Әзіреті қаратау
Ескермес Жақсымбетов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ескермес Жақсымбетов - «Әзіреті қаратау» шығармасы.
І-БӨЛІМ
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТАНЫМАЛДАРЫ
ЫСҚАҚ БАБ - БАБА АТА
Бұл кісінің араб елінен келіп, жергілікті халықты бейбіт жолмен мұсылман дініне тартқанын айттық. Байбөрі мен Аналық «Атбесік салып басына» түзеп, үш күн түнеген әулие. Ысқақ Бабтың қазіргі жатқан жері - Баба Ата елді мекені. Бұрынғы Ұлы Жібек жолындағы Баладж қаласы екен. Зерттеушілер әртүрлі болжам айтады. Ысқақ Бабтың баласы Ярдил шайқы ертерек қайтыс болып, оның баласы Ысмайыл Баб мұсылман дінін тарату үшін көп еңбек сіңірген көрінеді. Дінді уағыздаған бұл кісі осы жерде тұрып қалып, дүние салыпты. Ысқақ Бабты тұрғылықты халық, мұсылмандыққа енгізген жолбасшы көсем, имандылық иесі, құдіреті күшті рух ретінде қадірлейді. Басына түнеп, сыйынғанды жарылқайды.
БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ
Кесенесі Қаратаудың Теріскей бетіндегі және Оңтүстік Қазақстан облыстары шекарасындағы «Көсегенің көк жонын» жапсарлай өтетін Үшбас өзенінің аңғарасындағы ескі Қойқанд, қазіргі Құмкент елді мекенінің түбіндегі Жылыбұлақтың қасында. Ескі аңыздарда Қаратау бөктерін жайлаған Құмар Атаның жалғыз ұлы болып айтылады. Біздің жыл санауымыздың сегізінші ғасырында араб әскерінің қолбасшысы Әбдіжәлел 1 мың әскерімен Қаратаудың Теріскейінен асып, жергілікті тайпаларды күшпен ислам дініне енгізу жорығын жүргізеді. Осы жорықта қатты қарсылыққа ұшыраған қолбасшы ауыр жарақаттанып, оның орнына Сирияның бір қаласында басшы болып тұрған ағасы Ысқақ Баб келеді. Бұл кісі мұсылмандық жолында қанды қырғынның дұрыс еместігін тез түсініп, оны бейбіт жолмен уағыздауды бастайды. Сөйтіп, жергілікті тайпаның көсемі Құмар Атаны өзіне тартады, дос болады, құрмет тұтады. Ислам дінінің алдымен құдіреттілігіне көз жеткізуді басты назарға алады, ол үшін Құмар Атаның баласы Ықьіласты уәзір етіп, оның тамаша қасиеттерін пайдаланады. Ол кісі жан-жағына от қойып өртегенде аман шығады да, содан кейін барып жергілікті халық оған және ол уағыздаған Ислам дініне толық сенеді. Зерттеушілер Баба Түкті Шашты Әзіздің осыдан барып таза түркілік негіздегі әулие екеніне көз жеткізеді. Шашты Әзіз әулие туралы түркі әлемі батырлар жырынан да, ғылыми-зерттеу еңбектерден де қанық. Алпамыс сияқты батырды дүниеге әкеліп, Қобыланды, Қамбар, Төлеген мен Сансызбайларға күш пен білек берген көзсіз ерліктің пірі. Ер Едіге жорыққа аттанарда Жылыбұлақтан су ішіп, бабасына сыйынып аттанады екен. Атақты палуан Қажымұқан да бабасына өмір бойы сыйынып өткен. Өмірінің соңғы кезінде жарылқаушы пірінің басына келіп, 1 күн түнеп қайырласқанын жұрт біледі. 1-1 жылдары Оңтүстікке сапар жасаған заңғар жазушы Мұхтар Әуезов Теріскейге түскен жолын Шашты Әзіз бен Баба Атаға тәу етіп барып бастап отырғаны тағы аян. Осындай адалдық пен әділдіктің, сақылықтың, адуын алып күштің рухы мыңдаған жылдар ұрпағына жар болып келді, әлі де бола бермек.
ШАШТЫ АТА
Баба Түкті Шашты Әзізді аңызда «перінің қызына үйленіпті» деген сөз бар. Шашты Ата сол пері қызынан туған Шашты Әзіздің баласы көрінеді. Әкесі секілді оның да денесінде бір топ шашы бар екен. Содан Шашты Ата аталып кетіпті. Бейіті Шолаққорған селосының орталығында. Қасиеті көп. Буын, сарып, жүйке ауруларымен ауырғандар түнейді. Сонымен қатар дәулет, байлық, береке беретін диқан ата.
ЫСМАЙЫЛ ӘУЛИЕ
Шолаққорған селосында жатыр. Кезінде Баба Түкті Шашты Әзіз әулиеге шырақшы болыпты. Қасиеті: тазалықтың, әділдіктің, адалдықтың пірі. Парасаттылығымен қайсарлық-қаталдығымен де есімізде қалады.
ҚАРАБУРА ӘУЛИЕ
Созақ селосының орталығында жатыр. Шежіреде Қожа Ахмет Йассауиді арулаған кісі ретінде белгілі. Ұзын бойлы, қара қасты, өткір жанарлы, қауға сақалды кісі. Исі Түркі халқына ортақ бабамыз туралы бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектер жазылды. Құрал Ержанов деген азаматтың бастауымен ел болып жиылып, үлкен кесене салынды. Ғылыми конференция өтіп, арнайы ас берілді. Оған ресми кісілер, ғалымдар, меймандар жиналып, өз ойларын ортаға салды. Қарабура осыған дейін үсті жабылған атбесік белгімен тұрды. Оны 1-жылдары әулиелерге жаппай шабуылда да ешкім батып құлата алмаған. Жергілікті халық: «Ыбырайым деген белсенді: - Сендер құлата алмасаңдар мен құлатамын, - деп дуалын балталағанда балтасы ұшып басын жарып, өзінің бет-аузы қисайып қалыпты», - деп әңгімелейді. Сондай-ақ, Қарабура әулиенің басында үлкен терек бары рас. Даулы болғандар оның шыбығын ұстасып, анттасады екен. Егер адал болсаңыз сүт, қиянатшыл болсаңыз қан таматын көрінеді. Сондықтан да, көпшілік ол терекке тиіспеген. Қарабура әулиенің адал ниетті қиналған жандарға мол шапағат беретін, теңдессіз киелі рухы бар.
ӘБЖАЛ (ӘБДІЖӘЛЕЛ) БАБ
Бұл кісінің есімін Теріскей елі түгел дерлік біледі. Бейіті Шолаққорған селосындағы көп қорымдардың ішінде. Кеңес өкіметі орнағанға дейін басында белгі бар екен. Село аудан орталығы болып, оны «гүлдендіру» саясаты кезінде бұзылып, елеусіз қалған көрінеді. Сонда да болса Тәңіріне табынған ел оны есінде мықтап сақтап қалған. Құдіреті өте күшті. Мазары кей түндері үш басты айдаһар бейнесінде от шашып, қаһарланып тұрады екен. Тұрғын халықтың аңызында осылай делінгенмен «бұл кісі кім?» деген сұрақ ойымызды бөле береді. Осы тұста ислам дінін алғаш қазақ жеріне әкелуші Ысқақ Бабтың туған інісі Әбдіжәлел Баб еске түседі. Араб әскерінің қолбасы тұрғылықты халықты күшпен мұсылмандыққа енгізу үшін соғыс жүргізеді ғой. Деректерде Әбдіжәлел Баладж (Баба Ата) Урусочан (Шолаққорған), Қойқанд (Құмкент) қалалары үшін болған ,бір соғыста ауыр жараланып, қайтыс болады. Біздің іздеп отырғанымыз - ол кісінің қай жерге жерленгені. Ол туралы нақты дерек жоқ. Шежірешілердің әрқайсысы әртүрлі айтады. Мысалы, бір ауыз екі деректе ол кісінің сүйегін еліне апара жатып, жеткізе алмай Самарқанға жерлепті десе, жергілікті шежіреші Әбдіраш Бабақұлов:
- Қолбасы Әбдіжәлел бір қамалда ауыр жараланып, қайтыс болады. Оның мәйітін Йасы қаласының батыс жағындағы тұрғындары мұсылман дінін қабылдаған бір қамалға апарып, жерлейді, - дейді («Оңтүстік Қазақстан» газеті, 1-желтоқсан 1 жыл). Бұл дәлел шындыққа қиыспайтын секілді. Өйткені, Йасы ол кезде аса қадірлі кісілерді қоятын дін ордасы бола қойған жоқ. Сондықтан ел аузындағы Әбжал Баб (халық келе - келе Әбдіжәлелді оңайлатып осылай атап кетуі әбден заңды) туралы Шолаққорған селосының тұрғыны, құймақұлак, шежіреші, көнекөз қария Есіркеп Өмірбеков: «Ескілер «Әбжал Баб - Бабтардың Бабы» деп отыратын. Бүл тегін сөз емес. Мағынасы «бірінші» дегенді аңғартады. Бәлкім қолбасы Шолаққорған (Урусочан) үшін болған соғыста қаза тапқан шығар. Батырдың қаны тамған топыраққа мәйітін қою заңды, еш сөлекеті жоқ, ескі мұсылман дәстүрі. Оған дәлел - ағасы Ысқақ Бабтың қайтыс болған жеріне қойылуы. Олай болса Әбжал Бабтың тарихтағы белгілі Әбдіжәлел Баб екеніне шек келтірмеу керек, ел болып белгі орнатайық», - деп отыр. Қалай дегенде де Әбдіжәлел Бабты тұрғын халык, көзсіз батырлықтың, ерліктің, қаталдықтың пірі санайды. Ұрпағына ұран, рухы таза, жалбарынғанда жарылқаушы. Сондықтан да оның есімі ғасырлар көшінен қалмай келеді, қалмақ емес те.
АХМЕТ БАБ
Ақсүйектер әулетінен шыққан. Аңызда Әзірет Сұлтаннан дәріс алғандығы, Ысмайыл Бабпен байланысы көп айтылады. Дәуірінде Сарысу бойындағы Шоқай әулиеге шырақшы болыпты. Содан фәни себептермен қуғындалып келіп, Шолаққорғанда дүниеден өткен. Бейіті ескі қорған кірісі - «Өрқақпаның» түбіндегі бұлақ басында. Сұлу өңді, сыпайы, инабатты, қайырымы мол кісі болыпты. Қасиеті: адал ниетті жандарды желеп-жебеуші.
ФАЙЗОЛЛА БАБ
Бейіті Шолаққорған селосында. Тылсым кереметтер иесі. Басына түнеп, шындап тілеген талапты жасқа ән менен жыр қонады екен. Өнердің пірі, сауыққой рух. Теріскейдің белгілі күйшілері Әлшекей, Иса, Шубай, Ақбайлар түнеп, осы кісі рухымен ірі өнер иелері болғандығы әлі де ел аузында жүр. Уақтысында қара қобызын тартқанда қара суды теріс ағызады екен. Өкінішке орай қазіргі өнер қуған жастар ол кісіні пір тұтпайды. «Жарылқаушыға жақын бол» дегенді де ұмытпайық.
САҚ ӘУЛИЕ
Қоңыраттан шыққан жетімдер руы мекендеген Қарағұр өзенінің бойында Сақ әулиенің сағанасы тұр. Бұл кісіні Ысқақ Бабтың баласы деп атайды. Бұл жөнінде деректерде айтылмайды. Біздің айтып отырғанымыз ел ішіндегі аңыз.
Сүйенерім - Баба Ата, Жарылқай гөр Сақ Ата, - деп тәу еткендер басынан кетпейді. Қарағұр өзенін жайлаған ел қуаңшылық жылдары Сақ Атаның басына жиналып, мал сойып, құран оқып, береке, жаңбыр тілейді. Шын тілегенге Сақ Ата береді де. Елдің ардақты көп кісілері Сақ Ата сағанасында. Сақ Ата өзен бойын талменен көмкерген. Баба сағанасының түбіндегі талдарды «әулие ағаш» деп жүрт тимейді. Шүберек байлап, тәуетіп, дұға оқып өтеді. Ол кісінің басындағы үлкен қара тал әлі тұр. Жуандығы тоғыз метрден асады. Ұлы Жібек жолы өткен Х-ХІІІ ғасырдағы өмір сүрген «Илиан-Қарағұр» қорғанының (қазіргі «Күлтөбе» деп аталады) іргесінде Сақ Ата жатыр. Айтушылар Теріскей өңірін мұсылмандыққа ендіруші Ысқақ Баб осы Қарағұр өзенінің бойындағы елге оны арнайы жіберген деп жорамалдайды. Ол рас та болуы мүмкін. Сақ Ата ежелгі әулие. Қасиеті: сансыз жабырқағанды демейтін күшті рух иесі. Түнде шырақ жанады. Әлі күнге дейін басынан кісі кетпейтіні осыдан болар.
САҢҒЫЛ БИ
Моңғол үстіртіндегі тайпаларды тегіс өзіне бағынышты еткен Темүжін 1 барыс жылы, 1 жасында Онон өзенінің бастауында ұлы құрылтай шақырады. Бұл құрылтайға алыс-жақыннан аяғы жеткендер түгел қатысады. Саңғыл би аталмыш құрылтайда Шыңғыс ханның өз аузынан: «ұраның — қоңырат, құсың - қыран, ағашың - алма, таңбаң - ай болсын» дегенді естиді. Саңғыл би шамамен 1 жылы дүниеге келген, Жошы ханның бас биі болған. Орынби, Мелдеби, Жығалы би, Құдайберген (Көтенші), Тәңірберген (Көктің ұлы), беріректегі Керей мен әз-Жәнібек ханнан бастап қазақ болып бөлінген, ата-атаға жіктелген замананың дегенімен қалыптасқан қазақы ауызекі шежіренің нұсқалары. Өз сөзімізді осы шежіренің деректерімен де дәлелдей аламыз. Шежіренің айтуынша Саңғыл би Мүлкаманның шөбересі. 1 жылғы құрылтай шақырылғанда Шыңғыс ханның қайын атасы Тай шешеннің де, Әуелін бегімге үйленген Мүлкаман бидің де жасы келіп қалған кезі екен. Сондықтан ұлы жиынға қоңырат тайпасын Мүлкаман бидің шөбересі, жасы 1-тен жаңа асқан Саңғыл би бастап келеді. Шыңғыс хан қосынына ерген қоңыраттар Моңғолия үстіртінен Дешті қыпшаққа қоныс аударғанда Саңғыл бидің ұрпағы Қаратаудың Теріскейін тұрақты мекендеп қалады. Ұлы би ұрпақтың мақтанына айналып, рулы ел Саңғылдың нәмімен аталды. Жалпақ қоңырат оның бабасы Мүлкаманның атымен ұрандатты. Саңғыл бидің бейіті Созақтың Қозмолдак ауылында. Ал саңғыл мен маңғытай руларының туыстығы бөлек әңгіменің ауаны. Бір анығы, қоңырат тайпасының тыныс-тіршілігінде Шыңғыс хан заманынан соң Саңғыл биге қарасты ел жеке руға айналып, мейлінше күшейді. Бетке ұстар беделді аға, Көк Тәңше ұрпағының ұйытқысына айналады. Мұны Көк Тәңшенің Бесата ру бірлестігінің құрылымынан айқын аңғарамыз. Бесатаның түп қазығы (кейде бес-божбан одағы деп те айтылады) осы саңғылдар. Сондықтан да саңғылдың түп атасын қарақытай (қидан) арасынан іздестіру жаңсақ жорамал. Себебі, қоңыраттар қидандардан бұрын танымал тайпа. Шамасы, бұл қытай мен саңғыл руларын шатастырудан туған негізі ғаділ емес пікір. Саңғыл руы қоңырат арасындағы ағалық жорасын мойнына алып, бұл міндетін мінсіз өтеген. Бесата бірлестігіндегі маңғытайдың түп атасы - мәшһүр саңғыл тайпасы, ал божбан руы - Афрасиаб қоңыраттарының жұрнағы. Жиделі Байсын Афрасиабтан тым алыс та емес. Божбан руы Алпамыс батырды түп бабасы деп біледі. Өзбек арасындағы қоңыраттар да «дадал Алпамыш» деуіне, мың жылдығын атап отырғанына қарағанда осы пікіріміз қисынға келіңкірейді. Жетімдер руындағы қатаған, жәйма аталары Тұрсын-Мұхаммед хан Еңсегей бойлы ер Есімнен оңбай жеңілгенде қатаған тайпасынан аман қалған жұрнағы. Жалпы жетімдер руы Шыңғыс ханға дейін Ақсу, Іле бойын жайлаған қарлұқтың бір тармағы. Қысқасы, Саңғыл бидің ел алдындағы аса елеулі еңбегі өз тұстастары үйсін Майқы би, қаңлы Қалдар би, аттары белгісіз Қыпшақ би, Керейт би, Төлеңгіт би, ру-тайпасы беймәлім Орқаш би, Толын би, Темір құтты би, Бортақ би, Бөрші би, Мүтән би, Селжүт би, Тулақ бимен - ұзын-ырғасы он торт би - бірге Шыңғыс қағанның ұлы жарғысы — «Жасаны» жасауға белсене атсалысуы дер едік. Бул тақырыпша шымкенттік ақын, аудармашы, әдебиет, тарих зерттеушісі Сәрсенбек Сахабаттың «Қоңыраттар» кітабынан алынды. Саңғыл бидің басты қасиеті - жақсы ұрпағына жанашыр пейілінде, сондай-ақ ел қамын жеген игі кісілерге қамқор көңілінде, оларға ақыл-парасат, ой тереңдігі мен көрегендігін дарытуға дәнекерлігінде.
ІІ-БӨЛІМ
СОЗАҚТАҒЫ ӘУЛИЕЛЕР
Созақ ауданы аумағында ертеректе атақ-дәріпі шартарапқа мәшһүр шәһарлар, аққу-қазы қаңқылдаған өзен-сулар, көрікті тау-тас аз болмаған. Сол себепті де еркіндік іздеп, өз алдына жеке отау көтерген қазақ хандығы да осында құрылыпты. Дін мұсылманшылық та Қаратау Кунгейі мен Теріскейінде көп тарапты. Құдіреті күшті Құдайдан бала тілеп, сонау Өзбекстандағы Жиделі Байсыннан жаяу-жалпылап шыққан сексендегі Байбөрі бай мен алпыстағы әз ана Аналықтың да осы Қаратау әулиелерін түгел адақтап шығуы да, Алпамыс секілді батыр ұлды, Қарлығаш есімді қыз көретінін білдірген аянды да осында көріп есітуі тектен-тек емес.
БИБІ ГАУҺАР AHA
Аңыз әңгімелерге қарағанда Теріскей өңіріндегі құдіреті күшті, ең жасы үлкен әулие әйел - Гауһар Ана. Қорымы Шолаққорғандағы бұрынғы «Өрқақпа» аталатын қамал қақпасының қасындағы суы мол бұлақтың жағасында тұр. Үстіне қара шеңгел, ақ шеңгел, қамыс өсіп кеткен. Қазіргі күйі күтімсіз. Басында Дүйсенкүл Мақұлбаева деген кісі шырақшы болып отыр. Белгілі Бибі Мәриям Ананың түсіне еніп, аян беріп жарылқаушы осы кісі екен. Кезінде дүние жүзін жаулаушы Шыңғыс хан Гауһар Ананың тұсына келгенде аттан құлап, сол кісі аянымен Шу, Сарысу өзендерінің бойын қырғынға ұшыратпай өтіп кеткен екен деген сөз бар. Бұл кісі ұрпағының денсаулығына қамқоршы. Қыз бала тұрмыс құра алмай жүрсе қолын береді. Құрсақ көтермеген аналарға перзент сыйлайды. Бақ, қыдыр, дәулет дарытушы. Аналық ақ сезімнің рухы. Оның кереметтері танымал болғанына үш жарым ғасырдан асыпты.
АҚБӨПЕ АНА
Қорымы Шолаққорған селосында. Рухы күшті, аналарға ақыл, парасат, ізгілік, пәк сезім дарытады. Ол кісі Теріскей, Бетпақдаланы жайлаған қалың елге танымал сынықшы болыпты. Әулиелігі сол - жаны ауырып іздеп келе жатқан кісіні біліп, қазанын көтеріп дайындалып отырады екен. Аққол Ана аталған. Сынықшы, емшілердің пірі. Әлі сынықшылар Ақбөпе Ана рухына сиынып тәуетеді.
ФАТИМА AHA
Сүйегі Шолаққорған селосында жатыр. Ол кісіні «Береке Ана» деп те атайды. Айтушылар 1 жылдардың шамасында туғандығын сөз етеді. Ол кісінің бір қасиеті түнімен көз ілмей, дұға оқып, пірлеріне сиынып, халқына тоқшылық тілеп шығады екен. Содан болар үйінде үзім нан болмаса да қонағы тоқ аттанып, қоңсылары тоятын корінеді. Фатима Ана - дастархан иесі. Береке дарытушы, тоқшылықтың құдіреті ретінде мәлім. Тағы бір қасиеті аналардың іштегі перзентіне қамқоршы корінеді.
АЙЗЕРЕ AHA
Бейіті Шолаққорған селосында тұр. Бөбек жанының саясы. Ана перзентін түрлі аурулардан, жын-перілерден қорғаушы рух. Баласы ауырғандар басына түнеп сиынады, тіл-көзден сақтайды. Әсіресе елермелеген балаларды жиі түнетеді. Айзере Ана жанашыр да жарылқаушы, қарапайым да қайырымды жан ретінде көз алдымызға елестейді.
ӘУКЕ АНА
Қарағұр ауылынан 1-1 шақырымдай төменде «Әуке» деген атырап бар. Бұл жер осы кісі атымен аталған. Шу өзені бойына баратын үлкен жолдың шығыс жағындағы төбеде бейіті тұр. Басындағы бұрынғы белгісі тозып, ескерусіз жатыр. Ол кісі осы өңірге белгілі Тәует батырдың жұбайы көрінеді. Аса көрікті, аналық ақ ниеттің киесі. Әйелдерге ақыл-парасат, жігерлі төзім, күш-қуат береді. Шаңырақ иесін сыйлау, қадірлеуді уағыздайды. Дәрігерлер жоқ кезде екі қабат аналар «Аққол Ана» деп шапағат тілеп, түнейді екен, әрегідік әлі де солай. Жолаушының жолын тілеуші ана рухын қадірлеп, басына белгі салу бәріміздің де парызымыз.
БЕЛЕҢ АНА
Бұл кісінің қорымы Шу өзенінің бойындағы «Қияс» атты жерде. Әзірет Әлі шері жолда көп жүреді екен. Таңертең Сарысудан шығып, Шу бойындағы осы кісіге түстенетін көрінеді. Ол Әлінің ортаншы әйелі екен. Содан кешке Сыр бойындағы үшінші әйеліне түнейді-мыс. Белең деген сөз - орта деген мағына береді, яғни ортадағы ортаншы әйел. Қасиеті: қаһары күшті, әділдігімен де қаталдығымен де көз алдыңа келеді. Аналық рухтың мықты пірі. Қияс маңынан жолаушылағандар дұға оқып, сиынып өтеді. Сонда жолы болады.
ҚЫЗ ӘУЛИЕ
Қарағұр ауылынан 1 шақырымдай «Жаман тұманың» биігінде кәдімгі киіз үй секілді сандық тастар тұр. Кірер есігі бар. Тұрғылықты ел аңызы былай дейді: Ертеде бір дуалы ауыз бай кісі қызын жасаулап ұзатып отырып:
- Шырағым, үлде мен бүлдеге ораған болдым. Енді қандай тілегің бар, - депті. Сонда қызы:
- Итаяғым күмістелмеді, - деген көрінеді. Дүниеге көзі тоймаған, қанағатсыз қызына қапаланған әлгі кісі «тас боп қал» деп қарғаса керек. Көш түнеген жерінде осылай тасқа айналған деседі. Қарғысқа ұшыраған қыз рухы өз қателігін түсініп, содан былай жарылқаушы әруаққа айналыпты. Қанағаттылықты қалайды. Ана бойындағы алуан түрлі ұлы қасиеттердің тірі куәсі іспетті. Перзент көрмей жүрген әйелдер сиынады.
Әулие қыздың құдіреті туралы ауыл түрғыны Қадыр Қалдарбекұлы:
- Түркістан қаласында тұратын қайным Сембеков Қойшыбайдың жұбайы Толғанай келін ұзақ жыл құрсақ көтермей жүрді. Сиынбаған әулие, қаралмаған дәрігер қалмапты. Есіме әулие қыз түсіп, алдырып 1 күн түнеттірдім. Бұл 1 жыл еді. Жарылқаушының барына қалай сенбейсің.
Келініміз келер жылы ұл тапты. Атын Аманкелді қойдық. Қазір екі ұл, бес қызы бар. Осыны естіген құда балам Ыбырайым Әбдірахманұлы да Қазығұрт ауылынан арнайы зиярат етіп келді. Бұл кісілер де перзентсіз еді. Басына шырақ жағып, 1 күн түнеп зиярат қылды. Жарықтық тағы да жарылқап, дүниеге қыз келіпті. Құда балам арнайы шақырып, қызының атын қойып беруімді өтінді. Мен нәрестенің атын дүниенің ең қымбаты осы болар деп Қымбат қойдым. Ыбырайымның қазір бір ұл, екі қызы бар, - деп таңдана әңгімелейді. Сондай- ақ Бейісбекқызы Нештай шешеміз Алданыш, Аманжолдың дүниеге келуіне тікелей себепкер осы әулие қыз екенін жыр етіп айтады. Алданыш қазір осы ауылда, тұрмыста, үйлі-жайлы. Есімі ұмыт болса да жарылқаушылық қасиетіне табынып «Қыз әулие» атап кеткен бұл кісінің шапағаты мол, қайырымды. Сұлу өңді, талдырмаш бойлы, қарақат көз, жібек мінезді, пәк сезімді қазақ қызының кейпін береді.
БИБІ АНА
Қарағұр өзенінің түкпіріндегі Ақмешіт сайында үлкен Сандықтас түбінен шығып жатқан бұлақ бар. Жаугершілік заманы ма, кім білсін, Пайғамбар с.ғ.с. асыға аттан түсіп, осы жалпақ тастың бетіне отыра қалып, намазын оқыпты-мыс. Сонда тас былқи балқып, сол жерге екі тізесі мен саусақтарының ізі түсіп қалыпты. Бұл ел ішіндегі аңыздың бір түрі. Екіншісінде үдере көшіп бара жатқан жаугершілікте Бибі есімді анамыз осы қақпа тасқа отыра қалып жалғыз Жаратушысынан қантөгіс қырғынды тоқтатуын сұрап жалбарынғаны айтылады. Содан ақпейіл Ананың саусақтары мен шөкелей отырған екі тізесінің ізі қалып кетіпті. Тас бетінде ойдым-ойдым нүктелер де көп. Бұл Бибі Ананың тамған көз жасының ізі көрінеді. Қалай десек те шындыққа екіншісі дәл келеді. Бұлақ аты да Бибі Ана болуы керек. Ана құдіретіне бас иген кейінгілер осы бұлақ басына мешіт салдырып, қадірлейді. Содан барып сол жер Бибі әулие - Ақмешіт атанып кеткен екен. Дүниедегі қиянатқа, қантөгіске қарсы, күннің нұрынан жаралған аналық пәк сезімнің пірі ретінде Бибі Ананы ел әлі күнге есіне алады.
ІІІ-БӨЛІМ
ХАЛҚЫ ҚАДІРЛЕГЕН ҚАСИЕТТІ КІСІЛЕР
БАЛЫҚШЫ ӘУЛИЕ
Бұл кісінің мүрдесі Теріскейден Түркістанға асатын Суындық деген жерде. Басында үлкен бұлағы бар. Бұлағында шүпірлеген балық. Суы тастай, шипалық қасиеті мәлім. Бұлақ басы ну тоғай, орман тал. Балығына ешкім тиіспейді, жем тастап ырым қылады. Ұстаған кісі жаманшылыққа кезігетін көрінеді. Қасиеті: жолаушыға ақ жол оңғарады. Тазалықтың, адалдықтың, ырыс-ынтымақтың дәнекері, батагөй рух. Өткен жолаушы көлігінен түсіп дұға қылмай, не түнемей кетпейді. Кез-келген аурудың шипагері, жабыққанды жебеуші. Әсіресе шалықтаған ауру кісілер көп түнеп, зиярат қылады. - 1 жылы Созаққа келген жазушы Мұхтар Әуезов Балықшы Ата басында үш күн болған. Бұл туралы Созақ совхозының тұрғыны, зейнеткер, құймақұлақ шежіреші Кәрібай Сарыбайұлы былай деп әңгімелейді: - Балықшыда ол кезде шопандарға арналған демалыс үйі бар еді. Сонда демалып жатқанбыз. Күзге салым болатын. «Мұхтар келеді» дегенді есіттік. Көп ұзамай-ақ, түске таяу екі жеңіл машина жетіп келді. Алдыңғысынан бірінші хатшы Қоспанбетов, екіншісінен жазушы мен Созақ совхозының директоры Ахметшеев, қазіргі белгілі жазушы Еркінбек Тұрысов түсті. Аман- саулық сұрасқан соң:
- Жолдас хатшы, бүл қай жер? - деді Мұхаң.
- Балықшы, - деп жауап берді хатшы.
- Ол кісінің басында талы, бұлағы, бейіті бар деуші еді ғой, - деп жан-жағына қарады. Хатшы әулиенің жоғарырақ, екенін айтты.
Мұхаң сонда ойланбастан: - Кеттік әулиеге, - деп кабинаны тарс жапты. Әулиенің жөндеусіз, ебір-жесір болып құлап тұрғанын көрген жазушы директорға әбден кейіді. Сөзден директор қорытынды шығарып, бір апта әулиені жөндеуден өткізді. Кешкісін ұзақ әңгіме болды. Біз Мұхаңа түрлі сауалдар қойып, жауап алып отырдық. Сонда Мұхаң:
- Осы Суындықта жатқан Балықшы, Изенді, Бәйжі, Кеңқол атаның бәрі араб әскерінің қолбасшылары, мұны мен кішкене кезімде атам Омарханнан естігенмін. Бала кезінде Бәйжінің астында керме-керме бие байлап, қымыз ішеді екен. Атамыз өте сауатты кісі болғандықтан Түркістанға келген Құнанбай арнайы рұқсатпен өз елі жаққа алып кетіпті, - деп отыратын.
Сонда Мұхаң бұл тұстағы әулиелерді бұрын көрмесе де біліп отырды.
Балықшы Ата одан кейін жөнделген жоқ.
Әулие Ата қиянатқа қарсы адам жанының тазалығын сақтайды.
ЕСЕНКЕЛДІ ӘУЛИЕ
Мыңжылқы тауының етегіндегі Жыныс елді мекенінің үш шақырымдай шығыс жағында қорымы бар. Адамгершіліктің, тазалықтың асқақ рухы көрінеді. Қасынан өткеңдердің, маңайлағандардың көңілінде арамдық пиғыл, қараулық пен қиянат болса көк өгіз болып қуалап, аулақтатып тастайды екен. Түнгі ұрылардан, ит-құстан қорыққан тұрғындары жылқы, сиырларын осы кісінің маңына түнететін көрінеді. Сырын білгендер жоламайды. Қасиеті: ұрпағына адалдық, тазалық дарытушы кие иесі. Арамдыққа қас, сұрағанға сақы.
БӨКЕНБАЙ ӘУЛИЕ
Ол Раң Ата өзенін мекендеген қоңыршұнақ руының кісісі. Бөкенбайдан Дөңгелек әулие, Бейсенбай, Нартбай, Сәтбай, Жұманбай. Ал Жұманбайұлы Мәдияр Ұлы Отан соғысының ардагері, зейнеткер, Қарағұр ауылында тұрады. Қасиеті: көріпкел, әділдік пен шындықтың, адалдықтың пірі. Бөкенбай Ата туралы ел ішінде аңыздар аз емес. Қиянатқа қарсы, шын тілегенді жарылқаушы. Бөкенбай Ата өмір сүрген тұста ел ішінде ұрлық, барымта өте көп болады екен. Ол кісі «Е, Алла» Деп екі қолын аспанға көтеріп, алақанын жайып тұрып, бар шындықты айта беретін көрінеді. Малын іздеушілер осы кісіге келетін болыпты. Бірде туысы Сағындық датқа Арқадағы Ақсақ төре дегеннің жылқысын ұрлатып алдырады. Ол із қуа келген төреге тән алмайды. Ақсақ Төре Бөкенбайға келеді. Ол кез Қоқан хандығының заманы деседі. Ұсталған ұрыны елімен айыптап, қазыққа жалаңаш отырғызып жазалайтын қатал үрдіс күшінде екен. Әрине ұры жалғыз емес. Рулы ел қырылып кететінін білген Бөкенбай «Аллалап» аспанға қолын жайып тұрып: - Жылқың желініп кеткен, бұл жалғанда жоқ, о жалғанда бар. Қарайламай қайта бер. Саған сауабы тиеді. Қолым ішіме қоғам, сыртыма қоғам емес, - депті. «Сендер үшін Құдайды алдадым», - деп содан Бөкенбай ата Сағындық датқаға өкпелеп, Созақтан Түркістанға асатын Суындық асуындағы жетімдер руына көшіп келіп, ғүмыр кешеді. Әулие Ата өмірінің соңғы күні бар ағайынды жинап:
- Ал, әлеумет мен дүниеден озамын. Сүйегімді Балықшы әулиенің қасына қоймаңдар. Балықшы сұраншақ еді, ол жерден бір тұмсық айналдырып жерлеңдер. Сосын денемді алып бара жатқанда бес салт атты әскер келеді. Одан қорықпаңдар. Ол менің бес уак, парыз - намазым, - депті. Бөкенбай Атаның айтқаны дәл келеді. Мүрдесіне алып бара жатқанда батыс жақтан сауыттары жарқыраған, қолдарында қылыштары бар бес салт атты сатырлатып шауып өтеді. Ерте естіген жұрт қорықпай оның аманатын орындайды. Бөкенбай Атаның жетісін беріп жатқанда ақ шапанды, ақ сақалды бір жолаушы келіп:
- Бұл кімнің жиыны? - деп сұрапты. Ауыл иелері мән-жайды түсіндіреді. Сонда әлгі кісі:
- Мен Бөкенбай әулиені жолда жолықтырдым, рухы Меккеге кетіп барады, - депті.
Енді ел ішіндегі тағы бір әңгімеге кезек берелік. Жоғарыда айтылған Қарағұр ауылының қариясы, шежіреші Жұмақан Төлебайұлы жетімдер руы пір түтқан Әзірет Қауыстың түқымы Тасқожа ишанның жас кезінде өз ауызынан естіген бір әңгімесін былайша баяндайды:
- Ишан ел аралап, Түркістаннан Теріскейге келе жатып, Суындықтағы Құлметей әулиенің тұсына келгенде ат үстінде үзеңгіден аяғын шығарып, дұға қылады. Берірек жүре Бөкенбай әулиеге келгенде әлгі кісі атынан дөңгелей түсіп басына құран оқып, құлшылық қылады. Бұл кісінің қасында Нұралы, Нұрман деген болыстар бар екен.
- Оу, Тақсыр, мұныңыз қалай? - дескен көрінеді. Сонда ишан ағынан жарылып:
- Ашуы қатты кісі екен, қорыққанымнан аттан түстім, - депті.
Осы секілді Созақ ауылының тұрғыны Шалбек Мырзахметұлы:
- Бірде Түркістан асып бара жатып, дәрет алу үшін аттан түстім. Қыс айы еді, күн аяз болатын. Осылай тұрғанда атым қашып кетті. Бөкенбай ата ойыма түсе қойды. Қыр асып барып құран оқып:
- Ата, атымнан айырылдым, мына аязда өлемін ғой, жәрдемдесіңіз, - деп жалбарындым. Қайтадан бір қыр ассам атым қарсы алдымда шылбыры бір түп жусанға оралып тұр екен. Әулие атамның жарылқаушы, қайырымды қасиетіне бас идім, - деп әңгімелейді.
Әулие жайлы бұдан да басқа мысалдарды көптеп келтіруге болады. Жоғарыда айтылған Бөкенбай Атаның шөбересі Мәдияр Жұманбайұлы:
- Бабам екі рет аян беріп, түсіме кірді. Біріншісі - 1 жылы Ұлы Отан соғысына аттанар күні қатты қиналғанымда «Балам, Катарыңнан қалма, елге аман ораласың, бірақ қиналасың», деп батасын берді. Содан екі рет соғысқа кірдім. Соңғысында ауыр жараланып қиналғаным да рас. Әйтеуір елге аман оралдым. Екіншісі - 1 жылдан сырқат айналдырды. Өзім, бала-шағам да аурушаң болып алды. Шымкенттегі ауруханада жатқанымда түсіме кірді. Кәдімгі опақ-сопақ секілді кісі, Колында мылтығы бар екен-ау деймін. - Тұр, орныңнан балам, енді жазыласың. Мына екі ерді саған әкелдім, - деді кәдімгідей. Ояна кетсем түсім екен. Міне, содан құлан таза жазылдық. Дімкәс балаларым атқа мініп, шабандоз болып кетті. Балаларым бас қосып, бабамыздың басына кесене орнатуды қолға алып жатыр. Қазір 1 ұл, 1 қызым бар. Бабам әруағы жар болсын бәріңе, - деп еске алады.
Бөкенбай Ата мал жинамайды екен. Жұрттың берген нәзірін: - Құдайға дер кезінде беремін, - деп түн болса түнде, күндіз болса күндіз сойып, таратып жіберетін құсайды. Отын жоқ болса ошақтың бұтына орап қойған майы болады екен. Сонымен етті пісіретін деседі. Пенде емес пе, кейде әйелі «мал жинамайсың» деп қыңқылдайды екен. Сонда да ол: «бие де осы, түйе де осы» деп домбырасын құшақтап отыра беретін кәрінеді. Бірде ел көшкенде әйелі үйді жығып, домбыраға түйенің бұйдасын тағып, жүк артып жатса керек.
- Әй, бетпақ әруақты қинама, қазір бәрі де болады, - депті. Көп кешікпей Арқадан бір шабарман суыт келіп түседі. Шабарманды Малбай деген кіші жүз таманың бір байы жіберіпті. Жалғыз баласы қатты ауырып жатыр екен. Әулие барады. «Аллалап» көкке алақанын жайып ауру баланың үстінен үш рет аттағанда ауру басын көтеріпті. Риза болған бай Бәкенбайға нар берген екен. Баймен сыйлас болған Бөкенбай Ата бір күні байға:
- Дөңгелек балама қызыңды бер, - деп қолқалайды. Бай: - Бойжеткен үлкен қызымды алыңыз, - деп келісім берсе керек, бірақ Бөкенбай:
- Кішісін бересің, - деп отырып алыпты. Қасындағылар: - Ата, мұның не, бергенін ала бермейсіз бе? - деген көрінеді. Сонда Бәкенбай:
- үлкен қызы құрсақ көтермейді, - деп кесіп айтыпты.
Әулиенің айтқаны кейін рас болып шығыпты.
Бөкенбай Атаға зиярат қылып, түнеушілер көп. Бүл кісіні қолы «ашық әулие» деп те атайды. Әсіресе шалықтап ауырған кісілер түнеп жазылады. Бала көтермей жүрген әйелдер зиярат қылса, жарылқайды. Шапағатты қасиеті мол. Суындық асуынан ары-бері қатынаған жолаушы түнемей не сиынбай өтпейді. Жолаушыға ақ жол беретін, бәле-жаладан, қиянаттан қорғаушы, дертке шипа дарытатын қасиет иесі. Сондықтан да басынан тәуетушілер үзілмейді.
ШАЛДАНБАЙ ӘУЛИЕ
Орта жүз қоңыраттың қоңыршұнағы. Оның ішінде Әлдекей ата балаларының бесінші ұрпағы. Шалданбай Атаның әкесі Сарт та тегін кісі болмаған көрінеді. Ол кісінің қорымы Қарабураның қасында жатыр. Шалданбай әулиені айтушылар 1 жылдары дүниеге келіп, 1 жылдар ішінде қайтыс болған деп жорамалдайды. Бұл кісіден Арқаш, Марқаш, Марқабай атты үш ұл болған. Арқашұлы Сәрсек «Алтынтау» колхозының төрағасы болып тұрып 1 жылы «әулиенің тұқымы» деген жаламен ұсталып кетеді. Сәрсектің ұсталуын ауыл белсенділері қасақана ұйымдастырады. Кінә таба алмаған олар колхоздағы перзент көрмей жүрген әйелдерді ұйымдастырып, әулие басына түнеуге жібереді. Сәрсекең шырақ, жағып беріп, жағдай жасайды. Міне, осы үшін келмеске айдалады. Шалданбай Атаның Марқашынан туяқ жоқ, ал Марқабайынан Тілеубике, Серікбай, Амантай атты ұрпақ бар. Олар осы өңірде тұрып жатыр. Жоғарыда аталған Алтынтау Әлдекей руының мекені. Осы аттас өзен бар. Шалданбай Ата да осы рудан шыққан. Сағанасы, бейіті де осы жерде. Енді Шалданбай Ата кім болған?-деген сауалға жауап берейік. Ол кісі ғұмырында иыгынан қара кетпені түспеген диқан, бағбан әрі аңшы болыпты. Діндарлығы болмаса да аузынан «Алласы» түспеген барынша қарапайым, кішіпейіл екен. Ел ішінде әсіресе, ол кісінің қайырымдылығы көп айтылады. Көптің қамын өз жеке мүддесінен жоғары қойған. Бәрін сауап үшін істеген. О дүниенің де, бұл дүниенің де қамын жеген. Алтынтау өзенінің жағасын қара орманға айналдырған. Алма, өрік, жиде, тұт, алмұрт секілді жемістері күні кешеге дейін самсап тұрды, әлі де бар. Бірақ оны пайдаланушылар ол кісіден рұқсатсыз ала алмайтын көрінеді. Бұл туралы «Қарағұр» орта мектебінің мұғалімі Төребек Тұрғанбекұлы былай дейді:
- 1 жылы Тәжікстаннан көшіп келгенде атамыздың жемістері самсап тұр екен. Үлкендер:
- Сұрап алмасаң, ол кісі ренжиді, майып болуың мүмкін, - деп қорқытатын. Атаның басына барып:
- Ата, алма беріңізші, - деймін де қалағанымша аламын. Бір күні сұрамай қол салдым. Сол-ақ екен тайдың үстінен қалай жалп етіп құлағанымды білмей қалдым. Мұндай оқиға екінің бірінде қайталанып жатыпты. Кейде дыбыс шығып, айқай естіледі екен. Міне, бұл да үлкен кереметтің бір түрі. Өкінішке орай бұл жеміс ағаштарын 1-1 жылдарда алтын іздеген кен-барлау экспедициясы құртып жіберді. Бір таңқаларлық нәрсе топырақ сыратын алып трактор Шалданбай әулиенің сағанасының маңына жете алмапты. Бірде шынжыр табаны үзіледі, енді бірде моторы бұзылады. Ол кісі тірі кезінде-ақ өзіне сағана салған. Дуалының ені бір метр, кірпіші 1x1. Тағы да өзгелерге арнап сауап сағанасын салған. Оның 1 ақыры бар екен. Елдің көп кісілері сол сағанаға қойылыпты. Шалданбай әулиенің сағанасы Алтынтауға кіре берістегі күнбатыс жақтағы сайда. Қас қарая сол сай жап-жарық болып тұрады екен. Ауыл адамдары:
- Атаның шамы жанды, - деп әңгімелейді.
Шалдекең жарықтық алып денелі кісі болыпты. Қыста ауылын аңмен асырапты. Не бір үлкен арқарларды иығына салып келіп, үй алдына тастай салатын көрінеді. Ауылдастары бөліп-бөліп әкете береді екен:
- Оу, ағайын, бізге де көжеқатық берсеңдерші, - деп кейіннен үй аралап қайта сұрап жүретіні елге аңыз.
Шалданбай Ата тірі кезінде-ақ әулие атанған. Бойында-рухында қасиеттер өте көп. Баба Түкті Шашты Әзіз секілді перзент сұрағандарға шапағаты тиеді. Қайбір жылдары Орынкүл деген шешеміз тығылып келіп түнепті. Ниеті қабыл болып, Шалдекең:
- Шырағым шаңырағыңды көтер, уығыңды шаншып берейін, - депті. Пәтима апа деген кісі де әулие мазары басына түнеп, зиярат қылып 1 жасында ұлды болғанын жыр етеді. Ол қазір Түркістан ауданының «Қызыл жол» бөлімшесінде тұрады. Осы Алтынтаудан 1 шақырымдай батыста орналасқан Раң Ата ауылының тұрғыны, 1 жастағы Беген атамыз өзін «Шалданбайдың төртінші ұлымын» деп айтады. Бұл кісі де дүниеге осылай келіпті.
Шалданбай Атаға түнеушілердің дені жүйке ауруына (қазақша жынды) шалдыққандар. Ол кісінің басында үлкен қара талы болатын. Кездейсоқ бұтағы сынса, сол жерден тамшылап қан тамып тұрады екен. Ел жиылып мал құдайы жасап, талдың жаралы жеріне киіз күйдіріп басса, әлгі қан can тиылатын құсайды. Міне, жоғарыда аталған ауруларды осы талға байлап тастайды екен. Әулие аурудың жібін шешіп, қолына беріп: - Шырағым, бара ғой, — деп кәдімгідей тілдесетін көрінеді. Бүрынғыларды айтпағанда Төрехан Нұралыұлы атамыз бен Ақшакүл Тұрмаханқызы және Зоя Сағынтайқызының осындай шалықтаған сырқаттан Шалданбай әулиеге түнеп, құлан таза жазылып кеткенін ел ұмытқан жоқ. Зоя қазір Алматы облысы, Шелек ауданында тұрады, тұрмыста. Мұндай ауруға - шалдыққандар әулие басынан әлі де үзілмейді. Екі-үш жыл бұрын ел-жұрты жиналып, басына кесене тұрғызды, ас берді. Бұл да қасиетті бабаға деген ұрпағының құрметі болса керек. Шалданбай Ата әуелі дәулет дарытушы диқан атасы, тәртіпке шақырушы рух. Әділеттілігімен, еңбекқорлығымен, қайсар қаталдығымен көз алдыңа елестейді.
ҮСЕМБАЙ ATА
Созақ селосынан батысқа таман 1 шақырымдай «Ақалаң» деген жердегі үлкен төбенің басында кесенесі көрініп тұр. Бұл кісі тарихта белгілі адам. Қоқан хандығы тұсында жетімдер Бекет қалпе Түркістанның атақты билеушілерінің бірі болыпты. Ол кісіден Малбай, Жанбай, Әйтей, Ақсай, Қара, Беген бабаларымыздың ұрпақтары тарайды. Қарадан Атығай, Төлеген туады. Атығайдан Байзақ, Төлегеннен Үсембай датқа ел билеген. Байзақтан атақты ақын Молда Мұса. Ағайынды екі кісі ел арасындағы дау-дамаймен кездесіп қала берсе керек. Екеуі ақылға келіп, «Бір күні болмаса бір күні жүз шайысып қалармыз. Екеуміз екі бөлек болайық» десіп, Үсекең рулы елмен Түркістанның Шоқытас деген жерінен Теріскейге қоныс аударыпты. Бұл 1 жылдар шамасы. Үсекең Түркістаннан түйемен қызыл қыш алдырып тірі кезінде-ақ кесенесін тұрғызыпты. Созақтан анық көрініп тұрады екен. 1 жылғы аласапыранда Созақ ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы болған немересі Батырбек Түсіпбекұлы сол кездегі саясаттан қорқып, қаңылтырмен жабылған күмбезін алдырып тастайды. Сол кезде ұйымдастырылған «Қаратау» колхозы қойма етіп, мал қамап, бұзып жіберген. 1 жылы немересі Омарұлы Қасымқұл ата ұйымдастыруымен қайта қалпына келтірілген болған. Кейін ұрпақтары оны жалғастырып, үлкен белгі көтерді. Әділетті билігі және парасаттылығымен елге аңыз болған. Бақдәулет, береке, бірліктің қасиетті иелерінің бірі. Басында бұлағы бар. Суы шипалы. Түрлі ауруга шалдыққандар түнеп тәуетеді. Адалдықтың және мейірмандылықтың пірі. Жабырқаушыларды жақсылық шипасымен жарылқайды.
БЕКЕТАЙ ӘУЛИЕ
Теріскейдегі Қарағұр ауылының батыс жағындағы «Теректі шеңгел» деген жерде жатыр. Жаугершілік заманда батыр, найзагер атанған көрінеді. Қасиеті көп. Батырлык.тың, қара күштің пірі. Сонымен қатар сенім мен серттің, адалдық пен пәктіктің рухы. Оны ел ішіндегі аңыздар айтады. Бұл кісі өте сенгіш, аңқау болған көрінеді. Мұсылман айтса құп көреді екен. Жасынан әулие атаныпты. Бекетай әулие өлерінде Бұқардағы үлкен мектепті бітірген Дуахан Рысбек молдаға:
- Мен өлген соң сен бес жылдан кейін дүние саласың. Сенде білім, менде кереметтер бар. Екеуміз бір жатайық, - депті. Әупиенің айтқаны дәл келіп, ел аманатын орындаған көрінеді.
Бірде жетімдер елінің Бекболат болысы Арқадағы бәйгеге қосуға атын апара жатып:
- Бекетай, осы атымды бәйгеден келтірсең, басыңа белгі соғам, келтірмесең білгенімді істеймін, - деп асылық сөз айтыпты. Аты бәйгеден келген болыс ата әруағына риза болып қайтарында түнеген екен. Сонда түсіне кіріп:
- Балам-ай, сенің атыңды сүйреймін деп иығымды шылбыр қиып кеткенін қарашы, - депті. Риза болып, шын әулие екеніне сеніп, болыс басына мал шалып, құран оқытып, төрт құлақ белгі тұрғызыпты. Сол белгі әлі тұр. Бұл кісі жетімдер руынан шыққан Үсембай датқаның батыры, XІX ғасырдың екінші жарымында өмір сүрген.
РЫСБЕК МОЛДА ДУАХАН
Бұл кісі Бекетай әулиенің қасында жатқанын айттық. Ескіше білімді кісі болған. Адамға зиян келтіретін жылан, жын-перілерді дуамен байлап тастайды екен. Қасиеті: туа алмай қиналып жатқан әйелдерді желеп-жебеуші рух. Ол көзінің тірісінде «Аққол Ата» атанған. Айы-күні жеткен аяғы ауыр әйелдерге бас киімін, не бүркітін беріп жіберсе әйел аман-есен босанады екен. Әлі күнге дейін босанар мерзімі жеткен аналар алдын-ала бұл кісінің әруағына тәуетеді, түнеп шапағат сурайды.
РАҢ АТА
Созақ селосынан батысқа қарай 1 шақырымда Раң өзені бар. Өзенді жағалай қоныстанған қоңыраттың қоңыршұнақ рулы елін «Раң Ата ауылы» дейді. Бұрын Қарағұр ұжымшарының бір бөлімшесі болған. Әулие ата есімі осы өзен атымен қойылған болуы керек. Бейіті сол өзеннің басында. Ұлы Жібек жолы тұсында үлкен қорғаны болыпты. Қасиетке бай әулие. Тарыққан мен жабыққанға күш-жігер беріп сүйеуші, жебеп-желеуші.
СЫРЛЫБАЙ АТА
Қоңыр Жиембеттің Әйбике әулетінен шыққан. Өте көріпкел. Ақпанның 1-жұлдызында құдайы көже беріңдер, деп отырады екен. Қуаңшылық жылдары басына мал құдайы шалып, жауын сурайды. Сырлыбай Ата береке иесі. Бейіті қазір Теріскейдегі Қаратау елді мекеніне қарасты Бақырлы өзенінің бойында. Оны Сырлыбай дуана деп те атайды. Кезінде туысы Бөкенбай әулиеге де бата беріпті. Ел арасында «Құдайдың шапағатымен өлген кісіге жан берген» деген де сөз бар. Жарылқаушы қасиеті бар күшті рухқа ие.
ДӨҢГЕЛЕК ӘУЛИЕ
Бөкенбай әулиенің баласы. Раң Ата елді мекенінің күншығыс жағындағы тау бөктерінде жатыр. Мазары тас-кесекпен қаланған төрт құлақ таммен қоршаулы. Айналасында шеңгел өскен. Әке әруағы қонған қасиеті мол, киелі әулие. Жаяу жүрістің үшқыры. Ерекше 1 қасиеті: барар жеріне аттылы кісіден бұрын жетеді екен. Қағылез, шағын, жүзі жылы иманды жан болған. Пенделерге тек жақсылық шарапаттан басқа тілері жоқ. Адалдықтың, қайырымдылықтың батагөйі, күшті кие. Бұл кісіден Бейсенбай, Сәтбай, Нартбай, Жұмабай деген ұлдар болған. Бұлардың ішінде Сәтбайдан Тұрсынкүл, Бибігүл деген екі қыз, Жұмабайдан Мәдияр ұрпағы бар. Дөңгелек әулие кеңес үкіметіне дейін өмір сүрген.
МАРДАН АТА
Созаққа шығыстан баратын үлкен жолдағы Қайнар елді мекенінің тау жағында жатыр. Аудандағы үлкен тойлар, жиындар сонда өтеді. Кезінде ұзақ, жылдар пионер лагері болған. Қасиеті: адалдық, шындық, тазалықтың, адамгершіліктің қолдаушысы. Түрлі сырқаты бар адамдар түнейді, сиынады.
ӨРІСТІ АТА
Сызған елді мекенінде жатыр. Төрт түлік малдың қамқоры, өріс малын сақтаушы, түрлі аурулардан қорғаушы, сондықтан да ел «Өрісті ата» дейді.
ТАСКЕЛІ ӘУЛИЕ
Бұл кісі де Сызған елді мекенінде. Малды түрлі індеттерден қорғаушы күшті рух иесі.
ШӘК АТА
Сызған елді мекенінде қорымы бар. Береке мен бірліктің, бейбітшіліктің пірі. Ұрпағына ақыл-парасат, кайрат, күш-жігер беріп демейді. Зияратшылар басынан үзілмейді.
СЫЗҒАН АТА
Қоңыраттың саңғыл тайпасынан шыққан белплі көріпкел. Бейіті тау бөктерінде, Сызған ұжымшарында. Әулие ата ұзақ жылдар ескерусіз келді. Тек кейінгі жылдары ғана тұрғылықты ұрпақтары қолға алып, үлкен кесене тұрғызып, ас берді. Рулы елдің, өтіп кеткен жолаушының демеп-жебеушісі. Көкке алақанын жайғанда жарылқауды қамдайды. Тұрғын халық қуаңшылық жылдары басына мал шалып, жаңбыр тілейді. Қасиеті: ұрпақ тазалығын сақтаушы. Түрлі аурулар түнеп, шапағат тілейді.
ӘЖІ САПА АТА
Созақ селосының орталығында мазары бар. Қажылыққа барып келген соң осылай аталып кеткен болу керек. Ілгеріректе моласынан от шығып түрады екен. Жаяудың жүйрігі көрінеді. Тіпті, қажылыққа жаяу барған деген сөз қалған. Жолаушыға ақ сапар беруші, түрлі сырқаттардың да шипагері.
БАЙШОҚАН АТА
Жатқан жері Созақ селосының батыс жағында. Қасиеті: отбасының ынтымағын жарастырушы, адамдардың бір-біріне сыйластығын, жақындығын жақтайды. Арлылық, адалдықтың, әділдіктің дәнекері.
ҚАҚЫРЫҚ АТА
Созақтағы белгілі әулиелердің бірі. Мазары селоның батыс жағында. Жүргіншілер басындағы шеңгелге шүберек байлап өтеді. «Қайғың болса, Қақырық Атаңа бар», деген сөз қалыптасқан. Қасиеті: жабырқағанды жебеуші, адал ниетті, қиналған жандарға күш-жігер беріп, дарын, серпіліс сыйлаушы киелі әруақ.
ТАЛMAC АТА
Созақ селосының шығыс жағындағы Мардан Атаның жанында жерленген. Қасиеті: шыдамдылық пен көнбістік, ақылдылық пен қанағаттылықты қалайды. Ұрпағына күш-жігер, қайрат, тазалық сыйлаушы.
ҚАНАҚА АТА
Созақ селосының орталығындағы үлкен мешіті әлі түр. Ел қадірлеп, дөртіне дауа іздейді, түнейді. Қасиеті. әділетті, шындықты іздеушілерге, қиналған жандарға ұшан-теңіз дарын сыйлаушы.
МӘМЕТ ҚАЛПЕ ӘУЛИЕ
Қабірі Созақ селосында. Ұрпағына адалдық, тазалық тілеуші. Әруақ қысып жүрген адамдар түнейді. Шайтанның азғыруынан, бәле-жаладан сақтаушы. Соғыс мүгедегі Ашай деген жалғызбасты жан көл жылдан осы кісіге шырақшы болып келеді.
ЖЫЛТЫРАҚ АТА
Созақ селосының күнбатыс жағында ескі белгісі түр. Жүзінен нұры төгіле жылтырап түратын, иманы тасыған ғажайып сұлу кісі көрінеді. Бейіті түнде де жылтырап жарық болып түрады екен. Тән сұлулығы мен жан сұлулығының иесі. Көкірегің ашылып, пендешілік кикілжіңнен арыласың. Алланың ақ жолына түсесің. Көңіліңді көтеріңкі етіп, бәле-жаладан ажыратады.
ҚОШҚАР АТА
Созақ селосының үстінде. Пендені түзу жолға салып, түрлі жаманаттан, ауру-сырқаттан, бәле-жаладан арашалаушы. Топырағымен ұшықтайды. Тұрғылықты халық басына мал шалып, Алладан жақсылық тілейді, пір түтады.
АЙТЖАН АТА
Созақ селосының тау жағындағы «Сынаның сазында» сағанасы бар. Жергілікті маңғытай руынан шыққан. Онымен туыс Мүшекен, Бекжан деген кісілерден ұрпақ бар. Ұлы Отан соғысына қатысып, үзақ жылдар ауылдық кеңестің төрағасы болған марқұм Палмахан Бекжанүлы: - соғысқа кірер күні Айтжан атам ылғи түсіме кіреді. Сол кісінің әруағы мені оқтан қорғап, үнемі аман шығып жүрдім, - деп отыратын. Қиналғанға қамқоршы, жарылқаушы. Ұрпақтары басына кесене орнатып жатыр. Әруағына бас иіп, түнеп шипа сұраушыларды жарылқайды.
ӨМІРӘЛІ АТА
Мазары Созақ селосының жоғары жағындағы «Сынаның сазы» деген жерде сауап үшін салған жерасты үлкен сағанасы бар. Қоңыраттың қоңыршұнағының ішіндегі Әлдекей ата ұрпағы. Бақ қонып, несібесін жүргізген кісі деседі. Тірі кезінде үйінен мейман тоймай кетпейді екен. Жоқшылық болса да қазанына, дастарханына дарыған береке ортаймапты. Көпшіл, меймандос, өте қайырымды және жақсылық істеуге құмар болыпты. Алладан жақсылық, шарапат тілеген кісілерге дем беретін, дастарханына береке дарытатын қасиетке ие.
ҚҰЛАҚ ATА
Бейіті Созақ селосының тау жағында жатыр. Түрлі ауруларға шипа дарытушы дәреметкер. Әсіресе балалардың құлағынан бұлақ, аққанда оған зиярат етсе, сап тиылады екен. Сондықтан ел «Құлақ, Ата әулие» деп атап кеткен, Шын есімі белгісіз.
ЖЫНЫС ATА
Мыңжылқы тауының бөктеріндегі Таукент қалашығының түбінде «Жыныс» елді мекені бар. Бұрын «Сызған» совхозының бір бөлімшесі болған. Бұл елді мекен осы әулие ата атымен аталған. Бейіті осы жерде. Тұрғын ел бүрыннан-ақ тәуетеді. Жуырда үрпақтары кесене орнатып ас берді. Адалдықтың, тазалықтың, арлылықтың рухани иесі. Ұрпағын бәле-жаладан, жын-шайтаннан арылтады. Түрлі ауруға шалдыққандар, перзентке зар аналар түнейді. Ел қысылғанда басына мал шалып, құран оқыл, жәрдем сұрайды. Жыныс ата қасиет-шапағаты мол әулие.
ТЫНЫС АТА
Мазары Шолаққорғанда. Дәуірінде ірі білімді кісі болыпты. Жын-перілерді дуамен байлаған. Бәле-жаладан, жын-шайтаннан, түрлі жабыспа кеселдерден желеп-жебеуші, сақтануға дәнекер әулие.
КӨМІР АТА
Шолаққорған селосының төменгі жағында жатыр. Өте көріпкел кісі болыпты. Қасиеті: жер астындағы қазынаның иесі. Бұлақ көзін ашқан, сиынғанға қуат береді.
ТЕМІР АТА
Бейіті Шолаққорғанда. Қыдыр ата болып көрінеді. Жол егесі. Өте қатал, қаласа жол береді, қаламаса қырсыққа шалынасың. Сондықтан да ұзақ жолға шығушылар Темір Атадан жол сұрайды.
ИКРАМ АТА
Бұл кісі дүкен иесі. Түрлі шапағат беруші. Сырқат жабысқандар, тумаған әйелдер дүкеніне түнейді, он саусағынан өнер тамған ұсталардың пірі. Шолақ-қорғанда бейіті бар.
ҚЫЗЫЛКӨЗ ӘУЛИЕ
Әулиенің бейіті Жартытөбе, Аққолтық елді мекендерінің жоғары жағындағы тау ішінде. Басында қара тасты қак, жарып, шығып жатқан бұлағы, талы бар. Екі елді мекенге келетін өзен сол бұлақтан бастау алады. Диірменші ата-баба мұрасын беріге дейін Мейірбек ата ұстап келген. Қоңырат маңғытайының Бағай руынан шыққан. 1 жылдардағы ашаршылықта аш кісілер Қызылкөз әулиені сағалап тірі қалғандары да бар. Кейде оны «Нан ата» деп те атайды. Ашыққанды тойындырып, жаңбыр тілейді, береке- қырман сұрайды. Түрлі ауруға шалдыққандар түнейді. Топырағын ырым ете түйіп алып, балаларының бетіне жағып ұшықтайды. Ұзын бойлы, денелі, кәзі қып-қызыл көрінеді. Осы ауылдың диірменшілері кей түндері әулие бабаның диірменінің, үйлерінің терезесінен қарап тұратынын айтады. Диірмен ұстағандар осы кісінің әруағына сиынады.
ҮКІБАЙ ӘУЛИЕ
«Тасты» елді мекенінде қорымы бар. Бетпақдаланы жайлаған қалың ел құрмет тұтады. Адасқанға жол беруші, түрлі ауруларға шалдыққандарға шипагер. Заманында ауру-кеселге ұшырағандарды қара қобыз тартып, қара қамшымен емдейтін көрінеді. Алыстан іздеп келіп басына түнеушілер де көптеп кездеседі.
ШЕҢГЕЛДІ ӘУЛИЕ
Жартытөбе ауылының батыс жағындағы «Шұлык,» деген жерде екі қорым ерекше белгіленген. Бұны елі: - Қозы мен Баян секілді ғашықтық дертінен кеткен жігіт пен қыздың мазары - деп құрметтейді. Басына топ-топ ак, шеңгел өскен. Қасиеті: шынайы адал махаббаттың қолдаушысы, ғашықтарды жарылқайды, өмірдегі тазалықты, пәктікті қорғайды.
ЕРНАЗАР АТА
Бұрынғы «Жартытөбе» совхозына қарасты «Аққолтық» ауылының батыс жағында диірмені, ұстаханасы болған екен. Қазір диірмен тастары, орыны ғана жатыр. Мүнда келетін ел саусағынан шеберлігі саулаған Ерназар Атаның әруағына бас иеді. Диірмен тасқа тәуетеді. Қасиеті: ұсталықты кәсіп еткен таза жандарды таңғажайып қиял қанатына мінгізіп, ерекше шабыт сыйлайды.
Сонымен бірге Дүкен ата ұрпағына береке дарытушы киеге де ие.
НАН АТА
Шолаққорған елді мекенінен 1-1 шақырым тысқары Қарасуанмен ортада үлкен шеңгелді, шилі сазды өзен бар. Осы өзектен тоғыз бұлақ ағып жатыр. Тоғызының да суы шипалық қасиетке ие. Бәрі бір-бір кісінің бұлағы екен. Иелері бұлақ басына жерленіпті. Бейіттерінің басын шеңгел басқан. Басқа да кісілер қойылған. Сондықтан әулие кісі қайсысы екені белгісіз, аты-жөні де ұмытылған. Қаратаудың қойнауын қуалай аққан Қарабұлақтың мол суын кезінде Ұлы Жібек жолындағы Қарасуан шәһарының жер емген диқандары егіншілікке пайдаланған. Ол туралы аңыз әңгімелер де кездесіп қалады. Қалай дегенде де табиғи таза рухты диқан бабалардың қасиетті шапағаты ұрпақтарын әлі берекеге кенелтіп келеді. Қуаңшылық жылдары ел әулиелерге құрбан шалып, дұға оқып, жаңбыр тілейді. Түрлі сырқаттарға ұшыраған балалар мен үлкендерге, жолы болмай жүрген әйелдерге жігерлілік пен қайраттылык, ізгілік пен қайырымдылық, имандылық сыйлаушы бұл кісілерді ел ішінде жалпылама түрде «Нан Ата» деп атап кеткен. Әулиелер әсіресе береке мен ырыс, молшылық, дарытушы. Қазір «Нан Ата» басында шырақшы бар.
ДӘУІРБЕК АТА
Бейіті Жуантөбе елді мекенінің тұсында. Кезінде мал бағумен айналысса керек. Тұрғылықты ел төрт түліктің пірі ретінде де әңгімелейді. Жүгірген аң мен малды бәледен қорғаушы даланың киелі иесі іспетті. Даланы мекендегендерге зәбір көрсетушілерді түрлі мақұлық болып қуалайтын көрінеді.
ҚОС ӘУЛИЕ
Бала Шағаның батыс жағындағы өзенді Шаға деп атайды. Бұл үлкен тау аңгарын да маңғытай руы мекендеген. Осы өзеннің бойында екі кісінің бейіті қатар жатыр. Маңы қалың тал. Елдің ең көп сиынар әулиесі. Жабырқағанның жанына жалау болатын, тілегенге тілеулестік құдіреті бар. Жылда ел болып жиылып барып, құрбандық шалып, ұрпақтың аман-саулығын тілеп, құран оқиды. Қуаңшылық жылдары жаңбыр сұрайды. Бұл кісілер төрт түлік малдың да пірі. Топалаң секілді ауру келгенде осы кісілердің басына мал түнетсе, індеттен аман қалады екен.
ҚАРЛЫҒАШ ӘУЛИЕ
Созак, селосының қасындағы Ынтымақ ауылында бейіті тұр. Бұл кісінің өз аты ма, әлде жанама аты ма ол белгісіз. Жаны нәзік, таза адамдардың қамқоры. Қарлығаш десе қарлығаш секілді аналық ак, ниет рух иесі. Мейірім мен шапағат, ақыл-парасат сыйлаушы. Перзентке зар әйелдер мен ерлі-зайыптылар ынтымағын дәнекерлейтін, бәле-жаладан, өсектен әйел қауымын қорғай білетін қасиетке ие.
ШОШАҚ ӘУЛИЕ
Қаратау елді мекенінің төменгі жағындағы үлкен шошақ төбеде киелі кісінің бейіті жатыр. Оның аты-жөні белгісіз. Сондықтан оны да ел «Шошақ әулие» деп атап кеткен. Тұрғылықты қариялар: - Елді жаудан қорғайтын батырдың қарауылы екен, - дейді. Ұйқы-күлкі көрмей елін күзеткен сол қырағы кісі өзінің биік орнына жерленуі әбден орыңды. Ел-жерді жаудан қорғаудың тамаша үлгісі, рәмізі секілді. Ұрпағына төзімділік, қайрат, күш-жігер сыйлаушы, туған жерге деген сүйіспеншілік дарытушы. Ел тәуетеді, құрбан шалып, құран оқып отырады.
ШЫНҚОЖА ӘУЛИЕ
Қаратау елді мекенінде бейіті бар. Оның он баласы болыпты. Балалары көп жылдан кейін Раң Ата ауылынан ұста алдырып, кесене салдырмаққа ұйғарысады. Сонда ұстаға аян беріп: - Сыртымды жөндегенше ішімді жөнде, - деген екен. Ұста балаларынан рұқсат алып бейітін ашса, әлгі кісінің денесі бұзылмай сол күйі жатыр екен. Жүрегінің үстінен кесек көреді. Ұста ішін ретке келтіріп, қайта жабады. Әулие ата басына түрлі дертке шалдыққандар, перзент тілегендер түнейді, жабырқағандар медет тілейді.
АҚСҮМБЕ ӘУЛИЕ
Ақсүмбе Қаратаудың Қызылорда облысымен шектесіп аяқталар жеріндегі белгілі елді мекен. Өзен де осылай аталады. Бұл жерде тарихтағы белгілі Ақбикеш мұнарасы түр. Осы өзеннің басында ұзындығы 1 метрдей қорым жатыр. Тұрғын ел оны Ақсүмбе әулие дейді. Әулиенің бейіті таспен ұзартылғаны белгілі болып тұр. Аңызда Ақсүмбе батыр кісі болғаны айтылады. Көзсіз батырлықтың, ерліктің пірі іспетті. Көз алдыңызға алып денелі ақ сүмбелі батырдың бейнесі елестейді. Белгілі қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов алғаш білім іздей сапарға шығарда атасы Қоңқа батыр немересін осы кісінің басына түнетіп, ақ жол сұрапты деген сөз бар.
ЕСЕНБЕК ATА
Мазары Сарыжаз бен Бақырлы елді мекендерінің арасында жатыр. Атаның жеті атасына Қыдыр дарыған көрінеді. Қасиеті: құт-береке, ынтымақ, бақ сыйлаушы. Алладан жақсылық, шапағат тілеген ел зиярат етіп, мал сойып құран оқиды жылда.
ІРІМШІК ATА
Есенбек атаның әкесі. Бұл кісінің шын аты Жәнібек. Қаратауға Арқадан келетін үлкен жолдың бойында жалғыз үй отырады екен. Ақтабан шұбырынды жылдарда Арқадан аш-жалаңаш шұбырып келе жатқандардың жолына ши төсеп, ірімшік жайып қоятын көрінеді. Аштықтан өзегі талғандар бір тойынып аттана береді. Содан барып бұл кісіні Ірімшік Ата атап кетіпті. Қазір бейіті Қаратау елді мекенінен Арқаға шығар жолда. Ол өте қарапайым, о дүниенің де, бу дүниенің де сауабын ойлаған жан ретінде көз алдыңа елестейді. Мейірімділік пен қайырымдылықтың пірі іспетті. Басына барып тәуетушілер көп.
БАҚЫРЛЫАТА
Бейіті Бақырлы өзенінің бойында. Өзен осы кісінің атымен аталған. Қасиеті: шалықтап ауырғандардың таңғажайып шипагері. Кезінде Торғай әулие әдейі осы кісінің басына келіп түнейді екен. Түнеушілерге дыбыстап, аян береді. Ол кісіге сиынушылар жазылмай кеткен емес, - дейді тұрғылықты қариялар.
ҚАЗАНШЫ ATА
Созақ шәһарында Қазаншы Ата әулие сағанасы бар. Әулие атына байланысты әңгімелерге қарағанда тарихтан әйгілі Қожа Ахмет Йассауидің кесенесіндегі Тайқазанды құйған тәбіріздік шебер Әбділ Әзіз (1 жылы құйып бітірген) осы кісі көрінеді. Алып қазанды жасаудағы өнеріне риза болған Қожа Ахмет Йассауи әруағы шеберге елес беріп:
- Көзіңді жұм, бірақ менің рұқсатымсыз ашпайсың. Дарынды өнерің үшін Меккеге апарып зиярат еткізіп қайтпақшымын, - депті. Кетіп бара жатып әлгі кісі шыдай алмай көзін ашып қойыпты, сөйтсе көк теңіздің үстінде ұшып келеді екен. Осы сапардан зиярат етіп оралған Ахмет Йассауи шеберге уәде айтып: - Саған енді топырак, менің қасымнан бұйырмайды. Сен Созақтағы Қарабура әулие жанында қалатын болдың, - деп аян беріпті. Міне, Созақта бейіті жатқан Қазаншы әулие сол кісі екен дейді. Бұл аңыз рас болуы да мүмкін.
Осы уақытқа дейін темір, ағаш шеберлері Қазаншы Атаға түнеп, тәуетіп келеді. Созақ шеберлері әлі күнге дейін атамұраны жалғастырып, баба рухына сиынады. Әулие ата «Басыңнан бақ кетпесін, қазаның оттан түспесін» деп бата береді екен. Алла жолындағы жан-дүниесі таза жандарға аян береді. Тазалықтың, еңбекшілдіктің киелі иесі.
ҚҰРБАН АТА
Қаратау баурайындағы қоңырат руынан шыққан көріпкел кісі. Құрбан Ата жас кезінде-ақ елге танымал болып, келе-келе «әулие» атанған. Ауылға келе жатқан құдайы қонақтан бастап, мал мен жанға таянған ауыртпалықтарды алдын-ала айтып отырыпты. Қиянатқа жаны қас. Ел ішіндегі зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлықты «әруағым маған «айт» деп отыр», - деп ешкім сұрамаса да самбырлап айта береді екен.
Мұны білген даулының бәрі Құрбан Ата алдына келетін болған. Әулие ата әділдікті, шындықты, адалдықты жақтаушы ұрпағына пәктік, тазалық, адамгершілік сыйлаушы. Кісіден нақақ қиянат көргендер ата рухына жүгініп, басына түнейді. Құрбан Ата туралы ел ішінде аңыз көп. Бұл кісі туралы Созақ селосында тұратын белгілі шежіреші, Түркістан қаласындағы Қазақ-Түрік университеті жанындағы ғылыми-зерттеу институтының осы өңірдегі өкілі Сүлеймен Тәбірізұлы төмендегіше әңгімелейді: - Құрбан Ата дүние салар алдында сап-сау отырып қасына бар балалары мен туыстарын жинап алады. Сөйтеді де: - Мен бейсенбі күні дүниеден өтемін. Сүйегімді ақыреттік пірім Қарабура әулиенің қасына апарып жерлеңдер! Денем жүма күні қабірге қойылатын болсын, - деп өсиет айтады. Әулие ата өзі айтқан бейсенбі күні таңғы намаз кезінде дүние салады. Созақ апталық жол екен. Ұлдары мен туыстары ата өсиетін орындап, ақ киізге арулап орап, атан түйеге артып жолға шығады. Жұма күні сәскеде алдарынан бір топ салт аттылар кездесіп, жөн сұрасады. Ұлдары мән-жайды толық баяндайды. Сонда әлгі кісілер таңырқап: - Біз бүгін Құрбан Атаның жаназасына қатысып, қабіріне топырақ салдық, - дейді де, лезде ғайып болады. Көрген түстей болған оқиғаға таң қалған балалары түйені шөгеріп, ақ киізді жазып қараса, әулиенің денесі жоқ болып шығады. Балалары ақылдаса келіп, бірнеше күн жүріп, Қарабура әулиеге жетеді. Әулие шырақшысына барлық жағдайды баяндайды. Сонда шырақшы жақында жерленген жас қабірге ертіп келіп: - Аталарыңның қабірі осы. Ол кісінің ниеті қабыл болсын, Гайып Ерен Қырық Шілтен жұма күні жерледі,
депті. Балалары құран оқып, еліне аттанады.
Құдіреті күшті әулие Құрбан Ата осы күнге дейін Қарабура сағанасының түбінде жатыр. Ұрпақтары бабасының атын жазып Қарабура әулие кесенесі жанындағы алаңға мәрмәр тас қойған. Тағзым етушілер күн сайын үзілмейді.
ШАЙҚЫ АХМЕТ ӘУЛИЕ
Оны ел іші әлі «Ноғай ишан» деп атайды. Діндар шайқы Созаққа келіп алғаш мешіт салдырған. Сүйегі де сол жерде. Жергілікті саңғыл руы пір түтады. Ахмет ишанның үрім бұтағы әлі осы Созақта тұрады. Немересі Тәбіріз Кеңес өкіметі тұсында көп қыспақ көреді. Өкімет алғашқы кезден-ақ жария етіп намаз оқуға, ораза тұтуға тиым салады. Сонда да бұл кісі ата жолынан таймайды. Оразаның бір сәресінен кейін намазын оқып болып, ұзак, уақыт Құдайға, Пайғамбарлар мен әруақтарға жалбарынады. Сол кезде ұйқылы-ояу екендігін өзі де байқамайды, құлағына дабырлаған дауыс келеді. Өкімет белсенділері құлатқан ескі сағана түбіне Созақтағы барлық әулиелер жиналған екен. Олардың кейбіреулері: - Мұсылмандық дәуір өтті. Енді бул ел Құдайды да ұмытады. Бізді сыйламайтын болды. Мешіт, сағаналарды құлатып жатыр. Діннің күшті жеріне кетейік, дейді. Сонда Қарабура мен Шайқы Ахмет ишан: -Ешқайда кетпейік. Әлі-ак. мұсылмандық заман қайта оралады. Алладан сол күннің тез оралуын тілейік, - депті. Тәбіріз атаның кезінде ең сенімді жақындарына айтқан бұл сөзі рас болды емес пе? Егеменді ел атанып, еңсеміз көтерілді, дінімізді қайта қолға алып, әруақтарымыз жарылқауда. Шайқы Ахмет Созақ өңіріндегі үлкен әулиелердің бірі. Ұрпағына қамқоршы, Алла жолы - ақ жолды ұстаушылардың, мұсылман дінін тұтынушылардың Сүлеймен ұзақ жылдар ұстаздық етіп, Созақ тарихын жазумен айналысып келеді. «Қарабура әулие» атты зерттеу еңбек жазып, кітап етті. Әлі де Созак, өңіріндегі тарихи оқиғаларды зерттеумен айналысып келеді.
ҚҰРАҚ ATА
Кіші жүз Таманың үлкен бір шапағаты мол киелі атасы. Созақ өңірінде тұратын Таманың бір руы «Құрақ тамамыз» дейді өздерін. Бүл кісі де ұрпағына дарындылық, береке, дәулет дарытушы, тазалық пен адалдықтың рухы. Ол өз өсиеті бойынша Қарабура әулиенің зиратына жерленген. Ұрпақтары ас беріп, үлкен белгі - мәрмәр тасын орнатты. Қарабура әулиеге зиярат етушілер бұл кісіге де тәуетеді.
АҚҚҰС АТА
Азан шақырып қойған аты Ақылхан екен. Ұлы аталары Орысхан, Жәнібек ханнан басталады. Ақылхан әрі батыр, әрі мерген болыпты. Ол жауға қыран құстай шүйіліп тиетін көрінеді. Содан «Аққұс» аталып кетіпті. Аққұс мерген бірде түсінде Қарабура әулиені көреді. Ол кісі: - Сен менің қабірімнің шырақшысы болып, ендігі жерде мұсылман діні үшін қызмет етесің, - депті. Шырақшыға таласқандардың да түсіне Қарабура әулие еніп, олар Аққұсқа табынады. Сөйтіп, Аққұс Қарабура әулиенің ең бірінші шырақшысы болыпты. Шырақшыға әулие баба аян береді екен. Осылайша Ақылхан да әулие атаныпты.
ШІЛМЕМБЕТ ӘУЛИЕ
Тарақты руынан шыққан көріпкел әулие. Тарихтағы белгілі Наймантай, Байғозы батырдың ұрпағы екен. Заманында от ауызды, орақ тілді шешен, өте турашыл би кісі болыпты. Алдына келетіндердің бәрін күні бұрын біліп, тура шешімін шығарып қоятын көрінеді. Өз ғұмырында Алланың ақ жолынан таймай, қиянатқа қарсы күресе білген көріпкел өлерінде өзін Қарабура әулиенің зиратына жерлеуді өсиет етіпті. Өзі 1 жылы қайтыс болыпты. Сүйегі қазір Қарабура зиратында. Осы кесенеге ұрпақтары мәрмәр тастан белгі қойған. Алла жолында ақ ниетті ұрпағын желеп-жебеуші.
БӨРІКТІ АТА
Бейіті Созақ селосындағы қорымда. Кезінде осы өңірге мұсылман дінін тарату жолында шейіт болған сахаба кісі көрінеді. Қаншама уақыт өтсе де рухы күшті, жабыққанды жарылқаушы ата есімі ұмытылмай келеді. Сырқаты барлар түнейді. Қиналған жандарға күш-жігер, төзімділік, сабырлылық дарытушы.
БҰЙРА АТА
Ол да дін уағыздау жолында шейіт болған сахабалардың бірі деседі. Жылы жүзді, буйра шашты келбетті кісі көз алдыңызға елестейді. «Алла жолындағының жолдасымын» дейді екен. Пәк сезімді, бейкүнә жандарды түрлі бәледен қорғаушы, демеуші. Әйгілі әулие ата Созақ селосындағы қорым ішінде жатыр.
ӘЗДЕР АТА
Бейіті Созақта. Дін уағыздаушы кісі болыпты. Көріпкелдігі, тәуіпшілігі де болған дейді. Ел ішіндегі тәуіптер сиынады екен. Ұрпағына денсаулық тілеуші. Қамқоршы, түрлі жын-шайтаннан, періден сақтаушы әулие. Жабыққан жандар басына көп тәуетеді.
ТҮЙІН
Ей, мына фэни дүниенің жамағаттары. Ниетім тура: мақсатым құдіретті мойындап рухын көтеру, ұмытылып бара жатқан әулиелерімізге ел назарын аударып, жатқан жерлерін, мүмкіндігінше есімдерін анықтап, қасиеттерінің сырын ашу еді. Бұл ниетіме аз да болса жеткен секілдімін. «Жібек жолы» баспасының арнайы тапсырысымен Әзіреті Қаратаудың Теріскейін ерінбей-жалықпай кезіп, үй-үйдің есігін қағып, естігенді електеп, екшеп қағазға түсірген болдым. Қаншама ақшеңгел әулиелердің басына жаяулатып барып, дүға оқыдым, бейіттерін көзбен көрдім. Түсінгендер риза, әйтеуір. Ел аузынан жазып алғандарым толық деп айта алмаймын. Өйткені мен маман ғалым емеспін. Ниетімді бір Алла қабыл етсін. Егер артық-кем сөзім болса, ойымды киелі әулиелердің қадір-қасиетіне құдіретін өз дәрежесіне жеткізе алмасам кешірерсіздер. Бұл бастама ғана. Апла өмір берсе, бұл тақырыпқа қайта ораламыз. Оған сіздердің көмектеріңіз керек. Оу, мүмкін мұсылмандар! Өздерің мойындаған дүниенің жұмбағы болып келген әулиелер рухына бас иіп, дұға қыл, басына түнеп, зиярат ет, шын ниетіңмен тәует! Киелі қудіретіне шәк келтіруші болма! Бұл кісілерге Алланың рақымы жауған. Шындап тілесең, тілегің қабыл болады. Лайым солай болғай! Әумин!
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру