Тыныс
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Заман Төлеуов
Заман Самалбекұлы
Т Ы Н Ы С
ШАҒЫН ХИКАЯТТАР
Қырмызы
«Сәлеметсіз бе, Ғалам ағай! Сізге Достық ұсынып едім, қабыл алмадыңыз. Соған байланысты Сіздің жекеңізге шығып, себебін білейін дедім. Және Сіздің жазбаларыңыз кӛңілге қонымды. Сондықтан Достық ниетімді тағы ұсынғым келеді. Қабыл алсаңыз ӛте қуанышты болар едім.» Ғалам екі-үш күн сыртта болып, оралғаны осы. Бірталай хат-хабарлардың арасынан ФБ-дағы ӛзінің жекесінен әлгі жазбаны оқып, Достық ұсынған қыз баланың парағын шолып шықты. Бұл да әлеуметтік желіге таяуда кірген тәрізді. Тегі, Ғаламның ӛзіне де бір-жар ай ғана болған - осы виртуалды әлемнің дәмін татқанына... Достық қабылданды...
- *
Түн ортасына дейін жұлдызды аспанға қарап, ӛз арманымен қол ұстасып шарықтап жатқан Қырмызы кӛзі қалай ілінгенін байқамады. Оны әлдекім түртіп оятқандай болды. Таң қылаң бере бастапты. Жан-жағына сергек қарап, басын кӛтергендегі кӛргені: бір аяқ, бір қолынан сал болып арбаға таңылған жасӛспірім баланың бұған анадайдан тесіле қараған кӛз қарасы еді. Ол ашкӛзділікпен сұқтана қарамай, ӛзіне мейірім тілеген үмітті жанарын жолдап тұрды. Соңғы күндері бұл бала Қырмызыға кӛп ұшыраса берді. Әлде солай кӛрінді ме, кім білсін... Неде болса, бала ылғи Қырмызының жолын тосатын секілденді. Қырмызы оның тұсынан ӛткен сайын жымия қарап, кейде басынан сипап ӛтетін-ді. Осы бір сырт кӛзге елеусіз кӛрінген қарымқатынастан бала жүзіне қан жүгіріп, бүткім тұла-бойы шуаққа бӛленгендей сезінетін. Ол осы сезімімен анасымен бӛліскен. Анасы: «Е қарағым, ол да бір бейбақ қыз... Сен құсап сал болып, тіпті құлақ-тілден айырылған... Рахымы кең Алланың шарапатымен қайта жүріп, құлақ-тілі болмаса да кӛңіл сарайы самаладай бір ғажап бала! Ол ӛниберситет бітірген оқымысты қыз...» деген еді. Сол әңгімеден соң бала кӛңілі ӛзгеріп сала берді. Оның да бойынан үміт оты ұшқындап, Қырмызыны кӛрсе лаулап тұрды. Бала күнгі кешегісіндей қайта аяғына тұрып, жүгіріп кетудің бір амалын білсе - осы Қырмызы есімді қыз ғана білетініне сенді. Бірақ, соны қалай сұрарын ол білмеді... Қырмызы естімейді. Түсінген күннің ӛзінде бұған жеткізер тілі жоқ. Тек, жан-жағына мейірім шашқан, шаралы, сұлу қос жанары ғана осынау дүниемен араластыратын... Осындағы әулиелерден кӛмек тілеп, сабылып келіп-кетіп жатқан барша жұрт оны неше жылдан бері жақсы таныды. Қасында еріп жүретін қаршадай бауыры екеуін кӛрген сайын ет туыстарындай емірене сүйетін-ді. Бастапқыда басына жұмсақ реңді шыт байлап, әркімге бір кӛмектесіп жүретін естияр қыздың қылығын таң кӛріп, келе-келе оның ӛзін адам бейнесіндегі періштеге ұқсата бастады. Мына арбаға таңылған мүгедек
бала сияқты кейбір пақыр жандар осы Қырмызыдан шарапат күтті. Оның жылы шырайлы жүзін аударуға ұмтылды... Қырмызы, Гаухар ана кесенесі маңында: ӛзге бір әлемнің есігін аттағандай, ерекше күйге бӛленеді. Тынысы ашылып, кӛкірегінде тылсым тыныстың жұпары есетін-ді. Гаухар ана Қожа Ахмед Иассауи бабаның қызы екенін және оның асқан емшілік қасиеті болғанынан Қырмызы хабардар. Бір ғажабы ол қасиетті анадан ӛзіне жекелей шарапат сұрап кӛрмепті, осы - сан қайта келіп кетіп жүрген кездерінде. Қырмызы - аруақтардың сӛзін қайталап жүрген осындағы «аққу» мен «сұңқарлардың» да ешқайсысына ұқсамайтынды. Гаухар анаға Жаратушы бала сүю бақытын бермепті деген аңыз бар. Сонда тағдырына налыған қыз, әкесі Қожа Ахметке барып, ӛкпесін айтады. Қасиетті баба: «Сенің емдеген әр адамың - сенің балаң.» деген екен дейді. Қырмызы да ӛзін осы Гаухар ананың бір баласымын деп есептеді.
- Мама, бүгін бес алдым, барлық сабақтан!.. Қырмызы ӛзінен бірер жас кіші сіңілісін ертіп, анасының берген байғазы ақшасына дәріханадан гематоген сатып алады. Дүкендегі кәмпиттерден гӛрі осы қызыл-қоңыр тәттіні ерекше ұнататын-ды. Әпкесінің «Бестік» алған күндері кішкентай сіңлісі үшін де бір мереке еді... Басына байлаған ақ бантиктері желкілдеп, ӛмірдің әр қалт еткен кӛрінісінен қуаныш кӛріп жүретін ол бір ғажап күндер еді-ау!.. Қырмызы әжесінің баласы еді. Ол кісінің сӛз саптауы мен ой –пайымын бала Қырмызы аудыртпай қағып алатын-ды. Әжесінің әр сӛзі оған саф алтындай қымбат және әруақытта орынды болып саналатын. - Менің шешем ӛте кӛрікті кісі болған еді... Сен соған тартқансың. Балапаным-ай, кейде осы кӛркіңнен де қорқам... - Неге, әже? Сұлу болған жаман ба? - Жарқыным-ай, жақсы ғой, тек... жамандығы да бар. - Неге?.. - Болды, қазмыр болма, ол баланың ойыны емес! - Айтшы, әже, сұлу болған неге жаман? Ұлдар бұрымыңнан кӛп тартқаны үшін бе? - Е, жалған-ай... Сенің екеу болғаныңды кӛріп, маңдайларыңнан сүйіп барып ӛлсем - арманым болмас еді... - Әже, сіз ешқашан да ӛлмейсіз, егер ӛлсеңіз сізді мен жүрегіме салып ап ешкімге кӛрсетпей, ӛзіміз ғана ӛмір сүреміз. - Балапаным менің, кішкентай ақымағым... Е Аллам, тіл-кӛзден аман ете гӛр, бұлардың кӛз-жасын кӛрсетпе маған...
- *
- Егер хат жазғаныңды қоймасаң, сені комсомол жалпы жиналысына
салғызам! Бұл совет жастарына сай қылық емес, білім мен ӛнер қуғанның орнына ұят нәрселерге әуестігің үшін... сені комсомол қатарынан шығартуға ұсыныс айтам! Ұл басы салбырап, үн-түсіз тұр. Кінәлі екенін мойындағандай аракідік танауын тартқылап, Қырмызыға кӛзінің астынан ұрлана қарайды да қыпқызыл болып, қайта тӛмен шұқшияды. - Қырмызы, оған несіне қатты ұрсып тұрсың? – Кенет ту сыртынан мұғалім даусы естілді. Ол орыс арасында ӛскен, мінезінде қазақылық аз, бір беткей кісі еді. - Ол сені жақсы кӛреді ғой... Ал сен оны жиналысқа салам дейсің. Осың дұрыс па? - Ағай!?. Қырмызы екі беті қып-қызыл болып, кекештене: - Сі-сіз қызық адам екенсіз! – деп бой тасалау үшін таяу есіктің біріне сүңгіп кетті. Бес баланың кенжесі, Қырмызыдан тӛрт-бес жас кіші, сүйікті бір бауыры бар-тын. Ол кішкене күнінен ширақ, еті тірі екенін аңғартты. Сабақтан гӛрі ойын мен шатаққа жақын жүретін. Сосын оның бойында сарқылмас бір әзілкештік тұмасы бұрқ-бұрқ қайнап жатқандай еді. Әпкесіне қырындағысы келген бозбалалар алдымен осының тілін табуға тырысатын. Жазған хаттарын сол арқылы жеткізуге бәрі ынтық. Ол бұндай мүмкіндікті қолдан жібермеді. Әр хаттың ӛз бағасын сайлады. Рас, бастапқы кезде хаттарды әпкесіне табыс етті. Бірақ, Қырмызы оның бірін де оқымастан жыртып тастайтын-ды. Табыс еткеніне бір баға, жауап әкелгеніне екінші баға қойып, пұл жасауға кӛшкен оның ісі әпкесінің мына қылығынан соң, ақсайын деді. Жауап тосып үздігіп жүргендерге әр түрлі сылтау айтып, біраз алдарқатты. Сосын бір күні ойда жоқта жарқ еткен найзағайдай бір ой келе қалды. Сол күннен бастап ол жауапты бұрқыратып ӛзі жазуға кірісті. Ӛмірі оқымайтын кітаптарды құшақтап жататынды шығарды. Әсіресе «Мың бір түнді» түгелімен аударып шықты. «Батырлар жыры» дейсің бе, әйтеуір махаббатқа қатысы бар заттың бәрін адақтады. Оның тілі ұстарып, сезімнің не бір қылдарын шертіп, кісі елжіретудің шеберіне айналды. Үздіккен ұлдардың хаттарын ӛзі оқып, оған дәрежесіне сай жауапты ысқыртады. Күні ертең бастық болуы мүмкін деген үміт күттіргендерге жылы шырай, орташаға орташа, момын немелерге мүлдем жауап та болмайтын. - Осы, немене шимайлап отырасың? – деп бұның кейінгі кезде ыждағатты бола қалғанына күмән тудырған әпкесі оның парағына үңілді. Ол осы күнге дейін ӛте сақ, қылмысының ізін білдірмей келген еді. Қалтасы уысуыс тиынға толып, кӛңіл марқайған соң, әлдебір алаңсыз сенімділік иемдей бастаған-ды. Найзағай жайына қалды, тӛбесіне жай түскендей болды. - Әншейін, шығарма да... - Саған күнде шығарма жазуды тапсырама? Бұрын маған жалынушы едің... Әкелші бері, кӛрейін. – деп Қырмызы жан-жақты толтырылған қос бетті қолына алды. Бастапқыда ештеңе аңғармай, бауырының сӛз саптауына іші жыли судыратып оқи жӛнелді де бірінші беттің аяғына таман тұрған ӛзінің есімін кӛріп, аузы аңқая бауырына қарады. Ол мойнын ішіне тығып
алды да жолбарыстай атылып, сырттан бір-ақ шықты. Жарты күн қуса да ұстатпады. Бірер күннен соң, осының бәрі бауырының әзілкеш, тапқыр мінезінің арқасында күлкіге айналып кете барды.
- *
Қырмызы қол арбадағы баланы артынан итеріп, қасиетті орынның етегіндегі шағын бұлақтың жағасына апарды. Бұлаңдай ойнақшыған жылғаның келбеті ғана Қырмызыға кӛз таныс. Бірақ, ағысынан күлкі тӛгілуі тиіс екені есінде бар. Ол қос алақанын қусырып, су толтырды да балаға апарып тосты. Анау құс сияқты басын сұғып, бір-бірлеп ұрттады. Бала мәз. Қырмызы оның күлкісін естімесе де қоса іштей күліп, сүйсінген ымыра танытады. Бала бірдеме деп қолын сермеп, тамағына қолын апарып, әлденені түсіндіргісі келді. Қырмызы жанынан қалтырмайтын қол кітапшасына: «Не болды?» деп жазып оған кӛрсетті. Баланың оң қолы сал. Сол қолымен әбден тӛселіп алған екен, қиналмай: - Күлесің сен! - деп жазды. - Саған күлмеймін! - Маған емес, сен ӛзің күлесің, күле аласың! Қырмызы ӛзінің күле алатындығына қатты таңырқады. Кісі сенгісіз. Қасиетті орын басындағы тошалада ұйықтап жатқан бауырын оятып, күлімдеген жүзінен қуаныш есіп, сықылықтай күлді. Иә, ол солай күлгенін іштей сезді. Кӛкірегінен атқылаған қуанышты сезім ӛзінің бала кезінде «мак» ойнағанда секіргені сияқты лық-лық тӛгіліп еді. - Әпке, дауысыңыз бар екен ғой! Неге сӛйлемейсіз! Әлде, сӛйлегіңіз келмей ме? - Сӛйлейін десем сӛз шықпайды. Сосын сӛйлемеуге үйреніп кеттім. Қуанышқа бӛленген әпкелі-бауыр осылай екеуара жазысып, арасында бірбірін құшақтап, Гаухар ана кесенесіне сүйсіне кӛз тастап қояды...
Қырмызы Сырымды бұрындар да сырттай кӛріп жүретін-ді. Ол ұзын бойлы, аққұба келген кескінді жігіт еді. Кездейсоқтық па әлде бұлардың жолын осылай әлдекім әдейі түйістіре берді ме, әйтеуір аудан орталығы саналатын шағын қалашықтың саябағында жиі ұшыраса берді, екеуі. Осы арада жұрт қарасы кӛп жиналатын-ды. Күннің шыжыған аптабын ағаш саясымен бүркеп, кӛлеңкелеген Қырмызының қасына Сырым да келіп жайғасты. Қырмызы ысырылыңқырап оған орын босатты. Тақтай орындыққа әлі талай кісі сияр еді, бірақ Қырмызы бейтаныс жігітпен жанаса отыруды қаламаған тәрізді. Сырым кӛңіліне бүккен бір нәрсесін қалай жеткізерін білмей қызға қипақтап қарай береді. Қырмызы да бұрын танымаса да бір жерден кӛрген, иә, тым жақын арадан кӛрген таныс адамын шырамытқан тәрізді күйде отырды. Бір кезде екеуінің кӛздері ұшырасты. Иә, олар бір-бірін
ӛте жақсы танитын жандар екенін жан-жүректерімен анық түйсінді. Екеуі де жымиып сала берді. Жігіт: - Менің атым Сырым. – деп қолын ұсынды. Қыз саусақтары нәзік, кішкентай алақанын оған соза бере: - Қырмызы. – деді. - Қолыңыз қандай тамаша! – деп жігіт жұмсақ алақанды аялай ұстап, ернін тақағанда қыз жұлып алды. Сырым Мәскеуде оқиды екен. Жазғы демалыста жүрген кӛрінеді. Қырымызы да үшінші курсты тәмамдап, мый тынықтыруға келген. Осы танысудан соң араларында үзілместей бір жіп пайда болған сияқтанды. Оның бір ұшын Қырмызы ұстаса, екінші ұшы Сырымның колында. Сол жіптің бойымен олар талай рет жолығысты. Әр жолыққан сайын Сырым алқызыл раушан гүл шоғын ұстап келетін. Қырмызыға ұсынып тұрып: - Осы ғажап гүлдің ӛзі сенің оттай лаулаған ажарыңның алдында қысылады! Сен - періште сынды перизатсың! Сен – алқызыл қанымды бойыма таратқан жұдырықтай жүрегімсің! Сен... - Сырым сонша артық кетпеші, мен әншейін ғана пендемін... Бұлай мадақтай берсең, басым айналып кетуі мүмкін. Ал, мына гүл шоғың ӛте әдемі екен! Менің кӛңілімді тап бастың.
- Қырмызы әпке! – деп сал бала анадай жерден қол бұлғап шақырды. Қырмызы оған мән бермеді. Бала оның естімейтінін ұмытып кеткен тәрізді. Тағы атын атап дауыстады. Сосын қол арбасын бір қолымен қуалап, тұсына барды да шытының ұшынан тартты. Қырмызы тапал орындықта ӛз бетінше бір ойға беріліп, алаңсыз отырған-ды. Селк етіп артына жалт бұрылды. Ту сыртында екі кӛзі жайнап тұрған таныс баланы кӛргенде кӛңілі орнына түсіп, ӛзінің қорқақтығына сықылықтай күлді. Күлкісі кӛкіректің соноу бір тереңінен сәл құмыға кӛтеріліп, кӛмейге келгенде буылтық-буылтық тастардан секірген бұлақ суындай сыңғыры ашылып, сұлу әуенге айналады. Бала оның ӛз күлкісін ести алмайтындығына күйінді. Қырмызы үшін тӛңіректің барлығы толассыз ысылдаған бір ғана әуенге бӛгіп тұрған тәрізді. Бұндай сәт – жазды күндері қалың пішендік арасындағы жәндіктердің бір сарынды тіршілік тұнбасына ұқсайды. Бала қол кітапшасын сұрап алып жаза бастады. «Әпке, түнде түс кӛрдім. Сіз мені қолымнан жетектеп, тау басына алып бара жатыр екенсіз. Сосын екеуміз сол биіктен қол ұстасып секірдік. Бір ғажабы қанатты құс тәрізді жер бетінде қалықтай ұштық! Ол не?!». «Ол - сенің жазылатының, әлі-ақ жүгіріп кетесің! Ұшқаның - биік армандарға қол жеткізетін мықты азамат болатындығың, Жаным!» Қырмызының осы жорамалы балаға қанат берген сынды. Ол бұрнағы күйінен қатты ӛзгерді. Оның ішінен сондай бір ғаламат күш оянып, ӛзінің бас иіп келген мүгедек хәліне бағынудан бас тарта бастады. Бала мен Қырмызы аз-кем күн болған таныстық арасында етене туыстасып кеткен-ді. Екеуі қимастықпен келесі жүздесуге дейін сәттілік тілесті бір-біріне.
Ауылына қайтар жол үстінде Қырмызының құлағы тағы да қатты шуылға басты. Үйге жетіп құласам етті деп тіледі ол, Жаратқанға жалбарына. Қасындағы қаршадай бауырының шошитынын ойлағанда жаны безектеді. Шуыл бастапқы арынынан бәсеңсіп, ысылдаған тыныштықтың орнын қоңыр дыбыстар баса бастады. Оның құлағы сырт дауыстарды шалды. Қаншама уақыт тыншыған қапаста қамалып, енді ашық алаңға секіре шыққандай сезінді, ӛзін. Кісілердің әңгімесіне құлақ түріп, оларға іштегі қуанышын жасыра алмай сықылықтай күле қарады. Ӛзіне таңырқай бет бұрған жұртта оның еш шаруасы жоқ еді. Ол, естиді енді!
- *
Қырмызы ӛмірінде екінші қабат ауруханаға түсіп, жағдайы бір қалыпты деген дәрежеге жеткенде үйіне қайтарылды. Ата-анасы Алматыдан ауылына алып қайтты. Міне, оң жақ қол-аяқтан жан кетіп, жүруден қалғалы да бірнеше айдың жүзі ӛтті. Біртіндеп тіл мен құлақ та кезектесе сӛніп жатыр... Тек, жаңа басталған ӛмірдің, қызығына кісі тоймас кӛркем келбетін кӛруге жаралған қос жанары ғана ӛше қойған жоқ. Оны да - қою мұңның оңайшылықпен сылынбас кіреукесі қалыңдата торлап барады. Бұл қайғы әсіресе Қырмызының әжесіне қатты батты. Егер жан-тәнімен осы дертті ӛзінікіндей сезінген бірде-бір адам болса, ол – осы кісі еді. «Жауқазынымда Аллам нең бар еді, мен дайын отырғанда!..» деп аңырап сала берген кезінде үйдегілер сыртқа қашатын-ды. Әке байқұс іштей құса болып, кӛбіне ӛзінің жораларын жағалап кетіп, кешкісін ештеңе ойлар шамасы болмай оралады. Тұла бойы тұңғыштары гүл атып, енді жайнап келе жатқан шағында сабағынан сынды. Анасының дәті беріктеу адам еді. Осылардың арасында тек сол ғана сыр бермегенсиді. Бірақ оның да аналық жүрегі қан жылап, отбасына бұндай қасіреттің келгеніне қапалы. Қырмызының сіңлі-бауырлары да кӛздері жапақтап, бір жаманшылықтың болғанын аңғарғандай – аса тынымсыздық танытпай, үлкендердің қас-қабақтарына қарағыштайды. Әсіресе, ештеңеге шаруасы болмай аяқ-асты жатып қалған әпкелеріне жалынышпен жалтақтайды. Бұл үйді бір үрей билеп, бұрынғы тамылжыған берекесі үркіп кеткен сынды. «Жүйкесіне қатты соққы болған, бірақ денсаулығы мықты бала, әлі-ақ құлан таза айығып кетеді» деген дәрігердің үмітті сӛзі кӛңілдеріне жебеу. Ал іштеріндегі жегі құрттай кемірген «басты себеп» - бұларды жалған намыс пен салт-дәстүрдің алдында шарасыз етіп, Қырмызыны құрбандыққа қыйғызғандары. «Маматай, мені тастамашы!» деп шырқыраған қызының дауысы ана құлағынан кетер емес. Әттең-ай, егер ана жүрегі осындай күйдің басқа түсерін білсе, кӛлденең жатқан кемпір қара қарғыстың кӛк шешесі болса да бүйірден бір теуіп, аттап жүре берер ме еді... Әттең-ай!.. Қырмызының жанына жебеу, кӛңіліне медет болып, кішкентай шырақтай жарқыраған – ӛзінің сүйікті бауыры ғана еді. Соны кӛрсе түсі жылып сала беретін-ді. Ол әпкесінің естімесін біліп, сайқымазақ қылықтар жасап бұны
кӛңілдендіруге тырысатын. Сонда әжелері: - Ойбай, ӛзі әрең жатқан ауру қызды күлдірме! – деп оны әрмен айдап, Қырмызыны қорғаштайды.
- *
Мектепті ӛте жақсы үлгеріммен бітіріп, Қырмызы қалаған мамандығы бойынша оқуға түсті. Университет қабырғасында жүргенде де бұрындары да тек білім алу деген қағидамен келген Қырмызы ӛзінің бойынан осы жолғыдай сезімді аңғармапты. Ол Сырымды ӛзінің сыңарындай құлай қабылдады. Екеу-ара сезім расында ӛте үндес еді. Жігіт те жүрегі елжірей, Қырмызыны гүл тәрізді аялады. Сырт сымбаттары да жарасым тауып, кӛрген кӛзді шырақтай жарқыратты. Күзге қарай деп, той қамына ата-аналары да бет бұрған-ды. Сол жылы Сырым да оқуын аяқтап, елге оралады. Ал Қырмызы соңғы бірер курсты мүмкін сырттай да тәмамдар... - Жаным, саған қарай бергім келеді... қарай бергім!.. - Менде Сырым!.. - Сен сияқты әппақ қардай жанды кездестірем деп үміттенбеп едім, мына аласапыран болып кеткен құйынды дүниеден... осы уақытқа дейін қайда жүрдің? - Сен дұрыс іздемеген шығарсың... Мені тек - оқу оқитын жерден ғана іздеу керек болатын-ды!.. Екеуі қосыла күлді. Сосын қол ұстаса түрегеліп, саябақтың тӛріне қарай ӛрледі. Қарсы жолыққандар екі жарасымды жұпқа сүйсіне кӛз тастап ӛтеді де кейбірі соңдарына бұрылып, тағы кӛз тойдыра қарап қалады. - Мен біраз жыл қарқынды еңбек етіп, осы ауданның бірінші хатшысы боламын, ал сен мектеп директоры немесе оқу бӛлімінің басшысы... - Жоға, мен балабақша меңгерушісі боламын... Мамандығым психолог қой. Немесе үйде балаларымызды қарап отырамын. Сен бізді асырайсың. - Ол да жӛн сияқты. Жапондардың әйелдері кӛбіне бала тәрбиесімен айналысады. Ұрпақ келешегі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сендерді ӛзім-ақ асыраймын. - Біздің асыраушымыз! Екеуі тағы қосыла күліп, автобус бекетіне қарай беттеді. Күн кешке ойысқан шақ. Қырмызының ауылына баратын соңғы автобусқа үлгеру керек, бұлар. Жетісіне екі-үш қабат олар осылай жолығысып тұратын. Бір-бірінің жүрек дүрсілін тек қол ұстасып қана сезіп жүрді. Бүгін ғана екеуі бір қалтарысқа имене жасырынып, асығыс сүйіскен еді. Жігіт ерленіп тағы ұмсынған-ды. Бірақ, Қырмызы ӛзін отқа түсіп кеткендей күйіп-жанды да қайта сүйіспек түгілі, жігіттің бетіне қарауға дәті бармады. Еріндері де дуылдап, ұяттан кірерге жер таппады. Бұл - бір ғанибет күй еді... Бір жағы ұят, бір жағы ғажап! Егер ол, осы жолы ең алғаш та ең соңғы рет сүйіскенін білсе... Оның кәусар махаббаты бірер сағаттан соң қара батпаққа бататынын білсе... Амал нешік... Адам маңдайына жазылғанды алдын ала оқи алмайтындығы мүмкін жақсы, мүмкін сор... Еңкейген күн табағы әдетінше қызара бӛртіп, алаңсыз
ұясына шӛгіп барады. Ұзарған кӛлеңкелер бірте-бірте тұтасып, сәулелі тұстарды бойына сорғыштай сіңіріп, тӛңіректің барлығы қара нобайлана бастады.
- *
Палатаның қабырғалары, тӛсек-орын бәрі әппақ. Қырмызының ақ сӛл болып бозарған ӛңі де сол әппақпен тұтасып кеткендей. Ол ӛзінің бар-жоғын түсіне алар хәлде емес еді. Бар білетіні: әйтеуір, тірі екендігі. Жан-жағына кӛз салды. Ӛзінен ӛзге жан баласы жоқ. Тым-тырыс тыныштық қана бұны қоршаған. Ӛзегі күйе шӛлдегенін сезді. Тамақ жібітер сілекейді жұтпақ болып еді, жұтқыншақ тұсы жанын кӛзіне кӛрсете ауырып салды. Күллі кӛкірек тұсы отқа оранған тәрізді. Ӛртенген ӛңеш ас жұтуға келмей, түтікпен қорек алып, қиып кеткен жалғанның екі есе бейнетіне қайта оралды. Бір айдан соң Қырмызыны ауруханадан шығарды. Ол есін жиған соң, қайта оқуын жалғауға Алматыға аттанды. Ол ӛзінің туған ауылынан ешқашан да ӛстіп жеримін деп ойламаған-ды. Тіпті ата-анасын да кӛргір түрі жоқ. Тек, бар пейілімен ӛзін құрбандыққа шалуға әзір әжесі ғана аянышты және қымбат еді... Ол аруана да қатты шӛгіп кеткен-ді. Осы бақытсыздыққа ӛзін кінәлі санап, ӛзінің ішіндегі ертеректе ұялаған жорамал-топшысын жалықпай қарғайды. Шұғыл кетуіне себеп: әкесінің қара түнек болып, намыстан ӛртенген жығынды кейпі мен ауыл арасына аңқылдай жайылған ӛсек-аяң да болды. «Әкетай, мен арымды таптатқан жоқпын! Мен - сол ӛзіңнің сүйікті қызың Қырмызымын!» деп қанша рет айтпақ болып, кешірім сұрағысы келгенмен әке мен бала арасындағы кіндікқатынас үзіліп кеткен сыңайлы. Ауруханадан оралғанда әкесі есікті теріс қарап тұрып ашып еді. Қызымен амандаспады да. Былай да суықтау әке мүлдем мұз құрсанып алған тәрізді, жібімеді. Сосын Қырмызының ӛзі еркек атаулыдан шошитын күйге түскен-ді. Туған әкесінің еркек сұлбасынан да қауіп тӛніп тұрғандай қарасынан түршікті. Оқуын озат аяқтап, ары қарай дәріс беруге университетте қалтырылды. Қырмызы, күндердің бір күні Сырым ӛзін сағына іздеп келеді деп тосумен жүрді. Құрбыларының оны ұмытып, ӛзге де лайықты жігіттердің бұған ынтық екенін айтып, отбасы құруын қалаған ақыл-кеңесіне құлақ аспады. Ол шынайы махаббат дегеннің барлығына күмәнсіз сенді. Бір-бірін жүрекпен сүймесе ол не ӛмір? Ешқандай сезімсіз бірге тұрғанша - осылай соқа бас болып жүре бергенім жақсы дейтін. Ӛзінің тырнақтай кінәсі жоқ екенін ойлап, қазіргі тағдырына қайыса налиды. Егер аспанда Жаратушы бар болса, Сырымға айтсайшы: «Сенің Қырмызың сол ӛзің соңғы рет сүйген кездегідей пәк қалпында. Ол намысын аяққа таптатпады. Екеуіңнің махаббатыңды лайлатпай сақтай алды. Тек, жосықсыз қаңқу сӛз ғана соңынан ерген. Ол берген сӛзінен айнымайтын адал қыз. Ол ӛзін тек сендік деп бағыштаған!» Сырым бұл сӛзді естімеді ме әлде ести тұра пендешіліктен аса алмады ма... Әйтеу, еш хабарсыз кетті. Осы біраз мезгіл арасында бұның хәлін бір қабат болса да білуі тиіс еді-ау? Әлде, ол ӛліп қалды ма екен? Иә, Қырымызы
естімеген бір сұмдық болған сияқты... Ӛйтпесе, Сырым ол нағыз азамат еді ғой! Ондай жан жер бетінде сірә да болған емес... Сырымға бірдеңе болды... Қырмызы оған саулық тілеп, екеуінің қайта қауышатынына кәміл сенді. Сырым: «Кішкентай ғана кӛзі бақырайған Үкім-ай! Жаның мен тәніңді ана жауыздар сонша қинады-ау! Сенің еш кінәң жоқ. Енді сені ешбір пенде баласы ренжіте алмайды. Осы күнге дейінгі зая тӛккен кӛз жасың жеткілікті, сені ӛкпелеткеннің ісі енді тек менімен!» деп оны бауырына басып, құшақтары ӛле-ӛлгенше ажырамасына ол күмәнсіз болды.
- *
- Біздің бүгінгі лекцияның тақырыбы: «Қабылдау туралы жалпы ұғым». Адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстарды адам анализаторларында тұтастай бейнелеу процесін қабылдау дейді... Оқыс пайда болған бастағы ӛткір шыңылдан Қырмызының кӛзі қарауытып, кафедра жақтауына сүйене барып, құлауға сәл қалды. Алдыңғы қатарда отырған екі-үш студент жіті қимылдап, жас ұстазды жығылтпай қолтығынан демеп, астына күртеше тӛсеп еденге жайғастырды. Ол қорылдап жатқанда жедел жердем де жетті. Есінен танған жас ұстазды дәрігерлердің үстірт тексерудегі айтқан топшысы: инсульт? Оны зембілге салып, студент ұлдар ұстасып кӛлікке жеткізді. Ұлдардың кӛбісі Қырмызының лекциясын жібермеуге тырысатын-ды. Басты себеп: лекция емес - ұстаздың ӛте кӛркемдігі еді. Бір қарағанда ӛздеріне тете кӛрінген Қырмызыны олар ұстаздан гӛрі - қыз ретінде жақын қабылдайтын сынды. «Кет!!! Тиіспе маған! Жолама!» Бұл ашынған сӛздер - оның асқынған миында ғана тулап жатты. Қырмызы сол қолы мен аяғын сермеп, жандалбаспен қорғануда. Оң жақ қол-аяғы сұлық. Және оң жақ беті бастапқыда жыбыр-жыбыр қозғалыста болып, сосын кейін қарай керіле тартылып, тоқтады. Бет-аузы адам шошырдай қисайып, кісі сүйсінген кӛркемдіктен жұрнақ та қалмады. Қырмызы ӛз дүниесінде әлдекіммен тағы біраз алысты. Сосын салған дәрі әсер еткен кезде тұла-бойы жан кеткендей босаңсып барып, тыншыды.
- *
Автобус кӛз байланған шақта ауылға жетті. Бұлай кеш қайтуының себебі - аудан орталығына барған жұрттың жұмыс уақыты аяқталғанша, ӛз шаруаларын бітіріп қайтсын деген оңтайлауы болатын-ды. Бір-бірін етене танитын, тіпті ағайындасып кеткен шағын ғана ауыл. Кім келіп, кім кетіп жатқаны алақандағыдай. - Сұлу қыз, кештетіп қайдан келесіз?! – деп жолын жамағайын болып келетін біреудің сотқарлау ұлы кескестеді. Қырмызы таныс адам болған соң, тіксінбей шынын айтты. – Ауданға бір шаруалармен барып едім... - Биыл күзде тұрмысқа шыққалы жатыр деген елдің сӛзі рас па? - Солай ұйғарды ата-аналарымыз.
- Бақытты бол. - Рахмет. - Мен де сіздер жаққа бара жатыр едім, отыр, жеткізіп тастайын. Қырмызы кӛңілінде еш алаңсыз, кӛнелеу «Москвичтің» артына жайғасты. Мотор дүр еткенде қос қапталдағы екі есік қатар ашылып, соқталдайсоқталдай екі жігіт жапырыла кірді. Бір сұмдықтың болғанын сезген Қырмызы жұлқынып, кӛмек сұрап айқайлағысы келіп еді, ана екеуі аузын алақанмен тұмшалап тұншықтырды. - Ӛшір үніңді! Сен қыздың еркелігі бастан асып кетті. Енді қатын болғанда жуаситын шығарсың!? - Ойбай-ай! – деп қыздың аузын басып отырған айғай салды. – Тістеп алды, қасқырдың қаншығы! - Тиыштандырайын ендеше! – деп келесісі құлаштап тұрып Қырмызыны бет-ауыздан салып қалды. Қыз сылқ етті. - Енді реттелді, айда үйге қарай! Рӛлде отырған: - Бұ қызды мен алам, баяғыдан кӛзім түсіп жүр. Сонау мектеп қабырғасынан... Бірақ, бұл мені адам құрлы кӛрмеді. - Алсаң ала бер. Біз сараң емеспіз. Тек таулықтардың дәстүрімен «Права первой ночи» дегенді досың ретінде маған сыйла! Ха-ха!.. - Мәскеуски жігіт жол ашып қойған шығар, күзді күтіп жүрді дейсің бе? Сасық самогонға сілейіп алған үшеу даурыға сӛйлеп, діттеген үйлеріне де жетті. Үстіндегі жұлым-жұлым болған киімін қымтағыштап, соққыдан кӛгере ісініп кеткен бет-аузы мен ауырсынған денесін аракідік сипалаған Қырмызы түнімен алысып, осы бұрыштан тапжылмады. Тӛсекке сан қабат сүйреп апарса да жанкештілікпен сытылып шығып, осы қуысты қайта паналады. Сүйрей-сүйрей сілімтігі шыққан анау осы еден үстінде айқас салуға кӛшті. Спортпен шұғылданып, талай жарыстардың жүлдегері болған Қырмызы расында жӛушенді жігітсымаққа әл бермес қайратты еді. Осындай сойқан арпалыс таң ата ғана толастады. Дым бітіре алмаған әлгі қолын бір сілтеп, бӛлмеден шығып кетті. Ол шыға салысымен кемпір-кепшіктер ішке ентелей кіріп, жарыса үгіттей бастады. «Бәріміз де ӛстіп әйел болғанбыз. Қазақтың салты осы. Босаға аттаған соң, басыңды иіп кӛнуің керек. Тағысын тағы...» Қырмызы соңғы күшін жинап түрегелді де есікке қарай ұмтылды. Осы арада бір кемпір алдына кӛлденең жата кетті. «Кететін болсаң мені аттап кет! Ақ сүтімді аспанға сауып, қарғаймын!» Қырмызы шу-шу еткен жынның ортасына түскендей ештеңені ұғар хәлде емес. Екі кӛзі - ӛзін құтқаушыдай кӛрінген жалғыз есікте. Ол аттап-бұттай таяй бергенде жатқан кемпір бір аяғынан шап беріп тарс құшақтап, қақпанша қарысты. Қалғандары да жетіп, есі ауысқан қызды жабыла жықты. Хабар тиіп анасы келгенде, Қырмызы түнімен паналаған бұрышында әбден есеңгіреп отырған. Манағы жатқыш кемпір енді анасының алдына кӛлденең түсті. Үлкендер ары-бері күбірлесті. Сосын анасы қызының майдайынан сүйіп: «Жаным, босаға аттаған екенсің, осы үйге құт болып кір. Ата-баба дәстүрін аяққа баса алмаймын. Жаман кісілер емес және алыс та емес.
Маңдайыңа жазылған осы шығар... Бақытты болуыңды тілеймін! Алып-ақ кетер едім, «есік кӛрген» деп, әкең үйге кіргізбейді!». Осындай сӛздерін айтып кері жылыстай берген де ана ниетін енді ұққан Қырмызы: - Маматай, тастамашы мені!!! – деп шырқырай ұмтылды. Манағы топ кемпір қызға қайта ие болды. Үстіне бүтін киім кигізіп, басына шыт байлады. Бұл кезде Қырмызының ішінен жүректей соғып тұратын бір тамыр күрт үзіліп кеткендей болған. Ол енді барлығына мойынсұнып, тағдырға жығылған сынды кейіпке енді. Үйдегілер де кӛңілдене сӛйлесіп, той-томалақ қамына кірісуге бет алды. «Е, бәріміз де ӛстіп, үсті-басымызды жыртып,,, сосын кӛнгенбіз,,, сосын, оншақты бала да таптық!..» Тырқ-тырқ күлкі... Қырмызының жүріп-тұруына аса шектеу қойылмады. Тек, үйден шығып кетпесін деп бақылайды. Бӛлмелерді еш мақсатсыз аралап жүріп, ас үйге кідірді. Ыдыс-аяқ тұратын сӛреден кесе алып, су ішті. Орнына қоя бере кӛзі бірнәрсеге кілт қадалды да жан-жағын барлай шолды. Сосын «Уксусная эссенция» деп жазылған құтышаны алып, әлгіндегі ұстаған кесесіне шӛпілдете құйды. Қырмызыны бұл үйдің есігінен ӛз аяғымен емес, сұлатып алып шықты...
Сағаттың тынымсыз соққан сыртылы сенің ӛміріңнің тамып жатқан әр тамшысы... Күн артынан ай, одан жылжып жылдар да ӛте берер... Қырмызының тӛккен кӛз жасы неше етекті толтырар ма еді... Бірақ, осы бастан кешкен тәлкекті ӛмірі оны мүлдем сындыра алмады. Керісінше, жанын қайрап, ӛзегінен теуіп кеткен армандарын ӛзге биіктерден кездестіргісі келді. Жан жарасы мен пендешіліктің қаңқу күбір-сыбырларын ертелі-кеш тынбайтын еңбектің тынысымен тұншықтыруға тырысты. Жұмыс оның қорғаушысы, емшісі және жалғыз серігіне айналды. Тіпті, ләззат та осыдан келетін сияқтанды. Қаншама ер-азамат бұған кӛзін сүзіп, немесе шынайы пейілмен сезімін танытқысы келгенмен – оның жүрегі селт етпеді. Еріместей кӛрінген Солтүстік полюстің мұздағы бұған қарағанда жасық боп шықты. «Мені ешқашан да жан баласы түсіне алмас... Менің жүрегім бұл ӛмірде ешкіммен түсінісуге – есігін, ешқашан да ашпас!..» деп қапаға күйген талай түндерін - кӛз жасымен сӛндіріп, ӛткізетін-ді. Осындай ырықсыздық жеңген сәтте: «Алла мені ұмытқан-ау, сірә?!» дейтін. Қырмызы кӛп жылдар бойы ер-азаматпен жеке басқа қатысты ӛмір туралы сӛйлесіп кӛрмеген-ді. Ал таяуда танысқан виртуалды әлемдегі жаңа танысының әр сӛзі ӛзінің ішкі дүниесіне тың бір әуен енгізіп, жанына тӛңкеріс әкеле бастаған сынды. Оның ойы - Қырмызының тұңғиығындағы тұншығып жатқан сезімдерді біртіндеп аялай оятып жатқандай... Егде жастағы, әлдебір шалғайда тұратын адам күннен-күнге бұған жақындай түсті. Мүлдем теріс қарап кетті деген бір дүние қайта ӛңін бұрып, танысуға шақыратын сынды. Әлдеқайдағы бӛтен кісінің ықыласына жүрегі иіп, ӛмір бойы аңсаған лебіздерге бетін тосты.
Бастапқыда жай таныстықпен ғана бітер деген Достық қатынас - біртебірте күнделікті қажеттілікке ауып, уақыт суытпай сӛйлесіп тұрмаса алаңдайтын мазасыздыққа айналды. Олар таңертеңнен түнгі ұйқыға кеткенше жазып сұхбаттасуды ғадетке алды. Осындай сырласу кезінде әлгі ер адамның егде жаста екенін Қырмызы ұмытып та кететін-ді. Ол бір ғанибет сұхбат еді! Ер мен әйел арасындағы пенделік «сыр» емес – Тәңірдің қалауымен құдіретке ие болған, тылсымнан туған ерекше сырласу еді. Сірә, сондай күштің әсері ғана Қырмызының жүрегін еріте алған сынды. Ол ӛмірі кӛрмеген қайдағы-жайдағы сияқты бір адамның ӛз жан дүниесін ӛзінен артық ӛткір кӛңілмен түсіне алғанына таң қалды. Ұзақ уақыт осындай сыр ақтару соңы – онымен кездесуге итермеледі. Қырмызы оны кӛргісі келді...
JACKPOT
Ол Porsche Cayenne-нің артқы орнына бір жамбастай жығылды да сәл жантайып барып, бойын әрең түзеді. Ӛзінің епетейсіз қимылына: - Мені сүйейтін де кісі қалмады-ау! - деп күлкіге ұқсас шиқыл шығарды. Жыламсырай танауын тартқылап, ӛзінің осы күйіне ӛзі аяушылық танытып, кӛңілі мүлдем босады. - Мен маспын... жақсы іштім... бүгін ішпегенде қашан ішем... кенжемді ұзаттым... менде бәрі бар... - деп қолдарын сермей шалқи сӛйлеп, жүргізушінің желкесінен нұқыды. - Менің сӛзім дұрыс па? - Иә, Айман ханым... - Сендер шеттеріңнен залымсыңдар! Кӛкейлеріңді тескен тек ақша ғана... менің ақшам!.. - Айып етпеңіз Айман ханым, басқалар үшін жауап бермеймін, ӛз басым Сізге адалмын!.. - Иә, барлығың да адалсыңдар... Хи-хи-хи... Кеттік, айда желдетіп... Ӛзімен-ӛзі іштей сӛйлесті. «Жетімсіреп, мені тосып жатқан жұмсақ тӛсегіме жеткіз... Маған енді ұйқы ғана керек... Дәл бүгінгідей мен құсап ешкім бақытқа кенелген жоқ! Бақыттың айдынында бүгін мен ғана жүздім. Қандай адамдармен шыны қағыстырғанымды кӛрсең, олардың қызыға, қызғана қараған кӛздерін кӛрсең!.. Қызым қандай кӛрікті еді, сұлулығымен елдің кӛзін қарықтырды ғой...мойнындағы Chopard-тың кольесі мен алмас кӛзді Tiffany & Co-лық неке жүзігінің шырайы жолда қалды!..» Кӛлік табаны жерге тимей, құс тәрізді қалықтай, сұлу жүріспен жүйтки жӛнелді. Манаптың табиғаты қалайтын Әбікен Хасеновтің орындауындағы Тәттімбеттің шертпе күйі Кӛкейтесті мамырлай тӛгілді. - Ӛшірші дыңғырыңды! Маған бүгінге музыка жетерлік, басым сынып барады! Манап бұйрықты екі етпеді. Бала кездерінде бұғынбақ ойнап сандықтың ішіне тығылғанда осындай бір тынши, тұншықтырған тыныштыққа
қамалушы еді. Айман ханымнан парфюм Chanel N5 бұрқырай жайылды да артынша түп желкеден шыққан күбірлі дем алыстан - ағзадағы тамақпен араласып жұпары азған қымбат арақ Diva мүңкіді. Салон қойыртпақ иіске толды. Сырт әсерге ӛз бетінше әрекет етуге қабілетті ақылды машина ластанған ауаны түзге сорып, тазасын кеулетті.
- *
Еркін мырза Айман ханымның кӛлікке отырғанын сырттай бақылап тұрды. Екеуара бӛтендік соңғы жылдары тым үдей түскен-ді. Ортасындағы екі қыз – тек, ата-аналық парызды ғана ӛтеуге себепкер. Оның ӛзінде де барлық проблеманы ақшамен шешу қалыптасты. Иә. Тек ақша ғана барлығын шешеді және ақша ғана проблема. Үлкен қыздары естияр болып қалғанда Еркін мырза ӛзге әйелмен кӛңіл қосып, бұл отбасын тастады. Тастады деген сӛз орынды болмас, бұлардан бӛлек кеткенімен кӛмегін аямады. Айман ханымға қаржыландыруды ӛз мойнына алып, жеке компания ашып берді. Бұның барлығы сырт кӛз үшін де және уақытында тәрбиесіне аса мән бермеген қыздары алдында да ақталу сияқты еді. - Дүйсенбі күні ертеңгілік кеңесті ӛзім ӛткізем. Мені тосыңдар. – деді ол, қайтуға бет алған атқарушы директор қызды тоқтатып. - Мақұл, Еркін мырза... Сізді тосамыз. - Айман ханымның құттықтау сӛзін неге дұрыстап пысықтамадыңдар? Ұят болды ғой! Атқарушы директор қыз ақталуды жӛн кӛрмеді. Себебі, істің салдары осындай нәтижемен аяқталған соң, оны ешқандай ақталу ӛзгерте алмайды. Айман ханымға құттықтау сӛз мәтіні бір апта бұрын қолына тапсырылғанды. Мәнерлеп оқып, жаттығып жүргенін де кӛздері кӛрген. Бұны Еркін мырза да біледі. Бірақ, Айман ханымның беталды, бәтуасыз тілегі бүгінгі кештің шырқын мүлдем бұзбаса да әдемі ауасына жағымсыз иіс бұрқ еткізгендей әсер етті. Дейтұрғанмен кілең қалталы, не істесе де еркеліктері жарасым табатын орта бұған аса мән бермеді де. Тек, Еркін мырза әруақытта әрнәрсеге аса кірпияздықпен қарауды соңғы кезде ғадетке айналдырған. «Кісінің бетбейнесі мен киімі ғана емес ойы мен сӛзі де әдемі болуы тиіс» деген қағидаға жүгіне бастаған-ды. Бір әттегенайы, бұл - ішкі мазмұнсыз, уақытша пайдаланатын сырты ғана жылтыр, ойын заты сияқты еді. Бұндай қағиданы толассыз арқалап жүру мүмкін де емес, және ол біраздан соң жағымсыз проблема да тудыруы мүмкін. Неге десеңіз, туа біткен діңінен қанат жаймаған бұтақ – жасанды шырша тәрізді ғана. Ұқсауы мүмкін, ал негізіне келсе – тексіздік аңқып тұрады. «Аптаның басы тағы сәтсіз басталатын болды» деп іштей уайымдады атқарушы директор қыз. Қол астындағылардың кӛзінше Еркін мырза Айман ханымды сӛкпесі анық. Тек, бір анығы - кінәлі кісі болмаса да «кінәліні» табады. Сыйақысын кесер, әйтеуір бір жаза қолданады. Қарсы пікір білдірсең: «Тым сауатты болсаң, мемлекеттік жұмысқа бар!» деп есікті кӛрсетеді. Іштей тынудан басқа амал жоқ. Тегі, Еркін мырзаның ашулы
кезінде үндемей құтыла алсаң, кейін мейірбандығына бӛленерің күмәнсіз. Еркін мырзаның ашуланғаны да қызық. Ӛзімен-ӛзі сӛйлесіп жүргенін, әлде ұрсып жүргенін ажырата алмай қаласың, түсініксіз бырқылынан. Ол жаза ретінде кестірген сыйақыны келесі бір кӛңілді сәтінде жан қалтасынан екі есе ғып қайтара салады. Кейде осындай ұсақ-түйекшілдігін ӛстіп - мәрттік қылықпен жуып-шаятыны да бар. Ал Айман ханым компания ӛзіне тиесілі деп шешкендіктен кӛбіне-кӛп мамандар мәселесін ӛзі реттеуге тырысады. Бірақ маманды іскер, біліктілігіне қарап таңдағаннның орнына құрбыларының ӛтініштерін орындауды жӛн кӛріп, сылтау тауып, қызметтегі біреуді босатпақ болады. Осындай кикілжің ақыры Еркін мырзаға жетіп, ол Айман ханымды ӛз орнына отырғызып, қателікті түзеп, әділ шешім шығаруына тура келеді... «Бұл жолғы таяқтың зоры маған тиетін шығар» деп күрсінді атқарушы директор қыз. Осындай мыжыңға қолды бір сілтеп, басы ауған жаққа кетіп-ақ қалғысы келеді... бірақ үйреншікті және айлығы да айтарлықтай жерді оңайшылықпен айырбастай салу да мүмкін емес. Бір емес оншақты жылдық итіс-тартысқа еті де үйренді, аракідік әділетсіздік үшін тулап алып, қайта тіл табысу да ғадетке айналған-ды. Тек «Свято место пусто не бывает» деп жаттанды ділмарсып, сол сӛздің байыбына да бармай, Айман ханымның қадір мен еңбекті еш еткені жанға батады. Бір ғажабы, осындай жекеменшік мекеме басшысының мамандарға деген кӛзқарасының олақтығы қайран қалдырады... Мемлекеттік немесе бюджеттік қызметте қип етсе есікті нұсқау қансіңділік болса, әр білікті маманды ардақ тұту жеке салаға тән болуы тиісақ... Атқарушы директор қыз осындай ойға қалды.
- * Түнгі қала кӛліктен біршама аршылған шақ. Қызылды-жасылды болып ойнақшыған тӛңірек әбден кӛзі үйренген адамға еш таңсық емес. Сірә, пенде баласы жұмаққа тап болса да біраздан соң еті үйреніп зеріге бастар ма екен. Қаланың кӛркемдігі жай - ӛзінше бір қызметтей ғана кӛрінеді. Иә. Осы жалтжұлт еткен дүние, мына күжірейіп отырған жүргізуші, барлығы Айман ханымның жекеменшігі тәрізді. Себебі, кӛңілі қаласа осының біразын ӛзгертуге құзыры жетеді. Ол ӛзінің бойынан сондай құдіретті сезінді. Жасы елуді еңсере бастасада әлі күнге бетінің қызылы сарқылмаған, аса күтіммен келе жатқан тәні де жібектей үлбірейді. Тек, соңғы біраз жылдар... Иә, он – он бес жылды да біраз деп айтуға болар ма еді, егер ол осынша ұзақ, жалғызсыраумен ӛтпесе... Әлі де қос тізесімен күрестіретін, шәрбаттай нәпсі сезімдері ер адамның алақанын аңсайды. Бұл - атақтаған, тірі күйеуі бар әйел заты үшін ең ауыр жаза болар. Әсіресе ол жұрт алдында сені қолтықтап, сосын іс-шара тәмамдалған соң ӛз жайына кете барса... Louis Vuitton, Roberto Cavalli және Parmigiani мен Alfieri & St сияқты небір брендтік сән үйлерінің әшекей-бұйымдарына бӛленген, ғажап иіс-суларымен аңқыған денең ешкімге де керек болмай, тек сені ғана тосатын салқын тӛсекпен оны бӛлісу қандай азап?!
Осындайда Айман ханым Еркін мырзаны мейілінше жек кӛріп, оған деген ӛшпенділігін қалай қандырсам деген сан түрлі қиялдарға батады. Ақыр-аяғы осы алқып-шалқып жүргені соның арқасы екенін мойындап, ертеңгі күннің нәпақасы жеңеді. Еркін мырза ӛстіп, әр кез болмай жүрген тӛсек қатынасының парызын ақшалай ӛтейтін-ді. - Сен мырза болуды армандаған жоқсың ба? Шыныңды айтшы... - Ол туралы ойламаппын... Айман ханым... - Мен ханшайым болуды шынашақтай кезімнен армандадым... е, шіркін, сол бал татыған күндер!.. Жоға, ол күндерді сағынғым келмейді, кейде сол ӛмір ӛзге біреудің басынан ӛткен секілді. Жай бір елес... елес... ал мына ӛмір нағыз шындық! Сенің есімің кім еді? - Манап... - Иә, Манап... ӛмір деген ӛте күрделі дүние, оның тізгініне ие болу екінің бірінің қолынан келмейді. Бұл дүниенің кілті ақша ұстаған адамның ғана қолында, соны білесің бе? Әрине білмейсің. Себебі, сенде ақша жоқ. Ақшасы жоқты адам деуге бола ма, ол жарымжан мүгедекпен бірдей. Мен ӛз ӛмірімнің тәжірибесінен соны түсіндім. Манап оны қоштап, немесе ӛзге пікір білдірмеді. Тегі, ол - біртоға, аз сӛзді жігіт еді. Және бұл әйелді тезірек үйіне жеткізіп салып, бала-шағасына асығып та отырған-ды. - Сендер бай адамдарды кӛре алмайсыңдар. Біздің сыртымыздан сӛйлеп, жазғырасыңдар. Бейнебір, сендердің ырыздықтарыңды біз тартып алғандай кӛресіңдер. Рас па? Манап тағы үндемеді. Ол, бүл әйелге қандай жауап беру керектігін шынымен білмеп еді. Тіпті осындай ой бұның басына да келмеген сияқты. Жастайынан кӛрген тәрбиесі ішінде кӛреалмаушылық, қызғаныш тәрізді оғаш қылықтар орын алмаған-ды. Кӛпшілікке тән можантопай тірліктен бұлар да алыстап кете қоймады. Жетіспеушілік деген бардың да жоқтың да соңынан қалып кӛріп пе еді, жүдә. Бірақ оны «асанқайғы» жасаған емес. Манап бүгінгі жұмысына дән риза. Ӛйткені уақытында тиын-тебені қолына тиіп тұрады. Және кейбір мемлекеттік қызметтегілерге қарағанда әдеуір қомақты қаржы алады. Қанға сіңген тәубашылдығы бұның кӛзін қызартып, кӛлденеңге зейін салдырмады.
- *
- Батча! – деп Еркін мырза әйелінің қалқасын паналап, ұрлана шығып бара жатқан еркекке дауыстады. Анау аяқ-асты былғаңдап, қатты мас кісінің кейпін кӛрсетуге тырысты. - А,а-а... Еркін мырза Сіз бе? Мен сәл-пәл, былай кетіңкіреп қалдым. Кешіріңіз. Сіздің қуанышыңыз үшін жан пида! Бәйбіше рас қой, иә?! - Рас, рас... Осынша ішуге бола ма? Еркін мырза, бұл досыңызға Сіз ақыл айтпасаңыз, кім айтады... Расында қуанышымызда шек жоқ! Керемет той болды! Жүр, сүрінбей, мені де жығасың... - Бұл досты маған таста. Айтатын ақылым бар. Сен, Күлпаш жүре бер...
- Мақұл, Еркін мырза... Әйтеу үйге бір келсе болды, Сізбен бірге болу ол үшін де мен үшін де аса бақыт! Рахмет Еркін мырза, Сіздің ел қатарына қосып, теңіңіздей кӛріп жүргеніңізге! Ӛмірбақи Сіздің денсаулығызды тілеп ӛтеміз! Құдай жарылқасын Сізді! - Бәйбіше, болды енді, естідің ғой бара бер... мені тоспа. Мен берік қамалдың ішіндемін. Мен Еркін мырза деген жан досымның ыстық ықыласындамын! Мен... мен... бар ғой... - Артық кетіп Еркін мырзаны ұятқа қалдырма! Тәрбиелі екеніңді кӛрсет. - Жә, жә Күлпашжан! Қайта ғой... Балалар да алаңдап отырған шығар. Екі еркек иық тіресіп, ішке ӛтті. Қонақтар қайтып, ресторан іші босап қалған. Тек ары-бері сапырылысқан даяшылар ғана. Түннің талай ортасы болып қалса да той ӛтіп жатқан VIP persona-ға арналған орынның иесі барлығына ӛзі басшылық етіп, Еркін мырзаның қас-қабағын қырағылықпен аңдумен жүрген-ді. Ол қолтықтасқан екеуді кӛзі шалғанда майда жүріспен алдарынан қарсы шықты. - Еркін мырза, барлығы әзір тұр! Былай қарай жылжиық. – деп алдыға түсті. Дастархан мәзірі әсем безендірілген жеке кабинаға алып кірді. Сосын оң қолын тағзым еткендей тӛсіне апарып: - Қажетіңізге жарап жатсақ, мына қоңырауды қаға салыңыздар, Еркін мырза! – деп аса елжіреген ілтипатты гүл шашқандай жарқ еткізіп, зым-зия болды. - Бізге ешкімнің қажеті жоқ. Жан досымды ӛзім-ақ күтіп, силаймын... - Әй, Батча... Сен осы, мені дастарқаныңа қашан шақырып едің, есіңдеме? Саған үйдің кілтін тапсырғанда ғана ат үсті дәм ауыз тидім... сосын, сен тым-тырыс кеттің. Осындай қылығыңа қарағанда мені кӛре алмайтын сияқтысың ба? Әлде іштей менсінбей жүрсің бе? Біздің курстағы барлық жағынан үздік сен едің ғой. Қыздар да сенің соңыңнан еретін. Сол ӛнерің қайда? - Еркін мырза... не ғой... менде қайдағы ӛнер? Мына Сіз нағыз алпауыт! - Саған осы алпауыт дегенді қой деп едім!.. Мен - жай ӛзіңнің досың Эрикпін! Есіңдеме? Студент кезімізде балабақшасын кезектесіп күзетіп едікау! Кейде маған сол кездегі ақшаның құны әлдеқайда биік сияқты кӛрінеді. Ал, қазір осы қаланың тең жартысын, жоға, түгелдей де сатып алуға шамам бар! Бірақ ол мені еш қуантпайды. Менің активтерім тәулік бойы маған қызмет етіп жатыр. Екінің біріне бұйырмайтын және оны меңгере де алмайтын ӛмірдің ерекше үлесі маған тиді. Мен қажетті мезгілде тиісті орыннан табылған санаулы бақыттылардың бірімін. Сен жұмыссыз қалдым деп, таксист болып жүргенде - маған тағдырым, тоқыраудың бір тал жібек жібін ұстатты. Мен оны аса ептілікпен саусағыма, қолыма, одан беліме орай бердім, орай бердім... Батча, сен білесің бе бір ақиқатты? Ақша да кӛп деген түсінік жоқ, ол - қашанда аз! – Еркін мырза столды алақанымен салып қалып, досына ыржия қарады. Анау селк етіп, не жасарын білмей абдырады да майда, әппақ тістерін жайната қосыла ыржиды. Еркін мырза басын шайқап біраз үнсіз қалды. Сосын ішінен күңіреніс тәрізді толассыз сӛз ағытылды. - ...Шіркін, сол тоқсаныншы жылдарды кейде қатты аңсап кетем... Ақша
дәмінің тәттілігі мен құдіретін алғаш сезген кез еді... Ӛзіңе де құдірет дарып, күні кешегі қара тұрмысыңның қандай жиіркенішті болғанына таңырқап, қарайған сұлбаң болмаса - адам емес күй кешкеніңе қайран қаласың... * - Сен неге үндемейсің? Тіліңді жұтып алғансың ба? Әлде мені мас деп отырсың ба? - Айман ханым, о не дегеніңіз! Мен - бар-жоғым белгісіз, қаптаған құмырсқаның бірімін ғой... - Ӛте нақты айттың!.. Рас, сен - сол ажыратуға мүмкін емес, кӛп құмырсқаның бірісің... Сені таптап кетсең де жоқ екеніңді ешкім аңғармайды... Бірақ, сен – сырт тұрпатың келісті жігітсің. Тек, жолың болмаған... Манап ӛзінің неге жолы болмағаны жайлы ойланып кӛрмепті. Және Айман ханым неліктен бұлай деді? Отбасы, табысы татымды жұмысы, араласатын жора-жолдастары бар. Жылына бір қабат сағына қауышатын ата-анасы мен ағайын-туыстары, туып-ӛскен ауылы бар. Осындай ортасы - оның кӛкірегіне жылылық ұялатып, бүгінімен ертеңіне әр береді. Ал, мына Айман ханымның тірлігін ол мүлдем түсінбеді. Бұндай адамдар оның ойынша осы қалпында туа салынған сияқты кӛрінеді. Себебі ол - қарапайым пенденің қиялы жете бермейтін, басқа әлемнің кісілері еді... - Менің таңқалатыным... сендер осы мардымсыз қаражатқа қалай күндеріңді кӛріп жүрсіңдер? Соның ӛзін аттай бір ай тосасыңдар. Әлде сырт табыстарың бар ма? - Сырт табыс дегенді атай кӛрмеңіз! Осы жұмысқа тұру маған оңайшылықпен келмеді. Жұбайым балаларды қарайды. Кішкентайымыз енді ғана жастан асты. Қалғандары бала-бақша мен мектепте... - Соншалықты қанша балаң бар? - Айман ханым Алланың берген балаларынан бас тартқан жоқпыз. Бесеу. - Мәссаған! Олардың киім-кешегі, тамағы... айтпақшы, күніне қанша рет тамақтанасыңдар? - Ел сияқты да... үш қабат шығар... - Не жейсіңдер? - Ел сияқты... - Ел сияқты, ел сияқты деп қанымды қарайтпай, қандай тамақ ішетіндеріңді айтсайшы!?. - Айман ханым, кешіріңіз соған мән бермеппін... Әйелім не жасаса соны ішеміз... Айман ханым тұщымды жауап ала алмаған соң, кӛңілі пәс түсіп, орындыққа шалқалай жығылды. Ӛзінің ауылдан шыққанын ол мүлдем ұмытқан екен. Оның барлығы жалған әңгіме, түс тәрізді. Сол кезде не ішетіндерін есіне түсіре алмады. Тіпті ол кездегі ас мәзірінің аты-жӛндері де жоқ еді ғой. Әйтеу тамақ екені айғақ. Бір үйде тоғыз бала ӛсті. Есінде қалғаны таласып-тармасып, астарын ӛте кӛңілді ішетіндері және ашығып кӛрмегендері. Бірақ ол ӛзге дүниенің кӛрінісі, ол ӛмірді танымайтын,
танығысы да келмейтін дәрежеге жеткен Айман ханым ӛткенін аңсағаннан гӛрі одан тыжырынатынын сезінді. Кӛз алдына қашанда айғайшыл әкесінің сұрықсыз сүдіні елестеді. Ол ауылдағы жалғыз дүкенде жүк тасушы болып істейтін. Осы жұмысын ол ӛте мәртебе санап, ӛзгелер түгілі ӛз үйінде бұлданып жүретін-ді. Себебі, екінің бірі ала бермейтін кей қат тауарларға қолы жетіп тұрады. Дүкеншілер мен оның туыстарынан басқа үнді шәйіне шӛл қандырып отырған бір де бір отбасы осылар. Айман ханымның анасы баланы кӛп тауып - есі шығып кеткен адамға ұқсайтын-ды. Салдыр-салақтау, дүниенің бар-жоғы оны аса мазалай бермейтін. Және үйелмелі-сүйелмелі балалары бірін-бірі жетектеп, бейнебір ӛз беттерінше ӛсіп келе жатқан да сияқты. Үлкеннен қалған киімді келесісі киіп дегендей... Осы топ баланың арасындағы арпа ішіндегі жалғыз бидайдай қыз - Айман ханым еді. Ол есі кіргелі осы тұрмысты суқаны сүймей, бұл қапастан сытылып шығатынына күмәнсіз сенді. Қалған аға-бауырлары білім іздеп, не кісілікті кәсіпке талпынбады. Тек, Айман ханым ғана ӛз бетінше жоғары оқуға түсіп, алға ұмтылды. Бала шағындағы кӛрген қара тірлікті қаламады. Оның бойында тектіліктен дарыған кірпияздық болмасада кір ӛмірге деген жиіркеніш жастайынан қалыптасып, ӛскен ортасын есіне алса жүрегі лоқсыды. Бір ғажабы ол ӛзінің кӛкейіндегі кӛркем дүниенің шындыққа ұласып, басына келетініне жүз пайыз сенді. Оның ойы жүзеге асты... Дейтұрғанмен, ол тек - осы ӛзі шыққан ортаның ғана ханшайымынан аса алмады. * Еркін мырза деп ӛзін осылай атағанды ол шетелдіктерге еліктеуден қалаған-ды. Және бұны ол қарапайымдыққа сайыды. «Батча» деп отырғаны Сержан. Ауған соғысының ардагерлері ӛзара бір-бірін ауғанша батча-дос деп атайды. Бұлар тӛрт жігіт ауған соғысында бірге болған-ды. Ол жақтан аманесен оралғалы да жұптары жазыла қоймады. Елге тарап кетпей қалаға келіп, оқуға түсті. Тоқсаныншы тоқырау жылдары әр түрлі харакеттер жасап, бірақ қылмыстық жолға беттемеді. Арасындағы Еркін мырза ғана суырылып алға шықты. Ол ӛзгелеріне қарағанда ӛздері тәлім алған ағылшын тілін жақсы меңгерді. Бастапқыда әрқилы мекемелерде аудармашы болды. Содан бір банкті тікелей тӛңіректей бастады. Сол жылы ол бір баласымен жастай жесір қалған Дана ханымды кездестірді. Тегі, Айман ханымнан екі қыз дүниеге келген-ді. Және қаншама қиыншылықтардан соң қолдары үш бӛлмелі кең пәтерге де әрең жеткен еді. Бір бӛлмелі жайсыз жатаханадан отбасын хан сарайындай жайға кӛшіріп әкелген соң, бір-жар ай тұрар-тұрмастан Еркін мырза азын-аулақ киім-кешегін алып, Дана ханымға тартты. Міне содан бері он-он бес жылдың жүзі ӛтті. Осы уақыт арасында ол үлкен тәрбие мектебінен де ӛтті. Дана ханым қолы билікке ерте жеткен, оқымыстылығымен қатар тектілігі де тамырланған жердің қызы еді. Дастархан басында қалай отырудан бастап, сӛйлеу мәдениеті, қарым-қатынас орнату сияқты этикалық және үстірт болса да рухани сипатты аңғартатын эстетикалық тағылымды Еркін мырза осы отбасынан меңгерді. Сол Дана ханымның туыстарының
қолдауымен және ӛзінің табиғи алғырлығының арқасында ол байлық пен ықпалға тӛте жетті. Ӛңі түгілі түсінде кӛру жазбаған ортаға енді. Бұл ортада шынайы білім мен бекзаттықты ішінара меңгергендері болмаса жалпы қазақ таңдаулыларының ең қол жеткізген бүгінгі таңдағы жетістіктері - әдемі киініп, әдемі ӛңмен кӛрінуден ары аспаған-ды. Талайы сол тоғышарлықтың шырмауында. Қаншама асыл бұйым тағынып, қалай сыланса да ар жағындағы кешегі қара тексіздік қылаң беріп тұрады. Бір ғана байлықтың күшімен жаңа қалыптасқан ерекше ортаның есігін ашқаныңмен ондағы «сүйектері ағара» бастаған қауымдастық арасынан да арқа сүйер табуың керек. Иә, Еркін мырза таңдаулылар тобына іліккенмен толыққанды мүшесі сияқты ӛзін сезінбеді. Ӛзгелерінің де ата-тегі ақсүйектен болмасада әлгіндей топтық күш оларға арқа береді. Ӛзінің заңдылықтары мен қағидалары қалыптасқан мемлекет ішіндегі мемлекет. Ӛз еркіңді ӛзің емес, сол орта қалыптастырып, сол билейді. Одан шеттедім дегенше ӛлдім дегенің жеңіл. Ру, тайпа сияқты елдік және жершілдік нышандарды ұран ғып шашпаулатқаннан гӛрі - экономиканы салаға шағып, топ аралық үлестеу арқылы - қаржылық қорлану ұтымды саналды. Сондықтан Еркін мырза да тиісті бір топтық саланың мүшесі және инвесторы. - Батча, біле-білсең қарулас болған ӛзің сияқты «батчаларымның» қасында ғана ӛзімді шынымен еркін және бақытты сезінемін! - Оны мен де байқадым... Бүткім кеш бойы сен бӛтен адам сияқты жүрдің. Кейде, сенен гӛрі қонақтар осы тойға ыриза кӛрінді. Эрик саған не болған? Неге ӛзіңді жат ұстайсың? - Қойшы... кел ішейік! Батчалар үшін!.. – деп ол шотландық White Horse вискиден лүпілдетіп, бүйірлі шыныларға ӛзі құйды. Бұл ұрттамға шӛлі қанбағандай тағы үстемелете құйып, «ішейік» деп иек қақты. - Тілек айтып ішпесең жай ішу болып кетеді. - Ештеңенің қажеті жоқ... Тілек деген не? Тіліп тұрып алмасаң, бұл заманда құр тілектен түкте шықпайды. Есіме де алғым келмейді, кейде ӛзімнен-ӛзім жүрегім айныйды. Ӛмір сүру үшін не бір сұмдықтар мен жиіркенішті істерге бару міндетті ме еді?! Бір миллионер: «Мен алғашқы миллионымның есебін бере алмаспын, ал қалғандарының әр центіне есеп бере аламын» деген екен. Ал миллиондарға ие болып отырған біз сӛйтіп айта аламыз ба?!
- *
Қызының тойына шақырған қадірлі қонақтардың нағыз мәйектерін ол танымайды. Еркін мырза Айман ханымды олармен арнайы таныстырған да жоқ. Себебі, олар үшін Еркін мырзаның жұбы Дана ханым болып саналады. Және ол «ерекшелер» ӛз тобымен жеке отырды. Тек, аракідік Еркін мырза барып, олармен шыны қағыстырып қайтып жүрді. Ал Айман ханымға олардың маңына баруға рұхсат етілмеген сыңайлы. Еркін мырза басқа дастарқан басына жайғасып, Айман ханым ӛз бетінше отырды. Алдын-ала дайындап берген құттықтау тілекті жатқа айтқанның орнына ӛз бетімен
сандалып кеткені үшін - күйеуінің ызғарлы кӛзқарасына ұшыраған Айман ханымның жүні мүлдем жығылды. Бұлай бет алды кетуіне себеп – жалғыз ұрттам арақ еді. Айман ханымның аузына арақ тисе – ол бәрін ұмытады. Дегбірі кетіп, ақылсыз бала сияқты ерсі қылықтарға ұрынады. Жӛнді-жӛнсіз күлуді бастайды. Сӛз байыбына бармай беталды кетіп, сосын бүлдірген нәрсесін түзетем деп үстемелете сӛйлей береді. Ақыры ӛзінің не айтып, не қойғанын парықтай да алмайды. Біраздан оған елдің пікірі қара бақырдың құнына айналып, бар ынтасы шыныға ауады. Аракідік бойын түзеп, ӛзінің бар екенін, барлық та тұрып жатқан ханым екенін кӛрсеткісі келіп, кӛлбеңдеп арылы-берілі жүруге кіріседі. Аса бір сыпайыгершілік танытқан сыңаймен қонақтарға ілтипат кӛрсетеді. Бұның жалған қылықтарын жалған ниетпен отырған қонақтары да ӛз дәрежесінде қабыл алады. Арнасынан асып тӛгілген қуаныштың реңін салғысы келгенмен кейде жүрек тұсы шаншып кететінін сезеді. Әсіресе үлкен қызының отбасылық жағдайы кӛңіл кӛншітер емес. Қатарынан қалмасын деп астына Bentley Brooklands автокӛлігін әперді. Амал нешік, ол қыз тұрмыс құрған соң да бойжеткен күндерінің қызығынан тартынар түрі жоқ. Түнгі клубтар, тек уақыт ӛлтіруден аспайтын мән-мағынасыз жиындар... Абырой жабу деген желеумен күйеу баланы сатып алды. Күйеу бала да ӛзінің орнын түсінгендіктен әйелін іздегеннен гӛрі ӛтемақысын ардақ тұтады. Ӛмірге маңыз әкелетін нәрсенің ақша екенін ол о баста аңғарған. Бастапқы кездегі намыс тектес қымсынудың қытығы жоғалып, бақуатты тұрмыстың ғажайыбы оны да ұйықша тартуда... Енді міне екінші қызды да тұрмысқа аттандырды. Бұл үлкеніне қарағанда азды-кӛпті ақылы бар сияқты. Және бұл жолғы құдалық терезесі тең адамдармен жасалысты. Сондықтан әлеуметтік алалау тәрізді одағайлыққа орын жоқ. Тӛсек-орыннан бӛлек, бұл қыздарына да кӛлік мінгізді. Оның қалауы Range Rover-ге түсті. Тегі, екі қыз да шетелден білім алды. Тек, бір әттенайы, мамандықты игеруигермеу туралы бұл ортада әңгіме қозғау ӛрескелдік десе де болады. Себебі, жалақымен күн кӛру деген түсініктен бұлар ада. Білімнен гӛрі мәртебелі оқу орындарының қатырма қағаздарын иелену маңызды. Ілім-білім тоқымақ түгілі бір ауыз сӛзді мағына, мәнерімен ешқандай тілде жарытып айта алмайтын мақаулар жаратылды. Жалғыз бұлар емес, осы сияқты бір-бірінен аумайтын бір толқын пайда болды. Оларға білім де басқа да рухани құндылықтар маңызды емес. Барлығын шешетін ақша деген құдірет болса жетеді. Бірақ, сол «құдіретті» ӛкінішке орай, ӛздері таба алмайтынын олар ойламайтын сыңайлы... Сосынғы бір ғажап: Айман ханым мен Еркін мырзаның қыздары атаанасының туыстарын жат кӛрмек түгілі - оларды адам деп санаудан алшақ. Менсінбеушілік, паң кӛзқарас. Қашанда алақандарын жайып сұранудан басқаны білмейтін сорлы біреулер сияқты елестетеді, ол туыстарды... Арнайы түсіндірмесе, ӛз бетіңше ұқпайтын бір қарым-қатынас орнаған бұл отбасы тӛңірегінде. Еркін мырза елдің кӛзінше күйеу мен әке рӛлін ойнайды. Айман ханым жарасымды жар мен ана, қыздары бақыттан жарқылдайды. Ал
іс жүзінде тек жасандылық қана. Бұны ӛздері ғана емес, сырт кӛз де сезеді. Бірақ оны даттап, мінеп жатқан ешкім жоқ. Осылай болуы тиіс. Осы ортадағы баршаға тән шартты ӛмір. Бұл - ӛз еріктерінен тыс, әдейі тілеп қамалған бір қапас сынды. Бұл жай ғана қапас емес. Ӛте ғажап, не ішем, не кием демейтін жұмақ тәрізді – қапас. Оның ішінде ғаламат құстар сайрайды. Тілдерінен бал тамады, ал бүгілген тырнақ секілді жасырын ниеттерінен аяусыздық пен аярлық сорғалайды...
- *
Еркін мырза бұлай кӛсіліп екі мен бірдің алдында сӛйлей бермейді. Сержан оның қарулас және курстас досы. Қала берді қоластындағы қызметкері. Бұны асырап отырмын деуге де Еркін мырзаның құқы бар. Себебі, ӛзгелер ала алмайтын айлық тек, осы Сержанға ғана тағайындалған. Рас. Сержан да сол үміт пен сенімді адал ақтап келеді. Оған басты себеп ертең аш-жалаңаш қалам-ау деген үрей емес, Ауғанның тастарын пана етіп, тӛсеніш қылған ауыр күндер еді. Кейде адам қаншалықты жаман былықшылыққа батып жүрсе де арғы бір түкпірінде бір тал асыл тастай адалдықтың да нышаны қалатын сияқты. Сондай сезім Еркін мырзаның бойында да сақталған. Жеме-жемге келгенде ӛзі үйірсектеп және бұны айналсоқтаған қалталы-қалтасыздарды осы жолдастары үшін тәрк етуге даяр екеніне ол күмәнсіз. Ӛйткені жаны жабығып, қиналған сәттерде Еркін мырза ӛзгелерді іздемей, осылардың бірін тауып шер тарқатады. Тек осылардың қатарында болғанда ғана ол ӛзін еркін де ер азамат сезінеді. Басқа кездің барлығында ол бір бӛгделердің ортасындағы қонақ сынды қабылдайды ӛзін. Бұл жүріс-тұрыс пен жәйсіз күй уақытшадай кӛрінеді. Тіпті, осы жиған-тергеннің ӛзі бұған еш қатысы жоқ дүние іспетті де... Байлық дегеннің не екенін жан тәнімен түйсінген шақта оның адамға әкелетіні ләззат емес, мәңгілік абыржу екенін ұқты. Ұстараның жүзінде жүргендей күнделікті күй кешу оңай-оспақ шаруа емес. Сосын соңғы кезде оны бір алабӛтен күй баурады, баурады дегеннен гӛрі кеудесін удай ашытып, есік-терезесі ашылып қалған үйдей азынататын болды. «Мен падишахпын! Сондықтан менің қалауыма шек те шәк те қоюға болмайды!» деп ол масаң тартқан кезде қарулас достары арасында кеудесін соғатын. Солай дерін деседе бір сенімсіздік бүйірден түртіп ӛтетін. Дүниенің молдығы қол ұзартқанмен оның да мүмкіндігі шектеулі екенін тек басына келген адам ғана біледі. Себебі, дүниенің келу жолы мен жинақталуын жіті парықтап, оған сәт сайын ие екендігіңді дәлелдеу қажет. Кӛзіңнің қағылған кірпігі де тегін қағылуы тиіс емес. Алла айтқан екен дейді: «Ӛзімде ештеңе жоқ, берсем біреуден жұлып берем» деп. Еркін мырза мен осы сияқтылар Алладан сұрап ештеңе алмаған сияқты ойлайды. Ӛздері маңдай термен тапты. Иә, маңдайдан тер де қан да ақты. Сол не кӛрмеген маңдайлары жер болып, жер де иіскеді. Аса ғанибет қажырлылықтың арқасында қырқ бүгілген белі сынбай небір сындардан ӛтті. Сырт келбеті сымбат пен сырбаздыққа бӛленсе, ішкі дүниесі ӛшпенділік пен кектен тоттанды.
Тӛңіректің барлығы жау. Тосқауыл құрған қатер. Бейнебір, әлдекімдерге тиесілі нәсіпті қолды ғып кеткен баукеспеге ұқсатады ӛзін әрекідік. Соның сұраушылары бұны қалт етпей соңынан аңдып жүрген тәрізді. - Батча, саған қызығамын! – деді ол кӛзін сығырайта қарап. Сосын тӛңірегіне мұқият зер салды да аса бір мұңлы дауыспен сӛзін жалғады. - Есіңдеме дұшмандардың жаудырған оғынан жер мен жер болып қабысып, олардың қорғасындарын кіршілдетіп денемізге қадағанымыз... Жауды кӛздеп жайратудан ӛзге ешқандай асыл ой келмеуші еді басымызға. Олардың беріліңдер деген ұсынысына тек АКС-74-міздің соңғы патроны мен қалтамыздағы ӛзімізге арнаған соңғы граната қалғанша атыстық қой. Сол сұрапылдан да жырым-жырым, қызыл қан болып аман шығып келіп, «Сендерді ол жаққа біз жіберген жоқпыз!» деген сӛзді де естідік... - Бәрі есімде. Әсіресе, Пакистан бағытындағы Панжер алмасты аңғарының шыға берісін бүркеп, Барқандай сайында тұрған кезді ұмытар емеспін. Сондағы күйіміз кісі шошырлық еді... Құрттап, биттеп кетіп едік қой. Жаңадан келген командир жағасын ұстады-ау! Бір-екі күннің ішінде қолдан монша құрастыртып, түгелімізді мұнтаздай етіп жуынтып еді. - Дұшманнан бетер қорыққанымыз бар еді ғой... Жеркепеден қалай атып шыққанымыз есіңде ме? Түн жарымында құлақ түбінен ысылдаған дыбыстан оянып кеткем. Қолшамды жағып қарасам тӛбеден жылан салбырап тұр. Мен аттан салғанда зу-зу етіп, даладан бір-ақ шықтық қой! «Эргэдэшкіні» сен жеркепе ішіне тастай салдың. Түтін сейілген соң қарасақ, қырқ бӛлек болып жатқан кобраны кӛрдік. Ол неме осы уақытқа дейін бізбен бірге тұрыпты!.. - Иә, бәрі есімде, ертеңінде бір күн жеркепені ретке келтіріп, тазаладық... - Кейде ойлаймын... Жаратушы, сірә бізді баладай алдарқатып, «мәңгілік ӛмір» силадым дейтін сияқты. Немесе, осы ӛмірдің ӛзі күнделікті ойын ба... Оған қатысқан да қатыспаған да Jackpot алуға үміткер. Сол Jackpot-ты алса болды, сонымен бірге бақыт та ілесе келетіндей кӛреді. Сен де солай ойлайсың ба? - Меніңше, түксіз бақытсыз болғанша - Jackpot пен бақытсыз болу әдеуір қызықты секілді... - Бұл ойың да кӛңілге қонымды... Тек Jackpot-тың ӛте сирек түсетінін ұмытпау керек. Және оның да ӛз таңдауы бар. Егер маған түскен Jackpot саған бұйырса не істер едің? - ???!!!... - Солай! Сен ойыншы емессің, сен жай армандаушысың, сондықтан саған Jackpot түссе тек бақытсыздық қана әкеледі. Себебі, сен ӛзіңді әу бастан жолым болмаған адаммын деп санағансың. Jackpot ондайды ұнатпайды. Ол асау мінезді жылқы немесе әйел сынды. Тәк-тәкті ғана сүйеді. Солай достым!..
Қымбат Porsche Cayenne үш қабатты Barokko стиліндегі қымбат үйдің ауласына ысылдап кірді. Айман ханым ӛз бетінше кӛліктен шыға алмады. Бір-екі рет алдыға ұмсынып еді, онысы нәтиже бермеді. Жүргізуші қолтығынан қаусыра ұстап, сүйреп шығарғандай күй кешті. Айман ханым ӛзін бір сәтке ерке бала сияқты сезініп, Манаптың құшағында жорта былқсылқ етті. Сосын есін кілт жиып, бойын тіктеп ұстап, аракідік қана теңселе үйіне беттеді. Есік кӛзіне дейін бірге еріп келген жүргізушіге: - Қайта бер! – деп қатқыл бұйырды да ішке енді. Хан сарайындай ғажап үйдің сыртқы сымбаты мен ішіндегі Versace-нің кӛз тұндырар таңдаулы жихаздары бұған күш-қуат беріп, ӛзінің әлдекімдер сияқты қарапайым пенде еместігін аңғартты. Ол – ханым! Жатын бӛлмесіне теңселмей жетіп, сырт киімдерін ғана шешуге шамасы келді. Швейцарияның элиталық Schlossberg кӛрпежастығына жата кетті, етпеттей. Иә, ол ханым екені рас. Бірақ, бір ӛкініштісі - оны тек тӛркіні ғана шынайы пір тұтып бастарына кӛтереді. Ал араласатын құрбылары кӛзінше тамсанып, сыртынан шылбыр ескендей бұны сан-саққа салып сӛз етеді. Бүгінгі той кеші кереметтей ӛтті. Бірақ кӛңілі толық тояттамады. Еркін мырзаның заңды әйелі бола тұрып, аса таңдаулылар дастарханына жолай алмады. Жай пенденің басы айналатын қуаныш бұған аз кӛрінді. Ӛзін нағыз ханым ретінде бағалауын қанша қаласа да сол тілегі әлденеге сүріне береді. Кемшілігім қай жерде деп ойланып кӛрмепті, бір ғажабы. Барлығы да ойдағыдай деген сенім оны елмен ерегістірді. Кінәлікінәсіз бағыныштыларына тізе батыру осындай торыққан сәттерінде сүйсіністі ғадетке айналды. Сол тәтті сәттің боларына іштей қуанып, таңның тезірек атуын қалап жатып, ойы басқа арнаға ауысты. «Неге жалғыз жатырмын!?» деп ол жастығын жұмарлап тӛсіне басты. «Кәусап тұрған кәрі болсам ӛкінбес едім, неге мені ӛксітесің Аллам-ау!? Қай жерден кӛңіліңнен шықпадым? Осындай тірідей жалғыздыққа неге душар еттің?! Білмеймін, білер емеспін ӛмірімді. Бәрі жалған, бәрі кӛзбояу! Шаршадым! Бұданда сол ауылдағы қара ӛмірім қадірлі ме еді!? Түсіне алар емеспін ештеңені... Тек, сол алаңсыз, еш байлықсыз күндерімді сағынамын! Сол езуінен күлкі кетпейтін қараторы қолаңшашты қызды аңсаймын. Ол сірә, ӛліп қалған сияқты. Енді оның орнында - елге күліп қарай алмайтын, керісінше ел бұған күле қарап, іштей күйе жағатын жеркенішті бір әйел қалды. Ол - менмін! Осылай жаралмасам да осылай болып ӛту маңдайыма жазылды. Мен - суық тӛсекті ӛз тәніммен ӛзіме-ӛзім жылытып, ӛлі-тірі деп атауға да келмейтін күйеуімнің кӛзіне шӛп салуға да, «қоғам» алдында ешқандай ағат қылық жасауға да құқы жоқ, жайлы тірлігімді сақтау үшін «адалдыққа» ант берген тірі жесір Айман ханыммын! Бүгін келіп қасыма жатуға болатын жӛні бар-ақ еді. Бірақ осындай үміттің созылғанына он бес жылдан асып барады-ау... Шіркін, таңертең оянбай мүлдем кетсем ӛкінбес едім. Елдер қалай сӛйтіп кетіп жатады екен. Маған ол да бұйырмас. Шаршадым... шіркін, жаным... тілім-тілім болған бейшара жаным. Сенің әр тілімің неше мыңдаған долларан тұратынын кім білсін. Кейбіреудің жанын бекерге де тілімдеп жатса, маған тәуба, ӛтемі бұйырды. Соны қанаған тұт, Айман ханым... Бақыт - кӛктемгі құс сияқты. Ал мен
бақытты емес, тек дүниені іздедім бе? Байлықтың - қанагат екенін түсінбедім. О бастағы дым кӛрмеген ашкӛздік пен надандықтан ӛз ӛтірігіме ӛзім алдандым. Егер менен ең бейшара адамды кӛрдіндер ме десе ол мен деп айқайлар едім. Әттең уакыт! Ал, уакыт - тек ӛкініш...» Ол тӛсіне батқан нәрсені шеттете ысырды. Cartier-дің ақ алтынмен апталған алмас алқасы екен. Мойнынан шешіп қолына алып қарады. Жыпжылы. Ӛзінің жылуы емес, Айман ханымның жылуын бойына сіңірген. Сырттан түскен жарықпен бӛлме іші алакеуім. Асыл тас тӛгіле жарқ-жұрқ етеді. Иә. Айман ханым да осы тастай жарқылдап жүргенді жан-тәнімен қалап еді. Оған да қолы жетті. Тамсандырды талайды. Бәрі ӛтпелі екен. Енді ӛзі де мына жылуды ӛзгеден соратын суық тасқа айналып бара жатыр ма? Сырт кӛз қызықтайды да қояды. Тіпті мүсіркеуі де мүмкін. Ешкімге қуаныш әкеле алмаған тас та асылдығынан айырылар, сірә... Иә. Ол ӛзіне деген құрметтің тайыздалып бара жатқанын іштей сезеді. Тек мойындағысы келмейді. Ұлғайып бара жатқан жасын да мойындағысы келмейді. Күйеуінің ақшасын бетке ұстап, қырын кеткендердің бетін ӛзіне қаратып, мойнын алып қашқандарды мойындатқысы келеді. Бәрі жалғандықпен сусындаған жарамсақтық. Олардың екіұшты ниеттерін біле тұрып, жалғандыққа бойы ери ұйыйды. Сол жанына майдай жағады. Курстас құрбыларын жинап, ӛзінің байлығын, қыздарының бақытты ӛмірін дастарханға жаюды ол жиі ғадетке айналдырды. Тӛркініне де жиі барғыштап, олардың жағдайларын мұқият тексеруді үдетті. Қызмет биігі күзеттен аспаған аға-бауырларына аса қамқорлық танытып, сол шаңырақтың жұлдызы да айы да тіпті күні болғанына іштей тойып қайтады. Тек, бірді екі қылып кӛрмеген жыртық қалталы аға-бауырлары іштей қызғаныштан ӛртеніп, тегін дүниені толтыра толық тастап кетпегендей әр жолы орта құрсақ қалады. Айман ханымды олар ӛзара қалғанда: «Сараң, діні қатты, байыған сайын қалтырап барады!» деп сырттай сӛгіп отырады. Бұндай пікірді Айман ханым аңғарады, сӛйте тұра туыстарына «жақсылығын» үстемелете істейді. Осылай олардың түкке тұрғысыз екендігін паш етіп, ӛзіне ӛшіктіреді. Бұл да сонау бала кездерінен қалыптасқан бәсекелестіктің бір ұшқыны тәрізді. Олардан да ӛзге құрбыларынан да озғанына бақытты сезінеді. Бірақ, бір ғажабы: соноу есін білгелі ӛзінің іш-құрылысында бір кішкентай пышақ жүретіндей сезінетін. Және ол ешқашан да кеңінен айналмаушы еді. Қарыны ӛссе де тарлығы сол қалпы қалған тәрізді. Бекзада ханымдарға сай қайырымдылық шараларын ӛткізеді. Ол да үлкен мәртебе. Әсіресе топ алдында бұған алғыс айтылып, аса бір ілтипат білдіріліп жатса несі жаман. Тек, кейде осының бәрі бұған еш қатысы жоқ, қанына тән емес - бӛтен іс сияқтанады. Сірә, сахнада амалсыз ойнап тасталған рӛл тәрізді. Осының барлығы бітіп, ел тараған соң ол - осы үш қабатты ғажап үйде, қымбат жихаздар арасында жалғыз ӛзі неге қалуы тиіс. Бағанағы бақытқа кенелткен сәттер неге ізім-ғайым... Бұның ендігі серігі – жан-жағын тырмалатқан жалғыздық пен қарапайым бақытқа ие болған ӛзгелерге деген ішті ӛртеген кӛреалмаушылық па...
Күн байырғыша сол шығыстан тағы арайлап атты. Таң бозы болмай ояна бастаған қаланың тірлік сарыны ұлғайып, үдей түсуде. Егер ойша, ғарыштан кӛз салсаң - ұшы-қиырсыз кӛрінген жердің ӛзі баланың жұдырығындай ғана болып кӛрінер ме, сірә... Ал ондағы адамдар түгілі, алып таулардың бедері жер жиегінен байқалмас та... Дүйсенбі күнге белгіленген кеңес кейінге қалтырылды. Еркін мырза шұғыл түрде Лондонға ұшып кетті. Кемінде бір жеті болмауы мүмкін. Айман ханым жексенбінің кешіне құрбыларын той сарқытына шақырып, содан жұмысқа жайсыз күйде келіп, түс әлетіне дейін қып-қызыл болып отырды да қан қысымым кӛтерілді деп үйіне қайтты. Түс ауа ӛзге қызметкерлердің де сылтаулары табылып, офис иесіз қалды...
МӨЛТЕК ӘҢГІМЕЛЕР
Балшықай Батыр
Баяғыда Балшықай деген атамыз болыпты. Батырлығына тапқырлығы сай керемет адам болған екен дейді. Мынау іргелес жатқан Қалмақ деген елге талай рет тісі батып, сан дүркін ақымақ қылып, әбден ӛзіне ӛшіктірген сыңайлы. Бірде жанынан қалмайтын жолдасы екеуі тағы да соларды торуылдапты. Жүк артқан түйе жетектеген бір аттылы қалмақ келе жатады. - Қазір мынаның түйесін жүгімен қосып тартып алам – дейді атамыз. Жолдасы қорқақтап: - Қой тапа-тал түсте бір пәлеге ұрынып жүрерміз – деп азар да безер болады. - Саспа, ұрып-соқпай-ақ олжалы боламыз – деп Балшекең бұқпантайлап жүгіре жӛнеледі. Былай таман шыққан соң бір кӛлшіктің жағасына барып тыр-жалаңаш шешініп, ӛзі балшыққа жылтыраған екі кӛзі қалғанша аунайды да түйелінің соңынан ілеседі. Бір тӛбені аса берген кезде, түйенің бұйдасын кесіп жіберіп, ӛз аузына тістеп, келесі еңіске дейін қалмақтың соңынан еріп отырады. Түйе әудем жерде қалды-ау деген кезде Балшекең тартынады. Қалмақ түйеге не болды деп артына бұрылса, шәйтан құсаған қап-қара бір пәлекет бұйданы тістеп тартынып тұр. Бұны кӛрген ана сорлы зәр-иманы ұшып, қалмақша ойбайлап, атын борбайлатып қаша жӛнеледі. Тағы бірде әлгі жолдасы екеуі сол жолдың бойында отырса керек. Ешкі жетектеген бір қалмақ кетіп бара жатады. «Қазір мынаның ешкісін алып қалам» – дейді атамыз. - Қалмақтың бәрі жынды емес шығар, ӛзі жаяу кӛрінеді. - Саспа достым, қара да тұр. – деп атамыз тағы да бұқпантайлап жүгіріп, қалмақтың алдын орағытып барып, бір етігін шешіп жолға тастайды да бұғынып тосып жатады. Ешкі жетектеген қалмақ еш алаңсыз «қалмақша» әндетіп, ӛтіп бара жатып жол жиегінде жатқан етікті кӛреді. Сыңарсыз жалғыз етікті неғыламын дегендей ишарат білдіріп, алмай ӛте береді.
Балшекең анау ӛтіп кеткен соң етігін қайта киіп алып, тағы алдын орайды. Бұл жолы екінші сыңарын шешіп қояды. Сӛйтіп әндеткен қалмақтың алдынан тағы бір етік ұшырайды. Анау қолына ұстап кӛріп, мана алмай кеткен етіктің сыңары екенін білгенде, екі кӛзі жайнап кетеді. Ешкіні жол жиегіндегі бір бұтаға байлап, қасына олжа етіктің сыңарын жасырып, кері - қарай ұшады... Атамыз туралы ел аузында осындай бір-жар аңыз-мысал қалыпты. Тоны айналған заман-ай
Мынадай сұмдықты сірә, ешкім естімеген шығар, бәлкім!.. Қалқан деген құрдасым салы суға кетіп, мені іздеп үйге келді. «Жүр былай таман барайық!» деп мені сүйрелеп жатқанын байқаған әйелім: «Шәтӛшкелеріңді басыңа жарам, осыдан бұрқырап келші!» деп айғайын салып қалды. Мен де сескеніп: «Ей, ішпеймін!» деп едім, Қалқан: «Басқа шаруа, тек ешкім естімеуі тиіс!» деді, кӛңілімді орнына түсіргендей салмақпен. - Ӛзің білесің, әкемнің қырқын кеше ғана бердік... ол бүгін таңертең үйге қайтып келді! - Кетші ей! Ӛлген кісінің қайтып келгенін естімеппін! Басқа біреу шығар? - Ӛз әкемді танымайтын мүлдем жынды емеспін ғой! Үстінде кебіні... дірдір етеді, далаға қондым дейді. - Ӛлген кісінің үйі кӛр емес пе?! - Кӛрі, кӛр ғой... одан әңкүр-мүңкірді тосып жатса қызыл пиджак киген қазақтың жігіттері келіп сүрей жӛнеледі. Ӛздерінің басшыларына алып барады. Тақыр бас, божыр-божыр бір қорқынышты қазақ екен дейді. – Бұдан былай ана дүниеден құр қол келгендерді позорын шығарып қайтарып жатырмыз! Жаңа тәртіп бойынша осынша сан капуста әкел, ӛйтпесе ӛле алмай иттерің шығады! – деп гүжілдеп қайта қуып жіберіпті әкемді. Япырай, «Доллар и в Африке доллар!» дегені рас боп шықты. Тоқсаныншы жылдары рекет болып бір-бірін қырып тастаған қазақтар о жақтағы «қылкӛпірдің» аузын, тозақ, жұмақ дейсің бе әйтеу барша есікті ӛздеріне қаратып алыпты. Тіпті жол бойы қаншауы арқан керіп тұрған кӛрінеді. - Әкең, енді қайда? Не жасамақсың? - Елден ұят болды! Үйде тығылып отыр. Сыртқа шығуға бет жоқ. Азанқазан болып шығарып салдық па деп едік... не қуанарымды, не жыларымды білмей саған келдім. Мал-жан бар ғой, қарызға ақша бере тұр. - Ей, осы сен, ӛзіңнің шатырың кетіп қалған жоқ па?! Сылтауратсаң жӛнімен сылтау құрасаңшы! - Имандай шыным! Сенбесең үйге жүр. Әкеммен сӛйлес... Сені де ӛз баласындай кӛретін-ді, есіңдеме!? Сонымен Қалқан құрдастың үйіне бет алдық. Ойым сан-саққа кетеді. Бұл құрдастың тағы бір «приколы» боп жүрмесе игі деп қоям ішімнен. Бірақ оған сендім деген ниет танытар емеспін. Кім білсін, бұл соққан ертең мені елге күлкі-мазақ етпесіне кім кепіл. Сӛйдеймін де: «Мемлекеттің қазынасын кӛзді
бақырайтып талапайға салып, тонап жатқан қазақтың сұмқадандары о жаққа барса да тыныш жатпас ау сірә!?» деймін, ауыр күрсініп шарасыздықтан... ... Қалқан алдымда есігін ашып, «мында, мында» деп елбелектей жүгіріп жүр. Алдыға басқан аяғым кері кетіп, кірерге ниет те жоқ. - Ассалаумалайкүм! – деп зәрем зәр түбіне кете нұсқаған бӛлменің табалдырығын аттадым. Сол бұрышқа ақтан перде керіп қойыпты. - Сәлемшіл болсаң тӛрлет! – деді атаның дауысына ұқсастау бір күңгір. Кӛзіме перде желп еткендей болды. Қалқан пердені ысырып, маған жақында деген ишарат білдірді. «Япырау, мені қайда шақырып тұр, мына нақұрыс құрдас?!» деген күдікпен пердеге таяп ішіне үңілдім. Жан баласын кӛре алмадым. Ішім бүлк ете түсті. Бұл мені ӛле-ӛлгенше масқара ететіндей ұрындырған екен-ау деп... Кенет тӛсек сықырлап, қақырынған дыбысты құлағым шалып, артыма қарадым. - Балам, мен мұндамын. – деді қақ маңдайымнан атаның анық дауысы. - Осындай бишара жағдайға тап болдым, қарағым... Бұ дүниеде барқадар тауып жарытпап едім, онда барған соң да қырсық қыр соңымнан қалмады. Ұлым айтқан шығар, шаруаны? - Иә, ата... Бірақ мен сізді кӛре алмай тұрмын... - Е қарағым, оның жӛні бір басқа, кісі шошымасын деп бүркеніп отырмын да о дүниенің шекпенін. Алдымда ауадай мӛлдір шыны секілді бір сағым бұлаң етті де ар жағынан атаның сұлбасы тұнды. Жағы түспесін деп таңып қойған шүберек жіп сол қалпы тӛбесіне түйілген, үстінде топырақ жұқан, әппақ кебіні. Еш қимылсыз, сӛйлеген кезде аузында жыбыр жоқ, екі кӛзі де жұмулы. Сірә, қалқып жүрген елес тәрізді.. Ал дауысы әлдебір ӛзге, бӛтен кеңістіктен күңгірлеп шығатындай. - Осы бір қас қағымдай сәтте не кӛрмедім, қарағым!.. Ұлым айтады, менің қайтқаныма қырық күн ӛтіпті... О жақта уақыт санау деген жоқ екен. Бәрі жазылып жатқан тегістік тәрізді. Топырағы қарайып, шӛбі бұрқырап жер сияқты кӛрінген тӛсеніш те табаныңа білінбейді. Араның уіліндей бір толассыз үн ғана тӛңірегіңде дүние барын сездіреді... Жә, жә балам... ары қарай айтуға болмайды! Ата ту сыртында біреу тұрғандай шошына жиырылды. Расында, денені мұздатқан бір қатерлі суықтық есіп ӛткендей болды. Біраз үнсіздіктен соң, Ата сӛзін қайта жалғады. - Ту!.. Кетті ғой деймін... Соңымнан аңдытып қойған біреуі бар, мен сияқты он шақты адам еліне қайтарылған. Бері ӛтпеймін деп қасарысқандарын «Тозақтың» тӛңірегіне апарып, зәрелерін алыпты. Бір аңғарғаным, біздің тап болғанымыз бергі, ауыз жағы сияқты. Әлгі, осы дүниедегі тықыраңдаған қазақтар шайтандармен бірігіп, кіре берістен ӛз мекендерін ашып, қақпасын теріс жағынан шығарып қойыпты. Жарықтық Періштелер расында аңқаулау болады екен. Ӛйтпесе бұларды қалай байқамай жүр? Ал ауызжаласып кетті деуге дәтің бармайды! Себебі, шын О Дүние ары таман - биік дуалмен қоршалған тұста сыңайлы.
Мыналардың «Тозақ» деп жүргені - ӛздері ойлап тапқан зорлық кӛрсету орны екен. Бұ дүниеде бейнет шеккен онда барып, жетіседі деуші... - Мә, же! Мә, іш!.. – деп зорлықпен желкелеп ішкізіп-жезігіп, қайта ӛкіртіп құстырып жатыр. – Кімді дейсің ғой? Сол - осы жалғандағы жұлыны шыққан бейбақтарды. «Аш жүрген жақсы ма, тоқ жүрген жақсы ма?!» деп сілекейжасы шұбырған бейшарадан аракідік сұрап қояды. Ол басын ғана шұлғиды. «Мынау тағы ішіп-жегісі кеп тұр! Ӛмірі бүйірі шықпаған сорлы ғой, бұл! Бұнда тоям деп келдің бе? Тойғызайық... Беріңдер!!!» деп божыр бет бастықтың орынбасары зікінейді. Қарап тұрған бізде зәре жоқ. «Егер ана дүниеде: ар-ұят, намыс-қамыс демей жалғанды жалпағынан басып, ішкенің артыңда, ішпегенің алдыңда боп жүрсеңдер осы бейнетті кӛрмес едіңдер! Сендердің арам ойларың: жер бетінде теперіш кӛрдік, ендігі үлесіміз - мәңгілік тоқышылық пен рахат деген емес пе еді?.. Қатты қателестіңдер! Жоқшылықтан қарайған жандарыңды мүлдем аздырамыз. Ӛлгендеріңе ӛкінетіндей етеміз! Қырық қабат кері қайтарып, о жақтағы туысжарандарыңды қарыздан қарызға батырып, сені қарғайтын жағдайға жеткіземіз! Кӛреміз сонда АР-ҰЯТ деп қалай сайрайтындарыңды!»... Есім мүлдем ауысып кеткен сияқты. Қалқан қолтығыман сүйеп үйге әкелді. Кӛк сандықты ашып, кӛк мәшинеге жинап жүрген бір бума кӛк қағазды құрдасқа ұстаттым. Сондан үш күн, үш түн есеңгіреп, небір нәрсені сандырақтап жаттыпын. Дәрігердің нешеуі қарап, ақыры бақсы басымда қобыз ойнап, үстімнен қарғып бара жатқанында есім кірді. - Ар-Ұят деген әдірем қалсын! Әкеліңдер бәрін ішіп, жейміз! Сойыңдар малды түгел... Жетпесе кӛршінікін бауызда! Ешкімді аямаңдар! Ұрла, қылмыс жаса! ¬ деп айғай сала түрегелдім. - Біссіміллә, біссіміллә! – деп үшкірмек болған бақсыны сілейте бір соқтым да үрпиісіп тұрған қалғандарына тұра ұмтылдым. Кӛпшілік қоя ма, әл бермеді... Аяқ-қолымды байлап, жындыханаға бір-ақ тықты. Бір ғажабы о жақтағы ел-жұрт - бұ жақтағы сияқты емес, айтқаныңа нанады екен. Ӛскен ортамды «шындыққа» сендіре алмай, сол арадан қолдау тауып жаным тыншыған жайым бар, енді. Осы әңгімені ойдан шығарды деп маған сенбей отырған шығарсыздар. Керек десеңіз, мен ӛзімнің бар-жоқтығыма да күмәндімін, сенетін дәнеңе қалмай бара жатыр-ау... Жақсысы қайсы, жаманы қайсы?.. Күллі дүниенің тоны айналып кеткен бір заманға тап болдық па, сірә... Кім біледі?!.
БІР ТАНЫСТЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Еңбек жолымды қалай бастағанымды айтып берейін. Тоғызыншы сыныптан соң мектепті тастауға тура келді. Оған пәлендей тұрмыстық тауымет те әсер еткен жоқ. Оқығым келмеді, бітті. Үйдегілер де аса кейіп, қолқа салмады. Ӛзің біл дегендей, қол сілтеу тәрізді ымыра танытты. Сынып жетекшісінен бастап, мектеп директоры тіпті, аудандағы оқу бӛлімі де бір қабат дем қайтарып, кең тыныстапты, менің кеткенімді естігенде.
Енді қайда барасың?.. Колхоздың қара жұмысынан ӛзге оралып тұрған дәнеңе де жоқ. Оқу десе - тұла-бойым түршігеді. Сенделіп үйге симай жүргенде кеңсеге шақырып жатыр деп шабарман келді. Жүрегім алып-ұшып, бейнебір басқарманың орны босағандай жеттім. - Бала, мына кісілермен еріп, отгонға бар. Не істеу керектігін осылар айтады. Жұмыс жасағың келе ме, ӛзі? - Әрине, аға! Білдей бір басқарма шынашақтай мені кісі кӛріп сӛйлесіп тұрса, тӛбең қалай кӛкке жетпесін... Екі-үш мәшине шықтық. Қызыл қалпақты бір-екі мелиса, тағы бір адамдар ауданнан келген, ӛзіміздің басшылар... Түк түсінсем бұйырмасын! Құдды осылар мені жұмыс орныма кернейлетіп алып бара жатқандай кӛрінді. Ауылдан жүз елу шақырым алыстағы отгон орталығына да жеттік. Ондағы екі кӛзі тӛрт болып бізді тосып отырған меңгерушіні мінгестіріп алып, ары тарттық. Бәрі суыт. «Да, да» деген әңгіме жоқ. Кӛздеген қыстауға да келген сияқтымыз. Есік алдында состиып жалғыз адам тұр. Кӛмірбек деген шопан аға. Сақал-мұрты ербиіп ӛсіп кеткен. Түрінен-түр қалмапты. Ол кісіге таяғанның барлығы қол алысып, сосын кӛріскен сыңайда тӛс қағыстырып жатты. Абыр-дабыр әңгімеден соң барлығы мал қоралайтын үлкен базға бет алды. Елдің алдында Кӛмірбек аға. Ол үлкен ағаш қапқаны ашып, ӛзі шеткері шығып кідірді. Алдымен қызыл қалпақтылар сосын олардың соңын ала қалғандары кірді. Қораның іші алакеуім, түп жағы қап-қараңғы екен. Ербиіп есіктің кӛзінде қалған мені дауыстап шақырды да: «Жүр бері» деп алдарында салды. Қараңғылыққа кӛзім үйренгенде байқағаным, баздың түкпірінде сала құлаш боп ілулі тұрған бір нәрсе... Олар алдарына мені салып, желкемнен пыс-пыс демалып келе жатты. Жаңағы ілулі тұрғанның адам екенін аңғарғанымда жүрегім тас тӛбеме шығып, кері шегіндім. Бірақ қос иығымнан қаусыра қысқан мықты қолдар мені тырп еткізбеді. Асылған адамның бойы соншалықты ұзарып кете ме, әлде сондай биік адам ба білмедім... Аяқтары жерге тиер-тимес. Ту сыртымдағы біреу желкемнен нұқып қалғанда мәйіттің белінен құшақтай тежелдім. Ары жағын ойлауға мұршам жетпеді, тек ӛлген адамның денесі ӛзімді жапыра сылқ еткенде тәлтіректеп барып, әрең қалдым. Тастай салғанның орнына дедектеп сыртқа, жарыққа қарай жан далбаспен ұштым. «Малды қарай тұр. Бір-жар күнде кісі жібереміз» деп олардың кеткендеріне жарты айға таяғанда, бір жігіт келді. Менен ересек, тасыраңдаған біреу екен. Мал баққаннан гӛрі қазан-аяқтың маңында жүргені кӛп болды. Бір жолы кешкұрым шәйден соң ертоқымның кеткен жерін қайыспен қайып отырғам. Әлдене ақырып-бақырып үстіме қона кетті. Опоңай кім жан бергісі келеді. Жан ұшыра үстіме жабысқанмен қоса атып тұрып, әлгі пәлекетті жерге алып ұрдым. Тегі, бала күнімнен қазақша күрестен ешкімге дес бермейтінмін. Сӛйтсем маған құбыжық болып қарғып жүрген әлгі әумесір екен. Қос қабырғасы сынып кетіпті. Ӛз обалың ӛзіне деп оны таяу жердегі стансаға арбамен апарып тастап құтылдым. Одан соң тағы
біреуі келді, кӛмекке. Ол неме де баздың ішінде сенделіп жүрген кісінің сұлбасын кӛрдім, жылаған дауысын естідім деп, ақыры бір күні таңертең ізін суытты. Сӛйтіп күндер ӛтіп жатты. Малды қақпайлап шалы қораға беттеткен бетім еді. Баздың есігі қайырыла ашылып ішінен бір қара шықты. Менің кӛзіме де елес жеткен екен дедім. Осы біраз уақыт арасында қорқыныш атаулыға сонша тӛселгенім, үрейге бой алдырмай, атымды тепеңдеп таяп келдім. - Здрасти сынок! – деп қолында күрегі бар, қый оюға келген ауылдың сар орысы тұр, екі езуі ыржиып. – Натерпелся, однако! Тебе надо героя присвоить... Туған әкемді кӛргендей әлгі сары орысты құшақтай алып, солқылдап жыламайсың ба! Оқуды тастап кеткеніме осы сәтте қатты ӛкіндім. Сол күзде үйленіп, әлгі отарға ӛзім бүтіндей ие болдым. Менің малсақтық қасиетім одан ары дамып, ел арасында атағым да шықты. Бір қызығы балаларым оқуға құмарлық танытты. Олардың бірде-бірінің бетінен қақпадым. Жалпы, әр адамның кәсіптегі ӛз ұйқасы болады екен. Соны білдім... Иә, еңбек жолымды осылай бастап едім...
Ібіліс жүрген шақ
Ібіліс жүріп жатқан кез. Алматының түнектей қара аспанынан салақтаған қошқыл тұман кӛше шамдарын күңгірттетіп, табан астыларын ғана жадағай жарықтап тұр. Сіркірей жауған жаңбырдан асфальт беті алатаңбаланып, суық сәуле шашады. Есенбек екінші қабаттағы үйдің терезе алдында осы сұрқайылау кӛрініске кӛз салып, мелшигелі екі-үш сағат. Алғашында алаңдап, қараң-құраң еткен болса жиырыла қалып, таныс сұлбаны ажыратуға тырысып шұқшия қалатынды. Уақыт жылжи - не үшін отырғанын да ұмыта бастаған тәрізді. Енді болмаса кӛзі ілініп кете барған сәтте, кенет шыққан күлкіден селк етті. Қыз бен жігіт кӛшенің арғы қапталынан бері қарай қол ұстаса жүгіріп ӛтті. Кіре беріс есіктің күн қағары астында жаңбырдан тасалап, ұстасқан қолдарын ажырата алмай біраз тұрды. Бір-бірін иіскескен адамдарша әлсін-әлсін қабысып, сосын кері шегініседі... Есенбек олардың тӛбесінен біраз бақылап отырды да ары қарай дәті шыдамады. Кӛкірегі қарс айырыла күрсініп, жарықсыз алакеуім бӛлмедегі диванға сұлқ отыра кетті. Екі қолымен басын ұстап: «Не іздеп келдім?! Осыны кӛруге ме?! Бұны кӛргенше қу кӛзім неғып ағып кетпеді екен!!!» деп шайқала күңіренді. Есіктің құлпы сылдырлап, ашылды. Нәзия аяғын жым-жым басып, Есенбектің жатқан бӛлмесі тұсынан ӛте бергенде, тұншыққан күңгірді құлағы шалды. - Есен, сен әлі жатқан жоқсың ба? - Жо-жоқ... - Шәй қояйын... - Рахмет.
Нәзия ары ӛтіп кетті де сәлден соң қайта оралды. Диван мен қарсы кресло арасында аласа стол тұр. Екеуі қарама-қарсы жайғасты. Біраз үнсіздік орнады. Ішін тартқан бір жайсыз тым-тырыс күй... - Есен... Әзірде байқаған шығарсың... менің жігітім бар... - Хы-хым... байқадым... - Сені қатты силаймын... бірақ, тек достық деңгейде ғана... сен кешір мені, біздің арамызда достық сезімнен басқаға орын жоқ... - Нәзия, мен бәрін түсінемін... Бірақ, сенімен дос болу күлкілі сияқты. Тіпті, менің осы қазіргі жағдайымнан да ауыр. Мен бекер келіппін... кетейін. - Екі түннің ортасында қайда барасың? Таң атсын да... - Сені жаман атаққа қалдырғым келмейді... - Осында екеніңді менен басқа ешкім білмейді. Саған сенемін. Сен ӛте жақсы адамсың! - Егер жақсы адам болсам, неге лайық емеспін саған?! - Мүмкін, мен саған лайық емес шығармын... Ары тағы үнсіздік орнады. Есенбек түрегеліп, Нәзияның артына шықты. Қызда үн жоқ. Тұла-бойы сіресіп, тасқа айналғандай қатып отыр. Кӛкірегін ӛкініш ӛртеп ӛтті. Егер аға-жеңгелері ел қыдырып, бұны жалғыз тастап кетпегенде бұндай хәлге душар болмас еді... «Бекер есікті ашып, бұны кіргізген екенмін! Ауылдан келгеніне қуанып, есім шығып кеткені несі? Оның ойын қалай ұмыттым?!» Тамырында ойнаған қаны оның құлағын бітердей гүрсілдеп, есінен тандырды. Мойынсұнған кіріптар күйге түскен ол - зәбір кӛретініне еш күмәні жоқ еді... Есенбек жаңбырлы түнді кешіп, автовокзалға бет алды. Талай түнеп кӛрген етене орын. Ол келгеніне ӛкінбеді. Осылай боларын алдын-ала білгендей сезінді. Нәзияға жаудырып ӛлең-хат жазғаннан басқа не бітірді? Бұған бірдебір жауап та келмеген-ді. Нәзия ешқашан да үміт отын сездірмеді. Есенбектің ӛзі ғана ӛз қиялына еріп, оны құшты, сүйді... күйді. Нәзия керісінше, «Қозы Кӛрпеш - Баяндай бір молада жатамыз...» деп жазғандарын оқығанда - бұның махаббатынан зәр иманы ұшатын-ды. Жарықтау бір бұрышты тауып, жедел жан қалтасынан қағаз-қаламын алып, ол жүрелей отыра қалды. Буырқанған алапат сезім астаң-кестең ақ қағазға ағыла бастады. Қызға айта алмаған, онымен бӛлісе алмаған қыстық махаббат жыр болып тарқатылды. Кӛзінен парлаған жас - оның бетінен сипап жұбатқан жылы алақандай кӛрінді. Есенбек осы сәтте бір күйді анық түйсінді. «Нәзия, саған мың да бір рахмет! Менің жүрегіме махаббат ұялатып, оны оятқаның үшін! Сені құшып, сүймесем де ӛмір-бақи сені жырымның жалауы етіп ӛтемін! Сен арқылы нақ сүйерімді енді тапқан сияқтымын!» деп ол әдетінше күңгірлей күбірледі. Бір-біріне сүйенісіп отырған, не болмаса бүктісіп жатқан жолаушылардың бірен-сараны басын кӛтеріп, ӛзімен-ӛзі сӛйлесіп, жылап отырған бұған секемдене қарағандай болды. Сосын кім жетісіп жүр дейсің, дегендей түсіністікпен, қайта жӛндеріне қисайды...
Елес
Қысты күнгі сағат сегіз кәдімгі түннің бір уағы іспетті. Осы мезгілде Қамихан жұмысқа жӛнеледі. Кенеп бүркемелі арнайы кӛлік осы сияқтыларды қала ішінен теріп, салақтаған жабыны сартылдап кӛрші елдімекенге тартатын. Олар бӛренеден қиюлап қос қабатты, сегіз пәтерлі үй салып жатыр. Қамихан соңғы кезде шығар уақытынан ерте келуді ғадетке айналдырды. Оның себебі - ӛзінен бірер сынып тӛмен оқыған бір қызды кӛргеннен басталды. Сол елең-алаңда Әсем де жұмысына шығады. Қамихан оның қарасы кӛрінгеннен үй қалқасына жабыса жасырынып, ол тұсынан ӛтіп кеткен соң ғана еркінси соңынан ұзата қарайтын. Әсем ӛте бір сүйкімді қыз болған еді. Енді ол - қараған кісінің кӛзайымы боларлықтай, бітім-болмысы әбден толысқан келіншекке айналыпты. Бұрынғы талшыбықтай кезіндегі кербез жүрісінен еш айнымаған, ол ӛтіп бара жатқанда кӛзі бар пенде түгілі, бейқам тұрған терек те амалсыз мойын бұратындай... Қамихан бірнеше мәрте оның жолын кесіп, сәлемдескісі келді. Бірақ оған жүрегі дауаламады. Ӛзінің мынадай тұрпатынан қымсынды. Бұтында қалың шалбар, иығында тамақ салған саталақ қапшық. Күн жарықта кӛшеге шығуға ұят сықпыты оны әр жолы тежеді. Сосын ол: «Әсем бір бастықтың әйелі шығар... Киіміне қарағанда ауқатты кӛрінеді... Осыдан он жыл бұрын келешегі кереметтей болған мені танымас та...» деп шешті. Әсеммен билеп жүргендегі сәті есіне түсті. Қыздың тұла-бойы дірілдеп, кӛз жанарын тіктей алмай, алып қаша бергені... Қамихан ӛзін сақа жігітше ұстамақ болып, ернінің дәмін татқысы келіп, қыз алдында ересектік танытқаны... Әсемнің: «Менің алғашқы сүйіскен жігітім сенсің!» деп кейін мойындағаны... - Ӛй, қабырғаға сүйеніп ұйықтап тұрсың ба?! – деген тосын дауыстан ол шоши, есін жиды. Жұмысшылар тартатын кӛліктің жүргізушісі екен. - Пипылдатып тұрмын, пипылдатып тұрмын!.. Құлағың бітіп қалған ба?! Қамихан ләм-мим деген жоқ. Соңынан ілесіп, кӛліктің артынан барып, ішіне артылды. Ондағылар ысырылып бұған орын берді. - Кәке, саған әдейі жылытып қойдым тақтайды... - Рахмет.. – деп ол сүлесоқтау ризашылық танытты да тұтасқан қара кӛлеңкеге сіңіп кетті. Оншақты адамның қараң-құраң сұлбасы темекі оты сорылғанда ғана байқалады. Күңгірлескен сӛз. Кешегі мен бүгінгі тірліктің әңгімесі... Қамихан манағы елестің тәтті күйінен әлі арыла алмай, басын иығына сіңіре бұйығып, жоқ адамдай тым-тырыс. Ол ӛмірінің қалай ауытқып, осындай бейшара күйге түскеніне ӛзі қайран секілді. Әсемді кӛргелі терең ұйқыдан оқыс оянған жандай - дегбірсіз күй кешіп жүр. Ешқашан келмеген ойлар мен ниеттер бұны торуылдайтын болды. Расында ішінен әлдебір ӛзге адам түрегеліп келе жатқан тәрізді. Ол дәл бүгін құрылыс басына барған соң, ӛз еркімен арызын жазып бұл бекер тірлікті доғаруды ұйғарды. Реті келсе үзілген оқуды жалғап, немесе басқа бір ұшқынды іспен айналысқанды жӛн санады. Жалдап тұратын, іші мандып жылымайтын қуықтай жалқы бӛлмесі мен ондағы жадау тұрмысы кӛз алдына келгенде ұяттан екі беті ду-ду етті.
- Сен қалай ойлайсың? – деп бүйірлес жайғасқан кісі бұны шынтағымен нұқып қалды. - Нені? – деген Қамиханның сұрағына отырғандар жамырай мәз боп күлді. - Мынау ұйықтап отыр-ау, шамасы? - Қайнап жатқан қарашайырға қолымды тыға алам деп Петро бӛседі. Тыға ала ма, алмай ма деп соған бәс тігіп отырмыз. - Ӛзі білсін... - Олай бомайды! Сен бір жағына шығуың тиіс. - Мазамды алмашы а!.. - Қойшы соны... Кейінгі кезде Кәкеңнің ішін бір құрт үңгіп жүрген тәрізді. - Кәртӛшкенің сарбас құрты болмасын!.. - Жоға, етегі бар құрт секілді! Еркектер қарқылдап кеп күлісті. Қамиханға таяу отырғандар жотасынан, ияғынан қағып, жаратқан пиғылдарын танытып қояды. Бұның еркі шектелген мерзімінің ӛтелгеніне біраз болған-ды. Елге қайтса да болар еді. Ағысы жоқ тұйық судай мына тірлігіне де еті үйрене бастаған сыңайлы ма... Қамиханның тұла-бойы түршігіп кетті. Әсіресе, арасына жүгіртілген тоқпен жылыйтын белоранышы есіне түскенде ӛз тӛсегінен ӛзі жиіркенді. Шәйдің күрең таты баттасқан темір күрешке, қалайы табақ пен қасық... қатқан нанның үгіндісі, пышақ тіліп жырым-жырым болған клеенка дастарқан. Тіпті, дені дұрыс шығыс киімі де жоқ екен-ау!? Киініп баратындай жер де, бұны тосқан біреулер де болды ма, осы уақыт аралығында. Перде орнына газетпен бүркемеленген жалғыз терезеден себезгілеген, ӛлеусе жарық сияқты кӛріксіз ӛмір ғана бұның серігі болыпты. Сорлы неменің жағы неткен осал еді. Қамиханға он шақты болып жабылғанда ол солардың ішіндегі ең «ӛжеті» кӛрінген-тін. Тұмсығы қатты бәтеңкесімен бүйірден-бүйірден тепкенде ол тым батыр еді. Ауруханадан айығып шыққан соң, Қамихан тек соны ғана кездестірсем деп кӛкседі. Заң адамдарына тіс жарып ештеңе айтпады. Тек «Танымаймын, білмеймін» деген сӛздерінен жаңылмады. Қамиханның кегі сол топтың арасындағы тек осыған ғана кеткен сияқты. Жағын сындырып кегін алды. Бұның бокстан хабары барын білген айыптаушы жазаны асыра қатал талап етті. Екшелей келіп үш жылмен шектелді. Соның екеуін темір тордың ар жағында ӛтеп, тәрбиелі тәртібін ескеріп, соңғы бір жылды ел арасында қадағалаумен ӛткерді. Қашанда емен-жарқын жүретін, ашық мінезді жас жігіттің қабағы түксиіп, ӛмірі күліп кӛрмеген әлдекімге ұқсап кеткендей. Егер Әсем ойда-жоқта осы қаладан кӛзіне ұшырамаса - бұның ӛмірі сол тұйық судың тереңіне бата берер ме еді. Қамиханның кеудесінде от тұтанғандай әсер туып, денесі пысынап сала берді. Ол неше жылдан соң, алғаш рет ӛзінің бойынан жалын секілді лепті сезді. Бұл қуат оған ӛте таныс және етене еді. Ол енді тұйық суда жандалбассыз жата бермейтінін анық түйсінді. Қамихан да бір кезде бәске түсіп, қолын қайнап тұрған қарамайға
тығып кӛрген. Алдымен қолды суық суға матырып, сосын аса жылдамдықпен қарамайдан «қолғап» кию... Кӛлік соңынан ұйтқыған қардың ұшқыны артта отырғандардың беттерін шалып ӛтіп, ызғарлы демімен тұншықтырғысы келетіндей түтейді. Бүркеме кенептің етегі де желмен жарыса әңгіме соғып, аузы жабылмастан далбырлап барады... Иә, жаным
Балқыған қорғасынға ұқсаған қарала су ауыр ағып жатыр. Кӛпір үстінде екі-үш жас ӛзара әңгіме-дүкен құрып тұр. Олардан сәл жырақтау еңсесі түсіңкі, егде адам қалқаяды. Бәрі еңкейіп беті бедерленіп, кӛздің аласындай тӛңкеріле ойнақшыған ӛзенге әрекідік кӛз тастап қояды. Кенет: «Анаң қара! Кісі ағып барады!» деген ащы дауыс шықты. Расында су бетінде аппақ бір нәрсе кӛлкілдей жайылып, оның ортасынан анда-санда бұлғаған қол кӛрінетін тәрізді. «Әйел ғой мынау, ақ кӛйлегін жаба, шашы да жайылып кетіпті!» деді әлдекім. «Құтқармайсыңдар ма!?» деп үшеудің арасындағы қыз жаны шыға шыр ете қалды. Екі жігіт шешіне бастады. Бірақ олар үлгермеді. Тыстау тұрған егде адам бас киімін ғана жерге атып ұрып, ӛзенге қарғып кеткен-ді. Ол тӛменге құлдырап бара жатқанда «Сүмбіле туа су суыр» деп қана ойлап үлгірді. Ол аяқ тірер жерге таяғанша суға батқан адамды қолтыған демей жүзіп барды. Сосын оны кӛтеріп жағаға шықты. Үстіндегі киім мен қолындағы адамның салмағын сонда ғана сезді... «Мен не істедім?!» деп сұрады егде адам ӛзінен. Осы қыздың «ерлігін» жасауға батылы жетпей тұрғаны есіне түсті. Мынау қорғасындай қара суды ӛзі жамылмақ болып еді ау мана ғана... Әйел баланы «Жедел жәрдем» алып кетті. Әлдекім есіркеп, яки бұның ерлігіне сүйсініс танытқандай ешкім табылмады. Керісінше есі дұрыс емес адамға қарағандай - жиыла қалған жұрт сескене кӛз тастайды. Сорғалаған суы соңынан еріп, кӛпір үстінде жатқан бас киіміне жетті. Еңкейіп алды. Несіне алғанын да түсінбеді. Бұл оған керек те емес еді-ау, мана бір сәтте... Секіруге дәті жетпей тұрған қара судан малшынып қалай және не үшін шыққанына ӛзі таң. Мүмкін сол ӛзіне қол салған бейшараны құшақтай тереңге тарту керек пе еді... Қисыны келіп тұрған мүмкіндікті бүлдірген адамдай сезініп; «Бекер болды.» деп ол күбір етті де бейтарап жүріп кетті. Бірер ай ӛтті. Ол тағы сол кӛпірге келді. Тура сол тұсқа тұнжырай қарады. Кӛз алдына шашы жайылып, ағып бара жатқан жанкешті сұлба елестеді. Сондағы қылығы - ана бір беймәлім бейбаққа жасаған қиянаттай кӛрінді. Оны ӛкінбестей шешіп, қиып бара жатқан қараңғы ӛміріне қайта оралтқаны қиянат емей немене? Ӛзі де осы қараңғылықтан ӛзге жарыққа кетуді аңсады емес пе... Бетін аппақ қар басқан ӛзен - еш қауіпі жоқ, тегіс жердің беті сияқтанған. Сықырлаған аяқ дыбысы бұның тұсына таяп келіп кідірді. Ол артына бұрылды. Орта бойдан сәл биік, аққұба келген, шаралы жанарынан мұң ұшқындаған келбетті қыз бала бұған күлімсірей қарап тұр.
- Сізді кӛп іздедім. Ешкім білмеді. Сосын осы жерден тосып жүрдім. Бір келетін шығар деп... - Кешіріңіз... Сіз кім боласыз? - Мен ӛзіңіз құтқарған адаммын... Тағы бірер ай ӛтті. Ерлі-зайыпты екеу кӛпір үстінен ӛтіп барады. Әйел адам: «Қарамашы ол жаққа!» деп ӛтінді. «Иә, Жаным!» деп ері қасындағы жарын жаман тұстан кӛлегейлей ӛте берді...
ӘЗІЛ-ОСПАҚ
«Құда келді!!!»
Балғаштың үйіне жеткені сол еді, соңынан ағасы Секеннің әйелі қақпаға кептелісіп, ілесе кірді. Алқым-жұлқым болып, шашы дудырап кеткен. - Ойбай, құда келді! Жалғыз қызды әкетіпті! Ағаң талып жатыр!.. - Қайдағы құда?! Қызың кеше ғана оқуына кеткен жоқ па? - Кетсе кеткен шығар... Жеткізбей жолдан қақшыған ғой... Енді қайттық? - Құдай қайткеннен сақтасын! Ӛз қызыма сайлап отырған тойдың жайы бар, ағаның қызы менің қызым емес пе! Абысыныңа жолық, ал мен қойды сүйреп ӛзім жетем. Аяққа жығылуға келген тӛрт-бес адамды астарына мамық салып тӛрге шығарып, алдарына ақсарбас әкеліп бата алып дегендей, ырым-сырымды ағылтып жатыр. Бір қарағанда жақсы адамдар секілді кӛрінді. Әйтеу, барған жерінде бала жыламай жүрсе болды емес пе... Екі жас бақытты босынға жетіп, ащы-тұщыдан алысып отыр. Сӛз реті балаларға тірелгенде: - Біздің Гүлжан кеше ғана кетіп еді, қаперінде ештеңе жоқ сияқты болатын. Құда келеді десе адам баласымыз ғой, бағын байлап неміз бар... – деп жеңгеміз кӛңілі босап, кӛз жасын сығымдап алды. Құдалардың бірі аузы аңқая: - Біздің келіннің аты Нәзима. Түскеніне он шақты күн болды, артыныптартынып жеткеніміз осы еді... – деп тӛңірегіне адырая қарады. Аспан қақ айырылып жерге түскендей болып кетті. Тек, күркірегені ғана жоқ. «Құдалар» осы ауыл екенін біледі. Құдаларының аты Секен екенін де біледі. Ауылға кіре берісте сексенге келген Селдірбек деген қария тұратынды. Бұлардың «бағына» сол кездесе кетеді. – Ассалаумәликүм, ата! Секен деген кісіні танысаңыз үйін сілтеп жіберсеңіз. – деп ӛтініш білдіреді. - Ӛй, балаларымау, ол маған пірблем емес, есігінен кіргізіп тастайын ала кетсеңдер, жолым солай түсіп тұр еді – дейді. Қария «құдаларды» ӛзіне ыңғайлы жақтағы Секеннің үйіне жеткізіп, жӛнімен кете барады. Ал ауылдың екінші басындағы құда тосқан екінші Секен зарығып, кешті бекер батырып жатқан еді...
Бәле қайдан деме - Қайдасың? Тез жет! Жеңгең әл үстінде жатыр! - Не болды?! Түсіндірші!
- Басы жарылды! «Таңертеңнен қақиып, елді енді жинағанда мына ағанікі қызық болды ғой!» Кісілерім де «Таксистерде ұят жоқ!» деп, бұрқылдап жатыр. Машинамды бір дар еткізіп, ағаның үйіне зырладым. «Басын ағамыз жарса, ғұмырында бір ерлік жасаған екен!» деп қоям ішімнен. Аула сыртынан тосып алды. Менімен ішке ермеді. Үйден сұңқылдаған әйел дауысы шығады. «Қайран жеңгем жүріп кеткен болды ғой! Дауыс салсам ба екен?» Тӛргі бӛлмеге ӛттім. Басы-кӛзі қанға бӛгіп, диванда жеңгем отыр. - Жақындама маған, ӛңкей...!!! Емханаға апарып, басының жыртығын тіктіріп, ӛй-гӛймен үйге әкелдік. Ағамыз ӛзінің басы жарылғаннан жаман, бетінде қан-сӛл жоқ. Не болғанын ақыры айтты. Жеңгеміз электр қуатын есептегіштің жүрісін баяулататын әдісті естігелі ағамыздың құлағынан маза кетіпті. Жұмысынан қойдың асығындай бір магнит әкеп береді. Сӛйтсе, кӛрші әйелдің күйеуі ірі қараның асығындайын тауып әкеліпті. Күнде құлақ етін жей берген соң, ағамыз да сондайды жер астынан болса да тауып әкеледі. Ағамыздан бойшаң және етженділеу жеңгеміз тасыраңдап, орындыққа ӛзі шығады. Магнитті есептегішке қоймақ болып қолын созғанда, бұрынғы тұрған кішкене магнит бұған қарғиды. Аттан, ойбай! Жеті балл жер сілкінісі!!! Сонымен елге ілесіп ашкӛзденем деген жеңгеміз, ӛстіп аяқ-асты дертті болып, неше ай жарыққа тӛлейтін тиын-тебенді қайран ғып дәріге жұмсады. Ал ӛзі ӛле-ӛлгенше сүйекке таңба болар «Жарықбас қатын» атанды...
Шәйтан шатастырса
Соноу кеңес ӛкіметі кезінде совхоз деген болған-ды. Сол совхоздар ӛз ауылдарына бір-бірінен айнымайтын үйлер салатын. Кӛкӛзек деген ауылдың бірнеше кӛшесі сондай үйлермен тізілді. Әлсебек деген зоотехник жігіт жайлау үстіндегі отарларды аралап, есепқисабын алып ауылға оралады. Ол кезде ұрттамаған адам «халық жауы» саналатын. Елге жеткенде әрі-сәрі боп қалады. Кӛлігі үйінің тұсынан тастап кетеді. Күн жарықта бірінен-бірін әрең ажырататын үйлерді қараңғыда кім танысын. Қашада, қақпада бәрі бірдей. Тауықтың жұмыртқасы не, бұл үйлер не! Әлсекең тәлтіректеп жүріп есікті тапты. Әбүйір болғанда күршегі салынбапты. Шамы да жанып тұр. Ескі ғадетпен ӛз бӛлмесіне кіріп, «ӛз үйім, ӛлең тӛсегім» деп құлай кетпек болып еді. Тӛсектің орны ауысып кетіпті. «Ее, бәйбіше тәртіп жасаған ғой!» деп мейірлене мырс етті. Келіншегі пыспыс етіп қалың ұйқыда. Шешініп бұл да кӛрпе астына сүңгіді. - Қойшы, мазамды алмашы! Аузың арақ сасып тұр ғой?! – деп әйелі бұның сағынышты қимылдарынан оянып кетті. - Жаным, қатты сағындым! - Саған дауа жоқ екен?! Сағат сайын сағынасың ба!? Осы кезде салдырлап есік ашылды. Жӛткірініп бір еркек кірді. Күбір-күбір сӛзді естіп, есік кӛзінде аңтарылып тұрып қалды. Сосын: - Ей, бұ қайсысың,
менің қатынымның қойнында жатқан? – деп айғай салды. «Асстапыралла! Әйел затына дауа жоқ, дүзге шығып келгенше!!!... » Ары қарай айтпаса да болар еді. Бұлардың қайғысына дүйім ауыл қырантопан болды. Әлсебекті әйелі қуып, анау әйелінен жеріп, бала-шағаларының да әбден әбігері кетті. Әйтеуір, кейін түсінісіп, қатар тұрған үйлері сияқты ӛздері де жіктері ажырамас тату кӛршіге айналды. Аракідік: «Бәленшеге тартқан!» деп балаларын тұқыртып қойғандары болмаса. Балаң үшін отқа да түсесің
- Сәңка, тракторды запрабит еттің бе? - Бәрі намази, ағасы! Елеусіз ақсақал ауылға түсіп, тұңғыш шӛбересінің туған күніне орай жылы-жұмсақ апарып тастауды ұйғарған. Ұл да, келін де жұмыста. Ішекқарнын аршып, басын үйтпек түгілі, апарған малыңды алты ай тұрса да бауыздауға мұршалары жоқ. Сӛйтіп, кемпірі екеуі кешке дейін бәрін тындырды. Мал қораланды. Аракідік иттерді абалатып қоятын ит құс болмаса, жүргінші аяғы сиреген уақыт. «Мен былай кеттім» деп, ақ қардың беті сайрап жатқан із. Үйтіп-бүйтіп болғанша күн ұясына отырды. «Сен жыбырламай осы, қашан жүруші едің!? Күнде бұзылып барады!» деп кемпірі қузамаса Елекең асықпас па еді. Он шақты шақырымнан соң, ағылып жатқан үлкен жол, Аман-есен оған да жетті. Трактордың бір кӛзі жыпылықтап барып мүлдем сӛніп қалды. Елекең әу бастан механизатор емес-тін. Талай жылдан бері қолқанат болып жүрген, қазақ арасында ӛсіп, «қазақы» болып кеткен осы Сәңкасы еді, рӛлді бұрауды үйреткен. Бір-екі белді асқан соң ауылдың да шамдары мен мұндалайды. Қарсы жолыққан кӛліктің шамы кӛзін қарықтырып, алдын болжай алмай, орға ұшып кете жаздады. Кемпірі: «Бісміллә, бісміллә!!!» деп зәр иманы ұшты. Трактор бір қойқаң етті де қайта тегіс жолға түсті. Аңырап келеді. Осы арада қарсы бетке қапалақ қар ұшқындады. Сүрткіші істейді екен. Оған да тәуба. Ерсілі-қарсылы ағылып жатқан кӛлік. Кӛп болса жарты сағат маңында балалардың ортасында отырып шәй да ішер. Сағат ӛтті. Бұлар әлі аңыратып келе жатыр. Мана Сәңкадан қанша май құйдың дегенде анау он барып, он қайтуға жетеді деген-ді. Ең бірінші күдік кемпіріне келді: - Сен теріс кетіп бара жатқан жоқсың ба, ей?! - Ақымақ дейсің бе!? – десе де Елекеңнің ӛзі де жайсызданды. - Сәңка айтпақшы, он барып он келетін уақыт болды ғой! - Мазаны алма, ауылдан ӛтіп кетіп жүреміз, кӛрмейсің бе, мына тӛпелеген қарды. Тағы біраз аңыраған соң трактор жӛтеле бастады. Сонан ақыры қақырынып-түкірініп барып үні ӛшті. - Трәктірде нең бар еді?! Маған сес кӛрсетпей-ақ шанамен шықсақ, мана да баратын едік!
Елекеңде үн жоқ. «Несіне әлдеқандай бола қалдым» деп ішінен ӛзі де ӛкініп отыр. Әйтеу ӛмір-бақи осы кемпіріне бірдеңені дәлелдеумен-ақ келе жатыр. Ӛстіп кемпірді тыңдамай қыңырайса болды, бұның аяғынан шалатын бір қырсық та әзір тұрады. Міне қарашы енді... Құдайдан кӛрейін десе – «сес кӛрсет» деп шайтан түрткені рас. Жегулі шананы доғартпай-ақ, сонымен желдіртіп жӛнеп берсейші... Есікті ашып сыртқа бет алды. «Оу!» деген дыбыс қана шықты соңынан. «Мынаған не болды?» деп кемпірі рас үрейленді. Соңынан қарап еді, шалын азынаған қаратүнек жұтып кеткен тәрізді. Әу жерден ыңырсыған дыбысты құлағы шалды. – Әй, бармысың?! - Шықпа, ойбай! Шӛберелерінің періштесі қаққан болар, сірә. Созған аяғы жерге жетпей қарақұрдымға аттанған Елекеңнің еті ғана сырылып, кемтарлықтан аман қалды. Осы оқиғаны ішке бүгіп қалғанның орнына дүйім елге ӛзі жырлап берді. Трактор қарсы кӛліктен тайқып кеткенде жол жиегіне тӛккен үйіндіге шығып кетіп, ойқаң-шойқаң етіп барып, аударылмай бауырына асылып қалады. Содан Елекең тегіс жолға түстім деп ойлап, рӛлді де аса бұрап әлек болмай, жалғыз кӛзімен қарсы соққан қапалақты қарыс айырып, жанармайы түгесілгенше аңырата берген... Кемпірін тыңдап шанамен шықса, «аш құлақтан тиыш құлақ» баяғыда балаларының ортасында отырып, ендігі қайта оралып, «пәзенделерінде» пырылдап жатар ма еді. Бейнетті қайтесің, түн ортасы ауа артыныптартынып жаяулап жеткен бұларға: «Қалмақтан қашып келе жатқандай, мына түрлеріңіз не?!» дейді ұл мен келіні жағаларын ұстап.
Аңқау болсаң аяқтың соры
Әдібай деген атамыз бастапқыда мал бақты. Кейін ауылда механизаторлық оқу ашылғанда, «талаптыға нұр жауар» демекші, соған жазылып, білдей бір әмбебап механизатор болып шыға келді. Сӛйтіп, рӛлді зейнетке шыққанға дейін бұрады. Кӛбіне бригадаларға жанар-жағар май тасымалдады. Сондай бір жорықта келе жатқанда тракторының жанар майы түгесіліп қалады. Не анда емес, не мында емес екі ортада қаңқиып, дал болады. Бейсауат лаға беретін уақыт емес, барлық техника қызу еңбек басында. Талайы мұны тосып, торыға бастаған да шығар. «Қап, әттенай!» деп атамыз қатты қапаланды да қолына шелегін ұстап, елге бет алады. Он, он бес шақырым ұзап кеткен. Аузы кеберсіп, МТМ–ға да жетеді. - Ӛй, Ағасы, мына жүрісіңіз не, түріңіз не?! – деп МТМ бастығы таң қалады. - Әлгі... сәләркім таусылып қалды! - Үйбүю, қиын болған екен, Аға! Сіз осы артыңызға бӛшке тіркеп, не тасымалдап жүрсіз? - Сәләркі...
Тіл білген де жақсы Сәтімбек кӛке алаңғасарлау адам еді. Баяғыда біраз жыл қой баққан. Бірде кілең орыстардан құралған құрылыс бригадасы келіп, баздарын жӛндейді. Сәкең жылтың-жылтың етіп, олардың қасынана шықпаса керек. Бірдеңеге жұмсайын десе күйеуін таба алмай қалып, зығырданы қайнаған жеңгеміз Сәкеңді есік алдына айдап әкеледі. - Не, сен, осы, орыстардың қасынан шықпайсың!? - Е, не бопты? Жігіттермен әңгімелесіп, кішкене, шер тарқаттым... - Сен бе? Бір ауыз орысша білмейсің, қайдағы әңгіме?! - Иә саған білмеймін! Сұрашы, «Шеге» деген не деп орысша... - Ал, айтшы орысша «Шеге» деген не? - Двоз!!! Жездемнің бір сайраны
Анау жылы әпкем: «Тӛркініме бармағалы жеті жыл бопты, түгендеп қайтайын» деп, бала-шағасын және жаңа кәстӛм-шалбар әперіп, жездемді ертіп сапарға аттанады-мыс. Жол-жӛнекей Алматыға соғып, сондағы бауырсіңлілерінің де беттерінен сүйе кетпек болып кідіреді. Автобекетке түскендері сол еді, жездемнің қалта телефоны шыр-шыр ете қалады. Ауылдағы құрдасы Алғабек екен. - Әй, қайдасың? - Алматыдамын. - Ойбай, менде осындамын! Сен маған ӛте керек болып тұрсың! - Не қарызыңды қайтармақсың ба? - Кетші ей! Одан да маңызды әңгіме бар, мына мекен-жайға тез жет, қалғанын сонда айтам... Содан жездем «бір-жар сағатта оралармын» деп, солай тартады да әпкем балаларын ертіп, біздің үйге бет алады. Бастапқы екі-үш сағат алаңсыз ӛтті. Бастары бір қосылса олардың оңай тарқамайтынын білетін әпкем сабырынан талайға дейін тана қойған жоқ. Қойшы, содан жездемнің хабарсыз кетіп, қолды болғанына бір күн емес, аттай үш күн ӛткенде ӛзімізден де зәре кетті. Аурухана, мәйітхана дейсің бе түгел адақтап шықтық. Полиция да іздестіріп жатыр. Әбден ит қайтқанда әпкемнің есіне Алғабек деген құрдасының «Алматы» деген қонақүйге шақырғаны есіне түсті. Сабап сонда бардық. «Ауылдан келген қазақтар бар ма?» деп едік, әпсәтте тауып берді. Неше орындық люкс бӛлмені жалға алған екен, қасқалар. Кіре берісте шашылған киім-кешек, ары ӛткенде жаюлы дастарқан, қылжиып жатқан екі-үш қасқаң... Тағы ӛрлеп едік, тӛсек үстінде әлдекімге қонжиып алған жездемнің жалаңаш жотасы кӛрінді. - Әй, албасты! – деп әпкем шаңқ ете қалғанда жездем жалт қарап: - Әй, Күләш! Сенбісің!? – деп таңдана ошарылды да: - Егер Күләш сен болсаң, онда мынау кім?! – дегенін қайтесің...
«Кең болсаң - кем болмайсың» деген рас-ау, «Бұ байқұстың ӛмірінде бір салған сайраны шығар, кештім!..» деп әпкем еш дау кӛтермей, асықпай тӛркінінде аунап-қунап, елге тату-тәтті қайтқан еді... Құрдас
Шаруагерлердің есеп-қисабын жинайтын Әнӛш кӛке бүгін біртүрлі абыржыңқы кӛрінді. Бір жаққа асыққандай сағатына қарағыштай береді. Бесалты адамның басы құралып қалды. Асығатын Әнекең жоқ. Алдындағы қағаздарын жинап стӛлдің қалтасына ызғытты да: - Мен қазір келемін. - деп суыт шығып кетті. Содан шәй қайнатым уақытта әрең оралды. Тосып қалған жігіттер дауыс кӛтеріп, реніш білдіруге шарасыз. Мүлдем келмей кетсе қайтер еді?! - Әнеке, бірдеңе боп қалды ма?! - Басеке, жайшылық па?! Әнӛш қолын бір сілтеп: - Түнде түсіме Амантай деген марқұм досым кірді. Ол тегін кіріп жүрген жоқ, соған барып құран оқытып келдім... - деді салы суға кете: - Оның кіруі тегін емес, тірісінде талай лаңдатып еді, топ қыздың алдында резеңке бел шарабарымызды тізеге сыпырып қас-масқарамызды шығаратын. Қойшы, не қылмады жарықтық... Енді, ӛліп құтылдық па десек, түске кіріп...
Құдалыққа саяхат
Қоғалыға қыз беріп, тойға аттандық. Діттеген уақытымызда сырнайлатып, жалаулатып, желбіреніп жетіп те бардық. Құдалардың аты-жӛндерін де мекен-жайларын да сұрамаппыз. «Ауыл іші - ел ғой...не бопты, жарық күнде адасып». Айтқандай-ақ, елді мекенге енді кіргенде алдымызды арқан керген бала-шаға бӛгеді. Жоралғысын беріп, тойшылардың үйіне жӛнедік. Құшақ жайып қарсы алды. Аман-саулық сұрасқан соң, жӛнге кӛштік. - Күйеу бала кӛрінбейді ғой, қарсы алам деп еді? - Қарсы алғаны несі? Күйеу бала ӛз балдарың емес пе?! - Жоға!.. Біз қыз беріп отырмыз... - Жоға боса, жоға! Қызды біз беріп отырмыз!.. Бұндай масқараны кім кӛрген, кӛсіліп тӛрде отырған сияқты едік, ит қосып қуғаннан жаман күйді бастан кешіп, даладан бір-ақ шықтық. Шатасып басқа тойға түсіп кетіппіз. Енді қай үйде құда тосып отыр деп сұрастырып, тағы жӛнедік. Арқан керген бала-шаға, жӛн-жоралғы... Ағызып есік алдарын бардық. Жапырыла шығып қарсы алды, сүйісіп жатырмыз... Бұ жолы сенімдірекпіз. Сонда да сақтықта қорлық жоқ дегендей тӛрге ӛрлемей тұрып: - Біздің қызымыз қайда? – дедік. - Бақлима! Келінді шақыршы!..
Алдымызда сәлем салып, бір шынашақтай қыз тұра қалды. Тағы «Не болдымға» жолыққанымызды аңғарып, ләм-мим деместен кері шегіндік. «Құдалар» аң-таң болып, олар қалды. Енді кӛшедегі елден тағы сұрауға кӛштік. Ауыл шетінде тағы біреулер құда тосып жатыр екен. Бұл жолы ақылды болып, алдымен жансыз салдық, «Нендей той, әсіресе келіндерінің есімі кім» деген сияқты жай-жапсарды білу үшін. Абыройымыз тағы айрандай тӛгіледі екен, бүйтпегенде. Күн батып, кӛз байлана бастады. Кӛшедегі ел ауылымызда енді ӛзге той жоқ деді. Үш мәшина жұрт қаңтарылып, қайда барарымызды білмей аңтарылдық. Ол кезде қазіргідей қалта телефоны жоқ. Жүйкелері түгесілген әйел жұрты еркектеріне шапты. Ӛстіп дай-дай болып отырғанда тұсымыздан теңселіп біреу ӛтіп бара жатып, қайта бұрылды. Қолындағы арқанын кӛрсетіп: «Жоралғысын бермесеңдер, ӛткізбеймін!» деді. Мас немені тыңдаған ешкім жоқ. Кінәліні ӛз арамыздан іздеп қызыл кеңірдекпіз. Анау құлашына арқанын керіп әлі тұр. Ішіміздегі шыжбалақ біреу сыртқа шығып, әлгімен тіресіп біраз тұрды да шәпкісін аспанға атып, қайта жүгірді. - Құданың біреуі осы екен! Бұлар соноу таңертеңнен жол тосумен болыпты... бізді кӛріпті, бірақ басқа біреулер алып кеткен соң, ары қарай отыра-отыра үміттері үзіліп, енді тарасыпты. Сонымен түн ортасына таман әлгі ауылдан оншақты шақырым жердегі бір бӛлімшеде тұратын құданың үйіне де жеттік. Талай ел тарап кетіпті. Қалғандарымен қаужаңдасып таңды атырдық. Басында уайым болған жағдайымызға енді күлісіп, құда-құдағидың жекжаттары таң ата қайта жиналып, тойды кӛрігі қайта қызды.
ДЕМЕ ЕШТЕҢЕ!!!
Күлнәш әпкеміздің дүние салғанына да он шақты жылдан асыпты. Күні кеше ғана жайраңдап ортамызда жүрген сияқты еді. Япырай ӛмір десеңізші, ойықтан аққан қара судай жылмаңдап ӛтіп жатыр... - Е, о кісі бір қызық адам еді! – деп қойды отырғандардың бірі. - Қызығың не? Етегі бар Қожанасыр еді ғой! - И-и-и, жарықтық-ай!.. Колхоздың еңбекақы тіркейтін бұғалтірі болып кӛзі жұмылғанша қызмет етті. Иә, кӛзі жұмылғанша. Күлнәш әпке ӛз кӛзін ӛзі жұмбағанда мүмкін әлі күнге арамызда жүрер ме еді. Сұмдық-ай! Кереуеттің басына асылып қалыпты. Сырттай қарасаң арқасын сүйеп, қисайыңқырап отырған адамға ұқсайды. Ӛз жанын аямай қалай қиды екен деп ел таң қалысты. Ӛзге біреу сӛйтіпті десе, бас шұлғи салуға әзір жұрт Күлнәш әпкенің қазасына аса қайран қалды. Дүниеден таршылық кӛріп, ары тарт пен бері тарттың азабына шыдамады деуге аузың бармайды. Иә. Тек бір үлкен себеп бар. Ол Күлнәш әпке ащы суға қатты салынып кетті деген ел арасындағы қауесет. Тәйірі, бар адам ішіп-жемей не бопты деп оған да ақтау айтуға болар еді. Сосын кім ішпей жүр дейсің сол иттің сарындысын!? - Әлі есімде, сонау жылы түн ортасына таман біреу есік қақты. Бейсауат
жүрген кім десем осы Күлнәш әпкеміз екен. Арқалаған қабы бар. Екі иінінен ентігіп: «Мында ақша. Саған аманат. Уақыты келгенше жасыра тұр.» деді де табалдырық аттамастан жоқ болды. Содан екі-үш ай ӛткен соң келіп, аманатын алып кетті. Тағы біраздан соң қайта келді. Менің бала-шағама киім-кешек, шәй-шақпұт алып кепті. «Рахмет, саған! Аманатқа қиянат жасамапсың!» деді. - Иә, колхозды елу шақты ребизор келіп жан-жақтан қамап тексерген жылы ғой. Аюбай деген опраблайшы біздің бір қора қойымызды екі-үш күнге санаққа қоса тұруға сұрап алып, ақыры тышқақ лақта ала алмағанбыз. - Тексерушілердің алдынан бір отарды орағытып неше қайтара санатыпты деп естігенбіз. - Е-е, алқып-шалқыған солардың қазір бірде-бірі жоқ. Жандарын жиғантергендері де алып қала алмады. Бірі қылтамақтан, бірі тұншықпадан, енді бірі ана Күлнәш құсап асылып ӛлді. - Тӛу! Қайдағы қырсық сӛзді айтпашы... Әркімнің ӛз ажалы бар да. Пенде болған соң, пендешілігіңді жасайсың... Ӛзің етегіңе намаз оқып па едің? Тарттың ғой, бала-бақшаның ескі-құсқысын... Күні бүгінге дейін гүлді орамалдарымен бет сүртіп келесің! - Менікі шибұқа ғой! - Иә, сенікі расында шибұқа! Ӛкімет құлаған кездегі хан талапайды айтсайшы... - Құр қалдым деп қайғырып отырсың ба? - Жоға... Алла сақтасын, ешкімнің ала жібін аттап кӛрген емеспін! Бар да бардай, жоқ та жоқтай жүріп үйренген адаммын! - Иә... Аллам нысап берсін де... - Бірді айтып, бірге кетіппіз ғой. Әлгі Күлнәш әпкеміздің қызық мінезін айтамыз деп отырып... - Кӛрші-қолаң болған ӛзіңсің, білсең жақсы сен білерсің... айта бер. - Ол кісі қонақжай, дастарханы қашанда жаюлы жататын адам еді ғой. - Менің естуімше қытымыр, қолы сараң... - Е, ол сау кезінде ғой. Аузына бірдеңе тисе одан жомарт жоқ! Үйіндегі барын арқалатып жібереді. Алмасаң кӛрместей боп ӛкпелейді. - Естігенбіз, қабырғадағы кілемдерін, ӛзінің норкі тонына дейін үлестіріп жіберетін кӛрінеді. - Жарықтық, ертеңінде кӛршілерді аралап: «Кеше біздікінде болған жоқсың ба? Саған ештеңе тарту еткен жоқпын ба?» деп сұрап жүретін-ді. Бастапқыда шын берген екен деп әбден риза боп қалғанбыз. Кейін үлестіргенін қайта жинайтын әдетін білген соң, алғанымызды шырқын шығармай жеке жинап қоятын болдық. Отырған әйелдер кӛздерін бір-бір сығымдасып, «е дүние-ай» дегендей ӛксіктерін жасыра алмады. Күні кеше ғана шаштары желпілдеп жүгіріп жүрген ӛздері де бала болмап па еді. Қарашы енді, ӛмір-бақи жас, тіпті қыз болмағандай алжа-алжа әлдекімге ұқсап кеткендерін. Кӛз алдарына ӛткендерін елестетсе тек ертеңнен қара кешке дейін бітпейтін ұзақ сонар жұмыс қана келуші еді. Таң бір қараңғы, бір жарықтан отыз-қырық сиырды
кӛрпілдетіп сауып жататын-ды. Еркектерден қалыспай аша кӛтеріп, малдың шем-шӛбін тартысты. Қырық-елу литрлік флягтарды қиналмай тіркемеге лақтырды. Колхоздың бір жұмысы бітсе келесісіне ауыстырылды. Аспан айналып жерге түсер ыстық астында қызылша шӛптеді. «Белім» дегеннің не екенін білмеді. - Келінге бірдеме десең, «мен бала кӛтеруім керек, ауыр жұмыс жасауға болмайды» дейді. Апырау, біз қалай кӛтердік, осы? Есіңдеме қыз-ау?! - Қайбір есте дейсің... Ұйқылы-ояу ӛтті ғой, сол бір боз күндер... - Алламның берері түгесілмесін де. Ешқашан тіленіп кӛрмедік, тіленердей аш-жалаңаш та болмаған сияқтымыз. Әр кезеңнің ӛз сәндігі бар ма деп қалам кейде. Біздің жастығымыз - ӛзге заманның кӛркі болды. Бұлардың заманы да ӛзінше қызық шығар. - Иә. Бұл заман да ӛткеннен соң бүгінгілерге таңсық болып жатар. Жалпы, ӛз заманына сүйсініп, еміренген уақыт болмаған тәрізді. Шәугімдегі шәй суып бара жатты. Ӛзара әңгіме-дүкен құрған әйелдер тағы біраз отырды. Олар ӛстіп ара-тұра бас қосуды ғадетке айналдырған-ды. Келелі бір мәселе шешіліп жатпаса да іштегі азын-аулақ сыр ақтарылып, жеңілдеп тарасатын. Әңгіме желісі манағы Күлнәш әпке сияқты тағы біреудің тағыдырын инеге сабақтағандай ойда-жоқта қиыса кететін-ді. Тегі, кісі қалай ӛлсе де оны айыптауға болмас. Себебі, әркімнің ӛз ажалы бар. Оның қашан және қалай келетіні де беймәлім. Бір ғана нәрсе аян. «Ешкімнің ала жібін аттамадым» деп ант-су ішкен адамнан шошын. Неге десеңіз, жай адамның қаперіне ондай ой оңайшылықпен келе қоймайды. - Қайта шәй қояйын... - Ойбай, рахмет! Күн кешкіріп барады. Мал-жан... немерелер де апалап жатқан шығар.. - Дүкенге жолдарың түссе біздікіне соғыңдар... Үй иесі екі құрбысын қақпадан шығарып салды. Ана екеуі кӛшемен құлдап барады. Біразға дейін үнсіз барып, сосын біреуі тамағын қырнап сӛйледі. - Түк кӛрмегендей боп отырғанын қарашы. Дүкенші болып тұрғанда кісі менсінбеуші еді. Егер біз болмасақ, кіммен шүйіркелесіп шәй ішер еді?! - Соны айтам да... Жеді ғой, жегендейін-ақ! Енді сүттен ақ, судан таза! - Біздің қолымызда не болды? Аша мен күректен басқа... Сүрінген тай да ала алмадық пайымызға. Бас зоотехник Әблітай мен басқарма екеуі ғана колхоздың бәр қызығын кӛрді ғой!.. - Желкелерінен шықты ғой! Елден озғаны қайсы? - Қыз-ау, оларды қойшы, қазір не боп кеттік? Соны айтсаңшы... - Аузыңды жауып жүр, пенсияңнан айырылғың келмесе! - Ойбай, мен не деппін сонша?! - Деме ештеңе!!!
ЖЫП-ЖЫЛЫ ЖҰМЫРТҚАЛАР
Мелдібек қайтар уақытынан бір жеті кеш оралды. Ол учаскелік ауруханада тіс дәрігері болып істейді. Екі-үш қара домалағы бар. Ел арасында азды-кӛпті абырой-беделдері де жоқ емес. Тегі, әркімнің ниетқалауына сай жолдас-жоралары да қалыптасады ғой. Ит пен мысық жуыспаса, бұлар да ақылы мен ӛзіндік мінезі бар илеуге келмейтін кісілерден аулақтау жүреді. Содан барып тӛріне ешкімді отырғызбасада ӛздері отыратын тӛрлері бар, ауыздарына қарап суы құритын араластары бар отбасы. Әйелінің есімі Додагүл. Кішкене кезінде торғайдың жұмыртқасын кӛп жарған сыңайлы - бет-аузы тарының қауызын жапсырғандай бітік секпіл. Сӛзге келгенде ешкімге дес бермейді. Бәрін біледі. Қазақтың небір салтдәстүрін олай да былай деп қалғанда алпыстан асқан апа-атаңның аузы аңқайып қалады. Тіл-жағына ғана сүйенген емес, үйінің шаруасын шыр айналдырып, еркекті атша мініп, кӛп әйел затына ӛнеге кӛрсетіп отырған - пысық әйел. Сонымен жаздың қайнаған ыстық бір күні Мелдібек те оралды. Ол малшы отарларын аралап қайтуға жайлау үстіне кеткен-ді. Кеңес кезінде еңбек адамының денсаулығы қатты қаперде ұсталды. Балаларына епке жасап, тегін дәрі-дәрмектерін үлестіріп, тағы да басқа алдын алу шараларын жасау қарастырылатын. Ал Мелдібек тегін дәрілермен қатар екі-үш литрлік құтыға 96.3% spiritus vini-ді жанына басып ала кеткен еді. Додагүл күйеуі жоқта бала-шағаның құрттаған тістерін ӛзі жұлып тастай салатын ӛнері бар еді. Кейде Мелдібектен гӛрі осы Додагүлдің қолы жеңіл дейді кейбіреулер. Бір жаманы: сиыр сауып отырса да жапа жауып жатса да қолын етегіне сүрте салып: «Менің қолым емес – Бибәтима пірімнің қолы, біссіміллә!» деп әмісе жан қалтасына салып жүретін қысқашты ауызға бір-ақ салады. «Қанаған жерге топырақ басып жазылған қазақпыз.» деп асептикаантисептикаға да аса мән бере бермейді. Қан қақсатқан пәледен құтылған жұртқа одан артық не керек... Додагүлдің «таксасы» бір тауық. Екі жүзден астам тауық жинап алған. Келген тауықтың қанатын қиып, торға жіберген кезде оны кӛзі қанталған қызыл әтеш тұра қуады... Мелдібек «Жамантастан» бастап, соноу Алақарлының етегіне дейін созыла қоныстанған малшыларды түгел адақтап шықты. Ала кеткен спиртін жүз грамнан үлестіріп, орнына бір-бір сыбаға алып отырған. Таза спирт. Қырық ауруға ем. Тамшылап қана ішу керек. Ӛзінің кӛңіл жарасымды шопандары мал сойып, бас тартты. Суқаны жылы еместерден құр шәй ішті. Қысқасы екі-үш күннің шаруасын он шақты күнге созып, екі иығында екі қоржын, арқасында ала қап, қос қолында жек-жеке түйіншекпен елге жетті. Ауылға осылай артынып-тартынып кіре берген оның ұсқынын байқаған ұсақ балалар: «Аю келе жатыр!» деп үйді-үйіне қашады. Жайлаудан әкелген автокӛлік оны үйіне жеткізіп салмай, әдейі ауылдың шетіне тастап кетіпті. Сірә, жолай екеуі сӛзге келісіп қалса керек. Шопыр одан бірдеме дәм етіп, сұраған сыңайлы. Осынша базарлықпен жеткенде Додагүл бір шәугім шәй беретін шығар, сосын дастарханның кӛркі деп тағысын тағы... Бірақ Додагүл жарты тауықтың етімен топ қонақты атқара салатынын ол шопыр қайдан білсін. Бір жолы осы Мелдібектің тұстастары әлдебір мерекені сылтау етіп,
бұл қатын алғанда ғана бір дәм татқандарын бетіне басып, зорлықпен бара қалады. Қазан кӛтеріп тамақ асады. Сӛйтіп жарты тауықтың етіне жеті жігіт жемей тойып қайтқан-ды. Тіпті, табақтың мұрты бұзылмапты. Опырып жеуге бір-бірінен қымсынып, шетінен ғана шұқылапты. Басталған шӛлмекті де түгеспепті... Үстінде қалың киім. Тӛбеден қырық градус қайнаған ыстық. Он қадам жүріп, алқынып дем қайтарады. Үйі құрғыры ауылдың екінші басына шығып кеткені де қанын қарайтты. Кӛшедегі ел-жұрт бұған қайран қалыса қарайды. Сірә, адам кӛрмегендей. Кӛбісі «бұ кім?» деп таңырқайды. Танығандары «бетім-ай!» деп теріс айналып жатыр. Мелдібек ештеңеден қымсынар емес. Оның бар арманы - үйіне аман-есен жетіп, үстіндегі мыналардан құтылып, тұншықтырып бара жатқан қалың қиімдерді түймесін сӛге-мӛге лақтыру ғана. Додагүл күйеуінің әкелген сарқыттарын ортаңғы кең бӛлмеге клеенка дастархан жайып, үстіне қатар-қатар тізе бастады. Сыбағалық жіліктер де бар екен. - Етін сылып алмай, саудыратып сүйегімен арқалап келгенің не?!» деп күйеуіне бырқылдап қояды. Қабырға, омыртқа сияқты кәдесіз сүйектерді бӛлек жиып: - Саған кӛже-қатыққа, мен келгенше бәрін асып жеп қойма! - деді. - Қайда жиналдың? - Е, немене? Мынаның бәрін сасытып алмай тұрғанда бір тӛркіндеп келмеймін бе! Қыздарын сағынған шығар... Балалар да нағашыларына сәлем беріп келсін. Мелдібек ләм деген жоқ. Додагүл айтты заң. Расында кейбір түйіншектен мүңкіген иіс те шыға бастапты. Он шақты күн арқалады ғой. Келесі қонған үйіне барып, жеке сӛреге жайған сияқты еді, бәрібір жаздың аты жаз. Қу шыбындар жан қоя ма!? Қоң еттердің арасын кеулеп кеткен әппақ құрттарды топ-тобымен пышақпен қырып, жерге топырлатты. Марганцовканың сұйық ерітіндісімен жуып-шәйған соң, манағы күлімсі иіс ұшып кеткендей болды. Додагүл иістенген етті боршалап отырып бір кесегін итке лақтырғандай тастай салса - Мелдібектің сығырайған қысық кӛздері атыздай болып: - Берекені рәсуа етпе, сен жемесең ӛзім жеймін! – деп шар етеді. - Арам ет жеп үйренген сен емеспін! Таста әрі! - Тастамаймын!.. Додагүл кеткен күні Мелдібек ышқырының қырық қабатына тығып жүрген ақшасын шығарып, күнге жәйіп біраз кептіріп, дүкенге аттанды. Бұл әдісті шпиондар туралы кӛрген кинодан үлгі етіп алған. Додагүлдің әу бастан оңай-оспақ қалта-салтада ақша қалтырмай тазалап отыратын ғадеті бар-тын. Талай рет сыпырылып барып, ақыры бұл да бір амалын тапты. Мелдібектің қалтасы қашан да таза, әйелден ақша тықпайтын ақжүрекке айналды. Соноу бір жылдары ақшасын қапшық тігіп қолтығына сақтаймын деп шірітіп алған еді. Адамның тері сіңсе жемейтін нәрсе жоқ екен-ау!? Қып-қызыл он сомдықтар күлдіреп, үгілді де қалды. Сонан бері артық-ауысын ышқырдан қалта қабаттап, құрғақ жерге жасыратын болды. Бәрібір дене иісі жұғады
екен. Дүкенші әйелдің тұмсығы неткен зерек еді. Бұл келсе ақшасын алуға жеркеніп, алдымен алыстан иіскеп кӛреді. Орыстар: «Денги не пахнут.» дегені бос сияқты. Бір емес, екі жартыны қатар алады. Оның сауда жасауға келгенін кӛрген дүкенші: - Азаттыққа шықтың ба? – деп сұрады мысқылмен. Ананың сығырайған жымысқы кӛздері бұғына жылтыңдайды. - Шықтым! Қуанышымды бірге бӛліскің келе ме? - Сорлы неме! Осы сӛзіңді қатының келгенде айтып бермесем бе! - Кетей... әзілім ғой! - Осы сен әйеліңнің кӛзіне шӛп салып кӛрдің бе, ӛміріңде? Сен баяғыда кәдімгідей жігіт сияқты едің, осы қатынды алғалы не боп кеттің? Елден ұялмайсың ба? Бала-шағаңның жаялығын жуғаныңды мін санамай-ақ қояйын, ӛз балаларың... Сен күллі еркек атаулының атына кір келтіріп болдың ғой! Не зор күн туды, қатынның аяғына тапталардай?! Ол қып-қызыл боп сырт айналды. Теріс жүріс жасау түгілі ондай ойды ойлауға дәті барды ма екен?! Бірнеше айдың жүзі болды, Додагүлдің кӛңілкүйі болмағандықтан кӛрші бӛлмеге түнеп жүргеніне де. Дүкенші әйел бұған дейін де тілін батырып жүретін-ді. Бірақ дәл бүгінгідей қатты шүйлікпеген еді. Кӛшеге шығып, есеңгіреген адамша жан-жағына қарады. Бұрын алатын затын ала сап, құйрығын жым қысып, ешкімнің кӛзіне түспеуге тырысып зытушы еді. Осы жолы қасқайып жол ортасында тұр. Аңыратып келе жатқан Зил-130 кӛлігі серейіп тұрған бұны басып кете жаздап, шиқылдап-қиқылдап барып жол ернеуінен шыға тоқтады. Кабинадан атып шыққан алакӛз шопыр ай-шәй жоқ келе сала Мелдібекті іштен бір түйді. - Ажалыңды маған артып, ӛле алмай жүрсің бе иттің баласы!? Соққыдан дем ала алмай тұнышығып қалған анау әрең дегенде тыныс қайтарып: - Ӛлтіріп кеткенің жақсы болар еді!.. – деді ыңырси күшене. - Денің дұрыс па ӛзі? Қатының қуып жіберді ме? - Қатынды мен қуып жібердім!.. - Атаңның басы! - Сенбесең үйге жүр... Кешкісін бір кезде ажырамастай дос болып жүретін жора-жолдастары Мелдібектің үйінде бас қосты. Достарын соншалықты қатты сағынғанынан Мелдібектің қысық кӛздерінен жас ыршыды. Бұны «Мысық» дейтін-ді мектепте жүргенде. - Қайран Мысығым сенен тірідей айырылып қалдық па деп ек... Құдай бар екен! Сен, тегі жаман жігіт болмағансың... Есіңдеме? - Иә-иә... Достар! Бәріңе бүгін бір-бір тауық асып қойдым! Тіршілікте ішіп-жемегенде қай уақытта? - Аулаңды тауықтың жүнімен ақ айран қыпсың! Сен батырдың тұқымы екеніңді осы жолы дәлелдедің! Анандай айдахар қатынды тӛркініне айдап жіберу деген - керемет!!! - Мен енді ешкімді басындырмаймын! Міне, тіс жұлғыш қышқашымды да одан тартып алдым! - Меке! Жұмыртқалағыш тауықтарыңнан қарайлассаңшы. Не болмаса
ұяға басатын тауық отырғызып берші. Елдің бәрі сенің қолың жеңіл дейді. Тіс жұлғаның сияқты... - Сол да сӛз болып па? Қаптаған тауықтан таңдап ала беріңдер. Мен бір күнге мейірімдімін. Үлгерсең алдың... Отырғандар жапатармағай далаға ұмтылды. Темір торға лап беріп, тауықтарды бажылдатып қуа жӛнелді. Тәлтіректеп қалған кейбірі ӛзімен ӛзі шалынысып құлап жатыр. Бірін ұстаса, екіншісінен айырылып қалады... «Еркектердің ішіндегі ең сорлысы мен бе деп едім, мыналардың да жетіскен ештеңесі жоқ екен-ау?!» деп күрсінді Мелдібек, әйелдеріне жақсы кӛріну үшін арпалысып жатқан достарына сырттан қарап тұрып... Таңертең бұны бүйірден біреу теуіп оятқандай болды. Сӛйтсе ойы екен. «Біссіміллә, сақтай гӛр!» деп апыл-ғұпыл бірдеңесін жамылып сыртқа шықты. Бір сұмдықты шығарғаны кӛкейінің түкпірінен қылаңдайды. Күдігі рас екен. Аула тауықтың жұлынған жүнінен ақ қайың... Темір тордың есігі аңғай-саңғай. Ішінде тірі жан жоқ. Анау бір жақтан қыт-қыттаған дауыс шығады. Қамауда жұмыртқалап үйренген байқұстар қайда отырарын білмей адасып жүрген сыңайлы. Додагүл кетерінде қанша жұмыртқа жиналатынын есептеп, түртіп отыратын күнделікті кестесін қабырғаға іліп кеткен еді. Енді жұмыртқа түгілі тауықтарды жинай алса етті... Мелдібек ішке кіріп, зырқырап жӛнелген басын түзетпекке бірдеме іздеді. Кілең бос құмыра. Ышқырын ақтарды. Дым қалмапты. Кӛз алдына Додагүл елестеді. Бұның ӛмір сүру, сүрмесі тек Додагүлге байланысты екені - оны суық желдің ӛтінде қалған жапырақтай қалтыратты. Бастың зырқыры жайына қалды. Күллі дүние құлазып, ӛз жаны ӛзінен түршікті. Шегеде ілулі тұрған шылбырды алып, қораны бетке алды. Аяғы астына жәшік қойып шыға бергенде жоғарыда отырған бір тауық аттандай шошып, бұның басынан аса қарғыды. Отырған жерін сипалап еді, жып-жылы он шақты жұмыртқа жатыр екен. Мелдібектің бойына қайта жан кіріп, іші елжірей, ұяға бір жұмыртқа қалтырды да қалғанын етегіне салып, үйіне қарай бүкеңдей жӛнелді...
МЫСАЛДАР
Кемеңгер әйел Баяғыда бір ақылды әйелдің ақымақтау күйеуі болады. Ол ӛзі біліп шыбық басын сындырмаса керек. Қип етсе аздап мызғып алайын, сосын бәрін қопарып тастаймын деп кіжініп, күнді батыра беріпті. Сонымен бір күні әйелі айтады-мыс. - Сен денсаулығың болса нашар, тамақтың ӛзін терлеп-тепшіп әрең ішесің, екі иініңнен дем алып, саған қатты жаным ашиды... сен осыдан осылай тек менің анда-мұнда жұмсаған маңызсыз шаруаларымды ғана жасай
сал. - Е, ол қолымнан келеді!.. Сӛйтіп ақылды әйел күйеуіне маңызсыз шаруаларды тапсыра бастайды. - Бүгін азанда ертерек тұрып, кішкене ғана бақшаны шӛптей салшы.. Бір азғана отын жара салшы... тек қатты қиналма Жаным... Үй мен түздің жұмысы түгесілген бе, сірә да. Кешке қарай жалқау күйеу кӛзге кӛрінбейтін маңызсыз шаруаларды атқарып болып, тамақ ішуге мұршасы жетпей тыраяды. Ертесінде тұрып жатып айтқан екен дейді, бейбақ күйеу: - Шаруаның маңызсызы мұндай болса маңыздысы қандай екен?! - деп. Ақылды әйел ақымақ күйеуінің басынан сипап: - Осы кӛзге кӛрінбейтін ұсақтүйек күнделікті жиыла келе маңыздыға айналады. Бір жылдың шаруасын бір күнде атқару мүмкін емес, сондықтан шама келгенше тірнектей берсең таудай іс бітеді...
Құрбандық
Бір пенде Жаратушыдан ғұмырлық ісін жалғайтын бала сұрайды. Адамдар түгілі жан-жануар, жәндіктерге рахымың түсіп жатқанда сол да сӛз болып па Сізге дегендей. Жаратушы оған: - Келісейін, бірақ менің біраз шартым бар: нәресте силаған жарыңды шарана түсер-түспестен ӛзіме әкетем. - Олай болмайды ғой, баланы қалай асыраймын анасыз! - Тағы бір қатын аласың, сол емізіп ӛсіреді... - Жо-жоқ! Келіспеймін, жанымнан артық кӛретін жарымды қимаймын!.. - Онда балаң шыр етіп дүниеге келген сәтте сені ертіп әкетем... - Япырау, осынша қысасқа түсетіндей не жаздық, айтыңызшы?! - Бұған тікелей кінәлі сен емессің, әрине... жалпы адамдар ештеңені бағаламай кетіп барады, соларға сабақ болсын деп сені сынға алып жатырмын. Мүмкін сенің осы күйіңді кӛріп ӛзгелер ойланар деген үмітпен... - Cонда дәп мені таңдағаныңыз қалай? - Кімге сын салсам да бәрі "Неге мені таңдадыңыз?" деген сұрақ қоятынын білген соң, сен бе басқа ма бәрібір емес пе маған... - Егер Сіз де тығырыққа тірелсеңіз менде кӛнгеннен басқа лаж жоқ. Тек әкетеріңізде баламның желкесінен бір иіскеуге мұрсат берсеңіз болды... Уақыты келіп нәресте дүниеге келеді. Кӛрші-қолаң, туыстардың қуанышында шек жоқ. Тек, әкесінің ғана қабағы түсіңкі. Осынша аңсаған арманы орындалған адамға ұқсамайды. Оны байқаған ел де сӛге бастайды. "Не кӛрінді?!" деп. Баланың желкесінен құшырлана бір иіскеп ол анадай жердегі бӛстегіне барып жанын беруге жантаяды... Жаратушы бір кезде құрбан ретінде әкенің баласын сұраса, енді әкесінің жанын қалаған сияқты ма... Бірақ, озбырлық пен қиянатты Құрбан емес, Рахым ғана жеңе алатынын жақсы білетін Жаратушы, әлгі пендені баланың жылаған даусымен қайта оятыпты...
Армандауға болмай ма
Баяғыда бір жалшы еңбегіне бір құты май алады. Лашығына келіп, әлгі құтыны шаңыраққа салбыратып іліп қояды да ӛзі тӛсегіне шалқасынан құлайды. Содан ол армандап кетеді. Мына бір құты майды базарға апарып сатып, ешкі алса, ол күзге қарай егіз тапса, олар келесі жылы тағы егіздетсе... Қойшы әйтеуір, екі-үш жылда бұл байып шыға келеді. Ӛзі малын бағатын байдың қызын алады. Ол маңдайы торсықтай ұл тауып береді. Әне-міне дегенше ұл да ержетеді. Тӛр құбыласы түгел толықсып тұрған бұл да бай. Ханның қызына құда түспек болады. Бірақ, әлгі ұл жүгірмек қайдағы кедейдің беті жылтыраған қызына саңы ауып, әкесін тыңдамайды. Әбден ашуы келген әке баласын таяқпен жотадан бір-ақ салады. Армандауға болмай ма дегендей таяқ құтыға тиіп, құты жарылып...
Жамандықта таңдау жоқ
Бір жолаушы ұзақ жол жүріп келе жатып, жапан түздегі бір үйге тап болады. - Құдайы қонақпын! – деп, табалдырық аттайды. - Қонақ болсаң тӛрлет! – дейді ошақ қасында баласын құшақтап отырған жалғыз басты әйел: - Қонар болсаң, алдын ала айтайын, үш шартым бар. Тек, соның бірін орындасаң ғана қонасың. - Жарайды, қарағым. - Бүгін түні менімен тӛсектес боласың, оған кӛнбесең баламның қанына ортақ бол, егер оған да келіспесең күйеуімнің тірі кезінде ашытқан мына бір шелек шарапты тауыса ішесің... Ғұмырында мынадай сұмдықты естімеген момын байқұс шынымен сасады. Арып-ашып, қара келіншегі мен жалаң аяқтарына қашан жетсем деп келе жатқанда жарының кӛзіне шӛп салу бұған ӛрескел кӛрінді. Ал ешқандай залалы жоқ бейкүнә сәбиді... жо-жоқ! Айтпақ түгілі, ойлауға дәт жете ме!!! Ең абзалы, сол шарапты ештеңе ойлауға шама келмейтіндей тойғанша ішіп, таң атқанша тырайып ұйықтағаным дүрыс болар деп шешеді. Таңертең есін жиса: үсті-басы ит талағандай дал-дұл болған әйел бұны қарғап, қанға бӛккен баласын құшақтап зарлап отыр.
Түс
Екі құштар жан сезім жетегіне еріп, адам аяғы баспаған бір қиянға кетіп қалғандарын тек, махаббат шӛлі басылып, шынайы пенделік шӛл қысқанда ғана аңғарады. Табиғаты керемет ғажап, бір ұжмаққа тап болыпты-мыс. Бір әттегенайы, не ішерге суы, жерге тамағы жоқ екен. Бұл - Адам Ата мен Хау Ана алғаш ұшырасқан бақтың орны да сияқты... Бір айырмасы: ағаш-талы бар болғанымен алма-жемісі жоқ болып шықты... Еріндері кезерген екеуі талай жерді кезгенмен шӛл қандырып, тіске басар ештеңе таба алмайды. Осы жерде дау басталады. Сенің кесірің деп бір-біріне доң лақтырысады. Біраздан соң әбден шамалары кетіп әлсіреп, кӛздерін жұмады. Енді ӛлгеннен басқа жол жоқ екені айдан анық-тын... Талықсыған екеуінің кӛз алдарына айдын
кӛлдің сұлбасы елестеп, шомылып жүргендей болады. Енді бірде мол дастархан басында не бір түрлі тағамдардың ортасында отырады. Суды ішіп жатса да шӛлдері қанбай, қыруар тамақты қақала-шашала жеп жатса да қарындары тоймайды... Екеуі түгілі күллі жұртқа жетерлік су мен тамақты бір-бірінен қорып, жаға жыртысады... Нәпсі мен махаббатты шатастырсаң пенделігің жеңер Желбуаз сезімнің қауқары үш-ақ күнге жетер...
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру