TELEGEI

Home

Асыл сөз

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Асыл сөз

Сұлтанмахмұт Торайғыров поэма жанрына өзіндік үн қосты. Сюжетсіз поэмаларымен қоғамда болып жатқан мәселелерді кеңінен қамтыды. Поэмалар желісі өзі өмір сүрген қоғам мен әділдік таппай жүрген халық, өзінің шығармашылық жолын көрсетті.

ӨЛЕҢДЕР

АЛҒЫС

Жанымды жарқыратқан, ағаларым!
Көп тиді біз - ініңе паналарың.
Талпынып, таянды ғой төбем көкке,
Жоқ еді қозғаларлық шамаларым.

Бақ пен тақ, жақсылықтан нұр құйылып,
Өмірлі болсын бала-шағаларың!
Жаным, тәнім, тілегім — бәрі сізде,
Онан басқа еш нәрсе жоқ қой бізде.

Бір құдай тілегімді қабыл етіп,
Жақсылық нұр жауғызсын, жұртым, сізге.

ШЫҒАМЫН ТІРІ БОЛСАМ АДАМ БОЛЫП

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен балаң жарық күнде сәуле куған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып кермеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

Алдияр, аруағыңа, ет пен қымыз,
Сені ішкен мұратына жеткен, қымыз.
Мейілі доңыз болсын, қоңыз болсын,
Иеңнің түкірігін ем еткен қымыз.

Бас иіп айдыныңа ауыл-аймақ,
Қоясың қоғамыңды жіпсіз байлап.
Құдай иіп құлқынға түсе қалсаң,
Есілдей есіп шалқып ақақайлагі.

Тізеден сегіз қарыс қара саба,
Жыбырлап айналаңда бала-шаға.
Дүниеде неше түрлі нығмет бар ғой
Сонда да сенің жөнің жеке-дара.

Көпірсең, ұжымақ иісі анадайдан
Кеуденді жарып кетер әлдеқайдан.
Екпінің еш нәрсеге жол бере ме,
Өзендей гүр-гүр етіп аққан сайдан?

Адамның дүниедегі бәрі досың,
Сиқыр ма бұ не ғажап сенің осың?
Ерінге бір-екі күн тимей жүрсең,
Келтірмей құрыстатып көңіл хошын.

Шалдардың піскен даусың есін алып,
Отыртпай үйлеріне түрткі салып.
Мейілің теп, мейілің ақыр, мейілің жекір,
Кек қылмас саған ешкім көңілі қалып.

Магнитің түстік жерден қонақ бұрып,
Әдейі сәлем үшін бұрыс жүріп,
Бай, кедей, жақсы, жаман, төре, қара
Жапырылып ыңғайыңа бәйік тұрып.

Әсіресе қажы, сопы, қожа, молда
Сарт та сұрт тасбықтарын алып қолға.
Жаудыртып келгеннен-ақ баталарын,
А, құдай, онда да онда, аруақ қолда.

Осылай зиярат қып жұрттың бәрі,
Аузыннан шыкқан сөзің болып дәрі,
“Мырзеке, ие солай!” деп бас изесе,
Тәштитіп танауынды онан әрі.

Сапырсаң сары шараға құлаш керіп,
Жиылған мейманыңа құйып беріп.
Ата ұлын, ене қызын безіп тастап,
Кетпей ме екі ұдайда саған еріп.

Кәсіпсіз көзін сатқан сорлы кедей,
Қоя ма піспек аңдып тентіремей?
Атағынды көтерер алғыс айтып,
Байғұсқа бір жұтқызсаң, “кет, шық” демей.

Шатып-бұт не қылсаң да сөзің дәмді,
Кісі жоқ бұ жиһанда сенен сәнді.
Қымызсыз маған салса, Аплатон бол,
Көрмессің сөзің тыңдар ешбір жанды.

Басыңнан қымыз кетсе, қызық кетер,
Сын-сиық, сәулетінді бұзып кетер.
Кешегі бәйік болып отырған жұрт
Күдерін бүгін сенен үзіп кетер.

Ей, қымыз, ыза қылдың қолға түспей,
Онда мен жүремін ғой күйіп-піспей,
Жүректегі қапамды атқызар ем,
Өлсем де жұртқа беріп, өзім ішпей.

БІР БАЛУАНҒА ҚАРАП

Жықсаң бәйге аласың алысқанда,
Қару қып, қайратың сап қарысқанда.
Жындылық - шаппай бәйге бер деп сұрау,
Озсаң, бәйге кім бермес жарысқанда.

Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең,
Тәуекел, күреске түс, бар-дағы жең.
Дүниеде барлығынды кім біледі,
Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен!

Кім сені бұл дүниеде бар деп айтар,
Кім саған жықпай бәйге ал деп айтар?
Жықпасаң да күресіп талаптансаң,
“Еті тірі, жаужүрек жан” деп айтар.

Жүрген көп; “жығылам” деп үйде бұғып,
Жел болмай, боран болмай бет алды ығып;
Қысқасы, ондырмаған жасқаншақтық, —
Жасқанба, қылыш шапса, найза сұғып!

ШӘКІРТ ОЙЫ

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рахатқа сарқылар.

Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.

Орны отайып, көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас.

Каһарман Рүстем, Әли де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.

ЖАҚСЫЛЫҚ КӨРСЕМ ӨЗІМНЕН

Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді
Шығарамын сөзімнен.

Өзім қылдым деулерді
Таса қылман көзімнен.

Жазалы емес құдай да,
Күн мен жұлдыз һәм ай да.
Жұмақ күткіш наданның,
Орны дозақ әр кайда.

“Теңгерер соңыра" — деген сөз —
Тек жұбатқан бір айла.

АЙТ

Жер жүзін көк шөп басып түрленгендей,
Қызарып бәйшешектер гүлденгендей.
Киініп қыз, келіншек жарқылдайды
Бір түрпі жана тұрмыс түрге енгендей.

Шаттықта өңі ашыңқы бала-шаға,
Оларды есіркейді қамқор ана.
Жастар да өз бетімен қырыңдап жүр,
Бұраң бел жас сәулемді есіне ала.

Әр үйдің тілегенге есігі ашық,
Шаттық бар, жамандық ой кеткен қашып.
Сойған қой, берген қымыз құрметіне
Байлар да кердеңдейді алшаң басып.

Аттанған қожа-молда тиын қуып,
Сәлдемен он бес құлаш белді буып.
Мұрт басқан, сүрме тартқан, тырнақ кескен,
Дәретпен жып-жылтыр қып бетті жуып.

Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп,
Аштықтан өңі кеткен беті де арып.
Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр,
Дегенге: “Құтты болсын, айт шәріп!”

БІР АДАМҒА

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
“Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..”

Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты!

Суреттер және көрдім жүзі жаркын,
Ойладым: “Ондырған-ау, баққан халқын”.
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?

Дедім мен: “Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз”.

Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
“Қай момынның малы бар бұл аяқта?”
Демейінше болмады, қарап жай-ақ!

Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: “Көріңіздер, жасқанба” деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім:
Ішінде нақақ көзден жас бар ма дегі.

ӨМІРІМНІҢ УӘДЕСІ

Оллаһи! Ант етемін Алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен.
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.

Келгенше осыларды отыз жасқа,
Іншалла бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа.

Сенемін еңбек қылсам, бақыт жақын,
Келер жаз атақты алам деген “ақын”.
Жүректің қазынасы тазартылса,
Пайдасын көрер әлі-ақ ертең халқым.

Тұрмыстың оғы шыбындай,
Тезінен туар көңілімде-ай.
Бір мағнауи күш түртіп,
Баққа ұмтылып тұр мандай.

Үміттің көзі жарқырап,
Бұлағы ағар сарқырап.
Бүл бәйгеде Махмұттың
Азбаны келер арқырап.

ЖАН ҚАЛҚАМ

Енді, әрине, мен бір шөп
Қозғалмаймын тіпті көп.
Қозғалмаймын демеймін,
Толқитын енді жерім жоқ.

Неге еспейсің желіңнен,
Аяймысың еріңнен.
Жан қозғарлық жар болсаң,
Кел кұшақтат беліңнен.

Бұйырғанды көрерсің
Қимылдатқан ерніңнен.

Қарадың неге, жан қалқам,
Күйдірейін дедін бе?
Етіп қалдың бір жалтаң,
Сүйдірейін дедін бе?

Өзегімді жандырдың
Идеямнан тандырдың.
Өмірлік кетпес қайғымды
Бір көз салып қалдырдың.

Қызықдырдың басыңа
Бас имеуші едім ғаламға.
Неғып тарттың қасыңа
Таңданбаушы едім адамға.

Көлеңкеңді көрейін,
Құрбандықта өлейін;
Жандырдың өзің өрт салып,
Баспасаң кайтіп сөнейін?

Бір қараумен ерітесің
Жүректің мұз тоңдарын.
Бір күлумен серпесің
Тағдырдың суық қолдарын.

Көріп жүрсем күндеймін,
Көрмей жүрсем түндеймін.
Қимақ тұрсын, жат жаннан
Көлеңкенді күндеймін.

Сені көріп тұрғанда,
Күн мен жұлдыз, ай да жоқ,
Жүрегім лепіріп жұлғанда,
Патша да, құдай да жоқ.

Бәрі сенің бір өзің:
Күн, ай, жұлдыз — дәл көзің.
Мың кайтара тәу етем,
Аузыңнан шықса бір сөзің.

Сен жоқ болсаң, қарағым,
Дүние жүзі маған көр.
Барлық талайым...
Цифры жоқ, сенсіз ноль.

Сірә да жалғыз мен емес,
Сенсіз дүние кең емес.
Ауруым қатты өлемін,
Өзіңнен басқа ем емес.

Маған салсаң еңкейіп,
Қатайып кет, жасып кет.
Әрі барсаң теңкейіп,
Өлексе боп сасып кет.

Айнымас менің сүйгенім,
Сөнбес жанып күйгенім.
Бетіңнен сонда сүйгізсең,
Көз жасымды игенің.

Осы сүю жолдаста
Болмаса, кеттің оңбасқа.
Екеуің де бірдей бол,
Болмадың ондай — жол баспа.

САРЫАРҚАНЫҢ ЖАҢБЫРЫ

Көп уақыт жаңбыр көрмей курап, күйігі,
Жоқ еді Сарыаркада көрер сиық.
Шөлдеген сол катарда жан-жануар
Аузына тұра алмаған тілі сыйып.

Айналған Сарыаркамен қоштасуға,
Бір жаңбыр жібермесе кұдай иіп.
Садақа неше беріп, жаңбыр сұрап,
Намазды неше оқыған жұрт жиылып.

Көп уақыт зарықтырып, акырында,
Күнбатыстан қара бұлт жауды құйып.
Сіркірей, шүмектеп күн жалтылдаған,
Көк жерге құлағандай шартылдаған.

Кей уақыт жердің беті аппақ болды,
Жұмыртқадай бұршақпен сартылдаған.
Ыстық жерде өршитін жылан, шаян
Жан сақтауға ін таппай қалтылдаған.

Таулардан бейіл кеңіп, ағып бұлақ,
Кей үйлер талқан болып жатыр құлап.
Сонда кемпір от үріп, тұтата алмай,
Шалына төрде отырған айтты жылап:

“Тезек су, кешегіден сүт шикі тұр,
Тілек қылған ел ақымақ жаңбыр сұрап;

Арба астында қалшылдап иіріліп тұр
Кеше қырыққан жүнсіз қой, арық-тұрақ.
Бір жағынан жалтылдап зәрені алып,
Күркіреуден міне тұр тұнып құлақ.

Бір үргенде жанатын тезек майдай,
Жаңбырдан маған артық ыстық шуақ!”
Бұл мысалдың мәнісін ұға алсаң тез
Келген заман — бостандық, жаңбырмен тең.

Уақтыма тезек кұрғақ болмады деп,
Кемпірдей қашпа құдай рахметінен.
Жаңбырдан соң көгерген Сарыарқадай
Бостандықтың күшімен көгерсін ел!

Дейсіндер: “Тыныш кетті, күнде сайлау”,
Кемпірден жоғарғы айтқан қай жерің кем?

НЕГЕ ЖАСАЙМЫН?

Сусыз, шетсіз шөлдерден
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше!
Касқыр мен қой дос болып,

Достықсыз өмір бос болып,
Шын өмірге жеткенше!
Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,

Тазарып әбден кеткенше:
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын куарар,

Талай өмір суалар.
Жасамаймын: “Еңбектің
Жемісін көзбен көрем” деп,
Жасаймын: “Бір қолғабыс

Кейінгіге берем” деп.

СОҒЫСТЫҢ КЕСІРІ

Неше қыршын жастардың
Кеудесінен оқ өтіп,
Ауыздарынан қан кетіп,
Ішіне тартылып көздері,

Ыңырану боп сөздері,
Шытынап көкшіл көздері.
Елестеп көзіне арманы,
Жетем деп ойға алғаны,

Елдегі қатын-баланың,
Әке, шеше, ағаның
Көрмей, жылап калғаны.

Міне сондай заманда,
Жау әскері қаланда;
Мал-мүлкіңнен күдер үз!
Ажары тәуір қатын-қыз

Зорлауы мен таланда.
Талай милар бұрқырар,
Саз балшықтай табанда.
Адам күші жетер ме,

Мұнан да әрі жаманға?!
Сондайларды ұялмай,
Қосармысың адамға?..
Больницаға барғанда,

Сай-сүйегің сырқырап;
Кейбіреулер қорқырар,
Кейбіреулер қырқырап,
Дәрігер пышақ салғанда:

Кейлер шыңғырып, шырқырап.
Кейінің ерні кезерер,
Ымдап жұтым су сұрап;
Өкпе тұсы — жан жерден,

Жан тұратын әр жерден,
Кейінің қаны бұрқырап.
Қайғыланып отырар,
Көзден жасы жылтырап...

ОСЫ ДА ӘДІЛДІК ПЕ?

Дүниенің дөңгелегі айналады:
Кімі үстінде гуляйттап жайланады;
Кімі астында езілер саз балшықтай,
Білмеймін, түбі неге айналады?

“Үстегіде не қасиет, астағыда
Не жазық?” деп еріксіз ойланады.

— Үстегі сындырмаған шөптің басын,

Сонда да тамағы тоқ, кигені асыл;
Жасаулы, зиннеттеулі палатада
Қызметкер даяр қылар керек асын.

Он жыл қызмет бір кедей қылып таппас
Қондырған бір жүзікке асыл тасын;
Бір кедей жылдық тамақ етер еді,
Өндеген бояуына бет пен қасын.

Безенуге, ойынға мал шашумен
Өткізіп бара жатыр өмір жасын.

Қол жоқ онда жұмысқа, іске тиер,
Жұма сайын бір модалы киім киер.
Сән-сауықтың бәрі де табылады:
Тек қайсысын көңілі оның сүйер.

Бір қонағы тұрады он мың теңге,
Номерлерге барысы одан кем бе?
Бір түнгі бір әйелге шыққан шығынын
Түссе де кедей таппас 40 жыл терге.

Жолы бос жиһан кезсе тамашалап,
Алдында стол, биші қыз, қызыл арақ;
Портвейн, қарта ойыны күн-күн сайын,
Іш пысқан соң отыра алмай текке қарап.

Шалқасынан жатса да, құдай берер,
Шашса да кедейлік жок оған көрер.
Заводы, фабригі, жер жалынан
Жыл сайын миллион-миллион доход келер

Жер жалынан — жерді жалға беру (арендаға беру) мағынасында.

Астағы жұмыс қылған қолы жаурып,
Жасынан терге жуылып, аркасы аурып.
Жер астының кендерін шығарам деп,
Жөтеледі, онда жоқ денге саулык.

БАЛАЛЫҚ КҮН

Балалық, сенен артық күнім бар ма,
Бала күнде бойымда мінім бар ма?
Бәріне жетем деймін, алам деймін,
Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма?

Балаға тең көрінер бай мен кедей,
Сүйеді жақсы, жаман, надан демей.
Күнә, сұмдық дегенді ол білмейді,
Айырмасыз ер, әйел бәрі бірдей.

Жақын-алыс деп білмес алалауды,
Аққа жауып жаланы қаралауды.
Өмір, өлім не нәрсе ұжмақ, дозақ,
Білмейді бақ, күндеу мен табалауды.

Кайғы, қызық не нәрсе, дәмін білмес,
Байлық, бақыт дегенді көзіне ілмес.
Жақсы, жаман сөздердің парқын айырып,
Не десең де таңданып, құлақ түрмес.

Шіркін-ай, балалық күн, өтесің-ау,
Артыңа кайырылмай-ақ кетесің-ау.
Жігіттікті кәрілік куып жетіп,
Ажал-дағы, кешікпей жетесің-ау.

Қызықты, тәтті өмір, бітесің-ау,
Алдынан ажал тосып, күтесің-ау:
Туғанда қызықтаған жаңа жанды,
Тумағандай бір күні етесің-ау.

БАЙЛЫҚ

Байлық-ай, сенің ызаң өтті-ау маған,
Не қылдым өшігерлік, жаным, саған?
Мені көрсең жирендің, теріс қарап,
Әкеңнің менде құны бардан жаман.

Әлі жаспын, не қылдым өшігетін?
Ойың жөқ, мені есіркеп, өсіретін.
Кедейлікті жіберіп аяқ, қөлды
Байлаттың ерік бермей көсілетін.

Сен келсең бар қиыным шешціетін,
Сен жоқта аяқ-қолым кесілетін.
Сенің дөсың байлардай бөлып, менде
Күн бар ма көңіл өсіп, есіретін.

Келмесең зарлайтұғын менде хал жоқ,
Баяғы бір қу кедей қолда мал жоқ.
Өмір бойы бейнегтен арылмаған,
Тұрмыстың көк шолағы, жалда-жал жоқ.

Бәрібір сонда-дағы өмір сүрем,
Қалқақтап көп ішінде мен де жүрем.
Артықтығы: тамақ мол, киімі бар,
Бай көрген дүниені мен де көрем.

Ол маған ұстауға емес, көруге бар,
Байлар үшін жаралған қазына мал.
Адам ұлын алалап, бірдей қылмай,
Нағыз жауыз — байлық сен, пейілі тар.

КЕДЕЙ

поэма

“Дүниедегі нәрсенің бәрі белгілі бір жағдай мен ортаның әсерінің нәтижесі. Бүл жағдай, ортаны жасау, жарату адамның қолынан келеді. Оның хайуанаттан өзгешелігі де осында. Адамның ақыл, ойымен табылған нәрсенің бәрі де осылай жасалған. Мүнан менің шығармамның мақсаты айқын болса керек"

1919 жыл. Сұтанмахмүт.
Қызметі һәм аяныш халі
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.

Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел үйқыда, оттар сөнген.

Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа,
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан міне шықтым талай жасқа.

Жұрт айтады: “Еңбек қып, ерінбесең,
Маңдай термен ас тауып адал жесең,
Қызмет қылған байыңнан алғыс алсаң,
Ол сені алдап, арбап, кетсе де есең.

Сонда сен көгересің”, - дейді халық,
Көп өмір өтпеді ме бұған нанып?
Ес біле басталғаннан бері қарай
Бір күн тыныш жаттым ба, ұйқым қанып?

Адамға аса қымбат балалық шақ,
Ойға кіріп, шықпайтын сор менен бақ,
Қозы қуып, бұзауға құрық салып,
Торғай көздеп, шиді иіп, жасайтын жақ.

Топай жиып, батпақтан құдық қазып,
Балалықтың жанына ойын азық.
Сол кезде де еркімше ен далада,
Кашан мен ойнап едім бойым жазып?

“Патшағар, неге тілді алмайсың деп,
Еркелейтін сен неме қандайсың?” — деп,
Бай қамшысы арқамды оспады ма?
Жылдамырақ қозыға бармайсың деп.

Қозыға жарауымнан біраз бұрын
Ойнатып, уатпап па ем байдың ұлын?
Сүйретіп, арбасының аты болдым,
Бір аяқ ас еді ғой сондық құным.

Онан жаста шешемнен тамақ сұрап,
Қыңқылдап, иығынан түрттім жылап.
Бай асынан жасырып ас әперер,
Мен үшін зекуіне шеше шыдап.

“Жылдам іш, біреулері көреді, - деп,
Көрсе егер, маған ұрыса береді”, - деп,
Жұт-жұттың сасқалактап, астына алар,
“Аяқты бер, әнекей келеді”, - деп

“Дәмді аспен қарным тойса” — деген арман,
Мұршам аз ой ойлауға онан әрман.
Әлі күнге өзгенің қызметімен
Жетпедім бұл ниетке көңілге алған.

Мен сорда жастан бері дамыл бар ма?
Не еңбек сіңірмедім малы барға?
Бетті үсікпен шірітуге көнбедім бе,
Малын қорғап қалам деп аяздарда?

Боранмен жердің үсті көмілгенде,
Мұраның ғана көзіңе көрінгенде.
Жазғы бұлттың жалтылы жай астанда,
Үйде отыру болды ма, жаным, менде?

Илікпей су киімдер қатқанында,
Денеме ызғары кеп батқанында,
Бел шойрылып,бүйірге шаншу тиіп,
Ұйықтатты ма аяғым жатқанымда?

Келгенде шаршап, тоңып,малын қарап,
Бай үйәнен жедім бе тоя тамақ?
Өзі жеуге арланған асын беріп,
Ол жетпесе, отырар ит, шошқалап!

Киім берсе, береді жыртылғанын,
Кір, сасығын, жең жаға қырқылғанын.
Не шіріктен әперер шақпайтын қып,
Жақсы еді «алмадым» деп құр тұрғаным.

Мен емес пе шалғы алып, шөбін шапқан?
Малына құдық қазған, қауға тартқан?
Балшық илеп, қорасын, үйін салып,
Ағаш түсіріп, төбесін оның жапқан?

Білекпен киіздерін баспадым ба?
«Кене жер» деп, қой қырықпай тастадым ба?
Жүк артып, көшіретін мен емес пе?
Не айтса, аяқты ұшынын баспадым ба?

Мен емес пе ас қылған, малын сауған?
Күндіз бағып, айырған түнде жаудан?
Ас пісірген, үй жылтқан мен емес пе,
Тезек теріп, отын ап анау таудан?

Құлақтан бұрап отырып малын,
Үйретуге қиналмап па ед менің жаным?
Қүн көріске қай жұмыс керек болса,
Терлемеп пе мен істеп соның бәрін?

Әсіресе, жаздың қысқа түндерінде,
Шаршап, тәтті ұйқыға кіргенімде,
Көзді тырнап, кұн шықпай, қой өргіздім,
Ауыз кебер шәлденің күндерінде.

Құрттаған, биттегеннің құртын алып,
Шірігін жумап па едім дәрі жағып,
Ішуге, кір жууға су тасыдым,
Иығыма мойынағаш, шелек салып.

Мұздан жастық, бұлттан көрпе жамылып,
Қыс жалқы бақпап па едім қарға малынып?
Жалқымен бірге ықпап па ем үскіріктк,
Үсігем, ашығам деп, тұрдым ба аңырып?

Ұзақ түн итпен бірге қой қүзетіп,
Киім жоқ, күзгі суық дірілдетіп.
Таң атқанша айғай сап, көз ілімеймін,
Бай жатыр ақ үйінде пыр-пыр етіп.

Қаладағы жебірлер
Мен жалғыз ел қызметін істедім бе?
Қаланың да дәм-тұзын ішпедім бе?
Тірі көрге түскендей жер астының

Кендеріе шығарғалы түспедім бе?

Тірдей жердің асты көрім болып,
Көрден тұрған кісідей өңім болып,
Пұшпағымнан талай тер ақпап па еді,
Өнебойым қап-қара көмір болып?

Жер қазып, құм, тас төсеп шойын жолға,
Сүйелдер шықпап па еді біздің қолға?
Күніне 14 сағат жүмыс қылып,
Тамақтан қанша артылды ақым сонда?

Орын көп жаздай терлеп, тапқаныма:
Әкімдер алым алмай жатқаны ма?
Кәрі әкем қысқаннан соң ақша таппай,
Кеп түскем саудагердің кақпанына.

Қыстайғы киген, ішкен борыш қайда?
Борышсыз тұра алып па ең ұн мен шайға?
Бір теңгесін он теңге қылып алар
Саудагер беріп пе еді оны жайға?

Екі-үш теңгем жетпей қап, ана байға
Іштегі бұзауды ал деп, таптым айла:
Кедейдің бейшаралық халін аңдып,
Қылмай ма малы барлар сонша пайда?!

Үш жыл жатып ол бұзау өгіз болар:
“Өгіз бер, не тегін жүр” демей ме олар?
Жыл сайын сондай борыш басын байлап,
Кедейлер сен секілді қайдан оңар?

Мен борыш алып па едім қол жеткенде,
Алғам жоқ па жоқтықтың зары өткенде?
“Карға адым жер мұң болған” кездерді аңдып
Албастыдай баспай ма әл кеткенде?

Үмітсіздік

Әкем, шешем, арғы атам солай өскен,
Олардың да өкпесін есік тескен,
Мен істеген жұмысты олар да істегі,
Мұқтаждықтан құтыла алмай, күні кешкен.

Сайдауыттай алты ұл бар Мақан шалда,
Оларда да жасынан дамыл бар ма?
Өмір бойы өгіздей жегіліп жүр,
Не себепті бермейді оларға Алла?

Анау жүрген Қозыбағар, Сейсенбайлар,
Қойайдарлар, Ысқақтар, Бейсембайлар,
Сондай-ақ болар ауыр адал қызмет,
Әлі күнге жоқтықпен соры қайнар.

Өмірі бәрінің де бір пішінде
Кірде туып, өседі кір ішінде,
Сонша еңбекпен жарыған бір күні жоқ,
Не пайда бүйтіп өмір сүрісінде?

Бір күні басы ауырса, күні қараң,
Қартайса, бала жоқ боп, онан жаман.
Киім жоқ, тамақ мәнсіз, жұмыс ауыр,
Ауырмай қалай шыдар бұған адам?

Қырау, сасық, бу, түтін қыстайғы орны,
Ауырса сонда жатып, қандай болды?
Кәрілікте жатуға тамақ таппай,
Қап салып, тіленбей ме неше сорлы?

Кеше шал келмеді ме қайыр сұрагі,
Белі аспанда, көзі ірің, мүкіс құлақ:
Күрс-күрс етіп, аяғын шалыс басып,
Түгі жоқ, киімінің бәрі кұрақ.

Екі аяғы екі пұт киіз етік,
Тәні көрініп, жыртықтан дір-дір етіп,
Бай оған теріс карап, ұрыспады ма,
“Неге тірі койды деп, тентіретіп?”

Талайдың жұмыс жаншып, саулығы кем,
Сондықтан, қайыр тілеп, ақтайды ел,
Талайлар байдың малын қорғаймын деп,
Қар астында қалады соққанда жел.

Талайлар заводтарда қылған кәсіп,
Тас құласа қалады үстін басып,
Бұларды көре түра, ойлай тұра,
Үміттер жоғалмай ма, көңіл жасып?

Менін-дағы тағдырым осылай ғой,
Қанша еңбек қылғаныммен жанталасып.
Адам аз ба түк еңбек қылмай отырып,
Өмір бойы көрмеген қарны ашып.

Еңбекші тамақ таппай отырғанда,
Жүретін сән-сауыққа ақша шашып.

Өзін мырзалгрмен салыстыру
Ана Жакып сән түзеп, сауық құрған
Құрдасым емес пе еді бір күн туған?
Мен туғанда, табылмай қара сабын,

Ол туғанда, иіс сабын тәнін жуған.

Менің сорлы шешеме қалжа қайда?
“Қой сат” деп, әкем шапты көрші байға?
“Тағы бізге жүрерсің, не болмаса...”
Деді оған, қой бере ме байлар жайға.

Ол туғанда малына тойға сойған
Ауыл тұрсын, бір тайпа елі тойған.
Құттықтап әркім келіп, қалау алып,
Ат мінді молда-дағы атын қойған.

Сүйіншіге тай беріп жақындары,
Құтты болсын айтысты жас пен кәрі.
Мен туғанда білген жоқ аулым тегіс,
Ол туды деп қуанды елдің бәрі.

Тілеулес біреуі әже, біреуі ата,
Солай деп, келгендер көп, тарту тарта.
Жиылды қожа-молда, ишандар да,
Әдейі іздеп, беруге оған бата.

Кісі даяр көтеріп, тербетуге,
Тілектес жанның бәрі ер жетуге.
Мен жылаймын бесікте биттер талап,
Шешемді байға ұрысқызып, жерлетуге.

һәм оның атқа мінер, сүндет тойы,
Тойға сойған үйінің жылқы, қойы.
Құдалық, үйі түскенде сойған малын
Еңбек қып, кедей таппас өмір бойы.

Мен ауырдым, баяғы күнім қараң,
Маңайыма жолай ма жалғыз адам?
Бай “ақымды берсін'’ деп, сөз салдырды,
Ауруыңнан соның сол сөзі жаман.

Үйімнен табылды ма сүйген асым,
Тоқым төсеп, сүйедім ерге басым.
Әкем, шешем қасымнан бай жұмсаса,
Жөнеледі көзінен төгіп жасын.

Ол ауырды, кім көңіл сұрамаған,
Камыкқансып, қайғырып, жыламаған?
Әкелер қожа-молда, дәрігер жиып,
Қандай шығыны болса да шыдамаған.

Ол қандай өмір сүрді ес білгеннен,
Сау қалған кедей бар ма ол күлгеннен?
Тамаққа ыдыс, басқаға масыл болып,
Уақыты арылды ма бос жүргеннен.

Бала күнгі өмірі - ойын ойнау,
(Балада жоқ, ойыннаи басқаны ойлау).
Тіл шыққан соң үй ішін һәм көршісін,
Ата, енеден жіберіп, түгін қоймау.

Ойнамап па ек онымен топай, асық,
Соқыр теке, ак сүйек шапқыласып.
Ойында бізге зорлық қылганы үшін,
Ойнамай жүрмеп пе едік онан қашып.

Дау қылып, сақамызды тартып алып,
Шағыстырып, үйіне жылап барып,
Шешесі шешемізге “тый” деп, жекіріп,
Қоймап па еді бірқагар бүлік салып.

Тыныштық беріп пе еді келген шалга,
Ол жылап, алмайтұғын қамшы бар ма?
Кедей келсе, атына мініп алып,
Боқтамап па ед ол атын сұрағанда?!

Титтейінен малшыны сөгіп, жерлеп:
“Сақалды ит, етігім тарт, бермен кел!” деп,
Көршінің балаларын келемеж қып,
Жылату болмап па еді оған ермек?

Жігіт күнгі өмірі насыбай ату,
Қымыз ішіп қызарып үйде жату.
Көп ермегі: қылжақтау, боқауыз соз,
Анда-санда домбыра тыңкылдату.

Жақсы ат мініп, жұгіртіп секектету,
Қоян қуу, тазыны жетектету.
Жалғыз емес, жанына жолдастыққа
Кедейді шолағымен тепектету.

Ағызбаған тер қоймай мінген аттан,
Ол қоянды қуғанда талай шаттан,
Кедей көп көш-жөнекей жаяу келіп,
Ыстықта аузы кеуіп, шаршап жатқан.

Оларға ұрыспады ма аңнан келіп:
“Құдық аршы, әне тұр жылқы жеріп”.
Бармаса, ашуланып үйіне ұрсар:
“Ендігәрі көрші,— деп, қымыз беріп...”

Көршінің қыз, келінінде дамыл бар ма?
Олар сөз айта алды ма малы барға?!
Әсіресе, жексұрын болмап па еді:
Қатыны жас, қартаңдау малшыларға?!

Түре келсе бір кедей кебіс салар,
Есік ашар бір кедей құман алар.
Киінсе киімдерін кісі әперер,
Білмеймін: өзіне-өзі неге жарар?

Бірді-бірге қайрап сап, шағыстырар,
Татуларды араз қып, шабыстырар;
Атасынан мұрасы — жұртты сүйтіп,
Ортасынан бақ-дәулет қағыстырар.

Елге құс, жақсы тазы, жақсы ат қоймас,
Қанша сұрап алса да көңлі тоймас.
Түстеніс қып, момыннан қырғызып жеп
Олар келсе, сырғытар өзі соймас.

Егессе, партия кып малды шашар,
Калаға дамыл таппай, шапқыласар.
Бермеген орыс қоймай, аяғында:
Шығынды елге жаяр, татуласар.

Қорытынды

Жақыптың қай еңбегі менен артық:
Етігін де шешкен соң біреу тартып?
Құдайға не жазып ем тумай тұрып,
Туғаннан мені жоқ қып, оны жарытып?

Әлде маған таң бар ма өлгеннен соң,
Құр тәнімді қабірге көмгеннен соң,
Бұл күнгі ауыр бейнет, қайғыларды
Ұмытам ба хор қызын көргеннен соң?

Сонда ғана жамаусыз киім киіп,
Сонда ғана жақсы асқа аузым тиіп,
Сонда ғана пырақпен сайран салып,
Сонда ғана үйірлеп сұлу сүйіп.

Сонда ғана еркімше ұйқым қанып,
Сонда ғана жұмыстан демімді алып,
Рақатты ұжмақтан көрермін бе?
Тамаққа, киімге де сонда жарып?

Кісілік есебіне сонда кіріп,
Сонда ғана байлармен қатар жүріп,
Сонда ғана, құдай-ау, құтылам ба,
Қорлауынан олардың сықақ қылып?

Сонда ғана оларға жалбақтамай,
Бабасын, не пәленің бір мақтамай,
Сонда ғана, “Байеке, соның теріс,
Деуге тіл келе ала ма жалтақтамай?

Сонда ғана қам көңілім жаңара ма?
Сонда ғана көн бетім ағара ма?
Сонда ғана “кедейдің байларда ақысы
Бар" деген сөз қолға алынып қарала ма?

Рухани қысымшы
(Духовный угнетатель)
Дегек сөз бар болса да үміт үзбе,
Бұл медеу болса-дағы көңлімізге,

Байлардай берген ат пен асымыз жоқ
Бере ме сол ұжмақты молда бізге?!

Кедей сорлы дүниенің азабында,
Екі козі байлардың қазанында,
Жарайтын киімі жоқ және тағы
Окуға мұрша бар ма намазын да?

Ишандар келмеді ме сәлде киіп,
Байларға бермеді ме батаны үйіп?
Үлкен-үлкен кітаптан соқпады ма,
“Мал берсең кетпейсің деп, откд күйіп”.

Ол сонда атырды ма кедейге таң?
Демеді ме: “Мырзаңның тілдерін ал!
Бір сабақ жібін алсаң дозақтасың,
Оңбайсың, құт кісіге бітеді мал.

Ораза, намазынды, әсте қойма,
Құрбан шал, ақыреттің қамын ойла,
Пітір бер мезгілінен қалдырмастан,
Оразаның сауабын, жаным, жойма!

Әліңше құрметтесең ғалымдарды,
Қияметте құдайым саған берді,
Садақа бер, бата ал молдалардан,
Тәспих тарт һәм дәретсіз баспа жерді!“

Егер дерт бере қалса құдай басқа,
Молдекеңе емдеуге бір боз қасқа
Өңгертпеп пе ем жан үшін борыштанып,
Жарымай отырғанда үй іші асқа?

Бермесем молда тегін емдеді ме?
Құр жалыну құлаққа енгені ме?
“Дүние, ақырет те байлар үшін,
Шүкірлік қыл дер тағы бергеніңе”.

Байларға өгіз болып өту үшін,
Дүниеге шыныммен-ақ келгенім бе?

Шөп бермей ме өгізге өлмесін деп,
“Жұмыс иесіз қалады өлген соң'’ деп,
Сол секілді кедейге жазғаны ма:
“Өлмесін, басқа рақат көрмесін” деп.

Жұмыстан арықтаса өгіз қажып,
Жіберер: “семірсін, - деп, — бойын жазыг
Кедеіі қажып, жұмыстан халі кетсе,
Денесіне кім берер оның азық?

Адамның қасиеті һәм бақытқа талпыну
Жоқ. мен бұган разы тіпті болман!
Бақытты іздеу керек басқа жолдан:
Бұл жолға көрге дейін өмірін беріп.

Жан аз ба менен басқа оуре болған?

Көнетін менде бұған тілек жоқ па
Бақыт іздеп тулаған жүрек жоқ па?
Ақыл иесі калайша көніп отырар
Бейнеттен басқа алдында ұміт жоққа.

“Беннетке, жексұрлықка жаратғанга",
Әркімнен кем көзбенен каратғанға,
Қойшы, — деп есіктегі иттің созін”,
Әр жерде ит есепті саналғанға.

Бұған көніп жүргеннен өлген артық,
Іштен тынып жанғаннан, сөнген артық,
Текке өлмей, тауға-тасқа басты соғып,
Жолында не кез келсе көрген артык.

Қартайғанда қайыршы болу үшін,
Жастықта жұмыс жаншып солу үшін,
Сол бейнетке тастауға тағы да ұрпак,
Осы үшін жасаймын ба, айтшы, кісім?

Кім мені бүл бейнетке айдайтұғын?
Көнбесем де кұл кылып, байлайтұғын?
Әлде менде рақат, бақыт іздеп,
Қан жоқ па жүрегімде қайнайтұғын?

Байдікіндей менде де жүрек, жан бар
Жүрегімде өмір бар, ыстық қан бар,
Үміт бар, махаббат бар, жек көру бар,
Бәрі де байдікіндей, байқасандар.

Туысымда онан жоқ еш кемдігім,
Жалғыз-ақ менде мал жоқ, онда мал бар.
Менің-дағы қатарға кіргім келер,
Жақсы ас ішіп, жақсы атқа мінгім келер,

Аз күнгі тіршілікте бейнет көрмей,
Өз еркімше өмірді сүргім келер.

Менің де жақсы киім кигім келер,
Сұлуды бұраңдатып сүйгім келер.
Дұрыстыққа шаттанып, бұрыстыққа,
Жәбірленіп, кек тұтып, күйгім келер.

Сыйлағанды сыйлағым менің келер,
Қинағанды кинағым менің келер.
Кім кемсітсе, қолында өлгім келіп,
Кім мені алдамаса көңлім сенер.

Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келер,
Жұрт мақтарлық атақтар тапқым келер,
Асса адам баласына жақсылық қып,
Алғысқа, абыройға батқым келер.

Байлық — ұрлық, зорлықтың жемісі
(Крзіргі өмір — бақ іздеушіні залым кылады)
Қайтермін құтылуға бұл жайымнан,
Аспайды нені ойласам уайымнан,

Ақ ниет адалдықпен қызмет қылып,
Торықтым, сұрай-сұрай құдайымнан.

Байқасам енді түсіп арам жолға,
Күйер деп, аяйтүғын өмір сол ма?
Тапқаным мынау болса, жер жалмасын,
Жұрем деп, білгенімше ылғи оңға.

Деген бар: “Бәрекелді қүлды өлтірер”,
“Бәрекелге” мұнан соң кім тентірер?
Болғаным “бәрекелшіл” байға жақсы,
Бейнеттен басқа өзіме не келтірер?

Рас мен “бәрекелшіл” болмадым ба?
Бай жұмсаса жанымды қорғадым ба?
Аз ішіп, жұмыс болса артық істеп,
Өмірді “бәрекелмен” оңдадым ба?

Көнбеп пе едім жазықсыз ашуына,
Жан ашуын менен ап басуына.
Келіні, жұдырықтай баласының,
Қожасынып, ызғарын шашуына.

“Бәрекелді алам” деп бұға берсем,
Соқпап па еді себеп боп жасуыма?
“Жеп қойды, ішіп қойды, ұрлап қойды,
Жалмауыз ол ит қашан асқа тойды“.

Деген сөзі қайнатып жүрегімді,
Жылатпап па ед қозғатып іштегі ойды?

“Ақымақ, дәлдір-есер, жындысы да,
Жақпаған еш мінезбен құрбысына“,
“Шаруасына пысық бұл” десін деп жұрт,
Мін таққан бола қалар жұмысыма.

Бұл қалай ақ ниетпен оңбайтыным,
Терлесем де оңатын болмайтыным?
Періште, сенен бездім, шайтан, бері кел!
Күйер деп, не жаным бар қорғайтұғын.

Әзәзіл, жүрегіме салшы бүлік!
Жұрт десін мейлі жынды, мейлі жулик.
Бақытты саған ерген бұл уақытта,
Айтсаң да, айтпасаң да, тұрмын біліп.

Ауылда “пәлен” деген, “түген” деген
Тілінді ап, жеті атадан елді жеген,
Ұрлық, зорлық, өтірік бәрі де бар,
Өйткенмен кем богі отыр олар неден?

Шен-шекпен аталары киген екен,
Ел қорқып, дүниені оған үйген екен.
Алғаны, сойғызғаны былай тұрсын,
Еріксіз қыз-қатынын сүйген екен.

... күтуші мен нөкерінің,
Зияны момындарға тиген екен.
Шындык үшін сірескен талай басты,
Иттеріне тепкізіп, иген екен.

“Я құдай, мен жазықсыз, сен теңгер’’, деп,
Көргенше талай кеуде күйген екен...

Баласы — осы күні елдің байы,
Оның да қызығарлық күйі-жайы,
Ол қылмаған зұлымдық, жамандық жоқ,
Қайда жүр, теңгерсе егер, бір құдайы?!

Малменен оқып-жетіп балалары,
Төре боп, ел билеп жүр, олар бәрі.
Дәулеті өнер табуға жол даярлан,
Болса да аузы қисық сөзі дәрі.

Әр елдің бас адамы кұда болып,
Аймақ көп, ешкім тимес бата тұрып.
Қырға келген төрелер, оқығандар,
Соны білер, соған барар, сонда қонып.

Дүние үшін оқығандар қызын алып,
Қыздары білмесе де жалғыз “әліп”,
Басқадан көпті көрген, көпті білер,
Хаж барған, дәулет, баққа отыр жарып.

”Пәленше” жүр ғой әне жуан қарын,
Бір тиынға сатады ар, иманын.
Кедейменен алымды бірдей тартар,
Азсынып, бықып жатқан сонша малын.

Сауда ғып, “пәлен” анау елді жеген,
Бай болды осы күні “мынау!” деген,
Бай болған кісілердің бәрі цыган,
Таусылар ма мен санап айтканменен.

”Пәлен” болыс, “пәлен” бай, “пәлен” билер
Кедейдің қанын сорып, жүндей илер.
Адалдық мандай термен бақыт тапқан,
Адам жоқ, үлгі қылып, кедей сүйінер.

Алдауы, өткірлігі кімнің артық
Болса, сол бақ, дәулетті алар тартып.
Бейнетқор адалдықпен кәсіп қылган,
Өмір бойы өтеді азап артып.

Бұл күнде шайтан тірі, періште өліп,
Шайтан саған еремін соны көріп.
Ұрлық қылдыр, кісі өлтірт, отірік айтқыз,
Алдағыш қыл — бәріне тұрам көніп.

Тек байлық берсең болды, шайтан, маған,
Демеймін айтқаныңның бірі жаман;
Қай жолмен болса-дағы бір байытшы,
Болмайды бай болған соң жаман адам.

Жақынынан айрылғандағы күйік
Әзәзіл, орның даяр, кел ішіме,
Жүрмеймін мүнан былай ел ішінде,
Адамға өз елінен басқа ел жаксы

Түсуге түр құбылтып, бір пішінге.

Мен емес туған жерді қимайтұғын,
Кетерде көз жасымды тыймайтұғын.
Бейнеттен туған жерде көз ашқам жок,
Жанымды нем бар қимай, қинайтұғын.

Қысқы суық өкпемнен талай өтіп,
Күзгісі де, міне тұр дірілдетіп,
Шөгірлері қадалған табаныма,
Қойды ма жалаңаш деп, мейрім етіп.

Кей жылы болып кетіп жұты қатты,
Аз малым ақ сүйек боп, жерде жатты.
Басым кісіде болғанда қорғалақтап,
Дейсің бе мендей сорлы күтіп бақты.

Қасқыры мың қарасын байдың көрмей,
Жеп кеткен кезі болды жалғыз атты.

Қимайтын не нәрсем бар туған жерде,
Кетемін қаңғырып-ақ бөтен елғе.
Аһ! Менің кәрі әкем мен кәрі шешем,
Қазығым қарайлайтын сол ғой менде.

Көрсеңіз қартаң тартқан шешем менің,
Болмаққа қызыл көзді бүкір белің;
Бай үйінің ас-суына араласар,
Сыбанып, қомыт киімінің жалба жеңін.

Бұзауын ол жіберер, ерте тұрар,
Күн қызғанша бүрсектер, ұршық бұрар,
Түсте тұрып, құйғызып дәрет суын,
Бәйбіше: “шай даяр ма!" онан сұрар.

Былғанған бесігімен жас баласын,
Ағызып, шешем жуар қол саласын.
Онан соң сиыр сауып, сүт пісіріп,
Жуады қазан-аяқ һәм шарасын.

Жабу тігіп, ас пісіріп, жібін есіп,
Жағам ба деп жалтақтап күні кешіп.
Аурулы, аз жылдан соң көрге құлар,
Өмір бойы өкпесін есік тесіп.

Жасында ол кедейдің қызы болған,
Кедей болса-ақ күн бар ма оған оңған.
Бесіктен шықса-ақ болды, кедейлікпен,
Мал үшін ұстап сатар әке қолдан.

Бір қойшы айттырыпты он жетіде,
Қойшы аңқау, мосқал екен келбеті де.
Айттырса да ала алмай көп жүріпті,
Мал беру келмеген соң ретіне.

Он жасынан есікте дірдек қакқан,
Жиырма жастан бай қойын он жыл баққан.
Тағы алты жыл жүріпті, ала алмастан,
Қалың малға жете алмай барлык тапқан.

Сүйтіп жүріп, шешеміз ер жетіпті,
Қойшы азаппен қартайып кер кетіпті.
Әкеміз жас өспірім жылқышы екен,
Жас көңілін ол азғырып тербетіпті.

Мал да жоқ, қатын да жоқ қойшы шалға,
Болыпты ақырында амал бар ма.
Шал үшін би, болыстар ие бопты,
Әкемнен шешеме деп, шыққан малға.

Қолдаған болысына әкем жағып,
Жылқысын көп жүріпті тегін бағып.
Шешем-дағы айналып үй жұмысына,
Берген ескі-құсқысын жүрген алып.

Тек жүруден жалықса болыс айтқан:
“Шалға мал әперем, — деп, — биге салып.
Басы солай байланып екеуінің
Көп жылдар солайынша болған кәріп.

Бұл күнде әкем анау жаска жеткен,
Аурулы, өзі көксау: күрк-күрк еткен.
Екі інім бар, болмаған мал-түлігі,
Бәрі тоқ мені асырар деген ниетпен.

Дейді олар: “Бізде арман жоқ алдында өлсек,
Аяғын шырмап келін, немере көрсек.
Өмірлік қайғымызды көр шетінде,
Қүдайым жеткізсе егер сүйтіп бөлсек”.

Шырмайын деп, шырмады аяғымды
“Мен әкең, ал, — деп міне таяғымды”.
Бір ат пен бір сиырым қалмаса да,
“Қуантам, — деп ол отыр,— қарағымды”.

Мен онысын жек көрем, сүймек түгіл,
Көрген сайын мұздаймын, күймек түгіл,
Дүрия кисе, қараман мен ол қызға,
Бай қызының ескісін кимек түгіл.

Малым кедей болғанмен жаным биік;
Жүрегім жек көре алар және сүйіп,
Қара көз, алтын сәуле, ақ ерке үшін,
Бай ұлындай тарта алам мен де күйік.

Мен-дағы сүйген сәулем “...” үшін,
Ұйықтай алман жатқанда кеудем күйіп.

Соңыра, таң сарғайып атқанында,
Ұйқыға ит те, мен де жатқанымда,
Елесін сол жанымның оймен құшып,
Білмеймін арнама жер батқанын да,

Естен шығар толассыз бейнет, қайғы,
Туғаннан бұл күнгеше тартқаным да,
Ол кезде ұмытамын әкесінің
Бай шалға тоқалдыққа сатқанын да.

Кедейлікпен мен қалып, шал алғаны...
Сол жылан шыдатпайды шаққанында?

Ем болды ма, ақымды үйге бермей,
Шешесіне сый қылып, жакқаным да.
Бекерге шықты оны бала күннен —
Меншіктеп бойға үйір қып баққаным да.

Төбемнен жай түскендей бір-ақ білдім,
Шалекең көп мал беріп, қаққанында.

Қайтермін ішке дерті сыймағанмен,
Болар ма көз жасымды тыймағанмен;
Жыл өтті, болатұғын болса болды,
Жүрекке құр елесін жинағанмен.

Дүғаға жалынғанға тағдыр саңырау,
Өнер жоқ, ашу қылып, қирағанмен.
Түнгі үйқы, күндіз күлкі бірін көрмей,
Не болды құр жанымды қинағанмен,

“Ол сенікі” деп мені нанғыза алмас,
Жүз әулие, мың пір кеп милағанмен.
Жан қимақ пен жар қимақ бәрі бір бәс,
Қидым-қидым... Амал жоқ, қимағанмен.

Сонда да оны ойламай қоя алмадым,
Ойлауға жалықпадым, тоя алмадым.
Болмаса сол турадан сөйленген сөз,
Ұйықтадым басқа сөзге оянбадым.

Ұзақ түн ұйқым келмей, кеудем қызып,
Нешелер көз жасыма боялмадым!
Қаптатып топан суын, Мұхит теңізін,
Сол отын жүректегі жоя алмадым.

Білемін енді онан жұлдыз жуық,
Сонда да содан басқа ой алмадым.

Келеді өмірімнің таңдары атып,
Нұрымен жердің жүзін таңырқатып.
“Мен үшін соған бақыт бере көр” деп,
Тілеулес ку сүйегім көрде жатып.

Сол еді туған жерге байлайтұғын,
Болса да, қандай бейнет айдайтұғын.
Қара өмірімнің кайғылы жүрегінде,
Бар қуаныш сол еді жайлайтұғын.

Ойлаушы ем: “Жүрсем де деп, көп бейнетте,
Өтсе де сөз сүйекке, таяқ етке.
Ұмытармын мен соның құшағында,
Айқасып, тиген кезде бетім бетке”.

Әсіресе сонысы маған күйік:
Жексұрын шал “сүй” деді-ау, зорлап сүйіп,
Жастык қызу шөлдеткен жас ерінге,
Көк мұртты, кепкен ерін тұрды-ау тиіп!

Кәрі қол талдай нәзік белді қысып,
Үлбіреген жас тәнді зорлап құшып.
Қуарған, кепкен тәнін жылытпақшы,
Сәулелі қара көздің нұрын ішіп.

Ойым соған жеткенде жүрек тулап,
Күйіп кете жаздаймын отқа түсіп;
Ілгері бассам аяқ кейін кетіп,
Жер жүзі дозақ болар ішім пысып.

Сәбидің білегіндей торғын тамак,
Тікенектей көк сақал соны қадап...
Неменеге жас өмірім, жас жүрегім?!
Малым жоқ болғаннан соң қалдым қарап.

Өле алмадым сонда мен өлемін деп,
Тірі қалдым енді не көремін деп?
Ойлағалы көп болды, өлмеген соң,
Өлгенше қаңғып көңіл бөлемін деп.

Білемін, енді онан жұлдыз жуық,
Білмеймін, көңілім кетпес неге суып.
Туған жер, әке-шеше — бар дүниеден
Неге соны көреді көңілім жуық?

Ойламасқа қыламын күнде тәубе,
Және ойлаймын көз жасым бетім жуып,
Жүз жалынсам бермейді кұдай куат,
Ойымнан жіберуге соны куып.

Бейнеттен басқа рақат көрмес үшін,
Жасайтын секілдімін арнап туып.

Жоқ, бұлай емес шығар, білу керек,
Білу үшін өмірді сүру керек.
Битке өкпелсп құр тонды отқа салмай,
Дүниеде тұра алғанша тұру керек.

Әйтеуір адам көрге бармай қоймас,
Асықпай-ақ қойсам да алмай қоймас.
Ерте қолдан өзімді үйықтатпайын,
Көр ұйқысы үзақ қой қанбай қоймас.

Деп енді қарайламан: “әке, шеше”,
Сағынып, жыласа да күнде неше.
“Осынша сұм дүниенің азабына,
Неге мені тудырды” “оңсын” десе.

Мен үйленіп, ұрпаққа себеп болман,
Даярлаған бақытым бар немеше.

Мен өтпей-ақ табылар байларға өғіз,
Толып жатыр, көзіммен көрдім кеше.
Кедейдің қара лашық жыртығынан,
Нанбасаң сығалап көр, білгің келсе.

Шиеттей қызыл қарын, үрпек бастар,
“Маған, маған” деп шулар тамақ жесе:
Қайда барса шешесін жексұрын қып,
Үшеу, төртеу, білерсің, соңына ерсе.

Аз асы көптен берсе жетпей қалып,
Жарымай бәрі жылар аз-аз берсе.
Ұрып, алдап, қомытқа орап салып,
Бай үйінің жұмысына кетер шеше.

Байдан сұра бар-дағы ағайындык,
Жай айтып, жалынғанын күлақка енсе.
Немесе карызға деп ақша сүра
Еңбегімен төлер деп байың сенсе,

Бермесе, “бейілсіз ит”, деп үйінде,
Өкпелеп жат, түбінде кедей жеңсе.
Немесе, тоқты-торымын жасырып сой,
Бар қаранды айыпқа бергің келсе...

Еске алып шеше сүтін, әке күшін,
Қайтейін, бұрып-ақ тұр менің ішім,
Солайда өзім үшін өмір сүрем,
Мені де олар туғызған өздері үшін.

Жатқан жоқ бұл өмірден өмірі оңып
Қалың өрттен бір тамшы сумен қорып.
Өзім бірге күйермін сөндіре алмай,
Қартаярмын жүргенде әуре болып.

Түбінде халдеріне қарасармын,
Қарасар мұрша тапсам бақыт қонып,
Әйтеуір олар суға кеткен кісі,
Соңынан етейін бе мен де “шолп!”

Әйтеуір мен шайтанға ерген кісі,
Ұят жоқ, ашпайтұғын бата көріп.
Мейлі жынды десін, азды десін,
Разымын жұрт айтса қалай жорып.

Ертеңнен қалмай кетем, елді қимай,
Көз жасым жоқ жылайтын солқ-солқ.

КІМ ЖАЗЫҚТЫ?

роман

Бір сөзім бар шалдуар.
Болмаса да тыңшысы.
Бұ күнде жоқ, соң туар
Роман мен сыншысы.

Түскендей әуе жерге қырық күн шілде
Ішкен мас, жегендер ток күнде-күнде.
Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:
Кел, шық деп, иек қағып жарық күнге.

Ән салды танды мақтап сансыз торғай
Бас иіп, бәйік болып, жерге қонбай,
Найқалып таң желіне тербетілді,
Көк майса көзі ілініп тұрған сондай.

Асыл шөп, жасыл шықтың иісі аңқып,
Баткдндай мелдігінен нұрға калқып,
Күлімдеп көктің жүзі көңілі шат:
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.

Көлбеңдеп көкке қарай жердің буы,
Айнадай анандайдан көлдің суы;
Күй билеп суда тұрған барлык қамыс,
Ән салды домбыра мен кұстын шуы.

Мақтанып қара түнде нұрын шашқан,
Айдың да өлеусіреп түсі қашқан;
Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң,
Бірі жоқ тамам жұлдыз бетін басқан.

Жайылып төрге карай таңның ағы,
Көрінлі ауыл-ауыл маңайдағы.
Қарайып, өрген сиыр түйе менен
Ауылдын малга толды әрбір жағы.

Ыңыранып қой қотанда танды көріп,
Күн шықса, жайылысқа кетпек өріп.
Төбеттер үй алдына жаңа жатты
Түн бойы қой күзеткен, ұйкы бөліп.

Таякты, жалаң аяқ шалдар тұрып,
Сүйкенген үйлеріне қойларды ұрып.
Бір молда шәугім ұстап, тысқа шықты,
Бүкшендеп, арба айнала қакырынып.

Қисайған қос секілді жалғыз қара —
Ауылдан арқан бойы тұрды дара.
Қолтықтап “Әптиек” пен “Құрандарын“
Жиылып жатыр сонда біткен бала.

Күн хабар сонда берді нұрын шашып,
Бір күлді жүзіменен амандасып:
“Ал, бізге сәуле түсті, алакдй!” деп,
Ой мен қыр қарап тұрды жымыңдасып.

Өргізді қойшы тұрып, койын айдап,
Ерттеп ап аркдндағы атын жайлап:
Торсыққа ақ боз үйден қымыз құйып,
Жанына мықтап тұрып алды байлап.

Жайлауға кеше конған Тасбатат бай.
Дарыған кыдыр оған, дәулеті сай,
Ак орда сегіз қанат тігіп тастап,
Жатқаны қор-қор ұйықтап: көңілі жай.

Бейқисап ол жайлауда жердің шөбі:
Көрінбес кірсе ішінен малдың төлі.
Айдын көл айналасы, ат шаршарлык,
Көркейтіп көздің жауын жердің оңі;

Жан-жағы көк майсалы шалғын томар,
Қанқылдап жалтырына қаздар қонар,
Мөп-мөлдір суы таза, суықтығы:
Шілдеде түскен кісі жаурагі шығар.

Өрісі көз көрім жер, ұзақ кеткен,
Мың жылкы тырағайлап ұзагі кеткен.
Жер еркін, қуар, қорыр тірі жан жоқ:
Бетімен жей береді аяқ жеткен.

Іргеден бие бауы тұрған пісіп,
Құрақ жеп, ыстык болса, суға түсіп.
Аяқты малдың оңалғанын көріп
Ойларсың кетті ме деп күп боп ісіп.

Сүт тұрды сауған сайын малдан ағып,
Ешкім жоқ азаптанған, оны бағып.
“Ет, ет’' деп, қымыз ішіп, көпірісіп,
Қазақтар тек жұрмекте, сандал кағып.

Бұ жерде мекен еткен Керей халқы,
Кең жері, байлығымен шыққан данқы.
Бұл елде басқа елден де басым еді
Бұрынғы қазақшылық, ата салты.

ІІІ

Тасболат жұрттан асқан малды кісі,
Сол үшін өз табының алдынғысы.
“Болса да аузы кисық, бай сөйлесін’,
Дегендей оңға басқан әрбір ісі.

Он бес жыл болыс болған, Меке барған,
Қазақша еш қызық жоқ мұнан қалған.
Шалдары қошеметші айтушы еді,

— Апырмау, бар ма екен, — деп, — сізде де арман?

Үйінен күндіз-түні ат кетпеген,
Қонаққа, мырзалыққа жан жетпеген.
Қазақ тұрсын, “начальник”, “төрелер де”
Қағысып “пожалуйте” етпеттеген.

Саудагер жүрген-тұрған, қожа-молда
Жем үшін, тұрымтайдай қонып қолға:
Қазақша барып тұрған жуан тұқым,
Үкімі жүріп тұрды оң мен солға.

Бұл дәулет жалғыз ғана өз басында,
Жоқ еді Жақып деген ағасында.
Баласын ағасының болыс қойды
Билеген өз халқының арасында.

Мырзамыз болыс болған Байбол атты;
Орысша білуші еді тіл мен хатты.
Баласы Тасболаттың Жақан мырза
Жағынып әзер алды кандидатты.

Тасболат қимаса да болыстықты
Тіл білмесе қоймайтын закон шықты;
Не баласы, не өзі оқымаған,
Болғанмен қара күшке сонша мықты.

Ал, енді қыларыңды қыл заманға:
Бір білген ауысылмас мың наданға!
Байболды амалсыздан қоя салды,
Кететін болғаннан соң басқа адамға.

Оқуды іздеп еді Байбол жаста,
Мәз болмай, Жақанға еріп, ішер асқа;
Жасы жас, семинарияға былтыр кірген,
Өтірік “приговормен” толды жасқа.

Көрмеді болыстықты Байбол онды
Жұрт шулап, десе-дағы: “бақыт қонды...”
Көп қашты “оқимын” деп, болыстықтан,
Қоймады жұрт талқысы, ақыр көнді.

Жақан мен Тасболаттың өңі қашып,
Сырты жай болса-дағы, жүрегі ашып:
“Қонақ күт, оқып не бар саған!” дейтін,
Кеткен соң өздерінен Байбол асып.

ІV

Екі жыл мұнан кейін заман өтті
Қыршын жас Жакан өлді, ажал жетті;
Ауруы күйдіргі еді, докторға айтпай,
“Қүдай сақтар өзі" деп, қапы кетті.

Жылады: “жөн менікі ед”, деп атасы,
Сүйтсе де артында бар бір баласы;
“Соған өмір берсін деп”, тоқгау айтып,
Бата оқыды, бас жеді отағасы.

Бата оқыр, ағайыны күнде топыр;
Жемтік көріп жиналған молда да отыр;
Қылқиып мойындары шарт жүгініп,
Мықшита “ағузыны” ‘кұран” окыр.

Жақан маркұм қатынды жасында алған.
Өскен сон бірді айгтырған, қылып арман,
Бастапқысы жиырма алты жасында еді
Бесікте бір ұлы бар, туып қалған.

Соңғының болған өбден малын беріп,
Той қылған, қол ұстаған, қойынға еніп;
Біраздан соң алам деп жүргенінде,
Жетпеді мақсатына ажал келіп.

Бәрінен Тасболатқа осы батты,
қайғырды келіні үшін жаман қатты;
Тірі кісі тіршілік қамын қылып,
Жыл өтті: есін жиды, етек жапты.

Әжібай кенже қалған жалғыз бала
Он екі отіп, он үшке толған жаңа.
Әжібайға бес жасында-ақ кыз айттырып,
Мал берыіп койылған оған және.

Окуға ынтық емес қазақ халкы,
Атадан калған қате бұл бір қалпы;
“Бай кісі бала оқытып, підие ала ма?"
Дейтұғын Тасболаттай байлар салты.

Үйреткен Таспекеңді өткен сайлау:
Тіл білмеу болыстыққа болып байлау,
Сол жылы шардан калып ыза болып,
Школға беріп еді Әжібайды-ау.

Екі қыс оқып еді Әжібай онда
Биыл тағы жүр еді оқып сонда:
“Қарағым, ағаң өлді, үйғе жүр!” деп,
Тасболат Әжібаііды алды қайта қолға.

Алатын неге десең жесірі бар.
(Қазақтың жесір деген кесірі бар).
Бар батса өмеңгері жесір кетпес”;
Дейтұғын ескі ғұрып-кесімі бар.

Әжібай ерке өскен, қағу көрмей,
Бетіне ешбіреуден шіркеу келмей.
Балаға, тілі шықса айналасы
Қоя ма тұрмысынан өрнек бермей?

Тәрбие жоқ қой қазақ арасында
Солайша өскен ата-бабасы да:
Көргені әке-шеше қалай болса,
Алмақшы содан үлгі баласы да.

Еркінше ел жұртына еркелеген,
Әкесі: “Бұл қарағым ерке’' деген.
Жан біткен қымыз бенен еттің құлы:
Ел оны еркелетпей қойсын неден?

Боқтаса “қарағым!” — деп беттен сүйген
Болмай ма байға ала көз оған тиген?
Жан-жағы тәрбиесіз, надан болып,
Солардың жүға-жүға кебін киген.

Оқытқан '‘әліпсін-ә” надан молда,
“Иман шарт”, “Әптиегін” беріп қолға.
Онда да тумыстағы зеректікпен
Үш жылда хат таныған шала-зорға.

Жүр еді орысша оқып өнер бастап.
Әдетін мектеп көріп, бір-бір тастап.
Тасболат тоқтатқанын сөйлеп өттік
Талабын өркендемек бетке жасқап.

Әлпеті алмас қылыш жайнап тұрған,
Ашуы шапшан, қатты барып тұрған.
Жасынан зейін алғыр, тілге шешен,
Қазақша қара сөзге ағып тұрған.

Қуаты өлеңшілік жүрегінде
Бар еді Әжібайдың сүйегінде.
Үйренген аузы бірақ бейпілдікке
“Тентек” деп сөйленеді жұрт көбінде.

Сымбатты қара торы, орта бойлы,
Кеудесі жылдам сезгіш, жүйрік ойлы.
Осындай, әттең дүние, зеректігін
Оқытпай надандыққа байлап қойды.

Өз қайыны Әжібайдын алысырақ,
Шамасы сексен шақырым, емес жырақ.
Жәмилә — қалындығы жиырма жаста,
Сүйегі бос, бет-аузы тәуірсымақ.

Көрмеген өмірінде ұстаз алдын,
Бетімен қазақша өскен далдың-дұлдың.
“Қыз оқыса, хат жазса, бұзылады”,
Дейтін әдет шіп-шикі надандардың.

Жәмиләнің әкесі соның бірі
Әрі пысық жан емес еті тірі.
Шай камзол, құндыз бөрік кигенменен,
Бес батпан десең болар еттің кірі.

Ондай жан құнт қыла ма үсті-басын,
Биттетер салақтықпен, жумай шашын,
Үлгі алар, үйрегерлік кісі көрмей,
Өткізер қазақ кызы өмір жасын.

Әкесі Жұмағұл бай болған болыс,
Алтайдың бір саласын қылып қоныс;
Қажыға Тасболатпен бірге барған,
Басталған содан барып қүда болыс.

Баласын со жыл туған ырым қылып
Ат қойған “Қажыбай деп атандырып;
Ақырда Жұмағұлмен құда болған
Сүйек жақын болайық десіп жүріп.

Көлденең жұрт; “Жарайды, орын” деді,
Той, құдалық,— бәрі де орынды еді.
Бұлар құда болысып, мал бергенде,
Әжібай — бес, Жәмилә — он бірде еді.

Әжібайдың ағасынан қалған қайны
Жанғабыл би байшікеш малға сайлы;
Жалғыз қызы — Жаңылды әуелде де
Беріп еді деп ойлап, орны жайлы.

Жанғабыл неге десең, жерге құмар
Таласып, ағайынымен жүрген бұлар;
Аузы бұлды құдаға арқа сүйеп,
Жанғабыл енді алаңсыз билік құрар.

Ақылы аз Жаңылдың да оңып тұрған
Мінезі құстай ұшып, қонып тұрған.
Сүйегі тым бос емес, іске тәуір,
Парықсыз дарақылау, бойы бұлғаң.

Еш нәрсе оқымаған бұл байғұс та,
Жері жақын бір қоныс, бір болыста.
Әжібайға келіншек боп биыл тұсті,
Он сеғіз жасқа толар осы қыста.

Жаңылды Жәмиләдан бұрын алған
Бір рет солай етер жөні бардан.
"Не алсын, не босатсын жесірін" деп,
Аздан соң Жұмағұл да кісі салған.

Болғанмен Әжібайдың жасы кіші
Жек көрер Жәмиләні қазір де іші;
Қол ұстап бұрнағы жыл көргеннен соң,
Келмейтін сонан бері еш алғысы.

Бұл сырын ауылдағы білетұғын:
“Малың босқа кетеді деп кұлетұғын.
Тасболат ел шақырып тойын қылды,
Қайынға уақыт болды жүретұғын.

Бала айтты: “Алмаймын да, бармаймын”, деп
Әкесі айтты: “Барасың таяқты жеп,
Қажы бардым, сақалды басым мынау...
Бата бұзған не сұмдық сен сүйтті — деп.

Берді деп ойлайсың ба малды босқа?
Өзіме тартпай туған ақымақ, шошқа!
Тілімді әлден менің кайырасың,
Айтайын не бетімді дос пен каска?”

Ел айтты: “Біз де тұрмыз намыстанып,
Кетеді елге үлгі боп мұндай қалып.
Сүймесең бір қатынды тағы аларсың,
Әйтеуір, осы ауылға келсейші алып”.

— “Разы бол, мен барайын, сендер енді,

Ренжіп ата-анам да қарғай берді;
Әйтеуір, ауылыңа әкеп бір берейін”, —
Деп Әжібай біраз күнде алып келді.

Жәмилә көп жасаумен келіп түсті:
Кілем, тон, шапаны көп әрбір түсті.
Жиыла елі келіп Тасболатқа
"Қайырлы болсындарын!” жаудырысты.

Жәмила келіншек боп түскен күннен,
Әжібай маңайынан алыс жүрген.
Онда да Тасболаттың түрткісімен
Жылына үш-төрт барып, омір сүрген.

Әжібайдан Жаңылдың да үлкен жасы,
Нақ разы боп келмеген оның басы.
Баласы жас болған соң іші сенбей,
Жүр еді қысып ұстап қайын анасы.

“Билетпе! “ деп Әжібайга сабаттырып,
Кекетіп түзу сөзін теріс бүрып,
Сүйгені барлы-жоқты сонді Әжібайдың
Тіліне анасының еріп жүріп.

Үш-төрт жыл өтті сүйтіп бұл арада
Жаңылдап туып салды бір бала да
Жақанның тұл қатыны баға тимек,
Баласын қимай біраз шыдаса да.

Кете алмай жүрсе-дағы орнын қиып,
Жас кісі қалай тұрсын нәпсін тыйып?
Ішінің томпайғанын сезгеннен соң,
Тұра алмай сөз қылдырған үйге сыйып.

“Мұны да ал! — деп айтты Әжібайга:
Жіберме жесіріңді бөтен жайга;
Алмасаң, балам, сенің ісің тентек
Ағаңның аруағы мен бір құдайға.

Әжібай деді: “Отырма оттап, үріп!
Қақпасым, жүрген жерің бәрі бүлік!
Алмақ түгіл тастаймын екеуін де...”
Деді де кетіп қалды атқа мініп.

Тасболат жанындағы жұртқа алаңдап,
Ұялып айтқан болды қызарандап:
“Баланы ерке өсіру бекер екен...
Қарғайын десем, жалғызым... қап, бәлем, қап!..’'

Әжібайдың көнбесіне көзі жетті,
Кетем деген жесірді енді нетті?
Ағайыны Тасболаттың Садық деген;
Зорлықпен соған қосып, зар енретті.

Садықтың алпыс беске жасы келген,
Кемпірі жетпістегі былтыр өлген.
Күтуге енді оны кісі керек
“Жесір ерден кетсе де, кетпес елден’’.

Сорлы әйел шарасыздан шалға тиген;
Баласы мұнда қалып, іші күйген;
Садық алған уақытта екіқабат
Айтқан ек сөзді болды деп сондай күймен.

Садыққа барғанына үш ай толды,
Баланың туатұғын уақыты болды,
Шалсынып һәм ұялып ел мен жұрттан
Себепкер жігітімен тартты жолды.

“Кетті,— деп,— жесірімді алып қашып”,
Сөз қылды Тасболат бай съез ашып.
Жігітке көп мал кесіп айып салды,
Барлық жұрт тентек қылып шуылдасып.

Малына жігіт шыдап сабыр етті,
Сүйтсе де, тым көп еді: батып кетті.
“Қатыннан туған бала менікі” деп,
Садықтың дауласумен өмірі өтті.

Әжібай казір міне он сегізде,
Әкесін билеп алған осы кезде,
Әке-шеше, қатынды жан деместен
Қырындап қызды ауылды болған кезбе.

Он төртте еді, төрт жылдай заман өтті,
Бай баласы буланып, өсіп жетті.
Үйінен жасқа толып келген қыздар
Тұрмыс басты, күн сайын өңі кетті.

Бұл кезде екеуінен бала туған,
Көре алмай бай қызығын кдйғы буған,
Жүдеу бас, киімі кір, күтімі жоқ,
Әжібайдың көрген сайын көңілі суған.

Алмаған басында да Әжібай сүйіп,
Қосылған тек қазақтың ғұрпын киіп:
Әжібай айында бір қатыным дер,
Онда да көңлі түссе құдай иіп.

Астына әсем керін мінігі алып,
Үкі тағып, тымағын алшы салып,
Домбыра, сауық-сайран, өлең құнттап,
Қызды қызық жиынға қалмай барып.

Буынып мықынынан ырғаң басып,
Бой салмай шаруасына тиіп қашып.
Маңында беті тәуір қыздарменен
Жүруді мақтан қылды қылжақтасып.

Аузына насыбай салып, сөзін бұзып,
Жолдасы қошеметшіл өншең бұзық.
Әйелді алдап тастау, сүйтіп тастау —
Қазақша ер жігітке үлкен қызық.

Жем үшін бес минуттік жігіт құмар,
Деп ойлар: “Ең болмады атым шығар".
Көркі үшін көрінгеннің жаратылған
Әйелді мақұлық деп жігіт ұғар.

Қыз да жоқ тазалықтың қадірін білер,
Кісімен түпкіліксіз бой бұлдірер:
“Пәленше бай баласы жолдасым” деп,
Ол жетпесе, мақтан кып айтып жүрер.

Әжібай білді құрығы қайтпайтынын,
Көп қыздар теріс жауап айтпайтынын.
Көркем, пысық, бір байдың жалғыз ұлы
Екенін қыздар-дағы байыптайтынын.

Осылай табылды ермек Әжібайға,
Үйдегі қатын қайда, шаруа қайда?
Айтқанына тез көне қоймағанды
Алдаушы еді алам деп, етіп айла.

Жәмилә тумысынан босаң шіркін:
Білмеді ұстап, ұқсатып үйдің мүлкін;
Салақтықты сыныққа сылтау кылып,
Әжібай сабаушы еді дүркін-дүркін.

Жаңылға түскен жылы шешек шығып,
Бет-аузын кетіп еді бұжыр қылып;
Фельдшер әкеп жасында ектірмейді,
Не болса құдайдан деп, қазақ біліп.

Әжібайға Жаңыл жексұр онан сайын,
Көрмеді жылға дейін бір маңайын.
Қатындары Әжібайдан әлі үмітті
Демеді: “Басқа өмір қармалайын”:

Неге десең, ата-ана, ауыл-аймақ
Ұқтырған қатындарға әбден жайлап:
“Әжібай олі-ақ қояды, жастығы ғой,
Жасында кім үйтпеген, тұрсак ойлап...

Пәленше де сүйтетін баяғыда,
Қатынын жақсы көрген аяғында.
Жақтырар бұ да сені соңыра таман,
Жүре бер, көтере бер таяғын да...”

Бұл сөзбен қатындардың күні кешкен
Тосты, күтті, көңіл жоқ әлі үйлескен.
Сергектік, жинақылық қайдан келсін:
Айрылған ойлай-ойлай ақыл естен.

Сүлесоқ, былқ-сылқ етіп ауру жандай,
“УҺ!“ десе, көкректері жарылғандай:
Бір кісі жылы қарап сөз бастаса,
Мұң шағып, көз жастары ағылғандай.

Ой да жоқ, әлдеқашан кеткен тарап,
Көргенге мұнды көзбен етіп алақ.
Ішінен көлденең жұрт ойлаушы еді:
“Әжібай қалай ұнатсын, бұлар салақ...”

Десе де сырттан көріп қазақ сондай
Шынында қалай тұрсын мәңгі болмай?
Келін боп түскен күннен көздерінің
Құрғақ тұрған күні жоқ жасқа толмай.

Жәмилә, Жаңылменен тірі жесір,
Жас өмір сол қорлықпен өтті-ау есіл!
Шын жесір мұнан-дағы болған артық
Қазақтың тағы үйткізбес ғұрпы кесір.

Бұл кірмсс Әжібайдың еш ойына:
Оның ойы кезіп жүр өз тойында.
Жәмилө, Жаңылменен керек емес,
Басқа жерден дос табу бар ойында.

Отыз шақырым Әжібайдың ауылынан
“Қызыл су” деген қала бар бұрыннан.
Атақты “уездной город” болмаса да,
Халық көп мекен еткен әр рудан.

Әжібайдын бұл қалаға барысы көп
Ішіп кетер, жеп кетер — танысы көп;
Қаланың майда тілді байларымен
Тасболаттың һәм беріс-алысы көп.

Кейде ішіп Әжібай мырза бүліп жүрді,
ЬІржақтагі кез келгенмен күліп жүрді.
Дәулетін төгіп-шашу арқасында
Атакка “мырза” деген кіріп жүрді.

Қалада Бейсен деген бір кәрі шал
Бейсеннің екі ұлы һәм бір қызы бар;
Орныққан не заманнан сол қалада
Дәулеті орташалау, көп емес мал.

Оқыған, бірі — учитель баласынын,
Бірі — ішкіш. басқан жері бір қап шығын
Учитель жаңада опат болып,
Бейсенді қайғы басқан тым-ақ мығым.

Марқұм көп ауырған еді чахоткамен,
Енді қалған баласы Жүсіп деген.
Аппакай сат Жүсіптің қарындасы
Сұлу” деп, көз сұқтанған сондағы елдің.

Мұны да қазақ ғұрпы шатастырған,
Жасында бір қазақпен атастырған.
Күйеуін ес білген соң, көңілі сүймей,
Жас жүрек жан серігін қарастырған.

Марқұм болған ағасы тірісінде
Қазақтың жақтырмайтын бір ісін де.
Бір қазақ қаладағы жас фельдшерге
Бар еді берем деген ой ішінде.

Таныс боп фельдшер жүрген келігі-кетіп,
Ішкі ойы «Аппакайды көңіл етіп;
Жүрегі Аппақаймен құп жарасқан
Бірақ, сөз байланбаған уәде бекіп.

Аппақай хат біледі, мінезі ашық,
Әнге ұста, домбыраға кеткен асып.
Азырақ орысша да сөйлесе алады,
Жасынан жүргендіктен араласып.

Жұрт аузы Аппақайды мақтаушы еді,
Қырындап боз балалар жақтаушы еді.
Қолдары жетпесе де қоразданып,
“Басы бос емес... әттең... қап!“ деуші еді.

Ал біздің Әжібай мырза көрсе қызар,
Аузымен Аппакайға бек ынтығар.
Неге десең — “ел мақтап жүрген қызды
Әжібай сүйтті...” деген ат жұртқа шығар.

Көп уақыт бұл туралы қылған кеңес
Шығынсыз бұл кеңесі тағы да емес.
Бір досы айтты: “Жүсіппен таныс болсаң,
Біржолата алсаң да, бермен демес.

Ол Жүсіп ішкіш жігіт, араққұмар
Бір-екі мәжіліс құрып, қандырындар.
Бірер жүз саудасына қарыз берсең,
Құрметтеп не десе де, ұшып тұрар.

Одан әрі ол болар пәтер-үйің:
Базарлық қатынына берсең бұйым.
Әзер болса, азырақ ақшаң шығар,
Тәйірі, ол бар кісіге қанша қиын!?”

“Құп” деді, айтқанының бәрін қылды,
Жүре-жүре Жүсіпті қолы білді.
Аппақайға қаншама жалынса да,
Еңбегін зая қылды, алмай тілді.

Түнде әкесі жататын үйге жатар,
Есікті Әжібай келіп тықырлатар,
Ішінен тас бекітіп дыбыс бермес,
“Ашар” деп, тоса-тоса, таң кеп атар.

Сөйлесер күндіз болса, жүрмес қашып,
Сонда әдепсіз сөз кетсе араласып:
“Ал ендеше мен кеттім” дей жөнелер,
Дәрмен жоқ отырғызар иық басып.

Әжібай қала берер, қашып өңі,
Сонда да өсек қылды жұрттың көбі:
Жат жаққа оңашада өзі-дағы
Мақтанар: “түзелді,— деп,— істің жөні”.

Базарлық жақсы нәрсе күнде сыйлар,
Сыра әкеп, келген сайын кісі жинар.
Елтипат ешбіріне қылмаған соң,
Құр іштен қапа болып жанын қинар.

Аппақай фельдшер келсе, бек қуанар,
Бір-бірін көздерімен қабыл алар.
Әжібай іштен тынып, іші күйіп,
Аңызын екеуінің байқап қалар.

Әжібай көрген жоқ-ты шылым тартып,
Тек әдет қылған еді насыбай атып.
Көзінше Аппақайдың бұрқыратар,
Күмістен портсигарын жарқыратып.

Жақтырмай жүр шығар деп қазақшамды
Орысша қымбат киім киіп алды.
Көзінің түк мүкісі болмаса да,
Қымбатты көзілдірік тағы салды.

Аппақай онан сайын суық қарар –
Әжібай ыза болып, іші жанар.
Қалада бақсы-балгер, қазіретке
Әжібай “дуа қыл” деп күнде барар.

Үшкіртті тұз, мейіздің талайларын
“Актыққа” қазірет алды талай малын.
Ешбірі ем болмады, ерегісті,
Ауызбен қылса-дағы оңай бәрін.

Бейсенді көп мал беріп байытар еді,
“Енді күйеу менмін” деп айтар еді.
Атастырған жерінің дауы болса,
Оны да мойынға алып байкдр еді.

Ағасы Жүсіп-дағы берер еді,
Бейсен де көп сіреспей, көнер еді.
Тандаған Аппақайдай жарын алып,
Әжібай мал қызығын көрер еді.

Бірақ көңілін Аппақайдың бұру қиын,
Оны бұрып, өзіндік қылу киын.
Тастап-ақ ызасына кетер еді,
Тағы да көрмей шыдап тұру киын.

Кей уақыт күйіп-пісіп ыза болар,
Деп: “Қылық жоқ бұл қызда ешбір оңар”.
“Көрмеймін” — деп ант ішіп, кетіп қалып,
Уш күннен соң қайта кеп тағы қонар.

Аппакай сүйтті екен деп қалпын бұзбас,
Сойлесер баяғыша, сыр алғызбас;
Әжібай сәнденсе де, не қылса да,
Ескермес, Аппақайға бәрі бір бәс.

Әжібай білді Аппақай көнбейтінін,
Еш нәрсе кұр куғанмен өнбейтінін.
Басында іздегені атақ еді,
Жабысты шын от енді сөнбейтұғын.

“Шын ғашык” десек-дағы болмас бекер,
Дәрмен жоқ Әжібайда сабыр етер.
“...Қалқатай, мұңым осы...” дей бастаса,
Аппақай құлак қоймай тұрып кетер.

Әжібай мұңын жазды қалам атып,
Кұр бүйтіп іс бітпес дегі қапаланып.
Аздан соң жазған кағаз конвертгеліп,
Колына Аппақайдың тиді барып.

Аппақай ақыл тауып сүйтпесе егер,
Бұл акшамен құтылу еш мүмкін бе?
Кіжініп Әжібай жүрді тіпті өшігіп,
Бұлар қатты сақтанды сонысын біліп.

Фельдшердің бір қалада жолдасы бар,
Сонда көшті орынын ауыстырып.

Жүз шақырым ол қаланың алыстығы,
Бар еді фельдшерменен таныстығы,
Үйренген жерім демей, тілін алды,
Болған соң ниеттерінің қалыстығы?

Енді әңгімем фельдшерден тайғанақтап,
Қайтадан Әжібай өмірін аяқтатпақ.
Сөйтіп Әжібай салбырап қайтты үйіне,
Аппақайдан суынған, көңілі батпақ.

Ызаланып, қынжылып келсе үйіне —
Жаңыл жоқ, Жәмиләсы жүр үйінде.
Әкесі салқын түспен жаман қарап,
Шешесі жылап сөйледі күйіне-күйіне.

“Біз болдық, қу жалғыз-ау, неден сорлы?
Бейсеннің қызы болмай, бәле болды.
Шаруа тастап, ата-ана тілін алмай,
Зар қақсатып бола ма адам оңды?

Бір қатының кетті үйіне жаяу қашып,
Өлсе қайттік, боранда ол адасып?
Бесікте бала мынау, тастап кеткен,
Өлуге жақындады қарны ашып.

Бір қатының, ана үйде, шашын жұлып,
Екі көзі бұлаудай отыр ұлып.
Бесіктегі баланы уата алмай,
Отырмын әбден шаршап, діңкем құрып”.

Әкесі айтты: “Сен болдың — сорға берген;
Ұялтып-ақ бітірдің талай елден.
Егер сенде ми болса, намыс болса,
Қыз алам деп бүлінер ме ең сондай жерден?

Бейсен кім? Бізге тең бе, кедей, жатақ?
Жұртты құртқан қызымен болдың шатақ
Ордалы, жақсы, лайық орын болса,
Бере бер, аямаймын, малды матап.

Не бетімді айтайын, жұрт шуылдар,
Осы ісің басымызға емес пе ар?
Ұят-ай! “Малшы-құлшы, көрінгенге
Көп шашылды” дегенде бет дуылдар.

Кетпей нетті Жүсіпте 500 теңгең:
Нәрсе емес, ол қолынан вексель' берген.
Малы жоқ, танса, даулап несін алдық?
Алшы, кәне, кісің ғой беріп сенген!”

Жәмилә анау үйден сөйлей еніп,
Жылады бірдеңе деп еңк-еңк.
Манадан ашу кысып тұрған Әжібай
Жіберді жүгіріп барып теуіп-теуіп.

Жәмилә сонда жығылып танды есінен,
Әжібай тағы мыжыды тізесімен;
Арашалаған шешесін қоса қабат,
Жықты итеріп ашумен кеудесімен.

Тасболат: “Кет!” деп ұрысты, кетті шығып,
Тағы қайта жөнелді атқа мініп,
Үйіне 15 күндей жоламады,
Баяғыша саудайылық елде құрып.

Вексель (орысша) — карыз ақшаны мерзімді уақытында қайтаруға беретін міндетті кағаз.

Тасболат көрмей тағы шыдамады:
Ұялды “үйге жүр!“ деп, өзі барды.
“Ұрысса да өз әкең" — деп үгіт айтып,
Елінің тіл алғызды жақсылары.

Мұнан соң Жаңылды да төркіндері:
“Өз ерің, үрса, ұрысса” деп және әкелді.
Бұрын бетін көп ашпай жүруші еді,
Әжібай енді әкесін мүлде женді.

Жаңылдың жасқа жуылып екі беті,
Таяқ өтіп көгерген дене еті,
Жоқ нәрсені сылтау ғып, тұрса сабап,
Ашуын сонан алмақ Әжібай ниеті.

Әжібай жүрсе үйінде айғай-ұйғай,
Тынымсыз басылмайды салған ойбай.
Көзіне бәрін қылған солар көрініп,
Ұрушы еді жүрегі ішке сыймай.

“Кет!” деді, қайда кетсін ол қатындар?
Ұлғайған һәм бауырында баласы бар.
Не түрлі мехнаттың бәрін көріп,
Құр жүрер шықпаған соң кеудеде жан.

Қалмаған баста ақыл, беттерінде ар,
Бір күні әкесі айтты: “Тіл алмадың;
Бәрін дұшпан көресің айтқан жанның
Мазаны алмай, таңдашы сүйгеніңді,

Әзер болса бір жылғы төлі малдың”.

Айттырмақшы ол қызды, бұл қызды да,
Бүгін, ертең хабар сап болмақ құда;
Жеме-жемге келгенде сөзін бұзып,
Әжібай кете берер тайқып шыға.

Неге десең, жүрегі көшпелі оның
Болғаннан, махаббатқа болмас орын.
Ойлаушы еді: “Түбінде қайда қашар?
Әзірге бек жігіттік — осы жолым...”

Сол оймен Әжібай кетті өз жайына,
Амалсыз үйі көнді ыңғайына.
Көзге: “Мырза, жоғары шық“ десе-дағы,
Жексұрын болды зиян сап маңайына.

Әсіресе, бой жеткен қыізы барлар,
Әжібай десе, түрпідей көріп зарлар.
Неге десең халыкқа әшкереленген
Әжібайдың жүрісінде мұндай мән бар.

Әжібай мырза саудайылық қыла жүріп,
Кез келгенмен ыржақтап дәурен сүріп.
Ет жақын ағайынның бір қызымен,
Көп жүрген көңіл қосып ойнап-күліп.

Қыз еді ол берілген бір бай жерге
Алыстау болысы баскд екінші елде.
Қалыңдық ойнағалы күйеу келсе,
Қыз бен Әжібай жан құрлы көрмейтін де.

Күйеуі ішке сақтаған бұл жұмысты
Амалсыздан шыдаған, сезсе де істі,
“Босағама бір келер күні болса,
Көрермін!” деп қайраған күйеу тісті.

Сүйте жүре кыз байғүс жуандаған,
Ол кімдікі? Жұрт тегіс біліп қалған.
Жұрт білген соң күйеуі намыстанып,
Тастаған, “алмаймын!” деп безген малдан.

Сыймаса да ұятынан қыз үйіне
Қайда барсын!.. Әжібай кетті өз күйіне.
Ақырда күйеуінің інісі алған,
“Мал кетед” деп, баяғы зорлық дүние.

Алса да қор қып жүрген отаспаған,
Үстіне қатын алған һәм тастаған.
Бір бұл емес, әр жерде осындай ғып,
Әжібай еш жазықсыз ел ластаған.

Бұл күнде Әжібай араз Байболменен;
Араздығының басы — айтылған әңгімеден.
Сырттан Әжібай Байболды балағаттар:
«Болыстықгы алмасам.— деп,— бәлем сенен!»

Бұрын жоқ іштерінде көңіл кірі,
Бұл турада түйедей Әжібай міні:
Бұрын оны өзінен төмен көріп,
Дейтұғын: “қызметшімнің бұ да бірі.

Ал енді бұл екеуі жоғарғы істен,
Сыртқа шашпай, ішінара ренжіскен.
Қөкер қылық Әжібайда болмаса да,
Өз қолын кеспей Байбол күйіп-піскен.

Сөйтіп, Байбол бұл істің ақылын тауып,
Жұртқа күлкі болмасқа қойған жауып.
Тұп-тура Байбол болыс өз ісінде
Асқан әділ, жәбірсіз еш кісіге.

Өзі өлмей Әжібайын болыс қылып,
Жұрт баурату Тасаңның бар есінде.

Әжібай орысшаны білмес жетік
Және жүр жастық жолын қуып кетіп.
Әуелі қатын алсын, орнықсын деп,
Тасболат жүріп еді сабыр етіп.

Бірақ, бір іс тура кеп Тасболатты
Ыза қылды Байболға жаман катты;
Тасболат не себепті ашуланған,
Бұрайык сол тураға хикаятты.

Елінен көп ауырмай біреу өлген,
Ақ жуып, таза арулап оны көмген;
Өлімнің тездігіне карағанда,
Қылды деп біреу кастық ойға келген.

Кісі еді маркұм алған қатынды көп:
Елде өсек болып жүрді солардан деп.
Сол сөзбен жүре-жүре бір кыстан соң,
Тезінен шыға калды мынадай кеп:

Марқұммен ауылнайлас Қарт деген бай,
Кісі еді аңқау момын, әншейін жай.
Кісіге тиер пайда, зияны жок,
Бек сараң жайшылықта тап Қарынбай.

Сол баймен тірісінде болған араз,
Араздығы: “Бермедің, мен малым аз,
Қарындассың, қашан да караспайсың”,
Дегендей болады ғой жай кемпір наз.

Елдегі жемқор билер атқа мінген,
“Қарау’ деп қартқа азуын басып жүрген;
Марқұмның аға, інісі желіктіріп,
Өсектеп құн даулаткан өшіктірген.

Мирасқорлар бұл өсек сөзге нанған,
Барымта алып, қиратып, бүлік салған.
Байболдан басқа елінің жақсылары
“Бұл істі жайлаймыз” деп қолына алған.

Байболдың жұмысы боп басқа жақта,
Тапсырды бармаса да, деп «Жылатпа!»
Тындар ма айтты екен деп: өңшең құлқын,
Байбол кетті, қаһарын тікті Қартқа.

Қырық жылқы, алты жамбы құнға салды,
Өздері қақ жартысын олжаланды.
Сойылған барымта мен он ту бие
О-дағы Қартқа тимей, отказ қалды.

Дәулетті көптігімен төгіей беріп,
Дендеді партияда Әжібай жеңіп.
Күн сайын мұны көріп Байбол жағы
Кеміді жазғытұрғы қардай еріп.

Байболға осы кезі ауыр тиді,
Шаршады кетіріп ап ішкі күйді.
Бұл жайын білдірмекке құлын сойып,
Баяғы таластырған досты жиды.

Достардың бірақ көбі келмей қалған,
Қырын қарап, құйрықты сыртқа салған;
Келген достың бәрінің жүні жығық,
Баяғы күріл де жоқ дүниені алған.

Әзер отыр сыныққа сылтау іздеп,
“Қит етсе екен, анжаққа кетеміз” – деп.
"Талассаң, басым-малым құрбан” деген
Қажыға Байбол айтты мұңайып бек:

“Ағайын, талас дедің, таластырдың,
Жолына партияның мал шаштырдың.
Өзіме өз обалым, озіме сот,
Демеймін мен сіздерді адастырдын.

Аударып жұртты міне мал окетті,
Бес айдай аянбадым титык жетті.
Құран сүйіп сендірген кісілердін
Бірі жоқ, бүгін көрсең, бәрі бітті.

Ең шыны, енді хал жоқ таласарға,
Жөн бар ма татуласып жарасарға?
Не болмаса борің де айтып едің,
Мінекей, орын келді қарасарға..."

Күбілжіп үндей алмай түйді қабақ,
Су құйылды, ет келді табақ-табақ.
Суырып жандарынан бір-бір пышақ
Қонақтар келген етті алды қаман.

Бір кісі бір табағын лақтырды итке:
“Байбол, сірә аруақты корлап бүйтпе!
Ішінде жаясы жоқ тартқан етің—
Көзіңді аш!.. Мені қара! Кісі ме, ит пе?!

Соныннан біз жүрміз бе қоркып еріп..."
Сол жерде көп жалынды Байбол келіп.
Қарамай жалынса да, боқтап-боқтап,
Жөнелді атқа мініп атой беріп.

Бұл істі қалған қонақ жақсы көрді,
Сол уақытта мынадай бір іс болды.
Қазаннан ет алам деп аты тулап,
Жығылып астында қап Жұман өлді.

Тезінен құлақ түріп бұл дыбысқа
Жүгірді кісілердің бәрі тысқа;
Ит қуып, ер тоқымын бауырына алып,
Мөңкіп жүр тор төбел ат шықса тысқа.

Бір қара анадайдан қалған жатып,
Байқаса, дем алыс жоқ, қимылдатып.
Қайқайып құйрықтары балп-балгі үрген,
Жанында иттер ерген, жер шаңдатып.

Бұл жығылған Байболдың қоңсысы еді,
Жасында қойын баққан қойшысы еді.
Беті жара сөйлерге тіл ауыз жоқ,
Бейшара талып жатыр шықпай демі.

Байбол айтты, қолын сап өкпесіне,
“Мінеки жаны жатыр кеудесінде”.
Қасында бір ақсақал Байболға ұрысты;
“Айтасын жаны бар деп сен несіне?

Кетпен, шотпен бір салыи жайлап жатқыз,
Құдай берді, қалаға жылдам шапқыз.
Біздерден үш-төрт кісі куә қойып,
“Әжібай өлтірді” деп жайын тапқыз.

Орысқа анау күні куә болып,
О да мал тартқызды ғой... біз нақақпыз...”

Өзгелер: “Ақсақалым, таптың! — деді,
Көрдің бе, міне, орнауын бақтың! — деді.
Олар да талай жала салып еді,
Кез келтіргені осы ғой ақтың” — деді.

“Өлтір!” деп, сүйдеп бәрі шуылдасты:
Өлтіртпеді Байболдын ақылы асты.
Қойшыны үйге апарып жақсы күтіп,
Жұрт сөзін естіместен аулақ қашты.

Өкпелеп: “өлтірмеді" деп бишараны,
Кеткен соң Байбол үйге жұрт тарады.
Оңаша тағы бірі шығарып ап,
Байболды былайынша қолға алады:

—      Шырағым, мен әуелден сенің кісің,

Менің інім — Қасымды білемісің?
Тілімді алмай, анжақта бұлғақтап жүр,
Аз берсең де, бірдеме кылмаймысың? —

—      Ойларың біржолата құртпақ па енді?

Күні кеше бір ат ап, сенім берді..

—      Жоқ, шырағым, тоқтай тұр,— десе-дағы,

Байбол үйге жөнелді, үндемеді.

Бұдан соң Байбол келіп Тасболатқа
Ағасын риза қылды шапан, атқа.
Сайлауда “Әжібай болыс болды” деген
Естілді құлақ түрген жамиғатқа.

Әжібай шашса-дағы неше мынды
Әйтеуір болыс болып, көңілі тынды.
Қосылып Байболменен шығын жиып,
Момынды әлі жеткен типыл қылды.

“Табайын, малым сатып...” дегенінше,
Ұрылып бейшараның жағы сынды.
Шытырайған болыс, билер күңгірт түспен
Топ құрып, әр ауылға барып түскен.

Кеудеңмен партияда тау бұзушы ең,
Ал енді, кедей сорлы, құтыл күшпен!
Тұтылып “шелек жалап” тамам нашар,
Әлділер құтылысты “аііран ішкен”.

Әлділер неге десең тағы керек,
Жарай ма, партия енді болмас десек?
Залымға сол турадан бата алмаса,
Момынды жемегенде, кімді жемек?

Қылған соң өзін азат залымдар да,
Момынды жегізуге болар көмек.
Көңілін токтатпаққа Әжібай енді
Өзіне тандай жүріп қалың берді.

Өзіндей қайыны да жуан тұқым,
Жастанды құда болып бір бай жерді.

Ажары қалындықтың сұлу еді
Дегізді: “Жарар осы! - қөргендерді
Мал берілді, кешікпей келін келді,
Той болды, дүрліктірді тамам елді.

Қыздың аты Зылиха (Зықыш) еді.
Әжібай шат, таптым деп, өзі тенді.
Өткір, пысық, айыбы — өте надан,
“Әжібайды билер-ақ” деп халқы сенді.

Онысы рас, Әжібай мен Зықыш тату,
Болмады ұру, ұрсу һәм мұқату.
Бұларға жеңіл-желпі есебінде:
Көнбесе ұрып-соғып мойындату.

Жәмилә көптен үзген байдан күдер;
Болмай тұр Жаңылға да кезек жату.

Жүре-жүре Жаңылдың балалары
Азғантайлап ес біліп өсті бәрі.
Әжібай да бала қадірін біле бастап,
Дейтінін койған еді: “әрмен... әрі!”

Жаңылға бұрынғыдан тәуір карар,
“Шешемді ренжіттің дер” деп әлі.

Жақтырмай Зықыш бірак бұл жұмысты,
Баяғы күндестіктен тарьштты ішті:
Әжібайдың олай-бұлай айтқанына
Көнбеді, от басқандай ыршып түсті.

Араға жүре-бара өсек еріп,
Ең басы мынау істен бұзылысты.

Баяғы желбастығын Әжібай қоймай,
Жүретін кезі келсе оны да ойлай.
Ер, әйел арасына өсек енсе,
Қоя ма махаббаттың отын жоймай?

Зықыштың, үш жыл өтті, баласы бар,
Байына сенбей, ұрыс-таласы бар;
Сол үшін өз-өзінен қуыстанып,
Көңілінде тыншытпайтын жарасы бар.

Әжібай көп уақытта үйде тұрмас,
Жұмыс көп, каласы бар, даласы бар.

Былайша Зықыш кейде ойға кетер:
“Ол мені неге әрдайым ұрсып-кекер?
Үндемей ырқына оның көне берсем,
Жаныл мен Жәмиләдай мені де етер.

“Бұл сені жуас болсаң, жан деп білмес”,
Айтқаны кемпірлердің емес бекер.

Даладан келсе Әжібай, түйді қабақ,
Жылатты балаларын қарғап-сабап,
Шай құйса, шынаяқты тарс-тарс ұрып,
Сүт төгілді, қирады шыны-табақ.

Сөйлесе одан жаман екіленді,
Қарамай отыр-ау деп үйде қонақ.
Белбеуте түйіп алып беттің арын
Жазықсыз кекеп-шалды жұрттың бәрін:

Бәріне келген жұрттың тағы көйтті,
Әжібайдың не жасырын қылғандарын.
Басқа ұрып, балағаттап, шаң-шұң қылды,
Мүбада араласа шаруа малын.

Көтерер Әжібайда мінез қайда?
Бермейді ұрып-ұрсу ешбір пайда.
Деді Әжібай: “Мен жуыман енді саған,
Көнсең көндің, көнбесең жөнел айда!”

(Мақсұты біржолата безу емес,
Көңілін тоқгатайын деген айла).
Көрмеймін десе-дағы көріп жүрді,
Бірақ көңілін басқаға бөліп жүрді.

Зықыш та өз жұмысын өзі біліп,
Не қылған жазасына көніп жұрді.
Елеусіз кісілермен ептеп ойнап,
Іздерін ұрлығының көміп жүрді.

Жамандық жасырынбас түсті үстінен
Бір күні Жаңыл көріп бір кісімен.
Әдейі андып жүрген өзі күндес
Ел-жұртқа жариялады білісімен.

Зықыштың сонан былай құты ұшып,
Ұялды қорғаншақ боп өз ісінен.

Зықышқа Әжібай болды ешбір жатпас
Жатпақ түгіл қарамас, жауап қатпас.
Жағам деп қылған ісін, не жүрісін
Атады оқты көзбен еш ұнатпас.

Байына бұрынғыдай тиісуге
Зықышта сөйлер тіл жоқ, көнілі батпас.

Бұл қалып айға кетті, жылға кетті,
Зар еңіреп Зықыш солай азап шекті.
Зықышка үш жыл ұдай жүымасқа
Ішінен қылған еді Әжібай сертті.

Құрсағы жыл өткен соң жуанданып,
Қарайтты онан жаман Зыкыш бетті.
Бұл іске Жаңыл күндес куанады,
Кер кетіп, Зықыш байғұс суалады.

Қайтерін білмей Әжібай күйіп-пісіп,
Жүрегін ашы қайгғы, у алады.
“Болған соң өз қатыным не сөгіс бар?
Қай кісі бөтен санар бұл баланы.

Қаламын үйден кусам жұрт сөзіне,
Сырт шулап айтпаса да өз көзіме.
Баласын табар, жүрер, жас қыз алам,
Маған еш окпелемес енді озі де".

Деп ойлап Жаңылдардын аузын тыйды
Көруге не болса да өз кезінде.

Жаңылға Зықыш байғұс жалынышты,
Жалынды апатайлап мойнын кұшты.
Баласын малайының шырақ қылып,
Жасыр деп қате болған бұл жұмысты.

Шошытып әлде немен азаптанды.
Мезгілсіз жіңішкертуге жуан ішті.

Кісіге көріне алмай бұл күйінде
ІІІығарды төр үйінен ас үйіне.
Егіліп бордай болып ат жыласа.
Күледі Жаңыл іштен сүйіне-сүйіне.

"Баймен де басқаларды санға алмайтын,
Дәуренім қайда кетті, шіркін, дүние!

Дегенмен, мен байғұсқа енді күн жоқ
Деп ойлап жас төгеді оқтын-оқтын.
Ойламай өткен күнін Зықыш қайтсін
Шамы жоқ, жатқан үйі қараңғы түн.

Ашамай - баста жастық, жабу — төсек,
Ішінде зар еңірер тамам боқтың.
Ол үйде Зықышпенен бірге қонақ:
Байланған қотыр бұзау, арық-тұрақ.

(Есіне түсуші еді өткен күндер
Қыз болып бойға толып жеткен күндер,
Көңілі, сүйген жармен сөйлескені.
Ағаштың саясында жазғы түндер.

Қаша алмай қапияда қалғандығы;
Сол үшін ол байғұстың жанғандығы.
“Айырар бір қара жер, сен қалқам!” — деп
Мал беріп Әжібайдың алғандығы.

Басында сәжде еткен болып жүріп,
Сөзінен жүре-бара танғандығы;
Сонысына ерегісіп суық жүріп,
Өз-өзін бұл қорлыққа салғандығы.

Көк тұман төңіректің болып бәрі,
Жас болып бетін жуып тамшылады.
Ес те жоқ, куат та жоқ, үрей де жоқ,
Кеудеде бар демесең шыбын жаны.

“Ішіңді жеңілтем’' деп сұм кемпірлер
Қинайды бишараны онан әрі.
Жеңілер ауруынан уақыты болды,
Сұп-суық қараңғы үйге қатын толды.

Дауысы жас баланың шыр еткенде,
Үстіне жата қалды Зықыш сорлы.
Қатындар: “Мұның не?’' деп ұрсып еді,
Зықыш айтты: “Қайғырма, сонысы оңды'.

Бір кемпір орап алып кетті шығып,
Аздан соң қайтып келді қарға тығып;

Қараса көмдіруге ертеңінде,—
Бала жок!.. ит жеді ме?.. неткен қылық?
Көрінбей тағы он бес күн Зықыш байғұс
Баяғы сасық үйде жатты бұғып.

Өн бойын суық үйде шаншу алған
Сау жер жоқ, бейне қурай қатып қалған.
Сол үйдің сасығынан жиіркеніп,
Ешкім жоқ оны күткен, оған барған.

Тұрса да көріне алмай жұрт көзіне,
Өлімнен ұят күшті дүние жалған.

Барады шай ішуге ауыз үйге
Кісі жоқ бола қалса зәуде үйде;
Бір үйді кеше билеп жүрген кісі,
Амал не, кез келген соң мұндай күйге?

Әжібайдан қорықса да, бойы үйреніп,
Жататын болып еді ауыз үйіне.

Әжібай жүрсе-дағы бәрін біліп,
Ешкімге сыр ашпады, жария қылып.
Бір күні есікті іштен бекітіп ап,
Зықышты жаман ұрды шашын жұлып.

Тұра алмай Зықыш сонда үш күн жатты,
Аузы қан, күрек тісі бірі сынып.

Әжібайдың қыз айттырмақ енді ойы,
Болыс қой әркімге де сыйлы бойы.
Малы да бағыменен таласа өсіп,
Ақша көп, өріс толды жылқы, қойы.

Үйінен көруші еді түзді кызық,
Қыз аулап, қымыз ішіп, жүрер қызып.
Өз үйі жаһаннамдай көрінуші еді,
Келсе азап тартушы еді қанын бұзып.

Өйткені қатындары тұрмас тыныш,
Бір-бірін түрткілесіп қылар ұрыс.
Кеткен соң құлақ тынышы шьдай алмай,
Ал бірін сабау керек дүріс-дүріс.

Сабаса одан жаман кетті үлғайып,
Күндікке жылар түге шашын жайып;
Үй іші ұрыс-керіс болғаннан соң,
Жылайды балалар да бек мұңайып.

Берілмес мезгілімен малшыларға ас,
Сол үшін олар ұрсып қылар талас.
Қатынның қарастырар сиқы анау,
Қайғымен әлде жынды, немесе мас...

Жәмилә, Жаңылменен көптен мәңгі,
Мәңгі емес Зықыштың да жайы әлгі;
Ұру, ұрсу, даң-дұңмен милары ашып,
Бастары болып кеткен әңкі-тәңкі.

Үй іші, шаруасы жайрап жатқан,
Со қалпы қонақ келсе бөтен жақтан.
ІІешесі айғайшы боп жүруші еді.
О-дағы жазғытұрым қаза тапқан,

Келмейді бұл қалыпта еш көргісі:
Қайтерін білмей құрыр әбден мысы;
Сол үшін болыстықты сылтау қылып,
Көп уақыт үйде тұрмас жазы-қысы.

Әкесі сөзден қалған, жасы жеткен,
О да ауру: ұйықтай алмай күрк-күрк еткен.
Ендігі Жәмиләнің есі-дерті:
Жакпақшы соны күтіп қызыметпен.

Әуелден Жаңыл жаман Әжібайға,
Жүреді кекеп-мұкап әрбір жайда.
Зықышта бір бала бар: соны күтіп
Алданады, көңілі жоқ оның байда.

Зықыштың мәлім емес осы жайы,
Сырт кісі ойлар Әжібай деп оның байы.
Айтпаса өз ойын шын сырласына,
Білетін сырын оның бір кұдайы.

Жаңылдың бір қазы бар Күлтай атты,
Жас бала болса-дағы артық затты;
Тәуірі баласының сол дегізіп,
Жасынан көрген жұртты таңыркатты.

Бүған да біреу қойған құда болып,
Құданың мал жағынан жері толық.
Қытайға қараған ол Керей елі
Қарғы бау беріп қойған келіп қонып.

Керейде Тасболаттың бір құдасы
Бар еді алыс-беріс, араласы.
Екі шал атастырған немересін
Артқыны жақын қылмақ ірәдасы.

Баланы онда Әжібай білмейтұғын,
Маңында қатын-бала жүрмейтұғын.
Бар баласы баурында кемпір-шалдың,
“Аға!” – десе, - әрі, аулақ жүр! – дейтұғын.

Бұ күнде ондай емес, алдына алар;
Үсті-басын, күтімін байкап қарар.
Көрмеген байдан қызық шешелері,
Тағы емес баладан да қызық табар.

Қатындар неге десең, ызаларын
Алатын балалардан, ұрып бәрін.
Қолдан келер — қос көз бен баласы боп,
Суытқан балалардын ерте қанын.

Шешені сол себепті көрмес жуық,
Бармастай шақырса да оған жуық;
Жалғыз-ақ шешем дейтін Күлтай ғана
(Шешеге жуық келер әйел бала),

Әжібай қатындарды сабағанда,
Алады арашалап, “қой,— деп,— аға!”

Күлтайын жақсы көрер басқасынан:
Түсірмес үйде отырса арқасынан;
Керейден атастырған мал алмай жүр,
“Ассын, деп тым болмаса он жасынан”.

“Мал ал” деп тығыздайды Керей келіп,
Жүз қойды қарғы бауға қойған беріп.
Әжібай ешкімнен мал алмақ емес,
Баласы ер жеткенше ақылы еніп.

Балаға тағы айттыру жастай қатын
Зор қате Әжібайша, емес мақұл.
Тигізіп заман-ғұрып маңдайына,
Білгізген тәжірибесін бұл бір ақыл.

Деуші еді: “Қыз теңіне сүйіп барсын,
Қатынды ер балалар өздері алсын!
Балаға жастай қатын айттыратын —
Іс емес, сол ғұрыптар отқа жансын!”

Жетпеді Әжібай бірақ бұл сөзіне,
Тағдыр ма жеткізбеген, әлде өзі ме?
Әжібай не себепті сертін бұзған,
Оқушым, көрсетейін ой-көзіңе.

Күпшектей айналмалы дәулет пен бақ:
Тұрмыстың кейі қоңыр, кей жағы ақ.
Кейде күлін, кей-кейде кабақ түйіп,
Дүние бір қалыпта тұрмайды нақ.

Сол кезде Әжібайдың қайтып бағы,
Күпшектің айналды оған күңгірт жағы.
Күпшекті бұрып алу тағы өзінен,
Айтайын оның мәнін тыңда тағы.

Ең басы Әжібайдың әкесі өлді,
Шығартып жаназасын, жақсы көмді.
“Атаусыз атақты адам қалу ұят;
Үлкен қып, ас бер” — деген сөзге көнді.

Қонған соң жүз үй тігіп Маркдкөлге,
Қалдырмай сауын айтты мандағы елге.
“Асы бар Тасболаттың, ат жарат” деп,
Сөйленді көп күн бұрын мәжілістерде.

Жиылды асқа саулап Арғын, Найман,
Керейге, Қалмакқа да хабар жайған.
Шыңғыртып асқа сойған жылқылардың
Қандары бұлақ болып ақты сайдан.

Бәйгеге жіберілді үиі жүздей ат,
Бәойгесі алдыңғы аттың — он жылқы нақ.
Одан соңғы жүз теңге бір топ шұға,
Қой-қозы артқылары мақпал мен бәт.

Сойылған екі жүздей малдың саны,
Балуан, бөйге... моллалар жатыр әлі...
Ауызша көлденен жұрт есеп қылып,
Он бес мың сом десті ғой шығындары.

Табылды өкпелеуші сонда да етке:
Лақтырды талай кісі етті бетке.
“Ол баста қонақ тойғыза алмасың бар,
Неге айттың “ас берем” деп қиыр шетке?”

Қолымен ерегісе ұстап сойды,
Жуандар көрсеткенсіп жұртқа бойды.
“Бір жолға не қылса да шыдадық” деп,
Әжібай жақ ауыздарын жауып қойды.

Өлген бар, жығылған бар, үш-төрт бала,
Дау-жанжал ат бәйгеден шықты және...
Жазудың бәрін тегіс орыны жоқ,
Бұл істі аңғарарсыз солай ғана.

Бұл жаздың жайлы тимей келер қысы,
Бұзылды күзді күннен күннің түсі.
Мұз жауып, қарашада қар бекіп қап,
Жерден шөп жей алмады малдың тісі.

Жазды күн қазақ байғұс шөп шаппаған,
Қыдырып қымыз ішіп қылжақтаған.
Шапса да омбы қарда шар тарапқа,
Қалғандай мал асырап шөп таппаған.

Соғады үдей-үдей боран қаптап,
Қар көмген қара жерді қылып аппақ.
Қатайып қыстың арты барған сайын,
Күйзелді шаруа жаман сасқалақтап.

Шапса да тамыр-таныс орыстарға,
Шана шөп отыз сомға табар зорға;
Арбасы күзді күні отыз тиын,
Не дерсің сонда алмаған қазақ сорға?

Шөп жұлды кейбіреулер қарды қазып,
жұлмаған қар жоғында кімде жазық?
Кедейлер байдан келіп ақша сұрар,
“Мал тұгіл, кісіме де жоқ,— деп,— азық”.

Бай ұрысты: “Дендерің не деген сак!
Осы ма сұрауға ақша табылар шақ?..
Жасығын асып жерлік отын да жоқ:
Ал, кедей, қораңды бұз, ашаңды жақ”.

Шұбырып, тері арқалап қалаларға,
Орыстан нан сұрады балаларға.
Тақтайын Андрейлер былғады” деп,
Шығарды желке беріп шара бар ма?

Аты жоқ бұт көтерер байғұстардың,
Ішінде жаяу малтып аппақ қардың, —
Обалым шөп шаппаған иеме,— деп,
Қандары сел боп жатыр хайуан малдың.

Жіберді шөп сұрата байлар досқа,
Барса шөп жоқ, арбалар қайтты босқа.
Күдерді қолдағыдан үзгеннен соң,
Шапқызды жылқыға адам бар деп қосқа.

Көп жылқы әлдеқашан ығып кеткен,
Қолынан жылқышының шығып кеткен.
Бұйырмай тарамысы иесіне,
Жануар қар астына сапар еткен.

Төгіліп бір боранда барлық құты,
Мал тұрсын, кісі өлтірді тамақ жұты.
Көтермей бір-екі айды ақ сүйек боп,
Жүгенін ұстап қалды қазақ жұрты.

Қыс қылып қылатынын, жазы жетті
Кедейлер қақтап жатыр жасық етті;
Не жесін жасық жемей: сауыны жоқ,
Бұрын тар, кеңейтер ме байлар ниетті?

Жұгатқан жұртпен бірге Әжібай малды,
Үш мыңнан екі жүздей жылқы қалды.
Қалғаны да өз құнын өздері жеп,
Босатты ақша салған сандықтарды.

Көбі өліп тең жарадан қой мен сиыр,
Әр жерде жемтік жатыр үйім-үйім.
Бұрынғы ен дәулетке көзі үйренген,
Амал не, Әжібайға болды-ақ қиын.

Жұтаған малдың орны тырнап ішін,
Бұзылар ойлағанда сыртқы пішін.
Орынын немен болсын толтыруға
Жұмсады барлық ақыл, айла-күшін.

Шөп жиған неге десең Байбол аман,
Аққұла амандығы бұган жаман.
Әжібай ойлар: “Айрылам болыстыктан
Тұрмаса малым асып,— деп,— анадан”.

Байболды шөп жинады деп қылып мазак,
Айтатын: “Жер қарада неткен азап?”
Басына заман келіп тигізген соң,
Шулап жүр: “Ақылды” деп енді қазақ.

Сол оймен Әжібай бұзып ішкі ниетін,
Бұрынғы адалдықтан бұрды бетін.
Аударып төңкерді де елін жеді,
Демеді мынау нашар, мынау жетім.

Билердің ауыздығын алып қойды,
Әркімге қаршыға кып салып қойды.
Пайдасын ірілердің солай тапсам,
Ел менен кетпейсің деп танып қойды.

Төлетті асыратқан жылқыларын,
Тандады билерді өңшең жуан қарын.
“Бірге өлді өз малыммен қайтейін”,—деп,
Момынның тыңдамады айтқандарын.

Маңында бір ауылдың жемтік жатса,
Ішінен Тасболаттың енін тапса,
“Міндің...” деп, момындардан төлеу алды,
Амал не, мейлің жыла, мейлің қақса.

Момынға жұрттан бұрын мынау батты:
Байболға бәрі жылап барып шакты;
“Обал жоқ не қылса да сендерге! деп,
Бермеді Байбол жауап, бойын тартты.

Себебі Байбол енді жұртка нанбас,
Нанбақ тұрсын, сөзіне құлақ салмас,
Алдыңғы партиядан зәрде болған,
Жұрт әкеп болыстықты берсе де алмас.

Көбейді Әжібайдың елінде ұры;
Ұрлықтан ауыл басы емес құры.
Тап өзі болмаса да олжаға ортақ,
Қорғайды, тыю қайда Әжібай мұны.

Жіберіп билер “хотқа” бұл жұмысты
Өзінің дауын сөйлеп, қылды күшті.
Әжібай сүйеп жүрген бір ұрысын
Уеэден: “ұстап бер“,— деп бұйрык түсті.

Әжібай ұстап бермей, жасырды оны,
Өтірік Қытай жаққа қашырды оны.
Қорлыққа ұрлық түбі айналмас па?
Шатылды жасырам деп жүріп соны.

Уезге: “заграницаға қашты" — деген,
“Біледі жұрттың бәрі, тақсыр”,— деген,
“Бас салып елге келсе ұстап берем,
Ол иттің залымдығы асты”,— деген.

Тып-тыныш, ол қашқан жоқ, үйінде еді
Баяғы ұрлық қылған күйінде еді.
Әжібайдан зорлық көрген бір бишара,
Уезге “домалақ хат” түйіндеді.

Урядник тез жарлықпен елге шығып,
Ұрыны тауып алды тінтіп жүріп.
Әжібайды болыстықтан түсірді уез,
Ұрыны сүйейсің деп үйге тығып.

Ақыры сотқа кетіп, болып зор іс
Әжібайды ұстап алды он шақты орыс.
Адвокат, төрелерге ақша төгіп,
Кепілге шықты біраз Әжібай болыс.

Ізденіп Байбол қабат Омбы кетті,
Жалдады нелер жүйрік адвокатты.
Ақырда, адвокаттар жөнін тауып,
Істерін окружной сот отказ етті.

Еліне келсе, елі жүр қорқып, шауып
Қытайға қақ жарымы кеткег ауып
Ең мақты Әжібайға қылғаны анау,
Қырар деп, бізді мүлде қауіп

Ұлықтан “тоқтат” деген бұйрық алып,
Соңынан ауған елдің әскер барып.
Өлтіріп өлтіргенін қырып-жойып,
Қайтадан айдап келген қанға малып.

Келген соң қазық болып бұлар елге
Әуелгі орнықтырды мекен жерге.
Бұл ісі Әжібайдың, елдің жайы
Сейленді көпке дейін маңдағы елде.

Шығыны Әжібайдың бастан асты:
Еңсесін көтерместей борыш басты.
Қалғанын тақыр болып сезгеннен соң,
Аударды ел тоқыратуға ықыласты.

Табылды табалаушы айтпай көзге,
Халқының бұрынгғыдан қарасы өзге.
“Ниеті бұ шіркіннің бұзылып еді,—
Естілді: — көрінді ғой”, — деген сөз де.

Тілеуқор, қошеметшіл ағалары
Әжібайға қырын жақты сағалады.
Жолында өлем дейтін достары да
Көзіне күліп, сыртынан табалады.

Әжібайға оқ боп тиді бұл көрініс,
Тамағын ыза буды бермей тыныс.
Талайлар айтқан сөзін жүре тындар,
Құртуға қолында жоқ бұрынғы күш.

Мінекей, сайлау болса келе жатыр,
Тұр әне құлақ түріп алыс-жақын.
Елі жүр Әжібайға ыңғайламай
Алуға күшпен тартып, қалта тақыр.

Құр қалу Әжібайға қатты намыс,
Қалай қылар: Елінің түрі шалыс.
Баласы Тасекеңнің шынжыр балақ
Не сұмдық, ел билемей, шардан қалыс?

Бақ, дәулет жеті атадан арылмаған,
Өмірі қарны ашып, тарылмаған.
Естуден, сөйтіп жүріп, өлген артық
Дегенді: “Сөзі жұртқа алынбаған".

Әжібай ойлап-ойлап, амал тапты,
Өзінен кетірмеске ескі бақты;
Бұрынғы айнып жүрген Керейіне
Күлтайды бермекші боп малға сатты.

Керейлер аман қалған өткен жұттан,
Қорлады деп өкпелейтін бұрын сырттан.
Сұраған сонда-дағы малын беріп,
Өкпені ескі-құсқы болды ұмытқан.

Суысқан Керей кұда қайта келді,
Күлтайға қызыққаннан көп мал берді.
Әжібай сол-ақ екен ауқаттанды
Үш қызға тағы құда болып салды.

Балаға жастай құда болман деген
Сертінен баяғы айтқан мүлдем танды.
Қалмады ұл-қызының басы босы
“Жез” үшін Әжібайдың қылғаны осы.

Қиқандап, ел азғырып жүретұғын,
Екі-үш жер құдалықпен болды досы.
Жебеді кұдалары болыс болды;
Баяғы кеткен бағы қайта конды.

Немене, бес-алты жыл өтпестен-ақ,
Қораға мал, қойынға акша толды.
Ортада заман өтті әлдеқандай
Елі де болды жұтты ұмытқандай.

Кең жердің арқасында тез жетіліп,
Береке қайта кірді бас пен малға-ай.

Әжібай көп тәжірибе, көп іс көрді:
Бұзықтық мінезінен сотқа да енді.
Көңіліне соның бәрі ғибрат болып,
Залымдық баяғыдай қылмайды енді.

Халықтың тұрмысы алды ескі қалпын,
Басқарды жақсы ғана Әжібай халқын.
Өткірлік, пысықтықтық арқасында
Шығарып басқа елге де жүрді даңқын.

Берумен жақсыларға араласты
Жарықка бірте-бірте аяқ басты.
Бастаушы болса, қостап еретіндік
Көңілінен өз-өзінің есік ашты.

Болғанмен өзі сондай, халқы қара,
Айта алмас бата торып оған және.
Халкынан түсіретін олжасы көп
Білдірмей жүрер еппен істеп қана.

(Бұл жерде көп сөз жоғалған)
Үндемесе, қақай бас неткен жан деп,
Тағы айтса ашуланар ақиқатын.
Кейбірі дұрыс па деп қылған ісін,

Жоры деп кейбіреулер көрген түсін.
Кіжінді сырттан тентек шалдар бүліп,
Көңілі деп, әттең Әжібай, қайрап тісін.

Болған соң ас беретін ыдыс кірлі
Әнуар өзі тұрып жуып жүрді.
Жиіркепсе, біз шақырып келдік пе? — дегі,
Мінгізді ағаш атқа неше түрлі.

Қонақтар келіп кеткен көңілін бұүрып,
Баланы оқытуға бермес ырық.
Қонады кейде келіп Керей, қалмақ,
Сасытып үйдің үшін тұман қылып.

Әнуәр бұл тұрмысқа қарап салқын,
Тыпыршып жүрді біраз бұзбай қалпын.
Өз кебін жүре-жүре кимей қойса,
Білді енді үркітерін келген халқын.

Ойлады тәжірибе қып көрейін деп,
Халықтың ыңғайына көнейін деп.
Табылмас не қаражаг, не түзелмес,
Ойды енді басқа жаққа бөлейін деп.

Ол қылды шу дегенде басты тақыр
Демеске кажы-сопы: “азғын, кәпір!”
Тұрса да терістікке іші күйіп,
Дей берді жұрттың қылған ісін мақұл.

Жүрмеді сопыларға тілі тиіп,
Жолықса сәлем берді басын иіп.
Өзгертті сыртқы түрін түгелімен
Қалыпты миссионерлік кебін киіп.

Халыққа сүйте жүре нандырды өзін:
Алғыза бастады ептеп айткан сөзін,
Әнуәр онан сайын қылды іждағат,
Үміттің көргеннен сон жьыы жүзін.

(Бұл жерде де көп сөздер жоқ.)
Қаладан ойнас байын білу керек,
Басына, қолға түссе, міну керек.
Өгізге теріс мінгізіп, ел қыдыртып,

Мойнына құрым киіз ілу керек...
Қабыштың акша салған жоқ сандығы
Мағлұм енді Әнуәрдің алғандығы,
Тай-тұяқ, жамбы-бұлғын, торғындармен

Белгілі еді екі мындай сом барлығы.

Деді жұрт: “Білдіріңдер, оны оязға,
Екі мың тұрсын, бір мың болса да аз ба?
Апыр-ай, бұл адамға сенім жоқ-ау!..
Тағы ұстаймыз деп жүрсек осы жазда”.

Дегенде, молда сөйтті, нанбай тұрдық
Жымиып жүрсе де, ішінде еккен сұмдық.
Молдаға пайғамбармын десе сенбе
Көрдің бе ақырында қылған ұрлық...

Манадан Күлтай тұр еді есін жаңылып,
Алақтап не айтарын білмей аңырып.
Әнуәрға жауып отырған жаласына
Ашумен кете жазды іші жарылып.

Деді: “Әжеке, сандығыңыз анау үйде
Бірге тұр жүкпен бірге жиған күйде.
Нәрсені көзіңізге көрсетейін
Құдайдан қорық, Әнуарға нақақ тиме”.

“Оңбасын кызды балам деген кісі
Қылығын қара мұның, жаудың ісі”,—
Деп Әжібай Күлтайга ашуланып,
Шатынап құп-ку болды өңі-түсі.

Именіп, Күлтай онан тайсалмады:
“Айтармын, керек болса, шынын тағы,
Жазықсыз Айшаны да күйдірмеңіз!
Сөзімнің аңғарылсын түпкі жағы.

Сөзімді алмай-ақ қой, пайда болса,
Мен мұны сөйлермін-ақ кайда болса.
Аталық жүрегімде қадіріңіз бар,
Алмаңыз соны жойып, айла болса.

Айтамын сізге, өзіме жаным ашып,
Ауызымды тұра алмассыз қолмен басып.
Өртті сөндір, балаңмын, барамын да,
Болмаса біреу сөндірер қанын шашып”.

Аңырды сонда үйдегі жиылган топ,
Ешбірі төмен қарап, үндеген жоқ.
Әжібай қарауытып, түтін болып,
Қалшиды кеудесіне тигендей оқ.

Шыдамай үйдегілер кетті шығып,
Күлтайды шығысымен аңыз қылып.
Төркінге Айша, әйтеуір, айдалған жоқ,
Білмеймін аяды ма, іші жібіп.

Әнуәрға ұрлады деп күйе жақпай,
Не себеп, ол жаласын қойды жаппай.
Тергетті оны бірақ приставка:
“Үкіметті жамандап жүр,— деп,— ұнатпай”.

Байбол һәм кей адамдар десіп жалған,
Әнуәр сол себепті аман қалған.
“Бұл жерден жаз шығысымен кетесің” деп,
Пристав Әнуәрдан қол хат алған.

Әжібай араз болды Байболменен,
Көрдім деп бұл турада қастық сенен.
Кдймығып Әжібайдың сұмдығынан,
Қалаға кетті Әнуәр Құмкөл деген.

Күлтайдың әл жеткені екі көзі,
Болса да не қайғысы тартты өзі.
Жанына жаман батар: — “Еліне Әнуәр,
Конвоймен кетті” — деген, жұрттың сөзі.

Біржола түңілсін деген ниетпен,
Айласы ед Әжібайдың бұл көрсеткен.
Айтқан боп жай біреуге Күлтай барда,
Деуші еді: “Ол конвоймен мүлдем кеткен”.

Мұны естіп Күлтай әрең өлмей жүрді,
Сонда да ешкімге сыр бермей жүрді.
Үйдегі тілмаш Петька Күлтайды аяп,
Әнуәрдан әкеп тұрды хат пен тілді.

Ол Петька Әжібайдың тілмашы еді,
Сөйтеді деп, оны ешкім парқ қылмас еді.
Сұмдыққа көңілі әзір былғанбаған
Жас еді, Әнуәрмен құрдас еді.

Әнуөр тұрған күнде Әжібайда,
Екеуі қыдырар еді әлдеқайда.
Үйреніп өзі орысша, Әнуәр оны
Үйретер қазақтағы қалып-жайға.

Әнуәрді мінезінен көріп жандай,
Болып еді жат та болса туысқандай.
Әнуәр да көргендіктен сонша жақын
Сөйлеуші еді Күлтайменен өзі қандай.

Үйдегі қатындардың көріп халін;
“Емес қой адамшылық мынау, жаным!” —
Деп тілмаш Әнуәрмен бірге аясып,
Жүрер еді Күлтай, Айшаны айтып бәрін.

Әкеліп сол Әнуәрдан жасырын хат,
Күлтайдың етіп жүрді көңілін шат.
Сезбеді бұл жұмысты ешбірі де
Үй іші, не басқа бір жақын мен жат.

Күлтай бұл жақсылықты іштен күтіп,
Кеткендей сырты Әнуәрді мүлде үмытып;
Ұялып бір ісінен жүрген жанша
Болады жуып-шайған айла жұтып.

Деуші еді енді оны кім есіне алсын,
Жастықпен бір іс өтті, кетсін, барсын.
Періште болса-дағы жолдан таяр,
Қасында біреу күн-түн азғырған соң.

Баламның өз ұяты өзін жеңіп,
Түзелген, басқа ой жоқ өңі еніп.
Әжібай Күлтай жақтан қауіп қылмай,
Келмес деп Әнуәрға да қойды сеніп.

Қар кеткен, наурыздың аяқ кезі
Жайған еді жерге шуақ күннің көзі.
Әжібай өлгендей-ақ үш қатыны
“Ойбай да, ойбай” еді барлық сөзі.

Ардакты әлде мұның баласы өлген,
Атасы, не інісі, ағасы өлген.
Жок, аман, ауырмаған ешбірі де, -
Алды деп Әжібай тоқал хабар келген.

Әжібайдан бір кісі әкеп Күлтайға хат,
Жылап еді сол кісіні көргеннен-ақ.
Хатында жазған екен: “Келеміз”,— деп,
Қарағым, жыламасын, шешенді уат!”

Күлтай айтты шешелеріне ептеп барып:
“Не пайда іс өткен соң, ойбай салып?”
Күлтайды өз шешесі қарғап-сілеп,
Қасынан қуды қолға бақан алып.

Аптығып алқымына ашу тығылып,
Куам деп, бір дөңбекке қалды жығылып;
(Балалар соны көрген осы күнде
Мазақтар әндерін сап, жылап-ұлып).

Қатындар куып сонда әр баланы,
Қарғап-сілеп, у-шу қып айдаланы;
Өйткені, Әжібай келіп бүгін жармақ
Жүректе көптен бітеу бір жараны.

Қалмады сықақ қылып күлмеген жұрт,
Қайтеді сүйтпегенде білмеген жұрт.
Кешке ойын, келін түсіс болады деп,
Қыз-қатын сапырылысқан күліп жырқ-жырқ.

Алдынан келіншектің олар бармақ,
Түземек Күлтай үйді, көрпе салмақ;
Күлтайға шеше қайда, үй жөндетер?
Ұрсады: “Жетіспе, — деп, — арсыз салдақ!

Лақтырды көрпелерін шаңырақтан,
Кілемді жүкті бұзып бұрқыратқан.
Бұлар бүйтіп арам тер боп жатқанда,
Сау етіп Әжібайлар кеп түсті аттан.

Қасында қайын ағасы, қайындары:

— Қош, үйге жүріңіз! — деп кірді бәрі.

Кірсе, қатын беттерін алып салған,
Секілді жын ойнаған үйдің мәні.

Біле алмай сабауға да қайсы бірін,
Ішінен қан ішердей тартты сұрын.
Естілді сатыр-сұтыр таяк дауысы —
Жаңыл шықты жаулығы жырым-жырым.

Қолға ұстап сирағынан кішкене ұлын,
Жайылып дударланған екі бұрым,
Бар сөзі: “ойбай, ойбай, ойбай да ойбай!
Жуылып қызыл қанға бет пен мұрын.

Шулаған арашашы қоршаған жан
Зықыш шыкты басынан сорғалап кан,
Әжібай: “Кет, талақ!’ — деп тепкілегі жүр,
Не дерін қайын ағалар білмей аң-таң.

Жаңыл жүр шырылдатып сәби бала,
Баланы Әжібайға шоқпарға ала.
Біреу кеп өлтірер деп тартып алды,
Кеп қалды келіншек те сол арада.

Келіншек көрді мынау тамашаны,
Тұрса да көзін жауып жібек шәлі.
Қапыда душар болған бұл жұмыстан
Шошыды дір-дір етіп корқып жаны.

Ісі емес бұл Әжібайдың жаңа көрген;
Мұндайға қатындардың да еттері өлген.
Мұнысы өздерінше күндегі әдет
Тоқалға ауыр тиді жаңа келген.

Болыстың жас келін ед қарындасы,
Аты Ырысты, он жеті жас шамасы.
Жиылып қыз-бозбала ойнағанда,
Мөлтілдеп неге отырды көздің жасы.

Алдынан көрінген соң әлгі форым
Білді ғой бұл келгені қандай орын.
Үйінен әке, ағасын қимағаннан,
Бұза алмай келіп еді ресім — жолын.

Көңілі әкеп көз алдына құбыжық елес
Қайғыға көмілгендей не барлық іс...

Өзін бір тұтқындағы кісі көрер
Төркіні Ырыстыны сөзбен жұбатып,
Әжібайды мақтап-мақтап көңілін уатып,
“Байыңа жақсаң, кем-қор болмассың” деп,

Ат-түйе жолын алып кетті қайтып.

Қалғандай болды Ырысты жау ішінде,
Құлағы керең болып дау ішінде.
Бұл өзі тимесе де, күндестері
Жамандап, килігеді әр ісіне.

Мақсаты күндестердің билетпеске,
Қамтуды осы бастан алып еске.
Тоқалын жақсы көрген бүйткеннен соң,
Оларды Әжібай шаштан сүйретпес пе?

Ырысты жаңа түскен уһ-аһлап,
Жұреді томсырайып ізін бақылап.
Көңілден қапырық кетпес, бой сергімес
Тау басып тұла бойын тұрғандай нақ.

Қолына Әжібайдың түскен кісі
Аюдай болу керек тырнақ, тісі.
Жеңбесе үш күндесін арсыздықпен,
Өмірде оңға баспас ешбір ісі.

Бұл іске күндестері әдіс алған,
Оларда баяғыдан ар жоқ калған.
Ұрсысып, шаштасудан жалықпайды,
Әйтеуір, тоным ғой деп суға малған.

Әжібай қастарында тұрмас андып,
Кетеді қайда болса, сонда қаңғып,
Күндестері соқтығып еш жазықсыз,
Ұрыс, керіс шығарар басын даң ғып.

Бар қадар таппақ тұрсын, көріп қызық.
Жылаумен көзге салды әжім-сызық.
Бар-жоқты Әжібайды сүюін де —
Тура кеп мынадай іс, кетті бұзып.

Бір күні Жаңылдың аузы бек бұлтиып,
Әкесі өлгендей-ақ тым қыртиып;
“Бір жеген соқтасын ит қайта жеді” деп,
Долданды қалың бетке ашу жиып.

Зықышка жеп қойғандай төніп-төніп,
Баяғы айыбын да ашты төгіп:
“Ойнас қып, бала тапқан, бала өлтірген
Қаншық!” деп балағаттар, ұрсып-сөгіп.

Солайша отырса да Жаңыл бүлініп,
Зықыш шат, күңгірт бетке шырай жүріп.
Бұрынғы кекесіннің бірі де жоқ,
“Иә, иә!” — деп төмен қарар көзі күліп.

Зықыштың күндегіден жүрісі жат,
Істеген ісіне де көңілі шат,
Еріксіз ішкі шаттық жымыңдатар
Жазадан құтылатын кісідей-ақ.

Бір жана шырай кірген денесіне,
Япырым-ау, жетіседі бұл несіне?
Буына куаныштың мас болғандай,
Жаңылдың ұрысқанын алмайды есіне.

Сүзілген күнде үмітсіз көз қарастар,
Тұратын сорағытып көзден жастар.
Бірі жоқ, бүгін қайда қашып кеткен;
Еңсесін көтертпейтін ауыр тастар.

Зықышка қайдан келді бұл несібе?
Оқушым, түсірейін мен есіңе.
"Зықышты Әжекеңе айтып кешірт” деген
Күлтайдың Әнуәр сөзі бар-ды есінде.

Сондықтан Күлгай алып әке тынышын,
Жадыратқан арадағы құрыс-тырысын.
Әнуәрдің аманатын орындаған
Сөксе де өз шешесі бұл жұмысын.

Ашар деп бүркеулі істің жұртқа бетін,
Жаңылдан бұрын Әжібай именетін.
Қамшы боп өз ойына Күлтай сөзі,
Міне, енді бұл жұмыстың тапты ретін.

Әзірше сонда-дағы жүрді жасырып,
Жаңылға білдірмеуге бой қашырып.
Үстінен татулықтың Жаңыл түсіп,
Әжекең абыройы қалды ашылып.

Жаңылдың бүгін сол ед қыртиғаны,
Зықышка ұрсып аузы бұртиғаны.
Игендей көздің жасын болғаннан соң,
Зықыштың сол — куанып жымиғаны.

Долданып Жаңыл жұртқа әйгілетті:
“Алды,— деп,— тастап кеткен қара бетті.
Ана жыл Зыкыш қылған жамандықты,
Бала тауып, ол пәлен-түген етті”.

Жас тоқал “қор болдым” деп жылап жүрді,
Ой ойлап шым-шытырық неше түрлі.
Сөйлескен кісілерге мұңын шағып,
Былайша ағытушы еді ішкі сырды:

“Қор болдым, көп күндесті білмей келіп,
Табар ем, үйде білсем, басыма ерік;

— Олар күң, сенен басқа қатыным жоқ,—

Алдандым деген сөзге нанып, еріп.

Кдйта алды мен келісімен тастағанын,
Білмеймін құдай неге бастағанын.
Мұндайын үйде мұның білген болсам,
Жақсы еді былай қарай баспағаным".

Ырысты өз ісіне болмай риза,
Сөйледі келген-кеткен қатын-кызға.
Ол ол ма, сөз жайылды шын ба, өтірік;
“Алмақ,— деп,— тағы қатын Әжібай мырза”.

Өйткені жаңада өлген бір ноғайдың
Қатыны танысы еді Әжібайдың.
Жас қатын, баласы жоқ, заты казак,
Мүлкіне өзі ие өлген байдың.

Қызығып оған Әжібай дүниесі үшін,
Алуға жұмсап еді айла-күшін.
Екенін дүниесі үшін о да біліп,
Әжібайдың, тимей бірак, құртты мысын.

Бұл хабар естітген соң Ырыстыға,
Неше рет Әжібаймен ұрысты да.
Ырысты иланбады, тындамады,
“Олда!” деп Әжібай айткан дұрысты да

Жиырма тоғызы міне енді апрельдің,
Көк торғын жамылғаны қара жердің.
Әжібайдың қыз ұзатар тойы ертең деп,
Тиген ед құлағына мандағы елдің.

Қорадан оқшау тіккен оюлы отау,
Салбырап әшекейлі түр салған бау.
Тігілген оған таяу ақ боз үйлер,
Сыртында нұрға қалқып көгерген тау.

Киінін ағаштар да жасыл тонын,
Жоғалған жер жүзінен қысқы форым.
Жасыл шөп, көз жасындай аққан бұлак
Бассаң да қай жерге аяқ, жүрген жолың.

Дүниеге күннің көзі күле карап,
Майда жел табиғатты сүйіп-жалап.
Жазды мақтап құттықтап ән салысқан
Адамдар бұлбұл даусын тамашалап.

Қысыр алып кымыз ішіп Әжібайлар;
Күмпиген күпі тастап құнан тайлар.
Көркіне табиғаттың көңіл босап,
Көл қылған көз жастарын терең сайлар.

Мынау той, ауыл үсгі толған кісі,
Бықырлап оқшау тіккен отау іші;
Шаңқылдап ауыздарын кере сөйлеп,
“Той кұтты болсын" десті әр бірісі.

Басына боз балалар үкі таққан
Мақтанып құрбысына бұлғақтатқан.
Білгендер екеу-екеу ән салысып,
Саусақтар домбыраның шегін қаққан.

Жарысқан, көкпар алған, тарыс-тұрыс,
Ойнасқан, әзілдескен, алыс-жұлыс,
Топтанған отау жақта қыз-келіншек,
Естілер ду-ду әзіл, сық-сық күліс.

Шай жасап, табақ-табақ тартылған ет,
Бұл келген қонақтарды қылып кұрмет.
“Тиед,— деп,— енді Күлтай біздің қолға”,
Көңілі құда, күйеу орныққан ед.

Жиылған отау тола жасау-бұйым,
Ілінген көз тартарлық асыл киім.
“Ұзатқан мұндай қылып адам жоқ” деп,
Мақтасты жасауларын көрген жиын.

Той өтті кешке таман таркап қызық,
Таңғызды отау жығып, жүгін бұзып,
Еліне Көңбай құда ат шапқызды
Сүйінші сұратуға каны қызып.

Әжібай құдасымен кешке таман
Отыр еді көңілдегі бітіп алаң:
“Білмеймін бізден сізді іш тарта ма,—
Деді, — үйге түк қалдырар емес балаң”.

Қуаныш кернеген соң бойын буып,
Жымыңдап, езу жимай мұрттан кұліп.
Шаттығын көкірегі сыйғыза алмай,
Көңбайдың көзінен жас кетті шығып.

Ол айтты: “Мен ризамын, құдай риза,
Риза шығар бабамыз, бабаңыз да.
Қылык жоқ жасыратын, мың шүкірлік,
Айтпады жұрт не өсек арамызға.

“Шұлғау күң Шөмтік Әжі,— деді өзіме:
Алданба Әжібайдың сен сөзіне!
Жеп кетеді, қыз бермейді” — дегендердің
Көрсетсем, арманым жоқ, бір көзіне.

“Біреумен қойыпты-мыс уәде етіп,
Қапты-мыс бала молда сонда кетіп...”
Деп, алыс та, жақын да таба қылып,
Мазамды алып еді дүңк-дүңк етіп.

Солардың шақырып тұрып тойға бәрін,
Көрсетіп келген жасау, үй сайманын...
Құдайым жеткізген соң бұл тілекке
Өлсем де енді менің не арманым?

Көкірегім, Әжібай мырза, сізге мәлім,
Болмайды менің, сірә, калт қылғаным.
Өзім гірі тұрғанда бұл дүниеде
Не болсын сенен аяр басым-малым”.

Бірталай Әжібайдан да сыр ашылды,
Күлтайдың риза еместігін ол жасырды.
“Дұшпанның к .... от басылды” деп,
Мақтауын жолдастары тағы асырды.

Кұда сөзі ойына тура келіп,
Отыр еді Әжібайдың жаны еніп.
Куанып міндетімнен кұтылам деп,
Абыроймен есенінде қолға беріп.

Күйеуін, құдаларын жақсы сыйлап;
Нәрсесін жөнелтетін ыңғай жинап,
Сенбіге бүрсігүні жүк жөнелтіп,
Указной молда ертең кеш неке кимақ.

Күлтайдан көрмеген соң мінезді жат
Барад деп Әжібайдың көңілі шат.
Жүрегі неге, бірақ, күп-күп етіп,
Қорқады еститіндей бір жаманат.

Көңілінде Әжібайдың бар бір түйін;
Ол - Қабыш, қарамауы шаруа күйін.
Осындай тым болмаса жабдық барда
Жүргені үйді көрмей болды қиын.

Қаңғырып қалада жүр кормей үйін
Өйткені той болардан көп ілгері
Кеткен еді атқа мініп Қабыш сері;
Қалада жүрмес енді бұрынғыдай,

Өлміш боп таяқ жегеннен бері.

Анау күн алмақ болып орыс қызын
Барғанда, біліп қойған суық ізін;
Орыстың жігіттері алдап тұрып,
Шиедей аузы-басын кьлған қызыл.

Акшасын ұрып-Қабыш бірін білмей калған.
Әйтеуір, өлмеуіне себепші боп,
Көрші ноғайлар көріп айқай салған.

Алған соң олар өшін кол іспенен,
Соттасып, тонадын деп, орыспенен,
Келуден кұдалары он күн бұрын
Шатаскан Әжібай сондай зор іспенен.

Қабышқа тыюшылық беріп құдай,
Қалаға жуымайтын содан былай;
Үстінен таныс қызы арыз берген,
“Кетті,— деп,— Қабыш алдап”, арын сұрай.

Ол жұмыс шым-шытырық дауға кетіп.
Екі жақ арыздасқан дүрілдетіп.
Әжібай төрелерге ақша төгіп,
Іздеткен адвокатты іске жетік.

Бұл қайғы Әжібайды басатұғын,
Сырты бүтін, ішінен сасатұғын...
Қабыштың басы сотқа кете ме деп,
Шығынды ақша төгіп шашатұғын.

Ол ол ма? Анау күні жәрмеңкеде
Ұтқызған Қабыш қартқа бір мың теңге.
Үйінен Қабыш оны жасырса да,
Сөйленген сол маңдағы мәжілістерде.

Әжібай сол себепті Қабышқа ұрсып,
Өзіне ұрысқаны болып қырсық:
“Сөзіңмен дәл к... сүртейін!” — деп,
Жөнелген атқа мініп, Қабыш ыршып.

Келген жоқ кдйтып үйге сонан әлі
Ол жоқта өтіп жатыр той мен жыры.
Сол тағы бірдеңеге шатасар деп,
Жүр еді Әжібайдың қорқып жаны.

Ел-жұрты білгендіктен Қабыш сырын
Сұрамас, сөз де қылмас оның жырын
Жолдастары: “Дәулетіңнің арқасында,
Жүре бер” деп, жел берер, қозғап жынын.

Әжібай айтты отырған құдасына:

— Қабыш ие болмады өз басына.

Қайда жүр? Жабдықпен де жұмысы жоқ,
Мен соның болыс болдым сол жасында.

Асса да жиырма жастан әлі бала,
Айтқан сөз, ақылға да көнбес және.
Адам болудан кетті шығармасам,
Қолына тиесісін беріп қана.

Содан соң не кылса да ықтияры,
Шоқынып кетсін мейлі, одан әрі...

— Жоқ, мырза! Үйдемеңіз, жаман сөзді,—

Деп шулап, тоқтау салды құдалары.

Қолында әжесінің ерке өсіп,
Жасынан ен дәулетті жүрді кешіп:
“Малынды балаң таласын” деген бар ғой,
Бағына біткен шығар осы несіп.

Онымен, құдай берсе, ол тауыспас,
Ондайға жас күнінде кім ауыспас?
Еркелік шығар, онысын әлі-ақ қояр,
Бала ғой қанша айтқанмен әлі де жас.

— Өй тәйірі-ай, бұл күнгеше не балалық?

Тартқаны нағашыға диуаналық,
Айтқанда сондайымда дауға билік
Қалып ед шөмекеңдер таңырканып.

Баласы пәленшенің дейді халық,
Боп жүр ем болыс қоймак шарға салып.
Өзгесі басымыздан өткен іс қой,
Жүрмейді сол арасын есіне алып.

Боламын соған ыза, әсіресе,
Байканыз сіздер айтып өзі келсе.
Енді өзі адам болсын, мен ұлғайдым,
Берейін қатын алып “қатын” десе.

Жүргені, құдай өмірі, мұндай жан боп,
Көнбесе кеткені ғой басы даң боп.
Болмай ма шыдай турса біраз күнге,
Қатыннан менен бейнет көрген жан жоқ...

Деп Әжібай күле сөйлеп, сырын ашып,
Серпіліп қайғысынан жүрген сасып.
Шу етті қатын-қалаш, бала-шаға;
“Кәмиланы Қабыш келді,—деп,— алып қашып“

Қарады отырған жұрт қозғалысып,
Екенін не оқиға көрді барысып;
Үн-түн жоқ, қарауытып Әжібай жүрді,
Бетінен түтін шығып, түгі басып.

Әжібай ренжімес еді бұған,
Өзі де келіншек әпермек болған.
Әкелген жесір, бірақ, біреудікі
Ұзатпақ, мал төленген неше жылдан.

ӘҢГІМЕЛЕР

ӨЛЕҢ ҺӘМ АЙТУШЫЛАР

Заманның айдауыменен күн асқан сайын қазақшылықтың шылығы жылжып кетіп барады. Байқаймын, сірә шылық кеткенменен жәй кетпесе керек. Қазақтың бұрынғы сән-сәулетінің бәрін түп көтере ала кетсе керек. Ай-хай! Көк шалғынға ақбоз үйді шаңқайтып тастап, шалжиып жататын сән- салтанат кайда! Оған аузымды ауыртпасам да белгілі, ол енді көрген түс мисалында, “жер бауыры суық" деп қоюға лайықты нәрселер. Көрдің бе, ең арты домбыра-сауық, тәтті-тәтті әндерімізге дейін азайып, қара күңгірт қапаға булыққан заманға қарай дедектеп барамыз. Мұнан біраз бұрын анда барсаң — әндеткен өлең, мұнда келсең — домбыра-сауық, ең арты малшы-құлшыға шейін ұлып, даланы жаңғырықтырып, мазанды алушы еді. Топтан озған ақыны былай тұрсын, ауыл басы сайын болмаса да, мырза басы сайын бір-бір сауыққой әншісі болушы еді. Міне, осы күні болыс басы ілуде біреуді-ақтабасың. Енді біразда “зу" деп дыбысын шығарған кісі көре алмассың десек те қате болмас. Кемпір- шалдарымыздың да: “Ай-хай, заман-айының’' біреуіне қосылып жүрген осы әндеріміздің жоғалып бара жатқандығы. Бұл не дейсің, баяғыдан бері жыр жырлап, ән салғаннан болатын болса болды. Қайта біткені игі дейсіндер ме? Жоқ, жок, Көңіл карайтып, рух бұзатын ескі балдыр-батпақ өлендердің тұсында әннін базары аспанға шығып, мынадай жана рух, таза кан, түзу кеуілді халқымызға қолмен жұлып тыға алмай жүрген тарылмалы заманда сөне калуы — баяғы ашылмаған қазақтың соры-дағы. Сор дейтінім: бір халықтың сүтпен бірге байланысқан ірік-шірік қара кеуілдерін аршып, жаңа рухпен қандандыратын, таза бейілімен жандандыратын машина, шын жүректен шып-шып шырқырап шыққан өлең жыр, әдебиет деген нәрсе болады. Көңілді түзейтін машина өлең жыр дедік. Ол машинаның тетігін біліп сайратып, есіткендердің аузынан суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығаратындар кім?! Ол — неше түрлі әуез білетін әншілер, жыршылар. Халықтың көңілі машинаның тетігін білетін әнге ұста адамдар. Сайраса жібиді. Қысқасы: сырнай, яки домбыраны тарта білмей құр перне басып барқылдату қандай сүйкімсіз болса, әніменен айтылмаған өлеңдер де сондай сүйкімсіз болады. Маған салса, майы тамып тұрсын, әнсіз құр өлеңмен жақсылық сездіргенің сол, жұртты өздеріңнен бездіріп аласың. Соның үшін бізден басқа бақытты, талайлы жұрттардың әнпаздары өнегелі өлең, үлгілі тақпақтарды жаттап алады. Сонымен шәһәр-шәһәрға жүріп, халыққа естіртіп, жүрек қозғап, буын босатады. Халық оған қалыпты театрға кірген секілді билетпенен жиналады. Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі дауысыменен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қызып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары балқығандай шарт та шұрт қол шапалақтасып, ақшасының үстіне мың қайтара “Тәңір жарылғасын” айтып тарқайды. Медреселердегі әдебиет кештері де осы мақсатпен жасалады. Аса суырып әкетерлік бола қоймаса да тәуір-тәуір ой қозғарлық өлеңдер бізде де болып келеді. Бірақ болғанымен жүргізе білуші жоқ, айіушы жоқ, жесір тұр. Байқаймысың, біздің қазақ— ән құмар халық. Газет оқып, не шариғат, не насихат айта бастасаң, құлағын салар-салмас шеттеп кетеді. Біреу қолына домбыра ұстап, ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиылып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Мағынаны керек қылмаса да, әнге бола жиылады. Бара-бара не болса да сол әндегі рух суйегіне сіңеді, құлағында қалады. Соның үшін ескі кісілер “пәленнің өлеңінде де бар ғой” деп келтіріп отыратын. Не ғажап?! Баяғыдан бері жыр жырлап тойдық деп кол сермейтіндер сәулелі деген адамдарымыздын өзінде бар. Сендердің мақсаттарың қазаққа жан кіргізу болса, бұларың — лаққандық, әдебиеттін не екеніне түсінбегендік, тым болмаса “Тақи ғажап” оқып шықпадындар ма? Онда да айтады: “дажал деген біреу шығып, халықты гүрілімен, дүрілімен ерте алмайды, әншісі, сырнайшысы, сауықшысымен қызықтырып ертеді” дегенді көрмедіңдер ме? Қысқасы, бір хатықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе жаны кетеді. Қазақты жансыз ағаш қылып, отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар. Молдалар! Жас балаларды ән үйренуге қызықтырындар! Жаңа шыққан өлеңдердін жүрек жандыратындарынан үні жақсы балаларға әнге салғызып қойсандар-ау! Шіркін, қандай өтімді! Өлен айтушы әнпаз адамдарды жұртка есерсок деп көрсетпей, есті деп қадірлі етіп көрсетуге тырысындар, болмаса жым-жырт... деп сөйлегеннің аузына қарап қалатынымыз хақ. Дұрыс, басқалардан шамамыз келмегеннен айрылдык дейміз, міне, бұған не деп сьлтау табамыз! Масқаралық емес пе?

"Тақи ғажап” — татар тілінде басылған кішкене кітапша аты.

ЖАЗЫҚСЫЗ ТАМҒАН ҚАН

Тарбағатай тауының жотасынан созылып түскен әрбір салалардың арасы сарқырап аққан бұлақ. Жағасындағы көгал жер, жырақтарда ақбоз үйлі қазақ ауылдары еді. Біз бұл ауылдарды аралап, біріне қонып, біріне түстеніп жүріп, бүгін үшінші қоналқаға Мәсәлім деген бидің ауылында едік. Менің еріп жүрген кісілерім бұл елдердің сыйлайтын ағайындары болғандықтан, олар көрген сый-құрметке мен де ортақ едім. Түсе сала, қымыз құйылып, үш қабаттап салынған таза көрпелерге отырған соң, аяғымызды көсіліп қарнымызды керіңкіреп, жастыққа шалқайдық. Бір мезгілде үй иесі: “Малға бата қылыңыз” деген соң, үйден сөгіле далаға шығып, үш күннен бергі әдетімізше, бір тай, бір қойға бетімізді сипап келіп отырдық. Кеш болды. Әлсін-әлі ішіліп жатқан қымыз, желініп жатқан ет. Қымыз денені қыздырған соң уайымсыз, қамсыз мырзаларға да әңгіме, ермек керек болып, біреуді-біреу түрте сөйлеп, қалжыңдасу басталды.

Мәжілісіміздің ақсақалы Құрбан қажы:

—      Балалар, құр қалжың не керек? Газеттерің, қиссаларың болса оқы! — деген соң, әр жөнге жетікпін деген пысықшалау біреу:

—      Біздің бұл Қытай елінің ондаймен әзір үйірлігі жоқ. Біреу ондайды айтып отырса да, құлаққа кірмей, домбыра тартып, бойразға айналғымыз келеді,— деді.

Бұл сөзге біздің мырзалар да қарап отырмай, тұс-тұсынан өздерінің орыс елі болып, оларға қарағанда, ашық пікірлігін көрсетті, ондай-мұндай айтқан болса да, жадағай тыңдаған соң, ұзаспай тоқтады. Сондағы біреу сүйгеніне тие алмай, өлген қыздың әңгімесін айтты. Сонан соң манағы ақсақал Құрбан қажы:

—      Құрғыр, осындай әдеттердің қате екені рас-ау;       менің бала күнімде қыз алып кашкан, осындай бір жігітті түйеге аскызып өлтірді осы Мамытек; бейітін бағана жолда өздерің көрдің ғой, — деп маған қарады.

Мен оны қалайша өлтіргендігін сұрап, ескі казақшылық мінездерді жаза жүруге көңілім бар екенін білдірген соң, ол бір қолымен тасбиғын тарта-тарта, көсілген аяғын жинаңқырап, сөзге кірісті:

—      Балам, бұл көріп жүрген елің Мамытек аталады. Мамытек осы 800 үй; үштен біріміз Қытайга караймы І; көп болса, отыз шамалы жыл болды; кеше, мен болыс күнімде қолымнан бөлген ел осының бәрі. Мамытек ішінде ең жуаны — Атантай, Бортай: міне, Атантайы — біз. Жіңішкесі — Ешке деген ел, анау күнгі Салқынбай ауылнайлар, көрдің ғой, солар — Ешке. Біздің атамыз Кенже мырзамен туысқан.

Тана бидің тұсында сол Ешкенің менімен адас Құрбан деген бір жақсы жігіті болды. Біз көрдік: қыпқызыл нарттай, жігіттің төресі, жанып тұрган от еді. Сол уақыттағы өз ағайындары Ережеп, Олжеке дейтін кісілер күншілік қылып, оны аяғынан алып жүрді білем. Сол жігіт пысықтык қылып, Тана бидің болып тұрған күнінде, біздің Атантай Шала деген кісінің Мәни деген қызымен көңіл қосып жүріпті. Осы күнгі:

—      Дүғай-дүғай сәлем де ақ Мәниге,

—      Сағынғанда зар болдым бір көруге!

—      Екі ортада сары бел, сары жон бар,

—      Әттең, ат шыдамайды сар желуге!

деген Құрбанның сондагы өлеңі.

Олар Ластыда, біз Терісайрықта отырмыз; арасы 25 шақырымдай, өзің көрген тау ғой. Ақ Мәни десе, ақ Мәни кісі жұтып қойғандай сұлу еді. Әлгі әңгімедегі қыздай. Бұл екеуінін де серттері қатты болса керек. Бір күні барса, Мәнидің ауылы Жартасқа конған екен; сезіктеніп, олардың да андып жүрген кезі болса керек. Үйге кіруге бата алмай, үйдің желкесіндегі жартаста әрі отырып, бері отырып, таң атуға айналған соң, отырған жерінен бір тасты алып, қыздың тұсына лақтырыпты. Әр-беріден соң, Мәни шығып, келіп жолығыпты: о да ұйықтай алмай жатады екен деуші еді. Мамытек мың үй болса да осы күнге дейін бірінен-бірі қыз алыспайды ғой. Және Мәни бұрын күйеуғе беріліп қойған қыз. Құрбанға Мәниді алудың жалғызақ жолы — алып қашып, елді, жерді көрмей, безіп кету еді. Құрбанды шын ғашықтық бұған да шыдатты. Әке-шеше, мал-жан, бауырларын мұндағы Мамытектің талау-талқысына тастап, бір күнде Мәниді жабықған шығарып алып, жол тартты. Құрбан бұл істі істерінде Ешкенің басты адамдарына да білдірген жоқ; бауырларына да ақылдаспапты. Ақылдасса, жуан атаның баласы малымызды жауға, басымызды дауға салады деп, қорқыныш айтатын болған соң оларға да білдірмепті. Тананың хан болып тұрған заманы. Ешкені қалай тентіретем десе де, қолынан келеді. Тананың сырт ызғарының өзінен қорқып, туысқандары Қалбаның арғы бетіндеғі Матай ішіне қуып барып, қыз бен Құрбанды байлап алып келді. Қалба осы арадан 150 шақырым. Елдің қыз алыспайтын рәсімін бұзғанға һәм Ешке бола тұрып, Атантайдың қызына қол созғанға Тана бидің сүйегі қорланып, Құрбанды өлтіртпей, ашуы тарқайтын болмады.

— Мен өз тұсымда осындай қорлыққа шыдамаймын. Құрбанды да, Мәниді де өлтіріп, Мәни үшін Ешкеден құн, айып алмай бітпеймін, — деп жатып алды.

Қыз бен жігіт кісенде бір ай жатты. Жұрт жиылыс жасап: — Мұны қайтушы едің? — дегенде, Тана би:

— Маған салсаң, екеуін өлтірем. Болмаса, менің заманымда мұндай болды дегениіе мені өлтіріндер! депті.

Құрбанның ағайындары жұрттың өлтіреріне көзі жетіп, тентегімізді өзіміз өлтірдік деиік, оның кызы үшін құн тартпайық деп, Құрбанды түйеге асқалы байлап, көзін тартын, алып келді. Кешегі өзекті Ши бастау дейді; соның от шапқанда өзіміз отырған қырына жұрт жиылды. Мен сонда он алтыдағы кезім бе екен; әкемнің қасында жүрмін. Бір жағына тас теңдеп, түйеге асқалы жатқанда Құрбан қолы байлаулы, көзі тартулы, кісенмен өзектегі біздің жұртқа таман қашып:

—“Жұртым-ау! Қаныма ортақ болмасаңдаршы! Мені, тым болмаса, өлтірем деген елдің қолына берсеңдерші! Енді Мәниді өлтіре көрмендер, - деп, зар иледі.

Сонда, ағайындары болмай, сүйрелегі әкеп, түйеге аса бастады. Мұны көріп өз әкем Кенже мырза Тана бидің қасына шауып барып:

— Асылғанды кесетін, түйілгенді шешетін, бұрын мұндайға ханнан қалған үлгі, қарадан қалған жол бар ма? — деп еді. Тана би үндемеді.

Сонда Тананың қасында мына Төртуыл елінің ханы Әлібек дейтін кісі де бар; о да үндемеді. Екеуі бірден үндемеген соң әкем:

— Кесірі өздеріңе болсын! Жүр, балам, былай жүрейік,— деп, мені тізгінімнен ұстап, топтан шығарып, ауылға карай жүрдік. Қалай ауылға біз де жүрдік, Құрбанды асыгі, түйені желдіртіп жіберді. Түйенің басын жетектеген өзін күндеп жүретін ағайындары: Ережеп, айдаған Олжеке деген кісі. Осы күні екеуінің де тұқымы оңбай кетті.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙