Мазмұнға өту
Home

Менің бұлтым

Бауыржан Үсенов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Менің бұлтым

Авторы: Бауыржан Үсенов

Бауыржан ҮСЕНОВ Алматы «Жазушы» Бауыржан ¦СЕНОВ МЕНІ¢ БµЛТЫМ Өлеңдер, поэмалар Менің бұлтым

Үсенов Б. Менің бұлтым: Өлеңдер, поэмалар. – Алма­ты: «Жазушы», 2012.– 224 бет. – “Жаңа заман әдебиеті. Поэзия” сериясы. ISBN 978-601-200-379-6 Өмірден ерте өткен дарынды ақын Бауыржан Үсеновтің есімі жыр сүйер қауымға жақсы таныс. Жастыққа тән жігерлі жырларымен көзінің тірісінде-ақ оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген еді. Жинаққа лирикалық туындыларының ең таңдаулылары енгізіліп отыр. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Ү 83 Ү 83 ISBN 978-601-200-379-6 © Үсенов Б., 2012 © «Жазушы» баспасы, 2012 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды

Бауыржан ҮСЕНОВ ҚҰДАША Самал лүп-лүп етеді, Тынар таудан әрі асса. Бойым балқып кетеді, Құдаша қыз жанасса. Әзілімен өңгеріп Сылдыр-сылдыр күледі. Құрбыласын тең көріп, Ашық-жарқын жүреді. Қирай ағаш боп қалдық, Келе сала қаладан. Сөз айтуға оқталдық, Хат жібердік баладан. Жинап жүрсе гүл десте, Жайнап кетер жарасып. Керек десең бір кеште, Төбелестік таласып. Өңшең бала қораздар, Дүниені көшірген. Махмұт бар, Ораз бар, Қойшыбай, Бек, сосын мен. Қызыл шие болдық та, Жаннан безіп түңілдік. Көне алмастан қорлыққа, Құдашаға жүгіндік.

Менің бұлтым “Рыцарлар” деп күлді, Сәл мұңдылау көзбенен. Ішімізді кептірді, Содан кейін сөзбенен. “Біреу, деді, – жүрегім Жұрдай қылды үміттен. Сөз байласқам, жүремін Қалада бір жігітпен. Сендердікі ойын, ә, Албырт достар арынды. Келесі жыл тойыма, Шақырамын бәріңді.” Құм құйылды ауызға, Жағдай ептеп жөнделді. Қаладағы “жауызға” , Бұйыратын болды енді. Құдашамыз тәтті еді, Жан біткеннің құмары. Көп жігіттің әттеңі, Көкейінде жүр әлі. ӘСЕЛ Қайран Әсел, қыз Әсел, Әсел – елес, Көктем сенің жаныңда әсем емес, Жатақхана ішіне қамалғанша, Қызыл-жасыл киін де, Көшеге көш, Үлпілдеген көгілдір қаз баласы, Миығыңнан жымиып Маздамашы, Көзіңе бір түсуді арман қылып, Жөңкіліп жүр қаланың бозбаласы. Алтынкүрек желінің лебі ме едің

Бауыржан ҮСЕНОВ Әлде алтынның өзісің.... Не білемін? Жанап өтсең жанымнан есім кетіп Бауырыма ауады менің ерім. Көкте де емес, жүресің жерде де емес, Секілдісің ғайыптан келген елес. Келбетіңді кім сенің өлең қылмас Қылығыңды кім сенің термелемес. Абай атам ән қылған – Әйгерімім, Шапқылаумен шығардық бәйге шаңын, Ілияның “Әселін” хормен айтқан Кетер екен аты озып, Қай перінің Талапкер көп, Болды бұл қиын егес, Көктем сенің жаныңда бұйым емес, Жүрегім мен еркімді бердім саған Жаным Әсел, Тек менің үйіме көш. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ Бауыржан Момышұлы – ердің ері, Атағын әлемдегі ел біледі. Танытқан ата жұртын – ер қазақты, Тағдырдың жұлып кетті зеңбірегі.

Оны әлі таулар жоқтап түнереді, Бар еді мың қасиет, мың өнері. Сөзінен күн күркіреп, жасын ойнап, Бар болса ортамызда жүрер еді. Бұлт болып көгімізден көшкен күндер, Сендер де Бауыржаннан сескендіңдер. Бұл тойын хас батырдың тойласуға, Қонақтар Мыңбұлаққа қош келдіңдер! Менің бұлтым Бауыржан енді қайтып туады ма, Өтті ол тигізбестен су арына. Алыстан ат тербеткен өзбек, қырғыз, Қош келдіңдер, жер жаннаты – Жуалыға!

Шаңдатқан топырағын Мыңбұлақтың, Нуларын аралаған гүлді бақтың. Жүр еді алшаң басып Алматыда Ағамды тұғырынан кім құлатты. Ол енді Жуалыға келе алмайды, Кезбейді Берікқара мен Боралдайды. Құстар да көктемеде қайтады ғой, Бірақ та біздің Баукең оралмайды.

Сексенін тойлаймыз деп балақ түріп, Ұрпағы атқа қонды-ой талап қылып. Әлде Баукең құсқа айналып кетті ме екен, Ерлік пенен даңқты қанат қылып. Көзіме ер тұлғасын елестетем Жерлесін Бауыржанға демес бөтен. Қазақтың аспанында самғап жүрген, Бір қыран біздің Баукең емес пе екен. Ұрпағын көрсе жүрген күңіреніп, Берер еді қоң етінен бүгін ойып, Бірақта бар қазағың толтыра алмай, Қайтейік, орны тұр ғой үңірейіп. Қалғанша ел қорғады қасық қаны, Көңілін кім-кімнен де жасытпады. Мұрттарын тікірейтіп бір ақырса, Қоғадай жапырылған пасықтарың. Айтып тауыса алмаспын ол туралы, Жуалы ұмытпайды қолтуманы.

Бауыржан ҮСЕНОВ Баукеңнің аңызы мен ақиқаты, Халқының көкейінде толқуда әлі. Мен оған талай өлең бағыштадым, Арнадым домбырамның қағыстарын. Далам аман болса егер, қазақ аман, Өлмейді Бауыржандай арыстаным. Жеңілдеп күндер өте ауырладың, Жазылар қайран халқым, жауырларың. Момышұлы тойының бетін ашып, Шықты алдыңа тағы бір Бауыржаның. Жат емес мерейі өссін жақынымның, Бұл тойға қанша халық шақырылдың. Момышұлы Бауыржан Батыр болса, Мен жырлап өтер ақынымын. Баукеңе бүкіл әлем болды ғашық Рухы келе жатыр жолды басып. Базары осы тойдың тарқамастан, Мәңгілік өте берсін тойға ұласып. 1990 ж. ЖАҢБЫРДАН СОҢ Келіншектей кермиық күн күледі, Күлген күнді бұлт келіп бүлдіреді. Жаңбыр менен сәуленің перзенті боп, Кемпірқосақ қияда үлбіреді. Жаңбыр жауса желкілдеп көк өседі, Өскен көкке егіндік теңеседі. Егіндікте жап-жасыл бет түзеді, Өңкілдеген ауылдың көп өсегі.

Менің бұлтым Көп өсекті қуалап шал ақырын, Иесін қосып сыбайды қабатынан. Шақылдаған суырды ілемін деп, Жерді соқты байқамай бала қыран. Бұлғақтаған бойжеткен суға барды, Қызды көріп ақ балық тулап алды. Қызды көріп кенеттен тына қалды, Бақа біткен айып қып шулағанды. Ақбоз атты жас жігіт келді кенет, “Сәулем-ай” –ды ысқырып, желді демеп. Тобық сұрап күледі, тобық деген – Берген сертті тергейтін – белгі демек. Балықкөз шық шалғында жылтылдайды, Шіркей қағып ақ балық бұлтылдайды. Аймаласқан ғашықтың тәтті сырын, Жар астында бұқпалап кім тыңдайды. Дал-дұл қылып жел бұлтты айдап кетті, Жер жарықтық бусанып жайлап кепті. Қыз еркелеп су шашты жігітіне, Қайнар көзі шымырлап қайнап кетті. Ауа таза, жер таза, таза бәрі, Әнге басты қой баққан қазақ, әне. Жаңбырдан соң тазарған дүниені Қандай ақын білмеймін жаза алады. Мен суреттеп ширегін бере алмадым, Айтып жатыр қайыңға жел арманын. Құштарымды сағынып кеттім кенет, Қайың жаққа мені іздеп кел, ардағым. 1989, ақпан.

Бауыржан ҮСЕНОВ МЕНІ АЛА КЕТІҢДЕРШІ, ТЫРНАЛАР! Қайда кетіп барасыңдар, тырналар! Мені ала кетіңдерші бұл елден. Запы болдым қабақтардан түнерген, Жара болды қос аяғым шідерден. Тәуелді боп топастарға шіренген, О, қашанға бүгежіктеп жүрем мен, Мені ала кетіңдерші бұл елден. Мені ала кетіңдерші, тырналар! Кең даламның сау жері жоқ түреннен. Қай қырқаның гүлін теріп күлем мен. Тулақ тай жоқ атам мінген күреңнен... Қай көкпарға тақым қысып кірем мен... Келгеніңмен қонатын жер таба алмай, Көздерің бе кейін қарай үдерген Мені ала кетіңдерші, тырналар! Сатқын десін, бұзық десін бұл мені, Жылағандай бүгін елдің күлгені. Туған жерге сарымаған ит бар ма? Қандай төбет өңеш керіп үрмеді. Жалған, жалған! Ел дегені іргелі, Елміз біздер соға берген түрмені. Тастамастан ала кеткін бұл мені. Қанатты құс, қанатты құс, қанатты, Сені Құдай қанатты қып жаратты. Сол Құдайға сене алмастан отырам, Жамап жатып ит талаған балақты. Өз бүркітім топшысынан қайрылып, Бөтен қарға елді аузына қаратты. Белден басып намысы мен дабысын Қара көзден тарам-тарам қан ақты.

Менің бұлтым Мені ала кетіңдерші, тырналар! Арабқа ма, түрікке ме бір жерге. Көкірегіме жара шықты емі жоқ, Кеуде керіп шығамын деп сұм желге. Ел мен жердің сорлылығын көргенше, Дәруіш боп күн кешейін бір жерде. Тастамаңдар, тастамаңдар тырналар! Қанатыңның астында көк аспан бар. Сендерсіңдер көктің кілтін ашқандар, Тым болмаса, Шығарып сап биікке, Қаратаудың көк тасына тастаңдар, Содан кейін үйір-үйір тырналар, Сендер де бұл жаққа аяқ баспаңдар... ЦИВИЛИЗАЦИЯ МЕН ТАБИҒАТ Боздап жатыр дала нар, Бота қазақ салады ән. Селолар мен қалалар, Бой көтерген жаңадан.

Жатқан жерге шаң ұшып, Тұяғынан тағының. Бара жатыр жарысып, Жылдамдатып адымын. Нөсер жылап жауады, Жүрген сынды жоқ қарап. Тазартуға ауаны, Жел дәрменсіз боп барад. Даусы шыңмен астасып, Завод жаман өкірді. Шырша түгіл тас қашып, Бара жатқан секілді.

Бауыржан ҮСЕНОВ Жыпыр-жыпыр тау түсті, Шамнан жайнап тұр тіпті. Мекенінен барысты Дачалар кеп үркітті. Тамсанатын жүз қарап, Аң-құсы қайран бел. Қырандарды мұзбалақ, Запы қылды лайнерлер. Естіледі жер үні, Ей, адамзат, құлақ түр. Қуалап жүр бөріні, Түрен салған трактор. Су перісі бұрымда, Әділетке шөлдеді. Қанша балық қырылды, У-қалдықтан көлдегі. Көшелерге қараңдар, Бақа-шаян жүр қаптап. Бірақ онда маралдар, Ойнамайды бұлғақтап. Жойылған жоқ құлдықты із, Қан жұғады шалғынға. Кінәліміз сұмдық біз, Табиғаттың алдында. Дабыл, дабыл, дабыл қақ, Текке өлмесін бір шабақ. Қызыл кітап қалыңдап, Бара жатыр жыл санап. Болса да қор баршылық, Тірке болсын әр шыбық. Тағылыққа қарсылық – Табиғатқа қарсылық.

Менің бұлтым Құрбандығы арқанның, Тасырлатып, өткенді. Ескерткішін тарпаңның, Қояр мезгіл жетті енді. Сан мәнерлі қала сап, Цивилизация деп. Жасаудамыз қиямет. Арналмайды емге бұл, Күйкі тірлік құрсаған. Бірақ мына сөзге бір, Құлағыңды түрші, адам! Жайнаса да бағымыз, Атса да жарық таң. Басса жерді тағы мұз, Мықты емеспіз мамонттан. 1983 ж. ҚАРЛЫҒАШ (Әні бар) Бармақтай құсым тамағы аппақ, Ән салатұғын даланы мақтап. Бұлақ сылдырап алма гүлдеді, Келмеді үміт, алдады мені, Қайырмасы: Қарлығашым-ау, кешіккенің не? Көктем келді деп есітпедің бе?

Аулаң да аман, ұяң да аман, Кеп қалдың-ау деп қиялдап алам. Өзіңсіз маған қайда да мұңды, Сағындым, құсым, сарғайғаныңды.

Бауыржан ҮСЕНОВ Бөктергілерден өте алмадыңдар, Отандарыңа жете алмадыңдар. Жапырақ өрді жамырап талдан, Ұяңды қайтем қаңырап қалған. КЕЙ КЕЗДЕРДЕ КЕТЕДІ ҚАЙҒЫМ АРТЫП Күн тұтылып көңілде, ай мұнартып, Кей кездерде кетеді қайғым артып. Сұм адамнан айласы алпыс қырлы, Адамдықты білмейтін маймыл артық. Өсиетім емес бұл дана жазар, Шабытынсыз шайқастың жана ма ажар. Олар, олар ақтық пен әділдікті, Сатып кетер қанқұйлы қара базар. Жазып та жүр зымиян іспен жарып, Жіберер ем іркілмей тістен салып. Бірақ олар шықпайды айқасқа ашық, Жасырын-ақ жатады іштен шалып. Қаймықпаймын шықса да жолдан аңғар, Төреші елім ісімді оңнан аңғар. Күнде балта шапсақ та тамырына, Қайдан ғана шығады оңбағандар. Құламайық көк мұзда тұрып, тайып, Дәрмен барда құлаған ғұрыпқа айып. Ортамызда құны жоқ маймыл құрлы, Адамдар бар екенін ұмытпайық. Шалма тастан шыңғыртып қыл есейік, Көзден тайса қоңыңнан крест ойып. Алады олар, Сондықтан қар жамылып, Мұз жастанып жүрсек те күресейік. 1983 ж.

Менің бұлтым ПОЭЗИЯҒА НАЗ Өлең, өлең өксітіп жастығымды, Жасап келе жатырсың қастығыңды. Сені жазып қаламға қарысады, Буындырар қолдарым қасқырыңды. Жүгің ауыр балаңдау тұйғын үшін, Өршеленген өртіңнен күйді ұлысым. Кіріп алған санама сайтан құсап, Әңкі-тәңкі қыласың мидың ішін. Түк жазылмай сызылды парақ қанша, Ертең арыз айтасың ар ақталса. Періштесін ұйқының бөлме ішінде, Тырқыратап қуасың таң атқанша. Бір өзіңді төтенше өкіл көріп, Өміріңе барады етім де өліп. Отырғаным ертесін қалғып-мүлгіп, Басы ауырған киеван секілденіп. Тойға барып қалайша тасиды әнім, Табамын деп бояуын қасиданың. Кеше кешке әзер деп аман қалдым, Түсе жаздап астына машинаның. Соғайын деп ойласам нұсқа күйме, Шолтаң ете қаласың қысқа күйде. Қызға барар кей кезде жымың етіп, Сәтті ұйқаспен алдайсың ұстап үйде. Есі кетіп есімін көп атаған, Сірә, сендей әлемде жоқ атаман. Атандырдың ауылда кісі киік, Алматыда қияли боп аталам.

Бауыржан ҮСЕНОВ Аң-құсы жоқ алып тау аңшыға тар, Басым асау, тәнім жас қамшы батар. Қойторы боп кетем ғой қажытпашы, Жазығым не соншалық сансыратар.

Жазсам-дағы жүргем жоқ жүлде байлап, Жете алмаймын түбіне күнде бойлап. Барлық досым футболға кетті бүгін, Мен отырмын өзіңмен футбол ойнап. Жалықтырды тегі бір сарынды мұң, Ақтарылды наз болып барым бүгін. Аптасына бір рет соққанымда, Алғабай деп күледі қалыңдығым. Мазалайсың, вальске билегенде, Мазалайсың, еркелеп, сүй дегенде. Келіншек те керек қой ертең маған, Әлде сенің өзіңе үйленем бе. Қалай, қайтіп, құтылам, қайда қашам, Жібермейді сен үрген айнала шаң. Өлтірсеңші, немесе өсірсеңші, Дейтін едім еліме пайдаға асам. Көлеңкеңмен қорғайтын бол еңселім, Тереңіңнің әйтпесе бер өлшемін. Азабыңнан жауырым болды ошақтай, Рахатыңды қай кезде көрсем сенің... 1983 ж.

Менің бұлтым * “Ертегідегі аң мен құсты қынадай қырған зұлым баланың өлігінің басында тұрып анасының айтқаны” . Қабанның азуын қайырып, Атша ерттеп мінетін аңшы едің. Бел омыртқаң үзіліп опат болдың ба, О, зауалы Хақтан келген қанішерім. Байлығынан тоналған, Шашын жайып қара орман. Қуаныштан жылайды, Айтпап па едім, қарғам-ау, ұмыттың деп Құдайды, Жазығы жоқ аң мен құс үкіміңді сұрайды. Сұрап жатыр сүйінші, Қуаныштан желіккен. Қасқыр келіп еліктен. Тіліп едің талайының желінін, Сүтке толып деріткен. Келді ме ақыр ажалың, Басыңдағы бөріктен. Түлкі деп қап қиядан түсіп саған бір қыран, Жатырсың ба зұлымдық тұнған миың бұрқырап. Ләззат алып келіп ең, Қолыңа түскен құралайлар мен қонжықтар, Жылаған кезде шырқырап, Ажалыңа тура келіпті-ау, Қолымнан тігілген бұл тұмақ. Қан құсып еді, Сәби үшін жолбарыс жортып жырамен, Қысық көздері мылтықша тиер қырағы ең. Сенің қасап қырғының үшін, Табиғаттың алдында кінәлі ем.

Бауыржан ҮСЕНОВ Бала емес бәле таптың деп, Бетіме топырақ шашатын еді кіл аң-құс. Қызығыңа адам айланбай тұрғанда, Өлтірген сені абзал қыранға мың алғыс. БЕРМУД ҮШТАҒАНЫ Естілді құс хабары, Тербейді жел бұтаны. “Бермудтың үштағаны” Түсіме енді тағы. Шошытқан кемел елді, Қайғылы картада орын. Самолет, кемелерді, Құшағы тартады оның. Атады таң асыға, Қиялмен, Ғарыштан да асып кетем. Әлде адам баласына, Көк мұхит ғашық па екен. Тұңғиық тасалаған, Құпия сырын ашық айта алмайды. Бермудтен қашады адам, Өйткені ол қайтармайды. Тіге алмас батыр байрақ, Бермуд ол, табиғаттың Қолтума ісі. Тереңде жатыр қайнап, Сұрапыл тарту күші. Тосын жер ел күтпеген, Мүмкін бұл болар бәлкім, не қыламын Мен бүгін Бермуд деген Атауға табынамын.

Менің бұлтым Бойлық пен ендікте де, Теңіздің қарсы алмадым, бұла таңын. Бірақ та Бермуд деген, Атауды қайталауды ұнатамын. Ауылдың ар жағында, Белдерде алақайлап гүл секірді. Ал менің дәл жанымда, Бір “апат” жүр секілді. Тағдырым үндемеді, Жаймады ғайыптан кеп, ерлік құшақ. Сол апат күнде мені, Тартады Бермуд құсап. Шертіліп ғашық әнім, Қалықтап айналса арман. Мен сұмдық сол апатқа, асығамын, Тілім мен жанарымды байлап алған. Самалмен ойнап қайың, Сыр айтады, мен оны анықтағам. Бұйдалы тайлақтайын, Бүлкілдеп Бермудыма маңып барам. Қиялды күнде өсірдім, Еріксіз елти берем. Бермуды бұл досыңның, Есілдің ерке қызы жел тимеген. Бұл махаббат кімдерді қаталатпас, Бағым ба, сорым ба екен. Сол қызға “апат аттас” Кеудемде орын бөтен.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қарсы келсе қарадай қысыламын, Сабақтан бірге қайтам, “О” апатқа ұшырадым, Енді оны Бермуд демей кім деп айтам... 1983, желтоқсан ЕСІЛ ҚЫЗЫ Бейнең сенің мен үшін лағыл арман, Арманға еріп өзіңе тағы барғам. Тағы да ыңғай бермедің сәл жымиып, Есіл қызы, жынымды қағып алған. Қалай тұрар көздерім мұнарланбай, Сені көрсем естимін бір ән балдай. Сүйемін деп үздігіп сырымды ашсам, Үн шығармай қинайсың, кінәм қандай? Мінезімнің тым өршіл қыры сынды, Жаратпаймын өзімнің бір ісімді. Терезеңнен кете алмай жүрем түнде, Біреу бұзып кетердей тынышыңды. Қоңыр баққа суық пен сыз боп келіп, Мезгіл мынау барады күзді өткеріп. Ашуланып кей-кейде кетіп қалсам, Ертеңіне тұрасың іздеп келіп. Жыр арнаймын мен саған жүзікке тең, Сықылықтап күлесің, қызық па екен. Байқа, жаным, мінезім тарпаң тектес, Шалмақ темір болса да үзіп кетем. 1983 ж.

Менің бұлтым АУЫЛ СЫРТЫНДАҒЫ ӘН (Әні бар) Кеудемде сөнбейді арман, Сен маған өкпелеме. Қайдасың келмей қалған, Құсым-ау көктемеде? Қайырмасы: Кетерде қолдан ұшып, Қал дедім, тоқтамадың. Қалдың ба торға түсіп, Білмеймін, жоқ хабарың. Таусылып бұла күшім, Жүректі түтуде мұң. Келсеңші, қуанышым, Мен сені күтудемін! Басынан қос теректің, Ұшады қос көгершін. Күрсініп кештер өтті, Мүмкін сен кеш келерсің. ТӨЛЕГЕНДІ БІЛМЕГЕН ЖІГІТКЕ Шыныңды айтшы, сол жерде кімге айналдың, Сол жай мені мазалап күнде ойландым. Айбергенов Төлеген кім дегенде, Төбеңнен жай ұрғандай білмей қалдың. Біреу күліп, ал біреу мұңданар-ақ, Қайда өскенсің, досым-ай, кімге қарап. Мына сенен кем бе екен, артық па екен, Ақындарды жүргендер шыңға балап.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қып-қызыл боп ұяты бетке шығып, Тоқтау салған құрбысын шетке ысырып. Жыларман боп қарындас, тоқтамастан Тарс жауып есікті кетті шығып. Көр кеудеге тап болған мөлдірлік-ау, Сеніп қалды-ау түріңе көлгір мынау. Сен жыр құмар арудың, топастықпен, Оттан ыстық намысын жер қылдың-ау. Ақын кетті өмірге сыя алмастан, Тірілерге бұл күнде қиял, дастан. Нар ақынды білместен, құрбыласым, Жігітпен деп жүрсің-ау ұялмастан. БӨЛТІРІГІМ ҚАЙДАСЫҢ? Қойтас үнсіз мүк басқан құс денелі Тасқа біткен кәрі арша тістенеді Бұрылыстан жалғыз көз үңгір шықты, Күшік үрей кеудемді тістеледі. Бөрлісайдың бұтасы аяқтан ап, Не іздеп жүрсің? – дегендей – Саяқ қарақ? “Арландардың апанын іздеп келдім, Деймін оған, – Жүргем жоқ таяқ қарап”. Қалыңын-ай мына бір долананың, Қоршар ма еді кесіп ап қора маңын, Достарыммен бәстесіп кеткен едім, Бөлтірікпен қалайда ораламын. “Осы маңда” , – дейтұғын Қасым атам Көрмеген жер, Болып тұр тасы да таң, Қай қалыңда Астында қай жартастың Сүйек-саяқ шашылған,

Менің бұлтым Сасық апан. Күшік үрей кеудемде қыңсылайды Өн бойымды тікендер шымшылайды. Ит келмейтін жер екен, Мұндай жерге, Қасқырлардан басқа енді кім шыдайды. Іздедім мен. Не жылымды тіліп өтіп, Дал-дұл болды қонышты құрым етік. Тасқа біткен аршынға қайтіп келдім “Таба алмайсың ”, – деді ол күбір етіп. Не іздеп жүрсің қызығы кеткен түзде Ойнамайды бөлтірік көптен бізде. Бөрлі сайдың ең соңғы бөрісінің Қурап қалған сүйегі өткен күзде. Сенсең осы, Сенбесең Құдайға бар. Сен де кеткен, бұлағым ылайланар. О, Құдірет, бөрілер ада бопты – Малды ауылды ұйықтатпай шыр айналар! Мен үнсізбін, Арша да сөйлемейді, Әлденені қу бұтақ бейнелейді. Атып, Улап, Қақпан сап қырып салдық, Есесіне мыңғырып, қой көбейді. Әрі дәмді қой еті, Әрі майлы, Қой күзетіп шопандар арымайды, Біздің тауда қасқырлар ұлымайды Біздің тауда қошқарлар маңырайды.

Бауыржан ҮСЕНОВ СЫРБАЗСЫМАЙ СЫР АШАМ СӨЙЛЕГЕСІН Сырбазсымай сыр ашам сөйлегесін, Мен өмірден түңілем кейде досым. Шалғайымнан тартқандай шиебөрі, Шөлде қалып қойғандай бейне көшім. Бұлақ мұзға айналып кететіндей, Құлағымнан жел сарнап өтетіндей, Мұрат, шіркін, пенденің пәруана боп, Мәңгі жете алмайтын бекетіндей. Бұлбұлымды бүргендей қаршыға кеп, Болысам деп жүрегім шаншып әлек. Көкірегімді аршығым келсе мұңнан, Айқайлайды ол сығыр, аршыма деп. Бәйге-құнан аяғын сындырғандай, Сындырғандай мұң шайып шыңғырғандай. Не болды деп күрсінбе, ойланамын, Жігерімді осынша құм қылғандай. Мені тастап достарым кеткен-сынды, Қаға алмайтын мұңлықпын беттен сұмды. Сіңіре алмай санама отырамын, Самал болып еркелеп жеткен сырды. Айналамда ешнәрсе қызық емес, Жатады өтіп көзімнен үзік елес. Бар адамның басында болатын жай, Мықты болсаң, елесті бұзып егес. Жыр құрадым, таба алмай толымды ырғақ, Сықылықтап күледі сорым жырлап, Тұман-тұман ойлардың түпкірінен Тіршіліктің шырағы қолын бұлғап. 1991, мамыр.

Менің бұлтым ГҮЛ ТУРАЛЫ ШУМАҚТАР Әдемі гүл үзіледі ертерек, Соған бәрі жүгіреді ентелеп. Көбелек те, ара да Мал атаулы жайылатын далада Зұлымдықпен шығып жүрген атағы Жыландар да гүлге оранып жатады. Саудаға да түсіп жатыр сорлылар, Қурап қалса күлге тастап қор қылар. Бар айыбы – болғандығы әдемі, Нәзіктігі, һәм бояуы, бәдені Жанбай жатып сөнетұғын бұл ғұмыр Тереңінен оятады мұңды бір. Бірақ қолдан келетұғын қайран жоқ Іштен тынам ақыл-ойым айран боп. Ей, көбелек, Қызыл-жасыл қанатыңды бұлдама, Көбелек қып жүрген сені гүл ғана. Бар шырынын сорып алып, солдырып, Кете берер бұлаң қағып, болдырып. Ұйпалақтап, ауыстырып сан гүлді, Қонышынан басып жүрсің тағдырды. Тірлігіңе қызығады бәр-бәрі, Барлығының гүлге қону арманы. Бұл ғұмырың, бірақ ұзақ созылмас, Жұпарға мас ессіз жәндік, Көзіңді аш, Сенің гүлсіз ғұмырың жоқ бір де күн. Сол жағдайды білдің бе сен... Білмедің... Көктемеде сезімге мас қыз күлген Қанша гүлді өз қолыммен үздім мен. Ойламаппын, бар екен деп бір мәні О, гүлдер-ай... махаббаттың құрбаны. Қызыл өрттей жайнайтұғын қыр онда Қызғалдақтар,

Бауыржан ҮСЕНОВ Қыз беліндей бұраңда. Көбелекше ұшып-қонған күндер-ай... Жапырылып баудай түскен гүлдер-ай! Гүл дестенің соры болған көктем-ай Сол бір шақтың із қалдырмай өткені-ай! Ойлап тұрсаң, егіз тағдыр – қыз бен гүл, Бақ пенен сор Майшам алып іздеп жүр. ТҮН Мақпал түн күлімдейді, Сиқыр ғой анық, көкем. Жұлдыздар дірілдейді, Дегендей тамып кетем. Ай бұлтпен аймаласып, Күледі үркер-үміт. Бұлақтар сайға қашып, Өзендер жүр шомылып. Ақ қайың сыбдырлайды, Жалаңаш омыраулы. Алыста шылдырлайды, Құлынның қоңырауы. Дүние тынып қалған Түн менің мықты ақыным. Шеткі үйден жігіт барған, Бойжеткен шықты ақырын. Түндерде қашаннан да, Махаббат сөз алады. Айраннан жасалған ба, Құс жолы бозарады.

Менің бұлтым Шолпанның соңын ала Таң да енді ере келер. Табиғат – Тәңір, Алла, Түніме береке бер. 1984. Алматы. ТҮН СИҚЫРЫ Түнде сиқыр бар дейді О, сенемін, сенемін. Мен дию, сен пері едің, Таң атқанша айтайық, Махабаттың өлеңін. Жабағы бұлт көктегі, Көлегейлеп жұлдызды. Жасырады түн бізді, Үзілмесін ессіз шақ, Сағынбаймыз күндізді. Сен жауқазын сүйріктей, Қабағыңды аршыдым. Жалынышты жан сырын. Бар шырынын сыйлады, Алма төсің бал шырын. Ұмыттырды әлемді, Ыстық құшақ, тәтті ерін. Бір ғайыпқа батты ерін. Езілгенмен үн-түнсіз, Естілмеді әттеңің. О, Ай-Ана сәулелі, Кеудемізге сенім сеп, Болмас енді шегінсек, Некемізді түн қиды, Мен күйеу, сен келіншек.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қара түнді қорған қып, Таң атқанша толғандық. Жатты бізді тербетіп, Атам күйеу болған жұрт, Анам келін болған жұрт. ШИРЕК ҒҰМЫР Шаппасам да жауыма желікпенен, Мақсатымның жолында өліп берем. Толқынында өмірдің арпалысып, Таланымның жазғанын көріп келем. Кідірмек пе ой артқан кіре-көшім, Тағдырыммен бар әлі мың егесім. Тауда жалғыз қасқырмен бетпе-бет кеп, Ажалдың да көргенмін тірі елесін. Оймен кезем жер менен ай арасын, Бұлтсыз аспан әнімді аяласын. Жиырма бесте қайтқанда туған ағам, Өлімнің де түсіндім аямасын. Кемшін көріп тайған жоқ бастан бағым, Дей алмаймын қыранша аспандадым. Қол соққанда ел алғашқы өлеңіме, Шарабына шаттықтың мас болғанмын.

Тарихымды, о, өлең, жаза бер сен, Қашан мынау кеудемнен тазарар сең, Бір өкініш, бір үміт арасында, Өткен жайлар көп екен қаза берсем. Көрдім біраз ой-санам қалды байып, Кәне, қандай тартасың алдыма айып. Өмірінің ширегін жайып салып Бозбала отыр алдыңда сәл мұңайып.

Менің бұлтым КӨБЕЛЕК Күйін кешіп отқұмар көбелектің, Күйіп қап ем, ем жасап көмек еттің. Ұшырып ең бүтіндеп қанатымды, Қалқашым-ау, өзіңнен неге кеттім? Серік қылып шыңғырған арда мұңды, Сенделемін тістеумен бармағымды. Қараңғыда жүрмін ғой күйім кетіп, Жан таба алмай айтуға арманымды. Желіктіріп жүрсе де қиял, әнім, Бұрынғыдай кезбеймін би алаңын. “Гүлден гүлге қонғаның ұнамайды”, Сол сөзіңді есіме жиі аламын. Неге құлақ аспадым кеңесіңе, Деймін-дағы табынам елесіңе. Жарығыңа басқа бір көбелектер, Ұрынғанда алдың ба мені есіңе. Бір гүл тартпай тұратын шырын бөліп, Жырым да оңып барады түрім де оңып. Қанат емес, дәл қазір жаным күйік, Емдеп жазшы өтейін құлың болып. Сыйламаппын гүл саған арнап тұрып, Серілікпен тұсаған жан бақтырып. Орнады ма кеш келіп салмақтылық, Мені бүгін гүл де емес, жарық та емес, Жанар отың тартуда қаңбақ қылып.

Бауыржан ҮСЕНОВ ТАУДА “Аңғарында аунасам тарқар мұңым, Дарыныма дарысын дарқандығың”. Деген сөзді күбірлеп өрлеп келем, Арқарлының жалымен, Арқарлының. Мұз құрсанған мәңгі шың мрамор ақ, Жоғарыда бір ұлар жүр аңырап. Бас қояйын жібітсін кенеземді, Тау-ананың ақ сүті, мына бұлақ. Доланада байлаулы тұр ақ тайым, Ойнақтайды ұлпа бұлт лақтайын. Шың басында тербелген жалғыз арша, Қолыңды бер, жаныңа тұрақтайын. Ерлік жырын тек қана сұра менен, Толып тұрсын көзіме жырақ әлем. Қыран ғана қонатын қияметтен Ап қайтуға жазғай да, қыран өлең. ШАҢЫЛАҚ АҢЫЗЫ Бес қаруы бойына сай батырың, Құшақтап тұр мойнынан бәйге атының. Ел басына күн туып жау келеді, Жау келгенде батырға қайда тыным. Шыққандай-ақ айдаһар тап-тар іннен, Қаптап кетті-ау беймезгіл шақта бірден. Күркірейді “батырлар” дөң үстінде, Еркек кіндігі ауылдың атқа мінген. Тағы келді қайғылы өмірге өлең, Тербелді де ақ байрақ жел үрлеген. Батыр айтты “ауғанға Хиуаға”, Кіндік кесіп, кір жуған жерімде өлем.

Менің бұлтым Қарттар тұрды сақалы желбіреген, Тұрды арулар жанары мөлдіреген, Дауыс салды аналар, салмай қайтсін, Жауға аттанып барады өндір өрен. Қайғы өтінде тағы да тоңар ма қыр, Мәйіт кетсе амал не болар “бақұл”. Мың найзамен қалмақты Шаңылақта Күтіп алды қаңғылы Боран батыр. Дүрбелеңі соғыстың орнап тағы, Шаңылақты жап-жасыл шаң қаптады. Өкіреді түйреліп көк найзаға, Хан-Сананың таңдаулы қалмақтары. Ағып жатты сырылдап қан жырада, Дем береді қазақтар: “қалжырама”. Жекпе-жекте бір күнде Боран батыр, Үш кәлләні байлады қанжығаға. Мың найзамен бүркіттеп бүрген көпті, Қалмақ мұндай сойқанды бір көрмепті. Бұл қай қазақ, қай ру қарбы шыққан, Қоңтайшыға жеңімпаз, күн келбетті. Мың найзамен он мыңды кім басынар, Шашын жұлды ойбайлап мың басылар. Хабар жетті кешкісін Хан-Санаға, Сұр аты бар, құрыштай тұлғасы бар. Боран жайлы өлтірген бес батырды, Хан-Сананың көздері жасқа тұнды. “Ұстап ап кел”. Алайда қалың қалмақ, Қырылумен бұл күні кеш батырды. Құрту керек, қалайда құрту керек, Ақ байрақты жүн қылып жырту керек.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қазақ бірақ кеш түсе жоқ боп кетті, Ұрыс бітіп, маңайды түн тұр бөлеп. Үрей буып қалмақтар тыныстады, Таң атқасын басталды ұрыс тағы. Қошқарата, Әруақ, қапта-қапта! Сойқан салды Боранның құрыштары. Оңай боп па он мыңды түйреп, таптау, Сиреп қапты-ау, қазақтар сиреп қапты-ау. Күркірейді ер Боран “Қош-қар-ата-а”, Қылышынан қан саулап имек саптау. Төгіп жатты солқылдап жас Мыңбұлақ, Жылап жатты Боралдай тасты ұрғылап. Жөңкіледі қалмақтар, жөңкіледі, Мың қазаққа жатқандай тасқын құлап. Өліп-талып қазақты қыспаққа алды, Ал Хан-Сана тың тұрған күшті ақтарды. Шегінбеді қазақтар, бұл не сұмдық, Мыңбасылар жағасын ұстап қалды. Жан жолатпай қасына сұр ат, батыр, Қолға тірі түсіру жырақта тұр. Ебін тауып қалмақтар сұр жебемен, Сұр тұлпарды шыңғыртып құлатты ақыр. Жан-жағынан лақтырып бұғалықты, Байлап алды көп адам бір алыпты. Содан кейін қалмақтар көрмек болды, Қандай заттан жүрегі құралыпты. Езулерде жымысқа күлкі тұрды, Естіп тұрды үн емес, құр күтірді. Көкірегін талқандап жатса-дағы, Хан-Сананың бетіне бір түкірді.

Менің бұлтым Туған ел, бай да болма, жарлы болма, Бас имеген дәстүрді, заңды қорға. Боран тұрды құламай тас боп қатып, Жүрек тұрды бүлкілдеп қанды қолда. Адамды да осылай соя ма, Алла-ай, Күңіренді көп қалмақ қарай алмай. Біреулері қан құсып қашып жатты, Анау жатқан мың қазақ оянардай. 1981 жыл. ТАБИҒАТТЫҢ БҰРҚЫРАЙДЫ ТҮТІНІ Табиғатты талқан қылып өсірдік, Тау мен суды басқа жаққа көшірдік. Кейқуаттай мініп алған Ханшаға, Екі аяқты мойынға сап көсілдік. Кейқуаттар кейіпкері ертектің Күйін кештік есі кемдеу тентектің. Жер – Анаға Желеп-жебеп өсірген, Барыңды бер, Басыңды и деп тептік. ҒТР-ды әулие көріп бас ұрдық , Атом жасап, айламызды асырдық. Қайырып кеп өзімізді қапқанда, Сақа тиген кенейлердей шашылдық. Дей алмайсың бұл жырымды өтірік, Химияны керемет деп көкідік. Енді бүгін бүктетіліп жатырмыз Аурухана төсегінде өкіріп. Біле-білсек табиғатта бар ырыс, Туын оның биіктерге алып ұш. Шошытады ұйқысынан бөбекті, Полигонды солқылдатқан жарылыс.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қайран адам, Құдіретті адам, адам-ай, Өңмеңдеген алды-артына қарамай! Кейін іздеп жылайтынын білместен, Ойыншығын отқа өртеген баладай. Қызыл кітап – маңдайдағы қызыл қан, Құс пенен аң құлап түскен ұзыннан. Бауырына Жер-Анадан бір туған, Қол көтеріп адам қалай бұзылған. Болғаннан соң кеуделі һәм иықты, Бағындырдық бұлт жете алмас биікті. Ұлардай боп шулап, қырылмаймыз ба? Улап болып топырақ пен сұйықты. Бұл дүниенің бөлшек болды бүтіні Ішіп жүрміз уға толы құтыны. Динамиттің шнурындай тұтанған, Табиғаттың бұрқырайды түтіні. Төбемізден төніп-ақ тұр өліара, Қасқыр құсап тұмсық тыққан қораға. Талқанымыз шықпайды ма бір күні, Инфаркт боп талып түссе Жер-Ана. ҚАРТТЫҢ ӘҢГІМЕСІ Аман қалған соғыстан да, дерттен де, Шамаменен жасы 84-терде. Төбе құйқаң шымырлайды, біздің қарт Аштық жайлы әңгімесін шерткенде. “Еске түссе жүректі аяз қариды-ақ, Шошқа жедік, жайына қап шариғат. Тәубесін тез ұмытатын құлына, Көмек берді кең пейілді табиғат.

Менің бұлтым Азық болды қорсылдаған мақұлық , Атып алып, қуырып жедік қатырып. Алып қалдық аштан өле жаздаған, Сәлде ораған молдаға да татырып. Ол кезеңнің көп болды ғой әттеңі, Азық болды кеуіп қалған қап, тері. Қошқарата қорасынан атылған Қабан еті қазыңыздан тәтті еді. Біреу қырда, енді біреу сайда өлді, Ел аспаннан қаны тамған ай көрді. Осы өлкеде, сенсең егер, қарағым Қабан түгіл адам жеген жай болды. Ұн жасадық ұлы өсімдік алғыдан, Быламық қып аш өзекке қалғыған. Шынашақтай шабақ қуып, тұншықтық, Долы судан тастан-тасқа қарғыған. Рауғаш, желкек, жауқазынның түбірін, Тастақ жердің тарысы мен жұмырын. Байқап қалсақ, сілекейіміз шұбырып, Балпақтарды қазып алдық, құлыным. Көз ала алмай тас қайнатқан қазаннан, Қайран күндер, қатып-семіп сазарған. Сары долана, таупияз бен қазықұйрық, Бұл атаңды алып қалған ажалдан.

Өлген өлді, Өлмегені тірлік қып, Қанша уақыт ес жия алмай бұрлықтық, Бүгін, міне, орталарыңда отырмын, Бейбіт күн мен тоқ заманға құлдық қып... ”

Бауыржан ҮСЕНОВ Сақалынан сорғалаған жасына Көз түскенде, жұбатамыз асыға... О, Жаратқан! Ондай сұмдық кезді енді, Бере көрме адамзаттың басына! СЕН ТІРІСІҢ, АҒА! Сен, аға, өлген жоқсың! Сен тірісің! Сезесің сергектікпен ел тынысын. Қолдайсың, бақылайсың. Кәдімгідей, Сана мен саясаттың серпілісін. Ұрпағың ту көтерді, Атқа мініп, Шешілді ақтаңдақтар ақтарылып, Сен тірісің! Отырсың жауап беріп, Өзіңе кеп жататын хатқа ағылып. Қақты сені арқадан ғасыр күліп, Сен тірісің Кітабың – абыл мүлік. Ажал саған әмірін жүргізе алмай, Безіп кетті зар илеп, шашын жұлып. Арыңа кір, Салса да денеңе дақ Жан біткенді Көрмедің сен алалап. Алматыда жүрсің сен тіп-тік басып.

Менің бұлтым Жуалыда жүрсің сен ел аралап. Теңеулердің не түрін қолданғалы, Сен туралы қанша ақын толғанбады. Самал соқса сені еске алады екен, Сыбдыр қағып Москва ормандары. Сенің даңқың құс сынды самғап өрлер, Саған қарап ұландар арман өрген. Жеңіс күні сен үшін тост алады, Қоластыңда соғысқан ардагерлер. Аналар да мұрат қып барша мұңын, Сендей болсын деп туар аңсап ұлын. Дүбіріңе елеңдеп шапқылайды, Бауыржан бап қазақта қанша құлын, Сен, аға, өлген жоқсың, Сен тірісің! Сезесің сергектікпен ел тынысын Қолдайсың, бақылайсың, кәдімгідей, Сана менен саясаттың серпілісін. ӨЛЕҢ – ЖЫРДЫҢ МЕН ДЕ БІР АЛАМАНЫ Ықылымнан сөз емген халық едік, Қызыл тілді сан шоққа қарып едік. Шүкір ертегі, аңызым әлі тірі, Құйысқаны өлеңнің әлі берік. Жібек жалын жел келіп тарағалы, Бәйге құнан бауырынан жарағалы. Қорғап шыққан намысын ту көтеріп, Өлең-жырдың мен де бір аламаны. Сабыламын мұз шайнап, тасқа түнеп, Тілегім жоқ бір жырдан басқа тілек. Түсірмеген бәйгеге балаң көріп, Шұрқырайды шыдамай қасқа түлек.

Бауыржан ҮСЕНОВ Мен мұсылман баласы тұлымым бар Мүлт кетсем далам бар құлынымдар. Ей, достарым, тоңсаңдар құнанымның Бұрқыраған буына жылыныңдар. Інім саған айтамын, аға, саған, Құр қалдыра көрмеңдер тамашадан. Тасырқаса құнаным жолда қалып, Тас қораға әкеліп жаба салам. АРМАНДАП ӨТЕР БІР БЕЙНЕ Мөлдіреген мойыл жанар, жаутаңдаған ерке елік, Жатырсың-ау басқа жанның құшағында өртеніп. Көрінбейтін бір шекара бөліп тұр ғой араны, Сені көрсем жан-дүнием бір мұңайып қалады. Бөгде жанның маңдайында жарқырайсың бақ болып, Мен ойланам ауыр қайғы жүрегімді қақ бөліп. Мүмкін емес жанарыңның алауына шарпылмау, Сені аймалап сол бір жігіт есі кете алқынды-ау... Сен де аймалап, мойынына оратылды-ау білегің, “Асылым” деп үн қаттың ба лүпілдеп жас жүрегің. Сөйлеспей-ақ, кездеспей-ақ сені, жаным, қызғанып, Сенің күнде терезеңе жүз келемін, жүз барып. Мүмкін, қазір кешіп жүрсің ең бақытты кезіңді Мен амалсыз іштен тынам тұншықтырып сезімді. Соңғы кезде мұңлы әндерді домбырада көп тартам, Сені кештеу жолықтырған тағдырыма өкпе артам.

Менің бұлтым Ақ түн еді, жұлдызды ақ түн еді, Самалға елтіп сылдырлап бақ күледі. Терезенің сыртынан қарап тұрған, Қайғы аяусыз дүрелеп жатты мені. Шомылды айнала бозаң нұрға, Уыз бейнең күледі көз алдымда. Келіншек ең аяулы, күйеуіңмен Көшіп келген қаладан жаз алдында. Махаббатты әніме көп қоспаған, Бозбала едім, балаң ем шоқ баспаған. Неге екенін білмеймін сенің көзің, Бір көргеннен кеудеме от тастаған. Сені көрсем байқамай сырт, өзге елді, Содан менің жағдайым күрт өзгерді. Бірақ сені көргенде күйеуіңмен, Мені талай қайғының бұлты езген-ді. Ал сен болсаң, сездің бе, сезбедің бе, Біле алмадым не сыр бар көздеріңде. Сені көру күн сайын бақыт еді, Керексіз ед бақыттың өзге мүлде. Жүйрік еді, япырай, айлар қандай, Менің ешкім мұңымды қойды аңғармай. Шам сөнгенше түбінен кетпеуші едім, Терезеңнің жанына байланғандай. Нешеме өтіп, жанынан неше қарап, Шам сөнген соң кетуші ем көше аралап. Көше аралап мұңлы әндер салушы едім, Бар қайғыны жиғандай пешенеме ап.

Бауыржан ҮСЕНОВ Бір сезімге ілесіп ақылды, тың, Бүгін саған кеп тұрмын ақырғы түн. Менде соғып тұрғандай жарты жүрек, Сенде соғып сол жүрек жатыр бүтін. Шымырлатып кернейді бойымды ағын, Саған деген кінәм жоқ ойымда дым. Мен бүгін қате басқан қадамымды, Сездім де, амалсыздан мойындадым. Мойындадым, сен мендік бола алмайсың, Аспанымда жұлдыз боп жана алмайсың. Жағасы құз, шыға алмас аралдайсың Жылы жақтан құс болып оралмайсың. Жігіт болып бой түзеп қызғанда арың, Қатал тағдыр жанымның үзді арманын. Терезеңнің түбінде таптап тұрмын Махаббаттың алғашқы қызғалдағын. Маған бақыт кездесер той алдымда, Талай күліп батармын талай мұңға. Сені еске түсіретін боламын мен, Ғашығымның жүзіне қараймын да.

Кешпегендер басынан сезбес бірдей Жүресің сен жырда да, сөзде ескірмей. Кеудемдегі бейнеңнен айнымайтын, Бір бақытты мына өмір кездестіргей. Іздейміз деп ойламай айып емін, Жүруші едік қызықтап май іреңін. Мен мектепте оқитын бозбала едім, Сен біреудің некелі зайыбы едің.

Менің бұлтым Көктем лебі самалға ұласқанда, Бізге қарап күлетін күн аспанда. Әлі күнге білмеймін не ойладың, Махаббат боп сыйластық бүр ашқанда. Құсым болып көгімде қалықтап ән, Бастан кештім сезімді жан ұқпаған. Ұстаушы едің алыс та, жақын да емес, Ұзын арқан, кең тұсау салып маған. Тиіп кетсем ұқсайтын тас көмірге, Балғын денең, от тастап жас көңілге. Бірақ, бірақ бұл дәурен шарт үзілген, Сендер көшіп кеткенде басқа өңірге. Жұлдызды аспан жамылып қалғанда әлем, Бір сүйсем деп ерніңнен армандап ем. Бірақ, бірақ сен өзің сүйдіргенсің, Жылап тұрып шығарып салғанда мен. Қазір, жаным, өзгертпей мәнерімді, Жыр құраймын сені ойлап сан өрімді. Сенсең егер мен әлі сүйе алмаппын, Сенің ернің секілді бал ерінді. Есенинге еліктеу емес мұным, Өтіп кеткен махаббат елес бүгін. Сол келіншек десе егер, көңіл еріп, Әлі күнге шығады көмескі үнім. Құшақ ашып жан емес сый істеген, Ернімізге ерніміз тиіспеген. Әйтсе де ол – мен үшін ғұмыр қайғы, Ұмытуға сондықтан тиісті емен.

Бауыржан ҮСЕНОВ Күтіп жүрмін жарқ етер үмітті алдан, Жан дүниемді бүгін де жылытты арман. Оның жарқын бейнесі көкрегіме Тұнбасы боп алтынның тұнып қалған. Аңсай күтіп жүрегің әлденені, Есіңе сен алдың ба таңда мені. Халың қалай, аяулым, ұлың қалай, Ат ұстары кішкентай бар деп еді.

Жылдар жылжып тозаңын сепсе-дағы, Қиял құрғыр сен жаққа көп шабады. Сол баяғы жыр жазып жүріп жатқан Өзгергенім болмаса тек шамалы. Дерегіңді іздедім көрмек үшін, Бірақ ешкім қолының бермеді ұшын. Қол босаса тербейді жанды қинап, “Бір келіншек” деген ән бөлмем ішін. Әлі сенен сұрайды бақтар менен, Сол бақтарға сырымды ақтарды өлең. Есіңде ме ұл болса тұңғышыма Есіміңді қоям деп аттанған ең. Өзің жүрген іздеймін жолдан елес, Жүргенімде гүл бейнең солмақ емес. Сен қоясың ұлыңа есімімді, Оған менің күмәнім болмақ емес. Қырсық шалған тағдырым кінәлі де, Сыйғызам ба бейнеңді мың әніме. Содан бері біраз жыл өтсе-дағы Тамағымда түйнек боп тұрады не....

Менің бұлтым Ажыратпас алды-артын бозбала едім, Қиядағы айға қол созған едім. Айдыныма қонбаған аққу едің, Жүрегімді муза боп қозға менің. Ұмытасың дегенің шының ба еді, Жатса да өтіп үздіксіз күн ілгері. Саған талай сыр шерткен сол домбыра, Жылдар бойы атыңды күбірледі. Жапырағы солмастан сезім-гүлдің, Менен бұрын сан тойға өзің кірдің. Махаббатты сен маған сезіндірдің, Өзіңді ойлап жазумен көзімді ілдім. Солай, жаным, сен болсаң басқа жанның, Құшағында жастықты жасқа малдың. Сен ауылдан аттанған күннен бастап, Мен өзіне айналғам тас қамалдың. Бірақ уақыт ерітті мұз көңілді, Көктем келіп жүрекке, күз берілді. Жылдар бойы аңсатып кенет бір күн, Тура өзіңнің бейнеңдей қыз көрінді. Сезім селі бұлқынып арнасында, Өзің екен деп қалдым алғашында. Жүрегімді ұсындым сол аруға, Мені тағдыр мәңгілік қарғасын ба. О, сағыныш, Аңсай күтіп армандай жан құшағын, Азабыңнан өзіңнің қан құсамын. Көлбеңдейді көзімнен тағы сағым, Басталады артынан әр мысалым

Бауыржан ҮСЕНОВ Тездеп өтіп, уақыт, жолықтыршы, Тек өзіңе арналсын алғыс, әнім. Жүрген кезде жаныңды түсінбеппін, Жырмен ғана жанарын мүсіндеппін. Ән бейнесін іздеген енді бүгін, Аласұрған жанымды түсінбек кім. О, Махаббат мәңгі өшпес негізі бар, Аяулым-ай, демі өрт, лебізі бал. Құшағымыз айқасқан екеуміздей Қоспас сірә өмір де егізін әр. Шат-шадыман күй кешкен күндер өтті, Алдағы сын біздерге үндемепті. Айрылысар күндер де туады екен, Енді кешер ойларым мұң демекті, Күндер сайын береді кім деректі. Сұлу күлкің жанымды емдер еді, Жансыз бейнең тек қана дем береді. Бірақ, бірақ апта емес, айлар өтіп Өзіңді іздеп жүрегім сенделеді. Сен екенсің жаныма ең керегі. Алыстасың, сондықтан жоқ амалым, Қайда жүрсің, желбіреп орамалың. Сағынышқа күн сайын тоналамын, Аңға шықсам олжасыз ораламын. Шырқап жүр ғой әндерді көңіл үзік, Сол жігіт жүр оңды ісін өңі бұзып. Жолығармыз, аяулым, сағыныштан, Мендік жүрек алмаса демін үзіп.

Менің бұлтым БЕЛГІ Талай-талай аспаздар ас-тойларда жүрді есіп, Тұлпар менен тұғырды аламанға бір қосып. Бітіп қалар бес-алты аспай жатып демі өрден, Тұлпарлармен жарысқан тұғырың да өлермен. – “Сырт тұлғасы сымбатты, қамыс құлақ, ешкі бас, Бір құшақтай жалы бар, құйрығы бар қос құлаш. Неге озбайды атым” – деп иелері боздайды, Жаратып-ақ қайтадан жібереді, озбайды. Мініп алар бір боқтап бастан бірер тартып ап, Бәйге алады қораш ат, ай қасқасы жарқырап. Жемде тұрса екі-үш күн шығар қайта құтырып, Түктері де жылтырап, жанары да жұтынып. Ел қарайтын алақтап, секілді бір қанатты ат, Қолпаштауға мастанып иесі қайта жаратпақ. Тұғырларды тұлпардан ажырата алдық па? Ел көзіне түспейтін қораш қасқа шалдықпа. Қоңырайған сырт көзге жалды болар жабың да, Қас жүйріктің белгісі он үшінші қабырға. ТАУ ТІРШІЛІГІ Үйірлі қасқыр аулақта ұлып, Шатқалдың іші күркіреді. Қар барыс қарға аунап тұрып, Рахаттана сілкінеді. Қалықтап көкте олжа іздеген, Жерден көз алмай қыран әлек. Түлкінің жымы мол жүлдеден, Ажалды алтайы шыға ма деп.

Бауыржан ҮСЕНОВ Арқар тұр таста паң керіліп, Сақтықпен шолып айналаны. Қиялай біткен жарға өріліп, Шыршалар үнсіз ойланды. Таутеке тастан тасқа атылып, Дегендей – нағыз сыналар шақ. Көздері мұңлы жасқа тұнып, Жылайды шыңда ұлар ән сап. Мұз қатып қалған ернеуіне, Естіліп, үңгір күрсінгені. Таудан тас құлап жерге міне, Жүрегі таудың дүрсілдеді. СЫБЫРЛАҚ АҚҚУ Сыбырлақ аққу сыңсыған, Көл маңы. Мезгіл екінді. Жасыма үнсіз тұншығам, Айғыздап жатқан бетімді. Қалмады жұрнақ үміттен, Жырымнан табар жарасым. Сен болсаң бөгде жігітпен, Айдында жүзіп барасың. Қалың тал мені жасырған, Тарайды желмен бұрымын. Тұныққа келіп тас ұрған Бүгінгі сенің қылығың. Жігерді мүлдем құм қылды, Күрзімен соғып басымнан. Көл жұтып жатыр сыңғырды, Күлкіңнен сенің шашылған.

Менің бұлтым Ең қымбат маған есім ең, Жас болып тұнған көзіме. Бозбала ақын несімен, Ұнамай қалды өзіңе? Дүрлігіп өлең көшетін, Сөйлесең күліп ізетпен. Жыр арнап саған неше түн, Ұйқысыз таңды күзеткем. Жазығым сонда не менің, Тағдыр, не тостың алдыма? Бейкүнә менің өлеңім, Бота боп боздап қалды ма? Бекер ме сонда барлығы, Неліктен өмір баянсыз?– Жетім аққудың зарлы үні, Тырнайды жанды аяусыз. Сыбырлақ аққу сыңсиды, Түсінер оның мұңын кім? Жүректі келіп шымшиды, Шадымен күлкің, Түңілдім. Түңіліп кетіп барамын, Соқпағым тағы қашты алдан. Көп іштім қайғы шарабын, Бас жазар ертең басқа арман. Бақыт боп маған жолығар, Басқа бір ару, бал, шырын. Жырымның мүмкін сол ұғар, Сен ұқпай кеткен жан сырын....

Бауыржан ҮСЕНОВ ТАҢ ЖЫРЫ Жұлдыз ақты аспаннан бір дір етіп, Тамшы тамды шатырдан күмбір етіп. Жазылмаған жанымды жыр жүдетіп, Онсыз да көп жіберді мұңды үдетіп. Қараңғы түн бүгін де сыр ашпады, Қалғып жатыр қыбырсыз қыр асты әлі. Шығыс жақты желегі бозамық қып, Таң келіншек жанарын тұр ашқалы. Қалғитын шақ айға да жетті ме анық, Соңғы нұрын дірілдеп төкті налып. Үздіге бір қарап ап жер бетіне, Кеңістікке ақырын кетті маңып. Боз сәуледен жанарым түзді айырды, Бозторғайлар оянып үзді-ай үнді. Таң самалы келді де есі кетіп, Сүйді дейсің аймалап қыз-қайыңды. Жыр жаза алмай отыр ем күрсініп тым, Таңның әсем кейпінен мың сыр ұқтым. Сезімімнің білтесін жағып кетті, Жарқылдаған ұшқыны тіршіліктің. Шың шапаққа мойнына теңге ілдірді, Аққу ұшып, қимылын көл білдірді. Келді дағы ару таң дәптеріме, Жазып кетті өзіндей мөлдір жырды.

Менің бұлтым АЛҒАШҚЫ МАХАББАТҚА ХАТ Көңілді астан-кестен еттің сүрең, Сондықтан да болар-ау көп күрсінем. О, алғашқы махаббат, қайда кеттің, Осыншалық, Құдай-ай өткінші ме едің? Басып келе жатсам да жолды бекем, Сағынышқа жүрегім болды мекен. Жауқазынның ғұмыры секілденіп, Неліктен сен ертерек солдың екен.

От ыстығын сезетін суық қардан, Балғын шақтан ғажайып туыпты арман. Сағынамын неліктен балғын қызды, Жанарымда суреті тұрып қалған. Кінә артпаймын жоғалтқан күндеріме, Аңсап жүрмін өзіңді күнде егіле. Қулық-сұмдық білмейтін бала көңіл, Әлде сенің қадіріңді білмеді ме. Лапылдаған болса да сөзімде арын, Қайта оралшы, айтады көзім бәрін. Сездірдің сен өмірде бағасы жоқ, Сүю деген тәтті бір сезім барын. Шақырасың үнемі бал қылықпен, Сағынамын кеудемді жандырып мен. О, алғашқы махаббат мәңгілік пе ең. О, алғашқы махаббат мәңгілік пе ең...

Бауыржан ҮСЕНОВ ҚАРАҒАЙДЫҢ ҚАРСЫ БҰТАҒЫ (аңыз баллада) Дәуір жылжып өтіп жатты жонында бар жарасы, Қайыңдыда өсіп жатты диханшының баласы. Әкесі бар шығыр тартып, қара күшпен дән салған, Анасы бар әндерінде қалықтайтын барша арман. Мәпеледі қарлығаштай мейірімдерін себелеп, Бірақ бала бөлек өсті, бөлек өсті не керек. Ақыл-есі түгел кіріп өспесе де бой да әлі, Құйттайынан дихан емес, жауынгер боп ойнайды. Бұл өлкеде қанды соғыс болмағалы қай заман, Содыр неме кетпен емес, әуес болды найзаға. Күшік пенен лақ, қозыны көкпар қылып сүйреді, “Қолбасшы боп” бір ауылдың балаларын биледі. Ұрып кетті, қырып кетті деген сөздер аттандап, Қарғыстарын ауыл жұрты сол балаға жатты арнап. Жігіт болды өзгермеді, аққайыңнан жақ иді, Бай ұлымен әмпей болды мекендеген ақ үйді. Ата-ананың санасында күдік иті үрді кеп... Балалары жатты бір күні нән бұтақты сүргілеп. Жөн сұрады қайран әке, қалыңдаған наласы, Насаттанды, “шоқпар жасап жатырмын”, -деп баласы. “Қолыңдағы қарағайдың қарсы біткен бұтағы, Қару соғып әуре болма, өз басыңды жұтады” Деді әкесі, күлді сойқан, сұсты көзі аларып: “Бүгін түнде жігіттермен барымтаға барамын.

Менің бұлтым Енді ет іздеп сүйретілме, қияндағы базарға, Ертең анам қазы менен қарта асады қазанға. Қауіп етпе, көз қырағы, жүрек түкті, қол да епті... ” Деп аттанып кеткен еді сол кеткеннен мол кетті. Сол кеткеннен барған дейді, тиген дейді жылқыға, Оңай олжа қай кезде де аш көздердің құрты да. Содыр жігіт қан тілеген, қосқа тиді ықтады, Ал қостағы бозым жігіт оңай жау боп шықпады. Айсыз түннің аспанында саңқ-саңқ етіп ұраны, Алты құлаш бақанменен қайқайтып кеп ұрады. Біздің ердің әп дегенде қазан басы қанады, Жолдастары қиқу салып жылқы қуып барады. Тағы да бір қақтығыста ойнап шықты аты ерден, Бірақ қосшы жігіт те әлгі, әрең қалды қатерден. Қарағайдың қарсы біткен бұтағының соққысы, Қатты тиіп ұзын бақан кетті қолдан көкке ұшып. Біздің батыр шоқпар білеп аруағын шақырды, Балуан жігіт барыс сынды жалаң қолмен атылды. Балуан жігіт балуандығын істеді. Ақырын кеп атып ұрды, барымташы түспеді. Даланың қос арыстаны жолығыпты сайына, Шоқпар қалды жайына. Бірін-бірі дөңгелетті ертең керек жан үшін, Бірақ олар қорғамады өздерінің намысын. Қалжыраған қосшы жігіт әлденеден үмітті, Кенет артқа жалт бұрылды жібере сап жігітті. Мақсаты оның айқын еді, шоқпар еді үрейлі, Сойқан жігіт орынында сілейді.

Бауыржан ҮСЕНОВ “Қарағайдың қарсы біткен бұтағы, Қару соғып әуре болма, өз басыңды жұтады”. Барма деумен, кемсең қағып қалып қойған жырақта, Әке даусы талып жетті құлаққа. Неге ақылды тым кешірек сөйлетесің, Алла, осы, Қан түкіріп құлап түсті быт-шыт болып кәлләсі! Бұл тарихты жыр қылғанда мынау еді керегі, Қару соққан қаныпезер сол қарудан өледі. БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗІМЕН 1. Кеше – Шындық қайда? – деп едім мырсың етті дөй қара, – Шындық деген мына мен, ағаңменен ойнама. Ақты қара десем мен қара болып шығады, Шындық түгіл есімнен Құдайың да ығады. Неге ғана сұрап ем, осы болды өлгенім... “Шындық деген менмін”,– деп басып берді ол мөрін. Балдағына сүйеніп, бір аяқпен түрегеп Қайыр сұрап тұр екен шал боп қалған мүгедек. Жырым-жырым көйлегі, тірі аруақ бейнелі, Шындық қайда?– деп едім, бір-ақ ауыз сөйледі. “Нағыз өмір соғатын шебер еді сол ұста, Бірақ жоқ қой көкем ол, өліп қалған соғыста”. Сұрағымды қойдым мен сұлу қызға бақшада, Пікірінше сұлудың нағыз шындық ақшада. Нағыз шындық мансапта, нағыз шындық билікте, – “Шашылады сүйегің, ей, сұмырай, килікпе!”. Деген айқай шықты да, тарс бітелді құлағым, Біреу тартып жеңімнен деді кенет: – “Шырағым! Бір қызылға қоссаңшы бір жарым сом жетпей тұр,

Менің бұлтым Миымда бір айқай бар, жанды қинап кетпей тұр”. Келіп жетті жарты да, тиын-тебен қосып ек, Сүйіп алды әлгі ағам: “нағыз шындық осы”, – деп. 2. Бүгін Мен қараңғы түнекте жүрегімді шам қылып, Дәруіштей ел кезіп сені іздедім қаңғырып. Түнек шалың тіл қатты: “менде қал, – деп-әй, бала” Бұрылмады шайға да, бұрылмады тойға да. Сұлу қыздар жол кесті Бозторыдай бұраңдап, Өте шықтым тоқтамай мұратымды ұрандап. Жырым-жырым болды үстім, жан болдым мен ең кедей, Темір таяқ тебендей, темір етік теңгедей... Мұратына жетудің шын азабын кім білген, Тас талқандап тіземді, шықтым бір күн үңгірден. Көрұғлы секілді шыға келген көрінен, Айналама көз салдым жарық дүние төрінен. Айналама көз салдым қайда екен деп мұңдығың, Келеді екен мені іздеп қансыраған шындығым. Аман екен қасқырдан, аман екен қарсақтан. Біз екеуіміз қосылдық, қарау дүние, ал, сақтан! ҚАЙЫҚ Мен желкенді қайықпын, Кеме емеспін, Таудай – таудай толқынмен ерегестім Тұншықтырып демімен толқын мені, Қақпақыл қып ойнайды өлтіргелі. Құламадым, Көнбедім, Жүзе бердім, Табамын деп Аралын Қыз өнердің.

Бауыржан ҮСЕНОВ Тұман менің көзімді аштырмады, Құштарлығым сонда да басылмады. Адастырды, Ашындым, Айқайладым, Жаңғырықты дүлейге қай-қайдағы үн. Жел келді де тұманды қуып кетті. Тұз суымен теңіздің жуып бетті. Желкемді түзедім желге қарап, Қайығыма толқындар ерді абалап. Мұз тауларға соқтықпай аман өттім, Жымыңдады жарайсың бала деп күн... О, Қыз арал қайдасың, жан ашпаған, О, қайдасың мұхитта адасқан ән. Су перісі қайдасың? Сілте бағыт, Қара түнде шам боп жан пілте балық. Сол Аралды табам мен, Таба алмасам, Тереңімен мұхиттың амандасам. ҚАРАША Қараша күз, төбемде қараша аспан, Жұлдыздары тарыдай бала шашқан. Шуылдайды қарғалар жағы сенбей, Пікір айтып қыс жайлы талас ашқан, Жер тоңазып қонады аппақ қырау, Сұрқы кетіп сиықсыз боп қапты бау. Сықырлайды бұтақтар, сықырлайды, Жапырақтарын аяулы жоқтап тұр-ау. Тұңғыш рет күз жырын жазған шағым, Жел гулейді мақтан ғып аз мансабын. Сынығындай орақтың жүдеу айға, Қарап тұрып күрсініп жазды аңсадым.

Менің бұлтым Қанаттыға қызығам қалықтаған, Мұңлы әндері жетіп тұр анық маған. Самолеттен қап кеткен жолаушыдай, Тырналардың соңында қалып барам. Сап келгендерді бұлтаққа, Саясат ерге өңгерді. Кабакта өскен ұрпаққа, Ұрсудың жөні келді енді. Ес біліп, етек жаба сап, Азып кеткені аз ба оған? Есті жи енді, болашақ, Есер боп кете жаздаған. Борсыған шарап иісі, Басыңа ұрып бәлдендің... Тоқтады тәтті күйісі, Даяшы менен барменнің. Қайғысы үлкен олардың, Құмырға бүгін ес кірді. Кобралары қоғамның, Шаға алмайды енді ешкімді. Қылаң боп кеп ең, баран аш, Күйіңнен айық шала мас. Қоғам ісіне аралас, Шындыққа болыс – жалаңаш. Кезіңді ұмыт шайқаған, Қанатын қақсын қайран жыр. Кабак біткенді қайтадан, Кітапханаға айналдыр.

Бауыржан ҮСЕНОВ КӨКТЕМ. АЙҒЫРЛАР ТАЛАСЫ Жылға бойлап ойнайды бала шабақ, Жота біткен жап-жасыл алаша нақ. Атам айқай салады құшырланып, Айғырлардың таласын тамашалап. Арыстандай алысып азынаған, Албырттарды-ай, байталдың назы ұнаған. Алпауыттай бүреді жирен айғыр, Ала айғырды жем жейтін қазынадан. Көктем ән сап сызылтып, самал үріп, Қарап жатыр мойынын дала бұрып. Айырмаса жылқышы құрық сілтеп, Толастамас сірә да, ана бүлік. Жирен айғыр Аланы жеп барады, Қайта-қайта алапат тепкі алады. Түгі жылтыр жұп-жұмыр үркек байтал, Бұл таласқа жақындау кеп қарады. Бақырайтып көздерін осқырады, Тікірейіп қамыстай қос құлағы. Мен бірдеңе түсінсем, мына шайқас, Бие – байтал көңілін хош қылады. Шыдамады ақыры Ала қашты, Тырағайлап қашқаны жарамас-ты. Доғаша иіп мойынын жеңімпаз кеп, Шұрқыраған үйірге араласты. Жан бітірген тасқа да қайран көктем, Бозторғайлар салады сайран көктен. Сырқат атам жазылып кетті менің, Жуа турап ішкелі айран көптен.

Менің бұлтым Жылға бойлап ойнайды бала шабақ, Жота біткен жап-жасыл ала шанақ. Атам айқай салады құшырланып, Айғырлардың қылығын тамашалап. МОЙЫНДАУ Қанша арманның ірге тасын қаладым, Қадірін білмей ақ көз жастық қиратты. Бұл ағаңа тарпаң тағдыр, қарағым, Азапты да ауыр жолын сыйлапты. Құлынымнан бір қазыққа байландым, Тең баса алмай аңсап жүрді қолау жыр. Өркөкірек жас ақынға айналдым, Алматыға келгеннен соң сонау жыл. Құла тайым жазылған соң аяғы, Дүбірі сан тобыр топтан естілген. Қымыз ішіп, Қыз қуатын баяғы, Серілердің сергелдеңін кештім мен. Дүние шіркін, пейіш құсап құлпырды, Сол пейіште тоты құстай күй кешкем. Ал, көкірек көз көрмеске ұмтылды, Түсер жолдың оңайлығын білместен. Қанша арудың тоят алдым төсінен, Қанша сенім биігінен құладым. Ақкөз жастық, Мен өзіңді кешірем, Есін білмей ентелеген бұлағым. Арда тайдай көнбей тұғын жетекке, Кештеу қақты өмір маған тағаны. Тау бұлағы түскеннен соң етекке, Бүлік түгіл, бүлкілдемей ағады.

Бауыржан ҮСЕНОВ Жиырма беспен хош айтысып отырмын, Жолбарыстай жүректі де білекті. Күшік құсап қынсылаған соқыр мұң, Сені көріп кеміруде жүректі. Ойлайды-ау ел, “Табысқан деп қос ғашық”, Мен отырмын күнәлі ойды жолатпай. Мен отырмын жастығыммен қоштасып, Мұхаммедті мойындаған монахтай. Бар, қарағым – Қарайлама артыңа, Шаттық түбі шымырлаған жер болар. Бұдан кейін үйір болма жалқыға, Үйір-үйір бақыт қонған жерге бар. Бар, қарағым, Қарайлама артыңа, Алдыңда әлі күтіп тұрған өкпек көп. Көн құрысса кеп қалады қалпына, Көңілімді бұза бермей жоқ боп кет. Көңіл тасып, бола алмаймыз қос ғашық, Күрсінемін, Күнәлі ойды жолатпай. Мен отырмын жастығыммен қоштасып, Мұхаммедті мойындаған монахтай. ЕРТЕ СОЛҒАН ЖЫР ГҮЛІ Қазақы өлең қаншама рет аһ ұрды, 31 де дана қажы атылды. 37. Сәкен менен Ілияс, Елге атылған оқты өзіне шақырды. 76. Мұқағали алыпты, Күйік пен у теңізіне батырды. Біздің заман бетін тырнап алатын, Өлеңі үшін өлтіреді ақынды.

Менің бұлтым Таланына азап пен сор жақын ба, Жырымен гүл өсіретін тақырға. Бірінші боп, Зорлық билік алса егер, Ақын байғұс кетеді екен тақымда. 87. Дүрліктіріп даланы, Үкім шықты тағы да бір ақынға. Деп алатын ауасы жоқ қоғамда, Ақыл мен ой айналады боданға. Ақыл мен ой айналғанда боданға, Ақын көнбей қояды екен, содан ба? Пәле біткен өш келеді оларға Қайран Қайрат, Не ойлап жатыр екенсің, Топырағы жылап жатқан молаңда. Жатаберісі көп мына заманда, Ақын болу қиын маған, саған да. Кінәлі ме ақын Қайрат, ер Қайрат. Ауа жетпей атып шыққан Алаңға. Қылқындырған қиянатқа көнбеді ол, Тапталғысы келмеді оның табанға. Әсте есінен шығармайды жыр мұны, Айтады ылғи домбыраның күмбірі. Аты аталса күрсіндірер жылатып, Желтоқсандық азамат пен құрбыны, Жатыр бүгін Шыңғыстау, бауырыңда, Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі. Айналайын ағайындар ақ жүрек, Жолың түссе, Басына бар, Тағзым ет...

Бауыржан ҮСЕНОВ КҮМІС ҚҰЛЫН Өлеңімнің дәлелдеп дұрыстығын, Өркеудемен басталды ұрыс бүгін. Жүрегімнің жайлауын дүбірлетіп, Ойнақ салып шыңғырды Күміс құлын. Күміс құлын, Құлдығым қоңыраулы, Тумай жатып көрдің бе омырауды. Мүмкін жүйрік шығарсың еркек туған, Жүйріктердің қашан да жолы даулы. Жүйрік туса азап пен сор туады, Сойлып ұрып тірсектен сол қуады. О, қиялдың бөбегі, қайтсем сені, Қаперіне кірмеген қорқу әлі. Тақта жел боп алдыңнан өрілермін, Қарақшың боп түбі бір көрінермін. Қамсыз – мұңсыз қанатты күміс құлын, Естимісің дауысын бөрілердің. Жанған шырақ түнекте жоғалады, Таңқалумен келеміз соған әлі. Қылыш азу арландар қан тілеген, Құлыныңнан таласа не болады? Келісім жоқ, Бүгінгі ұрыс бөтен. Тоқпақтайды үстелін “қырыс көкем” Күміс құлын, Мен сені көкірегімнен, Шығармай-ақ қойғаным дұрыс па екен?

Менің бұлтым СЕН КІМСІҢ? Кімсің сен? Адамсың ба, пендесің бе? Түсті ме кім екенің енді есіңе. Тайлақтай тасыраңдап сүтке тойған, Тағдырдың ұмтыласың бермесіне. Кімсің сен? Адамсың ба, Құдайсың ба? Су болсаң, Тұнықсың ба, ылайсың ба? Жылдарға есең кетіп, жетім құсап, Жұбанып отырасың, жылайсың да. Кімсің сен? Адамсың ба, сайтансың ба? Қарызын уақыт саған қайтарсын ба. Шыңбысың асқақтықпен бұлтты ұстаған, Бұлтпысың арыз-мұңын айтар шыңға. Кімсің сен? Адамсың ба, залымсың ба? Жем қылған ақиқатты қалың сұмға. Аңғал ел Жазық таппай сандалмай ма, Айналып кеткеннен соң бәрің Шыңға. Кімсің сен? Енді есіңе түсірдің бе? Шекеңді жарға соғып ісірдің бе? Халқыңа құйттай пайдаң тимесе егер, Құсыңды қамадың не, ұшырдың не? Бәрібір кім екенің түсінікті, Түсің оңып, қос өкпең қысылыпты. Жалбаң қағып Адамға ұқсаймын деп, Жалған сөйлеп, қор қылма кісілікті.

Бауыржан ҮСЕНОВ Жауап таппай сан түндер көзімді ілдім, Сені білдім, Ал сонда Өзім кіммін? Бағам арық қойдан да төмен бе екен, Бағымды ашар бойтұмар өлең бе екен, Халқым өзі айтар деп Төзім қылдым, Сен кімсің, ойлан достым, Өзім кіммін? ОМАР ХАЯМНЫҢ ІЗІМЕН Ойым онға бөлініп, Санам саққа, Жарым түнде жармасам қаламсапқа Дүниені өзімше тербемек боп, Тербей берсем шығасың сен бөгет боп, Қарап тұрсам айтқаным Сенің сөзің, Жасқа толып кетеді менің көзім. Көкіректе тұншығып арман-әнім, Соқпағыңнан шыға алмай сандаламын. Бозбалаға қиянат бұл дегенің, Омар Хаям, Мен қайтіп күн көремін. Сыншыларға ап барсам өлеңімді, Өре түрегеледі бұл Омар деп, Әсерімен Омардың құраған деп... Бетті басып, елсізбен бөлек кетем, Сонда менің жазбауым керек пе екен? Әркім естен танады өз әлінше... Өз әлімше есімнен мен де танам, Тіреп жүргеннен кейін жерге табан. Бойларында бүлкілдеп Шығыс қаны, Бала менен Дананың ұғысқаны.

Менің бұлтым Ұнамаса біреуге Ұнамасын, Ала берме көңіліңе бұла басым. Күйрей бермей тәубе қыл қолдағыға, Омар Хаям түсінсе болғаны да... Мен шаршадым таласып тіршілікпен, Алдыңа сап айдап кет бір шыбықпен. Сен патшасың аяулым, Саған құлмын, Сенсіз өткен әр минут маған құрдым. Жүйке тозған жұлқыстар ұмыт қалып, Бой балқытқан сезімге құрықталып, Құшағыңа өзімді бүтін берем, Керек десең жұлып ал жүрегімді, Көкірегіме сыймастан лүпілдеген. Жанашырым Жалғызым өзің ғана, Сен бойжеткен, мен бейне бозым бала. Шағымызға қайтадан орлайық, Тіршіліктен тыс қалып тыным бермес, Мәңгілікке шым батып жоғалайық,... Мен шаршадым таласып тіршілікпен. Үгітілді бор болып бекем жаным, Жұмақ сенің құшағың екен жарым... Тоты құсы сайраған миуа бақ, Сорғалаған шырыны жемісінен, Сурет едің не деген, келісім ең. Періштенің сазбенен салған әні, Екеуімізге ғана тек арналады. Қызмет қып диюлар шарап беріп, Бұраңдайды бишілер қамап келіп. Зәмзәм шарап күшінен бас айналып,

Бауыржан ҮСЕНОВ Жалғызындай Құдайдың масайрадық. Бақыт бізге жемісін үзіп беріп, Еркелейді аққулар жүзіп келіп... Бұдан асқан жұмақтың керегі не Арқау болған шайырдың өлеңіне... “О дүниеде” – деп жұмақты кім сандалған, Сұрайыншы сандалған мың, сандардан. Дүмше алдаған о, қайран ата-бабам, Жұмақ іздеп жалғаннан қаталаған. Жалған деген – мәңгі көр, түнек, тылсым, Жұмақты өліп іздеген жүрек құрсын. Тосса да өмір алдымнан ақырабын. Сене қояр мен емес ақымағың. О, дүниеге асыққан дүмшелерді, Құшағына қыздардың шақырамын. Сұмнан сұра, Сопыдан сұра мейлі, Ішкен, жеген, жүргенің күнә дейді. Бір-бірінің аузына түкіргендей... Дүние қалды тірлікте бүтін нендей... Назар салма жанардың жарқылына, Көзің сүзбе арудың балтырына. Ал, арақты аузыңа татып алма, Қанағат қыл барыңа жатып ал да. Шалыс бассаң аяқты – ол да күнә, Су тигізбей өмір сүр қолғабыңа... Құдайшыл бол, Күнәңді жуып мейлің, Оңайлықпен өзгермес уыт пейілің.

Менің бұлтым Періште іздеп ғаламнан сандалмағын, “Жоқ дегенде” – Мен оған таңқалмадым. Маңдайыңа жазылған тағдырың бар, Бастарыңды тек соған даң қылыңдар. Мәңгі жасыл тауының аршалары, Менің халқым былай деп ән салады: Күшін сарқып іздейтін қайда да құл, Көктегі бұлт Бақыттан жуық дейді. Оралыңның барында ойна да күл, Өлгеннен соң қара жер суық дейді. Өлгеннен соң ештеңе керек емес, Жер бетінде қалады ен ерегес. Жақсы ісіңді арқау қып өлеңіне, Терең қазып, Тепкілеп көмеді де, Кеткеннен соң көзінен ұмытады... Кім ұтылып бұл жайдан Кім ұтады. Күн кешсе де тірлікте саяжайда, Бәрі түбі барады Анажайға. “Оралыңның барында ойна да күл”. Дүниенің ақырын ойлама бұл. Сопы болып қалайша ғұмыр кешем? Тіршілікке кетеді түбінде есем. Таусылғанша қуат-күш, қайран шешем, Сопың құрсын Сері боп сайран салам. “Өлгеннен соң қара жер суық дейді”. Қайқайып жолың жатыр қарсы алдыңда, “Шетіне шығамын”, – деп жар салдың ба? Бесіктен басталады жолдың басы

Бауыржан ҮСЕНОВ Тірілер Шекарасы көрдің қасы. Шапқылап тірлік кешіп, расында, Ажалға асыққан боп шығасың да. Ажалдан қайда қашып құтыламын, Қашады соны ойласам құтым, әнім. Балалық өтіп кетті қарайламай, Жігіттік шыққан бейне – арайлап ай. Жарқылдап жиырма бес те барады өтіп, Отыз тұр қол созымда қараң етіп. Одан соң одыраңдап қырық келер, Қызыл шұнақ аяздай қырып келер. Одан соң елу келер балпаң басып, Күн кешерміз, шіреніп, талтаңдасып. Алпыс келер одан соң айқай салып, Буының мен беліңді жайқай шауып. Одан кейін жетпісің болады ма? “Қой соя бер, сұм ажал қонағыңа”. Хаямша айта алмаспын жайын мұның, Сонда да пәруайына пайымдының. Жетсе де өлең жаздым сәл мұңайып, Жол жатыр арты жан да, алды ғайып. Сол жолмен жүріп келем бір-бір басып, О, тірлік неменеге қылдың ғашық? Түбінде Ажал тұр-ау бір ағаштың, Келеді кейін қарай тұра қашқым. Сұлу қыздың құшағында тылсым бар, Неге, адамдар, Ләззатқа құлсыңдар! Жаюлы етке жете алмаған мысықтай, Өле жаздап, Езу жалап тұрсыңдар. Мұратыңды мияуламай мәлімде, Жігітің де, жасамысың, кәрің де.

Менің бұлтым Көкірегіңде ұлып жүрер жақ таппай, Ұры тазыдай бір Арман бар бәріңде. Сол бір арман көз алдыңды мұнар ғып Жылан құсап ысылдайды Құмарлық. Бақыт тұрмас өз құныңды ойлатпас, Қыз сүймек боп мың қараға тұрарлық. Сығырайып былшық басқан жанары, Қызға қарап күрсінеді шал, әне. Ақ балтыры жарқылдап, Алма төсі дірілдеп, Күлімсіреп ару кетіп барады. Арманда шал, Армандай бер, жігітім! Арулардан үзілмесін үмітің. Мамырлап кеп орнағанда төбеңнен, Махаббатқа мекен болған Ұлы түн. Біреуді өртеп, Ал, біреуді мұз қылған, Қолдан келсе ару таңда жүз мыңнан. Қыздар деген тіршіліктің жүрегі, Күн секілді тұлабойын қыздырған. МАМЫР СОҢЫ ЖАЗ БАСЫ... Миуа бақ, маздашы, Самал сүйген ұрын кеп. Мамыр соңы-жаз басы, Кісінеді құлын боп. Ара гүж-гүж бал жалап, Мал тоқтықтан кекірген. Түйін салды алма бақ, Қыз төсіндей жетілген.

Бауыржан ҮСЕНОВ Терек басы толы құс, Хор бастаған бір демде. Сүйгеніңмен жолығыс, Сүттен аппақ түндерде. Жейдең терге малшынып, Қайдағы жыл қозады. Бұраңдаған талшыбық, Күнге қолын созады. Жаздың басы... жаз деген, Қыз сызылтқан назды өлең. Ойнақтаған боз дөнен Бере алмайсың сөзбенен. Сойып тастап қазақ қой, Үй тігеді шеткері. Жаздың аты жаз-ақ қой Бірақ ол да өтпелі. Жалған деген осы ма? Семіздігі қаз соры. Шошы мейлі шошыма, Көңілсіз күз жаз соңы. Желмен ұшып ебелек, Қырмызы күй жоғалар. Жаз бөбегі – көбелек, Күзде жайың не болар.

Менің бұлтым БЕТПАҚДАЛА Бір жұтым су бал, шырын, шекерге тең... Осы шығар тамұқтан бетер мекен. Термометр 60-ты көрсетіп тұр, Шырпы құсап тұтанып кетер ме екем. Қылтанақ жоқ жұртындай көшкен елдің, Кеспірінен шошисың Бескемердің. Бауырлары күйіп-ақ қалған шығар, Абжылан мен астау бас ешкіемердің. Әрбір сәуле сұғылған ай, бір пышақ, Жүзе жөнелер ме едің қайығыңды сап. Көкжиекті көлбеген көкшіл сағым, Толқып жатыр телегей айдын құсап. Жылаймын ба, білмеймін жырлайын ба, Көңіл күйім көмілді құмдай мұңға. Абажадай шатырда көлеңке жоқ, Көлеңкелер болмайды мұндай құмда. Тапты ма екен есімін ақын ойлап, Шыға алмайды шетіне батыр айлап. Миллиард тонна құмы бар және дағы, Миллиард тонна мұңы бар тақыр аймақ. Табиғаттың өзінде негізгі ілік, Құм мен мұңды жаратқан егіз қылып. Шақшиған күн астында талықсиды, Шағылдардың түсіне теңіз кіріп.

Бауыржан ҮСЕНОВ КЕКІЛІКТЕР БИІ Қақ, қақ-қ, қақ... Кекіліктің қоразы сайрап берді, Қара үйге ендім, қаңтарып Тайлақкерді. Ірге жақтан түрулі самал есті, Алдымызға қымыз бен қаймақ келді. Кекіліктің қоразы бір тынбады, Үй алдында самауыр бұрқылдады. Саба пісуге тұрған бұратылып, Келіншектің мықыны бұлтылдады. Қызыл мойын кекілік сайран берді, Самал таудан бір бұлтты айдай келді. Арқа-жарқа аңғарды бейбіт жатқан, Тентек нөсер тасырлап жайлайды енді. Кекіліктер сезе ме ауа райын, Жұтып қойды көлеңке тау арайын. Үй алдында керіліп келіншек тұр, Шашын жуған жаңбырға Хауадайын. Кекіліктер қиқуы сап басылды, Кемпірқосақ керілді қақпа сынды. Жал құйрығы сусылдап, оқыранып, Дүр сілкініп, белдеуге ат қасынды. Шапқылап кеп жас шопан аттан түсті, Шешті қанжығасынан атқан құсты. Осы таудың иесі сол – Адам ата, Билігі бар қолында Хақтан күшті. “Аң мен құсты адамның азығы де, Қуыр”,– деді дастарқан мәзіріне. Қақ-қақ етіп, тас жайлап, шие терген, Кекіліктің бір буда жазығы не?

Менің бұлтым Қонақ тұрды... Шайқады жел теректі, Қуырдаққа қарамай ерте кетті, Кекіліктің мамығын жұлып жатқан, Келіншектің жанары мөлтең етті... “ВАРПЕТ” Екі армян бар еді ол туғанда... Батыс жағын түріктер табанға сап, Жасап жатқан кезі еді жаман қасап. Шығысында ақ патша айдыны асқан, Құрсаулаған халықты қайғы басқан. Көрсетпейтін көр тұман Араратты, Газарапатта іңгәлап бала жатты. Шағын ауыл суреттей ертектегі, Іңгәсіне сәбидің селт етпеді. Ұлы ақынын зарлы жер танымады, Бір бұлақ кеп өзенге жамырады. Ол есейді, Тілінен өлең тамды, Көзін ілмей қарсы алды нелер таңды. Білім іздеп, бел буып шетке кетті, Көрді өмірдің жолында өткелекті. Оны тағдыр толқынға салды қанша, Жыр жазудан танбады армянша. Европа көңілін таба алмады, Шалғайдағы тауларға алаңдады. Қосты өлеңге өнерін тоқыраған, Армянның жастарын оқымаған.

Бауыржан ҮСЕНОВ Өз тарихын білмейтін жетесізді, Кабактардан шықпайтын некесізді. Қуғындағы ерлерге жыр арнады, “Талмайды деп Кавказдың қырандары”. Бостандығын аңсады халықтардың, Халық дейтін бұғаулы алыптардың. О, қашанғы шыдайсың сілкін деді, Өлең болып ыза-кек бүлкілдеді. Жап-жарық боп таң атты бір күндері, Заман оған ал сайра, бұлбұл деді. Табанына қадалған қара шегір, Варпет үшін басталды жаңаша өмір. Отанына оралды жырлау үшін, Өлеңдері шығарды шың дауысын. Сүйді халық құрметтеп, О, мәртебе, Қалды ығыңда күрсінбей нелер төбе. Түрме, шет, ел, өткен шақ Ол бір аңыз, Бел баласы халықтың болды нағыз. “Шебер” деген ат берді оған елі, Әні асқақ, өлеңі боран еді. Әлі күнге құрғамай келеді арна, Ақын деген өлмейді жер аманда.

Менің бұлтым ҚЫРКҮЙЕК Соңғы кезде әнінен мұң білінген, сап тиылды сауыққой бұлбұл үннен. Базарыңның барында сырласып қал, Аймаласқан жамырап кіл ғашықтар, Жапырақтар, сендерде бір-біріңмен. Келе жатыр қырау мұрт сүңгілі шал, Өлеңіме боласың мұңды мысал. Сырласып қал елемей, Салқынды бұл, Алты ай бойғы армансыз алты ғұмыр, Көздеріңнен ертең-ақ бір-бір ұшар. Тірлік осы жалған-ай, жалған деген, Дірілдейді сарғайып қалған денең, Жоқтау айтып сыңсысын сендерге арнап, Шаңын сүрткен бұршақтан желден қорғап Қоштасып қал қамкөңіл арманменен. Қорғансызға ең ақыр бала да үстем, Сақта Тәңір, бұтақты қара күштен. Жұтамын деп ашылған күз араны, Жапырақ-желек астында қызарады, Піскен алма – келіндей жаңа түскен. Шыр айналып арқанда тұрған әрең, Шұрқырайды үйірсек қырда дөнен... Жыр құрасам деп едім қоштасқанда, Батарының алдында Күн даламен. Шың басында шүпілдеп тұр тегене, Соңғы шапақ жануда білтелене. Батқан күнге мұңайып қарадым мен, Малдас құрып отырып бір төбеде.

Бауыржан ҮСЕНОВ Мен де сұлық, сөйлемей жыр да сұлық, Қараңғылық келеді қырға асығып. Жанарымнан үзілген тамшыдайын, Тағы бір күн жоғалды құмға сіңіп. Тебіренсем көзімнен көшер мекен, Бұл далаға мен қашан нөсерлетем. Бір күн өтті тамшыдай құмға сіңген – Құм бетіне түп жусан өсер ме екен... МОЛА БАСЫНДАҒЫ ЖІГІТ МҰҢЫ Самалдай ақ қайыңды аймалаған, Өзіңді енді құшу қайда маған. Мен деп ұқ аңыратып кешкі ауаны, Азалы ән естісең айдаладан. Тағдырдан шаттық емес өрт емемін, Жайымды домбыра боп шерт өлеңім. Қыр жақтан кісінесе бір қылқұйрық, Ол өзің, үкі таққан кертөбелім. Сол баяғы көктеме бақ гүлдеп тұр, Қалыңдықтай алқамды тақтым деп бір. Төбеңнен сыңсып ұшқан үн естісең, Ол менен сәлем айтқан аққу деп біл. Тосамын суытпақ боп желге жанды О, самал, өксігіңмен тербе маңды. Қалай ғана тірілтіп ала аламын Құлпы тастан қиылған кер маралды. Айнам-ай, қалай сенем жоқ дегенге, Сыздайды жүргендей-ақ оқ денемде. Қызыл жасыл құлпырып тұрса-дағы, Жарамай қалды жанға көктем емге.

Менің бұлтым Тірі жүр деп өзімді сендіремін Бүгін тағы түсімде мөлдіредің. Раушандай үлбіреп, елге келсем Кім шығады алдымнан енді менің. Өзің барда думанды базар ем мен Жан сырыңды жыр қылып жаза бергем. Ей, өмір, ерте үзілген еңлік үшін, Мен саған ғұмыр бойы маза бермен. Мейлі енді дерттен мәңгі айықпаймын, Күн кешейін, ескексіз қайықтайын. Мен сені ғұмыр әнмен тербеп өтем Ақбөбектен айрылған Қайыптайын. Мүмкін емес уақыттың тоқтамағы, Мені де тағдыр атқан оқ табады. Мен үшін сенің молаң көз жұмғанша Қағбаның қара тасы боп қалады. Хош! САЛТ АТТЫ Терезені түн бойы қаққылаған, Маған маза бермей жүр аттылы адам. Шырт ұйқыдан жатқанда оятады, Әуселесі осы бір батты маған. Астындағы кісінеп көк пырағы, Кешікпейді, түн ауа кеп тұрады. Бүгін тағы маужырап жатқанымда, Тасырлап кеп есікті соққылады. Сонша алғандай мазамды не істеп ем, Шапқылаймын қашанғы тегісте мен. “Тауға шыққым келеді, шыға алмаймын, Сен жазатын білмеймін кеміс пе өлең Сенгем едім сенімді ақтар ма деп Мына түрің күй-қайғы батқанда ерек.

Бауыржан ҮСЕНОВ Мені оятып түсінсең жазсаңшы енді, Өлеңдерді кеудеңді жатқан бөлеп? ” Деді-дағы атына қамшы басты, Елес пе деп бір сезім қарсыласты. Дүбірлетіп ол кетіп бара жатты, Жұтты менің жастығым тамшы жасты. Айырмай-ақ қойдың ғой мені елестен, Итереді кеудемнен жел егескен. Оятатын Олжасты түнде келіп, Айтшы маған, Салт атты, сен емес пе ең? ... Көп жыл болды жырменен, мен егескем Өлең жаз деп менімен ерегескен Оятатын Олжасты түнде келіп, Айтшы маған, Салт атты сен емес пе ең... КҮЗ КӨҢІЛ ЖЫРЛАРЫ Таяқ жеген тазыдан бетер ұлып, Күз менің – көзі жасты қайғым болды. Қаңқылдап қамысынан көтеріліп, Үйір қаз ұшты айналып айдын көлді. Сынып түскен қамыстың үкілері, Қалтылдайды тереңге батар салдай. Сұр аспан жерге қарап түкіреді, Тірлікке ашуланған шақар шалдай. Саңыраудың жүзіндей дала сары, Оған енді теңеу бар басқа қандай. Тәңірі тозығы жеткен алашаны, Айдалаға апарып тастағандай. Жапырақ кетті жел қуып ғаламға сіңіп, Артынан қарап қалдым мен алаңға шығып. Жапырақ шіркін, жайыңды ойласам неге, Жаңбыр мүжіген жартастай қалам басылып.

Менің бұлтым Түкпірін тіліп барасың ғарыштың қандай? Тіршілік үшін тағдырмен алыстың нардай. Асығып ұштың, әйтеуір, өмір-бұтақтан, Жер аманатын Құдайға табыс қылардай. Қаншама ғасыр аһ ұрып, арман ақтарып, Жасылдан сарыға айналып, жардан аттадың. Жер-Ана біздің шегі жоқ Кеңістік кешіп, Жапырақ құсап бара ма қаңғалақ қағып?... САМҒАУ Менің ұшқым келеді биік-биік, Бұлттармен тигізсем иыққа иық. Содан кейін түйіліп төмен қарай, Жыр нөсерін жіберсем құйып, құйып. Су-су болып жүгірсе жайраң қағып, Қара өлеңді сағынған қайран халық. Таңдай қағып, Сан соғып, Думан қалып жайына, сайран қалып.

Шамаң жетсе ұшқанға не жетеді, Бәрімізге бір самғау қажет еді. Ұшам десең, қылтиған қанатыңа, Сөзі өтеді біреудің, көзі өтеді. Шамам жетсе ұшар ем айдан әрі, Мүмкіндік бар шолуға айналаны. Ең жақсысы ол жақта естілмейді, Ұша алмайтын “жандардың” байбаламы. Өлең – мені биікке жалғап өт сен, Өз обалым өзіме шаңға бөксем Армансыз-ақ өтер ем, әз халықтың, Аспанынан бір рет самғап өтсем.

Бауыржан ҮСЕНОВ ЭЛЕГИЯ Бұғып жатқан жерінде, Бытыра тиген қояндай, Қалар ма екем бір күні тәтті ұйқымнан оянбай. Бақыт қашып, мен қуып, Көкірегімді сен буып, Жүргенімде жер басып – мәстек аттай болдырып. Құбылаға бір қарап, Кетер ме екем сырғанап, Сәби шағым санамда ең соңғы рет іңгәлап. Уақыт сүйреп барады, Шылбыр салып мойынға, “Мұңлық-ай” – деп жырымды айналдырма ойынға. Шерге толы шарапты, Сілтеп тастап тірлік қыл, Бір күн тұрмай қалуың, атқан таңдай шындық бұл. Құтқармайды табиғи жандылықтың құрығы, Жұлып түскен сол құрық данышпан мен ұлыны. Бай – манапты, кедейді, Мойынды һәм ұрыны, Біз пендесі тірліктің шыққан жұлым-жұлымы. Бейнетіңнің өлшемі, Зейнетіңнің мөлшері, Жататұғын әлдилеп көрінде тек сол сені. ТАҒДЫР Тағдыр – патша, Ал, адам соның құлы. Дәлелдеумен келеді өмір мұны. Түйсігі жоқ топасқа билік беріп, Торғайдайын тоздырған толымдыны.

Менің бұлтым Тағдыр – дария, Ал, адам майда балық, Майда балық жатпайды қайда қалып. Әлімжеттік жасайды ебін тауып, Әлдірегі әлсізін пайдаланып. Тағдыр – дауыл, Ал, адам қаңбақ қана, Қауқары жоқ қаңбақты салмақтама. Өксіп – өксіп жел соғып, құйын тұрса, Тығылатын пана іздеп далбақтаған. Маңдайыңа көресің жазылғанын, Және естисің көріңнің қазылғанын. Жаймашуақ күніңді қуырдақ қып, Жібереді өзгертіп қазір бәрін. Тағдыр – патша, Бір құлың, жырлап сені, Өр бейнеңді өнеге қылмақшы еді. Көкірегіне жегі қып өзің салған Тарқамай жүр бірақта жылдап шері. АҚЫНДАР Шалаптарын шайқамай, Қай ел бойға күш құйды. Россия байқамай, Алды өлтіріп Пушкинді. Әулие болар түбінде, Ақын енді ол ең күшті. Күндердің, бір күнінде Лермонтовы жер құшты. “Россия былғаныш”, Деп жырлаған ашынып. Шорт үзіліп бір дауыс Өлді Есенин асылып.

Бауыржан ҮСЕНОВ Халық емес, ақыннан Билік қана қорқады. Фашизимге сатылған, “Испан” атты Лорканы. Бой берместен азапқа, Даусы шыңнан естілген. Ақын жанды қазақ та, Қалыспапты ешкімнен. Сұмдықтардың жалғасы, Тауып жатты арнасын. Кесіп алды қандасы, Махамбеттің кәлләсін. Ара түскен момынға, Атқан таңдай арайлы. Сойыл беріп Содырға Сабатыпты Абайды. Бұлтың неткен қап-қалың, Талай басқа ол төнген-ді. Дана қажы Шәкәрім, Бесатарға жем болды. Бір қысастық бары шын, Өлтіргендей әкеңді, Арлан туған арысың, Ұстатқыздың Сәкенді. Көрді қандай азапты, Мағжан төккен – жыр – жақұт. Оята алмай қазақты, Арманда өтті Міржақып. Өлмек емес аруағы, Ақын қашан көнерді.

Менің бұлтым Қара өлеңнің палуаны, Мұқағали неге өлді? Ақындарын ғаламнан, Халық бағын іздеген. Тек шашуға жаралған, Тексіз ел ме ек біз деген? Ақынға жүк артып қауым Ащы шықсын ұраны. Дантес, Қарасартовтарың, Ортамызда жүр әлі. Көкіректе бар тума, Кейде құмға батқандай. Жалтақтаймын артыма, Жендет келе жатқандай. СҰҢҚАР – ҚИЯЛ Сұңқар-қиял, ал енді Самға, самға, Сүйегіне иеңнің таңба салма. Жеті қабат көкке кет, Зарыққанда Жерге келіп қонарсың анда-санда. Томағаңды сыпырдым Жөнел кәне, Жұлдыздан да алып кет өлеңді әрі, Кеуде жарып шығардай аласұрған, Табылады жүрекке сенен дәрі. Сұңқар-қиял Сыйынған пайғамбарым, Сеземісің сұрапыл майдан барын. Қамал бұзар жиырма бес,

Бауыржан ҮСЕНОВ Келіп қалды Жердің шарын бір рет айналмадым. Сұңқар-қиял Топшыңды жайға жаны, Шамырқансын шабыттың тай қазаны Мекеніне жасынның жете алды екен, Жыр баптаған даланың Қай қазағы. Сұңқар-қиял, Сия көк аспан мекен, Қанатыңның қайғысы дастан ба екен Сенің әрбір сәттерің төмендеген Менің қызыл қанымды шашқанға тең. Сұңқар қиял – Бір сәт те төмендеме, Өмірде де Өлшем жоқ өлеңде де. Төмендесең талқан қып сенімімді Тұғырыңа қайтадан келем деме, О, сұңқар қиял! ШАЯН ЖОЛЫНДАҒЫ ТҮНГІ ҚОРЫМ Шалғайдағы Шаянға тартып дәм-тұз жолымды, Жазығы жоқ қасқа жол кесіп өтті қорымды. Түнге қарай молаға бармайды ешкім білем мен, Қорым бізді қарсы алды қабақпенен түнерген. Астымдағы ат бір түрлі ішін тартып, күрсінді, Жапалақтың айқайы жарып өтті тылсымды. Аспанда ай, Ал жерде ай таңбалы молалар, Желбірейді жыңғылда қызыл, жасыл орамал. Діншіл қарттар келгенде байлап кеткен ырым қып, Көрінбейтін бір үрей кигізердей мұрындық.

Менің бұлтым Қоршалмаған жас қабір көзді тарта береді, Айтшы маған табиғат, адам неге өледі. Сүт сәуленің астында томпияды сыр ашпай, Тербетеді жер бесік ұзыны екі құлаштай. Кәрі ме екен, жас па екен, өлгені анық бір адам, Қалың байғұз сұңқылдап жоқтау айтып жылаған. Ай таңбалы қаңылтыр шағылысып айменен Қағып жатыр шеңгелдер қоңырауын жайменен. Аспандағы ай мен білсем, жердегі айды тұр аяп, Қасымдағы ақсақал аңыратты бір аят. Қалың мола бір сәтке күңіренген секілді, Осы адамның барлығы бүгін өлген секілді. Ерте ме әлде кеш пе екен, бір баратын жер осы, Күтіп жатыр үндемей құрбандығын келесі. Шынымды айтсам Иманым қасым болды ағайын, Қорқыныш пен үрейге басым болды маңайым. Жыр жаздым да сол түні өзімді әбден әурелеп Нүкте қойдым, “Тірі боп жүргеніме тәубе” деп. ШАБЫТ КӨКПАРЫ Көңілдің көк дөнені ал, кісіне, Жараспас жабы тірлік сал кісіге. Соқтырып жөнелейін, мінсіз бүгін, Шабыттың белі жуан, әлдісіне. Сандалкөк – сауран тектес додаға кір, Ой-қырды келтірейін тобаға бір. Сүрінсең бұл сіркілде, атпазыңа, Боп қалсын мәре болған оба қабір.

Бауыржан ҮСЕНОВ Серкені сексен қадақ бұйым көрмей, Іс қылсам дос-дұшпаным күйінгендей. Жеткенін шашып кетсем, Мәселенки, Долы жел құмнан құйып үйіргендей. Па, шіркін, тартыс буы желіктіріп, Жіберсем аспан астын бөріктіріп! Көкпарды сағынған ел жер көшіріп, Қол соқса қызығыма өліп тұрып. Дүрмектің шамға көміп тамам бозын, Келгенде, салса арулар маған көзін. Қорғаған намысыңды қайран өлең, Мен де бір жалғыз атты шабандозың. Жалғыз ат, жалаң қылыш – ердің бағы, Дәмелі бір бүркіттен елдің бәрі. Сапары үзілмесе үйден шыға, Салармын салымыңды зәңгірге әлі... АЙҚАЙ Ұшпа бұлттар лағып жүр жарып көкті, Құнаным тұр шыбындап, шалып көкті. Айқайлап ем дауысым Аңғар ішін, Азан-қазан қылды да маңып кетті. Серуендеуді көңілім лайық көрді, Жүріп кеттім арайға жайып қолды. Үркіп шыққан даусымнан бір құралай, Көз алдымнан заматта ғайып болды. Ал, жаңғырық Алыста-а-а тентірейді. Тастың ығын самал жел желпімейді.

Менің бұлтым Бірақ тастар дыбысқа тәнті дейді, Сондықтан да адамнан ән тілейді. Өйткені олар білмейді ән салуды, Үлгі қылар, сыр ашпай томсаруды. Айқай салып төменге сорғаласа, Быт-шыт қылар ажалы қарсы алулы. Армандымын. Қаратау, Армандымын, Айқайда да мен білсем бар мәнді ұғым. Айтшы маған балғындау дауысымның Қай биікке қонақтап қалғандығын. ҚЫС ШІЛДЕСІ Қыс шілдесі десе де қатал, аптап, Өркеш-өркеш төбелер атан аппақ. Жауған қардың ішінде ойға батам, Жапалақтап. Қыс ауысты ғажайып шаққа бірден, Ақ мамықтың үстімен аттадым мен. Алма ағашы секілді Аязата, Баққа кірген. Мені ұзақ далада арқандады, Көкіректе сайраған ән тармағы. Бұл не деген қаптаған көбелектер, Қаңтардағы. Оюланған аяздың өрнегімен, Жауған қарды қызықтап жөргегінен. Сылдыр-сылдыр күледі сәби дүние, Мен де күлем.

Бауыржан ҮСЕНОВ НАУРЫЗ Ағыта алмай булыққан көптен шерін, Бұлттарды-ай бусанып төккен селін. Қар астынан қылтиған бәйшешек боп, Иісіңді сағындым, көктем, сенің. Жерді келіп құтқарған мұз, ақ қардан, Мен өзіңе сырымды жүз ақтарғам. Азан-қазан даусыңнан айналайын, Хабаршысы көктемнің, ұзақ, қарғам. Пысынаймын мұрынның ұшы терлеп, Күн мен түннің тұр қазір күші тең боп. “Құсқанаты” қорқытпа бәйшешекті, Қалың жауып қарыммен үсітем деп. Көктем әлі өзенді ағыс қылар, Құстар келер қанаты ғарыш құмар. “Құсқанаты” қорқытпа бәйшешекті, Алтынкүрек көкеңмен таныстырар. Қолдан қуат кеткен соң, бойдан қаһар, Тау басына шығып ап, ойланба қар. Еркін жатып қыс бойы көсіліп ең, Енді сенің орныңда қойлар жатар. Көк шықпай-ақ келіп тұр балақ түргім, Мұзын ойып ауланың сауап қылдым. Қора маңын айналып ойнақ салған, Қозы, лаққа қызыға қарап тұрдым. О, жыл құсы көкем-ау, келдің бе сен, Шүпілдеген көл әне, мөлдір кесең. Сен келмесең далаға, өзімді-өзім, Көктем келе жатыр деп сендірмес ем.

Менің бұлтым Күн жымиып себеді қырға нәрін, Қосты баурай бәйгеге жылғаларын. Кеткен кезде қатарың мол еді ғой, Амансың ба қатерден, тырналарым? Тыраулаған үніңнен діріл емем, Тынбай ұшып кеттің бе, түніменен. Сенің көкте самсаған қанатыңа, Ғашық болған ұланның бірі мен ем. Өзің құсап ұшудан дәмелімін, Сенің мұңың сәнді мұң, әдемі мұң. Жан-жүйемді босатқан дауысыңнан, Айқайлаған естимін әлем үнін. Ауа қандай, жер қандай, түлемей көр, Бақыт берсең көктемім бірегей бер. Көктен түскен керемет сәлем саған, Қаз, аққулар, ләйлектер, шүрегейлер. Шарықтаңдар далада, тауда, құжда, Айланбаңдар тұтқын боп саудамызға! Молшылық жыл болады, биыл ғажап, Ерте келді қарлығаш ауламызға. ӨЛІАРА Біресе жаңбыр, Біресе жауар қар кенет. Езілген көше, Еңсесі түскен тал, терек. Шатырдың астын мекен қып алып шықпайды Шықылықтаған шымшықтарға да жан керек. Азынап өткен машина жалшық шашады Буыршын аспан демігін қашан басады. Үдере көшкен жабағы бұлттың астынан Әупірімменен әлсіз сәулелер қашады.

Бауыржан ҮСЕНОВ Көктемнің исі шыққанменен әлі алыс, Алыс отарға жем, пішен алып барамыз. Есін жия алмай етпеттеп жатқан далада Бәйшешек-үміт, Бас көтеріпті қараңыз! Бәйшешек-үміт Бәйгеден келер нұрлы үміт. Тоқ жерді тесіп томпиып қана тұр күліп. Тәбәрік қылып бір тал гүл үзіп алдым мен, Бір аптадан соң көрерсің, Дүниеге келер дүрлігіп, Салады көктем бір бүлік. ҚҰШАҒЫҢА АҒАЙЫН ЖҰЛДЫЗ БОЛЫП... Ғашықтарда қалайша болсын айып, Төреші ғып кімді енді, жөн сұрайық. Болмашыға келіспей екі жерде, Қиратардай отырмыз томсырайып. Қуат алып сендегі от еріннен, Мен бақыттың шыңына көтерілгем. Иілгім кеп тұрса да қыңыр мінез Кері тартып отыр ғой етегімнен. Аяулым-ау, ақ құсым алтын қанат, Қажытпашы жанымды, салқын қарап. Тып-тыныш көл бетінде дауылсыз-ақ, Сенсіз менің қайығым қалтылдамақ. Уәж айтып Арман тұр күлісі – елес , Арандатар ойға әкеп ұрыс, егес. Айыпты мен, бірақ та байыпташы, Сенікі де сәл-пәлдеу дұрыс емес. Мінезімді содан соң сен ретте, Өзіңді де, мені де еңіретпе.

Менің бұлтым Жанбай жатып бықсыған махаббаттар: Онсыз да аз боп жатқан жоқ төңіректе. Қалай кетпек дауысым желге адасып. Жалған емес жан сырым келген ашып. Күлші, қалқам, керімсал құшағыңа Жұлдыз болып ағайын жерге ғашық. ҚЫРАН ҰЯСЫ Жігіттер ірі – туасы нардай, Қайтпайтын қайсар, кіл бекем. Жусаны жұпар, жуасы балдай, Жампозы жердің бұл мекен. Қоршаған таулар кереге сынды, Бұлттарға жақын бір қадам. Денеме менің шеребе сіңді, Тас бастау, тентек жылғадан. Май тамып тұрған мамыр алаптан, Маржан сөз жиған көземмен. Аңғарды тіліп аңырап аққан, Қошқаратаға қозы ем мен. Ұқсасам деген мықты ағама бір, Таусылмас арман бар менде. Қолдан өсірген құтханама бұл, Қошқар ұл болсам арман не. Жебедей жауды бұзған алыстан, Сарынымен етіп қос үрей. Бауыржан сынды мұзбалақ ұшқан, Қыран ұясы осы ғой. Батырын көкке өсірді халық Мен жүрмін жерде ақын боп. Бауыржан атын есім қып алып, Ез ғұмыр кешуге хақым жоқ.

Бауыржан ҮСЕНОВ АУЫЛ ТҮНІ Тоңазыдым, Түн бүгін салқын ба еді? Таулы ауылым сынап тұр бәлкім мені. Мына жақтан шу етті бір қора ит, Ана жақтан әңгі есек әңкілдеді. Сылдырады сонан соң құлын үні, Батпаққа мас бақалар шұры-бұры. Қойнау жақтан у-һу деп үкі үн берді, Түн жамылып құтырған зұлым ұры. Күркірейді тоғайда сарқырама, Құю үшін теңізге алқына ма. Жолаушыға жөн сілтер Темірқазық, Мұхитында жұлдыздың халқы дара. Алтын теңге сияқты ай да толық, Тоған жатыр жарқырап сайға толып. Жағасында жантайып қырман жатыр, Тастағандай алтыннан қойма төгіп. Қызыл отау жақтағы тамашаны, Көріп қайтсам, әрине, жарасады... Бастырмасы көршінің тасырлады, Бүгін бәйге қарагер таң асады. Тәтті түтін аралас ауа қандай, Тәтті ауада дәм бардай, дауа бардай. Ит келді ме, Қаз-үйрек шарбақтағы, Қиқу салды бір ауық жау алардай! Теңгермейтін ханыңа, қарашыға, Бәйек болып анам жүр баласына Жүрек шіркін барады алып-ұшып, Кеттім апа, жастардың арасына.

Менің бұлтым ШӨЛ Орындалмай көңілдің көп тілегі, Көкіректі ұстара боп тіледі. Жыр аптабы татырмай тамшы жаңбыр, Соңғы кезде тым өртеп кетті мені. Көз алдымда көлбеңдеп күллі сағым, Көңіл қара, шырқалмай үрдіс әнім. Жүрек құрғыр жетімдей жаутаңдайды, Аңсай келген анадай жыр құшағын. Қайда кеткен дауылдар ала құйын, Басқа сыймай барады сана, миым. Кең-ақ еді, тар болып барады үйім, Келмей қойды сәттер бір ала құйын. Қиналсам да жаза алмай жыр мандытып, Бар сықылды керемет тұрған күтіп. Өмір-бұлақ кәусарын ішу үшін, Жасап жүрмін жұмырлап жырдан түтік. Деп сұрама шөліңнің беті қалай, Сәулесі ойнап бұлақта секіреді ай. Айы жүзген бұлақтан қанша ішсем де, Сірә, менің қануым екіталай. ҚОШ БОЛ, АҒА! Сыздап кетті жүрегім сені көріп, Кездескенше кетпедің неғып өліп. Маңдайымнан сүймедің еміреніп Тулақ болған тұлпардай тұрсың әзер, Алғанбысың тағдырға тегі көніп, Сөйлемедің екпіндеп тебіреніп. Қарап тұрып жүрегім салқындасын Тек сыртыңмен баяғы қалпыңдасың. Сағыныштың өлігін қан-қан қылып,

Бауыржан ҮСЕНОВ Аяныштың тазысы арпылдасын. Неменеге салбырап кеткен, көке, Борға малып алғандай алтын басың. Ұзақ үнсіз отырып “сындым” дедің, Тым аз болды-ау еңбегім, үлгергенім. Бұдан бес жыл бұрынғы өзіңді ойлап Жылап жібере жаздап... білдірмедім. Жемістері қан қызыл баданадай, Тақыр бопты тапталып бүлдіргенің. Ғашық қыздай алғызған күннің демін, Домбыра боп бір кезде күмбірледім. Айқай дүние-ай өнердің перісі едің, Той-думанда алатын гүлдің денін. Құрағанша өзімді жағдай сұрап, Бірдеңе деп бір жұтым міңгірледің. Мен түсіндім жайыңды, Зәһар құйдым, Күйігі үшін құрдымға батар күйдің. МЕН НЕЛІКТЕН... Мен неліктен жүре алмаймын кеудемен елге біткен, Бұзақы деп, тентек деп ат қойыпты, Құтыла алмай жүргенде пенделіктен. Үзілер деп қорқамын жүйке бір күн, Үзіп алар әні жоқ күй-көңілдің. Бастан асар қайғыны сыйлай салған, Өтіп-ақ жүр қорлығы ит өмірдің. Бөлінеді ой онға, сана мыңға, Баяғыдай желік жоқ қаламымда. Тағдырым сыйлап қойған сыбағамнан, Айырылам ба, білмеймін, аламын ба...

Менің бұлтым Ей, пенделер, қу тірлік тыншын алған, Бар ма осы сендерде бір шын арман. Сыздап жатыр, жанымда сыздап жатыр, Ауыр жара өздерің қыршып алған. Жағдай осы кірлеген көңіл сүргін, Құшағында бұлқынам темір сынның. Күйін кешіп шырмалған сенімсіздің, Кеп жүргем жоқ шын айтсам өмір сүргім. Кетпесем тек болғаны арманда боп, Өскен едім жылытып заңғардағы от. Шие бөрі көзімен қарамаңдар, Сендер ішер қан менде қалған да жоқ. Кешір мені, ақынға жолдас өнер, Жасып кетер жан емен сорға сенер. Көрсетер ем қыранның өлімін мен, Жазылмаған бір өлең болмаса егер. Жаңарармын, болмаса көнерермін, Бір өлеңмен бәріңді өрелермін. Ей, пенделер, сол кезде жалған жылап, Бауыржанды жерлеуге келе бергін. ЖАЗУ КЕРЕК Жазу керек, Жазбасам болар емес, Үнсіз жүрсем мені ешкім шора демес, Бір ерегіс бар еді тағдырыммен, Қояр емес тыншымды ап сол ерегес. Ештеңемді ешкімге бұлдамадым, Сар даланың сарыны – тыңдағаным. Бір сыбағам бар еді тіршілікте, Сыбағамнан қалайша құр қаламын? Күңіренбей, өмірге күліп келдім,

Бауыржан ҮСЕНОВ Бір ширегін және оның сүріп көрдім. Бәйгелерге атымды қоспасам да, Бір жүлдеден әйтеуір үміткермін. Мен шықпаған биік көп құз-қиялы, Қиялымды қанша әлі мұз қияды. Қуаныш кеп сайратса бұлбұлымды, Қиянат кеп жарама тұз құяды. Көріп келем маңдайға жазылғанды, Ох, қаншама шертілмей сазым қалды. Жазу керек, Жер басып жүргеннен соң, Ұшсын деймін қаңқылдап қазым мәңгі. Жан біткенге тіледім жарқын тілек, Қапылыста құласам – халқым тірек, Мен дегенің соға алмай буырқанып, Күтіп жүрген көктемін Алтынкүрек. АУЫЛ Жуалының түкпірінде ауыл бар, Ей, бұлттар сонда барып жауыңдар. Сол ауылда қыдыр дарып, бақ қонған Ағайын бар, Ауылдас бар, Бауыр бар. Сол ауылға аспан нұрын төгеді, Ертелі-кеш тау самалы өбеді. Ауылымды танытам деп әлемге, Жер бетінде бір ұланың келеді. Бала күннің ізі жатыр көшеңде, Етек жауып, атқа міндім осы елде. Таңғажайып табиғатың болмаса, Мен өзіңнің жыршың болып өсем бе? Сол ауылда көрінетін қиырдан, Молалар бар күннің нұры құйылған. Онда менің ағам жатыр жас кеткен, Досым жатыр қыршынынан қиылған.

Менің бұлтым Осы жерде ата-бабам күн кешкен, Жоталардан уақыт жылжып, жыл көшкен. Осы ауылдың бір үйінен басталған, Соқпағым бар тағдырыммен үндескен. ЭВЕРЕСТ Құпиясын ашпайтын тылсым ба едің, Жетпей қойды-ау өзіңе күрсінгенім. Селт етпейсің арнаған жырларыма, Бүйтіп ақын болғаным құрсын менің. Жалықтым-ау өмірде көрмегенге Не жұбату айтарын шерлі өлеңге, Дүйім жұрты аузына қарататын, Қызыл тілім күрмелді сен дегенде. Серуендеген махаббат өрісінде, Адамсың ба кімсің сен, перісің бе? Байлап алдың, қияли боп барамын, Бәрібір боп оңың не, терісің не? Қамығумен көп күнім сырғып өтіп, Қойды жансыз бейнеңе ділгір етіп. Есіміңді өзіңнің жаттап алған Түнде айтады домбырам күмбір етіп.

Жүрегімнің түкпірін мекенде тек Бұл махаббат қу азап екен бе тек. Жеті түнде қу шанақ күмбірлейді Шошып жүрмін жынданып кетем бе деп. Сірә жанға табылмас басқа дәру Секілденіп кейде ісім босқа налу. Серпілемін, қуанып кейде өзіңді Сүйгендігім үшін де, асқақ ару.

Бауыржан ҮСЕНОВ Көз талатын бойымда шашам барда Жылжу керек сондықтан маған да алға. Білесің бе ең биік әлем шыңы – Эверест те бағынған адамдарға. Сыр ұқ жаным, осындай мына менен, Биігіңде қалқиды мұнар өлең. Мен де өзіңді қалайда бағындырам, Я болмаса құзыңнан құлап өлем. ОБАЛЫМ ТАҒДЫРҒА, ҚЫЗҒА ЕМЕС Қалайша ұмытам сол кешті, Сол кешке жанымның обалы. Жүрегім өртеніп зорға өшті Күйігі жазылған жоқ әлі. Есіме түссе-ақ қиналам, Елесін тартып ап қырымнан. Арманды көріп пе ең қираған Кемедей жартасқа ұрынған. Ендеше мен кеме болғанмын, Болсам да дос білер сыйлы адам. Тойында армандай сол жанның, Ән салып отырып қирағам. Күңіреніп домбыра шанағы Қосыла егіліп жатты өңір. Алаулап отырған жамалы, Арман қыз жылаған сәтте бір. Түнеріп отырды күйеуі, Өйткені ата салт жол бұздым. Түсінсем мен едім сүйеуі, Жабырқап отырған сол қыздың.

Менің бұлтым “Лапылдап өртенді арманым, Желді күн ұшқаннан желіккен. Неліктен менікі болмадың, Неліктен, аяулым, неліктен... Бұлбұл боп қонбаған бағыма, Қинаған айықпас дертімен. Егер де жолықсаң тағы да Махаббат, мен сені өлтірем. Қайтейін, аяулым, енді мен, Айта алман, жылай бер, басқа өлең, Мен үшін жазира кеңдік ең, Мен үшін кіршіксіз аспан ең ”. Домбыра осылай деп еді, Ол отыр ағарып желегі. Жат жанның қойнына енеді, Қалайша жүрегім сенеді. “Дейтін ең әніңе зәрумін”, Сол әнді неліктен өшірдің. Боталап жанары арудың, Дегендей, “дариға-а-ай жесірмін!” Қыз едің аты сай затына Ұмытпа қызығын сол шақтың... Той бітті, мен қондым атыма Тұрғанда маңдайды қоршап түн. Тартсам да ызамен төтелеп, Артыма бұрылғам, жат аула. Желөкпе қатындар жетелеп, Кіргізіп барады отауға. Кертөбел қамшыны жеудей-ақ, Жеген-ді сол түні барлығып. Қалмастан ми аяп, кеуде аяп, Ән салғам дауысым қарлығып.

Бауыржан ҮСЕНОВ Көрерміз өмірде адасып, Алдымда күтеді жүз белес. Бұл күнде айтамын ап-ашық Обалым тағдырға, қызға емес. Қалайша ұмытам сол кешті, Тағдырға жанымның обалы. Жүрегім өртеніп зорға өшті, Күйігі жазылған жоқ әлі. ӨМІР Өмір сенің сырыңды түсінем деп, Қызып алсам жыр оқып, ісінем көп. Бірақ, бірақ қыранмен қатар ұшқан, Айтшы маған неліктен күшіген көп. Өрнегімді бетіңе сызам әлі, Сорғалайды шындық боп музам әні. Қысқарады неліктен қыран ғұмыр, Қарға-ғұмыр неліктен ұзарады? Үңілемін жүзіңе қуақы тым, Біреулердің аласың туа құтын. Неге, неге қарғаға қор болады, Қырандарға қимаған уақытың. Тосылмаймын сыныңнан, ұмтыл маған, Сала алмаймын гөй-гөйге мың тыңдаған. Неге бақыт құсымен бақта бірге, Қайғы-байғұз жырлайды сұңқылдаған. Көктемің бар кіретін баққа күліп, Ақыратын қысың бар ақпаны ұлып. Алдыма кеп, көзіме тура қарап, Есеп берші сен маған ақтарылып.

Менің бұлтым Дәл қазір де тұрсың-ау қадағалап, Мүлт кетсем қайғың кеп табаламақ. Әділетсіз ісіңді бетке басып, Бір қояйын аузыңа, жағадан ап. ПОРТРЕТ “Санаушы едім ғұмырлық жолдасыма, Сенуші едім бақытсыз болмасыма...” Дедің дағы бұрылып кетіп қалдың Ренжісіп қалдың ба болмашыға. Сүреңсіз ой көңілім кеше берді, Сартап қайғы тағы да еселенді. Түнгі қала Жалғыздық, Аязды ауа, Ұзақ жүрдім аралап көшелерді. Көп жұлдыздар аспаннан қалқып ақты, Қалқып ағып сенімді жартылатты. Мен аяздан тоңғам жоқ, жүрегімді Бүріп алған жалғыздық қалтыратты. Қандай қиын санаңда сұрақ көбі, Махаббаттың түскендей құлап көгі. Кіргенімде бөлмеге жансыз бейнең, Қабырғадан қарсы алды жылап мені. О, құдірет сиқыр ма, алдамшы ма, Шам жарығы шығар-ау жанған сірә. Қолыма алғам, жылап тұр шыныменен, Құралайдай тап болған жарлы аңшыға. Қолымда тұр өз бақыт, өз арманым, Қаншама оған шынайы сөз арнадым. Күнәсізбін дегендей мөлдірейді, Иіп кетті жан-жүйем, төзе алмадым.

Бауыржан ҮСЕНОВ Кінәлаймын сергелдең құрғаныма, Арқау болған асыл ең жырларыма. Айтшы, аяулым, сол күні тұсыңдағы Менің бейнем егіліп тұрмады ма?... МЕНІҢ ДОСТАРЫМ Шаттығы көп бозбала жұмбақ шығар, Арманы асқақ, алайда шыңға ап шығар. Жолдастары жыр қуған “кіл бақсылар”, Кім біледі олар да жұмбақ шығар. Көңіліміз порт, жыр деген кеме тұрар, Сапар шекпей сол кеме неге тұрар. Білмейсіңдер, біз деген капитанбыз, Тоғыз балда былқ етпей тек отырар. Біреу бізге күдіксіз сеніп те өтер, Шаруасы жоқ біреудің келіп кетер. Біздің көздер – сәулесі рентгеннің, Көкірегіңе зымырап еніп кетер. Не екенін өлеңнің түсіндіріп, Жыр оқимыз тасты да мүсін қылып. Мінезіміз бірде қыс, бірде көктем, Түсінбейсің кей кезде мысың құрып. Біздер солай жұмбақпыз шешімі жоқ, Әзірге айтар өмірдің кесімі жоқ. Кроссвордтан шығамыз бір жылдары Бір-бір ұлы ақынның есімі боп.

Менің бұлтым МАҢДАЙЫМА ЖАЗЫЛҒАН МӘҢГІЛІГІМ Ашамын да кеудемнен ең тереңді, Жан жырымды жасырмай шертем енді. Ақкөз жырды төгетін бозбала ақын, Махаббаттың аулына ерте келді. Мөлдір шыққа етегін майса малып, Көктем жырлап жатқанда сай-сала ағып. Түсу деген бұл маған әдет болды, Өңді қыздың соңынан май шам алып. Қызды ауылға қырындап кертөбелім, Қайтып жүрді төгілтіп тер төлемі. Шырпы сынды махаббат көп кездесті, Бірақ бірі алау боп өртемеді. Қанша қыздың есімін тарс ұмыттым, Дірілдеттім білтесін қанша үміттің. Алматыға ауыстым бір күндері, Орманы да ұлғайды “аңшылықтың”. Сұлулардан аясын кім өнерді, Ән мен жырым асқақтап түрегелді. Есер көңіл түсірер тәубесіне, Бір адамға жолықпай жүре берді. Қанша сурет ауылдан ала шыққан, Жыртылды да кетті ұшып қарашықтан. “Біраз жерге дақпыртым тарағанда” Бір күн саған жолықтым қалашықтан. Жаралыпсың ерекше өзің де бек, Тазалықтан береді көзің дерек. Ойда жүрсін дедім де, ойланбастан, Қойып қойдым кезекке кезінде деп.

Бауыржан ҮСЕНОВ Ех, жігіттер, салғанмен біз батыл ән, Орнайды екен өр кеуде құзға тұман. Барғанымда бір күні о, сұмдық-ай, Алғаш рет бет қайтты қыз затынан. Ойлады ма ап келді “серіні” не, Әлде сылдыр сезімнен жеріді ме. Оты шықты бетімнің емінгенде, Үлбіреген балауса ерініне. Басқа шауып тамырдың ыршып қаны, Менмендіктің кеудемде тұншықты әні. Сондай сұлу, соншама нәзік өңі, Содан кейін ойымнан бір шықпады. Қайта соқтым түк шықпай бас қатты мың, Көкжиегін кеткендей тастап күнім. Мойыл жанар момақан Сырдың қызы, Мойындатты бас имес асқақтығын. Мәнсіз жүріс мәнерін іріктім де, Жырға қостым есімін тұрып түнде. Сол кездерде Тәңірі-ай, аяулымның, Мені сынап жүргенін біліппін бе... Сен кездесіп тыйылды сан бүлігім, Махаббат деп саламын әнді бүгін. Төрткүл әлем ішінен табылдың-ау, Маңдайыма жазылған мәңгілігім, Маңдайыма жазылған мәңгілігім. «САЯ ҚЫП АСТАНАНЫҢ БАРҚЫТ ТҮНІН» Сая қып Астананың барқыт түнін, Сен мені құшағыңда балқыт, күнім. От көрген көбелектей келе берсем, Ол сенің бар сұлудан артықтығың.

Менің бұлтым Саған деген өлшеусіз сенімменен, Тыныстасын дірілдеп менің денем. Күні бойы жыр буып салқындаған, Жүрегімді жылытшы деміңменен. Адамдардан бақытты – қайғы қашқан, Құшақтасып сертіміз айнымастан. Тербесін сыбдырлаған мына бақты, Біздің болашағымыз жайлы дастан. Жаным менің, біздегі жан – егіз, ұқ, Сыр айтады жапырақ әдемі, үзік. Қандырмады шөлімді ішкен сусын, Сусындатшы тіліңнен бал емізіп. Мейіріммен иіліп қанат-қасың, Саусақтарым шашыңды тарақтасын... “Қайтайық” деп айтпашы, осы бақтан, Қол ұстасып шығайық таң атқасын. ӨРЕКПІГЕН ӨКПЕК БОЛЫП Өрекпіген өкпек болып, Жел аңғардан шықты есіп. Түнгі аспанда топ-топ болып, Бара жатыр бұлт көшіп. Шашыраған отар сынды, Шөп іздеген нар болар. Бауыр төсеп жатар шыңды, Бара ма іздеп әлде олар. Атқа мінген қоқаңшыл бір, Тоңазытып түнгі ызғар. Тұтатқандай шопан шылым, Жылтыңдайды жұлдыздар.

Бауыржан ҮСЕНОВ Сәл бөлінсе нанасың ба? – Құшақтары дайын-ақ. Ешкі бұлттар арасында, Ойнақтайды ай-лақ. КӨГІЛДІР САҒЫМ Жабырқасам көзіме жас келеді, Жанарларың бұлтсыз аспан еді. “Әй, жеттім-ау”, – дегенде бұлың етіп, Алдап кеттің сағымдай сәскедегі. Қабылдамай жанымның ымырасын, Қаштың менен, Көтермес мұны басым. Күдерімді үзейін, десем енді, Көкжиектен тағы да құбыласың. Аспан көзді баянсыз бағым менің, Айдаладан арбаған сағым ба едің? Самал болып есе алмай, саған қарай, Шаруасы шалқайып, шабылды ерің. Бозторғай да атыңды айта берді, Періштең не, кеудемде сайтан өлді. Мәңгі аңсайтын бір арман керек шығар, Сағым болсаң сағым бол, Қайтем енді... ДАУЫЛ Жүрген жері әрі айқай, әрі сүрең, Ілесе алмас арғымақ шабысымен. Диюларға мініп ап азынаған, Дауыл жетті сәске ауа салысымен. Пәтшағарың не деген батыл, әлді, Сүйеп қойған сындырды сатыларды.

Менің бұлтым Шатырлары сықырлап үй біткеннің, Жербауырлап, тырмысып жатып алды. Морт кетердей теректер зорланады, Топырағың топалаң қар бораны. Көктей төккен алмасын жоқтады ма, Қоя берді еңіреп алма бағы. Бәлкім есер, бұл дауыл бәлкім жынды, Кір ілетін кендірді тартып, жұлды. Ақ жаймалар жаюлы ақ құстардай, Аспанында ауылдың қалқып жүрді. Бір терезе быт-шыт боп саудырады, Тентек жиен қайтпаған аулына әлі, Стаканын сауытқа соғып қойып, “Түйе жығар дауыл” деп даурығады. Тынды ақыры, көрігін бітеді де, Алба-жұлба бақ тағы күтеді не. Әрең ұшып баратқан аспандағы Ақша бұлттың ақ төсі түте-түте. ШЫР АЙНАЛЫП АРҚАНДА ТҰРҒАН ӘРЕҢ... Шыр айналып арқанда тұрған әрең, Шұрқырайды үйірсек қырда дөнен... Жыр құрасам деп едім қоштасқанда, Батарының алдында күн даламен. Шың басында шүлпілдеген тұр тегене, Соңғы шапақ жануда білтелене. Батқан күнге мұңайып қарадым мен, Малдас құрып отырып бір төбеге. Мен де сұлық, сөйлемей жыр да сұлық, Қараңғылық келеді қырға асығып. Жанарымнан үзілген тамшыдайын, Тағы бір күн жоғалды құмға сіңіп.

Бауыржан ҮСЕНОВ Тебіренсем көзімнен көшер мекен, Бұл далаға мен қашан нөсерлетем. Бір күн өтті тамшыдай құмға сіңген Құм бетіне түп жусан өсер ме екен. ЖЕКПЕ-ЖЕК Боз далада шұрқырап құлан-шабыт, Түн қатып жүр кірпігін қырау шалып. Құлан – шабыт үнінен қарғып тұрам, Тәтті ұйқымнан алғандай жылан шағып. Диірмен-ойды миымда айналдырам, Бұлағымды мұхитқа қайдан бұрам. Шақырады мені ылғи шалғайларға, Кірпігіне мұз қатқан қайран құлан. Дей алмаймын жырау боп тіл безедім, Құлан мініп қиқулап қыр кеземін. Оқырманым, өзіңмен жыр-майданда, Келді-ау деймін шайқасар бір кезегім. Жүйрік бұлттың сауырын жасын тіліп, Шыңғырды бір дауыс сап жарты аспанға. Бұйығы көл қарайды қасын түріп, Айналасын қоршаған жартастарға. Қаңбақ қашты зымырап, пана іздеген, Албастыдай көрді ме, бүлік көкті. Тентек құйын байғұстан қара үзбеген, Сойып, сойып бұтаға іліп кетті. Тобылғыны төпелеп жынды дауыл, Шашын жұлып, бастарын жерге ұрады. Қою шаңның астында сырғыды ауыл, Керегесін қазыққа ел бұрады.

Менің бұлтым Дауыл түрген етегін азынап кеп, Толқындарды қағып ап тастар құшты. Үйге енем деп түйені жазылап кеп, Жүрген шалдың бөрігі аспанға ұшты. Қамшысына жасынның келген шыдап, Қасарысып, Дегендей – ерге сын бұл. Бауырынан бұлттардың тер тамшылап, Дарияға айналды көл-көсір бір. ШАҒАЛА АРМАН Шағала арман Жөн сілтейді шаңқылдап маған алдан. Сәтті күні көтеріп желкенімді, Ұзап кетіп барамын жағалаудан. Желкенді жел кернесін, Күтеді бүгін де сын, ертең де сын. Табаныңда кемемнің өр толқындар Қаға алмастан қанатын мөлтеңдесін. Әуелі мен, Шықсам да қыран ұшқан тау елінен. Шабыт алып, жыр құрап тебіренем, Қоршай жүзген балықтар әуенінен. Шертіп әнін Қайсарлықтың, кемеде мен тұрамын. О, Жуалым, өзіңе оралады, Жұмбақ арал ашқан соң ерке ұланың.

Бауыржан ҮСЕНОВ АҒА СЕНІ ТҮСІМДЕ КӨРДІМ БҮГІН (Ағам Сүлейменге) Үнсіз тұр мола айқұлақ, Жасырып дүние кеңдігін. Сағыныш пенен қайғыны ап, Басыңа тағы келді інің. Көзімнен жастың тамғаны-ай, Езгілеп жанды ауыр үн. Хал қалай, аға, хал қалай, Хал сұрап келді бауырың. Тағы да көктем келді елге, Таратты құстар қыр әнін. Кертөбел атпен мен белге, Тағы да сенсіз шығамын. Иіліп келіп, бүгілдім, Сөнердей жарық жанарым. Әскерге кеткен ініңнің, Жатсың ба күтіп хабарын. Лайық ұл ең ғасырға, Күрсін сен күнде, күрсін-ай. Жиырма бес-ақ жасында, Төмпешік болған қыршын-ай. Соққандай күрзі төбемнен, Сенделіп жүрмін әлі де. Бейнеңді жасап өлеңнен, Атыңды қосып әніме. Саған сеніп енуші ем төбелеске, Және де үстем түсуші ем көп егесте... Енді бүгін тағдырдан таяқ жесем, Сенің тірі кездерің келеді еске.

Менің бұлтым Қылығым да, жүк еді сөзім нарға, Намысымды қорғайтын өзің барда. Шұрқырасып құлындай табысушы ек, Сенің жолың алысқа созылғанда. Ұмыт болып бұл күнде балғын шағым, Жолда жүріп келемін – алдым сағым. Жөн сілтейтін кезіңде үзілдің-ау, Жүрекке сап қайғының жарқыншағын. Қайнап жатқан көзі едің аққайнардың, Нағыз кемел шағыңда ақпай қалдың. Бозбала боп кеттім де жігіт болып, Келген кезде әскерден таппай қалдым. Шат-шадыман жүрсем де күнде мейлі, Қолтығымнан мені енді кім демейді. Келген сайын басыңа сырласуға, Төмпешігің мұңайып үндемейді. Сенің туған күніңе сый ап келіп, Көңіл жылап, болады ми ақ көбік. Бұрын атымды атайтын Біржан, Байжан, Аға дейді бұл күні мият көріп. Өзің жоқсың, ұмыт боп еркелігім, Аға болды осылай тентек інің. Мұңаяды әкей де, арбасының, Алғандай-ақ жоғалтып белтемірін. ДОЙЫР Қайтыс бопты атам Нартай да, Күйзеліп қалдым мен демде. Шежіре айтар қарт қайда, Шалғайдан енді келгенде.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қос соғыс көрген айтулы ер, Қайырлатыпты кемесін. Қара қорымнан қайтуда ел, Тапсырып жерге денесін. Қаралы ат болып бәйге көк, Белдеуде мүлгіп, тұл маңдай. Табыңдар шалды, Қайда деп, Кінәлап бізді тұрғандай. Қасқырға салар қос құмай, Қыр жаққа қарап көп үрді. Аулаққа ап кетші, достым-ай, Бұзады екен көңілді. Қадірі өткен нар шалдың, Соқтырам қалай жүрегін... Төбешік болып қарсы алдың, Мен кеткен кезде тірі едің. Бір ғана құрбың қалған ба, Алты сай бөрік жарасар. Арманда кеттің, арманда, Деп жылап тұрған қара шал. Көкірегімді қаруда, Тыңдап бітпеген дастандар. Гуілдеп жыртыс алуда Шляпі киген “жас шалдар”. Қолыңда өскен ұл едім, Алысқа бұрған кемесін. Құлатып алған тірегін, Жұбатып ауыл не десін. Қуаты демеп батаңның, Аңсарым ауар ескі үнге. Дойыры қайда атамның,

Менің бұлтым Бермеп пе ең, апа, ешкімге. Қорғасын өзек сап өрген, Құйрықпен майлап құрғатпай. Талай көкжалдар ақ өлген, Тарс ете қалса, Тіл тартпай. Маған бер соны, жан апа, Жоқ оның тіптен өлшеуі. Бітірсең оқу Нар атам, Сыйлаймын саған деуші еді. Арналып жырым, оқылып, Басына талай келермін. Дойырға қарап отырып, Дойырдай өлең өрермін. ДОСЫМБЕККЕ Мұңым бар бір басымнан асып кетер, Асып кетер, өмірге ғашық та етер. Мен осы жүргем жоқ па, қарап көрші, Жылуын жүрегімнің шашып бекер? Арманым шеті жоқ бір салды айдынға, Батырар ертелі-кеш балдай мұңға, Мен кейін өткен күннің елесінен Өзімді-өзім іздеп қалмаймын ба? Даңқ па, дақпырт па екен қол бұлғаған? Оны әзір айта алмай жүр тағдыр маған. Адам деп саналар ма өз жүрегін Бір рет Данко құсап жандырмаған?! Досыңнан үміт күтіп жүрсің бе сен, Мен ақын бола алам ба күрсінбесем? Шіркін-ай, адамдардың кеудесінде Жүрек боп ғұмыр бойы дүрсілдесем!

Бауыржан ҮСЕНОВ Ісім жоқ бір жүрекке дақ салардай, Жыр жазсам кірсе шықпас бақшалардай! Өлеңмен адамдарды аймаласам Аспаннан жауып тұрған ақша қардай!... ӨМІРГЕ СЫР Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар, Тағдырым бар сыр тұнған сезімімде әр. Ұмтыламын мен саған, ұмтыламын, Құпияңмен сен менің төзімімді ал. Болса-дағы мұратым шалғай тарап, Қоясың сен қандай сын, қандай талап? Құлатсаң да құзыңнан тұрғызбастай, Осы әнімді айтамын сан қайталап. Не тілейсің ақыннан жиырма жасар? Жастамын мен қаймықпай шыңға басар. Ез емеспін тау түгіл, қырда адасар, Мен – қазақпын домбыра, жыр жарасар. Өз арнамнан, әйтеуір, аспай бақтым, Бір арманға жасымнан тастай қаттым. Күнді бетке ап жол тартып бара жатқан Жыр кешіне ілескен жас тайлақпын. АСАУҒА ТҰСАУ Асау ем желмен жарысқан, Сағымын белдің сүйретіп. Деміңмен тартып алыстан, Делбелеп алдың үйретіп. Сәукеле киген қайыңым, Ішінде өскен топ талдың! Алдыңда бардай айыбым,– Кіріптар пенде боп қалдым.

Менің бұлтым Әлдилеп өтер ән бе едің, Қол ұшын берер күрсінсем? «Қасымда мәңгі қал менің!»- Демей-ақ, ұстап жүрсің сен. Жүректен шыққан сөз құрбан. Жыр құрбан саған мәні асыл. Өзіңе әкеп кез қылған Тағдырым неткен жанашыр! Махаббат деген – тақсыр ән, Қинадың мені, қинадың. Тағдырымды да тапсырам, Жүрегімді де сыйладым. Мендегі бардың бәрін ал, Жеңілсем, сенен жеңілем. Күлкісі, сөзі – дәрі, бал, Аруым қалсын менімен! ӨГІЗАРАЛ Бір жер бар Көсегеде – Өгізарал, Егіз шың көкке атылған – егіз анар. Ортасы жасыл ойпат, аты қызық, Дерек жоқ ақиқатқа негіз алар. Шоламын биігінен айналамды, Бұл атты атам қазақ қайдан алды? Қай кезде, қандай адам Не себеппен «Өгізге» «арал» қосып пайдаланды? Ағынын бөгегендей – қорғанменен, Кеудемде көл сияқты толған-ды өлең. Бір күні бір жорамал оқыдым мен: «Қаратау мұхит түбі болған», – деген.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қаратау мұхит түбі болса егерде, Қиялым сол дәуірге жол шегер де. Қаратау мұхит түбі болған шығар, Мен сенем, бірақ бұған ел сенер ме? Көп сауалға күпті боп тұрасың да, Дүдәмал ой ойлайсың расында. Бір заманда су түбі болған таудың Жетім жылға жылайды жырасында. Аты есте қап, келбеті естен шығар Жазығында ну бұта – өскен шұбар. Осы аралда от жағып алғашқы адам, Өгіз аулап, өлмес күн кешкен шығар? Қашқақтайтын сұрасам көкем менен, Құпиясына түбі бір жетем дегем. Көз алдымнан кетпейді жасыл арал Жабайы өгіз үйірі мекендеген. ҚАМБАНЫҢ ИЕСІ Е-һе-һей...– Кісінеп астымдағы арда дөнен, Кеудемде күмбірлейді арман-өлең, Қалыңнан кекілігін пырылдатып, Қолатты кезіп келем Қамба деген. Қамба бұл – ғажап мекен астау сынды, Жуады әр-әр жерден бастау шыңды. Жаңғырық қайталайды сыбдырыңды, Ән салсаң, қатты айқайлап, аш даусыңды. Көп мұнда қақпа тастар берілмейтін, Асып өт жігерменен ерінбейтін. Суына бетің шайып, дәмін татып, Сәлем бер иесіне көрінбейтін.

Менің бұлтым Туған жер дейтін асқақ ұранменен Түбінде туары хақ бір ән менен. Ежелгі заман сырын ел айтады: «Иесі бар Қамбаның Жылан деген....» Аңызға арқау болған алып жылан, Өлкеге ықылымнан мәлім жылан. Әйгілеп жатқандайын тіршілігін, Айтады сытыр-сытыр қалың жым ән. Мен шынын безбенге сап өлшемедім, Дөненнің жорғасымен теңселемін. Рас па, өтірік пе, шаруам жоқ, Шүбәсіз осы аңызға мен сенемін. Ұнамай әлде саған бағам берген, Нанымда сенетұғын надан дер ме ең? Атамның айтатыны жалған емес, Жасында нән жыланды бабам көрген. Шөп ойнап, жел тұрмаса күзгі белде, Жыланның дем алысын түз білер ме? Әйтеуір, Қамбамыздың сол иесі Жамандық жасамаған біздің елге. Сөзіме сенер болсаң – қоста толық, Аршалар тарбияды тасқа төніп... Селт еттім, бұрылыста серек тастан Тұрғандай алып жылан бас көтеріп. Мына үңгір аумайтұғын қара үй екен, Сандықтас қаншадағы қария екен? Туған жердің киелі топырағының Жыланын да жаһанға жария етем!

Бауыржан ҮСЕНОВ ҚОШҚАРАТА Тоқтатқандай тағдырың шалма салып, Тартылдың сен – не қайла, қам жасайық?! Ақбас таудың сүті едің, кең далаға Омырауынан ағызған арна салып. Құрып кеттің кенеттен қуардың да, Батуда өңір боз тұман буалдырға. Бере-бере нәріңді қуаң қырға, Күш-қайратың тартылып, суалдың ба? Жерге сені қалайша ұрлатамын, Жылым ойдан бір шығып, бір батамын. Ақ сазандар ойнаған иірімнің Көлшігіне айналды құрбақаның. Жарқын жаздың өткен жоқ бір айы әлі, Ешкі кешіп өтеді қыл аяғы. Өткел бермес кезіңді әңгіме қып, Алпыстағы Асан шал мұңаяды. Анасы едің ардақты бұл өңірдің, Естілмейді дауысы жүрегінің. Шыныменен мәңгілік жоғала ма Бүлкілдеген тамыры бір өмірдің?! Айдыныңда сызылтар ән өрнегін Аққулар жоқ.... Арманым, орал менің! Жағаңа кеп жабырқап жылап тұрмын, Көз жасымнан төгілген толар ма едің?!

Менің бұлтым ДОП ДОДА Доп туласа қақпада мерген атқан, Команданың ұтқаны – елге мақтан. Жасыл алаң қым-қуыт, күйіп тұр күн, Делебесі қозған жұрт терге батқан. Жүрсе-дағы біреуін бірі бағып, Әне, допты әкетті жырып алып. Дауыл күнгі тулаған теңіз құсап. Дем алады стадион ыңыранып. Қақпашының алады мерген есін, Қорғаушылар, байқаңдар, шендемесін. Трибунада айқайлап ұрандар тұр: «Қайрат», бүгін кемінде үш гол бересің!» «Қойса-дағы алдыңа орман егіп, Қақпашы дос, қақпаңды қорға берік....» Дегенше-ақ болмады, теңбіл сайтан Зар еңіреп шырмалды торға келіп. Жеңеді деп отырған – мұңсыз халді Жанкүйерлер аһ ұрып, үнсіз қалды. Алматының аспанын бұлт торлап... Күреңітіп жауардай күн сызданды. Ойынының өрнегі табыспады, Жеңілсе егер – басынан бақ ұшқаны. Әр кеудеде арылдап түрегелді Азу білеп күдіктің арыстаны. Қарақұрым көпшілік сөзден қалып, Тұнжырайды алаңды көзбен бағып. Наразылық күшейді, осы кезде «Қайраттың» да мінезі өзгерді анық.

Бауыржан ҮСЕНОВ Көпке дейін бірақ та ала алмады, Ширыққанмен қимылы алаңдағы. Қарсыластар добына бір доппенен Жауап беріп, ойынды тамамдады. Тоқсан минут алысып тамам батыр, Ес жия алмай, етпеттеп алаң жатыр. Риза қылмай кезекті тең ойын бұл, Жанкүйерлер көңілсіз тарап жатыр.

Үйге жетсем барынша сілтегелі, Доптай тулап, кеудеме жыр келеді. Ей, Алатау, Қаратау, Алтай, Арқа, Туар кезің жетті ғой бір Пелені! ҚЫРҒЫЗДА БІР АЙЫЛ БАР ШЕКЕР ДЕГЕН Қиялды күйкі тірлік шектемеді, Кеңес қып қырғыз жаққа беттегелі. Жөнелдік маңдайға алып Манас шыңын, Сұр «Волга» қасқа жолды жеп келеді. Сол шыңға бауыр төсеп жатыр аспан, Бауырында дамылдайды батыр асқан. Қырғыздың сазындай боп самал есті, Самалға омырауды мақұл ашқан. Көксайдың қатты ағысы жатыр ырлап, Төккендей саңқ-саңқ етіп ақын ырғақ. Қол бұлғап жылдамдықпен жарысты да, Шоқ тоғай қалып кетті ақырындап. Қойтастар жол бойында үнсіз қалып, Қарайды оң қапталдан шың сызданып. Қосылған төсекте бас, төскейде мал, Тұрады арғы бетте мұңсыз халық.

Менің бұлтым Шығатын қатты қыссаң май ақ тастан, Көксайың Жуалыдан таяқ тастам. Келеді Қуат ағам әңгіме айтып, Сан рет бұл өңірге аяқ басқан. Жол бейне бұлғаңдатқан бұрымын қыз, Шекерге салдық сапар құйрығын біз. Қасқайып шыңға айналған бұл күндері, Қаз басқан сол айылда ұлы Қырғыз. Әлемді шарлап кеткен даңқы биік, Әр сөзін қағып алған халқым ұйып. Қай теңеу дәл болады, мәселенки, Шығыстан шапақ атқан – таң құйылып. Дүкенге тізгін тарттық Әсел деген, Әселді қалыңдықтай әсемдеген Жері үшін, шоң адамның саулығы үшін, Қырғыз дос, қағыстырам кесеңменен. Қараймын, қалып кеткен ізі бар ма, Қырғыз қыз базына айтып сызылар ма? Шым-шымдап осы айылдан бастау алған, Даңқты бұзып-жарған ұзын арна. Қарап тұр Манас шыңы көкке есінеп, Көңілді топ жігітпен беттесіп ек. Ағайын айыр қалпақ мақтанады, Шекерді қырғыздардың Меккесі деп.... Назары аумаса да маған елдің, Құлындай қоңыраулы саған ердім. Аға, өзің болмасаң да, айылыңа Сәлемін Жуалымның ала келдім. Ұлылық нәзіктіктен емес кенде, Сағынып Алатауды жел ескенде. Тағдыры дүниенің толғандырып, Жүрсің бе симпозиум, кеңестерде?!

Бауыржан ҮСЕНОВ Шыңдайды жел-құздарда шыңды сенім, Тойлансын толағай боп мың мүшелің. Құйқылжып келе бергін жеке-дара, Бәйгеге Шығыс қосқан Шыңғыс едің. Қырғыздың көңіліме жазы қонып, Қиялдан бір өлеңнің сазын өріп, Қош, аға, қайтып барам Шекеріңнен, Меккеге тауап қылған қажы болып. ШІЛДЕ. ҚЫРМАН Сені жырға қосайын, шілде, шілде, Сұлу қызға жолықтыр бір кешіңде. Берекеге белшеден батып қалған Бейбіт ауыл тоқ қырман іргесінде. Құшағына ап ғаламды алқара түн, Құрған кезде ай-жұлдыз салтанатын, Мөлдіреген көзіне қарап тұрып: «Кім еді, – деп сұрайын, – қалқам, атың ?» Сылдыр етіп күлкісі, айтар атын, Сол есімді мәңгілік қайтала, түн – Санам саққа бөлінсе, ойым – онға, Әзіліне сөз таппай қайтаратын. Назды сөзін кестелеп ақылменен, «Қысылдың, – деп сұраса, – батыр, неден?» Түннен, қара шашынан жұтар ма едім Бидай иісін аралас әтірменен! Бұраң белі солқылдақ сәмбі талдай, Қолға тисе, жырлар ем мәңгі талмай, Жымиысы қапастан құтқарардай, Ишараты шыңырауға қарғытардай.

Менің бұлтым Демін жиі ап, Дірілдеп пісте мұрын, Құйып тұрса жанары ішке нұрын. Іздер ме едім мен ләззат арасынан Меруерттей әдемі тістерінің! Серік болып осы арман алды маған, Ғашық әнге, туған жер, салды балаң. Қырман кезіп жүрейін төсіңде мен, Сұлуыңа жолықтыр балбыраған! ШАЛҒЫН. ЖЫЛҒА. ЕГІС Шегірткенің айғыры тебіседі, Бұтқа толып құрбақа неге іседі? Арнасында күбірлеп жылға жатыр, Арғы беті саржағал егіс еді. Сарбас жылан зу етіп суға кетті, Иірімшіден ақ шабақ тулап өтті. Қайта-қайта сал самал тиіседі Әлі жапырылмаған нуға әдепті. Бақалардың мақтанын сәтке бөгеп, Келіп қонды батпаққа ақ дегелек. Быт-пыл-дық деп бөдене бұғып жатыр, Сырт көздерден жасырып қатты ебелек. Кенелерде дыбыс жоқ – меңіреулерін... Жасыл құрттар жасап жүр серуен керім. Құмырсқаның илеуі ию-қию, Аттандырып, күтіп ап керуендерін. Әрбір гүлде бір ара гүжілдеген, Үлбіреп тұр Келіншек үзілмеген. Мойнын созып қарайды меңдуана: «Дәнім пісті, Керек пе – жүзін берем!»

Бауыржан ҮСЕНОВ Қарсы бетте егістік сары жағал, Жиектері жүргізбес кәрі бадал. Аспан жақтан бозторғай құйқылжытты, Ісіне де, әніне – бәріне адал. Қалың құрғақ толқын боп жүгіреді, Орақ түсетұғын күн бүгін еді. Үйір торғай егіске келіп қонды, Ақ дегелек батпаққа үңіледі. Қарап тұрған секілді күн бұрылып, Қолым жеткен жердегі гүлді жұлып. Қалыңында шалғынның мен жатырмын, Табиғаттай Тәңірге құлдық ұрып. МАЙТОПЫРАҚ. БАЛАЛЫҚ Уақытымызды асық пен айтақыр ап, Кілем еді күрессек – майтопырақ. Түн мен ұйқы амалсыз ажыратқан Басымызды таң ата қайта құрап,

Шуылдасып, кеңесіп, керілдесіп, «Сатып кеткен жолдасты – өлім » десіп, Дүниені ойынмен өлшеп-пішіп, Сәби көңіл ашатын сенімге есік. Аяқ-қолды бір елі күс басады, Бұрқылдайды ауылдың ұшпа шаңы. Кіл «тентектен» көшеде бұзау үркіп, Тал басынан шырылдап құс қашады. Зипа терек мүлгиді тозаң басқан, Торғай аңдып жүреміз көз алмастан. Көрші көше «әскері шабуыл жасап», Кейде майдан ашамыз озандасқан.

Менің бұлтым Қағаз бомба жарылып, кесек ұшып, Ұрандасып жатады неше пұшық. Қапылыста қарсылас қан қақсатса, Қақ шекеден бір «мүйіз» өседі, ісіп. Майтопырақ табанға қандай мамық, Үстем шықсақ шулаймыз таңдай қағып. Содан кейін «жорыққа» аттанамыз, Алма бағын ауылдың маңдайға алып. Қайран сол бір балалық – Беу, ертегі, Айрылыппын ертерек сенен, тегі, Тарпаң тірлік еркелік көтермеді, Алды талай сыпырып менен тері. Көтерер ем мен сені туым етіп, Қойды тағдыр жұлдызды жуық етіп... Майтопырақ, мен сені сағынамын, Қарыс табан етіктен суық өтіп. БЕТПАҚДАЛА ҚЫРҒЫНЫ (Баллада) Көрген соң тағдырының сыйын бөтен, Жүйрікке сағым қуу бұйым ба екен: Келеді жан ұшырып бедеу құмда, Соңында үйір қасқыр, үйір бөкен. Ажалдың қара бұлты басқа төніп, Көздері мөлдірейді жасқа толып. Қолдарын көкке жайып, үдірейіп, Жылап тұр сексеуілдер бас көтеріп. Қан ішу атасынан қалған дәстүр, Жақындап қалды, әнеки, арлан қасқыр. Тістері сақылдайды, көзі жайнап, Тұяқтан бұрқыраған шаңда адасқыр.

Бауыржан ҮСЕНОВ Жануар, шөл еркесі, жазығы жоқ, Қала ма азулының азығы боп? Арланды тайыншадай жықса нетті, Бір түбір ажалының қазығы боп! Жазмыштың «сыйына» бұл теке күйіп, Үйірін шашыратпай жеке жиып, Безектеп, Қалып қойған құралайдың Таңынан мүйізімен кетеді іліп. Сордың да берген екен бес елісін, Ғұмыры қуғынменен өтері шын. Құралай кеше туған көрді бүгін Тағдырдың тумай жатып теперішін. Үйірін көсем теке дүркіретті, Торлады құм шаңының бұлты көкті. Арлан қасқыр қап қойған құралайдың Белінен қан-қан қылып сілкіп өтті. Сілкіп өтті, Бірақ та тоқтамады, Зымырайды сұр сайтан оқтан әрі. Жаңылып шабысынан ана бөкен, Құралай қалған жаққа көп қарады. Сонда үйір зымырады күнді бетке ап, «Құтыл» деп күбірлейді мұңды Бетпақ. Қинады сорлыларды құрғыр аптап, Тозаңы боз дәкедей үлбіреп қап. Күн батты көкжиекте тұрған күліп, Көздерде бір өшіп қап, бір жанды үміт. Бөкендер маңып кетті айдалаға, Бес бірдей құралайын құрбан қылып.

Менің бұлтым Ащы тер көз жасына қоса ағылды, Үйір кеп бір ойпаңға ошарылды. Дір қаққан бауырлардан су сорғалап, Құм бетін қақ боп тұрған жоса бұзды. Жусады дымы біткен сорлы бөкен, Көргені көз ашқаннан қорлық екен. Ей, Тәңір, бар екенің рас болса, Көрсетпе қасіретіңді енді бөтен. Ойпаңға киік емес, тылсым бұқты, Жасырды күллі әлемнен түн шындықты. Тек байғұз бебеуледі, бебеуледі, Шақырып жатқандай-ақ бір сұмдықты. Күн бойы сауға іздеген кіл сағымнан, Ортеке қарғып тұрды бір сарыннан. Жарығы бөкендерге тура түсіп, Машина шыға келді құм шағылдан. Тағдырдың жазғанына күйіп, тоңып, Жазығы – жаратылды киік болып. Тағы да безіп берді бейшаралар, Көздерге қасірет пен күйік толып. Адам мен аң дос деген тіпті өтірік, Отырып атып жатыр, тік те тұрып. Мылтықтар өлім сеуіп гүрсілдейді, Құлайды сорлы бөкен бүктетіліп. Шағылдар бұғып-бұғып тұр ойланып, Машина ышқынады үрейді алып. Оқ тиген бөкенге де қарамайды, Дегендей: «Қайтып соғам бір айналып».

Бауыржан ҮСЕНОВ Үрейден Бетпақдала жұлды шашын, Жел тұрды солқылдаған құмды шашып. Жаралы, жалғыз қалған текті теке Құламай, арт жағына бұрды басын. Өр сезім мүмкін оны ырыққа алды, Құламай, қалт-құлт етіп тұрып қалды. Адамдар қуып жеткен оқ шығармай, Мылтықтың дүміменен ұрып қалды.

Пенделер, көздеріңді құйын басқыр, Тоймасаң, тағы қырғын ұйымдастыр. Бес бірдей құралайды қанағат қып, Қап қойған сері екен ғой үйір қасқыр. Болмадың қасқыр құрлы өр тоятты, Басыңа ойнатар ма ед сол таяқты?! Бұл сөзді теке бірақ айта алмады, Серпіді, құлап түсіп, төрт аяқты. Қырғынға куә болып құм жылады, Аспанда ай да жылап, қынжылады. Қасқыр да ішін тартты бұл сұмдыққа, Пана қып ұйқтап жатқан бір жыраны... Табиғат, о, табиғат, кешір мені, Көп болды төбеңде ажал есіргелі. Қай кезде бейбіт өмір сүрер екен Адам мен аң атаулы төсіңдегі?! Көркейтер үйірімен дөң өркешін, Адамдар, сақтаңдаршы шөл еркесін. Әйтпесе, кейінгі ұрпақ қарғап жүрер. Бөкеннің таппай қалып көлеңкесін.

Менің бұлтым МАЛДЫ АУЫЛДЫҢ БІР КЕШІ Қой маңырап, иттер үріп, Қарауытып тау іргесі, Тәтті түтін сүттей ұйып, Тағы орнады ауыл кеші. Шұрқырайды жылқы малы Бара жатқан жоннан асып. Құрбақалар жыртылады, Мағынасыз хорға басып. Қара шал жүр ет мүшелеп, Қонақ сыйын бүтіндеген. От басына жетті шелек, Сүтке толып шүпілдеген. Тал-терекке түн асылды, Бұлт боп басты маса шамды. Уыс-уыс мың асылды Жомарт аспан шаша салды. Таныс бәрі, мал иісі Талдысайға келіп қонған. Самаладай қара үй іші Кіл қазақи көрік толған. Қара мақпал тартқан алап, Күйіңе кеп, өзгер енді. Шежіре айтар қартқа қарап, Жантаятын кез де келді.

Бауыржан ҮСЕНОВ ОРАЛДЫМ ТУҒАН ЖЕРГЕ АҚПАНДАТЫП... Шыңдары көкке атылған белең алып, Арқарлы тау бар ма екен сенен алып. Туысы Қазығұрттың аты шыққан Ғайыптан биігінде кеме қалып. Шалғайдан сағындырып ел – аналық, Келемін бауырына мен оралып. Қол салып жүрегімді жаман езген, Тартады сағынышты сана – безбен. Төсіңнен еркелікпен ерте кеткен, Ұлың ем жастайынан қала кезген... Алдымнан ұшып-қонған кекіліктер, Аш түлкі азық іздеп дала кезген – Көзіме таныс сурет бала кезден. Қасқа жол ойдан асып, тауға салған, Кеттің деп тым созылып – дауласа алман: Қар басқан қияндағы қараша ауыл, Шешенің болмасам да жауға салған. Оралдым бөлтірікше ұлып-ұлып, Шалғайда қасиетіңді шын ұғынып – Тұратын таңы тамып, түні күліп, Тұсайтын пенделерін құлы қылып, Болмайтын Батыс, Шығыс шәрлерінде Бар сенде мен білетін бір ұлылық. Иісі шайырының тұншықтырған Орманың болмаса да сыңсып тұрған, Өкірген дарияларың болмаса да Көктемде өткел бермей қырсық қылған, Тарғыл тас, таз төбелер түсіме енсе, Ұйқымнан талай рет ыршып тұрғам. Төсіңде мамырлап тұр ақпан айы, Ой-қырға жалатқандай ақ қалайы.

Менің бұлтым Өзіңнің ақ батаңсыз ұстатар ма Жігіттің жетем деген бақ талайы?! Тай жығып, қошқар жарып, майды асаған Қасқырлар қарап жатыр қай тасадан? Көрсетсе азу тісін айналсоқтап, Оларға бауырмыз деп айта салам. Оралды қошақаның қайта саған. ҚАЗАН Қыр астынан жомарт қазан қарады, Сал бұлттар қайда лағып барады? Дөң басында тегершігі шиқылдап, Қол бұлғайды жел диірменнің қалағы. Табын сиыр, жайлап жатқан аңызды, Су ағызып келген тастар тәрізді. Алма бағы тастапты ашып жағасын, Өтеп болып мойнындағы қарызды. Сап түзеген Қантемірдің маясы – Төңкерілген семіз аттың жаясы. Тал-теректі жұлмалаған өкпек жел, Жапырақтар әдемі ғой... аяшы. Кетіп жатыр қаз да, үйрек, те, тырна да, Қалып жатқан мұңы басым жыр ғана. Тозаң ұшқан тақыр төбе басында Көкке қарап қалшиып тұр бір бала. Күзгі дауыл әрі тентек, әрі сал, Кеудір қаңбақ құйынменен жарысар. Күншуақта маужырайды жантайып, Қазан деген – байлығы мол сары шал.

Бауыржан ҮСЕНОВ Жаға жайлау, көңіл күйлі, қамба тоқ, Шығып келер азаматтар аңға көп. Түнгі аспанға қалқып шығар орай ай, Береке – ырыс байрағына таңба боп. БҮЙРЕК ТУРАЛЫ ЖЫР Бір өксік алқымыма кеп тұрады, Шулайды көңілімнің көк құрағы. Бұйығып бүйірімде бүлкілдеген Бүйрегім түбі мені жеп тынады. Бұл жағдай айқын болды атқан таңдай, Жүрсем де тірлік кешіп саптан қалмай. Қараймын болашаққа күдікпенен, Алдымда күтіп жатқан қақпан бардай. Демі өрт, жүзі жарқын, ұраны әсем, Жиырма бес, жолықтың ба жыраға сен? «Кеп қалса», қиналғанша, көнер едім, Кетеді-ау тағдырыма бірақ есем. Қасқырдың үйіріндей қоршап қайғы, Құралай үміт менен алшақтайды. Қазы жеп, қымыз ішер қыр қазағы Қалайша сүт көжемен жан сақтайды? Бүйректен бөлінген у басқа шауып, Шаба алмай, қан қақсайды қасқа шабыт. Мезгілсіз тасырқады өлеңім де Кезінде сынайтұғын тасқа салып. Жарасар жастық шақта бәрі дедік, Бірқатар дос-дұшпанға мәлім едік. Жүйкемді көп жұқартты емшілер де, Қырығы қырық түрлі дәрі беріп.

Менің бұлтым Төгуші ем той-думанда таңдайдан ән, Білтесі бітетұғын шамдай жанам. Елемей өткізіп ап жылым дертті, Шыбықша қурағаның қандай жаман?! Әйтеуір, бір келеді қаза деген, Кетеді, соны ойласам, маза менен. Әйтсе де, мойынсұнбай, Қаламсабым Қолымнан түскенінше жаза берем. Бас та өлең, бауыр да өлең, бүйрек те өлең, Ақынды ажалың да күйретпеген. Кеудемде жүрек-бұлбұл шыр-шыр етіп, Көшімді Күншығысқа сүйреп келем. ЖЕЛКЕНІМДІ ҚАЙТАДАН КӨТЕРЕМІН Өзіңнен басқа қыз жоқтай қазақта мынау, Қыл бұрау салып жанымды азаптадың-ау. Ащы запыран жырымның өзегін тілді, Жалғыздықты ертіп жабырқап кеземін түнді. Ұшырап алды қалайша құсын арманым, Уәде бұзып жалт бердің... түсіне алмадым. Көзіме менің миуалы тамыз елестеп, Махаббат деген – мәңгілік, Аңыз емес деп, Шаттанған қайран күндерім бұзылды сең боп, Көкірегімнен бір арман үзілді сен деп. Арнамның жолын тағдырдың соры бөгеді, О, ақындардың қай кезде жолы боп еді?! Дәл бұлай алдап шайтан да шаштан алмайды Тасқа соғуға жаралған қасқа маңдайды. Оңдырмай ұрып, Дал-дұл қып, қанатып алып, Кешіп барамын қайғының қара тұманын. Қиналуға ма – бұл өмір неге берілген? Қирауға ғана жаралған кеме ме едім мен?

Бауыржан ҮСЕНОВ О, бірақ мен қирап жатсам да сілкілесемін, Елемей төмен жандардың күлкілі өсегін. Жетеді менде қайсарлық, табаға шыдам, Сынық тақтайға жармасып жағаға шығам. Жыртық желкенім қайтадан көтеріледі, Жыр боратқанда аузымнан от өріледі. Алдамшы сұлу, Ал сені қылықты әрі Жүрегі нәзік басқа ару ұмыттырады. ЖАПЫРАҚ ЖАЙЛЫ БІР ӨЛЕҢ Кеше ғана биікте ең, Бүгін жатсың табанда. Жапырақ-ау, жағдайың тимеді оңай маған да! Құлағанды биіктен Кім сыйлайды бұл күнде? Қансыраған жүректей жерде жатып бүлкілде. О, бүлкілде, бүлкілде, Шірігенше бір тынба. Ағаш сені неғылсын, қабығы бар сыртында. Бұтақ сені неғылсын, тамырлар бар нәр берер, Қыстай қатып, Көктемгі жылылықпен әлденер. Жапырақ-ау, жапырақ, Сары аурудай сарғайған, Ғұмыр дейтін – мәңгілік таусылмайтын қан майдан. Құладым деп қамықпа, Өлдім ғой деп түңілме, Терегіңнен серейген дің де қалмас түбінде. Алты ай бойғы армансыз Ғұмырыңа тәубе де, Сені таптап жүргендер түсе берсін әуреге...

Менің бұлтым СӨЗБЕН ТАРТЫЛҒАН ШЕРТПЕ КҮЙ Қара шанақ, құлақ ас сәлеміме, Сезімімнің түйін сал пәлегіне. Сүгір – күйдің сүңгиін әлеміне, Қаратаудың шертпесі, ал еңіре. Сабау саусақ, қақпақты тесіп жібер, Шәрбетіңнен дәм татсын көсіп жігер. Өміріммен өзектес өзің барда Менің мәңгі мерейім өсіп жүрер. Күмбірлеген күй болып арайла, таң, Үнсіз кетті-ау жын буған талай мақам. Таусылуға талайы шақ қалса да, Домбырасын жеткізді қалай да атам. Тарих деген осы ғой – қара шанақ, Сондықтан да жүреміз дара санап. Құлағында қалғиды қарт шежіре, Дамылдайды пернеде дана сабақ. Сол арқылы шығарды халық үнін, Жорықтарда қостады дабыл үнін. Қорғасын да құйылды көмейіне, Жеткізем деп қазасын хан ұлының. Сан ғасырлар оқ пен от – сын шыңдаған, Тас кесетін күйлері қылшылдаған. Біреулерге ұнамай бір кездерде, «Ескіліктің көзі» деп былшылдаған. Не көрмеді бұл шанақ, не көрмеді, Көнермеді бірақ та ол өрнегі. Бар екенін әлемге әйгілеген Қазақ дейтін халықтың өлермені.

Бауыржан ҮСЕНОВ Күмбірледі залдарда самаладай, «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Заман», «Адай».... Қасиетті қу шанақ киелі ғой, Кетірмейік қадірін бағаламай. Домбыралар көбейді омбай, домбай, Тартады оны тартқыштар болмай, болмай. Қарағайдан бір кезде шауып алса, Қалмай ізі – сол өнер қор болғандай. Төк, домбыра, сырыңды, төкші налып, Пернелер мен ішектен от шығарып. Атып шығып шанақтан бір арғымақ, Таулар менен далаға кетсін ағып. Тыңдаушысы болмаса – ән бітеді, Ұлы өнердің өзегі нәр күтеді. Бергі тегін аздырып алмайықшы, Барып қалды музейге арғы тегі. Дәулескер ел күймен сүт алған сауып, Ол жүрген жер қашаннан болған сауық. Мыңқылдаған тақтайдан көңіл қалды, Өзім жасап алмасам қолдан шауып. Ою салып сүйектен – сүйінемін, Ешкі ішегін тұзға сап иіремін. Құмарымнан шыққанша тартам сосын, Өйткені сен мәңгі өшпес күйім едің!

Менің бұлтым ПАРКТЕ Аллеяда салады құйын ойнақ, Қамығады мәжнүнтал күйін ойлап. Шайқалады қарағай жаңғақ төгіп, Бұтағында үлпілдек тиін ойнап.

Мөлтілдеген түйме көз, шашақ құлақ, Ойнақтайды сан қимыл жасап құлап. Қыстың қамын күйттеген құйттай аңды Шошытпаңдар, балалар, тас атқылап. Жел ұйтқып кеп шайқайды қарағайды, Жапырағы көшені аралайды. Шатыр жұлар жынды жел Қол басындай Құлатуға тиінді жарамайды. Бір тынбайды сұр тиін жаңғақ тасып, Қарағайға кеп қонды тарғақ қашып. Бейбіт жүрген тарғақты қуып салып, Қарқылдайды топ қарға далбақтасып. Әткеншектің шиқылдап шығыршығы, Жел тербетіп аспанға мың ыршыды. Қу бұтағы көбейген қу сүйектей, Арса-арса кәрі емен ыңырсыды. Қарашаның ызғырық – зәрі аралап, Сары аурудай сүлесоқ тамам алап. Оңашада қарт отыр ойға шомып, Күз райын күрсіне қадағалап....

Бауыржан ҮСЕНОВ ОН АЛТЫНЫҢ ӘНІ Қараторы көрші қыз қиық қасты, Бозбаламен байқаусыз иықтасты. Ол «бірдеңе айтам» деп құлағына, Шөп еткізіп бетінен сүйіп қашты. Шыға келді бұлттан арайлап ай, Езу тартты қалың бақ: «Бала-ай, бала-ай....» Қыз шиедей қызарып бетін басты, Бала қашып барады қарайламай. Сол бетімен қалыңға кірді бала, Биші қайың билеп тұр мың бұрала... Жапырақтай, жас жүрек, дірілдеме, Бақытқа мас тана көз, бұлдырама. Қыз жымиды, сезбеді өзі мұны, Сыбызғыдай сыңсыды сезім үні. Махаббаттың шырағын жақты бүгін Бала қыз бен даланың бозым ұлы. Жас көңілге май айы дем береді, Адамзатқа махаббат ең керегі. Сан ғашықтан сыр тыңдап өскен терек: «Баянды етсін», – деп желмен тербеледі.... Жарқ-жұрқ етті қос жұлдыз дараланып, Қызға қарай келеді бала оралып. Шаңырақтар қатарын сол молайтып, Таяу жылда бір тойдың болары анық.

Менің бұлтым СЕКСЕУІЛ Күн көңірсіп, барады қарып бүгін, Көмір құсап қызарды анық құмың. Сексеуіл-ау, сексеуіл, қолың жайып, Көкбет көктен не күттің, жарықтығым?! Өзегіңде бір түйір нәр қалды ма, Ақ сағымға жанарың арбалды ма? Сағым құсап көзіңнен көшеді ме Жеткізбейтін жезкиік армандыға?! Жосып жүрген жәндігі – мың бір ұлы, Құм ойлайды дүниені құм қылуды. Не жақсылық көрдің сен осы құмнан, Өспедің бе өлкеде сулы, нулы? Жаңбыр күтіп, жарамас тон пішкенің, Неге тұрсың, тозаң ба сонда ішкенің? Ерні шып-шып тілінген, қара сирақ, Сұм енеге тап болған көнбіс келін. Ұстап тұрған сөгілген сүбелерін, Ұлы Құмның үзілмес Күдері едің. Сексеуіл-ау, сексеуіл, саған қарай Өлеңімнің бұлттарын жіберемін. Қазбауыр бұлт, будақ бұлт, бұйра бұлттар Жетер саған сіркіреп, – диланып қал. Жасын түсіп мерт болсаң, о дүниеге Жақсылықтың барына иланып бар... О, сексеуіл!

Бауыржан ҮСЕНОВ АУЫЛҒА ХАТ Арқарлы жақтан қозыға маңырамай ма, Қасқырлар мұңын шақпай ма ажырап айға? Кіл қарақұлақ бөлтірік қалыңда ойнап, Үріккен елік кете ме сағымға бойлап? Тұрған да шығар түрленіп, тобылғы гүлдеп, Қиқуын салып қаз-үйрек көңілді дүрмек. Қошқаратаны думан қып жатыр ма екен?... Күте бер, апа, қаладан жақында жетем. Ауады ылғи өзіңе аңсарым менің, Кекілік шуы оятқан таңсәрілерім. Балалық шағым күн күлген көзінде мәңгі. Момын иірім, текше тас, өзіңде қалды! Жасанды газон, тас үйлер, көкала түтін... Далаға құмар көңілім бола ма бүтін?! Ұшуға қанат болмай жүр, жетер ем қалқып, Туған ауылдың иісі кетер еді аңқып. Ірімшік пенен сүзбе жеп, қымызға қанып, Айлы түндерде жүрер ем бір қызға барып.

Мұңымды ақтарып өзіңе жүрген ішімде, Тазалық іздеп келемін бұл келісімде. О, қайран ауыл, күте бер қошақаныңды...

Менің бұлтым ЖҮРЕК Ерте салмақ түсті саған, Бүрді дерттің қаршығасы. Қанат қаққан құсқа ұсаған, Қамқорым-ау, шаншымашы. Жендет құсап қинадым ба, Саған теңдеп бар бәлемді. Пісіп тұрған ми бағында Әпере алмай алма-өлеңді? Көңіліңді қалдырдым ба, Кесір жолмен келемін бе? Шырматылам балдыр-мұңға, Уайымның тереңінде. «Өлеңдерің жылап кетті», – Дейді маған бір адамдар. Армандаған жырақ көкті, Албырт жырлар, жыламаңдар. Аман болсақ ән айтылар, Кінәлама, жолдас өнер. Көңілді жыр қалай туар, Көңіл хошың болмаса егер?! Тіршіліктің бірі мен ем, Тарттым екен қандай айып? Көз жұмам ба шыныменен, Күн туса егер алмағайып?! Мен биіктен сан атылдым, Жете алмасам, бар ма амалым? Табиғаттан жаратылдым, Табиғатқа айналамын.

Бауыржан ҮСЕНОВ ТОБЫЛҒЫ Торы түске жарасқан қоңыр меңің, Тіп-тік өскен сымбатты тобылғы едің. Қылшылдаған балта боп қиып түстім, Қызыл көрген баса алмай көңіл демін. Құшағыма құладың ауып тұрып, Жаутаңдады жанарың қауіп қылып. Шымыр сөлің шөлімді қандырған соң, Сай жағалап жөнелдім сауық құрып. Сай жағалап мен содан кете барғам, Балтаға енді бұраң бел шетен арман. Ессіз сезім қолында армансыз-ақ Жарқылдадым шалғыдай бетеге орған. Енді бүгін ойласам, дүр тобылғы, Обалыңды – тұтатам білте – мұңды. Қиылмашы мезгілсіз, Қолдан келсе, Өсірейін бағбан боп бір шоғыңды. Тоғайыңнан безейін – безіндірсең, Түсінер ең жайымды өзің білсең. Бір дырауға сап болып түсімде ылғи, Соясың да жатасың... көзімді ілсем. ТҰТҚЫН ГҮЛДЕР Саусақтарын жаяды сәулеге гүл, Жапырағын жұлады әурелеп ұл. Ғұмыр бойы далаға телмірумен, Өтіп жатқан қамкөңіл дәурен-өмір. Терезенің ар жағы қандай жарық, Туыстары гүлдеп тұр шамдай жанып. Тар қапаста сорлы гүл ентелейді, Сыртқа шығып кетердей маңдай жарып.

Менің бұлтым Сіңіп алған сүрі боп сыйысқанша, Бөлме ішінде ұйыған иіс қанша?! Сусар тұмақ, Құлпырған бұлғын ішік Жабысып тұр кілемге құйысқанша. Парақтары жабысқан толы кітап, Елік мүйіз киімілгіш – әлі бұтақ. Борсық – еге дүние жия берген, Ажары ауып кетердей, қоңы жұтап. Креслосы ұқсайды хан тағына, Бұйра мысық, нән төбет бар тағы да. Адам иісін, ит иісін, мысық иісін Өкпесіне сорлы гүл тартады да. Жұта-жұта қойыртпақ осы ауаны, Жапырағы сарғайып, есі ауады. Оқта-текте иесі су құяды, Мұрынынан мыңқылдап «нешауаны». «Гүл өсіру – мәдениет бұл дегенің!» – Деп күпінді ол маған, Үндемедім. Мақтағанша үлде мен бүлделерін, Баптаса егер жайнар ед гүл дегенің. Дәлелдеп ем, Дауысым бос қарлықты. Мәу демеді желкесін тосқан мықты. Сорлы гүлдер далаға телміреді, Тұтқындардай аңсаған бостандықты. Еңселерін басады қорыс орда, Таза ауасыз өсімдік толысар ма? Дүние жинау болмаса, Гүл өсіру Жараспайды екен ғой тоғышарға.

Бауыржан ҮСЕНОВ ӘН Ән бар еді, бір әнім, шынайы әнім, Ұмытып қап әуенін мұңаямын. Қолтық сөгіп көсіле шаппаған соң, Кімге керек кібіртік құр аяңым. Ән бар еді, Әнімді неге ұмыттым, Жарқырап күн, тұратын төгіліп түн. Қадам сайын қанатқан балтырымды, Құрбаны боп кетті ме жөгіліктің. Ән бар еді, сырлы да, мұңды да еді. Талай ару тамсанып үлбіреді. Өмір жайлы ой толғап өзге жақта, Өзімді іздеп жүр ме екен, кім біледі. Ән бар еді, Иесі мен емес пе ем, Балдырғанды өлкеде Кенен өскен. Шошыды ма тірлікпен ғұмырымды, Жүргенімде өткізіп ерегеспен. Ән бар еді, Аққудың сыңсуындай, Жүрегімді тынбайтын бір суырмай, Жан-дүниемді сығады сұм өкініш, Оттан шыққан қып-қызыл шымшуырдай. Көбелектің Көгілдір қанаты еді, Атасы – нұр, Ақша бұлт – ана тегі. Көкірегімнен “әу десем аққу емес”, “Қоңыр үйрек” бұл күнде дар етеді. ...Ән бар еді, бір әнім, шынайы әнім, Ұмытып қап әуенін мұңаямын...

Далам менің, Сырыңды айтса бозторғай құс тілімен, Өксік буып мен талай қыстығып ем. Сені кейде жылытқым кеп кететін, Құшақтай-ап кеудемнің ыстығымен.

Менің бұлтым Жаз апталап өтетін, күз апталап, Сенде борыш көп екен біз ақтамақ. Мұнар басқан таулар мен жазықтарға, Жасаурайтын жанарым ұзақ қарап. Талай-талай бұтаңа ілдім белгі, Бала күннің өтерін кім білгенді. Қонжығындай аюдың жидек құма Шықпаушы ем ғой сайынан бүлдіргенді. Тосып жүріп бүгінде жырға алақан, Күн секілді сағынсам қырға батам. Құла таймен кезетін ой-қырыңды, Шықпады ма есіңнен бір балақан. Тәрбиелеп мені өзің өткірледің, Нәзіктікті ұқтырды көп гүлдердің. Сенсең егер о, далам, бала болып, Көбелек қуып кеткім кеп тұр менің. Керуен болып уақыт көше берер, Көгереді әйтеуір, көсегелі ер. Сенер ме едің туған жер, жыр жазуды, Бозторғайдан үйрендім десем егер. Балақ баулы құсыңмын қолға асыққан, Жанарымды жауын мен қорға шықтан. Төл құсыңның сырларын өлеңіммен, Сөйлетем деп адамша жолға шыққам. СОТ Сұңқардың сорын қорғаңдар, Сұңқар екенін білгесін. Тарыға тойған торғайлар, Табанға таптап жүрмесін. Тұлғасы бөлек түрі ірі, Жасынға қарай өрлеген.

Бауыржан ҮСЕНОВ Пендешіліктің құрығы, Қияғын сипап көрмеген. Өлекседен дәм таппаған, Намысы үшін – жаны құрбан. Бүркіттің өзі батпаған, Бөріге түсіп қан қылған. Боздатқан астын аспанның, Бұлттан да әрі өтем деп. Мұз құрсап жатқан тастардың, Арасын жүрген мекендеп. Сұңқардың аты, сұңқар ғой, Құрмет қып мойын бұрыңдар. Сұңқарға дүние іңкәр ғой, Бақаға ғашық кімің бар? Торғайды баптап көрдің бе, Талап жеп қояр он бүрге. Болыпты бірақ ол күн де, Батады бүгін сол кімге. Сұңқарды сұңқар жоқтасын, Сұңқарды сұңқар жерлесін. Сұңқарды сұңқар соттасын, Торғайлар соттай көрмесін! Сұңқардың сорын қорғаңдар! Сұңқар екенін білгесін. Тарыға тойған торғайлар, Табанға таптап жүрмесін.

Менің бұлтым * Жазылмайтын жаралы ем мен, Жағдайымды сұра бастан. Өмір-дауыл пана көрген, Бақытымды жұла қашқан. Өткен жайлар ойға оралып, Сол бір жан боп тек көрерім. Шаттығымды қойған алып, Тағдырыма өкпелі едім. Махаббатқа сиыналық, Тұтқын қиял, тұтқын арман. Аппақ халат киіп алып, Дәрігер боп шықтың алдан. Дұрыс ұққын теріс демей, Көзімде жер аунайды анық. Ақ қанатты періштедей, Тұрдың мені жаулап алып. Қала алмадым елең етпей, Шуақты бір мәрт күн еді. Ұқсастығың кереметтей, Жайтартқышша тартты мені. Қозғалмады бір білерім, Мейлі, достар жалған дей ме, Көз алдымда тұрды менің, Құса қылған арман бейне. Күні кеше тұл едім мен, Тірі болып жүргенім тек. Жаңғырықты жүрегімнен Қиялдағы бір келіншек. Енді мені, емде мені, Жылы сөзің – ем мөлшері Серік іздеп сенделеді, Жуалыдан келген сері...

Бауыржан ҮСЕНОВ ҒАШЫҚПЫН Сенің мынау табиғи нәзіктігің, Сыршыл жырға мендегі азық, күнім. Көп қарайсың деп мені кінәлама, Ғашықпын мен, сондықтан жазықтымын. Туыстығың перімен бар-ау сенің, Көркем едің не деген, балауса едің. Күндер сайын асқынып бара жатыр, Көкіректегі күйдірген алау-шөлім. Көзімді алмай тарығам гүл денеден, Қарлығаштай қастарың сүрмеленген. Кірпіктері самсаған жанарларың, Түсіп қалсаң құтқармас түрме дер ем. Кете алмайды бір көрсе сенен адам, Жанарың жай атардай белең алам. Дірілдеген қос алмаң елестейді Оқжетпестің шыңы боп неге маған. Сен гүл терсең естілер қырдан шат үн, Бозбалалар сабылтып жүр қанша атын. Ерініңді көргенде аңсап кетем, Бүлдіргеннің уылжып тұрған сәтін. Ілесуден өзіңе ерінбедім, Бар шығар-ау градус деміңде мың. Қолға бір сәт тиер ме, дариға-арман, Сәмбі талдай солқылдақ керім белің. Бір көз салсаң әйтеуір, анық қарап, Көкірегімде жатады жарық тарап. “Құдайды” да тайдырар тәубесінен, Бүлкілдеген ақ тамақ, мамық тамақ.

Менің бұлтым Қаншама рет күдік пен таласты үміт, Көрсем бе екен цығанға бал аштырып. Бірақ оның бір ауыз теріс сөзі, Жібереді-ау есімнен адастырып. Сенің ғажап табиғи нәзіктігің, Сыршыл жырға мендегі азық, күнім. Көп қарайсың деп мені кінәлама, Ғашықпын мен, сондықтан жазықтымын. АРТЫҒАЛИДЫҢ АҚЫРҒЫ ЖЫРЫ Тұлпар емен қуырған жер танабын, Тағдыр, тағдыр, талмастың бер талабын. Қайыстым ба салмақтан өзім салған, Тұтқыны боп жатырмын емхананың. Тастай батып жамбасқа төсек деген, Ауыр шаншу ұрады қос өкпеден. Қайтқан құстай барады көзімнен ұшып, Қайран уақыт сауықтан бос өтпеген. Бөлмелестің көреді бәрі бала, Беріге де жүгіртіп, арыға да. Көретінің ұйықтасаң жаман түстер, Ал оянсаң ине мен дәрі ғана.

Өйтіп-бүйтіп күнді де кеш қыламыз, Пікірталас, әңгіме, естіп аңыз. “Көп қыдырып қыздармен суық тиген”,- Деп әзілдеп қояды сестра қыз. Деймін оған, “Салады бұл ағаң ән”, Сосын дәрі ұйықтатар сұрап алам. Құтқарушы періште секілденіп, Көрінеді кейде ол мына маған.

Бауыржан ҮСЕНОВ Бақ тұр сыртта, ынтызар көктеміне, Гүл тұр іште зәру боп оттегіне. Ал мен болсам жатамын саяхаттап Болашақ пен оралмас өткеніме. Балалық жүр кетпеген бұла бастан, Бақыт анау түлкідей тұра қашқан. Арман шіркін алма емес албыраған, Түсе салар топ етіп бір ағаштан. Қайғы ойламас қамсыз шақ қайда қалған, Күннен қиял іздейтін, айдан арман. Дос таптым мен қаншама төңіректен, Қас таптым мен қаншама айналамнан. Жүретін көз таймастан мұзда берік, Осал емес, қызығар қыз да көрік, Есер көңіл, әйтсе де, елеуреген, Ұрынарын білді ме құзға келіп. Қайран жүрек төгетін жырға терді, Боздайды кеп, сезе ме бір қатерді. Ақыл айтқыш, достым-ау, мезгіл өткен Енді менің түзейді кім қатемді. Сыйлаған жоқ бұл науқас аз күн елес, Мұны ешкім де қиялдап жазды демес. Не көрінді жап-жас боп дей көрмеңдер, Ақындардың барлығы Мәжнүн емес. Сезім шіркін сергек-ақ жүрген еді, Қинайды кеп, бүгін ой-түрме мені. Не көрінді жап-жас боп дей көрмеңдер, Сезінген соң айтам ғой бірдеңені. Таланымен таласар қандай ұлан, Алды қайғы досыңды шалғайынан, Кейінірек бота өлең боздап жүрген Көрсең егер, Сипай сал маңдайынан.

Менің бұлтым ТҮНГІ ОЙЛАР Төсегінде тып-тыныш түнетер ме ой, Сезімдердің әсері-ай, дір етер бой. Ойланамын дөңбекшіп, ұйқым келмей. Ай, жұлдызсыз түнің де тұл екен ғой. Тыныс алып қалғуда дала баяу, Қараңғыда жанған шам данадай-ау. Терезені ашуға сескенемін, Ап кетердей бөлмемді қара бояу. Қалған шақ бұл күн мен түн теңеліп, Күн мен түнге айтады кім төрелік. Сәуле беріп әлсіздеу маңайына, Балауыз шам жануда білтеленіп. Қарсы аларда қорықсам өмір селін, Қара болар менің де көңіл шерім. Қараңғыны қармалап не табамыз, Жарық, бөлек екен ғой жөнің сенің. Талып жетіп алыстан қаз үндері, Жүйке, жүрек жаңа ұйқас әзірледі. Төсегімде жұлдызы қонақтайтын, Сүттей ақ түн аңсатты қазір мені. Уақытқа не деген бағынышты ек, Тыныстаймын, Санамда сабылыс көп. Қараңғы түн секілді қап-қара боп, Дөңбекшимін, азық боп сағыныш тек.

Көктемде деп сезініп күз қарсаңын, Тынышымды ғашық боп бұзған шағым.

Бауыржан ҮСЕНОВ Көкірегімде жанары жанып тұрған, Аққу мойын қара шаш қызды аңсадым. Қара түнде ән салып, қалам тербеп, Қауышамын қиялда жан еркеммен. Қара көзді, қара шаш сол аруды, Іздеп жатып ояндым, таңертең мен. Сөзім емес ешкімге қайталаған, Сөзім емес ешкімге қайталаған. Өміріме сәулесін төгіп өтер, Ертең барып, айсың деп айтам оған. БАЙҒЫЗ Түн бойына ұйқтаймыз аңдамай біз... Сұңқ-сұңқ етіп жылайды жарда байғыз. Зарла, байғыз, түн қойнын мұңға бөлеп, Зарлады деп біз сені қарғамаймыз. Сыбырлайды самалмен шашақты бақ, Мүлгіп жатыр жантайып қасат қырат. Шаңыраққа жамандық тілейді деп, Енді сені қумаймын тас атқылап. Жерден медет тілеген, айдан сенім, Көрдей түнге тарайды жайған шерің. Жарық сүйгіш жандар мен жануарлар Жан дүниеңді түсінсін қайдан сенің?! Саған бірі мойынын бұрады ма? Мамыражай әлемнің құлағына Сенің зарың түрпідей тиіп жатсын, Сұңқылдаған сұрша құс, жыла, жыла! Болмаса да айдының желкен керер, Зарлырақ қып әніңді көркемдеп өр.

Менің бұлтым Жарық дүние қадірін ұғар ма екен Күн астында күн көрген өр пенделер, Күнге көзін алартқан көркеуделер?! Салмасаң да әсем ән ел аңсаған, Тыңдаймын да, басымды төмен салам. Егіл-тегіл жылаған, байқұс – байғұз, Түн бұлбұлы деген ат берем саған. Жапалақ пен жарқанат – Күн түндігі Ашылғанша шарқ ұрар құлқын құлы. Ай астында ақшаңқан жүріп жатыр Әлдиімен байғыздың түн тірлігі. Шілделіктер шырылдап мақтанды ұсақ... Әупілдейді сақ төбет аттанды сап. Сорың қайнап қалмасын, – Қарақшы үкі Сап еткенде қалыңнан сақпан құсап! ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР Шүңірек көз, құз қабақ, Ызғар шашқан түсінен, Құс қыраны – мұзбалақ, Құс сорлысы – күшіген. Имек тұмсық сан шері, Бір-бірінің жекжаты. Бидайық – құс қанішері, Сұңқар – құстың бекзаты. Күйге түсіп үргедек, Шеңгелі қан тартады. Құм бүркіті – бір бөлек, «Мола бүркіт» бар тағы.

Бауыржан ҮСЕНОВ Зау биіктен шаншыла, Ағып түскен бір ағын: Ат басындай қаршыға, Қой басындай құладын. Жылы қанға қаталап, Түн ішінде құтырар. Жалпылдаған жапалақ, Үлпілдеген үкі бар. Қайнамастан қазаны, Қан ішпесе, өледі. Әлсізінің ажалы Әлдісінен келеді. Өтер солай кемді күн, Өмір толы сұраққа. Табиғаттың теңдігін Бұзбайды олар бірақ та. Бойлықтар мен ендіктің Бүтін халқы ызалы: Заңын тепе-теңдіктің Бір «зымыран» бұзады. Салмағынан зорға ұшқан, Арылдаумен әуелеп. Сақтан, адам, сол «құстан» Ол – бомба артқан самолет!

Менің бұлтым МЫҢ БІР ТҮН Мың бір түнің қанша жыл болады екен?... Бас қатырып, аяулым, есептеме, Тәнімізді тербетсін төсек-кеме. Көзіменен қарайық ессіздіктің Толқын болып тулаған өсекке де, Мың бір түнді, аяулым есептеме. Жөніміз жоқ бап тілеп бұлданатын, Ұмыт бәрін – қақпасын мұң қанатын. Шаһризада емессің ертек айтқан, Бағымыз да барымыз бір ғана түн. Келгенімді кештетіп кісі, ел көрген, Сен болмасаң, ойпатқа түсем бе өрден? Мың ханшаға бермейтін кәнизегім, Құшағыңа құлмын мен кісенделген. Әр нәрсені айтамыз балаша біз, Үздіккен үн, от-дене – тамаша аңыз. Жұпар төсек, қара түн, ақ келіншек.... Ертегілер елінде адасамыз. Кездесе алмай көп айлар бебеулеп ек, Қызығына махаббат бөлеуде ерек. Шағын ауыл Бағдаттай шаһар емес, Торғай шырылдамастан жөнеу керек.... Міне, аттандым.... төбемде аспан көшкен, Күрсінемін, көңілім астан-кестен. Бозбалада, бірақ та, арман бар ма Мың бір түнді бір түнде бастан кешкен?!

Бауыржан ҮСЕНОВ ІЛЕ ЖАҒАСЫНДА Толықсып аққан Іленің қамысы қалың, Тереңде де тұр нуыма намысы барың. Шабуылға шыққан бір түмен сары масадан Жанымды қояр жер таппай жан ұшырамын. Іле ағып жатыр толықси, құлашын жайып, Шынжырға шыдап қалайша тұрасың, қайық? Қайықшы бауырым, Босатып су арғымағын, Мініп бір кетсем – менде ме, расында, айып?! Көсіліп жатқан құмыңа апталап қыздым, Шортаның шоршып, сан рет жалт қаратқыздың. Шұқырая аққан иірім көзіме менің Елестетеді күлкісін ақтамақ қыздың. Кеудесінде аққан жырының өз ырғақ – әні, Құшақтап тербе, көк айдын, бозым баланы. «Су перілері» сылаңдап төзімді алады, Толқынмен ағып сол жаққа көзім барады. Сыр ашты маған тамағын кешкі Іле кенеп, Сол сыры менің жанымды кескіледі ерек. Жамырап тұрған қопаға көп жалтақтадым, Жолбарыс үні күркіреп естіле ме деп... КЕР БИЕ Тағдыры көңілін қалдырған, Түбінде жап-жасыл бауырдың, Құлынын қасқырға алдырған Кер бие кісінеп шауып жүр. Дауыстан егіле шыңғырған, Далаға тарап тұр сұмдық мұң. Жігерін шыдатпай құм қылған, Жас толы көзін-ай мұңлықтың.

Менің бұлтым Кеудесін толтырып зар-мұңға, Қимасы қасқырға бұйырды-ау. Тәуелді тағының алдында, Тілдей ме тағдырын қиындау?! Білгенде қалар ма құтқарып, Сорлатты-ау даланың іңірі. Сыздаған желіннен сүт тамып, Жібиді раңның түбірі. Шыдатпай жан-жара ашылған, Жануар шүмек боп бусанды. Жанында сүйектер шашылған, Иіскейді қансоқта жусанды. Кер бие жүргендей түс көріп, Қиналды-ау шөлсіз-ақ қаталап. Қасиетің не деген күшті еді, Дариға-ай, аналық махаббат! КӘРІ ТӨБЕТТІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ Күндіз-түні қораңда абалаған Күзетші боп күн кештім саған, адам. Тіл бермеген табиғат мылқау қылып, Бақыт тіптен бұрылып қарамаған. Ырылдасам – сыртыма кек шығарам, Мендей болсын қорлыққа көп шыдаған. Кездерімде қамыққан тар үйшікке Тығылам да, өлердей өксіп алам. Күн өртесе аптаппен жалақтаған, Тілім сыймай аузыма салақтаған. Өкпелеймін бүйірім солқ-солқ етіп, Тәңіріме қасқыр қып жаратпаған!

Бауыржан ҮСЕНОВ Арнап әкеп асты да шын салмадың, Құтқармайтын түрме боп тұр шарбағың. Жауыр болды мойыным сүйретем деп Қарғыс атқыр шынжырдың зіл салмағын. Өмір кешіп құлдықта – қит демедік, Құрсауда тек құрыдық биттеп өліп. Айға ұшыпты деп кейде мәз боласың, Алғаш ұшқан мына біз – иттер едік. Құр үрумен қалайша жата аламын? Бостандыққа өлердей қаталадым. Соғыс жылы гранат боп жарылып, Танкілерді қопарған аталарым. Неше ықылым заманнан дос атым бар, Босатыңдар, адамдар, босатыңдар! Қасқырларға кетейін.... Сендер ғана Бір-бірінен қауіпті тосатындар. Білмей-ақ қой не барын көңілімде, Бір риза болайын өмірімде. Ит салтымен өлуді қиыңдаршы, Көрсетпейді жақсы иттер өлігін де! ӨКІНІШ Өткір көзбен жалт етіп заңғар зерек, Аңыратып құйылды аңғарға кеп. Басып қалса сезеді-ау қан қыларын: Арлан қасқыр зымырап – салды барын. Құтылмайды, бас шайқап арша тұрды, Жетті қыран, қасқыр да қарсы атылды. Қар бораннан көрінбей жыра түбі, Кетті айқастың басталып сұрапылы. Өмір, өлім дірілдеп жіпте тұрды,

Менің бұлтым Жанұшырған қос тағы бүктетілді. Текті қыран көрсетті анық күшті, Қос жанары арланның ағып түсті. Айқас үні аңғарды тітіретті, Кенет, кенет бір нәрсе күтір етті. Опырылып арланның белдемесі, Ұзынынан сұлады өр денесі.... Әйтсе де, нағыз көкжал бөрі білем, Үн шығармай қыранға қарап жатты Ағып түскен қос көздің орынымен. Қып-қызыл қан маңайды бояпты көп, Дүр сілкінді жеңімпаз тоят тілеп. Кекті ұшқындар көзінен шашырады, Қазір оның тояты басылады. Бірақ... қыран тимеді дәу бөріге, Қадірлеуге тұратын жау деді ме?! Кеуде жарып, денесін бүлдірмеді, Тоятынан мәрттігі тұрды ілгері. Нағыз жауын қастерлеп, ұран салмай, Үнсіз кетті көгіне қыран самғай. Қыран солай биікке аспандады... Мәрттігіне қыранның ырза болған Жартастардың көзінен жас парлады. Бірақ, бірақ бүлінді аңғар іші, Өлімтікше жидіген ар-намысы– Қарға біткен жиылып, той-тойлады, «Ұят-ай!» – деп шыршалар айқайлады. Жартас біткен көздерін қалды жұмып: Өлі арланға таласып қарға біткен, Қарқылдасып, жырада салды бүлік. Деп таласты:«Олжаны жыққан алар», Қыранды еске алмады тіптен олар. «Қыран қыран екен ғой асыл текті!»- Деп қарағай егіліп, жасын төкті. «Қарға қарға екен ғой, құрып қалғыр!»- Деп күрсінген аңғарда үн тұрып қалды. Қыран да ұзақ қалықтап жүрді аспанда,

Бауыржан ҮСЕНОВ Аңғар ішін қарқ та қарқ үн басқанда. Жер бетінде жабырқап жатты екінді, Ерлігіне ол өзінің қатты өкінді. ҚАНАТЫ КЕСІЛГЕН ҚЫРАН Көзімді торлап мұнар мұң, Қинады мені қыл бұрау. Қанатын кескен қыранның Келбетін көріп тұрмын-ау. Көзінен ұшып көк аспан, Қамығып тұрған тектім-ай, Қиянат бұдан жоқ асқан, Көрсоқыр болған, еһ, Құдай. Ойланбай түсер бөріге Даланы кезген алшаңдап – Баба пір тұтқан серіге Болыпты мекен тар шарбақ. Томаға көзге қарашы, Топшыны қара кесілген. Жарымжан қыран жарасы Айырды мені есімнен. Топшысын қайрап жасынға, Сұр жебе сынды боздаған. Аспан деп туған асылға Аспанда өлуді жазбаған?!. МУЗАҒА СЫР Бозбала – өзі хан, өзі бай, Бақыттан жайнаған көзі де, Енесін іздеген қозыдай Емініп ұмтылды өзіңе.

Менің бұлтым Жаза алмай – шекесін көмді тер, Жия алмай ойларын шашылған. Мейірім іздеп жүр сергітер, Самал боп сипашы басымнан. Құлын ем босаған желіден, Құлдырап жүгірген қыратта. Айрылмас дос болған сенімен Сезімтал жанымды жылатпа. Өзің ең мұңымды шағатын, Қуансам өзіңе ұшқан ем. Бекімей жатса да қанатым, Қырандар көретін түс көрем. Жастықтың қайғысыз күндерін Деген ем жазамын тасқа өріп. Әйтсе де, көзімде тұр менің Бір өлең мөп-мөлдір жас болып. Сезімді оятқан гүлім ең, Күбірлеп айтатын сан дастан. Сен маған көрінбей шынымен, Өстің бе шыңдарға қар басқан? О, Муза, демі өрт, қыз ерін, Мәжнүн қып өмірден өтпе сен. Мен сенің гүліңді үземін, Тек өзім үзіліп кетпесем. ҚАРА МАШИНА Үш ұлы адам дарын ескен түрінен, Келбетіне Құдайдайын үңілем. Бір-ақ жылда қайтыс болған, тарихи Құбылыс деп ойлайтынмын мұны мен.

Бауыржан ҮСЕНОВ Бір тынбаған қамын ойлап халықтың, Күреңітіп тұрмасын деп жарық күн. Бірақ халық жауы болып ұсталып, Кеткендігін кейін біліп, қамықтым. Естеліктер жазып жүрген сан адам, Бірақ бүгін көрінбейтін арадан. Қалайша жау қазақ әдебиетінің, Іргетасын құлдар құсап қалаған?! Адамзаттың ажарлысы, өзі ақын, Қазағым деп қамшылаған боз атын. Сырнай үнмен әсем әнін созатын, Жан бар ма еді Сейфуллиннен озатын. Алатаудан Ақсу болып бұрылған, Қыран жырды қайыратын қырымнан. Жансүгіров емес пе еді Құлагер, Ол қалайша айбалтаға ұрынған?! Антына табынам мен қай елдің? Мен өзімнің қазағымнан май емдім. Бейімбеттің жазығы не, паш еткен, Еркек түгіл комунисін әйелдің? Қалайша жау ардагерлер топ жарған? Ақиқатын сұрадым мен көп жаннан. Қырандарға көкте қаққан қанатын, Кімдер екен, кімдер екен оқ жонған? Оларға көк жаумағаны хақ көктен, Жауабы жоқ, жаныма осы батты өктем. Бірде біреу деді: «Оларды бір түнде, Қара машинамен келіп ап кеткен...» Қалың топты жарып шыққан мергенді, Қазақ қашан асылына теңгерді?

Менің бұлтым Қолымызбен ұстап берген ерлерді, Іздегенмен тірілтпейсің сенде енді... Содан бері шошынамын дүсірден, Содан бері көз алмаймын мүсіннен. Қараңғы түн, қап-қара бір машина, Шықпай қойды, шықпай қойды түсімнен. Әлі алдымда батпағым көп кешпеген, Қөкейімде құпиям көп шешпеген. Шындық жайлы айта берсем, бір түнде, Қара машина ап кетердей сескенем... (Өлең 1981 жылы жазылған) «Қара машина» өлеңі 2009 жылы Ана тілі газетінің 19 тамыз күнгі санында жарияланды. Өлең көп жылдар бойы мәлім болмай, баспасөз беттерінде жарияланбады. Өлең толық күйінде «Бауыржан сал» естелігі бойынша Үсенов Бауыржанның досы әрі курстасы, журналист, ғалым Бау­ ыржан Омаровтың мақаласында жарияланды. САЯТ Қалың жауған қардаң соң, Күн ашылды Көңілшек бұлт құшып тұр Құбы шыңды. Кер құнанға міндім де қырға кеттім Кеңістікте жазбақ боп Құлашымды. Күміс мың-сан құбылып, Көзге ұрады. Қиялыңды қиыннан оздырады. Ұшып тұрған өлкеден өлең көрдім Қаулап кетті кеудемде сөз құрағы.

Бауыржан ҮСЕНОВ Келіншектей, Құлпырған бұйығы маң, Кетер ме екен көркіңе Күйіп ұлан Ғажап әуен келеді құлағыма Қар жамылған даланың қиырынан. Аяз – жеңгем шымшиды бұла бетті Суылдады бұталар – кіл әдепті Кер құнаным сүзеді ауыздығын Кенет алдан бір түлкі бұлаң етті. Жатқан екен мекендеп жыра маңын Соғып алсам, келтіріп бір амалын Аңшы қазақ қаны ғой бойымдағы Тұла бойым ду етті, Шыдамадым. Атты қойып жібердім көлденеңнен Сарқынды қу ағызды бел-белеңнен. Мылтық ала шықпаппын Әттеген-ай, Бір кісідей ататын мерген ем мен. Күнде ұсынбас түлкісін тағдыр бұлай Бауырға ұрып керімді салдырдым-ай. Ілеспепті, енеңді... Әншейінде, Сүмелеңдеп қалмайтын тарғыл құмай. Мұндай сүркіл көрмеген ғұмыры әлі Зарықса егер құнаным... Құрағаны... «Әй, тәуекел», дедім мен, Сайқал неме Жел ап қашқан өрттей боп зымырады Сарғыш жалын барады лапыл қағып, Бірде алыстап,

Менің бұлтым Ал, бірде жақын қалып, Есек дәмем ақырып, Мен келемін, Жер көшіріп, Қамшы ұрып, Тақым қағып. Түлкіге де жан керек ... білем оны, Бірақ саят – атамның бір өнері. Соры қайнап оңайдан жолықпаса, Тышқан аулап бір қырды жүрер еді. Салдым оған ақиық – арманымды Тістемейін ала алмай бармағымды. Қу түлкінің бағыты қалың бадал, Кершеу болғыр кер құнан, сал барыңды. Қанат қылып демейін, қолды жайып Іліп кетіп құйрықтан қор қылайық. Қап, қап... түлкі қылаңға жетті-дағы Өшкен оттай көзімнен болды ғайып. Татар дәмі сорлының таусылмапты Шығып кетті сыбаған даусым қатты Миығынан жымиып маған қарап, Айналамда ғажайып маусым жатты. Өкінгенмен не пайда болды бір іс Тауып кетті қу түлкі жолды дұрыс. Бүйір соққан кер құнан Енді бізді, Жеткізіп сап ауылға болдырыңыз. Сабыр – сабыр десе де өмір – анам Содан бері сол тауға көңіл алаң. Кер құнаным кер бесті болар әлі Әуеселеңді сол кезде көріп алам!

Бауыржан ҮСЕНОВ ЖАҢҒЫРЫҚ Мен бармаған жер де көп, Мен шықпаған шың да көп, Келіп едім бір шыңға айқай салды тыңда деп. «Жан болған соң маңдайға жазылғанын көреді, Шыңға шыққан ақымақ түсе алмастан өледі. Көзін тапқан адамға, Жазықта да Ырыс көп» , – Ойлап-ойлап тұрдым да, Бас шұлғыдым дұрыс деп... ТАҒДЫРЫМА МЕН СЕНІ ЕГІЗ ДЕГЕМ Кеуде жарып күрсінем, қалмады амал, Аяулым ең, жар деген жанға балар. Кешірші деп алдыңда басыңды иіп, Енді менің жайым жоқ қорғана алар. Жаралғам жоқ алауды өшіруге, Ер алдында тағдырым шешілуде. Мен кешірім сұрауға тиіс емен, Сен де тиіс емессің кешіруге. Көңіліңді сан рет қайтарғанмын, Тұрды ойымда. Еш нәрсе айта алмадым. Көктем, көктем, көкем-ау мұның қалай, Сыйға тартқан гүліңді қайта алғаның. Қиналғам жоқ дәл бұлай ес білгелі, Енді өзіңдей түсінбес ешкім мені. Тағдыр, тағдыр мен саған өкпелімін, Нағыз көктер шағымда кестің мені. Сәтсіздіктің бел алды пәрмені шын, Күреспеймін күш алар дәрмен үшін. Бос қалған соң, көкірек не айтарсың, Енді өмірдің мәні жоқ дәл мен үшін.

Менің бұлтым Сапарыңда алдағы сүрінбе сен, Қуат алар күнім ең, күлімдесең. Мені ешкім күтпейді, сағынбайды, Алаңдамай мен де енді «ғұмыр кешем». Пікір айтар мен жайлы талай дана, Енді жалғыз қарасың шар айнаға. Кездескенде аймалап жанарыммен, Тұрып қалсам орнымда қарайлама. Тағдырыма өзіңді егіз дегем, Көз моншағын өзің деп көп үзді өлең. Үн естісең түндерде тым-тым мұңды, Тыңдама сен. Ол менмін. Сені іздеген. Жұбатады ана өлең жетімегін, Жылап, жылап кім білер жетілемін. Сен үстемсің аяулым, бірақ, бірақ, Аянышпен қарама, өтінемін. Думан қызып қаңбақтай дөңгеледім, Өміріме өлең боп енген едің. Сенен тапсын саяны, сақта мәңгі, Шырылдаған өзің деп соңғы өлеңім. АДАММЫН МЕН Пікіріңді сенімің дараласын, Күйікті тірлік мұң емес, қара басым. Бір нәрсені қиялдап күбірлесем, Жындымысың деп неге қадаласың. Тәтті қиял мен оны дәм деп алам, Құлады ма сенімің әлде маған. Ал жындымын, жындымын, иектеген Өлең-пері, қыларың бар ма еді оған!

Бауыржан ҮСЕНОВ Соғысынан жүрегім тоқтамасын, Адастырып қияли көп борасын, Ұйқым қанбай кей күні дел-сал жүрсем, Дәрігерге көрінші деп қаласың. «Ой құртады адамды, оған ерме», Дейсің-ау сен отыққан көбегенге. Сезесің бе, досым-ау дел-сал жүрсем, Емдейтұғын дәрігер жоқ әлемде. Мынау сенің санаңа құйған сырым, Өлең жазып бөлемін мидан шырын. Жыр жазбасам ауасыз кеңістікте, Қалғандай-ақ қиналам иман-шыным. Тарқаған жоқ жастықтың базары әлі, Мейіріміңнен жүрегім тазарады. «Қардың басын қар алар» деген сөз бар, Өлең мені өзі емдеп жазады әлі. Боп қалмасын есімім алкеуде есім, Мені алысқа апармас жалқау көшім. Емдеймін деп жүрсем мен біреулерді, Емделсейші дейсің-ау, аңқау досым. НЕМІС ҚЫЗЫНА Неміс қызы қарамашы, сен маған, Есімді алып жұмбақ жымиысыңмен. Еске түсіп сағым аққан кең далам, Мұңаямын қара көз қыз үшін мен. Алтын шашың зер жалатқан жібектей, Сұлусың сен соқыр жанар тоятын. Сағынышты жүрегімде жүдетпей, Сиқырламай көздеріңмен қоя тұр.

Менің бұлтым Іштен тынам, саған қарап тұрып мен, Жетегінде бір сөзімнің ғажап тым. Қалжыңдаспай, жақындамай үріккен, Кінәлама бозбаласын қазақтың. Ұқсап тұрсың менің қалындығыма, Ал оны мен жүрегімді сақтаймын. Ашар едім, түсінбейсің сырыма, Мен бір ауыз неміс тілін қақпаймын. Жігерде деп тұрсың ба әлде кім білген, Тіл білмеудің көп әуреге салғаны-ай. Шие ерінің – пісіп тұрған бүлдірген, Татыр еді таңдайымда, арман-ай. Аспан көзің жатырқамас мөлдір-ақ, Төзіміңнің жібін түгел үзетін. Сезесің бе, неміс қызы, Сен бірақ Жүргенімді тынышыңды күзетіп?! Мәңгілікке кетерімді өлкеңнен, Сондықтан да, Сондықтан да өртенбен. МЕН СЕНІ ЖЕК КӨРЕМІН Су ішпейміз ешқашан бір тұмадан... Қолтығынан қолаңса бұрқыраған. Сендей жанның жидіген іші түгіл, Көрер көзге кеспірсіз сырты да арам. Жүрген ізің өртенген күйік тоғай, Әділдік кеп ісіңді тұйықтағай. Құдірет-ай зұлымдық атаулыны, Бір басыңа алғансың жиып қалай.

Бауыржан ҮСЕНОВ Болмаса да жасағам қатем ерен, Түңғиына ойлардың бата берем. Өсек, жала дейтұғын ғылым болса, Баяғыда бас ғалым атанар ең. Зұлымдықтың зымиян ей, сүлдері! Сырт тараптан жегідей жейсің мені. Аққа қара жақпайды, Жұқпайды ғой, Шыныменен сен түсінбейсің бе оны. Қаншама үйдің қазаны қайнамайды, Кесіріңнен, Қанша ажар жайнамайды, Бораған шу ізіңнен, Неге сенің құлағың мен тіліңді байламайды. Аллам өзің болсаң да, ай ұстаған, Шақырады қан тілеп сайысқа алаң. Омыртқаңды үзейін шықшы былай, Қорсылдаған қалыңнан дәйіс қабан. ТҮС НЕМЕСЕ ЖАРЫҚ ДҮНИЕ ТУРАЛЫ ЖЫР Қойдым бәрін, тыйылды тойдым әбден, Тас уатар қуатын жойды дәрмен, Бірақ, бірақ жүректің жыр тілеген , Дүрсілдерін қалайша қойдырам мен. Көремісің көзімде бір мұң барын, Ерте жықты жыраға құрғыр дарын. Мына өмірде баянсыз бәрі, бәрі Көрге түсер алдында білдім бәрін. Аққуы мен ұшатын қазы бірге, Тумайды енді өмірдің жазы мүлде. Құлагерше аламан бәйгеде өлмей, Қыршынымнан қиылдым, жазығым не?

Менің бұлтым Кісінейді құлын жыр отықпаған, Небір жабы сөреге жетіпті аман. Ал мен болсам шырылдап көзімде өмір, Қақпасынан дүниенің өтіп барам. Жаным енді тамұқта тұтқын менің, Жырға бөлеп сұрықсыз түкпірлерін. Жер үстінде, жайлауда, Жуалыда, Құлыншақ боп ойнап жүр сүт күндерім. Көрінеді халқыма тұмса күшім, Шүйілмедің даңққа сұрша құсым. Жатқан шығар жер астын дүбірлетіп, Ұлы бәйге көрмеген бір шабысым. Тамұқ құсы сайрай бер, сайра тынбай ... Уһ, ояндым. Оятты-ау қайратым бай. Жатыр екем шомылып қара терге, Талып жеткен алыстан бәйге атындай. Аңсап едім тамұқтан сағына мен, Ауаңменен алдым ғой зарыға дем. Өлсем көзді сәулеңе қарып өлем, Айналайын атыңнан, жарық әлем. Сөйле теңіз, сөйле, аспан, сөйле мекен, Түс көрем деп шықты ғой бей-берекем. Айналайын атыңнан жарық әлем, Өлең деген өзіңнің бейнең екен. ПИТОМНИКТЕ Жыны қозған жон арқасы құрыстап, Шыға қалсаң дем алғызбас дұрыстап. Сыртта боран. Мен отырмын қияр жеп, Бақшаның хош иісімен тыныстап.

Бауыржан ҮСЕНОВ Ғажап сезім айдынында жүземін, Көзім тоймай әр жемісті үземін. Қанға тамған қан секілді помидор, Уылжыған бүлдіргендер қыз ерін. Ғаламат-ау бұл ғылымның сыры шын, Шынында да қайран адам ұлысың! Құдай көрсе мойындар ед, пейіш деп, Жап-жасыл боп жайнап тұрған шыны ішін. Қара міне, қаңтарда да гүл тірі, Сезілді сабағының бүлкілі. Питомник ішіндегі көктемге, Жете алмай тұр сиыр боранның тілі. Толас тауып боран сынды бойда мұң, Масайрадым жүлде алғандай тойда әнім. Бірақ, бірақ пенделік пе білмеймін, Бұлбұл әні жетпей тұр деп ойладым. ӘДЕБИЕТ КРЕСЛОСЫ Мансап, мансап... Мекендеп бір төбенді. Біреулер жүз жазса да қырт өлеңді. Кертартпаға қор болған жайыңды ойлап, Биігіңді қоңыр бұлт бүркегенді, Тізгінімді жайым жоқ іркер енді. Дабыра қып өздерін дана санар, Лай сулар қай кезде толас алар. Тақсыр мансап, Басына кез келгеннің, Оңай ма едің ойланбай қона салар. Соқыр жаңбыр секілді төкпелеген, Саясы жоқ ағашқа өкпелемен.

Менің бұлтым Бірақ қалай халықты сүйсіндірер, Кресло күшімен өткен өлең. Қарапайым ұйқасы құралмастан, Мәлім жайдан жазады бұрап дастан. Тартпасында таланттың өлеңдері, Тұншығады жарыққа шыға алмастан. Кім екенін сұрама менен мұның, Жақсы жырды жақтаумен келем бүгін. Осылардың кітабы дүкендерде, Ешкім алмай түсірер өлең құнын. Қолдарына тиген соң билік анық, Өлең жазуды үйретер күйлі халық. Сапасы жоқ, саны бар кітап жазып, Балпаң-балпаң басады сыйлық алып. Тарландардай төс ұрып тасатұғын, Е-һей нағыз ақындар, осылармен Уақыт жетті бір соғыс ашатұғын! АВТОБУС Зеңгір көктен бір самолет кетті ағып... Платформа. Топырлайды көп халық. Сан тағдырды тиеп алып автобус, Бара жатыр Шаңылақты бетке алып. Жарасады кәрілердің әзілі, Сыңғырлайды қарындастың наз үні. Терезеден мұңдалайды Жетім тау, Секілденіп Жонның Темірқазығы. «Ыстықтадым, – дейді – сәби шешінем», Маужырайды толық жеңгем есінеп. Автобус та жазылғандай бауыры, Зымырайды асфальт жолдың төсімен.

Бауыржан ҮСЕНОВ Басып өтіп Көлтоғанды, Көкталды, Басы бұлтты Арқарлыны бетке алды. Шаһан деген шадыр асу артта қап, Шаңылақ та көз көрімге кеп қалды. Жадыраған күн шуағын жамылып, Үйді-үйіне тарады жұрт ағылып... Жалғызсырап мұңайып тұр автобус. Аялдамада адамдарды сағынып. ГЕТЕ ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА Тілеп тұрсың ба әлде сен жырыңа өріс, Тасып тұрсың әлде сен, ғасырға иық, Аты аңызға айналған ұлы неміс, Мүсініңе тұрмын мен басымды иіп. Қиырларға қадалған бейнең ойлы, Көп секілді әлі де барар жерің. Амал қанша гранит сөйлемейді, Тірі болсаң мен бата алар ма едім. Жауған саған еліңнің нұры бүгін, Бүгін қарап тұрсың сен нар тұғырдан Ұлысың сен, Мүмкін сол ұлылығың, Лермонтов пен Абайдың тәнті қылған. Өлең-жырға таусылмас жеміс бердің, Ұшып жүрсін бақтарда киелі ән боп. Сенің туған күніңде немістердің Жылағанын көрдім мен Иоганн деп. Кешегі өткен ойрандар бүгін елес, Мүмкін емес ойларды ерікте ұстау. Маңдайыңдағы әжімдер бұрын емес, Гитлердің ісінен келіп түсті-ау.

Менің бұлтым СОЛ ЖОЛЫ НЕГЕ ШЫҚПАДЫҢ?... Байғыздың әні тым мұңды, Бәйітін жатыр кестелеп. Жіберіп едім құрбыңды, Жолығысайық кешке деп. Телміріп тұрмын міне енді, Тақалып жанға сын сағат. Түнгі аспан бүгін түнерді, Көрсетпей айды тұмшалап. Асаудай құрық түспеген, Асқақ қыз едің аяулы. Еркіме қоймай күштеген, Махаббат өрті – баянды. Неліктен шықпай жатырсың, Болдыма қырсық көлденең. Деген ең нашар ақынсың, Жақсы жыр жазып келген ем. Қүйкі ойлар мені жеңбеді, Шабытым төкті жаңбырын. Мойындар едің сен мені Қолымды алып дәл бүгін. Мен үшін жұмбақ тылсым ең, Таптырмай қойған дерегін. Дер еді саған шын сүйем, Дірілдеп менің өлеңім. Шықпадың бірақ сол түні, Ашылмай қалды қақпа ақыр Сезімнің мұңлы толқыны, Етті ғой мені қақпақыл.

Бауыржан ҮСЕНОВ Аша алмай асыл сырымды, Таң атса дағы көрікті. Күбірлеп жазған жырымды, Көшеде оқи беріппін. ҚАРАҒАЙ ҚАЗАСЫ Жаңғақ төгіп, Аңқытқан бал шайырды... Қарағайға жай түсіп қарс айырылды. Жапырағы сыбырлап жыр оқитын Қалын орман жоғалтты нән шайырды. Қарағайдың тұлғасы биік еді, Түтіндеген молақ дің түйіледі. «Әттеген-ай» – біреулер күйінеді. «Сауап болды» – біреулер сүйінеді. Қайран алып жоқ болды лап етті де, Көктен дию кеп қалып әкетті ме? Төпелеген ақ жауын басқандай-ақ «Кешіріңіз, бізден бір қате өттіге». Қайда кетті қарағай, қабірге ме? Жоқ қылуға берілді өмір неге? Жайдың оты неліктен түсті алыпқа Шын алыптар жақпай ма Тәңірге де? Орман бірдеңе деуге оқталды, Үрпиісіп топ шыбық топталады. Нағыз алып сынбайды, иілмейді, Нағыз алып тік тұрып жоқ болады. Шын жүректен сіз оны азалаңыз, Алыптарға жасалған жаза да аңыз. Ұсақ-түйек ажалға ұқсамайтын, Қарағайдың қазасы қаза нағыз.

Менің бұлтым ҚЫС ЭТЮДТЕРІ Қыс патшаңыңыз мықтап мінді тақымға, Қар ма мынау – жауып тұрған бақыт па? Көбелек пе, Көлбеңдеген көйлек пе? Қуан адам, күдігіңді сөйлетпе. Дүние ме қайта түлеп жаңарған, Мақта ма әлде саулап жатқан жанардан. Ырыс па екен, Күріш пе екен, Гүл ме екен, Не де болса бір жаңғырды бұл мекен. Бір жыл бойы шаң-тозаңнан тазар да, Сен де аунап ал жауған қарға азанда. ІІ Қар болмаса қыстың сәні бола ма, Қарагер ат жер тарпиды қорада. Кара бүркіт шошалада шаңқылдап, Сүйсінеді сыртынан кеп шал тыңдап. Қыңсылайды аңыраған құмай да, Аңға шықты запы болған бұл айда. Мезгіл келді Қар да жауды, күн туды, Шал жүрегі түніменен бұлқынды. О, аңшылық, буып тастар дерт пе едің! Таң бозынан Қарагерін ерттеді. Үлпілдек қар аш түлкінің соры да, Кетті аттанып құсын алып қолына.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қарап тұрсаң қыс ғажап-ау, Қыс ғажап, Қасқырлардың соңына енді түс қазақ! Ай-һай, дүние! Айдаланы жаңғыртып, Кісінейді күміс жалды үш боз ат. ІІІ Қысың осы, бала мен ит құтырған, Далаң анау, ақ көрпеге жұтылған. Адам мынау, жаңа жылды қарсы алған, Көкірегіне жаңа армандар дән салған. Ұмытылды өкпе, реніш, һәм күдік, Кісі болды әзәзіл мен әңгүдік. Мәңгі жасыл шырша кірді үйге, Аяз ата сыйлық берді сәбиге. Ән мен өлең, Би менен күй шертілді, Жаңа жылдан үміт тілеп ел тұрды. От ойнады жанарында қалқамның, Тасы шаттық көбігендей шампанның. ІV Бұрқылдыған ақ боранын сапырып, Қаңтар келді арыстандай ақырып. Сыртқа шықсаң аяз арс-арс тістейді, Туф дегенде түкірігің түспейді. Қарс айырылды қаншама ағаш шыдамай, О, сабыр қыл – Бұлағай ай, бұлан ай.

Менің бұлтым Қарлы дала көзді ашырмай арбайды, ә, Қасқыр ұлып, мұң шағады шалғайда. Мезгіл-мезгіл шаруақор шал күткен, Қораларда күйсеп жатыр мал біткен. Соғым етін бұрқылдатып қайнатып, Қонақ шақыр дастарқанды жайнатып. Монша жақ та сыпыртқымен сабалан, Ауна қарға туғандай боп жаңадан. Қаңтар – құда түк қыла алмай адамға, Аш күшікше қыңсыланып табанда. V. Қыс құданың күміс жал Үш боз аты, Кісінейді далада таң атқанша, Таң арайын тауларға жалатқанша. Қасқыр-аяз тісіне шыдай алмай, Қарс айрылды сәулетті дарақ қанша. Таң атқанда қар басқан баққа келем, Ойнайды онда қояндай қаптап өлең. Қоян-өлең бұлтылдап ұстатпайды, О, көмек бер кіршіксіз аппақ әлем! Түсте тауға кетемін шаңғы мініп, Тастар сәлем береді жаңғырығып. Алды-артымды алыстан орағытар, Әр-әр жерден қалт еткен аң білініп. Шаңғы тепсең сергиді шіркін денең Шымыр болып алғанмын бұл күнде мен. Кешке пештің түбінде отырмын, Қазы-қарта, Жал-жая бүлкілдеген.

Бауыржан ҮСЕНОВ Аң мен құсым қалмай ма үсіп өліп? Жаннан көшкен жағдайын түсінелік. Ұйқы әкетіп барады, Жантаяйын Қар ханшасы қиялдай түсіме еніп... Сезер емес нөсерді жазғы ауыл жұрт, Жайлап жылжып келеді қазбауыр бұлт. Қарап тұрып төгілер ақ нөсерге, Бұл сезімнің қарашы маздауын күрт. Тұр еді ғой көктем иіскеп шөкелеп қыр, Қырыңдап рауғашқа бетеге өткір. Үркітіп тентек нөсер тылсым шақты, Кетті дейсің баурайды төпелеп бір. Шаң-тозаң жылап ағып гүл үстінен, Қозықұйрық нөсерді толықты еміп. Ақ нөсер басылған соң, аң-таң болып, Танымай қалдым қалың жынысты мен. Жапырағын тамшыға ерік көміп, Кетті дейсің дүние көріктеніп. Бұла жырын нөсердің ақ қағазға, Мендік сезім жіберді төгіп-төгіп. Сілкіленіп құлыншақтай күлдіреп қыр, Басты әнге шоқ тоғайдан бұлбұл өткір. Қызғалдақ аш белінен құшақтатып, Жусанға, тап-таза боп үлбіреп тұр. Қою шаң Шаңылақтан барады асып... Аттанам таң алдында, Далаға шық,

Менің бұлтым Деген ең шыныменен кеткенің бе, Ұйықтап қаппын қайтейін қара басып. Торлап алды күйініш сананы шын, Соққы алғандай зырқырап қара құсым. Сертке тұрмыс жігіттің бірі екенсің, Деп мұңая күбірлеп барамысың. Ех, адаммын сірә мен жоқ обалы. Қайғы, қайғы келе бер тонағалы. Қалқа кетіп барады қара жолмен, Қолымда қап кестелі орамалы. Жан дүниемде ұлып тұр қасқыр ғана, Қатып қаппын айналып тас тұлғаға. Кенет, кенет көк бесті кісінеді, Жүген ала жүгірдім бастырмаға. Қолда мені күнәсіз талап, тілек, Бесті жалын жібек жел таратты кеп. Көкті жарып шарықтап кетер ме едім, Жаралмаған ат неге қанатты боп. Сенің ернің секілді жайлап өпкен, Аймалайды нұрымен ай да көктен. Кесіп өтіп жылғаны қырға шыққам, Қарғыс атқыр машина қайда кеткен. Қандай жаман самалдың сарнағаны, Қайдасың сен жанымның арман әні. Асфальт жолға түсірер ылди жолда, Елес болып бозамық шаң барады. Ышқындым мен бестіге салып қамшы, «Иә өлесің болдырып, Иә жеткізіп, Арзу тілек арудан алып қалшы!»

Бауыржан ҮСЕНОВ ӨСЕК ӨРТІ Ылайланды кеудемдегі тұнық ән, Мен туралы өсек қардай борады. Қасқырлардай аласұрып ұлыған, Қоршап алып қой қамалған қораны. Ойым онға, санам саққа бөлініп, Қан жылаған күндеріме не дейін. О, әділет, бір рет кет көрініп, Сенің тірі екеніне сенейін. Аңқылдаған адал едім, ақ едім, Бір тиындық бақыр қылды құнымды. Соғыс самолеттері ұшқан әлемім, Айқұш-ұйқыш атқан оқтан тілінді. Қайран адам, Көтересің төбеге Сосын тастап жібересің неліктен. Ал, өсектеп аяғымды өреле, Ерік беріп желауызға желіккен О, өлеңім, өксіп-өксіп жылама, Шыда, шыда, шымырқанған төзімім. Бұлақ ағып жатқанымен жырада, Мөлдірлігін жоғалтпайды өзінің. * «Жер сенікі Билік бізде» – деп күліп, Тепкіледің ішіміздің кептіріп О, мен енді Алла атымен ант етем, Өтем мұны өмір бақи кек қылып. Салған әні идеясы тұл бәрі, Тала, тала қырт биліктің құлдары.

Менің бұлтым Бәрінен де қатты батты біздерге, Өз қандасың – мәңгүрттердің ұрғаны. Тас жүректер, түк қолдары қан... қан, Обалдарды мен сендерге мәңгі артам. Ағатайлап бауырыма тығылған, Қайтейін-ай, шырқыраған, жан қалқам. Бұға берсең қан орнына, жан алар, Қорғансызды қарға келіп табалар. Бес қаруын тастамаған бойынан, Мен сендерді түсіндім ғой, бабалар. Сана, миды улады ма күшті арақ, О, қашанғы бір шоқисың, үш қарап! Тұған дала қашанғы өмір сүресің Прометейдей көкірегін құс талап. Қазақ емес тобыр ғана қалған ба? Қояндардай бытыраған орманда. Ақсақалдың ақылына қарай гөр «Өндіршегің үзіледі зорланба». Қор болғанша қылша мойын қиылсын, Екі құлаш дала жері бұйырсын. Ей, сорлы шал, жынға тимей жоғалшы, Сен дегенің тамағы тоқ сиырсың. Сен адамсың өліп қалған намысы, Сен мәстексің жан көрмеген шабысын. Тыңдамаймыз енді сені, тыңдасын Мәскеудегі тас кеудең мен танысың. Ертең бізді ұрпақ дейді бұзылған, Бауырлар-ай, сұлап жатқан ұзыннан. Қызыл ту мен қызыл жұлдыз дегенің, Символ емес сорғалаған қызыл қан.

Бауыржан ҮСЕНОВ «Елбасылар» қамаймыз деп жер теппе, Біз сенбейміз сендер айтқан ертекке. Біздің мұрат ел мен жерді талатпау Еркек туып, ұқсап өлу еркекке. Мынауың кім ұйрек құсап шайланған, Анауың кім мақта құсап тайланған Қайран далам қайтсем екен мен сені, Ұлттар тәжірибеханасына айналған. Дәл желкеңде тілін сұғып маса түн, Шалғыныңда тілін шайнап мас отыр... Күшіктерің желтоқсанда туылған Арлан болып жетілгенше тоса тұр. Тоса тұр дала, тоса тұр. БОЛМАЙ ҚАЛҒАН ҚЫЗ ҚУУ Сағына күткен мерекем еді, Жыл құсын күткен секілді. Жылауық бұлттар неге төнеді, Жаңбырмен сулап бетімді. Қабағын ашпай қараша аспан, Жатыр ма сайлап ақ қарын. Алтын бақ айтып тамаша дастан, Жууда жапырақтарын. Сіздің ауылдың соқпағы белден, Асып кеп шықты кермеден. Қызылды-жасыл топтағы елден Бейнеңді іздеп сенделем. Достарым, әне баянын күйлеп, Шырқауда ғажап өрт өлең. Ақбозаң басса, аяғын билеп, Желігуші еді кертөбел.

Менің бұлтым Қыз қуу шіркін арманым еді, Арман едіңіз маған сіз. Шадыман жұрттың бар ма білері Қайғымнан мынау хабарсыз. Аққудай болып өтсең мәреден, Албырап жүзің айдан ақ. Ақ тамағыңнан өпсем деген ем, Өтсем деген ем аймалап. Келемін деген сертің бар еді, Тұрмын ғой қалқам сыңар боп. Әлі де менің дертім дәмелі, Бір жерден күн боп шығар деп. Көрініс болды басқаша бірақ, Бөгде қыз шықты жігітпен. Қирады құлап тасқа шаңырақ, Қирады мендік үміт те. Сағына күткен мерекем еді, Жыл құсын қүткен секілді. Жылауық бұлттар неге төнеді, Жаңбырмен сулап бетімді. Кеудемде қызу салқындап анық, Ашыды жүрек дерт тілген. Кеу-кеуі жұрттың артымда қалып Бас ауған жаққа кеттім мен. Мереке талай тойланар әлі, Тартылар талай сыбызғы. Осы мереке ойда қалады, Қалай деп менен сұрама. Соққан-ды тағдыр сынақ –шыбықпен, Төңкеріс жасап ойыма. Ауылынан қыздың бір-ақ шығып мен Тап болған едім тойына.

Бауыржан ҮСЕНОВ АҚЫН ӨЛДІ Жұматай Жақыпбаевқа Өліп қалды сорлы ақын Ал мақтаңдар, Қазанама жыр жазып далбақтаңдар. Қабірінің басына сөз сұраңдар, Қорс-қорс етіп өтірік жылап тұрып, Лақатына топырақ лақтырып, «Өр бейнесін жүрекке көшірелік» Деп боздаңдар жанашыр досы болып. Айырылдық деп қапыда айқалаңдар, Жақынына сонан соң қой-қойлаңдар. Ақын жатыр Маңдайы кере қарыс, Сенен алыс мәңгіге менен алыс. Керегі жоқ енді оған ештеңенің Кімді кешіп, ол кімді кешпегенін, Жария қылмай енеді жер қойынына Аманаты қалады ел мойнына. Айбарынан айрылып мәпелеген Ұл жылайды – қиын ғой әке деген. Жар жылайды айрылып түрі-өңінен, Ұстамайды енді ешкім білегінен. Ал мыналар жылайды неменеге, Айырылғаны шынымен елене ме? Жолына оның бір кездері қақпан құрып, Қарсы келсе жіберген жақтан ұрып, Өлеңіне ит қосқан талатқалы, Бұлар биттер еді ғой балақтағы, Кеңк-кеңк етіп жылайды ұялмайды,ә, Темір емес жаралған сүйек еттен. Әлде осындай жерлеуді қиялдай ма? Жұрт ақынды жөнелтті құрметпенен, Әлгілер де шауып жүр дүрмекпенен. Ал ақынға бәрі бір өліп қалған... Ол тыс қалды өмірлік жорықтардан.

Менің бұлтым ДУЭЛЬ Қандай жан берген сертінен тартына алады, Ақының қайсар жүрегі қалтырамады. Ісің ақ болса, Қаныңа батып өл, сеніп, Оқ ұшар екі аралық жатыр өлшеніп. Дуэль боп шыққан заманы қағынып алдан, Лермонтов тұрды шинелін жамылып алған... Тағы бір жұлдыз дуэльде өліп, өшеді, Сорлы Россияның неліктен соры бес елі. Қорғасын бұлттар төнеді түйіліп көктен... Аз ба еді оған ұлы қиылып кеткен. Ессіз намысы қия ма ақыры өмірін, Жазғаны кеше емес пе «Ақын өлімін» ... Дуэль боп шықты заманы, Амалы бар ма? Қарлығаш еді су сепкен жаралыларға. Мартынов сұмның жүзінде сәл мысқыл бар ма ? Дарымайды да екен қарғыс бұларға. Шықпай-ақ қойшы оқ атып қиялап қырға, Тоқта Мартынов! Тарихқа қиянат қылма! Біз білер Миша өзіңді көздеп атпайды, Мишаға қазір сен емес өзге жақ қайғы. Тынып тұр іштен дем алмай әлем-жер беті, О, тоқта деймін қара бет, Өлең жендеті...

Бауыржан ҮСЕНОВ Тарс етті мылтық, Сұм емес, ақын құлады. Сұмдардың бағын ит өмір мақұл қылады. Ақындар – аққан жұлдыздар өлең көгінен, Десек те, ажалдары ылғи төменде білем... Шәкәрімді де атты олар, Сәкенді де атты, Түрмеге салып қинады көкемді қатты. Оларды жүрек төріне жерлеген едім, Соқпақтарымен солардың мен де келемін. Жалғанда жаусыз болмайды қазағың деген, Мартыновтар мен Дантестер, Ажалың менен! КӨКТЕМ МЕН КҮЗ Көктем күлімсірейді, Гүлдеген атырап боп. Күз дірілдейді, Сарғайған жапырақ боп. Қиялың айға шабар, Доп қуып ала бауыр. Көктем ал майда самал, Күз деген – қара дауыл. Нәрсе жоқ өгей тегі, Табиғат наз айтады. Көктем көбейтеді, Күз азайтады. Мұратсыз жоқ ертегі, Әркім де барды айтады. Көктем көгертеді, Күз сарғайтады.

Менің бұлтым Өскен соң іргеленіп, Тәттіге жұбанамыз. Көктемде – гүл боп өніп, Ал, күзде қуырамыз. О, тіршілік. КҮЗ СУРЕТІ Құстар іздеп қалды көктемді, Дала-дәптер жазып жатыр өткенді. Дала-дәптер жазып жатыр барлығын, Ал, мен өлең жазбағалы көп болды. Қайтып кеткен құсты аңсайды мұңым бұл, Көңіл-күйім күз секілді бұлыңғыр. Қара суық сүйгенінен өте ме, Қара тазы қайта-қайта ұлып жұр. Айдалада кісінейді бір құлын, Анасынан адасты ма мұңлығым. Күрк-күрк етіп жынын шашқан бурадай, Қарала күз әзірлеп тұр сұмдығын. Құстар кетті біздер қалдық неге деп, Шулап жылап жарысады ебелек. Құс қайтады , жыламашы ебелек, Туған жерден киіп кеткен кебенек! Жербауырлап желден қашқан түтінге, Қарап тұрып жыртығыңды бүтінде. Қораларда бырт-бырт күйсеп мал жатыр, Күз басынан алып қойған күтімге. Шаруа аз, ел жағасы жайлауда, Айғыр біткен жер тарпиды байлауда. Қазандарда ет бүлкілдеп қайнауда, Болады енді азырақ қарта ойнауға.

Бауыржан ҮСЕНОВ Айдалада ашқұрсақ күй аң кешіп, Сұрқай белден сырғи бере таң көшіп. Ал, желтоқсан, келем десең келе бер, Көктемге шейін енді жан несіп. БИДАЙЫҚ Есіңізден ешқашан шығармаңыз. Құс төресі бидайық Қыран нағыз. Аспан астын боздатып сорғаласа, Аузыңыздан түспейтін бір Аллаңыз Құс төресі бидайық Қыран нағыз. Күйі келсе түсетін қасқырыңа, Қасқырыңа, албасты басқырыңа. Қартайғанда құйылып зау биіктен, Өзін-өзі соғатын тас қырына, Күйі келсе түсетін қасқырыңа. Аққу төсін қан қылып жұлмалаған, Аң мен құсты қоймайтын бұл даладан. Шабытынан сескеніп тұра қашар. Қиқу салып қызық қып тұрған адам, Аққу төсін қан қылып жұлмалаған. Қор қылмаған ғұмырын тышқаншылап, Құлық жасап көрмеген мыстаншылап. Қиғыр қылыш, атқан оқ, күміс жебе, Күн астында ұшқан шырақ, Қор қылмаған ғұмырын тышқаншылап. Құс төресі бидайық – Қыран нағыз. Қаз-үйрекке жіберіп ұрандаңыз, Ықылымнан құс салып, құмар қылған

Менің бұлтым Қазақ атам қылады бұларды аңыз, Құс төресі бидайық – Қыран нағыз. Бидайық – жыр баптаған мен бір өрен, Қызығыма қол соққан елді көрем. Қондырып ап қолыма саят құрам, Құмай ертіп, мініп ап белді дөнен. Олжа салып құрбыма орамалды, Бөрікті қып жолдас пен жораларды. Боз даланы шарлаған біз бір аңшы. Бидайық – жыр, сыпырам томағағаңды! ДӘРІГЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ДИАГНОЗ Ауырып келді екі адам, Екі бүктеліп аһ ұрып. Дәрігер қағып арқадан «Диагноз» қойды қатырып. – Ішегіңде ісік бар, Елемей жүріп өткізген. Ісікті еммен ұшықтар, Құдырет әлі жоқ бізде. – Ісік деген рак па? Шал көзін жұмды жас тамған. – Рагы рак, бірақ та, Жаңадан ғана басталған. – Сонда ол емге көнеме? Көнсе барымның бәрін ал. – Жайылмай ғана денеңе. Тұншықтыратын дәрі бар. Ол бірақ қымбат тұрады, Мың сом ба? Сірә сол шама.

Бауыржан ҮСЕНОВ Құлдығың болам шырағым, Тауып бер алтын болса да. Өзіңе енді табындым, Уа, жар бола гөр Жаратқан... ...Шын диагнозы шалыңның Уланған еді тамақтан. Мұртынан күлді дәрігер, Көңілін кернеп құрсаң ой. Жандары тәтті кәрілер, Осылай жем бол тұрса ғой. Талай аңқауды алдады, Тайыздан ғана ойлайтын. Құныққан сайын жалмады, Атжалман құсап тоймайтын. Қолы жеткенше қармады, Мұрттан жіберіп күлкіні. Ұзаққа бірақ бармады, Ұсталып қалды бір күні. Қылмысың жатса екшеліп, Құнын қайтсең де тартасың. Тергеуші әбден тексеріп, Толтырып берді картасын. «Ауруың кеткен асқынып, Аяғы мұның болды ащы. Прокурор оған тас қылып, «Диагноз» қойып, мөр басты. Сот оны қарап шықты да, Бөлшек шығармай бүтіннен. Армансыз жеген мықтыға, Алты жыл кесті үкіммен.

Менің бұлтым Әңгіме қып жүр әлі де ел, Ұмытып кетер түбінде. Магадан жақта дәрігер, «Емделіп» жатыр бүгінде. БІЗ ҰРПАҚПЫЗ ЖАНАРЫНДА ЖАЛЫН БАР Көп шындықты білмей өскен ұрпақпыз, Жалғандықтың жалтақ әнін шырқаппыз. Ақсақалдар, шындықты енді айтыңдар, Бұра тартып бұрмаламай бұлтақсыз. Жалғандықтан елдің соры қалыңдар, Біз ұрпақпыз жанарында жалын бар. Ей, қоныңдар тұлпарына шындықтың, Болжам-байтал мініп келген ғалымдар. Ыдыратып көр, тұманды жел тұрды, Талайларды тәубесіне келтірді. Мәселенки, білгім келіп жүр менің, Шәкәрімді қандай қазақ өлтірді? Қайран ақын елу бес жыл көмілген, Сені біздер суырып алдық көріңнен. Үн қатындар, Ахметтер, Мағжандар, Елу жылдай көрінбеген көріңнен! Абайға да күйі жаққан бұл қазақ, Бірін-бір әлі күнге жүр қажап. Айтысқанша партия боп, ел болып, Парасаттың шырағданын шынға жақ. Сталиннің бет пердесін аштық та, Жаудай тидік бюрократ бастыққа. Біз сендерге орнатамыз ескерткіш, Социализмде қырылғандар аштықтан.

Бауыржан ҮСЕНОВ Феникстей күлден енген ел едік, Қиыс тартпай, жөнге енді келелік. Озғандарды көтерелік төбеге, Сүрінгенді қолтығынан демелік. Мен қайралған қанжарыңмын, ел, сенің, Бар өзімнің көзқарасым, өлшемім. Керек болса сенің мүддең үшін мен, Жұлып берем жүрегімнің бөлшегін. Еңлігіңмін шыңда өсетін қар басқан, Ерлігіңмін дауылдатып, алға асқан. Жалғандықтың жалын күзеп, тұқыртып, Шындығыңды жырлап өтем талмастан. ЕСЖАНҒА Кішкентай ғана бауырым менің, Көгілдір көлдің балапандары ек, Айдынын самал тербеген. Қызығып қарар, сұқтарын қадап, Көрген адамдар көлденең. Әр балапанның бар еді үні, бар еді қилы белгісі, Ішіміздегі ақ үрпек сен, қылығы қызық ең кіші. Кішкентай ғана бауырым менің, қызығың қайда сондағы, Ұямыздағы шадыман шаттық баянды неге болмады?! АЗАТ ӨЛЕҢ Жайды қанша ылаң құшақ, Соры қалың момын елге. Тілін жұлған жылан құсап, Біреулерге көрінем бе? Ах, кімдердің құны қалған, Есін жиған еңірейді ел. Шыныменен жұлып алған, Мәңгүрттер көп меңірейген.

Менің бұлтым Бұл кімдерге қолайлы еді, Жібер, қандас, келешекке ой. Тілді жұлу оңай ма еді, Біздер жылан емес ек қой. Артық екен дін дегенің, Қайыры жоқ мүдделерден. Біле тұра үндемедің, Қорықтың ба түрмелерден. Атеист болып кете алмадым, Құран жыртқан өлерменім. Көгертпедің отан бағын, Және өзің де көгермедің. Бір қазанға сыйсаңдаршы, Оттай бермей сөз бергенің. Естеріңді жисаңдаршы, О, Құдайдан безгендерім. Баптап мінсең ат өлмейді, Отырғам жоқ ақыл айтып. Отан емес отар дейді, Көзімізді бақырайтып. Шерлі анадай аңыраулы ең, Жете ме бұл жетеңізге. Отар қойдай маңыраумен, Улап шулап өтеміз бе? Дін қалпына келер, мейлі, Тілімді де тұл демеймін. Жеріңді енді бөлем дейді, Қалай, қайтып үндемеймін. Іштен тынып құр күйіктен, Талайлар жүр соры қайнап. Түсімде ылғи бір биіктен, Желбірейді бөрі байрақ.

Бауыржан ҮСЕНОВ КҮЛЗИПА Құрт жеп қойса да миды бұл, Қайғыдан мені емдеме. Күлзипа – ғұмыр, күй – ғұмыр, Естілмей қалдың сен неге. Төгіліп тұрған таңғы нұр, Күлімдеп тұрған көктемім. Күлзипа – ғұмыр, ән– ғұмыр, Ерте үзілгенің неткенің. Жауқазын бейне жырдағы, Жоқ болып кеткен бұл шақта. Жалғыз тал гүлім қырдағы, Ұрындың қалай бұршаққа. Сене алмай өлді дегенге, Жалтақтап жолға жүрдім мен. Тағдыр дейтұғын кемеңде, Бомба барлығын кім білген. Жарылды, сені жоқ қылды, Жазамын жазы жоқ қырды. Сен көре алмаған көп күнді, Сен сүре алмаған көп жылды. Аманат етіп ап қалдық, Ащы жас көзден ыршыттық. Күрзі-қайғыға тапталдық, Мұң-мұхитына тұншықтық.. Теңгермеуші едім хан қызын, Айна көл деуші едім көзіңді... Бала сияқты балдызым, Сағынды жездең өзіңді.

Менің бұлтым «ҚҰДАЙ» Келбеті бұл-заманның тоқыраған, Кабинеттің алдында нөпір адам. Нөпір адам тараса, Әлдебіреу, Ақша санап мәз болар бопыраған. – Шешілсе екен мәселем бүгін анық... – Қаhарына ілігіп құрымалық... Кабинеттің ішінде «Құдай» отыр, Көзәйнегі жарқырап, ыңыранып. Бақа тамақ, бітік көз, томай құлақ, Бульдог десең тіпті де қолайырақ. Ең жоғарғы маркасы топастықтың, Ешкім айта алмайды олай бірақ. Жалғандыққа қол қояр қалтырамай, Аузын ашса шашады алтын арай. Мұны көрсе білмеймін, не дер екен, Адалдыққа үндеген халқын Абай. Тереңде деп тамырым мақтанады, Сондықтан да, жан біткен сақтанады. Қабақ қағып шешеді мәселені, Талдамастан тіпті де ақ, қараны. Қайраткер деп ол өзін сезінеді, Халқым десе «бауырым езіледі». Бет-пердесін моральдық анықтаса, Періштең не, Сайтаның безінеді. Галстугы бұғағын буындырып, Коньяк ішіп, аңсайды уылдырық. Құтпан айғыр секілді қастасқанын, Пенде қылып алады қуып жүріп.

Бауыржан ҮСЕНОВ Таныдың ба, бауырым, бұл бейнені, Бетіне айтпай сыртынан сұм дейді елі. «Құдайлар» ғой кешегі сайран салған, Көрінбеген көлеңке, күңгейлері. Кеше болса дақпырттап жазар едік, Оян намыс, Тотыңнан тазар, Ерік! Шындық келіп Мансабын тартып алды, Темір торға қамады Жаза келіп. Ақиқат кеп жалғанды пышаққа алды, Жартастардай небір «дәу» ұсақталды, Қарап тұрсаң сыртынан «Құдайларға» Құдай емес, Құрбақа құсап қалды... Жаса шындық! МАҚТА МЕН БАЛА Жоспар керек, Жоспар үшін жан пида, Жүгермек-ау, қарақшыдай қалқима. Өңеш керіп ұран салған пысыққа, Қайран халық аузын ашып аңқиды, ә. Қара бала, Сары бала, Ақ бала. Торғай құсап жабылады мақтаға. Жоспар орындалса болды, Баланың, Сабағында сапа жоқ деп даттама. Оқытатын мұғалімі қасында, Ұйықтайды олар атыздардың басында. Ескерілсе балалардың еңбегі, Жыр болады жылың түгіл ғасырға.

Менің бұлтым Ал, дәлелде Жыла, мейлі, күл мейлі, Бесжылдыққа үлес қосып жүр дейді. Мақта бітпей бармайды олар мектепке, Мақта бітпей ойнамайды, күлмейді. «Сонша мақта неге керек елге осы»,– Деген сөзді ауызға ала көрмеші, Мақта деген атақ, даңқ, hәм ақша, Күңкілдеме, керек емес өңгесі. Бұл не сонда, қанау ма, әлде басқа ма? Жазалы ма қолы күс-күс жас бала. Балаларға құрмет бөлек елде де, Мұндай жағдай болады екен масқара. Айқай шыққан «жоспар және көлем» деп, Кез туралы жазылмаған өлең көп. Рашидовқа «жұлдыз» болған сол еңбек, Асқаровқа «мансап» болған сол еңбек. Мақталыққа мектебінен ертіп кеп, Шаруаға шекесінен шептіп жек. Жемқор аз ба, Оңтүстікте байыған, Балалардың Еңбегінен кертіп жеп. Үш ай мектеп көрмейтұғын балада, Берекелі білім деген бола ма? Таңнан тұрып мақта терсе дірдектеп, Түнеп шығып аңғал-саңғал қораға. Жазғаным жоқ танылсын деп есімім, Аурудың ашып айтса несі мін. О, көзіңе құм құйылғыр Тоқырау, Балаға да тиді-ау сенің кесірің.

Бауыржан ҮСЕНОВ ТҮН-МАХАББАТ ОТАНЫ Сорғалаған шырыны, Ай қауынның тілігі... Тоқ жібере кеудеңе, Тоқ омырау дірілі. Деп «сыбырлап ойының ба?» Тулайды ару қойнында. Ыстық ерні ерніңде, Ақ білегі мойныңда. Бітпес әуен мақамын, Хоры орындап бақаның. Демін ішке ап қара түн, Салалайды сақалын. Болған емес сот әлі, Түн-махаббат Отаны. Елестетіп ай көзге, Ойнақтаған ботаны. Толықсыған қалқам-ай, Ойнақтайды-ай қалай? Үлпілдеген ақ бота, От баса ма байқамай. Сезім бұлты үдерді, Төзім үзді шідерді. Айды бұлтпен жасырып, Түн күрсініп жіберді. Жылатқандай баланы, Самал өксіп қалады. Кеңістікте боз тұман, Жер шайқалып барады. .

Менің бұлтым АУЫЛ АҚЫНЫНЫҢ БӘЙГЕГЕ ӨЛЕҢ ҚОСУЫ Тіршіліктің ұйыған балқаймағы, Мен ауылдың ақыны шалғайдағы. Шығып алып биікке көз тойғандай, Боз даласын жырлаған бозторғайдай, Төгіп жүрген өлеңін таңдайдағы Үлкен жерге ұшырам, Өлең, сені, Ұлы жырдың төгілген Қан Байрағы, Бұлт астынан жарқ еткен Ай сияқты, Кетер мүмкін ашылып маңдай бағы. Жарық күннің жамылып жазғы нұрын, Жусан иісін алып бар, Қаздың үнін Тобылғының тілімен сыбырласып, Таңға біткен жалбыздай-сазды мұңым. Сыншылардың алдында сөз сөйлесін, Басталмаған кітаптай Аз ғұмырым Тауып алып иіскеп қайт. Елді ұмытып, Астаналық боп кеткен қыз бұрымын, Омырауына тақ бір талын түз гүлінің. Мүсініне Абайдың тәжім еткен, Жебеп жүрсін батасы Әз Үлектің. Мыңмен жалғыз алысқан қайран бабам, Өзің құсап келеді-жазып өткім. Мұсылмандар бейітін аралап шық, Ертіп алып біреуін хазіреттің Құран оқыт, құрмет қып ақындарға Мен мұңыма соларды азық еттім. Білсін олар бір Тауда бала барын, Желге тосқан қаны аққан жараларын. Тұманы жоқ тап-таза кеңістікке, Түтіні боп ауылдың тараларын, Талмай шауып тас жарар талабы бар, Қаратаудан іздеген Қар адамын Тәуекелге тас жұтып бара аларын,

Бауыржан ҮСЕНОВ Тап қылса да тағдыры дар алаңын. Жөнел, жөнел, өлеңім, жөнел енді, Бақытыңа тап қылсын Көрегенді. Тақым созып өлеңді баптағанның, Талайларын шаттыққа бөлегенді. Төрт аяғың тең болса топ жарарсың, Бақ, соры бар талаптан көрем енді, Жөнел, жөнел, өлеңім-жөнел енді Жолың болсын құлыным... 1988-89ж. БИ АЛАҢЫНДАҒЫ БОЗБАЛА Жас біткеннің жанындай-қиял, әні Жарқ-жұрқ етіп дүмпіп тұр би алаңы. Биге қойып кетуге беттен басып, Бозбаласы ауылдың ұялады. Жерді сызып балағы шалбарының, Қуып келді ол соңынан арманының. Биге кіріп кетуге бата алмайды, Сезеді ме жеңілін салмағының. Даңғазаға желкілдеп желік-арман, Би алаңы күшіне еніп алған. Дөңгеленген қыздарға өлеңдейді ол, Көлденеңдеп өткендей елік алдан. Әзәзіл ой ортаға кір-кір дейді, Бозбаланың жүрегі бүлкілдейді. Ионика-мысықтай мияуласа, Бас гитара-бураша үркілдейді. Сақпандайын суырылып қалың шаңнан, Ауылда ол қыз қуып, салым салған. Состиып тұр ал мұнда сорың құрғыр, Жыпылықтап жанары жалын-шамнан. Икемсізді бұл өмір өкпелетпек, Уh, барабан тарсылды төкпелет, төк!

Менің бұлтым Түсінісе алмай тұр түбің түскір, Қала менен Далаңыз бетпе-бет кеп. Әсер етпей әншінің тілі балдай, Жуса кетпес көңілдің кірі бардай. Табиғат пен цивилизацияңыз, Бірін-бірі бағып тұр біріге алмай. Тіл табады түбінде, білем оны. Дариды оған қаланың мұң өнері. Көкпар болса дәл қазір білек түріп, Қан доданың ішінде жүрер еді. Өмір енді сан оған қай-қайда да, «Икемсізсің, бала!» деп айқайлама. Оны бір күн қылықты келіншектей, Айналдырып алады сайтан қала, Ал, әзірге сен оған айқайлама... ОБА ТУРАЛЫ ОДА Оба көрсем кеудемде оянады бір сұрақ, Қобыз үні жетеді әлдеқайдан қыңсылап. Дүңк-дүңк етіп дауылпаз, ұрыс даусы шығады, Бір көмескі тарихтың жылтылдайды шырағы... Оба деген атауы шығып қалып қатардан, Бертін келе талайы төбе болып аталған. Биігіне шығып ап жоқ қарайды малшылар Тентек самал лүп етсе таз басынан шаң шығар. Жотасына даланың шыққан жара бұл анық. Отырып ап басына мәслихат құралық. Тұрады ойнап үстінде бұлдыр-бұлдыр бір сағым, Бір тылсымның бары анық бүлкілдеткен құрсағын. Алтын сауыт киінген дамылдай ма бір төбе. Не құпия жасырып жатыр екен сұм төбе. Ғұндар ма әлде сақтар ма, қыпшақтар ма-үйген кім, Кейде астында қазына жатқандай-ақ күйге ендім. Бір обаны қазбақ боп қылғанмын да нән талап, Жатты менің қазынам сан дәуірлер қалқалап.

Бауыржан ҮСЕНОВ Оба, оба, обалар-өгіздердей өңкеген. Эралармен жасасып, ғасырлардан тон киген. Тіл қат маған бір рет, тіл қат маған, гүр етіп, Шығарайын атыңды жарты әлемге жыр етіп, Сендер жайлы мен әлі жазармын-ау сан ода, Ойлап тұрсам, о тоба, Жердің өзі нән оба. ҚҰРЫЛЫҚ ҚАСІРЕТІ Поэма Бастау Бұрқылдаған жиналып шаң балаққа, Мәз-мейрам боп тағылған жалған атқа, Үндістердің ойынын ойнап өстік, Қиқу салып саялы алма бақта. Балалық шақ болса да бүгін арман, Ойын еді ол шындықтан түбір алған. Әлі есімде, қалайша ұмытайын, Менің атым «Желаяқ бұғы» болған. Сәби қиял ұшырған қаршығасын, Түсінді ме ойынның мән, шүбәсін? Қай шайқаста болмасын, ер үндістер Тас-талқан қып жеңетін қарсыласын. Аязың не, бәрібір, аптабың не, Дабыл қағып мінеміз атқа бірге. «Сұңқар» менен «Чингачкук» фильмдері Қайта жүріп жататын бақта күнде. Жербауырлап, тығылып қалтарысқа, Жетуші едік тұтқиыл сан табысқа. Денемізден бірақ та қан ақпайтын, Және де ешкім өлмейтін арпалыста.

Менің бұлтым Ойынға іңкәр от ойнап мөлдір көзде, Нені ойладық біз, досым, сол бір кезде? Үндістерді соншама жақын көрдік, Далақтаған қиқулап өндір «кезбе». Бүгін, міне, сорғалап қара терім, Бір халықтың тағдырын зар етемін. Әлде біздер сол кезде жас та болсақ, Білдік пе екен олардың ақ екенін? 1. Апат Жүгірткенмен сан-саққа әрі-бері, Болмағанмен ғалымы, дәрігері, Сарайда емес, күркеде өмір сүрген «Жабайы еді», бірақ та халық еді. Сәтті аңшылық, бай егін – ел тілегі, Самал желмен джунгли желпінеді. Қалпақ киіп, бант тағып, кофе ішпеген «Жабайы еді», бірақ та еркін еді. Байлықтың да, бақтың да кезі өтеді, Еркіндікке алайда не жетеді?! Зіркілдеген зеңбірек, мылтығы жоқ,– «Жабайы еді», бірақ та өжет еді. Адамға емес, тек аңға жақ кезеді, Суларындай сүйріктің тәтті өзегі. Өмір мұнда ұйыған сүттей еді, Күлкісіндей сәбидің тап-таза еді. Түк көрсетпей бір сұмдық түлесе түн, Лапылдатып жағатын күрес отын. Көбелекпен жарысып қыз өсетін, Қабыланмен алысып ұл өсетін.

Бауыржан ҮСЕНОВ Суда балық, нуда үнді сайран құрсын, Иірімінде уақыт айналдырсын. Колумб жар салды: «Жер аштым!»-деп, Ұрпағы отар қыларын қайдан білсін. Мұрттан күліп, тапқандай мықты арманын, Отаршылдар баптады «сырттандарын». Жағалауға мұхиттан кеме келді, Кесапаттың басы боп құртқан бәрін. 2. Сүргін Жұмбақ құрылық дір-р етті... Джунгли қалқан ба аз? Жүректі де білекті Сапқа тұрды сан сарбаз. Көсемдерден атақты Жоспар жайын сұраңдар. Жариялап апатты, Қалқып жүрді қырандар. Адамдардың түсі ақ, Ісі неткен қара еді?! Отты суын ішіп ап, Балалатты бәлені. Заман болды түнерген, Ұмытылды күлкі де. Лапылдады күреңдер, Адамы да, мүлкі де. Көрсеткенмен ірілік, Қуат беріп арманы, Күн менен Түн бірігіп Өмір сүре алмады.

Менің бұлтым Қаптап келіп кемемен, Тігіп жатты ордасын. У жағылған жебеден Басым түсті қорғасын. Арттан шапқан сұм аңдай Жылы қаннан жай табар... Жел ысырған тұмандай Ыдырады тайпалар. Жауып алған көзін қан, Құстар жапты аспанды. Ащы ішектей созылған Ұлы сүргін басталды... 3.«Алтын жебе» Қайдан атты, қай аудан – кім ұққан-ды? Ақсүйек бір ағылшын бүлік қанды, Арбаға кеп қадалған сұр жебені Суырды да, аңырып тұрып қалды. Ұқтырып тұр сілейген қалпы нені? Осы емес пе Тәңірден бар тілегі: Ысқырып кеп қадалған қалқа ағашқа Сүр жебенің кірісі алтын еді. Ротасы түскен жоқ ұрысқа әлі, Тістеп көріп байқады, дұрыс бәрі. Алтын.... алтын, арқасы офицердің Бірде кеңіп, біресе құрыстады. Айқай салды ақыры, шыдамады, Кентуккидің жаңғырды шың алабы. «Джентльмендер, қараңдар, алтын, алтын! Жабайылар өнерді шығарады. Атар болды алтынмен құтырғасын, Үлгерейік, байлығын жытырмасын.

Бауыржан ҮСЕНОВ Іздегенің табылды, ал қаптаңдар, Бұл тайпадан бір адам құтылмасын!» Қорқу-үрку дегенің былай қалды, «Алға!» – алтынға офицер ұрандайды. Бір аттауға шамасы келді бірақ, Көз алдында дүние шыр айналды. «Байлық жайлы болғанда бүгін мәлім, Болмады-ау, – деп ойлады, – жығылғаным....» Жағылған у алтынға Отаршылдың Жаһаннамға жөнелтті шыбын жанын. Ұмтылғанда байлықтың жарқылына, Ұшырады қарғыстың салқынына. Әділетсіз соғысқа қарсы шықты Үндістердің жерінің алтыны да. 4. «Жабайы өгіз» Бір қырғында құлады нешеме ері, Жоқтап жатыр жарлары, шешелері. От басында отырған обадай боп «Жабайы өгіз» тайпаның көсемі еді. Намысы үшін жандарын қиды бәрі, Бірге өлер ед, келген жоқ бұйрық әлі. Жол таба алмай шығатын тығырықтан, Кәрі көсем қан құсып, ширығады. Қайткен күнде тайпасы сақталады, Ертең тағы бұл жерден аттанады. Шегінуде тоқтаусыз, туған жерде Ата-баба бейіті қап барады.

Менің бұлтым Тәңір қайда садақа қабыл алған, Тыныш күндер түстегі сағым-арман. Бұл қан-сөлсіз қарақшы кәпірлердің Жыртқыштығы кетті асып қабыланнан. Қопаруда ойпаттың тас кенішін, Үндісті ату – құс ату әскері үшін. Бір қорлығы – оққа ұшқан боздақтардың Сыпырып ап сатады «бас терісін». Күз де жақын, қиындық басталады, Ашылмай тұр аспанның қас-қабағы. «Егер өзім берілсем ... не болады: Аяр ма екен кемпір-шал, жас баланы? Өзім білсем – бұл іске неге бардым? Мені өлтірсе, мәңгілік демалармын... Сендер аман болыңдар, қош!» – деді де, Үш күннен соң тайпасын ерткен көсем Дәргейіне бас ұрды генералдың.... Ақ адамдар тек аңның досы білем, Масайрауда мәз-мейрам қосынымен. Асулы тұр қамалдың қақпасында «Жабайы өгіз » өзінің қос ұлымен. 5. Күрең қыз Дым шығармай тап берер жырынды шын, Өлі болса – тым жақсы тірі үндісің. Қапияда істейтін қайран болмай, Қолға түсті күрең қыз құлын мүсін. Таңғы дамыл қауіпті кеш ұқтырды, Тағдыр неге қайғыны өшіктірді?! Табиғаттың күнәсіз құралайы Анталаған тобырдан шошып тұрды.

Бауыржан ҮСЕНОВ Жар болар қыз джунгли батырына, Жыр болар қыз таусылмас ақынына... Былай деді капитан: «Кешке жақын Ап келіңдер сарыала шатырыма!» Адам емес секілді, сауда малы... Қолыменен көрсетіп дәу қараны, Сатқын үндіс: «Бұл үлкен мәртебе», – деп Әлгі сөзді аруға аударады. Жымсияды сатқынның хошы көзде, «Көне бергін – дәм басқа, несіп өзге ...» Белдемшенің астынан сұр кездікті Суырып алды күрең қыз осы кезде. Аһ, айтылмай қаншама әні қалды, Кеше ғана бақытты, бәрі бар-ды. Жанарынан от шаша қарап тұрып, Жүрегіне ойланбай салып алды. Қызу қанды үндістің таза тегі, Қанішерді қалайша мәз етеді?! Қанға батқан өлігі күрең қыздың Асқақ еді, мәңгілік азат еді. Резервация Бүтін халықты қалайша жылым жұтады, Аштықтан, оба, суықтан қырылды тағы. Еркіндік үшін егескен есіл ерлердің Қу тақыр шөлге айдалды үрім-бұтағы. Ойласаң егер жан түгіл, қан күйер еді, Үндістер еді құрылықтың заңды иелері. Жап-жасыл жерді қып-қызыл қанмен суарып, Кемемен келген кезбелер мәңгі иеленді.

Менің бұлтым Ұлы құл болды әкесі аштан өлгесін, Ұлы бір халық құрыды – дастан өр, досым, Азат орманда күн кешкен еркін үндістің Резервациядағы өмірін басқа бермесін. Талайсыз тағдыр жұлмалап, дал қылып болған, Өткенін білер ертектен – жаңғырықтардан. Білімсіз қанша жеткіншек өсуде мұнда, Жұмыссыз қанша – азамат қаңғырып қалған?! Мүсіннен аумай қалатын тістеніп алса, Ғұмырлық бұғау мойнына түскені қанша?! Ресторандардан иттерін тамақтандыратын Миллиардердің үндіспен істері қанша?! Күндері үшін бүгінде дедектеп олар, Сатады бәрін – аяқ, қол, қажет пе – жанар!... Ең мықты деген үндіске нәсілшіл сұмдар Тауар деп қана қарайды әжетке жарар.

Түбі бар атар құрылықтың бозалаң таңы, Түріліп түнек, әділет сөз алар тағы. Ел мен жер тонап құтырған отаршыл ұрпақ Үндістер түгіл, әлемге көз алартады. Көтеріп бүгін бір апат қайтадан басын, Көшірді көкке соғыстың «шайтан арбасын». Қасиетті ана – қара жер, төсіңде сенің Тағдыры үндіс елінің қайталанбасын! Түйін немесе Леонардо Пелтиер Бақ тіледі мекенге ол, Бірақ азап екен мол. Жолың тура, ісің ақ, Леонардо, бекем бол.

Бауыржан ҮСЕНОВ Жанартау боп құрылық-ел, Түбінде бір дүрлігер. Қайғың мәңгі жерленіп, Күмбезіңде күн күлер. Гүлдің шоғы қолда әсем, Ән саларсың сонда сен. Ардагері үндістің, Еңіреген ер көсем! Жоқтап асыл арманын, Правосын қорғадыңОтағың кеп түбінен Озбырлықтың орманын. Тіккен едің басыңды, Айлаларын асырды. Тапты-дағы есебін, Түрмесіне жасырды. Ракетасы ысқырған, Әлсіздерге күш қылған. Әулекілер өйткені Сескенеді ұшқыннан. Ұмытылып арманың, Қорқып, бұғып қалмадың. Түрмеде де тынбастан Күресіңді жалғадың. Торғауытқа ер киер, Шығыршықтан жел тиер. Әлем сенің жағыңда, Әділетшіл Пелтиер!

Менің бұлтым ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ П о э м а Алматыға жолым түсіп бара қалсам мен міндетті түрде «Республика» атындағы алаңға соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп төбе құйқам шымырлап кетеді. Есіме дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасы түседі. Мұздақ алаңның үстінде жығылып, сүрініп, атой салған демократияның алғашқы қарлығаштарының ішінде, қанға боялса да, қайтпай тұрып алған қыз-жігіттердің ішінде мен де, сен де бар едік, Қайрат! Бірақ бір-бірімізді танымайтынбыз. Алаң ортасынан бір зор айқай шығып тұрды. Күні бүгінге дейін сол айқай құлағымда жүр. Сол дауыстың иесі сен шығарсың деп ойлаймын. Себебі сенің жазаң бәріміздікінен ауыр біздің социалистік қоғамдағы ең сорақы, ең жан түршігерлік жаза болды ғой... Үзеңгі дос жыры І-бөлім Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ, Бағы жана ма? Қала ма соры қайнап? Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп, Бізде де келдік алаңға «Елім-айлап» Билік – Халық, Кім бүгін ұтылады. Бас пен құлақ, көз, мұрын бүтін әлі. Сойылы бар сақшылар жұртқа қарап Қоян көрген тазыдай жұтынады. Жауды алаңға тілектің нөсері кеп, Шешеннен соң сөйлейді шешен үдеп. – Демократияны бұғаудан босатыңдар, – Әр халыққа өзінің көсемі, – деп.

Бауыржан ҮСЕНОВ – Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр, – Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр. – Колбин деген кім екен? Қайдан келген? – Уа, сырттымыздан қашанғы билейді бұл? – Қазақстанда он тоғыз облыс бар, Хатшы жоқ па тізгінді қолына ұстар?! – Бұл дегенің деп біреу шамданады ҚКП – да беделдің қалмағаны. Тілің құрып барады білесің бе? Ескерусіз дін жатыр сүресінде. Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап, Мұрша бермей қойды ғой тіресуге. – Жиырма жыл қаңғырдым пәтер алмай, Жазығым бар бұл менің, әке, қандай? – Ойбай, көке, айта түс бетің дұрыс, Алматыда жойылсын жетім бұрыш. – Өгей қозы біз болдық енемізге, Келімсектер шықты ғой төбемізге... Көп адамның бір босап қалды-ау іші, Іске аспады, алдау мен арбау ісі. Брежнев алаңы күңіреніп, Шықты осылай халықтың жан дауысы. – Міне осындай айқайдан құлақ тұнды, Көзге жас ап, аналар жылап тұрды. Жылдар бойы жоғалтқан еселерін, Үкіметтен халайық сұрап тұрды. – Ақиқат жоқ, маңайың – толған аңыз, Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз Мінбе жақтан дөкейлер күркірейді – Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.

Менің бұлтым Сақшылар тұр түзеп теректердей, Хұқы бар ма өздерінің бөлектердей. – Айтақ шықты кенеттен, шапшыды олар, Қарғыбауын сыпырған төбеттердей. Тәртіп қорғау санаға екті нені, Өз халқына ойпырмай кекті ме еді? Азаматты сойылмен қанға бояп, Шаштан сүйреп қыздарды тепкілейді. Түсті табан астынан қолдан байрақ Сенім бізді әкепті сорға айдап. – Бұл сұмдықты көргенше, тірі жүрмей , Өлген жақсы, – дедің сен сонда Қайрат. Аспан тұрды төбеде нала құсып, Сақшылар жүр бөрідей ала түсіп. Жасырмаймыз жазықсыз аруларға, Араласып кеттік біз ара түсіп. Жан-дүниеңді сол кезде білер ме едің? Шорт үзілді, төзімнің шідерлері Араласпай қашуға бас сауғалап, Намысымыз жігіттік жібермеді. Дегеніміз жоқ қате не жөн істедік, Қарап тұрап қырылар кеміс пе едік. Қолда қару болған жоқ жұдырықпен, Біраз беттің тақтайын тегістедік. Бар болғаны сол еді «қылмысымыз» Савицкийді көрген жоқ бір кісіміз. Кейін соның қазасы тағылғанда, Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз. Түрме жұтты біздерді – кара мекен, Әділетсіз бұл қоғам талақ екен. Демократияны жамылған КГБ – ыңыз Қолдан жасап шындықты алады екен.

Бауыржан ҮСЕНОВ Темір құрсау біздерді бүргені шын Мұң шығады қапаста кімге құсың. Ақ-қараңды тексерер түрме деген, Концлагерь болды біздер үшін. Нөсер бұлт жетпеді көшіп қырдан, Шыбық өлді – кеудеде өсіп тұрған. Шындық деген жоқ екен сотыңда да «Атуға» деп міз бақпай кесім қылған. Біреу қорғап дүние-ай, жақ ашпады, Қайрат сені осылай аластады. Құрбандыққа күні бұрын белгілеген, Артық адам сен болдың Алаштағы. Қылмысы жоқ жігітті жерлемек кім? Оның обал-сауабын тергемек кім? Деген ойдың шырқырап шырмауында, Он бес жылды арқалап менде кеттім. Ақтық сөзің арманды – хатта қалды, Көріп жүрміз, қиып ап сақтағанды. Қайрат, Қайрат бауырым естимісің Есін жиған халқымыз – «зек» ұрпағын, Лагерде шірітпей ақтап алды. Не азапты, бауырым, көтермедік, Соны жырлап өмірім өтер менің, Камераңа қанішер салмағанда, Бізбен бірге ақталып кетер ме едің? Шайқады ғой біздерді, «шайтан арба» Оның бәрін жеткізіп айта алам ба? Түсіп кетсе есіме, Қаным қайнап, Атып шыққым келеді қайта Алаңға.

Менің бұлтым ІІ-бөлім Қайрат! Саған жүргізілген тергеу бізге құпия болып қалды. Жүзден он процентін білмейміз. Мен тергеушілермен «диалогтарың» төмендегідей болған шығар деп шамалаймын.... Қайрат: Таспа тілгендей жанымнан тозаң ұшырдың, Балағаттайсың, бағам бір тиын, түсіндім. Жазықты мен, қайталай берем несіне, Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім. Тергеуші: Түкірдім мен жырларыңа, Ит не деген өткір едің. Ине сұқтым тырнағыңа, Өлердей ғып тепкіледім. Алдау-арбау тәсілмен, Салдым қанша жаңға бұғау. Тәнің таудың тасы білем, Мойындата алмадым-ау. Қайрат: Мойындата алмайсың, Адал арым, Көзім жетіп болды ғой, бағалағын. Меңсіз едім жақпақсың маған қасқа, 37 емес бұл– Заман басқа. Тергеуші: Бірақ 87 бұл, Бүлігі көп. Отырсың ғой қылмыстың түбірі боп. Тілің безеп, өлең айт маған десең Савицкийді өлтірдің алаңда сен.

Бауыржан ҮСЕНОВ Қайрат: Бітер екен осы бір «кеңес» қашан, Савицкийді көргем жоқ мен ешқашан. Өлтіргем жоқ, Құдай мен достар куә. Тергеуші: Ах, баскесер тағы да басталды ма ? Періштедей бейкүнә жұтынасың? Куә қаның, қалайша құтыласың? Қайрат: Соншалықты зымиян болар ма едің, Қолдан жасап алдыңдар, түсінемін. Қалай тани қояды олар мені, Ғұмырымда көрмеген кісілерім. Қалай жасап береді заңға «шұжық»? Алаң шетін баспаған маржа, мұжық. Тергеуші: Тісіңді қайрап кектенесің не? Ұлы халықты жек көресің бе ? Қайрат: – Халықтың бәрі ұлы. Тергеуші : У-ух , сасық шалшықтың балығы. Қайрат: Жұмысың жоқ халқымда, тарт тіліңді Олар әлі-ақ біледі ақтығымды. Тергеуші : Жиылып бүркіт болмас, он мың қарға, ха-ха-ха Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма? Бәрібір іске аспады амалдарың, Қарғадай қарқылдаған надандарым. Сені жарық дүниеге қайырмаймыз, Пашпыртыңды «атуға» дайындаймыз.

Менің бұлтым Қайрат: Жүрегіме зіркілің от қояды, Шұқыдым деп мастанба көзге кенет. Сен сияқты залымдар көп қой әлі, Әлдеқашан дүние өзгерер ед. Жатқаныма шатылып өкінбеймін, Кетсемдағы атылып өкінбеймін. Тіршілік қалды, күресімді бірақта тоқтатпаймын, Міне, саған түкіремін алдыменен. ТФУ, бетіңе жаналғыш. Құдайға мұңын шаққан ана зары Мойныңды біразырақ бұршы Құдай, Тірлікте кім қанішер, кім сұмырай... қырсық Құдай. Оқыста отқа түскен көбелегім, Гүл ашпай көктей солған қыршыным-ай, Жете ме құлағыңа сорлы мұңым, Естімей, кереңсің бе зорлық үнін, Ешкімге залалы жоқ бұйра қозым, Алаңсыз ойнақтаған өр құлыным. Іздер ем жол жоқ бірақ саған барар, Таба алмай тіршілігім тамамдалар. Сезеді қу жүрегім, сүтім адал, Ақ жолдан таймайтұғын балам да адал. Аспаннан түссеңші енді жер тірегі, Сен жоқ деп Құдайсыздар желпінеді. Ей, Тәңір менің ұлым ақын еді, Ақындар қайтып адам өлтіреді. Сұмдарға шамаң жоқпа тоқта деуге, Ей, Құдай пеңдең саған өкпелеуде. Ақымақ үшін алдыменен Ақындар тоспайды ма оққа кеуде. Құдай-ау, мұң шағамын қай адамға, Тұтылған күн секілді қараям ба? Заманы Сталиннің оралды ма?

Бауыржан ҮСЕНОВ Халқым-ау, бұл не сұмдық ай аманда? Басыма салдың менің неге түнек, Ыстығың, суығыңа көнетін ек. Сол ұлды мен сен үшін туған жоқ па ем, Баламды қайтарып бер, ей өкімет. Залым соты, заңы да арам, Құлыншағым, қан құсып отыр анаң, Сала ма сені әлдилеп топырақ ән. Көзіне күл шашамын бұл қоғамның, Заңы тұл, адамы құл, соты харам.... Қалыңдықтың жоқтауы Қанды алаңда тосты сені Қособаң, Қайран өлім, талай пәле тос одан. Жынын құсқан Желтоқсанға обалың, Менің аттай алмай қалған босағам. Ақ гүл едім, гүл көктемде аруақтай арыдым, Өткен сынды түйсігім мен танымым. Жанарыңда өмір, өлең толы еді, Неге ертерек сөніп қалдың жарығым. Құшағыңда балқып едім аз ғана, Ерінімнен сүйгізіп ем наздана. Есімді алып, дірілдеме қос анар, Сорлы сезім бойымды өртеп маздама. Қыпша белім нені аңсайсың сен енді, Қыздырмайды қаным суық денемді. Мен тұманда мәнгі-бақи жоғалттым. Желкенін жел кернеп жүзген кемемді. Былығы көп тіршілікке кекті едің, Сұңқарым-ай арманыңа жетпедің. Ең болмаса ғұмырыңды жалғайтын, Құрсағыма өмір сеуіп кетпедің.

Менің бұлтым Дақ түсірдім деп ойламай салтыма, «Олжабай» деп жасырмастан артыма. Бұл Қайраттың тұяғы деп ұялмай, Асқақтықпен көрсетер ем халқыңа. Қылмыскер тиеп батыстан этап келеді, Шұбалған состав шабан тұғырдай желеді. Сол жігіт үшін тау етегіндегі қалада, Желбіреп тұрды қайран үміттің желегі. Торлы вагонға есебін тауып жел кірді, Сол дала желі құтыласың деп сендірді. Қасыңа салған серігіне де қарамай, Торлы тесіктен қиырға қарап телмірді. Біздің Отанда халық қыруар, түрме мол, Жазықсыздар да, қылмыскерлер де күн көрер. Өкпені қысқан екі кісілік купеге, Сол адамменен ажал кіргеніні білмеді ол. Акын мен жендет– сайқал тағдырдың мазағы, Ех, әлі қанша қанды парақтар жазады. Ақын отырды арманды әуенін ыңқылдап, Жендет отырды ысқырып бір күй азалы. Доңғалақ біткен келе жатты айтып жол жырын, Қасыңда отыр басыңды жұтар, сор, жылым. Әрине бүгін ешкім де бізге айтпайды, Өлтіруге оны тапсырма алды сол зұлым? Ех, Қайрат, Қайрат, ақкөңіл бауырым күнәсіз, Неліктен менің көз алдымда ылғи тұрасың. Түйсік айтады, ел де айтып жүр ашықтан, Сені жоюға тапсырма болған шүбәсіз, Сол бір оқиға салынды талай елекке, Сенетін болсақ адвокат айтқан дерекке.

Бауыржан ҮСЕНОВ Толқуды тастап, орден қадаған «сұмдарға», Қылмыстарының ізін жасыру керек те. Өлең жазамыз өкпелеп бүгін үмітке, Орындалмасаң кепкен көндерді жібітпе. Қалғып кеткенде, қапысын тапқан қанішер, Сасық майқасын тұзақ қып салды жігітке. Ех, Қайрат, Қайрат қапаста алты ай қан іштің, Иттер қамаған арлан қасқырдай қарыстың... Бостандық түсіне кіріп жатты ма екен. Дұшпан ұйқыдан оянбай кеткен арыстың, Арманда кеткен арыстың. Аспаның бұлттан ашылса екен толайым, Алаңға сонда ақ көгершін боп қонайын. Тұман көлбеген Ата Мұраттың жолында, Сен үшін өлген соңғы құрбандық болайын. Мұратыңнан енді көшіңнің басын бұрмағын, Сұңқарың өсіп, азая берсін сұмдарың. Аманат саған, Соға алмай өткен дауылым, Көкірегімдегі жазылмай кеткен жырларым Аманат, халқым, аманат... Көз жасымды құйып құтыға, Қабіріңе құям оны жұтып ал. Шиебөріше қайғы мені талайды, Одан жол да іздемеймін құтылар. Табандарға тапталмайды намысың, Алты алашқа аян болды дабысың. Қасыңда тұр сертке бері жесірің, Алаңдамай демала бер, Арысым, Мен өзіңді жүрегіме жерледім. Алаңдамай демала бер, Арысым.

Менің бұлтым МАЗМҰНЫ ҚҰДАША .....................................................................................................3 ӘСЕЛ .............................................................................................................4 БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ......................................................................5 ЖАҢБЫРДАН СОҢ ....................................................................................7 МЕНІ АЛА КЕТІҢДЕРШІ, ТЫРНАЛАР! .................................................9 ЦИВИЛИЗАЦИЯ МЕН ТАБИҒАТ ...........................................................10 ҚАРЛЫҒАШ................................................................................................12 КЕЙ КЕЗДЕРДЕ КЕТЕДІ ҚАЙҒЫМ АРТЫП ........................................13 ПОЭЗИЯҒА НАЗ ........................................................................................14 “ҚАБАННЫҢ АЗУЫН ҚАЙЫРЫП...”.....................................................16 БЕРМУД ҮШТАҒАНЫ .............................................................................17 ЕСІЛ ҚЫЗЫ ................................................................................................19 АУЫЛ СЫРТЫНДАҒЫ ӘН .....................................................................20 ТӨЛЕГЕНДІ БІЛМЕГЕН ЖІГІТКЕ .........................................................20 БӨЛТІРІГІМ ҚАЙДАСЫҢ? .....................................................................21 СЫРБАЗСЫМАЙ СЫР АШАМ СӨЙЛЕГЕСІН .....................................23 ГҮЛ ТУРАЛЫ ШУМАҚТАР ....................................................................24 ТҮН .............................................................................................................25 ТҮН СИҚЫРЫ ...........................................................................................26 ШИРЕК ҒҰМЫР ........................................................................................27 КӨБЕЛЕК ...................................................................................................28 ТАУДА .........................................................................................................29 ШАҢЫЛАҚ АҢЫЗЫ ................................................................................29 ТАБИҒАТТЫҢ БҰРҚЫРАЙДЫ ТҮТІНІ ................................................32 ҚАРТТЫҢ ӘҢГІМЕСІ...............................................................................33 СЕН ТІРІСІҢ, АҒА! ...................................................................................35 ӨЛЕҢ – ЖЫРДЫҢ МЕН ДЕ БІР АЛАМАНЫ .......................................36 АРМАНДАП ӨТЕР БІР БЕЙНЕ ...............................................................37 БЕЛГІ ..........................................................................................................44 ТАУ ТІРШІЛІГІ ..........................................................................................44 СЫБЫРЛАҚ АҚҚУ ...................................................................................45 ТАҢ ЖЫРЫ ................................................................................................47 АЛҒАШҚЫ МАХАББАТҚА ХАТ............................................................48 ҚАРАҒАЙДЫҢ ҚАРСЫ БҰТАҒЫ ..........................................................49 БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗІМЕН .............................................................................51 ҚАЙЫҚ .......................................................................................................52 ҚАРАША ....................................................................................................53 КӨКТЕМ. АЙҒЫРЛАР ТАЛАСЫ ............................................................55 МОЙЫНДАУ ..............................................................................................56

Бауыржан ҮСЕНОВ ЕРТЕ СОЛҒАН ЖЫР ГҮЛІ ......................................................................57 КҮМІС ҚҰЛЫН .........................................................................................59 СЕН КІМСІҢ? ............................................................................................60 ОМАР ХАЯМНЫҢ ІЗІМЕН .....................................................................61 МАМЫР СОҢЫ ЖАЗ БАСЫ... ................................................................66 БЕТПАҚДАЛА ...........................................................................................68 КЕКІЛІКТЕР БИІ .......................................................................................69 “ВАРПЕТ” ...................................................................................................70 ҚЫРКҮЙЕК ................................................................................................72 МОЛА БАСЫНДАҒЫ ЖІГІТ МҰҢЫ .....................................................73 САЛТ АТТЫ ...............................................................................................74 КҮЗ КӨҢІЛ ЖЫРЛАРЫ ...........................................................................75 САМҒАУ .....................................................................................................76 ЭЛЕГИЯ ......................................................................................................77 ТАҒДЫР ......................................................................................................77 АҚЫНДАР ..................................................................................................78 СҰҢҚАР – ҚИЯЛ ......................................................................................80 ШАЯН ЖОЛЫНДАҒЫ ТҮНГІ ҚОРЫМ .................................................81 ШАБЫТ КӨКПАРЫ ..................................................................................82 АЙҚАЙ .......................................................................................................83 ҚЫС ШІЛДЕСІ ..........................................................................................84 НАУРЫЗ ......................................................................................................85 ӨЛІАРА .......................................................................................................86 ҚҰШАҒЫҢА АҒАЙЫН ЖҰЛДЫЗ БОЛЫП... .......................................87 ҚЫРАН ҰЯСЫ ...........................................................................................88 АУЫЛ ТҮНІ ...............................................................................................89 ШӨЛ ............................................................................................................90 ҚОШ БОЛ, АҒА! ........................................................................................90 МЕН НЕЛІКТЕН.........................................................................................91 ЖАЗУ КЕРЕК .............................................................................................92 АУЫЛ ..........................................................................................................93 ЭВЕРЕСТ ....................................................................................................94 ОБАЛЫМ ТАҒДЫРҒА, ҚЫЗҒА ЕМЕС ..................................................95 ӨМІР ...........................................................................................................97 ПОРТРЕТ ....................................................................................................98 МЕНІҢ ДОСТАРЫМ .................................................................................99 МАҢДАЙЫМА ЖАЗЫЛҒАН МӘҢГІЛІГІМ .......................................100 «САЯ ҚЫП АСТАНАНЫҢ БАРҚЫТ ТҮНІН» ....................................101 ӨРЕКПІГЕН ӨКПЕК БОЛЫП ................................................................102 КӨГІЛДІР САҒЫМ ..................................................................................103 ДАУЫЛ .....................................................................................................103

Менің бұлтым ШЫР АЙНАЛЫП АРҚАНДА ТҰРҒАН ӘРЕҢ... .................................104 ЖЕКПЕ-ЖЕК ...........................................................................................105 ШАҒАЛА АРМАН ..................................................................................106 АҒА СЕНІ ТҮСІМДЕ КӨРДІМ БҮГІН .................................................107 ДОЙЫР .....................................................................................................108 ДОСЫМБЕККЕ.........................................................................................110 ӨМІРГЕ СЫР ...........................................................................................111 АСАУҒА ТҰСАУ ......................................................................................111 ӨГІЗАРАЛ..................................................................................................112 ҚАМБАНЫҢ ИЕСІ ..................................................................................113 ҚОШҚАРАТА ...........................................................................................115 ДОП ДОДА ...............................................................................................116 ҚЫРҒЫЗДА БІР АЙЫЛ БАР ШЕКЕР ДЕГЕН .....................................117 ШІЛДЕ. ҚЫРМАН ...................................................................................119 ШАЛҒЫН. ЖЫЛҒА. ЕГІС .....................................................................120 МАЙТОПЫРАҚ. БАЛАЛЫҚ ..................................................................121 БЕТПАҚДАЛА ҚЫРҒЫНЫ....................................................................122 МАЛДЫ АУЫЛДЫҢ БІР КЕШІ ............................................................126 ОРАЛДЫМ ТУҒАН ЖЕРГЕ АҚПАНДАТЫП... ...................................127 ҚАЗАН ......................................................................................................128 БҮЙРЕК ТУРАЛЫ ЖЫР .........................................................................129 ЖЕЛКЕНІМДІ ҚАЙТАДАН КӨТЕРЕМІН ...........................................130 ЖАПЫРАҚ ЖАЙЛЫ БІР ӨЛЕҢ ............................................................131 СӨЗБЕН ТАРТЫЛҒАН ШЕРТПЕ КҮЙ ................................................132 ПАРКТЕ ....................................................................................................134 ОН АЛТЫНЫҢ ӘНІ ................................................................................135 СЕКСЕУІЛ ................................................................................................136 АУЫЛҒА ХАТ ..........................................................................................137 ЖҮРЕК ......................................................................................................138 ТОБЫЛҒЫ ................................................................................................139 ТҰТҚЫН ГҮЛДЕР ..................................................................................139 ӘН...............................................................................................................141 СОТ............................................................................................................142 “ЖАЗЫЛМАЙТЫН ЖАРАЛЫ ЕМ МЕН...”..........................................144 ҒАШЫҚПЫН............................................................................................145 АРТЫҒАЛИДЫҢ АҚЫРҒЫ ЖЫРЫ .....................................................146 ТҮНГІ ОЙЛАР .........................................................................................148 БАЙҒЫЗ.....................................................................................................149 ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТАР..............................................................................150 МЫҢ БІР ТҮН .........................................................................................152 ІЛЕ ЖАҒАСЫНДА ..................................................................................153

Бауыржан ҮСЕНОВ КЕР БИЕ.....................................................................................................153 КӘРІ ТӨБЕТТІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ .............................................................154 ӨКІНІШ.....................................................................................................155 ҚАНАТЫ КЕСІЛГЕН ҚЫРАН ...............................................................157 МУЗАҒА СЫР ..........................................................................................157 ҚАРА МАШИНА......................................................................................158 САЯТ..........................................................................................................160 ЖАҢҒЫРЫҚ.............................................................................................163 ТАҒДЫРЫМА МЕН СЕНІ ЕГІЗ ДЕГЕМ...............................................163 АДАММЫН МЕН.....................................................................................164 НЕМІС ҚЫЗЫНА.....................................................................................165 МЕН СЕНІ ЖЕК КӨРЕМІН.....................................................................166 ТҮС НЕМЕСЕ ЖАРЫҚ ДҮНИЕ ТУРАЛЫ ЖЫР.................................167 ПИТОМНИКТЕ.........................................................................................168 ӘДЕБИЕТ КРЕСЛОСЫ............................................................................169 АВТОБУС..................................................................................................170 ГЕТЕ ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА............................................................171 СОЛ ЖОЛЫ НЕГЕ ШЫҚПАДЫҢ?........................................................172 ҚАРАҒАЙ ҚАЗАСЫ.................................................................................173 ҚЫС ЭТЮДТЕРІ.......................................................................................174 ӨСЕК ӨРТІ................................................................................................179 БОЛМАЙ ҚАЛҒАН ҚЫЗ ҚУУ................................................................181 АҚЫН ӨЛДІ..............................................................................................183 ДУЭЛЬ........................................................................................................184 КӨКТЕМ МЕН КҮЗ.................................................................................185 КҮЗ СУРЕТІ..............................................................................................186 БИДАЙЫҚ.................................................................................................187 ДӘРІГЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН ДИАГНОЗ....................................................188 БІЗ ҰРПАҚПЫЗ ЖАНАРЫНДА ЖАЛЫН БАР....................................190 ЕСЖАНҒА.................................................................................................191 АЗАТ ӨЛЕҢ...............................................................................................191 КҮЛЗИПА..................................................................................................193 «ҚҰДАЙ»..................................................................................................194 МАҚТА МЕН БАЛА.................................................................................195 ТҮН-МАХАББАТ ОТАНЫ......................................................................197 АУЫЛ АҚЫНЫНЫҢ БӘЙГЕГЕ ӨЛЕҢ ҚОСУЫ.................................198 БИ АЛАҢЫНДАҒЫ БОЗБАЛА..............................................................199 ОБА ТУРАЛЫ ОДА..................................................................................200 ҚҰРЫЛЫҚ ҚАСІРЕТІ (Поэма)...............................................................201 ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ (Поэма) ................................................210

Менің бұлтым Редакторы Сәндібек Жұбаниязов Техникалық редакторы 3айра Бошанова Көркемдеушi редакторы Нұрлан Тазабеков Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова Бауыржан ҮСЕНОВ МЕНІ¢ БµЛТЫМ Өлеңдер, поэмалар ИБ № 7243 Басуға 29.08.2012 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Тип-таймс». Баспа табағы 14,0. Шартты баспа табағы 12,0. Таралымы 2000+400 дана. Тапсырыс № Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй. “ЖАҢА ЗАМАН ӘДЕБИЕТІ. ПОЭЗИЯ” сериясы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙