TELEGEI

Home

Алыстан және жақыннан

Ерман Жүрсін

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Алыстан және жақыннан

Жыр мүшәйраларында бас бәйгені де, басқа бәйгені де қанжығасына талай байлаған Жүрсін Ерманның бұл кітабына жүлделі өлеңдері топтасқан. Әріптестерінен оң бағасын алған көркем очерктері бүгінгі ел тынысын қызғылықты суреттейді. Қазақ руханиятының көрнекті қайраткерлері Өзбекәлі Жәнібеков, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сағат Әшімбаев және айтыскер ақын Оразалы Досбосынов жайлы естелік-эсселері д

Өлең­дер мен әдеби-сын мақалалар,
сұхбаттар, көркем очерктер

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз) - 5

Е 69

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз) - 5

ІSBN 978-601-7337-46-9

Ерман Ж.

Е 69

Алыстан және жақыннан/ Өлең­дер мен әдеби-сын

мақалалар, сұхбаттар, көркем очерктер,

естелік-эсселер/ Жүрсін Ерман. Алматы:

«Ан Арыс» баспасы, 2013. – 384 б. ІSBN 978-601-7337-46-9 Жыр мүшәйраларында бас бәйгені де, басқа бәйгені де қанжығасына талай байлаған Жүрсін Ерманның бұл кітабына жүлделі өлеңдері топ­ тасқан. Әріптестерінен оң бағасын алған көркем очерктері бүгінгі ел тыны­ сын қызғылықты суреттейді. Қазақ руханиятының көрнекті қайрат­керлері Өзбекәлі Жәнібеков, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Сағат Әшімбаев және айтыскер ақын Оразалы Досбосынов жайлы естелік-эсселері де оқырман ықыласына лайық. Мерейтойға орайлас жазылған арнау өлең­дер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар да өз оқырманын табары сөзсіз. © Ерман Ж., 2013 © «Ан Арыс» баспасы, 2013 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

І бөлім.

ӨЛЕҢДЕР

ҚАЛАСАҢ ҚАБЫЛ АЛАРСЫҢ

Қаласаң, қабыл аларсың,
Салайын деп ем бір қолқа:
Көңілге демеу боларсың –
Көрініп көзге жүр, қалқа.

Сағынып өмір сүрейін,
Сырыңнан сиқыр құр қалдым.
Сыңғырын естіп жүрейін –
Сыңарын берші сырғаңның.

Ынтықса жүрек шерменде
Басайын іштің күйігін.
Қасымнан өте бергенде –
Көзіңнің қишы қиығын.

Көлденең кісі сенер ме,
Арайлап атсын нұр таңым.
Тұтатсам, жетіп келерге –
Шашыңның берші бір талын!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ӨСКЕМЕН

Қалдырып кетпесем де ештеңемді
Қимайды көңіл неге Өскеменді?
Былдырлап тілі шыққан балам құсап
Шықпайтын болып алды естен енді.

Қол созып махаббаттың жүлдесіне
Шомылсам шолпылдатып Үлбесіне
Өскемен келіншек боп көрінеді
Оранған үлдесі мен бүлдесіне.

Жұлдыздай зерлі аспаннан үзіп алған
Түнгі оттар шыға келсе жүзіп алдан
Көңілдің айдынында ағараңдап,
Қаяудай құс жолының ізі қалған.

Қияқтай ай боп көкте тұрса қылыш,
Кетеді жүрек жібіп, жұмсарып іш.
Дүбірлеп түркі атының тұяқтары,
Сібірлеп оянады бір сағыныш.

Күн нұры тозаңдатып гүлдер шаңын
Көшкендей көз алдымда гүлдер сағым.
Санамды сілкілейді сақ кезімде
Сары алтын сауыт киіп жүрген шағым.

Сайы жоқ саясында гүл өспеген,
Самалы сыбырлайды бір ескі өлең.
Киесін Алтай-әжем құрмет тұтқан
Бабамның бөркі шығар бұл Өскемен.

Жеңіспен жалғансын деп жортуылдар
Еңістен ереуілдер еркін ұлдар.
Ішінде қарағайдың қаптап жүрген
Қайдасың, Қаратайлар, Төртуылдар?

Тарихын тергесеңдер Өскеменнің
Жұрты бұл жөңкіп бұлттай көшкен елдің.

Алтайым – ақ бесігі
Ата қазақ
Кіндігін қылышпенен кескен ердің.
Тағдырын кешкен сол ұл Көрғұлының,

Тәңірім, енді ұзартып бер ғұмырын.
Шығыстың шаңырағы жүрген сынды
Шайқалып шүйдесінде Кербұғының.
Рахман суыңда да ырыс қайнап,

Майлайсың мұртыңды енді, мырышты аймақ.
Түбінде қазаныңның тұрсын қаспақ
Қыр асып, қиыр шетке жылыспай бақ.
Бір тылсым бар секілді шипаңда да,

Көзімді кіреукелеп ұйқы, алдама.
Есімді есеңгіреп жиып тұрмын,
Тауып бер тарихымды, титан қала!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ҰЛЫТАУДЫҢ ҚЫМЫЗЫ

Біз үшін атамыздың асы – қымыз,
Қымызбен алшы түсер асығымыз.
Сусынын махаббаттың қанып іш деп,
Қолынан қымыз құйсын ғашығымыз.

Бал дәмі таңғалтады, толғантады,
Толтырып тостағанды қолға ал тағы.
Қымызбен қоса жұтқың келеді екен
Қымсынып қымыз берген сол қалқаны.

Қымыз құй!
Қымыз ішсем – бапқа келем,
Қымыздан артық қазақ таппаған ем.
Атамның асын ішсем, желік буып,

Аузымнан ақтарылар қап-қап өлең.
Шөлінен шығып едім сағыныштың,
Қымызын Ұлытаудың қанып іштім.
Аңқаңды алқағанда аппақ сусын

Басылар алаулаған жалыны іштің.
Қадірін қайдан білсін жоқ үлгінің,
Торсықты тосырқайды көп ұл бүгін.
Баптаулы бал қымыздан аңқып тұрар

Түтінін аңсадым-ау тобылғының.
Телміртпей тостағанға, қымызды бер,
Қымызға қазақтай боп кім үздігер.
Мен нағыз қазақпын ба, басқамын ба –

Қызығып жұтқанымда қымыз білер.
Болсын деп үйір-үйір жылқым аман
Көңілім Қамбар ата жұртына алаң.
Балшықтай ұлдарымды баули берсін

Жарықтық жусан исі бұрқыраған.

Шешемнің шелек шайып, іс қылғаны,
Тері мес, жез самауыр, мыс құмғаны
Келеді көз алдыма кино болып
Татыса таңдайыма ыстың дәмі.

Қапысыз қадірлесең қонағыңды,
Қарағым, қылтыңдатпа коньягіңді.
Сарқып құй сабадағы сусыныңды,
Жібітсін жыбырлаған тамағымды!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ІЗДЕУ САЛУ

Жеткіземіз деп жүріп жолдарды Айға,
Жиреншені,
Алмаймыз Алдарды ойға.
Шырт түкіріп, шақшасын қағып қойып,

Қабағымен ықтырар шалдар қайда?
Жеті қырдың астынан тың тыңдаған
Жігіт қайда – сақтайтын жылқыңды аман?
Ажал жетсе арысқа – жоқтау айтып,

Жесір қайда – жұбанбай сұңқылдаған?!
Тұлпарларын жүрсе де мініп қойға,
Тектілігі қанымен тұнып бойда,
Қарындастың басына күн туғанда

Ту түбінен табылар жігіт қайда?!
Бәлесі көп бықсытып өрт-өсегін,
Бұрышында тұрмайтын әр көшенің
Ару қайда – ар, ұят, иманымен

Жайнамаздай күтетін жар төсегін?!
Қыздар қайда – Мәжнүннің ғашығындай,
Келін қайда – аспанның ашығындай
Омпысына қорғасын құйып қойған

Бала қайда – құлжаның асығындай?!
Намыс болса, оянар өзі-ақ бойда
деп жүргенде,
ағарып көз ақпай ма?

Алты алаштың арманын арқалаған
Асып туған атадан қазақ қайда?!
Бар азапты арқама тиегендей
Мен өлуім керек қой,

Кием өлмей.
... Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп,
Күндіз шырақ ұстаған Диогендей!

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫНА ТАЛАСУ

(Боямасыз поэма)
Ол кезде мен жігіт едім жастау шын,
Қоғамға да естілмеген еш даусым.
Алаша хан зиратына кідірдік,

Өзбекәлі Жәнібеков – бастаушым.
Ел молдасы оқып сүре-аятын,
Кез болғанда қолды көкке жаятын
Жәнібеков сұрақ қойды:

– Бұл жерде

Кім жатқанын білемісің, ей ақын?
Жәнібеков кісі еді ғой бір беттеу,
Айып емес хатшы алдында дірдектеу.
Мен күмілжіп қалып едім,

Өзекең:
Тарихыңды керек, – деді, – құрметтеу!
Күн көсемнен білуші едік кімді өзге?

– Қазағыңның басын қосқан бір кезде,

Абылайға үлгі болған айбаты
Ақназар хан жатыр осы күмбезде!
Тәлім алған Өзекеңнің мысынан,
Содан бері... күмбез көрсем, қысылам.

Қазағымның ерлерінің бірі-ау деп,
Күмбездерге дұға етемін тұсынан.
Талай ерді келмедік пе танымай,
Соның бірі – ардақты хан Абылай.

Үш жүз жылға толғаныңды ұрпағың
Білмей қалу мүмкін боп тұр, Ханым-ай!
Батыр емес,
Бүрсеңдеген пақырмыз,

Тек тарихты бұрмалауға батырмыз.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Есіміңді ұмыттыру үшін біз
Тыңшылардай
Үн шығармай жатырмыз.

Өмір сүру қолайлы ма мықты ұлсыз,
Патша да үнсіз.
Уәзірлер тіпті үнсіз.
Түркістанда жатқан ұлы хан емес,

Қапастағы қамаулы бір тұтқын – сіз!
Өлсеңіз де, Қаһары бар күшсіз бе,
Қауіптеніп қарап жүрміз біз сізге.
Кемеңгерім келіпті деп 300-ге

Кім жасайды торқалы той үш жүзге?!
Туғаның да,
Өлгенің де бізге анық,
Біле тұра, сыртымызбен сыздадық.

Жүргендейміз дабырайған даңқыңды
Қурап қалған сүйегіңнен қызғанып.
Ақиқаттың үзбей жібек арқанын
Төбесіне көтермес пе ел әр ханын.

Үш жүзіңді тойлатпаған осылар
Сол үш жүзге келмейді-ау деп қорқамын.
Өзімді өзім қайрай-қайрай жұқардым,
Өксігімді өкінішпен жұтармын.

Тәңір маған тағдырын да қимады-ау,
Тоқсандағы тобықтай қарт Бұқардың.
Орыстардың тілін тапқан Абылай,
Қытайдың да жынын қаққан Абылай.

Өлгеніңде түспеп едің тұғырдан,
Құлап жатсың бүгін тақтан, Абылай!

Ақиқаттан адаспаған Абылай,
Болсын иман жолдас саған, Абылай.
Хан сарайда құс жастықты жастанбай,
Ту көтеріп, қол бастаған Абылай.

Заманыңмен тең болып па ең, Абылай?
Сен біреуден кем болып па ең, Абылай!
Есіміңді есімізге алмастай,
Жемқорлыққа жем болып па ең, Абылай?

Әйдік бәрі,
Әкім де әйдік, бай да әйдік.
Неге айтпайды айыбыңды айдай ғып?
Ат белінде аш-жалаңаш жүргенде

Сенің ішіп-жеп қойғаның қай байлық?!
Тағыңды да,
Бағыңды да күндейміз,
Тағлымыңды көзімізге ілмейміз.

Қырық қызың шықпаған ба күйеуге,
Отыз ұлдың құдасын да білмейміз?
Сенің көрген рахатың – дау, тартыс,
Бүгін өмір-сахнаға толды әртіс.

Опырық деп шығарғанша атыңды
Неге салып алмағансың гауһар тіс?!
Тарқамайды жанжал – бисіз,

дау – елсіз,
Ән де әдемі айтылмайды әуенсіз.
Абылай хан, айбарыңды ұмытсақ
Қайтіп толық ел боламыз тәуелсіз?!

Сіз билікке бізден гөрі жақынсыз,
Ұрпағыңды кешіре гөр ақылсыз.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
«Той көрмей-ақ,
Сый көрмей-ақ» өткен көп,
Сізге тойдың керегі не?

Жат үнсіз!
Үміт, күдік – қақ бөледі әр күнді,
Тәуелсіздік таразыға тартулы.
Мешітке кеп, дұға тілеп отырмын

Есіме алып Өзбекәлі марқұмды.
Имам отыр «ағузылап», «құлқулап»,
Мен тілеймін тапса екен деп ұлтым бақ.
Білетінім – үш жүз жылдан кейін де

Абылайлап туар талай ұл тулап!

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫ

Аспанға шарбы бұлттан шатыр тұттырып,
Ұлытаудың көлеңкесіне,
Қазақтың кең өлкесіне
Саны жоқ ақ үй тіктіріп,

Жылқыны жусанды жоннан айдатсам,
Желіге құлын байлатсам,
Сала құлаш селебемді
Қарқаралының қайрақ тасына қайратсам,

Сойысқа алдырған
Отар-отар қойымды,
Үйір-үйір жылқымды,
Келе-келе түйемді

Баталы құлдарға жайратсам,
Үш жүзге сауын айттырып,
Саба-саба қымызды
Сарыкеңгірдей ағызсам,

Күбі-күбі қымыранды
Қаракеңгірдей ағызсам,
Құйылып келген мейманды
Шалғынның ішінде шайлатсам,

Мұрттарын майлатсам,
Балп-балп сөйлеп
Төрімде отырса байбатшам!
Сарыала сере қазыны

Келіндерім бүл-бүлк қайнатып,
Ақындарыма
Қартаны былқ-былқ шайнатып,
Даңқымды

Дүниенің төрт бұрышына жеткізіп,
Сарыарқаны сахна еткізіп
Есік пен төрін жайнатып,
Розаны

Ертелі-кеш бұлбұл құстай сайратып,
Белуардан келер шалғынды
Тайбурылдың тұяғымен жықтырып,
Тәңірім палуандарымды мықты ғып,

Футболдан да ұттырып,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Қуаныштан кірпігіме шық тұрып,
Оралмандардың тізесін
Ордабасыға бүктіріп,

Қожа менен төреге
Қонағымды күттіріп,
Орыстың ойнақтаған сұлуларын
Саулы інгендей ыңырантып

Бура санды бұла жігіттеріме сүктіріп,
Есіл менен Нұраны
Балық сүзген балаларыма лайлатып,
Бәйбішем жүрсе

Немерелерім мен шөберелерімді
Кемпірқосақпен ойнатып,
Солтүстіктегі суық көршімді,
Шығыстағы жуық көршімді

Күпті ғып,
Көңіліне қауіп ойлатып,
«Хабарға» тікелей эфир бергізіп,
Көңілімді бірлеп жайлатып,

Қуанғаннан жүрегім лүпілдеп,
Бөрігімді айға атып,
Қаптамамды қырға атып,
Саптамамды сайға атып,

Өзім қырға шығып қой бағып,
Ойға түсіп ой бағып,
Елім бейғам болсын деп
Күн күзетіп, ай бағып,

Тәуелсіздігіме тәубе деп,
Төрткүл дүниеге тойлатып,
Алаша ханның басына
Асылдан ақтық байлатып,

Айбыныммен алыс-жақынды ықтырып,
Текті екенімді ұқтырып,
Осынша берген дәулетті
Көтеріп алсам тік тұрып,

Сен менің азат басыма қонбай,
Қайда қонасың, ей Бақыт!

ДАРХАНҒА

Сен – сенгенім!
Сенсіз жерде түседі еңсем менің.
Қапияда көз жазып қалам ба деп,
Көтере алмай еңсемді,

Кемсеңдедім.
Емшім менің!
Тағдырымнан тиген сәл еншім менің.
Сені ойласам ұмытып мен өзімді

өзімді өзім демедім,
Сенсің дедім.
Күнім менің!
Сенен басқа бар еді кімім менің!

Сен от басып қалар деп ойда жоқта
Көрсең еді жүрегім тілінгенін.
Тілінгенін, ей, жалғыз ұлым, менің!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ І Тас болып тұрсың. Өтеміз күнде осы арадан. Өзіңнен басқа таппаймыз мұңдасар адам. ІІ Абай ағамыз! «Қазағым-ау» деп Сіз бізді көп аямаңыз: Қатыгездікке келгенде қарайып әлі Сабақ алатын жақсыны Сабай аламыз. Өтірік! Жалған – аспанның астын кернеген Бабаларымыз, меніңше, қасқырды ембеген: Қақпанға түссе, тірсегін қиып кететін Бөрінің серті сондықтан дәстүрге енбеген! Қанағат та жоқ, Рахымның ізі қалмаған, Қайырым қылар дегенің – бұзық. Оңбаған. Патшайым болар дейтіндей періште де жоқ, Қу аяқ бар ма – қазақтың қызын алмаған! Адамгершілік айырылды өз бағасынан, Алдауға келсе, інісі озды ағасынан. Түндіктен түсіп, Кіндіктен қылмыс жасайтын Түңіліп жүрміз қазақтың бозбаласынан. Мұсылман таппай – отырар тізгін басында, Тұлпарға тоқпақ таққан соң, Құзғынға – сырға, Құдайдан медет болмаса, қазағың әлі Жылап көрісер, ей, аға, Сіздің ғасырға!

ӨЗІМШІЛ ӨЛЕҢ

Бойы – биік,
Ойы – ұшқыр,
Өңі – тәуір
Азамат боп өссін деп елі таныр

Шайқы-бұрқы біреуді туа салмай,
Махаббатпен жаратқан мені Тәңір.
Өзіме-өзім секілді енді қазы,
Сол тәңірге боламын мен де разы.

Сөз ермейтін соңына сорлы емеспін,
Жараспайды мен жайлы әңгіме азы.
Анам сүйсе қуанып «құлыным» деп,
Сол махаббат жүктейді ұлы міндет.

Патшадан да еңсемді биіктеттім
Мен Тәңірдің сүйікті құлымын деп.
Махаббатсыз шырайы енбес үйдің,
Мені сүйген адамды мен де сүйдім.

Шөліркеген ерінім кезергенде
Мейірі бір қанбаған пендесімін.
Дос өкпелеп жатса егер, жар кінәлап,
Сүрінесің – болсаң да арғымақ ат.

Тарыдай мін таудай боп көрінсе егер –
Махаббатта болғаны бар кінәрат!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

АҚЫННЫҢ ҮЙІ

немесе

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ

ҮЙІН ҚИРАТУ

Дегені қайда – басылды құйын?
Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.

Қайтейін, кембақ астана сені –
Тиетіндей-ақ басқаға себі
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Қиналып тапқан баспанасы еді...

Шақыр да шұқыр шаққанда әйнегін
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды
Кеудемді бұзып жатқандай менің!

Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сәби жырлардың бесігі еді,
Бар екен сонша бесікте несі?

Шашылды жерге – шамдары сыңғыр,
Тағы да үйсіз қалды арысың бір.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Қатыгез жандар, қолдарың сынғыр!

Жүйрігім еді жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
... Біздің үй соның іргесінде еді!

ДИЛЕММА

Қимайтын жанды қапа еттім,
Жақындарымды жат еттім.
Ортасында ылғи қаламын
Ербеңдеп жатқан екі оқтың.

Мойындап өмір өкімін,
Берік болмаққа бекідім.
... Сетінеп кете беремін,
Біреу емеспін.

Екімін.
Жібектен болса бір тінім,
Бір тінім – талы шырпының.
Тұтанып қоя беремін

Ойылып отпен жыртығым.
Екімін,
Екі бөлекпін.
Есемді жатыр елеп кім?

Біресе отпын маздаған,
Біресе сулы көнекпін.
Арбаса нәпсі-ыбылыс,
Алаңдай берем ұлып іш.

Көңілге неге сыймайсың
Көзіме сыйған құбылыс?!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

МҰХТАР ӘУЕЗОВ

ҚАБІРІНІҢ БАСЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРЛАР

Сыйынайын
«Раббым» деп бір Аллаға,
Орала гөр тіліме, құран дана.
Тау-сәждеге басымды тигізейін,

Жайнамазым өзің бол, қыран-дала.
Түзетпесе қисығын өлім – Ана,
Қыңырым мен қырсығым мәлім, Аға.
Шұбар тілім сыймайды көмекейге,

Келтірмесе тылсымың кәлимаға.
Босап аға,
Келетін боздап іні,
Бар қазақтың бұл қабір – өз қабірі.

Итке ашамай салғаннан иман таппай
Сені іздедік – өлгенде сөз қадірі.
Теріс мініп тұғырын

тойсыраған
Үмбетіңбіз – тәубаға ой сұраған.
Күдірейтіп жүрсек те жалымызды
Толар емес орының ойсыраған.

Тұрқың асып тұрғанда көп тұғырдан,
Келмеуші еді шобырлар шоқтығыңнан.
Шыбындасақ соларға шұлғып басты
Бәрі, Мұха, өзіңнің жоқтығыңнан.

Шыққандай-ақ шалдықпай еркін қыстан
Шекесіне киеді бөркін дұшпан.

«Қой» дейтұғын қожасы болмаған соң
Шал көбейді шалдуар, кемпір мыстан.
Қызда – қауіп,

бұл күнде ұлда алаң бар,
Түлкі заман бүлкілін кім бағамдар?
Ішігінің астарын індетіп жүр
Інісіне сақалын бұлдағандар.

Жайлағандай жастықтың дерт денесін
Ұмтылады өңмеңдеп өртке несін.
Арқасынан бір адам қақпағасын,
Маңдайынан бір адам шертпегесін.

Азабына қазақтың қосып азап
Дұшпан таба қылады, досы – мазақ.
Жауға алдырмас жарағын дауға алдырып
Сормаңдай-ау шынымен осы қазақ?

Тұнжыраған көзімде тұнып бір мұң
өксігімді көмейде құмықтырдым.
Қайран Мұха, қадірің жеткен күні
Басыңа кеп, бөрідей ұлып тұрмын!

Құрысыншы.
Бәрі де құрысыншы.
Бірі – ақылгөй қазақтың,
Бірі – сыншы.

Бәрімізге жақсатты көрінем деп
Арамтер боп арада жүр үшінші.
Ескі дерті қазақтың дерсің мұны,
Түңілтеді тобасыз ер сұмдығы.

Сарқытыңнан садаға кеткірлер-ай,
Бірі – рушыл ағаның,
Жершіл – бірі.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Солай.
Аза бойыңды қаза қылған
Ит өмірдің несі кем дозағыңнан?

Қазақ, қазақ дегенде қар сындырып
Көресіні көрдік сол қазағыңнан.
Даңдайсыған дәлдүріш данасынар,
Жанап кетсең – жабатын жаласы бар.

Ит тірліктен іргеңді бөлгің келсе –
Жай табатын жалғыз жер – мола шығар...

ЕРТЕГІ

Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді –
Ертегіні тәуір көрем мен тегі.
Осы күні ойлап көрсем,

жасымда
Шешем маған айтпапты еш ертегі.
Балалық-ай – жамау-жасқау көрпелі,
Ақауы бар көңіл енді дертеді.

Айтпайын деп айтпады ма – мұршасы
Болмапты ғой айтар оның ертегі.
Соғыстан соң жимаған кез жұрт есін,
Сәби көздің жасын өзің сүртесің,

Таңсәріде кететін ол шығырға
Әкеміздің киіп солдат күртесін.
Шықпаған кез елдің әлі бүйірі,
Ең тәуір ас – жүгерінің түйірі.

Кешке келсе, күтіп оны тұратын
Жанбаған от, сауылмаған сиыры.
Парыз-бейнет босатпайды арқаны,
Отын шауып, диірменін тартады.

Су әкелу, тезек теру аз болса
Мүгедек боп оралған жар бар тағы.
Қалай бәрін үлгертті екен,

есепте!
Қалай ғана тесілмеді қос өкпе?
Ертегі боп ұйқыны бір қандыру –
Әзер жетіп жығылатын төсекке!

Ертегіде жібердің деп есені
Жазғыруға болмайды енді шешені.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Апашымның азайғанда бейнеті,
Алпамса ұлға ертегі айту кеш еді!
Қартайды ана.

Көп арман бар ойында,
Мазалайды ажал жайлы уайым да.
Мен шешеме айтам енді ертегі
Жүз жасайтын кейуаналар жайында!

ТЕРІСАҚҚАН

Сағымымен даланың жарыса аққан
Жақсылықтың алдынан желі соққан,
Кейінгі елге жылы сөз жеткізбекке
Хабаршыдай қуанып кері шапқан

Арқада бір өзен бар – Терісаққан.
Келісесің, болмаса керісесің,
Айтпағымыз әйтеуір кері шешім:
Терісаққан дейді жұрт бекер сені –

Саған жаңсақ таққан бұл теріс есім!
Жеткілікті болса да зейін-дарын,
Біз аңғарып жүреміз кейін бәрін:
Шөліркеген даланы шыр айналып

Теріс аққан шығарсың, мейірбаным?!
Аптабынан шілденің,

Сартамыздың
Кепкен кезде аңқасы арқамыздың, –
Кейін қарай бұрылып кеттің бе екен,
Келді ме екен далаға нәр тамызғың?!

Қазағымның қақ жарып кең даласын
«Терісаққан» атанып енді ағасың.
Бәлкім, барлық өзендер теріс ағып,
Оң ағатын жалғыз-ақ сен ғанасың?!

Бәлкім, барлық өзеннен сен данасың...
Бәлкім емес, менің еш жоқ күмәнім,
Сейілтейін күдіктің көк тұманын:
Терісаққан дегенде,

Терістердің
Бәрі сендей болса ғой деп тұрамын!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ТҮНГІ ТАКСИ

Жексенбі.
Түнгі он екі кезі.
Сәл тінте қарап мені екі көзі
Таксидің ішінде бір ару отыр

Бөлек жамалы,
Бөлек мінезі.

– Атың кім? – деп ем,

– Лариса, – деді,

Бетімді шарпып жалынша лебі.
Тұңғиық жанар тереңге қарай
Батыра берді ағынша мені.
Түріктің қызы – туған ай дерсің,

Жүрегің болса – туламай көрсін.
Қап-қара шашты,
Аппақ иықты
Жолыққан ақын жырламай көрсін!

Ұмытар лезде азабыңды ішкі
Сұлулық, сенің ғажабың күшті.
Аққу мойынға жараса қалған
Тарыдай меңге назарым түсті.

Бұрқанса сезім кімді бұзбайды,
Жұтамыз ба екен енді біз қайғы:
Түнгі сұлуға тебіреніп айттым
Хафиздың жырын меңді қыз жайлы.

«Мейірбанды түркі аруы
Сүйсе мендей бейшараны –
Бір меңі үшін қияр едім
Самарқан мен Бұқараны».

Білетін жырым осы бар менің,
Дәулетім болса тосылар ма едім,
Хафиз сыйлаған екі шаһарға
Алматыны да қосып ал дедім.

Еліккен ұлдың кесір мінезін,
Көрікті қалам, кешіргін өзің!
Қолымда болса қиятын едім
Ертіс пен Сырды,

Есілдің өзін!

– Алмаймын! – деді –

сыйларың қымбат,
Одан да Хафиз жырларын тыңдат.
Жомарт ақынның дидарын көріп,
Дауысын естіп тұрғаным қымбат.

Кезімде жырды кенет аңсаған –
Өзім-ақ әлі телефон соғам.
Әзірге хош бол,
атымтай ақын,

Тыныққан бүгін жөн екен саған.

– Атың кім? – деп ем,

– Лариса, – деді,

Бетімді шарпып жалынша лебі.
Елеңдеп әлі күтумен жүрмін
Телефон шалар деп сағынса мені.
Түседі жиі есіме тегі,

Тағдырым қандай шешім етеді.
Хафиздың жырын іздеген шақта
Звондай салса несі кетеді...

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ЫРҒАЙ ЖЫРЫ

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Ғұмырыңды қысқартып
Уақытың зырлайды.

Ызыңына пенденің
Мойнын бір сәт бұрмайды.
Ырзығыңды берген боп
Қызығыңды ұрлайды.

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Баяны жоқ бұл дәурен
Басыңда көп тұрмайды.

Өкінішің өзеуреп
Өзегіңді тырнайды.
Көздің жасы кептеліп
Көмейіңде құрғайды.

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Ырылдасып қайтеміз
Сенде де бар бір қайғы,

Менде де бар бір қайғы.
Ырғай, ырғай, ырғайлы...
Ырғай мойнын ырғайды...

НӘПСІ ДЕГЕН КЕСЕЛДІҢ

Нәпсі деген кеселдің
Кесірінен неше өлдім.
Терім қалыңдаған соң
Терлемеуге төселдім.

Сөз сөйлесем жобалы
Ол өзімді табады.
Айтылмаса ақиқат
Кімге қалар обалы?

Қарап жүріп күйінем,
Жұдырықтай түйілем.
Жапырылам қоғадай,
Адырнадай иілем.

Түсіп кетсем топқа кіл
Алтын басым – қақпақыл.
Өзгермейді болмысым,
Осы менде жоқ па ақыл?

Көңілімнің жыртығын
Кеңейтеді түртіп ұл.
Дүрдигенмен сырты құр
Тақымында жүр тұғыр.

Жұртқа кінә тақпаймын,
өзіме-өзім жақпаймын.
Шырылдаған жанымды
Қай сандықта сақтаймын?!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ЕКІ СУРЕТ

Сұлу көрсем соңынан жүгіретін
Мынау – менің жас күнгі сүгіретім.
Шарап берсең шалқалап сіміретін
Мынау – менің бүгінгі сүгіретім.

Осы менің бүгінгі сүгіретім,
Қарай берме қажыма түріме тым.
Аяғына жем түскен тұғыр құсап
Етегіме болыппын сүрінетін.

Қашан қалай келтірген кім ретін,
Көн секілді тартылған сірі бетім.
Күндер қайда жоғалған
Көлге барсам

Қармағыма ақ сазан ілінетін?
Жігіт едім жақсыға жүгінетін,
Жөнім бар-ау жалғаннан түңілетін.
Сындыр барлық айнаны!

Жырт альбомды!
Көрінбесін көзіме сүгіретім...
Сен не деген шеберсің, құдіретім!?

КҮЗГІ ЖЫР

Жоғал әрі санамнан сары уайым,
Қыркүйегім, келдің бе, шаруа айым.
Қырдың қызыл дүзгенін бір иіскемей
Мейіріміне даламның жарымайым.

Жауа берсін ақ жауын себелеген,
Тауып алам бір қуыс шөмеледен.
Шайырлардың көзіне бір шалынбай,
Ши басынан тамшылап өледі өлең.

Қытықтаса желкемді тынысымен
Көк бестінің көремін мұнысын ем.
Саз-саз қылып шетелдік қалпағымды
Толтырамын көсікке құм ішінен.

Шуылынан мезгілдің мезімін бе –
Сабандалып қалғандай сезімім де.
Бір тал изен қыбырсыз салбырап тұр
Көкбестінің қап-қара езуінде!

Күн ашылды.
Бауырлап бу ұшуда,
Қара жидек езілді уысымда.
Бәтіңкемді жалатып маң төбетке

Маужыраймын маяның қуысында.
Тауан тауып таусылған тағатыма
Қарамаймын жаутаңдап сағатыма.
Күздің исі аңқыған күйлі жырды

Оқып берем көнтерлі көк атыма!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ЕРТЕРЕКТЕУ ЕРЖЕТІППІН

Ертеректеу ержетіппін
өтіп дәурен, озып ғалам.
Киіс көрген керзі етіктің
Жұлығындай тозып барам.

Уатылып төзім бордай
Қайда асығыс алып-ұштық?
Қасатталып сезім қардай
Суынды ерте қаным ыстық.

Тұлпарын бір тебінуге
Қысса жастық тақымын сәл,
Жігіт болып желігуге
Жібермеді ақылым – шал.

Саяқ жүрген құландаймын,
Жығылады жығам қай күн?
Ештеңеге қуанбаймын,
Ештеңеге жұбанбаймын.

Жүрегімен арыстанның
Қозыдайын көгенделдім.
Дел-сал болған данышпанмын,
Қайғы жұтқан кемеңгермін.

Ойыма мұң мінгесуде,
Тәңірім-ау, есірке бір:
Тақуа боп күн кешуге
Тати ма екен осы ит өмір?

ТҰРМАҒАМБЕТТЕН ТӘРЖІМА

Ойланып алмай – іс қылма,
Сайланып алмай – күш қылма.
Шамаңнан артық шоқпарды,
Беліңе бекер қыстырма.

Белдігің бекем болмаса,
Екі қол жүрер ышқырда.
Сөзіме бәрі күлді деп,
Үйірсек болма мысқылға.

Қадірі кеткен кезінде,
Алтынды қорлап, мыс қылма.
Сағынтар кезі болады,
Сары аяз буған қыстың да.

Қамыстың күні жетпесе
Себепсіз түспес ұшқын да.
Өшіріп жатса ел өртті,
Шатырым менің шетте деп,

Қауымнан сен де тыс тұрма.
Шуылдың бәрі бір ғой деп,
Дауылмен бірге ысқырма.
Бойыңа шақтап өлшеп ал,

Ұқсағың келсе ұстынға.
Күбіге тиер септігі,
Түтіннен болған ыстың да.
Еліңнің қамын ойлай жүр –

Қырандай көкке ұштың ба.
Көлеңкесі жерде болады,
Аспанда жүрген құстың да!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ӘЙЕЛГЕ ОДА

Қай жерде, мейлі, қай елде
Әлемнің мәні – Әйелде.
Шын мықты болсаң оныңды
Әйелге барып дәлелде!

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен
Әйелің сүйсін алдымен!

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең – әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың
Әйелдің тілін таппасаң!

Ананың сорып емшегін
Басылған талай кемсеңің.
Бәдік боп өмір кешесің
Бермесе әйел жень-шенін.

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың
Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?
Сол үшін түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді
Әйелің өлсін деп қарға!

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін – сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың
Әйелің сорлы болса егер!

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н БАҚ ПЕН СОР І Келді-кетті дүниеге бір ақын, Өмірі тек өксулерден тұратын. Ешкім оның ұғынған жоқ мұратын, Ешкім оған жасаған жоқ рақым. Ойы биік, Бойы биік ортадан. Жанды-сөнді лапылдаған өрт-адам. Ешкім оны сыйпаған жоқ маңдайдан, Ешкім оны қаққан емес арқадан. Басын исе, адалдыққа иетін. Ешкім оның түсінген жоқ ниетін. Өзегінен теуіп жатқан өмірді ол Өгейсімей, Өліп-өшіп сүйетін! Ғашық еді тіршілікке ол байғұс, Қасіретке құштар еткен қандай күш?! Кешіп жүрді ол өлеңнің өзенін, Басына тек бақыт болып қонбай құс. Досы да жоқ. Дос дегені – ол да жау. Жоқшылықтың көз жасына толды ожау. Оңды-солды шашты жырдан несібе Бақытсыздар етсе екен деп талғажау. Ол жүрегін жүргенімен жырлатып, Бұйырмады маңдайына бір бақыт. Арулардың жанарынан сыр оқып, Аналардың алды жасын құрғатып. Таусылғанша соңғы демім-тынысым, Тек өлеңнің тасытам деп ырысын,

Жырдың ғана қабағына қарайлап,
Өмірін де құрбан етті жыр үшін.
Қасіреті қарығанмен қанша ішін,
Жыр-тұлпарға басып соңғы қамшысын,

Келешекке сәлемім деп,
Өлеңге
Сарқып құйды жүректің қан тамшысын.
Қара өлеңмен көгерер деп көсегем,

Жанын жырға жөргек етіп төсеген,
Бір өлеңге бар ғаламды сыйғызды ол,
Соңғы өлеңім емес пе деп осы өлең.
Білуші еді ол ажалдың күтпесін,

Білуші еді бәрін жазып бітпесін,
Қолындағы қалам сусып түскенде
Соңғы өлеңнің қойды соңғы нүктесін.
Қолында өлең –

Қансыраған жансыз хат,
Жылап тұрды жүрегімен жар сыздап,
Тіршілікте қолға түспей,
Өлгенде

Басына кеп қонып жатты арсыз Бақ.
Тасынғанда – теңіз болып толатын,
Ашынғанда – гүлдей қурап, солатын,
Өлең үшін өмір сүрген сол ақын –

Мұқағали Мақатаев болатын!

ІІ Шаттық жоқ шабандозда Шалкөдесіз, Шөмиіп, секілді бір шал кәдесіз Иесі аттанғанда қан майданға Шалқұйрық Шалкөдеде қалды егесіз. Ұшқандай дәл сол күні баста бағы, Жадырап енді шырай ашпағалы

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Телмірді күнбатысқа бір жас бала,
Ұқсайтын қыран құсқа қас-қабағы.
Қыран құс түлемесе қомдана ма,

Шілдеде жылына ма тоңған ана.
Иесіз Шалқұйрықтың киесі мен
Шылбыры қалып еді сол балада.
Өмірдің керуені тоқтасын ба,

Жанашыр әкесі де жоқ қасында,
Жамылып атасының жарғақ тонын
Жанығып жыр жазатын от басында.
Тіліне кейде оралып Құран – дана,

Ерте-кеш құмартқаны жыр-ән ғана.
Шаңқылдап шәулі бүркіт болып шықты
Қабағы қатыңқылау қыран-бала.
Қуалап құдірет күш қан тамырды

Елемей жолдағыны жаңқа ғұрлы
Шарықтап кетуші еді шайыр бала
Құшақтап қиялымен Хан–Тәңірді.
Көзіне көрініп бір бақ құсы аппақ,

Жарқылдап шың басында жақты шақпақ.
Үйреніп найзағайдан жарқылдауды,
Тұратын тау басында от құшақтап.
Тұңғиық тереңімен көл шымырлап,

Кететін құлағына жел сыбырлап.
Тілейтін Қарасаздың кемпір-шалы:
Я Құдай, сол балаға берші бір бақ.
Бар ма деп Шалкөдені шолатын күн

Баланың жанарына толатын мұң.
Халықтың қайғысы мен қасіреті
Шер болып шөкті ішіне сол ақынның.
Жыр жазып арасында жүрді ауылдың,

Қойсын ба құдіреті жыр-дауылдың.

Сөзімен сызып заман суретін
Айналды ақынына бір дәуірдің.
Жазғанмен жан жарасын үрлеп уақыт,
Жесірмен қайғы-көлге бірге батып,

Жүретін Қарасаздың көшесінде ол
Басынан Хан-Тәңірдің жыр боратып.
Күзетіп босағасын боздақтардың
Ошақта өлең отын маздатты әр күн.

Есіне түсіп кетсе есіл ерлер
Ызғарын сезінетін жазда ақпанның.
Түнектен тілегендей жанға жалын,
Жүректе тұншықтырып мәңгі азабын,

«Есіктің» кафесінде отыратын
Ішінде жалғызсырап даңғазаның.
Жөңкілген Хан-тәңірі бұлты сынды
Жұмбағын жүрегінің кім түсінді.

Адамзат көктемінің хабаршысы
Жоғалтып алдым бір күн жыл құсымды.
Райымбек! – деп туған ұранды ақын
Түсіріп жырмен елге Құран–хатым,

Шалқұйрық шашасына шаң жұқтырмай
Шалкөде, Қарасаздың шығарды атын.
Еңбегін еткен емес елге міндет,
Естіді ел қыршын күйде өлгенін тек.

Жұрт енді мін тағады сол ақынға
Жамбылдай неге жүзге келмедің деп.
Ақынға мақсат па екен көп жасаған,
Көп күнді көрсетпеді көз жасы оған.

Алыптың бар міндетін атқарыпты
Халықтың ұлы болған жап-жас адам.
Аз жасау болып еді күнә қашан,
Ел неге айтады әнін – ұнамаса ән.

Жоқтауын тұрмын жырмен жеткізе алмай,
Көрісіп Қарасазға жыламасам!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ТАЛҒАР ТАУЛАРЫ

Аспанның алыстығын аңғартар бар,
Армысың, көк тіреген заңғар таулар.
Түсіріп басындағы бөркін жерге,
Қасымды тамсантып ең, Талғар, Талғар!

Сол шыңдар,
Емессіңдер басқа шыңдар,
Келіп тұр етегіңе жас Қасымдар.
Биікке құмар болған жүрегім бар,

Қасыммен достасқандай достасыңдар.
Биікке қарай қалсақ аңырып біз,
Жол беріп жатыр жырға жарылып құз.
Тасыңа тәу етуге рұхсат бер,

Басыңа қонған кезде самұрық – құс.
Таң қылып қыз-жігіттей арша-қайың,
Жаңғырып жатыр менің жан сарайым.
Тіземді бүгіп саған тағзым етіп,

Қыз өңді бір таңыңды қарсы алайын.
Таппадым құпияңды жол аралар,
Сұлуға жасырынған болар амал.
Басыңда аунап жатқан бұлтыңды бер –

Етейін сағынғанда қол орамал.
Төбемнен төге салсаң нөсеріңді,
Түсінем – тірсектен су кешерімді.
Тазарып қайтар едім Алматыға,

Уілдеп өлең қылып әсерімді.
Жұқтырса шыңдарға күн шұғыласын
Сүрініп көк шалғынға жығыласың.
Бетпе-бет келгеніңде шын биікпен

Аласа екеніңді ұғынасың.
Жұпар боп көкірекке кірсін орман,
Жаңғырып жыр ішінде жүрсін арман.
Тілімді кәлимаға келтірейін –

Тартар ма табиғатқа бір шығармам!

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТӘУЕЛДІЛІК

Ей Аллаһ,
Шашу етіп шаттығымды,
Бұйырттың пешенеме сәтті күнді.
Өзіңнің есіміңмен қатар қоям

Тәуелсіздік деген бұл тәтті ұғымды!
Ұшырып азаттықтың құсын қолдан,
Бабамның тұншыққанда ішінде арман.
Қазақтың тарихында соғыс болса,

Барлығы тәуелсіздік үшін болған.
Шулатып шүршіт-қалмақ шапқанда елді,
Болғандай бір әділет хақтан белгі.
Дұғадай жыры ма едің Доспамбеттің,

Ақ таң ба ең аңсап өткен Ақтамберді?!
Шұбырған көші ме едің «Елім-айдың»,
Суырған сесі ме едің Абылайдың?
Сен менің тарихымды танымасаң,

Тәуелсіздік!
Мен сені танымаймын!
Сен менің тарихымды оң бағала,
Сен маған туысасың сонда ғана.

Құлдықтан құлқым азат болған шақта
Қаймықпай қарсы барам бомбаға да!
Болса егер дінім – дербес, тілім – бостан,
Естілсе ғаламшарға үнім қосқан.

Қазақ боп туғаныма қуана алсам,
Көшер-ау көрген түстей мұңым бастан.
Тапжылмас тұғырым боп тасы берік,
Сен менің беремісің басыма ерік?

Мен төрткүл дүниені шарлағанда,
Қорғаштап жүремісің қасыма еріп?!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Қоғамға басу айтып күнде өлермен,
Саңқылдап мен сөйлесем мінбелерден,
Алаштың сесі болып төбемде тұр,

Түнермей темір торлы түрмелерден!
Таптамай туған жердің гүлін ешкім,
Келеді қадірімді біліп өскім.
Көтеріп Қазақстан көк байрағын,

Жүрейін дүрмегінде ұлы көштің!
Көңілде халқым үшін қалмаса алаң,
Болсын деп елім аман,
Елбасы аман,

Тілеуіңді тілеймін, Тәуелсіздік,
Тәуменмін,
Тәуелдімін онда саған!

БАС (Мұхтарға) Басқаларды қайдам: Менің басым – біреу. Жалғыз басқа ойдан Таппай жүрмін тіреу. Тауға да оны ұрдым, Тасқа да оны соқтым. Есеңгіреп тұрдым, Есті болған жоқпын. Жарғақ басым қанын Сорғалатты кілең. Бірақ, менің жаным Басымда емес білем. Тиіп басым тасқа Кейде ашиды миым. Дұшпаны көп басқа Ие болу қиын. Оңғарылмай жолым Басым талай сынды. Тек ішінде соның Бірдеңе бар сынды. Көрешегін көрмей Кірмес сірә көрге. Мен игенмен жерге, Ұмтылады ол төрге. Қадірімді кісі Біле түссін дей ме: Ойға толып іші Сықырлайды кейде. Бітпей мәңгі егес Ағарғанмен шашым, Тыншу табар емес Менің қара басым. Таусылғанша демім Қуармын бір елес. ... Тыныш жүрер едім; Басым екеу емес!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ҚАРАҒАНДЫ

Туған жерге талантыңды қишы бар,
Өлең арна,
Ән асқақтат,
Күй шығар.

Қарағанды – Қазыбектің шапаны –
Шалғайында Сарыарқаның исі бар.
Күдірейсе шахталардың жотасы
Ауасынан көмір дәмін татасың.

Қарағанды – көре білген кісіге
Тәттімбеттің күйлерінің нотасы.
Алмас қылыш, қында жатып жұқардың,
Келер әлі балдағыңнан тұтар күн.

Алба-жұлба ала бұлттың ішінде
Елесі жүр буырқанған Бұқардың.
Қарағанды – алғы сөзі ғасырдың,
Нүркен болып атағыңды асырдың.

Теміртаудың будақ-будақ түтіні –
Шамырқанған шумақтары Қасымның!
Қажет кезде – патшаға да тақсыңдар,
Қажет кезде – аққа Құдай жақсыңдар.

Қарағанды – замананың бетіне
Былш еткізіп түкіретін С.Ақсұңқар.

Алты алашқа азық болған ақылы
Қарағанды – ол Ақбайдың Жақыбы.
Қарағанды – Қарабастың түрмесі,
Тауқыметтің темір құрсау тақымы!

Кенші қазақ маңдай терін сыдырып
Жатқан жерге келу қиын қыдырып.
Қазағымның қатқан кезде қабағы
Қарағанды – түйілетін жұдырық.

Қарағанды – қасиетті ол Отан,
Қарағанды – ескі тарих, жаңа таң.
Қазағымның ашылғанда қабағы
Қарағанды – аялайтын алақан!

Айтарыңды жасқанбай айт, тіл өткір,
Қарағанды – дүрсілдеген жүрек бұл.
Қарағанды – қара бақан секілді
Қазақстан шаңырағын тіреп тұр.

Көптей көріп, құрметтеген аз ұлын,
Қарағанды – маңдайдағы жазуым.
Қарағанды – қадірімді іздесем –
Қайта айналып тауып келер қазығым!

* * *
Құлдың сөзін құрдым заман іріктер,
Майданға әлі шығарсыңдар мініп кер.
Әзәзілдің әлдиіне арбалып,

Ұйықтап қалған жоқсыңдар ма, ей, жігіттер!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

МҰСТАФА ШОҚАЙ

Қазақ елі – ел ғой деп енді іргелі
Көңілімді күмәнсіз сендіргелі,
Тарихыма тәу етіп,

келіп тұрмын
Бейітіне Шоқайдың Берлиндегі.
Үйірілді таңдайға жыр тәттісі,
Үлгі болар кісі еді ұрпаққа ісі.

Тәуелсіздік жолында тәуекел деп,
Құрбан болған қазақтың бір тоқтысы.
Бұлтқа кіріп барады ұрланып күн,
Жетімсіреп бейіті тұрды алыптың.

Бір уыс боп бүрісіп жатуын-ай,
Қайта тумас көсемі бір халықтың.
«Біз – бұлақпыз.
Мұстафа Шоқай – теңіз,

Түркістанмен есімін атайды егіз», –
Деп тілмашқа жатырмын түсіндіріп,
Ұқпады ма, ұқты ма ноқай неміс?!
Жанын баққан жалдама – білер кімді,

Таң еді ғой Мұстафа түрер түнді.
Маңдайдағы марғасқа маңғазымды
У берген қасқырдай ғып кім өлтірді?
«Қаһарманым қатарға қосылшы» деп

Отырмады бір қазақ басын сүйеп.
Оралғанмен рухы туған жерге,
Жатыр әлі жат елде асыл сүйек.
Қабыл болмай баяғы ақ батасы,

Күңіреніп жатыр ма датқа атасы.
Кіріп бара жатқандай қара жерге,
«Мұстафа бей» деп жазған тақта тасы.

Жайсыздау боп жатқаны-ай шіркін ердің, –
Деп басыңа күмбездеп үй тігер кім?
Терезеңді тең ұстап, түркімін деп
Жетегіне жүрмеп ең Гитлердің.

Қапияда мерт болған қырғи құсым,
Көсемдердің аузына құм құйды шын.
Шоқайұлы шабына шоқ түсірсе,
Сталин де төрт бөлген түнгі ұйқысын.

Талайлы тағдыры үшін алты Алаштың
Азабын ақыреттің арқаластың.
Балапанын алдырған бозторғайдай
Жер мен көк арасында жанталастың!

Асыл еді Мұстафа.

Сол асылдың
Тәу етеді жат жерде моласын кім?
Тасбауыр ел талпынып іздемеді-ау,
Тағдырына тәуелсіз талас ұлдың!

Қадіріне жетпесек бар асылдың
Таусылады тасмаңдай шарасы ұлдың.
Елейді деп ел қашан есіл ерді
Сол бейіттің басында аласұрдым.

Шоқай десе қалады тіл күрмеліп,
Ештеңе айтып елге біз үлгірмедік.
Қор еттік пе бұл сөзді жетесізге,
Шығара алмай шылбырдан бүлдіргелік.

Шенеуніктің тілінде шүлдірледік,
Ел шетіне Шоқайды ілдір дедік.
...Осы арманым аманат саған, Ұлым,
Сен екеуміз кетпеспіз бір күнде өліп!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

АБАЙҒА ӨКПЕЛЕУ

Жырымен жүрек дертін емдер кей күн,
Мен Абайды ешкімге теңгермеймін.
Ақиқатын айтқанда, ұлы ұстазды,
Өзім туған әкемнен кем көрмеймін.

Әкеңнен жақын сірә, кісің бар ма,
Бастырса,
Сол бастырар ісіңді алға.
Өлең мені өгейсіп қалса,

Абайдан
Медет сұрап жүремін қысылғанда.
Жыр-жарыста әркімге бас қайғы деп
Абай-әкем жұмбағын ашпайды көп.

...Қазақ бекер айтпаған:
Әкенің де
Жақындығы жездеден аспайды деп!

ҚАЗАҚ БАЛАСЫН ҚАЙРАУ

Шежірені шиырлап тарата алам,
Тусақ, туған шығармыз әр атадан.
Өзіңді өзің сүйрелеп, қатарға қос,
Ей, қазақтың баласы қара табан!

Қарындаспын, қандаспын, жүректеспін,
Сол жүректен мен саған тілектеспін.
Алп-алп басқан аталар әулетіміз,
Сенен асып туған жоқ білекті ешкім.

Көптен көмек күтпей-ақ,

достан – қайыр,
Тасмаңдайдан тағдырды жасқанбай ұр.
Сен туғанда қуанған әке-шешең
Берді ғой деп Тәңірім қошқардай ұл.

Күнге қарап, қырандай қанатың кер,
Сені көріп серпілсін қара түндер.
Сұрамайды Құдайдан ұлды қазақ
Жүрсе екен деп әйтеуір санатында ер.

Жайсаңсың, сен,

Жарқылдап жүр ендеше,
Жігіт оңбас – жігерді шідерлесе,
Үлесіңді тартып ал, сұрап алма,
Ешкімнен де именбе.

Жіберме есе!
Сыр қадірі – тек қана сұрасқанша,
Жат түгілі, жақынға сыр ашпа онша.
Сен басқадан артықсың – анаң егер

Қуанғаны қалжа жеп рас болса!
Болу керек жігітте айла күшті,
Парасатпен пайымда пайдалы істі.
Барша қазақ елінің бақ-талайы

Тағдырыңа бір сенің байланысты.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Жігітсің бе, мақсаты, мұраты бар,
Құз басынан құлжаңды құлатып ал.
Жарқ ететін сағатың соғады әлі,

Оқталмаған мылтық та бір атылар!
Өз жолыңды табатын жетті күнің,
Алғырлығың көрінсін,

ептілігің.
Болсаң болып, болмасаң – бордай тозып
Танылатын шақ осы тектілігің!
Сен оңбасаң, оңады қайдан халық?

Тойдан қалсаң қамықпа.

Ойдан қамық.
Аламанға түскенде бәйгеңді алып
Сен жүруге тиіссің жайраң қағып.
Тауқыметін тартсаң да азаптың көп,

Қуана біл, қарағым, қазақпын деп.
Атыңды сәл оздырсаң, сол қазағың
Жібереді мықты ғып.

Өзі-ақ, Күндеп!

АҚЫННЫҢ ЖАРЫ

Түндердің енді серпі қанатын,
Күн келді демді еркін алатын.
«Келеді қайтып өлеңін айтып»
Соғыстан тапқан дерті бар ақын.

Тізгіні қолға тиген сәт енді,
Сабаға түспек үйленсе әпенді.
Сабылып іздеп,
Сабырсыз жүрек,

Сағынып құшты сүйген Сәпенді.
Мойнына жар боп келіп асылды,
Көңілдің шемен шері басылды
Сәпен сұлу да серігім деді

Сұр шинель киген сері Қасымды.
Шерлі болмасаң, шерді ұғасың ба,
Еркелесең де, ерді басынба.
Серінің серттей сөзіне сеніп

Тағдырын Сәпен берді Қасымға:

– Айналсын, – деді; – сертіңе сертім,

Дертіңді менің дертім етермін.
Әніңді сенің айтып өтермін,
Күйіңді сенің шертіп өтермін.
Бір ғана сөзді сұрасып алмақпын:

Шын сүйсең – сертте тұрасың, ардақтым.
Пейілін маған нәсіп ете гөр
Айшаны сүйген Расул Аллаһтың!
Жүр екен жүрек тек іштен жүдеп,

Таптым-ау жебер періштемді деп,
Сәпен сұраған сол ауыр сертке
Сеніскен жүрек

келісті елжіреп.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Дауасыз жалғыз себепке айналып,

Тек ажал бізді бөлектей ме анық?
Садағаң болсын Сәпенің онда,
Өтейін сені бөбектей бағып!
Қуантып көзін көрікті Ай, Күні,

Қалар деп шошып сөніп қай күні,
Қасымның жары қасында жүрді
Бөліп бақытты, бөліп қайғыны.
Көрсетпей көзден шық құлағанын,

Уын да бірге жұтты қаланың.
Қасыммен бірге жадырап күліп,
Қасыммен бірге шытты қабағын.
Торғын деп киіп ескі көйлекті,

Қасыммен бірге кешті бейнетті.
Тарпаңдау ақын тарыққан жардың
Кейіген сөзін естімей кетті.
«Қамығып келсем – күліп тұрасың,

Дертімнің барын ұмыттырасың».
Өлеңнің отын лаулатып жағып,
Жаураған жарын жылытты Қасым.
Азайды дерті, басылды мұңы,

Көңілдің жайнап ашылды гүлі.
Сақыпжамалы – Қасымның жары,
Қасымның айы, Қасымның күні.
Жарының көзі – сезім айнасы,

Жалт ете қалған кезін ойлашы.
Қасымның жары – өзі Лаурасы,
Қасымның жары – өзі Ләйласы.
Деген жоқ дертке басым байланды,

Ақынды көрді досындай мәңгі.
Зәредей селкеу арада қалмай,
Сәпеннің өзі Қасымға айналды.

Ақылын құяр арна табылды,
Үйінде жұмақ орната білді.
Махаббатының шырағын жағып
Тәңірге емес, жарға табынды.

Сөзбенен сомдап таза сымбатын
Жүрекке мәңгі жазасың ба атын.
Ақылман әйел – ақынның бағы
Ақынның соры – мазасыз қатын.

Желіксе ақын – жері көтерер,
Желікпен жырдың жерігі өтелер.
Тәңірім, барлық ақынға сондай
Айнымас жарды серік ете гөр!

Қосылып үні егіз бұлақтың
Жемісін халал жегізді бақтың.
Сегіз жыл бірге дәурен кешірді
Салтанатындай сегіз жұмақтың.

Өбектеп дертін, жарасын емдеді,
Алдырды қолға анасын елдегі.
Отқа да түсті пәруана жары,
Ажалға бірақ шамасы келмеді.

Өлеңін жазып хатындай мәңгі
Қасымы өлмес ақынға айналды.
Шарасы қайсы, шырағы сөніп,
Хош айтар сәті жақындай қалды.

Елестет көзге Қасым ажалын,
Суалтты сырқат асыл ажарын.
Өмірден өтер сағаты жетіп,
Шақырды Қасым қасына жарын.

Қалтқысыз сүйген қыз есінде еді,
«Жастығымды өзі түзесін» деді.
Сылқ ете қалды Қасымның басы
Сақыпжамалдың тізесіндегі.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Өмір таусылды. Сайран басылды.
Ажал кеп алды қайран Қасымды.
Ұйықтап кетті Айша анамыздың

Тізесіндегі Пайғамбар сынды.
Сөзінен сыпсың шошымай елдің,
Келеді мен де осылай өлгім.
Пейіште нұрын шалқытсын Алла

Ақынды сүйген асыл әйелдің!

БАУЫРЖАН ЖАҚЫП

Көрдім талай іріні –
Бауыржаным тұр дара.
Қасымдағы бір іні,
Соңымдағы бір қара.

Көңілдегі елесті
Көрсетеді жыр-айна.
Бұлың-бұлың көмескі
Құлын күнің жүр ойда.

Жолығатын жамырап
Қозыдайын көбеген.
Аузын ашса маңырап
Төгілетін көп өлең.

Жазатын ол жыр түмен
Деп ауылда қалды үйім.
Әжесінің құрты мен
Сағынатын әлдиін.

Жүрегінде сөндірмей
Жүрген отын даланың.
Сағынушы ем мен бірге
Әжесін сол баланың.

Зуылдама, зырлама
Десең, уақыт тоқтар ма.
Өлең құмар бір бала
Кіріп кетті көкпарға.

Жолықты ма олжаға
Өмірменен беттесіп,
Уылжыған сол бала
Ақын болып кетті өсіп.

Сіңіп кетті ол сағымға
Жүйрік аттай жыл шығып.
Арқасынан қағуға
Жүрем енді қымсынып!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

САЙЛАУ БАЙБОСЫН

Сайлау дос,
Сайлау іні,
Сайлау ақын,
Кез келді сен жайлы да ойланатын.

Ауылдың жаратылған жүйрігісің
Алматыға апарса бәйге алатын.
Болмайды өзің жайлы толғанса артық,
Өлең сөз өзегіңді алған шарпып.

Шетелдің адамына көрсететін
Салдар мен серілерден қалған сарқыт.
Ұрпағың десем сізден бек кем емес –
Бөгенбай бабаң бізге өкпелемес.

Көзіме сен боп кейде көрінеді
Баяғы батырлардан жеткен елес.
Ауылдас ағайынның ұйтқысы ма ең,
Қауымдас қаламгердің мықтысы ма ең.

Жүресің елден саяқ, көптен жырақ,
Алысып Ерейменнің ит-құсымен.
Балқытып баялыштай жанса сезім
Желге ұшып кетіп жатыр қанша сөзің.

Дон-Кихот болған кезде Қанай ағаң,
Қасында жүрген Санчо-Пансосы өзің.
Белгілі әркім түрлі тон пішері,
Бойыңа өнерпаздың қонды шері.

Қанжығалы баласы хан көтерген
Ішінде Сүйіндіктің соңғы сері!

ҚАСЫМ ӨЗІ ТУРАЛЫ

Бәйгеден жүргенімен келмей атым,
Туған жоқ тұл ғасырда мендей ақын.
Күркілдеп жүргенімде күнім бітті,
Оқыса, оқи берсін енді аятын.

Ертеңге талпынғанмен ер көңілім,
Шықпайды бұрынғыдай сергек үнім.
Дүние дөңгеленіп өтер шақта,
Көлбеңдеп көз алдыма келді өмірім.

Кешіріп қиындықтың бәрін бастан
Бұл Қасым қияметтің төрін басқан.
Сөзіме сыйғыза алмай жүруші едім,
Көзіме тулақтай боп көрінді аспан.

Алланың жанып тұрса әр күн шамы,
Сынар ма жоқшылықтан ердің сағы.
Апыр-ай, жұдырықтай ғана екен ғой
Шегіне жеткізбеген жердің шары!

Хош, жалған – қызығымен мені арбаған,
Болып ем өлеңге алаң, өнерге алаң.
Жүйткіген келер күндер керуені
Түсіріп тастап жатыр мені арбадан.

Іштегі шемен болған шер басылмай
Сайрап ем тоты құстай торға сыймай.
Қайғы мен қуанышты кезек құшып,
Балқытып құйдым жырға қорғасындай.

Қазақтың керуен болып кең өлкесі,
Шұбырды тұс-тұсынан өлең көші.
Жаныма жуытпадым зұлымдықты –
Жырыма түспесін деп көлеңкесі.

Қарсы алып құмарлана өмір таңын,
Тамсанып келбетіне таңырқадым.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Қара өлең кірпішінен соқтым сарай
Көрсін деп тамашалап жаңа ұрпағым.
Жетелеп жүргенімен жастық үміт,

Қайтейін, көңілімді басты күдік.
Айтылмай қалды қанша ақиқатым,
Тұрғандай тамағыма тас тығылып.
Замана ызғарынан жыр бұғынып,

Мойнымда сүйретіліп жүрді құрық.
Айтақтап ағайыным ит қосқанда
Басында бір төбенің тұрдым ұлып.
Болғанмен туғаным – шын, өлерім – хақ,

Тіледім тапса екен деп өнерім бақ.
Алдым – жар,
Артымда құз тұрғандығын
Түсіне алармысың, келер ұрпақ.

Қайтейін, қол қысқарды, ой тарылды,
Алаңсыз айта алмадым айтарымды.
Күндіз-түн армандадым алаң болып
Халқыма қарызымды қайтаруды.

Өлеңнен қармап қалдым сыбағамды,
Келер жас, кіналама бұл ағаңды.
Жұбаттым жырымменен жылағанды,
Сүйедім қолтығынан – құлағанды.

Кетсе егер төңкеріліп бір күн қайық
Болмас деп жырды сүйген жұртым ғайып,
Жел кернеп жыр-теңізде желкенімді
Ертеңге құшағымды жүрдім жайып.

Өлеңім, өлгенімше сырласымсың,
Қанбадым құмарланып жырға сусын.
Еліме еркелейтін еркін шақта
Қасымға тарлық етті-ау бұл ғасыр шын.

Қорлатпай күншілдерге басымды алтын,
Қасқайып қалсам дедім Қасым қалпым.
Жанымды түйіп едім шүберекке,
Шешер деп керегінде асыл халқым.

Қасыммын, сені сүйген сол Қасыммын,
Алдаспан жарқылдаған алмасыңмын.
Күрмеліп қалған шақта қызыл тілім
Айтарсың ән-жырымның жалғасын кім?

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ

Қонардай бақыт құсы өзі-ақ қолға,
Туғанмен жақын жерде – Қазаткомда.
Батқан ол белшесінен бейнет-суға,
Кешірген басынан көп азапты ол да.

Ағаштың бұтағына жеміс байлап,
Жанарын қуантқанмен келісті аймақ
Қамығып он жасында жүретін ол,
Кешіккен күнбатыста жеңісті ойлап.

Қазатком арасында Қыр-Балтабай,
Жар кешіп жалаңаяқ жүрді ол талай.
Құйды оның кеудесіне дыбыстарын
Әнші құстар салтанат құрған тоғай.

Аймаласып аңызақ – аптаппенен
Қыр асып, қырман жаққа кетті атпенен.
Жып-жылы Жетісудің жаңбырлары,
Құйғызып құлағына жаттатты өлең.

Жазуға жаттықпаған саусағы әлі
Сақаны шиыруға ауса-дағы,
Ойынның баласының ойын жаулап,
Сыбырлап сөз үйретті тау самалы.

Толсын деп діңгегінен дарын-ынтаң,
Себелеп жүрегіне жарығын таң
Айналды қыз-келіншек сырласына,
Құрдасына айналды кәрі-құртаң.

Шуақтап шумақ қонып ши басына,
Шара жоқ көздің жасын тыймасына
Жұбатып өзін-өзі уілімен,
Жейдесін жыр-жігіттің киді асыға.

Қол бұлғап қиындықтың көп қамалы,
Ауылдан шықпаса да соқпағы әлі

Шырылдап бозторғайдай бала жүрек,
Оның ақын болмауға жоқ-ты амалы.
Өлең алған, ал десе – алтын алмай,
Жыр үшін жаратылған қалпы қандай.

Ілінді Әуезовтің ауызына,
Аузынан өлең төккен сол Тұманбай.
Бұл күнде алты алаштың болды ағасы,
Жеміске жыр бағында толды ағашы.

Жүр енді жыр елінде билік құрып,
Кешегі Қазаткомның сол баласы!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ІІ бөлім. КӨРКЕМ ОЧЕРКТЕР АЛМАТЫ МЕН ҚОСКӨЛДІҢ АРАСЫНДА Б іздің ауыл – жердің түбінде. Біздің ауылдың арғы жағында жер жоқ болуы да мүмкін. Алматыдан Жезқазғанға дейін бір мың үш жүз шақырым болса, Жезқазғаннан «Қоскөлге» дейін үш жүз бірдеңе, Құлжанбай одан әрі қырық шақырым, Аралдың Қарақұмына сұғынып жатыр. Асфальт деген түсіңе де кірмейді. Ырғаңдап жүре бересің, жүре бересің... Алыс деп ауылыңа бармайсың ба? Барасың. Ақшатаудан бұрылған соң, таныс ауылдар басталады. Мынау – Софы Сматайдың елі, мынау Бекболат пен Қайраттың Жаңаарқасы, анау – Сәкеннің Иманағы мен Қарашілігі, анау – Ақселеудің Байдалы биі, Игілік пен Ғалымның Жеңісі деп елеңдеп отырасың. Кешегі Ағыбай мен Кенесары жортқан құба жон, Шоқан жүрген сүрлеулер бар сырын бауырына басып, сені менсінбейтін де секілді. Менсінбесе неғыласың, осы елдің сен де бір түйір дәнісің, туған топырағыңа тәу етпесең тұра алмайтын осалдығың тағы бар.

Бұл жолы ата-бабам жатқан Құйған мен Қурайлыға бір
соғып, бала-шағама көрсетейін деген ниетім бар еді. Жол
бастаған
Көбейсін

ағам
Бұлантыны
жағалата
жөнелді.

Қурайлы – елсіз-күнсіз жер. Баяғы біздің мұғалім Әлирахман
бір отар қоймен мекендеп отыр деп естиміз. Атамның түйе-
қорасының, кеңестің сауат ашу мектебінің орны болса керек.
Ептеген жын-шайтан да бар дейді. Не көрмей жүрген басымыз,

таныс шайтаннан қаймығамыз ба, тарта бердік. Әуе айналып
жерге түскендей ыстық. Мәшиненің «аут-сайд» деген тілі 50
градус ыстықты көрсетіп тұр. Әйтеуір тоңазытқыш суға толы

– балалар шөлдемейді. Бір ғажабы, Майтөбеден әрі асқан

соң, жан-жағың жағалай өрт. Аспан мен жер тұтасып кеткен
түтін, ыстың исі. Оны сөндіретін қайран ешкімде жоқ. Ақыры
адастық. Көбейсін көкем баяғы өзі жар жағалаған өзен бойын
танымайды. Қайдан танысын – Кеңес өкіметі құлағаннан бері

де он бес жыл болды. Әр сайдың басын мекендеп, алдыңнан
шауып шыға келетін еркөңіл қойшылар жоқ. Жер тусырап
кеткен. Ауылға арналған үш жылдық бағдарлама бұл жаққа
шапағатын шаша қоймаған. Кешегі тоқсан мың қойымен

мақтанатын Байқоңыр осы өрттің астында, корабль ұшып
жатыр ма, ракета құлап жатыр ма, кім білсін?! Біздің ауылда
аспаннан жауған гептиль атамыздың асы секілді. Бір жерде
менің көлігімнің бауырына от тиіп кетті. Жанған машинадан

балалар түсе- түсе қашты. Жабылып отты сөндіріп алып, қыр
басындағы қызыл зиратқа қарап аят оқыдық. Бабалар жатқан
мекен таптырмады.

– Мынау – Бектастың өткелі, – дейді Көбекең. – Егер анау

«Бескесіктің» биігі болса, «Құйған» мына жағыңда болу керек...
Құйған болатын жаққа үш рет шапқылап, болмаған соң
«Итауыздың» бөгетіндегі құрт құжынаған тоспа суға бір-
бір сүңгіп, жолсызбен Тұрсын байдың ауылына құладық.

Бүгінде бай атанып отырған осы Тұрсекең күні кеше ауылдағы
аурухананың шопыры еді. Шөп шабу науқанына Қарағандыдан
келген Нұрила қызды алып қашып, отау тігіп, одан он бала
сүйген ер. Кеңес өкіметі тарағанда бұларға да еншіге отыз қой

тиген. Несібесі шығар, екеуі тырбанып жүріп сол отыз қойды
көбейтті. Мың қойы барлар екі кір сабынға бір тоқтысын
айырбастап жүргенде, бұлар тілін тістеп отырды. Он бала өсті.
Еңбек жанып, дәулет тасыды. Кешегі тоқсан мың қой өсірген

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ауылда шаруа түзеп қалған төрттің бірі – біздің Тұрсекең болды.
Қуанышбайда, Қалқаманда береке калды деп естиміз. Ауылға
Тұрсынның ұлы Аязби мен келіншегі ие екен. Абылай мен

Атымтай деген ұлдары – көмекші. Кешкі ауыл қандай берекелі.
Мың қой өрістен құлап келеді. Желі басында екі үйір жылқы.
Қымыздың сабасы күмпілдеп тұр. Отызға тарта сиырды келін
мен бала үйренген дағдымен лезде сауып алып, май айыра

бастады. Ертең Жезқазғанның базарына осы майды алып
Нұрила жөнеледі деген сөз. Атымтай атты қаңтарып қойып,
мотоциклмен қой қайырып жүр. Еркебұлан шетелдік қызыл
автокөлікпен ойқастайды. Шөп шабатын трактор төбешіктің

басында тұр. Тұрсекеңнің өзі «УАЗ-бен» базарға мал тасиды.
Қаладан балалар үшін екі үй сатып алған. Отыз қой осындай
берекеге алып келді.
Ауыл дегенді естігені болмаса, көзімен көрмеген менің

немерелерім улап-шулап жүр. Айсана мен Айдана қос түбіндегі
боталы түйенің боздағанына мәз болса, Ерасыл мен Қасым-
Назар есекке таласады. Жаздай мініс көрмеген көк есек қоңды.
Қаланың балаларынан лезде мезі болып, үй айнала қашып,

мініп алса, мөңкиді. Шаң қауып қалған екі ұл есекке қайта
мінгесіп, кинодан көргенін істеп, таяғын бұлғап, ешкілерді
жаудай қуалайды.

– Осы жақта қасқыр көп дейді ғой, – дейді қызым Ардақ

қауіп айтып.

– Көп екені рас. Ана жылы Кішкенбайдың Төлеутайының

сегізінші оқитын қызын касқыр тамақтап кеткен...
Осындай бір трагедияның болғаны рас еді. Мыңғырған
киіктерді мүйізі үшін өзіміз қырып салып, ашыққан қасқыр
ауылға кірген кез болған.

– Онда мен вагонға кіріп ұйықтаймын, – дейді қызым. Бір

жақсысы, Тұрсекең ақ үйдің қасына көк вагон әкеліп қойған.
Іші де қапырық емес. Түнде жаңбыр төге салып еді, біразымыз
соған тығылдық.
Баяу сөйлейтін Тұрсекең таңертеңгі қуырдақ үстінде шаруа

айта бастады:

– Сенің балаң былтыр жылқышы Ғалымға «УАЗ» әпе­-

ріпті ғой.

– Өзің де бір «УАЗ-ды» мініп жүрген жоқпысың?

– Бұл ескірді. Осыны балаларға беріп, жаңасын алсам деп

едім.

– Жаңа «УАЗ-дың» бағасын білесің бе?

– Бір миллион теңге көрінеді. Биылғы қой төлінің өзі

базарға шыққанда бір миллион болады. Маған да алып
берсінші! Дарханға тапсыр.
Кешегі күні кеңшардың бастықтары ғана мінетін «УАЗ-ды»
бүгін дәулеті барлар тақымға басады. Бұл жақта басқа көліктің

реті жоқ.
Түске таман Қоскөлге бет алдық. Тұрсекеңнің ескі деген
«УАЗ-ы» алдымызда ойқастап, біз мінген қала көліктерін дала
шаңына көміп келеді. Әр тұстан малшы ауылдардың нобайы

сағыммен оранып, көлбең-көлбең етеді. Әне, Ащысудың
бойында ақ боз үйлер көзге шалынады. Балық аулаған қаланың
орыстары да жоқ емес. Мынау оң жақта қалып бара жатқан –
менің парталас досым Қожамұрат Есеновтың шаруа қожа­лығы.

Кезінде «К-700» тракторын айдап, еңбектің озаты болған Қожа
қазір қой бағып, шаруасын күйттеп, көтеріліп келеді. Қой
бағып жүріп «Жұлдыз» бен «Қазақ әдебиетін», «Известияны»
оқитын, саясатты шемішкедей шағатын Қожекеңмен бір

сөйлескеннің өзі олжа, оның үстіне, былтырғы соғымым осы
ауылдан болғаны есіме түсіп, соғайық десем, қасымдағылар:

– Қожекең қазір қалада жүр. «Орбитаның» базарында қозы

сатуда, – деп көнбейді.
«Қоскөлдің» төбесі көрінгенде, менің жүрегім сыздап қоя
берді. Балам қашан келер деп, жолға қарап жүретін менің
байғұс анам енді анау зиратта жатыр. Жалпы, мен сағынатын

аяулы бейнелердің көбі не зираттан, не қаладан қоныс тепкен.
Біз мектепте оқып жүргенде, осы ауылда өмір қанбазар­дай
кайнайтын. Шалдар қандай көп еді. Бір сомнан салып бура
соғатын Зәбида әкей, Сарбас, Хасен деген майдангерлер

енді осы зиратта дамылдап жатыр. Осы ауылдың көшін өрге
сүйреген «керой» Әбілқас ағамыз, Жұртшыбай, Сайын, Мүгір,
Тапай, Іскендір, Жандарбек, Әбікен ағаларым... Кеңшардың
жұмысын опырып-жапырып, ел ризығын тасытып, осы

алыс ауылға жол әкелген, шам тартқан, мектеп пен аурухана
салған солар еді. Осындайда еске түседі: жеңгелері «шұбар»
атаған Нұрпейіс деген ағамыз жаяу қалжыңға есе жібермейтін
редактор Ишанбек марқұмның өзін сөзден сүріндіретін ділмар,

қалжыңқой кісі болды. Дүкен ұстады. Сауда жасауға келген
келіндерінің бірі ауылдағы тели сөйлейтін сөздің салтымен:

– Аға, дамбалыңыз бар ма? – десе:

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Бар ғой, шырағым, – деп күмілжіп, ышқырын сипайтын

көрінеді. Аңдамай сөйлеген келіні дүкеннен шыға қашыпты.
Қылтамақпен ауырып жатқан Нұрекеңнің көңілін сұрай
барғанымда:

– Басқа бір құдай келіп қалып, жазып алмаса, мына құдай

ауруымнан жазатын түрі жоқ, алып тынатын шығар, – деп,
келіп қалған ажалының өзімен қалжыңдасып еді-ау!
О жасаған, ат басындай ағалардың бір де біреуі қалма­ған.
Ауыл көңілсіз. Кешегі озат шопан Мейрам, «опыраулиш»

Ахат қалада жан сақтап отыр. Ауылдың ендігі ағасы Сапар
алдымыздан шықты.

– Осы ауылдың әкімдері Кеңес өкіметінен қалған бар

техниканы бөліп алып, сатқаннан басқаға қолы тимеді. Мынау
аулымызды көң басып бара жатыр, – дейді қамығып.
Шынында, тоқсан үйлі Қоскөлдің көшесі малдың қорда­
сынан көрінбейді. Әркім қорасынан шығарып, үйе берген.

Тау-тау. От тие қалса, ешкім өшіре алмас.

– Осыны біреу күреп берсе, әр үй бір малын беруге дайын

отыр, – дейді Сапекең.
Мен есепке кірісіп кеттім: тоқсан қойдың алпысы техни­
каның шығынына, еңбектің өтеуіне кетсе, отызы қалады. Отыз
қойдан ойсыратып табыс тапқан Тұрсекең – мынау. Ауылға

көшіп келіп, осы малға ие болсам, мен де байып кетер ме
едім? Отыз жыл баққан өлең сөздің оңдыратын түрі жоқ! Осы
ауылға алпысыншы жылдардың басында Қасым Тоғұзақов­тың
келгені, менің алғашқы өлеңімді тыңдағаны есіме түсті. Содан

кейін тірі жазушының келуі – өзім сексенінші жылдары ертіп
әкеп, өлең оқытқан Қайрат Жұмағалиев. Ол кездегі мектеп те,
мұғалімдер де ажарлы еді. Қайран Ұлданай апай, Роза апай,
Ғалиолла ағай, Сапар мұғалім қандай еді!

Елубайдың үйінде енді шайға кірісе бергенде, Өміртай­
дың баласы деген бір мұғалім үстімізге кірді. Сүр мас екен.
Жалаң аяқ. Киімінің мөрі көрінбейді. Шатып-бұтып сөйлеп,
мазамызды алды.

– Мынадан сабақ алған бала кім болып шығады? – десем,

ауыл ағалары көзімен жер шұқиды.
Осы ауылда мектептен өзге жұмыс көзі жоқ. Азғантай
айлықтың бірін алып отырған мұғалімнің түрі – мынау. Жұ­
мыс табу – ақырет. Менің Алпыс деген құрдасым биыл қыста

Алматыдағы маған қайта-қайта телефон шалды:

– Ауылға аңшылық инспекторының орны беріліп жатыр, –

дейді алыстан айқайлап. – Менің құжаттарымды Алматы­дағы
Черкашин деген біреу алты ай ұстап отыр. Сол орыстың тілін
тауып, маған осы жұмысты алып бер!

– Ауылдағы күллі киікті, қасқыр мен түлкіні Иманбек досың

екеуің қырып бітірдіндер, – деймін мен де телефонға айқай­­лап.

– Қыста аэрошанамен, жазда «Нивамен» қуып аттыңдар. Енді

не бетіңмен аң қорғайтын инспектор болмақсың?

– Әй, сен де қайдағыны айтасың. Киікті құртқан Иманбек

пен Аманбай ғой. Әлгі жұмысты әпермесең, тілімізді тістеп
отырмыз. Мал жоқ, мал жоқ болған соң, ақша да жоқ.

– Онда Алматыға кел. Әлгі Черкашинге бірге барып жалы­

найық.

– Ойбай, Алматының қайда екенін мен білмеймін, тауып

бара алмаймын. Сол жақтан бірдеңе етіп... Мені орналастыр.
Бір туысыңның мәселесін шеше алмасаң, Алматыда отыз жыл
не бітіріп жүрсің? – дейді Алпекең алқымнан алып.
Ауылға барғанда амандасуға жарамай, арқасын көрсете­

тін Алпекеңнің маған туыс екені рас. Үш атадан қосыламыз.
Бірақ, Черкашин бізге үш атадан қосылмайды екен. Содан
бері Алпекеңмен амандығымыз тағы үзіліп қалды. Есесіне,
ауылға барған сайын Алпекеңнің ағасы Тәлһаға сәлем беру –

салтымыз. Қырық жыл дүкен ұстаған Тәкең қазір ауылдағы бас
имам. Аятты заулатады. Жаназаның бәрін өзі атқарады. Бір
қызығы, біздің ауылда мешіт жоқ. Монша да жоқ-ау деймін.
Қоскөлдегі ең ауқатты деген кісі – бұрынғы ауылкеңес Доскен

болса, қалаға автобус жүргізіп отырғанмен, оның да қолы қыс­
қа. Былтыр келгенімде, құм ішіндегі әкемнің зиратына, Зәбида
қақпан құрған, Молдаш құс атқан, Көжекбай мен Түсіпбек шал
жылқы баққан бұйрат арасына жүрдек мәшинесімен апарып

келіп еді, биыл қозғала қоймады.

– Өз туыстарың бар ғой, – дей салды. Өз туысым дегенде,

ет жақыным – Әбсат көкем елуге келгенде туған Елубай ғана.
Көкем кайтқан соң, алты ұлдың бесеуі қалаға жылжып кет­
кен. Бірі – шахтада, бірі – зауытта. Шаңыраққа ие болып
қалған Елубай мен келінде жұмыс жоқ. Биыл төртінші қызы

туған Елубай ауылда балық аулайды. «Жыңғылдыөзек­ке» су
түскелі бері, балығы бірге келген. Ақбалығы, алабұғасы қалың.
Су тартылған сайын балық та қалыңдайды екен. Сол балықты

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
аумен сүзіп алып, Елекең оны тұздап, ыстайды. Ыстаудың
әдісін өзі тапқан, ешкімге айта қоймайды.

– Өзіміздің ноу-хау, – деп қояды әзілкеш Дәнияхан жеңгеме

тартқан әзілкеш, әнші інім.
Ыстамаған балығын түнімен қамысқа орап, суытып, таң ата
Жезқазғанға жетіп, базарға шығарады. Аптасына бір рет. Келісі

– жүз теңгеден. Екі жүз келі балық апарса, жиырма мың теңге

табыс түседі. Оның сегіз мыңын жалданған мәшинеге төлейді.
Қалған он екі мыңын Сақташтың баласы екеуі тең бөледі.
Екеуі – әріптес. Осылай шай-суын айырады. Биыл көктемде су
түспесе, бұл кәсіптері де тоқтайды.

Азғантай су ашып, тартылып барады. Ауылдағы елдің күні
осы. Жұрттың бәрінің баласы қалада. Қолы жеткені жұмыс
істейді. Жұмыс таппағаны көше кезіп, арақ ішіп, бұзақы­
лық жасайды. Тұрсынның бір баласының көзін Аманғазы­

ның баласы шығарған. Аманғазының баласының көзін де
біреу ойып жіберген. Біздің Нариман да төбелестің арқасында
түрмеде отыр. Темір тордың ар жағындағы інім маған анда-
санда телефон шалып тұрады. Біздің ауыл осындай.

Ауылдан аттанарда тағы да зиратқа соқтық. Аштықты,
соғысты бастан өткеріп, колхоздың бейнетін кешірген қайран
анам, аналарым мәңгі ұйықтап жатыр. Маржангүл апам, Әуеш
әжем, Күнжан әжем... Жеңгелерім...

Қимастарым жатқан бейітке қарай-қарай ауылдан ұзап
кеттім.
Алматыға келген соң, бір тойда жолыққан Қайрат
Байбосынов:

– Сенің апаңа арнаған бір өлеңіңді 1991 жылдан бері сақтап

келемін, – деді. – Ән шығарсам деп едім. Бір шумағын өзіңе
оқып берейін:
Сен өмірдің тауқыметін көп тарттың,
Көп тарттым деп, кімге бірақ өкпе арттың.

Бар сырыңды бүгіп, апа, ішіңе,
Қатарында келе жатсың көп қарттың...
Қайрекеңнің сөзі қамшы болып, әнін өзім шығарам ба
десем, қанша ыңылдағанмен, әуен деген де бір ғайыптың құсы

тәрізді, дерексіз нәрсе екен. Әуре болып жүрмін.

Баяғыда бір көрпенің астында өскен Тұрсекең ауылда қой
бағады, мен Алматы мен Астанада сөз бағамын.
Қайсымыздың мұратымыз ғасыл болары бір Аллаға ғана
аян.

Р.S. Осы жолдарды жазып болып, алыстағы ауылымды
аяушылық сезіммен еске алып отырғанымда, ел жақтан тағы
бір суыт хабар келіп қалды. Кезінде облыстың бетке ұстар озат
шопаны болып, Лениннің атымен әспеттелген орденді омырауына

тағып, кейінгі жылдары қаладан кәсіп іздеген екі ұлды сағалап,
Жезқазғанға келіп жан бағып отырған, бүкіл ауылдың тағдырын
қамыға ойлайтын сұңғыла қарт Мейрам Жақайұлы өмірден озып
кетіпті.

Тұрсынның, Алпыстың, менің ағамыз еді, Кожамұраттың
қайынатасы еді. Бір бәйтерек құлап түсті, бір қабырғамыз қирап
қалды. Соғыстың соңғы сарбазына топырақ салу үшін екі баламды
ертіп, тағы да жолға шығып барамын.

Алдымызда – мың жарым шақырымдық ұзақ жол...
Алматы – Қоскөл – Құлжанбай – Алматы.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н БАҚАНАСҚА БАРАСЫҢ БА... «М ода» деп аталатын бір құдіретті күш бар. Алғашқы немереміз туғанда ұлымыз бен келініміз: – Бала өздеріңдікі ғой. Есімін де өздерің қойыңдар, – деп Бақытжамал екеуімізге ерік берді. Әрі ойлап, бері ойлап, кішкентай қызымыздың аты «АсылАжар» болсын деп ұйғардық. Асыл да, Ажар да менің әжелерім. Екеуі де сүйегі Найман, қолдары ісмер, ыспадияр, ағайынға шарапаты көп тиген, заманында атаққа ілінген, көргенді кісілер болған екен. Немеремізге куәлік алуға барса, азаматтық хал актілерін жазу бөлімі (АХАЖ): – Мұндай есім біздің анықтамалықта жоқ. Академияның Тіл білімі институтына барып, қағаз әкеліңдер, – деп, екі бала­ ны әуре-сарсаңға салыпты. Академияның сөз білетін кісілері анықтама жазып беріп, әулие әжелеріміздің есімін жаңғыртуға рұқсат алып едік. Ұлымыздың орысша оқыған жолдаста­рына Асыл-Ажар деген есімнің ұнағаны сонша, олардың біразы кейін туған сәбилеріне осындай ат қоя бастады. – Мен немереме өз әжелерінің атын қосақтап қойдым. Ұмытпасқа белгі болсын деп едім. Сендердің достарыңа не жорық? – десем, бала мен келін: – Мода ғой! – деп күледі. Алматыда қазір біраз Асыл-Ажар бар. Мода деген құдірет ақын-жазушы ағайынның арасында да билігін жүргізіп тұрады. Баяғыда аңға шығу, саят құру деген мода болған. Мұхаңның, Ғабеңдер мен Елағаңның құс атуға барған хикаяларын аузымыздың суы құрып талай тыңдаған­быз. Кейін преферанс деген үрдіс ортаға кіріп кетіп, Әлжекеңмен, Ақселеумен, Сәкен серімен, Несіпбекпен ала қағаздың үстінде талай таң атырдық. Тәуелсіздіктің таңы атқалы бері бильярд деген мода үстемдік ете бастады. Жазушы атаулының бәрі бильярдшы. Кеңес өкіметі кезінде Сәкеннің, Қалиханның шар соғысы деген аңыздар болушы еді. Өзгеміз курортқа барғанда

ғана таяқ ұстаушы едік. Қазір Алматы мен Астананың қай
қуысына барсаң да, қаптаған бильярд клубына тап боласың.
Қайсысының босағасын аттасаң да, кемінде бір ақын, бір
жазушы шар қуалап жүреді. Бәрінің де қолында бір сиырдың

құнын төлеп алған таяғы болады. Шетінен чемпион. Шетінен
мақтаншақ.

– Мен барған бильярд жарысына Асанәлі Әшімов қатыс­

пайды, – деп Шөмішбай Сариев мақтанады: – Бәрібір менен
жеңілетінін біледі. Жарыс болғалы жатса, Асекең телефон
шалып:

– Шөмішбай қатыса ма? Онда мен несіне әуре боламын, –

дейтін көрінеді. Бір жолыққанда Асекеңнен:

– Рас па? – деп сұрасам, түлкі бұлаңға салып, анық жауап

бермей, күле береді. Сірә, Шөмішбай өтірік айтпайтын кісі
болуы керек.
Ибрагим Исаев «Бильярд» дейтін тамаша өлең жазып, оны
Алматы сауда палатасының президенті Ізбасар Бозаевқа арнап,

қазір досымыз Ізбасардың қолтығына өзі оңаша кіріп алды.
Кейде соның бильярд клубына түней салатын болыпты.
Ақын Темірше Сарыбаев қуысқа түсер-түспесін білмей,
сандалақтап келе жатқан шарға:

– Жаным, жаным! Келе ғой! – деп жалынады. Соны естіген

Исраил Сапарбай:

– Жарға айтатын сөзіңді шарға айтады екенсің! – депті.

Қай жерде бильярд жарысына сауын айтылады деп сайла­
нып жүретін Намазалы Омашев пен Бауыржан Жақып тас-таяқ
додасы табылса, түрленіп кетеді.
Бильярдтың хикаясы көп. Астанаға бара қалсаң, бастығымыз

Мырзатай Жолдасбеков:

– Үйге шақырып әуре болма. Бильярдқа шақырсаң,

дайынмын, – деп емеурін білдіреді. Зауқиыр шақыра қалсаң,
Қойшығара, Ақселеу, Секен Тұрысбеков деген серілермен
бірге құдалыққа келгендей сау ете қалады. Бәрінің қолында
бір-бір сүйріктей таяғы болады. Бильярдтың столына бойы

жетпейтін Несіпбек Айтұлы биік өкше етік киіп келіп, бәрін
ұтатын көрінеді. Мода деген осы! Бұл мода деген нәрсе қайта
айналып соғып тұратыны бар. Ғабеңдердің үрдісін жаңғыртып,
басқа өнерді әуектейін деп, аңшылыққа ден қоя бастадым.

Өзімнің мылтығым да жоқ, мылтық – Белгібай досымдікі. Тым

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
болмаса, сыртым аңшыға ұқсасын деген оймен су етік, киіз
қалпақ, сырма шалбар, жарғақ тон сатып алдым. Әйел қарсы
болмады: қаз атса да, қоян қуаласа да, қаланың сыртында, құба

түзде жүрсін дейтін болуы керек. Бильярдты сылтау етіп үй
қарасын көрмейтін қаламдастардың таң алдында қайдан келіп
жатқанын шынында да кім біліп болады?!
Сонымен, Бақанас жаққа қаз атуға барған сапарымнан бір

жолжазбам «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көре қалмасы
бар ма. Алдымен Алматы қаласының Қаржы басқармасы­ның
бастығы, ескі досымыз Қыдыр Тәжібаев телефон шалды:

– «Қазақ әдебиеті» дейтін оқымайтын газетім еді. Сенің

мақалаң шыққан нөмірді жігіттер әкеліп берді. Біздің ауылға
барып, бір үйрек ата алмай қайтқаның дұрыс болмаған екен.
Маған хабарласып қойсаң, үйрек пен қырғауылды үйіңе түсіріп
береміз ғой, – дейді.

– Сондықтан «Қазақ әдебиеті» деген газетке жазылу керек,

– деймін мен газеттің пайдасын көздеп. Былтыр Шымкент­тегі

ректор досымыз Уәлихан Бишімбаевтың үш мың дана «Қазақ
әдебиетіне» жаздырамын деп уәде беріп, сөзінің аяғы сұйылып
кеткелі бері осы газетке қарыздар секілді сезінемін.
Келесі күні Бақанастан ауданның әкімі едім деп Ерғазы

деген азамат телефон соқты:

– Біздің ауылдан құр қол қайтқаныңды «Қазақ әдебие­

тінен» оқыдым. Оның алдында өз еліңе, сосын қажылық­қа
барғаныңды да осы газеттен білдім. Жазушылардың газетін
жібермей оқимын. Бақанасқа жасырын, ұрын келмей, елдің
егесімен хабарласып, осындағы үлкендердің батасын алу керек.

Сонда үйрек пен қаз да, одан ірісі де қанжығаңа байланады.
Бізде жабайы жылқыға дейін бар. Тағы бір келіп қайт. Өзім
бастап жүремін, – дейді бейтаныс әкім.
Шынын айтсам, Бақанасқа барған екінші сапардан ора­лып

отырғаным сол еді. Көгермегір Мәлік құрдасым Іленің бойын
үш күн шарлатып, кеше ғана жылап қоштасқанбыз.
Бұл жолы «Қараойдағы» Мәліктің үйіне кештете жетсек,
аулада бір үлкен қара «Джип» пен доңғалақтары кісінің бойы­

мен бірдей, аса қуатты екенін сыртымен-ақ сездіретін жабық
машина тұр екен. Екеуінің де егесі – жасы алпыстан енді ғана
асып түскен, бойы тіп-тік, жүзі жылы Марат деген бизнесмен
болып шықгы. «Сарытұмсықтан» өгіз терісіндей жерді иелікке

алыпты да, соған аңшы Мәлікті қарауыл етіп белгілепті.
Шаруасы өрге жүріп тұрған кәсіпкердің доңыз атуға келген беті
осы көрінеді.
Мәліктің үйінде еліктің арық еті желініп болған соң:

– Былтыр он бір қабан атып алғам. Биыл да күздіктің мезгілі

келді ғой, – дейді сабырлы сөйлейтін Мәкең.

– Жеңгеміз орыс болмаса нетті? – деді соттың төрағасы

Белгібай.
Марат жымиды да қойды. Орыс болса, орыс шығар. Кім
кімді алмай жатыр?..
Мараттың пайдасын Белгібай екеуіміз сол түні-ақ көрдік.

Ілені жағалап, қаз бен үйрек қалың-ау деген бір тұсқа бойлай
еніп, тоқтай қалдық. Мәкеңнің көмегінде жүрген екі бала
жабық машинадан алдымен «Ямаха» деген двигательді түсі­
ріп, дыр еткізді де, сексеуілдің бұтақтарына үш-төрт шам­

ды іле салды. Түн серпіліп, айнала самаладай жарқырады.
Лезде қызыл-жасыл шағын шатыр да тігілді. Ақ пластиктен
жасалған төрт жеңіл стол ортаға тұра қалды. Дәл сондай жеп-
жеңіл кресло мен орындықтар, аппақ дастарқан. Сексеуілдің

алаулаған жалынымен тез жылынып, көңілденіп сала бердік.
Ақ дастарқанның үсті алуан дәмге толды: қазы мен жая,
шұжық пен тауық, тұздалған, тұздалмаған қияр мен қызанақ,
түрлі түсті қырыққабат, біз көрмеген тағы бірдеңелер. Жұмсақ

орамалдар мен сүлгілер, бұрыш пен тұздыққа дейін түгел үстел
үстіне жайғасты. Буы бұрқыраған бүйірлі ақ шәугімнен шай
да құйыла бастады. Ыстық тұшпараның бір табағын төңкеріп
тастаған Белгібай:

– Әйелді орыстан алу керек екен-ау! – деп есіней бастады.

– Ал енді доңыз атуға барамыз. Өз көліктеріңді жауып, мы­

на жабық машинаға мініндер, – деді Мәлік.
Жұмақ сол жабық машинаның ішінде екен. Кіре берістегі
кішкене темір пеш қып-қызыл боп, даланың суығын жалмап
тұр. Сол жақтағы кішкене қолжуғыш та сүп-сүйкімді. Төрде

төрт кісілік ақ төсектер. Марат пен Мәлік қару-жара­ғын
асынып, жылы киімдерін киіп, биік креслоларға жайғас­қан
қалпы бастарын люктен шығарып, төңірекке прожектор салуға
кірісті. Белгібай екеуміз екі мылтықты кезеніп, іште отыр­мыз.

Мылтық атар кезде бір түймені басып қалсаң, екі жақтағы
терезелер шалқасынан ашыла кетеді.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Ыңыранған жабық «Кунг» құмды кешіп, алға ұмтылады.
Қуатты шамдардың алысқа түсетін жарығы түннің қою
қараңғылығын айқыш-ұйқыш тілгілейді. Ана жерден де, мына

жерден де ор қояндар орғып шығып, «мені ат, мені ат» деп
тұра қалады. Доңыз бен қасқырдан өзге анды атпаңдар деген
қатаң тапсырыс алғанбыз. Доңыздың ізі бар да, өзі жоқ. Әрі-
бері­ден соң пысынап кеттік те, бар киімімізді шешіп тастаған

Белгібай екеуіміз екі төсекке сұлаған қалпымызбен, ұйқыға
бас қойдық. Қуатты машинаның ызыңы тербетіп, оған пештің
қызуы қосылып, ұйықтамасқа қоймады. Анда-санда, машина
қатты сілкігенде оянып кетсем, сот төрағасының қорылынан

басқа дыбыс құлаққа шалынбайды. Жоғарыдағы екі мылтық­
шы түн құшағына телміріп алған, бізде шаруасы жоқ. Шаруасы

– доңызда. Доңызы түскір жоқ – қамыстың ішінде олар да түс

көріп жатқан болар. Жақында ғана қажылыққа барып келген
мен үшін сол харамдардың қарасы көрінбегені жақсы...
Ұйқылы-ояу жатқан менің ойыма өзім туып-өскен Бай­
қоңыр даласы, Қарақұмның дүзген мен қоянсүйек, үшқат,

сағыз көмкерген шағылдары оралды. Құлжанбайдағы сегіз
жылдық мектепте оқып жүргенімізде, менің ұста әкем Зәбида
дәл осындай күз айларында түйемен аңға шығушы еді. Қос ауыз
қара мылтығына аша аяқ бекітіп алған майдангер қарт жұма­сына

бір рет түйесіне мініп, таң қараңғысында құмға сіңіп кететін.
Кеш түсе ауылға оралады. Бақырауық сары атанның жазы­
сына арқанмен байланған төрт-бес киіктің текесін көргенде,
Тұрсын екеуіміздің қабағымыз жабылып кетеді. Жабыл­ма­

ғанда қайтсін: Әкей дәретін алып, намазын оқып, Күл­бар­шын
апамның күрең шайына кіріседі, ал біз екеуміз әлгі теке­лерді
ауылдағы үйлерге таратуға кірісеміз. Біреуін құмға жабыса
салынған Есқали әкейдің үйіне, бірін дүкеннің қасын­дағы

Нұрпейістің үйіне, бірін «Бәтір-ау» әженің үйіне дегендей, екі
қара сирақ бала зыр жүгіріп жаяу тасимыз. Күзгі семіз текелер
қандай ауыр. Олжаны үлестіріп болған соң, өзімізге қа­лдыр­ған
текені сою да Тұрсын екеуіміздің мойнымызда. «Ұста пы­шаққа

жарымас» деген рас, күмістен жүзік соғатын ұста әкейдің киік
соятын пышағы да өтпейтін бір лөкет еді-ау!.. Келесі жұмада
осы бейнет қайта басталады. Бұл жолы киік жетпей қалған
үйлер Зәпекеңнің келесі аңшылықтан олжалы оралуын асыға

күтіп отырады. Тірсегіміз майысқан Тұрсын екеуіміз зыр

жүгіріп, теке таратуға кірісеміз. Осы күнгі балаларды дүкеннен
нан әкелуге жұмсасаң, қорс ете түсуден тайынбайды. Сол
Зәпекеңнің Тұрсын екеуіміздің келіншектеріміздің қолынан
шай ішуге ғұмыры жеткеніне де тәубә деп жүр едік қой...

– Ат, ат! – деген дауыстан оянып кетсек, қалың құмның

ішінде тоқтап тұр екенбіз. Прожектордың жарығына ілінген
сұр қоян орнынан қозғала алатын емес. Жоғарыдағы доңыз
атқыштар қоян атуға арланса керек (біздің ұйқы соғып
жатқанымызды қайдан білсін), кезекті Белгібай екеуімізге

беріп тосып тұр екен.

– Ат, ат! – дейді жарыса дауыстап.

Жартылай жалаңаш соттың төрағасы әлгі қоянның үкімін
іштей шығарып жіберген болуы керек, лезде мылтығын гүрс
еткізді. Сұр қоян мұрттай ұшты. Көп ұзамай мен де екі қоянның
мұрнын қанаттым. Ағарып таң да атты.

– Енді қаз атуға кеттік! Міне, өздері де ұша бастады! – деп

жоғарыдан Мәлік айқайлады. Терезеден бас сұғып, сыртқа
қарасаң, шынында да, сыпсындаған үйректер мен қаңқыл­
даған қаздар көл жақтан қарақұрым болып ерсілі-қар­сылы
ұша бастаған екен. Түсе-түсе қалып, бір-бір сексеуілдің түбіне

бұғындық. Төбемізден суылдап ұшқан қанаттылар оқ жетер
жерге төмендейтін емес. Оқ көп. Гүрсілдетіп атамыз. Құс­
тар серпіліп, одан әрі биіктейді. Әудем жерге барып қо­нып,
көлдің бетін азан-қазан еткен дауыстарымен жүйкемізге

тиетінін қайтесің...
Сәске кезінде оттың басына оралып, Мараттың Алматы­дан
ала шыққан дайын сорпасына бас қойдық. Менің есіме Төлеген
Айбергеновтің бір шумақ өлеңі түсіп, тост орнына соны оқып

бердім:
Алдында Ай дірілдеп ұзақ таңға,
Не жетсін айдын көлден құс атқанға.
Сол құсы құрғырыңды атпағанмен,

Өзіңді құс атқанға ұқсатқанға!

– Мұндай ақынды неғып білмейміз, – дейді бизнесмен

Марат сүйсініп. – Тағы айтып жіберші әлгі тақпақты.
Төлегеннің «тақпағын» қайта айта отырып, өзімнің жа­
қында ғана жарық көрген, сарайда жиналып тұрған «Құдіретке

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
жүгіну» атты кітабымды есіме алдым. Қырық жыл бұрын
өмірден өтіп кеткен сұрапыл ақын Айбергенов Бақанастың
қалың құмына енді жетіп жатса, менің тақпақтарымның күні

не болар екен?..
... Бақанастан телефон шалып тұрған аудан әкімі Ерғазы­
ға мен сол жақтан жаңа ғана оралғанымды айтқаным жоқ.
Шындап шақырса, тағы барып қалармын. Күтіп жүрсін.

– Жалғыз келме. Ақын-жазушыларды ерте кел. Айтысты

ала келсең, тіпті тамаша болар еді. Кешегі Қонаевтың елі деген
атымыз бар ғой. Ұятқа қалдырмаймыз! – дейді аңқылдаған ел
ағасы. – Мәлік құрдасыңа сыйлаған кітабыңның бір данасын
маған да қи!

Елең ете қалдым. Бақанас жаққа тағы кетіп отырсам ба екен?
Әттең, бильярдтың қызығына құнығып, көк түтінге қамалған
менің қаламдас достарым ере қояр деймісің?!
Сорлы Көкбай қор болды-ау, Осыншадан құр қалып! – деп

Абай ағам айтпақшы, ауылда, ен далада қандай қым-қуыт өмір
өтіп жатқанын қаланы мекендеген бильярдшы қаламгерлер
қайдан білсін...
Алматы – Бақанас – Қараой.

БІЗ АУЫЛҒА БАРҒАНДА С әтбаев атындағы совхозға ұша алмай үш күн жүрдім. Жезқазған қаласының аэропортына соңғы рет келгенде, кәсіподақ төрағасы Файзулла Әжібеков пен сол ауылдың сыйлы қарияларының бірі, отыз жылдай сауда қызметінде істеп, екі-үш жылдан бері зейнетке шыққан Нұрпейіс Құрманбаев жолыға кетті. Күннің шайдай ашық екенін, пәленің бәрі аспанда емес екенін, пәленің бәрі Сәтбаев атындағы совхоздың аэродром коменданты Мұхтар шалда екенін солардан біліп алдық. – Біздің Мұхтар күннің ашық-жабығына қарамайды, – дейді Нұрекең. – Самолетті қабылдауға ерінсе, «әлеу, Сәтбаевта көз көрінбейтін боран соғып тұр» деп хабарлайды да, шалдармен бірге үй жағалап шеке жеуге жүре береді... Қалжыңпаз, айткыштығымен аты шыққан Нұрекеңнің шыны ма, әзілі ме, ұға алмай қалдым... Сол екі ортада самолет бүгін де ұшпайтын болыпты деген хабар тиіп қалды. Бізден басқа жол тосқан он бес шақты адам тағы бар. Шұбырып аэропорт бастығының кеңсесіне бардық. Аэропорт бастығы Асқар Мақанов қабылдау бөлмесіндегі бізбен өз кабинетінде отырып, телефон арқылы тілдесетін болды. Бұл біздің жағдайымызды мүлдем қиындатып жіберді. Қашанда шағымды шуласып айтқан жеңіл емес пе... Телефон біреу-ақ... Трубканы Нұрекеңе бердік: – Асқар шырағым, біз мынау Сәтбаев совхозының адам­ дары едік... Иә-иә... келіннің дені сау ма? – Сәтбаев совхозының адамдарымыз дегенді қайтсін, – деп сөзге қабаттасты Файзолла. – Арамызда Алматыдан келген журналист бар деңіз! – Иә, ауылдан келгеніміз бар, Алматыдан келгеніміз бар, отыз адам үш күннен бері Сәтбаевқа ұша алмай жүрміз. Күн болса мынау, ап-ашық. Баяғыда, баяғыда деймін-ау, кешегі

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
45-ші жылы, көз көрінбейтін тұманда да дәл осы арбакеш
самолеттер фашистердің төбесінен түспеуші еді...

– Ойбай, Нұреке, соны айтыңыз. Ұлы Отан соғысына

қатысқаныңызды, ордендеріңіздің бар екенін неге қоспайсыз?!
КСРО сауда қызметінің үздігімін деңіз...
Менің Алматыдан келгенімнің салмағы шамалы екенін сезді
ме, Файзолла Нұрекеңнің өз абыройын алға тартты. Аэропорт

бастығы қатқылдау жауап берсе керек. КСРО сауда қызметінің
үздігі, зейнеткер қарт коммунист Нұрпейіс Құрманбаев та
нығыздыңқырай сөйледі:

– Алматыдан келген тілшімен есептеспесеңіз, ол өз шаруа­

ңыз. Бәрінен бұрын, біз осы совхоздың төрт адамы, кәсіп­
одақтың тегін жолдамасымен Болгарияға туристік саяхатқа
жүрмекші едік. Документтерімізді әзірлеп, өткізіп болғаны­мыз
осы. Енді үй ішімізбен дидарласып, айтпақшы, үйде Бал­сары

деген жеңгең бар, ана жылы өзің көріп ең ғой, иә сол Балсары
жеңгеңнің рұқсатын алып, екі күнде ауданға қайта оралуы­
мыз керек... Путевка күйіп бара жатыр. Осыны бір ойланшы,
шырақ... Біздің Болгарияға жүретінімізді обком да біліп отыр...

Нұрекеңнің қай сөзі өтімді болғанын қайдам, жарты
сағаттан кейін АН-2 самолетімен ұштық та кеттік.

– Айналайын обком, құдіретің күшті-ау! – деп шүкір­шілік

айтты Нұрекең, самолет Сәтбаевқа қарай анық бет түзеген
кезде.
Жұмысшылар комитетінің төрағасы Файзолла Әжібековпен
бұрын онша таныстығым жоқ еді, сөмкесін ашып, ішінен

Мұқағали Мақатаевтың бір томдығын алды да:

– Біздің ауылдың баласы болсаңыз да, кітабыңыз біздің

облысқа келген жоқ, – деді. – Мына кітапқа қолтаңба беріңіз...
Ішім жылып қоя берді... Нұрекең аудандық «Октябрь туы»
газетінің соңғы нөмірін қолыма ұстатты. Жергілікті журна­
листің «Медпункт жабық тұр» деген мақаласы бар екен. Соны

оқы деді. Оқыдым. Сәтбаев совхозындағы медициналық
қызметтің өте нашар екенін, учаскелік ауруханада медицина
сестраларының жетіспейтінін, бөлімшелердегі медицина­
лық пункттердің 7-8 айдан бері біржола жабық тұрғанын, ал

Жезқазған медициналық училищесін бітірген 7-8 адамның
ауылда бөгде жұмыспен айналысып жүргенін жазыпты. Соның

бәріне бас дәрігер Сайлау Сәбитов кінәлі көрінеді. Ауруханадан
өзіне жақпаған қызметкерлерді қудалап, мамандығы болмаса
да, өз туыстарын жұмысқа алған. Жедел жәрдем машинасын өз
шаруасына пайдаланып, істен шығарып тастапты.

– Мақаланы жазған адам – білмейтін адам. Сайлау өз

шаруасын да оңдырып жүргені шамалы. Қасқыр аулаудан
қолы тимейді. Соны жазу керек еді, – дейді Нұрекең. Туған
ауылымның жағдайынан біраз хабардар едім, көңілім жүдеп
қалды.

Екі сағаттан соң Сәтбаев совхозының орталығына келіп
қондық. Жал-жал қарды күреп, қоналқа жерді ашып қойыпты.
Аэродром басы қарақұрым кісі. Ауданмен де, облыспен де жол
қатынасы жоқ, бір ғана АН-2-нің қанатына қараған ауылдың

бар жүргіншісі осында көрінеді...
Сәлден кейін біз мініп келген АН-2 қайта гүрілдеп, көкке
көтерілді де лезде көзден ғайып болды. Алыстағы ауыл­дың
тып-тыныш аспаны тосындау көрінеді. Қыбырлаған көлік жоқ.

Қозыкөш жердегі ауылға жаяулап шұбырдық. Топтың алдында

– Нұрекең. Балсары жеңгемізге асығып бара жатыр-ау...

... Ауылда болған үш-төрт күн көзді ашып-жұмғанша өте
шықты. Былтырдан бері ат ізін салмаған ауылдың барша
тіршілігі бүкіл болмысымен қайтадан алдыма тартылғандай...
... Арал Қарақұмының Байқоңыр даласымен ұштасатын

талмау тұсындағы шөлейт аймақтан Сәтбаев атындағы совхоз
отау тіккелі биыл тура он жыл болды. Осы шаруашылықты
тоғыз жыл бойы облыстағы айтулы директорлардың бірі Ереже
Шоланов басқарған да, соңғы бір жылда Жұматай Қасым­

беков тізгінді қолға алды. Бұл екеуі – коллектив басқарудың
бір-бірінен мүлдем алшақ екі стилін ұстанған жандар. Ереже
Шоланов көбіне өзі біліп, өзі шешетін, қатты сөйлеп, қауырт
қимылдайтын, қиын деген шаруаларыңыздың өзін тізеге

салып, омыраулап жүріп-ақ орындап жүретін аса қажыр­
лы адам еді. Жұматай болса, көбіне мамандарға, қоғамдық
ұйымдарға арқа сүйеп, адамдардың өздеріне ерік беріп, сенім
білдіргенді тәуір көреді. Қатты сөзі жоқ, сынық мінезді, аса

сыпайы, интеллигент адам. Істің бәрін ақылдасып-кеңесіп
шешуге бейім. Ереженің үзілді-кесілді бұйрықтарына бой
үйретіп, басшының тегеурініне сеніп қалған ауыл адамдары
Жұматайдың осы мінезін әлі күнге сан-саққа жүгіртеді.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н Біреулер иі жұмсақ, жібі бос деп кінәласа, екінші біреулер жаңа директордың мұнысын үлкен тәсілге жориды. Бұрын дәл осы совхозда бас зоотехник, партия ұйымының секретары боп қызмет істеп, шаруаға көзі қаныққан Жұматайдың Ережеге ұқсағысы келмегені деп ұғады. Ауылдағы әңгіменің түтіні әр жерден көрінетіні содан: – Басшы адамның кесіп-пішіп айтпағанының несі жақсы дейсің... – Алды-артын болжап барып бір-ақ айтады да, сонысынан айнымай қалады. Білетін бала! – Біздің ауылға әзір ысқырынып тұрған басшы керек. Әйтпесе, бетімен кетіп қалады... – Не дегенмен, партия ұйымында тәрбиеленген жігіт қой, сыпайылығымен-ақ мысыңды басып жүре береді... – Асықпа, еті үйренген соң, бұл да дікілдеп тұратын болады... Бір қызығы, осындай алып қашпа әңгіме кеңсе маңындағы, ат үстіндегі адамдардың арасында ғана болып қоймайды, үлкен істен шеттей бастаған шал-шауқанның да аузына көп түседі. Ондай сөзді кейде Нұрпейіс, Мейрам секілді қарттар басып тастайды: – Бір директорды басасауы бар дедіңдер, ендігісін жуас деп кінәлайсындар. Бұл ауыл ма, бұл ауылға жағу қиын! Бірақ елдің аузына қақпақ қоя алмайсың. Ауылдағы үлкенді-кішілі шаруаның барлығына директорды қатыстырмай сөйлемейді. Көбіне мал жайы тілге тиек болады. Биыл қар жылдағысынан қалың түсіп, мал ертерек колға қарады да, шөп маялары лезде ошарыла жөнелді. Елу мың бас тебінге шықпаған соң, шөп шақ келер емес. – Жылда үй қарасын көрмейтін осы ауылдың шөпшілері биыл жаз бойы киік аулаудан артылмай қойды. Директор күнде зер салып тұрмаған соң қайтушы еді... – деседі. Шындығында дайындалған шөптің көлемі жылдағыдан артық болмаса, кем емес. «Қоянқарта», «Киік» сияқты үлкен шабындықтарды аралағанда, мұрты бұзылмаған үлкен маяларды көзіміз көрді. Соны қол созым жердегі қыстақтарға тасып беру қиын болып тұр екен. Ең бастысы, техника, техника емес – адам күші аз. Совхоздағы он К-700 тракторының алтауы былтырдан бері тоқтап тұр. Жүргізуші жоқ. «Киіктегі» негізгі

маяның басынан бөлімше меңгерушісі Жандарбек Әбіловты
жолықтырдық. Кара жер қозғалса, қозғалмас дейтін сабырлы
жігіт еді, сабасына сыймай күйініп тұрғанын бірінші рет
көрдім. Сөйтсем, шөп тасуға шыққан екі тракторшы – Абдол

Жаналин мен Қарақұмбай Қайратов тал түсте «тойып» алыпты.
Бір қолын екі ете алмай отырғанда, екі інісінің жерге қаратқаны
күйдірмей қайтсін...
Әупірімдеп жүріп К-700-дің екі тіркемесіне шөпті сірестіре

тиеп, бесін кезінде Абдолды Қоскөлге баратын күреме жолға
түсіріп жіберген соң барып Жандарбектің қабағы ептеп
ашылайын деді. Көз байланған кезде екінші К-700 жолға
шықты. Рульде – Қожамұрат Есенов. Мен Қожамұратпен

бірге жүрдім. Бір класта оқыған сырлас досым еді. Мұның
да тракторшы болғанына 15-16 жыл болып қалыпты. Қысы-
жазы үй қарасын көрмейтін, жұмыс десе бәрін тастап жүре
беретін, соның арқасында алғысты да, абыройды да жинаған,

аса орнықты жігіт. К-700-дің ұядай жып- жылы кабинасында
сырттағы уілдеген боранды ұмытып, біраз сыр шертістік.
Шаруашылыққа адам күшінің жетпей жатқаны совхоздың
басшыларын ғана емес, тұрғындарын да мазалайтын көрінеді.

Майдангер азаматтар мен олардың өкшелестері қазір жаппай
пенсияға шығып жатыр. Ендігі жерде бар шаруаны атқаруға
тиіс болса, олардың көбі мектеп бітірісімен қалалы жерге
тайып тұрады. Онда да тындырып жатқаны шамалы... Әйтеуір,

ауылда берекелі еңбек етіп жүрген жастарды саусақпен санауға
болады. Мұқаш Сарбасов, Иманбек Көбегенов, Өмірзақ
Кенжеахметов, Боранбай Тазабеков, Әбдіхамит Қызыров,
Бүркітбай Жаналиев, тағы төрт бес жігіт. Бірі – механизатор,

бірі – шопан, бірі – шофер. Жастарды ауылда орнықтырудың
бірден-бір жолы деп жыл сайын мектеп бітірушілерден
комсомол-жастардың шопандар бригадасы ұйымдастырылады.
Жыл сайын тарап кетеді. Өткен жылы да Сайлаубек Құлманов

бастаған 7-8 қыз-жігіт біріккен екен, бәрінің жабылып
бағып отырғаны 700 тоқты. Мұның экономикалық тиімділігі
қай деңгейде болмақ деген сауал бірден көлденеңдейді...
Дегенмен шаруашылықты рентабельді негізге көшірудің

біраз талаптары жасалып жатқаны сүйінтеді. «Қоянқартадан»
ашылған мал бордақылау пункті сондай игі шараның бірі ме

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
дедік. Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Сыздықов пен Иманбек
Көбегенов басқарған шағын топ қыс ішінде бордақылық
етке тапсырған тай-құнанның, кәрі жылқының әрқайсысы

323 килограмм салмақ басып, еңбектері жаныпты. Осындай
өрелі істер Сәтбаев атындағы совхоздың экономикасын өрге
бастырып жатқаны аян. Жыл сайын жоспардан тысқары
мыңдаған қозы, ондаған бота мен құлын табынға қосылады.

Соның нәтижесі – 1983 шаруашылық жылын совхоз 900 мың
сом таза пайдамен аяқтап шықты. Қожамұрат Есеновтың да,
өзге өндіріс озаттарының да көңілін тасытып жүрген мұндай
игілікке шынымен қуанады екенсің.

Қожамұрат екеуіміз жолшыбай Қойшыбай мен Кәрібай
Нұркеевтің жылқы қосына, Қуанышбай Досжановтың қой
отарына соқтық. Қай ауылда болсын қоғам малы үшін табиғат
кәріне қарсы тұрып жатқан еңбеккер адамдардың жүзі жарқын,

ісі өнімді.
Түннің бір уағында, Шұбаркөлдің тұсынан өте бергенде,
тоқтап тұрған манағы Абдолдың К-700 тракторын қуып
жеттік. Күндізгі «серуеннің» желігі басыла қоймаған Абдол

кінәлі ме, әлде техниканың өзінде бір кінәрат болды ма,
әйтеуір трактор айдалада өшіп қалыпты. Жол бойы жағалай
шашылған шөпті көріп, күндікке ыза болып келе жатқан
Қожамұрат әуелі кабинасында мүлгіп отырған Абдолды біраз

сілкіледі. Сақылдаған сары аязда дірілдеп жүріп, өз тракторына
Абдолдың тракторын тіркеп, сүйрелеп, бір сағаттың шамасында
әрең от алдырды да, тағы да жолға салып берді. Түн жарымы
кезінде ел қарасына іліктік. Қыстың көктемге ұласар осы бір

күндері Сәтбаев совхозы үшін барлық ауыртпалығымен, қат-
қабат қиындығымен қоса келді. Қарлы боран ауданға баратын
жолды да, мал қыстақтарына баратын күремелерді де сипап
өтті. Қақаған аяз жылу жүйесін де істен шығарды. Аурухана,

мектеп пен интернат, кеңсе ызып қоя берді. Оның үстіне, бірер
отардың шөбі таусылып қалды. Жеке меншік мал ұстайтын
үйлер де албарының ортайғанын айтып, кеңсе келгіштеп кетті.
Осы шаруалардың бәрінің барып тірелер жері Жұматайдың

алды... Жас директор байбалам-күйгелеңі жоқ, байсалды мінез
танытып, орнықты істерге мұрындық бола білді. Оның осындай
сабырлы қалпы мамандарға да сенімді сүйеу болды. Сапар
Қайратов, Сенбі Жиенбаев, Жандарбек Әбілов, Иманбек

Көбегенов секілді өңшең жөн білетін жігіттер бар шаруаның
басы-қасында жүріп, қайрат көрсетті. Олармен тізе қосып
жанқиярлық танытқан қанша шопанның, механизатордың
табандылығы осы күндері елдің аузына ілікті. Осының бәрі

директордың да арқасын кеңейтіп, қолын ұзарта түсті.
Қыс қаһарының беті қайтты дегенде облыстағы ең үздік
шопан деп саналған Мейрам Жақаев қария тағы бір шаруаны
күні бұрын болжап отырғанын сездірді.

– Бұл үргін-сүргін жылда көріп жүрген жағдайымыз ғой.

Әні-міне дегенше қардың да көбесі сөгіліп қалады. Осы
совхозда көктемгі көші-қонға қажет бензин-солярканың қоры
бар ма екен. Соны ескеріп пе Жұматай? – деді. Шынында да,
бұрынғы директор жанармай билігін өз қолына ұстап, тістей

қатып, жылдың қай мезгілінде болса да 20-30 тонна бензинді
іркіп отыратыны бұл ауылға мәлім еді. Жұматай май тізгінін
бас инженер Серікбай Бимағамбетовке берген. Ол да үлкен
шаруаға енді араласқан жас жігіт. Артын ойлай алды ма екен...

Осыны директорға ескертпекке Мейрам Жақаевқа ілесіп,
кеңсеге мен де бардым. Жұматайды шұғыл түрде ауданға
шақыртып кетіпті. Ол екі арада почтадағылар Мекеңе әскердегі
баласы Серіктен келген хатты табыс етті. Азаматтық борышын

өтеп бітіп, май айында ауылға келеді деп отырған Серік бір
екпінді құрылысқа көңілі кетіп жүргенін айтып, әкесінен
рұқсат сұрапты.

– Атасының басы! – деді Мекең күйініп. – Екпінді жұмыс

іздесе, осында келмей ме! Өз ауылын төрт аяғынан тік қоймай
тұрып, екпінді құрылыс іздеген несін алған?!

– Әлгі біздің ұлға телеграмма жіберші! – деді почта бастығы

Бәкірге: – Былшылдамай мерзімі біткесін тез ауылға қайтсын.
Осы Қарақұмның бейнетін кешкеніміз аз ба, көп пе?! Ендігі
кезек соныкі, солай деп жаз. Әй, тоқта, жазбай-ақ қой. Менің
айтқанымды айна-қатесіз жеткізетін орысша саған қайдан

келіп қалыпты? Үйге барып, өз қолыммен хат жазайын.
Мекең почтадан маркасы жоқ конверт алып, үйге қайтқан
кезде, кең даладағы оқшау селоның үстінен бір айналған АН-2
самолеті қонуға беттеп бара жатыр еді. Ауылдың біраз адамдары

аэродромға қарай шұбырыпты. Болгарияға туристік саяхатқа
баратын үш жерлесін ерткен Нұрпейіс Құрманбаев оларға бір
бүйірден қосылып барады...

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Автордан:
Кезінде «Қазақ әдебиеті» үшін жазылып, әлдебір себеп­тер­
мен жарияланбай қалған бұл очерк менің архивімде тоғыз жыл

жатқан екен. Уақыт қандай жүйрік десеңші! Осы шағын ауыл­дың
бейнесіндегі өзгерістерден-ақ замана желінің қалай ұйытқы­ғанын
жазбай тануға болатындай: совхоз да жоқ, обком да жоқ...
Шаруашылық ұжымы бар. Соны леп, тыныс бар. Алыстағы

ауылға көтерме жол салып, күнара автобус қатынайтын болды.
Теледидар барды.
Адамдарды айтсаңызшы! Күлкіден езу жидырмайтын аға­мыз

– Нұрпейіс Құрманбаев дүние салды. Өзгелері сау-саламат, қай­

та құру дейтін бір дүрбелең дәуірді де шығарып салып, енді баю­
дың көзін таба алмай, сабылып жүр. Ереже Шоланов болса, қазір
осы ауданның әкімі. Жұматайдан хабарым жоқ. Иманбек Көбе­
генов құрдасым бірер жыл рабкооптың бастығы болып, түкірігі

жерге түспей жүр еді, қазір қайтадан «шопыр» болып қалды.
Жер қозғалса қозғалмайтын Қожамұрат бір жолы басшыларға
қатты ашуланып, тракторымен кеңсені итеріп тастаймын деп,
жұмыстан шығып қалып... Қазір қайтадан трактор айдап жүр.

Қарақұмбай қой бағып кетті. Мейрамның әскерден келген баласы
Серік те бір мәшиненің асты-үстіне түсіп жүрген көрінеді.
Осының бәрі – Өмір.

ҚАҢҚЫЛДАП ҚАЗДАР ҰШҚАН КҮН Б ақанастың ар жағында, Балқаш көлінің бер жағында, Іле өзенінің Балқашқа кұяр сағасын алқымдап отырған «Қараой» деген ауылда Мәлік Әбдіров деген аңшы құрдасым бар. Аң аулау десе атасының құны кеткен адамдай, дүниенің бәрін ұмытып, екі көзін жұмып, кіріседі де кетеді. Ана бір жылы доңыз атамын деп жүріп, оғы қата тиіп, жаралы қабан өзіне қарсы шауып, содан сан етін осып жіберіп, өлімнен қалған. Ақыры жарадар аяғы аяқ болмай, бір жыл жанын көзіне көрсетіп, жіліншігін кестіріп тынған еді. Ағаш аяғына протез киіп алып, қырғауылдың соңынан жүгіргенде, бұл Мәліктің ақсақ екенін ешкім аңғармай қалады. Сол Мәлік «Қараойдан» телефон шалып: – Ойбай, ауылды құс басып кетті. Үйрегінен қазы көп. Тез жет! Бір жәшік оқ ала кел! – деп зар қақсағалы бір жұма болды. – Ол не қылған көп құс. Тұмау тиіп келе жатқан пәле шығар? — деймін шынымен қауіп ойлап. – Анау Қытайдың бірін-бірі түтіп жеген аш құрсақ тауығы болмаса, майдан қанатын қаға алмай жүрген қаз-үйрекке тұмау тиюші ме еді? Тез жете көр! – деп Мәлік құрдасым телефонның ішіне кіріп кете жаздайды. Бақанаста соттың төрағасы болып істейтін Белгібай досым да: – Мәлікпен қаз атуға шықсаң, жолай мені де ала кет. Саған бір мылтық, Ұлықбекке бір мылтық майлап отырмын, – деп, ынтықтыра түседі. Баяғы Мүсіреповтердің құс атуын кітаптан оқыған басымыз түрлі қиялға толып, төбеден топылдап құлаған семіз үйрекқаз көзге елестеп... Ұлықбектің ертеңі бітуші ме еді, оған қолды бір сілтеп, «Қараой» қайдасың деп, тартып отырдым. Сол ана жылы көрген «Қараой» – Қазақстанның барлық бұрынғы кеңшар орталығы секілді, сәл есін жиып, сәл арқа жүні көтеріліп қалған, өз күнін өзі көруге отыға бастаған ауыл. Біздің Қыдыр Тәжібаев досымыз ауылыма мешіт салдырып

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
бердім деп шақырғанда жете алмап едік: жан-жағын қоршап,
шырша егіп қойған еңселі мешіт осы ауылдың ажарын кіргізіп
тастағандай. Ұзатқан қызынан қалыңмалды мол алған ба, әлде,

зейнетақысы көбейгеннің әсері ме, Мәліктің де қоңторғай
дастарқаны көркейіп қалыпты. Семіз қаз бен қырғауылдың
асулы етінің қасына «Самтрестің» бүйірлі бір шөлмек арағын
қылқитып қойған екен.

– Ораза кезінде кісіге арақ ұсынып, өле алмай жүрмісің?

Өзің әрі емші, әрі молдасың. Мына соттың төрағасына айтып,
үкіміңді қиямет-қайымнан бұрын шығартып жіберейін бе? –
десем, Мәлік құрдасым:

– Сән үшін қойғанымыз ғой, ішпес болсаң, көзіңді салмай-

ақ қой! – деп ырқ-ырқ күледі. – Осы ауылдағы бозбалалар арақ
көрсетсең, құдық қазып беруге дайын.
Біздің ауылдың балалары да сондай еңбекқор болып бара
жатыр деуші еді...

Қаз бен үйрек «Қараойдан» жиырма бес шақырым жердегі
жайылма көлдің үстінде екен. Құмды кешіп, сексеуілді жарып
отырып, күн шығар-шықпаста әзер жеттік. Мәліктің былтыр
ұзатқан қызының күйеуі Қуаныштың әкесі Мүтәлиф осы

«Қызылтамдағы» көлдерді жалға алған көрінеді. Сексеуілді
өртеп жағып, мосыға қаз етін асып қойып, бізді тосып отырған
Мүтәлиф бүкіл Бақанасты жалға алғандай көңілді:

– Мына көлдің іші толған сазан мен жайын. Қытайдың

жалғыз ауын құрып едім, жыртып шыдатар емес! – деп апыл-
ғұпыл сөйлейді. Құрдасыңның құдасы кім болады? Сорпаға
жеті рет қайнатқан қабырғаның қатқан басы болмай ма?
Мүтәлиф ондай емес. Қамыс көрпені астына төсеп, оттың

шоғын саған қарай ысырып, қара шәугімнің түбіндегі қоюды
саған құйып, әбден бәйек болады. Көзінің үстіне былтыр
шыққан бармақ басындай меңі үлкейе түсіпті. Егер Несіпбек
Айтовты орта бойлы кісі деп санасаңыз, бұл ортадан жоғары

бойы бар, қағылез сары кісі.

– Осы сен Қапшағайда электр жағында жүруші едің ғой?–

десем:

– Одан күдер үзгелі бір жыл болды. Жарымаған айлығына

қашанғы телмірейін. Осы көлдерді жалға алып, ондатр аулауға
шарт жасастым. Күн көріске қолайлы екен, – дейді.

Бұл «Қараойда» елдің көбі ондатр аулайды. Терісін Алматы­
ға апарып өткізсең, бес жүз теңгеден айналады. Келіп қабыл­
даушылар екі жүз теңгеден көтеріп алады.

– Осы жердің бар қызығын Алматының орыстары көруші

еді, – дейді Мүтәлиф Көшкінбаев, – енді өзіміз иеміз. Бөтен
адамды бұл аймаққа қия бастырмау келісімшартта көрсетілген
міндетіміз. Ондатрды өзіміз бағып-қағып өсіреміз. Мына екі
бала соның қуырдағына құмар.

Мүтәлифтің сырықтай-сырықтай екі ұлы – Қуаныш пен
Нұржан еңбектің дәмін татып қалған өрімдей жігіттер. Көлдің
жиегіне шағын баспана тұрғызып, ішіне пеш орнатып тастапты.
Енді қара сылағын бастағалы отыр екен. Елтең-селтеңнің бәрін

қойып, жеке кәсіпке білек сыбанып кіріскен екі жастың талабы
тас жаратын түрі бар.

– Үйдегі екі сиыр мен бес-алты тоқты-торымға ондатрдың

тиын-тебені қосылып, есімізді жиып келе жатырмыз, – дейді
кәсіпкер Мүтәлиф.
Біздің кәсібіміз – қаз-үйрек атып алу екені еске түсіп,
рұқсат қағазымызды Мүтәлифке тапсырып, қамыстың ішіне

сұғындық. Құс атаулы таң бозынан бастап көлден ұшып шығып,
құрғаққа қонып жайылады екен. Төбеңнен өте бергенде атып
үлгеру керек. Белгібай, Мәлік үшеуіміз үш жерден гүрсілдетіп
атқанмен, бір қаздың қанаты қисайған жоқ. Тым биік ұшып

жүрді. Мәлік көгермегір:

– Сәл күн суытып, жел тұрса, төмен ұшар еді. Оқ жетпей

қалып жатыр, – дейді. Онсыз да күздің қара суығынан жаурап
қалған Белгібай екеуіміздің оны атарға оғымыз жоқ...

– Соо-нау Қызылтамның тұсында үйрек деген бықып

отыр, – дейді ол суайт. Мына қайыққа мінсеңдер, қамыстың
арасымен сырғып барып, үстінен түсесіңдер.
Шұрық-тесік ескі қайыққа мінуге жүрек дауалар емес.
Қалтылдап келе жатып, аунап кетсе, құдай сақтасын...

– Осы «Қызылтам» кімдікі болды екен? – деймін мен

әңгіменің бетін басқа жаққа аударып.

– Сол қызыл тамның ар жағында Арманд Андерсен деген

шведтің шалы тұрушы еді, – дейді сөзге Мүтәлиф араласып.

– Бақанастың құмының арасында неғып жүрген швед?

– Білмеймін. Жетпісінші жылдары сонда келіп, кішкене

баспана тұрғызып алып, отыз жыл өмір сүрді байғұс. Ұзын

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
бойлы, алып денелі... Осындай шведті бірінші көруім, – дейді
әңгімеші қызып кетіп.

– Мен өмірі швед көрген емеспін, – дейді соттың төрағасы

мырс етіп. Мүтәлифтің кекесінде шаруасы жоқ, сөзін жалғай
берді:

– Өзі бәлендей аң да ауламады. Мал да ұстамады. Ай сайын

Мәскеуден бір қапшық кітап, газет-журнал келеді. Соны оқып
жата беруші еді.

– Ол швед қайда?

– Былтыр қайтты.

– Кітаптары қайда?

– Сүйегі Туғанбайдың үйінен шықты ғой. Кітаптары әлі

күнге сол үйдің бір бөлмесін толтырып тұр. Аяғындағы бәтіңкесі
әлі бес жыл кисе, шыдас берер еді. Осы Жалайырдың шалдары
мені сүйегіне түсірмей қойғаны. Бәтіңкесін кисем деп едім...

– Оның бәтіңкесі қырық жетінші емес пе? Басыңа киейін

деп пе едің? – дейді Мәлік құда.

– Сол Андерсен қазақшаңызды лезде меңгеріп алды, – дейді

Мүтәлиф қосалқы сөзге елең етпей. – Анда-санда күркесіне
соға қалсаң, Жалайырдың шежіресін қолмен қойғандай
таратып беретін, байғұс...

– Неден қайтты?

– Қартайып өлді. Халі нашарлаған соң, «Қараойдағы»

Туғанбайдың үйіне апардық. Мені іздеп келген кісіге берерсің
деп қағаз жазып кетіпті.

– Ешкім келмеді ме?

– Екі жұмадан соң, Германиядан қызы іздеп келді.

Списалный қызы бар екен. Көп жылады байғұс.

– Списалный қызы деген немене?

– Сөзді бөлме! Өзінің қызы дегенім ғой...

– Ойбай, қаздар енді көлге қарай ұша бастады, – деді екі

бала өре түрегеліп.
Мылтығымызды жүре оқтап, қамыстың арасына сүңгіп-
сүңгіп кеттік. Жер сыз. Әр жерден бадырайған қабанның іздері
денеңді дір еткізеді. Қамысқа сұғына өскен жыңғылдың, қара

барақтың шық басқан бұтақтары жағаңа жармасып, етегіңнен
тартқылайды. Сымпылдап ұшқан үйректер, қаңқылдап хабар
таратқан қараша қаздар анда-санда төбеңе келіп қалғандай-ақ
болады. Гүрс еткізіп атып қаламыз. Құлап жатқан құс жоқ.

– Майы қалың. Бытыра батпай жатыр. Әйтпесе, атуларыңда

мін жоқ, – дейді Мәлік аңшы.
Екі таң, бір кеш «күзетте» тұрып, оқтың бәрін тауысып,
қайтатын болдық. Соқыр үйрек ата алмаған бізді аяды ма,
Мәлік пен Мүтәлиф екі-үш үйітілген құсты қапқа салып берді.

Ауға да бірер сазан ілінген екен. Әйтеуір әйелдің бетіне тура
қарайтындай халге келіп қалдық. Қалғанын өтірікпен жамап-
жасқап жіберуге бұрыннан кәнігі шеберміз.
Алматыға келгелі «Қараой» жаққа қарап кісінейтін болдық.

Кеңседе отырсам да қаңқылдап ұшқан қаздардың дауысы
құлағыма келгендей болады. Күн де суытып барады...

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н БАРАЙЫН ДЕСЕМ, ЖЕР ШАЛҒАЙ Т ұрсын Жұртбай екеуіміздің де азан шақырып қойған есімімізде кісі қызығарлық ештеңе жоқ. Досымыз Асқар Егеубай Тұрсын, Несіпбек Айтұлы үшеумізге арнап өлең жазып: Бұрай тартқан арқанын, Бурлактары-ай Арқаның, – деп аяқтапты. Ал Несіпбек болса: – Әй, сендердің есімдерің етістіктен құралған. Екеуің де етістіксің. Мен зат есіммін. Мені құрметтеп жүріңдер, – деп қажайды. Есімге байланысты осы қағажу аз болғандай, өзімнің бір ағам – Көбейсін де, екіншісі – Тұрсын. Үшеуіміз ағайынды үш кісінің баласымыз. Сөйтіп жүргенде, тұңғыш құдамның есімі Тоқтасын болып жолықты: Көбейсін, Тұрсын, Жүрсін, Тоқтасын! Сол Көбейсін көкем Жезқазғаннан телефон шалып: – Сенің ағаң, Мараттың әкесі Емберген қария дүниеден қайтты. Топырақ салуға үлгермесең де, жетісіне келіп кет. Тұқымымызда тоқсан алтыға келген өзге ешкім жоқ еді ғой. Бала-шағаңа жасын берсін, арнайы ат ізін салғаның дұрыс, – деп кеңес берді. Шынында да, ет жақынымыз болып есептелетін Емекең елдегі елеулі кісіміздің бірі еді. Күні кешеге дейін белі бүгілген емес. Атан жіліктері сидиған ұзын, қол-аяғы балғадай, алпамыс ағамыз ана жылы Марат екеуіміз сайлаудың әлегімен ойғақырға шапқыламақшы болып, батасын алуға барғанымызда: – Сен екеуіңді депутат етіп сайлайтындай, бұл Жезқазған, Қарсақбай табанында өзге ешкім қалмаған ба? – деп біраз бізге көңілі толыңқырамай отырды да: – Бұйрық біледі ғой. Бәлкім, өтіп те кетерсіңдер. Берейін батамды. Әгаракім, депутат бола қалсаңдар, біздің екі сиырға жыл сайын екі арба шөп түсіріп тұрыңдар, – деп қолын жайған. Көңілсіз берген батада баян болушы ма еді, Марат екеуіміз екі ай бекер арам тер болғанбыз.

Сол Емекең өмірден озып жатқанда, елге барып, Марат
досымның қасынан табылғанға не жетсін! Барайын десем –
жер шалғай. Баяғы мың жарым шақырымдық ұзын күре жол.
Ұшақпен ұша қояйын десең, баяғы 18 сомның билеті енді

жоқ. «Қазақмысты» басқаруға алған кәріс ағайындардың бүкіл
Жезқазғанды бауырына басып, билеп-төстегені аз болғандай,
Алматыға қатынайтын әуе жолын да «жекешелендіріп» алған:
ұшқысы келген күні ұшады, ұшпаса қояды. Билеттің бағасы

менің бір айлық жалақымнан асып жығылады.
Сонымен, барайын десем – жер шалғай, бармайын десең –
ел қандай!..
Естелікпен өмір сүретін жасқа шынымен-ақ келіп қалға­

нымыз ба, қайдағы-жайдағының бәрі еске түсе береді. Сол
сайлаудың алашапқынымен жүргенімізде, алдымызға Қасым
Қайсенов пен Камал Смайыловты салып, Байқоңыр ауы­
лына жұртшылықпен кездесуге келдік. Аттандап сөйлейтін бір

жеңгеміз:

– Осы сені жазушы деп шабылып жатырмыз. Жазғыш

бол­саң, осы өз ауылыңның өткен-кеткенін неге жазбайсың?
Аттың басындай ағаларыңды неге жазбайсың? Махаббат-
сахабат­ты қоятын кезің болған жоқ па, әдірам калғыр! – деп
шүйлік­кені бар. Айтты – кетті. Ыбырай Жақаевтың кетпені

секілді сол сұрақ менің көкжелкемнен әлі төнеді де тұрады.
Кейде шырт ұйқыдан шошытып оятады. Қаршадайымыздан
қалаға кетіп, елден қол үзіп қалған басымыз, ауылдағы ақсақал-
қарасақалдан сөз үйренеміз, әңгіме естиміз деп, әне барам,

міне бараммен жүргенде, сол абыз қарттар да түгесіліп бітуге
айналыпты. Міне, Емберген ағамыз да аттанып кетті.
Төрт-бес жыл бұрын Көбейсін көкемді, Бекіш жездемді,
сұңғыла Сабыр Момбекұлы қарияны қасыма алып, Бай­қоңыр­

дың оңтүстік-батыс желкесіндегі «Үйтасқа» арнайы бардым.
Жетпіс сегізінші жылы, Зәбида әкемнің зиратына қажет қай­
рақтас іздеп барғанымда, «Үйтас» дегеннің ешқандай қара
тас емес екенін көріп едім. Қақпақтастан қаланған қалмақ

батырының моласы екенін басындағы жұлдызша белгісінен
танығанбыз. Сол «Үйтастың» өзен жақ бойында быжыр­лаған
араб жазуына толы 50-60 жапа тас жатушы еді. Жазу бол­ғанда,
бәлен жылы бәленше туды, өлді деген дерек емес, кәдімгі

«Қилы заманның» тасқа көшірілген қолжазбасындай, ұсақ-

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ұсақ маржандай, мол жазу еді. Кітап беттері жерге шашылып
түскендей. Сол тас жазуларды ширек ғасырдан соң ұзақ
іздедім. «Үйтас» бар, белгілер бар, жазулы жапа тастар жоқ.

Ізім-қайым жоқ.
Сабыр ақсақал:

– Ана жылы осы Байқоңыр басында біреу тастан қора салып,

соған жазулы тастар қаланып кетті деуші еді. Кімнің қорасы
екенін де ұмыттым. Кеңес өкіметі құлағаннан бері талай үй
қалаға көшіп, талай қора бұзылды ғой, – деп сарыуайым айтты.
Сабыр шалдың бізге сойған лағының басы піскенше, талай

кісіге сұрау салдық. Тастағы жазулар таптырмады. Осы әңгімені
Ақселеу Сейдімбекке айтқанымда:

– Құрттың-ау, бала! Жерден қазсаң да, табу керек еді! Тарих

сені кешіре қояр ма екен? Томсон Орхонның бойына барарда...

– деп бір ұзын сонар әңгімені бастап кеткен.

Іздеймін деген кісіге, «Үйтас» орнында тұр. Оның өзен
жақ беті қаптаған қалың тас. Қай төбенің етегінен көргенімді
қайдан білейін...
«Үйтасты» сол иыққа алып, әрі жүрсең, шым-шытырық

дала жолдары андыздап қоя береді.
Осы құба жонда осыдан отыз жыл бұрын ондаған мың киік
баласы өріп жүруші еді. Тұрсын Нұриланы алып қашатын
жылы мамыр айының басында, қара жолдың үстінде балалап

жатқан киікті жарып өте алмай, тоқтап қалғанымыз есімде.
Сол жылдары біздің ағайындар сырттан кісі келіп қалмаса,
мал соя қоймайтын. Киіктің ақбас текелерінің сүйкімді еті –
елдің ырысы еді. Енді киіктің суретін балаларымызға кітаптан

көрсетіп, ертегі айтатын болдық. Ол ертегіңе сенетін бала да
жоқ. Соңғы бір жылдары жол үстінде аңырып тұрған екі лақ
текешікті сусыз жерде шөлдеп өледі ғой деп, мәшинемізге
салып алдық. Бармақтай ғана мүйіздерінің түбінен шып-шып

қан шығып тұр екен.

– Өсіріп, бағып-қағарсыздар, – деп, кеңшар директоры

Дүйсебек Дүйсенбаевтың үйіне апарып бергенімізде, көпті
көрген Дүйсекең:

– Ойбұй, бұл радиацияға ұшыраған жануарлар ғой. Мынау

қанды көрмеймісің? Бал беріп бақсаң да, қатарға қосылмайды,

– деп өкініш айтқан. Сол екі лақ шынында да мал болмады.

Киігіңіз не, радиацияның сәулесі сол жылы құлын біткенді

баудай түсірді. Ірі басты жылқы төзеді екен де, қарақұлақтанып
үлгермеген құлын тұрған жерінде сеспей кататын көрінеді.
Біздің Ұлытау ауданы осындай сұмдықты да көрді-ау.
Ұлытау демекші... Сәбит Мұқанов әкемізден қалған

дәстүрмен, бірді айтып, бірге кете береміз. Әлқисса, әлгі екі
лақты тауып алатын жолы, Ұлытаудың теріскей бетіндегі
«Ащыкөл» деген балшықты суға ем алуға бардық. Әулие-әнбие
көбейген, ем-домды көрінген бұлақтан, таудан-тастан іздеп

кеткен бір заман еді ғой. Рас, әлі де дос алдамаған, жолдас
сатпаған, адам біткен бір мейірбан шақта әлгі Дүйсебек ағамыз,
Мұхтар Бәйменов пен Серікбай Омаров досымыз, аудан
басшысы Серік Тілеубаев «Ащыкөлдің» басына үй тігіп, егін

шаруашылығының бір көк вагонын қойып берді. ЬІдыс-аяқ та,
көрпе-жастық та су жаңа. Айдалаға тоңазытқыш та әкелінді.
Айтайын дегенім – «Ащыкөлдің» беті толған сыңқылдаған
аққу кұс. Қоға-құрақтың арасы – сутышқан. Қырқадан ассаң

болды – мыңғырған киік. Қаратай деген қайнағам екеуіміз
дырылдаған ескі «Москвич» көлігімен топ киікке барып
араласып, суретке түсіреміз. Көзі баданадай жарқыраған киік
баласы қандай сұлу! Түн ортасына қарай маңырап-жамырап

мыңдаған ақбөкен суға құлағанда, жым-жырт түн ертегінің
еліндей күйге көшер еді. Осы өлкеге енді барсаң, емге майын
қуыратын суыр таппай сандаласың. Қойнауы құтқа толған
Ұлытау мен Кішітау, Желдіадыр тандырдай кепкен табиғаттың

музейі тәрізденіп, көңіліңді кұлазытады. Бір ғажабы, калай
қарай жүрсең де, қаптаған зираттарға, қараусыз қалған
молаларға жолыға бересің. Бір қырқаға шыға келгеніңде,
мұржасы сорайған Карсақбай мыс зауыты, оның іргесіндегі

құлаған үйлер, қалқайған қабырғалар көзіңе шалынады. Кеше
ғана соғыс жүріп өткен өңір тәрізді сұрықсыз сурет көңіліңе
қаяу салады. Елестен қашқан кісідей, тезірек жолға түсіп,
ауылыңа жеткенше асығасың...

Көтерме жол «Жыңғылдыөзектен» өтіп, біздің «Қоскөлге»
жете бере таусылады да, қара жолдың сорабы екі айырылып,
бірі – зиратқа бұрылады, бірі – ауылға кіреді. Зиратқа баруға
қанша асыққанмен, ауылды аттап кетуге болмайды. «Итсіз

ауыл – қорымдағы» аналарым, әкелерім, бауырларым жаққа
қарап, жүрек сыздағанмен, дәстүрге бағып, ауылға кіресің.
Біздің түсетініміз – Елубайдың үйі. «Жыңғылдыөзектің»

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
балығын аулап, ыстап, қалаға өткізіп жүрген кәдімгі Елубай
ғой. Келініміз Ардақ екеуі тапса, тоқты сояды. Таппаса... Әй,
таппаған күні жоқ-ау. Үйелмелі-сүйелмелі төрт қыз өсіріп

отырған Елубай:

– Келіндерің биыл да қыз туды. Мені жұмаққа барасың

деп қуантып қояды, – деп әзілдейді. Екі үлкені – Айсұлу мен
Күнсұлу апасының қыс киесің деп әкелген жылы киімдерін
киіп алып, пысынағанына карамай, шарайнаның алдында
көлбеңдейді. Жетінші сынып оқып жүргенімде ағам Жұмағали

маған да костюм- шалбар, табаны падош туфли, тор көз көк
ала жібек көйлек әкеліп, мектепке барар кезге шыдамым
жетпей, мұздай киініп алып, Ембергеннің үйінің тұсынан бұзау
қайырғаным есімде...

Елубай мен Ардақтың күрең бауырсағы пісіп, самаурыны
божылдағанша:

– Ассалау... – деп Сапар Қайратұлы ағамыз кіріп келеді. Бұл

бұлжымайтын дәстүр. Соятын тоқты-торымның бар-жоғын
түгендейді, отын-суды тексереді. Кешке электр шамының
сөніп қалмауын қадағалап, оған бір шөлмегін жөнелтеді.
Сонсоң барып шайға отырады. Еттің наны салынды-ау деген

кезде бұрын ауылкеңес болған құдамыз Доскен де босағадан
аттай береді. Басқа ешкімді біз де іздемейміз. Тұрсын отарда
болар. Нұрила жеңгей терезесін бүркеп алып, үйінде жатады.
Жортуылға күн қызуы басылған соң, кешкілік қана шығады.

Жылқы отарын басқарған, кісілігі мол Жандарбек ағамыз
біздің шаңымыз қыр басынан көрінгеннен-ақ Елубайдың
үйін бетке алушы еді. Ол кісі бір-ақ күнде о дүниелік болып
кете барды. Іскендір ағамыз да, Мүгір ағамыз бен Мейрам

ағамыз да әлдеқашан аттанып кеткен. Біздің қатарымыздан
ауылда қалған Иманбек пен Алпыс мен келді деп естісімен, «аң
қарауға» жөнеледі. Артық кісі күтіп неғылсын...
Айтпақшы, сол шалдардың көзін көрген, тәрбиесін алған

Құлжанбай деген ініміз Сапармен ілесе келіп, отын жарып,
мал сойып, шаруаны үйіре жөнелетіні бар. Ішің жылып
қалады. Осындай бір тәуір балалар Әпек ағамыздың үйінде де
бар. Аттары да қызық: Тәуекел, Келсеңкел, Алыпкел, Ұмтыл,

Вперед. Тәуекел бізбен қатар. Впередті де қатар-құрбысы
«Пеке» дейтін болыпты. Әпекеңнін балалары сабаққа онша
алғыр бола қоймапты. Жазда, оқуға түсу науқаны басталған

шақта, Әпек те бір баласын жетектеп, қалаға жүрейін деп тұрса,
ауылдастары:

– Осы балаң оқуға түсіп не жарытады, Әпеке? – деп

қажапты.
Сонда Әпек:

– Балам оқуға түспейтінін өзім де білем. Әншейін, Әпек те

баласын оқуға апара жатыр екен деген сөз шықсын дегенім ғой,

– дейтін көрінеді.

Сол баласы Тәуекел ақыры институт бітіріп, біраз жыл
осындағы мектептің де директоры болды.
... Елубайдың үйінде қона жатып, зиратқа шұбырып
барып, әке-шеше, ағайын-туысқа аят бағыштап, мауқымыз

басылған соң, жайлау іздей бастаймыз. Қоскөлдің басындағы
әйелдер жалқаулыққа үйренген. Бір үй бие байламайды.
Сиыр сауатындардың өзі аз. Мейрам көкемнің үйіндегі Жібек
жеңгеміз қысы-жазы ашымал ұстаушы еді, енді, міне, Мекең

де, Жікең де бұл пәниде жоқ. Жалғыз інгенін сауып отыратын
Ахат ағаға сәлем беріп, шұбатын қотарып кетуші едік, ол үй де
Жезқазғанға қоныс аударғалы неше жыл болды. Обалы нешік,
кұмның іші толған жеке шаруалар. Қайсысының қай өзекті

сағалап отырғанын кісі біліп болмайды. Кешегі мұғалімдер,
кешегі дәрігерлер, кешегі шопыр-тракторшылар бес-он қойын
айдап, малшы боп кеткен. Бәрінің байығысы келеді. Алла
соларға оң көзбен қараса екен, тоқтысы егіз туса екен деп

тілейсің. Байып жатқандары да жоқ емес. Соның бірі – менің
туған жиенім Қуанышбай Досжанов. Апам Қалия қайратты,
қажырлы, көргенді кісі еді. Ақбоз үйді қосарлап тігіп, үйірлеп
бие байлап, күмпілдетіп саба пісіп, мейман келсе екен деп

елеңдеп отыратын. Ол жылдары Көбейсін, Шымболат, Мұхтар
бәріміз сол ауылдан жиі табылушы едік. Апам түйе қарап
кеткеннен бері, жиеніміз жөн таба алмай қалды. Қойдың саны
мыңнан асып, мінетін көлігі көбейген сайын Қуанжан дәулетін

айтып мақтанатын, жер-көкке сыймайтын болды. Бұрын менің
«Жезкеме» деген өлеңімді әнмен айтып қарсы алушы еді, қазір
сөзінен жаңылысатынды шығарыпты. Жаңа кітаптарымды
да оқымайтын тәрізді. Содан ба екен, мен де ол ауылға ат ізін

салмай жүрмін.
Ең шырайлы ауыл – «Ұзынсордағы» Ғалымның ауылы.
Жандарбек көкемнің түтінін түтетіп отырған Мәруа жеңгеміз

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
аударып-төңкеріліп әзер жүрсе де, ұлдарын шаруаға жегіп
қойған. Кешегі мың жылқының жұрнағы әлі де берекелі. Табыс
та бар, мақсат та мол. Жасы қырыққа келгенде Нұрперзент

атты ұл сүйген Ғалым ініміз соңғы жылдары көшелі кісілік
тауып келеді. Барсаң, құлын сойып қарсы алады. Биенің сүтіне
шомылдырады. Қысқы соғымыңа да ен салдырып жібереді.

– Шіркін, ауылым-ай! – деп, Темірхан Медетбек айтпақшы,

алшаң-алшаң басасың. Талтайып тұрасың. Шалқайып жатасың.
Аяулы ағаларыңның, жайдары жеңгелеріңнің сиреп қалғанына
жүдеген көңіліңнің наласы сәл де болса сейіліп, көрген күніңе,
кешкен ғұмырыңа шүкіршілік етесің. Мәруа секілді ескінің

көзі анаңдай аялап, арқаңнан қаққанға марқаясың.

– Әй, қайным! Нұрперзентімнің бір жасқа толғанын

Жезқазғанның ресторанында тойлаймын. Ат шаптырамын.
Алматы деген мына тұрған жер емес пе, келін екеуің қалайда
келетін болыңдар! – дейді Мәруа мерейленіп. Келмей
қайтушы едік. Жалғыз Мәруа емес, қалада отырып-ақ үйткен

қойдың жамбасын алдыңа тартатын Айман, Әтір, Күлмәрия,
Жібек, Кеңгірбайдың Күләші секілді балбармақ жеңгелерің,
Фатима, Балгүл, ІІІынар, Бәйкеңнің Күләні секілді ыспадияр
келіндерің сол баяғы ескі ауылдың сарқытындай болып,

көзіңе оттай басылып жатса, елге қарай құстай ұшарсың! Туған
жермен қатынаспай қалған азғантай айларда жаның жабырқап,
бір жақсыңды жоғалтқандай, бір қызығың кем болғандай,
елегізу күй кешесің. Хабар күтесің. Жақсы хабар келсе екен деп

тәңірден тілейсің.
Емберген қарттың қырқы да таянып қалды.
Барайын десем – жер шалғай, Бармайын десең – ел қандай!..

ІІІ бөлім. ЕСТЕЛІК-ЭССЕЛЕР ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ Ж етінші сыныпта оқып жүргенімізде бізді ком­ со­мол қатарына қабылдау үшін дайындай бас­ тады, жаттамайтын бәлеміз жоқ: Партияның көсемдері, комсомолдың ордендері, футбол командалары­ның құрам­дары... Тбилисидің «Динамо­сында» кімдер ойнайды десе, сайрай жөнелеміз: – Месхи, Метревели, Чохели... – «Лениншіл жастың» редакторы кім? – Шерхан Мұртазаев. – ҚЛЖКО Орталық комитетінің бірінші секретарі кім? – Өзбекәлі Жәнібеков! – деп тақ етеміз. Бізге Чохели мен Жәні­бековтің айырмасы шамалы. Тек атын білсек болды. Арал­дың Қарақұмына сұғынып жатқан «Құлжанбай» ауылын­ да 1963 жылы есімін Сапарғали ағай жаттатқан сол Жәнібеков аға­мен ширек ғасырдан соң қоян – қолтық араласамын деп қара домалақ қыр баласы қайдан ойласын. – Орталық Комитеттің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков­тің столының үстінде сенің кітабың жатыр. Маған бір өлеңіңді

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
оқып, қатты мақтады,– деп бастығымыз Сағат Әшімбаев
қуанып келді.

– Енді жаман болмайсың! – деп Қайрат Жұмағалиев ағам

желпініп қояды.
Ақындар айтысы өтерде бір, өткен соң бір ЦК-ға шақырып
алып, әкеме танытып жіберетін қаһарлы хатшы жазған-
сызғанымды мақтап жатыр дегенге онша иланыңқырамай жүр

едім, наурыз мерекесіне байланысты теледидардан сөй­леген
сөзінде менің «Ұлытауға бардың ба» деген өлеңімнен үзінді
оқып, шынымен-ақ төбемді көкке тигізді.
Бір сенбі күні Өзекең Сағат Әшімбаев екеуімізді шақы­

рып алып, ұлттық рух, дәстүр мен салт, тіл мен әдебиет жө­
нінде ұзақ кеңес құрды. Әртүрлі жиындарда, басқосуларда
құ­лақты жауыр еткен қысыр кеңес емес, елдің, ұрпақтың қа­
мын жеп, болашағын болжаған кемел ойлар, көреген пікір­лер

ортаға түсті. Қасаңдау, қатаңдау көрінетін хатшы осы жолы
алысты аңғаратын ақылгөй аға кейпінде ашылып сөйледі.
Арқалықтағы мәдениет үйінің қабырғаларын өз қолымен бояп

– сырлағанын еске алғанда, бұл кісінің қарапайым болмысы

өз топырағымыздан екенін танып, іш тарта түстік. Айтқан
ақылы да, жүктеген тапсырмалары да партия қайраткерлерінің
әдеттегі нұсқауларынан гөрі қанаттас, пікірлес кісінің қамқор
пейілі іспетті еді. Түс әлеті болғанда:

– Осы екеуіңде үй – күй жоқ па? – деді сөз ауанын оқыс

өзгертіп.

– Неге, Өзеке? Бар болғанда қандай.

– Бар болса, осындай қаға берісте төрлеріңді көрсетіп,

хатшыға үйлеріңнен шай бермейсіндер ме? Ал, қайсыларыңның
үйіңнен түстік ішеміз?
Сағат екеуіміз басымызды ала қаштық. Біздің түсінігі­мізде
хатшыға үй көрсету үшін шабылып дайындалу керек. Аста-

төк дастарқан жайылу керек қой. Сағат Медеуге барар жолда
бой көтерген бір әдемі үйге қызығып жүргенін, ол үйдің көше
жақ бетіндегі қабырғасында тұлпар бейнесі ойып қашал­
ғанын сөз етіп, сондай бір оңаша үйде ғұмыр кешуден артық

бақыт болмайтынын айтып, қиялдың қанатына ілесіп кетті.
Оның қиялының келісті болғаны соншалық, үшеуіміз Ор­
талық Комитеттен жедел шығып, әлгі Сағат айтқан әсем үйді
көруге бардық. Әрине, осы күнгі байшыкештердің салтанатты

сарайларының көлеңкесі іспетті сол үйге қарап тұрып, талай
қияли әңгіме айттық.

– Өзеке, сіздің де үй-күйіңіз жоқ па? – деп қалжыңдадым

хатшыға бойым үйрене бастаған мен.

– Неге жоқ?

– Әлгі түстік мәселесін сол жерде неге шешпейміз дегенім

ғой...

– Бір де бір! – деді Өзекең...

Өзімнің маңайымдағы адамдарға орынды-орынсыз көп
айтылатын қалжыңдарымның бірін хатшыға осылай «өткізіп»
алған соң, оны жиілете бастағанымнан шошынған Сағат
марқұмның бірде «соңғы шара» қолданғаны есімде қалыпты.

Әріптесіміз Төлеубай Қаймолдиновтың бір баласы үйленіп,
тойы «Қазақстан» қонақ үйінің астындағы қызыл залда өтті.
Мен тойдың орта кезіне дейін қатысып, одан соң Өзбекәлі
Жәнібековпен бірге сапарға аттанып кетуім керек еді. Мені

шығарып салып тұрған Сағат:

– Бақытжамал, мына күйеуіңе айтшы, хатшымен жезде­

сіндей әзілдескенді қойсын. Осының қалжыңдарынан менің
зәрем ұшады,– дегені бар. Дос пейілмен айтылған бұл кеңесті
ескеруге ант- су іштім де, сол сәтінде-ақ ол уәдемді ұмытып
кеттім. Өз-ағаның өзімсініп, іштартқан бір ауыз сөзі менің ол

кісіден қатер тоспауыма себеп болып жүр еді. Сенбі күнгі бір
оңаша әңгімеден соң:

– Көлігің жоқ шығар. Жұмысыңа апарып тастайын ба?–

деді. Орталық Комитеттің терезесінен көрініп тұрған өз кең­
семе жаяу барып үйренген маған көліктің қажеті не?

– О не дегеніңіз, Өзеке. Өзім жетем ғой.

– Қой, апарып салайын. Жүр.

Мен «Волганың» алдыңғы орындығына отырдым. Хатшы­
ның шофері мені Тимирязев кешесінің Желтоқсанмен қиы­
лысында түсіріп кеткісі келгенін аңғарған Өзекең:

– Телестудияның есігінің алдына дейін алып бар! – деп

пәрмен берді.

– Әуре болмасын, өзім-ақ басқышпен көтеріле саламын

ғой,– дей беріп едім:

– Тыныш отыр! – деді Өзекең.

– Көрсін сені хатшының өзі әкеліп түсіргенін...

Жүйіткіген машина зыр етіп жоғары көтерілді. Есіктің
алдында жүрген екі-үш орыстан басқа ешкім көзге шалын­­бады.

– Мыналардан басқа ешкім бізді көрмейтін болды-ау, – деп

жымиды Өзағаң.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Ойбай, Өзеке, осы үшеуінің көргені үш жүзге жайылады.

Жетіп жатыр осы.

– Ендеше, бар жұмысыңа.

Мәшинеден түсе беріп, көз қиығымды салсам, не жүзінде,
не жанарында күлкінің ізі жоқ.
Осы сәтті кейін сан рет көз алдымнан өткіздім. Бұл не

– қалжың ба? Қалжың болса, қамқор пейілден, мейірбан

көңілден шыққан қандай әдемі қалжың: қатардағы қаратабан
журналисті Орталық Комитеттің хатшысы жұмысына әкеліп
тастап жатыр!
Тағы бір жолы кабинетіне шақырып алып, Ұлытау өңірін­

дегі тарихи – мәдени ескерткіштер туралы әңгіме айта бастады
да, кілт сөзін доғарып:

– Айтқанымды неге жазып отырмайсың? – деп шүйліге

сұрады.

– Өзеке, мен өзім Ұлытаулықпын ғой. Сіз айтып отырған

кесенелердің бәрін шарлап шыққанмын.

– Хатшы жазып отыр десе, жазып отыру керек! Одан да

қаламым жоқ еді деп, шыныңды айтпаймысың! Мә, мына
қаламды ал.
Қызыл сиялы қаламмен жазылған сол деректер менде
әлі сақтаулы тұр. Арқадағы көне дәуір жәдігерлері туралы

соншалық білгірлікпен айтылған әңгіме тарих докторының,
архитектура докторының тұтас академиялық дәрісі тәрізді: қай
ескерткіш қай дәуірдің мұрасы, қай ескерткіш қай кеңшардың
аумағында тұр, оның өлшемдері қандай? Өзекең осындай көп

деректі басында сақтай беруші еді.

– Сен адамдарың мен асай-мүсейлеріңді алып, дүйсенбі

күні Жезқазғанның самолетіне шық. Бірге барып қайтамыз, –
деді сөз соңында.

– Әлгі мен айтқан ескерткіштің бәрін киноға түсіресің.

Айтқан күні айтқан жерінен табылдық. Кешігіп ұша­тын
ұшақтың ішінде дағдарып көп отырдық. Сөйтсек, Өзекең
Саяси Бюроның мәжілісінде кідіріп қалған екен. Әлден уақыт­
та аспанға көтерілдік. Өзекең алдыңғы қатарда, облыс басшы­

ларымен бірге, біз – соңғы салондамыз.
Хатшының көмекшісі Сансызбайға:

– Біздің де осы самолетте келе жатқанымызды Өзекеңе

айтып қой, – десем, сыралғы болған көмекші:

– Бюрода біріншімен шайнасып қалып ашулы келе жа­тыр.

Айта алмаймын! – деп басын ала қашады. Ал мен хабарымды
білдіруім керек. Түскен соң қайда барамыз? Қай жаққа, қашан
жүреміз?
Сансызбайдың септігі тимеген соң, алдыңғы салонға өзім

барып, Өзекеңнің желке тұсына еңкейіп:

– Өзеке, мен де келе жатырмын, – деп сыбыр еттім.

– Келе жатсаң не ғыл дейсің. Отыр орныңа! – деп дүңк ете

қалды.
Жезқазғанға жеткен соң, ағайын – туысымыздың үйіне
қонып, таңертең хатшы түскен резиденцияға келсем, Өзекең
орналасқан бөлменің есігі шалқасынан ашық. Обкомның

идеология жөніндегі хатшысы Сырым Сапарғалиев ортада
кінәлі баладай түрегеп тұр. Жәнібековтың өзі көрінбесе де,
ашулы дауысы естіледі. Кешегі қаһары басылмаған тәрізді,
Сырымды жерден алып, жерге салып жатыр. Сыртта облыстың

әртүрлі деңгейдегі басшылары жол жүруге әзірленіп тұрғанын
көргенбіз. Бір тобы Ұлытау жағына, екінші тобы Жетіқоңыр –
Сарысу бойына аттанбақ. Біздің қай топқа қосылатынымызды
ешкім білмейді. Қаһарлы хатшының дауылы бір толас тапқан

кезде есіктен басымды сұғып едім:

– Кел, әй! Шай іштің бе? – деді Өзекең.

– Елдің іші ғой, жүрек жалғадық...

– Сен Ұлытаудан әрі асып, Арғанатының ішіне кіресің.

Сырғанақтастағы балбал тастарды киноға түсір! – деді
әмірлі дауыспен.

– Сіз ше?

– Менде нең бар? Мен Теректі әулие, Алашахан, Жошы­хан

кесенелерін аралап қайтам. Телестудиядан машина аласың да,
қазір жүріп кетесің.

– Мен Арғанатыға бармаймын! – деп кесіп айтқан маған

обкомның хатшысы үрке қарады.

– Неге бармайсың? – деп Өзекең де таңданып қалды.

– Ұлытау мен Арғанатыны көрмей жүрмін бе? Бұл жолы

Сіздің әміріңізбен келдім. Сізбен бірге жүрсем, шаруам да
оңға басып, тапсырмам да ойдағыдай орындалады. Өз бетім­
ше кетсем, мені Ұлытаудың басшылары көзіне де ілмес.
Қасымдағы орыстар аштан өлер!

Өзекең мырс ете қалды да, Сапарғалиевқа қарап:

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Мына поэтқа кеспе алдыр! – деп әмір берді. Сапарғалиев

асыға басып шығып кеткен соң:

– Мынау бір сауатсыз хатшы екен. Әй бірдеңе ішесің бе?

Туыстарыңа келіп түнімен сілтеген шығарсың? – деп жүзін
жылытты. Дауысында да зіл азайыпты.

– Қайдағы ішкен, Өзеке? Кешеден бері сіздің қабағыңызға

қарап, қалтырап жүрміз.

– Менің қабағымды қайтесің, берсе көжесін ішіп ал.

Мен кеспені тауысқанша ол барлық жоспарды өзгертті.
Сөзге тоқтады. Алашахан, Жошыханды қойып, Арғанатыға
бізді өзі бастап баратын болды Көп кешікпей, шұбатылған көп
көлік­пен Ұлытауға қарай жолға шықтық. Облыстық телестудия­

ның ескі көлігіне асай – мүсейімізді тиеп, соңдарынан ілес­кен
біз кейін қалып қойдық. Орталық Комитеттің хатшысы мен
облыс шенеуніктері мінген жүрдек «Волгалар» лезде көзден
таса болды...

Сәтбаев қаласына таяу қырқаның басында бәрі иіріліп тұр
екен.

– Әй, сен неге ілесіп отырмайсың? – деп маған дүрсе қоя

берді.

– Қайдан ілесем? Телестудияның жаман «Москвичі­м­ен»

тайға мінгендей тепеңдеп келе жатырмын.
Өзекең қарқылдап күліп жіберді:

– Тайға мінгендей тепеңдеп дейсің бе. Әлгі Қожамсейі­тов

қайда?
Мынаған біреуі дұрыс машинасын түсіп берсін!
Облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, ертеде
өзіме ұстаздық еткен журналист ағам Сағындық Қожамсейітов

бұл топта жоқ екен. Сөйтсек Өзекең мемлекет қарауына алған
тарихи – мәдени ескерткіштер тізімін сұрапты да, ол тізі­м­нің
жалғыз данасы Сағындықтың үйінде ғана бар болып, соны
тауып алып келуге Сәкең кері оралған көрінеді. Ол кел­генше

Рудник кенішіндегі тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру
шеберханасын көрейін десе, ол шеберхананың қайда екенін
облыс басшыларының бір де бірі білмейтін болып шықты.
Білетін жалғыз Қожамсейітов тізімді іздеп, Жезқазғанға қай­

тып кеткен. Әлгінде ғана жадырап, менің көлігімді ауысты­рып
берген Өзекең қайтадан қабағын қарс жауып алып, қаһарланып
кетті. Дауыл да тұрды, найзағай ойнап, күн күркіреді. Неше

түрлі ызғарлы сөздер аспаннан бұршақтай жауды. Екі иіні
түсіп кеткен обком хатшысына қарасаң, өзің де жылағың ке­
леді. Арқаның төсіне тарих өзі орнатып қойған ескерткіш­терді
қалпына келтіретін жалғыз шеберхананың қайда екенін біл­меу

деген не сұмдық?! Мәдени жәдігерге деген көзқарасың мынау
болса, облыстың идеология жұмысы су түбіне кеткен екен ғой.
Әй, сенің өзің...
Өлдік дегенде Қожамсейітов те келіп жетті – ау...

Жолға шықтық. Шұбаған шенеуніктерді Ұлытаудың күре
жолына салып жіберіп, өзі ауаткомның «Уазигіне» ауысып
мініп, қасына мені алды да Жездінің іргесіндегі «Аяққа­мыр»
кешеніне бұрылды. Тоғыз ғасыр құламай тұрған кесене­

нің тарихын біраз сөз етті. Осындай ескерткіштерді қалпына
келтіретін шеберхананың есігінен бас сұқпаған шенеуніктерге
неге ренжігенін айтып, аса қатқыл сөздерінің соңын жуып-
шайғандай рай танытты.

«Аяққамырдан» өзен жағалап барып, талдың арасымен арғы
бетке өтіп күре жолға төтелей қосылатын ескі сүрлеу бар екен.
Өзеннен өте бергенде екі аяқты мотоциклге бала мінгестірген
біреу көлденеңдей берді.

– Ойбай – ау, менің қайнағам ғой, – деп еріксіз дауыстап

жіберіппін.

– Келіннің ағасы ма? – деп сұрады Өзекең.

– Иә, жалғыз ағасы Қабден ғой.

– Ендеше, тоқтайық. Амандас.

Қабекең бір тайыншасын жоғалтып, соны тал мен шидің
арасын қағып іздеп жүр екен. Өзекеңмен таныстырып тұр­
сам, жоғалған тайыншасының ен – таңбасын, түсін айтып,
Алматыдан келген кісілерден:

– Анау зираттың көлеңкесінен көздеріңе түспеді ме? – деп

шаруасын түгендейді.
Былай шыққан соң Өзекең:

– Әлгі қазақ шынымен сенің туған қайнағаң ба? – деп

сұрады.

– Туған болғанда, бары да, нары да осы!

– Онда неге үйге жүр, шай ішіп кет деп шалғайымызға орал­

майды?

–Үзеке-ау, ЦК-ның хатшысы түгіл, ауданның хатшысын

да түстеп танымайтын Қабекең сізді қалай үйіне шақырсын.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Ол түгілі, Әшімбаев екеуіміздің сізді шақыруға шамамыз
келмей жүр. Одан да, машинаның алдында отырсыз ғой, әлгі
тайыншасы түскірді қарай отырыңыз. Оң құлағында ойық

таңбасы бар деген жоқ па. Үрпісінде пішпеден қалған ақ
қылшық бар дейді.

– Жоғалшы әрі! – деді Өзекең зілсіз.

Шұбырған шенеуніктерге
қайта қосылып,
Кенесары
қарауылының тұсында сусын ішкен соң, Ұлытаудан әрі асып

кеттік. Арғанаты тауларына сұғына бере, жер ауырлады. Сай
сала, ойпаңның бәрі – саз. Саздың бәрі – бауырмал. Жібергісі
жоқ. Сондай бір иірілген тұста Өзекең шұғыл шешім қабыл­
дап, шенеуніктің бәрі осы жерде тосатын болды. Ауатком­

ның уазигімен Өзекең, мен, кинооператор және ауданның
орынбасар бастығы төртеуіміз «Сырғанақтасқа» жүріп кеттік.
Езілген ескі жолмен ұзақ ырғаңдадық. Шөлдедік. Маши­
наның Өзекең отырған алдыңғы орындығының арқалы­

ғында біраз шампанның басы ағараңдап, мені алаңдата береді.
Орынбасардың аяғының астындағы қағаз қорапта да бірдеңе
бар секілді,

– Өзеке, «Сырғанақтасқа» сау жетеміз десек, аялдап алайық.

Таңдай жібітіп алмасақ, шөл қинайтын түрі бар, – дей­мін
екіұштылау ұсынысымды желке тұсынан қылтитып.

– Тыныш отыр. Бәрібір тостаған жоқ.

Сыйпалақтап іздесек, шынында бұл көліктің ішінде адал
ыдыс жоқ екен. Соның бәрін бұл кісі қайдан біледі?
Енді өлдік-ау дегенде «Сырғанақтасқа» да жеттік. Қыр­дың
басынан біреу құйрығымен төмен сырғанағандай, соның ізі

тасқа айналған. Жалтырап жатыр. Балбал тастың біреуі ғана
қалыпты.

– Мен Торғайда жүргенде осы балбалдар көп еді, – дейді

Өзекең. Әркім тасып кеткен ғой. Өз тарихымызды өзіміз тонап
жатырмыз. Мәдениеттегі дүмшелер – ең қатерлі жау.
Күйінген, ызаланған Өзбекәлі ағаның шарасыз қалпы әлі
күнге көз алдымда. Қазақстан мәдениетін басқарған азамат­

тардың арасында Темірбек Жүргенов пен Ілияс Омаровтың
даңқы мен дақпырты басылмай келе жатыр. Олардан кейін
алашқа атағы жайылып, ұлттық деңгейдегі көсемге айналған
тұлға осы Өзбекәлі Жәнібеков қана. Әйтпесе, мәдениет

министрінің орынтағына отырған қай қазақ қауымның есін­

де қалып жатыр. Келеді-кетеді. Тындырғаны шамалы. Ұлттық
масштабта мазаланып, халық тағдырының қамын жеп, ой
кешпесе, осы бір сықырлаған ескі машинамен саз кеше оты­
рып, сай жағалап Арғанатыға келіп, ашық аспан астындағы

музей жасау туралы қиялын бізге баяндар ма еді. Қайран
асыл ағаның қанша аяулы арманы өзімен бірге өшіп кетті!
Хатшының да шарасы шектеулі екенін көзімізбен көрдік.
«Сырғанақтастан» кештетіп кері оралсақ, сайда иіріліп

қалған шенеуніктер бір жотаға шығып алыпты. Өздерін әбден
маса талап тастапты. Бұлардың қоржынында дәм жағы мен
тостаған жағы мол екен де, күллі сұйық біздің көлікте кеткен
көрінеді. Көрген күндері күн емес.

Осыны тез аңғарған Өзекең:

– Ей, поэт, манағы сусындарды әкел, – деді маған. –

Бұлардың тостағандары қаңсып қалыпты ғой.
Жусан исі бұрқыраған қырдың басында жұлдызды ша­рапты
шалқалап тартатын кезде менің Сағындық ағамнан ши шықты:

– Өзеке, менің денсаулығым нашар. Бұған әуестігім жоқ

еді, – деп безек қақты.

– Денсаулығың нашар болса, қызметтен өз еркіңмен

сұранып кету керек, –Өзағаң бір-ақ кесті. Әзілі ме, шыны
ма – белгісіз. Облатком төрағасының орынбасары қызметіне
енді ғана ілінген Сағындық ағай бір тостақ коньякты қина­лып
әрең ішті. – Қожамсейітовке тағы құйыңдар, – деді Өзекең.

Денсаулығы жаман емес көрінеді!
Сәкеңнің түрі бұзылып кетті. Өмірі ащы татпаған адамға
екінші тостақ азаптың ең ауыры болып көрінсе керек.
Орталық комитеттің хатшысы бұйырып тұрған соң, ішпей көр!

Денсаулығың жарамаса – қызметті босат деп тұрғаны анау...

– Өзеке, бұл менің ұстазым еді. Осы жолғы сыбағасын мен-

ақ тартып жіберейінші,– деп киліге кеттім.

– Әй, сенің шөлің әлі қанған жоқ па! Іш ендеше ағаң­ның

ішірткісін,– деп Өзекең жұмсақ жымиды.
Туған жерімнің төсінде, Өзағаңның рұқсатын алып тұрған
соң, танымайтын ас емес, тайынатын не бар...
Ұлытауға таянғанда бір жол оңға айырылады да, Амангелді

кеңшарының орталығы Сарлық ауылына алып келеді. Бұл –
Баубек Бұлқышевтың, Камал Смайыловтың атамекені. Сол
ауылдағы рабкооптың бастығы – менің жалғыз бажам Қази

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Айтжанов. Жайшылықта менің келген-кеткенімді мерекеге
айналдыратын Қазекең, хатшыны ертіп, үйіне түсе қалсам,
түйе соятын шығар.

– Сол ауылға қонайық, – деймін ­Өзекеңе.

– Бажаң бізді күте ала ма?

– Күткенде қандай, Өзеке! Шаруасы бақуат, көңілі дархан

адамдар.
Бұл пәтуәні естіп тұрған обком хатшысы Сырым Сапарға­
лиев өзге шенеуніктерді ертіп облыс орталығына қайта
беруге рұқсат сұрады. Ертең облыстық партия конферен­

циясы. Қазақша айтқанда, сайлау! Өзекең Сырымды босатты.
Жүйт­кіген машиналар жолдың айрығына да келіп қалдық.
Батар күннің астында екі «Уаз» тұр. Тани кеттім. Амангелді
кеңшарының екі бастығы. Директоры – Жақыпбек, парткомы

– Жақия. Капоттың үстіне жайылған газеттің үстінен қойдың

басы мен бірер жілігі көзге шалынады. Хатшыға жол үстінде
дәм татқызып жібермекші ғой.

– Сендер мына газет дастарқандарыңды жинаңдар, – дей­

мін ескі таныстарыма. – Өзекең ауылға бұрылатын болды.

– Ойбай, біз осы жерден күтеміз деп келісіп едік. Ауылда

дайындық жоқ.

– Біз сендердің үйлеріңе түспейміз. Рабкооптың төрінде

шалқиып жатамыз, – дейді әңгіме ауанын тез аңғарған Өзекең
маған белгі беріп.

– Ол кісі үйінде жоқ шығар, – деп Жақыпбек бауырым

безек қағады.
Сөз соңы сұйылған соң, «Уаздың» капотын қоршауға ал­дық.
Құдайдың өзі үлкен хатшыны айдап алып келіп тұрғанда, ауыл­
ға жоламай, айдаладан аттандырғалы тұрған екі бауырымды

атып тастайын десем – оқ жоқ!

– Мына қойды ет комбинатынан алып келгенсіңдер ме? –

деймін ызаланып.

– Ет комбинатың не? Өзіміз қолдан арнайы сойған мал.

Өзекең дәм ауыз тиіп кетсін деп. Мынау – жамбасы...

– Қолдан сойсаңдар, мүшесі түгел болмай ма? Өзекең

қойдың ішек-қарнын ұнатып жейтін еді. Сирағы қайда?
Өзекеңнің нені ұнатып жейтінін мен қайдан білуші едім.
Әйтеуір, ойдан шықпаған ауыл басшыларын мұқатып кеткім
келіп, айтқан әңгімем ғой.

– Қымыз да әкелмепсіңдер ғой. Тостағандарың да жоқ...

Ауылдың екі басшысы жердің жарығы болса кіріп кетуге
әзір сияқты. Бірақ Өзбекәлі Жәнібековті Сарлыққа қарай қия
бастырар емес. Ауылдың шекарасын жанқиярлықпен қорғап
бақты. Күн де ұясына қона бергенде біз Ұлытауға қарай жүріп

кеттік.

– Жаңағы екеуін өлтірдің ғой, – деді Өзекең мәз болып

күліп. Дәл осылай риясыз күлгенін тұңғыш рет көргенім еді.

– Ет комбинатынан мал әкелдіңдер ме деген дауды қайдан

таптың?
Ертесіне Өзекең облыстық партия конференциясына
қатыспақшы болды да, біз Алматыға аттанып кеттік.
Түп-түзу жолдар, сықиған сапарлар есте қалмайды. Кісінің

ұмытпайтыны – оқыс оқиғалар, қиғаш айтылған сөздер.
Өзбекәлі Жәнібеков Жоғарғы Кеңестің депутаттығына
Батыс Қазақстан облысынан кандидат болып ұсынылып,
сайлау­шылармен кездесуге барды. Мені де ерте жүрді. Мәде­

ниет министрі Ахметова, Оқу министрі Шаяхметов, денсаулық
министрі Ізмұхамбетов бірге барды.
Жолға шықпас бұрын, әдеттегідей, Жәнібековтің жеке
«дәрісін» тыңдап, әжептәуір әзірліктен өткем. Әсіресе, Орда,

Сайқын туралы деректерім мол. Барамын да, киноға түсіре
беремін...
Оралдан тікұшақпен ұшып шығып, күн бата Ордаға келіп
қондық. Қарсы алушылар қонақтарды бөліп әкетіп жатыр.

– Сіз және сіздің адамдар біздің үйге бөлінгенсіздер, – деді

біреу жеңімнен жұлқып. Ауылдық кеңестің төрағасы екен.
Мені қасымдағы екі орысыммен бірге әй-шайға қаратпай ала
жөнелді. Ауласы әжептәуір бір қазақы үйге алып келді. Осыдан
кейін әлгі төрағаны көргеніміз жоқ. Ақиқатты айтар болсақ,

арада он бес жыл өтсе де, әлі күнге көрген емеспін. Бізді әкеліп
үйіне түсірді де, жоғалды. Аман болса, жарар еді...
Үйде шал бар екен, келін бар екен. Кемпір Орынборға ма,
Саратовқа ма, әйтеуір Ресейдің бір қаласына сауда мәселе­

сімен сапарлап кетіпті. Жерге жайылған жүдеу дастарқаннан
шай іштік. Ет алдымызға келгенде, қасымдағы екі әріптесім­
нен қысылып, қорланып қалдым: қыстан қалған сиыр­дың
қақпыш етінен жайсыз иіс шығып тұр екен. Келін мойнынан

қысып ұстап әкелген қисық арақ та жексұрын болып көрінді...
Таңертең аулаға шықсақ, шал мал жайлап жүр екен.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Биыл қыс жайлы болды, малымыз күйлі шықты, – деп

қой қорасына ертіп апарды. Шынында да, құйрығы теңкиген
біраз қойдың шаруасы бізден тәуір ме дедім.
Жәнібеков орналасқан қонақүйді тез тауып алдым.
Министрлер есік алдында қыдырыстап жүр екен. Ішке кірсем,

Өзекең ұзын үстелдің басында кеспе ішіп отыр.

– Хал қалай? – деп аңтарыла қарады.

– Хал нашар.

– Не болды?

– Бұл ауыл хатшысын сыйлағанмен, атшысын сыйламай­ды

екен...

– Әй, өзің далаға түнегеннен саумысың? Кел, отырып кеспе

ішші.
Кеспені ішіп болғанша, кешеден көрген жайларды баян
еттім. Хабарсыз кеткен төраға, қақпыш ет, құйрығы төңкерілген
семіз қойлар...

Өзекең ауданның бірінші хатшысы Бірманов дегенді
шақырып алып, сыбағасын мол ғып беріп жіберді. Тысқа
шықсақ, күн дауылдатып тұр екен. Кинооператорды ертіп
алып, Ордадағы тарихи ескерткіштерді түсіруге өзі кірісіп кетті.

Хатшы емес, режиссер тәрізді.

– Былай түсір! – деп бұйырады. Отырады, қисаяды, жүре­

лейді. Жақындап, бірдеңе демекші болған мәдениет министрін
қаңғытып жіберді. Маңына кісі жуып болар емес, Кешеден
бері хатшыға еркін сөйлеп, қалжың айтып жүрген Шайсұлтан
Шаяхметов те шай ішуге кетті. Бір пәленің менен шыққанын

сезді ме, облатком төрағасы Владимир Гартман қасыма келіп:

– Бұл кісі неге ашуланып жүр? – деп қазақша сауал берді.

– Оны ана Бірманов деген хатшыңыз біледі! – деп мен де

теріс айналдым.
Тарихқа тұнып тұрған Ордада Өзбекәлі Жәнібековтың
тікелей басшылығымен түсірілген осы телехабар «Қазақстан»
телеарнасының қорында әлі күнге сақтаулы болса керек...

Оралға қайтып келген соң, обкомның бірінші хатшысы
Нәжімеден Есқалиев берген үлкен қонағасыда да қабағы
ашылмады.

– Әй, поэт, алдың ба? – дейтін бір ауыз сөзіне зар болдық.

«Жайсыз үйде қонғанымызды неменесіне айта қойдым екен»
деп әлі күнге дейін өкінемін. Болар іс болды...

Өзекеңді соңғы рет Әуезов театрының сахнасында көрдім.
Мырзатай аға Жолдасбековтың 60 жылдығында сөз сөй­
леді. Таяққа сүйеніп, ентігіп, әрең тұр еді. Ер арыса – аруақ.
Сырқаттың әбден жеңген шағы екен. Үзеңгілес інісіне пейілін

білдіруге барған ағаның жүдеу кейпін көріп, өткен-кеткен ойға
түсіп, мен де мүжіліп қалдым.

– Тбилисидің «Динамосы»?

– Месхи, Метревели, Чохели...

– ҚЛКЖО-ның бірінші секретары?

– Өзбекәлі Жәнібеков!..

Қамшының сабындай қысқа ғұмыр таусыншақ күнге келіп
қалған екен-ау.
Биылғы көктемге салым Түркістаннан академик Рахманқұл
Бердібаев ағамыз телефон шалды:

– Бұл анық сенсің бе? Сені телефонмен іздегеніме бір жұма

болды. Ұстатпайсың. Осы сен Өзбекәлі ағаңды ұмыттың ба?

– Неге ұмытайын? Былтыр Арыстанбабқа арнайы барып,

басына тәу етіп, Өзекеңе құран бағыштадым. Өзекеңді ұмытсақ,
кім болғанымыз?

– Бәсе, сен ұмытпасаң керек еді. Сені тәуір көруші еді ғой.

Жұмыс бабында ұрысса, көңіліңе алып жүрме. Биыл Өзбек­
әлінің туғанына 75 жыл толады. Басқасын былай қойғанда,
айтыстың аяғынан тұрып кетуіне де аз үлес қосқан жоқ қой.
Сол ағаңа арнап бір айтыс өткіз, қарағым!

– Демеуші болатын кім бар?

– Демеушіні өзің тап. Бізден қуат кетті. Өз қолың өз аузыңа

жетті ғой. Өзбекәліні ұмытпа! Ұмытылатын кісі емес қой...
Телефон дың-дың, дың-дың деп тұр екен. Менің басым да
дың-дың.
Өзім демеушілікке тартып, әбден мазасын алып бітірген

Амангелді Ермегияев пен Өмірзақ Сәрсеновтың алдына барып
тағы бір рет жүгінуге тура келеді.
Өзбекәлі Жәнібеков ұмытылатын кісі емес қой!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н САҒАТ ӘШІМБАЕВ К үнделік жазбайтын қазақы салақтығымызға қанша өкінсек те, сол күннен бастап орынын толтыра беруге болатын осы олқылықты әрі қарай тағы жалғастыра береміз. Оны айтып отырған себебім, кеше өзіміз қатар жүрген Сағат туралы осы естелікті осыдан бес-алты жыл бұрын жазып тастамақшы болып, ойымда пісіріп, енді қолға қалам алуға әне кірісем, міне кірісем деп жүргенде, күнделікті күйбеңнің бітпейтін бір шаруалары кимелеп, кешіге бердім. Бүгін есімдегілерді қағазға түсірейін десем, содан бері де біраз жәйттердің жадымда көмескілене бастағанын сезіп, тағы да өзімді өзім жазғырып отырған жағдайым бар. Енді тіпті арыдан бастауға тура келеді. Бүгін бастан өткен бір оқиғаның кейін басқа бір оқиғаға себеп болатынын байқамай қаламыз. 1986-шы жылы Жапонияға туристік мақсатпен сапарлап қайтатын жолдама қолыма тиді. Кеңес өкіметінің кезінде бұл бір сирек сәті түсетін шаруа еді. Жемежемге келгенде кежегем кейін тартып, сонау қиыр шығысқа барғым келмей қалды. Сол кезде денсаулығымның сыр беріп жүргені де себеп болса керек. Екінің бірінің қолына түсе бермейтін сирек жолда­маны бірінші қолқа салған кісіге – профессор Асқар Тоқпановқа бере салдым. Жапонияға жолым түспегені мектепте оқитын үш балама батыпты. Олардың сыныптастарының бірінің әкесі ана шетелге, бірінің әкесі мына шетелге барып келген. Олар әңгіме тиегін ағытқанда, ауылдан Алматыға енді келген менің балаларым, айтарға әңгіме таппай, қамығып қалады екен. Бұл да – қорлық. Шетелге шығаратын келесі жолдаманы ойланбастан аламын деп жүргенде, маған Кубаға барып қай­ туға ұсыныс жасады. Жапонияны жырақсынып жүргенде Кубаға тап болдым. Балаларымның көңілін қимай, мұхиттың арғы жағына, бостандық аралына аттанып кете бардым. Бұл – 1986 жылдың 16-желтоқсаны болатын.

Келер жылдың 3-қаңтар күні Алматыға қайтып келсем,
елімізде талай оқиғалар болып үлгеріпті. Алаңдағы ереуілдің
белортасында
жүрген

үлкен
балам
түгілі,
желтоқсан

көтерілісінің хабарын жиырма күн кешігіп естіген мені де
ұлтшылдардың тізіміне қосып, тергеуге алды. Өзімнен ештеңе
шықпайтынын сезген соң менен Сағат Әшімбаев туралы
«компромат» алуға тырысты. «С.Әшімбаевтың осылай деуі

мүмкін бе, осылай істеуі мүмкін бе?» деген қияли сұрақтарын
қадап сұрайды. Желтоқсан көтерілісінің эпицентріндегі кеңсе­
міздің терезесінен бүкіл айуандықты көзімен көріп отыр­ған
қазақтың арман-аңсары десе басын бәйгеге ойланбай тігетін

Сағат Әшімбаевтан шынында бәрін күтуге болатын еді. Ол
ұлттың мүддесі үшін отқа түсіп кетуден тайынбайтын бір
пәруана көбелек еді ғой. (Осы жерде өзім үнемі таңқалаты­н бір
жайды айта кеткім келеді. Желтоқсан көтерілісі кезінде көзге

түсіп қалып, жаза тартқан кейбір қандастарымыз жайшылықта
желтоқсанның батырымыз кеудесін соғады да, іле-шала
жазықсыз жапа шегіп едім деп, ақталғысы келіп, ізденіп жүреді.
Қисын қайда? Екінің бірі емес пе?!). Қазақтың қарадомалақ

балаларының итке таланғанын көзімен көрген Сағат Әшімбаев
бұғып қалмайтын ерлердің сойынан еді ғой!
Біз студент болған 1968-1972 жылдары Алматының жоғары
оқу орындарында, әсіресе, КазПИ мен КазГУ-дің мехматында

әдеби басқосулар жиі өтетін де, сондай жиындарда суыры­
лып шығып өлең оқитын Кеңшілік, Жарасқандармен жағала­
сып мінбеге көтеріліп, алқынып сөйлеп тұратын студент
Сағат мен қатарлылардың көбінің есінде қалған болуы керек.

Екпіндеп, ексімдеп сөйлейтін. Уысында умаждалып тұратын
қара кепеші де жадымда. 1982 жылы Алматы жоғары партия
мектебінің журналистика бөлімін үздік бітіріп, жыл соңында
Қазақ теледидарының Жастар хабарлары бас редакциясына

бас редактор болып келдім. Жастарға арналған «Жүректен
қозғайық» деген жаңа телехабарды басқаруға лайықты ойы
ұшқыр, тілі шешен жүргізуші іздей бастағанда, менің есіме
баяғы екпіндеп сөйлейтін Сағат орала кетті. Іздестірсек,

авторлық қоғамды (ВААП) басқарып отыр екен. Қазіргі «Хабар»
агенттігі орналасқан, салпыншақты ғимараттың ең үстіңгі
қабатының оң жақ бұрышындағы шеткі кабинетте Сағатпен
бірге «Жүректен қозғайықтың» неше түрлі жобасын талқылап,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
талай кешті бірге өткіздік. Ақылдасуға да, кейін хабарды
өткізуге де Лұқпан Сыдықов, Әбдімәлік Нысанбаев, Бақтажар
Мекішев, Күләш Ақжолтаева секілді біраз ойлы азаматтар

белсене қатысты. Ауылшаруашылығы және зооветинсти­
тутта өткен сол жастар хабары өз кезінде елге кеңінен таны­мал
болды. Ұлт мүддесі, қазақ жастарының мұрат-мақсаты туралы
озық ойлар, батыл пайымдаулар ортаға түсті. Соның бәріне

қозғау салатын тележүргізуші Сағат Әшімбаев та лезде танымал
болып шыға келді.
Телерадиокомитет төрағасының орынбасарының босаған
орынына кім келеді деп бал ашып жүргенімізде, аяқ астынан,

ешкім ойламаған жерден Сағат Әшімбаев сол қызметке
келе қалды. Жоғарыдағы көсемдер Сағатты әкеліп ұжымға
таныстырып, орындығына отырғызып кеткен соң, түстен
кейін жаңа бастығымыз менің кабинетіме кіріп келді. Мен

әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясын басқарушы едім.
Оңашада қуанышымызды бөлісіп болған соң:

– Менің осы жоғары қызметке келуіме тележүргізу­

шілігім сылтау болды. Ал тележүргізуші болуыма себеп болған
сенсің. Енді тізе қосып, бірге жұмыс істейік. Өзің білесің, мен
теледидардың ішкі құпияларынан бейхабар адаммын. Жұ­
мысты неден бастауым керек? – деп Сәкең сұрақты төтесі­нен

қойды.
Ол жылдары Қазақ теледидарының директоры – көп
жыл телерадио саласында қызмет істеген, қулығына құрық
бойламайтын жөйіт Изя Эйнехович Фидель деген кісі.

Қазақша хабарлардың жалпы көлемі 30-35 пайыздан аспай­
ды. Асырмайды. Әр редакцияны басқаратын Сәңгерей Тәжі­
ғұлов, Кеңес Дүйсекеев, Қажы Қорғанов, тағы бірер жігіт,
дирекцияның мүшесі ретінде жиналыс сайын Фидель мен

оның сойылын соғатын партком Светлана Татенкомен шайқа­
самыз да жатамыз. Техниканың құлағын ұстаған мамандар­
дың көбісі – сол екеуінің сойылын соғатындар. Тізеге салса
да, алдаса да солардың сөзі өтеді. Қазақ тіліндегі әр хабар үшін,

олардың түсірілуі, құрастырылуы, эфирге қойылуы үшін көзге
көрінбейтін майдан жүріп жатады. Сағаттың жұмысты неден
бастасам екен деген өзімсінген сауалына:

– Телетехнологияны зерттеуден, үйренуден баста. Кез кел­

ген бейнеинженер, ішкі жұмыстың қитұрқысын білмесең, алдап

кете береді. Қазақша хабарлардың соры қайнайтыны содан, –
деп ағымнан жарылып, хабарды студияда пысықтау, түсіру,
құрастыру кезіндегі қиянаттардың жайын айтып, өз тіліміздегі
телехабарлардың жолын кеңітудің амалдарын айта бастадым.

Менің сөзім оған жақпады. Неге жақпағанын әлі күнге анық
түсінбеймін. Жанарын бір нүктеге қадап, түйіліп отырып
қалатыны болушы еді. Сөйтті. Сірә, Орталық Комитеттен алып
келген тапсырмаларымен менің көзқарасым сәйкеспеді-ау деп

шамалаймын. От пен судың арасында қапылып жүрген маған
жаңа басшының қазақ тіліндегі хабарларға оң қабағы керек еді.
Менің сөзімді жаратпаған Сағат орынынан тұрып жүре берді
де, сол бетімен бірер ай менен бойын аулақ ұстады. Бір күні,

кешке жақын, тағы да оңаша әңгімеге шақырды да:

– Сенікі дұрыс екен. Мынау бір жасырын соғыс жүріп

жатқан жер ғой. Ақылдасып тұрайық, – деп мәміле айтты.
Осыдан бастап өле-өлгенше Сәкеңмен сыйлас, сырлас болдық
десем, артық айтқандық емес шығар.
Өздерінің қызмет кабинеттерін Мәскеудің Кремліндей

күзеттіріп, жан тыныштығын қызғыштай қоритын кейінгі
бас­шылардай емес, Сағат Әшімбаевтың есігі өз қарама­
ғын­дағыларга айқара ашық болатын. Қабылдау бөлмесінде
сарылып отырмаушы едік. Оған кез келген уақытта кіріп барып,

шығармашылық жұмыстың ұсақ-түйек мәселелерін сөйлесе
беруге болатын. Қиялы да жүйрік, ойы да шапшаң Сәкең
аяқ астынан жаңа идеялар туындатып, шұғыл тапсырмалар
беріп, оны жүзеге асырғанша тыным таптырмайтын. Кезінде

қазақ қауымына кеңінен танымал болған «Қарыз бен Парыз»
бағдарламасы да осылайша шұғыл шешімін тапқан іс еді.
Әрине, оған дейін де өзі жеке ойланып-толғанып, санасында
пісіріп алған болуы керек. Жобаның соңғы ширатылуына мені

шақырып, ақылға қосты да, хабардың бірнеше атын алдыма
жайып салып:

– Таңдашы,– деді.

Мен «Қарыз бен Парыз» деген нұсқаны таңдадым. Қа­сын­
дағы ғалымдардың бірі қарыз бен парыз деген ұғым­дардың
ұқсастығын айтып келе жатыр еді, Сәкең оның сөзін бөліп
тастап:

– Бітті. Осыған тоқтаймыз! – деп кесіп айтты. Қазақ қоға­

мындағы түрлі түйінді мәселелерді батыл сөз етіп, ойға қозғау

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
салған осы жоба Сағат Әшімбаевтың өз қандастарынан
қаншалықты озып кеткенін, ұлт болашағының қамын қан­
дай жоғары деңгейде ойлай алатынын, сол ұлы мұраттар үшін

басын бәйгеге де тіге алатынын қапысыз дәлелдеді. «Қарыз
бен Парыз» бағдарламасы пішіні жөнінен көне болып көрін­
генімен, онда телетехнологияның барша мүмкіндіктері, қо­
сымша компоненттері аз пайдаланылғанымен, Сағаттың озық

ойы, парасатты пайымдаулары арқылы қоғамдық пікір­дің
көшін бастады. Ғасыр басындағы қозғалысының идея­лары
осында жаңаша мазмұн таба отырып, тынысы жақындап қалған
тәуелсіздіктің басты ұстанымдары да еріксіз тілге оралып

жатты. Сағат ұлт көсемдерінің қатарына қосқан осы ұлтжанды­
лық оның ұлан-ғайыр білімінен, ізденістерінен бастау алушы
еді. Сағат шын мәнісінде білімпаз, көп оқитьн еді. Ол кітапха­
насы бай адамдарды құрмет тұтатын. Кітабы көп қаламгердің

әдеби дарынының тапшылығына да кешіріммен қарайтын.
Сондай бір ақынды Сағаттың көңілі үшін дәріптеп телехабар
дайындағанымыз ұмытылмай есте қалды. Сәкең өзіне қажет
кітаптың соңына шырақ алып түсетін. 90-шы жылы Мәскеудің

«Мысль» баспасынан Фридрих Ницшенің қос томдығы шықты
деп естіп, қанша аласұрғанымен, Алматыдан қолына түсіре
алмады. Бір күні:

– Ницшенің бірнеше данасы сенің Жезқазғаныңа бөлі­ніп

кетіпті. Қалайда қолға түсіруің керек, – деп қиғылық салды.
Жезқазғандағы кітап саудасының бастығы – облыстық
МАИ-дың бастығы Гилленің әйелі екен. Атын ұмыттым. Ұзын
сөздің қысқасы, біреулер арқылы Гиллеге шығып, ол әйеліне

айтып, Ницшенің қос томдығының екі данасын олжаладық.
Сағат әйелі ұл тапқандай қуанды. Сол кездегі ақшамен 60
рубльге алынған неміс философынан Сәкеңнің не тапқаны
өзіне аян, ал менің Ницше мұрасына әлі күнге тісім батпай

жүргенін несіне жасырайын.
Жаңылмасам, сексен тоғызыншы жылдың басында арқалы
ақын Кеңшілік Мырзабеков кенеттен қайтыс болды. Бұл
күтпеген қаза оның досы Сағатқа да, Кеңшілікпен университет

дәрісханасында бірге отырған, ұялас күшіктей інісі маған да
қатты батты. Марқұмды туысқандары өз топырағы – Торғайға
апарып жерлемекші болды да, бірақ, Алматының ауа райы
жолды кесіп, ұшақ ұзақ уақыт еру болды.

Мен: Сенің жолың кешеден кесілуде,
Жатсың үнсіз табыттың бесігінде.
Жібергісі келмей ме Алматының,
Самолеті Торғайдың кешігуде, –

деп басталатын өлең жазып, Сағатқа оқып бердім. Қатты
тебіренген Сәкең:

– Кеңшіліктің замандас достарын телестудияға жинап,

досымызды еске алайық. Елге көңіл айтайық. Қатарымы­здың
сирей бастағаны осы болар. Өзімізді бір түгендеп алайық,

– деп бастама көтерді. Сол күні жасы қырықтың ар жақ –

бер жағындағы оншақты әдебиетші қазақ теледидарының
эфиріне
шығып,
Кеңшілікпен

қоштасу
сөзін
айттық.
Хабарды С.Әшімбаевтың өзі жүргізді. Толқып сөйледі. Біздің

қатарымызға да шеңгелін сала бастаған сұм ажалдың дауасыз­
дығына назаланды. Сол күні Сағаттың қасында қаздай
тізіліп отырған қатар-құрбыларының Жарасқан Әбдірашев,
Тынышбай Рақымов секілді бір тобы бақилық болып кеткелі

де біраз жыл өтті. Қайтып оралмайтын сапарды Сәкеңнің өзі
бастағанын өкінішпен еске аламыз.
Орталық комитеттің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз
Сағатқа көп қолдау көрсетті. Ұрыншақ, алды-артын аңдамай, от

басып қала беретін Сәкеңді беделді басшы қанатының астына
алып жүретінін жиі аңғарушы едік. Бір қызығы Өзағаң кейбір
оңаша жолығысуларға лауазым биігінде отырған Сағатпен
бірге оның қарамағындағы көп бас редактордың бірі мені де

қосатын. Мұндай басқосуларда көбіне әдебиет пен өнерді,
тарих пен археологияны, рухани мұраны насихаттаудың кезекті
шаралары сөз болатын. Жеңіл әзілдер де айтылушы еді. Сондай
бір сенбідегі кездесудің соңына таман Өзекең:

– Осы екеуіңде үй-күй жоқ па? – деп тыңнан қалжың

бастады.

– Неге жоқ болсын...

– Ендеше осындай кең уақытта хатшыны үйлеріңе шақы­

рып, ас-су беріп жібермейсіңдер ме?
Әзіл болса да, шын болса да, осы күтпеген ұсыныстан Сағат
екеуіміз басымызды ала қаштық. Жәнібеков секілді мәртебелі
кісіні аяқ астынан үйге алып бару менің ақылыма сый­м­айтын

шаруа еді. Достық даңғылының жоғары жағында тұратын

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Сәкеңнің үйінен бір рет шай ішкенім болмаса, ол кісінің тосын
қонақты қабылдау қабілетінен бейхабар едім. Медеу жағы­
нан бір жақсы үйге көзі түсіп жүрген Сағат шығармашылық

адамының жайлы баспанаға қаншалықты ділгер екенін тілге
тиек етіп, тығырықтан шығарып әкетті.
Әуезовтің, Толстойдың, Чеховтың жеке үйлері туралы
қазбалап сөйледі. Біздің шай-суымызға зәру дейсіз бе, ән­шейін

әзіл үшін сөз бастаған Өзекеңнің Сағат әңгімесіне елік­кені
соншалық, ақыры Орталық Комитет ғимаратынан шығып,
әлгі Медеу жақтағы ерекше үйді көруге тартып кеттік. Сыртына
жылқының бейнесі бедерленіп салынған жеке коттедж сол

кезде үшеумізге де таңсық көрініп еді. Қаламгердің еркіндігі
туралы біраз қияли әңгіме айттық. Хемунгуэйдің Гаванадағы
музей-үйі туралы менің әңгімем де біразға дейін талғажау
болған тәрізді еді. Осы жерде мен Өзекеңе:

– Сізде де үй-күй жоқ па? Бар болса, түскі асты неге сонда

ішпейміз? – деп қатерлілеу қалжың айтып қалып едім, Сәкең
шошып кетіп, әңгіменің тігісін жатқызуға тырысты. Өз басым
жасымда аузым ауыр, орнықты бала сияқты едім, жүре-
келе орынды-орынсыз қалжыңдай беретін мінез таптым да,

Омашев, Айтов пен Жұртбаев сияқты құрдастарыма өткізетін
әзіл­дерімді үлкенді-кішілі кісілерге де айта салу дағдыма ене
бастаған. Жайшылықта ондай бұралқы сөзге бар денесін сел­
кілдетіп күліп алатын Сәкең, Өзағаның алдындағы қалжың­

дардан бойын тартып жүретін. Бір жолы менің келіншегіме де
менің үстімнен «арыз» түсіріп:

– Қой десеңші. Бір күні ойыны осылып жүрмесін, – деп

сақтандырғаны бар.
Қатар жүрген көп күндердің біразы із-тозсыз санадан
өшіп кетіпті. Менің туған жеріме, Жезқазған, Жезді, Ұлытау
аймағына барған бір сапардан қатты әсерленіп келгені

есімде. Тарихи өлкенің бүкіл табиғаты, Мұхтар, Амангелді,
Көбейсін, Серік секілді көшелі кісілердің ажарлы әңгімелері,
сақтаулы жәдігерлер оның қиялына қанат бітірді. Саған
өзімнің Нарынқолымды көрсетемін, бірақ, ауылда кісі күте

қоятындай ағайындарым аз деп қамыққанын ұмытқаным
жоқ. Ұлытау сапарынан оралған соң, елдес ағайын­да­
рым Камал Смайыловпен, Төрегелді Шармановпен бірге
Сағатты үйге шақырдым. Дәм үстінде Сәкең біздің елден

көрген-білгенін екі ағамызға ризашылықпен айтып отырды.
Кәмекең мен Төкең:

– Енді бізге Нарынқолды көрсетсеңші. Сенің ауылыңды

аралап қайтайық, – деп Сағатты қажаңқырап отырды.

– Сіздердей ұлық кісілерді күтіп алатын ағайыным аз, – деп

Сәкең шындауға көшкенде, Т.Шарманов:

– Сен қысылма. Біз аудандық аурухананың бір бөлмесіне

қона саламыз. Тіпті аурухананың тамағын да іше береміз. Өзің
қасымызда болсаң жетеді, – деп қалжыңды өршіте түсті. Сағат
қанша күлкіге жеңдіргенмен, көңіл түкпірінде бір қаяудың
бары анық еді. Қазір, өзі өмірден озып, алаштың ардақты

азаматтарының қатарына қосылған кезде, Сағат Әшімбаев­
тың есімін бедел тұтып, онымен мақтанатын азаматтар аз емес
екенін байқаймыз. Ал Сағат құлашын жаяр кезінде, қияға
шырқар кезінде кібіртіктей бергеніне куә болған біздер тұрмыс

түйіткілдерінің осындай көшелі кісіге де бауыр жаздырма­
ғанын көріп едік-ау...
Сағат өмірінің соңғы сағаттарында оның санасына сал­
мақ түсірген қаңқу сөздерді де өз құлағымызбен естідік.

Сол күнгі лездемеде бұрыннан қыңыратқып жүретін бір
режиссер
Телерадиокомитетінің
төрағасы

С.Әшімбаевқа
жөнсіз соқтығып, ауыр-ауыр сөздер айтып қалды. Шамданған
Сәкең алқынып тұрып жауап берді. Ренжіді. Қазақы бейәдеп
қылығымызға қамықты. Төраға біздің қорғаштауымызға зәру

емес шығар дедік пе, үйреншікті бопсалаудың бірі ғой деп мән
бермедік пе, үндемей, салғырт тыңдап, отыра бердік.
Сөздің құнын білетін Сағат Әшімбаевтың нәзік жүрегі
қиянатқа шыдас бермеген екен.

Сағат достың тосын ажалы туралы суық хабар сол күні
кешке мені өз үйімде қуып жетті.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ОРАЛХАН БӨКЕЙ ЖӘНЕ ОПАСЫЗ ЖАЛҒАН

...Т

оқсан екінші жылдың басында мен жұмыссыз
жүрдім. Қырықтың қырқасына енді шыққан
адамға үйде отырып қалу қиын болады екен.
Үйде отырсаң – үйге сыйың жоқ. Бала-шағаның алдында да

беделің қалмайды. «Мына кісінің баратын жері жоқ па?» деп
мүсіркейтіндей.
Көзтүрткі болмайын деп, көшеге шығасың. Қалам ұстай­тын
кісінің барар жері белгілі – Жазушылар одағы. Өзің сияқты

берекесі қашқанның бәрі бір мезгіл одақта бас қосып, уақыт
өткізеді. Қолы бос адам өсек айтады, бірін-бірі жамандайды.
Әлемдік әдебиеттің мәселелерін шешеді. Одан қол босаса,
«отыз екі қағаз, төрт сабаз» деген кәсіп бар. Яғни, Шәйім

Шаваев, Қайсар Жорабеков, Ғабиден Құлахметов, Қалаубек
Тұрсынқұлов, Ескен Елубаев, Тынымбай Нұрмағанбетов
секілді ірілі-ұсақты қаламгерлер преферанс ойнаймыз. Түннің
бір уағына дейін керілдесіп жатамыз. Өзің тұрғыластармен

шарап ішу де бір ғанибет. Тегін арақ бар десең, түн ұйқысын
төрт бөліп, төсегінен тұрып келетін құрдасым Тұрсын Жұртбаев
секілділермен тоқайласа қалсаң, ауруханаға түскенше ішісуге
тура келеді. Осындай бір түрі бар, мағынасы жоқ, басы бар,

аяғы жоқ сергелдең өмір бастан өтіп жатыр еді...
Одақтың үшінші қабатында досым Несіпбек Айтұлы
жолығып қалып:

– Менің қарамағымдағы әдеби қызметкердің орны бос

тұр. Олқысынбасаң, осы жұмысқа тұрсайшы, – деп кеңес
берді. Несіпбек «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімін
басқаратын.

– Олқысынып қайтейін. Бірақ Оралхан мені жұмысқа

алмайды ғой, – дедім шынымды айтып.

– Неге алмайды?

Несіпбек білмейтін бір жәйтті есіне түсірдім. Жазушы
Қоғабай Сәрсекеевтің 50 жылдығы үйінде тойланды. Мерейтой

иесімен туысқандық жақындығым бар мен дастарқан­ның
төменгі жағынан, үй иесімен иықтас орын алдым. Төрде өңшең
қасқалар, жайсаңдар. Едәуір кешігіп жалғыз келген Оралхан
Бөкеев менің қарсы алдыма жайғасты. Кербұғыдай кекірейіп,

басын бірер сілкіп алған соң:

– Осы мен сені онша жаратпаймын! – деп, бетіме тесіле

қарады. Мүйізі қарағайдай жазушы ағамыздың ай-шай жоқ,
төбеден қойып қалғаны жанға батып-ақ кетті. Мені жарат­
пайтын, сырттай жауығып, өшігіп жүретін үлкенді-кішілі
қаламгерлер толып жатыр. Оралханмен арадағы осы эпизодты

кейін айтып бергенімде, құрдасым Көпен Әмірбек те:

– Мен де сені кезінде ұнатпаушы едім. Сыртыңнан қара­

ғанда ешкімді менсінбейтін, тәкаппар адам сияқтысың. Сөзің
түйеден түскендей. Дүрдиген түрің де жексұрын. Араласа келе,
соның бәрі сыртқы, алдамшы әсер екенін білдім. Енді сенің
жүрегің жұмсақ адам екеніңді жұртқа дәлелдеумен шаршап

жүрмін, – деп еді.
Ақиқатына келгенде, менің мінезімнің оңып тұрғаны жоқ.
Қасымдағы әйелімнің көзінше әлгіндей сөздерді себепсіз айта
салған Оралханға:

– Менің де сені сүйіп бара жатқаным шамалы! – деп дүңк

еткіздім. Оралхан сөз қайырған жоқ. Сәлден кейін дастарқан
басында үзіліс жарияланды да, келесі отырыста Оралхан өзі
қатарлы классиктердің қасына, төрге озып кетті. Күллі қазақ
баласы мойындаған, тау тұлғалы жазушы ағамнан жоқ жерден

жәбір көріп, көңілім нілдей бұзылған мен орнымда қалдым.
Сөйткен Оралхан Бөкеев енді мені жұмысқа алушы ма еді?!

– Алады! – дейді Несіпбек. – Ол да сен сияқты сырты дүр­

дигені болмаса, жаны жібектей нәзік адам. Қазір мен кіріп, сен
туралы айтып шығайын. Кетіп қалма!
Кетіп қалуға да болушы еді. Жұмыссыздыққа да етім үй­
рене бастаған. Қыстың ортасы. Үйде соғым сойылған. Әйелім

жұмыс істеп, айлық табады. Балаларым стипендия алады.
Аштан өліп, көштен қалып бара жатқаным жоқ. Сонда да, бір
ерегес ішімде бас көтерді. Кетпейін, Оралханның айтқанын
естіп кетейін деп ойладым: ұзыннан өші, қысқадан кегі жоқ,

айдаладағы Оралхан Бөкеевтің мені жек көретіні несі?!
Теледидарда бас редактор болып қызмет істеп жүргенім­
де, журналист Өмірсерік Жұмановты Оралханмен бірге еліне

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
жіберіп, қаламгерді туған үйінде киноға түсірткенім бар еді. Бұл
телеочерк Қазақ теледидарының қорында сақтаулы, оқта-текте
қайталап көрсетіп жатады. Сол Оралханға не жаздым екен?

Бас редактордың кабинетіне сүңгіп кеткен Несіпбек көп
кідірген жоқ, аңқылдап қайта шықты:

– Айттым ғой мен саған! Оралхан келсін деп жатыр. Дүң­

кілдемей, дұрыс сөйлес, – деп маған білген кеңесін де беріп,
сүйрегендей етіп, есіктен кіргізіп жіберіп, өзі тыс­та қалды.
Есіктен кіре берген маған:

– Сен шынымен бізге жұмысқа тұрғың келе ме? – деді

Оралхан.

– Неге тұрмауым керек? – дедім қитығып.

Оралхан екі сөзге келген жоқ:

– Мына жерге отыр да, поэзия бөліміне әдеби қызмет­кер

боламын деп арыз жаз, – деді. Жаздым.

– Қазірден бастап жұмысқа қабылдандым деп есепте. Іске

сәт! – деді Орекең.
Баяғы кикілжің әрі қарай жалғаса ма деп едім, ол да сөз
қозғамады. Мен де үндемедім.
Бұл «Қазақ әдебиеті» деген кісіні жалқау ететін жер екен.

Келгің келген уақытта жұмысқа келесің. Кеткің келген уақытта
кетесің. Өзіңе тапсырылған жұмыс көлемін орындап, апталық
лездемеде төбе көрсетіп отырсаң болды. Қызметкерлер сайдың
тасындай: Оралханның орынбасарлары Тұтқабай Иман­беков

пен Жүсіпбек Қорғасбеков, жауапты хатшы Қайырбек Асанов,
бөлім меңгерушілері Иранбек Оразбаев, Несіпбек Айтов,
Жаңабек Шағатай тәрізді өңкей дарынды жігіттер.
Арада апта өтер-өтпесте, түскі үзіліс уақытында, өз бөлмемде

әлдебір қағаздарды қарап отыр едім, Оралхан кіріп келді.

– Сен бұл жерде неғып отырсың?

Сұрақты онша ұғынбай қалғанымды аңтарылған түрім­нен
аңғарды-ау деймін:

– Анау төрдегі үстелдің басында неге отырмайсың? – деп

сұрады.

– Ол екі үстелдің басында екі бөлім меңгерушісі – Несіп­

бек Айтов пен Иранбек Оразбаев отырады. Мен әдеби қыз­мет­
кермін ғой. Орным – осы.

– Маған жүрші! – деп Орекең кері бұрылды. Соңынан еріп

кабинетіне келдік. Оны-мұныны сөз етіп біраз отырды да:

– Сен баяғы менің сөзімді көңіліңе алып жүрсің бе? Мен

өзім сондай қасқамын. Айта салам да, өзім азап шегіп жүремін.
Жарайды енді... Саған арнап «Өнер» деген бөлім ашайын.
Бастығы да, қызметкері де өзің бол. Бөлек кабинетте отыр.
Редакция алқасына мүше боласың, – деді.

Айтты – көңіл тазарды. Осы күннен бас­тап Оралхан аға
екеуміздің арамыз жақындай бастады. Шақырып алып, кеңес
сұрайтын болды. Жауапты жұмыстарды тапсыратын болды.
Редакцияның бөлме­лерінде анда-санда өтіп тұратын «шай

ішулер» кезінде бұл кісінің жаны жайсаң, жүрегі жомарт
адам екенін анық тани бастадым. Осындай басқосуларда сұлу
даусымен өлең оқиды екен. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның
белгісі» әңгімесін жатқа оқығаны қандай ғажап!

– Әй, өзі де Шұға десе шұға еді-ау! – деп өкініп бір тоқта­

ғанда, бәріміз де қобалжып, орнымызда омалып отырып
қалушы едік. Дүрдиген сырты болмаса, Оралханның ішінде
жап-жарық шырақ жанып тұрушы еді.
Бас-аяғы екі-үш айдың ішінде тонның ішкі бауындай бо­

лып, жақын араласып кеттік. Екі үйден кезек шай ішетін
бол­дық. Бірге жолсапарларға шықтық. Ағадырдағы Ағыбай
батыр­дың тойына, Талдықорғандағы Ғали Ормановтың
тойына, Жезқаз­ғандағы Аппаз Қаражігітовтың тойына бірге

барған кездер күні бүгінгідей есімде. Жезқазғанға Қайырбек
Асанов екеуі аттанбақшы еді, жеме-жемге келгенде маған да
«барасың» деді.

– Бас редактор барған жерге біздің қосарланып барғаны­м­ыз

ретсіз шығар, – деп шегіншектеп едім:

– Қамшының сабындай қысқа ғұмыр ғой. Бірге жүре

тұрайық та, – деп мұңая сөйлегенін ұмыта алмай жүрмін. Бұл
кезде Оралханның демі бітуіне екі-үш ай ғана қалған екен ғой.
Қарт жазушымыз Аппаз Қаражігітов Қайырбекке қасқыр
ішік кигізді де, Оралхан екеумізге кәрістердің екі радио­

қабылдағышын сыйлады. Ұшақтан түсіп, үйге барып, шай ішіп
отырғаным сол еді, Орекең телефон шалды:

– Ей, менің радиомның сағаты бар екен, – деп балаша қуа­

нып тұр екен. – Сенің радиоңда сағат бар ма?

– Бізде де бар шығар, Ореке. Кәріс ағайындардың бір

қалыптан шығып жатқан арзан радиосы ғой!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Сен әлі ашып көрмеген екенсің ғой. Әрине, буржуйларға

дүние таңсық емес. Біз классик болсақ та қатарға қосыла алмай
келеміз...
Орекең Жазушылар одағы берген екі бөлмелі тар пәтерде
тұрды. Сонысы өзіне қатты бататын.

– Айханым мен Айжаным өсіп келеді. Мына қуықтай екі

бөлмеге сыймайтын түріміз бар, – деп уайымдайтын.
Кеңес өкіметі тарап, дүние астан-кестең болып жатқан
алакөбең шақ. Жаңадан шыққан байлардың алдына тұрып
болмайды. Оралханның да, менің де тұрмысымызды түзе­

гіміз келеді. Қол қысқа. Көбіне біздің үйде шай ішіп оты­
рып, түрлі жоспарлар жасаймыз. Алдында ғана «Ауылдағы
қазақ қаламгерлерінің ұйым серіктестігі («АҚҚҰС») деген
қауымдастық құрылып, Оралхан – президент, мен – вице-

президент болып сайланғам. Айтпақшы, менің бұл жұмысқа
жегілуім де кездейсоқ жүзеге асып еді.
Бір күні, қауымдастықтың құрылтайы алдында Орекең ша­
қырып алып:

– Тұтқабай Иманбеков вице-президент болады. Сен со­

ның орнына бас редактордың орынбасары боласың, – деген
шеші­мін жариялады. Өзімізбен жақсы араласып-құраласып,
сыйласып жүретін Тұтқабай ағамыз жеме-жемге келгенде
«АҚҚҰС»-қа барғысы келмеді.

– Мені қызметтен шеттетіп жатырсыңдар, – деген өкпесін

айтты. Осыдан кейін Оре­кең «АҚҚҰС»-қа мені сайлатты.
Кейін «АҚҚҰС»-тың әжептәуір ауқатты ұйымға айналғанын
көрген Тұтқабай ағамыздың шынымен өкінген шақтарына да
куә болдық.

Сонымен Орекең екеуміз «АҚҚҰС» арқылы шаруа жүр­
гізуге талпындық. Темірше Сарыбаевты Ақсуға жұмсап, сон­
дағы ақын Жамау Бұқарбаев арқылы бір мәшине қаптаулы қант
алғызып, оның жартысын Көкшетаудағы менің әкім досым

Құрманхан Бұқарбайұлына жөнелтіп, ол жақтан бір КамАЗ
картоп алдырып дегендей...
Екі Бұқарбайұлының еңбегі еш болды: Арқадан көктем
шыға алдырған таңдаулы картопты қалай сатудың ретін біл­

мей «Алматыэнергосеть» деген ұйымдағы біреуге түсіріп беріп
едік, ол ақшамызды бермей сырғақсытып жүрді де, бір күні өзін
мәшине басып кетті.

– Қант, картоп операциясы осымен бітті, – деді Орекең

ызаланып. – Енді темекі операциясын бастаймыз.
Сөйтсек, Орекең бір отырыста Алматы темекі фабрика­
сының директоры Қадыр деген жігітпен танысқан екен.
Қазіргідей Куба сигаралары мен Англия сигареталары тіре­

ліп тұрған заман емес. «Қазақстан» сигаретінің көзден бұл-бұл
ұшқан кезі.

– Әлгі директордан сұхбат алып кел. Газетке жедел жария­

лаймыз. Осыны пайдаланып, бір миллион қорап «Қазақстан»
сигаретін отыз тиыннан сатып аламыз да, үш сомнан сата­мыз.
«АҚҚҰС» ақшаның астында қалады, – деп қуанып отыр екен.
Фабрикаға барып, сұхбатты да даярладым. Бір миллион

қорап сигаретті де алуға келісім жасадым. Баюдың аз-ақ
алдында тұр едік...

– Мені атып тастайтын адам жоқ! – деп Орекең аяқ асты­

нан шала бүлінді. – Кеше Дулаттың үйінде қонақта болып...
Балконда темекі тартып тұрып, енді темекі сатып байиты­
нымызды айтып мақтанып қойыппын.

– Е, Дулат өзіңіздің досыңыз, «жеті жетімнің» бірі емес пе?

– Дулат әлгі темекі фабрикасының директорымен бажа

екен. Біздің достығымыздың жазылмаған заңы бойынша,
бірімізден біріміз озып кетуге болмайды. Енді қара да тұр,
Дулат әлгі темекіні бізге бергізбей қояды!
Рас екен. Әлгі миллион қорап темекіні біз фабрикадан

шығарып алуға тиіс күні де, одан кейін де директор Оралхан
екеумізді маңына жолатпай қойды. «Темекі» операциясы
да күйреп тынды. Артылып қалған қантты Орекең қайтыс
болысымен, үйіне беріп жібергенім есімде. Айтпақшы, Дүкеңнің

бажасынан сұхбат алуға барғанымда, Орекең екеумізге мың
қорап қара сүзгілі «Қазақстан» сигаретін сыйлаған. Оралхан аға
қайтыс болған күндері сол қара сүзгісі бар сигаретті көзімізден
жас аққанша құныға сорып жүрдік қой.

1968 жылы біз оқуға келіп түскенде, «Лениншіл жас»
газетінде әдебиет бөлімін басқаратын Оралхан Бөкеевтің
әдеби даңқы дәуірлеп тұрған болатын. Газеттің бірнеше
нөміріне шығатын әңгімелерінің жалғасын оқу үшін ерте­

мен газет дүңгіршектерінің алдын күтуші едік. Сол романти­
калық әңгімелер бізге өлең сөздей, тіпті әсем әндей көрі­
нетін. Ұзын, қою қара шашы желкесін жапқан жас жазушы­

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ның шығармашылық бақытына қызыға да, қызғана да
қарайтынбыз. Кейін ешкімге ұқсамайтын хикаяттарымен өзін
әбден мойындатқан жазушымен аз уақыт та болса қанаттас өмір

сүргенім – әлі күнге сағынып еске алатын кездерім. Таралымы
әбден құлдырап кеткен «Қазақ әдебиетін» насихаттау үшін 1992
жылдың соңында ақындар айтысын өткізіп, тізе қосқан шақта
оның қандай күрескер екеніне көзім жетті. Айтыскер ақындар

мен термеші-жыршылардың республикалық қауымдас­тығын
бірге құрдық. Дәл осы еңбегі үшін кейін Оралхан Бөкейдің
құрметіне үш рет ақындар айтысын өткізуге тура келді.
Қаратай елінің ортасында өткен осы жыр сайысында ақын іні-

қарындастары Орекеңнің асқақ бейнесін өлең сөзбен сомдауға
құлшынды. Қара сөзбен жырлайтын қаламгер осы құрметке
лайық еді.
1993 жылдың шілде айында Оралхан Бөкеев 50 жасқа

толуға тиіс еді. Мамыр айының басында Несіпбек екеумізді
оңаша шақырып, кеңес құрды. Туыс-туғанның аздығын,
ет-жақындарының бірінің соңынан бірі бақилық болғанын
айтып, мұңайып отырды. Өз ауылындағы адамдардың қатыгез,

тасбауыр болып бара жатқанына мынандай мысал келтірді:

– Шайды балмен ішкенді ұнатам. Шіркін, біздің Алтай­дың

хош иісті балына ештеңе жетпейді ғой. Елге бір барға­нымда
ауданның бірінші хатшысына бал құйдырып бер деп өтініш
жасадым.

– Қанша бал керек еді?

– 7-8 литрдей болса...

– Ыдысыңды менің жүргізушіме тапсыр. Ұшаққа сол

апарып береді, – деді хатшы.
10 литрлік бір ыдыс сатып алдым да, жүргізушісіне бердім.
Сенесіңдер ме, жоқ па – тура 8 литр бал құйып беріпті.
Ыдыс 10 литрлік еді ғой. Біздің ауыл осындай! – Осы әңгі­

мені айтып ызалана күлген Орекең шілде айының 3-і күні
Несіпбек үшеуміздің менің «Жигулиіммен» Қатонқарағайға
аттанатынымызды хабарлады.

– Неге менің «Жигулиіммен»?

– Сенің орындыққа жапқан тыстарыңды түнеу күні Бақыт­

жамал Эмираттан алып келген. Сондай ұнайды маған!
Осындай уәжге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? Сірә,
өзінің қызмет бабында мінетін «Волгасын» еліне мініп баруға
сақсынса керек.

– Еліңізге достарыңыздан кімді шақырасыз? – деп сұрадық

Несіпбек екеуміз.

– Ешкімді де шақырмаймын. Оларды күтетіндей құдіретті

туысым жоқ. Аудан басшысының тірлігі әлгі. Елдегі Жұмаділ
досым да өзім секілді қу сирақ кедей. Шыңғыстайда бір тайым
бар. Соны соямыз. Үшеумізге бір жұма жеуге содан артық не
керек? Қатонның ауасының өзі не тұрады! Айтпақшы, қайтарда

мен ұшақпен ұшып кетем. Сендер жермен қайтасыңдар.

– Неге ұшып кетесіз?

– Бір жұма Шыңғыстайда арақ ішкен сендердің иістерің­нен

менің басым айналады.
Осылайша жоспары сызылып қойған алдағы сапарға
шықпай қаламыз деп кім ойлаған...
Сол 1993 жылдың мамыр айының соңында, Қазақстан

Жазушылар одағының бірінші хатшысы Қалдарбек Найман­
баев бастаған 15 шақты қаламгер Түркияға сапар шегіп, Мағжан
ағамыздың 100 жылдығына арналған шараларға қатыспақ­
шы едік. Сапарды ұйымдастырушылардың бірі ретінде мен

де, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы ретінде Оралхан
Бөкеев те делегация құрамына енген едік. Сәуір айының соңғы
күндерінің бірінде Орекең мені кабинетіне шақырып алды да:

– Мен Түркияға бармайтын болдым. Сен газетке сапарнама

жазып келесің, – деді («Мағжанның Түркиясы» деп аталған
сапарнама «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды).

– Сіз неге бармайтын болдыңыз?

– Мен Үндістанға жүремін, – деді Орекең.

Үндістанның басшысы Алматыға ресми сапармен келгелі
жатқан. Соның алдында бір топ қазақ журналистері Үнді еліне
барып қайтатын болыпты да, ішіне Оралхан Бөкеев те қосылған
екен. Орекеңнен бас­қасының бәрі – жас қаламгерлер.

– Ылғи бала-шағаның арасында сізге не бар, Ореке? Үндіс­

танға мені жіберіңіз де, өзіңіз Ыстамбұлға барып келіңіз, –
дегенім есімде.

– Түркияға барсам, Қалдарбек пен сен берген тиын-тебенді

санап жүреді екенмін. Үндістан сапарын үкімет қаржы­
ландырып отыр. Біз де есеп шығара білеміз, шырақ! – деп әзіл-
шыны аралас жауап берген Оралхан: – Мен не көрді дейсің?
Қырымға барсам емделуге бардым. Переделкинода жазудан

қолым босамады. Елбасымен Еуропаға бір барып келгенім

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
болмаса, осындай тегін сапарға бірінші рет шыққалы отыр­мын
ғой. Жас болса, жер ортасы елуге келіп қалды, – деп мұңайды.
Қыс айларының біріндегі кеңесу кезінде:

– Қылшылдаған кезімде өзгелер үшін жұмыс істедім. Енді

өзім бас редактор болған кезімде қаңсып қалған басыма идея
келер емес, – деп налығаны бар еді. Сол күні профессор
Тұрсынбек Кәкішевтің «Астананы Ұлытауға көшірсек қайтеді?»
деген мақаласын дайындап әкеліп, оқуға бергенімде айт­қан

сөзі еді. Мен күмәнданып әкелген сол мақаланы нөмірге салуға
пәрмен берген Орекең астананың көшпей қалмайтынын
болжалдап жүр екен ғой.
Орекең Үндістанға 10 мамыр, жаңылмасам, сенбі күні

аттанды. Жауапты хатшы Қайырбек Асанов екеуміз Жазушылар
одағына келіп, шығарып салдық. Көлігіне мінгелі тұрып:

– Қайырбек, маған екі шөлмек арақ әкеліп, қоржыныма

салып берші, – деп өтініш жасады.

– Арақ ішпейсіз ғой, оны қайтесіз? – деп Қайырбек таң­

данды.

– «АҚҚҰС»-тың қоймасында отыз жәшік арақ тұр емес пе?

– деп мен ұсыныс айттым.

– Сенің қисық шөлмегіңді шетелге апарғаным ұят болар, –

деп күлді Орекең. – Ішпесем де, қоржынымда жүрсін. Қолымды
жуамын. Мен өзі иіс-қоңысты жаратпаушы едім. Үндістанда
қысы-жазы ауа ауыспаған соң иіс болатын шығар...
Қайырбек «Балалар әлемі» дүкені жағынан тез оралды да,

бізбен қол алысып қоштасқан Орекең көлігіне мініп, жүріп
кетті.
Оралхан Бөкеев Делиде мамырдың 17-сі күні қайтыс
болыпты. «Агра қаласына сапарлап барып, Тәж-Маһалды

тамашалап, қайтар жолда әзіл-қалжың айтысып, көңілді болып
еді» дейді көргендер. Өкпесінің ілесі бар еді, 56 градус ыстыққа
шыдас бермеген тәрізді. «Сорқұдықтың басына сорға бола
қонды әкем» демекші, осы сапарға бармай-ақ қойшы деген

менің сөзімді қабыл алса, әлдеқалай болар еді деп ойлаймын
да жүремін.
Оралханмен айнымасқа, айырылмасқа табысқанымды
білуші едім. Бірақ дәл осылай жылдам қоштасамыз деп

ойламаппын. Көзімнің жасы сорғалап жүріп жоқтау жаздым.
Жиырма шумақтан астам сол жоқтау Оралханның мәйітін

Мүсірепов театрынан алып шығарда айтылып тұрды. Біздің
шешелеріміз, жеңгелеріміз боздақтарын солай жоқтаушы еді.
Жоқтау үстінде іштегі шер-шеменін, қайғы-зарын сарқып
айтып, мауқын басатын. Мауқымды бас­қан сол жоқтаудың

мәтінін де сақтап қалмаппын.
Оралхан үздіге жырлап өткен Шыңғыстайға, Мұзтауға,
Қатонқарағайға өзі өмірден өткен соң оншақты жылдан кейін
ғана жолым түсті. Оралханның ауылы, үйі, Оралханның мек­

тебі, мұражайы деген түсініктер пайда болыпты. Оралхан­ның
жерлестері Оралханның атын айтып мақтануды үйреніпті.
Тоба.
Маралшылардың тау басындағы «Верхотур» деген қосы­нан

таң алдында төмен түсіп келе жатып, жолдан адастым-ау деген
күдік көңіліме кірді. Сиырын өріске шығарып жүрген жігіт
ағасы жол жиегінде тұр екен. Жөн сұрасам:

– Мен жол сілтей алмаймын. Осы жасқа келгенше мына

Большенарымнан арғы жаққа аяқ басып көрген жоқпын, – деп
шынын айтты.
Жан-жағын шыршалы-самырсынды таулар қоршаған,
адам­дары томаға-тұйық ауылдан шыққан Орекең қалай алысқа

ұзап кеткен! Қандай биіктерге шығып кеткен?
Сол биіктен, Оралханның биігінен төменге қарасаң – басың
айналады.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ҚАҒАЗДАЙ АППАҚ АҚСЕЛЕУ АҒА А қселеу аға менің өмірімде үнемі болған тәрізді. Біз қолымызға қаламды енді ұстап, алғашқы хатхабарымызды енді жариялата бастаған тұсымызда ол кісі «Лениншіл жастың» Қарағанды облысындағы мен­ шікті тілшісі ретінде алдымызда ойқастап жүрді. Жазған­ дарын жібермей оқып, үлгісін көңілге тоқитынбыз. КазГУ-дің журналистика факультетінде Ақаңмен бірге сырттай оқитын немере ағам Көбейсін Еңсебаев сессияға барып-келген сайын ол кісі туралы аңыз әңгімелердің бір парасын ала келетін. Ақаңның жүріс-тұрысы, киім киісі, насыбай атуы, көл-көсір әңгімесі туралы тамсанып айтатын. Ұйып тыңдайтынбыз. Ол кездегі Ақселеу Сейдімбеков біз үшін ұсынсақ қолымыз жет­пес биік еді. Кейін, 1980 жылдан бастап, Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы болып жүрген кезімде, «Білім және еңбектің» бас редакторы Ақаңмен жақын араласудың сәті түсті. Менің достарым Несіпбек Айтұлы, Жәнібек Кәрменов ол кісімен преферанс ойнайды екен. Бұл менің де ескі дертім еді, төртінші қол болып қосылып жүрдім. Көбіне редактордың кабинетінде кешке жолығамыз. Кейде үйінде жиналамыз. Таңды таңға ұрамыз. Сөздің реті келіп тұрған соң айта кетейін, Ақаң өзін жақсы преферансшы деп ойлайтын, бірақ, шындығында, одан әлдеқайда мықты ойнайтындар көп еді. Ақаң қайтатын жылы қыста біз – Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев үшеуміз Астанаға ұшып келіп, айтыстың шаруаларымен Мәдениет министріне жолықтық та, кешке Қыдырәлі Болмановтың үйіне соғымның етін жеуге тоқтадық. Ағаларыңызбен табақтас болыңыз деп, Ақаңды шақыртып едім, кешікпей ол да осында жетті. Айгүл Елшібаеваның, Клара Төленбаеваның әндерін тыңдап, Қыдырәлі мен Қарақаттың берекелі дастарқанынан дәм татқан соң кешкі самолетпен Алматыға ұшпақшы едік, Ақаң қояр да қоймай билеттерімді тапсырып, өз үйіне бір қонып аттануға қолқа салды.

– Қайда асығасыңдар? Мұндай сәті түсе бермес. Сыбаға­ ларыңды жеп, қолды байқап кетіңіздер, – деп қатты қиылды. Ақыры билеттерімізді ертеңге ауыстырып, түнімен преферанс ойнадық. Ақаң едәуір ұтылып қалды. Бұл қаңтардың он үші еді. Арада ай өтер-өтпес маған телефон шалып: – Бүгін Алматыға келе жатырмын. Бір миллион теңгем бар. Ана екі ағаңды шақыр. Кегімді қайтарамын, – демесі бар ма. Алматының түбіндегі Тұздыбастаудағы біздің үйге соғымнан сыбаға астырып, қайтадан бас қостық. Екі ағамның да, Ақаңның да жайын білетін мен оңашада Ақаңа өтініш айтып, ойынның бәсін төмен айтуға қолқаладым. Ол көнбеді. Ақыры бірер партияда әлгі миллион ғайып болып, жаңа иесін тапты. Қалтасы қағылса да, келісті ойыннан қанағат тапқан Ақаң: – Әй, жауыз бауырларым-ай! Еселеріңді жібермейсің­- дер-ау, Сіздермен осылай бір шайқасқанның ләззатына не же­ теді!– деп ірілік көрсетті. Өткен күзде осы төртеуміз Көктөбенің басында, Қазақ теледидарының ұйымдастыруымен өткен күй кешінде отырғанымыз бар еді. Тар жерде ұзақ отырып қалып, темекіден тарыққан соң, Ақаңның шақшасын сұрап, насыбай аттым. Көрінгеннен көзақы алатын Өмірзақ Сәрсенов те шақшаға қол салды. Сол жерде Ақаң: – Менің насыбай шақша соғатын өнерім бар ғой, Өмірзақ, Амангелді үшеуіңе күмістен шақша соғайын. Ағаларыңа айт, тапсырыс берсін. Әр шақша отыз мың теңге тұрады, – деді. Амангелді Дінұлы темекіге де, насыбайға да жоқ. Сөйтсе де: – Соғып берсін. Естелік болады ғой. Ақысын төлейміз деді. Бірер айдан соң Астанадағы Ақселеу Алматыға телефон шалып: – Әй, ұл! Мен асығыстау айтып қалыппын. Әр шақша елу мыңға түседі екен. Ағаларыңды көндір, – деді. Ағаларым қайда барушы еді, «жасай берсін» деп келісті. Көп кешікпей Астанадан келген жазушы Серік Әбдірайымов Ақаңның сәлемдемесін әкеліп берді. Қатты қорапқа салған үш күміс шақшаның қасында Ақаңның маған жазған хаты да бар екен. Осы хатты жеке мұрағатымда сақтап жүрмін. Ұзын ырғасын келтірсем: «Жасым ұлғайған соң, қолым қалтырап, көзім де бұлдырайтын болыпты. Оның үстіне, электр пешіме күмісті балқыта қою да, таптау да қиындаған тәрізді. Үш шақшамен үшеуіңнің образыңды бейнелеуге тырыстым. Түнеу күнгі елу

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
мыңнан дегенім де бекер екен. Бағасы көтерілді» дегендей
сыңай танытты. Бауырымыздың кішкентай ғана ішкі есебіне,
бала қулығына мәз болып, әрқайсымыз мың доллардан сыйақы

тағайындадық. Ақаң аса риза болып еді.
Бүгін өткен күндерді еске алып отырсам, сыйлас болған,
сырлас болған күндер көп екен. Әсіресе Ақан елу жасқа
толып, өзінің туған Жаңаарқасында атап өткен 1992 жылдың

күзі көңілімде жақсы әсерлер қалдырыпты. Ақаңның кіңдік
кескен жері – Отаутасқа дейін барып, аяғына қара пима
киген анасының да қолын алып едік-ау. Мен осы мерей­тойға
арнап, әзілі аралас бір өлең жазып едім, сол Ақана қатты ұнап,

ауданның өзінде, ауыл-ауылдарда өткен кездесу-жиындардың
бәрінде сол өлеңді маған қайта-қайта оқытумен болды.
Біраздан соң соны оқудан жалығып, қашқалақтай бастап ем,
бір оңашада:

– Әй, ұл! Он жылдан кейін, сен елуге келгенде мен де бір

қызметіңе жарармын. Қолқалата бермей оқы деген жерде оқып
жүрсеңші! – деді. Сол өлең мынау еді:
Даладай дарханым, теңіздей тереңім
Алаштың ардағы Ақселеу тарақты,

Тәңірім өзіңді текті етіп жаратты.
Сояудай сорайған бойыңа болайын,
Айналып кетейін көзіңнен қарақты.
Даладай дарханым, теңіздей тереңім,

Дүлділдей жүйрігім, өгіздей кереңім.
Сұңқардай сұңлығым, жібектей жұмсағым,
Қасымда жүрсең де сені іздей беремін.
Қызырың қолдасын, әруақ жебесін,

Уызға жарыған марқасың, кебесің.
Халықтан барлығын үйреніп алдың да,
Халыққа қайтадан үйретіп келесің.
Дәстүрдің білгірі, салтыңның сақшысы,

Заманның заңғары, тарихтың хатшысы.
Кейде біз ойлаймыз Геродот ақсақал
Болған-ау сірә деп Ақаңның атшысы.

Аңызын естісең көңілің толғандай,
Көш құлаш уәжі көкейге қонғандай.
Көсілтіп сөйлейді көненің тарихын
Жорықта Жошының жанында болғандай.

Айтыса кетсеңіз уәжбен жығады,
Бекерге дауласпа – боласыз кінәлі.
Ақаңда шақша көп, бірі сол шақшаның
Құнанбай қажыдан қалған боп шығады.

Көңілдің төріне орнатып Абайды,
Ақаңның жүрегі талайды қалайды.
Ыңылдап айтқанын жұрт әнге балайды.
Дыңылдап тартқанын жұрт күй деп санайды.

Ақаңның білмейтін бәлесі шамалы,
Пайдасы тимейді, жоқ және залалы.
Құнығып кіріссе қияды барлығын,
Суырып береді, сыпырып алады.

Дүние жалған ғой, қызыққа тоймайсың,
Ойнамас ойынды бекерге ойнайсың.
Баскетбол секілді ойынды ойнаса,
Алдына жан салмас еді-ау деп ойлайсың.

Жүзінен көрінбей архивтің азабы,
Үстіне қонбайды тарихтың тозаңы.
Кәдірбек білмесе біз қайдан білейік,
Қай уақта оқиды? Қай уақта жазады?

Айдынның төсінде жарқырап ай маңдай,
Айтуды білмейді бір сөзді ойланбай.
Қолында таяғы маңқиып жүреді,
Пәнидің тірлігін тындырып қойғандай.

Тәңірі көрмесе айтқанды күпірлік,
Ақаңа арнауды осымен бітірдік.
Сәкенді көрмедік,
Алайда Ақаңның

Соңына ергенге етеміз шүкірлік.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Басқа қасиеттерін қайдам, әйтеуір, өзінің көзінің тірісінде
оған деген інілік ізетімді, оның қазақ руханиятындағы орны
туралы әділ сөзімді айтып үлгерген екенмін. Соған да тоба!

Ақаң шындығында да менің 50 жылдығыма қызмет жа­сады.
Қарағандыда өткізілген шығармашылық кешіме Алма­
тыдан Тұманбай Молдағалиевті, Қадыр Мырзалиевті, Сәкен
Жүнісовті шақырып әкеліп едім, оған Астанадағы Ақселеу

Сейдімбеков қосылғанда төрт құбылам түгенделіп, төбем көкке
жетті. Ақаң барлық шараларда төгілтіп сөйледі. Облыс әкімі
резиденциясындағы шай рәсімі кезінде Ғабдолла Құлқыбаев,
Сәкен Жүнісов үшеуі күй тартысып, бір сағаттай жиналған

жұртты тамашаға бөледі. Ел сілтідей тынды. Сөз сөйленбейді.
Тек күй сұңқылдайды. Көрген түс тәрізді. Домбыраның
шанағынан күй сауып отырған даланың дана шалдарының
көзіндей үш ағамның нұрлы бейнесі көңілге сурет болып көшті.

Өмір өңкей тойлардан құрала ма? Кейде ит болып
балағыңнан қауып, дұшпан болып жағаңды жыртып, опасыз­
дығын да жасайды ғой. Бір жылдары Ақаңа да күйе жағып,
аяқтан шалушылар табылды. Ағамыздың «Қазақтың бейпіл

сөздері» деген кітабын түсінуге өресі жетпеген бір міскіндер
авторға ошағандай жабысып, тіпті оны жоғары оқу орнынан
аластатуды да талап етіп жатты. Осындай әсіре белсенділердің
бірі – оның өз ауылындағы мектептің болғаны өкінішті. Оның

хаты газетке жарияланды. Осы кезде Ақаң мен ұлы жазушы
Мұхтар Мағауиннің де арасы нашарлап жүрген кезі еді. Әсіресе
екі жақсы ағамның шиеленіскен ара-қатынасы біреулердің
қыбын қандырып жатса, біз сияқты тілеулес інілерінің

арқасына аяздай батты. Бір күні М.Мағауинге арнайы барып,
Ақаңмен арадағы беймағына дүрдараздықты доғаруға қолқа
салдым. Обалы нешік, Мұқаң көп уәж айтып, ақталып бақты.
Ең соңында Мұқаңның баспасөз бетінде тым ерсі сөздерге

барғанын кінәлап тілге тиек етіп едім:

– Жарайды, Ақаңа сәлем айтып бар. Менен кешірім сұра­

сын. Сосын қоялық, – деді.
Осы әңгіменің мазмұнын Ақаңа толық жеткізіп:

– Елге абыройсыз болдыңыздар ғой. Жасыңыз кіші. Кеші­

рім сұрай салсаңызшы! – деп жалынғанымда:

– Кешірім сұрайын-ақ. Бірақ неге кешірім сұрайтынымды

түсіндірші? – деді Ақаң. Бұл бір басы бар, аяғы жоқ дау еді.

Әңгіме осымен доғарылды. Мен екі ағамның арасына басу
айтқан дәнекер сөзімді «Қазақ әдебиетіне» жарияладым. Екі
жақтан да дыбыс болмады. Арада біраз уақыт өткенде Ақаң:

– Жақында бір жиында Мұхтар ағаңды көріп, сәлем

бердім. Жасы үлкен ғой. Қолымды қаққан жоқ. Алды. Сірә,
кешірімдескен деген сол шығар, – деп еді. Бұл баянсыз дүниеде
екі ұлы адамның бір-біріне кешпестей не өкпесі болушы еді?
Осы естелікті жазу үшін өткен күндерді шолсам, жолы­

ғысулар мен қоштасулар еске түседі. Қайсысын тізе бересің.
Тағы бір эпизодқа тоқтала кетейін.
2002-2003 жылдың қысында Еуразия ұлттық универси­
тетінің ректоры М.Жолдасбеков ағам мені Астанаға шақырып,

қызметке алып, төрт бөлмелі үй берді. Астанаға әлі бауыр баса
алмай жүрген кезімде Ақселеу ағам телефон шалып:

– Қарындасымнан ұятты болып жүрмін. Осы алдағы сенбі

Бақытжамал екеуің біздің үйден ерулік жеңдер. Ерулік же
дегенге сопайып екеуің жетіп келмей, жора-жолдастарыңның
ішінде ішеді-ау, жейді-ау деген мықтыларын ерте кел! – деді
Іздегенге – сұраған. Жаңылмасам, Сәулебек, Тұрсын,

Несіп­бек секілді сен тұр, мен атайындарды ертіп, сау ете
қалдық. Дәл қазанның қамырын саларда Астанадан келген
досы Асанәлі Әшімов те сол үйдің есігін қақпасы бар ма? Ағаш
астауға сыймай келген қысқы сүрдің ең шұрайлы жерлерін

Ақаң қылпылдаған кездігімен өзі қиялап турап, жемесімізге
қоймады.
Астананың аш-жалаңаштарына да керегі сол. Сілтеп
жатырмыз. Асап жатырмыз. Ақаң одан әрі қолқалайды. Қыс­

қасы ертеңіне Ақаң түске таман телефон шалып:

– Әй, жалмауыздар-ай! Ең болмаса жылытып жейтін бір­

деңе қалдырмапсыңдар ғой! – деп қалжың айтты. Қан­дай жа­
растық десеңізші!
Ақселеу Сейдімбек «Егемен Қазақстанның» әдебиет және
өнер бөлімін меңгеріп тұрғанда бір топ өнер адамы республи­

каның мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Ақаң маған сурет­
ші Мағауия Аманжоловтың шығармашылығы туралы очерк
жазуды тапсырды. Мағауияны тауып алып, қазіргі Әйтеке
би көшесіндегі шеберханасында екі-үш күн суретшімен

сырластым. Бұл ғажайып шеберге өзім де ынтық болып қалдым.
Жазып әкелдім. Ақаң:

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Бір сөзін де өзгертпеймін. Тек атын ғана «Көк түс –

көктемнің белгісі» деп қояйын. Әй, ұл! Осы сенің теледи­
дарда не ақың бар? Сенің стихияң – жазу ғой. Бірыңғай жазуға
көшсеңші. Теледидардағы еңбек желге ұшып кететін еңбек
қой, – деп кеңес берді. Очерк лезде жарық көрді. Жұмбағы

көп суретші Мағауияның тағдыры да жұмбаққа айналып, өзі де
із-түзсіз жоғалып кетті. Содан бері отыз жыл өтсе де, Мағауия
Аманжоловты көрдім деген бір адам жоқ. Кейінгі оншақты
жылда, теледидардан қол үзген соң, мен ара-тұра очерк жазатын

болдым. Оларды Ақаң қадағалап оқып жүреді екен. Бір жолы
Астанадан телефон шалды:

– Мен саған баяғыда ескертіп едім ғой, сенің қолың –

жазу. Сенің очерктеріңді Еуразия университетінің журна­
листика бөлімінде жанрдың бір қыры деп оқытып жатырмын.
Жаза түс!
Мен үшін бұл аса жоғары марапатпен пара-пар еді.

Астанадағы Ақаңның қазасы туралы хабарды Алматыда
жүріп естідім. Аспаннан жай түскендей болды. Есімізді жиған
соң, жайсыз хабарды екі досына – Өмірзақ Сәрсенов пен
Амангелді Ермегияевқа жеткіздім. Оларға да қатты батқа­

нына куәмін. Ажалға да етіміз үйреніп барады ғой. Ол кезде
үшеуміз түскі асты бірге ішуші едік. Түстік үстінде сыр тартып
көрсем, Ақаңның жаназасына баратын сыңайлары жоқ тә­різді.
Жайшылықта айтыла бермейтін ірі-ірі теңеулердің аузым­нан

қалай шығып кеткенін аңғармай да қалыппын:

– Ақселеу Сейдімбек – қазақ руханиятының алып тұл­

ғасы. Ғалым, жазушы, зерттеуші ғана емес, сол еңбектерінің
жиын­тығымен ұлттың ұстазына айналған адам. Ұлы тұға. Кеше
ғана бір дастарқаннан дәм татып, айырылмастай болған Ақаң
бүгін ойран болып жатқанда, жаназасына қатысуға жарама­сақ,

адамға септігіміз қайсы?!
Обалы нешік, екі аға да үн-түнсіз ғана ұшақтың биле­тіне
тапсырыс берді. Ертеңіне үшеуміз Астанаға ұшып келіп, ұлы
тұлғаның басындағы құрметті қарауылға тұрдық. Ақан­ның

мәйітіне ерген шұбырыңды халық Жаңаарқаға бет алғанда,
көліктің ішінде отырып, мына жолдарды қағазға түсірдім:

Ақселеуді аттандыру
Өтеді хан да қара, сақи, дана,
Аттанып бара жатсың бақиға, аға.
Өмірің алты Алаштың олжасы еді,

Өлімің де айналды оқиғаға.
Тәңірі жаратса да мұратты ұл ғып,
Бұл өмір өте шықты бір-ақ күндік.
Кемсеңдеп Кекілбаев сөйлегенде,

Басқамыз «бауырымдап» жылап тұрдық.
Тауысып пәнидегі ғұмырыңды,
Табасың тұрақтайтын тұғырыңды.
Мәңгілік қоштасуға қимағандар,

Соңыңнан келеді еріп шұбырынды.
Білеміз ажал мерей тасытпасын,
Сол ажал жігерді де жасытпасын.
Сен өзіңнің ажалың арқылы да,

Үш жүздің бара жатсың қосып басын.
Жаңаарқа танып сені жөргегіңде,
Әлпештеп шығарғанды ел көгіне.
Қаумалап келдік қоңыр төбеге енді,

Өзіңмен түсетіндей көрге бірге.
Білетін дұғаны айтып құрандағы,
Ауызға алып тұрмын бір Алланы.
Туған ел құшағынан шыққан ұлды,

Туған жер құшағына тұр алғалы.
Жаңарқа жаққа жолым түссе, «Ақселеу биігі» атанған
Қарауылтөбеге, Ақаңның зиратына қайырылмай өтпеймін.
Қарапайым да мәңгілік сипаты бар қоңыр тастарды сипалап,

өзім білетін сүрелерімді оқимын. Тасқа қашап жазған Күл­тегін
ескерткішінің дана сөздеріне көзім түседі: «Көктегі күнге, оның
көне тарихына, дәстүрі мен салтына, әні мен күйіне құмары
қанбай ғұмыр кешкен Ақселеу аға Сейдімбек» қағаздай аппақ

адам еді-ау!
Ақаң менің өмірімде үнемі болған тәрізді...

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ЗАҢҒАР З аманымыздың ең заңғар ақындарының бірі, әр қазақтың жүрегіне жол таба білген тегеурінді таланттың иесі Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған осы қорытынды баяндама мерейтой иесінің бүкіл шығармашылық мұрасын толық қамтиды деп күтетін болсаңыздар, мен ол үміттеріңізді ақтай алмайтын шығармын деп қауіптенемін. Өйткені, Мұқағали Мақатаевтың бүкіл шығармашылық жолы туралы, әсіресе, биылғы жылы – оның туғанына 80 жыл толған жылы баспасөз бетінде кеңінен сөз болып қал-қадарынша баға беріліп, сарапқа салынды. Ал, Мұқағалидың ақындық тағдыры туралы сөз – ол жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясының тағдыр-талайы, өнгені мен өскені, өлгені мен өшкені туралы сөз деп ұғындық. Бұл – бір қалыпқа сыймайтын, бір өлшемге көне қоймайтын, буырқанып тасынғанда арнасын бұзып аққан дариядай асау да қуатты, бастауынан тұна қалғанда, бұлақтай таза да мөлдір қасиетті қазақ өлеңі, оның құдыретті де кіріптар перзенттері туралы сөз болса керек. Сондықтан ұлы ақынның шығармашылық тағдыры мен шығармашылық мұрасы туралы әңгімені бүгінгі қазақ жырының тағдырынан бөліп қараудың еш мүмкіндігі жоқ. Бір данышпан: «Ақынға тағдыр керек» депті. Жүзі алмастай қылпыған өлең сөзді жаратушы өнер иесі туралы осыдан қатал, осыдан қатыгез, бірақ, осыдан әділ үкімді табу қиын шығар. Өздерін Мұқағалидың шәкіртіміз деп жариялап, қайдағы бір жоқ сары уайымды қазақ поэзиясына сүйрелеп әкеліп кіргізіп, қара аспанды жауға, қара орман елді дауға алдырып жүрген осы күнгі бірқатар жас «шайырлардың» қолдан жасаған қасіреттерінің оқырман қабырғасына батпайтыны, көңілінің алақандай көлшігінде үрлеп туғызған дауылы, зорлап жаудырған жауыны жүректерді селт еткізбейтіні дәл осы талайлы тағдырдың жоқтығында деп түсінемін. Арғы төркінінде әлеуметтік астары жоқ, халықтық сипат жоқ пендешілік мұңаю,

қайғыру, қасірет шегу, торығу жырларының, олар формалық
жағынан қандай заманауи бесікке бөленсе де, халықтық мұң
мен шерге айнала алмайтыны, сол себепті де эстетикалық шөлді
қандыра алмайтыны айдан анық. Балабақшадағы дайын ас,

мектептегі стандарт тәрбие, институттағы шүлдір-шүлдірден
басқа көрген-баққаны жоқ, өмірбаяны жып-жылмағай қалам
иесі қанша жерден Мұқағалиға еліктегенімен, жасандылыққа
ұрынатыны түсінікті. Бүгінгі жаңа поэзияның айықпас дертіне

айналып отырған осы жалған шерлену, уайым кешу, қасірет-
азап тарту, сергелдеңге түсу сарындарының ар жағында өмір
шындығы тұрған жоқ. Ендеше, өздерін Мақатаев дәстүрінің
жалғасымыз дейтін жас ақындар нағыз биік поэзияны мақсат

тұтса, өз позицияларын қайта қараулары, түбегейлі тексерулері
керек-ақ.
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға,

Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға, –
деген Абай сөзіндегі шындықтың қаны әлі сорғалап тұр. Ал,
Мұқағали Мақатаев болса, өзінің өксулі, қасіретті, алаңдаулы,

торығулы өлеңдерінің бәрін өз дәуірінің, өз халқының
талайына тап келген тағдыр талқысынан, уақыт шындығынан
шемен-шердей сүзіп шығарушы еді. Қазақ халқын қынадай
қырған аштық нәубетінің ызғарын анасының уызымен қосып

емген бұл ұрпақтың балалық дәурені сұрапыл соғыспен тұспа-
тұс келіп, уайымсыз ойнап-күлу дегеннің не екенінен бейхабар
есейгені оның өзекжарды өлеңдерінде бейнеленбесе, сөзден
басқа рухани олжасы, рухани алданышы жоқ қамкөңіл халық

бұл жырларды тұщынбас еді. Бұл жырларға жұбанбас еді.
Дәуірдің қаны сорғалаған шындығын жойқын талантымен
қарпып, көркемдік құралдардың құдыретімен қағазға көшіре
білген Мұқағали ақынның сезімдерінің сенімді, қасіретінің

шынайы, уайым-қайғысының, жан күйзелісінің халықтық
болатын себебі осындай өмір ақиқатында жатыр.Бір Мұқағали
ғана емес, онымен замандас Тұманбай Молдағалиев, Қадыр
Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Сәкен Иманасов, Өтежан Нұрға­

лиев шығармашылығында да осы дәуір шындығы, мезгіл табы
әртүрлі деңгейде көрініс табатыны сондықтан.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Шәй орнына қайнақ су сораптадық,
Сонда да біз жамандық жолатпадық.
Барға мәз, балапандай тояттадық,

Сонда да біз өмірді жоғалтпадық,
Нанды беріп, майданға етті беріп,
Жұбандық өзіміздей көпті көріп.
Отарлы жан отырып, қорек еткен

көк сиырға өмір бер деп тіледік.
Осындай бар мен жоқтың арасында қалт-құлт еткен
тағдырды бастан кешіріп, өңменінен итерген өмірді өр­ше­лене,
емірене сүйген мыңдаған Мұқағалилардың мұңы жүрегіне

орнаған ұлы ақынның сыры да, жыры да халықтық болуы
табиғи.
Сәби халқым, сарыла сыр ақтарам,
Жалған ой, жасырын күй жырақ маған.

Сенің үнің мендегі, сенің жырың,
Сенің ойың санамда тұрақтаған, –
дейтіні содан. Ойынсыз өткен балалық, көңілге мезгілсіз
қонақтаған мұң, ерте есейтке бейнет өлең болып өріліп, жыр

болып жұпталып, ақынның азаматтық бейнесінің бедерлі
бояуларына айналған соң, бұл поэзия оқырманның өз сыры­
мен үндестік тауып, шыншыл шынайы кейіпке енеді.
Бар ма деп Шалкөдені шолатын күн,

Баланың жанарына толатын мұң.
Халықтың қайғысы мен қасіреті,
Шер болып шөкті ішіне сол ақынның.
Жыр жазып арасында жүрді ауылдың,

Қойсын ба құдыреті жыр-дауылдың.
Сөзімен сызып заман суретін,
Айналды ақынына бір дәуірдің.
Жазғанмен жан жарасын үрлеп уақыт,

Жесірмен қайғы-көлге бірге батып,

Жүретін Қарасаздың көшесінде ол,
Басынан Хантәңірдің жыр боратып.
Күзетіп босағасын боздақтардың,
Ошақта өлең отын маздатты әр күн.

Есіне түсіп кетсе есіл ерлер,
Ызғарын сезінетін жазда ақпанның.
Түнектен тілегендей жанға жалын,
Жүректе тұншықтырып мәңгі азабын,

«Есіктің» кафесінде отыратын,
Ішінде жалғызсырап даңғазаның.
Әрине, тағдыр ауыртпалығын бастан кешіру бар да,
оның

көркемдік
қорытындыларын,
аңсау-көксеулерін,
шер-шежіресін қорғасындай балқытып, өлеңге құя білу бар.

Мұқағали Мақатаевтың ақындық құдыреті, бөлек болмыс-
бітімі осы өткелек шекарадан басталады. Ұлы ақын­ның 80 жыл­
дығын ел болып тойлап отырған биылғы жылдың өне­бойын­
да Мұқағалидың ең үздік өлеңдері, шырайлы шумақтары,

ақындық табыстары баспасөз бетінде, түрлі басқосулар­дағы
байыпты баяндамаларда талай рет мысалға келтіріліп, барын­
ша кеңінен сөз болды. Біз аз ғана сөзбен сол тамсандырған
тамаша олжаларды жіктесек дейміз.

Біріншіден, ол өзін алдыңғы ұрпақтың, абыз аталар мен
киелі кейуаналардың мұрагері сезініп, перзенттік махабба­тын
жаңғырта жырлаудан айнымайды.
Кезімде менің есірген,

Тентек деп тізгін тартпадың
Сақалына орап өсірген,
Қай жақта жүрсің, қарттарым, –
деп күңіренетін сағыныш сарыны бүкіл шығармашылық мұра­

сының өнебойына алтын арқау болып тартылатынын аңғару
қиын емес.
Мен сені сыйламасам, түсінбесем,
Жүрмес ең әр жырымның ішінде сен.

О, менің пайғамбарым!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Сен болмасаң,
Тірі пенде алдында кішірмес ем.
Ат басы алтын берсе табылмаған,

Еншім бар менің сенде алынбаған.
Қобызың емес пе едің қолыңдағы,
Ұмыттың неге мені, жаным бабам.
Ат басы алтын берсе табылмаған,

Сыбағам қайда менің алынбаған.
Бір түйір кәрі көздің жасы емес пе ем,
Ұшында сақалыңның дамылдаған.
Мұқағалидың арғы-бергі өз тегін тергеуі, халық тарихына

бойлауы, мәңгі тоқтамас өмір керуеніндегі өз болмысын
тануға ұмтылуы, дәл осындай бояуы қанық, айтары анық
шабытты шумақтардың ғұмырын ұзартты. Әйгілі «Райымбек,
Райымбек!» поэмасын жазуға түрткі болған да дәл осы өткенге

үңілу, ақиқатты іздеу, тарихты тану деп білеміз. «Аққулар
ұйықтағанда» мен «Реквием» – осы ішкі қақтығыстардың заңды
нәтижесі, ақындық рухани арпалыстың квинтэссенциясы.
Дәл осылайша өзіне дейінгі тарихты таразылау жолы­

мен тосын әрі түсінікті көркемдік қорытындылар жасау
арқылы шығармашылық биікке көтеріліп алған талантты
ақын өзі өмір сүріп отырған дәуірдің шындықтарын шежіре­
л­еуге келгенде екінші тынысы ашылып, ешкімге ұқсамайтын

өзіндік қолтаңбасы мен жүздеген ғажайып өлеңдерді дүниеге
әкелді. Адам жүрегіндегі құбылыстар, адамдардың ара қаты­
на­сындағы қақтығыстар, өтірік пен шындықтың, әділет пен
жауыздықтың бітіспес күресінің шынайы көріністері оның

бүкіл шығармашылық мұрасының көркіне айналды. Әдебиет­
тің объектісіне ғасырлар бойы айналып келе жатқан адамгер­
шілік проблемалары Мұқағалидың өзекті тақырыбы.
Пенделік ғұмыры қамшының сабындай қысқа болғанымен,

Мұқағалидың ақындық мұрасы аса байтақ. Абайдың баспа
бетін көрген өлеңдерінің саны 176, ал М.Мақатаевтың
соңында 40 мың жолдай өлең қалды. Осы мол қазынаның дені
ел мен жердің тағдырына, адам жүрегіндегі толқыныстарға

қатысты толғамдар, ақындық тебіреністер, өрнекті ойкешу­

лер. Тек өзіне тән ерекшелікпен туған елді сүйе білу, туған
жерді аялай білу оны шығармашылық ізденістің ұсынсаң
қолың жетпес биіктеріне көтерді. Мұқағали жалаң жартасты,
тұл тауларды, өмірсіз өзен-көлді, қыбырсыз даланы сүймейді,

сол ел мен жерді мекендеген өз тағдырластарын тану арқылы,
солардың тағдырларына ортақтасу арқылы адам жүрегіндегі
сапырылысқан сезімдер коллизиясын жырға көшіріп, хас
шеберліктің қайталанбас үлгілерін жаратады.

Оңашада ойларын тыным еткен,
Біздейлердің мыңы кеп, мыңы кеткен.
Ойлы жас!
Өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай.
Мұқағалидың ақындық кредосы осы. «Ақын боп өмір

кешіру оңай деймісің, қарағым, Жамау ғып басу өзіңді ол,
аузына барлық жараның» деп өткен Төлеген Айбергеновтің
де, «Өзге емес өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан
сөз дайында, Жүректе тұнып жатқан дауыл-күйді, Толқы­

тып тебіреніп қозғайын да» деп өзін өзі өртке салған Қасым
Аманжоловтың да асыл мұраты осы еді, жүрегінің түбіне кір
жасырмай айтып өту еді. Кемел таланттардың байлаулы сөзі
бір-бірімен қалай үндеседі десеңізші.

Мұқағали Мақатаевтың ең шырайлы шумақтарын ізде­
сеңіз – оның махаббат лирикасына үңіліңіз. Бір қара­ғанда,
ол осынау мәңгілік тақырыпты көп шиырламаған тәрізді бо­
лып кө­рінеді. Себебі, бүгінгі поэзияда әбден таптаурын болған

тақыс теңеулер, бірінен бірі айнымайтын, өлдім-өштім,
күйдім-сүйдім деген өзеуреген өлеңдер онда жоқ, бірақ, терең­
нен тебіренген, биіктен сорғалаған, әдепті де аптапты алапат
шумақтарды мыңдаған әсіре өлеңдердің бәсіне бермес едім.

Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап, тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық,
Ана қыран,

Алыстан келеді ұшып мұзбалағың!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Тәкәппар ең, өрлікке бола туған,
Жет тездеп, дауыл тұрғыз қанатыңнан,
Сен мендік, мен сендікпін,

Ана қыран,
Қыранбыз қырандардан жаратылған.
Осындай жолдарда сезімнің тазалығымен қоса, қан­
шама тектілік, қаншама биіктік, қаншама өрлік жатыр.

Өзіңіз төменде тұрсаңыз, бұл биік поэзия сіздің де сезіміңізге
шаппайды, жүрегіңіздің басына қан тамызбайды. Оны ұғыну
үшін, түйсіну үшін өзіңіз де биікке көтерілуіңіз керек. Бекзат
өнердің осындай құпия заңдылықтары болады.

Мен нағыз махаббаты армандаймын,
Мен оны жоғалтып та алғандаймын.
Ақ қаздар арасынан аққуымды,
Ажырата алмаған сормаңдаймын!

Нағыз махаббатты тек осылай ғана жырлауға болады. Барда
қадыр жоқ. Жоқ қана қымбат. Жоғалған ғана қимас­т­арыңа
айналады. Соны сезіне білген адам ғана, соны жырлай білген
ақын ғана шынайы.

Осы баяндамаға бөлінген 15 минутты Мұқағали ақын­ның
ең таңдаулы өлеңдерін оқуға арнаса, ең тәуір, ең тұщымды
баяндама сол болар еді. Өйткені, өлеңді талдап түсіндіріп,
жеткізем деу – бос әурешілік.

Сен мына жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

...Сен мына менің алып басымдасың,
Білесің, ешкім де оны басынбасын.
Сен мені өз басыңмен бірге қорға,
Біреулер зұлымдығын асырмасын!

Сен менің миымдасың.
Білесің миым жатқа бұйырмасын.

Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай.
Қиылғасын!
Осындай айтып тіл жеткізгісіз шырайлы шумақтармен

ажар таластыратын өлеңді табу үшін әлемдік поэзияның
антологиясын ақтару керек. Тауып алуыңызға тілектесепін.
Ақынды талантты деп дәріптегенде оның дарын құды­ретін
килограммен де, метрмен де я болмаса басқа бір өлшемдермен

де анықтайтын құрал жоқ.
Мұқағали Мақатаевтың таланты да ешқандай өлшем­
дерге сыймайды. Оны талғампаз оқырманның жүрегі сезеді,
жаны түсінеді. Әсіресе Мұқағали өлеңдеріндегі мақам мен

саз, ішкі музыкалық жарасым ерекше оқшауланып көзге түсе­
тіндей. Ұлы ақын өзінің әр өлең жолының, әр шумағының
сұлу қалыпта табиғи үндестікпен жаратылуына айырықша мән
беруші еді. Біздіңше Мұқағали Мақатаевты төбесіне көтеретін

әр оқырман ең алдымен осы іші-сырты бірдей сұлулыққа
құмартатын секілді.
Баяндаманың басында ескерттік, қысқа ғана уақытта ұлы
ақынның бүкіл шығармашылық мұрасын түгендеп, түстеп

бере алмаймыз. Ол мүмкін емес. Алайда шайырдың соңында
қалған барлық шумақтар шаң баспайтын асылдан еді деп
көлгірсу – ақиқатқа қиянат болар еді. Аманатқа адал боламыз
десек Мұқаңның мыңжылдықтарға кететін ең кемел туын­

дыларын іріктеп, ақындық жолының басында балаң қалам­нан
туған осал өлеңдерін, әншейін ақындық жаттығуларын, замана
ыңғайына қарай жазылған Ильич, Мавр, «больше­виктер»
деген тәрізді сәтсіздеу, уақыттың желімен ілесіп ұшып кететін

жеңіл қауыздарын елеп-екшеп, асылдан жасықты айырып-
ажырататын уақыт жетті. Ендігі жерде Мұқаңның мол мұ­расын
талғампаздықпен іріктейтін талантты редакторға зәруміз.
Оның есімін орынды-орынсыз әр жерге тықпалай беру абырой

әпермейтінін де түсінетін кезіміз болды. Мысалы осыдан
бес жыл бұрын жарық көрген «Он ғасыр жырлайды» деген
кітапқа Жүсіп Баласағұннан бастап, Махмұт Қашқари, Асан
қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиізжырау, Доспанбет жырау,

Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Қабылиса сияқты фольклор
марғасқалары – мен Мұқағали Мақатаев өлеңдері енгізілген.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Өзінің дәуірінен, өзінің шығармашылық ортасынан оңашалап
алып Мұқаңды бабаларының ортасына апарып қосқанда,
кітапты құрастырушылар оған ерекше артық абырой алып

береміз деді ме екен деп таңқаласыз. Бірақ Мақатаев мұрасы
мұндай арзан абыройға зәру емес еді ғой.
Екінші бір өрескелдік – Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне
жазылып жатқан сазға яғни ән әуендеріне қатысты. Кезін­

де ақынның өзі Нұрғиса Тілендиев секілді заңғармен
шығармашылық одақ құрып, «Сарыжайлау», «Сөнбейді әже
шырағың» т.б. секілді ғұмырлы әндерді дүниге әкелгені белгілі.
Әнге мәтін жазудың өз заңдылықтары, өз қағидалары бар

екенін ақындар жақсы біледі. Кез келген тәуір өлең әнге үйлесе
кетпейді, солай бола тұра «Мата даңқымен бөз өтетінін» білетін
кейбір сазгерлеріміз өз есімін Мақатаевтың ұлы есімімен
қосақтап, абыройға бөлену үшін яғни көк жасық ән сымақтарын

өткізу үшін Мұқағали өлеңдеріне ән жазатын дауасыз дертке
шалдықты. Ол өлең әнге ылайық па, жоқ па деп бастарын
қатырмайды, өлеңнің авторы – Мұқағали Мақатаев. Болды.
Бітті. Қабылдау керек. Қиқылдаған, шиқылдаған, мияулаған,

қыңсылаған ән сымақтардың авторлары Мұқағалиға обал
болды ау деп ойламайды. Мысалы:
Жүрегім мұзды мұхит, бауырым Кипр – деген тәрізді күрделі
өлең жолдарының сазбен тіл табыспайтынын ұғынатын сазгер

жоқ. Бір тәуір деп жүрген сазгер әншіміз Мұқағали өлеңдеріне
біріңғай шұқшиып бір өзі қырық ән жазыпты. «Сәби болғым
келеді», «Отыздан асып барамын», «Қазағым-ай», секілді төрт
әні тәуір шығар, қалған нөпірдің қажеті қанша еді. Осындайда

жасық пен жасандының алдына тосқауыл қоятын көркемдік
кеңестердің тарап кеткеніне налисың. Кезінде Бибігүл апай,
Шахмардан Әбілов, Сара Тыныштығұлова, Кеңес Дүйсекеев,
Мұрат Құсаинов, Ибрагим Исаев, Исраил Сапарбаев, Роза

Рымбаева секілді ән саласының беделді бектерінен құралып
эфирдегі халтурамен аяусыз күрескен соңғы көркемдік
кеңестің Қазақ радиосынан да аластатылғанына екі жыл
болыпты. Өкінішті. Соның нәтижесінде эфирден күн сайын

дерлік берілетін, «Қоңыр» тобының орындауындағы бір әннің
қайырмасы былай деп келеді:
Билейміз биіңе,
Күйлейміз күйіңе.

Ақынды құрметтеудің ең абзал жолы – ақынды қорламау.
Тірісінде құрметтей алмау бір қасірет болса, өлген соң, өмірден
өткен соң қадіріне жетпеуден артық қорлық бола қоймас.
Бұл жағынан келгенде Мұқағали секілді ақындардың соры

бес елі. Тірісінде соңынан сөз бораған Мұқағали туралы әр
түрлі әңгімені қазір оның өзі сөзге сөз қайтара алмайтын
кезде онан әрі өршітіп жатқанымыз өкінішті. Бізде қазір
Мұқағали, Қасым аруағы алдында ақталу, бар пәлені олардың

өзіне жабу, себептің бәрін ақынның өздерінің мінездеріндегі
ойқы-шойқы олқылықтардан іздеу, яғни өздерін кінәлау
тенденциясы қалыптасып келеді. Қасым мен Мұқағалидың
Жазушылар одағынан шығарылғаны, партиялық жаза алғаны,

қызметсіз қалып жоқшылық азабын шеккені, ресми марапат
көрмегені бәрі-бәрі осы ақындардың қара бастарын дұрыс
алып жүрмеуінің кесірі еді деген пікірді қоғамдық пікір
ретінде орнықтыру талаптары жасалуда. Ойбай-ау қатып

қалған қалыпқа түсіп, ноқтаға басын сыйғызып, стандартты
қоғам арбасының тепеңдеген торшалағанына айналса, олар
заманнан бойын оздырған заңғар ақынға айналар ма еді!?.
Оқыс ойдың өзі оқшау қылықтың, мінездің жалғасы емес

пе?!. Бунтарь, бүлікшіл ақын табиғатының көрінісі емес пе?!.
Марқұм Мұқағалиға Мемлекеттік сыйлықты дау-дамаймен
әрең бергенімізді, ең қуатты туындыларын Алматыда жаратып,
әдеби сапарын Алматыда аяқтаған аяулы Қасымға Алматыдан

ылайық көше бермей отырғанымызды өзімізше ақтайтын
болсақ онда қазақ ақындарының сорлы тағдыры әлі талайға
дейін оңалмайды деген сөз. Демьян Бедныйға Кремьлден пәтер
берген Ульянов- Лениннің көрегендігі қазақ шенеуніктеріне

бұйырмай тұр. Ақын елдің рухы, ақын сөзі халықтың жан айқайы
екенін әлі ұғатын түріміз жоқ. Серік Ақсұңқарұлы, Несіпбек
Айтұлы секілді арқалы ақындарға, азаттықтың, тәуелсіздіктің,
елдіктің талантты жыршыларына мемлекеттік сыйлықты

қыймай жүргеніміз, шөміштен қысып қалып жүргеніміз – дәл
осы дәрменсіздігіміздің, барды бағаламауымыздың айғағы.
Өлгенін, жерленгенін күтіп жүрмей
Талантты қадірлеңдер тірісінде, –

деп жырлағанда Қадыр Мырзалиев те қоғамдағы осындай
әділетсіздікті мегзеген болса керек.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Оны айтасыз кезінде партия мен комсомолдың, кейінде
биліктің ыңғайына көніп сөзін сөйлеп, соның өзінде
ғаламдық поэзияға өлшеусіз олжа салған, мың жылда бір туар

таланттарымыз – Қадыр Мырзалиев пен Тұманбай Молдағалиев
өмірден өткенде топырақ салуға жарамаған, мұсылманшылық
жолмен жаназа намазына қатысуға жарамаған жоғары билік
енді кімді қадірлеуі мүмкін? Осы екі алыппен қоштасуға

келмеген шенді шенеуліктерден не күтуге болады? Қадекең
мен Тұмағаң өлген күні ұлттық рухқа құрмет көрсетіліп, елде
қаралы күн жарияланар деп тосуымыз бекершілік екен.
Бірақ билікке өкпелеуге болмайды. Өйткені, өзімізді өзіміз

сыйламайтын, қадірлемейтін күнге тап болдық. Кезінде Мұхтар
Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев
секілді алыптардың назарында болып, ақ батасымен аяқтанған
қазақ жырының талантты перзенттері бұл күнде кім көрі­н­

геннің қолжаулығына айналды «Жаны аяулы жақсыға қосамын
деп, әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып». Әр түрлі жолмен
газет-журналдарды иемденіп алған дарынсыз жолбике­лер ақты
қара деп аузына келгенін сөйлеп, ақын біткенге тіл тигізіп,

ат қойып айдар тағып ар-намысына тиіп, әдебиеттің киелі
әлемін ала тайдай бүлдіре бастады. Соңғы жылдары жиірек
өткізіліп, жазба поэзияның еңсесін көтеруге ықпал етіп жүрген
жыр мүшайраларында өздерінің көк есегі бәйгеден келмеген

бір міскіндер эстетикалық талғам- таразы дегенді мүлдем
жылы жауып қойып, өздерінің жілігі татымайтын шимай
шатпақтарын өлең деп мойындауды талап етіп, жала-пәлелерін
жонымыздан жарып тығуда. Қара шаңырақ Жазушылар одағы

да, оның әдеби органдары да бұған тоқтау сала алатын түрі
жоқ. «Бетпақ жеңдім дейді, байғұс көндім дейді» Мұқағали­
дың заманында да осындай әделетсіздік, арсыздық төрге
шығушы еді. Ештеңе өзгергені көрінбейді. Өзінің ең асыл жыр

маржандарын жарату қызметін аяқтап өмірден көшкелі жатқан
Мұқағали Мақатаевтың газет бетінен қандай содыр сын естіп
кеткенін сіздер жақсы білесіздер. Ақиқат ақын өлген соң ғана
қалпына келтірілді.

Соңғы жылдары өмірге келген «Мұқағали» журналы –
ұлы ақынға қойылған ең ғажайып ескерткіш деп білеміз.
Ақын талантын құрметтеуші жекелеген азаматтардың жан­
кештілігімен жарық көріп жатқан осы әдеби басылым Мұқаң

туралы тамаша естеліктердің, ғылыми зерттеулердің тұ­
сауын үздіксіз кесіп жатыр. Республикадағы «Абай» журналы,
«Жамбыл» журналы, биыл жарық көре бастаған «Қасым»
журналы әдебиет тазалығы, поэзия биіктігі жолында қажырлы

қызмет етіп, руханият кеңістігінің өміршең болуына абыройлы
қызмет етіп жатқаны қуантады. Өлеңді ұлы ақындардың
өздерінің рухы ғана қолдап жатыр, қорғап жатыр.
Бүгін сексен жылдық мерейтойы аталып отырған Мұқа­ғали

Мақатаевтай ұлы ақынның, нағыз заңғардың кіндігін кес­кен
қасиетті қазақ поэзиясы осылайша сынын кетірмеген, бояуын
бұзбаған қалпында тәуелсіз елдің руханият көшінің ал­дыңғы
легінде келеді. Ол – арамдалмайтын дария, сарқыл­­майтын

бұлақ, аласармайтын асқар тау. Өйткені:
Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім,
Жақсы жыр жазсам, халқым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Алайда өлтіре алмас өлеңді ешкім!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ҚҰЛМАМБЕТТІҢ ҚҰЛЫНЫ А й, Жанарбек інім-ай! Оразалы туралы он бет қағазды уақытылы жазып бере қоймадың деп мені жазғырып жүрген шығарсың-ау. Досың туралы естелікті қағазға түсіріп бер деп сен мені қанша уақыт қолқаласаң, мен сонша уақыт өзөзімнен қасірет шегіп, іштей азапқа түсіп жүрген жоқпын ба? Неге деймісің? Өзіңнің балаңмен жасты рухани інілерің туралы естелік жазамын деп кім ойлады дейсің. Және оның не қызығы бар дейсің. Өзіңнен бір көйлек болса да бұрын тоздырып, аз болса да, көп болса да тәлім-тағылым берген ағаларыңмен бірге өткізген келте күндердің елес-сәулесін еске алудың жөні бір бөлек. Сені бір бел-белес санап, соңыңа ерген, қолыңа су құйған жеткіншек інілердің қысқа ғұмыры туралы сөз қозғаудың еш ләззаты болмайтынын сен ұғынбай-ақ қой. Амал қанша! Айтыс та майдан сияқты. Мылтықсыз майдан. Мерген уақыттың қарауылына іліккен айтыс сарбаздары саптан шығып қалып жатыр. Ең әуелі «Илигай-лап» келіп, бір-ақ күнде бәрімізді тәнті еткен Жандарбек Бегімбетов кісі қолынан қаза тапты. Атаңа нәлет қай қаныпезердің өлімге қиып жібергенін білген кісі жоқ. Сосын Көкшетау мен Астананың арасындағы қара жолда Ерік Асқаровтың арбасы қирады. Сексенінші жылдардың ортасында Алаш баласын ақиқатқа ұйытқан ақберен ақын сол еді. Одан соң Әзімбек Жанқұлиевтың туы жығылды. Ауған соғысынан аман келген жауынгер ақынның жүрегі жаңа ғасыр басындағы ауыртпалықтарға шыдас бермеді. Енді келіп... Жиырма тоғызға жетер-жетпес жасында ортекедей ойнақтаған Оразалы опат болды. Айтысты майдан емес деп кім айтты?

1990 жылы Ташкенттегі айтыстың үстінде кемел ақын
Көпбай Омаровтың жүрегі тоқтап қалған.
1998 жылы шындық деп шырылдаған Шымболат Ділде­
баевтың да жүрегі жарылып кеткен.

Айтыс деген – майдан. Қаңғыған оқ жыршыл жүректі
жаңылыспай табады. Шонжыдан қайтып келе жатып, жол
үстіндегі апатта мерт болған Оразалы Досбосыновтың жаманат
хабарын маған сенбі күні бозала таңда Дәулеткерей Кәпұлы

жеткізді. Астанадан телефон шалып тұрған ақын бауырымның
дауысында үрей де, таңырқау да, түңілу де бар еді.

– Оразалы ініңіз сіз тұратын Тұздыбастау ауылының шет

жағын мекендейтінін айтып еді. Анық көшесін білмедім.
Табарсыз, – деді.
Алматының іргесінде тұрғанмен, Талғар ауданына қарай­
тын біздің Тұздыбастау ауылында кемінде он бес мың халық

бар. Алматыдан тұрақ таппаған Қанапия Дәрібаев, Темірше
Сарыбаев, Айтақын Әбдіқалов секілді біраз ақын да сол он бес
мыңның санатында. Шалдардың күпісіндей далиып жатқан
Тұздыбастаудың қай бұрышынан Оразалының қара қосын

табарсың? Нарынқолдан кәсіп іздеп келгендер төменгі жақта
қоныс салып жатыр дегенді құлағым шалуы бар еді, солай
қарай жүре бердім. Ауыл жайбарақат. Әркім өз тіршілігімен
әуре. Алаштың ардақ тұтқан бір боздағы өмірден өтпегендей.

Мерт болмағандай. Сұрай-сұрай, Ораздың бір кәрі апасының
үйін тауып алдым. Қария кір жуып отыр екен:

– Иә, Оразжан опат болды деп хабарлап кеткен. Мына бір

жиналып қалған кірді шығара салайын деп... Үйінің қайсы
екенін да анық айта алмаймын-ау мен сорлы... – Ораз ойран
болып жатқанда шаруасын күйттеп үйінде отырған кейуананы
жек көріп кеттім. Қолқасы суырылғанша дауыс салып, өлімге

құрмет көрсетіп, үзілген өмірге жоқтау айтатын қайран біздің
шешелердің орны енді тола қоймас-ау... Оразалының үйін өз
бетімізбен тауып алдық. Қам кірпіштен – салынып жатқаны да,
құлатылып жатқаны да түсініксіз қазақы жайдақ үй. Қоршауы

да жоқ, аңғал-саңғал. Аңыраған ана. Жер шұқыған бауырлар.
Ақылды әйелім берді:

– Қаладағы ұлымыздың үйіне барайық. Ақша тауып берсін.

Оразалыны жөнелтуіміз керек қой...
Ұлымыз ойдан шықты. Зыр қағып жүгіріп, бір сағаттың
шамасында әжептәуір ақша тауып әкелді. Оны Ораздың

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
шешесінің алақанына салған соң, ақынды қоятын жер іздеуге
шықтым. Күн демалыс. Басшылар жоқ. Тұздыбастау мешітінің
молдасын ертіп алып, зиратқа апарсам, қайдағы бір жықпыл-

жырамен таудың терең қуысына кіргізіп, бір төбенің астын
нұсқап:

– Бұйырған жер осы, — дейді.

– Зиратты ел жақ шетіне, анау қара жолдың бойын­дағы

ашық алаңға неге қоймаймыз?

– Рұқсат жоқ...

Әрі-бері тәжікелесіп, көнбеген соң, ауылға қайта барып,
имамның үйін тауып алдым. Бір-бірімен келісіп қойғандай:

– Рұқсат жоқ! – дейді.

Тірі Оразалыға орталықтан үй салуға рұқсат жоқ. Өлген
Оразалыға қара жолдың бойында ел төбесін көріп жатуға да
рұқсат жоқ! Ертең «Ой-бауырымдап» аяулы ақынның достары
келмей ме? Ел жиналмай ма? Мына таудың қиядағы қуысына

кім тауып келеді?
Әкімнің бе, оның орынбасарының ба, әйтеуір билігі бар
біреудің есігін қаққаным есімде:

– Қара жолдың бойынан қабір қаздырмасаң, Ораз бауы­

рымды оң жақта он күн ұстасам да, осы қуысқа қойғызбай­мын!

– деймін қаным басыма шапшып. – Сіз өзі Оразалыны кім

деп тұрсыз?! Оразалы жүз жылда бір-ақ туар Алаштың арқалы
ақыны емес пе!
Сөз ұғатын кісі екен. Қара жолдың бойынан, менің
Тоқтасын досым мен Серік інімнің қасынан жер кесіп берді. О,

тоба, мына аруана фәни дүниеде аяулы ақыныңды жерлейтін
орын тапқаның да қуандырады екен. Қуаныштың осындай да
түрі болады екен!
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Ораза­

лин­ді қонақта отырған жерінен тауып алдым. Оразалы­ның
ағасы Оразалин де азамат-ақ екен. Екеуіміз тізе қосқан соң,
жерлеу-жөнелту шаралары реттеле бастады. Ойға-қырға шап­
қылап жүріп, көздің жасындай жыр жолдары тілге орала береді.

... Сенің үйің үйлердің шеткісі еді,
Түнгі мейман шеткі үйге кеп түседі.
Домбыраңды әлдилеп жүргеніңде
Домбыраңның үзіліп кетті шегі.

... Сөзден соғам деп жүріп зор мұнара,
Сорың қайнап қалды-ау,
Сорлы бала!
Талантты өзі жаратып тәңіріміз,

Сол таланттың алдына тор құра ма...
Оразалымен
алғашқы
жолығысуларым

есімде
жоқ.
Домбырасын өңгеріп келіп, өзге де жас айтыскерлермен бірге
сынақтан өтуге талпынды ма екен, әлде, оқушы дәптеріне

қылқаламмен тізілген алғашқы өлеңдерін оқып шығуға
берді ме екен? Әйтеуір, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің үшінші курсында оқып жүргенінде, студенттік
шығармашылық кешін өткізетін болып, соған қатысуға

шақырды. Өзім де сол қарашаңырақтың түлегі едім. Ұстазымыз
Нығмет Ғабдуллин менің де алғашқы өлеңдерімді дәл осындай
үйірмеде оқытып, бір топтамамды «Қазак әдебиетінің» бетіне
жариялаған. Қолымнан жетектеп жүріп, «Жас керуен» деген

кітапқа кіргізген.
... Сол ҚазПИ-дің өзімнен айнымаған қара баласы өлең
кешіне шакырып, қиылып тұрса, қалай бармаймын?
Киіктің асығындай ғана қағілез қара бала. Күрек тістерінің

арасындағы саңылаулар көзге бірден шалынады екен. Біресе
өлең оқыды, біресе айтыстарын тыңдатты. Қай дүниесіне ден
қойсаң да, ауыл баласына тән бір аңғалдық пен тазалық ішіңді
жылытады. Ұяты бетіне шығып тұрған жастың қалыптасып

болмаған қолтаңбасында бір ғажайып құпия бар секілді.
Шапанының шалғайы желбіреген ауыл шалдары өрімдей
өлеңдердің әр тұсынан көлең ете қалатындай. «Көзден таса
қылмайтын бала екенсің» деген тұжырымды көкейіме түйіп

қайттым.
Көп ұзамай Оразалы топқа қосылды. Бір қызығы, Рес­
публика сарайында өткен жас перілердің жыр сайысында ол
ә де­геннен-ақ сүрініп кетті. Айтыстың көзге көріне бермейтін

көп-көп ұйымдастыру шараларымен миқата болып жүріп,
Оразалының қалай қапы кеткенін мен аңғармай қалып­
пын. Үйге келген соң, айтыстың аудиотаспаға түскен нұс­
қасын қайта тыңдап көрсем, «жеңіліп» қалған Оразалының

сөз орамдарының арасында небір жарқылдаған маржан­
дар, гауһарлар, алтындар жүр. «Сынапты сыпырындыдан
жинағандай» депті бір жерінде. Мен де сыпырындыдан сынап

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
жинағандай, Ораздың ең көркем жолдарын қағазға түсіріп
алып, ертеңіне қазылар алқасымен «айтысуға» бардым.
Мынандай ғажайып сөздерді айтқан ақын қалай жеңілді деп

дауласа кеттім. Дәлелдедім. Түсіндірдім. Обалы қане, қазылар
алқасындағы ағалар сөзге тоқтады. Оразалы сахнаға қайта
шықты. Жарқылдатты. Нөсерлетті. Төкті. Сөйтіп, бір кеште
бес ақынмен айтысқан Оразалының есімі лезде қазақ еліне

мәлім болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед шығын мөлшерін қайта
қарап, Оразалыға үш мың АҚШ долларына татитын арнайы
жүлде тапсырды. Осыдан кейін алты жыл бойы Ораздың бақ
жұлдызы айтыс өнерінің аспанында жарқырап тұрды.

Оразалы бір айтысында «Құлмамбеттен қалған құлын­
мын» деді. Оның осы сөзі айтыс жанашырларының құлағына
майдай жақты. Жетісу өңірінде Құлмамбеттен қалған бір
құлын­ның зәрулігі өтіп-ақ тұрған кезі еді. Ұлы айтыскер

Сүйінбай айтыстың туын желбіреткен өлкеде Жамбылдың ізі
суып, Үмбетәлінің, Саяділдің, Қуаттың, Әбдіғанидың шаңы
басылып, арындаған арқалы жырдың арнасы ортайғандай
болып жүр­ген. Әсімқан мен Әлімқұл шау тартты. Бәріміздің

өңе­ші­мізді создырған Есенқұл Тәушен апасымен бір тәжікелес­
кеннен кейін атын ауыстырып мініп, жазба поэзияның жай­
лауына шығып кетті. Ермек Жұматаев құр текіректен аса
алмады. Оның жеткен биігі «Ермек өлең айтпайды Абай үшін,

Абай өлең жазбаса Ермек үшін» деген бәдік болды. Ақын жоқ.
Қасқа құлынның құлағы көрінбей, басқа құлынның шұрқы­
рағаны естілмей, нәумездеу болып жүрген бір тұс болатын.
Дәл осы кезде Құлмамбеттің құлыны құнан шығып, бір шаңды

бір шаңға қоса бастады. Таудан құлаған тас бұлақтың жанға
жайлы сылдырының ар жағынан Көдек ақынның құдіретті
сарыны да естілетін. Оразалының құлағына қай періште
сыбырлайтынын кім білсін, адам баласы естімеген қайдағы

бір оқыс та тапқыр теңеулер оның төкпе шумақтарының
жалын күдірейтті, жонын биіктетті. Ақтамберді мен Шалкиіз,
Жанақ пен Шөже Оразалы кейпінде сахнаға шықты. Өлең
будақ-будақ төгілді. Дауыс та ашылды. Ән де түрленді. Жан

ба­ласын шыдатпайтын жаңа бір ақын көз алдымызда күннен-
күнге өсіп келе жатты. Құрдастары оны «қырғыз ақын­
дарының киллері» деп атап жүрді. Шынында да, бауырлас
қырғыз ақындарымен сөз сайысына түскенде, Оразалы мүлдем

шығандап, шырқау биікке шығып кететін. Сүйінбай бабасына

бас терісі мен қас керісі ұқсамаса да, жырдың жас перісі дәл
сол бабасынша арқаланып, өлеңнің қара дауылын қаптаған
селдей қаулатқанда, қарсыластың тілін байлап тастаушы еді.
Нағыз намыстың перзенті еді. «Сыбырлағанды құдай естімей

ме?» дегендей, кейбір әріптестері алдағы айтыстарда айтар
өлеңдерін қағазға түсіріп, қойын-қонышына тығып жүргенде,
Ораз бауырымыз сәл жымиған сүйкімді күлкісімен нұрлана
түсіп, суырып салып өлең айтудың небір таңдай қақтырар

үлгілерін жарқылдатушы еді. Шұбыртпалы ұйқаспен жыр төгу
керек пе, абстракты поэзияны түрленту қажет пе – осының
бәрі Оразалының жаңа гүл ашқан талантының оңтайына
келе беретін иірім-қайырымдар еді. Осы қасиеттерін ол өзі де

білетін, өзгелер де үнсіз мойындайтын. Бір ғажабы, сол бұлақ
өзінің жаңа көздерін жыл санап ашып келе жатыр еді...
Жезқазғанда «Ауылым – алтын бесігім» деген айтыс өтіп,
соған қатысушылар арнайы бөлінген жұмсақ автобуспен

Астанадағы айтысқа оралып келе жаттық. Біреу ән салып, біреу
өлең оқып, біреу әзіл айтып, ұзын жолды өнер думанымен
қысқартып, дуылдатып отыр едік. Артқы жақтан кем­пірдің
шаң-шұң дауысы шықты. Оған шалдың шарылдаған бай­ба­ла­

мы қосылды. Сиыр мөңіреп, бала жылап, автобустың іші лезде
азан-қазан болды. Осының бәрі бір Оразалының өнері екен.
Баяғы Қаллекидің өзі секілді. Ақын бауырымның осы өне­ріне
қуанғаным соншалық, ертеңіне Астанадағы «Конгресс-Холл»

сарайында өткен айтыстың арасында Оразалыны қоярда-
қоймай қолқалап, сахнаға әртіс етіп шығарып жібердім.
Ол осындай кесек дарын еді-ау!
Басқа ақындар қай жерде, қанша айтыс өтсе де, бәріне

қатысқысы келіп, өңмеңдеп, қайта-қайта қолқалап жүреді.
Оразалыны үлкен айтыстардың алдында кісі жіберіп ізде­
тіп, әзер дегенде тауып, додаға қосушы едік. 2004 жылдың
24 қазанында Мәскеуде өткен айтулы айтысқа да ол осылай

аттанып еді. Отбасындағы кикілжіңдерден қажып жүр­
ген Оразалы бұл сапарға көңілсіз шықты. Демеушілік жаса­
ған А. Ермегияевтың, Ө. Сәрсеновтың, А. Атамқұловтың,
Н. Сабильяновтың арқасында арнайы вагонмен, барлық сән-

салтанатымен Мәскеуді бетке алған бұл думанды топ­тың
ажары қандай ашық болса, Оразалының өңі сондай сы­нық
болды. Ырду-дырдуға қосылмады. Сыраға да қол соз­бады.
Алматымен сөйлесіп отырып, қолындағы ұялы телефонын

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
терезеден сыртқа лақтырып жібергені де оның көңіл-күйінің
қандай райда болғанын аңғартса керек... Салы суға кет­к­ен
Оразалыны менің отбасымның мүшелері қайтар жолда бөлек

күтімге алды. Ыстық-суықтың бәрін алдына тосып, бәйек
болды. Делегацияның тәртіп бұзған біраз мүшесіне:

– Оразалының басып кеткен ізіне татымайсыңдар! – деп

кейігенімді олар әлі ұмытпаған болуы керек.
Балғынбекке, Сараға, Рүстемге, Ринатқа қанша қатты
айтсам, сонша жылы сөзді Оразалыға арнауыма не себеп
болғанын әлі ұғынбаймын. Күні өтіп бара жатқан есіл бауырдың

бұл өмірде естіген соңғы қолпаштары сол екен-ау. Қазақстан
шекарасына кірген соң, шырайланып, біраз жыр төкті.
Ән салды. Әзіл-қалжыңның тиегі ағытылды. Экспромт
өлеңдер айттық.

Алдағы ажалдың хабарын аузыма Құдай салды ма:

– Оразалы,

Қаңғыған оқтан болар бөрі ажалы,
Сені де қинар ма екен көр азабы, – демесім бар ма?

– Ұйқасыңыз тастай екен, – деп күлді де қойды. Оразалы­

ның өмірден өтуіне бір аптаға жетер-жетпес мерзім қалған екен
ғой сонда.
Мәскеуден келген күннің ертесіне Дәулеткерей Кәпұлы
екеуі екі кештің арасында үйге соғып кетті.

Айтыскер ақындардың бәріне бақылау жасауды «қоғамдық
негізде» атқаратын біздің пыркарол Оразды құшақтап сүйген
болып, иісін тексеріп жатқанын ақын қайнысы сезе қойды:

– Ой, тәте, мен мәшине жүргізіп келдім. Мына көлікті

жақында алып едім. Енді үйреніп жүрмін, – деп шыр-пыры
шы­ғып, бұл аса қиын өткелектен жақсы құтылды. Бәріміз де
қуанып қалдық.
Ертеңіне кешке Жазушылар одағының бильярд клу­бында

жолығысты. Дәулеткерей мен Аманжол секілді бұл да қолы
қатты ойыншы болатын. Байқамасаң, лезде ойпаң-тойпа­
ңыңды шығарады. Шар қуалаудың қызығына берілген Ұлық­
бек екеуіміздің бітіспейтін бәсекемізді бір сәтке бөліп:

– Шонжы жаққа жүріп барамын. Қоштасып кетейін деп

едім, – деді.

– Жекпе-жекке дайындала жүр. Уәде орнында болсын,

– деп пойыз үстіндегі екеуіміздің келісімімізді есіне салдым.

Бұрын-сонды болмаған бір қызық айтыс жасауды жоспар­лап
келіп едік.

– Өтірік өлең айтысын өткізсеңізші. Мынау қоғамды,

мынау қым-қуыт өмірді келемеждеуге содан қолайлы жанр
жоқ. Ринат екеуіміздің оң жамбасымызға келіп-ақ тұр. Жекпе-
жек айтысамыз, – деп, мені еліктіріп қойған.
Өтірік өлеңді қалай айтатынын көрсетіп, өзінің әмбебап

дарынының жаңа бір қырын жарқ еткізген. Қазақ жұртына
тосын бір қуаныш сыйлайтынымызды күн ілгері сезіп, сол
айтыстың бүге-шігесін күндіз-түні ойластырып жүр едім-ау.
Сол жолы қолымызды алып қоштасқан Оразалы ажал сапа­

рына аттанып бара жатқанын Жаратқаннан басқа кім білген?..
Тартып туса тегінен сұңқарға асыл,
Тура келген ажалдан бұлтармас ұл.
Шаң қаптырып кетті ме қапияда

Тақымыңнан бұлт етіп тұлпар ғасыр?
... Амандықпен, Адаммен араз ғасыр
Айтпайтынын біліп ек Оразға сыр.
Өзіме-өзім дұға оқып отырғандай

Көздің жасы тамады қағазға сұр...
Өксігімізді баса алмай біз қалдық. Аңырап анасы, жаутаң­дап
қос құлыны қалды. Шашылып шаруасы қалды. Ешкімге қатты
қайырып сөз айтып көрмеген, досқа деген назын, жарға деген

наласын ішінде булықтырған, сыртқа сыр бермеген сабаз іні
сол сапарға жүрерде шешесіне де барып қош айтысып, мәшине
енді орнынан қозғала бергенде, екі көзі боталап тұр еді дейді
көргендер. Әркім әр саққа жүгіртіп айтады. Ақынның соңынан

сөз боратуды салт еткен қалпымызды қайдан бұза қояйық.
Айырықша естілген әуелде үні,
Алты алашқа танымал Әуенді іні.
Қош бол енді Тәуелсіз қағанаттың,

Тауқыметке туғаннан тәуелді ұлы!
... Тұрмысқа, отбасына, жоқ пен барға ТӘУЕЛСІЗДІГІН
ажалымен жеңіп алған талантты ақын, айтыс әлемінің ақиығы
Оразалы Досбосынов біздің Тұздыбастау ауылынан шығатын

қара жолдың бойында дамылдап жатыр.
Содан бері де жыл жылжып кетіпті-ау... Аруана-фәни
дүние...

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ІV бөлім. СҰХБАТТАР Жүрсін ЕРМАНОВ: «СОҢҒЫ 7 ЖЫЛДА АЙТЫС АҚЫНДАРЫ 50-ДЕН АСТАМ МАШИНА МІНІПТІ» Бұл кісінің айтыстың айналасында жүргеніне биыл 20 жылдан асып барады. Осы өнерді ежелден туыс, ежелден көрші Ресей секілді елдің астанасына апарып, аламан жырдың додасын өткізген, бүгін осы өнер­ дің ыстығына күйіп, суығына әбден тоңған Жүрсін ЕРМАНОВТЫ сәті әбден келіп тұрғанда жолай сұхбатқа шақырып, сауалдар қойған едік: – Жүрсін аға, тұңғыш өткізген айтысыңыз есіңізде ме? – Алғашқы айтысты мен Жезқазғанда облыстық телеви­ зия­сында жүргенде теледидардан ұйымдастыра бастадым. Облыс­тағы айтыс – облыстағы айтыс. Кейін Алматыға ауысып кел­геннен кейін, 1984 жылдың қаңтарынан бастап айтысты тұрақты қолға алып, наурызда Шымкент пен Алматы облысы арасындағы айтысты өткіздік. Сосын ақындарды іздеп Торғай, Көкшетау, Жезқазған, сонау Батыс Қазақстан облысына дейін бардым. Ол кез ақындардың көп кезі емес, жоқ кезі. Қолдан ақындар жасауға тура келді, тексін жазып беріп деген сияқты. Бірақ, біз бірден қағазға қарап айтысу болмасын деген талап

қойдық. Жақында ғана бір газеттен оқыдым 1979 жылдың
қаңтарында «Қазақ әдебиетінде» Әбдуәли Қарағұлов жазба
айтысты дамытуымыз керек деп жазыпты, сахнада ақындардың
қағаз ұстап отырғаны күлкілі. Ал біз қағазға қарап айтысудың

көзін жойын, бірыңғай жұрттың көз алдында суырып
салмалық айтысқа қол жеткіздік. Осыдан кейін Шымкентте,
Қарағандыда, Қызылордада, Жамбылда, Қостанайда осы
айтыспен айналысатын адамдар пайда бола бастады. Сөйтіп

біздер М.Әуезов талдап кеткен айтыстың түрлерін жаңғыртуға
тырыстық. Қайым айтысты, Жұмбақ айтысты, Өтірік өлең
айтыстарын көп қолдандық. Келе-келе айтыстың бұл түрлерін
бас тарттық. Неге? Әу бастан біздің алға қойған мақсатымыз

суырып салмалық өнерді жаңғырту болатын. Ол кез қазақтың
ежелден суырып салып айтысатын ақындарының ізі сұйыла
бастаған тұсы еді.

– Бұрын-соңды ұйымдастырылған айтыстардың ішінде ақын­

дардың аса жарқырап көрінген тұсы қайсы?

–Айтыстың әбден қалыптасуына көп уақыт кетті. Бірақ

одан тапқан пайдамыз – осы теледидардың алдында ойнап
жү­ріп өскен балалар кейін айтыстың ғажайып биігіне көтеріл­
ді. Мен өзім ең жақсы көретін айтысым – 1998 жылы өткен
«Абылай – айбарымыз, Елбасы – ертеңіміз» деген айтыс. Осы

айтыста ақындардың жаңа буыны барлық қырынан танылды.
Суырып салмалықтың алуан үлгілерін көрсетті. Одан басқа
«супер -дода» деген айтыс өткізілді. «Сегіз серінің айтысы» деп
«Жас алаш» қайта-қайта жазды да. Осыдан кейін жастар қау­лап

шықты. Өздерінің замандастарының аяқ алысын, қазақ тілі­нің
мәйегін көрді.

– Өзіңіз айтыстың басы-қасында жүрген жылдар ішінде

суырып салмалық өнерде ерекше дарынымен есте қалған, қайта­
ланбайтын ақындар қайсы?

– Дәурендер деген сөзді мен көп қолданамын. Айтысқа ал­

ғаш көтеріліп жүрген Әселхан мен Әсияның дәурені болды.
Соны көріп қыздар шықты. Одан кейін Әзімбектің дәурені де­
ген бір дәурен болды. Ауғаныстандағы соғысқа қатысып кел­
ген, әдемі әуені бар. Әзімбекке де еліктеп көп ақындар шықты.

Одан кейін Мұхамеджанның дәурені басталды. Бұл ай­тысқа
көркем ойдың, образдың жазба поэзияның элемент­терін
алып келді. Содан кейін Аманжолдың кезеңі басталды. Ол да
бірың­ғай суырып салмалықты көрсетті. Қазір де дәурені жүріп

тұрғандар бар.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Ал қазіргі жастардың ішінде қайсысын бөле-жарып айтар

едіңіз?

– Тайы жоқ, теңдесі жоқ ақын – Дәулеткерей Кәпұлы. Ол

Монғолиядан келген оралман, қалың қазақтың ішінде өскен.
Қазақ тілінің неше түрлі иірім-қайырымдарын жақсы біледі.
Тіпті осы Қазақстандағы қазақтар білмейтін көне сөздерді
қолданады. Және біз күнделікті қолданатын сөздерді ойната

біледі. Ринатты қай жағынан алып қарасаңыз да төрт құбы­ласы
тең ақын. Кезінде жыраулардың, ақындардың көп шыққан
жері Батыс Қазақстан еді. Бірақ, соңғы жылдары сиреп кетті.
Қазір бірақ осы аймақтардан да жас ақындар шыға бастады.

Мысалы – Нұрлан Мұсаев. Өзінен бұрынғы ақын­дардың
дәстүрін терең меңгерген, үлкен бір аймақтың сөзін сөйлеп
жүрген өте бір дарынды ақын. Рүстем де Мұхамеджанның ізін
басып келе жатыр, көркем айта біледі.

– Мәскеуде бір сөзіңізде «Айтыс секілді қымбат өнер қайда

бар?!» деп айттыңыз да, соңғы жылдары айтыс ақындары 50-дің
үстінде машина мінді дегенде Мәскеу қазақтары таң қалып, бас
шайқағанын байқадыңыз ба?

– Әуелі айтысты бастағанда ақындар біздің телесту­д­ия­ның

суретшісі Ерсайын Хасанов қолдан салып, көбейткен мақ­
тау қағазы үшін де айтысты. 1987 жылы бірінші рет ақын­дар­
ға халықаралық айтыста ақбоз ат мінгізе бастадық. 1992 жылы
мен телевидениеден кеттім де, 1997 жылға дейін ай­тыс үзіліп

қалды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап міне осы күнге
дейін нақты саны есімде жоқ, шамамен ақындар 50-дің үс­тінде
автокөлік мініпті.

– Мәскеуге айтысты апару енді оның тарихында қайта­лана

ма, жоқ па кім білсін?! Осындай айтулы оқиғаға қол жеткізу
қаншалықты қиын болды, түпкі мақсат не еді?

– Айтайын. Бұл маған маза бермеген көптен бергі ар­

ма­ным еді. Айтысты қырғызда бар, ана елде, мына елде бар
дейміз. Олардікі балаң күйінде қалып қойған. Ешқайсысы
қазақтай айтыса алмайды. Менің түпкі мақсатым – қазақтың
айтыс дейін ғажайып өнерін кешегі Кеңестің қызыл импе­

риясы қалай тұншықтырып келгенін көрсету үшін Мәскеу­
дің төрінде өткізгім келді. Тәуелсіздікті пайдаланып, айтыс­
ты олардың ортасына апаруды ойлап жүр едім. Оның үстіне
Мәскеуде тұратын біздің қандастарымыз да жеткілікті. Ресми

түрде Мәскеуде 10 мың қазақ тұрады дейді, бейресми одан да
көп. Менің ойым әуелде не Кремльдің Съездер Сарайында,

болмаса Колонна залында, тым болмағанда Ресейдің Орта­
лық Концерт залында өткізу еді. Оған біздің шамамыз жететін
еді. Бірақ, онда тұрған қазақтар көптен Ресейде тұрған, ана
тілінен тамырын үзген адамдар ғой. Мен осы айтысқа орай

Мәскеуге алдын-ала екі рет келіп, осындағы жігіттер­мен
ойласып, Елшінің қабылдауында болдым. Олар ондай үлкен
залдарға кісі жинауға тәуекел ете алмады. Сонымен, шағын
да болса салтанатты Павел Слободкиннің Орталық концерт

залын таңдадық. Концерт залды, барлық техникалар мен
түсіру камераларын да жалға алдық. Барып-қайтқан­дардың
қонақ үйі, жол пұлы бәрі өз мойнымызда. Ақындарға жүлде
беру керек дегендей. Міне, осы арада қомақты қаржы­мен

қол ұшын берген Амангелді Ермегияев, Нұртай Сабилья­нов,
Өмірзақ Сәрсенов деген үш азаматты айта кету керек. Ай­тысты
ұйымдастырудың қиындығы –меценаттарға айтысты өткі­зудің
қажеттігіне көздерін жеткізу. Әйтпесе, қалтасында қаржысы

бар азаматтардың айтысқа жоламай жүргендері жетеді.

– Мәскеудегі айтысқа көңіліңіз толды ма?

– Кейбір осы айтады-ау деген ақындар айтатынын айта

алған жоқ. Бірақ, Балғымбектің, Аманжол мен Карима­
ның, Нұрланның айтысы біз күткен деңгейден де асып кетті.
Айтыс дегеннің өзі қауіпті нәрсе. Сөз сахнада суырып са­
лынып айтылатыннан кейін, кейде ақынның аузынан не

шығып кететінін білмейсің. Біздің айтыс ақындары елде қо­
ғамдық пікір туғызуға қабілетті. Екі елдің арасын ашатын емес,
қосатын, Ресей мен Қазақстанның арасына көпір болатын
көркем сөздерді естідік құлағымызбен.

– Осы жолы екі үлкен оқиға болды ғой. Бірі айтыстың Ресейд­е

өткені болса, екіншісі біздің заманымыздың жаңа Біржаны мен
Сарасының табылып, айтысқа шыққаны...

– Біржан Сөктай мен Сара Тоқтамысованың айтысы дәл

мен күткен жерден шықты десем көңілдеріне қараған­дық
болар еді. Бірақ, бұлар жат сахнада бірінші рет кездесіп отыр.
Көрмеген ел, Мәскеуге тұңғыш табан тіреген деген сияқты.
Біржан сәл осалдау шыққанын өзі де мойындады ғой. Ашығын

айтсам осы!

– Қазақ қыздарының ішінде айтыс өнерінің ілкі басы, ХІХ

ғасырда өмір сүрген, өнер үшін құрбан болған Ұлбике апамыздың
азапты тағдыры белгілі. Қыздардың жолы өнерде әлі солай
бұралаң ба?

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Құдай талантты аямай берген ақын қыздардың тағ­дырға

өкпелеуге қақысы жоқ. Ұлбике ұлы тұлға еді ғой, «ноқтаға басы
қайдан сыйсын»!..
Айнұр мен Алтынкүл Парламент Мәжілісі сайлауының
додасына қатысып, өнердегі азды-көпті жинаған танымалдылығын

басқаша түсініп, саясат ауылына адасып барып жүрген жоқ па?
Айтыстың өзі – ресми билікке оппозицияда болуы таби­
ғатынан туындайтын өнер, ендеше, айтыскер –көмейіне
құм құйылғанша ел сөзін сөйлейтін тұрақты өкіл. Қолына

өлеңнің өлшеусіз билігі берілген мандат иесі. Сондықтан
ақын қыздардың Мәжіліске өтпей қалуында тұрған пәлендей
өкініш жоқ. Әрине, біздің өкілдеріміздің сайланбалы орган­
дарға өткені теріс емес еді. Кезінде Әсия Беркенова Жоғарғы

Кеңестің мүшесі болған. Қазір Әбілқайыр – аудандық мәс­ли­
хат хатшысы болып жүр. Бірақ халықтық басқару тармағында
болу үшін кәсіби дайындық, білік-пайым керек. Ел ішіндегі
азды-көпті танымалдылық аздық етеді. Саясат ауылына ада­сып

барып жүргендер айтыскерлерден басқа салаларда да аз емес

– Елдестірмек – елшіден ғой Жүрсін аға, осы айтысты Ресей­

ге алып баруда Қырымбек Көшербаевтың қыруар еңбегін айтпай
кету қиянат шығар?

– Егер біздің бастамаға ол кісі қырын қарағанда біздің

басқа әрекеттерімізден түк шықпаған, айтыс Мәскеуде өтпеген
болар еді. Қырымбек Елеуұлы осы айтысты Мәскеуде өткізу
үшін мэрдің де, мэрияның да рұқсатын алып берді. Ай­тысқа
Елшіден бастап, елшіліктің қатардағы қызметкерлеріне дейін

еңбек сіңіргенін көрдіңіздер. Ол кісі реті келсе бұл айтысты
Мәскеуде жыл сайын ұйымдастырып тұруға, осы айтысты
кітап етіп шығаруға да үлкен ықылас білдіріп отыр.

– Қазақтар көп шоғырланған өзге шет елдерде осындай ай­

тыс өткізсем деген басқа жобаларыңыз бар ма? Тағы қай жердегі
қазақтарды артында іздейтін елі бар екенін көрсетіп, серпілткіңіз
келеді?

– Мұндай жобалар бар. Түркияда, Стамбұлда қазақтар

мекендейтін екі аудан бар. Сол қазақтарға біз айтыстың
жұрнағын апарғанда да мәз болып қалған. Өз атамекен­деріне
қарап олар кісінеп отырғанда бұл игі іс болар еді. Бол­маса
Қытайдағы, Монғолиядағы қазақ диаспорасы бізді шақы­рып

отырғандарына көп заман болды. Міне, Мәскеудегі мақсат
сәтті аяқталды. Енді, Алла бұйыртып, амандық болса ат аяғы
жететін жерлерге біздің айтыс та жетер...

– Елде тағы да жаңа айтыс ақындарын табуға бағытталған

жоспарларыңыз бар ма?

– Бүгінде айтыс ақындарының шығуы оңайлады. Халық

айтыстың аяқ алысын күнде теледидардан тамашалап отыр­
ғаннан кейін, әр аймақ өз елдерінде шығып келе жатқан дарын­
дарды әкеліп, таныстырып, табыстырып жүр. Енді алдағы
қараша айының соңынан бастап былтырғы жекпе-жекті қайта

жалғастыра бастаймыз. Оның бер жағында республика­лық
деңгейдегі, жүлде тағайындалған айтыстарымыз бар. Әсіресе,
бұрын айтыс ақындары аз шыққан аймақтардан ақындар
тапсақ деп отырмыз.

– Айтыс деп жарғақ құлағыңыз жастыққа тимей жүрсе де

кейде баспасөз беттерінде, болмаса теледидарда өзіңіз туралы
әділетсіз пікірлер естіліп қалады. Сондай жағдайларда еңбегіңіз
еш кетіп жүргендей көрінбей ме? Қалай ақталасыз, «ит үреді,
керуен көшеді» деп қоя саласыз ба?

– Маған қаратып айтылған пікірлерге байланысты менің

газеттерде, болмаса басқа жерде біреумен айтысып, ақты­
ғымды дәлелдеп жатқанымды әлі ешкім көрген жоқ. Үйге
келіп өзім қасірет шегемін. Олардың айтып жатқанында да
дән бар ма деп сарапқа саламын, ойланамын, ізденемін. Бірақ,

қанша қиянат жасалып жатса да жауап бермеуге тырысамын.
Өйткені, менің істеген жұмысым халықтың көз алдында, айна­
дағыдай көрініп жатыр. Маған осыдан он жыл бұрын Мұза­фар
Әлімбаев: «Қарағым, енді сен жұмыс істемесең де айтыс­тың

тарихына ендің» деп айтып еді. Өздері түк бітірмей, шөп басын
сындырмай отырып, ұлттың рухын көтеріп, басын бірікті­ретін
уақытта, елдің мүддесіін жоқтайтын заманда, жұмыс істеп
жүрген жандардың ісінен кемшілік іздеп, бәрін кері кетіргісі

келіп жүрген міншілдерді аяймын. Бірақ, олардың бәрімен
айтыса беретін менің уақытым да жоқ, қолым да тимейді.

– Талай айтыс ақындарының тағдырына үлкен ықпалы­

ңызды тигізгеніңізді неге жоққа шығарайық. Таланттар бар да,
олардың танылуы қиын. Кейде кішкентай даңқты көтере алмай,
өзіңіз өсірген ақындар көңіліңізді қалдырып, жүрегіңізге қаяу
салмай ма?

– Не айтайын дегеніңді түсініп отырмын. Олар – ақындар.

Оған бола түңілудің қажеті жоқ. Өсіп келе жатқан бала­лар­ды
кейде сөзбен, кейде көзбен, қабақпен де, ұрсып та тәрбие­
лейсің. Бірақ оған мән берудің қажеті жоқ. Әркім өз тағды­рына
өзі ие...

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Сіз журналистсіз ғой. Айтыс деп жүргенде өзіңіздің жеке

шығармашылығыңыз айдалада қалған жоқ па?

– Шынымды айтайын. Кітабым шықпағалы 15 жыл болды.

Қазір енді екі томдық кітабымды дайындап отырмын. Бір
томы жарық көрмеген өлеңдерім, бір томы әдеби сын мақа­
лалар. Барынша, шығармашылығымды ақсатпауға тырысып
келемін. Бірақ, қазір мен осы жұмысты тастап кетсем тағы

аяқсыз қалады. Егер айтысқа қолымды сілтеп кетіп қалсам
мені сынаушылар, мінеушілер, мін тағушылар, менің аяғынан
тұрғызған
айтысымның

пайдасын
көруге
ұмтылушылар
ешкім де ештеңе істемейді. Сондықтан мен осы өнерге ба­

сымды тіккен, ғұмырымның жартысын қиған адаммын. Осы
айтыстың басы-қасында жалғыз өзім ғана емес бүкіл отбасым
ша­былып жүреді. Әйелім, ұлым, келінім, қыздарым, күйеу
ба­лам, немереме дейін жүреді. Ең болмағанда сахнада шәй

тасып жүрген де менің бауырларым. Қызым Қызғалдақ та ай­
тысты теледидарға түсіріп жүрген режиссер. Менің архивім­дегі
материалдар бойынша қазіргі айтыстың екі томдығы шықты.
Ең таңдаулы айтыстар бойынша он алты бейне таспа шықты.

Қысқасы, отбасымызбен осы өнерге бейімделіп алдық. Ендігі
міндет – Мәскеудегі айтысты республикаға тарайтын арнаның
бірі арқылы жұртқа көрсету.

– «Хабардан» неге көңіліңіз қалды?

– Неге? Мен айтысты «Хабардан» бергім келмей оты­рған

жоқ. «Хабардың» басында отырған Дариға Назарбаева «Асар»
партиясының адамы да басты демеушіміз Амангелді Ермегияев
«Отан» партиясын басқарып отыр. Екеуінің арасындағы саяси
оқиғалар айтысқа салқынын тигізбесін деймін. Әйтпесе,

айтысқа біздің министрлік де үлкен қамқорлық жасап отыр.
Министр Есетжан Қосубаев та айтысты Мәскеуге апаруға,
Мәскеуден теледидар алуға кәдімгідей қол ұшын берген.
Қалайда, бұл айтысты халыққа кең тарайтын арна арқылы

беруді көксеп отырмыз. Әйтпесе, айтыс даяр өнім, бәрібір
далада қалмайды.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
МӘСКЕУ-АЛМАТЫ жүрдек пойызы.

«Алаш айнасы» газеті мен Қазақ радиосының бірлескен
жобасы «Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы.
Авторы: Еділ Анықбай

Жүрсін ЕРМАН,
ақын, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты:

АЙТЫСТЫ 2013 ЖЫЛДАН БАСТАП ЮНЕСКО

ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ ДЕГЕНДІ ЕСТІП,

ҚУАНЫП ОТЫРМЫЗ

– Жүрсін аға, ел Тәуелсіздігін еш нәрсемен теңестіре алмай­

тынымыз белгілі ғой. Сіздің көзіңізбен Тәуелсіз 20 жылға қарап
көрсек...

– Тәуелсіздіктің 20 жылын бастан кешіріп жатырмыз.

Жан-жағымызға қараймыз, қазақ қоғамында болып жатқан
құбылыстарға, оқи­ға­ларға осы қоғамның мүшесі, азаматы
ретінде анда-санда ой-көзіңмен шолсаң, қазақтың олжасы

– неше ғасырлық тарихы бар халықтың бұрын маңдайына

бітпеген ең бақытты кезеңінің қадіріне жетіп отырған жоқ­
пыз деп ойлаймын. Неге десеңіз, мен ел-жерді көп аралай­мын,
биылдың өзінде Қазақстанның төрт бұрышына түгел барып
қайттым. Халықпен кездесемін, оқиғалардың ортасында

жүретін сияқтымын. Ойланып отырсам, Тәуелсіз 20 жыл –
Қазақ мемлекетінің ең қызық дәурені бастан өтіп жатыр. Арғы
тарихымызды шолмай-ақ, осы күнге жету үшін кеше қаншама
Алаш азамат­та­рының басы кетті. Бұл уақыт – Тәуелсіздігіміз

еншімізге тиіп, ұлт болып ұйысып, оң-солымыз­ды түгендеп
жатқан жылдарымыз. Қызық деп отырған себебім – осы.
Мәселен, қанша айғайлап шулағанмен, қазақ тілі даму үстіндегі
кезеңді бастан кешіріп жатыр. Біз жоқ-жітігімізді түген­деп

жатырмыз. Рухани еңсемізді тіктеп, жан-жағымызға қарап,
ел екенімізді сезініп, ұлттығымызды ұғып, өндірісте, саясатта,
рухани өмірімізде, қай салада болсын «неміз жетіспей жатыр,
қайтсек, жаһанданудың жұмырына жұтылып кетпейміз?»

деп елдің ойланатын, бас көтеретін азаматтары, зиялы қауы­
мы бәрін түгендеп жатқан кезімізде Тәуелсіздіктің қаді­рін
білмегендіктен, көптеген келелі мәселелерді айқай-сүреңге
ұластырып, байбаламға барып жатқан жайымыз бар. Осы менің

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
қарнымды ашырады. Қалай десек те, әлемдегі 200 мемле­кет
болса, соның ішінде жер көлемі жағынан 9-орындағы алып
мемлекетпіз. Бұл өзінен-өзі бола қалған жоқ. Ата-бабамыздың

осы жолда ажал жастығына бас қойғанын білеміз. Сөйте тұра,
Тәуелсіздікті құрметтеу, төбеге көтеру бізде әлі аяқасты. Мұстафа
Кемал Ататүрік: «Түрік болғаныңа қуан, түрік болғаныңа мақ­
тан!» – десе, біз ұлттық идеямызды іздегенімізге қанша жыл

болды? Әлі таба алмай жатырмыз. Қай ұранның төңіре­гінде
басымызды біріктіріп, қай идеяның төңірегінде ұлт болып
ұйысуды әлі шеше алмай келеміз. Бірінші орынға қай мәселені
қоюды білмей жатырмыз. Осының кесірі өсіп келе жатқан жас

ұрпаққа тиіп жатыр деп ойлаймын. Неге біз өз тарихымызды
түгендеп болған жоқпыз? Ақтаңдақ беттеріміз бастан асып
жатыр. Алысқа бармай-ақ кешегі Абылай хан заманынан бері
қарай алып қарасаң, шындықты айтып болған жоқпыз. Ал

шындықты айту өзімізді-өзіміз тану үшін, бойымызды биіктету
үшін керек-ақ еді. Менің жеке пікірім, тарихымызды түгендей
алмай жатқан себебіміз: біздің тарихымызды кешегі кеңес
дәуірінің оқулықтарын жазған тарихшы­лар түзіп жатыр. Кемел,

еркін, әлемдік мас­штабта ойлай алатын тарихшыларымыз әлі
қа­лыптасып болған жоқ. Бұрынғы методология­да ойлайтын
тарихшылар орыстың ыңғайында жазылған тарихты қайтадан
көшіріп, әр жерін түзеп, қазақтың тарихын жасағысы келеді,

бірақ бұл толыққанды, еркін, арғы-бергіні шолған тарих емес.
Тілге келейік... Неше түрлі басқосулар, митингілер өткізіп біраз
азамат­тарымыз жүгіріп жүр. Мен солардың бірен-саранына
қатыстым. Шын мәнісінде, ешкімнің тілге жаны ашып жатқан

жоқ. Тілді сылтау етіп, тілді ұранға айналдырып, өзінің жеке
басының ұпайын түгендеуді түпкі мақсат еткен азамат­тарды
көресің. Халыққа жақсы көрінсем екен, қайраткер болып
танылсам екен деген есептен тілдің ұпайы түгенделмейді. Қазір

ең бір өткір мәселеміз тіл болып тұр ғой. Қазақтың тілінің көші
өрге жүрмесін деген басқа ұлттың өкілін көрмейсің. Өзімізге
өзіміз мәселе туғызып, шаруамызды қиындатып жатырмыз.
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту қажет болса, ол – биліктің

әртүрлі деңгейінде отырған жергілікті әкім-қарадан бастап,
министрлік, парламентке дейінгі азаматтардың қолындағы
шаруа.
Бірақ

өзімізден-өзіміз
көлеңкемізден
қорқамыз:
«Ойбай, анау не деп қояды, мынау не ойлап қалады?» деп секем

аламыз. Бірақ бізге «деп» жатқан ешкім жоқ.

Кешегі ғасырдың басында Ахметтен, Әли­ханнан бастап
Алаштың ғажап азаматтары, қайраткерлері болды. Солардың
барлығы қуғын-сүргінге, репрессияға ұшырап, өмірден өтіп
кетті. Одан қалған қазақтың қаймақтары, игі жақсылары­

мыз соғыс кезінде шығынға ұшырады. Одан кейін де қудалау­
лар болды. Жалпы, тегімізді бүлдіріп алған халықпыз. Оны
біз өз еркімізбен істеген жоқпыз, уақыт, заман солай болды.
Қазіргі біздің байларымыз шын мәнісіндегі дәулеттілер емес.

Бұрынғы байлары­мыз арғы тегінен келген, сұрыпталып, ірік­
теліп шыққан игі жақсылар еді. Ал қазіргі күнгі аспаннан
түскен байлықты иеленгендер, кешегі жекешелендіруде сыбай­
ластықпен, таныс-тамырмен, жемқорлықпен байып алған­

дар ар жағында, тегінде жоқ болғандықтан, халыққа жаны
ашымайды, ұлттың қамын ойламайды. Міне, осыдан біраз
келеңсіз жайттарға ұрынып отырмыз.

– Ұлтты ойлайтындай азаматтарды сол белгілі бір тетіктерге

әкелудің, сіздіңше, қандай жолдары бар?

– Ұрпақ алмасу керек. Кешегі кеңес кезеңінің көзін

көргендердің бәрі өмірден кетуі керек. Бұл – тарихи заңдылық.
Қазір өсіп келе жатқан жаңа қауым бар. «Мен қазақпын!» деп
қуанатын жас буын өсіп келе жатыр. «Балалар мен әкелер­дің
проблемасы» деген Толстойдың да, Абайдың да кезінде болған.

Яғни «жаңа ұрпақ нашар» деген ой. Бірақ олай емес. Ұрпақ
алмасу үдерісін қазіргі тұста бастан кешіріп жатырмыз. Жаңа
айтқандай, «аспаннан түскен олжаға» ие болған байлар, жалпы,
қоғамның негізін құрайтын, қоғамның бағытын айқындай­тын

дәулеттілер дейтін болсақ, билік пен байлық сондай барды
бағаламайтын, ұлт үшін не істеу керек екенін білмейтін, тек
қара басы­ның қамын ойлайтындардың қолында тұрған кезде
бізде жөні түзу қоғам қалыптаспайды. Ол үшін уақыт керек.

Біраз уақыт өте келе Қазақ­станның жаңа қазақтары келеді.
Бүкіл әлемнің тәжірибесіне қарасақ, қоғамның өмір сүруі
үшін оппозиция қажет. Мемлекет билігінің дұрыс қадам жасап
отыруы­на ықпал ететін, қателігін сынға алып отыратын осы

оппозиция болуы керек. Біздің оппозиция­мыздың ешбірінің
туында қазақ ұлтының мүддесі жазылмаған. Ешқайсысының
жарғы­сында қазақ ұлтының түп буынын түзеу көздел­меген.
Әйтеуір, билікпен жағаласу, ұпай жинау, сайлаудан өтіп кету.

Ал қазақ ұлты дүниежүзілік масштабта кемелденген үлкен

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ұлт болсын, соның жарқын мақсаты жолында бы­лай жаса­
йық, ұлттың мүддесін, ұлттың тілін, ді­нін, ділін қор­ғайық,
руханиятын өсірейік дей­тін оппо­зиция жоқ.

– Жаңа бір сөзіңізде «қазір біз ұлттық идеяны, идеологияны

іздеу үстінде жүрген, әлі таба алмай жүрген халықпыз» деп
қалдыңыз. Сіздің ойыңызша, ұлттық идеология қандай болуы
керек?

– Ұлттық идея мен ұлттық идеологияның қандай бола­

тынын білетін болсам, мен қазір осында отырмас едім. Осы
ұлтқа жаны ашитын азаматтардың басы бірігіп, көтеретін
ұранды табу мәселесі ғой. Бірнеше идея ұсынылды. Оның
ешқайсысы жалпы ұлттың мүддесін білдіре алмай жатыр. Идея

сөз жүзінде қалай аталғанымен, қазақ дейтін ұлттың мәңгі жа­
сауы­на, оның еңсесінің биік, рухының жоғары болуына қыз­мет
ететіндей идея болуы керек қой!

– Сол идеяны соңғы кезде біз де айтып жүрміз: «мәңгі ел болу,

мәңгі Тәуелсіз қазақ мемлекетін құру». Ал осыны идея деп алуға
бола ма?

– Біз қай ұранды туымызға жазып алсақ та, қазақтың

мәңгілік мүдделеріне қызмет ететін идеяларды табуымыз керек.
Мүмкін, ол бірне­ше идеяның қосындысы шығар?! Ең қы­­зығы,
осыны іздеу үдерісі жүріп жатыр. Әсіресе жаңа өсіп келе жатқан
жас қауымның санасы еркін, ойы азат, білімдері жоғары. Біз

әлемдік көшке ілесетін болсақ, алдыңғы қатарлы ел­дер­дің
құпиясын да білуіміз керек, білімін де, ілімін де мең­геруі­міз
керек. Солайша жаңа қазақтың білім сапасы жоғары қауымы
қалыптасуы ке­рек. «Болашақ» бағдарламасымен неше мың

адам бүгінге дейін шетелде білім алды, ішінде бірен-саран ғана
«шіріген жұмыртқалар» бар шығар, ал көбісі – еркін дүниені
көрген жандар. Кешегі кеңес дәуірінде шетелге шығу шектеулі
болды. Мен 1986-жылы шетелге бірінші рет шықтым. Сонда

шетелдің әуежайындағы таза­лық­ты, тәртіпті көріп, шалқам­
нан түсе жазда­ғанмын. Дамыған технологияның жетістік­терін
көріп, «Біз сонда қай қоғамда өмір сүріп жатырмыз жә­не несіне
өмір сүріп жатырмыз?!» –деп ішім оттай күйген кездер бол­

ды. Ал қазір әлемдік өркениеттің барлық жетістіктері Қазақ­
станда бар. Ғаламторлық жүйе де, халыққа қызмет көрсету
жүйесі де, кәсіпті дамыту жолдары да – бәрі бар. Біз кемелдену
үстіндеміз. Қазақ мемлекетінің болашағы жарқын екендігіне

ешкім күмәнданбауы керек.

– Жеке басты ойлау, қалтаның қамына көшу, ақша бәрін

шешеді деген түсінік жайлап бара жатқан сияқты...

– Бұл – жабайы капитализмнің алғашқы белгілері. Бұрын

кеңестік құрылымның аясында болдық та, жеке бастың
қамын ойлау, жеке дәулетті күйттеу мәселесі бізде болған
жоқ еді. Аяқастынан келген еркіндік, экономикалық-нарық­
тық қатынастар бізді теңізге лақтырып жіберді де, басымызға

қонған еркіндіктен есімізден танып қалдық. Әлі есімізді жия
алмай жатырмыз.

– Қазақстаннан алғаш қажылыққа сапар шеккенде, сіз

алдыңғы лекпен барған азаматтардың бірісіз. Бүгінгі күні – діннің
мәселесі өте ушығып тұрған кезең. Осы тұрғыдан келгенде, дін
туралы не айтарыңыз бар?

– Бұл – ең жанды ауыртатын мәселе. Біз атам заманнан

бері дәстүрлі мұсылмандық дінді ұстанған, дінді фана­
тизмге айналдырмай, тұрмысымызға бейімдеп, қажетті дең­
гейде иманымызды түгендеп жүрген халық едік. Қазір сан
тарау, айырық жолдың үстінде отырмыз. Кешегі дінге, діни

тыйымдарға қатысты қабыл­данған заңның тууында да осын­
дай түрткі бар. Бірақ біздің осал тұсымыз сол – діннің дұрыс
бағытын насихаттайтын уағызшылардың жоқ­ты­ғы. Қазақстан
Діни басқармасының уағыз­шыларынан бастап, осы іспен

ресми айналысу керек. Биыл мен Қадір түнін қарсы алу үшін
Алматыдағы бір мешітке немеремді ертіп ба­рып, екі-үш сағат
уақытымды өткіздім. Мінбеге шығып сөйлеген мүфтият­
тың адамдарының халыққа айтып отырған сөздерін естісеңіз,

қарныңыз ашады. Өзі мұсылман дінінде төрт мәзһаб бар. Со­
ның ішінен қазақтардың енші­сіне тигені Әбу Ханифа мәзһабы

– Алла таға­ла­ның ақ жолымен жүруге үйрететін жол. Пай­

ғам­бар жер-жерге мұсылманшылықты таратуға сахабала­­рын
жібергенде «Дінді зорламаңдар. Барған елдеріңнің халқы­ның
тұрмысына бейімдеңдер» деген хадисі бар. Соған орай, біз­
дің ата-бабаларымыз ұстанған дін қазақтың көшпелі тұр­мы­

сына, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасқан.
Ал бүгін неше түрлі секталар пайда болды. Санын айтса, шо­
ши­сың. Қазақстанда басқа елдерде сыймаған сектант­тар, діни
ағымдардың барлығы емін-еркін көсіліп жүр. Олар халықтың

санасын әбден улап болды. Дұрыс жол сілтейтін адам жоқ.
Діннің шын ғұламалары дұрыстап насихат жүргізсе болар

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
еді. Жастардың дінге деген ықыласы жоғары, бірақ соларды
дұрыс жолға салатын шариғат айтушылар жоқ. Сопылық деген
немене, салафиттер кім, уахабиттердің ерекшелігі неде екенін

анықтап айтып, ортақ пәтуаға келтіріп, дұрыс уағыз жүргізіп
отырса, халық солай қарай бет түзер еді. Мен алғашқы­лар­
дың қатарында кіші қажылыққа барып келгенмін. Дайындық­
сыз бардық. Дегенмен қасиетті жерге аяғың тиісімен-ақ, Алла

тағала­ның алдына келіп қалғандай сезімді бастан кешіре­
сің. Содан ойлана бастайсың: «Діннің орны неде? Діннің
маған беретіні не? Менің дінге беретінім не? Діннің маған
ке­регі бар ма, жоқ па? Қайтсем, тиянақ табам?» Бүкіл әлем­

дегі ақылды бастардың бәрі тура жолды іздейді. Мүмкін, осы
сөзім кейбіреудің көңіліне тиер, десе де Қазақстанның Діни
басқармасы осы дұрыс жолды уағыздау міндетін атқара алмай
отыр. Мәселен, мені ғаламтор бетінде салафит­тердің тізімі­нің

қатарына қосып қойыпты. Мен салафиттердің қатарында болу
үшін олардың не ойлап, не қоятындарынан хабардар болуым
керек. Ата-бабамыз ұстанған діннен не айыр­машылығы бар
екенін білуім керек қой. Оны біліп жатқан ешкім жоқ.

– Бірақ тізімде жүрсіз?..

– Тізімде жүрміз. Шамасы, біздің атымыз керек болған ғой.

Бұл – әншейін қолдан қор­қынышты нәрсе жасау. Құбыжық
жасау.

– Өз сөзіңізде айтып өткендей, соңғы кезде есімі елге белгілі

тұлғаларды осындай тізімдерге қосып қоюдағы негізгі мүдде мен
мақсат қандай?

– Өз тарапымнан айтар болсам, қатысы жоқ адамдар­

ды да қосу арқылы қолдан қорқы­ныш жасау. Мұның бәрі –
біздің қоғамдағы ала-құлалықтың нәтижесі, сара жолға түсе
алмағандығымыздың көрінісі. Қазір ақиқатты іздеу үстіндеміз.
Л.Толстой «Ақиқат іздегендер­дің бәрінің табан тірейтін

жері – мұсылман діні» деп айтып кеткен. Осы жолдан әрбір
адам өтіп, мұсылман дініне табанын тіреуі керек. Сол табан
тіреу жолындағы ізденістеріміз – қазір ұлтаралық жағ­дайда.
Сара жолды ешкім нұсқап отырған жоқ. Мүфтияттың жұмыс

істейтін жері – осы мәселе. Діннің ақиқаты қайда? Оны қалай
ұстауға болады? Оны қалай қызметіңмен, тұрмысыңмен
байланыстыруға болады? Қайткенде дұрыс жолды тауып алуға
болады?

Мен өзім қазір ақиқатты іздеу үстіндемін. Менің ата-
бабамның ұстанған жолы бізге қан арқылы, ген арқылы
берілген. Соны ұстайын десең, қазір әртүрлі «қисық» уағыз
айтушылар сенің сеніміңе селкеу түсіреді. Қай жаққа қарай

қадам басарын білмей, сандалыс үстінде күн кешіп жатқан
адамдар көп.

– Ал енді өзіңіздің нағыз салаңыз – поэзияға келсек, аға.

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекетіндегі поэзияның беталысы,
бағыты, үні қалай деп ойлайсыз?

– Бұл – өзі қанша айтсаң да, таусылмайтын тақырып.

Қазір, міне, Швецияда әлемдегі ең жоғары сыйлық – Нобель
сыйлығына үміткер­лерді анықтап жатыр. Әдебиеттің бағасын
беру ешқашанда оңай болған емес. Көзі тірісінде Л.Толстойға
берілмеген сыйлық еді, қазір екінің бірі ала беретін болды.

Биылғы номинанттардың тізімінде Х.Мураками бар, орыс­
тың Пелевині жүр. Бұлардың барлығы – қолдан жасалған
наси­хаттың құралдары. Төрт-бес жыл бұрын Пауло Коэльо
деген «әулие» де осы сыйлықты алды. Қазақтар туралы роман

жазыпты деп, Қазақстанға шақырды. Сондағы жазғанының
ешқандай эстетикалық ләззаты, айтарлықтай ойлары жоқ.
Әншейін мықты жарнама арқылы беделге ие болған жан. Дәл
осындай үдеріс қазақ әдебиетінде де жүріп жатыр. VІІ ғасырдан

бастап қазақ әдебиетінің тарихын барға санап келеміз. Неше
түрлі сөзді асықша иірген, ойдың тереңіне шомған ұлы тұлғалар
қазақ әдебиетіне еңбек етті. Бірақ олардың ешқайсысы өз уақы­
тында бағасын алған жоқ. Қазір сол үдеріс жүріп жатыр. Бірақ

өзімізді өзіміз кемсіте беру маған ұнамайды. Бізде бір жалған
әдеби сын пайда болды. Бұл – нағыз «Күреңбай сыншы­­
ның» жоқтығынан болып жатқан нәрсе. Қай нәрсенің де әділ
бағасы берілмесе, құндылық­тардың орны ауысады. Осы қазір

біздің дәл қазақ әдебиетінде сын айтатын адам жоқ. Ұйым­
дасқан теріс бағыттағы теріс пиғылдар әдебиеттің мүд­десін
емес, жеке топтардың мүддесін көздейтін әдебиет сыны бе­
лең алып бара жатыр. Бұл жаңадан қалам ұстаған, енді қуатты

кезеңге аяқ басқан жастарымыздың бағытын ауысты­рады деп
ойлаймын. Неге?! Поэзияны алайық. Әдебиетіміз кеңінен
дамып бара жатыр десек те, бір жалған уайымға түскен ағымдар
пайда болды. Бұл уайым – кешегі Мұқағалидың уайымы

емес, Абайдың уайымы емес, адамзаттың уайымы емес. Жеке
басын­дағы күйбеңдерді негізге алған жасық өлеңдер біздің

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
эстетикалық талғамымызды әлсіретіп тұр. Өздері оқымаған
Батыстың не Шығыстың, әйтеуір, әр жерден аты еміс-еміс
естілген автор­ларының тізімін жасап алып, көрінген мақалаға

тықпалап, соған сілтеме жасау арқылы қазақ әдебиетінің ба­
рын жоқ деп мансұқтап отыратын үдеріс жүріп жатыр.
Тіл туралы өзіндік бір ойым бар. «Қазақ тілі өлеңге
жаратылған, екі қазақтың бірі – ақын» деп жатамыз. Оның

ар жағында ғылыми негіз бар. Өйткені тілдің негізгі сөздік
қоры зат есімдерден, тұйық рай етістіктерден тұрады. Қазақ
тіліндегі осындай сөздің негізін құрайтын сөздердің барлығы
ұйқастан жаратылған. Мысалы, жер, тер, шер т.с.с. немесе

бесік, есік, тесік т.б. Мұндай сөздерден құралған басқа тіл
жоқ. Адамзат атаулы мен Жер жаратылғалы бері қазақ халқы
бар дейтін болсақ, оған осын­дай қасиет берген. Бұл – басқа
халықтардың еншісіне бұйырмаған қасиет. Түркі халықтары­

ның ішіндегі ең тілі таза қазақ тілі дейтін болсақ, ол – әлемде
мойындалған да нәрсе. Өлеңге жаратылған қазақ тілі қазақты
ақын етпей қойған жоқ. Екі қазақтың бірінің ақын болуының
себебі – сол. Солардың ішінен құдайдың ең наза­ры түскендері

ғана поэзияның туын көкке көте­ріп, сөзді асықша атып, соның
қызығын көріп, бір сөзге бір сөздің сәулесін шашып, нағыз
ақын болу бақытына ие.
Абай деген – тылсым, Абай деген – жұмбақ. Біз Абайды әлі

игеріп болған жоқпыз. Абайды әр ұрпақтың өкілі оқыған сайын
жаңалық аша­ды. Мырзатай Жолдасбековтің «Абайша күйіп,
Абайша сүйе білу» деген мақаласы шыққан. Соның ішінде
осының бәрі айтылған. Мен со­ған толықтай қосыламын,

Абайда тылсым бар.

– Мынадай пікір бар: әншілер той-томалақта екі әнді

фонограммамен айтып, мыңдаған доллар алады дейді. Содан кейін
ақындарға да айтатын осындай мәселе шығып жатыр. Мәсе­лен,
бір мүшәйраға шығады да, қомақ­ты қаржы алады дегендей. Ал
проза­шылар, ойшылдар еңбегі бағаланбай жатыр деседі. Осыған

айтар қандай пікіріңіз бар?

– Біріншіден, жүлдесі көбейсе, қалам ұста­ғандарға жақсы

нәрсе. Өйткені өнер өз баға­сын алып жатыр деген сөз. Бірақ
«шын мәніндегі таланттар бағасын алып жатыр ма, жоқ па?»
деген сауал – екінші мәселе. Қазақ сөздің қадірін білген
халық ретінде әділі қайсысы екенін әрдайым іштен болжап,

біліп отырады. Өзім жүлдеден кенде қалып жүрген жан
емеспін, десе де көп нәрсені көзім көріп отыр. Бәйгесі әділ­
дікпен беріліп жатқан мүшәйра­лардың қатары аз. Әдебиет­
тегі сыбайластықтың жемісі ішті күйдіреді. Біз орыс тілін

білу арқылы әлем­дік әдебиеттің де тамырын ұстап отырмыз
деуге болады. Көп дүние орыс тіліне аударылады. Орыс тілін
білесің, оқисың, танисың. Біздің қа­зір­гі қазақ поэзиясының
ғана емес, қазақ проза­сының да кемел туындылары бар.

Ортамызда жүрген ғажайып қаламгерлеріміз бар. Мұхтар
Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаевтан бастап бүгінгі
жастарды атасақ та, ғажайып туындыларды жазып жүргендер
баршылық. Жақында ғана Таласбек Әсемқұловтың «Тал түс»

деген романын оқып шықтым. Неше күнге дейін сол оқыған
дүниемнің әсерімен жүрдім. Себебі кешегі өзіміз бастан
кешірген ауылдағы тұрмыс, жалаңаяқ балалық шақ, бастан
кешкен жайттар, ата мен баланың арасындағы қарым-қатынас,

дәстүрлер сабақтастығы – соның барлығы маржан сөз­дермен
жазылған. Бұл романның концептуалды мәселелері, фа­бу­ласы,
құрылымында кемшіліктер болуы мүмкін. Бірақ кешегі өмірді
көз алдыңа мөлдіретіп әкелгенде, сол өмірді бүгін бас­тан кешіп

жатқандай әртүрлі ойларға жетелейді. Осындай талантты
туынды қазақ әдебиетінде көп-ақ.

– Сіз «тілге жаны ашып жүргендерді көрген жоқпын, тек

абырой жинап жүр» дейсіз. Сосын «шариғат жайлы айтатын
ғұлама шариғатшылар жоқ» дедіңіз. Ал бүгінгі әдебиетте,
поэзияда әділ бағасын беретін әділқазылар жоқ дейсіз. Сонда
әңгіменің көбі «жоққа» тіреліп тұр. Бірақ осы күнге дейін біраз

адамдармен әртүрлі тақырыптарда әңгімелесіп келе жатырмын.
Кіммен әңгімелессем де, «әділдік жоқ» дейді. Мәселен, сіздің
әділет іздегіңіз келіп тұрады. Осының бәрін қорытын­дылап
келгенде бізде әділет бар сияқты. Бірақ сол «бар» көрінбейді.

Неге? Сөз бен істің сәйкестігі, сәйкессіздігі деген осы жерден
шығатын тәрізді...

– Бұл өмірдегі әділетсіздіктің барлығы – әлеуметтік-эко­

но­микалық өмірдегі әділетсіздік­тің жалауы. «Жоқ, жоқ»
деп ауызды қу шөппен сүртіп отырғам жоқ. Осының бәрі –
іздену, ақиқатты іздеу процесі. Мұны әр адам жеке ба­сы­нан да
кешіреді. «Жоқ» деп отырғанымыздың өзі – жақсылық. Барға

қанағат етпеу, барды місе тұтпау. Осының өзі бүгінгі қоғам­дағы
бастан кешіріп отырған заманның жақсы жағы деп қуану керек.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Яғни тоқмейілсінбеудің көріні­сі, өмірдің ары қарай даму күші.
Сондықтан бұл сөздерден жамандық іздеудің қажеттілігі жоқ.

– Дұрыс екен, аға. Енді айтыс өнері­не келсек, сіз айтыс

өнеріне еңбегіңіз сіңген және көптеген айтыс ақындарын дайын­
даған азаматсыз. Осынау қазақ­тың төл өнерінің бүгінгі жайын сөз
етсеңіз?..

– Американдық Уора Кинд деген журналист бар. Жиырма

минуттық бір циклды хабарларды бес жыл үздіксіз жүргізгені
үшін жақында Гин­нестің рекордтар кітабына енді. Ал менің
айтыс­тың телевизиялық нұсқасын дайындап келе жатқа­ныма
жиырма сегіз жыл болды. Рекордтар кітабына енбесек те, осы

шаруаның отымен кіріп, күлімен шығып, ыстығы мен суығын
көріп келе жатырмын. Мен бұған өкініш айтқалы отырған
жоқпын. Айтыс – ауыз әдебиетінің үлгісі, фольклор. Өрке­
ниет дамыған кезде өркениетпен бірге ауыз әдебиетінің үлгі­

лерінің бәрі жойылып, сахнадан кетуі керек. Барлық елдерде
солай болды. Айтыстың көптеген елдердің әдебиет тарихында
болғаны анық. Кешегі М.Әуезов айтқан арабтардың мұғалла­
каты да, немістердің айтысы да, норвегтерде де, түріктерде де

болған. Соның барлығы сах­на­дан кеткен кезде қазақтың ай­тысы
сақталып қалды. Міне, парадокс. Бірақ айтысқа деген сұра­
ныс, қажеттілік әлі басылған жоқ. Тіпті жыл­дан-жылға өршіп
келеді. Себебі қазақ халқы­ның қазына байлығының бүгінгі

заманға қызмет ету мүмкіндігінің молдығынан болып отыр.
Біз айтысты дала демократиясының көрінісі дейміз. Айтыс
ақиқатты айтады, қоғам­ға пікір туғызады. Ойды қозғайды,
бұл – халық­тың санасын ерітеді. Осы ең қызық шығарма­­

шылық үдеріс халықтың көз алдында жүріп жатқандығы ай­
тыстың бағасын арттыра­ды. Мен өткен ғасырдың 90-жыл­
дары бұл айтыс келесі ғасырға бармайды деп ойлайтын едім.
Өйткені қазақ тілінің бағы байланып, тілі күрме­ліп, бетіміз

басқаға бұрылып жатқан кезең еді. Енді, міне, Тәуелсіз­діктің
арқасында қазақ тілінің қайтадан бағы ашылды. Халық­
тың беті қайтадан өзінің тіліне, дініне, тегіне қарай бұ­рыл­ған
кезде айтыс қайтадан қызуқандылықпен халыққа қызмет ете

бастады. Енді осыны дұрыс пайдаланып отырмыз ба, жоқ па?
Дұрыс пайда­ланбаған кездеріміз көп. Айтыста ақиқат ай­тыл­
маса, шаншу сөз айтылмаса, биліктегілердің болсын, қо­лында
барлардың болсын, шамына тиетін сөз айтылмаса, ол айтыс

қызық болмас еді. Қоғамды қобалжытып отырған ойларды

қозғап айта алмаса, айтыс ешкімге қажет бол­мас еді. Әділетті
миссиясы арқылы айтыс қо­ғам­ға қажет болды. Бірақ соны
біздің мемлеке­тіміз, қоғамымыз әлі де дұрыс пайдалана алмай
отыр. Осыдан екі-үш күн бұрын бір жақсы хабар жетті. Айтыс

бекзат өнер ретінде БҰҰ-ның ЮНЕСКО комиссиясының
бағдарлама­сына алынып, 2013 жылдан бастап ЮНЕСКО
арқылы қаржыландырылады деген хабар құлағымызға тиіп,
қуанып отырмыз. Енді бұл қырғыздың «Манасы» сияқты

халықаралық деңгейде қорғанысқа алынды деген сөз.

– Кешегі кеңес кезіндегі айтыс пен бүгінгі айтыстың айырма­

шылығы қандай?

– Айырмашылығы жер мен көктей. Кеңес кезіндегі айтыс ол

бұрынғы айтыстардың жұрнағы ғана еді. Хандардың, би­лердің,
сұл­тан­дардың заманында ешкім ақынның аузына қақпақ қоя
алмап еді. Кеңестік империя өзінің тарау-тарау әдіс-амал­дары
арқылы айтысқа да цензура енгізіп, ақындардың сөзін күні

бұрын қағазға түсіртіп алып, оны бекітіп беріп, осыны ғана
айтасың деп, идеологияға сай келетін, соған керек сөздерді
ғана айтқызатын нұсқау болды. Бірақ, әйтеуір, сол кезең­нен
де өтіп, айтыстың жұрнағы бүгінге аман-есен жетті. Тәуел­

сіздік алған жылдары арғы дәстүрді көрген, халықтың арғы-
бергі дәстүрін білетін, айтыстың жөнін, жолын білетін Манап
Көкенов, Көпбай Омаров, Қалихан Алтынбаев, Көкен Шәкеев
сияқты бірен-саран ақындар келіп, айтыстың жөнін жаңа

буынға көрсетіп берді. Тәуелсіздік келген­мен бірге сөзімізге
де еркіндік келді. Халық болғасын, ел болғасын, еркін ойлы,
сауатты, әлемдік жаңалықтардан хабардар ақындардың жас
буыны келді де, айтыстың мағынасын, миссиясын мүлдем

өзгертті. Айтыс­ты халықтың қызметіне қойды. Айырмашы­лық
жер мен көктей деп отырғандығым – осы. Енді айтыс билікке
қажетті, қоғамдық құрылысқа қажетті сөзді емес, ұлтқа қа­
жетті, халыққа қажетті сөзді айтады. Осыдан айтыстың қадірі

артып, ғұмыры ұзарып отыр.

– Осы айтыс болашақта биліктің кем-кетігін түзеп беруге,

халықтың санасын оятуға қызмет ете ала ма?

– Қызмет етеді. Маған: «Осы айтыс арқылы сендер қан­дай

мәселені шештіңдер?» деген жиі сауал қойылады. Мен айтыста
мына мәселе қозғалып еді, соның нәтижесі солай болды деп
жекелеген мысалдарды келтіремін. Бірақ айтыстың мақ­
саты – жеке мәселелерді шешу емес. Айтыстың мақсат-мүд­

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
десі – қоғамдық пі­кір туғызу, халықтың ортасына ой тастау,
мәселені қою. Ал содан қандай қорытынды жасалатындығы

– ол қоғамның өз мойнындағы парыз. Қолында биліктің

қамшысы бар кез келген азаматқа ой салып, көкірек көзін ашу
міндетін айтыс атқарып отыр. Қазақ бар жерде айтыс өлмейді.
Айтысқа балама жоқ. Айтыс бұл – көпшілік болып көретін,
қызықтайтын, халық­тың басын біріктіретін, ұйымдастыратын,

бір бағытқа, үлкен идеяға жетелейтін аса қуатты құрал.

– Жүрсін аға, тың идея, ұлағатты ұсыныстарыңыз болса,

әңгімемізді сонымен аяқтасақ...

– Менде бір ғана қорқыныш бар. Бұл әр саналы қазақтың

жүрегін ауыртатын қорқыныш қой деп ойлаймын. Ұрпақ
жалғасып, олар кешегі ата-бабалардың дәстүрін, намысын
бойына сіңірген жаңа ұрпақ өмірге келіп, жақсылық­тарға
жол ашылуы керек. Бірақ біз кеңес кезіндегі тұралап қал­

ған қалпымыздан арылып болған жоқпыз. Ұрпақтың қа­
мын ойлауға мұршамыз келмей жатыр. «Қайтсек, қатардан
қалмаймыз, қайтсек, тұрмысымызды түзейміз?» деп жүргенде
қазақтың ұлттық сапасын жақсарту үдерісі ұзаққа созылып

бара жатыр. Бұл – қорқынышты нәрсе. Қолында бар­лар
«Өмірдің өткінші игіліктерін көріп қала­мыз» деп жүргенде,
олардың ұлы мен қызы басқа, теріс, қазақ мүддесіне қызмет
етпейтін жолға түсіп кетпесе екен деп ойлаймын және мұндай

жағдайларды көзімізбен көріп отыр­мыз. Үйіңде қазақ­ша
сайрап, қазақша ән са­лып, сенімен қазақша сөйлесіп жүрген
балаңды қазақ балабақшаларына берсең, үш күн өткеннен
кейін орысша сөйлеп келеді. «Балам қазақ болып шық­сын»

деп қазақ мектебіне бересің, бірақ тағы да орысша сөйлеп
келеді. Бұл – аса қорқынышты нәрсе. Өйткені өзінің жоқ-
жітігін іздеп, түгендеп, егеменді, тәуелсіз, саналы, сапалы ұлт
болам деген халықтың ұр­па­ғына телінетін жақсы қасиет емес.

Жаһандану үдерісі жүріп жатыр. Бізге сырттан саналы түрде
әсер ететін күштер көп. Солардың арбасына жегіліп кетпесе
екен деп қорқамын. Менің уайымдайтыным – осы. Басқа жоқ-
жітіктің бәрі түгенделеді. Бүгін егініміз орылмай жатса, ертең

бір жөні болады, көміріміз аз болса – қазылады, етіміз аз бол­
са – сойылады, суымыз шығады. Ал ұлттың рухани сапасы аз­
баса екен, дұрыс жолдан айнымасақ екен деп тілеймін. Алла­дан
соны сұраймын.

– Уақыт бөліп әңгімелескеніңізге рақмет!

Жүрсін ЕРМАН,
ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері:

«АЙТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛУЫ

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ...»

– Жүке, мемлекет тарапынан екі жыл бойы жабылып, сол

мемлекеттің қолдауымен қайта ашылуын айтыстың жеңісі деуге
бола ма?

– Айтыстың қайта ашылуы тікелей Елбасының пәрме­ні­

мен болды. Желтоқсан айында Астанада Мәдениет министр­
лі­гі­нің қолдауымен үш күнге созылған «Тәуелсіздік тағылымы»
дейтін тақырыпта айтыс өтті. Мұны айтыстың жаңадан ха­лық­
пен қауышуы деп есептеп отырмыз. Оған дейінгі 27 жыл­дың

ішінде там-тұмдап өзінің күнін көріп, жекелеген халық өне­­ріне
жаны ашитын азаматтардың қолдауымен өмір сүріп келген
айтыс енді мемлекеттің қарамағына өтті. Келісім бойын­
ша жылына 3-4 айтыс үкіметтің қолдауымен өтетін болады.

Меніңше, бұл – жақсылық. Бұған қатысты кейбір журналистер
әртүрлі құйтырқы сұрақтар беріп, тіпті, мұның астарынан пәле
іздеп те жатты. «Ақшасын өздері төлегеннен кейін, шығы­нын
өздері көтерген соң ақындар мемлекеттің, үкіметтің бұл­бұлына

айналмай ма?» деп қағытып жатқандар да аз емес. Айтыс­кер
ақындарға билер, байлар, ауқатты адамдар жөн-жорал­ғы­сын
жасап, астына ат мінгізіп, үстіне шапанын жабу дәстүрі бұ­
рын да болған. Тезек төренің атын алып, шапанын киіп тұрып

Сүйінбай оның бет-жүзіне қарамай ақиқатты айтқан кездері
айтыстың тарихынан мәлім. Қазіргі ақындардың бәрі сауатты.
Қанша «мемлекет қолдап отыр» дегенмен қазақ қоғамындағы
қолбайлау болып отырған жағдайларды айтпай тұра ал­

майды. Жақында өткен айтыстың өзі соның бір дәлелі. Аста­
надағы Конгресс-Холлдың залына қаншама үкімет мүшелері,
мемлекеттік хатшы, депутаттар, үлкен лауазымды адамдар келіп
отырғанымен, ақындар шама-шарқынша айтам деген сөздерін

айтып бақты. Айтудың да әртүрлі әдістері бар. Тұспалдап
айту, нысаналап айту, әзіл-қалжыңдап айту арқылы да талай
шындықтың беті ашылды. Меніңше, осы жолға түскенінен
айтыс ұтылмайды. Өйткені, бірыңғай жабылып қалғаннан гөрі,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
халықтың алдында ақындардың тіліне тиек қойылмай айтып
отырғаны жақсылықтың нышаны.

– Екі жылдай үлкен айтыстар өткен жоқ. Жалпы, ақындар

тосырқап қалмапты ма? Көңіліңізден шықты ма?

– Екі жыл бойы айтыс өтпеді дегеніміз ол, теледидардан

берілетін республикалық деңгейдегі айтыс өтпеді деген сөз.
Осы уақыттың ішінде барлық жерде аудандарда, облыстарда
айтыстар өтіп жатты. Ақындардың ішінде қауіптенгеніміз
Аманжол Әлтаев еді. Өйткені, отбасындағы орын алған

қайғылы жағдайға байланысты үш-төрт жыл сахнадан тысқары
жүрген Аманжол өзі де «қарайып қалдым ба?» деп шығып
еді. Керісінше, ең жақсы айтысқаны Аманжол болды. Басқа
ақындар шеберліктің өздері шамасы келетін үлгісін көрсетіп

бақты.

– Жүке, қазір сіздіңше, ақындардың алдыңғы легінде жүрген

кімдер?

– Айтыстың 25-30 жылдық тарихында оның өркендейтін

өңірлері болатыны байқалды. Биліктің, оның ішінде облыстық,
аудандық биліктің тарапынан айтысқа қамқорлық жасалып,
мектебі ашылып, оның жас сарбаздарын тәрбиелеуге көңіл
бөлген жерде айтыстың туы биікке көтерілген шақтар болды.

Мысалы, бір кездері Оңтүстік Қазақстан облысынан қаулап
ақындар шықты. Әбдікәрім Манапов, Әселхан Қалыбекова,
Ақмарал Леубаева, Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова,
Анар Жаппарқұловалар Оңтүстіктің намысын бермей келді.

Онан Қызылорда облысында Манап ақынның мектебі
төңірегінде тәрбиеленіп шыққан жас ақындар айтыстың көшін
бастады. Бір кезеңде Семейде көп ақындардың қаулап шығып,
көзге түскен уақыты болды. Тіпті, қазір бір Ақсуаттың өзінен

он шақты ақын айтысқа түсіп жүр. Әзімбек Жанқұлиевтің көзі
тірі кезде Таразда, Жамбыл облысында да осындай жағдай
байқалды. Бір кездері Мұхаммеджан Тазабековтің дәурені
жүріп тұрған кезең болса, бір кезеңдерде Аманжол көштің

алдын бермеді. Анау батыстағы Мэлс Қосымбаевтың да кәделі
сөздерімен көзге түскен шағы болды. Осылайша ауысып
отырады. Ал, қазіргі ақындардың ішіндегі ең әлеуеттілері,
меніңше, жастар ғой деп ойлаймын. Жас, дарынды, осы

теледидардың алдында ойнап жүріп өскен, ақындар айтысының
барлық құпиясын білетін жастар өсіп келе жатыр. Мәселен,
талдықорғандық Жандарбек Бұлғақов қамшы салдырмай­тын,

үлкенмен де, кішімен де терезесі тең айтыса білетін өнер­пазға
айналды. Жуырдағы айтыста да қазағы аз Солтүстік Қазақ­
стан облысының Шал ауданынан Әлібек Серғалиев дейтін
жаңа ақын шықты. Ол да айтыстың үлкен қайраткеріне айнала

алатындығын аңғартты. Осылай алмасып жататын дүние ғой
бұл өзі. Енді, ақындық талант деген адамның тәрбиесінен гөрі
әуелде құдайдың жаратылысыменен бойға бітетін қуат, соны
тәрбиелеп, ұштай білген жерде жаңағы жас ақындар, әрине,

халықтың сүйіспеншілігіне бөленеді.

– Айтыс ақындары шыға бермейтін аймақтар да бар ғой...

– Әлбетте, ақындар өте сирек шығатын жерлер бар. Көңіл

бөлінбеген жерде, біздің халықтың саны аз жерде, мысалы,
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында
деген секілді. Тіпті, қазақтың қалың ортасы болып табылатын
Ақтөбе, Орал, Маңғыстау жақтардан да ақындар сирексіп

кетті. Оның барлығы уақытша ғой деп ойлаймын. Өйткені,
айтыс теледидардан барлық республика аймағына кеңінен
насихатталып беріліп жататын болса жаңа жастар әлі-ақ күш
болып қосылады.

– Осы бір пайыз талант, тоқсан тоғыз пайыз еңбек дегенді

айтыскер ақындарға да қатысты айтуға болатын шығар...

– Әбден болады. Оған бір жанды мысал келтірейін. Мына,

Қазалыдан шыққан Нұрдәулет Махамбет деген ақын жігіт
бар. Сол 5-6 жыл бұрын «менің айтысқа талабым бар еді,
бірақ ұстазым жоқ» деп келді. Тыңдап көрсек, шын мәнісінде
суырып салмалық қабілеті бар болғанымен қолма-қол, шаппа-

шап айтысқа түспеген. Осы күнгі поэзияның өзін зер салып
оқымаған. Таланты бар болғанымен, тәрбиеленбеген талант
екен. Содан Қызылордаға Алмас Алматовтың қарауына
жібердім, «сол жерде ақындар бар, солармен айтысқа түс,

мақамыңды түзе айналайын» деп. Қолына поэзия кітаптарын
ұстаттым. Өйткені, айтыстың поэзиясы деген бір жақтан
келген дүние емес, қазақтың осы өлеңінің бір саласы ғой. Сол
Нұрдәулет Махамбет бір-екі жылдан кейін сүйкімді ақынға

айналды. Ешкімге ұқсамайтын өзінің әуенімен, сазымен
қосылды айтысқа. Қазіргі дес бермейтін ақындардың бірі.
Міне, шамалы пайыз талантты үлкен еңбекпен ұштастырудың
жарқын көрінісі осы деп білемін. Осындай мысалды көптеп

келтіруге болады. Ақын өзін ұштамаған жерде, тәрбиелемеген,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ізденбеген жерде одан ештеңе де шықпайды. Жақсы талантты
болса да айтыстың көшінен түсіп қалған ақындар да болды.
Жұлдыздықтан басы айналып, кейіннен тоқтап, айтысқа қайта

келген ақындар да бар. Осының бәрі тәрбиемен, ізденіспен
болатын нәрсе.

– Айтыскер ақындардың ізденісі дайындыққа алып келетін

дүние ғой. Осы ақындардың айтысқа дайындалып шығатынын
сынаушылар өте көптеп табылады.

– Мен ол сынға дұрыс қарамаймын. Екі ауыз сөздің басын

қосады екенмін, дауысым, әуенім бар деп сахнаға шығып
әләуләйлімді айтқан айтыс айтыс болмайды. Қазақтың
айтыс өнері тарихындағы асу бермес биік айтыс Біржан мен
Сараның айтысын алайық. Арқадан Сараның Жетісудағы еліне

келгенше Біржан Сараның төңірегі туралы қаншама деректер
жинастырып, іштей дайындалып, сөзін жұптап келді. Үйінде
отырған Сара да Біржанның келе жатқанын білді. Сонау
Арқадағы би, болыс, басқа да атақты болған азаматтардың

бәрінің есімін біліп, сұрастырып, дерек жинап отырды. Сөйтіп,
дайындықпен айтысқан айтыс қазақ өнері тарихындағы
жарқын бет болып қалды. Қазіргі ақындарға «дайындалмай
айтысқа шық» деу бос сөз. Осы ақындардың көбісінің сахнада

суырып салып айтысуға шамасы келеді. Бірақ, қанша жерден
суырып саламын дегенімен, қазір заман басқа, көрерменнің,
тыңдарманның деңгейі, талғамы бөлек. Сондықтан, әркім
өз сөзін жұптап, іштей дайындалып, ширығып жүргенде ғана

жақсы айтыс туатынына кәміл сенемін. Ол өзгенің сөзін емес,
өзінің сөзін алып дайындап жатса оны қалай жазғыруға болады.
Айтыстың сапасын жақсарту үшін, халықтың көкейінен шығу
үшін осындай үлкен дайындықпен ғана үлкен жыр сайыстары

өтеді.

– Айтыскер ақындар әуен жағынан ақсап жататын секілді.

Осы тұрғыдан да мін тағылып жатады, көбіне.

– Әуенге қатысты біз көп айтып жүрміз. Айтыскерлердің ең

осал жері әуен мәселесі болып тұр. Бұрынғы үлкен ақындарды
былай қойғанда, Жамбылдың да өз мақамы болды. Ешкімге
ұқсамайтын Сүйінбайдың, Нартайдың мақамдары болғаны
мәлім. Ал, бүгінгі ақындар теледидар, радионың арқасында

бірінің мақамын бірі естіп алады да, ұнаған мақамын анау
бәленше деген ақынның мақамы деп намыстанбай-ақ айта

беретін дерт пайда болды. Қазір көп ақындар Аманжолдың
мақамына салатын болды. Аманжолдың өзі де бұған реніш
білдіріп, ақындарға айтып та жүр. Болмаса Мұхаммеджанның
айтыс мақамы көп ақындардың аузында жүр. Кешегі айтыста

Төреғали Төреәліұлы деген жас ақын қосылды. Ешкімге
ұқсамайтын сазды өз мақамы бар екен. Сөзінің осал тұстарын
мақамының әдемілігі, әуенінің саздылығы байқатпай жібереді.
Қазақ даласының әр аймағына тән жыр мақамдары бар.

Ақындар соны алып шықса айтыс әлдеқайда байып, мазмұнына
көрік қосыла түсер еді. Жаңа ақындарға қоятын бірден-бір
талабымыз «жаңа, тың өз мақамыңмен кел» деп жатырмыз.

– Бір кездері айтыс жайлы газет шығармақ болған едіңіз.

Оның жайы не болды?

– Оған менің мүмкіндігім болмай қалды. Қазір де бұл

ойымда жүр. Бірақ, газет шығару оңай шаруа емес. Ол үшін
басқа шаруаның барлығын жауып қою керек. Ол сұрапыл
еңбек. Қаншама адамды тарту керек. Оның есесіне біз айтыстың
мәтіндерін жариялап жатырмыз. Мысалы, «Қазіргі айтыс»

деген атпен үш том кітап шығардық. Онда соңғы жылдардағы
айтыстар жинақталып берілді. Сосын, айтыстың ең тәуірлерін
баспасөз беттерінде, интернетте жариялау қолға алынып келе
жатыр. Азаттық радиосының сайтында біздің айтыстарымыз

тұр. Соған қарағанда, айтыс газетінің миссиясын біз басқа
жолдармен орындап жатқан секілдіміз.

– Айтыс ақындарының бағы мен соры неде?

– Мен өзіме мұндай сұрақты қойып көрген емеспін.

Айтыскер ақындар халықтың көз алдында. Бұқаралық және
электронды ақпарат құралдарының арқасында айтыскердің
жақсы сөзі де, нашар өнері де елге мәлім. Бағын да содан тауып
жатыр. Ал, айтыскерлердің соры демей-ақ қояйық, басты

кемшіліктері айтысқа көп қатысу. Бір жерде айтыс өтсе болды,
соған қалай да қатысып, сахнаға шықсам деген тойымсыздық,
ашқарақтық дейсіз бе, қанағатсыздық кейде ақындарды өз
сөзін өзі қайталауға, сарқылуға, жеткілікті дайындалмауға

алып келіп жатады. Мен осыдан сақтандырар едім. Жылына
бір айтыссаң да, екі айтыссаң да ойыңды жинақтап, халыққа
айтамын деген сөзің ішіңе сыймаған кезде сахнаға шықсаң,
сол айтыс көрікті болатын тәрізді. Айтыстардың бәріне бірдей

қатыса беру ақындардың құнын түсіріп жатыр.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Жүке, енді әңгіме арнасын поэзияға қарай бұрсақ. Қазіргі

поэзияда құбылыс тудырып жүрген немесе тудыра алатын
ақындар бар ма?

– Менің қазіргі поэзия туралы пікірім нашар. Бір кездері,

мына 60-70 жылдары Тұманбайлар, Қадырлар, Жұмекендер,
Мұқағалилар, Өтежандар әдебиеттің негізгі қайраткеріне
айналған кезде олардың әр өлеңі, үлкен ақындардың әр
кітабы біздің рухани өміріміздегі құбылыс еді. Қазір ұсақталып

кеттік. «Бір жаңа, жас буын келе жатыр» деп өздерін өздері
насихаттағанымен айтары жоқ ақындар пайда болды. Мен
де сол топтың ішінде жүргеннен кейін, бәлкім, бұлай айтуға
хақым жоқ та шығар. Бірақ, күнделікті ойлап отырған

ойымның несін жасырамын. Қазақтың бүкіл тілі ұйқастан
құралған. Қазақ тілінің лексиконындағы ең негізгісі зат есім
болса, сол қазақтың зат есім сөздерінің көпшілігі ұйқас арқылы
жаратылған. Біріне бірі ұйқасып тұрған сөздер. Қазақ поэзиясы

техникасының жоғары болатыны содан. Ал, енді сол поэзияда
батысқа, анда-мұнда еліктеп модернизмді сүрелеп, ақ өлеңмен
жазу деген бұл қазақ поэзиясының табиғатын түсінбеу,
жастардың уақытша адасулары ғой деп білемін. Олар түбінде

қазақ поэзиясының өз топырағына оралмайынша қазақты
өлеңмен таң қалдыру мүмкін емес. Қазіргі поэзияны қарап
отырсаң кешегі Қадырлар, Мұқағалилар, Жұмекендер тектес
жарқылдап шыққан ақындар жоққа тән деуге болады. Біздің

ең басты трагедиямыз осында. Қазір жазатын нәрсе көп. Ол
қашаннан солай. Бірақ, поэзияның негізгі объектісі қызықтау
емес, адамның ішіндегі қыжыл. Поэзия адамның қыжылы.
Адамның ішіндегі жан-сезімдерін өлеңге көшіру. Ол ақындық

талантпен қатар талғамды да қажет етеді. Жылтырақтың бәріне
әуестену енді келіп жатқан жастардың ғана басында болуы
тиіс. Ал, қалыптасқан ақындар поэзияның әлемдік шеңбердегі
қалыптасқан талаптарына қарай ойысуы керек. Біз де осы жағы

арзандап кеткен секілді көрінеді.

– Оптимистік рухтағы өлеңдерден гөрі жылаңқы өлең

жазатындар басым болып келе жатқан секілді емес пе?

– Осы тенденция бар болғаннан кейін сондай әңгімелер

туып жатыр. Жаңағы жылаңқы, жалған эмоцияларын өлең­
нің объектісіне айналдырамын деп поэзияның қадірін ке­тіріп
жатқаны рас. Үлкен елдік мәселелерді, азаматтық, адал­­дық,
адамзаттық мәселелерді қозғау өте сирек. Қайта мынау орта

буын ақындарымыз Темірхан, Исрайыл, Несіпбек, Ұлық­ бек, Ғалым, Серік Ақсұңқарұлы, осындай ақындар бүгінгі поэзияның беделін де, жүгін де көтеріп келеді. Солардың поэзиясы арқылы ғана бүгінгі қазақ поэзиясы жайлы түзу пікір түзуге болады. – Жас ақындардың олай жазуын олардың материалдық жағдайымен байланыстыратындар да бар ғой. – Поэзияның ғана емес, жалпы өнердің сапасын сол өнер иесінің материалдық жағдайымен салыстырып айту ақылға сыймайтын нәрсе. Диоген деген ұлы философ болған. Сол бөшкенің ішінде өмір сүріп-ақ ұлы ойларын дүниеге келтірген. Ақындардың ішінде әлеуетті өмір сүргені Гете ғана. Тұрмыстық жағдайы өте жақсы болған, министрдің қызметін атқарған. Басқа еш тұрмысы жетіскен ақын жоқ. Пушкинді аласыз ба, Лермонтовты аласыз ба, Блокты аласыз ба, Есенинді аласыз ба, қайыршылық пенен күнделікті күнкөрістің арасында өмір сүріп, арпалыстың үстінде-ақ керемет, өлмес мәңгі туындылар жазады. Ол біздің қазіргі жаза алмайтындардың шығарып жүрген сылтауы. Социалистік не капиталистік қоғам болсын, бәрі де қиыншылықты басынан кешірген. Оның ақынның қолындағы қаламына, кеудесіндегі шабытына әсері болмауға тиісті. – Жүке, ұзақ жылдар тележурналистикада істедіңіз, қазақ радиосын басқардыңыз. Жалпы, шығармашылық орталар­да жұмыс атқардыңыз. Қазіргі қызметіңіз басқа сала. Шығарма­шы­ лық ортаны іздемейсіз бе? – Шығармашылық ортаны іздемеймін. Өйткені, шығармашылық ортаның ақынға беретін ештеңесі де жоқ. Ақынның өлең жазу үдерісі, ол өзінің өзімен жекпе-жегі. Мәңгілікпенен шайқасы. Ешкім сенің аузыңа сөз салып, не болмаса жазғаныңды түзеп бермейді. Шығармашылық орта пікір алысуға, жазғаныңды оқуға, араласып-құраласуға, өзіңді біршама түсінетін адамдармен бір болу үшін қажет. Жазуға оның еш қатысы жоқ. Тіпті, сөзбен жекпе-жектің майданында бала-шағаң да, әйелің де, әке-шешең де көмектесе алмайды. Маңдайыңа не жазылса, соны көресің. – Бір сұхбатыңызда «Ванкувердегі қысқы ойындар олим­ пиадасында бір қазақтың топ жармауы жүйкеме тиді» дегеніңіз бар. Қазір сол байрақты бәсеке елімізде өтіп жатыр. Бұл додадан не күтесіз?

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н – Бұл «Ванкувердегі қысқы ойындар олимпиадасында бір қазақтың топ жармауы жүйкеме тиді» дегенім тек менің ғана сөзім емес, ол бар қазақтың уайымы болды деп білемін. Әлемді қазақтың табиғи қазба байлықтарымен таңқалдыру мүмкін емес. Жаһандану кезеңінде алдыңғы қатарлы елдердің көшіне ілінеміз десек, оған біз тек ғана мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, музыкамызбен, киномызбен, спортымызбен ілесе аламыз. Мен спортқа солай қараймын. Кезінде Ғабит Мүсірепов те сол үшін шырылдаған. Бірақ, біздің елімізде әлі спорттың бұқаралық түрлерін дамытуға жеткілікті жағдай жасалмай жатыр. Елбасымыз қаншама рет айтып, қазақстандықтардың 30 пайызы спортпен айналыссын дегенімен, қазақ қалың шоғырланған ауылдық жерлерде спорттық базаның жоқтығынан біздің дәстүрлі спорт түрлеріміздің өзі ат спорты, мергендік, күрес, бокс түрлері жеткілікті дами алмай жатыр. Бұл біздің намысымызды қайрауға тиісті шаруа. Әлемдік додаларда қазақтар топ жарып жатса, әнұранымыз ойналып, көкбайрағымыз аспанға желбіреп тұрса қай қазақтың еңсесі көтерілмейді. Еңсесі биік қазақтың ісі де өнімді болады. Дәл қазіргі таңда елімізде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарынан мен онша үміт күтіп отырғам жоқ. Өйткені, ел намысын қорғайтын спортшылардың ішінде қазақстандық деген аты болмаса, қазақтың қаракөз ұлдары мен қыздары өте аз. Бұл біздің намысымызға тиетін, алдағы уақытта елдің басшысынан бастап әр қазақтың бүйіріне бататын, көңілін толқытатын шаруа болуға тиісті. – Жүке, алпыс жасқа толып жатырсыз. Мерейтойыңыз құтты болсын! Алпыс жастың ауылынан аз-кем ақпар берсеңіз. – Алпыс жас деген енді адамның өмір жасындағы бір белес ғой. Алла ғұмыр беріп, осы ақпан айында алпысқа толайын деп отырмын. Бұл егделіктің, есейгендіктің белгісі. Тындырып тастаған аса көп шаруаларың болмаса да, бұған дейін қолымнан не келді, не істедім деп соның басын жинақтап өзіңе-өзің есеп беретін жас бұл. Мен соның шаруалары үшін осы соңғы бір жылда жазғандарымды жариялау ісімен айналыстым. Бүгінге дейін бес жаңа кітабым жарық көрді. Алдағы екі айдың көлемінде тағы екі кітабым шықпақшы. Мұның барлығы шедевр болмауы мүмкін. Бірақ, мен осы не тындырдым деген мақсатта аз тиражды болса да жаңа кітаптар шығарып өзімнің алпыс жылдығымды өзім осылай қарсы алып жатырмын.

Алпысыма қалыпты бір жарым ай
Алпыс жылда қойдым-ау, бір жарымай.
Біреуден сұрап алған не болады,
Жарылқай салмаған соң мырза құдай, –

деп өзіме өзім қамшы салып, жаңа өлеңдерімді жариялап
жатырмын.

– Ел құлағдар бола берсін, алпыс жылдық мерейтойыңыз

қайда, қашан өтпек?

– Енді халықтың алдында жүрген адам болғаннан кейін

үн-түнсіз қалуды жөн көрмедім және менің өмірімнің көп
бөлігі осы айтыстың төңірегінде өтті. Соған байланысты 12-
ші ақпан күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар
мен жастар театрында «Жүрсіннің жүйріктері» деген бұрын

да эфирден өткен жоба бар еді, соның жаңа нұсқасы есебінде
айтыс-думан дайындап жатырмыз. Оған енді осы күнгі
айтыстың туын көтеріп жүрген жақсы ақындардың бір шоғыры
қатысады. Менің өлеңдеріме шығарылған әндерді орындайтын

4-5 әнші қатысады. Халыққа, айтыстың жанашырларына,
менің тілеулестеріме осындай бір думан сыйласақ дейміз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен
Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ.
Жүрсін ЕРМАН:

БӘРІНЕН ДЕ ҚАРА БАСЫНЫҢ ҚАМЫН

ОЙЛАҒАН ҚАУІПТІ

«Айтыс» десе – Жүрсін Ерман, «Жүрсін Ерман» десе –
айтыс еске түседі. Екеуі екі бөлек ұғым болса да, бірінен бірін
ажыратып қарау қиын. Тіпті, бүгінде жұрт айтысты Жүрсін
Ермансыз елестете алмайды. Сондықтан, айтысты іздесе де,

айтысты жоқтаса да, көпшілік Жүрсін ағадан сұрайды. Біздің
де ақынға қояр алғашқы сауалымыз осы болды.

— Қазақ дейтін халық ұлттық дәстүрімізден, ұлттық мента­

литетімізден ажырап бара жатырмыз деп жиі айтып жүр­міз. Айтыс

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
та — қазақтың ұлттық түп-тамыры. Халықты өзінің тамыры­нан
ажырату мүмкін бе?

– Философиялық сұрақ қойып отырсың. Уақыт орнында

тұрмайды. Заман өзгереді. Көзқарастар да өзгереді. Ұстаным­
дар да өзгереді. Барлық өзгеретін нәрселер сияқты, қазақ
дейтін халықтың да менталитеті, болмысы, бітімі өзгермей,
уақытқа қарай бейімделмей тұра алмайды. Асылық айтпай-ақ

қояйық, осыдан жиырма бес жыл бұрынғы қазақтың көзқарасы
қазіргі қазақтың көзқарасымен сәйкес келмейді. 1990 жылдары
«Айтыс ХХІ ғасырға бара ма?» дегенде, шын сеніміммен «бар­
майды» деп есептеп едім. Өйткені, өзің де білесің, сол жылдары

тіліміз мүлдем өшіп, сөніп бара жатты ғой. Сол кезде қазақ­тың
табиғатымен біте қайнасқан айтыс өнері де бір күндері өшеді
ғой, сөнеді ғой деп ойлап едім. Айтыс деген жалғыз қазақта
ғана болған өнер емес. Арабтарда да болған. Пайғамбары­мыз­

дың тұсында араб жазирасы нағыз жырдың, шешендік өнер­
дің кемеліне жетіпті. Құранның өзі өлеңмен жазылған. Басына
сәлде салған молдалар құран оқығанда көп мән бере бермейміз.
Мәтініне қарасаңыз, құран түгелдей өлеңге құрылған. Өлең­

нің, жырдың, шешендік өнердің кемеліне келіп тұрған тұ­сында
осылай сөйлеу, осылай айту, осылай жазу заңдылық та еді.
Тіпті, сол елдерде айтыс өнері де қатты дамыпты. Скандинавия
елдерінде де айтысу салты болған екен.

– Үнді елінің фильмдерін қарап отырсаңыз, олардың әндерінде

де айтыстың кейбір сарындары бар сияқты.

– Рас. Сол елдердің бәрі айтысынан айрылып қалған

кезде, айтыс — қазақтың несібесіне бұйырыпты. Кешегі ХХ
ғасырдың басында дәуірлеп кемеліне келген өнер жаңа ға­
сырға келмейді деп ойладым. Бұл айтыс ХХІ ғасырдың ба­
сында тіпті дәуірледі. Өйткені, қоғамға қажет болды. Біздің

қазіргі тәуелсіздігімізді алып, өткенімізді түгелдеп, жоғы­
мызды жоқтап жатқан кезде, айтыстан қолайлы өнер болған
жоқ деп ойлаймын. Бір жағынан айтыс — жедел, опера­тивті
өнер. Театрда спектакль қою үшін драматург пьесасын жазу

керек, режиссер ол пьесаны қою керек, актерлер мәтінді
жаттау керек. Ал, айтыста қолма-қол, жедел, бүгінгі болып
жатқан оқиға бүгін айтылады. Өте оперативті, ыңғайлы өнер.
Елдегі тілге деген көзқарас, ұлттың өзінің тағдырына деген

көзқарас, ділге, дінге деген көзқарас өзгеріп, «ел боламыз» деп
есімізді жиған кезде, айтысқа деген сұраныс күшейді. Біз өте

күшті пайдаландық бұл өнерді. Сондықтан, қазақтың болмысы
өзгермей тұрмайды. Еуропаға төраға болдық деп жатыр­мыз.
Адамның түсіне кірмейтін нәрсе. Бұған көп мән бермей­міз.
Әйтпесе, кеше Жамбыл мен Әуезовтен басқа, есімдерін әлем

білмейтін, картадан қай жерде орналасқанын ешкім біл­мейтін
Қазақстан — енді аяқастынан Еуропаға төрағалық етіп, биікке
шығып жатса, неге қуанбаймыз?! Қазақтардың да әр­нәрсеге
көзқарасы өзгерді. Біз қанша өзімізді-өзіміз кем­сіт­кені­

мізбен, халықаралық абырой дейсіз бе, ұлттық абырой дейміз
бе, едәуір биікке көтерілгенбіз. Қазір Қазақстанды білмейтін
адам — сауатсыз, сорлы адам. Кеңестік кезеңде Қазақстан­ды
ешкім білмейтін. Өзім де шет елге шығып жүргенімде, талай

куә болдым. Бізден «қай елсіңдер?» деп сұрайтын. Сол кездері
«Біз не сорлап қалған мемлекетпіз, не Еуропаның адам­дары
ешнәрседен хабарсыз» деп ойлайтын едім. Олай емес екен. Біз

— ұлы мемлекетпіз. Бүкіл дүниежүзінде жер көлемі жағынан

9-орында тұрмыз. Елдің, ұлттың байлығы осы.

– 25 жылдан астам айтысқа еңбек еттіңіз. Айтыста талай

дарын­дардың көзін ашып, үлкен өнерге жол сілтегеніңізді де
білеміз. Айтыс үшін талай жүгірдіңіз, айтыс үшін талай қинал­
дыңыз. Сол айтыс сізге не берді?

– Айтыс маған бәрін берді. Тек, ол менен бір ғана нәрсені

алып қойды. Мен жаманды-жақсылы өзің сияқты журналист,
әрі өлеңнің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген ақын едім.
Айтыс ширек ғасыр менің уақытымды алды. Таза шығармашы­
лықпен айналысқанымда, тек қана өлеңмен ғана шұғыл­данар

едім. Сонда мен қазіргімнен гөрі, мықтылау ақын болар ма
едім, кім біледі?! Айтыс деген – менің саналы ғұмырым­
ның бес пайызын ғана алатын шаруа болу керек еді. Менің
одан басқа да шаруаларым толып жатыр. Шығаратын кітап­

тарым — сол айтыстың көлеңкесінде қалып қойды. Жасаймын
десең, істейтін тірлік толып жатыр. Абайдың ізбасарымыз деп
ойлаймыз. Бірақ, айтысты көтеру үшін, айтысты ілгерілету
үшін көп жүгіру қажет болды. Айтыстың да маған бергені көп.

Айтыс — ақындардың аузымен, айтыстың тіліменен, халықтың
ішіндегі шерді шығаруға, мұңын жоқтауға, ұйымдастырушы­
лық қызметімді көрсетуге, ұлтқа қызмет етуге көмегін берді. Екі
ақынды ортаға шығарып қойып, елдің алдында айтыстырып

қою, оңай көрінгенмен, оның да өзіндік ньюанстары бар.
Айтыстың көзге көрінбейтін кемшіліктері де жоқ емес. Кейде

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
айтыстың арқасында сөз де естимін, таяқ та жеймін. Жаным
күйзеледі. Бір жарым жыл бойы айтыс жабылып қалған кезде,
мен де тыпыршыдым, халық та тыпыршыды. Қайда барсам да,

сұрақтар алдымнан кесе-көлденең шығып тұратын еді. Бәрінің
де сұрайтыны бір-ақ нәрсе: «Айтыс қайда? Неге өтпейді? Неге
жабылып қалды?». Сол сұрақтарға жауап ретінде, өткенде 20-21
наурыз күндері айтыс өткіздік. Сол айтыстан кейін, қазір менің

ішімнен шерім шыққандай, арқамнан ауыр жүк түскендей,
тынышталып отырмын. Өйткені, елдің ішінде қордаланып
қалған, жинақталып қалған дүниелерді айтыскердің аузымен
айтқыздық. Кешегі айтыста деңгейі жоғары екі айтыс болды.

Мәселен, Айтақын мен баласы Жандарбектің айтысы. Өте
сауатты, деңгейі жоғары айтыс жасады әкелі-балалы екеуі.
Мұндай айтыс көп бола бермейді.

– «Қазақ әдебиеті» газетіне «Айтыспен қоштасу» деп өлең

жаздыңыз. Сонда біржола қоштасқыңыз келді ме?

– Біржола қоштаса алмадым ғой. Сол өлең шыққаннан

кейін, кеше 20-21 наурызда айтыс өткіздім. Бірақ, бір жарым
жылда айтысқа көзқарас өзгерді. Кешегі айтысты өткізген
кезде қаншама қиындықпен, қаншама қиналыспен өткіздім.
Көбі тіпті білмей де қалды. Айтыстың алғашқы жарнамасы

Қазақстанда шығатын жеті-сегіз газеттің барлығына берілді.
Кішкентай қып берсе де, үлкен қып берсе де, бәріне берілді. Тек
«Қазақ әдебиеті» газеті ғана соңғы сәттерге дейін жарнамасын
беріп отырды. Көп газеттер жарнамалай алмады. Телеарналар

түсірмеді. Сол жолы азаматтық шешім қабылдайтын кезде
кейбір жігіттердің тайқып шыққанына жанымыз күйзелді.

– «Соңғы айтыс ешқандай телеарналарға түсірілмеді» дейсіз.

Тым құрығанда, таспаға басылып қалды ма?

– Өзім архивке түсіріп алдым. Жеке қалтамыздан қаражат

шығарып түсіріп алған таспаны үйге апарып қойдым.

– Айтысты арнайы бейнетаспалармен таратудың өзге жолы

жоқ па?

– Дискімен таратуға болар еді. Елдің бәрі құлақтанып

қалған. Тіпті, Еуропадағы «Азаттық» радиосы да бейнесайтына
сұрап отыр. Қытайдағы бауырларымыз да таспасын сұрап
отыр. Оны неге бере алмаймын? Өйткені, түсірілген таспаны
монтаждау керек. Оны монтаждау үшін, арнайы студия қажет.

Ал, студия жасау үшін пәленбай мың ақша керек, біріншіден.
Екіншіден, дискісін шығару үшін де ақша керек. Ол менде жоқ.

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ДЕГЕН ҰЛТТЫҚ РУХТЫ

СІҢІРМЕСЕК, ӘРІ-СӘРІ КҮЙ КЕШКЕНІМІЗ КЕШКЕН

– Ұзақ жылдар телеарнада журналист болып қызмет

атқардыңыз. «Қазақ радиосын» да басқардыңыз. Телеарнада да
басшылық қызметтерде болдыңыз. Журналистикаға еңбегі сіңген
бір ағамыз «журналистің еңбегі еш, тұзы сор» деп еді. Сіздікі де
солай болып қалған жоқ па?

– Жалпы, менің көзімді ашқалы көргенім – журналистика.

Он бес жасымнан аудандық газетте жұмыс істедім. Екі-үш жыл
соның қара жұмысын атқардым. Сіздер, қазір оңай газеттерде,
үлкен газеттерде жұмыс істейсіздер. Біз қаріптерді қолы­
мызбен теретін едік. Ол кездері басылымды шығару про­цестері

өте қиын болатын. Бүкіл өмірім телевидение мен радиоға
кетті. Облыстық телеарна, облыстық радио, республи­калық
телевидение, республикалық радионың бәрінен өттім ғой.
«Еңбегім еш, тұзым сор» деп, журналист ретінде өйтіп айта

алмаймын. Өйткені, қабілетіміз жеткен жерге дейін жазам
дегенді жаздық, айтам дегенді айттық. Ол жағынан өкпелей
алмаймын. Журналист деген – шенеунік емес. Бір күні қыз­
метке келдім, екінші күні кеттім. Әйтеуір, қолымнан қа­ла­мым

түскен жоқ. Сондықтан, «түйе сияқты арқағаланым алтын,
жегенім жантақ» деп айтуға келіңкіремейді. Тағдырымның
қызықтылығы осында.

– Бүгінгі телеарналарда, радиоларда беріліп жүрген бағдар­

ламаларға кәнігі тележурналист ретінде қандай баға бересіз?
Көңіліңіз толып, риза болатын сәттеріңіз бола ма?

– «Көрмейін десе көзім бар» дегендей, әсіресе, «Қазақстан»

ұлттық телеарнасының, «Хабар» телеарнасының жұмыс­тарын
қарамай тұра алмайсың. Көзге бақырайып көрініп тұрады.
Мені қинайтын, қажытатын нәрсе – қазақша телебағдарла­­
ма­лардың деңгейі өте төмен. Ақпараттық технологиялар же­

тіліп, көзқарастар еркіндігі берілген кезде, біздің ұлттық,
қазақы арнала­рымыздың осыны көрмей отырғандығы қын­
жылтады. Біріншіден, Қазақстанда телеарналардың ма­ман­
дарын дайындайтын, өндіріске жақындатылған жоғары оқу

орындары жоқ. Екіншіден, көзқарас нашар, қолдау жетпейді.
Үшіншіден, біздің электронды ақпарат құралдарының ба­сын­
да отырған адамдардың ұлттық намысы жоқ. Кеңес үкіме­ті­нің

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
кезіндегідей емес, қазір ұлттық арналардың басына кездейсоқ
адамдар, ұлттың қамынан гөрі, жеке басының қамын ойлайтын
адамдар отыр. Олар, «қайтсем, телеарнаны, радионы халық­тың

үніне айналдырам» деген адамдар емес, әйтеуір, кресло­сында
мықшиып, өзінің жағдайын жасайтын адамдар отырған кезде,
телевидение мен радио соның зардабын шегеді. Телеарна­
ның басында Ғалым Доскен отырған кезде әлдеқайда жақсы

еді. «Қазақстан» арнасында сол кезде жүрген бағдарлама­лар­
дың көркемдік деңгейі нашар болуы мүмкін, бірақ, ұлттың
сөзін сөйлейтін хабарлар болды. Талпыныстар болды. Ойың­
ды жетелейтін, қазақ екеніңді мақтандыратын хабарлар болды.

Қазір содан айрылып қалдық. Ең мықты деген хабары­мыз,
«Екі жұлдыз» ғой. Не деген сорлылық?! Сол жерде отырған
журналистердің жақсы хабар жасауға ақылы жетпей отыр
дейсіз бе? Ұлттық реңкі, ұлттық нақыштағы бағдарлама­лар

жасауға мүмкіндік берілмейді. Бұл менің өз басымнан өтті.
Телевидениеде екі рет директор болдым. Көп уақыт жұмыс
істей алғам жоқ. Жұмыс істетпеді. 1995 жылы «Хабарда»
директор болып жұмыс атқардым. Екі-үш ай ғана отырдым.

Бастықтар ауысып, аласапыран болып жатты. Ешнәрсе істей
алмадым. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақстан» телеарнасына
келгем. Ол жолы да жұмыс істеткен жоқ. Сосын арызымды
жазып, өзім шығып кеттім. Тек ғана «ақша-ақша» деп отырған,

телевидениенің иісі мұрнына бармайтын адамдар жұмыс істеп
отырған кезде, ештеңе істей алмайды екенсің. Біреудің қас-
қабағына қарап отыру – менің мінезіме келмейді. Не жұмыс
істеу керек, не кету керек болды, сосын кеттім. Қаншама

жоспарларды жасаған едім. Қаншама қазақтың қыз-жігіттерін
жинадым. Сол қыздар мен жігіттердің кейбірі қазір эфирге
шығып жүр. Айтатын сөзі бар, «қазақ» деп көрсететін қыз-
жігіттер бар, елдің арасында... Соларды жинағым келген.

Сол мен жинаған қыз-жігіттердің көбісін «Менің кадрым»
деп есептеп, мен кеткеннен кейін теледидар мен радиодан
қуып жіберді. Бұл сорақылық емес пе? «Қазақстан» арнасының
таңғы тікелей эфир бағдарламасын жүргізетін қыз-жігіттерге

қараңызшы. Сөздің бабын білетін, айтар ойын орнықты жеткізе
алатын, көрсе – көз, тыңдаса – көңіл толатын ибалы жастардың
орнында кімдер отыр? Базарда сауда жасап отырған делдалды
еске түсіретін, жан-жағына жайылып кеткен бір қарындасты

көрген сайын өз-өзімнен қысылып, басқа арнаға ауысып
кетемін. Ұлттың бетін танытатын көк жәшікке таныстықпен
адам алу – бар сорақылықтың басы. Мені осы күйіндіреді.

– Сіз жасаған бағдарламалар... Қазір қайда? Архивіңізде

жатыр ма?

– Осында. Мәселен, бір ғана хабарды айтайын. «Есіл жұрт»

деген хабар дайындай бастадық. Оның айтатын ойы қалай еді?
Біз шекарамызды бекіттік. Шекараның сыртында қаншама
қазақ жері қалып қойды. Жақында мен Новосібірге барып
қайттым. Сонда қаншама қандастарымыз бар. Орынбор – кеше

астанамыз еді ғой. Айрылып қалдық. Ташкентте де қаншама
қандастарымыз бар. Осылардың барлығы біздің жеріміз деп
дауласпасақ та, «мында біздің пәлен батырымыздың басы
қалған, денесі жатыр» дегенді көрсету арқылы, «Қайран,

біздің Есіл жұрт» дегіміз келген. Хабарды жоспарлап, түсіріп
келуге адам жібертіп те қойып едік. Бірақ, бәрі қалып қойды.
Мұндай хабарлар толып жатыр. Біздің ұлттық мүдделеріміз,
ұлттық идеяларымыз күнделікті санамызға сіңіріліп отырмай,

ел болып қалыптаса алмаймыз. Тіпті, балалардың санасына
ұлттық рухты сіңіретін қандай бағдарламалар бар бізде. Ең
мықты хабарлар қазақтың балаларына арналып жасалу керек.
Мұстафа Ататүрік: «Мен түрікпін» деп мақтанам деп айтпақшы,

«Мен қазақпын» деп мақтанатын рухты сіңірмесек, әрі-сәрі
күй кешетініміз айқын. Қазір биліктің жоғары эшолонында
жүрген, кешегі кеңестің тәрбиесін алған, коммунистік идеямен
милары суарылған адамдар кетеді ғой, сол кезде жаңа буын,

сапалы ұрпақ келу керек. Ең құрығанда, сол сапалы буынды
қазақы етіп, тәрбиелеп кетуіміз қажет ғой. Ол үшін ең өтімді
құрал – теледидар, радио, баспасөз. Соның басында ұлттық
қаны бар, рухы мықты адамдар отыруы қажет. Ұлттық рухты

көтеретін бағдарламалар күнделікті жүріп отырмаса, келешек
ұрпағымыз кім болады? «Шөре-шөре» болады.

– Кеңестік идеологияның мақсаты не болғанын жақсы

білеміз?! Ал, бүгінгі тәуелсіздіктің идеологиясы не болуы қажет?

– Батыс Еуропа елдерінде, дамыған мемлекеттерде идео­

логия жоқ деп айтамыз. Идеология олардың тұрмы­сына сіңіп
кеткен. Кез келген әрекетінен, қимылынан, елін мақтан
ету, намысын жырту, сол елдің абыройын ойлау байқалып
тұрады. Осы біздің миымызға сіңіп жатыр ма? Бізде ақшасы

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
бар азаматтар аз емес. Олардың көздегені ақша табу. Ақша­
сы барлар неге шетке қашып кетеді? Ертеңгі күніне сенімі
жоқ болғаннан кейін, қонышына басып, қойнына салуды

ойлайды. Басына бұлт үйіріледі, тайып тұрады. Мәселен,
Әблязов туралы мың құбылтып айтып жатыр. Қазақстаннан 11
миллиард долларды шығарып алып кету деген сұмдық емес пе?
«Керемет іскер, мықты» деп, он жерден мақтаса да, мен оған

сенбеймін. Қазақстанның қамын емес, қара басының қамын
ойлаған адамнан қауіптену керек. Ұлттың мүддесі, халықтың
мүддесі қайда?! Басқаны айтпағанның өзінде, ұлттық өнер,
айтысымызға келгенде қолұшын созатын оппозиционерлер

жоқ. Бәріне де айттым. Газеттің бетінде де айттым. Олар­дың
есіл-дерттері билікке жету, креслоға отыру. Шын оппози­
ция болса, олардың бағдарламаларында ұлттың қамын ойла­
ғ­ан позициялар неге жоқ? Қазіргі оппозициялардың еш­қай­

сының бағдарламасында Абылайдың идеясы жоқ. «Халықты
отырықшы етсем екен, қала салдырсам екен, ұлт ретінде мықты
мемлекет жасасам екен» деген идея жоқ. Бәрінікі қу басының
тіршілігі ғана...

«БІР ӨЛЕҢ – БІР ӘЛЕМ» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫН

КӨРУГЕ ҚАЛАМГЕРЛЕРІМІЗ КЕЛГЕН ЖОҚ

– Жүрсін аға, әнебір жылдары ақындардың мерейін көтерем

деп, «Бір өлең — бір әлем» деген жыр мүшәйрасын бастап
едіңіздер. Ол неге жалғасын таппай қалды?

– Өткіздім ғой. Қалай жалғасын табады? Бұған Қазақстан

Жазушылар одағы пәлендей мән бермеді. Бір жылда әр
ай сайын 10 мың доллардан, жылына 120 мың долларға
дейін бері­летін арнайы жоба болатын. Байлардың ақшасын
әкеліп, әдебиетке бұрып, «еңсесі түсіп қалған қазақ өлеңін

көтерейін, ақын­дарды жебейін, демейін» деген нәрсе еді.
Тоғыз айға тоқсан мың алып, жұмсадым ғой. Қай бай сөйтіп
жатыр еді? Ұйым­дастыру жұмысына ешкім мән бере қойған
жоқ. Ермановтың шаруасы деп ғана қарады. 90 мың бөлдіріп

едім, соңында сол жыр мүшәйрасына бәйге алатын ақындар

ғана қатысатын жағдайға ұшырадық. Өзіне бәйге тимейтінін
біліп алады да, келмейді. Төрт-бес ақын келеді, қалғанын
оқушылармен, студенттермен толтыратын болдық. Ермегияев
пен Сәрсенов жүлде тапсыруға барып отырғанда, қазақтың ең

болмаса, соны көруге бес ақыны келмеді ғой. Жыл қорытын­
ды­сында солай деп жаздым да. Әйтпесе, жалғаса беретін
дүние еді. Бұл біздің өзімізді өзіміз құрметтемегеніміз. Сосын
амалсыз тоқтаттық. Теледидарды шақырып, әкеле алма­

дық. Телевидениеден түсіріп кетуге ықылас болмады. Бірақ,
мықты, жақсы өлеңдер туды. Қазақтың «мен ақынмын» деп
жүрген қаламгерлері, Қазақстанның Халық жазушысына дейін
жақсы өлеңдері үшін жүлде алды.

– Өлеңдер арнайы бір тақырыптың аясында жазылды ма?

– «Бір өлең – бір әлемнің» шартында – ақын кез келген

тақы­рыпқа бір ғана өлең ұсына алады. Екінші шарты – «араға
адам салмаңыздар, сақалдарыңызды бұлдамаңыздар, тек
талантты өлеңге бәйге берілсін» делінген.

– Ал, ондай оқиғалар болды ма? Араға адам салу деген

сияқты...

– Әр ай сайын осыны айтып отырдым. Айтып отырсақ

та, осыған керісінше жасап жаттық қой. Бір ақын досым:
«Өте күшті талап қойғансың. Бірақ, бұл жолы маған бересің
ғой, бәйгені» деді. Кейде біреулермен шәт-шәлекей болған
кезіміз де болды. Көңілжықпастыққа салсақ, жыр мүшәйра­

сынан ештеңе шықпас еді. Жақсы өлең жазған ақындар­дың
бәріне бәйге бердік. Ақындарымыздың, қаламгерлеріміздің
құлықсыздығынан жалғасын таппай қалды. Әйтпесе, біраз
жерге баратын еді.

– Мүшәйраға қатысқан өлеңдердің тағдыры не болды? Арнайы

жинақ болып шықты ма?

– Мүшәйраға қатысқан өлеңдер жинақ болып теріліп,

дайын тұр. «Бір өлең — бір әлем» деген атаумен кітап ш­ығару
ойымызда бар. «Қазақпарат» баспасы шығарып береміз деген
еді, Құдай бұйыртса, жарық көріп қалар.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

КЕЗІНДЕ АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН БАСТЫРУҒА

МҮМКІНДІГІ БОЛҒАН ЖОҚ

– Жыр мүшәйрасының да, айтыстың өтуіне де мұрындық

болып жүресіз. Өз шығармашылығыңыз ше? «Айтыс уақытымды
алып қойды» деп жатырсыз. Өкінішіңіз басым сияқты...

– Осыны ойлаған кезде шырт ұйқымнан оянам. Бірақ,

бәрібір жасаймын деген дүниені жасайсың. Өйткені, ол – хобби
сияқты, қоғамдық жұмыс сияқты нәрсе. Шығармашылық –
дерт сияқты, өзіңмен бірге өлгенде ғана өшетін от ғой.

– Жалпы, жазамын дегеніңізді жазып, айтам дегеніңізді

айттыңыз ба?

– Дәл осы жерге ешкімнің кінәсі жоқ. Оған кінәлі өзің ғана

болуың керек. Әсіресе, соңғы он бес жылдың көлемінде, өзім
жақсы жаздым деп ойлаймын. Айтарымды айтып жатырмын деп
ойлаймын. Бірақ, оған ешкімнің бөгеті жоқ. Құдайдың берген
талантың, дарының кеміс болуы мүмкін, өзіңнің жалқаулығың

себепкер болуы мүмкін. Бірақ, соңғы есейген, егделенген тұста
біраз нәрсе жаздым деп ойлаймын. «Қазақ әдебиетінде» біраз
өлеңдерім шықты. Сол өлеңдеріме қаламгер достарым жылы
пікірлерін білдірді. Тіпті, бірі телефон шалып: «Сенің өлеңдерің

мені қамшылап жатыр» деді. Қуандым. Менің өлеңдерім туралы
бірқатар жылы пікірлер де жазылды. Серік Қирабаевтың бір
бет мақаласы шықты. Ол мақалалардың бәрі тапсырыспен
жазылды деп ойламаймын. Шын мәнінде ой салғаннан кейін,

ойға қалдырғаннан кейін жазылған шығар. Шығармашылықта
қоғамның, үкіметтің айыбы жоқ, оның тоқырауына адамның
өзінің кінәсі болуы мүмкін. Қалай болғанда да, жақсы дәуірде
өмір сүріп отырмыз. Кезінде Абайдың керемет ұлы өлеңдерін

бастыруға мүмкіндігі болған жоқ. Өзі үшін ғана жазылды. Кеше
Кәкітай барып, Петербордан кітабын шығармағанда, молла
Мұрсейіт өлеңдерін жинап, ұсынбағанда, Абайдың көп өлеңі
із-түззіс кетер еді.

– Демек, қаржысы бар адамға мүмкіндік бар дейсіз ғой. Ал,

ақшасы жоқтар не істейді?

– Ақшасы жоқ екен деп кітабын шығармай жүрген ақынды

көрген жоқпын. Иманғали Тасмағамбетов жүз ақынның жүз
кітабын шығарып берді. Соның ішінде мен де бар едім. Ол
кезде жағдайым дұрыс болған соң, «өзім шығарып алам, мені

алып тастаңдар. Менің орныма басқа біреуі шықсын» дедім.
Қызылорда облысы жүз автордың кітабын шығаруда. Керемет
нәрсе. Гогольдің, Чеховтың томдары сияқты әдемі безен­діріл­
ген кітаптар шығып жатыр. Тек, халықтың қолына жетпей­тіні

ғана қарныңды аштырады. Қарағанды облысы да өз облысы­
нан шыққан авторлардың кітаптарын шығарамыз деп жатыр.
Қай ақынның кітабы шықпай жатыр, айтыңызшы?! Кеңестік
кезде де кітабыңды шығару үшін екі-үш жыл күтетінсің.

– Қаламақының аздығы шығар бүгінгі қаламгерді қиналтып

жүрген. Қалай ойлайсыз?

– Кеңестік кезеңде шыққан бір жапырақ кітабым үшін төрт

мың рубль алдым. Ол ақша түсімізге кірмеген қаржы бола­тын.
Бірақ, ол заман келмеске кетті. Қазір, кітабыңнан ондай ақша
түспейді. Басқа елдердің барлығында үкімет ақша төле­мейді.
Кітабың керемет болса, оқырман өзі сатып алады. Қазір біз

осыған бейімделе алмай жатырмыз. Нарық заманында шын
талантты адамдар шығады. Немесе, әккілер мен пысықтар
шығатын шығар. Тек, бір нәрсе ақиқат, рухани өлмейтін мұра
жасағың келсе, ол ақшамен жасалмайды.

– Суырып салма өнері барлар, айтысқа икемі барлар Жүрсін

Ерманды жағалаушы еді. Өзіңіз де ауылдарда жүрген кейбір
дарындарды айтыс аламанына алып шықтыңыз. Олардың
айтыссыз тағдыры енді не болады?

– Соңғы айтыста елдің арасында жүрген, шыға алмай

жүрген дарындарды шығарайын деп, Баянауылдан бір баланы
алып келіп, айтысқа шығардым. Қытайдан бір баланы шақыр­
дым. Мүмкіндігінше, соларға жол ашқымыз келеді. Айтыстың
туын көтерген Әселхан, Әсия, Қонысбайлар қазір жасы егде

тартқаннан кейін, олардың орнын басар, жас дарындар шы­
ғып келеді. Ресми емес деректерге сүйенсек, жуырда, мау­
сым айында «арнайы айтыс өткізу керек» деген хабарлар жетті
маған. Демек, басымызды бәйгеге тіккен айтысымыз әрі қарай

жалғасады деген сөз.

– Қазір не жазып жүрсіз?

– Өлең жазып жүрмін.

Әңгімелескен
Гүлзина БЕКТАСОВА.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Жүрсін ЕРМАН,
Айтысты ұйымдастырушы:

ӨЗ ӨНЕРІМІЗДІ ӨЗІМІЗ ТҰНШЫҚТЫРДЫҚ

– «...Менен дәрмен кетті енді.

Кешір мені!
Сенсіз алға жылжиды көш ілгері.
Бар қазақтың аузына құм құйғаны –
Айтыс, сенің үніңді өшіргені», – деп аяқталатын «Айтыспен

қоштасу» атты өлеңіңізді оқыдым. Аға, шынымен-ақ айтыспен
қоштастыңыз ба?
Дастан, Алматы

– Айтыстың тоқтатылғанына бір жарым жыл болды.

Осы уақыт ішінде оның жабылуына жол бермеуге тырысып,
әбден сергелдеңге түстім. Айтыстың эфирден көрсетіліп келе
жатқанына 25 жыл толуына орай Түркияға барып, айтыс
өткізу туралы жоспармен 2008 жылдың желтоқсан айында

Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсеновпен бірге Мәдениет
министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қабылдауына бардым.
Ол кісі де айтысты қолдаған демеушіміздің бірі еді. Өзі де
бізді шақыртқалы отыр екен. Сол жерде бізге Елбасының

айтысты тоқтатуға тапсырма бергенін жеткізді. Бұдан кейін біз
не істей аламыз? Әрдайым ақындардан ұлт арасын бүлдіріп,
халықты төңкеріске үндейтін сөз айтпауды талап етеміз.
Шабыттанып, арқаланып алған сәттерінде олар қоғамдағы

келеңсіз жайттарды да айтып салады ғой. Ақиқатты айта
алмаса, несі айтыс? Мысалы, бір ақын: «Кешегі алтын киген
сақ бабаның ұрпағы едік. Бүгін неге біз секонд-хэндтен
еуропалықтардың қалдық киімдерін киюіміз керек?» – дегенді

айтты. Бұл – биліктегілердің шамына тиетін емес, жұрттың
намысын қайрайтын сөз ғой. Осы секілді әңгімелердің
астарын дұрыс түсінбегендер мемлекет басшысына оны мың
құбылтып жеткізіп, ақыры айтысты жаптырды. Небір ғажайып

талантты ақындар шығып келе жатыр еді. Өз өнерімізді өзіміз
тұншықтырдық.

– Сонда айтыс енді мүлде өткізілмей ме?

– Жылына екі рет өткізілуі керек еді. Бірақ білмеймін...

Айтыс – менің жеке басымның шаруасы емес. Маңдайыма

айтыс өнерін көтеруді, оның бейнетін де кешуді, қызығын
да көруді бұйырыпты. Бірақ мен шаршадым. Айтысқа қарсы
жұмыс істейтіндермен алысудан, еріккен қазақтың дау-
дамайынан шаршадым. 1992 жылы біраз уақытқа телеви­

зиядағы қызметтен кетіп, бес жыл бойы айтыстың жұмысымен
айналысқан жоқпын. Сонда ешкім ештеңе істеген жоқ
қой! Мені сынап жүргендер мықты болса, сол кезде неге
қолға алмапты?! Біраз үзілістен кейін «Хабар» агенттігімен

келісімшарт жасасып, 1997 жылы айтысты қайта жаңғырттық.
Оны өткізу үшін демеуші іздедім. Содан бері айтыста сан
түрлі маркалы 150-ден астам машинаны елге тараттық. Оны
үкімет берген жоқ. Әркімнің тілін тауып, көңіліне қарап жүріп

таптым. Сонда да сынаушылар көп. Осы біздің халықтың көре
алмайтыны жаман. «Жүлдені анау емес, мынау алу керек еді» деп
те жатты. Мүмкін, расында да уақытында кейбір таланттарды
тани алмаған шығармыз. Бірақбарынша әділ болуға тырыстық.

Жүлделерді бөлуге менің ғана ықпалым жүрмейді, қазылар
алқасындағы білікті мамандар талқылап, бөледі.

– Жүрсін аға, айтысып отырған ақынның аузына мүлдем сөз

түспей қалған кездерге куәгер болдыңыз ба?
Римма,
Саға ауылы, Мұғалжар ауданы,
Ақтөбе облысы

– Сөз таппай отырып қалған ақынды көрмеппін. Айтыс

– арнайы оқу бітіруді талап ететін өнер емес. Ол – ақынға

табиғаттан келетін қасиет. Рас, ақындардың деңгейі әртүрлі
болады. Арнайы дайындалып, тіпті айтатын сөздерін алдын
ала жазып, жаттап келетіндер де бар. Бірақ мұны ағаттық
еуге болмайды. Айтар ойы мен сөзін жинақтап келу кемшілікке

жатпайды ғой. Ақын екенмін деп сахнаға шыға салып,
әләуләйлімге баса бермейтін шығар? Екі сөздің басын құрау кез
келгеннің қолынан келеді. Алдын ала дайындаса да, ол – өзгенің
емес, өзінің сөзі. Сондықтан ақынға сахнаға еш дайындықсыз

шықсын деген талап қою – қателік. Дайындықсыз келген
ақын қарсыласына оңтайлы жауап бере алмайды. Алдын ала
қарсыласын зерттеген ақындардың айтысы өте тартымды әрі
қызықты өтеді.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Айдың-күннің аманында айтыс өнерінің қңыспаққа түс­кеніне

таңым бар. «Қазақстан» Ұлттық телерадиокорпорациясы мен
Қазақ радиосында басшылық қызметтен де кеткеніңізден хабар­­
дармыз. Қазір қайдасыз?
Әсем,

Алматы

– Адам болған соң, тіршілік етіп, отбасымды асырауым

керек қой. Мені түсінген жаны жомарт азаматтар жұмысқа
алды. Қазір «Алматықұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы
президентінің кеңесшісімін.

– Жүрсін аға, қазақ ежелден жаз жайлауда, күз күздеуде

көшіп-қонып күн кешкен халық қой. Тегіміз ауылдан бол­ғасын
аңсары­мыздың да сол жаққа ауып тұратыны рас. Қазір ел ал­
дында жүрген танымал азаматтардың дені қалада емес, далада
туған. Өзіңіз балалық балғын шағыңыз өткен өңірге жиі барып

тұрасыз ба?
Еркін,
Созақ ауданы, ОҚО

– Жұмыстан босай қалсам, ауылға кетіп қаламын. Менің

балалық
шағым
қазіргі
Қарағанды

облысына
қарасты
Ұлытау ауданының Байқоңыр кеңшарының алыс түкпірінде
орналасқан Құлжанбай деген құмды ауылда өтті. Өкініштісі,

қазір бұл ауыл бірте-бірте бытырап, тарап жатыр. Достарымның,
балаларымның көмегімен бірер жыл бұрын сол ауылға
мешіт салдырған едім. Жақында барып, сол мешітте намаз
оқитын адамның қалмағанын көріп, жүрегім ауырды. Ауыл

адамдарының көбі көшіп кеткен, 400-дей ғана тұрғын қалған.
Сенсеңіз, былтыр мектепті бір-ақ оқушы бітірді! 25 мұғалімнің
бәрі жабылып, соған ғана сабақ берді. Есесіне, ол бала керемет
білім алып шықты. Ал биыл үш-ақ бала тәмамдапты. Ұстаздар

бірінші сыныпқа баратын оқушы таппай әлек. Жалпы, ауыл
иесіз қалып барады.

– Сол мектепте өзіңіз де оқыған шығарсыз?

– Иә. Былтыр мектептің 60 жылдық мерейтойы аталып

өтті. Алғашқы сынып жетекшім – Сапарғали Кентаевпен
жақында ғана жолығып келдім. Жасы 70-ке келсе де, әлі тың
екен. Ауылда мұғалім жетіспегендіктен, барлық пәннен өзі
сабақ беретін. «Мерекелік кештерге үнемі сен қатысатынсың.

Тақтаға тапсырманы жазып қойсам, елден бұрын орындап, екі
қолыңды партаға қойып отыратын тәртіпті оқушы болдың» деп
ұстазым менің оқушылық өмірімді есіне алды. Екеуіміз біраз
сырластық...

– «Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді,

Ертегіні тәуір көрем мен тегі.
Осы күні ойлап көрсем, жасымда
Шешем маған айтпапты еш ертегі», – деп жырлайсыз «Ертегі»
атты өлеңіңізде. Балалық шағыңыз қалай өтіп еді, аға?

Жансая,
Сарыжаз ауылы, Райымбек ауданы,
Алматы облысы

– Рас, шешемнің бізге ертегі айтуға уақыты болмады. Жеті

жасымда әкем өмірден өтті. Сөйтіп, анамның тәрбиесінде
өстім. Бізді жеткізу үшін ол кісі затының әйел екеніне қара­
мастан отын да, су да тасыды, мал да бақты, тіпті мектептің еде­
ніне дейін жуды. Өмірдіңталай қиындығын көріп, тауқыметін

тартты. Бала болсам да, оны сезетінмін. Сол күндері «Ең
болмаса, жасым жиырмаға келгенше анам тірі жүрсе екен» деп,
ол кісіге жақсылық көрсетуді армандайтынмын. Жаратқан Ием
тілегімді қабыл алып, шешеме 90 жасқа дейін өмір берді. Ол кісі

мен 49-ға келгенде дүниеден өтті. Өмірінің соңғы жылда­рында
Алматыға әкелдім. Қолын жылы суға малып, дүниенің ра­хатын
көрсеттім. Ешбір айтысты жібермей, көрермендер залы­ның
бірінші қатарында отырып тамашалайтын. Бала-шағасы­ның,

немерелерінің ортасында әдемі болып, өмірден өтті.

– Әкеден ерте айырылғасын жұмысқа да буыныңыз қатай­май

араласқан шығарсыз?

– Иә, жоқшылық бүйірден қысқан соң, жұмыс істеуге тура

келді. Еңбек жолымды 15 жасымда аудандық газетте әдеби
қызметкер ретінде бастап, 17 жасымда бөлім меңгерушісі болып
тағайындалдым. Жұмысшы жастардың кешкі мектебін аяқ­тап,
Алматыдағы Абай атындағы пединститутқа (қазіргі АлМПУ)

оқуға қабылдандым. Бір жылдан кейін жазғы демалыста
ауылға барсам, әкемнің малшы інісі: «Қандай оқу оқып жатыр­
сың?» – деп сұрады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұ­ғалімі
болатынымды айтқанымда, ол кісі: «Сол үшін Алматыға кеттің

бе? Сапарғали (ауылдағы мұғалімімді айтып отыр) сырт­тай
оқып-ақ мұғалім болған», – деді кекетіп. Осы сөзден кейін

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н мұғалім болғым келмей, дереу қалаға келдім де, оқудан шығып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне қайта тапсырдым. Сол бала қылығыма әлі өкінемін. Себебі, пединститутта оқыған бір жылда қазақ филологиясы тарихындағы алып тұлғалар – Мәлік Ғабдуллин, Фатима Мұсабекова, Шайқы Кәрібаевтардан сабақ алғанмын. Оқудан бас алмай, бір жылды кітапханада өткіздім. Сол бір жылдық білім ҚазҰУ мен Жоғарғы партия мектебін бітіргенше жетті. ІІІ курсқа келгенде журналистикада оқудан да жалыға бастадым. Сөйтіп, сол кездегі Торғай мен Жезқазған облыстарының басшыларына білімімді, тәжірибемді айтып, жұмыс істегім келетінін жеткізіп, хат жаздым. Көп кешікпей Торғай облыстық газеті мен Жезқазған облыстық телеарнасына жұмыс істеуге ұсыныс түсті. Жезқазғанға баруға келістім, себебі, олар маған үй беретінін айтты. Ол уақытта екі балам бар-тын, әйелім үшінші перзентке жүкті еді. Өзім 17 жасымда үйлен­генмін. Сөйтіп, 1971 жылы 20 жасымда телеарнаға аға редактор болып қабылданып, жұмысқа кірістім. Айтқандарындай бір жарым айдан кейін үш бөлмелі пәтер берді. Сол жерде 9 жыл жұмыс істеп, бас редакторлыққа дейін көтерілдім. – Жүрсін аға, Еркін Нұржановтың орындауында көптің көңілінен шығып жүрген «Жалғыз ұлға» деген әннің сөзін сіз жазған екенсіз. Қазақ «Жаман ырымға балама» деп жатушы еді, сонда да тамаша әнді тыңдай бергің келеді. Әннің шығу тарихы қалай? Ерлан, Семей қаласы, ШҚО. – Бұл өлеңді жалғыз ұлым Дарханға арнап жазғанмын. 2006 жылы «Құдіретке жүгіну» деген кітабым шыққан. Сазгер Жарылқасын Дәулет кітаптан осы өлеңді көріп, оған әуен жазыпты. Екеуміз ақылдасып, әнді Тұңғышбай Жаманқұловқа бергенбіз. Сол жылы ол жеке ән кешін беруге дайындалып жүрген-ді. Әнді жаздырып біткеннен кейін, аяқ астынан Тұңғышбай ойланып, оны орындаудан бас тартты. Жаман ырымға баласа керек. Сосын Жарылқасын оны Еркінге беріпті. Еркін нақышына келтіріп, жүрегімен орындап жүр. Елдің көңілінен шықты. Бірде Жезқазғанға бара жатып, жол-жөнекей балаларым шомылайық деген соң Балқаш көліне тоқтағанбыз. Сонда қасыма бір кісі жүгіріп келіп: «Жүке, көлігімнің ішінде

сіздің әніңіз бар. Менің де Дархан деген жалғыз ұлым бар. Әнді
бірге отырып тыңдайықшы», – деп, «Өзімнің өлеңім ғой, оны
несіне тыңдай беремін» дегеніме қарамастан, ертіп апарды.
Біздің халық «Жалғыз ұлы бардың шығар-шықпас жаны бар»

деген ғой. Қарап отырсаңыз, бұл үлкен – трагедия.

– Жүрсін аға, сіз әзіл-сықақ театрларының назарына жиі

ілінесіз. Сізге үнемі пародия жасап жатады. Бұған ренжі­-
мейсіз бе?
Еркебұлан,
Шымкент

– Керісінше, Олжас Сыдықбеков маған пародия жасап,

мазақтаса екен деп отырамын. Олжас Максим Галкиннен еш
кем түспейді. Максимнің сайқымазағынан гөрі Олжастың
мағыналы әзілдері қазаққа әлдеқайда пайдалы. Қайбір жылы
Республика сарайында Евгений Петросянның шығарма­шы­

лық кеші болды. Сонда сахнаның артында Петросяннан сұхбат
алғысы келіп жүрген Көпен Әмірбекке «Көпен, Петросян
сенен сұхбат алсын, сен одан да мықтысың» дегенмін.

– Жүрсін аға, тәуелсіз Қазақ мемлекетінде тек қазақ тілінде

сөйлейтін жлғыз ғана радиоарнаның жұмыс істейтіні жанға ба­
тады.Біраз уақыт осы мекемеде басшы болдыңыз ғой, пікіріңізді
бі­лейін деп едім?..
Ерлан Қабатай,

Семей қаласы, ШҚО.

– Тек қазақ тілінде ғана сөйлейтін арна жоқ. Сен айтып

отырған Қазақ радиосы 83 пайыз ғана қазақша сөйлейді, қалған
17 пайызы өзге 8 тілге бөлінген. Бұл біздің елге аздық етеді. Әлі
күнге дейін еліміздің Ресеймен шектесетін аймақтары Қазақ
радиосының үнін өшіріп қойып, орыс радиоарналарын тыңдап

келеді. Осы мәселені көтеріп, Қазақ радиосында өзім жұмыс
істеген жылдары сол өңірдің басшыларына хат жолдадым.
Телеарналардың да 50/50 дегендері жәй көзбояушылық.
Қазақтіліндегі дүниелерді тек түнде береді. Ол уақытта кім

тұрып теледидар қарайды? Қазақ телерадиоарналарының
кәсіби деңгейін көтеру үшін оның басшылығына сол саланың
мамандарын әкелуіміз керек. Әйтпесе, қазір оны тек креслода
отырып, ақша табуды ғана көздеген экономист, бухгалтерлер

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н басқарып кетті. Керісінше, сол саланың мамандарының көбі жұмыссыз жүр. Өзіңіз айтыңызшы, қазір эстрада мен шоусымаққа құрылған жеңіл-желпі бағдарламалар көбейіп кеткен жоқ па? Елдің келешегін ойлауға шақыратын, кәсіби негіздегі, қызыға көретін дүние жоқ. Бізде техника жетерлік, бірақ оны пайдалана білетін мамандар кем. Радиоарналардың тарау кеңістігі тар. Осыдан-ақ тіліміздің тағдыры әлі қыл үстінде тұрғанын байқауға болады. – Болашақта журналист болғым келеді. Бұл маман иелерінің бойында қандай қасиеттер болуы керек? Жансәуле, Талдықорған – Кәсіби біліміңмен бірге ұлттың ертеңін ойлайтын, елге жаның ашитын адам болсаң, сенен мықты журналист шығуы мүмкін. Қазір «қазақ журна­лис­те­рінің деңгейі төмен» деген пікір бар. Бекер сөз. Біздің журналистер ешкімнен кем емес. Керісінше, орыстілділерден артық, ой-өрісі әлдеқайда кең. Себебі, екі тілді де біледі. Оларға тек жұмыс істеуге мүмкіндік жасап, қолдарына билік, қиялына еркіндік беру керек. Жазып алған Анар ӘЛДИБЕКОВА. ЕНДІ АЙТЫСТЫҢ МАҢЫНАН ЖҮРМЕСПІН – «Есейтті, есейтті ғой өмір бізді, Өткіздік басымыздан небір күзді»,– деп жырлайсыз. Балалық шағыңыз ауыр болды ма? Екінші сұрағым, Жүрсіннің қазіргі жағдайын жылдың қай мезгіліне балаған болар едіңіз? Әмина, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы – 1951 жылы әлі жұрт соғыстан ес жия алмай жатқанда дүниеге келдім. Кейін сол күндердің естелігі ретінде «Шықпаған кез елдің әлі бүйірі, Ең тәуір ас жүгерінің түйірі...» деп басталатын өлеңімді жаздым. Балалық шағым қандай болса да, неғұрлым егде тартқан сайын сол балалық шағыма қайта

оралғым келе береді. Бұл – Аралдың Қарағұмына сұғына түсіп
жатқан Құлжанбай деген шағын ауылда өткізген, жасым 13-
ке дейінгі жылдарым ғой. 1- сыныпта оқып жүргенімде әкем
қайтыс болып, шешемнің қолында, ағайын-туыстың арасында

өскен жоқ-жітік жылдар осы «болған – толған» шағымнан гөрі
бақыттырақ сияқты. Бұйығы ауыл, керек – жарағың қандай
аз болса, армандарым сондай көп аңғал күндер, ешкім мені
алдамаған, өзім де ешкімнің көңілін қалдырмаған кезім...

Соғысқа барып келген әкелерім де, «Молдаштың кенжесі ғой»
деп арқамнан қағып айналып толғанатын аналарым да көп,
менен үміт күтетін Әбсат, Мейрам, Ашубай, Әбілқас, Ахат,
Танай, Іскендір, Мүгір секілді көкелерім де қалың, алаңсыз

шағым, «Бәйге күрең» деген жүйрік атыма тақымым тисе
жетімдігімді де, жоқ – жітікті де ұмытып кететін алаңғасар
күндерге орала алмайтыным өкінішті – ақ.
Қазіргі жағдайымды жылдың қай мезгіліне балаған болар

едім? Әйтеуір, оның қыс емес, шыбынсыз жаз да емес, сірә,
ертелеу түскен күз шығар деп ойлаймын...

– Күнде не ойлайсыз?

Шолпан, Алматы

– Менің ойламайтыным жоқ. Нені ойламаймын?! Қоғам­

дағы барлық болып жатқан жағдайды жүрегімнен өткіземін.
Адамды қартайтып жіберетін де – осы ой. Кейінгі кезде шар­
шап жүргенімді жасырмаймын...
Аға, ренжімеңіз, Ринат Зайытовпен араларыңыз не болды?

«Ер шекіспей, бекіспейді» деуші еді... Ринат айтысқа қайта
оралды ма?
Айнара,
Торғай ауылы, ШҚО

– Неше рет қайталап айтамын, Ринат менің балаларымнан

да кіші, өзім Семейден тауып әкелген дарынды бала. Ептеп
«Жұлдыз ауруына» шалдыққанын да өзі мойындаған. Қытайдағы
қандастарымыздың ішінен шыққан айтыс ақындары Астанаға
келгенде, солармен айтыспаймын, олармен «келісіп» айтысу

мүмкін емес дегені үшін менің «кәріме» ұшыраған кезі болған.
Одан бері қанша уақыт өтіп кетті, одан бері Ринат менің қанша
айтысыма қатысты. Айнара қарағым, ай қарап жүрмісің?

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

– Айтыс туралы шығаратын газетіңіздің жайы не болып жатыр?

Дархан,
студент, Алматы

– Айтыс туралы шығарамын деген газеттің мерзімі енді

туды – ау деймін. Тіркетіп алдық. Ептеп қаржы таптық. Ұзамай
жарық көріп қалар.

– Біраз жыл бұрын «Парламентке барып халықтың сөзін

сөйлеймін, жоғын жоқтаймын, ақиқатты айтамын» дегенім
пендешілік екен» деп сұхбат беріп едіңіз. Халқыңыз қолдап-
қуаттаса сайлауға қазір түсер ме едіңіз? Бірақ, аға, депутат
болсаңыз «бұзылып» кететін сияқтысыз, соның қажеті қанша?!

Ернар,
Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы

– Екі рет, 1994-1999 жылдары депутат болуға талпынып

көрдім. Енді сайлау атаулының маңынан жүрмеймін деген
сертім бар. Біріншіден сайлау деген аты болмаса, шындығы
жоқ сайқымазақ қана. Екіншіден, осы қазіргі парламентке ел
сөзін сөйлейтін ер бар ма. Олардың санын көбейтіп не опа

табарсың?

– Жұрт арасында «Жүрсін айтыс арқылы өз иммиджін қалып­тас­

тырды, қалтасын қалыңдатты» керісінше «Жүрсін ешкім­нен атақ-
абырой сұраған жоқ. Айтыс Жүрсінді емес, Жүрсін айтыс­тың
атағын шығарды»деген пікірлер бар. Бұған қандай уәж айтасыз?
Мөлдір,

Қосшағыл ауылы, Жылыой ауданы, Атырау облысы
Айтысты Жүрсін көтерсе, Жүрсінді Айтыс көтерді. Екеуі
де ақиқат. Кімнің қалтасын кім қалыңдатты? Қалыңдатты
ма? Бұл да бір анықтайтын мәселе. Отыз жыл айтыспен

айналыстым. Дәл бүгін, Астанада «Ел. Елбасы. Астана» атты
айтыстың жұртында отырып, ақындарды еліне аттандырып,
не билікке жақпай, не ақын бауырларымның жағдайын жасай
алмай, қарыздың орынын қалай толтырамын деп уайым басып

отырған сәтімде, «енді айтыстың маңынан жүрмеспін» деп
баріп отырған уәдемді орындамасам, өзім де кемақыл адам
шығармын!

– Қиналған, ашуланған кезде өзіңізге қалай басу айтасыз?

Дәулет,
Төңкеріс ауылы, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы

– Абай «Бәрі өтпелі болса, жаманшылық неге тұрақтап

қалады деп ойлайсың?» деген. Абайдан барлық нәрсенің
шешімін табуға болады.

– Заманауи адамсыз ба, аға? Смс туралы жазғаныңызды оқып,

«Бұл кісі де смс жазады екен ғой» деп таңғалғанмын...
Зейнет Шолақова,
Ақтау

– (Күлді). Заманға қарай бейімделген дұрыс қой... Смс

жазудың ұстасымын. «Күлтөбеден» оқығансың ғой: Ұялы
телефонның хат жазу мүмкіндігін кеңінен пайдаланып
жүргендердің бірі мен шығармын. Бір ғажабы, біреулердің
маған жазған хаттары да, менің біреуге жазған хаттарым да

арнайы өшіріп отырмасаң, телефонның жадында жиналып
тұра береді екен. Қайталап оқысаң, өткен өмірің есіңе түсіп,
санаңда жаңғырып, сол сәттерді қайтадан басыңнан кешкендей
боласың. Тағы бір қызығы, хаттарды өлеңмен жазғанға ештеңе

жетпейді. Әсіресе, таңы өлеңмен атып, күні өлеңмен бататын,
айналасын ақындар қоршаған мен сияқты кісіге өлең-
хаттардың қадірі бөлек». Қарындасым, жасың ұлғайған сайын
дүниеде болып жатқанның бәрі жүрегіңе әсер ете береді...

– Тағы бір сұрақ. Кейінгі қазақ киноөндірісінде бірде датталып,

бірде мақталып жүрген кинорежиссер Ермек Тұрсынов «мен
қазақ жазушыларын оқымаймын, оқитын түк жоқ. Ақындардан
Жүрсін Ерманның өлеңдерін оқимын» дегенін оқып, таңқалдық.
Ол кісінің шығармашылығына көзқарасыңыз қалай, өзі?

Ермек Тұрсынов осыдан жиырма жылдай бұрын менің
жыр кітабымды менімен келіспей ақ орысшаға аударып әкеп
берген еді (жариялаған жоқпын). Қазір қазақ киносында құ­
былыс тудырып жүрген бұл талантты адамның ең үлкен айыбы

– асығыстық. Өйткені, қазақ қоғамы Ермектің ойлары­ның

биігіне шығуға әлі дайын емес. Ол – креативті ойдың адамы.
Әлі бағасын алады.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
«Қай жерде, мейлі қай елде,
Әлемнің мәні – Әйелде.
Шын мықты болсаң, оныңды,

Әйелге барып дәлелде!
...Әйелсіз қонды бақ қашан?
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,

Әйелдің тілін таппасаң!» –
деген өлеңіңізді отырыстарда жиі оқып беремін. Өзіңіз әйеліңіздің
қадіріне жеткен ер-азаматсыз ба? Бір бағдар­ламада «отбасында
әйел бастық қой» деп күліп едіңіз...

Шалқар,
Шымкент

– Дұрыс, айналайын. Осы «Әйелге ода» деген өлеңге

жақында бір шумақ қостым.:
Қазақтың жөнсіз нақылы,
Болсаң да әлем ақыны.
Жетеді билеп – төстеуге

Әйелдің қысқа ақылы.
Оған қосарым: Қасым Аманжоловтың мерейтойындағы
мүшайрада ынталандыру жүлдесін алған «Қасымның жары»
деген өлеңімде мынадай жолдар бар:

Торғын деп киіп ескі көйлекті,
Қасыммен бірге кешті бейнетті.
Тарпаңдау ақын тарыққан жардың
Кейіген сөзін естімей кетті.

Қосылып үні егіз бұлақтың,
Жемісін халал жегізді бақтың.
Сегіз жыл бірге кешірді ғұмыр,
Салтанатындай сегіз жұмақтың.

Сөзбенен сомдап таза сымбатын,
Жүрекке мәңгі жазасың ба атын.
Ақылман әйел – ақынның бағы,
Ақынның соры – мазасыз қатын!

– Мен сіздің жерлесіңізбін, аға. Сізді мақтан тұтамын. Айтысқа

араша болып жүрген жанашырлығыңызға тәнтімін. Айтыстың
тағдыры не болды, аға?
Кәусар,
Ұлытау ауданы, Қарағанды облысы

– Рахмет, Кәусар! Айтыстың тағдыры бұдан әрі не болаты­

нына менің көзім жетпейді. Кеше аяқталған «Ел. Елбасы.
Астана» атты айтысқа ешкім қол созбай, ақын бауырларымның
алдаспан сөздері аяқ асты болған соң, мен де өз жөніме
кеткенді жөн көрдім. Ел іші ғой, біреу болмаса біреу бұл істі әрі

жалғастырар. Мен қажыдым.

– Жүрсін аға, Еркін Нұржановтың орындауында Сіздің өлеңіңізге

жазылған:
Сен сенгенім,
Сенсіз жерде түседі еңсем менің.
Қапияда көз жазып қалам ба деп,

Көтере алмай еңсемді кемсеңдедім, – деп басталатын тамаш
бір әні бар, ұлыңыздың жалғыздығы жаныңызға батпай ма?
Перзенттеріңіз туралы...
Зере, Алматы

– Бұрынғылар «Жалғыз ұлы бардың шығар-шықпас жаны

бар, Екі ұлы бардың өкпе-бауыр жалы бар, Үш ұлы бардың
Самарқан мен Бұхарада малы бар, Төрт ұлы бардың аспанға
салған жолы бар» деп бекер айтпаған. Жалғыз ұлы бар әкенің
жүрегі басқаларға қарағанда бөлектеу, шырағым. Қайтсем соны

жетілдіремін деп шыбын жанын шүберекке түйіп, аман болса
екен, қиналғанын Алла көрсетпесін деп тілінген жүректің,
бақытты болуын сұрап, Жаратқанға артқан тілектің өлшемін
қандай таразы өлшей алардейсің?! Перзенттерім қарапайым,

әрқайсысы әупіріпдеп өз шаруасын атқарып жүр. Бір қызым
режиссерлік қызметін атқарады. Екінші қызым тіл мен әдебиет
маманы. Қазір шағын кәсіппен айналысады. Жалғыз ұлымның
мамандығы – дипломат. Қазір өзінің біліктілігінің арқасында

үлкен бір мекемені басқарып отыр. Жалғыз болса да еркелеп,
атымды пайдаланып, маған сөз келтірген жоқ. Шүкір, немере
сүйдіріп, ата атандырып отыр. Бетіме қарсы келген емес. Құдай
жалғызсыратпасын!

Сұхбатты жүргізген
Әлия ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

«АБАЙДАН ҚАЛҒАН ҚАЛАМ АМАН БОЛСЫН!»

Жүрсін ЕРМАН,
ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,
республикалық кітап музейінің директоры

– Ұлылық пен ұланғайыр ақпараттарды тоғыстырған

Қаламның құдіреті ұрпақты тәрбиелеудің, тектілікке баулудың
құралына айналғалы қашан. Сол қалам иесінің бірі өзіңіз
Қаламның құдіреті туралы қандай ой қозғар едіңіз?

– Осы жазу-сызудың қамымен жүрген соң, Қалам – біздің

тағдырымыздың қыл шылбыры, күрмеп байланған қазығы­мыз
ғой. Сол қазықты айнала береміз, айнала береміз...
Ыбырайдың музейінде кетпен тұр,
Қаламсап тұр музейінде Мұхтардың! –

деген екенмін бір өлеңімде. Ұлы Мұхтар Әуезовтың мұрасының
қадірлісі – Қа­лам болса, бізге не жорық?! Қазақтың қалам
ұстағаны­ның бәрі төредей көретін Қасым ақын:
Қауырсынын қалам етіп ақ қаздың

Дүниені алдыңа алып хат жаздың, –
деп, шалқып еді бір кезде.
Біз мектеп қабырғасында жүргенде қазіргідей өздігінен
сиясы тамып тұратын автоқалам жоқ, қаруымыз – сиясауыт

(дәуіт) пен қаламұш еді. Қаламұштың өзін қылбел, құмырсқа
бел деп жіктеп, әрқайсысын өзінше құрметтеуші едік-ау!..
Орыстар «Қаламмен жазғанды балталап өшіре алмай­сың»
десе, ұлы шындыққа жүгінгені шығар. Әттең, біздің халықтың

құрықты қаламмен айырбастау үрдісі тым ұзаққа созыл­ды ма,
көп қазынамыз құрдымға кетіп қалды. Есесіне, жан серігіміз
бо­л­ған домбыра көп сөзімізді көмейіне құйып, жадына сақ­
тап, Қалам дәуіріне аманаттап әкеліп берді. Әлемнің еш хал­

қында жоқ эпостарымыз үшін біз дәл осы шешен домбы­раға
қарыз­дармыз. Адамдар ойының асыл қазыналарын сығып
айтатын терме-толғауларымыз да мәңгілік ғұмыры үшін дом­
быраға борышты. Жұрттың жылтырағы болса, таңдайы­­­мыз­ды

қағып, жалбақтап қалатын қазақы болмысымызды өз­гертіп,
өз асылымызды ардақтауға бет бұрсақ, біз алдымен осы тер­
ме-толғауларымызды төбемізге көтеруіміз керек. Бұлар –
теңдесі жоқ тамаша өнердің перзенті. Феномен деуге тұрар­лық

туындылар. Тұрмағамабет Ізтілеуұлының кез келген термесі
әлемдік поэзияның қорына қосуға лайық деп білемін. Ал оның
ар жақ-бер жағындағы Сыр сүлейлерінің қай-қайсысы болса да
Қаламның құдіретін сарқа пайдаланған шын шайырлар еді.

Қалам – өлең жазуға ғана лайық құрал еді. Онымен жаз­
бай­тынымыз жоқ. Қазір Қаламның қасиеті кеміген заман
болып тұр. Кезінде жазудың бейнетін бастан кешірмеген
шала­пұттар зейнетке шығып алған соң ғана Қаламның құді­

ретіне жүгінетін дерт қоғамды жайлап алды. Осындай жолдан
қосылған жолбикелер маған жиі жолығатын болды. Ай­тары
жоқ болғанымен, айтағы көп осындай жазғыштардың дүмбі­
лез дүниелері қазір көктемгі қызыл судай ел ішін жайлап

алды. Қалам иелерінің құнын түсірген осындай кітапсымақ­тар
талғамды да бұзып барады. Оған тоқтау айтар кім бар?..
Жақында бәріміз басымызды шұлғитын ең үздік аға
ақындарымыздың бірі қартайғанда жорға шыққан кәрібоз­

дың бір жуан елі жинағына алғысөз жазғанын көріп, жағамды
ұстадым. Басқанікі-басқа, дәл осы классик ақыннан мұн­дай
мағынасыз мінез көрген соң, дауысыңды шығарып, айқай­
лағың келеді. Қаламның қасиеті қайда қалды, ағайын-ау?!

Сап-сау қол, сап-сау аяқпен
Тұғырға біз де алаңдар!
Атадан қалған таяқ пен
Абайдан қалған Қалам бар! –

деп жазамыз да, жалт бұрыла­тынымыз қалай?

– Өзіңіз ашына сөз етіп отырған Қалам құдіретінің ұлттық

идеологиямызды қалыптастыруда қаншалықты орны бар?

– Қазіргі кезең – қазақ тағдырындағы ең бір күрделі, әрі

қызықты кезең. Тұңғыш рет тәуелсіз ел болып, кем-кеті­
гімізді, бар-жоғымызды түгендеп жатырмыз. Ұлт болып ұйып,
бағытымызды белгілеу үстіндеміз. Әр қазақ өзінің қоғам­дағы
қажеттілігін сезініп, ең бастысы – өз отбасының, өз әуле­

тінің қаншалықты маңызы бар екенін сезіне бастады. Көзге

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
көрінбесе де, ұлттың түгенделу үрдісі қауырт жүріп жатыр.
Ұлттық сана оянып, тегімізді іздеу, әдет-салт, ғұрып-дәстүрді
санасына сіңіру үрдісі ең бір нәтижелі кезеңіне қадам басты.

Қаламның күні туды. Баспасөздің тәуелсіздігі біртін-біртін
қалыптасып келеді. Дәл осы кезде Қаламның құдіретін сарқа
пайдаланып қалуымыз керек. Сөз еркіндігі берілді екен деп, ауа
жайылудың жолы жоқ. Қисықты қисық деп, қыңырды қыңыр

деп айтқанның, жазғанның шамға тиер несі бар? Руға, жүзге
бөлудің әбден асқынған шағында ұлттың басын біріктірер
шараларды атқарар тұсымыз – осы.

– Өлеңді қағазға Қаламмен түсіресіз бе, әлде жаһанда­

нудың жаңа техникасы компьютерге арқа сүйейсіз бе? Қайсысы
қолайлы!?

– Мен ешнәрсені де компьютермен жазбаймын. Айналам­

дағы бүкіл құжат айналымы электронды пошта арқылы
атқарылып жатса да, шығармашылық үдеріске бөтен дыбыс­
тар, сыртыл-сартылдар барынша бөгет. Өлең әрине, құдіретті
Қаламмен жазылады.

– Аға, өзіңіз ақын ретінде «Ақын дегеніміз кім?» деген сауалға

жауап іздеп көрдіңіз бе?
«Шаршадым білем, жантая кеткім келеді!
Құрысын бүйткен құныңды жеген өлеңі!
Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,

Аузымнан шықса, адыра қала береді»
деген Мұқағалидың дегеніне айтар дауыңыз бар ма? Немесе:
Өлмей-ақ жүр ғой өлең жазбаған адамдар,
Өлеңсіз мен де өмірді бірдеңке етермін»

деп Мұқағалиша қарапайым тіршілікті аңсайтын кездеріңіз
бар ма?

– Поэзия туралы әңгіме айту үшін пікір иесінің пиғылы

таза болу керек. Тіпті, осы төңіректе сөз қозғар ал­д­ында
дәретіңізді алып, тіліңізді кәлимаға келтіріп алсаңыз да артық
емес. Өйткені, атамыздан мирас қалған мұраның ең асылы
да, ардақтысы – өлең сөз. Ол жөнінде ғайбат айтуға бол­

майды. Жаңылысуға болмайды. Былтыр сөз өнерінің Мемле­

кеттік сыйлықтан шеттетілгені – киелі өнердің алдындағы
қыл­мыс болды. Қатты айтудан қорқудың керегі жоқ. Әр
нәрсені өзінің атымен атау керек. «Сөреден шыққан» 24
қаламгердің мәреге жетіп жығылған екеуі де – ақындарымыз

еді. Жалпы, қазақ­тың қазіргі поэзиясы – шеберлігі әбден
шыңдалған, ойымен ғаламды қаусыра алатын құдіретті өнер.
Өлеңсіз өмір – сұрқай өмір.
Өлмей-ақ жүр ғой өлең жазбаған адамдар,

Өлеңсіз мен де өмірді бірдеңе етермін, –
деп жазса, ол – бір сәттік көңіл – күй ғана. Өлеңді жазу ғана
емес, оған жанасу­дың өзі кісіні тазартады. Пиғылын түзетеді.
Рухани ләззаттан артық ләззат болуы мүмкін емес. Соның

қайнар көзі – өлең.
Өлең – адамның жоспарлауына көнбейтін, тылсым, ғайып
дүние. Шабытсыз өлең жазыла берсе, нөпірдің астында қалар
едік. Мен былтыр «Құстың көлеңкесі» деген атпен таңдаулы

70 өлеңнен тұратын жинағымды әдебиет көшіне қостым.
Жетпістің өзі көп пе деймін. Жарқылдаған жеті өлең де бір
ақынға аздық етпейді. Егер қазақ поэзиясында басты кем­шілік
болса, ол көп жазу дерті. Текті нәрсенің аз болуы – табиғат

заңы. Көп күшіктеген хайуанда да қасиет болмайды. Бірақ сол
аз нәрсені тани білу үшін де талап керек.

– «Жүкең, қазақтың төл өнері айтысты жекешелендіріп

алмақшы» деген қауесеттің астарында нендей сыр бар немесе
қандай уәжге сүйеніп айтылды екен? Шындықты тек өзіңіздің
сөзіңізбен оқырманға жеткізсек...

– Айтыс туралы аз айтып жүрген жоқпыз. Арда өнерді

ардақтауға қосқан аз-кем үлесімді марапат үшін жасаған
жоқпын. Халық нәтижесін көрді. Өнер өрге басты. Олжа –
осы. Айтыс ешкімнің жекешелеп алуына зәру емес. Менің де
ондай пиғылым болған емес. Жақсы ақындардың, талантты

айтыскерлердің бәрі – Менікі, Сенікі, Халықтікі. Олардың
әрқайсысына құрметім, ықыласым, сыйым әзір. Көре алмаған
көп дұшпанның қыбы қанатын болса, мен айтыс өнерімен
айналысқанды доғарғанмын. Қаңқу сөзден де, дау-дамайдан да

қажыдым. Шаршадым. Мені аяқтан шалып, аңдып жүр­гендер
осы жұмысты мойындарына алсын. Үлкен жұмыс болған

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
соң кем-кетігіміз болмай қалмаған шығар. Сендерге бердім
батамды демекші, менімен алысып жүргендер игі істі әрі қарай
дамытып әкетсе, мен ризамын.

– Өмірлік қосағыңыз да шығармашылық адамы. Құпия

болмаса, Қалам иелерінің бір шаңырақтың астында жұптасып
ғұмыр кешулерінің сыры неде екенін білуге бола ма?

– Менің жұбайым Бақытжамал Ерманова – 25 жыл бойы

диктор ретінде экранда отырған танымал тұлға ғана емес,
аса тәрбиелі, көргенді әйел. Үш баламның анасы, он шақты
немеремнің әжесі. Ең бастысы, ер қадірін білетін, қамқор жан.
Біз 42 жыл бірге тұрып келеміз. Шыны-аяқ сылдырламады

десек, өтірік болар еді. Мен ондай шақта осы қызға іңкәр болған
жас күндерімді есіме түсірсем, ашуым тарқап, табыс­қанша
асығамын. Оның толып жатқан «замечаниелерінің» бар­лығы өз
басыма деген қамқор-құрметтің нәтижесі екенін ұққан сайын

оның қадірін біле түсемін. Кезінде енем Зейнегүл: «Менің
қызымның сен дегенде жаны жоқ! Неткен бақытты жігітсің!»

– дегені бар еді. Бақытжамалдың ұлы әжесі – Ханымбике

деген кісі Түркістан пантеонына жерленген, аты жазыл­маған,
әулие, ел анасы болған кісі. Сол кісінің жақсы қасиеттері осы
ұрпағына қонғаны ғой. Әйтпесе, мен секілді басасау, мінезі
қиын, сөзі өктем адаммен тіл табысып, отандасу оңай деймісің,

шырағым?!

– Ақындық көзқарасыңызбен әйелдің әйелдігінің кілті неде

дер едіңіз?

– Әйелдің әйелдігінің кілті – мінезінде ғана емес. Әйелдің

құпиясы өмір бойы таусылмауы керек. Үйде жүрмін ғой деп,
ашылып-шашылатын, салдыр-салақтығын көрсететін әйел

– сүйкімсіз. Әйел – Ханым деңгейінен түспеу керек. Әйел­дің

өліп-өшіп сүйгені жоғалса, құны кетеді. Сыртқа қарап мөңі­реу
сонда басталатын шығар...

– Бала тәрбиесінің тамыры қайдан бастау алады? Өз

тәжірибеңізден айтсаңыз...

– Балаларымызды тәрбиелеу бір сәт те толастамау керек.

Әсіресе, ұлттық қаны қою болсын десеңіз, шәй үстінде де, әрбір
ұсақ-түйекке мән беріп, баланы баулып отыру керек. Жасы­нан
өз халқының дәстүр-салтына үйір болған бала бөгдеге мойын
бұрмайды. Жаңа Зеландияда оқып жатқан немерем Айда­на

мен Айсана демалыстарына келгенде домбыраларын арқа­

лап кетті. Канадада оқып жатқан немерем Дастаннан: «Қашан
елге қайтасың?» – деп сұрасам: «Құдай қаласа...», – деп сөз
бастағанда, біздің қалай қуанғанымызды көрсең ғой!
Лондонда Колчестор университетінде оқып жүрген үлкен

немерем Дидар: «Биыл әжемнен көргенім бойынша наурыз
көжені өзім пісіріп, пакистандық достарымды қонақ еттім», –
деп айтқанда, мен осы балалардың атасы екеніме тәубе еттім.

– Ауылдың саф ауасын, жалаңаяқ жүгірген қара топырағын,

қазақи адамдарын, бір сөзбен айтқанда туған жерді сағынғанда
аңсауыңызды қалай басасыз?

– Мен өз ауылым туралы үнемі жазып жүрмін. «Екі тізгін,

бір шылбыр» деген кітабымда бірнеше очеркі өз аулыма ар­нал­
ған. Ұлытау ауданының Қарақұм елдімекеніндегі шағын ауы­
лыма былтыр өз қаржыммен мешіт салдырып бердім. Жылына
бір бармасам, тарығып жүремін. Бір шаруа тындырсам, осыны

менің ауылым естіді ме екен, солар риза болды ма екен деп,
ойлап жүремін.

– Бүгінгі Жүрсін Ерман есімінің асқақтауына, яғни осы биікке

жеткізген кімдер немесе қандай өсу баспалдақтары дер едіңіз?

– Жүрсін Ерманды осы азды-көпті биігіне шығарған отба­

сы­ның қолдауы, Алланың ризашылығы. Басқа ешкім де емес!

– Жүрсін аға, «Қазақстан» ұлттық телерадиосының бас

директорлығы қызметінде санаулы ай ғана отырдыңыз. Оның
өзіндік себептерін белгілі бір басылымға берген жауабыңыздан
оқырмандар қанық. Өкініштісі, сіздің жоспарлап, дайындыққа
кіріскен біраз жобаларыңыз жүзеге аспай қалды...

– Менің бүкіл саналы өмірім 1971 жылдан бері Қазақстан

телерадиосының шаңырағының астында өтіп келеді. Бірде
босағасына шығып қалам, бірде төріне көтерілем. Радио­ны
көркейтем деп қатты қажырмен кірісіп едім, көкейін ақша
тескен қулар жұмыс істетпеді. Бірақ өзіме сенген адам­дарды

далада қалдыру – дағдымда жоқ.Ең бастысы қызмет емес,
Абайдан қалған Қалам аман болсын!

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан
Қызжібек БӘКІР.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ҰЛЫТАУ, ҰЛАРДЫ ЕМЕС, ҰЛЫҢДЫ ОЙЛА Қ азақта қасиетті жер көп. Олардың атауы құлаққа сіңіп, көңілге орнығып қалғаны сондай – бармасаң да барғандай, көрмесең де көргендей ғажайып күй кешесің. Солардың бірі – Ұлытау. Кешегі ханы қарашасымен табысқан, биі тәмам жұртымен тоғысқан мәйекті мекен. Ұлытаудың тарихы таңға таусылмас, жылға жеткізбес, ғасырға қол ұсындырмас. Елдің ел, жердің жер болып қалуы таразы басына түскен алмағайып заманда Үш жүздің басын үркінші жауға қарсы біріктірер бәтуәлі сөз, баталы байламның кіндігі кесілген киелі қоныс бұл. Біздің бүгінгі әңгімеміз сол Ұлытаудан түлеп ұшқан ұл – ақын Жүрсін Ерманов, оның жырлары жайында. Ол орта мектептен соң-ақ арман қала – Алматыға аттанды. Артта ақ жаулықты анасы мен ұлылығы ұлысқа жеткен Ұлытау қалып бара жатты. Көңіл толқып, жүрек елжі­реді. Артына қарайқарай беймәлім сапарға аттанып бара жатқан бала ақынның көңі­ліне: V бөлім. ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗІ

Ұлытауым, ұлығым, ұлтым ме­нің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама,
Ұлыңды ойла

Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім, –
деп басталатын жыр шумақтары елес берген. Етек-жеңін
жинап, іргелі өлең еткені – кейін.
Жігіттің жақсы болмағы – алды­мен өзінен, сонсоң туған

топырағы мен жүрген ортасының шарапатынан. Алланың
рақы­мы­мен Жүрсін осы екеуінің де мейрім-шафхатын тел
емген жігіт. Қазақы қасиеттің құнарына жары­ған Ұлытау өз
алдына, балаң жігіттің Алматыда топ еткен ортасы да ойлы

жасқа өріс бола алар өнеге өлкесі болып шықты. Өлең деп
аласұрған өршіл жүрек өзінің орны өзге емес, осы Алматыда
екенін бағамдаған. Бұл бір қазақ өлеңіндегі ғажайып жылдар
еді. Тұс-тұстан аңыздай шапқан жас тұлпарлар – Жұмекен мен

Қадыр, Тұманбай мен Мұқағали бастаған әлеуетті ақындар
дәстүрлі қазақ поэзиясын түр мен мазмұн жағынан түкті кілем
түгіндей түр­ленте бастаған.
Сәтін салғанда жас Жүрсін өлең­дегі өз бағытын тез айқын­

да­ды. Оған себеп – біреулер өзінен өлең іздесе, бұл өлеңнен
өзін іздеу­ге кірісті. Өлеңдегі өзін, өзінің «менін» жер басып
жүрген басқа да көптеген «мендермен» кіріктір­ген­де ғана
оқырманға ұғынықты ақын бола алатынына кәміл сенді. Ол

үшін ақынмын деп асқақтамай, жарық дүниенің барша азабы
мен тозағын тартып жүрген жұмыр басты пенде атаулының
қатарында қалуың керек екен. Солардың күлкісімен күлкің
қабысып, олар­дың қайғы­сымен қайғың табысуы керек екен.

Оқырман мен ақын ара­сын­дағы шынайы тазалықтың осы
саты­сына көтерілгенде ғана өлең­дегі «меннің» «гөй-гөйі» бас­
қа­лардың да «гөй-гөйіне» ұласпақ. Жүрсін ақынның феномені

– осы гәпті әу басынан ұғынуында.

Қуанбаймын бұл күні,
Қосылды деп жасқа жас.
Мәңгіліктің мылтығы,
Мені бейғам тастамас.

Азайғандай аптығым,
Басылғандай ыстығым.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Шөлге айналып шаттығым,
Көңіліме түсті мұң.
… Қасіреттің көгенін,

Қайратым жоқ елемес.
Күліп тұрмын дегенім,
Жылағаннан кем емес.
Уыты бар көңілде,

Жазылмайтын жараның.
Неге келдім өмірге,
Неге кетіп барамын.
…Ұзап бара жатқандай,

Келешектің кемесі.
Удың дәмін татқандай,
Уылжимын.
О, несі?!

«Дүние жалған», –
деп тер­мелейтін өмір мен өлім фило­софиясын өз «менінің»
кебімен осын­ша дәл, осынша айқын, осын­ша мұңлы суреттеу
сол фило­софияның қор­ғасындай ауыр сал­мағын мамықтай

нәзік жүре­гі­мен сезіне алатын ақынның қолы­нан ғана келсе
керек. Бұл бір ауыз сөзімізді өлеңнің іші (мазмұн) дейік. Ал,
сырты (түр) қандай? Ақын ойын ора­лым­ды және суытпай
жедел жет­кізу үшін өлшемі қысқа тармақты әдейі таңдап алған.

Себебі, осы ой­ды он бір буынға салса жыр­дың сезімге тиер
серпінділігі ке­міп, етер әсері тармақтың өзіндей ұзақ сонар
болып кетер еді.
Хас ақынның жыры қашанда ха­лықпен ортақ. Ақын ауы­

лында Құлжанбай құмы деген жер бар екен. Сол құм бер­тін
келе азып-тозып, кеудесі басылып, жайылып кетіпті.
Көзін­дейсің бұрынғының,
Сұрар енді сырыңды кім?

Жым-жылас боп жыйылыпсың
Мен де өзгердім
Жырындымын.
Жүрегім бар жырым-жырым.

Дәл осы шумақ кіндік қаным тамған менің Қарасуыма да
қарата айтылғандай. Құлжанбай құмы секілді оның да азып-

тозып кеткені қашан?! Елі көшкен, еңсесі түскен ауыл өзгер­
генде қауым өзгермей ме? Бір кездегі жақсысы жы­рын­ды­ға,
жақсы ісі сырындыға айналған. Тозған төбенің тозағын ойлаған
ақын жүрегі жырым-жырым бол­ғанда, сіздікі де қайбір бүтін

дейсіз. Егер «Құлжанбай құмынан» мен секілді басқалар да өз
ауылын көріп жатса, ақын үшін бұдан асқан дәлдік, көрегендік
бар ма?! Осынау тауды кесіп, көкті тесіп жатқан темір ғасыр
заманында аспан асты, жер үстіндегі тұнығы шайқалған барша

жара­ты­лыстың қам-қарекетіне алаң болмас пенде баласы кем
де кем шығар. Жұрт бір ойласа, ол екі ойлайтын Ақын жүрегінің
дүр­сіліне құлақ түріп көрейік.
Бұландының жоқ бұланы,

Құландының жоқ құланы.
Бүркіттінің биігінде,
Қалқымайды көк қыраны.
Бұғылының бұғысы жоқ,

Тағылының тағысы жоқ.
Теңіздердің тереңі жоқ,
Өзендердің ағысы жоқ.
Сәуір нөсер төкпегелі,

Таңсық қырдың көктегені.
Құлындардың желісі жоқ,
Қозылардың жоқ көгені.
Атымыздың тұрманы жоқ,

Айтымыздың құрбаны жоқ.
Бәтуә жоқ ісімізде,
Сөзіміздің тұрлауы жоқ.
Бәрі жоқ боп жатқан ұдай,

Берекесіз шақта бұлай.
Иманы жоқ адамдарға
Иланудан сақта, құдай!
Түсінік-түсіндірмеге зәру емес осы өлеңнің астарынан

не аңғар­дыңыз, ағайын. Барша қазақ болып жоқтау айтса
көп болмайтын әлгі жоғалтулар туралы өлеңнің түп-түйінін
ақынның иман­сыз­дық­қа әкеліп тіреуі қалай?! Әлде бас­
қа бір тоқтам таппағаны ма? Бар­лай қарап, бағдарлай сара­

ласақ, олай емес екен. Бірақ бар пәле­нің басы дәл осы иман­
сыздықта жатқан жоқ па?! Имансызды, жалпы, адам деуге бола

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ма өзі? Болмаса, имансыздық көбей­ген сайын Абай айтқан
«толық адам» да азая бермес пе? Құлан, бұлан жайына қалып,
жоғалтудың көкесі сонда болмас па?! Ойға мырза, сезімге

шүлен жыр осындай болса керек-ті.
Жүрсін – философ ақын. Оның ақындық болмысын бедер­
леп тұратын – ойға келгенде соны­лық, пікірге келгенде тап­­
қыр­лық, қисынға келгенде мер­гендік, өлең архитектурасына

фигураларды (теңеу, эпитет, метафора, градация, т.б.) қолда­
нудағы шеберлік, әуезділікті арттырудағы (аллитерация, ассо­
нанс) сезім­тал­дық – сол философтығынан тамыр тартып
жатыр. Ақындықтың да түрі көп қой. Әйтсе де, ойшыл болғанға

не жетсін.
Жүрсіннің ешкіммен енші бөліс­пес, дара қолтаңбасын ай­
қын­дайтын ендігі бір өлеңі – оның «Құстың көлеңкесі» атты
кіта­бына енген – «Қасым Аман­жо­ловтың үйін қирату»

Дегені қайда басылды құйын,
Ақылым жетпей, ашиды миым.
Виноградов көшесіндегі,
Қиратып жатыр

Қасымның үйін.
Шақыр да шұқыр шаққанда әйнегін,
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды,

Кеудемді бұзып жатқандай менің.
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сәби жырлардың бесігі еді,

Бар еді сонша бесікте несі?
Жүйрігім еді жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,

Біздің үй соның іргесінде еді.
Айналасы алты-ақ ауыздан тұра­тын қасіретнама. Көтерген
мәселесі осынша өзекті, құрған өрмегі осынша өрнекті, айтар
пікірі осынша салмақты, беру тәсілі осынша сіңімді осындай

отыз өлеңнің өзі бір ақынның маңдайына олқы дәулет болмас
еді-ау деген ойға қаласың.
Жүрсін Ерман – тосын ойдың, қиғаш контрастың, қида­
ласқан пікір­дің ақыны. Оның өлең­дері­нің тақырыбы да, сол

тақырыпты алып шығар кілті де – өмірдің қара­пайым деталь­
дарынан тұра­ды. Әрине, жыртылып, айырылар жай деталь­
дар емес, жырдың жү­гін артуға жарайтын – бірі жа­ныңды
жадыратар, бірі жүйкеңді жұлқа тартар қарапайым пенде

баласының басынан өтіп жатқан өмір өрнектері. Ол өрнек –
ұста­лықпен келер өрнек. Тақырып таби­ғатын, соған сай тіл
құралын таңдап түйсінумен келетін ісі қиын жұмыс. Осыны жіті
сезінген ақын «Абайға мұң шағу» атты шоғыр өлеңінде Абай

заманынан бері титтей де өзгермеген қазақты ақын атаның өз
лексикасымен «айыптайды»;
…Қайдан болсын жыр өзге,
Қазағың сол баяғы.

Біреуі – қырт, бірі – езбе,
Сөзінің жоқ баяны.
…Таусылады амалың,
Ойлап сор мен азабын.

Өзгергенмен заманың,
Өзгерген жоқ қазағың.
Жалпақ орманның қасиетін зерттеу үшін оның қажетті бір
ағашын кесетіні сияқты, жайқын көлдің дәмін білу үшін бір

тамшысын таңдайға басатыны сияқты, торсық тола қымыздың
қызуын сезіну үшін жалғыз ғана шарасын сіміретіні сияқты,
Тұманбай мен Қадырдың қандай ақын екенін білу үшін олардың
отыз томын қопармай-ақ ортасынан бір томын суырып алуға

болатыны сияқты мен де Жүрсін Ерманның шығарма­шы­лығы
туралы пікірімді оның бұрын-соңды шыққан жинақ­та­ры­ның
бәрін ақтарыстырмай-ақ сұрыпталған бірнеше кітабы ар­қылы
білдіруге бейіл болдым. Үшбу пікірімді түюге іші шелді үш

кітабы еш олқылық еткен жоқ.
Мәселе көлемде емес, өлеңде екен. Қасымның жалғыз
томы бар, қандай қанағат. Ілиястың жалқы томы бар, қандай
қанағат! Абайдың «жарты» томы бар, қандай қанағат!!! Егер

Абай атаның қарасөздері мен аудармаларын әрі қарай қоя
тұрып, «таза өлеңін» түптесек, тоғыз баспа табақтан аспас
еді. Бірақ содан кемдік көрдіңіз бе?! Қазған сайын ырысы ие
бермейтін кеніш. Жүзген сайын жиегі жеткізбейтін телегей.

Өлеңімен жиырма том шығарған замандасым бар. Шығар­
сын, көп демеймін. Жал­ғыз том жазған қаламдасым бар. Аз

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
демеймін. Өйткені, жілігі майлы, жарағы сайлы. Әйткен­мен,
қазан үлкен болған сайын көже сұйық болатынын ескер­ген жөн.
Таңсық үшін емес, тағылым үшін айта кетейін. Осы жолы өзім­

ше бір эксперимент жасадым. «Құстың көлеңкесінің» қолым
тиген кез келген жерін кездейсоқ ашып сол бетте тұрған өлеңді
оқыдым. Осыны кемінде он-он бес мәрте қайталадым. Сонда
барлық жағдайда да қанжығаға қызыл түлкі байладым десем,

сізге өтірік, маған шын. Осы жұмысты дайындау барысында да
осы тәсілді қолдандым. Қалып­тасқан дағды бойынша тұздығы
күшті ой орамдарын іздеп ой мен қырға шапқылағаным жоқ.
Әрине, «жақсы өлеңді асырайтын» (Қасым) өлең Жүрсінде де

бар болар. Бірақ кемел қолдан шыққан орта өлеңнің өзінен
келелі кеңес табуға болатынына көзіміз жеткен пақырмыз.
Міне, «антқа» берік әдетпен кітаптың тағы бір жерін ашып
қалдым. «Қыстаудағы көктем» екен:

Марғаусып кәрі төбет те,
Шуақпен жүрек жалғайды.
Шаңыраққа жайған көп етке,
Көзінің қырын салмайды.

Иә, алып-жұлып бара жатқан не бар дерсіз. Солай-ақ
дейік. Бірақ алыста қалған сонау бір ауылдағы қыстағың­ның
көрінісі, сол бұйығы қыстауда өмір кешкен балапан кезіңнің
бейнесі келмей ме көз алдыңа. Басынан аттап өтсең де мыңқ

етпей, алдына ақ түйенің қарнын жарсаң да ашқарақтық
танытпай көзін ашып-жұмып қалғып жататын қара төбетің­нің
елесі тұрған жоқ па мұнда? Әлде іргесін көң мен сабан көмген
шарбақтың түбіне құйылған көктемнің алғашқы алтын шуағын

да ұмытқаның ба?
Әр ақын өзінше бір құпиялы әлем десек, Жүрсіннің құпия­
сы неде деген сұрақ бой көтермек. Біз оның құпиясы жай көзге
елеусіз көрінер құбылыстан елеулі ой түйіп, оны оқыр­манға

әсерлі түрде жеткізе алуында дер едік. Мәселен, темекінің
тұқылын тас­тайтын күлсалғыш сөз етуге тұрар нәрсе ме? Ал
Чехов содан да әңгіме жасай аламын деген ғой.
Қарасөздің хас шебері Жүсіпбек Аймауытов Чеховтан

да асып түскен. Өйткені, Антон Павловичте тым болмаса
қолға ұстар күлсалғыш болса, Жүсекең көзбен көріп, қол­мен
ұстауға болмайтын елестен (!) «Елес» атты әңгіме жазғаны
белгілі. Газет тапсырмасы бойынша аса шұғыл жазылға­нына

қарамастан, онысы алтын қасықтай жинақы, жұмыр дүние
болып шыққан. Чехов атап көрсеткен «қысқа­лық­тың» шартын
Жүрсін де жақ­сы ұғынған сияқты. Оның етек-жеңі жинақы
һәм ойлы өлеңдері шұбалаңқылыққа әсте жол бер­мейді. Ал

техникасының тастай беріктігі ақындық стихиясының мықты
екенін көрсетеді. Өлеңде «ойдың сыйымдылы­ғы» деген ұғым
бар. Бұл – шу­мақ­қа орналасқан ойдың салмағын, қоюлығын
айқындауға байланыс­ты шыққан термин. Жүрсін Ерманов

табиғатынан ойшыл ақын болғандықтан оның жырлары осы
термин талабына сай келіп отырады. Бұдан ақын өлеңде­рінің
«ыдысы» кең екенін әрі ол шығымы мол ойға шүпілдеп толып
тұратынын аңғарамыз.

Жүрсін – нақтылықтың ақыны. Оның туындылары­ның
бойы да, ойы да жаныңа жақын келіп, жанарыңа анық көрі­
ніп тұрады. Ол біреулер секілді бұлтпен араласып, бұл­дырап
жүретін аспан­ның ақыны емес, табанын төс­кейге тіреп тұрған

Жердің ақыны. Бейнелей айтсақ, табаны топы­рақтан қуат
алатын Антей сияқты. Мен хал-қадерімше Жүрсін ақын­ның
өлеңдерін өзім қандай қызы­ғушылықпен қабылдасам, өзге­­
лер де сондай қызығу­шы­лық­пен қа­был­дайтындай етіп түсін­­

ді­руге тырысқан-ақ едім. Шықпаған се­кілді. Қысқа қайырым­
ның қауы­зына батыр бабаның мол пішілген ұрпағы сый­маған
секілді. Көңілде мен жеткізе алмағанды оқырман өзі тауып
алар деген үміт қалды.

Жүрсін Ерманнның 2010 жылы жарық көрген «Ырғай» атты
кітабында атақты Қасым ақынның монологы іспетті «Жыр –
аманат» аты өлең бар екен. Сол монологта Қасым ақын рухы:
Зираттың зыр қаққанмен іргесінде ел,

Жан бар ма мені өзімен біргесің дер?
Талайлар әлі мені күндесім дер.
Ақынның хақын жеген ел оңбайды.
Тірілер, өлеңімнің жүлдесін бер, –

деп тебіреніпті.
Иә, ұлы ақын Қасым да, оның ізін басқан інілері де аламан
бәйгеде жүлделі болып жатса, қазақ өлеңінің өркені өсіп,
абыройы асқақтады деген сол емес пе?!

Абзал БӨКЕН
ақын, халықаралық Алаш
сыйлығының лауреаты.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ҚАЛАМНЫҢ СЫРЫН ҚАЛАМ БІЛЕДІ А қындық болмыс – анау-мынау кәлләні місе тұт­ пайтын үлкен тақырып, үлкен дулыға. Дулығаны – батырдың батыры, оқымыстының оқымыстысы кисе ғана жараспақ. Мен Абай, Мағжан, Қасым, Жұмекен, Мұқағали сынды алыптардың ақындық болмысына толғайын деп, қол жетпес биікке құлшынып отырған жоқпын, қанша құлшынып, құлдық етсем де, ондай құдыреттердің қат-қабат тереңде жатқан қазынасын сусап отырған қалың оқырман­ға жеткізіп бере алмаған болар едім. Десек те, жоғардағы ұлылардың шәкіртінің шәкірті, өнер жолында бірге ойланып, біте қайнасып келе жатқан, амалы бөлек болғанымен заманы бір, атағы таудай болса да, қатары бір, көзге ыстық, көңілге жақын көрінетін ақын Жүрсін Ерманның ақындық болмысына бойламаққа талпынсам, былайғы жұртшылық мені олқысына қоймас деген ой маған үлкен жауапкершілік арқалатып отыр. Бүгінде алпыстың асқарына шығып, жыр тұлпарын қажымай, талмай қамшылап келе жатқан, ел таныған еңселі азаматтың биігін алу оңай еместігін, оның шығармашылығымен бетпе-бет келгенде ғана сезіндім. Аумалы-төкпелі мына заманда «Қартайдық, қайғы ойладық» деп еңіреп жүрген осы дәуірдің ақынын әзірше көре қойған жоқпын. Онында өз себеп-салдары бар. Біздің буын кешеден – бүгінге Тәуелсіздіктің арқасында үздікпей жетті. Тәуелсіздік – бізді рухани құлдық-сұмдықтан, булықтырған бұғаудан, құлыпты кісеннен құтқарып қалды. Басымызға бостандық, қаламға еркіндік берді. Соның арқасында жоғымызды түгендеп, барымызға байыппен қарайтын күйге жеттік. Мұқағали ақынның «Ақыңды – ақын қолдамаса болмайды» деген ғажайып жыр жолдары естеріңізде болар, бұл аяулы азаматтың өзінен соңғы ақылды, саналы ұрпаққа қалдырған өсиеті еді. Осы өсиетті бұлжытпай орындап келе жатқан таланттар аз болса да бар, соның біреуі, біреуі ғана

емес, бірегейі біздің Жүрсін. Тегеуріні темірдей қатал империя­
ның азабы мен мазағына ұшырай, қорлық-зомбылығына шы­
дай алмай құсалықпен көз жұмған, қазақтың айбарлы ақыны
Қасым Аманжоловқа арналған әріптесіміздің «Ақын­ның үйі

немесе Қасым Аманжоловтың үйін қирату» атты өлеңі Тәуел­
сіздіктің жемісі десек болғандай. Осы өлеңді оқығанда шы­
найы шамырқанған шабыттан туып, қаламмен кіндігі кесіліп,
ақынның ыстық алақанымен бесікке салып тербеп өсірген

ұлдай көркем туындының маңдайынан сүйіп, рахат күй кеше­
сің, болмысы бөлек дүниеге әрі таңқаласың, әрі санаң оянып,
іште жатқан шер-шеменнің зілдей ауыртпалығынан босанып,
тынысың кеңіп, өзіңді бір сәт жеңіл сезінесің.

Осы өлеңде – қатал заманға қаймықпай шабуылға өткен
жауынгер қаламгердің қапысыз алынған кегі бар.
Осы өлеңде – көк туын желбіреткен арқалы ақынның ме­
рейі үстем жеңісі бар.

Осы өлеңде – поэзия дегдарына деген бауырмалдық, жан­
ашырлық, махаббат бар.
Осы өлеңде – біріміз емес, бәріміз бармыз, бәріміздің көз
жасымыз бар, өзекті өртеген өкінішіміз бар.

Осы өлеңде – көз арбайтын көркем сұлулық бар, алабөтен
іздену бар. Алабөтен іздену бар болғасын, ақын қаламы өш­
пейтін өміршең жыр сыйлады. Орайы келіп тұрғанда айтпасақ,
бізге – сын, іздену – тек Жүрсін сынды шынайы ақындардың

ғана қолынан келеді.
Өзін де, өзгені де алдап жүрген, жасандылыққа бой ал­дыр­
ған, жалтақ жарымжан, өзгенің құдай берген баянды бақы­
тын қызғанатын, ішіне пышақ айналмайтын қызғаншақ

ақынсымақтан мұндай дүние тумайды, мықтағанда олардан із
емес, сыз қалады, сыз табанынан өткенімен, жүрекке жетпейді,
уақыт сынынан өтпейді, ыстық-суыққа шыдай алмай, бордай
үгіліп, тозаңға айналып, кеңістікке сіңіп ұшты-күйлі жоға­лып

тынады. Бәрін айт та бірін айт. Қасымға арналған өлеңді бөліп-
жармай, тұтас зерделеп оқу – бір ғанибет, біріміз емес бәріміз
оқылық:
Дегені қайда – басылды құйын?

Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Қайтейін, кембақ астана сені –
Тиетіндей-ақ басқаға себі
Қиратып жатыр Қасымның үйін,

Қиналып тапқан баспанасы еді...
Шақыр да шұқыр шаққанда әйнегін
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды

Кеудемді бұзып жатқандай менің!
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сәби жырлардың бесігі еді,

Бар екен сонша бесікте несі?
Шашылды жерге – шамдары сыңғыр,
Тағы да үйсіз қалды арысың бір.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,

Қатыгез жандар, қолдарың сыңғыр!
Жүйрігім еді, жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,

...Біздің үй соның іргесінде еді!
Ерманның туындыларын оқып отырғанда, түріктің ғұлама
ғалымы Фетхуллаһ Гүленнің төмендегідей философиялық ой-
толғамы тіл ұшыма оралды: – «Өлең – ақиқат пен махаббаты

арқалаған жүрек пен сезімнің тілі; ғашықтық, құштарлық,
тентек қиял, мұң-қайғы мен қуаныштардың үні; тіршілік пен
тіршіліктің арғы жағын сезу, түйсіну және мұндай ақиқаттарды
таразылап отырудың ашық немесе жабық, тікелей немесе

жанама түрде шыққан сөйлемшесі. Өлеңге ақиқаттың көзімен
қарағанымызда, оған – көңілдің құбылыстарға өзінше
әсерленуі; сезімнің өзінше түсінік беруі; өзінің хақ қызметіне
қарамастан, әлгі сезу, түйсіктену және таразылап отыру үрдісі

кейде әрқалай, әртүрлі оқиғалардың ағысына сәйкес, ал кей-
кейде қиял мен елестердің жетегіне еріп, дыбыс­тандыруы деп
те айта аламыз». Бұл түйінге аларым да жоқ, қосарым да жоқ,
оған тек сенемін.

Адамды жұмсағаннан гөрі, қолындағы қаламды жұмсау –
қиынның-қиыны. Өзегіңді жарып шыққан балаңды жұмсау
оңай. Бала ұялғаннан тіліңді алар болар: Ал, қалам ондай
көңілшек емес. Өзің білмейтін күңгірт тақырыпқа қалам бара

бермейді, тек жаныңа жақын, жүрегіңе ұялаған, санаңа салмақ
түсірген айтулы тақырыпқа ғана барады. Мен қаламдасым
Жүрсіннің шығармаларын көз жазбай оқып келе жатқаныма
табаны күректей жиырма жыл болды. Сондықтан болар,

оның «Құстың көлеңкесі» атты жыр жинағы қолыма тигенде
әлгі тілалшақ калам аттай желіп кетпесі бар ма? Өйткені,
қаламның сырын қалам біледі, бірін-бірі жазбай таниды,
қапысыз мұңдасып, сырласады, кейде мұңайып, кейде рахатқа

батады. Солайы-солай екен. Жүрсін – қаламдастарына адал
азамат. Адалдық – кез келген пендеге жұғысты бола бермейтін
таптырмас асыл қасиеттердің бірі. Нағыз талантты ақын өзінен
бұрынғы, әсіресе, қатар жүрген қаламдастарының жақсы

туындыларын оқығанда, көзі шырадай жанып, балаша қуанып,
данаша пайымдап, өз бағасын бермек. Мен Жүрсін жүргізген
мүшәйраларға екі рет қатысқан пендемін. Соңғы аламан
бәйгеге қосқан бір жүйрігім өзім ойлаған межеге жетпей қалды.

Ренжідім, «ішкі күйікті басамын» деп қызара бөртіп жүріп көзге
түсіп қалғаным бар. Көп ұзамай, Жүрсіннің бір мақаласы жарық
көрді. Осында «Мен Жәркеннің обалына қалғандай болдым,
оның «Күрек» атты өлеңі шынымен өз бағасын ала алмай

қалғанына қатты өкіндім», – деп жазыпты. Мұндай ағынан
жарылған, адал сөзді дәл Жүрсіннің аузынан шыққанына
дән риза болдым. Өзіне телефон шалып ризашылығымды
білдірдім. Күні кеше болған осы жәйді ақынның мынадай

бір өлеңі есіме салды:
Қимайтын жанды қапа еттім,
Жақындарымды жат еттім.
Ортасында ылғи қаламын

Ербеңдеп жанған екі оттың.
Мойындап өмір өкімін,
Берік болмақка бекідім.
...Сетінеп кете беремін,

Біреу емеспін.
Екімін.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Немесе
Арбаса нәпсі-ыбылыс,
Алаңдай берем ұлып іш.

Көңілге неге сыймайсың
Көзіме сыйған құбылыс?!
Тамаша жыр, әрі қарай осы сарынмен жалғаса береді. Адам
баласының ішкі жан-дүниесін ашудың осындай тәсілі әлем

әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де бар. Классик, жазушы
Мұхтар Мағауиннің «Жармағын», Төлен Әбдіковтің «Парасат
майданын» оқысаңыз, есіңізге түседі... Бірдің екіге жарылуы –
Жүрсіннің жоғарыдағы өлеңінде айқын көрініс тапқан. Көзсіз

еліктеуден аулақ, өзгенің өзегінен өткен шындықты өзінше
қорытып, өзінше бағамдау – осындай-ақ болар.
«Құстың көлеңкесінде»
Көзім шырақтай,

Сөзім сынаптай.
Қажай бергенді,
Қаламын ұнатпай, –
деген тағы бір шыншыл, шұрайлы шумақ бар. Бұнда Адамзат

қоғамындағы
дертке
айналып
бара

жатқан
жағымсыз
құбылыстарды ақын осылайша жеріне жеткізіп сынайды,
сынағанда да қалам ұшымен, қанын шығармай бауыздайды.

Жанын шығармай арбайды. Осы күнде ел басқарып жүрген
даңғой, надан кейбір әкім-қарылар қоластындағы адал
еңбегімен бала-шағасын асырап, елге елеулі еңбек еткен
адал жандарды көзіне ілмейді, жақсылығын көргісі келмейді.

Жұмыс бабында болмай қоймайтын кемшіліктерін көргенде
көкірегінен итеріп, Жүрсін ақын айтқандай, «қажай» береді,
ақыры оны орға жығып, жұмыстан аластап, қиянат жасайды.
Ж.Ерман қай тақырыпқа бармасын, жалаңаш бармайды,

аймен-күннің аманында айқайлап бақан ала жүгірмейді, кері­
сінше сабырлықпен, байсалды байыппен, иландырар иман­
дылықпен, көркем тәсілмен – образымен барады.
Жүрсін – ізденгіш, тапқыр ақын. Не жазса да нандырып,

қан­дырып жазады. Мысалы:

...Мынау менің ардақты Абайым ба?
Шытырлатып Абайды санайын ба?
Сенің құның небәрі жиырма теңге,
Менің құным көк тиын ағайынға!..

(Абайға мұң шағу) өлеңінен үзінді
Тағайын деп тұрғам жоқ
Жоқты кінә.
Бұл не дәстүр?

Заманның тоқтығы ма?
...Қуанасың
Қазақтар қағып алар
Қарағайдай мүйізің жоқтығына!..

(Мүйіз кесу) өлеңінен үзінді
Еліңнің қамын ойлай жүр –
Қырандай көкке ұштың ба?
Көлеңкесі жерде болады

Аспанда жүрген құстың да!..
(Тұрмағамбеттен тәржіма) өлеңінен үзінді.
...Сонымен «Құстың көлеңкесі» ақынның өз парасат
қалауынша талғап, қармап алған таңдаулы жетпіс өлеңнен

тұрады. Осы жетпіс өлең Жүрсіннің ақындық болмысын
паш еткен құнды дүние. Жетпіс өлең айдын көлге тұс-тұстан
құйылып жатқан жетпіс мөлдір бұлақтай, маған әдемі әсер
қалдырды.

Жәркен БӨДЕШҰЛЫ.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ҚАРАӨЛЕҢНІҢ ҚАРАГЕРІ Дардың алдында да ардың сөзін сөйлеп өткен бұрынғы бура мінез ақындардың өр рухына суарылып, «қара бұлтты жамылып, қара жолдың үстінде, қарасөзден жаңылып, қара өлеңге түскен» тұнық ойлы ақындар қаншама. Солардың бірі және бірегейі алпыс жасқа жаңа толып, алты асқардың биігіне көтеріліп, болашаққа ойлы көз жіберіп, дүбірлі дүниенің көзіне терең үңіліп, қабағын жіті бағып, екіталай күн туса қыпшақтың қайқы қылышын қынаптан суырғалы алабұртып, етек-жеңін жинақы ұстап, өжет өлеңдер жазып, өркештеніп жүретін Жүрсін Ерман. Ұ лытаудың жаратылыс-болмысын, тір­шілік-ты­ныс­ ын, қадір-қасиетін, таби­ғат ерекшелігін, сұлу көрі­ нісін бойына сіңіріп, ұлар мұңын жырлап, Алматыға келген бойда оның алдынан әдеби орта­ның алтын есігі ай­қара ашылып тұрған еді. Базбіреулер секілді көше шаңын суы­рып көп сандалмады. Емендей еңкейме­ген күйі әдеби ортаның ішіне енді де кетті. Сол кезде шалғай ауылдардан Алматыға үміт арқалап жеткен бір топ жастардың балауса өлеңдері «Жас керуен» деген атпен жарық көргелі жатқан. «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дөп келіп, сол жинаққа Жүрсіннің жауһар жырлары да енген еді. Кейін осы кітап қолыма тигенде түгел оқып шығып, ондағы жас ақындардың туындыларын талдап, өз ой-пікірімді біл­ діріп, мақала жазғаным бар-ды. Сол сын мақаламда Жүрсін­ нің өлеңдеріне кеңінен тоқталып, оның көркем әлеміне терең бойлап, қазақ әдебиетіне қуатты ақын келе жатыр деп қуанып, қалың қауымға жар салғаным әлі есімде. Мүмкін Абай жақ­ қан сәулені Жүрсіннің көзінен көргенде ағыл-тегіл ақта­ры­ лып кеткен шығармын, кім біледі. Алайда бұл оның бағын мен аштым деген сөз емес. Құрсағында жетілген құлын бәрі­ бір тұлпар болмай тұрмайды. Сол секілді Жүрсін де талантын жылдар жаныған сайын қатқыл, қасаң дидактикадан арылып,

сұлу сезімге құрылған, бояуы қанық, ойға толы, поэтикалық
қуаты күшті өжет өлеңдер жазып, аз уақыттың беделінде
көзінен от төгілген, аузынан ақ жалын атқан адуынды ақынға
айналып, қалың қауымға кеңінен таныла бастады. Ол бұрын

көкірегінде сәулесі бар жұртты іздеп өлең оқып келсе, ендігі
мезетте кеудесінде сәулесі бар жұрттың бәрі оның өлеңдерін
іздеп жүріп оқитын болды.
Жүрсіннің «Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға

бардың ба…», «Құ­діретке жүгіну», «Құстың көлең­ке­сі», «Ырғай»,
«Арнадым сізге» сияқты жыр кітаптары оқыған кісіге терең
ой сал­май, көңіл күйін қозғамай, намысын жа­нып, сілкіндір­
мей қоймайды. Оның кітап­қа енген көп өлеңдері өзегіне ток

жүгіртіп өрген бұзау тіс қамшы секілді өткір. Өйткені ақын асау
ойдың ағы­сында алабұртып, шамырқанып, қайрат­танып жыр
жазса оны оқыған кісі де шамырқанып, тұла бойы күш-қуатқа
толып, бүркіт­әруақтанып отырады. Ал, қайғы-мұңға құрыл­ған

жырды оқыған­да көңіліңнің аспанын бұлт торлап, әлде­қай­­дан
ызғар есіп, үлбіреген үмітің­ді үсік шалып, суық желдің өтінде
қалған жапырақтай қалтырайсың. Ж. Ерман­ның «Ақын­ның
үйі немесе Қасым Аманжолов­тың үйін қирату» деген өлеңі,

міне, сон­дай қамкөңілден туған. Оны оқыған бой­да кеудеңдегі
бозторғай қанатын өрт шар­пығандай шырқырап қоя береді.
Не­ге? Себебі, бұл өтпелі кезеңде «Өмір – теңіз, жүзіп өтем
демеңіз, ізгіліктен жа­рал­маса кемеңіз» деген Баласағұн­ның

өсие­ті адыра қалып, ақыл-ой кейін ысыры­лып, ақша үстем­
дік құрып, ел ішін тоғы­шарлық жайлаған. Ендеше рухани құн­
дылықтар Аралдың жағаға шығып қал­ған кемесіндей қаусап,
күйремей қайтеді.

Дегені қайда – басылды құйын?
Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.

Өлең өлкесіне өртке тиген дауылдай боп келсе де, бірақ
мына арсыз жалған дүниеден опа таппай тағдыры талқыға түсіп,
көп теперіш көріп, емен есіктердің табалдырығын тоздырып
жүріп әрең алған Қасымның үйін ай-күннің аманында қират­

қаны қалай?! Оралдың қарлы боранын майдан даласына алып

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
барып, жауға ойран салған сардар ақынның көзі емес пе еді бұл
қара шаңырақ?! Ойлап көрсең, темір қолдар жалғыз үйді ғана
қиратып жатыр ма?! Қасымның қара шаңырағын, сол қара

шаңырақтың астында өткен ақынның өмірін, жан-дүниесін,
арман-мұңын, сезімін, рухын… жаншып, қиратып, молаға
айналдырып жатқандай тұла бойың түршігеді. Ендеше жүрегі
ізгіліктен жаралған Жүрсін күңіреніп жыр төкпей қайтеді.

«Қиратып жатыр Қасымның үйін, қиналып тапқан баспанасы
еді» деп күйзелмей қайтеді. «Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды
Кеу­дем­ді бұзып жатқандай менің!» деп шыр­қы­рамай қайтеді.
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,

Қирады, сынды есік-терезесі.
Сәби жырлардың бесігі еді,
Бар екен сонша бесікте несі?
Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең бе­сі­гіңді түзе» деген. Сәби

жырдың есік-тере­зесі сынып, бесігі қираған елдің бола­ша­
ғы ешқашанда жарқын болған емес. Енде­ше бүгінгі адам­дар­
дың сана қу­май сағым қуып, бақ қумай байлық қуып адасып,
тоғышарлыққа бой ұрғаны сәби жырдың бесігін тер­бете

білмегендік­тен туындап жатқан үрдістер. Өйткені жыр­дың
сәулесі жүрегіне түспеген адам­ның бойында көп жағдайда
ізгілік бо­ла бермейді. Ал, ізгі­лік жоқ жерде шо­йын кеуде
қараулық бас көтеріп, ру­ха­ни құндылықтардың көзін жоймай

тұрмайды.
Жүйрігім еді жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,

… Біздің үй соның іргесінде еді.
Уа, опасыз жалған-ай! Көзден кеткен соң көңілден де кетеді
деген осы. Бүгін Қасымның үйін қиратқан тоғышар күш­тер
ертең соның іргесінде қалқайып тұрған Жүрсіннің қара­шаңы­

рағын күйретпесіне кім кепіл. Мына алашапқын, аласа­пы­
ран заманның осындай сұмдығын көріп, наласын жұтып, бо­
тадай боздағаннан басқа қолыңнан не келеді. Ақырып теңдік
сұрасаң азу тісіңді қағып, қолыңа береді. Өйткені көз жасқа

суары­лып, жапырақ жайып жайқалған қазіргі қоғам сенің мұң-

зарыңа аса зәру емес. Сен егіліп, боздаған сайын оның айызы
қанып, суық сұр бетіне қан жүгіріп, нұрлана түседі. Мүмкін бұл
қоғам ақындарын әдейі зар жылатып ұстайтын шығар. Ақын
неғұр­лым қамығып-қайғырса, соғұрлым қайраттанып, аузы­

нан ақ жалын атып, өркештеніп өлең жазады емес пе. Сөйтіп,
халықтың тілі, заманның үні бола білген ақын жыр­лары
арқылы дүниенің қабағын бағып, өмірдің бағыт-бағдарын біліп
отыратын секілді.

Ж.Ерманның «Мүйіз кесу» деген өлеңі:
Таудағы елдің таңсықтау салты білем:
Таңертеңгі маусымның салқынымен
Бұғыларды қораға қамап қойып,

Мүйіздерін кеседі дәл түбінен, –
деп бұғылы ауылдың маусым айындағы мүйіз кесу нау­қа­
нын суреттеуден бас­тал­са да, келесі шумағында адам бойында
бұғынып, бұрын байқала қоймаған қаты­гездіктің ойда-жоқта

атойлап шыға келге­нін көріп, сұмдық шошынасың. «Зыр­қы­
раған арамен қинағанда Бейшара­ның кетеді көзі аларып» деген
өлең жолда­рын оқығанда сенің де көзің аларып, шарасынан
шығып кете жаздайды.

Сыздап шыққан бұғының сүйегінен
Беу, қызыл қан!
Соншама киелі ме ең?
Қан шарапқа құныққан қазақтардың

Қан сорғалап тұрады иегінен!
Күнәсі көп жер бетінде өмір кешіп, иегінен қан сорғалаған
қазақ шындығын Жүрсін қалай келістіріп айта білген. Қол
соқпасқа шара қайсы?. Шеберлік деп, міне, осыны айт. Абай

қазақты «бір ұрты – май, бір ұрты – қан» деп сынаса, Жүрсін
«қан шарапқа құныққан қазақтың иегінен қан сорғалаған»
бүгінгі кескін-келбетін бейнелеп, олардың қанды­қол қыл­
мысын алдыңа жайып, ашына сөйлей­ді. Адамдар дерттен

айыққалы қан іш­пей тұра алмайтын болған ба деп түңіле­ді.
Дүниені қанішер қатыгездік жай­лап бара жатқандай сезініп,
көкірегін ыза кернейді.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Тағайын деп тұрғам жоқ
жоқты кінә.
Бұл не дәстүр?

Заманның тоқтығы ма?
Мүмкін солай шығар. Заманның тоқ­тығынан дүниенің
өзі еріккеннің ермегіне айналып бара жатқан жоқ па. Құдірет
күші жетсе жұмыр жерді де теуіп, әрі-бері домалатып, қуып,

допша қағып ойнар еді. Бұл адамдар күннен-күнге азғындап,
ұсақталып бара ма, қалай? Бұрынғылар дүниенің бүтіндігін
ойлап зыр жүгірсе, қазіргілер құлқынның қамын ойлап
жанығатын болған жоқ па, тәйірі. Содан:

… Қуанасың
Қазақтар қағып алар
Қарағайдай мүйізің жоқтығына! –
деп тірі жүргеніңе тәубе айтпасқа шараң қалмайды.

Ұлытаудың баурайында туып, ұлар тілін ұғып, жырын
тыңдап өскен Жүрсін қай тақырыпқа қалам тартса да өжет
мінез, өршіл қайсарлықтан танған емес. Шашқа түскен өткір
ұстарадай жеңіл сырғып, ілгері жылжи береді. Бірақ көпірме

көбік сөзге бой алдырмай мағыналы ой айтуға тырысып, терең
сезіммен толғайды. Ол елдік пен ерлікті жырласа да, ақиқат
пен жалғандықты жырласа да, жақсылық пен жамандықты
жырласа да, сардарлық пен сатқындықты жырласа да, қысқасы

көзі мен көңіліне сыйған қай құбылысты жырласа да өртеніп,
лапылдаған отқа оранып отырып қалам тербейді. Оның қай
жыры да қолға ұстаған алау секілді жүзіңді шарпып, қызыл-
жалынға бөлеп, жаныңды жадыратып, нұрландырып тұрады.

Ұлытауға бардың ба? Ұлар қайда?
Ұлы қайғың уылжып тұрар бойда.
Ұры тісің секілді у сезімің,
Уын жайып уілдеп тұрар ма ойда…

Арқары ауып, ұлары ұшып, қырынан қыдыр, ойынан ырыс
қашып, бүкіл сұ­лулығын жоғалтып, құлазыған Ұлытау­дың
қайғы-мұңы, сайып келгенде, Жүр­сінді туған ұлттың мұң-

қайғысы емес пе. Ендеше ақынның бал сезімі уға айналып,
тұла бойын жайлап алса, ол улы желдей уілдеп, көкірегінен
запыран ақтарып, шерлі жыр төкпей қайтеді. «Кілең темір
құрсанған құрбыларым Киігімен даланың жүр алысып» деп

және күйінеді. Күйінбей қайтеді. «Темір құрсанған құрбылары»
қараулықпен, жалғандықпен күресудің орнына тірі пендеге
залалы жоқ, қайта даланың сұлу көркіне айналған киіктер­мен
алысып, обал-сауапты ұмытып, аз­ғындап жүрсе. Шыбын жаны

шырқырап: «Құлағыңа жете ме үні таудың?» деп киік аулап,
қызық қуған құрбыларына ой сала сөйлейді. Бірақ бұны ұғатын
қуыс кеуде құрбылар бар ма? Сосын ұларын жоқтап қайғырған
Ұлытауға мұң шағып әрі қайрат бере сөйлеп:

Ұлытауым, ұлығым,
Ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,

Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім,
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің! –
деп күркірейді. Бірақ қайда барсаң да, қайда қарасаң да
ұларынан көз жазып, тұнжыраған Ұлытау секілді мына жарық

жалғанда бауыры бүтін жұмыр басты пенде жоқ екеніне көзің
жетіп, көңіліңді өксік қысып, көкірегің қыжылдап қоя береді.
Бір кем дүние деген осы.
Қазағым деп қабырғасы қайысып, далам деп жүрегі тілі­

ніп, Ұлытауым – ұлтым деп ұлар тілінде жыр төккен Жүрсін
Ерманның жанары ешқашан мұңнан арылған емес. Адам болған
соң онда мұң болмай тұрмайды. Мұңы жоқ адамды ешкім кісі
санатына қоспайды. Ал, ақынның мұңсыз болуы тіпті мүмкін

емес. Мұң оның жарық жалғандағы жалғыз жолсерігі.
Туған жердің топырағында тамыр тартып, тұғырлы елдің
рухына суарылып өспеген ақынды қалай үкілеп, қалай бап­та­
саң да онда сардарлық мінез болмайды. Жаны жұмбақ Жұмекен

кезінде: «Туған жердің бір бұтағы сынса, Қабырғама қарай­мын»
деп жырлап, сардарлық мінез танытып еді. Осы азамат­­тық
болмыс, осы сардарлық қасиет Жүрсіннің бойынан да айқын
көрінді. Туған жердің бір тал шөбін жүрегінің дірілдеген бір

талшығы сезінетін ақынның Қарқаралыда жайқалған қалың

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
орман өртенгенде шырқыраған жан дауысы, көл қорыған
қызғыш құстай шарқ ұрған үні қай қиырға жетпеді.
Қарағай мен шыршасы қапсырмалы,

Талайларға осы орман бақ сыйлады.
Ақ балтырлы қайыңдар ажал құшып,
Көрден шығып жатқандай ақ сирағы.
Қара орманды қалың өрт жаусатқалы,

Қаусап-қаусап қалғандай тау шатқалы.
Көрсетеді шошайтып аспан жақты,
Қарағайдың күйелеш саусақтары.
Өртенген орманның қайғылы көрінісі өлеңге айналғанда

тұнып тұрған тірі суретке айналып жүре берген. Жүрсіннің
қиыннан қиыстырып, тірі сөзбен жанды сурет сала білетін
шеберлігіне еріксіз тәнті боласың.
Ж.Ерманның өзге тұстастарынан озық бір қасиеті: кеңес

дәуірінде қолдау таппай уақыттың суырынды құмына көміліп,
үні өшіп, құрдымға кеткен алаштың атамұра өнері – айтысты
қайта тірілтіп, туын дара көтеріп, жарыққа – қалың қауым­
ның алдына қастерлеп алып шыққан тектілігінде жатыр. Өзі

де желкен көтеріп ағынға қарсы жүзген арқар кеуде арқа­
лы ақындардың бірі еді. Төңірегіне азу тісі шығып, мүйізі
қарағайдай боп өсіп келе жатқан жігерлі жастарды жинап,
айтыс өнерін қыздырып, бүкіл даланы ұлан-асыр дүбірге бөлеп

жіберді. Құрсағында жетілген құлагердің құлындары кісінеп
сахнаға шықты. Алып ақ сарайдың ішіне сыймай тулаған асау
жыр телегей теңіздей тысқа ақтарылып, қанатын кең жайып,
жалпақ елге тарап жатты.

Періште көңіл Жүрсін ақынның кеу­десінде қызғаныш­тың
қызыл иті еш­қа­шан кісіге үріп көрген емес. Қайта ба­ла­ғында
биті барларды өгіздей өрге тартып, биікке шығарудан танбады.
Осы орайда Ғалым ақынның: «…Тобықтыда Құнанбай тумаса

егер – Құнанбайдан Абай да тумас еді» деген өлең жолдары
еске түседі. Сол сияқты Жүрсін айтыс өнерінің туын дара
көтермегенде Мұха­метжан, Шорабек, Аманжол, Айбек, Айнұр,
Бекарыс, Балғынбек, Ринат, Жан­дарбек тәрізді ақберендер

аламан бәйгенің алдынан көрініп, туған елге кеңінен танылмас
еді. Ол, шынында, айтыс өне­рінің бағына туған тұлға. Жүрсін

мен айтыстың бір ұғымға, тұтас бір дүниеге айналып кеткелі
қашан. Жүрсін десең – айтыстың, айтыс десең – Жүрсіннің
еске түсетіні, міне, сондықтан.
Жұрттың бәрі талантты Жүрсіндей бағалап, адамзат

баласын Жүрсіндей ардақтап, қадір тұтса ел ішінде дау-дамай
да, айтыс-тартыс та тумас еді. Бірақ мына бұрқасынды арсыз
дүниеде тақ пен бақ таласы өршіп, Төлегендердің дәурені
өтіп, ел ішін Бекежандық жайлаған тұста өмір сүрудің өзі

қып-қызыл майданға айналып бара жатқан жоқ па?! Ендеше
талантты тірісінде танымай табытқа түскенде табынатын
ағайынға Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте
лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, арқалы

ақын Жүрсін Ер­манның азаматтық болмысын, ар-ұятын, ізгі
тірлігін тілегеннен басқа не айтайын.
…Қаланың тымырсық ауасы тыны­сымды тарылтқан соң
Көктөбенің басына шығып, төңіректі байырқалап шолып

тұрғам. Көз ұшында бір қарайған көрінді. Бұл – қараөлеңнің
қарагері Жүр­сін Ерман болатын. Абай шыңын бет­ке алып,
болат тұяғынан жыр шаңы­тып, құйындатып шауып бара жатты.
Қызғаныштың қызыл иттері абалап үріп, соңынан қуа жөнеліп

еді. Қамау тері алынып, суытылып, бауырынан жараған қарагер
қара үзіп, жеткізбей кетті.
Рафаэль НИЯЗБЕК,
ақын.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н АЛАШТА АТ ОЗДЫРҒАН МӘШҺҮР ЖҮРСІН «Ұ лытауға іні тау» Бұл – Ерманов туралы бас басылым «Егеменге» шық­қан мақаланың аты. Мұны сол газеттің бас редакторы жан жолдасымыз Жанболат қойды ма екен, әлде мақала авторы Ұлық­бектің аузына түсті ме, яки Жүрсіннің жүй­ріктерінің бірінен шықты ма, әйтеуір ғажап тақырып! Азаматымыз дәл алпысқа толған күні бүкіл баспасөз жамырап жазды ғой. Осы бір ауыз сөз солардың бәрін жиып-теріп қорытындылап тұрғандай. Ал, енді өз тақырыбыма оралайын. Ай­тыстың аспандап, Жүрсіннің аты асқақтап тұрған кез. Екеуміз ол тұратын сол кездегі Ленин көшесімен әңгімелесіп жайбарақат келе жатқанбыз. – Ассалаумағалейкум, Жүке, – деп бір түрі-түсі келіскен егделеу кісі сәлем берді. – Ойпырым-ай, ақсақал-ай, бұрын сәлем беріп бір ұялттыңыз, есіміңізді есіме түсіре алмай екінші рет қысылайын деп тұрмын-ау енді, – деді сасыңқырап қалған Жүрсін. – Қысылма, қарағым, сен мені білмейсің, ал сені бүгінде исі қазақ баласы қадірлейді. Бүгінде елімізге Тоқтардан кейінгі танымал өзіңсің. – Апырай, ә, мына кісі мені қыраннан да биік көкке көтеріл­ген Тоқтармен салыс­тырды-ау, – деп Жүрсін сол жерде қарадай қысылды. Мұны бір деп қойыңыз. Екінші, «Алашта ат оздырған» дегенге кейбіреу осқыра қарауы мүмкін. Алайда, құдайшылығына келсек, еңістен салсаң төске озған Жүрсіндей жүйрікке оны қи­майтын түк те жоқ. Ол бұл теңеуге әбден лайық. Ұлтымызбен ғасырлар бойы бірге іле­сіп келе жатқан рухани дүниесінің, баға жет­пес байлығының, ешбір елде жоқ ерек­ше өнерінің бірі – айтысты көрнеу ажал­дан арашалап, халқымызға қайтарып әпер­ген, жаңғыртқан, жаңартқан, тіпті

оны бү­кілхалықтық қозғалысқа айналдырған Жүрсін екендігі
айдай анық қой. Айтысты ол елімізден де тысқары шығарып,
көр­ші Қырғыз, Өзбек жұртына да апарып ай­барақтатты.
Оны айтасыз-ау, ер Еділ ба­бамыздың атының тұяғы тиген

Европаны есінен тандырып, Әміре атамыздан кейін аспанын
қазақ әнімен жаңғыртып, Парижді де бағындырған Жүрсіннің
жүйріктері екен­дігі есімізде. «Казахское народное твор­чество
вновь покорило Париж» деп орыс басылымдарына дейін

жабыла жазып еді-ау сол кезде. Оған жалғыз Франциядағы
ғана емес, бүкіл Европадағы қазақ диаспорасы жи­налған ғой.
Қазыбек Әдікенов деген әнші жігіт «Алтайдай жер қайда-ай»
деп қо­бызбен қосылып зарлатқанда олардың жыламағаны

қалмапты. Бұл жігітті кейіннен қазақ өнеріне талай өрендерін
қосқан қа­сиетті Қарқаралы өңірінің азаматы деп естіп, бір
көтеріліп қалғанбыз. Жүрсіннің айтысының бір ерекшелігі ол
ақындардан басқа да талай өнерпаздың тұ­сауын кесіп, бағын

ашты. Қазыбек бауырымыз сияқты талай талантты танымал
етті.
Жалпы, өзі де ер тұлғалы Ермановтың ер­лігі бір басына
жетерлік. Соның бірі аты­шулы 86 жылдың ызғарлы лебі

бүкіл елді ықтырып тұрғанда Қарағандыға келіп айтыс
ұйымдастыруы еді. Онда жұрт ақын­дардың аузымен шерін
бір тарқатып, талай боздақтарының басына бұлт үйіріліп, ең­
кейіп отырған ел бір серпіліп, рухы қайта көтеріліп, бойын бір

тіктеп қалғаны Арқа жұртының есінде. «Ленин десек партия
дегеніміз» деп Мая­ковский айтпақшы, айтыс десек көз ал­
дымызда алдымен Жүрсін тұрады. Қазақтың осы бір дара
өнерінің кәтепті қара нарының тері оның жолында бұршақтап

төгілді. Ол текке кеткен жоқ. Жүрсін бастаған аза­маттардың
және Мырзатай Жолдасбеков, Рым­ғали Нұрғалиев, Ақселеу
Сейдімбеков сияқты ақылман ағаларымыздың арқасында
бодандық бұғауында ұлт рухымен қоса жан­шылған төл өнеріміз

өшіңкіреп, өлеусіреп барып қайта жаңғырған.
Бұл енді бүгінде көптің көкейіне әбден орныққан, көп
айтылған белгілі жайт қой. Менің айтайын деп отырғаным,
90-шы жылдары айтыс көп жылғы үзілістен ке­йін қайта жан­

данып, халықпен қайта қауыш­қанда Сәниязбек Найманов
деген азамат екеуміз Жүрсіннің қасында болып, қал-қа­
дерімізше қолғабысымызды тигізгеніміз бар. Тіпті, оның

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
шаруасына бүкіл бала-ша­ғамызға дейін жапқанымыз есімізде.
Әдет­те, ақындар мен көрермен бәрі әб­ден дайын болғаннан
соң барып келе қа­лады ғой, сонда көрдім, оның айтыс өт­кізі­

летін орнын дайындау, жарнама жасау, ақындарды қарсы алып,
орналастыру деген сияқты шаруалары шаш етектен көрінеді.
Былайғы достық өмірде қанша жыл бірге жүргеніммен мен
Жүкеңнің керемет ал­ғыр­лығы мен сұңғылалығын, ұла­ғаты

мол ұйымдастырушылығын осы жолы көр­дім. Елдің маң­
дайына жазылған нәсібі ғой, Жүкең бұл жолы қатты кірісті.
Сірә, айтысты өзі де сағынып қалған болуы керек. Ең алдымен
айтысты қайда өткіземіз де­ген сұрақ бірінші тұрды. Ол бірден

рес­публикамыздағы ең үлкен Ленин сарайын таңдады.

– Ойбай-ау, көрерменді қалай толтырамыз? – деп біз

шошып кеттік.

– Жығылсаң нардан жығыл деген, осы бас сарайымыз

талай жыл небір шетелдік жын-шайтанның ойнағы болып бітті
ғой, айтыспен аластайық оны, ұлтымыздың ұлы өнері онда
өтпегенде қайда өтеді? – деп ол өзіне тән мінезімен зеңбірек
атқандай дүрс еткізді.

Халық, қалай дегенмен де, қанша жыл көз жазып қалған­
дықтан болар, айтысты жа­тырқап та, тосырқап та қалыпты.
Оның үстіне бұрынғы қоғамымыздың астаң-кес­теңі шығып,
өз бетімізше елдік құрып жат­қан аласапыран уақыт. Көп

ұзамай күдігіміз расқа шығып, билетіміз өтпей, зал толмайын
деді. Радио-телевизиядан жарнама жапыр­лап беріліп жатыр.
Әсіресе, өлгені тіріліп, өшкені жанған айтыс ақындары мен
шын жанашырларының қуанышында шек жоқ.

– Залдың 300 мың теңге жылдық ақысын алақаныма әке­ліп

салмасаңдар, сарайдың есігі ашылмайды, – деп шарт қойды бір
күні оның директоры.
Ол кез үшін бұл дегеніңіз сұмдық ақша. Жабыла демеуші
іздеудеміз. Қысылтаяң уа­қыт, ешкімнен ештеңе шығар емес.

Сол кезде қаулап шыға бастаған байшыкештерге кірудің өзі
бір қиямет. Күзет, оққағар де­генді әбден әуезе қылып алған,
одан өтсең көмекші дегені бар, қат-қабат бір қамал. Ай­тыстың
ашылар күні таяп-ақ қалды. Шы­нымен-ақ сасайық дедік. Осы

арада Жүрсіннің сұңғылалығын тағы бір рет көрдім.

– Осы Рымбекке неге бармайсың, нағыз жерлесің, талай

өнерпаздар шыққан қазақы жердің тумасы, түсінуге тиіс. Бұл

Күләш пен Манарбек, Шашубай си­яқты өнердің шашасына
шаң жұқтырмас талай дүлдүлдері шыққан Ақтоғай ауда­
нының басшысы болған Рымбек Жүнісов еді. Алматыға келіп
базарком болды, жағ­дайы жақсы екен деп еститінбіз. Өмірден

ертерек кеткен досымыз, ақын Дәуітәлі Стам­бековтің аузы­
нан «нағашым еді» деп отыр­ғанын сан рет естігем. Ол кісінің
алдына барғанымда «жібі­тейін» деген оймен осы жағын баса
айттым. Сол кездегі бас басылым саналатын «Қа­зақстан

коммунисі» журналының ісса­парымен Рекең райком болып
тұрғанда ал­дына барған ептеп таныстығымда бар, осылар әсер
етті ме, әйтеуір ол кісі жылы қарсы алды. Жүрсін айтысты қайта
ашып жатыр, дегенді естігенде қатты елегізіп, айрықша пейіл

білдірді. Қойшы әйтеуір, үлкен азаматтық білдіріп, бақан­дай
жүз мың теңгені ұстатып-ақ жібергені ғой. Анығын Жүкең­нің
өзі айтар, айтыстың мен білетін алғашқы демеушісі осы Рымбек
Жүнісов еді. Ағамыз жақында жетпіске келді деп естідік, реті

келіп тұрғанда алғысымызды тағы да бір білдіріп қойсақ артық
болмас. Ұзамай ақындарымыз да келе бастады. Шымкентен
Әселхан Қалыбекова жетті. Жам­былдан Әзімбек Жан­құлиев
пен Шо­рабек Айдаров, Қостанайдан Әсия Беркенова келді.

Торғайдан келген Қонысбай Әбіловті аэропорттан мен тосып
алдым. Оның сол кезде «Халық ақыны» атағын алып ас­қақтап
тұрған кезі. Арнайы дайындаған қонақүймізге ертіп кел­генімде
неге екенін білмеймін, жеке куәлігінің орнына сол атағын

айғақтап берген құжатын ұсынғаны. Тіркеуші дегенмен де
паспортын сұрағанда Қонаңның:

– Әй, шырағым, мен бұл куәлікпен сен­дер түгіл Мәскеудің

бас қонақүйінің люкс нөмірінде де жатқанмын, – деп
қоқиғаны есім­де қалыпты. Жалғыз Қонысбай емес, басқа да
айтыс­керлердің де күндері қайта туып, көңілдері шартарапқа
шарықтап, дүр сілкінісіп қалып еді-ау сол кезде. «Қаңқу сөзі

қазақтың неге өлмейді, ұлың­ды да құлдай ғып көгендейді» деп
Жүр­сіннің өзі айтпақшы, жақсының артына сөз еретіні рас
қой. «Айтыстың әділқазылары Жүрсіннің айтқанымен жүреді,
ол қай ақынды ұйғарса, бәйгені сол алады» деген қаңқу сөздің

басы қылтыя бастаған тұс еді ол. Айтыс басталарда Жүкеңе
ақыл салдық.

– Анау КВН-дегі Масляковты көрдің бе, жұрттан да,

қазылардан да мүлдем бөлек, сахнада тұрады. Сен де сөйтсең

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
қай­теді. Әрі басқаруыңа да жақсы, әрі қа­зылар алқасынан да
аулақсың, жұрттың жел сөзінен де құтыласың, – дестік. Сөйтіп,
ол сол айтыстан бастап өз бетінше бөлек, сах­нада отыратын

болды. Жұрттың әлгі өсегі де саябырсыды.
«Айтыс үшін сайтанды да алдауға бар­мын» дейтін ол, кім
бергені есімде жоқ, әйтеуір сахнаның төріне айтыстың ал­ғаш­
қы бәйге-машинасын жалтыратып шы­ға­рып қойды. Мұның

әсері керемет болғаны айтпаса да түсінікті болар деп ойлаймын.
Біреу үшін су кешіп, от оранып,
Құтқарғам жоқ төнгенде қатер анық.
Ат мінгізе алмадым бір адамға,

Бір адамға бергем жоқ пәтер алып! –
деп өзегі өртене жыр жазып жүрген Жүрсін кейіннен осы
айтыстың арқасында ақындарға қаншама машина мінгізді,
тіпті, олардың кейбіреулерінің пәтер де алуына да көмегі

тигенін естіп жүрміз.

– Жеңген ақынның өнеріне риза болып, шапан жауып,

ат мінгізу бұрынғы заманда да болған. Халық ақынға деген
ризашылығын осы арқылы білдірген. Ақынды риза етіп ат­
тандырған. Айтысқа мәшине тігіп, қомақты қаржы беруді
шығарған мен ғана. 1984 жыл­дан бері 150-ден астам көлік

жүлдеге тігіліп, ақындардың алды кемі 14-15 көліктен ал­ды.
Соның ішінде үкіметтің берген бір тиыны жоқ. Оның бәрі осы
отырған Ерманов деген қазақтың аннан-мыннан құрап-сұрап
тапқан ақшасына келген дүние, – дегені бар бірде ағынан

жарылып. Ойы арам, іші тар кейбіреулер: «жұртқа осынша
көлік әпергенде өзі қаншасын басып қалды екен» деп оның бұл
сөзін де сан-саққа жүгіртті. Одан басқа біреу бол­са алдымен
өзін ойлап, жұртқа қалған кә­шегін беріп отырар еді. Бірақ ол

Жүрсін ғой! Оның дүниеге алданбай, арын адал сақтап жүрген
азамат екендігін маңайында жүргендердің бәрі біледі. Ол
айтысқа деген адалдығына қай кездеде дақ түсірген емес. Мен
білетін Жүрсін он жылдан бері бір-ақ джип мініп жүр. Оның

өзін күйеу баласы Дәулет сыйлаған көрінеді.
Былай сырмінезділігіне салып білдір­мегені­мен, осындай
жалалы сөздердің Жүр­сін­нің жанын талай күйзелткені анық
қой. Әйтпесе оның:

Даңдайсыған дәлдүріш данасыңдар,
Жанып кетсең-жабатын жаласы бар.
Ит тірліктен іргеңді бөлгің келсе,
Жай табатын жалғыз жер-мола шығар... –

деп ел аман, жұрт тиышта күңіренетін несі бар еді. Бір әке
он баланы асырайды, ал он баланың бір әкені асырауы екі
талай, дейді ғой бір тәмсіл. Сол айтпақшы, жақында Ал­
матыда өткен 60 жылдығында әлгі алды он-ондап көлік мінген

ақындардан бір ме­зіреті болды ма екен деген ой келеді екен
осындайда. Әй, қайдам-ау!? Айпақшы әлгі өзім қатысқан
алғашқы айтыста бәйге алған ақындардың бәріне жүл­
де жетпей қалғаны бар. Сонда Жүрсіннің бала-шағасының

нәпақасы деп жинаған бар қаражатын әлгі ақындарға
жүлде ретінде бе­ріп жібергенін көзіміз көрді. Сондағы
Бақытжамалдың шырылдаған даусы әлі құлағымнан кетпейді.
Бақытжамал – Жүкеңнің құдай қосқан қо­сағы. Оны ауыл,

ағайын туыстары жа­сынан еркелетіп Шәмкен деп атап кеткен
сияқты. Жүрсін де, біз де солай айтамыз. Ен­ді айтайын деп
отырғаным, менің осы қарындасымның айтысқа сіңірген еңбегі
үнемі қалыс қалып келеді. Жүрсін – ай­тыстың атасы болса,

Бақытжамал анасы дер едім мен. Өзі де ел аузына іліккен те­
ледиктор болған оның өмір бойы дерлік осы айтыстың оты мен
кіріп, күлімен шығып келе жатқанын көпшілік біле бермейді.
Мі­незі көбіне алақұйындау болып келетін ақындарға талай

сапарда ие болып, та­мағына дейін мезгілімен ішкізіп, қамқор
болып жүрген аяулы жанды ана демегенде не дейсің.
Айтулы айтыскер Оразалы Досбосы­новтың қазасы талай­
дың қабырғасын қайыс­тырды ғой. Оған Жүрсіннің азаланып

та, назаланып та шығарған өлеңі де бар. Бірде осы Бақытжа­
мал­дың Оразалының қазасы жайлы көзінің жасын бұршақ­
татып төгіп отырып айтқан әңгімесін тыңдап, біздің де боса­
ғанымыз бар.

Бақытжамал мен Жүрсін жиырма жас­тың маңайында ерте
қосылған жандар. Ал­пысқа келгенше сол алғашқы сезім­дерін
аялап сақтап келе жатқандары ғажап енді. «Сыңарым» деген
әнеу бір тамаша ән бар ғой. Былай деп келетін сөзі де қандай:

Жастықтың қызығын бірге кешкен,
Шығар ма шырайлы күндер естен.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Жылуын сезініп махаббаттың,
Бір асып келеміз мың белестен.
Аяулы жыр әнімсің

Сен менің шынарымсың
Сен менің тағдырыма
Балаған сыңарымсың.
Осы әннің сөзін жазған – Жүрсін.

Әдет­те әдебиетшілер «типтік образ, мұның ар жағында бүкіл
қазақ әйелдерінің бейнесі тұр» десіп жатады ғой. Ал Жүрсіннің
осы сөздерді тек қана Шәмкенге арнап жазғаны айдан анық
еді. Қарындаштай көп жазған – қысқарамын, Бір күн өмір

легінен тыс қалармын, Сен аман бол-тірегі үш ғаламның, Ей,
ардақты анасы үш баламның! – дейді одан әрі. Жаныңа балаған
жа­рыңа бұдан артық қандай сөз табылуы мүм­кін. Жүкеңнің бұл
реттегі аяқ тастасы тіпті ерекше. «Поэзиясыз Жүрсін – Жүрсін

емес» деп марқұм Асқар Егеубаев досымыз айтпақшы, Жүкең
қайраткерлігі мен ақындығын қатар алып келе жатқан азамат
екендігі даусыз. Мен ақын да емеспін, әдебиетші де емеспін.
Сондықтан, Ермановтың поэзиясын оқыр­ман ретінде ғана

бағалай аламын. Жүрсін жалпы бір қараған адамға түсі суық,
батыр тұлғалы, жау қабақтау жан. Содан ба, маған оның
өлеңдері қа­ра жартастың түбінен қайнап шығып, мөл­діреп
ағып жатқан бұлақ сияқты болып көрінеді. Әшейінде мінезі

тік, кімге болса да бет қаратпайтын ол, өлең жазғанда өзгеріп
сала береді. Барынша сыршыл, жаны ауыр­майтын нәрсесі жоқ.
Алматыда отыз жыл өмір сүргенімде онда Қасым ақын тұрған
үй бар екенін де білмеппін. Ал Жүрсін оның бұзылғанына дейін

көріпті. Жай ғана көрген жоқ, жан күйзелісін айтсаңшы:
Дегені қайда-басылды құйын?
Ақылым жетпей ашиды миым.
Виноградов көшесіндегі,

Қиратып жатыр Қасымның үйін, –
деп шырқырайды ақын жаны. Қайдағы бір келімсек Виноградов
дегеннің көшесі көсіліп жатыр, ал Қасым ақынымыздың соң­
ғы белгісі тас-талқан болуда. Жаның қалай түршікпейді бұған.

Шықпаған кез елдің әлі бүйірі,
Ең тәуір ас – жүгерінің түйірі.
Кешке келсе, күтіп оны тұратын,
Жанбаған от, сауылмаған сиыры. –

деген жыр жолдарын оқығанда соғыстан кейінгі жоқшылық
пен таршылықтың ыз­ғары бойыңды қариды. Бұл Ермановтың
«Ер­тегі» деген өлеңі. Осыны сонау алыстағы Нарынқолда бір
әженің немересі жат­қа оқып берген ғой.

– Өлеңнің әсері сондай, кейуана екі көзіне жас алып, үн­

сіз отырып қалды, – деп еске алатын нарынқолдық Бақыт Жа­
ғыпарұлы деген азамат, – Сәлден кейін ғана немересіне көңіл
аударған әжесі:

– Мынау әлгі ділебизордағы айтысты жүргізіп отыратын

сақалды жігіттің өлеңі дедің бе? Мың жасасын шырағым! Бұл
өлеңі біздің өткенімізге қойылған мәңгілік ескерткіш қой, деп
күбірлеп бетін сипады.
«Мың ойланып, жүз толғанып» шыққан ақын шығарма­

сының тамаша төлеуі бұл. Жүрсін 60-қа толғалы оның ақын­
дығы мен азаматтығы туралы көп жазылды. Со­лардың
ішінде айтулы ақын Серік Ақ­сұңқарұлының мақаласы маған
өзгеше болып көрінді. Ақын жанын ақындай түсіну қиын

деген рас-ау, сірә.
Серіктің өзі де «еменнің иір біткен бұ­тағындай» жұрт жүр­ген
жолмен жүрмейтін, жұрт көнген нәрсеге көнбейтін, көнге­ніңіз
не, өзіңнің әп-сәтте ию-қиюыңды шығаратын алапат аза­мат.

Біздің өмірден ертерек кеткен досымыз Дәуітәлі Стамбеков­
пен барынша дос, барынша сыйлас болды. Найзағайдай шар­
тылдап тұрған екі ақынның қысқа күн­де қырық төбелеспей
қалай дос болып жүргеніне миым жетпейтін. Қазақ әсіресе,

бірін-бірі сырттан жамандағанда алдына жан салмайды ғой.
Ал бұл екеуі бірін-бірі мақтағанда сондай, тіпті бірінің та­
лантына бірі табынатын. Ал біздің Жүрсіннің де қай за­ман­
ның да ноқтасына басы сыймай жүрген жігіт екені бесе­неден

белгілі. Екі тарпаң, сірә, бірін-бірі таныса керек. Серіктің
егіле, елжірей отырып жазған мақаласынан біз соны ұқтық.

– Ақын дегеніміз – пенделерден әл­де­қайда биік. Періштелерден

сәл тө­мен. Тәңірінің тізесінен келетін тұлға бо­луға тиіс-ті.
Ақындықтың адамзат қауым­дас­тығындағы осынау тарихи

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
миссиясын жан-тәнімен түйсініп, азабына көніп, ғажабына
кенелгендердің бірі һәм бірегейі менің осы Жүрсін бауырым,

– депті Серік осы ма­қаласында. Айналайын Ақсұңқарұлы­

ның бұл сыр­лы сөзінен кейін мен сияқты пенденің Жүрсін­
нің жүрегіне кіріп, жанын қытық­тағаным жөнсіз болар. Мен
үшін және мен сияқты талайлар үшін ол бір жатқан ше­шілмес
жұмбақ, алынбас қамал. Оның талай жылғы қызметтес серігі

Нұр­тілеу Иманғалиұлы да басы қатып, «Жүр­сін сен кімсің?»
деп миы ашып өлең жазған. Қысқасы, Жүрсін – бүгінгі қазақ
поэзиясының қиясына тігілген «Жұмбақ жалау»!
Ермановтың тағы бір қыры – оның та­бан астында тауып

айтатын айтқыштығы. Жанпейісов деген әнші жігіт баяғы
Ғарекең шырқайтын «16 қыз» әніндегі қыз аттарын 27-ге
жеткізген ғой. Сонда Жүрсін: «Нұржан шырағым, біз білетін
әнде қыздардың саны 16 еді, қалған 11-ін қайдан таптың,

әлде оралмандар ма?», – деп жіберген ғой. Жүрсіннің өзінің
арғы түп-тұқияны да осал емес. Абылай әскерінің қыпшақ
қолын басқарған Тілеу батырдың ұрпағы ол. Менің ол бабам
Ақтөбе жерінде жатыр дегенінде, онда жүрген қайдағы қып­шақ

деп күлетінбіз. Ақыры Қара қыпшақ Қобыландының өзінің
сүйегі Ырғыз жерінен табылды емес пе? Ал қазіргі Астана­
ның бұрынғы аты Ақмола деп жүргеніміз сол Тілеу батыр­дың
ұлы Нияз батырдың бейіті. – Елбасыдан бастап маған аренда

ақы­сын төлеуге тиіссіңдер, менің жерімде отырсыңдар бәрің,

– деп бізге талай күжілдеді ғой Жүрсін. Осыдан екі-үш жыл

бұрын Америкаға барғаным бар. Вирджиния деген қала­­сында
супермаркетке кіріп, мықшыңдап аяқ киім киіп көріп жат­
қам. Әлгісі сыймай ұзақ әурелендім. Бір кезде «Экскюзми,сэр»
деген сыпайы дауысқа жалт қарасам, таудай-тау­дай екі ағыл­

шын өткізіп жіберуді өтініп біраз тұрып қа­­­лыпты. Шір­
кін­дердің сыпайысы-ай! Осыны елге келгенде Жүр­сінге
айтсам: «Арғын – аға баласы» деп сыйлаған ғой олар» деп
бәрімізді күлдіргені бар.

Тоқсаныншы жылдары мақтап жүрген қоғамымыздың
тас-талқаны шығып, мен қызмет істеп жүрген сол кездегі бас
басылым «Қазақстан коммунисі» журналының да берекесі кете
бастады. Содан оның бас редакторы Камал аға Смайылов­тың

батасын алып, Қалтай ағамыздың айтуымен алғашқы шет­
елдік басылым «Заман-Қазақстанның» оң­түстік өңірінің тіл­

шілер қосынының бас­шысы болып Шымкентке қоныс аудар­
ған бір кезім бар. Бір күні Алматыға келіп жүргенімде Жүрсінді
кезіктіріп қалдым.

– Әй, сен көрінбейсің ғой, қайда жүрсің? – деді ол.

–Жүке, екеуміз партшколды бітіріп ек, онымыз мына­дай

болды, енді Шымкентке барып сартшколда оқып жатырмын, –
дедім мен әзілдеп. Сонда Жүкеңнің сұқ саусағын безеп тұрып:

– Осы екінші школыңды жақсы оқы, түбі сені сол асы­

райды, – дегені ғой. Досымның сол ақылын орындаған да
сияқтымын, қазір Астанада небір жүйріктердің ортасында қа­
тарымнан қалмай жүріп жатқан жайым бар.
Біз атақты Қазақ университетінің жур­налистика факуль­

тетінде алғаш 53 қыз бен жігіт оқыдық. Солардың ішінен
Жүрсін си­яқты небір жүйріктер шыққанын мақтан тұ­тамыз.
Ғылым докторларын былай қойғанда, әр түрлі құқық қорғау
органдарында қызмет істеген полковниктеріміздің өзі төртеу.

Әлгі докторларымыздың екеуі Тұрсын Жұртбаев пен
Намазалы Омашевтар бұл күнде академик. Өзіміз бітірген
факуль­тетте көп жыл декан болып,оны көкке көтерген Нама­
залы біздің елге күйеу. Жұбайы Клара Хамзина Шет ауданы­

нан, әйгілі Жидебай батырдың жұрағаты.
Еліміздің бас басылымы «Егемен Қа­зақстан» газетінің Бас
редакторы да біздің курстасымыз. Мұндай орындарға кей­
де ші­ренген шенеуніктер де қойылып жатады ғой. Ал біздің

Жанболатымыздың таланты мен адамшылығы өзі отырған
орынтағынан әлдеқайда биік. Бірде Жүкеңнің осы бір
қаршығадай қара жігітімізге «Жанболат – біздің бәйтерегіміз»
деп баға бергені бар. Жүрсін көгендеп қойсаң да көлгірсімейтін

азамат қой, оның бұл сөзіне түгелдей қол қойып қосыламыз.
Ал, енді ақындықтың айдынында жел­кенін желге керіп
қойып көсіле жүзіп жүр­ген Айтовты білмейтін қазақ жоқ
шығар деп ойлаймын. Оның кешегі қиссалардың са­ры­ны­мен

суарылған дастандарының өзі бір жатқан көл-көсір дүние.
Несіпбек – қазағымыздың қанын ойнатып жүрген ай­тулы
азаматымыздың бірі.
Өмірдің базарында қатар жүріп, қосыла шауып келе жат­қан

жайымыз бар. Оның ішінде Жүрсіннің атының барлығып, шаң
қапқан кезі болған емес. Болмайды да!
Жүрсін ақындығы, қайраткерлігімен қатар, журналис­
ти­ка­ның да шыңына шық­қан адам. Әсіресе, қазақ телеви­

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
зия­сы мен радиосының майын ішіп, қаймағын қалқыған қас
шебер. Жалпы, Жүрсіннің аты біздің курста «тұңғыш» деген
сөзбен бай­ланыстырыла айтылады. Ол 25-тен асар аспа­сында

Жезқазған телевизиясының Бас редакторы болды. Яғни,
курсымыздан шық­қан тұңғыш бас редактор. Қызғалдақ деген
қызын ұзатып, бізді бірінші рет құда қылып, құйрық-бауырдың
дәмін тат­қызды. Тұрмыстық тақырыпқа көшсек, Жез­қаз­

ғаннан келіп, Алматының ортасынан ойып тұрып, тұңғыш рет
төрт бөлме үйге қол жеткізген де осы Жүрсін екен. Ал, енді
үйлену жағына келсек, ол бұл жерде біріншілікті Несіпбек
досымызбен бөлісуге тиіс.

Жүкең бүгінде Астанаға ат басын бұрып тұрған сыңайлы.
Оның қайда жүрсе де ел-жұртының бір жүгін арқалап
жүретіні анық. Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың
лауреаты Ерманов Сарыарқаның саңлағы Сәкен Сейфуллин

тақырыбына өткізілген мүшәйраның да бас жүлдегері ғой. Сол
Сәкен ағамыз оған: «Ей, Жүрсін, жүнжіме, жүрме бос!», – деп
сыбырлап тұрғандай болып көрінеді маған үнемі.
Қырық жаста тау мен тасқа басты ұрып,

Елу жаста қолыма алдым таспиық,
Алпыс жаста төрде отырдым қасқиып, – деген екен Түрік­
пен­нің тұлпары Мақ­тымқұлы. Сол айтпақшы, туған елдің тө­
рінде қасқиып отыра бер, Арқаның ай мүйізді құлжасы!

Сәулебек ЖӘМКЕНҰЛЫ,
Қазақстан Республикасының
Мәдениет қайраткері, Қазақстан
Журналистер одағының мүшесі.

ЖҰРТЫНА ЖАҚЫН ЖҮРСІН АҚЫН Ж езді ауданындағы сол кездегі «Октябрь туы» газетінде өткен ғасырдың 60-жылдарының бел ортасында Жүрсін Молдашұлының жыр­ лары жарық көре бастады. Жырға құмар басымыз Жүрсін жырларын жылы қабылдап, газеттің әр санындағы әдебиет бетінен Молдашұлының жырларын іздедік. Бәлкім сол жырға құмарлық, осы бағытқа бастау алуымызға себепкер де болған шығар. Қатарласымыздың жазған жырындай жыр жазуға ұмытылғанымыз да жасырын емес. Жүрсіндей жыр жазуға құлшындық, осылайша жыр әлеміне ұмтылдық. Көз алдымызда сонда да Жүрсін жүрді. Оның жырлары тек қатарластарын ғана емес үлкенді де, кішіні де сол кездің өзінде-ақ бей-жай қалдырмайтын. Ал Жүрсіннің өзі жыр додасында сол кездің өзінде-ақ қамшы салдырмайтын. Осылайша Жүрсіннің өзінен бұрын оның жырымен танысып жүргенде: «Жүрсін Бақытжамалға (Шәмкен) үйленіпті» де­генді естідік. Бақытжамал дегеніміз 1966 жылы Ұлытау 11 жылдық мектебін бітірген қос сыныптың ішіндегі ақылына көркі сай, хас сұлудың өзі болатын. Бақытжамалға үйленгені бар, әдемі жақсы жыр жазатын Жүрсінмен кездесуді шыныменен ойға алдық. «Жақсы жыры бар, сұлу жары бар Жүрсін қандай бақытты» деп таңқалдық. Сөйтіп, Жүрсін Молдашұлы деген ақынды іздейтін болдық. Жылжып жылдар етіп жатты. Жезқазған облыс болып, таланттылары дараланып, дарабоздары айқындала бастағанда ауызға Жүрсіннің аты алына берді. Күндердің күнінде кенді қаланың көгілдір экранынан Жүрсін ақын жыр оқыды. Кәдімгі атын естіп, өзі қандай екен деп жүрген Жүрсініміз көңілге жылы ұшырады. Қою бұйра шашты балғын жігіттің жігерлі үні «құлақтан кіріп, бойды алды». Сырттай болса да таныстық, кейін ссы өңірдегі қалам ұстағандардың көбісінің ұстазы атанған Көбейсін Еңсебайұлының шаңырағында сәтін салып

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Жүрсінмен де кездестік. Көбекеңнің әрі шәкірті, әрі інісі
болып шықты. «Жүрсін екеуміздің де ұстазымыз бір адам –
Көбекең» деп қалжың айтар халге келдік. Әзіліміз де, әңгімеміз

де жараса берді. Кездесе қалсақ, бір-бірімізге «не жаздың, не
жазып жүрсің?» деп сауалдаса амандасатын болдық. Орайлы
сәттерде бірімізге-біріміз жаңа жазған жырларымызды оқып
берген күндер де сағымдай сырғып артта қалды. Ойындағысын

ашық, бүкпесіз дәл айтатын Жүрсіннің жүрісі мен тұрысы
өзгелерден бөлек, қатарынан озық тұрғанын сол кездің өзінде-
ақ өзгеге айтпасақ та, өз ішіміз сезіп жүретін-ді. Тұлғасы мен
тұрқы бөлек жігіттің өз қатарын былай қойып, өзінен мүшел

жас үлкен атпал азаматтармен құрдастай қалжыңдасатын.
Сонда оның қалжыңы шынға бергісіз болып шығады.
Әлі есімде, 70-жылдардың орта тұсында көктемнің бір
бозала таңында сыртқы есік тарс-тұрс қағылды. Ұлытаудың

таңы қандай? Таңғы ұйқы қандай тәтті? Алаңсыз жатқан жанды
беймезгіл қағылған есік дүрсілі еріксіз сыртқа шығарды. Есіктің
қарсы алдында есік пен төрдей болып жабық «УАЗ» дүрілдеп
тұр. Ұйқылы көзді тырнай ашып: «Ой, бұл кім?» дегенімше

болған жоқ, бейтаныс ұзын бойлы жігіт төсқалтасынан
қызметтік куәлігін шығарып, бүктеуін ашқан бетте: «Батырбек
Тыныштықбайұлы, машинаға жүріңіз, әңгіме бар» деп гүр ете
қалды. Тәртіпке бағынып қалған жан емеспіз бе, әй-шайға

қарамастан көліктің есігін ашып, ентелеп ішке лып бердім.
Ішке енгенім сол қарқылдаған күлкіге көміліп қалдым. Жан-
жағыма қарасам, қарсы алдымда ішегін басып, селкілдеп
Жүрсін отыр. «Әй, қорқытпаңдар дедім мен» деп Шәмкен ішек-

сілесе қатады. Екі көзін уқалап, селкілдей күліп, Нұрмұқан
қолын созады. Сонда ғана есімді жиғандай болдым. Артымнан
машинаға ере мінген куәлік иесі қос қолын созып сәлем
береді. Таныса келе оның Жүрсіннің курстасы, журналшы

досы Тұрсын Жұртбай екенін білдім. Кеше түнделетіп
Ұлытаудың үстінен өтіп, Аманкелдіге қарай бармақ болады.
Көктемнің жолы қандай, Тассайдың түбінде былқылдаққа
батып, «буксовайттап» жатады. Дөңгелектің астына тас салып,

ағаш салып әупірімдеп кейін қарай әрең шығады. «Қайда
бару керек?» дегенде батырды бір сынайық деген болу керек,
іштеріндегі танымайтын Тұрсынды жібергендері екен. Шай
қойылды, қой сойылды дегендей, мәре-сәре болдық. «Әй,

аңғалдығың-ай» дейді Жүрсін маған. «Оның куәлгі де, тура
өзіңдікіңдей емес пе? Соған да зер салмадың ба?» деп сылқ-
сылқ күледі. Күлкісі қандай? Көңіліңді көтеріп, жаныңды
жадыратып жібереді.

Күнделікті күйбең тірліктің ауанымен демалысты да
ұмытып, тау қойнауына еніп кеткенмін. Себеп, кешеден
бері жалғыз сиырдың қызыл бұзауы жоқ. Таудан-тауға асып,
тоғай мен тоғайды аралап қызыл тананың қасқыр жеп кеткен

қаңқасының үстінен шықтым. Қасқырға қаным қарайып
қайтты. Көңіліме жыр шумақтап, үйге жеттім. Келсем, бір
автобуспен Жүрсін келіп, Игіліктің үйіне атбасын тірепті.
«Таудан келісімең бізге келсін» деген сәлемін тастап кетіпті.

Салып ұрып, желпілдеп жетіп бардым. Ыңғай мен сығайлар.
Кешігіп келген мені ортаға алып жатыр. Жүрсіннің шарты
тіптен бөлек. Ол алғашқы сөздің басын бастайды, «ал, ұйқасын
тап» деп түрткілейді. Осылайша әдемі бір таңды жақсы

сөздерден ұйқас құрап, ұйқысыз бір таңды атырдық.
Жезқазған облысының ақындарының айтысы өтетін
болды. Ұлытау ауданынан ақын дайындау тізгіні маған тиіп,
комсомолдың хатшысы Жаңбырбай әншіге лайықтап сөз

жазып, айтысқа дайындалдық. Әуезі әдемі, келбеті келісті
Жаңбырбай 70 ауыз өлеңді өз жанынан шыққандай жаттап
алды. Қай жерінен сұрасаң, сол жерінен жаңылыспай айтып
береді. Сақадай сай болып, Ақадыр ауданымен айтысқа түстік.

Сахнаның төрінде «айтысақыны» төгілтіп отыр. Оның қасында
отырып, қарсыласының әр қимылының қайсыбір тұс­тарын
шумақтап, Жаңбырбайдың алдына ірі әріппен жазып, дөң­
гелек столдың үстіне қисайта қоямын. Айтыс әсерлі шықты.

Жаңбырбай төкпе ақын атанды. Үзілістің кезінде Жүрсін
келіп, «сөз саптасын таныдым, сенің қолтаңбаң көрініп тұр»
деп қолымды қысты. Келесі бір жолы кездескенде әңгімеміз
тұтастай айтыс тақырыбына ауысты. «Кешегі Болман,

Тайжандардың елінен төкпе ақын шықпауы мүмкін емес»
деп Жүрсін жүрегін қолына алады. Дәл қазір көрініп тұрған
ешкім болмағаннан кейін, оған былай деп сөз қоса алмадым.
Ол болса, «Шынболат ақын шымыр ақын» деп Шыңкеңнің

тамырын басып көргенін айтады. Қалай да олай, бұл өңірде
айтыс ақыны болу керек дегенге өзін де, өзгені де сендіргісі
келеді-ақ. Қайсыбір ретте «айтысқа сөз жазып бергенше, өзің

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н неге шықпайсың, ойлан» деп мені де қайрап қояды. Бірақ, оны шын сөзден гөрі, әзілге балап «е, жарайды» деп күле саламын. Айтыс жайлы Жүрсіннің сол жылдардағы жарау аттай серпілісі, кейін де оның осы бір атамұрамызға дендеп кірісуіне бастау болғандай екен ғой деп бүгінде ойлай беремін. Былайғы жұрт Жүрсінді ең алғаш рет журналист, тележүргізуші ретінде танып білсе, бертін келе айтыстың ұйым­дастырушысы «өліп қалған мұрамызды тірілтуші, жоқты іздеген Асанқайғы» деп танығанымен де, оның кең ты­ нысты, кемел ойлы ақын екенін де жадынан еш шығарған жоқ. Жүрсін жырларын оқыған сайын мен басқа бір адамды, өзім танымайтын, өзім бұрын көрмегең білмеген адамыммен жолығып тұрғандай күй кешемін. Жырлары «мені оқы» деп өзі шақырып тұрғандай сезінемін. Әсілі, ақынды жақтай қоюы, ақынның жырының ақынға әсер ете қоюы әсерлі болады. Сондай әсерге Жүрсін жырларын оқыған сайын мен де бөленемін. Сонау бір жылдары жазған жырында Қасым ақынмен сырласқандай күй кешіп, мұң шағады. Дүлдүлім еді жыр кешіндегі, Бауырын жазып бір көсілмеді. Қиратып жатыр Қасымның үйін, Біздің үй соның іргесінде еді, – деп жыр толғайды Жүрсін. Шынында да, Қасымның үйін қиратып жатқандар кімнің үйіне қарасын? Әрине, бұл жерде Жүрсіннің айтып тұр­ғаны Қасым сияқты ақынды елемегендер, басқаны қайтедіге саяды. Жыр жолындағы дүлдүлдің жолын кесер әпербақандық пен әңгүдүктердің көбейіп бара жатқанына қиналады. Қина­лады да, ортаға ой тастайды. Ақын жүрегі маңайдағыны былай қойып, алыстағыны сезеді. Ақын көзі көз алдындағыны ғана емес, қиядағыны шалады. Ал, көңілге көргеннің бәрі сия ма? Бұл жайлы Жүрсін не дейді? Арбаса нәпсі Ібіліс Алаңдап қалам, ұлып іш. Көңілге неге сыймайсың, Көзіме сыйған құбылыс...

Иә, шынында да көзбен көргеніңнің бәрін көңілің
қабылдай бермейді. Әсіресе, ақын көңілі ақ пен қараның,
жақсы мен жаманның таразысы іспеттес. Ақын көңіліне
күнделікті тірліктегінің бәрі бірдей қона бермейтіні де содан.

Содан да барып ақын қоғамдағы болып жатқан құбылыстың
енді болатынының алдын болжап айтады. Және ақынның
айтқаны әзірге қате кетіп көрген жоқ. Олай болатыны ақын
Аллаһтың айт дегенін ауызға салғанын айтады. Бұл тұрғыдан

келгенде Жүрсіннің жазған жырлары оқырман көңіліне
қалықтай келіп қона береді, қона береді. «Жақсы жырлар
жазу үшін іздену керек, ізденбесең болмайды» дегенді Жүрсін
жиі-жиі айтады. Ол жұбату үшін емес, алға қарай жетелеу

үшін айтады. «Ақбұлақ» шипажайында менің соңғы шыққан
бір жыр жинағымды парақтай қарап, оқып отырған Жүрсін
«Сен білесің бе? Менің бүгінгі жазып жүрген жырларым­ның
ырғағы бір кезде екеуміздің де ұстазымыз Көбейсін үйреткен

ырғақ. Мен осыны әрі қарай дамытып кеттім. Көбекең өзі
бұған қайырылып соқпай кетті» дегені бар. Ойланып қалдым.
Шынында да, «алға қарай жылжу үшін жаттығу керек, жазу
керек» деген сөз жанашырдың сөзі емес пе?!

Осыдан он шақты жыл бұрын Жүрсін ақын 50 жасқа то­
лып, Қарағанды қаласында әдемі айтыспен аталып әтті. Әділ
қазылар ортасында отырған күні кеше дүниеден озған Қадыр
ақын сахна төріне көтеріліп: «Біз мына Тұманбай екеу­міз

Жүрсін ортамызға келгенде соңымыздан еріп, сөм­ке­мізді
көтеріп жүретін шығар деп едік. Сөйтсек, бүгінде біз екеуміз
де осы Жүрсіннің соңынан өзіміз қалай еріп кетке­ні­мізді
аңғармай қалдық. Ақындығы да, азаматтығы да алға тартып

барады» деген еді. Қадыр ақынның осы бір сөзі Жүрсін ақынға
берілген шын баға ма дейміз.
Шынында да, ақындығы ды, азаматтығы да тең тұрған
Жүрсін ақын Ұлытаудан жыр оздырып, Алатаудан асырды.

Бұрынғылар айтып жүрген «Алпыс деген талтүс» деген әдемі
жасқа келіп қалды. Бұл Жүрсіннің мәуелі бақтай жайқа­лып,
жемісін елге енді тіптен молынан беретін берекелі шағы дейміз.
Ендеше, «мәуелі бақтың шуақты шағы шырайлана берсін» деп

тілейік Тәңірден.
Батырбек МЫРЗАБЕКОВ.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н АЙСБЕРГ (Ақын Жүрсін Ерман шығармашылығы хақында) Қ азақ поэзиясының жазылмаған бір заңдылығы бар. Бір шайырлар мол жазылған, кең танылған ғажайып лирикалық жырларымен, көлемді дастандарымен тарихта қалады. Енді бір қаламгерлер қаншама көп кітап жазса да, бірте-бірте халық жадында қалмайды, уақыт өткен сайын ұмытылып кете барады. Ал тағы бір ақындар өзінің әрбір шығармасын он ойланып, жүз толғанып, оқырман таразы­сына ұсынатын аса талғампаздығынан әдебиеттегі өз орнын ойып тұрып алып, тұғырлы тұлғаға айналады. Қазақ өлең өлкесіне өткен ғасырдың жетпісінші жылдары нық басып, мы­ғым келген ақын Жүрсін Ерман – аз жаз­ са да, саз жазатын талғампаз­дығы­мен та­ныл­ған қалам иесі. Оның есімін бай­тақ Қазақ елінің еңбектеген жасынан, ең­ кей­ген кәрісіне дейін біледі десек, артық айтқандық емес. Ол қазақ­тың төл өнері ақындар айтысын жаң­­ғыр­тып, қайта жандан­дырған ерен ең­бегі арқылы танылды дер біреу. Бұл сөзде де жан бар болғанымен, біз біле­тін Жүрсін Ерман, ең алдымен, қазақ жазба поэзиясының керуенін алға тартып, көшін ілгері сүй­реген тегеуірінді жырларымен, сюжетті балладалары­мен, поэмаларымен та­нылған талантты ақын. Бұл – қалам­гер­дің көпшілік біле бермейтін көп қыры­ның бірі, бірі болғанда да бастысы. Бірақ Жүрсін өз шығармашылығын насихат­тауға жоқ адам. Өзінің баспасөз бетінде берген бір сұхбатында : «...Жыл сайын кірпіштей кітабын шығарып, дорбаларын тасып, өткізе алмай жүрген ағайындарды кө­ріп жүрміз. Алланың нұры жауып, ықы­ла­сы түскен шақта жазылса, бір өлең аздық етпейді, он өлең де көптік етпейді. Құ­дай­дың құтты күні, жоспарлы түрде өлең жазатын кісілерді де білеміз. Жазу қыл­мыс емес шығар. Жазғаның­ның бәрін тасқа бастырып жариялата берсең – сол

күнә. Жалпы, ақын адам айс­берг тәрізденіп, бойын жасыра
білгені жарасады... Алпыс-ақ өлеңімен адам­зат ойының асқа­
рына айналған Абай ағадан тәлім алсақ, несі айып?! Мен көп
жазбайын демеймін, өз сөзіме өзім қойған қарауылым жылдан-

жылға қырағыла­нып, қатайып барады...» – деп ағы­нан жарыл­
ған ақын сөзінен шынайы әдеби шығармаға деген талап­
тың күштілігі мен ел алдындағы қалам­гер жауапкер­шілі­гі­нің
айқынды­ғын сезінуге болар.

Әйтпесе Жүрсін Ерман «Құстың көлеңкесі» деген атпен
таңдамалы 70 өлеңін жарыққа шығармас еді. Ішкі талғам,
нағыз ақынға қойылар жоғары талаптың өзі әрбір қалам ұста­
ған жанның қадір-қасиетін арттырмаса, ке­міт­пейтіндігіне

әдеби процесте мысал жетіп артылады.
Бір сәт шегініс жасайық. Қалың қазақ қауымының жүре­
гінен орын алған ақын Жүрсін Ерман әдебиетке қалай келді?
Ең алдымен, ақынды ақын ететін оның туған жері, өскен

ортасы. Алты Алаштың тарихында айрықша орын алатын
сыр-шежіреге, аңыз-әңгі­ме­ге, қастерлі көне ескерткіш­терге
аса бай қасиетті Ұлытау өңірінде дүние есігін ашты ол. Арысы
грек тарихшысы Ге­ро­дот­тың, орта ғасырлық саяхатшы Плано

Карпинидің, берісі орыс, қытай жазбаларында атала­тын
Ұлытау – бұл. Қара­кең­гір өзенінің жағасындағы Дүзен ке­се­не­
сіне жақын жердегі тас дәуі­рінен қа­л­ған шеберхана, тас ғасы­
ры­нан, қола дәуірінен қалған елді мекендер, мазарлар мен

Беғазы-Дәндібай мәдениеті кесе­нелері, ежелгі патша әулеттері
жерленген обалар, ғұн, түркі, о­ғыз-­қып­шақтар мәдениетінің
белгілері, осыдан 3 мың жыл бұрынғы мыс, қалайы, алтын,
күміс өңдеген адам­дар­дан қалған жәді­герлер мен Теректі әулие,

Зыңғыр­тас, Арғанаты таулары жартастарындағы петролифтер,
Ұлы Жібек жолының «Сарысу» тармағы өткен жол – Ұлытау­
ды тарихтың ашық аспан астындағы айқара ашылған Ұлы Дала
Кітабына айнал­дыр­ғалы қашан. Қазақ қазақ болғалы небір

аумалы-төкпелі замандарды бастан кешіргенде, Алаша хан,
Жошы хан, Бол­ған ана, Бату хан, Құтлық Темір, Едіге, Тоқта­
мыс, Әмір Темір, Керей мен Жәні­бек, Қасым хан, Тәуке хан,
Абылай хан, Кет­бұ­ғы, Барақ, Көшім, Әбілхайыр, Қазы­бек,

Төле, Әйтеке билер, Бөгенбай, Қабан­бай, Кенесары сияқты
ел баста­ған көсемдер, сөз бастаған шешендер, қол бастаған
батырлардың өмірлері тікелей Ұлытаумен байланысты бол­ған­

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ды­ғын көзіқарақты жұртымыз жақсы біледі. Сол киелі өлкедегі
Байқоңыр ауылында өмірге келген Жүрсін ақын:
«Ұлытауым, ұлығым ұлтым менің,

Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім?
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің»,–

деп киелі өңірді өлеңге қоса келді. Әке­ден жастай жетім қалып,
ана бауырында өскен Жүрсіннің сөз өнеріне ден қо­юы­на тікелей
себепші болып, жолын ашқан екі адамның есімін ол үнемі айтып
жү­реді. Оның бірі – тіл әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапарғали

Кентаев та, екіншісі – Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газеті
редакторының орынбасары, немере ағасы Көбейсін Еңсебаев
болатын. Еңбек жолын Жезді ауданы газетінен бастайды. Әрі
қарай 1968 жылдан Қазақ­станның ірі орталы­ғы – Қарағанды

қаласында әдеби ғұмырбаяны басталады. Небәрі 17-дегі
өрімдей жасты Қазақ­стан Жазушылар одағының Қарағанды­
дағы бөлімшесін басқаратын, Алаш зиялысы Жайық Бектұров
арнайы шақыр­тып, облыстық теледидар мен радиодан

өлеңдерін оқытады. «Орталық Қазақстан» газетіне тұңғыш
жариялан­ған өлеңдеріне Мақсұт Байсейітов алғы­сөз жазып,
тұсауын кеседі. Бұл да бір белес.
Арман қуып Алматыға келіп, КазГУ-дің журналистика

факультетіне оқуға түседі. Сол кездегі әдебиет әлемі­не қа­
дам басуы жайлы ақынның өзі былай дейді: «Үлкен өнерде
арқамнан қаққан адам­дар бар. Мен жоғары оқу орнына түсіп
оқып жүргенде, 19 жасымда алғаш­қы өлеңдерім жинаққа

кірді. Оған себепші болған филология ғылымда­ры­ның
докторы, профессор Нығмет Ғаб­дуллин деген кісі бізге са­
бақ берді. Сол кісі соңым­нан қуып жү­ріп, өлең­дерімді «Қазақ
әдебиетіне» суре­тіммен бастырып шығарып, кі­тап­қа енгізіп,

үлкен өмірге, әдебиетке қа­дам басуыма үлкен көмек берді».
Ол жас ақындардың «Жас керуен» жинағы болатын. Сол «Жас
керуеннен» бастал­ған Жүрсін ақынның өлеңдегі жолы бүгінге
дейін жалғасып келеді. Алғаш­қы жыр кітабы «Жанартау» деген

атпен «Жазушы» баспасынан жарық көрді.

«Жеңістің мәртебесін кім тілемес, Тынбайды, тыншымайды бір күн егес. Кеудемде күркіреген жанартаудың, Із-түзсіз жоғалуы мүмкін емес», – деп зор оптимистік дауыспен келген ақын жырлары қазақ оқырманының жүрегіне ұя сала берді. Уақыт өткен сайын ақынның талғампаз көңілі сонау бір жылдар түкпірінде жазылған балауса жырларға оралғысы келмеуі де мүмкін. Бірақ бәрі де сол бір мөлдір бұлақтай, сүт­тей таза жүректен туған сол өлеңдер­ден басталғанын сезінесің. Жүрсіннің сол алғашқы қадамалысын­дағы «Бидай­гүл», «Ұлытау көктемдері», «Тұңғыш», «Зергер», «Ақырғы арман туралы аңыз», «Темірткен гүлі», «Орамал», «Бүлдірген тере барғанда», т.б. өлең­дерінің әрқай­сы­сы туған жер, өскен орта, тарих пен дәс­түр, махаббат пен сағыныш иірімдеріне тартып, туа біткен таланттың қаламынан туған шұрайлы шығармалар екендігіне көз жеткізесің. «Тарихтай сұсы қатты шежіре шал, Ұлыңды уақыттың тезіне сал. Елімнің кәдесіне жарамасам, Сен мені шежіреңнен өшіре сал!», – елім-жерім деп соққан ақын жүрегі өзі көр­ген өмір суреттерін жаңа туындыла­рына өзек ете берді. «Арайлы күн, армы­сың» (1985 жыл) атты екінші жыр кітабы Қазақстан Жазушылар одағы Мұ­қа­ғали Мақатаев атындағы сыйлы­ғына лайық деп саналды. 1990 жылы шық­қан «Ұлы­тау­ға бардың ба?» атты жаңа кітабы да өлеңсүйер қауымды елең еткізді. «Бұлантының жоқ бұланы, Құландының жоқ құланы. Бүркіттінің биігінде Қалқымайды көк қыраны» немесе: «Ауылдың алсам дерегін, Кетеді шарлап ой алыс.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Қайқаңдап қоя беремін,
Арқама батып баялыш.
Табына оттың қақталып,

Албырап кешкен шақ қандай.
Жылуың бойда сақталып,
Қыздырып келе жатқандай.
Әкемнің көзі деп біліп,

Шешемнің өзі деп біліп.
Отырмын енді отыңа,
Көзімнің жасын кептіріп», –

(«Баялыш»).
секілді өлеңдері шын мәнінде бұрын қозғалмаған, бұрын
айтылмаған жаңа сөз, соны дауыс нәтижесі еді. Оның өзі­
не ғана тән «Жерұшық», «Байғазы», «Гольф­стрим», «Соңғы

алма», «Макулатура туралы жыр», «Түс», «Бермуд ұшта­
ғаны­ның үстінде» атты лирикалық жыр­ларында тақырыпты
өзінше жырлауы, бұрын­ғы айтылмаған ойды айтуға құш­тар­
лықтан туған риясыз сезім, Жүрсін ақынға ғана тән ұлттық

бояу көзге ұра­ды. Осы кітабында-ақ ақын өзінің эпи­ка­лық
қарым-қабілетін де айқын бай­қата алды. Әсіресе, жазықсыз
жапа шек­кен Сәкен Сейфуллин тағдыры туралы жазған «Ақын
өлімі» поэмасы сон­шалықты шынайы, әрі жүрек тебірентерлік

иірім, толқындармен тербейтін сәтті шығарма. Жалпы, Сәкен
аға туралы неғұрлым кең көлемде жазылған бұл шығарма
өз бағасын осы уақытқа дейін толық алмаған екен. Тек 1992
жылы жазған мақаласында кейінгі буын іні­лері­нің қадам

алысын қадағалап жүре­тін үлкен жүректі, кең пейілді Тұмағаң
(Тұманбай Молдағалиев) ғана былай деп дәл әрі жылы баға
беріпті: «Дарынды, ақылды туған бір дарамыз Жүрсін бе деп
ойлаймын. Сәкен аға тағдырына арнап жазылған поэмасын

қазақ жыры­ның соңғы табыстарына қосамын. Сүйсі­ніп, сүйіп
оқыдым бұл дастанды. «Ақын өлімі» оқуға ауыр болғанымен,
Жүрсін­нің ақындық тағдырын айқындап тұр­ған дүние. Өзіміз
жақсы көрген ауыр тағ­дырлы Сәкен ағаны тағы бір көрген­дей,

оның ажалына араша бола алмаған халықтың дәрменсіздігінен
тағы бір дәріс алғандай болдық». Шын мәнінде бұл поэма бір

тыныспен жазылғандықтан болар, бір деммен оқылады. Кешегі
37-нің ойранында опат болған, ел үшін, жер үшін жазықсыз
жапа шеккен көп-көп есіл ерлердің типтік бейнесі бар бұл
дастанда. Ахмет, Әлихан, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан,

Ілияс, Бейімбет бей­не­лері де көз алдыңнан өтіп, жанарға жас
іркіледі.
«Жақсылықтан жауыздық не ғып күшті,
Жендет дүлей ашуын танытты ішкі.

Зілдей ауыр жұдырық Сейфуллиннің,
Аппақ күрек тістерін қағып түсті.
Әділеттен әбілет не ғып күшті,
Байлаулы ақын гүрс етіп талып түсті.

Керзі етіктің темірдей тепкісінен,
Сейфуллиннің бір көзі ағып түсті!» –
жүректі солқ еткізетін мұндай шумақтар поэманың тұтас
архитектоникасы мен негізгі сюжет тіні арасындағы бай­

ланысты берік ұстап тұратын тіреу іспеттес. Оның әділетсіз
Ауған соғысы тақырыбына қалам тербеген «Мұң» балладасы да,
қазақ-қалмақ қырғынына қатысты «Тақбаланың діңі», сондай-
ақ «Махаббаттың алмасы» балладалары ақынның бұл жанрда

да еркін қалам тербейтіндігінің дәлелі бола алады. Мұнан
кейін де әр жылдары жарық көрген «Құдіретке жүгіну» (2005),
«Құстың көлеңкесі» (2008), «Ырғай» (2010) жыр кітаптарында
да ақын Жүрсін Ерман үнемі ізденіс үстінде екендігінің, жыл

өткен сайын талғам, ұстанымының биіктеген үстіне биіктей
түскендігінің куәсі болып жүрміз.
Оған дәлел:
«Дегені қайда – басылды құйын?

Ақылым жетпей, ашиды миым:
Виноградов көшесіндегі
Қиратып жатыр Қасымның үйін.
...Шақыр да шұқыр шаққанда әйнегін,

Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды,
Кеудемді бұзып жатқандай менің!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
...Жүйрігім еді жыр көшімдегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,

...Біздің үй соның іргесінде еді».

(«Ақынның үйі»).
немесе:
«Қазағымның қақ жарып кең даласын,
«Терісаққан» аталып енді ағасың.

Бәлкім, барлық өзендер теріс ағып,
Оң ағатын жалғыз-ақ сен ғанасың».

(«Терісаққан»).
«Жексенбі. Түнгі он екі кезі,
Сәл тінте қарап мені екі көзі.
Таксидің ішінде бір ару отыр,

Бөлек жамалы. Бөлек мінезі.
...Ұмытар лезде азабыңды ішкі
Сұлулық, сенің ғажабың күшті.
Аққу мойынға жараса қалған,

Тарыдай меңге назарым түсті.
Атың кім? – деп ем, – Лариса, – деді,
Бетімді шарпып жалынша лебі.
Елеңдеп әлі күтумен жүрмін,

Телефон шалар деп сағынса мені...».

(«Түнгі такси»).
«Қай жерде, мейлі, қай елде
Әлемнің мәні – Әйелде.
Шын мықты болсаң оныңды

Әйелге барып дәлелде!
...Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні әйелмен,

Әйелдер мәңгі жасасын!» –

(«Әйелге ода»).

секілді ақынның кейінгі жылдары жаз­ған жырлары. Бұл
өлең­дер – таптаурын ізден алшақ, ақынның тек өз сүрлеуін
табуынан туған, қазақ оқырманын ұзақ жылдар тербейтін,
жарығы да жарқын болашаққа, түу алыс­тарға жететін өмір­

шең сөз. Біз мысалға алған шығарма­лардың қай-қайсысы да
қазақ поэзия­сының антологиясына еркін қосылатын ерекше
жырлар.
Жүрсін ақын бір ғана ырғақпен, бір­кел­кі бунақпен жазудан

қашады. Әр өлеңін жаңа бір сырлы әуезбен әрлеп, жаңаша
нұрлы әуенмен өрнектейді. Бұл – оның өлең техникасын еркін
меңгер­ген, басты ерекшеліктерінің бірі десек, қателеспейміз.
Ол сонысымен де, қанша қайыра оқысаң да жалықтырмайды,

қайта жан-дүниеңді желпіндіріп, көкі­рек-көзіңді сілкіндіріп
отырады. Ақын­ның кейінгі жылдары жазған «Ырғай жыры»,
«Мүйіз кесу», «Дилемма», «Құл­жан­бай құмының жұртында»,
«Бас», т.б. көптеген жырлары жоғарыда айтқан ойымызды

бекіте түседі. Дау жоқ, Жүр­сін Ерман 70-ші жылдары қазақ
поэзиясына келген толқынның ішіндегі өз қолтаңбасы, өз
стилі қалыптасқан, ешкімге ұқсамайтын өз үні бар, біртуар
тегеурінді ақын. Ақын сөзін жазған «Сыңа­рым», «Ұлыма»,

«Бақанас менің байт­а­ғым», «Ырғай», т.б. әндерді көп­шіліктің
сүйіп тыңдайтындығын да айта кету ләзім.
Ж.Ерманның жұрт көзінен таса қалып жүрген тағы бір
қыры – оның сыншы­лығы. Сыншы болғанда да қара қыл­

ды қақ жарып айтатын әділ сыншы­лығы. Сонау бір 80-ші
жылдары ол жаз­ған әдеби сын мақалалар бірінен соң бірі
жарық көргенде, тіпті алдыңғы буын ағала­ры­ның өзі, алдымен,
тосырқай қа­рап, сосын шын сын, ақиқат сөздің се­м­се­рін

сілтегені үшін ерекше сыйлап жүргендігін көзіміз көрген.
1983 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған «Өлең сөздің
обалы» сыни мақаласында: «Жазба сөз бір өңкей әскер легі
емес, қой-сиыры аралас шұбаған көш те емес, теңіз толқыны

да емес, жайнап тұрған бақша да емес, өмірге түгел ортақ
ойсезімді дәлірек те толығырақ бере алатын тіл байлығы. Бұл
байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ үшін үлкен
қиянат», – деген сөз зергері Ғабит Мү­сірепов ойын түпқазық

етіп алып, та­лан­тымен көрінген талай тарлан ақынның тілді
қолданудағы селкеуліктерін, өлең техникасын бұзған кемшін
тұстарын нақты дәлелдермен көрсетіп берді. Ол бұл мақаланы

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
әдебиетке шын жанашырлықпен жазды. Кейінгі жылдары
мұндай тіліп айтатын, дәлелмен сөйлейтін сынның ауылы
алыс қалды. Сондағы тілге тиек болған Жұматай Жақыпбаев,

Кеңшілік Мырзабеков, Иранбек Оразбаев, Дүйсенбек Қанат­
баев, Исраил Сапарбаев, Есенбай Дүй­сен­баев, Несіпбек
Айтов, Ұлықбек Есдәулетов сияқты кіл мықтылардың өлеңдері
еді. Ал «Түпнұсқа болсын, төреші» («Жұлдыз» журналы, №3,

1987 жыл) атты сын мақаласы сол тұста көркем аудармадағы ең
мықты саналып жүрген Қадыр Мырзалиевтің Сергей Есенин
мен Олжас Сүлейменов өлеңде­рін орысшадан тәржімалаған
тұтас кітаптарына сарабдал да салиқалы баға берді. Сыншы

Жүрсін Ерманның бұл мақаладағы нақты тұжырымдары
мен батыл байламдары, әдеби білімдарлығы мен парасат
пайымдары бас шайқатпай қоймайды. Сол кездерде Жүрсін
Ерман­ның мақаласы жарық көрсе, оны зерделеп оқымаған

қаламгер сирек болар.
Ж.Ерманның жұрт көзіне көбірек көрініп, көбірек баға­
ланған қыры – оның журналистік жолы. О баста аудан­
дық, облыстық газет, облыстық теледидардан бастау алған

сапары кейін Қазақ теле­ви­зия­сының, әуелі Жастар хабарлары
бас редакциясында, кейін Әдеби-драмалық хабарлар бас
редакциясында жалғасты. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім
меңгерушісі,

«Қазақ
мемлекеті»,
«Қазақстан
қана­ты»

газеттерінің бас редакторы, «Жұл­дыз» журналының бөлім
меңгерушісі бол­ды. Қазақ теледидарының бас редакторы, бас
директоры, Қазақ ра­дио­сының­ бас директоры қызметтерін де
атқарды.Осы қызметтердің қай-қайсы­сында болса да ұлтына

адал қызмет етті.
Теледидарда істеп жүрген жылдарында «Айтыс», «Халық
қазынасы», «Терме», «Жыр жазамын жүрегімнен», «Мүшайра»,
«Дидар», «Сахна», «Жылдар. Ойлар», т.б. телехабарлардың

тұсауын кесті. Өзі тікелей араласып, әр хабарға кімдерді
шақыру керегіне дейін белгілеп беріп отыратын. Осының
ішіндегі өзі жүргізген, әлі де тастамай келе жатқан жобасы,
ол – «Айтыс» хабары. Жүрсіннің шындыққа ешқандай қиянат

жасамайтындығының талай куәсі болдым. Ол алғашқы
телеайтыс 1983 жылғы желтоқсан айында түсірілгендігін,
телеайтыстың идеясын ұсынып, оны ұйымдастырғандардың
бірі – ақын, тележурналист Темірше Сарыбаев, екіншісі –

драматург, тележурналист Әділбек Тауасаров екендігін ылғи да ай­тып жүреді. Айтысқа өзінің 1984 жыл­дың ақпан айынан бастап аралас­қанын тәптіштеп көрсетеді. Бұл оның ақиқатқа қиянат жасамайтын азаматтық бейнесін аша түседі. Ж.Ерман тележүргізуші ретінде төл өнеріміз айтысты биікке алып шықты. Ертедегі классикалық ақындар айтысы бізге ауыз әдебиеті, қолжазбалар, кітаптар арқылы жетті. Ал кеңестік кезеңде болған айтыстардың ең ірісінің бірі – 1943 жылы сұрапыл соғыс жылдарында Қарағандыда өткен айтыс. Оған ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов мұрындық болған. Бұл кейін Алматыда жалғасқан кезде Жамбыл ашып, Нұрпейіс, Шашубай, Кенен, Нартай, Доскей, Маясарлар сөз сайысқа түскенде, ұлы Мұхтар Әуезов ұйымдастыру ісіне ерекше көңіл бөлген. Ал осыдан кейінгі қазақ айтысы­ның жанданып, жаңғырып, түрленіп, бұрынғы дәстүрін сақтай отырып, жаңашылдықты бойына сіңіруіне бір кісі еңбек сіңірсе – ол Жүрсін Ерман екенін айтатын күн туды. Айтыс көрін­ген алғашқы жылдарда Манап Көкенов, Көкен Шәкеев, Қалихан Алтынбаев, Тәңірберген Әміренов, Көпбай Омаров, Тәушен Әбуовалар көгілдір экран төрі­нен орын алды. Олардың ізін Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбілов, Есенқұл Жақыпбеков, Қатимол­ ла Бердіғалиев, Шымболат Ділдебаев, Егеухан Мұхамадиқызы, Мұхтар Құ­ралов, Әбдікәрім Манапов, Шолпан Қыдырниязова лайықты жалғастырды, дамытты. Мұнан соң шыққан Шорабек Айдаров, Айтақын Бұлғақов, Әзімбек Жанқұлиев, Мелс Қосымбаев, Мұха­метжан Тазабеков, Аманжол Әлтаев, Бекарыс Шойбеков, Қуаныш Мақсұтов, Жадыра Құтжанова, Ақмарал Ілеубаева, Әбіл­қайыр Сызды­қов, Айнұр Тұр­сын­ баевалардан бастап Оразалы, Балғын­бек, Дәулеткерей, Айбек, Карима, Құра­лай, Сара, Ринат, Рүстем, Серікзаттар түгел өздеріне Жүр­сін Ерманды ұстаз санайды. Халық Жүрсін­ді жүргізуші ретінде ғана көреді, ал оның сыртында қаншама қыруар шаруалар атқарып тер төгетінін көпші­ лік біле бермейді. Өзінің осыдан 20 жыл бұрынғы сұхбатында ақын былай депті: «Менің жүргізушілігім – айсберг сияқ­ты, айтысқа байланысты атқаратын сан-салалы жұмысымның бір ұшығы ғана. Ақындарды іздеу, табу, таңдап іріктеу, дайындап – баптау мен қонақ үй әзірлеу, қаржы табу, билет іздеудің арасындағы толып жатқан бітпейтін шаруаны былай қойғанда,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н теледидарға түсіретін творчест­во­лық-техникалық топтарға тікелей басшылық жасау да оңай емес. Оның үстіне түсі­рілген материалды эфирге әзірлеу үшін теледидар технологиясы процесін де бес саусақтай біліп, күнді түнге ұластырып, қажымай еңбек ету керек. Ал жүр­гізу­шілікке келсек, халық­ қа ең керегі менің шешенсінгенім емес, ең керегі – ай­тыс­ тың өзі. Сол себепті, көбіне көрер­мен­дерге керекті ақпаратты ғана жеткізіп, айтыстың тізгінін ғана ұстап отырғанды жөн көремін». Бұл айтысты ұйымдас­тырудағы істердің бір парасы ғана. Ал шынтуайтқа келсек, ата-бабамыздың ерекше қасиеті – ақын­дар айтысын ха­лық жадында қайта жаң­ғырту­ға Жүр­сіннің отыз жылға жуық сіңірген жан­қиярлық еңбегі өлшеусіз. Оны ел біледі, жұрт таниды. Дала демок­ратия­сының жарқын көрінісі – айтысты жаңа биікке алып шыққан ақын Жүрсін Ерман бү­гінде алпыстың асқарына шығып, елі­нің алақанындағы қайраткер қа­ламгерге айналды. Ол – М.Мақатаев атындағы сыйлық­тың иегері, С.Сей­ фуллин­нің 100 жылды­ғына орай өткен мүшәйраның бас жүл­ д­е­гері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы. Ғалымдардың зерттеуінше, Айсберг (Мұзтау) көлемінің 83-90 пайызы судың астында болады екен де, қалған азғантай бөлігі ғана су бетінде көрініп тұрады екен. Істеген істерінің көбі көрінбей, аз да болса саз мөлшері ғана халық көзіне түсетін Айсберг тұлғалы жандар болады. Ақын Жүрсін Ерман да қазақ жыр-мұхитының Айсбергі болып көрінеді маған.

Бауыржан ЖАҚЫП,
«Қазақ энциклопедиясы»
АҚ президенті, филология
ғылымдарының докторы, профессор.

ЖҮРСІН, СЕН КІМСІҢ? Ж үрсін дос! Сен туралы есілген жібектей эссе жазғым кеп, қолыма қалам алдым. Бірақ кідірдім. Мүдірдім. «Неге?» дейсің ғой. Замандасың­ның, қаламдасыңның қадір-қасиетін тәспідей тізіп тәптіште­ген­ мен, бүкіл болмысың бір мақалаға сия қоя ма? Сыймайды-ау. Сен сегіз қырлы жігітке жатпайсың. Қырың көп. Сырың көп. Қай қырыңнан келерімді білмей «тупикте» тұрған пойыз­ дай жылжымай қойғаным рас. Әйгілі классик Марк Твеннен шәкірті «Сіз қалай жазасыз?» деп сұраса, ол ойланбастан «Жазудан оңай нәрсе жоқ. Қолыңа қалам, қағазыңды аласың да, ойыңа не түссе, соны сүйкей бересің. Бірақ сорақысы сол – сорғалаған ойды басыңа келтіру қиын» деп әзілдесе керек. Сен – тарау-тарау жолы бар талантты қаламгерсің. Менің қиналғаным – тоғыз тарау, тоқсан орау жолыңның қайсысына түсерімді білмей, із кескен аңшыдай аңырдым. Он бестегі жасым-ай, Жарда ойнаған лақтай. Жиырмадағы жасым-ай, Көлге біткен құрақтай. Отыздағы жасым-ай, Таудан аққан бұлақтай. Қырық деген жасыңыз Қырымдағыға көз салып, Байлаулы тұрған құр аттай. Елу деген жасыңыз, Қайта көшкен ел екен. Алпыс деген жасыңыз, Қоңыр салқын күн екен... Бұл – жеті ғасыр жырлап өткен аузы дуалы ата-баба­ла­ рымыздың артына қалдырған алқынды жырынан үзінді. Ата сақалың аузыңа түсіп, алпысқа келген сен де осы өлеңдегідей

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
өмір сүріп, баянды ғұмырыңды бастан кешірдің. «Тоқта, ботам,
атаң келеді артыңда» (Мұқағали) дейтіндей, артыңа қарайлаған
жеткіншектерге Ата болып анадайдан көрінесің. Қызғалдақ,

Дархан, Ардақтай алақанға салып, аялап өсірген ошақтың үш
бұтындай ұрпағыңнан он бір немере сүйіп отырсың. Құдай
қаласа, шөберенің қолынан май жалайтын күн де таяу. Ата
болмағанда нең қалды, Жүрсін-ау! «Неғұрлым ертерек ішсең,

соғұрлым ертерек мас боласың» деп жарықтық Шәкең, Шәмші
Қалдаяқов ағамыздың кекеп айтқан кердері сөзіне арқа сүйесек,
сен махаббатқа ертерек мас болған жігітсің. Ажарына ақылы
сай Бақытжамал аруды шашын тарап үлгермей шаңырағыңа

келін қылып түсірдің. Сен сонда неше жастасың? «Жарда
ойнаған лақтай» он жетіде едің. Мектептің «аттестатынан»
бұрын Бақытжамалды алған жоқсың ба? Міне, махабббатқа
мас болудың алғашқы нышаны. Бірақ мен сенің үйлену тойыңа

қатысып, ақ тілегімді айта алмадым. Қалай айтам? Біз бір-
бірімізді танымаймыз ғой. Сен – Ұлытаудың Қарақұмын­дасың,
мен – Қаратаудың күнгейіндегі Қызылқұмындамын.
«Ұлытауым, ұлығым,

Ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім,

Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің!, –
деп кейіндеу жазған азаматтық поэзияның іргетасын құйып
жүрген кезің. Алда-жалда отау құрған ордалы тойыңның
үстінен шыға қалғанымда, кавказдықтар секілді сол дәуірдегі

советтік салт бойынша шолақ орысшаммен былайша «тост»
көтерер ем: «Ночь. Луна. Он. Она. Он сказал «Да!». Она сказала
«Нет!». Прошли года. Ночь. Луна. Он. Она... Она сказала «Да!».
Он сказал «Да!». Но возможности уже были не те. Поздно. Так

выпьем же за своевременность! Выпьем за своевременную
любовь молодого поэта Журсина Ерманова!»
Бір қызығы, сенің ұлың да, қызың да Ата жолын қуып,
он жеті жастарында отау құрды. «Азаматтың қосы оңбай, ісі

оңбайды» дейді ғой. Қосың да оңып, ісің де оңып, Алматыдағы
КазПИ-дің тіл-әдебиет факультетіне кеп түстің. Мен сол жы­
лы (1968 ж) КазГУ-дің журналистика факультетіне қабылдан­
дым. Елп еткенге елеңдеп жүрген кезіміз емес пе! КазПИ-де

«Мен мамандықты не үшін таңдадым?» деген тақырыпта дис­
пут, пікір-сайыс өтетінін естіп, біраз студент соған ағыл­дық.
Ағынан жарылып, сан-салалы жастардың арасынан саңылау
тауып, мінбеге көтерілдім де, қыңыр сөйледім. «Мен әкемнің

аты тасқа басылып, тарихта қалу үшін журналист маманды­
ғын қаладым» дедім. Сен сол сәтте мінбеге атып шығып, менің
быт-шытымды шығардың. Коммунизмнің моральдық кодексі
шеңберінде теориялық ой-пікіріңді саралай келіп, «Осындай

жігіттердің КазГУ-де оқып жүргеніне таң қалам!» дедің. Жұрт
алдыңнан арқан керіп әрең тоқтатты. Кейін аңғардым, сөйтсем
сен курсыңның «старостасы» яғни қоңыраулы қошқары болып,
студенттер пікір-сайысын ұйымдастырған екенсің. Мен сияқты

«осалдардың» орнын толтыру үшін маған ерегісіп, оқып жүрген
оқуыңды тастадың да, келесі жылы КазГУ-дің журналистика
факультетіне артымнан қуып кеп түстің. Ал содан не ұттың?
Бір курс кейін бітірдің. Оқуыңды тастағаныңа осы күнге дейін

өкінесің. Бұдан төрт-бес жыл бұрын «Сенің сөзіңе жында­нып,
КазПИ-ден бекер кеттім. Оны бітіргенімде осы күні ғылым
докторы, профессор, академик атанып, бір университет­тің
ректоры боп отыратын ем-ау!» – дедің жастық шақты еске

алып. Сол кезде Елбасының пәрменімен Қазақстандағы алты-
жеті жоғарғы оқу орындарының ректорларын бірден босат­қан
болатын. Мен айттым:

– Ей, Жүрсін дос, сен маған рахмет айт. Ректор болуын

боларсың-ау... Бірақ сол орнынан алынған ректорлардың
ішінде сен де кететін ең ғой. Абыройың бар екен, атың
шықпай аман қалдың. Қазір кімсің? Жүрсінсің! Ақындар
университетінің ешқандай бұйрықсыз бекітілген ректорысың.

Сені ешкім орныңнан алып тастай алмайды! – дедім әзілге
жығып.
Күлдің. Риясыз күлдің. Мойындап күлдің. Расында да
айтыс арқылы алты Алаштың аузына ілінген ақын жігіт­

теріміздің атын атап, түсін түстемегеннің өзінде, кешегі
Сара мен Ұлбикенің үрдісін жалғастырған қаншама ақын
қыздарымыз қауызын жарған гүлдей қаптап шықты. Бағын
ашқан кім? Айтыс. «Босағада тұрғызбай, төрге ұмтылдырған»

(Қасым Аманжолов) ақындар айтысы. Олар кімдер дейсіз
ғой? Тәушен Әбуова, Надежда Лушникова, Әсия Беркенова,
Шолпан
Қыдырниязова,

Әселхан
Қалыбекова,
Жамиға
Қарасаева,

Фапиза
Мұштанова,
Ханша
Райсова,

Лена

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Әбдіқалықова, Әлфия Орманшина, Жадыра Құтжанова, Айгүл
Түсіпбекова, Алтынкүл Қасымбекова, Ақмарал Леубаева,
Айнұр Тұрсынбаева, Карима Оралова, Құралай Камалиева,

Анар Жаппарқұлова, Әсем Ережеқызы, Сара Тоқтамысова,
Жібек Болтанова, Назгүл Кәрімова, Жаңылсын Тәуішова,
Қарлығаш Әубәкірова, Айсәуле Бейсенхан, Аякөз Серікқазы,
Жансая, Күмісай, Салтанат... Көрдің бе, Жүрсін, сен ақындар

университетінің ғана емес, ақын қыздардың, яғни «ЖенПИ»-
дің де ректорысың. Айта қойшы, айналайын, «екі оқу орнын»
бірдей басқарып тұрған сенен басқа қай ректор бар?
«Жылы орнымнан жылжытты» деп, сен маған өкпелеме.

Мақұл, КазПИ-ді бітірсең, диссертация қорғарсың. Фило­
ло­гия ғылымының докторы боларсың! Одан елге не пайда?
Орыс­тың бір жас ғалымы 1964 жылы «Н.С.Хрущевтің комму­
низм құрудағы жетекшілік ролі» деген тақырыпта кандидат­тық

диссертация жаза бастағанда, жарықтық Никита Сергеевич
күзге жетпей, орнынан босады. Тақтан тайды. Бейбақ ғалым
қатты қамығып, қайтадан тақырып іздеген. Сен де тақырып­тан
тақырып іздеп жүріп, доктор болмай кетуің мүмкін ғой. Қазір

шүкір, өзің диссертацияның тақырыбына айналдың.
Бейнелі әңгімеге бетіңді бұр, Жүрсін-ау. Мемлекетті қалай
басқаруға болады? Бұл сауалға ежелгі Қытай данышпаны
Конфуций үш тұжырыммен жауап қайырған.

1. Мемлекетке жеткілікті азық-түлік болсын. 2. Қару-жарақпен қамтамасыз етілсін. 3. Халық өз патшасына сенетін болсын.

– Егер осы үшеуінің біреуін қысқартуға тура келсе ше?

– Онда қару-жарақты шектеу керек.

– Ал қалған екеуінің біреуін қысқартуға мәжбүрлесе ше?

– Ендеше азық-түлікті алып тастаған жөн. Себебі ас-

ауқатсыз ашығып иналғаныңмен, патшаға сенім болмаса, ол ел
мемлекет болып көгертпейді.
Ақын­дар айтысы да айдарлы мемлекет сияқты. Неге?

1. Өзекті талдырмайтын өнер жанашырлары – Өмірзақ

Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Иманғали Тасмағамбетов,
Серік Үмбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Нұртай Сабильянов,
Дәулет Тұрлыханов секілді демеушілер айтыстың «азық-
түлігін» қамтамасыз етіп жүр.

2. Айтыс ақындарының қаһарлы сөздері қару-жарақтан

кем бе?!

3. Ақындар айтысындай айдарлы мемлекеттің айбарлы

патшасы кім? Жүрсін Ерман! Ең бастысы – елдің сенімі мен
ықыласына иесің. Ұрпақтан ұрпаққа мұра боп жалғасып келе
жатқан айтыс өнерін өркендету үшін отқа да түстің – жанбадың,
суға да түстің – батпадың. Баяғының батырындай күн кештің.

Әу баста ақын ретінде танытқан поэзияңа да қайырылмай
кеткен қайран күндерің аз болған жоқ.
Бір күніңнен аумайды бір күніміз,
Жамалатын түрі жоқ жыртығымыз.

Саңырауға беретін сәлемдей-ақ
Кімге дәрі осы өлең шіркініңіз? –
деп теріс бұрылғанда өзіңді емес, әдебиетке әріден қараған
оқырмандарға налыдың.

Аз түскен жоқ шығармын отқа, сірә,
Соғайын, болмас енді соқпасыма.
Мен саған қайтып келдім, қалқам, Муза,
Серідей қайта оралған отбасына! –

деп, поэзия рухына басыңды идің. Бүгінгі заманда шөпті де,
шөңгені де өлеңдетіп, том-том кітап шығару машинаға мініп-
түскендей оңай шаруа. Абай атамның бүкіл өлеңін жиғанда, бір
томнан аспайды. Мұқағалидың күллі дүниесі де сол көлемде.

Ақын Қуандық Шаңғытбаевтың «Ар» деген алғашқы кітабынан
кейін екінші жинағы 27 жылдан кейін жарық көрген. Өлең
таппай қалғаннан ба? Жоқ! Поэзияға құдіреттей жүгінгеннен,
сезім тазалығынан. Ақын құрдасым Серік Ақсұңқарұлының

бірауыз пікіріне құлақ түрейікші. «Жүрсіннің өте талғампаз
ақын екендігі соншалық – осыдан үш жыл бұрын «Таңдамалы
70 өлең» деген кітап шығарды. Мысалы осы 70 өлеңді мен
халтурщиктердің 70 томына айырбастамас едім».

Жүрсін досым-ау, сені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері» деп бағалады.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан
Оразалин «Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте

иегері» деп құрметпен қарады. Ірілі-ұсақты атақ-даңқың
мен атқа мінген абыройлы қызметтерің бір төбе. Осындайда
еске түседі. Немістің ұлы ақыны Гете бес рет министр, оның

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ішінде екі мәрте Қорғаныс министрі болған. Әйгілі Сүлеймен
Демирель алты рет Премьер-министрдің тағына отырып, ақыр
соңында Түркия президентінің антын қабылдаған. Димаш

аға Қонаев бір орынға екі рет келген. Сен ше? «Қазақстан»
телерадио корпорациясының құзырындағы Бас директор, Бас
редактор секілді уәзірлік жұмыстарға қанша рет келіп, қанша
рет кеттің? «Қазақ радиосына» арнаған ақындық сезіміңді

ақжарма өлеңмен ақтарғаның да есімде.
Сен ғарышта, аспанда, ауадасың...
Дауысыңа дүние дауаласын.
Көктен үнің құйылған күндіз-түні,

Көрінбес Адам ата, Хауа-Анасың.
Қай толқынды эфирде бұрады иең,
Сенсіз мылқау секілді, сірә дүниең.
Ата-анамның даусындай аяулысың

Ей, менің қазақы ұлттық радиом!
Профессор, академик Тұрсынбек Кәкішев «күні бүгінге
дейін айтыстың отымен кіріп, күлімен шығып жүргеніңе»
ризашылығын білдіріп, сенің төзімділігіңнің арқасында

«ұлтымыздың ең бір қызық та өткір өнері өзінің шырқау
биігіне көтеріліп келе жатқанына» қуанды. Ұлттық Ғылым
Академиясының академигі Серік Қирабаев «Киіс көрген
керзі етіктің шұлығындай тозып барам» секілді дүниелеріңе

назар аударып, «Ақын қайғысы – халық қайғысы», – деді.
Профессор, академик Рымғали Нұрғали «Ескі өнерді қалпына
келтірген реставратор, жаңа дәуірге лайықталған реформатор
екендігін бүгін айтпағанда қашан айтамыз?» десе, ақын

ағамыз Сәкен Иманасов: «Әр өлеңі қырық күн бабымен
бауырына басып шығарған қыран балапандай шымыр»,

– деді. Темірхан Медетбек «Тастақ жердегі тұлпардың

тұяғындай – нақ, сағаттың соғысындай – дәл» деп көрсетті.
Тұманбай ағам бұдан жиырма жыл бұрын «Өтірік күрсіну,
өтірік мұңаю, өтірік шаттану, өтірік жылау – ақындық өнердің
қас жауы», – деді. «Дарынды, ақылды туған бір дарамыз», – деп

сені меңзеді. Білген ғой.
Оралдық шәкіртің Бауыржан Халиолла сені «қыпшақ­
тың қайқы қылышына» теңеді. Замандас досың Нұртілеу

Иманғалиұлы «Жүрсін, сен кімсің?! Білмегендер білсін...» деп
өлеңдетті. Ақын інің Ұлықбек Есдәулет секілді «достарың
кейде көбейіп, кейде азайып» тұрды. Өмір ғой... Сәл-пәл
шегініс жасайын. Елу жасқа толғаныңда мен де сен туралы

себезгілеген жаңбырдай эпиграмма жазып, өз ойымды
өлеңмен жеткізуге тырыстым. Сен 1945 жылдың сәуір
айындағы Берлин секілді көріндің. Берлинді жаулап алу үшін
Сталин соғыстың қандай «тактикасын» қолданғанын білесің

ғой. Берлинге бержағынан емес, аржағынан яғни ту сыртынан
тұтқиылдан шабуыл жасаған. Мен де сөйттім. Құдай қосқан
қосағың Бақытжамалға деген ішкі сезімің мен иіріміңді өз
тіліңмен өрнектедім. Саған түрік жұмбағын жасырайын:

«Бәрімізде бар! Менде де бар, сенде де бар, бірақ әйелдер
ғана күйеуінікін пайдалана алатын нәрсе не?» Ал тапқыш
болсаң, тауып көр. Бас қатырып қайтесің, ойланбай-ақ қой,
шешуін өзім айтайын. Бұл жұмбақтың шешуі – «Фамилия».

Бақытжамал сенің фамилияңа дейін жаулап алған жоқ па?
«Бабы күшті ақынның басына бақ боп қонған бәйбішесі
Бақытжамал
Ерманова

туралы
баллада
немесе
Жүрсін

Ермановтың Жүрек сыры» деп аталатын салақұлаш өлеңімнен
үзінді келтірейін.
Айналайын ақ құсым,
Балапандай баптадым.

Басқа қонған бақпысың,
Аққуымдай аппағым!..
Гитарадай мүсінді,
Пернедегі әнімсің.

Жанбай тұрған ісімді
Жандыратын жалынсың.
Аспандағы айымсың,
Кейде сені «Нұр!» десем...

Бірде – биші қайыңсың,
Бәйтерексің – бірде сен.
Ұйықтағанда – патшамсың,
Оянғанда – уәзірім.

Кассадағы – ақшамсың,
Картадағы – көзірім.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Өлеңдегі – лиригім,
Айтыстағы – ақыным.
Алынбаған сыйлығым,

Жарылмаған атомым.
Бақшадағы – өрігім,
Жұпар иісін жұтамын.
Ғасырдағы – қорығым,

Менің «Қызыл кітабым».
Берекедей сезінем,
Беделім мен бет-арым.
Жұртбаевтай – шежірем,

Омашевтай – деканым.
Таптың қыз бен ұлды да,
Ғұмырымсың жалғасқан.
Айтовтай сұңғыла,

Майтановтай – марғасқам.
Саясатта – тірегім,
Парламенттей сөзімсің.
Кандидаттың бірі едің,

Депутатым – өзіңсің.
Шығарасың заңыңды
Шыр-пыр болып ей, жаным.
Шығарады жанымды,

Шырылдатып кей заңың.
Шымырланып ширықтым,
Одан сайын ұштадың.
Аюындай цирктің

Мені үйретіп ұстадың.
Кәмпит беріп, қамшылап
«Алэ-оп!» деп билеттің.
Айналамыз – аншлаг,

Дос жиюды үйреттің...

Мен бұл өлеңді Тұрсын Жұртбай, Намазалы Омашұлы,
Несіпбек Айтұлы, Бақытжан Майтанов секілді майталман
курстастарыңның мерейін өсіре отырып, ердің жасы елуге
толғаныңда жазған едім. Қазір ойласам, бір жерден қате

кетіппін. «Қай тұстан?» дейсіз бе? «Жүрсін парктегі аю секілді.
«Алэ-оп!» десең айтқаныңа көніп, билейді» деген өз пікіріме
өзім қарсы шығам. Сірә, көпшік қойып көсілте салғанмын
ғой.

Жақында
сенің
мерейтойыңа
байланысты

«Алаш
айнасы» газетіне берген сұхбатымда ағымнан жарылдым.
Сол пікірім мынау: «Егер әдебиетті циркке теңесең, ондағы
барлық хайуанаттар адамның айтқанына көнеді, айдағанына

жүреді. Бүкіл жан-жануардың ішінде тек қасқыр ғана циркке
бағынбайды екен. Менің досым Жүрсін Ерманов әдебиеттегі
қасқыр сияқты. Оны үйрете алмайсың, таяқтың үстінен секірте
алмайсың. Ол – өзіндік мінезі, өзіндік қаны бар қаламгер».

Осы пікірім – пікір. Енді айнымаймын.
Жүрсін дос!
Сен іскерсің. Мектепте оқып жүргенімізде «Жоқтан бар
болмайды, бар нәрсе жоғалып кетпейді» деген қағи­даны

құлағымызға құйып өстік қой. Сен осы қағиданы жоққа шы­
ғарған жігітсің. Қалай? Сен – жоқ нәрсені жонып, бар жасайтын
қа­бі­­лет­ті қаламгерсің. Сол қасиетің туралы мынандай пародия
жаз­­ғам: «Кәнігі кәсіпкер, әйгілі меценат Өмірзақ Сәрсенов

демеу­­ші­лер жөнінде күй шығарған өнерпаздарға бәйге жария­
ласа, қай өнерпаз қайтер еді? Бәлкім, қоңыр домбырасын
қолы­на ұстап Қоразбайдың Алтынбегі елден бұрын жетер ме
еді? Алда-жалда қара көрсетсе:

– Өмеке, өзіңізге мәлім, алты Алаштың аузында жүрген

«Үшқоңыр», «Сарыарқа» деген әндерімнің сөзін жазған
Елбасының өзі! – дейді Алтекең арқаланып. – Одан бұрыны­рақ
Заманбек Нұрқаділовтің «Өмір де өмір, өмір-ай!» деген өле­ңіне
ән шығардым. Мақпал орындады. Енді сіз туралы «Демеу­қожа»

деген күй шығарам, Өмеке!

– Қанша сұрайсың?

– Бес мың доллар! Бір мыңын өзім алам, бір мыңын бала-

шағама берем, үш мыңын есеп-шотыма салып қоям.
Серілердің соңғы тұяғындай Секен Тұрысбеков:

– Өмеке, – дейді алыстан орағыта, – баяғыда біреу аққу­

лардың қанатын қырқып жатса, «Әй, мұның не?» дейді көршісі
көріп. Сөйтсе әлгі әпенді айтыпты:

– Ұшып кетпесін деп қырқып жатырмын!

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Сонда көршісі:

– Айналайын-ау, қанатын қайшыламай-ақ, аққудың

алдына жем шашып ұрсаң, өзі-ақ ұшпайды ғой! – деген екен.
Сол айтқандай, Өмеке, сіз қаншама аққуға қанат қақтыр­
дыңыз. Анаңызға арнап «Ақжүніс» деген күй шығарсам, енді
сізге «Демеу толқыны» деген күй арнаймын.

– Қанша сұрайсың?

– Он мың доллар! Бес мыңын өзім алам, үш мыңын бала-

шағама ұстатам. Екі мыңы – есеп-шотыма. Бітті!
Домбырасын шертпей, жүйріктерін ертпей Жүрсін Ерман
келеді де:

– Өмеке, – дейді келтесінен кесіп сөйлеп, – сіздің туған

жеріңізге арнап «Бақанас – елдің байтағы» деген әнге сөз жаз­
ғанымды білесіз. Дегеніме көнсеңіз, сізге шашетектен пайда
әкелем, күйді де күмбірлетем.

– Қанша сұрайсың?

– Жүз мың доллар! Елу мыңын өзім алам! Маған демеу­ші

болғаныңыз үшін қырық бес мыңын өзіңізге берем. Бес мыңы

– Қоразбаевқа! Күйді сол-ақ шығарсын!».

Мысалы бір бөренені олақ ұстаға беріп, «Осыдан келі
жаса!» деп тапсырайықшы. Ол «Ойбай, келі шықпайды,
келсап жасаймын!» дейді. Келсапты жонып-жонып, «Ойбай,
келсап шықпады, кетпен сап жасаймын» дейді. Ақыр аяғында

келі де жоқ, келсап та жоқ, кетпен сап та жоқ... «Міне, мен
тіс шұқығыш жасадым!» деп қуанады. Ал, сен бір бөренеден
бір үй тұрғызасың. Қалай? Өзің білесің ғой... Дәлел керек пе?
Айтыс ақындарына мінгізген машинаңның саны жүзден асады.

Айтыс өнерін мемлекет өз қарамағына алып, тәуелсіздік күніне
орай Астанада үлкен дүбір өтті. Айтыстың бас бапкері Мырза­
тай Жолдасбеков төрт доңғалақ тігіп еді, ойда жоқта Қайрат
Сатыбалды үш ақынға үш машинаның кілтін ұстатты. Міне,

бір бөренеден бір үй тұрғызу деген осы. Қазақтың төл мұрасы
ақындар айтысын Мәскеу мен Париж сахнасында, Ташкент
төрінде дәріптеуге мұрындық болдың. Өз сөзіңмен айтқанда
«айтыс үшін сайтанмен де тіл табыса» білесің.

Физика ғылымының негізін салған әйгілі ғалым Альберт
Эйнштейннің жазған диссертациясы үш жарым-ақ бет екен.
Қорғауға келгенде ғылыми кеңестің мүшелері:

– Ей, мынауың не? – деп шуламай ма... Сонда жас ғалым:

– Мен ашқан жаңалығымды ғана жаздым. Оның себеп-

салдары мен дәйегін келтіріп, үш жүз бетке толтырғаннан не
пайда? – деген екен.
Ал өзіміздің Қалағаң, Қалтай Мұхамеджанов «Маркстің
үш том «Капиталын» атам қазақ үш-ақ сөзбен баяғыда айтып

қойған» дейтін. 1. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды»

2.»Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
3.»Бай – байға құяды, сай – сайға құяды»
«Мұнымен не айтпақшысың?» дейсің бе? Эйнштейн се­кілді
төте жолға түсейін немесе Қалтай ағамдай қажетті ойымды

іріктеп, тоқ етеріне тоқтайын. 1. Механика теориясы бойынша, үлкен шестерня бір ай­

нал­ғанда, кіші шестерня шыр айналады. Айтыс өнерінің меха­
низмінде Жүрсін Ерман – үлкен шестерня. Ал айтыс ақындары

– кіші шестерня.

2. Қасиетті хадиске зейін қойсақ, «Білімді бойына жинаған,

бірақ оны айналасына таратпаған адам пайдаға асырыл­май
жатқан мол қазынаның сақтаушысына ұқсайды». Жүрсін­нің
табиғи таланты мен білікті білімі жасырын жатқан алтын көмбе
секілді. Әсіресе поэзиядағы тотықпайтын қазынасы толық

ашылмаған. 3. Ұлытаудағы Қарақұм ауылына күмбезден мешіт сал­

дырды. Бұдан бес жыл бұрын 25 айтыс ақынының иманын
толтырып, Мекке-Мединеге солармен бірге қажылық сапар
шегіп қайтты. Енді міне, ақпан айының екінші жартысында
Қайрат Сатыбалдының демеушілігімен 50 ақынды бастап,

ғұмыра қажылығына бара жатыр. Жүрсін – жауапты да сауапты
істің арасында жүрген атпал азамат.

4. Жүрсіннің бер жағы бетпақ болғанмен, ар жағы әппақ,

жүрегі жұмсақ. Ақын – алмас қанжар, өлең – оның қайрағы.
Дана қазақ алмас қанжарын жұмсақ қайраққа қайраған.
... Жүрсін-ау, қанжарыңды қайрай бер, қайрай бер!..
Көпен ӘМІР-БЕК

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н «О, ТӘҢІРІМ! ҚУАТ БЕРШІ ҚАЛАМҒА...» «Б іздің ауыл — жердің түбінде. Біздің ауылдың ар жағында жер де, ел де жоқ болуы мүмкін», – дейді Жүрсін Ерман «Алматы мен Қоскөлдің арасында» атты эссесінде. Біздің бәріміз де өркениеттен өте алыс қазақ ауылында туып, өстік. Ауыл – біздің Алаштың ғана емес, адамзат жырының алтын арнасы. Сергей Есениннің күллі өлеңдері қалың орыс орманының ақ қайыңдарынан тамыр тартады. Одан кейін туған Рубцовтың да музасы – орыс деревнясы.  Біздің Қасым: «Шықшы тауға, қарашы кең далама» деген! Біреуі – Атырау, біреуі – Алатау, енді бірі – Алтайдан шыққан Фариза, Сәкен (Иманасов) сынды ағаәпкем, Ұлықбек бауырларымды айтпағанда... Он жеті-он сегіз жасында шулы қалаға келіп, алды – жетпіс, арты алпысты алқымдаса да, олардың бәрінің екі көзі – далада. Топырақтың киесі деген  – осы. «Ей, Половецкий край! – дейді орысша жазатын Олжастың өзі, – Ты табунами славен...» Жүрсін – Сарыарқаның Ұлытауынан. Мен – ҚызыларайАқсораңнан едім. Екеуіміздің өлеңдеріміз өрімдей жас кезі­мізде облыстық «Орталық Қазақстан» газетіне қатарласа, қапталдаса жарияланушы еді. Біз бір-бірімізді 13-14 жасымыздан білеміз. Бірде оның өлеңдері осы газетте Мақ­сұт Байсейітов деген арқалы ақынның алғысөзімен шықты. Енді бірде  – Жайық Бектұровтың жылы лебізімен... Жарыса өлең жазатын Бағдат Мекей екеуіміз Жүрсіннің қалам сілтесіне Қы­зыл­арайда жатып, мәз-мәйрам боламыз. Жайық ақсақалдың көзіне біздің бәрімізден гөрі ерте түсіп, қазақтың жақсы-жайсаңының қолын бәрімізден бұрын ұстаған Жүрсін Ерман келе-келе алшаң-алшаң басып жүретін болды. Оның мұрты көкке шаншылып, шалықтай сөйлейтін жөні бар екен. Шыр етіп түскен топырағы – қазақ хандарын ақ киізге орап, алтын таққа отырғызған Ұлытау. Осы Жүрсін­нің

аузы дуалы бір ағасы, академик Ғабдолла Құлқыбай марқұм:
«Ұлытау – ұлт­тық ұлылығыңның кіндігі!» деуші еді.
Мұндай топырақтан не Азамат, не Ақын болып тумау
мүмкін емес те сияқты.

Түйеге мінгені төрт ауыз, ат үстіндегісі алты ауыз өлең
айтпаса көңілі көншімей­тін қазақты. Ақын туралы ой-талғамы
дүниеге Абай келгеннен кейін қатал тезге түскен. Пушкин оны
Пайғамбар дәрежесіне көтерсе, сол Пушкинді қазақ сахарасына

жетектеп әкелген Абайдын өзі де Алаштың піріне айналған.
Ақын дегеніміз – пенделерден әлдеқайда биік, Періштеден
сәл төмен, Тәңірінің тізесінен келетін тұлға болуы тиіс-ті.
Ақындықтың адамзат қауымдастығындағы осынау тарихи

миссиясын жан-тәнімен түйсініп, азабына көніп, ғажабына
кенелгендердің бірі һәм бірегейі менің осы – Жүрсін бауырым.
«Күтірлетіп белдеуді, Күнде тұлпар-жыр тарпып, Күмбір-
күмбір кеудеден, Күбір-күбір сыр тартып; Құпиялы жыр-

сезім, Құйылатын шақ қандай. Бір сөзіңнен бір сөзің, Асып
түсіп жатқандай! Жүгіресің шапқылап, естіртуге даусыңды.
Судың бәрі – ақ бұлақ, шудың бәрі – ән сынды. Жан көрінбей
көзіңе, ой ойлайсың не түрлі, Қыздың бәрі өзіңе Құмартатын

секілді. Өртесе өлең өзекті, Өзіңдікі бұл қалам, Өлеңің бар
газетті Оқитындай күллі адам. Таң қалмасқа – таң қалдық, Көз
сүзбеске – көз сүздік. Бұл не деген аңғалдық, бұл не деген –
ессіздік! Биік ұста еңсені, тасымасқа  тасатын; Сағындым-ау,

мен сені, жайраңдаған жас ақын!». Бұл – Жүрсіннің «Деуші еді
бізді жас ақын» деген өлеңі. Қандай шынайы! Ол – Ұлытауда,
мен – Ақсораңда жүргенде тура осындай алып ұшқан асау
сезімді бастан кешкенбіз. Қолына қалам ұстап, ала қағазға

темірген күллі шайырдың басындағы тағдыр бұл! Ал мынау
оның Ұлытауда жүріп, 13-14 жаста жазған өлеңі. «Орталық
Қазақстанның» сол кездегі бір санынан көзімізге түсіп, көкейде
жатталып қал­ған. Содан бері қырық жыл өтсе де, ұмытылмапты:

«Қарлығаш-балаң, қанаты талып құласа, Қуантпас, бірақ, жан
анам, сені бұл аса; Қанатын созып құлайтын шығар сен жаққа,
сонан соң ғана жылайтын шығар жыласа».
Ұлытауда туған баланың Ұлытауға деген лебізі: «Ұлытаудың

ұраны –ұлар, ұлар, Ұлары жоқ, бұл таудың мұнары бар. Ұлы
таудың алдында ұяттымыз,  Кім ауырар ұяттан, кім арылар?!
Ұлытауға бардың ба? Ұлар қайда? Ұлы қайғың уылжып

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
тұнар бойда. Ұры тісің секілді у сезімің Уын жайып уілдеп
тұрар ма ойда...
Арқар ауып кеткен соң, ұлар ұшып, Қолға түспей қасқыр

да қылар ішік, Кілең темір құрсанған құрбыларым, Киігімен
даланың жүр алысып. Ұлытаудың ұлары-ау, Ұлытаудың,
Құлағыңа жете ме үні таудың? Ұлар қашқан күндерді ұмыт,
аулым, Ұнжырғасы түспесін ұлы таудың! Ұлытауым, ұлығым,

ұлтым менің, Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін. Ұларыңды ойлама,
ұлыңды ойла, Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім, Ұлытауым,
ұлығым, ұлтым менің!». Кіндік кесіп, кір жуған жұртым менің
демейді – Ұлтым менің дейді! Алақандай Ұлытауын Алашқа

айналдырап жіберген!
Мынау – «Кейкі»: «Ғасырлар өтер, бәлкім, кек суынар.
Қылышын ұлдар «Кейкі» деп суырар. Ал менің жүзім қайдан
жарқын болсын – кеудемде Кейкі ағамның өксігі бар...».

«Кеңшілік
Мырзабековті
Алматыдан
аттандыруды»

оқығанда бүгінгі қазақ өлеңінің қандай биікке бет алып бара
жат­қанына көзің жеткендей болады: «Аттандырды соңғы рет
елге сені, Өзің көрген Алматы сол кешегі. «Екі-ақ сағат ішінде
Торғайыңа жетеді!» – деп біреулер жол кеседі. Сенің жолың

кешеден кесілуде, Жатсың үнсіз табыттың бесігінде. Жі­
бергісі келмей ме Алматыдан —Самолеті Торғайдың кешігуде.
Самолеті Торғайдың кешігуде, Шешінуге шамаң жоқ, көсілуге.
Мерт боп елге оралған жауынгердей, Сен жатырсың қу темір

бесігіңде. Келмедің бе, келдің бе кемеріңе, Мін тағар ма
мұндарлар өлеңіңе. Мәңгі­ліктің мерт болып майданында,
Қайтып бара жатырсың Сен еліңе. Мақсатына жеттің бе,
жетпедің бе, Күн түсіре алдың ба көп көңілге, Өміріміз бар еді

өткенінде, Тағдырымыз жатыр ма кеткеніңде... Кейіме енді
досқа да, жарыңа да, Бітер жері ғұмырдың бәрі – нала. Жаяу-
жалпы жетіп ең Алматыға, Ұшайын деп жатырсың, Сары бала!
Бір жұмбақ бар тағдырдың кесімінде, Ұшайын деп жатырсың

бесігіңде, Құшайын деп жатырсын мәңгілікті... Само­леті
ғайыптың кешігу­де!».
Адам баласының арқасын шымырлататын бұдан өткен
азалы өлең болмайды! Осы бетте кете берсем, Жүрсіннің

тандамалысындағы шебердің қолынан шыққандай жауһар­
ларды шетінен тізе беруім мүмкін ғой. Соңғы өлеңімен
тоқтайын: «Жақсы сөзін арнап жатыр жар маған, Жар дегенім

— жар ғана емес —бар ғалам. Бүгін менің туған күнім, нешеге

Келге­німді айтуға да арланам. Қыздың жолы секілденіп
жіңішке, Өмір таяп келе жатыр финишке. Тұлпар едім — тұяғы
жер тарпыған, Тұ­ғыр болдым, жарамайтын мініс­ке. Туған
күнім... Қатерлі күн бұл күн шын, Демейді ешкім топ жаратын

дүлдүлсің. Алғы сөзді жазған — Мақсұт Байсейіт, Соңғы сөзді
кім жазарын кім білсін...». Оның қай өлеңін оқысаңыз да,
қамшының сабындай өмірдің көз алдында қырық құбылған
құбылысы атойлай жөнеледі. Қаймана қазақ түгілі, ормандай

орысына да жақпаған Виссарион Бе­линскийдің құдайдың зары
ғып айтатын поэзия дегені осы — көзінен аққан жас немесе
көмейден шыққан күлкі, тізеңді дірілдеткен қорқыныш,
сартап болған сағыныш; төскейден көрінген гүл, төбеңнен

төгілген нұр, көкіректен шыққан өксік, көкейде қалған бейне
ғой! Жүрсіннің «Таңдамалы 70 өлеңін» осындағы көзінен
басқа ойы жоқ (Абай) көптеген қаламдастарымның 7 томына
айырбастамас едім! Өлеңшіге бәрібір: шөп те — өлең, шөңге де –

өлең. Бәрін ұйқасқа салып, ұрандата береді. Оларда жамыраған
сөз, жарқ-жұрқ еткен теңеу, шап-шұп еткен ұйқас дейсің бе,
«өлең техникасы» деген өліктей суық ұғымға керектің бәрі де
бар. Бір-ақ нәрсе – Поэ­зия жоқ қой!

Жүрсін – кеңес өкіметі кезінде қазан-ошақ, той-томалақтың
қасында қалып бара жатқан Айтыс өнерін ажал аузынан
арашалап алған адам! Айтыстың арқасына аруақ біткен кезең
әлі есімде. Коммунист дейтін қызыл көздер төбеден тайраңдап,

кеңес өкіметінің қайраңдап бара жат­қан кезі. Төрде —
қабағынан қар жау­ған Колбин, төменде — Қонысбай Әбілов,
Ерік Асқаров, Баянғали Әлім­жанов, Әзімбек Жанқұлиев,
келмеске кеткелі тұрған анти-адамзаттық формацияның ит

терісін басына қаптап жат­қан кезең еді-ау!
Жүрсіннің Айтысының жұлдызды сәттері — бұл!
Енді ол қайталана ма, қайталанбай ма?!
Әй, қайдам...

Жүрсін Ерман – Айтыс арқылы аяқ-қолы кісендеулі
Алашын көкжиектен сұлбасы көріне бастаған тәуелсіздікті
етек-жеңін жинап, еңселі ел боп қарсы алуға дайындаған кісі!
Сол кездегі айтыс ел арасында ұлан-асыр ұлттық-қоғамдық

пікір туғызды. Адольф Янушкевичтің ХІХ ғасырда айтқан
айтыс туралы асқақ ойы сонда миымызға сарт ете  түскен:

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
«Айтыс басталды. Тылсым тыныштық қайтадан орнады.
Олимп ойындарындағыдай-ақ екі ақын бір-бірімен сайысқа
түсті. Бірі шумақпен атқылай бастаса, екіншісі дереу жауап

қайтарады: біріншісі батыл шабуылдайды, екіншісі шебер
қорғанады. Екеуі де қыза-қыза айтысты қатты шиеленістірді.
Орынбай
домбырасын

қағып-қағып
жіберіп,
дүниенің
басы — Адам Ата мен Хауа Анадан түсіп, мына отырған

сұлтандарға тағзым еткендей, аты шыққан арғы аталардың
әрқайсысын бір-бір көтеріп тастады. Содан Нұх кемесіне
мініп, топан судан өтті де, Арараттың биігінен бүкіл Інжіл
тарихын шолып  өтті. Жолшыбай барлық оқиғаларды, тіпті

Вавилонның Навуходоноссорын да, Египеттің перға­уындарын
да қалдырмай сүзіп шықты. Сағат бойы толассыз жырлап,
Ниагара сарқырамасындай арындап келіп, ақыры ол аман-сау
Мұхаммедтің өзіне де жетті-ау! Соңғы он ғасырды құшағына

алып дауылдатқан бұл жыр ислам қаһармандарының басынан
құйылып, бүкіл қазақ даласына толықси жайылар ма еді... Жоқ!
Меккеден жаңа шыға берген кезде біздің жезтаңдай әншінің
домбырасының ішегі үзілді. Өзім ойға қалдым. Осының бәрін

мен дүниежүзі тағы және жабайы санайтын далада көшіп
жүретін халықтың ортасында өз құлағыммен тыңдадым ғой!
Бұдан бір неше күн бұрын  өзара жаулас­қан екі партияның
арасындағы қақты­ғыс­тың куәсі болған едім. Сонда Демосфен

мен Цицерон туралы ғұмыры есіт­пеген шешендерге таң қалып,
қол соққанмын. Ал бүгін, оқи да жаза да біл­мейтін ақындар
менің алдымда өнерлерін жайып салды. Олардың жыры жаныма
жылы тиіп, жүрегімнің қылын қозғады, сонысымен тәнті етті...

Имандай сырым! Тәңірім бо­йына осыншама қабілет дарытқан
халық цивилизацияға жат болып қалуы мүмкін емес, оның
рухы қазақ даласында аспандай көтеріліп, жарқырап сәуле
шашатын болады! Сормаңдай құл-құтандарды менсінбейтін

Үндістанның жоғары касталары сықылды, өзіне жоғарыдан
қарайтын халықтар арасынан бұл көшпелілердің де құрметті
орын алатын кезі келеді!» (А.Янушкевич, «Күнделіктер мен
хаттар», 82-85-беттер).

Дәл осы Янушкевичті тәнті қылған қазақтың айтысын аман
алып қалып, өркениет өріне алып шықса, Алла Алашты жа­
рылқамай қоймайды! Өйткені, бүгінде кешегі дала демо­кра­
тиясының бізде қалған жар дегендегі жалғыз бөлшегі – осы.

Өкінішке қарай – осы ғана!

Айтыс өнері қайта атойлап теледидар­ға шыққанда Мұха­
мед­жан Тазабековтың аузынан түсе қалған мына інжу-маржан­
дар кімді бей-жай қалдырады:«Жарамас ізгі өнерді жандан­дыр­
май, Айтыстың ауылында шам жандырмай. Ассалау­мағалей­

күм, абзал елім, артына сөз қалдыр­ған — мал қалдырмай!
Мейріміңді көріп мен иілемін, Меккеге жеті ай жүріп бар­ған
құлдай, Иманды сөзім сіңсін жүре­гіңе, Әулиеге әуеден тамған
нұрдай. Көптің көңілін қалдырған жан емеспін, Шөптің

шөлін қандырған ақ жаңбырдай; Салмақтап салиқалы сөз
тастайын, сарымайдан суырып алған қылдай, Алладан жәр­дем
тілеп сөз бастадым, Намаздан жаңылмаған нар Жамбылдай!».
Ақ қағазға алаңсыз телміретін біздің де қаламымызға іліге

қоймайтын төгілген әуен,өрілген өрім, Әсеттің Кемпірбаймен
бақылдасуымен үндесетін осынау ыршыған ырғақтар маған
сол кезде өлеңдегі соны бір құбылыстай көрініп еді...
Кейін Мұхамеджан дінді ұстанып кетті де, оның айтыстағы

орны ойсырап қалды. Әлі үңірейіп тұр!
Жүрсін халықаралық айтыс та өткіз­ген. Дүниеге тарыдай
тарап кеткен қазақ теңіздей бір тебіреніп еді сонда! Жүрсін
Ерманның «Құлмамбеттің құлыны» деген бір толғауын осыдан

біраз жыл бұрын егіліп оқығаным бүгін есіме түсіп отыр. Жүрсін
онда бір айтыста сүрініп кеткен Оразалының аудиотаспасын
тауып алып, одан небір маржан шумақтар көріп, мәз-мәйрам
болғанын есіне алады. Ертеңіне қазылар алқасымен «айтысып»,

оны аламанға қайта қосады. Осы Оразалы опат болғанда
жерлейтін жер таба алмай, тентіреп жүріп, оған туыс болып
келетін бір кейуананың сол қаралы хабар келген күні қаннен
қаперсіз кір жуып жатқанының үстінен түседі!

Осыны оқып, «Жүрсіннің де көрмегені жоқ екен-ау!» – деп
ойладым мен: «Оразалы! Қаңғыған оқтан болар бөрі ажалы.
Сені де қинар ма екен көр азабы?! Сенің үйің үйлердің шеткісі
еді, Түнгі мейман шеткі үйге кеп түседі. Домбыраңды әлдилеп

жүргеніңде, Домбыраңның үзіліп кетті ішегі... Сөзден соғам
деп жүріп зор мұнара, Сорың қайнап қалдың-ау, сорлы бала!
Талантты өзі жаратып, Тәңіріміз, сол таланттың алдынан
тор құра ма?! Тартып туса тегінен сұңқарға асыл, Тура келген

тағдырдан бұлтармас ұл. Шаң қаптырып кетті ме қапияда,
Тақымыңнан бұлт етіп тұлпар ғасыр?! Ай, Ораз-ай, Ораз-ай,
Ораз ақын! Заманада бөрі арып, ер азатын, Тік көтеріп төбеңе

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
талантынды, Түсірмеп ең төменге төре затын. Амандықпен,
адаммен араз ғасыр, Айтпайтынын біліп ек Оразға сыр. Өзіме-
өзім дұға оқып отырғандай, Көздің жасы тамады қағазға сұр...

Айырықша естілген әуелде үні, Алты Алашқа танымал, әуенді
іні. Қош бол енді, тәуелсіз қағанаттың, тау­қыметке туғаннан
тәуелді ұлы!». Мұндай жырды айтысты ғана емес, Алашын
жан-тәнімен сүйетін Ақын ғана жаза алады!

«Мерген уақыттың қарауылына іліккен айтыс сарбаздары
саптан шығып қалып жатыр» – деп боздайды ақын Жүрсін,
таудай азамат Жүрсін, – Ең әуелі «илигай-лап» келіп бір-ақ
күнде бәрімізді тәнті еткен Жандарбек Бегімбетов кісі қолынан

қаза тапты! Атаңа нәлет, қай қаныпезердің өлімге қиып
жібергенін білген кісі жоқ. Сосын, Көкшетау мен Астана­
ның арасындағы қара жолда Ерік Асқаровтың арбасы қирады.
80-жылдардың ортасында Алаш баласын ақиқатқа ұйытқан

ақперен ақын сол еді. Одан соң Әзімбек Жанқұлиевтың туы
жығылды...».
Қасымның 90 жылдығында Жүрсін екеуміз Қарқаралыда
бір бөлмеде құшақтасып жатып, түнді таңға ұрып, қазіргі қазақ

жыры хақында сырласып едік. «Айтыскерлерге бір машина
берсендер, біздің жинағымызға екі машина беріңдер!» деген
Қадыр Мырза-Әлінің қанатты сөзіне екеуміз де ішек-сілеміз
қатып күлдік. Мен оған айтысқа қатысты өкпе-назымды төгіп

салдым. Янушкевич айтатын айтыс­тың ажары солғындап бара
жатқанын айт­қам.

– Осыдан Алматыға бара сала мүшәйра өткіземін! – деді

Жүрсін мағымұрланып. Кейін менің сондағы Жүрсінге айт­
қан назым Нұртілеу Иманғалидың «Бетпе-бет» бағдарламасы
арқылы республикалық теледидарға шықты. Әрине, Жүрсіннің
қолқа салуымен. Содан «Ақсұңқарұлы – айтысқа қарсы» деген

сөз тарап кетті. Оған да он жыл болып қалды...
Былтыр Қарағандыдағы бір қонақасыда Қоялы Аяпбергенов
деген профессор ағаммен жолығып қалдым. Ол кісімен де
көріспегенімізге он шақты жылдың мұғдары болған екен. Алаш

мұраты десе ішкен асын жерге қоятын адам. Өзі бұрын­ғыдай
ашық-жарқын емес. Қабағы салыңқы. Әңгімеміз жараспай,
біраз үнсіз тұрдық. Бір сылтау айтып, сытылып кетіп бара
жатыр едім:

– Әй, Серік! – деді ағам. Түсі бұрынғыдан да суып барады, –

Мен сені жақсы көруші едім, – деді сонан біраз күрсініп тұрып,

– Осы сенің айтыста нең бар?! Соның түбіне жеткен сен деп

жүр ғой жұрт?!
Зәрем ұшып кетті:

– Ақсақал-ау! – дедім жанұшырып, – Айтыста менің қандай

хақым бар?! Алаштың айтулы өнеріне тыйым салатындай мен
кім едім?!!
Ағам теріс бұрылып кетіп қалды.
Меніңше, мені кінәлап барады...

Құдай-ау, қазаққа қатысы бар дүние­ге қарсы бірдеңе айтуға
мүлде болмайды екен ғой!!! Бұл сөзді айтыстың киесі барына
көзі жеткен адам айтып отыр – имандай шыным!
Сол жылдың күзінде Жүрсін уәдесінде тұрып, Қазақстан

тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған халықаралық мүшәйра
өткізді. Оның шығынын да өзі көтеріп алды. Сол кезде оның
өзінің де шекесі шылқып жүрген жоқ-ты.
Жүрсіннің «Бір өлең – бір әлем» атты мүшәйрасы қазақ

поэзиясының босағада қалып бара жатқан басын төрге бір
шығарып кетті!
Оған бірақ бәйге алатын ақындар ғана келіп, бәйгесін алып
кеткен немесе одан күдерін үзген ақындар келмей қойды...

Сонда Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев сынды
меценаттардың біреуі:

– Жүрсін-ау, ақындардың мұнысы несі?! Мен бұларға айлық

төлеп жүргем жоқ. Бәйге беріп жатқан жоқпын ба?! – депті...
Ел ерге қарайды. Жүрсін сол күні жерге қараған болуы
керек!
«Бір өлең – бір әлем» содан кейін «көрген түскі сағымдай»

болды.
Жүрсін Ерман – қазақ руханиятындағы саусақпен санар­
лық­тай реформаторлардың бірі! Қара танымаған көшпелі­лер­
дің көкірегінде сарқырап қайнап, өзегіне өрт боп түсіп, өмір

сүру тәсіліне айналған Айтыс жаһандану заманында осы Жүрсін
Ерманның шыр-пыр болуымен қайтадан атқа қонды! Орыс­
тар мұндай тұлғаларды «Подвижник нации» дейді. Қазақша
баламасын таба алмай отырмын. Образға орап айтқанда, өзінің

қу қарақан басына қарамай, ұлты мен ұлысын ғана ойлай­тын

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
азамат дегенге келіңкірейді. Олар атақты Третьяков галерея­
сын ашқан көпесінен бастап, сутегі бомбасын жасап, кейін
өз ісіне өзі өкінген диссидент, академик Сахаровты, тіпті,

орыстың халық хорын құрған хормейстріне дейін осылай
атайды. Айтысты аман алып қалған Жүрсін Ерманның есімі де
қазақ үшін осындай тұлғалардың қатарында тұруға тиіс!
Өткен ғасырдың 60-жылдары облыстық газетке Арқа­ның

екі шоқысы Ұлытау мен Қызыларайдан жарыса өлең жібе­ріп,
пошта таситын «Ан-2»-нің дүр өткен дауы­сына елеңдеп жү­
ретін сол екі баланың біреуі, егіздің сыңары Жүрсін Ерман да
бүгін алпысқа аяқ артып отыр.

«О, Тәңірім! Қуат берші қаламға! – дейді ол көмейінен жыр
төгерде Жаратқан Жалғыз Иеден медет сұрайтын Жамбыл
бабасына ұқсап.
Тәңірі оның сұрағанын берді.

Жамбыл жүзге келген.
Туасы соның мұңын – мұңдап, жырын – жырлап жүрген­
дердің біреуі осы ғой. Қолына домбыра ұстаған жыраудың
жасына қалам ұстағандардын біреуі жетер болса, осы Жүрсін

жетуге тиіс!
Серік АҚСҰҢҚАР

ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАР АҚЫНЫ А қындық Тәңірдің сыйы деседі. Өнердің қай түрі болса да жаратушының жарылқауымен адам баласына берілетін көрінеді. Басқа-басқа, қазақтың айтыс өнерін кім қалай түсінеді?  Тоғыз ғасырлық тарихты тоғыз минутқа сыйдырып жырлау, жеті көк пен жетіқат жерді суырып салма сөз өнері арқылы өрнектеу қазақ жандүниесінің жұмбаққа толы сырлы бояуының бір қыры емес деп кім айтар?! Арыға бармай-ақ, Біржан – Сара, Кемпірбай – Шөже, Жамбыл, Құлмамбет, Сүйінбай – Қатаған секілді ақындардан өнеге алған төл өнердің керегесі кеңге жайылған тұс Жүрсін Ерманмен байланысты екеніне ешкім көз жұма қарамас. Ұлытаудың ұланы бола жүріп, айтыстың туын Алаш жұртына қайта қадаған, сан ғасырлық тарихы бар киелі өнерге реформаторлық деңгейде өзгеріс енгізген ұлар ақын туралы әңгіме газеттің бір бетіне сыймақ емес. Біз бүгін көгілдір экраннан көркем ой мен образдың терең қатпарын тебірене толғайтын айтыскерлердің Жүрсін Ерман жөніндегі пікірлеріне кезек беріп отырмыз. Кезінде айтыстың түлеу дәуірін әзілқой ақын Әзімбектермен көтерісіп, соңынан тұтас буынды ерткен Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованы білмейтін қауым кемде-кем; ұлттық өнердің шырайын шырынды тілімен, ұрымды да уытты ойымен кіргізіп, жұртшылық көңілінен көгершін қиялы арқылы орын алған әз ақын замандасы Жүрсін Ерманов хақында ойын былай өрбітті: – Әлі есімде, өткен ғасырдың сексенінші жылдары­ның бас кезі қазақтың ұлт болып қалу-қалмауы таразыға түскен сәт еді. Сол кезде ұлтты ояту, рухани түлету кезек күттірмес мәселе болатын. Бірақ шеңгелі мықты қызыл үкіметтің сансаланы шырмап алған торынан жол табу қиын еді. Міне, осы кезде, дәл уақытында қазақтың айтыс өнері қайта жандана

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
бастады. Ал соның басы-қасында Жүрсін Ерман жүрді. Қазақ
мәдениеті қос өкпесін қысқан идеологияның илеуіне түскенде
соған жаңа леп әкелген, руханияттың мөлдір бұлағын, ұлттың

жадын сусындатқан осы айтыс екенін ешкім жоққа шығармас.
Ас­тарлы ой, зілсіз әзіл, шұрайлы тіл ауыл-ауылды кезіп,
бірін-бірі түсінуден қалып бара жатқан әр өңірдің қазақтарын
қай­тадан қауыштырды. Қауқылдасып, қазақ екеніне мақта­

нысып жүретін жастар легі өсті. Бұл бір қарағанға білінбе­ге­
німен, шын мәнінде әр қазақ отбасы сол кезде айтысты асыға
күтуші еді. Қоңыр кештерде теледидар алдына жиналып алып,
айтыскерлермен бірге алақызып отырған талай отбасын өз

көзіммен көрдім. Жүрсін жұптаған екі ақынның айтысы күллі
қазақ даласын әуенімен тербетіп отырғанын көргенде қазақ­тай
бақытты ұлт екеніміз есімізге түсіп, көкірегімізді мақтаныш
кернейтін. Жүрсін қай айтысқа шақырса да, асығып, аптығып

жететінбіз. Қайым айтыс, жұмбақ айтыс, қыз бен жігіт айтысы
дейсіз бе, сан тараулы, сан-салалы өнердің көшін өрге жүргіздік.
Сол бір дүбірлі топтағы аламанды еске алған сайын Жүрсін­нің
ұлтқа өлшеусіз қосқан еңбегі ойға оралады. Айтыскер­лердің

қаншама буынын сахнаға үкілеп әкелмеді дейсіз. Бірінен бірі
озған сол ақтангерлердің қызығы мен шыжығын қатар көріп
келе жатқан азаматқа қандай мадақ айтсақ та лайықты. Ұлт
жоқшысы, руханият жоқшысы бола білген нағыз ер. Ал ер үшін

«алпыс – тал түс» қой. Жүрсін әлі талай жүйріктерін баптап,
кермеден күтіп алатынына сенімдімін.
Еңсегей бойлы Есенқұл Жа­қыпбеков қара домбырасын құ­
шақтап сахнаға көтерілген­де зал толы қауым шуласып қоя

беретін еді; бұл ақын есіле сөй­легенде көрермен есі кете мәз
болысып, қопаңдасып қалатыны әлі жадымызда; ақын ақын
туралы һәм тағдыры бұралаң айтыс хақында былай толғады:

– Ақындар айтысы дегенде, Жүрсін дегенде менің есіме

сонау жетпіс тоғызыншы жылғы алғашқы телехабар түседі.
Ол өзі тікелей эфир арқылы жүргізілген хабар еді. Ақын­
дар айтысы туралы абайлап айтар заман еді, ақындар қорқа-
қорқа айтысатын еді, аузымызда қақпақ, басымызда тоқпақ

бар еді. Әруағынан айналайын Мәрден Байділдаев дейтін
қағылез ғалым кісі шыр-пыр етіп жүріп жер-жерден суырып

салма ақындарды жинап, қазақтың марқасқа фольклорист
ғалымдары Рах­манқұл Бердібаев, Мырзабек Дүйсенов­терді
алдына салып алқалап, ағаларды қал­қалап, амалын тауып
айтысты теле­экранға шы­ға­рып жіберіп еді. Сол алғашқы теле­

хабар­дың ұйымдастырушысы Мәрден Байділ­даев есімді елгезек
ғалымның қа­сында Темірше Сарыбаев, Жүрсін Ерманов
сынды жас журналистер жүрді. Он бес минуттық шағын теле­
хабарды ұйымдас­тырудың өзі біраз михнатты шаруа болғаны

анық. Екі ақынның шағын ғана қайым айтысын тікелей хабар
арқылы жүргізу шынайы ерлік еді ол заманда. Міне, сол ерлікті
Жүрсін Ерманов жасады. Ол кезде орта мектептің тоғызын­шы
сыныбында ғана оқитын талантты ақын қыз кегендік Райхан

Нәкеевамен айтысып едім мен сонда. Сол заманның ақын
Сарасы деп атайтын жұртшылық өрімдей Райханды. Әттең,
кейін тағдыры ауыр болып кетті, қазір аурулы деп естимін.
Тілдің астын тінтіген сол заманда да Жүрсін даусынан қоңыр

самал есіп тұратын сабырлы қалпынан айныған жоқ. Салмақты,
сенімді бола білді. Жүр­сіннің сол сабыры біздің де бойы­мызға
дарығандай…. қазір ойлап қарасам сонда өзімнен бар бол­ғаны
үш-ақ жас үлкен бала жігітті арқа тұтып отырыппын. Бірі­мізге

біріміз сенім артқандықтан ба, әйтеуір содан кейін-ақ Жүрсін
мені ылғи алғашқы жұпта сахнаға шығаратын болды. Отыз
жыл бойы сөйтті. Жалпы Жүрсін туралы көп айтуға болады.
Әрине, оның да бір реті келер. Ең басты айтарым: телеви­

зиялық ақындар айтысының бастау кезінде Жүрсіннің бол­ғаны
айтыстың бағын жандырды, айтыс та Жүрсіннің бағын ашты.
Бәзбіреулер Жүрсіннің орнына өзін қойып көрмек болды, ол
әрекетінен түк шықпай күлкіге айналғандар да бар. Саусағына

қарай сақинасы деген осы болса керек.
Мұқамеджан Тазабеков, Ораз­әлі Дос­бо­сы­нов, Дәулеткерей
Кәпұлы, Балғынбек Има­шев­тердің алғадай жыр додасында бақ
сынап, талай бәйгеде топ жарған Серікзат Дүйсенғазин Жүрсін

ақынды «Айтыстың ата­сы» деп қайырды әңгіме арасында;
көсіле сөй­леген Серікзаттың ақын ағасы туралы ойы­ның түйіні
төменде­гідей:

– Күндердің күнінде сол кездегі айтыстың жас жұлды­

зына айналған Дәулеткерей Кәпұлына ілесіп Республика
сарайындағы Жүрсін ағаның кабинетіне бардым. Бардым да

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
айтысқым келетінін айттым. Жүкең қолыма домбыра берді
де мықты болсаң суырып сап «қазіргі заманды» жырла деді.
Мысы мыстан да ауыр, атағынан ат үркетін адамның алдында

бірден төгілтіп айта қою маған қайдан оңай болсын? Қапелімде
ойымды жинай алмай біраз терлегенімді несін жасырамын.
Дегенмен берілген мүмкіндікті жіберіп алмайын деп намысқа
тырысып бақтым. Сөйтіп отырғанда менің бағыма қарай

есіктен сәлем беріп курстасым Мұхаметжан Тазабеков кіріп
келмесі бар ма! Жүрсін аға маған қарсылассыз қиын болып
отырғанын түсінген болса керек, «енді Мұхаметжанмен
айтысасың» деді. Бес жыл бірге оқыған сыралғы доспен

қағысу маған аса қиындық тудырған жоқ. Екеуміз қыза-қыза
біраз жерге бардық-ау деймін, Жүкең қолын көтеріп «болды,
келесі айтысқа қатысасың, дайындала бер» деді. ҚазМУ-ға
оқуға түскенде бұлай қуанбаған шығармын. Өйткені мен үшін

арманға айналған айтыстың «профессоры» Жүрсін Ерманның
сынағынан сүрінбей өттім ғой. Сол алғашқы сынақ аға­ның
көңілінде жатталып қалса керек, сәтті шыққан айтыстарыма
қуанып, талай сәтсіз айтыстарымда да арқамнан қағып, рухани

дем беріп жүрді. Айтыс дегеннің өзі спорт сияқты өнер. Бабың
келіссе бағың келіспей, бағың келіссе сөзің келіспей жататын
сәттері аз емес. Жүкең қандай жағдай болмасын көтермелеп,
мерейімізді өсіре білді. Оның «жақсы, айналайын» деген бір

ауыз сөзі айтыстың бас жүлдесінен кем емес еді. Қазіргі жас
ақындар да Жүрсін аға бір шумақ өлеңін мақтаса біразға дейін
мар­қайып жүреді. Ол бүгінгі айтыс ақындары үшін дәстүрге
айналған қағида. Ағаның осы жақсылығын қалай ұмытармыз.

Кейін Астана қаласына көшіп келген уақытымда бір­неше
республикалық айтыстарды ұйым­дастыру кезінде Жүрсін
ағаға көмекші болдым. Сонда байқағаным, Жүкеңнің керемет
үйлестіруші-менед­жерлігі еді. Күллі ұжым бір-біріне соқты­

ғысып ұйымдастыра алмай жатқан айтысты Жүрсін келсе
жалғыз өзі-ақ жайғайды. Демеушілер табу, ақын­дарды іріктеу,
олардың жатын орындарын шешу, ішетін тамағын реттеу, жүлде
қорын белгілеу, сахнаны дайындау, қазыларды тағайындау,

телетүсірілімді дайындау, айтыс­ты жүргізу, оны монтаждап
эфирге шығару, тағысын-тағылар сияқты толып жатқан
жұмыстардың барлығына бір өзі жүреді. Мұның барлығы сырт
көзге оңай сияқты көрінгенімен, машақаты мол жұмыс екенін

тек ұйымдастырған адам ғана біледі. Оған үлкен қабілет, асқан
сабыр мен күш-жігер қажет. Бұл тұрғыда Жүрсін аға жаңа
заманға тез бейімделген мықты продюссер екеніне көзім жетті.
Ағамыздың бұл қасиеті ұлттық өнерлердің арасындағы бірегейі

– айтысты батыстан келген жастарды желіктір­гіш заманауи

өнерлермен бәсекеге түсе алатындай жағдайға жеткізді. Осы
ретте қазақ өнеріне тер төгіп жүрген жас продюссер­лердің
Жүрсін ағадан үйренері көп болуы тиіс.
Жүрсін ағаның тағы бір ерекшелігі – ол табан астынан тауып

айтатын айтқыштығы. Ол шынымен қолға алып кіріссе мүмкін
мықты айтыскер болуы да ғажап емес еді. Бір кездері баспасөз
бетінде өзі ұйымдас­тырған жазба айтыстың кезінде біздің
біраз азулы ақындармен жазып айтысып жүр­генін көзім көрді.

Бірақ оны еш жерде жариялаған жоқ. Қазақы қалжыңның да
түбін түсіреді. Көп айтпайды, дөп айтады. Бірде Жүрсін аға
мен Бақытжамал апай Астанаға келгенде досы, ақын Несіпбек
Айтұлы үйіне қонаққа шақырды. Сол қонақасыда араларында

біз де болдық. Екі құрдас дастархан басында әдемі әзілдесіп
отырды. Бір кезде Несаға жақында немересі үйленетінін айтып,
Жүкеңе «Мен енді Алла бұйырса шөбере сүйіп ата емес – баба
болам, сен далада қалдың» деп қалжыңдады. Жүкең болса

«Сен баба болсаң боларсың, ал сонда кемпірің кім болады?»
деп сұрады. Несағаң «Кемпірім кейуана болады» деді. Жүрсін
аға қулана күліп алды да, «Е, онда кейуананың күйеуі диуана
болады ғой» деді. Досының тапқырлығына риза болған Несағаң

бастап барлығымыз риясыз көңілмен күліп алдық.
Тағы бірде Жүрсін аға жолаушылап келе жатып жанын­дағы
адамдармен бір үйге құдайы қонақ болыпты. Көгілдір экран­нан
көріп жүрген адамды көзбен көргенде есі шығып кеткен үй иесі

сасқа­лақтап «Жүке, қош келдіңіздер, сіздер­ге ет асайық па әлде
қуырдақ қуырып жіберсін бе?» десе керек. Жүкең «Не үйлеріңде
қазандарың біреу-ақ па еді?» депті. Мысалға келтіретін болсақ,
Жүрсін ағаның мұндай жатыпатар әңгімелері толып жатыр.

Мәймөңкелемей бетіңе тура айтатын тік мінезі тағы бар.
Бірақ Жүкеңнің мінезін білетін адамдардың оған ренжігенін
көргем жоқ. Әрине «турасын айтсаң туғаныңа да жақпайсың»
деген. Қоғамның жат қылығын мінеген айтыстың, соны

ұйымдастырған Жүрсіннің талай опық жеген кездері болды.
Бір айтыста ешкімнен жылы сөз естімей айтыстан жалғыз

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
қайтқан кездері туралы жан тебірентерлік өлеңін оқыды. Тағы
бірде атамұра өнерді «өшірем» деп алысқан қандастарымызға
ренжіп «Айтыспен қош­тасу» деген өлең жазды. Ол бәрімізге

де ауыр тиді. Өзі отыз жыл өрге сүйреп, қаза­нында қайнаған
өнерді әркімнің талауына тастап кете ме деп те қауіптеніп едік.
Бірақ ағамыз айтыспен қайта табысты. Ұлытаудың қыран ұлы
тұғырына қайта қонды. Алпыс деген асқар шыңға шыққанда

тастүлектей түледі. Сұңқардай сілкінді. Енді қарап отырсам,
бір кезде Жүкеңнің алдына баруға жүрексінген бозбала біз де
қазіргі айтысып жүрген жігіттердің арасында Айтақын мен
Аманжолдан кейінгі үлкенінің біріне айналыппыз. «Шет үй

кетсе, ортаңғы үй шеткі үй болады» деген осы. Жүрсін ағаның
жалпақ жұртқа таныс «Жалғыз ұлым» дейтін өлеңі бар. Меніңше
ағамыздың ұлы жалғыз емес. Бүгінгі мен қатарлылардан
бастап Ринат Зайытовқа дейінгі аралықтағы ақындардың бар­

лығы Жүкеңнің өнегесін көрген, ақыл-кеңесімен өскен ұл­
дары. Енді Жандарбек Бұлғақов бастаған немерелері өсіп келе
жатыр. Осылардың барлығының ақын болып қалып­тасуына,
танылуына ағамыздың сіңірген еңбегі есепсіз екеніне дау

жоқ. Жүрсін Ерман ағамыз аман болса әлі айтыскерлер­дің
тағы үш-төрт буынын тәрбиелеуге мүмкіндігі бар. Яғни, шө­
бере-шөпшек өсіруге жағдайы бар. Тек адал жары Бақытжамал
апай екеуіне құдай қуат берсін деп тілейік. Сөз соңында, жет­

пістің ауылына қарай керуен тартқан көшіңіз көлікті болсын,
айтыстың абызы Жүрсін аға демекпіз!
Аламан айтыс десе, есімізге бірден орала­тыны сахнаның
«шаңын» шығаратын ақтангер Айтақын Бұлғақов; «ат тұяғын

тай басар» демекші, соңғы жылдары ақындардың жасы болса да,
басы боларлық өреде ой өргізіп жүр­ген жас пері Жандарбек киелі
өнердің есігін еркін ашты; кіші Бұлғақовты қолынан жетелеп,
аламанға қосқан Жүрсіннің еңбегі жанбады деп кім айтар, «ақыл

жастан» деген осы; Жүрсін ақын жайлы толқи сөй­леген бала
ақын бүй дейді:

– Кейде ойыма Жүрсін аға түскенде қоңырау шылдыр­

лататын әдетім бар. Баяғы қоңыр да жуан дауысымен гүр ете
қалады. Тура сахнада аламан айтысты жүргізіп отырғандай.
Мені ешқашан баласынған емес, телефонда да қайрап, жанып,

жігер беріп сөйлейді. Міне, сол дауысты са­ғынғандығым­
нан болар, ештеңе айтпастан хал-жайын сұрап, тұтқаны
қоямын. Бұл менің Жүрсін ағаға деген балалық сағы­ны­шым
еді, маған әкелік қамқорлық көр­сеткен кісінің бірі өз әкем

Айтақын болса, екінші қанатымды қатайтып, сын сағат­тардан
сүрінбей өтуіме тілектес болып жүретін осы Жүсекең – Жүрсін
Ерман. Ол кісінің даусын мен ғана емес, тұтас көрер­мен­нің
де сағынатынын талай рет ел арасында байқадым. Сұсы да,

мысы да басым тұлғаның тұғырынан түсіп, ел алдында ең­
кіштегенін көрген емен. Турасын айтып, керек жерінде турап
айтып жүретіні бар. Биліктің бишігінен бүгежектеп, жоғары­
дағылар не дер екен деп абайлап сөйлейтін, аңдап сөйлейтін

талай ағаларымыз ық жақты сағалап кеткен кездерде де
қазақ сөзін өзі, өзі болмаса жүйріктері арқылы сахна тілімен
жеткізіп келеді. Қайбір айтулы кезең, даталы жылдар айтыс
арқылы елдің жүрегіне жол таппады дейсіз?! Белгілі мерей­

той­ларды газеттен оқып, жиын-тойларды көгілдір жәшіктің
жаңалығынан көру – айтулы сәттің мәнін халыққа толық­тай
жеткізіп бере алуы күмәнді. Ал айтыс­тың артықшылығы –
қалың бұқара­ның алдында сол мерекенің мәні мен маңызын

бүгінгі қазақ қоғамымен байланыстыра отырып, жан-жақтылы
қаузауға мүмкіндік беретіндігі. Қазақ ежелден жасанды­лықты
сүймейтін халық. Айтыс – театр өнерінің ұлттық үлгідегі ежелгі
формасы. Мұнда жасандылық дегеніңізге орын жоқ. Қалың

жұртшылық бәрін көріп-біліп отыр. Сондай киелі өнерді
жүргізу, ұйымдастыру, ақындарды баптап-түлету, тақырыптық
ізденістерге жетелу жағынан Жүрсін ағаның ізденгіштігі, ұлтын
шынайы сүйе білетін жампоздығы бірден көзге шалынады.

Себебі, айтыс секілді, өзінде де, өмірінде де жасандылық жоқ…
Бір білетінім, бұл кісі алалауды біл­мейді. Бақастыққа жаны
қас. Әр ақынды ынталандырып, қанаттандырып отыра­тын
кеңпейілділігін айтысқа қатысқан ақындар­дың бәрі ай­тары

анық. Кейде кейбір өңірлерден айтысатын ақын шықпай қал­
ғанда қарадай қынжылып, ел ішінен дарындылардың шықпауы
мүмкін емес, іздестіру керек дегенін құлақпен естідік. Өнерге,
ұлтқа сүйіспеншілік осындай-ақ болар. Өзімде ғана емес елде,

бірімізде ғана емес бәрімізде болсын дейді.
Мен Сізді қыранға теңеймін, аға! Қыран құс жартастың
ұшар басындағы ұясынан балапандарының қанаты қатайып,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
топшысы бекігенде құзға қарай итереді екен. Еті тірі, ұшуға
ұмтылысы күштілері зеңгір көкке самғап кетпек. Алғаш­қы
ұшу – дүбірге толы жаһанды ұясынан көргеннен әлдеқайда

әсерлі ғой… Өзіңіз тоғызыншы класта оқып жүрген жерімнен
шашасына шаң жұқпас адуынгерлердің тобына қостыңыз да
жібердіңіз. Мен содан бері самғап келемін…
Айтпақшы:

Талай белестер мен адырларды артқа тас­таған ақын
замана көкжиегінен қарап тұр. Аз жазады, бірақ әр жыры
оқырман көңілінің төрінен орын табады. Аз сөйлейді, бірақ әр
сөзі қиял тұңғиығына шымырлап батады. Дулы-шулы ортадан

көп көрінбейді, әр көрінген сайын сүбелі ойын ортаға салады.
Қанатыңыз талмасын, ұлытаудың ұлар ақыны!

ЖОЛАЙЫРЫҚТА НЕМЕСЕ ЖАРЫЛМАҒАН ЖАНАРТАУ! Ж етпісінші жылдар. Ақжүрек Жанболат Аупбаев келді жүрегін қолына алып. Жүрегімен бірге қолында бір курс­ тас досының жыр топтамасы. Жастар газетінің Әдебиет және өнер бөлімі дайындайтын, дайындап талапты, талантты жас­тар өлең топтамасын жариялап отыратын «Қанат қақты» атала­ тын айдарымыз болатын. Баспасөздің қасқалдақтың қанын­дай аз кезі.Жаңа ашылған облыстың бірі – Жезқазғаннан жеткен өлеңдер болып шықты. Авторы – Жүрсін Ерманов! Өтіні­шін айтып, топтаманы қалдырып Жанболат Аупбаев өз бөліміне кетті. Әлгі ақ қанатты жыр топтамасымен оңаша мен қал­дым. Оқып отырмын. Қанаттас дос мақтаса – мақтайтынындай бар екен. Өлеңдер сыршыл.Сыршылдық – ұзақ жыл сағындырып өлең көгіне кештеу шығып көтеріліп алып түспей тұрған кез. Ақ жібек желкеніндей ақ кеменің, Көңілім алаң болды-ау, әпке, менің. Тигізер саған мүлде жоқ көмегім, Қайтіп бұл жүрегімді қақ бөлемін! Сәби деп, жардың басын жағалаған, Сен де әлі боламысың маған алаң? Едік қой қоңыр қаздың балапаны Біріміз-бірімізді паналаған, – деп жырлайды жас өркен. Адам баласы бойындағы ең асыл қасиет – бауырмалдық. Адам бойындағы бар ізгіліктің қайнар бұлағы – бауырмалдық. Әпке ұғымы әсіресе, мен сияқты оңтүстіктің баласына соншалық жылылықтың шуағын ша­ шары хақ. Жас таланттың өлеңі мейірім-шапағатқа толы өлең­ дей көрінді. Кісіні,өлеңнің сыртқы пішімінен білінбеге­ні­мен,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
ішкі ағзасында бұғып жатқан мінсіз нәзік мұң баурап алып бара
жатты. Жетім балалардың бірін-бірі іздеуі соншалықты та­биғи
берілген екен. Өлеңді ұнаттым.

Қарлығаш – балаң, қанаты талып құласа,
(Қуантпас, бірақ, жан анам, сені бұл аса)
Қанатын созып құлайтын шығар сен жаққа,
Сонан соң ғана, жылайтын шығар…жыласа…–

деп сөйлейтін екінші өлең әлгі сезімді одан әрмен тербеп,
өзімен бірге әлдилеп, әкені ерте беріп, бірыңғай ананың
бауырында өскен мені бірге жылата жаздады. Сарымайдай еріп
тұрған өлеңнің ішінде өрге жүзгендей өрлік, тағдырға қасқайып

қарсы тұрамын деген қайсарлық бұғып жатыр еді. Әй, сол
сезім жылаудан аман алып қалған шығар. Алайда әпкеге деген
сағыныштан басталған жыр-сезім, образды балама «қарлығаш-
баланың» анаға деген борышкер перзенттік бейіліне ұласып

жас ақынның тынысын кеңейте түскендей әсер етті. Жас
ақын өлеңі бір өлеңнен екінші өлеңге табиғи ұласа жырланып
ақындық тұтастыққа бастап келеді екен-ау деп сүйсіндім.
Топтама, осылай жүрегімді жаулай бастады…

Өлеңнің өн бойында шағын фабулада сөйлеп, фактурасын
сұлу торы аттай жаратып, соңын бір тәтті оймен түю – тауып
айту! Шамасы, Қадыр шарапаты… Ол да алдымыздан шықты.
Тіпті екпіндеп батыл сөйлейтіні соншалық тауып айтумен

бірге ойын қоғам бойындағы дерткен дерттерге тигізе «қауып-
қауып» айтатынын аңғарып қалдым.
…Өзінің жасап солай бар амалын,
Анашым айтушы еді жорамалын.

«Таза бас туған жердің топырағын,
Жете гөр қадіріне Жер-ананың!»
Көңілді бастық бүгін өрепкіген,
Білемін енді басқа деректі мен:

Ұшынған ұлы дәуір сырқатымен,
Ұшықтау Жердің өзін керек білем!
Өлеңді оқып отырып ауырған адамды «жерұшық» жасап,
жазып алып жататын ырымды ойнатып әкеліп, Жер-ана дерт­

теніп қатты сырқаттанып тұр, оны не істейміз?-ге ұласты­

рады. Ол біздің «жерұшығымызға» көнер ме, шипа болар ма
біздің «жерұшығымыз» Жер-Анаға? – деген үлкен сауалдар
қояды. Жалқы сипат жалпыға айналған. Ритуальдық ұғым
абстракцияланып, этнографиялық сипат көркемдік деталь

болып сөйлеп тұр. «Адамға табын, Жер енді!» – деп ұрандатып
жатқан жетпісінші жылдар! «Табиғатты бағындырамыз!»,
«Табиғаттың бермесін тартып аламыз!» – деген ұрыншақ ұран,
дабыра, жалаңқай сөздер күндіз-түні радиодан саңқылдап,

ағымдағы баспасөзде күнде – күнде жазылып, санамызға
сіңіп кеткені соншалық «Табиғат» деп сыпайылап алып
Құдайды мойындамай құдайсып, саясаттың солақайлығы һәм
ұранқайлығы соншалық Жер – бізге ана емес, біз жерге Әке

сияқты сезініп жүрген желбуаз кезең. Сондай сәтте уланған
санаға мына Жүрсін баланың «Ұлы дәуірдің сырқатымен»
ауырған Жерді ұшықтап жазып ала аламыз ба?» – деген
сұраулы өлеңі алдымен қабылданбай ит қылады, содан соң

барып қабылданған соң санаңды шайқап-шайқап жібереді
екен.Топтама миымды солқылдатып алып бара жатты.
Ол аз болса:
Ұлытауым, ұлығым,

Ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім,

Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің! –
деп ақындық дауысты тым жоғары алып та өлең жазады.
«Ұ»-дан басталып ұлтсырап ұлып тұрған өлең. Жайшылықта
өлеңнің ырғақ- бітіміне тұтқырлық келтірердей «Ұ» Жүрсін­

нің мына өлеңіне үндестік дарытып «Ұлытауым», «ұлығым»,
«ұраным», «ұларым», «ұлың», «ұлтым» менің болып ұласып,
гармониялық үйлесімге түсіп сыңғырлап, тұтасып бара
жатады. «Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім» – деп жан-

дүниеңді мұңға батырып ішіңді уілдетіп ұлытып жібереді.
Өлең болмысындағы поэтикалық гармония қайшыласқан
сезімнен дисгармониялық сипатқа түскендей болады. Алайда
ол туындының драмалық қуатын арттыру үшін жасалған шара.

Өлеңнің өн бойындағы драматизм сені сілкіп-сілкіп алады.
Шығармашылық істегі шын жақсыға жарылмай қуа­натын

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
бүтін кезіміз. Жүрсіннің өлеңдеріне ағымнан жарыла қуан­дым.
Жас өркен өлеңдерін шөліркеп келіп қымыз жұтқан­дай
сіміріп салуға болмайды екен, содан да бойыма сіңіре оқып,

ойымда қорытып, бойыма қондырып ұсынып кеп жіберейін
басшылыққа!
Өлең топтамасы басшылықтан шықпай қалды. Апта жатты,
ай жатты, жыл жатты.. «Су аяғы құрдым…» Жанболат екеуміз

әуел баста бір-бірімізден сұрағыштап жүріп ақыр аяғы бірі­­мізді
көрсек біріміз ұрлық қылып, екінішіміз үстінен түсіп қалған
кісідей қызарақтай төмен қарап үнсіз жылыстап кететін халге
жеттік. Өлең басылмады. Басылмайтын себебі – бізден емес

(басшыдан емес) – өлеңнің өзінен! Көріп отырсыздар, өлең
топтамасы жетпісінші жылдары жариялануы мүмкін емес,
ылғи бір айтуға болмайтын жәйді айтқан, жазуға болмай­тын
жәйтті жазған – уақытқа қайшы тақырыпта туған қайсар өлең­

дерден бас құраған. Ондай өлең топтамасы қайдан ғана жарық
көрсін жетпісінші жылдары?! Сыпайы тілмен айтқанда мінезді
тақырыптарда туған мінсіз өлеңдер еді деп ойлаймын. Жыр
топтамасы жарық көрмеді. Есесіне Жүрсін Ерманов ақын­дық

сапарға осындай асқақ сезімге құрылған, айбынбай ұлт есесін
сұраған адам жетімдігін қоғамдық жетімсіздікке ұластыра
айтатын тегеурінді ойды омарталаған ойлы, астарлы, мінезді
өлеңдермен шыққан еді.Әлгі беті қайтқан бейбақ өлеңдердің

ақын бақытына айналатын себебі де осыдан!
Міне, осы сәттен бастап Жүрсін Ерман ақындық қа­
дамын қадағалаумен келемін. Жүрсін өлеңнен өлеңге өсті.
Бірақ, жинақтан жинаққа өскен жоқ. Поэзия көгінде жалт

етіп көрініп, ұзақ-ұзақ көрінбей кетіп жүрді. Сыншы Ду­
ганов небәрі 26 жас қана жасаған, татар-монғолдың титулы
«тархандықты» жырлаған, қыңыр-қисық ақын Велимир
Хлебниковті «әдебиетке әлденеше рет келіп, әлденеше рет

кеткен ақын» – деп бағалайды. Ақынның жасаған жасы небәрі
26 жас. Ол қалай ғана әдебиетке бірнеше дүркін келіп, қайта
кетіп үлгереді десеңізші?! Алайда, сыншы пікірі дұп-дұрыс.
Ақындық ғұмыр – адамдық ғұмырмен өлшенбейді. Жыр –

ғұмырмен өлшенеді. 26 жас дегеннен шығады, дәл сондай
жасында қазақ Сұлтанмахмұт, мадияр Шандор Петефи, жапон
Исикава Такубаку дүниенің ойын айтып, әрқайсысы ұлт
әдебиетінде бір-бір дәуірге айналып өтпеді ме жалғаннан?!

Жүрсіннің поэзиясы туралы ойлағанда менің есіме адами

ғұмыры өзімен кетсін, Хлебниковтың ақындық тағдыры
жайында айтқан Дугановтың әлгіндей пікірі оралады әрдәйім.
Жасырары жоқ, Жүрсін де қазақ поэзиясына осынау жыл­дарда
сан рет келіп, сан рет өлең есігін тарс жауып, сырт ай­налып

кеткен ақындай көрінеді маған. Өйткені, ізденісі біркелкі
емес, әркелкі.Бірақ, ізденістен тыс ауа жайылып жүр деуден
аулақпын. Ақын табиғатын өлеңдері арқылы бақылаған адам
оның әрдайым өлеңге келгенде дәстүрден тыс тұрып сөй­лей

бастап қазақ поэзиясы дәстүріне айналып қайта келетінін
аңғарады.Кейде дәстүрлі бастап дәстүр аясын кеңіте жыр­лап
бара жатады. Ең бастысы сол ізденістерінің дені саналы. Алай­
да поэзиямен шындап шұғылдануы – стихиялы… Сон­дықтан

да Жүрсін өлеңдерінде кездейсоқтық пен заңдылық телқабыс
түсіп жатады.
Ақшадағы Абайдың обалына қалған да Жүрсін…
Бұғының мүйізін кестірмеймін деп жүрген де Жүрсін.

«Мен игенмен жерге, Ол ұмтылады төрге» – деп басына ие бола
алмай жүрген де Жүрсін. Жүрсіннің осы өлеңдерінің бәрі­нен де
Қоғам мен Адам үйлесімсіздігі қылаң береді. Өлеңдегі сөз, тіпті
сөздің арғы жағындағы дыбыс, үн, сөзбен салған сурет бәрі де

әдемі бір үйлесіммен жорғалап келеді, сен елітіп отырасың.
Сол сәтте ол жалт береді. Жалт береді де сен күтпеген жер­ден
солқ еткізіп бір оймауыт ойды айтады. Осыған қарап ой­лай­­
мын: Жүрсін үлкен әлеуметтік мәселелерді қозғап, өмірдегі

елеусіз құбылыстарды жарылатын сыздауықтай сыздап, дер­тіп
тұрған күрделі мәселелермен оңай қабыстырып,өлеңіне әлеу­
меттік үлкен жүк арқалата білетін ақын.
Ақын сөзі заманаға тәуелді емес. (Жариялануы тәуелді).

Ол өлеңінде орайын тауып айтамын деген ойын айтады. Өлең
өзегіне қорғасындай ауыр ойлар құйылады. Сезімге орап
берген соң, бірде қуаныш, бірде мұң аралас өлең формасы
табалып жатса құйылып оқылады, құбылып сөйлейді, құла­

ғыңа үн келеді, жүрегіңе саз құйылады. Мұның бәрі де дұрыс-
ау, ең бастысы өлеңнің бірінші қабатындағы поэтика­лық
рең, бояу, сазды малданып отырғанда оңдырмастай ой айтып
миыңа мина тастап кеп жібереді. Ақынның өлеңге арқа­латар

әлеуметтік жүгінің мәні міне осында! Жүрсін замана биі­гінде
жүрген ойшыл ақын. Өлеңдері, сөздің жақсы мағынасында,
қосқыртысты. Бір көріністі өлеңге арқау ете отырып қоғам­дағы
келеңсіз екінші бір мәселені айтып салып қарап отырады.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Қайқаң белді қасқа жол жатыр бөліп,
Бұрылыста тағы бір натюрморт:
Ұйқылы-ояу киіктің құралайын,

Ұйқылы-ояу қарағұс отыр қорып…
Осы өлеңнің алғашқы беті – өлеңдегі сурет. Сөзбен сурет
салу. «Натюрморттан» гөрі суретшінің қылқаламына ілінген
табиғаттың бір сәті дерлік. Екінші бетін ашып қалсаңыз

бірін-бірі аңдыған, бірін-бірі жемтікке айналдырған адамзат
қоғамының жыртқыштығы келіп шығады.
Абай ағамыз!
«Қазағым-ау» деп Сіз бізді көп аямаңыз:

Қатыгездікке келгенде қарайып әлі
Сабақ алатын жақсыны
Сабай аламыз. –
деп айта алады Абай рухымен сырласа отырып. Осын­дағы

«сабай аламыз» көп мәнді емес пе? Абайға тиген таяқ қазақ
зиялылары басынан қашан арылып еді? Сырт елден бі­лім
арқалап келіп Өз туғандары қолынан өлім табатын арғы ба­ба

– Анахарсистен тартып айтсақ қазақ зиялыларының көзі қа­

шан ашылып еді? Ақын Жүрсін Абай атамызға мұң шақ­пағанда
қайтеді?!
Ақын ізденіс өрісіне айналдырып алдына жүгінетін екі
ақыны болса – бірі – Абай, бірі – Қасым болар асылы! Қасым­

ның күні қандай?
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сәби жырлардың бесігі еді,

Бар екен сонша бесікте несі? –
(«Ақынның үйі немесе
Қасым Аманжоловтың үйін қирату»)
деп зарлайды, тепсініп жарлайды ақын. Ұлттық пішімде

сөйлеу.Жыр жампозының тірісінде жылап жүріп алған үйін
жыр баптайтын Бесікке балап отыр. Тапқырлық. Әрине Жыр-
бесік. Бесік – қазақ үшін киенің бірі. Бала бөленіп, ұлт өсіп-
өнетін алтын бесік. Ал, Қасым ақынның үйі адамзатқа жыр

бап­тайтын – Жыр-бесік. Оны қиратып жатқан қоғамнан не

күтуге болады? Ақын үйін қиратқанша, бір пәтерді емес, күллі
үйді кеңестік қоғамнан көрмеген құқайы жоқ, сонда да рух
туын жықпай өткен ақынға арналған музейге айналдыр­сай­
шы, шіркіндер! Сөйтіп өздері кеңестік империяны құла­туға

баста­машы болған әдебиет пен өнер өкілдері дауылпаз ақын
Жыр- бесігін жаңа қоғам қиратып жатқанда қорғауға, қор­
ғануға дәрменсіз болды да шықты. Көгілдір экраннан жа­ғасын
ұстағандай болып сөйлеп тұрған Тахауй Ахтан еске түседі.

Ал, Жүрсін болса жанталасып жыр жазыпты сол бір қасіретті
күндері. Шын ақынның болмысы!
Екімін,
Екі бөлекпін.

Есемді жатыр елеп кім?
Біресе отпын маздаған,
Біресе сулы көнекпін –
дейді ақын лирикалық тұлғаның алай-түлей көңіл күйінен

хабар беріп. Ақынның лирикалық кейіпкерінің мінезін
қазақ қоғамы бойында өтіп жатқан қайшылықты қаракеттер
белгілейді. Қоғам бойындағы дерт ақын ойынан жыр болып
өріледі. Оның лирикалық кейіпкері ұлтын сүйеді, ұлты-жұрты

үшін отқа күюге, суға түсуге бар қуатты қайраткер бейіл тұлға
кейпінде көрінеді.
«Итке ашамай салғаннан иман таппай,
Сені іздедік – өлгенде сөз қадірі»,

«Ескі дерті қазақтың дерсің мұны,
Түңілтеді тобасыз ер сұмдығы.
Сарқытыңнан садаға кеткірлер-ай,
Бірі – рушыл ағаның,

Жершіл – бірі» –
деп те жырлайды ақын. Ол, «Жалықпаймыз қашанғы жұртты
алдаудан – Алданудан жалықты халық байғұс», «Ағайын
да қатыбас – сол қалпында, Азамат жоқ Алашқа болған

тұлға. Ешкіемердей еліңді теспей сорған, Алаяқтың қалтасы
толды алтынға», «Бәтуа жоқ ісімізде, Сөзіміздің тұрлауы
жоқ», «Өзгергенмен заманың, Өзгерген жоқ қазағың» –
деп тағы да зарланады. Қазақ тағдырын арқау еткен қазақы

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
өлең
шумақтары.
Ақын

аузымен
айтылып
айбаттана
түскен ақиқат, тепсіністі мінезге құрылған текті өлеңдер!

Ақын қазақы образбен ойлайды. Ол бірде, «Қанасына сыйғанда
бір ананың, Даласына қазақтың сиярсыңдар!» – деп далиып,
енді бірде «Ішігінің астарын індетіп жүр, Інісіне сақалын
бұлдағандар» – деп Абайша толғанады. Жарықтықтың «Сақалын

сатқан кәрісі» бұлданатын болған бұл күнде. «Арқамнан
ешкім қақпаған кезін ойласам – Бұл өмір маған болыпты
талай абақты»-Мағжанша сұм өмірді абақтыға балайды.»Саяқ
жүрген құландаймын, Жығылады жығам қай күн?» – деп

Махамбетше, өзіне-өзі сұрау тастайды. «Төбеңменен қызмет
етсең дағы, Ағайынға әйтеуір жақпайды адам» – деп Шашубай
ата дәстүрін ішке алып, «Сыңғырын естіп жүрейін – Сыңарын
берші сырғаңның» – деп халық әнінің мақам-сазына іш тарта

сөйлейді, «Тұтатсам, жетіп келерге – Шашыңның берші бір
талын» – деп бағзының батырлары ізіне салып назда­нады.
«Шаң қаптырып кетті ме қапияда, Тақымыңнан бұлт етіп тұлпар
ғасыр» – деп іздейді, Оразалыдай жүйрігін іздесе де Жүрсін!

Кейде дауыл тұрғызардай екпінмен сөйлесін, мейлі кейде
мұңдана наздансын – соның баршасында шын ақындықтан
туған қаптаған қазақы образдар самсап алдыңнан шығады.
Жүрсін тапқан баламалы жолдар, Жүрсін соққан образды

жырлар!
Біреу үшін су кешіп, от оранып,
Құтқарғам жоқ төнгенде қатер анық.
Ат мінгізе алмадым бір адамға,

Бір адамға бергем жоқ пәтер алып! (16 бет)
Кісілік жайлы өлең. Есіңе қай-қайдағыны түсіреді.
Әбділда ақынның Мұқағалиға пәтер алып бергені, Әбдіжәміл
ағамыздың Сабырхан ақынға және Г.К.Белгерге пәтер алып

бергені, Ю.Казаков есімін Алматы көшесіне шегелеткені еске
түсіп отырғаны. Ал, бүгін әдебиетте соның бірі жоқ. Ақында
күй жоқ. Ақындықты кісіліктің көкесі деп қарайтын заман
өткен. Әдебиеттің Я.Смеляков айтпақшы, «культке» айналып

тұрған кезі келмеске кеткен.. Бүгінгі муза мұңды. Жүрсін
оны өз басының (лирикалық тұлғаның) мұңы райында айта
отырып та кісіліктің өлшемі – айналаңдағы адам баласына
жақсылық жасау деңгейіне көтере айтып отыр. Бірақ, ол –

ақындықтың өлшемі емес, өмірде тұлғаға айнала алмадым
деген кісілік өкініш. Алайда ол да ақындық мәнермен музаға
қарата айтылып отыр. Оның жауабын, «Мініс аттаймын,
Желем, шаппаймын. Көрге кіргенше Тыным таппаймын!» –

деген өзіне налитын, нали отырып қайрайтын өлең шумағынан
табамыз. « Бұрқылдайды сонан соң жыр қазаны, Осы дейміз
сезімнің сырбаз әні. Өмірдегі сұлу қыз – жырымызда Сұлу
болмай қалады бір ғажабы!» – секілді сырлардың, мөлдір мұңды

жырлардың түйіні – «Таусылғанша демім Қуармын бір елес. …
Тыныш жүрер едім: Басым екеу емес!» – парадоксты түйінге
әкеледі. Бейғам сезім – оқыс түйінге жетелемесе ол Жүрсін
емес… Парадоксты ойлар, түйіндер – өлеңнің драматизмін

арттырады.
Бұл орайда ол өліммен бетпе-бет келіп те жыр қашаудан
тайсақтамайды:
« Дандайсыған дәлдүріш данасынар,

Жанап кетсе – жабатын жаласы бар.
Ит тірліктен іргеңді бөлгің келсе –
Жай табатын жалғыз жер – мола шығар…»
Әйтпесе, «Қуанбаймын бұл күні Қосылды деп жасқа

жас: Мәңгіліктің мылтығы Мені бейғам тастамас.» Немесе,
«Шалшыққа басқан ізіме Қадайды сұғын сұңғыла Ай. Келе
сап жалған жүзіне Кетіп барам ба? Сұмдық-ай!» – деп өмірдің
өткіншілігіне зер салады. Осы қабилас өлеңдердің түйіні

лирикалық тұлғаны:
Қасіреттің көгенін,
Қайратым жоқ елемес.
Күліп тұрмын дегенім,

Жылағаннан кем емес» –
деген кейіпке әкеледі. Тағы да тосын түйін. Бірақ, зорланып
қолдан түйілген жасанды түйін емес, табиғи ағынмен келген
өмірлік те, өлеңдік те ой-түйін. Қайшылықты сезімге құрылған

драматизмі ширыққан өлең. Күлкісі жылағанға бергісіз.
«Қасіреттің көгені» ұлттық таным. Тағдырға мойынсынуды
«қасіреттің көгені» кейпінде қазақыландырып беруі қандай
ұнамды?! «Қасіреттің көгені» – Жүрсін ақын ғана айтқан,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
айта алған, ақындық айналымға айналдырған ұғым. Ақынның
ақындығы да осында болса керек?! Сондай-ақ, Ай жүзіне қарап
отырып жалған жүзінен кетіп барам-деу де тек Жүрсіндік

қолданыс, ақындық малданыс!
«Люди совсем не одинаково чувствительны к смерти.
Есть люди, что вес век живут под ее знаком, с младенчество
имеют обостренное чувство смерти (чаще всего в силу столь

же обостренного чувства жизни) …Вот к подобным людям
принедлежу и Я» – деген орыстың тамаша жазушысы Иван
Бунин. Жүрсін Ерман бала кезден өлімді өлеңнің түйініне
айналдырып, оны өмірді безбендеу, есеп беру мәні, жалған

тіршілікте із қалдыру сипатында жырлап келе жатқан ақын.
Салыстырып көрсеңіз болады, оның көп өлеңі өмір сырына
өлім табиғаты арқылы келу болып шығады. Өмірдің түйіні
болғанда өлім шіркін, өлеңнің түйініне неге айналмасын?!

Алайда, өлімге де дайындық керек. Бұл ақынның өмірдегі
айналасына ойлана көз тастауынан, көз тастап сөзбен ойлы
сурет салуынан да байқалады.
Уақыттың қарасаңшы озбырын:

Бел бүгілді, әлсіреді көз нұрың.
Күннен күнге бара жатыр сұйылып
Бөз жаулықтың астындағы боз бұрым. («Апа») – сынды «бөз»
болып басталып, «боз бұрымға» әдемі үйлесіп кете баратын

мұңды әуеннен осыны көремін. Өлең –
Сурет пен мұңды ойдың одағы.
Сезіміңді төзіміңе билетіп,
Қиындықтың қабырғасын күйретіп,

Сен әлі де жүрсің маған, аяулым,
Өмір үшін күресуді үйретіп! («Апа») –
қандай әдемі айтылған салмақты жолдар.
Қарындаштай көп жазған – қысқарамын,

Бір күн өмір легінен тыс қалармын.
Сен аман бол – тірегі үш ғаламның,
Ей, ардақты анасы үш баламның! –
секілді жыр шумағына тоқталмай сірә да өте алман. Өткінші

өмірді көп жазған карандаш кейпінде көру, елестету – тек қана

ақындық танымның жемісі. Үш перзентін – үш ғаламға балау

– қандай тапқырлық болса, жарын сол үш ғаламның анасы деп

білу – соншалық асқақ! Демек, лирикалық тұлға өлімнің өзіне
күйреуік сезіммен емес, өршіл сезіммен қарап «дайындалады»
екен. Жә, асқақ сезімнің алымды ақыны, шеберлігі жетілген
шалымды жүйрігі жайында сөйлеп отырып қайдағы бір сұрқия

ажал, сұм өлім туралы айтып кеттік білем. Маған ол өлеңдерінен
гөрі етістікті есімдікке айналдырған Жүрсіннің
Қыран-ғұмыр қиялдап жетілген ем –
Қырандыққа жоқ әлі кепілдемем.

Кешіп жүрген өмірім – әншейін де,
Бәрін қайта бастайтын секілденем!» –
секілді бейқанағат өлеңдері ұнайды. Өмірдегі қанағатсыздық

– қасірет, ал өнер қанағатсыздық – қасиет! Ақынның мола

мүңкіген өлімнен гөрі осы «тойымсыздығы» жөн-ау, сірә…
Оның өлеңдері ішінен «Құлжанбай құмының жұртындағы»
Құлын, құлын, құлын күнім,
Құлағыма ілінді үнің.

Кезікпейсің – кезіп кетсем
Құлжанбайдың құмын бүгін.
Құлын, құлын, құлын күнім,
Жұлынды ма тұлым-гүлің.

Кекілінен сипап енді
Еркелетер ұлыңды кім? –
деген ерке мұңды, еркелей отырып ойландыратын жолдар,
«Ырғай жырындағы»

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын бұрмайды.
Ғұмырыңды қысқартып
Уақытың зырлайды.

Ызыңына пенденің
Мойнын бір сәт бұрмайды.
Ырзығыңды берген боп
Қызығыңды ұрлайды –

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
болып басталатын ырғақты жолдар ұнайды. Аталған кі
өлеңге «Тұрмағамбеттен тәржіманы» қосар едім. Бұл үш
өлеңдегі ырғақ құйылысының жөні бөлек. «Қарасаз. Қара

шал. Қарғыбау.» да бірыңғай «Қ..» қарпінен бастап он
шумақ бойына қайталанбайтын ой табуымен поэтикалық
экспериментке баланар бәлкім. Мұқағали ақынның түсі –
ақынның монологына айналып жырланып тұр. «Қ..» қарпінен

бастап қара бояулы өлең жазуда экспериментке көп барған
Жүсіп (Қыдыров) ақыннан соң Жүрсін болып тұр. Жүрсіннің
өлеңін де мұңға малынған қара бояу көтеріп тұр. Алайда,
арасына сүймен салсаң ажырамас тұтастық, ырғақтық бүтіндік

бар деп айту – қиын. Алайда, осының бәрі ақынның қилы-
қилы ізденісінің куәсі. Экспериментсіз ақын – ақын ба тәйірі?
Ал, эксперимент – поэтикалық реформаға айналғанда ғана
ақын бақытты. Жүрсіннің бақытсызбын деп жыр жазуы –

бақытының бір парасы.
Прославленный не по программе
И вечный вне школ и сметен,
Он не изготовлен руками

И нам не навязан никем. –
деген Пастернактың өлеңі есіме түседі. Қай ел әдебиетінде
болсын жүріс-тұрысын, тіпті тұтас өмірін бағдарламаға
айналдырып қоятын ақындар болады. Оның жақсылығы мен

жамандығы бара-бар. Өйткені, бәрібір адам – Құдай емес.
Жүрсін ақындық несіпті мол алған, бірақ Борис Пастернак
айтқандай, белгілі бір бағдарламасыз, алқам-салқам, өлеңді
өзі іздемей, өлең өзі іздесе «келе ғоймен» келе жатқан ақын.

Бірақ, өз оқырманы бар, күштеусіз, зорлаусыз оқылатын,
оқысаң уақытың зая кетпейтін, оқып өмір сырына қаныға
алатын ақыннан! Ол Абаймен де табиғи сырласа алады,
Мағжанның абақтысына да түсе алады, Қасым ақын­ды

азалап, Мұқағалиды жырымен мазалап келе жатқан ақын.
Соның қай-қайсысында да Жүрсіннің өзіндігі бар. Мәселе
сонда! Алда ізденістің сан-салалы тармағы жатуы керек.
Дәстүр үзу бар. Дәстүр түзу бар. Арасы әрі жақын, әрі алыс

ұғымдар. Жүрсін дәстүр үзген ақын. Дәстүр түзу жолын­
да жүрген ақын. Жолайырықта! Сол жолда ақын арғы­ма­
ғының айыл-тартпасының мықты болмағына тілек қо­са­мыз.

Осындай оймауыт ой айта алған, осындай қа­сі­ретті жырлауға
ақындық қуат тапқан ақынға өлең жазба, айтыс­пен айналыс
десек онымыз да дұрыс болмас абзалы. Ай­тыс­пен айналыспа
деуге тағы да аузың бармай­ды.

Жүр­сін әңгіме болған жерде айтыстың қалыс қалуы тағы мүмкін
емес. Обалы не, айтыс – бағзы түрік жұртында, бірді-екілі араб
елін­де өркендеген жанр. Қазіргі таңда қазақ, қырғыз арасында
ғана қалды десе болады. 1943 жылы айтыстың қазақ арасына

өркеш­теніп қайта оралуына Ғабит Мүсіреповтен бастап
мұрын­дық болғанын білеміз. Кейін сүлесоқ тартты. Кеңестік
кезеңде қайбір шындық айтсын ақындар? Міне, осы алдас­пан
жанрдың шарықтап биігіне шығуына Ерманның еңбегі ересен.

Айтыс кеуделеп кеп бергенде жазба ақындар алдында елемеді,
орта шенінде қорланғандай болды, ақырында өздері қазылар
алқасына кіріп төреші болатынды шығарды. Айтыстың осылай
халқымызбен қайта қауышуында, қауышып қана қоймай,

сүйіктісіне айналуында – Жүрсін ерінбес еңбеккерлігімен
бірге ақындық шексіз мол қуаты жұмсалды. Қалай? Ол айтыс
ақындарын жәй бәйгеге қосушы ғана емес, әр талапкер айтыс
ақынының бойындағы ақындық дәннің өсуіне ықпал ету­ші,

соны ашып, тауып, жетілуіне барын жұмсап, бірде – бі­реуін,
келесіде біреуін өзгелерден бөлектей назарға алып, оның
бойындағы ақындықтың табиғатын танып, айтып-айтпай бәй­
геде шауып бара жатқан жүйрікке қосымша ат қосқандай де­

несін қыздырып баптаушы ақын-бапкер Жүрсін Ерман! Оны
кейбір желауыздар дұрыс түсінбей пендешілікке жоритыны
бар. Өз басым төреші бола отырып екі ақынға «үштік» қойған
кезде Жүрсіннің жүрек қылының қалай қалтырағанынан

оның шынайы бапкерлігін аңғарғанмын, жақсы білемін. Әри­
не, айтысты өнер өресіне көтеремін деп Жүрсіннің қаншама
қайран уақыты мен дүлей дарыны негізгі арнадан бұрылып
кетіп жатыр. Алайда бір жай тағы да ақиқат: егер Жүрсін

айтысты қолға алмағанда талай айтыскер ақын ақын райында
ашылмай, ақындық бағы жанбай қалатын еді. Міне, сөйтіп,
Жүрсіннің өз тағдыры да өлеңдеріндегі парадоксты түйіндерге
ұқсап ширатылып тұр. Бірі Алланың берген нәсібі, бірі көңілі

қалаған кәсібі! Жүрсін Ерман Жолайырықта! әлі толық Жүрсін,
ЖОЛАЙЫРЫҚТА тұрған, жарылмаған ЖАНАРТАУ!
Құлбек ЕРГӨБЕК

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ӘКЕДЕЙ ҚАМҚОР, АҒАДАЙ ЖАНАШЫР... Ә лқисса. Кітапқұмар Ақнұр Жүрсін ата­сының таң­ дамалы 70 өлеңі жарияланған кітабын қолына алып, бір қарап шыққаннан кейін: – Бұл кісінің өлеңдері түсінікті, оқығанға жеңіл екен, – деп өзінше бағасын беріп қойды. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» деген сөз рас екен-ау. Төртінші сыныпқа енді аяқ басқан ерке қызымның ертесі күні мен жұмыстан келгенімде: «Әке, мен Жүрсін атаның екі өлеңін жаттап алдым» дегеніне аса мән бере қойған жоқ едім. Арада 2-3 күн өткен соң Нарынқол өңіріне жолға шықтық. Қолымыз қалт етсе аспан таулар аясындағы туған ауылымызға тартып отыратын әдетіміз. 90ға таяп қалған нағашы әжесі әр барған са­йын Ақнұрдың жаңа жаттаған өлең-жырларын тыңдап, бір серпіліп, тыңайып қалатын. Абай, Мұқағали мен Еркіннің, Қадыр мен Ұлықбектей ақындардың жырларын жатқа соғатын қағілез қызым бұл жолы арнасын басқа жаққа бұрды. Әжесіне өзіне тән балаң дауысымен Жүрсін ақынның «Ертегі» деп аталатын өлеңін бабына келтіріп, бастан-аяқ жатқа оқып берді. Өлеңнің әсері сондай, кейуана екі көзіне жас алып, үн-түнсіз отырып қалды. Әжесінің ішкі күйзелісін түсінбеген қызым әлденені бүлдіріп алдым ба дегендей анасы екеумізге жалтақ-жалтақ қарай берді. Сәлден кейін ғана немересіне көңіл аударған әжесі: – Айналайын-ай, – деді құшағына қысып, маңдайынан иіскеп. – Мынау әлгі «ділебизордағы» айтыс жүргізіп отыратын сақалды жігіттің өлеңі дедің бе? Мың жасасын шырағым! Бұл өлеңі біздің өткен өмірімізге мәңгілікке қойылған ескерткіш қой, – деп күбірлеп, бетін сипады. Сірә, ішінен ақынға деген аналық батасын берген болар! Сол өлең мынау ғой: Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді, Ертегіні тәуір көрем мен, тегі. Осы күні ойлап көрсем, жасымда Шешем маған айтпапты еш ертегі.

Соғыстан соң жимаған кез жұрт есін, Сәби көздің жасын өзің сүртесің. Таңсәріден кететін ол шығырға, Әкеміздің киіп солдат күртесін. Шықпаған кез елдің әлі бүйірі, Ең тәуір ас – жүгерінің түйірі. Кешке келсе, күтіп оны тұратын Жанбаған от, сауылмаған сиыры. Парыз-бейнет босатпайды арқаны, Отын шауып, диірменін тартады. Су әкелу, тезек теру аз болса, Мүгедек боп оралған жар бар тағы. Қалай бәрін үлгерді екен, есепте! Қалай ғана тесілмеді қос өкпе? Ертегі боп ұйқыны бір қандыру, Әзер жетіп жығылатын төсекке! Ертегіде жібердің деп есені, Жазғыруға болмайды енді шешені. Апашымның азайғанда бейнеті, Алпамса ұлға ертегі айту кеш еді! Қартайды ана, Көп арман бар ойында, Мазалайды ажал жайлы уайым да. Мен шешеме айтам енді ертегі, Жүз жасайтын кейуаналар жайында! «Бір өлеңі – бір әлем». Жүрсіндей жүйріктің жүрек қылын сызылта шертер өзге де өлең-жырларын, орыс классиктері мен Батыс-Шығыс әдебиетіндегі айтулы ақындардың шығармаларына жасаған талдауларын оқып, ой таразысынан өткізуді өзіңізге қалдырдық, көзі ашық, көкірегі ояу оқырман. Белгілі ақын, аудармашы, ұлағатты ұстаз Асқар Егеубайдың «поэзиясыз Жүрсін – Жүрсін емес» деген сөзі бар еді. Иә, Ұлытау түлегінің тегеурінді жырлары жайында сөзтанушылар тарапынан аз жазылған жоқ. Бірақ журналист Жүрсін өлеңмен қоса өз мамандығын да өгейсіткен жоқ. Журналистиканың отымен кіріп, күлімен шыққандығын өмірінің өткелдері айғақтап тұр. Ж.Ерман 2006 жылы Қазақ радиосына бас директор боп келген бетте сөз өнерінің қаза­нын­да қайнаған қыздар мен

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
жігіттерді қызметке шақырды. Жоғары оқу орнын енді бітіріп
жатқан жас мамандарға да сол уақытта радиодан жұмыс
табыла кетті. Айтыс ақындары да үлестен құр қалған жоқ.

Әрісін Астанадан шақырса, берісі осы Алматының өзінде
жұмыссыз жүрген ай­тыскерлердің біразына жұмыс берді.
Жігерін жа­нып, намыстарын қайрап, алға жетелеп отыр­ды.
Сол жылдары тек қана ақындар емес, есімдері елге мәлім өзге

де өнер иелерінің радиода қызмет атқаруына бас директор жол
ашып берген еді. Өзбекәлі Жәнібеков, Камал Смайы­ловтай
сардарлардың сынынан өтіп, тәжірибесі толыққан Жүрсін
Ерман бір кездері телерадио­ны басқарған К.Смайылов­

тан қалған дәстүр – «ап­талық лездемені» қайта жаңғыр­
тып, радио жұ­мысын жандандырды. «Сырт көз – сыншы»
деп кей лездемелерге сырттан кісі қатыстырып, кем-кетігіміз
бен жетістігімізді жіпке тізгендей талдататын. Осы үрдіс біз

түгілі, сақа журналистердің өзіне едәуір серпіліс әкелді. Жас
мамандардың сауаты шыңдалды. Апта сайынғы лездемеде
әр редакцияның хабарларына шолу жасайтын журналистер
эфирден өткен барлық хабарды мұқият тыңдап, әр хабардың

сапасына қатысты пікірін айтып, ой қорытатын. Жер мен
жесір дауына төрелік айтатын би-шешендер секілді шолушы
да бар күш-жігері мен жанын салып дайындалатын. Сәл тайып
кетсең, Жүрсіннің қаһарына ұшырауың да ғажап емес. Орайы

келіп жатса қисынсыз сынға іліккен хабардың авторына ара
түсіп, төрелігін өзі айтып, қорғап алатын. Кей әріптестеріміз:

– Хабардан қате кетсе құримыз, эфирді Жүкеңнің өзі тың­

дап отырады екен, – деп естері шығып жүретін-ді. Осындай
қатал талап пен шынайы жанашырлықтың нәтижесінде Қазақ
радиосы хабарларының сапасы артпаса, кеміген жоқ.
Жүрсін Молдашұлы өз әріптестерінің еңбе­гін бағалап,

оларды үлгі тұтып отырды. Мәсе­лен, кезекті лездемеде бір
журналист «Бұрынғы директор Нұрлан Өнербаевтың әндерін
эфирден неге бергізбей отырсыз?» деп сауал қойды.

– Н.Өнербаев пен Р.Стамғазиев халық жауы емес, қазақ

өнері мен мәдениетіне бір кісідей еңбектері сіңген Алаштың
айтулы азамат­тары. Бұрынғы басшылықтың «салқын самалы»
сәл басылсын, Рамазан мен Нұрланның әндерін бергізбе­сек не
үшін отырмыз?! – деп азаматтығынан айнымай, өз пікірін ашық

айтқаны бәрімізге де ой салды. Көп уақыт өтпей- ақ, есімдері

аталған әншілердің орындауындағы әсем әндер тыңдау­
шылар жүрегіне жол тартты. Радионың 85 жылдық мерей­тойы
кезіндегі баян­дамасында Ә.Меңдеке, Т.Данияр, Н.Өнер­бай
секілді бұрынғы басшылардың еңбектеріне тоқталып, олардың

радиоға қосқан үлестерін ерекше атап өтіп, өз ілтипатын
білдіргені де күні кешегідей есімізде.
Басшы болғаннан кейін әртүрлі шаруалармен іссапарға жиі
шығады. Айтыстың қыруар шаруасы тағы бар дегендей. Сон­

дай сәттерде директор жоқ деп арқаңды кеңге салып, сайран­
дап жүрсең, ертесі келіп кемшілігіңді көзіңе шұқып, ша­ңыңды
қағып, тәубеңе түсіретін. Жүкеңнің тағы бір ерекшелігі, тауып
айтқан сөзіңе тоқтап, мерейіңді асыратын.

Бір кездері қаражаттың тапшылығынан болар, радио мен
алыс аймақтардың арасында өзара байланыс үзіліп қалған
еді. Осы мәселені дұрыс жолға қойып, радио қызметкер­лері­
нің іссапарға шығып, шалғайдағы облыс, ауылдардың ты­ныс-

тіршілігі туралы хабарлар таратуына да жағдай жасап берді.
«Атамекен аспаны» деген радиожоба соның жемісі еді.
Бізге Жүрсін мырза атына заты сай, тек қана жүре бе­ретін,
өмірі ұйқы дегенді білмейтін пенде секілді көрінетін. Өйт­кені

таңертең кабинетіне кірмей тұрып, әр редакцияны аралап,
тәулігіне 24 сағат әуе толқынына шығатын хабар­лардың
мазмұнын тұтас айтып, әрбір журналиспен кеңесіп, пікір­лесіп
отыратын. Осы күнде ойлап қарасақ, радионы мұқият тың­дап,

Жүкеңе кеңес беру жағынан Бақытжамал апайдың еңбегі де
орасан зор сияқты.
Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз болсақ, соның бар­
лығы да Жүрсін ағаның бізді шыңдау мақсатындағы, жалпы,

жұмыс жүргізудегі әдіс-тәсілі екенін енді ғана ұғындық. Әке­
дей қамқор, ағадай жанашыр, құрдасыңдай сырлас, турасын
ай­тып, туғанына да жақпай қалатын батыр тұлғалы, баладай
аңғал Жүрсін аға алпыстың асқар шыңына көтеріліп отыр.

Бақыт ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
ақын.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ҚЫПШАҚТЫҢ ҚАЙҚЫ ҚЫЛЫШЫ НЕМЕСЕ ЖҮРСІН ЕРМАН ЖАЙЛЫ АЗ СӨЗ Б іздің қазақ атасын айтып мақтанып қоймаса бойына ас батпайды. Бірақ мақтануға тұрарлық бабаң болса, оны ауызға алғанның еш сөкеттігі жоқ шығар. Тек сол қасиетті қанның жұрнағы бойыңнан табылып тұрса кәне! Жүрсін көкемнің аузынан: – Арғы атам әйгілі қара қыпшақ Қобыланды, – дегенді әредік естіп қаламыз һәм жырларынан кездестіреміз. Болса болар. Түр-сипаты шынайы батырға келіңкірейді. Сірә, қазір суреттерін көріп жүрген бұрынғы шалдардың бәрі сақалды болғасын ба, ежелгі ақындар мен батырлар да Жүкең сияқты жарасымды сақал қойған шығар деп топшылаймын.Өткір жүзінде билетпейтін қылыштай қиып түсер мінезін адам түсініп болмайды. Ашуға мінсе арыстандай айбатты, алшаң басып келе жатқанда алыстан қарасаң Алатау болмағанмен төбе көшіп келе жатқандай, әзіл айтса тілінің ұшын кесіп итке тастасаң жемейтіндей «улы», сал-серілігі бір басына жетіп артылатын, сахнаға шықса елді үйіріп әкететін шешен, алпысты алқымдаса да өмір сүрудің бар амалын меңгеріп, уақыт, заман көшінен қалмай келе жатқан Жүрсін Ерманның қазақ өлеңіне сіңірген еңбегін әркім әрқалай айта жатар. Ал, айтыс ақындары үшін осы бір «пысық» шалдың (шал деуге ауыз бармаса да көз көріп, көңіл сеніп отыр) орыны ерекше екенін астын сызып атап өткім келеді. Бақытжамал апамыздың (зайыбы) ғана аздап билігі жүретін осы адуынды ағамыздың басында «бәленбай еврей қызмет жасап отырған шығар» деп таңқаламын. Әйтпесе сан салада қажырлы еңбек ете жүріп, қазақ халқының ақсүйек өнері – айтысты 26 жыл бойы өгіздей өрге сүйреп келе жатқан адамның ендігі есебінен жаңылып, «алжып» кететін кезі келді ғой. Осыншама жыл «перісі» мен «серісі» бар, «сауы» мен «жындысы» бар өнер адамдарымен алысып, арпалысып жүр. Қазақ деген халықтың кінәз көңілінен шықсам деп алғыс пен қарғысты қатар

арқалап келе жатқан қайраткердің қайсарлығы еріксіз таңдай
қақтырады.
Ертеректе бір өлеңінде:
Тағдыр деген қағазы туалеттің,

Жыртылмайтын жерінен жыртылады, –
деп жазыпты. Алланың адамға берген асыл сыйын неге
соншама ман­сұқ етіп, құнсыз нәрсеге теңеді деп ба­сында
қабылдай қоймағанмен, ой­лана келе, өмірдің шорт сынуы да,

өткінші екені де шындық бол­ға­сын іштей келісесің.
Жүкеңнің аз жазуын сөз құдіреті мен өлең деген сиқырлы
да киелі нәр­сеге аса бір жауапкершілікпен қа­райтыны деп
түсінгеніміз абзал шы­ғар.

Әйтпесе біраз қалталы азамат­тар­дың тілін тауып айтысқа
демеуші қылып жүргенде өзінің де жеке шаруасын тас түйін
қылып, том-том кі­таптарын шығарып алуға мүм­кін­ді­гі бар
емес пе?

...Тағайын деп тұрғам жоқ
Жоқты кінә
Бұл не дәстүр?
Заманның тоқтығы ма?

...Қуанасың
Қазақтар қағып алар
Қарағайдай мүйізің жоқтығына! –

(«Мүйіз кесу» деген өлеңінен)
деп өмірге адам болып келгеніне бір тәубе десе:
Алшы түспей асығым
Ашқаннан соң қарыным,

Арбакеш боп тасыдым
Алматының жарымын...
...Тек көңілім кірленбе,
Білем әзір бағамды.

Жұрт сөз тасып жүргенде,
Мен тасыдым Адамды!

(«Алма­ты­да­ғы арбакеш»

деген өлеңінен) –

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
деген жыр жолдарынан маңдайы тас­қа соғылған сәттерінде
де мойымай, жасымай ақындықтың азапты жо­лына әбден
көндіккен жанкеш­тінің бейнесін көреміз. Сөйте келе арбакеш

болған қиын күндері де, қайта өрмелеп бастық болған шағы
да, айтыс үшін «сайтанмен де, сай­қалмен де» арбасқан кездері
де кө­зінен бұл-бұл ұшып жанында өлең­нен басқа сырласы
қалмаған уа­қытта былайша күңірене түседі:

Дос дейтін дос та қалмады,
Санама түсті салмағы.
Шын досты ажал жалмады,
Алдамшылары алдады.

Құлағанымды күтіп жүр,
Қараңдап қасымда қалғаны.
Оң жаққа мені салғалы,
Үш жерден буып-таңғалы.

Сүйегіме түсіп сол күні,
Тонымды талап алғалы!
Асан атамыз Жерұйық іздеп қай­ғы оранса, Жүрсін ағамыз
адал дос іздеп көңілі құлазиды. Сырт пішініне қарап тұрсаң

олай деуіне негіз жоқ сияқты, әлгінде айтқаны­мыз­дай өмір
сүрудің бар амалын мең­герген, материалдық жағдайы біраз
ақын­нан көш ілгері адамның «жылай» беруіне болмайтын
шығар деп ой­лай­сың. Бірақ біреудің ішінде не жат­қанын

қайдан білейік. Дүниедегі бар құбылысты жүрегімен қабыл­
дайтын ақын адамның сырты күліп жүргенімен, іші жылап
жататыны заңды құбылыс қой. Әр айтыскерді өз баласындай
қамқорлап, қанат­ты­ға қақтырмай жүретін осы бір кей­де қатал,

кейде жұмсақ, кейде жо­март, кейде сараң, бірде көл, бірде шөл
ағамызды айтысқа бола ту­ған шығар деп қаламын. Қуатты қо­
лымен құ­шақ­тап тұрып «бұл бала ме­нің шә­кір­тім, жындылау»
деп қояды кейде.

Менің «жынды» ұстазым, М.Ма­қа­таев атындағы сый­лық­
тың иегері Жүрсін Ерман алпысқа толады жа­қында...
«Деуші еді бізді жас ақын» атты әде­мі өлеңінде сарытап
болған са­ғы­ныш бар.

...Жан көрінбей көзіңе,
Ой ойлайсың не түрлі.
Қыздың бәрі өзіңе,
Құмартатын секілді.

Өртесе өлең өзекті,
Өзіңдікі – бұл ғалам.
Өлеңің бар газетті,
Оқитындай күллі адам.

Таң қалмасқа таң қалдық,
Көз сүзбеске көз сүздік.
Бұл не деген аңғалдық,
Бұл не деген ессіздік!

...Биік ұстап еңсені
Тасымасқа тасатын,
Сағындым-ау мен сені,
Жайраңдаған жас ақын! –

деп ба­лаң күнін аңсайды, қызық адам...
Болды, енді жасара алмайды ғой, алға тарта берсін, ағамыз
кемпі­рін танымай қалғанша ғұмыр кешсе екен!
Бауыржан ХАЛИОЛЛА.

Батыс Қазақстан облысы.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ҰЛЫТАУҒА ІНІ ТАУ Есімі елге елеулі А на бір жылы Аягөзде ұлттық эпо­сымыздың шоқ­тығы саналатын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының 1500 жылдық тойы ұйымдастырылып, ел-жұрт бір мәре-сәре болысты. ЮНЕСКО өзі атсалысқан торқалы тойда халық­аралық ғылыми-практикалық конференция, дүріл­деген ақындар айтысы өтіп жат­қан бір әре­дікте қатар отырған қалам­ дастар ортасына: «Біз осы Қозыдан тараймыз ба, әлде Қодар­дың ұрпағымыз ба?» деген әзіл тастадым. Сол кезде айтыстан қолы қалт еткен Жүрсін Ерманов жұлып алғандай: «Басқаларыңды білмеймін, мен өзім Қодардың тұқымы болуым керек», деп жауап беріп, жұртты ду күлдірді. Шынында да, батыр тұлғалы, ер мінезді Жүрсінге бұлай айту жарасатын еді. Бірақ бұл бір қарағанда ғана. Әйтпесе дәл осы Ермановтың нәзік лирикаларын оқы­ған­да ондай «қодар­лық» қырларынан көз жазып қаласың. Кейде баяғының ақкөз батырларындай алшаң басып жүретін, белден басып сөйлейтін, тізеге басып қимыл­ дайтын мінезі де кейде адыр-кедір-бұдырлау осы Жүрсіннің қай жерінен нәзік лирика туады екен деп таңырқаған да кезім болған. Сөйтсем, өзі алпамсадай Жүрсіннің жүрегі қобыз­дың қылындай нәзік екен. Үзеңгілес жүрген жылдарда бұ­ған талай көзім жетті. Артық айтылған арсың-күрсің сөз бен одағай әзілді ауырлап, жүрегі жараланып қалғанына да куә болғанмын. Осындайда Лев Толстойдың жиырма то­ғыз жасында отыз жеті жастағы Афанасий Фет туралы В.Боткинге: «Осы бір добалдай ақкөңіл офицерге ұлы ақын­дардың қасиеті, қайдағы бір түсініксіз нәзік сырлы өжеттік қайдан бітті екен?», деп таңырқай жазған хаты еске түседі. Фет өзінің «Естеліктерінде» Толстойдың бұл пікірі туралы: «..мен бұл кезде оның бір де бір жолын әлі оқи қойған жоқ едім, тіпті оны әдеби есім ретінде де естімеп едім… Дегенмен, тұңғыш танысқан сәттен бастап-ақ жас Толстойдың бойы­нан пікір-пайым сала­сындағы бүкіл қа­

лыптасқан нәрсенің бәріне деген ымыра-ырықсыз оппо­зи­ция­
ны байқа­дым», деп жазған. Жә, Жүрсін бар болмысымен Фет
тектес нәзік лирик болса болар, бірақ біз Толстой емеспіз ғой,
сөздің тұздығы ретінде мысал келтіріп жатқанымыз болмаса…

Мен осы екі алыптың бір біріне баға берген өзара пікір­л­е­
рінде айтылған нышандарды біздің Жүрсіннің ойы мен бойы­­
нан да, шығармаларынан да тап­қан­дай боламын. Өмірдегі нен­
дей құбылыс, қандай оқиғаға болса да оның ешкімге ұқса­май­

тын өзіндік пікірі бары белгілі. Қисайған жағына жығы­латын
бірбеткейлігі кейде сыңарезулікке ұла­сып кете жаздай­тыны да
бар. Бірақ арғы түкпі­рінде сырт көзден қызғыштай қор­ғаштап
жүрген нұрлы нәзік сезімі мөлдіреп жататынын «өлең деген

өсекші» ғана жаймаса, былайғы жұрт біле бермес еді.
Осы нәзіктік Жүрсін Ермановтың сонау алпысыншы
жылдардың аяғында ж­а­рық көрген жастардың ұжымдық «Жас
керуен» жинағына кірген тыр­нақал­ды­сынан-ақ бай­қалған.

Сол тұста ҚазМУ-дің журна­лис­тикасында оқитын жас ақын,
болашақ сын­шы-ғалым Асқар Егеубаев жазда ауыл­ға кани­
кулға келгенде шөп шауып, қой қыр­қып, велосипед теуіп, тур­
никке асы­лып жүрген маған Алма­тыда өзімен бірге оқитын

дарынды дос­тары туралы жырдай қылып әңгіме­лейтін. Олар:
«Бұрай тартқан арқанын, бурлактары Арқаның», деп Ас­қар
Егеубаев жазған осы Жүрсін, Тұрсын, Несіпбек еді.
Сондағы Асқардың: «Осылардың ішінде Жүрсіннің мінезі

қиын. Асау. Өр. Анау-мынау ықты-жарыңа көнбейді. «Қа­зақ
әдебиетіне» шығайын деп тұрған өлеңдерін поэзияны қарай­
тын газет қыз­меткерінің бір ауыз сөзіне шам­данып, қай­та­рып
алып, қайқайып жүре берді. Бір мұғалімнің сөзін көтере ал­

май тіпті оқуды тастап, Жезқазғанына тартып отырды», деген
сөздері жадымда. Мұны қазақ «бастан сөз асырмау» дейді.
Ондай адамның жолы қашанда кедергіге толы, тағдыры қиын
болатыны да аксиомадай ақиқат.

Сөздің батпан салмағын сездің бе, ұлым,
Әр сөз өзі кеседі өз кіндігін.
Көздің құнын сұрама-сұрамасаң
Сұрау керек алайда сөздің құнын!

Бір сөз үшін азапқа төзгенде адам,
Сөз бағасын қапысыз сезген бабаң.
Аттан жығыл жығылсаң – оқасы жоқ,
Жығылуға болмайды сөзден, балам! –

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
деп жазады Жүрсін Ерманов «Құдіретке жүгіну» атты кіта­
бындағы «Бәсіре сөз» атты өлеңінде. Міне, бұл – ақынның
кредо­сы! Сөздің шынайы құнын түсіне­тін, жоғын жоқтайтын,

сөз өнерін төбесіне көтеретін нағыз қазақ ақынының сөзі.
Екеуміз, екеуміз ғана емес, Көк­ше­таудан бір мысқал өлеңі­
мен келген Жәркен Бөдеш те бар, 1973 жылы Жазу­шылар
одағында өткен жас жазушылардың рес­пуб­ликалық кеңесінде

Қадыр Мыр­залиев­тің секциясында кездесіп, таныстық. Бірден
іштесе сөйлескенімізбен, жақын табысып, достаса кеттік деп
айта алмай­мын, бірақ тілектес, ниеттес болып қош­тас­қанымыз
есім­де. Ол сол жұмбақ күйінде жалы күді­рейіп Жезқазға­нына

кете барды. Сондағы Қадыр аға бағалаған кесек мінезді, кемел
өрнекті, кес­кекті ойға толы шұрайлы өлеңдері «Жанар­тау»
атты тұңғыш кітап болып шығуы үшін өз жазу жозысында ма,
баспалардың сөресінде ме, аттай он жыл сүрленіп жа­туына

тура келді. Сол бұрқ етіп атылған жанартау күні бүгінге дейін
әлі сөнген жоқ, от-жалыны бұрынғыдан да үдей түскенімен
аса талғампаз автор оны әлі күнге дейін өз ішінде өз қолымен
тұншықтырып, күргейлеп, бүркемелеп келе жатыр.

Жүрсін Ерманов саусағын сорып өлең туғызбайды, қай­
наған өмірдің өзінен ала­ды, бастан кешкенін, көзі көріп,
көңі­ліне түйгенін жазады, жүрегін тербемеген, жанын қозға­
маған тақырыпқа бармайды да баспайды. Өмірі – өлеңі­мен,

өлеңі – өмі­рімен қабысқан, өрімдей өрілген санау­лының
бірі. Кезінде Цветаева Пастернакқа: «Сіздің тақырыбы­ңыз

– Сіздің өзіңіз, Сіз оны Колумб Американы ашқандай үнемі

күтпеген, ойламаған жерден ашасыз да жатасыз» деп жазған.
Жүрсін Ерманов та дәл сондай ақын. Оның бүкіл ғұмы­рында
жазған өлеңдері әлдеқайда көп болар, бірақ бізге бар ұсын­
ғаны жүз жиырмадай-ақ жыр, оның да жетпісін ғана «Құстың

көлеңкесі» атты таңдамалы жинағына енгізіпті. Үлкенімізге
де, кішімізге де үйре­нерлік үрдіс! Осындайда орыстың әйгілі
ақыны Михаил Светловтың: «Егер бір жинақ­тан тұщымды
он бес өлең табыла­тын болса, оның мықты кітап болғаны»,

деген сөзі еріксіз еске түседі.
«Ұят дейтін бір кінәз, нәпсі дейтін бір кесел – арбасады да
жатады. Содан ба екен, қанағаттың шапаны мен қияметтің
кебінін мен алдымен өзіме өлшеп көремін. Назары сұсты бір

құдірет жазғанымды жырттыра береді, кітабымды кідірте береді.
Алпысқа келгенінше бар жазғаны бір томға жетер-жетпес өлең

болған Абай аға да көкжелкемнен қа­рай­ды да тұрады. Ол кісі де
қатал-ақ! Осы­лайша, бар мен жоқтың, от пен судың ара­сында
қапылған шамшыл шайырдың тым болмаса бір шумақ өлеңі,
тым болмаса бір қайырым сөзі талғампаз оқушының таңдайын

жібітуге жараса нетті деп үміттің шырағын үрлегеннен басқа,
құдіретке жүгінгеннен басқа не шара бар?!», деп жазады Жүрсін
ақынның өзі.
Жүрсін

Ермановтың
поэзиясында
таби­ғат
лирикасы

жоқтың қасы, ол тіпті айналасындағы табиғат көріністеріне,
тау, тас, орман, тоғай, жапырақ, бұлт, ай, жұл­дыздарға зер сал­
майтын да сияқты, егер назар аудара қалса одан живо­письтік
картина емес, өз жанының, өз қоғамының ахуалын ғана көреді.

Мысалға, ақынның «Терісаққан» атты жыры соның айғағы:
Сағымымен даланың жарыса аққан,
Жақсылықтың алдынан желі соққан,
Кейінгі елге жылы сөз жеткізбекке,

Хабаршыдай қуанып кері шапқан
Арқада бір өзен бар – Терісаққан.
Қазағымның қақ жарып кең даласын,
«Терісаққан» атанып енді ағасың.

Бәлкім барлық өзендер теріс ағып,
Оң ағатын жалғыз-ақ сен ғанасың?!
Бәлкім барлық өзеннен сен данасың…
Ешкімге ұқсамау деген осы. Бұл – Жүрсіннің өзі туралы

жаз­ған автопортреті дер едім. Желмаямен жер шол­ған Асан
ата­сындай, жиһан кезген жиһан­гер­дей өз жа­нының жа­ңа құр­
лығын ашып отыр. Біз Совет өкі­меті тұсында стандартпен өмір
сүріп, шаб­лонды ойлап, қа­лыптан аспай, сызды жерді баспай,

«құндақтағы адамдай» өмір сүруге бейімделдік, дағды­лан­дық.
Ноқтаға басы сый­маған­дар көзтүрткі болды, немесе қа­пас­
тағы құсқа айналды. Тоталитарлық жүйе үшін еркін о­й­лайтын,
ерекше түй­сі­нетіндер қашан да қауіпті элемент сана­тында.

Біздің халық сол Совет өкіметі кезінде әлемдегі ең оқымпаз ел
болды. Бірақ соның өзінде тек арнайы рұқсат етілген әдебиетті
ғана оқуға мүмкіндік берілгені аян. Алаш алыптары мен арыс­
тарымыздың әдебиеті көзден таса, көңілден тыс тұм­шаланып

ұсталды. Себебі ұйқыдағы сана­ны оятуға болмайтын еді. Міне,
сол тұм­ылдырық­ты заманның өзінде осы «Терісаққан» тектес

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
өлең­дерімен сызулы шеңберді бұзып, қалып­тасқан қағиданы
талқандай білген ақындар бізде көп емес.
Бізде уақытқа қызмет ету, өз дәуірін жырлау дейтін мәр­

тебелі ұғымдар бар. Мұның бәрі сол өткен болмысы­мыздың
бей­несі, бастан кешкен қоғамымыздың көрінісі, қыс­қаша
айтсақ, ескінің сарқын­шақтары деп қайыра салсақ болар еді.
Вахтангов ескінің сарқыншақтарын жақсы сақталған өлікке

теңеген. Тәкаппар Цветаева: «Біз оған қол қу­сырып қызмет
қыла­тындай уақыт деген сон­шама немене өзі?!» деген. Өз
дәуірін мадақ­тай жырлаған ақынның ішіндегі ең жадағайы да,
жағ­дайы жақсысы да Демьян Бедныйдай-ақ болар, ол Кремльде

тұрып, наркомдармен қоңсы өмір сүрген жалған­да­ғы жалғыз
ақын. Нағыз сарай ақыны. Бүгінде әде­биеттен аты өшті. Алда-
жалда аты атала қалса бүгінгі оқырмандар оған мү­сір­кеп, күле
қарайды. Ең дарындысы Мая­ков­скийдей-ақ болар, ол да ақыр

соңында атылып өлді. Оған ешкім күле алмайды. Бірақ аяныш
білдіреді. Соның бәрін көріп-біле отырып, даталы күндерге,
саяси-қоғамдық маңызы бар науқандарға неге өлең арна­мадың
деп Жүрсін Ермановқа қалай кінә артарсың? Ол көсемдердің

ту­ған күніне өлең арнамаса арнамаған шы­ғар, бірақ өзінің
туған күнін ұмытпаған, бір емес екі өлең арнаған. Бұл да болса
ақынның өзіндік, максималистік ерекшелігіне жатады.
Қуанбаймын бұл күні

Қосылды деп жасқа жас.
Мәңгіліктің мылтығы
Мені бейғам тастамас.
Қасіреттің көгенін

Қайратым жоқ елемес.
Күліп тұрмын дегенім,
Жылағаннан кем емес.
«Өміріңді жалмаймын»,

Деп сағатым зырлайды.
Қуана да алмаймын,
Ішті тесіп бір қайғы.
Уыты бар көңілде,

Жазылмайтын жараның:
Неге келдім өмірге?
Неге кетіп барамын?

Неге? Неге? Міне, бұл – сұрақтың сұра­ғы. Өмірдің мәнін
іздеген қаншама фило­софтарды қинаған, буынсыз жерден
пышақ ұрып тұрған ұрымтал сұрау. Өмір­дің ақы­рында сауал
бар, сауалдың соңын­да зауал бар. Жүрсін Ерманов ақы­рет

ал­дын­да айты­лар сауалды өз туған күнінде өзіне қояды. Бұл
Омар Хайям­ның: «Мен кім­мін? Қайдан шық­тым? Қай­да бара­
мын?», Шекс­пирдің: «Бол, бол­масаң бордай тоз», дейтін аталы
сұрақтарымен тайталаса аларлық мәңгілік сұрау. Бұрын­ғы

өткен мық­ты­лар­дың: «Өлең жазсаң ақыр­ғы өлеңіңді жаз­ған­
дай жаз, өмір сүр­сең ақырғы күн өмір сүргендей бол», дейтін
қағидасы да қылаң береді.
Бірақ бүгінгі күннің өз та­лабы бар емес пе? Жаңа қо­ғам,

жаңа құрылыс, тәуел­сіздік заманын көріп-біліп, бас­тан кешіп,
жемісін та­та отырып, ақын қалай үн­демей қала алады? Егер
ақын болса? «Егер Португалияда жер сілкініп, зілзаладан жер-
дүние қирап жатса, гүл мен жа­пы­рақты жырлап оты­рып алған

ақыннан не қа­йыр?» деген сөйлемді Ян Парандовскийден
оқып едім.
Мәселе дәуірді, қоғамды құр мадақтауда емес, мәселе
заманның шындығын аша білуде. Бұл тұрғыдан алғанда:

Ұлытаудың ұраны – ұлар, ұлар,
Ұлары жоқ,
Бұл таудың мұнары бар.
Ұлы тастың алдында ұяттымыз,

Кім ауырар ұяттан, кім арылар?!
Ұлытауға бардың ба?
Ұлар қайда?
Ұлы қайғың уылжып тұнар бойда.

Ұры тісің секілді у сезімің,
Уын жайып уілдеп туар ма ойда…
Ұлытауым, Ұлығым,
Ұлтым менің,

Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім?
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің!

«Ұры тісің секілді у сезі­мің», дегенді Жүрсіннен басқа қай
ақын айта алды екен? «Ұлы­тауым-ау, ұларың­ның тағ­дырын

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ұлдарың құшпа­сыншы» деп тұрған жоқ па? Ақын­нан бұдан артық қандай азаматтық позиция талап етуге болады? Оның «Ақынның үйі», «Абайға мұң шағу», «Жамбылды қорғау», «Кең­ші­лік Мырза­беков­ті Алматыдан аттан­дыру», «Гольфст­ рим», «Оразалы», «Екі сурет», «Әпке», «Мү­йіз кесу», «Қара шашым аға­рады», «Әйел­ге ода», «Макулатура», т.б. қадау-қа­ дау өлеңдерінің әрқайсысы бір бөлек әлем, жырлап тұрған, қобыздың ішегіндей күңі­реніп тұрған дүниелер. Айтыс өнерін тірілту арқылы өзіне өшпес ескерткіш орнатып үлгірген Жүрсін Ер­мановтың бұл өлмес еңбегін айтпағанның өзінде жазба поэзия­мызға қосқан сүбелі үлесін ешкім де жоққа шығара алмайды. Мұхтар Әуезовтің қойын дәптерін­дегі жазбалардың ішін­де мынадай тәмсіл бар: «Түлкі арыстанға: «Менің күшігім қан­ дай көп. Жыл сайын табам және көп-көптен табам. Сенікі не, бәрі біреу-ақ?» – дегенде, Арыстан: «Біреу де болса ол арыс­ тан ғой!» –депті. Біздің әде­биетімізде қазір асыра сілтеп, ақтара жазу, қопара қозғап, қотара төгу, көп кітап шығару етек алып тұрған кезде «жү­регі­мен арыстан­ның, қозыдайын көген­делдім» дейтін Жүрсін­нің арыстан мінез, түйетолғағы­мен дү­ние­ге ілуде бір келіп жататын ұстындай кітаптары туралы осылай айт­сақ артық емес. Саны аз, көлемі шағын демесең, шы­найы сезім, тұнық ой, еркіндікке суарылған ерке шабыт, қанатты көңіл, тереңнен бастау алатын тұмадай кәусар қайғы, бұлтқа қол созған биік парасат… қысқасы ақынның өз оқырманына тартар сыйы аз емес. Жүрсін таланты – жарқын, айрық­ша, ерекше, өзгеше талант. Адамзатта өнердің сызып бергенінен өзге болашақ жоқ, егер олай болмаған жағ­дайда біздер өткен шаққа қайта ора­ ламыз деседі данышпандар. Абзалы, сол өткенге қайта орал­мау шығар. Өнер сызып берген, өлең сілтеп көрсеткен бола­шақ бүгінгінің де, ұрпақтардың да еншісінде. Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

«ҚАЛҒЫП КЕТПЕ, ҚАЗАҚЫ ҚАНАҒАТЫМ» Б із және бізден кейінгі ақындар – қар­шадайымыздан со­циа­листік қоғамның идео­логиясын жанымызға сіңі­ ріп, билік не айтса, соған «ләббәй, тақсыр» деп ай­ қай­ла­мағанмен, бас изеп тәрбиеленгендерміз. Қанға сіңіп қалған қасиет­тің қандай сұйықпен немесе қылықпен жусаң да кете қоюы екіталай. Өмірдің шындығын тұп-тура қаны сорғалаған күйінде жазуға көп ақынның батылы бармайды, батылы барғандар қоғамның көңілінен шықпайтындықтарын біледі де, биліктің алдында жаманатты болғылары келмейді. Ғасырлар бойы қалыптасып қалған осы жайдың шырқын бұзып, шеңберден шық­қан, өзі өмір сүрген дәуірінің ақиқатын әр­түрлі әдістермен айта білген бірен-са­рандарды елеп, бағалап жатқан әдеби орта не зерделі оқырмандар жоқ. Тәуелсіздік таңы атқан бүгінгі күндері батыр да, батыл да көбейді. Кешегі темір тордың астында ақиқатты айту түгілі ауыздарын ашуға жа­рамағандар қазіргі күндері «өзім батыр, өзім бай – кімді аяйын» деп, халықтың мұ­ңын мұңдап, жоғын жоқтағандай адам­сиды. Сол бірен-саран ақындардың арасында Жүрсін ініміз бар болатын. Жайдақталып кетсе де замана тым, өңмендеумен шықпасын жаман атым. Шұға жауып жатса да көктен жерге, қалғып кетпе, қазақы қанағатым! – деп, жастайынан жағаласып жүріп жұрттан озу­ды ар санайтын ақын бірнеше жыр жи­нақтарын шығарып, өлең түсінетін оқыр­манға әбден таныс болса да, оза шапқанды бағалап бәйге беретін орта болса, өздері тауып аларды қанағат етумен келеді. «Қой» дейтіғұн қожасы болмағасын, қы­зында сенім жоқ, ұлдары алаңдаған түлкі за­манда шал шалдуар, кемпірі мыстан болуы да заңды секілді көрінеді. Сондықтан да

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Азабына қазақтың қосып азап,
дұшпан таба қылады, досы – мазақ.
Жауға алдырмас жарағын дауға алдырып,

сормаңдай-ау шынымен осы қазақ.
Тұнжыраған көзімде тұнып бір мұң,
өксігімді көмейде құмықтырдым.
Қайран Мұха, қадірің өткен күні

басыңа кеп бөрідей ұлып тұрмын.
Бұл – ақынның Мұхтар Әуезовке ар­наған өлеңі.
Өмірдің «тайғақ жолындағы киік-тағдыр» ақынның біресе
«орман – қайғысы шуылдап», елдің ұлдары құлға айналса, ол

халықтың көсегесін кім көгертер» деген ойлардан «бар мен
жоқтың арасында» теңіз бетіндегі қалтылдаған желкенсіз
қайықтай сенделсе, енді бірде
Қаламымды кезеніп мен осынау

халқым үшін бәрібір майдандасам! –
деп, шабытына жігерін жаныған күйі:
Ақырып шыға келсем Қабанбайлап,
Япыр-ай, бітер ме екен маған да айбат?!

Жоқ, әлде бұғып тағы қалсам ба екен
жұлқыссам жыртылатын жағамды ойлап? –
деген шерменде күдікпен күн кешетініне де сенесің. Себебі
«махаббат мұңсыз бол­мас» дегендей шын ақынның дерті де сол

көңіліне ылғи күдік-құзғын ұялап, тылсым оймен тынымсыз
тіршілік тауқыметін кешу ғой.
Жүрсін ақынның «Арайлы күн, армы­сың», «Ұлытауға бардың
ба?», «Сізге арна­дым», «Құдіретке жүгіну», «Құстың көлең­

кесі» атты шығармалары сөз қадірін білетін, сөз патшасының
тамырына дейін талдап, жүрегін баураған жолдардың астын
сызатын қызыл қарындаш іздейтін, соңында сол шумақтарды
дәл бір өзі жазғандай рахат сезімге оранатын оқырмандары,

құдайға шүкір бар, шын мәніндегі жыр-толғам­дар.
Уайымсыз өлең – тойған қарынның ке­кірігі. Ал Жүрсіннің
жырлары шерге буланған шындықтың шырынындай әрі нәрлі,
әрі зарлы. Көрінгеннің бәрін қуа­ныш көріп қарсы алатын,

айқайлағанның бәрін әнші, қол сермеп, бірдеңелерді оқы­
ғанды ақын, ақырғанды батыр көретін деңгейдегі оқырман мен
тыңдарман.
Заманым берер емес мүлде тыным,

білмеймін түсетінін кімге күнім.
Шошынып күнде көрген сұмдықтардан
келеді кәлимаға күнде тілім.
Шортанбай шал болжаған заманақыр

жетті ме екен: әйел – би, бала – батыр.
Ақылымның азабын тартып жүрсем,
үйретеді үйде олар маған ақыл.
немесе

Басымды тәуекелге тағы байлап,
шынымен көрсем бе екен Абылайлап?
Соңымнан ерер ме екен жанкештілер,
жырқылдап күлер ме екен ауыл-аймақ? –

деген ойлы шумақтарды оқығасын ат-то­нын ала қашып,
«аспаны ашық, заманы жарқыраған мына дүниеде Жүрсіннің
мұнысы несі» деп, кінә тағары әбден мүм­кін. Өйткені біз –
мадақтау мен қол шапа­лақтап, мәз болуға үйренген елміз.

Қазақтың бырығы мен былығын, би­ліктің қылығы мен
сығымын ғана емес, жалпы пенденің табиғи болмысын айнадан
көрсеткендей өлеңдерімен әшкере еткен Абай атамыздың әлі
күнге жұрттың аузынан түспей, әр сөйлемі халықтық мақалға

ай­налуы тектен-тек емес.
Немістің ұлы композиторы Рихард Штраус:

– Қарапайым бір ән жазып, ол елу жыл­дан кейін халық

әніне айналса, композитор үшін бұдан асқан бақытты мен
білмеймін, – деген екен.
Бұл даналық сөзді ақынға да айтуға әб­ден болады.
Біздің Жүрсін де біреуді жамандап не көңі­лі ұнатқанға

көпшік қойып емес, ке­рісінше, өз сезімі, өз болмысы арқылы
ұлт та­биғатын көрсетуге тырысады. Бұл – үл­кен таланттың
қолтаңбасы.
Ақынның әр туындысынан қазақ ті­лінің нәрімен сусындап,

баяғы бала шақ­тар­да сары уызды тамсана талмағандағы тәт­ті
сезімді басыңнан кешкендей күйге ене­сің.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Сондай-ақ Жүрсін ақын «тәуелсіздік жа­­сасын!» немесе
«азаттықтың таңы атты» деп жар салып, ұрандамайды.
«Елбасымыз­ға дауыс берейік, ағайын!» деп те айт­пай­ды.

Айбар болар Алашқа таусылды ма ер,
намыс оты жарқылдап, жансын жігер,
көк байрақтың астында табысуға,
Ата қазақ, сен бүгін дауысыңды бер!

Ортағында ауа, су, Отын көпке
Отанына болмасын ботаңда өкпе,
Дауысыңды бер, ағайын, Абайыңа,
Қасымыңа, Мағжан мен Махамбетке!

Тәуелсіздік бақытының байрағын жел­біреткен елдің аза­
маты қуанышын осылай шыр­қар болар, Елін, Жерін сүйе­тінін
осы­лай жария етер!
Жүрсін поэзиясы арқылы «аспанда қы­ран қалықтап

барады, ал жерде жылан жор­ғалап жылжиды – сен жыландай
жор­ғалама, қырандай қалықта» деп ешқашан оқырманға ақыл
айтып, үгіт-насихат жүр­гізбейді.
Мысалы, біз ана тіліміз туралы көп ай­тамыз, анасы­ның

тілін білмейді деп бі­реулерге өкпелеп, дымын қоймай сөгіп,
кінә­лаймыз.
Ал Жүрсін болса бұл мәселеге мүлдем бас­қа жағынан келеді:
Сөздің батпан салмағын сездің бе, ұлым:

әр сөз өзі кеседі өз кіндігін.
Көздің құнын сұрама – сұрамасаң,
сұрау керек алайда сөздің құнын.
Бір сөз үшін азапқа төзгенде адам,

туған тілдің қадірін сезген бабаң.
Аттан жығыл жығылсаң – уақасы жоқ,
жығылуға болмайды сөзден, балам!
Бұл да – ақындық шеберліктің белгісі.

Әңгімем Жүрсін Ерман жайлы бол­ғандықтан тағы бір
мәселені айта кетсем деймін.
Жүрсін Ерманның халқымыздың ай­тыс өнерін өрістетуге
біраз жылдан бері күш-қуатын аямай жұмсап келе жатқанын ел

біледі.
Бұл жолдағы оның еңбегін де ерлік деп бағалауға болады.
«Айтыскер ақындар Жүр­сіннің құлақ кесті құлындай, айтысты

өзінің жеке бизнесіне айналдырып алған» деген күңкіл айтушылар да бар дегенді кей­де естіп қаламыз. Күңкілдің бәріне құ­лақ аса берсек, біздің елде бірде-бір тірі жан сүт­тен ақ, судан таза болмай шығары сөз­сіз. Киелі сөз өнеріне деген халқымыздың ықыласын қайда қоямыз? Айтысқа және жазба ақындар мүшәйрасына жас пен кәрісі, бала-шағасына дейін қазақ атаулы құлап-сүрініп, өтіп жатқан залдың есігін сындырса да, әйтеуір барып тыңдауға құмар. Яғни бұл – халқымен бірге жа­сайтын ұлттық өнерге деген елдің құш­тарлығы, «шындықты басқа айтпаса да, ақындар айтар-ау» деген дәме. Ал айтысты ұйымдастыруға, жан-жақ­тан ақындарды шақыруға, бәйге беруге Үкі­мет қаржы бермейді, демек, ұйымдас­тыру­шы әркімнен көмек сұрап, қалталы мы­р­залардың тілін табуға мәжбүр бо­лады. Осындай шаралар кез келгеннің қо­лынан келе бермейді. Неше жылдан бері жақсы атын да, жаман атын да арқалап келе жатқан Жүрсін өлеңін жазып, тып-тыныш үйде отыруына болса да, ұлттың рухы мәселесіне келгенде арқасы шымырлап: Жеткізем деп жүректерге жыр үнін, жеткізем деп елге айтыстың дүбірін, бар ғұмырды осы айтысқа арнадым бар секілді менің артық ғұмырым. Түлетем деп дәстүрім мен салтымды, мысыңды – мыс, алтын дедім алтынды. Көрінгеннің күңкіліне түкірдім қуантуға жарап жүрсем халқымды, – деп жар салады Жүрсін. Мұнысы шындық па? Шындық. Жүрсін ақынның жырларының ара­сында ар­нау өлеңдер де бар. Бірақ олар қандай өлең­дер? Абайға, Қасымға, Мұхтар Әуе­зовке, Сабырхан Асановқа, Жамбылға, Ақ­селеуге деген тақырыппен жазылған өлең­дердің әрқайсысы – өмір жайлы тол­ға­ныс, өзекті өртейтін өкініш, әділетсіз дү­ниеден шындық іздеп шырқаған ақын­ның жан айқайы. Бұл – поэзия ма? Поэзия! Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, ақын.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ЖҮРСІННІҢ ЖЕЗКИІК ЖЫРЛАРЫ Ж үрсін Ерман – әдебиет әлемінде өткен ғасырдың жетпісінші жылдары көрініп, ақындық талантын мойындатқан қаламгер. Содан бері ол баспасөз маңында қызмет істей жүріп, бірнеше жинақ шығарды. Халықтың көне мұрасы – айтысты жаңартып ұйымдас­тыруға үлкен еңбек сіңірді. Соңғы он шақты жылдың ішінде қазақ радиосы мен теледидары басшылығында жемісті жұмыс істеп келеді. Жазғандарын жинап көлемді таңдамалы шығаруға ақындық қарымы да, мүмкіндігі де мол адамның бірі. Сөйте тұра, ол 70 қана өлеңін іріктеп алып, «Құстың көлеңкесі» атты шағын жинақ (2008) бастырыпты. «Шөп те өлең, шеңгел де өлең» болып жатқан заманда ақынның мұндай сараңдық жасағаны, жасыратыны жоқ, мені тіпті қайран қалдырды. Мен оның жинағын осындай екі ұдай сезіммен оқуға кірістім. Ең алдымен, тапқаным – ақынның тым талғампаздығы. Ол шашыла бермей, өлеңді де талғап, таңдап жазатынға ұқ­ сайды. Саясат пен науқандық өлеңдерге, өлең түрінде жазы­ латын қолпаштауларға бара бермейтін сияқты. «Көзіне сыйған құбылыс көңіліне сыймаса», оған да елікпейтін түрі бар. «Ойдағы муза» мен «мидағы дыбыс» сиыса алмай, «иінім түсіп, исініп жүрмін» деп өзі айтқандай, көркем жырдың қисы­нын табу да оңай түспейді екен. Музадай мазаң сұлуға жағу да оңай емес. Бірақ оның көңілін табам деп, өз ойынан шықпаған, сезімінен тумаған өлең жазбауға да мықты ерік, тоқтам керек. Жүрсін – осы сезімді мықтап тұзақтаған тәрізді. Оның үстіне заман да ауырлап, өлеңнің өтімі азайғаны да ақын жанын қинайтыны көрінеді. Ақыл апшып қалғанын, сезім бұғып, Отырамын ішімнен өзім біліп, Базар баққан бәдіктер ортасында, Кісі де жоқ тұшынар сөзіңді ұғып.

Бір күніңнен аумайды бір күніңіз.
Жамалатын түрі жоқ жыртығыңыз.
Саңырауға беретін сәлемдей-ақ
Кімге дәрі осы өлең шіркініңіз? –

дейді ақын. Бұл қазіргі ел күйі мен әдебиет жағдайы, оған деген
көзқарасты танытады.
Бұны тек ақын сезімінен туған деп ойлау жеткіліксіз. Бұл

– заманға арнап айтылған сөз. Бұл заманда «базар баққан

бәдіктер» көбейіп, халықтың рухани тіршілігі қоғам назары­­нан
тыс қалғаны жасырын емес. Мұны, алдымен, ақын сезі­неді.
Өйткені ол оқырманынан айрылды. Кітап шығару ісі қиын­
дады, оқырман базар жағалап кетті. Өлеңді де, өнер иелерін

де қорғаушы болмады. Атам заманнан олардың күнкөріс
көзі болған қаламақы төленбейтін болды. Сондықтан өнер
адамдары бүгін қайыршының күнін кешуде. Жүрсіннің өлең
жазуды «Саңырауға сәлем беруге» теңеуі де орынды әрі тапқыр

көрінетіні де осыдан. Осы оқиғалар бірімен бірі жалғасып ақын
бойында көңілсіз сезімдер тудырса, оны заманға артпа­ғанда
қайтеміз? Ақынның енжар көңілі қоғам үшін қажет сөздің
жолы кесілгенін анық байқатады.

Заман ауыртпашылығы мен одан туатын суреттер Жүрсін
өлеңдерінін кішпіейіл, қанағатшыл кейіпкерінің қанағат­
сыздыққа қарсы күресін бейнелейді. Бүгінгі өмір тартысы
дегеніме де нарық пен соның ырқында кеткен адамның

тағдыры екенін көресің. Және ол нарық қайраткері емес,
халықтың қарапайым өкілі. «Мойнына нарық тұзағын іліп,
мініс атындай шаппай желетін, жанына тыныштық таба алмай,
өзін өзі тонап жүрген ұрыға» ұқсайды («Дейсің, хал қалай?»).

Кейде ол жалғыз басына тіреу таба алмаған ұрыншақтың
бейнеін елестетеді («Бас»).
Тауға да оны ұрдым,
Тасқа да соқтым.

Есеңгіреп тұрдым,
Есті болған жоқпын.
Жарғақ басым қанын
Сорғалатты кілең.

Сірә, менің жаным
Басымда емес білем, –

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
деп толғанады. Тағдыр оны бәріне де көндірген сияқты («Терім
қалыңдаған соң, терлемеуге төселдім»), Кейде «Айтыл­ма­са
ақиқат, кімге қалар обалы? деп сөйлеп қалса, жоба­лап айт­

қан сөзі өзіне тиіп жатады. Сондықтан «іштей күйіне жүріп»
«жұдырықгай түйілуге, қоғадай жапырылып, адыр­надай
иілуге» үйренеді.
Түсіп кетсем топқа кіл,

Алтын басым – қақпақыл.
Өзгермейді болмысым,
Осы менде жоқ па ақыл?
Жұртқа кінә тақпаймын,

Өзіме өзім жақпаймын,
Шырылдаған жанымды
Қай сандыққа сақтаймын?! –
деп күйінеді. Бұл жолдар біз көріп жүрген шындықтың

көрінісі. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген мәтел оның
рухына сай келеді. Жүрсін осыны өткір сезінеді. Айналаң толған

– алдамшы өмір. Шын достар өлген бүгінгі дос сенің өліміңді

аңдып, «тоныңды қалап алудың» қамында жүр. «Жанашыр деп
жалбақтаған туысың», «үлкен деп үздіккенің» ұры боп шығады.
Қайда барсаң да тұлыпқа мөңіреу... «Ырғай жыры» атты өлең
осы бүгінгі заман шындығы жайлы ақын ойы мен сезімін

қорытындылайтын сияқты.
Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Баяны жоқ бұл дәурен

Басында көп тұрмайды.
Өкінішің өзеуреп,
Өзегіңді тырнайды.
Көздің жасы кептеліп,

Көмейіңде құрғайды.
Ырылдасып қайтеміз,
Сенде де бар бір қайғы
Менде де бар бір қайғы.

Содан барып ақынның:
Жүректің қаны тамшылап,
Айтатын болсам ақталмай:

Ит мініп, ирек қамшылап,
Өмірім өтіп жатқандай, –
немесе
Киіс көрген керзі етіктің

Жұлығындай тозып барам, –
деген сөзіне сенесіз.
Ақын қайғысы – халық қайғысы. Оны ол өз басының
күйінен ғана емес, ел-жұрты тіршілігі мен көңіл күйінен алады,

содан ой түйеді. Әр адам өмірдің бір бөлшегі. Ақын да солай. Ол
құбылысты, шындықты басқадан бұрын көреді, өзінше тани­­ды,
өзінше толғатады. Бірақ оның айтатыны жеке адамның емес,
адамзаттың сөзі. Ақын сөзі қоғамды айыптауға емес, оның

ауыртпалығын жеңілдетуге жұмсалады. Қоғам қайшы­лығын
сынау екі жаққа да жеңілдік әкеледі. Ойындағысын айтып
ақын көңілі жай тапса, сырын ішіне бүгіп мелшиіп жатқан
қоғам да құпиясы ашылып, демін сыртқа шығарып бойына

жеңілдік алады. Түптеп келгенде, шындықты бетке айту кім-
кімге болса да зиянға шықпайды. Арамдық, тымырсықтық
табиғат мінезіне жат. Ондай мінездер адам жанына жылылық
сыйламайды. Сондықтан одан жеңілдеу кім-кімге болса да

керек. Мезгіл-мезгіл тазарып отыру табиғатқа да, адамға да
пайдалы. Абайдың өзіне өзің есеп беріп отыру қажет дейтіні
осы оймен айтылған. Мұны Жүрсін де айтыпты. («Не бітіріп
жүрген жанмын деп кейде, Шырт ұйқыдан оянатын шақтар

бар»), Шындықты іздеудің өзі – қоғамды емдеуші дәрі. Поэзия
шындық арқылы адам көңілін жұбатқаннан, оның жанына үміт
отын жаққаннан басқа мақсат көздемейді. Астроном күндіз-
түні аспанға қарап телміріп отырғанмен, оның табысы көбей­

мейді, бірақ ол аспан әлемінен жанына рахат алады. Поэзия
да солай. Біз жақсылықты жек көрмейміз. Өмір әсемдігімен,
көркі­мен қымбат. Бірақ сол әсемдікті бұзып, жалғандық
тұманы басып тұрса, ақын оны көрмей, айтпай өтуге тиісті емес.

Мұны түсіну керек.
Жүрсіннің көңіл күйі арқылы заманға артар өкпесі түгел­
дей ақындықты, халық рухын көтеретін көркем сөзді қор­ғауға
арналған. Ол қазақтың сөз бағалаған мінезін құрмет тұтады.

«Бәсіре сөз» деген өлеңіңде әкесі баласына: «Аттан жығыл
жығылсаң – оқасы жоқ, жығылуға болмайды сөзден, балам!
Шашқың келсе – дүние, малыңды шаш, тек сөзіңді беталды

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
бере көрме» дейді. Сөйтіп ақын сөз қадырын сақтау, оның
бағасын көтеру туралы халықтық ойды жаңғыртады. Оның
«Ақынның үйі немесе Қасым Аманжоловтың үйін қирату»,

«Мұқтар Әуезов қабірінің басында жазылған жырлар», «Абайға
мұң шағу», «Жамбылды қорғау», «Кеңшілік Мырзабековті
Алматыдан аттандыру», «Сабырхан Асановтың қазасы»,
«Қарасөз. Қарашал. Қарғыбау» сияқты өлеңдері түгелдей

ақын мен ақындықты бағалаудың бүгінгі ортадағы кемшілік
тұстарын сынауға адамдықтың биік рухы тұрғысынан келе
алғандығын көрсетеді. Қасым үйін қирату туралы өлең
оқырманды ауыр сезімге бөлейді. Ақынның қабырғаларын

біртіндеп сөгіп, кеудесін бұзып, сәби жырлардың бесігін
сындырып жатқандай әсер қалдырады. Ол жырды қорғаудың
кешігіп жатқан ережелерін алдан күтеді. Онсыз озбырлықтың
созыла беретініне күмэн келтірмейді. Ендігі кезекте Жүрсіннің

өз үйі тұрғанын «Қиратып жатыр Қасымның үйін, біздің үй
соның іргесінде еді» дегенінен ұғамыз.
Жүрсін Мұқтар қабірінің басына барып та сөз қадыры
өлгенін айтып шағынады. «Қой» дейгі ұғын қожасы болмаған

соң» жөнсіздік ұлғайып кеткен орта шындығын ол «түлкі
заманның» сыры мен адамдары арқылы ашады. Осы топтағы
рушылдық пен жершілдікті күйттеп, ит өмірді тозаққа
айналдырған казақ ағайындарын шенеп өтеді. Тіпті «ит

тірліктен іргеңді білгің келсе, жай табатын жалғыз жер – мола
шығар» деген ауыр сөздерге де барады.
Жүрсін «Абайға мұң шағу» өлеңін де Абай заманы мен бүгінгі
қазақ өмірін салыстыра отырып, солардан туған суреттерге өз

көңіл күйін сыйғызады. Өзгермеген шындықты екі дүниенің
сырын ашар бейнелі сөздермен тұтастыра суреттейді. Абайша
толғап, Абайша сынайды.
Жүз елуге сіз беттеп,

Біз-елуге,
Жал-құйрығы заманның күзелуде.
Зәрін шашқан замана бұл қазаққа
Мұрша берер түрі жоқ түзелуге.

Батырар деп белшеден кімді ұйыққа,
Тіксінеміз үңіліп тұңғиыққа.
Атан түйе тарта алмас қасіретің
Абай аға,

Алаңсыз мінді иыққа.

Күн өтпейді тіл тістеп, тіс қажалмай,
Аяр заман алқымнан қысты ажалдай.
«Ұстарасыз аузына мұрты түскен»
Еліңді ойлап, қайнайды іш қазандай!

Алдымыздан ақ боран жолықпай қыс,
Өтіп жатқан және жоқ қамықпай түс.
Жалықпаймыз қашанғы жұртты алдаудан –
Алданудан жалықты халық байғұс.

Шортанбай шал болжаған заманақыр
Жетті ме екен: әйел-би, бала-батыр.
Ақылымның азабын тартып жүрсем,
Үйретеді үйде олар маған ақыл.

Ағайын да қатыбас – сол қалпында.
Азамат жоқ Алашқа болған тұлға.
Ешкіемердей еліңді теспей сорған
Алаяқтың қалтасы толды алтынға.

Ит құтырар – тезегін дәрі десең,
Бәрі – әулие қазақтың, бәрі – көсем.
Шортан іздеп шалшыққа қармақ салған,
Жарымес ем не деген-жарымесем.

(өлеңнен ұзағырақ үзінді алғаныма кешірім сұраймын. Менің
мазмұндауымды қажет етпей, ақын ойын өлеңнің өз сөздері
толық танытатын болғандықтан солай еттім. В.Белинский
өлеңнің бейнелілігін таныту үшін ақын сөзінің өзін пайдалану

қажеттігі туралы көп айтатын еді. Ұлы сыншы өзі де кейде 2-3
беттерге созылатын үзінділер келтіретін). Өлең заман сырын
ашына айтқан бүгінгі ақынның ойлы талғамын айғақтайды.
Оның кейінгі бөлімдерінде Абай бейнелеген «қырттардың»

бүгінгі көрінісі, «бірін бірі алдаса, мәз болатын» қазақ мінезі,
«хақтың адал жолымен жүрген» адамдардың жағасын жыртуға
тырысатын
пәлеқорлық

қылықтар
ашылады.
Кеңшілік,
Сабырхан, Мұкағали ақындарды да еске алуда да олардың

тағдырына заман салмағының араласуы сөз болады. Ақын
тойдан гөрі жаназаға жиі баратын дәуір ауыртпашы­лығын
қинала мойындайды.
Әрине, бұлардың бәрі ақынға өмірдің жақсылығынан кү­дер

үзуге жол бермейді. Ол да, бәріміз сияқты, үмітті алдан кү­теді.
Оның:

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Үміт сөнбейді,
Ісім өнбейді.
Қажып жүрсем де,

Өлгім келмейді, –
дейтіні де осыдан.
Жалпы өмірдің өзі үмітке, болашаққа ұмтылған адам­
ның сенімі ғой. Сезім мен ой көбейген сайын, адам басында

қайғыру мен қуану сезімдері өскен сайын – біз өмірге
жақындай түсеміз. Оны түсінуте тырысамыз. Сонда ғана өмір
бір­тіндеп ыстық құшағын ашады. Мұндай өмірдің бір сәті
қалғып-мүлгіп тіршілік жасаудан, ұсақ-түйекке алданып өткен

күндерің­нің жүз жылынан артық. Өмір шындығын рухпен
түсіну, сезіммен тану керек. Өмір сонысымен қызықты. Сон­
дықтан да ақын үнемі елегізумен жүреді. Өзгерісті алдан күтеді.
Жұрт таңқаларлық іс істейтіндей, достарын сүйіндіретін ерлік

жасайтындай сезінеді. «Кешіп жүрген өмірім әшейін де, бәрін
қайта бастайтын секілденем» дейді.
Адам өмірі жан-жақты, қызықты. Ол бірыңғай көңілсіз­
діктен, айналаңа риза емес сезімнен тумайды. Адамның жеке

басының қу’анышы, оның көңілін бөлетін жар мен баланың
қызықты өмірі, табиғатпен қауышқанда ту атын сезім сәт­
тері болады. Күннің шығуы, шуағы мен жылуы, Ұлыта­удың
ұлылыгы, Көкшенің әсемдігі, Алтай мен Арқа, Орал мен Ертіс

– бәрі де адамға қуанышты көңіл күй сыйлайды. Соны көре

білу, сезе білу керек. Олардың ішінде ақын көңіліне жұбаныш
болатындары да аз емес. Ол біркелкі сұрқылт бояу әсерімен
өмір сүрмейді. Мағжан ақын өзінің көңілсіздігін сұлулардың
күлкісімен, ынтық сезіммен, еліне, Алашына деген құрметімен,

түркі жұртының ұлылығына сиынумен жеңген. Ескіні еске
алып өзін жұбатқан. Осынысымен-ақ ол өмір сүйгіштігін
танытқан. Өмірді зорлап сүйгізу ешкімнің қолынан келмейді.
Оны көре, түсіне, сезіне білу ғана ақынды кең, жарық дүниеге

алып шығады. Жарық дүние қанша дегенмен, қымбат.
Жүрсін еске алатын балалық сезімдер, өскен ұясын сағыну,
анасы мен әпкесінің мейірімді кейіптерін көз алдында елес­
тету, даланың суреттері – оның ақындык кеңістігінің тар емес­

тігінің белгісі. Туған жерімен, Отанымен байланысты есте­
ліктерді ақындардың бәрі-ақ (тіпті ақын еместер де) айтады.
Соның тағдыры үшін ауырады, жүрегін ауыртады, қуанады,
қайғы тартады. Өйткені ол – ақынның рухы, жан жүйесі. Туған

жер махаббаты кім-кімнің болса да, жүйкесін билеп жүре береді. Оны ақын басқаларға қарағанда қаттырақ сезінеді. Ол, қайғырса да, куанса да, әдеттен тыс оқыс қимылдар жасайды. Табиғаты жағынан ақын – жай адамдардай емес, шындық­тың қауіпті жиегіне таяу, не аспанға ұшута, не жарға құлауға дайын тұратын сезім иесі. Бұл – өмірге құштарлықтың белгісі. Осы сезімнің ұшқыны Жүрсін өлеңдерінде көбірек байқалады. Құлжантай кұмының жұртына барған ақын­ ның құлын күйін еске түсіріп, балалық сезімін бүгінгі жы­ рынды («Жырындымын. Жүрегім бар жырым-жырым... Құм­д­ай қалың мұңым бүгін») күйіне – қарсы қоя суреттеуі, дала­ның теміртікенін (гүл аты), «Жыңғылды көңін» көріп тебіренуі, баласына ертегі айтып беруге уақыты болмай, заман қиыншылығымен алысып еткен ананың «ошағына от тұтатып» жүретін қайраты мен «сақтай гөр жалғызымды» деп тәңірге жалбарынып өткен әпкенің бейнесі көңілін мұң шалып жүр­ген ақынның жұбанышы сияқты. Бірақ өмірдің аты – өмір. Оның кездейсоқ шешімі көп. Сөйткен әпкесін кездестіре алмай өтіп бара жатқан ақын жанын тек осы тұрғыдан түсіне білу керек («Мінекей өтіп барам тағы зулап, Тұсынан сен жолығар вокзалдардың»), Ұлытау, Сауран туралы өлеңдерін Жүрсін табиғат әсем­ дігін суреттеуден гөрі қазақтың ұлы мекендерінің халық­ тық рухын тануға құрған. Олардың бүгінгі күйін барлап, та­ рихты сыйлау, оны түсініп бағалай білудің мән-маңызын еске салады. Ұлытаудың үніне, ұйықтап жатқан көне қала Сауран­ ның сырына құлақ тосады. Бірдеме еститін де сияқты. Сөйтіп ол арқар ауып, ұлан ұшып, қасқыр қолға түспей кеткен соң киікпен алысып жүрген ойсыз, темір құрсанган құрдастарының қылығына наразылық айтады. Ұлытаудың ұлдары-ау, Ұлытаудың, Кұшағыңа жете ме үні таудың Ұлан қашқан күңдері ұмыт, аулым, Ұнжырғасы түспесін Ұлытаудың. Ұлытауым, Ұлығым, Ұлтым менің, Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің
бұл күнде кім,

Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің!
Өткенді еске алғанда ақын көңілі жүдеу тартып, өзін көне
дәуір рухы алдында қарыздар сезінеді. Ешкімге мұң шағып,
ұрпағына өкпе артпаған Сауран жұмбағын да ол жанымен

сезінеді. Сөйтіп, оның тұсынан жапон сағызын шайнап
өткен «арсыздығына» күйінеді. Бұл да бүгінгі ұрпақтың тарих
тағлымдарына енжарлығын бейнелеудің жолы. Соның өкілі
ретінде Жүрсін басқаны емес, алдымен өзін, «құрбан» етіп

жүреді.
«Теріс аққан» өлеңінде Арқадағы осы аттас өлеңнің
сырын ұғуға тырысқан ақынның өзіндік ой түйіндері бар. Өз
арнасын тастап теріс аққан өзенді «шөліркеген даланы шыр

айналып» «далаға нәр тамғызу үшін» бұрылып кеткен болар
деп шамалайды. Оның теріс ағуының өзінен оң мінез таниды.
«Терістердің бәрі сендей болса» деп армандайды.
Кейкі батырды еске алған өлең де оқырманды осы ойға

жетелейді. Ол бір кезде елін жаудан қорғаған атақты батырдың
Торғайдың даласында бір шұқырда «үйелеп жатқанын» көріп
күйінеді. Кейкінің батырлығын тарихта болмағандай сезінетін
(«Қазаққа қорған болып оқ қағардай, Асынып алмас қылыш

тақпағандай, Қараусыз жатыр Кейкі сай түбінде, Аттанып
жауға қарсы шаппағандай. Найзасын ойға сілтеп, қырға бұлғап,
Дұшпанға ұрмағандай ырғап-ырғап, Жыртылған шек­пенінің
етегіндей, Басында бір қаңылтыр тұр қаңырап») жандарға өз

сезімін қарсы қояды, Батыр аты ұмытылмайтынына, «қылышын
Кейкі деп суырар ұлдар туатынына» сенсе де, әзірше «Ал менің
жүзім қайдан жарқын болсын, кеудемде Кейкі ағамның өксуі
бар» деп аяқтайды өлеңін.

Жүрсін өлеңдерінде ойға тиек болар оқиға да, деталь да мол.
Оларды ақын ойната біледі, суретке түсіріп, әдемі жеткізеді.
Өмірдің күрделілігін суреттеуге арналған «Тұсаукесер» өле­
ңінде ол өзінің ылғи сүрініп, құлап жүретінін сөз ете оты­

рып, апасына «қайтадан тұсаукесер жасашы!» деп жалы­нады.
Оның сүрініп- қабынып жүруі, құлауы – өмірдің қиын­дығын,
оны жүріп өтудің оңай еместігін бейнелеуі. Соны тұсау­кесер
арқылы тұспалдап айтып, әдемі шешкен. «Абайға мұң шағуға»

жалғастыра берілген тақырыбы басқашалау «Жиырма теңге»

өлеңінде ұлы ақының бейнесін жиырма теңгелік ақша бетінен
көрген Жүрсіннің оқшаулау сезімі көрінеді. «Оқу­лықтан
көретін дидарын ақша бетінен жолықтырғанына» кейістікпен
қарайды.

Оқытып ең сен маған жыр шындығын,
Саудагердің қолында жүрсің бүгін.
Өлермендер заманы өлеңнің де
Мойынына салыпты-ау қыл шылбырын.

Түсінем ғой бәрін де,
Бірақ, Аға!
Не бетімді айтамын жыр-анаға!
Енді сені жұмсаймыз шай-пұлға да,

Араққа да жұмсаймыз, сыраға да.
Бұл өлеңнің бір сәттік сезімге құрылғаны дау тудыр­майды.
Ақшаға ұлы адамдарының, Елбасшыларының суретін салу

– көптеген мемлекеттердің дәстүрінде бар нәрсе. Олар сол

арқылы ұлыларын ұмытпай әрқашан есте ұстауды көздеген.
Қазақтар да алғашқы ақшаларына көп адамның суретін пай­да­
ланса да, кейін іріктеліп келіп, жалғыз әл-Фарабиге тоқ­тады.
Бұл – халық қалауынан туған деп түсінеміз. Ал Жүрсін ақша

бетіндегі сурет сырын басқаша бажайлайды. Ол үшін ақын­ды
айыптауға хақымыз жоқ. Оның оғаш сезімі – ақынға ғана тән.
Және ол ойын тапқыр, бейнелі тілмен жеткізе алған.
Мынау менің ардақты Абайым ба?

Шытырлатып Абайды санайын ба?
Сенің құның не бәрі – жиырма теңге,
Менің құным көк тиын ағайынға!
Сөйтіп мұнда әр сөздің басын шығарған көп мағыналы

өлең туған. Бұлай айтпаса, тәп-тәуір жолмен жүре берсе, ол
ақын бола ма? Шын ақындардың бәрі де «өзі жүрген төтемен
омбылаған» (Қасым).
«Екі сурет» деген өлеңде Жүрсін өзінің жас күнгі және

бүгінгі суреттеріне екі түрлі көзбен қарайды. Оған екі өмір
сырын сыйғызады. «Сұлу көрсе соңынан жүгіретін». «Қарма­
ғына ақ сазан ілінетін», «Жігіт едім жақсыға жүгінетін» деген
бейнелі тіркестер қызықты жастығын еске түсірсе, оған қарсы

қойылған бүгінгі сурет «Шарап берсең шалқатап сімі­ретін»,

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н «Аяғына жем түскен тұғыр құсап, етегіме болыппын сүрі­нетін», «Көн секілді тартылған сірі бетім» деген бейнелі тар­мақтарда жарқын суретке айналады. Сурет сыры өмір сабақтары болып түйінделеді. Жігіт едім жақсыға жүгінетін Жөнім бар-ау жалғаннан түңілетін. Сындыр барлық айнаны, Жырт альбомды, Көрінбесін көзіме сүгіретім. Сен не деген шеберсің, құдыретім! «Фломастермен жазылған жыр» өлеңінде ақын түн ортасында ел ұйқыда жатқанда ойына өлең жолдары түсіп, жазуға қалам таппай фломастермен өлең жазуға мәжбүр болғанын суреттейді. Сезім сырына қарай ол әр түсті бояу пайдаланады. Алау-жалау сезімін алқызыл бояумен ақ қағазға түсірсе, жасыл бояу «желмен ойнап желбіреген көйлегін» еске салады. Қызыл бояу «Қызыл тілі сүйреңдеп қызғаныштың қызу дертін хабарлайды» сары бояу сағынышын бейнелейді. Қара бояу қара түнде қара өлең боп құйылады. Өлең: Тереземнен қызғылт шұғыла түскенде Менің қара бояуым да таусылды, – деп аяқталады. Бұл – көңілінде әр қилы сезім ұйытқыған адамның өмір қуанышына бет бұруы. Қызғылт шұғыла – жарқын сурет сол өмірге құштарлықтың символы. Өлеңнің басында Жұмағали Саинның атақты «Шырт ұйқыда жатыр едім» атты өлеңіне ұқсастық байқалғанымен, Жүрсін, шешімі тіпті басқа арнада дамиды. Ол фломастер болса да өлеңін аяқтайды. Ал, Жұмағали ақын стол үстінде тұрған төрт қарындаш, төрт қаламын жоғалтып соны іздеп балаларының бөлмесіне кірген күйінде соларды қызықтап, ұйқыдағы кейпін аялап, ойға келген өлеңін ұмытып кетеді. Қандай кітап дәл осындай сымбатты, Қандай ақын бұдан артық жырлапты. Айтыңдаршы дүниеде не барын Төрт жүректің соғуынан қымбатты, – деп аяқтайды өлеңін. Жүрсін өлеңі менің есіме Жұмекең ағамды түсірді де, мен інісінің өлеңін дәстүрдің жалғасуы деп қарауға мүмкіндік алдым.

«Гольфстрим» деген өлеңін Жүрсін Қазақстанның Оң­түс­
тік өлкесіне арнапты. Мұнда сол өлкенің қазақтық, ұлттық пі­
шіні суреттеледі. Ақын оны «Қазақстанның бауырын жылытып
жатқан жылы ағыс – Гольфстримге» теңейді. «Саған келем –

анамды аңсағанда, саған келем – шалдарды сағынғанда», «Ата
қазақ қалдырған дәстүрімнің біліп қайтам әлі де өлмегенін»,
«Тамырыма жүгіріп ып-ыстық қан, Бауырмал боп аттанам осы
жақтан», «Шала қазақ болып кеп оңтүстікке, дана қазақ боп

кетем кетерімде» деген бейнелі тіркестерде ақын ойы ап-анық
көрініс табады. Оңтүстік Қазақстанның еліміздегі қазағы көп,
ұлттық дәстүрі мен салтымыздың ең көп сақталған жері екені,
оны мекендеген халықтың бауырмал, сыйлай да, сыйласа да

білетін, дәм-тұзы мол, қонақжай кейпі көпке мәлім. Бәрімізге
таныс осы мінез Жүрсін өлеңінде кең ашылған. «Ата жұртым»
деген ұғымға алғашқы қазақ мемлекетінің негізі қаланған
жұртқа деген ыстық ықлас бар. Бұл олардың бойында ертеден

бүгінге дейін үзілмей келе жатқан дәстүрге, халық тағылымына
деген құрметті аңдатады.
Ойымызды қорыта келе, Жүрсін ақынның таңдамалысы
кезектегі жинақ емес, шын таңдамалы өлеңдерінің топтамасы

екенін айтуды дұрыс көрем. Мұнан өмірді байсалды, ойлы
көзбен танып, өзінше түсініп толғай білетін, айтарын көркем
бейнелі образдармен жеткізе алатын, талғамы зор, ойы терең,
тілі бай және тапқыр ақынды танимыз. Ол өмірдің жайсыз

керіністеріне өзін мысал ретінде ала отырып, көп нәрсені
айтқан. Өзін аямаған басқаның бетін шидей қылады ғой.
Ақынның сыны да өткір, ойлы, дәлелді. Бұл жинақпен Жүрсінді
қос-қолдап құттықтауға әбден болады деп есептеймін.

«Туған күн» өлеңі жинаққа соңғы сөз ретінде ұсыны­лыпты.
Онда үлкен мақтаныш, өзіне деген қолпаш сөздер жоқ. Тек
«Тұяғы жер тарпыған тұлпардың мініске жарамайтын тұғыр
болғаны» айтылады. Ақындығына алғы сөз жазған Мақсұт

Бәйсеитовті (Қарағандылық белгілі ақын) еске алып, соңғы
сөзді кім жазатынына күмәнмен қараған. Ақынның біз сөз етіп
отырған кітабы оқырманын табатынына, соңғы сөз жазатын
адамның табыларына менің күмәнім жоқ. Тек әлі де айтары

көп Жүрсінге оны жаздыруға асықпа дегіміз келеді.
Серік ҚИРАБАЕВ
Ұлттық Ғылым академиясының
академигі

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ЖҮРСІН ӨТКЕН ЖОЛ «Құдіретке жүгіну» кітабы хақында бірер сөз Б асқа да барлық үлкен-кіші замандастары сияқты мен де Жүрсін Ермановты ең алғаш ақын ретінде, ақын болғанда да баяғы Маяковскийге қарата: «Босағада тұрмады, төрге ұмтылды»- деп Қасым Аманжолов айтқандай, бірден-ақ буыны бекініп, бұғанасы қатайған қалпында өз үні, өз әуенімен келіп қатарға қосылған талантты жастың бірі ретінде танығанмын. Әу дегеннен-ақ өз тұстастары арасынан суырыла алға шығып, ойлы да орнықты сыры, беделді де жырымен қазақ поэзиясы сарбаздарының сапына епкіндей келіп кірген дарынды жастың сол жылдарғы жүрдек те жүйрік қалам алысы мен қанат қағысын» қарағанмын. Сондай-ақ, оның оқта-текте бұрыла соғып, бұрқырата бір өтетін әдеби сынпікірлері де алдыңғылар қатарындағы бізді елеңдетпей қойған жоқ. Алғашқы аяқ алысынан-ақ алысқа сілтер кең тыныс, алқынбас демді аңғарған болатынбыз. Кесіп айтар, келістіріп айтар жастың кесімді байлам, өзіндік тұжырымдарын бас изей отырып, риясыз қабылдағанбыз. Сөйтіп біреулерді үркіте, біреулерді үміттендіре келген Жүрсіннен біз жыр сүйер қауым бірсыпыра жылдар бойына көз жазып та қалғандай едік. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарын орталай ол біржола айтыс өнерін өрістету жағына қарай ойысты да, өз стихиясы – поэзия ауылына ат басын ғана бұратын дағды шығарған. Ауық-ауық болса да газет-журнал көңіліңді дүр еткізе елеңдете көрініп қоятын дәмді де нәрлі жырларын «Е, жазып жүр екен ғой!» – дейтінбіз де қоятынбыз. Менің өзімде. ағалығымды бет перде етіп, жолыққан жерде оған: «Әй, бала, сені әуелгіде ақын ретінде танып-біліп еді ғой, әлі де сол ойда, айтыс-айтыс деп жүріп асыл жырдан көз жазып қалып жүрме»- деп бірер ескерткенім бар-тұғын. дау айтуды қажет деп білмеген тұстардағы дағдысы бойынша ол жымия бір мырс ететін де, үнсіз қала беретін. Өткен жылдың аяғына таман

Талдықорған қаласында тағы бір басымыз түйісе қалғанда
Жүрсін маған сөзінін баспадан шыққан, әлі бояуы құргап та
үлгермеген су жаңа «Құдіретке жүгіну» деп аталатын кітабын
сыйға тартты. Әдемі мұқабамен көмкеріліп. безендірілген

кітаптың сыртқы пішімі көз тартарлықтай-ақ көркем екен. Көз
жауын алып тұр десе де болғандай.
Баяғы үміт, кейінгі күдік бар, итжығыс түсе бере ме деп,
оңаша бір қалған тұста кітап бетін парақтай бастадым. Біздің

осы бір күйге душар болатынымызды алдын-ала сезгендей,
автордың өзі де қысқа ғана беташар – бағыт сөзінде: «Ұят
деген бір кіназ, нәпсі дейтін бір кесел – арбасады да жатады.
Содан ба қанағаттың шапаны мен қияметтің кебінін мен

алдымен өзіме өлшеп көремін. Назары сұсты бір құдірет
жазғанымды жырттыра береді, кітабымды кідірте береді.
Алпысқа келгенінше бар жазғаны бір томға жетер жетпес өлең
болған Абай аға да көкжелкеңнен қарайды да тұрады. Ол кісі де

қатал – ақ! Осылайша бар мен жоқтың, от пен судың арасында
қампылған шамшыл шайырдың тым
бір шумақ өлеңі, тым
болмаса бір қайырым сөзі талғампаз оқушының таңдайын

жібітуге жараса жетті деп үміттің шырағын үрлегеннен басқа,
құдіретке жүгінгеннен басқа не шара бар?!» – деп күмәнді
ойды сейілте отырып, ағынан жарылыпты. Адалын айтыпты.
Өзіне де, сөзіне де ыждағат, әрбір лебізіне жоғарыдан қарап

дағдыланған, жауапкершілік дегенді мейілінше жете сезінген
адамның аузынан ғана шығатын сөз еді бұл. Біздің әлгіндегі бір
пікіріміздің де алдын алғандай, ең алдымен:
Қаламды әкел, қарманып жазайын жыр,

Жаным төсеп жазғаным азайып жүр –
деп алады да, одан әрі:
Ақыл апшып қалғанын, сезім бұғып,
Отырамын ішімнен бәрін біліп.

Базар баққан бәдіктер ортасында
Кісі де жоқ тұщынар сөзіңді ұғып.
Бір күніңнен аумайды бір күніңіз,
Жамалатын түрі жоқ жыртығымыз.

Саңырауға беретін сәлемдей-ақ,
Кімге дәрі осы өлең шіркініңіз? –

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
деп, бар өмір, барша ғұмырын өлең жолына сарп етіп келе
жатқан біразымыздың ішіміздегі удай бір ащы болмысты
аяусыз ғана алдымызға ақтара салады. Көбіміздің көкейіміздегі

күпті ойды дәл басып, өзара үндестік іздейді. Дәл осындай
алағайы сезім ұшқыны ақынмын деп таныған әрбір екі
адамның басынан ұшырасары күмәнсіз. Осы сарындас өлең
менде де бар, біз тұрғылас біраз жақсы ақындар да көрініс

беріп жатады. Жүрсін соны дәл меңзеп, қинала, қидалай
отырып, сол бір іштегі арпалыс, алабұртқан ақындық халді
шып-шырғасыз шырылдатып алдымызға тартыпты. «Кей
топта сөз түсінер кісі аз-ақ, мұндайда өлең айтып бояма мазақ»

– дейтін Абай ойымен үндес, ақ сөзіңді тақкөрмес айналаңа

деген әлдебір реніш-күмән елес беріп өткендей. Кітапты әрі
қарай парақтайық. Ойымызды ірікпей айта отырайық. Өз
басым көкірегінді қақ жара буырқанып шығар бұрқақ таза
сезімсіз жақсы өлеңді жазу мүмкін емес деп білемін. Өйткені

сенің де бір сәтке бұйыға қалған көңіліңе қандай да бір қозғау
салмайтын, тосыннан тербетіп, тебірентіп барып, толғаныс
тудырмайтын, кеудеңе дүлей бір желік ұялатып, желпіндіріп
әкетпейтін, сенің де өлең жазуға деген құштарлығыңды оятып,

қағып-сілкіп құлшындыра түспейтін өлең-жырдың өз басым
шынайы талантқа тели қоймаған едім. Қазақга не көп, өлең
жазғыштар көп. Өлең жазғыштар көп болған соң өлеңтде
болады. Солардың бәрін болмағанымен біразына көз тоқтатсаң,

сүйсінбесең де, түйсінбесең де, кей-кейде оқып шығасың.
Былайша қарағанда бәрі де өз орнында сияқты, техникалық
тұрғыдан да төрт аяғын тең басып тұрғандай көрінеді, ойы да
орнықты дерлік, судырта бір оқып шыққанда: «Иә, солай-ау» –

дегізерлік қауқары да бар ондай өлеңдерге әлі де болса бұрқ етіп
қайнар бір екпін, бет шарпыр бір жалын, отты рух, қысқасы,
бәріміз болып айта беретін динамикалық уық жетіспей жатады.
Оқисың, оқыған жерінде қала береді. Қайта қайырыла қоюға

зауқың соға қоймайды. Елтіп, елікпейсің, «баяғы жартас- бір
жартас», самарқау, салқын күйде қала бересің. Ендігі жерде
ондай өлеңге тарта қоюы да екі талай.
Ақыры мақтаған соң айтып қалайын деп жатқан түгім жоқ,

шындыққа ғана жүгінсем, мен Жүрсіннің өлеңдерін сол бір өзім
күткен динамикалық қуатты, асау ойдың топшысымен қағып
түсірер тегеурінді тұтастықты аңғардым. Мына кітапты үңіле

оқып, ішіне дендей еніп қадағалай қараған адамның бәрі де
көп ұзамай менің осы пікіріме қосыла кететініне көзім жетеді.
Осыдан біраз бұрын оның «Қасымның үйі» дейтін өлеңін
оқығаным бартұғын. Бір кезде:

Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаймын Астанамды.
Өлеңнің отын жағып жылытамын,
Өзімді, әйелімді, жас баламды! –

деп құдайдың зарын қылып жүріп әрең алған, бәріміз пір
тұтып өскен Қасым ақынның үйін кезекті бір құрылыс ың­
ғайына орай талқанын шығара құлатып жатпай ма. Зілмауыр
салмаққа шыдамай қақырай бастаған қабырғаларды көріп. іші

қанжылаған шарасыз ақын бар күрсінісін «біздің үй – Қасым
үйінің қасында еді!» – деп аяқтайды екен. Өлең дүние­сіне
өртке тиген дауылдай болып келіп, опасыз жалғанның біраз
опығын жеп өткен сол Қасымға деген жабайы қылыққа күйіне

тұрып, іштегі жалынын осылай бұрқ еткізген ақын «Өгізге
туған күн бұзауға да туады-ау!» – дегендей болады да, сенің де
төбеңнен түйіп калғандай жан-дүниеңді түршіктіре алақұйын
күй кештіреді.

Немесе осы сарындас Оралхан Бөкеевке арналған «Мүйіз
кесу» өлеңін алайық.
Таудағы елдің таңсықтау салты білем:
Таңертеңгі салқынның самалымен.

Бұғыларды қораға қамап қойып,
Мүйіздерін кеседі дәл түбінен, –
деп, бұғылы ауылдың маусым айындағы жаппай мүйіз кесу
дәстүрін қалтқысыз суреттей келеді де:

Бір ішкеннің екі ішу серті білем, Құныққандар келеді жер
түбінен.
Қаптап кеткен қанішер қазақтар бар,
Ыстық қанмен айығар дерті кілең, –

деп салып, әрі қарай:
Тағайын деп тұрғам жоқ,
Жоқты кінә.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Бұл не дәстүр?
Заманның тоқтығы ма?
Қуанасың

Қазақтар қағып алар,
Қарағайдай мүйізің жоқтығына! –
деп, өлең соңын ащы бір әжуа-мысқылмен тәмам­дайды автор.
Тағы да тұла бойың дір ете түседі.

Қарағайдай мүйізің жоқ, қатардағы көптің бірі екенің еске
түсіп, Құдайға шүкіршілік айтып, іштей ғана тәуба етесің.
Осы бір екпінінен жаңылмаған қалпында Жүрсін ақын
ерлікті айтып. елдік пен өрлікті жырлай ма, батыр кегін, ақын

сертін сөз ете ме, жан-жағын тұтас қарманып, жанын ұғар жан
таппай дағдарысын Абайға мұң шаға ма, Райымбек әулиенің
басына тәу ете ме – әйтеуір сол бір көкірек жарған жалынмен,
ыстық леп, бет шарпыр қызуын бәсеңдетпеген, іркілмеген

арынымен ілгерілей береді. Айналаға асқақ қарап, төғіле
сөйлесе де, кейде бір еңсеңді езе, егіле сөйлесе де өзіңнің ішкі
әлеміндегі аласпыран, алмағайып құбылыстарды шиыршық
атыра білетін шебер екенін әр өлеңі сайын дәлелдей түсіп

отырады. «Мұхтар Әуезовтьң қабірінің басында жазылған
жырлар» аталатын топтамасына құлақ түріп көрелік.
Теріс мініп тұғырын, тойсыраған,
Үмбетіңіз – тәубаға ой сұраған.

Күдірейтіп жүрсек те жанымызды,
Толар емес орныңыз ойсыраған.
Тұрқың асып тұрғанда көп тұғырдан,
Келмеуші еді шоғылар шоқтығыңнан.

Шыбындасақ соларға шұлғып басты,
Бәрі, Мұха, өзіңнің жоқтығыңнан, –
дей келіп, ол:
Құрысыншы, бәрі де құрысыншы,

Бірі- ақылғөй қазақтың, бірі-сыншы.
Бәрімізге жақсы атты көрінем деп,
Арамтер боп арада жүр үшінші.

Дандайсыған дәлдүріш данасыңдар,
Жанан кетсе – жабатын жаласы бар.
Ит тірліктен іргеңді бөлгің келсе –
Жай табатын жалғыз жер – мола шығар, –

деп тағы да бір оқыс бұрылыс жасайды. Сенің де жан-дүниең
тағы да астаң-кестең болады. Өз жүрегінің әнін ыңылдап, өз
көкірегінің күйін шерткен болып отырып-ақ, ол сені де енжар
оқырман ретінде қалдырмай, ой иірімімен үйіріп, іштегі шеріне

бір жола ортақтастырып жібергенін аңғармай да қаласың.
Оқырманын ойға жетелейтін мұндай тартымдылық, көзде­
мей айтпайтын мұндай нақтылық, ойына алған әрбір үлкен-
кіші детальды ойната білу шеберлігі Жүрсіннің барша жақсы

өлеңіне тән құбылыс. «Жақсы өлеңге» дегеннен шығады,
осы­дан бір жылдай бұрын «Жас қазақ» газетіне берген
ақын Ерманның сұхбатына кездейсоқ тап болғаным бар еді.
Сонда Жүрсін, өлеңді жақсы жазып кеттім, жаңа кітабымда

3-4 ортаңқол өлең болса болар, әйтседе бәрі де су төгілмес
жорғадай суырылып тұрған жырлар» дегендей сөз айтып еді.
Мен онысына кешіріммен қарап, ақындық шабыт үстіндегі
лепірме көңіл-күйше балағам да қойғам. «Құдіретке жүгінуді»

оқу үстінде байқадым, онда шынында үш-төрт ортаңқол өлең
болса болып та қалар, бірақ бір қайнауы ішінде кеткен дүмілез
жырлар, қосақ арасында бос жүрген өлендер, қысқасы, селкеулі
жолдар жоқ екендігіне қалың қауымды әбден сендіре аламын.

Және де мұның өзі көрінгенің де қолынан келе бермейтін,
тек таланттыларға ғана бұйырар сыбаға екенін де еске сала
кетпекпін.
Кітаптың тақырып аясы да барынша кең. Сан түрлі ойға

жетелейтін, сан алуан өрісті қамитын, тұжырымы да, қилы-
қилы өлеңдер баршылық. Өйткені, өзі де сыншы Жүрсін өзіне
келгенде де сол бір сын көзбен қарауды әсте ұмытпайтынға
ұқсайды. Өйткені, қаншама бір көз жауын алып тұрар жауһар

мен гауһар болғанның өзінде де кілең ғана бір түс, бірыңғай
бояу оқыған адамды әйтеуір бір жалықтыра бастайтынын да
ол барынша ыждағаттықпен кеңінен ойластырғандай болып
көрінеді. Суреткерлік палитрасының ауқымды болып келуі де

ақын қолын ұзарта, тілін ұстарта түскен. «Қара бұлтты жамылып
қара жолдың үстінде қарасөзден жаңылып, қара өлеңге түстім
бе»,- дей отырып, «қаратүнек ойдың қарғыбауы мойнында»

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
екенін әмісе естен шығармайды. Ақын үшін аса қауіпті дертгің
бірі – өзін-өзі қайталау екенін де ол жақсы біледі. Сөйтсе де өзі
жүріп өткен тар жол, тайғақ кешу мен өзгелер таптаурын еткен

соқтықпалы соқпақтардың өзінен өзіндік сүрлеу тауып шығуға
тырысады. Басқаның ізін баспасам дейді. Содан да ол кітабы­
ның әр беті сайын поэтикалық күйтабағын үнемі ауыстырып
салып отыруды да ұмытпайды. Кұйтабағынан кезекті бір келісті

күй ескенде өзі де көтеріліп, өзгенің де еңсесін биіктетіп:
Әлемнің әміршісі секілденіп,
Отырам билік құрып патшада
деп бір түйіп тастап, одан әрі:

Ішіне кіріп алып ойдың қалың,
Еліккен, желіккеннің қойдым бәрін.
Көтерген дүниенің төбесіне,
Тарқама, жыр-жәрмеңке, той-думаным! –

десе, сен де елегізіп, қосыла кеткің келеді. Өйткені, өзің де
осындай жүргеніңді жақсы білесің. Ақындарды туыстыра түсер
тылсым бір түйсік деуші еді, соның өзі осы болмағай! – деп
қала бересің.

Жүрсіннің «Алматыдағы арбакеш» аталатын жай ғана
тұрмыстық тақырыптағы шағын ғана бір өлеңі бар. Оны оқи
бастап, мұндайды екі бірінде кезіктіріп жүрміз, бізден асып
не айта қояр деген де күдік қылан көлденеңдей кететінін

байқайсың. Әйтсе де оқи бастасаң «асығы алшы ашқарын
жүрген адамның арбакеш болып Алматының жарымын
тасыған» күйкі тірлігі емес, арғы түбінде кісілік болмысты
төмендетпей:

Тек, көңілім, кірленбе,
Білем әзір бағамды.
Жұрт сөз тасып жүргенде,
Мен тасыдым адамды, –

дейтін қоғамдық астар жатқанын аңғарар едің. Болым­сыз­дың
өзінен боталы түйедей ой тапқан ақын көңіліне тағы риза болар
едің.

Осындай өлеңдердің бірі – «Абайға мұң шағу» топтама­
сындағы «Жиырма теңге».
Абай аға, мен дел-сал болып тұрмын,
Жанарыңа сенің де толып тұр мұң.

Оқулықтан көретін дидарыңды,
Енді ақшаның бетінен жолықтырдым, – дей келіп:
Түсінем ғой бәрін де...
Бірақ аға.

Не бетімді айтамын жыр Анаға?
Енді сені жұмсаймыз шай-пұлға да,
Араққа да жұмсаймыз, сыраға да.
Сенің құның болғанда жиырма теңге,

Менің құным көк тиын ағайынға!.. –
деген түйін жасайды. Тағы да денең дір ете түскенін аңғара­сың.
Осы сарындас төбе шымырлатар қуатымен, шымыр шын­
дығымен» поэтикалық типтілігімен көкейге барып қона

қалатын жырлар Жүрсінде аз емес. Ол бәрімізге белгілі тақы­
рыптың өзінен найзағайдай жарқ етер ой тудырып әке­туге
шеберленіп алыпты. Соған орай жыр қаһарманының жан
сарайын іда еткізбей қапысыз сүзетін көркемдік құралдарды

орынды қолдануға да машықтанып алған. Бұл кітаптағы қадау-
қадау ой ұшқындары осы пікірімізді дәлелдеуге жарап-ақ
жатыр. Кешегіні бүгінге сабақтап, бүгінгінің көзімен ертеңді
ұқтырар тәсіл бар десек, сол кешегі мен бүгінгінің іштей ұғысар,

ұласа түсер тамыры болашақты да меңзесе керек-ті. Соның
бәрін тәптіштей тере білетін ақынның басты бір мақсаты –
сенің көкірегіңе бұғып жатқан вулканды ояту болса, Жүрсін
дәйім ғана соған ұмтыльш, ақындық қуат-күшін сол жолға

жұмсап бағады. Адам бойындағы табиғи нышандарға оқушы
зейінін аудару арқылы асыл мен жасықтың ара-жігін ашып,
нарқы мен парқын саралайды. Өзі қатты қадірлеп сыйлайтын
ақын ағасы Тұманбай Молдағалиевке арнаған «Ұлытаудан

оралдым» дейтін өлеңінде ол:
Бәйгеге жалғыз атын қосып інің,
Оралды Ұлытаудан осы бүгін.
Көңілге қаяу түскен жағдайы бар,

Айырып қасы кімін, досы кімін, –

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
деп, күні кешелер өзінің халық депутаты болсам ба ден елге
барып, тауы шағылып қайтқанын алға тартады да:
Құлансың тауып жүрген жырақтан нәр,

Деп едің алдыңда інім, бір апан бар.
Шын екен.
Мені қайтсін,
Мен түгілі

Шалқадан Шоқанды да құлатқандар! –
деп бір тоқтайды. Кейбір пенделік қылықтарға нали отыра,
тағы бір тұста кейбір кеуделердегі шайыр болып қалған татты
шайып кетіріп, сананы сілкіп алып отыратын от қызулы ор­

нықты ойларға, нұрлы сезімге қарай қайта ойысады. Калай
етсе де көлеңке мен күңгейлердің тізгінін тең ұстап, жақсы­
лықтың бәріне сүйсіндіре де біледі, өмір сәнін кетірер ке­
леңсіз құбылыстарға жирене қарауға дағдыландырады. Жүрсін

поэзиясындағы драмалық тартыстың терең идеялық қуат-күші
осында.
Мен білетін Жүрсін «көбік те болса көп болсын» деп,
болсын болмасын, оң жамбасына келсін келмесін, оңды-солды

қалам сілтеп, төпелеп ұрып жаза беретін «ақындар» санаты­
нан емес. Әуел бастан-ақ «аз болса да саз болсын» деген қағи­
даны қадір тұтып, айтары болғанда ғана, лықсып келген ойды
ірке алмай, шірей тартқан шабытына шамасы жетпеген тұста

ғана барып қолына қалам алатынға ұқсайды. Содан да барып
оның әр өлеңі қырық күн бабымен бауырына басып шығарған
қыран балапандай шымыр келеді. Көз алдындағы нұрлы бояу­
дың өз басы, өз көңіліне лайықтысын ғана таңдап, тауып ала

біледі. Сол таңдап алған бояуының өзін келістіріп қана орны­
мен жұмсап, қымбаттата жағуға автор дарыны бұл жолы да
олқылық етпеген. Әлем-жәлем басы артық жамау да, бәрін
қамтысам дерлік орынсыз жомарттық та сезілмейді.

Ендеше қазіргідей кітап шығарғыштар көбейіп берген,
газет-журнал беттерінен іліп алары шамалы, солғын да сүрең­
сіз өлеңдерді күн сайын дерлік көре-көре көңіл күпті болып
жүрген осынау бір өлара тұста Жүрсін Ерманның «Құдіретке

жүгіну» кітабын әлденеше рет оқып шығуым – соңғы кезде
өзім тындырған бір ғанибет ісім болды дегенді айтьш, бүгінгі
сөзді осымен тәмамдай тұрғаным жөн шығар.
Сәкен ИМАНАСОВ

ЖҰРТ КҮТЕТІН ЖҮРСІН Ж ұмыр басты пенделердің сан қилы пиғылды, алуан мінезді болып келетіні белгілі жайт қой. Біреулер үлп еткен желдің лебі тисе де майысып, иіліп қалатыны бар. Ал енді кейбіреулер, керісінше ызғарға ықпайтын, ағынға қарсы жүзетін қаһарман тұлғалы болып келеді. Қазақы ұғыммен айтқанда, оларды «табанының бүрі бар жандар» дейді. Немесе «мінезді адам» деп те жатады. Бүгінгідей жақсыдан жаманды айыру қиын, жалт-жұлт еткен жарнаманың заманында мінезділердің саны да саусақпен санарлық қана болар, бәлкім. Солардың бірі – көрінбей қалса жұрты елеңдеп күтетін Жүрсін. Олай деуіміздің де өзіндік жөні бар. Алаш баласының Айтыс десе – Жүрсін, Жүрсін десе – айтыс деп қабылдайтын деңгейге жеткені қашан? Кеңестік кері саясаттың кесірінен келмеске кетуге шақ қалған киелі өнердің өркендеуіне, кемеліне келіп көркеюіне көп үлес қосқан да – осы Жүрсіннің өзі. Иә, өлең десе, ішкен асын жерге қоятын абыз елдің ақын ұл-қыздары – «Жүрсіннің жүй­ріктері» жер-жерден қайнап шығып, сөз өнерінің осынау қа­сиетті түрін түрлендіріп-ақ жі­ берді. Осылайша, тәуелсіздік жыл­дары айтыс керемет биік дең­гейге жетті. Нар көтермес на­рықтың ауыр жүгі айтыс ұйым­ дастыруға еш кедергі келтірмеді де­сек, үстірт кеткен болар едік, әрине. Дәл осы арада Жүрсіннің жі­гері, қабілет-қарымынсыз істің оң­ға басуы қиын еді. «Айтыс үшін шайтанмен де тілдесуге әзір­ мін» – деп өзі айтқандай, ол осы бір халықтық өнерді қатарға қо­су жолында барын салды. Оның қанатын кеңге жаюы үшін Жүрсін білгір психологтың, іскер басшының қызметін ат­қар­ ды. Айтыс үшін талай облыс, аудан әкімдерімен арбасып, та­сада қал­ғысы келген шен-шекпенділерді шыр­қыратып, тығы­рыққа тіре­генін көзбен көрдік. Сауданың ебін, кәсіптің тегін білетін іскер, елжанды азаматтардың тамырын басып, тілін тауып, демеушілікке көндіргенін де білеміз. Халық деген қазына емес

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
пе?! Небір қолы ашық, жаны жомарт жандар бар екен жұрт
ішінде. Солардың басында Өмірзақ Сәрсенов, Аманкелді
Ермегияев сынды ағаларымыз тұрып, көпшіліктің орынды

қошеметіне бөленді. Со­нымен, сөз майданы да қызынды, темір
тұлпарлар жүзден жүйрік­терді күтіп сахнада тізілді. Елеусіз
жүрген айтыс ақындары сайдың тасындай іріктеліп, елге
танылды. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Мұның

барлығы айтуға оңай болғанмен екінің бірі шыр­мауын шеше
алмас қиын түйін екендігі өзінен-өзі түсінікті. Сөз басында
айтқанымыздай, ондай істі табанының бүрі бар, жүрегінің түгі
барлар ғана баянды етіп, ел­дің ілтипатына бөленсе керек.

Сөзді кие тұтып, поэзия құді­ре­т­іне ерекше табынатын азамат­
тың ақындығы – өз алдына бөлек әңгіме. Оны өзгелердің үлесіне
қал­дырып, мен тек сөзге сараң, ойға бай ерекшеліктеріне ғана
тоқталсам деймін. Жүрсіннің өлеңдерінде басы артық теңеулер,

сәт­сіз ұйқастар, үйлесімсіз ора­лымдар жоқтың қасы. Ел ау-
­зын­да жүрген бірнеше әнге де мөл­діретіп сөз жазғаны жұртқа
жақ­сы таныс. Менің білуімше, ол өлең деген киелі өнерге мұқият
жауапкершілікпен қарайды. Мұны өзінің «Құдіретке жүгіну»

атты кітабында былай айтқан: «Ұят дейтін бір кінәз, нәпсі дей­
тін бір кесел – арбасады да жат­а­ды. Содан ба екен қанағаттың
ша­паны мен қияметтің кебінін мен алдымен өзіме өлшеп кө­
ремін. Назары сұсты бір құдірет жазғанымды жырттыра береді.

Алпысқа келгенінше бар жазғаны бір томға жетер-жетпес өлең
болған Абай аға да көкжелкемнен қарайды да тұрады. Ол кісі де
қатал-ақ! Осылайша бар мен жоқ­тың, от пен судың арасында
қа­пылған шамшыл шайырдың тым болмаса бір шумақ өлеңі

тым болмаса бір қайырым сөзі талғампаз оқушының таң­
дайын жібітуге жараса нетті деп үміттің шырағын үрлегеннен
басқа, құдіретке жүгінгеннен басқа не ша­ра бар?!» деген
түйін сөзінен ұға беруге болады. Сондықтан оның таңда­

малы өлеңдерін сы­ғымдап, тек қана бір том етіп бас­тырғанын
айтсақ та жетіп жа­тыр.
Жүрсіннің о бастан үзбей тер төгіп, қаламының қарымын,
жас­тығының алымын арнаған саласы – журналистика. Соның

ішін­де теле-радио саласы. Көгіл­дір экранның құпиясына, ра­
дионың сиқырына үңіліп жүріп, ол теле-радионың майын
ішкен майталман маманға айналды. Оған мысал жетерлік.
Бәрін тізбелемей-ақ, кезінде көрермен­нің көңілін жаулаған

«Көктөбедегі кездесуін» айтсақ та жеткілікті деп ойлаймын.

Бірақ бір еске­ре­тін мәселе, Жүрсіннің бұл са­ладағы қызметі
де көбінде тар­тыс­пен өтті. Табиғатынан тура мі­незді жарал­ған
азамат кей кез­дері ұлт намысы мен ел мүддесі сын­ға түскенде
тартынбай шын­дықтың көзіне тура қарап, сөйлей білді. Кейбір

босбелбеу басшы­сымақтардың ұлттық намыстан жұрдай
екенін шымбайына ба­тыра баян ететін. «Бас кеспек бол­са
да, тіл кеспек жоқ», «Ер бол­саң, бопсаға шыда» деген қа­зақы
қасиетті ұстанды. Бұл өз кезе­гінде оның біраз қызметпен қош­

тасуына да түрткі болып жа­та­тын. Бірақ бірбеткей, намыс­қой,
еркін ойлы жігітті мұның бәрі жүнжіте алмады. Жұрт оны осы
үшін де сыйлайтын сияқты.
Сонау 1969 жылдан бері өмір­дің небір қызығы мен

қыжылын бірге бөлісіп, достығымыз жара­сып келе жатқан
Жүрсіннің таби­ғатын түсініп болудың өзі қиын. Бірде тарпаң,
бірде жайсаң, бірде шарт та шұрт, қырсық-қисық мінезімен
талай таңғалдырғаны бар. Ал енді кейде жалғыз ұлы – Дарханға

арнап жазған өлеңі се­кілді туындыларымен сай сүйе­гіңді
сырқыратса, енді бірде жан-жары – Бақытжамал сүйік­тісіне ар­
наған нәзік лиризмге толы сыршыл ақындығымен тәнті ете­ді.
Болмысы бөлек досыңа іштей риза боласың да қоясың. Кейде

өзіне «мынауың бір жақсы дүние екен» дегенді айта бастасаң,
«Сен­дер мені бағалай алмай жүр­сіңдер ғой» деп балаша бұр­таң­
дайтыны тағы бар.
Әлі есімде екінші курстан соң жаз­ғы семестрге шығып,

Торғай да­ласына ауылшаруашылық жұ­мысына барғанбыз. Біз
құрылыс басында қалып, Жүрсін бастаған бір топ студенттер
кірпіш зауы­тына көмектесуге кеткен. Кеш­кісін жұмыстан
қайтқан қыз-жігіттердің өңдері өрт сөн­дір­ген­дей түнеріп

кетіпті. Не болғанын сұрағанымызда: Жүрсіннің жі­гіттерге
араша түсіп, бір бас­ке­сермен қатты ерегескенін айтты. Әлгі
қанішер қолындағы балта­сын сілтеп қалғанда, ажалы жоқ­
қа себеп екен, Құдайға қара­ған біреу қас пен көздің арасында

қа­ғып үлгерген көрінеді. Әйтпесе, ба­лаң жігіттің басын қақ
айырар еді дейді. Тайқып кетуді өлімнен артық санайтын
сабазың қас­қайып қарап тұрған ғой.
Аз жазса да, саз жазатын Жү­кең­нің қаламынан соңғы кез­дері

төрт аяғын тең басқан очерктер де туа бастады. Бұл дүниелері
өз­геше бір сәтті шыққан шығар­малар деп батыл айтуға болады.
Онда адамдардың бейнесі, қоғам­ның тыныс-тіршілігі, кейіп­
керлерінің мінез-құлқы барынша айқын, ашып көрсетіледі.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Туын­дыларының тілі де төгіліп тұр. Не жазса да қарапайым
ұғынықты етіп, оқырмандарды бірден өзіне бау­рап алады.
Мысалы, «Алматы мен Қоскөлдің арасында» деп ата­латын

жолсапар очеркінде ту­ған жерді аяушылық сезіммен еске алады.
Оның тұрмысын қалт­қысыз көз алдыңа елестетеді. Қазақтың
түп тамыры ауылдың тіршілігін сағына отырып, шешім
таппаған көптеген мәселені оқыр­манға ақырын ғана тұспал­

дап жеткізеді. Ал анау «Аллах де­ген арымас» дейтін қажылық
жо­л­дан жазған очеркінде жур­налистік еркін де азатшыл көз­
қарас сезіліп тұр. Жүрсіннің бұ­дан басқа да очерктерін алып
қа­расақ, бітімі бөлек, жаңаша леп­пен жазылады екен. Бәлкім,

азат ойлы, еркін көзқарасты, кең ты­нысты шығармашылық
ағымның басы болуы да мүмкін ғой деп ой түйдік. Оның үстіне
бір ғана туын­дысында қаншама мәселені көтере біледі. Әрі оны
дабылдатып немесе ұрандатып емес, Жүрсінге ғана жарасатын

сөзбен түйреп, орынды сынап өтеді. Сонымен қоса, оқырманға
таңдау еркіндігін қалдырады. «Былай болу керек еді» деген
насихат жүргізбейді. Осын­дай жаңаша стилімен де оның
шығармашылығы өзгеше болар, бәлкім. Жазбаларында зіл­сіз

әзіл мен жеңіл мысқыл да жа­расым тапқан. Тілінде оқыр­манға
жұғымды қазақы шұрай­лылық та бар. Осы ерекшелікті алғаш
марқұм Асқар Егеубаев бай­қап, жоғары баға берген еді. Ұл­
тымыздың сүйікті ұлына ай­налған Өзбекәлі Жәнібеков жай­лы

очеркінің жаңа түр, жаңаша пішінмен жазылғанына дән риза
болған Ақселеу ағамыздың ке­зінде арнайы телефон шалып,
құттықтағанына куә болғанбыз.
Шығармашылығы да, азамат болып толысуы да көз

алдымызда қалыптасқан Жүрсін жайлы бір жолғы шағын
мақалада бәрін айтып тауысу мүмкін емес. Оның үстіне ол
сыртқа сырын аша бер­мейтін, сан қырлы күрделі бол­мыс
иесі болса қайтпексің? Қалай десек те, атқарған ісі елдің көз

алдында өтіп жатыр. Сөз қадірі мен бағасын бәрінен жоғары
қоятынын да жұрт біледі. Ең бас­тысы – қалам ұстаған тұлғаның
да іскерлік деген жаңаша ұғым-мен қабыса жұмыс жасауға қа­
білетті екенін дәлелдеді ол. Ай­тулы алпысың құтты болсын.

«Азаматым» деп алқалаған ала­шың аман болсын. Тасада тап
бе­ре­тін арамзаның айбалтасынан ал­т­ын басың аман жүрсін,
Жүке!
Намазалы ОМАШҰЛЫ.

ТЕКТІ ТАЛАНТ Б үгінгі қазақ поэзиясын шырқау биікке көтеріп, қара өлеңнің қасиетін ұғына білген біршоғыр жүйрік таланттар бар. Солардың арасында ұлттық тамырдан ажырамаған, қазақы бояуы қанық, көркемдік әлемі келісті – Жүрсін Ерманның да есімі айрықша аталады. Шежірелі Ұлытаудан қанат қаққан бір кездегі бала қыранның бүгінгі жеткен биігі де бас айналар ұшар шыңның басы секілді. Ақынның жыр жинақтарын құныға оқығанда, оның ішкі сыры мен қышқыл мұңын, буырқанған табиғатының барлық болмысын анық байқайсың. Даңқымды емес, тәңірім, антымды бер, Болжамасам халімді – халқым күлер. Кешейін қойдан қоңыр тірлігімді – өзінің шамасы мен шарқын білер. Жайдақталып кеткенмен замана тым. Өңмендеумен шықпасын жаман атым. Шұға жауып жатса да көктен жерге Қалғып кетпе қазақы қағанатым! – деп өзінің асыл өнерін халқының мұратына арнаған өлеңдері кім-кімді де толғандырып, ой салары хақ. Ақыл апшып қалғанын, сезім бұғып, Отырамын ішімнен өзім біліп. Базар баққан бәдіктер ортасында, Кісі де жоқ тұшынар сөзіңді ұғып. Бір күніңнен аумайды бір күніңіз, Жамалатын түрі жоқ жыртығымыз. Саңырауға беретін сәлемдей-ақ, Кімге дәрі осы өлең шіркініңіз? –

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
деген өршіл жолдары сені сарсаңға салып, беймаза ойға жете­
лейді. Ақынның қай өлеңі болмасын сезім шынай­лығы­мен,
қалтқысыз айтар ақжарма көңілімен бірден баурап алады.

Ол адамның көңіл пернесін тап басатын сезімдерді сөзбен
суреттеуге өте шебер. Және дәлдікті дәл қояды. Жүрегіңді
түйіп-түйіп жіберетін сәттер өте көп кездеседі.
Райы баяғыдан басқа күздің,

Дәмі де айнығандай ақ сағыздың.
Шөп тартып жүруші едік сонау белден,
Жабысып арқасына қасқа өгіздің.
Құм сағыз,

Қара сағыз,
Аққан сағыз,
Зыр қағып жүгіруші ек тапқанша біз.
Қырларын Құлжанбайдың кезуші едік,

Кірпікке қарашада қатқанша мұз.
Шал қайда –күрең атты борбайлаған?
Ел қайда – сырма айдаған, арба айдаған?
Есіңе бүгін ғана бәрі түсіп,

Несіне күрсіңесің, сорқайнаған!
Ұяға болушы еді торғай да алаң...
Бір сәт қиян түкпірде бұйығы жатқан туған ауылың есіңе
түсіп, қалың ойға батасың. Онда өткен балалық шағың, ата-

анаң, қимас таныстарың – бәрі – бәрі еске түседі. Және сол
ауылдың бүгінгі жүдеп тұрған көңілсіз көрінісі де көз алдына
келеді, сен де осындай күйді бастан кешіп жүргенің кәміл.
Сондықтан адамның жүрегінің бір бүйірінде бұғынып жатқан

алай-дүлей сезімдерді ақын оны өлеңмен сәтті өре білген.
Ақынның қай жыры болмасын сіздің ішкі «меніңізбен»
үйлесіп тұрады. Өз көңілінді тербетіп жүрген нәзік мұңмен
бірге астасып, жігеріңді жанып, рухыңызды биіктетіп жібереді.

Уыты бар көңілде,
Жазылмайтын жараның.
Неге келдім өмірге,
Неге кетіп барамын.

...Ұзап бара жатқандай,
Келешектің кемесі.

Удың дәмін татқандай,
Уылжимын.
О, несі?!
Жалған дүниені дәл осынша мұңлы бейнелеу, анық суреттеу

философ ақынның ғана ойлы қаламынан ғана туады. Өмірдің
қилы-қилы сәттерін, мұңлы жүрегінен өткізіп, оны тылсым
поэзия тілімен сезіміңізді тербетер, ойыңызды толғантарлықтай
өрнектей білу – дара дарындардың ғана қолынан келеді.

Ақынның «Абайға мұң шағу» өлеңін де:
Абай аға, мен дел-сал болып тұрмын.
Жанарыңда сенің де толып тұр мың.
Оқулықтан көретін дидарыңды,

Енді ақшаның бетінен жолықтырдым, –
дей келіп:
...Сенің құның болғанда жиырма теңге,
Менің құным көк тиын ағайынға! –

деп түйін жасайды. Денең дір етіп, ойың сан-саққа бөлі­неді.
Шайырда осындай ойып түсер шымыр жазылған, қуатты
өлеңдер өте көп. Ақынның ықшам ғана дос туралы жазған
өлеңін оқыған жан-дүниен шымырлап, нәзік мұңға берілесің.

Дос дейтін дос та қалмады,
Санама түсті салмағы;
Шын досты ажал жалмады.
Алдамшылары алдады.

Құлағанымды күтіп жүр,
Қарақтап қасымда қалғаны.
Оң жаққа мені салғалы,
Үш жерден буып-таңғалы.

Cүйегіме түсіп сол күні,
Тонымды қалап алғалы!
Ақынның әр өлеңін оқи отырып, қазақы сөздің дәмін үйі­
рер шеберлігіне, көркемдіктің көкжиегіне көз салған ақын­

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
дық қуаттың арынды екпініне еріксіз таңырқайсыз. Оның
жырларында тосын тіркес, бұрын-сонды айтылмаған образды
оралымдар, қазақы кейіпте қона кетер бейнелі сөздер көп

кездеседі. Көрнекті сөз зергері Сәкен Иманасов : «Мен білетін
Жүрсін «көбікте болса көп болсын» деп, болсын-болмасын,
оң жамбасына келсін-келмесін, оңды-солды қалам сілтеп,
төпелеп ұрып жаза беретін «ақындар» санатынан емес. Әуел

бастан-ақ «аз болса да саз болсын» деген қағиданы қадір
тұтып, айтары болғанда ғана, лықсып келген ойды ірке алмай,
шірей тартқан шабытына шамасы жетпеген тұста ғана барып
қолына қалам алатынға ұқсайды. Содан да барып оның әр

өлеңі қырық күн бабымен бауырына басып шығарған қыран
балапандай шымыр келеді. Көз алдындағы нұрлы бояудың өз
басы, өз көңіліне лайықтысын ғана таңдап, тауып ала біледі»,

– деп ағынан жарылған екен. Осы сөз – сөз. Бізде ақын ағадан

асырып ештеңе айта алмаймыз. Қысқаша айтқанда, Жүрсін
Ерман – намысты да қуатты, нәзік те сезімтал жырларымен,
ерен талант, берен тұлғасымен қазақ поэзиясының жазира
алқабында оқшау тұрған, қойнауында сан ғасырлық тарихтың

таңбасы бар Ұлытау секілді алып шың. Ол шыңның басына
терең тарихты көрем деген, түйсінем деген, поэзияны шын
жүрегімен сезінем деген оқырмандар сан рет шығары хақ!

Азамат ЕСЕНЖОЛ.

ҰЛЫТАУҒА БАРДЫҢ БА?...

Жүрсін Ерманға
Ұлытауға бардың ба, Жүрсін ақын,
Биігіміз еді ғой бір шығатын.
Тұма таппай кезінде тұншығатын

Ұлытаудан ұлтым деп күн шығатын
Ауылыңа бардың ба, Жүрсін ақын.
Маң далаға маңғанда үйіріміз,
Қатар жортқан Бетбақтың киігіміз

Жиынымыз тарқамай тұрған шақта –
Бір шығатын Ұлытау, биігіміз.
Бісмілләсі сөзіңнің Ұлытау,
Қасым,

Шыңырауда емес қашанда
шырқаудасың.
Ұлытаудың жоғалған ұлар құсы
Будақ-будақ басынан бұлт ауғасын.

VІ бөлім.

ЖЫР ШАШУ

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Жүрегіңнен көшкенде өлең көші,
Сендей болар білгенім ел еркесі.
Қыс ішінде туылған Құлжанбайда

Құс ішінде ұлардың көлеңкесі.
Ақын едік тербеткен ақпан әні,
Өлең бізді білгенім баққа орады.
Ұлытаудың ұлыған аш бөрісі,

Ұлытаудың ұлыған ақ бораны...
Жаздар қалып артыңда,
Күздер қалып,
Бұл ғұмырда сен жүрген іздер қанық.

Алпысқа да алшаңдап бұрын жеттің
Елсізінде елудің біздер қалып.
Жылағанда жаныңда жыр ұлары,
Көз алдымда көк аспан құбылады.

Сіздің ауыл іргесі
біздің ауыл
Оқ боп жауған орыстың зымыраны.
Нар бағасын білетін

ар бағасын,
Тағдырласым сен менің
арналасым.
...Ұлар құсқа не дейміз көрмегесін

Ұлытауға не дейміз, бармағасын.
Өмір жарыс біреуге
Өлең – дүбір,
Тасыр тағдыр тыңдай ма

Керең ғұмыр.
Сарыарқаның сағымын сағынғанда
Көріп жүрсем жарайды төбеңді бір.

Жүрсін ақын,
Жүрсін дос,
Жүрсін аға,
Жақын туған жаныма жырсың аға.

Тағдырыңнан күткелі бір сыбаға
Тереңіңде тұмалар тұншыға ма?
...Ұлар құсты көрдің бе, Жүрсін ақын
Ұлытауға бардың ба Жүрсін аға!

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ.

ІНІМ ЖҮРСІНГЕ

Атақ, абырой жігіттің мінер аты,
Бірде аласың, қаласың бірде қапы
Жарық күн қалай керек болса әлемге
Халықтың керек солай махаббаты.

Бәрін айтты дүниеге жаршы халық,
Өзі берген сыйлықты алшы барып.
Абыройдың тұлпары келген күні
Неге тоқты соймасқа қан шығарып.

Жылқы жықсаң оған да қарсы емес ел,
Той дуласа төрінде көңіл өсер.
Бір жуынып қалады қайран жаның,
Жауып-жауып өткендей қалың нөсер.

Өткірлігін сынамай алмас деме,
Бөгегенді жолыңды жолдас деме.
Айтыстырып ақынның бағын аштың,
Бір қайырым құдайдан болмас неге.

Мырзалықпен досты алдың, ағаңды алдың,
Ақынды айтыстыруға мамандандың.
Тұманбайдан басқаға «Волга» сыйлап,
Ұстазыңа келгенде сараңдандың.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Ескі сыйлас болған соң ескі тамыр,
Қазылыққа шақырдың кей тұста бір.
Ақындықтың әмбесі өлең жазбай,

Бетін бұрып кетпесін айтысқа бұл.
Машиналар тозады, қалады өлең
Тауды құшақтастырған даламенен.
Әттең ағаң домбыра тарта алмайды,

Бір айтысып көрер ем Сараменен.
Әдетімен өзеннен өткіш ұлдың
Кішірмейтін жерлерде көп кішірдің.
Ескілерді ояттың, жаңаларды,

Қанат байлап бердің де көкке ұшырдың.
Көнбейді ақын, ақындық бұйдалауға,
Жылынбасын кім келіп күйлі алауға.
Бүкіл мына айтыскер ақындардың

Қол басшысын хақым жоқ сайламауға.
Айтыстарда жан беріп, жан аларсың,
Беріп жатса ел сыйын тағы аларсың.
Алпысымда ағам деп ат мінгіздің,

Жетпісімде жағам деп жағаларсың.
Өз Тұмағаң

МОЛДАҒАЛИЕВ.

ЖҮРСІНГЕ

Әзіл, қалжың дегенге беттемеймін,
Жылдарменен жасыңды шектемеймін.
Айтсам шыным, Жүрсінім, айтып жүрген
Осы алпысың сен үшін көп пе деймін.

Биігіме жеттім деп мақтанбайсың,
Қыз-қырқынға ұнаған ақ маңдайсың.

Қырықтың арғымағын мініп келіп,
Елудің есігін сен қаққандайсың.
Жүрсінім, жассың десем бір көнбейсің,
Қарттықта бақыт барын білгендейсің.

Қабылдап дауылын да, жауынын да
Отыздың ауылында жүргендейсің.
Егделіктің үстінен жай түсіріп
Шақырмайды жиырма жас қайта ысқырып.

Ақын болып анадан туған бала,
Ақындарды шаршадың айтыстырып.
Бұл сайыста ерекше салмағың бар,
Айтысқандар аспанға самғадыңдар.

Қанша айтысып жүргенмен іштеріңнен,
Бір Жамбылды шығар алмадыңдар.
Алтын тақтың иесі, күміс бақтың,
Көп сұраудың жауабын дұрыс таптың.

Тұлпар мініп қолыңа ту ұстамай.
Тұлпар беріп талайға ту ұстаттың.
Жассың әлі жүрегің өртеніп тұр,
Жастық шақтың өзіне еркелік қыл.

Мен де міндім қолыңнан бір тұлпарды
Бәйбішенің жолына жыр төгіп бір.
Әлпештеді жасынан жыршы гүлді,
Жыршы гүлдер жаныңа нұр сіңірді.

Мырза көңіл, ондағы жомарт жүрек
Жүзге апарсын аялап Жүрсінімді.
ТҰМАНБАЙ ағаң.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ЖЕРДЕ – ДИМАШ ЖАСАЙДЫ,

КӨКТЕ – ҚҰДАЙ

Менің ойымша, билікке біздің айтыстың
«Қонаевтай ер қайда?!» деген аты ұнамаған сияқты.
Жүрсін Ерман.
«Дат». 1 ақпан, 2012 жыл.

Бұлт төнгенде кей досың жатқа айналып,
Күн кешетін заман бұл қақпайланып.
«Қонаевтай ер қайда?!» – деген Жүрсін,
Буырқанған билікке жақпай қалып.

Намысы өліп, айналған құр сүлдеге,
Қара тобыр бұл жұртқа нұр сіңе ме?
Адалдықтың тұрса есіп ақ самалы,
Шамырқанып булықты Жүрсін неге?!

Кеудесінен көкке өрлеп күн шығатын,
Ол бар жерде қараулық тұншығатын.
«Қонаевтай ер қайда?!» – деді ызалы,
Найзағайдай күркіреп Жүрсін ақын.

Ұлылардың барлығы ұмыт қалып,
Ұры ұлықтар жүр неге ұлықталып?
Шындық қалай айтылсын
Тұрса егерде,

Ақиқаттың ауызы құлыпталып.
Ескерткіші тұрса егер шың басында,
Өмір күліп ақпай ма жылғасында.
Туған елге сәулесі түгел түскен

Қонаевтай ер бар ма бұл ғасырда.
Көз жасына көп қалған жесірлердің,
Бірі, сірә, болды ма кесірлі елдің.
Ұлы рухы ұлтымның бола білген,

Ары неге тапталды есіл ердің?!

Аруақпен алысып, айқасқаны –
Билік көзін шел торлап, май басқаны.
Қонаевты мақтауға тыйым салып,
Қасарғаны сазарып қай сасқаны?!

Замананың көк мұнар тұманында,
Жүзем деме, ендеше, жылы ағында.
Құла құлан құдыққа құлағанда,
Бақа шығып ойнайтын құлағында.

Көкірегі күмбірлеп жырға толған,
Күндер қайда үй тігіп, қырға қонған.
Еңіреген ер қанша Біздің елде,
Қызғаныштың оғынан құрбан болған.

Алтын арай жарқырап келбетінде,
Бақыт сыйлап жүгірген елге күнде.
Қонаевты тарихтан өшіретін
Құдірет жоқ, ендеше, жер бетінде.

Тас атпаса егерде өткенге ұдай,
Дүмділерге артам ба өкпе бұлай.
Ел білетін, алайда, жалғыз шындық:
Жерде – Димаш жасайды, көкте – Құдай!

Рафаэль НИЯЗБЕК.

ЖҮРСІН ТУРАЛЫ СӨЗ

Топқа да түсіп, тартысқа,
Отқа да түсіп әр тұста
Ағармай, сақал, самайың,
Ағызып жеттің алпысқа!

Басылмай балаң аптығың,
татып ең дәмін тәттінің.
Аузыңа жұртты қаратып,
алысқа тарап жатты үнің.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Желіп бір жүріп жер көрдің,
жеті жұрт тілін меңгердің.
Ағаның жақсы інісі,

тынысы болып – дем бердің!
Көзіне түсіп – Алаштың,
көкжиектерден әрі астың.
Іні біткеннің ағасы, –

жағасы болып жарастың.
«Айтысым» дедің, алыстың,
қасарыстың да қарыстың.
Сайқалдармен де санасып,

сайтандармен де табыстың.
Айтыса жүріп ат мінсең,
ағайын көңілін таптың сен.
Қайқы да қылыш бола алдың

қара бір қылды қақ тілсең.
Теперіштің де, тепкінің,
тезінде өтеді көп күнің.
Ашына жүріп, ақыры

алаштан асып кетті үнің!
Тайды деп жолдан, жетектен,
Ағайын да бар кекеткен, –
Артады бірі ауыр жүк,

Тартады бірі етектен.
Ермедің елдің сөзіне,
бермедің билік езіне.
Қасқая қарап келесің, –

сенесің жалғыз өзіңе.
Күміс те көмей ақынсың,
Кім саған тізе батырсын.
Тең өскен тұтастарыңның

алдында келе жатырсың!...,
деп, бір тоқтап алып:

* * *
... Алланың барын ескеріп,
Анау да мынау деспелік.
Жар болсын деумен Жасаған,

Жақсының
жолын кеспедік!...,
деп бітіріп едім бұл сөзді.
Сәкен ИМАНАСОВ.

ЖҮРСІНГЕ!

Жасымаған жан едім, күрсінбеген,
Естіңдерші жігіттер, бір сыр менен:
Соңғы кезде отырдым наркотикке,
Наркотиктің аты бар – Жүрсін деген.

Сөйлеп кетсе елітіп, ырғалта ма,
Төрлеп кетсе төгілтіп, нұрланта ма?!
Жүн қалтасы болушы ед кемпірлердің,
Жүрсін менің айналды сыр қалтама.

Сан соқтырған кездерде жастар бізді,
Басқаға айтпас шерімді ақтарғызды.
Менің сырым ішіне тола-тола
Қалтасы не, бұл қазір қап тәрізді.

Буырқанса – келенің бурасындай.
Балбыраса – насыбай бұйрасындай.
Бар ма екен дүниеде басқа рахат
Бұл ұстаған демеуші бұйдасындай.

Жүрсін десе көлікі түсіп берем,
Жүрсін десе қиырға ұшып келем.
Жолды бөгіп кей-кезде қалатұғын
Жалғыз ғана кедергім – күшік деген.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Небір құсты көздейтін, небір аңды,
Не қулықты сезбейтін, не бұлаңды.
Қолды бастап жорта бер Айтыс атты,

Қайта туған қазаққа Қобыланды!
Өмірзақ СӘРСЕНОВ.

ЖЫР ЖАЛАУЫ

Жырмен ұшып, ал бірде жырмен ағып,
От жүректің алауын Күннен алып,
Айдан алып аппақ сыр анау бір жыл
Қайтып едік Мәскеуге бірге барып.

Қуанышын арқалап, азабын да,
Қайнадыңыз осы өнер қазанында.
Айтыс өтті Мәскеуде халықаралық
Таң қалдырып орысын, қазағын да!

Тағы да бір қолға алып бастамасын,
Өлең, айтыс тең қақты қос қанатын.
Бөтен елде тамаша айтыс өтті –
Тамсандырып орыстың астанасын!

Көріп жүрміз өтуде сан дүрмектер,
Айтыс деген ғажайып! Ал күндеп көр.
Барғанша да келгенше ән ағытты,
Дәулеткерей, Ораздар, Балғынбектер.

Бір купеде менімен Оразалы,
Білінбеді сол сапар жол азабы.
Ауызашар дайындап зыр жүгірді
Бақыт жеңгем. Болатын ораза айы.

Демеп еді ақша етем, атақ етем,
(Болды ма әлде берілген бата бөтен).
Оразалы бауырдың ойлап тұрсам
Мәскеу барған ақырғы сапары екен.

... Қарсы алып сізді қанша күліп бектер,
Қазақтың бір жиынын ұлықты етті ел.
Жалынымен қолдады Қырымбектер,
Дарынымен қолдады Ұлықбектер.

Қасиеті қазақтың жырланып кең,
Мәскеу төрі танысты күллі алыппен.
Жалын жүрек жастарға бата берді,
Мырзатайдай ағамыз мырзалықпен.

Дос, дұшпанның елемей табаларын,
Болғанша ой – өрт, күрестің сана – жалын.
Демеуші боп келеді дем көтеріп
Аманкелді, Өмірзақ ағаларым.

Атбегісі айтыстың, бастаушысы,
Бола білдің ұлы өнер жоқтаушысы.
Алтын арқау осынау сүрлеуіңді
Патшаның да кесетін жоқ қайшысы.

Қыран жырға айналып бала дәптер,
Қанат қақты – қарымын бағалап көр.
Жалаулатып жеңіспен қайтты ақындар
Сіз – қолбасшы болғанда олар – әскер.

Кәдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ.

ДЫБЫСЫҢДЫ ЕСТИМІН

Дос жоқ қой менде.
Жүрсін.
Досым жоқ деп налыма, дос дегенің баршылық,
Досқа қызмет еткенің – сүйіп тапқан жалшылық.

Қаңсығанда тамыры судан көріп таршылық.
Зар еңіреп жылайды жалғыз-жарым талшыбық.
Жылағанмен жалғыз тал малшынып көз жасына,
Жамыраған көк орман көшіп келмес қасына.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Қу далада қалғандай, Жүке, сонша шошыма,
Керек болса сенікі ердің артқы қасы да!
Ақансері ағаңдай еңіреме, жасыма,

Атың барда асықпа Сағынайдың асына.
Жеке барып шағынсаң Ұлытаудың тасына,
Елің қайтіп жиналар, Едігенің басына?
Жатып алсаң жапанда күңіреніп абыздай,

Өртенеді аспаның шілде менен тамыздай.
Жетім қозы тәріздес жүдеу көңіл марқаймас,
Өгей өмір бауырына өз қолыңмен жағызбай.
Досым жоқ деп аузыңды сүрткенменен қу шөппен,

Досын әкеп бере ме біреу саған бір шеттен.
Шыбын жаным аманда жүрегіме нұр сепкен,
Дыбысыңды естимін жер бетінде тырс еткен.
Бұлқынғанда бұрқ етіп, кеудедегі көк қайнар,

Сарынға түс сабырлы, сары өзендей төкпей зар.
Кермесіне жолатпай кермесіне қақпайлар,
Опырылса мама ағаш ортамызда ат байлар.
Адам тозар ішінен, жан-күйіңді түсінем,

Жатырқайсың жалғанда түңілгенде кісіден.
Қанжығада көрісер емеспіз ғой көк қоян,
Қашып жүріп жыртқыштың тырнағынан, тісінен.
Ақ сұңқары арманның заңғардан үн қататын,

Торға түссе торығар шет елге ұрлап сататын.
Үзілмейтін жұлындай күндер қайда құдай-ау,
Кісінескен құлындай шұрқырасқан жататын?!
Несіпбек АЙТҰЛЫ.

ЖҮКЕҢЕ!

Көргендер түгіл көрмеген,
Артады саған сенім көп.
Қу басын ойлар пендеден,
Биіктеу тұрған АДАМ деп.

Алатау, Арқа, Алтайды,
Ақиық болып айналдық.
Ұлытау тіреп арқаңды,
Бұқардай бірде ойландық.

Теңесіп төбең асқармен,
Жырменен жиі кеңестің.
Махаңның ізін басқанмен,
Махаңдай шамшыл емессің.

Қарадан шыққан Қаракөк,
Қалайша жаның жайланар.
Шаян бол, жылан, ара боп,
Шағуын қоймас майдалар.

(Ұрпақтың қамын ойлаған,
Ұлыны ұғар қайда бар?!)
Қай кезде көшіру тоқтайды,
Берілер сонда бағаң да!

Арысын қазақ жоқтайды,
Орыны ойсырағанда.
Өзіңе қарай тартамын
Тұйыққа қалсам тіреліп!

Тыңайып сосын қайтамын
Ықыласыңа сүйеніп!
Самат АСҚАР.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ЖҮРСІНГЕ!

Ақкөңілді Жүрсін деп,
Ағып тұрған жырсың деп,
Ардақтадық өзіңді,
Алып-ұшып тұрсың деп.

Артқа тастап жырыңды,
Айтысқа ендің тылсым көк.
Талай жасты жебедің,
Желек жайған гүлсің деп.

Таланттарын демедің,
Темір тұлпар мінсін деп.
Аяулы айтыс өнерін,
Жандандырып жүрсің деп.

Еңбегіңді елеп ал,
Құрметтеді пірсің деп.
Радиосы қазақтың
Күмбір қағып тұрсын деп,

Жаңа міндет жүктеді,
Еңбегі ерен сіңсін деп.
Еліміз озық елдердің
Қатарына кірсін деп,

Асау жүрек арынды,
Соға берсін дүрсілдеп.
Абдрахман АСЫЛБЕК.

ЖҮРСІНГЕ

Ақынға жүрек берген сыздамалы,
Ауырған сол жүректен із қалады.
Армысың, Алашының қарашығы,
Аман ба, Алатаудың мұзбалағы?!

Танбайтын таза мінез, қалыпты ойдан
Атыңнан тағы айналдым тауып қойған

Қиясы – Алатаудың мекен болып,
Ұясы – Ұлытауда қалып қойған.
Өртеген өзегіңді өлең шығар,
Негізің болмаса өлең – неден шығар.

Ұлытау – Алатауға аманат қып,
Жүрсінім жүре берсін деген шығар.
Тіріге тілемейтін жаманаттық,
Деніңе тәңір берсін саламаттық.

Кешеулеу өтіп жатқан кешіңізге
Жан аға отырмысың қанағат қып.
Ей, аға, тағаң жерде, бағаң тауда,
Күншілдің таусылды ма оғы атарға.

Айтысың айдалада қатынас жоқ,
Ұқсайтын ұмыт қалған ақ Отауға.
Ұстанып, ұлылығын Ұлытаудың,
Жамылып, асқарлығын Алатаудың.

Лаулатып, шоғын үрлеп, отын жақтың
Аңыраған айдалада сол Отаудың.
Алаөкпе арбалдырып, алдандырып,
Алдымнан сақ-сақ күлер жалған тұрып.

Өрбіген сол отаудан ұл-қызыңды,
Жібердің малдандырып, жандандырып.
Ақыннның бәрі сіздей арындаса,
Жігіттің бәрі сіздей жалындаса.

Кеудеңде – кісіліктің күй сандығы,
Алдында Әдебиеттің арың таза.
Үзіліп, ар-ұятпен, кеңесіміз,
Бітпеді-ау аярлықпен егесіміз.

Жолығып, жатыр ма Аға жолыңызда,
Оралхан жазып кеткен Неге Осы Біз!
О, Аға, жете берші дегеніңе,
Өзіңе, тілеулеспін өлеңіңе.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Сарыарқа сағынып жүр қошақанын
Қайтадан байлансаңшы көгеніңе!
Алдында Әдебиеттің ұят қарып,

Келесің тазалықпен мияттанып.
Аман-сау Алматыда-ақ жүре берші
Кішкентай Ұлытауың сияқтанып!
Балтабай БАТТАЛҒАЗИН.

АЙТЫСТЫҢ АТАСЫ

Сен өмірге келгенде Қобыландым,
Шырқалғаны шындық қой қоңыр әннің.
Кім біліпті қазақты тербетерін,
Қосындағы қыпшақтың қоңыраулы үн.

Көрермені лақтырған соңынан гүл,
Таптың ба екен өнердің жолынан нұр.
Атқа шапсаң Ақбала анаңыз да
Дастарханын жаятын молынан бір.

Өңі әжімді, әйтсе де, жаны балғын,
Дәм татпады анаңның қолынан кім.
Ақ сүтінен Жұмақтың иісі аңқығанг
Сағындың ба жұпарын омыраудың?

Ұлытауда жаралған Қобыландым,
Ұлы өнерін ұлтыңның қолыңа алдың.
«Айтыс» атты айбарлы қағанаттың
Абсалютті Қағаны болып алдың.

Тасалардан тас атып тобыр әр күн,
Көрсетеді қоғамда жоғын Ардың.
Айтысың да абайсыз билік деген
Түсіп қалды астына «саңыраудың».

Оқ атса да артынан оғыланның,
Туар Айы оңынан, солынан Күн.

Үміт қылып үркітіп жіберем деп,
Сор да қалмас соңынан бағы бардың.
Орта жастан асқанда танып әркім,
Ортасында қалдың-ау кәрі даудың

Сен түгілі Мұхаммед пайғамбардың,
Тікен төгіп тастайтын жолына әркім.

P.S.

Бар кезіңде несіне жабығармын,
Жоқ болсаң да түбі бір жолығармын.
Бағаңызды білгенмен бүкіл қазақ,
Қадіріңе жетпейді-ау қалың Арғын...

Балғынбек ИМАШЕВ.

ЖҮРСІН ЕРМАН – 60 ЖАС

Арнау
Алпыстың асқарына келген ақын
Ғаламдық жыр жақұтын терген ақын
Ұлтының айшықты өнері сөнбесін деп

Ғұмырын айтыс үшін берген ақын.
Ауылдан Астанаға барған ақын
Басына бақ береке жанған ақын
Сезініп нұр дидарын бір Аллаһтың

Ауылына Ақ Мешітті салған ақын.
Еліне шарапаты тиген ақын
Отына, ыстығына күйген ақын
Есінен еш шығармай Ата жұртын –

Елжіреп елін шексіз сүйген ақын.
Нәсібін пейілімен тапқан ақын
Шамшырақ жырдың отын жаққан ақын
Алпысың асқаралы құтты болсын

Масайрап, масаттанып мақтан ақын.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ЖҮРСІН ІНІМЕ

(ақынмен кездесу кешінде)
Жауқазын жырың, ізетті інім – Жүрсінім,
Сырласа кетсең, дария Сырдай сыршылым.
Жырласа кетсең, Жезқазған таңдай жыршылым,

Балапан бауырым, қияға қанат қаққанда,
Гүл сияқты едің жаңадан жарған бүршігін.
Сол бір кез менің көз алдымдағы сурет,
Сол суреттей-ақ алаулап әркез жүрші інім.

Айтыстың аштың құпия жатқан тылсымын.
Қаламым қолда, қағазым алда қапысыз,
Баяғы қалпым, мен әлі сол бір тілшімін.
Ұстаздан озған шәкірттей ұштың қияға,

Сен болсаң асқар ақынсың бүгін – бұл шыным.
Патшасы сөздің – әруақты өлең бақ берді,
Аумасын сенің ақындық аттан ершігің.
Жалыңнан құшып, саурыңнан сипап қостым мен,

Құлагерім болып, бәйгеден озып келші інім.
Алматы емес, Айда да болса, қай жақта,
Аман сау ғана, денің сау ғана жүрші інім.
Батыр да болма, ақын да болма аяулым,

Көз алдымда көлбеңдеп жүрші, Жүрсінім.
Қыраным десе, қырдағы қазақ Жүрсінді,
Ол менің інім, соңыма ерген қыршыным.
Өңімде жүрсең өмірім болып, бауырым,

Түсіме менің тұлпарым болып кірші інім.
Көбейсін ЕҢСЕБАЕВ.

БІР СУРЕТ

Тірліктің алды – ақиқат, арты – жалған,
Болар деп кім ойлаған халқына арман.
Қасында Тұмағамның отырғанда,
Суретке екеуіңді тартып алғам.

Аға аман болсын деген тілекте едік,
Мынау сол тау тұлғадан бір естелік.
Соңында ботадай боп боздап қалған,
Жүрсеке, ініңізді жүр ескеріп.

Ортайып қалды бірден тола бағым,
Тілеймін енді жүрер жол аманын.
Мәз болып қуанушы ем еркелеген,
Қасынан көріп сені сол ағаның.

Ағартқан жыр жолында қара шашын,
Ағаммен әр кімің-ақ санасатын.
Дізесі бүкіл елдің дірілдейтін,
Әзілің сенің ғана жарасатын.

Көрсетіп көңіліңнің қырындысын,
Арнадың жүрекжарды жырыңды шын.
Мінгізіп ақ тұлпарды әйгілеп ең,
Ағаны әспеттеудің бір үлгісін.

Тұмаға – бүгін менің сағым құсым,
Жамылды ол ақыреттің жамылғысын.
Сен маған көрсетіп ең, Жүрсін аға,
Іні боп еркелеудің тағы үлгісін.

Аты өліп, қалғандаймын ерім белде,
Төккен бір түрі ғой бұл шерін кеуде.
Ағам жоқ алдымдағы кеше жүрген,
Қараймын жаутаң-жаутаң көрінгенге.

Жан аға, жүрегімнің жарасын ұқ,
Денемді қариды кеп қара суық.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Кешегі думан қайда, карта қайда,
Отырмын үйге сыймай аласұрып.
Мына күн бұлттанбай тұрса дұрыс,

Жасайсың елің үшін шырқап ірі іс.
Қосады сізбен бізді бір арнада,
Ағама деген ыстық бір сағыныш.
Басында бағы барда пенде семіз,

Ежелден мұң мен қайғы жерлес, егіз.
Ойласақ Тұмағаны сіз екеуміз,
Сағыныш деген белден кездесеміз.
Аға аман болсын деген тілекте едік,

Бұл сурет Тұмағаңнан бір естелік.
Соңында ботадай боп боздап қалған,
Жүрсеке, ініңізді жүр ескеріп.
Ауыт МҰҚИБЕК.

ЖҮРСІН ЕРМАНҒА

Ұнамайды уәде құрғақ маған,
Жан емеспін көрінсе жырды аттаған...
Махамбетке ұқсайды , – деуші едің ғой
«... сақалым да, ... жүрісім бұлғақтаған».

Ойлаушы едім болар деп барсам тұрақ,
Жүрді бізді жырыңнан ар қамшылап.
Лебізіңнен байқадым қайсар аға,
Қалғандайсың қалжырап, шаршаңқырап.

Ағаларды алдыңда бел көресің,
Махамбетке ұқсайтын келді елесің.
Кімді аға тұтамыз сүйенетін,
Босап қалса алдағы сенген есім.

Келген шағың емес пе кемеліңе,
Жеміс берер дарақсың сен еліңе.

Асылдар тек қалмай ма асыл болып,
Сенбесімді білмеймін, сенеріме.
Бір жіп кетсе арқаудан мың жіп кетер,
Ауыр болса жүгіңді жылжып көтер.

Босама, аға, қайта сен ширыға түс,
Сен босасаң біздейлер жүнжіп кетер.
Әбдібек ӘБДІМАНАПҰЛЫ.

ЖҮРСІН КЕЛДІ ШИЕЛІГЕ

Бисмиллаһир ирахманир рахим
Жүрсін келді ауылға Жүрсін келді,
Бірге жүріп жазайық құрысын белді.
Сері дәурен қашанғы серік болар,

Сүйретерміз ертең-ақ құр сүлдерді.
Жүрсін келді ауылға сері келді,
Серіге еріп періште, пері келді.
Әлмырзалар қайда жүр әніменен,

Тербеп жүрген Шиелі, Телікөлді.
Жүрсін келді ауылға айтыс келді,
Шығарамыз кімдерді айтысқа енді.
Нартайлардың қайда жүр ізбасары

Асқақтатып тастайтын айтыста елді.
Жүрсін келді Шиеліге салдық құрып,
Деп жүрмеңдер: «Кешірек қалдық біліп».
Алтыбақан, ақ сүйек шақырады,

Жасырынар ішінде барлық қылық...
Жүрсін келді ағайын, өлең келді,
Ағытылсын өлеңдер көгендеулі.
Серіге еріп сергісін сері көңіл,

Серілікпен ұмытып желеулерді...
Бақтыбай АЙНАБЕКОВ.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н

ЖҮРСІН ЕРМАНҒА

Анаңды көрдім сұраған сені Жаббардан,
Жарыңды көрдім жайып сап жанын ақтарған.
Сонау жылдары Сәтбаевтағы жас Жүрсін,
Жалаң төсінде жамырап қанша жатты арман?!

Анаңды білем жалғызға медет тілеген,
Жарыңды білем жайыңды ойлап жүдеген.
Әпкеңді білем, білемін Сақыпжамалды,
Жапырақ жайып, жайқалып өскен бір емен!

«Жүр, – дедің, – Темке, мен туған сонау елді көр!»
Еліңде, ой-хой, жігіттер қанша жөн білер?!
Аңқылдап шықты алдыңнан абзал достарың:
Шымболат, Мұхтар, Орынбек, Амангелділер!

О, неткен мейірім, о, неткен ғажап өнеге?!
Көтерудей-ақ көтерді-ау бізді төбеге!
Бағланның еті...
Арда емген ала тай сойды,

Шалқарда жүзген шалқыдық ұқсап кемеге!
Картаны айтпан...
Қозғама қойдым о жағын,
Сол күндерді аңсап әлі де мойным созамын.

Сен туған жерден аттанған едім сонда мен,
Алтынға балап топырғыңның тозаңын!
Жеріне ері лайық туса – мерейлі!
Көбісі – көбік...

Бүлкілдеткенмен көмейді.
Жарыста талай жарқылдап озып бәйге алдың,
Алқаға түссең, аруақтарың жебейді.
Жидебай жақтан жырыңа жар боп жатса абай,

Алпыстағы ағаң иеді басын ақ самай.
Тарта бер, Жүкем, тоқсан мен жүзді бетке алып,
Жалғанды жалғыз билеп-төстеген патшадай!
Темірше САРЫБАЙҰЛЫ.

СІЗ БАҚЫТТЫ ЖАНСЫЗ

(Жүрсін аға – 60 жаста)
Аға, сіз бақытты жансыз,
Атадан асқақ туған.
Анадан адал сүт еміп,

Ұлытау – белін буған.
Пенде боп осал емессіз
Бас еркі азат, азамат.
Ерлерден қалған елессіз,

Кеткенде «кеңес» тазалап.
Биіксіз, биік – ар кеуде
Басыңыз бастың орнында.
Азамат – ерлер бар деуге

Мойынға басты қор қылма.
Алшаңдай басып жүре бер,
Жүрісі жаман күйінсін.
Соққанда шабыт түрегел,

Жыр оқып жұртың сүйінсін.
Мақаммен мықты сөз деген,
Үніңіз бөлек өзгеден.
Еліктейтіндер де аз емес,

Көремін көкірек, көзбенен.
Болмай-ақ қойсын тағыңыз,
Жетеді баста бағыңыз.
Тілекшің болған қазаққа

Тік қарап тұрып жағыңыз.
Сүйген жар, ұл-қыз – мәртебең,
Ақынсың жазған мәрт өлең.
Шаршасаң жанға жайлауың –

Достарың шыққан әр төбең...

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
Айтыстың болдың әкесі,
Аңыздан маңыз жасаған.
Көрсоқырлардың көкесі,

Тығылып көрер тасадан.
«Жүрсіннің жүйріктері» боп,
Қаншама тұлпар танылды?
Іштері күйген тұз жалап,

Ауадай жұтты шаңыңды.
Мейірін елдің қандырып,
Жанарын шоқтай жандырып.
Жүріңіз көздің алдында,

Ер Жүрсін, аға, мәңгілік!..
Қымбат ӘБІЛДӘҚЫЗЫ.

АЙТЫС ТУРАЛЫ

Жүрсін Ермановтың мерейтойына мәзір
Айтыс деген үлкен өнер, тек қазаққа тќнті екен,
Ақындардың елдің мұңын жырлайтыны салты екен.
Жүректісі ел алдында ханға да қарсы мін айтқан,

Сол себептен ақындардың қорғаушысы халқы екен.
Ақын келсе бүкіл ауыл бар шаруасын тастаған,
Жабырқаған халқын ылғи жақсылыққа бастаған.
Ақындары күндіз-түні ел алдында жыр төгіп,

Ақын айтса бүкіл халық соңына еріп қостаған.
Таң атқанша ұйықтамай-ақ тыңдайтынбыз біздер де,
Жақсылыққа жетелейтін ақын айтқан сөздер де.
Ол кездерде баламыз ғой, жетілмеген санамыз,

Кейін білдік, мұндай дќстүр жоқ екен ғой өзге елде.
Бұл өнердің оты өшіп, қалды ұзақ тұтанбай,
Жүрдік біраз өшкен отты жағуға да бата алмай.

Ұлтжанды азаматтар қозғау салды бұл іске,
Айтыс деген өнеріміз қалды ғой деп аталмай.
Соның бірі – менің досым, Жүрсін батыр, Ерманов,
Өшіп қалған сол айтысты қайта жақты қолға алып.

Таразыға салса егер халқына ол бергенін,
Басқалардан басып тұрар Жүрсін жағы, болды анық.
Осы өнерге салды Жүрсін қажыры мен қайратын,
Айтыс деген сөзбен бірге шегелеп-ақ қойды атын.

Қаншама жыл жүйке, күшін сарып қылды айтысқа,
Өз өлеңін жазуға да уақыт таппай ойлы ақын.
60-қа да келді досым, 60 асу асқаны,
Жүрсін жайлы жылы сөздер жазып жатыр достары,

Бұл күндері ақын-достың тұр жұлдызы жарқырап,
Бұл күндері айтыстың да ашылып тұр аспаны.
Туғанбай ЖАНЫСБАЕВ.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н Б ірде Жүрсін Ерман мен жары Бақытжамал екеуі Астанаға келгенде досы, ақын Несіпбек Айтұлы үйіне қонаққа шақырады. Алыстан ат терлетіп қонақ­тарға арнайы қонақасы беріледі. Бір-бірін көптен көрме­ ген екі құрдас дастархан басында әдемі әзілдесіп отырады. Бір кезде Несіпбек жақында немересі үйленетінін айтып, Жүкеңе «Мен енді Алла бұйырса шөбере сүйіп ата емес – баба болам, сен далада қалдың» деп қалжыңдайды. Жүкең болса «Сен баба болсаң боларсың, ал сонда кемпірің кім болады?» деп сұ­рай­ ды. Несағаң «Кемпірім кейуана болады» депті. Жүрсін қу­лана күліп алып, «Е, онда кейуананың күйеуі баба емес, диуана болады ғой» деген екен. Досының тапқырлығына риза болған Несағаң бастаған дастарқан басындағылар ду күліпті. VІІ бөлім. ЖҮРСІННІҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ

* * *
Тағы бірде Жүрсін Ерман жолаушылап келе жатып
жанындағы адамдармен бір ауылдағы үйге құдайы қонақ
болыпты. Көгілдір экраннан көріп жүрген адамды көзбен

көргенде есі шығып кеткен үй иесі сасқалақтап «Жүке, қош
келдіңіздер, сіздерге ет асайық па әлде қуырдақ қуырып
жіберсін бе?» деп жүгіріп жүр дейді. Сонда саспайтын Жүкең
«Үйлеріңізде қазандарыңыз біреу-ақ па еді?» деген екен.

* * *
Алматы қаласындағы бір думанды тойдың үстінде жетісу­
лық әнші Нұржан Жанпейісов қазақтың халық әні «Жиырма
жеті қызды» шырқайды. Тойға келген қонақтардың орта­сында

отырған Жүрсін Ерман үзіліс кезінде кездесіп қалған ән­шіге
«Нұржан, жаңағы орындаған халық әні бұрында «Он алты қыз»
сияқты еді ғой. Қалған он бірі қайдан келген? Оралмандар ма?»
деп жұртты ду күлдіріпті.

* * *
Алматыға айтысқа келгенде ақшасы таусылған ақындардың
біразы Жүрсін Ерманнан қарызға ақша алып жүреді екен.
Алған ақшаларын кейде қайтарады, кейде ұмыттырып қайтар­

майды дегендей. Сондай бір айтыстың кезінде Жүрсінге ерке­
леп жүрген екі інілері қарызға ақша алса керек. Айтыс­тың
соңында Жүкең әлгі екі ақынды сахнаға мақтап отырып ша­
қырып, қолдарына «арнайы сыйлық» деп бір-бір конверттен

ұстатады. Айтыстан жүлде алдық деп марқайған ақындар сахна
сыртына шығып конвертті ашса ішінде ақша емес, бүктеулі
ақ қағаз жүр дейді. Сөйтсе Жүрсін бір суретшіге екі саусақтың
арасына бас бармақты шығарған суретті салдырып конвертке

салып қойған екен. Қарызды қайтарып алудың әдісін ойлап
тапқан Жүкең екі інісіне дайындаған «арнайы сыйлығын» ел
алдында тапсырып, конверттің ішінен өзінің қарызға берген
ақшасын алып қалған екен.

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
* * *
Бірде Қарт Каспийдің жағасындағы Ақтау қаласында
дүбірлеген айтыс өтеді. Айтысты ұйымдастырушылардың

ішінде намаз оқитын діндар азаматтар да бар екен. Сол
ұйым­дастырушылардың бірі адамдармен қоштасқан кезде
«Иншалла, жұмақта жолығайық» деген сөзді әдет қылса керек.
Айтыстың соңында әлгі намазхан жігіт келген қонақтар­мен

қоштасып тұрып әдеттегі сөзін қайталай береді. Содан мезі
болған Жүрсін: «Сен елдің бәрін жұмаққа шақырып алып, біз
барғанда өзің болмай қалып жүрме!» депті.
* * *

Ақын Рафаэль Ниязбеков бір отырыста Жүрсінді мақ­
тауын жеткізейін деп: «Жүрсін деген арыстан кеуделі, жол­
барыс жүректі азаматымыз ғой» деп бастай жөнеліпті. Оң­тай­лы
сәтті қалт жібермейтін, қазақы қалжыңға жүйрік Жүкең: «Оу,

Рафеке, мақтаймын деп менің кеудемді зоопаркке айнал­ды­рып
жібердіңіз ғой» деген екен.
* * *
Жүрсін Ерман «Қазақ радиосында» Бас директор болып

жүрген кезінде қарамағында істейтін пародияшы Олжас
Сыдықбеков бір асығыс жағдайлармен жұмыстан сұра­нуға
барады. Түскі үзіліске шығып бара жатқан бастығымен қара­ма-
қарсы кезігіп қалған Олжас: «Жүрсін аға, сізде бір ша­руам бар

еді» дейді қипақтап. Жүкең: «Түстен кейін кел» дейді. Жаңағы
жағдайдан кешігіп қалам ба деп қауіптенген Олжас: «Түстен
кейін ешқайда кетіп қалмайсыз ба?» деп тақым­дайды. Жүкең
болса «Ей, енді саған ант-су ішейін бе?» деп бұры­лып кете

береді. Біршама уақыттан соң төменгі қабатқа түскен Олжас
бір шаруаларымен бөгеліп тұрған бастығына тағы қарама-
қарсы кезігеді. Сонда Жүкең: «Олжас, сен бағана ма­ған түстен
кейін орныңызда отыратын болыңыз дедің бе, не деп едің?» деп

қулана күліпті.

* * *
Меценат Өмірзақ Сәрсеновтің ауылы Бақанаста өтетін
бір айтысқа бара жатқан бір топ зиялы қауым жол ортада
көліктерін тоқтатып, табиғат аясында тыныстап тұрады. Белгілі

әнші Бекболат Тілеухан қасындағы Жүрсін Ерман, Өмірзақ
Сәрсенов, Мақпал Жүнісова, Олжас Сыдықбеков т.б. бір
қауым адамдардың ортасында өзінің Шерхан Мұртаза, Ақселеу
Сейдімбек сияқты белгілі адамдарға қалай үйреткенін әң­гіме­

леп айтып тұрады. Әңгіме қыза келе Бекболат насыбай ату­дың
мәдениетін көрсетпек болып қалтасынан шақшасын із­дейді.
Сөйтсе ол анадай жерде тұрған көліктің ішіндегі костюм­нің
қалтасында қалып қойған екен. Қасында тұрғандардан шақ­

ша сұраса, олар да көлікте қалдырғандарын айтады. Шақша­
сын алдырмақшы болған Бекең өзі отырған көліктің шопы­
ры­ның атын есіне түсіре алмай «Асхат, Мақсат, Қанат, Самат»
деп бірнеше адамның атын атап шақыра бастайды. Бір жерге

жиналып алып өздері қауқылдасып отырған шопырла­рдың
ешқайсысы оған селт ете қоймайды. Бір кезде Жүрсін өзінің
ерекше қоңыр даусымен гүж етіп: «Әй, шопыр бала, сенің
атың кім еді?» дегенде ғана назар аударған жүргізуші жігіт:

«атым Ербол» дейді сасқан кейіпте. Сонда Жүкең Бекболатқа
бұрылып: «Жаңағы сен айтқан аттардың мынаның ішінде бір
әрпі де жоқ қой» депті.
* * *

Жүрсін Ерман Қазақ радиосын басқарып жүрген кезде
жақында ғана тұрмысқа шығатын хатшы қыз «ауырдым» деп
сыл­тау айтып жұмысқа бірде келіп, бірде келмей жүріпті. Хат­
шы қыздың сылтауынан мезі болған Жүкең: «Егер күйеуге

тиген денсаулығыңа жақпаса ажырасып кет» деген екен.
* * *
Парламент Мәжілісі тарағаннан кейін бір үйде қонақта
отырған бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан: «Жұмысы

жоқтық, тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын» деп Абай
дәл айтқан. Сол замандағы Абай атамыздың сөзі қазіргі біздің

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н
жұмыссыз жүрген жастарымызға айтылған сияқты» деп өз
пікірін ортаға салып отырады. Сонда қонақтардың ара­сында
тыңдап отырған Жүрсін: «Бекболат, сен осы қазір жұмыссыз

жүр емессің бе?» депті түк білмегендей.
* * *
Бір күні Қазақ радиосындағы Бас директор Жүрсін Ерман­
ның кабинетінің алдында отыратын хатшы қыз қа­зіргі

жастардың сән үлгісі бойынша екі құлағына үлкендігі өзінің
басының жартысындай дөңгелек сырға тағып келіпті. Соны
байқаған Жүкең: «Сен өзі құлағыңа люстра тағып алғансың
ба?» деген екен.

* * *
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Бала би
ауылына ат басын бұрған Жүрсін Ерманның қасында құр­
дасы Жұмабай Шаштайұлы да бар екен. Үй иелері анау-мынау

шаруасымен сыртқа шығып кеткен кезде Жұмабай:

– Бұл қыпшақтар – ежелден жауынгер халық. Осы үй де

қыпшақтардікі емес пе. Қорықпай орталарыңда отырғаным­
ның өзі ерлік емес пе? – деп қалжыңдапты. Сонда Жүрсін:

– Ей, шапырашты Шаштай! Осы үйде менен басқа қып­

шақты қайдан көріп отырсың? Қорыққанға қос көрінеді деген
осы екен ғой! – депті.
Ел аузынан жинаған
Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗИН.

МАЗМҰНЫ І бөлім. ӨЛЕҢДЕР ҚАЛАСАҢ ҚАБЫЛ АЛАРСЫҢ................................................................... 3 ӨСКЕМЕН.................................................................................................... 4 ҰЛЫТАУДЫҢ ҚЫМЫЗЫ........................................................................... 6 ІЗДЕУ САЛУ.................................................................................................. 8 ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫНА ТАЛАСУ........................................................ 9 ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫ................................................................................ 13 ДАРХАНҒА ................................................................................................. 15 АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ.................................................................................. 16 ӨЗІМШІЛ ӨЛЕҢ........................................................................................ 17 АҚЫННЫҢ ҮЙІ НЕМЕСЕ ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ҮЙІН ҚИРАТУ......................................... 18 ДИЛЕММА.................................................................................................. 19 МҰХТАР ӘУЕЗОВ ҚАБІРІНІҢ БАСЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРЛАР..... 20 ЕРТЕГІ......................................................................................................... 23 ТЕРІСАҚҚАН ............................................................................................ 25 ТҮНГІ ТАКСИ............................................................................................ 26 ЫРҒАЙ ЖЫРЫ........................................................................................... 28 НӘПСІ ДЕГЕН КЕСЕЛДІҢ....................................................................... 29 ЕКІ СУРЕТ.................................................................................................. 30 КҮЗГІ ЖЫР................................................................................................. 31 ЕРТЕРЕКТЕУ ЕРЖЕТІППІН.................................................................... 32 ТҰРМАҒАМБЕТТЕН ТӘРЖІМА.............................................................. 33 ӘЙЕЛГЕ ОДА ............................................................................................. 34 БАҚ ПЕН СОР............................................................................................ 36 ТАЛҒАР ТАУЛАРЫ.................................................................................... 40 ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТӘУЕЛДІЛІК............................................................... 41 БАС (Мұхтарға)........................................................................................... 43 ҚАРАҒАНДЫ.............................................................................................. 44 МҰСТАФА ШОҚАЙ................................................................................... 46 АБАЙҒА ӨКПЕЛЕУ................................................................................... 48 ҚАЗАҚ БАЛАСЫН ҚАЙРАУ..................................................................... 49 АҚЫННЫҢ ЖАРЫ.................................................................................... 51 БАУЫРЖАН ЖАҚЫП................................................................................ 55 САЙЛАУ БАЙБОСЫН............................................................................... 56 ҚАСЫМ ӨЗІ ТУРАЛЫ............................................................................... 57 ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ.................................................................. 60

Жүрсін Ерман А л ыста н және ж а қ ынна н ІІ бөлім. КӨРКЕМ ОЧЕРКТЕР БАҚАНАСҚА БАРАСЫҢ БА..................................................................... 70 БІЗ АУЫЛҒА БАРҒАНДА.......................................................................... 77 ҚАҢҚЫЛДАП ҚАЗДАР ҰШҚАН КҮН..................................................... 85 БАРАЙЫН ДЕСЕМ, ЖЕР ШАЛҒАЙ........................................................ 90 ІІІ бөлім. ЕСТЕЛІК-ЭССЕЛЕР ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ.......................................................................... 97 САҒАТ ӘШІМБАЕВ..................................................................................110 ОРАЛХАН БӨКЕЙ ЖӘНЕ ОПАСЫЗ ЖАЛҒАН.....................................118 ҚАҒАЗДАЙ АППАҚ АҚСЕЛЕУ АҒА.......................................................128 Даладай дарханым, теңіздей тереңім................................................130 Ақселеуді аттандыру..........................................................................135 ЗАҢҒАР .....................................................................................................136 ҚҰЛМАМБЕТТІҢ ҚҰЛЫНЫ...................................................................148 ІV бөлім. СҰХБАТТАР «СОҢҒЫ 7 жылда АЙТЫС АҚЫНДАРЫ ................................................156 50-ден АСТАМ МАШИНА МІНІПТІ».....................................................156 АЙТЫСТЫ 2013 жылдан БАСТАП ЮНЕСКО ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ ДЕГЕНДІ ЕСТІП, ҚУАНЫП ОТЫРМЫЗ.......163 «АЙТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА АЛУЫ ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ...»...............................................175 БӘРІНЕН ДЕ ҚАРА БАСЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ҚАУІПТІ.........183 «МЕН ҚАЗАҚПЫН» ДЕГЕН ҰЛТТЫҚ РУХТЫ СІҢІРМЕСЕК, ӘРІ-СӘРІ КҮЙ КЕШКЕНІМІЗ КЕШКЕН.............................................187 «БІР ӨЛЕҢ – БІР ӘЛЕМ» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫН КӨРУГЕ ҚАЛАМГЕРЛЕРІМІЗ КЕЛГЕН ЖОҚ.......................................190 КЕЗІНДЕ АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІН БАСТЫРУҒА МҮМКІНДІГІ БОЛҒАН ЖОҚ..................................................................192 ӨЗ ӨНЕРІМІЗДІ ӨЗІМІЗ ТҰНШЫҚТЫРДЫҚ......................................194 ЕНДІ АЙТЫСТЫҢ МАҢЫНАН ЖҮРМЕСПІН.....................................200 «АБАЙДАН ҚАЛҒАН ҚАЛАМ АМАН БОЛСЫН!».................................206 V бөлім. ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗІ А.Бөкен. ҰЛЫТАУ, ҰЛАРДЫ ЕМЕС, ҰЛЫҢДЫ ОЙЛА..........................212 Ж.Бөдешұлы. ҚАЛАМНЫҢ СЫРЫН ҚАЛАМ БІЛЕДІ............................220 Р.Ниязбек. ҚАРАӨЛЕҢНІҢ ҚАРАГЕРІ...................................................226 С.Жәмкенұлы. АЛАШТА АТ ОЗДЫРҒАН МӘШҺҮР ЖҮРСІН...............234 Б.Мырзабеков. ЖҰРТЫНА ЖАҚЫН ЖҮРСІН АҚЫН............................245 Б.Жақып. АЙСБЕРГ (Ақын Жүрсін Ерман шығармашылығы хақында)......250

К.Әмір-Бек. ЖҮРСІН, СЕН КІМСІҢ?......................................................261 С.Ақсұңқар. «О, ТӘҢІРІМ! ҚУАТ БЕРШІ ҚАЛАМҒА...»........................272 ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАР АҚЫНЫ.................................................................281 Қ.Ергөбек. ЖОЛАЙЫРЫҚТА НЕМЕСЕ ЖАРЫЛМАҒАН ЖАНАРТАУ!..............................................................................289 Б.Жағыпарұлы. ӘКЕДЕЙ ҚАМҚОР, АҒАДАЙ ЖАНАШЫР..................302 Б.Халиолла. ҚЫПШАҚТЫҢ ҚАЙҚЫ ҚЫЛЫШЫ НЕМЕСЕ ЖҮРСІН ЕРМАН ЖАЙЛЫ АЗ СӨЗ......................................306 ҰЛЫТАУҒА ІНІ ТАУ.................................................................................310 Ұ.Есдәулет. ЕСІМІ ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ.............................................................310 Ф.оңғарсынова. «ҚАЛҒЫП КЕТПЕ, ҚАЗАҚЫ ҚАНАҒАТЫМ»..............317 С.Қирабаев. ЖҮРСІННІҢ ЖЕЗКИІК ЖЫРЛАРЫ...................................322 С.Иманасов. ЖҮРСІН ӨТКЕН ЖОЛ.........................................................334 Н.Омашұлы. ЖҰРТ КҮТЕТІН ЖҮРСІН....................................................343 А.Есенжол. ТЕКТІ ТАЛАНТ......................................................................347 VІ бөлім. ЖЫР ШАШУ Ғ.Жайлыбай. ҰЛЫТАУҒА БАРДЫҢ БА?..................................................351 Т.Молдағалиев. ІНІМ ЖҮРСІНГЕ.............................................................353 ЖҮРСІНГЕ........................................................................354 Р.Ниязбек. ЖЕРДЕ – ДИМАШ ЖАСАЙДЫ, КӨКТЕ – ҚҰДАЙ............356 С.Иманасов. ЖҮРСІН ТУРАЛЫ СӨЗ........................................................357 Ө.Сәрсенов. ЖҮРСІНГЕ!.............................................................................359 К.Құныпияұлы. ЖЫР ЖАЛАУЫ.................................................................360 Н.Айтұлы. ДЫБЫСЫҢДЫ ЕСТИМІН....................................................361 С.Асқар. ЖҮКЕҢЕ!.....................................................................................363 А.Асылбек. ЖҮРСІНГЕ!..............................................................................364 Б.Батталғазин. ЖҮРСІНГЕ .....................................................................364 Б.Имашев. АЙТЫСТЫҢ АТАСЫ..............................................................366 ЖҮРСІН ЕРМАН – 60 ЖАС ....................................................................367 К. Еңсебаев.ЖҮРСІН ІНІМЕ (ақынмен кездесу кешінде)...........................368 А.Мұқибек. БІР СУРЕТ...............................................................................369 Ә.Әбдіманапұлы. ЖҮРСІН ЕРМАНҒА.......................................................370 Б.Айнабеков. ЖҮРСІН КЕЛДІ ШИЕЛІГЕ................................................371 Т.Сарыбайұлы. ЖҮРСІН ЕРМАНҒА..........................................................372 Қ.Әбілдәқызы. СІЗ БАҚЫТТЫ ЖАНСЫЗ.................................................373 Т.Жанысбаев. АЙТЫС ТУРАЛЫ...............................................................374 VІІ бөлім. ЖҮРСІННІҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ.................................................................376

Бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы
Құрастырған Оңалбай Садықов
Көркемдеуші редакторы Кенжеғазы Айтжұманұлы
Суретші Нұрмұхамбет Наурызбаев

Корректоры Салтанат Әшімова
Басуға 02.09.2013 ж. қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32.
Басылымы офсеттік. Қаріп түрі «DS Tіmes».
Шартты баспа табағы 20,16 б.т. Таралымы 2000+600 дана. Тапсырыс №

«Ан Арыс» ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 105.
Тел.: +7 (727) 272-51-84, 261-60-67, факс: +7 (727) 261-62-13.
ЖШС РПБК «Дәуір», 050009, Алматы қ-сы, Гагарин даңғылы, 93а,
Телефон: +7 (727) 394 39 22, +7(727) 394 39 34, +7(727) 394 39 42

E-maіl: rpіk-dauіr81@maіl.ru, rpіk-dauіr2@maіl.ru
Өлең­дер мен әдеби-сын мақалалар,
сұхбаттар, көркем очерктер

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙