемлекеті білім министрлері қол қойған келісімді атайды. Бұл келісімнің мақсаты - 2010 жылға дейін «Еуропалық жоғарғы білім жүйесін» құру. 2003 жылы бұл

келісімге тағы да жеті мемлекет қол қойды, оның ішінде Ресей Федерациясы бар. Сөйтіп Болонья келісімі Еуропада ортақ жоғарғы білім саласын құру, ұлттық жүйелерді жақындастыру және өзара мойындау ісімен айналысып кетті. Болонья процесі қолданысындағы басты тұжырымдамалық ұғымдардың бірі – білім игерудің нәтижесі ретінде танылып жүрген біліктілікті (квалификация) білімдарлықпен (компетенция) алмастыру. Осы тұрғыдан алғанда, білім игеру процесінің басты нәтижесі білімдарлықпен байланыстырылады. Біліктілік дегеніміз тұрақты контекстер мен алгоритмдер аумағындағы алдын-ала айқындалған әрекеттер арқылы маман дайындау. Ал білімдарлық (компетенция) деген не? Ол неліктен білім игеру процесінің басты мақсатына айналып кетті? Күні кеше ғана индустриялдық кезеңде бүкіл әлем салыстырмалы тұрақтылы жағдайда еді: еңбек пен тауар өндіру нарықтары айқындалып, ұлттық және аймақтық экономикалар бір қалыпты, болжауға тұрарлық түрде дамитын, кәсіптер де көзге көрінетін ацтарлықтай өзгерістерге ұшырамайтын. Бәрі де үйреншікті әрі болжаулы болатындығын: экономикалық даму капиталдың көлемі мен жалпы тауар өндірісін кеңейтумен шектелетін. Ал бүгінгі постиндустриялдық заманның басты ерекшелігі, керісінше, тұрақсыздық пен болжаусыздық, динамика мен өзгерістер. Оның себебі: ақпараттың шамадан тыс геометриялық прогрессияда ұлғайып отыруы, бұрынғы рыноктардың өз шекараларын өзгертуі және соның салдарынан туындаған жаһандану үрдісі, әлем экономикасының тауар өндіруден (қазір бұл саланы жұмысқа қатысушылардың тек 150/0-ын қамтиды) ауысуы. Соңғы жәйт өз кезегінде дәстүрлі кәсіптердің көптеп пайда болуына әкелуде: бәріміз де әрбір он жылда кәсіптердің 250/0-ға жаңалатындығын жақсы білеміз. Сонымен бірге кәсіптер кіріктеруге (интеграцияға) қарай ойысуда, ортақ қасиеттер иемденуде: олардың ерекшеліктерінен ұқсастықтары басым болуда.

Постиндустриалды кезеңнің тағы да бір ерекшелігі экономиканың адамға ауысуымен, адамның өндірістегі алатын орнының өзгеруімен байланысты. Адам енді өндірістің элементі емей, оның басты құндылығы мен артықшылығына айналуда. Экономика бүгін экономика үшін емес, адам үшін дамуда. Сонымен бүгінгі күнгі экономиканың басты мақсаты адамға, оның біліміне бағытталған. Алайда бұл жерде мәселе білімнің өзінде емес, оның әрекеттегі өзгеруінде, қолдануында болып отыр. Сол себепті де қазіргі адамцентристік (антропологиялық) экономикаға жаңа білімді мамандар қажет. Ал бұл талап біліктілік тұрғысынан емес, білімпаздық тұрғысынан ғана орындалуы мүмкін. Білімнің аяққы нәтижесі ретінде білімдарлық (компетенция) білімді, оқу\оқытуды маман даярлаудың тар ауқымында қалдырып қоймай, оларды дүниетанымдық, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық, рухани-моральдік, этикалық, кәсіби тұрғыдан көлемді контексте қарастырады. Білімдарлық білім игеру процесін жоспарлаудан нәтижені айқындауға қарай ойыстырады, негізгі әрекет тұлғасы оқытушы деп есептелетін «оқытудан» («үйретуден») басты қозғаушы күш студент болатын «оқуға» («үйренуге») ауыстырады, салмақты білім «беруден» білім «алуға» түсіреді. Білімдарлық бүкіл білім жүйесін өз білімінің ауқымын, оны игерудің әдістері мен тәсілдерін өзіндік тұрғыдан айқындайтын, қоғам алдындағы өз біліміне деген жауапкершілікті терең түсінетін студентке бағытталуды талап етеді. Білімдарлық идеясы бойынша студент білімді өздігімен игеруі керек. Студентцентристік парадигма білім алушыларды шығарымпаздықтың (творчество) жаңа жаппай түріне ынталандырады. Ол - өмір шығарымпаздығы. Оның негізі ЮНЕСКО айқындаған білімнің ең басты төрт мақсатымен анықталады: Өмір сүре білу; Жұмыс жасай білу; Басқалармен бірге өмір сүре білу; Үйрене білу. Болонья процесінің аумағында 2004 жылы құрылған TUNING («Еуропада білім құрылымдарын сәйкестендіруге

бағыттау») жобасы «білімдарлық» ұғымына келесі өлшемдерді жатқызады: - «білім және түсінік» (қандай да болмасын ғылым саласындағы теориялық білім, білу және түсіну); - «қалайша әрекет жасау керектігін білу» білімі (нақты ситуацияларда білімді практикалық және оперативтік тұрғыдан қолдана білу); - «қалайша болу керек» білімі (әлеуметтік контексте түйсіну мен басқа адамдармен өмір сүрудің ажырамас бөлігі болып табылатын құндылықтар) (Болонский процесс: середина пути, 2007). Білім игеру процесінің аяққы нәтижесі ретінде білімдарлық парасаттық (интеллектуалдық) қабілеттерді дамытуға бағытталады. Ал ол қабілеттер өз кезегінде білім алушыларға техникалық, экономикалық және мәдени өзгерістерді саналы түрде түйсініп, әлеуметтік тәртіп пен топ ішінде жұмыс жасай білу, бастамашылдық пен жауапкершілік, шығарымпаздық пен конструктивтік көзқарас, икемділік пен бейімшілдік сынды қасиеттерді өз бойына сіңіруге және дамытуға мүмкіншілік береді. Білімдарлық тұлғаны өзін-өзі ұйымдастыру, басқару, бағалау, қадағалау, түзету әрекеттеріне ниеттеп, оны «мен өмір сүремін» (Э.Фромм) өмір сүру қағидасына бағыттайды. Білімдарлық тұжырымын білім игеру үрдісіне енгізуді оқу жоспарлары мен бағдарламаларын нәтиже терминдерінде құрастыру арқылы бастау қажет: оларда оқытушы айқындаған мақсат тұрғысынан тұлғаның «не оқитындығы» (теориялық тақырыптар мен тапсырмалар) көрсетілмей, олардың оқуды (пәнді, курсты) аяқтағаннан кейін «не нәрсеге үйреніп шығуы керектігі» көрсетілуі қажет, яғни тұлғаның білімдарлығы оның не нәрсені біліп, жасай алатындығымен, оның өлшеуге мүмкін жетістіктерімен айқындалады. Сонымен қатар бұл жоспарлар мен бағдарламалар «тұлға үшін» жазылмай, «тұлғамен бірге» форматында құрастырылуы шарт. Бүгінгі тұлға мәдениеті жылдар өткеннен кейін тарих беттерінен табылып, ұлттық менталитетті қалыптастырады.

Сонда кешегі тұлға тәжірибесі негізінде қалыптасқан менталитет бүгінгі ұрпақ үшін тұлға тәжірибесі ретінде үздіксіз білім беру жүйесі арқылы білім мазмұнына ендіріліп, тұлға тәжірибесінің, ұлттық менталитетіміздің тәлімдік мәні ашылады. Яғни, кешегі өткен тұлғалар тәжірибесін, тұлғалық қасиеттерін, адамдық болмыстарын, құндылықтарын оқи, зерттей, үлгі тұта отырып қана өз тұғырындағы бүгінгі өмір талабына сай ертеңгі тұлға жетістіктерін «мәдениетін» қалыптастыра аламыз. Э.Н.Гусинский, Ю.И.Турчанинова еңбектеріне сүйенетін болсақ, «білім» өзінің классикалық анықтамасы бойынша «тұлға жетістігі» дегенді білдіреді. Генетикалық анықтамасына сай білім – тұлға қалыптасуының, дамуының, адамгершілік нормаларын қабылдауының тұтас үрдісі. Жеке тұлғалық парадигма – бұл қасиеттері алдын-ала анықталған тұлға қалыптастыру емес, тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттерінің жарық көруіне, тұлғалық дамуына жағдай жасау. Біздің ойымызша, тұлғалық тәжірибе білім беру мазмұнымен, білім беру үрдісімен етене қауышып жатқан жағдайда ғана жеке тұлғалық білім беру парадигмасы, біртұтас жүйе, біртұтас үрдіс ретінде қалыптаспақ. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру технологиясының да, білім парадигмасының да мәні әр оқушының өзіндік тәжірибесінің оқу үрдісінен тысқары қалып қоймай осы үрдіс барысында дамуында. Педагогикалық үрдістің субъектсубъектілік табиғаты да субъектілер тәжірибесінің оқу үрдісі барысында дамуында. Бүгінгі білім беру сапасы – бұл біздің қоғамымыздың ертеңі. Сондықтан да «Неге оқыту керек? Қалай оқыту керек? Кімді оқыту керек?» деген бұрынғы шешілетін теориялықпрактикалық міндеттер бірігіп кетті. Барлық әлемдік кеңістікте «бүкіл өмірінің білімінен» «өмір бойғы білімге» принципі бойынша білім беру идеологиясы өзгеруде. Жалпы педагогиканың «Кімді оқыту керек және неге оқыту керек?» деген проблемалық үш сұрағының бұл екеуі педагогикалық тұжырымдамалық жағдайына сәйкес келеді, ал үшіншісі –

«Қалай оқыту керек?» деген сұрақ бойынша оқыту технологиясы жоғары мектептердегі кәсіптік білім сапасын жетілдірудің мәселелерін шешуде инновациялық әдістерді анықтауды қажет етеді. Кәсіптік білім сапасын жетілдірудің жаңа жүйесінде оқытушы тұлғаға өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, тұлғаның өз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады. Кәсіби шеберлік – бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъектінің үнемі өсу үстінде болатын өзін-өзі дамыту үрдісі. Кәсіби шебер мұғалім еңбегінің ішкі үрдісіндегі басымдық рөлі оқытушының жеке тұлғасына, оның құндылықтарына, идеалдарына тәуелді, ал біліктілікті әдіс-тәсілдер үшін ең маңыздысы шеберлік арқылы жүзеге асырылып, толықтырылып отыратын кәсіби ұстанымдар мен психологиялық қасиеттер қажет болып табылады. Білім философиясы, білім парадигмасы, білім стандарты үлкен өзгеріс үстінде. Білім философиясындағы негізгі құндылық – адам. Білім парадигмасындағы пәндік-білімдік көзқарас жеке-тұлғалық сипат алып отыр. Білім стандарты жаппай міндетті білім, білік, дағдының орнына күтілетін нәтиже ретінде тұлға құзырлылығын қойып отыр. Бұл орайда Джон Равен құзырлылық табиғаты индивидтің өздік дамуының, өзін-өзі ұйымдастыруының, қызметтік, тұлғалық тәжірибесін жинақтаудың салдары деген пайымдауына сүйене отырып, ең бастысы: білім беру аймақтарындағы құзырлылық деңгей белгілерін анықтау; қажетті және жеткілікті тапсырма-ситуациялар жинағын айқындау; қиын ситуациялардан шығудағы оқушы қызметін ұйымдастырудың технологиясын ойластыру керек деген тұжырымға тоқталуға болады.

Ауыл мектебіндегі білімге қамқорлық қажет

Адамзат қоғамының алғаш қалыптасқан күнінен бастап бүгінгі біз куә болып отырған үшінші мыңжылдықтың ұлы өркениетін жасауда ең негізгі рөл атқарған білім десек артық айтқан болмас едік. Білім – адам санасын, ақылы, ойы, есі, түйсігі мен рухын қалыптастыруда, яғни пендеден тұлғалық биік деңгейге жеткізуде басты тірек болатын қазына. Міне осы қазынаны тиімді әрі дұрыс пайдалана білу үлкен шеберлікті, тамаша біліктілікті, аса зор қабілеттерді қажет етеді. ХХІ ғасырды егеменді мемлекет ретінде қарсы алған қазақ елінің әлемдік өркениеттен қалмай, оның алдыңғы шебінде көрінуі үшін ең бірінші білім беру саласы жоғары болуы керектігін мойындап, біліп отырмыз. Осы жолда елбасы, үкімет, министрлік тарапынан қолдан келген жағдайлар жасалынып жатыр. Соның ішіндегі мақсаты мен міндеттері уақыт талабына сай анықталған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың былтырғы жылғы жарлығымен бекітілген (30 қыркүйек, жыл, № 448) «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. Еліміздегі білім беру саласы мемлекеттік деңгейде сарапталып, заманға сай жаңа бағыттағы тұжырымдамасының ұсынылуы және оның іске асырылу механизмінің берілуі құнды құжат ретінде бағалануда. Бағдарламаның аса қуантарлық жағы –ауыл мектебінің мұң-мұқтажына елеулі көңіл бөлгендігі. Сапалы білімге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамытуды негізгі мақсаты еткен бағдарлама ендігі жерде көптен назардан тыс қалып, жетім баланың күйін кешкен ауыл мектебін көтеруге септігін тигізері хақ. «Ауруын жасырған өледі» деп халықтың бекер айтпағанындай, соңғы жылдардағы ел экономикасының ауыл шаруашылығы саласындағы құлдырауы салдарынан ең алдымен ауыл мектебі зардап шекті. Бұрынғы кеңшар, ұжымшарлар тарап, қаптаған өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары, серіктестіктер

мен фирмалар құрылып, «байтал түгіл бас қайғы» позициясына көшкен кезеңде балабақшалар тегіс жабылып, мектептер қамқорсыз қалды. Қаптаған қара мұржалы мектептерге айналып, білімді бартелі бір құшақ күнделікті отынымен алуға мәжбүр болған ауыл мектебінен білім сапасын талап ету ақылға қонбайтын іс болды. Әсіресе соңғы 67 жыл ішінде білім беру жүйесі құлдырап, ауыл мектебі көп артта қалды. Енді соның орнын толтырып, ауыл мектебінің білім беру сапасын көтеруге «Білім» мемлекеттік бағдарламасының қосар үлесі зор болды деп сенеміз. Мәселен бағдарламада көрсетілген жалпы орта білімнің деңгейінде ауылдық жердегі білім беруді ұйымдастыру жөніндегі айқындалатын мақсат пен міндеттердің іс жүзінде тиісті нормативтік – құқықтық, финанстық тетігі жасалса дейміз. Ауыл мектебіне жасалар көмекті енді кешіктіруге болмайды деп есептейміз. Оның өзіндік себептері бар. Біріншіден, егемендік алғаннан бері еліміздің әлемдік білім жүйесіне шығуына еркін қолы жетті, яғни қалалардағы барлық білім ошақтары шетелдік тиімді білім жүйелерін, оқытудың жаңа технологияларын толыққанды қолдана бастаса, ауыл мектебі одан шет қалды. Екіншіден, оңтайландыру науқанынан көп зардап шеккен тағы да - ауыл мектептері. Тіпті осы оңтайландырудан кейінгі жағдай ауыл мектептерінде әлі сол қалпында сақталып отыр. Үшіншіден, елімізде басталған урбанизация процесі ауыл мектептері ішінде шағын жинақталған мектептердің көбеюіне әкеліп соқтырды. Бұл процесс тек қана қазақ мектептеріне тән құбылыс екенін жасыруға болмайды. Себебі бұрынғы ірі кеңшар, ұжымшарлардың шағын бөлімше, бригадаларында негізінен қазақ ұлты тұрды да, экономикалық қиыншылықтар салдарынан қалаларға көшіп саны азайған соң бұрынғы орта, негізгі мектептердің басым көпшілігі шағын жинақталған мектептер болып шыға келді. Ал күні бүгінге дейін шағын жинақталған мектептердің нормативтік – құқықтық базасын анықтайтын ереже, заң жоқ. Сондықтан жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл мектебі

әкімдердің «ашса алақанында, жұмса жұдырығында». Өзі де қалтасы тесік бюджетті үнемдеуге әкімдер үшін шағын жинақталған мектептер таптырмас сылтауға айналған. Төртіншіден, өзіміз ұран салып, ұлы науқанға айналдырып, «толық қамтамасыз етілді» деп жоғарыға есеп беріп қойған жаңа буын оқулықтары әлі де ауыл мектептерінде толық жетіспейді. Кітапханасы мен мәдениет үйі «барымталанып» кеткен ауылдағы рухани ошақ, жылылық нұрын себетін жалғыз-ақ мектеп екені белгілі. Жоғарыда ауыл мектебінің білім мен тәрбие берудегі кемшін жатқан мәселелерінің бірнеше негізгі себептерін айтып өттік. Енді осы кемшіліктердің орнын толтыру үшін арнайы іс-шаралар, соның ішінде қаржылық көмек өте қажет-ақ. Шағын жинақталған мектептер мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселе ретінде әлі де талай жылдарға созылатын түрі бар. «Білім» мемлекеттік бағдарламасының негізгі басым бағыттарының бірі ауыл мектептерінің мәселелерін зерттеп, ғылыми тұжырымдамасын жасау, ауыл мектептеріне, соның ішінде, шағын жинақталған мектептерге жан-жақты қамқорлық көрсету мақсатында Ж.Мусин атындағы педагогика колледжінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Колледжде шағын ғылыми-зерттеу тобы құрылып, колледж ұжымы Зеренді ауданына қарасты М.Хасенов атындағы Қошқарбай және Кеңөткел шағын жинақталған мектептерімен тығыз педагогикалық байланыс орнатып отыр. Бұл байланыстың негізгі мақсаты - шағын жинақталған мектептерге әдістемелік, рухани, материалдық көмек көрсету. Осы бағытта аталған мектептер базасында семинарлар өткізу жоспарланып, қаңтар айының алғашқы күндерінде «Шағын жинақталған мектептерде жаңа буын оқулықтарын қолдану ерекшеліктері» атты аудан көлемінде семинар өткізілді. Наурыз айында тағы бір семинар өткізу жоспарланып отыр. Бұл семинарға колледж оқытушылары жаңа буын оқулықтары бойынша сабақ жүргізу әдістерін көрсетпекші. Сондай-ақ жуырда аталған мектеп

оқушылары үшін музыка мектебінің каратэ-кекушинкай спорт мектептерінің филиалдары ашылмақшы. Колледж ұжымы бұл мектептерді өз қамқорлығына алып, спорт инвеньтарларымен, музыка аспаптарымен қамтамасыз етуде көмек көрсетуді өз міндеттеріне алып отыр. Осыған орай білім қызметкерлерінің съезі қарсаңында ұмыт қалмайтын төмендегідей ұсыныстар талқыланса дейміз: 1. Қазақ ұлтының космостық этноэколық (мәдениет, салтдәстүр, әдетғұрып, сана мен сенім, т.б.) дүниесі ауылда. Біз әлемдік өркениетпен араласып, оның жемісін қанша пайдаланып (бірақ көбіне кері жағын алып жатырмыз) жатсақ та күретамырымыз ауылда. Ал аузы дуалы, ақылы дария ақсақалы мен әжесінен айырылып, табиғи тәрбие кеңістігін жоғалтқан тұста танауы түтіндеген, қолында картасы, аузында арағы мен балағаты басым «көпей шалдары» көбейген кезде ауыл мектебінің тәрбие технологиясымен айналысатын Білім Академиясында ашылған тәрбие институтында арнайы зертхана ашылса; 2. Шағын жинақталған мектептердің статусын анықтайтын арнайы нормативтік – құқықтық құжат керек; 3. «Білім» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржыландырудан ауыл мектебінде білімнің жаңа оқыту технологиясын, оқу-әдістемелік кешенін дамытуға үлес қосып жүрген білім ұжымдарына қаржы бөлінсе немесе «Ауыл мектебі» атты кестемен жергілікті жерлерде жоғарыдағы дүниелерді іске асыру үшін гранттар жарияланса; 4. Мектептің негізгі тірегі – мұғалім. Қазіргі ауыл мұғалімдерінің басым көпшілігі соңғы жылдардағы моральдық–материалдық қиыншылықтардан запа шегіп, көп қағажу көрген жандар. Сондықтан қазіргі педагогикалық технология, акмеология, әдістеме мәселелерінде «қайраңға шыққан балықтай» жағдайы бар. Осы кемшілікті жоюдың жолы – жаппай білім көтеру курстарынан өткізу және оған бюджеттен қаржы бөлу мәселесін шешу. Мәселен, бір ғана жаңа буын

оқулықтары бойынша ауыл мұғалімдерінің ақпараттық, әдістемелік, оқу процесін ұйымдастыру технологиясы сияқты саласында ғана қаншама проблемалары жетерлік. Сонау ХІХ ғасырдың өзінде қазақ даласын жаяу шарлап жүріп-ақ жалғыз өзі педагогиканың негізін қалап, білім берудің сегіз түрлі типтік сатысын қалап кеткен ұлы баба – Ыбырай Алтынсарин өсиетін одан әрі жалғастыру бүгінгі ұрпақ біздерге аманат. Сонымен қатар білім беруде өткен ғасырдың 50 жылдары әлемде ең соңғы қатарда қалған, бірақ өздерінің ұлттық тәрбие мен оқыту үрдісіне оралып, мемлекеттік деңгейде бірінші орынға білімді қойып сол арқылы үлкен секіріс жасаған күншығыс елі – жапондардың тәрбиесінен үлгі алғанымыз абзал.

Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісті жаңаландырудағы инновациялық педагогикалық технологиялар Қазіргі заманда білім беру мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталып жүргізілуі әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналуда. Д.Пойа: «Оқыту технологиясының генетикалық дерекнамасы педагогикалық эвристикадан алынған», - дейді. С.Л.Рубинштейннің, А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық

технологияларының әдіснамалық негізі. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үрдісін қазіргі заман талабына сай жаңаландыруда тәрбиешілерге үлкен жүк артылатыны белгілі. «Тәлім–тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс-әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» деген Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны осының айғағы. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу – тәрбие үрдісін жаңарту - тәрбиешілерден құзырлылық және когнитивтік, субъективтік қабілеттерді талап етеді. Ғалым К.С.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары

педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық латынның «Competence» деген сөзінің аудармасы, белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақ төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады» десе, Ресей ғалымы Н.В.Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – тәрбиешінің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы» деп көрсетеді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Оқыту барысында инновациялық технологияларды пайдалану балалардың ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие мен сапалы білім беру ісін жақсартудың бір жолы – педагогикалық үрдісті жаңаландыру, педагог кадрлардың шеберлігін арттыру, педагогикалық кадрларды тұрақтандыру және нәтижеге бағдарланған оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Елімізде мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің дамуына кері ықпал ететін факторлар әлі де белең алуда. Атап айтсақ: 1. Мектепке дейінгі ұйымдардың кезінде көптеп жабылып қалуынан бүгінгі күні балабақшалардың жеткіліксіздігі, яғни балабақшалардың шектен тыс жүктелуі; 2. Мектепке дейінгі ұйымдарда

кәсіби білікті мамандардың жетіспеушілігі; 3. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілердің еңбекақысының төмен болуына байланысты кадрлардың тұрақтамауы;

  1. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие баланың жеке басының дамуына емес, формальді нәтижеге бағдарлануы; 5. Балаларды толықтай мектепалды бағдарламасымен қамту үшін ашылған мектептердегі топтардың талапқа сай жабдықталмауы. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық инновациялық және ақпараттық технологиялармен жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың инновациялық технологияларын жете меңгеріп, оны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қолданудың мәні ерекше. Инновациялық педагогикалық және ақпаратты технологияларды жетік меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да құзырлылық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Осы орайда оқу орны болашақ тәрбиешілерді дайындау барысында оқытудың инновациялық технологияларын кеңінен қолдана отырып, жаңалыққа жаны құмар, құзырлы, белсенді және ізгі демократиялық қарым-қатынасқа түсе алатын, креативтік (ерекше ойлау, интеллектуалдық ойлаудың жоғарғы деңгейі) және синергетикалық (өзін-өзі дамыту, өз даралығын түсіну, өзін-өзі қайта құру) қабілеттері дамыған жаңа формация тәрбиешісін дайындауға баса назар аударуда. Оқу орны түлектерінің кәсіби құзырлылығын төмендегі талаптармен анықтауға болады: - кәсіби білімнің жоғары деңгейінің болуы - мектепке дейінгі жастағы балалардың педагогика және психологиялық ерекшеліктерін меңгеріп, оқытылатын барлық пәндердің жүргізу әдістемесінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдану жолдарын игеру; - түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі - дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қызығушылық, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс - әрекетті жасай білу

шеберлігі, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналыса білу мүмкіндігінің болуы; - кәсіптік - педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы - бұрыннан қалыптасқан «тәрбиешінің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, тәрбиеші тек ақпарат таратушы ғана болмай, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына басты көмекші болуы керек, баланың тұлғасын құрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен ынтымақтасқан қызметпен ауыстыра біліп, баланың аз да болса да жетістігіне қуана білушілік қасиет басым болуы керек. Балалардың әрқайсысына жақын болып, оларды терең тану көзқарасының жоғары болуы; - инновациялық технологияларды меңгеруі - өзінің шығармашылық іс - әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кезде ерекшеленген инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруі тиіс. Инновациялық педагогикалық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қоса білуі қажет; - педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік іскерлігі - педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын іс-тәжірибеде шығармашылықпен қолдану. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білу, перцептивті қабілетті қажет етеді. Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру жобасы негізіндегі бағдарламасы біздің облысымызға 2003 жылы енгізілді. «Өзін-өзі тану» пәні тәжірибе нысаны республиканың жүз шақты білім беретін мекемелерінде жүргізіле бастағаны белгілі, сол нысанға біз де сүйеніп, өз іс-тәжірибемізге кеңінен пайдаланудамыз. Оған дәлел ретінде оқу орнымызда «Өзін - өзі тану», «Тәй–тәй»

бағдарламасы бойынша арнайы курс енгізіліп, студенттердің тәжірибе жинақтау жұмыстары ұйымдастырылады. Ақмола облысының мектепке дейінгі мекемелерінде баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған авторлық бағдарламалар белсенді түрде енгізілуде. Мысалы: Степногорск қаласының №3 «Иван Царевич» балабақшасы «Салауатты өмір салты», «Жас эколог», «Өз өлкеңді тани және сүйе біл» және т.б. авторлық бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізілуде. Ж.Мусин атындағы педагогика колледжі оқытушылар ұжымының мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиешілер дайындаудағы қолданатын инновациялық технологияларының ерекшеліктерін қосымша кестеден көруге болады. ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі жағдайында шешім қабылдай алатын, креативтік-синергетикалық қабілеттері дамыған, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі жоғары ұйымдастырушы педагог кадр даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы тәрбиеші, мұғалім даярлау - күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беріп, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар. Тәрбиеші - бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне балабақшаларға тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптардың негізгісі студенттерді – ертеңгі тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ педагог кадрларды кәсібилікке даярлау көкейтесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Білім заңы, 1999 жыл 2. 12 жылдық білім журналы – 2005 ж. 3. «Балбөбек» бағдарламасы - 2000 жыл 4. «Бастауыш мектеп» журналдары – №2 2006 жыл 5. «Отбасы және балабақша» журналдары – 2004 жыл 6. Білім - образование - 2005 жыл 7. «Мысыль» жураналы - 2006 жыл

Білім ақпаратындағы жаңалықтар

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы әлемдік демократия принциптеріне негізделген егемен ел болып құрылуына байланысты әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мен жедел даму жолына бетбұрғаны белгілі. Еліміздің қоғамдық құрылымы және экономикасындағы түбегейлі өзгерістер әлемдік қауымдастыққа біртіндеп кіруге жол ашуда. Қоғамдағы қарым-қатынастар жүйесінде болып жатқан өзгерістер білімге тікелей әсер етуде және одан технологиялық идеяларды дамытуды, алда тұрған мақсаттарға жетуді, инновацияны күтеді. Білім берудің халықаралық интеграциясы жүріп жатқан кезеңде интернет жүйесіне ену арқылы білім саласындағы әр түрлі ақпаратқа, интеллектуалдық өнімдерге, идеяларға қол жеткізуге болады. Қазақстанда ақпараттық қоғамның құрылуына байланысты мектептегі барлық мұғалімдер компьютер тілін үйреніп, оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалана білуі тиіс.

Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйесі, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді.

Ақпараттық, коммуникациялық, оқытудың инновациялық технологиялары жас буынға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамыту қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді. 1997 жылы әлемдік білім кеңістігіне кіру туралы Лиссабон конвенциясына ТМД елдерінің арасында Қазақстан да қол қойды. Бұл құжатты қабылдау жоғары білімді кәсіби мамандарды дайындаудың сапасын арттыру мақсатында жалпы орта білім берудің мерзімін ұзартуды талап етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады», - деген тұжырымын негізге алу керек. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу - білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтерудің негізгі шарты. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет.

Өз саясатын дүниежүзілік деңгейде жүргізіп, жаһандандық әлемнің үрдісіне бір табан жақындай түскен кез келген ел әлемдік үрдістерден, жалпы ғаламдық заңдылықтардан тыс қалмауды көздейді. Мұндай талпыныстар біздің елімізде де жүріп жатыр. Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі қазір он екі жылдық жалпы білім беру жүйесіне көшуге дайындық жүргізуде. Жалпы орта білім беретін мектепте он екі жылдық оқыту мерзімін енгізу түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуге және олардың оқу бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік туғызады.

Жалпы орта білім беру жүйесінің оқу бағдарламалары түбегейлі өзгеріске ұшырап, оқытудың инновациялық технологияларының негіздерінде оқулықтар дүниеге келуде. Оқу бағдарламалары оқушының жеке басының қызығушылығы мен ынтасын ескеруге және дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және жалпы қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, оқушы отбасының экономикалық- әлеуметтік жағдайына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына қарамастан барынша дамытуға мүмкіндік туғызады.

Он екі жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшу мектептің жоғарғы сыныптарында бір қатар пәндерді бағдар бойынша оқытуға мүмкіндік береді. Бұл терең білім алу құқығын беріп, әлеуметтік әділдікті орнатуға жол ашады. Педагогикалық әрекеттегі шығармашылықтың тірегі - мұғалімнің білімділігі. Білім берудің жаңа жүйесіне көшу барысында мектепке ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны, ақпараттық технологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет. Осы өзгерістерге орай, кәсіби орта оқу орындары он екі жылдық жалпы орта білім беруді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 0314002-«Бастауыш сыныптарда оқыту» мамандығымен қатар, 0314032-«Бастауыш мектепте шетел тілін оқыту» және 0314022-«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту» мамандықтары бойынша мамандар дайындауды жоспарлап отыр.

Он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу - қазіргі заман талабы. Алайда, жаңа жүйеге көшу барысында дүниежүзілік тәжірибені електен өткізе отырып, ұлттық мектеп үлгісін жасау үшін әр мұғалім тарапынан ақпараттық, инновациялық технологияларға назар аударылса; электронды оқулықтарды кеңінен пайдалануға мүмкіндік туғызылса нұр үстіне нұр болар еді. 12 жылдық білім беру жүйесіне сай құзыретті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР-ның «білім туралы» Заңына, «ҚР-ның жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», ҚР-да білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың

мемлекеттік бағдарламасына, ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньедегі Еуропа елдері білім министрлігінің кеңесінде ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Сонымен қатар, Елбасымыздың жылғы ақпанында «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталатын Жолдауында білім беру мәселесі бойынша «...білім беру саласының басты мақсаты – білім беруді дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет аясын кеңейту» дей келе, «Үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн» деп атап көрсетті. Әрбір баланың білім алуға, еңбек және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармаған жөн», - деп ескертті. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін 12 жылдық білім беру жүйесі жалпыға емес, жекеге негізделген білім бағытын жоғары және кәсіптік орта білімді мұғалімдерді даярлайтын оқу орындарының оқу-практикалық үрдісіне өзгертулер мен жаңартулар енгізуді және мұғалімнің кәсіби құзіреттілік қабілетінің жан-жақты қалыптастыруын 12 жылдық білім беру жағдайындағы мақсат, мүддеге негіздеу арқылы жүргізу басты мәселе болып отыр. Оқу орнын бітіргелі отырған жас маман мемлекетіміздің кадр саясатындағы мақсаттарына сайма-сай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық ойлау белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелейтіндей маман даярлау – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Дәстүрлі білім беру жүйесіне мамандар даярлайтын кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игеру ғана болған болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін, бәсекеге қабілетті, жан-жақты

дамыған мамандар даярлау үшін студенттің құзырлылық қабілеттеріне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну қажет. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан колледжді бітіруші түлектер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтыған қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, танымдық іс-әрекеттерімен сабақтастыруы тиіс. Осыған орай, қазіргі кезеңде педагогикалық колледж студенттерінің мамандыққа бейімдеу жұмыстарын 12 жылдық білім жүйесіне көшудің мәселелеріне сай жүргізу колледждердегі оқу-үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру колледж студенттерінің мамандыққа бейімделу белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді. Еліміздегі психология және педагогика саласындағы ғалымдар мен мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – оқушы жеке тұлғасының дамуы. Ендеше, жеке тұлғаның дамуына ықпал жасайтын кәсіби білім алған педагогикалық оқу орындары түлектері ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылығы, танымдық ісәрекетке қызығушылығы, креативті (жаңаша ойлап шығарушы, соны ойлау қабілеттілігі) белсенділігі жан-жақты дамыған жағдайда ғана қоғамның сұранысын қанағаттандыра алатын маман болып қалыптасады. Бұл өзекті мәселені шешудің өз тиімді жолдарының бірі – оқу-өндірістік үрдісті күн сайын жетілдіре отырып, студенттердің оқу, үйрену белсенділігін арттыру кұзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық негізгі шарттарын қарастыра білген жөн. Қазіргі кезеңде педагогикалық кадрларды даярлайтын оқу орындарын бітіруші түлектердің мамандыққа бейімдеу

белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттарды негіздеу және оны оқу-өндірістік үрдісінде қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Алайда, бүгінгі таңда педагог мамандарды даярлайтын оқу орындарында білімдегі бүгінгі өзгертулер мен жаңартуларды енгізу, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог мамандарға қойылатын негізгі талаптарды ескеру, мұғалімдік мамандық алып шығатын түлектердің құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру мәселелері білімнің қазіргі саясатына негізделгенімен, студенттерге берілетін кәсіби құзыреттілік талаптар нақты қажетті әдіснамалық сипатта берілмей отыр. Мектептерге педагогика мен психологияны және әдістемелерді жетік игерген кәсіби мамандарды дайындап отырған педагогикалық колледждер десек те, ол мамандар әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруді жүзеге асыра ала ма деген сұрақ туады. Осы мақсатта назар аударатын басты мәселе білім туралы әлемдік тәжірибені есепке алып, 12 жылдық мектепке кадрлардың кәсіби дайындығын көтеру, педагогикалық колледждердің мамандар даярлаудағы бағдарламаларын әлемдік стандарттарға сай негіздеу, жаңа ғылыми бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік нұсқауларды, оқулықтарды жазу мәселесі туындайды. Елімізде әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай педагогикалық кадрларды даярлайтын оқу орындарындағы білім беру сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, 12 жылдық білім беру жүйесіне сай мамандар даярлауды кәсіби құзыреттілік негізде жүргізу мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, педагог мамандарды даярлайтын оқу орындары студенттерін қазіргі заман талабына сай білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтарға бейімдей отырып даярлаудың теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай арнайы әдіснамалық жүйеге қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, студенттерді мамандыққа даярлаудың қалыптасу деңгейі мен түлектердің ертең жұмысын жалғастыратын 12 жылдық білім беру жүйесіне байланысты

талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтар «12 жылдық білім жүйесіне сай мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын» анықтауды қажет етеді. Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдістәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық ісәрекетте белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, құзыреттілік қабілеті жан-жақты дамыған, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән беру бүгінгі күннің басты мәселесі дегенді мақсат тұту. 12 жылдық мектеп жағдайында ҚР-ның жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындайтын ҚР-ның 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық оқу орындарында оқитын студенттерге таныту арқылы, олардың 12 жылдық білім жағдайына сай құзыретті маман болып қалыптасуына әдіснамалық көмектер көрсету – бүгінгі күні мұғалімдік мамандар даярлайтын оқу орындарының басты міндеті. Мұнда: Педагогикалық оқу орындарында оқитын студенттерге 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету: 1. 12 жылдық білім беру жүйесімен жұмыс істеп жатқан алаңдармен (қаладағы №5, Қызылжардағы №3 мектепмерімен) тығыз байланыста жұмыс жасау; 2. Жеке тұлғаға негіздеп білім берудегі сабақтың үлгі жоспарларын әзірлеу, үлгі сабақтар өткізу; 3. Педагог мамандар даярлауда олардың технологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, менеджерлік құзыреттіліктерін қалыптастыруына ықпал ету; 4. Педагогикалық оқу орындарында 12 жылдық білім беру жағдайындағы мамандыққа бейімдеудің нақты әдістемесін жасау және оны тәжірибе жүзінде тексеру сияқты жұмыстарды жүйелі түрде белгіленген

жоспармен кезең-кезеңге бөле отырып, нақты жұмыс жүйесі жасалынуы қажет. Егер, кәсіби мамандар даярлайтын педагогикалық колледждер оқу үрдісінің барысында 12 жылдық білім беру жүйесіне сай мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне ғылыми-педагогикалық жан-жақты талдаулар жасалып, құзыреттіліктерді қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқында отырып әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда кәсіби мамандар даярлайтын педагогикалық оқу орындарының білім беру деңгейі заман талабына сай өзгерістерге бет бұру арқылы білімді, ізденімпаз, креативтілік қабілеті жоғары дамыған, синергетикалық іс-әрекетте белсенді, шығармашыл бағыт ұстанатын құзыретті мамандар қалыптасады. Аталған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін педагог қауым ҚР-ның «Білім туралы» Заңы, «ҚР-ның Қазақстан – 2030» даму стратегиялық бағдарламасы, ҚР-да кәсіптік-техникалық білімді дамытудың 2008-2012 жылғы бағдарламасы, ҚР Үкіметінің ресми материалдары (заңдар, қаулы, қарарлар), ҚР-дағы 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасы, ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жан-жақты зерттеп, зерделеу арқылы оқу үрдісіне қолданудың тиімді жолдарын қарастыра білген жөн. Сонымен қатар, отандық және шетелдік, озық педагогтар тәжірибелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, ұжымның өзіне тән жеке іс-әрекет тәжірибелерін де зерттей білуі қажет. Студенттер мен түлектердің жеке тұлғалық сипатқа тән шығармашылық жұмыстарын талдау, және студенттер мен мұғалімдермен пікір-талас жүргізу; Эксперимент алаңындағы мектептермен тығыз байланыс орнату, мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, колледж бітіруші топ студенттеріне 12 жылдық білім берудің маңызы мен мақсаты, ерекшелігі мен мазмұнына сай арнайы курстар өткізу;

Әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру тиімді нәтиже берері сөзсіз. Ел үмітін ақтауға еңбегіміз бен білімімізді арнаймыз

Биыл Ж.Мусин атындағы педагогика колледжінің ашылғанына 10 жыл толып отыр. Тарих үшін бұл қас – қағым сәт, оның бір ғана парағы болуы мүмкін. Бірақ біздің оқу орны үшін осынау 10 жыл колледж іргетасының қаланып, одан қалыптасу кезеңінен өтіп, жетілу, даму деңгейіне көтерілу мерзімі болып есептеледі. Дүниені түршіктіріп, әлемді шайқалтып барып тараған бұрынғы одақтың ыдырау кезеңіндегі барлық қиыншылықтарының тоғысында, жаңа дүниенің әлі қалыптаса қоймай, егемендігіміз еңсесін көтере алмай тұрған өліара кезеңінде ашылған оқу орны осы 10 жыл ішінде одан екі есе ұзық уақытқа пара-пар еңбек жолын жүріп өтті десек, артық айтпаған болар едік. Оқу орны ашылғанда алғаш бухгалтерлер мектебіне қоңсы қосып, 2 жыл кірме атанып жүріп еңбек еттік. Әйтсе де колледждің алғашқы директоры Мұрат Ыдырысов өзінің іскерлігі мен мол тәжірибесінің арқасында оқу орнының материалдық базасының негізін салуда зор еңбек сіңірді. Алда оқу үрдісінің негізін салу, оқу жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық шығармашылық сияқты алынбаған асулар мен зор міндеттер тұрды. 1992 жылы оқу орны жаңа мекен «Бурабай» шағын ауданындағы, бұрынғы №19 техникалық училищесінің оқу кешеніне ауыстырылды. Әуелде, әйтеуір өз баспанамыз ғой, «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» дегендей көңілде болдық. Дегенмен өзі жаңадан ашылған оқу орнының қаладан тысқары аймаққа орналасуы көптеген қиыншылықтар туғызды. Оны сол кезден бастап күні бүгінге дейін ел басшыларына айтқанмен әлі оң шешімін таппай келеді... Бүгінде колледж облысымыздағы іргелі оқу орындарының қатарына еніп, педагог кадрларын даярлауда

сүбелі үлес қосып келеді. Алғаш екі мамандық – «Бастауыш білім беру» мен «Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі» деген бөлімдер ашылса, бүгінде мамандық саны - төртеу. Соңғы жылдары қазіргі заман талабына сай әрі сұранысқа орай «Ағылшын тілі» және «Музыка мұғалімі», «Қазақ тілді емес мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімдерін аштық. Биылғы жылы «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша алғашқы түлектеріміз мектептерге жолдама алды. Жалпы мемлекеттік лицензия бойынша алты мамандыққа рұқсатымыз бар. Колледж негізінен мемлекеттік тілде білім алатын мектептерге кадрлар даярлайтындықтан өзіне тән ерекшеліктері бар. Соның бірі – негізгі назар ауыл мектептеріне аударылады. Соңғы жылдардағы экономикалық қиыншылықтар мен әлеуметтік құлдыраудың салдарынан ауыл мектептері төмендеп кетті. Мәселен, өз зерттеуімізше бірде-бір қазақ мектебінде ағылшын тілі берілмей келген, ал кейбір мектептерде шет тілі мүлде жоқ, арнайы музыкалық білімі бар маман екі-ақ мектепте бар болып шықты. Сондықтан білім саласындағы осы кемшін жатқан тұстардың орнын толтыру үшін, әр қазақ мектебінің сапалық дәрежесін көтеру мақсатында жоғарыдағы бөлімдер ашылды. Егеменді ел болып есімізді жиып, етегімізді жабар күйге келген соң елдіктің, егемендіктің негізгі тұғыры – мемлекеттік тіл болып табылады. Ал, мемлекеттік тілді меңгеру, игеру дәрежесінің бізде қандай деңгейде екені баршамызға аян. Меніңше, мемлекеттік тіл білім саласында мойындалуы қажет. Осы мақсатта «қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын ашып, оның оқу жұмысын қалыптастыруды қолға алдық. Соңғы жылдардағы атышулы болған білім саласын «оңтайландыру» кезеңін барлық білім мекемелері басынан өткізгені белгілі. Сол кездің ауыр қиыншылықтарын көзімізбен көре, біле отырып, керісінше мамандық санын алтауға жеткізу колледж ұжымының ерлігі десем артық айтпаған болар едім. Арғы тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алатын, кезінде бүкіл Қазақстанға мұғалімдер даярлаған, қазақтың зиялы қауымының өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан оқу

орнының 1995 жылы жабылуы сол кездегі солақай саясаттың лебі еді. Әйтсе де араға 35 жыл салып оқу орны қайтадан шаңырақ көтеріп, есігін айқара ашты. Міне, колледждің қайтадан ашылуына ел болып қозғау салынды. Оның басықасында осы өңірдің белгілі ер-азаматтары, ақын-жазушылары, зиялы қауымы тұрды. Арада 10 жыл өтіп оқу орны осы уақыт аралығында қандай жолды жүріп өтті, қандай соқпақ салды, жеткен жетістіктерін ел алдында, елдің атпал азаматтары, ақсақалдары алдында есеп берсек деген мақсатта 10 жылдыққа арналған арнайы бағдарлама жасадық. Әлбетте мерейтойларды бір күнге қойып, аспа-төк дастарқанмен атап өту дәстүрге айналған. Біз керісінше, 1 жылға арналған бағдарлама жасап, оны Ақмола облыстық білім басқармасы қолдап, бекітіп берді. Осы бағдарламаның соңғы жинақтау сатысында Білім және ғылым министрлігінің жылдық жоспарына енгізілген «Қазіргі білім берудегі этнопедагогиканың рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қазіргі педагогикалық технология, әдістемелік жұмыстар, дидактикалық тәрбие теориясы мен практикасына арналған түрлі іс-шаралар өткізілуде. Жуырда сәуірдің 10-ы мен 19-ы аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясы оқу орынының оқу-әдістемелік кешенін тексеріп, білім беру сапасының деңгейін анықтады. Республикадағы ең жас колледж болсақ та мемлекеттік комиссия педагогикалық ұжымның атқарған жұмыстарына өте жақсы баға берді. Тестілеу мен стандарттаудың ұлттық орталығы жүргізген тестілеу нәтижесі 4 балға шығып, педагогикалық ұжым біліктілігінің жоғары екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. 1996 жылы оқу орнына осы колледждің 1995 жылғы үздік түлегі, 1990 жылы оқу орнының ашылуына себепкер болған белгілі журналист, жазушы Жанайдар Мусиннің есімі берілді. Бұл бізге зор жауапкершілік жүктеп, асыл азаматтың

атына лайық болу жолында еңбек етуіміз үшін үлкен мақсаттарға жетеледі. Қазақ педагогика колледждің ашылуына еңбек сіңірген сол кездегі ел басшылары Қ.Тәукенов, Ш.Әбутәліпов, С.Қасымов, З.Шуатаева, А.Жақыпбеков, Б.Жанәділов, ақынжазушылар К.Шәкеев, Е.Мырзахметов, Т.Қажыбаев, Қ.Мырзабеков, білім саласында жүрген Т.Мұқышев, Қ.Көкебаев, М.Ыдырысов, Қ.Тәшібаев сияқты бүгінде ел ағасы атанған ардагерлерге (кейбірі дүниеден озған) өздеріңіз ашқан оқу орны аяғынан нық тұрып, түтінінің түзу ұшып, алға еркін қадам басқанын айта отыра, шын жүректен алғысымызды білдіреміз. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім»,- деп еді біртуар Мағжан Жұмабаев. Ендеше сіздер қаншама қазақтың баласына өз тілінде білім нәрімен сусындауына, өз елінің болашақ ұрпағын тәрбиелейтін мұғалім болуына дәнекер, жанашыр болыңыздар. (Аты аталмай қалған азаматтар, зиялылар болса, ренжи көрмеңіздер). Ж.Мусин атындағы педагогика колледжі арнаулы кәсіби білім мекемесі ретінде қалыптасу кезеңінен өтіп, енді алдағы уақытта жаңа міндеттер мен мақсаттар көздеп отыр. Негізгі мақсаттардың бірі - бүгінде жоғары педагогикалық потенциалы бар ұжымды ғылыми потенциалы бар ұжым деңгейіне жеткізу. Оған бізде мүмкіншілік бар, әрі оның алғашқы іргетасы да қаланған. Мұның соңы 3 - 4 жылда колледжді жоғары статусқа көтеру. Осы мақсатта еңбек етіп, түпкі конструктивтік нәтижесі жақсы болса, қазақ мектептерінің де білім дәрежесін көтеруге үлкен әсер ете аламыз деген ойдамыз. Сөз соңында оқу орнының абыройлы болып, заман талабына сай білім дәрежесін сапалы орындап, жемісті еңбек етуіне тілектес болған, қамқорлық жасаған ел басшыларына, өңіріміздің ақын-жазушыларына мен білім басқармасына және колледждің ұйымшыл да іскер педагогикалық ұжымына алғысымды білдіріп, алғашқы 10 жылдықтағы жеңістерімен құттықтаймын!

Ұлттық тәрбие – алтын қазына

Ұлтымыздың «Адам болып оңай туғанмен, адам боп қалу көп қиын» деген қанатты сөзі төрткүл дүниенің төрт бұрышын түгел жайлаған, жұмыр жердің саналы тіршілік иесі – барлық адамзат баласына арналған ғой. Адам баласы дүниенің қай түкпірінде де «адам» деген аттың иесі, яғни болмыстағы сезім мен сананың, ар мен ұяттың тұтқасы. Әйтсе де Адам Ата мен Хауа Ана жаратылып, адам үлкен эволюциялық даму дәрежесінен өтіп, бүгінде ХХІ ғасырда әлемде бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстарға бөлінгені белгілі. «Әр елдің салты басқа» дегендей өркениеттің даму сатысында өзгемен терезесі тең, өзінің өзекті арнасымен бар, тарих қойнауына сан ғасырды асырған халқымыз жасап келеді. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» деп ұлы Мұхтар айтқандай, бүгінгі замана көшінен қалмай, әлемдік дамудың алдынан көрінеміз, ел боламыз десек, ең алдымен, ұлттық ойлау қабілеті зор, ұлттық психологиясы қалыптасқан, ұлттық барлық «феномен» қасиеттерін бойына сіңірген ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі. Егемендік алып, қыран қанатты көк байрағымызды желбіретіп, айдарымызды бостандық желі есті. Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде бүгінгі және болашақтағы әлеуметтік-экономикалық саясатын анықтадық. Әлемдегі ұлы державаларға ұқсау үшін, солардың жолын ұстау үшін нарықтық экономикаға бет бұрдық. Бұған барлық саланы – экономика, құрылыс, тұрғын үй, тамақ өндіру, шикізат қорыту, денсаулық сақтау, техниканы дамыту, экологияны, т.б. кіргіздік, тек тәрбиені енгізгеніміз жоқ. Рас, білім саласын ұмыт қалдырғанымыз жоқ. Жаңа оқыту технологиясын енгізудеміз, шет елдік лицей, гимназия, колледждердің оқу жүйесін отандық білім саласына қондырудамыз. Шет елдерге де өз ұлтымыздың ұландарын оқуға жіберудеміз. Әйтсе де ұлттық тәрбиеге үлес аз тиюде. Ал ұлттық тәрбиеге әлеуметтік инвестиция мен күрделі қаржы бөлінбей, тәрбие мәселесін толық шешу мүмкін емес.

Тәрбие мәселесі жетім баланың күйіндей «қалдық» принципінен арылмаған жағдайда. Сондықтан да қазіргі замана лебімен халықтық педагогика мәселелерімен айналысып, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген, ұлттық тәрбиеден ада жаңа буын тәрбиелеу мүмкін еместігіне көзі жеткен аз ғана топтың бүкіл ұлтты қамтуға қауқары әсте жетпейтіні шындық. Бірақ та сеңнің бұзылып, бұрынғы «орталықтандырылған» сыңар езу коммунистік тәрбиенің күні батып, ассимиляцияланған халықтың өз төл тәрбиесіне қол созғаны көңілқуантып, жүрекке жылу ұялатады. Ұлттық мектептерде халық педгогикасын қолға алуда, яғни көш қозғалды. Жаңадағы айтқан аз ғана топ көшті бастады. Енді тек осы көштің көлікті болуы, шынайы, сапалы, мәнмағыналы, қазыналы, дәулетті болуы абзал. Себебі халық педагогикасы әзірге мектепте ғана қолға алынды, отбасында, қоғамда, әлеуметтік салада әлі енген жоқ. Сондықтан да оның мұражайлық кейіпте қалып қоюы әсте кәміл. Ұлттық тәрбиеге үкімет тарапынан күрделі қаржы көмегі керек деген ойды айтуымыз да осыдан шыққан түйін. Қазақтың ұлттық педагогикасы халықтың тіршілігінің бар болмыс – бітімімен, бар саласымен біте қайнаған ілімі. Әрқашанда халық – тәрбиеші, халық – ұстаз. Осы орайда адамзаттың алыбы Ш.Айтматовтың «Человек без памяти прошлого, поставленный перед необходимостью заново определить свое место в мире, человек, лишенный исторического опыта своего народа других народов, оказывается вне исторической перспективы и способен жить только сегодняшним днем» деген көрегенді ойы еске оралады. Жалпы кез келген көп ұлтты мемлекет үшін тәрбиенің бір ғана құрылымын, жалғыз-ақ жүйесін және оның теориясын жасап, оны түбегейлі іске асырудың нақты қажеттілігі жоқ. Бұдан біз жақсылық көрмейміз. Оның мысалы ретінде бұрынғы кеңес одағының күйреуі дәлел. Тоталитарлық жүйедегі, тек бір бағыттағы, сыңар жоқ тәрбие, трибуналық тәлім бізді орға жыққаны шындық. Сондықтан да халық педагогикасының өзіне де қазіргі замана талабына сай болуы үшін сын көзбен қарап, оның шынайылығын, мөлдірлігін, тереңдігін дұрыс түсініп,

тиімді қолдана білген жөн. Осы орайда біз ұлттық тәрбие мәселелеріне арналған үш тақырыпқа байланысты өз көзқарасымызды, өз білгенімізді ортаға салып отырмыз. Мерейің үстем болсын, мектеп!

Қазақ елінің әлемдік өркениеттен қалмай, оның алдыңғы шебінен көрінуі үшін ең алдымен білім беру саласына ерекше назар аударуымыз қажет. Осы жолда Президент, Үкімет, Министрлік тарапынан қолдан келген жағдайлар жасап жасалып отыр. Соған сәйкес алдағы мақсаттар мен міндеттер Президент Н.Назарбаевтың «Білім» мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Бағдарламаның құнды жағы сол, онда ауыл мектебінің мұң-мұқтажына елеулі көңіл бөлінген. Ұлттық үлгідегі білім беру жүйесін дамытуды мақсат еткен бұл бағдарламада жетім баланың күйін кешкен ауыл мектебін көтеруге деген оң көзқарастың ықпалы үлкен болады деп ойлаймыз. Ал реформалар төңірегіне келер болсақ, соңғы бір жарым, екі жылдың ішінде бұл орайда бірнеше қадам жасалды. Бірақ біз әлемдік жаһандануға сәйкес келетін білім реформасын жасауға ұмтылып жатырмыз. Болон конвенциясы мен Лиссабон келісімшартына сәйкес европалық білім стандартына сай реформа қажет болып отыр. Осынау мақсатты жүзеге асыру барысында, өкінішке орай, бір шаршау байқалатын тәрізді. Себебі білім министрлерінің жиі ауысуы, соның салдарынан әр министрдің өз реформасын ұсынуы республика мұғалімдерін дағдарысқа әкелгендей болып отыр. Тіпті әлі күнге дейін кәсіби білім жүйесінде колледждердің мәртебесі анықталмай келеді. Соның салдарынан мемлекеттік емес мекемелердің көбеюі, колледждердің жоғары оқу орындарының жанынан ашылуы белең алып барады. Бүгінгі күні республикамызда 349 колледж, соның ішінде 173 мемлекеттік, 176 мемлекеттік емес орта кәсіби білім мекемесі жұмыс істеуде. Бұл білім мекемелерінің орта кәсіби білімді дамыту сапасы туралы мәселеге келетін болсақ, өкінішке орай, оның әрқилы екендігін мойындамасқа болмайды.

Көп салалы кәсіби білім құрылымында орта кәсіби білім – қажетті әрі тиімді жүйе. Әлемдік білім кеңістігінде колледждік оқу түрі көптеген мемлекеттердің білім жүйесінің басым көпшілігін құрайды. Жалпы кәсіби білімнің 65-70 пайызына дейін колледждік білім моделін құрайтын Германия, Франция, Англия, АҚШ мемлекеттерінің тәжірибесі куә. Ал бізде бастапқы және орта кәсіби білім мекемелері панасыз жетімектің күйін кешкендей жағдайлар бар. Сондықтан бастапқы және орта кәсіби білім жүйесіне немқұрайлы қарау, оның Қазақстанның кәсіби мемлекет ретінде дамуына қосатын үлкен үлесін түсінбеу сияқты кемшіліктер әлі де қайталанатын сияқты. Кәсіби білім кәсіби педагог болса ғана жүзеге асады. Сондықтан колледждер мен кәсіби техникалық мектептердің оқытушыларын, кәсіптік оқу шеберлерін оқыту, олардың мамандық деңгейін арттыру мәселесін шешу қажет. Бекітілген мемлекеттік жалпыға бірдей стандартқа сай келетін оқулықтар мен әдістемелік оқу кешенді жарыққа шығару жұмысы да пұшайман халде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №616 қаулысына сәйкес кәсіби білім жүйесін информатизациялаудың қаржы төңірегіндегі мәселесі әлі шешілген жоқ. Ауыл мектептеріне мамандар даярлауда педагогикалық, гуманитарлық колледждердің үлесі зор. Оқу-әдістемелік методологиясы, педаогикалық технологиясы бойынша басқа кәсіби білім мекемелерінен оның озық екені белгілі. Осы орайда қазіргі уақытта колледждердегі оқу-өндірістік тәжірибе, яғни педагогикалық практика туралы ереже-нұсқауларға өзгерістер енгізіп, оның қаржылық негізін бекіту керек. «Ауруын жасырған өледі» деп халық бекер айтпағанындай, соңғы жылдары ел экономикасының, оның ішінде ауыл шаруашылығының қатты құлдырауы салдарынан ең алдымен ауыл мектебі зардап шекті. Бұрынғы кеңшар, ұжымшарлар тарап, қаптаған өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары, серіктестіктер мен фирмалар дүниеге келді. «Байтал түгіл бас қайғы» деген заман туғанда, «балапан - басына, тұрымтай - тұсына» дегендей, әркім өз күнін өзі көруге

мәжбүр болуда. Бассыздықтың салдарынан балабақшалар тегіс жабылып, ең алдымен балапандардың ұясы талқандалды. Мектептер де қамқорлықсыз қалды. Әсіресе соңғы 6-7 жылдың ішінде білім беру жүйесі қатты құлдыраушылыққа ұшырап отыр. Оның ішінде әсіресе ауыл мектебі қала мектептерімен салыстырғанда көп артта қалды. Қазақстанда ауыл мектептерінің 70 пайызға жуығы шағын жинақталған, яғни шағын комплектілі мектептер саналады. Осы шағын жинақталған мектептер бойынша енді бірталай жұмыстар қолға алынып жатқан сыңайлы. Бірақ «ауыл мектептерінің білім сапасы төмен» деген көзқарас тұрғысынан қарау іске өзінің салқынын тигізбей отырған жоқ. Ашып айту керек, бұл пікір де негізсіз емес. Оның себебі мынада: біріншіден, ауыл мектептерінің қаржылық, материалдық жағынан жетіспеушілік жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болуы; екіншіден, «ауыл мектебінің мұғалімі уақыт талабына сай деңгейде» деуге келмейді. Ал мектептің негізгі тірегі – мұғалім. Ауыл мұғалімдерінің басым көпшілігі тоқыраушылық уақытының моральдық, материалдық қысымынан, ауыртпалығынан, қиыншылығынан әбден зардап шегіп, көп қағажу көрген жандар. Сондықтан қазіргі педагогикалық технология, акамеология, әдістеме мәселелерімен ауыл мұғалімі қайраңда қалған балықтай ғана қауқары бар мамандар. Осы кемшілікті жоюдың жолы – ауыл мұғалімдерін жаппай білім көтеру курстарынан өткізу және оған бюджеттен қаржы бөлу мәселесін шешу. Жуырда ғана Қазақстанда шағын жинақталған мектептердің жаңа тұжырымдамасы талқылауға ұсынылды. Тұңғыш рет шағын жинақталған мектептердің мақсаты мен міндеттері анықталып, біршама жақсы іс-шаралар жоспарланды. Жалпы шағын жинақталған мектептер мәселесі бойынша педагогика колледжінде көптеген істер атқарылуда. Осы мәселе бойынша арнайы ғылыми топ жұмыс істеді. Колледж ұстаздары Алматыдағы Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдарымен байланыс жасап, 3-4 жылдың ішінде ауыл мектептеріне қажет оқу үрдісін жетілдіру, білім

стандарты бойынша сабақ беру формаларын түрлендіру мәселелері жөнінде жұмыстар атқарды. Колледждің оқу бағдарламасына арнайы осы мәселе бойынша қосымша мамандық енгізіліп, қазір осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Көптеген ауыл мектептерімен тығыз байланыс орнатылды. Әйтсе де шағын комплектілі мектептер аудан әкімдерінің қаржы үнемдеудегі ең негізгі объектілерінің бірі саналады. Осындай «қаржы үнемдеушілікті» тоқтату жөнінде шаралар қолданылса екен дейміз. Білім жүйесіндегі Ұлттық тестілеу мәселесі туралы айтар болсақ, Бірыңғай ұлттық тестілеуден, әсіресе, ауыл мектептерінің жағдайы қиындайтын сияқты. Себебі, Ұлттық тестілеудің нәтижесінде ауыл мектептері өте төмен баға алғандықтан, көптеген оқушылар биыл 9-10 сыныптардан кейін құжаттарын мектептерден алып, колледждерге тапсырды. Сөйтіп бірыңғай ұлттық тестілеуден қашқақтай бастады. Ал Бірыңғай ұлттық тестілеудің жақсы жақтарын айтатын болсақ, ол әрбір мектептің беретін білім сапасын анықтап береді. Бірыңғай ұлттық тестілеудің биылғы нәтижесі арқылы барлық мектептердегі оқу сапасының деңгейі арнайы сарапталса және ол іс жүзінде шара қолданатындай дәрежеге жеткізілсе, жақсы болар еді. Мектепте 2-7-сыныптарда шет тілін оқыту, арнайы пәндерді шет ел тілінде оқыту жөнінде эксперименттер жүргізіп жатыр. Білім министрлігінің ұсынысы бойынша қазір мектептерде эксперименттік жүйеде шет тілін оқыту қолға алынуда. Әйтсе де өз басым эксперименттік жүйені бірден жүзеге асыруға кірісу қате деген пікірдемін. Әсіресе 2-7 сыныптарда бірқатар пәндерді ағылшын тілінде оқыту ешқандай талапқа сай келмейді. 2-7 сынып оқушыларының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін назардан тыс қалдырып, ешқандай тексерусіз бірден іске асыру түбі дүдәмал үрдіс деп ойлаймын. Жүргізіп жатқан бұл эксперименттің нәтижесі конструктивті түрде жете ойластырылмай отыр және ол назарға алынбаған. Үш тілде білім беру мәселесі әлі де жанжақты ойлануды қажет ететін шара. Өйткені математика,

биология сабақтарын ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің дайындығы тым мардымсыз. Екіншіден, оқушыларға арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар жоқ. Үшіншіден, оқушылар психологиялық жағынан бұл үрдістен өтуге дайын емес. Әсіресе 7сынып оқушылары физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес үш тілде оқуға ынталы емес. Осыны есепке алмай, 7сыныптарда қазір эксперименттік оқу сабақтары жүріп жатыр. Ал мұның нәтижесі дұрыс болады деп әсте ойламаймын. Республикамызда ақылы оқу мәселесі бойынша бағаны көтеру, білім беруді қымбаттату мәселесі туралы түрлі пікірлер айтылуда. Өз басым, білімге төленетін ақыны жоғарылату дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақтың 70 пайызы ауылда тұрғандықтан, олардың жыл сайын 2-2,5 мың доллар ақы төлеуге жағдайы келмейді. Сондықтан ақылы оқу мәселесі әлі де кеңінен толғап, тереңінен және түбегейлі ойластырып шешетін мәселе. Және ақылы оқу мәселесі студенттердің, орта арнаулы оқу орындары оқушыларының білім сапасын төмендетіп жіберді. Көкшетау қаласында білім, ғылыми-теориялық, практикалық мәселелермен айналысатын мекемелер баршылық. Олар – қалалық және облыстық білім басқармалары, мұғалім мамандарының біліктілігін жетілдіретін институт. Бұл үшеуі үш түрлі бағытта жұмыс істеп жатыр. Білім басқармалары тек ұйымдастыру жұмысымен айналысады. Ал педагогика, психология саласында, қазіргі білім жүйесін реформалауда олар маңызды рөл атқарады деп айта алмаймын. Мемлекеттік қызметте болғаннан кейін олар көбінесе нормативтік құжаттармен және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Сондықтан білім жүйесінде ғылымға жақын адамдар, бірді-екілі мамандар болуы керек деп ойлаймын. Ал мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бағыты дұрыс. Институт қазіргі білім беру саласындағы түрлі реформаларға сәйкес игі істер атқаруда. Онда мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында жақсы курстар, семинарлар, инновациялық технологияларға байланысты көптеген іс-шаралар іске асып жатады. Біздің оқу

орнының оқытушылары жоғарыда аталған мекемелермен тығыз байланыста. Өткен жылы қалалық маслихаттың депутаттығына сайланғанмын. Бір жылдың ішінде сондай қомақты істер атқардық деп айта алмаймын. Мен маслихатта этика, денсаулық, білім, мәдениет және заң саласындағы комиссияның мүшесімін. Комиссиямыз бір жылдың ішінде бастапқы құжаттарды, заңдылықтарды сақтау мәселесі бойынша бірнеше мәжіліс өткізіп, оны сессияға ұсынды. Өкінішке орай, қазіргі маслихат пен биліктің арасындағы үйлесімділік бар деп айта алмаймын. Өзім сайланған округ бойынша 3-4 депутаттық сауал салған едім. Бірақ сол 3-4 сауалдың өзіне атқарушы билік нәтижелі жауап бере алмады. Әсіресе Көкшетау қаласының экологиясы, «Бурабай», «Юбилейный» мөлтек аудандарындағы мәселелер туралы және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша қойған сауалдар, үйсіз жүрген бір азаматтар туралы көтерген мәселеміздің бәрі де жауапсыз қалды. Алдағы уақытта билік пен маслихаттың арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, неғұрлым пәрменді жұмыс істеу мәселесін қарастырамыз ба деген үміттеміз. Таяуда Көкшетау қаласының 180 жылдың мерейтойы салтанатпен аталып өтті. Көкшетаудың шешілмеген мәселелері көп. Біріншіден, коммуналдық төлемақылардың республика бойынша алғанда біздің қаламызда өте жоғары екендігін атап айтуымыз керек. ТЭЦ жылу жүйесін іске қосу, Көкшетау қаласының экологиялық мәселелеріне, шет көшелеріне көңіл бөлу сияқты істер шешуін күтіп тұр. Алдағы уақытта осының бәріне депутат ретінде ат салысамын деп ойлаймын. Ал көкшетаулықтарға және барлық білім жүйесі қызметкерлеріне тойларыңыз тойға ұласа берсін деген тілек айтамын!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде білім мәселелері бойынша жасалған баяндама Мәртебелі Шәмша Көпбайқызы! Құрметті алқа мүшелері және әріптестер! Осыдан 130 жылдай бұрын ұлтымыздың тұңғыш ұстазпедагогы Ыбырай Алтынсариннің «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы» деген данышпандық сөзін айта отыра, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі болып ұлттық білім проблемаларын терең білетін білікті басшы – Шәмша Көпбайқызының келуі күрмеуі шешілмей қордаланған көп мәселелердің оң шешім табатынына үмітімізді туғызғандай. Уважаемые члены коллегии и приглашаемые!

Смелое решение нового руководства Министерства образования и науки Республики Казахстан о воссоздании Департамента начального и среднего профессионального образования – доказательство конструктивных начинаний в расширении образовательного пространства в Казахстане, в поступательном движении вперед. В связи с этим председатели советов директоров – могиканы среднего проффесионального образования – выражают огромную блогодарность Министерству образования и науки. За 10 лет истории в условиях рыночной экономики и социально – политического развития общества система начального и среднего профессионального образования претерпела немало позитивных изменений, в профессиональном образовании наметились новые содержания и формы. Основой этому явились нормативно-правовые документы Правительства Республики Казахстан и Министерства образования и науки, в частности, Постановления Правительства Республики Казахстан № 721 от 15 мая 2000 года «О мерах по дальнейшему развитию начального и среднего профессионального образования в

Республике Казахстан», № 409 от 29 марта 2001 года «Целевая программа подготовки и выпуска учебников и учебнометодических комплексов по специальным дисциплинам для организаций среднего профессионального образования в Республике Казахстан», № 616 от 10 мая 2001 года «Целевая программа информатизации учебных заведений среднего профессионального образования Республики Казахстан» являются фундаментом качественного развития профессионального образования начала ХХІ века. Кроме этого, Министерством образования и науки издано более 10 Правил и Указов в целях улучшения и развития начального и среднего профессионального образования. На сегодняшний день в республике в области среднего профессионального орразования осуществляют свою деятелность 349 колледжей, из них 173 – государственные, 176 – негосударственные. В этих колледжах обучаются 189 776 учащихся, из них 126 991 учашийся – в государственных, 62 785 – в негосударственных учебных заведениях, их обучают 17 568 преподавателей. Такие международные конференции и семинары, посвященные проблемам развития профессионального образования: международная конференция «Профессиональное и техническое образование в ХХІ веке» с участием представителей Киргизии, Узбекистана, Германии, Франции и фонда СОРОС-Казахстан, международный семинар «Практические аспекты содержания непрерывного образования, как основного компонента подготовки высококвалифицированных специалистов», прошедший в Павлодаре в рамках реализаций программы КазахстанскоГерманского проекта «Содействие профессиональному образованию в Казахстане», международная конференция «Новые информационные технологии в образователном процессе», прошедшая в г. Петропавловске, являются эффективными в плане достижения высоких результатов. Впервые в итории образования утвердился общеобязательный государственный стандарт начального

образования, соответственно этого государственного стандарта разработаны по 143 специальностям. В связи с требованиями времени утвержден классификатор среднего проффессионального образования, в целях управления средним профессиональным образованием созданы учебнометодических объединения. Уважаемые коллеги!

Общеизвестно, что ЮНЕСКО провозгласил ХХІ век – веком профессионального образования. В многоступенчатой системе профессионального образования среднее профессиональное образвание – необходимое звено. Доказательством этому служит то, что в мировом образовательном пространстве колледжная форма обучения является основной во многих государствах, например, в Германии, Франции 65-70 % общего профессионального образования составляют колледжная модель образования. Вы знаете, что в связи с нашим казахстанским многоступенчатой модели профессионального образования в мировой образовательной системе, организации начального и среднего профессионального образования в Казахстане находились в положении сироты, обвающего чужие пороги. От имени председателей совета директоров средних профессиональных учебных заведений хочется выразить пожелание, чтобы впредь не повторились поверхностное отношение к существенной роли начального и среднего профессионального образования в становлении Казахстана, как профессионального государства. Мы считаем, что доля дальнейшего качественного и конструктивного развития начального и среднего профессионального образования необходимо уделить внимание следующим проблемам: 1. Профессиональное образование может быть осуществлено только высокопрофессиональным педагогам. Необходимо решить проблему подготовки и переподготовки преподавателей

и мастеров производственного обучения колледжей и профессионально-технических школ. 2. Необходимо ускорить выпуск учебников и учебнометодических комплексов соответственно утвержденным общеобразовательным стандартам и программам. 3. Необходимо рычаги финансового обеспечения информатизации системы профессионального образования в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан № 616. 4. В основном документе образования Республики Казахстан – Законе «Об образовании» утверждена структура национальной модели образования. Но похоже, что пункт 3-й 25-ой статьи Заона «Об образовании» противоречит самой структуре модели образования, или необходимо определить нормативно-правовые нормы этого пункта. Современная система профессионального образования многоуровневая: если в рамках среднего профессионального образования готовятся специалисты среднего звена, то в рамках высшего профессионального образования – бакалавр, магистрант, специалист с высшим образованием. В связи с этим необходимо найти продуманное решение вопроса о подготовке в колледжах специалистов среднего профессионального образования, открытых при университетах (по республике таких колледжей – 34). Думаю, что интеграция многоуровневной модели профессионального образования должна быть качественной и соответствующей требованиям. 5. Предлагаем завершить прием студентов в высшие учебные заведения по государственным грантам до 10 августа. Известно, что основной контингент поступающих на базе общего среднего образования в колледжи составляют те, кто не прошел в университеты по государтсвенным грантам. А по правилам приема в колледжи по очной форме обучения прием должен быть завершен 25 августа.

Құрметті Шәмша Көпбайқызы! Сіздің алдағы уақытта ауыл мектептерінде баса көңіл бөлетініңіз бізді қуантады. Ұлттық мектептердің 70 % шағын комплектілі мектептер санатына қосылады. Ауыл мектептерінде мамандар даярлауда педагогикалық, гуманитарлық колледждердің үлесі зор әрі оқу-әдістемелік, методология, педагогикалық технология бойынша басқа кәсіби білім мекемелерінен озық екені белгілі. Осы орайда қазіргі уақытта колледждердегі оқу-өндірістік тәжірибе, яғни педагогикалық істәжірибе туралы ереже-нұсқауға өзгерістер енгізе отырып, қаржылық негізін бекіту керек.

Екіншіден, ауыл мектептеріндегі мұғалімдерді жедел түрде білім жетілдіру курстарынан өткізу керек. Әсіресе педтехнология, акмеология, педагогика, психология, озық тәжірибе, жаңа буын оқулықтары бойынша білімдерін көтеру үшін күтпес шара. Себебі соңғы жылдардағы ауылдағы экономикалық, әлеуметтік қиыншылық ең алдымен ауыл мұғалімінің рухы мен санасына, тұрмыстық жағдайына кері әсерін тигізеді. Үшіншіден, шағын комплектілі мектептер аудан әкімдерінің қаржы үнемдеудегі ең бірінші соққы алатын объектісі. Осыған жол бермеудің жолын қарастырса жөн болар еді. Назарларыңызға рахмет!

Қазақстан Республикасы Парламентінде білім мәселелері бойынша жасалған баяндама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына өзгерістер енгізу мен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік бағдарламасын одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар. Мәртебелі депутаттар және бүгінгі тыңдауға шақырылғандар! Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің 20 жылдық межесіне де келді. Тарих үшін аз ғана уақыт болғанымен, мемлекетіміз осы мезгіл арасында ғасырға жүк болатындай шаруалар атқарды.

Мемлекетіміздің білім саласындағы заманауи саясатын іске асыруда 2007 жылы қабылданған «Білім туралы» заңы мен 2008 жылғы «Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білімді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» білімнің жаңа парадигмасын жасауда, оның құрылымдық деңгейінің сапасын жетілдіруде жаңа міндеттерді анықтап берді. Бірақ өте жылдам өзгерістерге бейім әлемдік даму мен еліміздегі экономиканың жаңа бағытта өзгерулеріне сәйкес еңбек нарығындағы сұраныстардың уақыт талабына сай өзгеруі бүгінгі білім саласындағы заңдар мен тиісті мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік заңнамаларға өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр. Осы орайда уақыттан ұтылмай мемлекеттік қажеттіліктерге сай өзгерістерді жасау үшін өкілетті билік пен атқарушы биліктің бүгінгі бас қосуы құптарлық іс.

Білімнің адам үшін үш қажеттілігі бар. Біріншіден, білім – адамның негізгі хұқы. Екіншіден, білім - тұлғаның жеке бостандығының кепілі. Үшіншіден, білім - дамудың ең негізгі қажетті факторы. Бұл негізгі үш принцип ЮНЕСКО-ның білім саласындағы тұжырымдамасы екені белгілі. Еліміздің білім саласындағы инвестициясы мемлекетіміздің экономикалықәлеуметтік ортасындағы дамуын әлемдік деңгейде алдыңғы қатарға көтерілуінің кепілі. Ендеше осы саладағы дамуды жетілдіру үшін 2007 жылғы 27 шілдеде қабылданған «Білім туралы» заңға төмендегідей өзгерістерді енгізуді ұсынамыз:

  1. Техникалық және кәсіптік білімді анықтайтын осы заңдағы 1 баптың 31, 35-тармақтарына, 32, 33-баптарына хұқықтық-заңдылық анықтаулар қажет. Мәселен, кәсіптік лицей мен колледждер техникалық және кәсіптік білім құрылымының ішіне енгендіктен екеуіне бір деңгейде қарау қөзқарасы қалыптасып кеткен сияқты. Оған себеп заңдағы І баптың 31, 35тармақтарында кәсіптік лицей мен колледжге берілген негізгі

ұғымдардың бірдейлігі. Сондықтан кәсіптік лицей мен колледждің деңгейлік статусын нақтылау қажет. Біздіңше, осы заңдағы 1-баптың 31,35-тармақтарында кәсіптік лицей мен колледжге жеке-жеке деңгейлік дәрежесін беруді ұсынамыз және 32-баптың 1-тармағындағы анықтаманы «техникалық және кәсіптік білім кәсіптік лицейлер, колледждер, жоғары техникалық мектептерде өздерінің деңгейлік дәрежесіне сай негізгі орта немесе жалпы орта білім базасында іске асырылады» деген өзгертумен толықтырылу керек.

Заңдағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер туралы анықтама 47-баптың 2-тармағында берілген. Бірақ осындағы білім алушылар қатарына жататындардың тек тізбесі ғана көрсетілген. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың статусын анықтайтын уақыт келді. Кәсіптік лицейде білім алушыларды – оқушы, ал колледждер мен жоғары кәсіптік мектептерде білім алушыларды – студент деп атауды ұсынамыз және 1-баптағы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар жүйесіне осы атауларды енгізу қажет.

  1. Қолданыстағы заңдағы 12-баптың 5-тармағы мен 33баптағы орта білімнен кейінгі білім туралы мәселені жан-жақты талқылап барып дұрыс конструктивті шешім шығаруларыңызды сұраймыз.

Білім берудегі осы деңгейге гуманитарлық мамандықтарды іске асыратын колледждер енгізілген. Осының ішінде бүгінгі күні білім саласында мектепке мұғалім мамандарын даярлайтын педагогикалық колледждердің мәселесі күрделі жағдайда қалып отыр. Колледж ретінде аталған оқу орындары заңның 12-бабына сай екі бірдей деңгейге бағынышты да, ал мемлекеттік білім стандартын заңның 33-бабына сәйкес іске асырады, яғни ешқандай нақтылық көрсетілмеген. Бұған қосымша заңның 5-бабының 34тармағын іске асыру мақсатында шығарылған Білім және ғылым министрлігінің

жылғы ақпандағы «Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың типтік квалификациялық қызметтерінің мінездемесі» атты №61 бұйрығында орта білімнен кейінгі білімі бар мұғалімдер туралы, тіпті, ештеңе айтылмаған. Одан кейін 2008 жылы бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Классификаторында педагогикалық колледждер даярлап келген сегіз мамандық бастауыш білім құрылымына енгізіле салды. Техникалық және кәсіптік білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына орай ендігі жерде техникалық жұмысшы мамандарды даярлауға баса назар аударылуына байланысты осы жерде педагогикалық колледждер тағы да көлеңкеде қалған сияқты.

Әлемдегі білім саясатында білімнің негізі бастауыш білім жүйесінде қалыптасатыны анықталған. Мұны біз де мойындаймыз. Ендеше осы уақытқа дейін жалпы білім саласына үлкен үлес қосып келген педагогикалық колледждердің бүгінгі күні мақсаты мен міндетінің төмендетілуі, олардың мәселелері заң деңгейінде шешілмеуі әділеттікке жатпайтын сияқты. Сондықтан қазіргі білім заңының педагогикалық колледждерге қатысты 33-бабын, яғни орта білімнен кейінгі білім мәселесін заңды негізде анықтамасын берулеріңізді өтінеміз.

Біз орта білімнен кейінгі білім берудің Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларында бекітілген білім беру бағдарламаларының мазмұны жоғары білім берудің 1-2 курстарының білім беру бағдарламаларымен үйлестірілетіні деген мазмұнмен анықталғандықтан педагогикалық колледждерге арнайы статус, жоғары педагогикалық колледж мәртебесін берулеріңізді сұраймыз. Әлемдік тәжірибеде бұл деңгей бар, ал кезінде алғашқы болып колледж мәртебесін алған осы оқу орындарына аяқталмаған жоғары білімді мамандар даярлау жүктелген еді де, жоғары білім университеттердің арнайы бағдарламасына сай 23 жылда бітіріп шығу көзделген еді. Біздіңше осы жүйеге сай Білім заңына өзгерістер енгізілсе дейміз. 2010 жылы еліміздің 12 жылдық білім жүйесі енгізілген жағдайда, әсіресе бастауыш, негізгі орта білім жүйесін заманауи талаптарға сай білімнің инновациялық технологиясын меңгерген, алдыңғы қатарлы озық оқыту әдістемесімен

қаруланған мұғалімдерді ең әуелі осы педагогикалық колледждер қамтамасыз ететінін мойындағанымыз жөн сияқты. 3. Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім мекемелерінің кәсіптік іс-тәжірибесін реттейтін заңдағы 38-баптың 4-тармағына өзгеріс енгізіп, онда «білім алушының кәсіптік іс-тәжірибесіне кететін шығындар мемлекеттік сұраныс негізінде мемлекеттік атқарушы органдар құзырымен шешілуі тиіс» деген түзету енгізген дұрыс. Себебі бүгінгі таңда кәсіби практиканың шығыны, яғни қаражатпен қамтамасыз ету тетігі шешілмегендіктен көптеген қиындықтар туындатып отыр. Сонымен қатар барлық деңгейде айтылып жүрген арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің еңбек жалақысын қайта қарау мәселесі де әлі шешілген жоқ. Тиісті құзырлы органдарға осы мәселені шешу жүктелсе. 4. Келесі заңдағы 34-бапта берілген Жоғары техникалық мектептердің мәселесі туралы. Заңның осы бабын нақты орындау, іске асыру мәселесін жеделдетуді ұсынамыз. Жоғары техникалық мектеп техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім жүйесінде екені заңмен бекітілген, енді осы мәселені одан әрі бөліске сала бермей, тек тиісті нормативтік – заңдылық құжаттармен қамтамасыз етіп, осы жүйеде өз қызметін бастауын қадағалау қажет. Аймақтарда, мәселен Ақмола облысында колледж негізінде жоғары кәсіптік мектеп ашу мәселесінде ұйымдастыру – дайындық жұмыстары өткізілгенін айта кетуге болады.

  1. Әлемдегі қаржылық және экономикалық дағдарыс біздің елімізге де өз қиыншылықтарын ала келді және мұндай дағдарыстар алдағы уақытта да болатынын ешкім жоққа шығармайды. Қоғамдағы ең аз қорғалатын категория - ол студенттер екені аян. Білім заңындағы 6-баптың 2 және 23тармағындағы білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру мәселесін шешу жергілікті атқарушы және өкілетті билікке жүктелген. Бұл мәселе кейбір облыстарда, Астана мен Алматыда ғана шешілген сияқты. Еліміздегі студенттер қауымы арасында бұл мәселе үлкен алаңдатушылық туғызып келеді, мұны жасыруға болмайды. Сондықтан осы

заңның барлық аймақта Қазақстан Конституциясына сай тең дәрежеде іске асырылуы қажет, яғни заңның хұқықтық күшіне енуіне толық жағдай жасалса дейміз. Құрметті парламенттік тыңдауға қатысушылар! Білім жүйесі - ең күрделі сала. Сондықтан бүгінгі білім саласының мәселелерін бірден шешіп тастау мүмкін емес шаруа, ұзақ әрі күрделі процесс екенін бәріміз де түсінеміз. Сондықтан біздің Сіздердің алдарыңызға қойған, кезек күттірмейтін мәселелердің шешуін талап етіп отырған ұсыныстарымыз орындалып, Мемлекетімізді өркендету жолында игілікті нәтижелер беріп жатса, ортақ жеңісіміз болар еді. Назарларыңызға бек рахмет!

Біліктілікті сертификаттау және өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыру Президент Н.Ә.Назарбаев халыққа жыл сайынғы Жолдауларында кәсіптік-техникалық білім саласының маңыздылығына баса назар аударып келеді. 2007 жылдың ақпан айында Білім және ғылым министрлігі жанынан техникалық және кәсіптік білім беру департаменті құрылды. Үкіметтің қолдауымен осы саланы дағдарыстан шығарудың кезекті ісшараларының жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес «Қазақстан Республикасында кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» әзірлерініп, Үкімет қарауына ұсынылды.

Қазір бүкіл әлем елдері кәсіптік-техникалық білімнің қажеттілігін бірінші орынға қоя бастады. Мемлекет неғұрлым дамыған сайын жұмысшы кадрлардың тапшылығы сезіле бастады. Кәсіптік білім беру – бұл тек академиялық білім емес, біліктілік пен кәсібиліктің жоғары деңгейіне сай жұмысшы мамандарды даярлау. Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі еңбек рыногы құрылымына едәуір өзгерістер әкелді және білікті қызметкерлерге деген сұранысты арттырды.

2006 жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент жанындағы шет ел инвесторлары кеңесін өткізіп, кәсіптік-техникалық білімі және жоғары білімі бар білікті ұлттық кадрлар даярлау мәселелеріне баса назар аударды. Оларды даярлаудағы кедергілер, атап айтқанда, сала инфрақұрылымының дамымағандығы, кейбір аудандарда кәсіптік-техникалық маман даярлайтын оқу орындарының жоқтығы, бар болған жағдайдың өзінде ескірген құралжабдықтарды пайдалануы, әдістемелік оқыту жүйесінің жаңа заман талабына сай келмеуі, инженер-педагог мұғалімдердің аздығы, оқытушылар біліктілігінің төмендігі айтылды.

Аталмыш өзекті мәселелер кәсіптік-техникалық білім мекемелерінде білім алушылардың біліктілігін арттыруға баса назар аударуға алып келді. Осы мақсатта жасалған бағдарлама негізінде кәсіптік-техникалық білім мекемелері түлектерінің біліктілігін тәуелсіз бағалау және сертификаттау. Тәуелсіз бағалау арқылы болашақ мамандардың кәсіби дағдылары мен біліктілігін сертификаттау жүйесі енгізіліп, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі көтерілді. Түлектердің кәсіби біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесі Ж.Мусин атындағы педагогика колледжінде екінші жыл жүргізіліп келеді.

Білім беру сапасының жаңа деңгейге көтерілуі осы жүйедегі біліктілігі жоғары мамандарға байланысты. Ал білім беруді дамыту мәселелері және ондағы оң өзгерістер біліктілікті жетілдіру жүйесіндегі педагогикалық әрекеттермен тығыз байланысты. Білімді жетілдіру жүйесінде біліктілікті бағалау кәсіби дағдылар мен біліктерді игеру механизмдері емес, педагогтың

кәсіби қызметі педагогикалық қабілеттілігінің дамуы болып табылады. Педагог маманның білімін бағалауды – жаңа инновациялық технологияларды өз пәніне икемдеп, тиімді әдістерін қолдана алу арқылы жас ұстаздардың өзгермелі қоғамның жаңа талабына сай, талаптарға сәйкес қызмет көрсете алу қабілетін дамыту деп білу керек. Ол – педагог мамандарды, жеке тұлға ретінде өзін жан-жақты дамытатын, өзіндік идеяларын іске асыра алатын, өзінің шығармашылық әрекетін ұйымдастыра білетін кәсіби қызметтің субъектісі ретінде дайындау. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін жетілдіруді ұйымдастырудың оңтайлы формасы – диплом алғанға дейін сертификаттау сатысынан өту. Осы негізде колледж түлектерінің кәсіби біліктілігін тәуелсіз бағалау биыл екінші жыл жүргізілді. Біліктілікті тәуелсіз бағалау және сертификаттау нәтижесі былтырғы оқу жылына қарағанда биылғы оқу жылында жоғары болды. Бұл нені білдіреді? Яғни, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесіне дайындау мақсатында колледждің ғылымиәдістемелік кеңесі мүшелері, ұстаздар жан-жақты жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, оқыту жүйесі толығымен ақпараттандырылды, қазіргі қоғам талабына сай мамандар даярлауда жаңа инновациялық технологиялар (Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», «Сыни тұрғыдан оқыту технологиясы», «Step by step» («Тәй-тәй») т.б.) кеңінен қолданылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыруда мынадай жұмыстар жасалады: электронды оқулықтарды, интерактивті тақта, мультимедиялық, лингафон кабинеттерінің мүмкіндігін жан-жақты, мультимедиялық кабинет жүйесін кеңінен пайдалану. Сонымен қатар білім алушыларға 2010 – 2011 оқу жылынан бастап электронды кітапхана жүйесі қолдануға берілмекші.

Жас маманның кәсіби дағдысы мен біліктілігін шыңдау үшін оқу процесінің ақпараттық – инновациялық технологиялар арқылы ұйымдастырылуы жеткілікті емес. Педагог-мамандар – тек білімді ұстаз ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға. Осы мәселелерді көздей отырып, колледж түлектерін стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, қоғамдық проблемаларды шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарымқатынас мәдениеті жоғары, компетентті, заман талабына сай икемделе білетін, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға қабілетті кадр дайындау мақсатында колледж қабырғасында орталықтар мен бірлестіктер нәтижелі жұмыс атқаруда. Мәселен, студенттердің сөйлеу шеберлігін дамыту, ұлт тіліне деген жанашырлығын арттыру мақсатында «Сөз зергері» тіл-танымдық бірлестігі жұмыс атқарса, жас ақындардың поэзиялық шеберлігін шыңдауда «Ақ қауырсын» поэзия клубы, жерлес жазушы, драматург, қазақ прозасының классигі С.Жүнісовтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сәкен сері Жүнісов» атындағы әдеби-танымдық бірлестік көптеген іс-шаралар атқаруда. Студенттер С.Жүнісовтың шығармашылығына зерттеулер жасап, ізденімпаздығын дамыту мақсатында көптеген курстық және дипломдық жұмыстар жазып, өздерінің ғылыми біліктіліктерін дамытуда. Елбасын биылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған «Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын» деп атап көрсеткен болатын. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында біздің колледжде семинар, практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырады. Білім беру мен тәрбиелеу ісінде ұлттық үлгінің қалыптасуы негізде 12 жылдық білім беру жүйесіне болашақ ұстаздарды дайындау мақсатында құрылған «INSIGHT -

ЗЕРДЕ» орталығы 2008 – 2009 оқу жылында Ұлттық білім академиясымен келісім шартқа отырып, «Мамандар даярлауда 12 жылдық білім беру жүйесіне сай бастауыш сынып мұғалімінің құзіреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты тәжірибелік – эксперимент алаңын құрды. Аталған эксперименттік алаңының негізгі мақсаты: колледжді бітіруші түлектерге қазіргі білім саясатына сай құзіреттілік қабілеттерін жетілдірудің әдіснамалық жолдарын ұсыну, 12 жылдық білім беру жүйесіне сай бастауыш сатыда оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін аша білетін құзіретті маман даярлау. Бұл міндетке орай, ғылыми – педагогикалық зерттеу орталығының негізгі міндеттерінің бірі – болашақ педагогтың 12 жылдық мектеп құрылымы мен мазмұнына сай қызмет етуге дайындау болып есептеледі. Эксперименттік алаң құрамына енген ұстаздар 2002 жылғы «Жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты» мен 12 жылдық білім беру стандартына салыстырмалы аналитикалық талдаулар жасай отырып, оқуәдістемелік кешендер әзірледі. Аталған оқу-әдістемелік кешендер ғылыми-әдістемелік кеңесте талқыланып, жинақ түрінде басылымға ұсынылды. Көп мәдениетті функционалды сауатты педагог даярлау – заманауи білім беру жүйесінің талабы. Көп мәдениетті меңгерудің ішіне өзге ұлттың мәдениетін ғана емес, тілін де меңгеру енеді. Ал әлемдік деңгейдегі ағылшын тілін меңгерген жас ұстаз заман талабына икемді болары анық. Ағылшын бөлімінің ұйымдастырылуымен құрылған «Discovery» клубының нәтижелі жұмыстарының арқасында болашақ мамандардың білімі тереңдеуде. Педагог оқушыға тек жан-жақты білім беріп қана қоймай, сонымен бірге рухани – адамгершілік құндылығының нәрімен сусындаған ұрпақты тәрбиелеуі тиіс. «Өзін-өзі тану» курсының жүргізілуі арқылы түлектер келер ұрпаққа келелі тәрбие сіңіретін кемелді ұстаз болмақ. «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен колледжде «Зерде» танымдық дәрісханасы ашылды.

Әлемдік білім жүйесінің кеңістігіне енуге ұмтылыс жаңа оқыту жүйесіне бет бұруға негіздейді. Соның бірі – кредиттік оқыту жүйесі. Кредиттік оқыту жүйесін колледж ұжымы жанжақты ғылыми тұрғыда аналитикалық сараптама жасай отырып, колледждің білім беру жүйесіне икемдеп, 2010 – 2011 оқу жылынан бастап аталған білім беру жүйесін эксперимент түрінде енгізуді мақсат етіп отыр. Бұл жүйе білім экономикасының қарқынды өсуіне, білім сапасының әлемдік стандартқа сай дамуына алып келеді. Аталмыш жүйенің негізінде білім алған болашақ педагогтар заманауи технологияны меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасады. Біліктілігі сертификатталған кәсіби педагог заман ағымына ілесе алатын тұлға болатындығы сөзсіз. Қазақстан Республикасының жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында 2020 жылға қарай «Ұлттық біліктілік жүйесі енгізіледі, жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайды» деп атап көрсетілді. Осы бағыттағы негізгі мәселе – қазіргі жаһандану заманына, білім берудегі реформаларды жүзеге асыруға байланысты мектептерге, балабақшаларға жаңа формациядағы мұғалімдерді, тәрбиешілерді дайындау. Болашақ мамандардың пән бойынша инновациялық технологияларды жетік меңгерген, сонымен қатар жаңашыл, ізденімпаз, құзіретті, иннотехник ұстаз, тәрбиеші болу дәрежесіне көтеру үшін өндірістік – кәсіби іс-тәжірибесі сапалы түрде ұйымдастырылуы қажет. Ж.Мусин атындағы педагогика колледжінде Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес төмендегідей іс-тәжірибе түрлері ұйымдастырылады: - Педагогикалық іс-тәжірибе; - Оқу іс-тәжірибесі; - Қосымша мамандықтар бойынша іс – тәжірибе жинақтау. Колледж студенттері кәсіби машықтану бойынша қала мектептері мен балабақшаларында іс-тәжірибеден өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады.

Кәсіби практика қорытындысы негізінде дөңгелек үстел, семинар, әдістемелік кеңес, конференциялар ұйымдастырылып, инновациялық технологияларды қолдану арқылы үлгі сабақтар көрсетіледі. Студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында колледж жыл сайын білім мекемелерімен келісім шартқа отырып, тығыз әлеуметтік серіктестік жасайды. Әлеуметтік серіктестік – бұл еңбек қатынастарын және басқа да ісшараларға байланысты қарым – қатынасты реттеу мәселесі бойынша жұмысшы мен жұмыс берушінің көзқарастарын келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған жұмысшы (жұмысшы өкілдері), жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым – қатынас жүйесі. Әлеуметтік серіктестіктермен қарым – қатынасын нығайту мақсатында іс-тәжірибе қорытындысы бойынша студент – практикант арнайы құрылған комиссия алдында өз есебін беріп, материалдарын қорғайды, түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушінің өкілдері мемлекеттік емтихандарға, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғауға шақырылып, жұмыс берушінің өкілдерінің алдында жұмыстарын қорғайды. Сонымен қатар студенттер өздерінің түйіндемелерін, портфолиоларын дайындайды. «2010 жылдың үздік түлектері» туралы анықтамалар дайындалып, Ақмола облысы бойынша мектептерге, балабақшаларға жіберіледі және колледжде мамандар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке нәтижесінде биылғы жылы колледжді бітіретін түлектер толығымен жұмыспен қамтамасыз етілді. Өндірістік іс-тәжірибеден нәтижелі өту мақсатында «Таным» атты педагогикалық машықтану зертханасы ашылды. «Таным» педагогикалық машықтану зертханасының негізгі мақсаты: болашақ мұғалімдерді жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа

педагогикалық технологияларды қолдана білуге үйрету, шығармашылыққа баулу. Зертхана оқу-әдістемелік және ғылыми-эксперименттік, тәжірибелік жұмыстардан құрылады. Оқуәдістемелік жұмыстарға: - болашақ мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеттерін дамыту; - ғылыми-педагогикалық, ғылыми-психологиялық, ғылымиәдістемелік оқу құралдарын оқып, талдау; - машықтану барысында инновациялық технологияларды қолдануды қарастырып, әдістемелік көмекші құралдарды оқып, талдау жасау; - жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып үйрену, талдау; - инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер бойынша педагогикалық оқулар, семинарлар, дөңгелек үстел, әдістемелік кеңес ұйымдастыру.

Ғылыми – эксперименттік, тәжірибелік жұмыстарға: - машықтану барысында инновациялық технологияларды ендіру мақсатында эксперименттік тәжірибелер жүргізу; - жүргізілген эксперименттік тәжірибелердің қорытындысын шығарып, алынған нәтижелерге талдау жасау; - эксперимент тақырыбы бойынша озат жаңашыл мұғалімдердің озық іс-тәжірибесіндегі типтік кемшіліктер мен қиындықтарды белгілеп, олардың себебін анықтау; - эксперимент аралық және соңғы нәтижелерін талдап, қорыту және соның негізінде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-тәжірибелік нұсқаулар құрастыру, ұсыну; - машықтану барысында инновациялық технологияларды қолданатын дәстүрлі емес үлгі сабақтар беру, озат жаңашыл әдіскер-оқытушылардың және болашақ мамандардың шығармашылық есебін тыңдау. Педагогикалық машықтану зертханасында болашақ мамандарды даярлау 3 кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде, болашақ мамандар инновациялық педагогикалық технологиялармен

танысса, екінші кезеңде, өзіне жақын әдіс-тәсілді таңдайды, ал үшінші кезеңде, педагогикалық тәжірибеге барғанда таңдаған технологиясын, әдіс-тәсілін сынақтан өткізеді. Нәтижесінде болашақ мұғалім колледж қабырғасынан жаңашыл педагогикалық технологияларды меңгерген маман болып шығады, сонда бүгінгі колледж түлектері ертеңгі шығармашылықпен жұмыс істейтін құзіретті педагогтерге айналады. Педагогикалық машықтану болашақ мұғалімдердің шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын тудыруға, жеке тұлға туралы теориялық білімдерін тереңдетуге және болашақта оқу-тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасауға өз үлесін қосары даусыз. Ж.Мусин атындағы педагогика колледжі өз түлектерінің жаңа заман талабына сай білікті әрі құзіретті маман ретінде қалыптасуын көздей отырып, болашақ ұстаз бойынан төмендегі қасиеттердің көрінуін мақсат етеді: - Түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгерген; - Кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарайтын; - Инновациялық технологияларды меңгерген; - Педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлік қасиеті шыңдалған.

Президент: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз» деген болатын. Осы сөзді басшылыққа ала отырып, колледж түлектерін бәсекеге қабілетті тұлға ретінде даярлау мақсат түрінде танылды. Ал бәсекеге қабілетті тұлға біліктілікті тәуелсіз бағалаудан сүрінбей өтіп, сертификатқа қол жеткізуі тиіс. Демек, біліктілікті тәуелсіз бағалау білім беру саясатын нығайтады, жаһандық білім кеңістігіне ену үшін жағдай туғызады, заманауи оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік сүйемелдеу жағынан қамтамасыз етеді. Болашақ педагогтардың инновациялық жобаларды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруіне ықпал жасайды.

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолдары Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басымдылық бағыттарында:

2020 жылға қарай балабақшадан университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді болатыны, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейетіні, келесі он жылдықта білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінетіні, 2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері – мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңартылатыны, білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылатыны, сонымен қатар мемлекет барлық балаларға тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқу мүмкіндіктерінің артатынын атап көрсеткені, бүгінгі әлемдік білім беру үрдісін еркін таңдаған еліміздің ерекше стратегиялық бағыттары екені баршамызға аян.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес «Балапан» бағдарламасы негізінде алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру міндеттелді. Осы міндеттерді іске асыру жолында Ақмола облыстық білім басқармасының жоспарында жаңадан ашылатын мектепке дейінгі мекемелер, мини-орталықтарға 2010-2015 жылдары аралығында 1301 тәрбиеші қажеттігі анықталды.

Осыған орай «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жедел мерзімде оқытуды, педагогикалық кадрларға қойылатын талаптар мен олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында Ақмола облысында төмендегідей жұмыстар жүйесі атқарылуда: 1.Ағымдағы жылдарда ашылатын балабақшаларға жұмысқа орналасатын мамандардың білім алуына жағдай жасау мақсатында орта білім негізінде сырттай оқу түрі енгізілді; 2.Облыстық білім басқармасының жетекшілігімен барлық аудандар, елді-мекендер, жергілікті жерлерде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге қажетті мамандар даярлауға қолда бар барлық мүмкіндіктер жасалып отыр; 3.Биылғы жылы Облыс әкімінің бекітуімен мемлекеттік сұраныс бойынша жалпы орта білім негізінде студенттер қабылдау көлемі ұлғайтылды; 4.Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші болып қызмет етіп жүрген педагогикалық маман иелеріне, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша «Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі» біліктілігін беру мақсатында үш айлық қайта даярлау курсы ұйымдастырылуда; Жалпы орта білім беру жүйесі бойынша Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын қолдай отырып, бүгінгі білім беру жағдайында мұғалім мамандығын алып шығатын студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру мәселелері білімнің қазіргі саясатына негізделгенімен студенттерге берілетін кәсіби білім жүйесі нақты әдіснамалық және қажетті ғылыми сипатта берілмей отырғандығын, сондықтан әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай педагогикалық кадрларды даярлайтын оқу орындарындағы білім берудің сапасын жақсартуды жүзеге асыратын, 12-жылдық білім беру жүйесіне сай мамандар даярлау үрдісін кәсіби құзіреттілік негізде жүргізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігін атап өткіміз келеді.

Мәселен, кәсіби педагогикалық білім беретін оқу орындарынан шығатын мамандар 12 жылдық үлгі бойынша, жалпы орта білім берудің жаңартылған ұлттық стандарттары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жұмыс істей алатын, шығармашылыққа қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелейтін жан-жақты білімді, терең ойлайтын жаңашыл, құзыретті маман ретінде қалыптасуы тиіс. Барлық білім негізі бастауыш сатыдан қаланатынын ескеретін болсақ, бастауыш сынып мұғалімін даярлайтын кәсіптік білім беретін оқу орындарының атқаратын рөлі зор екені ақиқат. Сондықтан педагогикалық кәсіби білім беретін оқу орындары білім беру үрдісін осы мәселелерге негіздегені жөн деп санаймыз. Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша:  әлемдік білім беру кеңістігіне біріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесі жұмыс істейді;  ішкі және сыртқы еңбек нарықтары танитын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізіледі;  жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайды;  еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім берудің стандарттары, оқу жоспарлары, бағдарламалары жаңартылады;  жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің жұмысына қатысады;  жасына, білім беру деңгейіне және кәсіптік біліктілігіне қарамастан, бүкіл өмір бойы оқыту үшін жағдайлар жасалынатын жөніндегі мақсаттарды құптай отырып, техникалық және кәсіптік білімді дамытуда төмендегідей пікірімізді ұсынамыз: 1. Оқу үрдісін ақпараттандыруда шетелдік іс-тәжірибелерді енгізу арқылы практикалық тұрғыда қолданудың тиімді жолдарын жүзеге асыра отырып, кәсіптік және техникалық білім стандарттарын әлемдік колледждік

жүйеге бейімдеудің жаңа бағыттарын жасауға назар аударылса; 2. Студенттердің жаңа кәсіби интеллектуалдық тұлғасын қалыптастыруда бүгінгі әлеуметтік жағдайларға бейімдеуді жаңа сапаға көтеру бағыттары жасалынса; 3. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары даярлаған мамандардың үздіксіз білім алу жолын еркін таңдауына назар аударылса. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда кәсіби білімнің аталған мәселелеріне назар аударылатын болса, бәсекеге қабілетті, жылдам өзгермелі өмірге бейім, креативтілік қабілеті жоғары, синергетикалық түрде ойлай білетін, үнемі шығармашылық ой үстінде жүретін, теориялық ережелерді нақты педагогикалық істерге айналдыра білетін, ғылымға жаңалық енгізе алатын тұлға қалыптасатынына толық сеніміміз бар.

Парламентке хат Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты С.Ж.Жалмағанбетоваға Мәртебелі Светлана Жақияқызы! Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы №626 жарлығымен еліміздің еңбек рыногындағы орта буын кадрларының тапшылығына орай осы саланы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл мемлекеттік құжат

соңғы жылдары білім құрылымында көлеңкеде қалып, назарға көп ілінбей келген колледждердің заман талабына сай дамуына үлкен жол ашып отыр. Үкіметіміз де Елбасының осы салаға жіті назар аударғанына сай, нақты істерге бет бұруға уақыт жеткенін түсініп, бағдарламаны іске асырудың институционалды жаңғыртуға 2008-2010 және тұрақты дамуға 2010-2012 жылдарға арналған екі кезеңін анықтап арнайы іс-шаралар бағдарламасының мерзімдерін бекітіп берді. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында 58179,9 млн. теңге, соның ішінде жергілікті бюджеттен 17429,1 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінде осы қаржы көздерін игеру мақсатында мемлекеттік бағдарламаның облыстарда аймақтық дамыту бағдарламалары жасалып бекітілді. Яғни, еліміздің білімді реформалауда техникалық және кәсіптік білім мекемелеріне бет бұруы құптарлық іс. Осы орайда техникалық және кәсіптік білім жүйесінде көптен бері жетімнің күйін көргендей жағдайда күн кешіп жүрген білім құрылымы – педагогикалық колледждер болып отыр. Әлемде, әсіресе Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Америка сияқты мемлекеттерде білім құрылымының 70% колледждік жүйені құрайтынын тәжірибе дәлелдеп отыр. Тіпті Украина, Беларусь мемлекеттері педагогикалық колледждерге «Жоғары педагогикалық колледж» (Высший педагогический колледж) статусын беріп жіберді. 2007 жылы қабылданған соңғы Білім заңының алғашқы жобасында «Жоғары колледж» варианты ұсынылып еді, өкінішке орай заң қабылдану барысында бұл жоба өтпей қалды. Педагогика, психология ғылымы бастауыш мектептің негізгі пәндерін оқытуды бір мұғалімнің жүргізуін педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, этикалық тұрғыдан өте тиімді әрі нәтижелі фактор екенін дәлелдейді. Ал білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті техникалық мамандықтарды дамыту керек деген желеумен соңғы жылдары педагогикалық колледждердің мұң-мұқтажына немқұрайлылық танытып келеді. Оған төмендегідей аргументті дәлелдерді айтуға болады:

  1. Педагогикалық колледждер білім құрылымы бойынша әрі техникалық және кәсіптік, әрі жалпы орта білімнен кейінгі білім жүйесінің құрылымында қалып отыр, яғни біздің құрылымымызды нақты анықтамай қойды. Негізгі мамандықтарымыз жалпы орта білімнен кейінгі білім саласына жатады, бірақ осы бағыттың мемлекеттік бағдарламасы әлі жоқ. Республикада 30-дан астам педагогикалық, гуманитарлық колледждер бар. Негізінен бәрі де өз аймақтарында басқа колледждерден көш ілгері, жылдар бойы жинақталған тәжірибелері бар, бүгінгі білімнің өзгермелі жағдайларына құзіреттіліктері толық жететін, қазіргі білім талаптарының барлық функцияларын толық меңгерген білім ошақтары саналады. Республикада нағыз практик мұғалімдерді методологиялық, технологиялық, инновациялық, дидактикалық тұрғыдан әмбебап деңгейде даярлайтын осы колледждер. Күні бүгінге дейін жоғары оқу орындары мұндай бастауыш білім, негізгі орта білім мамандарын даярлап беруге құзіреттіліктері жетпей келе жатқанын қалың педагогикалық қауым жақсы біледі. Мұны жоғарғы білім мекемелері де мойындайды. Тіпті ең соңғы жаңалық ретінде бағаланған білімдегі интерактивті оқыту әдістемесін педагогикалық колледждер бірінші болып игеріп, биылғы түлектеріне үйрете отырып, мектептерге аттандырып үлгерді, яғни педагогикалық колледждер қашанда болсын жаңалықтарды алдымен игеріп, тәжірибеге енгізудегі жетістіктерін дәлелдеп келе жатыр. Осындай білім мекемелеріне ендігі жерде жабылып қалу қауіпі төніп тұрған сияқты. Оған Білім және ғылым министрлігі жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік классификаторында кеткен үлкен қателікті айтуға болады. Жаңадан бекітілген (03.06.2008 ж.№273 ОА) Классификатордағы бастауыш білім профиліне (мамандық коды 0105000) бастауыш білім мұғалімі мамандығына қоса тағы да алты пән мамандығы енгізіліп жіберілген. Олар «бастауыш білімдегі информатика», «бастауыш білімдегі шетел тілі», «бастауыш білімдегі қазақ тілі мен әдебиеті», «бастауыш

білімдегі математика», «бастауыш білімдегі өзін-өзі тану», «бастауыш білімдегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері» деп аталады. Тіпті бастауыш білімдегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы сәйкес те емес, себебі бастауыш мектепте әдебиет емес ана тілі пәні жүргізілетіні есепке де алынбаған. 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пайдалануға енген классификатордағы осы алты мамандықты биылғы жылға дейін негізгі орта мектеп көлемінде даярлап келген едік. Бұл дұрыс шешім болатын. Ал жаңа классификаторда бастауыш білімнің негізгі мұғаліміне айналасы төрт-ақ пән қалады да, қалғанын жоғарыдағы пән мамандары беруі керек. Осы жердегі ең негізгі қателік классификаторды жасаушылар бастауыш білім мұғалімінің еңбек жалақысын есепке алмаған. Тіпті толық класс-комплект болғанның өзінде (класс екі топқа бөлініп оқытылуын айтамыз) ұстаз жалақысы төмендейді, ал республикада пайыз құрайтын шағын комплектілі мектептерде мұғалім жалақысы тіпті мардымсыз болып қалатыны ескерілмеген. Сөзіміз дәлелді болу үшін бастауыш мектеп мұғалімінің қазіргі классификатордағы мамандықтар бойынша сағат санына сай алатын жалақы көлемін беріп отырмыз.

№ Пәндер Стандартқа сәйкес жалпы сағат саны Барлық сағат саны Жас маманны еңбекақыс класс класс класс класс Топтық сағат саны Топшаның сағат саны Қазақ тілі 26406 т Шетел тілі - Информатика - Математика 14670 Өзін-өзі тану Орыс тілі 11736 Бастауыш сынып мұғалімі

Ескерту: Колледжден кейінгі жас маманның айлық ставкасы 17598 теңге. Жоғары санатты мұғалімнің айлық ставкасы – 22825 теңге. Екіншіден, осы классификаторға сай келесі жылдан бастап оқуға түсушілер күрт төмендейді, яғни бұл мамандық қажетсіз болып қалады. Үшіншіден, осы мамандықтар бойынша бітірген біздің түлектеріміз ертең жұмысқа орналаса алмайды, екі арада түсініспеушілік туындайды, яғни мемлекет қаражатына оқытылған маман қажетсіз болып қалмақ. Меніңше, бұл дұрыс шешім емес. Сондықтан барлық колледждер бастауыш білім профилі бойынша алты мамандықты даярлаудан бас тартады. Бұл мемлекеттік классификатордың іске аспағаны деген сөз. Біздің ұсынысымыз әзірге осы мәселеде көп қателіктерге ұрынбай тұрғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік классификаторының «Бастауыш білім» профилін бұрынғы дәрежеде қалдырып, аталған алты мамандықты негізгі мектеп деңгейінде білім беру құқын қайтару қажет. 2. Ж.Мусин атындағы педагогика колледжі 12 жылдық білім стандарты бойынша әдістемелік, инновациялық технологияларды игеру мақсатында «Insight – Зерде» ресурстық орталығын ашып, облыс көлемінде бірнеше мектеппен бірлесе жұмыс атқаруда. Өкінішке орай оқу кешені 480 орындық қана (колледжде 804 студент оқиды) бұрынғы СПТУ-дың ғимараты болғандықтан, сабақ таңертеңгі 800-ден кешкі 2000ге дейін екі ауысымда жүргізіледі. Оған қосымша жатақхананың 1-қабатын толық оқу процесіне пайдаланып отырмыз. Кітапхана 24 орындық қана, ол да жатақханада орналасқан. Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында бөлінген қаржы есебінен біздің колледжге екі қабатты қосымша ғимарат (пристройка) салу мәселесін шешіп беруге көмектесуіңізді сұраймын. Бұл ғимаратқа бүгінгі күн талабына сай интерактивті қондырғылармен жабдықталған 4-5 дәрісханалар мен

интернеттік орталығы бар электронды кітапхананы орналастырсақ деген жоспарымыз бар. 3. Бүгінгі білім халықаралық деңгейге сай болу үшін европалық білім стандартын іске асыру қажет деп отырмыз. Бүгінде біздің колледж ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ілгерлетуде, оқу процесін жетілдіруде жинақталған өз тәжірибесі, дидактикалық банкі бар. Енді бізге шет елдік білім жүйесін көріп, таныссақ деген жоспар қойып отырмыз. Соңғы жылдары шетелдік іссапарларға баратын делегация құрамына көбінесе техникалық білім мекемелерінің жетекшілері ғана ілегіп жүр де біз қалыс қалудамыз. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі, білім және ғылым министрлігі, түрлі халықаралық байланыс білім қорлары тарапынан болатын шетелдік іссапарлар құрамына еніп, шет елдегі білім жүйесімен танысып, олармен байланыс орнату жолына көмектессеңіз деген өтінішіміз бар.

Парламентке хат Председателю Комитета по социальнокультурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан Д.Ж. Нукетаевой Уважаемая Динар Жусупалиевна! Утвержденная Президентом Республики Казахстан Н.А.Назарбаевым Государственная Программа развития технического и профессионального образования в Республике Казахстан на 2008-2012 годы открывает штрокие возможности для формирования новой модели технического и профессионального образования.

Правительство утвердило сроки реализации Программы: 1 этап институтуциональной мдернизации – 2008-2010 годы, 2 этап устойчивого развития – 2010-2012 годы и выделило для реализации Программы 58179,9 млн. тенге, из этой суммы 17429,1 млн тенге выделено из местного бюджета, В целях освоения этих средств в областях приняты региональные программы реализации Государтсвенной Программы.

В этой связи хотелось бы остановиться на одной из структур технического и профессионального образования – педагогических колледжах. В таких развитых странах, как Германия, Великобритания, Франция, Япония, Америка, колледжи составляют 70 % всей системы образования. Республика Украина и беларусь утвердили для педагогических колледжей статус «Высшей педагогический колледж». В первоначальном проекте Закона РК «Об образовании» предлагалось ввести статус «Высший колледж», но в окончательном варианте ввели только понятие «Высшие технические школы».

Департамент технического и профессионального образования Министерства образования и науки, ставя первоочередной задачей совершенствование подготовки технических специальностей, в последние годы не уделяет должного внимания педагогическим колледжам. Это можно аргументировать несколькими фактами: 1. Педагогические колледжи по уровню образования относятся и к техническому и профессиональному образованию, и к послесреднему образованию. Таким образом, в этом нет конкретности. Гуманитарные специальности относятся к послесреднему образованию, но государственной программы, которая бы внесла ясность в дальнейшую судьбу педагогических колледжей, дос сих пор нет. В республике на сегодняшний день насчитывается около 60ти педагогических и гуманитарных колледжей. Все они являются в своих регионах лидерами в осуществлении программ подготовки специалистов среднего звена, имеют большой положительный опыт, достаточную компетенцию для решения проблем в меняющихся условиях современного мира. Выпускники педагогических колледжей более подготовлены в педагогической деятельности с точки зрения методологии, технологии, инновации и дидактики, нежели

выпускники высших учебных заведений. Этот факт доказан многолетним опытом, и с этим соглашается вся педагогическая общественность. Самое современное оборудование – интерактивные доски и инетрактивные методы обучения педагогические колледжи освоили первыми и уже выпускники 2008 года активно применяют их в школах. Т.е. коллективы педагогических колледжей являются приверженцами введения инновационных технологий, и жизнь доказывает, что именно колледжи готовят учителей – универсалов, владеющих разными уровнями компетентностей. Но сегодня нависла угроза закрытия таких учебных заведений. К этому может привести большая ошибка, которую допустило Министерство образования и науки в утвержденном 13.06.2008 г. №346 ОА Классификаторе специальностей послесредего образования. В соответствии с данным Классификатором по специальности «Начальное общее образование» (код специальности 0105000) наряду с квалификацией учитель начального образования введены еще 8 квалификаций: учитель информатики начального образования, учитель иностранного языка начального образования, учитель казахского языка и литературы начального образования, учитель математики начального образования, учитель самопознания начального образования, учитель русского языка и литературы начального образования, учитель уйгурского языка и литературы начального образования, учитель узбекского языка и литературы начального образования. Разработчики Классификатора не учли даже тот факт, что в начальной школе изучается не литература, а родная речь. Названные восемь квалицикаций готовились как самостоятельные специальности в объеме основной школы. Такое решение было правильным. А по утвержденному Классификатору основному учителю начальных классов остается вести только 4 предмета, а остальные предметы должны вести специалисты, подготовленные по вышеназванным специальностям. Здесь допущена основная ошибка: разработчики оставили без внимания зарплату учителя

начальной школы. Даже в том случае, если класс – комплект будет полным, зарплата основного учителя уменьшится в несколько раз, а если учесть тот факт, что 70 % школ республики являются малокомплектными, зарплата учителя начальной школы станет совсем мизерной. По нашим подсчетам, если казахский и русский язык, математику, информатику, самопознание будут вести учителя – предметники, то зарплата основного учителя начальных классов составит 8215 тенге, учителя с категорией – 12172 тенге. Зарплата учителя информатики, иностранного языка составит 3520 тенге без деления на подгруппы, а с делением на подгруппы 7041 тенге (а какое может быть деление на подгруппы в малокомплектной школе?!), так как эти предметы изучаются по одному часу со 2-ого класса. Отсюда вытекает как следствие вторая ошибка: резко уменьшится число абутуриентов, желающих поступить на эти специальности. В – третьих, выпускники этих специальностей, которых мы готовим уже сегодня, не смогут трудоустроиться, а значит, специалисты, на подготовку которых затрачены государственные средства, останутся невостребованными. Это повлечет за собой то, что педагогические колледжи откажутся готовить специалистов по 8-ми названным квалификациям начального общего образования. В педагогике и психологии практикой доказано, что в начальной школе основные предметы должен вести один учитель, это эффективно и правильно и с педагогической, и с психологической, и с физиологической, и с этической точек зрения. 2. Стратегической задачей нашего государства является введение страны в число 50-ти наиболее кокурентоспособных стран мира. В этих целях нам необходимо повысить качество и уровень образования, необходимо проведение фундаментальных прикладных исследований по проблемам технического и профессионального образования. Сегодня преподаватели колледжей занимаются научно –

исследовательской работой, являются разработчиками стандартов, авторами учебников и учебных пособий. Но в бюджетах организаций ТиПО не предусмотрены расходы на научноисследовательскую деятельность, так как нет законодательной и нормативно – правовой базы. Хотелось бы, чтобы статьи 3 (пункты 3, 5, 7) 10, 18, 22, 24, 26, 28 закона «О Науке» тоже имели силу и в техническом и профессиональном образований. 3. В республике система повышения квалификации преподавателей, работающих в технических и профессиональных учебных заведениях качественно не решена. Институты повышения квалификации, ориентированные на учителя школы, не отвечают требованиям содеражания образования технических и профессиональных учебных заведений, да и педагогических колледжей. В этой связи необходимо создание системы повышения квалификации преподавателей ТиПО на республиканском уровне и расширение связи с зарубежными коллегами, изучение зарубежного опыта.

ӘДЕБИЕТ – ӨМІР АЙНАСЫ

ДАЛАНЫҢ ДАРА ЖЫРШЫСЫ

Құдіретті поэзияның ақбоз атын ерттеп мініп өнер өңіріне өз үнімен, өзіндік ерекшелігімен желдіртіп енген ақын Нұрмияш Көбеновтің ақындықтың сар даласына тастаған тұлпар тұяқ өз іздері бар. Поэзия еліне: Мен далалықпын, Далада өткен базары балалықтың. Нөсеріне шомылып, сазын езіп, Тауларына ақ гүлін ала шықтым. Мен далалықпын, Даланың дауылынан жаралыппын. Тоқтығымның негізі молшылық деп, Молшылықтың не екенін жаңа ұқтым, - деп сәлем бере еніп, табалдырығын аттаған даланың толағай тұлғасынан қуат алған. Ұлы Мұхтар: «Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Көркемөнердің міндеті – табиғатқа еліктеу, оның сырын ашу», - деп бекерге айтпаған-ау. Ия, сырын ашу. Осынау даланы жырламаған ақын кемде-кем шығар. Жұмыр жердің жүрегі соғып, оны ұлы сана иесі адам аяғы аттағаннан бері дала поэзия арқауы, поэзия белдігі болып келеді. Сонау Гомерден бастап жырланған даланың бүгінде де өлең өзегі болуында, оның ерекше құдіреттілік, киелілік иесі екендігінде дау жоқ. Сондықтан да дала топырағынан жаралған әрбір ақын үшін даланы жырлау тек қана қажеттілік емес, бұл - өмір заңы. Бұл – Асан қайғы мен Қорқыттың, Фараби мен Қашқаридің, Бұхар мен Шалкиіздің, Шернияз бен Махамбеттің, Абай мен Шәкәрімнің, Сәкен мен Ілиястің, Қасым мен Мұқағалидың жырлаған даласы. Сондықтан да Өр Алтайдан – Атырауға, асқар Алатаудан – көгілдір Көкшеге дейінгі ұшы-қиыры көрінбейтін, сайын даланы, сағым даланы, құпиялылығымен өзіне ынтық еткізген ен даланы, жырламау мүмкін емес. Көңілім бір даладай, Далалықпын.

Ортасында жүремін сан алыптың, Ойлы дала өрісті кеңейтеді, Шалалығын ұқтырып балалықтың. Далада өстім, Көп сырды далада ұқтым. Дала да бір мектебі даналықтың. Далалықпын, Дала – сәнім, Бақытым, Дала – тұлғам. Мұнда бәрі мейірімнен жаратылған. Махаббатты, Пәктікті, Адалдықты, Оқып жүрмін аққудың қанатынан! Міне, бұл – дала ақыны Нұрмияш ағаның ақындық кредосы. Жалпы поэзия өнер түрлерінің ішіндегі бастау бұлағы, періштесі десем артық айтпаспын. Себебі, адамның әлемдік тепе-теңдіктен, қоршаған ортадан айырмашылығы сөз иесі екендігі белгілі, яғни поэзия - өнердің ең үздігі, бірегейі. Дала поэзиясының байрағын көтеру көкшелік ақын Н.Көбеновтің де өмірлік үлесіне айналғалы аз уақыт өтпепті. Ақын: Туған жерден алуан бұлақ тарапты, Қуалап кетіп жатыр жалпақ алапты. Менің алғаш қауырсыным қатайып, Осы жерде қақтым алғаш қанатты, - деп өзінің тырнақалды туындысының өзінде-ақ туған даланы өлеңінің өзекті мәселесіне айналдырады. О, табиғат, бір алау бар жанымда, Сол алауды лаулаудан жаңылма. Мен де бірге маздап жанып өтейін, Тасты ерітер қызу барда қанымда, - деп, сол даланың табиғатынан өзіне рухани күш-қуат беруін сұраса, әрі қарай: Күн болып көк аспанда күлу үшін,

Нұр болып түлектерді тілу үшін. Беріліпті адамға адал жүрек, Туған жер, қадіріңді білу үшін, - дей отырып, өзінің ақындық адал жүрегінің негізгі мақсат-бағдарын анықтайды. Поэзияның сазды самалы бетін өбіп, алғаш содан қуат алған ақын алдағы өмірінде де жыр желін туған дала, өскен жерге бұрып, соған арнаған. «Жақсы жазу үшін жақсы білу керек» деген пікірді алға тартсақ, ақын үшін де орамды ой толғап, сезім пернелерін дөп басу қажет-ақ. Әсіресе, өлеңде тек өзіңнің күретамырың көрініп, өз жүрегіңнің соғысы байқалса, ақын үшін үлкен бақыт емес пе. Көзің көріп, көңілің тоқып, санаң саралап бергеннің өзінде сезім толқындары қат-қабат арпалысып, өлең жібін ұстатпай, айшықты ойдың нәрлі де жан сүйсінер сырлы сөзге, жыр жолына айналуы оңай емес. Әрбір өлеңнің дүние есігін ашуында ақынның іштей үлкен тебіренісі, талант пен талғамның ұштасуы сияқты ақын жүрегіндегі асыл қазыналардың жан қиналтар толғағы жатыр. Жұмыстан іңірлете қажып келіп, Жырыма күні бойы азық теріп. Түн ұзақ құштарланып отырамын, Өзімше өлеңімді жазып көріп. Орманға сырым мәлім қайыңдаймын, Ауылдың аспандағы айындаймын. Бұйрығын жалқаулықтың ұйықтатып, Ақын-жүрек әмірін орындаймын. Бұл өлең жолдары тек қана Нұрмияш ақынның ғана жүрегінен шықса керек-ті. Н.Көбеновтің басқа ақындардан айырмашылығы осында деп білеміз. Дала – қуат, дала – шабыт, дала - ән, Бақытымды таптым іздеп даладан, - деген ақын сезімі, ақын толғауы дала бейнесін өзінің мәңгілік оты өшпес ошағына, шаңырағы шайқалмас отауына айналдырған. Енді ақын өз таңдауын: Қалаға бара алмадым өсемін деп, Жанға жайлы қызықтар кешемін деп.

Дала заңы - әуелден таңнан тұру, Дала заңы – оралу кешеуілдеп. Күн батады қызарып жерді қимай, Мен жүрмін бе қарайлап елді қимай. Дала тарлық қыла ма деп қорқамын, Кең далаға серпінім жүрген симай, - деген өлеңімен дәлелдеп, нығарлай түседі. ХХІ ғасырдың табалдырығында тұрып далада туып, жусанды дала ақыны болып қалу Олжас сөзімен айтсақ, «Ешкімнің де басына бермеген бақыт» десек, артық болмас. «Әкім – бір ұлттікі, ақын – бар жұрттікі» дегендей, халық үшін ақын қашан да ізгіліктің, мейірімділіктің, адамгершіліктің, қамқорлықтың, қайырымдылықтың символы болып келеді және бола да бермек. Бірақ осы жолда еңбектеніп, өмірде көп азаптанатын, қоғам қайшылықтарын жүрегіне ауыр алып, сол үшін нала-мұңды арқалайтын, жанын жегідей жеп, үнемі ой тұңғиығында малтып жүретін де ақын екенін естен шығармаған абзал. «Кектеніп надан зұлымға» дейтін шақтарында, Көңілі қалып достан да, дұшпаннан да», - дейтін мезгілдерінде ақын жүрегіне үлкен қуат құятын, нәр беретін шұғылалы нұрын төгетін – туған жер, өскен дала ғой! Ендеше: Бұл - өз жерім, Бұл - өз елім. Өз анам. Тау – трибуна, Өзен болып сөз алам. Бұл - өз жерім, Бұл - өз елім, Өз бабам. Көңілімнің Жыр бұлағын қозғаған. Қыртысыңды Өз қолыммен қопарып, Сенің қара топырағыңнан

От алып, Маңдайымның ақ маржанын себелеп, Құшағыңнан суырамын керемет. Ең абзалы Байтақ Отан, елім бар, Жүрегімде от, Көңілде нық сенім бар, - деп Нұрмияш ақындай бізге де қазіргі мынау адам жаны мен рухы әлсіреген заманда туған даладан қуат алу керек қой! Қазақ поэзиясында ақындар үшін даланың мәңгілік музаға айналуы табиғи шарт. Дала бейнесі - әр ақынның киелі қасиеті, сыйынар құдайы, табынар объектісі. Қазақ ақындары үшін Көкшетау осы далаға құдіреті күшті Прометейдей әсер беретіндігі ертеден-ақ мәлім. Сайын даланың бір жұмақ жері Көкшетау – ақындардың ақ бесігі, шабыттың Айнакөлі. Сондықтан да Көкше жері таланттардан ада болған емес. Айбынды Арыстанбай мен Шалдың, Орынбайдың, Ақан сері мен Біржан салдың, Үкілі Ыбырайдың мекені, кешегі Шәкен, Жақан, Елжас, Еркөкше, Байсейіт, Мұса, Еркештерді елі, бүгінгі Сәкен, Төлеген, Көкен, Баянғали, Қорғанбек, Құдайберді, Еріктердің табан тіреген ұлы ордасы. Біз үшін осынау таланттардың бәрі де Көкше өнерінің Оқжетпесін құрағандар болып есептелінеді. Міне, осы ұлы істе ақын Н.Көбеновтің де өз үлесі бар. Бірақ, шындығын айту керек, әр ақынның өз шығар шыңы, өз биігі бар. Ақын мен ақынның арасында өзгешелік, өзіндік рухы болуы қажеттілік. Ал кей кезде ақын мен ақынды салыстыра теңеу табу, оларды таразыға салу арқылы насихаттаудың ұтымды тәсілін әдебиетшілер қолданып жатады. Бірақ әр ақынның ерекшелігін салыстыру мүмкін емес. Бұл мәселеде Н.Көбенов шығармашылығына да дұрыс баға айтылуы тиіс. «Ақын орны – қаламы қандай биікке көтеріп шығарса, сол жерде. Ондай орын, әсіресе, биікте көп» деген сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің сөзімен таразыласақ, Нұрмияш ақынның да өз талпынған биігі, өз шығармашылық арнасы бар. Асылы, поэзияда табиғаттың тек қана жалаң сурет емес, адам сезіміне әсер ететін, оған ерекше жақсы көңіл-күй

сыйлайтын қасиеттілігімен ерекшеленуі жақсы нәрсе. Нұрмияш Көбеновтің Көкше бейнесін, дала суретін сомдауда осы қасиеті ерекше байқалады. Табиғат мезгілдерін реалистік тұрғыда суреттеу – ақынның шығармашылық жаңалығы. Мүмкін, бұл Н.Көбеновтің диқан ретінде табиғатты өзгеше түсінуінен болар. Бірақ бұл – тек Нұрмияш ақында ғана бар поэзиялық талғам. Ақын: Далам дәйім көктем болып тұрмайды, Күз келеді, Қызыл гүлдер қурайды. Ақ қайыңның жапырағы жамырап, Жылғаларды аралайды. Қорғасын ой кимелесе көңілге, Жігер құм боп, Құмға мұң боп төгілме. Көктем қайтып оралады ертең-ақ, Аязға да тоңу керек өмірде, - десе, енді бірде: Түйілсін бұлт, түнерсін, Жаңбыр жаусын, Гүл өнсін! Нәр ал қара топырақ, Өссін перзент – жапырақ. Ауа мен су-анасы, Жайнасын ел даласы! – дейді.Немесе: Күн сайын нұрға дала балқып, байып, Ақыннан жыр кестесін артық қайып. Көз жетпес көкжиекті әрі жүріп, Кетеді сеялкалар барқыт жайып, - десе, бірде: Кейбіреуге тыңдата алмай өкпемді, Өткіземін алтын күзді, көктемді. Көңілдерін көтерсін деп диқандар, Ала жүрем өлең деген еркемді. Жүрегімді билегенде бал шабыт,

Диқан өмір жайын жырлап, жар салып, Жүрсем деймін дән аялап, жыр тербеп, Аспанымнан маржан төгіп ақша бұлт, - деп жырлайды. Жалпы ақынның дала, туған жер туралы өлеңдерінде тек өзіне тән талай жаңа теңеулер мен әсем сөз қолданыстары ақынның поэзиясына әр беріп, нұрландыра түседі. Мәселен, өлең жолдарындағы «Самалын сауады даланың, еркімді билеген өлеңдер», «Жігіт-көктем қыр-қызға гүл ұсынды», «Ерке мінез, өктем үнді, сал бұлақ, арман-құздан арқырадың ән құрап» деген сияқты тың тіркестер өлең өңіріне ерекше көрік беріп тұрған жоқ па. Ақынның поэзиясына әдеби талдау жасаса, көптеген тың пікірлер айтуға болады. Бірақ, бұл арнайы талдауды, біраз ізденісті қажет етеді. Сондықтан, бұл - әдебиетшілердің үлесі. Даланы бар жан-дүниесімен, құштар көңілімен, ақын сезімімен сүйген ақын ағаның: Босатсаңшы, дәрігер, аурухана, Мені күтіп мұңайды-ау ару дала. Дала кезіп жүруші ем, дала кезіп, Қыс боранда, жаз нөсер, жауындарда. Босат мені, дәрігер, бірер күнге, Босатпасаң, бағынбай кетем мүлде. Өзім туған даланың самал желі, Мені таппай шарқ ұрып іздеп жүр ме? – деп жырлауы далаға деген зор шынайылықтың белгісі. Дәл Нұрмияш ақындай даланы сүйе білсек, оған ынтық болсақ, ұлтжандылықтың қайнар бұлағынан сусындаған болар едік. Н.Көбеновтің бүгінгі күндері шығармашылығының мәуелі бәйтеректей толысқан шағы. Поэзия әлеміне өз үнімен келіп, енді өз биігіне көтерілген ақынның алдағы шығармашылық табыстарына кәміл сенеміз. Оған дәлел соңғы жылдардағы философиялық ой-өріске толы танымдық туындылары, дидактикалық сарындағы өлеңдері. Самайға кетті ақ кіріп, Жастықтың гүлін лақтырып. Көңілде көктем күлгенмен,

Кеудемде қасқыр жатты ұлып, - деп ақын ағаның өзі айтқандай, қамшының сабындай қысқа ғұмырдың зыр ете қалар жылдамдығын кімдер мойындамаған. Өмір өз дегенін істеп, бірде күнгейін, бірде көлеңкелі көкжиегін ұсынады. Бұл да өмір заңы. Бірақ поэзия атты мәңгілікте Нұрмияш ақынның да үлесі бар екенін ескерсек, бұл да бақыт пен шаттықтың мерекесі болса керек. О, жігіттер, мені әзір шал демеңдер, Шалдан шығып жатыр-ау бар кемеңгер, - деп өзі жырлағандай, жыр сүйер қауым одан әлі де толағай, толымды жырлар күтеді.

ҚОСКӨЛДЕ ТУҒАН ДАРЫН (Ш.Хұсайыновтың жастық шағы туралы толғам) Қарға тамырлы әрбір қазақ үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі байлығы – туған жер. Анадан өмірге шырылдап келіп көзін ашқан, кіндік қаны тамған жер тағдырының таразышысы, әулиеден жебеушісі. Содан болар қазақтың туған жерге деген ыстық махаббаты туған топырақ арқылы өз жүрегінде мәңгілікке сақталады. Сонау ақиық Алтайдан ақ айдын Атырауға, қарт Қаратаудан көк күмбезді көгілдір Көкшеге дейінгі қазақия жері ұлтымыздың өз Отанына деген сүйіспеншілігінен жаралған іспетті. Осынау кең байтақ Отанымыздың бір бөлшегін құрап, Арқада орын тепкен тақиядай табиғат сұлулығының символы болған Көкшедегі Қоскөл топырағы да қасиетімен де ерекшеленеді. Өзінің сұлу да әсем табиғатын құрайтын Қоскөл, Зоркөл, Желкебай, Ырсай көлдері қайың мен қарағайы, көк талы мен терегі араласқан қалың ормандарға астасып, ортасынан Қоскөл еліне орын бергелі бұл елден өнегесі мен өнері үстем, өрісі мен өресі кең, мәрттігі мен жомарттығы зор, білімі мен біліктігі мол жандардың жұлдызды шоғыры шыққан. Міне, осындай көштің бастаушысы, бірегейі, дарыны мен талантын қалың қазақ елі

жасаған ұлт әдебиетінің жаңа дәуірдегі драматургия саласының негізін салушылардың бірі – Шахмет аға Хұсайынов еді. Әлбетте, елге берер мінездеме туралы халқымыздың санасында қалыптасқан «еліңнің үлкені кім, беделдісі қайсы, атақтысын ата, сонда еліңнің немесе өзіңнің кім екеніңді айтам» - деген хақиялы сөз өте дұрыс айтылған. Айыртау өңіріне, қала берді Көкшетау еліне «қырық қалпақ Қоскөл» атын алып берген сонау 20-30-40 жылдары ауылдан шыққан Шахмет Хұсайынов бастап, оны Жауырдың Уәлихан, Айдарханы, Ахметжанның Қадыр, Кәрім, Уахаты, Хамзабайдың Теміртай, Сапары, Әшірбектің Жанәбілі, Мұстафа, Құлболды, Сопақ, Әлі аталарымыздың ұрпақтары қостаған алғашқы зиялылардың атқарған еңбектері күні бүгінге дейін ел есінде. Жазушы-драматург Ш.Хұсайыновтың өнегелі өмірі, әсіресе, жастық шағы Қоскөл ауылымен тығыз байланысты. Ш.Хұсайынов 1906 жылы 12 мамырда Айыртау ауданының Қоскөл ауылында дүниеге келген. Соңғы уақытта жазушыны кеңшар орталығы – Қараталда туған деп жергілікті баспасөзде, хабарларда, анықтамаларда жаңылыс айтылып жүр. Бұл жерде ежелден егіз елдің сыңары – қараталдықтар ренжімес, жалпы алғанда, Шахаң аға туғанда аталмыш екі ел де әлі жеке-жеке өз алдына шаңырақ көтеріп, ортақ ошақтан түтін түтетіп, бірлескен ауыл емес еді. Тек бұл жерде тарихи дұрыстығын айтқанды жөн көрдік. Қазіргі Қоскөл мен Атығай руының Құдайбердісінен туған Құлымбеттің Ораз атамыздан тараған ұрпақ құрайды. Бүгіннің өзінде біздің ауылды Ораз баласы деп атауы осыдан. Ораздан Дәуітбай, одан қазақтың ар-намысын аспанға көтерген Абылайханның қол бастаған жолбарыс жүректі арысы Жәпек батыр туған. Шахмет Хұсайынов осы Жәпек батырдың жетінші ұрпағы болып саналады. Бұған дәлел ретінде жазушының баласы филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Көбей Хұсайыновтың және қоскөлдік шежіреші Уәлиев Саттардың шежірелерін айтуға болады. (Бұл жерде артық

айтқандық болмас, ата-тегін танымай мәңгүртке айналған мына заманда, керісінше, Қоскөл елінің Атығайдан бастап бүгінгі ұрпағына дейінгі шежіресінің толық үш нұсқасы жинақталып (І, ІІ нұсқасы ел қолында) жатыр). Жазушының нақты туған жері өзінің ұлы атасы Жантайдың ата қонысы қазіргі Қоскөл ауылы қоныстанған жерде Зоркөл көлінің батысына қарай 7-8 шақырымдай жерде сияқты. Себебі, жазушы мамыр айында туғандықтан, ел ол мезгілде жайлауда, яғни Жантай ұрпақтарының жазғы қонысына көшіп қонған кезеңіне сәйкес келеді. Ал Ораз ұрпақтарының бас қосып, сол кездегі кеңес саясатына орай колхозға бірігіп, оған Қоскөл атауын беруі 1927-28 жылдар шамасы. Ш.Хұсайыновтың сәби шақтан бозбала жігіттік шағына дейінгі кездегі елде өткен өмірінің мазмұнды болуына, өнерге деген көзқарасының қалыптасуына, әлбетте, халық ауыз әдебиетінің ықпалы зор болған. Оған себеп жазушының тұрмыс-салт жырларының біздің елдегі түрлі нұсқаларын, дастандарды, әдет-ғұрып өлеңдерін жатқа білуі. 13-14 жасында болашақ дарын ауылда «ақын бала» атанып, өз жанынан өлеңдер шығара бастаған. Бұл жолда бозбала жігітке әсер еткен – атақты Ақан серінің қартайған шағындағы ізбасар шәкірті, өзінің туған немере ағасы болған Еркөкше ақын. Еркөкше туралы ақынды көзі көрген әнші-сазгер К.Ілиясов: «Әнші атаңды білесің бе? Тамаша әнші, дауысы асқақ, айшықты, әуенді еді» деп, Еркөкше жайында білгендерін айтып жүреді. Тек, Еркөкше ақыннан қалған тұяқ болмады. 1940 жылдардың екінші жартысында дүниеде өткен. Оның өмірінің соңғы күндері туралы ауыл ақсақалы Сейітбек Серғалиев: «Өмірінің соңғы айлары біздің әкейдің қолында өтті. Дүниеден өтерінде бірнеше күн қара домбырасын қолынан тастамай қарлыққан қарттың тарғыл дауысымен көп жырлады. Бірақ, біз ол кезде жас болып, әлі елдің де соғыстан кейінгі қасіреті арыла қоймаған кез, ол кісінің не туралы жырлағанына көңіл қоймаппыз» деп елге барғанда бір айтқаны бар еді. Өкініштісі сол, кезінде Еркөкшенің мұрасы қағаз бетіне түсірілмей қалды да, өзімен бірге кеткенге ұқсайды. Белгілі композитор

М.Төлебаев өзінің «Біржан-Сара» операсын жазғанда көптеген әндерді Ш.Хұсайыновтан алғаны белгілі. Соның бірі – Ажардың ариясының негізінде Қоскөл аруларының айтатын сыңсуы негіз болған. Ал мұның авторы Еркөкше ақын болуы мүмкін ғой, әйтпесе, Шахаң аға тегіннен бұл әнді ұсынбас еді. Міне, сондықтан Шахмет Хұсайыновтың балалық шақтан болашақтағы үлкен өмір жолына шыққанға дейінгі кезеңінде өнердегі бір ұстазы Еркөкше ақын болды деп санайтынымыз. Қара сирақ бала кезінен зеректігінің арқасында небір өлеңжырларды жатқа айтып, көкірегіне қондырған Шахаң ағаның мінез-құлқы, дүниетанымы, көзқарасы өз құрбыластарынан көш алда болған. Көкірек көзі ерте ашылып, дүниенің төрт бұрышына ерте үңіліп, ерекше сезімталдығының арқасында жүргендігі, өнерге, әдебиетке деген ынтызарлығы бала шағынан оянған. Ол елде жүрген кезінде-ақ үлкен өнер мектебінен өткен. Қуғында жүрген Үкілі Ыбырай Жантай балаларына келіп паналаған кезіндегі аз ғана уақыттың өзі Ш.Хұсайынов үшін тағы бір өнер белесіне көтерілуіне әсер еткен. ХХ ғасырдың жаңа дәуір әдебиетінің оған дейін кешеңдеу дамыған драматургия сияқты кәсіпқой жанрын қалыптастырушылардың қатарына қосылғанға дейін Шахаң аға әуелі ақындық, әншілік сияқты өнерлердің өре жолын жүріп кеткен. Оған мысал, дарынның елдегі «ақын бала» атануы мен Қызылжар педтехникумында оқып жүріп Коцик басқарған хормен Мәскеуде болуы, әрі осы хордың басты солисті атануы. Осының өзі Ш.Хұсайыновтың әншілік өнерден де құр алақан еместігін дәлледейді. Ш.Хұсайыновтың жастық шағының екінші белесі – Қызылжар кезеңі. жылы оқу іздеп Қызылжар педагогикалық техникумына түскен ол жастығына қарамастан, сол кездегі қаланың зиялы қауымының өміріне бірден атсалысып кірісіп кетеді. Педтехникумның ІІІ курсында оқып жүрген оған «Толстойшыл» деп жала жабылып, оқудан шығарылып қала жаздаса да өзі таңдаған жолынан бас тартпаған. Артынан «Мағжаншылсың», «Бейімбеттің құйыршығысың» деген аттар да таңылған. Әйтсе де Шахмет аға

өзінің әдебиетке деген сенімін жоғалтпай ілгері тартып, өз өмірі мен жолының биігіне шығу үшін күресіп өткен. Дарынның Қызылжар кезеңі өзінің артынан ерген Қоскөлдегі інібауырларына да үлкен әсерлі болған. Ауылға демалыстарға келген уақыттарында жер-жерде оқып, білім ала бастаған жастарды жинап, ақыл-кеңесін беріп, олардың білімге, жаңашылдыққа деген талаптарын ұштап отырған. Елдің «қырық қалпақ» атануы да осыдан. Айыртау өңірінде ең алғашқы қызыл отау клубтың ашылуы да сол кез. Оқыған жастар Шахмет ағаның бастауымен сол клубта түрлі ойын-сауық кештерін өткізіп, пьесалар қойып отырған. Сол шақта скрипкада, баянда, домбырада, мондалинде ойнайтын жастардың, әншілердің көп болуына да өз еңбегін арнаған Ш.Хұсайынов еді. Сондықтан төңіректегі ауылдағы жастардың да жиналатын жері Қоскөл ауылы болған. Сол кездегі ауылға келген мәдениеттің белгісі ретінде шахмат, дойбы ойнау дәстүрге айналған екен. Ш.Хұсайыновтың туған жерге, өскен елге деген сүйіспеншілігі өз драмаларында да орын алған. Драматургтың шығармашылық шеберлігі мен кәсіпқойлығы, пьесаларының көркемдік ерекшелігі мен тақырыбы туралы жоғары баға беріліп, әдебиеттің ең биік тұғырына көтерілгенін қазақ елі біледі. Бұл жерде Ш.Хұсайыновтың туып өскен жері, елі, ұшқан ортасы, оның жастық шақтағы қалыптасу кезеңіне көз жіберуге тырыстық. Әйтпесе, Қоскөл тарихына арналған «ТотыТамилла» пьесасынан бастап, исі Көкшетауға арнаған «Үкілі Ыбырай», «Сырымбет саласында», «Өтелген парыз», «Біз осында тұрамыз» сияқты кесекті туындылары Шахмет ағаның туған жерге деген ыстық жүрегінен, махаббатынан туған шығармалары емес пе? «Мен адамға қамқорлықтан басқа жәрдем көрсетуден өзге ештеңе ойламаған екі жолдасты білемін. Оның бірі – Шахмет Хұсайынов», - деп Ғ.Мұстафин айтса, «Шахметтің жаратылысындағы қайырымдылық, мейірімділік маған ұнайды. Ол өзінің емес, өзгенің қамын ойлайды екен», - деп Ә.Тәжібаев айтқандай, өмір бойы адамгершіліктің ақ семсеріне қылау түсірмей, атақ пен мансапқа арын сатпай өткен қазақтың ірі

жазушы-драматургі Шахмет Хұсайынов өмірі өзінің кейінгі ұрпағына да өз өнегесімен үлгі бола береді дейтініміз де сондықтан.

КӨКЕННІҢ АЙТЫС ДӘСТҮРІ

1984 жылдың жазында Көкшетау қаласында облыс ақындарының ХҮІ айтысы болады. Оған облыс көлемінде танымал Кәрік Тахауин, Мырза Сейдахметов, Қайрат Бешімов, Хафиз Халелов, Гүлдана Кенжеғалиева қатысты. Сол айтыста бүкіл республика көлемінде ақтангер ақын ретінде танымал өнерпаз Көкен Шәкеев бастап ашып, айтыскерлерге өрелі жырмен табыс тіледі. Көкең, өзінің айтуы бойынша, он жасында-ақ өлеңді нақышына келтіре орындайтын болған. Бұдан әрі Көкше өңірінің бұрын-соңды ақын, әнші, жыршыларының шығармаларын көңіліне тоқып, атақты Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай шығармаларын әнге салып айтады. Ақынның шығармашылық жолына сол кездегі белгілі ақын Шәкен Отызбаевтың әсері зор болды. Айта кететін бір жай: Көкен өзінің нақты туған уақытын 1926 жыл дейді. Қағаз деректерінде 1924 жыл болу себебі сол, ол 1943 жылы майданға еріктілер қатарында аттанған. Көкеннің айтыс өнеріндегі алғашқы тұсаукесері 1958 жыл. Бұл жылы ол облыстық ақындар айтысында Мұса Асайыновпен өнер сайысына түсті. Содан қадамын сәтті бастаған Көкен Шәкеев республикалық деңгейдегі айтыстарда төрт рет жүлделі орын алып шықты, яғни 1969 жылы – семейлік Қалиқан Алтынбаевпен, жылы – талдықорғандық Әбікен Сарыбаевпен, 1980 жылы – солтүстік қазақстандық Бүркіт Бекмағанбетовпен, жылы талдықорғандық Қайдар Мамановпен айтысты. Бұл оның ақындығының асқан шеберлігін қалың көптің сарабына салған ұлы дүбірлі жиындар болды. Әсіресе, 1970 жылы және Қазақ ССР-нің құрылғанына жыл толуына арналған ғылыми творчестволық

конференцияда (1969 жылы) айтысқанда, ол өзін төкпе де тегеуірінді ойдың ақыны ретінде де таныта білді. Кейбіреулердей ойы бытыраңқы, берекесіз, нәрсіз шұбыртпаға бармайды, өлеңінің жинақылығы қомақты сыртқы түріне сай, ал ішінде ой мен пікір үйлестігі дәл түсіп, шиыршық атып жатады. Өз қарсыласын бірден шығармашылық ізденіске, нағыз сайысқа жетелей жөнеледі. Балуан, батыр тұлғалы денесіне сай зор дауыспен аңырата, салмақты жырдың тиегін ағытып алады. Қарсыласының ұсақ-түйек міншілдігін батпандай орайлы оймен шегеріп тастайды. Көкеңнің импровизаторлық өнерін, еркін де кең тынысты сілтесін оның айтыстарының қайсысынан болсын аңғарып, сезінуге болады. Ақын бір күрделі дәлелдерді, үлкен ойларды, көкіректе жылт еткен сезім ұшығын ұстап қалып, адам мінездемесін әрі шапшаң, әрі көркем өлеңмен айтып береді. Көкеңнің қашан да болсын айтысты өзі бастап, өзгені еліктіріп әкететін үлкен қасиеті, әсіресе, Бүркіт Бекмағанбетовпен айтысында көл-көсір танылды. Ұшар сәтте қанатын желпіп, қомданып алатын алып құстай қалыпқа түскен ақын, әрі қарай көмекейден жыр шашуын үстемелете төгіп, арынды арғымақтай төрт аяғын тең баса тайпалата жөнелген сәті сөз өнерін, айтыстың қадір-қасиетін тани білетін көрермен қауымды сол жерде зор әсерге бөлеген. Лепті әуенмен, күшті екпінмен өлең тиегін ағытқан ақын сол шабыстың аяғына дейін бір танбайтынын Көкең талай рет дәлелдеді. Ақын қай кезде де заманға сай салмақты да салиқалы сөйлейтін. Өзінің дауысы да өлеңіне сай, зор әуенді қалпымен биікке шырқайтын. Ал айтыс ақыны үшін дауыстың күштілігі – жеңіске жетер жолдағы үлкен көмекші жағдай. Қолына алған домбырасын да түрлендіре тартып, Көкең айтысқа кіргенде дауысы бұрынғыдан да әрленіп, тынысы кеңейіп, зор шабытпен жырлап, шарықтап кететін. Ақынның осындай тарихи дарынын қарсыластары көріп, танып бағалай білген. Мәселен, Көкен туралы Қалихан ақын: «1969 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясында өткізген ғылыми-творчестволық конференцияда көкшетаулық Көкен Шәкеевпен айтыстым. Көкен өршелене соғатын көкдауылдың өзі екен. Сексен көлді Көкшетаудың

көркі мен экономикасын тілге тиек ете отырып, жыр шумақтарын үсті-үстіне үдетті-ай келіп! Келісті дене тұлғасы, өктем күшті дауысы, домбыраны құлпырта тартуы арқылы мысы басып еңсеріп әкетті», - деп Шәкеевтің тереуірінді айтыскерлігін жоғары бағалайды. Қалихан да сол кездегі белгілі айтыс ақындарының бірі болғаны мәлім. Осындай атақты ақын Көкенмен айтысында әріптесінің өзін қалай тықсырғанын осылайша мойындайды. Айтыстарының ішінде, әсіресе, Қайдар Мамановпен айтысында Көкең өзін өз тұсындағы айтыс ақындарының ішіндегі әдеби де өміршең білімі мол, өз заманының талабына сай ой толғай білетін алғыр, көреген ақын ретінде таныта білді. Қайдар ақын: «Ақан сері қыз іздеп келіп айтысқан», - деді, оған Көкең қарсыласының тарихты білмейтінін, Жетісуға Ақан емес, Біржан салдың барғанын айтады. Қайдар ақын Көкеннің аяғының кемдігіне тиісіп, үстем болуды ойласа, керісінше, Көкен оның бұл қылығын қателікке санап, «бүгінгі өнер сайысына аяқ емес, тіл қатысады ғой», - деп жөнді жауап береді. Қайдар: «Талдықорғанда Шоқан ғалымдарым жатыр», деді, ал Көкен болса: «Шоқан кім? Ол жалғыз Көкшетаудікі немесе қазақтікі ғана ма еді? Шоқан бүкіл елдің бетке ұстары. Оны Россия да қадір тұтқан жоқ па! Ал Жетісу болса, ол да қазақ жері. Онда жерленсе, еш айыбы жоқ», - деген ойды өлеңмен өрнектеп айтқан еді. К.Шәкеев айтыстарының бір ерекшелігі сол, ол халық қазынасы – сөз асылымен терең тамырлы байланыста өріледі. Сондықтан оның өлеңдерінде мақал-мәтелдер де орынды жерінде жиі қолданылып, ойын ұтымды беруге септігін тигізген. Ақын жырында нәрлі теңеу сөздер көп кездеседі. Мәселен: «Өмірдің өлең деген - айнасы», «Сәулет сай дәулетіме», «Елге сын – егін жинау», «Ердің бағы – елдің бағы» деген терең ойлы жаңа мағыналы салиқалы сөз маржандары Көкеңнің ойшыл ақын екендігінің бір дәлелі болып табылады. Көкен өлеңдерінің жасалу жолдары, ұйқас үйірме де жымдасқан, шымыр болып келеді. Халықтық поэзиядағы суырып салма ақындар тудырған өлеңдерде дыбыс қайталануы,

ұйқас байлығы қисапсыз мол. Көкен мұрасы да сондай. Оның үстіне өлеңдегі жаңашыл ұйқас, ырғақ ақынның білімділігіне, дарындылығына байланысты болса, Көкен Шәкеев те осы қырынан биіктікте таныла білді. Сан қырлы ақындық асыл қасиеттері арқылы Қазақстанның халық ақыны, Республика ақын-жыршылар одағының тұңғыш президенті болған, «Халықтар достығы» сынды жоғары награданы омырауына таққан Көкшенің ақиық перзенті Көкен Шәкеев өзі жырлаған адамгершілік, адалдық, гуманистік идеялардың биігінен танылған адам еді. Оның жұрт алдындағы қадірінің молдығы толассыз селдей ақтарылған жырларында өзі ту еткен асыл мұраттардың өмірде ақындық болмысымен астасып жатуына саяды. Ақиық ақын тіршілікте биікте жүрді және сол биігінде мәңгілік орын тапты.

КӨКЕН ШӘКЕЕВ ЖӘНЕ ИМПРОВИЗАТОРЛЫҚ ӨНЕР, ТҰЛҒА ТАҒЛЫМЫ

ХХІ ғасырға әлемдік өркениеттер текетіресі мен ғаламдастыру процесінен өзінің ұлттық өнерін жоғалтып алмай жеткізген аз ғана халықтардың санатына қазақ ұлты да қосылып отыр. Жұмыр жер бетіндегі саны аз халықтар мен кішкентай мемлекеттердегі ұлттар мен ұлыстардың руханияты мен менталитетіне, этноэколық жүйесіне орасан зор қауіп төндіріп отырған әлемдік ғаламдастыруға тек қана синтезделген, конгломерат өнер мен химералық сана ғана қажет болатын болса, ұлттық рухани болмыс-бітімді қалай сақтаймыз деген риторикалық сұрақ өзін ұлттың уызы ретінде сезінетін әр азаматтың жүрегінде жүргені анық. Сондай зиялы жандардың қатарында ұлт әдебиеті мен өнерінің жанашырлары тұрғаны қуантады. Кез келген ұлттың бүгінгі өсіп-өну, даму процесі, әлбетте, оның өткен тарихынан, рухани болмыс-бітімінен бастау алары хақ. Алдыңғы ұрпақ жасаған рухани мәдениетті оған жалғас

келген екінші ұрпақтың берік иеленіп, мұрагер боп отыруы табиғи заңдылық десек, ендеше осынау ұлы мәдениет мұрасының зерттелуі, әсіресе, терең насихатталуы, жаңа дәуір талабына сай жетілдіруі – екінші ұрпақтың келер ұрпақ алдындағы міндетті борышы дер едік. Бүгінгі жаңа буын ұрпаққа Көкен Шәкеев мұрасын насихаттау осындай аксиомалық қағидадан туындауы қажет. Әлбетте, әр өнер адамына «Халық ақыны» деген атақты атты бей-берекет ұсына бермесе керек-ті. Ол үшін толық мағынасында нағыз ақын бола білу керек. Ақын ба ән салмаса шабыт керней, Тартпаса домбырасын құлаш сермей. Ақын ба жұртпен бірге жиындарда,

Селдетіп жырдан нөсер топқа кірмей, - деген Көкен атаның өз сөзі-ақ оның халықтық сипаттағы өнер иесі болғандығын дәлелдейді. Жүрегіне өнердегі үш бірдей, атап айтқанда, айтыскерлік, жазба ақындықты, жыршылықты тұмса талант кеңістігіне сыйдыра білген Көкеннің өмірі де өзі сияқты тұлғалы, өнегелі. К.Шәкеев жылдың наурызында бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Сарыадыр ауылында дүниеге келген. Әкесі Шәкей Дәулетбаев (1867-1950) – Көкшеге белгілі саятшы, қыран баптап, жүйрік ұстаған, шебер домбырашы болған, кезінде атақты Ақан серінің өнерін өз көзімен талай тамашалап, Арқаның серілік өнерін дамытуға атсалысқан тұлға болса, анасы Ажар Ыбырайқызы (1866-1951) жас кезінде Есілдің батыс бөлігін жайлаған елге әнші ақын атанған. Шәкей мен Ажардың отбасында Бұқпа, Молдахмет, Аңдамас, Қара, Өтеубай, Көкен атты аузын айға білеген алты ұл мен Зейни, Алмасары сияқты еліктей екі қыз өмірге келіп, шаңырағын қызыққа бөлеген. ХХ ғасырдың қасіретті кезеңі – екінші дүниежүзілік соғысқа Шәкейдің арыстандай ұлдарының бесеуі бірдей аттанып, солардан тек Қара мен Өтеубай ғана аман-сау қайтып оралған. Майданда қаза болған арыстай үш ағасының кегі үшін, елде зар илеп қалған ата-ананың көз жасы мен қара нар

қайысқан қайғысын өтеу үшін шаңыраққа ие болып қалған кенже ұл Көкен әскери коммиссаритқа келіп, туған жылын 1924 жыл деп көрсетіп, 2 жас қосып алып, 1943 жылы 17 жасында соғысқа аттанады да, одан тек 1947 жылы ғана оралады. Болашақ импровизатордың ақындық өнердегі алғашқы өлеңдері жорық жылдары жазылған. Қан кешу қызыл майданға араласқан, шынжыр табан аждаһа темірдің өзі төзбей, қабырғасы қарс сөгілген қасапты қырғынды өз көзімен көрген жан азасы адам санасында айрықша тербелістер тудырып, осындайда елді, ата-анасын шарқ ұрып іздеген сағыныш сезімдермен ұштасып, бұғанасы жаңа ғана бекіген жас ұланның қолына қалам алдырады, қағаз бетіне жыр болып төгіледі. Өкінішке орай, сол кездің ерекшелігі – жүректен жолданған өлеңдердің бәрі де үшбу хат болып елге оралғандықтан, солдат архивінде сақталмағандықтан, көп өлеңдердің бүгінге жетпей қалғандығы. Елге жеңіспен оралған Көкен аға үш жылын туған ауылының соғыстан кейінгі ауыр тұрмысын көтеруге арнайды да, 1950 жылдан зейнеткерлікке дейін кеңес қызметінің финанс саласында қызметтер атқарады. Әлбетте, кез келген өнер адамының тұла бойына біткен көптеген сан қырлы қабілеттерінен ерекше айшықтанып, Оқжетпестей дараланып тұратын дарындылық қасиеті болады. Көкен Шәкеевтің де атын бар қазаққа паш еткен айрықша таланты - әлемде номадтар галактикасымен бірге жасап келе жатқан ұлы импровизаторлық өнер – бүгінгі ХХІ ғасырдың айтысы, яғни айтыскерлік өнер еді. Сонау ғасырлар қойнауынан кәтепті қара нардай тоқтамай тартып келе жатқан ақындар айтысының әр дәуірдің өз объективті себептеріне сай жоғары өрлеу, төмен баяулау кезеңдері болған. К.Шәкеевтің импровизаторлық шығармашылық дәуірі жанрының әдебиеттің күнгей жағынан көлеңкелі тұсына қарай ысырылып, кеңістік саяси конъюнктураға бағынған соцреализм әдісінің «қылышынан қан тамған» тұсына дөп келді. Бұл қазақ халық ауыз әдебиетіне нағыз апокалипсистік шырғалаң

жасалған кез еді. Әйтсе де, көп ғасырлық тарихы бар, зәулім бәйтеректей тамырын тереңнен тартқан, толғауы тоқсан толағайдай заңғар, алқымы алты айлық мұхиттан асып самғар, екпінді айтыс жанры бүгінгі бізге аман-есен жетті. Айтыстың ұзынның қысқарып, жуанның жіңішкірген нағыз өліара талма тұсына келген шағында оны жерге құлатпай көтеріп алған аз ғана айтыс ақындарының көш басында осы Көкен ағамыздың болғанын айту бүгінгі ұрпақ – біздің парызымыз. Кеңес дәуірі кезінде «түрі ұлттың мазмұны социалистік» деген сұрқия саясатының кесірінен левиафандық күй кешіп, маргиналдана бастаған ұлттық мәдениет пен өнердің, әдебиеттің, соның ішінде айтыс жанрының түгелдей өшіп қалмауына еңбек еткен К.Шәкеевтің сол кездері айтыстағы үзеңгілестері – Қалихан Алтынбаев, Манап Көкенов, Қалдыбек Әліқұлов, Әбікен Сарыбаев, Надежда Лушникова, Шолпан Қыдырниязова, көкшелік Мұса Асайынов, Кәрім Тахауиндер болды. К.Шәкеевтің айтыс өнеріндегі алғашқы тұсаукесері – 1958 жылғы Көкшетау облыстық ақындар айтысынан бастап, ғұмырының соңына дейінгі айтыстарға шейін ұстанған кредосы - өнерге деген асқан адалдығы, нағыз шынайы рухани тазалығы еді. Айтыс өнері маңындағы кейбір этикалық нормаға жат былық-шылықтарға бой алдырмай өзінің тұлғасына сай өз биігінде қалуы – үлкен ерлікпен пара-пар. Айтыстың жан алысып, жан берісетін нағыз сүре түріне, үлкен даңғылына түспес бұрын Көкен ең әуелі 1958 жылы облыстық бірінші айтысқа шығып, қарсыласы шықпай қойғанына қарамастан, халық алдына шыға келіп: ...Отырдым ақын күтіп Чистополдан, Айтыспай жеңісімді бермен қолдан. Ықтырып сол ақынды әкеткен бе, Ақ боран алай-дүлей соққан солдан.

Әрқашан жарыс – табыс, жарыс – мақсат, Жарыста жөн бола ма қалған ақсап. Бірақ та өлең, жырдың орны бөлек, Қиыннан қиыстырып жөнін тапсақ.

Ендеше чистополдық жерлестерім, Арнаймын тізбектелген жыр кестесін. Келмесе ақындарың бұғып жатсын, Қай жерде меніменен теңдес едің?- деп, ұлы өнердің есігін ашады. Одан кейін 1961 жылы бүгінгі қазақ журналистикасының ақсақал сарбазы Сарбас Ақтаевпен, 1963 жылы Құдыкен Ибрагимов, 1964 жылы Кәрім Тахауинмен сөз сайысына түсіп, өз елі Көкше жерінде айтыстың алғашқы мектебінен өтеді. Ақын есімінің кеңінен танымал болып, қалың жұртшылыққа аты шығуына оның 1969 жылы семейлік Қалихан Алтынбаев, 1972 жылы талдықорғандық Әбікен Сарыбаев, 1980 жылы солтүстік қазақстандық Бүркіт Бекмағанбетов, 1984 жылы талдықорғандық Хайдар Мамановпен айтыстары себеп болды. Жалпы, Көкен Шәкеевтің шығармашылық ғұмырын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңге бозбала шағындағы алғаш қолына домбыра алып, ән айтып, ел арасындағы қисса, жырларды жаттап, маңайға танылған. «Атандым ақын болып мен жасымнан, Қолыма домбыра алдым он жасымнан», деп өзі айтқан 1930-1940 жылдар. Екінші кезең, тұңғыш айтысқа шығып, Көкшенің дәстүрлі ақындық мектебінен өтіп, шыңдалған 1958-1968 жылдар. Үшінші кезең, республикалық деңгейге көтеріліп, айтыстың небір додалы сайыстарына түсіп, нағыз дүлдүлдердің аламанында шыңдалған, айтыстың ақтангері атанған 1958 жылдан ғұмырының соңына дейінгі мерзімді жатқызамыз. Ақындар айтысы – күні бүгінге дейін әлем ғалымдарын таңқалдырып, өзінің сиқырлы да қасиетті дүниесімен тәнті етіп келе жатқан киелі өнер. Қазақ халқының рухани дүниесінің түп қазығы, өзекті арнасы – импровизаторлық ұлы сөз өнерінің ерекше қасиеттлігінде екені ежелден-ақ белгілі. Айтысты,

импровизаторлық өнерді, сонау ерте замандарда өзге әлем бас иіп, тағзым етіп, үлгі етсе, Еуразия материгі күні бүгінге шейін таң-тамаша болып келе жатқаны анық. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын айтылған ориенталист Н.Ворониннің: «Казах благодаря быть может своему постоянному общению с природой, поэт в натуре. Он любить петь и слушать хорошие пения, но это не песни в обычном смысле этого слова – казах большею частью импровизирует, воспевая все», - деген сөзі ұлтымыздың асқан өнерлілігіне, шешендігіне таң қалып, бас игендігі осының бір ғана куәсі. Ал имровизаторларды атақты саяхатшы-этнограф А.Янушкевич: «…Мен алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Бұлар қазақ трубадурлары, даланың бардтары – ұлы ақындары. Олардың өлең шығаруы мен қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айғақтайды», - деп асқан ризашылығымен жоғары бағалайды. Осындай ерекше өнердің иесі ақын Көкен Шәкеевтің 1987 жылы Қазақ ССР-і Жоғары Советі Президумының указы бойынша «Қазақстанның халық ақыны» деген атаққа ие болуы – импровизаторлық дарынының ресми бағаланып, өнері шынайы танылып, құрметтелгені еді. Қандай да болмасын ұлттың ұлылығын, даму, жетілу биіктігін оның аз ғана ұлы тұлғалары жасайды деген әфсана қағида бүгінгі күні қоғамдық пікірдің саналық анықтамасына айналып келе жатқаны мәлім. Әсіресе, философия, психология, мәдениеттану салалары тұлға категориясын жан-жақты зерттеп, сан қилы тұжырымдамалар ұсынып жатыр. ХХІ ғасырда жаңа қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруда негізгі роль атқаратын – тұлға формуласы дүниеге келді. Осы орайда қазақ ұлты да өз тұлғаларын анықтауда, танып-білуде аз еңбектеніп жатқан жоқ. Біз үшін ақын Көкен Шәкеевтің азаматтық тұлғасын танып, оның тағылымдық жақтарын санамызбен саралай білу, бүгінгі ұрпаққа «Көкен-тұлға» деген саналық жоғары ұғымды қалыптастыру міндеті тұр. Көкен тұлғасының тағылымы оның

әдебиет пен өнердегі қайталанбас өз биігі мен қарапайым адами ғұмырындағы адал азаматтың позициясында деп білемін.

ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫНАРЫ

Сәкен аға өмірінің соңғы 7-8 жылында қасына көп алып, жиі сырласуға шақыратын. Соған таңырқаған мен бірде: «Ел алдында жүрген ақын-жазушы емеспіз, көптің бірі, қарапайым ұстаз бізден сізге не қайыр?» - деп сұрағанымда «Сенің адалдығың мен сенімділігің ұнайды» деп еді. Шамасы жүрегіндегі замана жүгі жинап берген запыраны мен көңілдегі көп ойларын ақтарып, шынайы бөліскісі келгені болар. Мүмкін өзі жазушы болғандықтан, өз кеңістігіндегі әріптестерінен бөлек жан іздегендігі ме екен... Сәкен сырлары сарқылмас дариядай, түпсіз терең тұңғиықтай еді... Көкшетау елінің кіндігін өзі кескен толағай тұлғалы екі ұлының алдында берешегі өтелмей, парызы ақталмай келе жатыр. Ол Көкшенің КӨК Бөрілері Еркін мен Сәкен! Алдыңғысы үшін саясаттан сақтанған, бой тасалаған қазақы жасқаншақтығымыз болса, екіншісінде ел басқарған әкімқаралардың тексіздігі мен біліксіздігінен. Жарайды Еркін аға үшін бұғып қалайық, ал Сәкен үшін елдің игі жақсыларының үн қатпауын немен түсіндіруге болады. Осы орайда облыстық, қалалық ардагерлер ұйымы, оны басқарып отырған төрағалар ай қарап отыр ма дегің келеді. Кезінде Сәкен Жүнісов өзі туған Көкшетау өңірінен Парламентке депутаттыққа түскенде бір емес екі рет өзіміз құлатып, жігерін құм қылған едік. Оның жан күйзелісін аз-ақ адам түсінді, өзі сыртқа сездірмегенімен, жүрегі сыр берді. Сондағы оның айтқаны «Ау, жоғары мінбеден шындықты мен ғана айта аламын ғой» болды. Бірақ осы сөзінде үлкен саяси астар жатты. Сәкен Көкшетауын ерекше сүйгендіктен, оған шамасы келсе зор қолдау жасағысы келді.

Мемлекет, ұлт, тіл, жер төңірегінде Парламенттен үлкен шаруаларды іске асыруға белін бекем буып еді, әттең, жолын өзіміз қидық. Осы кезеңде оған ел ағалары мен абыздары ұйымшылдық көрсетіп, толық қолдау көрсеткенде ұтқанымыз көп болатын еді ғой. Осындайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын тарихи ұрымтал тұстарда Жетісу, Сыр, Батыс өңірі үнемі бірлігін паш етіп, ұтып кетіп жүретінін бәріміз де білеміз. Біле тұра осындай әділетсіздікке, дарақылыққа бардық. Ал Көкшеден сайланған депутаттар ішінен ауызын айға білеген, ел үшін ерлік жасаған кімді айта аламыз. Шығыс Қалиханын, Жамбыл Шерханын, Батыс Қадырын әспеттеп, өздері қалаған жерінен үй салып, барлық жағдайын жасап берді. Алты-жеті әкім бітірмеген, көзі тірісінде табалдырығынан да аттап кете алмаған үйінің мәселесі сиырқұйымшақтанып кетті. Бұл мәселені жалғыз Төлеген Қажыбай ғана көтерді. Мұражай үй болады деп өзі анықтап берген осы ғимарат мәселесі шешілмей-ақ қойсын, бірақ та 75 жылдығы қарсаңында Сәкен есімін ардақтауда үлкендердің бас біріктірмеуі елге сын. Бара-бара сәлем беретін, сол сәлеміңді өрелей қабыл алатын, «Армысыңды» түсінетін, «Бармысыңды» айтатын жасы үлкен ағалар болмай қалады ма деген ой мазалайды кейде... Айтпаса шындық өледі. Шындық Сәкенмен кетіп қалмаса игі еді. Өтірік, жалған, бұралқы сөйлеген тілден таспа тілетін Сәкен «Пайғамбар жасына келгенде, енді менен қандай жағымпаз шықпақ. Кешегі советтік заманда да ешкімге жағынып көргем жоқ, содан да болар, партияға өтіп, қызығын көрген де адам емеспін,» - деген еді Президенттің алдында да. Шындықты дәл Сәкендей айта алатын азамат жоқтың қасы, бетің-жүзің бар демей, атақ дәрежең, тақтағы қызметің де шекара болмайтын. Кеңес дәуіріндегі коммунистердің қызыл саясатының айдарын жел ескен шағында Торғайдағы бір жиында компартияның қазаққа жасаған геноцидін тура айтқан Сәкен Жүнісовтың қайсар ерліктерінің бұл бірі ғана. Сәкен өмірі ерлік пен өжеттіліктен өрілген еді. Бірақ содан сабақ алған қазақ кемде-кем. «Дербестік алдық, тәуелсіз елміз деп құр

даурығып, іске келгенде несіне тосылып, несіне бұға береміз. Ендігі жерде бұға беру – айып, жасқана беру – ұят!» демеп пе еді ағамыз. Осындайда Уинстон Черчилдің «Саясаттың да серті болады. Оның біріншісі – кешікпеу. Ұлттық мүдде ұтатын жерде ешуақытта кешікпеу керек. Шешімді де тез қабылдаған жөн,» - деген сөзі оралады ойымызға. Ауылға жасалған қиянатты тоқтату, билік саласындағы «командалық» басқару жүйесінің коррупцияға әкелетіндігі, білім саласындағы өрескел кемшіліктер, мәдениеттегі әсіреқызыл, сәншіл, мерейтойшылдық іс-шаралардың терістігі және оларды қалай жөндеуге, дұрыстауға болатындығы туралы ойлары дөп түсіп жататын. Соның біразы қазір іске де асырыла бастады. Бүгінгі қазақтың сиқын көріп, «қазақ жұртшылығының көпшілігінің «қазақ» жөніндегі, ел жайындағы сезімі оянған да, санасы әлі ояна қоймаған» деген пікірі қазіргі біздің қоғамның ахуалын дөп басқан диагнозы деп айтуға тұрарлық. Ұлтымыздың мемлекетшілдік деңгейге жетерлік тұрғыда санасының оянбауы, ар-намыс дәрежесінің болмауы осының дәлелі. Қайраткердің «Міржақып айтқан: «Оян қазақты!», «Ойлан, қазаққа» ауыстыруға салақтық жасап келеміз» - деген ойы еліміздің бүгінгі ішкі саясатында атқа мінсе де «адасып» жүрген азаматтары үшін даяр платформа емес пе! Оның ауыл жайлы толғамдары, қазақ тілі туралы он бір ұсыныс-пікірі, мәдениет пен әдебиет, идеология мен саясат туралы кесек-кесек ойлары – мемлекеттік деңгейдегі небір тұжырымдамалар мен бағдарлама-ларға арқау боларлық дүниелер. Осы шағын ғана мақаламызда С.Жүнісовтың жазушылық талантына тоқталған жоқпыз. Себебі оны біз өз жұмысымызда күнделікті насихаттау үстіндеміз. Колледжде Сәкен сері Жүнісов атындағы әдеби-танымдық бірлестік ашылып, қыруар жұмысты қолға алды. Туған күніне орай Сәкенге арналған әдебиет дәрісханасын ашуды жоспарлап отырмыз. Тәуелсіз қазақ елінің жаңа астанасын Сәкен аға «Алашорда» деп атауды сонау 1997 жылы-ақ ұсынып еді. Енді сол Астанадан Алаштың бүгінгі арда ұлдары, қазақ ұлтының руханият кеңістігін толтырып жүрген қайраткерлері, ақын-

жазушылары ішінен алғаш өзіңе топырақ бұйырды. Бұл Аллаһ тағаланың жазуы шығар, бірақ та осының өзі де қазақ елінің, оның жаңа астанасының рухын ерекше дәлелдеп, әспеттеп тұрған сияқты... Сәкен шындығы Астанада шынар болып өседі әлі!

СӘКЕН ЖҮНІСОВ ЭЗОТЕРИЗМІНДЕГІ БҮГІНГІ МАҚСАТ

Сәкен Жүнісов қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тарихында өз орны бар жазушы деген жалпылама анықтама бере салатын дарындар қатарына жатпайды. Одан гөрі дәлірек нақтылау, терең дәйіптей отырып барып зерделей анықтауды қажет етеді. Әдебиет пен өнерде эзотеризм ұғымы бар. Ол жақсы, атақты, ел таныған, қоғам мойындаған Ұстаздың өзінің тәрбиелеген, баптаған, үміт артқан шәкірттерінің ішіндегі таңдаулысына, озық ойлысына ауызбаауыз беретін, жекелей үйрететін тәлімін айтады. Көне дәуірлерде атақты риторалар мен элоквенттер (шешендер) өздерінің ондаған, жүздеген шәкірттерінен санаулысына ғана бата бергені белгілі. Қазақтың шешендік өнерінде де осы үрдіс үлгі болған. Эзотеризм ілімі бізді жазушы С.Жүнісовтің шығармашылық өмірбаянын зерттеуде қазақтың заңғар жазушысы, әлемдік классикалық әдебиет қорына шығармасы енген дара тұлға М.О.Әуезовке жетелейді. Бәрімізге аян, Сәкен Нұрмақұлы М.Әуезовтың шәкірті, яғни аспиранты болған және де соңғысы. Ғасыр жүгін мойнына артқан, өмір бойы «кеңестік» идеологияның қамытын еріксіз киюге мәжбүр болған, бірақ саналы ғұмырында ішкі дүние сарайы, рухани жан дүниесі ұлттық болмыс-бітіммен өмір кешкен жазушы тіршілік соңында сүйікті шәкіртінен зор үміт күткен, мүмкін ішіндегі құпияларымен де бөліскен шығар. Кім білген. Бұл – ірі тұлғалар арасында ғана болатын құбылыс, қарапайым пендеге жұмбақ, тылсым дүние. Эзотеризмнің болмыстағы ең табан тірер тегеріші – түйсік (интуиция), яғни субъектінің өзін

қоршаған ортаның, қоғамның бар қыр-сырын, даму эволюциясын, адамдар әлеміндегі шым-шытырық қозғалыстың мән-жайын тамыр ұстаған балгердей түйсікпен айыра білу, сезіне білу, жоғары сананың микроәлемдік кеңістігіне еніп, сол арқылы синтезге шығу қабілеті. Сәкен де эстетикалық ой биіктігін ұстазы М.Әуезовтен алған деген пікірді ұсынсақ, жаңсақтыққа жатпайды деп білемін. Оған куә - оның Мұхтар Омарханұлынан алған дәрістер жинағы. Сәкен Жүнісов қаламынан шыққан «Ақан сері» дилогиясында ұлы тұлға лабораториясынан үлгі алған, соған еліктеу сарыны бар. Әдебиеттегі компаративтілік әдісін Сәкен өз романындағы басты кейіпкер – Ақан образында аса шеберлікпен пайдаланған. М.Әуезовтың Абай образын сомдауда өмірдегі генийліктұлғалық тұрпатын қалай көрсете алса, С.Жүнісов те Ақан бейнесін өзі өмір сүрген ортасындағы реалистік деңгейде, яғни өнер адамының транстрагедиялық көрінісін шындықпен баяндау арқылы компаративке бара білген. «Жүнісов те өз кейіпкерлерін әр оқиға сайын өсіріп, әр қырынан көрсете білуге ұмтылып, оның патша мұрагері атынан Николай Алексеевич алдында бүкіл қазақ халқы атынан халық мұңын, ел тілегін айтуы – жазушының ғана тамаша шеберлігі емес, роман қаһарманы Ақан тартысының ең шырқау биігі, ең шырқау шыңы. Ылғи шен-шекпен киген ел жуандары мен патша ұлықтары қоршаған мұрагер. Өріп жүрген әкімдер... Осындай тұста патша ұлына қарсы сөз сөйлеу үшін қандай жүрек, қандай батылдық керек десеңізші? Тек жүректілік қана емес, елім деп, халқым деп соғар ұлы жүрек керек қой ақын кеудесіне» дейді әдебиетші, ғалым, академик Рымғали Нұрғали. Жазушы Ақан бейнесінің полотнолық бет-бедерін суреттеуде өмірдегі Ақан сері Қорамсаұлының басынан кешкен, өзінің тағдырының ең көшелі, бетбұрысы айқын, жанға батар ауыр сәттеріндегі оқиғалар арқылы үлкен әдеби-эстетикалық толғаныстар негізінде туындысының көркемдік идеясын асқақтата білді. Осы жолда, меніңше, талантты прозаик ретінде

Сәкен аға ең бірінші ұстазы М.Әуезовке сүйенді деп пайымдау керек. Ұлы Ибраһимнің қоғамдағы күресте гуманистік кредоны негізге алғанымен, Оразбайлардай зорлық-зомбылық, әкімшілік биліктің шоқпарлы ресурсынан соққыға жығылуы, сері Ақжігіттің қазақ өнеріндегі бапкерлік биіктігінің белгісі – Құлагерді қазақ қоғамына сыйлауы жолындағы БатырашҚотыраштардан көрген қастандығы – қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу кезеңіндегі өз жаман әдеті мен сорақы пиғылының, бойында бар сырқатының көрінісі. Бұл – ақиқат! Бұл – күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа геналық коды арқылы сылынып қалмай, кенедей жабысып бірге жасап келе жатқан ұлттық осалдық белгісі, халықтың тұсауы. Бұл - өткен дәуірде де, бүгінде жалғасын тауып келе жатқан қазақ халқына деген қолында шексіз билікті шоғырландырған төбедегілердің жасап отырған қиянпұрыс әрекеті. Мұнымен күресу тек жүректілердің қолынан ғана келген. Олар – Абай мен Ақан, Мұхтар мен Сәкен! Осы жолдағы эзотеризм жүйесінің түйсіктік бағыттағы жалғастығын қос жазушының көркем туындыларындағы ұқсас көркемдік бірліктерден байқауға болады. Бүгінгі күні қоғамда, әсіресе, әлі де болса өз мәдени даму кеңістігін анықтай қоймаған посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерде зор екпінмен күштеп жүргізіліп жатқан вестернизация процесіне біз қалай қарсы тұруымыз керек деген ой әр саналы азаматты толғандыруы қажет. Айналамыздың экшн дүниеге, неомодерн сәніне еркін берілуіне, ақымақтықпен, тұрпайы фанаттық сеніммен есі шыға енуіне қарағанда нағыз күрес әлі алда сияқты. Осы жолда бізге қуат болатын міндетті түрде ұлттық классикалық әдебиет. Батыстың өзі дүниеге әкелген сабын

көпірікті субмәдениетінен жерініп өз классикасына қайта бас ұруы тегін емес сияқты. Яғни, біз де бүгінгі ұрпақты, жаңа қоғамдық құндылықты классикалық көркем проза мен этнологистикалық жаңа поэзия арқылы тәрбиелеуге күш салуымыз керек.

Сәкен Жүнісов шығармалары тегіс автохтонды мәдениет туындылары қатарына жатады. Оның «Сақау бәтеңкесінен» бастап «Заманай мен Аманайға» дейінгі екі аралықтағы барлық шығармалары осыны дәлелдейді. «Жапандағы жалғыз үй» романы осы күнге дейін кеңес дәуіріндегі қазақ даласына жасалған сұрқия саясатты әшкерелеген жалғыз-ақ көркем туынды екенін айтса да жеткілікті. Яғни жазушының артефакт мәдениетке төтеп берер көркем туындылары жаңа қалыптаса бастаған қоғамдық ұлттық рухани дүниетанымды қалыптастырудағы рөлі зор. Жазушы С.Жүнісов шығармаларында эзотеризм бағыты тіпті өз идеалы Ақан поэзиясында да жатыр. Ақан серінің: Мархабат патшамыздан ала алмадық, Я Бұқар кетеміз бе, я Турция? Ворон иттің астында қалғаныңша, Тірлікте ізденіңіз исламия. Бір үш кез жер тимейді өлгеніңе, Бұ не кеп, бұ не қасірет, ғамкіния? - деген осы өлеңі ақынның өмірлік ұстанымын көрсетіп тұрған жоқ па! Өкінішке орай кеңес дәуірінде Ақан сері өлеңдері «соцреализм» станогынан өтіп кеткен ғой. Ал ақынның : Қағысқанды қыламын под надзором, Патшаның мизамындай мен де сотпын,- дегені тіпті елу жеті жылдан кейін өзін көркем әдебиетте қайта тудырған, рухын асқақтатқан екінші Ақан сері – Сәкен серінің өзіне арнап аманат еткен өлеңі іспеттес. Осыны эзотеризм деп қалай айтпайсың енді. Қазіргі батыс идеологиясы постмодернизмді бетке алып бейрационалдық, плюралистік жалаңаштанған, бейтарап жаһандану үрдісін ұсынып отыр бізге. Француз ғалымы Жан Эллюль: «батыстандыру қазіргі кезде ұрандар мен теориялар арқылы емес, байқатпай өмір шындығына енгізіп жіберу арқылы жүргізіледі, бұл иландырудың жаңа формасы, адам жаңа құндылықтарды өз еркімен таңдағандай болып тұрады,» - деп өте дұрыс әрі әділ айтып отыр. Батыстың әсіреқызыл

«табысқа жету туралы бас айналдырар мифі», «американдық арман», «Өзіңді өзің жасай аласың» сияқты принципі өте қауіпті. Ендеше, кеше ғана өзіміз көзіміз көрген, аялы алақанының жылуын көрген, бекзадалық серілік өнерін тамашалаған қазақтың ұлттық мәдениетінің Оқжетпесі - Сәкен Жүнісовтың шығамаларын насихаттау арқылы, ең алдымен, өзіміз, сосын мына жас өркен ұрпақты шынайы, таза, саф, мөлдір әдебиетімен тәрбиелей білудің әдіс-тәсілін іске асыра білейік.

ОРЫНБАЙ БЕРТАҒЫҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ

Каждая эпоха и каждый народ в истории человечества имел свое лицо. Их искусство – предмет исследования современной науки. Мурад Аджи

ХІХ ғасыр – халқымызға небір дарынды, тума таланттардың шоғырын сыйлаған ғасыр. Қазақ әдебиетінде жыраулар дәстүрі мен Абай негізін қалаған жаңа жазба әдебиетінің арасын жалғаған, біріктірген, рухани алтын көпірі бола білген қазақ ақындарының ішінде әдебиет тарихында өз орны бар ірі тұлғалардың бірі – Орынбай Бертағыұлы. Әлбетте, Орынбай ақынның туған жылы туралы деректер күні бүгінге дейін нақтыланбай келеді. Әр жылдардағы зерттеулерде ақынның өмірдерегі туралы пікірлер әр түрлі. Мұның негізгі себебі – Кеңес дәуірінде ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақындардың басым көпшілігі «зар заман өкілдері», «сарай ақындары» атанып, теріс баға алғандығында болса керек. «Абылайдай, Уәлидей, Шыңғыстай, Ерден, Тұрлыбектей хан-сұлтандарды, би-болыстарды мақтап,

мадақтаған, яғни шынжыр балақ, шұбар төстердің заманын дәріптеген, солардың таптық ақындары болған» деген біржақты «соцреалистік» пролеткульттік анықтама беріліп, Орынбай ақынның мол мұрасын насихаттауға қарсы болған, оның өлеңжырларын, айтыстарын айтқызбаған. Әсіресе, «қызылдар қырғыны» болған 20-30 жылдары Орынбайдың көзін көрген, талай рет өлеңдерін өз ауызынан естіген және ақынның шығармаларын тегіс жаттап өскен адамдарды оның өлеңдерін айтқаны үшін ашық қудалауда болған. Сол кездегі кеңестік идеологияның ұр да жық «қызылкөз» ұраншылдары Орынбайдың өлеңдерін ел есінен ұмыттырып жіберуіне кәдімгідей үлкен күш жұмсап, ақынның туған жері – Айыртау өңірінде оған қарсы «қызылдар насихатын» іске асырған. Соның бір дәлелі ретінде оны «Орынбай дін жолындағы ақын болған, дін туралы көп жырлаған, кімде-кім оның өлеңдерін айтатын болса, қызыл отауға шықырылып жазаланатын болады» деген қорқыту, үркіту тәсілін қолдану арқылы ақын мұрасын ұмыттырып жіберуге тырысқан. Бірақ халық есінде мәңгілік сақталып, шығармалары түгел болмаса да бүгінгі күнге жеткен, әдебиетіміздің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырған Орынбай бабамыздың өмірі мен шығармашылығы ұрпақ үшін қажет мұра. Орынбай Бертағыұлының нақты туған жылын атауда негізінде екі дата жиірек беріледі. «Қазақ Совет Энциклопедиясы», «Бес ғасыр жырлайды», «Асыл сөз» жинақтарында ақын 1813 жылы туған делінсе, екінші бір дата – 1816 жыл поляк саяхатшысы Адольф Янушкефичтің «Қазақ даласына жасаған саяхатының күнделіктері мен хаттарында» кітабында 1846 жылы ақын Г.Зелинскийге жазған хаты бойынша беріледі. А.Янушкевич осы хатында былай деп жазады: «Бізде өлеңші Орынбай болды. Мен оның неше жаста екенін, неше жасынан бері өлең айта бастағанын сұрадым. «Отыз жастамын, он жасымнан өлең айтамын» деп жауап берді», деп келтіреді. Бұдан басқа ақын 1818 жылы туып, 1897 жылы қайтқан деген дерек те кездесіп қалып жүр. Ал, Орынбай ұрпақтарының ішінде бүгінде Петропавл қаласында тұратын,

1934 жылы туған Шаяхметова Зияш Молдахметқызы өз күнделігінде ақынды 1830 жылы туған деп жазады. Ақын шығармаларын зерттеп, оның мұрасын насихаттап жүрген көкшетаулық ақын, жазушы Жұмабай Есекеев «Орынбай Бертағыұлы ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан деректер бойынша 1814 жылы Қараулы-Көлдей ішінде дүниеге келді» деп өз пікірін қосады. Орынбай ақын туралы жазылған барлық қолда бар деректерді сараптай келіп, ақын 1816 жылы туған деген А.Янушкевичтің хатына тоқтаған дәлелді болатын сияқты. Біріншіден, саяхатшының Орынбаймен кездескен уақыты 1846 жыл. Бұл – тарихи күнделікте жазылған бұлтартпас факт, жоққа шығаруға келмейді, екіншіден, А.Янушкевичтің өзі Орынбаймен бетпе-бет кездесіп, онымен әңгімелескені, нақты жасын сұрағаны туралы жазып қалдырған. Орынбай Бертағыұлының өміріндегі келесі бір күмәнді тұсы – оның ата тегінің әр жинақта әр түрлі аталуы. Мәселен, М.Ысқақовтың зерттеу мақаласында, Х.Сүйіншәлиевтің «ХІХ ғасыр әдебиеті» монографиясында, 1904 жылы шыққан «Айтыс» жинағында және айтыс туралы бірнеше жинақ, монографияларда Орынбайдың тегі «Орынбай Кертағыұлы» деп берілуі. Ал әдебиет зерттеушісі Қ.Биғожаұлы «Орынбай ақындар хақында» деген мақаласында: «Орынбайдың әкесі – Байғожа, атасы – Бертағы екен деп берілуі шындыққа сәйкесе қоймайтын сияқты. Шындығы – Бертағы емес, Кертағы. Байғожа деген кісінің Орынбайдың екінші әкесі екендігі шежіреде көрсетілмеген. Біз осы Орынбайға аталас Сүйіндік бақсы деген шежіреден сұрағанымызда, ол Орынбайдың әкесі Кертағы екенін айтқан еді», - деп өз пікірін айтады. Шындығында, Орынбайдың тегі Бертағы болуы керек. 1939 жылы Қазақстанның солтүстік аймағына, Омбымен шекаралас елді-мекендеріне арнайы ұйымдастырылған экспедицияға қатынасушы Дүйсенбек Еркінбековтің Орынбайдың өмірбаяны туралы латын алфавитінде жазылған Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының сирек қолжазбалар қорында сақтаулы қолжазба нұсқасы бар. Осы қолжазбада: «Байғожа Бертағы ақынның баласы. Орынбай

Байғожаның ұлы. Бертағы аты мәлім ақын болған. Орынбай үлкен шешесінің, атасы Бертағының тәрбиесінде болады. Олар жасынан баланың ыңғайына қарата өлеңге, әнге, әңгімеге үйір етіп тәрбиелей бастайды... Орынбайдың даусы зор болған» - деген жазба жолдары бар. Сонымен қатар ақын кезінде өз ата тегінің шежіресін өлеңмен айтып жырлап та кеткен. Орынбайдың ұрпақтарының ішінде оның шығармаларының 2030 жылдардан аман сақталуына үлкен еңбек еткен Молдахмет Ержановтың бірнеше дәптері болған. Соның бірі қызы Зияшта (шын аты - Зиянша) сақтаулы. «Сөз қуып, сөз қадірін білушілерге осы тарихи жинақтарымды пайдаланатын адамдарға қалдырдым» деген сөзбен басталатын дәптерде Орынбайға байланысты жаңа

дүниелерді кездестірдік. Негізінде Молдахмет Ержановтың өз кезінде С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, Т.Адамбаевпен жиі кездескен, көзі ашық, көкірегі ояу, саналы ақсақал болған. Орынбай атасының бүгінде жинақтарда басылып жүрген белгілі өлеңі мен айтыстарын кезінде өзі Ғылым академиясына тапсырған. Міне, осы Молдахмет Есжанов 1927 жылы үйленіп, оның отау болған тойына құтты болсын айта келген атақты жезтаңдай әнші Үкілі Ыбырайдың: Мініпсің топтан таңдап ақтангер ат, Ақ орда көтеріпсің алтын қанат. Келінді және алыпсың жақсы таңдап, Болғайсың бірің манат, бірің жанат.

Жаралған Абылайдан Уәлі, Шыңғыс, Дүниеде мал мен бағы болған тегіс. Сендерді де құдайым қосқан екен, Гүліндей алтын, жібек болып нақыш. Белгілі болған әлемге Амалдық, Рай атаң, Жер жарып Бертағы ақын Орынбай содан туған. «Аруақ орны жай болмайды деген сөз бар», Жарайсың қатарыңнан асып шыққан, -

деген арнау өлеңінде арғы аталарының бірін – Бертағы деп айтып, оны дәріптеп өтеді. Сонымен қатар, М.Ержанов атасы Орынбайдың өлеңмен өрген шежіресі негізінде өз ата-тегінің шежіресін аталмыш дәптерге жазып қалдырған. Сонау Нұх пайғамбардан басталған шежіре өте ұзақ, сондықтан ақынның тегіне байланысты жерін ғана келтіруді жөн санады. Сонымен, Қарауылдың бір тармағы болып келетін Көлдей, одан Қасқа, Қасқадан Амалдық, Рай, Медет, Амалдықтан Бертағы, одан Байғожа, Отар туған. Байғожадан Орынбай, Тоқабай, Шақабай үш ағайынды тарайды. Орынбайдан Омар, Оспан, Құсайын, Қасен атты төрт ұл. Жоғарыда есімі аталғын Зияш Молдахметқызы «Кертағы деген ат үрім-бұтағымызда болмаған, ал «Бертағы» деген ат аталарымыздың тәңірден қалап «тағы бер, бер тағы» деген тілегінен туған» дейді. Орынбай ақынның шындығында Бертағыұлы болуына М.Ғұмарованың: «Осы кезге дейін ХІХ ғасырда өмір сүрген көкшетаулық Орынбай ақынның фамилиясы Кертағыұлы деп кітаптар мен зерттеу еңбектерінде айтылып келді. Соңғы түскен Орынбайдың туысы Ержанов Молдахметтің, қарт журналист Мұқаш Мәжікеевтің материалдарына сүйенгенде оның фамилиясы Кертағыұлы емес, Бертағыұлы екені белгілі болды» - деген ғылыми тұржырымдауымен дәлелдеуге болады. Ал, «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары» кітабында ақынды Орынбай Байғожаұлы деп көрсеткен. Шын мәнісінде Байғожа туған әкесі де, Бертағы ұлы атасы. Орынбайдың Бертағыұлы аталуына Зияш Молдахметқызының айтқан мына әңгімесі де негіз болатын сияқты: «Орынбай дүниеге келерде анасы үш күн қиналса керек. Сонда Бертағы атамыз үлкен жеңгесіне «Сіз осы келін қалай босанады, егер ұл туса қандай жағдайда дүние есігін ашады, бәрін зер салып қарап отыр, мен үйдің іргесін ашып қоямын, маған келіп айтарсың» деп тапсырма береді. Нәресте туғанда біраз уақыт дыбыссыз жатып кенеттен қатты шырылдап бақырып қалады да аяқ-қолы керіліп ұйықтаған кейіпке келеді, әлден соң екі қолын екі жаққа жайып, алақаны ашылады. Осы көргенін жеңгесі айтып келгенде Бертағы атамыз «Уа, құдай, екі ата бойы бабаларының ақындығы тоқтап

қала ма деп қауіптеніп жүргенде, Алла тәңірім берген екен! Бұл алдына жан салмайтын, үш жүзді ауызына қаратқан ең қалаулысы болады екен, алақанының ашық жатқаны – құдай қанша берсе, өз халқына сонша таратып, жұртына қадірлі болады екен» деп батасын береді де, атын өзі Орынбай қояды». Орынбай Бертағыұлының алғаш дүниеге көзін ашып, кіндік қаны тамған жері – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының Сырымбет тауының маңы, нақтылап айтсақ, бүгінгі Егіндіағаш ауылының қасындағы Орынбай көлінің жаны. Жазушы Ж.Есекеевтің «Ақынның туған жері – осы күнгі Көкшетау өңіріндегі Айыртау ауданының Дәуқара және Егіндіағаш ауылдарының жері. Егіндіағаштан төрт-бес шақырымдай жердегі Орынбай және Қабақ көлдерінің бергі орманды барқынында Орынбай ұрпақтарының жұрты жатыр» деген сөзімен нақтылай түсуге болады. Ақын 9-10 жасқа келгенше тілі шолжың, сөзге онша үйірлігі жоқ, бұйығылау болған. Бірде қой бағып жүріп далада ұйықтап кетеді де түс көреді. Түсінде Қызыр ата аян беріп «Шырағым, неге жасып, мұңданасың, тұр, өзің өлең аласың ба, көнек аласың ба?» дейді. Содан Орынбайға ерекше тіл бітіп, ақындығы көріне бастайды. Мұны ақынның: Ақбаскөл қаз бен қыран ұшқан көлім, Үш қарағаш, Сарыөзек өсім шөбің. Көкшенің Сырымбет тау қиясында, Дүниеге көз ашып туған жерім. Тоғыз жаста өлеңші ата келді маған, «Бағың болып даримын деді саған» «Әмин» деп қолым жайып тұра келдім, Осылайша көрінді Қызыр бабам. Аузымды ашсам денемнен өлең қайнап, Айтуға шамам келмей тарттым азап. Үш жүздің баласы бас қосқанда, Бақ алдым өлшеуі жоқ тәңірім қалап. Ризық бағы адамның болса бірге, Ол кетпейді барсаң да қара жерге. Өткен адам артына тарих қалса,

Сол болады сөнбейтін шамшырағы. Дарымай адамға дәулет, бақыт қонбас, Көшпелі бақыт, дәулет, сірә тұрмас. Қонарда ризық, бақыт бірге келсе, Көрсең де қанша мехнат ештеңе етпес, - деген өлеңінен көруге болады. Орынбай ақынның ата-бабаларының ішінде арғы атасы Рай кезінде өз төңірегінде аузы дуалы шешен, белгілі ақындардың бірі болған. Орынбаймен айтысында Арыстанбай ақынның «Даусы жер жарып туған бабаң Рай еді» деуі осыдан. Атасы Рай ХҮІІІ ғасырдағы әйгілі Шал Құлекеұлы көш бастаған орта жүз ақындарымен талай сайысқа түскен. Орынбай Бертағыұлы бозбала кезінде Қызылжар медресесінде дәріс алған. Ақын мұрасын насихаттаушы Ж.Есекеев «Орынбайдың өз әкесі Байғожа баласының сауатын ашып, оқыту үшін Қызылжар медресесіне берген. Мұсылмандық ескі оқумен көзін ашқан Орынбай зеректігімен, алғырлығымен көп нәрсенің байыбына тереңдей баратын дәрежеге жетеді. Бойына біткен табиғи дарын жас Орынбайды өз ортасында даралап көрсетеді. Орекең жас күнінен-ақ тілі ащы, орынды жерде ойып түсетін уытты болған. Өзімен сөзге келіп, керісіп қалған мешіт имамы Орынбайға «Сен мына о дүниеде тамұқ отына күйесің, тамұқтың не екенін білесің бе осы сен?» дегенде Орынбай: Тамұқты сонша терең еткен дейді, Аузына бір тас түсіп кеткен дейді. Зырқырап сол түскен тас тап түбіне, Екі жүз елу жылда жеткен дейді. Тамұқтың, міне, осындай құдығы бар, Әркімнің мұнда істеген қылығы бар. Күнәлі пенделерді ұстап салар. Алланың кереметтей құрығы бар, Ішінде сол құдықтың жыланы бар, Көрсетер күналыға ылаңы бар. Адалдық, тағлым, өнер үйретпесе, Құлайтын мына сіздей имамы бар.

Тамұққа саудагерлер түсед дейді, Әркімді алдап-арбап жиғаны бар. Қайырсыз дәулет баққан байлар түсед, Істеген тәкаппарсыз зияны бар, - деп айтып салған екен» деп, ақынның медреседе оқып жүрген кезіне сипаттама берген. Жас кезінде ақындық айшықты өнер жолына түскен Орынбай Бертағыұлы үлкен өмір жолынан өткен. Ақынның бар ғұмыры өнегелі өнердің туын желбіретуге арналып, ХІХ ғасырдың қазақ әдебиетіндегі ірі ақындарының алдыңғы шоғырында көрініп, мол мұра қалдырған. Ақынның зайыбы Бибатпамен екеуінің Омар, Оспан, Құсайын, Хасен атты төрт ұлы болған. Ел арасындағы әңгімелерге қарағанда бәрі де молда болып, дін жолын ұстанған. Омар, Хасен, Құсайынды Орекең кезінде Қызылжардағы өзі оқыған медреседе оқытқан. Бірақ балаларының біріне де ақындық қонбаған. Бірде Орынбай науқастанып қалғанда жақын туғандары көңілін сұрай келеді. Сонда тауыстары ақынға «Артыңда қалар ұлдарыңның қайсысына өнеріңді жалғастыр дейсің» дегенде, үлкен ұлы Омарға «Осы отырған туыстарды бөтен елдің халқы деп түсін, саған сөз берген болса қалай бастар едің, айтысар болсаң» десе керек. Сонда Омар:

«Баласы Орынбайдың атым Омар, Айдалада қалады күйген томар,» - деп өлеңдете жөнелгенде, Орынбай ала таяғымен ұлының басынан бір салып қалып: «Баласы Орынбайдың атым Омар, Алла десем аузыма иман толар, - деп неге айтпайсың, сен мына түріңмен ата-баба жолын ұстай алмайсың, өнерді қор етесің, өйткені аузыңа алла түспей, күйген томар түсті ғой, сен қалың Атығай, Қарауылды жерге қаратады екенсің ғой, бұдан былай ауыз ашқаныңды естімейтін болайын» деп қатты налиды. Ағайын, туыс-туысқандар да әке мен балаға араша түсе алмай, төмен қарайды. Біраз үнсіздіктен кейін ақынның өзі «Тегінде арғы атамыздан маған қонған өнер

менімен бітер, бірақ аруақ жүре барып қыздан туған жиенге қонуы мүмкін, ал, ағайын, оған сендер намыстанушы болмаңдар» деп уәж айтқан екен. Айтқандай-ақ баласы Оспанның қызынан туған жиені ақын болады, бірақ ол 1942 жылы майданда жастай қаза табады. Орынбай Бертағыұлының кіші інісі Шақабайдан ұрпақ болмаған. Ақын ұрпақтарынан өсіп жетілгені бауыры Тоқабайдың балалары, Тоқабайдан төрт ұл Нұржан, Ержан, Әбіш, Байжан. Нұржан мен Ержаннан тараған ұрпақтары кеңес дәуірінде алғашқы қосшы ұйымын құрып, бүгінгі Егіндіағаш ауылында тұрып келген. Негізінде, Орынбайдың қара шаңырағына өте ақылды, зерек, ел сыйлаған Нұржан ие болған. Ақынның ұрпақтарының, ел ақсақалдарының айтуынша, осы Нұржанның үйіне кезінде Арқаның талай өнерпаздары Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, тағы да басқа ел ағалары түсіп жүрген. Ал інісі Ержаннан Молдахмет дүниеге келген. Міне, Молдахмет Ержанұлы – Орынбай ақынның мұрасын бүгінге жеткізуге себепкер болған бірден-бір ақын ұрпағы. Ақынның ұрпақтарын да отыз жетінің қаралы репрессиясы өз қыспағына алған. Солардың ішінде Молдахмет, Мырзахмет Ержановтар «халық жауы» атанып, «кешегі діншіл ақын Орынбайдың ұрпақтары» деген атпен 1937 жылы тұтқынға алынып, 10 жылға айдалып кете барған. Содан тек 1947 жылдың желтоқсанында ғана арып-ашып елге оралса, қалған бірсыпыра ұрпақтары қуғын-сүргіннен бас сауғалап ішкі жаққа, Түмен жеріне кетуге мәжбүр болған. Тіпті соғыстан кейінгі кезеңдерде де ақын ұрпақтарына біраз уақыт қысым жасалынып, шеттетіліп келген. Сондықтан болар кеңес қоғамының сұрқия саясатына деген қорқыныш, үрей жүректерінде қалған ақын ұрпақтары Орынбай мұраларын тек дәптерлерге жазып, қолдан-қолға мұқият сақтықпен табыс етіп бүгінге жеткізген. Кезінде Молдахмет Ержанов ақсақалда ақын мұралары жазылған 6-7 дәптер болған. Осы туралы жоғарыда аты аталған Ж.Есекеев: «Бала кезімізден жақсы білетін Молдахмет Ержанов ұлы атасының ұрпағына қажетті рухани

ұлағатты сөздерін тәптіштеп теріп, алтындай сақтап, зеректігімен жадында ұстап жүргендігіне жетпісінші жылдардың басында ғана көзім жетті. Қартайып, сырқат меңдеп, таяққа сүйеніп жүрген Молдекең елге барған бір сапарымда мені әдейі іздеп келіп «Шырағым, сен газет жағындасың ғой, көкірегің ашық едің. Бір аманатым бар. Менде академияға бергеннен басқа Орекеңнің көп өлеңдері бар. Есімде жүрргендері қанша. Бірақ олар ескіше, араб әрпімен жазылған. Сендер тани алмайсыңдар. Көзімнің тірісінде соларды мен оқып отырайын, жазып алшы, түптің түбінде халқыңа ұсынарсың. Үйге кел, күтем» деп өтінгені бар-ды. Шындығында, сол кезде мен аса мән бермей, салақтықтың салдарынан зерек жанның өз аузынан Орынбай мұрасын жазып ала қала алмадым. Осы уақытқа дейін өкініштен бармақ тістейтіндей жайым бар,» - деп жазады. Ұлтты ассимиляциялау процесінің кеңінен өріс алып, жылдам «орыстана» бастаған 60-70 жылдардағы қазақ ауылдарының түрінен шошынған асылдың сынығы көкірегінде сақтаған сарқылмас қазынаны өзімен бірге ала кетті ме екен?! Кім білсін... Орынбай Бертағыұлы - өз өмірінде қазақ даласын ғана өнерімен сусындатпай, шет аймақтарда да жиі болған, Омбы, Қазан, Уфа, Ташкент, Бұхара қалаларында, Қырғыстанда болып, ел ішінде өзінің өнерімен есте қалған тұлға. Кейбір жергілікті деректерге, ел ауызындағы әңгімелерге сенсек, Иран, Ауған елінде де болғанға ұқсайды. Сахабаға ұқсас өмір кешіп, ел мен елдің арасын қосып, төрткүл дүниенің төрт құбыласына зерек көңілмен үңіле білген ақын өмірінің соңғы соқпағы Семей елінде, Аягөз маңында аяқталған. Байғожадан тараған үш ұлдан басқа (Орынбай, Тоқабай, Шақабай) екі қыз болған. Бірінің есімі – Күнбала да, екіншісінің есімі – Жанбала. Міне, Орынбайдың осы екі қарындасының өмірі туралы ел ішінде көп жақсы әңгімелер сақталған. Байғожаның үлкені, әрі ерте медреседе білім алған Орынбай осы екі қарындасын 15 жастағы Күнбала мен 13 жастағы Жанбаланы Меккеде оқытқан дейді. Келесі бір деректерде екі қыз да Қазан қаласында медреседе оқыған. Қайтсе де ақын

өзінің қарындастарын медресеге беріп, білім алуларына жағдай жасаған. Екеуі де оқыған, білімді, парасатты, ел жақсылары әлпештеген жандар қатарына іліккен. Әсіресе, Күнбала жайлы аңыз көп. Білімділігі өз заманынан озық болған ол медреседе 25 жасына дейін білім алып, елге қайтар шағында тосыннан келген науқастан көз жұмған. Елге Жанбала жалғыз оралады. Кейіннен Жанбала Аягөзге, атақты Аққошқар Сайдалының жалғыз ұлы Жәнібекке ұзатылған. Бірақ Жәнібек ерте дүниеден өтіп, Жанбала 25 жасында жесір қалады. Өзі елге танымал Аққошқар Сайдалының келіні әрі атақты Орынбайдың туған қарындасы және заманынан озық білімі бар Жанбала ел жақсылары жиналғанда «Мен әмеңгерлік салтына бағына алмаймын, балаларың Жәнібектен қалған жалғыз тұяқ, атамның ендігі жерде қара шаңырағының иесі – Базылды жеткіземін. Маған рұқсат етіңдер» деп ел батасын алады. Баласы Базылды жақсы тәрбиелеп өсіргендіктен, ол кейіннен ел басқарып, болыс болса керек. Орынбайдың қартайып, шау тартқан шағында Семей жеріне сапар шегуі – осы қарындасын көргісі келгеннен болар. Екіншіден, 1890-1891 жылдары қазақ жерінде, әсіресе, Арқада қыс қатты болып, арты қатты жұтқа ұласқаны тарихтан белгілі. Ақынның Аягөз жеріне, қарындасына келуі осы себептен де болуы мүмкін. Әйтеуір ақтангер ақынның ақтық демі Аягөзде бітіп, Семейден топырақ бұйырған. Тағдырдың жазуынан болар ақын үш-ақ күн ауырады. Сол үш күні өмірінің өзі тарихта үш шумақ өлең болып өріледі. Сырқаттанып қалған ақынға бірінші күні көңілін сұрай келген қарындасына:

Дін күткен таза молда пірден артық, Ғафусыз қамқор әйел ерден артық. Мысырдан Ескендір тағын тапсаң да, Болмайды туып-өскен жерден артық, - десе, екінші күні: Ақ қайран су ішінде тоңбайды екен, Айырылған ел-жұртынан оңбайды екен. Бал құйып шыны аяққа берсең дағы,

Әркімнің өз жұртындай болмайды екен. Үшінші күні: Саумалкөл, Қоскөлменен екі көлім, Атығай, Қарауыл еді-ау туған жерім. Ішінде Алтай, Қарпық қазам жетсе, Көре алмай қаламын ба, қайран елім! – деп, елге жете алмай қалғанын өкінішпен қайғыра жеткізіп, елімен, туған жерімен өлең арқылы қоштасып, өнегелі өмірінің соңғы сәттерінің өзін жырмен өрнектеп, өшпес рухани ескерткішін өзі қойып барып, көз жұмған. Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы өр тұлғалы талантты дарабозы, ақиық айтыскер ақтангері Орынбай Бертағыұлы 1891 жылы шілде айында қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласының маңында дүниеден өткен. Сүйікті қарындасы Жанбала ел еркесі аяулы ағасы Орынбайдың сол елде жаназасын өткізіп, арулап жерлеп, басына мазар соқтырған.

ОРЫНБАЙ АҚЫН ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ

ХІХ ғасыр – халқымызға небір дарынды, тума таланттардың шоғырын сыйлаған ғасыр. Қазақ әдебиетіндегі жыраулар дәстүрі мен жазба әдебиетіндегі жыраулар дәстүрі мен жазба әдебиеті арасын жалғаған, рухани алтын көпірі бола білген қазақ ақындарының ішінде әдебиет тарихында өз орны бар ірі тұлғалардың бірі – Орынбай Бертағыұлы. Орынбай бозбала кезінде Қызылжар медресесінде дәріс алған. Ислам діні оқуымен жан-жақты қаруланған зерек Орынбай өзімен сөзге кеп, керісіп қалған мешіт имамы оған: - Сен о дүниеде тамұқ отына күйесің, тамұқтың не екенін білесің бе? – дегенде, Орынбай: Тамұқты сонша терең еткен дейді, Аузына бір тас түсіп кеткен дейді. Тамұқтың, міне, осындай қылығы бар, Күнәлі пенделерді ұстап салар.

Алланың кереметтей құрығы бар, Ішінде сол құдықтың жыланы бар, Көрсетер күналыға ылаңы бар. Адалдық, тағлым, өнер үйретпесе, Құлайтын мына сіздей имамы бар, - деп орынды жерін ойып түсіп айтқан екен. Орынбайдың Омар, Оспан, Құсайын, Хасен атты төрт ұлы болған. Ел арасындағы әңгімелерге қарағанда бәрі де молда болып, дін жолын ұстаған. Балаларының үшеуін Орекең Қызылжардағы медресеге оқытқан, тіпті екі қарындасы – Күнбала мен Жанбаланы да медреседе оқып шығарғаны белгілі. Бұл деректерге қарап Орынбайдың дінге деген көзқарасының терең болғанын аңғару қиын болмаса керек. Ақын медреседе оқып білім алғандықтан, ислам дінін жанжақты игерген жан, шариғат жолының барлық рәсімдерінің мән-мағынасын жақсы пайымдай білген. Дін тәрбиесі, мұсылманшылық дүниесін жетік білгендігі, оның көптеген айтыстарында қарсыластарынан білім жағынан үстем түсуіне арқау болған. Соның бір дәлелі – ақынның Данамен айтысы. Тарихта белгілі осы айтыста Дана Орынбайға дін, шариғат тақырыбына сұрақтар қояды. Қазақтың айтыс жанрындағы мол мұрасының ең бір шұрайлы, кесекті үлгісі ретінде осы айтысты айтуға болады. Мұнда Орынбай діннің терең білгірі екенін көрсетеді. Дана дін, шариғат мәселелерінен он екі сұрақ қояды.

Орекең, қазаң жетпей өлемісің, Айтшы өзің ислам дінін білемісің. Шариғат сұрауынан мен сұрайын, Бір сөз деген немене білемісің? – деген сұрағына Орынбай: Мұны неге білмесін Орынбайың, Білгеннен соң мен неге қорынайын. Сіз білмесең, жарқыным, мен айтайын, Бір деген сұрауыңыз бір құдайым, -

деп жауап беріп, әуелі құдайды ауызға алып барып, қарсыласы Дананың сұрақтарына нақты жауап беріп, шынайы ақындық шеберлігі мен дін туралы асқан танымдылығын паш етеді. Енді Орынбай: Мұндайда аса жүйрік бойын сақтар, Жұртқа көрінер жүйрікті әркім мақтар. Мүсәр, нәби, машайық пен сахабалар, Шырағым, бәрі келіп неге тоқтар, - дегенде, Дана бұл сауалға жауап таба алмай қысылғаннан: Жанасып жақсылармен жүре алмадым, Қасына жақсылардың ере алмадым. Әлімнің көп сұраған данышпаным, Мәнісін өзің айтшы, біле алмадым, - деп тосылады. Арқалы Орынбай: Жаратқан бәрімізді жалғыз Алла, Алла досы – Мұхаммед өзің қолда. Жиырма тоғыз әріпсіз сабақ болмас, Ағузы мен бісмилла тұрған сонда. Екі жиһан сәруәр рәсулолла, Бәрінің бір тоқтар жері – Құлху Алла, - деп өрелі сөздерімен айтысты аса бір үлкен білгірлікпен, кең диапозанда аяқтайды. Осы айтыста Орынбай жеңіске жетіп, аға сұлтан Құнанбай тағайындаған бас жүлдені иеленеді. Орынбайдың ақындық қабілеті мен шеберлігінің келесі бір қыры оның өлеңдері мен толғауларынан көрінеді. Ақын шығармашылығының осы бағыттағы мұраларының ішінен философиялық толғауларының орны ерекше. Орекең өз заманына сай білімді, зерделі болғандықтан, ислам философиясын, оның тарихын өте жақсы білгендіктен, толғауларының дені адами дүниетанымының болмыстіршілігінің қыр-сырын ашуға, адам мен діннің байланысын сипаттауға арналған. Ақын толғауларының ішіндегі көлемдісі болатын «Адамның жаратылысы туралы», «Қырық парыз», «Бұл дәуір тұрар ма екен сізге ұдайы» шығармалары мазмұны жағынан күрделі туындылар қатарына жатады.

«Адамның жаратылуы туралы» толғауы ақынның жетпіс жасында шығарылған. 176 жолдан тұратын өлеңде ақын ислам діні тарихынан сөз тартып, терең барлайды. Құдайды білмек бар, пайғамбар хақ, Осы сөзім жамиғат тыңдап бір бақ. Дінім ислам, кітабым Құран үшін деп, Осылайша сөйлесін тіл менен жақ, - деген кіріспе шумақтармен бастаған ақын одан әрі адам жаратылғанға дейінгі дүниені суреттейді. Адамға дейін жер жындардың иелігінде, оған Ғазазіл патша болып жақсылық жасау мақсатында аспандағы періштелерге иман болғанын, артынан Ғаршының есігіндегі жазудан адамды жарату қажеттігін баяндайды. Бір құлым бар жаратсам керек соны, Жер жүзінде болады мекен жөні. Шығыңдар періштелер тілімді алып, Жаратсам керек адам қылып оны, - деген Ғазазіл періштелерді көндіріп: Топырақтан жаратам адам деді, Жебірейіл бұйырам саған деді. Бар дағы мағырап, машрық арасынан, Бір уыс топырақ әкел маған деді. Одан әрі адамның жанының жаратылу кезеңіне тоқталып өтеді де: Көзіне жан кірген соң өзін көрді, Топырақтан жаралған жүзін көрді. Не нәрседен жаралған асылын танысын деп, Бір Құдай сол жерде адамға ақыл берді. Құдайым Жебірейілге барсын депті, Ақыл, иман, нұр, ұят салсын депті. Үштің бірі жанға жарар деген сөз бар, Үшеуінің таңдауын алсын депті. Адам таңдап сол жерде ақылды алған, Ақыл тұрған жеріне иман барған. Иманның соңынан ұят еріп, Үшеуі бір арадан орын алған, -

деп аяқтайды. Толғау ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті шығармаларының ішіндегі дін тақырыбына арналған үздік туындылардың қатарына жатқызылуы қажет. Себебі толғаудың тақырыбы жаңалығымен, сонылығымен ерекшеленсе, Орынбайдың ислам діні тараған шығыс елдерінің әдебиетімен таныстығы білінеді, әйтпесе толғауда терең иірімді ислам дінінің философиялық дүниесін жырлай алмас еді. Ақын адам жанының жаратылуын философша талдай отырып, оған зор дидактикалық тәрбиелік мағына қосады. Еліміздің ертеңгі болашақ ұрпағын ұлтжандылық, имандылық негізінде тәрбиелеуде Орынбай Бертағыұлының мол мұрасы өз мазмұн, мағынасын әлі де жоғалтпағанын, әсіресе, дәл бүгінгі күні таптырмас дидактикалық рухани қазына екенін естен шығармағанымыз абзал.

ОРЫНБАЙ АҚЫННЫҢ ТОЛҒАУЛАРЫ

Ақын шығармаларының осы бағыттағы мұраларының ішінен философиялық толғауларының орны ерекше. Ақын өз заманына сай білімді, зерделі болғандықтан, ислам философиясын, оның тарихын өте жақсы білгендіктен, толғауларының дені адами дүниетанымның, болмыс тіршілігінің қыр-сырын ашуға, адам мен діннің байланысын сипаттауға арналған. Ақынның «Адамның жаратылуы туралы», «Қырық парыз», «Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай», «Бәри ахунға», «Жүз жұлдыз» дейтін шығармалары мазмұны мен стилі жағынан күрделі туындылар қатарына жатады. Ақынның «Адамның жаратылуы туралы» толғауы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы қолжазбалар қорында сақтаулы (М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қоры. папка, 1-дәптер). Институтқа ақынның ұрпағы Молдахмет Ержанов 1966 жылы тапсырған. Толғау ақынның жетпіс жасында, яғни 1886 жылдары Қызылжар қаласында шығарылған. Шамасы сол кездегі қала мешітінің имамдары Уәли хазірет, Бәри

ахундардың, басқа да діндар адамдардың алдында жырланған сияқты. 176 жолдан тұратын өлеңде ақын ислам дінінің тарихын қозғап, терең түрде толғайды. Толғау өлеңнен Орынбайдың дін тарихын жан-жақты білетінін, ислам туралы білімінің зор екенін аңғаруға болады. Айтайын бір ғаламат сөзді бастап, Білгенімнен қалдырман бірін тастап. Атамыз адам пайғамбардан бұрын, Осы дүниені беріпті құдайым жынға қыстан, - деген сөздерімен бастай отырып ақын толғауында адам дүниеге келгенге дейін әлемде жындар мен періштелер билігі, Ғазазіл оның патшасы болғанын баяндайды. ХІХ ғасыр ақындарының көпшілігі діни тақырыптарға өлең шығарғаны белгілі. Солардың ішінде Орынбайдың «Адамның жаратылуы туралы» толғауы ерекше көрінеді. Себебі, ақын дүниеге адамның жаратылуын ислам дінінің философиясы тұрғысынан және қазақтың санасында ежелден сіңіп, аңызға, әфсанаға айналып барып берік орныққан діни кейіпкерлер, бейнелер негізінде екі дарияны бір арнаға тоғыстыру арқылы жырлаған. Бұл ХІХ ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетіндегі діни тақырыптарға шығарылған өлең-жырлардың, дастан-толғаулардың ішінде жаңалық ретінде қаралуы керек. Кеңес дәуірі кезінде кітаби ақындар, діншіл ақындар қатарына қосылып, біржақты көзқараспен талданып келген Ақмолла Мұхамедиярұлы, Әубәкір Кердері, Нұржан Наушабайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәді Жәңгірұлы, Мақыш Қалтайұлы сияқты діниағартушылық бағыттағы ақындардың мұраларында бұл тақырып дәл Орынбай жырлағандай деңгейде кездеспейді. Адамға дейінгі жер жындардың иелігінде, оған Ғазазіл патша болып жақсылық жасау мақсатында аспандағы періштелерге иман болғанын, артынан Ғаршының бұл жерде – көк аспан есігіндегі жазудан адамды жарату қажеттігін баяндайды.

Бір құлым бар жаратсам керек соны, Жер жүзінде болады мекен жөні. Шығыңдар, періштелер, тілімді алып, Жаратсам керек адам қылып оны, - деген Ғазазіл одан әрі періштелерді көндіріп: Әуел бастан жаралмақ нұр одан керек, Нұр болып дүние жүзі тұрған екен. Неден сені жаратайын дегенде, Нұр ықтияр топырақты қылған екен.

Топырақтан жаратам адам деді, Жебірейіл бұйырам саған деді. Бар дағы мағрып машрық арасынан, Бір уыс топырақ әкел маған деді, - деп барып адамды жаратуға топыраққа әуелі Жебірейілдің, одан кейін Мекайыл, Есрайылдың барып ала алмағанын, соңында төртінші рет Ғазірейілдің барып алып келгені жырланады. Әуел бастан жаралмақ нұрдан керек, Нұр болып дүние жүзі тұрған екен. Неден сені жаратайын дегенде, Нұр ықтияр топырақты қылған екен, - деп нақтылай дәлелдеп, ислам дініндегі абсолюттік шындықты айғақтап, жалпыны жалқыға айналдырып, деталдандыра (бұл жерде – топырақ) түседі. Ақын одан әрі адам жанының жаратылуы кезеңі: Кіріп саған рұқсат бердім серік, Ақыл, көрік саған және Аллам берік. Екі жүз жыл желкеде жан айналып, Сонда жан қинауменен келді кіріп.

Құдайымның қысымымен кірді дейді, Қинауменен шығарарсың енді дейді. Бісмиллахи раббым жәрдем бер деп, Салған жерден жан көзге келіп кірді дейді. Көзіне жан кірген соң өзін көрді, Топырақтан жаралған жүзін көрді. Не нәрседен жаралған асылын танытсын деп, Бір құдай сол жерде адамға ақыл берді. Көзден соң мұрынға жан кіріпті, Жыбырлап сонда мұрын түшкіріпті. Тіліне жан кіргенде хамит айтып, Әлхамдылиллай деп тіріліпті. Адамға бір құдайым болған жауап, Имамдар мұны білсең болар сауап. Аяқ, қол, кеуде мүше, бөксе, Аралап бір шыбын жан бәрін көрді.

Құдайым Жәбірейілге барсын депті, Ақыл, иман, нұр, ұят салсын депті. Үштің бірі жанға жарар деген сөз бар, Үшеуінің таңдауын алсын депті.

Адам таңдап сол жерде ақылды алған, Ақыл тұрған жеріне иман барған. Иманның соңынан ұят еріп, Үшеуі бір арадан орын алған, - деп әсем баяндаған. Ақынның «Адамның жаратылуы туралы» толғауы ХІХ ғасырдағы ақындық поэзия туындыларының ішіндегі үздік шығармалар қатарына жатқызуға болады. Себебі, тақырыбы жаңалығымен, сонылығымен ерекшеленсе, көркемдік жағынан кәдімгі жазба әдебиет нұсқаларына жақын, сапасы жақсы. Орынбайдың ислам діні таралған шығыс елдерінің әдебиетімен таныстығы білінеді, әйтпесе толғауда терең иірімді ислам дінінің дүниесін жырлай алмас еді. Ақын адам жанының жаратылуын философша сараптай отырып, оған зор дидактикалық тәрбиелік мағына қосады. Әсіресе, жырдағы Ақыл, Иман, Ұят категорияларының берілуі жырдың көркемдік сипатын жоғарылатып, ерекше үстеме беріп, асқақтатады. Ақын өз толғауында ірі дидактик, эстет дәрежесіне көтеріледі. Бұл жерде біз тек қана жалғыз Орынбай емес, ХІХ ғасырда өмір

сүрген көптеген ақындардың діни-ағартушылық бағыттағы шығармашылығында Шал ақын мектебінің ізі жатқанын айтуымыз керек. Орынбай Бертағыұлының келесі бір терең мазмұнды толғауларының қатарына «Қырық парыз» жатады. Бұл толғау алғаш рет 1965 жылы ғалым Есмағамбет Ысмайылов басқарған Түмен-Омбы фольклорлың экспедициясы сапарында жазылып алынған. Негізінде, «Қырық парыз» екі тараудан тұрған болуы керек, өкінішке орай, Әдебиет және өнер институтында бірінші тарауы ғана сақталған. Толғаудың екінші бөлімі ақының ұрпағы Молдахмет Ержановтың кейіннен белгісіз себептермен жоғалған, өзінде сақталған қолжазба дәптерлерінде болған деген ойдамыз. Толғауда ақын ислам дінінің имандылық, ізгілік жолындағы жақсы қасиеттерін насихаттап, адам баласының соны ұстануын, ар-ождан категорияларын игеруін дәріптейді. Баласы Бертағының Орынбаймын, Алдымда ақын бар деп қорынбаймын. Мойнында адамзаттың қырық парыз бар, Міндетімді өлеңмен орындаймын. Я болмаса:

Біз жүрміз ит дүние зынданында, Жеті парыз қалып тұр иманында. Өлгенде артта қалмақ бәрі сонда, Қатын, бала жандай сүйген, жиғаның да, - деп басталатын толғауда ақын одан әрі дін қағидалары мен өзі өмір сүрген ортасы, өз қоғамының арасындағы ара қатынастарды, пенделік өмір қайшылықтарымен салыстыра бейнелеп, теңестіре саралайды. Ақынның: Ырыздық, баршамызға берген нәсіп, Әдет қылма біреудің қақын жесіп. Пайғамбар, әулиенің бәрі де өтті, Біз де бір күн өтерміз әлі-ақ көшіп. Ыстықта көше алмаған еру елміз, Жалғанда тыншуы жоқ керуенбіз.

Бұқара мен Ташкенттен пұл тартатын, Біз келген дүниеге керуенбіз, - деген сөздерінде адамзат баласының өмірін керуенге балап, тіршіліктің өткінші екенін, бірақ қамшының сабындай қысқа өмірде адамгершілік қағидаларын берік ұстау, ар-ожданды сақтау қажеттігін, тіпті адам түгіл пайғамбар, әулиелердің де мәңгілік еместігін тілге тиек етеді. Орынбай Бертағыұлының «Қырық парыз» толғауы – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық бағыттағы өлеңдердің ішіндегі қомақтысы. Толғауды ары қарай талдар болсақ, өлеңде тағы бір сол кездегі қазақ қоғамының арасына еніп келе жатқан оқу, білім насихаты аңғарылады. Ақын өмірде жақсы адам болу, еңбек ету, жақсы мен жаманды айыра білу сияқты қасиеттерді меңгеруге шақырады. Жүйрік деп мақтамаңыз енді бізді, Пайғамбар үмітсізден күдер үзді. Кітаптан естуіміз анық болса, Ғалымдар жамандайды еріксізді, - дей келе, ақын одан әрі «Айтқаның өтірік, жегенің пара болса, қалай ғана табарсың иманыңды», «Халал мен харамды айырмасаң, қиын ғой Мұхаммедке үмбет болу» немесе «Алланың кешпей тұғын бір күнәсі, ата-ана қағбаңды сыйламасаң» деген сияқты бүгінгі заманымызға сәйкес келетін тәрбиелік насихат дәрістерін береді. Орынбайдың «Қырық парыз» өлеңінің идеялық мазмұны мен мақсаты расында да бүгінгі күннің өзекті мәселелерін толық қамти алады. Әсіресе, ер-азаматтарға, жігіттерге айтқан өсиеті көңілге қонып, жүрекке жылылық береді, қазіргі жастарға үлгі-өнеге, ұлағат ұсынады. «Ақылдан құтылмайды иман, ырыс, ақылыңмен іс қылсаң бәрі дұрыс» деп, тағы да ағайын болып қоғамдасу, бірлікпен, татулықпен, ынтымақтастықпен өмір сүру, ақыл мен иман, сабырды серік қылу қажеттігін дәріптейді. Ақынның бұл ойы оның мына өлең жолдарынан жалғасын тапқан: Жігітке бақыт, байлық – дені сау болса, Таупықтан жаңылады жемсау болса. Ер жігіт ғапылдықпен қартаяды,

Алған жары жаман, мінген аты құрсау болса.

Әйел алсаң таңдап ал ақылдысын, Сен оның қияметтік жақынысың. Ата-ана, мейманыңа қызмет етсе, Атқарғандай болады хақтың ісін. Әрине, ер жігіттің қос қанаты жақсы жар мен жарау ат екені ежелден қазақ санасында қалыптасқан қасиетті ұғым. Бұл жерде ақын сол ұғымды одан әрі тереңдете түседі, соны ойпікір қосады. Жақсы жардың тамаша ақылдылығы сені қияметке дейін онымен бірге болуды, сый-құрметке ортақ бөленуді міндеттейді. Ақынның әйел табиғатына деген нәзік сезімталдығы, шын сыйластығы көрінеді. Ақын заманға, өзі өмір сүрген дүниедегі теңсіздікке көзқарасын өлеңдерінде реалистік тұрғыда бере білген. Шынтуайтқа келгенде, ақын өмір сүрген дәуір патшалық Ресейдің айрандай ұйыған қазақ қоғамының іргесін қақырата сөгіп, халықты жік-жікке бөліп, болыстық сайлауда сұрқия саясат жүргізіп, ұлтты ассимиляциялау процесін іске асырған заман болды. Қазақы бақталастыққа, алауыздыққа итермелеп, ел мен елді жауластыруға миссионер саясатшылар әккі айлалықпен, қазақтың өз қолымен істеткізіп, өздерінің түпкі ойларын іске асырғаны белгілі жайт. «Крайнею страстью у киргиз стали выбора. Каждый только и добивается того, чтобы попасть на какую-либо должность. В этот год, как уже наступит время выборов все без исключения группируются и объединяются и кто только богат не взирая на свою умственную способность, предендует на должность. Дурные люди до плача доводят народ постепенно. Все они, поганые, собирают незаконные «чигины». Все же достойные остались ни с чем т.е. забыты народом. Ибо заимели должности и сделались властями одни невежды», - деген А.Пантусовтың «История о том, как действуют киргизы во время выборов должностных лиц» деген естелігіндегі (Пантусов А. Образцы киргизской народной литературы.

Тексты и переводы. Казань. Типография Императорского университета. 1909 год, 46-55 стр.) тарихи анықтама Орынбай ақынның өлеңдерінде өте шынайы бейнеленген.

ӨНЕР ҰЛАҒАТЫН ТАНИ БІЛЕЙІК

Өнер адамға арналады. Бұл – аксиома! Адамның санасы мен сезімін (егер де жоғары болса), ішкі психологиялық тебіреністер арқылы үлкен идеяға бастайтын өнер десек артық болмас. Ал идея адамның рухани тегеріші, саналық түпқазығы – идеалға бастайды. Сондықтан адам өнерді тани білу, түсіне білу арқылы өмірін руханиятты жақсы жолға бағыттай алады. Осы орайды өнердің үлкен бір саласы – театр өнерінің Көкше көрермендері үшін шымылдығы ашылғанына аз ғана уақыт өтсе де, сахна төрінде бірден шымыр шығарлардың қойылымға шығуы ерекше құбылыс. Біз театр маманы, театр сыншысы емеспіз. Әйтсе де, қазіргі мына ала дорба арқаға ілініп, қазақтың қысқа жібі күрмеуге келмей жатқан кезеңінде, ала таңнан көзіңді тырнап ашқаннан сұрықсыз сұрғылт дүниеден көзің талып, айналамызды ашкөз тоғышарлар мен қарынбайлар қамалап, тіршіліктің рухты жалмаған шағында өнердің саф алтындай мөлдір шамырқанған бұлағының Көкшеде арнасы ашылуы Нұқ пайғамбардың құтқарушы кемесіндей әсері болғаны ақиқат емес пе?! Ендеше, түтіні түзу ұша бастаған осынау қазақ музыкалық-драма театрының әрбір қойылымы біз үшін суға кеткен тал қармайдының кебін кигенмен бірдей, аш құрсақ қазаққа рухани азық болар дүние. Күнделікті тіршіліктің рухани берері азая бастағанынан ба әлде жалпы мәдениәлеуметтік атмосферадағы ауаның өзі де жансыздана бастағандай әсерде жүргендіктен бе, әр сахналық жаңа қойылымнан кейін ішкі жан дүниең жаңарып, көмескіленген түйсігің түтіннен арылғандай әсер алатының қандай жақсы. Өнер де осынысымен қадірлі шығар. Осы орайда Ш.Хұсайынов атындағы Көкшетау қазақ музыкалық-драма театрының жаңа қойылымы, жергілікті ақын, жазушы Төлеген Қажыбаевтың «Ұмытпа мені, Гәккуім!» драма-реквиеміне қойылған

спектаклінің ой мен сана, уақыт пен ақиқат сияқты философиялық категорияларына дәлме-дәл келген сәйкестігіне бас имеске шара жоқ. Әсіресе, уақыт пен ақиқат орамына дөп келіп, Көкшенің күңгірт тартқан күндері мен жүзін мұң шалған кезеңіне дәл келуі көңілге көп ойды ұялатты. Өнер адамға арналады деп сөзімізді тегін бастамасақ керек. Сондықтан қоғамдағы кез келген адам өнерден тысқары болуы мүмкін емес сияқты. Бұл, әсіресе, дүние есігін өлеңмен, ән-әуенмен ашатын қарға тамырлы қазақ баласы үшін! Бұл Орынбайы мен Арыстанбайы, Біржаны мен Ақаны, Үкілісі мен Балуаны, Шахметі мен Жақаны, Сәкені мен Төлегені, Естайы мен Көкені, Баянғалиы бар ел үшін! Театр синтетикалық өнердің көш бастаушысы екенін ішіміз сезсе де, осы жолғы қойылымда оған анық көзіміз жетті және театр ұжымы да оны шебер дәлелдей білді. Әсіресе, әдебиеттің, музыканың, бидің оңтайлы шендестірілуі спектакльдің көркемдік ерекшелігін еселей түсіп, тақырыптың идеялық көркемдік кредосын даралай көрсетіп берді. Әлбетте, драма - әдебиеттің ең күрделі түрі ретінде жазушының салиқалы кезеңін, талант пен дарындылықтың біте қайнасқан тұсын, ұшар кезеңін айқындайтын күрделі жанр. Бұл жерде біз таныған Т.Қажыбайдың шығармашылық шабытының драматургия саласына алғаш қалам тартқан тұсындағы ерекшелік сипатына баға бергеніміз ғана, яғни біз үшін бұрынғы ақын, жазушының енді өнердегі жаңа белеске көтерілгенін анық мойындап, оны айқындап алғанымыз. Біз, драматургтың пьесасы (бұл жерде драма-реквием ретінде) мен театр режиссерінің қойылымындағы ара қатынас мөлшерін, оригинал мен қойылым диалектикасының ұқсастығы мен айырмашылығын саралаудан аулақпыз. Негізгі мақсатымыз – спектакльдің тақырыптық идеясының көпшілік көрерменге берер әсері мен ұлағаты. Өнер туындысы да осы үшін дүниеге келеді ғой. Осы жерде режиссер Төлебек Аралбаевтың ұтқан ұтқыр біліктілігі – драмадағы синтетикалық өнерді психологиялық шендестіре білуі, яни әдебиет, музыка, хореографияны тұтас бір идеяға бағыттап, спектакльдің

композициялық құрылысында өте шебер байланыстыра білуі. Режиссер спектакль қойылымында драматург туындысының негізгі тақырыптық ойын пьесаның атына сәйкес ашуға барған. Спектакльдің композициялық құрылысы пьесаның хронологиялық мазмұн желісін қайталамаса да пьесадағы негізгі түйінді ойды бере білген. Сондықтан драма-реквием мен спектакльдің қойылу жүйесіне өзгеріс енгізуі арқылы театр талғамын орындап, соның ішінде сахна мен көрермен арасындағы кеңістікті мазмұнмен толтырған. «Ұмытпа мені, Гәккуім!» спектакліндегі мазмұнға сай, әсіресе, бір-бірін алмастырған образдың ауыстырулары поэтикалық ой толғағына, сезім шексіздігіне, көңіл толқынына үлкен серпіліс береді. Мәселен, спектакльдегі безендірілу интерьерінің философиялық формасын толықтырған тал бесіктегі Үкілі Ыбырайдың қартайған шағы (артист Құмарбек Қалқатаев) мен жас кезіндегі (артист Сафуан Шәймерденов) ауысулары өте сәтті шыққан композициялық үйлесім. Театр көрермен талғамын қажет ететін өнер болғандықтан, көрерменнің де рухани қабылдау дәрежесінің биік болғаны абзал. Ал көрерменнің талапқа сай рухани биіктігінен көріну – артистердің парызы. Осы орайда Мұратбек Оспанов басқаратын театр ұжымына тек алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Спектакльдегі Үкілінің ролін ойнаған Қ.Қалқатаев, С.Шәймерденов, Муза роліндегі А.Омарова, Үкілі Ыбырайдың анасы және Кәкиманың жеңгесінің роліндегі Ж.Бағысова, айтыскер қыз бен жігіттің роліндегі М.Есмұханова, Ж.Қалдаров, Шатабаевтың роліндегі О.Көлжанов, Топай роліндегі Қ.Мырзаболатов сияқты артистердің образды ашудағы шеберліктері өте танымды-ақ. Үкілі Ыбырай - өнердегі қайталанбас хас тұлға. Спектакльдегі Үкілінің бейнесін сомдауда композициялық ерекшелік ретінде домбыраның эстетикалық ролі тамаша, педагогтік деңгейде бейнеленген. Үкілі мен домбыра, муза мен домбыра, өнер мен домбыра сәйкестігі спектакльдің өн бойында психологиялық параллель ретінде муза мен домбыра диалогының спектакль соңындағы көрінісі негізгі бейне – Үкілі

Ыбырайдың реквиемдік образын асқақтатып, әуелетіп әсерлендіріп-ақ жіберген. Бұған сахнаның декорациялық жабдықталуы да тақырыпқа сәйкес, талғамға сай екенін танытады. Спектакль экспозициясынан бастап соңына дейін көрерменге психологиялық-эстетикалық әсерленушілік пен рухани сезім әлемі зор әсер береді. Өнер осынысымен құнды. Өмірдегі ірі тұлға – Ыбырай Сандыбаевтың бір ғана «Гәкку» арқылы, әнші өмірінің соңғы трагедиялық эпизоды арқылы, поэтикалық муза-аққу арқылы спектакльді өнер деген ұлы дүниенің ескерткіші ретінде қабылдануы қажет. Бұл әдебимузыкалы-хореографиялық үш таған арқылы көркемдік үйлесімге қол жеткізіп, драма формасының талабын орындай отырып, тақырыптық біртұтас әсем туындыны ұсынған театр ұжымы үшін үлкен жеңіс! Бұл – Көкше көрермендерін тәрбиелеудегі, олардың талғамдық ой-өрісі мен өнерге деген көзқарасын көтерудегі тағы бір баспалдақ. Затында драматургия жанрының бір ерекшелігі – пьесаның сахнада қойылғаннан кейін ғана жарық көретіндігі. Мәселен, Гетенің пьесаны бастырып шығаруға қарсы болғаны, А.Чеховтың пьесасы тех сахнаға шыққан соң ғана жариялауға болады деп санауы театр өнерінің өзіне тән табиғи құбылысын сақтауда болар. «Ұмытпа мені, Гәккуім!» пьесасын түпнұсқадан оқу мүмкіншілігі әзір болмағандықтан, пьеса мен қойылым ара қатынасы туралы сөз айту қиын. Бұл алдағы уақыттың үлесінде деп білеміз. Сөз соңында «Өнерлі өрге жүзер» демекші, «Ұмытпа мені, Гәккуім!» драмасы арқылы драматург ретінде көрінген Т.Қажыбаев қаламының жүйріктігіне, оның талантының тас қияға өрлер бірегейлігіне, өнердегі азаматтық адалдығына, әрқашан тың тақырыпқа қалам тартар зеректігі мен парасатына өз ризашылығымызды білдіреміз. Сондықтан Ш.Хұсайынов атындағы театр сахнасында көкшелік ағамыздың тағы да кесекті де құнарлы, талғам талабынан шығар шұрайлы туындыларымен жүздессек, нұр үстіне нұр болар еді.

АҚЫНДЫҚ ПОЭЗИЯДАҒЫ ОРЫНБАЙ БЕРТАҒЫҰЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Қазақ әдебиеті тарихында ұлы жыраулық поэзияның соңын ала дүниеге келіп, ұлт өнерін ілгері дамытуда зор роль атқарған ақындық поэзия екендігі белгілі. Осы тарихи құбылыс туралы ғалым Ш.Елеукенов «На стыке ХҮІІІ и ХІХ веков казахи впервые за 200 лет войны, спешиваясь с бовых коней, занялись мирным, созидательным трудом. Эти изменения в какой-то мере нашли отражение в устной индивидуальной акынской поэзии7 наряду с призывно ораторской поэзией6 героическим эпосом медленно6 но уверенно стали обретать силу формы6 в которых намечается явный интерес к частной6 приватной жизни» [1], - деп дәлелдейді. Осы мақаламызда Орынбайдың ақындық поэзиядағы қоғамдық, саяси-әлеуметтік тақырыпқа жазған өлеңдеріне тоқтала кетуді жөн көрдік. Орынбайдың өзі өмір кешкен қоғамда үстемдік еткен, ел үстінен күн көрген билік басындағы елубасы, болыстар мен старшындарды, надан байларды, жұртын сатқан арамзаларды әшкерелеген өеңдері оның халықшылдық принципін анықтайды. Сөйлейді әр алуан пенда ағасы, Жыласа қабыл болар көздің жасы. Закон жабу жабады шолпыменен, Есекті ат сайласа елубасы. Құдайым барша жанды жаратып тұр, Бірін аз, бірін көп қып таратып тұр. Елубасы тышқанды болыс сайлап, Арыстанды аузына қаратып тұр, - деген ақын өлеңдеріндегі ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы реалистік шындықтың бүгінгі күні де өз актуальдығын жоғалтпағандығымен құнды. «Крайнею страстью у киргиз стали выбора. Каждый только и добивается того, чтобы попасть на какую-либо должность. Дурные люди до плача доводят народ постепенно»

[3], - деген А.Пантусовтың тарихи анықтамасы Орынбай өлеңдерінде өте шынайы бейнеленген. Ақынның: Бастан бұлт кетпейді күн жайланып, Сақау озды шешеннен тіл байланып. Тұлпардан есек озып бәйге алып жүр, Бұл күнде заман кеткен теріс айналып. Есті кісі есермен ойнамайды, Бойы қысқа тереңге бойламайды. Ақша берген кісіні болыс сайлап, Елубасы ел қамын ойламайды, - деген жыр жолдары оның жүрегінен замана запыраны болып шығып, әділдіктің ақ семсеріне, шашақты найзасына айналады. Өз дәуірінің саяси-әлеуметтік әділетсіздіктері мен қайшылықтарына куә болған ақын олардың қорқаулығын, парақорлығын, надандығын, екіжүзділігін әшкерелейді. Орынбай Бертағыұлының саяси-әлеуметтік тақырыпқа арналған өлеңдерін Ресейдің отарлау саясаты негізінде іске асырылған заңдарға сәйкес үш кезеңге бөлуге болады. 1. 1824-1840 жылдар. 1824 жылы хандық билікті жою заңы шықса да қазақ даласында, әсіресе, ақын өмір сүрген Көкшетау өңірінде ханды пір тұту, оның құзырына бағыну дәстүрі 1840 жылдардың аяғына дейін сақталғаны белгілі. Абылайхан ұрпақтарынан Шыңғыс, Ғұбайдолла Уәлихановтармен етене араласып, Қасым төре балаларын, соның ішінде Саржан, Кенесарыны көріп өскен Орынбай хандық биліктің дәуірін өз көзімен көрген. Оның «Абылай туралы», «Төрде отырған төрелер», «Хан келді Абайділда он жыл жатып» атты өлеңдері хандық билік кезеңіне арналған көркемдігі жоғары туындылар. 2. Ақынның әлеуметтік тақырыптағы біраз өлеңдері 18401868 жылдарға сәйкес келеді. Бұл хандық билеу саясаты жойылып, қазақ жері округ, облыстарға бөліне бастаған, аға сұлтандық билік жүйесі енгізілген кезең. Орынбай өлеңдеріндегі біраз арнаулар осы кезеңде қазақ елін, соның ішінде Сарыарқаның облыс, округтерге бөлініп, соларды басқарған аға сұлтандар, правительдерге арналған. Ел басқарған

аға сұлтандардың тарихта белгілі тұлғалар мен халыққа озбырлық, зорлық, зомбылық жасап ел ынтымағына іріткі салған, атқамінерлерді мақтап және әшкерелеп жазған өлеңдерінің ішінде «Зілқараның Әлібегіне», «Ерден өлеңі», «Әпеке биге айтқаны» сияқты өлеңдері осы кезеңнің нақты әлеуметтік мәселелерін айқындайды. Мәселен, аға сұлтан Ыбырайдың «мені жамандап өлең айтшы, көрейін» дегенде Орынбай: Шақырдың Қарауылдың Орынбайын, Арқалап алып келген қарағайын. Әкең естек болғанда, шешең қалмақ, Алып келіп адам қылған Қошқарбайым. Мұрның бар қол ағаштай қайқы төстек, Айдап әкең жүретін екі мәстек. Сүтке тойған лақтай ойнақтайсың, Мұнда келіп тойынып мұндар естек, - деп қара қылды қақ жарып, өзінің турашыл позициясын көрсеткен. 3. Орынбай ақын шығармашылығындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді жырлаған өлеңдерінің үшінші кезеңі 1868 жылдан өмірінің соңына дейінгі уақыт деп алу керек [3]. 1868 жылдың 21 қазанында Ресей патшасының «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарасты далалық облыстарды басқарудың уақытша ережесі» атты заң дүниеге келіп, соның салдарынан қазақ даласын территориялық жағынан Ресейге тікелей бағындыру жүйесі аяқталып, Қазақстанды бодандау ісі аяқталған еді. Жаңа заң негізінде аға сұлтандық билік жойылып, ел басқаруға білімі, ой-өрісі жоқ, сауда мен мансапты місе тұтқан надан байлар, саудагерлер тағайындалатын болды. Орынбайдың осы үшінші кезеңдегі саяси-әлеуметтік мәселелерді арқау еткен өлеңдерінің қатарына «Бір жан жоқ .........», «Маймаққа айтқаны», «Айдосқа», «Байғабылға» айтқаны жатады. Ақын қарапайым халықтың басына түскен зор ауыртпалықты қоғамдағы әділетсіздіктерді іске асырушы болыс-билерден, ел үстінен күн көрген старшын, приставтардан көреді.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Елеукенов Ш. «У предыстоков национального романа» Шал ақын Құлекеұлы. Шығармалары. Зерттеулер. 1999 жыл, 155 бет. 2. Пантусов А. Образцы киргизской народной литературы. Казань, 1909 год, 46 стр.

ҚАРТАЙДЫ ДЕП ҚАПЫДА ҚАЛМА, ШІРКІН!

Қазақ халқының өткен дәуірдегі аса ірі айтыстарының бірі – Орынбай Бертағыұлының Өтеулі Тоғызбайұлымен айтысы бүгінге дейін өз дәрежесінде бағасын ала алмай, тіпті, айтыс жинақтарына да енбей жүргендіктен, осы айтыс туралы сөз қозғауды жөн санадық. Айтыстың тиісті жинақтарға енбей келуінің басты себебі – Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақталған (1) жалғыз нұсқасының сапасының төмендігі, қайта өңдеуге келмейтіндігінде болып есептеледі. Сиямен жазылған айтыстың басым көпшілігінің өшіріліп қалуына байланысты (сияға су тиіп, жайылып кеткен) мәтінді қайтадан қалпына келтіріп, толық жазып шығу мүмкін болмады. Әйтсе де, жекелеген шумақтар мен тармақтардағы сөйлемдерден екі ақынның айтысы салмақты екені байқалады. Айтысқа берілген аннотацияда Өтеулі айтысты бастап, біраз байлық пен батырлықты мақтағаннан кейін, Орынбай Өтеулі ақынды өз сөзінен ұстап басым түседі делінген. Орталық ғылыми кітапханадағы нұсқасын толық қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, біз Өтеулі ақынмен айтысының «Қостанай таңы» газетінде (2) тұңғыш рет жарық көрген нұсқасын негізге алдық. Облыстық газетте айтыстың толық мәтіні берілген және айтыстың сақталу тарихын журналист Серікбай Алпысұлы толық баян қылған. Айтыстың мазмұны өте көркем, әрі көлемі жағынан нағыз сүре айтыстардың қатарына қоюға болады. Мазмұнына қарағанда,

айтыс Орынбайдың қартайып, шау тартқан шағында болғаны байқалады және «Бұл үш жүзге аты танылған Орынбай ақынның соңғы айтысы» деген түсініктеме де берілген. Өтеулі Тоғызбайұлы Қостанай облысының Наурызым ауданындағы Қайғы деген жерде дүниеге келген. Руы – Арғын ішінде Тағышы. Екі ақынның айтысын кезінде Өтеулінің баласы Оспаннан ақынның жиені Нүркетай Есмұханбетұлы арабша жазып алып, қазіргі алфавитке аударған. Артынан «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары Сапаржан Хайдаров, жазушы Сейітжан Омаровқа қолқа салып, жарыққа шығуын өтінеді. Өкінішке орай, сол кездегі кеңестік саясатқа айтыс тақырыбы сәйкес келмейтіндіктен, жарыққа шықпай қалғанға ұқсайды. Газетте жарыққа шыққан айтыстың мәтінін оқып шыққанда айтыстың тамашалығына, әдеби жоғарылығына таң қалдық. Сүре айтыс түрімен өткен өнер сайысында екі саңлақтың да өрелілігі, биіктігі байқалады. Айтыстың этикалық талғамы жоғары, ақындардың бір-біріне деген сыйластығы сөз саптауларынан-ақ көрінеді. Орталық ғылыми кітапханадағы айтыстың көлемін есептеп шығуға тырысқанымызда шамамен 260 жол болған еді. Ал, газеттегі нұсқасында айтыс 396 тармақтан құралған. Соның ішінде 49 шумақ немесе 200 жол Өтеулі ақынның үлесінде. Орынбай мен Өтеулі ақынның бұл айтысын қазақ әдебиетіндегі ірі айтыстардың қатарына қосқан абзал. Орталық ғылыми кітапханадағы нұсқасында айтысты Өтеулі бастайтын болса, керісінше, газеттегі айтыста Орынбай сөз бастаған. Дұрысында, дәстүр бойынша алыстан ат арылтып келген, әрі үш жүзге аты әйгілі, жасы үлкен Орынбайдың айтысты бастағаны шындыққа саяды. Қартайды деп қапыда қалма, шіркін, Болмайды дүние жолдас онда, шіркін. Үш жүзден озып жүрген Орын едің, Азырақ қанатыңды қомда, шіркін, - деп, өзін-өзі көтермелеп, рухын шақырып алған ақын: Сіздерді бұл ордада көрдім, тақсыр,

Тағдырдың салғанына көндім, тақсыр. Сіздерді бір көруге құштар болып, Араға он бір қонып келдім, тақсыр, - деп, ақын өз сөзінде Көкшеден өзінің келгенін дәлелдеп отыр. Сондықтан, айтыстың газеттегі нұсқасы шындыққа сәйкес, әрі айтыстың өн бойындағы мазмұн желісі соны айғақтайды. Айтыстың басында сөз алған Орынбай ұзақ толғанған. Өмірінің соңғы кезеңіндегі ауыр тұрмыс тауқыметін, пендешілік тіршілікті, опасыз дүниені жырлайды. Қартайып жас күнімнен қалып жүрмін, Дақ түсіп аузымды шалып жүрмін. Бірге өскен бала жастан жарым қайтты, Қайғы-қасіреттен азып жүрмін, - деген ақынның келесі жыр жолдарында сөз қадірін түсінер алқалы топқа іштегі мұңын шағады: ... О, дүние, қызық дәурен өткен жері, Уайым болды жайлап біткен жері. Кез келген сұм тағдырға шарам бар ма, Жарымның о дүниеге кеткен жері. Қинап жүр осы қайғы кәрі жанды, Боп қалды Орын ағаң жарымжанды. Бейне бір жаңа үйренген тай секілді, Қадір білмес тоқалға күнім қалды. Жарығы бұл дүниенің өтіп кетіп, Заманға кез боп тұрмын түн секілді. «Алтында иесі жоқ не маңыз бар, Дариға-ай, кәрілік шіркін сол секілді», «мыс болдым осы кезде едім алтын, емес пе еді әр уақыт жүзім жарқын» деген ақын сөздерінде өмір туралы зор толғаныс, терең тебіреніс бар. Сонымен қатар, айтыс алдындағы ұзақ толғауда өмірлік мол тәжірибе жинақтаған, парасаты мол, зердесі кең ақынның мол рухани дүниесі көрінеді. Айтыс барысында алғашқы аздаған пессимистік ой сейіліп, өнер үшін туған өр тұлға ендігі жерде айтыстың қызығына түседі. Орынбай мен Өтеулінің өнер додасындағы сыйластық, өнегелілік, аға мен іні арасындағы ізеттілік айтыс

соңына дейін үзілмейді. Көп айтыстардағы ащы мысқыл, улы тіл, сарказм мен ирония тіптен жоқ, керісінше, әдемі көркем сыпайы тілмен диалог құрылған. Не жүйрік топтан озған кездессе де, Әзірше сыр алдырмай жеңіп жүрсің. Отырмын соның үшін жүрексініп, Десеңіз айтысамын, еркің білсін. Ореке, сізге жауап айта алмаймын, Сыйлаймын, көңіліңді қайтармаймын. Айтыс деп төре, қара қинаса да, Сізбенен егесуге бата алмаймын, - деген Өтеулінің келесі жыр жолдары да ақын ағасына арналған: Көңілім – бойды бағып тыныш қалу, Сізбенен айтысуға қорғалаймын... Ореке, сіз таусыз да, біз таушықпыз, Сіз айдын шалқар көлсіз, біз көлшікпіз...

Бәйгеден күнде келген Сіз бір тарлан, Мен құнан енесінен жетім қалған... Бұл - Өтеулі ақынның Орынбайдан қорыққаны емес, сыйлағаны, қорғалақтағаны емес, ізет тұтып әлмештегені. Айтыста қарсыласын тауға, айдын шалқарға, тарланға теңеп, өзін таушық, көлшік, құнанға теңеуі - өте сирек кездесетін құбылыс. Өз кезегінде Орынбай ақын да: Көрінед сөзің түбі салмақтылау, Жұқалап сөйлесең де қарапайым. Артық деп өзіңізден саспан дейсің, Көрінед қорықпасам күшің дайын, - деген өлең сөздерімен жас ақынды қолдап, оны қолтығынан демеп отырады. Айтыс желісінде екі ақын арасындағы кезектесу Орынбай ақынның жеке тұлғасына байланысты мәселелерге орай ауысып отырады. Өтеулі ақынның айтыста Орынбайды тосылтқан бір мәселесі тағы да дін жайлы. «Пайғамбар жасынан астым,

өлеңді, айтысты қойдым деген сөзіңді бұздың, бұл саған жараспайды» деген тұжырымымен Өтеулі басым түседі. «Айтысты ант арқылы қойған жоқ-ты» деп Орекең қанша ақталғанымен, тағы да өзі айтқандай «Ауыздан шыққан лебіз бейне бір жел, бола ма қолмен ұстап аққан оқты» деген сөздері арқылы өз сөзінің қарсы келгеніне қынжылыс білдіреді. Әйтсе де, басынан талай айтысты өткізіп, дауылпаз ақын ретінде қалың қазаққа танылған аға ақын үшін бұл зор өкініш, жеңілу болып саналмайды, қайта топ алдына жаңа шығып, айтыстың ащы-тұщысын жаңа көре бастаған Өтеулі үшін үлкен өнер мектебі. Айтыстағы осындай сәтті С.Мұқанов: «Көшпелі қазақ тұрмысы жағдайында, жазба әдебиет болмаған кезде ақынға «ақын» деген атақ әперетін ең басты «байқау» айтыс болған. «Ақын» атағын алу үшін ол өзінің ақындық күшін көп алдында таныту керек, ал ақын болғысы келген адам өзінің ақындық қабілетін таныту үшін бұрын «ақын» деп танылған кісімен ақындығын жарыстырып, көптің сынына түседі. Егер осы жарыста отырғандардан мақұлдау тапса, оның көпшілік алдында танылғаны, ал көптің көңілі толмаса, «ақын» деп танылмағаны» (3), - деп өте дұрыс атап өткен. Айтыстың мәтінін зерттей келе кейбір шумақтардағы сөз қолданыстар қазіргі әдеби тілдің нормалық деңгейінде екені байқалып қалды. Асылы, айтыс бірнеше рет көшііліп, өңделгенге ұқсайды. Мұны айтысты газетке жариялаған С.Алпысұлы да «Арабша жазылған нұсқамен қазіргі жазуға түсірілген нұсқа арасында, жекелеген сөздерде, жолдарда аздаған айырма бар. Тегінде ақындық өнерден де құр алақан қалмаған Нүкетай ақсақал (Өтеулінің баласы Оспаннан жазып алған адам) жазу үстінде шамалап редакциялап отырған сияқты», - деп мойындайды. Мәселен, айтыстағы «Өмірлік жан досым деп сыйлаушы еді», «Жолдастарым шақырып әкеліп тұр» деген өлең жолдарындағы «жан досым», «махаббаттың бесігінде», «жолдастарым шақырып» сөз тіркестері қазіргі қазақ тілі грамматикасының сөз қолданысындағы жүйе.

Орынбай мен Өтеулі айтысында соңғы бір тоқтала кететін мәселе – айтыс өткен уақыт. Өтеулі Тоғызбайұлы 1916 жылы 80 жасында қайтқан, яғни бұл дерекке сенсек, ақын 1836 жылы туған. Ал газет мақаласында «Наурыз би Өтеуліні өзінің туғанындай құрметпен қарсы алып сыйлайды, бірақ халыққа дабыра қылмай жасырын ұстайды. Жиын болып жатқан ауылдан көрші ауылдарға әкетіп, Өтеуілге өлең айтқызады. Суырып салма, тілі мірдің оғындай ақын екендігіне көзі жетеді. Өтеулінің жалғыз айыбы – хат танымайды екен және тәжәрибесі жоқ, жас шамасы жиырма бестегі балаң жігіт» делінген. Осы айтыс кезінде Өтеулінің жасы 25-тер шамасында болса, ал ол кезде Орынбайдың жасы әлі толық елуге толмаған 44-45-тегі қамал бұзар шағы болар еді. Біздіңше, айтыс көп кейін, 1870 жылдардың аяғы не 1880 жылдардың басында өткен сияқты. Екіншіден, Өтеулі ақынның үлкен ұлы Оспан 1964 жылы дүниеден өткен (газетте солай берілген). Егерде ақын 25 жасында үйленді дегеннің өзінде (сол заманның өлшемінде 25 жас нағыз сұр бойдақтың жасы болғанын еске алсақ) тұңғышы жүзден асып барып дүниеден өткен болады. Бұған сену қиындау, әрі олай болған болса, бұл жайт міндетті түрде газетте жазылар еді. Қорыта айтқанда, Орынбай Бертағыұлы мен Өтеулі Тоғызбайұлының айтысын қазақ ауыз әдебиетінің айтыс өнеріндегі сүбелі айтыстардың бірі деп есептеген жөн.

ЖҮРЕГІМЕН ЖЫРЛАҒАН ТУҒАН ЖЕРІН

Көксеңгір Көкшенің айшықты Айыртау өңірінде ең алғаш балапан өлеңін жазып поэзия Пегасын ерттеп мінген қазақтың ақ селеулі даласына ұқсаған күміс шашты, әзиз жанды Кәкімбек аға да жетпістің қырқасына шығыпты-ау. Бұл тек ақын ағамыздың адами ғұмырында әр пендеге тиісті өмір белестерін өтіп, тіршілік атты дүниенің жас мөлшерін тізгіндеуі ғана. Әтпесе, жүрегі жыр толғаған, ізгілік пен махаббаты әспеттеген ақын тұлғасы ешқашан да қайртаймақ емес!

Бұл – аксиома! Қоскөлдің тау жағынан таң атады, Аққудың суда ойнайды балапаны, - деген өлең жолдары балалық, жастық шақтарының талай бозала таңдарын бірге қарсы алған, одан Мәскеудегі оқуларынан жазғы демалысқа қайтқан кездеріндегі туған жерге деген сағыныштарын Қоскөл көлінің жағасында тұрып, Сырымбет тауының қырқасынан көтерілген күнді қарсы алу арқылы басатын Көкшенің атақты үш тұлғасы – Еркін, Шота, Кәкімбек ағалардың өмірінің куәсі. Ақының мектеп бітірген ауылы – Сырымбет. Ол жер – Абылай ханның немересі Шоқан Уәлихановтың туған жері, атақты төрелер әулетінің қасиетті мекені. Міне, осындай өлкеде туып-өскен, жастайынан құлағы ән-жырға қанығып өскен, көңілі зерек, көкірегі алғыр бала Кәкімбектің ақын болмауы да мүмкін емес еді. Оған дәлел ақынның: Жарқ етті, әне, Сырымбет, Құлагер қуып жетердей. Ақан сері күлімдеп, Ақтоқты үнсіз өтердей.

Қоскөлде әнші аққу-қаз, Қосылып сүйек ертеді. Қос арудай айтып наз, Жүректің қылын шертеді, - деген жыр жолдары болса керек. Ақын үшін туған жердің әрбір тау-тасы, нулы орманы, қоғалы өзен-көлдері – бәрі музаға айналған, поэзия тұнған көрініс. Содан болар К.Салықовтың ерекше сезімге толы, туған жерге деген ақын махаббаты мен құрметі оның шабытын шалқытып, шығармашылық қуатына қуат қосады. Туған жерін, бесікті Отанын әркім өзінше сүйіп, әл-қадірі жеткенше өзінің ішкі танымына сай қабылдайды. Сылқым қаққан ақ бұлақтан байқадым, Туған жердің қымбатын. Сыбырласқан жас құрақтар айтады, Айдын көлдің сымбатын.

Ерте сүйдім құзар шыңның заңғарын, Бұлттар күшін үзбеген. Өзен сырын ағысынан аңғардым, Теңіздерді іздеген, - деп, ақын өзінің туған жерді сезімтал жүрегімен ерекше сүйетінін оқырманға осылай сездіре отырып, туған жер арқылы басқа кеңістікті меңгергенін байқатады. Кәкімбектің туған жерге деген ұлы махаббаты оның бүкіл өмірінің үзілмес тіліне, перзенттік кредосына айналған. Жастайынан туған жерден көп уақыт сырт жүрген ақынның туған өлкеге деген сағынышы да, көкірек түсінігі де бөлекше. Самолеттер ұшады, Ақша бұлтты бауырлап. Ішінде мен жоқ болып, Бара жатыр ауырлап.

Қаздар қайтып барады, Еділдетіп Оралмен. Елге жетіп қалар ма ем, Ере кетіп солармен, - деген бар қазақтың әніне айналып кеткен өлеңін қазақ поэзиясындағы туған жерге арналған циклдің ішіндегі шұрайлысы деп бағалаймыз. Сырымбет орта мектебін бітірісімен ақыл Мәскеудің Калинин атындағы атындағы Түсті металдар және алтын институтына түсіп, оны тәмамдаған соң, Жезқазған қаласында әр түрлі салада жиырма жыл еңбек етті. Одан кейін Қарақалпақстанда Мәскеуде ұзақ жылдар еңбек жолын өткерді. Міне, осы жайт ақын жанына өз ізін салмай кетпеді. Елден жырақта өткізген өмір кезеңдері ақын жүрекке туған жерге деген ұғым аясында тек қана туып-өскен өлке емес, қазақ жерін тұтастай қабылдатты. Мәселен, «Туған жер» сонетінде Кәкімбек:

Қазақстан, ұыңмын деп келемін, Бірақ айтудан сескенемін. Байтақ елім бір сөзге сыйып тұрса, - дей келіп, Қазақстанның төрт бұрышын түгел өзң туып-өскен жеріндей жақсы көреді, жаны ауыратынын айтады. Ақындық кеңпейі жүрегімен қазақтың әр сүйем жерін бөле-жармай тұтас сүйеді. Отанға деген перзенттік борышын жүрегімен түйсінеді. Реті келгенде айта кеткен дұрыс, поэзияның жұлдызды бағыттарының бірі сонет – ақынның оқырмандарға тартар үлкен олжасы. К.Салықов сонет жанры табиғатына өте терең бойлап, оны шебер меңгерген. К.Салықов поэзиясындағы туған жер тақырыбына терең үңіле түскен сайын оның жанын жақынырақ түсіне бастайсың, ақынның туған жерге ынтықтығын жарқын сезінесің. Дала кезіп, өзен өрлеп нұрланам, Сонда ерекше сәнденеді бұл далам. Ойламаймын өлең бақыт берер деп, Туған жердің иісі аңқып тұрмаған. Дәл осылай шын ақын ғана айта алмақ. Бақытты әркім әрқалай көреді де, әркім әр себетен іздейді. Ол адамның жеке басынан мінезіне, болмыс-бітіміне байланысты. Ал өлеңін бақыт санау шынайы ақындарға ғана тән. Кәкімбекке сенсек, өлең болғанда да туған жердің иісі аңқып тұрмаған өлеңнен бақыт табу қиын. Осыдан-ақ туған жерді Кәкімбекше сүюдің өзі үлкен қасиет деп бағалау керек. К.Салықов шығармашылығы жөнінде сөз қозғағанда туған жер тақырыбын тоқталып өту маңызды дегеніміз содан. Енді ақынның мына өлең шумағына зер салайық: Жусан иісі дем беріп, шынығып ем, Шақырасың самал жел сыбырымен. Түсім қызық: Мәскеуді шыр айналып, Мың-мың киік ояндым дүбірінен. Кәкімбек тіпті Мәскеудің төрінде ұйықтап жатып та, мыңмың киіктің жөңкілген дүбірінен оянады. Сөйтіп, ақын жүрегін туған жерге деген сағынышы тіпті түсінде де мазалайды. Қалай таңданбассың, қалай сүйсінбессің?

Салықовтың туған жерге деген махаббаты, оны қабылдауы, одан әсерленуі, мұны жалпақ жұртқа эстетикалық өрнекпен, экзистенциялық рухпен жеткізу – жүректі тебірентетін жетістік. Бұл – оның кішкентай жүрегінің бұлқынысы мен шаттығын, шамырқануы мен пәктігін, үміті мен күдігін жалпақ жұртшылыққа паш еткізіп тұрған туған жерінің құдіреті деп айтпасқа амалыңыз қалмайды. Біз мұны шығармашылық бақыт деп түсінеміз. Ақынның өлеңнен бақыт іздеуі, оның ішінде туған жерден бақыт іздеуі осыны аңғартып тұр. Кәкімбек өлеңдерінің поэтикалық қуатты болуы, поэзиялық өрнегі бізге басқалай ойлауға мұрша қалдырмайды. Сұлулықтың символына айналған Арқаның ақ балтырлы қайыңды өлкесін: Беу, туған жер! Аққұба қайыңды өлке. Көзді көлдер, көк шүйгін – шәйі көрпе. Шақырасың аққулар саңқылымен, Жедел ұшып жетпесем жанымды өрте, - деп жырлаған ақын енді бірде: Жылы жүзің тамаша, Қарай-қарай тоймаймын. Тату өскен балаша, Қолтықтасып ойнаймын, - деп Оқжетпестің өзін өзінің құшағына алып, әсем сырласады. Қуатты танымға сай сезім мөлдірлігі және оны бейнелі, бедерлі етіп бере алатын балқығанқорғасындай қазақ тілінің небір икемді ырығақ, әуезді, ажарлы көркем иірімдері тек таланттылардың таланттысының ғана қолынан келер іс. Міне, дәл осындай даусыз дарындылық, талассыз ақындық құдірет Кәкімбек ақынның туған жер жайында жазылған жыр жолдарында көптеп кездеседі. Ендеше: Сексен көлдей сар таза көңілім кең, Қас пен достың көзіне көп ілінгем. Кең далама мәңгілік жалғасамын, Өлеңіммен, әнімен, өміріммен, -

деп ақынның өзі айтқандай, бүгінде поэзияның асқарлы шыңына шыққан Кәкімбек ағаның алдағы уақытта да тамаша өлең-жырларын оқуға асығайық, ағайын!

БІРЖАН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

Мен Біржан болғалы талай заман, Пар келмеген еш әнші тіпті маған. Біржан сал.

Ұлт руханияты – ұлттық поэзия тарихында бір басында ақындық, әншілік, композиторлық-орындаушылық, жыршылық, импровизаторлық өнерді аса сәтті тоғыстырған әнші ақындардың, сал-серілердің шығармашылық өнернамасы өзгеше. Сахара сәулеті сал-серілердің өнерімен ерекшеленген. Тарих сахнасында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші аралығында көшпелі өмір, тарихиәлеуметтік жағдаяттар синкретті өнердің өкілдері – салсерілерді тудырды. Қазақ елі, қазақ даласы Ресейдің отаршылдық қанды шеңгеліне түскеннен бастап, ұлы даланың ен төсіне орыстық, еуропалық үрдіс-салт, жат тұрмыстықшаруашылық жүйе, бөгде өркениеттік дүниетаным мен сана сыналап кіре бастады. Кей жағдайда еуроцентристік ағымға ұласқан бұл дерт жегі құрттай кеулеп, шырғасы бұзылмаған қазақ рухына өлшеусіз зиян әкеліп, залалды, зардапты апатты құбылыстарға дейін жеткізді. Осындай алмағайып кезеңдерде өзінің ғасырлар бойы емендей беріктігін, күндей күш-қуатын, аруақты да киелі болмысын қазақ рухы тағы да көрсетті. Қазақ рухын биікке асқақтатқан сол кезеңде өмір сүрген саңлақ салсерілер еді. (Ұлттық мәдени дәстүрдегі сал-серілік, қайғылық, сүлейлік дәстүр болған/Номадология мәселесі.)

Сал мен серінің ерекше қасиеттері - әрі ақындығы, әрі әншілігі, әрі күйшілігі, әрі сауыққойлығы, елге қуаныш беретін, олардың жүрегіне жарық сәуле түсіретін зиялылығы. Әлкей Марғұлан Сал, серілерде ақындықпен қатар, әнші, күйшілік, композиторлық, би, спорт өнерлері де бар. Сал, серілер, әншілік, ақындық, жыршылық, аңшымергендік, спорт-палуандық, сырттай әшекейлік (декорациялық), түрлі күлдіргі, ғажап құбылмалы (фокус, жонглерлік) ойындар көрсеткіш – бәрі халық өнерпаздары. Есмағамбет Ысмайылов

Ұлт мәдениеті мен әдебиеті тарихында, өнері әлемінде сал-серілер поэзиясының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан, ақын-композитор, импровизатор, әнші Біржан сал Қожағұлұлы өнернамасы айрықша құрметке ие. «Сал мен серінің ерекше қасиеттері - әрі ақындығы, әрі әншілігі, әрі күйшілігі, әрі сауыққойлығы, елге қуаныш беретін, олардың жүрегіне сәуле түсіретін зиялылығы», - деп Әлкей Марғұлан баға берген сал-серілердің қазақтың ұлттық поэзиясын жаңғыртуда, дамытуда қосқан үлестері аз емес. Солардың бірегей тумасы – Біржан сал. Асқан талантының арқасында Біржан Арқада асқақ әншілік дәстүрін қалыптастырды. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, бала Біржан Сарыарқа өнеріндегі тарландар Шал ақын, Шөже, Орынбай, Арыстанбай, Тоқжан, Сегіз сері, Иман Көрпеш, Шәрке Салды өзіне ұстаз тұтып, талантын шыңдап, өнеріне арқау-желі тартқан. Олардың ақылкеңестерімен өнердің сан алуан саласына ден қойып машықтанған, олардан көптеген әндер үйреніп, ақындық, салдық дарынға бет бұрған Біржан салдың мектебінен шыққан, оның салдық-серілік өнерін жалғастырушылар – Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Құлтума, Қанапия, Доскей, Ақан сері, Ағашаяқ, Шашубай, Әздембай сал, Ғазиз, Иман Жүсіп, Кемпірбай, Сабырбай сынды өнерлілер. Арқалы ақын, дарқан дарын – Біржанның композиторлығы, әншілігі, ақындығы, өзінің замандастарын қандайлық қызықтырып баурап алатын болса, қазіргі ақын-

жазушы, әнші-композиторларды, жалпы мәдениеттік қауымды соншалық қызықтырып баурап әкеткендігі даусыз. М.О.Әуезовше айтқанда, «сахараның бір ғажайып алыбы», А.Қ.Жұбанов пікіріне жүгінсек, «Біржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетінің алыбы», «Қазақтың халықтық музыка мәдениеті тарихында Біржан аты алтын әріппен жазылған», профессор Е.Ысмайыловтың берген бағасына сүйенсек, «Біржан – бұрынғы-соңғы қазақтың сал, сері ақындарының ағасы, ұстазы, жаңашыл өнерпазы» деп бағалаған Біржан сал Қожағұлұлы өз өнеріне сарқылмас қазына – қазақтың ұлттық дәстүрін арқау еткен импровизатор ақын-әнші. Біржан шығармашылығын қарастырғанда сал-серілік өнердің ерекшелігін айтпай өте алмаймыз. Себебі, Біржан – салдық өнерді шыңына жеткізген дарын иесі. Сал, сері ақындардың поэзия мен музыканы, халықтың ойын-сауық өнерлерін ұштастыра біліп, жаңа көркемдік мазмұнмен дамытуға жол ашқан жаңашылдық сипаты да, қалың бұқараның арман-күйлерін жырлаған өршіл сарындары да Біржанның творчестволық дүниесінен түгел табылады. Шынымен де, сал-серілік өнердің болмысы әнші-ақындық шығармашылықтың негізінде жатыр. Оның негізі қазақ өнерінің синкреттік болмысынан табылады. Біржан салдың асқақ үнге, терең де нәзік лиризмге толы тамаша ән өлеңдері мен жырлары, айтыс өлеңдері мен тапқыр сықақтары өз заманындағы өзекті, әлеуметтік, ізгі адамгершілік мәселелерді, ең бастысы, ұлттық дәстүрге негіздеп толғайды. Біржан – музыкалық және поэтикалық өнерді тұтастырған үлкен өнерпаз тұлға. Оған ақын творчествосының болмысын зерделеу арқылы оңай қол жеткіземіз. «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» атты өлеңінде әнші: Елімнің еркелеткен серісімін, Сен түгіл патшаға да бас ұрмаймын, - деу арқылы өзін алты алаштың ерке сал-серісі деп көрсетеді. Немесе ұлы әнші-композитордың «Мен – Біржан алтын тудай айқындалған» деген лебізінде терең сыр, зор мағына барын байқауға болады. Кереметтердің ішінен өзгеше биікте шырқау,

өз қауымының, ұрпақтарының көңілін, ой-санасын билеп тербеу, «үш жүздің алға ұстаған тұйғынына» айналу, үздік шығу – Біржан сол дарынын айқындайды. (Сал-серілік дәстүрді сыйлау – ол кездегі халық менталитетінің мықтылығымен, яғни ұлттық дәстүрдің ең жоғары дамыған кезеңінің белгісі. Бұл – сол дәуірдің тамаша жемісі.) С.Негимов өз зерттеуінде «Жаратылыс Біржан салға жоғары дәрежелі рухани қабілет, парасат-білік, суреткерлік қасиет, ұшқыр қиял, телегей шабыт сыйлаған. Тектілігі тағы бар» дейді. Өзінің ата-бабасын былай деп сипаттап кетеді: Ақсары, Тоқсары мен екі Сары, Үш жүздің болысына болдым дәрі.

Бұдан әншінің текті жердің тумасы, Керей руынан тараған Ақсарының ұрпағы екендігін, тегіне тартқан талант екендігін аңғарамыз. Тектілік туралы: Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. Қасыңа мені сендер неге алмайсың, Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын. Мен Біржан болғалы биыл емес, Өлең шіркін біздерге қиын емес. Алты қырдың астынан ән шырқасам, Дауысым отарбадан кейін емес... Өлеңім ағын судың басындай-ды, Найзағай аспандағы жасындай-ды... Аққудай аспандағы жүз құбылтып, Сал Біржан ән салуға мүдірмейді... Сұрасаң төрт момынның жүйрігімін, Үш жүздің алға ұстаған тұйғынымын.

Баста емес, аяқта емес осы күні, Ноқтаның жуан сағақ тұғырымын. («Он саусақ»)

Біржан бұрынғы шешендердің нақыл сөздерін де, атақты майталман суырып салма ақындардың жырларын де үлкен өнер үлгісі ретінде кейін есейген шағына дейін еске түсіріп те айтып отырған. Орынбай, Шөже, Тезекбайдың айтыс шумақтарында, жыр шумақтарында кездесетін ойға қонымды жыр орамдарын Біржан өз әндерінің ішіне енгізіп отырған да еді. Демек, әнші ұлттық дәстүрді жалғастырып қана қоймай, оны дүйім жұртқа, кейінгі ұрпаққа таратуды да мақсат еткен. Шын талант иесі өмірлік құбылысқа бейтарап қарамайды. Ойын-сауықты қаншама қызықтаса да, Біржан өзін толғантқан жайларды аттап өте алмаған. Ақын серілік дәурені жүріп, даңқы жайылған шақтарда да заманы, жақсылық пен жамандық, бар мен жоқтық, достық пен махаббат, араздық пен татулық жайынан көптеген өлең, толғаулар шығарып айтады. Біржан айтып таратқан әлеуметтік мәні бар өлең-жырлардың оннан бірі ғана сақталып бізге жеткен.

Біржан өлеңдеріндегі дәстүр тағылымы Аржақта отыратын Көлбай-Жанбай, Шідерімді кім алды, Ләйлім алмай? Балағы шідерімнің алтын еді, Асығыстан барамын сұрай алмай. Көлбай-Жанбай, тыңдашы, асыл тасым – Біте қайнап, бірге өскен замандасым. Көктен жел, жерден шайтан әкеткен жоқ, Ұрлап алған өзіңнің қарындасың. Қолыма асынғаным алтын балдақ, Мен келдім Әсемкерді суға жалдап. Құйрығын екі-екіден талдап өріп, Қылмитып мініп шықтым қалқаға арнап. Әніме сегіз дуан таңырқаған, Баласы Қожағұлдың атым – Біржан Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп, Дүние өтерінде шыр айналды...

Жігіттік бойға таққан бір гауһар тас, Қартайсаң қайта айналып тағылмаған. Қара нар жүк көтермес саздаған соң, Су шықпас ойпаң жерден қазбаған соң.

«Телқоңыр», «Бурылтай», «Ақсеркеш» тағы басқа ән өлеңдері мен айтысында жүйрік жорға, сұлу аттардың көркем тұлғасы елеулі орын алады. Сұлу қыз, сұлу ән, сұлу жыр, сұлу ат қазақ ер жігітінің зор мақтаны екені мәлім. Тағы да ұлттық сабақтастық, ұлттық дәстүр Біржанның жырларында тұнып тұр. Біржан салдың ақындық ой мен өнердің толыса бастау үрдісі Сарамен айтысы кезінде кемелдене түсті. Біржан салдың Сарамен айтысы жөнінде ғалым, профессор Ә.Қоңыратбаев былай деген еді: «Бұл айтыс өзінің көтерген әлеуметтік проблемасы, мазмұны, көркемдігі жағынан аса қымбат. Тақырыбы келелі... «Біржан-Сара» айтысы бұрынғы дәстүр ізімен сөз өнерінен басталады...». Біржан мен Сараның айтысы – Біржан ақындығының биік шыңы болумен бірге бүкіл қазақ ақындары айтысының биік шыңы. Мұнда Біржан күшті ақындық өнерімен халық поэзиясын дамытып, ұлттық дәстүрді жаңа қырынан көрсеткен жыр үлгісін ұсынады. Айтыста екі ақынның кең көсіліп толғау өлеңдері арқылы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің сыр-сипатынан да жарқын елес береді. Тұнып тұрған дәстүр.

Біржандағы ұлтжандылық менталитет кеңістігі туралы Біреудің аспанда жүр дәрежесі, Біреудің көкте қолы, жерде басы. Жақсының жаман менен айырмасы – Ойласаң жер мен көктің екі арасы. Жігітке ақыл – пана, уайым – қорған, Сабыр сақтар жігітті қазған ордан. Көрмегенді көрдім деп айтқан адам – Білсеңіз, ол бір жаман хайуаннан. Бұрынғының биіндей би қалмады, Бүгінгінің биінде ми қалмады... Бұрынғының билері тамам болды, Ендігінің билері жаман болды. Арғымақтың аяғын арқан шалып, Есек озып бәйге алған заман болды.

Біржан салдың ақындық жүрегінен төгілген «алтын мен күмістің нақысындай» толқынды жырлары мен сырлары ұлттық игілігіміз ретінде ғасырлар керуенімен аршынды қадаммен ілгері баса бермек. Біржан әндері ұлттығымызды ұлықтайтын асыл мұралардың қайнар көзі. Бозбала, саған айтар өсиетім, Жақын жүр әлпештеген ардақтыға. Жанып тұрған жас өмір - ал қызыл гүл, Сипаттауға қызығын жетпейді тіл, Жауқазын желбіреген жастық шақта Өмірдің мағынасына түсіне біл.

АЛМАС ТЕМІРБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АЙ БЕЙНЕСІ

Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, Арманға тоймас адамзат... Бұқар жырау

Ежелгі ерте дәуірден адам өзін қоршаған орта – табиғатпен қарым-қатынас арқылы тылсым дүниенің сырын түсінуге тырысып, өзі таба алмаған дүние жауабын табиғаттан сарқуға әдеттенген. Өзінен тысқары ұлан-ғайыр кеңістікті алып жатқан табиғат күшінен сескеніп, оның сыры көп жұмбағын шешуге ұмтылуы адамзат баласының әуелдегі гумандық шешімі еді. Адамзат әуелі табиғаттан үйренді, табиғат адамды тәрбиеледі. Жаратылыстың адамға алғаш үйреткен қасиеті – танымдық қабілет болды. Адам өзінің бар күш-қайратын жұмсап, айналасындағы табиғат құбылыстарын қаз-қалпында тануға бейімделді. Ол өзінің санасының дамып жетілуі көтерілген сайын табиғат жайлы ой-түсінігін кеңейтіп, сол арқылы енді өзі жанына үңілуге, өз болмысын түсінуге талпыныс жасады, яғни, адамның адамдық кейпіне енуіне табиғат-ананың қосқан үлесі зор. Табиғат туралы ежелгі дәуір адамдарының таным-түсінігі, көзқарасы, сана-сезімі ең алғаш ауыз әдебиеті нұсқаларында мифтік, аңыздық түрде дамыды. Мифология – адам мен табиғат арасындағы өзара байланыстың нәтижесінен дүниеге келген көне дәуір әдебиет нұсқасы. Адам әуелі көк аспан мен қара жердің күшін сараптауға бет бұрды. Әлемде ең алғаш жер Құдайы Гея мен көк Тәңірі Уран туралы аңыз дүниеге келді. Осыдан бастап-ақ адам санасы мен ақылы өзін қоршаған табиғат туралы көркем бейне, образ, мистикалық жинақталған ортақ типологиялық характерлер жүйесін дүниеге әкелді. Адам өзін ендігі жерде табиғаттың бір бөлшегі ғана емес, сол табиғатты игеруге мүмкіншілігі барын жете біліп алды. Гераклиттің «Күн мөлшерінің кеңдігі – адам табанындай-ақ», «Күн сайын жаңа күн тумайды, бірақ күн

үзіліссіз жарқырап тұрады», Парменидтің «Күн Арулары Түн шаһарын тастап, қашанда жарыққа асығады» деген тарихтағы табиғат туралы тұңғыш жазбалары бізге жетті. Осыдан біз, адам тым ерте ежелгі дәуірден бастап табиғатпен жақын болуға, оны түсіне білуге, өз санасында бейнелі тұжырымдар жасауға талпынғанын көреміз. Қазақ әдебиетінің алғашқы нұсқасы – халық ауыз әдебиетінің барлық жанрларында адам мен табиғат арасындағы байланыс тамаша бейнеленген. Ежелгі грек, эллада мифтері сықылды қазақ аңыз әңгімелерінде, тұрмыс-салт жырларында да табиғатқа адами қасиеттер теліп, Құдайды, Тәңірді де табиғат бейнесімен, көрінісімен антропоморфистік тұрғыда суреттеген кезең болды. Бірақ, адамның табиғаттың жұмбағын шешіп, оны еркін меңгеріп, өз үстемдігі артқан сайын әдебиетте мифологиялық сарын өзінен-өзі көмескіленіп жойыла бастады. Әдебиетте, әсіресе, поэзияда табиғатты ойлау, саралау, талдау, оның құбылыстарын толық түсіне білу жетекші орын алғаннан кейін табиғат пейзаждық бейнелілік формасына, ойлаудың салыстырмалылық жүйесіне, адам мінез-құлқының, характерінің, ішкі дүниесінің психофизиологиялық теңеулеріне ауыса бастады. Әдебиетте табиғат лирикасы туды. Қазақ жазба поэзиясында табиғат лирикасының негізін салушы Абай екенін, ХХ ғасырдың сыншыларымен таласпай-ақ келісеміз. Бірақ Абайдан кейінгі дәуірде (120 жылдай уақыт) поэзияда табиғатты жырлау әр түрлі әдісте дамыды. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында табиғат соцреализм кесірінен лирикадан гөрі прозаға айналып немесе натурализм деңгейінен әрі аса алмады. Бұл кезең әдебиетінен тек қана Ілияс Жансүгіровтың «Дала» поэмасын ғана ескеруге, бағалауға тұрарлық. Менің қателесуім мүмкін. Қайткенмен де, коммунистік, атеистік, бірпартиялық әдебиет тұсында табиғат лирикасы салыстырмалы бейнелік, жоғары эстетикалық, «жандандырылған» тұрғыға көтеріле алмады. Тек хрущевтік «жылымық» кезеңінде маңдайы жіпсіген әдебиетке келген жаңа буын – қазақ әдебиетінің үшінші толқын ақын-жазушылары поэзияға өзінің сыршылдық, лиризм, нәзіктік бағытын ала

келді. Поэзияда Мағжан, Ілияс пен Қасымның лирикасы қайтадан шамын жақты. Ендігі жерде өлең өлкесіне «Жапырақ жүрек жас қайың, жанымды айырбастайын», - деп Мұқағали, «Мен – көктемнің найзағай күркірімін», - деп Төлегендер аяқ басып, қазақтың қара өлеңінен лириканың күмбезін құйды. Артынан жаңа көзқараспен әдебиетке деген жылы леп өргізген, жүрегі жасын, адымы басым ондаған талантты ақындар еріп, қазақ поэзиясын гүлдендіріп жіберді. Енді, міне, ХХІ ғасырда поэзияға ағалары салған бағытты одан әрі дамыта бастаған, жаңа серпін, серіппелі екпін бере алатын жас шайырлар келіп енді. Лирикадағы табиғат пен адам арасын кіріктіру, шендестіре бейнелеу үлкен поэтикалық зерделеуді қажет етеді. Пейзаж бен портрет арасындағы салыстыру әдісінде теориялық зерттеу жұмыстары әлі де болса аздау. Көбінесе, психологиялық параллелизм тұрғысынан талдау бар да, әдебиет теориясында оның формасы, тегі мен түрі, әдісі, ағымдары туралы мардымды еңбектер жоқтың қасы. Бұл жағынан орыс әдебиеті қашанда болсын көш ілгері келеді. Осы жерде мына бір жайды айта кеткен дұрыс. Бізде әдебиеттегі сыншы-ғалымдар, филолог мамандар бір материкте, ал ақын-жазушылар басқа галактикада тұратын сияқты. Екеуара ешқашан кездеспейтін, қозғалыс орбитасында бір меридианға тоғыспайтын, бір нүктеге тоқталмайтындай өмір кешеді. Ғалым өзінің дәреже-шекпені үшін, ақын-жазушы өзінің мақсат-мүддесі, тіпті, дүниялық тіршілік болмысы үшін еңбектенген болады. Ау, сонда әдебиетпен сусындайтын халық қайда, жаңа заманның рухын қалыптастырады дейтін ұлт мүддесі қайда қалады?! Жарайды, халық, ел оқымайды, тобырға айналды мына темір қоғамда дейік. Ал аз да болса сөз танитын ақылы бар аз қазақ не оқуы керек сонда?! Айналасы «Жұлдыз» бен «Жалын», «Қазақ әдебиеті» бар еді, оның өзі құлқынның құлы, трайбализмнің туы болып кетіп жүр. Әйтеуір, «Кентавр» көңілге демеу. Орыс әдебиетіне қарасаң, қызғанасың, қызығасың, мәңгілік екеніне сенесің. Соңғы кезде оқып жүрген орыс сынының кітапханасы сериясы бойынша жарыққа шыққан

кітаптарында орыс символизмі сынының өзі – бірнеше том. Ал біз бір ғана қазақ әдебиеті тарихын дұрыс шығара алмай жатырмыз. Қазақ әдебиеті тарихын, басқасын айтпағанда. Меніңше, әдебиет туралы, өнер туралы сыншылар, ғалымдар мен ақын-жазушылар қосылып бас қосатын, ұлттық идеологияны жасау мақсатында бірігетін кез келді. Сонау ХХ ғасырдың басында да Алаштың алыптары бастарын біріктіріп, қазақты ұлт ретінде көтеріп кеткен жоқ па еді?! Тым болмаса, солардың еңбектерінен ұлағат алып, ұлылығын елге танытуға үлес қоссақ қой. Сонымен, қазіргі қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасы жаңа дәуірлеу кезеңінде десек, адаспаймыз. Табиғатты сананың призмасы арқылы адам мінезінің қыр-сырымен салыстыра суреттеу, адамның жақсы-жаман іс-әрекеттері арқылы көрсету, тұлғалық деңгейдегі көрінісі дәрежесінде беру бүгінгі жастар поэзиясында жақсы игеріліп келеді. Бұлт-бұлт ойнап түтіннің күс білегі, Тарамай тұр төбеде түс түнегі. Зұлмат тұман еңсесін езе түсіп, Тұмауратып, кәрі тау түшкіреді.

(Жанат Әскербекқызы. «Тауға қарап».) Сірә, көздің «көлі» - мұң, Кетер одан Ай ұлып. (Саят Қамшыгер. «Сірә, көздің «көлі» - мұң».) Жел жүгірді етекте батылдана, Үнсіз жатыр жер деген ақылды ана. Ақ көрпеге оранған бәйбішедей, Аппақ қарды жамылып жатыр дала. (Бейбіт Сарыбай. «Ай сығалап аспаннан».) Қызылтөбе басындағы Тәңір-гүл, Рухы өлмейтін ауылыңның кепілі. Жұпарында бұзылмаған қаның жүр, Ей, Цивилизацияның жетімі!...

(Бақыт Беделханұлы. «Тәңір-гүл».) Қазақтың қара өлеңі арқылы табиғаттың бір кадрлық көрінісін, шағын штрихын түрлентіп, шырқау шыңға көтере салу, сол арқылы адам болмысына теңеу жасау – тамаша тапқырлық. Ақын Алмас Темірбайдың табиғат лирикасына жазған өлеңдерінің ішінен, біз тек қана АЙ бейнесіне ерекше тоқталсақ дейміз. Жалпы Алмаста таза табиғатқа арналып жазған өлең кездестірмедік. Ақында табиғат Алмастың көңіл-күйімен, толғаныс-шерімен бірге өріліп кете барады. Яғни, тақырып негізі – адам бейнесі де, оның образын ашуда табиғат элементі, көбінесе ай, күн, түн символикалары беріледі. «У природы есть добрые намерения, но искусство находит свое совершенство внутри, а не вне себя. Его нельзя судить ни по какому внешнему образу и подобию. Оно – скорее покрывало, чем зеркало. У него есть цветы, каких не знает ни один лес, птицы, каких нет ни в одной роще. Оно создает и разрушает миры, и оно может свести луну с небес пурпурною нитью. Ему принадлежат формы, которые реальнее живых людей, и великие архитипы, чьими незаконченными копиями является все, что существует», - деген Оскар Уайльдтің сөзі ақын Алмастың табиғат лирикасына арналған өлеңдеріне анықтама деуге болады. Ақынның «Пешене» деген өлеңіндегі негізгі мотив ретінде адам (бұл жерде ақынның өзі) өз ойымен өзі сырласып, жегі құрт-оймен арпалысып, сыртқы дүниенің де дерегімен қарсыласа отырып, «Өзімнен қашамын ба? Өмірден қашамын ба?» деген риторикалық сұрағының жауабына Өзге (Өзге – бұл жерде басқа адам, қоғам) мен Өлімді келтіреді. Өлеңдегі негізгі ортақ жауап: Ұмтылып жарыққа бір, Қашқанда қайда барам?! Қара жер – алып қабір, Басына Ай қадаған, - деген өлең жолымен беріліп, осындағы Ай бейнесі өлеңнің анықтаушысы ретінде, стерженьтірек ретінде көрінеді. «Кешқұрым жылқы болып, келеді кісінегім», «Қырттарды түсінемін, ит болып ырылдаған», - деп

өзін киелі жылқыға, айналасындағыны итке теңеп, аң мен құстың тілін түсінбеген «қырттардан» қашқысы келгенмен де, Айы бар жерден ешқайда кетіп қала алмайтынын сезіп, өзінің де пешенесіне осы жазылғанына мойынсұнады. Өлеңдегі Ай – заттық белгі, бірақ поэтикалық тұрғыдан қарасақ, қара жердің жарығы, шырағы роліндегі анықтамаға ие. Екіншіден, мұсылмандық тектің исі аңқып тұр, исламдағы «түбі сені де (бұл жерде етістік формасындағы мағына) жейді жер» деген түсінікті алдымызға тартады. Қазақ өлеңінде жиі кездесетін Ай образы ұлттық әдетғұрыптан бастау алады. Ата-бабалардың ерте дүниедегі Тәңірге сенуінен бастап, бертінгі исламға кіргеннен кейінгі дәуірлерде де Ай бейнесі ерекше тотемдік белгіні білдірген. Адам Айға сеніп, ол туралы тұтас бір дүниетаным философиясын тудырған. Түркілер табиғатты жатсынып, жатырқап, одан өзін бөле-жара алып қарамаған. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған, оның этногенезін айқындайтын рулар мен тайпалар Ұлы Даланың табиғатымен қауышып, билеп-төстеп, игілігіне айналдырып, шетсіз-шексіз кеңістіктен өзіне сүйеніш таба білген. Халық аспанға, жерге, күнге, айға, отқа, суға сыйыну, сол арқылы аруақ шақыру, табыну сияқты тәңірлілік, сиқырлылық, имандылық дәстүрді қалыптастыра отырып, өзінің наным-сенімдерін бекітті. Соның бір объектісі – Ай. Айға сену, оны пір тұту, Ай арқылы тілек білдіру, бата беру ғұрпы енді. Екіншіден, Ай – түн-түнектен құтқаратын, қараңғылықтан қорғайтын, адасқанға жол сілтейтін маяк, яғни бағдар-белгі ретінде де адамдар санасында жақсылықтың нышанына айналды. Осыған дәлел ретінде Алмастың «Ай» атты өлеңін келтірейік. Бісімилла, бісімилла... жата ғой, Қатты ұйқыға, тәтті ұйқыға бата ғой. Бүгін ғана толған Айдай толықсып, Ертең жаңа таңым болып ата ғой – деп, өлеңін бастаған ақын бүлдіршін қызының кешкі ұйықтар алдындағы «Көке, маған Айды алып берші» деген сұрағына жауап ретінде

Ай туралы тамаша суретті көз алдыңа жайып салады. Жай емес, қазақы сананың ғасырлар бойғы жинақталған бар ұғымын, нанымын өте шебер өрнектейді. Ақын сәби қызына «Сәбиім-ау, сұрамайтындай сұрадың ғой, Алла тілеуіңді беретін шығар, саған таң да, күн де ұнамайды, анаңа емес, маған тартып «Айға неге құмарсың?» - дей келе»: «Әке, сені мен көтеріп тұрамын, Алып берші, ойнаймын...», - деп жыладың. Ай дегенің – ата-баба арманы, Ал, арманмен ойнамайды, шырағым!...

Арманның не екенін де білерсің, Жалғанның не екенін де білерсің. Иншалла, бойжеткен соң, ботам-ай, «Ай оңымнан туса екен» деп тілерсің... – деп, Ай туралы әдемі әфсананы айтып береді. Өлеңін «Енді, балам, тәтті ұйқыңа бата ғой, түсіңде Айды әперген әкеңді көретін бол» деген тілекпен аяқтаған Алмас бүлдіршінге бата берген ақсақал бейнесінде көрініп, Ай мен адам (бұл жерде сәби) ұқсастығына шәк келтірмейді. Турасында ақынның бар-жоғы алты-ақ шумақтан тұратын «Ай» өлеңі – қазақтың бұрыннан сеніміне енгізіп, табынып келген Айына арналған тұтас бір симфония. Алты шумақта Ай туралы алпыс беттік философия, алты күн айтып таусылмас жыр синтезделген. Киелі затқа, құбылысқа, болмысқа табынуды ғылымда фетишизм дейтін болсақ, Алмас осыны поэзияда әсем әспеттеген. Қазіргі қазақ поэзиясында Ай образы тұтас типтік бейнеге айналып, үлкен антологиялық жеке бір жинақ шығаруға жетіп қалады. Ақындар неге Айды өзінің сурет галереясына енгізеді?! Мұның сыры тағы да ұлттық сана болмысының, әдет-ғұрпының аясында жатыр. Адам Айды ерекше жаратылған дүниеге жатқызады. Ақын да Айды адам ретінде қабылдап, ақын ретінде осымен өзінің сырын бөліседі, мұң-шерін тарқатады, қиялында Ай болып төңірегіне сәуле шашады. Нән қалада көп адастым қайғырып, Қылығымды қызықтады Ай күліп.

(Алмат Исәділ. «Ібілістер іріткі сап іргемде...».) Ай, мені естисің бе, сыбырласам, Болғалы менің жаным ығыр қашан? (Мұратхан Шоқан. «Ай, мені естисің бе?».) Мүлгіген түннің тынысын, Бақылап ай тұр сәулелі. Аспанға кетем, құрысын, Жердегі күнім – тәуелді. (Арман Бердалин. «Мүлгіген түннің тынысын».) Ай жатыр. Жылжымайды, Тұншығып кім жылайды?.. (Жанат Әскербекқызы. «Ай жатыр. жылжымайды».) Ай сығалап аспаннан нұр құяды, Сырлы түнді ұйқыға кім қияды?! (Бейбіт Сарыбай. «Ай сығалап аспаннан».) Көңілім жүр Ай қарап, Сәбидейін тілі жоқ. (Саят Қамшыгер. «Көңілім жүр ай қарап».)

Толған айдың толқынынан көрдің ғой, Менің демім өрт шарпып тұр әуеге. (Маралтай Райымбекұлы. «Ай».) Қазақ Айға қарап тіршілікті, дүние-болмысты, өмірін, тіпті, ауа-райын да болжайды. Бұл – ерте дәуірлер қойнауынан бастау алып бүгін бізге жеткен тәжірибе. Ай компас қызметін атқарады, адасқан жолаушы ен даладан ең әуелі зират, молаларды іздейді. Себебі, зиратқа бекітілген жарты айдың екі ұшы батысқа, құбылаға қарайды. Айсыз түнде, аспанда бұлт қымтап жұлдыздарды, соның ішінде Шолпан, Үркер,

Темірқазық, Құс жолын көрсетпегенде, қазақ зираттағы Ай арқылы жолын тауып, бағытын анықтайды. Университет бітірмеген ата-анамыз астрономияны бізден жетік білген, аспандағы жаңа туған ай (жарты бейнесі) батысқа қарай екі ұшын бағыттайды емес пе?! Ал, біз бүгінде әйтеуір қою керек болғасын Айды қалай болсан солай қадай саламыз. Аймен ауарайын анықтау, болжау, тіпті, ұзақ сонар әңгіме. Бүгінгі заманның ілгері дамыған ғылымы адамзат тарихындағы кесапат соғыстардың, қан майдан шайқастардың айдың толған шағында болғанын айтып отыр. Бірақ, ғылым адам баласының түрлі қылмыстарға, қатыгез, қанқұйлы іс-әрекеттерге, психологиялық тұрғыда ақыл-есінен адасу, жындану, есіру сияқты анатомиялық жағдайға ай толғанда баратын себебін әлі де анықтай алмай, дәлелдеп бере алмай отыр. Сонда ғылым Ай алдында қауқарсыз болғаны ма?! Түріктердің туындағы ай мен бөрінің суреті біздің Құртқадан (қасқырдың ұрғашысы) жаратылып, Көк бөрі атанғанымызды айғақтайтынын білеміз. Сонда бізді Аймен астастырып тұрған тылсым күші болғаны ғой. Кім біледі?.. Мүмкін қанымызда жатқан шығар... Алмас «Ай туардағы жыр» атты өлеңінде осы тақырыпты төңіректеп келіп, көңілдегі көп ойды сапырады. - Есірке, ескі Айым, Жарылқа, жаңа Айым. Қызарып батсыншы күн дәйім, Ағарып атсыншы таң дәйім –

деп атам, жарықтық, күбірлеп, Оқитын беймәлім аятын. Дүниенің дидары күлімдеп, Ай оған алақан жаятын. Ақынның «Айдың өзін алақан жайдырған» өлеңіндегі бастапқы ойы өлең түсінетін өзекті жанды елітіп, баурап әкетеді, еріксіз өзің де қалай қолыңды жайғаныңды аңғара алмай қаласың. Одан әрі ақынның: Мен қазір соны ойлап жатырмын,

Жыртылған жүрекке жыр жамап. Жарғандай жалғанның жатырын, Оңынан Ай туды іңгәлап, - деп суреттеуі адамды есінен жаңылдырардай әсем суретті алдыңа тартады, тіпті, көз алмай қарайсың, ол өзіңді сиқырлап тастағандай әсерде тұратының сөзсіз. Ай мен адам астасып, бір дене, бір материкке айналып жүре береді. Адамның дүниеге келген сәті мен Ай туғандағы суреттің ұқсастығында ешқандай айырма жоқ, шек келтіре алмайсың. Бұл, ендеше, поэзиядағы біз іздеген нағыз гармония үндестігі! Ақын мұнымен тоқтамайды. Жаңа туған айлы түнде адамзаттың ойын сарқып жатқан ақын «атасының аяты тіліне оралып, бүгінде марқұм болып кетсе де, көзіндей болып Ай қалғанын» тебірене тілге тиек етіп келіп: Көк құлыптасына марқұмның, Салғанбыз Айы бар бір сурет. Бейітке келетін әркімнің, Дұғасын қабыл ғып тұрсын деп, - деп аяқтайды. Тағы да сол үлкен бір дастанның үлесі боларлық тақырыпты бес ауыз шумақ өлеңмен аяқтайды. Жырласа сюжеті ұзақ сонар жырға айналар дүниені дөңгелетіп әкеліп алдыңа жая салады. Осы орайды Алмас туралы: «Егер, тәуір жырдың тірегі – тіл, ойы – сезім дейтін болсақ, осылардың қай-қайсысы да Алмас поэзиясына тән. Үлкен ойды ширата сығымдап әкеп азғантай жолға сыйғызудың мысалын көптеп көресіз», - деген жазушы Әмір Әбутәліптің пікірі жөнді ғой деймін. Қазақ ұғымында Ай туралы бір наным бар. Ол – айға қарап бал ашу, жорамалдау рәсімі. Бұл – атадан балаға мирас болып келе жатқан батагөйлік, яғни, Аймен бата қылу және Айға байланысты тыйым салу. Әуелі, тыйымға тоқталсақ. Атам қазақ бала-шағаға «Айға қарап қолыңды шошайтпа, жаман болады», «Толған айға қарама», «Зиратқа бұрылып дәрет сындырма» деп ескертіп жатады. Шамасы, мұнда «Ай саған қарап тұрады», «Сені бақылайды» деген ұлық сенім бар, яғни, Айды жанды бейнеге айналдырған, сыйыну объектісіне енгізген, оған табынып, құлшылық еткен.

Бата бергенде де «Айың оңыңнан тусын» деген тамаша өнегелі тілек бар. Бұл, көбінесе, ұл сапарға аттанарда, қыз ұзатыларда, аманат арқалаған жаушыларға берілетін бата түрлерінде кездеседі. Яғни, жол жүргенде, алысқа аттанғанда адаспауды ниет етуден, Ай сол сапарда жолсерік болсын деген ұғымнан туған. Осы тақырыпта қазақ поэзиясында жырлар өте мол, қазақ әндерінде, әсіресе, халық әндерінде жиі айтылады. Мәселен, Алмаста осы тақырып жаңа қырынан сипатталған. «Уа, ойларым, сарбаздарым» өлеңінде ақын өз ойын сарбаз бейнесінде көрсетіп, «Бірін Батысқа, бірін Шығысқа жұмсап», шамасы, өзін ренжіткен ақынды алып келуге бұйрық беру кейпінде суреттейді. Осы жерде Ой мен Айдың тағы да бірбіріне жақындығы: Айдың арғы жағына, Күннің бергі жағына барып қайтыңдар. Ата-бабам ақыл айтса, алып қайтыңдар. Менің тұңғыш махаббатым сол жақта, Менен сәлем айтыңдар, - деген өлең шумағынан көруге болады. Ал белгілі «Дұға» өлеңінде ақындықты қорғау, оған тіл тигізбеу туралы антында «Айым туып солымнан, адасайын жолымнан», - деп бастайды. Қазақ ғұрпында адам өзі түгіл өзгеге де Айдың солынан тумағанын қалайды. Алмас бұл жерде анти құбылыс жасап, ақындықты Айым солымнан туса да сатпаймын деген асыл адалдығын дәлелдейді. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі осында, Ай бейнесінің берілуі өлең тақырыбын терең ашуға көмектеседі, әрі өлеңдегі қайсарлықты, өжеттілікті асқақтата түседі. Алмас Темірбайдың Ай образы «Буыршын мұзға тайған күн» деген 1986 жылғы қазақ жастары көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арнаған өлеңінде, тіпті, әрленіп, жаңаша түрге, ерекше реңкке енеді. Шындық бар ғой, Ол аз десең, Құдай бар, Арсыз соттың арқасында жын ойнар! Желтоқсанда Ай туады солынан... Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар...

Айға қарап, Ар жылайды, жыласын, Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың! Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім, Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?! Ақын осы өлеңінде тағы да қазақ халқының әдетғұрпының асыл қасиетін, атап айтқанда, «Айға қарап жылама» деген сенімін алға тартып, оны бұлжытпай орындап, адамды емес, оның Арын Айға қаратып жылатады. Тағы да генийлік шешім! Алмас санасының ақындық санамен астасып, өлеңге жаңа формада енген жаңалығы. өлең өршіл пафоста жазылған, оның өршілдігін Ай образы әрлендіріп жіберген. «Қайран да қайран, қайран күн, басым қатып, бас бармақты шайнар күн, бұлт астына Ай кіріп, бұқара жұртым қайғырып», - деп жырлаған ақын адамзаттың адам қанымен мұзды қатырған қатыгездігін көрсетпейін дегендей өлеңде өз Айын бұлтқа жасыруы жақсы әдеби шешім, поэзиялық шеберлік, ақындық тапқырлық. Тамаша тәсіл! Поэзияда қоршаған табиғат, айналадағы әлем, тіпті, қоғам туралы ұғымды әдетте ғылыми қисындылық тұрғыдан гөрі психологиялық бағытта, ішкі жан сезімімен, көкірек байлауымен интуитивті ассоциация арқылы арқылы жеткізу басым. Табиғаттың небір сұлу, әсем, ажарлы объектісін адам бейнесімен салыстыру, адам жанының ішкі пернелеріне теңеу – ақын үшін қажетті материал. Гете табиғатты дәтің шыдап тастап кетуге қимайтын шахмат тақтасына теңеген. Немістің идеалистік философиясында адам табиғатты сол натуралды күйінде емес, керісінше, сана арқылы айыру, яғни табиғатқа «үстемдік», «менмендік» тұрғысында қарауды үйренуі керек, сонда ғана өнерде «ләззат», эстетикалық тұтыну болады деп есептеген және оны насихаттап, өз кредосына айналдырған. Бұл классикалық идеалистік көзқарас қой, біз материалист емеспіз бе деп айғай салғанмен, поэзияға осы принцип жақын тұратын сияқты. Әсіресе, қазіргі қазақ поэзиясындағы табиғат лирикасының суреттелуі осыны дәлелдейді. Рас, реализм әдісін

қашанда болсын бірінші орынға қоярымыз анық. Бірақ, қанша дегенмен де, табиғат пен адам арасындағы көзге көрінбес лирикалық параллелизмді, психологиялық табысуды реализм әдісімен берсек, поэзия бояуы сұрғылттанып кетері анық. Мәселен, поэзиядағы сезім лирикасындағы иірімдері, пернедей жіңішке нәзік ойды реализммен беруге болмайтын сияқты. Мен осылай ойлаймын. Оны Алмастың ендігі жерде Ай бейнесі адамдар арасындағы сезімдік толғанысы – махаббат тақырыбындағы өлеңдерімен дәлелдесек. Жігіт пен қыз арасындағы құмарлықты суреттей келіп ақын осы сәтке куә ретінде «қызықтап қос ғашықтың қылықтарын, Ай ашық терезеден телміреді» деп айтса, суретті одан әрі: Білініп бойы суып мұздағаны, Көрпесін жерге түскен қыз алады. Қыз үшін қысылғандай, қымсынғандай, Ай байғұс бетін басып, қызарады... – деп, Ай арқылы өлең тақырыбын әсемдетіп жібереді. Өлеңде қыз бен жігіттің ынтық сезімінен гөрі, Айдың ұялған бейнесі ерекше әсер береді және өлеңнің де негізгі бояуы осында тұр. Келесі өлеңінде қызды күнге, өзін түнге теңеп, жолықпайтынына налиды да, «Ай болсаң ғой, ұғысар ек үн-түнсіз, Құдай сені Күн қылғанын қарашы», - деп қыздың күн болғанынан гөрі Айға ұқсағанын қалайды. Алмастың Айжарқын есімді қызына арналған өлеңінде Ай бейнесі адаммен жақындасып, жаңа туған сәбиіне тілектестік білдірген сыңайлы: Жазғы түн. Жап-жас тіршілік, Жанарға жатыр нұр сіңіп. Құбылаға қарап Ай отыр, Құдайға қылып құлшылық. Поэзиядағы лиризм жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы өзін қоршаған табиғаттан өзіне қажетті нәрсені, материалды таңдап алуына себепкер болады. Алмас Темірбай лирикасында ақынның өз таңдауы Айға түскен. Бұл ақынның табиғат лирикасында басқа объектісі жоқ деген ұғымды білдірмейді. Ақынның «Аспан-ел»,

«қоңыр күз, қоңырлау бақ», «ақ жаңбыр», «ақ таң», «Қыз Қайың», «кәрі Терек», «Бейбақ Түн-ай» сияқты табиғат теңеулері көптеген өлеңдердің мазмұнын ашуға көмектеседі. Біз тек Алмастың табиғат лирикасындағы Ай образына ғана сипаттама жасауға тырыстық. Алмастың Айы қазіргі қазақ поэзиясында жаңа түрге еніп, соны соқпақ салған. Ендеше, Айың оңыңнан тусын, Алмас ақын!

СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Адамзат баласы ХХІ ғасырға өз эволюциялық даму дәрежесінде орасан зор озық өркениеті бар, өрісі биік қоғамдық формациямен еніп отыр. Осы орайда адам қоғамының саналы дамуына негізгі тірек болған, шешуші роль атқарған - «СӨЗ» категориясы. «Сөйлеу мәдениеті» деген философиялықлингвистикалық ұғымның да өмірге тығыз енгеніне көзіміз жетті. Сондықтан «сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?» деген сұрақтың жауабын ғылыми тұрғыда теориялық негізін пайымдау үшін ең әуелі сөйлеудің құрылымының сөйлемейтін құрылымдармен қатынасын жіктеп алу қажет. «Сөз» немесе «Сөйлеу» тек қана лингвистикалық және ең жоғарғы түсінік философиялық категорияға да жатады. Оған дәлел дүниедегі алғашқы төрт кітап – Құран, Інжіл, Таурат, Зәбүрдің сөз арқылы дүниеге келгендігі. Тіпті осы төрт кітапқа дейінгі мұрағат ежелгі зоратустра діні бойынша атақты Авестаның да құдіреті «СӨЗ» болған! Сөйлеу мәдениетінің алғашқы теориялық шартына тіл, сөйлеу, сөйлеу әрекеті енеді. Тіл дегеніміз – сөйлеудің белгілік механизмі, сөйлеудің белгілік бірліктерінің жүйесі мен жиынтығы. Сөйлеу дегеніміз – берілетін хабардың, айтылатын ойдың қажеттілігіне сәйкес тілдің заңдылықтармен ұйымдастырылған тілдік белгілердің бірізділігі мен жүйелілігі. Сөйлеу әрекеті дегеніміз – сөйлеуді құрастыруда қажетті адам организмінің психофизиологиялық жұмысының жиынтығы. Тілдің, сөйлеудің, сөйлеу әрекетінің мақсаты сөйлеу

мәдениетінің теориялық шарты ретінде норма мен стильді анықтайды, яни тілдік норманың проблемасы мен тіл және сөйлеу стилінің бағыт-бағдарын, оның түрі мен формасын белгілейді. Норма дегеніміз – қоғамның, ұжымның ең үлгілі, озық түсініктерін қамтамасыз етуде әрдайым әрекетте болатын тілдің құрылымының қасиеті. Екінші анықтамасы ретінде норманың тілдік ортадағы тарихи түрде қабылданған тіл белгілерінің парадигмалық және синтагмалық варианттылықтарын таңдайтынын айтуымызға болады. Стильге жататындар: көркем әдеби, ғылыми, публицистикалық, әңгімелесу немесе ауызекі сөйлеу, өндірістік-техникалық стиль. Сөйлеу мәдениеті – тілдің элементтерін, тұлғаларын, формаларын, категорияларын оның өмір тәжірибесі мен сөйлеу лабораториясынан өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. Сондықтан, сөйлеу мәдениетін дұрыс түсіну үшін сөйлеудің жүйелік қатынасын көре білу, оның сөйлемейтін құрылымдарға ара қатынасын анықтау қажет. Өйткені, бұл сөйлеуді құру және түсіну процесінде белгілікті бір коммуникативтік мақсаты шешеді, әрі әрқашанда сөйлеудің сыртқы құрылымдарымен байланысты болады. Сол себепті де сөйлеудің, яғни сөйлеу мәдениетінің сөйлемейтін құрылымдармен ара қатынасының төмендегідей түрлерін айтуға болады: 1. Сөйлеу – тіл арақатынасы. Сөйлеу тілдің материалынан, оның өзіне тән ережелеріне сай құрылады. Сөйлеуде тілдік бірліктер «ерекше үстеме» алады, тілдік белгілер семантикалық қозғалысқа түседі. Осы тұста сөйлеу тіл арқылы дұрыс, таза, бай құрылуы тиіс. 2. Сөйлеу – ойлау арақатынасы. Сөйлеу мен ойлау біртұтас әрекет процесі ретінде әрдайым байланыста болып, өзара әрекет жасайды. Сөйлеуде ой көрінеді әрі қалыптасады. Сөйлеу – ойлау арақатынасында дәлдік және қисындылық қасиеттері орын алады. 3. Сөйлеу – сана арақатынасы. Сана – ойлаудан қарағанда кеңірек категория. Сөйлеу тек қана ойды білдірмейді, сонымен

қатар сезімді, жігерді, эстетикалық әсерленушілікті білдіреді әрі қалыптастырады. Сондықтан, сөйлеу – сана ара қатынасы мәнерлілік, образдылық, орындылық сияқты қасиеттерді меңгереді. 4. Сөйлеу – ақиқат арақатынасы. Сөйлеу құрылымдары адамды қоршаған ортадағы барлық ақиқатпен, атап айтқанда құбылыстармен, оқиғалармен, заттармен, іс-әрекетке сай түрлі ақпараттармен ара қатынасқа түседі. Сөйлеу сана мен ойлаудың қатынасуы арқылы өмірдің белгілі бір бөліктерінің модельдік белгілерін анықтайды. Осы арақатынас та дәлдік пен қисындылықты қажет етеді. 5. Сөйлеу – адресат арақатынасы. Әлбетте, сөйлеу авторы сөзді өзіне емес өзгеге арнайды, яғни сөйлеудің өзінің адамы, қабылдаушы иесі болады. Сондықтан сөйлеу – адресат арақатынасы үшін түсініктілік пен қолайлылық қасиеттері талап етіледі. Қорыта айтқанда, сөйлеу мәдениетінің теориялық негізіне міндетті түрде жоғарыда келтірілген құрылымдар енетінін ескергеніміз жөн. Сонда ғана сөйлеу мәдениетінің теориялық мәселелеріне толық талдауға мүмкіндік туады.

СӨЗ АЙТТЫМ ЖАНЫ ТАЗА ЖАНДАРҒА ...

СЫЙҒЫЗҒАН ЖҮРЕГІНЕ ЕКІ ӘЛЕМДІ

Бүгінде Құрметтің әндері Ақмола, Көкшетауда ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінде айтылып, тіпті Ресей мен Германияға да жеткенге ұқсайды. Өнердің өріне шығып, өзгені өзіне әуезді әні арқылы табындыра білетін Құрмет Сақайұлының екінші бір қыры – оның ұлағатты әрі білгір, білікті ұстаздығында. Мүмкін, осы ұстаздық әлемнің әсемдігі де оған ән кеңістігінде еркін қалықтауына мүмкіншілік тудыратын шығар. Себебі үнемі шәкірттер арасында ізгілікті ойдың орманында болу, әрдайым өзіңді өзгенің алдында жауапкершілікте ұстау адамның психологиялық ой-өрісінің, ақыл-зейінінің эмоциялықэстетикалық биікте көрінуіне әсер береді. Құрмет Сақайұлы 1992 жылдан бері Ж.Мусин атындағы қазақ педагогика колледжінде музыка теориясы, сольфеджио пәндерінен дәріс беріп келеді. Аталмыш оқу орнында өз мамандығы бойынша педагогикалық жұмыста жүрген Құрметтің бүгінде ұстаздық дүниеде де өз табыстары, жеткен биіктері баршылық. Оқу орнының қазақ мектептерінде музыка пәні мұғалімінің сандық-сапалық мониторингін зерттеу нәтижесінде жаңадан ашылған музыка бөлімінде қызметін жалғастырған Қ.Сақайдың осы мамандық бойынша білікті кадрлар даярлауда оның шығармашылық-ізденушілік, педагогикалық-теориялық, перспективтік, конструктивтік қабілеттерінің мол екенін көрдік. Мектеп оқушыларына, жалпы балалардың табиғитанымдылық қабылдау ерекшелігіне сай келетін әндер жинағын республика көлемінде кеңес дәуірінде тек Латиф Хамиди ғана шығарса керек. Қазақ мектептеріндегі оқушылар үшін 1992 жылы республикалық баспа кабинетінен Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының мақұлдауымен «Күміс қоңырау» атты әндер жинағының шығарылуы біздің оқу орнының үлкен жемісі болды. Осы жинаққа балаларға арналған Қ.Сақайдың әндері енгізілді. Бұл педагогикалық ізденістің айнасы ретінде колледжге зор атақ-абырой әкелді. Бүгінде

қалада да, ауылда да, қай жерде болсаң да мектептерде Құрмет әндері айтылады. Бұл деген жүздеген, мыңдаған бүлдіршін шәкірттердің жүрегінде Отанға, елге, жерге, адамзатқа деген ұлтжандылық, ізгілік, мейірімділік сезімінің сәулесі жанғаны емес пе! Бір жүрекке екі әлемді сыйыстыра білген Құрмет сынды өнерпазға тағзым қылмасқа болмайды. Риясыз сезіммен, бар күш-жігеріңмен, құштар көңіліңмен оның жан дүниесін түсінуге, көкірегіндегі буырқанған әсем саздарды ұғынуға, қала берді, көзі боталап мұңға оранып, алыста қалған ата-анасына, туған-бауырларына деген сағыныш қысқанда немесе әлдебір әумесер әпербақанның азуы алты қарыс айдаһар ісінен жәбір көргенде қасында иық тіресіп тұруға тырысасың. Негізінде өнер адамының «пенде өмірдің» стереотиптік шаблонға бағынған «төртбұрышты» тіршілігіне көндікпей, асау буырқанатын кездері жиі болатыны белгілі. Қолындағы қара дипломатын қақ жарып, ішіндегі ноталы ақ қағазына көзімен сүзіліп, былғары кепкасына жетіп, өнерлі он саусақ пианиноның түймелерін теріп, әлдебір ғажайып музыканың, әсем саздың әуендерін қуалап тамаша күйге енген Құрметті көрдіңдер ме?! Мен көрдім. Ондайда айналасындағы күйкі тірлік ғайып болып, тіпті «Ардасын да» (жарын айтам) ұмытып, өзі тапқан әсем әуеннің ырғағымен періште ғұмыр кешіп, уақыттың өзін абсолютті дүниеге айналдырып кететін талант – осы Құрмет! Атақты ұстасы Латиф Хамидидің: «Әуенің әдемі. Сенен келешеке ән жанрында үлкен үміт күтемін» деген үкілі арманын орындап, бүгінде ұстазының биігіне шыққан Құрмет Сақайұлының алдағы алар асулары аз емес. Жалғыз жүрегіне ұстаздық пен композиторлық сияқты екі әлемді сыйғызған осынау ғазиз жанға тек талантың мен талабың таусылмасын дейік, ағайын!

ҚАСАҒАҢ БІЗДІҢ ОСЫНДАЙ

Ұлы данышпан Абайдың «Өнер-өзі де мал, өнерді үйренбек – ихсан» деген сөзінде адам баласының өмірге келудегі мақсатының бірі қоғамда адам руханиятының өзекті бағыты - өнерді игеру міндетің деген ұғым жатыр. Өнер ұғымы - өте кең әрі терең дүние. Бұл туралы біздің қазекеңде «Өнерлінің өрісі кең», «Өнерлінің қанаты талмас, өнерсіздің талабы жанбас», «Өнерлінің қолы алтын», «Жігітке жетпіс өнер де аз» деген өнегесі жақсы дана ғақиялары бар. Міне, осы аталымы көп ғибратты сөздер біздің колледжіміздің ұлағатты ұстазы, музыка саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келген, бүгінде ақылды жас алпысқа толып отырған Қасымжан Хасенұлына арналған деп ойлаған жөн. Жалынды жастығын Көкше өңірінің

Көксеңгір атырабындағы халыққа насихаттап, ұрпақты ұлттық музыка кеңістігіне енгізудегі еңбегін ел біледі. Тоқырау мен кеңес дәуіріндегі ассимиляциялау кезінде ұлттық өнердің өзіндік колоритін сақтауда үлкен ерлік – жанұялық ансамбль ұйымдастырып, ел аралап ән мен жырдан шашу шашқан белгілі Хасеновтар ансамблін кім білмейді. Арқадағы алғашқы фольклорлық-этнографиялық ансамбль ретінде үлкен жемісті еңбек еткені белгілі. Қасағаң – сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Көне музыкалық аспаптарды өзі жасайтын, оның сазын келтіре баптайтын, бір өзі бір ансамбльге қажет он шақты аспапта ойнай білетін хас шебер, ән мен әуезде құлағы сақ, тіпті сәулелі даланың самалынан тың құбылған әуенді айыратын қабілеті бар өнер адамы ретінде танимын. Адамды оның қабілет-қорымына, азаматтығына қарай сыйлайтындықтан, Қасымжан Хасенұлының жібектей мінезін адамға нұр сыйлап тұратын пәк күлкісін, кіршіксіз таза, құлқы, мәдениеттілігін, этикалық талғамы зор менталитетін сыйлаймын. Арды арда тұтқан азамат ретінде адамды қызмет дәрежесіне қарап бөлмейтін, өмірге, қоғамға деген өзіндік болмыс, пішімі бар, асып-таспайтын, ақылы алда жүретін тұлға

ретінде құрметтеймін. Сондықтан Қасағаңа бүгінгі 60-қа толған мерейтойын шын көңілмен, ақ пейілмен құттықтаймын! Өзіңе, отбасына бақыт, береке, бірлік тілеймін.

ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАҚСЫ АҒА

Шығыстың атақты шайыры С.Сарайидің «Нағыз ер болсаң, сол атаққа ие бола біл» деген дана ғақлиясы бар. Ер есімін ұлықтай білу – нағыз азаматтық іс. Осы жағы біздің елде бас бір қазанға сыймағандықтан, ойсырап тұратын жайы бар. Ұлтымызда Ер мен Ел сөздері егіз ұғым, қазақ қазақ болғалы бір-бірін үздіксіз толықтырып, жалғастырып, үндесе жасап келеді және мәңгілік галактикасына да бірге ілесіп кете барады. Ел ерді тәрбиелесе, ер ел үшін «кебенек киіп, қабырғасын қаусатып, кәтепті қара нардай» жүк көтеруі – парыз іс. Ердің ерлік жасауы ел тәрбиесінен болады. Мұқағалидың анасының «Баламның аяғын туған жерге, арқасын туған елге тіредім» деп айтуында ғажайып мағына, тылсым сыр жатыр. Қаймана қазақтың дәл бүгінгі күні басына түскен тауқыметін көтерер шақта менмін деген талай зиялының, сүттің бетіне шығар қаймағы іспеттес, ел үмітпен қараған ардақтыларының қарақан басын күйттеп, ұлтты сатуы – олардың ерлікке апарар нағыз ел тәрбиесінің болмауынан ба деймін. Қазақтың «айнымас жүрек, ер көңіл – ер жігіттің серігі» деп айтуында ер-азаматтың «ЕР» категориясын меңгеруінде өз ғұмырына жетерлік рухани азық жинап, өз өмірінде соны кредо ретінде ұстанып өту міндеті жатқанын дәлелдесе керек-ті. Сөз басын Ер мен Ел ұғымынан бастауымдағы себеп – бүгінгі күні ақылдың кені алпысты бағындырып, оның асқаралы шыңына шыққан Ғосман Төлеғұлұлының алғаш дүние есігін ашып, отбасы мен ошақ қасында қара жерге қаз тұрып, одан кейін ел тәрбиесін алып, Отан деген ұлы ұғымды жүрегіне қондырып өскен туған жердегі өмірінің бастау бұлағының, мөлдір қайнарының тұнық дүниесін айшықтай айта кету еді.

Ғосман Төлеғұлұлының туған елі Көкшетау өңірі, Арқа елі ғана емес барша Қазақстанға танымал. Сонау ХХ ғасырдың басында Еуразия материгінде өткен дүниені дүр сілкіндірген ұлы өзгерістер мен революция-лардың тұсында замана ағымынан тыс қалмай ерте белін бекітіп, ел болып бас қосқан Әлжан ауылы – Ғосағаңның алғаш шыр етіп дүниеге келген елі. Қоғам дамуындағы ең озық әрі әділ жүйе демократия дейтін болсақ, Көкше атырабында өткен ғасырдың ,20 жылдары алғаш «Әлжан жастарының марсельезасын» дүниеге әкеліп қалың елге ұжымдаса өмір сүрудің үлгісін көрсете білгенінің өзін ғана айтсақ жетіп жатыр. Одан қала берді ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ өнерінің салсерілік дәстүрінің алтын бесігі – Айыртаудай елдің уыз өнерінің тәлім-тәрбиесін, өнеге-үлгісін бойына сіңіріп өсу нағыз ел тәрбиесінің алтын қазығы емес пе! Ғосағаң бойындағы сөз асылына ұмтылу қасиеті мен домбыра шертіп, ән айту қабілетінің болуы осының айғағы. Сонымен қатар, ағамыздың риторалық, элоквенциялық, яғни шешен әрі тапқыр сөйлеу өнері де бір төбе. Оңаша қалған сәттерде көп айта бермейтін тақырыптарға ат басын бұрып орып-орып, төгіп-төгіп, екпіндетіп сөйлей жөнелгенде мағынасы мол, мазмұны айқын көп мәселелерге өз көзқарасын шынайы ашып тастап, өзіңді аңыратып тастайтын уақыты болады. Ал әзілдей жөнелгенде Қожанасыр, Әпендің мен Алдарыңның өзін шаң қаптырып кететіні де бар. «Жүйріктің де жүйрігі бар қазанаты бір бөлек, жігіттің де жігіті бар азаматы бір бөлек» дегендейін, Ғосман Төлеғұлұлының өз өмірін тіл мен әдебиетке, көсемсөзге, саналы ғұмырын осы таңдаған саласының жолында ерінбей еңбек етуге, тіпті тіл мәселесінде күресуге арнауы жоғарыдағы арнадан бастау алған деп ұғыну қажет. Оған куә - Ғосағаңның шығарма-шылық жұмыстарының жемісті нәтижесі. Аударма ісі бүгінгі күннің әлемдік мәдениттану, әлеуметтік тіпті саяси-экономикалық саладағы маңызды саласы десек артық айтқандық болмас. Ғосекең – осы бағытта өндіріп еңбек еткен жан. Бүгінде жиырмадан астам әр түрлі

тақырыптардағы кітаптарды екі тілге аударып, онға жуық жинақтардың баспа бетінен жарық көруіне үлес қосқан көсемсөз шебері. Солардың ішінде белгілі жазушы, қайраткер М.Мағауиннің «Азбука казахской истории», тарихшы ғалым Қ.Салғараның «С думой о будущем», мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Ә.Асқардың «Родники рождаются в горах», белгілі публицист, қоғам қайраткері С.Әбдірахмановтың «Коран и Пушкин», «Перевод поэзии и поэзия перевода» сияқты туындыларын атап айтуға болады. Сонымен қатар «Ой – қазына антологиясы (ХХ ғасыр)» жинағына К.Циолковский, ағылшын философы Б.Рассельдің, «Әлемдік саясаттану антологиясы» (3том) жинағына

Б.А.Ребек, И.Фихте, В.Гумбольдт, Р.Оуэн, К.Клаузевиц, А.Шопенгауэр сияқты әлемдік дәрежедегі философтардың жауһар туындыларын тәржімелеуге өз үлесін қосты. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша К.Хаусхофер, А.Тойнби, Г.Моргентау, П.Савицкий, М.Каплан, Г.Киссинджер, С.Хантингтон, З.Бзежинский, Б.Хэдли, Дж.Эльстайн, Э.Тикнер, Р.Уокер, К.Браун, Р.Джексон, Ф.Фукуяма сияқты дүниежүзілік тұлғалардың туындыларын аударды. Бұған қоса Көкше еліне байланысты көптеген тарихи еңбектердің екі тілде жарық көруіне өз үлесін қосты. Ғосекеңнің шығармашылығының тағы бір қыры кәдімгі Сәбеңше (Сәбит Мұқанов) жұмыс істеу стилін қалыптастыруында. Жоспарланған ісін, яғни көсемсөз жазуда, аударма ісінде қолға алған жұмысын жылдам әрі тиянақты бітіруге үйрену әдісі. Бұған ерекше конструктивті және коммуникативті қабілет қажет. Көп жағдайда билингвизм саласы аса ұқыптылық пен асықпай талдау тәсілін қажет етеді. Ал Ғосағаңдағы ерекше қасиет оның билингвалық ойлау жүйесінің қабілеттілігін дәлелдейді. Екіншіден, Ғосағаң жазу кезінде аса керемет бап таңдап, бекзадалық жағдай сұрамайды. Жеңгеміздің сүт қатқан күрең қызыл шайына қанып алып жаза береді, жаза береді ойға алған шаруасы қашан біткенше. Бұл - әдебиетте мен көрген, көріп жүрген қаламгерлердің бірдіекісінде ғана кездескен құбылыс.

Көкшенің бүгінгі әдебиетін өзіңіздің досыңыз Төлегенсіз елестету мүмкін емес қой. Сондықтан ақынның: Қайтып келмес менің ғажап көктемім, Артта қалды көк өрім тал, көк белім. Терістіктен тепсіне ескен ескек жел, Еске салды қоңыр күздің жеткенін, - деген өлең жолымен өріп алып, әспеттей көтерсек деп едік. Қазақ фәлсафасындағы, әдебиетіндегі, дәстүрі мен сеніміндегі «ер» мағынасы үшін «Ойхой, жиырма бес», «Қайран, жиырма бес» дүниесі жаңағы өлеңнің алғашқы екі тармағының үлесінде болса, «елу ердің, алпыс ақылдың жасы» дүниесіне соңғысы сәйкес келіп тұр. «Қоңыр» сөзі қазақ ұғымында ер азамат анықтамасында «жиырма бестен» кейінгі ұлы түсініктің анықтамасы ғой. Әлбетте, шығармашылық үшін қоңыр күз симфониясынан артық дүние жоқ сияқты. Бұл жас адам ойының, парасат-пайымының, қабілет қарымының нағыз толысып піскен, мәуелі кезеңі емес пе! Осы кезеңнің де керемет, тамаша, шуақты, мөлдір, ынтызар өз қызығы бар емес пе! Ендеше, ел азаматы Ғосман Төлеғұлұлының мерейтойына құтты болсын айта отырып, алдағы күндері мен жылдарына ерге тән абырой мен атаққа кенеліп, табысты шығармашылық еңбектер жазуына тілектестік білдіріп, тағы да Төкеңнің (Төлеген Қажыбай): Өзің патшам, өзің хан, Өзің едің төрем де. Көтеріп ем биікке, Күнім бол деп төбемде. Патша болу шарт емес, Қалмашы тек төменде, - деген айшықты да терең мағыналы сөздерімен түйіндесек дейміз. «Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі» демекші ел үшін, оның ұлттық мақсат-мүддесі мен арман-мұраты үшін еңбек ете беріңіз!

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Қазақта «тәрбие – тәлімнен» деген ұлағатты сөз бар. Тәлім ұғымының ішкі астарында шексіз мән-мағына жатыр. Адам баласы өмірінің бастау бұлағы – мектептегі кезеңін осы тәлім кеңістігі арқылы өткізетіні белгілі. Әркімге әрқалай тәлім бұйырады, ол - ұстаздан, яғни өмір жолында жақсы ұстазды кездестірсең ұтқаның дей бер. Адам өзіне қажетті ұстанымды, яғни азаматтық позициясын әуелі отбасында, кейін негізінен, мектепте қалыптастырады да соны өмірінің қалған кезеңінде азық етіп өтеді. Менің өмірлік ұстанымымның берік болуына әсер еткен ұстаздар десем артық айтқан болмайды. Себебі өз ұстаздарымның жолын педагогика саласында ұзартып келемін осы ғұмырымда. Біз, жетпісінші жылдардың мектеп түлектері, қаймағы бұзылмаған, уызынан айырылмаған қазақ ауылының номадтық менталитетін бойымызға сіңіріп, ауыл мектебінің шынайы, таза, мөлдір тәлім-тәрбиесін көріп өстік. Сол кезеңдегі бізді жақсылыққа жетелеген ұстаздардың бірі – бүгінде асқаралы алпысқа адымдаған Гүлнәр Шәймергенқызы болды. Айыртаудың белгілі ауылы, сол кездегі кеңшар орталығы – Қаратал орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдік жолын бастаған Гүлнәр Шәймергенқызы бүгінде үлкен өмір жолын жүріп өтті. Елге танымал ұстаз, Көкшеге белгілі журналист атанды. Бірақ сонау біз оқыған жетпісінші жылдардың ортасында өрімталдай бойжеткен екен ғой. Ол кездегі 1974-1977 жылдары мектепте жас ұстаздар некен-саяқ, көбі тәжірибелі, сақайып қалған мұғалімдер және ерлер жағы көбірек болатын. Біз интернатта өстік. Интернат өмірі балаларды ерте есейтетін еді. Тіпті 6-7 класта оқып жүргенімізде мектептегі бірді-екілі жас мұғалімдердің қасынан табылуға тырысатынбыз, олардың жүріс-тұрысы, киім киісі, сабақ беруі, тіпті сабақтан тыс уақыттағы олардың өмірі біздің «қырағы» назарымызда болушы еді. Қараталдың бұрынғы ескі ауылы жағында бір көше

ұстаздар көшесі болатын (Шіркін-ай, осы күндері жұрнағы ғана қалған сол ауылға деген балалық сағынышты айтып жеткізе алар ма екенбіз...). Ол көшемен жүру үшін үлкен батылдық не тентектік керек болатын. Интернаттың тамаша шағын бағы болды (бүгінде орны ғана қалыпты ғой). Ер балалар сол бақтың ішіндегі талдардың арасында отырып алып мектептен мұғалімдер көшесіндегі үйлеріне қайтқан жас ұстаздарды көріп, бақылап, отыратынбыз. Ол кездері 3-4 жас мұғалімдер сол көшеде тұратын. Ондағы мақсат – олардың киген киімі, жүрістұрысы, көбінесе кімдермен қайтады немесе кімдер шығарып салады, соны аңду. Сол күндері бұл күлкілі немесе қылмыс сияқты еді, ал бүгіндері бағамдасам бұл жақсыға еліктеу, үлгі алу, үйрену мектебі екен ғой. Жоғары класта оқып жүргенімізде біздің кластың балалары Гүлнәр Шәймергенқызымен өте жақын араластық. Әсіресе, ер балалар мұғалім тұратын үйге баруға ынтық болатын едік. Кластас досым Бауыржанның (бүгінде Астанада хирург-травматолог) осы үйге жақындығы болды, әрі Гүлнәр Шәймергенқызының ағасы Қасым әтәйдің қызы Шынар бізбен құрдас, бірақ басқа елде орысша оқиды, соны сылтауратып сабақтан тыс уақытта сол үйге баруға асығатынбыз. Оныншы класта «ақын» атанып «дөкей» болып жүрген шағымызда тіптен Қасым әтәйдің үйінен шықпайтын-быз. Осының арқасында бізге Гүлнәр Шәймергенқызы тек қана мұғалім емес, туған әпкеміздей болып кетті. Бұл біздің еркін есеюімізге, ақылымыздың тез толығуына, эрудициямыздың жан-жақты дамуына үлкен тегеріш болды. Шынар өте алғыр, елгезек, ең негізгісі әжесінің «тентегі» еді де, ер баладай арынды мінез-құлқы болды. Үйде біз өлең оқып, Шынар орыс тілде талдап, небір айтысқа түсіп, пікір таластырып, әдебиет әлеміне еніп, тіршіліктен алыстап, ай бейнелі кеңістікке еніп алып жататын кезіміз аз болмайтын. Міне, осы дүниеге бізді енгізген ұстаз Гүлнәр Шәймергенқызы болды. Мектепте сабақ кезінде қатал ұстаз, үйіне келгенде еркелететін. Біздің замандастарымыздың жаманы болған жоқ. Бәрі де өмірден өз орындарын тапты. Бүгінде өздеріміз де ата жасына

жақындап келеміз. Бірақ бізді өсірген, тәрбиелеген ұстаздар біз үшін Хан Тәңіріндей биіктей береді екен. Менің әдебиетке келуіме әсер еткен ұстаздардың бірі – Гүлнәр Шәймергенқызы. Тіпті осы күнге дейін менің жақсылықтарыма, жеткен табыстарыма шын қуанса, кейде жабығып, пенде тірліктің түйткілдерімен запа шегіп қапалансам, сыртымнан қамқор болып, мен үшін отқа түсіп жүргені. Сондықтан да шамам келгенше үмітін ақтауға тырысып бағамыз. Бүгінде Гүлнәр Шәймергенқызы – ел таныған тұлға. Қазақ тілі, ұлт мәдениеті, Көкшетау елі, Қаратал ауылы үшін кейбір азамат атқара алмайтын шаруаларды жасап келеді. Бойында қашанда болсын жігері таусылмайтын тың ой, соны соқпақтар жасауға даяр жүретін, әрқашан қарымды іс-шаралардың басында көрінетін осынау Ұстазыма өмірдің өрнекті жақсылығын, баянды шаттығын көре берсе дегім келеді.

КӨКШЕДЕН ҰШҚАН КӨКТҰЙҒЫН

Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі тарихқа тұнған көгілдір таулы Көкше өңірінің Омбымен шекаралас жатқан, көк сеңгірлі даласымен барып жалғаса, күле аққан Сілеті өзенінің қойнауында дүниеге келген Серік Негимов дарынды сыншы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ғылым қайраткері. Туған жері – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Ш.Уәлиханов ауданы, Шапай ауылы. С.Негимов – үлкен ғылым жолынан өткен текті тұлға. Балалық, жастық шағын өз аясында мөлдіреген сексен көлді ұялатып, текше-текше тастарды қиялатып, көңіл құсын құйқылжытып, сергек көңілге себездеп түрлі ой тастайтын Көкшенің сұлу табиғатында өткізген ғалым ұлттық поэтика, ақын-жыраулар поэзиясы, қазіргі қазақ лирикасы, өлең құрылысы, риторика саласында еңбектенді.

Өмір жолын ауылдық орта мектеп жанындағы интернатта тәрбиеші болудан бастаған болашақ ғалым тіпті құрылыс учаскесінде қолына балта да ұстап, жұмысшы қызметінің қара терінің дәмін татса керек. Әдебиетке, өнерге деген жүректе шоқтай жанған санасы балғын жігітті Алматыға бастайды. Сол кездегі Қазақстанның ең үлкен оқу орны, әрі қазақ жасының арманы болған Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1971 жылы оның филология факультетін тәмамдады. Одан кейін ғылым жолына түсіп, жиырма жылдан астам уақыт Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының (1972-1992) М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Жамбылтану және қазіргі халық шығармашылығы бөлімінде аға лаборант, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеді. 19921997 жылдары Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогика институты қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1997 жылдан бастап жаңа астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Бүгінде өзі алғаш білім нәрімен сусындаған Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетінің профессоры дәрежесінде білім мен ғылым жолын жалғастыруда. Әдебиеттің көркемдік процесінде идеялық-эстетикалық арнада ықпал жасап, үздік дәстүрлерді ілгері жалғастырып, ұлттық әдебиетіміздің інжу-маржанын зерделеп, зерттеп жүрген ғалымның бүгінгі таңда 400-ге жуық ғылыми, әдеби-сын мақалалары мен рецензиялары жарық көріп отыр. Қазіргі әдеби процестің негізгі тенденциясы ұлт әдебиетінің жанрлық формаларының дамуы мен баюы, үздік жетістіктер мен дәстүрлер жалғастығы десек, әдебиеттанушы ғалым Негимовтің ізденімпаздық мұрасының маңызды саласы – фольклор материалдары. Ұлттық әдебиет, мәдениет, фольклор тарихындағы елеулі еңбегінің бірі - «Шешендік өнер» оқу құралында ұлттық шешендік өнердің табиғаты терең талданады. Бұл туындысында ғалым «би» ұғымының

этимологиясын, шешеннің болмысын, шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысын, оның импровизациялық өнер екендігін егжей-тегжейлі баяндаған. С.Негимов қазақ шешендік өнер тарихында ерекше орын алатын Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырымның шешендік өнерін, Ақтайлық би, Бөлтірік шешен сөздерін, Абайдың шешендік өнерін зерделеп, тақырбы мен құрылысына, стильдік табиғатына тоқталған. Ұлттық шешендік өнер ғылымының санаулы қырлары ғалым назарынан тыс қалмаған. Әсіресе, әр дәуірдегі жанрлар жүйесінің тарихи зерттеу талабы ерекше ескеріліп отырады. Қазақ әдебиеттану ғылымында түбегейлі зерттеліп келе жатқан поэзия жанрына қатысты әдебиеттанушы ғалымның «Өлең өрімі» (А. 1980), «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» (А. 1991) атты еңбектері ұлттық поэтика, өлең құрылысына арналады. С.Негимовтің әдебиеттанушы-ғалым, эстетик-сыншы тұлғасын айқын-дап беретін күрделі зерттеу еңбегі – «Мәлік Ғабдуллин» атты монографиялық (А. 2001). Бұл туынды Кеңес Одағының Батыры, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, халық әдебиетінің білгірі, жазушы, әскери мемуарист М.Ғабдуллиннің ерлік өмірі мен шығармашылығына арналған. Тамаша адамның өнегелі өмірі, қайраткерлік, санаткерлік істері, ұлттық әдебиеттану, фольклортану, педагогика, психология ғылымдарын дамытуға қосқан зор үлесі, ұшан-теңіз эпистолярлық мұрасы, шығармашылық өмірбаяны тарихи архив деректері негізінде баяндалады. Жалпы алғанда ғалым С.Негимов халқымыздың біртуар перзенті, Көкшенің көк тұйғыны Мәлік Ғабдуллиннің шәкірті ретінде оның ұлағаты мен ұлылығын қасында жүріп көп көрген. Сондықтан болар шәкірттік парызын осындай қомақты монографиямен өтеген ғалымды бүгінде мәліктанушылардың көшбасшысы десек артық айтпағандығымыз. Мәлік аға– ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы тарихта қазақ халқының ең ірі тұлғаларының бірегейі. Секең – осындай аты аңызға айналған

ғаламдық тұлғаның, әсіресе, өмірінің соңғы кездеріндегі оның ел, халық, қоғам туралы ой-толғаныстарын, ішіндегі шерменге айналған мұң-жұмбағын сезе білген рухани інісі. Ғалым «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» (1991), «Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика» (2001) сияқты күрделі зерттеулердің авторы. Сонымен бірге ол «Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты» (1982), «Ж.Жабаев творчествосы» (1989) сияқты ұжымдық ғылыми еңбек жазуға қатысқан. Сарабдал сыншы, әдебиеттанушы-ғалым С.Негимов «Өнерпаздық өрнектері» атты әдеби мақалалар жинағында ұлттық поэзия тарихында бір басында ақындық-әншілік, композиторлық-орындаушылық, жыршылық-әңгімешілдік, импровизаторлық өнерді аса сәтті тоғыстырған әншіақындардың сал-серілердің өрелі өнерпаздық табиғатын өрнектейді. ХҮІІІ-ХХ ғасырдағы қазақ өнеріне үлкен үлес қосқан, бірақ кеңес дәуірі кезінде шығармашылықтары белгілі себептермен терең зерттелмей келген Қанапия Басығараұлы, Доскей Әлімбайұлы, Кенішбай Жұбандықұлы, Қалқа Жанарбайұлы, Шәкен Отызбайұлы, Ғазиз Файзоллаұлы, Шағырай сал, Нияз сері туралы тың деректер мен зерттеулері арқылы әдебиет тарихына мол еңбек сіңірді. Ғалымның докторлық диссертациясының негізі болған «Ақын-жыраулар генезисі» зерттеуі қазақ әдебиеттану ғылымындағы ең күрделі, жан-жақты аналитикалық зерделеуге негізделген, әлемдік әдебиеттану мәселелерімен ұштастырыла, салыстырыла зерттелген қомақты ғылыми жаңалық ретінде есептелінеді. Ғалым С.Негимов – бүгінде бірнеше ғылым докторын, жиырмаға жуық филология ғылымдарының кандидатын даярлап шығарған білікті ұстаз, сарабдал ғалым. Саналы ғұмырын ғылымға арнаған, бір басына қаншама атақ-дәрежені иеленген осынау ағамыз тіршілікте өте қарапайым, нағыз эстет, мәдениеттіліктің бар сипатын ішіне жиақтаған. Өмірлік жолдасы – атақты Мәдидің ұрпақтарына

жататын Кенжекей жеңгей екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеген бақытты отбасы. Үлкен ұлы Мәлік қазіргі заманның компьютербасты қазағы, Мәди арнайы физика-математика мектебінің «Алтын белгілі» түлегі, бүгінде қазақ-британ университетінің үздік студенті, болашақ мұнай иесі, ал қызы Ләйла болса бес тілді бес саусағындай білетін полиглот маман, шет елдерде кәсіби дәрежесін жетілдірген, бүгінгі аспирант, ертеңгі ғалым-лингвист. Қорыта айтқанда, С.Негимов – сұңғыла ғалым, қоғам қайраткері ретінде халқы үшін қалтқысыз қызмет етуге әрқашан дайын, егеменді еліміздің рухани мәдениетті үшін аянбай еңбек етіп жүрген Көкшенің арлы ұлдарының алдыңғы сапындағы азаматы.

КОМПЬЮТЕР БАСТЫ ЗАМАНДАС

Ғұмыр-дарияның ағыны қашанда болсын жылдың мәңгілік ауыспайтын төрт мезгілінің табиғи мінезімен өзектес, ұқсас келетіні таң қалдырады. Әуелі қаһары қатты, аязы шаңытқан, сүйектен өтер үскірігі арқылы, бойыңды ширатып алып, соңынан наурызкөк дүниеге елітіп, құстың әнімен, көктемнің сәнімен баурап, одан кейін жағаңды жайлауға асырып, жаймашуақ дүниеге балқытып, артынан миялы жемісінен дәмдеткізіп, күмбірлеген күй әуенімен тыраулап қайтқан тырна тізбегіне қосып, өзімен бірге тылсым дүниенің «әудем жағына» шақыратын мезгіл шіркіннің адам өмірінің бес күндік ғұмырын өзімен шендестіруі тамаша балама кеңістік емес пе! Осының ішінде елудің сыбағасы қайсысында екен. Мен білмедім, оны ешкім де айта алмайтын шығар. Себебі әр адам, әр тұлғаның пешенесіне жазып қойылған уақыт-ғұмыры бар. Отызда орда бұзып, қырықта қамал алған деп жатамыз, ал елу-алпысында әлі де атасына жаутаңдай қарайтын, алты ауыз ақылды сөз айта алмайтындарды қайда қосамыз... Зымыран уақыттың шыр көбелек айналған зуылдағын тоқтату мүмкін емес. ХХІ ғасыр тіпті үдете түскен сияқты оның

үстіне. Кеше ғана құлын-тайдай тебісе өсіп, жастықтың жалауын алаулата желбіретіп, қызылды-жасыл дүниенің шоғын қыздырып, қыпша бел бойжеткеннің бәрін алақанда жүздіріп, күн мен түнді ауыстырып алып, аласапыран күй кешетін, қорқор тартып алған алакөз пәледей дүниені баз кешетін, кеште тұрып, ала таңда көз ілетін, есіктен емес, жатақхананың екінші қабатындағы терезеден ғана кіретін сонау жігітшілік серілік кезеңнен бастап серік болған менің өмірдегі досым, қызметтегі әріптесім Иманбайдың Тілеуғабылы елуге келіпті! Елу – еңселі ойлы ер жігіттің ереуіл тұлпарының басын тартып, бір сәтке дем бергізіп, жүйткіп өткен елуінің соқпағына бұрыла қарап көз жіберіп, зерде көңілімен атқарған, қол жеткізген табыс, жетістіктері туралы ойланып, қалыс қалған, кемшін тұстарын екшелеп, алдағы тосып тұрған жұмбақ дүниеғұмырдың күнгейі мен көлеңкелері жайында толғанып алатын кез. Жиырмасыншы ғасырдың басында Көкше өңірінде сол кездегі дәуір дүбіріне үн қосып, көш бастаған қазақ ауылдарының бірегейі – Қарағаш небір дүлдүл ақынжазушыларды, тарлан қайраткерлерді сыйлады. Даңғой елінің астанасы болған осы Қарағаш ауылында алғаш дүниеге көзін ашып, кіндік қаны тамып, қырқынан шығып қарын шашын алдырып, ауылдың кекілділері мен тұлымшақтыларының «тыштымаға» таласып, тал бесікке бөленіп, ит көйлегін тоздырған ұлдарының бірі Тілеуғабыл Иманбайұлы Ахметов еді. Ол кез елде тың көтеріліп, соғыстан кейінгі ауыр жылдардың бұлты сейіліп, халық есін жиып, етегін жауып, ауызы асқа жетіп, бір тойған мамыра шақ еді. Бала шағынан елгезек, алғыр, әсіресе есеп-қисапқа қабілеті зор жас жеткіншекті математика кеңістігі магниттей тарта бастады. Соның нәтижесінде мектеп бітірісімен Ш.Уәлиханов атындағы педагогикалық интитутында тұңғыш қазақ тілінде ашылған физика-математика бөліміне жүзден жүйрік шығып оқуға түсті. Студент кезінде факультеттің «жоғары математика» пәнін игеру жолында асығы алшысынан түсіп, анау-мынауға қамалын

алдыртып, есігінен сығалатпайтын әулие «матанализдің» королі атанды! Институтты бітіріп, кеңестің төрт бұрышты дипломы қолына тиер-тиместен алыстағы Уәлиханов ауданына «жер аударылып» ұстаздық жолдың ыстық-суығын көріп ысылды. Жар сүйді, сәби бесігін жасады, отбасын көтерді. 1990 жылы қазақ педучилищесі ашылғанда оның алғашқы басшысы Мұрекеңдермен (Мұрат Ыдырысов) табалдырығын алғаш аттағандардың бірі болған Т.Иманбайұлы жаңа оқу орнының ауыр жүгін бірге көтерісіп содан күні бүгінге дейін жиырма жыл бойы тынымсыз еңбек етіп келеді. Тәуелсіздік алып, бұрынғы одақтың құрсауынан шыққаннан кейінгі әлемдік ақпарат кеңістігіне ену, жаңа білім жүйесінің негізін қалау сияқты толғауы тоқсан мәселелерді игеруде информатика пәнінің оқытушысы болып тағайындалған Тілеуғабыл замандасымызға үлкен жауапкершілік жүктелді. Сол кезде компьютердің исі мұрнымызға келмейтін біз үшін бұл космосты игерумен бірдей ерлік еді. Компьютерді игеру Рей Бредберише айтсақ «балықтың жағаға шығып өз бетімен жүріп кетуіндей» әсер етті. Оқу орнында ақпараттық технологияның негізін салушы ретінде зор еңбектер атқарған Т.Иманбайұлын бүгінгі күні информатиканың атасы десек артық айтқандық болмайды. Бозторғай таңмен жұмыста оразасын ашып, күнді көкжиекке батырып барып үйіне қайтатын ол нағыз еңбектің кермек дәмін молынан татқан информатиканың кәдімгі «еңбек торысы» болды. Осының арқасында колледж ақпараттық технологияда көштен қалған жоқ. Кешегің – алыс, ертеңің – жақын, Жеткізбес қиял бассаң да тақым. Тіршілік –тырбаң тыншуды білмес, Уақытқа мынау кетпесін ақың, - деп Төлеген ақын айтқандай, ұлы мәртебелі Уақыттың өзін бағындыруға қажырқайраты жеткен Тілеуғабылдың бізден артықшылығы – көзді ашып-жұмған сәтте-ақ әлемдік ғаламтордың бар галактикасын өзінің алақанында ұстайтындығы. Бермуд үшбұрышындай

құпиясы көп «Компьютер аждаһаны» саусағымен-ақ басын игізіп алып, көк сәулелі мониторға тесіліп, инфра-қызыл дүниені барлап, қара жыраны қақ бөліп өтіп, ғаламтордың ғажайып әлеміне еркін сүңгіп кете баратын, ІТ – технологияны ерттеп мініп алатын Тікеңнің интеллектісі бізді шаң қаптырып кетеді. Бұл – оның ғана сыбағасы, басыбайлы «жекешелендіріп» алған кеңістігі! Елу ердің жасы дейміз. Бірақ осы анықтаманың мәнмағынасын жете исініп, толық түсінген пенде аз сияқты болады да тұрады. Тумысынан ақжарқын, ақеділ, ақжүрек, ақпейіл Тілеуғабылдың жүрегінде алдау, арамдық, әсіреқызылдыққа, жек көру, ғайбат сөз айтуға әсте орын берілмеген! Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың сахабасындай тақуа жүрек, жаны таза, пәк көңіл, періште мінез тек осы Тілеуғабылда ғана бар деп санаймын! Ендеше елуіне ентікпей ерекше мөлдір жан тазалығымен жеткен досым һәм әріптесім Тілеуғабыл Иманбайұлына ғаламтордағы өз кеңістігінде аман-есен жүріп, ұлы Дидактиканың бағбаны ретіндегі еңбегі жемісті болып, отбасы-ұясының қызығын көрсін дегім келеді.

ӘКЕНІ ЖҮРМІН САҒЫНЫП

Алпысында әкем аңшы мылтығын иығына асып алып, аяғына жыл сайын жазда жаңадан теректен өзі жонып, басын иіп, арнайы майлап істеп алатын жалпақ шаңғысын іліп, жеңіл қапеткесін кие салып түкірікті жерге тигізбестен қатырып тастайтын шаңытқан сары аязға қарамастан ну орманның ішіне кіріп бара жататын... Одан асқан аңшыны көрген жоқпын. Мені үшінші сыныпта оқып жүргенде тонға орап, шанаға отырғызып, ауыл сыртындағы шоқтарды қақтыруға алып шыққанда анам байғұс шыр-пыр етіп жібергісі келмегенде «немене жылы пештің қасында өсірейін деп пе едің, ер бала емес пе, үйренсін, жаурап тоңсын, ерте есейеді», деп зекіп тастағаны есімде қалыпты. Бұл менің тұңғыш рет аңға шыққаным еді, әрі алғаш рет әкемнің

әлеуетті қайратын көзбен көріп, мойындағаным еді. Ол кезде қар қалың болады, орманның жел жағынан өзі тоспаға түсіп қалып, мені сары атпен қағуға жіберді. Қағу қайда, орман ішіндегі тау-тау қардың арасынан қасқыр шығатындай көзіңе қорқау елестеп, тезектің ұшар басында қалып қойған жалғыз жапырақпен бірге дірілдеп, аузыңмен емес мұрныңмен «айғай» салып омбыға малтығып келе жатқанда, әйтеуір әбүйір болғанда қара мылтықтың гүрс еткен даусы рейхстагты атқылап жатқан катюшаның дауысынан бетер естіліп, тезірек ағаш ішінен зытып шығып, әкеме қарай зуылдап келем. Әкем болса бір қолында жалғыз ауызы, бір қолында атылған ор қояны бері жүгіріп келеді екен, сөйтсем мылтық даусынан үріккен сары ат шана-манасымен бірге орманға бір-ақ қойған ғой. Сондағы әкемнің қарулылығына таң қалғаным, қалың күртікте шананы сүйретуге шамасы келмей, өзі малтығып қалған сары атқа көмектесу үшін шананы шыбын құрлы көрмей, 30-40 метр жерге дейін көтеріп апарды. Маған сонда әкем атты шанасымен бірге көтеріп әкеле жатқандай көрінді. Бұл көрініс менің есімде мәңгілік сақталып қалды. Содан кейін бала мұрт, бозбала жігіт болғанға дейін аңшылықтың, қыр-сырын үйретті. Аңның жатқан үстінен түсіретін, құстың ең көп қонатын жерін жазбай танитын. Аңды орнынан тұрғызып, жүгірте бере, құсты ұшырып барып ататын қол мерген болды. Жылы орнында аңды, суда мамырлап отырған құсты ату обал болады дейтін. Ауылдың 4-5 баласы кеудеге оңды-солды оқшантай асынып, таңертең кетіп жер дүниені шарлап, кешке бос салпақтап, тіліміз салақтап қайтқанда әкем «е, сендерден аңшы шықпайды, осылай аңға шыға ма, ертең қараңдар» дейтін. Ертеңіне малын жайлап алғасын біздің үйдің желкесіндегі шағын шоқты (қара комбайын ағашы дейтінбіз) бір айналып із кесіп келіп «е, жатыпты» дейтін де екі патрон оғын ғана алып, мылтығын жүре оқтап шыға жөнелетін. Біз топыр-топыр далаға киініп шыққанша бір қоянды қанжығасына байлап келе жататын еді.

Жетпісінде тоғыздық шалғымен малдың қыстың шөбін өзі шауып жүрді. Техникамен (шіка, комбайн) шапқан шөпті әсте ұнатпайтын, жартысы топырақ болады деп. Кейіннен туған үш ұлы, бізге ерте шалғы ұстатты, 4-5 сыныптан бастап жетілік шалғыны баптап үлкен шапқыға түскенге дейін күн ара әр түрлі шөп шаптырып үйрететін. Ол кезде ауылда әр үйдің өз «приватизировать» етіп алған шапқысы бар, оған ешкімнің түсуге хұқы жоқ. Сондықтан әкем өз шапқысын әбден пісіріп алып барып бірақ кірісетін. Ол тәсіл үш ұл бізге қиын, себебі әкеміз шапқыға бір түсті, демалыс жоқ дей бер. Жеңіс ағай айналдыратын клубтағы кино, кешкіліктегі футбол, совхоз орталығындағы «танцы» көзден бір-бір ұшады да, бар қызықтан құр алақан қалып, желкең қиылады. Жігіт болып беліміз бекіп, бұғанамыз қатайған шақтың өзінде де біз шөп шабудан әкемізден асып кете алмадық. Таңертең қатар түскенімізбен сүт пісірім уақытқа ғана күшіміз жетеді, одан әрі шалғымыздың ұшы жер қаба бастайды да, ағаш ішінде жерде қазылған «тоңазытқыштағы» шалапты ішіп келуге қатынауымыз жиілей береді, күн арқан бойы көтерілгенде тіптен саудамыз бітіп, титықтап қаламыз. Мұны байқаған әкеміз сонда ғана тоқтап, шалғысын жерге қадап, тершіген маңдайын бір сүртіп, сусынмен таңдайын жібітетін. Жарты ауыл шалғысын әкеме шыңдататын. Бір қыстық шөпті арнайы шана жасап, соған артып (4-5 телешке шөп бірақ сияды) К-700 тракторымен сүйреп әкелдіретін және шапқыдан үйге дейін аспан тіреген шөптің төбесінде отырып келетін, ауылға кіргенде электр желісінің сымдарын айырмен көтеріп өткізетін. Бұл шаруа бүкіл ауылда менің әкем ғана қолданатын әдіс еді. Әкем туралы ой толғап, оның мәрт тұлғасы, мінез-құлқы жөнінде сөз саптағанда жоғарыдағы екі-ақ қасиетін мысалға келтіріп отырмын. Биыл ХХ ғасырдың ең қасіретті кезеңі, адамзатқа зор ауыртпашылық әкелген екінші дүниежүзілік соғыстың аяталғанына 65 жыл толып отыр. Адам жүйкесін темірге айналдырған, төзімін саздай илеген, ары мен намысы

таразыға түсіп сыналған жойқын майданға әкеміз де барып қайтқан. Әкеміздің шын аты Ғабдылахат, бірақ жасынан Ахат аталып кеткен, нағыз туған жылы 1912 жыл да, құжатта 1914 жыл болып жазылып кеткен ғой. «Менің мүшелімде туғансың» деп (1961 жыл) мені айтып отыратын. Атамыз Әшірбектен төрт ұл – Жанәбіл, Ғабдылахат, Ғабдылқабыш, Сәлім туған да, соғысқа әкеміз бен Сәлім қатынасқан. Сәлім 1922 жылғы, 1943 жылы майданға аттанып, снайперлер мектебін бітіріп, соғыста 1944 жылы хабарсыз кеткен. Ауылда соғысқа қатысып келген ақсақалдар Сәлім ағамызды құралайды көзге атқан мерген еді, карабинмен (осовиахим ғой) ұшып жүрген қызғышты атып түсіретін дейтін. Ахат әкеміз майданға 1941 жылдың тамызында нағашысы Кәрім Ахметжанов екеуі бір күнде Петропавл қаласынан аттанған. Бірақ артынан екеуін бөліп жібереді, себебі Кәрім әтәйіміз ол кезде жоғары білімді, оқыған азамат болса керек, шамасы бірден офицерлік құрамға енгізіп, басшылыққа тағайындалған, ал әкем екі кластық білім ғана бар, жүргізушілер мектебіне бөліп жібергенге ұқсайды. Атақты үшінші Беларус майданының құрамында әкеміз қырғын соғыстың небір қиыншылықтарын басынан өткізген. Снаряд тасушы машинаның (полуторка) жүргізушісі ретінде Смоленскіден Кенисбергке дейінгі ауыр майдан жолдарын жүріп өткен. Біздің соғыстағы жауымыз аспанда немістің бомбылаушы самолеттері мен жерде минометшілер болды деп отыратын. Әкеміз соғыс туралы ләм деп ауыз ашпайтын, бала кезімізде қауқалап сұрағанда «қойшы соны, қайтесіңдер, сендерге бермесін» дейтін де қоятын. Ескерткіш алдында, мектепте пионер-комсомолдар жиналыстарында, клубта мінбеде сампылдап соғыс туралы аузы талмай сөйлейтін «сандуғаш» ардагерлерді жақтырмайтын әрі оларға қосылмайтын мінезі болды. Соғысты 1945 жылы 9 сәуірде Кенисбергте аяқтаған. Оның мынадай себебі бар. Кенисберг (бүгінгі Калининград) қаласын жаудан азат етіп өз әскери бөлімшесінің құрамында

келе жатып қаланың дәл ортасындағы көше қиылысында машинасы сынып қалады. Жаңа ғана азат етілген қала көшелері әр түрлі құрылымдағы әскерилерге лық толы, тізіліп саппен өтіп жатқан колонналар, жаны қысылып, машинаны жалма-жан жөндеуге кіріскен әкеміздің қасына танкілер келіп тоқтай қалады. Жол қиылысында сынып қалған машина оларға кедергі. Осы кезде «Убрать машину! Освободить дорогу!» деген өктем бұйрықпен қатар қазақша «әдемілеп» боқтаған дауысқа жалт қараса, подполковник шеніндегі 1941 жылы майданға бірге аттанып, көз жазып қалған нағашысы Кәрім Ахметжанов тұр. Аллаһтағаланың жазуы шығар, сол жерде екеуі жылап көрісіп, сағыныштарын басқан соң, танк бригадасының командирі лауазымы бар нағашысы әкемізді өзінің қасына ауыстырып, адьютанты қылдырады. Жеңісті осы қалада қарсы алып, артынан нағашысы екеуі жылдың жазына

дейін Кенисберг қаласының комендатурасында әскери қызметін өтеп барып елге қайтады. Екінші дүние жүзілік соғыста жоғары қолбасшылық тарапынан қалаларды азат етуде ең алғаш «Кенисбергті алғаны үшін» медалі тағайындалғаны тарихтан белгілі. Міне, жаудан осы қаланы азат етудегі ерлігі үшін марапатталғандардың қатарында біздің де әкеміз болған. Әкеміз юбилейлік медальдарды тақпайтын, осы «Кенисбергті алғаны үшін», «фашистік Германияны жеңгені үшін» (1945 жылы көктемде алған) және Отан соғысы медалін ғана тағатын. Әкеміздің жыл сайынғы Жеңіс күнін тойлаудағы бір әдеті болатын және содан жаңылмауға тырысатын. 9 мамыр күніне арнап әкей арнайы қой семіртетін. Жыл сайын осы күні ол кезде Арықбалық ауданындағы Лобанов селосындағы орман шаруашылығының директоры болып істейтін майдандас нағашысы Кәрім Ахметжанов ағайдың қоңыр «бобигі» біздің үйдің қасына келіп тоқтайтын. Содан қой сойылады, бәріміз мәз-мәйрам, буы бұрқыраған бір табақ ет дастарханға келеді, екі майдангер бір шиша арақты қырлы стаканға қақ бөліп құйып, ар жаққа бір-ақ ытқытады да, етке кірісетін. Ас ішілген соң екеуі газеттің шетін жыртып алып, ішін махоркамен толтырып,

«самосад» жасап, табалдырыққа отырып алып будақтатады-ай келіп. Өздері аса көп шешіліп соғыс туралы әңгіме де айтпайды. Жылдағысы осы екеуінің. Бұл біз үшін өте қызық әрі таң қалатынбыз. Әкеміз арақ ішпейді, темекі тартпайды, тіпті соғыста да «наркомовский» жүз грамды киімге айырбастап алатынмын деп отыратын. Мұның бәрін бүгінде ғана түсінгендеймін. Табиғатынан әкеміздің мінезі, характері тұйық, көп сөйлемейтін, біртоға болып жаратылған әрі оның үстіне алты жыл аласапыран

тағдыр кешкен адам. Жалғандықты, көп сөйлегенді, әпербақан әумесерлікті суқаны сүймейтін, неге екенін білмеймін өмір бойы «парторгтерді» ұнатпай өтті. Әкеміздің ұрпағы бүгінде ел қатарында, көштен қалған жоқ, біз де жоғары білімді сияқтымыз, бірақ екі-ақ класс білімі бар, «Жұлдыздың» бір нөмірін бар ай жүріп оқитын осы әкеміздің сұңғыла ойына, көрегенділігіне, еңбекқорлығына, қажыр-қайраттылығы мен төзімділік, шыдамдылық қасиеттеріне жете алмай келеміз. Неткен биіктік десеңші! Әкемді сағынып жүрмін мен.

ЕЛ МЕН ЕР ЕГІЗ ҰҒЫМ

Балпаң, балпаң кім баспас, Басарға балтыр шыдамас. Батырмын деп кім айтпас, Барарға жүрек шыдамас. Жалтара шапсаң жау қашпас, Жауды аяған бет таппас. Уа, жігіттер, жаныңды, Жаудан аяй көрмегін, Ғазірейіл тура келмей жан алмас!- деп елдік пен ерліктің ғасырлар бойы туын жықпай егіз ұстай білген біздің бабаларымыздың ХХІ ғасырдағы ұрпақтары үшін аманаты көп-ақ.

ЕЛ мен ЕР сөзі ежелден киесі мен қасиеті мол, еңсеңді көтеріп, есіңді жиғызар, санаң мен сабырыңды таразыға тартып, рухың мен діліңді асқақтатар, «аттың жалы, түйенің қомында» ашамай ерге таңылып кете барған уызының дәмі аузында кеуіп үлгермеген сәбиден бастап тобығымен жер басып, томардай күйге түскен қарияның жүрегінде тулай жөнелетін асқақ та нұрлы ұғым. Ендеше, Ел киесін сақтай білген Құдықағаш елінің бүгінгі ұрпақтарына, Еуразияның кіндігінен жаралып, бедерлі бесігінің төрт есігін төрткүл дүниеге айқара ашып өскен, қазаққа Рамазан Елебаевтай ай маңдайлы батыр да өнерлі ұлын сыйлаған елге бүгінгі мерекелеріңе құтты болсын айтайық! Талас өзенінің бойында өскен белгілі Едіге бидің атақты Бөлтірікке: Жер деген не? Ел деген не? Жер сәні деген немене? Ел сәні деген немене? Жерді кім көтереді? Елді кім көтереді? Жердің құты қайда болады? Елдің құты қайда болады? Ердің құты қайда болады? дегенде, аузы дуалы шешен: Жер деген – байлық, Ел деген – халық. Жер сәні – мыңғырған мал, ағылған аң, Аққан су, жайқалған ну. Ел сәні – атаға қарап өскен ұл. Анаға қарап өскен қыз. Жерді су көтереді. Елді ер көтереді. Жердің құты күйінде болады. Ердің құты үйінде болады. Елдің құты биінде болады,- деп, Ел мен Ердің анықтамасын осылай берген. Біз одан артық айта алмаймыз.

Біздің тарих тасқа басылған! Оны өзгертемін, өшіремін дегендердің өзі тарихтың шаңында ескерусіз көміліп қалған. Әлем халықтарының ішінде тек көшпенділер тарихы тайға таңба басқандай анық көрінеді. Оған куә - кеше ғана Зерендінің Қарсағында табылған, әлем тарихшыларының назарын өзіне аударған археологиялық ескерткіш. Ендеше, Еңбекшілдер ауданының, соның ішінде Құдықағаш елінің тарихына арналған, бүгінгінің тасқа басылған «Рамазан Елебаевтың елі» кітабының алар алғысы көп, салмағы сом алтындай, бір елдің бір ғасырлық шежіресін паш еткен энциклопедиялық мұра, ұрпақ үшін асыл қазына, қайнар бұлақтай мөлдірі мол таза рухани дүние! Әлбетте идея жалғыз туады, яғни жақсы ой дара жүректе, жеке жанда оянады да идеяға айналып, көптің қолдауымен іске асады ғой! Сондықтан, осынау күрделі, құнды жинақты шығаруды ойлап тауып, оның қажетті материалдарын жинақтап, көздің майын тауысып, күнді түнге ауыстырып алып, тер төгіп еңбек еткен елағасы Мейрамбек Қиықов ақсақалға алғыс айту – парыз. Бүгінгі күні ешкім кітапханада отырмайды ғой, 2-3 рет кітапханаға бас сұққанымда жұртта қалған адамдай жалғыз өзі кітаптан қорған жасап алып, шұқшиып отырған ағаны көруші едім, сөйтсем рухани мұраның машақатын арқалап жүрген екен ғой. Кітаптың алты бөлімнен құралып, алпыс тамырлы тақырыпты қамтуы – үлкен еңбектің жемісі. Редакция алқасына енген журналистиканың, көкшедегі көкжалы Мәтен Бижанов, ел танитын Айдос Әбутәліпов, Қайыргелді Қиықов, Нұрбек Нұралин сынды азаматтар жаман кітап шығармаса керек-ті, екіншіден Көкшеге келіп зиялы ортаның, ойлы азаматтардың ойынан шығып жүрген парасаты мол әрі ұлтжандылығы зор Ғалым Нұрмағанбетұлы Шойкиннің, белгілі ақын, жазушы, драматург Төлеген Қажыбайдың тағылымды пікірлерін алғаны оның салмағын үстем етіп отыр. Енді жинақтағы бірінші бөлім – «Рамазан Елебаев – ерлігі асқан ерен ұл» атты тақырыпқа тоқтала кетсек. Рамазан Елебаев

– ұлтымыздың ХХ ғасырда ерлігімен елінің атын шығарған әрі дарынды композиторы болған тарихи тұлға. Бүгінде ғылым саласында алдыңғы орынға шығып келе жатқан гендік инженерия бағыты талай соны жаңалықтарды ашып үлгергені мәлім. Соның ішінде адам физиологиясын, оның ақыл-ой деңгейін зерттеуде небір тосын ғылыми пікірлер айтылып жүр. Әсіресе, америка ғалымдары ашқан, кез-келген адамның ақылдылығы мен санасының қалыптасуына оны дүниеге әкелген анасының қабілеті арқылы берілетіндігі туралы гипотезасы – таң қаларлық жаңалық. Қазақта «алып анадан туады» деген қағида осының дәлелі іспеттес. Сарыарқаның қазағы Ержанның қиырдағы туысқан Башқұрт еліне барып, башқұрт қызы Сәбираға үйленіп, одан дүниеге келген Рамазан – расында да тарихи ерекшелігі мол оқиға. Түркі халықтарының ішінде ең жаугер, батыр, ержүрек халық болып башқұрт ұлты саналады. Ертедегі көшпенділер іске асырған Ұлы көштің (Великое переселение народов) басында башқұрттар тұрғаны белгілі, ал башқұрт сөзі алтайқыпшақ тілінің ұғымында «бас қасқыр» - «ана қасқыр» түсінігін береді, біздің ел қыз балаға Құртқа есімін осы белгіге орай берген. Сондықтан, Рамазанның қайтпас қайсарлығы, ержүрек табандылығы анасынан дарыған деген пікірді айтқым келеді. «Юрта – маленькая пирамида. Пока она стоит – жива надежда на возрождение. Пирамида – это лестница в небо. И чем выше она – тем ближе небеса», - деген бүгінгі күні Еуразияға кең

танылып келе жатқан жазушы әрі мәдениеттанушы Ермек Тұрсыновтың «Мамлюк» романындағы осы ой-пікірі галактикалык тылсым дүниеге біздің елдің де әсері барын меңзейді, яғни кітапта кеңінен дәріптелген Құдықағаштағы кигіз үйдің түндігінен ай қарап, жұлдыз санап өскен ұл – Рамазан Елебаевтың жүрегі қайрат пен ерліктен жаралғанын дәлелдейді. «Несчастна страна, у которой нет героев» деген Пьер Буастың, «Несчастна страна, которая нуждается в героях» деген Бертольт Брехтың дана ғақлиялары – аксиома дүние. Ендеше, мемлекетімізге Рамазан

Елебаевтай ерді сыйлаған Құдықағаш елі бақытты ел деп есептеуге болады! Бүгінде тәуелсіз еліміздің ұлтжандылық тұғырын тәрбиелеуде, мемлекетшілдік рухты, патриоттық сананы қалыптастыруда Рамазан Елебаевтай ерлердің өмірін насихаттау арқылы нәтижеге жетеміз. «Настоящий патриотизм не тот, который суетится и чванится в торжественные минуты, а тот который ежедневно и неутомимо заботится об общем благе и не похвалится этим», - деген Артуро Графтың сөзін естен шығармаған абзал. Рас, Рамазан Елебаевтың тарихи өмірбаяны туралы, нақтыланбаған даталар, әсіресе, оның туған жылы, қаза болған күні туралы пікірталас бар. Бұл туралы мен түбегелі ой айтудан аулақпын, мұны тарихшылардың үлесіне қалдырайық. Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ұлтымыз өзінің кәтепті қара нардай ұлдарының асқан ерлігімен әлемді мойындатты. Бірақ сол дүркіреп өткен соғыстың көптеген шындығы әлі де айтылмай келеді. «Война закончена лишь тогда, когда похоронен последний солдат» деген Александр Суворовтың сөзінен ақиқатты табуға тырысуы керек біздің тарихшыларымыз. Филология ғылымында «генотип», «филогенетикалық жад» деген анықтамалар бар. Рамазан Елебаевтың «Жас қазағы» синкретті өнердегі шедевр болса, ондағы образ – нағыз генотиптік дүниенің айғағы. Жинақтың «Ел ардағы – Біржан сал және оның даңқты жерлестері», «Еңбекшілдер ауданы (кеше, бүгін және ертең), «Құдықағаш – құт мекен, алтын бесік – жанұям», «Дінтаным», «Шежіре сыр шертеді» бөлімдері - өз алдына жеке-жеке алар асуы, мағыналы мазмұны бар тараулар. Бұл бүгінгі күні білім мекемелері, әлеуметтік-мәдени ошақтар, мемлекеттік қызмет саласында пайдалануға қажетті жинақ деп есептеймін.

Уа, көсіле шабар жерің бар, Ту көтерер ерің бар. Қол боларлық елің бар, Атадан қалған жолың бар», - деп Төле би айтқандай Құдықағаш елінің азаматтары еңселі, жері берекелі, өмірі мамыражай болсын деген ниет айтайық.

НАҚТЫ ЖОСПАР КЕРЕК

Әр мемлекеттің өз ішінде көбірек қолданылатын, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздары негізінен осы көбірек тараған тілде жүргізілетін тілдерді Мемлекеттік тіл дейді. Қазақ Республикасының Тіл туралы заңының 4-ші бабында үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға және оның халықаралық беделін нығайтуға, мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасауға, қазақ диаспорасына ана тілін сақтау және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп атап көрсетілген. Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, күллі рухани өмірінің үні. Мемлекеттік тілді оқып-үйрену – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақ тілі Мемлекеттік мәртебе алғаннан бері оны оқып-үйрену әдістемесі бойынша біршама істер атқарылды. Соның ішінде қазақ тілінің практикалық курсы, қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге машықтану, қазақ тілінде ресми-іскерлік, кәсіби және кеңселік сөйлеу стильдерінің бағыттары қалыптасты. Мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейін мемлекеттік тілге үйретудің барлық спецификалық ерекшеліктері назарға алынуда. Әсіресе, қазақ әліпбиін үйренудің алғашқы сатысындағы Ә.Жүнісбековтың еңбектері, бастауыш сынып оқушыларын ойлау, дамыта оқыту саласындағы жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктері зор. Бастауыш мектептердің жаңа буын оқулықтарының дүниеге келуі қазақ тілін ассимиляциялауға шектеу қойылғандығының белгісі болды. Енді мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, меңгеріп шығуға не кедергі деген сауал көлемінде ойымызды ортаға салсақ деймін.

Біріншіден, мемлекеттік тіл беделінің көтерілуіне, ең алдымен, қазақ халқы жауапты. Егер өз санамызда тілді мойындау сезімі болмаса, психологиямыз тілді меңгеру бағтына икемделмейді. Мемлекеттік тілді меңгеруде қазақ психологиясы ұлтжандылық деңгейіне көтеріле қойған жоқ. Сондықтан тілге менсінбей қараушылық, оның болашағы жоқ деген өзін-өзі алдарқатушылық, жалған маргиналдық көзқарасы жойылмай, тіліміздің беделін көтеру қиын. Бұл кедергі, шындығын айту керек, әсіресе билік басындағы шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қолдан жасалуда. Екіншіден, «Қазақ тілі» қоғамдарының жұмысы төмен. Қоғам жұмысы көбіне-көп уақ-түйек жұмыстармен, жарнама тексеру, ұлт мәселесі жөніндегі әр түрлі ұйымдармен таластартыс, жанжалдармен өтіп жатады. «Қазақ тілі» қоғамы, ең алдымен, қазақ ұлтын тәрбиелеуді мақсат тұтуы тиіс. Осы жолда ол зор көрегендік, үлкен парасаттылық танытуы қажет. Қоғамдық ақпарат құралдарымен, яғни төртінші иелерімен билік өте тығыз байланыс орната білгені дұрыс. Үшіншіден, мемлекеттік тілді мойындаудағы үшінші кедергі – ұлттық мейрамдардың өткізілу сапасының төмендігі. Ұлтымызда «тал бесіктен жер бесікке дейін» ұғымының аясындағы сәбидің дүниеге келуінен бастап, адамның дүниеден өтуіне дейінгі барлық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық сенімдерді тек тойға айналдырып алғанымыз өкінішті. Мемлекеттік тілді үйрену үшін төмендегідей ұсыныс-пікір айтқымыз келеді: 1. Қазақ Республикасының территориясында жергілікті ұлттардың орналасу реті немесе облыстардағы демографиялық көрсеткіш түрліше. Сондықтан облысымыздағы жергілікті демографиялық жағдайға сәйкес мемелкеттік тілді меңгерудің, оқып-үйренудің жергілікті, яғни облыстық стандарты, перспективалық жоспары жасалса дейміз. 2. Білім саласында мемлекеттік тілді оқытудың жаңа бағдарламасы қажет. Анлитикалық-статистикалық зерттеулер негізінде, әсіресе, Көкшетау қаласында, аудан орталықтарында қазақ тілінде мектептер, сыныптар ашудың мақсатты-кешенді

жоспары жасалса. Себебі, урбанизация процесі жедел қарқынмен жүріп жатыр. Осыны назарға алуымыз керек. 3. «Қазақ тілі» қоғамы жұмысының жаңа жүйесін қалыптастыруды және жетілдіруді ойластырған дұрыс сияқты. Заманымыздың ұлы ақыны, білгір лингвист ғалым, ойшыл Олжас Сүйлейменовтің: «Үшінші мың жылдық түркі тілінің мың жылдығына айналады» деген болжамы босқа айтылмаған. Сондықтан ХХІ ғасырда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде шын мағынасында көру үшін бүгін еңбек ету керек. Ары мен адалдығы тең еді

Асылы адам туралы артық әрі асыра сөйлеу әдетімде жоқ болғандықтан ба, көбінесе естелік жазуға келгенде көп ойланып алып барып содан соң ғана жазуға отырғанды жөн деп санаймын. Күнделікті күйбең тіршілік пен сарытап жұмыстың таусылмас мәселелерімен «күйіп-пісіп» отырғанымда Күлбаршын Сәлімқызының телефон соғып, мән-жайды түсіндіріп, тапсырма бергенінен кейін әжептәуір уақыт кабинетте өз-өзіммен отырып, сағымдай алыста бұлдырап қалған балалық балғын шақтың суреттері қаз-қатар тізіліп көз алдымнан өте берді...

Шіркін уыздай нәрлі, судай таза, сүттей ақ балалық шақтың ізі қалған, жеткіншек бозбала кездің бозала таңдарын талай қарсы алған Қаратал жері, қара нанының дәмі бүгінгі жал-жаяға бергісіз интернат өмірінің қызығы мен шыжығы әсте естен кетер ме! «Ай, айналайындар-ау, осы сендерге де ұстаз болдық қой, барсыңдар ма?»-деп іздеу салған, мынау арпалысқан өмірдің өзінен көңілге шөккен шаң-тозаңды жуып, бір сәтке болса да ностальгия кеңістігіне қайтарған Күлбаршын ұстазға мың рахмет! Әлбетте, мен ұстаздарға бай, соның ішінде тікелей өзіме әсер еткен адамдардан кенде емеспін. Туған ауылымдағы бастауышта Жүкен ағай, Уахит, Бәтила Ахметжановтар,

Қараталда атақты Мақтым Шәбжантайқызы, Гүлнәр Шаймергенова, Мәнтай Қайыржанқызы сияқты ұстаздар менің социумдық тұлға болып қалыптасуыма үлкен үлес қосқан адамдар. Осындай іргелі, өрнекті ұстаздың бірі – Темірхан Жапарұлы болды.

…1976 жылдың сарғайған сары күзі. Біз жазғы каникулдан ауылдан кеңшар орталығындағы интернатқа келіп орналасып жатқан кезіміз. Ол кезде интернат ағаштан қиылып салынған 4 бөлмелі жатаған бұрынғы кеңсе үйінде орналасқан. Мектепке бұйырған ГАЗ-51 (әлі есімде нөмірі 12-69 КТМ болатын) машинесінен кереует, тумбочка түсіріп бөлмелерге енгізіп, абыр-сабыр болып жатқан едік, ту сыртымыздан нық әрі өрлі дауысты бейтаныс адамның үні естілді. Бәріміз де сылтыдай тындық. Жаңағы әзірдегі у-шу әбігерлік, жаз бойы көрмеген интернаттық достардың қауышу кезіндегі саңқсаңқ қысқа диалог сөйлесулері сап тиылды. Қара домалақ интернаттық балалардың айдарын жел ескен шақшадай бастары әлгі бейтаныс жанға бір мезетте бұрылып қатқан да қалған. Қаршадайынан интернатта өсіп, қабырғасы ерте қатайған, небір «сынақтарды» басынан өткізген қара сирақтарды анау-мынау, жеңіл-желпі іс-әрекетпен билеп алу мүмкін емес. Бұл жерде бәрімізге әсер еткен дауыс та емес, таза орыс тілінде сөйленген сөз еді. Біз ол жылы сегізінші сыныпқа келгенбіз. Оң мен солымызды танып қалдық десек те, әлі де тоғыз бен онның алдында «қауқар» жете бермейді. «Бұл кім болды екен? Қалың қазақ ортасында орыс тілінде «сайраған» бұл кісі кім? » - деген сұрақ бәріміздің миымызды түгел аралап шыққанша жоғары сыныптың мектеп жаққа ертерек барып «барлау жасап» келген елгезек біреуі «бұл жаңадан келген орыс тілінің мұғалімі» деп бәрімізге жеткізіп те үлгергені. Біздің Темірхан Жапаров ағаймен таныстығымыз осылай басталды.

Сөйтсек, ағай да жуық арада ғана Қараталға көшіп келіп, мектепке ұстаз болып орналасқан. Оқу басталар сәтте интернатқа бас сұғып, балаларды көріп, жағдайларын білу екен. Қасымызда жарты сағаттай тұрған ағай тек орыс тілінде сөйлеп кетті. Орысшаға орашолақ, тіліміз әлі сынбаған, «ыштениенің» («Чтение» оқулығы) ары жақ, бері жағында жүрген бізге бірден «енді құрыдық» деген ой келді. Қысқасы интернаттың сол күнгі әңгімесі мектепке жаңадан келген «орыс ағай» болды.

Таныстығымыз осылай басталған Темірхан Жапарұлы бізге 9-10 сыныпта орыс әдебиетінен дәріс берді. Біз 70 жылдардың төліміз ғой, ол кезде кітап оқымайтын бала өте сирек. Сондықтан болар әдебиет сабағы қызықты еді. Интернатта өскен баланың ақылы ерте есейеді. Бұл - өмір заңы. Әсіресе, байқағыштық, елгезектік қабілеттер жылдам қалыптасады. Содан болар, Темірхан мұғалімнің мінез-құлқын, әдеттерін, жүріс-тұрысы, мәнері, тіпті темекісін қалай тартатынына дейін тез «фокусировать» етіп алдық. Ағайдың мінезі жібектей жұмсақ, дауыс көтеруді білмейтін, жеңіл жүретін әрі жүргенде дыбысы да естілмейтін еді.

1977 жылы жаңа мектепке көшіп, бізге 10 сыныпқа, терезесі батысқа, қалың орман ішіне қарайтын бөлме берілді. Сондағы Темірхан ағайдың қуанғанын айтсаңшы. «В этом классе прекрасно будет изучать литературу» деп балаша мәз болғаны күні бүгінге дейін есімде қалыпты. Оның мағынасын көп жылдан кейін, өзіміз әдебиет мұғалімі болып өз жүрегімізден өткізген соң барып қана түсіндік қой. Ол кезде бізге ондай ой қайдан келсін. Әйтеуір, ағай жиі-жиі сабақ кезінде бізге қырындай тұрып, терезеге ұзақ көзін сүзіп, табиғатқа қарайтын еді. Сөйтсек, жаны әдебиетке жақын, ішкі монологы мол, филологиялық білімі терең адам іштей табиғатпен тілдеседі екен ғой. Мұғалімнің әдебиеттен терең білімі болды. Темағаңның сол кезде өз деңгейінде сырласа сөйлесе алатын, әдебиет жайында пікірлесетін адамдары, ортасы болмады ма деген ой келеді бүгінде маған. Мектептерде ойы озық, өте зерделі, интеллектуалдық дамуы көш ілгері ер мұғалімдер аз болмайтын. Өкінішке орай ауылдық жерлерден ұзап кете алмай, қалып қойғандықтан сол уақыттағы тоқырау процесі де олардың басынан өткенге ұқсайды. Қоғамдағы сұрғылт өмірден шаршап өз көзқарастары мен идеяларын объективті себептерге сай үнемі тежеп жүруден қалжырағандықтан кей-кейде «тентек

суға» да жиі бой алдыратын еді. Бүгінде кеңестік сұрқия саясаттың асындай бағытты әдейі ұстанғанын, қазақ руханиятын тұншықтырып келгенін енді біліп отырмыз.

Бүгінде сол жолды енді біз де өтіп келеміз. Бауыржан кластасым екеуміздің әдебиетке жақындығымызды сезетін. Баукеңнің ол кезде тіпті өлеңі де газет бетіне шыққан кезі. Жарыса өлең жазып, қашан «классик ақын» боламыз деп «кеудеде нан пісіп» жүрген шағымыз ғой. Мектептің кітапханасын бітіріп, кеңшардың кітапханасын «жеп» жүрген, поэзияға деген ынтызарлығымыз «от» боп тұрған кезіміз еді. Тұманбайды былай қойып, Төлеген, Жұмекен, Қасымдарды «іздеп» кетуші едік. Осы кезде Темірхан ағайдың да ықпалы болды. Ұстаз А.Чехов пен И.Тургеневті жақсы көретін. Ұшқыш-космонавт

В.Быковскийдің мемориалына жиі барылатын. Екі ортада келе жатқанда ағайдың әсіресе, И.Тургеневтің «Записки охотникадағы» әңгімелерін айтатыны есімде қалыпты... Мектептен соң 2 жыл армияда болып келгенімде «Нұртас, саған оқу керек» деп ақыл айтқаны бар. Тағдыр жазып, мен де филолог маман болып, әдебиеттану, лингвистика саласында, педагогика – білім кеңістігінде еңбек етіп келемін. Ұстазымның атына кір келтірген жоқпын деп ойлаймын. Қазақ «Тәрбие тәлімнен» дейді. Темірхан ұстаздың тәлімін ақтасам аруағы риза болар.

Бертінде Көкшетауға балаларының қолына көшіп келгенде маған жиі келетін. Шамасы ұстаздық жүрегінде форма мен мазмұн өшпегендіктен, мені іздеп келіп, өзі қартайса да санасы сәулелі қалпын сақтағандықтан небір тың ойларын ортаға сап, ішіндегі сырын ақтаратын. Мектептің 80 жылдығын өткізу арманы еді... Әттең қамшының сабындай қысқа ғұмыр оған жеткізбей кетті. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» дейді ғой. Біздерді тәрбиелеп, қаз тұрғызып, көңілімізге нұр құйып, руханияттың таусылмас қайрат-жігерін ұстатып кеткен Темағаңдай ұстаздың тәрбиесін көргеніме шексіз қуанамын. Артында қалған ұрпағы ұлағатты болсын! Мазмұны

Тағылым таразысындай туынды ....................................................2 ОҚУ – БІЛІМ АЗЫҒЫ, БІЛІМ – ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ .....................4 Ер бала тәрбиесіндегі ұлттық бағыт ..............................................5 Ұлттық педагогиканың тұрмыс-салт жырларындағы көрінінісі .........................................................................................12 Мемлекеттік білім құндылықтарын қалыптастыруда Ыбырай Алтынсарин мұраларының маңызы .............................................27 Әлемдік жаһандастыру процесі жағдайында этнотәрбиенің бүгінгі өзекті мәселелері ...............................................................36 Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда этнопедагогиканың маңызы ............................................................................................40 Кәсіптік білім сапасын жаңартудың негізі – тұлға құзырлылығы .................................................................................43 Ауыл мектебіндегі білімге қамқорлық қажет .............................49 Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісті жаңаландырудағы инновациялық педагогикалық технологиялар ......................................................54 Білім ақпаратындағы жаңалықтар ...............................................59 12 жылдық білім беру жүйесіне сай құзіретті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері ......................................................61 Ел үмітін ақтауға еңбегіміз бен білімімізді арнаймыз ..............67 Ұлттық тәрбие – алтын қазына ....................................................71 Мерейің үстем болсын, мектеп! ...................................................73 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде білім мәселелері бойынша жасалған баяндама ..........................79 Қазақстан Республикасы Парламентінде білім мәселелері бойынша жасалған баяндама ........................................................84 Біліктілікті сертификаттау және өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыру ..................................................................................89 Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолдары ............................................................98 Парламентке хат (С.Ж.Жалмағанбетоваға) ..............................102

Парламентке хат (Д.Ж.Нукетаевой)...........................................107 ӘДЕБИЕТ – ӨМІР АЙНАСЫ ....................................................113 Даланың дара жыршысы .............................................................114 Қоскөлде туған дарын .................................................................121 Көкеннің айтыс дәстүрі ...............................................................126 Көкен Шәкеев және импровизаторлық өнер, тұлға тағылымы .....................................................................................130 Шындықтың шынары ..................................................................136 Сәкен Жүнісов эзотеризміндегі бүгінгі мақсат ........................139 Орынбай Бертағыұлының шығармашылық өмірбаяны ..........143 Орынбай ақын және ислам діні ..................................................155 Орынбай ақынның толғаулары ..................................................159 Өнер ұлағатын тани білейік ........................................................166 Ақындық поэзиядағы Орынбай Бертағыұлы өлеңдерінің алатын орны .................................................................................170 Қартайды деп қапыда қалма, шіркін! ........................................174 Жүрегімен жырлаған туған жерін ..............................................179 Біржан өлеңдеріндегі ұлттық дәстүр .........................................184 Алмас Темірбай поэзиясындағы ай бейнесі .............................191 Сөйлеу мәдениетінің теориялық негізі ......................................205 СӨЗ АЙТТЫМ ЖАНЫ ТАЗА ЖАНДАРҒА ............................208 Сыйғызған жүрегіне екі әлемді ..................................................209 Қасағаң біздің осындай ...............................................................211 Жаны жайсаң жақсы аға .............................................................212 Ұстаз ұлағаты ...............................................................................216 Көкшеден ұшқан көктұйғын ......................................................218 Компьютер басты замандас ........................................................223 Әкені жүрмін сағынып ................................................................226 Ел мен ер егіз ұғым .....................................................................231 Нақты жоспар керек ....................................................................236 Ары мен адалдығы тең еді ..........................................................238

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙