Мазмұнға өту
Home

Қараша қаздың қаңқылы

Өріс Яшүкірқызы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қараша қаздың қаңқылы

Авторы: Өріс Яшүкірқызы

Өріс Яшүкірқызы Қараша қаздың қаңқылы (Өлеңдер мен поэма, жыр-дастандар) Алматы «Баспалар үйі» АҚ 2009 жыл УДК 821.512.122. ББК 84 Қаз 7-5 Я 98 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Яшүкірқызы Өріс Я 98 Қараша қаздың қаңқылы. Өлеңдер мен поэма, жыр дастандар жинағы. Өріс Яшүкірқызы «Баспалар үйі» АҚ, 2009 ж. 160 бет

ISBN 9965-672-64-4

Қазақстан Журналистер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Яшүкірқызы Өріс көп жылдардан мемлекеттік қызметті атқара жүріп, шығармашылықты қоса жалғастырды. Оның бұрын жарық көрген «Боямасыз өмір», «Шенеунікше тактика» әңгімелер жинақтары, «Сексеуілдің шоғы» өлеңдер жинағы оқырмандардан лайықты бағасын алды. Мерейтойына арналған бұл жинақтағы әр қырлы өлеңдер азаматтық рух пен адамдық қасиеттерге құрылған. Өмір мен қоғам шындығы, сондай-ақ нәзік жандардың іңкәр сезімдері, пәк көңілдері айшықты суреттелген. «Жыландар кегі», «Таза дос» жыр-дастандарында ар мен намыс, «Пассуктің махаббаты» хикаятында шынайы махаббат үндеседі. Бұдан басқа республикалық басылымдарда бұрын жарық көрген жырлары, сатиралық туындылары іріктелініп беріліп отыр. Жинақ жалпы оқырманын, жыр сүйер қауымды бей-жәй қалдыра алмайды.

Я 4702250201-002 УДК 821.512.122 403(05)-09 ББК 84 Қаз 7-5

ISBN 9965672-64-4 Яшүкірқызы Ө., 2009 « Баспалар үйі» АҚ, 2009

ISBN 9965-672-64-4 Яшүкірқызы Ө, 2009 ж. «Балауса»ЖШС баспасы 2009 ж.

Өлеңім, менің өлеңім, Бойдағы жалғыз өнерім, Батсақ та бірге, шықсақ та, Ішінде жүрміз кеменің. Өлеңім менің өлеңім, Жанымды жарты бөлерім, Бір өзің билеп келесің Дүниенің мендік әлемін...

( Автор)

Жан сарайым - өлеңім

Жан сарайым, хан сарайым өлеңім, Жан бағым да, таңдауым да өлеңім, Егізім де, сыңарым да өлеңім, Өлең өлсе, мен де бірге өлемін.

Мұхитым да, теңізім де өлеңім, Шалқарым да, кемерім де өлеңім, Тіршілік пен күйбеңім де өлеңім, Өлең бітсе, Менің бітерқорегім. Тірі Анам да, Жыр Анам да өлеңім, Жан сырым да, сан қырым да өлеңім, Жарығым да, шырағым да өлеңім Өлең сөнсе, Мен де бірге сөнемін. Тірегім де, Жүрегім де өлеңім, Өлеңіммен бірге жылап, күлеміін Өлеңіммен бір көгеріп, бір өніп Өлеңіммен бірге жасап келемін. Ей, Өлең, маза берші Ей, Өлең! Мен қашқанда қуғаның не, Байланып кіндігіме туғаның не, Қапелімде іздетіп қалам-қағаз Ойымды он сақтағы буғаның не?

Ей, Өлең! Мен сөнгенде жанғаның не, Қыздырып шоққа қызыл салғаның не, Қарадай қара шөлде қаталатып, Қайыра, қарсы ағынға шалғаның не? Ей, Өлең! Кетіп ем ғой суындырып, Кеудеме неге шаштың уылдырық. Мойныма жыр маржанды алқа қылып Отырсың енді мені буындырып. Ей, өлең! Маза берші дамылдайын, Уақытым кетті мынау сағымдайын. Мен риза таланыма сені жазған Басыма бола білдің бағым дәйім. Өтінем, Босатшы бір дамылдайын... Қараша қаздың қаңқылы Қамысты көлді жағалап, Бал құрақты сағалап, Қиқулап қаздар жиналды Қанатын суға сабалап. Көлге де бүгін бақ қонып, Айнала түгел шат болып, Базары құстың қызды бір Масайраған шақ болып.

Жүзіп бір алға Ата қаз Соңынан еріп Ана қаз, Көлдің көркін келтірді Шүрегей шөже, бала қаз. Бірімен бірі теңесіп, Тұмсықтасып кеңесіп Қаз үйірі жүзгенде Құптады самал жел есіп. Қанатын қағып қаңқылдап, Көтеріп даусын саңқылдап, Құс тобына сүйсіне Қараған Ай да жарқылдап. Балапанын ерткен кіл, Қаздарға төкті көктен нұр. Тіршілік қызып төрінде Көл де беті мөп-мөлдір. Жайқалып жасыл бал құрақ, Желпініп желмен сән құрап. Қауырсын құстың бәріне Тілеген еді жан шуақ. Қаздардың қызып думаны, Ақ шабақ көлде тулады. Осындай шаттық кезеңді Аңшының бұзды сұмдары Тамсанып құсқа көздері, Мылтықты тура көздеді.. Құс өрісін өргізбей

Мақсаттары өзге еді. Қызықты сәттің өткені-ай, Сұм ажалдың жеткені –ай. Тасадан мылтық тарсылдап Үзілді өмір әттең-ай! Тоқтамай оқтың жарқылы, Естілді қаздар барқылы. Қанатты құстар қоштасты Тірлікпен оқ арқылы. Топарлап қаз бен шүрегей, Қаптарға түсті бірегей. Бір шетте қалған бала қаз Сол күні жалғыз түнеді ей. Көл бетінде ала жаз, Қаңқылдап жүзді бала қаз... Жалғыз құсты қызықтап Жағадағы бала мәз. *** Сары қаз, ақ қаз, ала қаз, Тағдырын ешкім қарамас, Қанатты құсқа зәруміз Ұшатын құстар далада аз. Құс та мұңлық

Біз айтамыз сенетіндей өтірік, Сенген кезде бас шайқаймыз өкініп, «Қанаттылар қорғалуда» дейміз де Шетел асар Дуадақ құс, Кекілік Келе қалса саят жасап арабтық, Сирек құстың балапанын санаттық, Сыйға ұсынып Сұңқарларды жыртылып Қырандарды томылғы сап тараттық. «Біз қазақтар саят сүйер халықпыз, Құс әлемін жұрттан бұрын таныппыз»- дейміз дағы балапанын Бүркіттің, Еш қиналмай сый қорапқа салыппыз. Қырандармен қарқ қылу жат елді, Іштен шыққан жаудай ол да қатерлі, Біздің елде құс та мұңлық білсеңііз Мұңлық зары кімге абырой әперді? Қара Ләйлек (Мұхтар Мағауиннің «Қара ләйлек» әңгімесінің желісімен)

Қара ләйлек, құсым-ай тірі екенсің, Баяғы көрген жерде жүр екенсің, Мен әулеттен жалғыз боп өсіп, өнсем Сен де құстың дәл мендей бірі екенсің. Сен де адамдай екенсің жаның сірі, Дәл өзіңдей жоғалды құстың түрі, Ата-тектен өрбіген қанаттым-ай, Қара ләйлек сен едің құстың пірі. Жүр екенсің көзі боп ескі жұрттың, Естідім де, көруге есті құрттың, Жан-жүйкемді босатып ағыл-тегіл Жеткенімше Тарсайға көзді сүрттім. Сусыл қанат, ақ төсті, қара құсым, Аман шыққан тар кезден тарамысым, Шыңғыстауды бетке алып мен келгенде Ұя басып, жұмыртқа жарамысың,

Қасиетті ең, Аққудай киелі едің, Басыңды кеп Тарсайға сүйеп едің, Ашаршылық жылдары ұяң өспей Тағдырын бір көтердің сүйем елдің, Мен де адамның тектісі емес пе едім, Сен де құстың тектісі емес пе едің, «Тарсайда жүр, ұясы бар» деп естіп Мен де келдім, Әтпесе кемес пе едім. Қызыл тұмсық, мойны ұзын, сүйір қанат Тарақ құйрық, ақ бауыр ұштың жанап, Қара ләйлек, құсым-ай кездестік-ау Фотоапарат, қайда екен фотоаппарат. Сескендің бе, құсым-ау, шыр айналдың, Көрген сайын өзіңді шырайландым. Өзіңе де, ұяңа тиіспейміз Ұяң жаққа қайта ұшып, бір айналғын.

Дегіберсіз, дәрменсіз құсым менің, Талай жыл сағынышым, түсімде едің, Ата -бабам көзіндей жарқ еттің-ау Қауіппе екен суретке түсіргенім. Қара ләйлек, тағы ұшшы құсым менің, Әдейі келген бітсін ісім менің, Қанатыңды кеңірек жая түсші Ескерткіш боп қалсын бір түсіргенім. Қашаннан аңыз болған киелімсің, Қара ләйлек, мен сүйсем сүйерім шын, Туған жерге келгенде алдымнан шық Құс болсаң да ескі көз сүйенішім. *** Қарсы ағыс Ағыспен қатты ақпап ең, Қалыппен ізет сақтап ең, Есігің жабық мен келсем Кімге сен, қалқам, жақпап ең? Кітаптың бағын баптап ең, Сенімді сенген ақтап ең, Орындық бос тұр мен келсем Кімге, сен қалқам жақпап ең?

Әдеппен аяқ аттап ең, Еңбектен тіреу тапқан ең, Кетіп қапсың ол жерден Кімге сен қалқам, жақпап ең? Кезіңнен жас бір өрімдей, Қиындық болса берілмей, Жаныңмен жұмыс еткенде Еңбегің қалды көрінбей. Таңдайға таңдай қақтырып, Қасыңда жүр ед бақ күліп, Қарсы ағыс келіп жағаға Жіберді-ау сені лақтырып... ***

БӘЙТЕРЕК - ШАМ ОРДА

Бейнелеген алып өмір ағашын, Ей, Бәйтерек, көгіме шам жағасың. Атақты Эйфель теңескендей өзіңмен Бар көңілден мақтанышты табасың. Республика символы бар өреңде, Жүз қырық төрт шырағың тұр төбеңде, Бар нысана сәулелермен жасанған Қырық төрті нұрын шашар төменде. Самұрық құс мекен етіп қияны Қасиетті салғандай бір Ұяны, Жұмыртқа тұр тәуелсіз ел бейнелі Тамырына Ел бірлігін жияды. Құлағыңда өзге жұртқа түре біл, Бағаңды да биік тұрған біле біл. Көрген көздер тамсанады былай деп: “Жолда қалды Мәскеудегі Кремль” Египетке жоқ, әрине, таласым Пирамида тылсым кие, жарасым. Мәртебелік қасиетте ұқсастық Деп танимын екеуіңнің арасын.

Бәйтерегім, әлем саған қарасын, Қайталанбас сәулетіңмен дарасың. Алыс, жақын бәрі танып үлгерді Есіл бойын - Қазақстан қаласын. Қарсы алдыңда күк күмбезді Ақ орда Мемлекеттің туын тіккен Бақ орда. Бір жүздағы сексен сегіз шырақпен Бәйтерегім, сен жасадың Шам орда.

ТАРИХТАҒЫ ЖАҢА АТАУ

Елді елең еткізген бұл қаланың жұмысы, Әлем көзін тіккізген болашақтың бұл ісі, Есілдің бойын жайлаған қалың қазақ өз елім Ел ордадан байқалар жаңа өмірдің тынысы. Астананы демеймін сырттан біліп сынаңдар, Көз тартатын ғимарат сұлу қыздай сылаңдар, Бәйтеректің басына қонақтаса ақша бұлт Қырықыншы қабаттан мойын созар крандар. Жаңа астана қаласын тағы бізден сұраңдар, Күнде көңіл аударар, жаңалық көп, жыр ән бар. Төңкерілген көгінде БОИНГ мен ТУ ұшып, Әуеден де жол салды қара көзді қырандар.

Бұл қалада жетерлік, түрік, орыс, шетелдік, Жаңа астана іргесін ағайын боп көтердік. Әр кірпіші қаланың қалануда Достық боп, Жаңа Астана төрінде байқалмайды бөтендік. Ағып жатыр іргеден шалқи түсіп Есілім, Жаңа көш кеп ашуда күнде астана есігін. Қоныс тойы, көш тойы думан, қызық осында Жаңа Астана тарихқа жазып жатыр Есімін. ***

ҒАЛАМ ҒАШЫҚ

Күн сайын дос-жаранмен амандасып, Астана жүрген қалам қадам басып. Дәл қазір сән де осында, ән де осында, Көз тіккен Астанама ғалам ғашық. Нанбасаң қонаққа кел, алаңға шық, Арала әр көшесін табан басып. Қысқы аяз шымырлатар бой сергітіп, Еркелеп ерке самал жағаңды ашып. Таң қалма күнін көрсең нөсерлетер, Ақша бұлт ақ жауынды ап өшер, кетер. Артынша шұғыладан күн күлімдеп, Саф ауа жаныңды бір әсерлі етер. Ақша қар жылт-жылт еткен күміс дер ем, Мол жауса, мол астық қой ырыс дер ем. Арқаның таза ауасы өзі дәрі, Кеңейер кере жұтсаң тыныс дер ем.

Кел қалқам, Астанаға амандасып, Қарарсың, қызығарсың жанарды ашып. Көркіне, келбетіне көз тоймайды, Мен түгіл Астанама ғалам ғашық. ***

АСТАНА КЕЛБЕТІ

Астана кеше қандай, бүгін қандай, Көрген жан тамашы ғып қағар таңдай, Жан кіріп Сарыарқаның кіндігіне, Қараөткел бойы түгел жаңарғандай. Астана әсем-абат, сәнің қандай, Сәкенге арман болған әнің қандай, Бұл жерде киелілер ізі қалған, Әр басқан топырақтың мәні сондай. Астана аруақ қонған қасиеттім, Жақсының сөзі қалған өсиеттім. Бір өзі бар қазаққа тұлға болған Сейфуллин Сәкен өзі кәсіп еткен. Астана дүбірлеткен өрің қандай, Ұлтымның туын тіккен төрің қандай. Жайнатқан ерке Есілдің жағалауын, Құрыш қол құрылысшы ерің қандай.

Астана шамшырақтай түнің қандай, Бар әлем құлақ түрген үнің қандай, ХХ1 ғасырға есік ашып, Маңдайың өркениетке бұрылғандай.

БОЛАШАҚТЫҢ ЖОБАСЫ

Той бүгін сән-салтанат, ғажап бүгін, Танытты елім мынау Азаттығын. Бетке алып жаңа ғасыр шұғыласын, Тұрғандай ұлы жолда қазақ бүгін. Шалқытып кең сарайда Ән Ұранын, Тұр сапта ел қорғаным - жан Ұланым, Дәл бүгін Астананың түні күндей, Төбеде сен де бүгін жадыра Күн. Той бүгін - Сарыарқада, жас қаламда Арнайы мәртебе алған астанамда. Тарихтың көшін түзеп Елбасы тұр, Болашақ Жобасымен бастап алға! *** КИЕЛІ МЕКЕН (әнге арналған) Тарихқа жазып есімін, Түрленді көне Есілім, Жағалау бойы жас қала, Келеді жайнап Астана Қайырмасы: Астана! Жас қала!

Өткізген дәуір басынан, Киелі жерсің ғасырдан, Алдымызда Ақ Орда, Алақандай ашылған. Бабаларым жандырған, Ұшқыннан от шашылар, Әлемді таң қалдырған Астана нұры ашылар. Қайырмасы: Өмірім де жалғасқан, Тағдырым да жалғасқан, Домбырадан ән туып, Төгіледі күйдастан. Қайырмасы: Арқау болған өлеңге, Тамыр жайған тереңге. Бабалардың мұрасы , Жетті барлық әлемге. ***

ЕСІЛ НЕГЕ ТЫНЫШСЫҢ?

Есіл неге тұнықсың, Есіл неге тынышсың, Толқының да дірілсіз Ағысың жоқ тұныпсың. Көктем көрем тынышсың, Жазда көрем тынышсың, Баяғы көрген жағадан Алақанмен су іштім. - Тоқта,- деді ішпегін,- Құртқа толар іш-шегің, Есілдің суын ішпейді Түсіп қалар тістерің, Татып көрдің дәмсіз ғой, Ағыс ақпас әлсіз ғой, Бастау алар бұлақ та Көзі ашылмай жансыз ғой,- Деп қасыма ерген жан, Ақпаратты берген жан, Ерке Есілді аяды Сенетін көрген жан. ...Менің бірақ есімде, Асығушы ек Есілге, Жағалауы ен егін Элеватор төсінде. Ақ толқынға көміліп, Ақ шабақша тоғылып, Тамшы тағып ақ күміс Шығатынбыз шомылып, Тілді үйірер суы бар, Бал құрақтан нуы бар.

Арқадағы арудан Дейтін біз кім суынар. Ағысы күліп сылқылдап, Қаз-үйрегі сыңқылдап, Жағалауда көк майса Шегіртке ұшар шырқылдап. Басына киіп жармағын, Өзенге салып қармағын, Балықшы мәз болатын Көрсетіп шортан салмағын. Қиқулап құстар төбеден, Қырқауыл ұшып бөдеден Жағалауы Есілдің Ырзықты еді-ау көнеден.

XXI-ші ғасырда Табиғат тиіп тасырға, Арнасы түсіп Есілдің Мұңайды өзен расында.

Жағалауы жас қала, Елордасы - Астана, Арнасы Есіл қабысып Болуға жақын масқара. Есілдің бар ед оң жағы, Енді орнықты сол жағы, Тазаланған өзен жоқ Осы жері оңбады. Құрылыс жүріп қарымды, Жағалай көпір салынды, Тозаң басқан кең Есіл Тынысы мүлде тарылды. Содан Есіл сілейді, Тыныштықты тілейді, Жәрдем берер ешкім жоқ Алып тұр ғой үрейді. Есіл неге тынышсың, Деме неге тұныпсың. Жедел жәрдем тез керек Десең Есіл шынықсын. ***

СЫР БАҒЫМ МЕНІҢ

Орманым болған, бауым да, Мұзарттай шыңым, тауым да, Сыр бағым менің жыр бағым Тартатын ыстық бауырға. Ауылдың жөні ол - бөтен, Қаламен келмес теңбе тең, Неліктен ыстық білмеймін, Кіндік қан тамған жер ме екен. Кеземін ойша жайлауды, Көбейтіп сонша ойлауды, Белдеуінде Ақ үйдің Тұр ма деп атым байлаулы. Қақпақтай қатқан жауырын, Көрінді-ау күткен бауырым, Бақшаға егіп келгені, Биылғы жаздың қауынын. Сүзіп ап сүттің қаймағын, Дайындап балдай айранын, “Шай әзір” дер ме жеңешем Ағама қатып жайлап үн. “Алла” боп жалғыз ұраны, Алдында жайған құраны, Көрінсе көлік жан әкем Біздерді күтіп тұрады.

Бітіріп кешкі сауынын, Алды ма шешем дамылын. Пілте шам сәуле шашты ма, Келтіріп үйдің жарығын. Үйлерді көрші жағалап, Бәрінен түгел хабар ап, Жүр ме екен інім шапқылып, Ағаштан атын сабалып, Шаң иісі кетіп даладан, Қи иісі жетіп қорадан, Апекем жүр ме ошақта Түтіндік салып жаңадан. Қымтай бір түсіп жаулығын, Қара үйдің түзеп баулығын, Ақ әжем менің жүр ме екен. Шаңырақтың тілеп саулығын. Самаурын ап-пақ қайнап бір, Сексеуіл шоғы жайнап тұр. Іштегі жарық ақ сәуле Түңліктен шығар бойлап бір. Жайлаудың есіп самалы, Ашылып елдің қабағы, Бұрқырап еттің иісі Ортаға келер табағы.

Дегендей “Мынау кім еді?”, Дәу төбет марғау үреді. Бесікте жатқан бал сәби Шықылықтай бір күледі. Дария тасып іргеден, Тобылғы тұрар бүрлеген, Жұпарын шашып ауаға Жиделер тұрар гүлдеген. Боз үйден шығып бозбала, Көрші үйге қарар қозғала, Саңлауынан көрші үйдің Бойжеткен қарар наздана. Толқындар соғып сағаға, Ақ сазан шоршып жағаға, Тұмсығын суға сүзеді Сұңқылдап күміс шағала. Толқынмен қайық ырғалар, Ескегі желмен сырғанар. Су бетінде сан сәуле Екеудің жүзі нұрланар. Нұр шашып Айдың қияғы, Сыбдырап майса миялы. Қыдырып жүрген қос жастың Алысқа кетер қиялы.

Яксарттан таныс сырларың, Аңыз боп жеткен жырларың, Сырдария мені сағынтар Жыр бағы болған - сыр бағым. Орманым болған, бауым да, Мұзартым болған тауым да, Сырдариям - сыр бағым Ыстықсың содан бауырға. *** Есілде жүріп Сырды ойлап, Әңгіме жазып жырды ойлап, Ұстаған қалам бір қызбын Орманды көрсем қырды ойлап. *** Жасай бер, АҚПАРАТ!

Көтеріп шаңырақ жаңадан, Зейін қойған бар Адам, Есілдің сол жақ бойынан Хабары әлемге тараған, Жасай бер, БАҚ! Пікірді теріс қайнатпай, Ұйытып бірлік қаймақтай, Өркениетті БАҚболды Шымыр және қайрақтай, Жасай бер, БАҚ! Айтары болса, айта алған, Дауласпай бетті қайтарған, Бір жағада, бір жеңде Журналистер жүр майталман Жасай бер,БАҚ! Десе де бірдің бірісің, Ақпарат - мәңгі тірісің, Төртінші билік қолыңда Бәрінен өзің ірісің, Жасай бер, Алаш Ақпарат! Бұқараның қамы үшін, Бермеген қолдан намысын, Ақпарат атын ардақтап Күрескен Алаш ары үшін Жасай бер, Алаш Ақпарат! Өзіңмен бүгін, Ақпарат, Еліміз бірге мақтанат, Тәуелсіз елдің нұрысен Күллі әлемгел бақ тарат.

*** Бақыт және Ой Бақыт: Екеуміз де Адамның басындамыз, Талғамаймыз қартын да, жасында біз, Қайсысымыз Адамға жақындаумыз Айтып берші, бір пікір жасырмаңыз. Мен Бақытпын, көксейді әр жан мені, Құным қымбат емеспін арзан тегі, Ғұмыр бойы Адамзат мені аңсайды Бұл сөзімнің жоқ шығар жалған жері. «Бақыт» деумен өтеді барлық Адам, Бар аңсары: “Бақытты қайдан табам”, Ой дегеннің тайызы, тереңі бар, Сол себепті Бақытқа жақын Адам. Мұңаю мен Торығу, Жабырқау да, Ойда деймін, бұларсыз Адам сау ма, Үш құзғынмен Ажалға жетелейсің Адамға сенен өзге жоқ қой Жау да.

Айшық айтсам Зұлымдық, Кек те сенде, Жақсылыққа бірікпес ептесеңде. Барлығы да Адамның қас-дұшпаны, Адалдықпен арасын көктесеңде. Адам үшін Ой емес Бақыт биік, Адам бізді жүрген жоқ бекер сүйіп, Ақиқаты сірә да, осы болар, Ой жүреді Бақытқа басын иіп... Ой: Дұрыс қой, жақындықты талдағаның, Өзіңде талдайтындай бар ма Дарын, Қашаннан сен тайғанақ емес пе едің, Адамның пайдаланар арзан арын. Адамның ұғып па едің жан қайғысын, Сан түрлі Ой жүйесін талдаймысын, Адамның нақсүйері білсең - Ойы Сабыр мен Сенімін сен алдаймысың?

Бізбенен Достық туған Махаббатпен, Үміт те, бізбен бірге Қанағатпен, Адамның бойындағы жасампаздық Жаралған Ізгілік пен Шапағатпен, Өмірдің көрсетпейміз қараңғысын, Ойына Адам айтқан бар алғысын. Адамның сарқылмайтын Қуатымыз Ойменен Адам өзі жаралды шын. Мәңгі өлмес Ой сәулесі Адамдағы Сенімбіз серпілдірген қадамдағы. Ой ғана Адам үшін шарқ ұратын Сондықтан бізге жақын Адам жаны. Баяны бар Адамның Ойы болар, Ойдың да жарқылдайтын жайы болар. Ал, Бақыт, тоқта сөзге баяның жоқ, Баяның Адамдағы тойың болар. Адамның Оймен берік санасы да, Адамның Оймен шығар данасы да Бақытты басқа келген ұстау үшін Ой керек, адамзаттың баласына.

Ей, Бақыт, таспа және тасынбағын, Ойға кеп қонақтаған асыл дарын. Мен болсам Бақыт сенің жолың ашық Адамның Ой көркейтер жасыл бағын. *** Апорттың зары Дүниенің көрдім жалғанын, Ішімде көп қой арманым, Тамырым әрең соққан соң Шырылдайды бар жаным. Баяғы Апорт тегім жоқ, Сөл шырынды кебім жоқ, Дәміме құнар қосатын Өзімнің қазір себім жоқ. Білесіңдер, қандай ем, Жұғымым бар нандай ем. Шырыныма теңеу жоқ Тіл үйірген балдай ем. Әншінің және әні едім, Алатаудың сәні едім, Менімен жеміс түрленіп Орнына жүргем кәденің. Күн нұрындай жас едім, Жемістің дәмді басы едім. Дастарханға өң берер Ең сүйікті ас едім.

“Апортан артық тағам жоқ” Деп бағалар адам жоқ, Балталап мені жоюда Шырылдаймын амал жоқ. Қамқоры болмай отанның Бауыммен сая оталдым, Жекпейді тілім айтуға “Тамырымды неге қопардың?” Жеміс едім жауым жоқ, Алатау биік ауыл боп, Құрылыс қаптап, таптады Апортты іздер қауым жоқ, Халіме қарап күйемін, Барады қурап сүйегім. Жетісудың жемісі ем Ағыттып арыз тиегін. Туар деп басқа арай күн, Үмітпен елге қараймын, Жұрт мені демеп жіберсе Дем беруге жараймын. Көр Алатау баурайын, Дегем жоқ дауды даулайын. Атақты Апорт ақтарып Ашынып айтар ау-жайын. *** Шетел банкісіндегі Доллардың мұңы

Аманбысың, елдегі Теңгетайым, Жақсы дейді қазіргі елде жайың. Бағамың да тұрақтап өсіп жатыр, Оң жағыңнан туыпты Күн мен айың. Айналады екенсің жансебілмен, Шығарып сап клиентті, қарсы алумен, Ұлттық тілің әлі де шықпаса да “Теңге” деп құрметтейді барша білген. Шет ел асып шекара өтпесең де, Төл таңбамен сіңістің көпке сен де. Инвестицияң таралып таңырқаттың Мен сияқты миллиардтап төкпесеңде. Өн бойыңда тұрады қаның жүріп, Қан жүрген соң жүреді жаның кіріп. Қаріптерің қате боп тұрса дағы Сені ешкім көрген жоқ жаңылдырып.

Қолындасың байдың да, кедейдің де, Ортасында жүрсің сен мерейдің де, Қадамыңда кір болмай кіріс-шығыс, Теңге болып сен қазір көбейдің де. Сен білесің жұмсалар құқыңды анық, Құқың анық болған соң түсің жарық. Барлық ниет, бағытың жақсылықта Өз еліңде жүргізген ісің де алып. Мен біреуге уақытша өмір болдым, Енді бірге ойда жоқ өлім болдым. Күпірлік те, күнә де иығымда Бетім күйіп қап-қара көмір болдым. Мен біреуге уақытша жан да болдым, Милллион да, миллиард сан да болдым. Мұның бәрі түк емес, менің шерім Жазықсыздан төгілген қан да болдым.

Өз елімде көрінбей жұғыстығым, Өз жолымның білмедім дұрыстығын. Баукеспенің қолында умаждалып Алақанның сезбедім бір ыстығын. Қайда барам білмеймін бағытымды, Жолықтырам білмеймін тағы кімді. Жезөкше де қор қылды ышқыры мен Омырауына қыстырып ағытулы. Мен доллармын әлемде аты мәлім, Айта берсем іште көп запыраным, Банкісінде жатырмын шетелдердің Көмек сұрап мен кімді шақырамын. Атыраудан шығып ем мұнайменен, Өтті уақыт неше жыл, күн, ай деген. “Ұрлық доллар” атанып бетім күйді Бір иені көре алмай сұрай келген. Пайдам тимей еліме кәдем кетті, Шетелдерге сұмдығым, бәлем жетті. “Менікі” деп түстейтін Адам кәне, Ел хабары әрқалай елеңдетті.

Осылай да, осылай мұңым менің, Не боларын білмеймін түбім менің, Шет ел асып банкіде бұғауланып Шықпай отыр, Теңгежан, үнім менің. Валютада қор болып шыққан атым, Қанатыммен байландым тік қағатын, Менен елге Теңгежан, дұғай сәлем Кім бар екен бұл тордан құтқаратын?.., ***

ТІЛДІҢ РУХҚА ЗАРЫ

Рух! Қайдасың?! Көп болды көрінбедің, Желеп-жебер көгімде едің Ұлттық мұратқа жете алама, Рухсыз, Тілсіз Елім менің Таңым атпады, күнім батады, Мен сорлыны кім жақтады. Өгейлік көрсетіп өзгелер Тіл қасиетімді таптады. Қылыштай өткірлік сақталған, Тіл едім жеткен Сақтардан. Бергіде Ғұндар мен Түріктер Ажалдан өзімді ап қалған. Дауды бастым неше елдік, Қасиетіммен шешендік. Ұлтымда әлі мұра Тілден шыққан көсемдік. 70 жыл Кеңесте күйредім, 70 жыл өзімді сүйредім. Егемен ел болдық деп едік, Әлде де өлмеші күйдемін. Мен десе сөз де, дау да көп, Мен десе көз де , жауда көп. Тағдырым шешілмей келемін Тәуелсіз елімде сауда боп.

Мәртебе ап балаша қуандым, Артынша-ақ суалдым. Билікке жолатар емес Төменде әлі “шұбармын”. Қарасам сығалап есіктен, Қуады “Чё, чёлап” тесіктен, “Ұлттық Тілі жоқ” дейді екен Шетелдік меймандар есіткен. Кейбіреу мен үшін қам жеген, Қорғамақ болыпты Заңменен, Рухым, серпін бер, оятшы Өмірім өтуде зарменен. Ұлықтар Тіл десе құлықсыз, Себебі, Рухсыз.

РУХТЫҢ ЖАУАБЫ:

Желтоқсанда білесің ғой ояндым, Қызыл қанға жастарменен боялдым. Қыз-жігіттің жігер отын лаулатып, Түсірмедім қабақтарға қаяу мұң. Жастар - мені, мен - жастарды қарсы алдым, Қолын созды Тәуелсіздік аңсар Күн, Жанын қиған ұрпақтармен бір болып “Өлмейді олар, тірі” деп бір жар салдым. Сол уақытта ұрпақ үшін сын туды, Қайраттанған жастар алға ұмтылды. Ұлық мұрат алдымызда тұрды да Рух туды, рухпенен Күн туды. Өліп жанып, тірілген мен Рухпын, Кім көтерсе иығында шынықтым. Балтық бойын араладым жалықпай Өз еліме айта алмастан “Ұмыттың”.

Қайдасың деп іздеп мені сұрадың, Мен айтайын Рухтардың тұрағын, Эстония, Латвия мен Литвада Ренжіме, шындық қой бұл шырағым. Беу,Тіл-ай, Түсінемін шаршадың... Саясатпен кеткен ойы баршаның, Желтоқсанның желіндей боп жетейін, Мені ойласаң жойылады барша мұң. Бүгінгі елім-ай ( Бұрынғы “Елім-ай” халық әнімен) Қазақтың қазынасынан көш көшуде, Қайран көш бағасы арзан бос кетуде, Елім-ай, темір-ай, Қара алтын қазынаны қимайды екен, Көрген ел алтын қорға жас төгуде, Елім-ай, темір-ай,

Қай заман мына заман? Тайғақ заман, Әрнәрсе әркімге де айғақ заман? Құдай-ай, мұнай-ай, Бар байлық көз алдыңда шетке кетсе Өз ішің күйінетін қайнап заман? Құдай-ай, мұнай-ай. Қай заман мына заман, мыстан заман, Көгілдір газың қолдан ұшқан заман, Назым-ай, газым-ай 50 ел қатарында боламыз деп Әрнәрсе қолға бермей қысқан заман, Назым-ай, газым-ай Аман бол, шетке кеткен байлықтарым, Қайтейін, көңілдегі жайды ұқпадың,. Еңбек-ай, Теңгем-ай, Өңделіп, шет ел барып қайта келіп, Жүректі қиын боп жүр айнытқаның Еңбек-ай, Теңгем-ай

Айтайын тағы нәрсе толғанып-ай, Жыл сайын от оранған орманым-ай, Қорғаным-ай, орманым-ай, Тамырың балта кескен зар жылайды Еліңнің көрмеген соң қорғанын-ай, Қорғаным-ай, орманым-ай, Қазақтың аман болсын елөлкесі, Ауылдың келер ме екен берекесі Қауым-ай, Ауыл-ай Шекесі шаруалардың шылқылдайтын, Ауылдың болар ма екен мерекесі. Қауым-ай, ауыл-ай. Елімнің жетіп жатыр байлықтары, Байлықтан көбеймей тұр айлықтары Байлық-ай, айлық-ай, Ауыл-ел “Елім-ай” деп күрсінгенмен, Билігі туған жердің жайды ұқпады. Байлық-ай, айлық-ай.

*** Езгіден біз езілмей қалған жанбыз, Ұрпақтан ұрпақ өсіп жалғанғанбыз, Елім-ай, елім-ай, Егемен алғанменен еңсе төмен Сондықтан “Елім-ай” деп зарланған біз, Елім-ай, елім-ай, *** Зоопарктегі бөрі Беу, көк бөрінің ұрпағы, Қып-қызыл көзің от жанған, Тамсанып тұрса жұрт бәрі, Сырт бердің көптен топтанған. Едің-ау көкжал ұлықтар, Ішіне түстің түнектің, Көрсетпей күйді кіріптар Күжірейдің де дір еттің. Сездіріп сыртқа айбатты, Ұшқын шаштың жанардан, Тісіңді тістеп қайратты Сыймайсың торға қамалған. Кек көрсетті тұрпатың Шектің-ау көкжал азапты. Амалың жоқ құртатын Басыңа түскен тозақты.

Беу, көк бөрім, көкжалым, Тордағы тұрған сұсың-ай, Ішіңе тұнып кек жалын, Басып тұр сенің мысың-ай.

КӨРІНБЕЙТІН КҮНӘЛАР

Түн ортасы. Аурухана бөлмесі, Жарық көзі сөніп қалған өлмеші, Жалғыз ауру ыңырсиды қиналып Ал қорылға басқан түгел өңгесі. Кезекші боп түн күзеткен дәрігер, Мед бикенің көңлін аулап әбігер, Сылқ-сылқ күлер құшағына қысқан қыз Ниетте емес қолын қағып «Әрі» дер. Аурухана ішінде де түн ала, Кейде жарық, кейде түнек күн ара. Бір төсекте жан қысылып жатқанда Бір төсекте батар біреу күнаға. ...Ауру дене бір суыды, бір күйіп, Тіл де ауызға симағандай дүрдиіп, Дәрігер жоқ жедел жетіп келетін Ажал келді.Тартты өзіне тұңғиық...

Еш күнәні көрмегендей атты таң, Керуетте мұздай болып жатты жан, Өлген адам шықты есіктен зембілмен Айырма жоқ, арам өлген тоқтыдан. Ауруының тарихы бар құжат па?.. Оны өзгерту созылмады ұзаққа. «Қан қысымы күрт жоғары т.б..»-лар Дәрігерлер түсуші ме ед тұзаққа... Көрінбейді көзге осындай күнәлар, Кімді кім боп содан қайтіп кінәлар. Дәрігерде қағаз-құжат дұпдұрыс Бұдан артық есеп емес куәлар. Әйелдерді жырлау менің парызым, Осы топта менің дағы бар ізім, Әйел-Ана, қыз-келіншек, бойжеткен Осы өмірдің жемісіндей әр-үзім ЕНЕЛЕРГЕ ТЕГІН АҚЫЛ (әзіл-шыны аралас) Келіннің әлемін айт, Үйренген әдебін айт, Оны сен айта алмасаң Істеген сәлемін айт.

Келіннің жанарын айт, Қарайтын қабағын айт, Оны сен айта алмасаң Жасайтын тамаған айт. Келіннің күтімін айт, Шығарар түтінін айт, Оны сен айта алмасаң Енемен бітімін айт. Келіннің өнерін айт, Тыңдайтын өлеңін айт, Оны сен айта алмасаң Қозысын, көгенін айт. Келіннің есебін айт, Айта алмас өсегін айт, Оны сен айта алмасаң Жинайтын төсегін айт. Келіннің төзімін айт, Сезінер сезімін айт, Оны сен айта алмасаң Дей бергін «Сөзің ұнайд» Мақтайтын сөзің болсын, Көрмейтін көзің болсын, Келінді мақта, мақта Мақтауға төзім болсын Құлағың керең болсын, Қолыңда тебен болсын, Сәлемін күтпей-ақ қой Сәлем де сенен болсын.

Ұл-келін аман болсын, Демегін жаман болсын Жүгіріп күт келінді Жүгірер табан болсын Тіл қатпа келініңе, Уақыт бер керілуге, Тырысып өнерді сал Жақсы боп көрінуге. Үндеме келініңе, Ие бол сеніміне, Жоғары өсіп кеткен Келіннің шені міне... *** Әдемі келіндердің, Әдемі керімдердің, Бәріне алтын сырға Ақылды тегін бердім. Кей әйелдің реңі Әйелдердің көп қой, көп-ақ талғамы, Алтын, гауһар, маржан тағу арманы, Әсемдікке кейбір әуес әйелдің Дүниенің жылтырақта жалғаны. Әйелдердің және көп қой сырлары, Бірін-бірі қайталамас сырғалы. Ақылдысы күн көзіндей нұр берсе, Күннің көзін түн етеді сұмдары.

Әйелдердің қилы-қилы бақтары, Соған қарай қарсы алады ақ таңы, Ала дорба құшақтаса бір тобы, Бір тобына билік тиді тақтағы. Әйелдердің сан түрлі ғой реңі, (Реңді де өзгертуді біледі) Байқайсыз ба, соңғы кезде көбінің Бетон тастай қатып қалған түрөңі. Сонда қалай білесіз бе жүрегі? ***

БҰРЫМДЫ ҚЫЗ

Бұрымды қыз, Бұрымды қыз, Еріксіз тудырдың ғой жырымды қыз. Арқадағы қос бұрым көзге түсіп, Талай адам жолынан бұрылды қыз. Бұрымды қыз, Бұрымды қыз, Алмай жүрсің жұмыспен тынымды қыз, Әр талына бұрымның бақыт қонар, Ұстай білсең шаштағы ырымды қыз. Бұрымды қыз, Бұрымды қыз, Жақсы жақтан көрейік қырыңды қыз, Қазағымның бар қызы сендей болсын Алдырмаған салмақпен сырыңды қыз. ***

БӨЛЕК ЕКЕН БАҒАМЫЗ

Бір бөлмеден жұтатын ауамыз бір, Түйістірген қос үстел арамыз бір. Қолымызға ұстаған қалам да бір Сол қаламнан алатын дауамыз бір. Бір әйнектен алатын сәулеміз бір, Отбасы деп жүгірер әуреміз бір. Бұл фәниге тілеген имандылық Бір құдайға жасаған тәубеміз бір. Шығармашыл жолдағы талан да бір, Ниет те бір, қалдырмақ қадамға нұр. Үйде, түзде жүрсек те ой тұйықтап Мақсатты іске жетуге алаң да бір. Бір қызметте өткізер күніміз бір, Кейде-кейде ой-ұстам, үніміз бір. Ал біріміз драма жазып жүрсек Ақ қағазға жазамыз біріміз жыр. Десек дағы бірге осылай арамыз. Өмірдегі бөлек екен бағамыз. Алатаудың етегінде мен қалып, Биігіне өзің шықтың дара қыз.

Енді алшақтап кетпей ме екен арамыз?.. *** Бірімізді іздейікші біріміз Жан-жағымыз бірі жігіт, бірі қыз, Тамырласқан бір қызметке тініміз, Жұмыс басты болып кеткен "пендеміз" Іздеу сирек бірімізді біріміз. Уақыт деген зәру және тапшылық, Адамнан да табу қиын жақсылық, Іздей қалған жан табылса қуанып, Күле қарап тұрғандай бір жақсы үміт. Сәлемге де қуанамыз баладай, Құбылмалы мезгілге де қарамай, Жылы қабақ, түзу сәлем таппастан Баз біреудің тарс жабылған қабағы-ай. Күн де шығар, батар және күніміз Жарқын болса екен дейміз түріміз. Көзден таса болған кезде іздесек Қандай жақсы бірімізді біріміз.

АҚ ПАРАҚ ПЕН ҚАЛАМ

Қарағым маған наз айттың Дұрыс және саз айттың. Алдыңа келер ақталғым Көп болса өкпең, азайтқын. Жайып ең арнап дастархан, Жайнатып дәмді астардан, Жете алмадым соған кеп Дегем жоқ астан бас тартам. Сыйыңды қалқам білемін, Құрметтен сені жүремін. Айтамын деп өкпеңді Өзгеріп кетті-ау реңің. ...Түс ауа сол бір бесінде, Өзіңнің шығар есіңде, Тапсырма шұғыл берілді Орындау керек білесің де. Жақсы өтті тойың есіттім, Мен бірақ оған кешіктім, Жұрт тарапты мен келсем Жабық тұр кілті есіктің. Өкпелеп маған қарадың, Кешір енді қарағым. Алдыңа келді ақталып Ақ парақ пен қаламым. Кешір, кешір қарағым.

ДОСТАРЫМ

“Досың нешеу?”- деп сұрама, қарағым. Достар жайлы жазылған да бар әнім. Қиындықта өтті електің көзінен, Жақсылықта келмес бәрін санағым. (Автор) Ризамын сендерге, қоршаған мені достарым, Келіпсіңдер мені іздеп, жиналып түгел бастарың. Өрлетіңдер жоғары, алыңдар орын төрімнн, О, достарым, сендермен, шалқиыншы бүгін мен. Тұрушы еді мынау үй, өздерің келмей қаңырап, Үйдің де сәні елгендей, келген соң сендер жадырап. Сезініп жалғыз жүруші ем, сендермен қалдым көбейіп, Кәнекей, көңіл сырларын ағытайық, төгейік.

Өзіміз болсақ шалқар көл, тербелсін онда жыр қайық, “Достар” әнін қосылып, бәріміз бірге шырқайық. Естісін мынау дүние, елтісін достар әніне, Тіршіліктің достарсыз мағынасы не, мәні не?! *** Қызыл кірпіш Шығар-шықпас ауырғанда бар жаның Дауа іздейсің ойлаған соң жан қамын. “Қыздырылған қызыл кірпіш ем” - деді, Соны естіп қызыл кірпіш таңдадым. Болса дағы көп құрылыс жан-жағым, Қу топырақ саз балшықты қармадым, Тас цементтен көңіл қалып, бет қайтты Кірпіш болмай қолыма ұстап алғаным. «Мынау ауру қалай маған тап болды, Қызыл кірпіш қолға түспей қат болды». Мұны естіген кең жүректі әріптес Кірпіш әкеп көңіл міне, шат болды.

Бұдан кейін айтар болсам аржағын, Бұл өлеңді сол бір жанға арнадым. Сақырлаған сары аязда көтерген Бір мен үшін қызыл кірпіш салмағын. Негізгі арқау кірпіш те емес, пейілде, Ауру жанға шипа іздеген мейірде, Пейіл де жоқ, мейір де жоқ кей жандар Көмегін де қалдырады кейінге. *** ҚАЙЫҚ ӨЛЕҢ (“Фариза қыз” әнімен) Кәмила, Кәмилажан, Кәмила қыз, Аманба туыс-туған, жанұяңыз. Қарсы есік қадам басып келмеген соң Әнімен жыр жазамын “Фариза қыз”. Сәлемдер беріледі апыл - ғұпыл, (Жастарға кінә жоқ қой кәкір – шүкір) Көңілге жақын жанды іздейсіңақ Бұл заман қат болғанда тақыл-тұқыл.

Ішінде бір шаңырақ пен керегенің, Жүрген соң басқалардан ерек едің, Өзгені мен де өліп іздемеймін, Ал сенің бөлек еді елегенің. Кәмила, Кәмила қыз, Кәмилажан, Қарсы есік қиын болды-ау дариядан, Ортаға қайық болсын осы өлеңім Ұят қой келмегенің Алиядан. Өзіңе жіберейін қайық өлең, Ескегін өзім тартып айыбымен, Болмашы нәрсеге сен тарылмашы Көңілдің саған деген жайығы кең. ***

ЖЕРГӨГІМ – КӨК МАЙСА

Мен туған күн бір таң екен арайлы, Кім ол кезде сағат тілін қарайды, Шыққан кезде анам таңғы сауынға Туылыппын іңгәлатып маңайды. Құрсағынан босанғанда анамның Таңғы шықтан мен бойыма нәр алдым, Жердің иісі тұңғыш жұтқан ауам боп Жергөк болған көк майсаға оралдым. Күтпеген соң табан асты толғақты, Кіндік кесер пышақ сол сәт болмапты, Балтаменен кесіліпті кіндігім Шаш бауменен кіндігімді байлапты. Сол күні жұрт босап барлық тірліктен, Шілдехана тойын жасап дүрліккен, Мамыр айда киіз үйге от жағып, Бір жылылық нұр тарапты түңліктен.

Салтанат пен сән келіпті жайлауға, Жұрт бетке апты біздің үйге тойлауға, Береке кеп жерошақтың басына Қазан толы ет қойылған қайнауға. Бір-бірінен сүйінші алып таласып, Абысындар ас пісірген жарасып, Анамды да қуантыпты "перзентің Ырысты жан болады" деп бал ашып. Ата-анаға қыз болады өріс деп, Есімімді қойыпты әкем Өріс деп, «Жаны жайсаң, көңлі болсын көктемдей, бұл қызымда болады көп ырыс»- деп Аз ба, көп пе біле алмаймын ырысым, Өлең жазу болды бірақ ұлы ісім. Көк майсада, кең өрісте туған соң Кеңістіктен кеңейеді тынысым. Көктемеде құлпырғанда жас шалғын, Жайлау жаққа келіп тұрад ат шалғым,

Дертіме ем, ал жүйкеме шипа деп Жалаң аяқ жас шалғынды басқанмын. Туғаннан соң таңғы шықтан нәр алып, Туғаннан соң көк майсаға оралып, Ғұмыр бойы көк-жасылды сүйемін Өмір деген жасыл түс қой ол-анық. ***

ӨЗІМ ЖАЙЛЫ ТӨРТ ТАҒАНДАР

Демеймін басыма кеп бақ қонбады, Қайтейін жүйрік кезде бап болмады. Уақыттан сумаңдаған суға батып, Ой - Сезім өлеңге көп тоқталмады. *** Мен сөздің жараландым оғыменен, Тағдырдың тапқан кезде жоғы кілең. Қалтырап, жан қызусыз қалғанымда Жылындым сексеуілдің шоғыменен. *** Жолым да бола бермей түзу-ақ тым, Толқында буырқанған жүзіп, ақтым. Жағаға мен шыққанда көктемім жоқ, Қарсы алды сап-салқын боп күзі бақтың. *** Бұл өмір күйдірумен өтегіне, Көңілдің пәсін алып өтеді де, Кей кезде қайран басым жетпей қалар Жоғалған бір затымның өтеуіне.

*** Бұл күнде осы болды өмір деген. Қалып жүр әрнәрседен көңіл деген, Тас үйде, тас кеуде мен тас жүректер Содан соң тас қабырғам сөгілмеген. *** Бөлісіп бір қасықтан қара суды, Асып ек қиындықтан бар асуды, Амал не, екеумізге бұйырмапты Қаздай боп қатарласып жарасуды.

АҚ БАНТИК БІЗ ДЕ ТАҒЫП ЕК...

Төгіліп жүзден бір арай, Қыз болдық біз де құралай, Қырқадан астық мінекей Уақыттың өзі сұрамай. Ортада сол бір базарлы, Бойжеткен болдық ажарлы. Ақ бантик біз де тағып ек Аударып түгел назарды. Батасын беріп қалың жұрт, Болғанбыз біз де қалыңдық. Есеп пен қисап ойламай Махабатқа шын табындық. Бізден де өткен керімдік, Бізден де өткен келіндік. Отбасын күтіп, қызметпен Адалынан көріндік. Дем алып уақыт нәрімен, Киім де кидік сәнімен, Ақ бантик таққан кездер-ай Алаңсыз жүрген бәрінен. ***

АШЫЛСЫН БАҒЫҢ

Айналайын, таптың ба бақыт, жан қызым, Жарассын сенің сүйгеніңмен дәм-тұзың. Ашылсын бағың ақ тілеу саған тілейін Баянды болсын бақытың тапқан, жалғызым. Өзіңе арнап айтайын ашық сыр жаным, Құрметпен қарап ата-енеңе жүр жаным, Қиындық шықса алдыңнан қызым, қиналма Емендей ерен боларсың мықты, сынбағын Болған соң келін, қайнаға болар келінге, Иіліп сәлем етіп жүр қызым, ерінбе, Қарсы алып күтіп, дастархан жаса ниетпен Қамқоршың нағыз қайнаға болар тегінде. Болған соң келін, боласың жеңге кішіге, Біле гөр жаным , оны да терең түсіне, Ізетің болсын абысын, қайын сіңліге Сырласың солар тартып жүр жақын ішіңе.

Байқап жүр, қызым, киесін келер ырыстың, Тындырып таста бастаған басын бір істің. Өмірдің күні ақжайма шуақ болмайды Шыдамың жетсін, төзуге жаным тырысқын. Жақсылық болсын жаныңа қалқам жиғаның, Жеріңді барған, еріңді сүйген сыйлағын. Періштем едің қолымнан тұрсын ұшқалы Еліңде ашық елеулі болсын дидарың Ақ сүттен жұққан бар еді сенде қасиет, Ізгілік жолын Анаңның жаным басып өт. Бағыңды тауып, босаға аттап барасың Ата-анаң берер ақ бата осы өсиет. ***

ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҚ БОСАҒА

Қыз едің сен күншуақтап таңы атқан, Құтты болсын ақ босағаң баратқан, Бұл қазағым бармақтай ғып қыздарға, Бақ бер деген таудай болған талаптан. Сол бағыңды тауып бүгін, шырағым, Ақ отаудың жағып тұрсың шырағын. Барған жерге тамыр байлап көгер, өс Бір әулеттен жалғыз өскен шынарым. Еркін өстің бал балауса құрақтай, Жаның таза мөлдір еді бұлақтай, Жақсы қыздан жақсы келін атанғын, Шаңырағыңды биік ұста құлатпай. Уақыт деген жылдам екен тез өтті, Қыз болғанмен ұлдай едің медетті, Ата-анаға екі жақта бірдей бол, Сақта қалқам, қаныңдағы әдепті.

Елің отыр сені ұзатып Бақ тілеп, Орындалсын көптен шыққан ақ тілек, Құттықтайық күйеу жігіт оны да Шын бақытын Өзіңменен тапты деп. Құтты болсын екеу болған тойларың, Орындалсын арман тілек ойларың, Қос аққудай жарасыңдар мәңгілік Бұл өмірдің қызығына тоймағын. ***

АТАНШЫ ЖАҚСЫ КЕЛІН БІР

Ертерек болып сауығың, Гүл ашқан ерте бауырым, Қиындау соғып жүр ме өзі, Жаңадан барған ауылың. Қаршадай болған қарағым, Мұңайып неге қарадың? Үндемей үнсіз қалмашы, Сұрамай мен де барамын. Ұнамай жүр ме ошағың, Ренжітті ме қосағың? Шығарып салған кезіңде, Неліктен сонша босадың? Сағындың, әлде қимадың? Жасыңды неге тыймадың, Соңымнан ерген еркем-ау, Бұлайша неге қинадың. Жүрмеші бүйтіп мұңайып, Өйту де саған бір айып, Иіліп сәлем етіп жүр Қайын жұртыңа лайық. Жарқырап жүрсе сәулетің, Қуанар барша әулетің, Тастай бат та, судай сің, Жеріңе келген, сәулешім.

Қабаққа қарап теңің жүр, Күлкіңді күтер сенің бір. Үйдегі жақсы қыз едің, Атаншы жақсы келін бір. ***

ЖОЛЫҢА ШАШУ

Мөлдіреп аппақ сезім боп, Жарқырап жайнап көзіңде от, Босаға аттап барасың Отауға шығар кезің боп. Айнадай едің аппағым, Оң жақты қиып аттадың, Бойжетіп ерте қалдың ба, Бақытты мынау тапқаның. Сүйкімді едің оймақтай, Бұзылмаған қаймақтай, Еркелеп үйде жүруші ең, Еш жамандық ойлатпай. Ерекше көңлің шат бүгін, Жарасып бойға пәктігің. Пейілің таза мөлдірім, Алдыңнан шықсын сәтті күн. Сымбатты сұлу сырғалым, Бақытты өмір сүр жаным. Ақ тілеу саған тілейді Жүректен шыққан жырларым. ***

ӨЗІМНЕН ШЫҚҚАН ӨЗІМ

Былдыр-былдыр тілің-ай, Сылдыр-сылдыр үнің-ай, Еркелеп кеп сүйдіріп, Құшақтайсың, күнім-ай, Ақ борықтай түрің-ай, Жауқазындай гүлім-ай, Жатырқауды білмейсің Қол бересің күліп-ай. Тәй-тәй басқан қарағым, Айнаға кеп қарадың. Ұлпа шашты уыстап, Келеді бір тарағың. Ән айтылса елеңдеп, Бұралады денең кеп. Қанат беріп тұр ма екен, Ақ періште өнер кеп. Жәудіреген көзің-ай, Күнде үйренген сөзің-ай, Немере деген сенсің бе, Өзімнен шыққан өзім-ай. ***

ЕҢ СҰЛУ

Сұлу әйел сұлу емес, баласыз, Өңсіз киім сияқты ол жағасыз. Селтең қағып бойын күткен сұлулар, Кешіріңіз, Бала тумай бағасыз. Сұлу әйел сұлу емес, күткендей, Бала емізбей, омырауынан сүт бермей. Алма төсін сәбиінен аяса Ол сұлуға тағдыр қояр құт бермей. Киінгенмен көзді байлап сарыкөк Сұлу әйел сұлу емес жары жоқ. Әр күнінде емексісе әркімді, Кешіріңіз, Сол сұлудың ары жоқ. Сұлуларға таңсық болмай жаңалық Таңсық болса жарар еді аналық. Сұлу әйел - баласымен ең сұлу, Кешіріңіз, Халық айтқан даналық, Мен айтайын ең сұлу кім, ең сұлу, Жан-жағымен өзгелерге тең сұлу Бар байлығын баласы деп ұғынып, Мейірімі тас еріткен Ең сұлу. ***

ҚЫЗ КӨКТЕМ – БОЙЖЕТКЕН

Күлімдеп жүзің жайнаған, Кетпейсің қызым, айнадан. “Көктем келді” деп қалдың, Мәз-мәйрам боп айналаң Жағамда өскен жал құрақ Қалдың ба өсіп сән құрап. Екі бетің алмадай, Қызарды неге албырап. Өзгерді киер көйлек те, Қарайсың жиі әйнекке Кластасым деп қалдың, Әне бір бала жәй кеп пе? Келді ме деймін көктемің, Бұған да сенің жеткенің, Өзіңе қарап ойланам Ойыма келіп өткенім. Желкілдеп өскен бұтағым Аңқиды әтір, жұпарың Бойжетіп қалдың білемін Көбейсін әркез ұтарың ***

БАҒАҢДЫ ҰҚ

Келіп бір көктем, 8-наурыз болып тұр, Маңайдың бәрі құттықтауға толып тұр, Өзіңе арнап гүл берсем деп ем Райхан, Қала ма дедім ұзамай көпке солып бір. Салмақтап көрдім біразын сыйлық кәденің, Тең емес саған, тең емес небір әдемің. Таңдантпас сені таңыртқатпас тағы да, Өзіңнің терең, әрі бай ішкі әлемің. Тазалық сенде, адамдық сенде, адалдық, Тілеймін саған денсаулық әркез, амандық, Сыйлаймын саған жүректен шыққан бір жырды, Бола бер биік, бола бер терең, бағаңды ұқ. Көрік те сенде, сымбат та сен де, дидар да, Парасат сенде, ізгілік сенде, иман да. Жолыңа жырды төгейін гүл ғып, сыйлық қып, Өмірде саған сәттілік берсін, қиналма. ***

АРУ ҚЫЗ ҚАМЫҚПА

Қалқатай, ару қыз қамықпа, Дүние тұрғанда жарықта, Сәтсіздік өмірдің бір сыны Майыспа, қайыспа, қорықпа. Қалқатай, қарағым қамықпа, Бақытсыз болдым деп тарықпа. Үмітің сөнбесін бақыттан Күтуден сен оны жалықпа, Жаманнан көрсең де азарды, Қызсың ғой ақылды, ажарлы, Шыдаммен шыңдалып күт бақыт Тағдырың болады базарлы. Аққудай ақ ару Алтынай, Қабағың сияқты жарқын Ай, Мен білем. Жұрт білед бір күні, Таниды өзіңді халқың-ай. *** Емендей болсын тамырың (Айдинаға ұзатылғанда сыңсу)

Еркелеп өскен екі ұлдан кейін, қызым-ау, Ұяңнан ұшып жүректі тұрсың үзіп-ау, Баянды болсын бақытың саған кездескен Сүйгеніңменен жарассын дәмің, тұзың-ау, Қызым-ау, Қызым-ау, Сүйгеніңменен жарассын дәмің, тұзың-ау. Ақ сүттен ұйып бұзылмай өскен қаймағым, Мөлдір ең таза жүзіндей ап-пақ айнаның, Арыңды таза, жаныңды таза ұстай біл Мәңгілік болсын қосағыңменен байламың. Қаймағым, Қаймағым, Мәңгілік болсын қосағыңменен байламың. Кеше еді, қызым, желбіреп жүрген тұлымың, Балдан да тәтті көрінетұғын қылығың. Теңіңді тауып босаға атап барасың Ай-күнің тусын оңыңнан саған, құлыным, Құлыным, Құлыным, Ай-күнің тусын оңыңнан саған, құлыным.

Ортаны билер, өжеттеу еді қалыбың, Қадірлі болғай қайын-жұртыңа, жарығым. Еліңе барған көгеріп көктеп, өнгейсің Емендей болсын жапырақ жайған тамырың. Жарығым, Жарығым, Емендей болсын жапырақ жайған тамырың. ***

ТҮСІНЕСІҢ БЕ ӨЛЕҢДІ

Түсінесің бе өлеңді, Түсінбейсің бе өлеңді, Бұл жайыңды білмеймін Көрсем де күнде төбеңді. Ағызып саған жыр майын, Сөзімді жырмен жырлайын. Аталған соң туған күн Қарадан қарап тұрмайын. ...Уыстап қолға теңгені, Бір қыздың маған келгені, Сені айтып туған күніне Жинаймын ақша мен"- деді Көрдім де сонда теңгені, Бір ойдың басқа келгені Парасатты тұлғалар, Теңгеге ұсақ тең бе еді?. Сөйлесең сөзі өтетін, Кісілігі жететін. Қопарғанымен тауыңды Қарапайым ед өте тым. Біз бірақ жете білдік пе? Төтеннен жолды таба алған, Қасиеті бар сан алуан, Жігіттің ерен жомарты Мәрттіктен биік жаралған Біз Оны жете білдік пе?

Меңгеріп биік саланы, Алып жүр жақсы бағаны. Ауғаннан аман оралған Отты кешіп табаны, Біз Оны жете білдік пе? Намысын қолдан бермеген, Екі сөзге келмеген. Азаматтың бағасы Өлшене ме теңгемен..." -дедім де өлең арнадым, Осыған жетті талғамым. Азамат бол, биік бол, Осыңнан тайма, Тарланым! ххх ТІЛ - ОҚ Тіл – оқ, Тіл - шоқ, Атылды, қарылды Кең кеуде тарылды. Іште түк қалмай Бір сәтте жарылды. Қаншама – жақсылық, Қаншама – адамдық, Қаншама – сыйластық, Бір сәтте жоқ болды. Қаншама – бауырлық, Қаншама – сыршылдық, Қаншама – жақындық Атылды, оқ болды. Қаншама – шуақтық, Қаншама – жылылық, Қаншама – сүйсіну, Қатты да мұз болды.

Сөзіңнен шығып өтірік, Отырмын қазір өкініп. Жоғалған соң сенімім Жүрекке сыз қонды. Кімді - кім біледі, Сыйлассам шын еді. Алдамас деп едім Ақ гүлдей түр өңі. Мен екем төзімді, Таныттың өзіңді, Тек сырттан білсемші, Апырай Өзіңді. ***

ӨТІНІШ ПЕН ӨКІНІШ

Жасаған ем бір өтініш Орындауы түк емес. Болды соңы бір өкініш Не шік емес, бүк емес. Тең болмаппын терезеңмен Сөйтіп, бекер қараппын. Биік тұрған дәрежеңмен Өзімді бір санаппын. Сол баяғы адалдықпен Бекер қолқа салыппын. Өзімдегі адамдықпен Жұртты бірге таныппын. Үрлей түссе от болатын Шоғым бар-ды жалынды. Көңілім саған тоқ болатын Сындырмас деп сағымды. Қарсы бітер қарағайға, Бұтақ та едім көктейтін. Бір пікірді балап айға Сөз қайраттың өтпейтін. Танушы едім Леп Белгі деп, Үтірлерге райың бар. Жырға жаным кептелді кеп Көңіл қалған жайым бар.

Беу, досым-ай! Өтініштің бір бағамы, Қиын ба елі, мұң ба еді. Жақсы жанның бұлдағаны Ойландырып тұр мені...

МӘҢГІ ӨМІРДІ ІЗДЕЙМІН

Қызықпаймын дүние-мүлік, ақшаға, Әдемі өмір іздемеймін басқа да, Думан қуған достардан да аулақпын Достасуға мені олар тапса да. Әл-Газали, Әл-Шафииді білемін, Дәл солардай жандар іздер жүрегім. Исламның тура жолын көрсеткен Олар менің имандағы тірегім. Құпиялы кітабынан Алланың, Демеу іздеп тылсымдарды барладым. Пайғамбардың сүннетінен сыр тартып, Әміршіме мойынұсынар бар жаным. Тәңірімде барлығы бар, тізбеймін, Жаратқаннан үмітімді үзбеймін. Мәңгіліктің бар ләззатын сезінер Мәңгі өмірді, мәңгі өмірді іздеймін. Ал-ГазалиАбухамид Мухабат ибн Мухабат (1058-1111) заңгер, имам, ислам құқының білгірі, суфи,

Ал-Шафи (767-820)-имам, исламның бір оқуының негізін қалаушы.

ПОЭМА, ЖЫР-ДАСТАН МЕН ХИКАЯТТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРАТОРҒАЙЫ поэма (Деректі оқиға бойынша Лондонда оқып жатқан Ақбота Талғатқызына арналады) Талай қазақ баласы, «Болашақтан» оқыды, Көздің ақ пен қарасы Көп нәрсені тоқыды. Бір бірімен сыр алып, Ел де, жер де танылды. Жастар басы құралып, Ел намысы жанылды. Сөйлесетін тіл ортақ, Тоғыстырған бір ғылым. Өркениет ой да ортақ Білмек және әр қырын. Түрткүл дүние жастары, Көріп көзбен түрлерін. Достасуды бастады Жақын біліп бір-бірін. ...Қазақстан картасын, Көріп жатқан тамсанып, Қойып қалып партасын Бір қыз десін: жар салып: - Борат! Борат! Біліңдер! Қарындасы мына қыз. Күлкілі Қазақстанды Осы қыздан сұраңыз...

Жас емес пе жиналған, Күлкі кетті көбейіп. Ал Ақбота қиналған Қалды бірден сілейіп. «Мына қыздың бопсасын, Көрсетсем бе көзіне, Мазақтаудан тоқтасын..,» Деді оңаша өзіне. Ішке түйіп намысты, Бір сәт өзін басады. Түйген саусақ қарысты, Сабырлықты жасады. Арабиядан келген қыз, Қызы екен Королдың. Әрнәрсеге ерген қыз, Бермейді екен топ алдын. «Мұсылмандық діні бар, Білер қазақ ел-жайын. Өзі-ақ кейін ұғынар Бақсам ба екен ау-жайын»- деп Ақбота қолына Ала берген түскі асты. Ал ханшайым тағы да: «Боратсың!»- деп ұстасты. Бұдан әрі шыдауға, Төзім шегі таусылды. Күйіп-пісіп жылау ма, Атылды оған жау-сынды.

Кіп-кішкене торғайдай Ақботаға күш келсін. Соқты басқа, маңдайға-ай Үстіне оның түскенсін. Төпеледі қоймастан, «Қысқарт! Қысқарт Боратты! «Қазақ! Қазақ! Қазақстан!» Біл енді сен осы атты! Ақбота қыз от еді, Намысынан лаулады. Еске келмей төпеді Соңында үлкен дау бары... *** Бұдан кейін не болсын, Талқыланды екі қыз. «Шықсын, яки оқысын Тез жазылсын өтініш!» Кімдер куә, көргендер, Түгел шықты ортаға, Намыс жүгін бөлгендер Әділін айтты қорқама. Ақботаға тиді сөз, Ол жүгінді сабырға Қадалып тұр қанша көз Тиылды шу, дабыр да. - Мен қызымын қазақтың «Қазақстан» ел атты. Қызы емеспін мазақтың Атамасын Боратты.

Мазақтауға елімді, Жол беруге қақым жоқ.- деді Ақбота сенімді Өзі-өзіне батыл боп. Сөйлеушілер бәрі де, Қорғады,- деді,- намысты, Ханшайымның өзіне «Кінәлі » деп жабысты.. Қорытындысы жиынның Айтты бірден турасын: «Қазақстаннан кешірім Сауд-Арабия сұрасын!» Ханшайым кетті дірілдеп, Шапалақ кетті дүрілдеп. «Кешірім сұра, кешірім» деп дауыстар гүрілдеп. «Қарай көрші батыл-ақ, Елін қалай қорғады»- деп өзгелер жақындап Ақбота өңін барлады. Деді өзгелер: «Сүйкімді өзі, сөзі де, Өңі қандай аппақ-қыз. Жанып тұр қара көзі де Жүретін болдық мақтап біз»-

Деді оқытушылар: «Қазақтың қызы қандайды Ұқсатам қараторғайды... Шыр-шыр етіп көрдің бе. Ұлт намысын қорғайды». Деді курстас жігіттер: «Браво, Браво, Батырхан Араб қызын қатырған. Жекпе-жеке келгенде Арыстанша атылған. Елің сенің айналсын Ақбота деген атыңнан. Браво!» *** Шешіміне не дейміз: Осындай қазақ баласы, Шетелдерде оқысын Көздің ақ пен қарасы Жүрекке намыс тоқысын. ***

ОРДАЛЫ ЖЫЛАН ОЙРАНЫ (жыр-дастан) Білмегендер білушіден сұраңыз, Жылан жайлы тарап кеткен бұл аңыз, Әр аңызда бір ақиқат бар десек Ақиқаттан жырдың басын құрамыз. (автор) ...Сынықтай сыр шықпаған сабырлыдан. Сол бір кез тамыз екен тамылжыған, Мал да аман, жан да аман тіршілік боп Халықта болмапты кез абыржыған. Кең дала егін-жайдан көрінбепті, Үйірлеп жылқылары тебіндепті, Түгінен әр майсаның майы шығып Сыйырлар жазы-қысы желіндепті. Дарияда балық тулап қайрандапты, Көлінде аққу жүзіп жайраңдапты, Бағында алма, жүзім, өрік пісіп Бай-манап жақсы өмірде сайрандапты.

Жайлау да бар тұяққа тарылмаған, Төрт түлік малдан тұнған сағым далам, Хан екен билік құрған сол заманда Қылышы қынабында қағынбаған. Алайда, хан нөкері халық жинап, Олардан алады екен салық жинап, Барлары өзі берсе жалпалақтап, Жоқтардан алады екен олар қинап. **** Сол елдің адам бармас қырқасында, Жыландар мекен еткен құм-тасында, Бір кемпір күрке ішінде күн кешіпті Ешбір жан сауын білмей, сырқатын да. Кемпірде бес-ақ ешкі болған екен, Сауса егер қос шелек сүт толған екен, Бес ешкі не азаймай, не көбеймей, Әйтеуір кемпірге азық болған екен. Және де ешкі сүті балдай бопты, Еті де мол шүйгіннен қардай бопты, Кейуана не ішсе де қанағат қып,

Риза екен өміріне барлы-жоқты. Бұл жерді «Жылан мекен» дескен екен. Бәрі де бір ін бойлап өскен екен, Қызынып күн көзіне жал-жұлт етіп, Олар да тіршілігін кешкен екен. Жылан ғой болғаннан соң сұсы қандай, Бәрінде айдаһардың күші барды-ай, Қыраттың етегінде бұл көрімді Көргенде кемпір жүрді түсіне алмай. «Біріне бірі солай үйір екен, Әр іні әр баланың үйі ме екен, Төбенің оң жағында жиналады, Бұлары Бас жыланның үйі ме екен» - деп кемпір көрген сайын таңқалады, «Бұлардан қайтып менен жан қалады», Құм беттен көгал жаққа құлайды кеп Ыстықтан кепкендей бір аңқалары».

Жиілеп күркеге де келіп жүрді, Ысылдап ошақ отын көріп жүрді, «Ақ ішсін мақұлық қой бұлар да» деп Кемпір де табақпен сүт беріп жүрді. Сескеніп кемпір байғұс алаңдайды, Төсекті түнде үйге сала алмайды, Құм төбе –жоғарыда, күрке төмен Не себеп, бұл жерге кеп тараңдайды. Кемпірдің сезді ме екен зияны жоқ, Күрке ішін жайлап кетті ұялы көп, Жорғалап бірі есіктен, бір ошақтан, Түсірді кейуананың қиялына от. «Не тесті жыландардың құт көмейін, Білейін. Ордасына сүт берейінБасынып күркеме де келіп алды Бұл зәбір бермесе өзі шық демейін,- «Деуші еді ордалының тажалы көп, Кектенсе одан табар ажалы көп, Ошақтың маңын және берер емес,

Жақтырмай қояма екен қазаныма от» деген ой, басына кеп қабаттасып, Жүрді ол төбе жаққа шелек тасып, Үлкен ін осы жер-ау деген жердің Бәрінің қойды алдына табаққа сүт. Ертеңіне таң алды тәубеге еніп, Қайта алуға ыдысын әуреленіп, Кемпір келсе, о, тоба нанасың ба, Күміс жатыр табақта сәуле беріп. Ізі бар, ал жыландар көрінбейді, Бұрынғыша жол кесіп керілмейді. «Апырай, мына күміс қайдан шықты» Деуменен кемпір тағы көз ілмейді. Сол күні бір жақсылық түсіне енді, Ол түстен күміс жайын түсінген-ді. «Иа, Алла, ризығыңа шүкір» деумен Күн сайын таси берді сүтін енді.

Не күшті дүниеде тылсым күшті, Демейтін кімнің терең мысы күшті Араға бір тылсым күш арқау болып Кейуана жыландармен түсіністі. Кемпір де сүтті деді жиілетейін. Сүтіне күміс қайтты түймедейін, Мұндай сый қуат берді кемпірге де, Құлдырыаңдап жүгірді үйге дейін. *** Кейуана қырға күнде барып жүрді, Күмісін қалтасына салып жүрді, Базарға да күміспен жиі келіп, Керегін саудагерден алып жүрді. - Бұл кемпір айырмайды тастың парқын, Қолында күміс емес, нағыз алтын, Асыл тас дәл мұнандай көргенім жоқ,- деп саудагер бағады істің артын. Естіген сирек тастың аты жайлы, Біреулер кемпір ісін бақылайды,

«Жылан інге неліктен сүт қояд»,-деп, Бақылаушының көздері шатынайды. «Мұнда бөтен бір сыр тылсым, -дейді «Естіртейік Хан жаққа, білсін,-дейді, «Жылан орда жақсы емес, жоламайық, Кемпір де, бұл төбе де құрсын!»,-дейді. - Байғұс ең, байып кеттің неге бұлай, Қай жақтан несібені берді құдай, Мал басың бес ешкіден көбейіпті Салықты молдан алам бұдан былай- деп бір күн шабармандар мұны тапты, Бәрінің келген екен жыны қатты, «Бір жылдық салығыңды бірден төле» Деп бірден байғұс жанға қамшы басты. - Әй, қақпас, -деді бірі,- көзіңді аш, Хан үшін керек бізге сырыңды аш, Алтын тас Хан көрмеген сенде дейді, Канекей, көрсет шығар, сандығыңды аш!

Қасқырдың мұндай болмас талағаны, Жалғызды басқа-көзге сабалады, Боялып кемпір байғұс қызыл қанға Тұруға естен танды, жарамады. Соққыдан бір-ақ ауыз тілге келді: «Қазына жыландарда, інде-деді» Қолымен төбе жақты нұсқады да, Байғұстың демі бітіп, үндемеді. Келгендер өлген жанға қарамады, Сөзінен іс байыбын саралады, «Жыландарды қырамыз ыстық сумен Бар қазына қолға кеп таралады- деді де дүбірлетіп шауып кетті, Бұл дүбір жыландарды қауіпті етті. Ертеңіне төбені қоршағандар Қара қарға сияқты жауып кетті. Атқылап зеңбірекпен құм қияны, Сақырлатып қайнатып су құяды, Бырсылдап өліп бара жатырыпта Жақ ашып, жылан мақұлық у құяды.

Кейбірі серппедей тік атылды, Мойында, білекте де бұратылды, Алаңсыз күйгендері шала жансар Түскен жерге арқандай шұбатылды. Жылан мекен сұмдық боп ойран-топыр, Құм да,тас та үйілді қоқыр-соқыр, Піскен жылан иісін көтере алмай Жасауылдың басшысы құсып отыр. Сол төбеде өткізіп ала жазды, Хан нөкері маңайдың бәрін қазды, Еш қазына таба алмай шаршаған соң Ханға келіп, баяндап бәрін жазды... *** Өтті ме, өтпеді ме алты ай уақыт, Бас басқыншы өліпті жылан шағып, Одан кейін кісі өлсе, хабар біреу: «Жылан шағып өліпті, жылан шағып».

Мұндай хабар күн сайын шығып жатты, Көзге түспей мақұлық шуылдатты Хан орданың ішінде домаланып Жылан шаққан денелер суып жатты. Хан орданың бұзылды тыныштығы, Бір жоқтаусыз өтпеді тыныш күні. Әр күн сайын жаназа шығарылып Шышғырғанды шышғырды күн ыстығы, Бірі айтты «Жыланнан басты қауіп, Демеп пе едік, алады олар тауып, Өткен жазда қырып ек біз оларды Бізді енді олар да жатыр тауып». Бір малшы 500 қошқар мал айдаған, Жылан қырған төбеден бері айдаған, Әр мүйізге оралып жылан келіп Ордадан жоқ болыпты қарайлаған. «Жыландар ойрандарын салады анық,

Кімдер тірі белгісіз қалады анық»- Деген уайым басыпты нөкерлерді Өлгендерді саусақпен санап жатып. Есіктен де, тесіктен жылан келді, Ішіне Хан орданың ылаң келді, Ақыры хан бұйырды көшеміз деп Күресіп жеңу қиын бұларды енді. «Бұдан жоқ енді басқа амалдың да, Көмегі болмай жатыр камалдың да, деген сәт Хан да өліпті жылан шағып Ақыры деген осы зауалдың да. *** Бұл әлде аңыз, шындық па, Бір жұрттан жеткен бір жұртқа, Зиянын көрмей, ешкімге Өзіңнен өзің ұрнықпа! Деген-ау мұның түйіні. Жыланнан үйрен намыс-ты, Ақылмен шеш те әр істі. Ұрпағы үшін кек алып, Өлгенше түгел алысты Деген-ау мұның түйіні.

Жылан зәлім, сұм деңіз, Сыйға сый берді бір деңіз, Жылан да бізге пайдалы Мекендей берсін құм, теңіз, Ордалы жылан ойранын Дұшпанын тану білсеңіз. Деген-ау мұның түйіні. Таза дос (хикаят) Кісіге таза досты табу қиын, Көбіне дос етеді мал мен бұйым, Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей сақтан, Басыңда, сірә, Ахмет, болса миың. (Ахмет Байтұрсынов) Еті тірі жасынан, Бақ дәулеті тасыған, Бір қария Қарттық келген шағында, Көзін тігіп қиырдағы сағымға, Қасына ұлын шақырып Бүй депті: - Ей, ұлым! Шын досың сенің барма сенетұғын , Соңыңа қиындықта еретұғын, Басыңа іс түскенде жан пида ғып, Жәрдемін қиналмастан беретұғын?

Шын досың бар ма сенің қорған болар, Жау шапса жасыруға орман болар, Жігітке сенімді дос кез келмесе, Өмірі сүріп жүрген жалған болар. Шын досың бар ма сенің панаң болар, Басыңа іс түскенде сағаң болар, Адассаң ақыл айтып, пұл сұрамай, Көмегін бере ала ма табанда олар? Көңліңе жақсыжаман түйдің, балам, Мен бар да той - думанды сүйдің, балам, Асқар тау арқа сүйер мен кетермін, Тірегі енді сенсің үйдің, балам, Құралар малдың басы иесімен, Алдыңда мың –мың жылқы, түйесімен, Мен кетсем бұ дүниеден көшім ауып, Сақтарсың сол дәулетті киесімен.

Жиналып ұл болмайды бар қыз бүгін, Қоса алмас жеті руды балдыздығың. Құдайдан сұрап алған тұяғым ең, Жаныма батып отыр жалғыздығың. Дос болса жалғыздығың байқалмайды, Басымнан өткеннен соң айтам жәйді. Қиын-қыстау кезеңде досың демер Көмекке қолың созсаң қайтармайды. Шын досың бар ма, балам, көрейін мен, Батамды досың болса берейін мен, Артыма өкінішен қарап кетпей, Алдыңда алаңсыз боп өлейін мен. Көрейін сол досыңның шырайын мен, Орнымнан жата бермей тұрайын мен. Додасын бұл өмірдің бастан кешкем, Досыңды жақсы кезде сынайын мен...

- Әкежан, бұл сұрақты неге бердің, Жүзден көп менің досым сене бергін. Ана ауыл, мына ауылда толып жатыр, Менімен еріп кәне, көре бергін. Дос үшін баса қоймас маңдайды тер, Біз барсақ құшақ жайып хандай күтер, Сауықшыл және өздері көңілі ашық Бір таңға ән айтқызса таңдай бітер, Аялдап әрбіріне кішкене біз, Жан әке, - деп ойлаймын түстенеміз, Қадірлеп қонақасы берген кезде, Сынаққа ап теріс қылық істемеңіз... - деді Ұлы жарқын жүзбен масаттанып, атшыға: “Тез жет –деді, - қос атты алып” Ұзамай Ұл мен Әке атқа отырды Ер-тұрман үкіленіп, шашақталып. Қария елден шыға көкжалдайын, Сапардың ұғындырды көп мән-жәйін.

Сен қоштап: “Бас изей бер”- деді Ұлынаал өзім келістірем, сөз жағдайын. - Ассалаума - ғалейкум, аманбысың, Шырағым, Шәкір деген баламбысың, Артта жау, қуғындаған жақын қалды, Үйіңе кіргізуге жарармысың. Атақты Пәленше жау салып ылаң, Дау шықты бір сұлудың қалыңынан. Басқа-бас, жанға-жан боп қан төгіліп, Айрылдық бүкіл малдың табынынан. Дәл қазір керек емес аяқ, асың, Жау артта, біліп тұрмын аямасын, Досыңды қорға, қарғам, менен бұрын Ара түс қуғыншыға таяғасын. Баланың досы екенсің, қалқам Шәкір, Көмекке тым болмаса адам шақыр. Апыр-ай, жау шапқанда астан-кестен, Бір күнде бола келдік бір-ақ пақыр.

Мал да жоқ, байлық та жоқ сау басымыз, Дұшпанның қуғындағы сауғасымыз. Досыңда көрге тірі көмдірмесең, Білекпен білектесіп жауласыңыз..- Баламның бауырындай жуық болдың, Бауындай жақын едің тұлып тонның, Айналайын, араша түспесең сен, Шеңгелінде кетеміз суық қолдың. -Немесе, - деп қария кемсеңдеді, Жау қайтар, 2-3 үйір берсең деді. Қарағым, жалғызыма араша түс, Баламның қиындықта Сен - сенгені... ...Мұнан әрі Шәкірде жетпей төзім, Туралады екеуге оқты көзін: - Кәнекей, жоғалыңдар, бұл арадан,- деп бірден қарияның бөлді сөзін - жөні бар деп тұрмысың атысқанның,

Біреу үшін біреудің шатысқанның Балаңмен төс қағысып дос болғам жоқ, Бар-жоғы екі-үш рет қатысқанмын. Басым жоқ араласар мұндай дауға. Араша тұра алмаймын келер жауға. 2-3 үйір сұрайтын жұт па едіңдер, Жоғалыңдар, бұл жерден басың сауда... Шал көрді қасындағы Ұлдың түрін Көзінен көз қалмапты еткен күлім. Әкесіне кеттік деп ым жасады, Досының білгеннен соң ішкі сырын. *** ...Көп күндер кеш боп талай, таң боп атты, Қос тұлпар талай елден шаң боратты, Қария жалықпастан сынап көрген, Достары шықпай сыннан жер қаратты.

Қалмады дәм-тұз елден татпаған жер, Баласы досым бар деп мақтаған жер. Бәрі де “Жау” дегеннен зәре қалмай, Көмекке ұмтылмады тоқтаған жер. Бір күні Ұлы тоқтап: “Көке”- деді. “Ауылға жол салайық төтедеді. Қайтайық. Достарымнан көңіл қалды Жасаған жақсылықты өтемеді”. Бірінің қорғап едім қарындасын, Бірінің жасырып ем барымтасын, Біріне мал, жайлаудан бөліп бердім, Жерінен айрылғасын, тарылғасын. Көбінің төлеп едім көп қарызын, Деуші еді: “Ұмытпаймыз дос парызын” Жан көке, алдыңызда жер болдым ғой, Досым деп бекер екен басқан ізім. Жүрегім жолдас-досқа қардай еді, Шыққанда үйден көңілім дардай еді.

Әкежан, менен досты таба алмадың, Өзіңнің досың бар ма, қандай еді? деп қатарлай баласы тақым қақты, Атын да әке атына жақындатты, Әкесі Ұлына көз салып ед, Алаулап жігіт жүзі лапылдапты. Бұл сұрақ қарияның күткені еді, Естілді көкіректен “УҺ!..” дегені. Бұл сапар нәтижесін дұрыс берді Қатайтып, дос тамырын түптегені. - Ей, балам, өзіңнен сыр бүкпеп едім, Сауалды бұл қойылар күткен едім. Олай болса ауылға қайттық қайта, Сапардың бірақ түсін бітпегенін. Салайық алдымызға қырық жылқы (Жылқышыға таңдатқыз сұлу тұрқын) Періште алтын көрсе жолдан таяр, Бұл жылқылар алады көздің құрты.

Сен де көр достарымды батыл сынап, Көрейін бұл жолға да ақыры шыдап, Деді де айтар сөзді пысықтады, Ұлы да алды біраз ақыл сұрап. Түсінсең бұл өмірдің қатпарларын, Достан да дұшпаныңдай сақтан, жаным. Бар жоғы мына әкең де бір жарым дос Алдыңда санын айтып мақтанбадым. Бір достың Халық деген ныспысы бар, Мен десе қанаты жоқ, ұшқысы бар, Үйіне атымды атап, ит барса да Төс қағысып оны да құшқысы бар Ал бірінің есімі Сүгір деген, Аузынан Алла түспей күбірлеген. Қонысы мына жақта терістікте, Өрісінде сансыз мал дүбірлеген. Досымды дәл мен құсап сынап көргін,

Өтірікті шындай ғып бұрап көргін. “Қырық жылқы мендегі соңғы тұяқ, Әкемді де құтқар” – деп, жылап көргін. Аузыңа мен айтқандай жауды алғайсың, Жесірден бітпей қалған дауды алғайсың, Қырық жылқы құт берген мал басыны, Жасыра гөр жаудан,- деп шалды алдайсың. Бұл жолы сынау сұрақ сенен болсын, Бас изеу, мақұл көру менен болсын, Көздеріне ғаріп боп көрінейін, Естімейтін құлағым керең болсын. Бұл сөзді ұғып алғын, ұлымдеді, Мен білсем арзандамас құным,- деді Арадан ала мысық өте алмаған, Сенімнен шыққан достар бұрын,-деді.

*** Тұрғанда тас төбеден толысып ай, Сүгірдің олар жетті қонысына-ай. 40 жылқы дүбірі елді оятты Бірінен бірі озып жарысып-ай. Бір үйге бір үй қонған қатар бәрі, Үрпиіп түре келді қотандары. Жау шапты деді ме екен шырт ұйқыда Қолында әрбірінің атарлары. Үстінде ақ көйлегі ақ жармалы, Бұтында көлбіреген ақ дамбалы “А, құдай не болды? “-деп Сүгір шықты Жау басып алғандай-ақ Ақ орданы. -Ассалаумағалейкум, бауырларым, Дүрліктірген біз едік ауыл маңын. Сүгір қарт бар ма екен ордасында Білмей тұрмыз біздерді қабылдарын. Жау шауып елімізді мазалымыз, Арттан қуып жетердей ажалымыз. Жасырар қуғыншыдан амал бар ма, Дұшпаннан көрген жетер азабымыз.

Тұлпарды төрт-бес үйір айдап келем, Дұшпанға қалай қолдан байлап берем? Жел қанат мың-мың малдан қалған тұяқ Жасыра тұруды да ойлап келем. Әкемде қалып тұр ғой байланып тіл, Сүгірді досым дейтін ойға алып кіл. Құтқармау, құтқару да қолыңызды Біздегі тағдыр Сізге байланып тұр... -деді Ұл нағыз қорлық көргендейін, Нығыздап сөз сөйледі сенгендейін. Сүгір қарт одан бетер тыпыршыды, Күбірлеп: “Ойпырым-ай, мен не дейін” - Балам-ай, не айтарға тұрмын сасып деді Ол: -келгеннен соң маған қашыпДұшпаның қаһарлы екен, айналайын Қанымызды кетпей ме, судай шашып.

Жәйлерің қиын екен дос ұғынар, Қандай жер тапсам екен жасырынар Зәті мал – үйірлерді қойшы тәйірі, Шұңғыл көп бір қойнауға асырылар. Көрсемде нар сауданы, мал сауданы Көрмеппін дәл мұнадай жан сауданы, Жасырсам, ал сендерді тауып алса, Қайсымыздан белгісіз қан саулары. Таң атар, сәлден кейін, тыңда балам, Қайғыға мен ортақпын сынба, балам, Әкеңді арқала да тауға тығыл Бір үңгір бар болатын шыңда, балам Жауыңды теріс жаққа өткізермін. Әл жетсе мықтыларға тепкізермін. Үңгірге жетер болсаң аманмын де, Соңыңнан азық - түлік жеткізермін...

Сағынышы жеңді ме көптен бері, Шыдамның болды ма осы жеткен жері, - Әй, Сүке, Назарыңды аттан түсір, -деді қария, ашты да бет пердені. Бұдан соңғы жағдайлар белгілі еді, Бұл дүрмектің мәнісін ел біледі. “Япыра-ай, ә, кім ойлаған” бұлай десіп Көп адамның жүрегі елжіреді. Екі қария екі-үш күн мауқын басты, Әзілдесті, күлісті қауқылдасты. Атан түйе, ту бие, қой сойылып Еске алысты өткенді, жарқын жасты. Ұл көрді ақсақалдың көсемдігін, От ауыз, орақ тілді шешендігін, Ұл мен қарт ертесіне жолға шықты Сүгір қарт тілеп қалды есендігін.. ***

...Аттылар бір ауылға жақындады, Екеудің ерден талды тақымдары. Ақ орданың қасында қараша үйлер, Сырт жақтан иттер бірден апылдады. Тіл қатты Ұл , үй сыртынан үйреткендей, Шынымен жауға жанын күйреткендей, Әкесінің үстінде жартық жамау Шылбырмен дұшпан жерге сүйреткендей - Кім бар-ау, отағасы Халық па екен, Назардың жалғыз Ұлын танып па екен, Жесірден шыққан даудан, жау көбейіп, Қуғыншыдан арттағы арып келем. Аулымызға сөйтіп бір ылаң түсті. Дұшпанымыз улы екен жылан тісті. Қарт әкем “Халыққа апар” деген еді, Жасыра гөр, әкемді тобам күшті.

Айтайын болсадағы мұны да ұят, Жүз мыңнан 40 жылқы қалған тұяқ. Ырымнан мал басынан қалған осы Жасырса жануарлар қайда сияд... - деген сөз естілгенде қарт Халықтың, Шыдамы таусылғандай соншалық тым. Ордадан атқып шығып былай деді: - Ей, Назар, қайдасың сен, қанша күттім? Түсіріп Назарды ерден, аттан алды, Дұшпанын сырттан біраз боқтап алды. Халыққа әлі сырды ашпайын деп Ал Назар төмен салды от жанарды. - Беу досым, қайрат кетіп қалғаны ма, Өзіңді сақтап қапты Алла мына, Шабарман, қайдасыңдар қол жинаңдар Құдайдың біз де көрдік салғанына.

Жауыңмен сені шапқан шайқасайық, Күшпенен күш сынасып байқасайық. Досымды өлімші етіп жіберіпті Білекке білек салып айқасайық. Ұлға кеп: “Қалқам шырақ, саспа,-деді. Пейілім таза менің досқа,-деді. Сендерді жауға беріп қоя алмаймыз Келсе олар, біз дайынбыз, баста -деді. Тұяқты келген айдап жасырыңдар, Көзден тыс, анау қырға асырыңдар. -деп тағы қосшыларға әмір берді, тездетіп, жиналыңдар, асығыңдар. Ортаға шықты елдің батырлары, Асынған қару-жарақ сатырлады. Майысқан ат тұяғы тез жиналып Лезде көк майсаны тақырлады. Бар жігіт сап түзеді еліндегі, Сақасы, бозбаласы, өрімдері, Ел іші біразырақ дүрліксе де Артта жау қуғын салған көрінбеді...

Сол кезде ақ ордадан шықты Назар, Түрі жоқ, кешегідей шеккен азар, Айланың түп себебін түсіндіріп, “Жау жоқ ед,-деді және,- күткен тажал. - Ей, Халық, мені кешір тыңда,-деді, Қанық бол мендегі бір сырға,-деді. Сол баяғы күйіңше қалыпсың ғой Тосыннан төтеп бердің сынға,-деді. Мәртебең бүгін сында биіктеді, Көкке төбем жеткендей тиіп тегі. “Апырай, әлде қалай болам” демей, Жұртыңды жұмылдырдың жиып тегі. Жалғыз Ұл дос деген кім көрсін-дедім. Көңілді терең бұған бөлсін,-дедім. Қиын-қыстау әдейі кез жасадым, Көзі жетсін шын досқа, сенсін - дедім.

-деп Назар сырын айтып ақтарылды, Өзінің көңілі босап шаққа тұрды. Құшағы екі достың айқасқанда Жігіттер тастап жатты оқ-қаруды... *** Жиналып Халықтың да бар ұлдары, Аста төк дәулетінен тарылмады, Той жасап, көкпар тартып, бәйгелетті Жарылып ақ түйенің қарындары. Ауылға қайтты олар көңілі тасып, Ұзақ жол көрінбеді тіптен қашық. Үйірге үйір қосып алдарына Келеді Ұл мен Әке қатарласып. - Әкетай, Сізге бұл жол жұмыс болды, Ал маған Адам тану бір іс болды, Қиындық шын басыма түспей жатып, “Кім дос ол?”- танығаным дұрыс болды,-

Көргенім – ғибраты көп, ойда болар, Өзіме түсінгенім пайда болар. Неліктен жарты дос деп атадыңыз, Қайсысы бүтін досың ойға қонар? -деді Ұл , мәнін сұрап айырманың, Сынақтың алға тартып пайымдарын. және де әкесіне алғыс айтты,- деп: - Әке, мені дұрыс дайындадың. - Жауапты бұл сауалға мен берейін, Көрдің ғой достарымды мен не дейін. Жарты достық жасаған Сүгір әкең - Сезбедің, оның арғы сен көмейін. Мүмкін сені түсінбес жаста,- деді. Оның ойы жау келсе басқада еді. Үйір жылқы дедім ғой көздің құрты “Тауға тығыл, үңгір бар таста”,-деді.

Жау келсе бас амандық сақтайды рас, Бел шешіп, шын күресіп жатпайды рас, “Алдыңа 40 тұлпар салам дейді” Дұшпандар бұл шешімге тоқтайды рас. Халық әкең жатпай бірден қорғанып, Жинап шықты елден жігіт, қолды алып Атыспаққа, шабыспаққа бекінді Қару-жарақ, саймандарын қолға алып. Жау жүрген жер қан екенін біледі, Басқа-бас қой, жанға-жан ғой тірегі. Сүт пісірім уақыт болмай көрдің ғой Жігіттердің тез қосылды білегі. Қаумаласа халық кетер орман боп, Күш біріксе қамал соғар қорған боп. Жан беретін жалғыз досым, ол - Халық Ақиқаты осы Ұлым, жалған жоқ, -

деп қария, көкжиекке қарады, Бір әдемі нұр басқандай даланы. Көлден ұшқан қос шағала жұптасып Сонау жаққа қанат қағып барады. Ұл келеді жаңартқандай сананы, Өзі сенген достарды ойлап баяғы.. Әкесінің өмірлікке үйреткен Естен шықпас болды мынау сабағы. *** Пассуктің махаббаты (Американ жазушысы Джек Лондонның «Әйел қырық жанды» әңгімесінің желісмен) ...Бір жүріп, бір тұрып, Ақыры олар тоқтады. Мырза болса кіртиіп Өз тағдырын боқтады. Тұмсығын тосып ақ қарға Иттер де жерге құлады. «Жылынатын от бар ма?» Мырзаның болды сұрағы. Ақ қар. Көк мұз айнала, Тіршіліктен үміт аз. Тіл қатты әйел жәй ғана Кірпігінде мұзды жас:

- О, Чарли! Сүйіктім әрі қымбаттым, Келіп тұр бүгін, Ақырғы рет тіл қатқым. Тұзды Суға жетем деп, Қиын сапарда күн қаттым, Сенімен түн қаттым. Қайратым да, жолым да мынау сарқылды, Уақыт та тақап, жүрек те жиі алқынды. Соңғы рет шығар өзіңе бүгін тіл қату Алдағы жолды Тәңірім бізге тар қылды. Сүйіктім,Чарли, Айтайын соңғы сөзімді. Тағдырға тәубе, жар еткен маған өзіңді, Қажысамдағы азапты жолда сыр бермей Шыдадым мен де, Көрсетіп барлық төзімді. Жиһанды кезіп көп нәрсе көрген ер едің, Демеймін рас,өзіңе лайық тең едім, Дегенмен, мені ақшаға сатып алғанда Иттермен бірге, Болсыншы дедің көмегім. Рас қой, сүйіктім?..

Алдымен қожам, Одан соң болдың күйеуім, Әйтседе, маған тиген жоқ титтей сүйеуің. Ит шанаң үшін тоқтамай жолды аршумен Саудырап, міне, Осы жерге жетті сүйегім. Тіледім сені, Болсын деп аман Тобамнан Қымтадым сені құйыннан, қарлы бораннан, Үнемдеп азық, ашыққандарға бермедім Сауапты білмей, Сен үшін қорықпай обалдан. Есіңде шығар, Жолыққан бізге соңғы адам, (Таныдым бірден қолына түскен таңбадан), Аюдың аузы ашылып маған тұрғанда Ағам ед, мені саусағын беріп қорғаған. Кездескен сол бір, Бауырыма да мұңлық боп, (Көріндім бәлкім, қазымыр қатал сұмдық боп) Бере алмай оған, бір үзім нанды қиналып Көздегі жасым, Төгілді бетке тұздық боп.

Жә, оның бәрі, Елеске кетер мұнар күн, Алдыңнан талай сеземін жақсы туар күн, Пассукті бірақ, есіңе алсаң болғаны Мен болсам енді О дүниелік шығармын... - О, не дегенің Пассук! Мына табиғат жасамаса енді қастық, Бұғылы таудан кейін-ақ, Хейнс тұр Одан әрі ұмыт болады аштық... - Жо-жоқ, Чарли сүйіктім! Менің жолым дей бер, бітті... Мұздай мүрдеме қарап, Алаңдай көрме тіпті. Өз аузымнан жырып сақтаған дәмді ал,- деді де, Кеудешесіне қолын тықты.. Кеудешеде оралған аздаған дәм болды, Бұл азық, Чарли мырзаға жан болды. Соншалық жолда өз үлесін ауыздан жырған Пассукке Чарли жаны босап, таң болды. ***

Чарли мырза талайын көрді сапардың, Көңілден бірақ өшпей-ақ қойды қатал мұң, Пассуктің кешке елесін беріп күн батып Елесін беріп Пассуктің шықты атар күн. Сыйықсыз болып өтетін болды күндер де, Иіссіз болып өсетін болды гүлдер де, Ақыры бір күн Пассукті жыр ғып жырлады «Мен үшін өлді аштықтан деп бір жерде». «Осылай,- деді мойнымда қалды қарызым, Ақиқатты айтып тірілту менің парызым. Мен үшін Пассук күн сайын тірі қасымда Қасымда және нан жеген сайын әр үзім». *** Махабатта жоқ десек те ереже, Шын сүюдің жолдары да өнеге, Джек Лондон Пассук қызды тірілтті, Сүйгені үшін сүйіспенді іс өлеме.

БЕЙЖІҢДІ БАҒЫНДЫРҒАН БАТЫРЛАР

2008 жылы Пекинде өткен XXIX олимпиаданың "Алтын" медал иелері - Илья Илин (ауыр атлет), Бақыт Сарсекбаев (бокс), "Күміс" медал иелері -Асхат Житкеев (дзюдо), Ирина Некрасова, Алла Важенина (екеуі де ауыр атлет), Таймұраз Тагиев (еркін күрес), "Қола" медал иелері – Елена Шалыгина (әйелдер күресі), Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов (екеуі де грек-рим күресі), Мария Грабовецкая (ауыр атлет), Марид Муталимов (еркін күрес), Еркебұлан Шыналиев ( бокс), Арман Шылмановқа (таеквондо) арналды. Бастасам сөзді жасқанбай, Бұлағы жырдың тасқандай, Батырларға Бейжіңде Тілекші Күн мен аспанда Ай.

Тілекші болды Елбасы, Батасын берген жолбасы, Деп тіледі Елім де: " Е, Құдайым, қолдашы". Бейжіңде елден ат қонды, Тілегі елдің ақ болды. Көк байрақ туым желбіреп Еліме біздің бақ қонды. Тереңнен ойлап толғанып, Зілтемірді қолға алып, Илья Илин тұңғыш боп, Алтынды шықты жолға алып. Танытты жігіт ептісін, Сүйсіндіріп көпті шын, 223 келі көтеріп Жұмсады Илья көп күшін. Алғашқы елдің алтыны, Жанарда мыңның жарқылы, "Жаса Илья!" Илин деп Дауыстың шықты саңқылы. Қыздырып дода көрігін, Шаршыға түсті Ер ұлым, Екінші алтын алғанда Көкке ұшты бастан бөрігім.

Алтынды Алқа санатқан, Әлемді түгел қаратқан, Сәрсекбаев Бақыт бұл Тағдырым Ер ғып жаратқан. Қарсылас болып кубалық. Жанымыз күйіп туладық, Боксердан көзді алмастан "Бас, Бақыт!" деп шуладық. Елімнің ән-ұраны, Құлаққа тұнып тұр әлі, Бейжіңде Бақыт жеңгенде Ағылды жырдың бұлағы. Кеуделерге қарасақ, Жарқырап Алқа жарасад, Илья, Бақыт аман бол Көп болсын жеңіс болашақ. Маржаннан сөзді терейік Күмістерге келейік, Қоржынға күміс түскенде Жан дүние қалды кеңейіп. Дзюдоның болып дарасы. Қазақтың шықты баласы, Күмістен таққан Алқаны Асхат Житкеевке қарашы.

Бүлкілдеп қаны тамырдан, Тәсілден жоқ жаңылған, Алақан соқтық Асхатқа Күмістен алқа тағынған. Қаққызған талай таңдайды, Ирина Некрасова қандай-ды. Ауыр атлеттен алдына Ешкімге жол салмайды. Гүл сияқты тас жарған, Бұл сайыста бас болған, Мен күштімін дегендер Ирина қыздан жасқанған. Қосақтай түсіп зіліңді Көрсеткен тәсіл білімді, Ару қыз Алла Важенинаның Жеңісі болды сіңімді. Еркін күрес қандай-ды, Қаққызған талай таңдайды. Тигиев Таймуразым да Жарқыратты маңдайды. Таймұраз саңлақ мақтанар, Басында биік бақ та бар, Күміске қосқан күмісін Демейміз енді тоқталар.

Әйел күрестен кемеңгер, Шалыгинаға ел елеңдер, Қимылын көрсең сайыста Өрбиді өзі өлеңдер. Қарсымен күш тең ала, Алаңға шықты Елена, Қимылын қыздың көргенде Жең алады дедік жең ала. Грек – римдік күрестен, Соңғыға дейін тірескен, Нұрбақыт пен Әсет те Бос қалмады үлестен. Арқаны түгел терлетіп, Теңізбаев пен Мамбетов, Күш сынасты күштімен Қоланы алды ерлетіп. Болғанда есімі жария, Риза боп жас пен қария, Жарайсың деп соқты қол Грабовецкая Мария! Сынаққа түсті әр-алуан, Темірден саусақ нәр алған, Зіл темірді көтерді-ау Намыстан жаны жаралған. Тактикасын тас қылып, Көрсетпестен бос қылық, Муталимов Марид те Еркін күрестен тосты үміт.

Үміті оның ақталды, Күміске жетпей шақ қалды. Қола беріп қазылар Шын еңбегі мақталды. Жаны сүйіп боксты, Ұпай жинап толысты. Еркебұлан да олимпте Мықтылармен тоғысты. Болу қиын шын батыр, Әр қимылың сында тұр. Шынәлиевке сенім көп, Боласың әлі шын батыр. Арманды айтсақ Шылманов, Таеквонда тұлға нық. Бар өнермен танылды Мінезімен бір қалып. Тілектер айтсақ Арманға Қолаға дейміз арланба, Табанды болсаң спортқа Жеңістер көп тарланға. Жазылған жырды мақұлдар, Бейжіңде жеңген батырлар, Жеңістеріңе қуанған Сіздермен бірге ақындар. Дарабоздарым, тарланым, Намысты болсын, Аржаның, XXX-шы олимпиадада Жазармын тағы қалғанын.

ЛИРИКАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕР

Сырына жете алмайсың сырғалының, Шағылар ешкімге емес, жырға мұңым, Кірпікке маржан моншақ қонған кезде, Төгілер қағаз бетке жылға жырым.

ӨМІР-МАХАББАТ

Бей өмір-ай! Ағып бара жатырсың, ағып бара, Науқас жүрек бастап ед сауықтана, Қайта-қайта толқынға лақтырасың Қалмай қойды қасымнан қауіп қана. Бей өмір-ай! Ағып бара жатырсың, ағып бара, Сенің сыйың шектеулі уақыт қана. Соңғы сапар көшімен бара жатыр, Қаралы топ көтерген табыт мана. Бей өмір-ай! Сілкіп-сілкіп сен мені тастадың ба, Енші жұлдыз тұр ма екен аспанымда, Бәріне де үлгіріп қалам деумен Айқасар ма кірпігім қас-қағымда. Бей өмір-ай! Қадірлі! Шапағатты! Менің сәуле жүрегім шапақ атты. Сұрамадым өзіңнен атақ, атты. Сұрайтыным, Қалдыра гөр Өзім мен Махаббатты. Жасыл көйлек киген күн

Түсінбей қалып, Болдым бір және түсінген, Ып-ыстық сезім, ықылас көрдім түсіңнен, Жапжасыл көйлек, жап-жасыл әлде камзол ма Ерекше сол күн көзіңді маған түсірген. Бозбала сынды Бозқырау шақтан өткенің, Мағжанның жырын алдыма жайып төккенің, Бойжеткен күйге мені де алып кетті ме, Елеске кеткен оралып қайта көктемім. Түсіне тұрып, Түсінбей кеттім тағы да, Бір барып сергіп қайтқандай жастық бағына, Камзолым сынды қаусырғың келген ниеттен Жылылық алдым құйылған нұрдай жаныма. Жап-жасыл көктем, Жап-жасыл киім киген күн, Мағжанның сұлу жырына басты иген күн, Әттең-ай, шіркін, отымен Мағжан жана алмай Бір сәттік ғана Мағжанның кебін киген күн.

Түсінбей кетіп, Түсіндік және тағы да, Лүп еткен жүрек қайтадан келді қалпына, Жабылған есік сияқты болған көңілдер Сабаға түсті, арнаға қайтып сарқыла. ***

ЖҮРЕККЕ БАҒЫНУ

Сен менің әруақытта есімдесің, Білсемші қатал жүрек кешірмесін, Отырсың ба мен жазған өлеңді оқып, Оралады өткенге десіп несін. Сен менің әруақытта есімдесің, Сеземін жүрегіңнің өшірмесін. Басқамен бақыт тауып кетсеңдағы Көңілдің көшкен бірге көшіндесің. Ағымнан мен осылай жарыламын, Бейнеңді елес болған сағынамын, Өйткені бір кісідей сүйе білген Өзімнің жүрегіме бағынамын. Білемін, мен де сенің есіңдемін, Келеді “Сен де мені кешір” – дегің Басқаның бақыты боп жүрсем дағы Сен мені жүрегіңнен өшірмедің. Дәл мендей сен де мені сағынасың, Сағынасың, мені іздеп табынасың. Өйткені сен де мендей сүйе білген, Өзіңнің жүрегіңе бағынасың.

Өткенде уақыт кімге шағынамыз, Жолымыз бөлінген соң сағынамыз. Қосылмаған жандардың махаббаты Қосылғандар үшін де болар аңыз. ***

БҰРЫН СЕНІ КІМ САТТЫ?

Сөйлесуден, тілдесуден қашқаның, Биіктіктен емес шығар аспаның, Абайсызда орға жығып жүрер деп, Ойлаңқырап кеттің білем бас қамын. “Сіз”-“біз” – десіп сыйласудан тыйылдың, Көптігінен емес шығар сыйыңның. Бөлісуден сырттанғаның шығар ол, Туа қалса басыма кеп қиын күн. Түзу сәлем беруге де сескендің, Кереметі емес шығар өскеннің, Дос көңілге теріс ұғым туды да, Шегі болар ала жіпті кескеннің. Ең соңында танудан да қалғаның, Артығынан емес шығар талғамың. Адамдықтан алалау ма деп қалам Бұдан әрі жете қоймас болжамым.

Неге сонша түсінбеймін сақтандың, Буы ма әлде қолпаш пенен мақтанның, Адалдыққа сенімсіздеу қарайтын, Айтшы өзің, бұрын сені сатқан кім? ***

ТАБА АЛАР МА ЕКЕНСІҢ

Ақсұңқар өзің едің, дегем жоқ кезегемін. Бір мекен бұйырмасын сезіп едім. Шарқ ұрған шағаламын, Қанатты сабаладым, Белгісіз мені қайдан Таба аларың. Көз жазып қалдың-ау жағада, Көрінген мен едім шағала Ақ қанат, ақ құсың мен едім, Таба алар ма екенсің, таба ала Көгімде күнім болар, Жүректе гүлім болар Деп күткен Бақыт мен бе Ақсұңқар сен, Байқамай қармадың ба от, Қалатын арманың боп, Жоламай кеттің көлге, Ақсұңқар сен, Толқыдым сені іздеп теңіздей, Қос қанат сияқты ек егіздей, Қапыда кездесіп, көз жазып Мен дағы жүрмін ғой сені іздей. ***

КҮРСІНЕРСІҢ ДЕ ЖҮРЕРСІҢ

Ұйқы жоқ көзді жұмғанмен, Құрсаулап ойдың құрығы. Бірге боп ойша тұлғаңмен Шайқалар көңіл тұнығы. Сурет боп қалды көзімде, Кездесу соңғы өзіңмен, Шыдап ек бірге төзімге Жоғары тұрып сезімнен. Сабыр да бізді биледі, Сағыныш барын жасырдық. Жүрек те ысып, күймеді Өкініш өтті. Басылдық. Сұраққа жауап қиысып, Хал жағдайлар сұралды. Осы сәт жанар түйісіп Қуаныш емес, мұң алды. Көз деген осы шіркін-ай, Жұтылды іште түйгенім. Сен болсаң сөзді іркіп-ай, Еркіңді ұстап биледің. Кірпікке түскен үзіліп, Бір тамшы бұзды барлығын, Қолыңды создың үздігіп Орындап жүрек жарлығын.

Айырған өмір жылатып, Қоса алмас қайта білесің, Мен тұрмын сені жұбатып Осымен бітті күресім. Сенде де өшпес бір есім, Күрсінесің де жүрерсің Менде де өшпес бір есім Күрсінемін де жүрермін. ***

МАХАББАТҚҰС

Мен де сені жек көріп, Сен де мені жек көріп, Бірге сүрген өмірді Жүрміз қазір көп көріп. Кұшағымыз қиыспай, Көңіліміз ұйыспай, Бөлінуге шақ жүрміз Бір шаңыраққа сиыспай. Мені білдің қанша ұғып, Сені білдім жан шығып. Қарағайдай қайыстым Болған едім талшыбық. Сырт көзінде көп сізбіз Оңашада лепсізбіз. Жеке –жеке хан болып Жеке -жеке тексізбіз. Тұтастай боп көрініп, Әлдеқашан бөлініп, Тінімізден ажырап Жүрміз бөлек өріліп. Көңілдерге қыс қонды. Өткен уақыт түс болды, Мәңгі дейтін махаббат Ұшып кеткен құс болды. ***

БАСҚАН ІЗДІ КҮЛ ҚЫЛДЫҚ

Мұны ешкімге айта алмайсың сыр ғып та Қақ бөліндік шыныдай боп сындық та, Сен де мені, Мен де сені сүймеппіз Көз жеткіздік мойындайтын шындыққа. Көңілдерді баспағанда тот әлі, Сен де, мен де болып жүрдік опалы, Талай жылдар ішімізде көмілген Сырымыздың ашылғаны батады. Екеуміз де жасырыппыз шындықты, Сынасқандай жалғандыққа кім мықты? Бүгін мынау шегі жетіп шыдамның Быт-шыт еттік қызығы жоқ тірлікті. Ар ұстаған қойған едік намысты, Қос иықтан қонақтаған бақ ұшты. Менің жаным періштемен қауышса Сенің жаның әзәзілмен табысты.

Айта алмаймыз мұны ешкімге сыр ғып біз, Сен де өзіңше, Мен де өзімше мұңлықпыз. Жүрген жолдың қалмасын деп белгісі Тынышталдық. Басқан ізді күл қып біз. ***

МЕН ЖОҒАЛДЫМ

Сенің де айтар сөзің жоқ, Менің де айтар сөзім жоқ, Лаулағалы отырмыз Біреу салса төзімге от. Менен шығар сезім жоқ, Өзімменен өзім боп. Түсінетін кезің жоқ, Сен де жүрсің безір боп. Сенде де бар өр кеуде, Менде де бар кер кеуде, Кетік-кертік ара жік Екеуміз де шер кеуде. Сөздеріміз таусылды, Қарасамыз жау сынды. Үркіп бізден махаббат Есіктерін қаусырды. Мен де сенен жоғалдым, Сен де менен жоғалдың, Өшті арадан махаббат Жауап берер оған кім? *** Адамдағы жан бағы, Гүл сияқты таңдағы, Үлбіретіп аяла Түсінікті ар жағы... Махабаттың түп қасыБірін бірі аямау. Махабаттың тұтқасы Бірін-бірі аялау. ***

ӨЛЕҢ БОП КЕЛЕРСІҢ

Сен маған әлі өлеңсің, Дедім ғой жақсы көрем шын, Өзіңе ұшқан шырылдап, Ақ көңіл аппақ көгершін. Сен маған әлі өлеңсің, Сен бұған қайтіп сенерсің Қол созған сәби секілді Сезімді қалай көмерсің. Сен маған әлі өлеңсің, Басыңа түссе көнерсің, Кеудемде отың лаулап тұр, Өзім сөнгенде сөнерсің Сен маған әлі өлеңсің, Өлеңмен мені жеберсің. Өлең қып сені ұшырсам Өлең боп қайта келерсің. ***

ЕРКЕЛЕТ СЕН

Сен еркелетсең – Мойныңа асылғым, Кеудеңе жұпар боп шашылғым, Еліттіріп өзіңді Гүл қауызындай ашылғым келеді. Сен аймаласаң – Аймалап мен де жанғым, Есіңді әбден алғым, Өзіңмен бірге, Есімнен танғым келеді. Сен құшсаң – Мен де сені құшқым, Ақ көбелектей ұшқым, Арасында өң мен түстің Отқа түскім келеді. Сен сүйсең – Мен де сені сүйгім, Жүрекке сәуле түйгім Әуенімен әдемі күйдің Бір жанып, күйгім келеді. Аяулым, Еркелет сен, Шыдамасын сынғандай сына төзім, Дүр сілкінсін дірілдеп мына сезім. Осы рас па, кеудемнің дүрсілінен Сұрашы өзің... *** ӨЗІҢ ҒАНА (Әнге арналған)

Өмірім өзіңменен бірге менің, Сен барда мен де гүлдей түрленемін. Бар пейіл, ықыласыма өзің риза, Қараумен қабағыма күнде менің. Қайырмасы: Алдыма шуақ төгіп, Жарық боп жағылатын, Жаныма қуат беріп, Алыстан сағынатын, Мен үшін торығатын, Мен үшін зарығатын, Мен үшін басыңды иіп, Мен үшін қамығатын, - ӨЗІҢ ҒАНА Өмірде өзің маған бөлек едің, Бақыттың бесігіне бөлеп едің. Келемін Қыз Жібектей мәпеленіп, Қайтемін мен өзгенің Төлегенін Қайырмасы: Алдыма шуақ төгіп, Жарық боп жағылатын. Жаныма қуат беріп Алыстан сағынатын. Мен үшін торығатын, Мен үшін зарығатын, Мен үшін басыңды иіп, Мен үшін қамығатын, - ӨЗІҢ ҒАНА. ***

СЕНІҢ КЕУДЕҢ

Жалғанда сыры мәлім – сенің кеудең. Тонғанда жылынарым – сенің кеудең. Дүние қажытқанда, шаршатқанда Бас сүйеп, тынығырам – сенің кеудең. Бағыма баян болған – сенің кеудең, Жаныма сая болған – сенің кеудең. Сары алтын сырларыма сандық болып, Құпиям сақталатын - сенің кеудең. Мекенім, тұрағым да – сенің кеудең, Биігім, шынарым да – сенің кеудең. Жол таппай қиналғанда бағдар шамдай Жарығым, шырағым да - сенің кеудең. Келетін сүйемелмен менің кеудем. Киеңмен киеленген менің кеудем. Сендегі бар байлықты, қазынаны Бір өзі иеленген менің кеудем. ***

ҚАЛАСЫҢ ӨЛЕҢ БОП

Мен сені күттім келер деп, Отырдым сөйтіп елеңдеп, Бір алапат күш мені Қайтсемде отыр жеңем деп. Күттім мен солай тағы да, Сырласқым келді сағына. Жабысып тұрған кеселден Қояр ма екем жазыла. Басым тұр бүгін айналып, Бір сиқырға байланып, Шыным да, сырым осылай, Жақсы бір көрсем айға анық. Мен сені күттім елең боп, Неліктен саған сенем көп. Төгілді сырым өлеңге Қаласың енді Өлең боп. ***

ӨРТЕНУГЕ ӨЛЕҢ ШЫДАР

Неге бұлай жанымды жараладың, Неге бұлай басқаша бағаладың “Басқаға өлең арнаған жоқсың ба?”-деп, Сұрақ қойдың. Біртүрлі қарағаның. Содан кейін ой сүңгіп араладым, Түсінгім кеп сұрақтың жорамалын. Мұндай сұрақ қойылар сол бір жанға Тастап кеткен біреуге орамалын. Мен қайтемін ақталып. Ақталмаймын. Біреу солай деді-ау деп дақтанбаймын. Ақты қара деу қазір қиын ба еді. Көпті ғой дұшпанның. Мақтанбаймын. Мені көп қой сыртымнан зерттегендер, Жетемін деп ойлаған жетпегендер. Маған қалай жұмсасын қылыш, оқты Алынады сөзбен де кек дегендер.

Сен туралы мен де көп білем шығар, Сұрақ қоймай бірақ та жүргем шығар. Сөзге өртеніп кеткен соң өлең жаздым, Өртенуге өзектен өлең шыдар... ***

БЫЛҒАМА МЕНІ

Былғама сөзбен, былғама, Тілегім болсын бір ғана. Түрпідей сөзден жаныма, Кетпесін түсіп бір жара. Былғама сөзбен, былғама, Тілегім болсын бір ғана. Жүрегім таза болған соң Алмаймын тағы бұлдана Ылайық едің тазаға Таза бір сөзбен мазала. Былғаныш сөзге төзбеймін, Төзсем де қандай жазаға. Биіктеу еді бағаң да, Сол пәсте тұршы одан да. Ұқсамай жүрсең өзгеге Саған да жақсы, маған да. Қайтемін сені табалап, Мен едім жүрген бағалап, Дәл сені тани алмасам, Қайтейін маған обал-ақ. ***

АҚ СЕЗІМ - АҚША ҚАР

Арқаның ақша қары себеледі, Осындай ақ нұр бізге керек еді, Бар бақыт екеумізде сияқтанды, Құшақтың бірін бірі демегені. Ақша қар жарастырып сәнімізді, Іздеген тапқандаймыз әнімізді, Ақ тілек екеуміз де тілеп пе едік “О, тағдыр, жолықтыр деп тағы бізді” Ақша қар ақ маржандай төгіледі, Қос жүрек сағыныштан егіледі. Нұр мұнау екеумізге қонып жатыр, Шашуға бөлегендей сені, мені. Төбеден тұрған кезде төгіліп нұр, Жолымыз кетер ме екен бөлініп бір. Еріген алақанда ақша қардай, Жүректер бөліне алмай егіліп тұр. ***

КҮТТІҢ БЕ, БАҚЫТЫҢДЫ

Құшағыма сыйғандай зорға күшпен. Ей, махаббат, сен бе едің торға түскен, Жастығымда сені іздеп жүргенімде Абайсызда өзім де қолға түскем. Ашық екен бақ күткен ақ маңдайым, Жоғалтып ап мен сені тапқандаймын, Күн де жарық мен үшін, Ай да жарық Таң боп күліп мен енді атқандаймын. Бір пенде боп жүрдің бе, бағы жарым, Бір қуанып тағы не, налығаның, Күттің бе әлде, жалықпай бақытыңды Дәл осындай бір күні табыларын. ***

ТҮСІН, БЕЙБАҚ

...Лезде өзің бастадың, Бір сәттік сезім қас қағым. Еріктім – мен, еліттің –сен, Төгіліп көзден жастарың. Өзгермей көңіл аспаным, Мен болсам сені тоспадым. Сынағым келді сенделтіп Таба алмай сенен басқа мін. Қабақтан көріп ашық күн “Сүйемін”, - дедің, -“ғашықпын” Түсінші бейбақ, мен болсам Өзгеге ғашықпын. ***

БАЙҚАМАЙ ҚАЛДЫМ

Байқамай қалдым өзім де, Байқамай қалдың өзің де, Дір ете қалды жүрегім, Иық бір түйіскен кезінде. Өзгеріп сонда реңің: “Бұлқынды”- дедің жүрегім, Бір жерден шықса не етті Сенің де менің тілегім. Осылай ма едің “жау” сезім. Таусылғанда тау төзім. Бұлқан-талқан шыққандай, Тып-тыныш жүрген сау кезім. ***

АР ШЫНЖЫР

Тұтансам тосын сезімнен, Бар кінә деймін өзімнен, Қиын шақ туып, қинайды, Өткенде албырт кезімнен. Қорқамын кейде өзімнен, Шекара жасап төзімнен, Кездесе қалсаң оп-оңай Сыр оқи ма деп көзімнен. Ертерек таң боп атпадың, Мезгілсіз боп тұр шақтарым. Өзіме-өзім қорған боп, Сырымды ішке сақтадым. Уақыттар өтер, жылға асар, Мен кетермін жыр жасар. Мендегі ардың шынжыры Буындырып барып бір басар. *** Елес боп ылғи жүресің Елес боп ылғи жүресің Сен маған жақын келердей, Қолтықтан ұстап демердей, Өзіме ғана сеніп бір Жаныммен жақсы көрердей. Елес боп ылғи жүресің,

Биікке алып ұшардай, Тірлікке мынау тұсалмай, Сәт сайын мені аймалап, Сағынып келіп құшардай. Елес боп ылғи жүресің, Бүкпестей менен сырыңды, Тыңдардай менің жырымды, Менен ғана естердей, “Жаным” деген бір үнді. Елес боп ылғи жүресің Сен оны қайдан білесің... ***

МАХАББАТ ФОРМУЛАСЫ

Мен: Дәл мұны келмейтін қиын деуге, Мен шыдамас Азап-тын... Бұдан ауыры болмас мазақтың Алдымнан шықты Тозақ Күн. Жерлеп кетті менің алтын басымды, Не қылсам да обал емес тасырды. Айырмады.Нарқын және білмеді, Жез бен мысты. Қара тас пен Асылды! Ой: Өртен! Жан! Іріп кетсін ішің, – мейлі – Ол сені әуелден-ақ түсінбейді Аяма, сен де оны жерге қарат Бұдан соң ол да саған ісінбейді. Тағы да білем оны кешіресің, Салған дағын кеудеңнен өшіресің. Құлай сүйген адамға кек сақталмас Ал, сүймесең, әрине өшігесің. Мен: Өртеніп тұр жүрегімде кек деген, Ешқашан да менің де есем кетпеген. Менің шамам бәріне де жетеді,

Ол ойнаған ойнайыншы отпенен... Маған рас, дәл қазір қиын білем, Бірақ мен де басымның сыйын білем, Махаббатта формула: - “Тепе-теңдік!” Мен де Оны күйіндірем, иілдірем! *** Зәлім Ойым жетпеді бұл шешімге, Ақыл шықты алдымнан із кесуге, Иіле қап Сабыр да тоқтатқаны Кешірімге жүгіндік біз бесінде... ...Махабаттың тербеттің бе бесігін Бірін-бірі кешірудің несі мін? Махаббаттың формуласын түсінсең: Сүю, Сүю, Сену және Кешірім. ***

ЖОЛЫМНАН ШЫҒА БЕРМЕ

Жолымнан шыға берме, айналайын, Көңліңді бұра берме, айналайын. Ақиқат сен ұқпайтын алдыңда бар Алдымнан тұра берме, айналайын. Сезімнің өртін айтпа, айналайын, Уәденің сертін айтпа, айналайын Шындықтың шыңырауы алдыңда тұр Жүректің дертін айтпа, айналайын Достықтың сырын айтпа, айналайын, Сүюдің қырын айтпа, айналайын. Үмітің ақталмайтын алдыңда тұр Махаббат жырын айтпа, айналайын. Бақыттың кезегі бар, айналайын, Сабырдың өзегі бар, айналайын. Шыдайсың не көрсеңде кері бұрыл Уақыттың өз емі бар, айналайын, ***

ТҮСІНГІМ КЕЛМЕС

Тым ыстық едік, тым ыстық, Неліктен бұлай суыстық. Тағдырдың балын тәрк етіп Запыран жұтып, у іштік. Уақытша мансап мас қылды, Арыңды былғап, лас қылды. Әзәзіл түсіп араға Өзіңе мені қас қылды. Қарайсың өткен уақытқа, Қарайсың кеткен бақытқа. Билік кетті, мансап жоқ Бәрі жатыр табытта. Баяғыша жана алмай, Іздегенді таба алмай, Өз-өзіңнен тартылдың Арнасы қайтқан аралдай. Келмейді енді ісінгің, Түсінгің кепті, түсінгің. Жат боп кеттім мен болсам, Түсінгім келмес түсінгім. *** ЖҰЛДЫЗЫМ ӨЗІҢ БЕ ЕДІ (әнге арналған) Өзіңе көңіл құсын ұшырайын, Өзіңе жүрегімді ұсынайын, Серт берші сеніп маған, сеніп маған, Кешіккен уақытымды түсін айым.

Қайырмасы: Не сиқыр өзіңдегі, көзіңдегі, Құдірет күш бар сендік сезімдегі. Алыстан ақын болып көрінесің, Жұлдызым көгімдегі өзің бе еді. Сен болшы менің күткен сағынышым, Ойласам сыртым бүтін, жалын ішім. Қол созшы сеніп маған, сеніп маған, Кездескен ойда жоқта бағымбысың. Қайырмасы: ***

АРНАУЛАР

БАТЫРАШТЫҢ ҚАСТЫҒЫ (А. Сәрсенбайұлына) Жоқ! Жоқ! Жоқ! Суыт хабар Бұл не деген сенбейміз, Өкінішпен өтер болдық өңкей біз. Елім деген Арыстарға опат көп Қашан, қашан бұл сұмдықты жөндейміз. Бір азамат тағы кетті қапыдан, Ішімізге толып кетті запыран, Кім екен ол?! Қол батырған қарақшы Қарғыс келсін бір Тәңірдің атынан. Бұл Алтекең заты Алаштың ұлытын, Білетін-ді елдің ішкі құрытын, Биіктікпен, парасатпен жобалап, Болашаққа артқан еді үмітін. Алтекеңде болғаны рас, Бас мықты. Сүйетін ол, ынтымақты, достықты. Дұшпандықты күтпейтін ед ешкімнен Бір Батыраш жасап кетті-ау қастықты.

...Жәйбарақат тұра алмады жай кісі. Жанға батты есіл ердің қайғысы. Көңілдерде “Қап!” деген бір өкініш Азаматтың кетті деп бір ойлысы. Алтекеңе айта алмаймыз, “Хош!” деп біз, Рухына тағзым етіп өтпекпіз. Ең ойшылдар көктей солып, жұлынса Бұл қазақтар қайтіп қана өспекпіз?!. *** ОТЫН ЖАҒЫП НАМЫСТЫҢ... (М.А.Құл-Мұхаммедке) Ұлтыңның ділін, дінін сақтауыңмен, Ғұрыпты, салт-дәстүрді жақтауыңмен, Сынға түскен кезінде Ұлттың Тілі Жан ұшыра ардақтап ақтауыңмен, Ірі едіңіз Мұхтар! Өмірді жастай тастай тануыңмен, Оттай боп ел қамы үшін жануыңмен, Ұшақтан көк аспанда құлап түсіп Алла қолдап есен-сау қалуыңмен Ғажап едіңіз Мұхтар!

Намыстың отын жағып, қайрауыңмен, Берік қып ұстамыңды байлауыңмен, Қай жерде, қандай істі қолға алсаңда, Халық қамын тереңнен ойлауыңмен, Азамат едіңіз Мұхтар! Бағы ашылар БАҚ пенен әдебиеттің, Қос саласы әлемдік өркениеттің. Қайта оралдың, Өзіңмен қайта соғар Алпыс екі тамыры Мәдениеттің. *** ҰЯҢ БИІК БҮРКІТСІҢ (Қ. С. Омарханұлына) Өкініш айтпай жалғанға, Жеткізген қолын арманға, 80ге шықты сеңгірлі Сейітпатал тарлан да. Жеңіп қиын жолды кіл Ұяға биік қонды бір, Томағасыз бүркіттей Қиялмен ойды шолды бір. Бір әке, бір анадан, Ұрпағы өсіп тараған, Тілкөзінен сақтасын Қызығып жұрты қараған,

Толғап бір жырды бастасақ, Өткенге көзді тастасақ. Сібірдің дәмін таттыңыз Кезінде заман ат та, шап! Еліңіз қалып шалғайда, Іздейтін ол кез хал қайда, Ертісті естіп алыстан Жүрдіңіз Сібір, Алтайда. Қиындау болып заманың, Қиыр Шығысқа тиді табаның Басталып майдан сол кезде Отанды қорғап жарадың. Алдыңда тұрды тағы сын, Қорғадың ұлттың намысын, Қан майданда көрсеттің Қазақтың ұрыс, шабысын. Болған соң мықты күресің Жеңісте болды үлесің Қоңдыбаев Сейтпатал-деп Айтылып жүрді бір есім. Орден мен медал тағынып, Жамиладай жар табылып, Екеу болып бір басың Оралдың елге сағынып.

Іс іздемей жанға жай, Қызмет еттің талғамай, Қызықтырған жоқ сені Дүниенің бар-жоғы-ай. Ортаға салдың барыңды, Қорғай да білдің арыңды, Өнегелі ұл-қыздан Ізбасарлар табылды. Оң қанатың Серғазы Сол қанатың Ерғазы Ізіңді басты ұлдарың Бәріне жұрт, ел разы. Өмірде болар әр қия, Есте ғой ЦК Компартия, Осы сапта Серғазы Еңбек етті жан қия. Туылып социализмде, Сенген ед коммунизмге, Бизнесте жүр Ерғазы Нарықтық капитализмде. Гүлжамалың – тілегің Ұл сияқты тірегің. Жаның сыздап ауырса Жұлып берер жүрегін Қаратай мен Нұртайға Жететұғын жыр қайда Елдің қамын істеген Ойламастан құр пайда.

Құқықты қорғап тірескен, Органда жүріп күрескен Сейтқали ініңіз Өкшеңді қуып бір өскен. Тындырып барлық жұмысты, Алдырған кең тынысты, Сейталы інің болатын Бәрінен сізге жұғысты. Шалқыған көңлі теңіздей, Ағасына жақын егіздей Қайынжамал жүреді Аға қалай дегізбей. Көрсетсе де айбатын, Сойып берер тойға атын, Арқа сүйер ол да інің Күйеу балаң Қайратың. Әйелдің бермей намысын, Ортаға үйген табысын, Келіндерің кіл жақсы Соданда тату абысын. Алдыңнан кесе өтпеген, Дастархан жайған етпенен, Гүлбану мен Гүлбарам, Келіндеріңе ешкім жетпеген. Қолыңыз жетті арманға, Келіндер бай талғамға Ешкім жетпес келіндерҚуаныш пен Қорланға.

Үлкенге иба тоқыған, Оқыған десе оқыған, Әсемге кім жетеді Шаңырағыңда отырған. Күнде отырсың айнала Немерең Нұрлан, Айдана, Роза келін ерекше, Нұртайды айтсақ ойлана. Немере тұрса қоршаған, Байқалмас адам шаршаған. Ерлан, Сәуле, Жанна, Зәуре Ерекше тұрар баршадан. Немерең және Олжасты, Зарина мен Мақсатты, Бәрін түгел айтамыз Барлығы да жақсы атты. Ұрпақты еттік жария, Шалқиды көңіл дария Өзіңізден тарайды, Қырықтан астам жан ұя Көк байрақ туды көтеріп, Ұрпағың отыр көгеріп, Сіз жүрген жол оларға Болатын болсын тәбәрік. Өзіңмен таң боп ататын, Өзіңмен күн боп бататын. Аман болсын ұрпағың Шығарған ата атағын. ***

ЖІБЕГІНДЕЙ ҚЫТАЙДЫҢ (Ш. Бейсеноваға) Тәңірім бір сыпайы мінез берген, Қалпыңыз көрінбеді бір өзгерген. Сабырлы, биязылық, инабатпен Керім боп көрінесіз Сіз өзгеден. Жұп-жұмсақ жібегіндей қытайылық, Сізде бар өзгеде жоқ сыпайылық. Әдеппен өнбойыңыз әдіптеліп Шуағын шашып тұрар шынайылық. Үлгілік, көргенділік, тәлімділік, Әр іске ой тастайсыз мәнін біліп. Жарастырып Өзіңе киінгенде Киім де қона қалар сәнін біліп. Жақсыға жақсы жар ең, жасырмайық, Ұл тудың шаңырағыңа асылдай қып. Тамырың - алтын діңгек аман болсын Мәуленің, Ел Ағасы - Әшімбаев.

Ізгілік байқалынар ісімен де, Таптың тіл үлкенмен де, кішімен де. Талай жыл жорналында әйелдердің Төктің тер қаламыңның ұшымен де. Ибамен алға шығып біраз адым, Төріне көтерілдің прозаның, Зейнетің енді міне, тәтті болсын, Өмірдің бұзу қиын бұла заңын. *** БАҒАЛАНАР МА САТИРА (К. Әмірбекке) Орыстар жиі жылап, жиі күлсін, Бір-бірін сүйер болса сүюі шын. Бағалап сатирасын сары алтындай Өледі Петровы мен Ильифі үшін. Түріктің Әзиз бейі Несинін айт, Танылған жарты әлемге есімін айт. “Әз Әзиз падишасы Әзілдің “ деп Тербеткен туған елі бесігін айт.

Көпен – Бек емес еді осал адам, Күлкіден езу шіркін босамаған. Садағы бар, оғы бар тілінің деп Кей билік көтермейді босағадан. Талай жын сым болып еді “Арадағы”, Талай сұм құм болып ед даладағы. Ым мен жым, Қу менен сұм билік алып Көпенге қабақ беріп қарамады. Курстас қайран менің Көпенім-ай, Күйдірген күйдіргіні өтегім-ай, Несиннен нең кем ем еді бағаласа Мемлекеттік сыйлыққа көтеріп-ай. *** Шөл қысқан кез ( К.М. Жолдыбайға) Тері басқан маңдайды, Шөлі қысқан таңдайды, Тізгіні БАҚ-тың қолында Кенжекең біздің қандайды. Терісін БАҚ-тың илеген, Биліктің өзін билеген Еңбегі келер теңеуге Құдықты қазған инемен.

Тәрбиелеп жастарды, Іс жасады асқарлы Күйінер де сүйінер, Бітпейтін іске жоспарлы. Кенжекең отыр нардайын, Жұмысы қызу әрдайым Қыздардан отыр су сұрап Жібітем деп таңдайын. ***

САТИРАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕР

ДЕПУТАТ БОЛҒАНҒА ДЕЙІН:

-Халқым, елім, қорғаным, Сая бағым, орманым, Сендер сүрген өмірді Жаным шығып қорғадым. Түспей талай мінбеден, Сөз сөйледім күнде мен Намысым қысып тағы да Поддержка бердім Тілге мен Ауру басты елді деп, Тұз-сор басты жерді деп, Байқап мұны үкімет Когда көмек берді деп. Ауасында тыныс жоқ, У мужщины жұмыс жоқ, Келген-кеткен әкімде Тындырылған бір іс жоқ, - деп жыладым егіліп, Қабырғам қалды сөгіліп, Сендерменен көз жасым Бірге жүр ғой төгіліп. Болашақты ойлаңдар, Ешнәрседен таймаңдар. Сенім артып маған да Депутат етіп сайлаңдар. Жоғары жаққа барайын, Мен де қиқу салайын, Елге, жерге жанашыр, Бір азамат болайын...

ДЕПУТАТ БОЛҒАННАН КЕЙІН

Отырды.Тұрды.Жүрді. Білмейді ешкім сырды. Сөйтсе де телеэкранның Кеңейтілген бетінде тұрды. Депутаттық ісі бар, Көтерілген іші бар. Бірде сұсты, бірде жылы Түсініксіз түсі бар. Азамат сияқты ізгі. Өткізді бір жаз, күзді, Содан соң баспаға беретін Кітаптарының атын тізді. Өзінің атағы да, Жол жүрген сапары да, Шатысқан шатағы да Кітап болды. Жаза берді, тоқтамады, Ал оқырман жақтамады. Жазғандары 4-5 том боп Кітап арын ақтамады. ***

БӘРІНЕН ДЕ СЕН ЖАҚСЫ

Заман түлкі болғанда, Тазы болған сен жақсы. Өзің ұры болғанда Қазы болған сен жақсы. Аузың қисық болса да, Сөзің түзу сен жақсы. Мұрның пұшық болса да Әнің тузу сен жақсы. Билігің бар, сыйың бар, Өмір сүрген сен жақсы. Долларың бар, күйің бар Ойнап-күлген сен жақсы. Байды “бай” деп актілеп, Бөліп жүрген сен жақсы. Кредитіңді “шәпкілеп” Беріп жүрген сен жақсы. Сөзің өтпей жүрсе де, Шешенсінген сен жақсы. Елің сырттан күлсе де, Көсемсіген сен жақсы. Жасасаң да қылмысың, Білінбеген сен жақсы. Арамдықпен тұрмысың Дүрілдеген сен жақсы. Ақиқаттан айрылып, Зарлап жүрген ел жаман. Соның бәрін сыртынан Барлап жүрген мен жаман.

Бәрінен де сен жақсы...

ЖЫРПАРТИЯНЫҢ ЖАРНАМАСЫ

О, жарандар, жарандар, Зер салып бізге қараңдар. Нағыз шындық біздерде, Өтірік жоқ амалдар. О, жарандар, қараңдар, Ауылың бар, қалаң бар. Жырпартияны тек ғана Қамқоршым деп санаңдар. Жырпартияда астар жоқ, Жыр жырлаған достар көп, Сенімдіміз саяси Жырдың жолын қостар көп. Жырпартия Сіздің анаңыз, Жырпартия біздің данамыз, Бірігіп дауыс берсеңдер Жырпартия болар панаңыз, Көтереміз далаңды, Көтереміз санаңды, Жырпартияны жырлаңдар Бұзып шығар қамалды. Соңымызға еріңдер, Бірігіп дауыс беріңдер, Жырға, нұрға бөлейтін Жырпартияға еріңдер... Тыңдаңыздар, бар қауым, Біз болайық таңдауың, Жырпартияның ертең-ақ Көресіңдер қолдауын...

Жан-жағын жатқан қарқ қып, Партиялар көп жарықтық. Сеніммен дауыс берген соң Бір көруге зарықтық.

КӨКІРЕКТЕР

Бастығымда -өркөкірек, Хатшысындакөркөкірек, Замында жеркөкірек, Помында – шеркөкірек, Қалысқым келмей олардан Болып кеттім мен көкірек. Офис толы көп көкірек, Жоғарыға қарап өкіред, Төменге қарап кекіред, Қайран, көп көкірек, Тоқтағанша өкілет Көкірек керіп өкім ет.

ШІРКІН ТОЙ

Қазақтың ойы емес қой бұзық, Жүреді жаңалық десе қызып, Содан соң болар кейде, Өткізген тойлары қызық. Дәстүрді өшіртіп санада, Ал салтты ұлытып далада, Жүректі налытатын Тойларды көресің қалада. Қалыңдық отырмас жасып, Кеудесі мен арқаны ашып, Ортаға шығады биге Көңілі судай тасып. Мәселен би бар “Ламбада”, Қарайтын жұрт таңқала. Бөксе былқылдайды, Дамыл жоқ санда да. Қалыңдық та именбей, Жұртпен бірге иреңдей, Қайынағасы шықса да Жұптаса қалады изеңдей. Тойшылар болса ду-ду! Ал жынды әуен у-шу, “Приз! Приз! “ дейді Өңешін жыртып бір қу.

Содан соң, Көпшіліктің шығарып иі-қиын, Қалыңдық ұрлатар туплииін, Ал, тап ізде, тапсырма солай, Тауып көр жетсе миың. ... Жарықтық атасы тапты-ау, Тамада айтып жатар мақтау, Ойын шарты көндірер Әдепті қайда сақтау. Шарт бойынша кім тапса Туплиді келінге кигізбек, Келіншек ернінен сүйгізбек. Айналар басыңнан ми, Бірақ есіңді жи... Сүйсе сүйсін дейді Бұл келіннен сый! Музыка! Қайтадан би, Стакандарға тағы да құй! Дауыстар:”Горко”! “Горко! Келіншек күйеуге жабысады, Ерінге-ерін қабысады, Осындай тойлар көп-ақ, Бізге жетпеген жүр Намыс әлі.

КРУТОЙ ЕКЕН МАМАСЫ:

- Балам, төсегіңнен тұрғын, Мұртыңды қырғын. Тым болмаса сабағыңа Барсайшы бір күн. Машинаңды жөндеттім. Серебро сырмен өңдеттім. Правоңды МАИ-дан алып Олардың өзін тергеттім. Тұрғанда ұзын қармағым “Болашақты” да барладым, Шет елде сені оқыту Білесің ол да арманым. Басыңды көтер, тұр деймін, Жетекке жаным жүр деймін, Крутой мамаң тұрғанда, Крутой өмір сүр деймін Мамаңды жерге қаратпа, Төбеңді көрсет сабаққа, Аттестатты қолға алшы Салына бермей араққа..

КРУТОЙ ОНЫҢ БАЛАСЫ:

- Мам, мен Сізді ұқпадым, Казинодан шыққанмын. Понимаете, бүгін жуу керек Қолым жүріп ұтқанмын. Кездесу бар аса маңыз. Мектепті атамаңыз, Қиқылдай берсе директор Қиқуын баса аламыз. Емеспін өмірдің ақымағы, Оқығаным татымады. Аттестат та, мам, Білемін, ол да сатылады. Мам! Ұлыңда бүгін шанс, Өзі келмек миллион табыс, Ал, казинодан ұтылсам Пожулуйста, Бересің ғой қарыз, Чоу! Мам! *** Шындық және өтірік Өтірік: - Шындық-ау, Көрінбей қойды ғой төбең “Демократияда биік”- деп ең,- өрем” Үнің қалғандай ма тұншығып, Әлде менің құлағым ба керең. Жүруші ең тасаланбай, Тәлтіректейсің мас адамдай, Жә, не болды айтсайшы Ақиқат едіңдер ашамаңдай.

Шындықты жұрт ұқпай, Дауыстарың жүр ғой шықпай, Әлсіредің бе оны айт, Өтірікпен жазайық ұшықтай. Сыйықтарың барады азып, тозып, Біздің делебеміз жүр озып, қозып, Билік те, мықтылар да бізді Көмекке шақырады қолын созып. Өтірік өр заманның өрінде, Қасқайып Тағы менен Төрінде, Шындық-ай, кейде шырылдайсың Басыңды қимаймын өлімге... Шындық: -Е, Өтірік, асасың, тасасың, Сөзді де судай шашасың Әдетің ғой баяғы Мен шындасам қашасың. Мен қашанда қалыптамын, Көз түсетін жарықтамын. Рас, сендер семірген сайын Мен кейде арықтадым. Тірлігің болған соң бояма, Сендегі барлық ой ала. Шындық шырылдағанмен Көзіңді алады жоя ала.

Талай заманнан өніппіз Талай заманнан келіппіз. Құрта алмайды ешкім де Көрген жоқпыз өліп біз. *** Ет базарындағы диалог - Қарындас, көрсетіңізші саныңызды? Бағалар ұшып, Шығарып тұрса жанымызды, Сіздер алақандарың қышып, Қағып аласыздар барымызды. - Ағай, демеңізші олай, Алып жүрсіз ғой талай, Міне, төсім. Міне, жамбасым Жақындасаңызшы бермен қарай. Менің санымды барлығы мақтайды, Ал құйрығымды ешжерден таппайды. Саным жас, жұмсақ Өкінбейсіз, өз бағасын ақтайды. Құйрығымды да қоса алыңыз, Қуанып қалсын жарыңыз Бәрінен жақсы құйрығымыз бен санымыз Мүшелерімді тұтас берейін Риза болсын үйдегі жарыңыз... *** Мысалдар Қазы мен тұз

Құдайым беріп жұғымды, Алмайтын болдым тынымды. Ауыздың іші мені аңсап Асқазан маған бұрылды. Шыға алмаймын сытылып, Тістің де болдым құты нық. Мені көрсе шыдамай Жұтқыншақ тұрар жұтынып. Жақ та мені жақтайды, Тіл де мені мақтайды, Қазы, қазы, қазы-ай деп Басқа дәмді татпайды. Болмаған соң татымды, Атамас ешкім атыңды. Қазы-еке, болдым мінекей, Тұз-еке деп кім шақырды. Тәттіге де қосылмай, Ащыға да қосылмай, Бір қалмайсың қатардан Қылығың ұят осындай. Асқазанның төрінде. Мен жүргенде көрінбе, Тіпті дәмге жолама, Жолама мүлде ерінге. Осыны түсініп ұқ та, Еш дәмге басыңды сұқпа. Әсіресе, Қазы тұрғанда, Орынды босат, шық та

деп Қазы Тұзды кеп жерледі, Тұз қысылып терледі. “Жоғалайын, қасыңнан,- менсіз Қазы боп көр”,- деді. Тұзсыз қазыдан сән кетті, Дәм кеткен соң мән кетті, Көгеріп, сасып бүлініп Қазы атынан дәм кетті. Ауыз да теріс бұрылды, Ерін де Қазыдан жырылды. Тіс болса Тұзсыз Қазыдан Ауыздың қуысына тығылды. Қазы бүлінді, ластанды, Бұзылды. Итке тасталды. Тұз орнына келіп Барлық дәмді басқарды. ***

ПИЯЗ БЕН САРЫМСАҚ

ПИЯЗ:

-Жағымсыз неме, кетіп ем қашып, Келдің бе қасыма иісің сасып, Сен үшін ұялып жерге кіремін Бетімді басып. Әрірек тұршы тым болмаса Тұрайын пияз бетімді ашып. Сен сынымды бұзбасаң Елдің бәрі маған ғашық. “Пи-яз, пи-аз?”- деп көргені қандай, Теңгені салмақтап бергені қандай. “Томпағын, қарашы, әдемі ” деп, Қағады маған таңдай. Айырар жұрт жаманы мен жақсысын, Сен болсаң дәмсізсің әрі ащысың. Сарымсақ деген атыңның өзі Сасықтығыңның көрсетіп тұр нақтысын, - деп Пиаз Сарымсақтың қуырды келіп апшысын. Сонда саспастан Сарымсақ:

- Беу, туысым пиаз-ай! Көзіңді тура ашшы! Мен бе ащы, сен бе ащы Ағайынбыз аталас Тамырыңды таны алғашқы. Сен пиаз! Сақтансаң, басқадан сақтан, Менімен қорланба, мақтан. Ата-тегің Сәбіз емес, Бәрібір Сарымсақтан. Адамдардың көздерін бақшы, Мендегі иіс сенікінен жақсы. Мені тураса тырп етпес, Сен туралғанда төктіресің жасты. Бір атадан осындай Шыға береді екен-ау, албасты!

МАЗМҰНЫ

Жан сарайым, өлеңім ........................................................................ 4 Ей, Өлең, маза берші ---------------------------------------------------------- 5 Қараша қаздың қаңқылы ................................................................. 6 Құс та мұңлық ....................................................................... 8 Қара ләйлек ................................................................................... 9 Қарсы ағыс ..................................................................................... 11 Бәйтерек шам орда ........................................................................... 12 Тарихтағы жаңа атау ........................................................................... 13 Ғалам ғашық ....................................................................................... 14 Астана келбеті ....................................................................................... 15 Болашақтың жобасы ........................................................................... 16 Киелі мекен ...................................................................................... 17 Есіл неге тынышсың? ........................................................................... 18 Сыр бағым менің ................................................................................. 21 Жасай бер, Ақпарат ................................................................................24 Бақыт және Ой ................................................................................... 25 Апорттың зары .................................................................................... 27 Шетел банксіндегі Доллардың мұңы ............................................... 29 Тілдің Рухқа зары ................................................................................. 31 Бүгінгі Елім-ай ................................................................................... 33 Зоопарктегі бөрі ................................................................................ 35 Көрінбейтін күнәлар ............................................................................ 36 Енелерге тегін ақыл ----------------------------------------------------------- 38 Кей әйелдің реңі ................................................................................. 40 Бұрымды қыз ....................................................................................... 41 Бөлек екен бағамыз .............................................................................. 42 Бірімізді іздейікші біріміз .................................................................... 43 Ақ парақ пен қалам ................................................................................ 44 Достарым .............................................................................................. 45 Қызыл кірпіш ....................................................................................... 46 Қайық өлең ......................................................................................... 47 Жергөгім көк майса ............................................................................. 48 Өзім жайлы төрттағандар .................................................................. 50 Ақ бантик біз де тағып ек... ............................................................. 51 Ашылсын бағың .................................................................................. 52 Құтты болсын ақ босаға .................................................................... 53 Атаншы жақсы келін бір ................................................................... 54 Жолыңа шашу ..................................................................................... 55 Өзімнен шыққан өзім .......................................................................... 56 Ең сұлу ................................................................................................ 57 Қыз көктембойжеткен ...................................................................... 58

Бағаңды ұқ ............................................................................................. 59 Ару қыз қамықпа.................................................................................. 60 Емендей болсын тамырың ................................................................. 61 Түсінесің бе өлеңді ............................................................................. 62 Тіл – оқ ................................................................................................. 64 Өтініш пен өкініш ................................................................................ 65 Мәңгі өмірді іздеймін ...................................................................... 66

Поэмалар мен жыр дастандар,хикаяттар Қазақтың қараторғайы ...................................................................... 67 Ордалы жылан ойраны ....................................................................... 72 Таза дос ............................................................................................... 78 Пассуктің махаббаты ........................................................................ 89 Бейжіңді жеңген батырлар ................................................................ 92

Лирикалық өлеңдер Өмір – махаббат ................................................................................ 97 Жасыл көйлек киген күн ................................................................... 98 Жүрекке бағыну ................................................................................. 99 Бұрын сені кім сатты? ..................................................................... 100 Таба алар ма екенсің? ..................................................................... 101 Күрсінерсің де жүрерсің ................................................................ 102 Махаббат –құс .................................................................................... 103 Басқан ізді күл қылдық ................................................................. 104 Мен жоғалдым ............................................................................. 105 Өлең боп келерсің ......................................................................... 107 Өзің ғана ...................................................................................... 108 Сенің кеудең .................................................................................. 109 Қаласың енді өлең боп .................................................................... 110 Өртенуге өлең шыдар ....................................................................... 111 Былғама мені ....................................................................................... 112 Ақ сезім ақша қар ............................................................................. 113 Күттің бе, бақытыңды ....................................................................... 114 Түсін, бейбақ ....................................................................................... 115 Байқамай қалдым ................................................................................116 Ар шынжыр ................................................................................... 117 Елес боп ылғи жүресің .........................................................................118 Махаббат формуласы ....................................................................... 119 Жолымнан шыға берме ................................................................ 121 Түсінгім келмес .............................................................................. 122 Жұлдызым өзің бе еді .................................................................... 123

Арнаулар Батыраштың қастығы ........................................................................... 124 Отын жағып намыстың ................................................................... 125 Ұяң биік бүркітсің ........................................................................... 126 Жібегіндей қытайдың ...........................................................................130 Бағаланар ма сатира ......................................................................... 131 Шөл қысқан кез .................................................................................... 132

Сатиралық өлеңдер Депутат болғанға дейін ....................................................................... 133 Депутат болғаннан кейін ..................................................................... 134 Бәрінен де сен жақсы ........................................................................ 135 Жыр партияның жарнамасы ............................................................. 136 Көкіректер ........................................................................................... 137 Шіркін, той ....................................................................................... 138 Крутой мамасы .................................................................................... 140 Шындық пен өтірік ..............................................................................142 Ет базарындағы диалог ..................................................................... 144

Мысалдар Қазы мен Тұз ..................................................................................... 145 Пиаз бен Сарымсақ ............................................................................. 147 Өріс Яшүкірқызы Қараша қаздың қаңқылы (Өлеңдер, поэмалар мен жыр-дастандар) Редакциясы мен корректурасы автордікі Суретші Я.Логинов

ИБ № 1

Басуға 30.11.09. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32 Қаріп түрі «Tаймс». Баспа табағы 10,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 3528 Қазақстан Республикасы, АО «Баспалар үйі» Алматы қаласы, 05009, Алматы қаласы, Абай даң., 143-үй. Тел.: 8 (7272) 3 955201, телефакс 3955202. «Тамыр» фирмасының компьютерлік-баспа жүйесінде беттелген. 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143; Тел.:394-42-95 Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды 050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

ISBN 9965-672-64-4

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙